text
stringlengths
3
252k
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (ҚарТУ) – Қазақстандағы жоғары білікті мамандарды дайындайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі. 1953 жылы құрылған, алғашында Қарағанды тау-кен институты, 1958 жылы Қарағанды политехникалық институты болды. 1996 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне айналды. Оқу процесі 12 факультетивте 57 мамандық бойынша жүргізіледі, оның 30-ы мемлекеттік тілде. Университеттің ең маңызды ғылыми жұмыс – әрекеті 16 мамандық бойынша магистратура, 14 мамандық бойынша аспирантура, 4 мамандық бойынша доктарантура арқылы жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандар даярлау болып табылады. Университет Қазақстан өнеркәсібі үшін мамандарды жоғары сапада даярлағаны үшін өнеркәсіпке көмек беруқоғамдастығы атынан Алтын белгімен (Франция, Париж қ., 2003 ж.) және іскерлік тәжірибесінінің жоғары сапалығы үшін халықаралық қор атынан Алтын белгімен (Швейцария, Женева қ., 2005 ж.) марапатталды. 2003 жылы ҚарМТУ СМЖ-н жасау және енгізуге кірісті және де ҚР жоғары оқу орындарының арасынан бірінші рет 32 дамыған елдерде танымал IQ NET (халықаралық куәландыру желісі) және «Русский регистр» куәландырулар жүйесінің ИСО 9001:2000 халықаралық стандарты талаптарының сапа менеджменті жүйесіне сайлығы негізінде куәландыратын тыңдаудан табысты етті. ҚарМТУ ішінде дәрісханалар, арнаулы жұмыс бөлмелері мен зертханалар, INTERNET жүйесіне қосылған 45 компьютер сыныптары бар, қазіргі заманға сай бағдарламалар, құрылғылармен қамтамасыз етілген ақпараттық есептеу орталығы жалпы көлемі 72,2 мың шаршы метрді құрайтын 7 оқу ғимаратында орын тепкен. Жақсы жабдықталған жатақханасы мен асханасы бар. ҚарМТУ-да 1,6 млн. дана кітапқоры бар. Республикадағы ең үлкен кітапханалардың біріне ие. Университеттің әскери кафедрасы – Қарағандағы 4 әскери мамандық бойынша запастағы офицерлер дайындайтын бірден-бір кафедра. Түлектер офицер атағын алғаннан кейін ҰҚК, ІІМ органдарында, кеден қызметі бөлімшелерінде, төтенше жағдайлар жөніндегі министірлікте және т.б.жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Университеттің спорт кешені Қарағанды қаласындағы ең үлкен кешендердің бірі. 7 арнаулы залдар мен шағын стадиондардан құралған. Қарқаралы қаласындағы ұлттық паркте оқытушылар, қызметкерлер және студенттер үшін демалыс орындары, сонымен бірге тау-кен, геология, экология және геофизика мамандықтарын үйренуші студенттердің тәжірибе базасы орналасқан. ҚарМТУ жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясының ұжымдық мүшесі (ХҒА, ЖМ) автоматтандырылған анализ саласында инженер-аналитиктер халықаралық Ассоциациясының NAF EMS Ұлыбритания), Геотехниқалық ассоциация мүшесі болып саналады. ҚарМТУ Қазақстан жоғары оқу орындарының Ассоциациясын Орта Азия, Орал мен Сібірдің техникалық оқу орындарының ұйымдастырушысы болып табылады. Оның құрамына 15 техникалық жоғары оқу орындары кіреді. Қазақстандағы ANSYS (АҚШ) және CADFEM(Германия) автоматтандырылған анализқұралын өңдейтін мамандандырылған фирмалардың ресми өкілі болып табылады. Университет базасында ҚР Инженерлік Академиясының Қарағандыдағы бөлімі, ҚР жаратылыстану ғылымының Академиясы, Халықаралық информатизациялау академиясының Орталық Қазақстандағы бөлімі, Қазақстан дәнекерлеушілері Ассоциациялары құрылған. ҚарМТУ келесі білім беру Құрылымынқұрайды: Жоғарғы оқу орнына дейінгі – «Байт» балалардың компьютерлік мектебі, техникалық лицей, ақпараттық технология мен бизнес колледжі; орта мектепті, лицейді, колледжі, гимназияны бітірушілер үшін дайындық факультеті; 11 сынып оқушыларына арналған бастауыш инженерлер мектебі және дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі бар. Жоғары оқу орнында дайындық жұмыстары 9 басты факультеттерде (тау-кен, электромеханика, геоэкологиялық, машина жасау, инженерлік-құрылыс, ақпараттық технология, кәсіпкерлік және басқару, экономика және менеджмент, жол-көлік) жүргізіледі. Жоғары оқу орнынан кейін актуальды білім беру және біліктілікті көтеру факультеттерінде жоғары білімді мамандарды даярлау және қайта даярлаудықамтиды. ## Дереккөздер
Шортанбай Қанайұлы (1818, қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірі – 1881, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) – ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып, замандастары қатарлы білім алған. Шортанбай өмірі мен шығармашылығы жөнінде қолда бар деректер тым шағын. Бұларға қарағанда ақын 1818 жылы қазіргі Түркістан облысында, Қаратау бойында туып, Арқадағы Қарқаралы өңірінде 1881 жылы қайтыс болған. . Енді ел-жұрт Шортанбайды ишан деуден көрі төкпе ақын деп атап кетеді.Міне, ғажап! Қазақтың бір өлкесі бір Шортанбайды тақуа ишан етіп тәрбиелесе, екінші өлкесі оны тамаша ақын етіп шығарды. Асылы, адамды – жасаған ортасы тәрбиелейді, - дейтін қағида дұрыс. Оған Шортанбайдың өсу, жетілу жолы бірден-бір куә. Ал оны жасаушы "Ер данасы" - шын мәніндегі ақын. Ойын-сауықта екінің бірі елдің алты аузын айта алады. Бірақ ол нағыз ақын ба, жоқ, ол сөзге әуестердің бір ғана. Ол 19 ғасырда өз дәуірінің шындығын бүге-шігесіне дейін көрсете білген бірден-бір ақын. Шортанбай белгілі бір ортаның немесе аймақтың ғана емес, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды. Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, жанымен, тәнімен сезінген ақын өзінің “Зар заман”, “Бала зары”, “Тар заман”, “Опасыз жалған”, т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті. Шортанбай өзіне дейінгі Бұқар жырау, Тәтіқара жырау, Ақтамберді жыраулар мен Шал ақынның мол мұраларымен жақсы таныс болған. Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, ақылғой шешен жырауы. Өзі өмір кешкен заман шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай шығармашылығы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы, әсіресе, кедей – кеншік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің шынайы куәгері. Жан-жақты талан- таражға душар боп жатқан туған елінің ауыр тағдырын тайға таңба басқандай бейнелей білген білгір жазушы. Кеңес заманында толғаулары мен айтыстары С. Сейфуллиннің «Ескі әдебиет нүскаларында» (1931), С. Мұқанов, К. Бекхожин құрастырған «қазақ әдебиетінің хрестоматиясында» (1942), «Айтыс» (1965) жинағында жарияланды. Ш-дың өз кіндігінен Алда-берген, Аязбай деген ұлдары, Бәйіш атты қызыболған. Шортанбай шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 1882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның "Тар заман", "Опасыз жалған", "Байды құдай атқаны", "Атамыз Адам пайғамбар", "Өсиет – насихат сөздер", "Айттым сәлем", "Асан қожаға" т.б. енген. Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы топта, т.б.Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатарлар, саудагерлер екенін ақын айқын суреттейді. Оларды нағыз ел ырысын еміп, сездірмей сорып жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға байланысты елдегіқайғы қасіреттің де шынайы суреті жасалады. * Арам арсыз жан шықты, * Қайыры жоқ бай шықты. * Сауып ішер сүті жоқ, * Мініп көрер күші жоқ, * Ақша деген мал шықты. Қазақ қоғамын билеп-төстеген сол тұстағы әкімдер тобы – халыққа арсы боп, елдің басына зобалаң орнатып жатқан қу мен сұмдар. Халықтың бұрын-соңды болған дәстүрлі билігі жойылды. Елдің өзіндік салты, өнегелі басшы адамдары ығысты. Ел билегенде титтей де адалдық қалмады деп өз сынын күшейте түседі. Халық қайғысының қалыңдауына негізгі себеп – отаршыл патша өкіметінің озбыр саясаты және оны жүргізіп жатқан жергілікті әкімдер. Генерал, майор, князь, тілмәш, дуанбасы, оның соты, әскері, түрмесі, т.б. Бұлар елді еркіндіктен айырған, дәулетін судай шашқан аждаһа іспетті. Халық қайғысының негізгі себепкерін "Жалмауыз болда ұлығың", - деп әкімдерден көреді. * Заман қайтып оңалсын, * Адам қайтып қуансын. * Жанарал болды ұлығың, * Майыр болды сыпайы. * Айрылмайтын дерт болды, * Кедейге қылғап зорлығың, * Князьді көрдің піріндей, * Тілмәшті көрдің биіңдей. * Дуанды көрдің үйіндей, * Абақты тұр алдында, * Қазылып қойған көріндей ХІХ ғасырдың көптеген ақындары қазақтың тәуелділікке душар боп, қоныс қысымына ұшырағанын күйіне жырлады. Қолынан шығып кеткен мекендеріне іштері қазандай қайнап, жоқтау айтып, зар жылады. Патшалықтың ең ілкі тырнағына ілінген Сарыарқа, Еділ, Жайық, Есіл, Ертіс жер суларының шұрайлы бойларынан айрылу шымбайына қатты батты.Шортанбай туралы пікір айтқан кейбір зерттеушілер оны өмірден түңілген жігерсіз, қайғы мен зардың ақыны деп келді. Жоғарыда келтірілген өлең жолдары ақынның бойындағы басым күш – түңілу емес, жігерлілік, үмітсіздік емес, батыл күреске үндеу, оптимистік, патриоттық сезім екенін көрсетеді. Шортанбай жасаған заманда бұдан артық елі мен халқының қамы үшін адал қызмет ету акі талай. Біздіңше, халқының тағдырын ойлаған ақынның жарғақ құлағы жастыққа тиген жоқ. Ел-жұртының қасіретін арқалап, бойындағы бар күшін сол үшін сарп етті. Сол тұстағы қоғамның жай-жапсарына қарай әрекет жасап, жатпай-тұрмай халқын үгіттеп, ілгері жетеледі.Ел ішіндегі әр түрлі жетесіздіктерге, талан-таражға, алуасыздыққа, берекесіздікке, ойсыз опасыздыққа қарсы шықты. Әуелі өз елінің мінезін, мініп түзетпек болды. Жігерін оятып, тәуелсіздігі үшін аянбай күресуге шақырды. Оны ақын жақсы түсінді.Отаршылар мен оның қазақ жеріндегі сыбайластары билеген заманды ол халық басына түскен ақырзаман, елдің береке-бірлігін кетірген тар заман, жұрт болашағын тұйыққа тіреген зар заман деп өзінше қорытты. Бұл заманның енді бір кесапаты ол халықты өзінің ғасырлар бойы қалыптастырған кәсібінен, тіршілік қамынан, үйреншікті, сүйегіне сіңген әдет-ғұрпынан, наным-сенімнен, иманнан, дағдылы ел билеу салтынан айырды. Осылайша халықтың ұлттық тұрпаты, елдік сипаты бұзылды. Адамы, азаматы, оларды мінез-құлқы, іс-әрекеті өзгерді. Олар тәуелсіздігінен айрылды. Құлдық тәуелсіздік қамытын киді. Өзіндік дербестігі жойылды. Міне, осының бәрі ақынның зарлы-шерлі толғаулары арқылы сыртқа шықты.Ол халықтың мұңы боп қалыптысты. Шортанбай шығармаларының негізгі арқауы деп, оның жырларының ақылғой, өсиетшіл келетінін айтқан жөн. Адамгершілік ақыл айтып, халықты түзу жолға салуды өзінің зор мақсаты санағандықтан болса керек. Ақын әр түста терең толғап, өрнекті де өнерлі сөз термелейді.Ақылдар айтады, нақылдар қалдырады. Шортанбайдың ерлерде айтып кеткен өсиет сөздері де бар. Ол өсиеттерін қалың қазаққа, оның басшы адамдарына, ұл-қызына, кәрі-жасына арнайды. Өз атынан барлық қауымға сәлем жолдап, бақұлдасқандай болады. Келтірілген ақынның қоштасу сөздері, өсиеттері мәнсіз емес. Елдің бас көтерген адамдарын тәубаға шақырып, мал, дүние үшін қор болмай, халық үшін, бір құдай үшін қызмет етуін тілейді. Ізгілік, әділет жолынан тайынбай іс қылып, саналы, салихалы өмір кешуін уағыздайды. Ақырет жолы мен адамгершілік, әділет жолдарын тең ұстап, ешкімге обал, қиянат жасамай, тек қана ізгілік жасап өткенін тілейді. Әрбір адамға үлгі боларлық нақылдар тізбектеліп, өзінің өмір тәжірибесін жинақтайды. Тойымсыздыққа, опасыздыққа қарсы күресуге, қанағат, рақым сияқты адал жан айналысар істерге меңзейді. Ақын адамның мінезіне ерекше көңіл бөледі, жақсы адам өз мінезіне қарауыл қойып, жауап беріп отыру керек дейді. Бұл мәселеде кейде ол Абайдың "мінезді түзелмейді дегеннің тілін кесер едім" дегеніне қосылмайтын сияқты. Адам санаулы өмір жолын есепсіз, мәнсіз өткізіп алмай, нәтижелі, нәрлі, пайдалы өткізуі абзал. Керексіз, өнімсіз іспен шұғылданбай, еліне, халқына, өзіне, жақын-жуығына керекті тиімді әрекеттер істей білуге дағдыланғаны жөн деп термелейді. Жамандық пен жақсылық, адамдық пен арамдық арасын ажырата білуге, достық пен қастық, шындық пен жалғанды айырып, бірін жақтап, екіншісіне қарсы тұруға шақырады. Талапты жас, ең алдымен оқуға әуес болуы керек. Өнер, білім тек оқумен келеді. Тәлім-тәрбие алған жас ойлы, өнерлі боп өседі. Арамдыққа, зұлымдыққа бармайды. Олар құдай жолына да, адам үшін де аянбай еңбек етуге тиіс. Дүние, өмір қызығына алданбай, қиындыққа төзіп, ізденуді қолдайды. Жылы үй, сәнді киім, мұқтажсыз өмір жастарды бейқам өсіреді. Асылы, болам деген жас еңбекке, өнерге әуестеніп, аң аулап, құс салып, кәсіппен айналысуы керек. Шындығында да ақын туындылары әсерлі, мәңгі жасарлық мәнді. Көп жылдар өтсе де жырау сөздері өзінің құнын жоймай, халық мақсатына қызмет етіп келеді. Әсіресе, адамгершілік ақыл, өнегелі өсиет сөздері, шебер де шешен тұжырымдары құнды. Басына қайғылы, ауыр күн туған азамат, ел-жұрт Шортанбай толғауларынан өз ойына үндес сөз табады. Оның өлең жолдарын жиі қайталайды. Күйзелген жанына жай тауып, көкірегін кергеген қасіреттерді жеңілдетіп, рухани күш табады. Шортанбай сөздерін тек қасіретті адамдар үшін пайдалы туынды деп біржақты түсінікке жетелеуден аулақпыз. Керісінше, оның шығармалары – алуан салалы, өміршең, адамның бойына жігер, қуат құярлық оптимизмге де толы, оқушысын өз ырқына бірден көндіріп, ілестіріп кетерлік логикасы мықты туындылар. Сондықтан да әрбір дәуір ол туралы әр түрлі пікірлер айтып, кейде айтыстар туғызып келеді. Шортанбай туралы осы соңғы жылдарға дейін етек алып келген кереғар пікірлердің орын алу негізі де оның талғамының күрделілігі, күштілігі демекпіз. Шортанбай – бір топтың не бір таптың ақын ы емес. Ол жалпыға ортақ өз елінің, халқының жырауы. Сонысымен де құнды. Шортанбай шығармаларын бастан-аяқ дидактикалық сарында келеді деуге болмайды. Ірі талант иесі, ұлы жырауға тән ақынның өзіндік көркемдік стилі қалыптасқан. Ақын айтар ойын жай баяндай сала бермейді. Әр тұста ақылға бай, ойлы сөздер ұшқыр да өткір тілмен өрнектеліп, көркем бейнеленіп, өрелі туынды боп шығады. Ақындық шалқар шабыт пен төгілген сөз нөсерлері қазіргі оқушыларына да әсер естіледі. Ақын 1881 жылы қазіргі Қарағанды мен Жезқазған облыстарына қарасты Шет ауданы жерінде қайтыс болды. Ол - өлерде үстіне ескерткіш орнатпауды, үлкен ас бермеуді тапсырып, оған шыққан шығындарды елдегі жоқ-жітік, кемтарларға үлестіруді өсиет еткен.Ақын көз жұмғалы ғасырдан астам уақыт өтсе де, оны халық қастерлеп, шығармаларын жадында ұстап, қымбат мұра ретінде қадірлеп келеді.Қалықтаған сұңқар ем,Қанатым сынды ұша алмай,Қиындап қуға түсе алмай, -деген ақынның өз сөзіне назар салайықшы. Асылы, "қияға қанат қағар сұңқар едім" - деп бекерге айтпайды. Шортанбай толғауларының ішіндегі көпшілікке кеңінен тараған туындысы “Келер заман сипаты” атты шығармасы. Онда халқының болашағын болжай білген ақын елі үшін қабырғасы қайыса отырып, тығырықтан шығар жол іздейді. Келер заманның кескін-келбетін көрегендікпен көрсете келіп, өз тарапынан тұжырым жасайды, баға береді. Шортанбай сонымен қатар айтыс ақыны ретінде Шөже, Орынбай, Асан ақындармен сайысқа түскен. Осылардың ішіндегі көлемдісі де, мазмұны жағынан толымдысы да Орынбаймен айтысы. Айтыстың өне бойынан ақынның тапқырлығын, сөзге шеберлігін, тілінің өткірлігін анық аңғаруға болады. Талай айтыстарда шыңдалып, сан рет жүлде алған Орынбай сияқты айтулы ақынмен сайысқа түскен Шортанбай өзінің алғырлығын, тілге тиек болар жағдайды бұрынырақ болжап, алдын орап кететін сезімталдығын танытады. Шортанбай өз шығармаларында заманның кескін-келбетін дәл басып, нақты көрінісін жасаған шыншыл ақын ретінде танылды да, өзінің болмыс-бітіміндегі көріпкелдік қасиетінің арқасында бұлыңғыр болашақты айна қатесіз болжай білген әулиелік қасиетімен ерекшеленді, өлеңдерінің ою-өрнегін қиюластыра білген, мазмұн мен маңызды ұштастыра білген шебер ақын болды. Шортанбай мұраларын алғаш зерттеушілердің бірі М.Әуезов Шортанбаймен қатарлас өмір сүрген ақындар шығарм-н тұтастай алғанда Шортанбай мұрасына сай “Зар заман ақындары” деп саралады. Шортанбай мұраларын зерттеу ісінде С.Мұқанов, І.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, Т.Нұртазин, М.Мағауин, С.Қирабаев, Ы.Дүйсенбаев, Ғ.Мұсабаевтар көп еңбек сіңірді. Шортанбай творчествосы да әдебиетіміздегі ақтаңдақтардан қатарында жөнді зерттелмей, жабулы тақырыптар қатарында келеді. ## Отбасы Шортанбайдың өз кіндігінен Алдаберген, Аязбай деген ұлдары мен Бәйіш атты қызы болған. Елінің зарын төккен Шортанбай жыраудан тірі ұрпақ қалдырмады.. Аязбай Шет жақта қайтыс болған да, Алдаберген кейін Қаратау жаққа кетіп қалған. Шортанбай жыраудың бір інісі және үш қарындасы болған (Қалаулы, Бабасан? және ?). ## Мазары Мазары Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстікке қарай 7 км жерде Шерубайнұра өзенінің жағасында орналасқан. ## Дереккөздер
Мартбек Мамраев (1908-1989 ж.), гвардия аға сержант, Кеңес Одағының Батыры (1944 ж.). ## Өмірбаяны Арғын тайпасы Қаракесек руы Бөрібай бұтағынан шыққан. Еңбек жолын 1924 ж. Қарқаралы ауданында бастап, кейін Қарағандыда жұмыс істеді. 1931-34 ж. забойшы, 1934-38 ж. электрослесарь-механик, 1938-1940 ж. К. О. Горбачев атындағы №8/9 шахта кәсіподақ комитетінің председателі. 1940-42 ж. «Кировкөмір» тресі №3-бис шахтасында партия жұмысын ұйымдастырушы. 1942-44 ж. Кеңес Армиясы қатарында. 1944-45, 1952-54 ж. 1 маусымға дейін М. Мамраев шахтада партия жұмысын ұйымдастырушы, 1945-1952 ж. Ленин ауданың партия комитетінің 1-хатшысы, 1955-58 ж. Қарағанды қалалық Кеңесі аткомы төрағасының 1-орынбасары, 1958-1972 ж. химия-металлургия институты директорының орынбасары. 1972-1985 ж. осы институтта патент-информация бөлімінің инженері. 1943 ж. қыркүйекте Днепр өзеннен өтерде 12-атқыштар дивизиясы 32-ат0ыштар полкінің пулемет расчетының командирі М.Мамраев асқан ерлік көрсетгі, фашистердің шабуылына тойтарыс беріп, бөлімшенің өзеннен өтуін қамтамасыз етгі. Ұлы Отан соғысынан кейін Қарағандыда кеңес және шаруашылық қызметінде болды. ## Марапат Ленин ордені, Құрмет Белгісі орденімен марапатталған. Қарағанды қаласының құрметті азаматы (1971 ж.). Химия металлургия институтының әкімшілік үйінде М. Мамраевтің бюсnі орнатылған. ## Дереккөздер
Жастар рухы — «Аманат» партиясының жастар қанаты. 2008 жылғы 14 мамырда Астана қаласында «Jas Otan» жастар қанатының I Съезінде қоғамдық бірлестік тұлғасында құрылған. 2022 жылы 12 шілдеде жастар қанатының кезектен тыс VI Съезінде қазіргі атауын алған. Ұйымның облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық филиалдары, сондай-ақ, қалалық және аудандық деңгейде бөлімдері бар. «Жастар рухы» Жастар қанатының Орталық кеңесіне Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың жастар көшбасшылары, жас спортсмендер мен мәдени қайраткерлер кіреді. Жастар қанатының 2024 жылғы есеп бойынша 105 мың мүшесі бар. «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының Төрағасы — Искандерова Ақерке Нұрғалиқызы (2024 жылғы 20 наурыздан бастап). ## «Жас Отанның» тарихы ### 1999-2008 * * * «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты 2008 жылға дейін өзіндік заңды тұлғаны иеленбеді. 2006 жылғы 26 қарашадағы «Отан» Республикалық саяси партиясының саяси кеңесінің отырысында партия төрағасының міндетін атқарушы Б. Т. Жұмағұлов өз баяндамасында өткен 1,5 жыл ішінде «Жас Отан» Жастар қанатының бірде-бір Республикалық кеңесінің отырысы өтпеді, ал оның басшысы өз араларында байланыстары жоқ, әртүрлі іс-шаралар өткізді, — деп атап өтті. Партияның саяси кеңесінің, орталық аппаратына, барлық филиалдар мен өкілдіктері алдына тез арада жастармен жұмысты күшейту мәселесі мен аталған бағыт бойынша іс-әрекеттер бағдарламасын ұсынуды міндеттеді. ### 1 съезі * «Жас Отан» Жастар қанатының I съезі * * * * 2008 жылдың 17 қаңтарында Президент Н. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің отырысында көктемде «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының съезін өткізу туралы ұсыныс берді. 2008 жылдың 14 мамырында Мемлекет басшысы, партия төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты» I Съезі өтті. «Жас Отан» ЖҚ I Съезіне дейін «Нұр Отан» ХДП бастамасы бойынша «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңды талқылау бойынша парламенттік тыңдау өткізілді. Съезге қатысатын делегаттардың тізімі бекітілген, еліміздің барлық облыстарында жастар конференциясы өткізілді. Сондай-ақ, съезге Қазақстанның жастар ұйымдарының көшбасшылары мен партия және Саяси кеңестің бюро мүшелері мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің басшылары және Парламент депутаттары мен Үкімет пен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері және БАҚ, ҮЕҰ мен шетелдерден жас қонақтар келді. I съезд делегаттарымен қоғамдық бірлестіктің жарғысы мен 2008-2011 жылдарға арналған Іс қимыл стратегиясы қабылданып, ұйымның Атқарушы хатшысы болып, Нұрлан Өтешев сайланды. Өзінің құрылтайдағы сөзінде президент ұйымның алдынан Қазақстанның әр жас азаматы өз әлеуетін жүзеге асырып алуға, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуға барлық қажетті жағдайларды құруды көздейтін бірінші кезекті мақсаттарды қойды, сондай-ақ құрылған ұйымның мемлекеттік жасөспірімдер саясатындағы рөлін белгіледі: «Құрметті жас қыздар мен жігіттер! Жалғыз мемлекеттің күшімен ғана жастарға қатысты барлық мәселелерді шешу қиын болады. Бұл салада көп нәрсе жастар бірлестіктерінің азаматтық ұстанымына және жігеріне тәуелді болып тұр. Ол жайында өздерің де айтқан болатынсыңдар. Менің ойымша, «Жас Отан» жалпы ұлттық маңызы бар мақсаттарды орындауға дайын болып тұруына, жастарды әлеуметтендіретін және оларда ілгерішіл түсініктерді мен заманауи құндылықтарды қалыптастыратын құрылымға айнала алатынына мен қатты сенім артамын.» ### 2008-2012 2009 жылдың қаңтар айында «Жас Отан» «Қара таңба» атты жобасының тұсауын кесті. Жоба «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық қабылдауына 2008 жыл мен 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында келіп түскен барлық азаматтардың шағымдары мен үндеулеріне талдау жасайды. Мониторинг жасап болғаннан кейін партияға сыбайлас жемқорлыққа қатысты шағым ең көп түскен мемлекеттік органның көше жақтағы қақпасына «Қара таңба» белгісін орнатады. Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 12 ақпанда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген мәжілісінде партия жастар қанатының қиын-қыстау кезеңде студенттерді қолдау үшін жалпықазақстандық марафон өткізу бастамасын қолдау қажет екендігі туралы нақты тапсырмасы бойынша «Жастар жалыны – Отанға, жомарт жүрегі – жастарға!» атты ұранмен жалпықазақстандық марафонын өткізіп, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен меморандумға қол қойды. 2010 жылдың сәуірінде «Жас Отан» «Тарбағатай мұңы — бүкіл Қазақстанның мұңы» атты Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан су тасқынынан зардап шеккендерге киім мен азық-түлік өнімдерін жинауға арналған акциясын өткізді. Көмек ретінде «Жас Отан» Жастар қанатының аймақтық филиалдары КАМАЗ бен ГАЗельмен қажетті заттарды жөнелтті. 2010 жылдың сәуір айында «Жас Отан» ЖҚ «Біз қазақстандықпыз! Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты Республикалық акциясын ұйымдастырып, акция шеңберінде «БІЗ» деген сөзде – «140 МЕН!» тақырыбындағы бір шаңырақ астында 140 этностың бейбіт өмір сүріп жатқандығын көрсету мақсатында фотокөрме ұйымдастырды. 2010 жылдың 16 маусымында «Есірткісіз өмір сүр» республикалық акциясы бойынша Қазақстанның барлық облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында нашақорлыққа қарсы әртүрлі шаралар өткізілді: спорттық жарыстар, пикеттер, митингілер, түсіндіру жұмыстары және басқа. 2010 жылдың шілдесінде Санкт-Петербургте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Жастар кеңесінің III мәжілісінде «Жас Отанға» бір жыл мезгілге осы кеңестегі төрағалық орны берілді. * 2010 жылы Ақтөбеде өткен «Ауылдың өркендеуі — Қазақстанның өркендеуі» атты жастар марафон-эстафетасының ашылуы * * * * 2010 жылдың 28 мамырында Ақтөбе облыстық әкімшілігінің алдындағы алаңда «Ауылдың өркендеуі — Қазақстанның өркендеуі» марафон-эстафетасының басталуына байланысты митинг өтті, оған «Нұр Отан» ҰДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындыков қатысты. Акция мақсаттарына ауылдарды қоқымнан тазарту, елді мекендерді көгалдандыру, өзен мен орман алқаптарын жинастыру, ауылдық жерлердің спорттық нысандарын қалыпқа келтіру, жол бойымен ағаштарды отырғызу кірген. Жұмыстарды ұйымдастыру үшін 146 басқару пункті және 300 отряд құрылды, акцияға қатысқандарға 25 мың теңгеден кем емес жалақы берілді. 2010 жылдың 13 қыркүйегінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына сапар шеккен кезде, «Ауылдың өркендеуі — Қазақстанның өркендеуі» акциясы мемлекеттің 20-жылдық тәуелсіздігіне жақсы сыйлық болып табылатындығын ескертіп, ақтөбеліктердің тәжірибесін бүкіл Қазақстан бойынша қолдануға шақырды. 2011 жылы акция мемлекеттің барлық аймақтарында өткізіледі, әр облыстың бюджетінде марафон-эстафетаны өткізуге жылына шамамен бір миллиард теңге қаражат бөлінді. ## Идеология «Жас Отан» Жастар қанаты «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының идеясын қолдайды. Ұйымның мәлімделген міндеті - мемлекеттің дамуды жаңашылдыққа ұмытылуды қамтамасыз ету мақсатымен елбасының саяси платформасының негізінде Қазақстан жастарын біріктіру. Мақсаты - өзінің cоңынан жастарды тартып, қабілетті, мықты және абыройлы саяси жастар ұйымын құру. Негізгі мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін «Жас Отан» ЖҚ негізгі жұмыс бағытын айқындайтын кезек күттірмес міндеттерді жүзеге асырады: * Мемлекет басшысының саясатын қолдап, жастарды біріктіру. Аталған міндет жастар арасында еліміздің Президентінің беделін нығайту мен «Нұр Отан» ХДП-на жастардың сенімін көтеру бойынша кешенді шаралар әзірлеп, мемлекеттік-патриоттық негізде еліміздегі жастарды біріктіру. * Жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – жастар үшін мемлекеттік кепіл мен құқықтарының қорғалуы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылған. * «Жас Отан» ЖҚ қызметінде жастардың көп бөлігін тарту арқылы «Нұр Отан» ХДП әлеуметтік базасын кеңейту. Жастар қанатында партияның мүшелерін көбейту бойынша механизмдер әзірленуде, сондай-ақ, «Жас Отан» Жастар қанатына басқа да жастар ұйымдары мен қауымдастықтар тартылуда. * Міндет партия мен мемлекеттік органдарға кадрлар резервін қалыптастыру. «Нұр Отан» ХДП мен биліктің мемлекеттік органдарында кадрды толықтыратын жас көшбасшыларды дайындайтын және айқындайтын жүйені құруды көздейді. ## Арнайы жобалар ### Жастар – Отанға! «Жастар – Отанға!» жобасы аясында «Жас Отан» Жастар қанатының аймақтық филиалдары мен еліміздегі ірі жастар ұйымдары қырыққа жуық тұжырымдама жүзеге асырды. Тұжырымдаманың бағыттары әртүрлі: патриоттық құндылықтарды насихаттаудан бастап, әлеуметтік жобалар мен жастар бастамаларын дамыту және жас кәсіпорындарға қолдау көрсетуге дейін. Одан басқа, жоба аясында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жастарға инновациялық білім беру лагері жүзеге асырылуда. Лагерь әрбір белсенді де, талантты жасқа мемлекеттік құрылым, бизнес және жастар өкілдерімен пікірталас алаңын ұйымдастыру арқылы жақсы мүмкіндіктер береді. ### Жастар кадрлық резерві «Жастар кадрлық резерві» жобасының басты мақсаты - мемлекеттік басқару, бизнес жүйесі және қоғамдық қызмет саласы үшін жастар кадрлық резервін қалыптастыру және аймақтық және республикалық кадр әлеуетін күшейту. «Жастар кадрлық резерві» ашық байқауына аймақтар бойынша 29 жасқа дейінге көптеген жастар қатысты. Іріктеу деңгейінің қорытындысы бойынша қатысушылар арасынан республикалық деңгейге 107 қатысушы іріктелді. Қорытындысы бойынша «Жастар кадрлық резерві» жобасына 32 қатысушы анықталды. 7- 31 шілде аралығында Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығында менеджменттің кіріспе курсын оқып, осы уақытта «Жас Отан» Жастар қанатының «Қазақша сөйлесейік!» акциясына қатысып, Есіл ауданының Ильинка поселкесіндегі мектеп құрылысын салуға жәрдемдесті. 6-11 тамыз аралығында Зеренді ауданының Зеренді поселкесінде Д. А. Қалетаев, Қ. С. Сұлтанов, Б. Қ. Байбек, А. П. Рау, Е. Т. Қарин, Б. К. Байқадамов, Н. К. Ерімбетов және тағы басқа сынды белгілі тұлғалар мен еліміздегі мемлекеттік және қоғам қайраткерлерімен кездесті. 12 тамыз-13 қыркүйек аралығында «Нұр Отан» ХДП мен мемлекеттік органдарда және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат» қорында тағылымдамадан өтті. Одан кейін 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алып, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі – Н. С. Әшімов пен Президенттік Мәдениет орталығының директоры – М. Ж. Жолдасбековпен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты – Б. Қ. Тілеуханмен және тағы басқа саяси және қоғам қайраткерлерімен кездесті. 2009 жылдың 29-30 қазан аралығында «Жастар кадрлық резерві – Еуразиялық интеграция септестігінің негізі» атты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы мемлекеттердің жастар ұйымдарының және саяси партиялары жастар қанаттары көшбасшыларының кездесуіне қатысты. ### Еркін пікір 2009 жылдың басында «Нұр Отан» ХДП Хатшысы Е. Қариннің тапсырмасына сәйкес, «Жас Отан» ЖҚ базасында жастар арасындағы көкейтесті мәселелерді талқылып, тәжірибе алмасу мақсатында «Еркін пікір» мобильді пікірталас алаңы өткізіледі. ### Дипломмен ауылға! Мемлекет басшысы 2008 жылғы 24 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк сала қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау және ынталандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының № 111-IV Заңына сәйкес, 2009 жылдың шілде айынан бастап, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігі мен Білім және ғылым министрліктерінің және Қазақстанның ауыл жастары одағы мен Қазақстан студенттер альянсы «Дипломмен ауылға!» жобасын жүзеге асыруда. «Дипломмен ауылға!» жобасының мақсаты – ауыл аймақтардың кадрлық әлеуетін қалыптастырып, қажетті еңбек ресурстары - әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік өндіріс мамандарымен қамтамасыз ету мәселелерін шешуде қолдау көрсету. Жоба аясында елдімекендерді мақалалар мен сұхбаттар, интернет-ресурстар арқылы ақпараттандырып, Республикалық телеарналарға трансляциялар жүргізілді. «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалдарының базасында жастарды ауылға барып тұруға және жұмыс істеуге шақыру үшін іс-шаралар мен консультациялар өткізілуде. ### Қазақша сөйлесейік! «Нұр Отан» ХДП мен «Жас Отан» ЖҚ бастамасымен облыстар мен Астана және Алматы қалаларында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен туған тілімізге қоғамның назарын аудару және жастар арасында сәнге айналдыру мақсатында «Қазақша сөйлесейік!» республикалық қоғамдық акциясы өткізілуде. Акция барысында түрлі іс шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, Қостанай қаласында «Аялдама және талап», «Қазақ тілі курстарын ұйымдастыру» және «Жұмыспен саяхат» атты халыққа қызмет көрсету орындарында тұсаукесерін жасаса, Жамбыл облысында жалпы білім беретін мекемелермен бірігіп, іс шаралар ұйымдастырса, Қарағанды қаласында «Мемлекеттік тіл: келешегі мен проблемалары» атты қазақ тілінде оқытатын орталықтармен кездесу өткізді. ## «Жас Отанның» құрамы «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелігіне 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы өз еркімен жазбаша түрде өтініш жазу арқылы кіреді. Жастар қанатының мүшесі «Жас Отанның» мақсаттары мен міндеттерін қолдап, жүзеге асыруға ат салысуы керек. «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесіне куәлік пен есеп карточкасы жазылады. «Жас Отан» Жастар қанатының жоғары басшылық органы «Жас Отан» ЖҚ Орталық кеңесінің шешімі бойынша төрт жылда бір рет немесе қажеттілігіне қарай шақырылатын Съезд болып табылады. Съезд делегаттары облыстық, Астана және Алматы қалалық конференцияларда сайланады, бөлек жағдайда – «Жас Отан» ЖҚ филиалы кеңесінің отырысында барлық қалалық және аудандық филиал өкілдерінің қатысуымен сайланады. Съезд қатысып отырған делегаттардың дауыс беруімен шешім шығарады. «Жас Отанның» басшылық органы съезд аралығында жастар саясатын жүзеге асыратын және жастар қанатының филиалдарына басшылық ететін Орталық кеңес болып табылады. Орталық кеңестің мүшелеріне облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдың өкілдері мен басқа да жастар ұйымдарының белсенділері мен көшбасшылары кіреді. Съездің өкілетті мерзімі – төрт жыл. Облыстық, Астана және Алматы қалалық (аудандық) филиалдың жоғары басқарушы органы облыстық кеңестің шешімі бойынша екі жылда бір рет шақырылатын конференция болып табылады. Облыстық филиал конференциясының делегаттары, сондай-ақ, Астана және Алматы облысы «Жас Отанның» қалалық (аудандық) конференцияларында, бөлек жағдайда аймақтық атқарушы хатшының шешімі бойынша сайланады. Облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдарының басқарушы органы облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдарының конференциясында «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысының келісімі бойынша сайланған Кеңес болып табылады. Қалалық филиалдың кеңес құрамы «Жас Отан» ЖҚ облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдарының атқарушы хатшыларының келісімі бойынша конференцияда сайланады. ## «Жас Отанның» атрибуттары «Жас Отан» Жастар қанатының съезде бекітілген өзінің эмблемасы, әнұраны, туы, «Жас Отан» ЖҚ мүшелігін білдіретін төс белгісі, бланкісі мен басқа да атрибуттары бар. ## Дереккөздер
Сеңкібай Оразғұлұлы (1709, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 1786, Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау жайлауы) – батыр, би. Орта жүз арғын ішінде болатқожа (қаракесек) руынан шыққан. Атасы Қожас батыр болған. Сеңкібай Бөгембай батырдың жасағы құрамында 1725 – 29 жылдары Алакөл, Шұбартеңіз, Бұланты-Білеуті, Аңырақай шайқастарында ерлігімен көзге түскен. Жоңғардың Ноян Қорек батырын жекпе-жекте жеңген. Сеңкібайды Абылай хан “ақиық сұңқарым” деп бағалаған. Ел арасындағы барымта, жер-су, жесір дауын әділдікпен шешкені үшін халық оны “Биата” атаған. Ұрпақтары 1993 жылы тамыз айында Сеңкібайға ас беріп, қабірінің басына ескерткіш орнатты. Сеңкібай 18 ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысынан бастап Қанжығалы қарт Бөгенбайдың қасына ілесіп, Алакөл, Бұланты, Аңырақай шайқастарына қатыскан белгілі батырлардың бірі. Сеңкібайдың жоңғар батыры Ноян Қоренге қарсы жекпе-жекке шығып, жеңіске жеткені аңыз, деректерден мәлім. Аңыз бойынша ақиық кыран көріпкелі бар батыр ұлт тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен, Абылай ханның сенімді қолбасыларының бірі болған адам. Айсыз түнде, нөсерлі жаңбырда, калың қамыс арасынан адаспай жол тауып, Абылай хан ордасын қоршаған жаудың торынан талай рет аман-есен алып шыққан. Жұртшылык Сеңкібайды киелі батыр деп әулие тұтады. Талды өнірінің бойында дүние салған. 1986 ж. Талды аулының тұрғындары батырдың басына күмбез орнатқан. ## Дереккөздер
Шал ақын ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының батыс бөлігіне таман орналасқан әкімшілік бөлінісі. Аудан аймағы 4,84 мың шаршы км. Орталығы — Сергеев қаласы. ## Географиялық орны Аудан солтүстігінде Жамбыл, батысында Тимирязев, шығысында, оңтүстік-шығысында Есіл және Айыртау, оңтүстiгiнде Ғ. Мүсiрепов аудандарымен шектеседі. Аумағы арқылы Есiл өзенi ағып өтедi, оның бойында Сергеев бөгені орналасқан. Аудан орманды дала зонасында орналасқан, жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты болып келедi және шалғынды қара топырақты қабат та кеңiнен орын алады. ## Тарихы 1928 жылы Шал ақын ауданының қазiргi аумағында Рыков және Төңкерей аудандары құрылды. 1930 жылы Төңкерiс ауданына таратылған Рыков ауданы қосылды. 1940 жылы аудан аты Октябрь болып ауыстырылды. 1954 жылы Дос, Ақсуат, Северный, Целинный, Москворецк, Комсомол, Октябрь ауылдық кеңестері құрылды. Кеңес ауылдық кеңесі таратылды. 1956 жылы Ишим, Кривощеков ауылдық кеңестері құрылды. 1957 жылы Балуан ауылдық кеңесі Семиполь, Крещен ауылдық кеңесі Октябрь, Жалтыр ауылдық кеңесі Марьев, Городец ауылдық кеңесі Коновалов, Дмитриев ауылдық кеңесі Дос ауылдық кеңесіне қосылды. Есіл, Ленин, Төменгі Бұрлық ауылдық кеңестері таратылды. Степной ауылдық кеңесі Афанасьев, Тораңғыл ауылдық кеңесі Новопокров болып өзгертілді. Северный ауылдық кеңесі Преснов ауданына берілді. 1958 жылы Интернациональный ауылдық кеңесі құрылып, Коновалов ауылдық кеңесі таратылды. 1962 жылы Сергеев, Городец ауылдық кеңестері құрылды. 1963 жылы Октябрь ауданы Сергеев ауданы болып өзгертіліп, аудан орталығы Сергеевка ауылына көшірілді. Ақсуат, Дос, Интернациональный, Ишим, Комсомол, Москворецк, Целинный ауылдық кеңестері жаңадан құрылған Тимирязев ауданына берілді. Тереңсай ауылдық кеңесі құрылды. 1968 жылы Марьев ауылдық кеңесі орталығының Сергеевка ауылына көшірілуіне орай Сергеев ауылдық кеңесі, ал Сергеев ауылдық кеңесі орталығының Марьев кеңшарының бөлімшесіне көшірілуіне орай, Марьев ауылдық кеңесі болып өзгертілді. 1969 жылы Сергеевка ауылына қала мәртебесі берілді. 1970 жылы Ступин, Юбилейный ауылдық кеңестері, 1972 жылы Жаңажол ауылдық кеңесі құрылды. 1975 жылы Ольгин ауылдық кеңесі құрылды. Бұрыннан болған Ольгин ауылдық кеңесі Сухорабов ауылдық кеңесі болып өзгертілді. 1979 жылы Еңбек ауылдық кеңесі құрылды. 1980 жылы Юбилейный ауылдық кеңесі Целинный ауданына берілді. 1988 жылы Целинный ауданы таратылып, Городец, Октябрь, Юбилейный, Интернациональный ауылдық кеңестері Сергеев ауданына қосылды. 1989 жылы Еңбек ауылдық кеңесі Жаңасу болып өзгертілді. 1994 жылы бұрынғы ауылдық кеңестер аумағында ауылдық округтер құрылды. 1997 жылы Жаңасу, Жаңажол, Ольгин ауылдық округтері таратылды. Бұрынғы Марьев, Тереңсай ауылдық округтері негізінде Аютас ауылдық округі (орталығы Сергеев қ.) құрылды. 1999 жылы 14 желтоқсанда Сергеев ауданы Шал ақын ауданы болып қайта аталды. 2003 жылы Аютас ауылдық округінің орталығы Қаратал ауылына көшірілді. 2005 жылы Жаңажол ауылдық округі қайта құрылды. ## Халқы Тұрғындары 18 577 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (45,36%), орыстар (43,75%), украиндар (3,86%), немістер (3,79%), татарлар (0,94%), беларустар (0,74%), литвалықтар (0,25%), басқа ұлт өкілдері (1,31%). ## Әкімшілік бөлінісі 42 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 10 ауылдық округке біріктірілген: ## Аудан экономикасы (2009 жылдың қорытындылары) Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 261 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 2 - iрi, 16 - орта, 243 - шағын кәсiпорындар. Олардан 120 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 139 - жеке меншiк, 2 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады.Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,3%-ы өндiрiлген (12 637,9 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 963,5 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 1,4%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 106,6% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 341,9 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 82,4% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 5 217,4 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 37,9% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 1 185,7 млн.теңге құрады. Пайдалануға 5,3 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 16,5 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 19,4% өсiп, 39 373 теңгенi құрады. Нақты жалақы 11,6% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 27 836 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 673 теңге құрады. ## Дереккөздер
Қазақстанда 3 Жамбыл ауданы бар: * Жамбыл ауданы — Алматы облысының батысындағы әкімшілік бірлік * Жамбыл ауданы — Жамбыл облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік бірлік * Жамбыл ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының батысындағы әкімшілік бірлік
Тайынша ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аумағы 11,43 мың шаршы километр. Орталығы - Тайынша қаласы, облыс орталығымен аралығы 150 км. ## Географиялық орны, жер бедері Солтүстігінде Аққайың, Мағжан Жұмабаев, шығысында Ақжар, батысында Есіл, Айыртау аудандарымен, оңтүстігінде Ақмола облысының Зеренді, Бурабай, Біржан сал аудандарымен шектеседі. Аудан негiзiнен дала зонасында, ал оңтүстiгi және оңтүстiк-шығысы орманды дала зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты. ## Тарихы Красноармейск ауданы алғаш рет 1928 жылы Қызылжар округінің құрамында құрылып, Новосухотино ауылы орталығы болды. 1930 жылы Петропавл округі таратылып, Красноармейск ауданы Бейнетқор ауданына қосылды. 1934 жылы 9 шілдеде Красноармейск ауданы Қарағанды облысының құрамында қайта құрылып, 15 ауылдық кеңес енді. Орталығы Новосухотино ауылы болды. 1936 жылы Красноармейск ауданы Солтүстік Қазақстан облысының құрамына енді. 1939 жылы 16 қазанда Чкалов ауданының бөлінуіне байланысты ауданда 8 ауылдық кеңес қалды. 1940 жылы Тайынша темір жол бекетінің жанындағы елді мекенге жұмысшы кенті мәртебесі берілді. 1944 жылдан бастап аудан Көкшетау облысының құрамына кірді. 1957 жылы Чкалов ауданынан Киров, Котов ауылдық кеңестері берілді. 1958 жылы Қаратомар ауылдық кеңесі таратылып, Кантемиров ауылдық кеңесі құрылды. 1959 жылы Котов ауылдық кеңесі Кантемиров ауылдық кеңесіне қосылды. 1960 жылы Новосухотин ауылдық кеңесі таратылып, Новосухотино ауылы Тайынша кентімен біріктірілді. Соған байланысты Красноармейск ауданының орталығы Новосухотино ауылынан Тайынша кентіне көшірілді. 1961 жылы Новоприречен ауылдық кеңесі Большеизюм ауылдық кеңесіне қосылды. 1962 жылы Тайынша кенті қала мәртебесін алып, Красноармейск болып өзгертілді. 1963 жылы 2 қаңтарда таратылған Келлер, Чкалов аудандарының есебінен Красноармейск ауданының аумағы ұлғайтылды. 18 қыркүйекте Богодухов ауылдық кеңесі Рощин болып өзгертілді. 1964 жылы 31 желтоқсанда Чкалов ауданының қайта құрылуына байланысты оған 8 ауылдық кеңес берілді. 1965 жылы Тернов ауылдық кеңесі таратылды. 1966 жылы Теңдік ауылдық кеңесі құрылды. 1967 жылы Многоцветный ауылдық кеңесі Леонидов болып өзгертілді. 1969 жылы 28 мамырда қайта құрылған Келлер ауданына 12 ауылдық кеңес берілді. Чкалов ауданынан Красноармейск ауданына Ильич ауылдық кеңесі берілді. 1970 жылы Тернов, 1971 жылы Заречный, 1976 жылы Котов ауылдық кеңестері құрылды. 1993 жылы 24 желтоқсанда бұрынғы ауылдық кеңестер аумағында ауылдық округтер құрылды. 1997 жылы 2 мамырда Келлер, Красноармейск, Чкалов аудандары бірігіп, Тайынша ауданы болып қайта құрылып, аудан орталығы Красноармейск қаласына Тайынша атауы қайтарылды. Ал 3 мамырда Көкшетау облысының таратылуымен Солтүстік Қазақстан облысының құрамына енді. 2000 жылы Амандық ауылдық округі құрылды. 2001 жылы Рощин, Тихоокеан, Миронов, Краснополян, Краснокамен ауылдық округтері құрылып, Кременчуг ауылдық округі таратылды. 2003 жылы Кантемиров ауылдық округі құрылып, 2013 жылы Краснокамен ауылдық округі таратылды. ## Халқы Тұрғындары 43 140 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (28,30%), орыстар (24,30%), поляктар (20,67%), украиндар (11,29%), немістер (9,73%), беларустар (2,68%), татарлар (0,58%), ингуштар (0,48%), армяндар (0,30%), өзбектер (0,22%), әзербайжандар (0,18%), шешендер (0,14%), чуваштар (0,11%), басқа ұлт өкілдері (1,02%). ## Әкімшілік бөлінісі 82 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 18 ауылдық округке біріктірілген: ## Аудан экономикасы (2009 жылдың қорытындылары) Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 475 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 8 - iрi, 60 - орта, 407 - шағын кәсiпорындар. Олардан 171 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 302 - жеке меншiк, 2 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 13,5%-ы (32 237,5 млн.теңге) өндiрiлген. Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 6 355,0 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 9,3%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 123,0% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 703,8 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 80,2% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 36 552,7 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 18,8% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 3 825,3 млн.теңге құрады. Пайдалануға 7,7 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 34,2 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 13,1% өсiп, 35 807 теңгенi құрады. Нақты жалақы 5,7% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 26 863 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 375 теңге құрады. ## Дереккөздер
Айыртау ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік аудан. 1928 жылы құрылған. ## Географиялық орны Ауданның аумағы 9,6 мың шаршы километр. Аудан орталығы - Саумалкөл ауылы. Аудан батысында Ғабит Мүсірепов және Шал ақын аудандарымен, солтүстiгiнде Есiл ауданымен, солтүстік-шығысында Тайынша ауданымен, шығысы мен оңтүстігінде Ақмола облысының Зеренді, Сандықтау аудандарымен шектесiп жатыр. ## Тарихы Володар ауданы 1928 жылы 3 қыркүйекте құрылды. Орталығы Володар ауылы болып, құрамына 22 ауылдық кеңес енді. 1930 жылы Володар ауданынан және жартылай Рузаев, Урицкий, Ленин, Октябрь аудандарының жерінен Айыртау ауданы құрылды. Айыртау ауданы 1932 жылы Қарағанды, 1936 жылы Солтүстік Қазақстан, 1944 жылдан бастап Көкшетау облысының құрамына енді. 1954 жылы Жаркент ауылдық кеңесі құрылды. Трудовой ауылдық кеңесі Каменный брод, Қарамұңлы ауылдық кеңесі Красный, Интернациональный ауылдық кеңесі Қоскөл, Красноозёрный ауылдық кеңесі Октябрь, Айыртау ауылдық кеңесі Шалқар, Мищен ауылдық кеңесі Привольный, Жоғарғы Бұрлық ауылдық кеңесі Төменгі Бұрлық ауылдық кеңесіне қосылды. Привольный ауылдық кеңесі Сокологоров және Сазанов ауылдық кеңесі Ковыльный ауылдық кеңесі болып өзгертіліп, Қалмақкөл ауылдық кеңесі таратылды. 1955 жылы 5 ауылдық кеңес жаңадан құрылған Қазан ауданына, 3 ауылдық кеңес Чистопол ауданына берілді. 1957 жылы Целинный ауылдық кеңесі құрылды. 1959 жылы Ақсу ауылдық кеңесі таратылды. Цуриков ауылдық кеңесі Имантау, Горноозёрный ауылдық кеңесі Жетікөл, Шалқар ауылдық кеңесі Ерназар ауылдық кеңесіне қосылды. 1960 жылы Матвеев ауылдық кеңесі Константинов ауылдық кеңесіне қосылды. 1962 жылы Ақанбұрлық ауылдық кеңесі Құсбек болып өзгертілді. 1963 жылы Айыртау және Қазан аудандары біріктіріліп, Володар ауданы құрылды. 1964 жылы Қоскөл ауылдық кеңесі Антонов болып өзгертілді. Чистопол ауданынан 3 ауылдық кеңес қосылып, Рузаев ауданына 2 ауылдық кеңес берілді. 1965 жылы Камышен ауылдық кеңесі таратылды. 1966 жылы Ерназар ауылдық кеңесі Орлов, Жаркент ауылдық кеңесі Айыртау, Красный ауылдық кеңесі Қазан, Октябрь ауылдық кеңесі Сырымбет болып өзгертілді. 1967 жылы Арықбалық ауданы қайта құрылып, оған 4 ауылдық кеңес берілді. 1968 жылы Орлов ауылдық кеңесі Жетікөл ауылдық кеңесіне қосылды. 1972 жылы Елец, 1973 жылы Златогор, 1975 жылы Дәуқара ауылдық кеңестері құрылды. 1977 жылы Айыртау ауылдық кеңесі құрылып, бұрыннан болған аттас ауылдық кеңес Светлов болып өзгертілді. 1980 жылы Аксёнов ауылдық кеңесі құрылды. 1993 жылы Володар ауданы Айыртау ауданы болып өзгертілді. Бұрынғы ауылдық кеңестер шекарасында ауылдық округтер құрылды. 1997 жылы 25 сәуірде Айыртау, Аксёнов, Дәуқара, Елец, Каменный брод, Қамсақты, Луначар, Светлов ауылдық округтері таратылып, 2 мамырда Айыртау ауданына таратылған Арықбалық ауданының аумағы қосылды. Ал 3 мамырда Көкшетау облысы таратылып, аудан Солтүстік Қазақстан облысына берілді. 2000 жылы Лобанов, Қаратал, Қамсақты, 2005 жылы Елец ауылдық округтері құрылды. ## Шаруашылығы Аудан тұрғындары негізінен егіншілікпен, мал өсірумен айналысады. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер көлемі 735,5 мың га, оның ішінде егістік жері 437,1 мың, шабындығы 13,4 мың, жайылымы 285,0 мың. Орманды алқап 142,0 мың га, 29,9 мың га жерді өзен-көл алып жатыр. Саумалкөл ауылы арқылы Қостанай — Көкшетау — Қарасу темір жолы өтеді. ## Жер бедері Жер қыртысы батыста Есіл өзенінің Аққанбұрлық, Иманбұрлық салаларымен, солтүстігінде қазаншұңқырлармен тілімденіп, ойлы-қырлы болып келеді. Батысында Имантау (661 м), Жақсыжаңғызтау (730 м) және Сырымбет (Жаманшоқы) сияқты таулы-жоталы әсем аймақ орналасқан. Климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық келеді. Қаңтардың орташа температурасы — -17- 18°С, шілдеде 18-20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300-350 мм, орманды-таулы бөліктерде 370 мм. Жақсыл, Жаңғызтау, Имантау, Шалқар, Саумалкөл, Үлкен Қоскөл т.б. тұщы көлдер орналасқан. Аудан жері орманды-далалық аймаққа жатады. Топырағы — қаратопырақты, орманды жерде күлгін болып келеді. Далалы жазықта шоққайың, қарағай, шалғын, қыратты жерінде қарағайлы-қайыңды тоғайлар, өзен бойларында қызыл селеу т.б. аралас шөптер өседі. Ашық дала негізінен егістікке, шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады. Аңдардан далаларда: қасқыр, түлкі, қоян; ормандарда: елік, бұлан, тиін; өзен-көлдерде құстардан: қаз, үйрек, аққу, қызғыш, құр, тауқұдірет, жылқышы мекендейді; балықтан: табан, шортан, алабұға бар. ## Әкімшілік бөлінісі 76 елді мекен 14 ауылдық округке біріктірілген: ## Халқы Тұрғындар саны 36 951 адам (2019). Ұлттық құрамы: орыстар — 47,06%, қазақтар — 39,02%, украиндар — 3,95%, немістер — 3,98%, татарлар — 1,80%, беларустар — 1,43%, поляктар — 0,82%, ингуштар — 0,37%, армяндар — 0,13%, мордвалар — 0,11%, басқа ұлт өкілдері — 1,34%. ## Экономикасы Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 396 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 2 - iрi, 45 - орта, 349 - шағын кәсiпорындар. Олардан 169 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 227 - жеке меншiк нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 8,4 пайызыы (20 106,0 млн.теңге) өндiрiлген. Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 1 451,8 млн.теңгеге өнiм өндiрiлген, облыстағы үлесi 2,1%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 115,8% құрайды. Бөлшек тауарайналымның көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 612,8 млн.теңге сомасын құрады. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 138,1%. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 16 788,3 млн.теңге соманы құрап, тозу деңгейi 35,6% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 1 983,5 млн.теңге құрады. Пайдалануға 12,5 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 28,4 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 23,9% өсiп, 37 330 теңгенi құрады. Нақты жалақы 15,8% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 26 922 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 513 теңге құрады. ## Дереккөздер
Шөже Қаржаубайұлы (1808, қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы –1895, сонда) – халық ақыны. Қазіргі Нұра ауданының жерінде кедей шаруа отбасында туған. Өлең шығару дарыны жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудың салдарынан зағип болып қалған. Айтыстарға қатысқанда қалыптасқан әлеуметтік-философиялық көзқарастары болды. Адамгершілікке жат кеселді кемшіліктерді әшкерелейді (Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай және басқаларымен айтысқан). Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан. Өзінің асқан шешендігімен, суырып-салма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді қозғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шонжарлардың екіжүзді зұлымдығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшкерелеуімен кеңінен танымал болған. Асқақ жыршы, лирикалық, эпикалық дастандарды шебер орындаушы болған. Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндігімен оған зор ықпал жасаған. Ш. Уәлиханов 1864 ж. 5 наурызда өзінің Омбыдағы пәтерінде Шөже орындаған «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» дастанының ең тандаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген. Оның бір топ өлеңдері (“Дәукейге”, “Домбыра шыққан тыңқылдан”, “Бәйтікті мақтағаны”, т.б.) жеке адамдарды көтере дәріптеп, мақтауға құрылған. Сонымен қатар Шөже тоғышарлық пен парақорлықты, өмірдің жағымсыз жақтарын батыл сынға алды. Аталары Қуандық, Шөженің әкесі құлдықта, шешесі күңдікте өткен адамдар, өзі де жасынан жетім қалып, бай босағасында малайлықта күн кешкен. Сондықтан Шөжемен айтысқа түскен ақындар ата-тегіне мін тағып оның кемтар соқырлығын бетіне басқан. «Дүржан үйінде» өлеңінде Шөже өз өмірі туралы едәуір мәлімет береді. Жасынан жетім өсіп қорасан ауруынан көзі кеткенін айтады. Атым Шөже, баласы Қаржаубайдың Үйде жарлы болсам да,түзде баймын. Асығымнан алтынға бөлесеңде, Дүние жүзін көрмеген сормаңдаймын,- деуіне қарағанда, ақын өзінің дүниені өз көзімен көрмеген соқырлығына назалы. Ол барынша батыл сөйлеп, ешкімнің бет-ажарына, бақ-дәулетіне қарамай, тайсалмай, әркімнің мінін бетіне баса ашық айтқан. Шөже айтыстары өзінің өткірлігімен де, шынайылығымен де, сыншылдығымен де көзге түседі. Бізге оның Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тазбала және Қыз ақындармен айтысқан. Шөже Балта ақынмен айтысқанда оны ұрысың, соларға қосылған арам, жемқорсыңдар деп айыптайды. Бұл айыпты Балта теріске шығара алмайды. Балта арқа сүйеген парақор би-болыстар қатты сыналады. Олардың ішінде Шөженің Жолшора қазы мен Алшынбай шонжарға айтқан сындары өте өткір. Жолшора өзің қазы, әкең Анай, Бұрып сөйлеп, параны жедің жалай. Алдында жеті тамұқ, сегіз жұмақ, Қайсысына кіруің екі талай. Қажылықпен дүниеде жедің пара, Бұл сөзді сен айтасың қалай-қалай! - дейді. Балтаның «Ит соқыр» деп айыптаған дөрекі сөздеріне де ақын бұлтарыссыз батыл жауап береді. Балта елінің аға сұлтаны Құнанбайдың да соқыр екенін айтып, мықты болсаң содан құтыл дейді. Жалғыз соқыр халқына тиышсыз болса, Құтылсаңшы мына отырған Құнанбайдан. Шөже Балтаны жеңгенде оның парақорларлығын, ұры-қарыларға жақтастығын айтып бет қаратпайды. Сен ұрысың, олар парақор – бәрінің пиылғың бір деп оларды қоса айыптайды. ## Дереккөздер
Мамлют ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының солтүстiк-батысында орналасқан әкімшілік бөлік. Аудан 1932 құрылған. Аудан аймағы 4,1 мың шаршы километр. Орталығы – Мамлют қаласы. ## Географиялық орны, жер бедері Батысында облыстың Жамбыл, шығысында және оңтүстiк-шығысында Қызылжар, оңтүстiгiнде Есiл аудандарымен, солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Қорған облысымен шектесiп, Батыс Сібір жазығының оңтүстігіндегі Есіл даласының орталық бөлігінде орналасқан. Мұнда жер бедері негізінен жазық. Тек оңтүстік-батыс жағы көл қазаншұңқырларының көптігіне байланысты ойлы-қырлы болып келеді. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты айқын континенттік, қысы суық, ызғарлы. Қаңтардың орташа ауа температурасы — 18°С, аса суық күндері –50°С-қа дейін төмендейді. Жазы қоңыржай, ыстық, шілдедегі орташа ауа температурасы 19°С, кейде 40 — 41°С-қа дейін көтеріледі. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 300 мм. Мұнда 500-ге жуық көл бар, олардың 14-і ғана тұзды, қалғандары тұщы сулы. Жер қыртысы қара топырақты. Ауданның солтүстік жағын ормандар, оңтүстік-батысын астық тұқымдас шөптер жиі өсетін шоқ орманды дала белдемі алып жатыр. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, бұлғын, күзен, ақтышқан, ондатр, дала тышқандары, тұяқтылардан бұлан және елік, көлдерде қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, көл жағалай қызғыш, тауқұдырет, жылқышы, ормандарда бүркіт, ителгі, кезқұйрық, қаршыға, т.б. мекендейді. ## Халқы Тұрғындары 17 845 адам (2019). * Ұлттық құрамы: орыстар (58,35%), қазақтар (25,17%), татарлар (6,76%), немістер (3,60%), украиндар (2,14%), беларустар (0,72%), литвалықтар (0,40%), әзербайжандар (0,31%), поляктар (0,17%), чуваштар (0,18%), басқа ұлт өкілдері (2,19%). ## Әкімшілік бөлінісі 38 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 11 ауылдық округке біріктірілген: ## Экономикасы (2009 жылдың қорытындылары) ## Дереккөздер
Аққайың ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан 1928 жылы құрылған. Аумағы 4,71 мың шаршы километр. Орталығы — Смирново ауылы, ол ауданның оңтүстiк-шығыс бөлiгiнде, темiр жол бойында, облыс орталығы – Петропавл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде. ## Географиялық орны Аудан солтүстігінде облыстың Қызылжар, шығысында Мағжан Жұмабаев, батысында Есіл және оңтүстігінде Тайынша аудандарымен шекаралас. Аудан аумағының 13 516 га жер көлемiн көлдер алып жатыр, таулар, өзендер жоқ. Бұрынғыда ағып жатқан Камышловка өзені құрғап қалды. Аудан бойында 83 көл орналасқан. Ең ірі көл - Шағалалытеңіз. ## Тарихы Бейнетқор ауданы 1928 жылы 3 қыркүйекте құрылды. Орталығы Кедей ауылы болып, құрамына №1-10 ауылдық кеңестер енді. 1930 жылы желтоқсанда жаңа аудандастыру бекітіліп, Бейнетқор ауданының орталығы Шолақдосжан ауылы болды. 1940 жылы 31 шілдеде Бейнетқор ауданы Совет ауданы болып өзгертілді. 1941 жылы 23 мамырда аудан орталығы «Дәрмен» темір жол бекетінің маңында пайда болған Смирново жұмысшы кентіне көшірілді. 1999 жылы 11 наурызда ауданның атауы Аққайың ауданы болып өзгертілді. ## Климаты Ең суық ай - қаңтар, орташа температура -18,5 және -18,7; ең жылы ай — шілде, орташа температура +18,5 және +18,7 градус. Аудан орманды дала зонасында орналасқан. Негiзiнен жер көңдi қара топырақтан тұрады, көптеген аумағында көктемгі жанаргүл, қасқыржидек, қау, қамыс, арам шөп және тағы басқа өсімдіктер өседі. Жануарлардан қоян, қаз, тоқылдақ, көртышқан және т.б.мекендейді. ## Халқы Тұрғындары 18 972 адам (2019). Ұлттық құрамы: орыстар (43,96%), қазақтар (33,36%), немістер (7,85%), украиндар (7,75%), татарлар (2,00%), поляктар (1,54%), беларустар (1,28%), басқа ұлт өкілдері (2,26%). ## Әкімшілік бөлінісі 32 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген: ## Экономикаслық жағдайы (2009 жылдың қорытындысы бойынша) Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 216 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 3 - iрi, 31 - орта, 182 - шағын кәсiпорын. Олардан 97 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 118 - жеке меншiк, 1 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады.Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,7%-ы өндiрiлген (13 520,0 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 568,4 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,8%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 103,2% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 229,1 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 68,0% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 6 337,7 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 29,8% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 1 464,0 млн.теңге құрады. Пайдалануға 0,1 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 15,7 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 16,3% өсiп, 33 895 теңгенi құрады. Нақты жалақы 8,7% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 25 472 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 195 теңге құрады. Басты экономикалық саласы - дәндерді өсіру. 2011 жылғы астық 198196 га жерден алынды, оның ішінде: 185600 га дәнді және бұршақты дақылдар. 155640 га бидай, 5368 га майлы, 11462 га жемдік дақылдар, 1890 картофель, 484 га көкөністер. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2011 жылы 16 374,9 млн тенге болды. Аудан аумағында 3 сүт өндіру, 1 шұжық цехі, 7 диірмен, 17 наубайхана, 3 ет өндіру мини-цехтері бар. Сонымен қатар төрт желілік элеватор жұмыс істейді: ЖШС «Смирновты элеватор», ЖШС «Иван Зенченко», ЖШС «Қиялы-Астық», ЖШС «Тоқуши-Астық». ## Тұлғалар * Хименко Андрей Максимович (1915-1944 жж) Кеңес одағының батыры, 117-ші гвардиялық атушылар полкінің көздеуші атушысы (Елизаветовка ауылында дүниеге келген). * Сыздықов Абу (1919-1973 жж.) – комбайнер, Амангелді ауылы, Социалистік Еңбек ері (1957 ж). * Уфа Меңдібайұлы Ахмедсафин (1912-1984 жж.) — ғалым, академик ҒА ҚазКСРО, құрметті ғалым КСРО, Социалистік Еңбек ері (1969 жыл). * Филиппенко Петр Яковлевич (1917-1997 жж.) – Социалистік Еңбек ері (1971 жыл). * Руслан Камбулатович Бекузаров (1927-2001 жж.) – Чапаев атындағы совхоз директоры, Социалистік Еңбек ері (1973 жыл). * Эттенко Алексей Михайлович (1937 ж.) – комбайнер, 50-жылдық КСРО совхоз атындағы бригадирі, Социалистік Еңбек ері (1973 жыл). * Зенченко Геннадий Иванович (1937 ж.), ЖК «Зенченко и К» директоры, Қазақстанның Еңбек Ері (2008 жыл). Ауданында екі аудандық газет апта сайын шығады: «Аққайың» (редакторы – Буранкина Ә. Б.) – қазақ тілінде; «Колос» (редакторы — Лесиков А. А.) – орыс тілінде. Қазіргі уақытта газеттердің электрондық нұсқалары да қолжетімді. ## Діни бірлестіктер Ауданда 4 тіркелген діни бірлестік бар: Аққайыңдық діни бірлестік «Қазақстандағы мұсылмандарды рухани басқару филиалы» (Смирново); «Шымкент епархиясының киелі Серафимінің келуі» (Смироново); «Рим-Католиктың келуі „Святая Троица“ филиалы» (Смирново); «Евангельдік христиан-баптистер шіркеуі» діни бірлестігінің филиалы» (Смирново). Сонымен қатар, 8 шағын діни топ жұмыс істейді. ## Темір жол торабы Үлкен үш темір жол бар: Смирново (Целинді темір жолы), Қиялы (Целинді темір жолы) және Тоқшын (Оңтүстік-Орал темір жолы). ## Спорттық жетістіктер Смирново ауылынан үш атақты шаңғышылар Екатерина Башинская, Дарья Радица және Максим Чумаченко Павлодарда өткен шаңғы тебуде және Ресейдің Красноярск қаласында өткен Универсиада-2019–на қатысқан Ілияс (37-ші орын) және Әсем Назырова (12-ші орын) жақсы нәтижелер көрсеткен. Хоккейден өткен облыс чемпионатында Власовска мектебінің ұйымы 1 орынға ие болды. ## Дереккөздер
Уәлиханов ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстiк-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан 1928 жылы Қызылту ауданы болып құрылған. Аумағы 12,88 мың шаршы км. Орталығы – Кішкенекөл ауылы, облыс орталығы Петропавл қаласымен арасы – 340 км. ## Географиялық орны, жер бедері Аудан солтүстiгi мен солтүстiк-шығысында Ресей Федерациясының Омбы облысымен, шығысында Павлодар облысының Ертіс, Ақтоғай, оңтүстiгiнде Ақмола облысының Біржан сал, Ерейментау аудандарымен, батысында облыстың Ақжар ауданымен шектесiп, орманды дала зонасында орналасқан. Аумағының топырағының бедерi негiзiнен әдеттегi оңтүстiктiң қара топырағы болып келедi. Өсетін өсімдіктері боз, бетеге, жусан, сұлыбас, қамыс және т.б., кейде қайың мен көктерек тоғайлары мен бұталар кездеседі. Аудан бойымен Сілеті, Талдыбай, Қыздың қарасуы, Семізбай және т.б. өзендер ағып өтеді. Сілетітеңіз, Теке, Кішкенекөл, Саржан, Қоңдыбай атаулы ірі көлдер бар. Теке көлінің су айнасының ауданы 260 км², минералдардың үлкен қоры болып табылады, күкіртті сутекті тұнбаларға бай. Теке көліне Ақсай және Талдысай өзендері құяды. ## Халқы Тұрғындары 16 293 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (89,95%), орыстар (5,54%), украиндар (1,45%), татарлар (1,13%), немістер (0,95%), беларустар (0,34%), басқа ұлт өкілдері (0,66%). ## Әкімшілік бөлінісі 27 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Аудан экономикасы (2009 жылдың қорытындылары) Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 192 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 2 - iрi, 12 - орта, 178 - шағын кәсiпорындар. Олардан 89 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 103 - жеке меншiк нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,3%-ы өндiрiлген (12 612,2 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 139,7 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,2%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 135,3% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 151,3 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 75,1% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 8 163,7 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 29,9% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 910,1 млн.теңге құрады. Пайдалануға 4,6 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 11,9 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 21,5% өсiп, 40 123 теңгенi құрады. Нақты жалақы 13,6% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 21 995 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 272 теңге құрады. ## Тұлғалары * Серік Негимов ## Дереккөздер
Тимирязев ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстiк-батыс бөлігінде орналасқан бөлінісі. Аудан 1963 жылы құрылған. Аудан аймағы 4,51 мың шаршы километр. Орталығы - Тимирязево ауылы, облыс орталығымен аралығы 236 км. ## Географиялық орны Солтүстігінде Жамбыл, шығысында Шал ақын, оңтүстігінде Ғабит Мүсірепов аудандарымен, батысында Қостанай облысының Ұзынкөл, Қарасу аудандарымен шектеседі. ## Тарихы Тимирязев ауданы 1963 жылы 2 қаңтарда құрылды. Сулы ауылы орталығы болып, 12 ауылдық кеңес кірді: Қостанай облысы Пресногорьков ауданының Мичурин, Хмельницкий; Солтүстік Қазақстан облысы Октябрь ауданының Ақсуат, Дос, Интернациональный, Ишим, Комсомол, Москворецк және Целинный; Преснов ауданының Северный; Көкшетау облысы Рузаев ауданының Ленин және Мичурин ауылдық кеңестері. 1963 жылы 24 шілдеде Тимирязев ауданының ауылдық кеңестерінің атауы өзгертілді: Ақсуат ауылдық кеңесі — Дзержинский, Дос — Степной, Мичурин — Целинный, Северный — Докучаев, Целинный — Тимирязев ауылдық кеңесі болды. 1971 жылы аудан орталығы Сулы ауылы Тимирязево ауылымен біріктірілді. 1974 жылы Приозёрный, 1976 жылы Дмитриев, 1978 жылы Белоградов, 1979 жылы Ақсуат ауылдық кеңестері құрылды. 1980 жылы 17 қазанда Тимирязев ауданының Ақсуат, Белоградов, Дзержинский, Интернациональный, Ишим, Ленин, Мичурин ауылдық кеңестері жаңадан құрылған Целинный ауданына (орталығы Ақсуат станциясы) берілді. 1988 жылы 9 шілдеде Целинный ауданы таратылып, Ақсуат, Белоградов, Дзержинский, Ишим, Ленин, Мичурин ауылдық кеңестері Тимирязев ауданына қайтарылды. 1994 жылы 12 қаңтарда бұрынғы ауылдық кеңестер шекарасында ауылдық округтер құрылды. 1997 жылы 12 ақпанда Интернациональный ауылдық округі Степной ауылдық округіне, Белоградов ауылдық округі Мичурин ауылдық округіне қосылды. 2001 жылы 12 қазанда Интернациональный, Белоградов ауылдық округтері қайта құрылды. 2003 жылы 27 наурызда Приозёрный ауылдық округі Ақжан ауылдық округі болып өзгертілді. 2009 жылы 14 қазанда Ишим ауылдық округі Есіл, Степной ауылдық округі Құртай болып өзгертілді. ## Климаты, жер бедері Климаты тым континенттік. Қаңтардағы ауаның орташа температурасы –18°С, шілдеде 20°С. Аудан орман зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақ. Аумағында 10 көл бар, олардың көлемi 85,5 м2. Москворецк ауылдық округінiң аумағында аудандағы ең үлкен көл Қақ көлi (37,5 м2) орналасқан. ## Халқы Тұрғындары 11 290 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (36,86%), орыстар (45,46%), украиндар (5,46%), немістер (2,59%), татарлар (1,82%), беларустар (1,71%), әзербайжандар (0,18%), башқұрттар (0,54%), чуваштар (0,50%), поляктар (0,47%), литвалықтар (0,40%), басқа ұлт өкілдері (2,49%). ## Әкімшілік бөлінісі 22 елді мекен 16 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Аудан экономикасы (2009 жылдың қорытындылары) Жалпы білім беретін 26 мектеп, 1 кәсіптік-тех. мектеп, 9 клуб, 22 кітапхана бар. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 190 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 1 - iрi, 10 - орта, 179 - шағын кәсiпорындар. Олардан 97 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 93 - жеке меншiк нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,2%-ы өндiрiлген (12 499,1 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 512,8 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,7%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 101,9% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 251,6 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 79,8% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 8 002,7 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 19,1% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 2 172,4 млн.теңге құрады. Пайдалануға 1,5 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 9,6 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 14,8% өсiп, 36 363 теңгенi құрады. Нақты жалақы 7,3% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 25 987 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 820 теңге құрады. ## Дереккөздер
Қызылжар ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан 1967 жылы Бескөл ауданы болып құрылған. 1997 жылы Соколов ауданының қосылу нәтижесiнде аумағы кеңейді. Аумағы 6,15 мың км2. Орталығы – Бескөл ауылы, облыс орталығымен аралығы 12 км. ## Тарихы Бескөл ауданы 1967 жылы 2 қаңтарда құрылды. Құрамына Мамлют ауданының Архангел, Боголюбов, Куйбышев, Петерфельд; Соколов ауданының Асанов, Бескөл, Прибрежный, Светлополь; Ленин ауданының Новоникольск ауылдық кеңестері енді. Сол жылы 6 қаңтарда Заречный ауылдық кеңесі Ленин ауданынан Бескөл ауданына берілді. 1968 жылы 26 тамызда орталығы Рассвет ауылында Рассвет ауылдық кеңесі құрылды; Боголюбов ауылдық кеңесі таратылып, аумағы Куйбышев ауылдық кеңесіне берілді және Заречный ауылдық кеңесі Ленин ауданына кері қайтарылды. 1969 жылы 19 мамырда Андреевка ауылында құрылған ауылдық кеңеске 9 маусымда Андреев ауылдық кеңесі атауы берілді. 1972 жылы 26 маусымда Плоское ауылында құрылған ауылдық кеңеске 7 шілдеде Шахов ауылдық кеңесі атауы берілді. 1976 жылы 3 шілдеде Новокаменка ауылында құрылған ауылдық кеңеске 20 шілдеде Новокамен ауылдық кеңесі атауы берілді. 1979 жылы 7 қыркүйекте Леденево ауылында құрылған ауылдық кеңеске 24 қыркүйекте Леденев ауылдық кеңесі атауы берілді. 1994 жылы 12 қаңтарда бұрынғы ауылдық кеңестер шекарасында ауылдық округтер құрылды. 1997 жылы 12 ақпанда Новокамен ауылдық округі Архангел ауылдық округіне, Шахов ауылдық округі Прибрежный ауылдық округіне қосылды. Сол жылы 18 сәуірде таратылған Соколов ауданының аумағы қосылып, Бескөл ауданы Қызылжар ауданы болып өзгертілді. 2000 жылы маусымда Рощин ауылдық округі (орталығы Пеньково а.) мен Лесной ауылдық округі (орталығы Пресновка а.) құрылды. 2003 жылы 27 наурызда Қызылжар ауылдық округі (орталығы Элитное а.) құрылды. ## Жер бедері, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Оңтүстiгiнде Есiл және Аққайың, шығысында М. Жұмабаев, батысында Мамлют аудандарымен және солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Түмен облысымен шектеседі. Аудан жері Есіл өзенiнiң бойында, орманды дала зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты. Жер бедері жота-жонды, бел-бұйратты, тоғайлы-ойпаңды, жазық жерлер мен Есіл-Тобыл және Есіл-Ертіс өзендері аралықтарындағы Батыс Сібір жазығының көл шұңқырлары да жатады. Аудан аумағының бүкіл меридиандық бағытымен жайылмасында ескі арналары мен шығанақ-қойнауы мол Есіл өзені ағып жатыр. Оның аудан аумағындағы ұзындығы 166 км. Өзеннің кең аңғары шөптесінге бай, мұнда бетеге, боз, бидайық, сұлыбас, қалуен, жусан және басқа да азықтық, емдік шөп өседі. Ауданның аумағының 18%-ын орман қамтыған. Кейбір жер телімдерінде «Қазақстан Қызыл кітабына» енгізілген байырғы геологиялық дәуірдің реликті өсімдіктері сақталған. Ағаштан қайың, көктерек, сібір үйеңкісі, терек өседі. Бұталары: тал, итмұрын, шие, т.б. Жеуге жарамды саңырауқұлақ, жидектер бар. Хайуанаттар әлемі – бұлан, елік, қабан, қасқыр, түлкі, қоян, ондатра, т.б. Құстары: аққу, қаз, үйрек, бүркіт, тектестер, т.б. Өзен-көлдерінде шабақ, табан, алабұға, шортан, лақа, шаян өседі. «Қызыл кітапқа» ақ тышқан, елік, борсық, өсімдіктен – Шолпанкебіс, бұйра лалагүл, саз қазанағы, көктем жанаргүлі, ақ-тұңғиық, кәдімгі арша енгізілген. Ауданда "Согров табиғи қорықшасы", "Серебряный бор" орманы, т.б. республикалық деңгейдегі мемлекеттік табиғат ескерткіштері орналасқан. ## Халқы Тұрғындары 44 214 адам (2019). Ұлттық құрамы: орыстар (57,26%), қазақтар (31,30%), немістер (3,19%), украиндар (2,27%), татарлар (1,67%), беларустар (0,76%), поляктар (0,46%), армяндар (0,40%), әзербайжандар (0,28%), чуваштар (0,18%), башқұрттар (0,17%), литвалықтар (0,14%), өзбектер (0,17%), тәжіктер (0,11%), басқа ұлт өкілдері (1,63%). ## Әкімшілік бөлінісі 69 елді мекен 19 ауылдық округке біріктірілген: ## Аудан экономикасы (1990 жылдар) Қызылжар ауданының дәстүрлі кәсібі – астық, ет, сүт өнеркәсібі. 1992 жылға дейін 16 кеңшар мен 6 ұжымдар, сондай-ақ 2 аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігі, мемлекеттік асыл тұқымды станса, 2 ірі құс фабрикасы болған. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты бұл шаруашылықтардың негізінде шаруа қожалықтары, жеке сауда-коммерциялық мекемелер мен акционерлік бірлестіктер құрылды.Қазір өндеу өнеркәсібі орындарының ішінде май және нан зауыттары, тұрмыстық қызмет көрсету мен жергілікті өнеркәсіп комбинаттары, көліктік және құрылыс-жөндеу ұйымдары жұмыс істеуде. Бескөл ауылы аумағында Солтүстік Қазақстан Мал шаруашылығы және малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ тәжірибе шаруашылығы бар. Бескөл құс фабрикасы диеталық жұмыртқа мен құс етін шығарады. ## Жол торабы Аудан бойынша Қазақ (Петропавл – Алматы), Ресей Федерациясының Оңтүстік Орал темір жолы; Петропавл – Есім (РФ), Петропавл – Көкшетау, Петропавл – Қорған, Петропавл – Омбы (РФ) автомобиль жолдары, Уфа – Петропавл – Омбы мұнай құбыры өтеді. ## Инфрақұрылымы Ауданда 67 жалпы білім беретін мектеп, 2 кәсіптік-техникалық мектеп, Новоникол «Жасөспірімдер үйі», 2 балабақша, облыстық жасөспірімдер мен балалардың велоспорт спорт мектебі, балалар мен жасөспірімдердің дене тәбиесі дайындығы мектебі, Архангел коррекциялық балалар үйі, жетім балаларға арналған Соколов арнайы мектеп-интернаты, 9 мәдениет үйі, 6 клуб, 15 кітапхана, 3 киноқондырғы қызмет көрсетеді. Ауданда орталық аурухана, ауылдық аурухана, 9 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік пункт, 47 фельдшерлік пункт, 14 дәріхана, 1 санэпидстанса бар. 1989 жылы Прибрежный ауылдық округінің аумағында радон суының қоры табылды, бұл қайнар көзі негізінде емдеу профилакторийі жұмыс істейді. 1991 жылы Михайловка ауылында жер асты минералды суларын шығару басталды. Қызылжар ауданы 1967 жылдан бастап орыс тілінде «Маяк», 2003 жылдан бастап қазақ тілінде «Қызылжар» газеттері шығады. ## Тарихи ескерткіштері Қызылжар ауданында тарихи және археологиялық 20 ескерткіш, саяси тұтқындар жол телімі (18 ғ.) және пошталық жол (19-ғ. басы) тіркелді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қызылжар ауданының ресми сайты Мұрағатталған 3 маусымның 2013 жылы. * Қызылжар ауданының әлеуметтік-экономикалық төлқұжаты(қолжетпейтін сілтеме)
Кейкі батыр Көкембайұлы (Нұрмағамбет) (1871–1923) — 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Тұрмыс тапшылығын ерте көрген Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р. Шашамбайұлының малын қорып, дұшпандарына аттандыратын жігіті болған. Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне сай ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сипаттама сақталған. Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашкы күндерден-ақ белсене араласып, оның негізгі қарулы күші — мергендер жасағын басқарды, көтеріліс штабынын, ең кауіпті тапсырмаларын орындап, жиі-жиі барлауға шығып тұрды. Кейкі батыр Күйік қопасындағы соғыста, Торғай қаласын қоршау кезінде және жазалаушы отрядқа қарсы соңғы ұрыс — Доғал шайқасында ерекше ерлік көрсетті. 1919 жылы 13 мамырда Торғай ояздық соғыс комиссары, халық батыры Амангелді Иманов өлтірілгеннен кейін Кейкі қудалауға ұшырап, Ұлытау, Қызылқұмға бой тасалауға мәжбүр болды. Бұл сүргін Торғайда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де толастамады. Ақыры, 1922 жылдың көктеміңде комиссар Александр Токаревті атып кеткен Кейкіні 29 наурызда қызыл әскерлер айуандықпен өлтірді. Олар мергеннің екі қолы мен басын кесіп алып, басын бір ай бойы Торғай қаласының орталық аланына сырыққа шаншып қойды. Кейін мергеннің бас сүйегін Орынборға, ал 1926 жылы республика астанасы Қызылордаға көшуіне байланысты, Санкт-Петербургке алып кеткен. Батырдың бас сүйегі Санкт-Петербургтегі антропологиялық қордың кунсткамерасында сақтаулы болды. 2016 жылы Кейкі батырдың бас сүйегі елге қайтарылып, Аралық – Торғай тас жолының бойында орнатылған кесенеге батырдың бас сүйегі жерленді, сонымен қатар ол қаза тапқан Жалаулыдан топырақ әкеліп салынды. Кейкі мергеннің ұрпақтары Қостанай облысының Амангелді аудандағы Ақтас, Тасты елді мекендерінде тұрады. 1996 жылы батырдың 125 жасқа толуына байланысты ас беріліп, ескерткіш орнатылды. ## Әдебиет пен ғылыми зерттеулердегі Кейкі батыр бейнесі Кейкі батырдың бейнесі халқымен бірге жасап, өміршеңдік танытса да кеңес дәуірінде партиялық саясаттың ызғарымен ғылыми зерттеулерден оның аты алынып тасталды. Соған қарамастан, батырдың бейнесі кеңестік әдеби шығармаларда кең көрініс тауып, майталман жазушыларымыздың шығармаларында шындық астарланып берілді. Атап айтсақ, Ғ.Мүсіреповтың «Аманкелді» пьессасы, М.Қаратаевтың «Даладағы дауыл», Қ.Сәрсекеевтің «Қызыл жалау», А.Нұрмановтың «Құланның ажалы» романдары және т.б.. Тағы бір еске аларлығы М.Қаратаев, Қ.Сәрсекеев, А.Нұрманов сынды жазушыларымыз сол Торғай өлкесінің тумалары ретінде және батыр жайлы естеліктерді жастайынан бойларына сіңіріп өскендіктен тарихи ақиқаттан алыс кетпеген десек, ал, заңғар жазушы Ғ.Мүсірепов ХХ ғасырдың 30 жылдары Аманкелді Имановқа қатысты материалдар жинау үшін Торғай өңірін аралаған, 1916 жылғы көтеріліс кезіндегі шайқас болған жерлерді көзі көреген, батырдың жарымен кездескен, көнекөз қариялардың естеліктерін тыңдап қағазға түсірген адам және осы сапарында Кейкіге қатысты да әңгімелерге қаныққан. Ал, Тәуелсіздік алған уақыттан бастап батырдың тарихи тағдырына арнап К.Әмірқызы, С.Тұрғынбекұлы, А.Байжан, Ә.Қылышбайұлы, Қ.Әлім және тағы басқалары мерізімді баспасөз беттерінде қалам тартты. Бірақ жарық көрген мақала, кітаптарда Кейкі батырдың күрес жолы тек ел аузындағы аңыз-әңгімелер негізінде жазылды және мұндай талпыныс батырдың тағдырына қатысты көптеген жаңсақтықтарға жол ашты, оның ішінде оның туып-өлген жылдары, кеңестік билікке қарсы күрескен тұстары. Мұның басты себебі мұрағат қорларындағы құжаттардың сол уақытта әлі ғылыми айналымға түспеуі еді. Өйткені, Кейкі батыр тарихшы мамандардың арнайы зертеу нысанына алынбаған болатын, яғни халық жадындағы батырдың асқақ бейнесі дәуірінде құжатқа түскен құжаттармен нақтыланбады. ## Өмірбаяны ### Жас кезі Кейкі Көкембайұлы 1877 жылы Торғай уезі, Қайдауыл болысында өмірге келген (қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Тасты ауылы). Азан шақырып қойған аты Нұрмағанбет, руы Құлан Қыпшақ. Көп кісіге қосылмай кейкиіп жүретін болғандықтан жеңгелері «Кейкі» атап кеткен. Сөйтіп, ел арасына «Кейкі» атымен танылған. Шежіреге зер салсақ Кейкі бес ағайынды болған: Көкембайдан Оспан, Қосжан, Омар, Кейкі және Шұбар. Осылардың ішінде бүгінде тек Қосшанның ғана ұрпағы бар. Кеңес дәуірінде Көкмбайдың кіндігінен тараған ұрпақтары «банды», «басымашының» туыстары деп айыпталып, билік басындағылардан тепірешті көп көрді. Жастайынан батыр мінезді Кейкі өзімен рулас Торғай өңіріндегі атақты бай Шашамбайдың Рахметі деген кісінің бетке ұстар жылқышысы болған. Аманкелдімен бірге барымташылыққа да түскен сарабдал азаматтардың қатарында бой түзеді. ### Ұлт-азаттық қозғалысқа аттануы Кейкі батырдың елін күреске бастап шығуы және отарлық саясатқа қарсы қарулы қарсылық танытуы, атының ел аузына ілігіп "құралайды көзге атқан мерген", "батыр" атануы Торғай даласындағы 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі тұсында орын алды. Қазақ даласын тұтастай шарпыған Ресей патшасының 1916 жылғы 25 маусым жарлығы түрткі болған азаттық жолындағы күресте Кейкінің батырлығымен қатар құралайды көзге атқан мергендігі кең танылды. Сол көтеріліс кезінде ол Торғай даласында құрылған Қыпшақ хандығының мергендер мыңдығын басқарды. Әу баста "патшаға қара жұмысқа адам бермейміз" деп өз қарсылығын танытып, ұйысқан халық бара-бара жеке хандық құрып, ауыз бірлігін танытты. Көтерілісшілердің 50 мыңдық әскеріне қарулас серігі А.Иманов Бас сардар, Кейкі мергендердің мыңбасы болып тағайындалса, хан қылып халқы Ә.Жанбосыновты көтерді. ### Ерлігімен көзге түсуі Кейкі батырдың атышулы ерліктері 1916 жылдың күзі мен 1917 жылдың қысындағы Торғай, Құмкешу, Доғал, Үрпектегі және басқа да патшаның жазалаушы әскерлерімен болған шайқастарда анық көрінді, асқан мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті, яғни көтерілістің даңқты қаһарманына айналды, ерлігі аңыз болып тарады. Оның көтерілісшілерге келіп қосылуынан хабар беретін алғашқы құжат 1916 жылғы 30 желтоқсандағы Торғай уезі, Қайдауыл болысы С.Бектасовтың уезд басшылығына жазған жеделхатындағы «...№11 ауылдан 10 адаммен Кейкі Көкембаев қосылды» деген мәліметі. Біздіңше бұл мәлімет Кейкі батырдың Торғай өңірінде көтерілген елге соңын ала қосылды деген ойды туғызбаса керек. Өйткені, 1916 жылғы 9 шілде көтерілістің орталығына айналған Батпақарада Ә.Жанбосынов басқарған сарбаздардың арасында Аманкелдімен бірге Кейкіде жүрді. 24-шілдеде Торғай уезді бастығының хабарлауынша Торғай және Ырғыз қазақтарының қырға көшуі, онда қарулы сарбаз құру туралы хабарланған болатын. ### Алашқы шайқастар Сол жылдың қазан айында 7 мыңдай қарулы сарбаздар Ақтүбек деген жерге жиналып, Торғай қаласына шабуыл жасау, әскери гарнизонды басып алу мәселесін талқыға салды. Әсіресе, Кейкі батырдың алғаш сынға түсуі 1916 жылы 21 қазанда Татыр көлі маңында патшаның жазалушы әскерімен болған ашық шайқаста өтті. Ол басқарған мергендер мыңдығы жазлаушылардың шабулына тойтарыс беруде асқан ерлік танытты. 6 қарашада Ә.Жанбосынов пен О.Шолақовтың біріккен қолы Торғай қаласына шабуыл жасады. Осы қаланы басып алу жолындағы күресте Кейкі бастаған мергендер нысанаға алғанын баудай түсіріп отырды. Қыстың түсуіне қарамастан көтерілісшілер күресін жалғастыра берді. 1917 жылдың 13 қаңтарында көтерілген халықты сабасына түсіруді мақсат етіп ел ішіне шыққан Кислов басқарған Қостанай жазалаушы әскеріне Аманкелді мен Кейкі басқарған 1 500 сарбаз Шошқалы қопасында тұтқиылдан шабуыл жасады. Күштің тең болмау салдарынан шегіне жүріп ұрыс салған қазақ сарбаздары жазалаушы әскерге Күйік қопасында қайта ұрыс салды. Нәтижесінде жазалаушы әскердің мақсаты орындалмай кері шегінді. ### Доғал-Үрпек шайқасы 1917 жылы 16 ақпанында Торғай көтерілісшілерінің тобын жою үшін полковник Тургеневтің Орынборлық 13 атты казак полкі Батпаққараға бет түзеді. Жазалаушылардың қалың қолына көтерісшілер 20 ақпанда Құмкешуде, 23 ақпанда Доғал-Үрпек бойында шабуыл жасап, патша әскерін едәуір шығынға ұшыратты. Осы шайқаста Кейкі батырдың тапқырлығы, соғысу тәсілдерін меңгерген шеберлігі, нысанаға алғанын мүлт жібермей, жауына жасындай тиген ерлігі ел аузына ілгіп, даңқы асты. Сол шайқастардың куәгері ақын Ф.Сатыбалдыұлының: "100 жігіт жетіп келді Қапар ханға, Мен мұндалап аттары аталғанда. Кейкі менен Өменді басшы қылып, елуден аттандырды Тышқантамға. Қолынан бір Кейкінің 40-ы өлген, Тұрған соң шама барма аруағы асып" - деп батыр ерлігін жырға қосты. Тапсырманы орындай алмаған полковник Тургеневтің Торғайға қарай шегіне қашқан жазалаушы әскерінің соңынан екі күндей қуып Кейкі бастаған мергендер тобы 50 әскердің көзін жойды. ### Қазан төңкерісі тұсында Орталық Ресейде 1917 жылы ақпанда патша тақтан құлап, уақытша үкімет орнаған тұста Торғай жеріндегі көтерілісшілер әскрлерін таратпай, істің ақырын күтті. Өйткені, қазақ даласындағы билік үшін жүріп жатқан ақ пен қызылдың тартысы, шыны керек қарапайым қазаққа түсініксіз қалыпта өрбіді. Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкерісі нәтижесінде өкімет басына келген большевиктер билігі уақыт өткен сайын нығая түсті. Торғай жеріне жаңа биліктің өкілі ретінде облыстық комиссар болып келген Ә.Жәнкелдиннің үгіт-насихатымен А.Иманов пен Кейкі Көкембаев бастаған 1916 жылғы көтерілістің сарбаздары большевиктер жағына шықты. Сол күндерде «Сен ақ жағындасың ба, әлде қызылдарға қарайсың ба?» - деп сұраса, «Мен Аманкелді қай жақта болса сол жақтамын» - деп жауап қататын Кейкі батыр 1918 жылы 18 наурызда А.Имановпен бірге Орынборда өткен бірінші жалпы қазақ сиезіне қатысады. «Бұл сиезде Ә.Жәнкелдинде болды. Сиезден кейін ол жақтан Аманкелді мен Кейкі жаңа әскери киімде оралды. Бұл киімде олар нағыз үлкен командирлерге ұқсайтын» деп жазады, өз естелігінде сол күндердің куәсі А.Ерходжаев. Аталған жиыннан оралсымен Ә.Жәнкелдиннің тапсырмасымен А.Иманов пен Кейкі батыр Торғай уезінде большевиктердің жергілікті билік органын және қызыл армияның отрядттарын құруға кіріседі. Бірақ, 1919 жылғы сәуір айындағы А.Имановтың және Қыпшақ хандығының ханы Ә.Жанбосыновтың жұмбақ жағдайдағы өлімдері деректерге қарағанда батыр өміріндегі үлкен бетбұрыстың басы болды. Кейін кеңес өкіметінің Алаш қайраткерлеріне қарсы қудалау науқанын бастап, жүргізгенде Аманкелдінің өліміне кінәлілер ретінде алаштықтар ілікті және сол жұмбақ өлім айып болып тағылды. Кейкі бастаған қарулы сарбаздар қос ерінің өлімінен кейін сеңдей соғылысқанымен, іргелерін ыдыратпады. Билік басындағылардан әзірге еш қайран болмасын түсінген олар қаруларын тастамады. Бұған 1919 жылы қазан айында Торғайға ат басын бұрған Ә.Жәнкелдинде (Ә.Жәнкелдин. Докум. мен мат., А., 1975, 67 б.), Өлкелік әскери комиссариаттың инспекция төрағасы да Торғай уезіндегі халықтың қаруларын әлі де тастамағандығын атап өткен. ### Атқа қону Кейкі бастаған сарбаздардың қайта атқа қонуына қызылдардан жөңкіле қашқан Колчактың қалдық әскерлерінің бейбіт ауылдарды тонауы себеп болса, бір жағынан қызыл әскерлердің де азық-түлік салғыртын жинауды сылтауратып қазақ ауылдарына істеген зорлық-зомбылығы әсер етпей қоймады. Жергілікті атқамінерлердің мұндай бассыздықтары жайындағы деректерді 1920 жылы 10 ақпанда Торғай уездік әскери комиссариатының қызметкері Валидов баяндамасында молынан келтірген. Бұл Кейкі сынды ерлердің жаңа билікке деген көңілдерін суытты. 1919 жылдың жазында Торғай жеріндегі жергілікті кеңес өкіметін құлатып, бар билікті қолына алған алашордалықтар большевиктерге қызмет жасаған Аманкелдінің жақтастарын қуғындауға кіріскен болатын. Осы мақсатта 20 адамнан тұратын әскери далалық сот құрылды және осы құрыққа «Аманкелдінің жақтасы» ретінде Кейкіде ілікті. Алғашқы сәтте жоғарыдағы соттың үкімімен 15 «большевик» санатындағылар атылды. Далалық соттың шешімін орындау үшін В.Кафка мен С.Қаратілеуов бастаған жазалаушы әскер ел ішіне шығып, "большевиктерге" бүйрегі бұрағандарды қудалауға, қолға түскендерін жазалауға кірісті. Олардың әрекеті жайында 1919 жылы 2 желтоқсанда Торғай губаткомының Торғай уезіндегі өкілі С.Көшімбеков өз баяндамасында кеңірек жазады. Бұған төзбеген Кейкі батыр әскер жинап үзеңгілес серігі А.Имановтың жазықсыз ауылын және туған-туыстарын қорғау үшін аттанады. Орын алып отырған әділетсіздікке қарсы тұруға бекінді. Сол тұста оның қасынан кешегі 1916 жылы патша әскеріне қарсы шайқаста шыңдалған жақтастары табыла кетті, қолдау танытты. Қолдағы деректерге қарағанда, батыр С.Қаратілеуовтың әскеріне қарсы тұрып соғысуға бекінген. Сарбаздардың қарулы сұсынан сескенген алаштық жазалаушы әскер кері қайтады. Бұл оқиға ел аузындағы әңгімелерден бөлек, жырларда кең көрініс тапқан. Мысалы: ақын Қанайбековтың «1919 жылы шілде айында С.Қаратілеуовтың шығуы» атты бұрын жарияланбаған дастаны. Осындай сарындағы жыр-дастандарды ел аралап латын әрпімен алғаш қағазға түсіргендердің бірі академик Әлкей Марғұлан болатын. Көп ұзамай қалың әскермен Орынбордан келген комиссар Ә.Жәнкелдин Торғайдағы Алаш Орда билігін құлатты. Сөйтіп, билік үшін өрістеген күрес те саябырсиды, кеңестік бағыттағылар үстемдікке ие болды. Ал, қара халыққа керегі сол тұста алдымен тыныштық, жүдеген шаруасын күйттеуіне мүмкіндік қана еді. Ел арасы тыншыған соң, Кейкі батыр бейқам тірлікке көшіп, билік ісіне араласпайды. Соған қарамастан, батырдың әр басқан қадамы аңдулы еді. Оған мұрағат қорларындағы құжаттар дәлел. Жаңа биліктің өкілдерінің үнемі назарда ұстағаны алдымен 1916 жылы көтерілісте елді бастап шыққан халқы сайлаған хан, батырлар еді. 1920 жылдың басында 1916 жылғы көтерілісте Арғын хандығының ханы болып сайланған О.Шолақовты және мыңбасы Қ. Алтынсаринді «...үкіметке қарсы әрекет етушілер» ретінде айып тағып, соттап Семейге, кейін Сібірге жер аударды. Бұдан шығатын қорытынды кеңес үкіметі 1916 жылғы көтерілістің даңқты қаһармандарына сенімсіздік танытып, оларды құрықтауға бел шеше кіріскендігін аңғартады. Өйткені, халық ішінде беделді, көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Кейкі сынды ерлердің кез келген сәтте елін соңынан ерітіп, жұмылып жұдырық бола алатынын 1916 жылғы оқиға көрсеткен еді. ## Кеңес билігіне қарсылығы Батырдың кеңес билігіне алғашқы қарсылығы ауыл белсенділерінің қызметтерін асыра пайдаланған басбұзарлықтарына қарсы бағытталды. Оның үстінен жоғарыға жөнелтілген жалған арыз, ақпарлар батырды «жау», «банды» деп қуғындауға негіз болды. «Он стал мстить русским и день от дня организовал себе больше и больше банду, пуская агитацию среди киргиз, что он идет освобаждать киргиз от ига русских. ...В 1921 году в июле месяце у него было 70 человек хорошо вооруженных» деп әділетсіздікке қарсы шыққан әрекеті негізсіз бағаланып, жоғары жаққа жөнелтілді және оның сарбаздарының қатарына жазықсыз жапа шеккен, қызылдардан тепіреш көрген жарлы-жақыбайлар да қосылды. 1921 жылдың жазында Кейкі "бүлігін" басу үшін Торғайдан шыққан қызыл әскерлермен Сарыторғай өзенінің бойында шайқас болып, Кейкі жасағы іргелес жатқан Атбасар уезіне қарасты Бағаналы ауданына ығысты. Бұл өңірде де кеңес саясатына қарсы елдің наразылығы өршіп тұрған шақта Кейкінің келуі отқа май құйғандай әсер етті. Бұл жайлы Атбасар уездік парткомитетінің мәжілісінде айтылып, дабыл қағылды. Ел аузындағы қария сөздерге қарағанда, Кейкінің соңынан ерген халық орталарынан Бағаналының төрт босағасының бірі атанған, атақты Бабырдың немересі Құлсейітті хан сайлап алған. 1921 жылы шілденің басында Қарсақпай милициясының кеңсесіне шабуыл жасалып, шайқаста бірнеше милиционер қаза табады. Сол сияқты, көтерілісшілер Қорғасындағы мырыш кенішіне бақылау орнатты. Сөйтіп, Атбасар уезі басшыларының «бандитизммен күрес» мәселесіндегі бас ауыртар басты тұлғасына айналған Кейкінің көзін жоюға уездік ревкомның бар күші жұмылдырылды. 1921 жылы 28 шілдеде құрамында 438 адамы бар Плескачтың басшылығымен Атбасардан әскер шықты. Екі жақ Ұлытау маңында кездесіп, жеңіліс тапқан Кейкі қолға түспей жасағымен шегініп кетеді. Сол жылдың 20 қазанында Атбасардан И.Исайкин қалың әскермен шығып, көтерілісшілерді қуғанымен жете алмай, суықтың түсуіне байланысты олар да кері қайтады. Бұл жөнінде И.Исайкин естелігінде тәпіштеп жазған. Енді батырдың жасағымен оңтүстіктегі Қызылорда өңіріне қарай ойысуынан басқа жол қалмады. Қарсақпай зауытының алғашқы директоры, Кейкіге қарсы ұйымдастырылған шаралардың басы-қасында жүрген И.Деев естелігінде: «После разгрома отряда Кейки скрылся и оказался в районе озера Телегуль, около Кызыл-Орды, где опять собрал отряд до 350 человек. Расположивщая по дороге Карсакпай-Кызыл-Орды Кейки начал грабить всех проезжающих» деп батырдың 1916 жылы Атбасар уезінде құрылған Бағаналы хандығының бас дін басшысы Ахмет ишан Оразаевтің ауылына жақын маңдағы Шұбартөбе деген жерге барып паналағанын жазады. ### Басмашылдармен байланысы Кейкінің Кеңес саясатына қарсы қарулы күресі осы кезде Орта Азияда өрши түскен басмашылық қозғалыс жетекшілерінің назарын да аударған болатын. Аталған қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі башқұрт азаматы, аты әлемге танымал З.В.Тоған естелігінде 1921 жылы күзде ислам әлемін біріктіру үшін күресуші, Түркия әскери күштерінің маршалы Әнуар пашаның Кейкіге арналған қылышы мен сый сияпатын, қазақ «басмашыларына» нұсқауын жеткізу үшін Қазақстанға өтуіне көмектесуін сұраған елшілердің келгендігін айтады. ### Қапыда қолға түсу Енді қарулы әскермен Кейкі батырды ұстаудың қиындығын жете түсінген Торғай және Атбасар уезінің басшылары бірлесе отырып оны алдап қолға түсірудің амалына көшті. Сөйтіп, Ә.Жәнкелдиннің атынан қолы қойылып, мөрі басылған жалған хат дайындалды. Аталған хатта батырдың бар «күнәсі» кешірілетіндігі және Торғайдан қызмет берілетіндігі айтылды. Батырға хатты тапсыруға Ахмет ишан таңдалды және Кейкінің сарбаздарымен ишан ауылының маңында қыстап жатқандығы есепке алынды. Жоспарды іске асыру 1922 жылғы наурыздың басы болып белгіленді. Сөйтіп, Торғайдан Н.Токарев, Қарсақпайдан С.Мағзұтов бастаған қызыл әскер 1922 жылы наурыздың басында ишан ауылына келіп жетті. Әскерлер ауыл маңына жасырынды, ал Н.Токарев және С.Мағзұтовтармен келіссөз жүргізу үшін Ахмет ишан үйіне келген жерінде Кейкі қапыда қолға түсті. «Операция прошла удачно. На месте расстреляны основные виновники его отряда, а остальные распущены по домам. Товарищи Токарев и Магсутов решили Кейку и его брата доставить в Тургай» - деп оқиға барысын баяндайды куәгер И.Деев. ### Тұтқыннан босатып алу Сонымен, тұтқынға түскен батырды, жары Ақжан, інісі Түскенмен бірге Торғайға жеткізу үшін Токарев жолға шығады, ал, Мағзұтов әскерімен Қарсақпайға қайтады. Ал, Кейкінің қалған сарбаздары батырды қызылдардың қолынан босатып алуды ойластырып, Токаревтердің артынан еріп отырып, дегендеріне жетті. Қостанай губштабының бастығы Чернышев Орынборға жөнелткен жеделхатында: «18.03.22 г. начальник отряда Токарев, следовавший впереди отряда вместе сопровождающим его милиционером района ауле Муршибай …наскочил засаду бандита Кукумбаева числ. 14 чел., который был обезоружен и увезен в неизвестном направлении. Банда Кукумбаева имела целью захватить отряд Токарева и освободить банду Кейка» деп жазса, Торғайдағы ЧОН-ның взвод командирі Стуканнда Қостанайға салған 19.03.22 ж. № 056 жеделхатында сарбаздардың Кейкіні босатып әкеткенін растайды. Жолай Кейкі Токаревті атып кетеді. ## Батырдың қаза табуы Бұл суыт хабар шұғыл түрде Торғайға жетіп, ол жақтан взвод командирі Стукан бастаған ЧОН-ның әскері шығып, қашқандарды індете қуды (Қазақ даласындағы кеңес саясатына қарсы көтерілістерді басу үшін Төтенше тапсырманы орындайтын ЧОН бөлімдер құрылған болатын. Торғайда сондай әскри бөлімдердің бірі 1921 жылы 12 қазанда құрылған Торғай взводы). Ақыры Жыланшық өзенін бойлай қашқан Кейкілер 1922 жылы 29 науырызда Жалаулы деген жердегі қыстақта түнеуге тоқтағанда қоршауға түседі. Сөйтіп, есіл ер қызылдармен болған осы атыста қаза табады. «29.03.22 г. бандит Кейка пойман отрядом под командированием отд. командиром тов. Дудина 200 верст от Тургая, растрелен на месте и с ним человек бандитов № 5» деп жазылған № 084 санды жеделхатты Стукан Қостанай губштабына жөнелтті. ### Мәйтті қорлау және басқа да зұлымдықтар Қызыл жендеттер бұларды айуандықпен өлтірді: батырдың екі қолы, басы кесіп алынды, айы-күні жетіп отырған Ақжанның ішін жарып, нәресте етік табанына тапталды және інісі Түскенде азаппен өлтірілді. «...в доказательство, что Кейка был убит, отрублена голова и доставлена в Тургай» деп көзімен көргенін жазса И.Деев, тағы бір куәгер С.Искаков «Кейкінің басын қанжығасына байлап М.Сафарғалиев қалаға кіргенде жұрт таңырқап көруге барды. Бас көше шамына байлаулы тұрды кешке дейін. Оны ілу себебі Кеңес үкіметіне қарсы шыққандарға осындай өлім деп айбар етілді» деп көрсетеді естелігінде. ## Батырдың басы Батыр бабамыздың басы С.Петербург қаласындағы кунсткамера қорында сақтаулы тұрған еді. 1995 жылы 24 наурызда Мәскеуден ҚР ІІМ – не жіберілген хатта: «МИД РФ свидетельствует свое уважение Посольству РК в Москве и ответ на ноту МИД РК № 19/63 от 13.01.95 г. имея честь сообщить следующие: Череп К.Кокембаева действительно хранится в антропологическом фонде кунсткамеры г. С.-Петербурга» деп көрсетілуі сөзіміздің айғағы болады. Сонымен бірге, 2000 жылы қазақ халқының ХIХ ғасырдығы ұлт азаттық қозғалысының жетекшісі Кенесары Қасымұлының басын арнайы С.Петербургке іздеп барған экспедиция мүшелеріде газет бетінде жариялаған мақалаларында Кейкі батырдың басы сақталған қорапты көргендерін жазған-ды. Қазірде батыр бабамыздың бас сүйегі елімізге қайтарылды және туған жері Торғай өңірінде, жеке кесенесінде қара жерге арулап тапсырылды. Кесене салынған жер Арқалық қаласынан 65 шақырым қашықтағы Торғайға баратын тас жолдың бойы, Амангелді ауданына қарасты Тасты ауылының тұсы. Бұл Кейкі батырдың ата қонысы. ## Дереккөздер:
Мағжан Жұмабаев ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 7,8 мың км². 1997 жылы Возвышен ауданымен бiрiккен. 2000 жылы Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев ауданы болып қайта аталды. Орталығы – Булаев қаласы (1893 жылы құрылған), 1969 жылы қала мәртебесін алды. Булаевтан облыс орталығына дейiнгi қашықтық 106 км. ## Географиялық орны мен жер бедері Аудан солтүстiгiнде және шығысында Ресей Федерациясының Омбы және Түмен облыстарымен, батысында - Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың және Қызылжар, оңтүстiгiнде - Тайынша және Ақжар аудандарымен шектесiп жатыр. Солтүстік бөлігі - орманды дала, оңтүстігінде шағын көл қазаншұңқырлары кездеседі. ## Климаты, топырағы және өсімдіктері мен жануарлар дүниесі Климаты тым континеттік, қаңтар айының жылдық орташа температурасы -18-19°С, шілдеде 18-19°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300-350 мм. Топырағы карбонатты қара топырақты, шалғынды-қара топырақты, орманды және сортаң топырақ. Ауданның өсімдік жамылғысы бетеге, боз, селеу, сәбізшөп, бидайық, жусан, т.б. құрайды. Орманды дала белдемінде қайың, терек, сібір үйеңкісі басым. Бұталардан итмұрын, шие, шаттауық, тал, т.б. өседі. Сирек өсімдіктеріне ашық құндызшөп, сарғыш құндызшөп, шүйіншөп, альпі астрасы, шайқурай, бетеге, шолпанкебіс жатады. Жануарлардан бұлан, елік, қасқыр, түлкі, күзен, борсық, қоян, ондатр, т.б. мекендейді. Құстардан қаз, үйрек, аққу; жыртқыш құстардан - қаршыға, т.б. кездеседі. Су айдындарында шабақ, мөңке, алабұға мол. ## Су торабы Шағын көлдер бар. Ірілері: Келтесор, Майбалық және Қамыстысай өзені аңғарында Половинное, Соленое, Қамысты, Медвежье, Баранье. Бұл көлдердің басым бөлігінің суы ащы және тұзды келген. ## Халқы Тұрғындары 29 924 адам (2019). Ұлттық құрамы: орыстар (57,47%), қазақтар (28,54%), немістер (5,00%), украиндар (4,16%), татарлар (1,38%), поляктар (1,54%), беларустар (0,84%), поляктар (0,48%), литвалықтар (0,16%), шешендер (0,15%), чуваштар (0,14%), басқа ұлт өкілдері (1,06%). ## Әкімшілік бөлінісі 63 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 17 ауылдық округке біріктірілген: ## Аудан экономикасы Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 313 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 2 - iрi, 25 - орта, 286 - шағын кәсiпорындар. Олардан 176 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 133 - жеке меншiк, 4 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады.2009 жылдың қорытындысы бойынша:Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 10,5%-ы (25 101,6 млн.теңге) өндiрiлген. Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 570,6 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,8%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 102,8% құрайды. Бөлшек тауар айналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 255,9 млн.теңге сомасын құрайды. Тауар айналымның физикалық көлемiнiң индексi 52,5% кұрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 6 146,9 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 37,3% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 1 558,5 млн.теңге құрады. Пайдалануға 8,5 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 24,4 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 18,2% өсiп, 38 250 теңгенi құрады. Нақты жалақы 10,5% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 25 963 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 10 952 теңге құрады. Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 637,2 мың га, жайылым мен шабындық 176,8 мың га.Аудан арқылы Сібір темір жолы Мәскеу-Владивосток темір жолы, сондай-ақ Петропавл-Омбы-Новосібір автомобиль жолы, Булаев-Молодогвардейский, Қарақоға-Конюхов автомобиль жолдары өтеді. ## Дереккөздер
Шал (Тілеуке) Құлекеұлы, Шал ақын (1748, бұрынғы Көкшетау облысы Азат темір жол бекеті – 1819, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағы) — қазақтың төкпе ақыны. Арғын тайпасы Атығай руы Бәйімбет бөлімінен шыққан. Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады («Ата-ананың кадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» тағы басқа).Шалдың енді бір алуан жырларында жас пен кәрі сипаттарынан тыс, моралдық, этикалық қатынастарда ұтымды бейнеленеді («Кәрілік туралы», «Жастықты көксегені», «Он бес деген жасым-ай», «Елу ердің жасы екен», «Жаманға дәулет бітсе ауа айналар», «Екі арыстан жабылса дәуді өлтірер», «Айтайын бір аз кеңес» тағы басқа)- Шал кезінде ел өмірінде елеулі орын алған айтыс-кағыстарға қатысып отырған. Бұлардан оның ұшқыр киялды тапқырлығы мен от ауызды, орақ тілді алғырлығы да мол көрінеді («Шал мен қыз», «Бәйбіше мен Шал», «Шал мен жігіт», «Шал мен келіншектер» тағы басқа). Бір топ жырлары «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962 ж.), «Үш ғасыр жырлайды» (1965 ж.), «Алдаспан» (1971 ж.), «ХV-ХVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982 ж.), «Бес ғасыр жырлайды» (1984 ж.) жинақтарына енді. Суырып салма ақындық таланты 15 жасында оны даңққа бөлеп, сол кездің өзінде халық Шал ақын ауылы (кәрі, дана) деп атаған. Оның шығармашылық таланты бүкіл Сарыарқаға кеңінен жайылды. Ақын адамгершілік үшін күресіп, қоғамдағы әділетсіздіктерді шындық тұрғысынан айтып, сынады. Оның «Шал мен дегдар қыз», «Шал мен Күлтімжан қыз», «Жігіт пен шал», «Шал мен кемпір» шағын айтыстары мен «Ата-ананың қадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» және басқа өлеңдері сақталған. Шал ақынның көптеген шығармалары, соның ішінде тарихи аңыздар мен әңгімелерге бай қазақ халқының шығу тегі жөніндегі эпикалық шығармасы сақталмаған. Шал ақынның белгілі өлеңдері 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап баспа бетінде жарық көрді, жеке шығармалары орыс тіліне аударылды. Есімі Солтүстік Қазақстан облысының аудандарының біріне берілген. Шал ақын қазақ халқының аса бір ерекше құндылығы - перзенті де сөз етіп, жырлайды, табиғат құбылыстарымен салыстырады: жер-боз, қой-қозы, ағаш-жапырақ, құс-жұмыртқа, тау-бұлақ, ешкі-лақ, көл жағады жасыл құрақ. Бұл табиғаттағы келісімділік адам өмірінде де болу керек екенін айтып, өзінің перзентсіз болғанын зарлы түрде жырлайды: "Бір жаратқан пенденмің,Перзент үшін жылаттың.Балалы арқар маңырайды,Баласыз арқар зарлайды,Балалыны көргендеЕкі көзім жайнайды,Ішім оттай қайнайды!" Тағы бір өленінде айтқаны: босағасын алтыннан соқсаң-дағы перзент сүймей адамның мейірі қанбас. (128б.).Ел болудың басты шарты – отбасында перзент болуы. Ел болу үшін қазақ дәстүрі бойынша отбасында баланың көптігі керек. Халық санын (қазақ санын) көбейту бүгінгі Қазақстанның демографиялық мәселесі.Ата-ана – қазақ халқының дәстүрлі құндылығы, ол түркі халықтарының қасиетті құнды жері – Мекке және Мединеге теңестіріледі: Ата менен ананды құрметтесең,Мекке болып табылар үйдің іші (128б).Жас ұрпақ ата-анасын тыңдап өссе, ел азбайды. Ұрпақ ұштастығы – халықтың дәстүрлі құндылығы. Шал ақынның бір сөзінде осы құндылықтың мазмұны былай ашылған: Жетесіз туған жігіттерЖиырма бесте жас болар. (130б)Жетесі жаман бозбалаТоқсандағы шалмен тең (138б) Бала - әкеге тірек болу керек деген дәстүрлі құндылық «Баласы жаман туғанның әкесін түйе үстінде ит қабар» деген сөздермен көрсетілген. ## Толығырақ Зерттеушiлердiң айтуы бойынша Шал ақынның тұңғыш өлеңi - «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң». Бұл өлеңдi ақын шығармашылығының басы деп жүр. Өлеңнiң шығу тарихы былай екен. Әйгiлi хан Құлеке батырдың бәйге алдын бермейтiн жүйрiк атын сұрап алып, кейiн қайтармай қояды. Бiрде Құлеке атын сұрауға барғанда баласы Шалды ертiп барады. Хан бала Шалдың көзiнше: «Iшi боқ, сырты түк сол мәстектi осыншама неге сұрай бересiң?» - деген сөз айтады. Таңертең ерте тұрған Шал ханның қойшыға сазға батып, отарға ере алмай қалған бiр қозыны арқалап алып кет дегенін естіп қалады. Шал кетерiнде хан екен деп қысылмай, өлеңдетiп, малжандылығын бетiне айтады. «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң,Болмайды қойға пана тал дегенiң.Таң ата жалаң аяқ тоқты арқалап,Хан ата, қалай екен мал дегенiң?Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кiшi,Бiреудiң хақын жемес жақсы кiсi.Тақтағы хан, топтағы бидi еңкейткен,Хан ата, қалай екен малдың күшi?» -дейдi.Сөзден ұтылған хан Құлеке батырдың бәйге атын қайтарып, оған қоса бір жылқы беріпті. Хан алдында айтылған бұл өлең ел iшiне тез тарап, Тiлеукенiң ақындық атын шығарған екен.Осыдан былай Шал ақындық жолға көшедi, дарынды суырып салма ақын болады. Оның суырып салмалық өнері осы жанрдың бейнесі болып табылады. Ол поэзиялық сөз жарыстардың шебері, көптеген айтыстарға қатысқан. («Шал ақынның қызбен айтысы», «Бәйбіше мен Шал ақынның айтысы», «Шал ақын мен жігіттің айтысы», т. б.).Ертерек дәуiрлерден қалыптасып, жалғасып келе жатқан ақындық дәстүрдi ХVШ ғасырда өмiр сүрген Тәтiқара, Көтеш ақындардан кейiнгi қазақ поэзиясын дамыта түседi. Оның бұл салада қосқан үлесi үлкен. Өлең термелерi, толғау тақпақтары сан жағынан мол, сапа жағынан мазмұнды, көркем және тақырыбы да кең. Шал ақын қазақ поэзиясындағы лирикалық өлең жанрын, өз замандастарымен салыстырғанда, жан-жақты толықтыра түсiп, көркемдiгiн арттырды. Бұл тұрғыдан алғанда оны толғауды көркемдiк шегiне жеткiзе бiлген Бұқар жыраумен ғана салыстыруға болады. Сондықтан да кейiнгi кезеңдерде өмiр сүрген ақындар Шал ақынды ұстаз тұтты.Шал ақынның өлең, жырлары кезiнде ел арасына кеңiнен таралған. Шалдың бiзге жеткен шығармалары негiзiнен әр жерде әр түрлi себептермен суырып салып айтқан шағын өлеңдерден тұрады. Терме-тақпақтары, нақыл сөздерi, сөз қағыстары да баршылық. Шалдың ұзақ эпикалық жырлар шығарғандығы, қазақ халқының шежiресiн өлеңмен жазғаны да Шоқан Уалихановтың еңбектерiнен белгiлi. Шал ақынның мұралары бізге толық жетпеген, жеткендерінің өзі бір жарым мың жол ғана.Адамның артықшылығы, жақсылығы көпке, туған елге пайдалы болуында деп қорытынды жасайды. Ашқарақ, сұғанақ, арызқой, пасық адамдар тобына да ақын қадала түседi. Өзiмшiл, күншiл пасықтарға жаны таза жақсы адамдардың адал ниеттi iзгi iстерiн қарсы қоя жырлап, бiрiнен жирендiрiп, екiншiсiнен үйренiп, үлгi-өнеге алуға үндейдi. Ол шығармаларын аяқ астына шығарып отырған. Ақын өзi өмiр сүрген дәуiрдiң өзектi мәселелерiн жырлаған. Өлеңдерiнiң көбi мақал-мәтелдерге, нақыл сөздерге, дiни ұғым сөздерге, бейнелi сөз тiркестерiне толы. Шал ақын - өз заманының беделдi ақыны. Оның өлеңдерi өз кезiнiң өзектi мәселелерiн көтерiп, халыққа адамгершiлiк ақыл-ғибрат бередi.Шал ақынның алғаш рет 1928 жылы «Жаңа әдебиет» журналының 5 санында бiр ғана өлеңi, 1958 жылғы 28-шi қарашада «Қазақ әдебиетi» газетiнде белгiлi қаламгер Ғалым Малдыбаев жариялаған сегiз өлең мен «Шал ақын кiм» мақаласы жарық көрді. Шал ақынның кейбір шығармаларын кезінде М.Хакімжанова, Ф.Ғабитова, А.Нұрқатов, тағы басқалар ақсақалдардың ауызша айтқандарынан хатқа түсірген. Шал ақынның бірнеше шығармасын, Қазақстаннан тыс жерде Хасен Шаяхметұлы Ғали атты түркi халықтарының тiлi мен әдебиетiнiң бiлгiрi, үлкен ғалым XX-ғасырдың басында жазып алған, оның қолжазбасы Қазан университетінің Н.Лабочевский атындағы ғылыми кітапханасында сақтаулы.Шал ақынның шығармалары негізінен 1960 жылдан басылып шыға бастады, сол кездері оның шығармалары туралы ғылыми-зерттеу мақалалары да жарияланды. «ХVІІ-ХIХ ғасырлардағы қазақ ақындары шығармалары» (1962), «Үш ғасыр жырлайды» (1985) басылымдарының алғы сөздерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор И.Дүйсенбаев Шал ақынның шығармаларын Бұхар жырау, Тәттіқара, Ақтамберді есімдерімен қатар қояды. Шал ақынның мұраларын әдебиеттанушылар - Х.Сүйеншәлиев, М.Мағауин, Г.Абетов, Ш.Елеукенов, Ә.Дербісәлин, Ө.Күмісбаев, тағы басқалар зерттеген. Шал ақынның шығармалары жоғарыда аталған басылымдардан басқа «Алдаспан» (1971), «ХV-ХVШ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1985-1989) жинақтарына енген. 1999 жылы Алматының «Дайк-Пресс» баспасынан «Шал Құлекеұлы» (Шығармалары. Зерттеулер) атты 364 беттiк көлемдi кiтап басылып шыққан болатын. Кiтаптың алғы сөзiн жазған филология ғылымдарының докторы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми жетекшiсi Жұмат Тiлеповтың айтуынша: «Шығармаларын үлкеннен кiшi, ұрпақтан ұрпақ жаттап, есiмi ғасырдан ғасырға өлмей жетiп отырған Шал Құлекеұлы туралы алғашқы жазба дерек Шоқан Уәлиханов еңбегiнде кездескенімен, ақынның бүкiл шығармашылық болмысын танытарлық туындыларының негiзiнен хатқа түсiп, зерттелiп қалың оқырманмен кеңiнен жүздесуi - соңғы 40-50 жылдың жүзi». Туғанына 250 жыл толған арқалы ақынның өз атымен тұңғыш рет жоғарыда аталған жинақ шықты. Жинақ негiзiнен үш бөлiмнен құралған. Соңғы шыққан «Шал ақын» («Арыс», 2003) басылымына Шал ақынның қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары, белгілі ғалымдардың ғылыми мақалалары енгізілген.1998 жылғы қазанның 25 күні Петропавл қаласында Шал ақынның 250-жыл толуы құрметіне Халықаралық ғылыми-теориялық конференция, қарашада Алматыда ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Шал Құлекеұлы және ақындық өнер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар өткізіліп, облыс орталығында, ақынның туған ауданында оның 250-жылдық мерейтойына арналған әртүрлi өнер сайыстары, айтыс, тағы басқа шаралар өткiзiлдi. 1999 жылғы желтоқсанның 14-де Елбасының Жарлығымен ақынның туған ауданы «Шал ақын ауданы» деп аталды. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Шал ақын ауданы * Абылай хан
Құнанбай Өскенбайұлы, Құнанбай қажы (1804, бұрынғы Семей облысы Шыңғыстау,Ақшоқы қыстауы — 1886, сонда) — би, аға сұлтан, Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. ## Өмірбаяны Құнанбай жасынан палуан, найзагер болды, қатал да әділдігімен ерекшеленіп‚ әкесі Өскенбайдың тәрбиесін ала отырып, ел билігіне араласты. 1834 жылы әкесінің орнына Күшік-Тобықты болысының старшындығына сайланады. Осыдан 1856 жылға дейін билік тізгінін қолынан шығармаған. 1846 жылы генерал Вишневскийдің Ұлы жүз қазақтарын Ресейдің боданы ету мақсатында жүргізген арнайы экспедициясына қатысты. Экспедиция құрамында болған поляктың саяси қайраткері А.Янушкевич сапарнамалық күнделігінде Құнанбайдың қайраткерлік тұлғасы туралы: “Құнанбай өңірге аты жайылған адам, қарапайым қазақтың баласы. Ғажайып ақыл-ес және жүйрік тілдің иесі. Іскер, аталастарының игілігі туралы қам жейді, дала заңдары мен Құран қағидаларының жетік білгірі, қазақтарға қатысты ресейлік жарғыларды бес саусағындай біледі, қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман. Жұрт пайғамбардай сыйлайды. Одан ақыл сұрауға жас та, кәрі де, кедей де, бай да шалғай ауылдардан келіп жатады. Тобықты руының сеніміне ие болып, болыстыққа сайланған…, әділетсіздік пен дәулеттілердің зорлығына қарсы қалқан болған” — деп сипаттайды (“Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар”, А., 1979). Құнанбай “Ескі там” деген жерде мектеп ашты. Патша өкіметіне адал қызметі үшін оған 1846 жылы хорунжий атағы берілді. 1849–1852 жылдары Қарқаралы округінің аға сұлтандығына сайланды. Бірақ Шыңғыстың бөктеріндегі қыстау үшін Бөжейге жасаған қысымына байланысты тергеуге тартылып‚ Омбы қаласында мырзақамақта (қамауда) жатады. Қамаудан Дала генерал-губернаторының қазақ істері жөніндегі кеңесшісі, полковник Шыңғыс Уәлихановтың кепілдігімен босанып шығады. Аға сұлтан кезінде Қарқаралы қаласында мешіт салдырды. Арқат-Аягөз бекеті аралығында поштаны тонап, хорунжийді өлтірген Табылды, Үдербай, Әбділда, Түңлікбай есімді қазақ жігіттерін Барлық тауында тығылып жүрген жерінен Аягөз округінің аға сұлтаны Барақ Солтабаевтың көмегімен Құнанбай патша өкіметіне ұстап береді. Осының арқасында оның үстінен жүргізілген тергеу ісі тоқтатылып, хорунжий атағы қайтарылған. ұсталғандар Аягөз қаласыннда дарға асылып, атылғаннан кейін өзінің алданғанын түсінген Құнанбай биліктен бас тартып, қайтып мұндай іспен айналыспауға бекінеді. Омбы архивіндегі “Құнанбай Өскенбаевтың қылмыстық ісі” деген көлемі 1700 беттік тергеу ісінің соңына 1862 жылы Құнанбайдың қажылыққа кетуіне байланысты “істі жабу” туралы Mинскке жолданған хаты тіркелген. Кей деректерде Құнанбай қажыға 1874 жылы барды делінеді. Меккеде 2 жылдан астам уақыт тұрып‚ құдайға құлшылық етушілерге арнап тәккия (қонақүй әрі медресе қызметін атқарған үй) салдырады. Құнанбай — аса күрделі тұлға, билік тізгінін ұстаған кезіндегі қайраткерлігі қарама-қайшылықтарға толы. Ол би, болыс, аға сұлтан кезінде биліктің үш тұтқасын — қазақтың дәстүрлі заңын, патша өкіметінің “Сібір қазақтарына арналған низамын”, шариғат жолын қатар ұстанды. Қазақ дәстүрінің негізіне сүйене отырып, оңтайлы шешімдерді жүзеге асырды. Қатал да әділ билік елді тезге салып, жөнге келтіреді деп білді. Барымтаға, ұрлыққа, дінбұзарлыққа, зинақорлыққа қатаң тыйым салды. Заманның ауқымын аңдап, ертеңін болжай білді. Балаларын орысша оқыта отырып‚ мұсылмандықты уағыздады. Медресе салдырып, Әуез, Ғабитхан, Кішкене молда секілді шариат білгірлерін аулына көшіріп әкеліп, бала оқыттырды. Сырттай Кенесары қозғалысына қарсы күрескер ретінде көрінгенімен, оған астыртын қолдау жасап, көмек берді. Құнанбайдың бәйбішесі Күнкеден — Құдайберді, екінші әйелі Ұлжаннан — Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан — Халиолла, Смағұл, Кәмшат атты ұл-қыздары туған. Төртінші әйелі Нұрғанымнан туған баласы жасында қайтыс болған. Балаларының ішінде Абайдың болашағынан ерекше үміт күтіп‚ оны 13 жасынан қасына ертіп, билікке баулыған. Абай да әкесінің билік жолын үлгі тұтты. Ел арасында Құнанбай айтты деген нақыл сөздер кең таралған. Құнанбайдың өмірі мен қайраткерлігі туралы деректерді жинап, бір ізге түсірген — М.Әуезов, оның “Абай жолы” эпопеясында Құнанбай бейнесі кеңестік идеологиялық ықпалына сай бұрмаланғанымен‚ жан-жақты сипатталып, шебер сомдалған. Әкесінің 40 жасынан асқан шағында дүниеге келіп, оның соңғы 40 жылдық өмірін өз көзімен көріпөскен Абай 1895 жылы баласы Әбдірахман дүниеден қайтқанда шығарған «Арғы атасы қажы еді...» деген жоқтау, жұбату өлеңдер Құнанбай туралы бар шындықты айтып, әкесінің ел суйсінерлік ерен тұлғасынжасады. Абайдың суреттеуінше де Құнанбай - ізгі істерімен артына өлмейтін атақ қалдырған, мұнды: шерлі жоқ ‘’жітіктердің қамқоршысы болған, ақылды, адал, жомарт, әділ адам’’. Құнанбайдың қоғамдық қызметіндегі игілікті қызметінің бірі – оның оқу-ағарту ісіне ерекше мән бергені. Ол өзі дінді мықтап ұстанып қана қоймай, қаратанудың, сауаташудың, ескіше ғана емес, орысша оқудың заман ағымына ете қажетті екенін ұғынып, өз аулынан қазақ балаларына тіл үйретіп, білім беретін училище ашпақ болып, 1845 жылы шекара басқармасына қазақша-орысша сөйлей алатын жазабілетін орыс мұғалімін жіберуді сұрап, хат жолдайды. Шекара бастығы Құнанбайдың бұл тілегін мақұлдайды. Бірақ, екі тілді бірдей білетін мұғалімнің жоқ екенін айтып, тобықты еліндегі тілмәшті қызметтен бос уақытында еңбекақы төлеп, бала оқытуға пайдалануға кеңес береді. ## Меккеге қажылық Бұдан кейін Құнанбай «Ескі там» деген жерде мектеп ашып, онда орысша сауатты Ғабитхан Ғабдыназарұлы деген ноғайды мүғалім етіп тағайындайды. Сөйтіп, өз балалары мен руластарының балаларын оқыта бастайды. Құдайберді, Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, Халиуллалар алғашқы сауатын осы мектептен ашқан. Құнанбай балаларын одан әрі оқытуға ерекше ынталы болады. Ибраһимін Семейдегі діни медресеге береді. Халиулланы 1858 ж. Омбы кадет корпусына оқуға енгізеді. Оны бітірген соң Москвадағы әскери училищеде оқуына мүмкіндік жасайды. Құнанбай 1849 ж. Қарқаралыда мешіт, 1874-75 ж. қажылық жолмен Меккеге барып, онда мұсылман елінен барған адамдар түсетін үй - Тәкие салғызған. 1900 ж. Қазан қ-ның баспасынан жарық көрген, шығарушы семейлік Әбдірахман Жүсіплұының «Қажы Әндірбай қалпе» деген жыр үлгісімен жазылған кітабында Құнанбайдың Меккеге сапарына қатысты жолдар бар. Бұл сапар жайлы деректер 1883 ж. Қазанда басылған «Маңызды мәселeлер» деген кітапта Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердиевтің кітабында да айтылады Әкесінің бұл сапары туралы Абайдың: «Меккеде уақып үй салып,Пәтер қып, жаққан шырақты.Бір құдайдың жолына, деген жолдарын да оқимыз. Құнанбайдың қарсылас айтыс-тартысқа тұскен адамдары да аз болмаған, талай рет үстінен жазбаша шағым арыздарда түсіріп, тергеуге алынған. Ол дүшпаңдарын қатал жазалап, реті келгенде жер айдатып та жіберген. Күш жұмсап, елін шауып алған. Архив құжаттарыңда Бежей Ералыұлының 250 жылқысын тартып алғаны үшін қылмысты іс қозғалғаны, аға сұлтан болып тұрған көзінде елден заңсыз алым жинап, оны өзі пайдаланғаны, 5000-дай адамнан қол жиып, Ералыұлының аулына шабуыл жасағаны, оның 250 жылқысын айдап әкеткені, басқа кісілердің иелігіндегі шұрайлы жерлерді өз иелігіне алып, көп адамдарды аяусыз жазалап, бірнеше кісі өлімі болғаны, ақырында аға сұлтандықтан босатылып, Омбы қаласына шақыртылып, қамауға алынғаны, патша өкіметінің заңы бойынша 156-баппен жауапқа тартылғаны жайында мәліметтер сақталған. Құнанбайдың бұл ісіне Омбыдағы Батыс-Сібір әскери губернаторының кеңесінде қазақтар жөніндегі кеңесші қызметін атқарып жүрген Шыңғыс Уәлиханов араласып, оны түрмеден босатып, кепілдікке шығарып, ісін кайта қарау деген желеумен бұздырған. Онысымен қоймай, Омбыдан Қарқаралы округіне өзі әкеп салып қайтқан. Шоқан Уәлихановта сол 1854 ж. Омбыда қызметте болған. ## Құнанбай— Бөжей арасы Жер дауы «Құнанбайдың қылмысты ісіңде» үлкен орын алды. Соның бастысы - Бөжейдің жер дауы. Құнанбай— Бөжей арасы 1846ж. дейін жақсы болған. Құнанбай оған үнемі қамқорлық жасап, өзімен тең ұстаған. Шешуі қиын дауларды да сенім білдіріп, Бөжейге жіберіп отырған. Өзімен бірдей күміс мөр де жасатқан. Өкіметтен старшина атағын, мақтау қағаздар да алып берген. Солай бола тұрса да, Құнанбай озбырлығы асқынып, аралары ашылып, ақыры үлкен жауласушылыққа айналады. 1853 ж. Бөжей өлгеннен кейінде Қаратай Сапақұлы, Кенжалы Әйтиұлы бастаған топ арызды тоқтатпай, Құнанбайды айыптап және болысты екіге бөлуді сұрап дамыл таппайды. Бөжей балалары - Жабай, Нұрмолдалар да губернатор Г. А. Колпаковскийге қайта-қайта арызданып, тартып алған жерлерін сүрайды. 1846 ж. басталған бұл дау, 1866 ж. Күшік-Тобықты болысының басқарушысы Құнанбайдың баласы Құдайберді өліп, оның орнына 20-21 жасқа жаңа толған ИбраҺим (Абай) Құнанбайұлы болыстыққа сайланғаннансоң ғана шешіледі. Құнанбайды айыптау ісінде талай кісі өлімі туралы айтылады. Бірақ тергеушілер Құнанбайдың мойнына қоятын айғақты дәлел таба алмайды. Құнанбайға тағылатын айыптың бірі - Қодар мен Қамқаның өлімі. Бірақ ол жайында архивтерде ешқандай дерек кездеспейді. Құнанбай Қарағанды, Семей оязының дербес кемекшісі болды деген дерек бар. Ал, 70 тен асқанда Меккеге барып, қажы атанған Құнанбай енді бұдан әрі (жалған дүние сөзіне араласпай) шымылдықтың ішіңде тыныш жатып, құдайына құлшылық жасаумен өмірін өткізеді. Құнанбай жөнінде ел аузында аңыз-әңгімелер көп, оның ел арасындағы беделін жыр еткен Балта, Қуанышбай сияқты ақындардың өлең-жырлары бар. Мұхтар Әуeзовтың сөзімен айтқанда, «Құнанбай басының қайшылығы көп болған. Ол - феодалдық дәуірдің, өз табының бел баласы, ісі мен мінезінде заманының айқын таңбасы бар». Құнанбай жайындағы өмірлік ақиқат материалдар Әуeзовтың «Абай жолы» эпопеясында көркемдік шешімін тапқан. Тобықты елінің Құнанбайынан - әдебиеттік кейіпкер Құнанбай бейнесі жасалған. Құнанбайды толық танып-білу - Абайды да мұқият оқып-зерттеуімізге септігін тигізеді. Қазақ шежіресінде Құнанбай бидің арғы ата-бабалары былайша таратылады: Арғын - Қотан - Дайырқожа - Карақожа - Кенжесопы - Тобықты - Рыспетек - Мұсабай - Сүйірбас - Сары - Кішік - Өйтек - Олжай - Айдос- Ырғызбай - Өскенбай - Құнанбай. Ел аузындағы шежіре-ақындарға қарасақ, осы аталардың бәрі де шетінен осал кісі болмағанын көреміз. Ең әуелі "Арғынның арғы атасы - Қотан ақын" деген қанатты сөз елге жайылып кеткен. Алашта Арғын ата туған зерек,Өзгеден сол кісінің жәні бөлек.Арғынның тұп атасы ақын Қотан,Өлеңге бізден ұста болса керек, Алашта Арғын ата туған зерек,Өзгеден сол кісінің жәні бөлек.Арғынның тұп атасы ақын Қотан,Өлеңге бізден ұста болса керек, - деген Жанақ ақынның өлеңі де бар. Демек, Арғын ұрпақтарының шетінен ақын, әнші, сөзге шешен ділмар боп өсіп-өнгені көрініп түр.Қотаннан кейінгі атасы Дайырқожа болса Әбілқайыр ханның оң тізесін басып отырған сенімді биі екен. Оның шешендік әділдігі жөнінде ел "Ақжол би" деп ұрандап кеткен. Сол Акжол биді Қара қыпшақ Қобыланды батыр өлтіреді. Сонда Қотан ақын баласын жоқтап: Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!Сексен асып таянғанда тоқсанға,Тұра алмастай үзілді ме жұлыным!.. Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!Сексен асып таянғанда тоқсанға,Тұра алмастай үзілді ме жұлыным!.. деген екен. Сол дуалы ауыз Қотан ақын айтқан бұл жоқтау да осы күнге дейін ел аузында айтылып келеді. Дайырқожаның бәйбішесінен Қарақожа одан Кенжесопы туады. Қанжығалы мен Тобықты осы Кенжесопыдан екен. Бұл екеуінен де кезінде ел билеген мықты кісілер шыққан. Тобықтыдан Рыспетек одан Мұсабай би туған. Мұсабай би әйгілі - Жәнібек ханның белгілі, беделді шешен биі болған. Сол Мұсабайдан Сүйірбас, одан Әлі, Қожаберген, Сары деген батырлар шыққан. Олар атақты Есім ханның сенімді қолбасшы батырлары болып, талай жорық соғыстарға қатысқан. Түркістан шаһарын жаудан азат етер кезде Әлі батыр Түркістан ханы Тұрсынның Қоңырбике деген қызын алып келіп, інісі Сарыға қосыпты. Сарының бәйбішесінен Мәмбет сопы мен Кішік туады. Кішікті ел келе-келе "Күшік деп атап кетеді. Сол Кішіктің тоқалынан атақты Әнет (кейін ел "Әнет баба" деп кеткен) туады. Өнет баба - көріпкел әулие абыз екен. Ол алды артын болжап айта беретін қасиетті кісі болыпты. Әнет баба 1626 жылдары туып, 1723 жылғы жоңғар басқыншылығы кезіндегі бір соғыста алты баласымен бірге жау қолынан мерт болады. Екі қабат бір келіні аман қалып, одан ұл туады. Оның атын жақсы бабасының соңғы тұяғы деп "Бақай" қояды. Сол Бақайдан Әйтек ата ұрпағы тарайды. Әйтектің бәйбішесінен Олжай, ал тоқалынан Байбөрі, Қалқаман туады. Байбөрі ел басқарған беделді кісі болған соң "Бөкең" аталып кеткен. Осы күнгі "Бөкең балалары" сол Байбөріден таралған. Ал, Қалкаман өзі сері, әрі батыр жігіт екен. Ол өзінің Мамыр деген қарындасына ғашықтығынан жазықты боп калады. Әнет би оны өлім жазасына кеседі. Бидің бұйрығы бойынша Қалкаман садақ кезеніп тұрған жігіттердің алдынан шауып өте бергенде, ауыр жараланып аман қалады. Қалқаман еліне өкпелеп, Алатау асып кетеді. Ол Жетісуды жайлап отырған нағашысы Үйсіндер ауылына жетіп пана табады. Осы күнгі Алматы жанындағы "Қалқаман аулы" сол Қалқаманнан қалған үрім-бұтақтар. ## Аңыздар ### Аңыз Ал, Әйтектің үлкен баласы Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек тарайды. Жігітектің бәйбішесінен атақты Кеңгірбай би туған. Сол Кеңгірбайға билік тиген соңақ Тобықты еліне еркіндік орнаған. Оғанға дейін тобықты әр елдің талауында боп жүреді екен. Айдос момын ғана шаруа болыпты. Оның Айпара деген бәйбішесі сол ауылды билеген ақылды да, беделі асқан, ақын ана болған екен.Айпара ана жөнінде ел арасында мынадай аңыз таралған. 1723 жылдың жаугершілік кезінде Тобықты елі оңтүстікке қарай тайлы-таяғымен үдере көшеді. Жолда олар ашығып-арып әбден әбігершілік көреді. Кеше ғана көшіп кеткен бай ауылдың ескі жұртына жетсе, бір ақсақ түйе шөгіп жатады. Ауыл адамдары ол түйені союға бата алмай жүреді. Айпара "іздеп келгендерге өзім жауабын беремін" дейді де, түйені сойғызып, қырық жілік қылып, ашығып келе жатқандарға бөліп бермек болғанда "іздеушілер келе жатыр" дегенді есітіп еді. Айпара дереу түйенің етін терісіне орап, ошақ басына көмеді де, оның үстіне күрке тігіп алады.Күркенің оң жағына шалын өлген адамға ұқсатып жатқызып бүркеп тастайды. Іздеушілер келе бергенде, шалын жоқтап дауыстайды. Әлгілер қаралы үйді тінтуге батылы бармай, басқа үйлерді қарап, түйесінің етін таба алмай қайтып кетеді. Сөйтіп Айпараның ақыл-айласымен ашыққан ауыл адамдары түйенің етін бөлісіп жеп, аштықтан аман қалыпты деседі.Сол Айпара анадан Ырғызбай, Торғай, Көтібақ, Топай туады. Бұлардың ішінде Ырғызбай айбынды Абылай ханның айтулы биі болады. Ырғызбай биден Өскенбай, Өсер, Мырзатай, Жортар туады. Өскенбай бес әйел алып, өсіп-өнген ата болған.1-ші әйелі Зереден - Құнанбай, Құтпанбет, 2-ші әйелі Таңшолпаннан - Төлепберді, Шыбар, Елеусіз, Ақмағамбет, 3-ші әйелі Мақыптан Жақып, 4- ші әйелінен Майбасар, 5-ші әйелі Күншеден Бейсенбі, Сұлтанбек, Кенжебай тарайды.Өскенбайдың Тобықты еліне би сайлануына әсіресе Кеңгірбай би себеп болған деседі ел. Кеңгірбай би қартайған шағында өзінің Ералы, Төлеу, Қотанбұлақ, Қалбай деген балаларына сенбей Тобықтыны билеуге ел қамын ойлайтын ақылды, әділ, әрі парасатты адамгершілігі мол деп Өскенбайды ұсынады. Бұл ұсынысты халық құптап, Өскенбай Тобыктыға би болып бекітіледі. Өскенбай Кеңгірбайдың ойынан шығады. Елді мейлінше адал, әділдік жолымен басқарады. "ісің адал болса, Өскенбайға бар, арам болса, Ералыға бар" деген нақыл содан қалса керек. Өскенбай би 1850 жылы қайтыс болған соң ел-жұрты оның орнына баласы Құнанбайды би етіп сайлайды. Жастайынан әкесінің жанында жүріп ел билеу ісіне араласып жөн-жосық көріп қалған Құнанбай билік жұмысын тез игеріп ілгері алып кетеді. Оның ел билеу әдістері әкесі Өскенбайдан ерекшелеу болады. Кейбір мінез, билік, кесімдері әкесінен асып түседі. Қайсар, қатал мінезді Құнанбай би әрдайым алған бетінен қайтпайтын, алысқанын алып жықпай қоймайтын, жер дауы жесір дауы, күн дауы және сондай ел арасындағы дау-жанжалдарға билік айтарда бұлтармай, жалтақтамай билікті кесе-кесе батыл айтатын адуынды да қатал би болған. Көрші елдердің жерін иелену үшін Құнанбай би әртүрлі айла әрекеттерқолданған. Өзінің тартып алған жайылым, қыстауларына найман, керей, уақ елдерінің қара шаруа малшы, жалшыларын, өзінің сөз сөйлер, сойыл соғарларын орналастырады.Қожа, молдаларды жинап, дін уағыздарын елге таратуды қолға алады.Өзінің балаларын ертерек үйлендіріп, оларға көп әйел әпереді. Ол балаларының малын бағатын жалшы-жақыбайлар ұстайды. Олардың әрқайсысын өз алдына ауыл етіп, жеке-жеке қоныстандырады. Міне, Құнанбай өзіне кажетті жерді осылайша кеңейтіп игеріп отырған. Құнанбайдың осындай әрекеттеріне шамасы келмеген өзге елдер одан ығысып, іргесін аулақ салып, тіптен кейбірі басқа ру-тайпаларға көшіп барып сіңісіп кеткен."Құнанбай тұсында тобықты ішінде мұнымен тең түсетін басты адамдар: Бөжей, Қаратай, Байсал, Сүйіндік, Байдалы, Түсіп сияқты кісілер болған. Мұның көбімен Құнанбай бірде дос, бірде араз боп өтеді. Қатты жұлқысқан кісілері де осы топтың ішінде". Тобықтының бұл айтылған белді-белді адамдарымен айтыс-тартыстары ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" эпопеясында да жан-жақты суреттелген. Бұдан Құнанбайдың көрші ауылдарға зорлық жасап жайлау, қыстау өрістерін тартып алуы, қарсы келгендеріне дүре соқтыруы, Қодар сияқты жазықсыз жандарды өлім жазасына кесуі, осы тәрізді қаталдық пен өктемдіктерді атасақ та жеткілікті. Сондықтан да одан зәбір-қорлық көрген ел-жұрт: "Оның аты Құнанбай, жүйріктігі құнандай, шұбарлығы жыландай,.." деп, мақалдап кеткен. 1822 жылы Ресей патшалығы "Сібір қазақтарын басқарудың уақытша ережелері" деген заң шығарды. Осы заң бойынша қазақ даласында хандық жойылып, оның орнына аға сұлтандық билігі орнады. Аға сұлтандар тек қана хандар, төрелер тұқымынан белгіленуге тиісті еді. Бұл кезде тобықты елінің ауқымы кеңейіп, оған Қарқаралы округі де қарайтын. Осы округке дуан басы аға сұлтан болып Құнанбай сайланады. Сайлау кезінде айтыс-тартыс аз болмаған. Құнанбайдың аға сұлтан боп сайлануына ең алдымен өзінің ықпал-абырой, беделі себеп болады да, екіншіден оның сөзін сөйлеген демеушілері де осал болмаған. Сондықтан да оның аға сұлтандық дәрежеге қолы жеткен. Халық "қарадан сайланған хан" деп Құнанбайдың атақ, даңқын бұрынғыдан да асқақтата көтеріп әкеткен.Қарқаралыдан Құнанбай аға сұлтан болып еліне келген соң, оған қошемет көрсетіп құтты болсын айтушылар көбейді. Құнанбай қатар-қатар ақ боз тіктіріп, келім-кетімдерді бірнеше күн күтіп, сыйлап той өткізеді. Бұл жиынның аяғы басылған соң жігітек елінің ру басы, атақты Кеңгірбай бидің ұрпағы Бөжейді болыстыққа ұсынады. Бөжей болмаймын деп, ол орынға Өскенбайдың тоқалынан туған, Құнанбайдың інісі өзінің досы Майбасарды атайды. Осы арада біраз айтыс-тартыс шиеленіседі. Ақыры Бөжей жағының ұсынысы қабылданып Майбасар болыс болып сайланып кетеді. Майбасар, ұрдажық, дөрекі, зорлықшыл, әпербақан мінезді екен. Қарамағындагы ауылдарға жайсыз боп шығады. Одан зәбір көрген ел Құнанбайға барса, ол "оны болыс етіп сайлаған Бөжей, соған барыңдар" деп сылтау айтады. Ал, Бөйжейге барса, "Құнанбайдың інісі ғой, ол мені тыңдамайды, Құнанбайға барыңдар" деп жұртты әрі-сәрі әуре қыла беріпті. Бұл істің ақыры Құнанбайға барып тіреледі. Майбасар інісінің кесірінен және оған қоса Құнанбайдың қаталдық, зорлығынан зәбір көріп жүрген Көтібек, Байсал, Қаратай, Пұшарбай, Түсіп сияқты куәгер ел басшыларының арыз-шағымымен істі болып Омбы губернаторына шақырылады. Бір жылдай тергеу астында жүріп әбігерге түседі.Дәл сол жылы тағы мынадай оқиға болады: Семей мен Верный арасында жүріп тұрған губернатордың пошта таситын офицерін өлтіріп, ақша, заттарын тонап кетеді. Оны істеп жүрген әлгінде аттары аталған Құнанбайдың үстінен арыз жазып жүрген қастас ағайындарының адамдары болып шығады. Мұны Құнанбай жақсы біледі екен. "Құланның қасуына, мылтықтың басуы" демекші ол дереу бұл оқиғаны пайдаланып губернаторға барады. - Тақсыр, мен ол адамдарды білемін. Мені осы істен құтқарсаныз, почтавойыңызды өтірген қылмыскерлерді көрсетіп беремін, - дейді. - Губернатор уәде береді. Құнанбай өзінің қастасын, айтысып жүрген адамдарын ұстатып түрмеге жаптыртады. Губернатор Құнанбайды тергеуден босатып, оязға дербес көмекші етіп алады. Міне, бұл жерде де Құнанбай өзінің тапқырлығы мен айлакерлігін танытып шығады. Аға сұлтан болып тұрған жылдары Құнанбай Қарұаралы қаласына мешіт-медресе тұрғызады. Өзінің қол астындағы ауылдардың үлкен-кішісін сол мешіт-медресеге тартады. Жас балаларды оқытып мұсылмандыққа, имандылыққа баул иды. Жасы 70-тен аса бастағанда ел басқаруды, билікті балаларына тапсырып, өзі Меккеге қажылыққа барады. Қазақ елінен, өзге мұсылман жұртынан түсіп, қонып тұрсын деп өз қаражатына Меккеден "Тақия" деген тұрғын үй салдырады. Сөйтіп, сол кезден бермен көптеген келім-кетім мұсылмандардың сауабын алады. ### Аңыз Құнанбаймен бірге Омбыға айдалып барған Тоқсан бидің туысы Торқан деген кісі екі жылдан кейін қашып Құнанбайды паналап, арып-ашып келіпті. Құнанбай Абайды шақырып алып, "мына Торқанды тәрбиелеп, бақ" депті.Абай: "Тәте, бұл адам неңіз еді?" - дегенде, Құнанбай: Қажымас, қате баспас хан бола ма,Таусылмас, табан таймас жан бола ма.Бәйгеден қосқан сайын келсе дағы,Тұлпарда арықтаса сән бола ма? Қажымас, қате баспас хан бола ма,Таусылмас, табан таймас жан бола ма.Бәйгеден қосқан сайын келсе дағы,Тұлпарда арықтаса сән бола ма? - деп, "бұл кісі қиын жағдайда бірге қиналған жолдасым еді", - депті. ### Аңыз Аға сұлтан Құнанбай Абақ - Керейге келіпті дейтін әңгіме бар. Сонау Семейден шығыстағы Абақ еліне арыстың аға сұлтаны Құнанбай келе жатыр деген хабар қалың қазақ пен моңғолдар арасында жаппай таралып кетсе керек. Сонымен қабат, Құнанбайдың еліне бару орайында Керейден бітім аламыз дейтін жұрт түгел тұс-тұсынан аттаныпты.Ел ағалары бас-аяғы жиналып Қаба өзенінің бойында оны үй тігіп қарсы алыпты.Абақтың ел ағалары Шабу би, Шегетай батыр, Шал, Жантөре би, Байқан, Көкен бас қосып, кеңес құрыпты: - Елімізге дақ келтірмей күтеміз, айтысқа түсіп, есеге есе көрсетеміз, тендікте тұрып, тартысқа тартыс береміз, сайысқа түсіп сөзге сөз сынасамыз, - деп сілкініпті.Сауынға тігілгендей қатарласқан оюлы ақ отауларға қонактар толған соң, ортадағы орда - кеңес үйге билер лық толса керек. Ру шонжарлары тиесілі орнына жайғасын болғаннан кейін қонақ иесі Шабу би сөз бастайды. Билікті рудың төрелері немесе ел ағасы билер айтуға тиісті. Сонымен бір-біріне ұсынып отырғанда, төрден орын ала алмаған, есік жақтағы бір шешен сөз бастапты. Қара кұлын терісінен тігілген тайжақы кіреуке жамылып, құлын терісінен жасатқан белбеуіне сапы асынған жас жігіт Құнанбайға қарсы жүгініп: - Біз сөзді қалай бастаймыз?! Ортамыз ойылып, ордамыз бұзылып, қоныс ауып, мекен қуып көшіп жүрген елміз. Тұрған жеріміз қалың дәрсет пен ұранқайдың ортасы. Бұлардың бесік белгісі, төсек үлгісі жок, "алса бітім, берсе бітім" дегенді ғана біледі. Ортасы ойылып, ордасы бұзылмаган, жаны бір, заңы бір ағаның баласы өзі бастамай ма? - депті. Сонда аға сұлтан Құнанбай шынтақтап жатқан жастығынан басын көтеріп, Бейсенбіге барлай қарапты. - Болар, болар, өзі болар. Болғалы тұр екен ғой, аузының жұрт айналар икемі бар, көмейінің жау айбынар сұр жыланы бар жігіт екен. Жиын өзі де басталды емес пе, - депті. Бейсенбі жас болса да осыдан бастап Абақ елі ортасында таныла берген. Кейінгі кезде Абақ елі төре билік айтар төбе би сайлағанда: "Аға сұлтан Құнанбай келгендегі үлкен жиында қазақ пен монғолдың, Найман менУақтың төресі мен билері, шешендері мен шенділері бас қосқанда топ жарып сөз бастаған ата сұлтан Құнанбайды "Аузы дуалы, сөзі куәлі, қара қылды қақ жара сөйлейтін білікті, қайсар, би, айтулы шешен" екен деп, ел зорқұрмет көрсетті. Сол отырыста Бейсенбі оны ұстаз тұтып батасын алыпты. ### Аңыз Құнанбай биді кейбіреулер қатал, мейірімсіз дейді. Тіптен олай емес, оның кешірімшіл, мейірімді кездері де аз болмаған. Оған мына бір болған оқиға дәлел:Тобықты елінде оның ішінде Жуантаяқ руынан шыққан, жортуылшы батыр Бәзіл деген болыпты. Бәзіл үнемі бойынан қаруын тастамайтын, көбінесе ат үстінде жортуылда жүретін ержүректі, қайтпайтын, қимылына көз ілеспейтін өте әбжіл адам болған екен.Қыс түсіп жерге алғашқы қар жауған күні жылқы ішінен жайылымда жүрген Құнанбайдың үлкен қара ала аты жоғалыпты. Денесі ауыр Құнанбай қыста мінуге шыдайтын ат сол ғана екен, жануар сондай зор ат болса керек.Жылқышылар аттың жоғалуын еріксіз Құнекеңе хабарлапты, Құнанбай жылқышыларға: - Сырттан келгенсіз бар ма? Қасқыр жесе, сүйек-саяғы жатады. Ұры болса із-түзі болады, анықтап байқаңдар, - депті. Жылқышылар іздеп қарап, ештеңе байқай алмапты. - Еңдеше, іздеп әуре болмаңдар, мұны Бәзіл сойып алған екен, - депті де қойыпты Құнекең. Алайда, Құнекеңнің жанында жүрген билер мен болыстар Бәзілді сізге шақырайық, қара ала аттың жәйін сұрайық, егер ұрласа - оны жазалайық, - дей беріпті.Бірнеше рет олар соны айта берген соң Құнанбай Бәзілді шақыртайық десендер шақыртыңдар деген екен. Айтқандай бір күнде Бәзіл келіпті. Келген бетінде төрде отырған Құнанбайга қарсы жүгіне тізесін бүгіп отыра беріп: - Құнанбай, мені неменеге шақырттың? - депті бетіне бажырая тік қарап. Сонда Құнанбай жәй ғана дауыспен байыппен сөйлеп: - Бәзеке, ат үстінде көп жүресіз, біздің әлгі жоғалған қара ат көзіңізге түспеді ме? - деп қана сұрайды. Сонда Бәзіл тайсалмай сөйлеп: - Ол Қара ала ат көзіме түскенді қойып, менің ішіме түсті. Оны мен соғымға сойып алдым. Сен бір қыста соғымға - 50-60 қара соясың. Соятын қойдың да есебі жоқ. Сонда маған бір жылқың көп пе? - деген екен. Мұны естіген Құнекең лөм-мим деп ештеңе де айтпапты. Басқалар ойлап қалса керек, Құнанбай Бәзілді енді құртатын болды деп.Үнсіздікті Бәзіл өзі бұзып, Құнанбайға: - Сол ма мені шақырғаның, - депті. Құнанбай: - Иө, сол еді, - депті де қойыпты. Бәзіл үйден шыға бергенде анадайда отырған біреуге: - Ана Бәзілді аттандыр, бірақ оң жақ жеңінде не бар екенін байқашы?- депті. Аттандырып келген жігіт айтыпты: - Оң жақ жеңінің ішінде жалаң қанжары бар екен, - депті. Сонда үйдегі кісілер таң-тамаша қалыпты.- Осыны көрмей білген Құнекеңдер әулиедей білгір емес пе? - дескен былайғы отырған адамдар. ### Аңыз Тобықты елімен Қаржас елі арасында жер дауы шығып, оның аяғы үш- төрт жылға созылыпты. Айтылған бітімге екі жағы келісе алмай наразы болып, жоғары жаққа шағынып, билікті бұздыра беріпті. Сөйтіп бұл дау төтенше съезге түсіпті. Сиезде тобықтылар атынан Құнанбай би, Қаржас жағынан Шорманның Мұсасы сөз сайысына түсіпті. Екі би біраз салғыласып, бір бітімге келе алмапты. Басын келіп изесе, Басын келіп изесе, Оған да қыл бостандық, Оған да қыл бостандық, Аяққа салып баспаңдар. Аяққа салып баспаңдар. Бақ тайса ажарыңа қарамайды, Бақ тайса ажарыңа қарамайды, Біреуді біреу сырттан табалайды, Біреуді біреу сырттан табалайды, Басыңа қарапайым бір іс түссе, Басыңа қарапайым бір іс түссе, Қылды деп білместікпен шамалайды. Қылды деп білместікпен шамалайды. "Адам басы алланың добы" деген, "Адам басы алланың добы" деген, Дәм тартса әр тарапқа домалайды. Дәм тартса әр тарапқа домалайды. Мұса кезекті бір сөзінде: "Менің ата-бабама бақыт қонған, біздің мәртебеміз биік, салмағымыз басым, байтақ жатқан елім бай, көкорай шалғын жерім бар, шалқып жаткан көлім бар..." - деп, өзінің байлығын термелеп, мақтана беріпті. Сонда Құнанбай оған былай депті: Пұт болдым деп мақтанба,Пұттан ауыр батпан бар.Биікпін деп мақтанба,Асқар-асқар таулар бар.Ар жағында аспан бар.Басыма бақыт қонды деп,Тосылмаймын енді деп,Алдаушы жалған дүниеге,Ғалып болып азбаңдар,Қарсы келген дұшпаның,Басын келіп изесе,Оған да қыл бостандық,Аяққа салып баспаңдар.Бақ тайса ажарыңа қарамайды,Біреуді біреу сырттан табалайды,Басыңа қарапайым бір іс түссе,Қылды деп білместікпен шамалайды."Адам басы алланың добы" деген,Дәм тартса әр тарапқа домалайды. Пұт болдым деп мақтанба,Пұттан ауыр батпан бар.Биікпін деп мақтанба,Асқар-асқар таулар бар.Ар жағында аспан бар.Басыма бақыт қонды деп,Тосылмаймын енді деп,Алдаушы жалған дүниеге,Ғалып болып азбаңдар,Қарсы келген дұшпаның,Басын келіп изесе,Оған да қыл бостандық,Аяққа салып баспаңдар.Бақ тайса ажарыңа қарамайды,Біреуді біреу сырттан табалайды,Басыңа қарапайым бір іс түссе,Қылды деп білместікпен шамалайды."Адам басы алланың добы" деген,Дәм тартса әр тарапқа домалайды. "Бөрекелді, Құнекең тауып айтты", - депті ел. ### Аңыз Құнанбай би Меккеге барып, қажылыққа қол беріп келген жылдың қысында үйінде бір топ адам қонақ болып түстеніп отырады. Біреулер "шаруа қайтсе оңалады, малжан қайтсе аман болады?" деседі. Сонда Құнекең: - Шаруаң онға айналған шақта,Мінген атың жүреген болады.Асыраған итің үреген болады,Қатының қадірлі болады,Қызың ажарлы болады,Малың базарлы болады,Шөбің шығымды болады,Малыңа жұғымды болады,Ұлың білімді болады,Құлың сенімді болады, - Шаруаң онға айналған шақта,Мінген атың жүреген болады.Асыраған итің үреген болады,Қатының қадірлі болады,Қызың ажарлы болады,Малың базарлы болады,Шөбің шығымды болады,Малыңа жұғымды болады,Ұлың білімді болады,Құлың сенімді болады, деп, бір тоқталады да, оның аяғын былайша жалғастырады: Шаруаң солға айналған шақта:Мінген атың шабан болады,Асыраған итің жаман болады,Қатының сараң болады,Қызың ажарсыз болады,Малың базарсыз болады,Шөбің шығымсыз болады,Малыңа жұғымсыз болады.Ұлың білімсіз болады,Құлың сенімсіз болады... Шаруаң солға айналған шақта:Мінген атың шабан болады,Асыраған итің жаман болады,Қатының сараң болады,Қызың ажарсыз болады,Малың базарсыз болады,Шөбің шығымсыз болады,Малыңа жұғымсыз болады.Ұлың білімсіз болады,Құлың сенімсіз болады... Әумин! ## Дереккөздер
Есiл ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік аудан. 1997 жылдың 17 сәуіріне дейін Ленин ауданы аталып келді. Жерінің аумағы 5,14 мың км². Орталығы — Явленка ауылы. ## Географиялық орны Солтүстігінде Мамлют, Қызылжар, шығысында Аққайың, Тайынша, батысында Жамбыл, Шал ақын, оңтүстігінде Айыртау аудандарымен шектеседі. ## Тарихы Есіл ауданы 1928 жылы 3 қыркүйекте Ленин ауданы болып құрылды. Орталығы Явленка ауылы болып, құрамына 23 ауылдық кеңес кірді. 1932 жылы Қарағанды, 1936 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының құрамына енді. 1952 жылы Бесқұдық ауылдық кеңесі құрылды. 1954 жылы Ново-Узен ауылдық кеңесі Леонидов ауылдық кеңесіне қосылып, Бірлік ауылдық кеңесі таратылды. 1957 жылы Қараағаш ауылдық кеңесі Тораңғыл ауылдық кеңесіне, Малинов, Тұңғиық ауылдық кеңестері Заградов ауылдық кеңесіне, Яснов ауылдық кеңесі Бесқұдық ауылдық кеңесіне қосылды. Преснов ауданынан Николаев ауылдық кеңесі берілді. 1958 жылы Петров ауылдық кеңесі таратылды. 1962 жылы Қараағаш, Петров ауылдық кеңестері құрылып, Арал, Леонидов ауылдық кеңестері таратылды. Совет ауылдық кеңесі Корнеев, Ивано-Павлов ауылдық кеңесі Волошин болып өзгертілді. 1963 жылы таратылған Приишим ауданының 3 ауылдық кеңесі қосылды. Бұлақ ауылдық кеңесі құрылды. 1967 жылы Ново-Никольск, Заречный ауылдық кеңестері жаңадан құрылған Бескөл ауданына берілді. 1968 жылы Заречный ауылдық кеңесі ауданға қайтарылды. 1970 жылы Яснов ауылдық кеңесі құрылды. 1972 жылы Мәскеу ауданы құрылып, оған 7 ауылдық кеңес берілді. 1973 жылы Дружба, 1978 жылы Мереке, Алматы ауылдық кеңестері құрылды. 1994 жылы бұрынғы ауылдық кеңестер аумағында ауылдық округтер құрылды. 1997 жылы 12 ақпанда Александров, Дружба, Қараағаш, Мереке ауылдық округтері таратылды. Сол жылы 18 сәуірде таратылған Мәскеу ауданының аумағы еніп, Ленин ауданы Есіл ауданы болып өзгертілді. 2005 жылы Спасов ауылдық округі құрылды. ## Жер бедері, климаты Ауданының жері түгелдей жазық және оңтүстіктен солтүстікке қарай еңістеу келеді, теңіз деңгейінен 150 — 200 м жоғары жатыр. Климаты тым континенттік: қаңтарда ауаның орташа температурасы –19ºС, шілдеде 20ºС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 — 350 мм. Жер беті суларын аудан жерінің оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысына қарай ағып өтетін Есіл өзенінің орта бөлігі мен сирек кездесетін көлдер құрайды. Ірі көлдері: Есілдің сол жағындағы Алба, Кіндікті, Қамысты, оң жағындағы Жалтыркөл, Таранкөл, Сарыкөл, Жыланды, Балықты. Есіл жайылмасында көптеген ескі арналар да кездеседі. ## Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Ауданның жері орманды-дала белдеуінде орналасқандықтан, жері, негізінен, қара топырақты болып келеді. Көларалық жазықтарда карбонатты қара топырақ, далалық өңірде сортаң қара топырақ, орманды жерлерде күлгін қара топырақ тараған. Есілдің жағалауында, негізінен, әр түрлі шөп аралас боз, бетеге, жағалаудан алшақтау жерінде терек пен қарағай аралас қайың шоқтары, көл жағалай шалғынды-батпақты өсімдіктер, өзен жайылымында дәнді-дақылды өсімдіктер өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, дала тышқандары, көлдер мен өзендерде ондатра, құстардан: бүркіт, кезқұйрық, тұрымтай, қырғи, қаз, үйрек, аққу, балықшы, қызғыш, тауқұдірет, бөдене, тырна, балықтардан: шортан, шабақ, алабұға, табан, т.б. бар. ## Халқы Тұрғындары 22 356 адам (2019). Ұлттық құрамы: орыстар (54,16%), қазақтар (38,71%), немістер (2,84%), украиндар (1,66%), поляктар (0,57%), татарлар (0,49%), беларустар (0,27%), армяндар (0,21%), чуваштар (0,19%), басқа ұлт өкілдері (0,91%). ## Әкімшілік бөлінісі 53 елді мекен 16 ауылдық округке біріктірілген: Аудан негізінен, ауыл шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерінің аумағы 454,9 мың га. Егіс аумағының 70%-ке жуығын дәнді дақылдар құрайды. Мал шаруашылығы сиыр, жылқы, қой және шошқа өсіруге маманданған. Ауданда өндірістік және тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, 2 май зауыты, ет-сүйек зауыты, нан комбинаты, баспахана, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 1 ауыл шаруашылық колледжі, 54 орта мектеп, 56 дәрігерлік пункт, 3 аурухана, 10 дәрігерлік амбулатория, 43 фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Ғабит Мүсiрепов ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында Есiл жазығында орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан 1969 жылы құрылды. Аумағы 11,1 мың км2. Орталығы - Новоишим ауылы, облыс орталығынан қашықтығы 270 км. ## Географиялық орны Солтүстігінде Тимирязев, Шал ақын, шығысында Айыртау аудандарымен, батысында Қостанай облысының Сарыкөл, Қарасу аудандарымен, оңтүстігінде Ақмола облысының Есіл, Жақсы, Сандықтау аудандарымен шектеседі. Аудан дала және орманды дала зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты. Аудан аумағында (Есіл (ұзындығы 130 километр), Шырақ, Аққанбұрлық, Битүк, Шанақсай) өзендер және екi үлкен (Қалмақкөл - 1258 га, Ұлыкөл - 1640 га) көл бар. ## Тарихы Аудан Көкшетау облысының құрамында 1969 жылы 28 мамырда Куйбышев ауданы болып құрылды. 1973 жылы Ишим, 1975 жылы Ставрополь ауылдық кеңестері құрылды. 1997 жылы 7 сәуірде Будённый, Володар, Западный, Пески, Ставрополь, Урожайный, Целинный ауылдық округтері таратылды. 2 мамырда Рузаев және Чистопол аудандары Куйбышев ауданымен біріктіріліп, Целинный деп аталды. Ал 3 мамырда Көкшетау облысы таратылып, аудан Солтүстік Қазақстан облысының құрамына енді. 2000 жылы Шұңқыркөл, Көкалажар, Салқынкөл ауылдық округтері құрылды. 2002 жылы Ғабит Мүсіреповтің 100 жылдығына орай ауданға жазушы есімі берілді. 2010 жылы Приишим, 2013 жылы Гаршин ауылдық округтері таратылды. ## Халқы Тұрғындары 40 850 адам (2019). Ұлттық құрамы: орыстар (43,10%), қазақтар (32,80%), украиндар (10,50%), немістер (5,08%), беларустар (2,54%), татарлар (1,59%), поляктар (0,67%), әзербайжандар (0,61%), ингуштар (0,53%), башқұрттар (0,35%), чуваштар (0,25%), армяндар (0,24%), мордвалар (0,22%), басқа ұлт өкілдері (1,52%). ## Әкімшілік бөлінісі 62 елді мекен 17 ауылдық округке біріктірілген: ## Аудан экономикасы (2009 жылдың қорытындылары) Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 383 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 9 - iрi, 48 - орта, 326 - шағын кәсiпорын. Олардан 150 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 231 - жеке меншiк, 2 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 13,7%-ы өндiрiлген (32 742,1 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 5 918,1 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 8,6%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 110,7% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 1 705,4 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 132,4% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 34 367,2 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 40,1% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 6 835,0 млн.теңге құрады. Пайдалануға 11,2 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 28,1 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 13,5% өсiп, 41 195 теңгенi құрады. Нақты жалақы 6,0% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 28 174 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 810 теңге құрады. ## Дереккөздер
Риддер — Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысындағы қала (1932 жылдан), темір жол станциясы, Риддер қалалық әкімдігі орталығы. Іргесі 1784 жылы орыс инженер-технигі Ф.Риддер осы маңнан полиметалл кенін ашуына байланысты қаланды. 1941 жылға дейін Риддер, 1941 — 2002 жылы Лениногорск деп аталған. 1917 жылға дейін қала шетел капиталистерінің қолында болған. Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласы 1786 жылы Риддер кенті ретінде негізгі қаланған және кен орнын бірінші ашқан инженер Филипп Риддердің есімі берілген. ## Халқы XX ғасырдың басында кенттегі халық саны 4 мың адам болды, ең көп шоғырланған кезең 70-ші жылдары- 72 мыңнаң артып түсті. Бүгінде қалада 61,5 мың адам тұрады. Қазіргі Риддер қаласының аумағы 77,52 км² құрайды. Тұрғыны 51,9 мың адам (2004). Әкімшілік аумағына 9 елді мекен және бір кенттік аймақ кіреді. Риддер қаласының әкімшілік аумағы кенді Алтайдың орталық бөлігінде, Лениногор «шұңқырында», таулы орманды дала өңірінде орналасқан. Лениногор ойпаты оңтүстік шығыста «Иванов белдеуі» жотасымен, оңтүстікте-«Проходной белдеуі» беткейлерімен, батыста және оңтүстік-батыста «Синюхин белдеуі» беткейлерімен шектелген. ## Геология Облыс орталығы — Өскемен қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 101 км жерде, Үлбі және Иванов жоталарының аралығында, Үлбі өзенінің жағасында, теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте орналасқан. ## Гидрология Негізгі өзендері Тихая, Филипповка, Быструха, Громотуха, Журавлиха, Шаравка, басқа да өзендер таудан ағатындықтан ағыны қатты, жағалаулары тасты болып келеді. Өлкеде суық родон суы көздерінің бар екендігі анықталды, емдік мақсатта пайдалануға болады. Риддерде кен өндіру және түсті металдар өнеркәсібінің салалары дамыған. ## Экономика Риддерді қоршаған тамаша табиғат туристік саланы дамытуға, оған тек қана қала тұрғындары емес, облыс, республика, алыс және жақын шет елдердегі туристік ұйымдарды қатыстыруға алғы шарттар толығымен бар. Қала аймағында бірнеше туристік және спорттық базалар орналасқан. Қалада көлік және байланыс кәсіпорындары, құрылыс фирмалары, тамақ және күту саласындағы кәсіпорындар табысты қызмет атқаруда. Риддер қаласы Өскемен агломерат құрамына кіреді, түрлі түсті металдардың кен орындарымен, су және орман, құрылыс материалдарын өндіру қорларымен қамтамасыз етілген. Түрлі түсті металдар кен орындарының ішінде алтын араласқан қорғасын-мырыш кендері, күміс, кадмий, сүрме, күшәлә, қалайы, темір, күкірт және басқа элементтер басым. Құрылыс материалдарының ішінде кірпіш шикізаттары, түйіршек-құмқоспалары және құмдар мол. Лениногор «шұңқыры» таулы, орманды дала ландшафт өңіріне жатады: қоңыр-қылқанды тайга, аралас ормандар, бұталар және әртүрлі шөп түрлері көп. Риддер қаласы маңайының басым бөлігін шыршалы орман алып жатыр. Жер бедері таулы болғандықтан шаруашылық мақсатында кеңінен пайдалануға қиындық келтіреді. Мұнда қорғасын, күміс, алтын өндіретін және түгелімен қол еңбегіне негізделген бірнеше ұсақ кеніштер мен қуаты шамалы балқыту зауытыты жұмыс істеді. Кеңес үкіметі және 2-дүниежүзілік соғысы жылдары жаңа техникамен жабдықталған қуатты кеніштер мен байыту және балқыту зауыттары салынды. Риддер Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталықтарының бірі. Қалада “Қазмырыш” АҚ-на қарайтын қорғасын, мырыш және сирек металдар өндіретін кеніштер (Сокольный, Быструшин, Андреев, Тишинский), екі байыту комбинаты, балқыту зауыты жұмыс істейді. Басқа өнеркәсіп салаларынан Риддерде “АЭС ТЭЦ” ЖШС-і, “Нан комбинаты”, “Напитки”, “Сұлулық”, “Шем-Азат” және “Арман” АІ-тарына қарасты құрылыс материалдары мен ағаш өндіру және өңдеу комб-тары бар. ## Әлеуметтік Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелерінен Риддерде агр.-тех. колледж, екі кәсіптік-тех. мектеп, жалпы білім беретін 19 мектеп, музыкалық мектеп, балалар бақшасы, кітапханалар, демалыс саябағы, Мәдениет сарайы, Инженерлер үйі, стадион, қалалық клиникалық аурухана, полиметалл комбинатының ауруханасы мен емханасы, тубдиспансер, балалар ауруханасы, т.б. бар. Дәрілік өсімдіктерді жинау және оларға селекция жүргізумен айналысатын 1935 жылы құрылған КСРО ҒА Шығыс бөлімшесінің Алтай ботаник. бағы жұмыс істейді. Қала арқылы Түрксіб темір жолының Локоть — Риддер темір жолы тармағы өтеді. ## Дереккөздер
Шемонаиха ауданы — Шығыс Қазақстан облысының солтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс. Аудан 1928 жылы құрылған. Аумағы – 4 мың шаршы шақырым. Орталығы – Шемонаиха қаласы. ## Географиялық орны Шығысында Глубокое, батысында Бородулиха, оңтүстігінде Ұлан аудандарымен және солтүстігінде Ресейдiң Алтай өлкесiмен шектеседi. Ауданда минералды-шикiзаттық қоры бар, атап айтқанда полиметалдық кендер, құрамында мыс, мырыш, алтын, қорғасын бар. ## Өнеркәсібі мен шаруашылығы Ауданның базалық салалары — ауыл шаруашылығы және кен өндiру саласы. Экономика құрылымында өнеркәсіп 45 пайызды, ауыл шаруашылығы 34 пайызды, сауда 12 пайызды, қаржы салымы 9 пайызды құрайды. Мыс-химиялық комбинат ауданның негiзгi өнеркәсiптiк кәсiпорыны болып табылады. Бұданда басқа өнеркәсiп салалары да ауданда жақсы дамыған. Қайта өңдеу өнеркiсiбi нан өндiру, сүт және ет өнiмдерi кәсiпорындары бойынша көрсетiлдi. Ауданның екi кәсiпорыны — Ертiс сирекжер компаниясы және Казниобий ИХМЗ — сирек кездесетiн металдар және сирекжер өнiмдерiн өндiрумен айналысады. Ауданның агроөндiрiстi кешенi төрт жүз жетпiс төрт ауыл шаруашылық қалыптастықтарынан құрылған, оның iшiнде төрт жүз жетпіс сегіз шаруа қожалығы, 37 жаупкершiлiгi шектеулi серiктестiк, 1 коммандативтік серіктестік, 2 өнеркәсiптiк кооперативi бар. Жарты жылдықта ауданда 23 мың тонна сүт, 3 мың тонна ет өндiрiлдi. Аудан 134 мың гектар жерге тұқым себілді, соның ішінде астық — 86 мың, кұнбағыс — 30, көп жылдық шөп — 9. Ауыл шаруашылығы тауарлық өнiмдерiн өндiру өткен жылы бес миллиард екi жүз жиырма бес миллион теңге құрады. Аудандағы негiзгi көлiк түрi автомобиль болып табылады. Аудан арқылы негiзгi темiр жол тармағы өтедi: Защита–Локоть, Семей–Алматы. Ауданда қалааралық, халықаралық және ұйалы телефон байланысы бар. Ауданның бiлiм беру саласында 32 жалпы бiлiм беру мектептерi, 5 балалар бақшасы, 2 колледж, 2 кәсiптiк-техникалық мектеп бар. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Ауданның климаты тым континенттік әрі қатал болып келеді. Қысы суық әрі ұзақ, жазы қоңыржай жылы. Қаңтарда ауданның орташа температурасы -18°С, шілдеде 19°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 400–800 мм. Жер беті сулары Ертістің біршама үлкен саласы — Үбі өзені мен оның көптеген салаларынан тұрады. Жер жамылғысы негізінен таулық-ормандық сұр, күлгін қара топырақты. Өсімдіктерден жазық бөлігінде селеу, бетеге, еркекшөп, бидайық, т.б. адырлы шығыс жағында майқарағай, қайың, терек, мойыл, қарақат, итмұрын тараған. Жануарлар дүниесі қасқыр, түлкі, қоян, сарышұнақ, суыр, аю, марал, бұғы, елік, құдыр, сілеусін, құндыз, шіл, кекілік, жапалақ, үкі, сауысқан, қарға, т.б. тұрады. ## Халқы Тұрғындары 43 736 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 15,36%, орыстар – 78,72%, немістер – 2,85%, украиндар – 0,49%, татарлар – 0,58%, шешендер – 0,26%, армяндар – 0,54%, беларустар – 0,22%, өзбектер – 0,233%, әзербайжандар – 0,17%, корейлер – 0,11%, басқа ұлт өкілдері – 0,48%. ## Әкімшілік бөлінісі 34 елді мекен 1 қалалық, 2 кенттік әкімдік пен 8 ауылдық округке біріктірілген: ## Әлеуметтік құрылымдары Ауданның емдеу-алдын ала емдеу мекемелерi 40 объект, оның iшiнде 3 аурухана, 5 емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 17 фельдшерлiк-акушерлiк пункт, 5 тiс дәрiгерлерi кабинеттерi бар. Мәдени мекемелердiң тiзбесi келесi тұрпатта берiлген: 1 тарихи - өлкетану мұражайы, 1 мәдениет үйi, 15 клуб, 19 кiтапхана, 2 стадион, 3 спорт кешенi. Бiздiң ауданда тұратын әр ұлтты халықтың мәдениетiн және салт дәстүрiн тереңдете зерделеу мақсатында аудандық Достық Үйi жұмыс iстейдi, оны базасында ағымдағы жылы қазақ тілін оқыту Орталығы ашылады. ## Аудан тұлғалары * Гребенщиков Георгий Дмитриевич (1882–1964) — жазушы. АҚШ Оксфорд университетiнiң философия докторы, белгiлi қоғам қайраткерi. Николаев кенi ауылында (қазiргi Шемонаиха ауданы) дүниеге келген. ХХ ғасырдың басында Ресейдiң саңлақ беллетристиктерiнiң қатарында саналған. В.Шишков, М.Горький, И.Бунин, Н.Рерихтермен достық қарым-қатынаста болған. 1920 жылы Америкаға қоныс аударған, өмiрiнiң соңына дейiн осы жерде тұрған. 1933 жылы Нобель сыйлығына ұсынылған, бiрақ-та И.Буниннiң пайдасы үшiн одан бас тартқан. Оның шығармаларының iшiнде "Чураевы", "Гонец", "Письма с Помперага", "Моя сибирь", "Егоркина жизнь" және тағы басқалары бар. * Иванов Анатолий Степанович (1928–1999) — жазушы. Шемонаиха ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1950 жылы Қазақ мемлекеттiк университетiн бiтiрген. Журналист мамандығын алғаннан кейiн "Прииртышская правда" газетiнде, "Сибирские огни" газетi редакторының орынбасары болып жұмыс iстеген. 1972 жыл — "Молодая гвардия" журналының редакторы. Жазушы ретiнде атақты "Алкины песни" шығармасы алып келдi, кейiнiрек "Вечный зов", "Тени исчезают в полдень", "Повитель" романдары жарық көрдi. "Вечный зов" фильмiнiң сценариi үшiн Ивановқа "Социалистiк еңбек ерi" атағы, КСРО мемлекеттiк сыйлығы берiлдi. * Попов Александр Гаврилович — суретшi. 1926 жылы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылында дүниеге келдi. 1935 жылы отбасымен Алматыға көшiп барды. 1946–1951 жылдары Гоголь атындағы көркемсурет училищесiнде оқыды. Суретшi орындаушы және сурет салу мен сызу оқытушысы мамандығын алды. Жұмыс жолын 1951 жылдан Шемонаиха ауылының №1 орта мектебiнде сурет салу мен сызу пәнiнiң мұғалiмi болып бастады. Оқытушылық қызметке 24 жылын арнады. 10 жыл ағымында балалардың бейнелеу студиясын басқарды. Аудан, облыс, республика деңгейiнде бiрнеше рет көрмелерге қатысты. 2001 жылы Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайында Поповтың соңғы жеке көрмесi болып өттi. * Морозов Борис Филиппович — суретшi. 1944 жылы Песчанка ауылында дүниеге келдi. Мәскеу қаласы Н.Крупская атындағы халықтық Бүкiлодақтық өнер университетiнiң түлегi, сурет және бейнелеу өнерi факультетiнде оқыған. 1969 жылы Қазақстан Республикасы суретшiлер Одағының мүшесi атағына ие болды. Облыстық, республикалық және бiр халықаралық Германия, Чехословакия, Венгрия, Болгарияда экспонатталған көрменiң қатысушысы. 30 жылдан астам уақытта балалардың "Ласточка" бейнелеу өнерi студиясын басқарады. Шығыс гуманитарлық колледжi филиалында оқытушы. "Бейнелеу өнерi" номинациясында мәдениетке қосқан үлесi үшiн Шығыс Қазақстан облысы әкiмi сыйлығының 2005 жылғы жүлдегерi. * Голиненко Валентин Григорьевич — ақын. 1954 жылы Қырғызстанда Қара-Балта қаласында дүниеге келдi. 1962 жылы отбасымен Шемонаиха ауданы Первомай кентiне көшiп келедi. Әскери мiндетiн Потстдамда советтер әскерi тобында өтедi. 1975–1977 жылдары Томск политтехникалық институтында оқыды. 1986 жылы М.Горький атындағы әдеби институтын бiтiрiп, "Әдеби жұмысшы" мамандығын алды. Бүкiлодақтық жас ақындардың 8 және 9 кеңестерiнiң өкiлi. өлеңдерi аудандық, облыстық, республикалық, бүкiлодақтық басылымдарда ("Простор", "Сибирские огни", "Ленинская смена", "Октябрь", "Истоки", "Моладая гвардия", "Студенческий меридиан") жарияланды. Первомай кентiнде тұрады. ## Дереккөздер
Бесқарағай ауданы — 2022 жылдың 8 маусымынан бастап ресми түрде құрылған Абай облысының солтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлік. Әкімшілік бірлігі ретінде 1928 жылы құрылып, 1959 жылға дейін Павлодар облысының, 1997 жылға дейін Семей облысының, 1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының құрамында болды. Орталығы – Бесқарағай ауылы (Большая Владимировка). ## Географиялық орны Аудан шығысында Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің Углы және Михайловка аудандарымен 89 км ұзындықта және Бородулиха ауданымен, батысы мен солтүстігінде Павлодар облысының Май, Аққулы аудандарымен, оңтүстік-батысында Курчатов қаласымен және оңтүстігінде Жаңасемей ауданымен шекаралас орналасқан. Аудан ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейді, астық, майлы және бақша дақылдарын өндірумен, сүтті мал шаруашылығымен, халық тұтыну тауарларын, орман шаруашылығы кәсіпорындарының өнімдерін өндірумен айналысады. Ауыл шаруашылығы алқаптары бұрынғы 13 кеңшарлар мен 1 ұжымшардың базасында құрылған 633 шаруа қожалықтарына бекітілді. Аудан аумағында 6 «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі-390,8 мың га алқаппен, «Дорожник» ЖШС, аудандық электр жүйесі, Қазақтелеком, Қазпошта, мемлекеттік көп салалы коммуналдық кәсіпорны орналасқан. Тарихқа көз жүгіртсек, ХVІІІ ғасырдың басында І Петр кезіндегі орыс мемлекеті Шығыс елдерімен экономикалық және саяси байланыстарды нығайтты. 1714 жылы Ертісте қорғандардан, форпостар мен бекіністерден тұратын ## Тарихы Бесқарағай ауданы 1928 жылы Семей округінің құрамында құрылды. Орталығы Беген ауылы болды. 1932 жылы Шығыс Қазақстан облысының, 1938 жылдан бастап Павлодар облысының құрамына енді. 1959 жылы 9 мамырда Бесқарағай ауданынан Павлодар облысынан Семей облысына берілді. 1960 жылы Грачев ауылдық кеңесі таратылды. 1961 жылы Ново-Покров ауданының Байуақ ауылдық кеңесі беріліп, Елубай ауылдық кеңесі жойылды. 1963 жылы 2 қаңтарда Бесқарағай және Ново-Покров аудандарының негізінде Бесқарағай ауылдық ауданы құрылды. 14 қаңтарда Атшапқан ауылдық кеңесі таратылды. 12 наурызда Шаған кенті Семей қаласының қарамағына өтті. 27 маусымда Социал ауылдық кеңесі таратылды. 1966 жылы 31 қаңтарда қайта құрылған Жаңасемей ауданына Глухов, Жиенәлі ауылдық кеңестері берілді. 1979 жылы Қоянбай, 1984 жылы Лесной, Бөденелі ауылдық кеңестері құрылды. 1996 жылы 27 тамызда Бөденелі, Қоянбай, Кривинка, Лесной ауылдық округтері таратылды. 1996 жылы 30 тамызда таратылған Жаңасемей ауданының Глухов ауылдық округі қосылды. 1997 жылы 3 мамырда Семей облысы таратылып, аудан Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді. ## Пайдалы қазбалары Пайдалы қазбалары рудалы емес қазбалардан тұрады, олар отқа төзімді саз балшық, ірі құм, құрылыс құмдары, жылтыр тас, әк, әртүрлі бояулар және ауданның солтүстік қапталының бөлігінде сирек жер темірлері табылды, бір-ақ жер қоймалары төмен зертелуде. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Аудан климаты құбылмалы, құрғақ. Қысы ұзақ және суық. Қаңтар айында орташа температурасы -170С, кейде-450С-дейін жетеді. Жазы ыстық, құрғақ. Шілде айында орташа температурасы - 210 ыстық. Қысы-қатты боранды, жазы-шаңды дауылды. Орташа жылдық ылғалы 275-300 мм. Өсімдіктердің өсіп-өнуі және даму кезеңі 140 күн, бұл көптеген дәнді дақылдар мен көкөністердің және бақша дақылдарының пысуына қолайлы. Өсімдік әлемі (өсімдіктер) бай және әр түрлі. Ертіс маңында бос терек, қара терек, көк терек, тал шыбық, аққайын, черемуха, долона, ырғай, шәңгіш жидек және басқа да өсімдіктер. Дәрлік шөптер күнделікті өседі. Белдеулі орманда аққайың - көк терек алқаптарында қарағай, аққайың, көк терек, қарағаш, итмұрын, тобылғы, үйеңкі өседі. Жануарлар әлемі (жануарлар) әр түрлі. Дала алқаптарында: атжалман, мұжыма тышқан, орман тышқандары, қояндар мен ақтиындар мекендейді. Күнделікті салпаң құлақ кірпі, қасқыр, түлкі, сұр күзен, борсық, саршұнақ және басқалар кездеседі. Жер бауырлы кесірткелер, улы сұр жыландар, сарбас жыландар топтары және басқалар кездеседі. Белдеулі ормандарда орманның жануарлары да кездеседі, олар ұшатын тиындар, қояндар, түлкілер, қасқырлар, еліктер, бұландар мекендейді және сілеусіндер кездеседі. Құстар әлемі бай және әр түрлі болып кездеседі. Боз торғайлар, лашындар, қара тағандар, боз торғайлар, сасық көктер, сауысқандар, қарғалар, көгершіндер, торғайлар, ұшатын құстар: қаздар, аққулар, үйректер және басқа да құстар мекендейді. Ертіс жағалауларында, су айдындарда, көлдерде ондатралар кездеседі. Ертіс және Канонерка көлдерінде табан, қара балықтар, ала бұғалар, шортандар, шабақтар, лақалар, сүйріктер мекендейді, тұқылар жасанды дамытылған. ## Су жүйесі Су қоры Ертіс өзені. Аудан аумағындағы Ертіс құйылымының кейбір жер асты және жер үсті бұлақтары ғана бар. Кіші және үлкен Канонерка көлі, үлкен, кіші және шағын Шошқалы (Теңіз соры) көлдері емді, олар Павлодар облысының Мойылды көліне ұқсас. Тұзды суда 70 пайыз хлорлы–натрилы қоспа, 40 пайызы борма–терапиялық маңызды негізі бар. 164 г/л балшықты минералдан құралады, судың қысымы +380, +420. Бұл көлдің қасиетті суы әлемдік курортарға теңестріледі: «Трускавец», «Новая Русса» және басқалары, бұлар әр түрлі аурулар үшін емді. Ауданның табиғи аумағы – дала - шөпті және орман алқапты. Ертістің сол қапталында Қазақтың төбешіктер басталады. Ауданның гидрогеологиялық ерекшелегі ол тұщы жер асты суларының жиналған жерінде орналасқан. ## Халқы Тұрғындары 18 689 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 68,70%, орыстар – 25,07%, немістер – 2,55%, татарлар – 2,03%, украиндар – 0,80%, басқа ұлт өкілдері – 0,85%. ## Әкімшілік бөлінісі 28 елді мекен 10 ауылдық округке біріктірілген: ## Әлеуметтік құрылымы Аудан халықтарына АОА, өкпе ауруына қарсы аурухана, 7 отбасылық–дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік – акушерлік пункті, 15 медициналық пунктер, 16 кітапханалар, 182 сауда орындары, 21 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қызмет көрсетеді. Аудан ауылдарында 21 жалпы білім беру мектептері жұмыс істейді, онда 4842 оқушылар білім алады, барлық мектептер компьютерлендіріліп, Интернетке қосылған. Саз мектебі, балалар-жасөспірімдер мектебі, шығармашылық үйі жұмыс істейді. Жазғы кездерде ауданда Ертіс жағалауында 150 балаларға арналған сауықтыру - спорт лагері жұмыс істейді. 2004 жылы Большая Владимировка ауылында балалар бақшасының 1 тобы ашылды. Ауданда екі тілде 1600 дана басылыммен «Бесқарағай тынысы» қоғамдық – саяси газеті шығарылады. ## Тұлғалары Ауданның басты байлығы, оның адамдары, олардың арқасында ол туралы Қазақстан ғана емес басқа да мемлекеттер біледі. Ұлы Отан соғысы жылдары Отанды мыңнан аса бесқарағайлықтар қорғады. Олардың үшеуі Кеңес Одағының Батырлары атанды, олар Елистратов С.А., Корнев И.И., Қайырбаев М. Мұнда Социалистік еңбек ерлері – Жингелбаев К., Қонақов Е, Щевцов С.И. еңбек етті. Аудан тұрғындары жерлестері, капитан Гастеллоның ерлігін қайталаған А.Г.Белоусовты естен шығармайды. 54 адам Тәжік – Ауған шекараларында өз борыштарын атқарды, олардың ішінде өлгенен кейін ордендермен марапатталғандар - Қалтаев К.М. – «Қызыл жұлдыз» орденімен, Белякин Н.Г. «Қызыл жұлдыз» орденімен, Диц И.А. - «Қызыл жұлдыз» орденімен, Нұртазин К.Т. - «Қызыл жұлдыз» орденімен, «1,2 дәрежелі шекара әскерлерінің ең үздігі» төс белгісі, «Ауған халықтарынан интернацио-налис-жауынгерлер» медалімен, «Қазақстан Демократиялық Ауған Республикасынан әскерлерді шығарғанға 15 жыл» өлгенен кейінгі куәлігімен марапатталды. Ертістің сол жағалауындағы Бөдене ауылында өзінің ақындық талантын дарын еткен Әміре Қашаубаев өмір сүрді. (Ескерту: Әміре Абыралы өңірінде туған. Ақын емес, әйгілі әнші болған.) Елуінші жылдары өзінің жерін Мәскеу, Алматы қалаларында өткен ақындар айтысында танытып, жеңімпаз атанған халық ақыны Нұрлыбек Баймұратов өмір сүрді. Өздерінің шығармашылық дарындарын өз өлкелеріне деген сүйіспеншілігін таныта білген ақындар Канонерка ауылынан Михаил Балыкин, Беген ауылынан композитор Төлеген Мұхамеджанов және Болат Қабылбаев Семияр ауылынан, Өндіріс ауылынан Жолан Дәстенов, Беген ауылынан киноактер Меңтай Өтепбергенов және басқа да ғалымдар және ғылыми қызметкерлер. Аудан орталығында кәсіптік - техникалық мектеп жұмыс істейді, онда тігінші, киім пішуші, механизаторлар, слесарлар дайындайды, автомобиль мектептері және «Отан» қоғамдық ұйымы жұмыс істеп, одан барлық категориялар бойынша жүргізушілерді шығарады. Бүгінгі уақытта аудан орталығында композитор және ақын, 50-ден аса өлендердің авторы Қайлаш Нұрғазин тұрады. Бұл жерден 50 жылдары Рим қаласында өткен Олимпиадалық ойындарда КСРО- ның құрама командасының құрамында 4х100 метр қашықтық эстафетасы бойынша қатысқан күміс жүлдегері Гусман Косанов, жетпісінші жылдары Мюнхен Олимпиадасында жеңіл атлетикаға қатысқандар Анатолий Бадранков және Анатолий Микетенко, жеңіл атлетика бойынша КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы Александр Довбенко шықты. Халықаралық республикалық, облыстық жарыстарда бірнеше дүркін жүлдегер атанған біздің жерлестеріміз спорт шеберлері – күресші Изатов Е.Т., Кирибаев Т., Ямалитденов Х., Махамбетов Д., оқ ату бойынша Касатчиков В.А., шаңғы бойынша Баяндилов В., жеңіл атлетика бой-ынша Ә. Зиаданова және басқалары. Ауданның волейбол құрама командасы 2000 жылы Астана қаласында Қазақ-стан Республикасының жазғы ауылдық ойындарында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғап, үшінші орынды иеленді. 20 жыл ішінде аудандық Мәдениет үйінің «Экситон» би тобы «Халық» белгісінің иегері, бұл атақты 2004 жылы «Черодей» би ансамблі «Үлгілі» белгісін алды. Қазақстан Репсубликасының Тәуелсіздігі жылы бесқарағайлықтар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» жоғары үкіметтік наградаларымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медальдарымен 33 адам, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 1 адам, 14 бесқарағайлықтар Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталды. * 3 дәрежелі «Айбын» орденімен-54 өрт сөндіру бөлімінің маманы Сергей Владимирович Белякин орман күзеті және жануарлар әлемі жөніндегі Беген мекемесінің аумағында 2002 жылы 27 мамырда болған ірі өртті сөндіру кезіндегі батылдығы үшін марапатталды. Ол өзінің антын және қызметтік парызын аяғына дейін, қызметтік автокөлікті және ондағы адамдарды құтқара адал атқара білді. * «Ерлігі үшін» медалімен Беген орман шаруашылығының жұмысшысы Зайкенов Дүйсембай Төленбекұлы (өлгенен кейін), 54-ӨБ маманы Изатов Мақсат Алтайұлы осы ірі өртті сөндіруге қатысқандары үшін мараптталды. * «Ерен еңбегі үшін» медалімен фермер және кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін «Восток» шаруа қожалығының басшысы Тұнғұшпаев Мұхтар Сұлтанұлы марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 8 желтоқсандағы №1246 Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен 54-ӨБ бастығы Панюков Дмитрий Валерьевич. «Ерен еңбегі үшін» медалімен фермер және кәсіпкерлікті дамытудағы жеткістіктері үшін «Лана» шаруа қожалығының басшысы Әділев Теміржан Ертайұлы марапатталды. ## Дереккөздер
