text
stringlengths
3
252k
Қазақ графикасы — қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирил жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы. Графика (гр. graphike — жазылған, өрнектелген) — графемалар, тыныс, екпін белгілері т.б. жазу құралдар жиынтығы, фонемалық жазудағы графема мен фонема арасындағы қатынастар жүйесі және оларды зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Қазіргі қазақ графикасы әріптерінің жазылуы тәсіліне және өрнегіне қарай жазу графикасы мен баспа графикасы болып бөлінеді. Қазақ жазу графикасындағы әріптердің нобайы көне орыс жазуындағы дыбыстар нобайының негізінде пайда болған. ## Қазақ жазу таңбалары жүйесінің тарихы Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келген-ді. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданып келеді. Қазақ жазуы – қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5 – 4 ғ.) пайдаланған көне (“Есік жазуы”) жазу сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б. тайпалардың ең көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон-Енисей, Талас ескерткіштеріне негіз болған “руна” жазуы (5 – 12 ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 ғ-дан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, (Қытай қазақтары ағарту жүйесінде) бір кездерде (1929 – 40; Қытай 1960–1970) қолданыста болған латын жазуы, кириллица жазуы (1940 жылдан кейін) – осылардың бәрі Қазақ жазуының негізі болып саналады. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін кезінде А.Байтұрсынов реттеп, тіл ерекшеліктеріне сай жетілдірді, ол 30-жылдарға дейін “төте жазу” деген атпен қолданылып келді. Бұл жазудың емлесі морфол. дәстүрлі шарттарға негізделген. 1940 ж. орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфогр. емлесіне әр кезде (1957, 1970), әр түрлі өзгерістер енгізілді. Кириллица негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993 жылдан бастап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы негізіне көшіру мәселесі қойылып отыр. ## Ұлттық кезеңге дейінгі қазақ жазуы Қазақ қоғамындағы араб жазуына қатысты зерттеулерде араб жазуы «қадим», «жәдид» деп екіге бөлінеді. Зерттеушілердің көрсетуі бойынша, қадим жазу үлгісіне ХVІ-XVII ғ.ғ. аралығындағы тарихи негізі бар жылнамаларды, құжаттарды және түркі халқына ортақ еңбектерді, ал жәдид жазуына «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» тәрізді алғашқы қазақ газеттерінде қолданылған жазу үлгілерін жатқызады. Қадим жазу жүйесінің басты бір ерекшелігі дауысты дыбыстардың таңба арқылы емес, диакритикалық белгілермен берілуі, яғни дауысты дыбыстардың қызметін харакаттар атқарған. Харакаттар үшеу: «фатха», «дамма», «кесра». Бұл белгілер қазақ тіліндегі тоғыз дауыстының мәнін берген, фатха — «а», «ә»; дамма — «ұ», «ү», «о», «ө»; кесра — «ы», «і», «е» дыбыстарының мәнінде жұмсалып отырған. Мысалы, мен — ﻦﻤ (мн) , Ешдәулет — ﺕﻠﻭﺍﺪﺸﻴ ﺍ (Ешдәулт), сөзлешүб — ﺐﺸﻪﻟﺯﺳ (сзлешіб), көңілі — ﻰﻠﻜﻨﻜ (кңлі), бүлдірген — ﻦﺎﻜﺮﺪﻠﺒ (блдрген). Қадим жазу жүйесінде ұлттық жазуға тән емес, тек араб сөздеріне ғана тән таңбалар (ﺾ, ﺙ , ﻆ , ﺫ ) қазақ тілінің төл сөздерін жазуда да қолданылған. Қадим жазу жүйесінен жадид жазуының басты ерекшелігі жазуда дауысты дыбыстардың харакаттар арқылы емес, таңба арқылы беріліп, дауысты дыбыстар үнемі жазуда хатқа түсіріліп отырғандығында. Бұл жөнінде Бабаш Әбілқасымов былай дейді: Ал Гүлфар Мамырбекова жәдид жазу жүйесінде аз болса да харакаттардың қолданылғанын көрсетеді: құл және күң — ﻚﻨُﻜ (1874, №6), күтүб — ﺐﻭﺘُﻜ , құшақтасыб — ﺐﺴﺎﺘﻘﺎﺸُﻗ , құрметтеб — ﺏﻴﺪﺘﻤﺭُﻗ (1874, №10), тұхым — ﻢﺤُﺗ , құдай — ﺍﺪُﺤ (1874, №16), құл - ﻝُﻘ (1977, №30). Фатха арқылы белгіленген сөздер: бағасы — ﻰﺳﺎﻐَﺒ (1875, №1), ақраб — ﺐَﺭﻘﺍ [2, 75]. Мұндай гетерогенді жазба тілді меңгеру көпшіліктің үлесінде емес, тек сол кездегі элиталық топтың ғана оқу құралы болды. Ескі қазақ жазба тілінде дәстүрлі түркі әдеби тіл әсері толық сақталғандықтан, қазіргі кезде кодификацияланған сөздер екіұшты таңбаланған. Сондай-ақ түбірге қосымша қосылғанда, дыбыс үндестігі заңы сақталмай жазылды. Мысалы, «мүлкімізні, аулымызны, бізні» т.б. яғни жалғау және жұрнақтар ескі қазақ жазба тілінде бір ғана инвариант принципімен алынып, қазіргі кезде көптік мәнде жұмсалатын жалғаулардың («-дар, -тар») варианттары таңбаланбай, қазақ тілінің үндесім заңдылығы үнемі бұзылып отырды. Сөз ортасында, соңында «ы», «і» қысаң дауыстылардың орнына «ұ», «ү» таңбаланғанын көреміз: «орұсұңұзны, келтүр, өткүр, үчүн, қабұл, түрлү, жауұн» т.б. Жадид, қадим жазу үлгілерінде кітаби тілдің тұрпат межесін белгілейтін графикалық таңбалар, сонымен қатар халықтық тілден едәуір алшақта болды . Араб жазуындағы осындай үйлесімсіздікті жоюға арналған алғашқы қадам «Дала уалаяты», «Айқап» беттерінде көтеріледі. Қазақ тілі туралы, әліппе, емле қағидаттары туралы жазушылар — сол кездегі қазақтың оқығандары, мұғалімдер араб әліпбиінің кемшілігі туралы, қазақ сөздерін жазуға толық үйлесімді еместігін, оның орнына ұлттық әліпби шығару керектігін маңызды мәселе ретінде көтеріп отырған. Жалпы қазақ жазу тарихында араб графикасын (араб әліпбиін) қабылдауға не себеп болды, қандай ықпал, әсер негізінде араб жазуына бет бұрды, оның халық сауатын ашуда, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық таңбалауда кемшілік тудыруының себебі неде деген мәселелерді айқындау үшін, араб графикасына көшуге негізделген түркілік бағыт көрсетіледі. ## Араб графикасы Араб жазуы - Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Іле қазақ автономиялық префектурасындағы қазақтар үшін ресми алфавит. Ол алғаш рет XI ғасырда Қазақстан территориясына енген және 1929 жылы латын әліпбиі енгізілгенге дейін қазақ тілінде жазу дәстүрлі түрде қолданылған. 1924 жылы қазақ зиялысы Ахмет Байтұрсынов араб жазуын қазақ тіліне сай етіп реформалауға тырысты. ۆ, گ, ڭ, پ және چ әріптері араб тілінде кездеспейтін дыбыстарды бейнелеу үшін қолданылады. 1929 жылға дейін қазақ үшін қолданылған алфавитке негізделген Иран мен Ауғанстанда түрлендірілген араб жазуы қолданылады. Қазақтың араб алфавиті 29 әріптен және бір цифрдан тұрады, сөздің басында сөздің басында алдыңғы дауысты дыбыстар жасау үшін қолданылатын «жоғарғы хамза». Алфавит жазылған бағыт оңнан солға қарай. Абджад болып табылатын түпнұсқа араб жазбасынан айырмашылығы, қазақ араб жазуы шынайы алфавитке көбірек сәйкес келеді, өйткені әр дыбыстың өз әрпі бар және әр сөздегі әр дыбыс тілдің жазбаша түрінде жазылған. Араб жазуын абджадтан алфавитке ауыстыруды ХХ ғасырдың басындағы лингвист Ахмет Байтұрсынов жүзеге асырды. Қазір Қытай, Пәкістан, Ауғанстан, Иран және Таяу Шығыстың басқа елдерінде тұратын қазақтар араб жазуын қолданады. Қазақстанда араб графикасы 10-20 ғасыр аралығында 900 жыл қолданылды. 1912 жылы Ахмет Байтұрсынов араб жазуына негізделген қазақ жазуын реформалап, оны шетелде тұратын миллиондаған қазақтарға қолдануға мүмкіндік берді. Ол қазақ тілінде қолданылмайтын таза араб әріптерінің бәрін алып тастады және қазақ тіліне тән әріптерді қосты. «Жаңа емле» («Жаңа емле») деп аталатын жаңа алфавитті Қытай, Ауғанстан және Иранда тұратын қазақтар әлі күнге дейін қолданады. 1917 жылдан кейін Қазақстанда латын әліпбиіне көшу қозғалысы басталды. Кезінде қоғамдық дамуда жағымды рөл атқарған араб жазуы енді көпшілікке тарихи прогрестің тежегіші болып көрінді. ## Түркілік бағыт ### Мирза Фатали Ахундов Әзірбайжанда алғаш жазуға байланысты пікір айтқан жазушы, драматург Мирза Фатали Ахундов 1857-1878 жылдарға дейін жазу мәселесіне байланысты төрт жоба ұсынған. Осы мәселемен Тегеранға (Персия) және Константинопольға (Түркия) барып, идеясын ортаға салған болатын. Бірақ қолдау таппай, бұл ұсыныстар ескерусіз қалады. Ол өзінің бірінші және екінші жобасында араб әліппесін жетілдіруге баса көңіл қойса, үшінші, төртінші жобасында араб әліпбиін орыс әліпбиіне ауыстыруға ұсыныс жасайды. Осы еңбегіне орай Ахундов «Меджидие» атты орденмен марапатталады. Сонымен қатар, Ахундов Тбилиси қаласына келіп, силлабикалық жазудың кемшіліктері жөнінде баяндалған жаңа кітап құрастырады. Бұл кітапты автор Тегеран қаласына жібереді. Ешқандай қолдау таппаған бұл жобасын автор атақты визирь Али-Пашеге хат арқылы жолдайды, хатта түрік оқымыстысы Саави-Эфендидің пікірін келтірген. ### Мырза Мелькем-Ханом және басқа да ағартушылар Ахундовтан кейін бұл мәселемен парсы әдебиеттанушысы Мырза Мелькем-Ханом айналысқан болатын. Мырза Мелькем-Ханомның «Шейх және визирь», «Основы прогресса» атты шығармалары осының нақты дәлелі болып табылады. Автор латын әліпбиіне көшу қажетін әңгіме түрінде өрбітеді: «Шейх: Визирь, я заявляю, что с этим бессымсленным алфавитом дальше невозможно жить на свете. Тысячи заседаний, тысячи хороших законов, тысячи школ и любое количество регулярных солдат бесполезны, благодаря именно этому алфавиту» (Шейх и визирь, 28-бет). Парсы ханзадасы Мырза-Риза-Хан 1879 жылы түркі және парсы халықтары үшін жоба дайындаған («Alphabet Ruchdie»). Мырза-Риза-Хан есімінен кейін Закавказьенің танымал ағартушысы Ферудин – Бек Косарли 1898 жылы «Кавказ» газетіндегі (№230,238,264) орыс тілінде жазған мақаласында араб әліпбиінің кемшіліктерін баяндайды. «Shardi Rus» (Русский Восток) газетінің редакторы Мемед-Ага-Шах-Тахтин әліпбиді ауыстыруда, ең бірінші үгіт-насихат жұмыстарын арнайы бағдарлама бойынша жүргізу керек деп тұжырымдайды. ХІХ ғасырдың 70-жылдары түрік оқымысты Гази-Мұхтар-Паша Константинопольде «Әліпби реформалау қоғамын» құрады. Бірақ бұл ісі аяқсыз қалады. Бұл кезеңде қазақ қоғамында да әліпби мәселесі қызу талқыға түсіп жатқан болатын. Қазақтың орысша оқығандарының арасынан да араб жазуының кемшілік жақтарын сынап, қазақ жазуын орыс графикасына икемдеу жайында пікір айтып, өз тұжырымдарын негіздеп мақала жазушылар көптеп шыға бастады. Міне, осындай пікір ағымдарын өз мақсаттарына шеберлікпен пайдаланып қалғысы келген орыс миссионерлері де араб жазуы үлгісіндегі қазақ әліпби жүйесіне орыс графикасын енгізуді насихаттай бастайды. Расында да, жазылу графикасы да қиын, оқылу жолдары да (оңнан солға) қиын болып келетін әрі қазақтың дауысты дыбыстарын таңбалауға лайықталмаған, қазақ фонемаларын толық таңбалай алмайтын араб әліпбиінің қазақ тілін одан әрі өркендеп, дамытуға еш мүмкіндігі болмағандықтан, өзінен өзі басқа графикаға ауысуға сұранып тұрды. ## Миссионерлік бағыт Қазақ қоғамында және түркі тілдес халықтарында болып жатқан әртүрлі көзқарасты байқаған орыс миссионерлері бүкіл түркі жұртының мәдени, рухани құндылықтарын жою үшін, сонымен бірге тілдік болмысын құрту үшін саяси астармен «араб жазуы қолайсыз», «қазақ және басқа түркі тілдерінің дыбыстық жүйесін беруге икемсіз» деген желеумен орыс графикасына негізделген қазақ әліпбилерін және оқулықтарын шығара бастайды. Олар орыс жазуына көшуді насихаттауды орысша оқыған қазақ жастары арқылы жүргізуді көздеді. ### Н.И. Ильминскийдің жобасы Н.И. Ильминский түркі тілдес халықтардың кітаптары араб әрпімен жазылса, бұл келешекте орыс жазуының үстемдік алуына кедергі жасайды деген миссионерлік оймен алғаш қазақ әліпбиін орыс графикасына негіздеп, жоба да ұсынады. Дауысты дыбыстарға 8 әріп арнайды: а (ä), é (е); ы, і; о, ö; у, ÿ, ал дауыссыз дыбыстарға 19 әріп: п, б, м, w, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, j, ќ, ѓ, њ. Н.И. Ильминский қазақ тілінің дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын алмайды. Ол жөнінде былай дейді: «кроме приспособления русских букв к татарским звукам, мне пришлось постепенно изменять и установлять орфографию. В первом издании букваря я писал су – вода, аулъ – деревня, аю – медведь. Теперь мы пишем сыу, ауыл, айыу» . Ильминскийдің бұл жобасына В.В. Григорьев қарсы шығып, өзінің «О передаче звуков киргизского языка буквами русской азбуки» деп аталатын мақаласында орыс әліпбиіндегі таңбалар өзгермеуі тиіс деп көрсетеді.. Сол кезеңдегі әліпби мәселесін қозғаған жиындарда түркі тілдес халықтар тіліндегі төл дыбыстарды бейнелейтін қосымша әріптер жөнінде айтыс-тартыстар да болады. 1976 жылы 29 сәуірде Қазан университетінің жанындағы археология, тарих, этнография қоғамының мәжілісінде орыс әліпбиі араб әліпбиіне қарағанда осы күйінде де қазақ тіліне жарайды деп шешілген болатын. ### В.В.Катаринскийдің жобасы 1897 жылы В.В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка. Фонетика, этимология и синтаксис» (Орынбор, 1897) атты еңбегі жарыққа шығады. Ғалым қазақ тілінде 9 дауысты және 15 дауыссыз бар деп көрсете отырып, 21 әріптен тұратын мынадай әліпбиін жариялайды: а (а), е, ы, и, о (о), у, б, г, д, ж, з, к, л, м, н, г, п, р, с, т, ш . Үкімет тарапынан қазақ әліпбиін ғана емес, сол кезеңдері Ресей отары болып отырған барша түркі тілдес халықтардың жазуын өзгерту арқылы өз ықпалын күшейтуге тырысқан астыртын әрекеттер нәтижесі аяқсыз қалған жоқ. 1906 жылдың 31 наурызында Ресей патшалығының өзге халықтар жазуын орыс графикасына көшіру туралы заң да шығарып қойғанын тарихи деректерден көреміз. Жоспарланған саясаттың астарын білдірмеу үшін 1910 жылы маусымда Санкт-Петербург қаласында өткен кеңесте "орыс жазуы тек ресми құжаттар мен оқулық кітаптарға ғана қолданылатын болсын", деген қаулы қабылданған болатын . Жалпы қазақ жазу тарихындағы өзгерістер мен әліпбилердің ауысуы себептерін талдап, салыстыра баға беру нәтижесінде мынадай қорытынды жасауға тура келеді. Әліпби реформасына байланысты бұл кезде екі түрлі көзқарас болды. Бірінші топ — қазақ тілінің дыбыс жүйесін беруде араб жазуының мүлде жарамсыздығын дәлелдеп, оны басқа әліпбимен ауыстыруға шақырса, екінші топтағылар араб әліпбиін ғасырлар бойы пайдаланып отырғандықтан, рухани мұрамыздан қол үзбеу үшін әліпбиді түбегейлі реформалауға қарсы тұрып, тек қана өзгерістер енгізумен шектелу керектігін қолдайды. ### А.Е.Алекторовтың жобасы 1892 жылы А.Е.Алекторовтың «Русско-казахская азбука. К мудрости ступенька» деп аталатын еңбегі жарыққа шығады. Жұмыстың көлемі 114 бет. Онда қазақ тілінің 1300-дей сөзі қамтылған. А.Е.Алекторов орыс графикасындағы таңбаларды пайдалана отырып, 38 әріптен тұратын, орыс графикасына негізделген қазақ әліпбиін құрастырады: а, с, ш, у, з, к, ы, т, р, е, л, и, о, н, м, п, і, й, б, д, ж, г, ә, ө, ұ, ң, ъ, ь, в, ф, ц, ч, щ, я, ю, э, е, ғ. Алекторов қазақ тіліндегі а-ә, о-ө, ы-і жұп дауысты дыбыстарына арнайы таңба арнайды. Қазақ тілінің дыбыстық құрамында жоқ ъ, ь, в, ф, ц, ч, щ, я, ю, э, ë тәрізді дыбыстар да алынады. Автор бұл дыбыстарды ең соңынан барып оқытылуы тиіс деп көрсетеді: «Обучение грамоте должно быть начато на природном (казахском) языке учащихся, только в этом случае обучение будет сознательное и не пойдет вразрез с главными педагогическими правилами – идти от известного (казахского) и неизвестному (русскому), от легкого к трудному» дей отырып, «Азбука «к мудрости ступенька» составлена в строгой последовательности, переходя от изучения легких в произношении киргизов к более трудным звукам, что сочетания звуков в слоги и слова – самые легкие и доступные, как показала практика, детям даже шестилетнего возраста» . ## Ағартушылық бағыт ### Ы.Алтынсариннің жобасы Н.И. Ильминскийден кейін, 1879 жылы қазақ ағартушыларының бірі – Ы.Алтынсарин орыс әліпбиі негізінде қазақ балаларына арнап қазақша анықтама жасаған болатын. Жобаның негізгі ерекшелігі – Ы.Алтынсарин орыс графикасындағы бар таңбалармен ғана шектеліп, қазақ тілінің дауыссыз дыбыстарын беруде де осы жүйені ұстанған, яғни қант, қағаз, дөңгелек, үзеңгі, тоғай, айғыр тәрізді сөздерді кант, кагаз, дунгелек, узенги, тогай, айгыр түрінде таңбалаған. Ал қазақ тіліндегі сонор ң дауыссыз дыбысын әріп тіркесі арқылы белгілейді: нг" (мангдай – маңдай, сарангдык – сараңдық). Сөзді жіңішкерту үшін сөздің соңында (урть – өрт) және л дауыссыз дыбысынан кейін ь (жіңішкерту) таңбасын жүйелі түрде қойып отырған: тульки (түлкі), бль (піл), куль (күл), бельбеу (белбеу), таль (тал). Иа, иу әріп тіркесі келетін жерде орыс графикасындағы ю, я графемаларын да белгілегенін көреміз: аяк, узюк . ## Ұлттық бағыт және қазақ жазуы Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологі – Ахмет Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлы – өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама. А.Байтұрсынұлы қоғам, ғылым және мәдениеттің өркендеуі жазу арқылы іске асатынын жақсы түсінді. Ғалым сауатсыздықты жою үшін әріп, оқулық мәселесін кезек күттірмейтін мәселе екенін біліп, 1910 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеді. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады. * Дауысты дыбыстар: а (ا), о (و), ұ (وو), ы (ى), е (ه) * Дауыссыз дыбыстар: б (ب), п (ﭗ), т (ت), ж (ج), ш (ﭺ), д (د), р (ر), з (ز), с (س), ғ (غ), қ (ق), к (ك), г (ﮒ), ң (ﮎ), л (ل), м (م), н (ن) * Жарты дауысты дыбыстар: у (و..), й (ﻱ) [8] Әліпбиде қазақ тіліне тән, төл дыбыстарға ғана орын беріліп, кірме дыбыстар алынбайды. Ғалым гетерогенді сипат алған емлені, әліпбиді жалпыхалықтық, ұлттық негізде қарастырады. Сондықтан А.Байтұрсынұлының бұл жазу жүйесін ұлттық қазақ жазуы деп атаймыз. А.Байтұрсыновтың реформалауынан кейін араб жазуын бүкіл түркі жұрты ұлттық жазу жүйесі деп таныса да, күштеу саясаты өз дегеніне жетіп тынады. Латын жазуына қарсыларға саяси айып тағылып, тіпті заң қорғау орындары да араласа бастайды. Жаңа әліпби қабылданғаннан соң, араб әліпбиін қолданатындарға шектеу қатты болып, өкіметтің уәкілдері тарапынан бақылауда болады. Латын жазуын қабылдағанда қол жетер нәтижеміз неде? деген тәрізді сұрақтар өз уақытында қойылғанмен, оларға жауап бұрмаланып, бүркемеленіп, басты саяси-идеологиялық мақсатты құпия қалдырып келген. А.Байтұрсынұлы реформалаған араб жазуымен тез арада, әрі жеңіл, оп-оңай сауат аша бастаған қазақ халқын тағы да жаңадан латын таңбасымен қайтадан сауат ашуға мәжбүр етті. XX ғ. бірінші ширегінде Орта Азия халықтарының арасында латын әліпбиіне көшу процесі үдей түседі. Сонымен қазақ жазу тарихындағы ұлттық жазу мен оның латын графикасына көшу кезеңдерін қарастыра келгенде мынадай қорытынды шығаруға болады. Латын графикасының қазақ қоғамында орын алуы тек саяси идеологиялық түрткіжайтқа негізделді. ## Латын графикасына байланысты пікірталастар Әліпби, емле және оны реформалауға байланысты қазақ оқымыстыларының арасындағы пікірталас алғашқыда «Дала уәлаяты», «Айқап», «Қазақ» газеттері беттерінен көрініс тапса, 1920 жылдан бастап «Еңбекші қазақ», «Жаршы», «Жаңа мектеп» газеттерінде де көрініс тауып, газет төңірегіне ұйыса бастайды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазақтар арасында латын әліпбиіне көшу мәселесі жиырмасыншы жылдың орта тұсынан бастап сөз бола бастады. Алғашқыда осы жөнінде алдыңғы қатардағы қазақ оқымыстылары баспасөз беттерінде арнайы мақала, пікір-талас ретінде өз ойларын білдіріп отырды. Әліпбиге байланысты көзқарас, пікірталастарды бұқара арасына жариялап халық талқысына салып отырған «Еңбекші қазақ» газетінің орны ерекше болды. Аталмыш газетке екі топтың жүздеген мақалалары жарияланып отырды. Айталық, Н.Төреқұлов «Бізге қандай әліппе керек», Ә.Байдилдиннің «Жаңа әліппе тарихынан», Б.Байтоғайұлы, Қ.Басымов, М.Дулатов, Т.Шонанұлының «Бізге жаңа әліппе не үшін керек», О.Жандосұлы, М.Жолдыбаев, Қ.Жұбанов, Е.Омаров, Қ.Кемеңгеров, Н.Қаймекеұлы, Ж.Аймауытовтың, М.Мұхтарұлы «Дыбыс белгілерін негізінен өзгерту керек» т.б. және шетелдік Г.И.Бройдо, Н.Яковлев, Поливанов, Навширманов, профессор Ашмарин, профессор Жюзе, академик Бартольд, профессор Л.Жирков, профессор Б.Шобанзаде сынды ғалымдардың бірнеше мақалалары оған дәлел бола алады. Латын графикасын қабылдау қарсаңында, 1920 жылдарда, яғни араб жазуын қолданыстан мүлдем шығарып, латын әліпбиін қабылдау алдында қазақ зиялылары арасында түрлі бағыттағы пікірталастар болып, олар латыншылдар және арабшылдар немесе қазақшылдар деген екі топқа бөлінді. Соңында латын графикасы негізіндегі әліпби жүйесіне көшіру жұмысы басталады. Жалпы Шығыс елдеріне жақын орналасқан дамымаған мемлекеттердің алғашқы жазу графикасы ретінде латын әліпбиінің енуі 1924-32 жылдар аралығын қамтиды. Байқап қарасақ, сол кезде латын графикасын дүниежүзі болып қабылдау мақсатын жүзеге асыру сияқты жаһандық проблеманы алға тарту көзделген болуы керек. Осындай саяси идеологияның негізінде мына елдерде латын графикасы қабылданып, шама-шарқынша қызмет етті. Иран тілдер тобы Моңғол тілдер тобына Финно-угор тілдер тобы Кавказ тілдер тобына Оңтүстік Кавказ тілдер тобы Дағыстан тілдер тобы Қытай-тибет тілдер семьясы Сібір тілдер тобы Латын әліпбиін басқа шетел мемлекеттер көшуі 1925-1938 жылдардағы латын графикасына негізделген түркі тілдері әліпбилерін талдау нәтижесінде мынадай қорытындыға келеміз. Латын графикасы жазуы жоқ және жазба тілі кенжелеп қалған түркі тілді халықтардың жазба тілін дамытуға күшті серпін берді. Түркі тілдері әліпбилерін латын графикасына көшіру біршама жетістіктер әкеліп, қазіргі заманғы жазба тілдің құрылуына негіз болды. ## Алғашқы жобалар (1924—30 жж.) ### Нәдір Төреқұловтің жобасы Латын графикасы негізінде әліпби жүйесін алғаш түзген қазақтың дарынды дипломаты Нәдір Төреқұлов. 1924 жылы Мәскеу қаласында «Жаңа әліпби туралы» атты кітабында өзінің жобасын көрсетеді. Осы жөнінде Е.Д. Поливанов былай дейді: Жобада 28 дыбысқа 28 әріп арнаған. Дауысты дыбыстардың жіңішке варианттарын автор дәйекше арқылы айыруға болатындығын көрсетеді. Мысалы, «on (он) — on' (өн)», «un (ұн) – un' (үн)» т.б. Кірме сөздер арқылы енген «ф», «ч» дыбыстарына әріп арнайды. Мысалы, «fylosofya» (философия), «cempyon» (чемпион). Алдыңғы жобасынан екі әріпті қысқарта отырып, Нәдір Төреқұлов осы жылы 25 әріптен тұратын жоба ұсынады. Жобада «ч», «ш» әріптерінің мәні өзгертілген және «ғ», «ө» таңбалары қысқартылған. ### Халел Досмұхамедұлының жобасы 1924 жылдың басында Халел Досмұхамедұлы бір дәйекшеден құрылған жоба ұсынады. Ғалымның бұл жобасы «Ақ жол» газетінде жарияланған. Халел Досмұхамедұлы тілдегі дыбыстарды таңбалау үшін еуропа үлгісін негізге ала отырып, латын графикасынан өзгеріссіз 14 таңба алады. Олар: а, b, d, g, k, l, m, n, o, p, r, s, t, z. ### Мұхтар Мырзаұлының жобасы 1924 жылы Мұхтар Мырзаұлы үйренуге жеңіл, қолдануға қолайлы болуы үшін қазақ тілі дыбыстарының жуан-жіңішке болып жұп құрауын негізгі критерийлердің бірі ретінде алу қажеттілігін айта отырып, латын әліпбиіне негізделген мынадай жоба ұсынады. ### Ә. Байділдаұлының жобасы 1927 жылы Ә. Байділдаұлы «Жаңа әліпби туралы» атты кітабында Мәскеу қаласындағы «латыншылдар» ұйымының ұсынған жобасын көрсетеді. Бұл жоба 27 әріп, бір дәйекшеден құрылған. Мәскеу ұйымының тарапынан ұсынылған бұл жобада қазақ тілінің дауысты дыбыстары, олардың жіңішке варианттары дәйекше арқылы ажыратылды. Мысалы: ана — «аna»; ән — «’аn». Ұсынылған әліпби жобасында /ә/ таңбасы <ы> және <і> фонемаларын белгілеу үшін, мысалы «ыдыс» сөзі «әdәs, sabәrmen bayqa» (сабырмен байқа) түрінде таңбаланды. Әліпбиде орыс тілінің «ч», «ф» әріптеріне таңба арналды. ### Телжан Шонанұлының жобасы 1927 жылы «Тілші» газетінде Телжан Шонанұлының әліпби жобасы ұсынылады. Телжан Шонанұлы әріптердің бас түрін алмайды. Аталған әліпби жобасы 15-16 түркі тілдес халықтардың әліпбиімен салыстырыла түзілді деп баяндай отырып, ғалым әліпби түзудегі негізгі принциптерді көрсетеді: 1928 жылы Жоғарғы Орталық Комитеттің (ВЦКНТА) ұйымдастыруымен Бакуде бүкіл түркі тілдес халықтардың әліпби жобаларын сараптауға жиналады. Әл елден келген өкілдер өз елдерінде болып жатқан жағдайды баяндай отырып, әліпби жобаларымен таныстырады. ### Ә. Байділдаұлы, Т. Шонанұлы, І. Қабылұлы, І. Жансүгірұлы, Ш. Тоқжігітұлдарының бірлесіп жасаған жобасы Конференцияға (Баку) Қазақстан атынан барған О. Жандосов 1928 жылға дейін қабылданған жобалардың авторларымен бірлесіп жасалған әліпби жүйесімен таныстырады (Жоба Ә. Байділдаұлы, Т. Шонанұлы, І. Қабылұлы, І. Жансүгірұлы, Ш. Тоқжігітұлдарының қатысуымен жасалған): а /a/, в /б/, c /ш/, ς /ж/, d /д/, e /e/, g /г/, q /ғ/, һ /х/, i /і/, k /к/, q /қ/, l /л/, m /м/, n /н/, ŋ /ң/, o /o/, ө /ө/, j /й/, p /п/, r /р/, s /с/, t /т/, u /ұ/, u /у/, у /и/, z /з/, ь /ы/. Жобада дауыссыз «қ», «к»; «ғ», «г» дыбыстарына, дауысты дыбыстардың жіңішке варианттарына жеке-жеке таңба арналады, ал дауысты, жіңішке «ә» дыбысы арнайы таңба арқылы белгіленбейді. Сондықтан «ә» фонемасын да арнайы жеке таңбамен белгілеу қазақ зиялы топ өкілдерінің арасында талқылатып, көпшілігі еуропа стандартына сай келетін «ä» таңбасын ұсынады. Бірақ бұл таңба бүкіл түркі халықтары үшін унификацияланған әліпби жүйесіне сәйкес келмейтіндіктен «ә» таңбасы алынады. Сонымен әліпби жүйелерін салыстыра келе, қазақ тілінің төл дыбыстарын бейнелейтін 29 таңба алынады. Осыдан кейін ресми түрде барлық мерзімді басылым беттерінде қазақтың жаңа әліпби жүйесі жарияланады. Жалпы бұл әліпби ұлттық жазу негізінде құрылды. Ал ұлттық жазу дегеніміз — ана тілдің дыбыстық жүйесінен ауытқымайтын, ережесі де, әліпбиі де ұлттық дыбыстардың негізінде болатын жазу түрі. ## 1930 жылы қабылданған әліпби Қазақ тілінің өзіне тән 9 дауысты мен 17 дауыссыз дыбысына 29 әріп арналады. Олар: ### Жазылуы Qaһarman papьjros tartьp otьrdь / қаһарман парыйрос тартып отырды (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 7-бет). Sьвolьc “kәlвijt” qazaq meniŋ papьrosьmdь sen urladьŋ dep, ςerde ςatqan multaq qajьŋ men Qaһarmandь salьp өtti //Сыболыш «кәлбійт» қазақ менің парыросымды сен ұрладың деп, жерде жатқан мұлтақ қайың мен Қаһарманды салып өтті (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 7-бет). Tek dьjnamьjt dуris etken cьrt ujqь cьradai acьldь // Тек дыйнамыйт дүріс еткен шырт ұйқы шырадай ашылды (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 9-бет). Dіjnәmіttь Qаһarmannьŋ qasьna qojadь// Дыйнамытты Қаһарманның қасына қойады (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 10-бет). Ьja Duvnajьp mьna sizderge alьp kele ςatqan qarςь, kәnвertti almaq вolьp ajqasqan вatьr dep kәnвertti nacalnikke вerdi // ыйа Дұунаеп мына сіздерге алып келе жатқан қаржы, кәнбетті алмақ болып айқасқан батыр деп кәнбертті нашалникке берді (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 7-бет). Ujat вolqan eken! – dep necalnik вәdik вolьp alaqtadь// Ұйат болған екен! - деп нешалник бәдік болып алақтады (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 18-бет). ### Қабылданған әліпбидің артықшылығы * «бір дыбыс – бір әріп» принципі қатаң сақталды; * Түркі халықтары ұстанған принцип қатал ұсталды; * Оқуға қолайлы, жазуға оңай, өте қарапайым; * кірме әріптер жоқ; * жол асты, жол үсті белгілері жоқ. ### Қабылданған әліпбидің кемшілігі Кемшілігі ретінде ә, ө, ы, ғ дыбыстарының белгілері латын стандартына сәйкес алынбаған.Сонымен Латын әліпбиіне көшкеннен кейін басы шешілмеген бірнеше мәселе туады. Ол – бас әріп мәселесі, шылаулардың жазылуы, кейбір әріптердің жазылуы, сөздердің бірге және бөлек жазылуы тәрізді мәселелер. Бірақ ең басты мәселе орыс сөздерінің дұрыс орфографиялануы болды. Орыс тілінен енген сөздер бірнеше тұрпатта жазылды. Сондықтан 1938 жылы әліпби және емлеге бірнеше өзгерістер енгізіледі. Орыс тілінен енген сөздер түпнұсқалыққа негізделе бастайды. Осы жылдардан бастап қазақ әліпбиіне в, ф, х әріптері, кейіннен олардың саны екі есе өсіп кеткені белгілі. ## 1938 жылғы реформа 1938 жылға дейін қолданылған әліпби жүйесіндегі бірнеше қиындықтарды шешу үшін Қазақ ССР-ның Орталық Атқару Комитеті мен халық комиссарлары Советінің және Орталық Атқару комитетінің председателі, орынбасары Н.Өмірзақов, Ы.Тәжібаевтың ұйғаруымен 1938 жылы 1 қаңтардан бастап «Қазақ әліппесі мен орфографиясын біраз өзгерту туралы» қаулысы жарыққа шығады . Бұл қаулыда қазақ тілінің емле кодексіне біраз өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Қаулы мынадай тармақтардан тұрады: а) емленің негізгі принциптері; ә) әліппе және дыбыс жіктері; б) дауысты, дауыссыз дыбыстардың бір-бірімен алмасып естілгендегі жазылуы; в) қысаң езулік дауысты ы, і-лердің жазылуы; г) и, у әріптердің жазылуы; д) орыс тілінде бар, қазақ тілінде жоқ дыбыстардың жазылуы; ж) сызықшамен жазылатын қос сөздердің түрлері; з) кейбір жалғаулықтардың жазылуы; л) бас әріптің емлесі. Осы ережеден кейін орыс тілінен енген сөздер фонетикалық принциппен емес, түпнұсқалыққа жақындық принципіне ауыстырылып жазыла бастады. Атап айтқанда мынадай тармақтар енгізілді: * х дыбысының таңбасы әліпби құрамына ендіріледі. 1938 дейінгі әліпбиде сөздің жуан-жіңішкелігіне байланысты өзгеріп жазылып жүрген сөздер, 1938 жылдан бастап түпнұсқа принципін басшылыққа алды: колхоз – қалқоз емес, химия – қыймыйа емес, хлор – қылор емес т.б. * я дыбысының жазылуы мынадай ереже арқылы толықтырылды: я дыбысы сөздің басында келгенде және дауысты дыбыстан соң келсе «и+а» қосындысы арқылы белгілеу (Laroslavski, Iakutia, Ideia, Ialta, Koreia т.б.) я дыбысы дауыссыз дыбыстан соң, сөз аяғында «ия» болып келсе де «иа» арқылы беру: іspania, ximia, aksia т.б. я дыбысы дауыссыз дыбыстан соң келгенде «иа» арқылы беріліп, егерде жіңішке естілсе тек ә арқылы беру: izolәtsia, Alәska, Tatiana, Mәta т.б. * в дыбысының таңбасы әліпби құрамына кіргізілгендіктен бәгөн, бәкзәл түрінде жазылып жүрген сөздер, түпнұсқаға жақындатып вагон, вокзал түрінде жазу; * 1929 жылы ц дыбысына байланысты бір ғана ереже болды. Ал 1938 жылы ц дыбысына байланысты тағы бір ереже қабылданады. Ол ц дыбысы сөздің ортасында, сөздің соңғы позициясында келген жағдайда тс қосындысы арқылы игеру: konstitutsia, protses, printsip, sөlts т.б. * щ дыбысы дауысты дыбыстан соң және сөздің ортасында қосынды шш арқылы: Miccanino, Вlagoviccenski, Roccin т.б. Ал орыс тіліндегі щ дыбысы сөздің басында немесе аяғында және ортасында дауыссыз дыбыстан соң келсе, тек бір ғана ш әрпімен беру: Cucie, Cedrin, coloc т.б. * 1938 жылы ю әрпіне байланысты ереже толықтырылады. Ережеде сөздің басында дауысты дыбыстардан соң ю дыбысы қазақ тілінің қос и+у әріптерімен (iuвilei, soiuz, kaiuta), ал барлық дауыссыз дыбыстан соң и+у дыбысы тек у әрпімен беріледі делінген (revolutsia, вudçet, вulleten). Вiuro, вiurokrat сияқты сөздер қос иу әріптерімен таңбаланады деп ескерту енгізілген. * орыс тілінің ë дыбысы сөздің басында немесе дауысты дыбыстан кейін келген жағдайда іо (iolka, zaiom) әрпімен, ал дауыссыз дыбыстан соң ө-мен белгілеу: aktөr, mantөr, pulemөt, katөl, pөlөmkin, вudөnni т.б. * ф дыбысының таңбасы әліпби құрамына кіргізілгендіктен бұрын п дыбысына алмастырылған сөздер түпнұсқалық принципті басшылыққа алып ф арқылы жазу: фабрика – пәбірік емес, физика – пійзік емес; * кірме сөздердің бастапқы позициясында келетін о, е, и, у дыбыстарын өзгертпей жазу: пролетариат – purьltarьjat // pyreletarьjat //pьroletarьjat // puraletarьjat емес. Коммунист – kөmenes, kәmenes, kәmuvnes емес. * кірме сөздердің аяққы позициясында келетін о, е, и, у дыбыстарын өзгертпей жазу: метро – метра емес, биро – бұйра емес, динамо – динамы емес, самалөт – самалұт емес. * сөздің аяғында келетін в, д, г дауыссыз дыбыстарын өзгертпей жазу: Ленинград – Ленинграт емес, актив – әктіп емес, педагог – педагок емес. * кірме сөздерде келетін екі дауысты дыбыс қатар жазылады: зоологиа – зологиа емес, театр – тыйатыр емес т.б. * орыс тіліндегі -ист қосымшасын тұрпатын өзгертпей жазу: коммунист, сотсиалист, натуралист, ал бұл сөздерге жалғау қосылғанда т дыбысын түсіріп жазу: натуралис+тің т.б. ## Орыс графикасына негізделген әліпби және оның қайшылықтары Осы жылдардан бастап (1938-39 жж.) латын графикасына негізделген әліпбиді орыс графикасына ауыстыру мәселесі қызу талқыға түсе бастайды. 1939 жылы 10 тамызда алғашқы әліпби жоба жарияланады. Жобада 40 әріп: а, ә, б, в, г, д, е, ж, з, и, й, і, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ŷ, ұ, ү, ф, х, қ, g, ц, ч, ш, щ, ъ, ы, ь, э, ю, я. Осы тәрізді жобалардан кейін 1940 жылы орыс графикасына негізделген қазақ жазуы қабылданады. Оның емле ережесі де бекітіліп, өңделіп те келе жатыр. Бірақ қазіргі кезде ғалымдар орыс тілі сөздері түпнұсқа принципіне бағынуын және кірме әріптердің қазақ әліпбиінде орын берілуін сөз етіп келеді. Осыған орай ғалымдар жаңа жазу, жаңа әріп алдымен тіліміздің табиғи болмысын дұрыс тануға, өзіндік дыбыстық жүйесін зерделеуге зор мүмкіндік тудыру керек деген пікірді жиі айтады. Шындығында, латын графикасына көшу жай ғана әріп алмастыру науқаны болмауы тиіс. Ең бастысы орфографияны «қосаржарлық» сипатынан айыру керек деген принципті алға тартуға болады. Жалпы жазу теориясында уәжді және уәжсіз принцип бар. Бұл мәселені қазіргі кезде ғалымдар лингвистикалық және психологиялық жағынан қарастырып келеді. Лингвистикалық жағы бұл әліпбидегі әріптердің саны негізгі дыбыстардан соншалықты алшақ кетпеуі, негізгі дыбыстармен тең түсуі т.с.с. Ал психологиялық жағын алар болсақ, жазу – адам ойының материалданып, жарыққа шығуының құралы. Сондықтан ұлттық санада немесе тілдік санада белгілі бір дыбыстың суреті жоқ дыбысты тіл арқылы жарыққа шығару немесе оны жазу өте күрделі. Осыған байланысты Н.Уәлиұлы былай дейді: «Әліпбидегі әріптердің саны шамадан тыс көп болуы мектеп табалдырығын аттаған оқушыларымызға да оңай тимейді. Ана тілінің дыбыстарын бейнелейтін әріптерді мектепке келген балдырғандарымыз дыбысқа (уәжге) сүйеніп, тез үйреніп алады. Сөйтіп дыбыс пен әріптің байланысы оқушы санасында білімге айналады. Ал ъ, ь, ц, щ, … тәрізді таңбаларды дыбыстық уәжі болмағандықтан, жаттап алуына тура келеді. Қазақ тілінің дыбыс жүйесіне қатыссыз әріптерді жаттап, миға салмақ түсіреді. Бұл – мәселенің лингвистикалық-психологиялық жағы. 42 әріппен байланысты бұл қайшылықты, әсіресе ұстаздар қауымы жақсы біледі. Бұл жайт, жоғарыда айтқанымыздай, кирилше әліпбидің түкке алғысыздығынан емес, я болмаса кирилшені әуелде тіліміздің жүйесіне сай етіп Ұқсата алмаған тіл мамандарының да кемшілігі емес. Қазақ лингвистерінің кәсіби біліктілік деңгейі қай кезде де төмен болған жоқ. Әліпбидегі түйткілдің түп-тамыры тоталитарлық жүйенің Кеңестер одағындағы тілдерді, ұлттарды бірте-бірте ассимиляциялау саясатымен байланысты болды. Кеңестік кеңістікте халықтарды бір тілге көшіріп, Бабыл мұнарасын орнатып, көктегі коммунизмге қол жеткізбек болған идеологиялық қысымның салдарынан кирилше әліпбиіміз бұрмалауға түсті. Қазақ әліпбиіне енгізілген в, ъ, ь, ц, щ … тәрізді әріптер алдымен халықаралық терминдерді, советизмдерді, онимдерді (жалқы есімдерді) орыс орфографиясымен жазу үшін енгізілген. Қазақ орфографиясы да сиям егіздері сияқты қосамжар орфография болып шықты. Қазақ мәтіндерінде қазақша жазылатын сөздер мен бөтен тілдің бөркін киген сөздер аралас-құралас жүрді. Сөйтіп, советизмдерді, интернационализмдерді, онимдерді Орталық орыс орфографиясымен бұлжытпай жазу үшін ч, щ, ю, я, ъ, ь, ц … тәрізді әріптерді енгізуге тіл мамандарын мәжбүрледі» . Cонымен, қазіргі қазақ әліпбиі ұлттық әліпби емес, қосамжар әліпби болып отыр. Осымен байланысты ғалымдар әліпби ауыстыру ең бірінші лингвистикалық түрткіжайтқа барып тірелетінін дәлелдейді. Екі тілдің орфографиясына қызмет ететін әліпбиге түбегейлі реформа жасау арқылы тіліміздің дыбыстық жүйесін нақты белгілейтін, оның өзіндік табиғатын бейнелеп қана қоймай, ұрпақтан-ұрпаққа сақтап жеткізетін жаңа жазу-сызуға көшу керек деген пікірде. Сонымен латын графикасы негізіндегі қазақ әліпби жоба ұсынушылар немесе латын жазуына қайтуды қолдаушы ғалымдардың арқа сүйеп отырған бұлтартпас басты дәлелі мынандай әділ де ақиқат тезис болып табылады –кирил жазуына негізделген әліпби қазақ тілінің дыбыстық жүйесін барабар жағдайда көрсете алмайды және оның орфографиясын күрделендіре түседі. Жалпы қазақ әліпбиінде 29 дыбыс бар. Ал қазіргі әліпбиімізде в, ё, ф, х, ц, ч, щ, э, ю, я, ъ, ь әріптері қазақ тіліне жат. Ф, х әріптері 1938 жылдан қолданысқа енсе, қалған 10 әріп 1940 жылы орыс графикасына негізделген әліпбиге көшкенде қабылданған болатын. Бұл әріптер орыс тілінен енген сөздерді бұзбай, яғни түпнұсқасына жақындатып қолдану үшін алынды. Орыс тілінен енген я, ю, ё, щ, ц, э тәрізді әріптер қазақ әліпбиі үшін басы артық таңбалар. Сонымен кирил әліпбиінің қазақ нұсқасында я, ю, ё графемалары қандай қызмет атқарады? Я, ю, ё әріптері әдетте дыбыстардың қосындысын білдіреді. Мұндай дыбыстардың қосындысы қазақ тілінде екі вариантта (жуан және жіңішке), яғни йа – йә, йу – йү түрінде кездеседі. Сондықтан мұндай әріптерді әліпби құрамынан мүлде алып тастауға болады. Өйткені қазақ орфографиясында йа – йә тәрізді әріптік тіркестермен беруге болатын прецедент бар. Сөз басында және дауысты дыбыстардан кейін келетін я әрпін қосынды й+а немесе й+ә арқылы таңбалауға әбден болады. Мысалы: қойан, тайақ, айа, майа, сайа, қийа, сийа, тұйақ, сайақ. Ал орыс тілінен енген кейбір сөздерде дауыссыз дыбыстардан кейін келген я әрпінің орына ә әрпі, дауысты дыбыстан кейін және сөз басында келген сөздерде й+а қосар әріппен жазуға болады. Мысалы: отрәд, снарәд, аккумуләтр; йадро, йахта, йарус. Осы тәрізді ю әрпін әліпбиден алып, орнына й+у қосар таңбасы арқылы таңбалауға болады. Мысалы: айу, ойу, кейу, көркейу, айуан, айуанат, хайуан, хайуанат, кейуана, миуа, диуана, қиуа, қиуаз. Орыс тілінен енген сөздерде й+у дауыссыз дыбыстан кейін келгенде дара у әрпін жазуға болады. Мысалы: буджет, полус, лукс. Орыс тілінде дауыссыздың жіңішкелігін білдіретін Ёё әрпі қазақ жазуы үшін тіптен артық болып табылады, өйткені орыс тіліндегі ё дыбысын қазақ тілінде й+о, й+ө қосындысы арқылы және кей жағдайда ө әрқылы да беруге болады. Мысалы щётка – шөткі, ёлка (шырша) – йолкі сөздерінде ғана кездеседі. Сондықтан латынша емледе бұл типтес сөздер қазақ тілінің ерекшелігіне байланысты дұрыс жазылуын қуаттаймыз. Байқап отырғанымыздай, мұндағы қиындық тек орфографияда ғана емес екен! Жасанды жазылымда қазақ тілінің негізгі фонетикалық заңы бұзылады – сингармонизм, орфография айтылымға, орфоэпияға кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ әліпбиде «ь» (жіңішкелік белгі) әріптік таңбасының болуы дұрыс емес екендігін атап өткіміз келеді. Қазақ тілінде араб жазуы, латын жазуы болған кездердің өзінде бұл таңба ешқашан да қолданылған емес, өйткені, атап көрсеткеніміздей, қазақ тілінде дауыссыздардың жіңішкелігі қатар тұрған дауыстылармен анықталады. Осыған қарамастан кирил әліпбиіндегі қазақ жазуында бұл таңба аса мол кездеседі, ал оның дауыссыздың жіңішкелігін емес, буынның немесе дауыстының жіңішкелігін білдіретіні оқырман үшін тиімсіз болып табылады және қазақтардың өзін және орыстілді қазақтарды шатастырады. Сонымен біздің ойымызша, қазақ тілін өзінің лайықты орнына шығартпай отырған бірінші кедергі, ол – кирил жазуы. Санамызға әбден орнығып алған орыс әріптерінен арылмайынша ана тіліміздің екінші дәрежеде қала беруі заңдылық. Қазіргі кезде қазақ әліпбиінің орыс әріптерінің негізінде құрылғаны былай тұрсын, тіпті орыс тілінің көптеген ғылыми-техникалық және саяси-қоғамдық терминдері ешбір өзгеріссіз, ешқандай заңдылыққа бағынбай, түпнұсқамен жазылып жүр. Бір айта кететін жайт, сол орыс тілінен енген барлық сөздердің тегі орыстікі емес. Мысалы, президент, конституция, цивилизация, функция, коммунизм, капитал т.с.с толып жатқан орыс сөздерінің тегі латыннан шыққан. Тек орыс тілі жат сөздерді қабылдағанда міндетті түрде өзінің тіл заңдылығына сәйкес етіп өзгерту арқылы енгізеді. Жоғарыда көрсеткеніміздей, 20-30 жылдары да қазақ тіліне кірген кірме элементтер тілдің заңдылығына толық бағынып заңдастырылған. Қазіргі кезде мерзімді баспасөз беттерінен орыс тілінен енген сөздерді қазақиландырып жазу механизмдерін көзіміз шалып қалады. Мысалы орыс тіліндегі автомобиль сөзін аптамобіл, факт' сөзі пәкті түрінде, авиация сөзі – ауасия түрінде игеріліп таңбаланған түрлерін де жүр («Тіл және аударма», 2000, №1). Осы мәселелерді сараптай келгенде, неге сол латын сөздерін қазақтың дыбыс заңдылығына бағындыра отырып, қабылдамасқа деген сауал туады. Ол үшін біріншіден, кірме сөздерді жуан және жіңішкелік принципке негіздеу, екінші принцип «түпнұсқалыққа жақындау» принциптерін қатар ұстау арқылы тілдің табиғилығын сақтауға болады. ## Қорытынды Қорытындылай келгенде, ХVІІІ ғасырдың басында кирил әліпбиінің негізінде Ұлы Петр арнайы жасаған және орыс тілін жазуда беру үшін өте тиімді икемделген орыс әліпбиі өзге жүйедегі қазақ тілінің (кеңірек айтқанда – түркі тілдерінің) дыбыстық жүйесін беруде үлкен қиындықтар туындатып отыр. Шешілуі қиын болып отырған кедергілер шексіз деуге болады – орфографияның күрделенгендігінде сөз жоқ, ал күрделі орфография орфоэпияға, айтылымға кері әсерін тигізеді. Ә.Жүнісбек қазіргі әліпбиімізді «қазақ әліпбиі» деп атаудың еш реті жоқ дейді. Өйткені ол «қазақ әліпбиі» емес, «қазақ-орыс әліпбиі», тіптен ақиқатын айтып «орыс-қазақ әліпбиі» десе де болады деген еді . Сондай-ақ мамандар әділ атап көрсеткендей, жазуда қазақ және орыс тілдерінің алуан түрлі ерекшеліктегі дыбыстарын таңбалау «фонемалардың шашырауына, жайылуына әкеледі». Нәтижесінде – тілдің өзіндік ерекшелігі жоғалады. Қазіргі кездегі қазақ тілі қолданылып отырған ортадағы өзгеріске ұшыраған тілдік ахуалды ескерген жөн. Егер 40-50 жыл бұрын қазақтар өздерінің ана тілдерін жетік біле отырып орыс тілін меңгерсе, кейінгі онжылдықта қазақтардың басым бөлігі балаларын орыс мектерінде оқытқан жағдайларда, енді орыс тілі арқылы ана тіліне қайту үрдісі бел алып отыр. Әрине, осындай жағдайдағы әліпбилердің ұқсастығынан қазақ тілінің нағыз табиғи айтылым нормаларын жетік меңгере қою аса қиын шаруа. Сондықтан да әліпбиді жетілдіру мәселесі, ең алдымен тілдің қазіргі кездегі жағдайына қамқорлық таныта отырып, тілді дамыту перспективасын және оны сақтау шараларын қамтиды. Cондықтан А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қызметкерлері аталмыш проблемаға өз көзқарастарын білдіре отырып, 5 жоба ұсынып отыр. Оның біреуі интернетке арналған. Латын графикасына негізделген жаңа әліпби жобалары жан-жақты ойластырылып, ғалымдар тарапынан құрастырылған ғылыми нақтыланған жобалар. Онда қазіргі әліпби жүйелерінде шешімін тапқан, сонымен қатар жазу тарихымыздағы тәжірибелерді қорытып, дұрыс нәтиже көрсеткен сараптамалар өз деңгейінде пайдаланылған. Қазіргі қазақ жазбасында енгізуге толықтай жарамды. Әріптерді белгілеудегі жеке-дара пікір қайшылықтары болғанымен, қазақ халқы үшін латын графикасына өту заман талабына сәйкес өте қажетті де маңызды болып саналады. ## Тағы қараңыз * Қазақ тілі * Қазақ әліпбиі * Қазақ графикасының тарихы ## Дереккөздер