Бородулиха ауданы — Абай облысының солтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. Орталығы – Бородулиха ауылы. Аудан 1928 жылы құрылған. ## Тарихы 1928 жылы 17 қаңтарда Семей уезінің Бородулиха және Совет болыстарынан Семей округінің Белағаш ауданы құрылған. Орталығы — Белағаш ауылы болды (1928 жылы 3 қыркүйекте БОАК-мен бекітілген). 1932 жылы 20 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы құрылып, оның құрамына орталығы Бородулиха ауылында орналасқан Белағаш ауданы енеді (1932 жылы 10 наурызда БОАК-мен бекітілген). 1935 жылғы 24 ақпандағы Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің Қаулысымен қайта құрылған Предгорный ауданына Төлентау, Тройницк, Қызыл, Лево-Бережный, Митрофанов,  Бородин, Азов ауылдық кеңестері; Семей ауданына – Шабынды, Қоқан, Пролетар, Репин, Болтатар, Жаңаалы, Қорғанбай, Клементьев, Талица, Шар, Тепқаша, Знаменск, Ерназаров, Карпов, Делбегетей, Мұрат, Ебетей ауылдық кеңестері берілді. 1939 жылғы 14 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен аудан жаңадан құрылған Семей облысына берілді. Ауылдық кеңестері: Андреев, Белағаш, Бородулиха, Ерназаров, Жаймов, Зубаиров, Камышен, Красноаул, Крестьян, Ленин, Николаев, Новодвор, Октябрь, Орлов, Перементьев, Петропавл, Подборный, Пролетар, Степной, Ранов, Тоқаев, Ұялы. 1944 жылғы 8 мамырдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Крестьян ауылдық кеңесі Степной ауылдық кеңесімен біріктіріліп, Камышен ауылдық кеңесі Дмитрьев ауылдық кеңесі болып өзгертілді. Сондай-ақ Белағаш кенттік кеңесі құрылды. Жаңадан құрылған Ново-Покров ауданына Белағаш, Ерназаров, Жаймов, Зубаиров, Красноаул, Николаев, Октябрь, Подборный, Пролетар, Тоқаев, Степной, Ұялы ауылдық кеңестері және Белағаш кенттік кеңесі берілді. Белағаш ауданы Бородулиха ауданы болып өзгертілді. 1945 жылы 1 қаңтар бойынша Бородулиха ауданының құрамына Андреев, Барышев, Бородулиха, Дмитриев, Ленин, Новодвор, Орлов, Переменов, Ремов ауылдық кеңестері кірді. 1954 жылғы 4 тамыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ленин, Орлов, Ремов ауылдық кеңестері Ремов ауылдық кеңесіне біріктірілді. 1962 жылғы 29 мамырдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Жаңа Шүлбі ауданымен бірігуі нәтижесінде Бородулиха ауданы таратылды. 1963 жылғы 2 қаңтардағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен таратылған Жаңа Шүлбі, жартылай Ново-Покров аудандарының жерінен Бородулиха ауылдық ауданы құрылды. Ауылдық кеңестері: Андреев, Барышев, Бородулиха, Дмитриев, Новодвор, Переменов, Ремов, Жернов, Краснояр, Зубаиров, Ертіс, Красноаул, Ново-Покров, Жаңа Шүлбі, Ленин, Подборный, Степной, Таврия, Тоқаев, Тепқаша, Уба-Форпост, Шүлбі және Белағаш кенттік кеңесі. 1963 жылғы 27 маусымдағы Семей облыстық атқару комитетінің Шешімімен Барышев ауылдық кеңесі Жернов ауылдық кеңесімен біріктірілді. 1965 жылғы 28 тамыздағы Семей облыстық атқару комитетінің Шешімімен Абай ауданынан Семейтау ауылдық кеңесі берілді. 1965 жылғы 22 қазандағы Семей облыстық атқару комитетінің Шешімімен Абай ауданының Знаменск ауылдық кеңесінен Бородулиха ауданының Петропавл ауылдық кеңесіне Сарапан жайылым учаскесі; Ново-Покров ауылдық кеңесіне Әтей учаскесі; Зубаир ауылдық кеңесіне Шынжы учаскесі берілді. 1966 жылы 31 қаңтарда қайта құрылған Жаңасемей ауданына Зубаиров, Ертіс, Ново-Покров, Петропавл, Семейтау, Тепкаши ауылдық кеңестері; Жаңа Шүлбі ауданына Андреев, Жернов, Краснояр, Ленин, Жаңа Шүлбі, Таврия, Уба-Форпост, Шүлбі ауылдық кеңестері берілді. 1974 жылы 25 қыркүйекте Орлов тау-кен байыту комбинаты маңындағы елді мекен жұмысшы кенттері санатына жатқызылып, оған «Жезкент» атауы берілді. Жезкент кенттік кеңесі құрылды. 1975 жылы 2 наурызда орталығы Андроновка ауылында орналасқан Андронов ауылдық кеңесі құрылды. Ремов ауылдық кеңесі таратылып, аумағы Переменов ауылдық кеңесіне берілді. 1977 жылғы 1 қаңтарда ауданға Андронов, Бакин, Бородулиха, Дмитриев, Красноаул, Новодвор, Орлов, Подборный, Переменов, Степной, Тоқаев, Белағаш ауылдық кеңестері мен Жезкент кенттік кеңесі кірді. 1993 жылы 8 желтоқсандағы президент жарлығымен облыста ауылдық және кенттік округтерге бөліну жүйесі енгізілді. 1996 жылғы 1 қыркүйекте Бородулиха ауданына Бородулиха, Бакин, Зубаир, Новопокров, Петропавл, Белағаш, Дмитриев, Красноаул, Новодвор, Подборный, Переменов, Степной, Тоқаев ауылдық округтері мен Жезкент кенттік округі кірді. 1996 жылы 27 тамызда Семей облысы әкімінің шешімімен Андронов ауылдық округі таратылып, Переменов ауылдық округіне қосылды; Орлов ауылдық округі таратылып, Соснов ауылдық округіне қосылды. Таратылған Жаңасемей ауданы құрамынан Зубаир, Новопокров, Петропавл ауылдық округтері берілді. 1997 жылы 29 қаңтарда Семей облысының әкімі мен облыстық мәслихаттың шешімімен Красноаул ауылдық округі таратылып, Бакин ауылдық округіне қосылды; Тоқаев ауылдық округі таратылып, Белағаш кентінің әкімінің әкімшілік бағынысына берілді. Сондай-ақ Бородулиха ауданының құрамына таратылған Жаңа Шүлбі ауданының Андреев, Краснояр, Ленин, Жаңа Шүлбі, Таврия, Уба-Форпост ауылдық округтері берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1997 жылы 3 мамырда Семей облысы таратылып, аудан Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді. ## Географиялық орны Бородулиха ауданы солтүстігінде Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, шығысында Шемонаиха ауданымен, батысында Бесқарағай ауданымен, оңтүстігінде Ұлан және Жаңасемей аудандарымен шекаралас. Аудан арқылы республикалық маңызы бар темір жол және автомобиль жолдары өтеді. Бородулиха ауданының жер қабаттарында жартылай металлды қазбалар бар. Қоспаларда мыс және мырыштан басқа алтын, күміс, кадмий, сондай ақ, сирек және шашылған элементтер кездеседі. Аудан территориясында құрылыс материалдарын – кірпіш және тас, ұсақ тас өндіру үшін негіз болып табылатын шикізат қоры бар. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Ормандарында көптеген жеміс-жидектер, саңырауқұлақтар, дәрілік шөптер өседі. Жыл сайын 50 мың куб метр ағаш дайындалады. Жабайы аңдардан сілеусі қасқыр, қарсақ, түлкі, тиін, аққұлақ, борсық, сасық күзен, ондатра, қоян, тұяқтылардан бұлан, елік мекендейді. Континенттік климаты – күрт. Қысы аязды, жазы салқын. Жылдық орташа температура қаңтар айында -17 градус, шілде айында +20 градус. ## Өнеркәсібі Ауданының өнеркәсібін «Жезкент ТКК» АҚ және қайта өңдеу кәсіпорындарының тармақтары ұсынады. Бүгінде Жезкент тау кен байыту комбинаты тек қана Шығыс Қазақстанның емес Қазақстан Республикасының түсті металлургиясының флагманы болып табылады. «Жезкент ТКК» Қазақстанның Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен қиылысқан жерінде орналасқан. Кенді алғаш рет өндіру 1977 жылы басталған. 1988 жылдың желтоқсан айында мыс және мырыш қосындысын алу үшін алғашқы кешен іске қосылған. Жезкент ТКК 1994 жылдың 25 қаңтарынан бастап акционерлік қоғам болып қайта құрылған. 1997 жылдың ақпан айынан бастап комбинат «Самсунг Дойчланд ГмбХ» сырттай басқаруына берілген және «Қазақмыс» корпорациясының құрамына енеді. («Самсунг Дойчланд ГмбХ» корпорациясы 2001 жылдың сәуірінен бастап Жезкент ТКК-ның акциясының 90% сатып алған). 1999 жылы Шульба ГЭС-нан электр беру жүйесінің тартылғанына байланысты Ресейден электр алу тәуелділігі жойылды, үстіміздегі жылы фабриканың қалдықтарын қолданатын бетон – қалау кешені ашылды, бұл да Ресей жерінен құм қалдықтарын алудан бас тартуға мүмкіншілік берді. Комбинат 1992 жылдан бастап өзі жүретін тау-шахта құрылғылары паркін «Тампак» фирмасының машиналарымен ауыстыруда. Қазіргі кезде комбинат кен өндіруді көтеріп шығару тәсілімен, мыс және мырыш қосындысын шығарып және оны байытумен айналысады. Комбинат 3,5 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр, олардың орта айлық жалақысы 23 мыңнан асады, бұл бүгінде аудан да ғана емес, облыста да ең жоғарылардың бірі болып есептеледі. Комбинат барлық әлеуметтік және коммуналдық саланы қамтамасыз етіп отыр, кәсіпорынның балансында 500-ден астам бала баратын екі бала бақша, бассейн, металлургтер сарайы, кафе, профилактикалық қызмет көрсету мекемесі, жаз кезеңінде балалардың демалуы үшін жұмыс істейтін лагерь бар. ## Шаруашылығы Бородулиха ауданының агроөндіріс кешені: Агроөндіріс кешені – бұл дегеніміз өзінің басты мақсаты дән және май тұқымдығын өсіру, ет және сүт беретін мал шаруашылығын дамыту болып табылатын 12 жауакершілігі шектеулі серіктестік, бір ұжымдық кәсіпорын, 518 шаруа қожалықтары. Агроөндіріс кешені халықтың азық-түлікке деген сұранысын қанағаттандырады. 2004 жылы егіс алаңы 210 000 га. құрады. Алаңның 65 % жаздық бидай, 7 % дәнді дақылдар және 19% жем-шөп егуге берілген. Күнбағыс алаңы – 58 900 га. ## Тұлғалар Ауданда, ауданның тұрғындары да ерекше. Олардың көзге түсер қасиеті – ынталылығы және қаракетшілдігі. Екінші дүниежүзілік соғыс майданында және еңбекте өзін көрсете білген ауылдастардың арасында соғыс ардагері, Социалистік еңбек ері, Бородулиха ауданының құрметті азаматы В. Еременконың аты аса құрметпен және сүйіспеншілікпен аталады. Ол кісі ауыл шаруашылығының көтеріліп өркендеуі жолында 44 жыл қызмет етті. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінің бес орденімен, үш құрмет грамотасымен марапатталған. Василий Васильевич ұзақ жылдар бойы басқарған ұжымшарға бірнеше рет Д. Қонаев, Н. Назарбаев келіп қайтқан. Жерлестеріміз ұзақ жылдар бойы Алматы қаласындағы Краснознаменное жоғары әскери шекара училищесін басқарған Кеңес Одағының Батыры, генерал-лейтенант М. Меркулов туралы құрметпен сөз етеді. Мәдениет: Ауданда жұмыс орындары бар, халқы қонақжай, мәдени орталықтар әрқашанда қызу жұмыс үстінде. Ауданда 24 мәдени объект жұмыс істейді. Олар аудандық мәдениет Үйі, 1 аудандық және 18 селолық кітапханалар, олардың 14 мектеп кітапханаларымен біріккен. Бүгінде кітапхана жүйесі – бұл кітап қоры 350 899 бірліктен асатын бірыңғай ақпараттық-әдістемелік орталық. Күрделі жөндеуден кейін аудандық мәдениет үйі жұмыс істеуде. Мәдениет үйінде балалар мен үлкендерге арналған эстрадалық, хореографиялық, қуыршақ (қазақ тілінде), домбыра, хор үйірмелері жұмыс істейді. Жастар би кеші жұмысын қайта жандандырды. «Искорка», «Фигаро» бишілер ұжымы, «Арна» вокалды-аспапты ансамбль жұмыс істейді. 2004 жылы аудандық мәдениет үйінің екі ансамблі – «Гәкку» қазақ этнографиялық, фольклорлық ансамблі және «Русские узоры» фольклорлық ансамблі Қазақстан Республикасының мәдениет және қоғамдық келісім Министрлігінің «Халық ансамблі» атағын алды. Дарынды және кедей отбасының балалары үшін «Әкім шыршасы» мерекесін өткізу дәстүрге айналды. ## Халқы Тұрғындары 35 925 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 35,77%, орыстар – 52,72%, немістер – 6,69%, татарлар – 2,03%, украиндар – 0,73%, басқа ұлт өкілдері – 2,06%. ## Әкімшілік бөлінісі 49 елді мекен 1 кенттік әкімдік пен 17 ауылдық округке біріктірілген: ## Әлеуметтік құрылымдары Ауданда 7842 бала білім алатын 37 жалпы білім беретін мектеп бар. Осы мектепте жұмыс істейтін 807 мұғалімдердің 504 жоғары білімі бар. Барлық мектептер компьютерленген. Балаларды мектепке жеткізу үшін 14 автобус сатып алынды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толған жылы аудан орталығында үшінші қазақ мектебі ашылды, осы мектепте балалардың бірінші сыныптан бастап ана тілінің рухани байлығын ұғынып, ұлттық мәдениетпен танысуына мүмкіншілік бар. 2002 жылы аудан орталығында балалар спорт мектебі және Жезкент кентінде әуен мектебі ашылған. Ауданның барлық педагогтарының 58-і «Қазақстан Республикасының оқу үздігі» атағына ие, 57-і Қазақстан Республикасының білім Министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған. 34 спорт ғимараттары бар, олар 1 спорткешені, орта мектептердегі спорт залдары, ашық алаңдар, Новая Шульба селосындағы ауыр атлетика арнайы залдары, Новопокровка селосындағы жеңіл-атлетикалық манеж, Жезкент кентіндегі жүзу бассейні. ## Дереккөздер
Көкпекті ауданы — Абай облысының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. Алғаш рет 1932 жылы құрылды. 1997 жылы аудан құрамына Самар ауданы еніп, 2022 жылы қайта бөлініп шықты. Жер аумағы 9,1 мың км². ## Географиялық орны, жер бедері Аудан батысында Жарма, оңтүстігінде Ақсуат аудандарымен, солтүстігі мен шығысында ШҚО-ның Ұлан, Самар, Күршім аудандарымен шектесiп жатыр. Ауданның жер бедері күрделі. Солтүстік бөлігін түгелдей Қалба жотасының шығыс жағы, оңтүстік бөлігін Зайсан қазаншұңқырының солтүстік бөлігі алып жатыр. Қалба жотасының екі беткейі де Ертіс өзенінің салаларымен тілімденген. Ауданның ең биік жері – Қаражал (1606 м). Зайсан қазаншұңқыры жалпы жазық болып келсе де оның әр жерінде шоқылар кездеседі. Олардың ең ірілері: Ұзынбұлақ (818 м), Ақшоқы (907 м), Қарақия (823 м), Толағай (721 м). Кен байлықтарынан ауданның жер қойнауында түсті металдардың, құрылыс материалдарының (әктас, қиыршықтас) мол қоры бар. Таз шоқысы түгелдей дерлік әктастан тұрады. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Ауданның климаты тым континенттік: қысы суық, жазы ыстық, қуаң (Зайсан қазаншұңқырында). Қаңтарда ауаның орташа температурасы –20,9°С, шілдеде 20,4°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден (қазаншұңқырда) 350 – 400 мм-ге дейін барады (Қалба жотасында). Қалба мен оның оңтүстік-батыс сілемінен Зайсан көлі мен Ертіс өзеніне Қарабұғаз, Қурайлы, Көкпекті (салалары Шегелек, Талды, Қосағаш, Кіндікті), Үлкен Бөкен (салалары: Тасмөңке, Тентек, Кішібөкен), Құлажон, т.б. өзендер құяды. Солтүстік-батыстағы Ақсу, Қурайлы өзендері Зайсан көліне жетпей, оның жағасындағы құмға сіңіп кетеді. Ауданның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағын Зайсан көлі мен Ертіс өзеніндегі Бұқтырма бөгені алып жатыр. Аудан жерінің топырағы, негізінен, бозғылт қоңыр. Қалба тауында және өзен аңғарларында қара топырақ тараған. Далалы өңірде бетеге, көде, сарыбас жоңышқа, ұсақ шоқылы жерлерде қараағаш, тобылғы өседі. Тау ішіндегі ылғалды жерлерде шалғын, Қалба жотасында қылқан және жалпақ жапырақты орман, оның сілемдерінің бойында шоқ қайың, терек, мойыл, долана, қарақат, әр түрлі шөптер өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, аю, күзен, қоян, тиін, бұғы, елік, құстардың сан алуан түрі (қаз, үйрек, аққу, шағала, қызғыш, бүркіт, қаршыға, лашын, ителгі, кезқұйрық, тұрымтай, т.б.) тараған. Көлдер мен өзендерде әр түрлі балықтар мекендейді. ## Халқы Тұрғындары 13 636 адам (2023). Ұлттық құрамы: қазақтар – 76,23%, орыстар – 19,80%, татарлар – 1,52%, немістер – 1,39%, басқа ұлт өкілдері – 1,06%. ## Әкімшілік бөлінісі 28 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Әкімдері * Асхат Смаилов (2018-2020) * Серікқазы Садуақасов (2020-2021) * Раджан Сейітқанов (2021-2022) * Ділдәбек Оразбаев (06.2022 бастап) ## Ауыл шаруашылығы Ауыл экономикасының негізін а. ш. құрайды. Ауданда 235,8 мың га-дан астам а. ш. жері бар, 73,7 мың га егістік жер, 36,5 мың га шабындық, 125,6 мың га жайылым. Аудан жері арқылы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай респ. маңызы бар Павлодар – Семей – Георгиевка – Көкпекті – Зайсан – Майқапшағай (Қытаймен шекараға дейін) және облыстық маңызы бар Өскемен – Жарма автомобильдік жолдары өтеді. ## Дереккөздер
Жарма ауданы — Абай облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 22,6 мың км². Аудан орталығы – Қалбатау ауылы. ## Географиялық орны, жер бедері Аудан батысында Абай ауданымен, оңтүстігінде Аягөз ауданымен, шығысында Ақсуат, Көкпекті аудандарымен, солтүстік-шығысында ШҚО-ның Ұлан ауданымен, солтүстік-батысында Жаңасемей ауданымен шектесiп жатыр. Жері таулы және шоқылы болып келеді. Ауданның солтүстік-шығысында Қалба жотасы орналасқан. Абсолютiк биіктігі 500 – 865 м болатын Асқарлы, Сарыжал, Қарауылтөбе, Жуантөбе, Барақтықан, Ақбиік, Қарамұрын шоқылары бар. Оңтүстік-шығысында абсолютiк биіктігі 780 – 1090 м. Сарыжал, Қандығатай, Жұмағұл, Қарғалы, Желдіқара, Қаратақыр, Әулиешоқы, Семетей, Мұсасерек шоқылары орналасқан. Шар өзенінің жоғары алабын және аудан жерінің батысы мен солтүстік-батысын Еңірекей, Қызылбиік, Сабал, Белтерек, Қаратау, Қасымбел, Маятас, Арқат және Қарағайлы таулары қамтыған. Кен байлықтарынан алтын, кобальт, никель, қалайы, вольфрам, құрылыс материалдары, т.б. бар. ## Тарихы 1928 жылы 17 қаңтарда Өскемен уезінің Шар, Колбин және Красно-Октябрь, жартылай Зайсан уезінің Көкпекті және Семей уезінің Луначарский болыстарының жерінен Семей округінің құрамында Жарма ауданы құрылды. Орталығы Жарма станциясы маңындағы кент болды (1928 жылы 3 қыркүйекте БОАК-мен бекітілген). 1930 жылы 17 желтоқсаннан бастап округтік бөліністің жойылуына байланысты таратылған Жаңасемей, Өскемен аудандарының кейбір бөлігі Жарма ауданына қосылып, аудан ірілендірілді. 1932 жылы 20 ақпанда Жарма ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді (1932 ж. 10 наурызда БОАК-мен бекітілген). 1939 жылы 14 қазанда Жарма ауданы Шығыс Қазақстан облысынан жаңадан құрылған Семей облысының құрамына өтті. 1939 жылы 16 қазанда Шар ауданы бөлініп шығып, оған Афанасьев, Божығұр, Кезеңсу, Кудасов, Шалабай ауылдық және Шар кенттік кеңестері берілді. 1942 жылы «Қазаншұңқыр» кеніші маңындағы елді мекен кент мәртебесін алды. 1952 жылы Мырзағұл ауылдық кеңесі таратылды. 1953 жылы Балажал және Қазаншұңқыр кенттік кеңестері ауылдық кеңеске айналды. 1954 жылы Қазаншұңқыр, Балажал, Сталин ауылдық кеңестері жойылды. Таратылған Сынтас ауылдық кеңесінің орнына Бөке кенішінде Ленин кенттік кеңесі ұйымдастырылды. 1957 жылы Малай ауылдық кеңесі Михайловка ауылдық кеңесі болып өзгертілді. 1958 жылы Түрксіб, 1961 жылы Маринов ауылдық кеңестері таратылды. 1963 жылы 2 қаңтарда Жарма ауылдық ауданы құрылып, оған Шар ауданынан Божығұр, Делбегетей, Кезеңсу, Киров, Мұрат, Ново-Баженов, Шалабай ауылдық кеңестері қосылды. 1964 жылы 31 желтоқсанда Жарма ауылдық ауданы мен Шар өнеркәсіптік ауданы біріктіріліп, орталығы Георгиевка ауылы болды. 1966 жылы Мұрат ауылдық кеңесі Қарасу, Шар ауылдық кеңесі Георгиевка, Балықтыкөл ауылдық кеңесі Белтерек ауылдық кеңесі болып өзгертілді. Делбегетей ауылдық кеңесі Жаңасемей ауданына берілді. 1972 жылы 10 наурызда Жарма ауданынан қайта құрылған Шар ауданына Белтерек, Божығұр, Кезеңсу, Октябрь ауылдық кеңестері мен Әуезов кенті берілді. 1978 жылы Криуши, 1981 жылы Ново-Реченск ауылдық кеңестері құрылды. 1985 жылы Бөке жұмысшылар кенті есептік деректерден шығарылып, Юбилейный кентіне жұмысшылар кенті мәртебесі берілді. 1996 жылы Ново-Реченск ауылдық округі таратылып, Солнечный кенті ауылдық елді мекенге айналып, Жаңғызтөбе кентінің қарамағына өтті. 1997 жылы 3 мамырда Семей облысы таратылып, аудан Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді. 1997 жылы 23 мамырда Жарма ауданына таратылған Шар ауданының аумағы енді. 2007 жылы аудан орталығы Георгиевка ауылының атауы Қалбатау болып өзгертілді. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты тым континенттік. Қаңтардағы орташа ауа температурасы –16 – 18°С, шілдеде 20 – 21°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 200 – 300 мм. Жер беті суын ауданның шығыс жағында – Шар мен Қызылсу өзендері құраса, оңтүстігінде Шардың сол саласы – Жарма өзені мен Зайсан көліне құятын Көкпекті мен Ащысу өзендері құрайды. Көлдер ауданның тек батыс жағында кездеседі. Ірілері: Қазылжан, Балықшы көлдері, Шолақтерек, Ақсор, Тұздыкөл, Ащыкөл, Қарасор. Шар өзенінде Ақжол мен Бөке кенттерін сумен қамтамасыз ету үшін Шар бөгені салынған. Аудан жерінде негізінен қара, қызғылт қоңыр және боз топырақтар тараған. Онда бұта аралас селеу, көде, бетеге, жусан өседі. Өзен бойларында көптеп тоғайлар кездеседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, биік тауларда арқар, сарышұнақ, суыр, көлдер мен өзен бойларында қаз, үйрек, шағала, аққу, далалы жерлерде бозторғай, безгелдек, бұлдырық, дала бүркіті мекендейді. А. ш-на пайдаланылатын жерінің аумағы 2,17 млн. га (2008), жыртылған жері 26,5 мың га, шабындығы 128,2 мың га, жайылымы 1,97 млн. га. Аудан жерімен «Түрксіб» т. ж. мен респ. маңызы бар Алматы – Семей автомобиль жолы өтеді. ## Халқы Тұрғындары 38 048 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 92,26%, орыстар – 5,86%, басқа ұлт өкілдері – 1,88%. ## Әкімшілік бөлінісі 50 елді мекен 1 қалалық, 4 кенттік әкімдік пен 14 ауылдық округке біріктірілген: ## Мәдениеті Жарма жері ертеден-ақ оңтүстік пен солтүстікті керуен жолдарымен байланыстырып жатыр. Бұл өлке саяхатшылар мен географтарды қатты қызықтырған, олардың көпшілігі жергілікті жердің табиғат көркі, тұрғылықты халықтың тұрмысы мен шаруашылық ерекшеліктері туралы мәліметтер қалдырған. Мәселен, бұл жерлерде Ш.Уәлиханов, П. Семенов-Тян-Шанский, Г.Потанин, В. Обручев, А. Янушкевич сияқты басқа да көптеген атақты ғалымдар мен зерттеушілер болған. Ауданның тарихи және мәдени мұрасы ретінде 89 ескерткіш сақталған, олардың 54-і археологиялық, 7-і тарихи және 28-і мәдени. Олардың барлығы да мемлкеттік қорғауға алынған. Өлкенің тарихы мен мәдениетінің құжаттары және мұрағаттары аудандық тарихи-өлкетану мұражайында және 10 мектеп мұражайында жинақталған. Жарма жері өзінің бай тарихын орынды мақтан етеді. Ел мен жерді қорғаудың өшпес үлгісін көрсеткен Еспенбет пен Боранбай би, Қонақай мен Нарбота, Қарақожа мен Жәнібек, Жалаңаш пен Бекжан, Ақтамберді, Итқара, Барақ және басқа да батырлар осында жоңғарлармен соғысқан. Жарма - әйгілі ақындар мен әншілер елі. Ақтайлақ би бастаған Сыбанның Байғара руынан 17 ақын шыққан. 19-шы және 20-шы ғасырларда есімдері өлкеден алыс жерлерге белгілі болған Әріп Тәңірбергенов, Сапарғали Әлімбетов, Төлеу Көбдіков, Қалихан Алтынбаевтың дәстүрлерін кейіннен Кеңесбек Қалиев, Дәмеш Омарбаева сынды ақындар жалғастырды. Халық сталиндік репрессияның құрбандары болған Әзімбай Лекеров, Ыдырыс Мұстанбаев, Тұрлыхан Хасенов тәрізді жерлестерін, көрнекті қоғам қайраткерлерін, ағартушыларды еш уақытта ұмытпайды. Евразияның дәл орталығынан орынтепкен осынау кішкене ғана жердің көптеген тамаша таланттар сыйлау құдыретіне таңданбасқа болмайды. Кембридж Халықаралық өмірбаяндық орталығы «Планетаның көрнекті адамы» деп таныған атақты жазушы, белгілі қоғам қайраткері Әди Шәріпов немесе Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов сынды жерлестерімізді неге мақтан тұтпасқа. Талант пен атақ-даңқ жармалық әйелдерді де айналып өтпепті. Жұртшылыққа Қазақстанның халық жазушысы, ақын Тұрсынхан Әбдірахманованың, республикалық хор капелласының бірінші әйел-дирижері Гүлжазира Ахметованың, қазақ әйелдерінен шыққан бірінші биология ғылымдарының докторы, академик Нәйла Базанованың есімдері жақсы таныс. Ал, Роза Рымбаеваның кристалдай таза дауысы эстрададан естілгенде, бүкіл ел қалт етпей «Әлияны» тыңдады емес пе! Тентектеу өскен Шардың шалдуар ұлы Бари Алибасовтан есімі әлемге танымал продюсер шығады деп кім ойлаған. Сұрапыл соғыс жылдарында жармалықтар Отан қорғаушылар сапында жауға қасқая қарсы тұрды. Тоғыз жармалыққа Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді: олар – Қапай Ысқақов, И.И.Варепа, И.М.Ландышев, Г.Д.Будник, П.Г.Карелин, Н.Е.Лут, П.И.Теряев, К.Шәкенов, В.А.Шулятиков. Ф.Әділбаев пен Н.И.Киселев Даңқ ордендерінің толық иегерлері атанды. Көптеген жармалықтар халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы жемісті еңбегі үшін Отанның жоғары наградаларына ие болды. Балғабек Сүлейменов Социалистік Еңбек Ері атанса, Қабылқақ Сүтбаев пен Федор Васильевич Будник Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімдері болды. Асқар Темірханов пен Сағындық Қараханов, Манап Кәріпжанов пен Ахметхан Ботаханов – құрметті теміржолшылар; Жұбайхан Шекембаев – КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Қызырхан Ағымбаев – Қазақ КСР-і мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Жұмағазы Келденов, Ережеп Жұртбаев – ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкерлер атғына ие болды. Кәми Уәлиева мен Зағипа Ағайсенова КСРО Жоғары Кеңесінің детутаттығына сайланды. Өлке спортшыларымен де даңқты. Қазақстандағы еркін күрестен тұңғыш спорт шебері, Қабден Байдосовтың, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, Еуропа, Азия және әлем чемпионы, олимпиада ойындарының жүлдегері Дәулет Тұрлыхановтың есімдері кеңінен танымал. Ауданда екі газет: "Рауан - Восход", "Шар тынысы - Шарский вестник" газеттері шығарылады. Бірнеше қоғамдық бірлестіктер жұмыс істейді: "Отан" республикалық саяси партиясының аудандық өкілдігі, аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі, «Келешек – Будущее» (Шалабай ауылы), «Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Жарма ауданындағы ұйымы», «Қарасу» бірлестікті дамыту қоғамдық қоры». 4 діни бірлестік тіркеліп, жұмыс істейді: Георгиевка ауылы мен Шар қаласындағы мұсылмандар мешіті, рим-католик шіркеуі, "Рахим - Благодать" қайырымдылық миссиясы. «Иман жолы» Інжіл Баптис мәсіхшілерінің қауымы» діни бірлестігінің Георгиевка аулындағы филиалы. ## Дереккөздер
Күршім ауданы — Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Әкімшілік орталығы – Күршім ауылы. 1927 жылы құрылған. 1997 жылы аудан құрамына Марқакөл ауданы еніп, 2024 жылы қайта бөлініп шықты. ## Географиялық орны Аудан батысында Самар, солтүстігінде Катонқарағай, Үлкен Нарын, шығысында Марқакөл аудандарымен, оңтүстігінде Зайсан көлі арқылы Тарбағатай ауданымен шектеседі. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты шұғыл континентті. Қыста аяз 0-ден төмен 50 градусқа дейін жетсе, ал жазда термометр бағанасы, керісінше, 50 градусқа дейін көтеріледі. Тамылжыған табиғат, аң мен құстың, дәрілік шөптер мен ағаш түрлерінің мәңгілік ордасындай. Азу таудан әрі асып, Мәрмәр тауынан қиялай өтсеңіз көз жасындай мөлдіреп атақты Марқакөл жатыр. ## Шаруашылығы мен өнеркәсібі Аудан су қорлары мен 1588,6 мың гектарды алып жатқан жер алқаптарына бай, оның ішінде 29,4 мың гектары егістік жерлер. Аудан халқының негізгі бөлігі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеумен айналысады. Ауданда алып орман массивтері бар, сапалы ағаш негізінен қарағайдан дайындалады. Ағаш дайындаумен «Күршім орманы» және «Марқакөл орманы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері шұғылданады. Күршімнің тау сілемдері мен Күршім өзенінің бассейні мен тармақтары ертеден тек табиғи сұлулығымен ғана емес, сонымен қатар, полиметалл қазба байлықтарымен белгілі. Өткен ғасырдың ортасында-ақ «Күршім», «Шырдаяқ» кеніштерінен алтын] шығаратын. Бүгінгі күнге дейін күміс, қорғасын, молибден, мыс қазбалары қозғалмаған күйінде. «Артель старателей «Алтай» ашық акционерлік қоғамы 2004 жылы 75,2 млн.теңгенің алтынын өндірді, бұл ауданда шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің 32,3 пайызын құрайды. Электр энергиясымен аудан халқын «Шығысэнерготрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің екі филиалы қамтамасыз етеді. Ауданда 4767 телефон байланысының абоненттері тіркелген, оның 4326-ы пәтерлердікі. 1998 жылдан бастап ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруінің құлдырауы тоқтатылды. Табиғат жағдайы бақша және көкөніс өсіруге қолайлы. Ауылшаруашылығының бұл бағытындағы алғышарттарды байқаған Халықаралық Реконструкциялау және Дамыту Банкі Сарыөлең ауылдық округінде суармалы жүйе құруға 11миллион доллар бөлді. 2003 жылы бұл жоба толығымен аяқталды. Бетегелі алқаптар мен субальпілік шабындықтар, тау қорлары мал басының барлық түрлерінің тұрақты түрде көбеюіне, қазақи қой өсіруге өте қолайлы. Жыл өте ет, сүт, жүн өндірісі өсуде. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы ірі қара мал басы, қой мен ешкі 0,1 пайызға, жылқы 2,6 пайызға, құс 6 пайызға көбейді. 2004 жылы 12833,4 тонна тірі салмақтағы ет, 53961,5 тонна сүт, 4935 мың дана жұмыртқа және 281 тонна жүн өндірілді. Облыстағы жалғыз балық шаруашылығы Бұқтырма су қоймасына жыл сайын 10 миллион карп-сазан құртшабақтарын шығарады. ## Шағын кәсіпкерлік субектілері Ауданда орта және шағын бизнес қарқын алуда, шаруа қожалықтары дамып, өнім дайындау және өңдеу кәсіпорындары көбеюде. Бұл үлкен дәрежеде ауданның ұнға, макарон өнімдеріне, күнбағыс майына, балыққа және құрама жемге сұранысын қанағаттандырады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен авто- және жүк тасымалдау қамтамасыз етіледі. 2005 жылдың 1-ақпанына 1614 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның 858-і шаруа қожалықтары болса, 756-ы жеке кәсіпкерлер. Ауданда 246 сауда объектілері, 17 қоғамдық тамақтандыру орындары, 4 базар, 18 жанар-жағармай құю стансалары және 53 шикізат өңдеу цехтары жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерлік субектілері халықтың өндірістік және азық-түлік тауарларына сұранысын толығымен қанағаттандырады. ## Халқы Тұрғындары 24 343 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 91,34%, орыстар – 8,03%, басқа ұлт өкілдері – 0,63%. ## Әкімшілік бөлінісі 21 елді мекен 7 ауылдық округке біріктірілген: ## Әлеуметтік құрылымдары Ауданда 55 жалпы білім беру мектебі бар, онда 8075 оқушы тәлім алуда. Барлық мектептерді компьютер сыныптарымен қамсыздандыру бағдарламасы толығымен аяқталды. Интернет жүйесіне 22 мектеп қосылған. Аудан бойынша 2 аурухана, 11 жанұялық-дәрігерлік амбулатория, 34 фелдьшерлік пункт және 5 фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет атқарады. 7 мәдени ошақтары, 8 кітапхана және 1 тарихи-өлкетану мұражайы бар. 2 спорт алаңы және 18 спорт залдары жұмыс істейді. ## Әкімдері * Алтайбек Сейітов (2007-2015) * Сейсенғазы Чукаев (2015-2018) * Дулат Қажанов (2018-2022) * Алмат Ақышов (09.2022 бастап) ## Тағы қараңыз * Аустрия жолы ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Күршім аудандық өлкетану мұражайы Мұрағатталған 13 қыркүйектің 2016 жылы. * Күршім аудандық мәдениет саласы Мұрағатталған 3 қарашаның 2014 жылы.
Май ауданы — Павлодар облысының оңтүстік-шығысында орналасқан аудан. 1939 жылы құрылған. Аудан көлемі 18,1 мың ш. км. ## Физикалық-географиялық сипаттамасы ### Географиялық жағдайы Оңтүстігі пен шығысында Абай облысының Бесқарағай ауданымен және Семей қаласымен, оңтүстік-батысында – Қарағанды облысының Қарқаралы ауданымен, батысында – Баянауыл ауданымен, солтүстігінде – Ақсу қаласының ауылдық аймағымен шектеседі, солтүстік-шығысында Аққулы ауданымен Ертіс өзені арқылы бөлінген. ### Климаты Аудан климаты қатал континентальды. Қаңтардың орташа температурасы - −15º-17ºС., шілденікі - +20º+22ºС. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 200—250 мм-ді құрайды.Қаңтар және желтоқсан айларында ауа температурасы –46-48 градусқа жетеді ### Жер бедері және гидрография Аудан аумағының жер бедері көбінесе төбелі-жазық, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – шағын төбешікті болып келеді. Аудан аумағы бойынша Ертіс, Түндік, Ащысу өзендері ағып өтеді, Қарасор, Алқамерген, Жаңатұз, Ақбота, Шақпақтұз, Үлкентұз секілді көлдер бар. Аудан пайдалы қазбаларға бай. Сапасы жағынан антрацитке жақын тас көмір орындары, табиғи құрылыс материалдары, оның ішінде отқа берік және қызыл балшық, мәрмәр, әк, жоса бар. ### Флора және фауна Топырақ қызғылт, сортаң. Аудан аумағында бетеге, қияқ, қамыс, тал өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, сарышұнақ, аламан мекен етеді. ## Халқы ### Этникалық құрамы Ұлттық құрам (2012 жылдың 1 қаңтарына) * қазақтар — 10 263 адам (85,71 %) * орыстар — 955 адам (7,97 %) * украиндар — 166 адам (1,38 %) * немістер — 169 адам (1,41 %) * татарлар — 164 адам (1,37 %) * беларустар — 53 адам (0,44 %) * басқалары — 145 адам (1,21 %) * Барлығы— 11 974 адам (100,00 %) ### Санның серпінділігі 1999 жылы халық саны— 16,9 мың адамды, 2012 жылы — 11,974 мың адамды құрады. ## Әкімшілік бөлінісі 22 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген: ## Экономика ### Ауыл шаруашылық Ауданның ауыл шаруашылық мамандандырылуы: отарлы қой шаруашылығы, етті мал шаруашылығы, табындық жылқы шаруашылығы. Бидай, тары, қаратұмық, жем-шөп мәдениеті, күнбағыс өсіріледі, ұсақ тері шикізаты өндіріледі. Аудан шаруашылығының негізгі бағыты— мал шаруашылығы. Бетегелі азықтық дақылдардың көп болуы мал шаруашылығы ішінде қой шаруашылығы жетекші орында екендігін байқатады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен бір ауыл шаруашылық, 75 шаруа қожалығы мен 3432 жеке қоныс айналысады. Ауданда 2 наубайхана, 2 диірмен, 1 макаронды цех, 3 күнбағыс майын өндіретін, 1 тері шикізатын қайта өндейтін цехтар бар. ## Әлеуметтік сала ### Білім беру мен ғылым Ауданда 7 мектепалды ұйымдары, 14 орта жалпы білім беру мекемелері мен 1 кәсіби мектеп бар. ### Денсаулық сақтау Ауданда Май орталық аудандық ауруханасы бар. ### Мәдениет Ауданда жылжымайтын мәдени және тарихи ескерткіштер бар: Еңбек мәртебесінің ескерткіші, Урал-ЗИС-355 а/м, 1981 ж., Көктөбе ауылы Еңбек мәртебесінің ескерткіші, С-80 тракторы, 1976 г., Қызыл Құрма ауылы«Шамшырақ» (1930 жылдан), «Маяк» (1955 жылдан) аудандық газеттері шығарылады. ### Әйгілі адамдар * Социалистік Еңбек ерлері: Қ. Женгілбаев пен В.И. Ладыгин. * Бастемі Қазірет Айтқожаұлы - діни қайраткер, қазірет. * ағайынды академик Әбділдиндер ## Дереккөздер
Катонқарағай ауданы — Шығыс Қазақстан облысының шығысында орналасқан әкімшілік бірлік. Орталығы — Катонқарағай ауылы. ## Географиялық орны Аудан батысында Алтай, Үлкен Нарын, оңтүстігінде Күршім ауданы, Марқакөл аудандарымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі. ## Халқы Тұрғындары 23 141 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 80,23%, орыстар – 18,39%, басқа ұлт өкілдері – 1,37%. ## Әкімшілік бөлінісі 27 елді мекен 7 ауылдық округке біріктірілген: ## Этимологиясы Бұл атаудың түптөркіні жайлы жазушы Қ.Ысқақов былай жазады:"Бұл елді мекеннің тарихи аты - "Қатынқарағай". "Қатонқарағай" - кеңес дәуірінде бұрмаланып аталған атау. Ол жерде алқа қотан қарағай болған. Ар жақтан мал әкелгендер сол жерде мал тапсырған. Содан "Қотан", "Қотанқарағай" атанған. Алтай мен екі шекарадағы жер, елді мекен аты. Алтай тауынан Ақбұлақ деген үлкен өзен ағады да, ол екіге бөлініп, "Қотан" және "Бұқтырма" деп аталады. Бұқтырма Бедел, Шыңғыстай елді мекендерінің тұсынан ағады, Қотанқарағайды жанап өтеді". Таулы Алтайдағы биіктігі 4506 м Мұзтау жотасынан басын алатын Қатун өзені Таулы Алтайға құлай ағып, Обь жазығындағы Би өзеніне қосылады. Оған "Қатун" "Чуймен" байланысты ағыны қатты көптеген өзендер келіп құяды. Қатун өзенінің жалпы ұзындығы - 680 км. Осыдан барып, ағыны қатты, тасқынды, адуынды өзенді де "Қатын"("қадын") атағаны байқалады. Алтай тауының терістігінде Қатун (Қадын) өзені ақса, оның бергі бетінде қалың қарағай өскен. Сонда бұл атау "Қатун өзені жағындағы қарағай" деген мәнде қойылғаны байқалады. Таулы Алтай тұрғындары қадын - "патша әйел, ханша, қатын, өзен патшасы" деген мағынаға ие деп түсіндіреді. ## Әкімдері * Серік Зайнулдин (2007-2010) * Арман Бекбосынов (2010-2013) * Дәурен Тілеубаев (2013-2014) * Қалиқан Байғонысов (2014-2016) * Ахметқали Нұрғожин (2016-2019) * Ренат Құрмамбаев (2019-2021) * Ділдар Қалиқан (2021-2024) ## Тарихы Катонқарағай ауданы 1928 жылы 1 тамызда құрылған, бір жылдан кейін 1929 жылы 20 қыркүйекте Шыңғыстау ауданы Катонқарағай ауданының құрамына енді. 1932 жылы Катонқарағай ауданы Шығыс-Қазақстан облысының құрамына кірді. 1935 жылы Катонқарағай және Зырян аудандарының құрамынан Большенарым және Бұхтарма аудандары бөлініп шықты. 1954 жылы аудан көлемі Алтай өлкесі Таулы-Алтай автономдық облысы Усть-Коксинский ауданы «Жоғарыкатон» совхозының қосылуы есебінен кеңейді. 1963 жылғы 1 қаңтарда Катонқарағай ауданы Большенарым ауданымен біріктіріліп, аудан орталығы болып Большенарым ауылы анықталды. 1970 жылы 4 желтоқсанда Катонқарағай ауданы орталығы Катонқарағай ауылы болып қайтадан құрылды. 1997 жылы 23 наурызда Большенарым ауданы жойылып, Катонқарағай ауданының әкімшілік орталығы Большенарым ауылына көшірілді. 2023 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Президентінің №424 Жарлығымен бұрынғы Большенарым ауданының аумағында Үлкен Нарын ауданы құрылуына байланысты Катонқарағай ауданының орталығы Үлкен Нарын ауылынан Қатонқарағай ауылына көшірілді. ## Климаты Катонқарағай ауданы агроклиматтық жағдайы бойынша таулы және қатты-континенттік ауа-райлы альпілік аймақта орналасқан, қатты ұзаққа созылатын қысымен, ыстық және баяу өтетін жазы мен күзі арқылы сипатталады. Аудан аумағы анық төрт климаттық аймаққа бөлінеді:Биік тау аймағы (тундра-шалғынды)Таулы-орманды, артық ылғалдыТаулы, ылғалды орманды далаТаулы – далалы. Биік таулы және таулы-орманды аймақтың ауа-райы өте ылғалды, қоңырсалқын суық, кей жерлерде өте суық. Аймақтың солтүстік жартысында бір жылда 550-560 мм ылғал түседі. Шілделік ылғалдың ызғары әсіресе анық сезіледі. Желдің орташа айлық жылдамдығы бір жыл ішінде 1,7 м/сек құрайды. Қатты желді күндер саны жылына 7 күнді, ал шаңды боран -10 күнді құрайды. Өсімдік жамылғысы өз таралымында, ауа райы мен жер жамылғысы тәрізді вертикалды аймаққа бағынады. Биік таулы тундралық аймақтарда жасыл қыналар, тал-шілік, бұталар басым. Биік таулы шалғынды аймақ дәнді өсімдіктер, сан алуан шөп түрлерінің басымдығымен ерекшеленеді. Альпі белдеуінде өсетін өсімдіктер жерге жақын, аймақта тақыр жерлер көбірек, ал субальпілік белдеуде өсетін өсімдіктер неғұрлым жиірек және биік болып өседі. Биік таулы альпі шалғындары Оңтүстік Алтай мен бір бөлігі орталыққа кіретін, атмосферасы ылғалмен жақсы ылғалданатын аймақтарда орналасқан. Таулы-тайга және шалғынды - тайга аймақтары өсімдік жамылғысында қою қылқан жапырақты және ашық қылқан жапырақты тайга ормандарының басымдығымен ерекшеленеді. Орман арасындағы ашық жерлерде жылы және құрғақ ауа райына өсіп үйренген шөптер және қыналы шөптер, әр түрлі дәнді өсімдіктер, шөптер, бұталар және сирек орман таралған. Таулы тайга ормандарында шөптің орташа биіктігі 120-150 см болса, қалыңдығы 80 100 % құрайды. Ірі шөптердің үлесі басым болғандықтан, шөптердің азықтық құндылығы төмен, мал жөнді жемейді және улы деуге де болады. Таулы және орманды-шалғын-дала аймағы тайга ормандарынан қырға ауысады. Ол өсімдік жамылғысында ормандар, орман шалғындары, дала шалғындары мен шалғындық-дала бұталық -шөп тоғайлары өседі. Бұл аймақтағы ормандар ұсақ жапырақты, көк теректі және ақ қайыңды болып келеді. Оңтүстікте, батыста, аздап шығыста, әсіресе тік тау баурайларында –шалғындар, шалғынды далалар, тал шілік тоғайлары секілді ашық ландшафтылар салтанат құрған. Орманды далалы және орманды-шалғын-дала (Нарым және Бұхтарма өзендері бассейні) белдеуінің төменгі бөлігінде негізінен қайыңды-бал қарағайлы және бұталы-шөпті ормандар орын алған. Ашық алаңқайларда және орман алаңдарында бұрынғыдай сансыз көп орман бұталары ( кәдімгі мойыл, орта таволга, тікенді және қылқанды итмұрын, татар бөріжидегі және т.б.) және әр түрлі орманды шалғын шөптері өседі. Аумақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде шөпті –бұталы- қарағайлы ормандар таралған, онда қарағайлы орманның бір бөлігі аралас, кей жерлерде тұтас шөпті-бұталы тоғайлар. Таулы және далалы аймақтардың өсімдік жамылғысын дала дәнді өсімдіктері, даланың әр түрлі шөптері құрайды. Большенарымның тау арасындағы алқабында, оның шығыс (жоғары) бөлігінде әр түрлі шөпті- бетегелі, ал батыста (төмен) – бетегелі құрғақ далалар жатыр. Аудан аумағының топырақ жамылғысы әр түрлі және негізінен жердің бет-бедеріне тәуелді. Тау жамылғылары 30 %-ға дейін тамырлы жыныстар арқылы шыққан таулы-тундралы, 50 %-ке дейін альпілік және субальпілік таулы- орманды, 30 %-ға дейін кәдімгі таулы қара топырақты болып келеді. Бұл жамылғылар жоғары таулы рельефі жағдайында 2500-2800 м-ден жоғары биіктікте қалыптасқан. Тау жамылғылары жазғы отардағы жайылым ретінде, мал күтуге қысқа мерзімге пайдаланылады. ## Гидрологиясы Ауданның гидрографикалық желісі сансыз көлдер, өзендер, бұлақтардан тұрады. Аудан аумағының солтүстік шекарасынан ағып өтетін Бұхтарма өзені - ең ірі су ағымы болып табылады. Ауданды шығыстан батысқа қарай қиып өтетін Нарым өзені – екінші ірі су ағымы. Көптеген бұлақтар басын таудан алып, үлкен жылдамдықпен ағысы 1-2 м/сек ағады. Дария тау мінезді. Судың сапасы жақсы, тұрмыста және ауыл шаруашылығында қолдануға жарамды. Жер асты суларының қуаттылығы 60-80 м-ден аспайды. Судың тереңдігі 80 см-ге дейін болады. Жер асты сулары алқаптарда бастау түрінде кездеседі. Тау жағдайында жер асты сулары 30-60 м тереңдікте жатады. Тау арасындағы ойпаттарда, аңғарларда жер асты сулары 0-6 м тереңдікте кездесіп қалады. Ауыл шаруашылығы мақсатына жерлерді бөлу, бұрынғы ауыл шаруашылық кәсіпорындарының кадастр шекараларында, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге әсер ететін, табиғат факторлары кешені бойынша аудан аумағын салыстырмалы бағалау негізінде жүргізілді, атап айтқанда:аумақтың аудан және облыс орталығына, өнім сату базарына, жабдықтау қорына, техникалық қызмет көрсету орталығына қатысты орны;ауыл шаруашылық құрылымы;азықтың сапалы болуы, жайылымдардың орнықтылығы;аумақтың бет-бедері. Аумақтың қолайлылық деңгейіне оңды ықпал ететін факторлар:транспорттық желілермен жақсы қамтамасыз етілу;өнімді сату- базарлары, жабдықтау қорлары, техникалық қызмет көрсету орталықтарының жақындығы. Кері ықпал ететін факторлар :жердің сату базарларынан, жабдықтау қорларынан алыста орналасуы;аумақтың транспорт желілерімен аз қамтылуы, жолдың нашар жағдайы. Жайылымдар көбінесе тасты аймақтарда, таудың биік құламасында орналасқан. Жайылымдық жерлердің ортақ ауданы 108,0 мың гек.-16 %, 200-245,6 -ға дейін -36,8 %, 200-313,4 -тен жоғары 47 %-ды құрайды. Аудан аумағының ауданы облыстың ортақ ауданының 4,7 %-ын құрайды. Ауыл шаруашылығында жайылым жерлер 81%, егістік жерлер 11% орын алады. Аудан аумағы 13167 кв. км (1319075 га). Аудан тұрғындарының саны 01.01.05 жылы 41000 адамды құрады, басым бөлігі- қазақтар (87 %), орыстар, татарлар, немістер және басқа ұлт өкілдері.Аудан – ауыл шаруашылықты. Ауданда мың екі жүзден астам шаруашылықпен айналысатын субъектілер бар. Олар егін және мал шаруашылығымен айналысады. Егістік ауданы 60818, 5 га жер, соның ішінде: 23613 га- дәнді дақылдар. Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндіру 2004 жылы-134 млн 366 мың тенгені құраса, өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі- 2 млрд 768, 6 млн. тенгені құрады. Марал және ара шаруашылығы дамуда. Барлық шаруашылық категорияларында мал басы саны өсуде. Аудан аумағында «Большенарымдық лесхоз» Катонқарағайлық ГНПП жұмыс істейді. Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін:16- диірмен21- шағын наубайхана2- макарон өнімдерін шығаратын желілер21- бөлшектеуіштер1- сливочный май өндіретін цех1- пантокрин цехы1-КРС соғым цехы Жұмыс істейді:198- дүкен16- қоғамдық тамақтану мекемесі15-АЗС13- қызмет көрсету мекемесі Өз заманында ауданда Шыңғыстау болысының болысы Әбдікерім Ережепов тұрып, қызмет атқарған. Дамыған көзқарас адамы 20 ғасырдың басында ақ, Шыңғыстаулық екі сыныпты қазақ-орыс мектебінің негізін қалады. Көптеген танымал катонқарағайлықтар, өз кезеңінде осы мектепте дәріс алған. Солардың арасында, қолбасшы генерал-лейтенант И.Д. Копылов, Ленин орденінің иегері, танымал ұстаз-ағартушы С. Түкебаев, КСРО Халық мұғалімі Қ. Нұрғалиев, Социалистік еңбек ері Б. Кітапбаев және тағы басқалар. Аудан өз жерлестері, Совет Одағының Батырларын мақтан тұтады: И.В. Топорков, А.Г. Огнев, В.Р. Спиридов, В.Ф. Величко, В.А. Шулятиков, Т.М. Клименко, үшінші дәрежелі Даңқ орденінің иегері А. Құсметов. Социалистік еңбек ерлері С.К. Слабодчиков, А.Е. Сычук қоғамдық өмірге ат салысуда.Ең үздік 12 катонқарағайлықтарға «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» деген жоғары атақ берілді. Олар: О. Бөкей, К. Искаков, Б. Кітапбаев, К. Кулженов, К. Баекин, А.Е. Сычук, С.К. Слабодчиков, Н. Кубинов, Ф. Тумарбаев, К. Базарбаев, Е. Ретивых және басқалар. Жерлес-жазушылар: О. Бөкей атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары К. Искаков, Д. Ашимханов, А. Асқаров, танымал журналистер – К. Назырбаев, Ермұхан Абдрахманов, М. Алипинова өз заманында аудандық және облыстық газеттерде еңбек еткен. Көптеген Катонқарағайдан шыққан -ғалымдар еліміздің әр түрлі ЖОО-да еңбек етуде. ## Тағы қараңыз * Аустрия жолы ## Дереккөздер
Зайсан ауданы — Шығыс Қазақстан облысының қиыр оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жер аумағы 10,5 мың км². Аудан орталығы – Зайсан қаласы. ## Халқы Тұрғындары 36 979 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 97,36%, орыстар – 1,93%, басқа ұлт өкілдері – 0,71%. Зайсан ауданы бойынша 10 дiни бiрлестiктер бар: 1. Мұсылмандар бiрлестiгi. 350 тұрақты мүшелері бар, ауданда 7 мешіт үйі жұмыс істейді. 2. Православие шіркеуі. 45 тұрақты мүшелері бар.3. 2 протестанттық секта - Церковь Евангельских христиан баптистов "Иман жолы" (қазақ тілінде жұмыс жүргізеді), тіркеу жұмыстарын қайта жүргізуде, және Церковь Евангельских христиан баптистов (орыс тілінде жұмыс жүргізеді.) ## Әкімшілік бөлінісі 33 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 8 ауылдық округке біріктірілген: ## Географиялық орны, жер бедері Аудан батысында Тарбағатай, солтүстігінде Күршім аудандарымен, шығысы мен оңтүстігінде Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Оңтүстігін Маңырақ жотасының шығыс бөлігі мен Сауыр жоталарының батыс бөлігі, жазық келген солтүстік жағын Зайсан қазаншұңқырының шығыс бөлігі алып жатыр. Қазаншұңқырдың солтүстік-шығыс бөлігінде Бозайғырқұм (Айғырқұм) құмы орналасқан. Ауданның теңіз деңгейінен биіктігі таулы бөлігінде 2500 – 2700 м, жазық бөлігінде 400 – 1000 м аралығында. Сауыр жотасының Үйдене өзені басталар тұсындағы ең биік шыңының биіктігі 2950 м. Ауданның Қытаймен шектесетін шығыс жағындағы Сауыр жотасында Баймырза асуы орналасқан. Кен байлықтарынан титан кентасы, шағын тас көмір, жанғыш тақтатас кендері, саз, құм, т.б. құрылыс материалдары бар. ## Тарихы «Зайсан» деген жер ежелден дүние жүзі ғалымдарының, саясаткерлерлерінің, елбасыларының назарын аударған екен. Орыстың ұлы патшасы Петр I бұдан 280 жыл бұрын Зайсан жағынан бекініс салуды міндеттеп, әскери экспедиция жіберген. Оның бұл мақсаты 140 жылдан кейін жүзеге асты, 1860 жылдарда Зайсан қаласының іргесі қаланды. Әкімшілік бірлік ретінде 1928 жылы Семей облысының құрамында құрылған. Ол кезде ауданға 70-тен астам елді пункттер қарады. 1939 жылдан бастап, Зайсан ауданы Шығыс Қазақстан облысына қарады. Зайсан ауданынан бұдан кейін, Тарбағатай, Марқакөл, Күршім, Ақсуат және Көкпекті аудандары бөлініп шығып, жеке аудандар болып бекітілді. * 1918 жылы Зайсан шекарашылар отряды құрылып, Қытаймен арадағы шепті қырағы қорғауда. * 1922 жылы Зайсанда уездік арухана ашылып, кейіннен 60-жылдардың басында дәрігерлік емдеу орындарына кеңейтілді. * 1930 жылы 1 қазаннан бастап аудан газеті жарыққа шықты. Оның алғашқы редакторы: Ж. Ыбыраев, Ғ. Әміров болды. * 1932 жылдан бастап, Зайсан педучилищесі ашылды. Онда Семей, Шығыс Қазақстан Облыстарына қарасты – Зайсан, Тарбағатай, Ақсуат, Марқакөл, Күршім, Ұлан, Катон – Қарағай аудандарының жастары білім алды. * 1945 жылы кәсіптік – техникалық училище ашылды. * 1946 жылы Зайсанда кәсіби театр құрылып, оның бірінші директоры - Мейірман Спамбетов тағайындалды. * 1960 жылы аудандық мәдениет үйінің жанынан халық театры құрылды, оған «Халық театры» деген атақ беріліп, ауданның бір топ талантты жастары Москвадағы Кремль сахнасында да өнерлерін көрсетіп қайтқан. * 1962 жылы балалар музыка мектебі ашылды. * 1975 жылы Зайсан өлке-тану мұражайы ұйымдастырылып, ауданымызға байланысты көптеген тарихи құжаттар осында жинақталған. * 1993 жылы Мемлекеттік архивтің филиялы құрылды. Өңірде - қазақтың орта жүзінің найман, керей , уақ руларынан тараған меркіт, тұзақшы, төртуыл, ақболат, қожанбет, қожан, санияз ата – баба ұрпақтары жоңғар шапқыншыларынан бұрын тұрып, көшпелі өмір сүрген ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық. Ауданның таулы бөлігінің жазы қоңыржай салқын, ылғалды, қыста қар қалың, аязды. Аудан аумағында қаңтардағы ауаның орташа температурасы Зайсан көлі жағалауында –17,8°С-тан –20,2°С-қа дейін, Зайсан қ-нда –16,6°С, ал шілдеде – жазықтан тауға қарай 23,1°С-тан 21,3°С-қа дейін төмендейді. Зайсан қ-нда шілдедегі ең ыстық температура 40°С-қа дейін, ал қаңтардағы ең суық температура (Тополев мүйісінде) –49°С-қа дейін барады. Жауын-шашынның мөлшері де жазықтан тауға қарай өзгереді: Зайсан қазаншұңқырында 150 – 250 мм аралығында болса, таулы бөлікте 400 – 500 мм-ге жетеді. Жер беті сулары Зайсан көлінің оңтүстік-шығыс бөлігі мен оған құятын Қара Ертіс, Ақсу, Кендірлік, Теректі, Темірсу, Жеменей, Үйдене өзендерінен және Айғырқұмдағы Сарыкөл, Сарманақ, Тұздыкөл және Сауыр жотасындағы кішігірім көлдерден тұрады. Аудан жерінде күлгін, қызғылт қоңыр, бозғылт, қоңыр, сортаң және құмды топырақтар тараған. Мұнда тек қана ағаш пен бұтаның 26 түрі өседі: тау беткейлері мен өзен бойларында тал, тобылғы, итмұрын, одан биіктеу жерлерде қайың, көк терек, одан жоғарырақ белдеуде қылқан жапырақты ормандар өседі. Жабайы жануарлардан арқар, марал, елік, жабайы шошқа, қасқыр, түлкі, қарсақ, сасықкүзен, ақтышқан, қоян, суыр, сарышұнақ; құстардан бүркіт, үкі, байғыз, кезқұйрық, құр, ұлар, кекілік, көл мен өзендерде аққу, қаз, үйрек, көкқұтан, т.б. мекендейді. Зайсан көлі мен Қара Ертісте шортан, алабұға, сазан, бекіре, ақ амур, ақ балық бар. ## Әлеуметтік құрылымдары 2010 жылғы деректерге сәйкес Зайсан ауданы бойынша мектеп жасына дейінгі 2875 баланың 400-і 5 мектепке дейінгі мекемеде, 1109-ы мектеп жанындағы шағын орталықтарда, бұл барлық баланың 76,6 пайызын құрап отыр. 2010 жылы 8 орта мектеп / Кеңсай, Абай, Амангелді, Шілікті, Қазақстан, Айнабұлақ, Мүкарама, Қаратал/ жанынан ашылған орталықтар кеңейтіліп, 140 орынды 8 топ, №1 «Еңлік» балабақшасында 50 орынды 2 топ қосымша ашылды, Қаратал, Сартерек ауылдарынан 75 орынды 2 жеке меншік балабақша ашылды.Жане 2015ж окушыларга арналып жаңа мектеп салынды бурынғы М.Дауленов атындағы мектеп М.Дауленов атындағы мектеп-интернаты деп жарияланды.Аудандағы 29 мектепте білім алып отырған 6557 оқушыны бар. Мектеп оқушыларының бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мақсатында 846 оқушы мектептен тыс мекемелерге тартылып отырса, 4339 оқушыға мектептерден 266 спорт секциялары мен үйірмелер ұйымдастырылып отыр. Ауданда 6439 оқушының 4008-не мектеп асханалары арқылы ыстық тамақ ұйымдастырылған, оның ішінде 1-4 сыныптардың 2396 оқушысы 100 пайыз тегін ыстық тамақпен қамтылған. ## Ауыл шаруашылығы Зайсан ауданы облыс бойынша мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысатын аудандардың бірі. Барлық жер көлемі 10444 мың га, соның ішінде егістік жер – 24,0 мың га, шабындық – 53865 га, жайылым - 747944 га. Сиымдылығы – 75 млн. м3 Үйдене су бөгені арқылы 8,3 мың га егістік жер суарылады. Кендірлік су жүйесі арқылы – 11,3 мың га егістік жер суарылады. Ауданда ұзындығы - 174 км Кендірлік өзені, ұзындығы 102 км Үйдене өзені, ұзындығы – 65 км Шағаноба өзені, 55 км Жеменей өзені, 30 км Теректі өзендері бар. Ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуы осы өзендермен тікелей байланысты. Аудандағы 1 қалалық және 8 ауылдық округтер бойынша 1313 шаруа қожалығы,1-ЖШС,2 ауылдық тұтыну кооперативі,6 су пайдаланушылар кооперативтері бар. 2010 жылы 12 айда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері 7 млрд.9 млн. теңгені құрап, өткен жылғыдан 26,0%-ға артты. Барлық қаржы көздерінен 268 млн. теңге инвестиция тартылды. ## Мал шаруашылығы 2010 жылдың статистикалық мәліметтері бойынша аудан көлемінде мал шаруашылығы бойынша өндірілген мал өнімдері мен жалпы мал басының саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда әлде қайда артқандығы байқалады. Ауданда сойылып сатылған ет 119,1%, сүт өндіру 118,4%, қырқылған жүн 107,1% артты. Мал басының саны өткен жылғыдан ірі қара 100,1%, қой мен ешкі 88%, жылқы 109,4%, құстар 118,2 пайызға артық орындалды. Малдың барлық түрлерін асылдандыру мақсатында бірқатар қомақты істер атқарылуда. Мысалы «Қара Ертіс» шаруа қожалығының бүгінгі күні шаруашылықта 1411 бас асыл тұқымды жартылай қылшық жүнді, қысқа төзімді, етті «Байыс» қойларын өсіруде. Сондай-ақ «Байыс» тұқымды қойларын өсірумен «Жасұлан» шаруа қожалығы айналысуда. Оның шаруашылығында асыл тұқымды қой саны 450 басты құрап отыр. Сонымен қатар өткен жылы жылқы тұқымын асылдандыру мақсатында Біржан ауыл округіне қарасты «Аружан» шаруа қожалығы «Қостанай» асыл тұқымды жылқысын Алматы облысынан әкеліп, өсіруде, Қаратал округіне қарасты «Түкібай» шаруа қожалығы асыл тұқымды жылқы шаруашылығы статусын алды. Ауданда 10 шаруа қожалығы ірі қара малдарын жаз бойы бордақылап, жайып, семірту шегіне жеткізіп, етке өткізді. 2010-2011 жылғы мал қыстатуға аудан бойынша 122,1, мың тонна ірі сабақты мал азығы дайындалды. Малды қолдан ұрықтандыру ### Малды қолдан ұрықтандыру Малды қолдан ұрықтандыру - ауылшаруашылық малдарының тұқымын зоотехникалық жолмен асылдандырудың негізі болып саналады. Қазір ауданда 9 малды қолдан ұрықтандыру пункттері ашылып, жұмыс істеуде. Атап көрсеткенде Айнабұлақта – 1, Дайырда – 1, Қараталда – 1, Көгедайда – 1, Қарабұлақта – 1, Кеңсайда – 1, Біржанда – 1, Шіліктіде – 1, Зайсанда - 1. Ірі қара малының орташа тірі салмағын арттырып және одан алынатын таза еттің салмағын көбейту мақсатында осы пункттерге облыс орталығынан асыл тұқымды қазақтың ақбас бұқасының ұрығы әкелініп, бүгінгі күні сиырлар қолдан ұрықтандырылуда. Бұл жұмыстар Дайыр, Көгедай, Біржан ауылдарында жақсы жолға қойылған. ## Өсімдік саласы 2010 жылы аудан бойынша егілген егістік көлемі 12916 га құрады. Оның ішінде дәнді астық 4720 га, майлы дақылдар- 2986 га, картоп-1472 га, көкөніс-бақша дақылдары-786 га. Биыл 2009 жылға қарағанда дәнді астық – 124,1%, картоп - 101,4%, көпжылдық шөп – 133,7% артық егілді.Көктемгі егісті жүргізуге аудан шаруашылықтарында бидай тұқымы, жанар-жағармай жеткілікті болды. Аудан шаруашылықтарында көктемгі егіс жұмыстарына қажетті техникалар толық жөнделіп, дайындалды. Тракторлардың, трактор тіркемелерінің , соқалар, қопсытқыштар, тырмалар, тұқым сепкіштер дайындығы -100 % -ды құрады. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 540 тонна дизель отыны ауыл шаруашылығы құрылымдарына тасылып жеткізілді. Ауданның тауар өндірушілерін ауылшаруашылық дақылдарының аудандастырылған сорттарының жоғары сапалы тұқымдарымен қамтамасыз ету үшін 2007 жылы «Әмірен» шаруа қожалығы негізінде тұқым шаруашылығы құрылды. Бұл шаруашылық дәнді және майлы дақылдардың 1, 2, 3 репродукциялы тұқымдарын көбейтумен айналысады. 2010 жылы жоғары сортты арпа тұқымын 139 га , 21 га сұлы тұқымын көбейту мақсатында септі. Ауданда 6 су пайдаланушылар кооперативі құрылып «Әділет» басқармасынан тіркеуден өтіп, жұмыс істеуде. Күздік жиын-терін кезінде 4720 га дәнді астық орылып,одан 7560 тн өнім алынып, әр гектардан 16,0 центнерден өнім алынды.640 гектар көкөністің әр гектарынан 142 центнерден өнім алынып, барлығы 9115 тн өнім жиналды.Майлы дақылдардың әр гектарынан 6,1 центнерден өнім алынды. ### Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындар Ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 14 шағын күнбағыс майын шығаратын цех, 1 балық өңдеу зауыты («Балык Восток Продукт» ЖШС), 1 жергілікті минералды су шығаратын цех («Зайсан сулары» ЖШС), 24 наубайхана, 1 мал сою пункті, 15 шағын диірмен жұмыс істеп тұр. Ауданда ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіріп, ірілендіру жұмыстары жалғасуда. 2008 жылы 7 шаруа қожалығын біріктіріп, құрылған «Зайсан Астық» ауылдық тұтыну кооперативі 2010 жылы қуаты 120 тонналық қазіргі заманғы ұн зауытын іске қосты. Жоғары сортты, сапалы ұн шығаратын диірмен қондырғысы барлық құрал-жабдықтарымен ҚХР-ның ішкі аудандарынан әкелінді. Жеке кәсіпкер А.Барысов Зайсан қаласындағы сүт зауытының ғимаратын қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуде. ## Ауданның қазіргі кездегі өзгерістері Аудан орталығы мен облыстың ара – қашықтығы - 465-тей шақырымдық жер. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен елімізде кеден қызметі жолға қойылған. 1992 жылыдың мамыр айынан бастап, Шығыс аймақтық кеденіне қарасты «Майқапшағай» кеден бекеті құрылды. Ал, 1992 жылдың 22 желтоқсанынан бастап, Майқапшағай кедені болып бекітілді. Сондай-ақ, 2006 жылдың сәуір айынан бастап, «Майқапшағай-Жеменей» шекара сауда орталығы ашылған. 2003 жылы Зайсан өңірінің Шілікті ауылында Қазақстан археологтарының қазба жұмыстарының негізінде, «Шілікті қорғаны» табылды. Онда ежелгі Сақ тайпасының «Алтын адамы» жауынгері табылды. ## Өндіріс Аудан экономикасының негізгі рөлін – агроөнеркәсіп алады, өйткені, маңызды орынды ауыл шаруашылығына береді. Осы кәсіптің шығарылатын өнімінің көлеміне байланысты, ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы мен дәнді – дақылдар шаруашылығы өте қарқынды дамуда. Осының маңыздылығынан импорттық тауарлар азаюда. Ең бастысы, жергілікті халық өзін-өзі етпен, сүтпен, өсімдік майымен,жеміс-жидекпен, дәнді-дақылдармен, бау-бақша өнімдерімен, ұнмен тағы басқа өнімдермен қамтамасыз етуде. Ауданның жер асты байлығы зерттелген – қоңыр көмір мен жанатын сланецке бай. Бұл - өмір сүрудің, өндірісті өркендетудің негізі. Қазіргі таңда, Кендірлік жеріндегі «Аққойын» атты елді-мекенінде қара көмір игеріледі. Көмір өндіру ЖШС «Сайхан» ісі терең шахталық-техникалық әдіспен жолға қойып, одан жоғары химиялық өнім алумен қамтамасыз етілуде. Ол тек отынмен, ауданымызды ғана емес, сондай-ақ, көрші аудандарды да қамтамасыз етуде. 2005 жылдан бастап, ЖШС «Балық өнім Шығыс» зауыты жұмыс істеуде. Сол сияқты минералды емдік сулар өндіруде. Әсіресе, Арасан-Талды, Ащылы жерлеріндегі сулардың көздері ашылып, игеру жолдарына қойылған. Онымен ЖШС «Зайсан сулары» айналысуда. Қазіргі таңда, біздің емдік ас-суымызға Өскемен, Семей, Қарағанды қалаларынан сұраныстар түсуде. Көршілес Қытай еліне де шығару көзделініп отыр. 2006 жылдың шілде айында облыстық көрмеде «Зайсан» минералды суы жүлделі бірінші орын мен хрусталь кубокқа ие болды. Сондай-ақ, республикалық көрмеге қатысуға жолдама алды. Аудан халықтарына АОА, өкпе ауруына қарсы аурухана, отбасылық – дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік – акушерлік пунктілер, 11 дәріхана, 7 базар, 100 шақты дүкен түрлері, 8 АЗС, 25 тамақтандыру жерлері және халыққа түрлі көмек көрсету орындары бар. Аудан бойынша білім беретін мектептердің саны – 30, ал олардағы шәкірттер құрамы – 7994, ауыл мектебі – 24 болса, шағын комплетілі мектептер -17, мектепке дейінгі 3 бала мекемесінде 203 бүлдіршін тәрбиеленсе, мектептен тыс мекемелерге 809 бала қамтылған. Мектептер компьютерлендіріліп, Интернетке қосылып, мультимедиялық кабинеттер де ашылған. Жазғы каникул кезінде балалар мен жасөспірімдерді демалдыру мен сауықтыру орындары қызмет көрсетеді. Өнер мектебі, балалар мен жасөспірімдір мектебі, спорт мектептері бар. ## Танымал адамдары Жалпы, аудан өміріндегі ең ауыр және жауапты болған кезең – Ұлы Отан соғысы жылдары болды. Майданға – 6569 және еңбек армиясына – 1099 зайсандықтар аттанған. 2595 адам майданда қаза болды, 238 госпитальда жарадан өлді, 1339-ы хабар – ошарсыз кетті., 175 адам әр түрлі аурудан қайтыс болды, 3 адам неміс тұтқынында каза болған. Басқалары жараланып, мүгедектікке душар болып, аман – есен туған елге оралды. Полковник В.Е.Головченко Кеңес Одағының Батыры атағын алса, сержант Манап Әубәкіров Даңқ орденінің толық иегері болды. Ғ.Сәрсекеев, К.Қызымбаев,Е.Бексейітов, С.Жырымбаев, А.Дүйсежанов, Ә. Дәніков, А.Ыдырышев, Қ.Боқажанов және тағы басқалар жауынгерлік ерліктері үшін жоғары үкімет наградаларына ие болды. Ауданымыздың ардагері Байғанбек Құдабаев пен Майшекер Қорабаева Қазақстанның «Құрмет» орденімен награтталған. Мыңнан астам күрделі операция жасаған марқұм Халел Қалимолдин Еңбек Қызыл Ту орденімен ардақталған. Аудан аумағында «Отан» РСП, «Ақ жол», «Ауыл» өңірлік өкілеттілігі өз жұмыстарын іске асыруда. Сондай-ақ, 7 мұсылман мешіттері, 1 Свято – Александровский храмы өз кызметтерін іске асыруда. Үкіметтік емес ұйымдарға: «Қазақ тілі» қоғамы, мүгедектерді қорғау ұйымы, олар жыл саиын астанага сапар шегедi.ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, «Жас өркен» жастар қоғамдары бар.заисан онерпаздарыда зор улес косуда. ## Дереккөздер
Алтай ауданы (2019 ж. дейін Зырян ауданы) — Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жағындағы әкімшілік бөлік. Аудан орталығы – Алтай қаласы. ## Географиялық орны, жер бедері Аудан батысында Глубокое ауданымен және Риддер қаласымен, оңтүстігінде Ұлан, Самар аудандарымен және Өскемен қаласымен, шығысында Катонқарағай ауданымен, солтүстігінде Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен шектеседі. Аудан аумағы 10,6 мың шаршы км тең. Алтай ауданы Кенді Алтайдың орталық бөлігінде, Ертістің оң саласы – Бұқтырма өзенінің Тұрғысын мен Қамыр (оң жағынан) және Березовка (сол жағынан) салалары құятын төменгі алабында орналасқан. Жері негізінен таулы және шоқылы келеді. Ауданның батысы мен орталық бөлігін Үлбі жотасының (ең биік шыңы – Быструха, 2577 м) сілемдері мен шоқылары (биіктіктері 800 – 1500 м) алып жатыр. Аудан жерінен қорғасын, мырыш, мыс, пирит, аздап алтын мен күміс, сондай-ақ әр түрлі құрылыс материалдары өндіріледі. ## Тарихы Зырян ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда Бұқтырма уезінің Зырян және жартылай Поздняков болысы мен Өскемен уезінің Совет болысының жерінен құрылды (1928 ж. 3 қыркүйекте БОАК бекіткен). Әкімшілік орталығы — Зыряновка ауылы болды. 1931 жылы Өскемен ауданының құрамынан Миронов, Усть-Бухтарма, Кондратьев, Поперечный ауылдық кеңестері берілді. 1935 жылы Зырян ауданының аумағы шағындалып, Бұқтырма ауданына Гусин, Кондратьев, Мякотиха, Никольск, Поперечный, Прииртыш, Усть-Бухтарма, Черемшан; Большенарым ауданына Новополяков, Огнев, Сеннов ауылдық кеңестері берілді. 1937 жылы Зыряновка ауылына жұмысшы кенті мәртебесі беріліп, 1941 жылы қалаға айналды. 1951 жылы Зырян қаласына облыстық маңыздағы қала мәртебесі берілді. 1954 жылы Снегирев және Кутиха ауылдық кеңестері таратылды. Александров ауылдық кеңесі Средигорный, Верхнемякотин ауылдық кеңесі Соловьев, Богатырев ауылдық кеңесі Бұқтырма ауылдық кеңесіне қосылды. 1957 жылы Путинцево ауылына жұмысшы кенті мәртебесі берілді. Бұқтырма ауданынан Гусин, Никольск, Черемшан ауылдық кеңестері қосылды. Бобров ауылдық кеңесі Парыгин; Средигорный, Быков ауылдық кеңестері Соловьев; Бородин, Крестов, Гусин, Черемшан ауылдық кеңестері Никольск ауылдық кеңесіне қосылды. 1957 жылы 31 желтоқсанда Зырян ауданы таратылды. Бұқтырма, Никольск, Соловьев, Тұрғысын ауылдық кеңестері, Столбуха және Путинцев кенттері Зырян қалалық кеңесіне берілді. 1963 жылы 2 қаңтарда Зырян ауылдық ауданы құрылып, оның құрамына Березов, Бұқтырма, Никольск, Парыгин, Первороссийск, Соловьев ауылдық кеңестері берілді. 1965 жылы 10 желтоқсанда Зырян ауылдық ауданы таратылып, аумағы Зырян қалалық кеңесінің қарамағына өтті. 1977 жылы 15 ақпанда Зырян ауданы қайта құрылды. Бұл жолы әкімшілік орталығы Парыгино ауылы болып, құрамына Бұқтырма, Никольск, Парыгин, Соловьев, Средигорный, Тұрғысын, Чапаев ауылдық кеңестері мен Зырян қаласының қарамағында болған Зубовка, Путинцево кенттері енді. 1977 жылы 30 желтоқсанда Березов ауылдық кеңесі құрылды. 1987 жылы Бұқтырма ауылдық кеңесі Малеев кенттік кеңесі болып құрылды. Зырян ауданы 1988 жылдың шілдесінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Президиумы Жарлығының негiзiнде Зырян қаласымен бірлесті. 1997 жылы 23 мамырда Зырян ауданының құрамына Серебрянск қаласы енгізілді. 2014 жылы Зырян қаласы аудандық маңыздағы қала санатына жатқызылып, ауданның құрамына енді. 2019 жылы Зырян ауданы мен Зырян қаласының атауы Алтай болып өзгертілді. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Ауданның климаты тым континенттік. Қаңтардың жылдық орташа ауа температурасы –22 – 24°С, шілдеде 18,5 – 20,5°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері таулардың биік бөлігінде 800 – 900 мм, етегінде 600 – 800 мм. Басты өзендері: Бұқтырма және оның салалары – Тұрғысын, Қамыр, Черновая, Березовка және Үлбі өзендерінің сол саласы Кіші Үлбі. 1960 – 67 жылдары Ертіс өзенінде Бұқтырма бөгені салынды. Өзен аңғарлары мен тауаралық ойпаңдарда қара, қара қоңыр, қызғылт қоңыр топырақтар, таулы өңірде қара қоңыр, сұр және күлгін топырақтар тараған. Алтай ауданы Қазақстандағы орманды аудандардың бірі. Таулардың солтүстік беткейлерінде және Березовка өзенінің бойында қайың мен терек, қылқан жапырақты ағаштар (самырсын, қара самырсын, балқарағай, майқарағай, шырша), өзен аңғарлары мен аласа беткейлерде қайың, терек, тал, мойыл, қарақат, таңқурай, долана, тобылғы, жазық жерлерде бетеге, бидайық, селеу өседі. Омарта шаруашылығына қолайлы гүлді өсімдіктердің сан алуан түрлері кездеседі. Жануарлар дүниесінен марал, арқар, елік, аю, сілеусін, қар барысы, қасқыр, түлкі, қарсақ, бұлғын, қоян, сарышұнақ; құстардан бүркіт, байғыз, үкі, кезқұйрық, қаршыға, ителгі, тоқылдақ, қаз, үйрек, тырна, ұлар, құр, шіл, кекілік, т.б. мекендейді. Ауылшаруашылығына пайдаланылатын жалпы жерінің аумағы 466 мың га, оның 75,4 мың га-сы егістік, 47,1 мың га-сы шабындық, 338,7 мың га-сы жайылым (2008). Елді мекендер арасындағы қатынас Өскемен – Зырянов темір жол, Өскемен – Рахманов қайнары автомобиль магистралі, Никольск – Зырянов – Среднегорное – Новохайруз автомобиль және Бұқтырма бөгеніндегі кеме жолдары арқылы өтеді.Аудан көлiгiнiң негiзгi түрлерi: темiр жолы және автомобиль жолы. Қатты жабуымен жалпы пайдалану автомобиль жолдарының ұзындығы 387,5 км ( 2003 жылы 143,5 км иесiз санынан тапсырылды). Бұдан басқа аудан аумағында 191 км ұзындығымен Өскемен-Зырян автожолы, тұйықтама болып саналатын Защита ст. Зырян ст. дейiнгi темiр жол учаскесi өтедi.Бұқтырма су қоймасында Бұқтырма шлюзы, Бұқтырма кемежайы жұмыс iстейдi. ## Халқы Тұрғындары 66 374 адам (2019). Ұлттық құрамы: орыстар – 76,88%, қазақтар – 20,27%, татарлар – 1,04%, басқа ұлт өкілдері – 1,81%. ## Әкімшілік бөлінісі 47 елді мекен 2 қалалық, 4 кенттік әкімдік пен 9 ауылдық округке біріктірілген: ## Пайдалы қазбалары Зырян кен ауданы Рудный Алтайдың тау-кен аудандарының негiзгi және көнелерiнiң бiрi, Лениногорск-Зырян тәуелдi аймақтың солтүстiк-шығыс жағында, Ревнюшенск горстантиклинальмен аймақтық түйiседi. Ауданда жүз елуден астам полиметалдық, колчедандық-полиметалдық, мыс-колчедандық орындар, кенкөрiнiстерi мен минералдау нүктелерi белгiлi. Қорғаныс, мырыш, мыс, алтын, күмiс және басқа да құнды құрамдас бөлiктерi бар кен орындарымен ғана бай емес, аудан табиғи құрылыс материалдарымен, құм-iрi құм қоспасымен, құрылыс құмдарымен, кiрпiш саздақтарымен де бай. ## Кәсіпорындар Ауданда 43 мемлекетік кәсіпорын, 28 акционерлік қоғам, 260 серіктестік, 34 өндірістік кооператив, т.б. 200-ге жуық әр түрлі меншіктегі шаруашылық нысандары тіркелген. Өнеркәсiп өңiр экономикасының негiзi болып табылады. Пайдалы қазбалардың барлығы өнеркәсiптiң салалық бағытын белгiлейдi. Базалық сала - тау-кен өндiру саласы. Осы саланың бас кәсiпорны - "Қазмырыш" ААҚ Зырян тау-кен байыту кешенi Зырян қаласында орналасқан. Ауданда цемент өндiру бойынша Қазақстанның iрi кәсiпорны жұмыс iстейдi. "Бухтарминская цементная компания" ААҚ (Октябрьск кентi). Жеңiл өнеркәсiптi "Зыряновская швейная фабрика" ЖШС, "Рассвет" ЖШС, "Универсал Вектор" ЖШС ұсынады. Тiгiн бұйымдары, арнаулы киiм, әйелдер және балалар ассортиментi бұйымдары осы кәсiпорындардың өнiмi болып табылады. "СЗНП" ЖАҚ бума-сүзгiш материал, кәсiпорындар мен халыққа арналған демалу органдарын қорғау құралдары, ассортименте пластмастан жасалған бұйымдар өндiрiледi.Электр энергиясының өндiрiмi Серебрянка қаласының маңында орналасқан "Қазмырыш" ААҚ Бұқтырма Гидроэнергетикалық кешенiнде өндiрiледi. Кешенмен бiр жылда сағатына 2,5 млрд квТ астам өндiрiледi.Аудан ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру саласында, оның iшiнде басқа өңiрлермен салыстырғанда, өнiмдiлiгi едәуiр жоғары дәндi дақылдарымен негiзгiлердiң бiрi болып саналады. Ауыл шаруашылық мекендердiң, табиғи жағдайларының барлығы ауыл шаруашылық дақылдарының кең спектрiн, оның экономикалық жоспарында дәндi, майлыларды артық көретiнi, өсiруге мүмкiндiк бередi. Жетекшi сала-өсiмдiк шаруашылығы (өндiрiс құрылымында 66%).Ауданда мал мен құстың дәстүрлi түрлерiнен басқа "Марал-сервис" ЖШС марал өсiрумен шұғылданады. Тамақ және өңдеушi өнеркәсiпте ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдеу жөнiндегi шағын, орта бизнес кәсiпорындары және жеке кәсiпкерлер басым. Кәсiпорындардың өз қаражаттары және халықтың қаржысы құрылысқа қаржы салымының негiзгi көзi болып қалды. Негiзiнде аудан бюджетiнен әлеуметтiк сала объектiлерi мен жолдардың күрделi жөндеуi қаржыландырылады. ## Әлеуметтік құрылымдар Емдеу-профилактикалық мекемелер жүйесi 13 емхана-поликлиникалық ұйымдарды, оның iшiнде 12 мемлекеттiк отбасылық дәрiгерлiк емханаларды, оның 7 селолық, енгiзедi. Бұдан басқа 9 ауруханалық ұйымдар (оның 7 мемлекеттiк, оның iшiнде 1 селолық), 6 фельдшерлiк-акушерлiк пунктер және 31 фельдшерлiк пункт. Аудан аумағында 12 мәдениет үйi және клубтар, оның 11 мемлекеттiк, 24 мемлекеттiк кiтапхана, бұдан басқа соқырлар мен саңырауларға арналған 2 мамандырылған кiтапхана. 50-жылдары салынған "Горняк" МҮ сәулет ескерткiштерiне жатады.123 спорт құрылысы, 3 балалар- жастар спорт мектебi жұмыс iстейдi. Негiзгi республикалық және облыстық өкiмет құрылымы - құқық қорғау және фискальдық органдары ұсынылған. "Қазақстанның халық банкi" ААҚ, "Наурыз Банк Қазақстан" ААҚ филиалдары, "Валют-Транзит Банкi" ААҚ, "Тұран Әлем банкi" ААҚ, "Центркредит банкi" ААҚ, "Алматы Сауда-Қаржы банкi" ААҚ , "Альянс Банкi" ААҚ филиалдарының бөлiмдерi, сақтандыру компаниялары жұмыс iстейдi. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * ШҚО-ның мемл. мұрағат филиалдары. Зырян филиалы(қолжетпейтін сілтеме)
Ұлан ауданы — Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Аудан аумағы 9610 шаршы км. Әкімшілік орталығы – Қасым Қайсенов кенті. ## Географиялық орны, жер бедері Аудан солтүстігінде Шемонаиха, Глубокое аудандарымен, солтүстік-шығысында Алтай ауданымен және Өскемен қаласымен, оңтүстік-шығысында Самар ауданымен, солтүстік-батысында Абай облысының Бородулиха ауданымен және Семей қаласымен, шығысында Жарма ауданымен, оңтүстік-батысында Көкпекті ауданымен шектеседі. Аудан аумағы Қалба тауының тау бөктерінде орналасқан, ауданның барлық аумағы таулы рельефпен сипатталады, оны абсолюттік биіктікке байналысты екіге бөлуге болады: орта және төмен таулы. Орта және таулы ойпатты аумақ негізінде жайылым алабтарымен қамтылған. ## Климаты Тау бөктеріндегі аймақ, қоңыржай ылғалды және жылы, оңтүстік қоңыржай ыстық климатпен сипатталады. Ең суық айдың (қаңтар) орта темпетатурасы -14-18 градусты, ең ыстық (шілде) + 20+21 градусты құрайды. ## Ауыл шаруашылығы Ауданда ауылшаруашылық өндіріспен 812 ауыл шаруашылық құрылымдары айналысады, олар 805 шаруа қожалықтары және 7 түрлі қалыптағы шаруашылық субъектілері. Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарына 398,3 мың гектар ауыл шаруашылық белгідегі жерлер бекітілген. Негізінде, ауыл шаруашылық азық түліктерін өндірушілері болып шаруа қожалықтары және жеке қосалқы шаруашылықтар саналады, оларда жалпы ауыл шаруашылық азық-түлік 85 пайзға дейін өндіріледі. Ауданың жалпы ауыл шаруашылық азық-түлігінің көлемі 5 219274,0 мың теңгені, мал шаруашылығы өндірісінде 3 945718,0 мың теңгені, өсімдік шаруашылығында 1 273556,0 мың теңгені құрады. 2003 жылдың жалпы азық-түлік өндірудің өсу көлемі 3,8 пайызды құрайды. Аудан бойынша 2004 жылы бидайдың орта өнімділігі гектардан 9,9 центнерді құрады. 2005 жылдың 1 қантарына қарағанда ірі қара малдың саны 50,3 мың, шошқа саны – 12,0 қой және ешкі - 61,8 жылқылар – 7,6, құстар - 188,3 түйелер – 13 бас, маралдар – 60, түйеқұс – 6. 2005 жылдың 1 қаңтарына қарағанда өндірілген азық-түлік сомасы – 2682457,5 мың теңге, онын ішінде ірі шаруашылықтар бойынша – 2635860,5 мың теңге, шағын өндіру цехтары бойынша – 46597,0 мың теңге, 34 қайта өңдеу кәсіборындары және шағын цехтар жұмыс істейді. ## Өнеркәсібі Аудан аумағында екі ірі өнеркәсіп орындары бар: «Өскемен құс фабрикасы» ААО, «Огневка» ЖШС. Өнеркәсіптік азық-түлік өндіру көлемі 2003 жылдың құндылығымен салыстырғанда 108,3 пайызға өсті, 2004 жылдың индикативтіқ жоспарын орындау 107,1 пайызды құрды, немесе өндірілген азық-түлік 3 537027,0 мың теңгені құрады. «Өскемен құс фабрикасы» ААО шығаратын негізгі азык- түлік түрлері мынадай: бройлер балапан еті, дүмбілі құс еті, консервілер, сүрлендірген еттер шұжық бұйымдары. Кұс фабрикасы жалпы аудандағы өндірілетін еттерден 61,5 пайызын өндіреді. Кәсіпорындарда жұмыс істейтіңдер саны 1137 адам құрайды. «Огневка» ЖШС. Бүгінгі күні кеніште қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жұмыс істейтіндер саны 350 адам. Огневка кентінде № 2 консервациялық және жаңарту аяқталды. 2004 жылы бөлшек сауда бұйымдарының саны 190 құрады. Осы кәсіпорындар бойынша тауар айналымының көлемі 765,2 млн теңгені құрайды, жұмыспен қамтылғандар саны 770 адам. Аудан аумағында 49 елді мекендері облыс орталығымен тасымалдау қызметімен қамтылған. Жолаушылдарды және жүктерді тасымалдау автокөлікпен жүзеге асырылады. Ауданда 537 км жолдар жергілікті маңызда жұмыс істейді, оның ішінде асфальть-бетондық жабынмен - 24 км, қара қиыршық тасты 300, ұсақталған тасты – 204, табиғи топырақты жабын – 9 км. Аймақтық «2003-2010 жылдарындағы ауыз су» бағдарламасына сәйкес Саратовка ауылының су құбыры желілеріне 16 799,6 мың теңгеге іргелі түзету жұмыстары жүргізілді. ## Халқы Тұрғындары 39 178 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 91,34%, орыстар – 25,35%, немістер – 0,85%, татарлар – 0,49%, украиндар – 0,32%, шешендер – 0,21%, өзбектер – 0,18%, белорустар – 0,09%, басқа ұлт өкілдері – 0,42%, ## Әкімшілік бөлінісі 45 елді мекен 3 кенттік әкімдік пен 13 ауылдық округке біріктірілген: ## Дереккөздер
Курчатов — Қазақстанның Абай облысындағы облыстық бағыныстағы қала. Ертіс өзенінің сол жағалауында Семей және Павлодар қалаларының аралығында орналасқан. 1991 жылы жабылған бұрынғы Семей ядролық полигонының орталығы. Қала кеңес физигі Игорь Курчатовтың есімімен аталған. ## Тарихы Ядролық зерттеу полигонын құру туралы шешім КСРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық комитетімен 1947 жылы 21 тамызда қабылданды. Полигон «Оқу полигоны» ауызша аталды, шифр әскери бөлім 52605. Полигонның қалыптасуы Мəскеу облысының Звенигород қаласында басталды. Алғашқы әскери бөлімдер мен жеке бөлімшелер 1947 жылғы 1 маусымнан бастап Павлодар облысының Майский ауданының Молдары поселкесіне қоныс аудара бастады. Полигон Қазақстан Республикасының Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының аумақтарында орналасқан. Жалпы ауданы-18500км кв., периметр-600 км-ге жуық. Аталған облыстардың тәрбітіне 54%, 39%, және 37% полигон аумағы тиіс келеді. Полигон сынақтарына дайындық жұмыстары 1949 жылғы шілде айында аяқталды. Сол жылдың 29 тамыз айында КСРО-да алғаш ядролық құрылғының сынағы өткізілді. Сынаққа тікелей ғылыми жетекшілік И.В. Курчатов атқарды. 1953 жылғы 12 тамызда полигонда алғаш термоядролық құрылғы , 1955 жылы 22 қарашада – сутегі бомбасы сыналды. Ядролық сынақтар ядролық жарылыс құрылғылары және қарулардың үлгілерін сынау мақсатында өткізілді. Кейіннен халық-шаруашылық мақсатта өткізілді. Полигон күрделі ғылыми-зерттеу кешені болып саналды. Құрылымы жағынан ол базалық Курчатов қаласынан тұрды.(ауданы «М») , «Балапан» лабораториялық -эксперименттік базасымен,пл. «№ 10», пл. « Дегелең», пл. «Ш». Сынақ алаңдары құрылысымен қатар сынақ алаңынан 130 км Семей қаласынан батысқа қарай орналасқан тұрғын әкімшілік орталық салына бастады. Алғашқыда тұрғын қалашық әскери гарнизон қызмет істеді, Семей- Конечная бекеті теміржол магистралі құрылысының аяқталуынан соң айрықша құпиялылығына байланысты «Москва-400» атауына ие болды. 1947 жылдан бастап қала статусына ие болып, Курчатов аталынды. Әлемге Семей-21 ретінде белгілі (пошта бөлімшесі). Қаланың тарихы ядролық қару базасының құрылу тарихымен ажырамас байланыста. Өзінің тарихындағы ең сұрапыл Ұлы Отан соғысында қорғаныс сипаттағы күрделі мәселелер шешімімен, 1947 жылы КСРО МК және КОКП ОК қаулысымен Тау сейсмикалық бекеті (ТСБ), атомдық зарядтарды табиғи сынау үшін «905» обьектісі құрылды. ОП-2 алашқы командирі артиллерия генерал-лейтенанты Рожанович Петр Михайлович (1948 жылғы ақпан- қыркүйек). Оны артиллерия генерал- майоры Колесников Сергей Георгиевич алмастырды. Семей сынақ полигонының соңғы командирі Коноваленко Юрий Владимирович болды. Алғашқы дайындыққа жетекшілік етуші Игорь Васильевич Курчатов болды. Әскери құрылысшылар 1947 жылы Ертіс өзенінінң жағасына (Обь өзенінің үлкен сағасы, Қазақстанның маңызды өзендерінің бірі) орналасты. Семей қаласынан шамамен 130 км, ағыстан төмен қарай тұрғын-үйлердің, әкімшілік ғимараттардың, техникалық құрылғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле бастады. Бос орында құрылыс бастау қиынға соқты. Жеке құрам үшін шатырлы қалашық, өзен ағысына жақын жерде су ысыту үшін темір бөшкелері бар моншалар жасалды. Сонымен қатар сәскерлерге жертөлелер жасау үшін жер қазылып, фашиналар тоқылып, орманнан тіреулер алынып, жертөлелерді фашиналармен жауып, үстінен құм себілді. Офицерлер жертөлелері тақтайшалармен жабылып, ішінен фанералармен қоршалды. Әскерлерде қыс бойына тамшылар тамып, әсіресе жылынған мезгілде тоқтамады. Отынның жеткілікті мөлшерде болмауы офицерлер үйінің қабырғаларында шық қырау қабаттарымен қапталатын. Қыс (әсіресе 1948 жылы) өте қатты болды, 40-50 градусқа дейін жететін және қол және аяқ саусақатарының үсініп, кестіру жағдайлары жиі болған. Ақпан айларының аязынан, боранынан жертөлелер есіктері жабылып қалып, көбінесе аршып алуға тура келетін. Жеке құрамға азық-түлік жеткізу үшін автожолдардың болмауынан күніне 300гр. Нан ғана жеуге рұқсат етілген. Полигондағы өмір сүру жағдайы майдандағыдан кем болған жоқ: сол сияқты жертөлелер, жол қазандық азықтану, заттық, саудалық аттестаттар, жанұядан алыстатылу, қатаң жағдай режимі. Қойылған мәселелерді орындау, үлкен ерік күші, шыдамдылық, жеңімпаз елге деген сүйіспеншілік, әскери құрылысшаларға, командирлерге подполковник Барсуков В.М.,, Подполковниктер Евтиков М.А., Евдокимов А.А., Тран В.И. және басқаларына өте қысылтаяң мерзімде ,1949 жылдың шілде айына дейін ядролық қаруларды сынау құрылғылары мен объектілерін дайындауды аяқтау қажет болды. Қатарлас құрамына 2 құрылыс полкі кіретін 31516 әскери бөліміне жүктелген тұрғын қалашық құрылысы ( М алаңы) басталды. Әскери құрылысшалардың алдына заманға сай, толық ыңғайластырылған әскери қалашық салу міндеті қойылды. Бұл міндетті 53 инженерлік-құрылыс полкі орындады. Біртіндеп қалашық өсе бастады, адамдар өмірі ыңғайлана бастады. Жеке құрам жертөлелерден тұрғын үйлер мен казармаларға көшті және алғашқы құрылыс болып Ленин көшелеріндегі үйлер және ЖПО, 52605 ә-б гарнизондық штабы болды. Полигон басшысына арналып коттедж салынды, бірақ оған бірінші жарылыста Л.П. Берия өз қорғаушыларымен қоныстанды. 1949 жылы «Офицерлер үйі» пайдалануға енгізілді. 1950 жылы –су тазалау құрылығысының барлық кешенімен су алу бекеті құрылысы аяқталды. Ең алғашқы 36 пәтерлік үйлер 1952 жылдың жазында берілді. Бұл Первомайская 32, (құрылысшылар үйі) және Молодежная,2 (Победы). Екі қабатты казарма, госпитальдің хирургиялық бөлімі1953 жылы аяқталды. Ертіс жағасындағы жағалау сатыларымен тас қалауларыман 1954 жылы құрылған. Офицерлердің жанұяларына келуге 1952-1953 жылдары ғана рұқсат етілді. Тұрғын үй мәселелерін шешу үшін 2-3 айға созылған үлкен бетондардан үйлер кварталдарын салу басталды. 1956-1958 жылдары гарнизонда моншалық-кір жуу комбинаты, монша, жаңа наубайхана, Универмаг салынған. 1955 жылдан бастап кең көлемде тұрғын қалашықты жасылдандыру және көркейту басталды.1960 жылы жасыл алқаптар 95 га. ауданды алды, 35 сәндік және 2 мың жеміс ағаштары сонымен қатар көптеген гүл түрлері болды. 1957 жылдың маусым айында 31516 ә/б құрамына Шаған бекетінде орналасқан (240 объект) бөлімдер кірді. Олардың құрамында 7-ші,16-шы бөлек аэродромдық-құрылыстық полктер,708 участок арнайы жұмыстар, 412 жеке монтаждау ротасы және 1008 әскери госпиталь болды. Бұл бөлімдер 1946-1947 жылдары құрылды және 1954 жылы объектіге қорғаныс құрылысының айрықша маңызды жұмыстарын орындау үшін келді. Көптеген арнайы және ұрыс кешендері салынды, ал 240 обьект ресми емес атауы «Половинкада» біздің қалашыққа кіші ағайын біздің қалашығымыздан көлемі жағынан біраз кішірек қалашық өсіп келді. «О» алаңы Ертістен шамамен бір жарым километрдей жерде сынақ полигонының ғылыми-тәжірибелік бөлімі (ҒТБ) салынып, қоршалды. Бұл аумаққа бірнеше қызметтік ғылыми-зерттеу лабораториялары (биологиялық, радиохимиялық, физикалық өлшеу ) ғимараттар және әскери техниканы сынау секторы, қазіргі уақытта – Радиациялық Қауіпсіздік және Экология Инсититуты салынды. «Ш» алаңы 1949-1962 ж.ж. мерзімінде атмосфералық сынақ жүргізу үшін қызмет етті. Барлығы 130 атмосфералық сынақ жүргізіліп,оның 30- жерүсті ядролық сынағы болды, кейіннен алаң ядролық физика саласының тәжірибелерін өткізуге, және әскери техникаларды сынауға пайдаланылды. Алаңда зерттеу ядролық реакторы, «Сияние» стендтік кешені , 330 орынға арналған 6 қонақ үйі, 4000 адамдық казарма орналасқан. «Балапан» алаңы Жерасты бұрғылау сынақтарын өткізуге және кәдімгі жарылғаш заттармен моделдік тәжірибе жасауды өткізуге қызмет еткен. Алаңда 131 жерасты бұрғылау сынақтары, 33 шахталық жіберу қондырмаларымен, сынауға арналған кең масштабты эксперимент өткізілген, қондырмалардың және инженерлік байланыстардың арнайы форты болды. 850 орындық 5 қонақ үйі,1100 адамдық казарма болды. 1988 жылы КСРО мен СҚШ арасындағы келісім бойынша (1974 жылғы 3 шілдедегі жерасты ядролық қаруларын сынауды шектеу туралы) бақылау жөнінде біріккен эксперимент өткізілді (ББЭ). ББЭ жерасты жарылыстарының параметрлері болды. ### «№ 10» алаң Атомдық реакторлар мен жаңа технологиялардың мемлекеттік ғылыми орталығының базалық алаңы болды. (« Луч» ғылыми-өнеркәсіптік бірлестігі). Мұнда екі зерттеу реакторлары, 3 7000 орындық қонақ үйі, 524 адамдақ казарма болды. «Дегелен» алаңы Жерасты штольнядағы ядролық сынақ өткізуге арналған. Барлығы 233 сынақ өткізілген. Алаң физикалық тәжірибелер өткізуге перспективалы болған. Таулы- техникалық және құрылыс-монтаждық өндірістік-техникалық базасы, 1200 орындық қонақ үйі, 1100 адамдақ казарма болды. Барлық тәжірибелік алаңдарда жауынгерлік клуб, монша, орталық жылу беру, су құбыры, су жіберу құбырлары болды. Курчатовта ғылыми-зерттеу лабораторялар, жинақталды, дәрігерлер және биологтар, математиктер мен физиктер сонымен қатар шахтақұрылысшылары өндірістікбазасы , бұрғышылар, геологиялық барлаушылар,құрылысшылар орталығы жинақталды. Бұл ағаштармен көмкерілген, фонтандары бар, бақтары, балалар алаңы, аэродром, теміржол. Автобус бекеттері бар сонымен қатар Мәдениет сарайы, музей, өзінің теледидары, газеті бар әдемі қала болған. Тәулік бойына күнімен , түнімен сынақ алаңдарымен,орталықпен байланысты ұстау және қорғау жөніндегі күзет антеннелеры, радарлық құрылғылардың айналары аспанға қарап тұратын. Бұл Әскери-өндірістік кешеннің (ӘӨК) гүлденіп келе жатқан жабық қалашығы болатын. Мұнда зерттеу және тәжірибе жасауға арналған барлық жағдай жасалды. Қалада белгілі кеңес физактері И. Курчатов, Ю. Харитон, А. Сахаров , Я. Зельдович өмір сүріп, қызмет еткен. Оларды ядролық қарудың әкелері деп атайды. 1990 жылы қала халқа 200 мың адамда құрады. Курчатов сынаушылардың бас лабораториялық-эксперименттік базасы болып саналды. Қаланың тұрғын үй қоры 175056 кв.м, оның 69500 әскерилерге арналды. Қалада грунталған қону жолымен аэродром, 10 тонналық сүт зауыты, 143 тонналық нан зауыты, тәулік бойы өнімдер, 1150 орындық 8 мектепке дейінгі мекеме, 3000 орындық мектеп, 50 койкалы әскери госпиталь, дәрігерлік-санитарлық бөлім, «Болшевичка» тігін фабрикасының филиалы, ұсақ кәсіпорындар мен кооперативтердің бірқатары болды. Радиактивті газдардың сынақтан соң жер бетіне тастау 1989 жылғы 19 ақпандағы ядроға қарсы күшті қозғалыс «Невада- Семей» пайда болуына себеп болды. ҚР Президентінің 29.08.1991ж. № 409 Семей полигонын жабу туралы Жарлығынан кейін қалада күрделі жағдай пайда болды. Ресей әскери бөлімдерінің полигондардан тездетіп жиналуы және дислокациялануы барлық ғылыми-өндірістік құрылым мен қаланың әлеуметтік саласын толығымен бұзылу қатеріне әкелді. Ел басшылығының Курчатов қаласы аумағында орналасқан сәйкес ғылыми ұйымдар мен объектілері және бұрынғы Семей сынақ полигоны кешенінің базасында ҚР ұлттық ядролық орталығын ұйымдастыру туралы шешімі ғылыми потенциалды сақтап қалуға себеп болды. ҚР ҰЯО қалада маңызды шетел инвестициясын тартуға және қосымша жұмыс орындарының пайда болуына септігін тигізді. Полигон дамуының ғылыми-техникалық потенциалды конверсиялау және жаңа технологияларды пайдалану мақсатында 1995 жылы қазақстан-американдық «СЕМТЕХ» кәсіпорын құрылды. 1996 жылы–«КК Интерконнект» негізігі профилі электронды құрылғылар мен печатті платаларды өндіру болып табылатын кәсіпорны құрылды. Геологиялық барлау жұмыстарымен қазақстан-американдық «ФМЛ Казахстан» кәсіпорны айналысады. ССП аумағына болашағы зор қазба байлықтары концентрациясы сипат алып келеді, бірінші кезекте, алтын мен мыс, сонымен қатар руда емес шикізаттары да байқалған. Қала аумағында «габбро» табиғи тасын қазу және өңдеу жұмыстарымен «Дегелен» кәсіпорны айналысады. ## Географиясы Курчатов қаласы - бұрынғы Семей сынақ полигонының орталығы. Шығыс Қазақстан облысының батысында орналасқан. Қаланың геофизикалық координаттары СШ 50 44.3-5046,2 және ВД 7830,5-7833,7 құрайды. 11 мың гектар ауданды құрайды. Курчатов қаласының құрамына Курчатов қаласының өзі, Дегелен бекеті (2 км) және Молдары селосы (3-4км)кіреді. Көрсетілген тұрғын пункттері ерікті емес, және есепке кірмейді. ### Климаты Курчатов қаласы Павлодар облысының Ертіс өзенінің сол жағалауында құрғақ агроклиматты зонада ГТК 0,3-0,5 –ке тең (жазық бозалы-бетегелі дала кіші зонасына жатады) орналасқан. Мұнда климат күрт континентті. Оған тән : көктем-жазғы мерзімде құрғақшылық, жыл бойына атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жеткіліксіз әрі тұрақсыз, жыл бойына әсіресе көктем мезгілінде желді болады, жазды жоғары, қыста төмен ауа температурасы тән. Орташа көпжылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм-ге дейін, мұнымен қоса интенсивті вегетациялану кезінде (мамыр-шілде) 90 мм-ге дейін ғана жетеді. Қар жамылғысының биіктігі көп емес, қыста ашық алаңдарда 13 см-ді құрайды. Жылдық орташа температура қалыпты және +2,4градус. Өзге жылдарда максималды температура +40-42 градус, минимальды –48,-49. Ең жылы ай-шілде, ең суық айлар- қаңтар және ақпан. Басым желдер оңтүстік-батыс және батыс бағыттағы желдер, олардың күшеюі сәуір, мамыр, маусым айлары болып табылады. ## Халық саны 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға қарағанда қалада 9900 адам, 2003 жылмен салыстырғанда халық саны 400 адамға көбейген. Ұлттық құрамы: Қазақтар-3,14 мың адам (31,7%), орыстар-5,96 мың адам (60,2%), басқа ұлттар –0,8 мың адам (8,1%). Қаланың өмір суруі мен барлық қызметін қамтамасыз ету көзі республикалық бюджет. ## Экономикасы Қалада 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 104 барлық меншіктік нысандағы заңды тұлғалар тіркелген, олардың : шағын-92, орташа-8, ірі-4. Әрекеттегісі-74 кәсіпорын. ### Өндіріс Курчатовта 6 әрекеттегі өндірістік кәсіпорын бар: “Коммуналдық көпсалалы пайдалану кәсіпорны” МҚК (сумен, жылумен қамтамасыз ету), ШҚ АЭК Курчатов филиалы (электрэнергиясын өндіру), “КК Интерконнект” (электронды құрылғылар мен печатті платаларды өндіру), «Азот» ӨК (газтәрізді және сұйық оттегін, ацетилен өндіру), «Луч» КИП ЖШС (салмақты өлшеу жүйесін өндіру және қызмет көрсету), «Дегелен тас» ЖШС (табиғи тастар мен өңдеу плиталарын өндіру). Ауылшаруашылығы. Қала аумағында ауылшаруашылығы және шаруа қожалығы тіркелмеген, бірақ халықтың қосымша шаруашылығы мен саяжайлық кооперативтері бар. Кәсіпкерлік. Салық комитетінің мәліметтері бойынша қалада 629 адам айналысатын 292 шағын кәсіпкерлік субьектісі, тіркелген. Оның ішінде : 29 шағын кәсіпкерлік, 98 жеке тұлға патентпен жұмыс істейді, 98- куәлікпен, 67- жай декларациямен жұмыс істейді. Қалада 3 наубайхана жұмыс істейді (Надеев, Вдонин, Ковалева). ## Қарауға тұрарлық жерлер ### Ескерткіштер • Жеңіс ескерткіші • Курчатовқа арналған ескерткіш • Әскери құрылысшыларға арналған ескерткіш Жеңіс ескеркіші 1985 жылы Павлодар қаласының сәулетшісі, 31516 ә/б әскери құрылысшылырмен және 52605 ә/б әскери құрылысшыларымен салынған. Ескеркіштің ашылуы 1985 жылы 9 мамырда болған. Әскери құрылысшыларға арналған ескерткіш 1972 жылы салына басталған. 10 тамызда оның ашылуы болған. Сәулетшісі - Ресей Федерациясының мәдениетіне еңбегі сіңген сәулетші - Корнеев Георгий Александрович. Ескерткіш қаланы тұрғызған әскери құрылысшылар құрметіне салынған (1947-1972). ## Дереккөздер