## Қойшыбаев Мәкәлімің шығармашылығы Қойшыбаев Мәкәлім (10.5.1926, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы – 12.2.1986, Алматы қаласы) – композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1971). Алматыдағы музыкалық училищесін (1952), Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1959). 1960 жылдан ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысады. Қазақтың “Той бастар”, “Шахтер жыры”, “Жастар әні”, Абайдың өлеңіне шығарған “Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп” секілді әндері мен романстары ел арасына кең тараған. Ұлт аспаптар оркестрге арнап: “Қазақстан”, “Жастық”, “Концерттік күй”, “Атырау дүбірі”, т.б. поэмалары, “Мәншүк”, “Құрманғазы”, “Туған жер”, “Ардагерлер” симфониялық поэмалары, эстрада симфония оркестріне арнап: “Қазақ биі”, Сюита, “Күй-поэма”, “Увертюра”; домбыраға арналған: “Жарыс”, “Жастар”, “Аққу”, “Қызылқұм” атты күйлері бар. Қобыз бен фортепианоға арналған: “Романс”, “Көктем биі”, “Өмір гүлі”, т.б. аспаптық-камералық, вокалды-хор мен спектакльдерге, драмалық спектакльдерге (І.Есенберлиннің “Таудағы тартысы”, Ш.Хұсайыновтың “Алғашқы ұшқындары” мен “Сертке серті”) жазған т.б. музыкалық шығармалары мол. ## Қысқаша шығармашылық өмірбаяны (10.5. 1926, қазіргАтырау облысы Қызылқоға ауданы - 12.2.1986, Алматы) - композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1971). Алматы музыкалық училищесін (1952), Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, В.В. Великановтың класы бойынша) бітірген (1959). 1944 - 45 ж. Қостанай, 1945 - 49 ж. Ақтөбе облысы филармониясының, 1960 - 61 ж. "Қазақконцерттін" көркемдік жетекшісі, 1961 - 62 ж. Қазақ филармониясының музыкалық редакторы, 1962 - 65 ж. Алматы консерваториясының фольклорлық қабинетінде ғылыми қызмет атқарды. 1965 - 67 ж. оқу бөлімінің меңгерушісі (проф., 1986) болды. 1968 - 75 ж. Алматы музыкалық училищесінің директоры.Сондай-ақ ол көптеген эстрадалық, камералық, аспаптық шығармалардың, романстардың, күйлердің авторы. Драмалық спектакльдерге жазған музыкалық дүниелері (Ш.Құсайыновтың "Алғашқы ұшқындары" мен "Сертке серті", т.б.) де бар. Қазақ академиясының халық аспаптары оркестрінің құрамымен Румынияда (1951), ҚХР-да (1957) гастрольде болды. ## Дереккөздер ## Қойшыбаев Мәкәлімің шығармашылығы Қойшыбаев Мәкәлім (10.5.1926, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы – 12.2.1986, Алматы қаласы) – композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1971). Алматыдағы музыкалық училищесін (1952), Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1959). 1960 жылдан ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысады. Қазақтың “Той бастар”, “Шахтер жыры”, “Жастар әні”, Абайдың өлеңіне шығарған “Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп” секілді әндері мен романстары ел арасына кең тараған. Ұлт аспаптар оркестрге арнап: “Қазақстан”, “Жастық”, “Концерттік күй”, “Атырау дүбірі”, т.б. поэмалары, “Мәншүк”, “Құрманғазы”, “Туған жер”, “Ардагерлер” симфониялық поэмалары, эстрада симфония оркестріне арнап: “Қазақ биі”, Сюита, “Күй-поэма”, “Увертюра”; домбыраға арналған: “Жарыс”, “Жастар”, “Аққу”, “Қызылқұм” атты күйлері бар. Қобыз бен фортепианоға арналған: “Романс”, “Көктем биі”, “Өмір гүлі”, т.б. аспаптық-камералық, вокалды-хор мен спектакльдерге, драмалық спектакльдерге (І.Есенберлиннің “Таудағы тартысы”, Ш.Хұсайыновтың “Алғашқы ұшқындары” мен “Сертке серті”) жазған т.б. музыкалық шығармалары мол. ## Қысқаша шығармашылық өмірбаяны (10.5. 1926, қазіргАтырау облысы Қызылқоға ауданы - 12.2.1986, Алматы) - композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1971). Алматы музыкалық училищесін (1952), Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, В.В. Великановтың класы бойынша) бітірген (1959). 1944 - 45 ж. Қостанай, 1945 - 49 ж. Ақтөбе облысы филармониясының, 1960 - 61 ж. "Қазақконцерттін" көркемдік жетекшісі, 1961 - 62 ж. Қазақ филармониясының музыкалық редакторы, 1962 - 65 ж. Алматы консерваториясының фольклорлық қабинетінде ғылыми қызмет атқарды. 1965 - 67 ж. оқу бөлімінің меңгерушісі (проф., 1986) болды. 1968 - 75 ж. Алматы музыкалық училищесінің директоры.Сондай-ақ ол көптеген эстрадалық, камералық, аспаптық шығармалардың, романстардың, күйлердің авторы. Драмалық спектакльдерге жазған музыкалық дүниелері (Ш.Құсайыновтың "Алғашқы ұшқындары" мен "Сертке серті", т.б.) де бар. Қазақ академиясының халық аспаптары оркестрінің құрамымен Румынияда (1951), ҚХР-да (1957) гастрольде болды. ## Дереккөздер
Ұлтымыздың бүкіл рухани игілігі 20 ғасырға дейін жазбасыз түрде дамып, ауыздан-ауызға, әкеден-балаға, ұстаздан - шәкіртке, өткеннен - болашаққа жеткізіліп отырған. Шаруашылықтың көшпенді және көшпенді емес түрі ұлттық аспаптардың, музыкалық дәстүрлердің ерекшеліктерін, қазақ қоғамының өмірі мен тұрмысының, сөздік және ақындық көркемөнердің біртұтастығын көрсетеді. Музыка өзінің алғашқы кезеңінде ескі көшпелі қоғамның қажеттілігінен туып, ірі діни және тұрмыстық салт-дәстүрлермен біртұтас дүниеге айналды. Қазақ этносының қалыптасу кезеңінде пайда болған ірі эпикалық баяндаулар – жыраулар орындауындағы жырлар әртүрлі дәстүрлермен байланысты болды.Халық жадында жүзден аса эпос сақталған, олар мың өлең жолынан тұрады, қыл қобыз немесе домбыра арқылы орындалған. Халық шығармашылығының сүйікті жанры, батырлық және лирикалық – тұрмыстық эпостар қатарында “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Ер - Тарғын”, “Қамбар”, “Қыз-Жібек”, “Қозы - Көрпеш - Баян сұлу”, “Еңлік және Кебек” жырларын айтуға болады. Бұлар қазақ тарихына қатысты нақты оқиғаларды аңыз, мифологиялық түрде жеткізеді. Халық музыка аспаптарының көне үлгісі ретінде кейін пайда болған күй де - өзінің бастапқы кезеңінде магиялық міндеттерді атқарған. Екі дәстүрдің – эпикалық және аспаптық дәстүрдің шығуы халық санасында атақты әулие – Қорқыт есімімен (бірінші жырау және шаман, “күй атасы” және қыл–қобызды жасаушы алғашқы шаман есімімен) байланысты. Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра – қобыздық күйлер - “Қорқыт”, “Желмая”, “Тарғыл тана”, “Елімай”, “Ұшардың ұлуы” сияқты және т. б. шығармалар қалдырды. Олардың бір бөлігі дыбысты беру сипатымен ерекшеленді және табиғаттың табиғи дауыстарын, өмір, өлім, тұрмыс туралы философиялық ойларды берген. Барлық шығармаларда, бір күйден екінші күйге көшкенде музыкалық әуендер бір немесе бірнеше рет қайталанады. Көк тәңіріне, рухтарға бағытталған бұл дыбыстар қобыз үнінде тірілгенде жаңа реңк алады. Домбыра мен сыбызғы аспаптарының даму тарихы да ғасырлар қойнауына кетеді. Домбыраның пайда болуы туралы мынадай археолгиялық қазбалар мәлімет береді: ежелгі қала Хорезмді қазғанда екі шекті аспапта ойнап тұрған музыканттардың терракотты бейнелері табылған. Ғалымдар екі мың жыл бұрын Хорезм қаласынан табылған екі шекті аспаптардың қазақ домбырасымен ұқсастығын және оның Қазақстан территориясында тұрған ертедегі көшпенділердің қолданған аспаптарының бірі деп бағалайды. Домбыра және сыбызғылық музыканың көне үлгілеріне құстар мен жануарлардың атауларымен күй – аңыздар жатады – “Аққу”, “Қаз”, “Нар”, “Ақсақ қыз”, “Ақсақ құлан” батып бара жатқан балалар мен аңдар туралы - “Жорға аю”, “Зарлау”, “Жетім қыз” және т. б. күй – аңыздар. Бұлар ерте кездегі діни сенім – нанымның, әдет-ғұрыптың жаңғырығын осы күнге дейін алып келген. 19 ғ. таман ғана қазақ музыкасы өзін шектеген дін мен дәстүрлерден арылып, дербес көркемдік шығарма ретінде дами бастаған. Бұл кезең – шын мәніндегі ұлттың рухани жаңаруы, аспапты, әндік, ақындық өнер сияқты негізгі халықтық өнердің даму кезеңі болды. Қазақстанның байтақ территориясында әртүрлі дербес кәсіби композиторлық және орындаушы мектептер пайда болды, әрбір аймақ өз ерекшелігін сақтап отырды. Мысалы, Батыс Қазақстанның территориясы домбыралық күй - төкпені дамытудың орталығы болып есептелсе, Сарыарқа аймағы (Орталық Қазақстан) - әндерді орындаудың орталығы, оңтүстік-батыс аймақ (Қармақшы ауданы) эпостық жырды баяндаудың бай тәжірибесін сақтаған, ал Жетісу өңірі – айтыс дәстүрін – айтысушы ақындардың жарыс өнерін дамытады. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина, Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Естай, Ыбырай, Нартай, Мәди, Мұхит, Абай, Кенен Әзірбаевтың есімдері тек қазақ мәдениетіне ғана емес, әлемдік музыка мәдениетіне енді. Бұлар – қазақ музыка мәдениетінің шоқ жұлдыздары болып табылады. Олар халықтық музыканы дамытты, дербестіктерін сақтады, халық арасында үлкен құрметке ие болды. Үздіктердің ішіндегі үздігін халық – сал, сері деп атаған. 19 ғасырдағы кәсіби музыканттардың шығармашылық қызметі орындаушылық және композиторлық саламен ғана шектеліп қойған жоқ, олар көркемдік баяндаудың барлық түрін – поэтикалық импровизация, шешендік өнер, нәзік вокальдық техника, музыкалық аспаптың құлағында ойнау, театр мен цирктік өнер ойынының элементтерін қамтиды, бұл Батыс Европаның орта ғасырлық музыканттары – жонглерлер, трубадурлар, труверлер, мейстер – миннизингерлермен ұқсастығы бар. 20 ғ. қазақ музыкалық мәдениеті жаңа әуендік және жанрлық түрімен байыды. Аз ғана кезеңдік тарихи уақытта Республика европалық классикалық музыканың көпдауыстылығы мен жанрлық арсеналын игерді. Бұл – опера, симфония, балет, аспаптық концерт, кантата, ораториялық, ансамбльдік, оркестрлік, хорлық орындау түрлері. Шығармашылықтың жазба түрінде қалыптасқан жаңа кәсіби композиторлық мектебі құрылды. Ұлттық мазмұндағы синтездік іріктеу және 20 ғасырдың 30-40 жылдарындағы европалық түрді таңдау нәтижесінде қазақ опералық өнерінің классикалық шығармалары – Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, А.Жұбанов, Л.Хамидидің “Абай”, М.Төлебаевтың “Біржан - Сара” опералары дүниеге келді. Олардың драматургиялық және музыкалық негізі – қазақ фольклоры мен ауызша кәсіби музыканың шексіз мүмкіндігі арқылы жасалған. Опералық театр сахнасы 19 ғ. ақындары Біржан мен Сара арасындағы қызу айтыс, той дәстүрі. 19 ғасырдағы ұлт - азаттық көтеріліс батырының әндері, ақын және күйші Махамбеттің және ән–жоқтаулар орындалатын аренаға айналды. 60-70 жж. Республикада европалық аспапты музыканың күрделі жанры-симфониялық музыка өнері өте жақсы дамыды. Ғ.Жұбанованың, Қ. Қожамьяровтың симфониялары, симфониялық күй-жаңа жанрлық синтез осылай пайда болды. Ұлттық аудитория қазақтың монодикалық музыкасының оркестрлік және интерпретациясын ерекше қабылдады. “Отырар сазы” фольклорлық-этнографиялық оркестр көпшілікке жақсы танымал өнер ұжымына айналды. Б. Сарыбаев сияқты ғалым - фольклоршы қайта әкелген қазақ музыкалық аспаптары оның құрамына кірді. Күйлердің оркестрлік орындалуында батырлардың бейнелері, бәйге аттарының шабысы, кең даланың бауыры жазылған бейнесі, халықтық мейрамдар кезіндегі шерулер - барлығы бір арнаға тоғысады. Бұл ұжымның нақты бетінің танылуына осы ансамбльдің жетекшісі және дирижері, композитор және домбырашысы Н. Тілендиевтің аса көп еңбегі сіңді. Қазақстанның қазіргі даму барысында музыка мәдениетінің көп тармақты құрылымы қалыптасты. Республикада Европалық жанрдағы орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қоса, әуенді шығарудың жаңа дәстүрлі, әлемдік көпшілік музыка (рок, эстрада, джаз) және әлемдік концессиялардың діни музыкасы, Қазақстанды мекендеген халықтардың – ұйғырлардың, кәрістердің, немістердің, дұнғандардың, орыстардың, татарлардың ауысша кәсіби фольклоры негіз салды. Республикада әртүрлі көркемдік профильдегі орындаушы ұжымдар - Мемлекеттік симфониялық оркестр, Құрманғазы атындағы Қазақтың халық аспаптар оркестрі, хор капелласы, халық би ансамблі, Мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамбльдер, үрмелі және джаздық оркестрі пайда болды. Қазақстан - әлемдік масштабтағы классикалық музыканы орындаушылар отаны. Ол - Е. Серкебаев, Б. Төлегенқызы, Ғ. Есімов, Ә. Дінішев, Г. Қадырбекова, А. Мұсақожаева, Ж. Әубәкірова, шетелдердегі қазақ музыкалық диаспорасының жұлдыздары – М. Бейсенғалиев, Э.Құрманғалиев, ағайынды Нақыпбековалар. Бүгінгі күні Республикада К.Байсейітова және А. Жұбанов атындағы арнаулы балалар мектебі, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясы, Астанадағы Ұлттық музыка Академиясы, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы, Қазақконцерт, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер Институты және басқа да музыкалық - біліми, ғылыми және мәдени мекемелер бар. Жыл сайын біздің тәуелсіз республикамыз “Жігер”, “Алтын алма”, “Жаңа музыка күндері”, “Азия дауысы” халықаралық сайысын, ал халық музыканттарын - дәстүрлі музыканың халықаралық фестивалін, жас орындаушылар фестивалін ұйымдастырады. Музыка бүгін мен болашақты, өткенді жалғастырушы алтын буын міндетін атқарып отыр.
Кәрменов Жәнібек (22 наурыз 1949 жылы, Қарауыл ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы – 22 маусым, 1992 жылы, Алматы) – әнші, жазушы, қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артист (1990). ## Өмірбаяны Арғын тайпасының Тобықты руының Бөкенші бөлімінен шыққан. Алматы эстрада-цирк өнері студиясының (қазіргі колледж) әншілік бөлімін (педагогы Ж.Елебеков), және Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. “Өнер” баспасында редактор, Алматы мемлекеттік консерваториясында халық әндері кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ол өзіндік ән орындаушылығымен ерекше көзге түсті, көптеген халық композиторларының шығарма өмірі мен мұрасын насихаттау және олардың ұмытылған ән мәтіндерін қалпына келтіру ісіне мол үлес қосты. Кезінде Қазақ радиосы мен телевизиясы арқылы халық әншілері мен әншілік дәстүр жайында хабарлар (А.Сейдімбекпен бірге) жүргізді. Өнер тақырыбына арналған кітаптары (“Ақылбайдың әні”, ”Ғашықтың тілі”, “Махаббат әні”) жарық көрді. 1984 жылы концерттік- орындаушылық, зерттеу қызметтері және жастар арасында халық өнерін насихаттаудағы жұмыстары үшін оған Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. 1996 жылы оның есімі Қарауыл ауылындағы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы) музыка мектебіне берілген. ## Сілтемелер * Кәрменов Жәнібек (1949 - 1992 жж.) Мұрағатталған 28 сәуірдің 2013 жылы. * Кәрменов Жәнібек(қолжетпейтін сілтеме) * Шаһ-Керім Кәрменов: «Әкемнің қара домбырасы иесіз емес» Мұрағатталған 5 қарашаның 2011 жылы. * Жәнібек Кәрменов(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Зейнеп Төлембеққызы Қойшыбаева (6 наурыз, 1937, Қазақстан ауылы, Алакөл ауданы, Алматы облысы — 20 наурыз, 2002, Алматы) — әнші, Қазақстанның халық әртісі (1989). ## Қысқаша өмірбаяны * Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының вокальдық студиясын (1958) бітірген. * Алматы өнер институтын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1972). * 1958 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры солисі. * 1967 ж. - 1993 ж. - қазақтың радио мен теледидары жанындағы камералық оркестр солисті. * 1981 жылдан өмірінің соңына дейін Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрадалық-цирк өнер колледжінің оқытушысы. * 1993 жылдан республика дәрежедегі зейнеткер. ## Орындаған партиялары Е. Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Жалбыр” операларында, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің “Абайында”, М. Төлебаевтың “Біржан мен Сара” операларындағы партияларды орындады. ## Репертуары Оның репертуарында қазақтың халық әндері, Қазақстан композиторларының әндері бар. Зейнеп Қойшыбаеваның қайталанбас дауысы, орындау мәнерінің ерекшелігі, сахналық біліктілігі оны басқа әріптестерінен айрықша даралайды. Қазақ телевидиниясы мен радиосының әншісі болып, Қазақстан композиторларының музыкалық шығармалары мен халық әндерін насихаттауда, эстрада өнерін дамытуда елеулі еңбек сіңірді. Гастрольдік сапармен КСРО республикасында, сондай-ақ, шет елдерде де (Германия, 1971; Польша, 1979; Ауғанстан,1984; т.б.) болды. ## Жетістіктері * Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінің күміс жүлдегер (1957). ## Дереккөздер
Қазақ эпосы мен фольклорының барлық түрі музыкамен тығыз байланыста. Салт-дәстүрлік, тұрмыстық және тарихи әндермен қоса, ірі эпикалық поэмалар да ақынның өзі таңдаған әуенмен домбыра арқылы орындалған. Қазақ фольклорындағы әуеннің ролі осы күй - аңыздарда ерекше байқалады, ол оқиға мен сезімді жеткізу құралы ретінде қолданып, сюжеттік сипатты береді. Әдетте, домбырада, сыбызғыда немесе қобызда күйші (әуенді шығарушы немесе ойнаушы) орындалатын күйдің мазмұнын қысқаша баяндайды да, оны дәстүрлі: “ал, енді мұны домбырадан тыңдаңдар”, - деген сөз тіркесімен аяқтайды. Авторы беймәлім “Бозторғай” атты ежелгі күй-аңызда өз балапандарын жыланнан қорғап, жанын қоярға жер таба алмайтын бозторғай туралы әңгімеленеді. Әуендік пьеса домбыра даусымен бозторғайдың қорқынышы мен жан арпалысын, балапандардың бәйкүнә дауыстарын, ана-бозторғайдың ұяны жыланнан қорғауға тырысып, аластау жолындағы қанаттарының қағысын домбыра даусымен береді, күй бозторғайдың балапандарын құтқару үшін жылан аузына түскен өлім алдындағы шарасыздығымен аяқталады. Мұнан да күрделі мазмұнды күй - аңыз “Көбік - шашқан” деп аталады. Оны XIX ғасырда Каспий теңізінің жағалауындағы су тасқынына байланысты атақты күйші Құрманғазы өмірге әкелген. Бұл шығармада күй ел басына төнген апатты, адамдар мен жануарлардың жан айғайларын берумен ғана шектеліп қалмай, халықтың мұңы мен зарын тасқын төңірегінен алып шығып, тарихи тағдырының да тасқын сияқты ауырлығын көрсетеді. Мұндай музыкалық шығармалар авторларына тек композитор ретінде бір жақты қарауға болмайды. Олардың әрқайсысы осы әуенге сәйкес аңыз-әңгіме де шығарады. Мысалы, авторы беймәлім “Қара жорға” күй – аңызында Абылайханның қазақ – қырғыз ұрысында қалмақтардан тартып алған жүйрік ат туралы тамаша әңгімесі бар. Сондай-ақ “Ақсақ Құлан, Жошы хан” күй – аңызының ерекшелігі бар. Жошы хан аңға кеткен баласы қайтпаған соң, хабар беруді талап етеді. Бірақ, ханның жалғыз ұлын өлді деп хабарлауға батылы барған кісінің көмейіне балқытылған қорғасын құятындығын мәлімдейді. Хан қаћарынан қорыққан қарт күйші оның өлімін күй арқылы жеткізеді. Жошы хан қобыз үнінен баласын ақсақ құлан өлтіргенін біледі. Өз сөзінде тұру үшін сонша қайғы- қасіретті жеткізген қобыз шанағына қорғасын құюды бұйырады. Сондықтан, қорғасынмен күйген қобыздың жоғарғы жағы ашық күйінде қалды, - дейді аңыз. Саймақтың “Сары-өзен” күйі де жан – дүниені ерекше баурайды. Қалмақ тұтқынынан қалмақ қызымен қашып шыққан Саймақ туған аулының орнын сипап қалады, өз қайғы – мұңын сыбызғымен білдіреді. Атақты Құрманғазының да әрбір күйі оның өз жанынан шығарған аңыз-әңгімесімен әдіптеледі. Мысалы, “Кісен ашқан” күйі оның патша түрмесінен қашқандығы туралы баяндаса, “Лаушкин” тұтқында болған кезінде орыс қызы Лавочкинаның өзіне көмектескендігін, оны сүйгендігін әңгімелейді. Күй – аңыздарда қазақ фольклорына тән сипаттамалық белгілемелер араласып келеді. Олар: аң –құс туралы ертегі (“Бозторғай”), тарихи ән (“Көбік шашқан”), жоқтау (“Сары өзен”), және естірту (“Жошы хан”) және т. б. болып келді. Қазақ фольклорының бұл түрінің маңыздылығы сол, есте сақталатын сазды әуенмен қоса бүгінгі күнге дейін айтулы аңыздардың, өткен күндер бейнесі мен оның авторларының атын жеткізгендігінде дейміз. Ән мен сөз өнерін бір жерге тоғыстыру, оны үндестік заңына бағындыру – қазақ өнерінің тарихи жолындағы аса сирек құбылыс ретінде бағаланады.
Кенжебек Күмісбеков (23 қараша 1927, Құмкөл ауылы, Қорғалжын ауданы, Ақмола округі, Қазақ АКСР — 1997, Алматы)- Қазақстанның көрнекті сазгері, Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессоры. ## Шығармашылығы Ол А. Жұбановқа арнаған «Дала сыры» симфониялық дастанында Абайдың «Көзімнің қарасы...» деген әнінің әуенін пайдаланған. Бұл ән алғашқы кезеңде оркестрде цитата түрінде пайдаланылса, кейін әр түрлі аспаптарға ажырап, әдемі дауыстарға бөлініп, дастанның музыкалық құндылығын байыта түседі. Күмісбеков сонымен қатар Абайдың «Домбыраға қол сұқпа», «Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп...» өлеңдеріне ән-романстар жазды. ## Аманат жинағы Бұл жинаққа қазақтың көрнекті композиторы, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Кенжебек Күмісбековтің күйлері мен симфониялық поэмалары еніп отыр. Бұлардың қатарында "Биші қайың" (күй), "Қан сонарда" (күй), "Аманат" (күй), "Фараби сазы" (күй-поэма), "Сары-өзен саздары" (күй-поэма) шығармаларымен катар "Жастық шақ" сюитасының соңғы бөлімі "Вальс" туындылары бар.Жинақ жалпы білім беретін орта мектептер, музыкалық арнаулы орта оқу орындары, колледждер, өнер, музыка академиясы, консерватория шәкірттері мен студенттеріне, сондай-ақ кәсіби музыканттарға арналып шығарылған. ## Дереккөздер
Сарыарқа - Құрманғазының күйі, қазақтың дәстүрлі музыкасының шыңында тұрған шығармалардың бірі. Ұлттық өнерімізді әлемге танытқан бұл күй ұлы күйшінің туған жеріне, қазақтың кең даласына деген махаббатынан туған туынды. Қуғын-сүргінге ұшырап жүрген шағында жазылған Құрманғазының «Сарыарқасы» бүкіл қазақ халқының еркіндікке, азаттыққа деген құлшынысының көрінісіндей. Әлі түс болған жоқ, бірақ даланың ыстық күні ауаны қыздырып, күйдіріп тұр. Тып-тыныш жолмен келе жатқан жай, бірқалыпты ат тұяғының дыбысы естіледі. Құлағын қайшылап келе жатқан ат, ер үстіндегі адамды тыңдап келе жатқан сияқты. Ер үстіндегі кісі анда-санда артына қарағаны болмаса, самарқау. Иықты, маңдайы кең, бет әлпеті ірі салт аттының үстінде ыстыққа қарамастан, түйе жүнінен жасалған қалың күпі, тері шалбар және малақай киген. Арқасына мылтық ілген, ал алдында қапқа салынған домбыра бар. Ол Сары-Арқа жаққа бағыт ұстаған, түске таман жасыл алаңқайға келіп жетті. Атынан түсіп, кең алақанымен оның маңдайынан сипап, шілдерлеп жайылуға жіберді. Қимылсыз ауыр ойға батқан жолаушы көкжиекке қарап ұзақ отырды, сонан соң, ұйқылы-ояу кейіппен домбыраны қолына алып, жайлап тарта бастады. Даланы домбыра үні кернеді. Ұлы күйші Құрманғазының күйі “Сарыарқа” осылай туды. Патша үкіметінің қудалауынан соң, ол туған жерінде қала алмайтын болды, “Сары-Арқа” сол туған елмен қоштасу күйі. Бірақ мұнда, халық мінезі, өмірі, қадір-қасиеті, ол мекендеген дала бейнесі - барлығы қамтылған. Құрманғазының күйі “Сары-Арқа” – халықтың, даланың өзі сияқты кең, өзі сияқты шексіздігін танытатын дауысы. Қазақ даласы байтақ. Оның көл-көсір төсінен кім өтпеген! – барлығына да орын жетті: арқасына қобызын ілген Қорқыт, қайғылы зарлы үнімен Асан- Қайғы, сараң Қарабай (“Қозы-Көрпеш және Баян Сұлу аңызындағы адам бақытынан гөрі мыңғырған малын артық санайтын бай-феодал”), Қобыланды батыр… Олардың барлығы осы Сары-Арқа даласынан өтті және халық аңызы мен өнерінде қалды. Қазір халқыңа беймәлім және панасыз Сен де халық жадында қаласың. Дала желі сенің әніңді ұрпақтарға жеткізеді». “Сары-Арқа” әуені осы мазмұндас. Кеш түсті. Атын шідерден босатып, домбырасын ерге байлаған жолаушы қайтадан жолға шықты. Енді ол артына қарайлаған жоқ. Тынығып, әл жинап алған, аты шабысын үдетті. Артта бұйра-бұйра шаң ғана қалды. ## Дереккөздер
Маңғытаев Мыңжасар (23 желтоқсан 1937, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Маяқұм - 7 желтоқсан 2011, Алматы) — композитор, профессор, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық әртісі. ## Өмірбаяны 1965 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын Қ.Қожамияровтың класы бойынша бітірді. Осы жылы еңбек жолын Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің өнер басқармасында аға инспектор болып бастады. 1967-1969 жылдары Қазақстан Композиторлар одағының жауапты хатшысы, 1969-1976 жылдары «Жазушы» баспасы өнер және музыка редакциясының бас редакторы қызметтерін істеді. Композитор М.Маңғытаев бұдан кейін бірқатар жылдар шығармашылық жұмыста болды. Ал 1988-1991 жылдар аралығында Алматы облыстық музыка қоғамына төрағалық етті. 1991-1993 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы төрағасының бас кеңесшісі, ал 1997 жылы республикалық дәрежеде зейнеткерлікке шыққанға дейін екінші хатшы міндеттерін атқарды. ## Шығармашылығы мен марапаттары Шығармашылығына ұлттық саздың бояуын тиімді пайдалана білген Мыңжасар Маңғытаев сол үрдіспен «Отырар» операсын, «Қозы мен Баян» балетін, «Арман», «Құлагер» симфониялық поэмаларын, «Шексіз махаббат» ораториясын, «Ақсақ құлан», «Қаратау әуендері» атты хорға арналған поэмаларын, ұлы Абайдың өлеңдері бойынша бірнеше әуен жазды. Оның үш жүзден астам әндері, вокальдық-хор, аспаптық, симфониялық оратория-кантаталары, оркестрлік поэма-сюиталары, кинофильмдер мен спектакльдерге жазған музыкалары заман тынысын, өмір келбетін, дүние сұлулығын жырға қосты. М.Маңғытаев халқының ән өнеріне сіңірген осындай еңбектері үшін 1998 жылы Қазақстанның халық әртісі атағын алып, 2006 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Маңғытаевтың шығармашылығының жанры әрқилы, ашық әуезділігімен айрықшаланады, оның ұлттық - бояулы мәнеріне вокалдық және халықтық - аспаптық ерекшеліктерді біріктіру тән. Маңғытаевтың мәнері әсіресе, “Қозы мен Баян” балетінде, “Арман”, “Құлагер” симфониялық поэмаларында “Шексіз махаббат” ораториясында, “Ақсақ құлан”, “Жайлауда”, “Қаратау әуендері” сияқты хорға арналған поэмаларында , әндерінде анық із салған. Ұлы Абайдың өлеңіне жазылған “Не іздейсің көңілім”, “Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп”, “Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...” өлеңдеріне ән-романстар жазды. Сазгер жалпы саны үш жүзге таяу ән шығарды. Оның вокалдық-хор, аспаптық, симфониялық оратория-кантаталары, оркестрлік поэма-сюиталары, кинофильмдер мен спектакльдерге жазған шығармалары заман тынысын, өмір шындығын, дүние сұлулығын жырлайды. Ақан серінің “Қараторғай” әніне жазған вариациялары мен “Арман” атты симф. поэмасында, І.Жансүгіровтің “Құлагер” поэмасының желісіне жазған симфониясы мен “До-мажор” симфониясында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ақтолғай” симфониялық сюиталарында халық әуендерін шебер пайдаланған. Ал халық оркестріне арнап жазған “Көктем” поэмасы мен “Концерттік күй”, “Ырғақты”, “Төгілмелі” атты күйлері, төрт бөлімді “Аққудың айрылуы” деген топтамасы оның композиторлық мүмкіндігінің жаңа қырын ашты. “Қаратау әуендері”, “Дала дауысы”, “Жайлауда” хор поэмалары мен хор сюиталары, “Ауыл тойы”, “Елім менің” вокалдық-хореографиялық композициясын тыңдаушы қауым жылы қабылдады. “Ақан сері — Ақтоқты”, “Сталинге хат”, “Неке қияр”, “Біздің үйдің жұлдыздары” спектакльдеріне, “Бәйшешек”, “Көкжиек” кинофильмдері мен Қ.Сәтбаев туралы деректі фильмге, “Қожанасыр сәулетші”, “Әулие есек”, “Үш түлек”, т.б. мультфильмдерге музыка жазды. ## Дереккөздер
Ғарифолла Құрманғалиев (1 қаңтар 1909, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы — 1993, Алматы) — ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, әнші (тенор), Қазақ КСР халық әртісі. ## Өмірбаяны Байұлы тайпасының Алаша руынан шыққан. * Әншілік өнерге бейімділігі бала кезінен байқалды. Ұлы Мүхиттың шәкірттері Шынтас пен Шайқыдан дәріс алды. * 1934 жылы Алматыда өткен халық көркемөнерпаздарының бірінші Бүкіл Қазақстандық слетіне қатысты. * Сол жылы Қазақтың музыкалық драма театрының (қазір Қазақтың опера және балет театры аталады) құрамына қабылданды. * 1967 жылдан бастап Республикалық өнер және цирк студиясында сабақ берді. ## Шығармашылығы Құрманғалиев Е.Брусиловскийдің "Ер Тарғын", "Айман-Шолпан", "Қыз Жібек", Мұқан Төлебаевтың "Біржан-Сара", А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абай" операларында күрделі партиялар мен рөлдерді ойнады. Оның орындауында халық әндері асқақ та әсем әуезімен аспан астын толтыра сорғалай шырқады. Ол әрбір әуенді әуелете салған сайын оған жан мен жүрек бітіріп, дауыс сазына даланың ұланғайыр дарқандығын өз көңіл толқынысымен ұштастыра сиғызып жіберетін. Ғарифолла аңыратып, жамыратып ән төкпелеткен кезде тыңдаушының көз алдына арқыраған арғымақтар мен аса киелі аруаналар даласының кескін-келбеті келеді. Ақтарыла тасыған ақ жарма өзендер мен ағын сулар әуені қыран құстардың қанат қағысы, алып таулар асқақтығы, ақиық ақын Махамбет жырының атойы бар бояуымен, ішкі рух нәр-нақышымен Ғарекеңнің өз жүрек түкпірінен шығып жатарды. Ол өзі негізін салып кеткен әншілік мектептің осындай өзгеше орындаушылық шеберлікті қажет ететін дара қасиеттері бар. Оның кемеліне келтіре орындаған «Айнамкөз», «Үлкен айдай», «Ақ кербез», «Ісмет», «Боз жорға», «Он алты кыз» т. б. халық әндері жұртшылық көңілінен берік орын алды. Ол орындаушылық өнерімен катар, өзі де көптеген әндер («Ақ Жайық», «Сүйген жар», «Нұржамал», «Жан еркем», «Аққу», «Сүйемін туған өлкемді») шығарды. Ғ.Құрманғалиев ән сапарымен төрткүл дүниенің талай елдерінде болып, сан-сан сахналардан ұлттық музыкалық салт-дәстүріміздің байлығын паш етті. Оның Отандық мәдениетке сіңірген орасан зор еңбегі әлденеше мәрте мемлекеттік марапаттармен бағаланды. ## Дереккөздер
Нағым Меңдіғалиұлы Меңдіғалиев (1921 жыл – 2006 жыл) — қазақ сазгер, ҚазССР-нің еңбегі сіңірген өнер қайраткері, профессор. ## Өмірбаян 1921 жылы Орал облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын фортепиано (доцент Е. Ф. Гировскийдің класы) және композиция (профессор Е. Г. Брусиловскийдің) екі мамандығы бойынша бітірген.Меңдіғалиев атымен қазақ музыкасында фортепианолық музыка жанрының қалыптасуындағы жетістіктер тығыз байланысты. Бірінші кәсіби пианист – қазақ, ол көптеген миниатюралардың, фортепианоға арналған алғашқы концерттердің авторы, оның шығармалары музыкалық мектептер, училищелер мен консерваториялардың оқу-әдістемелік репертуарына еніп, тыңдаушы аудиториясының ықыласына ие болды. Оның “Домбыра туралы аңыз” атты концерттік пьесасы қазақтың фортепианолық музыкасының көрнекті бетіне айналды. Оның “Дала”, “Толқын”, “Елім-ай” шығармаларына жылы және шыншыл лирика тән. ## Абай өлендері Меңдіғалиев Абайдың «Ғашықтық, құмарлықпен - ол екі жол...», «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл...», «Жазғытұры», «Кейде есер көңіл құрғырың...», «Мен сәлем жазамын...» деген өлеңдеріне ән жазды. «Домбыра туралы аңыз»- Әні Н. Меңдіғалиевтікі, орындаған Г. Қадырбекова. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Беғазы кешені - қола дәуірінің соңғы кезеңіндегі тайпа көсемдері мен дін басыларының бейіттері. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай кентінің оңтүстік-шығысында 40 қм жерде, Беғазы қорымының солтүстік-шығыс жақ шегінде орналасқан. 1947, 1952 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Марғұлан) зерттеген. 6 қоршаулы обалардан тұрады. Барлығы қазылған Құрылыстары бір-біріне ұқсас. Тек көлемдері әр түрлі. Сыртқы көлемі 4x4 м-ден, 9, 6x9, 6 м-ге жетелі, пішіні шаршы, кісі қойылған бөлмесінің көлемі 2, 2x2, 2 м-ден, 6Х6 м. Екі жағы үлкен қақпақ тастармен көмкерілген, қабырғаларының қалыңдығы 1,8 -3,6 м, биіктігі 0,4 - 1,1 м. Барлығының шығыс жағынан ұзындығы 1,8 - 9 м, ені 0,75 - 4 м дәліз салынған. Кешеннің ішінде көлемінің үлкендігімен көзге түсетіні 1-және 2-бейіт. Сыртқы қоршауды құрайтын қақпақ тастардың биіктігі 2,5 м. Бейіттер кезінде тоналғандықтан жерлеу дәстүрін анықтау мүмкін емес. Қабірлер бірнеше бөлікке бөлінген. Бір жағы мүрдеге арналса, екінші бөлігі түрлі заттар мен ас қойылатын орын болған. 1-бейітте бұл орын саз жентектерден қаланған, ұзына бойына үш сымтас тіреуіш қаласы бар, сәкі тәрізді. Оның үстіне найзаның қола ұшы, тас кетпен, тас балға, төрт көзе мен марал, арқар, таутеке сүйеқтері қойылған. Осы жерде мәйітті өртеген орын да бар. Оның ұзындығы 2,8 м, ені 1,2 м. Басқа бейіттердің ішінен де күл, күштен сүйек қалдықтары кездеседі. Беғазы кешені көзелерінің пішіні де, өрнектері де Андронов мәдениетінің көзелерінен басқаша. Көбі құмыра тәріздес, қабырғалары жұқа, сырты мұқият тегістелген, өрнек салу тәсілдері де өзгеше. Беғазы кешендерінен қола шаш түйреуіш, жуалдыз, моншақтар, тас қайрақ, өрнектелген және өрнегі жоқ сүйек түтікшелер, жебенің үш қола ұшы табылған. Бұл заттар, әсіресе, жебенің екі қанатты, үш қанатты ұштары Беғазы кешенінің б.з.б. 9-8 ғасырларда салынғанын көрсетеді. Осы кезенде мұндай ірі кешендердің салынуы (Дөндібай, Бүғылы, Ақсу-Аюлы, Сангру) құрылыс ісінің жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын, оған қойылған кісілердің сол қоғамдағы орнының ерекше болғанын айғақтайды. ## Әдебиеттері: Марғұлан Ә., Бәсенов Т., Меңдіқұлов М., Қазақстан архитектурасы, А., 1959; Марғұлан А.Х., Бегазы-Дандыбаевская кулыура Центрального Казахстана, А.-А., 1979 ## Дереккөздер
Қарауылбек Қазиев (1 мамыр 1939, Жамбыл облысы Шу ауданы Қарабұлақ ауылы - 11 қараша 1984, Шымкент қаласы ауылында туған) - журналист, жазушы. ## Биография Орта мектепті ауылда бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факултетін бітіреді.Болашақ жазушы әуелі Жамбыл облыстық радио комитетінде жұмыс істейді. КазҰУ-ды бітірген (1963). 1957 - 1958 жылдары ауылда жұмысшы, 1963 - 1965 жылдары Жамбыл облысы Радио к-тінде тілші, 1965 - 1967 жылдары Шымкент облысы Телерадио хабарларын тарату жөніндегі к-тінде аға редактор, 1967 жылдан бас редактор болып қызмет еткен. 1969 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Оңтүстік Қазақстан Облыстық радио камитетінің бас редакторы болып қызмет істеді. ## Әңгімелері Алғашқы әңгімелер жинағы "«Ақ бантик»" 1968 жылы жарық көрген. "«Иманжапырақ»" (1976), "«Үркер»" (1979), "«Кемпірқосақ»" (1984), "«Ақ шуақ»" (1988), «Іңкар дүние» т.б. Әңгімелер мен повестер жинағы, "«Оралу»" пьесасы (1972), ал орыс тілінде "«Подснежники»", "«Утреняя роса»" кітаптарының авторы. "Ақ шуақ" шығармаларының толық жинағы 1988 жылы Басылып шыққан. "Иманжапырақ" повесі Қазақстан баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік к-ті, "Жалын" баспасы ұйымдастырған жабық бәйгесінің бірінші жүлдегері. Қазақстан ЛКСМ Орталық комитеті және Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырған «Жалынның» жабық конкурсында бірінші орынды иеленді. Оның бірқатар әңгімелері мен повестері орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып шыққан. ## Өлімі Қарауылбек Қазиев 1989 жылы қайтыс болды. Жазушының атында Шымкент қаласында көше бар. Бейіті Шымкент қаласы маңындағы зиратта. ## Дереккөздер
Леонид Витальевич Канторович (1912 жылы 19 қаңтарда Петерборда туған) - КСРО математигі, 1930 жылы Лениград университетінің математика физика факультетін бітірген, 1934 жылы осы университетінің профессоры болған. Ол қазргі кездегі есептеу математикасынің негізін қалаған ғалымдардың бірі.30 жылдар басында функция құрастру теориясы мен жуықтап талдау әдісін зеріттеумен айналысып, кейіннен функцияналдық талдау идясын есептеу әдісіне қолданып, жаңадан жуықтап есептеу теориясын яғни, қазргі Нютон Канторович әдісін ашты.1939 жылы «Ұйымдасқан және жоспарлы өндірістің математикалық әдісі » атты мақаласын жариялау арқылы сызыөтық жоспарлау теориясының негізін қалайды. 1957 жылдан бастап бұрынғы КСРО ғылым акедемиясының сиберия бөлімінің математикалық экономика саласын зеріттеу тобын басқарады.1958 жылы КСРО ғылым акедемиясының корреспаендент мүшесі,1964 жылы акедемик болады.1971 жылы Мәскеуге барып халық шаруашылығын басқару институтының бір бөлімін басқарады. 1975 жылы ғылымдағы елеулі еңбегі үшін Нобель экономика сыйлығын америкалық экономист Апуманмен бірге алады. ## Сыртқы сілтемелер * Нобель сайтындағы Автобиография (ағыл.) * Биография на сайте Института математики им. Соболева Мұрағатталған 26 шілденің 2006 жылы. * А. М. Вершик. O Леониде Канторовиче и линейном программировании * В. Залгаллер. О замечательном человеке — Леониде Витальевиче Канторовиче Мұрағатталған 13 мамырдың 2006 жылы. * А. Аникин. Мои знаменитые знакомые. Леонид Витальевич Канторович * В. М. Тихомиров, «Л. В. Канторович (1912—1986)», Сборник Математическое Просвещение, Третья серия, Выпуск 6 (2002 год). * С. С. Кутателадзе, Линейное программирование и К-пространства (2007). * Оптимальное планирование ресурсов * Биобиблиография
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды. ## Мемлекеттік құрылысы Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалистік республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж. 26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған. ### Ел басшылары Коммунистік партияның қырғыз өлкелік комитетінің хатшылары: ## Халқы Қазақ КСР-ның жергілікті халқы — қазақтар (1970 жылғы санақ бойынша, 4234 мың) болған. Республикада басқа халықтар да тұрған: орыстар (5522 мың), украиндар (933 мың, олар негізінен солтүстік облыстардағы игерілген тың және тыңайған жерлерде, сондай-ақ қалаларда тұрған), татарлар (288 мың), өзбектер (216 мың), белорустар (198 мың), ұйғырлар (121 мың, Іле өзені жоғарғы ағысының бойын мекендеген), корейлер (82 мың, көбінесе Алматы облысы және Қызылорда облыстарында), дүнгендер (17 мың) т. б. халықтар. 1913 жылғымен салыстырғанда, Қазақ КСР халқы 1974 жылға дейін 2,5 есе өскен. Республика халқы табиғи өсім және өнеркәсіптің қызу қарқынмен өркендеуіне, сондай-ақ тың және тыңайған жерлердің игерілуіне байланысты басқа республикалардан көшіп келген халық есебінен өскен. Халқының табиғи өсімі жағынан (1972 жыл әр мың адамға шаққанда 17,2 адамға өсті) Қазақ КСР басқа одақтас республикалардың көбінің алдында келді (КСРО-да орта есеппен 9,6 адам). Республика бойынша халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келген. Алайда халықтың орналасуы бірқалыпты емес болған. Қазақ КСР-ның оңтүстігіндегі тау бөктерлерінде, суармалы егіншілік дамыған шұраттардағы кей жерде халықтың тығыздығы 1 км-ге 100 адамнан асқан; сондай-ақ солтүстігінде де біршама жоғары деуге болған: қара топырақты орманды дала және дала өңірінде 1 км²-те 20 адамнан келген. Өнеркәсіп күшті дамыған қалалар мен аудандарда да халық едәуір тығыз орналасқан болатын. Ал Қазақ КСР-ның батыс, орталық; оңтүстік бөліктеріндегі орасан зор көлемді шөл және шөлейт жерлерде, бұған керісінше, халық сирек қоныстанған; бұл өңірлерде халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,4-1,8 адамнан аспаған. 1972 ж. республиканың тұрғындарында 4971 мың адам (1940 жылдан 5,4 есе көп), оның ішінде өнеркәсіпте 1095 мың, құрылыста 568 мың, ауыл шаруашылығында 1002 мың, транспорт пен байланыста 588 мың адам жұмыс істеді. Шаруашылықтың барлық саласындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің 48%-і әйелдер болды. Кеңес өкіметі тұсында, социал қоғам құрылысының барысында, қала мен ауыл халқының ара қатынасы өзгерді. Қазақ КСР -да жаңадан 200-ден астам қала және қ. т. поселке пайда болды. Қазан революциясына дейін 50 мыңнан артық халқы бар бірде-бір қала болмаған еді, 1974 ж. мұндай қалалардың саны 27-ге жетті, 100 мыңнан артық халқы бар 16 қала болды, оның ішінде 2 қаланың халқы 500 мыңнан асты (Алматы 813 мың. Қарағанды 559 мың). Орталық Қазақ КСР -да Қарағанды, Теміртау (192 мың), Балқаш (80 мың), Жезқазған (74 мың), Маңғыстауда — Шевненко (89 мың), Солтүстік Қазақ КСР-да —Рудный (105 мың), Ермак, Арқалық, Екібастұз, Оңтүстік Қазақ КСР-да — Қаратау, Кентау, Текелі секілді ірі индустрия орталықтары құрылды. Ескі қалалардың халқы да өсті: Алматыда 1926 ж. 45,4 мың халық тұрса, 1974 ж, 813 мың болған, Шымкентте 284 мың, Семейде 265 мың, Өскеменде 252 мың, Павлодарда 228 мың, Таразда 228 мың, Ақтөбеде 170 мың. ## Қазақ ССР-інің экономикалық жүйесі Қазақ ССР-інің экономикалық системасының негізін өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік және колхоздық-кооперативтік меншік формасындағы социалистік меншік құраған. Сондай-ақ кәсіподақ және өзге қоғамдық ұйымдарының уставтық міндеттерін жүзеге асыруға қажетті мүлік де социалистік меншік болып табылған. Қазақ ССР азаматтарының өзіндік меншігінің негізін еңбекпен тапқан табыстары құраған. Азаматтардың жеке меншігін және оған мұрагер болуын мемлекет қорған отырған. Колхоздардың және басқа кооперативтік ұйымдардың, олардың бірлестіктерінің уставтық міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті өндіріс құрал-жабдықтары, өзге де мүлкі сол ұйымның меншігі болып табылған. Колхоздардың алып отырған жері олардың тегін және мерзімсіз пайдалануына бектіліп берілген.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды. ## Мемлекеттік құрылысы Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалистік республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж. 26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған. ### Ел басшылары Коммунистік партияның қырғыз өлкелік комитетінің хатшылары: ## Халқы Қазақ КСР-ның жергілікті халқы — қазақтар (1970 жылғы санақ бойынша, 4234 мың) болған. Республикада басқа халықтар да тұрған: орыстар (5522 мың), украиндар (933 мың, олар негізінен солтүстік облыстардағы игерілген тың және тыңайған жерлерде, сондай-ақ қалаларда тұрған), татарлар (288 мың), өзбектер (216 мың), белорустар (198 мың), ұйғырлар (121 мың, Іле өзені жоғарғы ағысының бойын мекендеген), корейлер (82 мың, көбінесе Алматы облысы және Қызылорда облыстарында), дүнгендер (17 мың) т. б. халықтар. 1913 жылғымен салыстырғанда, Қазақ КСР халқы 1974 жылға дейін 2,5 есе өскен. Республика халқы табиғи өсім және өнеркәсіптің қызу қарқынмен өркендеуіне, сондай-ақ тың және тыңайған жерлердің игерілуіне байланысты басқа республикалардан көшіп келген халық есебінен өскен. Халқының табиғи өсімі жағынан (1972 жыл әр мың адамға шаққанда 17,2 адамға өсті) Қазақ КСР басқа одақтас республикалардың көбінің алдында келді (КСРО-да орта есеппен 9,6 адам). Республика бойынша халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келген. Алайда халықтың орналасуы бірқалыпты емес болған. Қазақ КСР-ның оңтүстігіндегі тау бөктерлерінде, суармалы егіншілік дамыған шұраттардағы кей жерде халықтың тығыздығы 1 км-ге 100 адамнан асқан; сондай-ақ солтүстігінде де біршама жоғары деуге болған: қара топырақты орманды дала және дала өңірінде 1 км²-те 20 адамнан келген. Өнеркәсіп күшті дамыған қалалар мен аудандарда да халық едәуір тығыз орналасқан болатын. Ал Қазақ КСР-ның батыс, орталық; оңтүстік бөліктеріндегі орасан зор көлемді шөл және шөлейт жерлерде, бұған керісінше, халық сирек қоныстанған; бұл өңірлерде халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,4-1,8 адамнан аспаған. 1972 ж. республиканың тұрғындарында 4971 мың адам (1940 жылдан 5,4 есе көп), оның ішінде өнеркәсіпте 1095 мың, құрылыста 568 мың, ауыл шаруашылығында 1002 мың, транспорт пен байланыста 588 мың адам жұмыс істеді. Шаруашылықтың барлық саласындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің 48%-і әйелдер болды. Кеңес өкіметі тұсында, социал қоғам құрылысының барысында, қала мен ауыл халқының ара қатынасы өзгерді. Қазақ КСР -да жаңадан 200-ден астам қала және қ. т. поселке пайда болды. Қазан революциясына дейін 50 мыңнан артық халқы бар бірде-бір қала болмаған еді, 1974 ж. мұндай қалалардың саны 27-ге жетті, 100 мыңнан артық халқы бар 16 қала болды, оның ішінде 2 қаланың халқы 500 мыңнан асты (Алматы 813 мың. Қарағанды 559 мың). Орталық Қазақ КСР -да Қарағанды, Теміртау (192 мың), Балқаш (80 мың), Жезқазған (74 мың), Маңғыстауда — Шевненко (89 мың), Солтүстік Қазақ КСР-да —Рудный (105 мың), Ермак, Арқалық, Екібастұз, Оңтүстік Қазақ КСР-да — Қаратау, Кентау, Текелі секілді ірі индустрия орталықтары құрылды. Ескі қалалардың халқы да өсті: Алматыда 1926 ж. 45,4 мың халық тұрса, 1974 ж, 813 мың болған, Шымкентте 284 мың, Семейде 265 мың, Өскеменде 252 мың, Павлодарда 228 мың, Таразда 228 мың, Ақтөбеде 170 мың. ## Қазақ ССР-інің экономикалық жүйесі Қазақ ССР-інің экономикалық системасының негізін өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік және колхоздық-кооперативтік меншік формасындағы социалистік меншік құраған. Сондай-ақ кәсіподақ және өзге қоғамдық ұйымдарының уставтық міндеттерін жүзеге асыруға қажетті мүлік де социалистік меншік болып табылған. Қазақ ССР азаматтарының өзіндік меншігінің негізін еңбекпен тапқан табыстары құраған. Азаматтардың жеке меншігін және оған мұрагер болуын мемлекет қорған отырған. Колхоздардың және басқа кооперативтік ұйымдардың, олардың бірлестіктерінің уставтық міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті өндіріс құрал-жабдықтары, өзге де мүлкі сол ұйымның меншігі болып табылған. Колхоздардың алып отырған жері олардың тегін және мерзімсіз пайдалануына бектіліп берілген.
Қызылағаш оқиғасы — 2010 жылында 11 наурыздан 12 наурызға қараған түні Қызылағаш су қоймасындағы бөгеттің бұзылуынан Қызылағаш ауылы шайылып, шамамен 150 адам ізім-қайым жоғалған қайғылы оқиға. Бірақ ресми мәлімет 37 адамның ғана қаза болғанын растайды. Қызылағашта шамамен 3,5 мыңға жуық адам тұратын еді. Олардың басым көпшілігі, тіпті 80 пайызға жуығы – сырт елдерден келген қандас бауырлар. Дәулетке құнықпай, бейнеті көп ауылда қанағат пен тәубені ту етіп өмір сүріп жатқан бейқам ауылдың тірлігі бір мезгілде шәт-шәлекей болды. Биіктігі бес метрден асатын суық су бар баспананы бұзып-жарып, астан-кестеңін шығарды. Мал да, адам да дариямен ағып кетті. Ет жақынынан айырылмаған ауыл тұрғыны қалмады. Халықтың дені туысқандарының денесін, ең болмағанда, облыстық мәйітханадан көрсек екен деп көкірегі қарс айырылып жүр. Топан су адамдардан бастап, көліктер, үйлер мен сарайларға дейін ағызып әкеткен. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің хабарлауынша кентте 146 үй толығымен шайылып кеткен, 251 үй қираған, 42 үйді жөндеуді талап етеді. Адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Күн сайын топан су басқан аймақты тікұшақ шарлайды. Қазір төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруде. Түкіұшақпен байланыссыз қалған ауылдардың тұрғындары орталық лагерге жеткізілуде. Мұнда оларға жан-жақты көмектер көрсетілуде.Арнасынан асқан Қызылағаш су қоймасынан суы 18 минуттың ішінде өз жолындағының барлығын шайып кеткен. Алматы-Өскемен жолындағы көпір бұзылды. Пойыздар қозғалысы тоқтатылды. Құтқарушылар құтқару жұмыстарын таңертең, су ағыны азая басаған шақта бастады. Оқиға орнына құтқарушылар мен бірге әскерилер келді. Қызылағашта бұзылмаған 122 үй қалды. Полицейдлердің тәулік бойы күзету жұмыстары ұйымдастырылды. Сол үшінде мүлік ұрлау оқиғалары тіркелген жоқ. Оқиға бойынша жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. ## Алғышарттары Аяқасты ажалдан аман қалған тұрғындардың сөзіне қарағанда, суқойма бөгеті жарылардан үш күн бұрын ауылда жарық сөніп, телефон байланысы үзілген. Жан-жақпен хабарласа алмай қалған қызылағаштықтар суқойманың жарыла бастағанын тек бір-екі сағат бұрын ғана естіпті. Үрейленген тұрғындардың бірқатары ауыл басшысына хабар берген. Бірақ «отыра беріңдер, ешқандай қауіп жоқ» деген жауап алады. Ет жақындарынан, бар байлығы – малы мен баспанасынан айырылып, ашу мен көз жасына ерік берген тұрғындар мұны ашына айтты. «Бір сағат бұрын қопарылыстың боларын естіп, халық дүрлігіп, әкімге телефон шалдық. Біреулер бізге «әкім отыз шақты адамды алып, шлюзді ашуға кетті, қойманың апатқа қарсы қондырғысын іске қосып, суды тежейді», – деді. Бірақ біз бұған сенбей, өз бетімізше тау жаққа қаша бастадық. Мұнымыз абырой болған екен. Егер бізге алдын ала апаттың боларын айтқанда, малымызды, жанымызды алып үлгеретін едік қой», – дейді ауыл тұрғыны Төлепберген Оқпаев. Қызылағаштықтар суқойманың жарылуы мүмкін екенін алдын ала хабарламағанын бірауыздан қуаттап отыр. Оқиғаның мән-жайын ауыл әкімінен сұрап білмекші едік, бірақ оны апат ошағынан табу қиынға соқты. ## Себептері Наурыздың 11-і күнгі апаттан кейін оқиғаның мән-жайын анықтауға арнайы комиссия бірден кірісті. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, біріншіден, суқойманың шлюзі осыған дейін қыс бойы ашық жатып, тек көктем мезгілінде ғана жабылатын. Содан маусым айына дейін қар сулары, өзен ағыны толассыз қоймаға құйылып жатады. Ал бұл жолы тоспа аузы түгел бекітіліп тасталған. Жарылысқа бірнеше күн қалғанда, қойманың Қуаныш Бекеев есімді иесі қойманың шлюзін аша алмай қайтып келген. Бұл кезде 42 млн кубқа арналған суқоймада судың деңгейі 46-48 млн кубқа көтерілген болатын. «Біз «осы қойма мемлекетке қайтарылсын» деп, жоғары жаққа бірнеше рет хат жаздық. Себебі оның иесі өте ұқыпсыз адам болды. Бұл қойманы екі қойшы ғана күзететін. Апат болардан он күн бұрын әкімге хабарластық. Бірақ ол тыңдамай, бізді кері қайтарып тастады», – дейді тұрғындар. Екіншіден, үш күн толассыз жауған жауын мен еріген қар суы қоймадағы судың деңгейін асырып жіберді. Суқойма мен ауыл арасындағы 7-8 шақырым ыдырынған топанға түк болмады. Жарты сағатта Қызылағашты түгел шайып кеткен су көршілес Егінсу, Молалы,Көлтабан сынды елді мекендер мен бірнеше жайлауға да жетті. Дәл мұндай жойқын тасқын бұл өңірде бұрын-соңды болған емес. ## Қылмыс Ақордада өткен жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарына екі күн ішінде оқиғаны мұқият зерттеп, өлім-жітімге байланысты қылмыстық іс қозғауды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы жұмысына жауапсыздық танытып, суқойманың жарылуына және адамдардың өліміне жол берген кінәлілер болса, жауапқа тартылуы керектігін ескертті. Көп ұзамай Алматы облыстық прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 315 (қызмет бабындағы әрекетсіздік) және 316 (салғырттық)-баптары бойынша іс қозғады. Жүздеген тұрғынның сөзі бекер емес болар. Істің қозғалуымен бірге Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Есет Жүнісов, суқоймаға иелік еткен «Шынар» ЖШС директоры Қуаныш Бекеев, су пайдаланушылар арнаулы өндірістік кооперативінің атқарушы директоры Мұхит Жүнісов, Ақсу аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы Күнібек Байзақов және Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Евгений Ениндер тұтқынға алынды. Тергеу барысы бас прокурор Қайрат Мәми мен ішкі істер министрі Серік Баймағамбетовтің бақылауында.Бұл күн облыс мәслихатының шешімімен «Азалы күн» деп жарияланды. ## Салдары Ауылдың су шайып кеткен орнында бүгін өлім рухы кезіп жүргендей. Тұрғындардың есептеуінше, бұл табиғи зұлматтан соң, шамамен 150 адам ізім-қайым жоғалды. Бірақ ресми мәлімет әзірше 37 адамның ғана қаза болғанын растайды. Апаттан аман қалған тұрғындар әбден күйзелген. Оқыс оқиғаға ешкім де дайын болмаған еді. Қалада таныс-туысқандары болмағандықтан, тұрғындардың біразы әскери шатырларға қоныстандырылды. Киім-кешек пен тамақ жағы жетіспей жатыр. Бірақ апатты естіген көптеген мекеме-кәсіпорындар мен жеке азаматтар қайырымдылық жасауға бел шеше кіріскен.Қызылағашқа 15 наурызда 90-нан астам отбасы қайта келді. Алапат апаттан аман қалғандар тіршілігін жалғастырмақшы. Үкімет төтенше жағдайдың салдарын жоюға 600 млн теңге бөлген болатын. Оның дені материалдық көмекке, қалған 100 миллионы баспаналар салуға жұмсалады. Ал туыстарынан бір түнде айырылған отбасылардың әр жоғалтқан адамына жергілікті қазынадан 500 мың теңгеден беріледі. Қасірет шеккен отандастарымызға қол ұшын беруге жүрегінде иманы бар көптеген азаматтар бел шеше кірісті. Бірақ Қызылағаштың орнында өлім рухы кезіп жүргендей. Қайғының жарасы жазылар уақыт әлі ерте. ## Галерея * * * * ## Дереккөздер * Қызылағаштағы су тасқынынан аман қалған тұрғындар көмек пен өтемақыға зәру.Қызылағаш оқиғасы: Тасқыннан кейінгі он жыл сайты, 16 наурыз 2010 жыл. * Қызылағаш оқиғасы сабақ болды ма? Қазақстан телеарнасы Youtube арнасы.2020 ж. 23 ақп. * Қызылағаш оқиғасы: Тасқыннан кейінгі он жыл. Азаттық радиосы Youtube арнасы.2020 ж. 12 нау.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты — Қазақстанның сот жүйесіне кірмейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган. ## Тарихы Қазақстанда Конституциялық сот 1992 жылы 6 маусымда қабылданған "Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы" заңы негізінде құрылды. Оған 11 адам: төраға мен он судья кірді. Конституциялық соттың алғашқы және жалғыз төрағасы Мұрат Баймаханов болды. 1995 жылы наурызда Конституциялық сот сол кездері парламент рөлін атқарған Жоғарғы кеңес сайлауын заңсыз деп танып, Жоғарғы кеңес таратылды. Сол жылы тамыз айында жаңа Конституция қабылданып, Конституциялық кеңес құрылды. Соған сәйкес Конституциялық сот жұмысы тоқтады. 2022 жылы 5 маусымда жалпыұлттық референдум өтіп, Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізілді. Конституциялық соттың құрылуы да сол кездегі түзетулердің бір бөлігі болды. Соған орай 2023 жылы 1 қаңтарда Конституциялық сот жұмысын бастады. ## Мәртебесі Конституциялық Сот өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және азаматтардан, ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз, Қазақстан Республикасының Конституциясын және осы Конституциялық заңды басшылыққа алады, соттардың немесе басқа да мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін барлық жағдайларда өзге мәселелерді анықтаудан, зерттеуден және тексеруден қалыс қалады. ## Соттың құрамы және оны құру тәртібі * Конституциялық Сот Төрағаны және оның орынбасарын қоса алғанда, он бір судьядан тұрады. * Конституциялық Соттың Төрағасын лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімімен тағайындайды. * Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьяларының арасынан тағайындайды. * Конституциялық Соттың төрт судьясын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды, Конституциялық Соттың үш-үш судьясын Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі тағайындайды. ## Өкілеттік мерзімі * Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларының өкілеттігі 8 жылға созылады. Бір адам Конституциялық Соттың судьясы болып бір реттен артық тағайындала алмайды. * Өз өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда Конституциялық Соттың Төрағасы мен судьялары Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен ауыстырылады. ## Соттың құзыреті * Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық Сот дау туған жағдайда: * Қазақстан Республикасы Президентiнің сайлауын; * Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сайлауын; * республикалық референдумды өткізудің дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. * Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2), 2-1) және 3) тармақшаларына сәйкес Конституциялық Сот: * Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғанға дейін Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған заңдардың; * Қазақстан Республикасының Парламенті және оның Палаталары қабылдаған қаулылардың; * ратификацияланғанға дейін Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды. * Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес Конституциялық Сот: * Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына ресми түсiндiрме; * тиiсiнше, Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасының Президентiн лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы шешiм, Қазақстан Республикасының Президентiн лауазымынан кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн – белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталуы туралы қорытынды бередi. * Конституциялық Сот: * Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 6) тармақшасына сәйкес конституциялық iс жүргiзу практикасын жинақтап қорыту нәтижелерi бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдау жiбередi; * Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Қазақстан Республикасы Президентінің жолданымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабында көзделген жағдайларда соттардың жолданымдарын қарайды; * Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 3-тармағына сәйкес азаматтардың жолданымдары бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды; * Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жолданымдарын қарайды. * Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жолданымдарын қарайды. * Конституциялық Сот тек қана құқық мәселелерін шешеді және жүгінуге себеп болған нақты мән-жайларға баға бермейді. ## Конституциялық сот төрағалары ### Конституциялық кеңес төрағалары ## Судьяларының тізімі * Эльвира Әбілхасымқызы Азимова — Төраға * Бақыт Маратұлы Нұрмұханов — Төраға орынбасары * Асан Қайруллаұлы Ескендіров * Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев * Айжан Ержанқызы Жатқанбаева * Айгүл Қуанышбайқызы Қыдырбаева * Қанат Сергейұлы Мусин * Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев * Роман Анатольевич Подопригора * Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев * Сергей Федорович Ударцев ## Дереккөздер
Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева (тумасында — Назарбаева; 1967 жылы 19 тамызда туған, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы) – миллиардер, педагогика ғылымдарының докторы (2007), Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы. Forbes журналының 2024 жылғы есептеуі бойынша байлығы 5 000 000 000 $ бағаланған. ## Білімі А. В. Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнер университетін 1989 жылы бітірген. Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтынан магистр дәрежесін алды (1998). «Методологические основы управления профессионально-ориентированной образовательной системой школ международного типа» ("Халықаралық типтегі мектептердің кәсіби бағытталған білім беру жүйесін басқарудың әдістемелік негіздері") деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғады. ## Биографиясы 1967 жылы 19 тамыз күні дүниеге келген. Қазақ Бас киносында инспектор (1990–1991), «Қазкинопрокатта» бөлім бастығы (1991–95), «Бөбек» қорында дирекция жетекшісі (1996, 1998) қызметтерін атқарды. 1998 жылдан «Нұрсұлтан Назарбаев» білім қорында директор. 2004 жылы — «ҚБТУ» АҚ директорлер кеңесінің төрайымы. 2007 жылы "Халықаралық типті мектептердің білім жүйесін басқаруының методологиялық негіздері" тақырыпты докторлық диссертация қорғады. 2009 жылдан бастап Н.Назарбаев атындағы Білім Ұлттық қорын басқарады. ## Марапаттары «Парасат» орденінің иегері (2008) ## Отбасы * Әкесі — Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстанның тұңғыш президенті (1991-2019). * Анасы — Сара Назарбаева - Қазақстанның тұңғыш бірінші ханымы (1991-2019) және Бөбек, қазақстандық Балалар ауылдары қорының негізін салушы. * Жұбайы - Тимур Құлыбаев (некеде 1990 жылдан бастап) - Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің 5-президенті (2015-2024), Қазақстан темір жолы (2009-2011), Қазатомөнеркәсіп (2008-2012), ҚазМұнайГаз (2006-2007, 2009-2012), KEGOC (2006-2007, 2008-2011) директорлар кеңесінің төрағасы. * Балалары - Алтай (1990 ж.т.) , Дениза (2004 ж.т.) , Нәби (2008 ж.т.) және Алишия (2010 ж.т.) * Келіні - Диана Катранова (Алтай Асқардың әйелі) * Құдағиы - Зелина Катранова - «Восточное рудоуправление» ЖШС бас директоры , Алматы облысы Жамбыл ауданының Құрметті азаматы болып танылған, «Кенші даңқы» орденінің толық иегері, «Конституцияға 20 жыл» медальдарымен марапатталған және «Еңбек даңқы» ІІІ дәрежелі. * Тәтесі - Дариға Назарбаева - Қазақстан Парламентінің Мәжілісінің 3 және 5, Сенаттың 6-сайланым депутаты және 7-төрағасы. * Сіңлісі - Әлия Назарбаева - Қазақстан Республикасының өнер және мәдениет саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2018). * Қайын атасы - Асқар Құлыбаев - техникалық ғылым докторы (2003). ҚР және Халықаралық инженерлер академиясының академігі (1992), Қазақстанның құрметті инженері (2001). * Қайын ағасы - Талғат Құлыбаев - генерал-майор (2000), заң. ғылым докторы (2004). * Қайын енесі - Раиса Алдабергенқызы Құлыбаева * Қайын інілері - Бексұлтан Талғатұлы Құлыбаев (1984ж.т) - «Теміржол Құрылыс-Атырау» ЖШС Ақтөбе филиалына , шикі мұнай және ілеспе газ өндірумен айналысатын компанияға және 2010 жылы құрылған несие серіктестігіне иелік етеді ; Әлібек Талғатұлы Құлыбаев (1989ж.т). * Абысыны - Нәйлә Бигалықызы Құлыбаева (Тоқалова) - жылжымайтын мүлікті жалға беру , пайдаланумен айналысатын екі компанияның және мейрамхана бизнесі мен тамақ жеткізумен айналысатын компанияның басшысы. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі — қорғаныс саласында басшылықты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс салаларындағы уәкілетті орган. ## Тарихы ҚР Президентінің 1992 ж. 7 мамырдағы Жарлығымен ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің қайта құрылуының нәтижесінде құрылды. ## Міндеттері 1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізу; 2) Қарулы Күштерді әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыру; 3) агрессияға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарулы қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау, әуе кеңістігін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін және жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз ету. ## Министрлік ведомстволары Министрліктің бейбіт уақыттағы ведомствосы – Қарулы Күштердің Бас штабы. ### Қарулы күштер * Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы * Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы * Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасы * Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының басқармасы ### Өңірлік қолбасшылық * "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы * "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы * "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы * "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы ### Әскери полиция * Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы * Абай өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы * Ақмола өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы * Ақтау өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы * Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы * Тараз өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы ## Қарамағындағы ұйымдар және мемлекеттік мекемелер * "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" АҚ * "Қазақстан ГАЖ орталығы" АҚ * "Әскери құрылыс" АҚ * Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті ‒ Орталық спорт клубы * Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты * Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы ### Аумақтық бөлімшелері * Астана, Алматы, Шымкент қалалық және облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттер * Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармалар * Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер ### Әскери оқу орындары * Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті * С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты * Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты * Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты * Ш.Уәлиханов атындағы Әскери колледж * Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж * Әскери-техникалық мектеп * Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық "Жас ұлан" мектебі * Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық "Жас ұлан" мектебі * Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебі ## Министрлер тізімі ## Дереккөздер
Серік Нұртайұлы Баймағанбетов (8 қыркүйек 1958 жыл, Қызылту ауылы, Көкшетау облысы, Қазақ КСР) — кеңестік, қазақстандық заңгер, заң ғылымдарының кандидаты; Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (2009-2011), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2011-2012). ## Өмірбаяны * М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, КСРО Ішкі істер министрлігінің академиясын тәмамдаған. * 1980-1992 жылдары ішкі істер органдарында әртүрлі лауазымдар атқарды. * 1992-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде басшы лауазымдарда жұмыс істеді. * 2001-2007 жылдары Ішкі істер вице-министрі * Әділет вице-министрі * Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары * Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. * 2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы. * 2009 жылғы 2-ші сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды. * 2001 жылдың желтоқсанында ішкі қызмет генерал-майоры атағы берілді. * 2011 жылдың мамыры-2012 жылдың ақпаны аралығы - Қазақстан кедендык бақылау комитетінің төрағасы. ## Марапаттары * "Құрмет"орденімен марапатталған. ## Отбасы Үйленген. Қызы бар. ## Дереккөздер
Әбу Бекр ибн Мұхаммед ибн ал-Хусайн Әл-Каражи ((парсы: ابوبکر محمد بن حسین کرجی‎, ағылш. Abū Bakr ibn Muhammad ibn al Husayn al-Karajī (or al-Karkhī), 953 жылы 13 сәуірде (кейбір кітапта оны Бағдатта тулған деп есептейді) дүниеге келіп, 1029 жылдары шамасында қайтыс болған) - ірі парсы математигі. Еңбектерде оның атын екі түрлі жазады,бірақ еңбектері бірдей, кей еңбектерде ал-Каражи болып жазылса, ал Парсы тарихын зерттеген ғылыми еңбектерде оның атын ал-Карқи деп жазады. Қалай жаздаса, ғылыми еңбектері бірдей болғандықтан оның атын тек жалпы энциклопедиядағы аты бойынша жаздым. Атының жазылуына байланысты оның туған жері туралы талас бар, кейбірі оны Иранның каражи қалсынан келген деп қарса, енді бірі атының жазылуы бойынша Бағдаттың жанынадығы Карқи қаласынан келген деп есептейді, бұл әлі күнге шешімін таппаған мәселе.Қайда туылғаны белгісіз болғанымен ғұлама бір мезет Бағдатта тұрғаны анық. оның ең алгебрадағы басты еңбегі «Әл-Фақри» осы қалада жазылған. Бірақ, ол соңында белгісіз себептермен Бағдаттан кетіп, өзінің жазуы бойынща “таулы мемлекетке “кеткен. Оның айтқаны қай ел екені белгісіз. Әл-Каражидің математика дамуындағы қосқан ұлесін осы заманғы математика тарихын зерттеушілер әр түрлі бағалайды, кейбірі оның еңбегін жоққада шығарады. Кезіндегі кейбір «ғалымдар» әл-Хорезмидің еңбектерін де жоққа шығарған еді. Ал кейбір еңбектер оны геометриялық амалдардан бос алгебраны толығымен ажыратқан адам ретінде қарайды (J N Crossley, The emergence of number (Singapore, 1980)). Қалай десекте оның математикадағы ойларын мойындайтындар көп. Математикдағы еңбектері арифметикалық амалдарды, соның ішінде көпмұшеліктердің өзара көбейту амалында байланысты. Осыларға сандық жағынан мысал келтіріп отырған, бірақ дәлелдері жоқ . екінші дәрежелі теңеулерді шешудің жолдарын,көне грек ғалымы Диофантустың еңбегі негізінде жазған теңдеулерді шешу амалдарын қамтыды. Оның еңбектерінің тарихи маңызы да бар,Себебі, ғұламаның жазған еңбектерін зерделей оқу барсында біз Диофантустың жоғалған бір еңбегі мен әл-Хорезмидің кейбір еңбектерін таба алдық, сонымен қатар басқада ислам әлемінің математиктерінң еңбектері де оның трактаттарында бар. Ол бұдан да басқа кітаптар жазған болуы ықтимал, бірақ бізге жеткені осы ғана
Сібір хандығы, кейде Түмен хандығы, Шибан Ордасы (сіб. тат. Себер ханлыгы, Себер йорты, орыс. Сибирское царство, Сибирский юрт, Шибанская Орда) — XV ғасырдың екінші жартысында Батыс Сібірде Алтын Орданың құлдырап, одан Шибан ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған феодалдық мемлекет. Сібір (Түмен) хандығы Пермь жерімен, Қазақ Ордасымен, Маңғыт жұртымен шектесті. Солтүстігіндегі шекарасы Обь өзенінің төменгі ағысына, ал шығыста Ала Ордаға (орыс деректері бойынша - Пегая Орда) дейін жететін. ## Саяси тарихы ### Бастауы «Сібір» терминін ең алғаш Жошының 1206 жылы «Shibir» жерінен оңтүстікке қарай орналасқан орман тайпаларын бағындыруы жайлы жазылған, 1240 жылы жарық көрген «Моңғолдардың құпия шежіресінде» кездестіреміз. Алайда ғалымдар «Сібірдің» қамтыған аумағын сенімді түрде нақтылай алмауда. Палладидің тұжырымына сәйкес - бұл Барабы жазығының солтүстігі (Ертіс пен Обь арасы). XIV ғасырда Сібір хандығының болашақ астаналары батысеуропалықтардың карталарында кездесе бастайды: Қашлық «Sebur» ретінде венециандық ағайынды Пицциганилердің картасында (1367), ал Чинги-Тура «Singui» ретінде Каталон атласында (1375). Сібір (Түмен) хандығының құрылуына негіз болған әкімшілік-саяси бірлікті анықтау барысында екі негізгі пікір қалыптасты. ### Тайбұға иелігі ретінде XIII-XV ғасырлардағы Батыс Сібір жерінде біршама түрік тайпалары мекен етті. Моңғол шапқыншылығынан кейін Батыс Сібір Алтын Орда құрамына кіріп, Шибан әулиетінің жері саналғанымен, елді басқару Тайбұға заманындағы түрік шонжорлары әулетінің қолында болды. Тайбұға Шыңғысханның құрметіне өзінің астанасы Тура қаласын Чимги-Тура деп атаған. Қазір ол қаланың орнында Түмен қаласы орналасқан. 1428 жылы Батыс Сібірді Әбілқайыр хан басып алды. ### Шибан ұлысының құрамында Жошының бесінші ұлы Шибан ұлысты екі рет иеленді: * 1227 жылы Шыңғыс хан Батый мен Орда Ежен хан арасындағы дау-дамай кезінде Жошы ұлысын 3-ке бөліп, Шибанға «Боз Орданы» берді. * 1246 жылы моңғолдардың «Батыс жорығынан» кейін Батый ұлысты 14 бөлікке бөлді. Ұлыстардың құрамы мен шекарасы жиі өзгеріп отырды. Алайда Шибан ұрпақтары ұлысты сақтап қалды. Өзбек ханның реформаларынан кейін Шибан ұлысы өз шекарасын өзгеріссіз сақтап қалған жалғыз әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде белгілі. ### Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468) Түменнің (Чинги-Тура) шеткі аймақтық статусынан «көшпелі өзбектер мемлекетінің» астанасына айналуы шибан әулетінің өкілі Әбілхайыр ханның тұсына сәйкес келеді. Қала келесі 18 жылға (1428-1446) мемлекеттің елордасына айналады. «Чинги-Тура уәлаяты» термині дәл сол кезеңде пайда болған. «Шыңғыснама» мен «Нүсретнама» еңбектерінде түмен хандарына Қазан қаласы бағынғаны туралы дерек кездеседі. ### Түмен хандығы (1468-1508) Түмен хандығы дербес мемлекет ретінде XV ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Оның алдында «Ібір» атауымен Алтын Орданың құрамында еді. Тобыл өзенінің орта ағысында орналасқан. Ақ Орда, шибан, тайбұға билеушілерімен ұзаққа соғылған тартыстың нәтижесінде мемлекеттегі жоғарғы билікті Ибақ иеленді. 1471 жылы ноғай мырзаларымен, Ұлы Орданың билеушісі Ахмет ханмен, қазақ билеушілерімен (Керей мен Жәнібек) одақ құрған Ибақ Әбілхайыр ханның мирасқоры Шайх-Хайдарды жеңді. Ал 1481 жылдың қаңтарында ноғай мырзалары Мұса және Жаңбыршымен бірігіп, Ұлы Орданың ханы Ахметті өлтірген. Ноғай мырзаларының қолдауына ие болған ағайынды Ибақ хан пен Мамық сұлтан 1492 жылы Қажы-Тарханды (қазіргі Астрахань) сәтсіз шабуылдады. Жорықтың нәтижесіз аяқталуына қырым ханының көмек бермеуі себеп болды. Ағайынды Ибақ пен Мамық тұсында Түмен хандығы өзінің шарықтау шегіне жеткен. Тарихи деректерде Ибақ түмен, ноғай, қазан және Шибан әулетінің ханы ретінде белгілі. Сібір жылнамаларына сәйкес Ибақ хан 1495 жылы (кейбір деректер бойынша 1493) тайбұғалық Мұхамедтің қолынан қаза тапқан. Алайда бұл деректер 1620-шы жылдардың жазбаларында кездескендіктен, ғалымдар ортасында дау-дамайларға алып келді. Ибақтың өлімінен кейін билікті өз қолына алған Мамық астананы Қашлыққа (Сібір) көшірді. 1495-1496 жылдары ноғай және қазан бектерінің көмегімен Қазан тағына отырды (1495-1497). Мемлекетті басқарудағы қатыгездігі жергілікті саяси және экономикалық топтардың наразылығын тудырды. Мамық ханның сәтсіз жорығынан кейін қазан бектері оған қаланың қақпасын ашпай қойды. Түмен хандығына қайтуға мәжбүр болған хан жолда қайтыс болды. ### Ескер жұрты (1508-1563) Мемлекеттегі дағдарыс Мамықтың өлімінен кейін хан тағына отырған Ағалақтың тұсына сәйкес келді. «Кіші мұз дәуірі» көшпенді халықтың Орта Азияға қоныс аударуына алып келді (шамамен 250-400 мың). Халықтың бірінші тобы 1490-шы, ал екінші тобы 1510-шы жылдары көшті. Халық санының күрт кемуі саяси дағдарысты тудырды. Тақ үшін талас шиеленісе түсті. Ибақ ханның ағасы Ағалақ Ноғай Ордасына бет алып, Мәскеу билеушілерімен қарым-қатынас орнатты. Хан тағына отырған Құтлық 1506 жылдан бастап «Түмен және Сібір ханы» ретінде белгілі. Алайда сыртқы саясаттағы сәтсіздіктер мен климаттың әсері 1510-1511 жылдары бірнеше ұлыстың Орта Азияға көшуімен аяқталды. Биліктен Шыңғыс ұрпақтарын ығыстырған тайбұғалық Мұхаммед Ескер жұртының негізін қалады. Тайбұға әулеті мемлекеттің жаңа билеушілеріне айналды. 1555 жылы тайбұғалық билеуші Едігер өзінің Орыс патшалығына тәуелділігін мойындады. ### Көшім ханның тұсындағы Сібір (Түмен) хандығы (1563-1598) Едігердің орыс патшасының қол астына өтуі Шибан әулеті өкілдерінің наразылығын тудырды. 1555-1563 жылдары Мәскеуде Едігердің, Мұртаза мен оның ұлдары Ахмет-Керейдің, Көшімнің елшілері келіссөздер жүргізген. Орыс патшасы IV Иванның ноғай биі Исмаилге хатына сәйкес хан тағына 1563 жылы Мұртазаның үлкен ұлы Ахмет-Керей отырды. Шибан әулетінде қалыптасқан дәстүр бойынша ағайынды хандардың біреуі саяси, ал екіншісі әскери функцияларды атқарған. Көшім хан 1560-шы және 1570-ші жылдары шығысқа ұйымдастырған жорықтарының нәтижесінде Қызыл-Тура мен Есілдің сағасынан бастап, Ом өзені, Барабы даласы, Обь маңындағы жерлерді басып алды. Жергілікті тайпалардың билеушілерімен одақ құрып, төленетін алым-салықтың мөлшерін бекітті. Жаңа шекаралардың бойында кішігірім қалашықтар салдыртты, ал саяси жағдайы тұрақсыз аймақтарға сенімді адамдарын жіберген. Барабы даласында ханның өкілі ретінде ордасы Тон-Тура қаласында (орыс. Воскресенское городище) орналасқан Боян би белгілі. Обь өзенінің жоғары ағысында мекендеген қалмақ тайпалары Көшім ханның одан әрі шығыс аймақтарды бағындыруына кедергі болды. Көшім хан 1569-1570 жылдары қазақ ханы Хақназарға қарсы әскери жорық ұйымдастырған. Ноғай билеушілеріне жөнелтілген орыс елшісі Семен Мальцевтің Мәскеуге жазған хатына сәйкес 1569 жылы Хақназар хан, Шығай және Жалым сұлтандар бастаған әскер Ноғай ордасын шабуылдаған. 1570 жылы қазақ ханы басып алған жерлерінен шегініп, ноғай мырзаларымен, түмен (сібір) ханымен бітімге келген. 1570-ші жылдары Түмен (Сібір) хандығының майдан даласындағы белсенділігі батысқа ауысты. Оралдың арғы бетін басып алған Көшім Пермь жерін және салынып жатқан жаңа орыс қалаларын жиі шабуылдаған. Сібір ханы Көшім Ресейдің шығысқа қарай ұмтылуына кедергі жасауға тырысты. 1574–1575 жылдары Сібірге барлауға жіберілген Иван Грозныйдың отрядын Көшім хан қырып тастайды. 1582 жылы Көшім әскерлері атаман Ермактың отрядынан жеңіледі. 1582 жылдың күзінде атаман Ермак 600-ге жуық казагымен Ескер қаласына шабуыл жасайды. Көшім әскері жақсы қаруланған Ермак отрядынан жеңіледі. 1584 жылы Көшімнің адамдары Ермакты өлтіреді. 1598 жылы орыс әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста Көшім жеңіліп, Шығыс Қазақстан жеріне қашады. Сібір хандығының Мәскеу мемлекетінің құрамына кіру үрдісі басталды. ## Мемлекетті басқару жүйесі Сібір хандығы көпұлтты саяси бірлестік еді. Жоғарғы билеуші – хан. Ханды бектер, мырзалар, тархандар сайлайтын. Мемлекеттік құрылым жартылай әскери сипатқа ие болған. Хандықты басқаруда хан уәзірге (қараша мен кеңесші) арқа сүйеген. Сібір хандары ұлыстарды басқарып отырған мырзалар мен бектердің жұмысына араласа қоймайтын. Әскери олжаға қызығушылық танытқандықтан, мырзалар мен бектер соғыстар мен жорықтарға белсене қатысатын. Түркітілдес феодалдар қатарына ханты және мансы тайпалары феодалдарының бір бөлігі жатқан. Алайда, түркітілдес емес тайпалар, негізінен, тәуелділік жағдайында болды. Сібір хандығында туған осындай қарама-қайшылықтар мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізді. ## Халқы мен экономикасы Түркітілдес тайпалар, негізінен, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен, балық аулаумен, аңшылықпен айналысатын. Осыған қарамастан, археологтар Тобыл мен Ертіс алқаптарында отырықшылық өмірдің белгілерін тапқан. Сол аймақтарда үй шаруашылығы, тоқыма, метал өңдеу, қыш-құмыра өнеркәсібі дамыды. Сібір хандығының негізгі әкімшілік және әскери орталықтары: Қызыл-Тура, Қасым-Тура, Явлу-Тура (қазіргі Ялуторовск қаласы), Тонтур. Көшімнің кезінде Сібір хандығында көптеген қамалдар мен бекіністер, ғимараттар салынады. Көшімнің тұсында Сібір халқы ислам дінін қабылдайды. Сібір хандығында, негізінен, сауда мен аңшылық дамыды. ## Сібір хандығындағы қалашықтар мен елді-мекендер ## Әскері Сібір отрядтарынан өзге Сібір хандығы жорықтары кезінде жергілікті тайпалардың жауынгерлеріне арқа сүйеген. Сібір әскерінің нақты санын анықтау қиын. Алайда, Абалақ өзенің бойындағы шайқаста Көшім ханның ұлы Мәметқұл бір түменді (10 мың адам) басқарған. Хандықтың әскері орталықтандырылмағандықтан, орыс әскерлеріне қарсылық көрсете алмады. Көшім хан қол астына ноғайлардан құралған кішігірім отряд жасақтаған. Сібірдің көптеген князьдері гарнизондармен нығайтылған қалашықтарда тұрған. Сібір хандығының жауынгерлері майдан даласында садақ, қылыш, найза, айбалталарды кеңінен қолданған. Ал қорғаныс құралдары ретінде дулыға, сауынттың алуан түрін кездестіреміз. ## Сібірдің билеушілері ### Сібірдің моңғол шапқыншылығына дейінгі билеушілері * Он-Сом хан * Тайбұға (1220-белгісіз) Шибан ұлысы * Шибан (1243 жылдан бастап) * Бахадүр хан (1266-1280) * Жошы-бұға (1266-1280) * Мың-Темір (1359 жылға дейін) * Болат-Темір (1359-1367) * Әлібек хан (1367-1375) * Қағанбек (1375-1380) * Дәулет шейх (1382 жылға кейін) Тоқа-Темір әулеті * Тоқтамыс хан (1396-1406) * Шыңғыс-оғлан (1407-1403) Көшпелі өзбектер мемлекеті (Әбілхайыр ордасы) * Қажы-Мұхаммед хан (1420-1428) * Жұмадық (1425-1428) * Махмұд-Қожа (1428-1429) * Әбілқайыр хан (1428-1468) Түмен хандығы, Ескер (Сібір) жұрты * Ибақ хан (1468-1495) * Мамық хан (1495-1497) * Ағалақ хан (1497-1505) * Құтлық хан (1505-1525) * Қасым (1516-1530) * Едігер (1552-1563) * Бекболат (1558-1563) * Ахмет-Керей хан (1563-1579, 1574-1578) * Көшім хан (1569-1574, 1578-1598) * Әли хан (1598-1607) ## Әдебиет * Атласи Х. История Сибири. — Казань: Татар. кн. изд-во, 2005. — 96 с. * Греков Б. Д., Якубовский А. Ю. Золотая Орда и её падение. — 2-е изд. — М.—Л.: Изд-во АН СССР, 1950. — 10 000 экз. * Егоров В. Л. Историческая география Золотой Орды в XIII-XIV вв. — М.: Наука, 1985. — 11 000 экз. Архивная копия от 10 апреля 2008 на Wayback Machine * Исхаков Д. М. Тюркско-татарские государства XV—XVI вв. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2004. — 132 с. — (Biblioteka TATARICA). — 500 экз. * Маслюженко Д. Н., Рябинина Е. А. Реставрация Шибанидов в Сибири и правление Кучум хана во второй половине XVI века // Средневековые тюрко-татарские государства / Отв. ред. И. К. Загидуллин. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2009. — С. 97—111. — 232 с. — 500 экз. — ISBN 978-5-98245-048-7. * Матвеев А. В., Татауров С. Ф. Сибирское ханство Кучума царя. Некоторые вопросы государственного устройства // Средневековые тюрко-татарские государства / Отв. ред. И. К. Загидуллин. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2009. — С. 112—117. — 232 с. — 500 экз. — ISBN 978-5-98245-048-7. * Миллер Г. Ф. История Сибири. — М.—Л.: АН СССР, 1937. — Т. 1. * Миллер Г. Ф. История Сибири. — М.—Л.: АН СССР, 1941. — Т. 2. * Мухамедьяров Ш. Ф. История Сибири с древнейших времен до наших дней. — Л., 1968. — Т. 1. — С. 353—372. * Похлёбкин В. В. СИБИРСКОЕ ХАНСТВО. Отношения между Сибирским ханством и Русским государством (1555-1598 гг.) // Татары и Русь. — М.: Международные отношения, 2000. — С. 149—160. — 192 с. — ISBN 5-7133-1008-6. * Сабитов Ж. М. Генеалогия Торе. — 3-е изд. — Алма-Ата, 2008. — 326 с. — 1000 экз. — ISBN 9965-9416-2-9. Архивная копия от 27 января 2012 на Wayback Machine * Сибирские татары. Монография / Отв. ред. С. В. Суслова. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2002. — 240 с. — 500 экз. — ISBN 5-94981-009-0. * Скрынников Р. Г. Ермак. — М.: Просвещение, 1992. — 160 с. — 150 000 экз. — ISBN 5-09-003828-7. * Соболев В. И. История Сибирских ханств : По археолог. материалам. Дис. д-ра ист. наук: 07.00.06. — Новосибирск, 1994. * Султанов Т. И. Чингиз-хан и Чингизиды. Судьба и власть. — М.: АСТ:АСТ МОСКВА, 2006. — С. 285—290. — 445 с. — (Историческая библиотека). — 5000 экз. — ISBN 5-17-0358040. * Трепавлов В. В. Ногаи в ханствах Шибанидов // История Ногайской Орды. — М.: Восточная литература, 2002. — С. 90—139. — 752 с. — ISBN 5-02-018193-5. * Тычинских З. А. К вопросу об административно-политическом и территориальном устройстве Сибирских татар в XVI-XVIII вв. // Средневековые тюрко-татарские государства / Отв. ред. И. К. Загидуллин. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2009. — С. 172—182. — 232 с. — 500 экз. — ISBN 978-5-98245-048-7. * Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2. * Файзрахманов Г. Л. История татар Западной Сибири: с древнейших времен до начала XX века. — Казань: Татар. кн. изд-во, 2007. — 431 с. — 1000 экз. — ISBN 978-5-298-01536-3. * Фарисов Ф. Ф. Из истории тюменских и сибирских татар // Тайны Татарского народа (часть 1).