Глубокое ауданы — Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 7,3 мың км². Орталығы – Глубокое кенті. Аудан 1964 жылы 31 желтоқсанда құрылған. ## Географиялық орны, жер бедері Аудан батысында Шемонаиха, шығысында Алтай ауданымен және Риддер қаласымен, оңтүстігінде Ұлан ауданымен және Өскемен қаласымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі. Облыстың солтүстік жағының орталық бөлігінде, Ертіс өзенінің салалары Үбі мен Үлбі өзендері аралығында орналасқан. Ауданның жер бедері өте күрделі. Солтүстік-батыс жағын Үбі мен Үлбі өзендерінің аралығындағы Үбі жотасының батыс бөлігі мен Тікирек (Тигирец) жотасының оңтүстік беткейі және олардың шоқылы сілемдері, ал оңтүстік-батыс жағын Үлбі (Иванов) жотасының батыс бөлігі алып жатыр. Жер беті Ертіс өзенімен және оның салаларымен тілімденген. ## Тарихы 1963 жылы 10 қаңтарда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен Глубокое өнеркәсіптік ауданы құрылды. Аудан құрамында Глубокое, Белоусовка, Пахотный, Верхнеберёзовский, Первомайский кенттері болды. 1964 жылы 17 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен Пахотный кенті ауылдық елді мекен санатына жатқызылып, Лениногорск қалалық кеңесінің әкімшілік қарамағына берілді. 1964 жылы 31 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен Глубокое өнеркәсіптік ауданы таратылды; орталығы Глубокое кентінде Глубокое ауданы құрылып, құрамына Шемонаиха ауданының Белокамен, Бобров, Киров, Краснояр, Куйбышев, Малоуба, Северный, Секисов, Ушанов, Фрунзе ауылдық кеңестері мен Верхнеуба ауылдық кеңесінің «Весёловский» кеңшарының аумағы енді. 1965 жылы 21 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен Шемонаиха ауданынан Черемшан ауылдық кеңесі берілді. 1972 жылы 28 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен Весёлов ауылдық кеңесі құрылды. 1984 жылы 11 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің Шешімімен Опытное поле ауылдық кеңесі құрылды. 1985 жылы 17 қазанда Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің Шешімімен Калинин ауылдық кеңесі құрылды. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты тым континенттік, қаңтар айының орташа температурасы –18°С, шілдеде 20°С шамасында. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 600 – 700 мм. Жер беті сулары Ертіс өзенінің орталық бөлігі мен оның Оба, Үлбі, Қарақожа, Қызылжар, Глубочанка атты салаларынан және оларға құятын сай-жыралардан тұрады. Аудан жерінде негізінен сұр, карбонатты күңгірт-қызғылт және қызғылт топырақтар, қыратты жерлерде қара және шалғындық топырақтар тараған. Далалы ашық жерлерде жусан аралас селеу, бетеге, қыратты (таулы) өңірде бұта тектес өсімдіктер, қарағай, майқарағай, терек, қайың, шетен аралас ормандар өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, аю, сілеусін, түлкі, бұлғын, борсық, бұғы, таутеке, елік, күзен, сарышұнақ; өзен-көлінде су құстары, шабақ, алабұға, шортан, қарабалық және т.б. мекендейді. А. ш-на пайдаланылатын жер аумағы 248,9 мың га, оның 100,4 мың га-сы егістік, 31,6 мың га-сы шабындық, 104,4 мың га-сы жайылым. Аудан жері арқылы Өскемен – Лениногор, Өскемен – Шемонаиха автомобиль жолдары, Өскемен – Локоть т. ж. өтеді. Ертіс өз-мен шағын кемелер қатынайды. ## Халқы Тұрғындары 61 948 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 29,27%, орыстар – 65,95%, немістер – 1,96%, татарлар – 0,90%, украиндар – 0,55%, басқа ұлт өкілдері – 2,57%. ## Әкімшілік бөлінісі 37 елді мекен 2 кенттік, 2 ауылдық әкімдік пен 13 ауылдық округке біріктірілген: ## Пайдалы қазбалары Глубокое ауданының қойнаулары полиметалды рудаларға бай. Қорғасын, мырышпен қатар құрамында алтын, күміс, кадмий, сурьма, мышьяк, темір, күкірт, селен сынап, мыс және басқа да элементтер бар. Өзінің тазалығы жөнінен Березовка, Белоусовка, Ертіс және Ново-Березовка кен орындарының металдары әлемдік стандарттан кем түспейді. Аудан аумағында 23 жерде құрылыс материалдарына қажетті тастар, әктас, кірпіштік топырақ, құрылыс құмдары бар. Гранит, диодориттер мен кварцальбитофирлер құрылыс тастарын өндіретін шикізат ретінде қызмет етеді. ## Аудан тарихы 1730 жылы штейгер Иван Чупоршнев бай Березовка кенішін ашты. 1731 жылдан Демидов Невьян заводынан әкелінген жұмысшы кадрлар күшімен бұл телімді пайдалана бастады. Нан мен жарма алыстағы сібір мен орал уездерінен әкелінді. Азық-түлік проблемасын шешу үшін 1760 жылы «Өскмен қамалына орналасу және Уба өзенінің арғы жағына, Ертістің оң жағалауына Березовка, глубокое Улбьба және басқа да Ертіске құятын өзендер жағалауына қамалдар салу мен екі мыңға дейін орыс әкеліп қоныстандыру туралы» Сібір жарлығы шықты. 1761 жыл Глубокоенің туған жылы. Ескі көздердің айтуы бойынша осы жылы Петушок жотасының етегіне Игнатий Губин отбасымен қоныстанған. Глубокое тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысты, таулы-завод халқын және Ертіс казактары әскерлерін азық-түлікпен қамтамасыз етті. Алғашқы қоныстанушылар әкімшілік есепте өскменде тұрды. Шаруалар міндеттеріне егіншіліктен басқа жолдарды жөндеу мен кеніш жұмыстарына жас жігіттерді қосу болды. Барлық жүктер атпен тасылды, сондықтан жылқы шаруашылығы дамыды. 1747 жылы Секисовка ауылы пайда болды (Секисовка редутының орнына), 1767 жылы Бобровка пайда болды, 1797 жылы Белоусовка. Глубокое ауданы – Кенді Алтайдағы ара шаруашылығының отаны. 1786 жылы алғашқы аралар Бобровкаға әкелінді, кейін Глубокоеде, Прапорщиковода пайда болды, одан бүкіл Алтайға тарады. Ертіс мыс балқыту зауытының тарихы 1920 жылдарынан басталады, «Лена-Лимитед-Голфилдс» ағылшын компаниясы Глубокое кентінде шағын қорғасын зауытының құрылысын бастады. Зауыт 1931 жылы күзде іске қосылды. Бұл компаниямен келісім-шарт бұзылғаннан кейін орталығы Глубокое кентінде «лена-Банк» Алатай комбинаты құрылды. 1932 жылдың сәуірінде комбинат Ертіс тау-өнеркәсіптік кешен болып қайта құрылды, құрамына Белоусовка мен Березовка кеніштері енді. 1937 жылы 26 мамырда Ертіс мыс балқыту зауыты жұмысын бастады. 1935 жылғы мамырда Глубокое арқылы Рубцовск – Защита темір жол магистралі салынды. Глубокое жерінен 10 Кеңес Одағының батыры және 19 Социалистік Еңбек Ері шыққан. ## Дереккөздер
Абай ауданы — Абай облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Семей облысының батыс бөлігінде 1928 жылы 3 қыркүйекте құрылған. Орталығы — Қарауыл ауылы. Аудан Абайдың өмірі, шығармашылығымен тығыз байланысты. Абай, Мұхтар Әуезов тарихи-өлкетану мұражайлары бар. Абайдың аналары — Зере, Ұлжан, жұбайлары — Ділдә мен Әйгерімге, балаларына ескерткіш-мазарлар орнатылған. «Еңлік-Кебек» кесенесі де осында. Абай шәкірттері Көкбай, Шәкәрім Абай ауданында өмір сүрген. Қарт ақын Шәкір Әбенов те осы ауданда тұрған. ## Тарихы 1928 жылы 17 қаңтарда Семей уезінің Шаған, Шыңғыс болыстарының және жартылай Луначарский болысының жерінен Семей округінің құрамында Шыңғыстау ауданы болып құрылған (1928 жылғы 3 қыркүйекте БОАК-мен бекітілген). Орталығы Доғалақ қонысында болған. 1932 жылы 20 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы құрылғанда орталығы Қарауыл ауылында орналасқан Шыңғыстау ауданы болып құрамына енген (1932 жылы 10 наурызда БОАК-мен бекітілген). 1930 жылы 20-21 қарашада Қазақ АКСР ОАК Қаулысымен Шыңғыстау ауданы Голощёкин ауданы болып өзгертілді. 1930 жылы 17 желтоқсанда ауданға бұрынғы Шыңғыстау атауы қайтарылды. 1939 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Шыңғыстау ауданы Шығыс Қазақстан облысынан Семей облысына берілді. 1940 жылы 15 наурызда ауданда 8 ауылдық кеңес болған: Арқат, Бақанас, Қарауыл, Құндызды, Құлмен, Мұқыр, Сарыжал, Сарғалдақ. 1940 жылғы 5 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 95 жыл толуына орай Шыңғыстау ауданы Абай ауданы болып өзгертілді. Ауылдық кеңестері: Арқат, Бақанас, Қарауыл (1953 жылдан Абай), Құндызды, Құлмен, Мұқыр, Сарыжал, Сарғалдақ. 1954 жылғы 4 тамыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Бақанас және Мұқыр ауылдық кеңестері Мұқыр ауылдық кеңесіне біріктірілді. 1955 жылғы 22 қаңтардағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен аудан құрамына таратылған Абыралы ауданының Қараөлең және Шаған ауылдық кеңестері енді. 1959 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Абай ауылдық округі Новопокров ауданына берілді және Шаған ауылдық кеңесі таратылып, аумағы Қараөлең ауылдық кеңесінің құрамына енді. 1963 жылғы 2 қаңтардағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен таратылған Новопокров ауданының Абай, Знаменка, Семейтау ауылдық кеңестерінің негізінде Абай ауылдық ауданы құрылды. Орталығы – Қарауыл ауылы болды. Ауылдық кеңестері: Абай, Арқат, Знаменка, Қарауыл, Құлмен, Құндызды, Мұқыр, Сарғалдақ, Сарыжал, Семейтау. 1965 жылғы 28 тамыздағы Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен Семейтау ауылдық кеңесі Бородулиха ауданына өтті. 1966 жылғы 31 қаңтардағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Знаменка ауылдық кеңесі қайта құрылған Жаңасемей ауданының құрамына берілді. 1971 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ақбұлақ ауылы орталығы болатын Ақбұлақ ауылдық кеңесі құрылды. 1978 жылғы 8 наурыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен орталығы Медеу ауылы болатын Медеу ауылдық кеңесі құрылды. 1980 жылғы 28 шілдедегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен орталығы Абыралы ауылында болатын Абыралы ауылдық кеңесі құрылды. 1990 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен қайта құрылған Абыралы ауданының құрамына Абыралы, Ақбұлақ, Қараөлең, Сарғалдақ ауылдық кеңестері берілді. 1991 жылғы 11 желтоқсандағы Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен Құлмен ауылдық кеңесі Қасқабұлақ ауылдық кеңесі болып өзгертілді. ## Географиялық орны, жер бедері Аумағы — 20 093 км². Жері бедері ойлы-қырлы болып келеді. Оңтүстік-батысын Ханшыңғыс (1152 м) және Шыңғыстау (1077 м), шығысын Дегелең, Ордатау, батысын Дос таулары алып жатыр. Кен байлықтарынан мәрмәр, гранит, қиыршықтас, құм, т.б. өндіріледі. Аудан батысы мен солтүстігінде Жаңасемей ауданымен, оңтүстігінде Аягөз, шығысында Жарма аудандарымен шектеседі. ## Халқы ## Әкімшілік бөлінісі 11 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген: ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Орташа ауа температурасы қаңтарда — 15,5°С, шілдеде — 20,5°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері — 250–350 мм. Аудан аумағынан Шаған, Ащысу, Бөкенші өзендері ағып өтеді. Жазда құрғап қалатын ұсақ өзендер мен жылғалар, ащы және сор көлдер көп. Жері қоңыр және сортаң топырақты келеді. Өсімдіктерден далалық өңірде селеу, бетеге, жусан, ши, таулы өңірлерде терек, қайың, өзен бойларында тал, қарақат, мойыл өседі. Жануарлардан арқар, елік, қасқыр, түлкі, ор қоян, қарсақ, борсық, күзен, тиін, сарышұнақ; құстардан дуадақ, құр, бұлдырық, бөдене, тырна, қаз, үйрек, бүркіт, т.б. мекендейді. Ауыл шаруашылығынана пайдаланатын жер аумағы — 3271,2 мың га (2006), оның ішінде егістік жері — 66,6 мың га, шабындық — 61,4 мың га, жайылым — 3141,1 мың га (2001). Тұрғындары облыс орталығы Өскемен қаласымен және көрші аудандармен автомобиль жолдары арқылы қатынайды. Ауданда Абай Құнанбайұлы пен М.О. Әуезовтің мұражайлары, Жидебай қорығы, Сарыкөл, Қоңыр әулие үңгірлері, Еңлік-Кебек зираты, т.б. тарихи орындар мен туристік маңызы бар көрікті жерлер бар. ## Дереккөздер
Ертіс ауданы — Павлодар облысының солтүстік-батыс жағында, Ертіс өзенінің сол жағасында орналасқан аудан. 1928 жылы 17 қаңтарда Павлодар округі құрылғаннан кейін тоғыз ауданымен қоса Ертіс ауданы да құрылған. Ауданы 10,2 мың ш. км. ## Физикалық–географиялық сипаттамасы ### Географиялық жағдайы Аудан солтүстікте Ресей Федерациясының Омбы облысымен, шығыста облыстың Железин, Тереңкөл аудандарымен, оңтүстікте Ақтоғай ауданымен, батыста Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданымен шектеседі. ### Климаты Аудан климаты қатал континентальды. Көктем мен күз тұрақты емес, жылыдан суыққа ауысып отыратын температурада қысқа болып келеді. Қаңтардың орташа температурасы −18ºС-қа, шілденің - +20ºС-қа тең. Жауын-шашын көбінесе жазда болады. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері — 250—300 мм. Қар жамылғысының орташа биіктігі қыс соңында 25 см-ге жетеді. Жыл бойы жиі желдер болып тұрады; бұлттылық пен ауа ылғалдылығы басым емес. ### Жер бедері мен гидрографиясы Аудан аумағы Ертіс жазығының солтүстік бөлігін алып жатыр. Жағалары жыраларға тілімденген көптеген көлдер бар (Қызылқақ, Сілетітеңіз, Тобылғысор және басқалар). Көлдердің көбі ұсақ түрде келетін асқа жарамды тұзы бар көлдер болып келеді. Топырағы қара, сортаң, сонымен қатар сұр, сұрғылт – сары реңктегі құм, супес пен балшық түрінде де келеді. Ауданда Ертіс өзені алқабында орналасқан шығанақты шалғындар бар. Пайдалы қазбалардың ішінде алебастр кезедеседі. ### Флора және фауна Аудан аумағында бетеге, жусан, терек, үйеңкі, шеңгел, мойыл, итмұрын кездеседі. Қасқыр]], түлкі, қоян, борсық, сарышұнақ, суыр, елік секілді аңдар мекендайді. ## Халқы ### Этникалық құрамы Ұлттық құрамы (2012 жылдың 1 қаңтарына) * қазақтар — 11 326 адам (58,2 %) * орыстар — 4 742 адам (24,37 %) * украиндер — 1 528 адам (7,85 %) * немістер — 849 адам (4,36 %) * татарлар — 197 адам (1,01 %) * беларустар — 232 адам (1,19 %) * басқалары — 585 адам (3 %) * Барлығы — 19 459 адам (100,00 %) ### Санның серпінділігі 2012 жылы халық саны — 19,459 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км² 1,9 адамнан келді. ## Әкімшілік бөлінісі 27 елді мекен 11 ауылдық округ пен 1 ауылдық әкімдікке біріктірілген: ## Экономика Павлодар қаласымен көлік байланысы су жолы арқылы іске асады, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларымен негізгі байланыс түрі – автомобильді көлік. ### Ауыл шаруашылығы Ауылшаруашылық мамандандырылуы: бидай шаруашылығы, сүтті мал шаруашылығы. Тары, қаратұмық, күнбағыс өсіріледі, ет, ұсақ тері шикізаты өндіріледі. Ауданда өндірілетін негізгі өндірістік және ауыл шаруашылық өнімнің түрлері: бидай дақылдарын өсіру, сүт және ет өндіру. МАЖС, АЖС саны — 11Ауылшаруашылық тауар өндірушілердің саны: Ауыл шаруашылық – 26Шаруа қожалықтары – 434 ## Әлеуметтік сала ### Білім беру мен ғылым 2012 жылғы оқу жылының басында 4140 оқушысы бар 31 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептері, 269 оқушысы бар 1 кәсіби-техникалық мектеп қызмет етті. ### Денсаулық сақтау Емдейтін мекемелер саны-35, оның ішінде аурухана, поликлиника, туберкулезге қарсы аурухана. ### Мәдениет Клубтар саны - 22, кітапханалар саны - 19, музей - 1. Екі аудандық газеттер бар, олардың біреуі мемлекеттік тілдегі «Ертіс нұры», екіншісі - орыс тілдегі «Иртыш». ## Белгілі адамдар * Иса Байзақов – ақын, әнші-композитор. * Каржасов, Қабдыл-Ғалым Насырұлы – суретші, кескіндемеші ## Дереккөздер
Ақтоғай ауданы – Павлодар облысының солтүстік-батысында орналасқан аудан. Ауданның әкімшілік орталығы – Ақтоғай ауылы облыс орталығынан солтүстік-батысқа қарай 116 км жерде, Ертіс өзенінің сол жағасында орналасқан. Негізі жер ауып келген шаруалардың құнды жерлерді игеруімен байланысты 1907 жылы қаланған. Ауыл шаруашылық алабының аумағы соның ішінде егістік жерлер – 36,4 мың га, шабындық жерлер – 34,1 мың га, жайылымдар – 594,1 мың га, тыңайған жерлер – 246,0 мың га, бау-бақшалар – 0,45 мың га, көпжылдық өсімдіктер – 0,05. ## Физикалық-географиялық сипаттамасы ### Географиялық жағдайы Ауданы 9,8 мың км². Солтүстігінде Ертіс ауданымен, оңтүстігінде — Ақсу және Екібастұз қалаларының ауылдық аймақтарымен, батысында — Ақмола облысының Ерейментау және Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов аудандарымен, шығысында — Тереңкөл және Павлодар аудандарымен шектеседі. ### Климаты Климаты қатал континентальды. Қаңтар айындағы орташа температура −17°-18°С, шілде айында— +20°+21°С. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері — 250-300 мм. ### Жер бедері және гидрография Аумақтың жер бедері— жазық (Ертіс жазығы). Жер қойнауындағы табиғи құрылыс материалдары зерттелінген. Аудан аумағында Ертіс, Сілеті (өзен), Шідерті өзендері, Жаалулы, Тобылғысор, Тайқоңыр, Сасықсор және т.б. көлдері өтеді. Топырағы қою қызғылт. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде аудан аумағының көп бөлігі жыртылған. ### Флора және фауна Дәнді, бетегелі, қылқан селеу өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, борсық, суыр, аламандар мекен етеді. ## Халқы ### Этникалық құрамы Ұлттық құрамы (2012 жылдың 1 қаңтарына) * қазақтар — 10 580 адам (75 %); * орыстар — 1 892 адам (13,48 %); * украиндар — 702 адам (5 %); * немістер — 279 адам (1,99 %); * татарлар — 99 адам (0,71 %); * белорустар — 88 адам (0,63 %); * басқалары — 390 адам (2,78 %); * Барлығы— 14 030 адам (100,00 %). ### Санның серпінділігі 1999 жылы халық саны — 21,0 мың адамды, 2012 жылы — 14,0 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 1999 жылы 1 км² 2,15 адамнан, ал 2012 жылы 1,43 адамнан келді. ## Тарихы 1938 жылы Куйбышев ауданы ретінде құрылған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1963 жылы 2 қаңтардағы Президиумы Жарғысымен Краснокутск ауылы орталығы бар Краснокутск ауданы болып өзгертілді. Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылдың 4 мамырындағы Президиумы Қаулысымен Ақтоғай ауданы болып өзгерді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен 1993 жылдың 7 қазанында Ақтоғай ауданының орталығы - Краснокутск ауылы Ақтоғай болып өзгерді. ## Әкімшілік бөлінісі Аудан аумағындағы 31 ауыл 7 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Экономика Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: сүтті мал шаруашылығы, дәнді дақыл шаруашылығы. Күнбағыс өсіріледі, ұсақ тері шикізаты жасалынады. Кәсіпкерлік - аудан экономикасының маңызды құрамдас бөлігі және жаңа жұмыс орнын құрудың негізгі құралы болып табылады. Қазір ауданда 364 шағын бизнес субъектілері қызмет істейді.Аудан аумағы бойынша облыстық шеңберде маңызы бар автомобильді жолдар өтеді, "Ленинск-Ертіс-Русская Поляна" жер телімі 43-128 (85 км) км, "Ақтоғай-Шолақсор" жер телімі 0-164 (164 км) км. ## Әлеуметтік сала ### Білім беру және ғылым 2012 жылғы жағдайға сәйкес ауданда 2 мектепалды ұйымдары тіркелген. 2001—2002 оқу жылында 32 жалпы білім беру мектептері (4390 оқушылар), оның ішінде 16 орта мектеп (3848 оқушылар), 7 негізгі мектептер (384 оқушылар), 9 бастауыш мектептер (158 оқушылар); оның ішінде 16 мектеп қазақ тілінде, 2 мектеп орыс тілінде оқытады және 14 қазақ-орыс тілдеріндегі аралас мектептер, 2012 жылы ауданда 30 орта жалпы білім беру мекемелері, 1 кәсіби лицей-мектебі тіркелген. ### Денсаулық сақтау Ауданда Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы бар, бас дәрігері Марат Тұрсынұлы Сатабаев. ### Мәдениет Қожамжар ауылында халық Ағартушысы Ж. Тіленшиевтің 1967 жылы даталанған мүсіні бар. Ауданда Ақтоғай орталық аудандық кітапханасы бар. Әр түрлі газеттер шығарылады: «Коммунистік еңбек» (1939 жылдан), «Коммунистический труд» (1955 жылдан), Ауыл Тынысы. ## Әйгілі адамдар Ақтоғай ауданы Кеңес Одағының батыры – Серікбай Мүткеновтың, Социалистік Еңбек Ерлері — А. А. Ахмединова мен Қ. Қаленованың отаны болып табылады. ## Дереккөздер
Тереңкөл ауданы — Павлодар облысы құрамындағы аудан. Әкімшілік орталығы – Тереңкөл ауылы. ## Тарихы 1928 жылы 17 қаңтарда Фёдоров ауданы құрылды, ол сол жылы 23 маусымда Максим Горький ауданы болып өзгертілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен Максим Горький ауданының аумағында Қашыр ауданы құрылды. ҚР Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы Жарлығымен аудан атауы Тереңкөл болып өзгертілді. ## Физикалық-географиялық сипаттамасы ### Географиялық жағдайы Солтүстік-батысында — Железин ауданымен, солтүстік-шығысында – Ресейдің Новосибирск облысының Қарасуық ауданымен, шығысында – Успен ауданымен, оңтүстігінде – Павлодар ауданымен шектеседі. Батысында ауданның табиғи шекарасы Ертіс өзені болып табылады. Өзен арқылы Ақтоғай, Ертіс аудандарымен шектеседі.Аудан аумағы бойынша Павлодар—Омбы, Қашыр—Купино автомобиль жолдары өтеді. ### Климаты Климаты қатал континентальды. Қаңтардың орташа температурасы − 18º-19ºС-қа, шілденікі — +20º+21ºС-қа тең. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250—300 мм құрайды. ### Жер бедері мен гидрография Аудан аумағы Барабинск ойпатының жапсарында және Құлынды жазығында орналасқан. Жер бедері жазық. Топырағы қызғылт, сортаң. Аудан аумағы бойынша 50 км ұзындықта Ертіс өзені ағып өтеді, көптеген ұсақ көлдер бар. Пайдалы қазбалардың ішінде глауберлік және ас тұзының, кірпіш, жабынғы жасауға қажет балшықтың кен орындары бар. Балшық қоры мөлшерленбеген. ### Флора және фауна Бетеге, жусан, тал, көктерек өседі. Қасқыр, қарсақ, түлкі, қоян, үйрек, қаз, аққу мекендейді. Тұзды көлдерде табан, алабұға, шабақ, шортан кездеседі. ## Халқы ### Этникалық құрамы Ұлттық құрам (2012 жылдың 1 қаңтарына) * орыстар — 9 190 адам (43,16%) * қазақтар — 8 388 адам (39,39 %) * украиндар — 1 274 адам (5,98 %) * немістер — 1 698 адам (7,97 %) * татарлар — 141 адам (0,66 %) * беларустар — 210 адам (0,98 %) * басқалары — 390 адам (1,83 %) * Барлығы — 21 291 адам (100,00 %) ### Санның серпінділігі 1999 жылы халық саны — 31,7 мың адамды, 2012 жылы — 21,291 мың адамды құрады. 1999 жылы халықтың орташа тығыздығы — 4,66 адам/км², ал 2012 жылы — 3,13 адам/км² болды. ## Әкімшілік бөлінісі 30 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген: ## Экономика ### Өнеркәсібі Жөндеу-механикалық, май және нан зауыттары, құрылыс материалдары мен конструкуциялар комбинаты, тұрмыстық қамтамасыз ету, ағашты қайта өндеу комбинаттары, құрылыс және автокөліктік кәсіпорындары, типография бар. ### Ауылшаруашылық Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: сүт және ет-сүтті мал шаруашылығы, бидай шаруашылығы. Бидай, тары, қаратұмық, күнбағыс өсіріледі, ұсақ тері шикізаты өндіріледі. Ауданда 15 ауылшаруашылық және 145 шаруа қожалықтары, 7863 жеке қоныстар; 41 қайта өндеу объектілері: 12 шағын-диірмендер, 1 сүтті қайта өндеу бойынша цех, 10 күнбағыс өндіру бойынша цехтар бар. ## Әлеуметтік сала ### Білім беру мен ғылым 2012 оқу жылында 31 жалпы білім беру мектептері, 3 мектепалды мекемелері мен 2 кәсіби мектептер қызмет етеді. ### Денсаулық сақтау Ауданда Қашыр орталық аудандық аурухана қызмет етеді, бас дәрігер Әмірқан Тұрғылдинов. ### Мәдениет 1934 жылдан бастап аудандық «Заря» газеті шығарылады. Ауданда жылжымайтын мәдениет және тарихи ескерткіштері бар: Кеңес Одағының батыры А.Н. Елгиннің мүсіні, 1964 ж, Қашыр ауылы * XIX ғ. аяғындағы А.Н. Елгиннің үйі, Қашыр ауылы * Еңбек мәртебесі ескерткіші, ДТ-54 тракторы , 1979 жылғы ГАЗ-АА автомашинасы, Березовка ауылы ## Әйгілі адамдар Кеңес Одағының батырлары: А.Н. Ёлгин, М.М. Катаев, В.В. Степаненко, Қ.М. Сұрағанов ; Социалистік Еңбек Ерлері: Ж. Әбілқайыров, Н. Әлжанов, В.С. Выдрин, З.А. Жуков, Д.С. Козолуп, Т.И. Рахманин, П.С. Рябова, Н.М. Соколов. ## Дереккөздер
Шарбақты ауданы — Павлодар облысының шығысындағы аудан. Әкімшілік орталығы – Шарбақты ауылы. ## Тарихы 1928 жылы 17 қаңтарда құрамында Володарский ауданы бар барлығы 9 ауданды қамтитын Павлодар округі құрылды. Володарский ауданы (орталығы Вознесенка ауылы) 1930-шы жылдардың басында Шығыс Қазақстан облысының құрамына кірді. 1938 жылдың 15 қаңтарынан бастап Павлодар облысының құрамына енді. 1930-шы жылдардың басынан бастап шекаралар ұдайы өзгеріске ұшырап ауыл-советтерге бөлінді. Володарский ауданы 1944 жылдың 8 мамырында аудан Цурюпинский және Галкинский болып екіге бөлінді. 1963 жылдың 2 қаңтарында аудан Цурюпиский ауданынан Щербактинский болып өзгертілді. Орталығы Щербакты ауылы Павлодар қаласынан солтүстік–шығыста 85 шақырым қашытықта орналасқан. Аудан орталығын қақ жарып темір жол көрші Ресей мемлекетіне өтіп жатыр. Ауданның тарихы мемлекетіміздің тарихын толық қайталайды. Мысалы, 1920-шы жылдары коллективтендіру, артельдер мен колхоздардың құрылуы, МТС-тардың ұйымдастырылуы біздің ауданның тарихында кеңінен орын алды. Соғыс жылдары ауданда өнеркәсіп комбинаты, қосымша сабын қайнататын цехтар ашылды, доңғалақ майын, тігін, тоқу, ұсташлық аспаптарын шығаратын цехтар ашылды, 66 колхаз, 4 МТС, орман шаруашлығы, май зауыты, «Интернационал» өнеркәсіп артелі, электростанция, темір-жол станциясы, кірпіш зауыты, байланыс жүйесі, типография, 67 мектеп жұмыс істеді.Соғысқа ауданнан 5062 адам кетіп, оның жартысы қайтпады. 2798 шарбақтылық соғыста қайтыс болған және із-түзсіз жоқ болып кеткен болып есептеледі. Ауданда Сталиндік қуғын-сүргін, халықтардың жаппай көшірілуі сияқты үлкен қоғалыстар айналып өткен жоқ. 1941 жылдың өзінде ауданға түрлі ұлттар мен халықтардан 12500 адам көшіріліп келген. Аудан тарихында тыңды игеру өзіндік орынға ие. Бірніші тыңды игерушілер 1954 жылдың 28 ақпанында келді. Олар Хмельницкий, Қарабидай совхоздарының негізін қалады. ## Физикалық-географиялық сипаттамасы ### Географиялық жағдайы Аудан солтүстігінде Успен ауданымен, шығысында – Ресейдің Алтай өлкесімен, оңтүстігінде – Аққулы ауданымен, батысында – Павлодар ауданымен шектеседі. ### Климаты Климаты көктем-жаз айларындағы құрғақшылығымен, жазда жоғары, қыста төмен температурамен, тәулік ішінде температурасының құбылмалығымен көрінетін қатал континентальды келеді. Қаңтардың орта температурасы −18º-19ºС, шілденікі - +20º+21ºС. Аудан климатының сипатты ерекшілігі жауын-шашынның, көбінесе көктем айларындағы аз мөлшері болып табылады. Атмосфералық жауын-шашынның орташа мөлшері 250—300 мм. ### Жер бедері және гидрография Аудан аумағы кең көлемді Батыс-Сібір жазығының бөлігі болып табылатын Құлынды жазығында жатыр. Жер бедері жатықтық жазық түрінде келеді, ол ақырындап солтүстік жал тәріздес жоғарылаудан оңтүстік тегіс ойпаңдарға тоғысады. Аудан аумағының орталық бөлігі Маралды, Қабантақыр, Мәмбеткөл, Ащытақыр, Қостақыр, Сейтен секілді ірі көлдердің шұңқырларымен бөлінген тегіс жер бедері болып келеді. Аудан жер қойнауында табиғи құрылыс материалдарының қоры бар. Көп таралған топырақ қою қызғылт және қызғылт, сонымен қатар сортаң, кейде шабындық топырақтар да кездеседі. ### Флора және фауна Аудан аумағы қою-қызғылт топырақтағы бетегелі-түрлі шөпті жазық, сортаң және тұзы топырақтағы галофиттік жазықтар болып келеді. Оңтүстік-шығыс жағы құмдағы қарағай ормандарымен жабылған. Қасқыр, түлкі, қарсақ, елік, қабан, ондатра, үйрек, қаз және басқалары мекен етеді. ## Халқы ### Этникалық құрамы Ұлттық құрам (2012 жылдың 1 қаңтарына) * қазақтар — 8 831 адам (41,36 %) * орыстар — 7 437 адам (34,83 %) * украиндар — 2 507 адам (11,74 %) * немістер — 1 456 адам (6,82 %) * татарлар — 363 адам (1,7 %) * беларустар — 180 адам (0,84 %) * басқалары — 575 адам (2,69 %) * Барлығы — 21 349 адам (100,00 %) ### Санның серпінділігі 1999 жылы халық саны — 29,0 мың адамды, 2012 жылы — 21,3 мың адамды құрады. ## Әкімшілік бөлінісі 27 елді мекен 7 ауылдық округке біріктірілген: ## Экономика Аудан аумағы бойынша Павлодар—Барнаул, Маралды—Тауылжан теміржолы, Павлодар—Барнаул, Шарбақты—Шалдай, Шарбақты- Успен автомобильді жолдары өтеді. ### Ауыл шаруашылық Ауданның ауыл шаруашылық мамандандырылуы: сүтті мал шаруашылығы, астық шаруашылығы. Тары, қарақұмық, күнбағыс өсіріледі, ет, жүн, ұсақ тері шикізаты өндіріледі. Ауыл шаруашылық өнімді өндірумен 16 ЖШС, 117 шаруа қожалығы мен 6741 жеке қоныс айналысады. 2001 жылы 62 мың тонна астық, 1,8 мың тонна күнбағыс, 23500 тонна сүт, 4600 тонна ет, 6,7 миллион дана жұмыртқа, 32 тонна жүн өндірілді. 28 қайта өңдеу обьектілері бар: 5 диірмен, 3 жармаүккіш, 6 майшайқағыш, 2 сүтті қайта өндіру цехы, 3 шұжық цехы, 2 макаронды цех, 7 жабдықталған наубайхана. ## Әлеуметтік сала ### Білім беру мен ғылым Шарбақты ауданында 28 орта жалпы білім беру мектептері, 4 мектепалды мекемелері мен 1 кәсіби мектеп-лицей қызмет етеді. ### Денсаулық сақтау Ауданға Шарбақты орталық аудандық ауруханасы қызмет етеді. ### Мәдениет 1931 жылдан бастап аудандық «Трибуна» газеті шығарылып келеді. Ауданда Шарбақты орталық аудандық кітапхана бар.Монументалды тарихи ескерткіштер: * 1920 жылығы Азамат соғысы қатысушыларының зираты, Александровка ауылы * Еңбек мәртебесі ескерткіші, ДТ-54 тракторы, 1979 ж., Сахновка ауылы. * ҰОС қаза болғандарға арналған мемориал. ## Белгілі адамдар * Әлімбаев Мұзафар – Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. * Шахмардан Қайдарұлы Әбілев – опералық әнші, педагог, ҚР еңбек сіңірген әртісі (1994). ## Дереккөздер
Тарбағатай ауданы — Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан аудан. Аудан орталығы — Ақжар ауылы. ## Географиялық орны Аудан солтүстігінде Күршім, шығысында Зайсан аудандарымен, батысында Абай облысының Ақсуат ауданымен, оңтүстігінде Қытай Халық Республикасымен шектеседі. ## Топонимика Тарбағатай деген аты моңғол "Тарбаған" (суыр), "тай" (тау), яғни "суырлы тау" деген сөзінен шыққан. ## Тарихы Тарбағатай ауданы 1928 жылы құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы мамыр айындағы Жарлығымен Республикамыздағы әкімшілік жұмыстардың өзгертілуіне байланысты Ақсуат ауданы таратылып, Тарбағатай ауданының аумағына енгізіліп, Тарбағатай ауданы деп аталды. 2022 жылы Ақсуат ауданы қайта бөлініп шықты. Бұл ауданда ойшыл көсемдер, шешендер, әділ билер, жауға қол бастап шыққан батырлар, күйшілер, күміс көмей әншілер, ақындар, көріпкел әулиелігімен аты аңызға айналған емшілер, жауырыны жерге тимеген палуандар өмір сүрген. Ежелден табиғатына бай «Барқытбел» атанған қарт Тарбағатай ерте замандардың көнекөз куәсі. Бұл өңірде біздің жыл санауымызға дейінгі бірнеше мыңжылдықта ерте көшпенділер мекендеген. Бұған дәлел тау төскейіндегі далалардағы үйінді обалар.Қазақстан тарихи зерттеулерінде «Алтын - оба» аталып кеткен Шілікті аңғарындағы қорғандардан осы дәуірдің көне мәдениет ескерткіштері табылған. Археологиялық қазба кезінде 500-ден астам алтын бұйымдар шыққан. Бұлардың көпшілігі еліміздің ұлттық мұражайында және әлемдегі ең үлкен мұражайлардың бірі Санкт-Петербургтағы Эрмитажда сақталуда. Шыбынды елді мекені маңындағы обадан табылған барыс мүсіні орнатылған қос шырағдан, Кіндікті өңірінен түркі қағанаты дәуіріндегі тас мүсіндер табылған. Жермен елдің тұтастығын сақтап қалған ұрпаққа ұран, халқына мақтан болған Қаракерей Қабанбай, Би Боранбай, Дәулетбай бабаларымыздың Тарбағатай өңірінің тумасы екендігін, ұлы ерлігіне лайық дарабоз, батыр атануы ұрпақтар үшін зор мақтаныш. Ел қорғаудағы ұлы ерліктер Тарбағатай өңірінде өткені белгілі. Аудан жеріндегі Қалмаққырған, Долаңқара, Кергентас, Баспан, Майлышат, Қубас (Қабанбайдың жылқысы, аты) кезеңі, Шорға, Мауқыбай, Шаманна тағы басқа тарихи жерлер осы оқиғаға байланысты аталған. Осы өңірдегі 1826 жылы орыс патшалығына бодан болмаймыз деп алғаш рет анықтап, ашық қарсы шығып ақыры сол үшін құрбан болған Қожагелді батыр, Сатының ұраны болған Бұтабай, Маңырақ айқасында аты шыққан Байотар, ел бірлігін көксеген Сасан, Шәкі билер, Сатының биі қажы, бүкіл исі қазаққа әйгілі Тана мырза мен Кенжелі шешен, Найман елінен алғаш рет қажыға барған Шал қажы, Құрбан қажы, Әулие емші Ырғызбай, Оразбай дуана, қарадан шығып аға сұлтан болған Қисық, сұлтандар Тарбағатай жерін мекендеген. «Бақтиярдың қырық бұтағы» атты әйгілі дастаны бар Жанұзақ жыршы, 1907 жылы қазақ қаласында «Дүние үшін ғибрат нәме» атты кітап бастырған Қоқан қажы, Бабыр, Бағаналы күйші, Кәрібай, Ожырбай, Қали ақындар сияқты ел ардақтылары көптен саналады. ## Халқы Тұрғындары 38 852 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 99,42%, орыстар – 0,32%, басқа ұлт өкілдері – 0,26%. ## Әкімшілік бөлінісі 28 елді мекен 8 ауылдық округке біріктірілген: ## Әкімдері * Ділдәбек Оразбаев (2013-2019) * Серікқазы Сәдуақасов (2019-2020) * Асхат Смаилов (2020-2022) * Дархан Жөргекбаев (08.2022 бастап) ## География Аудан Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында Тарбағатай тау жоталары мен Зайсан шұңқырының аралығында орналасқан. Аудан аумағы 23,8 мың кв. км-ге тең, солтүстіктен оңтүстікке қарай 500 км-ден артық созылып жатыр. Аудан шығысында Зайсан, батысында Үржар мен Аягөз, солтүстігінде Көкпекті және Жарма аудандарымен шекаралас. Ауданның оңтүстігінен ұзындығы 300 км болатын, ҚХР–мен мемлекеттік шекара өтеді. Оңтүстік Шығыстан Солтүстік батысқа дейінгі орталық бөлігі ашық сарғылтым топырақ қабатымен, тау беткейлері қоңыр топырақты жайылғымен ерекшеленеді.Аудан жерінің көпшілік бөлігі жазық. Зайсан қазан шұңқыры манындағы құмды, құмдақ және қалың, қабатты сұр топырақты жерлерде жусанды – сораң өсімдіктер, ал Зайсан көлінің жағасына таяу шалғынды батпақты топырақта тұрақты шалғындар мен жайылымдар бар. Тарбағатай тауының етегінде қиыршық тасты боз қызыл-қоңыр топырақтарда тобылғы аралас әртүрлі шөп өседі. Тарбағатайда бірнеше топырақ пен өсімдіктер белдеулері бар 1400 м биіктікке дейін таулы қызыл-қоңыр, таулы қара топырақтарда бозды бетегелі дала аймағы, одан жоғары /1400-1700 м/ қара топырақ тәрізді шымды-шалғындық топырақтарда суальпілік және альпілік шалғындар өскен таулы аймағы бар. Зайсан қазан шұңқыры – Қазақстанның шығыс бөлігіндегі ойыс. Оңтүстік Алтай, Қалба және Сәуір–Тарбағатай жоталары аралығындағы тектоникалық ойыс.Ұзындығы – 225 км, ені 100 – 125 км. Зайсан қазан шұңқырының үштік дәуіріндегі көл тасқындарының аллювалдық шөгінділерінен түзілген. Қазан шұңқыр таудан ағатын өзендермен, сай–жыралармен тілімделген ойыстан шөл және шөлейт жерлері жайылымға пайдаланады. Ауданда жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, сасық күзен, аққұлақ борсық, қосаяқ, суыр, елік, тиін, қоңыр аю, арқар, сілеусін бар.Ауданның далалы өңірінде елік, дуадақ, тырна, безгелдек, торғай, қараторғай, сарышұнақ, дала тышқаны, қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың төрт түрі – жасылбақа, тасбақа және дала сұр жыланы, секіргіш кесіртке кездеседі. Ауданның таулы өнірін қасқыр, түлкі, қарсақ, сасықкүзен, борсық, қосаяқ, суыр, қоңыр аю, арқар, сілеусін мекендейді.Аудан жерінде Тарбағатай тауларынан басталып, Зайсан көліне қарай ағатын Боғас, Базар, Қарғыба, Тебіске, Терісайрық, Тайжүзген, Ұласты, Қандысу, Құсты өзендері бар. Бұлардың көпшілігі жер суғаруға пайдаланылады.Зайсан көлі Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай жоталары арасындағы ойыста жатқан тұщы көл.Ұзындығы 100 км-дей, ені 30км-дей, ауданы 1800 шаршы км. жағасы көп жерінде жайпақ. Көлде балықтардың 23 түрі бар, оның 17-сі кәсіптік балықтар. Көлде балықтардың бежіре, ақбалық, таймен, шортан, аққайран, сазан т.б. балықтар ауланады. Кеме жүзеді. Көл жағасында бірнеше балықшылар ауылы орналасқан Тұғыл кентінде балық аулайтын, аулаған балықты өңдейтін кәсіпорындар жұмыс істейді. Ауданның өсімдіктер әлемі түрлі-түстілігімен және сан алуандылығымен ерекшеленеді. Ауданның оңтүстік бөлігіндегі өсімдіктер аласа көгалды, өзен-бастау жағалаулары құрақты далалы Жер қойнауынан қоңыр көмір, мәрмәр, никель, құрылыс материалдары бар екендігі анықталған.Аудан жерінің батысынан шығысына қарай созылып жатқан Тарбағатай тауының ұзындығы 300 шақырымға жетеді. Ені 30-50 шақырым шамасында. Ең биік шыңы «Тастау» 2991 м. Шығысында Алтай тауы мен, батысында Сарыарқа мен ұласады. Арғанаты, Маңырақ, Өкпеті, Түйемойнақ, Жылытау сілемдерінің де шоқтығы биік шыңдары көп. ## Климат Ауданның климаты өте континентті. Климаттың континенттігі ауданның көп жерінде температураның тез ауытқуынан, ауаның құрғақ болып, жауын-шашынның аз жауатындығынан байқалады. Аудан климатының мұндай болу себебі – оның мұхиттар мен теңіздерден өте алыс қашықтықта орналасуына байланысты. Сондай-ақ, климатқа аудан аумағының және көршілес жатқан аймақтардың жер бедеріде әсер етеді. Ауданның жазы ыстық, қысы суық, қаңтардың орта температурасы – 22 С, - 30С, шілдеде + 25 С, + 35 С. Жылдық жауыннын орта мөлшері 200-300 мм. Жауын шашынның көбі қыста түседі. ## Экономика Экономиканың негізгі бағыттары: ауыл шаруашылық өндірісі. Өндірілетін өнеркәсіп өнімдерінің негізгі түрлері: ет, жас, тоңазытылған немесе мұздатылған балық, ұн, тауарлық бетон. 2011 жылғы 1 қаңтарға ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің нақты бары: 16 ауыл шаруашылық кәсіпорны, жұмыс істеп тұрған 1981 жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалығы, жұртшылықтың 10,7 мың жеке меншік қосалқы шаруашылығы. 2010 жылдың егініне себілген ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқабы 7,6 мың гектарды құрады, соның ішінде дәнді дақылдар – 2,9 мың гектарды, дәнге күнбағыс -0,2 мың гектарды, картоп - 0,6 мың гектарды, көкөністер - 0,2 мың гектарды алды. 2010 жылы 4,8 мың тонна астық, 0,1 мың тонна күнбағыс, 6,1 мың тонна картоп, 2,7 мың тонна көкөніс дақылдары, 18,9 мың тонна ет (тірідей салмақта), 56,5 мың тонна сүт, 2723,5 мың дана жұмыртқа, 0,6 мың тонна жүн өндірілді. 2011 жылғы қаңтардың басына ірі қара мал саны 92,2 мың басты, қой мен ешкі – 346,9 мың басты, жылқы – 19,0 мың басты, құс – 22,4 мың басты құрады.Филиалдарды, сондай-ақ жұмыскерлерінің санына қатыссыз барлық денсаулық сақтау, білім беру, басқару органдарын, қоғамдық, банктік, сақтандыру ұйымдарын қосқанда 2010 жылдың ірі және орта кәсіпорындар қызметкерлерінің тізімдік саны орташа алғанда 5362 адамды құрады, олардың орташа айлық атаулы жалақысы 44316 теңгені құрады. 2010 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 570,2 млн. теңгені құрады(жедел деректерi). 2010 жылы бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2560,0 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты. 2010 жылы аудандағы ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдардың салық салынғанға дейінгі 53,2 млн. теңге пайда алынды. ## Білім және мәдениет 2010/2011 оқу жылының басына ауданда күндізгі жалпы білім беретін 50 мектеп пен 1 кәсіптік лицей жұмыс істейді, оларда тиісінше 9271 және 223 оқушы оқиды. Ауданда 19 клуб мекемесі, 24 кітапхана. ## Тарих және сәулет ескерткіштері Б.д.д VII-VIII Қалба тау жотасы, Түрік қағандығы Балбал Кіндікті мүсіні, б.д.д VII-VIII Кіндікті мүсіні сынтасы. Б.д.д Еспе өзені жағасы және Өрнектау тасындағы Таңбалы тас суреті. XIX ғ. ескерткіштері Ойшілік с. Сасан би мазары, Тана Мырза мазары және XIX ғ. Қожагелді с. Қожагелді батыр мазары. XX ғ. Ерназар с. Ырғызбай әулие мазары, XIX ғ. Уан Төре елді мекеніндегі Уан Төре мазары. XIX ғ. Қызыл кесік с. Шәкі би мазары. ## Тарихи орындар * Борытастаған * Сынтас * Алтын оба * Алты оба ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстанның әкімшілік бірліктері * Шығыс Қазақстан облысының Статистика Агенттігі Мұрағатталған 1 мамырдың 2012 жылы. * Виртуалдық Ақсуат қоғамдастығы * Тарбағатай ауданының Әкімі Мұрағатталған 5 желтоқсанның 2008 жылы.
Железин ауданы — Павлодар облысы құрамындағы аудан. 1938 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы – Железинка ауылы (облыс орталығы - Павлодар қаласынан 188 км қашықтықта орналасқан). ## Физикалық-географиялық сипаттамасы ### Географиялық жағдайы Ауданы 7,6 мың км². Солтүстігінде Ресейдің Омбы облысымен, солтүстік-батысында – Новосибирск облысымен, оңтүстігінде – Тереңкөл ауданымен шектеседі, шығысында – Ертіс ауданынан Ертіс өзені арқылы бөлінген. ### Климаты Аудан климаты қатал континентальды, көктем-жаз айларында құрғақшылық орын алады, жауын-шашын көбінесе жаз ортасында болады, жазда және қыста жоғарғы температура орына алады, кеш көктемгі және ерте күзгі салқындармен ерекшеленеді, жыл бойы жел соғып тұрады. Қаңтар-ақпан айларында ең төмен, ал маусым-шілде айларында ең жоғарғы температура байқалады. Қаңтардың орташа температурасы −18º −19ºС-қа, шілденің - +19º +20ºС-қа тең. Жауын-шашынның орта жылдық мөлшері— 275,5 мм, кейде 300 мм-ге жетеді. Жауын-шашынның көп түсетін кезі – маусым-шілде айларының соңында, кейде тамыз айында. 10 см қар жамылғысы қараша айының соңында бекиді, жоғарғы биіктікке ақпан айының соңы – наурыз айының басында жетеді. ### Жер бедері мен гидрография Аудан аумағы көбінесе жазық жер болып келеді, онда сазда мен көлдер тұнып қалған бітеу ойпаттар көп. Аудан аумағында Жарағаш, Айлақ және т.б. көлдер бар, Ертіс өзені ағып өтеді. Жер қойнауында табиғи құрылыс материалдары бар. Топырақ көбінесе қара, кейде сортаң түрі де кездеседі. Жусан, бетеге өседі, ауданның 18% -не жуығын қайыңдар алады. Қара топырақты жазықтар қайыңдармен бірге көркем ландшафт құрайды. ### Флора және фауна Аудан жерін орманды-дала белдемінің күлгін қара топырағы көмкерген. Онда бетеге мен селеу аралас әр түрлі шөптер өскен. Қайыңды және қайыңды-теректі (итмұрын, тал, мойыл аралас) орман шоқтары кездеседі. Ондай жерлерде шие, итмұрын, қарақат, жидек, бүлдірген өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, қоян, борсық, сарышұнақ, суыр; өзен мен көлдерде және оған таяу жерлерде қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, тырна, қызғыш, тауқұдірет, орман шоқтарында бұлан, елік, бүркіт, жапалақ, қарға, сауысқан, далада бозторғай, шымшық, т.б. мекендейді. Ертіс өзенінде ақ балық, бекіре тұқымдастар, алабұға, сазан, шортан, көлдерде шабақ, алабұға, т.б. кездеседі. ## Халқы ### Ұлттық құрамы Ұлттық құрамы (2012 жылдың 1 қаңтарына) * орыстар — 7 937 адам (46,15 %) * қазақтар —6 965 адам (40,5 %) * украиндар — 640 адам (3,72 %) * немістер — 946 адам (5,5 %) * татарлар — 254 адам (0,15 %) * беларустар — 143 адам (0,83 %) * басқалары — 312 адам (1,81 %) * Барлығы — 17 197 адам (100,00 %) ### Халық санының динамикасы 1999 жылы халық саны — 26,3 мың адамды, 2012 жылы — 17,19 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 1999 жылы 1 км² 3,45 адамнан, ал 2012 жылы 2,23 адамнан келді. ## Тарихы 1935 жылы 9 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Максим Горький ауданының бір бөлігінен орталығы Өрлітөбе ауылы болатын Өрлітөбе ауданы құрылды. 1938 жылы Павлодар облысы құрылып, Өрлітөбе ауданы аталған облыстың құрамына енді. Кейінірек аудан орталығы Железинка ауылына көшірілді. 1944 жылы 8 мамырда Өрлітөбе ауданының шағындалуы есебінен Михайлов ауданы (орталығы Михайловка ауылы) құрылды. 1957 жылы 25 қазанда Михайлов ауданы Өрлітөбе ауданына қосылды. 1960 жылы 26 желтоқсанда Тың өлкесі құрылып, Павлодар облысы құрамына енді. 1963 жылы 2 қаңтарда таратылған Өрлітөбе ауданының негізінде Железин ауданы құрылды. ## Әкімшілік бөлінісі 33 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген: ## Экономика Аудан аумағы бойынша «Омбы—Қарасуық» теміржолы, «Павлодар—Железинка—Омбы», «Кашыр—Купино» автомобильді жолдары өтеді. ### Ауыл шаруашылығы Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: бидай шаруашылығы (бидай), сүт шаруашылығы, тары, қаратұмық, күнбағыс өсіріледі, ет, тері шикізаты өндіріледі. Ауылшаруашылық өндіріспен айналысатын 13 ауылшаруашылық қожалықтары, 264 шаруа қожалықтары, 6706 жеке қоныстары айналысады, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өндіру— 3 шұжық цехы, 3 сүтті қайта өндіру обьектілері, 7 жел диірмені, 1 жармаүккіш, 8 күнбағыс майын қайта өндеу цехы, 8 наубайхана (барлығы 30 қайта өндеу объектілері) бар. ## Әлеуметтік сала ### Білім беру мен ғылым Ауданда 36 орта жалпы білім беру мектептері, 3 мектепалды ұйымдары мен 2 кәсіби лицей-мектебі бар. ### Денсаулық сақтау Ауданда 2 аурухана және 7 дәрігерлік амбулаторлық-емхана ұйымдары бар, ондағы дәрігерлер және орта медициналық қызметкерлер саны сәйкесінше 24 және 108 адам. ### Мәдениет Ауданда 16 кітапхана, 9 клуб мекемелері бар.1935 жылдан бастап аудандық газет шығарылады. Көркемөнердің монументалды ескерткіші Кеңес Одағының батыры И.В. Бабинге арналған 1965 жылы даталанған мүсін мен 1920 жылғы И.Д. Путинцев бастамасымен В.И. Ленинге арналған бақ болып табылады. Аудан тұрғындары үшін Железинка орталық аудандық кітапхана қызмет етеді. ## Әйгілі адамдар * Кеңес Одағының батырлары: И. В. Бабин, А. С. Квитков, И. Г. Ледовской.; * Социалистік Еңбек ерлері: Ж. К. Жүсіпов, М. И.Трусов. ## Дереккөздер
Үржар ауданы — Абай облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Семей қаласынан оңтүстікке қарай 373 км-дей қашықтықта. Ең жақын Аягөз темір жол станциясы 125 км-дей жерде. 1928 жылы құрылып, 1997 жылы құрамына Мақаншы және Таскескен аудандарының жерлері енді. 2024 жылы Мақаншы ауданы қайта бөлініп шықты. Жерінің жалпы ауданы 12 мың км². Аудан орталығы — Үржар ауылы. ## Географиялық орны, жер бедері Үржар ауданы батысы мен солтүстік-батысында облыстың Аягөз, солтүстігінде Ақсуат, шығысында Мақаншы аудандарымен, ал оңтүстігінде Жетісу облысының Алакөл ауданымен шектеседі. Жер бедері едәуір күрделі. Егер оның солтүстік жағын Тарбағатай жотасының батыс сілемдері Қарауылтөбе, Ақтас (1316 м) және Ақшәулі (1618 м) таулары алып жатса, оңтүстік жағын Тарбағатай жотасының оңтүстік ұсақ шоқылы беткейі мен Алакөл ойысының солтүстік бөлігі, ал оңтүстік-шығыс бөлігін Бармақ құмы мен Қосай шағылы, Көрпебай (568 м), Бақты (1273 м), Арқарлы және Арасан таулары алып жатыр. Осыған байланысты ауданның жер бедері солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай едәуір еңіс келеді. Аудан жерінде Тарбағатай жотасының ең биік жерлері Атбас тауы (2263 м) мен Тастау (2992 м) таулары және Тікжолдана, Қызасу, Ақшоқы, Кіші Сырғанақ асулары орналасқан. Кен байлықтарынан құрылыстық тастар мен кірпіштік саздар бар. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты тым континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы –14 — 17°С, шілдеде 21 — 23°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері солтүстік таулы бөлігінде 400 — 600 мм-ден, оңтүстігінде 165 — 200 мм-ге дейін ауытқиды. Таулы бөлігінің өсімдіктері мен топырақтары биіктік белдеуге сәйкес тараған. Сондықтан мұнда таулық күлгін, таулық шалғынды топырақ белдемдерінде шалғынды шөптер, өзен бойларында қайың, терек, жабайы алма, әр түрлі жемістер мен жидектер, тау етектерінде селеулі-бетегелі шөптер, шөлейтті бөлігінде жусан, бұйырғын, көкпек, баялыш, жүзгін, ши, т.б. өседі. Сонымен қатар облыс көлеміндегі, толған алма бақтары гүлден десте жамылған жалғыз ғана аудан. Мамыр айында Тарбағатай биіктерінен алқызыл қар тау етектеріне қарай жылжығандай болады. Жануарлар дүниесінен тауларда қоңыр аю, арқар, марал, қасқыр, түлкі, қоян, елік, борсық, ал құстардан құр, шіл, қарға, сауысқан, көгершін, өзен бойлары мен көлдерде қаз, үйрек, тырна, т.б. мекендейді. * * * * * * * ## Су торабы Жер беті сулары Балқаш — Алакөл алабына жатады. Оған бастауын Тарбағатай жотасы мен оның сілемдерінен алатын Ай, Қаракөл, Үлкен Текебұлақ, Үржар (Өржар), Қатынсу, Еміл, т.б. өзендері кіреді. Сасықкөл мен Алакөл көлдерінен басқа ауданның батыс жағында Шыңқожа, Кенжебай, Қолдар, т.б. шағын көлдер бар. ## Тарихы Бұл елді мекен 19-шы ғасырдың елуінші жылдары орыс-казак поселкесі ретінде пайда болған. Әрі бұл арада 1867-79 жылдар аралығында Қытайдың сауда өкілдігі жұмыс істеген. Үржар арқылы Ташкент және Семей керуен жолы өткен болатын. Сондай-ақ 1905-15 жылы Қоныстандыру басқармасы орналасқан. Үржар аймағының тұрғындары Кеңес Үкіметінің құрылуына белсене қатысты. Коммунистік партияның 1-ші аудандық комитеті 1922-ші жылы 1-ші ақпанда, 1-ші болыстық Кеңестер съезі 1922 жылы қазан айының 6-да ашылды. Үржар ауданы Қазақстанның шығысындағы ең үлкен аудандардың біріне саналады. Осы өлкеде талай бір қиын да қилы кезеңдерде ерлігімен көзге түсіп, ел есінде қалған айтулы тұлғалар көп деп айтуға болады. Бұл арадан екі мыңдай жыл бұрын Ұлы Жібек жолы өткен әрі осы замандардан бері құрыштай берік дала халқы өсіп-жетілді. Бұл өлкеде баланы ерте жасынан ат ертоқымына отырғызып, оларды мықты отыруға үйретті, егер керек болса, қиын кезеңдерде өз жерін, анасы мен қарындастарын қорғауға қалыптастырды. Тағдырдың ауыр замандарында, аймақтың би мен батырлары салиқалы шешімдер қабылдап, ақындары ел бірлігін қолдаған өлең – жырлар шығарып, халықтың рухын көтерген. Жарбұлақ елді мекенінде туып-өскен Қабанбай батыр – сардарды тарих мәңгі ұмытпайды. Бүгіндері аса бір сүйіспеншілікпен қазақ халқы оны «Дарабоз», «Хан батыры» - деп атайды. Тарбағатай алқабы, суықты да, аштықты да, соғыстыда, күштеуді де көп көрді. Үржар өңірі табиғаттың анық бояуы деуге әбден болады, бір жағы жазиралы дала, енді бір жағы көкжиекке көлденең түсіп жатқан Тарбағатай асулары. Қыс алдымен тауда басталып,алғашқы қар құзарт белдерде жатады. Үржар станицасы 1854 жылы құрылған. Бұл арада бірінші болып Сібірден қоныс аударғандар, онан кейін Жетісу қазақтарының әскерлері тұрған еді. Кейінен Батыс Сібірдің шаруаларына бұл жаққа көшіп келуіне рұқсат берілді. Қазіргі уақытта облыс бойынша аудан – ең үлкен ауданның біріне жатады. ## Халқы Тұрғындары 73 760 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 92,10%, орыстар – 6,78%, немістер – 0,38%, татарлар – 0,23%, шешендер – 0,10%, ұйғырлар – 0,07%, корейлер – 0,05%, қырғыздар – 0,05%, өзбектер – 0,03%, болгарлар – 0,03%, басқа ұлт өкілдері – 0,19%. ## Әкімшілік бөлінісі 35 елді мекен 16 ауылдық округке біріктірілген: Әлеуметтік салада аудан аумағында * 61 мектеп; * 2 балабақша; * 3 мәдениет үйі; * 13 клуб; * кітапханалар; * 3 мешіт, 4 аурухана; * 32 фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. 2004 жылы Алматы қаласының ардгерлер кеңесінің, қалалық әкімшіліктің ұйғаруымен барлық соғыс ардагерлері мен оған теңестірілгенді аралап, олардың тұрмыс, әлеуметтік жағдайларын тексерген бастамасын біздің облыс аудандарында да жүргізді. Бұл істі атқару үшін аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік қорғау, денсаулық қорғау бөлімдерінің бірлескен мәжілісінде қарап іс-шаралары белгіленді. Селолық округтер бойынша кімге қандай көмек беру мәселелері белгіленіп олар іс жүзіне асырылуда. Бүгінде ауданда 103 соғыс ардагері, 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарында екпінді еңбегі үшін медальмен марапатталғандар – 130, армияда болғандар – 23, соғыста қаза тапқандардың жесірлері – 17, соғыс жылдары кем дегенде 6 ай тылда жұмыс істегендер – 1087 адам анықталды. ## Ірі елді мекендері ## Ауыл шаруашылығы Үржар ауданы негізінен қой, ет-сүт бағытындағы ірі қара мал және дәнді дақылдар өсірумен айналысады. Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 2265,3 мың га, оның ішінде 376,3 мың га-сы егістік, 102,9 мың га-сы шабындық, 1786,1 мың га-сы жайылым. 90-жылдың ортасына дейін аудан экономикасын негізінен ұжымшарлар мен кеңшарлар, қосалқы шаруашылықтар, аудандық aуыл шаруашылығы бірлестіктер құрады. Нарық экономикасына өтуге байланысты басым бөлігі жекешелендірілді. Олардың негізінде көптеген шаруа қожалықтары (1,2 мың), АҚ (10), ЖШС (53) және ӨК-тер құ-рылды. Бұлардан басқа аудан бойынша ірі елді мекендерде (Үржар, Мақаншы, Таскескен) машина-трактор жөндеу шеберханасы, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері, май, нан зауыттары мен диірмендер, т.б. жұмыс істейді.Қазір ауданда ауыл шаруашылығының жақсы жолға қойылуынан жергілікті экономиканың көтеріле бастағаны байқалады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу жоғары деңгейде дамып, дүкендерге жергілікті өндірістің тамақ өнімдері көптеп түсуде. Сауда мен тұрмыстық қызмет көрсету, кәсіпкерлік кеңейе түсуде. Ауданның одан әрі өркендеп, дамый түсуіне, жаңа заманның құрылымдары; ЖШС «Юбилейный» - Т. Қарашев, «Келдімұрат» К. Қасенов, АҚ «Үржар-Астық» - Н. Коваленко, «Атамекен» фирмасының президенті - Ә. Садықов, «Бәкей» шаруа қожалығының жетекшісі – Т. Жирентаев, үлкен үлес қосуда. Бұлар 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғары наградаларының иегері атанды. ## Білім беру Аудандық саз мектебі туралы Үржар аудандық балалар саз мектебі 1973 жылы құрылған. Мектеп қабырғасында 272 оқушы білім алса, 43 ұстаз еңбек етуде. Мақаншы, Жарбұлақ, Қарақол ауылдарында филиалдар жұмыс істейді. Мектепте фортепиано, скрипка, басқобыз, домбыра, қобыз, баян аспабы мамандықтары бойынша оқушыларды даярлайды. Мектеп өзінің: ҚР еңбегі сіңген әртіс композитор Г. Дәукенова, «Отырар сазы» оркестрінің музыканттары Қойлышев С., Нұрақов А. музыка аспабын жасау шебері Сатыбалдинов С., әншілер М. Нұрмұхаметова, Г. Темірбекова сынды түлектерін мақтан тұтады. Ұстаздар ұжымы П-ші облыстық «Шығармашылықтар бірлестіктер» конкурсының лауреаты. Жоғарғы білімді 10, орта арнаулы 33,1 категориялы 8, П-категориялы 22. 1991 жылдан КСРО халық әртісі, композитор Е. Рахмадиеватында. Музыка мектебінің ұстаздары «Көңіл толқыны» халық аспаптар оркестрінің құрамында аудан, облыс көлеміндегі барлық мәдени шараларға белсене қатысады. Музыка мектебінің оқушылары облыстық «Жас музыкант» конкусының жүлдегерлері. Мектеп мүдірінің орынбасары Кебіспаева М.Х. осы мектептің түлегі. Мектеп мүдірі: Өмірбаев Бақыт Әбенұлы. Аудандық ардагерлер кеңесі туралы Үржар аудандық ардагерлер Кеңесінде 26 мүше бар, ревкомиссияда 3 адам (төрағасы Жабаев Нақысбек, 3 тұрақты комиссия бар. аудандық ардагерлер ұйымында селолық округтар бойынша – 27, Мақаншы ішкі істер бөлімінде, Үржар кісі тасу паркінде барлығы 29 бастауыш ұйымдар бар. Аудандық ардагерлер Кеңесі өз жұмыстарын жоспар бойынша жүргізіп отырады. Жылына бір рет пленум, 4 рет әр тоқсан бойынша президиум мәжілістері. Аудан Әкімі Селиханов Д.М. ұйғаруымен барлық соғыс ардагерлері аудан Әкімінің орынбасарларынан бастап, бөлім меңгерушілері, мекеме басшылары, ауыл әкімдеріне, мектеп мүдірлеріне бекітілген. Аудан басшылығы Үржар тұрғындарының денсаулығы мен білім алуына айтарлықтай қамқорлық көрсетуде. Қазіргі заманның медициналық құрал-жабдықтары мен компьютерлеріне жеткілікті түрде қаражат жұмсалуда. Соның арқасында ауданның мектеп бітірушілері Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарына көптеп түсуде. Ал бұлар Үржардың және еліміздің болашағы. Аудан экономикасының дамуы, жергілікті жердің мәдениеті мен спортының жедел дамуына әсер етуде. Тұрғындарға кеңінен танымал «Сонар», «Сельские зори», «Көңіл толқыны» ән-би ансамбілдері жұрт алғысын алуда. А. Найманбайұлы атындағы Мұражай аудан мақтанышы деп айтуға болады. ## Белгілі адамдар Жыл сайын аудан көлемінде «Жауқазын», «Тарбағатай – 2000» фестивалі жас дарындарды анықтау конкурсы өтіп тұрады. Бұған жеті мыңдай жас таланттар қатысады. Бұл өлкеде өзіндік тарихи бар қазіргі спорт түрлері де өте жақсы дамуда. Әрбір жылдарда әлем, Европа, бұрынғы Кеңес Одағы және Қазақстан чемпиондары түлеп ұшты. Егер айтар болсақ, Д. Тұрлыханов, Н. Яковлев, М. Майфат, Б. Қоңыратов, Г. Панина, Б. Битебаева, В. Камсулова және Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген тренер Қ, Дүйсенова. Ауданның олимпиадалық резерв мектебі, Қазақстан Республикасының, халықаралық жарыстарының, Азиялық және олимпиадалық ойындардың чемпиондары болған талай мықты спортсмендерді өсірді. Олардың ішінде: Д. Тұрлыханов, О. Яцкая, А. Иманбаев, Д. Баяхметов, А. Назаров, А. Шира, Е. Слямов Ш.Жоламанов және басқаларды айтуға болады. Олардың алтын және күміс медалдары Республикамызға әлемдік даңқ әкелді. Үржар, Кеңес Одағының батыры В. Колесников және он сегіз Социалистік Еңбек ерінің шыққан аймағы. Аудан жұртшылығы шынайы құрметпен және мақтанышпен академик Л. Садықованы, Ұлттық техника университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы ғылым Академиясының корресппондент мүшесі М. Смайыловты, Қазақстан Республикасы ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, медицина ғылымының докторы С. Байжановты, генерал – лейтенант И. Артемовты, қазіргі уақыттың үлкен жазушыларының бірі, К. Жұмәділовты, оның әріптесі А. Сәдуақасұлы, сазгер С. Тұрысбековты, Г. Даукенованы айта алады. Мақаншыдан шықан министр Мұхтар Құл-Мұхаммед. ## Транспорт Аудан жерімен республикалық маңызы бар * Аягөз — Таскескен — Үржар — Мақаншы — Бақты, * Мақаншы — Қабанбай — Достық, * Мақаншы — Қамысқала — Бескөл * Мақаншы — Үржар — Таскескен — Үшарал — Алматы автомобиль жолдары өтеді. Жалпы, аудан аумағындағы автомобиль жолының ұзындығы 1504 км. ## Дереккөздер
Қарасу ауданы — Қостанай облысының шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1939 жылы құрылды. 1997 жылы аудан құрамына бұрынғы Октябрь ауданы қосылды. Жер аумағы — 12,8 мың км². Орталығы — Қарасу ауылы. ## Географиялық орны Солтүстігінде Сарыкөл, батысында Алтынсарин, Әулиекөл, оңтүстігінде Науырзым, шығысында СҚО-ның Ғабит Мүсірепов және Ақмола облысының Есіл, Жарқайың аудандарымен шектеседі. ## Жер бедері Аудан аумағы Торғай Үстіртінің солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Жер бедері негізінен жазық келген. Кейбір жерлері кішігірім өзендермен оңтүстіктен солтүстікке қарай аздап тілімделген. Төбелі-жонды келген аумақтарында көл қазаншұңқырлары жиі кездеседі. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Ауданның климаты тым континеттік, қысы суық боранды, жазы біршама ыстық келеді. Қаңтардағы ауаның жылдық орташа температурасы — -17…-18°С, шілдеде — 19…21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 250–300 мм. Аудан жерінің топырағы солтүстік бөлігінде қара, оңтүстігінде қоңыр, қызғылт қоңыр болып келеді. Құсмұрын көліне таяу маңда сортаңды қара және қоңыр топырақтар, басқа көлдердің жайылымдарында шалғынды қара топырақ дамыған. Өсімдіктерін жусан аралас астық тұқымдас (селеу, бетеге, қылқан боз, айрауық, т.б.) шөптесіндер құрайды. Солтүстігінде терек аралас қайың шоқтары кездеседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қоян, суыр, сарышұнақ; құстардан қаз, үйрек, аққу, көл жағалай қызғыш, тауқұдірет, шымшық, далалы жерлерде бозторғай, дуадақ, т.б. мекендейді. ## Су торабы Жер беті сулары Қарасу (Қойбағар саласымен), Құндызды, Сүйгенсай және Тімтуір өзендерінен тұрады. Ауданда бірнеше көлдер бар. Олар: Алабота, Құсмұрын (шығыс бөлігі), Қойбағар, Тімтәуір, Жаншора, Биесойған және Жекекөл. ## Халқы Тұрғындар саны – 25 258 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 28,50%, орыстар – 42,28%, украиндар – 12,04%, беларустар – 4,52%, немістер – 4,45%, молдовандар – 1,19%, шешендер – 0,81%, удмурттар – 0,55%, башқұрттар – 0,54%, әзербайжандар – 0,34%, мордвалар – 0,32%, чуваштар – 0,32%, армяндар – 0,22%, поляктар – 0,20%, корейлер – 0,19%, ингуштар – 0,13%, басқа ұлт өкілдері – 1,41%. ## Әкімшілік бөлінісі 39 елді мекен 13 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Шаруашылығы Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы — 1,27 млн га, оның 855 мың га-сы — егістік, шабындық — 3,4 мың га, жайылым — 367,4 мың га (2009). ## Қатынас жолдары Аудан жері арқылы Қарталы (Ресей аумағында)–Астана темір жол магистралі, одан басқа Қостанай–Қарасу, Қарасу–Қойбағар, Қарасу–Сарыкөл, Қарасу–Шалғыншы, Қарасу–Есіл автомобиль жолдары өтеді. ## Дереккөздер
Баянауыл ауданы — Павлодар облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік аудан. 1928 жылы құрылған. ## Физикалық-географиялық сипаттамасы ### Географиялық жағдайы Ауданы 18,5 мың км². Солтүстігінде Екібастұз қаласының ауылдық аймақтарымен, солтүстік-шығысында — Ақсу қаласының ауылдық аймақтарымен, шығысында — Май ауданымен, оңтүстігі мен батысында — Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарымен шектеседі. ### Климаты Аудан климаты— ыстық жазы бар (+35ºС-қа дейін) және қатал қысы бар (−34ºС-қа дейін) қатал континентальды. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 270 мен 277 мм арасында, қаңтардың орташа температурасы −14º-16ºС-қа, шілденің +18º+20ºС-қа тең. Қар жамылғысы қараша айының соңында орнығады. ### Жер бедері мен гидрография Аудан жерінің беті таулы-жазық болып келеді. Аудан аумағының негізгі бөлігін Сарыарқаның солтүстік-шығыс тау-тарамдары алып жатыр. Биіктігімен еркешеленетін таулар: Қызылтау, Ақбет, Ақбастау. Тау бойымен жылғалар мен арықтар ағып өтеді, олар тау етегіндегі жазыққа еніп, көл ойпаттарына жетпей, жоқ боп кетеді. Ең бағалы тұзды су көзі шортан, түрпі, алабұға, табан, қарабалық көп ауланатын Сабындыкөл, Жасыбай көлдері болып табылады. Аудан топырағы ашық қоңыр түс реңін беретін ашық түсті қызғылт болып келеді. Механикалық құрамы бойынша жеңіл супес түрінде. Баянауыл ауданы жер қойнауында тас көмір, алтын, мыс, полиметалды кен, ас және глауберлі тұз, кварцті және шыны құм, табиғи құрылыс материалдары және өзге де пайдалы қазбалар бар. ## Халқы ### Этникалық құрамы Ұлттық құрамы (2012 жылдың 1 қаңтарына) * қазақтар — 24 657 адам (88,74 %) * орыстар — 2 217 адам (7,98 %) * украиндер — 231 адам (0,83 %) * немістер — 279 адам (1 %) * татарлар — 172 адам (0,61 %) * белорустар — 23 адам (0,1 %) * басқалары — 208 адам (0,75 %) * Барлығы— 27 787 адам (100,00 %) ### Санның серпінділігі Халқының көбі қазақтар, сонымен қатар — орыстар, немістер, украиндер және басқалары болып табылады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,5 адамнан келеді. 2012 жылы аудан халқы 27,78 мың адамды құрады. ## Тарихы ### Этимология Баянауыл ауданының атауы әйгілі лирикалық поэманың өзегі болған қазақтың Джульеттасы атымен байланыстырылады. 21 мың шаршы километр аумақ қыз атымен аталған. Атаудың басқа нұсқалары да бар: атақты ағартушы Шоқан Уалиханов Баянауыл (Баян-Ола) сөзін есен-саулық, асқақ бақытты ### Ескі тарих Баянауыл тарихы бастау алғанына екі ғасырдан асып кетті. Қазақ халқының болашағын болжаған, дала данасы Асан Қайғы бабамыз Баян тауын көргенде “Ат ерін алмайтын жер екен. Бір түней кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады” деген екен. 1730 жылы Баянаула тауларында жоңғар басқыншыларына қарсы үлкен ұлт азаттық көтеріліс басталған. Қазақтың ұлы қолбасшысы Бөгенбай мен Олжабай батырлар бастаған қол, Баянаула тауларында бекініс құрған. Олар осы жерде Халден – Сереннің алдыңғы қолына үлкен тойтарыс берген. Содан “қалмаққырған” тауында жауын жойып, жеңіске жетіп, қалын қолымен түстікке барып, Қабанбай қолына қосылған. 1734 жылы Абылайдың қатысуымен Сабындыкөл жағасында үш жүздің төбе билері мен батырлары жиналып, қазақ елінің сыртқы бейбітшілік саясатын дамытуға қатысты өзекті мәселелер төңірегінде жиын өткізді, соңы үлкен тойға ұласты. 1752 жылы 17 қазанда ру басылар мен батырлардың Баянауылда бас қосып, жасаған құпия байламдары Ресей мен Қытай императорларын да ойландырды. Олар қазақтардың кімге қосылатынын біле алмай дал болды. Екі арыстан бірін-бірі алыстан аңдып, арадағы елді өзіне бұрып әкетудің әртүрлі саясатын жүргізе бастады. Баянаул өңіріндегі осы дүрбеленнен кейін 1800-ші жылы, бейбіт кезеңі сияқты көрінді. Ел ру-румен ата-қоныс мекен жайына орналасты. 1826 жыл Ресейдің Сібірлік әкімдері осы жылдың он төртінші ақпанында Шөң биге “Төртұлы одағына” арнап (Шөң бидің хандарға билік бермеуі үшін он екі рудың басын қосып құрған одағы) дербес округ ашуды ұсынады. Сол жылы Баянауыл қазақ станицасы ретінде Сабындыкөл жағасында , Ақбеттеу етегінде пайда болды. 1830 жылдың қыркүйек айында қазақ-орыстар болашақ Дуанның тұңғыш үйін салады. 1833 жылы наурыз айында Сібір комитетінің Омбы облысында екі округ құру жөніндегі ережесіне сәйкес Баянауыл кең-байтақ сыртқы округтің орталығына айналды. Оның аумағына қазіргі облысымыздың - Баянауыл, Екібастұз, Май , Краснокутск, Ақсу және Ертіс аудандарының жерлері кіреді. 1833 жылы тамыз айының 22 күні Баянауыл сыртқы округі “Сібір қырғыздары” облысының құрамына кірді. 1868 жылы Баянауыл округі далалық облыстар ережесіне сәйкес таратылып, жаңадан құрылған Павлодар уезінің құрамына енді. Баянауыл селосы казак станицасына айналды. Оның басына атаман тұрды. Революциядан бұрын мұнда шіркеу, приход училищесі, мешіт, медресе, телеграф,12 кереуеттік лазарет, азық-түлік дүкені, көпестердің лавкелері болды. Сауда негізінен жекеленген адамдардың қолына топтастырылды. Тұрғындар дән себумен, жүк тасумен,орман және балық кәсіпшілігімен айналысты. ### Советтік кез 1920 жылы Совет үкіметі орнады. 1920 жылы Революциядан кейінгі алғашқы халық санағы Баянауылда 319 аула, 1620 тұрғынды тіркеді. 1920 жылдың сонында ,1930 жылдың басында қазақ тұрғындарының негізгі көпшілігі отырықшылық өмір салтына көшті. 1927 жылы І қаңтарда Баянауылдағы тұрғындардың саны 1807 адамға, ал отбасы саны 387-ге жетті. 1928 жылы аудан құрылып, Павлодар округінің құрамына кірді. 1933-1937 жылдар . Аудан орталығында 280 орындық мектеп –интернат ашылды. 10 аттың күшіне тең двигателмен жұмыс істейтін диірмен болды. 1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдары. 1942 жылға астық жинау науқаны кезінде аудан облыс бойынша 1-ші болып, мемлекетке астық тапсырудың жоспары мерзімімен бұрын орындалды. 1954-60 жылдар. Тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. 1960-1965 жылдар. Аудандық партия комитеті селолық-өндірістік партия комитетіне айналды. Ал 1965 жылы қайтадан аудандық партия комитеті болды. 1970 жыл. Басты назар-ауыл шаруашылығын өркендетуге , оның ішінде қой шаруашылығының өнімдерінің сапасын арттыруға арналды. Осыған байланысты ауданда қой өсіруші комсомол-жастар бригадалары құрылды. 1985 жылы Баянауыл аймағында республикада алғаш рет 49 мың гектар алқапты алып жатқан мемлекеттік табиғи ұлттық парк құрылды. Ол өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға бағытталды. ## Әкімшілік бөлінісі 38 елді мекен 1 кенттік әкімдік пен 12 ауылдық округке біріктірілген: ## Экономика ### Өнеркәсібі Баянауыл ауданында тау –кен өндіру өнеркәсібі дамыған, май-нан зауыттары, тұрмыстық қамсыздандыру комбинаттары, екі автокөліктік кәсіпорындар, үш құрылыс ұйымдары, типография бар. ### Ауыл шаруашылығы Ауданның ауыл шаруашылық бағыты: етті ірі-мүйізді мал түрін өсіру, қой шаруашылығы (жартылай қатты жүнді), жылқы шаруашылығы (табындық, жергілікті қазақ түрлері). Егін салумен көбінесе топырағы құнарлылау келетін ауданның оң жақ бөлігі айналысады. Ауылшаруашылық өндірісмен 6 ауылшаруашылық кәсіпорындар мен 261 шаруа қожалығы айналысады. 5414 жеке қоныстар бар. ### Туризм Баянауыл мемлекеттік ұлттық бағы аумағында 35 демалыс орындары бар, оның ішінде Жасыбай көлінде– 28, Сабындыкөл көлінде – 5, Торыайғыр көлінде – 2 үйлер және жату орнын, қайық, қатамаран, экскурсияға арналған автобустар, жазғы кезеңдегі мәдени шаралары бар 2 балалар лагері бар. Қазіргі кезде ұлттық бақ аумағында 37 археологиялық ескерткіштер, табиғи ескерткіштер және көрсету орындары бар. Туризмді дамыту мақсатында бақ аумағында 208,5 км ұзындықта 11 туристтік бағыттар мен 1 ботаникалық соқпақ әзірленген. ## Әлеуметтік сала Әлеуметтік-экономикалық дәреже Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядерлық полигонындағы ядерлық сынақтан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес Баянауыл ауданы жеңілдігі бар әлеуметтік-экономикалық дәрежедегі аумаққа жатқызылады. ### Білім беру мен ғылым 2012 жылғы оқу жылында ауданда 33 орта жалпы білім беру мектептері, 5 мектепалды мекемелері мен 1 кәсіби мектеп-лицей қызмет етеді. ### Денсаулық сақтау Ауданда Баянауыл ориалық аудандық аурухана бар, бас дәрігері Қалкен Армизов. ### Мәдениет Ауданда Мәдениет үйі, 44 жалпы білім беру, 2 музыкалық және спорт мектептері, 19 балабақша, Майқайын кентінде филиалы бар кәсіби-техникалық училище, 39 киноқондырғы, 45 кітапхана (200 мың дана кітап қоры бар), үш мұражай (Қ.И. Сәтбаев, С. Торыайғыров, М.Ж. Көпеев) бар. «Жеңіс» («Баянтау») (1931 жылдан) және «Победа» (1955 жылдан) аудандық газеттері шығарылады. 1993 жылы туғанына 325 жыл толуына байланысты ақын, дана және халық қызметкері Бұқар жырауға Баянауыл ауылының орталығында ескерткіш қойылды. 2008 жылы ақын, композитор Жаяу Мұса Байжанұлына арналған ескерткіш орнатылды. Баянауыл ауылынан 12 км жерде Жасыбай көлінің сол жағасында орналасқан. Мүсінші М.Е. Сіргебаев. ## Баянауыл тұлғалары Баянауыл жері көптеген ғалымдардың, жазушылардың, ақындардың және қоғам қайраткерлерің Отаны. Бұл даңқты Бұқар жыраудың, Шоң бидің, он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы және жиырмасыншы ғасырдың басындағы композитор Жаяу Мұса Байжановтың, алғашқы қазақтан шыққан тарихшы, ағартушылардың бірі-Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтың және қазақ әдебиетінің классигі, ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, тағы басқа зиялылардың Отаны. Баянауылдан 30-дан аса ғылым докторы және 200 ғылым кандидаты шыққан. Олардың арасында геолог Қаз КСР ғылым академиясының тұнғыш президенті, Лениндік және мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың орны ерекше. Қазақстан ғылымының дамуына үлес қосқан академиктер – Ш.Шокин, А.Х.Марғұлан, ғылым докторлары –Әбікен Бектұров, Ермұхан Бекмаханұлы , С.Бейсенбаевтар, т.б.. Баянауылдық ақын-жазушылар Ж.Аймауытов, Д.Әбілев, З.Шашкин, З.Ақышев, Қ.Исабай, хылық артистері Ш.Айманов, К.Кенжетаев, алғашқы қазақ режиссері Ж.Шанин , т.б. кенінен танымал. * Бұқар жырау Қалқаманұлы(1668-1781) ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, арқалы жырау, қабырғалы би, мемлекет қайреткері. * Жаяу-Мұса Байжанұлы (1835-1929) ақын сазгер, әнші. * Mәшhүp Жүсіп Көпейұлы (1858- 1931) XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, шежіреші, философ. * Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) жазушы, ақын, драматург. * Жұмат Шанин (1892-1939) қазақтың тұңғыш театр өнерін ұйымдастырушы, режиссер. * Сұлтанмахмұт Tорайғыров (1893-1920) ақын, жазушы. * Көшмұхамбет Кемеңгеров (1894-1937) әдебиет зерттеуші, жазушы, аудармашы. * Диқан Әбілев (1907) майдангер ақын, жазушы. * Зейтін Ақышев (1911-1991) жазушы, ақын, драматург. * Зейін Шашкин (1912-1966) жазушы, драматург. * Қалмұқан Исабаев (1925) жазушы * Шәкен Айманов (1914-1970) кинорежисер, актер. * Кәукен Кенжетаев (1916) әнші, режисер, актер. * Садық Кәрімбаев (1918-1975) композитор * Қуат Әбусейітов (1925) кинорежисер * Суат Әбусейітов (1929-1992) кионактер, әнші. ## Дереккөздер
Аққулы ауданы — 1939 жылы құрылған, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында орналасқан аудан және оңтүстік-шығысында Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, солтүстікте Шарбақты ауданымен шектесіп жатыр, батыста аудан шекарасы Ертіс өзені арқылы өтеді. Ауданның аумағы 806,1 мың гектарды құрайды. Павлодар қаласына дейін ара қашықтық 120 км.Әкімшілік орталығы - Аққулы ауылы. ## Физикалық-географиялық сипаттамасы ### Географиялық жағдайы Солтүстігінде Павлодар және Шарбақты аудандарымен, шығысында — Ресейдің Алтай өлкесімен, оңтүстігінде — Абай облысы Бесқарағай ауданымен, батысында — Май ауданымен бөлетін кеме жүретін Ертіс өзенімен шектес.Аудан аумағымен Павлодар – Семей автомобиль жолы өтеді. ### Климаты Аудан климаты қатал континентальды. Қаңтардың орта температурасы −17º-18ºС, шілденікі - +20º+21ºС. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250—300 мм құрайды. ### Жер бедері және гидрография Аудан аумағы бетегелі өсімдігі бар жай толқынды жазық жерлерден тұрады, тұзды көлдер саны өте көп. Топырақ қызғылт және қою қызғылт, механикалық құрамы бойынша — құмайт және құмды, жел эрозиясына тез шалдығады. Алқаптарда — ауыр суглинкалар бар. Жер қойнында келесі табиғи құрылыс материалдары зерттелінген: алебастр, сульфат, гипс, әк. ### Флора және фауна Оңтүстік-шығыста жолақты қарағай ормандары бар. Жолақты қарағай ормандары мен Ертіс өзенінің алқабында ағаш және бұтақты түрлер: үйеңкі, боз тал, қандағаш, көктерек, қайың, терек, қарағай және басқалары кездеседі. Шөп түрлерінен — жусан, бетеге. Ертіс өзені алқабы — қоғалы жаға. Қасқыр, қоян, суыр, сарышұнақ, аламан секілді аң түрлері мен үйрек, қаз секілді құстар мекендейді. ## Тарихы Аудан Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1939 жылғы 16 қазандағы жарлығымен орталығы Лебяжі ауылы болып Бесқарағай, Каганович және Павлодар аудандарын шағындау есебінен құрылған. Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы жарлығымен Лебяжі ауданы жойылып, аумағы Павлодар ауылдық ауданының құрамына енді. Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1964 жылғы 31 желтоқсандағы жарлығымен Лебяжі ауданы қайта құрылды. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық полигонындағы ядерлық сынақтан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес аудан радиациялық қауіпті аумаққа жатқызылды. 2018 жылғы 4 тамызда ҚР Президенті жарлығымен аудан атауы Аққулы болып өзгертілді. ## Әкімшілік бөлінісі 23 елді мекен 10 ауылдық округке біріктірілген: ## Халқы ### Этникалық құрамы Ұлттық құрамы (2012 жылдың 1 қаңтарына) * қазақтар — 11 306 адам (80,9 %) * орыстар — 1 582 адам (11,32 %) * украиндер — 215 адам (1,54 %) * немістер — 241 адам (1,72 %) * татарлар — 200 адам (1,43 %) * белорустар — 65 адам (0,46 %) * басқалары — 421 адам (3 %) * Барлығы— 14 030 адам (100,00 %) ### Санның серпінділігі 1999 жылы халық саны— 19,6 мың адамды, 2012 жылы — 13,97 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 2012 жылы 1 км² 1,72 адамнан келді. ## Экономика ### Ауылшаруашылық Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: қой шаруашылығы, табындық жылқы шаруашылығы, жүн өндіру, қарбыз өсіру. Бидай, тары, қарақұмық, күнбағыс өсіріледі, ет, сүт, ұсақ тері шикізаты. Шаруашылықтың негізгі бағыты — мал шаруашылығы. Аудан жібек жүнді қой шаруашылығымен айналысқан, бұл шаруашылықпен колхоздардан басқа— «Бесқарағай» племсовхозы, № 23 совхоз секілді мамандандырылған қой шаруашылықтары да айналысқан. Қазақ ғылыми-зерттеу мал шаруашылығы институты, ал соғыс жылдарынан кейін мал шаруашылығы институтының Шығыс-Қазақстан тәжірибе станциясы қызметкерлерінің көп жылдық, мақсатты селекциялық-асыл тұқымды жұмыс түрінің нәтижесінде, жаңа түр – үлкен салмаққа ие ірі конституциясы бар қазақ мериносы енгізілді. Ауданның ауылшаруашылық өнімін өндірумен 10 ауылшаруашылық, 172 шаруа қожалықтары айналысады, 4332 жеке қоныстар бар. Ауданда 2 наубайхана, 1 жел диірмені, 1 сүтті қайта өндеу цехы жұмыс істейді. ## Әлеуметтік сала ### Білім беру мен ғылым Аудан аумағында 27 білім беру мекемелері бар, оның ішінде 1 арнайы орта, 18 орта, 4 негізгі, 1 бастауыш, 3 мектеп жасына дейінгі. Сонымен қатар 6 бөлімшесі бар 305 адам айналысатын балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар. ### Денсаулық сақтау Денсаулық сақтау объектілері 24, оның 1 орталық аудандық аурухана, 1 туберкулезге қарсы аурухана, 8 дәрігерлік амбулатория, 14 медициналық пункт. ### Мәдениет Аудан бойынша 18 мәдениет объектілері, 24 кітапхана және 1 жылжымалы «Бұлақ» кешені қызмет атқарады.«Аққу күйі» аудандық газеті шығарылады (1940 жылдан). ## Әйгілі адамдар Социалистік Еңбек Ерлері: * Б.Айдарханов, * Ж.Жанғожин, * Б. Оспанов,Уақап Сыздықов, Қ. Шарбақбаев ## Дереккөздер
Успен ауданы — Павлодар облысында орналасқан аудан. Әкімшілік орталығы — Успенка ауылы. Жер аумағы — 5,5 мың шаршы шақырым. ## Тарихы РКФСР АКЖО Президиумының 1935 жылғы 31 қаңтардағы Қаулысымен Лозовский ауданы болып өзгертілді, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен Лозовский ауданы жойылып, оның базасында Успен ауданы құрылды. ## Физикалық-географиялық сипаттамасы ### Географиялық жағдайы Солтүстігінде Тереңкөл ауданымен, батысында Павлодар ауданымен, оңтүстігінде Шарбақты ауданымен, шығысында Ресейдің Алтай өлкесімен шектеседі. ### Климаты Климаты қатал континентальды, қаңтардың орташа температурасы −18º-19ºС., шілденікі - +20º+21ºС. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250—300 мм-ді құрайды. ### Жер бедері мен гидрография Аудан жер бедері жазық. Топырағы – қызғылт.Аудан жер қойнауында ас тұзының, табиғи құрылыс материалдарының қоры бар. Үлкен және Кіші Тауылжан көлдерінде бар тұз қорларының өндірістік мәні зор. ### Флора және фауна Ауданның өсімдік дүниесі ерекшелігімен көзге түспейді. Мұнда бетеге, жусан, жоса, қоға, солтүстігінде – қайың өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, сарышұнақ, бөдене, үйрек, қаз және басқалары мекен етеді. ## Халқы ### Этникалық құрамы Ұлттық құрам (2012 жылдың 1 қаңтарына) * қазақтар — 4 414 адам (34,24 %) * орыстар — 3 631 адам (28,17 %) * украиндар — 2 827 адам (21,93 %) * немістер — 1 235 адам (9,58 %) * татарлар — 114 адам (0,88 %) * беларустар — 106 адам (0,82 %) * басқалары — 563 адам (4,36 %) * Барлығы— 12 890 адам (100,00 %) ### Санның серпінділігі 1999 жылы халық саны — 21,4 мың адамды, 2012 жылы — 14,4 мың адамды құрады. ## Әкімшілік бөлінісі 21 елді мекен 7 ауылдық округке біріктірілген: ## Экономика және ауыл шаруашылығы салаларының дамуы Аудан экономикасының басты саласы ауыл шаруашылығы болып табыла-ды. Өндірістік қызметтің басты бағыты - өсімдік және мал шаруашылығы.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 4 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер (80%), 220 шаруа қожалықтары (92,8%), 4268 жеке аулалар (98,6 %) өндіреді. 2009 жылдың 1 сәуірінде қой мен ешкі саны 22,5 мың бас (113,1%), жылқы -4,3 мың (115,4%), шошқа -7,1 (102,3%), ірі қара мал саны 24,4 мың бас (100,7%), құс -52,9 бас (100,6%). 2008 жылмен салыстырғанда ет өндіру 7,8 мың тоннаны құрап, 0,6% артты, сүт өндіру 36,2 мың тонна ( 2008 ж. 100%), жұмыртқа 893,0 мың дана (2008 ж. 102,5%). Ауданда 12 қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс істейді. 2009 жылдың 3 айында 869 бас қолдан ұрықтандырылды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 10 % артық. Қолдан ұрықтандыруға жалпы мал санының 10,6% тартылды (2008 жылы 9,8%). Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен 10 объекті айналысады (2008 жылы 13 объекті): 2 – шұжық өнімдерін, 1 – өсімдік майларын өндіреді, 1 диірмен, 6 наубайхана. Ағымдағы жылдың 3 айында қайта өңделген өнім көлемі: ұн - 44 тонна (110%), нан тоқаш бұйымдары 105,6 тонна (103,5%), өсімдік майы - 3,1 тонна (129,2%), шұжық өнімдері 5,0 тонна (111,1%). Ауданда 17 дайындау пункттері бар (121,4%) оның 8- ет дайындау бойынша, 9 - сүт дайындау бойынша. Дайындалған өнімнің көлемі: ет – 314 тонна (103,3%), сүт – 961 тонна (100,7%), жұмыртқа – 497,0 мың дана.(104,6%). ## Әлеуметтік сала Жыл басынан бері 94 жаңа жұмыс орындары ашылды (2008 ж.-60). Ашық еңбек рыногында жұмыссыздық деңгейі 3,9 ( 2008 жылы 4,4). Жұмыссыздар санынан 46 адам (36 адам) немесе жұмыс іздеп келгендердің 57,5% жұмысқа орналастырды. Ауданда әлеуметтік көмек көрсетілетін 288 аз қамтылған отбастары есепте тұр (282 адам). Көмек алушылардың саны 6 адамға немесе 2,1% артты, 2242 мың теңгенің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалды және төленді. Балалар жәрдемақысы 95 отбасына (191 бала) төленеді, 2008 жылы 93 отбасы (257 бала). 678,2 мың теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді. Бір қызметкердің орташа еңбек ақысы 2009 жылдың қаңтар айында 25293 теңгені құрады (117,9%). Нақты еңбек ақының индексі – 119,3%. ### Білім беру Ауданның білім беру жүйесін 20 жалпы орта білім беру мектебі құрайды, оның 17 орта, 2 негізгі және 1 бастауыш мектеп. Мектеп жасындағы 1924 бала мемлекеттік міндетті білім алуға тартылған. Ауданда мемлекеттік тілде оқытатын 1 мектеп бар. Ауданда бір кәсіби мектеп бар, онда 215 оқушы ауыл шаруашылығы өндірісінің мастері, тағам кәсіпорнының маманы, тігінші мамандығы бойынша білім алады. 2009 жылы МТБ нығайтуға облыстық бюджеттен жатақхана үшін жихаз және оқушылар жихазын сатып алуға 1,1 млн.теңге бөлінді. Ауданда 3 бала бақша жұмыс істейді, Успен ауылындағы «Балапан» бала бақшасында-156 бала, Констанинов ауылындағы «Айгөлек» бала бақшасында -25 бала, Галицкое ауылындағы «Ақбота» бала бақшасында- 35 бала бар. «Тілдер туралы» Заңды орындау үшін «Балапан» бала бақшасында екі топ мемлекеттік тілде тәрбиеленеді және оқытылады. Ауданның педагогикалық ұжымдарында 418 мұғалім бар (94%),олардың 249 жоғары білімді, 142 орта білімді, 27 орта білімді.Барлық мектептерде заман талабына сай компьютерлік сыныптар бар, 20 мектеп Интернет желісіне шыға алады. Ауданда психологиялық-педагогикалық коррекциия кабинеті жұмыс істейді, оның мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педаго-гикалық оңалту болып табылады. Кабинетте педагог-психолог, педагог-логопед и дәрігер-психолог мамандар жұмыс істейді. Ауданның 20 мектебінде оқушыларға ыстық ас ұйымдастырылған. 1924 оқушының 1617-сі ыстық аспен қамтылған. 814 оқушы тегін тамақтанады, соның ішінде 560 бала жаппай оқу есебінен және 254 демеушілер есебінен тамақтанады. Мектептердің материалдық техникалық жайын қолдау үшін ағымдағы жылы күрделі жөндеуге 34,4 млн.теңге бөлінді, қазандарын ауыстырып, қазандықтарды күрделі жөндеуден өткізу, жылыту желісін жөндеу, жарық беру, ғимараттардың сыртқы келбеттерін жөндеу жоспарлануда. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық базасын нығайтуға -33,9 млн.теңге бөлінді, 8 оқушылар жихазын, компьютер сыныптарын, химия және физика кабинеттерін сатып алу жоспарланған. ### Денсаулық сақтау Ауданда 40 орындық Успен аудандық орталық ауруханасы, 25 орындық Константиновка селосының учаскелік ауруханасы, 15 орындық туберкулезге қарсы аурухана, 4 дәрігерлік амбулатория, 14 медициналық пункттер, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станция және 7 жеке меншік дәріхана бар.Төсек орны соңғы үш жылда артқан жоқ және 2009 жылы 80 орынды құрады, 10 мың адамға шаққанда төсекпен қамтамасыз ету 54,4. Ауданда медицина қызметкерлерінің кадрлық құрамын 14 дәрігер, 73 орта буын медицина қызметкерлері құрайды. Денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі міндеті көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру болып табылды, бұл жоғары білікті мамандарсыз мүмкін емес. Аудан тұрғындарының 10 мыңына шаққанда 9,5 құрайды, орта буынды персонал 49,6. Туберкулез ауруының көрсеткіші 100 мың тұрғынға 59 промилле (2008 жылы 69 промилле). Онкоауруының көрсеткіші 100 мың тұрғынға 72,8 (2008 жылы -59,6). ### Мәдениет және спорт Ауданда мәдениет ошақтарының желісі 37 бірлік, соның ішінде 18 ауылдық кітапхана, 19 ауылдық клуб мекемелері 1 мұражай. «Бұлақ» бағдарламасына сәйкес Константинов АМҮ 9,9 млн.теңге, Ольгин АМҮ-2,8 млн.теңге, Ковалев АМҮ – 2,0 млн теңге күрделі жөндеу өткізу жоспарлануда. Аудандық бюджеттен материалдық –техникалық материалдық базаны нығайтуға 0,9 млн теңге бөлінді, костюмдер сатып алу жоспарланған.Ауданда 30 спорт залы бар, БЖСМ жұмыс істейді, 2612 адам спортпен айналысады (2008 жылы 2602). Областық бюджеттен материалдық –техникалық материалдық базаны нығайтуға 1,0 млн теңге бөлінді, жаңа спорт инвентарларын сатып алу жоспарланған (55 шаңғы жиыны). ### Аудан бюджеті Аудан бюджетінің көлемі 2009 жылы 1111,6 млн.теңгені құрады, соның ішінде бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттің үлес салмағы - 88,6% немесе 984,5 млн теңге, оның субвенциясы – 837,7 млн теңге. Жыл басынан аудан бюджетіне жоспар 28,7 млн теңге болғанда 35,0 млн теңге өз кірісі жұмылдырылды, жоспардан тыс түсім 6,3 млн.теңге немесе 121,9%. 2008 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бюджеттің кіріс бөлігі 279,4 млн теңгеге ұлғайды немесе 33,6%.Аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспар 234,9 млн теңге болғанда 94,2% орындалды, нақты орындалу 221,3 млн теңгені құрады. ## Дереккөздер
Павлодар ауданы — Павлодар облысының орталығындағы аудан. 1928 жылы бұрынғы Павлодар уезінің болыстарынан құрылды. 1930 жылға дейін аудан Павлодар округінің құрамында болған. ## Физикалық-географиялық сипаттамасы ### Географиялық жағдайы Ауданы 6,1 мың ш. км. Аудан облыстың бес ауданымен шектеседі: солтүстік-батысында — Ақтоғай, солтүстігінде — Тереңкөл, шығысында — Успен және Шарбақты, оңтүстігінде — Аққулы, батысында — Ақсу қаласының ауылдық аймақтарымен шектеседі. ### Климаты Климаты қатал континентальды, бірақ Ертіс өзенінің жанында болғаннан кейін жұмсақтау, қаңтардың орташа температурасы −18º-19ºС, шілденікі - +21º+23ºС. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 272 мм. Оңтүстік-батыс және солтүстік желдер, шығыстан келетін аңызақ желдер соғып тұрады. ### Жер бедері және гидрография Аудан аумағының жер бедері жазық, теңіз дәрежесінен 130 метр орташа биіктікте және шағын көл ойпаттары мен Ертіс өзенінің алқаптары түріндегі кейбір төмендеулері бар. Топырақ беті қою қызғылт, кейбір жерлер – сортаң топырақты. Топырақ құрылымы сапасыз және шіріген заттары аз. Гидрографиялық қатынаста аудан тиімді жақта, себебі көптеген тарамдары бар Ертіс өзені ағып өтеді. Коряковка, Маралды, Мойылды және басқа көлдер бар. Гипс, алебастр, әк, құрылыс балшығы түріндегі пайдалы қазбалар кездеседі. Аудан аумағында Павлодар қаласынан солтүстік-шығыс жақта 15 км жерде Мойылды емдік балшықтары бар. Емдік балшық Мойылды ағыссыз көлінде жатыр. ### Флора және фауна Өсімдік дүниесі негізінен біртектес, бетеге мен жусан көптеп кездеседі. Ертіс ойпатында дәнді өсімдіктер өседі. Орман өсімдіктерінен акация, мойыл, терек, қайың ұшырасады. Қасқыр, түлкі, қарсақ, сарышұнақ,аламан, бозторғай, үйрек, балшықшы құсы мекен етеді. ## Халқы ### Этникалық құрамы Ұлттық құрам (2012 жылдың 1 қаңтарына) * қазақтар — 14 344 адам (49,09 %) * орыстар — 9 677 адам (33,11 %) * украиндер — 2 061 адам (7,05 %) * немістер — 1 659 адам (5,68 %) * татарлар — 385 адам (1,31 %) * белорустар — 217 адам (0,74 %) * басқалары — 879 адам (3,01 %) * Барлығы— 29 222 адам (100,00 %) ### Санның серпінділігі 1999 жылы халық саны — 32,3 мың адамды, 2012 жылы — 29,2 мың адамды құрады. ## Әкімшілік бөлінісі 38 елді мекен 13 ауылдық округке біріктірілген: ## Тарихы Ефремовка ауылында машина-трактор станциясында 1 трактор 9 ұжымдық шаруашылыққа қызмет көрсетіп, 1213 шаруашылықты біріктірген. МТС дәнді дақылдар бағыты бойынша жұмыс істеген. 1931 жылы 17069 га жаздық дақылдар егілді. МТС-тан басқа, Ленин машина-шөп станциясы жұмыс істеді, 1931 жылы 193700 га жинады. Ауданда бірнеше кәсіпорын жұмыс істеді: Коряковка өзенінде “Казсольтрест” тұз кәсібі, пар диірмені, ет комбинаты, кірпіш және сыра зауыттары. Коряковка тұз кәсіпорнында 1931 жылы 1061 мың рубльге тұз алынды, сыра зауыты 516 мың рубльге өнім берді, кірпіш зауыты – 103 мың рубльге өнім шығарды. Наркомирос желісі бойынша 1931-1932 оқу жылдары бірінші сатыдағы 119 мектеп - онда 7218 оқушы оқыды және 16 жоғары типті мектеп болды. Саяси ағарту жұмысын 15 клуб, 16 оқырман, 3 жылжымалы кино құрылғысы, 12 қызыл бұрыш және 4 кітапхана жүргізді. Емдеу желісі жақсы дамыды. 1931 жылы 90 орынды 4 аурухана болды. Оның үшеуі Павлодар қаласында орналасты. Ауданда 15 дәрігерлік және 15 фельдшерлік пункті жұмыс істеді. Павлодарда әйелдер–балалар консультациясы, санитарлық-бактериологиялық зертхана, пастеров станциясы, балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру пунктісі. 1932 жылғы ақпанда Павлодар ауданы Шығыс-Қазақстан облысының құрамына кірді. Сол жылы партия ұйымын Қазақстанның мемлекеттік қайраткері А.Розыбакиев басқарды. 1935 жылғы 31 қаңтардағы РКФСР ВЦИК қаулысына сәйкес Шығыс-Қазақстан облыстық депутаттар кеңесінің 1935 жылғы 1 ақпандағы атқарушы комитеті Павлодар ауданының құрамына 23 ауылдық кеңестерін бекітті. ҚазОАК Президиумының 1938 жылғы 4 ақпандағы қаулысымен Павлодар ауданы қайта құрылған Павлодар облысының құрамына берілді. Павлодар облысының жаңа құрылуына байланысты Павлодар аудандық КП(б)К комитеті КП(б)К қалалық комитетіне қайта құрылды. Сонымен, Павлодар қалалық кеңесі аудан құрамынан шығып, Павлодар ауданы ауылдық аудан болды. 1939 жылғы 16 мамырдағы бірінші аудандық партия конференциясында аудандық партия комитетінің хатшысы болып М.Михайлов сайланды, ал аудандық атқарушы комитетінің төрағасы болып Ш.Досов сайланды. 1940 жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша Павлодар ауданының құрамына 11 ауылдық кірді: Ақтөбе, Гаврилов, Григорьев, Жана-ауыл, Жертұмсық, Петров, Роте-Фан, Романов, Чернорецк, Шақат және Ямышев. 1930-1935 жылдары егіншілік сала ретінде нашар дамыды, 13 шаруашылықта техника саны аз болды, дәнді дақылдар шығымдылығы екі центнерге де жетпеді. Жемшөп, жүгері өндірісімен айналыспады. Табиғи шабындыққа негізгі сенім артылды, себебі мал шаруашылығы үшін шемшөп дайындалды. Сонда да мал шаруашылығы өнімін өндіру төмен деңгейде болды, себебі мал жемі болмады. Ұрықтандыру және тұқымдық жұмысы сол уақытта жүргізілмеді. Алғашқы соғыстан кейінгі жылдары ауылдықтар өндіріс жоспарын орындау және өнім тапсыру үшін көп күш-жігер жұмсады. 1946-47 жылдары диқаншылар еңбегінің арқасында аудан егін шығымдылығы бойынша жоғары көрсеткішке жетті. Сол жетістіктері үшін КСРО Жоғарғы кеңесі Төралқасының 1947 жылғы 9 сәуірдегі Жарлығымен көптеген еңбеккерлер үкімет наградаларын алды. 1947 жылғы егін көп шаруашылықтарға мал өнімділігін көтеруге ықпал етті. Кейінгі жылдары ауыл шаруашылығы өндірісінің соғыстың алдындағы деңгейі қалпына келтірілді және оданда жоғары деңгейге де жететін болды. Аудан еңбекшілері мал басын көбейту және дәнді, жемшөп дақылдарының шығымдылығын арттыру бойынша жоғары көрсеткіштерге жетті. Ұжымдық және кеңестік шаруашылықтардың жұмысы жылдан жылға жақсаруына байланысты, аудандық партия комитеті мен аудандық атқарушы комитеті ауылдықтардың мәдени сауығына, ең алдымен біліміне ерекше назар аудара бастады. Ірі кенттерде он жылдық мектептер, ал басқа жерлерде – жеті жылдық және бастауыш мектептер жұмыс істеді. Ауылдарда оқу залдары мен жылжымалы кино құрылғысы жұмыс істеді. Әр ауылда кітапханалар жұмыс істеді, ал шағын ауылдарда қызыл бұрыштар ұйымдастырылды. Аудан тарихындағы бет-бұрысты сәт – тың және тыңайған жерлерді игеру. 1954-1955 жылдары Павлодар ауданында тың және тыңайған жерлерді жырту кезінде дәнді дақылдардың алқаптары 3-4 есеге көбейді. Тың кезінде аудан аумағында жаңа кеңшарлар ұйымдастырылды: Ямышев, Преснов, Жаңа-Ауыл, Восточный, Кубанский. 1955 жылғы 20 қарашада ХІІІ аудандық партия конференциясында аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Н.Кузин сайланды. Астық танабының кеңеюіне және егін шығымдылығының көтерілуіне байланысты 1956 жылы аудан бойынша өте жақсы астық егіні жиналып, сонымен қатар мал өнімділігі жоғарылады. 50-ші және одан кейінгі жылдары аудан облыс ішіндегі негізгі астық және мал шаруашылығы аудандары болып табылды. Сол жылдары аудандық комитет Ертіс өзені жағалауында орналасқан шаруашылықтарда көкөніс пен картоп егісін кеңейту, сондай-ақ көкөністің ерте егілетін сорттарын өсіру үшін жылыжайлар мен көшетхана шаруашылықтарын құру жөнінде шешім қабылдады. Жаңа кеңшарларда көптеген мәдени-ағарту мекемелері салынды: мектептер, мәдениет үйлері, дәрігерлік амбулаториялар. Ұжымдық шаруашылық маңындағы базаларда “Пресновский” және “Ямышевский” кеңшарлары ірілендірілді. “Жаңа-ауыл” мен “Павлодарский” кеңшарлары бірігіп “Павлодарский” кеңшары болды. 1962 жылдың басында ұжымдық шаруашылықтар мен кейбір кеңшарлар бөлімшелерінің базасында тағы да үш жаңа кеңшар құрылды: “Заря”, “Маяк” және “Маралды”. Ефремовка ауылында Павлодар МТС базасында жаңа мамандандырылған шошқа өсіретін “Ефремовский” кеңшары құрылды. Пресное ауылында “Авангард” құс кеңшары, ал Мичуринде – “Плодопитомник” қоян өсіру кеңшары ұйымдастырылды. Сонымен, ауданда 14 кеңшар мен 2 ұжымшар – Киров және Тельман атындағы ұжымшар болды. 50-ші жылдардың ортасында және 60-шы жылдардың басында құрғақшылық пен жаппай жер жыртуға байланысты дәнді дақылдар егістерінің көптеген бөлігі жел эрозиясына ұшырады. Осындай қиыншылық жағдайда Красноармейка ауылында “Кубанский” кеңшарының негізінде топырақты эрозиядан қорғау жөніндегі Тәжірибелік станциясы ұйымдастырылды. Ғылыми станциялар жел эрозиясымен күресу үшін алқаптық топырақ қорғау жүйесі мен жерді өңдеуді қолдануды ұсынды. Бұл шаралардың арқасында бірнеше жылдардан кейін егіншілік саласы жақсарып, астық шығымдылығы артты. 80-ші жылдарда ауданда бірқатар ірі сүт-мал шаруашылығы кешені және мамандандырылған сүт бөлімшелері жұмыс істеді. Ауданның озат шаруашылықтары – Киров атындағы және Тельман атындағы ұжымшарларда, сондай-ақ басқа да шаруашылықтарда бір сиырдан шыққан сауын үш мың килограмнан асты. ## Экономика ### Ауыл шаруашылығы Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: ет-сүтті мал шаруашылығы, құс шаруашылығы. Бидай, тары, қарақұмық, күнбағыс, қант қызылшасы өсіріледі. Ауданда 8 ауыл шаруашылық кәсіпкерлер, 853 шаруа қожалықтары, 8386 жеке қоныстар бар. Етті қайта өндеу бойынша 4 цех, 4 шағын диірмендер, 2 макаронды цех, 3 шағын наубайхана, сүтті қайта өндіру бойынша 2 цех, күнбағыс майын өндіру бойынша 6 цех бар. Ауданда облысқа өзінің көкөністерімен танымал Чернояр ауылы орналасқан. Сонымен қатар, Заря, Сычевка, Жаңа-Қала, Набережное, Мичурино, Чернорецк, т.б. ауылдарында көкөніс өсіру шаруашылығы кен тараған. ## Әлеуметтік сала ### Білім беру мен ғылым Ауданда 28 орта жалпы білім беру мектептері мен 7 мектепалды ұйымдары тіркелген. ### Денсаулық сақтау Ауданға Павлодар ауданының Емханасы қызмет көрсетеді. Павлодар қаласында заводтардың көптігінен, адамдардың денсаулығы сыр береді. Жиі ауратын аурулар: онкологиялық, тыныс алу жолдары, жүрек -қан тамырлары мен қан қысымының аурулары да кем қалған жоқ ### Мәдениет Аудандық «Нива» газеті 1930 жылдан бастап шығарылады. Монументалды мәдени ескерткіш ретінде 1964 ж. орнатылған ҰОС қаза тапқандарға арналған ескерткіш болып табылады, Шақат ауылы. ## Дереккөздер