«Ембімұнайгаз» — Қазақстандағы ең көне мұнай компаниясы. Ол алғаш рет 1922 Ембімұнай тресті болып құрылған. Қазір оның құрамындағы «Қайнармұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз» деп аталатын 4 өндіру басқармалары Атырау облысындағы 37 кен орынын игеріп жатыр. Олардың ішіндегі 15 кеніштің өнім өндіру көлемі тым төмен деп саналады. Жалпы мұнай қоры 68 миллион тоннаға бағаланған. Кәсіпорын жыл сайын 2,7 миллион тонна мұнай өндіреді. Онда бес жарым мыңға жуық адам еңбек етеді.
Кене (Acarіna) – өрмекшітәрізділер класының бір отряды. Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды, паразиттіформды және аз зерттелген пішендік кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксод кенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24,қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің 9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең тараған. Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді. Дене құрылысы, пішіні мен түсі әр түрлі, ұзындығы 1,0 – 30 мм. Жұптасқан 1 – 2 көзі болады, көзсіздері де кездеседі. Дернәсілінің 6 (3 жұп) аяғы, ересегінің 8 (4 жұп) аяғы бар. Терісі не кеңірдегі арқылы тыныс алады. Кейбір түрлерінде еркегі мен ұрғашысының жыныс айырмашылығы айқын белгіленген (жыныстық диморфизм). Ұрық шашу не іштей ұрықтану арқылы өсіп-өнеді. Партеногенез (еркек кенелердің қатысынсыз) арқылы да көбейеді. Арасында жұмыртқа салатындары да, тірі туатындары да бар. Кейбір кенелер барлық даму сатыларынан (жұмыртқа, алғашқы дернәсіл, дернәсіл, нимфа, ересек кене) өтеді, енді біреулері кейбір сатылардан өтпейді. Кене– адам, жануар және өсімдік паразиті, адамға бөртпе, сүзек, кене энцефалиті, туляремия, малға пираплазмоз сияқты табиғи-ошақты аурулар қоздырғыштарын таратады (иксод және аргас кенелері), мал денесінде қан сорып тіршілік ететін таспа құрттардың аралық иесі (сауытты кене); астық зиянкестері (қамба кенесі); адам мен малды қотырға (қотыр кенесі), дерматит пен жапон қызбасына (қызыл денелі кене.) шалдықтырады. Кенені құрту үшін акарицидтер мен биолиогиялық әдістер қолданылады. Кенелерді зерттейтін ғылым саласы акарология деп аталады. Кенелер (Acarina) - өрмекші тәрізділердің 3 отрядын біріктіреді. Денелері 0,05 тен 13 мм жетеді, тойынған қан сорғыш кене денесі 30 мм дейін ұлғаяды. Дене бөліктері біртұтас болып біріккен. Дернәсілдеріның 3 жұп, нимфалары мен имагосының 4 жұп аяқтары бар. Денесімен қозғалмалы қосылған педипальпалары күрделі ауыз мүшесін, (басқа ұқсас) құрайды. Хелицерларының сырт пішіні әртүрлі, педипальпалары кене қармалағыштарын құрайды. Сезім мүшелері - денесіндегі көптеген қылтанақтары, лира тәрізді мүшелері мен көздері. Тармақталған кеңірдек тәрізді тыныс мүшелерімен, ал кейбір түрлері терісі арқылы тыныстайды. Кенелер дара жынысты буынаяқтылар. Оларда жыныстық диморфизм айқын байқалады. Кене отрядтары: шөпші кенелері, ең жабайы сатыдағылары. Ол жер шарының жылы аймақтарының орманды жерлерін мекендейді. Бұлар өте ұсақ топырақ бетіндегі жыртқыштар. Акариформдық кенелер денесі екіге протеросомаға, (алдыңғы жұп аяғы мен ауыз аппараты) және гистеросомаға (құрсағы мен артқы жұп 2 аяғы) бөлінген; паразитиформдық кенелер денесі құрсақ пен баскеудеден тұрады. Оның 4 жұп аяғымен ауыз аппараты, (басы) бар. Акариформдық кенелер құрамында қора, қышыма қотыр, жүн, қауырсын, су, өрмек сауыттылар, берішкенелері бар. Тоғышарформдық кенелер құрамына иксодид, аргазид және гамазидтер енген. Кенелер дерматиттер, қотыр ауруларын туғызады. Қан сорғыш кенелер көптеген ауру қоздырушыларын тасымалдайды, (энцефапиттер, туляремия, сібір жарасы т.б.). Кенелер көптеген таспа құрттардың аралық иелері, (аноплоцефалидтер). Кенелер сонымен қатар дәнді дақылдармен өнімдерінің зиянкестері. ## Кенелер - нағыз паразит жәндіктер Кенелер - өрмекшітәріздестерге жататын ұсақ жәндіктер. Олар топырақта, орман төсемінде, әр түрлі ұяларда, іңдерде, өсімдіктерде, тұщы суларда, теңіздерде тіршілік етеді. Сондай-ақ паразиттік жолмен тіршілік ететін кенелердің 20 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Бұлардың тұрқы 0,05-13 мм шамасынан аспайды. Тек қанға тойған кене мөлшерінің 30 миллиметрге дейін жетуі мүмкін. Көпшілік кенелердің медициналық және малдәрігерлік салала мәні бар. Олар бірқатар қауіпті аурулардыжануарлардан адамға тасымалдауға бейімделген. Сондықтан адам мен үй хайуанаттарын ауруға шалдықтырады.Астық және ұн қорын ысырап етіп, бүлдіретін де кенелер тобы бар.Кейбір кенелердің паразиттік тіршілік ету әсерінен мәдени өсімдіктердіңтүсімі кемиді. Тіпті өсе алмай қалады. Дегенмен құраған өсімдік қалдықтарын шіріту арқылы топырақ құнарлылығын арттыратын да кенелер болады. Кенелердің сан алуан топтары бар: жайылым кенесі, су кенесі, астықкенесі, қамба кенесі, өрмеккене, берішкене, мамықкене, шашкене. Кенелердің дене бөлігі - өрмекшілерден өзгеше. Тек қарапайым құрылымы кенелерде ғана болмаса, өзгелерінде үш бөлік: бас, көкірек, құрсақ тұтасып бітіскен. Сондықтан кене денесінен бұл бөліктерді ажырату қиын.Кененің дернәсілі алты аяқты. Ал ересек кенелерде сегіз аяқ болады. Текберішкене ғана төрт аяқты. Тұтқыаяқтардың негізі біріге келіп, денеге жалғасады. Сөйтіп қимылдайтын ауыз мүшесі түзіледі. Бұл сырттай қарағандакененің «кішкене басы» тәрізденіп байқалады. Бірақ бұл дененің бас бөлігіболып саналмайды. Кененің ауыз мүшесі қорегіне байланысты түрліше құралады. Қатты затпен қоректенетін кененің аузы - кеміруші, сұйық затпенқоректенетіндердікі шаншып-соруға бейімделеді. Кене жабынындағы қылтанақтары арқылы сезеді. Терісі немесе демтүтіктері арқылы тыныс алады.Кенелер - дара жынысты жәндіктер, жұмыртқа арқылы, кейбіреуі тірілей туып көбейеді. Кененің дамуы басқа өрмекшітәріздестерден ерекше. Жұмыртқадан үш жұп аяғы бар дернәсіл пайда болады. Ол жыныс жүйесі жоқ, сегіз аяқты нимфага айналады. Нимфадан ересек кене шала түрленіп дамиды. Нимфа (гректің «нимфе» деген сөзіне негізделеді) - қуыршақ сатысынан өтпей, шалатүрленіп дамитын буынаяқтылардың дернәсілі. Мысалы, кенелердің дернәсілі қуыршақсыз түрленіп, ересек кенеге біртіндеп ауысады.Жайылым кенелері адам терісінде, жабайы жануарлар мен ауыл шаруашылық малдарында паразиттік тіршілік етеді. Кене және оның дернәсілі даму барысында әр түрлі жануарларды иеленеді. Соған байланысты бір иелі, екіиелі және үш иелі кенелер болады. Дернәсіл ересек кене болғанға дейін бір жануарды иемденсе - бір иелі; ал дернәсіл мен нимфа бір жануарда, ересек кене басқа жануарда паразиттік етсе - екі иелі; дернәсіл кезінде бір жануарда, нимфаға айналған соң екінші жануарда және ересек кенеге айналған соң үшінші жануарда паразиттік етсе - үш иелі кенелер тобына жатады. Мысалы, иткенесі - үш иелі жәндік. Оның дернәсілі қанға тойып алып, жерге түседі, түлейді де нимфаға айналады. Лимфа қорегін басқа жануардан табады. Бұдан соң нимфа ол иесінде тіршілігін тоқтатып, жерге түседі. Жыныстық жүйесі жетілген, ересек кенеге айналады. Ересек кене тағы бір жануарға жабысады. Сөйтіп кене даму барысында үш жануарды иемденеді. Тайгалық кене адамға ең қауіпті ауру - энцефалит (ми ауруы) ауруын жұқтырады. Табиғаттатайга кенесі әр түрлі жануарлардың денесінде орнығады. Сорған қаны арқылы бір жануардан екінші жануарға энцефалит қоздырғышын таратады. Бірақ бұдан жануар ауырмайды. Осылай табиғатта ауру қордасы пайда болады. Кене энцефалитінің вирусы - тасымалдаушы жәндік арқылы таралатын қоздырғыш. Кене дернәсілі, нимфасы және ересек түрі белгілі бір аумақта бір жануарлардан екінші жануарларға ұзақ уақыт айналымда болады. Жұқпа қоздырғышы сақталатын осындай аумақ қандай болса да, бір аурудың табиғи қордалы деп аталады. Тасымалданатын аурулардың табиғи қордасы туралы теорияны академик Евгений Никанорович Павловский және оның шәкірттері жасады. Қазақстанда бұл салала академик Илларион Григорьевич Галузо (және профессор М. М. Ременцова) көп үлес қосты. Адам үшін қышыма кене - өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2-0,5 миллиметрден аспайды. Сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық көруге болады. Қышыма кене адамның терісіне еніп, денені қышытады. Бұл құбылыс оның түлеген кездегі қабыршақтары мен бөлінді заттарының денеге сіңуінен болады. Қышыма кене мал денесінде жайлап, адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Қышыма кененің әрекетінен денеде қотыр пайда болады. Адам немесе мал қотырлан мазасызданіп, арып-талып, әлсірейді.Қотырды денеге дәрі-дәрмек жағу арқылы ем дейді. Малдардың қотырын емдегенде ерекше газ камерасына ұстайды. Бұл үшін малдың басын сыртта қалдырып, мойнынан қатты қысып тұратындай тетік жасайды. Ал паразитті өлтіретін улы затпен ыстайды. Кенелер - ауыл шаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің зиянкестері. Кенелер азық-түлік қорын бүлдіріп, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кенелер (қамба, сүтсірне кенесі) азық-түлікті орынсыз ысырапқа ұшыратады. Әсіресе -қамба кененің зияны қисапсыз. Ол қамба ылғалданғанда өте тез көбейеді. Сөйтіп астық пен ұнды жеп, оны шірік иісті сұр затқа айналдырады. Мамықкенелер құстардың денесінде мекендеп, әкаяқ (әсіресе тауықта) ауруын туғызады. Мұндайда сирақтағы қабыршақтар қопсып, аяқта ақшыл томпақтар түзіледі де, ұлпа тіршілігін жояды. Сөйтіп, тауық саусағын қимылдата алмай, ақыры өледі. Бұл ауруды ақшыл томпақтарға қарамай немесе креолин жағып емдеуге болады. Үй хайуанаттары тері кенелерінен де зардап шегеді. Бұлар - қышыма кенедей ірірек - 1 мм шамасындағы жәндіктер. Кене теріге жабысып алады.Ол малдың қайын сорғанда, жануар тынышсызданып, оның терісі қабынады, қотырға айналады. «Қотырды қаси берсең - қаны шығар. Киімді қаға берсең — шаңы шығар» демекші, терінің жүні түседі. Содан мал азып, титықтайды. Тері кенесінен құтқару үшін қойды жүнін қырыққаннан соң креолинді суға тоғытады. «Қансигек» ауруы еліміздегі мал шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді. Мысалы, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында осы аурудың зардабынан малдардың 80 пайызы шығынға ұшырайды. Аурудың ғылыми атауы - пироплазмоз. Ауру белгілері: малдың дене температурасы 41-42С-ге дейін көтеріліп, тынышсызданады; жүректің және асқазан жолы бұзылып, қан аралас зәр шығарады, мал әлсіреп, ариды. Ауруды тасымалдаушы — жайылым кенесінің нәзікбас кене деген түрі. Жайылымда мекендейтін нәзікбас кенелер мамыр-тамыз айларында өте көбейт кетеді. Сондықтан мал осы мезгілде «қансигек» ауруына жиі ұшырайды. Бұл кенелер қорексіз 9 ай тіршілік ете алады. Мұндайда кенелер кездескен жайылымнан малды 9 айдай басқа кенесіз табынға ауыстыру керек. Сонда мал пироплазмозбен (кене арқылы жүғатын ауру) ауырмайтын болады.Құрт пішінді, мөлшері 0,1-0,2 миллиметр ден аспайтын ұсақ берішкенелер әр түрлі өсімдіктердің шырынын сорады. Олардың ұлпасын және мүшелерін зақымдайды. Сөйтіп өсімдік денесінде беріш (шорланған ісік) түзіледі. Алма кенесі (лат. Eriophyes mali)- тұрқы бір миллиметрге жетер-жетпес ұсақ жәндік. Олалма, алхоры, шие, кейде алмұрт ағаштарына зиян келтіреді. Ұрықтанғанкененің аналығы ағаш қабығының астында қыстайды. Сәуір айында қоректенуге шығады. Бүршік жарып келе жатқан жапырақтармен қоректеніп,соған жұмыртқалайды. Алма кенесі жаз бойы 7 - 9 рет ұрпақ береді. Бұларды жеміс ағашы гүлдеп болған соң және жапырақта кененің 2 - 4 дарағыбайқалған жағдайда дәрілеу арқылы жоюға болады.Мәдени өсімдіктер зиянкестерінің бірі - өрмеккене. Мөлшері0,2-1,0 миллиметрден аспайтын кішкене кенелердің тұтқы аяқтарында өрмекбездері болады. Бұлар бақ, бау, қозалы және жылыхана өсімдіктеріне орасан зор зиян келтіреді. Кенелер өсімдік жапырағынан шырын сорады. Сондықтан өсімдік өніп-өсе алмайды. Сөйтіп, әлсізденген өсімдік солады. ұрықтанған аналық кенелер қыркүйек - қараша айларында қыстамаға жатады.Олар ағаш немесе өсімдік бүрі жапырақ жайғанда қыстаған орындарынаншығады. Алма кенелері сияқты бұларға да қарсы күрес шарасы жүргізіледі. ## Кененің зияны Кенелер. Бұлар — өрмекшітәрізді ұсақ жәндіктер — топырақта, орман төсемінде, әр түрлі ұяларда, індерде, есімдіктерде, тұщы суларда, теңіздерде, тіршілік етеді, Сондай-ақ паразиттік жолмен тіршілік ететін кенелердің 20 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Бұлардың дене мөлшері 0,05—13 мм шамасынан аспайды. Тек қанға тойған кене мөлшері 30 миллиметрге дейін жетуі мүмкін. Көпші-лік кенелердің медициналық және малдәрігерлік салада мәні бар. Олар бірқатар қауіпті ауруларды ұзақ сақтап, жануарлардан адамға тасымалдауға бейімделгендіктен, адам мен үй хайуанаттарын ауруға шалдықтырады.Астық және ұн қорын ысырап етіп, бүлдіретін де кенелер тобы бар. Кейбір кенелердің паразиттік тіршілік ету әсерінен мадени өсімдіктердің түсімі кеміп, тіпті өсе алмай қалады. Дегенмен қураған өсімдік қалдықтарын шіріту арқылы топырақ құнарлығын арттыратын, топырақга тіршілік етегін де кенелер болады. Кенелердің әр турлі экологиялық ортада тіршілік етуі олардың мекен ету ортасының алуан түрлілігін жэне биологиялық ерекшеліктерін дәлелдейді. Мысалы, жайылым кенесі, су кенесі, астық кенесі, қамба кенесі, өрмеккене, берішкене, мамықкене, шашкене деген сан алуан топтары бар. Кенелердің дене бөлігі — өрмекшілерден өзгеше. Тек қарапайым құрылысты кенелерде ғана болмаса, кене денесіндегі үш бөлік: бас, көкірек, қүрсақ тұтасып бітіскен, сондықтан кене денесінен бүл бөліктерді ажырату қиын. Кененің дернәсілі алты аяқты, ересек кенелер сегіз аяқты болып келеді, тек берішкенеде төрт аяқ болады. Тұтқыаяқтардың негізі біріге келіп, денеге жалғасу арқылы қимылдайтын ауыз мүшесі түзіледі, бұл сырттай қарағанда кененің «кішкене басы» тәрізденіп байқалады, бірақ бұл дененің бас бөлігі болып саналмайды. Кененің ауыз мүшесі қорегіне байланысты түрліше құралады. Қатты затпен қоректенетін кененің аузы — кеміруші, сұйық затпен қоректенетіндердікі шаншып-соруға бейімделеді.Кене жабынындағы қылтанақтары арқылы және лира тәрізді мүшелерімен сезеді, терісі немесе демтүтіктері арқылы тыныс алады. Кенелер — дара жынысты жәндіктер, жұмыртқа арқылы, кейбіреуі тірілей туып көбейеді. Кененің дамуы басқа өрмекшітәрізділерден ерекше. Жұмыртқадан үш жұп аяғы бар дернәсіл, ал одан жыныс жүйесі жоқ, сегіз аяқты нимфа, нимфадан ересек кене шала түрленіп дамиды. Жайылым кенелері адам терісінде, жабайы жануарлар мен ауылшаруашылық малдарында паразиттік тіршілік етеді. Кене және оның дернәсілі даму барысында әр түрлі жануарларды иеленеді. Соған байланысты бір иелі, екі иелі және үш иелі кенелер болады. Дернәсіл ересек кене болғанға дейін бір жануарды иемденсе — бір иелі; ал дернәсіл мен нимфа бір жануарда, ересек кене басқа жа-нуарда паразиттік етсе — екі иелі; дернәсіл кезінде бір жануарда, нимфаға айналған соң екінші жануарда және ересек кенеге айналған соң үшінші жануарда паразиттік етсе — үш иелі кенелер тобына жатады. Мысалы, ит кенесі — үш иелі жәндік. Оның дернәсілі қанға тойып алып, жерге түседі де, түлеп барып, нимфаға айналады, ал нимфа қорегін басқа жануардан табады. Нимфа да ол иесінде тіршілігін тоқтатып, жерге түседі де жыныстық жүйесі жетіліп, ересек кенеге айналады. Ересек кене тағы бір жануарға жабысады, сөйтіп кене даму барысында үш жануарды иемденеді. Ит кенесі және тайга кенесі адамға ең қауіпті ауру — энцефалитті жұқтырады. Бұлар табиғагга әр түрлі жануарлардың денесінде орнығып, бір жануардан екінші жануарға сорған қаны арқылы энцефалит қоздырғышын таратады, бірақ бұдан жануар ауырмайды. Сөйтіп табиғатта ауру қордасы пайда болады. Тасымалшы жәндік арқылы таралатын қоздырғыш (мысалы, кене энцефалитінің ви-русы немесе оба таяқшасы) белгілі бір территорияда бір жануарлардан екінші жануарларға кене дернәсілі, нимфасы және ересек түрімен ұзақ уақыт айналымда болады. Инфекция қоздырғышы сақталатын осындай территория қандай болса да, бір аурудың табиғи қордасы деп аталады. Тасымалданатын аурулардың табиғи қордасы туралы теорияны академик Евгений Никанорович Павловский және оның шәкірттері жасады. Қазақстанда бұл салада академик Илларион Григорьевич Галузо (және профессор М. М. Ременцова) көп үлес қосты. Адам үшін қышыма кене — өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2—0,5 миллиметрден аспайды, сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық көруге болады. Қышыма кене адамның терісіне еніп, денені қышытады, себебі оның түлеген кездегі қабыршақтары мен бөлінді заттары денеге сіңеді. Қышыма кене мал денесін де жайлап, адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Қышыма кененің әре-кетінен денеде қотыр пайда болады. Адам немесе мал қотырдан мазасызданып, арып-талып, әлсірейді. Қотырды денеге дәрі-дәрмек жағу арқылы емдейді. Малдардың қотырын емдегенде ерекше газ камерасына ұстайды. Бұл үшін малды басын далада қалдырып, мойнынан қатты қысып тұратындай тетік жасайды да, паразитті өлтіретін улы күкіртті ангидридпен ыстайды.Ауыл шаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің зиянкестері. Кенелер азық-түлік қорьш бүлдіріп, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кенелер, мысалы, қамба кенесі, сүтсірне кенесі азық-түлікті орынсыз ысырапқа ұшыратады. Әсіресе қамба кенесінің зияны қисапсыз. Ол қамба ылғалданғанда өте тез көбейеді де, астық пен ұнды жеп, оны шірік иісті сұр затқа айналдырады. Мамықкенелер құстардың денесінде мекендеп, әкаяқ (әсіресе-тауыққа) ауруын туғызады. Мұндайда сирақтағы қабыршақтар қопсып, аяқта ақшыл томпақтар түзіледі де, ұлпа тіршілігін жояды, Сөйтіп, тауық саусағын қимылдата алмай, ақыры өледі. Бұл ауруды ақшыл томпақтарға қарамай немесе креолин жағып емдеуге болады. Үй хайуанаттары тері кенелерінен де зардап шегеді. Бұлар қышыма кенеден ірірек—1 мм шамасындағы жәндіктер. Теріге жабысып алып, малдың қанын сорғанда, жануар тынышсызданып, оның терісі қабынады, қотырға айналады. «Қотырды қаси берсең - қаны шығар. Киімді қаға берсең — шаңы шығар» демекші, терінің жүні ғана түсіп қоймай, мал азып, титықтайды. Тері кенесінен қутқару үшін қойды жүнін қырыққаннан соң креолинді суға тоғытады. «Қансигек» ауруы мал шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді. Мысалы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында осы аурудың зардабынан малдардың 80 проценті шығынға ұшырайды. Аурудың ғылыми атауы — пироплазмоз. Ауру белгілері: малдың дене температурасы 41—42°С-ге дейін көтеріліп тыныш-сызданады, жүректің және асқазан жолының бұзылуы нәтижесінде қан сиеді, мал әлсіреп, ариды. Ауруды тасымалдаушы — жайылым кенесінің нәзікбас кене деген түрі. Жайылымда мекендейтін нәзікбас кенелер мамыр-тамыз айларында өте көбейіп кетеді де, мал осы мезгілде «қансигек» ауруына жиі ұшырайды. Құрт пішінді, мөлшері 0,1—0,2 миллиметрден аспайтын ұсақ берішкенелер әр түрлі өсімдіктердің шырынын сорып, олардың ұлпасын және мүшелерін зақымдайды, сөйтіп өсімдік денесінде беріш түзіледі.Дене тұрқы бір миллиметрге жетер-жетпес алма кенесі алма, алхоры, шие, кейде алмұрт ағаштарына зиян келтіреді. Үрықтанған кененің аналығы ағаш қабығының астында қыстап, сәуір айында қоректенуге шығады, бүршік жарып келе жатқан жапырақтармен қоректеніп, соған жұмыртқалайды. Алма кенесі жаз бойы 7—9 рет ұрпақ береді. Бұларды жеміс ағашы гүлдеп болған соң және жапырақта 2- 4 дара кене байқалған жағдайда дәрілеу арқылы жоюға болады. Мәдени өсімдіктер зиянкестерінің бірі — өрмеккене. Мөлшері 0,2—1,0 миллиметрден аспайтын кішкене кенелердің тұтқыаяқтарында өрмек бездері болады. Бұлар бақ, бау, қозалы және жылыхана өсімдіктеріне орасан зор зиян келтіреді. Кенелер өсімдік жапырағынан шырын сорып, олардың өсіп - өнуіне кедергі келтіреді, сөйтіп әлсізденген өсімдік солады. Ұрықтанған аналық кенелен қыркүйек – қараша айларында қыстамаға жатып, ағаш немесе өсімдік бүрі жапырақ жайғанда қыстаған орындарынан шығады. Алма кенелері сияқты бұларға да қарсы күрес шарасы жүргізіледі. ## Дереккөздер
Көрпе – дүрия, батсайы, торғын, шағи, шәлі, жібек, сәтен, атлас, т.б матадан жасалып, сырты кестеленеді. Тұтыну қажетіне қарай қалың, жұқа, үлкен, кіші етіп жасаса, дәулетіне сай арзан, қымбат материалдан дайындайды, соған сай бала көрпе, шәлі көрпе, төсеніш көрпе, жүн, қалың, атлас көрпе деген түрлері болады. Ал енді түрлі геометриялық пішіндегі мата қиындыларынан әшекей, өрнекпен құралып жасалған түрін құрақ көрпе деп аталады екен. Осы сипаттама беріліп отырған көрпе түрі – құра көрпе. Жамылғыш құрақ көрпенің беті қызыл және көк түсті көп сатылы фигуралармен өрнектелген. Сол фигуралар көрпе ұзындығы бойынша бой түзеген жолақтар симметриалы орналасқан. Көрпе бордюрі жасыл түсті велюрдан жіңішке жолақталып тігілген. Ал, астары түрлі-түсті мақта (хлопчатобумажный) матадан тігілген.
Рәбия Қадыр (Қаңтардың 21, 1947) - Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің басшысы.Рәбия Қадыр қытай билігі үшін қарама-қайшы тұлға. Қытайдағы билік оны қаһарман тұтқан кездері де болды. 2000 жылы халық жауы саналып, Қытайдың ұлттық қауіпсіздігін бұзды деген айыппен түрмеге қамалған. 2005 жылы Америкаға қуылған. 2009 жылдың қыркүйегінде Рәбия Қадыр Прагаға келіп, «Азиядағы бейбітшілік, демократия және адам құқықтары» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты. Бір кездері Қытайдағы билік ұлтаралық үйлесімділікке қызмет еткен Рәбия Қадырды белсенділіктің нағыз үлгісі ретінде насихаттаған.Әйел, ұйғыр нәсілді мұсылман – бүгіндері Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы болып аталатын аумақты ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан халықтың перзенті. 1976 жылы көп балалы ана – ол уақытта оның он бір баласы болған – Рәбия Қадыр кір жуатын орын ашты. Кәсібі нәсіпке кенелтіп, кір жуатын орыны алдымен әмбебап дүкенге, кейіннен үлкен сауда орталығына айналды. 1990 жылдардың ортасына қарай Рәбия Қадыр Қытайдағы ең бай бес адамның бірі болды. Ол кеңінен қайырымдылық шараларымен айналысып, көптеген ұйғыр әйелдеріне бизнес ашуға көмектесті. Рәбия Қадыр Қытайдағы ұйғырлар мен өзге де этникалық азшылықтардың теңқұқықтылығын қорғауда белсенділік таныта бастады. ## Тұтқындалу және қоныс аудару 1997 жылы Құлжадағы ұйғырлардың наразылығын басып-жаншыған Қытай билігін Рәбия Қадыр өткір де ашық сынады. Оны қуғындау да осыдан басталды. Ол өзінің Қытай парламентіндегі депутаттық мандатынан айырылды. Сосын оның шетелге шығуына тыйым салынды. 1999 жылы Рәбия Қадыр өз мақалаларын Құрама Штаттарда өмір сүретін және ұйғыр халқының құқықтарын қорғаумен айналысатын қуғындағы күйеуіне жібермекші болды. Сол жылдың тамызында Қытайдағы ұйғыр мәселесіне алаңдаушылық білдірген америкалық Конгрестің мүшелерімен кездеспекші болған Рәбия Қадыр тұтқынға алынды. Оған мемлекеттік құпияны жария етті және ұлттық қауіпсіздікті бұзды деген айып тағылды. Рәбия Қадыр екі жыл бір адамдық абақтыда отырды, ол түрмеден тек денсаулығының нашарлауына байланысты 2005 жылы шығарылды. Басы азат болып, АҚШ-тан бір-ақ шыққан Рәбия Қадыр алдымен Ұйғыр америкалық ассоциациясының президенті, ал, бірнеше айдан кейін, 2006 жылдың қарашасында, Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің президенті болып сайланды. Осыдан кейін, көп ұзамай Қытайда оның екі ұлын түрмеге отырғызды. Үшінші ұлына салықтық тәртіпті бұзды деген айып тағылып, ірі мөлшерде айыппұл салынды. ## Рәбия Қадырдың мақсаты 2009 жылдың шілде айында Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы ұйғырлар мен хансулардың арасында жаппай қақтығыстар болған кезде қытайлық билік Рәбия Қадырды осы жанжалдың шығуына себепші ретінде айыптады. Бейжің дәл солай ұйғыр белсенділеріне лаңкестікті теліді. Азаттық радиосының тілшілерімен болған әңгімеде Рәбия Қадыр сол айыптауларға түсініктеме берді: "«Бүкіләлемдік лаңкестік» термині пайда болып еді, қытайлық билік осы терминді бізге қарсы қолданып келеді, өйткені біз – мұсылмандармыз, өйткені біз түркі халқымыз. Олар «Шығыс Түркістанды азат ету майданы» лаңкестік әрекеттерді іске асыруды жоспарлап жатыр дейді. Олар «лаңкес» сөзін ұйғыр халқын жаныштау құралы ретінде пайдаланып келеді. Ал, «Шығыс Түркістанды азат ету майданы» деген ұйым бар ма, жоқ па, оны қазір, тіпті, батыс әлемі зерттеуде. Америка және әлемнің көптеген елдері ол ақпаратты тексеруде". Рәбия Қадыр Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің ұйғыр халқының бостандығы үшін, демократия үшін, Қытайдағы аз ғана түркі халықтарының құқықтары үшін күресетінін айтты. Ол үнемі Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданын бұрынғы тарихи атауымен Шығыс Түркістан деп атайды. Ұйғырлардың ұйымы «Шығыс Түркістанды азат ету майданын» Қытайдағы билік «Әл-Қаида» секілді лаңкестік ұйымдармен қатар қояды. «Шығыс Түркістанды азат ету майданы» деген ұйымның Бүкіләлемдік ұйғыр конгресіне қатысы жоқ. Бірақ, Қытайдағы билік Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің де «Әл-Қаидаға» қатысы бар деген емеурін танытады. Қытайдың ресми үгіт-насихатында да ұйғырлар қарсыластарына залалды сұйықтық толтырылған шприцтермен шабуылдаған деп айыптады. Бірақ, Қытайдың медицина мекемелері өкілдерінің өздері қыркүйектің ортасында өз пациенттерінің арасында ондай залалға ұшыраған адамның болмағанын мәлімдеді. Рәбия Қадыр бұларды жалған айыптаулар дейді. Жаңағыдай айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарған Рәбия Қадыр мақсатының тек біреу екенін тағы да бір рет қадап айтты: мақсат – түркі халықтарына тиесілі ішкі Азиядағы дәстүрлі жерлердің қайтадан түркі халықтарының бақылауына көшуі. ## Сыртқы сілтемелер * Бүкіләлемдік ұйғыр конгресі Мұрағатталған 24 тамыздың 2018 жылы.
Есіл — Ертіс өзенінің сол саласы, Обь өзені жүйесіне жатады. ## Географиялық орны Қазақстанның Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Сарыарқадағы Нияз тауының етегінен алып (560 м биіктіктен), Ертіс өзеніне сол жағынан құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 2450 км (Қазақстандағы ұзындығы 1400 км). Дүниежүзінде екінші реттегі ең ұзын сала саналады. Су жиналатын алабы 177 мың км2. Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі құлау еңістігі 513 м, әр 1 км-дегі еңістігі 21 см. Негізінен қар суымен (80%-дайы) толығады. Көктемде су деңгейі көтеріліп (ең жоғарғы деңгейі сәуірдің үшінші онкүндігінде байқалады), су тасқыны болып тұрады. Шілденің ортасында су деңгейі төмендеп, үшінші онкүндігінің басында сабасына түседі. Су мол жылдары Петропавл бөгені бьефіндегі нөлдік график деңгейінен 10-11 м жоғары көтеріледі. Есіл суын бақылау кезінде 1937 жылы оның арнасы құрғап қалғаны тіркелген. Ал 1936-1939 және 1986 жылдары түбіне дейін қатып қалған. Өзеннің орташа жылдық ағымы 2,5 км3. Мұз қату қарашаның екінші жартысында басталады да оның ұзақтығы 5 айға созылады. Есіл минералдылығы жоғары өзендерге жатады. Оған негізгі себебіне - оның су жинайтын алабының құрғақ өңірде жатуы және жер асты суларының тұздылығы жатады. Жалпы минералдануы 500-800 мг/л, сабасының төменгі кезінде 1200 мг/л-ге жетеді. Суы кермек татиды. 1960 жылдан бастап өзен суын реттеп отыру үшін Вячеслав, Сергеев және Петропавл бөгендері салынған. ## Дереккөздер
Есіл — Ертіс өзенінің сол саласы, Обь өзені жүйесіне жатады. ## Географиялық орны Қазақстанның Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Сарыарқадағы Нияз тауының етегінен алып (560 м биіктіктен), Ертіс өзеніне сол жағынан құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 2450 км (Қазақстандағы ұзындығы 1400 км). Дүниежүзінде екінші реттегі ең ұзын сала саналады. Су жиналатын алабы 177 мың км2. Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі құлау еңістігі 513 м, әр 1 км-дегі еңістігі 21 см. Негізінен қар суымен (80%-дайы) толығады. Көктемде су деңгейі көтеріліп (ең жоғарғы деңгейі сәуірдің үшінші онкүндігінде байқалады), су тасқыны болып тұрады. Шілденің ортасында су деңгейі төмендеп, үшінші онкүндігінің басында сабасына түседі. Су мол жылдары Петропавл бөгені бьефіндегі нөлдік график деңгейінен 10-11 м жоғары көтеріледі. Есіл суын бақылау кезінде 1937 жылы оның арнасы құрғап қалғаны тіркелген. Ал 1936-1939 және 1986 жылдары түбіне дейін қатып қалған. Өзеннің орташа жылдық ағымы 2,5 км3. Мұз қату қарашаның екінші жартысында басталады да оның ұзақтығы 5 айға созылады. Есіл минералдылығы жоғары өзендерге жатады. Оған негізгі себебіне - оның су жинайтын алабының құрғақ өңірде жатуы және жер асты суларының тұздылығы жатады. Жалпы минералдануы 500-800 мг/л, сабасының төменгі кезінде 1200 мг/л-ге жетеді. Суы кермек татиды. 1960 жылдан бастап өзен суын реттеп отыру үшін Вячеслав, Сергеев және Петропавл бөгендері салынған. ## Дереккөздер
Құрбан Бердыев (түрікм. Gurban Berdiýew, тат. Korban Bәkıy ulı Berdiev, Корбан Бәкый улы Бердиев; 25 тамыз 1952 жыл, Ашхабад) — "Қайрат" футбол клубының бас бапкері. Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) тарапынан өтікізілген әлемнің ең үздік бапкерлері тізімінде 2008-2009 маусым бойынша Құрбан Бердыевтің есімі бар. ## Өмiрбаяны Алматы «Қайратының» құрамында жартылай қорғаушы ретінде мәскеулік «Спартак» пен «Динамо» командаларын жеңгеніне куә болғанымыз бар. «Қайраттың» сапында 159 ойын өткізіп, 33 доп соққан. Ойыншы санатында алаңмен қоштасқаннан кейін жаттықтырушылыққа ауысып, «Химик», «Тараз», «Қайрат», «Мұнайшы» командаларының тізгініне ие болғаны бар. Бірақ, отандық футболды өркендетуден гөрі өз қалтасының қамын көбірек ойлаған футбол функционерлері Бердыевті алаңның маңайынан көргісі келген жоқ-ты. Ақыры білікті бапкер жұмыссыз қалды. «Сол кездегі футбол федерациясы басшылығымен қарым-қатынасымыз қиын жағдайда еді. Сол себепті жұмыс істеуге мүмкіндік берген жоқ» - дейді Құрбан Бердыев. Футбол фанатына айналған Бердыев қаржыдан гөрі кәсібіне деген адалдықты асқақ ұстады. Сол себепті ол бүгінде: «Алла әркімнің ісіне қарай несібесін береді. Қазақстанда жоғалтқаным Ресейде қайтып жатыр» - деді. Кезінде Алматыдан берілген пәтердің өзін сырттай басқа бір фирмаға сатып жіберген дөкейлер қазақ футболына қандай залал келтіргенін білмейді. ## Рубин дәуірі Қазан шаһарының басшысы Камил Искаков бірінші лигада қалт-құлт етіп жүрген «Рубин» командасының рухын көтеруге аттай қалап, Бердыевке қолқа салған.Искаковтің ұсынысы «Рубинді» жаңа биіктерге бастады. Құрбан бапкер тізгінін ұстаған тоғыз жылдың бедерінде команда бірінші лигадан премьер-лигаға өтіп, бір командаға арман боларлық асуларды бағындырды. Жоғары лигада 2004 жылы қола медальға қол жеткізді. Татарлардың жеңісін кездейсоқ деп бағалағандар да болды. Тіпті, алып Ресейдің чемпиондық кубогын жеңіп алған 2008 жылы да «Рубиннің» мықтылығы емес, ЦСКА, «Спартак», «Локомотив», «Зенит» сынды командалардың босаңсығанынан деп құмалақ ашқандар да жеткілікті еді. Алайда, төзімі мықты Бердыев қолынан таспиығын тастамай жүріп, тағы да жеңімпаз команданың иесіне айналды. Ол іріктеген, баптаған сайдың тасындай ойыншылардың әрқайсысы да алаңда атой салады. «Рубин» ойыншылары 2009 жылғы чемпионатта қарсыластар қақпасынан 62 доп соқты: Александр Бухаров – 16, Алехандро Домингес – 16 (8), Гёкдениз Карадениз – 6, Сергей Семак – 6, Александр Рязанцев – 3, Роман Адамов – 2, Кристиан Нобоа – 2, Роман Шаронов – 2, Кристиан Ансалди – 1, Хасан Кабзе – 1, Алан Касаев – 1, Лаша Салуквадзе – 1, Макбет Сибайя – 1. Қай-қайсысы да бас бапкердің сүзгісінен өткендер.Бүгінде Бердыев орыс еліндегі ел аузынан тастамайтын, санаулы бапкердің бірі. Олай болатын да жөні бар. Өйткені, Құрбанды қазір әлем жұртшылығы қадір тұтады. Қадір тұтқаны сол, қарт құрлық Бердыевтің футбол әлеміндегі әдіс-айласына құлақ түргелі қай заман. «Барселона» командасының бас бапкері Хосеп Гвардиола, «Манчестер Юнайтед» командасының тәлімгері сэр Алекс Фергюсон, «Интер» командасының бас бапкері Жозе Моуринью сынды апайтөстермен иық тірестіріп тұр, «Қайраттың» бұрынғы қорғаушысы һәм экс-бапкері. ## Бердыев абыройы Өткен жылы «Рубин» Ресейдің чемпионы болғанда, Кувейттің ханзадасы құттықтап, үшбу жеделхатын жолдапты. Қарт құрлықты айтпағанда, араб әлемі Бердыевті білетіндігін көрсетіп жатса, ғаламның төрт бұрышына аты жайылған деп қалай айтпасқа. Араб әлемі Құрбан Бердыевтің бірнеше рет қажылыққа барып келгенінен, жұма намазын қаза жібермейтінінен хабардар болса керекті. Кувейт ханзадасының ыстық ықыласы осыны мегзейді. «Рубиннің» бас бапкерінің діни ұстанымына халқының басым бөлігін православиеліктер құрайтын Ресей жұрты да мойынсына бастаған. Ол өзінің діни сенімі жөнінде: «намаз оқу аса маңызды. Рухани тәрбие көп жағдайда көңіл күйді айқындайды. Сол себепті ең маңызды нәрсенің бірі – таңдаған жолдың дұрыстығына, істеген ісімізге жаратушының мейірімі жоғары болатындығына сенімді болу. Сонда біздің жағдайымыз жақсы болады».Бердыевтің қазақ футболымен етене жақын. Алайда, оның қазақ футболына да айтар базынасы бар. Тыңдап көрелік: «Кеңес Одағы ыдыраған тұста футболды ойлау мүмкін емес-ті. Мен Қазақстанда да, Өзбекстанда да, Түркіменстанда да, Қырғызстанда да болдым. Ол кез «өлген» уақыттың санатында. Әсіресе, балалар футболын дамытуға қаржы бөлінген жоқ. Енді ғана жас өскіндер пайда бола бастады. Ташкентте амбициясы асқан «Бунедкор» командасы қалыптасты. Онда Зико мен Ривалдо жүр. Оған қоса қомақты қаржы бөлінуде. Егер де олар жоспарланғандай инфрақұрылымы мықты үлкен орталық тұрғызатын болса, керемет болмақшы. Құрылысты қолға алып жатқандармен жақын таныспын. Олардың амбициясы керемет» – дейді, Ресейдің 2009 жылғы ең үздік бапкері. Жалпы, Бердыевтің жеңімпаздық жылнамасының темірқазығы әдетте кейбіреулер ойлағандай, қаржылық қолдауда емес. Әрине, ол да өзіндік рөл атқаратыны мәлім. Әйтсе де, қаржылық қоры «Рубиннен» де қомақты командалар Ресейде жетіп артылады ғой. Алайда, олар қазандық команданың осал тұсын таппай әлекке түседі. Тізгінін Құрбан ұстаған ұжымның жетістігі – бірізділікпен жүзеге асырылып жатқан жоспарда. Оны Бердыевтің өзі төмендегіше тарқатады: «Қазанда өз арманымды жүзеге асыруға тырыстым. Уақыт өтісімен елде алдыңғы қатарлы басымдыққа ие болатын клуб құруға мүмкіндік беретін инфрақұрылым жасау еді. Түркіменстанда бастадым – аяқтай алмадым. Жамбылда да жеріне жеткізуге мүмкіндік болмады. Ал Қазанда резерв дайындаудан бастап, ақыр аяғы шеберлер командасына дейінгі аралықты қамтитын жүйені қалыптастырдым». Міне, Бердыев феноменінің кілті. ## Жетістіктері ### Командалық Ниса * Түрікменстан чемпионы: (1) 1998/99 * Түрікменстан кубогы: (1) 1998 Рубин * Ресей чемпионы: (2) 2008, 2009 * Ресей кубогы: (1) 2011/12 * Ресей суперкубогы: (2) 2010, 2012 * Достастық кубогы: (1) 2010 * Ресей 1 дивизионының жеңімпазы: (1) 2002 Ростов * Ресей чемпионатының күміс жүлдегері: (1) 2015/16 ### Жеке * Ресейдің үздік жаттықтырушысы: (1) 2009 * Ресейдің үздік жаттықтырушысы: (2) наурыз 2013, сәуір 2013 ## Марапаттары * 2008 — Татарстанға еңбегі сіңген ордені. * 2009 — Достық ордені ## Сiлтемелер * Профиль ФК «Рубин» сайтада Мұрағатталған 29 қазанның 2010 жылы. * Курбан БЕРДЫЕВ: «УСПЕТЬ БЫ ТОЛЬКО ЗАВЕРШИТЬ…» (часть 1)  (орыс.) * Курбан БЕРДЫЕВ: «УСПЕТЬ БЫ ТОЛЬКО ЗАВЕРШИТЬ…» (часть 2)  (орыс.) * Курбан Бердыев: «Я смотрю „Барселону“ и понимаю: это же баскетбол»  (орыс.) * http://www.sovsport.ru/gazeta/article-item/530938 Мұрағатталған 1 наурыздың 2017 жылы.
‎‎ Сергеев бөгені — Солтүстік Қазақстан облысындағы бөген. Есілдің абсолюттік биіктігі 125–150 м-лік жазық өңірден өтетін орта бөлігіндегі аңғарында 1969 жылы іске қосылған. ## Гидрологиялық сипаты Сергеев қаласынан бастап оңтүстікке қарай 75 км-ге созылған. Шарасының ауданы – 117 км2, сыйымдылығы - 695 млн. м3 (1982 жылы 680, 1983 жылы 693 млн.м³ болды). Ені – 7–8 км, орташа тереңдігі – 5,9 м. Жағасының ұзындығы 264 км. Бөгенге Иманбұрлық өзені құяды. Есіл суын тиімді пайдалану мақсатымен салынған. Облыстағы негізгі астықты өңірлердің экономикасында бөгеннің маңызы зор. ## Дереккөздер
«Қазақтелеком» АҚ — Қазақстандағы телекоммуникациялық компания. 1994 жылы байланыс саласынан дербес шаруашылық субъектісі ретінде бөлініп шыққан “Қазақтелеком“ ұлттық акционерлiк компаниясы негізінде 1996 жылы желтоқсанда “Қазақтелеком” ААҚ болып құрылған. Акцияларының 80 пайызы мемлекетке тиесілі. “Қазақтелеком” телекоммуникациялардың барлық желісін – телефон станциялары мен кабельдік желілер инфрақұрылымын иеленеді. Қолданыстағы жабдықтарды цифрлық жабдықтарға ауыстыру жолымен байланыс жүйелерін жаңғырту, ұялы, жинақы және басқа байланыс түрлерін енгізу жұмысы өрістетілген. 2001 – 05 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы көл. 265 млн. АҚШ долларын құрайды. 1995 жылдан бастап көрсетілетін байланыс қызметтерінің жалпы көлемі ұлғая түсті. 1999 жылға дейін оның көл. 43 пайызға артып, 29,5 млн. теңге болды. 1999 жылы жергілікті желіге 144 мың жаңа абонент қосылды. Телефон арналарының жалпы ұзындығы 2002 жылы 186,8 млн. арна-км, оның ішінде оптикалық кабельдерді қолданатын арналардың ұзындығы 130,6 млн. арна-км болды. қалааралық және халықар. телефон байланысы арқылы сөйлесу көлемі жылына 310 млн. арна/км-ге жуық. Ауылдық жерлерде 162 станиялары қалпына келтірілді, 30 мыңнан астам телефон іске қосылды. ТрансАзия талшықты-оптикалық байланыс желісінің қазақстандық телімі (1754 км) арқылы Қазақстан Тынық мұхитқа, Қытай мен Еуропаға шықты. Осындай байланыс желісінің Шымкент–Ақтөбе–Атырау–Ресей бағытындағы батыс телімі (2500 км) салына бастады. Шымкент, Тараз, Ақтөбе және Орал қалаларында ең жоғары талаптарға сай келетін электронды станциялар іске қосылып, республиканың қалааралық байланыс желісін жаңғырту аяқталды. Жол қатынасы қиын шалғайдағы және халық аз қоныстанған аудандарға байланыс қызметін көрсету үшін ДАМА ұлттық спутниктік байланыс желісі орнатыла бастады, оның құрамына 250 станциялары кіреді, бұл желінің қызметін пайдаланатын абонент саны 2 млн-ға жетті. “Қазақтелекомның” “Kazakhstan on-lіne” сауда таңбасымен көрсетілетін қызметі Қазақстанның 18 ірі қаласын қамтиды. Телекоммуникацияның негізгі телімдерін жаңғырту шеңберінде “Интернет аймағы” қызметі көрсетіледі. Ол телефоны мен модемді компьютері бар тұтынушылардың Интернетті пайдалануына жол ашты. Бұл жүйені жетілдіру мақсатымен 1999 “Қазақтелеком” өз абоненттеріне “Қазақстан Интернеті” атты жаңа қызмет ұсынды. 2000 жылдың ортасына қарай Интернетті пайдаланушылардың саны 20 мыңға жетті. 1999 жылдан Қазақстанның барлық облысы орталықтарында, қалалары мен аудандарында әмбебап таксофондар орнатылды. Осы жылы қалааралық телефон станцияларын толық цифрлау бағдарламасы аяқталды. Ақтөбе, Тараз, Оралда қазіргі заманғы қалааралық автоматтандырылған телефон станциялары іске қосылды. Алматы мен Астанада қалааралық коммутациялық орталықтарының салынуы Қазақстанның басқа ұлттық телекоммуникация желілерімен байланыс ұйымының халықаралық қағидаттарына көшуге мүмкіндік берді. Барлық облыстардағы қазіргі заманғы қалааралық автоматтандырылған телефон станциялары халықаралық коммутация орталықтарына қосылды. Ел тұрғындарының бүкіл дүние жүзімен сандық телефон байланысы жолға қойылды. ## Акционерлері * «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (80,85%) * «First Heartland Jusan Bank» АҚ (9,15%) ## Еншілес кәсіпорындары * "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС (100%); * "Кселл" АҚ (51%) * "ВОСТОКТЕЛЕКОМ" ЖШС (100%) * "Цифрлық экономиканы дамыту орталығы" ЖШС (100%) * "КТ-АйИкс" ЖШҚ (100%) * "Нұрсат+" ЖШС (100%) * "КТ Телеком" ЖШС (100%) ## Басшылары * Серік Бүркітбаев (1996—1998) * Нұрлан Сақыпов (1998—2000) * Әбен Бектасов (2000—2005) * Қайрат Кәрібжанов (2005—2006) * Асқар Жұмағалиев (2006—2010) * Қуанышбек Есекеев (2010—2024) * Бағдат Мусин (2024—) ## Дереккөздер
Лев Николаевич Гумилев (1 қазан 1912, Ресей, Петербор губерниясы, Царское село — 15 маусым 1992, Санкт-Петербург) — белгілі кеңестік және Ресей этнолог, XX ғасырдың көрнекті еуразияшыл ғалымы, тарихшы-этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы, ақын, парсы тілінен аудармашы. Этногенез пассионарлық теориясының авторы. Қазақстанның ежелгі тарихын жетік білген. Ресей жаратылыстану ғылыми академиясының академигі, география және тарих ғылымының докторы, ұлы дала халықтарының тарихын зерттеген маман. Пассионар этногенез теориясының негізін салушы. ## Өмірбаяны Ақын Николай Гумилев пен ақын Анна Ахматованың ұлы. Балалық шағын Тверь губерниясының Слепнёво атындағы Бежецк уезінде әжесінің қолында өткізген. 1917-1929 жылдары аралығында Бежецк қаласында тұрды. Бежецк қаласының №1 мектебінде 1926 жылдан 1929 жылға дейін білім алды. Ал 1930 жылы Ленинградта оқыды. 1930—1934 жылдары Саян, Памирдегі, Қырымдағы экспедицияларда жұмыс істеді. 1934 ж. Гумилев Ленинград университетінің тарих факультетіне түсіп, Батыс пен Шығыстың өздеріне тән әр түрлі мәдениеттерінің бір-бірімен байланысы, сонымен қатар ерте орта ғасырлардағы халықтардың тарихи жөніндегі мәселелер қамтылған алғашқы «Удельно-лестничная система у тюрок в VI–VIII вв.» мақаласын жаза бастайды. Бірінші рет 1935 ж. түрмеге қамалады, бірақ анасының аралсауымен көп уақыт өтпей босатылады. 1938 ж. Гумилев қайта түрмеге қамалып, 5 жылға бас бостандығынан айрылады. 1944 ж. өз еркімен майданға кетіп, 1945 ж. Берлин операциясына қатысады. 1945-1948 ж. университетті жедел (экстерно) түрде бітіріп, «Политическая история первого тюркского каганата (546-656)» атты кандидаттық диссертация қорғады. Тұтқында жүргенде «Хунну» кітабын жазып, ол кітап кейіннен «Степная трилогия» кітабының бір бөлігі болды: «Хунну» (1960), «Древние тюрки» (1967), «Поиски вымышленного царства» (1970). Алғашқы екі кітабында Гумилев ұлы дала этносының тарихын суреттесе, «Поиски вымышленного царства» бөлігінде еуропалықтардың Еуразия даласының тұрғындарына алдын ала жоспар бойынша жасалған қарым-қатынастарының қалай туындағаны көрсетілген. 60-70 жылдарда Гумилевтің ғылыми еңбектерінің тарихи құрылымы жалпылама түрде қабылданған кеңестік тарихи ғылымнан түбегейлі айрықша болды, сондықтан да оның жұмыстары теріс бағаланды. Гумилевтің зерттеу әдістері толық көлемде «Этногенез и биосфера Земли» (1989) мақаласында көрсетілген. Гумилевтің тарих ғылымына қосқан негізгі үлесі «Древняя Русь и Великая степь» (1989) мақаласы болды. Онда IX-XII ғасырлардағы Еуразия этностарының бір-біріне өзара әсерлері қарастырылған. Автордың айтуы бойынша, тарих ұзақ уақыт бойы еуроорталықтандырушылық ұстаныммен бағаланды. Гумилев тарихтың міндеті цивилизацияның («суперэтностармен») ауысуына қатысты, тарихи процестердің мәніне байланысты этностардың дамуын оқып үйрену деп санады. Тарихи зерттеулердегі осы бағыт қазіргі уақытта жүзеге аса бастады. 1991 жылы Ресей жаратылыстану ғылымдарынң акдемигі (РАЕН) болып таңдалды. Зейнетке шыққанға дейін 1986 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің география Ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді. 1992 жылы 15 маусымда Санкт-Петербургте қайтыс болды. Александро-Невской лаврлары Никольскта жерленген. 2005 жылы тамызда Қазанда «Санкт-Петербург күндеріне және Қазан қаласының мыңжылдығын тойлауына байланысты» Лев Гумилевке ескерткіш қойылды, онда мынандай сөздер жазылған: «Өмір бойы татарларды жала жабудан қорғаған орыс адамына».Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен 1996 жылы Қазақстан Республикасының елордасы Астанадағы жоғары оқу орындарының бірі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Гумилевтің есімімен аталды. 2002 жылы университет қабырғасында Л. Н. Гумилевтің кабинет-мұражайы құрылды. ## Негізгі еңбектері * «Этногенез и биосфера Земли», АСТ, Астрель, 2005 ж., ISBN 5-17-031811-1, 5-271-12025-2 * «Конец и вновь начало», АСТ, АСТ Москва, Хранитель, 2007 ж., ISBN 978-5-17-044877-7, 978-5-9713-5990-6, 978-5-9762-3829-9 * «В поисках вымышленного царства», Товарищество «Клышников — Комаров и К», 1992 ж., ISBN 5-87495-006-0 * «Древняя Русь и Великая степь», Астрель, АСТ, 2004 ж., ISBN 5-17-026279-5, 5-271-09769-2 * «История народа хунну», АСТ, Люкс, 2004 ж., ISBN 5-17-026629-4, 5-9660-0501-X * «Тысячелетие вокруг Каспия», АСТ, АСТ Москва, Харвест, 2008 ж., ISBN 978-5-17-051463-2, 978-5-9713-9145-6, 978-985-16-6196-7 * «Черная легенда», Айрис-Пресс, 2008 ж., ISBN 978-5-8112-3377-9 * «Древний Тибет», ДИ — ДИК, 1996 ж., ISBN 5-87583-022-0 * «Открытие Хазарии», ДИ-ДИК, 1996 ж., ISBN 5-87583-023-9 * «Волшебные папиросы» 1993 (написал в Норильском лагере в 1942 ж., решился записать на бумаге в 1966 ж., издано посмертно). ### Л.Н. Гумилев мұражайы Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинеті 2002 жылдың қазанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ректор М.Ж. Жолдасбековтың бастамасымен ашылған (2000-2004 жж.). Мұражай-кабинеттің ашылуына зор көмегін тигізген және қолдау көрсеткен ұлы ғалымның асыл жары Наталья Викторовна Гумилева (Симановская). Мұражай экспозициясын құруға ғалым шығармашылығының зерттеушілері — Е. Ділмұхамедов, М. Новгородов, М. Козырев, В. Биличенко, Е. Масловтың сынды белді азаматтар атсалысты. 2004 жылы Н. В. Гумилева ғалымның Мәскеу жұмыс кабинетiн университетімізге мұра етіп қалдырған болатын. Онда жұмыс үстелі, баспа машинкасы, кресло, кiтап шкафы, кiтап, фотосурет және (мүсінше, құмыра, сиясауыт) әр түрлi мемориал заттары бар. Л. Н. Гумилевтiң мұражай экспозициясын кеңейту мен Мәскеуден Астанаға Л. Н. Гумилевтiң Мәскеу кабинетiн тасымалдауды ұйымдастыру туралы шешімді 2005 жылы университет ректоры, профессор С.Әбдiманапов қабылдаған болатын (2004-2008 жж.). 7 қазан күні Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде немере жиені, профессор Маргарита Иоанновна Новгородованың қатысуымен Л. Н. Гумилевтің мұражай-кабинетінің жаңа экспозициясының тұсаукесері өткен болатын. 2012 жылы Лев Николаевич Гумилевтің 100 жылдығы қарсаңында ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың қолдауымен Е.С. Асылхановтың әзірленген және бекітілген дизайны бойынша мұражай-кабинет қайтадан қалпына келтірілді. Бүгінде Л.Н. Гумилев мұражайы Мұрағатталған 7 ақпанның 2013 жылы. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Мұражай Мұрағатталған 12 ақпанның 2013 жылы. нақты, жазбаша, бейнелеу көздерін жинап, сақтап, көрмеге қояды, сондай-ақ, кино-, фото-, тарих және география ғылымдарының докторы, еуразия ғылыми бағытының атақты өкілі Лев Николаевич Гумилевтің өмірбаяны мен көрнекті тарихшы-этнологтың ғылыми қызметінен сыр шертетін дереккөздерін. Мұражайдың түпкi мақсаты — Л. Н. Гумилевтің өмірі және қызметімен танысу, еуразияшылдық идеясын кеңінен насихаттау мен тарату,белсендi азаматтық позиция тұрғысынан тәрбиелей отырып, студенттің мәдени, адамгершiлiк-эстетикалық, отаншылдық рухын дамыту, университет абыройын асқақтату. Мұражайдың негiзгі міндеті — Л. Н. Гумилевтiң өмірі мен қызметіне қатысты мұражай экспонаттарын зерттеуде (фотосурет, жеке заттары, құжаттар, хаттар) және мұражайдың ғылыми қорын құрастыруды негiзге ала отырып жинақтау, сақтау жұмыстарын жүргізу; мұражай қорларының алғашқы және екiншi есепке алу жүйесiн ретту; материалды жинақтау мен зерттеу негізінде экспозициялар және уақытша көрмелер құру; экскурсиялар, дәрiстер, семинарлар, мұражай сабақтары, ғылым және мәдениет қайраткерлерiнiң кездесулерi,түлектер кештерiн ұйымдастыру, университет қонақтарына таныстыру саяхатын өткізу, студенттермен,аспиранттармен, оқытушылармен, қызметкерлерiмен ғылыми-ағартушылық жұмыстар жүргізу және тағы басқа жиындарды өткізу. ## Сыртқы сілтемелер * Л. Н. Гумилев — толық кітапнама * Л.Н. Гумилев – көрнекті тарихшы-еуразиятанушы Мұрағатталған 3 наурыздың 2010 жылы. * Гумилев, Лев Николаевич (1912—1992) в Библиографическом словаре репрессированных востоковедов «Люди и судьбы» * Гумилев Л. Н. в Новейшем философском словаре(қолжетпейтін сілтеме) * Гумилев, Лев Николаевич — Биография. Библиография. Высказывания
Үлгі:Infobox Boxer Цзю Константин Борисович (1969 жылдың 19-қыркүйегінде бұрынғы Свердлов облысының Серов қаласында туды) - Әуесқойлар арасында әлем чемпионы (1991), Еуропаның екі дүркін чемпионы (1989, 1991). Әлем чемпионатының қола жүлдегері (1989). Кәсіпқойлар арасында WBC, WBA және ІBF сынды ең белді тұжырымдар бойынша әлемнің абсолютті чемпионы. Талай жылдар ол бірінші орта салмақтағы ең мықты боксшы саналды. Кәсіпқой рингте 34 жекпе-жек өткізіп, 31-ін жеңіспен аяқтады. 25 рет қарсыласын нокаутпен ұтты. Бойы – 170 сантиметр, салмағы – 63 келі. Үйленген, үш баласы бар. Бұл күндері Австралияның Сидней қаласында тұрады.
ПетроҚазақстан — тігінен интеграцияланған мұнай-газ тобы, оның акционерлері “Қытай Ұлттық мұнай корпорациясы” және “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясы болып табылады. “ПетроҚазақстан” компаниясының қызмет аясына кен орындарын геологиялық барлау, қазбалау, мұнай мен газды өндіру, сондай-ақ кен орындарын сатып алу, мұнайды және мұнай өнімдерін қайта өңдеу және сату кіреді. Интеграцияның нәтижесінде компанияның өз өнімінің сапасын жақсарту үшін және қызметінің тиімділігін арттыру үшін кең мүмкіндіктері бар. «ПетроҚазақстан» компаниялар тобының өндірістік құрылымының негізін «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (ПҚҚР) және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП) құрайды. Қызылорда облысында орналасқан ПҚҚР компаниясы мұнай өндірумен шұғылданады, ал Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында орналасқан ПҚОП компаниясы мұнайды қайта өңдеу ісімен айналысады. «ПетроҚазақстан» сондай-ақ Оңтүстік Торғай мұнайлы алабында қызметін жүзеге асыратын екі бірлескен кәсіпорындағы 50%-дық үлесті иеленеді. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-ндегі компанияның серіктесі – «ҚазМұнайГаз БӨ» ҰК, ал «Торғай Петролеум» АҚ-ндағы серіктесі – «ЛУКойл Оверсиз Құмкөл Б.В.». «ПетроҚазақстан» компаниясының бизнесі – мұнайды геологиялық барлау мен өңдеуден бастап, оны жоғары сапалы мұнай өнімдеріне қайта өңдеу мен дамыған маркетинг пен тасымалдау жүйесіне дейінгі біртұтас технологиялық тізбек. Геологиялық барлау – компанияның болашағы, оның өсуінің қайнар көзі. Оңтүстік Торғай алабындағы геологиялық барлау жұмыстарына «ПетроҚазақстан» жыл сайын кем дегенде 50 миллион АҚШ долларын инвестициялайды. Мәселен, 2008 жылы компания 22 барлау және бағалау ұңғымасын бұрғылап, бұл орайда далалық сейсмикалық барлау жұмыстарын, сейсмикалық материалдарды егжей-тегжейлі өңдеуді және түсіндірме беруді іске асырды. ## Акционерлер 2005 жылы 15 қазанда «ҚҰМК Интернешнл» (CNPCI) және «ҚазМұнайГаз» ҰК (ҚМГ) Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, ол бойынша CNPCI компаниясы ҚМГ пайдасына «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясының шығарылған акцияларының жалпы көлемінің 33%-н табыстауға және Шымкент мұнай өңдеу зауытын ҚМГ компаниясымен бірлесіп басқаруға келісті. Мәміле 2006 жылғы 5 шілдеде аяқталды. CNPCI және ҚМГ арасындағы келісімдердің бір бөлігі ретінде 2006 жылғы 5 шілдеде CNPCI мен ҚМГ компаниялары ПҚОП-тың топшыланып отырған қайта ұйымдастырылуы турасында ПҚОП бойынша Уағдаластық туралы меморандум жасасты. Оған сәйкес 2007 жылғы 6 шілдеде ПҚҚР компаниясы ҚМГ компаниясына Valsera Holdings B.V. компаниясындағы (ПҚОП-тің негізгі қатысушысы) 50%-дық жанама үлесті аударды, ал қалған 50%-ы меморандумда көрсетілген шарттарда «CNPC Эксплорэйшн энд Девелопмент Компани Лтд» (CNPC E&D) компаниясына аударылды. «ПетроҚазақстан» компаниялар тобы одан кейін мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші активтерді интеграцияланған түрде басқаруды жалғастырды. Біздің акционерлеріміздің, мықты ұлттық компаниялардың тәжірибесі, технологиялары мен инвестициялық мүмкіндіктері «ПетроҚазақстан» тобының дамуына жаңа серпін берері сөзсіз. ### Қысқаша анықтама * «ҚҰМК Интернешнл» (CNODC) – CNPC корпорациясының халықаралық жобалардан жауапты жүз пайыздық еншілес компанияcы. CNPC – Қытайдың аса ірі мемлекеттік мұнай-газ корпорациясы әрі әлемдегі жетекші интеграцияланған мұнай-газ компанияларының бірі. CNPC 1988 жылы бұрынғы ҚХР Мұнай өнеркәсібі министрлігінің негізінде құрылды. Бүгін оның құрамына мұнай мен газды барлау, өндіру, тасымалдау және сақтаумен, сондай-ақ мұнай өңдеумен және мұнай химиясымен, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын компаниялар кіреді. CNPC шикі мұнайды өндіруші әрі жеткізуші аса ірі кәсіпорын болып табылады және мұнай мен газды өндіру, қайта өңдеу мен сатып өткізу бойынша Қытайда жетекші орынды сақтап отыр. http://www.cnpc.com.cn * CNPC Эксплорэйшн энд Девелопмент Компани Лтд компаниясы «ПетроЧайна Компани Лтд.» мен «ПетроЧайна» және CNODC компанияларының бірлескен кәсіпорнының еншілес компаниясы болып табылады, онда компанияларға 50%-дан тиесілі. «ПетроЧайна» да, CNODC де CNPC корпорациясының 100%-дық еншілес компаниялары болып табылады. * «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша ұлттіқ оператор, ол Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекеттің мүдделерін білдіреді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның акцияларының 100%-ы «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорына» тиесілі http://www.kmg.kz Мұрағатталған 4 сәуірдің 2018 жылы. ## Компанияның тарихы «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясы Канадада 1986 жылы «Харрикейн Хайдрокарбонз Лтд.» (2003 жылғы 2 маусымнан бастап Компания «Харрикейн Хайдрокарбонз Лтд» атауын «ПетроҚазақстан Инк.» етіп өзгерту мақсатында өзінің жарғысына өзгерту енгізді) құрды және 1991 жылға дейін қызметін негізінен батыс Канадада жүргізіп келді. 1996 жылы «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясы Қазақстан Республикасымен арада қол қойылған жекешелендіру туралы келісімге сәйкес Құмкөл кен орындары тобын иеленетін және басқаратын «Оңтүстікмұнайгаз» компаниясын сатып алады. Сол сәтте Құмкөлдегі өндіру деңгейі шамамен күніне 55000 баррель мұнайды құраған еді. Аталған сатып алу мәмілесінің шеңберінде «ПетроҚазақстан Инк.» «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» (ПҚҚР) АҚ-ндағы 100%-дық үлесті; «Құмкөл-ЛУКойл» ЖАҚ-ндағы (қазіргі «Торғай Петролеум» АҚ) 50%-дық үлесті және «Қазгермұнай» АҚ-ндағы 50%-дық үлесті сатып алды. 2000 жылы Топ «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің (бұрынғы «Харрикейн Ойл Продактс» ААҚ, одан да бұрын «Шымкентмұнайоргсинтез» ААҚ) акцияларының 88,4%-ын сатып алуды аяқтады. ПҚОП компаниясы Шымкент қаласының жанында орналасқан Шымкент мұнай өңдеу зауытын иеленеді. Республикадағы ең алдыңғы қатарлы Шымкент мұнай өңдеу зауытын сатып алғаннан кейін «ПетроҚазақстан Инк.» (ол кезде әлі «Харрикейн») Қазақстандағы алғашқы тігінен интеграцияланған мұнай компаниясына айналады. Шымкент МӨЗ кеңес дәуірінің ең жаңа технологиялары бойынша тұрғызылып, іске пайдалануға 1985 жылы берілген болатын. Бастапқыда кәсіпорын «Оңтүстікмұнайгаздың» бір бөлігі болатын, алайда кейіннен оны бөлек жекешелендіру туралы шешім қабылданды. Зауыт 1996 жылы жекешелендірілді. Батыс Сібір мұнайын күніне 160 000 баррельге дейін қайта өңдеу үшін тұрғызылған зауыт қазір шикізат ретінде Құмкөл кен орнынан «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы өндіретін шикі мұнайды, сондай-ақ үшінші тараптардың мұнайын қабылдайды. 2006 жылғы 31 желтоқсанда Топ ПҚОП компаниясының жарғылық капиталының 99,43%-ын иеленеді. 2005 жылғы 21 тамызда барлау мен өндіру жөніндегі Қытай Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясы (бұдан әрі – CNODC), Қытай Ұлттық Мұнай Корпорациясының (бұдан әрі – «CNPC») 100%-дық еншілес компаниясы өзінің 100%-дық еншілес компаниясы СНПС Интернэшнл Лтд. (бұдан әрі – «CNPCI») арқылы «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясымен келісім жасасты да, оған сәйкес CNPCI компаниясы «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясының шығарылған жарғылық капиталының барлығын сатып алды. Мәміле 2005 жылғы 26 қазанда аяқталды. Оны CNPCI компаниясының сатып алуының нәтижесінде «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясы CNODC компаниясының 100%-дық еншілес компаниясына айналды. Қазақстан Республикасының «Жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына сәйкес 2005 жылғы 15 қазанда CNODC өзінің 100%-дық еншілес компаниясы CNPCI арқылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен (бұдан әрі – «ҚМГ») өзара түсіністік туралы меморандум жасасты, оған сәйкес ҚМГ АҚ «ПетроҚазақстан Инк.» акцияларының 33%-ын сатып алды. Мәміле 2006 жылғы 5 шілдеде аяқталды. CNPCI және ҚМГ арасындағы келісімдердің бір бөлігі ретінде 2007 жылғы 6 шілдеде ҚМГ тең дәрежелі шарттармен ПҚОП компаниясындағы 50%-дық иелену үлесін сатып алды. ### Негізгі күндер 1986 жыл – Орталық Қазақстанның оңтүстігіндегі Оңтүстік Торғай алабында Құмкөл кен орнының ашылуы. 1986 жыл – Калгари қаласында (Альберта провинциясы, Канада) «Харрикейн Хайдрокарбонз Лтд.» компаниясы құрылды және тіркелді. 1991 жыл – Компания Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ және Оңтүстік Құмкөл кен орындарын қазбалаумен айналысатын бірлескен кәсіпорындағы серіктес ретінде Қазақстанның нарығына шығады. 1996 жыл – Компания «Оңтүстікмұнайгаз» компаниясы бірлескен екі кәсіпорын – «Қазгермұнай» мен «Торғай Петролеумдегі» 50%-дық үлестерімен бірге сатып алады. 2000 жыл – Компания республикадағы үш МӨЗ-дің бірін иеленетін «Шымкентмұнайоргсинтез» (ШМОС) кәсіпорнын сатып алады. 2003 жыл – компанияның қызметінің түрін және компания жұмыс істейтін елдің бейнесін айқын көрсету мақсатында корпоративтік атауының «ПетроҚазақстан Инк.» болып өзгеруі. 2005 жыл – «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясын «Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясының» еншілес бөлімшесі CNPCI сатып алды. 2006 жыл – Компания «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясындағы 33%-дық үлесті табыстап, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды. 2007 жыл – Уағдаластық туралы меморандумға сәйкес «ПетроҚазақстан Ойл продактс» компаниясы ҚМГ және CNPC E&D компанияларының тең дәрежеде басқаруына ауысады. ## Сыртқы сілтемелер * Ресми торбеті
Қайырболат (Николай) Сайынұлы Майданов (7 ақпан 1956, Тасқұдық ауылы, Жымпиты ауданы, Орал облысы - 29 қаңтар 2000, Арғұн шатқалы, Шешенстан, Ресей) - Кеңес – Ауған соғысына қатысқан, Кеңес Одағының батыры, Ресей Батыры. ## Өмірбаяны * 1973 жылы Ақжайық (қазіргі Теректі) ауданының Шағатай ауылындағы орта мектепті тәмамдады. * Содан соң бұрынғы Чапаев аудандық ДОСААФ комитетінің жанындағы курсты аяқтап, жүргізуші болды. * Кеңес Әскері қатарында қызмет атқарған соң Саратовтағы Жоғарғы әскери ұшқыштар даярлайтын училищеге оқуға түсті. * Ауғаныстанда көрсеткен ерлігі үшін қызыл Жұлдыз, қызыл Ту, 3 дәрежелі «КСРО қарулы Күштері қатарында Отанға қызыметі үшін» ордендерімен марапатталды. Ауғанда 50 рет әуеге көтеріліп, ауыр ұрыстарға қатысқан. Кейінгі жылдары Ресей қарулы Күштеріне қызмет етіп, соғыста ерлікпен қаза тапты. ## Дереккөздер
Қоспаев Қасен. 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауданының Мерген ауылында туған. Қаршы орталау мектебінде 8 сыныптық білім алды. 1942 жылы Кеңес Әскері қатарына шақырылып, I Украина, I және II Белоруссия майдандарында, 28-гвардиялық мотоатқыштар бригадасында, 8 – гвардиялық танк корпусында барлаушы болып, Батыс Украинаны, Польшаны азат етуге, Кенингсберг, Моблин, Люблин, Данциг қалаларын алуға қатысты. Соғысты аяқтап, елге оралғаннан кейін Қаршы орталау мектебінде оқытушы болды. Ұстаздық ете жүріп, әуелі сырттай Орал педагогикалық училищесін, кейін педагогикалық институтты бітірді.1954 жылдан бастап 25 жыл бойы партия, Кеңес, шаруашылық органдарында қызмет етті.Соғыс жылдарындағы және бейбіт кезеңдегі ерлігі мен еңбегі үшін Қасен аға екі рет I дәрежелі «Отан соғысы», екі рет «Қызыл Жұлдыз», «Октябрь Революциясы» ордендерімен, көптеген медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет Грамотасымен» 2 рет марапатталды. Қасен ақсақал бір қыз, бір ұл тәрбиелеп өсіріп, 10 немере сүйіп отыр.Соңғы 10 жылдың үстінде қоғамдық негізде Ақжайық ауданы ардагерлер ұйымының төрағасы жұмысын атқарып келеді. ## Дереккөздер * «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы
Михаил Абдолов - 1.06.1918 жыл, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Бітік ауылы - 11.05.2006 жыл, сонда) Кеңес Одағының Батыры. 1938 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда ысылған жауынгер болатын. Сондықтан ол қанды шайқастың алғашқы күндерінен-ақ өжеттік пен жүректіліктің үлгісін көрсетті. Майдан даласында жеті рет жараланса да жауға деген өшпеншілігі мұқалған емес. Әсіресе 74 атқыштар дивизиясының құрамында Дунай өзенінен өтерде көрсеткен ерлігі оның есімін тарихта мәнгі қалдырды. 1944 жылдың 7 қарашасына қараған түнде М. Абдолов бастаған барлаушылар тобы екі балықшы қайығымен Дунайды кесіп өтіп, жау тылына тұтқиылдан соққы берді. Сол түнде барлаушылар немістердің қару-жарақ қоймасын жарып, жау офицерін тұтқындады. Қайтар жолда қарсыластарының төрт ұшағын жойып жіберді. Осы ерлігі үшін аға сержант М. Абдоловқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, бұрынғы жауынгерлік наградалары - Қызыл Ту, Кызыл Жұлдыз ордендерінің қатарына Ленин ордені мен Алтын Жұлдыз қадалды. Бүгінде Венгрия елінде Батыр есімі берілген мектеп, Мәдениет үйі, көше бар. ## Дереккөздер
«Асыл арна» телеарнасы — Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің және басқа да құзырлы ұйымдардың тікелей қолдауымен 2007 жылы қыркүйек айында құрылған рухани-танымдық, отбасылық арна. «Асыл арна» телестудиясы 2008 жылы маусым айында Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің Ақпарат және Мұрағат Комитетінде Бұқаралық ақпарат құралы (БАҚ) ретінде тіркелді (куәлік № 9467 – Э). Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының бүкіл аймағында барлық кабельдік және сандық желілер арқылы таралуда. Арна 2021 жылы қаңтар айында атауын "Talim TV" деп өзгертті. Хабарлар екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Таратылу уақыты: тәулік бойына. Телеарна директоры Мұхамеджан Тазабеков. ## Телеарна тарихы * 2007 жыл, қыркүйек – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен «Асыл арна» телестудиясы құрылды; * 2008 жыл, маусым – «Асыл арна» телеарнасының ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде электрондық бұқаралық ақпарат құралы ретінде тіркелді (Тіркеу куәлігі №9467-Э); * 2009 жыл, тамыз – «Асыл арна» телеарнасының барлық кабельдік және сандық желілер арқылы таратылуына жол ашылды; * 2009 жыл, тамыз – www.asylarna.kz сайты ашылды; * 2010 жыл, маусым – «Асыл арна» телеарнасы өз өнімдерін спутниктік жиілікте тарата бастады; * 2011 жыл, наурыз – «Асыл арна» телеарнасы телеарнасы www.asylarna.kz сайтында online хабар тарата бастады; * 2011 жыл, желтоқсан– өкілдері Кувейтте өткен Бүкіл әлемдік «Ислам медиясы» атты конференцияға қатысты; * 2013 жыл, наурыз– «Асыл арна» телеарнасы «Отау ТВ» ұлттық спутниктік таралым желісінен көрсетіле бастады; * 2013 жыл, қыркүйек– ел тарихында тұңғыш рет қажылық маусымында өз хабарларын күн сайын Мекке қаласынан тікелей эфир арқылы тарата бастады; * 2013 жыл, желтоқсан– Индонезияның астанасы Жакарта қаласында өткен Бүкіл әлемдік «Ислам медиясы» атты конференцияға қатысты; * 2014 жыл, наурыз– «Асыл арна» телеарнасы «Отау ТВ» ұлттық спутниктік таралым желісінің тегін пакетінен тарала бастады; * 2014 жыл, сәуір– ғаламтор беттеріндегі барлық әлеуметтік желілер (mail.ru, facebook, вконтакте, twitter, instagram) мен видеопорталдарда (youtube, Kiwi.kz, Rutube, kaztube, youku) жұмысын бастады; * 2015 жыл, шілде– ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті, ҚМДБ және «Асыл арна» телеарнасы арасында үш жақты меморандумға қол қойылды; * 2015 жыл, қазан– «Асыл арна» телеарнасында жаңа маусымдық бағдарламалар дайындала бастады; * 2014-2015 жылдары– «Асыл арна» телеарнасы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен Еуропадағы мұсылмандардың тұрмыс-тіршілігімен таныстыратын «Мұнаралы Еуропа» деректі фильмін түсірді. Түсірілім тобы алғашқы жылы Еуропаның 8 мемлекетін, кейін қос аралдағы 4 мемлекетті жүріп өтіп, шетелдік мұсылмандар туралы қызықты мағлұматтарды ұсынды. * 2021 жыл, қаңтар - "Асыл арна" телеарнасы бұрынғы миссиясы тоқтатып, атауын "Talim TV" деп өзгертті. ## Тележобалар және оның тақырыптық-жанрлық ерекшеліктері: ### Ақпараттық-танымдық Салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде Алматы қаласы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп: * «Семейный доктор» * «Ауырмайтын жол ізде» * «Болезнь и исцеление» * Алматы қаласы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы өткізетін СӨС және бұқаралық жарыстардың іс-әрекеттерін насихаттау Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері ассоциациясымен бірлесе отырып, ұлттық спортты насихаттау шеңберінде: * «Көкпар» * «Бәйге» * «Дода» * Жоғарыда аталған қауымдастық өткізетін олимпиадалар мен жарыстардың барлық түрлерін қамту Ұлттық өнерді насихаттау шеңберінде Алматы қаласы мен Алматы қаласы әкімдіктерінің ішкі саясат департаментімен, Ұлттық кітапханамен, қоғамдық ұйымдармен және ҮЕҰ-дармен бірлесіп: * «Әсерлі Терме» * «Өлең сөздің патшасы» * «Бабалар сөзі – өсиет» * «Мақал мен мәтел» * «Әдебиет-ардың ісі» * «Жыр-жауһар» * «Ұлт нақышы» * «Қазақ білсін» және т.б... Қайырымдылық қорлармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып: * «Милосердие» * «Социальный проект» * «Арнайы хабар» * «Наш взгляд» және т.б. Телеарнаның басқа да жобалары: * «Тәлім тренд» (отбасы қарым-қатынастарының түйіткіл мәселелерін талқылайды. Мұхамеджан Тазабектің авторлық бағдарламасы) * «Қазаққа керек 100 кәсіп» * «Біздін де қолдан келеді» * «Ерен еңбек» * «Ғаламтор әлемі» * «Азаттық айшықтары» * «Тұғырнама» * «Prо авто» * «Кестелі орамал» * «Жас дәурен» * «Емен жарқын» * «По душам» * «Пікір» және т.б. ### Ақпараттық * «Ел ішінен» * «Парламент тынысы» * «Жарты сағат» * «Ел мен елші» * «Сүбелі сөз» * «Арайлы Астана» * Шымкент облысының ішкі саясат басқармасымен бірлесіп * «Асыл арна KZ» * «Арнайы репортаж» және т.б. Өткен аптаның оқиғаларын талдау және баспа басылымдарындағы өзекті мақалаларға шолу жасау. Бұдан басқа, қоғамдағы маңызды тақырыптар туралы арнайы есеп. ### Ақпараттық-танымдық * «Ат үстіндегі ғұмыр» * «Ғибратты ғұмырлар» * «Өнегелі өмір» * «Әжемнін әнгімесі» * «Алтын тамыр» * «Әлем назарында» * «Ұлттық бренд» * «Ұлттық тағам» * «Орайы келген әңгіме» * «Қазыналы қарттар» * «Босаға» және т.б. Қазақ халқының тарихы, бабаларымыздың мәдениеті мен өмірі исламмен тығыз байланысты. Төмендегі бағдарламалар қалың бұқараға бай мәдениетіміз бен салт-дәстүрлеріміздің ерекеше қырларын паш етеді. ### Рухани-ағартушылық бағдарламалар. ҚМДБ мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен бірге * «Жұма мүбарак» * «Алланың аманаты» * «Қазақстан мешіттері» * «Матуриди мектебі» * «Маңызды мәселе» * «Ұмытылмас сапар» * «Жұма уағызы» * «Хроника паломничества» * «Пайғамбар қасиеттері» * «Сира уақыты» * «Құлшылық қырлары» * «"Құран оқып үйренейік" * «Ұлы сапар-қажылық», және т.б. ### Ұлттық-мәдени * «Ізгілік мектебі» * «Берекелі шаңырақ» * «Балалық шаққа саяхат» * «Менің анам, менің әкем» * «Әдеп әліппесі» * «Жан азығы» * «Адал ас» * «Берекелі Рамазан» * «Благодатный Рамазан» * «Шуақты аналар» және т.б. ### Көркем фильмдер * «Тастандылар» (2011) * «Дода» (2013) * «Көке», 5 серий (2016) * «Бір келіншек», 10 серий (2016) * «Үлкенүй», 30 серий (2016) * «Сергелдең» (2017) * «Шатқал» (2016) * «Кеш емес», короткометражный фильм (2017) * «Қабыл болған дұға», короткометражный фильм (2015) * «Шабдалы» (2017) Жоғарыда аталған фильмдердің басты мақсаты - Отанға деген сүйіспеншілік, ата-аналарға, ақсақалдарға, көршілерге, отбасылық құндылықтарға, адамгершілікке, патриоттыққа, адалдыққа, ізгілікке, балаларға рухани тәрбиелеуге, әділдікке, мейірімділікке және т.б. сияқты рухани құндылықтарды танымал ету және жандандыру. ### Деректі фильмдер * «Яссауи мазасы» (2016) тарихи ескерткіш туралы әйгілі ислам ғалымының мұрасы туралы баяндайды * «Әбу Ханифа» (2016) атақты ғалымның өмірі, адамгершілік қасиеттері мен жетістіктері туралы әңгімелейді * «Ғибратты ғұмырлар» (2017) Қазақстанның рухани және мәдени өміріне ерекше үлес қосқан белгілі тұлғалар туралы әңгімелейді. * «Шындық пен Щырғала» (2009) және «Тұқпирсілдіктер» (2014), осы фильмдердің басты мақсаты деструктивті діни ағымдардың идеяларына иммунитетті қалыптастыру * «Құран туралы не білеміз?», совместно с ДУМК (2014) * «Қазыналы Оңтүстік», Шымкент облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысымен (2014) * «Ұлытау экспедициясы» (2016), «Бурабай» (2011), «Алтайдағыарда ел» (2016), еліміздің ең әдемі жерлерін әңгімелейді және Қазақстанның туризм саласын ілгерілетеді * «Құнанбай», Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен (2011 ж.) * «Таңғажайып Индонезия» (2016) * «Мұнаралы Еуропа» (2013) * «Мұнаралы Еуропа -2» (Қос аралдағы құлшылық) (2014) * «Мұнаралы Америка» (2016-2017) * «Қазақстан полициясы: құқық бұзушылықтардың алдын алу», ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырысы бойынша (2017) * «Қазақстан полициясы: қылмыстық істі тергеу және ашу», ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырысы бойынша (2017) ### Анимациялық фильмдер мен балалар бағдарламалары * «Ерте, ерте, ертеде…» * «Айналайын абайла» * «Әліппе» * «Негетай» * «Олкім, біл не?» * «Қалақай» * «Жүйріктер» * «Біздің жанұя» * «Балаларға базарлық» Біздің мультфильмдер балаларға адалдық пен еңбекқорлық, отансүйгіштік пен сенім, ата-ана мен ересектерді құрметтеу және білімге деген қажеттілік туралы әңгімелейді. ### Видеороликтер: Рухани * Этика дуа (рус) * Құран жайлы мәлімет (қаз) * Ценности Корана (рус) * Құран (қаз) * 99 Есім (қаз) * Әбу Ханифа ұлағаты (қаз) * Аллаһтың пайғамбарлары (қаз) * Хадис - даналық бұлаға (қаз) * Хадис тағылымы (қаз) * Иқро (қаз) * Құран ғибраты (қаз) * Мұсылман қорғаны (қаз) * Назидание Корана (рус) * Сахабалар сөзі (қаз) * Сүрелер сыры (қаз) * Таңғы дұға (қаз\рус) * Кешкі дұға (қаз\рус) * Азан * Намаз кестесі (қаз\рус) * Зікір (қаз) * Заметки для молящихся (рус) * Мәдина (қаз) * Мұхаммед пайғамбар (қаз) * Сіз дұға жасай білесіз бе? * Аланның коңактары * Екі дүниенің қуанышы! және т.б ### Әлеуметтік * Читай (рус) * Муфти бағаны (қаз) * Ұстаз (қаз) * Береке сұрау (қаз) * Амандық тілеу (қаз) * Кешірім сұрау дұғасы (қаз) * Таразы * Көркем мінез - дұға (қаз\рус) * Дұғаның қабыл болуы (қаз) * Ай болашақ жар, аяулы ана (қаз) * Айел жүрегінің кілті (қаз) ) * Жарымның жүрегін жаулаймын!(қаз) * Әкенің орны бөлек (қаз\рус) * Ата-анаға құрмет (қаз) * Бала тәрбиесі (қаз) * Дос таңдау (қаз) * Ердің әйеліне құрметі (қаз) * Есіңде болсын (қаз) * Қыз тәрбиесі (қаз) * Сәби тәрбиесі (қаз) * Садақа (қаз\рус) * Ана қадірі (қаз) * Анаға хат (қаз) * Сіз кіммен доссыз (қаз) * Адам кейпіне қарама [қаз) * Әйел болу оп-оңай (қаз) * Әке (қаз) * Ана (өлең), (қаз) * Бомж (қаз) * Олар жұмыс істемейді (қаз) * Полезный поступок (рус) * Защитите ребенка (рус) * Сен анаңа қарыздарсың(қаз) * Құрсақтағы сәби (қаз) * Көрші (қаз\рус) * Ауылым (қаз) * Жәрдем беру * Қайғы (қаз\рус) * Кешірім сұрау (қаз) * Мешітке кел! * Менің кінәм не? (қаз) * Білімдінің орны-төр! * Жұртқа төккен жылуды жақыныңнан да аяма! * Абыройсыздықты сатып алма! * Асықпа, сені үйде ұлың күтіп отыр! * Одно слово. * Время. * Бала тәрбиесінде жиі кездесетін кемшіліктер * Горе. * Роль отца в семье особенна. * Какие отношения у вас с соседями? * Адамның әр қылығы ізсіз қалмайды. * Ана болу оп-оңау! * Қайғырма! * Және т.б. ### Патриоттық * Қазақ үй (қаз) * Бетпақ дала (қаз) * Атаулар анықтамасы (қаз) * Соңғы құтпа (қаз) * Парасатты пайымдар (қаз) * Тәуелсіздікке 25 жыл (қаз) * Дұрыс таңдау жаса! * Қоршаған ортаны қорғау қиын емес! * Абыройы алаштың! * Астана -азаттық ақ бесігі * Пусть будет вечной наша независимость. * Менің Қазақстаным! (қаз) * Отан отбасынан басталады (қаз) және т.б. ### Терроризмге қарсы * Терроризмге жол жоқ(қаз) * Дайш (қаз) * Игиш(қаз\рус) * Тәубеңе кел (қаз) және т.б. ## Телеарна миссиясы Адамдар арасында бейбітшілік пен төзімділіктің, мейірім мен терең сенімнің берік тұтқасы ретінде мойындалған дәстүрлі ата-дініміздің құндылықтарымен көпшілік көрермендерді таныстыру. Ұлттық және адамзатқа ортақ адамгершілік құндылықтарды, мұсылмандық ұстындарға сүйенген моральдық негіздерді насихаттау. «Асыл арна» телеарнасы ашылған күннен бері ұлттық құндылықтарды асыл дінімізбен сабақтастыра отырып, халықтың рухани сұраныстарын қанағаттандыруды мақсат тұтып келеді. Рухани-ағартушылық арнаның көздеген тағы бір бағыты – сан түрлі құндылықтар сапырылысқан мына заманда, тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болуы үшін, ұлт иммунитетіне айналған ұлы қасиеттерімізді ұрпақ санасында жаңғырту. ## Іс-әрекет ұстанымдары Көпұлтты және көпконфессиялы қоғам ретінде Қазақстан халықтарының ұлттық дәстүрлері мен мәдени өзгешеліктерін құрметтеу; елдегі әлеуметтік, саяси және қоғамдық тұрақтылықты сақтау жолында Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасымен, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Дін істері жөніндегі комитетімен және басқа да мемлекеттік құзырлы органдармен және қоғамдық ұйымдармен қоян-қолтық араласа, бірлесе отырып әрекет ету; Исламға шақыру ісінде Құран мен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) сүннеті және дәстүрлі ханафи мәзхабы негізінде қалыптасқан жұмсақ әрі икемді тәсілдерді қолдану; діни нормаларды түсіндіруде орта жолды ұстану; ата жолымызды жаңғырту жұмыстарын дәстүрлі дінімізбен байланыстырып іске асыру; шынайылық пен адалдық, сенімді көздерді пайдалану; конфессияаралық толеранттылық, жекелеген адамдар мен топтардың құқықтарын, діни және ұлттық сезімдерін, қадірі мен абырой-қасиетін құрметтеу; ҚР заңдарына толық бағыну және мемлекеттік саясат ұстындары мен ҚМДБ ресми бағытына сәйкес жұмыс істеу. ## «Асыл арна» ұжымы «Асыл арна» телеарнасының бас директорыТАЗАБЕК Мұхамеджан Оразбайұлы 1975 жылы 3 шілдеде Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан ауылында дүниеге келген. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектепті үздік бітірген. 1992-1996 ж.ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін «филолог, орта оқу орнының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» біліктілігі бойынша үздік тәмамдаған. «Әдебиеттану» мамандығы бойынша 1998 жылы магистр, 2000 жылы аспирант дәрежесін алған. Шетел тілдері мен іскерлік карьера университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша түлегі (2011). Мұхамеджан Оразбайұлы қазақтың төл өнері айтыс сахнасына 1987-88 жылдары оқушы кезінен шыға бастады. Тазабек өнер сайысында есімдері елге танымал талай ақындармен айтысқа түскен. Тың тақырыпты таңдау мен терең мағыналы теңеулермен бейнелі сөйлеуден алдына жан салмаған ол аудандық, облыстық, аймақтық, республикалық және халықаралық деңгейдегі көптеген айтыстың жеңімпазы. «Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы» құрметіне өткізілген, «Ордабасыдағы «Қазақтың үш биіне» арналған, Қарасай батырдың 400 жылдық, Бөгенбай батырдың 300, Сыпатай батырдың 210, Абайдың 150, Т.Рысқұлов пен М.Жұмабаевтың 100 жылдықтарына, Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына, Жамбыл облысының 60 жылдығына орай өткен халықаралық, республикалық айтыстардың бас бәйгесін жеңіп алған. 2000 жылы Ташкентте Орта Азия (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан) мемлекеттерінің ақындары арасында өткен халықаралық дүбірлі айтыстың бас жүлдесін иеленген. 1996-1997 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақындар мектебінің жетекшісі, 1997-2003 жылдар аралығында ҚР ұлттық «Ұлан» гвардиясының құрама бөлімшесінде «Президенттік оркестр орындаушысы», 2005-2006 жылдары ««Ақ Орда» республикалық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің рухани жобаларын үйлестіруші қызметтерін атқарған. 2007-2009 жылдары «Асыл арна» ислами-ағартушылық телестудиясының, 2009 жылдан кабельдік, спутниктік және «Отау ТV«» ұлттық желісі арқылы тарайтын, ТМД елдері арасындағы тұңғыш ислами-ағартушылық «Асыл арна» телеарнасының бас директоры. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында жарық көрген «Жұмадағы жүздесу» (2001-2002 ж.ж.), «Ораза қабыл болсын» (2008), «Иман нұры» рухани-мәдени хабарларының, «Қазақ радиосынан» эфирге шыққан «Құбыла» (2003-2008) жобасының авторы және жүргізушісі. Әр жылдардағы айтыстары топтастырылған «Айтыстар» (2006), балаларға арналған «Иман бақшасы» (2009), «Қазақ радиосының рухани бұлағынан» (2010) атты публицистикалық жинақтардың авторы. Мақалалары мен сұқбаттары мерзімдік және электронды баспасөзде жиі жарияланып тұрады. Мұхамеджан Тазабек айтыскер ретінде ғана емес, ұлттық айтыс өнерін насихаттаушы және айтыскерлердің жаңа буынын тәрбиелеуші тұлға ретінде де төл өнерге қомақты үлес қосып келеді. 2005 жылдан бері республикалық деңгейдегі ондаған айтыстардың («Төртеу түгел болса», «Отанды сүю – иманнан», «Елбасы жолдауы – елдіктің арқауы», т.б) ұйымдастырушысы. 2013 жылдан бастап, «Нұр Отан» партиясы қамқорлыққа алған республикалық (Кіл жүйрікте кім жүйрік?», «Бір халық, бір ел, бір тағдыр», «Береке басы – бірлікте», «Отбасым – тірегім, Отаным – жүрегім») айтыстардың ұйымдастыру-үйлестіру тобының, қазылар алқасының мүшесі. «Ақындық өнердің қыр-сыры», «Ақын айтатын сөз», «Ақын деген кім?» және бірнеше тақырыпта шеберлік тренингтерінің авторы және лекторы. 1996 жылы «Жамбылдың жастық шағы» фильмінде Жамбылдың образын шебер сомдап шыққан М. Тазабек ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы «Нұр Отан» партиясы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен түсірген, ұлттық ойын көкпар спортын насихаттауды көздейтін «Дода» толықметражды фильмінің бас продюсері (2013). Қазақстан жастар одағы сыйлығының (1996), Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының (1998), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағының (2014) иегері. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ақылдастар алқасының, Жас журналистер клубының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің ақпараттық насихат және сарапшылар тобының мүшесі. Отбасылы, бір ұл, төрт қызы бар.Болатбек Жақсыбалаұлы Қожан. «Асыл арна» телеарнасының бас редакторы. 1965 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылында дүниеге келген. 1989 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдады. Еңбек жолын аудандық газеттерде тілшіліктен бастап, кейін халықаралық, республикалық басылымдарда тілші, жауапты хатшы қызметін атқарды. 1997-2008 жылдар аралығында «Хабар-жер» бағдарламасының редакторы әрі жүргізушісі. Сондай-ақ, «Ел арнада» жаңалықтар қызметінің жетекшісі, «Хабар» телеарнасы бас продюсерінің орынбасары қызметінде болды. 2010 жылдан бастап «Асыл арна» телеарнасының бас редакторы қызметін атқарып келеді. Қазіргі таңда «Жұмадан жұмаға дейін» апталық ақпараттық- сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі. Үйленген. Бір ұл, бір қызы бар.Байғабыл Ардақ Бекзатұлы. «Асыл Арна» телеарнасының тілшісі. 1981 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. 1998-2001 жылдары Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Өнер Академиясында актер мамандығы бойынша білім алады. 2001-2002 жылдары Алматы қаласынан тарайтын «Радио Ретрода» музыкалық жүргізуші. 2002-2003 жылдары «Қазақ радиосында» журналист. 2003-2004 жылдары Павлодар қаласы «Павлодар облыстық радиосында» бас редактор қызметін атқарды. 2003-2006 жылдары Павлодар қаласындағы «Ирбис» телеарнасында корреспондент әрі «Рухани Өмір» ислами бағдарламасының авторы әрі жүргзушісі. 2006-2007 жылдары Алматы қаласына оралып, «Қазақ радиосында» редактор әрі жүргізуші қызметінде болды. Осы жылдары «Алла деген арымас» және «Сахих хадистер» атты ислами бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі қызметін атқарды.2007-2010 жылдары Алматыдан тарайтын «Авторадиода» жаңалықтар жүргізушісі.2008-2009 жылдары «Қазақ радиосында» М. Тазабековтің авторлық «Құбыла» бағдарламасының жүргізушісі. 2008 жылдан бері «Асыл арна» телеарнасында журналист қызметін атқарып келеді. Рухани-ағартушылық телеарнада «Айна», «Атбегілік», «Құсбегілік», «Аңшылық», «Рухани Өмір», «Көкпар», «Сахих хадистер», «Атамекен», «Иман нұры», «Жұма мүбәрак», «Берекелі шаңырақ», «Өнегелі өмір», «Дін мен дәстүр», «Дерт пен дауа» бағдарламаларын жүргізді. Сондай-ақ, көптеген роликтер арқылы көрерменге танымал. Үйленген. Екі ұлы, бір қызы бар. «Асыл арна» телеарнасының бағдарламалары: «Ерен еңбек», «Пайғамбар қасиеттері», «Ізгілер үлгісі», «Біздің де қолдан келеді», «Атамекен», «Ұлттық бренд», «Ұлттық нақыш», «Бағдаршам», «Мәміле», «Жұма мүбарак», «Үйрен», «Арайлы Астана», «Шуақты аналар», «Милосердие», «Ауырмайтын жол ізде», «Айна», «Құран және ғылым», «Дерт пен дауа», «Бабалар – асыл даналар», «Асыл аналар», «Сауапты сұхбат», «Алматы айшықтары», «Адал кәсіп», «Құқығыңызды біле жүріңіз», «Ежелден мұсылман ел едік», «Дерт пен дауа», «Жан азығы», «Әлемнің ақыры», «Жыр жауһар», «Бір күн бірге», «Босаға», «Сауапты сұхбат», «Ғаламтор әлемінен» т.б. ## Логотиптер тарихы Телеарна өз тарихында логотипін 3 рет өзгертті: 2009 жыл, тамыз – өшкенін жандырып, жоғалтқанын тауып, қыбласын Мәскеуден Меккеге бұра бастаған халқымыздың ең бірінші қауышқаны – мешіттер еді. Сондықтан, телеарнаның алғашқы логотипінде мешіт пен ай бейнеленді. 2011 жыл, қаңтар – «Асыл арнаның» екінші логотипінен, бірден үш ұғымды аңғаруға болатын. Біріншісі – мешіттің күмбезі, екіншісі – «а» әрпі, үшіншісі – ұлттық ою-өрнектің бір көрінісі. 2015 жыл, қыркүйек – күмбез, қазақы ою, жаңа туған ай. «Асыл арнаның» бас әрпі - тұтас бір тұғыр, біріккен бейнені нұсқайды. ## Сыртқы сілтемелер * Ресми торбеті Мұрағатталған 20 қазанның 2019 жылы. * Инстаграм желісі * Твиттер желісі * Вконтакте желісі * Фейсбук желісі * Ютуб видео желісі ## Дереккөздер
VII Қысқы Азия Ойындары немесе Азиада 2011 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қаласында (Алматы мен Астана) өтті. Жалпы алғанда, VII Қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 26 ел қатысты, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізілдіі және 69-дан астам медаль жиынтығы ойнатылды. Тек оңтүстік мегаполистің өзіне 60 мыңнан астам турист келгенін атап өту керек. ## Өтінім Алматы Кувейтте 2006 жылғы 5 қаңтарда таңдалды. Қазақстан 2007 жылы 29 қазанда жарыстың бір бөлігі Алматыдан Астанаға ауыстыруды көздеді, Азия Олимпиадалық кеңесінің кезекті сессиясында ҚР өтінішін қанағаттандырып, кеңес мүшелері 2011 жылғы Азия ойындарының географиясын кеңейтуді қолдады. ## Тарихы Қазақстан – 2011 жылы өтетін қысқы Азия ойындарын өткізу құқығын бірінші рет алды. 2006 жылы, 4 наурызда Кувейтте осы елдің президенті Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах басқаратын Азиялық Олимпиада кеңесі мен сол кездегі Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен бүгінгі туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мырза басқарған Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті арасында үш жақты келісім – ұйымдастырушы қаламен келісімшартқа қол қойылды. Мұндай жауапты сайысты өткізуде таңдаудың Қазақстанға түсуі тегін емес. Бұған отандық спортшылардың әлемдік ареналардағы жетістіктері де айтарлықтай әсер еткені анық.Бұған дейінгі алты қысқы ойындардың ұйымдастырушылары – Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея сияқты үш держава болды. Енді Қазақстанға қысқы ойындарына маңызды үлес қосу мүмкіндігі туындап отыр. Аталған жарыстарды өткізу Қазақстан үшін беделді оқиға болып табылатынын ескеру қажет. Азиада 2011-дің алдын ала дайындалған бағдарламасына сәйкес ашылу және жабылу салтанаты, мұздағы спорттың бірнеше түрлері бойынша жарыстар Астана қаласында өтеді, ал Алматы қаласында қар спортынан жарыстар өткізіледі. О баста бұл ойындарды өткізу мәртебесіне Алматы қаласы ие болғанымен қазақ шенеуніктер Астана мәртебесін көтеру идеясымен ойындарды Астанаға көшіруді меңзеді. Дегенмен Астана әлі ірі деңгейлі Ойындарды өткізуіне әлі қауқары аз болғандықтан ойындарды екі қалада өткізу жоспарланды. ## Дайындық ### Шығын Қазақстан спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов құрылыс пен қайта құруға 726 миллион АҚШ доллары 2008 жылға арналған мемлекеттік бюджеттен түсетінін атап өтті. Олимпиадалық ауылды жеке инвесторлар қаржыландырады. Жалпы Қазақстан аумақты ойын өткізуге дайындауға 1,4 миллиард доллардан астам қаражат жұмсайды. Ойындарды өткізу үстінде тағы 282 миллион доллар жұмсалды. ### Бойтұмар VІІ қысқы Азия ойындарының бойтұмары ретінде мемлекетіміз «қар барысын» таңдады. Сақтардың мифологиясында барыс әділдіктің қорғаны ретінде бейнеленеді, ол төреші ретінде алдында өтіп жатқандарға биіктен көз салады. Сондай-ақ, барыс жиі ғарыштық әлем тәртібін қорғау белгісі, әлем құрылуының тұрақтылығының кепілі болып табылып, өмір ағашының қорғанышы ретінде көрінеді. Осының барлығы өз кезегінде олимпиада қозғалысының негізгі идеяларымен қиюласады. ### Ойындар Алауы 2010 жылғы 31 желтоқсаннан 2011 жылдың 1 қаңтарына қараған түні Азиялық Олимпиада кеңесінің штаб-пәтері орналасқан Эль-Кувейт қаласында біздің эстафетаның алауы жағылады. Алау 2 қаңтар күні 6-шы қысқы Азия ойындары өткен Қытайдың Чангчун қаласына әкелінеді. 3 қаңтар күні Қазақстан Республикасы, Алматы қаласына жеткізіледі. Алауды қарсы алуға арналған салтанатты рәсімнен соң эстафета қала көшелерін жүріп өтіп, аймақтарда сапарын жалғастырады. 27 күн ішінде Алау Қазақстанның барлық аймағын аралап, 30 қаңтар күні Астана көшелерімен өтіп, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда Азия ойындарының ашылу салтанатында мәресіне жетеді. Жоспарланған маршрут бойынша республикамыздың әр аймағында екі күндік эстафета алауының сапары көзделген. Эстафета тек облыс орталықтары ғана емес, ауылдарды, республикамыздың көрікті туристік жерлерін де басып өтеді. Эстафета қыс мезгілінде өтетін болғандықтан Алауды алып өту үшін автокөлік, шаңғы, коньки, ат, түйе, тікұшақ сияқты тасымал құралдары қолданылады. Әдейі эстафета үшін Ерұлан Қанапьянов от эстафетасының әнұранын жазды. Мәтіннің авторы - ақын-әнші Шомышбай Сариев. Әнұранды Қазақстанның халық әртістері Роза Рымбаева мен Әлібек Дінішев орындады. ### Естелік ақша мен маркалар 2011 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстандағы VII Қысқы Азия ойындарына арналған 500 теңгелік естелік күміс монетаны және 20 миллион дана тиражбен 2000 теңгелік естелік банкнотты айналымға шығарды. * * * * * * * ## Ареналар * * * * * * * * ## Спорт түрлері Азия ойындарының жалпы жарыстары Астана мен Алматы қалаларында спорттың 11 түрінен өткізіледі. Қысқы Азия ойындарының тарихында тұңғыш рет допты хоккейден және шаңғымен бағдарлау бойынша жарыстар өткізілді. Керлинг және сноуборд ойындардан алып тасталды, бағдарламаға шаңғымен трамплиннен секіру қайтарылды. Жақшада спорт түрлері бойынша ойналатын медаль жиынтықтарының саны көрсетілген. ## Календарь ## Қатысушылар Қатысу үшін 26 ел тіркелді, олар төменде келтірілген. Бұл 2007 жылғы ойындарға қарағанда 1-ге көп. Бахрейн, Катар және Сингапур бірінші рет қатысты, ал Макао мен Пәкістан 2007 жылы жарыстан кейін жарысқа қатыспады.