Сарыкөл ауданы — Қостанай облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Орталығы — Сарыкөл кенті. Аудан аумағы 6 116 шаршы километрді алып жатыр. ## Географиялық орны Батысында Меңдіқара, Алтынсарин, оңтүстігінде Қарасу, солтүстігінде Ұзынкөл, шығысында СҚО-ның Ғабит Мүсірепов, Тимирязев аудандарымен шектеседі. ## Халқы Тұрғындар саны – 20 553 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 31,19%, орыстар – 40,64%, украиндар – 18,24%, немістер – 2,89%, беларустар – 2,85%, татарлар – 0,75%, молдовандар – 0,47%, башқұрттар – 0,47%, әзербайжандар – 0,45%, поляктар – 0,29%, чуваштар – 0,29%, удмурттар – 0,26%, басқа ұлт өкілдері – 1,21%. ## Әкімшілік бөлінісі 23 елді мекен 6 ауылдық, 1 кенттік әкімдік пен 5 ауылдық округке біріктірілген: ## Шаруашылығы Ауыл шаруашылығы аудан экономикасында 94 пайызын құрайды. Тауар өнімінің негізгі түрі – бидай. Аудында 21 ЖШС, бір өндірістік кооператив және 775 шаруа қожалықтары бар. Ауданда элеваторлар және нан қабылдау пункттері, шұжық цехтары, шағын наубайханалар, ағаш өңдеу цехтары, макарон және жиһаз жасау цехтары, төрт диірмен бар. Шағын кәсіпкерліктің субъектілері 1405 кәсіпорындармен және жеке кәсіпкерлермен ұсынылады. ## Әлеуметтік құрылымдары Аудандық орталық ауруханасы, 8 дәрігерлік амбулаториясы, 18 медпункттері 20 орта, 8 негізгі және 6 бастауыш мектептер, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі, өнер мектебі. Мектептердің оқу жабдықтары қазіргі заман талабына сай. Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінде жеті мамандықтар бойынша білім береді. Аудандық мәдениет үйінде жас жұбайлар некелерін тіркейді. Балалар бақшаларында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және оқыту үшін барлық жағдайлар жасалған. ## Дереккөздер
Бөрлі ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы - Ақсай. Бөрлі ауданы 1935 жылдың 30 маусымында құрылған, қазіргі шекарасы бойынша 1965 жылы қалыптасты. Аудан аумағы 5 556 шаршы километр алаңды алып жатыр. ## Географиялық орны, жер бедері, климаты Аудан шығысында Шыңғырлау, оңтүстігінде Сырым, батысында Теректі, Бәйтерек аудандарымен және солтүстігінде Жайық өзенінің бойымен Ресей Федерациясының Орынбор облысымен шектеседі. Аудан жері өзен, сай-жыралармен тілімденген, қыратты, көтеріңкі жазық. Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, қысы суық. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –15°С, шілдеде 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 – 250 мм. Аймақтың жері шөлейт белдемде жатыр. Аудан аумағынан Жайық, Елек, Шыңғырлау өзендері ағып өтеді. Жері негізінен қоңыр және сортаң топырақты. Өсімдік негізінен өзен жайылмаларында өседі. Ағаштардан емен, шегіршін, терек, ырғай, т.б. бар. Жануарлардан түлкі, қарсақ, қабан; құстардан дуадақ, безгелдек кездеседі. ## Халқы Аудан тұрғындарының саны 2019 жылы 56 086 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар 70,90%, орыстар 19,09%, украиндар 5,33%, татарлар 1,74%, беларустер 0,70%, немістер 0,34%, мордвалар 0,29%, башқұрттар 0,21%, өзбектер 0,18%, басқалары 1,22%. ## Әкімшілік бөлінісі 28 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 13 ауылдық округке біріктілген: ## Ірі елді мекендері ## Жол торабы Бөрілі ауданы арқылы Саратов – Елек (Илецк) темір жолы, Ақсай – Жымпиты – Шыңғырлау автомобиль жолы өтеді. Аудан орталығынан облыс орталығына дейінгі арақашықтық 120 км. Темір жол ұзындығы 85 км, ол облыс жолдары ұзындығының 17,1 % құрайды. Автомобиль жолдарының ұзындығы 465 км, оның ішінде 240 км қатты жабындымен, 220 км қиыршық тас жабындымен және 5 км топырақ жабындымен жабылған. ## Пайдалы қазбалар Кен байлықтарынан мұнай, газ (Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны), табиғи құрылыс материалдары кездеседі. Аудан аумағында пайдалы қазбалардың 10 кен орны белгілі, олардың біреуі - мұнай-газ, қалғаны - құрылыс материал. Кен орны қорының мөлшері, өнімділігі және қызмет мерзімі бойынша бірегей болып табылады. ## Шаруашылығы Негізінен астық өсіру мен мал шаруашылығымен шұғылданады. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жері 553,2 мың га, оның ішінде егістігі 86,3 мың га, жайылым 56,2 мың га, шабындық 9,7 мың га. ## Дереккөздер
Жаңақала ауданы — Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан 1930 жылы құрылған, аумағы 20,8 мың шаршы км. Орталығы - Жаңақала ауылы. ## Географиялық орны Батысында Бөкей Ордасы, солтүстігінде Казталов, шығысында Ақжайық ауданы, оңтүстігінде Атырау облысының Индер, Исатай, Құрманғазы аудандарымен шектеседі. Аудан аумағы Каспий маңы ойпатында орналасқан. Жердің беті негізінен тегіс, Каспий жағында оңтүстікке қарай болмашы төмендейді. Аумағы жер бедеріне қарай солтүстік, оңтүстік бөліктерге бөлінеді. Солтүстік бетте жер бедері негізінен тегіс, оңтүстік жағы құмды, құмайтты келеді. Көшпелі құмдардың ауданы көбіне 2 шаршы км дейінгі көлемді құрайды. Шағылдардың биіктігі шамамен 3-6 метр. Ірі өзендер: Қараөзен - ұзындығы 70 км, Сарыөзен - ұзындығы 60 км, Көшім - жалпы ұзындығы - 90 км, Мұқыр - ұзындығы 25 км. Топырағы ашық, сұрғылт топырақты, сортаң, сорлы, боз топырақты болып келеді. Өсімдіктер, негізінен бидайық, ақселеу, сүттеген араласқан сұрғылт жусан шөптерінен тұрады. ## Шаруашылығы Шаруашылықтардың негізгі бағыты - мал шаруашылығы. Аудан - мал шаруашылығы бағытындағы жартылай шөлейтті III ауыл шаруашылық аймағына жатады (облыстың оңтүстік бөлігі). Бұл аймақ азықтық-жемдік дақылдар, күздік қара бидай мен арпа өсіре отырып, топырақ қорғау жүйесімен айналысады. Көкөніс-бақша өнімдері ішкі қажеттілік және оларды базарларға өткізіп сату үшін өсіріледі. Етті ірі қара, етті-майлы қой тұқымдары, түйе, табынды жылқы шаруашылығы мал шаруашылығы өнімдерін өндірудегі басымды бағыттар болып табылады. Ауданда асыл тұқымды Еділбай қойының Бірліктік типі және Көшім тұқымдас асыл тұқымды жылқы малдары өсіріледі. ## Халқы Тұрғындар саны - 24 029 (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар - 98,03%, басқалары - 1,97%. ## Ауылдық округтер 22 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Дереккөздер
Жәнібек ауданы — Батыс Қазақстан облысының батысында орналасқан әкімшілік бөлік. ## Географиялық орны Шығысында Казталов, оңтүстігінде Бөкейордасы аудандарымен, батысында Ресейдің Волгоград (Паллас ауданы) , солтүстігінде Саратов облыстарымен (Новоузен ауданы) шектеседі. Аудан орталығы - Жәнібек ауылы. Аудан 1922 жылы құрылған. Аудан аумағы 8,2 мың шаршы шақырым. ## Халқы Халқының саны 2019 жылы 16 147 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 98,09%, орыстар — 1,46%. ## Әкімшілік бөлінісі 18 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Шаруашылығы Шаруашылығының негізгі бағыты мал шаруашылығы болып табылса, соның ішінде етті мал және етті-жүнді қой шаруашылығы. Мал шаруашылығымен қатар тауар өнімдерінің белгілі бөлігін егін шаруашылығы бағытындағы өнімдер құрайды. ### Инфрақұрылымы Ауданда 17 жалпы білім беретін мектеп, олардың 10 жалпы орта білім беретін, 2 негізгі және 5 бастауыш мектеп жұмыс жасайды. ## Дереккөздер
Бәйтерек ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. ## Географиялық орны, жер бедері Аудан облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан, 1939 жылы құрылды, 1997 жылы аудан құрамына Приурал ауданы енді. Аумақ бедері оңтүстігінде өзен, сайлар және құрғақ аңғарлар кесіп өтетін және солтүстігінде 100 және одан аса метр биіктікті құрайтын толқынды жондары бар (Үлкен Сырт сілемінің суайрығы) ойпатты жазықтан тұрады. Орталығы – Перемётное ауылы. Ауданның жалпы көлемі - 7,4 мың шаршы шақырым. Солтүстігінде Ресеймен, батысында Тасқала, оңтүстігінде Ақжайық аудандарымен, оңтүстік-шығысында Теректі ауданымен және Орал қаласымен шектеседі. ## Халқы Тұрғындар саны 57762 адам (2019).Ұлттық құрамы: қазақтар (58,71%), орыстар (34,88%), украиндар (1,91%), татарлар (1,48%), басқалары (3,02%). 2020 жылдың басында тұрғындар саны 58595 адамды (29245 ер адам және 29350 әйел адам) құрады. ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 68 елді мекен 22 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Су жүйесі, топырағы Ауданның негізгі табиғи су ресурстары Шаған саласымен (116 км) Орал өзені (184 км), Көшім (48км), Ембулатовка (99 км) Рубежка (82 км), Быковка (90 км) және сондай-ақ Киров бөгені мен Орал-Көшім суландыру жүйесі және негізінен ауданның солтүстік бөлігінде орналасқан 99 әуіт пен апандар болып табылады. Топырағы саз бен саздақтан тұрады, кей жерлерінде құм және сор топырақ кездеседі. Солтүстігінде жері қара топырақты. ## Шаруашылығы Шаруашылықтағы негізгі бағыт - егін шаруашылығы. Егін шаруашылығымен қатар, негізінен ет-сүт бағытындағы мал шарушалығы дамыған. Бәйтерек ауданы I ауылшарушылық аумаққа жатады. Бұл аумақта дәнді, майлы дақылдар, жемшөптер, қартоп және көкөніс, жеміс-жидек, екпе ағаштары жинақталған. Мұнда сүтті мал шаруашылығы, шошқа және құс өсіру және ет-жүнді қой шаруашылығы жақсы дамыған. ## Дереккөздер
Казталов ауданы — Батыс Қазақстан облысының батысында орналасқан әкімшілік-аймақтық бөлік. Алғаш 1928 жылы құрылған. Кейін (1997 жылы) Жалпақтал (бұрынғы Фурманов) ауданы таратылып, оның негізінде Казталов ауданы бұрынғы аумағын кеңейтіп қайта құрылды. Жерінің аумағы 18,6 мың км2. Орталығы – Казталовка ауылы. ## Географиялық орны, жер бедері Шығысында Ақжайық, Тасқала, оңтүстігінде Жаңақала, Бөкейорда, батысында Жәнібек аудандарымен, солтүстігінде Ресейдің Саратов облысы, Алғай ауданымен шектеседі. Аудан жері жазық. Каспий теңізінің Солтүстік бөлігін қамтиды. Ең биік жері ауданның батысында (абсолюттік биіктігі 42 м). Жер қойнауынан құрылыс материалдары өндіріледі. ## Халқы Халқының саны 2019 жылы 29 129 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 98,78%, басқалары — 1,22%. ## Әкімшілік бөлінісі 47 елді мекен 16 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Климаты, өсімідігі мен жануарлар дүниесі Климаты тым континенттік: қысы суық, жазы ыстық, қуаң. Ауданның орташа температурасы қаңтарда –13 – 13,50С, шілдеде 240С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 200 – 250 мм. Аудан жерімен Қараөзен, Сарыөзен, Ащыөзек, Жайықтың Көшім тармағы және олардың салалары ағып өтеді. Ірі көлдері: Мерекекөл, Қаракөл, Сарышығанақ, Балықты Сарқыл. Жері, негізінен, қызыл қоңыр, қоңыр, сортаң, сор топырақты. Онда боз, жусан, бетеге, еркек шөп, өзен жайылымдарында және көлдерді жағалай қамыс, құрақ аралас шалғынды шөптер өседі. Жабайы аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, доңыз, ақбөкен, борсық, сарышұнақ, аламан тышқаны, өзендерде шортан, алабұға, сазан, т.б. балықтар кездеседі. Құстардан қаз, үйрек, аққу мекендейді. ## Шаруашылығы, инфрақұрылымы Аудан етті-сүтті мал, қой, жылқы және астық өсіруге маманданған. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 1,78 млн. га, оның ішінде егістігі 25,7 мың га, шабындығы 200,9 мың га, жайылымы 1,47 млн. га-ны құрайды. Аудан аумағындағы бұрынғы (1997 жылға дейінгі) 2 ұжымшар, 14 кеңшар, 2 бордақылау бірлестіктері 30-дан астам шаруа қожалықтарына қайта біріктірілген. Жалпы білім беретін 54 мектеп, оның ішінде 25 орта, 6 орталау, 23 бастауыш, 1 кәсіптік-тех. мектептер бар. 2 мәдениет үйі, 37 кітапхана, 39 клуб, 4 кинотеатр, 2 музей жұмыс істейді. Емдеу орындарынан ауданы аурухана мен 2 емхана, 14 фельдшер-акушерлік пункт бар. Аудан жерімен Жәнібек – Казталовка, Жалпақтал – Чапаев – Казталовка, Жалпақтал – Талдыбұлақ автомобиль жолдары өтеді. ## Әйгілі тұрғындар мен тумалар * Қайырғазы Имашев * Ыбырай Сауанов ## Дереккөздер
Теректі ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан аудан. Аудан Батыс Қазақстан облысы құрамында 1933 жылы құрылды. Әкімшілік орталығы - Теректі ауылы, Орал қаласынан 46 км жерде орналасқан. Ауданның аумағы - 8,0 мың шаршы км., Батыс Қазақстан аумағының 5.6 % бөлігін құрайды. ## Географиялық орны, топырағы Аудан Жайық өзенінің сол жағалауында орналасқан. Аудан солтүстігінде Жайық өзенімен, батысында Бәйтерек ауданымен және Орал қаласымен, шығысында Бөрлі, Сырым және оңтүстігінде Ақжайық аудандарымен шектеседі. Топырақ - климат қорын және ауыл шаруашылығының бәсекеге төтеп беретін жағдайын есепке ала отырып аудан аумағы екі табиғаттық - экономикалық кеңістікке бөлінген: ауыл шаруашылық кеңістік - далалық дәнді дақылдық - мал шаруашылығы (ауданның солтүстік бөлігі,онда бонитет балы 20 дан 36 ға дейін қара - каштанды және каштанды топырақ таралған); ауылшаруашылдық кеңістік - сырталды, малшаруашылық - дәнді дақылдар аумағы (ауданның оңтүстік бөлігі, онда бонитет балы 16 дан 28 ге дейін болатын ақшыл - каштанды топырақ таралған). Аудан аумағында Батыс Қазақстан облысындағы ең үлкен Шалқар көлі (360 ш.км.) орналасқан. ## Халқы Халқының саны 2019 жылы 38 086 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 81,85%, орыстар – 12,31%, басқалары — 5,84%. ## Әкімшілік бөлінісі 49 елді мекен 15 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Дереккөздер
Ақжайық ауданы — Батыс Қазақстан облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік бірлік. 1997 жылға дейін "Чапаев ауданы" деп аталып, Тайпақ ауданымен біріккен кезде қазіргі атауы берілді. Жерінің аумағы 25,7 мың км2. Орталығы — Чапаев ауылы. ## Географиялық орны, климаты Аудан батысында облыстың Жаңақала, Казталов, солтүстігінде Тасқала, Бәйтерек, Теректі, шығысында Сырым, Қаратөбе және Атырау облысының Қызылқоға аудандарымен, оңтүстігінде Атырау облысының Индер ауданымен шектеседі. Аудан Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігін алып жатыр. Климаты аса құбылмалы. Орташа ауа температурасы қаңтарда — 13-14°С, шілдеде 23-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. Ақжайық ауданының жерін Жайық өзені жарып ағады. ## Тарихы Ақжайық ауданы 1928 жылы Ілбішін ауданы болып құрылды. 1939 жылы Чапаев ауданы болып өзгертілді. 1997 жылы 7 мамырда таратылған Тайпақ ауданының аумағы қосылып, Ақжайық ауданы болып қайта аталды. ### Ақжайық ауданы (1977-1997) Ақжайық ауданы 1977 жылы 15 ақпанда Чапаев, Тайпақ аудандарының бір бөлігінен құрылды. Орталығы Ақжайық ауылы болды. Халқы — 21868 адам (1979). 1986 жылғы мәлімет бойынша ауданның 9 ауылдық кеңесі болды (Ақжайық, Аңқаты, Восход, Еңбек, Есенсай, Қурайлысай, Октябрь, Фурманов, Шағатай). 1988 жылы Ақжайық ауданы таратылып, ауылдық кеңестері Чапаев және Тайпақ аудандарына қосылды. 1992 жылы 6 шілдеде Чапаев ауданының шығыс бөлігінен қайтадан құрылды. 1997 жылы 7 мамырда қайта таратылып, аумағы түгелдей Теректі ауданына қосылды. ## Өсімдігі мен жануарлар дүниесі Ақжайық ауданының жері шөлейтті белдемге жатады. Топырағы негізінен қызғылт қоңыр, сортаң болып келеді. Өсімдіктерден: селеу, бетеге, еркек шөп, көкпек, жусан т.б. өседі. Жануарлардан: негізінен қасқыр, шиебөрі, түлкі, суыр, бөкен, елік, жабайы шошқа, құстан: қаршыға, құр, үкі, қаз, үйрек, тырна т.б. мекендейді. ## Шаруашылығы Ауданда май және нан зауыттары, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, жол жөндеу учаскесі, астық қабылдау пункті, тамақ комбинаты, орман шаруашылық кәсіпорны жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық жерінің ауданы 12,8 мың га (1997), оның ішінде егістік — 14%, шабындық — 11%, жайылым — 72%. Суармалы дәнді дақылдар, картоп, көкөніс және бақша дақылдарын өсіру дамыған. Аудан тұрғындары мүйізді ірі қара, қой, ешкі, шошқа, жылқы, түйе өсірумен айналысады. Аудан жері арқылы Орал — Атырау, Чапаев — Жаңақала, Чапаев — Фурманов автомобиль жолы өтеді. Музыка, спорт мектебі, кәсіптік-техника учильище, кітапханалар, мәдениет үйлері, кинотеатрлар, аурухана т.б. бар. 1931 жылдан қазақ, орыс тілдерінде аудандық “Еңбек”, “Труд” газеттері шығады. ## Халқы Тұрғыны 40574 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (95,76%), орыстар (3,42%), басқалары (0,82%). Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км2-ге 1,8 адамнан келеді. 2023 жылдың қаңтарында тұрғындар саны 36073 адамды (18390 ер адам және 17647 әйел адам) құрады. ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 45 елді мекен 18 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Дереккөздер
Шыңғырлау ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Орталығы – Шыңғырлау ауылы, Орал қаласына дейінгі қашықтығы – 225 км. Аудан 1928 жылы құрылған. Аумағы 7,2 мың шаршы км тең. ## Географиялық орны, жер бедері Оңтүстігінде Қаратөбе, батысында Сырым, Бөрлі ауданы, солтүстігінде Ресейдің Орынбор облысы, шығысында Ақтөбе облысы Қобда ауданымен шектеседі. Аудан аумағының жер бедері тегіс. Ең ірі өзендер: Елек, Шыңғырлау, Ащы, Шилі, олардың жалпы ұзындығы 350 км. Тұщы және тұзды көлдер: Сұлукөл, Қонақай, Соркөл (278 шаршы км). Аудан аумағында дәнді-жусан шөптері бар қара топырақты жерлер басым. ## Халқы Халқының саны 2019 жылы 14 744 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 85,54%, орыстар – 7,40%, басқалары — 7,06%. ## Әкімшілік бөлінісі 25 елді мекен 8 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Шаруашылығы Шаруашылықтардың негізгі бағыты – астық бағытындағы дала шаруашылығы болып табылады. Дала шаруашылығымен қатар ет-сүт бағытындағы ірі қара шаруашылығы дамыған. ## Дереккөздер
Безгелдек (лат. Tetrax tetrax) — дуадақтар тұқымдасының ішіндегі ең ұсақ өкілі (салмағы 600-900г). Жоны - беделі қоңыр, бауыры - ақ. Аталығының қара мойнында екі ақ мойнақ бар. Түрлі түске боялған дуадақтың ұшуы таңқаларлықтай: екпінді жылдам әуелеп ұшудан кейін, қанаттарын жылдам қағып, түзу сызықпен шарықтайды, қанаттары осы кезде сылдырлаған дыбыс шығарады. Безгелдек тек тың жерге қоныстанады, тек соңғы жылдарда ғана анда-санда егіс даласынан кездестіруге болоды. Еуразия даласында орныққан. Қазақстанның батыс бөліктерінде көп мөлшерде, ал қалған аумақта кездейсоқ кездеседі. Жұптасып тіршілік етеді, бұйығы және сақ. Мамырда аналығы 3-5-тен 7-11-ге дейін жасыл түсті жұмыртқаларын салады, бір ай шамасында басып шығарады. Балапандары тамызда ұша бастайды. Балапандары жәндіктермен, бунақденелілермен, ересектері дән және өсімдіктің жас бұтақтарымен және өсімдік өркендерімен қоректенеді. Қазақстанда тың жерді игеруге байланысты безгелдек те дуадақ сияқты 50-60-шы жылдары жоғала бастады, сондықтан 1978 жылы Қазақстанның Қызыл қітабына енгізілді. Соңғы 5 жылда саны біртіндеп қайтадан қалпына келтіріліп жатыр. ## Дереккөздер
Альпі қашқаргүлі , Альпі астрасы (лат. Aster alpinus) – астралылар тұқымдасының қашқаргүл туысына жататын күрделі гүлді көпжылдық шөптесінді өсімдік. Тамыр сабағы жуан, бұтарлы, түк басқан сабағының кейбірі 20 см-ге дейін бойлап, тік өседі. Түбіріне жақын тұстағы жапырақтары сопақша, шеті бүтін, ұзындығы 2-10 см, ені - 4-15 мм, сабақ жапырақтары өте майда әрі жіңішке. Гүлдері ірі бүршікке топтасқан - көк-күлгін, орта түсі - сары. Жемісі түкті, сопақ. Бағалы дәрілік өсімдік. астра теңіз деңгейінен 300m де 3800m аралығында өседі гүлдеу мерізімі негізінен көктемнің соңы мен жаздың басы аралығында, Ол негізінен тау жоталарында, тау етегінде, таулардың шөптесін беттерінде, биік таулы ормандарда өседі. тау астрасы бал араларын, құстармен көбелектерді өзіне еліктіріп тұрады. ## Дереккөздер
Қостанай ауданы — Қостанай облысының солтүстік бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Орталығы – Тобыл қаласы. ## Географиялық орны Солтүстігінде Фёдоров, Меңдіқара, оңтүстігінде Бейімбет Майлин, Әулиекөл, шығысында Алтынсарин аудандарымен шектеседі. ## Тарихы Қостанай ауданы Орынбор-Торғай губерниясының Қостанай уезінің болыстарынан және Қостанай губерниясының құрамындағы жаңадан құрылған Свердлов облысынан (орталығы — Қостанай қаласы) 1921 жылы 1 сәуірде құрылды. * 1922 жылы 21 шілдеде Қостанай ауданы жойылып, Қостанай уезіне қайта құрылды (1923 жылы 5 шілдеде Қазақ КСР-і ЦИК бекітілген). * ВЦИК Қаулысының негізінде 1925 жылы 14 қыркүйекте Қостанай уезі Қазақ КСР-і ЦИК-ке тікелей бағынатын Қостанай округіне қайта құрылды. * Затобол ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда Қостанай округінің құрамындағы Больше-Чураков, Затобол, Боровской және Павлов болыстарынан құрылды (орталығы — Қостанай қаласы). «Красный пахарь» кенті. * 1930 жылы 17 желтоқсанда Қостанай округі жойылды, Затобол ауданы Қостанай және Семиозер аудандарына қосылды. * 1930 жылы 17 желтоқсанда Қостанай ауданы Аман-Қарағай, Боровой, Затобол, Меңдіқара, Обаған аудандары және Қостанай округінің Қостанай қаласы бөліктерінен қайта құрылды (орталығы — Қостанай қаласы). * 1932 жылы 20 ақпанда Ақтөбе облысы құрылды. Қостанай ауданы Қостанай қаласы орталығымен соның құрамына кірді. * 1936 жылы 29 шілдеде Қостанай облысының құрылуымен Қостанай ауданы (орталығы — Қостанай қаласы) соның құрамына кірді. * 1938 жылдың қаңтарында Қостанай ауданы екі ауданға іріленді: * Затобол кенті орталығымен Затобол ауданы. * Қостанай қаласы орталығымен Қостанай ауданы Нариманов кенті Қазақ КСР-і Жоғары Кеңес Президиумының Жарлығымен 1963 жылы 2 қаңтарда Қостанай облысы құрамында бұрынғы Затобол (1928 жыл), Қостанай (1930 жыл) аудандарынан, және Обаған (1928 жыл) ауданының бөлігінен Қостанай селолық ауданы құрылды. Орталығы Затобол кенті. * Еңбекшілер депутаттарының Қостанай селолық облыстық Кеңесінің 1964 жылғы 14 мамырдағы №252 шешімімен Қостанай селолық ауданының Затобол елді мекені қалалық кенттердің санатына жатқызылды.Затобол кенті алғаш рет «Обзоры Тургайской области» басылымында 1890 жылы шығады. Затобол кентінің құрылу күніне байланысты бұдан артық нақты мәлімет жоқ. * Еңбекшілер депутаттарының Қостанай селолық облыстық Кеңесінің 1964 жылғы 14 мамырдағы №252 шешімімен Қостанай селолық ауданының Затобол елді мекені қалалық кенттердің санатына жатқызылды. * Затобол кенті алғаш рет «Обзоры Тургайской области» басылымында 1890 жылы шығады. Затобол кентінің құрылу күніне байланысты бұдан артық нақты мәлімет жоқ. ## Затобол кентінің құрылу тарихы Қалалық типтегі біздің кент өз тарихын кең қазақ жерлеріне Ресейдің орталық облыстарынан қоныс аударушылар келе бастаған уақытта, ХІХ ғасырдың аяғынан бастайды. Көптеген ресейліктер Орал тауларының ар жағына кетті, басым көпшілігі Солтүстік Қазақстанда тұрақтанды. Осы кезеңде ол уақытта асау болған Тобыл өзенінің оң жақ жағалауына аздаған қоныс пайда болды. Бұл 1881 жыл болатын, бұнда Тамбов, Саратов облыстарының, Воронеж губерниясының шаруа отбасылары келді. Барлығы алты отбасы тұрақтанды: Шерниндер, Карагодиндер, Дреевтер, Ерохиндер, Сложеникиндер, Барышевтар. Олар қазақ даласы ішінде орыс кентінің негізін қалады. Олардың артынан басқа да қоныстанушылар келді. Алғашқы қоныстанушылар Ширниндер, Карагодиндердің немерелері, шөберелерінің айтуы бойынша алғашқы қоныстанушыларды қажеттілік, жақсы өмірге деген ұмтылыс осында алып келген. Жергілікті Ново-Николаевск билігінің шешімімен оларға Боровой, Татьяновка және Янушевкадан таңдауға жерлер бөлінсе де, олар өз еріктерімен Қостанайдан бес километр жерде Тобылдың оң жақ жағалауында қоныстанған. Өзара ақылдаса келіп, олар 1881 жылы жаз бойы жер үйлер тұрғызып, қыстап қалады. Билік өкілдері тәртіп орнатуға тырысады және «делқұлыларға» тиісті шаралар қолданамыз деп қорқытады. Уезд басшысы қоныстанушылардың ісін дәл осылай сипаттайды. Алайда «делқұлылардың» қатарына қосылғысы келгендердің саны көбейе береді, ал олармен қоса көшеге ұқсас жер үйлердің қатары пайда болады (сол жағы Ленин көшесі). Барлық қоныс аударушылар бұрын орталық Ресейде тұрған. Ағаш үлерге, ұлкен ауылдарға үйреніп қалған. Ал бұнда Тобылдың жағасында олар бірнеше жер үйлерді көрді. Бір жаз ішінде қазір Озерный көшесі тұрған жерге саманнан және пласттан тағы бірнеше жер үйлер тұрғызды. ХІХ ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басына қарай кенттің өскені сондай, ауланың саны сегіз жүзге дейін жетті. Ол Қостанайға және Тройцкіге балық, нан, ет керуеніне, қара мал айдау пунктіне айналады. Және барлық жолаушылар бұнда пана мен жылу тапқан. Қазіргі №2 мектептің орнына бақшалықпен айналысқан, қарбыз, қауын еккен. Шөп шабатын жерлер орманға дейін жеткен. Елді мекеннің айналасындағы жерлер құнарлы болды, оған шаруалар бидай, картоп, қара бидай өсірді. Жергілікті жерлерге қоныстану жоспарсыз жүрді, жер бөліп алуды әрбір жаңа қоныстанушы өз бетімен жүзеге асырды. Сондықтан қоныс аударушылар алғашында өз қонысын Самодуровка деп атады. Самодуровканың тұрғындары жергілікті тұрғылықты халықпен тату тұрды, жерді сатып немесе бір ондықты үш рубльге жалға алды, шөп шабу үшін шабындық жерлерді жалға алды. Тәртіпті Илья Павлович Ширнин бақылады. Затобол кентінің негізін қалаушылардың ұрпақтарының бірі, Михайл Иванович Ширнин құрметті демалысқа шыққанға дейін қазір Мичурин кентінде тұратын кенттік округтік әкімнің орынбасары болып қызмет атқарды. Заңсыз пайда болған кенттің қоныстанушыларының таңданарлық еңбекқорлығы мен табандылығы уезд басшылығының жүрегін тебірентті, сөйтіп ол: «Бұл «делқұлыларға» не істерсің енді» деген сөздермен Қостанайдағы жаңа кенттің пайда болу фактісімен келісті. Кентте өзін өзі басқару жүйесімен сайлау болды, Михайл Иванович Иосифтің арғы атасы жүзбасы болып сайланады. Сол уақыттан бастап қазір қала типіндегі кентке айналған Затобол ірі елді мекен ретінде қалыптасуын бастайды. XX ғасырдың басында үйлердің көпшілігі қамыспен жабылған ағаш үйлер болды, шет жағында жер үйлер де кездесті. Үй екі бөлікке бөлінді. Үйде орыс пеші, күн шығыстың бергі бұрышында қабырғалардың бойында икона болды. Аулалар тоқыма шарбақпен қоршалды, үй-жайдың артында мал қамайтын албар болды. Қақпалар жұқа тақтайдан, бірақ басым бөлігі өрілген шарбақтан жасалды. Селода бір дүңгіршек, екі кабак боолды, басқа керек-жарақтарды алуға халық қалаға қатынады. Патшалық үкімет мұнда саяси тұтқындардың келуіне мәжбүр етті, негізінде село тыныш өмір сүрді. Төңкерістен бұрын ауқаттылау адамдар үйлерінің шатырларын темірмен қаптап, биік қақпалар орнатып, техника сатып ала бастады. Артылғандарын қаладағы базарға шығарып, сонда сатты. Жиі-жиі бидай алуға Тройцкіден көпестер келіп тұрды. Қалада Петров және Покров күндеріне, жылына екі рет жәрмеңкелер ұйымдастырылды, онда селолықтар барып тұрды, ал төңкерістің алдында Жаңа жылға жәрмеңкелер Самодуровта өткізілді. 1905 жылдың мамыр айында Қостанайда ұйымдасқан түрде әлеуметтік-демократиялық топ ресімделді. Төңкерістік көңіл-күй Самодуров шаруаларына ықпалын тигізді. Төңкеріс бұл жаққа 1918 жылдың наурыз айында келді. Бірақ ақ казактар топтарына жаңа билік ұнаған жоқ. Аз уақыт өткеннен кейін олар Тобылдан өтетін көпірді, паромдарды басып алды және шаруаларды күштеп өз топтарына тартты, жылқыларын, шөптерін тартып алды, бағынбағандарын өлтірді. Ерлердің Колчак әскеріне жазылуын талап етті. Бас тартқандарын шетінен атты. Қарт Шустов ұлын ақтардың тобына қосуға беруден бас тартты, бұл үшін оны шетке алып кетіп, атып тастады. Бағынбаған Черноситовпен, Ждановпен және тағы басқаларымен де осылай істеді. Аға ұрпақтың өкілдері жаңа өмір үшін табанды күрестің барлық ауыртпалықтарын көтерді. Жаңа өмірге деген олардың жолдары оңай болған жоқ. Қажеттілік шаруаларды әуре-сарсаңға салды. Зауыт пен фабрикалардың тұрбалары түтіндеген жоқ. Кенттің нағыз тарихы басқалардікі сияқты Ұлы Қазан жеңісінен кейін басталды. 1919 жылдың басында Қызылдар тобы совет үкіметі үшін күресті бастады. Село үш мәрте қолдан-қолға өтті. Тек 1919 жылға тамыз айының екінші жартысында Қостанай уездінің барлық тұрғындарымен біздің кент ақ казактардың езгісінен Тухачевский басқарған Бесінші армиясының 111-полкімен азат етілді. 1920 жылы селода совет үкіметі түпкілікті орнады, кент Затоболовск деп аталатын болды, ал 1963 жылдан бастап Затобол деп аталды. Кенттің, сондай-ақ барлық ауданның экономикасын қайта қалпына келтіру бұл жылдары өте ауыр болды. 1920 жылғы кейбір жерлерге егін шықпауға 1921 жылғы аптап ыстық қосылды. Совет үкіметі жауларының қарақшылары мейірімсіздік істеді. Кент тарихына жерді бірлескен өңдеу бойынша «Заря» және «Восток» деген екі серіктестік тамаша шежіре қалдырды. Кооператив мүшелері негізінен кедейлер болды. Ақыр соңында бұл екі серіктестік «Заря Востока» деген бір колхоз болып біріктірілді. Жас колхоздың экономикасы өте әліз болды. Ол кездегі механизацияның деңгейі қуаттылығы аз екі «Фор-дзон» тракторларымен өлшенді. Жер мен ауыл шаруашылығы дамуының социалистік даму жолына түскен шаруалар өздерінің түпкі мақсаттарына жетіп, өз өмірлерін бақытты, қамсыз етті. Сельхозартельдің алғашқы басшылары Георгий Кондратович Ткаченко мен Степан Никифорович Стручков болды (кейіннен біріншісі автотрест басқарушысы, екіншісі аяқ киім фабрикасының директоры болды). Олар колхоз экономикасын көтеру үшін көп күш жұмсады. 1957 жылы бұл шаруашылық бұрынғы ат зауытының құрамына енді (облыстық тәжірибелік станция). Жаңа билік халық сауаттылығының дамуына көңіл бөле бастады. Жергілікті билік депутаттары кенттің байырғы тұрғыны Мария Матвеевна Гвоздеваның басшылығымен панасыздарды балалар үйіне анықтау, жаңа төрт сыныптық мектеп құрылысы бойынша үлкен жұмыс атқарды. Олардың бастамасымен оқушыларға арнап ыстық тағамдар даярлана бастады. Халық сауатсыздығын жою науқаны басталғанда да депутаттар өз күштерін жұмсауға аянып қалған жоқ. Бұл кезеңде ауыл мұғалімдері ерекше үлкен белсенділік танытты. Төңкеріске дейін кентте екі мектеп, оның біреуі шіркеулік болса, 1926-1927 жылдары төрт сыныптық мектеп ашылды, оның бір сыныбында 1-3 сынып оқушылары оқыса, екіншісінде 2-4 сынып оқушылары оқыды. Жеті жылдық білімі бар екі-ақ мұғалім болды. Бұл мектеп Ленин көшесінде орналасқан бұрынғы аудандық қаржы бөлімінің аумағында болды. Жоғары сынып оқушылары Қостанай қаласындағы мектепке қатынады. Қазір Затоболда төрт орта мектеп, музыка мектебі және балалар-жасөспірімдерге арналған спорт мектебі бар. Тек соңғы 10 жыл ішінде №3 орта мектеп, Нұржан Наушабаев атындағы қазақ орта мектеп-интернаты, музыка мектебі, ауыл шаруашылық колледжі ашылды. Аудан орталығында еңбектері мемлекет тарапынан жоғары бағаланған еңбегі сіңген педагогтар аз емес. Олардың қатарында Мац Зинаида Георгиевна, Сотникова Мария Петровна, Майко Валентина Михайловна, Мураева Надежда Александровна, Задорожная Тамара Николаевна, Сартов Жанғұтты Құттығожаұлы, Романенко Надежда Ивановна, Николенко Зоя Николаевна, Комасов Александр Павлович бар. Аудан орталығының мектептеріне беделді әрқашан оның мұғалімдері әкелді: ағарту ісінің үздіктері Е.Т. Тищенко, К.Ф. Дубынина, Н.В. Волынчук, Л. Петренкова, Е.К. Дощанова. Алыс сол жылдары мәдени-бұқаралық мекемелер бірен-саран болды. Затобол кентінде олар тіпті болған жоқ. Еңбек ардагері А.Семенкова біраз уақыт «Чебурашка» балалар бақшасы ретінде қызмет етіп келген Почтовый тұйық көшесі мен 40 лет Октября көшесінің бұрышында орналасқан шіркеу мектебінің клубқа қайта құрылғандығын айтады. Бұнда комсомолдар мен жастар спектакльдер, концерттер қойды, лекциялар, әңгімелер жүргізді, түрлі тақырыптық кештер ұйымдастырды. Кейіннен Ленин атндағы көшедегі Затобол кулактарының бірінің қайта құрылған үйі клуб болды. Бұл клубта кент тұрғындары алғаш рет таңғажайып тілсіз киноны көрді. Клуб жанында екі кішкентай бөлмеден тұратын шағын кітапхана жұмыс істеді. Бүгінгідей есімде, 1955 жылдың қысында осы жартылай бұзылған клубта бұрынғы Обаған, кейінгі біздің Қостанай ауданының үгіт-насихат жүргізуші бригадасына сөз сөйлеуге тура келді. Бүгінгі «Золотой Колос» Мәдениет үйін мәдениеттің бұрынғы ошағымен салыстыра алмайсыз. Біздің кент тарихи мұраға бай. Аудан орталығының мәдениет үйі жанында Қазақстандағы жалғыз «Земля целинная» суретті галереясы жұмыс істеді, онда алғашында 93 сурет, 2 мүсін болды, галерея Мәскеуге көрмеге барып келді. Аудан орталығында Ұлы Отан Соғысы жылдарында майданда қаза болған жауынгер-жерлестерімізге мемориал, халқының бақыты үшін өмірлерін қиған азамат соғысы батырларының құрметіне обелиск орнатылған. Затобол Адександров, Жуков, Давыденов, Рязанов, Владимиров, Нечаев, Шувалов және басқа да көптеген селолар сияқты Қостанай жеріндегі партизандық қозғалыстың шежіресіне енді. Затоболдың жанында біздің жерлесіміз, ұлы қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің кесенесі орналасқан, 2001 жылы педагогтың туғанына 160 жыл толуы аталып өтілді. Кенттен үлкен өмірге көптеген талантты, жаны бай ғалымдар, қоғам қайраткерлері, көрнекті спортшылар шықты. Олардың арасында докторлар, ғылым кандидаттары, еңбегі сіңген мұғалімдер, абзал жанды хирургтар бар. Денсаулық сақтау саласы 1940 жылға дейін аянышты халде болды. Затобол халқына медициналық көмек көрсету мүлдем жоқ болды деуге болады, тұрғындарға Қостанай қаласының емдеу мекемелеріне баруына тура келді. Затоболдағы алғашқы медициналық пункт 1940 жылы 14 маусымда ашылды, оны Шатская Татьяна басқарды. Стационарлық көмекті халық бұрынғыдай Қостанай қаласының ауруханалық мекемелерінен Владимир селосындағы 10-кереуеттік учаскелік ауруханасынан алып тұрды. 1941 жылы 1 сәуірде кенттегі медициналық пункт дәрігерлік амбулаторияға қайта ұйымдастырылды. Соғыс жылдарында Затобол кентінде жұмыс істеген алғашқы дәрігерлер О.В. Мыльницкая мен Р.А. Слободян болды. Рахиль Абрамовна Слободян 1941 жылғы 1 қыркүйектен 1945 жылғы 15 маусымға дейін дәрігерлік амбулаторияның меңгерушісі болды. Ол жылдары оның көмекшілері патронаждық медбике Н.Стеблякова, акушер Н.Степаненко, фельдшер А.Ширнина, тіс дәрігерлері В.Ложминская мен Т.Пронина болды. 1942 жылы дәріхана, кейін аудандық санитарлық эпидемиялық станция ашылды. 1950 жылдың 1 ақпанынан бастап кентте балалар-әйелдер консультациясы жұмыс істей бастады, онда педиатр дәрігер Р.М. Воскобойникова, дәрігер-акушер-гинеколог М.П. Митясова, акушер А.П. Белова, патронаждық медбике Е.К. Летова жұмыс істеді. 1956 жылы 29 желтоқсанда 26 кереуеттік аудандық аурухана ашылып, кейіннен Орталық аудандық аурухана деп аталды, оның дәрігерлері қазіргі уақытта жеткілікті біліктілік пен үлкен жұмыс тәжірибесіне ие. Біз шын мәнінде кентімізді, оның тарихы мен қазіргі өмірін мақтан етеміз. Өткен мен бүгіннің қол жеткізген жетістіктерін көбейту, адал еңбек етіп, тәртіп пен жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің арасындағы өзара түсінушілікті, біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуіне мемлекетімізде тұрып жатқан барлық ұлт өкілдерінің бірлігі мен достығын нығайту қазіргі тұрғындар мен болашақ ұрпақтың міндеті. ## Халқы Тұрғындар саны – 71 157 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 38,78%, орыстар – 42,78%, украиндар – 7,64%, немістер – 3,89%, беларустар – 1,56%, татарлар – 1,58%, әзербайжандар – 0,77%, корейлер – 0,46%, башқұрттар – 0,34%, молдовандар – 0,28%, удмурттар – 0,24%, армяндар – 0,21%, поляктар – 0,17%, мордвалар – 0,15%, шешендер – 0,14%, чуваштар – 0,12%, ингуштар – 0,09%, басқа ұлт өкілдері – 0,80%. ## Әкімшілік бөлінісі 52 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 15 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Дереккөздер
Фёдоров ауданы — Қостанай облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. Аудан 1928 жылғы 17 қаңтарда құрылды. Орталығы — Фёдоров ауылы (1900 жылы құрылған). Аудан аумағы 7,2 мың шаршы километрді құрайды. ## Географиялық орны Шығысында Қостанай, Меңдіқара, батысында Қарабалық, оңтүстігінде Бейімбет Майлин аудандарымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі. ## Халқы Тұрғындар саны – 25 543 адам (2019). Ұлттық құрамы: орыстар – 39,18%, украиндар – 25,56%, қазақтар – 17,34%, немістер – 8,27%, беларустар – 2,33%, татарлар – 1,62%, әзербайжандар – 0,97%, башқұрттар – 0,92%, молдовандар – 0,69%, ингуштар – 0,44%, поляктар – 0,35%, мордвалар – 0,32%, ұдмұрттар – 0,28%, басқа ұлт өкілдері – 1,73%. ## Әкімшілік бөлінісі 44 елді мекен 1 ауылдық әкімдік пен 11 ауылдық округке біріктірілген: Аудан бойынша тұрғындар тығыздығы — шамамен 1 шаршы метрге 3,74 адам.Экономикалық белсенді тұрғындар — 16,8 мың адам, олардың ішінде: жұмыспен қамтылған тұрғындар — 15,93 мың адам, оның ішінде, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар — 8,6 мың адам.Жұмыссыздар саны — 970, олардың ішінде ресми тіркеуден өткен — 128 адам.Жұмыссыздықтың ресми деңгейі — экономикалық белсенді тұрғындар санынан 0,8%.Жалпы жұмыссыздық деңгейі — 5,7%.Зейнеткерлер саны — 3941.ҰОС қатысушылары — 42, оның ішінде 8 — ҰОС мүгедектер.Мүгедекетер — 977, олардың ішінде балалар — 80. Ауылшаруашылық алқаптар алаңы — 656,3 мың га. Оның ішінде: * егістік — 416,1 мың га, * жайылым — 227,5 мың га. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер:Саяси партиялар:«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының аудандық филиалы — 1763 адам, бастапқы ұйымдар — 23.«Ауыл» партия облыстық өкілеттігінің аудандық филиалы — 628 адам.Ұлттық-мәдени орталықтар — 5:қазақ — 2,славян — 2,татар-башқұрт — 1.Қоғамдық бірлестіктер — 23.Аудандық ардагерлер кеңесі — 1.«Жүргізушілер одағы» ҚБ — 1.«Аңшылар мен балық аулаушылар одағы» ҚБ — 1.Аудандық кәсіптік одақтар — 3.Қоғамдық қорлар — 15.«Фёдоров ауданының жастар орталығы» ҚБ — 1.«Мұрагер» облыстық балалар ұйымының аудандық филиалы — 1. ## Әлеуметтік сала Әлеуметтік саладағы барлығы мекемелер — 135.Білім беру мекемелер — 45 (4526 оқушы).Жалпы білім беретін мектептер — 39 (3552):орта мектептер — 17 (3131 оқушы),негізгі мектептер — 5 (246 оқушы),бастауыш мектептер — 17 (175 оқушы),мектепалды даярлау сыныптар — 41 (341 тәрбиеші),шағын орталықтар — 35 (615 тәрбиеші),мектепке дейінгі мекемелер — 2 (165 орын).Мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтылу — 91,4%.Ауданда жұмыс істейтін барлығы педагогтар саны — 495 адам.Жоғары білімді — 354 (71,5%).Орта кәсіптік білімді — 141 (28,5%).Жоғары санатты — 43 (8,6%).1 санатты — 127 (25,7%).2 санатты — 177 (35,8%).Санатсыз — 148 (29,9%).ҰБТ — 78,53. Сапа — 27,88%.Мектептердің 100% телефондандырылған.Мектептердің 100% Интернетке қосыла алады.1 компьютерге келетін оқушылар саны — 7,8.Тамақтандыру — 100%.Ыстық тамақ — 93%.Буфеттік тамақ — 7%.Логопунктер — 3.Түзеу сыныптар — 11 (85 оқушы).Жазғы демалыспен сауықтырылған — балалардың 73% (4054,0 мың теңге).«Жан-Ана» акциясы — 320 бала (2769,0 мың теңге).«Мектепке жол» — 257 оқушы (1309,5 мың теңге).Ағымдағы жөндеуге 53371,2 теңге, оның ішінде бюджеттік қаражаттардан 85243,8 мың теңге және тартылған қаржаттардан 63720,0 мың теңге бөлінді.Материалдық техникалық жабдықтандыру — 44707,5 мың теңге.Педагогтардың орташа айлық жалақы — 45,2 мың теңге.Өнер мектебі — 1: оқушылар саны — 260, оқытушылар саны — 1.БЖСП — 1: оқушылар саны — 574, оқытушылар саны — 18.Қосымша біліммен қамтылу — 23,1%.№14 кәсіптік лицей — 1: оқушылар саны — 140, оқытушылар саны — 22.Балалар үйі — 1: тұратын тәрбиешілер саны — 37.Жыл ішінде ұстауға бөлінетін қаражаттар көлемі — 28259 мың теңге (облыстық бюджет), оның ішінде ағымдағы жөндеу мен ауласын абаттандыруға — 1093 мың теңге.Қызметкерлер саны — 24.Денсаулық сақтау мекемелер — 47:аудандық орталық ауруханасы (120 төсек-орын) — 1,емхана (ауысымда 250 келіп-кетулер үшін) — 1,аудандық орталық ауруханасы жанындағы дәріхана — 1,ауданаралық туберкулезге қарсы аурханасы (30 төсек-орын) — 1,дәрігерлік амбулаториялар — 12,медициналық пунктер — 31,жеке меншікті гинекологиялық кабинеті — 1,дәріханалық пунктер — 22,адандық емхана мен дәрігерлік амбулаториялар жанындағы күндізгі стационарлар — 9,ауданаралық орталықтар — 2, оның ішінде:ауданаралық жоспарлы және жедел хирургиясы орталығы (жылына 1200 операция) — 1,ауданаралық перинатальдық орталығы — 1;жұмыс істейтін барлығы медицина қызметкерлері — 389 адам, олардың ішінде:Дәрігерлер саны — 40.Орта медициналық қызметкерлер саны — 182.Медицина қызметкерлерінің орташа жалақының мөлшері: * дәрігерлер — 95128 теңге, * орта медқызметкерлер — 46130 теңге. 2009 жылға арналған қаржыландыру жоспары — 310 млн. теңге. 2009 жылы меджабдықтарға қаржы бөлінген жоқ. Амбулаториялық ауруларды тегін және жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге бөлінген трансферттердің 16 млн теңгеден 8,5 млн теңге пайдаланылдыМәдениет мекемелері — 41.Клубтық мекемелер — 20, олардың ішінде:аудандық Мәдениет үйі — 1,селолық клубтар — 19, олардың ішінде:ведомстволық клубтар — 4,кітапханалар — 21, олардың ішінде:орталық — 1,балалар кітапханасы — 1,селолық — 19.Клубтық мекемелерде жұмыс істейтін қызмтекерлер саны — 71 адам.Оның ішінде мамандар саны — 29 адам.Жұмыс істейтін барлығы кітапхана қызметкерлері — 29 адам.Спорт мекемелері — 2, оның ішінде:Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі — 1, оның: оқушылар саны — 574қызметкерлер саны — 41, жаттықтырушылар саны — 16,спорт түрлері бойынша — 7.Спорт объектілері — 131:спорт кешендері — 2,«Атлет» стадионы — 1,жабық хоккей алаңдары — 2,ашық хоккей алаңдары — 2.жалпақ құрылыстар — 82,спорт залдар — 32,ішінде салынған спорт залдар — 4,атыс тирлер — 6.Спортпен шұғылданатындар саны — 3597 адам.Спорт мекемелерінде жұмыс істейтін қызметкерлер саны — 46 адам .Мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдер саны — 30 адам.Әлеуметтік қорғау мекемелер — 2.Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі үй-интернаты — 1.Тұратындар саны — 46 адам; жыл ішінде ұстауға бөлінетін қаражаттар көлемі — 74,913 млн теңге (облыстық бюджет).Жұмыс істейтін қызметкерлер саны — 37.Пешков психоневрологиялық үй-интернаты — 1.Тұратындар саны — 179 адам, жыл ішінде ұстауға бөлінетін қаражаттар көлемі — 127,676 млн теңге (облыстық бюджет), оның ішінде аымдағы жөндеуге – 15,0 млн теңге.Жұмыс істейтін қызметкерлер саны — 93.Адандағы әлеуметтік қызметкерлер саны — 35.132 адамға, олардың ішінде 30 мүгедек балаға қызмет көрсетіледі. ## Ауыл шаруашылығы ЖШС — 26.Шаруа қожалықтар — 877.«Капитал» ауыл несие серіктестігі жұмыс істейді — 1.Өңдеуде болған барлығы жер алаңы — 484 мың га.Оның ішінде: шаруа қожалығының өңдеудегі — 205 мың га.ЖШС өңдеудегі — 252,8 мың га.2009 жылғы сүрі жерлер алаңы — 88,7 мың га.2009 жылы аудан бойынша жазғы егістер алаңы — 368,7 мың га.Олардың ішінде: ЖШС — 202,2 мың га, ШҚ — 166,5 мың га.2009 жылғы 1 шілде жағдайына мал мен құс саны (басы): * ірі қара мал — 32441, оның ішінде сиыр басы — 16930, * шошқа — 12873, * қой, ешкі — 9321, * жылқы — 1698, * құс — 88291. Мал шаруашылығының жалпы өнімі: * ет — 1254,9 тонна, * сүт — 2246,4 тонна, * жұмыртқа — 715 мың дана. ЖШС бойынша жалақы орташа алғанда 38530 мың теңге құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 17%-ға артық. ## Өнеркәсіп Өнекәсіп 10 кәсіпорынмен, оның ішінде 2 ірі кәсіпорынмен ұсынылған: * «Пешков НӨК» ЖШС, * «Шын» ЖШС. Қолданыстағы бағаларда 840,6 млн теңге сомасында өнеркәсіп өнімдері өндірілді.Физикалық көлемінің индексі 91,9% құрады. ## Инженерлік инфрақұрылым * «Теплоцентр» МКК Барлық қазандық саны — Қазандық шаруашылықты ағымдағы жөндеуден өткізуге бөлінетін қаржы — 15 млн теңге.Жылу трассасын жөндеу (жылыту) — 1 млн теңге. * «Фёдоров су құбырлар басқармасы» МКК Су құбырының жалпы ұзындығы — 53,7 км.Оның ішінде: магистральдық желілер — 19,2 км, тарату желілер — 34,5 км.Фёдоров ауылындағы су құбырының тарату желіліерін қайта жаңарту:2008 жылында 102 млн 461 мың теңге сомасына желілердің 10 км жөндеуден өткізілді.2009 жылғы 1 шілде жағдайына Федоров ауылындағы су құбырының тарату желіліерін қайта жаңартудың (2-кезек) ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 18 млн теңгені құратын көлемінің 9,0 млн теңге сомасына іс-шаралар өткізілді. «ФСҚБ» МКК үшін облыстық бюджеттен 16,6 млн теңге қаражат бөлінді, экскаваторды сатып алу жөнінде 15,77 млн теңгені құратын конкурсы өткізілді. Экскаватор сатып алынды. ## Шағын бизнес Ауданда қызмет атқарады:Шағын кәсіпкерлік сбъектілер саны — 1267, оларда 2705 адам жұмыс істейді, оның ішінде шағын кәсіпорындар саны 44, оларда 315 адам жұмыс істейді.Кәсіпкерлік белсенділігі 1 мың тұрғындарға 43 субъектісін құрады.Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу цехтер бар. Оның ішінде: * жартылай дайындалған ет өнімдерді шығару цехі — 5, * шұжық цехі — 2, * өсімдік май шығару цехі — 2, * диірмен — 2, * наубайхана — 12 (шағын наубайханасын ашылу жоспарланып жатыр), оның ішінде шағын наубайханалар — 8, * кондитерлік цехі — 1, * сүт қабылдау пунктері — 7, * ІҚМ терін қабылдау пунктер — 2. 2009 жылғы 1 шілде жағдайына инвестициялар көлемі 321,9 млн теңгені құрады, бұл 2008 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 27,8%-ды құрады (754,4 млн теңгеге төмендеу). ## Дереккөздер
Сырым ауданы — Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан аудан. Бұрынғы аты - Жымпиты ауданы. Аудан орталығы - Жымпиты ауылы облыс орталығынан 140 км қашықтықта орналасқан. ## Географиялық орны Сырым ауданы солтүстігінде Бөрлі, солтүстік-шығысында Шыңғырлау, оңтүстік-шығысында Қаратөбе, батысында Ақжайық, солтүстік-батысында Теректі ауданымен шектесіп тұр. Аудан өңірінің аумағы 11,9 мың шаршы километр. Аудан жері жазық. Аудан аумағынан Бұлдырты, Өлеңті, Шідерті, Жымпиты, Есенаңқаты өзендері ағып өтеді. ## Халқы Халқының саны 2019 жылы 18 924 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 98,86%, басқалары — 1,14%. ## Әкімшілік бөлінісі 38 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Тарихы ### Ресей империясының құрамында Тәуелсіздікті сақтау жолында Әбілқайыр ханның Ресеймен әскери одақ құруы негізінде басталған қазақ жерін отарлау саясатына қарсы күрестің өзі - бір шежіре. Солардың бірі 1773 - 1797 жылдары кіші жүзде Сырым батыр бастаған ұлт - азаттық қозғалысы болды. Осы өңірде Байбарақ батыр, Тайлақ батыр, Бұлан би, Есенгелді бай өмір сүрген. Қабанбай - Қақпақтыны мекендеген Қаратай сұлтан әулеті, соның бір ұрпағы Мұхит Мерәлы ұлы екені әлі зерттеуді қажет етеді. Белгілі қайраткер Халел Досмұхамедов: "Кіші жүздің жүз жарым жылдай тарихы қанмен жазылған" - дейді. Шынында да патша үкіметі қолға түскен қазақ басшыларын құртумен болды. Хан Нұралы тұтқындалып Үфіде өлді .Оның баласы Орман Петербор түрмесінде қаза тапты. Орманның баласы Күсеп бүкіл ұрпағымен жер аударылды. Патша тәртібіне қарсы шыққан Байбақты руынан 400 адам каторгіге айдалды . Белгілі би Жүніс пен Сәнгерәлі батыр Орынбор түрмесінің құрбаны болды. 1805 - 1818 жылдары Қайыпқали Есімов бастаған көтеріліс болды. 1829 - 1836 жылдары Беріш Исатай Тайманов көсемдік еткен шаруалар көтерілі, 1847 - 1858 жылдары Есет Көтібарұлы бастаған шаруалар көтерілісі болды. 1886 жылы Өлеңті өзенінің жағасында Жымпитының іргетасы қаланды.XX ғасырдың басында Жымпиты өңірі үлкен дүрбелеңдердің орталығына айналды. Жымпиты жерінде Күнбатыс Алашорда үкіметі ту тігіп, тұңғыш қазақ мемлекеттілігі идеясының негізі қаланып, үш жылға жуық жұмыс жасады. Мұнда қазақ зиялыларының бір тобы шоғырланды. Олардың көзқарастары әртүрлі болғанымен, жалпы бағыты тәуелсіз қазақ елін құру болатын. Солардың қатарында Жымпиты өңірінің азаматтары: * Бақытжан Қаратаев * Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтар * Молдағали Жолдыбаев * Меңдігерей Имағамбетов * Иса Қашқынбаев * Дәулетше Күсепқалиев * Ғалиасқар мен Ғұбайдолла Әлібековтер * Ахмет Мәметов * С.Қожболатов * Кафи Мырзағалиев ### Кеңес Одағының құрамында 1919 жылы қарашаның 19 жұлдызында Жымпиты кеңес өкіметі орнады. 1920 жылы қазанның 12 жұлдызында Орал губерниясы құрылып, оның құрамында Жымпиты уезі де болды. 19 болысты біріктірген уездің жер көлемі 38500 шаршы километр, халқының саны 78861 адамды құрады. 1928 жылы қаңтардың 17 жұлдызында уез таратылып, 6 болыстан Жымпиты ауданы құрылды. Жер көлемі 1093920 гектар, әкімшілік бөлінуі 24 ауылдық Советтен тұрды. Әрбір ауылдық советте орта есеппен 1089 адам бар деп есептелінді. 1933 жылы аудан көлемінде " Сарыой", "Игілік", "Қызыл таң", "Социализм", "Калинин", "Сталин", "Жұмыскер", "Төңкеріс","Сәуле", "Бірлік", "Ұмтыл", "Кедей", "Алға", "Тамды", "Жұлдыз", "Иса" атты 16 колхоз ұйымдастырылып, олардың төңірегінде 40 серік (ТОЗ) құрылды. 1934 жылдан бастап Жымпиты ауданында Кеңес үкіметінің репрессиялық саясаты кеңінен етек алды. Қазақ зиялыларына «Халық жауы» деген кінә тағылды. Жазықсыз жапа шеккендердің басым бөлігі кейін ақталып, олардың аты-жөндерін ұлықтау мақсатында 2008 жылы «Алаш қозғалысының 90 жылдық мерейтойына орай» Жымпиты ауылынан саябақ ашылып, олардың есімдері ескерткіш тақтаға жазылды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында ауданда 41 колхоз, 5 совхоз, 2 МТС болған. Аудан шаруашылықтары 1940 жылы мемлекет есебіне 13100 центнер астық, 16740 центнер ет, 607 центнер жүн дайындап берген. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ер адамдар соғысқа аттанып, ауылда қалған қарт адамдар, қыз-келіншектер мен жас балалар тылда еңбек етті. Осы жылдары Жымпитының Ақ тарысының атағы шықты. Ақ тарының анасы болған Майра Зияшеваның еңбегі тек аудан емес, бүкіл Одаққа мәлім болды. М.Ешмұханова, Ү.Қобдабаева, К.Нұрмұханова, ақын Ж.Жармұғамбетова сияқты өжет қыздарымыз трактор жүргізуді меңгеріп рульге отырды. 1941-1945 жылдары Жымпиты ауданынан майданға 4600 адам жіберілді, олардың 1972-сі елге қайтып оралмады, соғысқа Жымпитыдан бес қыз аттанды, олардың үшеуі соғыста құрбан болды. Ал елге аман оралған Ә.Ниязғалиева, М.Үмбетова көп жылдар ел игілігіне еңбек етті. 1941 жылы неміс автономиясынан көптеген неміс жанұялары әкелініп аудан көлемінде орналастырылды. Содан олар 1991 жылдарға дейін осы өлкеде тұрып жергілікті қазақтармен бауырласып кетті. Олардың тағдыры туралы жерлесіміз Ғаділше Өтебалиев "Жымпитылық немістер " атты кітап жазып, екі халықтың татулық өнегесін көпшілікке паш ете білді. 1947-1957 жылдары колхоздар ірілендіріліп, кейіннен совхоздар болып қайта құрылды. 1990 жылы ауданда он совхоз, бір колхоз болды. Оларда 45240 бас ірі қара, 168500 бас қой, 4400 бас жылқы есепте тұрған. 1989 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген ет 94757, сүт 14452, жүн 3984 центнер болғаны айтылады. Ал, астық көлемі 1228456 центнерге жеткен. Сол кезде аудан халқының саны 34534 адам болып, 17 ұлт өкілдері өмір сүрген. ### Тәуелсіздік кезең 1992 жылы жерлесіміз Сырым Датұлы бабамыздың туғанына 250 жыл толуын атап өтуге байланысты аудан тұрғындарының сұранысына орай, Жымпиты ауданының аты Сырым ауданы болып өзгертілді. ### Білім беру Ауданда қазіргі кезде 16 орта, 6 негізгі, 6 бастауыш барлығы 28 білім беру мекемесі және 1 мемлекеттік «Балдырған» балабақшасы, 1 «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» және 1 «Балалар мен жасөспірімдер туризмі және Тәрбие орталығы» мекемесі, 1 саз мектебі, 1 кәсіптік техникалық лицей, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар. Жалпы білім беретін Абай, Қособа, Бұлан, Тасқұдық, Сырым, М.Қаналиев атындағы Алғабас, А.Жұмағалиев атындағы Жосалы, Талдыбұлақ орта мектептері жанында мектеп-балабақша, Көздіғара, Көгеріс, В.И.Шубин атындағы орта мектептері мен Жаңаөңір, Жамбыл, Ақырап, Қазақстан, Қызылағаш негізгі мектептері жанында және Қарағанды ауылында шағын орталықтар жұмыс істейді. Жоғарыда аталған мектептердің материалдық техникалық базасына тоқталатын болсақ: 28 мектептің 14-і типтік жобамен салынған мектеп, ал 14-і бейімделген үй-жайларда орналасқан. ### Денсаулық сақтау Денсаулық сақтау объектілерінің саны - 35, онда 28 дәрігер, 178 медбике тұрғындардың денсаулығын сақтау бағытында жұмыс жасайды. Денсаулық саласы бойынша 1 аудандық орталық аурухана, 1 туберкулезге қарсы аурухана, 10 дәрігерлік амбулатория, 24 медициналық пункт халыққа қызмет етеді. ### Мәдениет Мәдениет саласында 23 кітапхана, оның ішінде 21 ауылдық кітапханалар, 1 аудандық балалар кітапханасы, 1 аудандық кітапхана, 1 аудандық мәдениет үйі, 8 ауылдық мәдениет үйі, 8 ауылдық клубтар және бұның ішінде 2 халықтық театр, 2 музей және 2 үлгілі би тобы, 1 орталық стадион халыққа рухани байлығымызды жеткізу бағытында сапалы қызмет көрсетуде. Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемесіне қарасты 23 кітапхана ауыл тұрғындарына кітапханалық, анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетіп отырған бірден-бір мәдени ошақ болып табылады. Заман талабына сай Интернет желілеріне қосылып, автоматтандырылған кітапханаларда оқырмандарға қызмет көрсетудің өркениеттілігі дамуда. ### Экономика Аудан экономикасы негізінен ауыл шаруашылығына бағытталған. Ауданның әкімшілік шекарасындағы барлық жер көлемі 1 188843 гектар болса, соның ішінде: 77572 гектар егістік, 107657 гектар тыңайған жер, 42847 гектар шабындық, 894591 гектар жайылымдық, 17 гектар көпжылдық өсімдік. Осы жер көлемінің 436016 гектары шаруа қожалықтары, 117546 гектары серіктестіктер, 7165 гектары мемлекет меншігіндегі кәсіпорындар, 5103 гектары орман қоры, 37 гектары су қоры, 140017 гектары елді мекендердің пайдалануына берілді, ал қалғаны 477020 гектары талап етілмеген жер ретінде аудан әкімшілігінің қарамағында қалды. Бүгiнгi таңда ауданда 337 шаруа қожалықтары тiркелiп, олардың 278-і жұмыс жасайды, немесе 82,5%. Шаруа қожалықтарда қазiргi уақытта 1228 адам жұмыс жасайды. Жыл басынан шаруа қожалықтарда жұмыс жасайтын адамдар саны 4 адамға көбейдi. Аудан бойынша 2010 жылдың І тоқсанында барлығы 798 шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi тiркелген, оның 46 заңды тұлға, 752 жеке тұлға. Соның ішінде 701 шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды, бұл барлық тіркелген шағын бизнес субъектілерінің 87,8 пайызы. Жұмыс жасайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 2009 жылмен салыстырғанда 10,9%-ға көбейiп отыр. Былтырғы жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда шағын кәсіпкерліктің сауда-саттық, құрылыс, көлік тасымалы және басқа салаларында шағын бизнес субъектiлерi тиiсiнше 8,4%, 20,0%, 25,0% және 11,5% көбейдi. Шағын кәсiпкерлiк саласында 2010 жылы 3 айда 1998 адам жұмыс жасады. Соның iшiнде 1465 адам ауыл шаруашылығында, 95 адам құрылыста, 65 адам көлiк және байланыс саласында, 280 адам саудада, 11 адам қоғамдық тамақтандыруда және 82 адам басқа салаларда жұмыстануда. ## Дереккөздер
Мұнайлы ауданы — Маңғыстау облысының батысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Маңғыстау ауылы, облыс орталығынан қашықтығы 20 км. Аудан көлемі 4 922 км2. ## Тарихы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президумының 1980 жылғы 17 қазандағы № 593-Х санды Жарлығымен Мұнайлы ауданы алғаш рет орталығы Маңғышлақ поселкесі болып құрылды. 1988 жылы саяси қоғамдық ахуалдарға байланысты Мұнайлы ауданы қысқартылып, елді мекендері Шевченко және Форт-Шевченко қалаларына қосылды. Аудан Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы «Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрамына өзгертулер енгізу туралы» №338 санды жарлығына сәйкес екінші рет құрылды. Құрамына Ақтау қаласына қарасты Маңғыстау, Баянды, Қызылтөбе ауылдық округтері енгізілді. Сол жылы жаңадан Дәулет, Атамекен, Басқұдық ауылдық округтері, 2011 жылы Батыр ауылдық округі құрылды. ## Географиясы және климаты Аудан Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан. Мұнайлы ауданы солтүстігінде Түпқараған, Маңғыстау аудандарымен, батысында Ақтау қаласымен, оңтүстігінде Қарақия ауданымен шектеседі. Мұнайлы ауданының орналасқан жері теңіз жағасынан 20-23 шақырым қашықтықта орналасқан, жері тастақ, төңірегі тегістік, жазық дала. Ауданның климаттық жағдайы цельси температурасымен есептеген кезде қуаң, континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы – 4-9ºС. Солтүстігінде - 10ºС, кейде - 15ºС дейінгі аязды күндер болады. Шілденің орташа температурасы +24-38ºС аралығында. Аудан көлемі негізінен шөл-шөлейт аймақ зонасына жататындықтан ылғалы аз, жері ащы, сорлы жерлерге тән өсімдіктер өседі. Аудан аумағындағы жануарлар дүниесінде негізінен кемірушілер, бауырымен жорғалаушылардың үлесі басым. ## Халқы Мұнайлы ауданы шоғырланған халықтың көпшілігін, яғни 80 пайызы алыс-жақын шет елдерден көшіп келген қандастар құрайды. ## Әкімшілік бөлінісі Ауданның 7 ауылдық округінде 8 ауыл бар: ## Әкімдері * Оспан Қазақбаев (2007-2010) * Елубай Әбілов (2010-2015) * Нұрлан Тәжібаев (2015-2018) * Рахат Елтизаров (2018-2022) * Ержан Күмісқалиев (2022 ж. бастап) ## Дереккөздер
Тасқала ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Тасқала ауданы 1933 жылы 8 қараша айында құрылып, "Каменка ауданы" деп аталған, 1993 жылдан қазіргі атауын иеленді. Ауданның аумағы - 8 068 км². ## Географиялық орны Аудан солтүстігінде Ресей Федерациясының Саратов облысы аумағымен, батысында Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек, оңтүстігінде Ақжайық, шығысында Казталов аудандарымен шектесіп жатыр. Ауданның орталығы Тасқала, облыс орталығы Орал қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан.Аудан Қазақстан мен Орталық Азияны Ресейдің еуропалық бөлігімен жалғайтын темір жол және Орал – Тасқала – РФ бойында орналасқан. ## Жер бедері Ауданның жалпы жер қыртысы тегіс. Ең биік төбесі Ешкітау (Ичка), теңіз деңгейінен биіктігі 259 метр. Бұл облыстағы ең биік нүкте.Ауданның гидрографиялық жүйесінде Деркөл, 1-Шежін, 2-Шежін шағын өзендері бар.Аудан арқылы Шежін, Мереке, Қазақстан, Қосшы ауылдық округтері аумағынан өтетін, Киров су қоймасынан өз бастауын алатын Жайықбай каналы өтеді. Шежін ауылдық округінің аумағында Бірқазан мемлекеттік қорығы бар. Онда табиғатта сирек кездесетін су құстары мен жыртқыш аңдар мекендейді. ## Білім саласы Тасқала ауданының жалпы орта білім беру жүйесі өте жоғары деңгейде. Тасқала ауданының оқушылары әртүрлі деңгейдегі білім сайыстарына қатысып жоғары орындарды иеленіп келеді. Аудан ҰБТ нәтижелері бойынша алдыңғы қатарларда тұрақты орналасып келеді. Аудан білімінің деңгейін көтеруде 2005 жылы негізі қаланған "Сәулет" мектеп-лицейінің үлесі зор. Сәулет лицейі облыс орталығының алпауыттарынан қалыспай айтарлықтай бәсеке көрсетеді, лицейдің әсіресе жаратылыстану пәндері бойынша жетістіктері зор. ## Пайдалы қазбалары Құрылыс материалдары жасақталған - ақ балшық, құм және гравиі бар, ауданда 5 пайдалы кен орындары және күйдірілген, отқа тұрақты селикат тасын дайындауға арналған цемент қоспасына бай тас шығару шикі заты бар 3 кен орны ашылған. Зерттеу барысында анықталған өндіріс әйнегіне жарамды кварц құмы, тау тектес өндіріске пайдалы шебін қорлары анықталған. Сонымен қатар аудан аумағында көгілдір газбен мұнай қоры орналасқан жер анықталды. ## Халқы Халқының саны 2019 жылы 16 701 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 88,96%, орыстар – 8,68%, басқалары — 2,35%. ## Әкімшілік бөлінісі 28 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Дереккөздер
Рүстемов Мұхамеджан 1932 жылы 15 мамырда Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы қазіргі Нартай ауылында туған. ## Өмір жолы * 1950 жылы Шиелі қыстағындағы XIV жылдық Октябрь атындағы қазақ орта мектебін бітіріп, еңбек жолын сол жылы қазан айында Түркістан облысы Сарыағаш аудандақ комсомол комитетінде мектеп оқушылары және пионер ұйымы бөлімі меңгерушісі қызметін бастаған. * 1951 жылы маусымда сол комсомол комитетінде екінші хатшы болып сайланады. * 1952 жылдың тамыз айынан 1953 жылдың тамызына дейін ол Ташкент қаласындағы №9 Өзбек қыздары орта мектебіндегі 11-педагогикалық класты бітіріп, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беретін мұғалім болып шығып, Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратас (Қазіргі Қазығұрт) ауданына келіп, «Жігерген» елді мекеніндегі Молотов атындағы орталау мектепке жолдама алады. Cол жылы қарашада аудандық комсомол комитетіне хатшы болып сайланды. * 1955-1959 жылдары Алматы жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітіріп, 1959 жылдың тамыз айынан Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінде комсомолдар ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бекітіледі. * 1960 жылдың тамызында облыстық партия комитеті бюросының шешімімен ол облыстық кәсіптік-техникалық білім беру басқармасы бастығының орынбасары қызметіне бекітіліп, сол қызметте Оңтүстік Қазақстан өлкесі ұйымдастырылып, қайта қалыпқа келгенде де істеді. * 1968 жылы тамызда облытық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы қызметіне бекітіліп, онда 1984 жылға дейін істеп, сол жылдың наурызынан облыстық партия комитетінің мұрағатына меңгеруші болып ауыстырылып, онда 1991 жылға дейін істеді. Компартия тарағанда Бүкілодақтық Ленин атындағы балалар қорының облыстық ұйымында төраға қызметін атқарып, 1992 жылы маусымда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық ұйымына төраға болып сайланды. * 1997 жылдың қыркүйек айынан М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің доценті, Шымкент музыкалық колледжіне термеден шәкірттер даярлайтын ұстаз болды. «Нартай» атты деректі повесі (1983, «Жалын») жарық көрді. Г.Байдуковтың «Чкалов» атты кітабын қазақшаға аударып, 1995 жылы «Жалын» баспасынан шығарды. ## Шығармалары * Табиғат ғажайыптары. А., «Қазақстан», 1986; * Советы на каждый день, А., «Кайнар», 1988; * Кәдеге жарайтын кеңестер, А., «Қайнар», 1993; * Атақты адамдардың өмірінен. А., «Рауан», 1992; * Дәстүріңді сақтай біл. (4-кітапша). А., «Ғылым»; * Шымкент облыстық баспаханасы, 1993; * Халық мұрасы, Шымк., «Әлия», 1993; * Созақ қасіреті. Тарихи хикая. Шымк., «Жастар-91», 1993; * Таңдамалы өсиет термелер. Шымк., «Жібек жолы», 1995. М. Рүстемов зерттеуші, әдебиетпен, музыкамен, журналистикамен айналысып,домбырада, мандолинде, аккордеонда ойнайды. Елге танымал композитор, әнші, термеші. Елуден астам әндер шығарып, «Өмір гүлі» (1979), «Ақ босаға» (1992) атты әндер жинағын, өзінің әндерін орындап, «Ақ босаға» атты 45 минуттық стереокүйтабақ шығарды (1985). Оның әндері басқа да ұжымдық жинақтарға енген. М. Рүстемов халық ақыны, жезтаңдай әнші, Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер Нартай Бекежановтың өмірін, өнерін, мұрасын зерттеп, «Нартай» атты деректі повесін (1990), Нартайдың терме әндерін игеріп, «Өздерің білер Нартаймын» атты 45 минуттық стереокүйтабақ шығарды (1983). 1930 жылы ақпан айында Созақ ауданында болған шаруалар көтерілісін түбегейлі зерттеп, ол көтерілістің шаруаларға жасалған қиянаттан, зорлық-зомбылықтан туындағанын, оған тарихи әділетсіз баға берілгенін дәлелдеп, облыстық, республикалық газеттерде мақалалар жариялап, «Созақ қасіреті» атты (1993) тарихи-деректі кітап шығарды. Г. Байдуковтың «Чкалов» атты кітабын қазақшаға аударды (1983). Бұлардан басқа «Табиғат ғажайыптары» (1976), «Советы на каждый день» (1988), оның қазақша аудармасы «Кәдеге жарар кеңестер» (1991), «Атақты адамдардың өмірінен» (1992), ұмыт болған халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын жинастырып, 5 кітапты жарыққа шығарды. М. Рүстемов В.И. Лениннің 100 жылдығына орай «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбектегі ерен еңбегі үшін» медальдармен марапатталған. «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» деген (1992) жоғары атаққа ие, облыс әкімінің «Зерде» стипендиясының иегері (1998), Қазақстан Республикасының Жазушылар, Журналистер одақтарының мүшесі, Шиелі қыстағының «Құрметті азаматы» (1992), «Республикалық дәрежедегі зейнеткер». ## Отбасы Жұбайы - дәрігер Дәмира Халдарбекқызы Тұрғынбаевамен Қанатжан, Жанат, Болат атты балаларды тәрбиелеп өсірді. ## Сілтемелер * [1](қолжетпейтін сілтеме) * [2] Мұрағатталған 11 маусымның 2011 жылы. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Ақтоғай ауданы * Ақтоғай ауданы — Қарағанды облысының оңтүстігіндегі әкімшілік бірлік * Ақтоғай ауданы — Павлодар облысының солтүстігіндегі әкімшілік бірлік
Мақат ауданы — Атырау облысының орталық аумағындағы әкімшілік бөлік. 1924 жылы құрылған. Жер аумағы 9,1 мың км². Халқы 29,6 мың адам (2023). Құрамында 2 кент, 2 ауыл бар. Орталығы — Мақат кенті. ## Жалпы сипаттама Аудан батысында Махамбет ауданы және Атырау қаласымен, солтүстігінде Қызылқоға ауданымен, оңтүстігінде Жылыой ауданымен шектеседі. Аудан аумағы Каспий маңы ойпатының оңтүстік шығысында, Каспий теңізінің солтүстік шығыс жағалауында орналаскан. Ойпат дүниежүзілік мұхит деңгейінен 28 м. төменде жатыр. Жер бедері көбіне тегіс, аз тілімделінген, топырағы тұзды. еліміздегі ен ірі жазықтардың бірі болып есептеледі. Аудан аумағында айта қаларлықтай биіктіктік кездеспейді. Аудан жері теңізге қарай біртіндеп кұлдилай беретін жазықтық болып келеді. Бүкіл аумағы теңіз деңгейінен төмен жатыр: солтүстігінде -10 м. болып, оңтүстігінде -22 м-ге дейін барады. Мақат ауданы аумағында пермь-триас, ортаңғы юра және бор дәуірлерінің жыныстарында түзілген тұзды күмбездерде шоғырланған ірі 23 мұнай, газ кен орындары бар. Одан басқа калий тұзы және гипс кен орындары да кездеседі. Ірі мұнай кен орындарына Бекбике, Қошқар, Сағыз, Мақат, Доссор, Таңатар, Байшонас, Комсомол, Ескене, Қарсақ, Ботақан, т.б. жатады. ## Тарихы 1928 жылы 17 қаңтарда Гурьев округінің құрамында орталығы Доссор ауылы болып, Доссор ауданы құрылды. 1931 жылы аудан таратылып, Жилокоса ауданына қосылды (Қазақ АКСР ОАҚ 01.01.1932 бекіткен). 1938 жылы Гурьев облысының құрылуына байланысты аудан қайта құрылып, Мақат ауданы аталды. 1963 жылы аудан таратылып, Ембі ауданына берілді. 1966 жылы қайта құрылды. 1979 жылы аудан орталығы Доссордан Мақат кентіне көшірілді. 1988 жылы аудан қайта таратылып, 1990 жылы қайта құрылды. ## Климаты Мақат ауданының климаты тым континенттік және құрғақ; қысы біршама суық (қараша — наурыз айларында). Ауа райының орташа температурасы қаңтарда –10°С (кейде –35 — 40°С-қа дейін төмендейді), шілдеде 25°С (кейде 40°С-тан да жоғары). Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 — 175 мм. Тымық күндер аз. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 — 5 м/с, қатты желдер де (10 — 15 м/с-қа дейін) болып тұрады. ## Өзен-сулары Аудан көлемінде тұрақты ағынды су көзі жоқ. Жер беті суларынан тек ауданның шығыс бөлігі бойымен ағып өтетін суы тұзды Сағыз өзені ғана бар. Бұл өзеннің өзі де көктемгі қар суларымен ғана толығып отырады. Тереңде жатқан жер асты суларының минералдығы жоғары. ## Өсімдіктері мен жануарлары Егіншілікке жарамсыз сор, сортаңды, бозғылт және сұр топырақ қабаттарында, көбінесе, жусан, көкпек, бұйырғын жантақ, қаңбақөседі. Жануарлар дүниесін шөлге бейім кемірушілер мен бауырымен жорғалаушылар құрайды. Қасқыр, түлкі, қарсақ, киік, сарышұнақтар, қосаяқ, жылан, кесіртке; құстардан қарақұс, қарға, торғай кездеседі. ## Халқы Мақат ауданының халқы түгелімен дерлік қалалық жерде қоныстанған. Халықтың 1 км²-ге шаққандағы орташа тығыздығы 5,3 адам. Оның басым көпшілігі қазақтар (97,6%). Басқа ұлт өкілдерінен орыстар, өзбектер, т.б. тұрады. ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 4 елді мекен 2 кенттік әкімдік пен 1 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Шаруашылығы Мақат ауданында, негізінен, мұнай мен газ өнеркәсібі дамыған. Мұнай өнеркәсібін мұнда алғаш рет 1911 жылы орыс-ағылшын кәсіпорны ұйымдастырды. 1917 жылға дейін оның құрамында тек қана Доссор (1911) мен Мақат (1915) мұнай кәсіпшіліктері жұмыс істеді. 1920 жылы олар “Ембімұнай” тресіне біріктірілді. Кейіннен оның құрамы жаңадан ұйымдасқан Байшонас, Сағыз, Комсомол, Қошқар, т.б. мұнай кәсіпшіліктерімен толықты. Мұнай тасымалын іске асыру мақсатында 1939 — 40 жылы Атырау — Ор темір жол мен мұнай құбыры және оны өзге кәсіпшіліктермен қосатын мұнай құбырының тарамдары салынды. Аудандағы ірі кәсіпорындар қатарына Мақат мұнай басқармасы, локомотив депосы, Мақат темір жол желілік басқармасы, Мақат темір жол станциясы, Доссор мұнай басқармасы, “Доссормұнаймаш” ЖШС, т.б. жатады. ## Пайдалы қазбалары Аудан аумағы геологиялық кұрылымы жөнінен Онтүстік Ембі мұнайлы-газ аймағына жатады. Қазақстанда мұнай өнеркәсібінің дамуы Доссор кенішінен бастау алады. Кен орнында 1911 жылы 31 сәуірде Жайық-Каспий мұнай қоғамы бұрғылаған №3 ұңғымадан қуатты мұнай атқылаған. Осы күннен бастап, мұнайлы алқапты игеру жеделдетіп қолға алынады. Соның нәтижесінде 1915 жылы Мақат кеніші іске қосылады. Қазіргі уақытта аудан аумағында 14 кен орнынан мұнай өндіріледі. Жаңа кеніштер ашу мүмкіндігі мол. Геофизикалық және геологиялық зерттеулер тұз үсті және тұз асты жер қыртыстарының бәрінде де мұнай-газ белгілері бар екенін көрсеткен. Қорлары анықталып, әлі де игерілмей жатқан пайдалы қазбалар да жоқ емес. Аудан аумағында онға тарта қоңыр көмірлі кен қабаттары бар екені белгілі. Есепке алынған қоры 80 млн.тоннадан асады. Бірақ олар әлі де толықтай зерттеліп, шаруашылық кәдесіне жаратыла қойған жоқ. Ауданда құрылысқа қажетті құм, кірпіш соғатын топырақ, керамзит және цемент өңдіретін шикізаттың барлығы анықталған. Мақат маңайында тас қалайтын ерітінділер үшін, сондай-ақ аса жауапты емес бетон құюға жарайтын құм бар екені белгілі. Оның қоры 20 млн.текше метрге жетеді деп есептелген. Мақат, Доссор, Қошқар жерлерінде тас илейтін топырақ қорының бар екені ертеден мәлім. Доссор мен Мақатта шағын кірпіш цехтары тұрғызылып, біраз жыл бойы өнім алынды. Есептеулерге қарағанда бағалы шикізаттың қоры аудан аумағында 100 млн.текше метрден асады. Іздестіру-бағалау және барлау жұмыстарына кеңінен пайдаланатын бор, саз, мергел жыныстарының көлемі 340 млн.текше метрдей деп болжанған. Мақат ауданында ас тұзы мен калий тұзының жеткілікті қоры бар. Сондай-ақ, емдік балшық пен бұрғылау ерітіндісіне пайдаланатын шикізаттың көлемі мыңдаған текше метрмен өлшенеді. Қарабатан көлінің балшығын Атырау қаласындағы шипажайлар емдік мақсатқа кеңінен пайдалануда. ## Әлеуметтік нысандары Білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінен жалпы білім беретін 12 мектеп,мәдениет үйі, 4 клуб, аудандық аурухана мен емхана, Доссор кенттік ауруханасы, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 отбасылық амбулатория бар. 1937 жылдан бастап “Мұнайшы” атты аудандық газет шығады. Аудан жері арқылы Мақат — Бейнеу — Қоңырат, Мақат — Индербор т. ж. және Атырау — Мақат — Қандыағаш — Ақтөбе, Доссор — Құлсары, Доссор — Байшонас, Мақат — Сағыз автомобиль жолдары өтеді. Ауданда 10 клуб, мәдениет үйі, 3 кітапхана, жалпы білім беретін 12 мектеп, 8 емдеу- сауықтыру мекемелері бар. Политехникалық колледжде 300 жас әр түрлі мамандық алуда. ## Әкімдері * Сәлімжан Нақпаев 2000-2003 * Нұрлан Жантоқов 2003-2007 * Амангелді Барақатов 2007-2008 * Сырым Рысқалиев 2008-2010 * Қилымғали Қайненов 2010-2012 * Амангелді Барақатов 2012-2013 * Ерболат Омаров 2013-2015 * Берікқали Сәрсенғалиев 2015-2018 * Жұмабай Қарағаев 2018-2019 * Шәкір Кейкин 2019-2022 * Ринат Ибрагимов 2022-2024 * Азамат Мәмбетов 2024- ## Дереккөздер
Қаратөбе ауданы — Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Қаратөбе ауылы. Аудан орталығынан Орал қаласына дейінгі қашықтық – 260 км. ## Географиялық орны, жер бедері Аудан солтүстігінде облыстың Шыңғырлау, батысында Сырым, Ақжайық аудандарымен шектессе, оңтүстік-шығысында Атырау облысының Қызылқоға, шығысында Ақтөбе облысының Ойыл, Қобда аудандарымен ортақ шекарасы бар.Аудан 1928 жылы құрылған. Аудан аумағы Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығыс жағында орналасқан, оның негізін Нарынқұм-Аққұм шағылдары құрайды. Орталық және оңтүстік бөлігі жалпы тегістік жерлер, солтүстік те тегіс, бірақ жекелеген ойпатты жерлер кездеседі. Аудан аумағында Қалдығайты өзені ағып жатыр (жалпы ұзындығы 242 км, аудан шегінде – 130 км). Көлдердің жалпы ауданы 36,5 шаршы км құрайды, содан тұщы көлдер – 6,8 км. ## Климаты Ауданның климаты тым континенттік, солтүстігі қоңыржай континентті ылғалы тапшы зонада орналасқан. Қысы суық, ұзақ, жазы ыстық. Қаңтарда орташа температура – 14,40°С, шілдеде +24,30°С. Жауын орташа (30мм) жылдық 214 мм. Оңтүстігі қоңыржай континентті, жазы жылы, құрғақ климатты зонада орналасқан.Жері қара топырақты, ашық-сортаң топырақты. Аудан аумағы өсімдік жамылғысына қарай құмды-далалық аймаққа жатады. Солтүстік-шығыс бөлігінде әртүрлі-дәнді шөптер өседі, батыс бөлігінде – бидайық-дәнді шөптер өседі. ## Тарихы 1928 жылы 17 қаңтарда Қазақ АКСР-нің Орталық Атқару комитетінің алтыншы шақырылған екінші сессиясында жаңа әкімшілік-аумақтық бөлініс бекітіледі. Сол кезде құрамында 15 ауданы бар Орал округі ұйымдасты. Оның ішінде Қаратөбе ауданы да болды. 1931 жылы қазіргі аудан орталығы №30 ауыл болды. Осы орыннан «Қаратөбе», «Қаракөл» өңірінен «Тұщықара» және «Аққозы» совхоздары құрылған. КСРО совхоздар Министрлігі, Батыс Қазақстан ет тресі, № 441 Аққозы, Тұщықара мен Қаратөбені біріктіріп «Қаратөбе ет совхозы» деп атаған. 1932 жылы Қаратөбе ауданы территориясынан 3 совхоз, 8 колхоз, 16 серіктестік ұйымдасқан. Ауданда 17 мектеп, бір аурухана (Қаратөбе ауылында 10 керуеттік), екі фельдшерлік пункт, бір мал дәрігерлік участогі, бір агроучасток, 4 тұтыну қоғамы болған. Қаратөбе поселкесі Орал қаласымен ылаумен (Жымпиты арқылы Ойылға,оның үстінен Қаратөбеден Гурьев облысының Қызылқоға поселкесіне) жол қатынасы; аудан орталығында Оралмен байланыс жасайтын почта-телеграф бөлімшесі, телефон және екі шеңберде (Қаратөбе) хат тасушы байланысы болған. 1935 жылы 31 қаңтарда Қаратөбе ауданы қайта құрылды. 1938-1952 жылдары аудан көлемінде 28 ұжымшар, 2 кеңшар болған. 1957 жылы Қалдығайты, Қоскөл кеңшарлары құрылып, сөйтіп ауданда 4 кеңшар Аққозы, Қаратөбе, Қалдығайты, Қоскөл кеңшарлары болған. 1961 жылы жаңадан Шөптікөл, Саралжын кеңшарлары құрылған. 1962-1965 жылдар арасында аудандар ірілендіріліп аймақтық басқаруға сәйкес Жымпиты ауданына қосылған, ал 1966 жылдың ақпан айынан үшінші рет қайтадан бөлек аудан болып құрылды. Аудан қайта құрылғанда 6 кеңшар мен 6 ауылдық кеңес болса, 1967 жылдың шілдесінде Қоскөл кеңшарының негізінде жаңадан Егіндікөл кеңшары, 1967 жылы 14 қыркүйекте облыстық атқару комитетінің қарарымен Шөптікөл және Қоскөл ауылдық кеңестері құрылды. Шөптікөл кеңшарының №3 бөлімшесі негізінде Жусандыой мал бордақылау бірлестігі ұйымдастырылған. Орал облыстық атқару комитетінің 1983 жылғы 20 сәуірдегі №277 шешімімен Жусандыой мал бордақылау бірлестігі негізінде Қазақ КСР 60 жылдығы атындағы кеңшар ашылып, Жусандыой ауылдық кеңесі құрылған. Сол кезден бастап аудан аумағы 9 ауылдық кеңеске бөлінген. Қазіргі таңда аудан аумағы 8 ауылдық округке бөлінген. ## Халқы Халқының саны 2019 жылы 15 467 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 99,79%, басқалары — 0,21%. ## Әкімшілік бөлінісі 22 елді мекен 8 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымы Аудан етті – сүтті мал, биязы жүнді және қаракөл қойын өсіруге және егін егуге бағытталған.А.ш-на жарамды жері 964,0 мың га, оның ішінде жыртылатын жері 44,7 мың га, шабындығы 92,7 мың га, жайылымы 826,0 мың га-ға жуық, дәнді дақылы 63,4 мың га, көкөніс, қаратоп 0,1 мың га жерді құрайды. Аудандағы бұрынғы 7 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі 1997 жылдан 145 шаруа қожалығына, 14 өндірістік кооператив пен 9 серіктестікке біріктірілген. Оқу орындарынан 27 мектеп, оның ішінде 12 орта, 8 орталау, 7 бастауыш мектеп, 1 спорт мектебі, 2 саз мектебі; 1 мұражай, 15 клуб, 8 мәдениет үйі, 24 кітапхана; емдеу мекемелерінен: орталық ауырухана мен емхана, 2 дәрігерлік емхана, кеңес беруші диагностикалық орталық, 17 фельдш.-акушерлік пункт бар. Аудан жерімен Орал-Ақтөбе, Орал - Қаратөбе автомобиль жолы өтеді. 1936 жылдан “Колхозшылар үні”; 1957 жылдан «Еңбек туы»; 2006 жылдан “Қаратөбе өңірі” атты аудандық газеті шығады. Қаратөбе топырағында қазақтың халық композиторы, әнші, ақын, күйші-домбырашы Мұхит Мерәліұлы; қазақтың алғашқы юрисі, демократ Бақытжан Қаратаев, ғалым академиктер Қажым Жұмалиев, Тілеужанов Мәтжан, Рахымжан Елешев, әнші-композиторлар Ғарифолла Құрманғалиев, Ескендір Хасанғалиев, ақын-жазушылар Берқайыр Аманшин, Құрманғазы Қараманұлы туып өскен. Қазба байлығы: Ең мол байлығы –тұщы суы. Жер қойнауынан бор кені және құрылыс материалдары барланған. Ақбалшық, цемент, қиыршық құм, сланец (пісіп жетілмеген көмір), қиыршық және қатты тас. Шыңғыс, Бекет, Құбасай алқабынан мұнай мен газ орындары зерттелуде. Аудан жерінде 101 археологиялық ескерткіштер бар. Қоғамдық саяси мәні бар 11 ескерткіш. Олар: М.Мерәліұлы, Б.Қаратаев, Ғ.Құрманғалиев, «Даңқ Мемориалы» және округ орталықтарындағы соғыстан оралмаған боздақтарға арналған стелла – ескерткіш белгілер. ## Тарихи тұлғалары 'Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов 15 желтоқсан 1927 жылы Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келген – ғалым, филология ғылымдарының докторы (1982), профессор, “Қаратөбе ауданының құрметті азаматы”. 1946 жылы Қаратөбе орта мектебін, 1950 жылы Орал педагогикалық институтын үздік бітірген. 1953-1957 жылдары Қазақстан ҒА аспирантурасында оқыған. 1962-1975 жылдары Орал педагогикалық институтының филология факультетінің деканы, 1978-1982 жылдары қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті. Негізгі ғылыми еңбектері қазақ әдебиетіндегі сатира мен юмордың көркемдік ерекшеліктерін зерттеуге арналды. Бірнеше монографияның және 250-ден аса ғылыми проблемалық мақалалардың авторы. Ол Батыс Қазақстан аумағынан ауыз әдебиеті нұсқаларын ұзақ жыл бойы жинап, ғылым академиясының қорына тапсырды. Сондай-ақ республикада тұңғыш рет «Этнопедагогика және фольклор» кабинетін ұйымдастырып, ел ішіндегі қолөнер туындыларын жинады. Шығармалары: Астарлы әзіл, А., 1978; Махамбет өмірі туралы жаңа материалдар, методикалық нұсқау, Орал, 1985; Қазақ әдебиетіндегі юмор мен сатираны оқыту ,Орал, 1987; Шахматшы Шамшиден, А., 1996. Бөкеев Шәңгерей Сейіткерейұлы 1847 жылы Орда ауданы Жасқұс ауылында дүниеге келген - классик ақын, шығыс әдебиетінен, еуропа, орыс әдебиетінен сусындап, қазақтың суырып салма поэзиясы дәстүрін жазба әдебиетке ұластырған аса білімдар ақын. Бес жасында ата-анасынан жетім қалады. Бірақ ағаларының қамқорлығымен Орынбор кадет корпусында, Астрахан гимназиясында оқыған. Орыс тілін үйреніп, әдебиет пен мәдениетке ден қояды. Сарытау (Саратов) мен Самара аралығындағы ата қонысы - Көлборсыда өмір кешеді. Аңшылық-саятшылықты, табиғат сұлулығын, ән-күйді, көркем сөз өнерін ұнатады, өзін-өзі үнемі рухани жетілдіріп отырады, өлеңдер жазады. 1917 ж Көлборсыдан көшіп, қазіргі Ақжайық ауданы жеріне келеді. Шығармалары 1911-12ж. «Шайыр», «Көксілдер», 1926 ж. «23 жоқтау» жинақтары жарық көрген. 1934жылы жеке жинағы, кейінгі жылдарда шығармалары оқулықтар мен жинақтарда жарияланып отырды. Уақыт, заман, табиғат, ғылым, өнер туралы толғанады. «Өмірдің өтуі», «Ғылым», «Эдисон»,т.б.өлеңдері өзгермелі,өтпелі өмірдің заңдылығын ежелгі қазақ поэзиясының ең құнарлы сөздерімен,әсерлі суреттерімен бейнелейді. Поэзиясында парасатты, ойлы, дала қазағының ой-қиялы, ақын өмір сүрген дәуірдің алуан сырлары кәсіпқой шеберлікпен өрнектелген. Халық өмірімен біте қайнасып, араласып отырған ол, Ғұмар Қарашты ауыл балаларына оқытушы етіп ұстайды. Оған орыс тілін үйретіп, орыс роман, повестерін мазмұндап береді. Ғұмар оны малшы шаруаларға әңгімелеп отырады. Шәңгерей бірқатар орыс ақын-жазушыларының шығармаларын М.Ю. Лермонтовтың «Қашқын» поэмасы, т.б. қазақ тіліне аударған. Бөкеев ел ауызындағы әдеби мұраларды жинақтап, оны бастырып шығаруға қамқорлық жасайды. Жазықсыз жапа шеккен Қубала ақын сияқты бұқара халық өкілдеріне қол ұшын беріп отырады. Оралда «Қазақстан» газетін шығаруға атсалысады. Бөкеев қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі айқын, сыншыл лирик әрі философ ақын. «Үш ғасыр жырлайды» және «Бес ғасыр жырлайды» топтамаларына өлеңдері енген. Ақбақайдағы мәйтіне қорған және мәрмәр тақта 2006 жылы қойылды. Қаратаев Бақытжан Бейсәліұлы 1860 жылы 10 мамырда Қаратөбе ауданы Ақбақай ауылында дүниеге келген.Қазақстанның ірі тарихи тұлғаларының бірі, алғашқы қазақ заңгері, көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы – демократ. Сұлтан тұқымы әулетінен тарайды. Кіші жүздің ханы Әбілхайыр Бақытжанның арғы атасы болып келеді. Білімге деген ынтасын байқаған әкесі оны Орынбор қаласының гимназиясына оқуға береді, ол оны “өте жақсы” деген дәрежемен бітіріп шығадыОрынбор гимназиясын бітіргеннан кейін Санкт – Петербург университетінің заң факультетіне түсіп, оны да 1890 ж. оны үздік бітіреді. Петербургта, Кутаисида, Орынборда тергеуші болып істейді. 1897 жылдан Оралда, Қаратөбеде, Жымпитыда адвокат болады. 1907 жылы екінші Мемлекеттік Думаға Орал өңірінен депутат болып қатысып, жер-су мәселесі бойынша қазақ халқының мүддесін қорғап сөз сөйлеген. 1907 – 1916 жылдары ағартушылық жұмыстарымен айналысып, «Қазақстан» газетін, «Айқап» журналын шығаруға көмектеседі. 1917 жылы большевиктер партиясының қатарына өтеді. 1918 ж. облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды. 1918 ж. наурызда «әскери үкімет» бүлік ұйымдастырып, облысы кеңес мүшелерін, (ішінде Қаратаев та бар) тұтқынға алады. 1919 ж. 24 қаңтарда Чапаев дивизиясы босатып, кейін ол Орал облыстық ревкомның құрамында ұлттар коллегиясын басқарады. 1919 ж. 24 шілдеде ол Қазәскер ревкомның мүшелігіне тағайындалады. 1920ж. 4 -12 қазанда Орынборда өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық 1-съезіне делегат болып, Қазақ республикасы еңбекшілерінің құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға қатысқан. Қазақ АКСР – інің заң комиссары болды. Кеңестерінің 2 – Бүкіл қазақстандық съезіне де делегат болып қатысты. Б.Қаратаев Кеңес өкіметін қазақ сахарасында орнатуға екі-ақ жыл араласады да большевиктердің Кеңес өкіметін орнатуда қазақ халқына қарсы зорлық-зомбылығы, қырып-жоюға бағытталған саясаты, социализм идеясын күшпен енгізіп, дінінен, әдет-ғұрпынан, тілінен бездіретін және мәңгүрттікке айналдыратын ілімінің астарын дер кезінде түсініп, 1927 жылы партия қатарынан шығады. 1921-24 жылдары ол Ақтөбе қаласында адвокаттардың губерниялық коллегиясының төрағасы қызметін атқарады. Езілген халықтың құқын қорғауда көп еңбек сіңірген заңгер. Бақытжан Қаратаев большевиктердің қазақ халқына қарсы ұйымдастырған нәубетіне, аштан қырылуына қарсы батыл үн көтерген қайраткер. ## Әдеби орта ## Экологиясы Аққұм қорығы - Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылынан 10км. жерде орналасқан құмды алқап. Аққұм солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 18, батыстан шығысқа қарай 8 шақырым ендікке созылған құстың сопақша жұмыртқасы тәріздес құмды жоталар. ## Аққұм-тарихи жер Археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп (А.М.Панченко, Ғ.В.Кушаев), алтын бұйымдар, әскери құралдар, тұрмыстық құрал-жабдықтар,т.б. нәрселер табылған. Қаратөбедегі өлкетану музейінде Аққұмнан табылған экспонаттар қойылған. Осы жер ХII-ХIV ғасырларда ежелгі қаланың орны болған деген жорамал бар. Халық арасындағы аңызға сәйкес Аққұм шағылы - Алшағыр ханның шаһары, ірі сауда орталығы болғанға саяды. Аққұм шаһарын Алшағырдан өшін алған Қобыланды қиратқан деген аңыз бар. Оған “Қобыланды батыр” жырындағы: “Аққұм деген бар шағыл, Ол жайлы аңыз еседі. Қобыланды шапқан Алшағыр, Хан ордасы деседі” - деген өлең жолдары дәлел. Аққұм өңірін “Қобыланды батыр” жырымен байланыстыратын деректер аз емес. Аққұммен қатар орналасқан Хан орны, Шәр, Оқ атқан, Шымылдық, Едіге тоғайы. Аққұмнан 60-70 шақырым жердегі Қобыланды мазары, Қобыланды ауылы дейтін жерлер де бар. 22 желтоқсан 1988 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ассамблеясының шешімімен өткен Бразилия-92 құрылтайында Аққұм қорық болып белгіленді. Аудандағы балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының ұйымдастыруымен тарих-география-биология мұғалімдерінің “Аққұм –2006 тарихи - өлкетану экспедициясы” өтті. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қаратөбе ауданы әкімдігінің ресми сайты Мұрағатталған 15 желтоқсанның 2016 жылы.