VII Қысқы Азия Ойындары немесе Азиада 2011 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қаласында (Алматы мен Астана) өтті. Жалпы алғанда, VII Қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 26 ел қатысты, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізілдіі және 69-дан астам медаль жиынтығы ойнатылды. Тек оңтүстік мегаполистің өзіне 60 мыңнан астам турист келгенін атап өту керек. ## Өтінім Алматы Кувейтте 2006 жылғы 5 қаңтарда таңдалды. Қазақстан 2007 жылы 29 қазанда жарыстың бір бөлігі Алматыдан Астанаға ауыстыруды көздеді, Азия Олимпиадалық кеңесінің кезекті сессиясында ҚР өтінішін қанағаттандырып, кеңес мүшелері 2011 жылғы Азия ойындарының географиясын кеңейтуді қолдады. ## Тарихы Қазақстан – 2011 жылы өтетін қысқы Азия ойындарын өткізу құқығын бірінші рет алды. 2006 жылы, 4 наурызда Кувейтте осы елдің президенті Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах басқаратын Азиялық Олимпиада кеңесі мен сол кездегі Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен бүгінгі туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мырза басқарған Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті арасында үш жақты келісім – ұйымдастырушы қаламен келісімшартқа қол қойылды. Мұндай жауапты сайысты өткізуде таңдаудың Қазақстанға түсуі тегін емес. Бұған отандық спортшылардың әлемдік ареналардағы жетістіктері де айтарлықтай әсер еткені анық.Бұған дейінгі алты қысқы ойындардың ұйымдастырушылары – Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея сияқты үш держава болды. Енді Қазақстанға қысқы ойындарына маңызды үлес қосу мүмкіндігі туындап отыр. Аталған жарыстарды өткізу Қазақстан үшін беделді оқиға болып табылатынын ескеру қажет. Азиада 2011-дің алдын ала дайындалған бағдарламасына сәйкес ашылу және жабылу салтанаты, мұздағы спорттың бірнеше түрлері бойынша жарыстар Астана қаласында өтеді, ал Алматы қаласында қар спортынан жарыстар өткізіледі. О баста бұл ойындарды өткізу мәртебесіне Алматы қаласы ие болғанымен қазақ шенеуніктер Астана мәртебесін көтеру идеясымен ойындарды Астанаға көшіруді меңзеді. Дегенмен Астана әлі ірі деңгейлі Ойындарды өткізуіне әлі қауқары аз болғандықтан ойындарды екі қалада өткізу жоспарланды. ## Дайындық ### Шығын Қазақстан спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов құрылыс пен қайта құруға 726 миллион АҚШ доллары 2008 жылға арналған мемлекеттік бюджеттен түсетінін атап өтті. Олимпиадалық ауылды жеке инвесторлар қаржыландырады. Жалпы Қазақстан аумақты ойын өткізуге дайындауға 1,4 миллиард доллардан астам қаражат жұмсайды. Ойындарды өткізу үстінде тағы 282 миллион доллар жұмсалды. ### Бойтұмар VІІ қысқы Азия ойындарының бойтұмары ретінде мемлекетіміз «қар барысын» таңдады. Сақтардың мифологиясында барыс әділдіктің қорғаны ретінде бейнеленеді, ол төреші ретінде алдында өтіп жатқандарға биіктен көз салады. Сондай-ақ, барыс жиі ғарыштық әлем тәртібін қорғау белгісі, әлем құрылуының тұрақтылығының кепілі болып табылып, өмір ағашының қорғанышы ретінде көрінеді. Осының барлығы өз кезегінде олимпиада қозғалысының негізгі идеяларымен қиюласады. ### Ойындар Алауы 2010 жылғы 31 желтоқсаннан 2011 жылдың 1 қаңтарына қараған түні Азиялық Олимпиада кеңесінің штаб-пәтері орналасқан Эль-Кувейт қаласында біздің эстафетаның алауы жағылады. Алау 2 қаңтар күні 6-шы қысқы Азия ойындары өткен Қытайдың Чангчун қаласына әкелінеді. 3 қаңтар күні Қазақстан Республикасы, Алматы қаласына жеткізіледі. Алауды қарсы алуға арналған салтанатты рәсімнен соң эстафета қала көшелерін жүріп өтіп, аймақтарда сапарын жалғастырады. 27 күн ішінде Алау Қазақстанның барлық аймағын аралап, 30 қаңтар күні Астана көшелерімен өтіп, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда Азия ойындарының ашылу салтанатында мәресіне жетеді. Жоспарланған маршрут бойынша республикамыздың әр аймағында екі күндік эстафета алауының сапары көзделген. Эстафета тек облыс орталықтары ғана емес, ауылдарды, республикамыздың көрікті туристік жерлерін де басып өтеді. Эстафета қыс мезгілінде өтетін болғандықтан Алауды алып өту үшін автокөлік, шаңғы, коньки, ат, түйе, тікұшақ сияқты тасымал құралдары қолданылады. Әдейі эстафета үшін Ерұлан Қанапьянов от эстафетасының әнұранын жазды. Мәтіннің авторы - ақын-әнші Шомышбай Сариев. Әнұранды Қазақстанның халық әртістері Роза Рымбаева мен Әлібек Дінішев орындады. ### Естелік ақша мен маркалар 2011 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстандағы VII Қысқы Азия ойындарына арналған 500 теңгелік естелік күміс монетаны және 20 миллион дана тиражбен 2000 теңгелік естелік банкнотты айналымға шығарды. * * * * * * * ## Ареналар * * * * * * * * ## Спорт түрлері Азия ойындарының жалпы жарыстары Астана мен Алматы қалаларында спорттың 11 түрінен өткізіледі. Қысқы Азия ойындарының тарихында тұңғыш рет допты хоккейден және шаңғымен бағдарлау бойынша жарыстар өткізілді. Керлинг және сноуборд ойындардан алып тасталды, бағдарламаға шаңғымен трамплиннен секіру қайтарылды. Жақшада спорт түрлері бойынша ойналатын медаль жиынтықтарының саны көрсетілген. ## Календарь ## Қатысушылар Қатысу үшін 26 ел тіркелді, олар төменде келтірілген. Бұл 2007 жылғы ойындарға қарағанда 1-ге көп. Бахрейн, Катар және Сингапур бірінші рет қатысты, ал Макао мен Пәкістан 2007 жылы жарыстан кейін жарысқа қатыспады.
Азия ойындары, Азияда – төрт жыл сайын 1951 жылдан бері Азия елдерінің барлығында өткізілетін спорт жарысы. Ойындардың жалпы ұзақтығы – ашылу және жабылу салтанатын қоса алғанда, кем дегенде 7 және 16 күннен артық емес. Ойын Халықаралық Олимпиада комитетінің қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен реттеледі. Азия ойындарының эмблемасы, туы, ұраны мен әнұраны осы кеңес меншігі болып табылады. ## Тарихы ### Азия ойындарының пайда болуы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азияның бірнеше елі тәуелсіздік алды. Көптеген жаңа ел өзара түсіністікті нығайтуға көмектесетіндей жарыстардың жаңа түрлерін жасағысы келді. 1948 жылғы тамыз айында Лондонда ХІV Олимпиада ойындарының барысында Үндістан Олимпиада комитеті өзінің басшысы Гуру Дутт Сонди тұрғысында Азия спорт командаларының басшыларына «Азия Атлеттік Федерациясын» құруға келіскен Азия ойындарын өткізу идеясын талқылауды ұсынды. 1949 жылы ақпанда «Азия ойындарының федерациясы» құрылды. Бірінші Азия ойындарын Нью-Делиде өткізуге шешім қабылданды. ### Федерацияның құрылуы 1962 жылы федерацияда Тайвань және Израильді қабылдау мәселесі бойынша дау туындады. Ойынды қабылдаушы Индонезия аталған елдерді федерацияға қабылдауға қарсы болды. 1970 жылы Оңтүстік Корея Солтүстік Корея тарапынан болатын қауіпке байланысты ойындарды жүргізе алмады, ойындар Корея қаражатын пайдаланып Таиланд астанасы – Бангкокта өткізілді. 1977 жылы Пәкістан Бангладеш пен Үндістан арасындағы қақтығыс салдарынан ойындарды өткізе алмады. Ойындар тағы Бангкокқа ауыстырылды. Осы оқиғалардан кейін Азияның Ұлттық Олимпиада комитеттері Азия ойындары федерациясының жарғысын өзгерту туралы шешім қабылдады. «Азиялық Олимпиада кеңесі» деп аталған жаңа бірлестік құрылды. Осы кеңес 1986 жылдан бері ойындарды қадағалайды.Тайвань федерацияға қабылданды, бірақ АОК ХОК стандарттарына сәйкес оны «Қытай» (Тайпэй) деп атайды. Израиль шығарылып тасталып, еуропалық жарыстарға қосылды. ### Кеңейтілуі 1994 жылы бірнеше елдің қарсы болуына қарамастан АОК бұрынғы кеңес республикаларын ойындарға шақырды. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстан. Ең бірінші және екінші қысқы Азия ойындарын жапон мемлекеті қатарынан екі рет 1986-1990 жылдары өткізді. Алғашқыда спорттың 7 түрінен жарыстар болса, төрт жылдан кейін спорттың 6 түрінен өткізді. Бұдан кейін Қытай мемлекетінің Харбин қаласында 1996 жылы спорттың 7 түрінен 10 мемлекет қатысқан ойындар ұйымдастырылды. Төртінші Азиада алауы 1999 жылы Корей елінің Кангвон қаласында тұтанды. Бесінші Азиада ойынының жалауын желбірету 2003 жылы Жапон мемлекетінің еншісіне тиді. Азиада ойындарын өткізу мәртебесі Қытай еліне 2007 жылы қайта оралды. Енді міне, жетінші алау 2011 жылы Қазақ елінде маздады. 2007 жылы Аустралия АОК-ға кіруден бас тартты, өткені ол Океания ұлттық олимпиадалық комитеттеріне мүше (ал 2015 жылдан Тынықмұхиты ойындарына қатысады). 2010 жылғы Азия ойындарында бірінші рет крикет таныстырылды. ## Азия ойындарының тізімі ## Жалпы медальдар санағы Ойындар тарихында бүкіл қатысушы 46 ұлттық олимпиада комитеттерінің 43-і кем дегенде жарыста бір медаль жеңіп алған, бір де бір медаль ала алмаған үш мемлекет қалды:Бутан, Мальдивтер және Шығыс Тимор әлі бір медаль ұтып ала алмаған. 38 ұлт кем дегенде бір алтын медаль жеңіп алған (тек Жапония мен Үндістан ғана әрбір Азия ойындарында кем дегенде бір алтыннан ұтып алған), ал ойындар тарихында Жапония мен Қытай ғана жалпы чемпиондар атанған. ## Спорт түрлерінің тізімі * Есу — 1982 жылдан Академиялық есу Байдарка мен каноэде есу Драгонботтарда есу Есу слаломы * Академиялық есу * Байдарка мен каноэде есу * Драгонботтарда есу * Есу слаломы * Ат спорты — 1982 мен 1986 жылдар, 1994 жылдан бастап * Әртістік жүзу — 1994 жылдан * Бадминтон — 1962 жылдан * Баскетбол — әрқашан * Бейсбол — 1994 жылдан * Бильярд — 1998-2010 жылдар * Бодибилдинг — 2002-2006 жылдар * Бокс — 1954 жылдан * Боулинг — 1978 жыл, 1986 жылдан * Велоспорт — 1951 жыл, 1958 жылдан * Волейбол — 1958 жылдан * Гандбол — 1982 жылдан * Гимнастика — 1974 жылдан * Гольф — 1982 жылдан * Байдаркада және каноэде есу — 1990 жылдан * Дзюдо — 1986 жылдан * Джиу-джитсу — 2018 жылы бастап * Жеңіл атлетика — әрқашан * Желкенді спорт — 1970 жыл, 1978 жылдан * Су спорты — 1951 жылдан Су полосы Жүзу Суға секіру Синхронды жүзу Ашық суда жүзу * Су полосы * Жүзу * Суға секіру * Синхронды жүзу * Ашық суда жүзу * Кабади — 1990 жылдан * Қазіргі бессайыс — 1994 жыл, 2002 жыл * Каратэ — 1994 жылдан * Күрес - 1954 жылданЕркінГрек-рим * Еркін * Грек-рим * Крикет — 2010-2014 жылдар * Кураш — 2018 жылдан бастап * Нысана көздеу — 1954 жылда * Регби-7 — 1998 жылдан * Самбо — 2014 жылдан * Сепак такрау — 1990 жылдан * Сквош — 1998 жылдан * Софтбол — 1990 жылдан * Спорт биі — тек қана 2010 жылы * Садақ ату — 1978 жылдан * Софт-теннис — 1994 жылдан * Теннис — 1958-1966 жылдар, 1974 жылдан * Үстел теннисі — 1958—1966 жылдар, 1974 жылдан * Триатлон — 2006 жылдан * Тхэквондо — 1986 жылдан * Ауыр атлетика — 1951-1958 жылдар, 1966 жылдан * Ушу — 1990 жылдан * Семсерлесу — 1974-1978 жылдар, 1986 жылдан * Футбол — әрқашан * Көгалдағы хоккей — 1958 жылдан * Шахмат — 2006-2010 жылдар * Пенчак силат — тек қана 2018 жылы * Парапланерлік спорт — тек қана 2018 жылы * Роллерлік спорт — тек қана 2018 жылы ## Қайнары ## Сілтемелер * Қысқы Азия ойындары * Азия Олимпиадалық Кеңесінің сайты Мұрағатталған 14 сәуірдің 2012 жылы.  (ағыл.) Үлгі:Азия ойындары спорт түрлері
Шренк қызғалдағы (лат. Tulipa schrenckii) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық баданалы өсімдіктер туысы. Баданасы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 3 сантиметрге дейін жетеді. Сағағы жіңішке, биіктігі 30 см. Жапырақтары 3-4, ланцет тәрізді, жіңішке сопақша келген гүлінен сәл ұзын. Гүлдері ірі, ақ, қызыл не сары түсті. Гүлдерінде қара, ақ немесе сарғыш дақтар болады. Дәндерімен көбейеді. Мамырда гүлдейді, маусымда жемісі пісіп жетіледі. Қауашағы доғал пішінді. Тасты-қиыршықты жерлерде және беткейлерде өседі. Қазақстанның барлық өңірінде өседі. Шренк қызғалдағы — әсемдік өсімдік, алқабы жылдан-жылға қысқарып келеді. Жер жырту және егісті жедел игеру салдарынан оның қоры жылдан-жылға азаюда. Қызғалдақ Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
Табиғат ескерткіші — ғылыми, тарихи, мәдени және эстетикалық мәні бар табиғат объектілері. Халық игілігіне жарату мақсатымен мемлекет тарапынан қорғауға алынады. ## Табиғат ескерткіштерінің түрлері * Ботаникалық * зоологиялық, * геологиялық * Тарихи * мемлекеттік * Жергілікті ## Табиғат ескерткіштерінің қатары Табиғат ескерткіштері қатарына көне заманнан қалған, сирек кездесетін ағаштар мен ағаш топтары, жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар, шағын ормандар мен тоғайлар, табиғаты жағынан теңдесі жоқ өзен жағалаулары мен аңғарлары, мұз дәуірінен қалған үлкен домалақ тастар, геологиялық шөгінділер, үңгірлер, арасан бұлақтары, сарқырамалар, кейбір көлдер т.б. жатады. ## Тағы қараңыз * Қазақстан табиғат ескерткіштерінің тізімі * Қазақстан ерекше қорғалатын табиғи аумақтары ## Дереккөздер
Жұбан Молдағалиев (5.09.1920 жыл, Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды - 06.10.1988, Алматы) — қазақ ақыны, жауынгер, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, "Мен Қазақпын" поэмасының авторы. ## Өмірбаяны Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы Кеңес Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты. Кіші жүз Байұлы тайпасы Байбақты руынан шыққан. Одан кейінгі жылдары: "Лениншіл жас" (1948-52), "Қазақ әдебиеті" (1955-56) газеттері мен "Жұлдыз" журналы (1958-63) редакцияларында, Қазақстан жазушылар одағында (1953-54; 1963-71; 1 хатшысы) қызмет істеді. Алғашқы өлеңі ("Ленин тірі") Орал "Комсомол ұрпағы" газетінде (1939) басылды. Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен 1949 жылы жарық көрді. Жұбан Молдағалиевтің көптеген поэмаларында азаматтық сарын мен көңіл күйі лирикасы басым. Жұбан Молдағалиев 7-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралақасының, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі (XII—ХӀӀӀ-съездерде) болып сайланды. Ж.Молдағалиев екі рет Еңбек Қызыл Ту және 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет Белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Мен - қазақпын поэмасы Жұбан — өзінің атақты "Мен — қазақпын" деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын. Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтің 1949 жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқаладыЖ. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді. Өзінің "қазақ" екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз. "Қазақ болу — зор бақыт" дер күн тіпті... — деген өлең жолдары бүгінгі "егемендікті" жыр еткендей әсерге бөлейді. Ақын болашаққа сенеді. Сондықтан да ол ақынша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды. Енді бірде ақын: Жұбан Молдағалиев өмір шындығының әр саласына терең үңіле отырып, жетпісінші жылдары "Қыран дала", "Сел", "Байқоңыр баспалдақтары" атты поэмалар жазды. Мұнда жаңа деректерге сүйенген ақын, заман шындығын, адамдардың ерлік істерін суреттейді. Халықтың бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетеді. Эпикалык поэма үлгісін жалғастырып, толықтыра түскен ақынның қай поэмасы болмасын, қызық сюжетті, оқиғалы болып келеді. ## Жұбан Молдағалиев шығармашылығы "Жыр туралы" поэмасында (1963) татар акыны Кеңес Одағының Батыры Мұса Жәлилдің ерлігі бейнеленген. Ол "Жесір тағдырында" (1965) қазақ әйелінің өткен заманғы қатал тағдыры мен оның жаңа өмір жолындағы күресін көрсетті. "Мен қазақпын" поэмасында қазақ халқының өмірі, ұлттық ерекшелігі реалистік тұрғыда берілген. "Айттым сәлем" лирикалық поэмасы (1967) махаббат пен ерлікті жырлайды. "Кісен ашкан" (1969) поэмасында Құрманғазының осы аттас күйіне құлақ қойып, ой жібере отырып, өскен өнер, өркендеген халық тағдыры баяндалған. Оның ақындық өнерін айқын танытқан бұл шығармасына Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы (1970) берілді. 1970 жылы Жұбан Молдағалиевтың таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрді. Жұбан Молдағалиев көркем аударма мен публицистика саласында да жемісті еңбек етіп келеді. Бірсыпыра шығармалары: ағылшын, неміс, араб, испан, поляк, монгол, француз, венгр және басқа шетел тілдерінде басылып шықты. Ол Абайды Ұлы ұстаз тұтып, өз шығармаларында ақын бейнесін шебер өрнектеген. Солардың арасында шоқтығы биігі - «Абай шыңына» (Шығ. жинағы. 1 т., 1979) өлеңі: «Шаншылып Алатаудың ұршығындай,Шабыттың шырқап биік ыршуындай, Шолып тұр шартарапты Абай шыңы, Шытырман, жакпар-жақпар жыр шыңындай...» - деп, ол ешбір кіріспесіз-ақ кемеңгер ақын бейнесін кескіндеуге бірден бет бұрады. Алатау - Абай тұлғаларының қатар алынуында терең мән жатыр. «Шыңдардың ақиығы, мұз балағы, Бөктерде балалаған құз қалады...»- деп, ақын Абай шыңын «шыңдардың ақиығына» балайды. Өлең ұлы ақынның Алматыда орнатылған зәулім ескерткішіне назар аударумен түйінделеді. Кемеңгер ақын бейнесін ол басқа да жырларында сомдай түскен. «Қазақшадан аударылған» (1971) деген өлеңінде ол қазақ жеріндегі шоқ жұлдыздар қатарында Абай есімін алдымен атайды. «Пір» (1972) өлеңінде Александр Сергеевич Пушкин поэзиясымен алғаш Абай аудармасы арқылы танысқанын баяндайды. «Мен - қазақпын» (1963-64) дейтін атақты дастанында ол Абай бейнесіне ойша оралып, ол қазақ халқы тарихының бөлінбейтін бір бөлшегі, асқаралыбелесі екенін ескертеді. Әдебиет жайындағы мақалаларында ол Абай тұлғасына бір соқпай өтпейді. «Қазақ әдебиеті» газетіңде жарияланған мақаласында («Ерлікпен тең еңбек», 1969, 7-желтоқсан) Абайдың орыс тіліне аударылуы туралы сөз қозғайды. Құрманғазы өмірінен жазылған «Кісен ашқан» поэмасы үшін 1970 ж. Молдағалиевқа Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдерімен біршама жыр туындылары орыс, ағылшын, неміс, француз, испан, поляк, венгр, араб, монғол, қырғыз, өзбек, қытай, түрік т.б. тілдерге аударылған. ## Пікірлер ## Сілтемелер * Салауат Кәрім. Жалын, жарқыл шашқан - Жұбан ақын... * Әділбек Ыбырайымұлы. Жалындап өткен Жұбан аға * Ақын туралы дерек Sputniknews.kz сайтында ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Көктерек — Абай облысы Мақаншы ауданындағы ауыл. * Көктерек — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл. * Көктерек — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл. * Көктерек — Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл. * Көктерек — Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы ауыл. * Көктерек — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл. * Көктерек — Жетісу облысы Сарқан ауданындағы ауыл. * Көктерек — Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы ауыл. * Көктерек — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. * Көктерек — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. * Көктерек — Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы ауыл. * Көктерек — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы ауыл * Көктерек — Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл. * Көктерек — Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл. * Көктерек — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданындағы ауыл ## Басқа мағыналар: * Көктерек – талдар тұқымдасына жататын терек түрі. * Көктерек – Іле алабындағы өзен.
Ақ тырна (лат. Grus leucogeranus) — тырналар тұқымдасының бір түрі. Қазақстанның батыс және орталық аймақтарын көктемгі (сәуір — мамыр) және күзгі (тамыз — қазан) ұшу кезінде қоныстайды. Бұл кезде Наурызым қорығында, Ырғыз және Торғай өзендері мен Арал теңізі жағалауында жиі кездеседі. Сирағының төменгі жағы қауырсынсыз, құйрығы қысқа. Мойны, аяғы ұзын. Қанатының қарымы 2 метрге, салмағы 10 кг-ға дейін жетеді. Қанаты ақ, қанатының ұшы қара, тұмсығы қызыл. Суат маңын, көбінесе батпақты жерлерді мекен етеді. Өсімдік дәнімен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ұясын шөп арасына, кейде тайыз су бетіне салады. Сәуір—мамырда 2-3 шұбар жұмыртқа туып, оларды мекиені 1 айға жуық басады. Жыл құсы. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Жойылып кету жағдайында тұрған түр, Солтүстік Азияның эндемик. ХТҚО-ның Қызыл кітабына тіркелген. Түрдің жалпы саны 1,5 мыңнан аспайды. Қазақстанда ұшып өтетін ақ тырналар тек Қорғалжын қорықтарында ғана қорғалады. Ақ тырнаның қоныс аудару жолында орналасқан Торғой қорығын құруды тездету қажет. 1981 жылдан Халықараралық “Ақ тырна” жобасына сәйкес Ресейдің Окскі қорығында, Американың Барабу, Германияның Вальсроде питомнигінде қолдан өсірілуде. ## Сыртқы сілтеме * Ақ тырна ## Дереккөздер
Ұлттық парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Ұлттық табиғи парктердің қорықтардан айырмашылығы - туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі. Қазақстанда 5 ұлттық парк ұйымдастырылған. * Еліміздегі алғашқы ұлттық парк - Баянауыл ұлттық табиғи паркі. Ол 1985 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл орман шаруашылығының негізінде құрылған, ауданы 50,7 мың га. Парк аумағына енетін таулы-орманды ландшафтылары тамаша табиғат ерекшеліктерімен көзге түседі. Қарағай, қайың ормандары өскен, гранитті, үгіліп мүжілген Баянауыл таулары Сарыарқаның шөлейтті жазықтарында орналасқан. Мұнда құстардың 54 түрі, сүтқоректілердің 54, балықтың 8, өсімдіктің 438 түрі бар. Биік жері- Ақбет тауы, биіктігі 1026 м. Табиғатының қолайлы жағдайына байланысты Баянауыл тауларын «шөлді даладағы таулы-орманды шұрат» деп атайды. Бұл аймақ жаппай демалыс пен туризмнің дамыған жері. Мұнда көптеген демалыс үйлері, емдеу мекемелері, туристік базарлар орналасқан. Паркте ұзақ уақыт үгілу әрекетінен қайталанбас жартас, шоқылар қалыптасқан. Олар сыртқы түріне орай « Жалауыз кемпір», «Найзатас», «Тас және Ат басы», т.б деп аталады. * Іле Алатауы ұлтық парк 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 181,6 мың га. Іле Алатауының солтүстік беткейінде Түрген шатқалынан бастап, батыста Қаскелең асуына дейінгі ерекше Ландшафтыларды қорғау және деалыс, тынығу мақсатынла пайдаланылады. Мұнда қорғауға аңның 43 түрі, құстың 138 түрі, балықтың 8 түрі, өсімдіктің 1282 түрі алынды. * Қарқаралы ұлттық паркі 1998 жылы құрылған. Ауданы 90,3 мың га. Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында орналасқан. Қарқаралы және Кент тау жүйелерін қамтиды. Осында әйгілі Шайтанкөл орналасқан. Мұнда аңның 39 түрі, құстың 55 түрі, балықтың 11 түрі, өсімдіктің 68 түрі қорғалады. * Алтынемел табиғи ұлттық паркі 1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов аудандары жерінде орналасқан. Ауданы 212,1 мың га. Алтынемел тауын қамтиды. Мұнда аңның 6 түрі (таутеке, қарақұйрық, құлан, қызыл қасқыр және т.б.) сонымен бірге құстың 231 түрі, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған. * Көкшетау паркі 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 135,8 мың га. Мұнда аңның 305 түрі, құстың 223, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған.
Сарсенғалиев Қаби – 1925 жылы 6 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданының Жиекқұм ауылдық Советінде дүниеге келген. Ауыл мектебінде 7 жылдық білім алып, ерте еңбекке араласады. 1943 жылы қаңтарда Қызыл Әскер қатарына алынып, Ұлы Отан соғысы аяқталғанша 5-ші Гвардиялық Танк әскерінің барлаушы полкінде болады. Соғыстан кейінгі жылдары Германия, Польша, Белоруссия жерінде, Москвада әскери қызметін жалғастырады. 1948 жылы елге оралып, милиция қызметіне орналасады, ішкі істер бөлімінде 35 жыл абыройымен еңбек етіп, аға сержант шенінен милиция полковнигіне дейінгі жолдан өтті. 14 жыл Чапаев аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, 11 жыл өрт сөндіру бөлімің бастығы қызметін атқарды. Білімі жоғары. КСРО Ішкі Істер Министрлігінің Москвадағы Жоғарғы Мектебін бітірген. 3 дәрежелі Даңқ, 2 дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен, құрмет грамоталарымен марапатталған. ## Әдебиет * «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы
Теренсе Тау (қыт. 陶哲軒, ағылш. Terence Chi-Shen Tao) (17 шілде 1975 жыл) осы ғасырдағы математикада жеткен жетістігі ең көп жас математик ретінде саналады. Жастайынан математикамен айналысқан осы бір талантты жастың математикадағы жетістіктеріне қайран қаласың. Тоғызыншы класта жүріп халқаралық математика олимпиадасының жеңімпазы болған жас математик орда бұзар отыз жасында көп математиктің қолы жете бермейтін Филдс математика сыйлығын алды. Қазір 35 жастағы математиктің алған асуы ақсақалды математиктердің де алдын орап кетті. Математикадағы зерттеу салалары: Гармоникалық талдау, Жай дифференциялдық теңдеулер, Комбинаторика, Аналитикалық сандар теориясы, Көрсету теориясы т.б. ## Жүлделері Теренсе Тау 2010 жылғы математиктер мен экономистерге берілетін Неммерс сыйлығының иегері атанды.Сыйақысы 175,000 Ақш долларын құрайтын сыйлық Таодың соңғы кездегі математикадағы жеткен жетістіктерінің, әсіресе сандар теориясындағы атақты Венгр математигі Паул Ердёштың жорамалының дербес жағдайдағы шешімін тапқаны үшін беріліп отыр. (Green–Tao theorem). Сыйлық иегерінің бұдан да басқа математиканың салаларында жеткен жетістіктері ұшан теңіз. * Р.Салем сыйлығы ( Salem Prize 2000) * Бочерді атындағы сыйлығы (Bôcher Memorial Prize 2002) * Клай ізденушілерінің сыйлығы Clay Research Award (2003) * Австралия математика қоғамының сыйлығы ( Australian Mathematical Society Medal 2005) * Островский сыйлығы (Ostrowski Prize 2005) * Раманужан сыйлығы (SASTRA Ramanujan Prize 2006) * Филдс сыйлығы (Fields Medal 2006) * Австралия жыл адамы(Australian of the Year 2007) * Мак Артур сыйлығы (MacArthur Award 2007) * Ватерман сыйлығы (Alan T. Waterman Award 2008) * Файсал корольдық сыйлығы (King Faisal International Prize 2010) ## Дереккөздер
Жүз сөзінің бірнеше мағынасы бар: * Жүз — сан, 100; * Жүз — бет, ажар, түр, шырай; * Жүз — бірнәрсенің өткір жағы, өткір шеті; * Дүние жүзі, жаһан жүзі, аспан жүзі мағыналарда; * Қазақ жүздері — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
Емшек немесе омырау — әйел адамдардың сүт бездері орналасқан мүшесі. Дамыған сүт бездері екінші дәрежелі жыныстық белгілер ретінде қарастырылады және ер адамдардың емшегіне қарағанда сезімталдығы күштірек эрогенді зона. Жалаңаштанған емшектің көрінісі екі жыныстың да сексуалдық құштарлығын оятады. Көптеген мәдениеттерде, ер адамдарға қарағанда әйел адамдарға емшектерін жалаңаштандыру ұятсыздық саналады. Бірақ кейбір мәдениеттерде омырауды жалаңаштандыру қолайлы саналады, ал кейбір елдерде бұндай тыйымдар мүлде болмаған. Қай кезде емшекті жалаңаштандыруға (топлес) болады деген мәселе мекен мен жағдайға байланысты. Кейбір батыс мәдениеттерінде емшекті жағажайда(пляж) жалаңаштандыру қолайлы болғанмен, қаланың ортасында бұл әрекет ұятсыздық деп қабылданады. Көп жағдайда әйел емшегін жалаңаштандыру негізінен емшектің үрпісіне қатысты, декольтені көрсетуге тыйым рұқсат етілген. Егер емшекті көпшілікке көрсету бала емізумен байланысты болса, бұған адамдар әдетте түсіністікпен қарайды. Феминизмді жақтайтын әйелдердің ойынша емшекті көпшілікке көрсетуге рұқсат етудің гендерлік теңдікке тікелей қатысы бар. ## Тағы қараңыз * Мүшелер жүйесі * Сүт бездері
Соқырішек немесе Соқыр ішек (лат.: Caecum, Coecum немесе Cecum) — бұл аппендикстің, іштің оң жақ төменгі бөлігінде тоқ ішекке жанаса жалғаса біткен ұзындығы саусақтай қалташаның қабынуынан пайда болатын ауру. Қабынған аппендикс жарылып, көк еттің тоқ ішек — талаурауына соқтыруы мүмкін. Іш құрылысының (көк еттің) талаурауы — ішек қуысына қауіпті инфекция түсіретін қатты асқынған ауру. Ол аппендикстің немесе ішектің басқа бөлігінің жарылуынан пайда болады. ## Соқырішек ауруының белгілері * Басты белгісі — іштің үздіксіз ауырған үстіне ауыра беруі; * Ауыру белгісі көбінесе кіндік түбінен басталып, содан соң іле оң жақ төменгі бөлікке ауысады; * Адамның асқа тәбеті жойылып, жүрегі айныйды, құсады, үлкен дәреті жүрмейді, аздап қызу көтеріледі. * Соқырішек немесе талаурау ауруларына қатысты тексеру. Сырқат адамды жөтелдіртіңіз де, жөтелдің ішті қатты ауыртып, не ауыртпайтынын бақылаңыз;Немесе баяу, бірақ іштің шаптан солға таман және сәл жоғарырақ бөлігін ауырғанша қаттырақ батырып басыңыз.Содан соң қолыңызды тез тартып алыңыз. Егер де қолды жіберіп қалған кезде іштің оқыс қатты ауырғаны сезілсе, онда мұның соқырішек немесе талаурау болуы әбден ықтимал.Егер де осы қимылдан оқыс қатты ауырғандық белгісі сезілмесе, онда осы тәсілді оң жақ шаптың аумағына да қолданып көріңіз. Егер аурудың соқырішек немесе талаурау екендігіне көз жеткізгендей болсаңыз онда: * Дәрігерлік көмек көрсетудің шұғыл шараларын қарастырыңыз; * Сырқат адамды оған операция жасауға мүмкіндігі бар жерге жеткізуге қолдан келгенше тырысыңыз; * Оған ауыздан ештеңе ішкізбеңіз және клизма да жасамаңыз. Шөлдеу, сусау белгілері байқалғанда да ғана жұтымдатып су немесе судың орнын алмастыратын сусыннан басқа ештеңе бермеңіз. * Сырқат адам толық тыныштықта жартылай отырған қалыпта жайғасуы керек. ## Жиілік және таралуы Аппендицит кез келген жаста, көбінесе жас және орта жаста көрінеді; әйелдер ерлерге қарағанда жиі ауырады. Жіті аппендицит аурушаңдығы жылына 1000 адамға шаққанда 4-5 жағдайды құрайды. Құрсақ қуысы мүшелерінің жіті хирургиялық аурулары арасында жедел аппендицит 89,1% құрайды(1 орында). Жедел аппендицит-перитонит дамуының ең жиі себебі. ## Дереккөздер * Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет. ISBN 5-615-01453-9
Шәймерден Қосшығұлұлы (Көкшетау оязы, Қотыркөл болысы, 1874–1932) - Көкшетау мешіті жанындағы интернаттың мұғалімі. 19 ғасырдың 90-жылдары - 20 ғасырдың бас кезінде патша үкіметі қазақ өлкесін уысында берік ұстау үшін оны басқарудың дін мекемелері мен мектептерді де қамтитын жаңа тәртіптерін енгізді. 1901 жылы патша әкімшілігінің жарлығы бойынша Петропавл, Көкшетау, Павлодар өңірінде мешіттер жабылып, молдалардың мұсылман дінінің заңы - шариғат жолымен қызмет атқаруына тыйым салынды. Мұндай әрекеттер халық арасында наразылық тудырып, ел ішінде дүмпулер туғызды. Патшалық Ресейдің қазақ даласындағы бұл отарлық саясатына қарсы Көкшетау молдасы Наурызбай Тала сұлы және оның көмекшісі Шәймерден қауым арасында белең ала бастаған демократиялық озық ой-пікірді, азаттық қозғалысты біріктіріп өлкені тұтас қамтитын мүфтиге бағынатын, дербес діни панисламдық ұйым құруды көздеді. Өз қимыл-әрекеттерінің пәрменділігін, ықпалын арттыру үшін қазақ жұртына құрметті де беделді адамдарға иек арту мақсатымен ол Абайға екі рет хат жолдаған. Ол хатында Абайды: «Баяғы дәурен етті де, өлетін заман жетті де... Барлық жай-жапсарды айтып, ақылдасуға... қазақтың мүддесін шағып ойласуға...» (Абай тағылымы. - А., 1986, 424-6.) шақырып, ақынды ел қамын ойлайтын, қалың елге мұратты жол нұсқайтын кемеңгер ақылшы, ақ ниет қамқоршысы ретінде таныған. Бұл хаттар патша әкімшілігінің қолына түсіп, Шәймерден 1903 жылы тұтқындалып, 5 жылға түрмеге қамалады. Көрнекті Алаш қайраткері, діндар Шаймерден Қосшығұлұлы 1874 жылы Ақмола облысы, Көкшетау оязы, Қотыркөл болысында туған. Керей руының Ақсары бөлімінен шыққан. Жас шағында ауыл молдасынан хат таниды, кейін Көкшетаудағы Науан хазірет медресесінде және Бұхарада оқиды. Мұнан соң осы қалада 1886 жылы жұртшылық қаржысымен салынған, Мезгіл болысының азаматы Наурызбай (Науан хазірет) Таласұлы ұстаған мешіт жанындағы интернаттың мұғалімі болады. Бұл кезде ол ұстазымен бірігіп, Ресейдің шоқындыру саясатына ашық қарсы тұрады. 1903 жылы Абай Құнанбайұлы сынды қазақтың білікті, сыйлы азаматтарына патшалық режимнің оспадар әрекеті туралы және осыған байланысты бас қосу жөнінде екі мәрте хат жазады. Осы күресі үшін имам Н.Таласұлы екеуі абақтыға жабылады. Жандармерия тексергенде, Көкшетау мешітінен «цензура» өткізбеген 164 кітап және күмәнді қолжазбалар шығады. Ақыры патша өкіметі 1903 жылы шілдеде Шаймерденге - 5 жыл, Науанға - 3 жыл кесіп, Үркіт генерал-губернаторының бақылауына Батыс Сібірге жіберіледі. Бұл жерден оларды Якутияға жер аударады. Осы заңсыздықты Ә.Бөкейхан мен М.Сералин жауапты орындарға, орыс зиялыларына дәлелдеп айта жүріп, бірнеше министрдің қабылдауында болып, оларды 1905 жылы наурызда босатып алады. Осы жылы М.Тынышбайұлы, С.Шипабекұлы секілді қайраткерлермен бірге Петерборға барып, патша өкіметіне қарсы шеруге қатынасады. Сонан соң Нижний Новгородта ашылған жалпыресейлік мұсылмандар сиезіне қатысады. Елге келген соң күрескер азаматты халық 1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға депутат етіп сайлайды. Бірақ ол бұл жолы «орыс тілін білмейді» деген желеумен депутаттыққа тіркелмеген. Ресми өкімет, халықты сатып жүрген тілмаштар қайраткер туралы неше түрлі алыпқашпа сөз таратқан. Бұл шақта қайраткер Балықты көлдегі алты бөлмелі ағаштан қиып салған үйін мектепке айналдырып, орыс мұғалімін жалдап, балалардың оқу шығынын өзі көтерген. I Мемлекеттік Дума таратылған соң, патша II Думаға сайлау жарлығын шығарғанда қайраткерді халық тағы да парламентке ұсынады. Ол Петерборға аттанады. Дума мүшесі болады. Бұл Дума да таратылғанда қайраткер өз қаржысымен астанада татардың «Улфат» (Бірлесу) газетіне қосымша ретінде «Серке» газетін шығарады. Қазақтан кісі сайланбаған III Думаға «Жер туралы» Заң жөнінде сұрау (запрос) салады. 1907 жылы Алаш көсемі Ә.Бөкейханның тапсырмасымен Түркияға барып, үкімет, парламент басшыларымен кездеседі. Түріктің бір газеті арқылы II Николайға мәлімдеме жасайды. Діндар 1917–1919 жылдардағы Алаш қозғалысынан да шет қалмайды. Кеңес өкіметі оны 1931 жылы Петропавл түрмесіне жабады. Әбден қиналған, саясаттан теперіш көрген қайраткер 1932 жылы Омбы жерінде қайтыс болады. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы 2024 жылы 1 шілдедегі дерек бойынша: * 20 бірінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірліктен: 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала; * 227 екінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірліктен: облыстардағы 170 аудан, 39 облыстық маңызы бар қала, республикалық маңызы бар қалалардағы 18 аудан; * 2345 үшінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: аудандық маңызы бар қалалардың 48 әкімдігі, облыстық маңызы бар қалалардағы 4 аудан әкімдігі, 27 кент әкімдігі, 2165 ауылдық округ әкімдігі, 101 ауыл әкімдігі. Барлығы Қазақстанда 90 қала, 27 кент, 6208 ауыл бар. ## Қазіргі әкімшілік бөлінісі ### Бірінші деңгей Қазақстан Республикасы 17 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді. * Астана қаласы — Қазақстанның елордасы. * Алматы қаласы — ерекше мәртебеге ие республикалық маңызы бар қала. * Шымкент қаласы — республикалық маңызы бар қала. ### Екінші деңгей Әкімшілік бөліністің екінші деңгейіне 170 ауылдық жердегі аудан, 19 қалалық жердегі аудан және 39 облыстық маңызы бар қала жатады. Республикалық маңызы бар қалалардағы аудандар: * Астанада — 6 аудан * Алматыда — 8 аудан * Шымкентте — 5 аудан Облыстық маңызы бар қала мәртебесін дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар, халқының саны 50 мың адамнан жоғары ірі экономикалық және мәдени орталықтар алады. ### Үшінші деңгей Үшінші деңгейде 48 аудандық маңызы бар қала, 4 қалалық жердегі аудан (облыстық маңызы бар Қарағанды және Ақтөбе қалаларында екі-екіден), 27 кент әкімдігі, 2165 ауылдық округ және 101 ауыл әкімдігі бар. Облыстық маңыздағы қала ішінде аудан ондағы халық саны 400 мың адамнан асқанда құрылады. ## Тарихы ### Ресей империясы XX ғасыр басында Қазақстан аумағында жеті облыс болған: * Ақмола облысы — Омбы қаласы * Жетісу облысы — Верный қаласы * Күнгей Каспий облысы — Ашхабад қаласы * Орал облысы — Орал қаласы * Семей облысы — Семей қаласы * Сырдария облысы — Ташкент қаласы * Торғай облысы — Орынбор қаласы Бұрынғы Бөкей Ордасы аумағы Астрахан губерниясының құрамында болды. ### Кеңес заманы * 1920: Семей губерниясы құрылды * 1921: Төмендегідей губерниялар құрылдыАқмола губерниясы - Петропавл қаласыАқтөбе губерниясы - Ақтөбе қаласыҚостанай губерниясы - Қостанай қаласы * Ақмола губерниясы - Петропавл қаласы * Ақтөбе губерниясы - Ақтөбе қаласы * Қостанай губерниясы - Қостанай қаласы * 1924: Жетісу, Сырдария губерниялары құрылды * 13 қыркүйек 1925: Қостанай губерниясы жойылып, орнына Қостанай уезі құрылды * 14 қыркүйек 1925: Қостанай уезі болыстарынан Қостанай округі құрылды * 17 қаңтар 1928: Қазақ АКСР-індегі барлық губерниялар жойылып, орнына 13 округ құрылды * Адай округі - Ойыл ауылы * Ақмола округі - Ақмола қаласы * Ақтөбе округі - Ақтөбе қаласы * Алматы округі - Алматы қаласы * Гурьев округі - Гурьев қаласы * Қарқаралы округі - Қарқаралы қаласы * Қостанай округі - Қостанай қаласы * Қызылжар округі - Петропавл қаласы * Қызылорда округі - Қызылорда қаласы * Орал округі - Орал қаласы * Павлодар округі - Павлодар қаласы * Семей округі - Семей қаласы * Сырдария округі - Шымкент қаласы * 10 мамыр 1928: Қызылжар округінің атауы Петропавл округі болып өзгерді * 10 сәуір 1929: Адай округі жойылды * 17 желтоқсан 1930: Қазақ АКСР-інің барлық округтері жойылып, аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді * 10 наурыз 1932: Қазақ АКСР-інде округтердің орнына 6 облыс құрылды * Ақтөбе облысы - Ақтөбе қаласы * Алматы облысы - Алматы қаласы * Батыс Қазақстан облысы - Орал қаласы * Қарағанды облысы - Петропавл қаласы * Оңтүстік Қазақстан облысы - Шымкент қаласы * Шығыс Қазақстан облысы - Семей қаласы * 1 шілде 1933: Гурьев округі қайта құрылды * 4 шілде 1934: Қарқаралы округі қайта құрылды * 29 шілде 1936: Қарқаралы округі жойылды. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары құрылды. Қарағанды облысының орталығы Петропавлдан Қарағандыға көшірілді * 5 желтоқсан 1936: Гурьев округі жойылды * 15 қаңтар 1938: Гурьев, Қызылорда және Павлодар облыстары құрылды * 14 қазан 1939: Ақмола, Жамбыл және Семей облыстары құрылды. Шығыс Қазақстан облысының орталығы Семейден Өскеменге көшірілді * 16 наурыз 1944: Көкшетау және Талдықорған облыстары құрылды * 6 маусым 1959: Талдықорған облысы жойылды * 26 желтоқсан 1960: Тың өлкесі құрылды. Ақмола облысы жойылып, аумағы өлкенің тікелей басқаруына өтті * 24 сәуір 1961: Тың өлкесі құрамында орталығы Целиноград қаласында Целиноград облысы құрылды * Тың өлкесі - Целиноград қаласы (Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Целиноград) * 3 мамыр 1962: Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары Орал және Шымкент болып өзгерді. Құрамына 6 облыс кіретін Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан өлкелері құрылды: * Батыс Қазақстан өлкесі - Ақтөбе қаласы (Ақтөбе, Гурьев, Орал) * Оңтүстік Қазақстан өлкесі - Шымкент қаласы (Жамбыл, Қызылорда, Шымкент) * 1 желтоқсан 1964: Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан өлкелері жойылды * 19 қазан 1965: Тың өлкесі жойылды * 23 желтоқсан 1967: Талдықорған облысы қайта құрылды * 23 қараша 1970: Торғай облысы құрылды * 20 наурыз 1973: Маңғышлақ және Жезқазған облыстары құрылды * 2 маусым 1988: Маңғышлақ және Торғай облыстары жойылды * 17 тамыз 1990: Маңғыстау (бұрынғы Маңғышлақ) және Торғай облыстары қайта құрылды ### Қазіргі заман * 21 ақпан 1992: Гурьев облысы Атырау облысы болып өзгертілді * 6 шілде 1992: Целиноград, Орал, Шымкент облыстарына бұрынғы Ақмола, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан атаулары қайтарылды * 22 сәуір 1997: Талдықорған, Торғай облыстары жойылды * 3 мамыр 1997: Жезқазған, Көкшетау, Семей облыстары жойылды * 10 желтоқсан 1997: Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы ретінде ресми түрде жарияланды * 6 мамыр 1998: Қазақстанның елордасы Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді * 8 сәуір 1999: Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіндегі 3 аудан Көкшетау қаласымен бірге Ақмола облысына берілді. Ақмола облысының орталығы Астанадан Көкшетауға көшірілді * 14 сәуір 2001: Алматы облысының орталығы Алматыдан Талдықорғанға көшірілді * 19 маусым 2018: Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы болып өзгерді. Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалаға жатқызылып, облыс орталығы Түркістанға көшірілді * 23 наурыз 2019: Қазақстанның елордасы Астана қаласы Нұр-Сұлтан болып өзгертілді * 8 маусым 2022: Алматы облысының орталығы Талдықорғаннан Қонаев (бұрынғы Қапшағай) қаласына көшірілді. Жаңадан 3 облыс құрылды: * Абай облысы - Семей қаласы * Жетісу облысы - Талдықорған қаласы * Ұлытау облысы - Жезқазған қаласы * 17 қыркүйек 2022: Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласына бұрынғы Астана атауы қайтарылды ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қазақстан аудандары * Қазақстан қалалары * Қазақстан кенттері * Қазақстан ауылдық округтері
Мұрағат немесе Архив (лат. archіvum) – тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекет арнаулы мекеме. Мекемелердің ескі құжаттарын сақтайтын бөлімі немесе жеке тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты жинақталған жәдігерлер жиынтығы да архив делінеді. Жазба деректерді жинастырып сақтау ісі тұңғыш рет Мысырда, Қытайда, Ежелгі Грекияда, Римде, тағы басқа елдерде мемлекет дәрежеде қолға алынды. Қазақстанда дербес архивтің пайда болуы Бөкей ордасы архивімен байланысты (18 ғасыр). Қазақстандағы архив жүйесі (республика, салалық, аймақтық, т.с.с.) негізінен 20-ғасырдың 20–30-жылдары қалыптасты. Ұлттық архив ісінің бастауында А.Байтұрсынұлы, С.Сейфуллин, М.Жолдыбаев сынды мәдениет қайраткерлері тұрды. Мемлекет А. 1921–38 жылы Қазақ АКСР-і Халық ағарту халкоматының, 1938–58 жылы Қазақ КСР-і Ішкі Істер халкоматының қарамағында болды, 1958 жылдан Министрлер кеңесіне бағындырылды. Облысы, ауданы архив жергілікті әкімшіліктерге қарады. Архив қызметінің басты бағыттары: қор жинақтау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, қор құрамын зерттеп, жүйелеу, ғылым анықтамалар мен көрсеткіштер жасау; құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру және жария ету. КСРО дәуірінде архив социализмді дәріптеудің идеологиялық құралы болды. Республикадағы барлық құжаттар айналымының 10%-ға жуығы коммунистік құндылықтар тұрғысынан мұқият сұрыпталып, мемлекет сақтауға – архивке жинақталды. Құжаттардың біржақты іріктелуінің салдарынан Қазақстанның шынайы тарихын бейнелейтін аса бағалы деректер архивке түспей, біржола жойылып отырды. Ал архив қорындағы құжаттардың басым бөлігі түрлі жасанды шектеулер қою арқылы зерттеушілерге берілмеді. Қазіргі архивтерде дәстүрлі қағаз құжаттардың түпнұсқаларымен және көшірмелерімен қатар фото-киноматериалдар, дыбыстық және бейнежазбалар, ақпараттың барлық жәдігерлер түрлері сақталады. Архивтерде мәңгілік мерзімге сақталып, қорғалатын тарихи деректер – мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайы, экономика, саяси-идеология қатынастары туралы құжаттар Ұлттық байлықтың бір бөлігі болып табылады. Тәуелсіз Қазақстан архивінің қызметіне халықаралық байланыстардың артуы оң ықпалын тигізіп отыр. Қазақстан архившілері «Ғасыр соңындағы архивтер: өткен жолды бағалау және болашаққа көзқарас» тақырыбымен Архивтердің Халықар. кеңесі өткізген архивтің халықар. 13-конгресіне (Пекин, 2–7.09. 1996 жылы) қатысты. ## Дереккөздер
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті — Қарағанды қаласындағы мемлекеттік жоғары оқу орны. ## Құрылымы Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақстан тарихындағы екінші жоғары оқу орны және еліміздің бұрыннан келе жатқан ірі университеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның дамуы, экономикалық гүлденуі, өмір сапасы, ұлттық қауіпсіздігі білім беру саласының жағдайымен, ғылымның өрістеуімен, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибе жүзінде пайдалану тиімділігімен айқындалады. Қазіргі заманда білім беру мен ғылымның құндылығы көпшілікке танылуымен қатар, жалпы адамзаттың рухани қазыналарының қатарына кіреді. Университеттің ерекше миссиясы қоғамның динамикалық дамуының негізі болатын ғылым мен білімнің кірігуімен жүзеге асады. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті сияқты классикалық университеттер маңызды қоғамдық және мәдени міндетті орындауда. Олар білім беру және ғылым мен ағарту ісінің мұраттарына қызмет етудің, интеллектуалдық еркіндікті іске асырудың, мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына салмақты үлес қосудың, жас ұрпақты тәрбиелеудің үлгілері ретінде қарастырылады. Біздің университет классикалық университеттер дәстүрлерін жалғастыра отырып, университеттік білім берудің тұрақты жоғары деңгейі мен іргелілігін сақтайды. ҚарМУ Қазақстанның ағарту, ғылым мен мәдениет көшбасшыла рының бірі болып табылады. Демек, бұл жоғары білікті мамандардың тұрақты жоғары деңгейін, ұдайы ғылыми ізденісті, еркіндік, қайырымдылық пен әділдіктің адамгершілік мұраттарына бағыт алуды білдіреді. ҚарМУ бүгінгі күні — қарқынды дамып келе жатқан университеттердің бірі. Біз заң, экономика, гуманитарлық, жаратылыстану, педагогикалық және инженерлік бағыттағы 101 мамандық бойынша күндізгі, сырттай, қысқартылған және қашықтықтан оқу түрлері бойынша дайындықты жүзеге асырамыз. Қазіргі кезде 14 факультетте 20 мыңнан астам студент білім алуда. Қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес біз жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жүзеге асырудамыз. Бакалавриаттан кейін түлектер білім алуды магистратурада және аспирантурада мен докторантурада жалғастыра алады. Жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы университеттің негізгі игілігі болып саналады. Оқытушы корпусының 41 %-і ғылыми дәреже мен атаққа ие. Жыл сайын университет қызметкерлері ғылым кандидаты мен докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 30-дан аса жұмыс қорғайды. ҚарМУ-де Кандидаттық және докторлық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер ойдағыдай жұмыс жасауда. ҚарМУ-дің мәртебесі белсенді халықаралық ынтымақтастықпен дәлелденеді. Әр түрлі қоғамдық және мемлекеттік институттар, республиканың, алыс және жақын шетелдің жоғары оқу орындары біздің университеттің серіктестері болып табылады. Олардың кейбіреулерін ғана атап өтейік: Орталық Азия менеджментті дамыту қоры (CAMAN) , ИНТАС, ТАСИС, Білім беру және тілдерді меңгеру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі американ кеңесі (АКСЕЛС), ДААД академиялық айырбас жөніндегі неміс қызметі, Британ Кеңесі, Қазақстандағы Франция, Италия, Түркия, Корея елшіліктері, АҚШ-тің Бейбітшілік корпусы, Гете атындағы институт (Германия), Мериленд штатынын, университеті (АҚШ), Экстер университеті (Ұлыбритания), Ионсей университеті (Оңтүстік Корея), М. В. Ломоносов атындағы ММУ, Новосибирск мемлекеттік университеті, Қазан мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚХЭҚИ т. б. Бұл студенттік жинақылықты дамытудың кең өрісі. ҚарМУ-дің еліміздің мемлекеттік жоғары оқу орындарының арасынан бірінші болып халықаралық аккредиттеуден өтіп, Еуропалық менеджментті дамыту қорының (EFMD) сертификатын алғандығы біз үшін үлкен мақтаныш. Бұл — университетімізде берілетін білім са-пасын халықаралық деңгейде мойын-даудың дәлелі. 2005 жылдың мамыр айында ҚарМУ жоғары білім саласын-да беделді халықаралық ұйымдардың бірі болып саналатын Университеттер-дің Ұлы Хартиясына мүше болып енді. Бұл ұйымның штаб-пәтері Италияның Болонья қаласында, Еуропаның ежелгі университетінде орналасқан. ҚарМУ-де тек біздің елдің жастары ғана білім алмайды. Университет қа-бырғасында Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей, Монғолия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстаннан келген 200-ден аса шетелдік оқушы білім алуда. ҚарМУ-дің дамыған инфрақұрылымы оның бәскелестік қабілетіне қолдау көрсетеді. ҚарМУ құрамында 12 оқу ғимараты, кітап қоры 1,5 млн. дананы құрайтын 16 оқу залы бар ғылыми кі-тапхана, жабдықталған 6 жатақхана, санаторий-профилакторий, студенттік тұрмыстық кешені, 19 кәсіпорынды қо-ғамдық тамақтандыру комбинаты, «Шаңырақ» жастар орталығы, кондитерлік цех, «Аюлы» спорттық-сауықтыру кешені, «Кент» бос уақытты өткізуорталығы, Балқаш, Топар көлдеріндегі демалыс аймақтары, Қарқаралыдағы оқу-сауықтыру базасы, 3 стадион,11 спорттық зал, «Интернет» телекоммуникациялық орталығы, компьютерлік орталық, медиатека, баспахана,оқу теледидары бар. Біздің әрі қарай дамуымыз болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Біздің болашағымыз бұл классикалық университеттің дәстүрлерін жалғастыру, үздіксіз және іргелі білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа стандарттарын қолдану, жаңа білім беру технологияларын енгізу, еңбек нарығында өз бәсекелестік қабілетін сақтау, Елбасы Жолдауы ережелеріне негізделген әлеуметтік саясатты жүзеге асыру болып табылады.[дереккөзі?] ## Факультеттері * Биология-география факультеті ботаника кафедрасызоология кафедрасыфизиология кафедрасыгеография кафедрасы * ботаника кафедрасы * зоология кафедрасы * физиология кафедрасы * география кафедрасы * Шет тілдер факультеті гуманитарлық факультеттер шет тілі Кафедрасыжаратылыстану факультеттер шет тілі Кафедрасыағылшын тілі методикасы кафедрасыағылшын тілі теориясы кафедрасынеміс және француз тілі теориясы және практикасы Кафедрасы * гуманитарлық факультеттер шет тілі Кафедрасы * жаратылыстану факультеттер шет тілі Кафедрасы * ағылшын тілі методикасы кафедрасы * ағылшын тілі теориясы кафедрасы * неміс және француз тілі теориясы және практикасы Кафедрасы * Тарих факультеті археология, этнология және отан тарихы кафедрасыәлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасыҚазақстан тарихы кафедрасы * археология, этнология және отан тарихы кафедрасы * әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы * Қазақстан тарихы кафедрасы * Математика факультеті проф.Т.Ғ.Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия Кафедрасыматематикалық анализ және дифференциалды теңдеулер Кафедрасықолданбалы математика және информатика Кафедрасымеханика кафедрасыматематика және информатикадан сабақ беру методикасы кафедрасы * проф.Т.Ғ.Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия Кафедрасы * математикалық анализ және дифференциалды теңдеулер Кафедрасы * қолданбалы математика және информатика Кафедрасы * механика кафедрасы * математика және информатикадан сабақ беру методикасы кафедрасы * Әлеуметтік-педагогикалық факультет педагогика Кафедрасыпедагогика және бастауыш білім методикасы кафедрасыәлеуметтік адаптация және педагогикалық коррекция кафедрасыәлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасымектепке дейінгі және психология-педагогикалық дайындық теориясы және методикасы кафедрасы * педагогика Кафедрасы * педагогика және бастауыш білім методикасы кафедрасы * әлеуметтік адаптация және педагогикалық коррекция кафедрасы * әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасы * мектепке дейінгі және психология-педагогикалық дайындық теориясы және методикасы кафедрасы * Кәсіби-көркем факультет машинатану кафедрасыжалпытехникалық пәндер және еңбектік оқыту әдістемесі кафедрасыбейнелеу өнері және дизайн кафедрасы * машинатану кафедрасы * жалпытехникалық пәндер және еңбектік оқыту әдістемесі кафедрасы * бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы * Физика факультеті жылуфизика кафедрасыжалпы және теоретикалық физика кафедрасырадиофизика және злектроника Кафедрасыконденсированного күйдің спектроскопиясы Кафедрасы * жылуфизика кафедрасы * жалпы және теоретикалық физика кафедрасы * радиофизика және злектроника Кафедрасы * конденсированного күйдің спектроскопиясы Кафедрасы * Филология факультеті журналистика кафедрасықазақ тіл білімі кафедрасықазақ әдебиеті кафедрасыклассикалық және орыс филологиясы кафедрасыГ.А. Мейрамов атындағы орыс тілі және әдебиетің оқыту методикасы және практикасы. кафедрасықазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы * журналистика кафедрасы * қазақ тіл білімі кафедрасы * қазақ әдебиеті кафедрасы * классикалық және орыс филологиясы кафедрасы * Г.А. Мейрамов атындағы орыс тілі және әдебиетің оқыту методикасы және практикасы. кафедрасы * қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы * Философия және психология факультеті философия және мәдениет теориясы кафедрасыпсихология Кафедрасысаясаттану және әлеуметтану кафедрасы * философия және мәдениет теориясы кафедрасы * психология Кафедрасы * саясаттану және әлеуметтану кафедрасы * Химия факультеті органикалық химия және полимерлер кафедрасыфизикалық химия Кафедрасыбейорганикалық және техникалық химия кафедрасыхимиялық технология және экология кафедрасы * органикалық химия және полимерлер кафедрасы * физикалық химия Кафедрасы * бейорганикалық және техникалық химия кафедрасы * химиялық технология және экология кафедрасы * Экономика факультеті менеджмент кафедрасыбухгалтерлік есеп және аудит кафедрасымаркетинг кафедрасықаржы кафедрасыэкономика және халықаралық бизнес кафедрасыэкономикалық теория кафедрасы * менеджмент кафедрасы * бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы * маркетинг кафедрасы * қаржы кафедрасы * экономика және халықаралық бизнес кафедрасы * экономикалық теория кафедрасы * Заң факультеті азаматтық және еңбек құқығы кафедрасықылмыстық құқық және криминология кафедрасықылмыстық процес және криминалистика Кафедрасыконституциялық және халықаралық құқық Кафедрасымемлекет тарихы және теориясы Кафедрасы * азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы * қылмыстық құқық және криминология кафедрасы * қылмыстық процес және криминалистика Кафедрасы * конституциялық және халықаралық құқық Кафедрасы * мемлекет тарихы және теориясы Кафедрасы * Дене тәрбиесі және спорт факультеті Дене тәрбиесі Кафедрасыалғашқы әскери дайындық Кафедрасыдене тәрбиесі және спорттық медицина теориясы және методикасы Кафедрасыспорттың циклдық түрлері және спорттық ойындар Кафедрасы * Дене тәрбиесі Кафедрасы * алғашқы әскери дайындық Кафедрасы * дене тәрбиесі және спорттық медицина теориясы және методикасы Кафедрасы * спорттың циклдық түрлері және спорттық ойындар Кафедрасы ## Халықаралық білім-ғылым ұйымдарына мүшелігі * Университеттер Президенттерінің Халықаралық Ассоциациясы (IAUP); * Жоғарғы мектеп ғылымдарының халықаралық академиясы (IHEAS, МАН ВШ); * Менеджментті дамыту Орталық Азия Фонды (CAMAN); * Университеттердің Ұлы Хартиясы (Magna Charta Universitatum); * Экономикалық зерттеулер және білім консорциумы (EERC); * Экономикалық білім бойынша халықаралық проект(B&EE). * Университеттердің Еуразиялық Ассоциациясы/EAU; * Университеттер ректорларының халықаралық ассоциациясы/IAUP; * Халықаралық Университеттер Ассоциациясы/IAU; * ТЕМПУС білім және өнер бойынша еуропалық комиссиясы/TEMPUS; * ЭРАСМУС МУНДУС білім және өнер бойынша еуропалық комиссиясы/ERASMUS MUNDUS; * «Сібір ашық университеті» халықаралық ассоциациясы; * Дистанциялық оқыту бойынша жаһандық университеттер ассоциациясы Association of Global Universities In Distance Education/GUIDE; * Қазақстандағы Британдық Кеңес(British Council); * KOICA/Корея Республикасы елшілігі негізінде халықаралық ынтымақтастық бойынша корей агенттігі; * Ынтымақтастық және ауысу бойынша халықаралық кеңес (IREX, АҚШ Мемдепартаменті); * Сапа менеджменті жүйесін сертификациялау бойынша SGS халықаралық агенттігі, (Қазақстан-Швейцария); * «Education Network» оқу орындары ассоциациясы, Қазақстан-Қырғызстан; * Білім беру және тіл үйрену салаларында ынтымақтастық бойынша америкалық кеңес (ACCELS); * Регенсбург Университеті (Германия); * Аризона Университеті (АҚШ); * Тренто Университеті (Италия); * Йонсе Университеті (Корея Республикасы); * Орталық-еуропалық университет (CEU, Мажарстан); * Кембридж университеті (Англия); * Эксетер география, археология және жер ресурстары институты (Англия); * Сент-Иштван Университеті (Мажарстан); * Чукур Университеті (Түркия); * М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей); * Томск мемлекеттік университеті (Ресей); * Мәскеу экономика мен құқық академиясы (Ресей); * Томск политехникалық университеті (Ресей); * Мәскеу мемлекеттік құқық академиясы; * «Білім – Орталық Азия» консультация-білім беру орталығы; * Қарағанды облысының сауда-саттық-өндірістік палатасы. ## Кітапхана қоры 1,7 миллион қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, корей және басқа тілдерде кітап түрінде және электрондық баспалары бар.[дереккөзі?] ## Дереккөздер
Қазақ инженерлер бірлестігі (KIB) - Қазақстан инженерлерінің коммерциялық емес қоғами бірлестігі. KIB 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап Бүкіләлемдік Техникалық Ұйымдар Федерациясының корреспонденттік мүшесі [1].2010 жылы Бірлестіктің интернет сайты AWARD.kz-2010 атты қазақстандық ең жақсы интернет-сайты конкурсына қатысты [2] Мұрағатталған 25 желтоқсанның 2010 жылы.. Бүгінгі күнде бұл бірлестік қазақ техникалық мамандарының қамын ойлап, олардың құқықтарын қорғайтын тұңғыш және жалғыз ұйым болып табылады. ## Негізгі мақсаттар * қазақ инженерлерін біріктіру; * бірлестік мүшелерінің кәсіби мүдделерін қанағаттандыру, жүзеге асыру және қорғау; * қазақша сөйлейтін жас қазақ мамандардың кәсіби салада өсуіне қамқор жасау; * инженерлік мамандықтың қадірін көтеру ; * ғылым және техникалық прогрессты дамыту; * мемелекеттік техникалық тілдің ортасын құруына қамқор ету. ## Миссия Бірлестік өзінің миссиясын ашық, икемді, алғыр, заманға лайық ғылым және техникалық қызметкерлерді біріктірген қоғамын құруында деп біледі. ## Бірлестіктің құндылықтары * Адалдық, әділдік, адамгершілік; * Сыйластық, бір-бірін құрметтеу; * Кәсіби өркендеу. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ресми сайты
Ұлттық парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Ұлттық табиғи парктердің қорықтардан айырмашылығы - туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі. Қазақстанда 5 ұлттық парк ұйымдастырылған. * Еліміздегі алғашқы ұлттық парк - Баянауыл ұлттық табиғи паркі. Ол 1985 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл орман шаруашылығының негізінде құрылған, ауданы 50,7 мың га. Парк аумағына енетін таулы-орманды ландшафтылары тамаша табиғат ерекшеліктерімен көзге түседі. Қарағай, қайың ормандары өскен, гранитті, үгіліп мүжілген Баянауыл таулары Сарыарқаның шөлейтті жазықтарында орналасқан. Мұнда құстардың 54 түрі, сүтқоректілердің 54, балықтың 8, өсімдіктің 438 түрі бар. Биік жері- Ақбет тауы, биіктігі 1026 м. Табиғатының қолайлы жағдайына байланысты Баянауыл тауларын «шөлді даладағы таулы-орманды шұрат» деп атайды. Бұл аймақ жаппай демалыс пен туризмнің дамыған жері. Мұнда көптеген демалыс үйлері, емдеу мекемелері, туристік базарлар орналасқан. Паркте ұзақ уақыт үгілу әрекетінен қайталанбас жартас, шоқылар қалыптасқан. Олар сыртқы түріне орай « Жалауыз кемпір», «Найзатас», «Тас және Ат басы», т.б деп аталады. * Іле Алатауы ұлтық парк 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 181,6 мың га. Іле Алатауының солтүстік беткейінде Түрген шатқалынан бастап, батыста Қаскелең асуына дейінгі ерекше Ландшафтыларды қорғау және деалыс, тынығу мақсатынла пайдаланылады. Мұнда қорғауға аңның 43 түрі, құстың 138 түрі, балықтың 8 түрі, өсімдіктің 1282 түрі алынды. * Қарқаралы ұлттық паркі 1998 жылы құрылған. Ауданы 90,3 мың га. Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында орналасқан. Қарқаралы және Кент тау жүйелерін қамтиды. Осында әйгілі Шайтанкөл орналасқан. Мұнда аңның 39 түрі, құстың 55 түрі, балықтың 11 түрі, өсімдіктің 68 түрі қорғалады. * Алтынемел табиғи ұлттық паркі 1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов аудандары жерінде орналасқан. Ауданы 212,1 мың га. Алтынемел тауын қамтиды. Мұнда аңның 6 түрі (таутеке, қарақұйрық, құлан, қызыл қасқыр және т.б.) сонымен бірге құстың 231 түрі, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған. * Көкшетау паркі 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 135,8 мың га. Мұнда аңның 305 түрі, құстың 223, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған.
Ақтайлақ сөзіннің бірнеше мағынасы бар: Елді мекен: * Ақтайлақ – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы ауыл. Өзен, көлдер: * Ақтайлақ – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен. * Ақтайлақ – Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы тұзды тұйық көл. Басқа мағыналар: * Ақтайлақ Байғараұлы * Ақтайлақ би кесенесі * Ақтайлақ (жайлау)
Аяз би Жаманұлы (шамамен XII — XIII ғасыр)Аяз би Жаманұлы — қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа "Аяз би" ертегісі мен "Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл" дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әр түрлі дерек бар. Майқы би Ман баласының шежіресін жазған Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы өзінің "Түп-түқияннан өзіме дейін" ("Жалын", 1993 ж.) дейтін кітабында Аяз биді және оның серігі Құмырсқа батырды "Майқы би дәуірінде өмір сүрген, Майқы Манұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билері еді", — деп жазады. Сонда бұл дерек бойынша Аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып, 800 жылы дүниеден өткен, Майқы Манұлының замандасы, тұстас боп шығады. Ал зерттеуші Балтабай Адамбайұлының "Алтын Сандық" атты (1989 ж.) кітабындағы шағын мөліметте Аяз би — Хиуа хандығы дәуірінде өмір сүрген тарихи адам деп, оны ХӀ-ХӀӀ ғасырға жатқызады. Бұл - әлі тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселе.Аяз бидің қандай би болғаны, адамгершілік қадір-қасиеті жөнінде қазақ энңиклопедиясында былай жазылған: "Бұрынғы қойшы, кедей Аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. Ол Мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. Оған шөп жаманы — қоға, құс жаманы — сауысқан екенін дәлелдеп береді. Ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады. Шартты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үйленеді, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен қүтқарады. Аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін Мадан мойындап, халық қалап, оны хан етіп көтереді".Майқы би өзінің төңірегіне ақылды, дана, би, шешендерді, батыр, балгер, көріпкел әулиелерді көп жинап, олармен ақылдасып отырады. Майқының Әндір, Мәді деген аспан әлемін, жұлдыздар сырын болжайтын білімпаздары болған. Олар аспанға, жұлдыздарға қарап, мал-шаруа жайын, егіншілікке қолайлы мерзімді күні бұрын болжап, халыққа пайдасын тигізеді. Ал Аяз би сияқты дана билеріне өзінің оң жағынан орын береді екен. Аяз бидің Құмырска деген әрі би, әрі батыр жан серігі болыпты. Қайда барса да екеуі жұбын жазбай жүреді. Ол екеуі Майқы бидің сілтеуімен қазылық кұрып, көбінесе ел мен ел арасындағы елшілік, бітімгершілікпен айналысады. Сондықтан да Майқы би Аяз би мен Құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді екен. Ол екеуімен Майқы би халық тағдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі-жиі ақылдасып, ой-пікір алысып отырады. Кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап түзеп, бағыт беріп жібереді екен. Бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, Майқының алдын кес-кестей беріпті, сонда Майқы би оларға былай депті:Билер бүгін Майқының алдын кесесің, Ертең жұрттың төбесін тесесің. Майқының да айтатын кебі бар, Айтуға аузының да ебі бар. Хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс, Әзір сөзімде болмас бүрыс, Ақылым алжыған жоқ,Ондайды болжағам жоқ, Орынсыз ауыз ашсаң, Екі би басарсың шоқ. Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл.Ел арасында "Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл" деген нақыл сөз содан қалса керек. ## Дереккөздер
Мағауия Абайұлы Құнанбаев (1870-1904) – ақын. ## Өмірбаяны Мағауия Абайұлы Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған кенже баласы. Жасында молдадан оқытқаннан кейін, Семейдегі Городское училищесінде орысша мектепке оқуға түсіреді, бірақ Мағауия екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, ауылға қайтады. Осыдан кейін де әкесінің қасында жүріп, өздігінен ізденіп білімін толықтыра береді. Әкесінің ақындық қасиетін қадірлеп, өзі де ақындыққа беріледі. Мағауия әдебиет тарихында Абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды. ### Өмірінің соңы Небәрі 34 жыл жасаған Мағауия шағын ғұмырында қазақ әдебиетіне мұра боларлық тамаша туындылар тастап кетті. 1904 жылы 14 мамырда қайтыс болған Мағауия Ақшоқы мекеніндегі Құнанбай бейітіне жерленді. ## Шығармашылығы Абайдың ақылының арқасында бірнеше поэма жазады. Ол жазғандары: * «Еңлік-Кебек», * «Абылай», * «Медғат-Қасым». Өз махаббаты үшін күресіп, құрбан болған Еңлік пен Кебекті келер заман жастарына үлгі етіп жырлайды. * «Еңлік-Кебек», «Абылай» поэмалары қолжазба күйінде қалып, оқушыларға таралмаған. * «Медғат-Қасым» поэмасының тақырыбы қазақтан жырақ, алыс елдерден, яғни Африка өмірінен алынған. Сол елді мекендеген адам қауымын реалистік шындық тұрғысынан көрсетеді. Осылайша поэзияның үлкен үлгісін шебер танытқан Мағауия осындай романтикалық поэманы қазақ әдебиетіне кіргізді. Сол кездегі өнерлі жастар осы поэманы жаттап алып, әнге қосты. Осыдан кейін де қазақ өмірінен алып, тағы бір поэма жазды. Ол «Еңлік-Кебек» жайындағы коспа поэма болды. Бұл поэмада Кеңгірбай бидің бейнесін шебер керсете білген. Еңлік-Кебектің өліміне себепкер биді кіналайды. Осылайша, образдарды бейнелеуде, өткеннің қараңғылығын сынауда адамгершілікті ең үлкен максат етіп қойған Мағауияның поэмасы өз уақытындағы бағалы еңбек болды. ## Дереккөздер
Әбдіуақап Қара — ғалым, түрколог, мұстафашоқайтанушы. 1961 жылы 19 қарашада Түркияның Ыстанбұл қаласында туған. Ата-бабалары қазіргі Қазақстанның шығысындағы Марқакөл аймағында мекендеген. Әбдіуақап Қара Есберді батырдың жетінші ұрпағы. Ыстамбұлдың Этилер ауданында тұратын Мұстафа Шоқайдың рухани ұлы Әлім Алмат 2018 жылы 1 ақпан күні 101 жасында дүниеден озды. 1917 жылы Ырғызда дүниеге келген Әлім Алмат дүниежүзілік соғыста немістерге тұтқынға түсіп, Түркістан легионында болған. Соғыстан кейін Париж қаласына барып Шоқайдың зайыбы Мария апамызды тапқан. Музыкант жас жігітке көмектескен Мария оны Түркияға жібереді. Түркияда мемлекеттік консерваторияда ұзақ жылдар скрипкашы болып қызмет атқарды. Әлім ағамызбен Шоқайтанушы болғаннан кейін араласып тұратынмын. Ақ көңіл, әңгімешіл, кішіпейіл, Мұстафа Шоқай десе ішкен асын жерге қоятын керемет кісі еді. Шоқай немесе легион туралы жаңа еңбек жазғанда міндетті түрде бірінші ағамызға апарып оқып, пікірін алып тұратынмын. Сонда ол жаңа шыққан кітаптарымды көріп қуанып батасын беріп отыратын. Туған ағамдай жақсы көретін Әлекеңнің өзі де мені жақсы көрді. Үйіне әр барғанымда, телефон соғып, хал-жағдайын сұрағанымда қуанып қалатын. Бірақ өзі ешқашан маған телефон соғып шақырмайтын. Оның себебін “Сен ғалым адамсың, жұмысың көп, телефон соғып үйіме шақырып уақтынды алғым келмейді. Қолы бос болса, өзі келеді деп күтіп отырамын” дейтін. Оған келіп-кетіп жүрген бір Шоқайтанушы; “Сізше кім мықты Шоқайтанушы Әбекең бе? Мен бе? Оны көбірек жақсы көресіз бе, мені ме?” деп сұраған көрінеді. Сонда ешкімнің көңілін қалдырғысы келмейтін ағамыз “Шоқайды кім зерттесе, азды көпті еңбек жазса, барлығын бірдей жақсы көрем, құрмет тұтам. Олардың ешқайсысын бір-бірінен айырмаймын. Бәрі мен үшін бірдей қымбат” деп жауап берген екен. ## Өмірбаяны 1982 жылы Боғазичи университетінің Электроника бөлімін бітірді. Еңбек жолын Стамбул қаласындағы Ататурк әуежайында электроника департаментінде техник маман болудан бастады. 1986 жылы Стамбұл университетінің тарих факультетін бітіреді. 1986-1988 жылдары Стамбұлда «Қазақ түркілері қорында» басқару алқасы мүшелігіне сайланады. 1987-1988 жылдары Стамбұлдағы Осман Мемлекеті мұрағатында жұмыс істейді. 1988- 1995 жылдары Германияның Мюнхен қаласындағы «Азаттық» радиосының қазақ редакциясында жұмыс істеді. 1994 жылдары Мюнхен қаласында «Еуропа Қазақтары» деген атпен кітапша шығарған. 1995 жылы Германиядан Түркияға қайтып, Мимар Синан университетіне оқытушы және ғылыми қызметкер ретінде жұмысқа кірді. 1997 жылы осы университетте «1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары» атты магистрлік, 2002 жылы «Мұстафа Шоқайдың әмірі мен күресі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Осы жылдың қараша айында докторлык диссертациясы «Түркістан жалыны. Мұстафа Шоқайдың өмірі мен күресі» деген атпен Стамбұлда жарық көрді. 2004 жылы бұл кітап қазақшаға аударылып, «Мұстафа Шоқай. өмірі, күресі, шығармашылығы» деген атпен Алматыда «Арыс» баспасынан жарық көрді. ## Еңбектері * Түркістан отының өмірі мен күресі Мұстафа Шоқай (2002) * Свастика мен Қызыл Жұлдыздың арасында, Автор Дженгиз Дагжы (2006) * Қазақстанның жаңғыруы 1986 Желтоқсан оқиғасы (2006) * Түрік кәсіпкерлері мен инвесторларына арналған Қазақстандық нұсқаулық (2008) * Бостандық рухы Нұрғожай Батырдың Осман Батыр туралы естеліктері (2009): Астанада басылған. * Еуразияның өсіп келе жатқан жұлдызы Қазақстан (2011) * Свастика-ерлер мен Қызыл Джулдыз Канталас арасындағы Түркістан легионының сабақтастығы авторлық құқық, * Әмір Темір және оның мұрасы симпозиумының материалдары (2007) * Исламға дейінгі дәуірден қазіргі түрік әлеміне проф. Dr. Гүлчин Чандарлыоглуға сыйлық (2008) * Қазақстан-Түркия қатынастары және біздің дәуірдегі түрік әлемі, Бағдад Әміреев, Қазақстан елшісі (2011) редакциясы * Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы Жаңа Қазақстан (2007 ж.) * Қазақстан және қазақтар көне заманнан бүгінге дейін (2007) * проф. Dr. Немат Келімбетов «Қызғаныш» (2011), «Кәрілік» (2011) және «Ұлыма хаттар» (2011) аударма кітаптары Түркия мен Қазақстанда көптеген мақалалары жарық көрді. ## Марапаттары * 2003 жылы наурызда Түркия Жазушылар Одағының өмірбаян сыйлығы (Түркістан оты кітабы үшін) * Қазақ түріктерінің бүкіл тарихы мен мәдениеті бойынша дайындаған еңбектері үшін 2007 жылдың қазан айында Қазақстан Алматы әкімдігінің Құрмет наградасы. * 2008 жылғы шілдеде Қазақстан Президентінің Астана қаласының 10 жылдығына арналған медалімен, * 2008 жылы тамызда ҚР Мәдениет және ғылым министрлігі Тіл комитетінің «Қазақ түрік тіліне сіңірген еңбегі» медалі. * 2011 жылы қыркүйекте ТҮРКСОЙ-ның ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдығы медалі. * 2011 жылдың қарашасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан ғылымына қызмет көрсету» медалі. * 2011 жылы желтоқсанда Қазақстанның Анкара елшілігінің «Қазақстан-Түркия қатынастары қызметі» медалімен марапатталды. * Ол 2010 жылы Қазақстандағы «Жас Қазақ университеті» газетінің шешімімен Қазақ диаспорасындағы «Жыл адамы» атанды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Dokuz Taş makalesi Мұрағатталған 2 шілденің 2010 жылы. * Abdulvahap Kara ömürü ve eserleri Мұрағатталған 4 қазанның 2011 жылы. Abdulvahap Kara ömürbeyanı. * Doğu Türkistanda yazılmış tarihi bir roman tanıtımı * Doç. Dr. Abdulvahap Kara ve meslek arkadaşları Мұрағатталған 28 қаңтардың 2007 жылы. * Kitaplar yüzünden evini terk eden yazarlar(қолжетпейтін сілтеме) * Kazak Türklerinde Kartalla Avcılılık(қолжетпейтін сілтеме) * Желтоқсан көтерілісі,Түркиядағы қандастар жөнінде Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
Жобаның идеясы АҚШ-та өте танымал болған. Бір кітапты жалпы қала болып оқу идеясы АҚШ-тың солтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатына қарасты – Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы тарапынан ұсынылған. 1998 жылы «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» тақырыбымен алғаш өткізілген акцияның мақсаты – Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оларға оқуды насихаттау. Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар Чикаго, Буффало, Рочестер қалаларында да ұйымдастырылды. «Бір кітап, бір Чикаго» бағдарламасы Чикаго көпшілік кітапханасында басталды. Оның негізгі мақсаты қаланың ересек тұрғындары мен жастарын бір кітапты бір уақытта оқуға және оны ұжым болып - отбасында, жұмыста жолдастары мен таныстары арасында, кітапханаларда, оқу мекемелерінде, кітап дүкендерінде, діни ұйымдарда, кафелерде және басқа да қоғамдық орындарда талқылауға ынталандыру болып табылады. 2000 жылдың қазан айында Чикаго қаласында «Чикагода кітаптар апталығы: Оқуға құмар қала» тақырыбымен тұңғыш рет қалалық фестиваль өтті. Осы фестиваль аясында қоғамдық талқылаумен және авторлар баяндамаларымен бірге кітап тұсаукесерлері, сондай-ақ семинар, экскурсия секілді басқа да шаралар ұйымдастырылды. 7 апта бойы Чикагоның он мыңдаған халқына ауқымды іс жүргізіліп болған соң, американ жазушысы Харпер Лидің (1926 ж.) «Убить пересмешника» (1960 ж.) атты романы талқылауға түсті. Кітап авторы бүкіл әлем мен осы замандық Чикаго үшін өзекті болған толеранттық және нәсілшілдік сияқты маңызды мәселелерді алға тартады. Бүгінде «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы әлемдегі көптеген елдерге кең тараған (Испания, Латын Америкасы елдері және Корея т.б.). авторы Испанияда Габриэль Гарсиа Маркестің 80 жылдығына арнап «Сто лет одиночества» романынан оқу марафоны өткен еді. Қалаушылар романды бірнеше күн бойы үздіксіз дауыстап оқыды. Осы марафонды Испания Үкіметі басшысының орынбасары Мария-Тереса Фернандес де ла Вега ашты. Бұдан дәл 40 жыл бұрын жарыққа шыққан романды 7 бетке сыйғызып айту үшін әрбір қатысушыға 15 минуттан уақыт бөлінген. 2003 жылы Кореяда бірлесе оқуға негізінен балалар кітабы таңдалды. Бұл жоба одан кейін «Бір кітапхана – бір кітап», «Бір ауыл – бір кітап» деген жобалар түрінде көрініс тапты. «Жаппай оқу оқиғасы» жыл сайын Англияның оңтүстік-батысында өткізіліп тұрады. Мұнда әр жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін бір кітап оқуды қолға ала бастады.