Жаңаөзен — Маңғыстау облысындағы қала, қалалық әкімшілік орталығы. Облыс орталығы — Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде, Маңғыстау үстіртінің оңтүстік-батыс етегіндегі жазық шөлді белдеуде орналасқан. Тұрғыны 74,4 мың адам (2023). ## Тарихы Алпысыншы жылдардың басында Өзен кенорнына барлаушы-геологтар түпкілікті қоныстанып, өздерінің зерттеу-барлау жұмыстарын жоспарлы жүргізді. Қызылсайда алғашқы мекен-жайлар пайда болып, жан-жақтан халық жинала бастады. Алғашында жертөлелер мен вагондар орналастырылып, соңынан сол маңдағы жерқабақтардағы жұмыс тастарды тұрғын үй тұрғызуға пайдаланады. Сөйтіп барлаушы-геологтар мекені Өзен поселкесі пайда болды.Түбекті игерушілердің жанқиярлық еңбегі босқа кетпеді. Алпысыншы жылдары Өзен кенорнынан газ бен мұнайдың көзі ашылды. 1964 жылы қазіргі мұнайшылар қаласының қазығы қағылып, қала типтес жұмысшы поселкесі пайда болды. Онда Маңғыстау жарты аралында тұңғыш рет мұнай кәсіпшілігі басқармасы құрылды, бұл өлкеде екпінді құрылысшы бригадалары жасақталып, тұрғын үйлер мен мәдени нысандарды салу жұмыстары жүргізілді. 1968 жылы 21 қазанда Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының қаулысымен Гурьев (қазіргі Атырау) облысы құрамында Өзен ауданы құрылып Жаңаөзен поселкесі қала статусын алды. ### Жаңаөзен оқиғалары 1989 жылы жергілікті халық сырттан келген жұмысшылардың қазақтарға қатысты кемсітушілігіне наразылық танытып бас көтерді. Кавказ ұлтының өкілдерін арнайы ұшақтармен көшірді. Халықтың бас көтеруі "Витязь" арнайы әскер жасағының күшімен тоқтатылды. 16 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласының орталық алаңына еңбек дауына байланысты жеті айдан бері ереуілге шыққан Өзенмұнайгаз мекемесінің бұрынғы қызметкерлері мен жергілікті құқық қорғау органдары арасында болған қақтығыс. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан қару қолданылып, оқ атылды. Қаладағы тәртіпсіздіктер коммерциялық нысандар мен мемлекеттік органдардың ғимараттарына ауысты. Полиция оқ қару қолдануы салдарынан ереуілшілер тарапынан көп адам опат болып, көбі жараланды. ## Халық саны Жаңаөзен қаласының және оған іргелес елді мекендердің (Теңге және Қызылсай селоларында, Рахат кентінде) туу көрсеткішінің есебінен жыл басынан бері 4500 адамға өсіп, халқының саны 130 000 адамды немесе облыс бойынша халық санының 22,2 пайызын құрайды. Жаңаөзен қаласының әкімшілік - аумақтық құрамына 2 селолық округ - Теңге (18700 адам) және Қызылсай (3500 адам), сондай ақ 2012 жылы жаңадан құрылған Рахат кенті (30800 адам) кіреді. ## Экономикасы Есепті кезеңде өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданыстағы бағада 141,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 112,4 пайызды құрады.Жаңаөзен қаласының мұнай және газ өндіретін ірі кәсіпорындардың бiрі-"Өзенмұнайгаз" АҚ, "ҚазГӨЗ" ЖШС.2012 жылдың сәйкес кезеңінен мұнай өндіру көлемі 457,4 мың тоннаны құрады немесе 2,9 пайызға көбейді. ## Билік органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала дәрежесіндегі әкімшілік бірліктің басшысы - әкім деп аталады. Әкімді Президент тағайындайды. ## Транспорты Қаладан Солтүстік-Оңтүстік темір жол линиясы басталады (Жаңаөзен - Гызылгая - Берекет - Этрек - Горган бағыты). Қала тұрғындары облыс орталығымен, басқа елді мекендермен автомобиль және темір жолдарымен қатынасады. Жаңаөзеннен Өзен — Атырау — Самара мұнай құбыры, Өзен — Сайөтеш — Бейнеу газ құбыры басталады. Қала Қиғаш — Атырау — Құлсары — Бейнеу — Сайөтеш — Өзен магистралдық су құбыры арқылы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. ## Оқу орындары Қалада 6 колледж бен 1 лицей орналасқан. ### Колледждер: * Маңғыстау облыстық медицина колледжі * Жаңаөзен мұнай мен газ колледжі * "Лингва" тіл мен аударма колледжі * Жаңаөзен политехникалық колледжі * "Каспий" педагогика мен өнеркәсіптік технологиялар колледжі * Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі Лицейлер: * Жаңаөзен кәсіпқой лицейі ## Мәдениет Қалада қалалық мұражай, "Мұнайшы" мәдениет үйі, "Жалын" кинотеатры, "Өнер" МКҚК, кітапханалар бар. Қалаға іргелес Қызылсай мен Теңге селоларында "Шаңырақ" және "Атамұра" мәдениет үйлері бар. ## Қалада қарауға тұрарлық жерлер * Бала мен дельфин скульптурасымен әшекейленген фонтан * Тәуелсіздік алаңы * Қашаған ескерткіші * "Дулыға" алаңы * Мұнайшылар аллеясы * 1989 жылға арналған ескерткіш * Мұнайшыларға арналған ескерткіш ## Дін Қалада және іргелес селоларда қалалық сүнниттік мешіті, Қызылсай мен Теңге селоларының сүнниттік мешіттері жұмыс істеуде. 2016 жылы қаладаға ең ірі "Әбіш-Қожа" мешіті ашылды. ## Спорт ### Спорттық клубтар: "Мұнайшы" футзал клубы футзалдан ҚР әуесқойлар чемпионатында өнер көрсетуде. Спорт үйлері: * Әмин Тұяқов атындағы стадион. * Рахмет Өтесінов атындағы Дене - Шынықтыру Сауықтыру Комплексі. * "Энергетик" Балалар мен Жасөспірімдер Спорт Мектебі. ## Бауырлас қалалар ## Белгілі адамдар Жаңаөзенде тұрған әлде туған: * Рахмет Өтесінов - Қазақ КСР еңбек сіңірген мұнайшысы * Дәуіт Шайхисламов - қазақстандық шоумен,КВН қатысушысы * Алтынай Сапарғалиева - қазақстандық әнші, Супер Старс KZ қатысушысы * Luina - қазақстандық әнші * Ақмарал Кемелханова - қазақстандық әнші * Динара Бақтыбаева- қазақстандық кино актрисасы * Аманкелді Жақау Өтешов - қазақстандық рэп өнерінің ірге тасын қалаушы, әнші, қала белсендісі ## Галерея * * * * * ## Дереккөздер
Қарақия ауданы - Маңғыстау облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Солтүстігінде Маңғыстау, батысында Мұнайлы ауданы, оңтүстігінде Түркіменстанның Балқан уәлаяты, шығысында Өзбекстанның Қарақалпақстан республикасымен шектеседі. 1973 жылы құрылды. 1993 жылға дейін Ералиев ауданы деп аталды. Жер аумағы 64,3 мың км2. Тұрғыны 33,5 мың адам (2014). Аудан құрамындағы 10 елді мекен 2 кенттік, 4 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы – Құрық ауылы. ## Табиғаты Ауданның жер бедері негізінен жазық, солтүстік-шығысы Үстірт аумағында. Мұнда Қазақстандағы теңіз деңгейінен төмен жатқан барлық ойыстар орналасқан. Ауданның батысындағы Ащысор (–39 м) мен Қарақия (–132) ойыстарын Маңғыстау мен Кендірліқиясай үстірттері бөліп жатыр. Қарынжарық ойысы (–70 м) мен Қарашек к-нің қазаншұңқырлары (–21 м) Үстірттің оңтүстік бөлігімен шектеседі. Ауданның ең биік жері Батыс Үстірт кемерлі шыңындағы Қараман шоқысы (340 м). Шығысындағы Үстірт бөлігінің жер бедері төрткілді болып келеді. Батысындағы Каспий теңізі жағалауы жарқабақты. Мұнда Қазақ шығанағы, Кендірлі, Ақсу, Тоқмақ шығанақтары бар. Бұларды кезінде Исан түбегі деп атаған. Мұнда теңіз адының әсерінен пайда болған неше түрлі ғажайып бағаналар, үңгірлер мен қуыстар жиі кездеседі. Қарақия ауданының жер қойнауында мұнай мен газдың, ұлутастың, уранның кендері мол. Маңызды мұнай кен орындарына Жетібай, Өзен, Теңге, т.б. жатады. Олар 20 ғасырдың 60 жылдарынан бері кеңінен пайдаланылып келеді. ### Өсімдік пен жануар әлемі Сор, сортаңды сор, ауданның көтеріңкі келген тұсында қиыршықты сұр, сортаңды сұр топырағында, негізінен жыңғыл, сексеуіл, изен, жүзгін, бұйырғын, т.б. сораң шөптер өскен. Ауданда емдік шипалы өсімдіктер көптеп кездеседі. Олар: ерқұны, жалбыз, киікоты, жантақ, жусан, адыраспан, т.б. Жабайы аңдардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, шиебөрі, күзен, ақбөкен, арқар, қарақұйрық, т.б. бар. Ауданда Қаракөл-Қарақия мемлекеттік қорықшасы, Үстірт қорығы орналасқан. Мұнда кеміргіштердің 40, құстардың 100, өсімдіктердің 400 түрі өсіріледі. ### Сулары Жер беті сулары Каспий теңізінің шығыс айдыны мен жазда қарасуларға бөлініп қалатын сортаң сулы өзеншелерден (Қарақия ойысындағы Ащыағар өзені т.б.) және тұзды Қарашек көлінен тұрады. Теңіз жағалауында Александрбай және Қазақ шығанағы орналасқан. Шығанақтан Ада құмқайыры арқылы Кендірлі шығанағы бөлінеді. ## Климаты Қарақия ауданының климаты континенттік. Каспий теңізі тек ауданның жағалық өңірі климатына ғана әсері бар. Аудандағы қаңтар айының орташа температурасы –7С, шілдеде 26С. Қыста қар жамылғысы жұқа және ұзақ жатпайды. Жауын-шашын тым аз, жылдық орташа мөлшері 75 – 100 мм. Жыл бойы желді болып тұрады. ## Халқы Халық өте сирек қоныстанған. Әр 1 км2-ге шаққанда 0,4 адамнан, ал облысы маңызы бар Жаңаөзен қаласы, Жетібай, Мұнайшы кенттері орналасқан аймақта 4,6 адамнан келеді. Ауыл тұрғындары 8 елді мекенде ғана шоғырланған. Ірі елді мекендері: Құрық а. (7,2 мың адам), Жетібай (9,1), Мұнайшы (3,6) кенттері және Бостан (1,4), Сенек (1,8) ауылдары. 2019 жылдың 1 қаңтарына ауданның халық саны 37 мың адам. ## Экономикасы Қарақия ауданының бір ерекшелігі – мұнда егістік пен шабындық жерлердің болмауы. ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 498,8 мың га. Жерінің басым көпшілігі (80%-ға жуығы) жайылымнан тұрады. Осыған байланысты аудан ауыл шаруашылық бағытында негізінен төрт түлік мал өсіруге маманданған. 1995 жылға дейін Қарақия ауданында қаракөл қойын өсіретін 2 кеңшар (Қарақұдық және Ералиев атындағы), Құланды жылқы зауыты және Қызылөзен түйе кеңшары жұмыс істеген. 1996 жылдан бастап олардың негізінде шаруа қожалықтары құрылды. Одан басқа ауданда мұнай-газ барлау экспедицияициясы, құрылыс-монтаж кәсіпорны, материалдық жабдықтау базасы, автобаза, бірнеше байланыс бөлімшелері, т.б. жұмыс істейді. Мұнда «Тасболатойл корпорейшн», «Ер-Сай», «Упетром Посерко» атты шетелдік компаниялар жұмыс істеп аудан халқын жұмыспен қамтып отыр. ## Инфрақұрылымы Білім беру саласы бойынша ауданда 13 орта, 5 бастауыш, 1 жұмысшы жастар мектебі, өнер мектебі, балалар мен жасөспірімдер мектебі бар. Денсаулық саласында ауданы аурухана мен емхана, өкпе және жұқпалы аурулар ауруханасы, 4 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 2 фельдш. пункт және ауданы сан-эпидемиол. ст., 3 фельдш.-акушерлік пункт, минералдық ыстық сумен емдейтін орын, т.б. мекемелер бар. Ауданаралық жол қатынасы, негізінен республикалық және халықар. маңызы бар Құрық – Ақтау – Жаңаөзен, Жаңаөзен – Марата (Түрікменстан), сондай-ақ Ақтау – Жаңаөзен т. жылы арқылы іске асырылады. Аудан аумағында Бекет ата, Шопан ата жер асты мешіттері орналасқан. ## Әкімшілік бөлінісі Аудан құрамындағы 7 ауылдық округке 8 елді мекен біріктірілген: ## Әкімдері * Әділбек Дауылбаев 2009-2017 * Қыдырберді Беков 2018-2023 * Сымбат Төретаев 2023- ## Дереккөздер
Түпқараған ауданы – Маңғыстау облысының батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Шығысында Маңғыстау, оңтүстігінде Мұнайлы ауданымен шектеседі. Аудан Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Орталығы – Форт-Шевченко қаласы. Жер аумағы 8,1 мың км2. Аудандағы 6 елді мекен 1 қалалық әкімдікке және 5 ауылдық округке біріктірілген. ## Тарихы 1963 жылға дейін Шевченко ауданы, 1972 – 1992 жылдары Форт-Шевченко қалалық кеңесі аумағы болды. 1992 жылы 6 шілдеде Түпқараған ауданы құрылды. Аудан құрамына Форт-Шевченко қалалық кеңесіне қарасты Форт-Шевченко қаласы, Баутино кенті және Ақшұқыр, Қызылөзен, Таушық ауылдық кеңестері енді. 2010 жылы Сайын Шапағатов ауылдық округі құрылды. ## Табиғаты Екі бөліктен тұратын аудан Каспий теңізінің шығысындағы Түпқараған түбегін, Маңғыстау үстіртінің теңіз жағалауы бойын және Бозащы түбегінің батыс бөлігін алып жатыр. Сонымен қатар аудан аумағына Каспий теңізіндегі Құлалы, Морской, Подгорный, Долгий, Рыбный, Новый, Түлен (Итбалық) аралдары да кіреді. Ауданның солтүстік бөлігі (Бозащы түбегі өңірі) теңіз деңгейінен –26,5 м төмен орналасса, Түпқараған түбегінің шығысында абсолютті биіктігі 289 м-ге (Батыс Қаратау таулары) жетеді. Жалпы ауданның орталық бөлігі көтеріңкі келген. Мұнда Ақтау, Қаратау жоталарының батыс сілемдері жатыр. Солтүстігінде (Бозащы түбегінде) теңіз деңгейінен төмен жатқан Үлкенсор соры, қиыр оңтүстігінде Ащысор ойысы (–38 м), теңіз жағалауына жақын жерде Қаракөл соры жатыр. Теңіз жағалаулары аса тілімделмеген. Мұнда Маңғыстау шығанағы (ол шағын келген Қошақ және Сарытас шығанақтарынан тұрады), Жығылған, Багарджик, Түпқараған, Урдюк, Сағындық мүйістері орналасқан. Түпқараған түбегінің тауаралық аңғарларында көптеген тұщы бұлақтар (Көкбұлақ, Қала, т.б.) мен құдықтар (Аққұдық, Борлы, Қыстық, Тұщықұдық, Шыңырау, Жамбауыл, Торты, Аташа, т.б.), қыстаулар (Қызылсор, Сарытөбе, Ортаның құмы, Сарытас, т.б.) кездеседі. Ауданның орталық бөлігі юра және бор кезеңдерінің құмтас, әктас жыныстарынан түзілген. Шығысының аласа таулы өңірі триас кезеңінің қатпарлы жыныстарынан тұрады. Түпқараған ауылы кен байлықтарына бай. Мұнда әсіресе, мұнай, газ кен орындары көп. Олардың негізгілері: Солтүстік Бозащы, Солтүстік Қаражанбас, Жалғызтөбе, Қаламқас, т.б. кен орны. Бұлардан басқа тас көмір (Таушық ауылы маңында), темір, фосфорит т.б. кен орындары барланған. ### Климаты Ауданның батысы Каспий теңізі жағалауымен шектескенмен теңіздің жағалауға ықпалы шамалы. Ауданның оңтүстік және шығысында қыс қатаңырақаласы Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –8 – 10°С, шілдеде 28 – 30°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 180 – 220 мм. Қар жамылғысы ұзақ жатпайды және оның қалыңдығы 10 см-ден аспайды. Түпқараған ауданында жел 7 ай бойы тұрақты соғып тұрады, орташа жылдамдығы 8,0 м/с. Жазда құрлықтан теңізге қарай соғатын жел басым. Топырақ жамылғысынан құмдақты қиыршық тасты сұр топырақ, шалшықты-батпақты келген солтүстігінде сор топырақ қалыптасқан. Шығыс, оңтүстік-шығысында қиыршықты-құмдақты сұр топырақ дамыған. Өсімдік жамылғысында бұйырғын, жусан, т.б. сораң шөптер басым. Ауданның солтүстігінде Бозащы артезиан алабы жатыр. ## Халқы Тұрғыны 23,9 мың адам (2014). Аудан халқының басым бөлігін қазақтар (98,5%) құрайды. Орыс 0,9%, қалғаны 0,6%. Халықтың 1 км2-ге шаққандағы орташа тығыздығы 1,5 адам. Ірі елді мекендері: Форт-Шевченко қаласы (5,4 мың адам), Баутин (3,7), Ақшұқыр (4,3), Таушық (2,6), Қызылөзен (1,0). 2016 жылға қарай Түпқараған ауданының және оған іргелес елді мекендердің (Форт-Шевченко қаласы, Баутин, Қызылөзен, Таушық, Ақшұқыр ауылдары және Сайын Шапағатов ауылдық округі) туу көрсеткішінің есебінен жыл басынан бері 4,2 % адамға өсіп, халқының саны 25874 адамды құрады. ## Әкімшілік бөлінісі Аудан аумағындағы 6 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 5 ауылдық округке біріктірілген: ## Аудан әкімдері * Тарас Хитуов 2003-2004 * Серікбай Тұрымов 2004-2006 * Серікбай Тұрымов 2008-2012 * Темірбек Асауов 2012-2018 * Айдос Хамиев 2018-2020 * Айбек Қосуақов 2020-2022 * Рахат Елтизаров 2022- ## Өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы Ауданда 1996 жылға дейін түйе және қаракөл қойын өсіретін 2 кеңшар, ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы, теңіз порты, балық тоңазыту кәсіпорны, т.б. шаруашылық нысандары болған. 1993 жылдан бастап олар жекешелендіре бастады. Қазір Түпқараған ауданында ауыл шаруашылығы бағытында 3 ӨК, 6 ЖШС, «Таушық», «Жайлау», «Қарағантүбек» шаруашылықтары жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 947,3 мың га, оның ішінде жыртылатын жер 0,16 мың га, жайылымы 944,5 мың га. Ауданда 2006 жылдың басында 56,4 мың бас қой мен ешкі, 5,65 мың бас түйе, 4,8 мың бас жылқы, 1,1 мың бас сиыр болды. 2005 жылы 71,3 т жүн, 1162,2 т ет, 466,8 т сүт, 2,4 мың дана қаракөл елтірісі дайындалды. Түпқараған ауданында бірнеше шағын өнеркәсіп орны бар. Олар: «Түпқараған» балшық-бетон дайындау зауытыты, «АТК» және «Азимут» тас өндіру ЖШС-тері; Баутин жүк тасымалдау порты, суды тұщыландыратын «Баута» АҚ, т.б. Бұлардан басқа мұнай мен газ өндіру бағытында бірнеше шетелдік компаниялардың базалары мен бөлімшелері орналасқан. Есепті кезеңде өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданыстағы бағада 174,1 млрд.теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 98,7 % құрады. 2015 жылғы қаңтар – маусымда өнеркәсіп кәсіпорындары 174,1 млрд. теңге, оның ішінде кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі салаларында 172,8 млрд.тенге және 740,1 млн.теңге, электрмен жабдықтау, газ, бу, ауа баптау 152,6 млн. теңге және сумен жабдықтауда 449,7 млн.теңге өнім өндірді. Есепті кезеңде Түпқараған ауданы кәсіпорындары 2327,2 млн. тонна мұнай өндірді (2014ж. сәйкес кезеңіне 102,8 %), яғни бұл облыс деңгейінің 25,4 % құрады. ## Инфраструктурасы Ауданның білім беру саласында 6 мектеп, 2 балабақша, Ақтау политехникалық колледжінің бөлімшесі, мәдениет мекемелерінен мәдениет үйі және 5 клуб, Емдеу мекемелерінен 5 аурухана және 4 фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді. ## Қарауға тұрарлық жерлер Форт-Шевченко қаласында Т.Шевченко және Мұрын жырау атындағы ұлттық-этнографиядық мұражайлар, мешіттер (Ақкетік, т.б.) жұмыс істейді. Аудан аумағында тарихи-археология және табиғат ескерткіштерінің жалпы саны 63. Олардың қатарында «Қызыларбат», Қарлыбас қорғаны, Сақақұдық, «Мерет», Қима тас жолы, ортағасырлық «Діңгілтас», «Қарағашты әулие», «Ақшора – Белтұран» зираттары, «Кентті баба», «Сұлтан епе», т.б. бар. ## Дереккөздер
Маңғыстау ауданы — Маңғыстау облысының орталығында орналасқан әкімшілік бөлік. Солтүстігінде Бейнеу, батысында Түпқараған, Мұнайлы аудандары, оңтүстігінде Қарақия ауданы, шығысында Өзбекстанның Қарақалпақстан республикасымен шектеседі. 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы - Шетпе ауылы. Ақтаудан Шетпеге дейінгі ара қашықтық – 159 км, аудан көлемі 47,9 мың шаршы км-ге тең. ## Тарихы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1928 жылдың 3 қыркүйегіндегі «Қазақ Автономиялық АССР-да аудандандыру туралы» №743 қаулысы бойынша құрамында 6 ауданы бар орталығы Ойыл селосы болатын Адай округі құрылды. Осы алты ауданның бірі – орталығы Форт Александровск қаласы болатын Маңғыстау ауданы. Осы кезден бастап бұл күн Маңғыстау ауданының құрылған күні деп аталып келеді (ҚР ОММ, 29.01.2008 жылғы №05-10/19 хаты негізінде). Жаңа құрылған ауданның алғашқы ұйымдастыру бюросының төрағасы болып Қойсары Сарғожаев сайланды. Кейін 1929 жылы Мақанов жұмыс атқарды. 1931 жылы Беркімбаев, 1930, 1932-1934 жылға дейін аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы С.Жиенбаев, одан кейінгі 1935-1938 жылдары аралығында төраға болып Әлиев, Чапаев, Төралиевтер жұмыс жасады. Ал партиялық басшылық жұмыстарында 1928 жылы Сағындықов, 1929 жылы Тастайбеков, 1930-1932 ж.ж. Баймұханбетов, 1933 жылы Сүйінұлы, 1934-1937 ж.ж. Д.Хангереев, 1937 жылы Өтепбергенов, одан кейін Ғ.Жұмағалиевтер қызметтер атқарды. Жергілікті халықтың сұрауы және аудан шаруашылықтарының шашыраңқы орналасуы ескеріліп, әкімшілік басқару жүйелерін жетілдіру мақсатымен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1939 жылдың 16 қазанындағы Жарлығымен бұрынғы Маңғыстау ауданы Гурьев облысына қарасты екі ауданға – Маңғыстау (орталығы Жыңғылды селосы) және Шевченко (орталығы Форт Александровск қаласы) аудандарына бөлінген. Жаңа құрылған ауданның орталығы табиғаты жайлы, көк желекке бөленген, Қаратаудың ол кездегі сулары кез келген жерінен шығып жатқан Жыңғылды селосы болып белгіленгенімен, онда көзге ілінетіндей мәдени тұрғыдан бірде-бір ғимарат жоқ болатын. Жергілікті тұрғындардың көпшілігі жерден қазылған үйлерде тұрды. Балшықтан салынған мектеп үйі, аздаған ғана тұрғын үйлер, жаңа ғана бой көтере бастаған тағы да басқа құрылыс нысандары бар шағын елді мекен. Аудан орталығы Жыңғылды селосында болды делінгенімен кейіннен табылған құжаттарда көрсетілгендей, заңды түрде аудан орталығын кезінде 1940 жылдың 4 сәуіріндегі Еңбекшілер депутаттары Гурьев облыстық Кеңес атқару комитетінің шешімі бойынша Таушық поселкесінің солтүстігіндегі 4-5 шақырым «Доллопо» жері таңдалған. Сонымен аудан орталығы 1939 жылдың аяғынан 1941 жылдың басына дейін кейбір құжаттар жүзінде Жыңғылды болды. 1941 жылы жаңадан салынған «Социалистік қалашықтағы» (Соцгородок деп аталды) ғимараттарға барлық әкімшіліктер келе бастады да, ресми түрде аудан орталығы Таушық поселкесі болды. 1941 жылдың басында аудан орталығы Таушық поселкесіне толықтай келіп орналасты. Маңғыстау ауданында елуінші жылдардың ортасында қой саны жедел қарқынмен өсірілді. Нәтижесінде, Гурьев облысына – 40 000, Ақтөбе облысына – 70 000 қой сатылса, Ресейдің Орск қаласына жыл сайын 40-50 мың қой етке тапсырылып отырған. Сол жылдары Маңғыстау ауданы мал басы саны мен оның өнімін өндіруде облыс бойынша бірінші орында болды. Ауданда жылқы шаруашылығын дамыту, оның ішінде «Адай» жылқысын асылдандыру да сол жылдары алғаш қолға алынған болатын. 1957 жылы Маңғыстау ауданының әр түрлі сала бойынша республикалық, облыстық дәрежедегі 16 Ауыспалы Қызыл Туға ие болғаны тарих беттерінде жазулы. 1960 жылдардың басында өлкеміздің жаңадан түлеуіне, мұнай-газ кеніштерінің, басқа да байлықтардың ел игілігіне келуіне байланысты «Мақат – Маңғышлақ» темір жолы тартылды. 1966 жылы Маңғыстау ауданының орталық белдеуі болып табылатын Шетпе поселкесі үстімен тартылған темір жолдың пайдалануға берілуіне байланысты аудан орталығы Шетпе поселкесіне көшірілді. Бұл кезде аудан көлемінде 2 поселке, 12 ұжымдық шаруашылық болатын. Бүкіл республика экономикасының күре тамырына қан жүгіртіп отырған «қара алтынның» өлкеміздегі байлығының арқасында өнеркәсіптің сан алуан түрлеріне өзінің локомотивтік рөлін барған сайын айқындай түсті. Соның арқасында елді мекендерге таяу кен орындарына жол тораптары салынды. Электр желілері мен су құбырларының тартылуы көптеген көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызды. Нәтижесінде «Қызылқұм – Қаламқас» су құбырының пайдалануға берілуімен «Тұщықұдық – Шебір – Қызан» елді мекендерінде ауыз су проблемасы 20-30 жыл бойына шешіліп келді. Осы су құбырының сапасыздығы мен барған сайын судың тартыла бастауына байланысты бұл құбырлар жұмысын тоқтатып, «Волга – Өтес – Қаламқас» құбырын пайдалану мүмкіндігіне қол жетті. Аудан аумағынан өндірілуі жеңіл құрылыс материалдарының мол екендігі ескеріліп, 1968 жылы Шетпе жерінен қиыршық тас өндіру зауыты ашылып, жұмысқа кірісті. 1977 жылдың күзінде Қызылтұран ұлутас карьері ашылып, жылына 20-25 мың текше метр құрылыс материалын өндіру жоспарланып, бар мүмкіндігінше жұмыс жасады. Аса құнды құрылыс материалдарының бірі – шебіндік тас зауыты болды. Қ.Мұнатовтың бастамашылығымен «Мырзабек Алтын Тас групп» АҚ өз жұмысын 1997 жылы бастады. Бүкіл акционерлік қоғам мен оның бөлімшелерінде жұмысшы, қызметкерлердің 60 пайыздан астамы жергілікті тұрғындарды құраса, мекеме өз кезегінде аудан бюджетінің көтерілуіне септігін тигізді. Міне, бүгінгі таңда ауданның барлық елді мекендері көгілдір отынмен, электр жарығымен, телефон байланысымен қамтылды. Бірқатар мемлекеттік бағдарламалар аясында көптеген әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша елді мекендерге селоішілік су құбырлары тартылса, «Балапан» бағдарламасы бойынша балабақшалар салынуда. «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша аудан орталығынан муниципалды тұрғын үйлер салынып, пайдалануға берілуде.Сонымен қатар, "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында елді мекендерде иншенерлік-инфрақұрылымдарды жаңалау, жүргізу жұмыстары жақсы қолға алынды. ## Табиғаты Климаты континенттік және қуаң. Қысы біршама суық. Ауаның орташа температурасы қаңтарда –4°С, маусымда 25°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 150 мм. Сор, сортаң сұр және құмдардан тұратын топырақ жамылғысы таралған. Аудан аумағында 50-ден астам құдық пен бұлақ бар (қ. Маңғыстау құдықтары). Жусан, сораң, бұйырғын, еркекшөп, ебелек, жантақ өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, қарақұйрық, ақбөкен, арқар, күзен, қасқалдақ, дуадақ, жыландар, т.б. кездеседі. ## Халқы Халық сирек қоныстанған. Әр 1 км² жерге орта есеппен 6,0 адам, ал шығысында 0,6 адам. Ірі елді мекендері: Шетпе, Тұщықұдық, Жыңғылды, Үштаған, Ақшымырау, Жармыш, Сайөтес, Оңды, Шайыр, Қызан. 2019 жылдың 1 қаңтарына ауданның халық саны 39 мың адам. ## Әкімшілік бөлінісі Аудан құрамындағы 9 ауылдық округ пен 3 ауыл әкімшілігіне 21 елді мекен біріктірілген: ## Аудан әкімдері * Қармыс Боқанов 2010-2012 * Жармағанбет Айтуаров 2012-2019 * Тілек Көшмағанбетов 2019-2022 * Ғалымжан Ниязов 2022- ## Денсаулық сақтау саласы Денсаулық сақтау саласында аудандық орталық аурухана, орталық емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 8 медициналық пункт, Е.Оразақов атындағы Маңғыстау облыстық туберкулезге қарсы санатория халыққа қызмет көрсетеді. Өткен 2014 жылы Жармыш, Шайыр, Шебір, Тұщықұдық селоларынан салынған жаңа дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілсе, 2015 жылы Қызан, Жыңғылды, Ұштаған селоларынан жаңа дәрігерлік амбулаториялар салынып, пайдалануға берілді. ## Білім беру саласы Ауданда 18 мемлекеттік, 4 жекеменшік бала бақшада, 4 мектеп жанындағы шағын орталықта 1649 бала мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен (80%) қамтылған. Бұдан өзге, Ұштағанда 1 жеке меншік, Жыңғылды селоларында 80 орындық 2 жаңа балабақша жұмыс істейді. 2015-2016 оқу жылын аудан мектептері 7 010 оқушымен бастады. ## Экономикасы Аудан экономикасы ауыл шаруашылығымен айналысады. Жер аумағының 79,0% жайылым. Негізінен қой, түйе және сиыр өсіріледі. 1997 жылға дейін 7 қаракөл қойын өсіретін кеңшар болды. Қазір олардың негізінде 118 шаруа қожалығы құрылған. ## Аудандағы БАҚ Ауданда 1941 жылдан “Жаңа өмір” газеті шығады. ## Транспорты Аудан арқылы Ақтау — Мақат т. ж., Ақтау — Атырау — Жетібай — Шетпе автомобиль жолдары өтеді. ## Дереккөздер
Бейнеу ауданы – Маңғыстау облысының солтүстігіндегі әкімшілік бірлік. Аудан орталығы - Бейнеу ауылы. Аудан көлемі 40,5 мың км2. Ақтаудан Бейнеуге дейінгі арақашықтық - 470 км. ## Тарихы 1973 жылдың 20 наурызы – бүкіл маңғыстаулықтар үшін ақ түйенің қарны жарылып, аспаннан нұр жауған күн. Бұл күні Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақ ССР-інің құрамында Жезқазған және Маңғышлақ облыстарын құру туралы» Жарлығы шықты: Сөйтіп, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Адай округін таратпау жөнінде арпалысып құрбан болған Тобанияз бастаған боздақтардың арманы жүзеге асты. Жарлықтың жариялануымен бірге облыс, аудандарды ұйымдастыру бюролары құрылды. Бейнеу аудандық ұйымдастыру бюросын А. Өтеуов басқарды. Сәуірдің 5-жұлдызында Маңғыстау, Ембі аудандарының осы аумақтағы депутаттары аудандық кеңестің сессиясын өткізіп, аудандық атқару комитетін құрып, оның төрағалығына Дүйсенбі Әріповты сайлады. Ал, 11-сәуірде аудан коммунистерінің бірінші партия конференциясы шақырылып, онда аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына Арон Махуұлы Өтеуов сайланды. 1973 жылдың басында ауданда 17 мың халық тұрды. Маңғыстау мен Қарақұм кеңшарларында 79 мың қой, 2660 жылқы, 2220 түйе болды. «Прорванефть» мұнайгаз өндіру басқармасы сол жылы 1 миллион 255 мың тонна «қара алтын» өндірді. Мал шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында 1973 жылдың желтоқсанында «Сам» кеңшары (директоры Қуаныш Ғалымов), 1983 жылы «Сыңғырлау» (директоры Наурыз Балмұханов) құрылды. Осылайша үш бірдей Кеңестер Одағының батыры М. Бегенов пен Ж. Қалдықараев, Б. Қалиев туып өскен, үш социалистік Еңбек Ері Ж. Мергенбаева, Ә. Махутов, Ө. Құлбатыров, бір Даңқ орденінің толық иегері Б. Ауданбаев және басқа да айтулы азаматтар тер төккен аймақта аудан құрылып, толықтай қалыптасты. Аудан 1981-85 жылдары КОКП Орталық Комитетінің, КСРО Министрлер Кеңесінің, ВЦСПС-тің және БЛКЖО Орталық Комитетінің бүкілодақтық социалистік жарыс қорытындысымен аудандарға берілетін ауыспалы Қызыл Туын бес жыл қатарынан жеңіп алды. Ол ту қазір аудандық мұражайда мәңгілікке сақтаулы. Бүгінде 57700 халық тұратын ауданда Ақжігіт, Сарға, Сыңғырлау, Есет, Тұрыш, Сам, Бейнеу, Боранқұл, Төлеп, Ноғайты, Тәжен ауылдық округтері бар. ## Географиясы Солтүстігінде Атырау облысының Жылыой ауданы, шығысында Ақтөбе облысының Байғанин ауданы, оңтүстік-шығысында Өзбекстанның Қарақалпақстан автономиялы республикасы, оңтүстігінде Маңғыстау ауданымен шектеседі. ## Аудандағы тарихи-мәдени ескерткіштер Заманымыздың кемеңгер тұлғасы, жазушы Әбіш Кекілбаев Бейнеу аймағы туралы былай деген: Бейнеудің екінші қорымында көзі тірісінде елінің жел жақтағы панасы, ық жақтағы саясы бола білген азамат, жаудан елді арашалаған батыр, дауда әділетті арашалаған қазы, озбырлықтан обал мен сауапты арашалаған пірәдар, әлсізге – медет, күштіге – айбат, зарыққанға – жебеу, тарыққанға – демеу, асқанға – тосқан, сасқанға – сая, ұрпаққа – ұстаз, ұлысқа – ұран, ел иесі, жер киесі, Пірдің соңы – Бекет Ата Мырзағұлұлының өз қолымен тұрғызған мешіті бар. «Ұлы жібек жолының» бір тармағы бойында орналасқан ең ежелгі керуенсарайлардың бірі – Білеулі. Ол – бүгінгі Бейнеу ауданының Өзбекстанмен шектесетін шекарасында тұрған тарихи жәдігерлік. Білеуліден әрі қарай өткен жол Қоңыратқа бағыт түзейді де, Бейнеуге қарай бет алған жүз шақырымдай далалық жол белгілі бекет, ескі қорым Құсшыға тіреледі. Құсшыдан алпыс шақырымдай жердегі керуенсарайлардың шоғырланған жері – Белдеулі. Мұнда бірнеше керуенсарайлардың қалдығы бар. Бұл – біздің ата-бабаларымыздың батысында Римнің, шығысында Қытайдың хабарын біліп, өркениеттің бел ортасында отырғанын дәлелдейді. Бейнеу – Ұлы Жібек жолының бойындағы бел жазатын елеулі бекет болған. Дүниежүзі ғалымдарын таңдандырған жаңалық, ол – Тоқсанбай тауынан табылған ең ежелгі қала. Қаланың жер қыртыстары үш қабаттан тұрады. Ең астыңғы қабаты осыдан төрт мың жыл бұрынғы қола дәуіріндегі отырықшы қонысты (қала орнын) дәлелдейді. Бұған дейін мұндай қала орындары Малайзияда (Трон) және Орал тауында (Арқайым, Синташ) ғана табылған-ды. Ал Бейнеу ауданына қарайтын Тоқсанбай тауының үстіндегі қала орны олардан да бұрынғы ежелгі дәуір жәдігері болып шықты. Бұл – Қазақстан, көршілес елдер, тіпті дүниежүзі үшін үлкен жаңалық. Екінші мәдени қабатында біздің эрамызға дейінгі бір мыңыншы, ал үшінші қабатында біздің эрамыздың ІХ-Х ғасырларындағы ортағасырлық сақтар тұрмысын дәлелдейтін материалдар табылған. Алтын орда дәуірінде Алтын ордаға бағынған орыс князьдері Қарақорымдағы Ұлы ханға тағзым етіп, жарлық алуға бару үшін Бейнеу үстімен сапар шегетін болған. Алтын орда астанасы Қарақорым мен Ханбалыққа беттеген керуендердің есебі жоқ болатын. Сол кезде Сарай Берекеден шыққан керуен Үргенішке қырық күнде, ал Сарайшықтан шыққан керуен Үргенішке отыз күнде жететін еді дейді. Бұл керуен сапарының біраз жолы қазіргі Бейнеу ауданы территориясы үстімен өтеді. Аржағы – Киев, Петербор, Мәскеу князьдіктерінен шығатын керуен жолының бір тармағы Хажы – Тархан - Сарай-Берке – Сарайшық – Таскешу – Ақмешіт – Есет – Белдеулі – Тұрыш – Асау – Барақ – Құсшы – Білеулі - Қоңырат арқылы, ал екінші тармағы Сарай-Берке – Сарайшық – Таскешу – Ақмешіт – Жылыой – Қарашүңгіл – Ұшқан – Бейнеу – Сам – Құсшы – Білеулі – Қоңырат арқылы Хиуа асып Үнді, Қытайға дейін кете береді. Осы бекет-керуен сарайлардың Қарашүңгіл, Ұшқаннан Білеуліге дейінгі аралығы бүгінгі Бейнеу ауданының жері. Сол керуен жолының сүрлеуімен дәл қазір теміржол өтеді. ## Экономикасы ### Өндіріс саласы Өндіріс саласында «Қазақтүркмұнай», «КАСКо», «Мейрбуш», «Би Эн Джи», «Люсент Петролеум», «Табынай», «Равнинное Ойл» компаниялары жұмыс жасаса, «Толқыннефтегаз» және «Қазполмунай» серіктестіктерінің активтері «КазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының» «КазМұнайТеңіз» АҚ-ына сенімділікпен басқаруға беріліп, «БейнеуМұнайГаз» кәсіпорны құрылды. Аудан бойынша өткен жылы аудан бойынша 307,1 мың тонна мұнай мен 1,2 млрд. текше метр газ өндірілді, бұл облыстағы мұнайдың 2,1%, газдың 62% құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда мұнай 45,1 мың тоннаға немесе 17,2%-ке көп өндірілсе, газ 18,4 млн. текше метрге немесе 1,5%-ке көп өндірілді. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 15,1 млрд. теңгеге, өнеркәсіп өнімінің көлемі 63,7 млрд. теңгеге жетті. Аудан өндірісінде басым сипат алатын 29 ұлу тас өндіру карьерлерінде, 600-ге жуық адам жұмыс жасайды. Карьерлер 2011 жылы 597,5 мың текше метр ұлу тас өндірді. ### Ауыл шаруашылығы 2011 жылы сиыр 1,2 %-ке, қой мен ешкі 3,6%-ке, жылқы 6,3%-ке, түйе 2,4 %-ке өсті. Қазіргі таңда қолда 4210 бас сиыр, 162112 бас кой мен ешкі, 8840 бас жылқы, 15222 бас түйе бар. Жыл басынан бері 3 фермер қожалығы құрылып, олардың саны 258-ге жетті, бюджетке 4,3 млн. теңге салық төленді. Аудандағы эпизоотиялық шараларға Республикалық бюджеттен 26,7 млн. теңге бөлінді, малдарды бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, 2450 бас ірі қара малы сырғаланып, оларға ветеринариялық паспорт жасақталып, селолық округтер бойынша электрондық базаға енгізілді. Бейнеу селосында «мал қорымының» құрылысы аяқталып, Бейнеу, Сам орман шаруашылығы мекемелерінің әкімшілік ғимараттарының құрылысы жүргізілді. ## Транспорты Мұнай-газ өндірумен қоса мұнай мен газды тасымалдау саласында «ҚазТрансОйл», «ҚазТрансГаз» ұлттық компанияларының құрылымдық басқармалары, оларда мыңға тарта адам жұмыс жасайды. Алдағы жылдары Қазақстанды индустрияландыру картасына енгізілген, жылына 5 млрд. текше метр газ тасымалданатын ұзындығы 1475 шақырымдық, жалпы құны 500 млрд. теңге болатын «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырын салу үшін 1 млрд. доллар көлемінде жарғылық қор құрылды. Жобаны жүзеге асыруға Қазақстан жағынан «Қазтрансгаз» акционерлік қоғамы, ал Қытай жағынан «Транс Эйжа Гэз Пайплайн» компаниясы қатысады. Жарғылық қордың қазақстандық бөлігі республикалық бюджеттен қаржыландырылады, оған қосымша 3 млрд. доллар көлемінде қарыз тартылады. 2012 жылы аяқталатын бірінші кезеңде 1164 шақырымдық «Бозой-Шымкент» учаскесі мен «Бозой компрессорлық стансасы» салынады. Бұдан соң «Бейнеу-Бозой» учаскесі мен «Қараөзек компрессорлық стансасы» іске қосылып, газ құбыры 2015 жылы толықтай пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстарына 3,5 мыңға жуық маман тартылып, құбыр пайдалануға берілген соң 500 тұрақты жұмыс орны пайда болады. Ауданда «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелері жұмыс жасайды. Еліміздегі ірі, әрі перспективалы жобалардың бірі саналатын құны 2,3 млрд. доллар болатын ұзындығы 988 шақырым «Бейнеу-Жезқазған» темір жол желісінің техникалық экономикалық негіздемесі дайын. «Бейнеу-Шалқар» аралығында ұзындығы 471 км., құны 153,5 млрд. теңгені құрайтын теміржол желісі мен ұзындығы 501 км., құны 93,7 млрд. теңгені құрайтын автомобиль жолын салу жуық арада басталады деп күтілуде. 2007 жылы құны 7,6 млрд.теңге болатын 122,6 шақырымдық Бейнеу-Атырау тас жол бағытындағы Боранқұл-Бейнеу тас жолы пайдалануға берілді. 2010 жылы Бейнеу-Ақтау тас жолының құрылысы басталып, оған Премьер-Министр К. Масимов қатысты. ## Білім беру жүйесі Ауданның 26 жалпы білім беретін орта мектебінде 11988 бала оқиды, 1538 педагогикалық қызметкер жұмыс істейді, 20 балабақшада 2043 бүлдіршін тәрбиеленеді. 2011 жылы дарынды оқушылармен жұмыс жасайтын аудандық білім бөлімінің жанынан «Дарын орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ашылды. Бейнеу селосында 140 орындық балабақша пайдалануға берілсе, қазіргі таңда 140 орындық балабақшаның құрылысы, Ақжігітте 100 орындық балабақшаның, Төлепте 17 орындық балабақшаның құрылыстары жүргізілуде. Мектептер спорт залдарымен толықтай қамтылған. Аудан мектептерінде 41 компьютер класы, 372 орындық лингафон, 384 орындық жаңа үлгідегі лингафондық-мультимедия кабинеті, 18 қашықтықтан оқытудың спутниктік қондырғысы, 23 мектепте интернет желісі мен 24 интерактивті тақта, 1085 электрондық оқулық және соңғы үлгідегі 10 химия, 21 биология, 11 физика кабинеттері бар. Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде 7 мамандық бойынша күндізгі бөлімде 504, сырттай бөлімде 363 студент оқиды. Өнер мектебінің жанынан құрылған аула клубының 5 тобында 300 бала тәрбиеленуде. ## Халқы 2019 жылдың 1 қаңтарына ауданның халық саны 69,6 мың адам. ## Әкімшілік бөлінісі Аудан құрамындағы 3 ауылдық округ пен 7 ауыл әкімшілігіне 11 елді мекен біріктірілген: ## Аудан әкімдері * Басшы Әзірханов 1992-2017 * Бейнеубек Әбілов 2017-2023 * Рақымжан Шалбаев 2023- ## Дереккөздер
Жылыой ауданы — Атырау облысының шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы батыр әрі бидің атымен аталған Құлсары қаласы. Жер аумағы 29,4 мың км². Тұрғыны 86,4 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 2,9 адамнан келеді (2023). Алғашқыда Жылқосы (Жилокосинский), кейіннен Ембі ауданы, 1993 жылдан Жылыой ауданы аталған. Облыстар әкімшілікке бөлінбей тұрып бұл мекен "Маңғыстау ойы" аталған. ## Географиясы Солтүстік-шығысында Мақат ауданымен, батысында Атырау қаласымен, шығысында Ақтөбе облысының Байғанин ауданымен, оңтүстігінде Маңғыстау облысының Бейнеу ауданымен шектеседі. Аудан аумағындағы 23 елді мекен, 1 қалалық, 6 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Аудан орталығы – Құлсары қаласы. Аудан жерінің басым бөлігін Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Ақтолағай қырқасы адырлы, шоқылы келеді. Оңтүстік жағында ауданның ең биік жері – Желтау (221 м) тауы орналасқан. Каспий маңы ойпатының беті жазық әрі теңізге қарай еңіс болып келеді. Оның солтүстік жағын сорлар, оңтүстістігін Қарақұм құмы алып жатыр. Аудан жерінің теңіз деңгейінен биіктігі шығыстан батысқа қарай 221 м-ден –26 м-ге дейін аласарады. ## Өзендері мен көлдері Ауданның жер беті сулары Каспий теңізінің шығыс жақ айдынынан, Жем өзені сағасының теңізге жетпей жоғалатын төменгі ағысынан және жазда қарасуларға бөлініп қалатын Жақсы Қарасай, Жаман Қарасай өзендері мен Бартылдақты, Маше, Ақкөл, Бейбіт, Қамыскөл, т.б. тұзды көлдерден тұрады. Ауданның теңізге жақын бөлігінде сор топырақ, басқа жағында сортаңды қоңыр құм, құмдақ және саздақ топырақ тараған. ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 10 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік әкімдік пен 5 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Халқы ## Жылыой ауданының қысқаша тарихы Жылыой ауданы 1928 жылы 6 мамырда Қазақ Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен құрылған. Ауданның қазіргі аумағында Кеңес өкіметі орнағанға дейін Орал губерниясының Гурьев уезіне қараған бірнеше болысы болған. Осы өңірді мекендеген ел Орынборға дейін жаз жайлауға көшіп барып жүрген. Бірақ 1868 ж. патша үкіметінің әкімшілік реформасы, губерниялар мен ояздардың (уездердің) құрылуы халықты ол мүмкіндіктен айырды. Ол кезде 200 үй бір болысқа бірігетін еді. Егер үй саны 200-ден кем болса, ол басқа болысқа қосылып отырған. Казақстан мұнайы тарихындағы бірінші мұнай бұрқағы 1899 Аққұдық аулынан солт.-батысқа қарай 12 км жердегі Қарашүңгіл ұңғысынан атқылады. 1922 ж. Кеңестердің Гурьев уездік съезі құжаттарында Жылыой ауданы туралы сөз айтылады. Сол жылдарда ауданда Ақбас, Жаршық, Жылыой, Карабайлы, Қарашығыр болыстары болған. Аудан аз уақыттан кейін таратылады да, болыстар оязға тікелей бағынады. 1928 жылғы 6 мамырда Қазақстан Орталық Атқару Комитетінін (КазЦИК) 3- сессиясы құрамына Ембі, Ембі—Атырау, Ақжал болыстары кірген Жылқосы (Жило-Косинский) ауданын құру туралы Президиумның қаулысын бекітеді. Аудан орталығы 1938 жылға дейін Жылыой (Қаңбақты, 1873 ж. іргесі қаланған) кенті, 1938-1954 жж. аудан орталығы Қосшағыл кенті болды. 1954 жылы аудан орталығы Құлсары кентіне көшірілді. Сол кезде ауданда тұрған 21261 адам (1928) негізінен мал шаруашылығымен шұғылданды. Жылыойда балық кәсіпшілігі болды. Кейін 4 балық ұжымшары құрылады. 1928 ж. жұтта мал саны өте азайып кетеді; бірақ тез өскен мал басы 1932 ж. 18 250-ге (оның ішінде 2083 жылқы, 4366 сиыр малы, 5259 қой, 6373 түйе), ал 1940 ж. тек қойдың өзі 50 мыңға жетеді. 30-жылдары ауданда мұнай барлау жұмысы кең көлемде жүргізіліп, 1935 ж. Қосшағыл мұнай кеніші пайдалануға беріліп, аудан өнеркәсіптік дамуға бағыт алды. XX ғасырдың 50-90 жылдары аудан экономикасы қарқынды дамыды. Мұнай өндіру күрт өсті. Оған Мұнайлы (1948), Қаратон (1949), Кәкімбет (1955), Тереңөзек (1956), Төлес (1958), Тәжіғали (1960), Прорва (1962), Қараарна (1974) мұнай кеніштерінің берілуі ықпал етті. 1954 жылы аудан орталығы Құлсары кентіне көшірілді. 80-жылдардың ортасынан бастап бірегей Теңіз кенішін игеру жұмыстары кеңінен жүргізілді. 60-80 жылдар аралығында «Құлсарымұнайгаз», «Прорвамұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары, «Оңтүстік мұнай барлау канторы», Ұңғыларды күрделі жөндеу канторы мұнай зерттеу, өндірумен шұғылданса, Теңіз кенішін игеруге байланысты «Теңізмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы пайда болды. 80-90 жылдары 3 өндірістік бірлестік («Теңізмұнайгаз», «Теңізмұнайгазқұрылыс», «Теңізэнергоқұрылыс»), 13 трест, ондаған басқармалар жұмыс істеді. Еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге бұл мекемелердің көпшілігін қаржыландыру тоқтатылып, кейін 1993 жылы қазақ-американ біріккен «Теңізшевройл» кәсіпорны құрылды. ## Климаты Ауданның климаты континенттік, қысы біршама жылы, жазы ыстық. Ауаның орташа температурасы қаңтарда –8,8°С, шілдеде 25,8°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 140 – 150 мм аралығында. Желді күндер басым келеді, жазда жел көбінесе батыстан, қыста солтүстік-шығыстан соғады. Климаты қуаң, континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы теңіз жағалауында -8 градус, солтүстігінде -14, кейде -30 градус дейін аязды күндер болады. Шілденің орташа температурасы +22-24 градус аралығында. Жауын-шашынның орташа мөлшері 150-200 мм, ал булану мөлшері 1000 мм-ге жуық. Жер рельефінің ерекшелігі – оның ойпатты, жазық болуында. Жер бетінің биіктігі теңізге қарай көлбейлене, кеми береді. ## Өсімдіктер пен жануарлар дүниесі Аудан көлемі негізінен шөл-шөлейт зонасына жататындықтан ылғалы аз, жері ащы, сорлы жерлерге тән өсімдіктер өседі. Негізгі аймақта өсетін өсімдіктер -жусан және жусан тұқымдастары, сорлы, ащы жерлерде өсетін бұйырғын, ебелек, көкпек, жантақ, итсигек, адыраспан, құмды жерлдерде –еркек шөп, шағыр, қияқ т.б.өседі.Қыратты, үстіртті жерлерде жусаннан басқа изен, теріскен, баз, селеу т.б.аралас шығады. Көктемде ылғалды жылдары мортық, қоңырбас, сіңбірік, мысыққұйрық т.б.шөптер шығады.Көлдерде, су шайған жерлерде қоға, қамыс, бидайық т.б.шабындық шөптер өседі. Каспий теңізіне жақын жерлерде мырзасораң, балықкөз, дәнді қара, қаңбақ, түйеқарын сияқты ащы шөптер өседі. Аудан аймағындағы жануарлар дүниесінде негізінен кемірушілер мен бауырмен жорғалаушылардың үлесі басым. Аудан көлемінде мұнай-газ кендерінің қарқынды игерілуінің нәтижесінде жануарлар дүниесінің таралу кеңістігі жылдан-жылға тарылуда, түрі, саны азаюда, киік, қарақұйрық, қабан сияқты ірі түрлері жойылуға жақын.Аудан жерінде кездесетін негізгі жануарлар: қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, күзен т.б., құстардан қаз, үйрек, аққу т.б. ## Пайдалы қазбалары Жылыой ауданы – Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіретін аудан. Мұнда мұнай өндіру өнеркәсібі тұңғыш рет 1899 жылы Қарашүңгіл деп аталатын қоныстағы №7 ұңғымадан Қазақстандағы тұңғыш мұнай атқылауы басталды. Қазір мұнай (және газ) Теңіз, Құлсары, Прорва, Королев, Сарықамыс, Қаратон кендерінен өндіріледі. Теңіз кенінде мұнай мен газ өңдейтін өте ірі мұнай-газ өңдеу зауыты жұмыс істейді. Басты кен байлығы – мұнай мен газ. Аудан жерінің қойнауында 40-қа жуық көмірсутек кен орындары бар және олардың жалпы қоры (2,5 млрд т) бойынша республикада 1-орын алады. Ең ірі кен орындары: Теңіз, Қырықмылтық, Королев, Прорва, Қаратон, Ақінген, Сарықамыс және Каспий теңізіндегі Шығыс Қашаған. ## Жол қатынастары Аудан жерімен Мақат – Құлсары – Бейнеу темір жолы, Атырау – Қосшағыл – Сарықамыс және Мақат – Құлсары – Қосшағыл автомобиль жолдары, Құлсары – Прорва – Сарықамыс, Сарықамыс – Теңіз мұнай құбырлары, Бұхара – Орталық газ құбыры, Өзен – Атырау – Самара мұнай құбыры өтеді. Елді мекендер мен шаруашылық салаларын сумен қамтамасыз етуде Мақат – Қосшағыл, Қосшағыл – Қаратон – Сарықамыс, Құлсары – Прорва, Қосшағыл-Мұнайлы су құбырлары мен Қиғаш – Атырау – Құлсары – Өзен магистральдық су құбырының маңызы зор.Кең көлемде жол қатынасы жүйесінде Құлсары темір жол станциясы, №11 жол дистанциясы, 2 сигнал және байланыс дистанциясы, Орта Азиядан, Теңіз кенішінен келетін газды жөнелтетін Құлсары компрессор станциясы (ЛПУ), Өзен - Атырау - Самара мұнай құбырын айдайтын Құлсары мұнай құбырлары басқармасы, «Теңізавтокөлік», «Казпетротранс» ЖШС қызмет етеді. Аудан жерінен Атырау-Маңғыстау темір жолы, Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолы өтеді. ## Ауыл шаруашылығы және өндірісі Ауыл шаруашылығына жарамды жері 2,21 млн га, оның ішінде тың жер 2,2 мың га, егістігі 534 га, шабындығы 17,1 мың га, жайылымы 2,18 млн га. Ауыл шаруашылығымен айналысатын 244 шаруа қожалығы және «Жаңа таң» ЖШС бар. Аудан бойынша барлық шаруашылықтарда 15819 мүйізді ірі қара, 87138 бас қой-ешкі, 5132 бас жылқы, 7654 бас түйе, 3492 дана құс өсіріледі. Өндірісі негізінен: мұнай және газ өндіру саласы. 2009 жылдың 1-ші қаңтарындағы есеп бойынша аудан жылына 19028,8 мың тонна мұнай, 8995,6 млн.куб.м газ өндіреді. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы аудандағы ірі кәсіпорындарға «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ, «Бақай» корпорациясы, «НСС» ЖШС, «Теңізмұнайқұрылыс» ЖШС, «КОССК» ЖШС, «Атырау-Жарық» ЖШС, «Казкомсервис», «АБТ-ЛТД», «Мако», «Транс», «Олжа» ЖШС-тері т.б. жатады.Ауданда 4354 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 549-і заңды тұлғалар, 244-і шаруа қожалықтары, 3561-і жеке кәсіпкерлер. ## Әлеуметтік нысандары Бүгінде 21 мектеп, 5 балабақша, Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі, Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі, 2 балалар мен жасөспірімдер мектебі, 1 өнер, 2 саз мектебі, 1 жас техниктер станциясы, 3 аурухана, 2 емхана, 1 аудандық өлкетану мұражайы, орталықтанған кітапхана мен 16 бөлімшесі, «Мереке» кинотеатры, 2 мұнайшылар клубы қызмет етеді. Бұқаралық ақпарат құралдары әртүрлі атпен 1933 жылдан бері шығатын «Кең Жылыой», 2002 жылдан апталық «Көкжиек-Горизонт», 2003 жылдан «Құлсары» газеттері шығады. ## Аудан көлеміндегі мешіттер Құлсары кентінің мешіті. Мешіт аумағы үшін 666 шаршы метр жер бөлініп, 1995 жылы салынып, пайдалануға берілген және сол жылдың 4 наурызында тіркеуден өткен. 9 бөлмеден тұрады. Орталық жылу жүйесі арқылы жылытылады және орталық газ жүйесіне қосылған. Ауыз су мен дәрет алып жуынатын су үшін шарбақ ішіне құдық орналастырған, оған қажет кезінде машинамен су құйылып тұрылады. "Ақ мешіт" мешіті. — Құлсары қаласынан солтүстік шығысқа қарай, Ақкиізтоғай ауылдық округінің аумағына орналасқан. Ол белгілі "Пір Бекет" атанған Бекет атаның туған жеріне 1998 жылы салынған. Ол жерде Бекет атаның ата-анасының бейіті бар. Мешіт киіз үй тәрізді, бір-бірімен жалғаса және іштен қатынайтын үш күмбезден тұрады. "Ақ мешіт" әуелде қоғамдық ұйым ретінде тіркеуден өтіп, оны Бекет Атаның ұрпағы Мырзабеков Ислам басқарған. Ол қоғамдық ұйым осы мешіттің салынуына, мешіт басына су, газ құбырларының жеткізілуіне аса көп еңбек сіңірді. Бекет Ата мешітіне келушілерге өз қаржысына түнек үйін салды. "Ақ мешіт" 2001 жылдың 18 қазанында Қазақстан мұсылмандары Діни Бірлестігінің филиалы ретінде мемлекетгік тіркеуден өтті. Қосшағыл кентінің мешіті. — Құлсары қаласының оңтүстігінде 40 шақырым қашықтықтағы Қосшағыл кентінде орналасқан. Мешіт үшін 1998 жылы орталық дүкен үйі беріліп, үстіне күмбез орнатылып, мешітке лайықтап жабылған. Сұйық отын арқылы бір орталықтан жылытылатын жүйесі бар. Ауыз су құятын құдығы бар. 2001 жылдың 14 қарашасында мемлекеттік тіркеуден өтті. Мешітке жұма намазына 20-30 адам, діни мейрамдарда 60-70 адам жиналады. Теңіз вахталық кентіндегі мешіт. — "Теңізшевройл" біріккен кәсіпорынының вахталық кентіндегі жатақхананың екі бөлмесінде орналасқан. Жылу және жарықпен басқа бөлмелермен бірдей пайдаланады. Кәсіпорындағы қызметкерлер мен жұмысшылар вахтада 28 күн болып, вахта біткен соң сонша уақыт үйінде демалады. Сол уақытта мешітке келіп, діни қажеттілігін қанағаттандырады. Қапан кажы мешіті. — Шоқпартоғай ауылында орналасқан. 2002 жылы шілде айында ашылған. Жалпы ауданы — 120 шаршы метр. Ол осы ауыл тұрғыны руы таз- жиен шарға, қажы Қапан Балжігіт ұлының жеке қаражатына салынған. Жобасын құрылысшы-инженер Балжігіт Қайыржан Қапанұлы жасады. Құрылысқа жергілікті ұлутас және қызыл тас пайдаланылды. Күмбезі көк мозайкалық әйнек плиткаларымен қапталған. Мешіттің сыртын өрнектеп, өрлеген бас шебер өзбекстандық Сұлтан Абдуллаев. Бұған қоса жұмысты "Ғимарат" ЖШС-і құрылысшылары орындады. Оларға бас директордың орынбасары Сүйеу Мұханғалиев, учаске бастығы Айшөрек Күмісова жетекшілік етті. Мешіт жанынан балаларды діни сауаттандыру тобы ашылды. Қазір 50 бала оқиды, оның 16- сы қыз бала. Тұрғызба мешіті. — Құлсары қаласынан 18 шақырым қашықтықтағы Тұрғызба елді-мекенінде орналасқан. Мешіт құрылысы Еңсеген тегі Төлеубайұлы Саматтың жеке қаржысына 2002 жылғы қыркүйекте салынған. ## Аудан әкімдері * Бақтығали Түсіпқалиев — 1991-1993 жж. * Меңдіғали Саппаев — 1993-1994 жж. * Мақсот Қилыбаев — 1994 ж. * Төкен Жұмағұлов — 1994-1998 жж. * Рзабек Артығалиев — 1998-2001 жж. * Асқар Бисенов — 2001-2002 жж. * Нұртас Мұхтаров — 2002-2005 жж. * Сәлімжан Нақпаев — 2005-2006 жж. * Сәрсенбай Еңсегенов — 2006 ж. * Асхат Бекенов — 2006-2007 жж. * Саламат Дүйсенғалиев — 2007-2009 жж. * Рахметолла Нұғыманов — 2009-2012 жж. * Мақсым Ізбасов — 2012-2017 жж. * Әлимұхаммед Құттымұратұлы — 2017-2018 жж. * Азамат Бекет — 2018-2020 жж. * Халел Жамалов — 2020-2022 жж. * Жұмабек Қаражанов — 2022 ж. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Жылыой ауданы Мұрағатталған 25 маусымның 2013 жылы.
Жуалы ауданы – Жамбыл облысының оңтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 4,2 мың км². Орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылы. ## Географиялық орны Солтүстігінде Талас ауданымен, шығысында Жамбыл ауданымен, батысында Түркістан облысының Бәйдібек, Төле би, Түлкібас аудандарымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі. Жуалы ауданы Теріс (Асы) өзенінің жоғары және орта ағысында, жерінің басым бөлігін Жуалы таулы үстірті (биіктігі орталығында 900 м, шет жақтарында 1200 м) алып жатыр. Солтүстігі мен солтүстік-шығысын Қаратау жотасы, батысы мен оңтүстік-батысынан Боралдай тауы, оңтүстігінен Талас Алатауы қоршайды. Ауданның солтүстігінде Билікөл қазаншұңқыры (абсолютті биіктігі 450 м) орналасқан. Кен байлықтарынан тас көмір, құрылыс материалдары кездеседі. ## Халқы Тұрғыны 52 169 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (90,01%), орыстар (6,13%), басқалары (3,87%). Халықтың өзгеру динамикасы ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 49 елді мекен 14 ауылдық округке біріктірілген: ## Климаты Таулы үстірттің климаты қоңыржай континенттік, қаңтардың орташа температурасы –2°С, шілдеде 18°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм шамасында. Климат жағдайлары дәнді дақылдар мен кейбір техникалық (күнбағыс) дақылдарды егуге қолайлы. Ауданның солтүстігінде климат тым континенттік және құрғақ. Қаңтарда –8°С, шілдеде 24°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 200 мм. ## Табиғаты Басты өзені – Теріс (төмен жағы Асы деп аталады), оның ең ірі саласы – Шақпақ өзені. Ауданның солтүстік-батысынан Қошқар ата (Боралдайдың саласы) өзені ағып өтеді. Теріс өзенінде Терісащыбұлақ бөгені салынған (көлемі 50 млн. м³). Ауданның таулы үстіртінің сұр топырағында жусан, астық тұқымдас өсімдіктер, боз, селеу, қызғылт қоңыр топырағында түрлі шөптер, бидайық аралас өсімдіктер өседі. Өзен бойларында бұталы тоғайлар (тобылғы, итмұрын, долана, сарыағаш) кездеседі. Тау аңғарларында жабайы алма, алмұрт, үйеңкі, шетен өседі. Ауданның оңтүстік бөлігіндегі Талас Алатауының беткейлері – альпілік және субальпілік шалғын. Бұл өңір Ақсу-Жабағылы қорығының солтүстік бөлігі саналады. Солтүстігіндегі Билікөл қазаншұңқырының сұр топырағында жусан, сораң өсімдіктер, Асы өзенінің аңғарында ши өседі. Жабайы жануарлардан қарақұйрық, жабайы шошқа, шиебөрі кездеседі. Құстардан қырғауыл, кекілік бар. Билікөлде сазан, жайын ауланады. ## Елді мекендері Ауданда халық біркелкі орналаспаған. Елді мекендері көбінесе темір жолдың бойында орналасқан. Ірі ауылдары: Бауыржан Момышұлы, Көлбастау, Қайрат, Нұрлыкент, Күреңбел, Шақпақ ата, Қарасаз. Аудан негізінен тәлімі және ішінара суғармалы егіншілікпен және ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 329,6 мың га, оның ішінде егістігі 90 мың га, шабындығы 7,5 мың га, жайылымы 112,0 мың га, орманы 20 мың га. Егістігінің ішінде дәнді және техникалық дақылдардың үлесі басым. Мемлекеттік бағыныстағы Октябрьское және Бурненский ауыл шаруашылық кәсіпорындары, Ақсай су шаруашылығы жүйелерінің басқармасы, Күркіреусу, Сұрым, Шақпақ т. ж. ст. жұмыс істейді. Аудан жерімен Түрксіб темір жолы, Ташкент – Алматы, Бауыржан Момышұлы – Қошқар ата автомобиль жолдары өтеді. ## Қысқаша сипаттамасы Жуалы ауданы 1928 жылы қыркүйек айының 3-ші жұлдызында Шымкент облысының құрамында құрылды және 1951 жылдың наурыз айында Жамбыл облысының құрамына берілді. Аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылы - облыс орталығы Тараз қаласынан 60 шақырым жерде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында орналасқан. Ауданның жалпы жер көлемі - 421 мың 283 га., оның ішінде, егістік - 102 мың 759 га., жайылымдық жері - 219 мың 963 га., шабындық жері- 7458 га., көп жылдық ағаштар көлемі - 715 га. Халқы 51915 (52615) адамды құрайды. Аудан бойынша аула саны -10478 бірлік. Халқының тығыздығы 1 шаршы шақырымға 12 адам. Ауданда мекен ететін ұлт өкілдерінің басым бөлігін, яғни, 87 % қазақтар, 8,1 % орыстар, 1,06 % шешендер, 1,04 % әзербайжандар, 1,9 % басқа да ұлттар құрайды. 26159 ер, 26456 әйелдер. Ауданды солтүстік жағынан Қаратау таулары, батысынан Боралдай, оңтүстігінен Талас-Алатауы, шығысынан Қырғыз Алатауы қоршап жатыр. Аудан аумағын "Алматы-Ташкент" халықаралық трассасы және теміржол магистралы қиып өтеді. Аудан аумағында Теріс, Ақсай, Көксай, Бахаты, Боралдай және Қошқарата өзендері, сонымен қатар, Билікөл, Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы бар. Су қоймасының сыйымдылығы 158 млн. куб және ол Жамбыл ауданының 23000 га. жерін суландырады. ## Ауданнан шыққан тұлғалар * Бауыржан Момышұлы (1910-1982) — Кеңес Одағының Батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. * Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза (1932 жылы туған) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992). * Тайыр Бүркітбайұлы Тастандиев (1924 – 1974) — Екінші дүниежүзілік соғыс батыры. Жауынгерлік Даңқ орденінің толық иегері. * Бауыржан Үсенов (1960-1991) — жазушы, журналист. Қазақ ұлттық университетін бітірген. ## Кәсіпорындары * "Бурный сыр зауыты" ЖШС; * "Жуалы" АТК; * "СМТС" ЖШС. ## Әлеуметтік нысандары Ауданда білім бөліміне қарасты 62 білім мекемесі жұмыс істейді: * 46 жалпы білім беретін мектеп (30 орта, 7 негізгі, 9 бастауыш) * 13 бала бақша * 1 өнер мектебі * 1 саз мектебі * 1 сырттай оқыту мектебі Жалпы аудан мектептерінде 1502 ұстаз оқушыларға білім мен тәрбие беруде. Олардың: 1295-і жоғарғы, 207-сі арнаулы орта білімді мамандар. Оның ішінде жоғарғы санаттысы-194, бірінші санаттысы-429 екінші санаттысы -628. Ауданда 2 балалар -жасөспірімдер спорт мектебі бар. Спорттың бокс, еркін қазақ, дзю-до күрестері, тоғызқұмалақ, футбол, волейбол, баскетбол, кір тасын көтеру түрлерінен үйірмелер ашылған. Момышұлы ауылы аумағында үлкен, кіші футбол, баскетбол, волейбол алаңдары орналасқан. 1500 орындық 1 стадион іске қосылған. Сондай-ақ, аудан аумағындағы елді -мекендерде жалпы 24 спорт залдары, 85 спорт алаңдары, 10 тир және 1 бильярд залы бар. Жуалы ауданына қарасты 46 мәдениет мекемелері бар. Олар: * 1 аудандық Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы * 8 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клубтар * 1 аудандық, 1 ауылдық балалар кітапханасы * 24 ауылдық кітапхана Сондай-ақ, «Халықтық» атағы бар 3 ұжым бар, олар «Қызғалдақ» ән-би ансамблі, «Жуалы», «Мыңбұлақ» халық театрлары. 1924 жылдан бастап аудандық "Жаңа Өмір" газеті жарық көреді. Ауданда негізгі екі бағыттағы конфессияда: ислам және христиан діндері бойынша діни орындар жұмыс істейді. Барлығы 25 мешіт, 1 шіркеу және 3 діни танымдық үйлері бар. Бүгінгі мәлімет бойынша діни орындарға келушілердің жалпы саны 589 адамды құрап отыр. Ауданда қазақ, славян, өзбек, әзірбайжан және шешен - барлығы 5 мәдени-ұлттық орталықтары жұмыс атқарады. Олардың барлығы 1993 жылы құрылып, өз ұлтының салт-дәстүрін, мәдениетін және тілін насихаттау бағытында қызмет етуде. Бүгінгі таңда ауданда 174 төсектік орталық аурухана, 25 төсектік туберкулез ауруханасы, 250 адам қабылдауға арналған емхана, бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсетумен айналысатын 10 дәрігерлік амбулатория және 38 медициналық пункт жұмыс істейді. ## Ауыл шаруашылығы Аудан бойынша 01.12.2009 жылға мал санағы: * Мүйізді ірі қара — 41989 оның ішінде сиыры -14289; * Қой-ешкі — 187644 оның ішінде саулығы - 80680; * Жылқы — 8256 оның ішінде бие - 3262; * Шошқа — 5822 оның ішінде негізгі аналығы - 515; Ет өнімі (тірі салмағымен) — 108140 цн. (10814 тн.);Сүт - 329272 цн. (32927,2 тн.);Жұмыртқа - 7198,4 мың дана;Жүн - 5303 цн. (530,3 тн.). ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Жуалы ауданының ресми сайты Мұрағатталған 17 қаңтардың 2021 жылы.
Ойыл * Ойыл (өзен) - Ақтөбе облысындағы өзен. * Ойыл (ауыл) - Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы ауыл, аудан орталығы.
Жамбыл ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. Бұрынғы Преснов және Жамбыл аудандарының қосылуынан (1997) пайда болып, 1928 жылғы Преснов ауданының шекарасы қалпына келтiрiлген. Жер аумағы 7,46 мың км². Аудан орталығы – Пресновка ауылы. ## Географиялық орны, жер бедері Аудан солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Қорған облысымен, шығысында Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют және Есiл, оңтүстiгiнде Шал ақын және Тимирязев аудандарымен, батысында Қостанай облысы Ұзынкөл ауданымен шектесіп, Батыс Сібір жазығының оңтүстігіндегі Есіл мен Обаған өзендерінің суайрығы болып табылатын жазықты алып жатыр. Жер бедеріне көл қазаншұңқырларымен кезектесіп жатқан дөңді белестер тән. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты тым континенттік. Қысы суық ызғарлы, жазы біршама ыстық. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –18 – 19°С, шілдеде 20°С. Кей жылдары қыста –40°С аяз, ал шілдеде 40°С-тан астам ыстық болып тұрады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 мм-ден 350 мм-ге дейін барады. Оның басым бөлігі жылдың жылы мезгілінде жауады. Желсіз күндер аз. Жазда солтүстік және батыс желдер, қыста оңтүстік-батыс желдер басым келеді. Олардың орташа жылдамдығы 4 – 4,5 м/с, ал жазда ыстық күндері соғатын аңызақ желдің жылдамдығы 6 – 10 м/с, қысқы бұрқасын күндері 15 м/с-қа дейін барады. Көлдердің жалпы саны 150-ден астам және басым бөлігінің суы тұщы. Қуаңшылық жылдары кейбір көлдерде тұз байланады, олардың кейбірінің емдік қасиеттері бар. Аудан орманды және орманды-дала белдемдерінде орналасқан. Топырағы қызғылт қоңыр, карбонатты қара топырақты және шала күлгін топырақты. Мұнда қайың мен терек аралас ормандар, кейде қарағай аралас қайың шоқтарына және әр түрлі шөп аралас өскен селеулі-бетегелі далаға ауысады. Жануарлар дүниесінен орманды алқапта бұлан мен елік, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, далалы өңірде суыр, сарышұнақ, көлдерде ондатр, сан алуан су құстары (шағала, қаз, үйрек, аққу), жыртқыш құстардан бүркіт, кезқұйрық, күйкентай, тұрымтай, жағалтай, көл жағаларында қызғыш, тауқұдірет, жылқышы мекендейді. ## Халқы Тұрғындары 19 447 адам (2019). * Ұлттық құрамы: қазақтар (44,52%), орыстар (41,55%), украиндар (6,52%), немістер (3,60%), татарлар (1,16%), беларустар (0,57%), басқа ұлт өкілдері (2,08%). ## Әкімшілік бөлінісі 48 елді мекен 13 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығы жерінің аумағы 600 мың га, оның ішінде жыртылған жері 228,1 мың га, 69 мың га шабындық, 278,1 мың га жайылым. Негізінен егіншілік және мал ш-мен айналысады. Аудан жерімен батыстан шығысқа қарай мемлекеттік маңызы бар Қостанай – Петропавловск автомобиль жолы, солтүстіктен оңтүстікке қарай Қорған – Новоишим т. ж. өтеді. ## Шаруашылығы (2009 жыл қорытындысы) ## Дереккөздер
Құрманғазы ауданы — Атырау облысының батысындағы әкімшілік бөлік. Аудан 1928 жылы құрылған. Жер көлемі - 20,8 мың км². Халық саны 2023 жылғы мәліметке сәйкес 56,1 мың адам болды. Әкімшілік орталығы — Құрманғазы (бұрынғы Ганюшкин) ауылы. ## Географиясы Құрманғазы ауданы батысында Ресейдің Астрахан облысымен, солтүстігінде Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы және Жаңақала аудандарымен, шығысында Атырау облысының Исатай ауданымен шектеседі; оңтүстігін Каспий теңізінің суы шайып жатыр. Жер бедері, негізінен, жазық, құмды және Каспий теңізіне қарай еңіс келеді. Ауданның солтүстігі теңіз деңгейінен 3 м биіктікте болса, оңтүстігі теңіз деңгейінен 25 — 27 м төменде жатыр. Нарын құмына қарасты Қосдәулет, Батпайсағыр, Бұзанай және Ментеке атты құмдардың бөліктері аудан жерінің көпшілігін қамтиды. Аудан солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай 290 км-ге созылған. Ауданның теңіз жағалауында көптеген аралдар (Зюйд, Самовий, Баба, Коневский осередок, Жамбай т.б.), түбектер (Бабья Коса, Сухая Долгая коса, Тришкина коса т.б.), шығанақтар (Бабий, Синее Морцо, т.б.) кездеседі. Ауданның орталық бөлігі біршама көтеріңкі келген. Мұнда аудандағы ең биік жер -Құдайберген төбесі (14 м) орналасқан. Төбеден шығысқа қарай 15 км жерде абс.биіктігі 13 метр болатын Бесшоқы қырқасы алып жатыр. 200 -ге жуық сорлар, қыстаулар мен жайлаулар, құдықтар, қоныстар т.б. географиялық нысандар көптеп кездеседі. ## Тарихы Аудан тарихында халқымызды еуропалық мәдениетке үндеп, өркениетті елдердің мәдени-рухани мұрасына жақындауға, білім-ғылымды игеруге көп үгіттеген және сол бағытта ұлан-асыр еңбек еткен ағартушы, кезінде 40 жыл бойы I және II Теңіз жағалауы округтерінің әкімі (правитель) М.Бекмұханбетовтің еңбектері аса зор болды. Ауданды ұйымдастыру науқаны тұсында ондаған балықшы, мал шаруашылықтары құрылды. 1918 ж. 16 ауылдық, кенттік Кеңес депутаттары 20 шағын балықшы кәсіпорындарын біріктірді. 30-жылдардан бастап тұтынушылар кооперациялары ұйымдастырыла бастады.1920 жылғы қараша айында Орынборда өткен ҚазАКСР-інің құрылтай съезіне осы өлкеден делегат болып Ө.Айтасов қатысқан. 1922 ж. Бөкей губерниясы Кеңестерінің съезінде Теңіз уезі болып белгіленген де, оның құрамына 15 болыс біріктірілген. Ал 1928 ж. аудан болып құрылды. 1932 жылдың 1 мамырына ауданда 16 ұжымшар, 17 ауылдық кеңестері құрылып, Мыңтөбе, Қарағайлы, Дыңғызыл өңірлерінде тұрақты қазақ елді мекендерінің іргесі қалана бастады.Ұлы Отан соғысы жылдарында 7 мың азамат майданға аттанып, олардың 4 мыңы елге қайтпады. М.Мұсаевқа, А.Афанасьевке, Ф.Мазуровқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, Ғиззат Әліпов жауынгерлік «Даңқ» ордендерінің толық иегері болды.Ауданның әлеуметтік-мәдени өміріндегі оң өзгерістерге Н.Манаевтың сіңірген еңбегі зор. Ол 1921-23 жылдары Теңіз уездік атқару комитетінін төрағасы болды. Кейін Қазақстанның оқу халык комиссары бола жүріп, аудан өңіріндегі, әдеби-мәдени жаңалықтарға үнемі үлес қосты. Еділ бойында қазақ тілінде жарық көрген алғашқы газеттердің бірі — «Кедей тілінің» жұмысына тікелей араласып, көмектесті.Теңіз өңірі - ертеден өнер дарыған жер. Күй атасы Құрманғазы, домбырашы Дина Нұрпейісова осы топырақта дүниеге келген. Күйшілер Ә.Есқалиевті, Б.Қарабалинаны жерлестері мақтан тұтады. Аудан топырағы Республика халық жазушысы Әбу Сәрсенбаевтың туып-өскен жері; оның ізін баса шыккан Е.Ғұмаровтын, О.Елбосыновтың әдеби мұралары елге танымал. 1944 ж. ауданда ұйымдастырылған Теңіз ұжымшар- кеңшар театрында тәрбиеленген ҚазКСР-інің халық артисі 3.Сүлейменова мен X.Дүйсенәлиевтердің ізбасарлары 1959 ж. Теңіз халық театрын ұйымдастырды. ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 49 елді мекен 19 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Климаты Климаты — қатаң континенттік, қаңтардың орташа температурасы –8°С, шілденікі +21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 — 150 мм. Салқындықпен жылылық жиі ауысып тұрады. Жазда ыстық кейде 40-43 градус болса, қыста суық 20-25 градусқа жетеді. Сәуір-мамыр, қыркүйек-қазан айларында жаңбыр жауады. Жылдың салқын кезінде (қараша-наурыз айлары аралығы) мұнда Сібір антициклонының батыс тармағынан келген ауа массасы басым болса, жылдың жылы мезгілінде Орталық Азия және Ираннан келген тропиктік ауа массасының ықпалы үстем болады. Жауын-шашынның басым бөлігі (60-65%) жылдың салқын айларына келеді. Ауданда жел жиі соғып тұрады. Оның жағалау бойындағы жылдық орташа жылдамдығы 5-6 м/сек., Нарын құмында 3-5 м/сек. Шаңды-боранды күндер 10-20 тәулікке жетеді. ## Табиғаты Ауданның оңтүстік батысында және оңтүстігінде (теңіз жағалауына жақын өңірде) шалғынды қоңыр, батпақты-шалғынды және жайылымның шалғынды топырағы қалыптасқан. Солтүстігіндегі Нарын құмында топырақ жамылғысы негізінен кәдімгі құмдақты сұр, құмдақты сортаң және сор топырақтардан тұрады.Шаруашылыққа пайдаланылатын сулары Каспий теңізінің солтүстік-батыс бөлігінен, оған келіп құятын Еділдің Қиғаш және басқа салаларынан, Нұрман, Манаш, Шектай және басқа көлдерден тұрады. Өсімдік жамылғысына еркек шөп, ақ жүзгін, боз, изен, ебелек, теріскен, қоңырбас кіреді. Қиғаш өзені бойында сұлулықтың символы – тұңғиықгүл (лотос) өседі.Жануарлар дүниесінен қарақұйрық, ақбөкен, түлкі, қасқыр, қоян, сарышұнақ, қосаяқ, тышқандардың көптеген түрі бар. Құстардан аққұтан, көкқұтан, аққу, бірқазан, шағала, сұқсыр үйрек, қасқалдақ кездеседі.Балықтардан - бекіре, шоқыр, қортпа, шип, ақбалық, сазан, жайын, шортан, табан, көксерке, құты, алабұға, қызылқанат, майшабақ т.б. кездеседі. ## Халқы Аудан тұрғындарының басым көпшілігі қазақтар (97,7%). Халықтың орташа тығыздығы әр 1 км²-ге шаққанда 2,2 адамнан келеді. ## Негізгі кен байлықтары Кен байлықтарынан мұнай мен газ, құрылыс тастары, қиыршық тастар, әктас, кірпіш құятын саз балшық бар. ## Экономикасы Өнеркәсіп орындары құрамына Құрманғазы мұнай өндіру кәсіпорны, “Дәулет”, “Каспийбалық”, “Дельта-Каспий” ЖШС-тері, “Мақаш”, “Ақжонас”, “Жаңажол”, “Нұржау”, “Наурыз”, “Жазира”, “Еділ”, “Тұңғыш”, “Мұрагер”, “Қызылтаң” балық аулау ӨК-тері, Ганюшкиндегі май, Шортанбайдағы балық зауыттары кіреді.Ауыл шаруашылығы төрт түлік мал мен аздап суармалы-егін өсіруге (картоп, көкөніс, бақша, мал азықтық дақылдар) маманданған. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы жерінің аумағы 1868 мың га, оның 4 мың гектарға жуығы егістік, 50 мың гектары шабындық, 1814 мың гектары жайылымдық жер (2002). 20 ғасырдың 90-жылдарының ортасына дейін ауыл шаруашылығымен 8 қой өсіретін кеңшар, 1 көкөніс-сүт кеңшары, 8 қосалқы шаруашылық айналысып келді. 1996 ж. кеңшарлар таратылып 9 акционерлік қоғам құрылды. Бұлардан басқа ауданның ірі ауылдарында ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін шеберханалар, байланыс бөлімшелері, баспахана мен тұрмыс қажетін өтеу комбинаты (Ганюшкинде), техника жөндейтін станок (Ақкөл кентінде), автобекеттер жұмыс істейді. Аудан арқылы Атырау — Астрахан тас жолы өтеді. ## Әлеуметтік нысандары Ауданда білім беру мен денсаулық сақтау мекемелерінен 25 орта, 7 орталау мектеп, музыка, спорт мектептері, кәсіптік-техникалық мектеп, 36 клуб, 40 кітапхана, аудандық аурухана, емхана, 4 учаскелік аурухана, өкпе аурулары санаторийі, орталық дәріхана, 4 елді мекенде оның бөлімшелері, санитарлық эпидемиялық станса, дизенфекциялау стансасы, обаға қарсы күрес бөлімшесі, 28 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. ## Мәдениеті Аудан өңірі ежелден өнер дарыған өлке. Ауданнан есімдері қазақ халқының мақтанышына айналған Құрманғазы, Дина, Дәулеткерейлер шыққан. 1928 жылы аудан құрылған кезде ауданда 2 клуб жұмыс жасаған. Ал, алғашқы драма үйірмесі 1920 жылы Дәшінде ұйымдастырылған. Оның жетекшісі Д.Құлбаев, әртістері Б.Жұмашсв, Ә.Ситәлиев, Ш.Сүлейменов, Н.Шимановтар болған. Олар сол жылы “Надандықтың құрбаны” атты шағын спектальді ел арасына қойған. 1922 жылы драма үйірмесі Ганюшкинде ашылып, оған Ш.Манаева, Қ.Құдайбергенова және басқалары қатысып, бір актілі пьесалар қойған. 1931-1932 жылдары ауданда 5 кітапхана, 13 клуб, 1 тұрақты, 13 жылжымалы киноқондырғы болған.20-30 жылдары ауданда драма үйірмелсрінің саны 10-15-кс жетіп олар М.Әуезовтың “Еңлік-Кебек”, “Жалбыр” пьесаларын қойып, халық арасына батырлық эпостарды жатқа оқып, елді сауаттандыру жұмысына белсене араласты.1939-1940 жылдары бүгінгі Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театрының негізін қалаған Теңіз колхоз-совхоз театры ұйымдастырылып, 7- жылдай жұмыс жасаған да әртістер облыс орталығына ауысқан.1952 жылы 21 клуб, 19 кітапхана, 1 автоклуб жүмыс істеді. 1957 жылы ауданда драма үйірмесі ұйымдастырылып, оған Д.Ғұмаров жетекшілік жасады. Үйірменің алғашқы қойылымдары Ә.Әбішевтің “Күркенің құлауы” және И.Машановтың “Жеңге” пьесалары болды. Өнерпаздар негізінен домбыра, гармонь, баян, патефон сияқтыларды пайдаланды. 1959 ж. Ғ.Мүсіреповтың “Қыз Жібек” драмасын сахнаға шығарып, республикалық байқауда 1 орынды жеңіп,елімізде алғашқылардың бірі болып “Халық театры” атағын жеңіп алды.60-шы жылдардың ортасында ауданда 24 клуб пен мәдениет үйі 28 кітапхана, 15 автоклуб, 3 Қызыл отау, 14 тұрақты, 7 жылжымалы киноқондырғы жұмыс жасады.1967 жылы Киров драма үйірмесі “Халық театры” атағына ие болды. Осы жылы Калинин атындағы ұлт аспапттар оркестрі де “халықтық” деген атаққа ие болды. 1971 жылы ауданда “Толқын” вокалды — аспапты ансамбль құрылып, халық жөне эстрада әндерін насихаттауда біршама табыстарға қол жеткізді.70-80 жылдары аралығында мәдениет саласына жаңа толқын, талантты жастар келді. ## Әкімдері * Әнес Бисенов -1992-1995 жж. * Болат Латифұлы Құрманбаев -1995-1999 жж. * Асқар Зинетоллаұлы Муфтах - 1999 ж. * Рысқали Ғабдығаппарұлы Сисатов - 1999-2003 жж. * Әлібек Ибатоллаұлы Наутиев - 2003-2008 жж. * Серік Қалешұлы Аманғалиев - 2008 ж. * Аманжан Әділханұлы Тәкешов - 2009-2012 жж. * Серік Қайырболатұлы Аманғалиев - 2012-2013 жж. * Амангелді Кеңесұлы Барақатов - 2013-2016 жж. * Бибоз Байдаулетұлы Шаяхметов - 2016-2019 жж. * Марат Бисенғалиұлы Мурзиев - 2021-2023 жж. * Абат Сайфоллаұлы Жанғалиев - 2023 жылдан ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * "Серпер" Құрманғазы аудандық газеті Мұрағатталған 20 желтоқсанның 2017 жылы.
Индер ауданы — Атырау облысының солтүстігіндегі әкімшілік бірлік. Аудан "Есбол ауданы" атауымен 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы – Индербор кенті. ## Жалпы сипаттама Жер аумағы 10,9 мың км2. Тұрғыны 33,5 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 3,1 адамнан келеді (2018). Құрамында 1 кенттік, 6 ауылдық әкімшілік округі және оларға қарасты 13 ауыл бар. Аудан орталығы Индербор кенті. Индербор кентінің Атырау қаласына дейінгі арақашықтығы - 200 км. Ең ірі елді мекендері: Индербор кенті, Есбол, Өрлік, Елтай, Көктоғай, Жарсуат және Бөдене ауылдары. Жер бедері — негізінен жусанды жазық далалық. Сондай-ақ тұйықталған қуыстар, құлама сайлар, сорлар кездеседі. Сайлардың тереңдігі шамамен (1-1,5 м), олардың ұзындығы бірнеше шақырымға созылады. 6-10 м-дей ойпаңда орналасқан сорлардың суы тұзды келеді. Тұзды көлдер жазда көбіне кеуіп қалады. Онша биік емес дөңестер оңтүстік-батысында Оңдасын жалымен (Димаштөбе), солтүстігінде Тотжалмен, шығысында Көктаумен ұштасады. Бұл аумақта жүздеген қазаншұңқырлар, терең оқпандар, үлкенді-кішілі үңгірлер, жыралар кездеседі. ## Географиясы, рельефі және геологиялық құрылысы Аудан оңтүстігінде Исатай, Махамбет аудандарымен, шығысында Қызылқоға ауданымен, солтүстігінде БҚО-ның Ақжайық, Жаңақала аудандарымен шектесiп жатыр. Индер ауданы – Атырау облысындағы өнеркәсіпті және ауыл шаруашылықты аудандарының бірі. Индер ауданының жері Каспий маңы ойпатының солтүстігін алып жатыр. Ауданды екіге бөліп жатқан Жайық өзенінің батыс жағы, негізінен, жазық құмды шөл болып келеді, ал шығыс жағы үстіртті (Индер мен Жамантау тауларының теңіз деңгейінен биіктігі 52 және 26 м). Одан әрі сортаң топырақты жазыққа айналады. Индер тауында карстық опырылымдар мен үйінділер өте жиі тараған. Аймақ рельефі жазық, топырағы сазды. Ауданның қазіргі жер бедері антропогенде болған бірнеше теңіз трансгрес- сияларымен (Баку, Хазар, Хвальн) байланысты. Индер ауданы жерінде шығыстан Ойыл өзенінің жаңа атырауы аласара келіп ұсақ тұйық көлтабандарымен аяқталады. Бұл саздақты-құмайтты атыраудың биіктігі солтүстікте 5 м., ал оңтүстік етегінде 10-15 м. Ауданның орталық бөлігінде теңіздің шегінуінен пайда болған әр жастағы бір-бірімен жалғасқан ежелгі теңіздік атыраулары (Жайық- Көшім, Оңтүстік-Жайық маңы) жатыр. Жайық-Көшім ежелгі теңіз-атырауы (дельтасы) Жайық өзенінің оң жағымен тұйық өзендер өңірінің арасында орналасқан. Абсолюттіқ биіктігі 0—10 м шамасы. Саздақтармен құмдақтардан түзілген және тармақталған құрғақ арналармен тілімденген. Оларды биіктігі 3—3,5 м қырқалар бөліп тұрады. Оңтүстік-Жайық маңы теңіздік-атырауы Индер тауының оңтүстігінде Жайықтың сол жағымен шығыста Ойылдың тұйық ағынсыз атырауының арасында жатыр. Рельефі белесті-жалды болып келеді, биіктікгері 4—5 м. Ауданның батыс жартысын алып жатқан Еділ-Жайық өзендер аралығында орналасқан Нарын құмының шығыс шеті. Бұл өңірде беткі ағындар жоқ. Нағыз құмды шөлмен сипатталады. Шығысында төбешікті құмдар батысқа қарай төбешікті-қырқалы, қырқалы- шағыл құмдарға жалғасады. Қамыс, Самара көлдер ойысына жақын жатқан құмдарда аздаған айырмашылықтар бар. Қара және Сары өзендер көктемде тасыған кезде оның тармақтарымен келген немесе жерге сіңіп, жер астымен келген сулар құмдарды ылғалдандырып грунт суларын тұшытады. Индер ауданының рельефін құруда желдің маңызы зор. Құмды жазықтарда эолды-рельеф формалары кеңінен таралған. Орта төбешікті құмдардың биіктіктері 5-6 м, ал еспелі шағыл құмдардың биіктігі 18 м-ге дейін жетеді. Аудан рельефінің жалпы көрінісі ойпатты жазық болғанмен мұнда түпкілікті тау жыныстарынан түзілген, тұзкүмбездерінен жасалған Индер, Жамантау таулары бар. Оңтүстік беткейі жер қабықты тілімделіп келген. Платформа кембрийге дейін пайда болған, екі қабаттан тұрады. Төменгі іргетасы, кристалды тау жыныстарынан тұратын бөлігі 20 шақырымдық тереңде жатыр. Оның бетін кейінгі эралардың (палеозой, мезозой және кайнозой) шөгінді тысы жапқан. Ауданның жер бетінде неогеннің құм-саз құрылымынан тұратын шөгінді жыныстар кеңінен таралған. Ежелгі тау жыныстарынан пермь кезеңінің Кунгур ярусының шөгінділері Индер тауында жер бетіне шыққан. Олар тастұзынан, гипсінен, гипсті- мергельді тақта-тастардан түзілген. ## Халқы Тұрғыны 2021 жыл басында 32 254 адам болды. Жекеленген этностары бойынша халық саны төмендегіше бөлінеді:(2021 ж.) * Қазақтар –31 140 адам * Орыстар -906 * Татарлар -75 * Өзбектер 53 * Қарақалпақтар -19 * Шешендер – 12 * Немістер -11 * Даргиндер -5 * Грузиндер -4 * Корейлер -2 * Болгарлар -2 * Лактар -1 * Басқа ұлттар -24 Халықтың 1 км2-ге шаққандағы орташа тығыздығы — 2,7 адам. ## Тарихы Аудан аумағын ақ гвардияшылардан тазарту үшін 1919 жылдың 22 желтоқсанынан 1920 жылдың 3 қаңтарының кешіне дейін В.И.Чапаев дивизиясы ұрыс жүргізді. Азат етілген елді мекендерде Горы, Гребенщик, Кулагино, Өрлік, Зеленый селолық кеңестерін құру қолға алынды. Олардың бәрі де Зеленый болыстық атқару комитетіне бағынды. Ал Зеленый болыстық комитеті 1920 жылы 6 қаңтарда құрылған Гурьев уездік революциялық комитетіне бағынды. Түрлі себептермен 1923 жылдың аяғында Зеленый болыскомы таратылып, оның орнына Топайлы болыскомы құрылып, орталығы әуелі Топайлы, кейін Кулагино ауылы болды. Оған бұрын орыстар көбірек мекендеген 11 ауыл қарады, оларда 1927 жылы 8299 адам тұрды.1928 ж. республика бойынша жаңаша әкімшілік-аумақтық аудандастыру шаралары жүргізілді. Бес басқышты (ауыл-село, облыс, уезд, губерния, өлке) баскару жүйесінің орнына төрт басқышты (ауыл-село, аудан, округ, өлке) басқару жүйесі енгізіліп, 1928 ж. 6 мамырда Гурьев округі кұрылды. Оның кұрамына кірген жеті әкімшілік бөліктің бірі — Есбол ауданы. 1928 ж. 17 қаңтарда құрылған Есбол ауданының орталығы № 9 ауыл болған. Ол екі жылдан кейін таратылып, Гурьев ауданының кұрамына енгізілген.Жайықтың оң бетіндегі кұм ішіндегі ауылдар да кеңестерге біріктірілді. 1931 жылы Толыбай және Мәмбет кеңестері құрылып, бұл ауылдық кеңеске төрт мал серіктігі қараған. Олар: “Шұбалаң”, “Тұрмантай”, Үлкеншағыл”, “Жұлдыз”. 1939 жылы бұл серіктіктер таратылып, Жайық бойындағы шаруашылықтарға қосылды.1933 ж. Гурьев өз алдына облыс болып жариялануына байланысты сол жылдың 26 тамызындағы округгік комитеттің шешімімен Есбол ауданы қайта құрылып, орталығы Кулагино селосы болып бекітіледі. Оның құрамына 28 ауылдық, селолық кеңес кірген. 1942 жылы жазында Мәмбет ауылдық кеңесі таратылып, оған қарасты “Мәмбет”, “Энгельс”, “Еңбек” шағын шаруашылықтары тиісінше Зеленый, Жарсуат, Бөдене ауылдарындағы ұжымшарлар құрамына енгізілген.Аудан 1963 жылы көршілес Бақсай ауданымен біріктіріліп, 1964 ж. қайта бөлінді. Содан Индер ауданы атанып, орталығы Индербор кенті болды. ## Әкімшілік бөлінісі 13 елді мекен 6 ауылдық округ пен 1 кенттік әкімдікке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Әкімдері * Дүйсенғали Төленов * Сағидолла Құлғалиев * Нұрлан Мұханбетқалиев 2006-2008 * Талғат Досан 2008 * Әлібек Нәутиев 2008-2009 * Жанкелді Рахметқалиев 2009-2012 * Берікқали Сәрсенғалиев 2012-2013 * Серік Арыстан 2013-2019 * Мейірім Қалауи 2019-2021 * Салауат Өтеғұлов 2021-2022 * Дарын Шамұратов 2022- ## Климаты Индер ауданы мұхиттардан қашық жатуына байланысты олардың климатты жұмсартарлық әсері байқалмайды. Сол сияқты Каспий теңізінің әсері де тек қана жағалауларында сезіледі. Аудан аумағының климаты арктикалық, иран және тұран ауа массаларының әсерінен қалыптасады. Жылдың салқын кезінде мұнда Сібір антициклонының батыс тармағын (Воейков осінен) келген ауа массасы үстем болады. Жылы кезде олар Орта Азиямен Ираннан келген ыстық тропиктік ауамен алмасады. Осы ауа массаларының әсерінен өте қуаң шұғыл континентгік шөлейт климат типі қалыптасады. Жылы атлант ауа массаларының да аудан аума- ғының ылғалына әсері мардымсыз, өйткені жолда күшті өзгеріске үшырап жетеді және жазық жер бедерінің үстімен тоқтамай өтіп кетеді. Шұғыл континенттік климат жыл мезгілдерінде үлкен айырмашылықтармен сипатталады. Жазы өте ыстық, қысы суық, түсетін жауын-шашын аз, ал буланушылық өте көп болуынан байқалады. Индер ауданының климаты метеостансалардың мәліметтері бойынша, ең салқын ай қаңтарда -13,0°С. Жалпы қыс қоңыржай салқын, онша ұзақ емес.Жаз аудан аумағында ыстық және ұзак болады. Ең жылы шілде айының орташа температурасы +25,0°, бірақ кей жылдары ауаның темературасы +45°С дейін көтеріледі. Орташа жылдык температураның амплитудасы (айырмашылығы) 37°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 242-282 мм. Қуаңшылық жылдары 80 мм-н аспаған (1891). Жауын-шашын көбінесе батыстан келетін циклондарға байланысты салқын кездерде түседі.Қар жамылғысының қалындығы 10 см-ден аспайды, желтоқсан айының екінші онкүндігінен бастап 2—3 ай бойы сақталады. Ал жазда буланушылық (ылғалды жер, су бетінен ауаға булану) 800—900 мм. ## Өзендері мен көлдері Индер ауданы бүкіл облыс жерлері сияқты су қорына өте тапшы аймақтардың қатарына жатқызылады, яғни жерінің аумағына шаққанда мұндағы су мөлшері өте аз. Есепке алынған өзен-көлдердін су деңгейлері де жыл мезгілдерінде кенет өзгеріп отырады. Ірілері тартылып, ұсақтары құрғап қалады. Басты өзені — Жайық, Атырау облысының үлесіне 323 км бөлігі тиетін болса, соның 150 км-дей ұзындығы Индер ауданының жерімен солтүстіктен оңтүстікке ағып өтеді. Судың тасу кезінде (мамыр айында) өзен деңгейі сабасынан (межень) орташа 4— 5 м көтеріледі, су көп жылдары 10 м жоғарылайды. Аудан жерінде су тасқыны пайда болып, жайылмаларды, өзен террасаларын бірнеше километрге жайылып су басады. Бағырлай, Бағырлайсай өзендерінің, көптеген көлдердің деңгейі көтеріледі. Жалпы өзен жайылмалары әр бір екі жылда, өзен террасалары әрбір 5-6 жылда су астында қалып отырады.Аудан жерінде Жайық, Бағырлай, Алғабас, Құрайлы өзенінің екі жағындағы өзен аңғарлары арқылы салынған, Ақсай суару-суландыру жүйелері бар. Ауданның ірі көлі — Индер. Ол тұзды, тұйық көл. Жайық өзенінің сол жағында 15 км жерде орналасқан. Ауданы 110 км2, ұзындығы 13.5 км, ені 11 км, терендігі 0,7 м, жағалау сызығы 40 км. Тектоникалық жолмен пайда болған, жер қыртысының төмен түскен жері. Жағалары саздақты, су бетіне- қарай 4—8 м құлама тік жар. Қоректену көзі айналасындағы саздардан шығатын тұзды бұлақтар. Су жинайтын алабы 425 км2. Индер көлі мен шығыстағы Ойыл өзендерінің аңғарындағы Ақтөбе, Отаркөл, Бөлекаяқ, т.б. көлдерден тұрады.Бөлекаяқ көлі ауданның солтүстік шығысында ең төмен бөлігіңце орналасқан. Абсолюттік биіктігі — 17,5 м, ауданы 13,5 км2, ұзындығы 9,5 км, енді жері 2,1 км, жағалау сызығының ұзындығы 34,4 км.Ауданның шығысында Отаркөл көлі жатыр. Теңіз деңгейінен биіктігі — 8,5 м, ауданы 3 км2, ұзындығы 3,4 км, ені 1,7 км, жағалау сызығы 12 км.Оның солтүстігінде жатқан Ақтөбе көліне Ойыл өзені құяды. Бөлекаяқ өзені ағып шығады. Абс. биіктігі — 5 м., ауданы 5,5 км2, ұзындығы 5 км, ені 3 км, жағалау сызығы 17,5 км. ## Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі Өсімдіктерден шөлейт аймаққа тән қара жусан, көкпек, изен, еркек шөп, қияқ, т.б. өседі. Жайық аңғарындағы тоғайлы алқаптар, Тайсойған, Мәмбет, Қараой кұмды өңірлері бай келеді. Жайықтың екі жағы қалың тоғай. Құмдардың шығысында топырақта дақылдардан бидайық, айрауық, арпабас, аздап бұталар - ақтал, жыңғылдар кездеседі. Қырқалар төбешіктер мен жазықтарда жусанды, бұйырғын өсімдіктері өседі.Ойыс жерлерді сор алып жатыр. Басым өсімдіктері: жусанды-бұйырғын, сораңды-қаражусанды, дақылды-жусанды, бидайықты-түрлі шөпті топтар. Аңдардан қасқыр, түлкі, борсық, киік, қарсақ, жабайы шошқа, қоян, бауырымен жорғалаушылардан жылан, кесіртке, бақа көп. Құстардан қарақұс, қарға, ұзақ қарға, шағала, сауысқан, үйрек, көкек, торғай түрлері, жапалақ, үкі кездеседі. Өзен бойларында су құстары, сондай-ақ бозторғай т.б. мекендейді. Жайық өзенінде балықтың бірнеше түрі, оның ішінде бекіре тұқымдас балықтар да бар. Жазда бүйі, қарақұрт байқалады. ## Экологиясы Аудандағы 300-ден аса кәсіпорын, шаруа қожалықтарының қоршаған ортаға зиянды әсер ету ықтималдығы бақылауға алынған. Аудан аумағын қақ жарып өтетін Жайық өзенінің фаунасы бай, суында сирек ұшырасатын балық түрлері тіршілік етеді. Өзенді жағалай өскен жасыл желек ауа құрамын үнемі тазартып отырады. Сондықтан Индер ауданы экологиялық жағдайы жағынан қалыпты аймақтардың қатарына жатады. Аудан бойынша кәсіпорындар мен автокөліктер арқылы жылына 3936 тоннадай зиянды-улы газдар ауаға тарап, 1500 тоннаға жуық қалдықтар шығады. Сондықтан автокөліктердің жүріс-тұрысына, техникалық-диагностикалық ахуалына баса назар аударылады. 2002 жылы өндірістік және тұтыну қалдықтарын жинақтап, жайғастыратын, Индербор кентін көгалдандырумен айналысатын “Келбет” мемлекеттік- коммуналдық кәсіпорны кұрылды. Кәсіпорыңдар мен мекемелердің лас су шығару мөлшері белгіленген нормадан ауытқымайды, сондықтан экологиялық ахуалға кері әсері тимейді. ## Пайдалы қазбалары Геологиялық және гидрогеологиялық сипаты жағынан, пайдалы қазындылары жөнінен аудан өте күрделі жер қойнауымен ерекшеленеді. Пайдалы қазындыларынан кұрылыстық материалдар бағытындағы шикізаттарына аса бай. Индер көлінің жағасындағы төбешіктердің асты күмбез пішінді тұздардан тұрады және көлдің өзі әр түрлі шикізаттарға бай: борат, калий, магний, ас тұзы, гипс, қиыршықтас, ұлутас, т.б. Құрылыс материалдары бар. Гипстің жалпы қоры − 10-15 млрд. тоннадай. Индер көлінің солтүстік-шығысында минералды су көздері мен шипалы балшық та көп тараған. Оларды жергілікті тұрғындар ежелгі заманнан бері әр түрлі сырқаттарды емдеуге пайдаланып келеді. ## Экономикасы «Жайықгазтасымалдау» басқармасы, геологиялык «Бор» ЖШС, «Индертұз» кәсіпорны, «Индер» мұнай айдау стансасы, емдік бишофит пен тұз өндіретін «Геохим» кәсіпорны, «Индергипс» бірлескен кәсіпорны аудан экономикасын нарық тұйығынан шығару үшін жұмыс істеуде. Өнеркәсібі түгелдей дерлік «Индерборат» және «Индертұз» акционерлік қоғамына қарасты борат карьерлері мен байыту фабрикасынан, нан мен сүт зауыттарынан тұрады. Мұндағы өнеркәсіп орталығы Индербор кенті. Индер ауданында «ИСИ - Гипс - Индер», «Индергаз» ЖШС-рі, «Қазақтелеком» АҚ-ның аудандық филиалы, Индер желілік- өндірістік басқармасы, Индер мұнай айдау стансасы, Индер орман шаруашылығы мекемесі бар. Атырау облысы статистика департаментінің мәліметі бойынша экономиканың нақты секторында 2009 жылдың қаңтар-қазанына 2008 жылғы қаңтар - қазанға %-бен кен өндіру өнеркәсібі -80,5, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу - 97,8, ауыл шаруашылығы - 102,5. ## Шаруашылығы Ауыл шаруашылығы негізінен қаракөл қойы мен сиыр, жылқы, түйе өсіруге маманданған. Ауыл шаруашылығы жерінің аумағы 987,9 мың га. Оның 1,3 мың га-сы егістік, 3,4 мың га-сы шабындық, 983,2 мың га жайылым. Негізгі айналысатын шаруашылығы - мал шаруашылығы, дәлірек айтқанда қаракөл тұқымдас қой түрін өсіру. 2009 жылы (қаңтар - қазан) 3,8 мың тонна (тірі салмақта) ет, 6,1 мың тонна сиыр сүті, 288 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2009 жылдың 1 қарашасына ауданда 20,4 мың бас ірі қара, 104,4 мың бас қой мен ешкі, 6,3 мың бас жылқы, 2,7 мың бас түйе болды. Сондай-ақ, мал шаруашылығымен бірге егін шаруашылығы да дамыған. ## Көлік жолдары Аудан жері бойынша Жайық өзенінің екі жағасын бойлай ең ірі елді мекендерді қамтып республикалық маңызы бар Атырау - Орал автомобиль магистралі өтеді. Жайық өзенінде өзен су жолы бар. Аудан аумағымен Орта Азия Орталық газ құбырынан тартылған тармақтар арқылы газ тасымалданады. Ауданда өзен айлағы, «Индергаз» желісі мекемесі жұмыс істейді. ## Білім беру ісі 1920-21 жылдары ауданда Зеленый (қазіргі Көктоғай), 1-сатылы Есбол орталау және Қызыл үй орталау мектептері жұмыс істеген. Кеңес өкіметінің халықты жаппай оқыту шараларына сәйкес ашылған алғашқы мекгептердің бірі — Кулагиндегі үшжылдық “Церковно-приходская школа” 1920 жылдан жұмыс істеп, 1924-33 жылдары алғашқы орыс-қазақ бастауыш мектебіне айналған. 1923-24 жылдары аудан жерінде 1-сатылы 11 қазақ мектебінде он бір мұғалім қызмет еткен. 1936 жылы Тас деген жерде бастауыш мектеп ашылып, он жылдан кейін ол жетіжылдық мектепке айналдырылды. Құм ішіндегі “Жұлдыз”, “Қараой”, “Қостан”, “Сазды”, “Майда”, “Үлкен шағыл”, “Қыстаушағыл” (кейде “Құлжым мектебі” деп те аталады), “Қарақұс”, “Тума”, “Қырғи”, “Хозауыл” бастауыш, жетіжылдық мектептері жергілікті халықка білім берудің үлкен ордасына айналды. № 6 ауылда “Қазбек”, № 5 ауылда “Құрылыс”, № 4 ауылда “Қызылжар” бастауыш мектептері ашылды, “Қызылжар” мектебі 1938 ж. орталау мектепке айналды. 1929-30 оқу жылында Жарсуат ауылында мектеп үйі тұрғызылып, № 2,3 ауылдардың балалары осында оқыды. 1993 жылға дейін ауданда 1 орталау, 12 орта, барлығы 13 мектеп болды. 1993 жылы Кулагин селосында аудан тарихында тұңғыш рет ұлттық гимназия ашылып, 1993-94 оқу жылында өзінің алғашқы шәкірттерін қабылдады.2006 жылы ауданда 1 бастауыш, 14 орта, 1 гимназиялық мектеп балаларға білім беруде. Оның 12-сі таза қазақ мектебі де, 4-і аралас мектеп, бұл білім ордаларында 7381 оқушы білім алды. ## Денсаулық сақтау ісі Есбол ауданының орталығы болған Кулагинде ең алғашқы медицина мекемесі -5 орындық аурухана 1939 жылы ашылған. Онда (аудандық денсаулық сақтау бөлімі деп аталған) Сергей Михайлович Ларионов деген фельдшер, 1941 жылдан Л.А.Саута деген дәрігер басшылық жасаған. 1941 жылы бұл аурухананың көлемі 15 орынға дейін өсіп, фельдшер Наурызова Зияда меңгерушісі болып істеген. Кулагин ауруханасында төсек саны 1948 жылы -25, 1950 жылы 35 орынға дейін өсіп, жергілікті тұрғындарға білікті мамандәрігерлер медициналық қызмет көрсеткен. 1956 жылы аурухана 50 орынға дейін өсті.1986 жылы борат кенішінің жаңадан салынған профилакторий үйі аудандық ауруханаға берілді. Онда аурухананың басқа бөлімдерімен қатар 6 орындық реанимация бөлімі ашылып, орталықтандырылған оттегімен қамту іске асырылды, қажетті құрал-сайманмен жабдықталды. 1990 жылы аудандық ауруханадағы төсек саны 210-ға, аудан бойынша төсек саны 310-ға жетті. Елді мекендердің бәрінде сүтханалар ашылды. Кулагин ауруханасы үшін жатақхана үйі, тұрғын үйлер есебінен бірнеше ғимараттар салынып, аурухана сол жаңа үйлерге көшірілді.Өкпе аурулар ауруханасы жаңа құрылыспен кеңейтілді, мамандармен, жабдықтармен толықтырылды. Зеленыйда 30 орындық аурухана үйі ашылды. Арнаулы мамандар жіберіліп, құрал-жабдықтар бөлінді. Елтайда, Өрлікте, Бөденеде, Жарсуатта ауылдық дәрігерлік амбулаториялар ашылды. 1992 жылы облыста бірінші типтік амбулатория жұмысқа кірісті. 2001 жылы Елтай ауылында типтік жобамен ауылдық дәрігерлік амбулатория, 4 ауылда медициналық пункт салынды, Кетебай, Құрылыс, Гребенщик ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункт іске қосылды. ## Мәдениеті “Қызыл отаулар” ауданның елді мекендерінде өткен ғасырдың отызыншы жылдары ашыла бастады. 1948 жылы ауданда 7 оқу үйі, 3 кітапхана, 2 қызыл отау, Кулагино ауылында клуб болды. 1968 жылы Өрлік селолық клубы жанындағы драма үйірмесінің мүшелері А.Шамкеновтың “Адасқан қаз” пьесасын облыс орталығында қойып, халық театры атағын жеңіп алды. Өрлік халық театры режиссер Бақыг Қабышевтің басшылығымен 1967-97 жылдар аралығында 80-ге тарта спектакль, сахналық көріністер қойды. Осындай театр 1974 жылы Аққала ауылында да өмірге келді. 1970-80 жылдары ауданда вокальды-аспапты, отбасылық ансамбльдер өмірге келді. 1971 жылы Кулагино селолық клубында құрылған “Жас әуендер” ансамблі әлі күнге өнер көрсетуде. “Борат” клубында ұйымдастырған “Жайық әуендері” вокальды-аспапты ансамблі 1980 жылы Алматы қаласында өнер көрсетіп, республикаға та- нылды. Мұндай ансамбльдер Жарсуатта, Өрлікте, Елтайда, Бөдене, Зеленый ауылдарында да жалғасын тапты. 1986 жылы Бөдене орта мектебінде құрылған “Мұрагер” ұлт аспаптар оркестрі 1992 жылы республика мәдениет министрлігі коллегиясының шешімімен “Үлгілі ұжым” атанды.Ауданда “Индер-Мәдениет” мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны және оның құрамында Жарсуат, Көктоғай, Өрлік, Кулагино, Елтай селолық мәдениет үйлері, Гребенщик селолық және 1 жылжымалы клуб, 13 кітапхана, мұражай жұмыс істейді.Мәдениет үйлерінде 4 ұлт аспаптары оркестрі, ансамблі, 5 хор ұжымы, 7 драма үйірмесі, 6 вокальды аспапты ансамбль өнер көрсетеді. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша 12 кітапхана бар. Оларда 89762 дана кітап бар. Кітапханаларға 10623 оқырман тартылған. Ауданда мұражай 1977 жылдың 5 қарашасында Индерборда қоғамдық негізде ашылған. Ол 1992 жылы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының аудандағы бөлімшесі ретінде кұрылып, 1999 жылы жаңа орынға көшірілді. Ондағы 3246 жәдігер үш бөлмеде орналасқан. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Индер ауданы * https://www.youtube.com/watch?v=un4vrrk63aY
Жамбыл ауданы — Жамбыл облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 4,3 мың км². Аудан орталығы – Аса ауылы. ## Географиясы Солтүстігінде Талас ауданымен, батысында Жуалы ауданымен, шығысында Байзақ, Тұрар Рысқұлов аудандарымен және Тараз қаласымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі. Аудан жері таулы (Қаратау мен Қырғыз Алатауының түйіскен жері), қыратты (орт.), солтүстікке қарай жазық келеді. ## Климаты Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық. Ауаның орташа температурасы қаңтарда –6 – 7°С, шілдеде 22 – 26°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 250 – 400 мм. Аудан жерімен Талас, Аса өзендері ағып өтеді; Бөгеткөл, Сұлукөл, Сеңгірбай, Көкіш көлдері бар. Жері таулы-шалғынды, шалғынды-сұр, шалғынды-батпақты келеді. Онда жусан, жантақ, сораң шөп, қамыс, құрақ, бұталы өсімдіктер, т.б. өседі. Ақбөкен, арқар, қоян, түлкі, қасқыр, шиебөрі, қырғауыл, т.б. мекендейді. Жер қойнауынан құрылыс материалдары (гипс, әктас, т.б.) өндіріледі. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 412 мың га, оның ішінде жыртылған жері 156,4 мың га, шабындығы 7,2 мың га, жайылымы 325,5 мың га. Аудан жерімен Шымкент – Тараз, Тараз – Қаратау – Жаңатас т. ж., Шымкент – Тараз, Тараз – Ақкөл – Саудакент автомобиль жолдары өтеді. ## Халқы Тұрғыны 82 902 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (70,20%), дүнгендер (9,79%), күрдтер (6,08%), түріктер (5,07%), орыстар (4,15%), басқалары (4,72%). ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 42 елді мекен 17 ауылдық округке біріктірілген: ## Тарихы Аудан 1928 жылы Әулиеата ауданы атымен (шамамен 946-992 жж. өмір сүрген Қарахан әулетінен Әулиеата атанған екінші ханның мекені болған) Сырдария өлкесінің құрамында өмірге келген. Аудан орталығы Әулиеата қаласында болған. Бұл - Кеңестер Одағының жер-жерде коллективтендіру науқанын жүргізе бастаған шағы. Аудан алғаш құрылғанда 18 ауыл шаруашылық артелі жұмыс істеген.1932 жылдың 20 ақпанында Сырдария өлкесі Қызылорда, Түркістан облысы болып екіге бөлініп Әулиеата ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында қалды. Ал, 1936 жылдың 10 қаңтарында Әулиеата ауданы сол кездегі Қазақстанның басшысы Мирзоянның есімімен аталды. Қазақтар «Мырзажан» немесе «Мырзабала» атаған. Мирзоян 1938 жылы халық жауы болып ұсталып кеткен соң, ауданға осы жылдың 1 шілдесінде қазақ халқының Гомері атанған ұлы Жамбылдың есімі беріледі. «Ұлы жұт» - ашаршылықтан кейінгі 1933 жылы аудандағы колхоздардың саны 60-қа жетті. Алайда ауыл шаруашылығы өндірісін жетік білетін маман кадрлар, құрал-сайман жетіспеді. «Жүк ауырын нар көтереді» деген, осы тұста елдің белін көтеріп, колхоз қабырғасын өруге Құлманбаев, Б.Кейкиев, Б.Тайшапов, А.Байзақов, Үкібаев сияқты арда азаматтар келіп, қыруар шаруаның қыл-шылбырын есті, үлкен ұйымдастырушылық іс жүргізді. 1938 жылдың наурызында Жамбыл ауданының құрамынан Свердлов, Луговой аудандары бөлініп шықты. Сол кезде ауданда 6 селолық совет, 40 колхоз, 4 совхоз, 2 МТС болды. Колхоздар мен МТС-терді ұйымдық жағынан нығайту, олардың материалдық-техникалық базасын күшейту нәтижесінде егіс көлемі, мал саны едәуір көбейді, ауыл шаруашылығы өнімі арта түсті. 1939 жылдың 14 қазанында Жамбыл облысы Оңтүстік Қазақстан облысынан бөлініп шығып, өз алдына облыс болып құрылды. Жамбыл ауданы осы облыстың құрамында қалды. Орталығы да Жамбыл қаласының өзінде болды. Осы жылы ауданның құрамында Ақбұлым, Ақжар, Ақкөл, Аса, Берікқара, Бесағаш, Билікөл, Головачевка, Гродеково, Есентөбе, Қаратөбе, Қараөзек, Қостөбе, Полатқосшы сияқты 15 ауылдық кеңес жұмыс істеді. Елуінші жылдары экономикасы әлсіз колхоздар ірілендіріліп, 1956 жылы техникамен жарақтанған қуатты 14 колхоз аудан әлеуетін дамыту жолына түсті. Ал жетпісінші жылы ауданда даму жолынан өткен 6 колхоз, 11 совхоз болды. Шаруашылықтардың барлығы қуаттана түсті. Мысалы «Ақкөл» колхозының өзінде 30-дан астам трактор, 15 комбайн, 40 автомашинасы мен басқа техникасы жыл сайын қыруар пайда табуға мүмкіндік берді. Киелі топырақ ұлылық туғызбай қоймайды. Ауданды әр кезеңде қазақтың озық ойлы, зиялылары басқарып, ауданның экономикасының көтерілуіне үлестерін қосты. Х.Баймуханбетов – аудандық партия комитетінің алғашқы бірінші хатшысы. Одан кейінгі аудан тізгінін ұстаған Күләш Әскеева кейін облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары және басқа да басшы қызметте болды. Өткен ғасырымыздың елуінші жылдарының соңына қарай аудан тізгігін ұстаған Т.Ақбозовты, одан кейін аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ш.Қалдыбаевты аудан халқы үнемі еске алып, олардың жақсы істері жайлы әлі күнге әңгімелеп отырады. Алпысыншы жылдардың басында Жамбыл ауданы таратылып, Жуалы, Байзақ (ол кезде Свердлов) аудандарының құрамына берілді. Арада екі жыл өткеннен кейін 1966 жылдың қысында Жамбыл ауданы қайта құрылды. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Н.Ыбыраев, аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы болып Ә.Сандыбаев тағайындалды. Жаңадан құрылған ауданды бұлар қысқа мерзім ішінде аяғына қойып, облыстағы алдыңғы қатарлы аудандарының санатынан көрінді. А.Аширов, В.И.Ким, А.Л.Костянкин сияқты білікті азаматтар өздеріне сеніп тапсырған ұжымшарлардың дәулетін шалқытып, бай шаруашылықтар қатарына жеткізді. Әнуарбек Сандыбаев аудан тізгігін он жылдай ұстады. Ол кісі тынымсыз еңбек етіп, ауданның әлеуметтік жағдайын көтерді. Әнекеңнен кейін ауданды С.Қожақанов, Т.Б.Мүсіралиев, Зайцев, Ю.Н.Морозов, В.И.Синельников, Д.Тоқбергенов, Ә.Әсілбеков, М.Байгедиевтер басқарды. Халықтың ажары осындай халық бағбаны атанған зиялы азаматтармен ашық екен. Бұлардың қай-қайсысы болмасын өздеріне тапсырылған жұмыстарды мінсіз атқарып, аудан жұртшылығының есінде қалды. Қазіргі таңда ауданды Жуалы ауданының перзенті М.А.Дүйсембаев басқаруда. Бұлардың қай-қайсысы болмасын аудан экономикасын көтеріп, халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге күш салды. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы құйынды да дүрмекті күндерді, дүние тамұқтың отына оранған зұлмат кезеңді, аудан халқының бастан кешіргені белгілі. Ел енді-енді еңсесін көтеріп, жағдайы түзеле бастағанда батыстан соққан қара дауыл талай кеудедегі көктемнің қызғалдағын жұлып кетті. 1941 жылдың 22 маусымы күні басталған қанқасап соғыстың салған лаңын күні бүгінге дейін кәрі де, жас та ұмытқан жоқ. 1418 күн мен түнге ұласқан, өмір мен өлім айқасқан, бораған оқ ішінде жүріп, сол соғыстан елге аман оралған ардагерлеріміздің қатары да жылдан жылға сиреп келеді. Сол сұрапыл жылдары ерен ерлік үлгісін көрсетіп, есімі бүкіл одаққа тараған аудан азаматтары да болды. Құралайды көзден атқан мерген Ыбырайым Сүлейменов Қазақстанда жасалған 101 бригада құрамында соғысып, Новель қаласының түбінде ерлікпен қаза тапты. Бір өзі 280 немістің көзін жойды. Қайтыс болғаннан кейін оны Кеңестер Одағының Батыры атағын беруге ұсынды. Қазір батыр атында Таразда үлкен көше бар. Ыбырайым Сүлейменов соғысқа дейін Жамбыл МТС-де тракторшы болып жұмыс істеген. Жыл сайын жазда егін орағына қатысып, тындырылымдығымен, өжеттілігімен ұжымшар басшылары мен колхозшылардың көңілінен шығып отырған екен. Оны көзі көргендер күні бүгінге дейін жыр етіп әңгімелейді. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін ел еңсесі көтеріліп еңбекке деген құлшынысы артты. 1949 жылға дейін 16 адамға Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, 54 еңбеккер Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 21 адамның омырауында Ленин ордені жарқырады. 103 адам «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері атанды. Бәйгелді Кейкиев басқарған «Кеңестөбе» колхозының өзінен 8 Социалистік Еңбек Ерінің шығуы ауылдың даңқын аспандатып тастады. Олар: Науат Егембердиева, Міртай Бейсалиев, Рысқұлбек Тұрғынбаев, Шынтас Тілеубаев, Күртібай Жанбосынов, Тастемір Дәуренбеков, Поштабай Қырбасов. Осы кезеңде ауданның басқа ұжымдарынан да одақтағы ең құрметті атақты иеленгендер аз болған жоқ. Солардың қатарында Күлімжан Күтімова, Сейдуалы Есімов, Әзімбек Ысмайылов, Мариям Мырзахметова, Түйте Пірімқұлов, Ысқақ Сүлейменов, Серафима Васильевна Таркаева, Әжібай Тілеубердиев, Патыш Юнусова, Жәнібек Жанталиев, Ақын Жақсылықов, Мария Тимофеевна Енькова (Радченко), Сәрсен Қазанғапов, Әбден Батыров сынды қиын шақта ел байлығын еселеген абзал азаматтар бар. Жібек жолының бойына орналасқан Жамбыл ауданы соғыстан соң ел экономикасын көтеруге, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бір жола көшті. Ұсақ шаруашылықтар біріктіріліп, ірілендірілді. Аудан орталығы Аса ауылына көшіріліп әкелініп, енді жұмыс істей бастаған шақта, 1963 жылы Қазақ КСР Кеңес Президиумының Жарлығымен аудан таратылды. Ауданның Аса, Бесжылдық, Билікөл, Головачевка, Ерназар, Есентөбе, Қаратөбе және Көлқайнар селолық кеңестері Жуалы ауданына, Бесағаш, Гродеково, Қостөбе, Полатқосшы селолық кеңестері Свердлов (қазіргі Байзақ) ауданының құрамына берілді. 1966 жылдың 31 қаңтарында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Жамбыл ауданы қайта құрылып, орталығы Жамбыл қаласы болып белгіленді. Ауданның құрамына Аса, Головачевка, Ерназар, Қаракемер, Қаратөбе селолық кеңестері Жуалы ауданынан, Бесағаш, Гродеково, Жамбыл, Көлқайнар, Пионер және Полатқосшы селолық кеңестері Байзақ ауданынан қайтарылып берілді. Аудандық партия комитетінің 1-хатшысы болып бұған дейін облыстық тәжірибе стансасының директоры болған Нұртаза Ыбыраев сайланды. Аудандық атқару комитетінің төрағасы болып бұрын Жуалы аудандық партия комитетінің, кейіннен ауатком төрағасының бірінші орынбасары болған Ә.Сандыбаев аудан экономикасын жақсарту жұмысын білікті маман кадрлар дайындаудан бастады. 1973 жылдан Аса ауылы аудан орталығы. Ауданда 6 ұжымшар, 10 кеңшар және 1 тәжірибе стансасы жұмыс істеді. Іргелі шаруашылықтардың бірі – Крупская атындағы ұжымшарды Бейсенбек Тайшапов 25 жыл басқарды. Ол ауданда бірінші болып Өрнек ауылының орталығына жаңа мектеп ғимаратын салғызды. Қазір сол мектепке екі дүркін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған Тайшаповтың есімі берілген. Табыстың тай қазанын қайнатуға ХХІІ партсьезд атындағы ұжымшардың тізгінін ұстаған Арнольд Лазаревич Костянкин, «Октябрь» ұжымшарын отыз жылдай басқарған Махмуд Искакұлы Аширов, «Ақкөл» ұжымшарындағы қожырап кеткен жұмысты жолға қойған Виктор Илларенович Ким, «Жасөркен» кеңшарын біліктілікпен басқарып, қазіргі Қызылқайнар ауылын гүлдендірген Әзімбек Жанболатов, «Қызыл Октябрь» ұжымшарына абырой әперген С.Дауылбаев, Аманкелді атындағы ұжымшарға ырыс әкелген Б.Шаханов қомақты үлес қосты. Жыл сайын аудан жас кадрлармен толықтырылып тұрды. Ауданды Т.Б.Мүсіралиев басқарған кезеңде Е.Жатқанбаев, М.Сыздықов, С.Мұсабеков, Н.Тілегенов, М.Байгелдиев, С.Садықов сияқты мамандар шаруашылықтарды басқаруға жіберілді. Қатардағы еңбек адамдары арасынан да республикаға танымал болғандары аз емес. Олардың қатарында Айша бибі ауылының тұрғыны, КОКП ХХV сьезінің делегаты, екі дүркін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Бегай Кабашева бағалы техникалық дақыл өсіруден биік көрсеткішке қол жеткізгені үшін Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы ордендерімен марапатталса, ауданымыздың құрметті азаматының бірі, сүт бұлағын ағызған балды бармақ сауыншы Валентина Ивановна Иванова Еңбек Даңқы орденінің толық иегері атанды. «Октябрь» кеңшарының сауыншысы өзі еңбек еткен 25 жыл ішінде ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Ортақ табысқа өзіндік үлес қосқан шопандар пионерлік Құрманбек Тубаев пен қаракемерлік Оразғали Ақыновтың есімдері елге ерте танылды. Ауданымыздан Ж.Хаппаев, Х.Миссиров, Ә.Бейсенов және тағы басқа жайылымды төрт-түлік малға толтырған еңбек майталмандары көптеп шықты. ## Ауыл шаруашылығы Жамбыл ауданы әу бастан-ақ мал және егін, бау-бақша дақылдарын өсіруге мамандандырылған. Ауданның өндірістік-экономикалық даму қарқынының артықшылықтарына оның қалаға таяу орналасуы игі әсер етіп келген. Мұнда 1930 жылдың өзінде бірден-бір ең үлкен машина-трактор (МТС) станциясы ашылып, ауыл шаруашылығына жұмыс істей бастаған. 1930 жылғы санақ деректері бойынша ауданда 33 012 бас ірі қара мал, 298 067 қой, 267 шошқа болған екен. Алғашында аудандағы он сегіз ұсақ ұжымшардың мүшесі 258 адамға жеткен. 1930 жылы ұжымшар саны 94-ке жетіп, колхозшылардың саны 7905 адамға артқан. Ал қазір аудан көлемі 41 500 кв.км, халқының саны 86 411, 45 елді мекен, 10 өндірістік кооператив, 4 ЖШС, 1772 шаруа қожалығы, 751 жеке кәсіпкерлік, 117 шағын кәсіпкерлік, 13 өнеркәсіп орындары еңбек етуде. ## Аудан тұлғалары Тәуелсіздік жарияланғаннан бері ауданымызда мақтануға тұрарлық, еңбектерімен еленіп жүрген азаматтар бар. Олар – Президент Жарлығымен жоғары марапаттарға лайық деп танылған «Құрмет» орденінің иегерлері – Ұлы Отан соғысының ардагері Ә. Кемпіреков, «Пионер» асыл тұқымды қой зауыты өндірістік кооперативінің төрағасы А.Жұмақанов, «Астана», «Ерен еңбегі» медальдарының иегерлері «Амангелді», «Юнчи» өндірістік кооперативінің төрағалары Р.Бегалиев, Т.Аширов, «Ерен еңбегі» медалінің иегері - «Атамекен» шаруа қожалығының басшысы Ж.Жапаров, «Шапағат» медалінің иегері – «БМ» ЖШС бас директоры С.Махмадов, ҚР Құрмет Грамотасымен марапатталған «Шайқорық» шаруа қожалығының жетекшісі Е.Дадабаев және М.Төлебаев атындағы аудандық саз мектебінің директоры С.Күзербаев. Президент Н.Ә.Назарбаевтың назарына ілініп, жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болған бұл азаматтар аудан абыройын арттырса, аудандағы қалыптасқан жағдайлар жақсы жағдайлар жоғары көрсеткіштер оларды құрметке бөлеп отыр. Ел экономикасының дамуы материалдық жағдайдың жақсаруына, адамдардың әл-ауқатының, тұрмыс-тіршілігінің жаңа сипат алуына мүмкіндік туғызатын болса, саясат, білім, әдебиет пен мәдениет осынау саланың өркендеуіне өзіндік үлесін қосады. Осы орайда біздің ауданымыздан шыққан қоғам, ғылым, мәдениет және әдебиет қайраткерлері баршылық. Бұл ретте бірінші кезекте Тәуелсіз Қазақстан тұсында дүниеге келген қос палаталы Парламенттің тұңғыш Сенат төрағасы Ө.Байгелдиев. Қарапайым ауыл азаматы саяси қызметте ел тағдырын шешуге, мемлекет аралық мәселелерді орнықтыруға өзінің өлшеусіз үлесін қосқаны мәлім. Ол қазір де заң шығарушы орган басшыларының бірі. ## Сәулеттік ескерткіштер Ауданда археологиялық ескерткіштердің ең көнесі біздің заманымызға дейінгі VІ-ХІІ ғасырларды қамтиды. Қазіргі уақытта аудан көлемінде 89 археологиялық 2 сәулет, 1 монумент, 17 тарихи-мұра обьектілері бар. Соның ішінде ЮНЕСКО-ның республикалық мәні бар Айша бибі және Бабаджа-хатун кесенелері. Айша бибі ауылына орналасқан Айша бибі кесенесінің сырт жағы өсімдіктермен, жұлдызшалармен өрнектеліп, плиталармен көмкерілген. Бағананың 3,4 метр биіктігінде арабша «Күз... тұман... Жер жәннәт...» деп жазылған. Кесененің салыну тарихы және Айша бибінің жеке тарихы туралы осы кезге дейін жазып қалдырылған дерек кездестірілген жоқ. Тек халық аузындағы аңыз бойынша орта ғасырда өмір сүрген ғалым, әрі ақын, Хакім атаның қызы Айша сұлуға салынған кесенесі. Аңыз негізі бойынша өзі сүйген жігітіне келе жатқанда жылан шағып өлтірген. Айша осы жерге жерленіп, оған кесене салынды. Оның қасында Айшаның күтушісі Бабаджа-хатун кесенесі орналасқан. Құрылыс күйдірілген кірпіштен жасалынған. Кесенеге араб тілінде былай деп жазылған: «Бұл ұлы бейіт Абаджа-хатун. Оны соққан..» Одан әрі қарай жазылған жазуы өшіп қалған. Әулие бастау, Дех-Нуджикес, Бектөбе, Ақтөбе, Атлах, Жікіл, Адахкес қалашықтарының қалдықтарының ішінде Жікіл, Әулие бастау, Бектөбе қалашықтарына ғана қазба жұмыстары жүргізілген. Ескі қорған, обалар Аса, Қаратөбе, Қаракемер, Қызылқайнар округтерінде орналасқан. ## Аудан газеті Ауданның ақпараттық әлемінің айнасы «Шұғыла-Радуга» газеті 1966 жылдың 1 шілдесінен бастап шығады. «Шұғыла» өз тарихының ішінде талай-талай тарландарды қанаттандырып, ұясынан ұшырды. Кезінде аудандық «Шұғыла-Радуга» газеті кадрлар дүкеніне айналған. Атап айтар болсақ ҚР Парламенті сенатының депутаты болған Жандар Кәрібаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты болған жазушы, ақын Арғынбай Бекбосынов осы газеттің редакторлары. Облыс әкімі ішкі саясат департаментінің директоры Масат Беріков, облыстық телерадио хабарларын тарату жөніндегі комитеттің төрағасы Бекет Момынқұлов, «Знамя труда» газетінің бас редакторы Владимир Козыренко, «Жамбыл-Тараз» газеті редакторының орынбасары Сапарғали Әлібаев, республикаға танымал сатирик-ақын Толымбек Әлімбеков, ақын Серік Қалиевтер «Шұғыла-Радуга» газетінің шекпенінен шыққандар. Өмірден өткен Тынышбай Рахымов, Совет Әлімқұлов, Мұса Рахманбердиев, Шаймерден Дәуренов, Базар Қилыбаев сынды ақын-жазушылар осы ауданда тұрып, «Шұғылада» қызмет етіп қолтаңбаларын қалдырған. ## Дереккөздер
Жамбыл Мұхитұлы Көкеев - Қазақстан футболшысы, жартылай қорғаушы. 1988 жылы қыркүйектің 20-сы күні Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстан құрамасында 20 ойын өткізіп 1 доп соққан. 2006 жылы Астана-1964 сапында Қазақстан чемпионы атанды. ## Қызықты жайттар * Жамбыл Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен ең жас ойыншы рекордының иесі. Туылғанына 17 жас, 4 ай, 27 күн болғанда. 2006 жылы ақпанның 14-і күні Иордания құрамасымен болған ойында алғашқы кездесуін өткізген. ## Қазақстан құрамасында өткізген ойындары ## Жетістіктері ### Командалық * Қазақстан Чемпионы: 2006, 2011, 2012 * Қазақстан кубогы: 2010, 2013, 2014 ### Жеке * Қазақстанның ең жас футболшысы: 2008 ## Сілтемелер
Сарысу ауданы — Жамбыл облысының батысындағы әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы — 31,3 мың км². Аудан орталығы – Жаңатас қаласы. ## Географиялық орны Солтүстігінде Ұлытау облысының Жаңаарқа, Қарағанды облысының Шет аудандарымен, шығысында Мойынқұм, Талас аудандарымен, батысында Түркістан облысының Созақ, Бәйдібек аудандарымен шектеседі. ## Тарихы Сарысу ауданы 1928 жылы 3 қыркүйекте Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің «Қазақстанда көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарды белгілеу туралы» қаулысына сәйкес құрылған. Осы қаулыға сәйкес Сарысу ауданы Қызылқұм, Созақ, Шу аудандарымен бірге Сырдария округына қаратылған. 1928 жылғы Қазақстанда өткізілген ірі байларды тәркілеу науқанының көшпелі халыққа тигізген зардабы шексіз ауыр болды. Бұдан өзге 1932-1933 жылдары ғасырлар бойы көшпелі тірлікпен күн кешіп, еркін шаруашылықпен, мал өсірумен айналысқан халықты күштеп ұжымдастыру салдарынан болған нәубет Сарысу халқын аяусыз қырғынға ұшыратты. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Сарысу өзенінің бойынан 6000-дай шаңырақ үдере көшіп, Қаратау бойына шұбырды. Голощекиннің солақай саясаты салдарынан бір ғана Сарысу ауданында сол алты мың шаңырақтан екі-ақ мыңдайы арып-ашып Қаратау алқабына тұяқ іліктірді. Арқадан арып-ашып жеткен адамдар Қаратау бойындағы шұрайлы жерлерден өзендер мен көлдердің бойынан қоныс тепті. Бұл жақтағы байырғы ел-жұрт та солақай саясаттың зәбірін тартқан екен. Сан түрлі салықтар бұл жақтағы ағайындарға да оңай тимеген. Десек те, отырықшылық дәстүрден қол үзбей, диқаншылық кәсіпті серік еткен қаратаулықтар ұзақ көштен шаршап-шалдыққан, әбден әлсіреген ағайындарға қолдан келген қамқорлықтарын аяған жоқ. Сол кездегі Қазақстан үкіметінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Ораз Жандосов, Жанайдар Сәдуақасовтар нәубетке ұшыраған сарысулықтардың алдынан шығып, халықтың аман қалған бөлігінің осы өңірге аман-есен жетуіне көп күш салды. Әсіресе Ораз Жандосовтың сіңірген еңбегі зор болды. Кейін Қаратау алабынан қоныс тепкен халықтың басым көпшілігінің ұсыныс-талаптарын зор түсіністікпен қабылдап, ауданның тарихи «Сарысу» атының сақталып қалуына қамқор болды. Есін жиып, етегін жапқан халық төрт түлік мал өсіруге ден қойды. Мысалы, 1934 жылғы шілде айындағы санақта ауданда ұсақ мал саны 7651 бас болса, 1935 жылы 18875-ке жетті. Сол жылы Сарысу ауданында 12 ауылдық кеңеске біріктірілген 47 артель болған. Сарысу ауданының тарихы да Қазақстан тарихының кішігірім құрамдас бөлігі екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Еліміздің басынан кешкен тарихының жаңғырығы жаңа құрылған ауданды да айналып өткен жоқ. Отыз жетінші-отыз сегізінші жылғы қанқасапта да Сарысудың талай боздақтары репрессияға ұшырап, тас абақтыларда күн кешіп, қорғасын оқтың бейкүнә құрбаны болды. Ұлы Отан соғысынан 2700-ден астам сарысулықтар туған топырағына қайта оралмады. Амантай Дәулетбеков, Берген Исаханов секілді Кеңес Одағының Батырларының, даңқты мерген, батыр Ыбырайым Сүлейменовтің кіндік қаны сонау Сарысу өзенінің бойында тамғандығын ұрпақтары мақтан етеді.1950 жылы Сарысу ауданында қой-ешкі саны 183320 басқа, мүйізді ірі қара 11355-ке, жылқы 4130 басқа жетті. Мал шаруашылығын өркендетудегі үздік табыстары үшін ауданның 15 малшысы 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді. 1954 жылы түгін тартсаң, майы шыққан Жон өңірінде «Түркістан» совхозы бой көтерді. 1957 жылы аудандағы колхоздар ірілендіріліп, 7 совхоз құрылды. Осы кезде ұсақ мал саны 280 мыңға жеткен болатын. 1962 жылы Сарысу ауданының Талас ауданынан қосылуының тиімді болмағандығын өмірдің өзі көрсетіп берді. 1967 жылы Сарысу ауданы қайта құрылды. Бұрын Мойынқұм ауданына қарап келген «Сарысу», «Шығанақ», «Қамқалы» совхоздары Сарысу ауданына қосылды. 1990 жылы ауданда қой-ешкі саны 300 мың басқа, мүйізді ірі қара 10500, жылқы 10000, түйе 1800 басқа жетті. ## Тәуелсіздік алғаннан кейін Ауданның әлеуметтік-мәдени саласы жылдан жылға жақсарды. Мектептер, мәдени үйлері көбейді.Қазақстанның егемендік алуымен, тәуелсіздікке қол жеткізуімен бірге аудан тарихының жаңа парақтары ашылды. Қоғам дамуының осы бір күрделі кезеңінде тәуелсіздіктің, егемендіктің, дербес дамудың дәмі қанша тәтті болғанмен де, осы сара жолға түсудің халық үшін қиындығы мен шырғалаңы аз болған жоқ.1997 жылы Сарысу ауданы мен Жаңатас қаласы біріктіріліп, аудан орталығы Жаңатас қаласы болып белгіленді. Бүгінде ауданда экономикалық әлеуеті біршама өсті. Соңғы жылдардың өзінде ауданда жаңадан осы заманғы үлгімен екі мектеп, бір аурухана салынды. Жаңатас қаласындағы сәулетті мәдениет үйі жеке қолдан мемлекет меншігіне қайтарылды. Саудакент, Тоғызкент ауылдарындағы мәдениет үйлері толықтай қалпына келтіріліп, ішкі жиһаздары мен музыкалық аспаптары, ұлттық киімдері жаңадан сатып алынды. Бұрын жұмысын тоқтатқан екі кәсіптік-техникалық училище кәсіптік лицей болып Жаңатас қаласы мен Саудакент ауылынан қайтадан ашылды. Жаңатас қаласында мемлекеттік көпсалалы колледж жұмыс істей бастады. Тек соңғы жылдардың өзінде бес балабақша ашылды. Жаңатас қаласындағы екі көпқабатты үй қайта қалпына келтірілді. Енді қаланың жылу және су жүйелерін қайта қалпына келтіру қолға алынуда. Саудакент, Тоғызкент ауылдарында ауыз су жүйесі іске қосылды. Жаңатас қаласы мен Саудакент ауылында сандық телефон байланыс жүйесі енгізілді, жаңа пошта ғимараттары салынуда. ## Экономикасы Жыл басынан аудан экономикасының нақты секторында өндірілген өнімнің көлемі 882 м.л.н. 246,8 мың теңгені құрап, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,7 есеге артты. Өнеркәсіп кәсіпорындары ағымдағы бағалармен 642 м.л.н. 383 мың теңгенің өнімдерін өндіріп, физикалық көлем индексі 127,5 пайызды құрады. Шағын кәсіпорындардың өнім өндіру көлемі 1 м.л.н. 40 мың теңге болып қалыптасты. Ауыл шаруашылығы бойынша өндірілген өнім бағалармен есептегенде мал шаруашылығында 192 м.л.н. 600 мың теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 9,9 пайызға артты. Бүгінгі таңда ауданда 6 өндірістік кооператив, 1 акционерлік қоғам, 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, 714 шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен айналысуда, осы аталған жұмыс орындарында 5121 адам жұмыспен қамтылған. Төрт түлік мал басы жылдан-жылға өсуде. Бүгінгі күні ауданда мүйізді ірі қара – 16040 бас, қой-ешкі – 217175 бас, жылқы – 4082 бас, түйе – 1415 басқа жетті. Мал тұқымын асылдандыру қолға алынуда. ## Әлеуметтік нысандары Ауданда 1 Жаңатас мемлекеттік көпсалалы колледжі, 2 кәсіптік-техникалық лицейі, 28 жалпы білім беретін мектеп, 1 интернат, 1 кешкі орта мектеп, 1 мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты, 3 балалар өнер мектебі, 3 балалар саз мектебі, 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 1 балалар-жасөспірімдер орталығы, 7 балабақша және 6 аула клубтары өскелең жас ұрпақ шәкірттерге білім, өнер және дене тәрбиесі салалары бойынша дәрістер берумен айналысады. Аудандағы аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған Байқадам орта мектебі жанынан ашылған интернатта 52 бала тәрбиеленуде. Аудан аумағында қазіргі таңда 2 мәдениет үйі, 19 ауылдық клуб, 26 кітапхана, 1 жылжымалы автоклуб халыққа мәдени, рухани тұрғыда қызмет көрсетуде. Олардың ішінде халықтық атағы бар 4 мәдени ұжым бар. Былтырғы 2007 жылдың өзінде 3 клуб және 1 кітапхана жаңадан ашылып, өз жұмысын бастады.Денсаулық саласы бойынша Жаңатас қаласында орналасқан аудандық орталық аурухана мен аудандық аумақтық емхана, Саудакент ауылында орналасқан ауылдық аурухана мен аудандық туберкулезді емдеу диспансері, 6 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 19 медициналық пункт халық денсаулығы күзетінде абыройлы қызмет атқаруда. Осы медицина саласында барлығы 690 адам қызмет жасайды. 2008 жылы Жайылма – Маятас ауылдары бағытында ауыз су жүйесін іске қосу, үш ауылдық жерде дәрігерлік пункт ғимаратын салу және Көкдала елді мекеніне электр желісін тарту жұмыстары жүргізілді.Ауданымызда тәуелсіздік жылдарында халықтың жаңа әлеуметтік тобы – кәсіпкерлердің үлкен шоғыры қалыптасты. Орта және шағын кәсіпкерліктің дамуы экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналып, әлеуметтік-экономикалық өрлеуге өзіндік үлесін қосуда. Ауданымыздың бірден-бір өндірістік саласы «Казфосфат» ЖШС, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені бүгінде өндіріс көлемін қарқындатып, даму үстінде. Жаңа жұмыс орындары ашылуда. Фосфор өндірісінің қарқыны бұлыңғыр болашақтан жарқын келешекке қарай аршынды қадам басуда. ## Халқы Тұрғындар саны - 44 184 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар тұрады (93,35%), орыстар (4,40%), басқа ұлт өкілдері (2,25%) тұрады. ## Әкімшілік бөлінісі 25 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 9 ауылдық округке біріктірілген: ## Тұлғалары * Берік Шаханұлы (1943-2020) жазушы,прозаик «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты; «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері». Сарысу ауданының Құрметті азаматы Халықаралық "Махмұд Қашқари" сыйлығының лауреаты * Амангелді Нақыпұлы Сембин (9.5.1945 - 2005, ) әнші, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1976). Мәскеу консерваториясының вокалдық бөлімін бітірген. Италияның Милан қаласындағы "Ла Скала" да ән шырқаған тұңғыш қазақ. * Бердібек Сәрсенұлы Бейсенов - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі. ## Әкімдері * Әбдіманап Бапанұлы Көпбергенов 1992 - 1993 * Сағынған Әміреқұлов 1993 - 1997 * Дүйсенбай Тұрғанов 1997 - 2000 * Бақберген Мәуленов 2000 - 2000 * Серғазы Айдапкелов 2000 - 2004 * Болат Асқарәліұлы Мәдікенов 2004 - 2009 * Жангелді Жайлауұлы Омаров 2009 - 2012 * Қанатбек Қайшыбекұлы Мәдібек 2012 - 2015, 2019 - 2020 * Бейбітбек Шындалыұлы Жайлыбаев 2015 - 2016 * Балабек Жанбекұлы Нарбаев 2016 - 2019 * Бақытжан Алпысұлы Жақсылықов 2020 - 2021 * Марат Қырғызәлұлы Сұлтанғалиев 2021 - 2023 * Сәкен Үмбетұлы Мамытов 2023 ж. бастап ## Дереккөздер
Футболдан Қазақстан Кубогы - Қазақстанның Футбол Федерациясы ұйымдастыруымен болатын жыл сайынғы Қазақстан футбол клубтары сарапқа салатын турнир. Жеңімпаз атанған команда келесі жылдың басында Қазақстан чемпионына қарсы суперкубокта кездеседі және Еуропа Лигасына жолдама алады. ## Финалдар ## Бомбардирлер * 1. Андрей Финонченко — 23 * 1. Мұрат Тілешев — 21 * 3. Олег Литвиненко — 20 * 3. Нүркен Мазбаев — 20 * 5. Владимир Логинов — 17 (2014 жылдың 1 қаңтар айына қарай өзгертілген) ## Дәйексөз * (1) Шымкенттің СКИФ-Ордабасы және Ордабасы командалары 2 команда, бір-біріне қатысы жоқ.
Мойынқұм ауданы – Жамбыл облысының солтүстік-шығыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. Жер аумағы 50,4 мың км². Батыстан шығысқа қарай 330 км, ал оңтүстіктен солтүстікке қарай 275 км-ге созылып жатыр. Тұрғын саны – 28 663 адам (2023). 1964 жылы 31-ші желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысына байланысты, бұрынғы Көктерек ауданының аумағында қазіргі Мойынқұм ауданы құрылды. Аудан орталығы Фурмановка ауылы болды. ## Ауданның географиялық сипаттамасы Солтүстігінде Қарағанды облысының Ақтоғай ауданымен және Приозёрск қаласымен, шығысында Алматы облысының Жамбыл, Балқаш аудандарымен, батысында Сарысу ауданымен, оңтүстігінде Талас, Байзақ, Тұрар Рысқұлов, Меркі, Шу аудандарымен шектеседі. Мойынқұм ауданы Оңтүстік Қазақстанның орталығына жуық 40-46 градус солтүстік енділікпен 68-74 градус шығыстық-бойлық аралығына орналасқан. Ауданның шығысынан-батысына дейінгі қашықтық 330 шақырым болса, ал оңтүстігінен-солтүстігіне дейін 275 шақырым қашықтықты алып жатыр. Аудан солтүстік жағынан Қарағанды облысынан 190 шақырым қашықтықты қамтитын аумағымен шектессе, Солтүстік Шығыс бөлігінде Балқаш көлінің 115 шақырым жиегін қамтитын жерлерді басып өтеді. Ауданның оңтүстік-шығыс шекарасы Алматы облысының 140 шақырым жерімен шектесіп жатыр және 40 шақырым қашықтықта облысымыздың Қордай ауданының жерін жиектейді. Оңтүстік шекара қашықтығы 180 шақырым Шу, 120 шақырым Т.Рысқұлов аудандарының жерімен шектеседі. Ал оңтүстік-батыс және батыс жағынан қашықтығы 250 шақырым созылған жерлерде Талас ауданының шекарасымен, батыс және терістік-батыс бөлігінде ұзындығы 250 шақырымға шамалас Сарысу ауданының жерімен шектеседі. Жалпы алғанда ауданның шекарасының ұзындығы 1285 шақырымға жетіп, территориясының жалпы көлемі 59 330 шаршы км-ге тең. Аудан бойынша 1-ші қаңтар 1970 жылға халықтың саны – 46 517 адам болды. Мойынқұм ауданы облыс территориясының 42 пайызын алып жатыр,яғни жер көлемі бойынша облыста бірінші орында,ал халқының саны жағынан сегізінші орында. Аудан территориясының көлемі Батыс Европадағы Голландия, Бельгия, Люксембург және Манако сияқты майда мемлекеттердің жерімен тең деуге болады. ## Ауданның табиғи ресурстары Мойынқұм ауданының жер қыртысы әртүрлі. Ауданның оңтүстік –шығысы мен батыстарында жоталармен қыраттар биік үстірттер кездеспейді. Оның есесіне жал-жал боп жатқан құмды төбешіктер, бұйраттар кездеседі, ал солтүстік-шығыспен Балқаш көлінің оңтүстік жиегін алып жатқан алқапта Шу-Іле тауының сілемдері көп жерді алып жатыр. Қырғыз Алатауының бір тармағы болған, теңіз деңгейінен 1800 м биік. Айтаудан биіктігі 1053 метрлік Хантау бөлінеді. Бұл таудан Жиек деп аталатын қырат басталып, бірнеше ондаған шақырымнан кейін Желтау және биіктігі 947 метрлік Жамбыл тауымен жалғасады. Одан әрі Қойжарылған, Майжарылған, Байғара, Шағырлы деген шөлейтті әр қыратты жерлермен ұштасады. Аудан көлемінде Шудан басқа да өзеншелер кездеседі. Олар Былқылдақ, Сарыбұлақ, Ақсүйек, Қияқты, Қарасай, Шынтас,бұлардың қайсысы болса да мал суаруға пайдаланылады. Алайда олардың көбісінің суы ашқылтым немесе тұзы аздау өзеншелер. Тек Сарыбұлақ пен Қарасайдың суы ғана тұщы. Дегенмен жаз айларының соңына таман бұл өзеншелер жылғалардың көпшілігінің суы тартылып қалады. Мойынқұм ауданында көлдер көп. Олардың ішіндегі ең үлкені әрине Балқаш көлі. Оның ауданға қарайтын бөлігінің жалпы көлемі 304 шаршы км, тереңдігі 8-12 м. Көлдің батыс жағалаулары құламалы жартасты болып келеді. Олардың ішінде әсіресе Қарақамыс, Қашқантеңіз, Шөмпек деген шығанақтар басқалардан гөрі көлемді. Көлдің жағалауларындағы мүйістер- аралдарда пішендер аз емес. Көлден ешбір өзен немесе өзенше мен жылға ағып шықпаса да, жаз айларында күннің ыстығынан Балқаш көлі аздап тартылады. Дегенмен оған келіп құятын Іле, Қаратал, Лепсі және Аякөз өзендерінің суы молдығынан Балқаш көлі көп болғанда өз арнасынан 0,40-0,77 мм-ге ғана төмендейді. Оның өзі де маусым-шілде айларында ғана, Балқаш көлі көбінесе желтоқсан айының орта шенінен мұз боп қатып, сәуір айының аяқ шені еріп түсіп кетеді. ## Халқы ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 24 елді мекен 13 ауылдық округ пен 3 ауылдық әкімдікке біріктірілген: ## Аудан тарихы 1903 жылы Гуляевкада қазіргі Мойынқұм ауданының орталығы Фурмановка ауылында 4 үй болған. Олардың ең алғаш қоныстанған орта дәулетті шаруа Гуляев Федор Яковлевич деген кісі. Бұған дейін Ф.Я.Гуляев Қырғызстандағы Шалдуардан жыл сайын жаз айларында малын айдап келіп осында бағып жүрген. Кейін осы маңайда қоныстанып бір-жола тұрып қалады. Гуляевкамен қатар пайда болған Алексеевка ауылы. Фурмановка ауылының батысында 30 шақырым жердегі қазіргі «Маяк» участогі. Жергілікті халық ондағы немістердің көптігіне байланысты көбінесе оны неміс ауылы, ал ондағы базарды неміс базары деп атап кеткен. 1925-1926 жылдары уақ болыстарды ірілендіру, болыстық советтің атқару комитеттерін ұйымдастыру, әкімшілік басқару орындарының аумақтарын белгілеу істері жүргізілді. Сол жылдары 18 старшин елді / кейін ауыл советі аталды/ қамтитын Аққолтық, Ағашақ, Жалайыр болыстары біріктіріліп Гуляев сельсоветі құрылды. Оның орталығы бұрынғы Гуляевка / қазіргі Фурмановка ауылы болды/. Селода сол кезде 40-50 ғана үй болған. Бұл сельсовет алғашқыда Гуляев сельсоветі, кейіннен Гуляев подрайоны деп аталған. Сельсоветтің подрайон болып ресми аталғандығы жөнінде мұрағаттық құжаттар сақталған. Гуляев подрайон болған жылдары Гуляевка ауылы өзінше бір ауыл / село/ болып, оның алғашқы басшылығына Василий Гуляев сайланған. Гуляев селолық Советіне немесе подрайонына 6 ауылдық Совет қамтыған бұрынғы 18 старшина ел қараған. 1925 жылдың аяғында Көктерек болысындағы елдерде – Көкірек ауыл Советі құрылып, Жетісу облысы, Алматы уезі Шоқпар подрайонына қараған. Жалайыр болысы да ауылдық Совет болып қайта құрылды. Бұл ел Совет Өкіметінің алғашқы жылдары қазіргі Жамбыл атындағы совхоз орталығы маңында Алайғыр тоғанын қазып, қырықшақты үй егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан. 1922-1925 жылдары №4 ауылда «Союз» қосшы ұйымы құрылған. Қазіргі «Талдыөзек» совхозының «Шорман аралы» деп аталатын жерінде халық жиі қоныстанғандықтан, бұрынғы мешіті 1927 жылы мектепке айналдырып, онда 30 шақты бала оқыған. Қазіргі «Фурманов» атындағы совхоздың «Ерназар» участогіндегі елді мекенде сол жылы бастауыш мектебі ашылған. Қазіргі «Талдыөзек» совхозының территориясында Қылышбай деген әрі ақын, сөзге шешен адам болған. Жамбыл атындағы совхозда Бектас деген жыршы, Зікір деген балуан, «Құмөзек» совхозының территориясында Дүрмішев Молдабек деген ақын болған. «Көктерек» совхозынан арғы елдерде Кенжеқожа, Сауытбек, Жидебай деген ақындар болған. Олар төменгі Шуды жиі-жиі аралап өз өнерлерін ортаға салып жүрген. Сауытбек әрі әнші, композитор болған. Оның «Ақбөпе» деген әні Мойынқұмның «Бескепе» деп аталатын жерінде шығарылған. Белгілі қазақ-совет ақыны Иса Байзақов Сауытбектің «Ақбөпе» әнін шығарудағы оқиғасын «Ақбөпе» поэмасын жазуға сюжет етіп алған. Сонымен қатар қазіргі «Мойынқұм» совхозының орталығынан шығысқа қарай 14-15 шақырым жердегі «Құралай сұлудың бейітіне» байланысты «Құралай сұлу» поэмасын жазған. Шу бойындағы осындай өнерпаздардың өнерінің дамуына Октябрь революциясының алдында ғана келіп қайтқан композитор әрі әнші Балуан Шолақтың ықпалы өте күшті болған. Ол Көкшетау шонжарларының қуғындауынан бой тасалап Шу бойына, Сәмбет елінде 3-4 жыл жүріп қайтқан. 1928 жылдың басында Сырдария губерниясы жойылып, оның орнына территориясына аздаған өзгешеліктер ендіріліп, Сырдария округі құрылды. Бұл округке ендірілген 21 аудан қарады. Соның бірі 1928 жылғы 23 маусымда құрылып, орталығы қазіргі Новотроицк болған Мойынқұм ауданы еді. 1924 жылдан бастап болыс деген ат жойылды. Ауыл немесе селолық Совет атқару комитеті деген атқа ие болды. Әкімшілік, басқару орындары, соның ішінде Гуляев подрайоны 18 ауылды қамтыған 6 ауыл Советі біріктірілді. Ірілендірілген бұл селолық Совет атқару комитетіне немесе подрайонына қазіргі Шу ауданының батыс бөлігін, төменгі Шу өзенінің сол жағасындағы елді мекендердің барлығы да кірді. Жаңа құрылған Мойынқұм ауданына Гуляев подрайонына қарасты 6 ауыл Совет 18 елді мекенінен басқа 31 елді мекен қараған 12 ауыл Совет қарады. Аудан Сырдария округіне бағынды. Ал Шу өзенінің оң жақ бетіндегі елді мекендер Алматы округіне қарасты Шоқпар ауданына қарады. Бұл ауданның орталығы алғашқы кезде Көктөбе ауылы, кейіннен Воскресенское / қазіргі Ленинское / ауылы болды. Сол кездегі мұрағаттық құжаттарына қарағанда 1929 жылы Шоқпар ауданына Мойынқұм жеріндегі Көкірек ауыл Советі қарап келген. Шоқпар ауданына ол жылдары қазіргі Мыңарал кентінің халықтары да қарап келген. 1930-1931 жылдары көшпелі елді отырық тандыру, әкімшілік-басқару органдарын жетілдіру, территориялық шекараларды анықтау істері барған сайын маңызды іске айналды. Сондықтан жеке қожалықтарды жаппай коллективтендіру, партия Совет органдарының экономикалық және мәдени құрылыс ісіне басшылығын барынша арттыру мақсатында 1930 жылы тамыз айында КСРО Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі округтерді жою, оның орнына ірілендірілген аудандар құру туралы қаулы алды. Осыған байланысты Қазақстандағы 13 округ, оған қараған 193 ауданның орнына орталыққа тікелей бағынатын ірілендірілген 121 аудан құрылды. 17 желтоқсан 1931 жылы Сырдария округі мүлдем жойылды. Сол аудандастыру кезінде 10 артель, бірнеше серіктері бар бұрынғы Мойынқұм мен Шоқпар аудандары 1931 жылдың аяғында бірігіп, Новотроицк ауылы аудан орталығы болып қала берді. 49745 адамы бар бұл аудан 20 ақпан 1932 жылдан бастап, 1939 жылдың 14 қазанына дейін, яғни Жамбыл облысы құрылғанға дейін Алматы облысының аумағына енді. Өйткені аудандарды басқару жұмысын жеңілдету үшін 1932 жылдың қаңтарында ВКП /б/ Орталық Комитеті Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарын құру туралы қаулы қабылдаған болатын. Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің екінші сессиясы 1932 жылы аталған қаулының жүзеге асуын қамтамасыз етті. Гуляевка ауылынан 30-35 шақырым төмен №18 ауылға қарасты бұрынғы Алексеевка ауылында 1926 жылы ұйымдасқан бұл серіктіктің негізгі шаруашылығы мал өсіру болды. «Маяк» серіктестігі 1932 жылға дейін өмір сүрді. 1928 жылдың күзінде Мойынқұм ауданындағы ірі оқиғаның бірі орталықтан Ораз Жандосов, Жүсіпбек Арыстанов, Қаратаев, Есболов деген коммунистердің келуі болды. Олар Шу бойындағы елдерді аралап колхоз, «ТОЗ», малсеріктік ұйымдастыруға елді үгіттеп, «Союз қосшының» жұмысын жақсартуға бағытталған практикалық көмек көрсетті. Шу өзенінің ар жақ-бер жағындағы Гуляев селолық, Қызылтал ауылдық Советтері мен Төменгі Шудағы халықтардың өкілдерін жинап, қазіргі «Құмөзек» совхозы орталық шығысындағы 10-15 шақырым жердегі «Ботабай» күмбезінде 3 күндей мәжіліс өткізді Гуляевка ауылының төңірегіндегі 4 «хозауыл» ұйымдастырылды. Олар көбінесе Құмбел, Желдиірмен, Қоралас деп аталып жүрген серіктіктер еді. Бұлардың барлығы да 1931 жылы «Семейсозақ» деген артельге келіп бірікті. Ораз Жандосов Көкірек ауыл Советіне қарасты Жиекті мекендеген елдерді аралап, ол жерлерде де мәжілістер өткізіп, комиссиялар құрған. Ораз Жандосовтың Шу өңірінде болуы конфискация мен шаруашылықты коллективтендіру ісін жеделдетуге үлкен әсер етті. 1929-1930 жылдары бұрынғы №6 ауыл /қазіргі Бірлік ауылы/, «Ұзынтоған» деген жаңа серіктік ұйымдастырылды, ол 1932 жылы «Коминтерн», «Көркей», «Көлтабан», «Бірлік» деген колхоздардың ірге тасын қалады. Қазіргі «Айдарлы» совхозының орталық усадьбасы бұрынғы №1 ауыл 1920-1925 жылдары Көкірек болысына, 1925-1930 жылдары Көкірек ауыл Советіне қарап, шаруашылықты коллективтендіру ісін қолға ерте алды. 1929 жылы бұл жерде «Айдарлы» деп аталатын 27 жеке қожалықтан серіктік ұйымдастырылды. Бұрынғы Сталин атындағы артель болған жерге қайтадан біріктіріп, «Кеңес» деген колхоз ұйымдастырды. Бұл колхоз «Биназар» тоғанынан су шығаруға қолайлы «Айдарлының» 3-4 шақырым батысында, Шу өзенінің оң жақ жағалауына келіп түпкілікті қоныстанды. 1930 жылы Қызылтал ауыл Советіне қараған қазіргі Жамбыл атындағы совхоздың «Ынталы» участогіндегі Жәнібек деп аталатын ел артельге ұйымдасты. Артельдің негізін сол жерде 1928 жылы ұйымдасқан серіктігі қалады. Қазіргі Аманкелді атындағы кеңшарын мекендеген елдерде 1930 жылға дейін-ақ серіктіктер ұйымдаса бастаған. Кеңшардың қазіргі Қызылту ауылында, яғни бұрынғы Ақдала ауылында, оның оңтүстігінде Шу өзеніне таман 3-4 шақырым жердегі елді мекенде 1929-1932 жылға дейін «Қызыл жұлдыз» және «Ұмтыл» деп аталатын мал серіктері болды. 1932 жылы бұл серіктіктер бірігіп «Қызыл октябрь» артелін ұйымдастырды. 1930-1931 жылдары қазіргі «Талдыөзек» совхозынының аумағында Карл Маркс атындағы және «Талдыөзек» серіктігінің ұйымдастырылған. Осы күнгі «Құмөзек» совхозының аумағындағы серіктіктер 1929-1930 жылдары ұйымдасқан. Совхоз орталығы тұрған жерде ерте кезде №19 ауыл болған. 1928-1930 жылдары қазіргі «Қарабөгет» совхозының территориясында №20 ауыл тұрған. Айдарлы колхозына жалғас жатқан «Кеңес» колхозы 1933 жылдың көктем айында 31 үйден қайта құрылып, жыл өткен сайын экономикасы нығайды. «Жаңатірлік», «Ынталы» колхоздарының, «Қызыл Октябрь» колхозының ірге тасын қалаған бұрынғы «Қызыл жұлдыз», «Ұмтыл», «Кеңес» серіктестігінің, «Қызылотау», «Қызылту» колхоздарының жерлері Қызылтал советіне енді. 1930-1936 жылдардың арасында серіктестік болған «Кеңес» 1937 жылдары «Амангелді» атындағы колхозбен біріккен. Осы күнгі «Талдыөзек» совхозының аумағындағы 1935-1936 жылдары бұрынғы майда серіктіктерден қайта ұйымдастырылып, «Алға тарт», «Жаңа талап», «Алға», «Ерназар» және Карл Маркс атындағы колхоздары болып қайта ұйымдастырылды. 1937 жылдың аяғында Гуляевка ауылына қиыр шығыстан қоныс аударған корейлер көшіп келе бастады. Сарқырама ауыл советінің территориясында оларды түпкілікті тұрақтандыру және колхозға біріктіру ісі қолға алынды. 225 жаны бар 56 үй корейлерге бұрынғы «Маяк» серіктігінің жері берілді. 1938 жылы қаңтарда құрылған бұл серіктік «Маяк» болып аталды. Қазіргі «Құмөзек» кеңшарының аумағын ертерек мекендеген №19 ауыл 1936 жылдары бірнеше артельдерге біріктірілді. «Қызыл қоян», «Қызылту», «Қоқи», «Алға тарт» колхоздары ұйымдастырылып, бұлар алғашқыда Қызыл арна, кейіннен Қоқи ауыл Советіне қарады. 1928-1930 жылдары қазіргі «Қарабөгет» совхозының территориясында бұрынғы №20 ауылда құрылып 1932 жылы тарап кеткен серіктіктер 1933 жылы қайта бірігіп, «Қызыл қоян» артелін құрды. Кейін бұлар ірілендірген «Қоқи» артелінің және 1940 жылы құрылған Жамбыл атындағы колхоздың негізін қалады. 1934-1935 жылдары Қызыл қоян артелінде 50-ге тарта үй болды. 1939 жылы Қоқи колхозында ертеректе тұқымдыққа берілген жеке қожалыққа мал жинап алынып, ферма ұйымдастырылды. Қазіргі Жамбыл атындағы совхоздың терістік-батысында,орталықтан 19-20 шақырым жерінде «Молдияр» тоғанының басына алғашқыдан 15-16 үй Қызыл қояндықтар, артынша басқалары да көшіп келіп басы құралған 60-шақты үйдің адамдары тоғанды қазып су шығарды. Сөйтіп 1940 жылы көктемде осы жерде Жамбыл атындағы колхоз құрылды. Кейбір деректерге қарағанда 67 үй «Құмнан» көшіп келіп, 1934-1935 жылдары қазіргі «Қарабөгет» совхозының маңында «Ынталы» деп аталатын серіктік құрылған. 1931 жылы Бурыл байтал балық зауытына балық өткізетін «Балық одағы мекемесі» ашылған. 1934 жылы Мыңарал балық консерві зауытын салуын қажет етті. Алайда 1935 жылы Мыңаралда балық консерві зауыты салынбай, балық қабылдау пункті ұйымдастырылды. Мыңарал пунктіне таяу «Достижение», «Пасет», «Новый путь» артельдері 1940 жылы тек балық аулаумен айналысатын шаруашылықтар болып қайта құрылды. 1939 жылы қараша айында Жамбыл облысында 10 аудан құрылды. Соның бірі қазіргі Мойынқұм ауданының барлық дерлік аумағын қамтыған Көктерек ауданы еді. Бұл аудан Шу ауданынан бөлініп шықты. Аудан еңбеккерлері халық шаруашылығын қалпына келтіру,1946-1953 жылдары Төрт жылға созылған сұрапыл соғыс халық шаруашылығына орасын зиян келтірді. Соғыс зардабын жою үшін бүкіл совет халқы сияқты Көктерек ауданының еңбеккерлерің де өндірістік майданға шықты. Қоғамдық мал басын арттыру, егістік жер көлемін көбейту сияқты күрделі істер атқарыла бастады. Фурмановка ауылындағы үш колхоздың бірі Чапаев атындағы колхозда 1946-1951 жылдары И.В.Похаленко, 1951-1953 жылдары арасында Федор Радай колхоз басқармасының председателі болып істеді. Бұл уақыт ішінде колхоз шаруашылығы соғыс қарсаңындағы экономикалық дәрежесіне жетіп одан да асып кетті. Осы селодағы «Семейсозақ» және «Фрунзе» атындағы колхоздардың өндірістік табысы аз болған жоқ. «Бірлік» колхозында да осындай өрлеу туғызуда көптеген жұмыстар атқарылды. «Айдарлы», «Амангелді» атындағы т.б. колхоздардың қайсысы болмасын 1946 жылдан бастап бесжылдықтың жоспарларын орындауға атсалысып, көптеген игілікті істер жүргізілді. 1896 жылы қазіргі Жамбыл атындағы совхоздың территориясында Жазылбек Қуанышбаев 1930 жылдан бастап алғашқы құрылған «Кеңес» мал серіктерінде, 1956 жылы «Көктерек», кейіннен «Айдарлы» совхозында үнемі шопан болып істеді. 1936 жылы Ж.Қуанышбаевты «Кеңес» колхозы қатарындағы малшы ретінде Алматыда алғашқы рет ашылған Қазақстан ауыл шаруашылығы көрмесіне жіберді. Осы сапардан оралысымен аға шопан мал тұқымын асылдандыру ісімен шындап айналысы бастады. Ж.Қуанышбаевтың жергілікті қылшықты жүнді қоймен будандастыру (шағылыстыру) ісі жүргізілді. Бірақ 1941 жылға соғыс бұл істі жүргізуге мүмкіндік берген жоқ. Бұл отардағы әр жүз саулықтан Ж.Қуанышбаев 1947 жылы 130-дан қозы алды. Оның осы еңбегін үкімет пен партия зор бағалап, Ж.Қуанышбаевқа 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын берді. Даңқты шопан селекционерлік ісін одан әрі жүргізе берді, қаракөл елтірісінің сапасын арттыруда жақсы нәтиже берді. Оның отарынан алынған қаракөл елтірілері халықаралық көрмелерге қойылып, Дели, Бухарест, Познань және Нью-Йорк қалаларындағы жәрмеңкелер мен аукциондарда жоғары бағаланды. 1958 жылы тәжірибелі аға шопан Ж.Қуанышбаев әр 100 саулықтан 145-тен қозы алып, әр қойдан 3,3 кг жүн қырықты. КСРО Жоғары Советі Президиумы 1958 жылға 29 марттағы Қаулысымен Ж.Қуанышбаевты екінші рет «Орақ пен балға», Алтын Жұлдыз орденімен марапатталды. Социалистік Еңбек Ерінің еңбек еткен жерінде Бірлік ауылында 1960 жылы шілдеде қола бюсті орнатылды. ## Дереккөздер
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды. ## Мемлекеттік құрылысы Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалистік республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж. 26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған. ### Ел басшылары Коммунистік партияның қырғыз өлкелік комитетінің хатшылары: ## Халқы Қазақ КСР-ның жергілікті халқы — қазақтар (1970 жылғы санақ бойынша, 4234 мың) болған. Республикада басқа халықтар да тұрған: орыстар (5522 мың), украиндар (933 мың, олар негізінен солтүстік облыстардағы игерілген тың және тыңайған жерлерде, сондай-ақ қалаларда тұрған), татарлар (288 мың), өзбектер (216 мың), белорустар (198 мың), ұйғырлар (121 мың, Іле өзені жоғарғы ағысының бойын мекендеген), корейлер (82 мың, көбінесе Алматы облысы және Қызылорда облыстарында), дүнгендер (17 мың) т. б. халықтар. 1913 жылғымен салыстырғанда, Қазақ КСР халқы 1974 жылға дейін 2,5 есе өскен. Республика халқы табиғи өсім және өнеркәсіптің қызу қарқынмен өркендеуіне, сондай-ақ тың және тыңайған жерлердің игерілуіне байланысты басқа республикалардан көшіп келген халық есебінен өскен. Халқының табиғи өсімі жағынан (1972 жыл әр мың адамға шаққанда 17,2 адамға өсті) Қазақ КСР басқа одақтас республикалардың көбінің алдында келді (КСРО-да орта есеппен 9,6 адам). Республика бойынша халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келген. Алайда халықтың орналасуы бірқалыпты емес болған. Қазақ КСР-ның оңтүстігіндегі тау бөктерлерінде, суармалы егіншілік дамыған шұраттардағы кей жерде халықтың тығыздығы 1 км-ге 100 адамнан асқан; сондай-ақ солтүстігінде де біршама жоғары деуге болған: қара топырақты орманды дала және дала өңірінде 1 км²-те 20 адамнан келген. Өнеркәсіп күшті дамыған қалалар мен аудандарда да халық едәуір тығыз орналасқан болатын. Ал Қазақ КСР-ның батыс, орталық; оңтүстік бөліктеріндегі орасан зор көлемді шөл және шөлейт жерлерде, бұған керісінше, халық сирек қоныстанған; бұл өңірлерде халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,4-1,8 адамнан аспаған. 1972 ж. республиканың тұрғындарында 4971 мың адам (1940 жылдан 5,4 есе көп), оның ішінде өнеркәсіпте 1095 мың, құрылыста 568 мың, ауыл шаруашылығында 1002 мың, транспорт пен байланыста 588 мың адам жұмыс істеді. Шаруашылықтың барлық саласындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің 48%-і әйелдер болды. Кеңес өкіметі тұсында, социал қоғам құрылысының барысында, қала мен ауыл халқының ара қатынасы өзгерді. Қазақ КСР -да жаңадан 200-ден астам қала және қ. т. поселке пайда болды. Қазан революциясына дейін 50 мыңнан артық халқы бар бірде-бір қала болмаған еді, 1974 ж. мұндай қалалардың саны 27-ге жетті, 100 мыңнан артық халқы бар 16 қала болды, оның ішінде 2 қаланың халқы 500 мыңнан асты (Алматы 813 мың. Қарағанды 559 мың). Орталық Қазақ КСР -да Қарағанды, Теміртау (192 мың), Балқаш (80 мың), Жезқазған (74 мың), Маңғыстауда — Шевненко (89 мың), Солтүстік Қазақ КСР-да —Рудный (105 мың), Ермак, Арқалық, Екібастұз, Оңтүстік Қазақ КСР-да — Қаратау, Кентау, Текелі секілді ірі индустрия орталықтары құрылды. Ескі қалалардың халқы да өсті: Алматыда 1926 ж. 45,4 мың халық тұрса, 1974 ж, 813 мың болған, Шымкентте 284 мың, Семейде 265 мың, Өскеменде 252 мың, Павлодарда 228 мың, Таразда 228 мың, Ақтөбеде 170 мың. ## Қазақ ССР-інің экономикалық жүйесі Қазақ ССР-інің экономикалық системасының негізін өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік және колхоздық-кооперативтік меншік формасындағы социалистік меншік құраған. Сондай-ақ кәсіподақ және өзге қоғамдық ұйымдарының уставтық міндеттерін жүзеге асыруға қажетті мүлік де социалистік меншік болып табылған. Қазақ ССР азаматтарының өзіндік меншігінің негізін еңбекпен тапқан табыстары құраған. Азаматтардың жеке меншігін және оған мұрагер болуын мемлекет қорған отырған. Колхоздардың және басқа кооперативтік ұйымдардың, олардың бірлестіктерінің уставтық міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті өндіріс құрал-жабдықтары, өзге де мүлкі сол ұйымның меншігі болып табылған. Колхоздардың алып отырған жері олардың тегін және мерзімсіз пайдалануына бектіліп берілген.
Теңіз – Теңіз-Қорғалжын алабындағы көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Қорғалжын ауданының оңтүстік-батысында. Көл ойыстың батыс бөлігіндегі тектоникалық қазаншұңқырда жатыр. Солтүстік және Орталық Қазақстандағы ірі тұзды су қоймаларының бірі, теңіз деңгейінен 304,4 м биіктікте орналасқан. Көл үлкен батыс бөліктен және солтүстік-шығыстағы шығанақты бөлігінен тұрады. ## Гидрографикасы Теңізге құятын өзен суларының азаюына байланысты ауданы кейінгі жылдары 1161,5 км2 дейін кішірейді (бұрын 1590,0 км2 болатын), ұзындығы 74,4 км, ені 32 км (бұрын 40,2 км). Жағалау сызығы 488,0 км. Су жиналатын алабы 94900 км2. Негізгі бөлігінің тереңдігі солтүстігінде 6,75 м (бұрын 8 м), шығанағында 3 м. Көл түбі жайпақ, тегіс, негізінен қоймалжың сұрғылт қара түсті, емдік қасиеті бар тұнбадан тұрады. Солтүстік-шығыс бөлігінде балдыр өседі. Желтоқсанда қатады, мұзының қалыңдығы 1 м-ге жетеді, сәуірде ериді. Су деңгейі көктемде 0,5 м-ге көтеріледі, қазанда төмендейді. Көлде жыл бойы су болады. Теңізге Нұра, Құланөтпес өзендері, Еспесай, Үлкен және Кіші Тобылғысай, тағыда басқа жылғалар құяды. ## Жағалау сипаты, балықтары мен құстары Көлдің батыс жағалауы аласа төбешікті, басқа жағы жатық, түйетайлы, жазыққа ұласады. Жағасы гипсті саздан түзілген, батыс жағасы тастақты. Шығыс жағалауы шығанақтармен қатты тілімделген, мұнда үлкенді-кішілі 70 арал бар. Көлге су құстары ұя салады (жылына 50 мың жұпқа дейін), оның ішінде кәдімгі қоқиқаз (21 мың басқа дейін) бар. Суында мөңке, оңғақ, нәлім, алабұға, торта, шортан, аққайран сияқты балықтар мекендейді. Көл суы ашқылтым. Суы көп жылдары солтүстік-шығыстағы шығанағының тұздылығы 2,9%, суы аз жылдары 18,2% болады. Теңіз Қорғалжын мемлекеттік қорығының құрамына кіреді. ## Дереккөздер
Футболдан Қазақстан Супер Кубогы 2008 — 2008 жылдың 2 наурызында Қазақстан чемпионы Ақтөбе мен Қазақстан Кубогының иегері Тобыл командалары арасында өтті. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Бұл матчты 12 мың жанкүйер тамашалады. ## Матч ### Детальдар ### Құрамы ## Сілтемелер * Қазақстан Супер Кубогы 2008 Мұрағатталған 10 ақпанның 2012 жылы., сайт kff.kz
Футболдан Қазақстан Премьер Лигасы (ҚПЛ) — Қазақстан футболының ең жоғарғы дивизионы. 2010 жылдан бастап турнирде 12 команда өнер көрсетеді. Әр маусымның соңында ең төменгі орын алған 2 команда бірінші дивизионға кетеді, ал олардың орнына ол жақтағы ең жоғарғы орын алған 2 команда келеді. Және де 2008 жылдан бастап қосалқы құрамдар турнирі өткізілуде. Лига 1992 жылы құрылды. Маусымы: көктем мен күз мезгілдері. Басқарушы — Қазақстан Футбол Федерациясы. 2008 жылдың ақпанында Қазақстанның Футбол Федерациясы жоғарғы лигаға бірнеше өзгерістер жасады. Және де 2008 жылдан бастап Қазақстанның жоғарғы лигасы — Қазақстан Премьер Лигасы деп аталатын болды. ## Жеңімпаздар ## Сұрмергендер ## Барлық жүлдегерлер тізімі (1992-2021) ## Статистика 12 желтоқсан 2017 1992-1994 жылдары жеңіске 2 ұпай берілді. ## Сілтемелер * Қазақстан футболының жаңалықтары — Chempionat.kz * Қазақстан Премьер Лигасының жаңалықтары — Sports.kz
Қазақстан бірінші Лигасы — Қазақстан футболының деңгейіне қарай екінші дивизионы. ## Сипаттамасы 2010 жылдан бастап турнирде 18 команда өнер көрсетеді. Әр маусымның соңында ең жоғарғы орын алған 2 команда Премьер Лигасына жолдама алады, ал олардың орнына ол жақтағы ең төменгі орын алған 2 команда келеді. 2002 жылы турнир Жоғарғы Лига болып аталды, 2003 жылдан бастап Бірінші Лига. 2003-2007 жылдар аралығында бірінші лига Оңтүстік-Батыс, Солтүстік-Шығыс боп 2 топқа бөлінді. Қатысушы командалар саны бірнеше рет өзгертіліп тұрды. 2002 жылы - 7 команда, 2003 - 23 команда, 2004-2005 - 26 команда, 2006-2007 - 27 команда, 2008-2009 - 14 команда, 2010 - 18 команда. ## Жеңімпаздар ## Сұрмергендер ## Сілтемелер
Исатай ауданы — Атырау облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. ## Жалпы сипаттама Аудан 1928 жылы құрылды. 1990 жылы облыстың Құрманғазы және Махамбет аудандары жерлерін қосу негізінде қайта құрылды. Жер аумағы 14,7 мың км². Тұрғыны 26,4 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,6 адамнан келеді (2008). Аудан орталығы – Аққыстау ауылы. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданымен, батысында Атырау облысының Құрманғазы, солтүстік-шығысында Индер, шығысында Махамбет аудандарымен, оңтүстігінде Каспий теңізімен шектеседі. Исатай ауданының жері түгелімен Каспий маңы ойпатының орталық бөлігінде, шөлдік белдемде орналасқан. Батысының басым бөлігін төбешікті Нарын, Бозанай және Ментеке кұмдары, шығыс бөлігін Жайық алабы және Каспий жазығы алып жатыр. Жер аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 165 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 130 шақырым. ## Исатай ауданының эмблемасы Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 9-шілдедегі VIII-сессиясында бекітілді. Суретшісі Махамбет Оспан. Эмблема үлгісінде ауданның сан-салалы даму бағыттары, мұнай өндірісі, мал, балық шаруашылығы, Нарын құмы, теңіз бейнесі біртұтас көрініспен бейнеленген. Жер шары тәрізді дөңгелекте елдің тыныштығы, бейбіт күннің шапағы белгіленіп шаңырақтың бейнесі келтірілген. Шеңбердің жиегі еліміздің көк байрағы түстес - көгілдір түске боялған. ## Тарихы Аудан ең алғаш 20-жылдары құрылғанымен, өз тарихында көрші аудандарға қосылу мен қайта бөліну ауыртпалығын бірнеше рет көруіне тура келді. 1928 ж. бұрынғы Орал облысы Гурьев округі Сарытөбе болысының аумағында орталығы Новобогат аулы болып Новобогат ауданы шаңырақ көтерді. Аудан екі жылдан кейін таратылып, іріленген Гурьев ауданына қарады. 1939 ж. құрамына 33 ұжымшар, бірнеше ауылдық кеңестерді біріктіріп аудан қайта құрылды. 1957 ж. қайта таратылды. 1977 ж. орталығы Аққыстау жұмысшы кенті болып 3- рет құрылған Новобогат ауданының қадамы көп әріге бармай, 11 жылдан соң тағы таратылуы жөнінде жоғарыдан шешім алынды, 1990 ж. аудан қайта қалпына келтіріліп, ауданға Исатай атын беру жөніндегі жергілікті халықтың талап-тілегі ескерілді. 1900 жылдардың басында аудан аумағында Бегайдар ауылында ауыл балаларын орысша оқыту, сауаттандыру ісі басталып, кейін мектеп салынды. Бұл ауданның білім берудің алғашқы қадамы еді. Бұл білім ұясын бітірген жергілікті қазақ жастары кеңес өкіметі орнағаннан кейін елді ұжымдастыру, ауылшаруашылығын құрысу жұмыстарының ұйымдастырушылары мен басшылары бола білді. 1913 жылы Манаштағы балық кәсіпшілігінде Ганюшкинодағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінің бөлімшесі ашылып, қазақ балаларын да қабылдады. Забурында «Үлгі» мектебі салынды. Ауданда теңіз жағалауынан балық аулануы жергілікті қазақтардың балық өндірісіне жалданып жұмыс істеп, күнелтіс жасауына әсер етумен қатар, өңірде оқу-білімге, мәдениетке жол ашты. Балық батағаларына Астраханнан кемелердің келуі сауда-саттыққа да ықпалы тиді. 20-шы ғасырдың басында осында Ащықұлақ деп аталатын жерден мұнай көзінің табылуы ауданның ертеңгі болашаққа бастаған қадамдары болды.1930-жылдары ауданда ұжымдастару жылдары басталды. Жер өңдеушілер серіктестігі, артельдер, ұжымшарлар құрылып, ұжымдық шаруашылықтарға бірікті. 1939 жылы ауданда 26 ауыл-шаруашылық ұжымшарлары, 4 балық артельдері болды. Соғыс жылдарында аудан орталығы Новобогат селосында «Ағайында Нобельдер» серіктестігі тапқан мұнай кен орнынан май алынып, бензин, керосин айыру зауыты ашылды. Бұл өндіріс орындары соғыстан кейін ауданның мүддесіне қызмет етті. 1953 жылдан бастап жабық жөндеу шеберханасы, үлкен алаң, ондаған екі пәтерлік тұрғын үйлер салынып, онда білікті мамандар еңбек етті. ## Географиясы Аймақ жері - жазық, Каспий жағалауына орналасқан, шөлейтті, жазық, топырақтың қабаты тұзды, сортаң, құрғақ. Оның қиыр солтүстік-шығыс жағымен Жайық өзені ағып өтеді. Исатай ауданының жері құмдақ және сортаң сұр топырақты болып келеді. Аудан аумағының Еуразия құрлығына ішкерлей еніп жатуы ауа райының тым континенталдығын калыптастырды: қысы салқын, жазы ұзак та ыстық болып келеді. Өсімдіктердің өсіп-өнетін кезеңінде жауын-шашын аз түседі 70-115 мм, ал бүкіл жыл бойында 150-205 мм. Мұның өзі бұл аймақтың ылғалға аса тапшы келетінін көрсетеді. Сондықтан да гидротермикалық коэффициент 0,2—0,3-тен аспайды. Топырақта ылғалдың жетіспеуі, ауаның кұрғақтығы, аумақтың бір бөлігін сортанды-тұзды аймақ алып жатқандықтан, өсімдік жамылғысының қалың өсуіне мүмкіндік бермейді. ## Климаты мен экологиялық жағдайы Аудан табиғаты мен климаты жер бедеріне, оның рельефіне байланысты. Ауданның жер бедері жазықтық болғанымен, геоморфологиялық тұрғыдан жер бетінің биіктігі барлық аудандарда теңізге қарай көлбеулене ылдилай түседі. Сондықтан да теңіз үстінен бөлінген ылғалдылық жел сол бағыттан соққанда ғана әсерлі байқалады. Атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің мардымсыздығы салдарынан жыл бойына аңызақ желімен, шаңға толы дауылымен, ылғалдың ауаға бостан-бос тарайтын пайдасыз булануымен, кейде тіпті қысқы қардың өз мөлшерінен аз түсуімен жайсыз ауа райы қалыптасып келеді. Ауа райының ең ыстық айы шілдеде Аққыстаудағы ыстық мөлшері 40-43°С көрсетеді. Исатай ауданы экология қаупі төнген аумаққа ресми тіркелмеген. Облыс бойынша арнайы экологиялық бағдарламалардың жасақталуы, Үкімет тарапынан экологиялық таза дүниені қалыптастыру үшін қомақты қаржылардың бөлінуі алғашқы нәтижелерін көрсетуде. 1970 жылдардан бастап Каспий теңізін бойлай бірнеше кен орындарының жиі ашылуы, жерасты газдарының ауаға еркін жіберілуі, мұнайлы ортадағы май қалдықтарының орынсыз төгіліп-шашылуы аудан көлеміндегі экологиялық ахуалды күрт ушықтырып жіберген болатын. Бұл келеңсіздіктерге орай жергілікті тұрғындар Үкімет алдына дейін ұсыныстар түсірген еді. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің және «Міндетті экологиялық сақтандыру» заңдылықтары жарық көргеннен кейін, «Жайықмұнайгаз» мұнай өндіру басқармасының негізгі бағыттарының бірі - мұнай өндірумен қатар, өндіріс нысандарында экологиялық ахуалды сауықтыруға бағыт алды. 2017 жылы басқарма бойынша қоршаған ортаны қорғау шараларына 100 млн теңге қаржы қаралса, 2018 жылдың жоспары бойынша қоршаған ортаны қорғау шараларына 200 млн теңге бөлінді. Соңғы жылдарда зияны мол жерасты алау газын арнайы зауыттар салу арқылы жергілікті шикізат ретінде тұтыну рыногына пайдалану экологиялық жүйедегі үлкен қадам саналып отыр. ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 16 елді мекен 7 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 26440 адамды (13550 ер адам және 12890 әйел адам) құрады. ## Исатай ауданының әкімдері * Зұлбұқар Сүйнешов 1992-1994 * Жанай Беркалиев 1994-1999 * Нұртас Мұхтаров 1999-2001 * Насыр Дауылбаев * Зұлбұқар Сүйнешов 2002-2010 * Бақберген Қарабаев 2010-2012 * Жәрдемғали Ахметов 2012 * Тұрарбек Сұлтанбеков 2012-2013 * Нұрлыбек Ожаев 2013-2014 * Тұрарбек Сұлтанбеков 2014-2017 * Марат Мурзиев 2017-2021 * Полымбет Хасанов 2021-2023 * Нұрым Мусин 2023- ## Негізгі кен байлықтары Негізгі кен байлығы мұнай мен газ. Ауданда негізінен мұнай өндірумен айналысатын «Жайықмұнайгаз» басқармасы бүкіл Ембі мұнай бірлестігі бойынша өндірілетін «қара алтынның» төрттен үшін береді. Олардың кен орындары ауданның оңтүстік-шығыс жағында, Каспий теңізінің жағалауына таяу орналасқан. Барланғандары: Забурунье, Сазанкұрақ, Октябрь, Мартыши, Ровное, Камышитовое, Батыс және Оңтүстік-шығыс Новобогат кен орындары. Жер беті сулары ауданның тек оңтүстік-шығыс жағында кездеседі. Ауданның оңтүстік жағымен Атырау –Астрахан т. ж. мен автомобиль жолы, Қиғаш – Атырау өзен су құбыры өтеді. ## Өсімдіктері мен жануарлар дүниесі Өсімдіктер алабының құрамы қатқыл жерлерде бір бөлек, Нарын құмында одан өзгеше шөптермен ерекшеленеді. Теңіз жағалауы қара жусанды, құм жиегі боз жусанды, бұйырғын мен сораң сияқты ащылыққа бейім өсімдіктермен ерекшеленеді. Көктем кездерінде мортық, ақшиін, шытыр, ебелек, бидайық өседі.Құм жазықтығында ақ жусан, алабота, ебелек, майқаңбақ, қарақаңбақ, қияқ, шырмауық, сүттіген, желкен, шағыр, түйежапырақ, құланқұйрық, ақ селеу, қияқ, құртқашаш, жуа, қой жуа, сіңбірік, сәлбен сияқты өсімдіктер өседі. Теңіз жағалауларында қара жусан, сарғалдақ, шытыр, изен, қарабарақ, қамыс, жантақ, өсімдіктері кездеседі. Аудан аймағында жылдың қай кезеңінде де талғамайтын жыңғыл, жүзгін, ақтікен, адыраспан, итсигек, сексеуіл, балықкөз, сораңшөп сияқты өсімдіктер көптеп кездеседі. Жануарлар дүниесінде бауырымен жорғалаушылар және кеміргіштер үлесі басым. Шөлейт климатқа шыдамды қоян, қосаяқ, қасқыр, құмтышқан, сарышұнақ т.б. сүтқоректілер, жылан, кесіртке, батпан сияқты бауырымен жорғалаушылар, бақа, құрбақа тәрізді қосмекенділер көптеп кездеседі. Құстардан қара қарға, торғайлар, көгершін, жапалақ, қарақұс, қарлығаштар жергілікті мекен етушілер болып табылады. Қазба каналдары мен өзекшелерде торман, алабұға, шортан, қызылқанат, қаракөз балықтары кездеседі. ## Өзендері мен көлдері Аудан шөлейт аймаққа орналасқандықтан су көздері өте тапшы, су мөлшері мардымсыз. Негізгі су көзі – Жайық және Еділ өзендерінен бастау алатын суару және суландыру жүйелері. Нарын және Бақсай каналдары арқылы елді мекендер мен шабындықты жерлерге су жеткізіледі. “Кобяково-Забурын” каналымен ауданның оңтүстік-батыс шекарасына Еділ өзенінің суы келеді. Көкарна — Каспий теңізінен су шығатын канал, ол арқылы теңіздің суы “Атырау-Астрахань” автомобиль жолын кесіп өтіп, құмайт дала қойнауына жетеді. Жайықтың жоғары сағасында сәуір айының ортасынан басталатын көктемгі су тасқыны кезінде су арналары толғанмен жаздың аптап ыстығы кезінде тайыздап, тіпті шет жерлердегі тарамдары кеуіп қалады. Аудан аумағының жер бедері мен топырақ қабатының ерекшеліктеріне байланысты каналдар ирелеңкі келеді. Ежелгі Жалтыр көлі жөне басқа табиғи айдындар бұл күнде тартылып, құрғап қалған. Өткен ғасырларда теңіз суы құйған бірнеше көл тұзды сорға айналған. ## Шаруашылығы Айналысатын негізгі - мал шаруашылығы, малдың етін өндіру. 2009 жылы (қаңтар-қазан) өндірілген ет 4,4 мың тонна (тірі салмақта), сиыр сүті - 3,4 мың тонна, жұмыртқа - 154 мың дана өндірілді. 2009 жылдың 1 қарашасына аудандағы мүйізді ірі қара саны - 11,6 мың бас, қой мен ешкі - 50,9 мың бас, жылқы - 8,8 мың бас, түйе - 7,4 мың бас болды. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында Исатай ауданы көлемінде көптеген игілікті істер атқарылған. Ауданда 2018 жылдың 1 маусымдағы мәліметі бойынша, 2042 шағын кәсіпкерлік субъектілері (оның ішінде заңды тұлғалар 133, дара кәсіпкерлер 1693, шаруа қожалықтары 216) тіркелген. Күні бүгін нақты жұмыс жасап тұрғаны 1446 (заңды тұлға 71, дара кәсіпкерлер 1164 және шаруа қожалықтары 211) кәсіпкерлік субъектілері болып отыр. Шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыс жасайтын адамдардың саны 2182 адамды құрап отыр. Тіркелген кәсіпкерлердің басым бөлігі, яғни 55%-ы сауда-саттық саласында, 21%-ы жолаушы және жүк тасымалымен айналысатындар, 7%-ы ауыл-шаруашылығы, ал қалған 17%-ы қызмет көрсету түрлерінің үлесіне тиіп отыр. 2018 жылдың 1 қаңтарына алынған есеп бойынша, 4 қонақ үй, 16 мейрамхана, 27 шайхана, кафе-бар, 102 азық-түлік дүкені, 6 наубайхана, 2 жылыжай, 7 сауда орталығы, 10 кеңсе, құрылыс және шаруашылық дүкені, 16 шаштараз, тұрмыстық қызмет көрсету орталығы, 12 техникалық қызмет көрсету орны, 4 жанар-жағармай стансасы, 1 тіс салу емхана, 1 жекеменшік дәріхана қызмет көрсетеді. ## Кәсіпорындары «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы — 1973 жылы құрылды. Басқармада 17 кен алаңы игерілуде. Мұнай мен газды өндіру және өңдеумен айналысады. «Сазанқұрақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — Исатай ауданында мұнай өндіруші тұңғыш шетелдік компания. Жылына 70 мың тонна мұнай мен 750 мың текше метрден астам газ өндіреді. Прикаспиан Петролеум компани жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — көмірсутек шикізатын барлаумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Мұнай көздерін іздестіру жұмыстарын жүргізеді. «Светланд-Ойл» ЖШС — 1991 жылдың маусым айында жеке кәсіпорын ретінде құрылған. Негізгі қызметі Исатай ауданындағы Октябрьское мұнай кен орнын игеру. Кәсіпорын бұрғылаған ұңғымалардан алғашқы мұнай 1993 жылдың мамыр айында алынды. «НБК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — Көмірсутек шикізатын барлаумен және өндірумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2002 жылы қайта тіркелген. Исатай аумағында орналасқан Батыс Новобогат мұнай кен орнында геологиялық жұмыстарын жүргізіп, мұнай өндіреді. «Жамбай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — 1999 жылдың 7 сәуірінде Каспий теңізі қазақстандық секторы қайраңының Оңтүстік Жамбай - Оңтүстік Забурунье бөлікшесінен 100%-дық үлеспен көмірсутектерді барлау, игеру және өндіру мақсатында құрылған. «Потенциал Ойл» ЖШС — көмірсутек шикізатын барлаумен, өндірумен және бөлісімдеумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Құрылтайшылары - "Bekstar International Limited" және "Firsk International Oil Corporation" компаниялары. Серіктестіктің негізгі қызметі Атырау облысы Исатай ауданының аумағында орналасқан Бегайдар бөлікшесінің көмірсутектерін барлау, өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу. ## Құрылыс, транспорт саласы Құрылыс саласы. Ауданның құрылыс саласының негізгі өркендеу кезеңдері 1977 жылдардан бастау алады. Ауданда құрылған СУ-1 құрылыс мекемесі, ДСУ-89 - жол құрылысы мекемесі, ПМК-909 мекемелері мұнай кеніштері мен аудан орталығының, ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік-тұрмыстық ғимараттарды салуда айтарлықтай із қалдырды. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін аудан орталығы мен ауылардан қазіргі заман талабына сай ғимараттар бой түзеп, ауылдар сәулеті келбеттенген. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші кәсіпорындар арасында жергілікті «Болат-Д» ЖШС, «Арайстройсервис» ЖШС, кәсіпорындары бар. Транспорт саласы. Аққыстау автотранспорт кәсіпорны, Гурьев автоколоннасының №2553 базасынан Новобогат селосына 1977 жылы 10 шілдеде ескі жөндеу зауытының орнына шаңырақ көтерді. Жаңа филиалға бұрынғы МТС орны беріліп, филиалдың құрамында 35 жүк машинасы, 4 автобус транспорты ғана болып, оларға 1 колонна бастығы, 1 механик, 2 диспетчер, 60 жүргізуші, 8 жөндеуші жұмыс жасады. 1980 жылдың 1 қаңтарынан филиал Аққыстау автотранспорт кәсіпорны болып ұйымдастырылып, аудан орталығына көшірілді. Аққыстау автотранспорт кәсіпорны алғаш ұйымдасқанында 72 адам еңбек етсе, кейін құрам саны 217 адамға дейін өсті. Мекемеішілік автобустар паркі аудан орталығынан Атырау қаласына, селолық округтерге қатынайтын жолаушыларға тоқтаусыз қызмет жасады. Теміржол саласы өркендеуі Атырау- Астрахан теміржол құрылысының басталуымен тығыз байланысты. УС-99 тресінің СМП мекемелерінің құрылыс отрядтары аудан аумағының Исатай, Аққыстау ауылдарынан станса, Бақсай, Томан, №12, №13, №14, №15, №16 разъездері құрылысын бастады. 1968 жылы қазан айында Атырау-Астрахан теміржолы уақытша іске қосылып, Волгоград мұнай айыру зауытына Атыраудан мұнай тиелген эшалондар жіберілуі аудан аумағынан өткен алғашқы тасымал жүгі болатын. 1969 жылы 1 желтоқсан айында Атырау стансасынан алғаш рет жолаушылар таситын Атырау-Астрахан пойызы сапарға шықты. Аққыстау стансасы 1969 жылы құрылып, 1971 жылы толық эксплуатацияға берілді. 1969 жылы 3 санатты станса ашылған кезде 5 кезекші, 5 пойыз құрастырушы, 4 пойыз құрастырушы көмекшісі, 4 жүк қабылдап тапсырушы, 2 жүк кассирі, 4 билет кассирі, 5 станция кезекшісінің көмекшісі, 4 вокзал кезекшісі қызмет атқарған. Халық шаруашылығына, оның ішінде кеңшарларға шөп, ағаш, пішен, көмір, басқалай ауылшаруашылық заттары, жеміс жидек барлығы вагондармен Аққыстау стансасы арқылы жеткізілді. Ауданда құрылыс объектілерінің көптеп салынуына орай және жеке сектордың сұранысы көбеюі нәтижесінде стансаның жүк тасу жоспары жылдан-жылға көбейіп, жоспар артығымен орындалуда. Станса басында жол дистанциясының жолшылары, ШЧ-8 дистанциясының байланысшылары, ВЧД-1 стансасының вагон бақылаушылары, ЭЧ-4 дистанциясының электромонтерлері өз қызметтерін атқаруда. ## Байланыс, энергетика және газ жүйесі салалары Аудандық пошта байланыс торабының негізі 1930-шы жылдары қаланған деп есептеледі. 1977 жылы байланыс торабы қайта құрылды. Ол кезде байланыс торабының қызмет міндетіне екі сала - телефон-телеграф байланысы және пошта қызметі кірді. Ал 1993 жылы телефон байланысы жүйесі жаңадан құрылған телекоммуникация торабына берілді. Бүгінде пошта байланыс торабының халыққа көрсететін қызмет ауқымы кеңейген. Халық тұтынатын заттар, газет-журналдар, марка, конверт сату, пошталық хабарлама жөнелтімдерін, хат-хабар, жеделхат, посылка қабылдау мен жіберу, мерзімді баспасөзге жазу мен жеткізіп беру, коммунальдық қызмет түрлері төлемдерін және жергілікті салықтар мен алымдарды қабылдау, еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы төлеу мен жеткізу, несие беру мен несие қайтарымын қабылдау, бағалы қағаздар нарқы қызметін көрсету және тағы да басқа қызмет түрлерін көрсетеді. Қазіргі уақытта аудандық пошта торабы құрамында алты пошта байланыс бөлімшесі, бір пошта байланыс тірегі және бір жылжымалы пошта байланыс бөлімшесі қызмет көрсететін құрылым және екінші дәрежелі банк деңгейінде несие берумен айналысады. Пошта торабының қызметі толықтай компьютерлік жүйеге көшірілген. Аудандық телекоммуникация торабы — 1977-82 жылдары Гурьев-Аққыстау әуелік желілік байланысы болып аталса, 1988-90 жылдары ауданның таралуына байланысты Махамбет аудандық байланыс торабына қосылды. 1983 жылы қазан айында аудандық байланыс торабының ғимараты пайдалануға берілді. 1993 жылы Исатай аудандық байланыс торабы екіге бөлініп, «Қазақтелеком» ААҚ-ның Исатай аудандық телекоммуникация торабы құрылды. 1985 жылы аудан орталығында автоматтандырылған қалааралық байланыс, 2002 жылы Аққыстау селосында сыйымдылығы 1500 номерлік сандық 812000 стансасы іске қосылып, селоішілік кабель сыйымдылығы өсірілді. 2003-2005 жылдары Новобогат, Чапаев, Жанбай, Нарын, Исатай, Забурын ауылдарында сандық М200 стансасы орнатылып, кабель сыйымдылықтары өсірілді. Аудан орталығында 2004-2005 жылдары 550 номерге телефон кеңейтілді. 2006 жылы Гран, Қызылүй елді мекендеріне телефон байланысы жеткізіліп, 2008 жылы аудан орталығынан 200 шақырымдай қашықтықтағы Үштаған, Мыңтөбе, Айбас елді мекендеріне спутниктік жүйе арқылы телефон байланысы орнатылды. Ауданның электр жүйесі бастауын 1972 жылы қуаты 10 000 кВА екі трансформаторы бар 110/35 (10 кВ Аққыстау қосалқы стансасының (подстанция) іске қосылуынан алады. 1972 жылы Аққыстау ауылынан 110/35 (10 кВ-тік Аққыстау қосалқы стансасы салынып, оған 10 кВ-тік 70 километрге жуық жоғарғы кернеулі әуе желілері жалғанып, Новобогат ауылы, одан кешікпей қараша айында Чапаев ауылы, Қызыл үй елді мекені, 1973 жылдың жазында Жанбай ауылы жоғарғы кернеулі электр желісіне қосылды. 1974 жылы желтоқсан айында Х.Ерғалиев ауылынан қуаты 2500 кВА №83-ші Новобогат қосалқы стансасының салынуы, оған Бақсай өзегінің бойынан 14-16 электр сораптары (насос) жалғанып, кеңшардың жем-шөп дайындауына мол үлесін қосты. Ауданда Забурын кен орнының ашылуына байланысты Зинеден ауылынан №95-ші Октябрьская қосалқы стансасы 1991 жылы іске қосылып, оған кен алаңынан басқа Зинеден ауылы мен Амангелді ауылының тұрғын үйлері және бірнеше малшы қыстақтары қосылды. Аудан территориясынан газ құбырының өтуіне байланысты осы жылы №94-ші Тайман қосалқы стансасы да, іске қосылып, аудандағы қосалқы стансалар саны 4-ке жетті. 1998 жылы шілде айында Аққыстау учаскесі «Исатай аудандық электр жүйесі» деген атпен іріленіп қайтадан құрылды. Манаштағы қуаты 52 МВт болатын станция «Ветроэнерготехнологии» ЖШС қаражатымен 12,3 млрд теңгеге салынған. Станция желдің күшімен ғана энергия беретіндіктен, оның ай сайынғы жіберетін қуаты желге тәуелді. Мердігер компания аудандағы үнемі күшті жел болатын жерді таңдауға екі жылдай уақыт жұмсап, Исатай ауданындағы Манаш ауылына жақын жердегі учаскені лайық деп тапқан. Осы жерде жоғарыдағы  желдің орташа жылдамдығы жыл бойына секундына 8-10 метр болады. «Жел қағарлардың» қалыпты жұмыс істеуі үшін желдің жылдамдығы 4-тен 25 м/с-қа дейін болу қажет. Жел күшейген жағдайда қондырғы автоматты түрде өшіп, қолайлы ауа райын күту режиміне ауысады. Жел электр қондырғыларының жалпы биіктігі 100 метрден асады, 4 секциядан тұратын тіреу салмағы 148 тоннаны, генератор 58 тоннаны, ал «винт» қалағының салмағы 21 тоннаны құрайды. Бір қалақтың ұзындығы 32 метр, ал ротормен бірге осы алып «пропеллердің» диаметрі 65 метр. Аудандағы газ жүйесі тарихы Исатай ауданы Аққыстау селосында салынған кірпіш зауытын іске қосу мақсатында алғаш рет 1996 жылы Тұщықұдық ауылында «Ташкент-2» АГТС-і (Автоматты газ тарату стансасы) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуінен бастау алады. Аудан жалпы табиғи газды тұрмыста пайдалануға алғаш рет 2001 жылы қол жеткізіліп, аудан орталығы тұрғындарын табиғи газбен қамту жұмыстары басталды. 2002-2004 жылдары Х.Ерғалиев, Тұщықұдық және Исатай елді мекендеріне табиғи газ пайдалануға берілді. Осыған орай «Атырауоблгаз» ААҚ-ның Аққыстаудағы бөлімшесі ашылып, жұмыс жасай бастады. 2006 жылдың қаңтар айынан «ОблТрансГаз» КМК, 2012 жылдың тамыз айынан «Атырауоблгазжелілері» АҚ, 2012 жылдың қараша айынан «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы, Атырау өндірістік филиалдары болып өзгертілген мекемелердің аудандық Исатай газ шаруашылығы филиалы қалыпты жұмыс жасап келеді.Сонымен қатар Жанбай, Жаңа Жанбай, Нарын елді мекендерін табиғи газбен қамту мақсатында «ГАЗПРОММАШ-10» АГТС-ы 2008 жылы қолданысқа берілді. Ауданның 96% толықтай газбен қамтылған. ## Дін және өркениет Аудандағы діннің қалыптасуы Бөкей ордасынан бастау алады. Нарындық қазақтар арасында алғаш сауат ашып, бар мүмкіндігінше діни білім алғандардың бір бөлігінің мешіттер ашуы құм қазақтарының еңсесін тіктеді. Исатай ауданы аумағында болған Обалы мен Орпадағы Байғазы мен баласы Мақаш, Қорықтағы Дәулетияр, Бегайдардағы Ахмет, Сүйектідегі Лұқпан, Забұрындағы Меңетай, Кетешағылдағы Елеш, Тұщықұдықтағы Құрманбек, Дуабергендегі Нұртаза, Жанбайдағы (Қызылжар), Төлеміс, Забурындағы Құрманбай т.б. кұдай үйлері діни сауат ашу жолындағы істің бастамашылары бола білді. Білімдерін жетілдіріп, дінге деген сенімдері артқан діни тұлғалардың бір легі Меккеге жол салып, қажылық парыздарын өтеді. Олардың арасында үш рет барған Алдоңғар Қарақұлұлы, Нұрпейіс қажы Әлішұлы, Әйіп қажы Бекенұлы сынды азаматтар болды. Халық арасында емшілігімен танылған Ақмаңдай әже Мырзағұлқызы, Жабас, Сәт-Ата, Толыбай әулиелердің жолын Қайыр Жақияұлы, Дәрісқали Иманғалиұлы, Тәни Есалыұлы, Мүтіш Серғазыұлы, Әжен Батырбекұлы, Ғизат Аяшев, Зейнеден Құрасұлы, оның ұлдары Уалитхан мен Рыспайлар жалғастырып, халықтың жан шипасы үшін аянбай қызмет жасады. Қазақ елі тәуелсіздік алған жылдардан бастап, дінге деген көзқарас жаңарып, жастар имандылыққа бетбұрыс жасады. Аудан көлемінде Х.Ерғалиев ауылынан «Қамысқала», Аққыстау селосынан «Зинеден Ата» мешіттері салынды. Зинеден Ата мешіті — аудан орталығындағы мұсылмандар құлшылық ететін ғимарат. Мешіт жобасы классикалық ислам үлгісінде күмбезді, қос мұнаралы болып салынған. Аудан тұрғындарының рухани орталығына айналған үйде жастарды имандылыққа тәрбиелеуде көптеген игілікті шаралар атқарылып келеді. Мешіттің негізін қалаушы Исатай ауданының Құрметті азаматы, Сәт баба ұрпағы - Рыспай Зинеденұлы. Мешіттің ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысты. Қамысқала мешіті — Х.Ерғалиев ауылында орналасқан діни ғимарат. Мешіт үйінің құрылысы Исатай ауданының Құрметті азаматы, Нұрпейіс Мақашевтың бастамасымен салынды. Құрылысты жүргізген мердігер «Ғимарат» ЖШС.2004 жылы салынған. Жалпы аумағы 0,36 га. Мешіт ерлер залы (80,7 шаршы метр), әйелдер залы (42 шаршы метр) және имам бөлмесінен тұрады. Оның 14 метрлік 1 мұнарасы және екі бүйірінде 10 метрлік екі мұнарасы бар. Үлкен күмбезі негізгі зал үстіне салынған. Алла үйі дала түстес кірпіштен қаланған. Қасбеті Орта Азиялық мешіттер сәулетін еске салады. Ғибадатхана михрабына шаһадат калимасы, ал екі жағына «Алла» және «Мұхаммед» деп жазылған. Күмбез астына «Аятул курси» аяттары өрнектелген. ## Тарихи және мәдени ескерткіштер Исатай ауданы - көне тарихты өлке болғанымен, аймақтың негізгі құрамы Нарын құмы тарихи тұрғыдан әлі де зерттелмей келеді. Аудан көлемінде археологиялық зерттеулерді айтпағанда, жай ізденістегі экспедициялар жұмыс жасамаған. Сондықтан да бұл аймақта тарих, сәулет және монументальды өнер ескерткіштері сирек кездеседі. Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекцияның есебінде Исатай ауданы бойынша 10 ескерткіш ғана тіркелінген (2017). Аққыстау селолық округінің аумағында үш жерде орналасқан ескі қорымдардағы құлпытастар есепке алынған. XIX ғасыр мәдениетінің азаматтық сәулет өнерінің көне үлгісі болып табылатын бұл сағанатамдар мен құлпытастар қатты тасқа ойып өрнектер салу, араб әріптерімен жазу арқылы жасалған. Тарихи және мәдени ескерткіштердің бір тобы 1836-38 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы И.Таймановқа арналған. Нарын ауылдық округі аумағында 1991 ж. Исатайдың 200 жылдығына арналған шаралар өткен жерде, батырдың әкесі Тайман жерленген жерге ескерткіш белгілер қойылды. ТАСКРАН шекаралық белгісі — Аққыстау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2 шақырым қашықтықта орналасқан Таскран белгісі кезінде шекаралық белгі ретінде орнатылған. Биіктігі 10,5 м, жалпы көлемі 7,8x7,0 м. Мұнараның үштен екі бөлігі шикі кірпіштен қаланып, жоғарғы жағы қамыс пен саз балшықтан жасалған. «Атырау-Астрахан» автомобиль жолының бойында орналасқан. Орал өңірі өз алдына облыс болып, Орынбор губерниясынан бөлініп, Астрахан губерниясына берілгенде Астрахан губерниясымен екі аралық мың шақырым қашықтықты тең бөлетін шекара сызығы жыртылып белгіленген. Теңізге тірелетін жерге жеткенде тастан биік етіп осы белгіні орнатқан. Бұл белгі теңіздегі балықшыларға бағдар болған, ол үшін суға қара ала таяулар қағылған.. Қанша уақыт өтсе де сол қалпында сақтаулы. БӨКЕЙ сұлтан көне жұрты — Тұщықұдық ауылдық округінен 20 шақырым қашықтықта Жалтыр көлінің жиегінде орналасқан тарихи мекен. Бөкей хан 1901 жылы орыс патшасынан рұхсат алып, Еділ-Жайық арасына қоныс тепкендегі алғашқы орналасқан мекені. Осы қонысқа көшіп келген жылы қайтыс болған Бөкей шешесінің мәйіті де осы жерде. Төре тұқымының әдет-ғұрпы бойынша құпия жерленген, ескерткіш-зират тұрғызылмаған. Сұлтанның көне жұртындағы ескерткіш белгі - 2016 жылы аудандық әкімшілік бастамасымен қойылды. ИСАТАЙДЫҢ көк татыры — атанған жер Айбас елді мекенінен батысқа қарай, 25 шақырым жерде, Құсқонбас пен Үштағанның Құрманғазы ауданымен шектесетін жерінде орналасқан. Исатай бастаған көтерілісшілер осы жерден оқ-дәрі дайындап, ұсталар найза, сүңгі, айбалта, қылыш, мылтық т.б. қару-жарақ соққан. Ені 10-15 метр, ұзыны 25-30 метр болатын тегістіктің бетін темір тотығы мен күкірт араласқан көкшіл құм басып жатыр. Жер астынан күңгірлеген, жаңғырыққан үн шығуына қарағанда, татыр астында бос кеңістік бар деген тұжырым бар. ИСАТАЙДЫҢ қол жинаған орны — Азаттық көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлы 1836 ж. Манаш ауылының арқа бетіндегі Дүзентөбе деген жерде 200-дей көтерілісшінің басын біріктіріп, қол жинаған. 1991 ж. Исатай Тайманұлының 200 жылдық мерейтойына орай осы жерде республикалық мереке өткізілді. ҚҰСҚОНБАСТАҒЫ тас төбелер — тарихи мекен. Құсқонбастан батысқа қарай 80 шақырым қашықтықта Құрманғазының Керей-Ашық қыстағына жақын жерде Исатай батыр сарбаздары Геке әскерлерімен шешуші шайқасқа түскені белгілі. Тарихшылардың пайымдауынша, Нарынның шығысындағы Бекетай құмындағы Тастөбе шайқасы өтті деген жерлер осы аймақ болуы мүмкін деген жорамалдар бар. Биік қыраттың биіктігі 5-6 метр шамасында, аумағы қазақтың он екі қанатты киіз үйінің аумағындай жердегі құмдар арасынан жұдырықтай-жұдырықтай көк тастар көрініп жатыр. Бұл тастар жаудан қорғану үшін 100 шақырым қашықтықтағы Бесшоқы тауынан тасып әкелініп, қолдан тұрғызылған шығар деген болжамдар көптеп айтылады. ## Аудан мәдениеті Ауданның мәдениет мекемелерінің тарихы 1930-шы жылдардағы қызыл отаулардан басталады. Қызыл отаулар үгіт-насихат шараларының ұйтқысы, көркемөнерпаздықпен айналысатын, білім деңгейін көтеретін орын болды. Ұсақ ұжымшарлар ірілендіріліп, олардың экономикасы нығайған кезде ұжымшар орталықтарында клубтар ашылды. Ауданның елді мекендерінде өнерлі жандардың басын біріктіретін драма үйірмелері, оркестрлер, хор ұжымдары құрылып жұмыс істей бастады. Аудандық мәдениет бөлімін 1945-57 жылдар аралығында басқарған Жұмабай Қуанышев, Ғабит Ідіркенов, Боқан Ержанов, Бисен Жұмағалиевтер мәдениет мекемелерінің жұмысын жетілдіруге, көркемөнерпаздықты дамытуға көп еңбек сіңірді. Облыс бойынша алғашқы халық аспаптар оркестрі ұйымдастырылды. 1957 жылы Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалі шеңберінде өткен облыстық байқауда аудан оркестрі жүлделі орынды иеленді. Ауданда өнердің үлгісі Чапаев (қазіргі Тұщықұдық) селосы болды. Драма ұжымы 1967 жылы халық театры атағын алды. Басқа ауыл-селоларда да көркемөнерпаздық кең өріс алды. Өнер топтары, жанұялық ансамбльдер көбейді. 1990 жылы Исатай ауданы қайта құрылғаннан бері аудандық мәдениет бөліміне Мирас Қибашев, Манарбек Дәулетов, Ақылбек Рысқалиев, Света Жарылғасова жетекшілік етті. Тәуелсіздік жылдарында ауданда айтыс өнері дамып келеді. Шынарбек Қабиев, Саадат Нұрманов республикалық ақындар айтыстарында жүлдегер атанса, олардың соңынан бір топ жас ақындар өсіп келеді. Қазір ауданда 3 мәдениет үйі, 6 селолық клуб, 3 жылжымалы клуб, 1 халық театры, И.Тайманұлы мұражайы, 18 кітапхана қызмет көрсетеді. Соңғы бес жылда Нарын, Қызылүй, Забурын селолық клубтары ашылды. Аудандық орталық кітапхана 1911 жылы 480 дана кітаппен Аққыстау селосында ашылса, қазір кітап қоры 141184 данаға жетті. 2006 жылы кітапхана республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттык жүйе (РАБИС) бағдарламасына қосылып, электрондық каталог жасақталды. ## Халық ағарту ісі Қазан революциясына дейін құм өңіріндегі ауылдарға М.Шектібаев, М.Ахсартов деген мұғалімдер келіп, сауаттандыру жұмыстарын жүргізген. 1939 жылы ауданда 35 бастауыш, 2 орта, 9 орталау мектеп болды. Жалпы елдегі сауатсыздықты жоюмен қатар халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге ауыл мұғалімдері белсене араласты.Ұлы Отан соғысынан бұрын Нарын құмының әрбір ауылдық кеңесінің қарауында бір мектептен болды. 1957 жылдан кеңшарлар құрылған соң құмдағы мектептер кеңшарлар орталықтарына көшіріле бастады. 1963 жылдан бастап балалар бақшалары ашылды. 1977 жылы ауданда 7 орта, 3 сегіз жылдық мектеп, 9 интернат болды. 1976-1977 оқу жылының қортындысында 5613 бала, 1977-1978 оқу жылында 5782 бала оқыды. Оған 357 мұғалім ұстаздық етті. 2008 жылы ауданда 9 орта, 1 орталау, 4 бастауыш мектеп, 1 спорт мектебі, 3 саз мектебі, 8 балабақша, 1 оқушылар үйі жұмыс жасайды. Аудандық білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жақсарды. Типтік үлгіде алғаш 1965 жылы Амангелді атындағы (Мәсәлімов) орта мектебінің құрылысы салынса, 1986-87 жылдары Аққыстау, Чапаев, Жанбай ауылдарында типтік орта мектептер салынды. Шалғайдағы Қызылүй, Жасқайрат және Жаңа Жанбай елді мекендерінде бастауыш мектептер, Абай (2001), Новобогат (2004), Гагарин атындағы (2005), Исатай (2007) орта мектептеріне жаңадан типтік мектеп ғимараттары салынды. ## Денсаулық сақтау ісі Емханалардың алғаш негізі 1928 жылы Новобогат ауданы құрылған кезде жұмыс жасаған екі фельдшерлік пункт негізінде қаланған. Аудандық аурухананың негізі 1944 жылы Новобогат кентінде ашылған 10 төсектік аурухана негізінде қаланды. 1950-ші жылдары Айбас, Мыңтөбе, Забурын ауылдық Кеңестерінде 5 төсектік, Чапаев ауылында 10 төсектік ауылдық ауруханалар болған. Новобогат учаскелік ауруханасына 1967 жылы республика бойынша алғашқылардың қатарында типтік үлгідегі аурухана салынып, күні бүгінге дейін сақталуда. Аудандық орталық аурухананың 50 төсектік типтік үлгідегі ғимараты 2004 жылы салынып пайдалануға берілді. Чапаев, Жанбай ауылдарындағы учаскелік ауруханалар 1983 жылы селолық емханаға айналдырылды. Денсаулық сақтау саласындағы реформалар талабына сәйкес 2000 жылы аудандық денсаулық сақтау бөлімі кұрылып, 2005 жылға дейін жұмыс жасады. Ауданда 2008 жылы аудандық орталық аурухана, Новобогат учаскелік ауруханасы және аудандық туберкулез ауруханасы халыққа медициналық қызмет көрсетсе, бір аудандық және екі селолық (Чапаев, Жанбай) отбасылық емханасы жұмыс істейді. 2007 жылы Нарын, Забурын, Исатай селолық округтерінде фельдшерлік- акушерлік пункттер базасында дәрігерлік амбулатория ашылып, тұрғындарға қызмет көрсете бастады. 1984 жылы аурухана Аққыстау селосына жаңа ғимаратқа көшірілді. ## Баспасөзі Қазіргі Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің тұңғыш саны 1953 жылы ақпанның 18-і күні «Малшылар үні» деген атпен жарық көрді. Газет өткен ауыл тұрмысының, аудан ел-жұртының еңбек және күрес жолын, қуаныш-мерейін, бастан өткерген қиын-қыстау шақтарын баяндады. «Малшылар үнінің» 5 жылда шыққан №561 санынан алғашқы редакторлар Төлеген Сатқанбаев пен Мүтәліп Шәріпов, жауапты хатшы Ғалымжан Үбеновболды. Соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру жылдары мен оған ілісе аудан өңірінде атқарылған үлан-асыр өзгерістер, әсіресе ауыл-шаруашылығын өрге бастыру бағытында жасалған қадамдар газет беттерінде кеңінен көрсетіліп отырды. 20 жылдай үзілістен соң, 1977 жылғы қазанның бірінде «Нарын таңы» деген атпен қайта шыққан аудандық басылымның екінші өмірі сол уақытта өрлеу, кейінірек келе тоқырау аталған кезеңдегі ауданның өндірісі, транспорты мен құрылысы, ауыл-шаруашылығы салаларында қол жеткен табыстар, олардағы социалистік жарыс пен озаттар өнегесі, мәдениеттегі, білім беру мен денсаулық сақтаудағы істердің кеңінен жариялануы қамтамасыз етілді. Газет жылнамасындағы үшінші кезең аудан Исатай атын алып, қайтадан құрылуына байланысты 1991 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Заман мен қоғамдағы өзгерістерге орай газеттің беталыс бағдары мүлдем жаңа сипатқа ие болды, тақырып мазмұны, материалдар стилі өзгерді. Көкейтесті мәселелерді қозғайтын, өзіндік көзқарастарын білдіретін жарияланымдар көбірек беріле бастады.Ұлттық қадір-қасиетімізді кұрметтеп, салт-дәстүріміз бен халықтық әдет-ғұрыптарымызды, имандылықты өмірге орнықтыру мәселесіне кең орын берілетін болды. Экономика, саясат, әділет, сот, заң, әлеуметтік тұрмыс, тазалық, нашақорлық, темекі шегу, СПИД, қоршаған орта, көші-қон, индустриялық-инновациялық жобалар, агроөнеркәсіп және мұнай өндірісі, шаруагерлер тіршілігі, ауыл өмірі, жеке кәсіпкерлік, басқа да тақырыптағы мақалалар сараптамалық тұрғыда көбірек жарияланып келеді. Сондай-ақ қазіргі кезде басылымның мазмұны мен сапасына, көркемдік безендірілуіне көбірек мән беріліп, «Қоғам», «Өңір өмірі», «Кәсіп пен нәсіп», «Газет ішіндегі газет», «Бұқара», «Шаңырақ», «Әлеумет», «Сырғалым», «Газет және оқырман», «Спорт», «Керуен», «Алдар көсе», т.б. жаңа форматта арнаулы беттері ашылды. ## Аудан спорты 1977 жылы маусым айында Новобогат аудандық кеңесі атқару комитетінің жанындағы денешынықтыру және спорт комитеті болып кұрылды. 1990 жылы аудандық жастар ісі, туризм және спорт бөлімі, 2000 жылы туризм және спорт бөлімі, 2006 жылдан бастап аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі болды. Аудан көлемінде ұлттық спорт түрлерін дамыту кеңінен іске асырылып келеді. Көкпар, аламан бәйге, жорға, тай, атан жарыстарын өткізу дағдыға айналдырылды. Нарын өлкесінде ат баптау дәстүрі - ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер. 2007 жылы ауданның көкпар командасы жасақталып, алғаш рет облыстық жарыстарға қатынасты. Спорт пен денешынықтыруға жергілікті халыққа орталық стадион, 2 мәдени спорт кешені, аулаішілік спорт алаңдары қызмет көрсетуде.Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, олардың филиалдары өз саңлақтарын әлемдік додаға дейін тәрбиелеген жеңімпаздар дайындайтын білім ордасы ретінде танылуда. ## Ауданның танымал тұлғалары * Ахмет Сүндетов – Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері. (Забурын а.) * Дина Нұрпейсова – күйші композитор. (Бекетай құмы) * Зақаш Камалиденов – қоғам және мемлекет қайраткері. (Орпа а.) * Қаршыға Ахмедияров –Қазақстанның халық әртісі, халық күйшісі, сазгер. (Таңдай а.) * Нәбиден Әбуталиев – жазушы, драматург (Молшағыл а.) * Фариза Оңғарсынова - қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы. (Манаш а.) * Хамит Ерғалиев - қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы. (Новобогат а.) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * Исатай ауданы туралы(қолжетпейтін сілтеме)
Футболдан Қазақстан Супер Кубогы 2010 — 2010 жылдың 14 наурызында Қазақстан чемпионы Ақтөбе мен Қазақстан Кубогының иегері Атырау командалары арасында өтті. Матч Астанадағы жаңа стадион Астана Аренада өтті. Бұл матчты 8 мың жанкүйер тамашалады. ## Матч ## Сілтемелер * Қазақстан Супер Кубогы 2010 Мұрағатталған 10 ақпанның 2012 жылы., сайт kff.kz
Шу ауданы — Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1931 жылы құрылған. Мойынқұм, Қордай, Меркі, Жамбыл аудандарымен және Қырғызстан Республикасымен шекаралас жатыр. Жер аумағы 12,0 мың км². Аудан орталығы – Төле би ауылы. ## Тарихы Ақ иық Алатаудан бастау алатын Шу өзенінің қос қанаты ежелден-ақ жергілікті жұрттың құтты қонысы болған. Ғылыми деректерге сүйенсек, біздің жыл санауымыздан бұрын Шу өңірінде Сақ аталған елдің бір бұтағы өмір сүрген. Бесінші ғасырдың орта тұсында Шу өңірі Түрік қағанатының құрамына кіреді. Осы кезде Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Шу өңірінде де қалалық мәдениет бой көтереді. Ел мал шаруашылығымен бірге, отырықшылдық кәсіпті де игереді. Шу қырғыз және қазақ жеріндегі ана өзендердің бірі. Ұзындығы – 1186 км (Қазақстан аумағында 800 км) Қырғыз Алатауынан бастау алып, Бетпақ шөліне дейін созылып ағатын өзеннің екі жақ бетіндегі кеңістік Шу өңірі аталады. Шу өңірінің еліміздің тарихында аса зор маңызға ие болуы XV ғасырдың орта тұсында Қазақ хандығының, яғни ұлттық мемлекеттігіміздің іргетасының қалану кезеңіне тұспа-тұс келеді. Ғылымда хижраның 870 жылы, яғни 1465-1466 жылдар қазақ хандығының құрылған кезі ретінде қабылданған. Ал оның туы тігілген жері Шу өзені бойындағы «Қозыбасы» аталатын шоқы еді. Ұлы тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулат бұл өңір сол тұста Моғолстан хандығының батыс шеті болғандығын айтып, оны Иса Бұға ханның Жәнібек пен Керей сұлтандарға (Әбілқайыр хан ұлысынан жарыла көшіп келген) үлеске бергендігін айтады. Жаңадан құрылған қазақ хандығына бұл аймақ өте қолайлы мекен болды. Өзбек ұлысын билеуші Әбілқайыр хан өмірден озған соң оның құрамындағы қазақ тайпалары енді Жәнібек пен Керей басқарған хандыққа біржола өте бастайды да, алғашында жаңа хандық өзбек-қазақ елі аталады.Шу өңірі қазақ елінің ұлттық мемлекеттігінің бесігі ғана емес, сондай-ақ қазақ бірлестігінің жаңа сапаға, яғни ұлттық тұтастыққа өтуіне ұйытқы болған аймақ. XIX ғасырдың 50-60 - шы жылдары Жетісу өңірінде Ресей билігі орнады. 1867 жылғы Уақытша Ереже бойынша Шу өңірі Түркістан генерал-губернаторлығы құрамындағы Жетісу облысына қарады. Түрксібтің салынуы ауданда ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өріс жаюына шешуші ықпал жасады. Теміржол арқылы аудан шаруашылығана қажет деген жанармай, ауылшаруашылық техникалары, сондай-ақ, басқа тауарлар тасымалданды. Аудан үстінен өткен темір жол торабы 144 шақырымға, ал Қосқұдықтан Бетпақдалаға дейін созылған ішкі темір жолдың ұзындығы 130 шақырымға, аудан ішіндегі көлік жолы (шоссе) – 359 шақырымға жетті. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің 1930 жылғы 17 желтоқсандағы қаулысының күшімен Алматы облысы құрамында Шу ауданы құрылды. Орталығы - Шу селосы болып белгіленді. Шу өңірінде тұңғыш рет темір жол қатынасы 1928 жылдың қоңыр күзінде іске қосылды. Қазақ КСР Орталық Атқару Комитетінің 1937 жылғы 29 желтоқсандағы шешімімен Шу стансасына қала түріндегі кент атағы берілді. 1957 жылы Шу депосы толықтай тепловозға көшірілгеннен кейін тепловоздарды жөндеуді және пайдалануды үйрену үшін бұрынғы Одақтың түкпір-түкпірінен келушілер көбейді. 1977 жылы Шу қаласында Шу жол бөлімі құрылды. 1987 жылғы 21 қыркүйекте Шығанақ-Бірлік-1 электрлендірілген учаске пайдалануға берілді. Ал 1988 жылы Шу торабын электрлендіру толығымен аяқталды. 1996 жылы Шу-Отар учаскесіндегі жолды электрлендіру жұмыстары да аяқталды.1960 жылғы 24 желтоқсанда жарық көрген Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығына сәйкес Шу жұмысшылар кенті ауданға бағынатын Шу қаласы атанды. Сондықтан бұл дата Шу қаласының туған күні саналады.1962 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкесінің жаңадан құрылуына байланысты Шу қаласы өлкелік билікке бағынды. Екі жылдан кейін өлке таратылып, Шу қаласы қайтадан Шу ауданының құрамына қосылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1965 жылғы 4 қарашадағы Жарлығымен Шу қаласы Жамбыл облыстық бағынысқа көшірілді. Ал 1997 жылдың 1 сәуірінен бастап Елбасы Жарлығымен Шу қаласы Шу ауданының құрамына қайта қосылды. ## Географиясы Солтүстігінде Мойынқұм және Алматы облысының Жамбыл аудандарымен, батысында Меркі ауданымен, шығысында Қордай ауданымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі. Ауданның көпшілік жері жазық, оңтүстік, оңтүстік-шығысы таулы. Батысын Мойынқұм алқабының құмды-қырқалы төбелері, шығысын Кіндіктас сілемінің батыс бөлігі, орталық және солтүстік бөлігін Шу-Іле тауларының Айтау, Хантау, Аңырақай таулары, қиыр солтүстігін Жусандала үстіртті даласы алып жатыр. Аудан аумағынан Шу, Қорағаты және Ақсу өзендері ағады. Жер қойнауынан мыс рудалары (Шатыркөл кен орны) мен құрылыс материалдары барланған. ## Табиғаты Климаты тым континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақ. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда – 6 – 9°С, шілдеде 24 – 25°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 – 250 мм. Аудан жерінде Шу өзені және оның алабындағы Ақсу, Тоқтас, Қорағаты, Қайынды, Сарықау, Майтас, Еспе, Шоқпар, Теректі, Ойранды, Шатыркөл, Үңгірлі өзендері ағады. Шу өзендеріне ірі Тасөткөл бөгені және Аспара, Ақсу, Новое, Тәтті, Шілік, Шөмішті атты шағын бөгендер салынған. Көлдердің аумағы негізінен шағын. Олар: Қаракөл, Бесқатын, Тоғызкөл, Сарықұдық, Жарқұдық, Жантақты, Апанай, Қобы, Далаңқұдық, Тақыр, Қарақұдық, Алаботалы. Аудан жерінің басым көпшілігі сұр, сортаңды сұр, құмдақ топырақты (Мойынқұм және ауданның орталық мен солтүстік бөлігі), оңтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы өңірінде қоңыр, бозғылт қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты, өзен аңғарлары бойында шалғынды сұр топырақты. Өсімдігіне жусан, боз, күйреуік, баялыш, бетеге, ши, қамыс, құрақ, қарағаш, көктерек, сексеуіл басым. Қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, жабайы шошқа, ақбөкен, сарышұнақ, аламан, т.б. кездеседі. ## Халқы Тұрғындар саны - 101 693 адам (2019). Аудан халқы көп ұлтты, мұнда негізінен қазақтар (72,57%), орыстар (9,52%), түріктер (5,82%), әзербайжандар (3,41%), күрдтер (3,14%), т.б. ұлт өкілдері (5,55%) тұрады. Халықтың 1 км²-ге шаққандағы орташа тығыздығы 7,7 адам. Ауданның тұрғын халқының 40,2%-ын қала тұрғындары құрайды. ## Әкімшілік бөлінісі 35 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 18 ауылдық округке біріктірілген: ## Ауыл шаруашылығы Аудан 1997 жылға дейін негізінен қант қызылшасы мен биязы жүнді қой, оларға қосымша астық, сүтті, етті-сүтті мал, жылқы, шошқа, көкөніс, бақша, қымбат елтірілі аң өсіруге маманданған 3 ұжымшар, 14 кеңшар, 1 аң шаруашылығы болған. Ауданда барлық ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы (2005) шамамен 1,08 миллион га, оның ішінде егістік жер 160,3 мың га. Ауыл шаруашылығына тікелей арналған жер 807,3 мың га-ны құрайды. Оның 57,6 мың га жері шаруа қожалықтарына берілген. Ауданда экономика саласы бойынша тіркелген шаруашылық субъектілерінің саны (2005): өнеркәсіп саласында 7, ауыл шаруашылығында 39, құрылыста 3, сауда және қоғамдық тамақтандыруда 20, басқалары 20. Ауданда өсімдік шаруашылығымен бірге мал шаруашылығы да жақсы дамыған. 2005 жылы ауыл бойынша 15,8 мың ірі қара, 89,9 мың қой мен ешкі, 5,2 мың жылқы, 3,4 мың шошқа, 85,0 мың құс болды. Олардан (барлық шаруашылық санаттарын қоса есептегенде) 3,43 мың т ет, 10,8 мың т сүт, 2,3 миллион дана жұмыртқа өндірілді. Қазіргі таңда (2015) ауданда барлығы 2751 агроқұрылымдар жұмыс істеп тұр. оның ішінде 12 басқа да мемлекеттік емес мекемелер, 2 өндірістік кооператив, 17 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 2720 шаруа қожалықтары бар.Ауыл шаруашылығы саласында 2015 жылдың 12 айында жалпы құны 30 млрд. 149,6 млн. теңгенің өнімі өндірілді, оның ішінде егін шаруашылығы 15 млрд.444,4 млн.теңге, мал шаруашылығы өнімі 14 млрд. 685,8 млн. теңге. Ауданда бүгінгі күнге – 12 жылыжай бар (барлық көлемі 1,72 га), оның ішінде Шу қаласы бойынша 11 жылыжай, атап айтсақ «Бектібай» ШҚ 1,28 га, «Мадина» ЖК 0,12 га, «Салима» ЖК 0,19 га, «Өмірзақ» ЖК 0,08 га, Қонаев ауылдық округінде «Ридван» ШҚ 0,05 га жылыжай. Егіс алқаптарына су үнемдеу технологиясын енгізуді қолға алу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 2015 жылы аудан бойынша барлығы 12 шаруашылық 1136 га егіс алқаптарына тамшылатып, жаңбырлатып суару технологияларын қолданды.Аудандағы мал басының саны: мүйізді ірі қара –28739 бас, қой мен ешкі –274586 бас, жылқы –10213 бас, түйе –64 бас, шошқа –436 бас және үй құстары –73900 бас.Мал шаруашылығы бойынша 37388,5 тонна сүт сауылып, өндірілген ет 8981,3 тонна болды.«Сыбаға» бағдарламасы арқылы мүйізді ірі қара мал сатып алу жоспары - 545 бас. 2015 жылы «Алтын асық» бағдарламасымен «Тау самал» ШҚ 16,0 млн теңгеге 600 бас саулық қой , 30 бас қошқар, «Бауыржан» ШҚ 4,0 млн. теңгеге 148 бас саулық, 7 бас қошқар сатып алды. «Құлан» бағдарламасы бойынша барлығы 33,75 млн теңге несиеге 115 бас бие, 14 бас айғыр алынды. ## Инфрақұрылымы Негізгі жол жүйелерінің ұзындығы 385 км, оның 338 км асфальттанған. Автоматтық телефон станциялардың жалпы саны 17, байланыс бөлімшелері – 20. Ауданда жалпы білім беретін 49 мектеп және мектеп жасына дейінгі 4 мекеме бар. Одан басқа 2 кәсіптік-техникалық мектеп және лицей мен гимназия, Шу қаласыннда Алмас гуманитарлық-экономикалық және Құқық және бизнес (Төле би ауылында) колледждері жұмыс істейді. Аудандық аурухана, Шу қалалық ауруханасы, емхана, тубдиспансер, Шу қаласындағы аймақтық емхана, 8 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 24 фельдшірлік-акушерлік пункт және стоматологиялық орталық (Шу қаласында), аудандық дезстанса, санэпидстанса, т.б. мекемелер бар. Мәдениет және спорт саласында ауыл бойынша 2 мәдениет үйі, 2 халық көркемөнерпаздар ұйымы, 18 кітапхана, 2 саябақ, Балуан Шолақ, Бірлікүстем және Көктөбе ауылдарында 3 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб, 3 стадион, 20 мешіт, балалар және жасөспірімдер орталық , т.б. бар. ## Өнеркәсіп саласы Ауданның өнеркәсіп саласындағы өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 10 млрд. 082,6млн. теңге, физикалық индекс көлемі 47,2 пайызға орындалды. Өнім көлемі 2014 жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда 8631,5 млн. теңгеге кеміді. Өнім көлемі Шу тепловоз жөндеу зауытында ағымдағы жыл басынан бері 1 млрд. 559,2 млн. теңгені құрады өткен жылмен салыстырғанда (2014ж- 4 млрд 831,7 млн. теңге) 3 млрд. 272,4 млн. теңгеге кем орындалды, себебі техникалық қызмет көрсетуден, күрделі жөндеуден өткізілетін локомотивтер мен жылжымалы құрамдар көлемі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайына байланысты азайған. Сонымен қатар өнеркәсіп өндірісі саласы ішінде кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібі көлемі 3 млрд. 386,5 млн. теңге, өткен 2014 жылдың (2014ж- 7 млрд 766,1 млн. теңге) осы уақытымен салыстырғанда 4 млрд.379,6 млн. теңгеге төмендеп, физикалық индекс көлемі 34,4 пайызға орындалды. 2010-2014 жылдары ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығы шеңберінде жалпы құны 2 млрд. 105 млн. теңгені құрайтын барлығы 3 жоба іске асырылған болатын. (ТОО «Каz Ir Agro») – сұйық май өңдеу зауыты,ТОО «Бірлік энерго» -мұнай өнімдерін өңдеу зауыты, ТОО «А&Т Энерго» -Тасөткел су элктрстансасы. Осы нысандарда 74 жаңа жұмыс орындары ашылып және 2011-2014 жылдары аралығында бюджетке 20,4 млн. теңге салықтар мен төлемдер түсті. 2015 жылы бюджетке 19,1 млн. теңге салық түсті. 2016 жылы индустриаландыру картасына ұсынылып, іске асыруға жоспарланып отырған инвестициялық жобалар.2014 жылы Республикалық деңгейде индустрияландыру картасына енгізілген «Тараз химиялық паркі» АЭА БК» АҚ. АЭА басқару және құрылысын жүргізу бойынша тәжірибесі мол «Jurong Town Consultants» (Сингапур) компаниясы бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Қазіргі таңда АЭА-ң ЖСҚ-ын талдау үшін шығыс құжаттары (техникалық жағдай, жер телімінің құжаттары) қабылданып, 505 га жер телімі бөлінген. Бүгінгі күнге 30,77 га жерге алғашқы кезең глифосат және сульфат өндіретін зауыттың АЖТ – сы (АПЗ) жасалынды. АЭА инфрақұрылымының құрылыс жұмыстары 2014-2019 жылдары арасында үш кезеңге бөлінген. АҚ жобаны жүзеге асыру кестесіне сәйкес құрылыстың І кезеңінің басталуы 2014 жылдың наурыз айында, ал аяқталуы 2016 жылдың I тоқсанына жоспарлануда.Инфрақұрылым бойынша 2015 жылы игерілген қаржының көрсеткіші:- Газ құбыры 496 656 мың теңге игерілді.- Темір жол дәлізі 1 501 895 мың теңге игерілді.- Авто жол дәлізі 1 497 311 мың теңге игерілді.- Су құбыры 2 406 443 мың теңге игерілді.- АЭА ішкі инфрақұрылымның тік тегістеу (вертикал) 485 252 мың теңге игерілді.- Электр жүйесі 1 489 960 мың теңге игерілді.- Абаттандыру 887 891 мың теңге игерілді. Инфрақұрылым бойынша 2015 жылы атқарылған жұмыстың көрсеткіші:- Газ құбыры 10 шақырым 98%-ға, мердігері - «Газ-С» ЖШС.- Темір жол дәлізі 6,4 шақырым 96%-ға, мердігері - «Караганда ЖДП» ЖШС.- Авто жол дәлізі 5,8 шақырым 98%-ға, мердігері- «КазДорПроект» ЖШС.- Су құбыры 35,5 шақырым 60%-ға, мердігері -«Жер Анна» ЖШС.- АЭА ішкі инфрақұрылымның тік тегістеу (вертикал) 98%-ға, мердігері - «Kaz Нi Тech EuroBuilding» ЖШС.- Сыртқы электрмен жабдықтау объектілері 5 шақырым АЭА ВЛ -220 кВ -88%-ға орындалды. Мердігері - «Kaz Нi Тech EuroBuilding» ЖШС.«Kaz Mia» ЖШС мия тамырын өңдейтін зауыт, 2016 жылдың ІІ-тоқсанында іске қосуға жоспарланып отырған жоба. Құны 600 млн. теңге, қуаттылығы жылына 2500 тонна кептірілген мия тамырын өңдеу. Мия тамырынан өндірлген «Глициризин» қышқылын шығару жылына 250 тоннаға жоспарлануда. 2015 жылдың шілде айының 20-да №08-03/01637 нөмірімен «Мия тамыры құрылысының зауыты» сараптама орталығынан рұқсат қағазы алынып. 2015 жылы жапондық 7 маман келіп құрал-жабдықтрды орнату жұмыстарын аяқтап 1-ші сынама жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге жобаға қажетті су құбырының (скважина) ЖСҚ-сы мемлкеттік сараптамаға өткізіліп, жауабы күтілуде. 60 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. «Хим-плюс» ЖШС-гі Жобаның құны – 65 772,0 млн. теңге. 1.«Глифасат» және 2.«Сульфат» өндірістерінің қуаттылығы жылына 10 000 тонна өніміндері өндірлетін болады. Іске асырылу мерзімі 2017 жыл IV тоқсан. Жоба іске қосылғанда 693 адам жұмыспен қамтылады. Бүгінгі күнге «Тараз химиялық паркі» АЭА БК» АҚ-ның аумағынан 30,77 га жер телімі бөлініп берілген.Осымен қатар ЖСҚ-сы мемлекеттік сараптамаға дайындалуда. Құрылыс жұмыстары 2016 жылдың қыркүйек-қазан айларына жоспарлануда. 2015 - 2019 жылдары индустриаландыру картасына ұсынуға жоспарланып отырған инвестициялық жобалар.1.«Qadam industries» ЖШС-нің басшысы Белходжаев Дархан Аманұлы Пестицид өнімін өндіретін зауыт. Қуаттылығы жылына 2 мың тоннаға дейін пестицидтер және өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру. Жобаның құны 1 700 млн. теңгені құрайды. Жобаның іске асырылу мерзімі 2017 жылдың І тоқсаны. Жоба іске қосылғанда 30 адам жұмыспен қамтылатын болады. Бүгінгі күнге «Тараз химиялық паркі» АЭА БК» АҚ-ның аумағынан 5 га жер телімі бөлініп берілген. Жобаның ЖСҚ-сы дайындалуда. 2.«Қызылорда Мұнай Газ» ЖШС-нің басшысы Асимханқызы Мубилан Метанол өнімін өндіретін зауыт. Қуаттылығы жылына 600 000 тонна метанол (метил спирті) өнімін өңдеу жоспарлануда. Жобаның құны 94 950 млн. теңгені құрайды. Жобаның іске асырылу мерзімі 2017 жылдың І тоқсаны. Жоба іске қосылғанда 320 адам жұмыспен қамтылатын болады. Бүгінгі күнге «Тараз химиялық паркі» АЭА БК» АҚ-ның аумағынан 50 га жер телімі бөлініп берілген. (ТЭН) техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жұмыстары жүргізілуде. 3.«Inter marketing» ЖШС-нің басшысы Яншаева Светлана Сергеевна Құрғақ бутилдық ксантогендік натри өндірісі. Қуаттылығы жылына құрғақ бутилдық ксантогендік натри өнімін өндіру көлемі 18 000 тонна жоспарлануда. Жобаның құны 7 739 млн. теңге. Бүгінгі күнге «Тараз химиялық паркі» АЭА БК» АҚ-ның аумағынан 3,5 га жер телімі бөлініп берілген. Жобаның ЖСҚ-сы дайындалуда. Жобаны іске асыру 2018 жылдың IV тоқсанына жоспарлануда. Жоба іске қосылғанда 102 адам жұмыспен қамтылатын болады. 4.«Central Asia Chemical» ЖШС-нің басшысы Байболаев Малик Казанқапұлы. Тереңдетіліп өңделген табиғи газ өндірісі. Қуаттылығы жылына перекис суы техникалық өнімінің бір жылға жоспарланған өндіру көлемі 8 000 тонна және алғашқы қалыптағы полимер этилені өнімінің бір жылға жоспарланған өндіру көлемі 60 000 тонна. Жобаның құны 92 361 млн. теңге. Бүгінгі күнге «Тараз химиялық паркі» АЭА БК» АҚ-ның аумағынан 10 га жер телімі бөлініп берілген. Жобаның ЖСҚ-сы дайындалуда. Жобаны іске асыру 2018 жылдың IV тоқсанына жоспарлануда. Жоба іске қосылғанда 180 адам жұмыспен қамтылатын болады. 5.«Windhan» ЖШС-нің басшысы Талгаров Ержан. Шоқпар ауылындағы баламалы жел стансасының жобасы. Жобаның жалпы құны 550 млн. АҚШ долларын құрайды.І-кезеңнің құаттылығы 109 МВт құжаттары алынып сараптамадан өткен. 36 баламалы электргенераторын орнатуға 8,55 га жер және жел электр генераторларына қызмет үшін кірме жолдарына 43,57 га жер телімі,. І-кезеңнің құны 240 млн. АҚШ долларын құрайды. Құрылыс жұмыстарын жүргізу 2016 жылдың І тоқсанына жоспарлануда. ІІ-кезеңнің құны 310 млн. АҚШ долларын құрап, қуаттылығы - 250 МВт. ІІ кезеңіне 107 га жер телімі бөлініп, барлығы 167 га жер телімі бөлініп берілді.Жоба іске асырылғанда 90 адам жұмыспен қамтылатын болады. 6.«М-КАТ GREEN» ЖШС-нің басшысы Мыңжасарова Дана Шаймұратқызы. Фотоэлектр (күн сәулесі) станциясының жобасы. Жобаның жалпы құны 62 млн. АҚШ доллары, қуаттылығы 25 мВт/сағ. Іске асырылу мерзімі 2016 жылдың ІІІ тоқсанына жоспарлануда. Бүгінгі күнге Алға селолық округінен 500 га жер телімі бөлініп беріліп, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭО) және техникалық жағдайы (тех.усл.) дайындалуда. Жоба іске асырылғанда 20 адам жұмыспен қамтылатын болады. 7.«SunColutions-Kazakhstan» ЖШС-нің басшысы Садыров Болат Қуанышбекұлы Күн электр станциясының жобасы. Жобаның жалпы құны 100 млн. АҚШ доллар. Жобаның қуаттылығы 50 МВт құрайды. Алға селолық округінен 150,0 гектар жер телімі бөлініп берілді. Бүгінгі күнге бизнес жоспардың жобасын жасау, қуаттылықты өлшеу бойынша схема құру, қоршаған ортаға әсерін тигізу бойынша бағалау жүргізу және ЖСҚ (ПСД) жасау бойынша жұмыстары жүргізілуде.Жоба іске асырылғанда 60 адам жұмыспен қамтылатын болады. 8.«SBS Grop-S»ЖШС-нің басшысы Молтабаров Малик. Цемент зауытының жобасы. Жобаның жалпы құны 53,2 млрд. теңге. Жобаның қуаттылығы жылына 1 млн. тонна цемент өндіру. Жобаның іске асырылу мерзімі 2018 жыл. Бүгінгі күнге Шоқпар ауылынан құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 50 га жер телімі және 2000 га жер іздестіру жұмыстарына (изыскательный работ) қарастырылуда. Жоба іске асырылғанда 500 адам жұмыспен қамтылатын болады. 9.«Компания A & T – Энерго» ЖШС-нің басшысы Қалдыбалин Нұрдос Мұханұлы. Тасөткел су қоймасынан 4,6 МВт күн сәулесінен электр қуатын өндіретін шағын станциясының жобасына 13 га жер телімі берілді. Жобаның құны 150 млн. теңге. Бүгінгі күнге ЖСҚ дайындалуда және де басқа да келіссөздер жүргізілуде. Жоба іске қосылғанда 12 адам жұмыспен қамтылады. 10.«Компания A & T – Энерго» ЖШС-нің басшысы Қалдыбалин Нұрдос Мұханұлы. Тасөткел бөгетінен 5 МВт кіші гидроэлектр станциясының құрылысын жүргізуге, «Казсушар» РМК жерінен 6,5 гектар жер телімі бөлініп берілді. Жобаның құны 80 млн. теңге. Бүгінгі күнге ЖСҚ дайындалуда және де басқа да келіссөздер жүргізілуде. Жоба іске қосылғанда 14 адам жұмыспен қамтылады. Осы аталған жобаларды іске асыру келешекте «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын өсіруге қол жеткізеді. Атап айтқанда, салықтық базаның ұлғайуына, жаңадан 4481-ден аса жұмыс орындарын ашуға және өнеркәсіп өнімдерін өндіру мен құрылыс жұмыстары көлемінің өсуіне септігін тигізеді. ## Шу ауданының әкімдері Аманкелді Кәрентаев 1991-1996 (Шу аудандық кеңесі қызметін қоса атқарған) Құрманғали Уәлиев 1996-1998Болат Рысмендиев 1998-2004Бағлан Қарашолақов 2004-2010Қожахан Жабағиев 2010-2012Іліяс Тортаев 2012-2013Бақытжан Нүркенов 2013-2015Рүстем Дәулет 2015-2017 Қайрат Досаев 2017-2019 Жарылқасын Айтақов 2019 жылдан бастап ## Белгілі тұлғалар * Төле би * Қ.Рысқұлбеков * Сауытбек Ұсаұлы * Жақсыбай Жантөбетұлы * Ә.Желдібаев * Қарауылбек Қазиев * Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев * А.Бетбаев * Оразгүл Асанғазы * С.Әденов * М.Ілиясов * Әлқуат Дотаұлы Қазақбай * Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков * Қожахан Көкірекбайұлы Жабағиев * Кәрім Көкірекбаев * Бөрібай Биқожаұлы Жексембин * А.Жанқұлиев * Қайрат Әскербекұлы Досаев * Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев * Ғ.Қалиев * Ю.Цхай * Дамир Бұлтбайұлы Буданбеков * Нұрмахан Анарбекұлы Тінәлиев * Батыр Жүкембаев ### Кеңес Одағының батырлары * Саттар Естемесов * Сәду Шәкіров ## Шу ауданының суреттері * ## Дереккөздер
Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан Жастар құрамасы — Футболдан халықаралық матчтарда өнер көрсетіп жүрген Қазақстан жастар құрамасы. Қазақстан футбол федерациясының бақылауында. ## Қысқаша тарихы Футболдан 1996 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінде 23 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы болып құрылды. Сол іріктеу кезеңінде құрама екінші біліктілік раундына дейін жетті. 1999 жылы құрама 2000 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңіне қатысты. 2002 жылы Қазақстан УЕФА құрамына қабылданды. Ассоциацияның ауысуына байланысты Қазақстан құрамасы 23 жасқа дейін 21 жасқа дейін Қазақстан құрамасы болып қайта даярланды және 2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының іріктеу турнирлеріне қатыспады. 2004 жылы құрама алғаш рет 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысты. Онда құрама 7 команда арасында 7 орын алды. УЕФА-ға ауысқан сәттен бастап Қазақстан Еуропа жастар чемпионаты мен жазғы Олимпиада ойындарының финалдық кезеңіне әлі шыққан жоқ. ## Ірі турнирлерде ### Еуропа чемпионаты (21) О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, СД — соғылған доптар, ЖД — жіберілген доптар, Ұ — ұпайлар ## Сілтемелер * Қазақстан U-21 Мұрағатталған 27 мамырдың 2022 жылы.
Қазақстан футбол клубтары — Қазақстанның футбол клубтары ## Қазақстан Премьер Лигасы * Ақжайық (Орал) * Ақтөбе (Ақтобе) * Астана (Астана) * Атырау (Атырау) * Жетісу (Талдықорған) * Ертіс (Павлодар) * Қайрат (Алматы) * Оқжетпес (Көкшетау) * Ордабасы (Шымкент) * Тараз (Тараз) * Тобыл (Қостанай) * Шахтер (Қарағанды) ## Қазақстан бірінші Лигасы * Ақтөбе-Жас (Ақтобе) * Ақ бұлақ (Талғар) * Асбест (Жетіқара) * Астана (Астана) * Болат-АМТ (Теміртау) * Восток (Өскемен) * Гефест (Қарағанды) * Екібастұз (Екібастұз) * Каспий (Ақтау) * Қазақмыс (Сәтбаев) * Қайсар (Қызылорда) * Қызылжар (Петропавл) * Лашын (Тараз) * Спартак (Семей) * Сұңқар (Қаскелең) * Цесна (Алматы) * ЦСКА (Алматы) * Іле-Сәулет (Алматы облысы)
Тағы қараңыз: Қазақстан футбол клубтары еурокубоктардағы көрсеткіші Бұл бет Қазақстан клубтарының Еуропа турнирлерінде қалай ойнағандығы жайында баяндайды. Ол Қазақстанның Футбол Федерациясы 2002 жылы УЕФАның 52-нші мүшесі болған кезден басталды. ## "Тұңғыш" анықтауыштары 2007 жылы "Тобыл" ТМД елдерінің ішінде ең бірінші және ең соңғы болып Интертото Кубогының жеңімпазы атанған. 2009/10 жылғы маусымда "Ақтөбе" бірінші болып УЕФА клубтық турнирлерінің (дәлірек айтқанда, УЕФА кубогының) плей-офф кезеңіне дейін жетіп, "Вердер" клубынан ұтылып қалды. 2013/14 жылғы маусымда Қарағандының "Шахтері" қазақстандық клубтар арасында бірінші болып УЕФА Еуропа Лигасының топтық турниріне жолдама алса, 2015/16 жылғы маусымда "Астана-2009" клубы бірінші болып УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық турниріне жолдама алды. 2017/18 жылғы маусымда "Астана-2009" клубы бірінші болып көктемдік плей-оффтарға жетті, УЕФА Еуропа Лигасының 1/16 финалында ойнады. ## УЕФА Чемпиондар Лигасы ## УЕФА Кубогы / Еуропа Лигасы ## Интертото Кубогы ## УЕФА Конференциялары лигасы ## Клубтардың статистикасы 1 қаңтар 2024
Мұхамбет Жұманазарұлы Көпеев (15 қараша 1949, Рудник кенті, Жезқазған облысы) - қазақстандық мемлекеттік қайраткер, Сенат (2005-2011), Мәжіліс төрағасының орынбасары (1999-2004), төтенше жағдайлар министрі (2004-2005). ## Дереккөздер
Азат Маликұлы Нұрғалиев — Қазақстан футболшысы, жартылай қорғаушы. 1986 жылы маусымның 30 жұлдызында Шымкент қаласында дүниеге келген. Екі дүркін әлем Қазақстан чемпионы және үш дүркін Қазақстан Кубогының иегері (әр жүлде әртүрлі футбол құрамасында). ## Биография ### Клубта Шымкент футболының шәкірті. Бірінші жаттықтырушысы Юрий Цалин болған. 2004 жылы Азат өзінің алғашқы "Ордабасы" клубымен кәсіби келісімшартына отырды. 2004 жылы 15 сәуірде Қызылорда қаласында жергілікті "Қайсар" клубына қарсы дебют жасады. Бірақ 2006 жылы жас ойыншыларға лимит енгізді және Нұрғалиев Қостанайдан келген "Тобыл" командасының жаттықтырушысы Дмитрий Огайға ауысты. Бұл командада бес жыл қатарынан өнер көрсетіп, Ең үздік жетістіктерге қол жеткізді, алғаш рет ел чемпионы және Кубок иегері атанды. 2011 жылы туған "Ордабасы" командасына қайтып оралып, сол жылы командамен бірге Қазақстанның екінші Кубогын жеңіп алды. 2012 жылдың қаңтар айында талдықорғандық "Жетісу" клубымен келісімшартқа отырды. 2016 жылдың маусым айында Грузия мен Қытай арасындағы жолдастық кездесулерде Азат соққан екі голдан кейін елордалық "Астанамен" маусым соңына дейін жалға алынды. Осы клуб үшін чемпионаттың 11 ойынын және Кубок ойынын өткізді. Онда ол 6 гол соғып, командаға "алтын дубль" жасауға көмектесті. Еурокубоктардың ойынында 10 ойыннан 4 матчта ойнады. Бірақ "Астана" қаржылық себептермен жалдау шартын ұзартпады. 2017 жылдың ақпан айында футболшы туған "Ордабасы" клубына оралып, чемпионаттың бірінші матчында "Астанаға" гол соғып, оның командасы чемпионды жеңді (3-0). Команда капитаны болып, чемпионатта 28 ойын өткізіп, 5 гол соқты. Бірақ 2018 жылдың 9 қаңтарында Нұрғалиев қаржылық себептерден өз клубымен келісім-шартты бұзды. 17 қаңтар күні Қостанайлық "Тобылмен" бір жылға келісім-шартқа қол қойды. Команда капитаны болып сайланған Азат маусымда 28 ойын өткізіп, 8 гол соқты (5 ассист) және клубтың үздік бомбардирі болды. Нұрғалиев өз жолдастармен бірге "Тоболға" Қазақстан чемпионатының қола медальдарын ұтып, УЕФА Еуропа Лигасына қатысу құқығын иеленуге көмектесті. ### Ұлттық құрамада Қазақстан ұлттық құрамасындағы Бернд Шторк басшылығымен 2009 жылғы 1 сәуірде ӘЧ-2010 іріктеу турнирінің Белоруссия құрамасымен (1-5) матчында дебютті ойынын өткізді. Бірақ алғашқы голын Қырғызстан құрамасымен жолдастық ойында (7-1) 2014 жылдың 5 қыркүйегінде ғана соқты. 2017 жылдың соңына дейін барлығы 38 ойын өткізіп, үш гол соқты. ## Жетістіктері «Тобыл» * Қазақстан чемпионы: 2010 * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (2): 2007, 2008 * Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2): 2006, 2018 * Қазақстан кубогы: 2007 * Интертото кубогы: 2007 «Ордабасы» * Қазақстан кубогы: 2011 * Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2017 «Астана» * Қазақстан чемпионы: 2016 * Қазақстан кубогы: 2016 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * «Тобол» ФК сайтындағы профиль Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
Ділназ Мұратқызы Ахмадиева (20 қараша 1980, Алматы) — қазақстандық әнші, актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). ## Өмірбаяны 1980 жылы 20 қарашада Алматы қаласында туған. Әкесі - Ахмадиев Мұрат Абдуреимұлы, ҚР Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің депутаты. Анасы - Әшімова Ризвангүл Магаметқызы, актриса, телеарна дикторы болып жұмыс істеген. 1997 жылы лицейді, 2002 жылы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ағылшын тілі факультетін аудармашы-референт мамандығы бойынша бітірген. Орыс, қазақ, ұйғыр, ағылшын және испан (сөздікпен) тілдерін біледі. 1997-2007 жылдары - «Мемлекеттік республикалық ұйғыр театры» РКҚК солист-вокалисі. 2004 жылы қазақстандық «Көшпенділер» жобасында (Хоши рөлін сомдады) түсірілімнен кейін Голливудта актер шеберлігі курстарында оқиды (АҚШ). «Әлем халықтарының билері» сольдік би жобасына (1990), жас орындаушылардың Халықаралық «Новая волна» фестиваліне (Юрмала, 2002) қатысқан. Жас орындаушылардың республикалық «Алмалы-98» конкурсында Гран-при жүлдесін (1998), «Медивайв» визуалдық өнер фестиваліне ұйғыр театры труппасы құрамында қатысып, Гран-при иеленген (1999). Қазақ әндерінің «Золотой диск» фестивалі сыйлығының (2000), ұлттық «А-1» сыйлығының (2001), «7 Нот» журналы сыйлығының (2000), Қазақстан Жастар сыйлығының (2003), «Ильхам» сыйлығының (2005) лауреаты. Бүгінгі күнде жеке мансабымен айналысуда. ## Дискография * 2001 — Может однажды * 2002 — Wapadarim * 2005 — Золотой * 2005 — Между нами зима * 2007 — Моё сердце * 2010 — Любовью задеты * 2014 — Думай обо мне * 2015 — Коз алдымда * 2016 — Strength in my soul ## Фильмография * 2005 — Көшпенділер — Хоча * 2009 — Москва, я люблю тебя! ## Дереккөздер
«Шахтер» футбол клубы — Қазақстан Премьер Лигасында ойнайтын Қазақстан футбол клубы. Қазақстанның қазіргі және екі-дүркін чемпионы. Қазақстан тарихында тұңғыш рет УЕФА Чемпиондар Лигасының төртінші кезеңіне жолдама алған клуб. Қарағанды қаласының Шахтер стадионы клубтың базасы болып табылады. Негізгі стадионы - сыйымдылығы 19000 болатын "Шахтер" Қарағанды стадионы, өлшемі 104 x 62 м. ## Тарихы Шахтер клубы тарихы 1958 жылы КСРО чемпионатының "Б" класында өнер көрсетуінен басталады. Клуб жасы бойынша тек Қайратқа ғана жол береді. 1970-1973 жылдары Шахтер СКРО 1-ші лигасында, ал әрі қарай 2-ші лигасында өнер көрсетеді. 1962 жылы клуб КСРО жоғарғы лигасына жолдама алады, бірақ сол кездегі биліктің шешімімен ол лигада ойнай алмады. ### Тәуелсіз Қазақстан Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 19 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. Қазақстан чемпионатында үш рет қола 1995, 2007 және 2009 жылдары жүлдегер атанады, ал 2011 және 2012 жылы чемпион атағын аладды. Екі рет 2009 және 2010 Қазақстан кубогында финалға жетіп шешуші сәтте жолы болмады. ### Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты * 1992 — 9:2 («ЦСКА», Алматы) ### Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты * 1993 — 0:5 («Батыр», Екібастұз) * 1994 — 0:5 («Аңсат», Павлодар) * 2001 — 0:5 («Жеңіс», Астана) * 2005 — 1:6 («Ертіс», Павлодар) ## Құрамы 2019, мамыр ## Клуб атауларының тарихы * «Шахтер» (1958—1996) * «Шахтер-Испат-Кармет» (1997—2004) * «Шахтер» (2004—о.у) ## Жетістіктері ### Қазақстан дәуірі * Қазақстан чемпионы (2): 2011 2012 * Қазақстанның қола жүлдегері (3): 1995, 2007, 2009, * Қазақстан кубогы: 2013 * Қазақстан кубогының финалисті (2): 2009, 2010, 2021 ### КСРО дәуірі * 1-лига жеңімпазы: 1962 * Екінші лига жеңімпазы: 1982, 1983 ## Сілтемелер * Ресми сайты * «Шахтер» стадионының ресми сайты * Тарих, статистика, "Шахтер" ФК программалары * Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты Мұрағатталған 6 маусымның 2009 жылы. ## Дереккөздер
Асқар Исабекұлы Мырзахметов (1 қазан 1962 жыл) - "Нұр Отан" партиясы төрғасының бірінші орынбасары, Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты (1988). Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. ## Білімі * Алматы зооветеринарлық институтын (1984); * Бүкілодақтық мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (Мәскеу, 1988); * Қазақ менеджмент және маркетинг институтын (Алматы, 1997) бітірген. ## Қызмет жолы * 1988 жылдан - БААШҒЗЗ Шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер. * 1991 жылдан - «Қазақстан» республикалық биржасы» АҚ вице-президенті. * 1994 жылдан - «ТАСМО» инвестициялық коммерциялық орталығының бас директоры. * 1995 жылдан - «Агро-Лизинг» АҚ бас директоры. * 1999 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі. * 2002 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық бірінші вице-министрі - ҚР Ауып шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитетінің төрағасы. * 2005 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық министрі. * 2006 жылдан - Өзбекстан Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі. * 2007 жылдан - «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы. * 2009 жылдан бері - Түркістан облысының әкімі. * 2015 жылғы 8 тамыздан - "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары. Орта Азия және Қазақстанның Биржалар қауымдастығына,Қазақстан Кәсіпкерлер форумының кеңесіне басшылық еткен, ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі болған. ## Қоғамдық қызметі * «Нұр Отан» ХДП мүшесі. ## Марапаттары * 6 медалімен марапатталған. ## Дереккөздер