Жайық – Ресей Федерациясы (Башқұртстан, Челябі, Орынбор облыстары) мен Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен.Өзен Еуропа мен Азия дүние бөліктерін бөлуші Орал тауларынан бірге шекара болып есептеледі.Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км2 , Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км. ## Бастауы Орал тауының оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталып, Атырау қаласы орналасқан Каспий теңізінің бөлігіне құяды. Жайық өзені Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бөген салған. Бөгеннен төмен қарай өзеннің жағасы жарқабақ, арасында қайраңдар бар. Ресей жеріндегі Орск қаласына дейінгі бөлігінде Жайыққа оң жағынан Таналық, сол жағынан Ор салары құяды. Орск қаласынан төменде өзен батысқа бұрылып, Губерли шатқалымен (ұзындығы 45 км) өтеді. Жазық даламен ағатын тұсында сол жағынан Елек өзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сакмар, Таналық, Шаған; сол жағынан Шыңғырлау, Гүбірлі, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Құмақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды. Орал қаласынан төменгі бөлігінде Жайықтың аңғары тағы да кеңейіп, жайылмасы тармақталады. Қаладан өткенен кейін өзенге Көшім бөгені салынып, Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі тартылған. Жайықтың 80%-і қар суымен толығады. ## Этимологиясы Бұл атаудың шығу, пайда болу тарихымен мән-мағынасы жайлы әртүрлі жорамалдар бар. Екатерина ІІ жарлығы бойынша (Е.Пугачев көтерілісін халық жадынан өшіру мақсатымен) Орал деп атады. Ал жергілікті халық оны Жайық, Ақжайық деп те атайды. Ол туралы біздің дәуірімізге дейінгі грек ғалымдары еңбектерінде мағлұмат берілген. Клавдий Птолемейдің «География» атты еңбегінде «Дайкс » деп аталса, ортағасырлық саяхатшы, араб ғалымдары Ахмед ибн Фадланның жазбаларында Джаих деп аталған. * Академик В.В.Бартольд: «Птоломей заманында Волга өзенінің аты фин тілінде Ра-Урал, ал түркі тілдерінде Даикс (Яик) » атымен белгілі болған, -деп жазды. * Көрнекті түріктанушы Н.А.Баскаков Жайық топонимінің алғашқы даих нұсқасы алтай тілінің куман диалектісінде: «Даиқ – өзен тасқыны» мәнін білдіреді деп жазды. * Ғалым топономист А.Әбдірахманов сөз түбірі – жай, жаю, жайылу етістігінің де түп төркіні осы сөзден шығады, осыған –ық жұрнағы қосылып «Жайық» гидронимі жасалған деген пікір айтқан. ## Гидрологиясы Орал тау жотасынан басталып, жоғарғы бөлігінде Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бөген салынған. Бөгеннен төмен қарай өзеннің жағасы жарқабақ, арнасында қайраңдар бар. Суды жинау көлемі – 220 мың км2 . Су сақтағыш, алқап, арна сипаттары бойынша Жайық өзенін 3-ке бөледі (ағыстар): жоғарғы, орта және төменгі. Орал қаласынан төменгі бөлігінде Жайықтың аңғары тағы да кеңейіп, жайылмасы тармақталады. Қаладан өткеннен кейін өзенге Көшім бөгені салынып, Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі тартылған. Жайық көбіне қар суымен (80%) толығады. Су тасу кезінде орта ағысы тұсында арнасы 10 км-ге, ал атырауында бірнеше ондаған км-ге дейін жайылады. Өзен жоғарғы ағысында – қарашаның басында, орта, төменгі бөлігінде қарашаның аяғында қатып, мұзының еруі төменгі бөлігінде наурыздың аяғында басталып, жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады. Өзеннен бекіре, шоқыр, майшабақ, көксерке, Каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын ауланады. Жайықтың бойында орналасқан Ресей қалалары: Верхнеуральск, Магнитогорск, Орск, Новотроицк, Орынбор, Қазақстан қалалары: Орал (кеме қатынасы басталатын жер), Атырау. Еуропа мен Азияның шартты шекарасы Жайық өзені бойымен өтеді. ## Салалары Ресей жеріндегі Орск қаласына дейінгі бөлігінде Жайыққа оң жағынан Таналық , сол жағынан Ор салалары құяды. Орск қаласынан төменде өзен батысқа бұрылып, Губерли шатқалымен (ұзындығы 45 км) өтеді. Жазық даламен ағатын тұсында сол жағынан Елек өзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сақмар, Гүбірлі, Таналық, Шаған; сол жағынан Шыңғырлау, Гүмбей, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Үлкен Құмақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды. Төменде Жайық өзенінің салалары көрсетілген: ## Шекарааралық Жайық өзені ### Башқұртстан шекарасында Жайық өзенінің бастауы Оралтау жотасында, теңіз деңгейінен 600 м биіктікте орналасқан Нәжімтау тауының етегінде орналасқан. Бұл жерден 12 шақырым жерде Башқұртстанның Учалин ауданына қарайтын Вознесенка ауылы орналасқан. Жайық өзені Башқұртстан арқылы 130 км ағады. Су жинау алабы Башқұртстан Республикасының аумағында-27300 шаршы км (республика аумағының 19% - ы). Ең көп сулы-Самар өзені болып табылады, ол ауданы бойынша небәрі 7,3% - ды ғана алып, жылдық ағын нормасының 40% - ын береді. Республика аумағында қалыптасатын ағынның орташа ағыс көлеміндегі Орал өзені бассейнінің үлесі, сондай-ақ өзен суларының республикадан кетуі 9,12% - ды құрайды. Жайық өзені бассейнінің өзен суларының ағыны Башқұртстан Республикасының аумағына жоқ. Бұлақ бастауында оларды бір ағысқа бағыттаған бес қайнар көзі бар. Бұлақтардың айналасында қара-жасыл, қара қоңыр түсті қайың орманы бар. Ал одан әрі ылғалдың көзі болып табылатын батпақтар жалғасады. Бұлақтардың бірінің астынан өзен қайнары шағын вулкандарша атқылауда. Оның жанында «Осы жерден Жайық өзені басталады» деген шойын плита тақтасы орнатылған. Тақтада Жайық өзенінің жағасында орналасқан қалалардың атаулары бар лента бейнеленген. Батпақтардан өтіп, Жайық негізгі, оңтүстік бағытқа қарай бет алады. Тар және терең шатқалдардан, тау сілемінен өтіп, өзен жартастары арасында жылдам ағып, Орал даласына шығады. ### Челябі облысы шекарасында Челябі облысы арқылы өтетін Жайық өзенінің жалпы ұзындығы 382,5 шақырымды құрайды. Облыс аймағында Волковское ауылына дейін өзен жылдам ағысы бар тау өзені ретінде келеді. Верхнеуральск қаласынан кейін - Жайық тегіс өзен ретінде ағып, Магнитогорскіден кейін ол қайтадан тар тасты жағалауларда ағады. Жайық Челябі облысының шекарасын Қызыл ауданының Первомайский кенті арқылы кесіп өтеді. Жайықтың көптеген салалары бар, олардың ішіндегі ең ірілері (Челябі облысында): Гумбейка, Зингейка, Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл және Үлкен Қараған. Жайық суы елді мекендерді және Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Магнитогорскіде өзенге екі су қоймасы салынды — Верхнеуральск және зауыттық тоған. Жайық Челябі облысының үш үлкен елді мекенін - Верхнеуральск, Магнитогорск және Кизилское, сонымен қатар бірнеше ондаған шағын қалалар мен ауылдар арқылы ағып өтеді. Жайық жағасында өте әдемі жартастар, төбелер, шыңдар - Верхнеуральск маңында Үлкен және Извоз-Гора таулары, Янгельское ауылының жанындағы Ақ-Тас шатқалы, Кизилскийдің жанындағы Көк Шихан тауы кездеседі. Челябі аумағындағы Жайық өзенінен көксерке, табан, сазан, жайын балықтары кездеседі. Өзен Еуропа мен Азияның табиғи шекарасы болғандықтан, жағалауларда және әсіресе көпірлерде көптеген ескерткіш белгілер орнатылады. ### Орынбор облысы шекарасында Жайық Орынбор облысын шығыстан батысқа қарай 1 164 шақырым үстінде облыстың 10 ауданынан өтеді.Басында өзен оңтүстікке Орск қаласына дейін ағады. Бұл жоғары ағыс болып саналады. Содан соң кенет батысқа бұрылады. Ендік бағытта 850 км Орал қаласына дейін (орта ағыс), қайтадан оңтүстікке бұрылады, осы бағытты Каспий теңізіне дейін сақтайды (төменгі ағыс, аралығы 840 км.). Орск қаласынан басталардағы, жоғарғы ағыс шегінде, өзен солтүстіктен оңтүстікке меридиандық бағытта Оралдың шығыс баурайы бойы енсіз алқапта, ізбестерден салынған құздар арасынан ағады. Ең терең жерлері - 3 м.. Өзеннің бұл жері таулы сипатта болады. Орск қаласынан 70 км жерде Ириклин су торабы салынған. Бұл бөген Жайық өзенінің деңгейін 30 метрден астамға көтереді. Көктемгі тасқын кезінде толып, Ириклин бөгені жыл бойы біртіндеп өз көлемінің, шамамен жартысын өзенге береді. Орск қаласынан Орал қаласына дейін өзен кең алқапта орташа ағыста ағады. Енсіз таулы жерлері сирек кездеседі. Өзен тегіс саяз жерлерге айналады. Орынбор қаласы аумағында Жайық өзеніне ең ірі оң тармағы Сақмар ағады. Оның ұзындығы 761 км, алқап көлемі 29,1 мың км. Сақмар алабын көп қарлы және тармақтанған өзен жүйесі бар орман жабады. Тек Орынбор облысы шеңберінде Сақмарға құйылатын 290 өзен саналады. Сақмардың су айдауы Жайықтан шамамен 1,5-2,0 рет артық, одан қалыпты ағуымен және көктемгі тасқынының ұзақтылығымен ерекшеленеді. Елек сағасына дейін Жайықтың сол жағалауындағы ірі өзендері – Киялы-Буртия, Урта-Буртия, Буртия, Бердянка, Донгуз, Черная - бұл әдеттегі дала өзендері, бірақ көктемгі қысқа су тасқыны бар. Олардың екеуі - Донгуз бен Черная - жаздың ортасында кеуіп қалды.Елек өзені - Оралдың сол жағалауындағы ірі саласы. Електен төмен, Жайық оң жақта тағы үш маңызды саласы ағады: Киндел, Иртек және Шаған. Орск қаласында Жайыққа Ор өзені құяды. Орынбор территориясындағы Жайық өзенінде кеме қатынасы жоқ, ені 50-170 м., тереңдігі - 3-5 м., ағынның жылдамдығы - 0,3 м / с, түбі құмды, шоқылар жоқ. Жағалауы негізінен тік, жартастарының биіктігі 5–9 м. Жайық өзенінің жазығы кең - 10–12 км., шалғынды, орман алқаптары көп, көптеген шоқылар кездеседі. ### Батыс Қазақстан облысы шекарасында Орал қаласы маңында Жайық өзеніне 2 сала – Шаған мен Барбастау өзендері құяды. Төменгі ағысында Жайық өзені Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары аумағынан Каспий теңізі маңы ойпатынан өтеді,бұнда үш табиғи аймақтан өтеді: дала, шөлейтті-дала және шөл. Даланың аймақ ұзындығы 250 км Батыс Қазақстан облысында солтүстік жағында орналасқан. Бұл аймақтың оңтүстік шекарасы Жайық өзен бойы Чапаев ауылы жанынан өтеді. Әрі қарай оңтүстікке 220 км шөл-дала аймағы созылып жатыр. Ол Каспий теңізі ойпатының солтүстік бетінен Батыс Қазақстан облысының Чапаев, Атырау облысының Индер ауылдары аралығында белдеулей өтеді. Индерден теңізге дейін шөл аймағы ені 300 км-ге созылады. Жайық өзені тек қана қар суларына қоректенетін жай өзендерге жатады. Оның ағыны, негізінен, өзендер жүйесі дамыған, жоғарыдан қалыптасады. Жайық өзенінің жайылмасы мен аңғарлары Батыс Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігінің интроаймақтық орталығы болып табылады. Дала мен шөлейт ландшафттың біртекті төсегі Жайық аңғарының кіретін жайылма ормандардың жасыл желегімен алмасады. Жайықтың жайылма ормандары: емендер, қара ағаштар, ақтеректер,талдар қайың, шегіршендермен сипатталады. Тіршілік ортасының жағдайына қарай бұл ормандар алуан түрлі болып құралуы мүмкін. Жайылмалардың солтүстік бөлігінде көктеректер мен аққайындар таралады және шағын тоғайлар құрайды. Жайылмалардағы өсімдіктердің таралуына тасқын сулардың тұру ұзақтығы үлкен әсер келтіреді. Өзеннің қазіргі арнасынан жайылманың жоғары беткейінің экологиялық қатарын мына өсімдіктер бірлестіктері құрайды. Облыстың солтүстігінде өзен бойының құмайт қайрандарында бұтақты талдар өседі, ал Қызыл – Жар еңдеуінде оларға жыңғылдар араласады. Олардан жоғары қаратал, арнадан әрі талдық екпелер орналасқан. Жер бедерінің биіктеу жерлерінде, жағалаулардың өнбойы мен ескі арнасында қара терек пен ақ терек тоғайлар орналасқан. Орман тұқымдарының осы екі түрі барлық орман алқаптарының 50 % құрайды. Шегіршін орман алқаптары орталық жайылманың жоғары телімдерінде орналасқан, тасқын сумен басу кезеңі 30 күннен аспайды. Шегіршін бұталар мен ақтерек жазықтар арасында орналасады. Шегіршін орман алқаптары оңтүстікке қарай азаяды, ал Антонов ауылынан оңтүстікке қарай жоғалады. Экологиялық қатардың жоғарғы бөлігін емендер алады. Мұнда тасқын сулардың тұру ұзақтығы үш аптадан аспайды. Еменді ағаштар тек өзеннің солтүстік жағында шоғырланған. Жайылмалы ормандар бұта қопасымен жамылған шабындық пен алаңдарға ауысады. Өзен жайылмасындағы экологиялық жағдайдың алуан түрлілігі: жер бедері түрліше қиылысып отыратындығы, су қорларының көптігі, бай жануарлар дүниесінің тіршілігі мен сақталуына өсімдіктер топтастығының алмасуы қолайлы әсер туғызған. Өзен жайылмасында бұлан, елік, жабайы қабан, қоян, түлкі, тіпті орман сусары мен сілеусіндерді кездестіруге болады. Өзеннің солтүстік бөлігінде қоныс аударған камшаттардың мекендейтін үйшіктер мен жасанды бөгеттері кездеседі. Әсіресе, құсқанаттылардың саны мен түрлері ерекше көп. Жайылмалық ормандарда сары шымшықтар, сайрақтар, шыбынқырғыштар, тоқылдақтар, мысықторғайлар, бақтар мен қамыстардағы сұлыкештер, ормандағы жадырақтар, құрлар, бөденелер, байғыздар және т.б мекендейді. Айрықша биологиялық әртүрлілікті, қызыл кітаптық және сирек түрлерді сақтап және қайта қалыпқа келтіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы аумағының Жайық өзені аңғарында Кирсанов және Бударин қорықшалары құрылған. Бударин зоологиялық қорықшасы, жер көлемі 80 мың га, бұлан елік, қабан, құндыз, ондатра, қоян және басқа жануарларды сақтау және көбейту үшін құрылған. Бұдан басқа қорықша территориясы өте сирек бара жатқан реликта - су жаңғағы (чилим) мен су папортнигінің (сальвиния) оңтүстіктегі мекені. Қорықшада омыртқалы жануарлар дүниесінен құстардың 56 түрі, сүтқоректілерінің 21 түрі, 6 түрлі рептилия, амфибияның 4 түрі және балықтың 9 түрі есептеледі. Кирсанов кешенді қорықшасы, жер көлемі 61 мың га, қамшатты жерсіндіру және елік, бұлан және басқа жануарлардың санын көбейту үшін құрылған. Қорықшаның территориясының өзен жайылмасында далалы Орал өңірінің тамаша табиғи кешені - әсем емен мен ақтерек ормандары сақталған. Бұл жерде, Батыс Қазақстанда тек осында кездесетін, сиреп бара жатқан өсімдіктері мен жануарларына өте қолайлы жағдай жасалған. Бұнда Қызыл кітапқа енгізілген көптеген өсімдік түрлері өседі (қарапайым емен, мамыр маржангүлі). Сирек кездесетін сәлемшөп, аюбалдырған, шерменгүл, қоңырауша, субидайық, қабыржық, қара мойыл тағы басқалары да табылады. ### Атырау облысы шекарасында Атырау облысының үлесіне Жайықтың 323 шақырымдық сағалық бөлігі тиеді. Индер ауылдары аралығында белдеулей өтіп теңізге дейін шөл аймағы созылады. Көктоғай елді мекенінен бастап арнасы кеңи бастайды. Бұл жерден Нарын мен Бақсай арналары бөлінеді. Өзеннің төменгі ағысында 0,5-тен 3 км-ге дейін, жайылмалар кездеседі, өзен деңгейінен биіктігі біртіндеп төмендейді және Топайлы ауылында 6-7 м. Алмалы ауылында 2 м. құрайды. Жайықтың төмен жерлерінде қамыс, бұталар, мия және жайылымдық шалғындар дамыған. Жоғарғы сағасында жусан, қурай, вейник, еркек шөп, қамыс шөптері және жыңғылдар кездеседі. Атырау қаласына жақындаған сайын, Жайықтың жағалауы да жандана бастайды. Жағалау жаппай бау-бақша саяжайлары, бақшалар, орман питомниктері, жазғы коттедждер басталады. Сонымен қатар ондаған үлкен құбырлар мен су алу қондырғыларын, магистральдық каналдың қуатты су қабылдайтын станцияларын көруге болады. Жайық өзені Атыраудан кейін бірден сол саласы Перетаска тармағынан басталады. Оның артында Бұқар мен Яицкийдің тармақтары бөлінген. Яицкий тармағы арна түрінде тереңдетілген Атаман қолтығы арқылы теңізге шығады. Жайықтың негізгі арнасы - үнемі жасанды түрде тереңдетіліп тұратын 20-дан астам қолмен жасалынған каналдар арқылы таралады. Жайықтың төменгі ағысының тереңдігі, жыл сайын көктемгі судың көтерілуінен өзен арнасының шайылуына қарай, барынша қалыпты. Көктемде тасқында судың көтерілу деңгейі сабадан 3-7 м-ге асады. Фарватер бойындағы Жайықтың орта тереңдігі сабасында (саяздар мен шұңқырларсыз) 3-5 м құрайды. Жайық өзенінің сағалық ауқымының жоғарғы шекарасы атыраудың басымен ұласады (Атырау қаласынан төмен), теңіздік – теңіз кемеріне 3 м изобатта кіреді. Бұл шектегі саға аумағының көлемі 1500 км ² тең. Өзен атырауы көлемі 600 км². Жайық өзенінің балық шаруашылығында зор маңызы бар. Аймақтағы табиғи факторлар жиынтығы жылдың мезгіліне байланысты, сәуірден шілде айлары аралығында, балық өсіруді жоғары деңгейде дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады. Қазіргі кезде Жайық өзені - Каспий алабындағы бекіре балықтың табиғи кең уылдырық қоры сақталған бір ғана өзен. Күзде 15 тамыздан 15 қараша аралығында Жайық өзенінде балықтың балықшаруашылық шұңқырларына жылыстауы жүреді, яғни күздегі қыстаққа қоныстануы болады. Содан соң Жайық өзені арнасында мамырдан шілде айларына дейін балық шабақтарының уылдырықтайтын және өсетін орнынан өзеннің сағалық кеңестігіне жылыстауы жүреді. Жайық өзенінде балықтардың 38-ден астам түрі бар: бекіре тәрізділер, майшабақтар, шортантәрізділер, тұқытәрізділер және басқалары кездеседі. ## Жайық өзенінің экологиялық проблемалары Жайық өзенінің экологиялық проблемалары , басқа да өзендер сияқты, кешенді табиғи, антропогендік және техногендік үрдістермен байланысты. Жайық өзенінің тозып өзгеруінің бірінші себептері болып, толассыз су ағынының табиғи үрдістердің механикалық үрдістер түріндегі әсерінен болатын арнаның бұзылуы болып табылады. Оның жағымсыз салдары болып табылатындар: * - Арнаның лайлануы, өзеннің тайыздалуы мен оның гидрологиялық режимінің нашарлауына соқтыратын қайраңдардың пайда болуы; * - Жағалаулардың иреңдері мен топырақты жерлерінің жеңіл механикалық құраммен шайылуы. Бұл өзеннің арнадан шығып және үлкен аумақты басып кетуіне қауіп туғызады. Осы үрдістер Жайықтың көктемгі қатты тасқынымен тіптен тереңдей түседі. Қазақстандық аймақта өзен арнасының лайлануына теріс әсер ететін факторларға ағысты баяулатын даланың жазықтылығы және арнаның көп ирелеңдігіне әсер ететін жер бедерінің сәл жотылығы жатады. Осыған байланысты өзеннің тұтастығы мен қызметі оның тұрақты күтімсіздігінсіз мүмкін емес. Өзен арнасының лайлануына оның салалары мен бастау көздерінің тазаланбауы әсер етеді. Батыс Қазақстан облысындағы Жайық өзенінің алабына кіретін кіші өзендерге Шаған, Деркөл, Елек, Утва, Рубежка, Быковка, Барбастау, Емболат т.б. кіреді. Бұдан басқа , Жайық өзенінің табиғи экожүйесінің тозуына оның су, өсімдіктер, жануарлар мен балық ресурстарын пайдаланатын шаруашылық қызметтері де өзіндік әсерін тигізеді. Елді мекен жерлердегі жағалай өзеннің жағалаулары мен су алатын алаңдарда, тасқын кезінде өзенге шайылатын қалдықтар төгіледі. Жайық бойында орналасқан үлкен қалалардың арналы тазалық құралғылары ескірген, қайта жаңғыртуды қажет етеді және арналық ағындарды қажетті дәрежеде тазартуды қамтамасыз етпейді. Жайық өзенінің беткі суларының ластануының маңызды факторы өндірістік кәсіпорындарының қызметі, суалатын алаңдар аумағындағы ескіден бергі ластар, қалалық, және кенттік шайынды сулар болып табылады. Жайық өзені мен аңғарлардың суының азаюына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бұзылуына рұқсатсыз ағаштар кесу және далалық өрттер әсер етуде. Шекарааумақтық Жайық өзені суға тапшы Қазақстан ғана емес, Ресейдің де ерекше мемлекеттік маңызды негізі су күретамыры болып табылатыны сөзсіз. Тіпті одақтық мемлекет кезінде де осылай болған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.01.2004 жылғы №159 қаулысымен «Ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандары тізбесі мен ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарының шаруашылық қызмет режимін құқықтық реттеу ерекшеліктері» бекітілген. Өкінішке орай, Жайық өзені осы аталған құжаттағы өлшемдерге сәйкес келсе де, ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарына жатқызылмаған, осыған байланысты оған өз дәрежесінде көңіл бөлінбей келеді. Жайық өзені алабы ежелгі өркениет орталығы және қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей Федерациясының әлеуметтік экономикасында аса маңызды орын алады. Жайық өзенінің ландшафтты-экологиялық жағдайын және су кешенін қалыпқа келтіру мен сақтау басты міндет. Жайық өзенінің көпғасырлық бай тарихы біздің ұрпақтар үшін жоғалмауы керек. ## Білгенге маржан * Бұл қасиетті Жайық өзені, осы өзеннің бойында Қыз Жібек балалық шағын өткізген. Осы өзенді өтіп Төлеген Қыз Жібекке келген. * Осы өзеннің суына Махамбет пен Исатай әскері аттарын суарған. Осы өзенді қорек еткен. Осы өзен үшін алысып, жан беріскен. Ел азаттығы үшін осы өзенді талай малтып кешіп жүріп соғысқан. * Осы өзенді өтіп әйгілі Бөкей хан "Ішкі Орда" атты Еділ-Жайық арасына қоныс тепкен "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" хандықтың негізін салған. * Осы өзеннің жағасында Алашорда үкіметінің негізін салушылардың бірі Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар дүниеге келген. Осы өзенді малтып жүріп балалық шақтарын өткізген! * Осы өзеннің суымен Александр Македонский де ауқат алған. Осы өзеннің жерінен өзімен-өзі шығып жатқан қара майды көріп Аристотель де таң қалған. Осы өзенді өтіп Батый Хан қыпшақ халқынын рухымен Русь әлемінің "ел боламыз" деген үмітін жүздеген жылдарға кейін шегеріп, отар қылып, Еуропаның жартысын жаулап алған. * Осы өзенді өтіп әйгілі Марко Поло Еуропаға Азия әлемін ашқан. * Осы өзеннің жағасында адамзат тарихындағы ең дарынды қолбасшылардың бірі Сұлтан Бейбарыс дүниеге келген. Осы өзеннің бойға сіңген нәрімен Сұлтан Бейбарыс бүкіл Ислам әлемін Моңғол және Крест шапқыншылығынан сақтап қалған. Байтал түгіл бас қайғы заманда Мұстафа Шоқай да осы өзеннің бойымен шетел асқан. * Осы өзеннің бойында толғауын шегіне жеткізіп Құрманғазы құдіретті күйлерін шығарған! Осы өзенді қазақтың маңдайына біткен ұлы Әлкей Марғұлан да малтып жүріп Сарайшықты зерттеген! ## Сілтемелер * Медведев үшiн Жайықтың құны көк тиын Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. ## Дереккөздер
Аягөз — Абай облысына қарайтын қала, Аягөз ауданының әкімшілік орталығы. Қазақстанның шығысында, Аягөз өзенінің қос жағасында орналасқан. Стратегиялақ маңызы бар қала, қалада бірнеше әскери гарнизондар мен ПВО зымыранды әскери кешен орналасқан. Тоғыз жолдың торабы. Республикалық маңызды автожолдар мен Түркістан-Сібір магистралі өтеді: Алматы — Өскемен, Қарағанды — Аягөз — Боғаз. Қала үстінде бірнеше халықаралық әуе жолдарының қиылысы орналасқан. ## Халқы және құрамы 2010 жылғы 1 қазанда өткен санақ бойынша ауданда 38 155 адам, соның ішінде қаланың өзінде — 37 593 адам тұрады. Ұлттық құрамы (2010 жылдың 1 қаңтары бойынша): * қазақтар — 34 113 адам (93,02 %) * орыстар — 1 715 адам (4,68 %) * татарлар — 387 адам (1,06 %) * ұйғырлар — 128 адам (0,35 %) * немістер — 66 адам (0,18 %) * басқалар — 262 адам (0,71 %) * Барлығы — 36 671 адам (100,00 %) 2004 жылдың 28 мамырында Аягөзде Қазақстанның 15млн-шы тұрғыны саналуға құқығы бар 760 баланың бірі туған. ## Тарихы ### Атауы Қаланың қазіргі атауы ауданнан ағып өтетін Аягөз өзеніне байланысты қойылған. Ғалымдардың пікірінше өзеннің аты түркілердің ай тайпасының атауы мен түркіше "өгөз" «өзен», яғни «ай руының өзені» дегеннен пайда болған; ал халықта түркіше ая — «әдемі» және гөз/көз — «көз» деген нұсқа кең таралған. ### Алғашқы естеліктер Алғашқы естеліктер XVI—XVII ғасырларға жатады, бұл өңірде «қазақтың Ромеосы мен Джульеттасы» — «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу өмір сүрген». Қаланың іргетасы 1831 жылы қаланған. 1831—1860жж. округтік қала болып, қасында ағып жатқан Аягөз өзеніне байланысты «Аягөз» атанды. 1860 ж. соң Сергиополь, толығырақ айтқанда Семей облысы, кейін Жетісу облысы Лепсі уезі Сергиополь стансасы атанды. Қазіргі таңда Сергиопольдің орнында Мамырсу ауылы орналасқан. Қазіргі қала сол ауылдың маңында 1931 ж. станса жанындағы кент ретінде пайда болған, ал Түркістан-Сібір темір жолының құрылуына байланысты 1939 жылы қала статусы мен Аягоз атауын алды, ол атауы Қазақстан тәуелсіздігін алған соң қазақша транслитерацияға ұшырап «Аягөз» атанды. ### Кеңестік кезең Теміржол қаланың дамуына зор үлесін қосты. Қалада телеграф, алғашқы мектептер салына бастады да, халық саны өсе бастады; Тепловоздар мен паровоздарға қызмет көрсететін мекемелердің құрылысы, ауылдар мен кенттерден жастардың топтасып келуіне жол ашты. Заманауи қалаға лайық орта пайда болды: бүкіл КСРО-ға танымал «Аягөз ет комбинаты», май зауыты мен тері өңдеу фабрикасы жұмыс істеді. Бұл өнімдердің жартысы КСРО-ның басқа аймақтарына жеткізілді. Содан кейін пима өндіретін зауыт, темір-бетон өнімдерінің зауыт, пивзавод өз жұмыстарын атқарды. Кейінірек қалада үлкен әскери гарнизон пайда болды. 70-ші жылдардан бастап қала дамуының шарықтау шегіне жетіп, Аягөзде белсенді құрылыс жұмыстары басталды, қала дамуының жоспары жасалды, бірақ бұлардың барлығына Кеңес одағының құлауы теріс әсерін тигізді. ## География Аягөз Сарыарқаның оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Қалада шөлейт табиғат зонасы басым, Аягөз өзені ағады. Биіктігі теңіз деңгейінен 654м. Ең биік нүктесі қаланың шетінде, ал ең төмеңгісі Аягөз өзеніндегі теміржол көпірінің астындағы шұңқыр. Қала орографиясы әртүрлі: солтүстіктен қала төмеңгі релефте орналасқан. Оңтүстіктен қала белестермен қоршалған, қалаға төбелерден өтетін ирек жолмен кіреді. Шығыстан қарасақ қала төмен орналасқан сияқты болып көрінеді, өйткені Аягөз өзені дәл сол жерден кіреді. Ең төмеңгі жері - батыс, өзеннің ағып шығатын жағы, батыста таулы жерлер кездеседі, бұл аймақтағы таулар қаланың басқа жақтарына қарағанда биігірек. ### Сағаттық белдеу Аягөз қаласы, барлық Шығыс Қазақстан сияқты UTC+6 сағаттық белдеуінде орналасқан. 2004 жылдан бастап Қазақстанда жаздық уақытқа өту өз күшін жойған. ### Климат Аймақ климаты — шұғыл-континентті. Аудан шекарасы арктикалық бассейнге ашылған, алайда Үнді мұхиты әсерінен, Азияның таулы жүйелері арқылы бөлектелген. Аягөздің ауа райын жергілікті гидрометеостанция тексереді. Орташа жылдық температура 3,5 °C құрайды. Жылдық экстремум темератураның қатты ауытқушылығы байқалады: қыста ол тіпті −45 °C жетеді, ал жазда +40 °C. Қаңтардың орташа температурасы −17°…−19 °С, шілденің +20°…−22 °С. Ауаның орташа жылдық салыстырмалы ылғалдығы — 66 %. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250—400 мм. Қар қазанның аяғы мен қарашаның басында жауады да, сәуірге дейін жатады. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 2,4 м/с құрайды. Аягөз әжептәуір желді қала. Қыста бұл жел болмашы жиырмаградустық суықта климаттың қатаңдығын айтарлықтай күшейтеді. Температура −30° төмен болғанда дауылдық ескерту жарияланып, мектептерде сабақтар болмайды. Абсолютті минимум ол −51 °С, абсолютті максимум — +42 °С. ## Транспорт Аягөз — Қазақстанның маңызды автомобиль, теміржол және әуе жолдарының бірі. Аягөз өзенінен 3 көпір өтеді: 1 теміржолдық, 2 автомобильді (олардың бірі «жаңа» деп аталады). ### Автомобиль жолдары Қала республикалық маңызы бар жолда орналасқан: Оңтүстіктен солтүстікке қарай А-350 трассасы Алматы — Өскемен, ал батыстан шығысқа — А-345 трассасы Карағанды — Аягөз — Боғаз өтеді. Қаладан күн сайын мыңдаған автомобильдер өтеді. Жол торабына өткенде Аягөз Шетел-Есірткілер МАИ бекеті орналасқан, өйткені бұл жолдар Ресей мен Орта Азия елдерін және Қытайды қосады. Қала Қазақстанның басқа облыстарымен (Павлодар, Алматы) және Алматы, Өскемен, Семей, Павлоар, Талдықорған, сонымен қатар Шығыс Қазақстанның ауыл-аудандарымен автобусты байланыста.Қалалық транспорт автобустармен ұсынылған, қалада барлығы 14 бағыттағы автобус бар. Олар қаланың бірінші шетінен екінші шетіне дейін айналып жүреді. Олардың барлығы «Автобус паркі» ЖШС-не қарайды. ## Дереккөздер ## Пайдалы сілтемелер http://ayagoz.kz/http://ayaguz.narod.ru/http://ayagoz.coolkaz.kz Мұрағатталған 18 қыркүйектің 2012 жылы.
Нәзір Төреқұлов (1892, Қандөз, Сырдария уезді, Түркістан өлкесі, Ресей империясы (қазіргі Қандөз ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы) – 3 қараша 1937, Мәскеу) – мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, алғашқы қазақ елшілерінің бірі, дипломат. Орта жүздің алты арысының бірі Қоңырат тайпасы Көтенше тармағының Маңғытай руынан. ## Өмірбаяны * Қоқандағы жәдидтік мектепте және екі жылдық орыс-түзем мектебінде бастауыш білім алған. * 1913 жылы сондағы коммерцияучилищесін бітіріп, Мәскеудегі коммерция институтына оқуға түскен. * 1916 жылы 25 маусымдағы патша жарлығы бойынша майданның қара жұмысына алынған жерлестеріне көмек көрсету мақсатымен оқуын тастап, Батыс майданға барған. * Минскіде Земство одағына нұсқаушы болып жұмысқа кіріп, тыл жұмысына алынғандарға тілмаштық қызмет көрсетіп, олардың мүддесін қорғау бағытындағы іс-шараларға белсене ат салысты. Сонда жүріп қазақ жастарының “Еркін дала” атты астыртын ұйымын құруға жетекшілік етті. * 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Орынборға оралып, “Еркін дала” ұйымының алғашқы құрылтайын ұйымдастырады. * 1918 жылғы 16 сәуірден Орынборда “Қазақ мұңы” газетін шығаруды қолға алды. Осы жылы жазда Қоқанға оралып, сонда жұмысшы, диқан және солдат депутаттары кеңесіне қызметке тұрып, оның органы болып табылатын “Халық газетасын” және Түркістан Коммунистік Партия органы “Инқилоб” (Революция) журналын шығаруға ат салысты. * 1919 жылы Ферғана облысы ревкомының және Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болды. * 1920 – 1922 жылы Түркістан Коммунистік Партия Орталық Коммитетінің төрағасы, Түркістан Орталық Атқару Коммитетінің мүшесі және төрағасы, Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің және Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы халық комиссарлар кеңесінің, Ресей Кеңестік (большевиктер) Партиясы Орталық Коммитетінің Түркістан бюросының, Түркістан майданы революциялық әскери кеңесінің мүшесі. Ол осындай лауазымды қызметтерде жүріп дін мәселесіне көп көңіл бөлді. Түркістан Орталық Атқару Коммитетінің төрағасы ретінде барлық мекемелерде демалыс күнін жексенбіден жұмаға ауыстыру туралы және Құрбан айттың үш күнін демалыс күндері деп жариялау туралы қаулыларға қол қойды. * 1921 жылы “Қызыл байрақ” журналында “Ислам және коммунизм” атты мақала жариялап, онда исламның қоғамдағы атқарып отырған рөліне оң баға берді. * 1922 – 1928 жылы Мәскеуде КСРО Орталық Атқару Коммитеті жанындағы Орталық баспа басқармасының төрағасы қызметін атқарды. Бұл қызметке кіріскеннен кейін В.И. Лениннің қабылдауында болып, автономия алған халықтардың тілін мемлекттік тілге айналдыру мәселесін көтерді. Түркі тілдес халықтардың ортақ әліпбиін жасау жөніндегі комиссияға төрағалық етіп, араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшуді жақтады. Орталық баспа басқармасының төрағасы ретінде қазақ тілінде “Темірқазық” атты журнал шығаруды ұйымдастырып, оған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев секілді қазақ зиялыларын тартты. * 1928 – 1932 жылы Хиджазда бас консул болды. * 1932 – 1936 жылы КСРО-ның Сауд Арабиясындағы өкілетті елшісі болып қызмет етті. * 1932 жылы маусымда Сауд Арабиясы королінің мұрагері Фейсал әл-Саудтың КСРО-ға ресми сапарын ұйымдастырды. * Төреқұлов Нәзір елші болған жылдары араб тілін жетік меңгеріп, бірнеше мәрте кіші және үлкен қажылық рәсімін орындады. * 1936 жылы КСРО Ұлттар кеңесінің жанындағы Орталық тіл және жазу ғылыми-зертханалық институтына қызметке орналасты. * 1937 жылы шілдеде “халық жауы” ретінде айыпталып, ату жазасына кесілді. * 1958 жылы 28 қаңтарда КСРО Жоғарғы сотының шешімімен ақталды. Бүгінде Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында Төреқұлов Нәзір есімімен аталатын көшелер бар. Оның есімі Шымкенттегі, Түркістандағы және Шолаққорғандағы орта мектептерге берілген. Түркістан қаласында Төреқұлов Нәзір мұражайы жұмыс істейді. Қайраткер ғалым ретінде отандық тіл білімі саласына үлкен үлес қосты. Оның «Жат сөздер», «Ұлт мәселесі және мектеп», «Қазақ-қырғыз үшін жаңа әліпби» сынды еңбектері мен өзге де мақалаларында емле, әліпби, терминология жүйесі ғылыми негізде талданып отырады. Сондай-ақ қаламгердің әдебиет туралы пікірлері де ерекше. Ол С.Сейфуллиннің «Асау тұлпар», «Бақыт жолына» атты шығармаларына, өзбек каламгері А. Қадыридің еңбектеріне сын жазды. Өзбектің «Инқилоб» атты журналына жазған ислам діні, жәдитшілдік, Түркістан тарихы туралы мақалалары ғылыми нақтылығымен көзге түседі. Қайраткер 1937 жылы 15 шілдеде ұсталып, 3 қарашада атылды. ## Шығармалары * Орыс-өзбек тілінің әлеуметтік-саяси сөздігі. Ташкент, 1922. * Түркістан Автономиялық Республикасы // ЖН. 1923. 1. кітап, 86-95 б; (Бартольд В. В. кітабына рецензия). * Түркістан тарихы. Ташкент, 1922 // Сонда. 2. кітап, 162—164 б. * Лениндік жолмен: (Наримановтың өліміне орай) // НВ. 1925. № 7. IV. жинақ * Түркі әліпбилерінің латындандырылуы мәселесіне орай // Сонда. № 10/11. 218—222 б. * Ұлт мәселесі мен мектеп. Мәскеу, 1926. ## Сөз сөйлеуі * Бүкілодақтық түркологиялық құрылтай, 1926. 263—268; 309—310, 330—331 б. ## Баяндамалар * Стенографиялық есеп, 1927. 88-92 б., 115—123; * Біздің міндеттеріміз // НВ. 1928. № 20/21. XII—XXII жинақ; * Нәзір Төреқұлов — Сауд Арабиясы Корольдығындағы КСРО-ның өкілетті өкілі: (Хаттар, күнделіктер, есептер. 1928—1935 жж.). М., 2000. ## Дереккөздер
Ақыт Қажы Үлімжіұлы Қарымсақов (А. Алтайский) (1868, ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Алтай аймағы, Көктоғай ауданы — 1940, Үрімші) - атақты қазақ ақыны, діни қайраткері, халық ағартушысы. Шығыс Түркістандағы Алтай аймағының Көктоғай ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бастап ауыл молдасынан, одан кейін Бұқар медресесінде дәріс алып араб, парсы тілдер, сондай-ақ шариғат пен тәжуитті үйренген. 1908 жылы Алтай, Қобда аймақтары қажылар тобының аудармашы ретінде Меккеге қажыға сапар шегіп барады. 1910 ж. елге қайтып келген соң, Сарытоғай ауылында мешіт салдырып, медресе ашып мұғалім болады. 1939 жылы Шэнь Шицайдің үкіметіне наразы шыққан халық көтерілісіне белсене қатысқаны үшін тұтқынға алынып, мешіті талқандапып, кітаптары өртендіріліп, 1940 ж, түрмеде азаптап өлтірілген. 1891 — 1914 жылдары Санкт-Петербург, Қазан баспаларынан Ақыт Қажының көптеген кітаптары бірнеше рет жарық көрді. Оның шығармалары “А. Алтайский” деген бүркеншік атпен “Айқап” журналына да жарияланып тұрған. Ақыт өлеңді алуан ырғақта насихат, назира, ғақлия түрінде жазған. Ой толғауда Абай мәнеріне ден қояды. Абай өлеңдерін үлгі ете отырып, “Дәлейлул-ғақылия” (“Ақыл түбі”) өлеңдер топтамасын жазып шыққан. “Адамның жасы”, “Асан ата”, “Шыңжан қаритасы”, “Керей шежіресі”, “Ер Жәнібек”, “Алтай” деп аталатын туындылары ел арасына кеңінен таралған. Ақын Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақовтан бастап 30-дан астам халық ақындарының шығармалары жинастырылып, зерттеліп, ел игілігіне айналды. ## Ақыт Үлімжіұлы шығармалары Ақыт Үлімжіұлы – қазақ руханиятында исламдық бағытты көтерген ойшыл, ғұлама, кітаби ақын. Оның баспа беттерінен жарық көрген еңбектер санының қанша екендігі белгісіз. Дегенмен, қолда бар деректерге негізделгенде Ақыттың нақты баспадан шыққан еңбектер саны – тоғыз: 1.   Жиһаншаһ (дастан), 1897 жылы, Қазан баспасы; 2.   Қисса-и «Жиһаншаһ Тамузшаһ оғлы» (дастан). 1901 жылы Қазан баспасы; 3.   Қисса-и «Сәйпілмүлік» (дастан). 1895, 1909, 1914. Қазан баспасы; 4.   Қисса-и «Ғабдімәлік» (дастан), 1902, 1904, 1909; 5.   Тәржімә-и Ақыт уәләд, 1897 жылы, Қазан университі баспасы; 6.   Ахуал-и қиямет (насихаттық толғау); 7.   Қисса-и «Манақыб нуран ғазизан» . Қазан университеті баспасы; 8.   Әбият ғақдия (Ғибырат жыр), 1909 жылы; 9. Керей ишаны – Мұхаммед мүмін, ## Дереккөздер
Ақсүйек ойыны — қазақтың ұлттық ойындарының бірі. ## Ойын барысы Жігіттер мен қыздар жиналып, жаздың айлы түнінде ашық далада ойнайды. Ақсүйек ойнына малдың ақсөңкелеп қураған жілігі немесе қабығы аршылған, ұзындығы екі қарыстай жұмыр ақ таяқша пайдаланылады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Ойынды бастау жеребе тастау арқылы анықталады. Содан кейін ойын бастаушы ақсүйекті бар пәрменімен алысқа лақтырады. Жастар таяқты іздеуге кіріседі. Оны тапқан ойыншы өз серіктеріне дыбыс беріп, сөреге қарай жүгіре жөнеледі. Серіктері оның тосқауылға тап болмауына көмектеседі. Қарсыластары қалайда ақсүйекті тартып алудың амалын жасап бағады. Ақсүйекті тартып алса, өздері де біріне-бірі қол жалғап, сөреге жетуге ұмтылады. Бұл тартыста ақсүйекті сөреге жеткізген топ жеңген саналады. Ойын шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулиды. Ақсүйек бірін-бірі ұнатқан жастардың оңаша кездесуіне дәнекер де болған. Ертеде «Ақсүйек» ойынын той-томалақ жасаған үй иелері ұйымдастыратын. Ондай кезде алдымен айтыс, ән-жырға кезек тиеді. Үлкендер жағы жастарға тәлім айтып, қисса-дастандар оқитын болған. Соңында, тықыршып тұрған жастардың ойынына кезек тиеді. Ақан сері Ақтоқтысымен, Абай Әйгеріммен, Біржан Ләйлімен ақсүйек арқылы табысқан деседі. Ал заманымыздың белгілі композиторы Алтынбек Қоразбаев ұлттық ойын жайлы ән де шығарды: Ақсүйек айлы түндерде ойналатын жастардың кен, таралған дәстүрлі ойыны. Ақсүйек ойынында лақтырылатып сүйектің өзі «ақсүйек» деп аталады. Бұл ойынды ай жарық түндері, көбінесе жаздыгүні қыз бен жігіт, бозбалалар ауыл сыртында ойнайды. Мал келіп, қораланып болғаннан кейін күзеттүнінде ауыл шетінде ойын басталады. Ойынға ертеде ірі қараның жілігі пайдаланылған. ## Ақсүйек ойынының бірінші нұсқасы Ойыншылар екі жақтан жарты шеңбер жасап жиналады. Ойыншылар саны алты адамнан кем болмауы керек (И.И.Ибрагимов). Кейде суйек орнына сиырдын қылшығынан құмға езіліп жасалған жүн доп қолданған. Келісім бойынша бір ойын жүргізуші таңдалып алынады. Ол бір таяқты кезектесіп «ұстасу» арқылы ойыншылар екі топқа бөлінеді де ойынды бастайды. Екі топтың да ойыншылары киімдерін шешіп, екі жаққа үйіп кояды.Содан кейін ойын бастаушы ақсүйекті немесе жүн допты алады да, барынша алысқа лақтырады. Сүйек лақтырылған соң оны іздеп жан-жаққа жүгіреді. Ойынға қатысушылар Ақсүйекті лақтыруға оны ұстап алуға немесе түскен жерінен тауып алып, үюлі тұрған қарсыластарының киімдеріне барып бір-бір заттан алып кетуге тырысады. Ал, қарсыластары болса, оларға кедергі жасап сүйекті немесе допты тартып алып, оз қарсыластарының киімдеріне қарай умтылады. Қарсыластары сүйекті немесе шарды бір-бірлеріне лақтырып беру арқылы қарсыластарының тымақ немесе аяқкиім сияқты заттарын алып өз жақтарына қашып келуге тырысады. Осылай ойын бір жақ жеңгенше жалғаса береді. Сөйтіп А.-ті қай топтың ойыншысы сөреге жеткізсе, қарсы топтағыларға жеңілген есебінде айып салынады. Ойын кезінде басқа сүйекті пайдалануға болмайды. ## Ақсүйек ойынының екінші нұсқасы Екі топқа бөлінген ойыншылар өз араларынан бір адамды «қарақшы» ретінде сайлап алады. Ойын басшысының біреуі ақсүйекті алады да, оны барынша алысқа лақтырады. Екі топтың ойыншылары теріс қарап тұрады да, лақтырылған сүйектің жерге түскен дыбысы естілгенге дейін орындарынан қозғалмай турады. Сүйек жерге түсе салысымен, сол жакка қарай екі топтың да ойыншылары түгел іздеп тауып әкелуге кіріседі. Сүйекті тауып алған адам үш рет «Ақсүйек» деп айқайлайды да «қарақшыга» қарай жүгіреді. Басқалары болса, А.-ті тауып алған адамға қарай жүгіріп, онан тартып алмаққа умтылады. Егер ала алмай қалса, онда ол өзі барып «царацшыга» тапсырады. Содан кейін екінші топтың ойын басшысы сүйекті лақтырады. Қайсы топ сүйекті көп лақтырса, сол топ жеңген болып саналады. Алдын ала ақсүйекті қанша рет лактырулары керек екендігін келісіліп алынады. Жеңгендер жеңілген топты мазақтап, «Алай аттым, бұлай аттым, ақсүйекті жалат- тым» деп қолдарын соға мазақтайды. Ақсүйек ойынында отқа табыну, табиғаттың жандануы және табиғат мезгілдерінің ауысуы, осыған орай, шаруашылық маусымның ауысуы көрініс тапты. ## Тағы қараңыз * Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі ## Дереккөздер
Моңғолиядағы жазба әдебиеттің негізін салушы – Ақтан Бабиұлы (1897-1973). Ол МХР мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, ақын әрі драматург, сонымен бірге ауыз әдебиетінің белді өкілі. Жас кезінде айтыскер ақын ретінде елге танылған ол 1919 жылдан бастап “Кедей күні”, “Сары Мешелге”, “Қарау байға”, “Жөргем салға”, “Халел мен Мәлік молдаға” секілді өлеңдерімен сол кездегі мешеулікті сын тезіне салып, тілі уытты сыншыл да шыншыл ақын ретінде халыққа танылады. Оның Ұмсындық, Ғазиза, Ақбалалар мен айтысы сол кездегі қазақ өмірінің айнасы деуге болады. А.Бабиұлы 1940 жылдан бастап “Өркендеу” газетіне өршіл үнін қосып, жаңа заманның жаршысы болумен бірге мәдениет пен өнерге қарымды үлесін қосқан сергек саналы қайраткер болды. Оның оннан астам жинақтары жарық көріп, драмалық туындылары театр репертуарының мәйегіне айналды. Ақынның 1940-1960 жылдарда жазған өлеңдері үгіт-насихат сипатында болып, халықты жаңа қоғам құруға уағыздады, ескі мешеулікті қатты сынауға бағытталды. Ол достық тақырыбында “Орыс даласы”, “Москвам”, “Қанды соғыс”, “Отан жыры” секілді туындылар, “Қыс”, “Жазғы мысал”, “Қобда өзені”, “Бесбоғданың қойыны”, “Бөкентау” секілді табиғат лирикаларын жазды. Ақынның “Бүркіт” (1959), “Досымбек-Балқия” (1964), “Өмір жолы” (1970) секілді поэмалары оның қаламгерлік қарымын жалпақ елге танытқан шоқтығы биік туындылар болумен бірге поэма жанрының қалыптасуына негіз болды. ## Дереккөздер
Тұрсынғазы Рахимов (1951 жылы 15 қазанда туған) «Өнер – тәңір сыйы» десек, бойға біткен қасиетті танып, оны дамыту, жан дүниені тебіренткен ерекше сезімнен туған ән ырғағын тыңдаушыға жеткізіп, көкірек көзін ояту екінің бірінің қолынан келе бермейді. «Сәби болғым келеді» әнімен танымал, отыз жылдай қазақ даласын шарлап, өз өнермен қалың қауымды сүйсінтіп жүрген, Семейлік әнші, сазгер, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Тұрсынғазы Рахимов - міне осындай өнер иесі.«Үш бақытым» деп Мұқағали жырлап өтсе, «үш ұстазым бар» деп Тұрсынғазы әркез мақтанышпен айтады. Өнер жолында үш дарын иесінен тәлім-тәрбие алғаны жайлы сөз кезегін сазгердің аузынан тыңдасақ: "Мен Жүсіпбек Елебековтың шәкірті болғаныма бақыттымын. Ол кісі үнемі айтатын, «сен сазгерлікпен айналысасың» - деп. Ол кісінің көрегендігі ме, мен он жылдан кейін ән шығара бастадым. «Сені асырайтын қара домбыраң» дейтін екінші ұстазым Есімхан Обаев. Ол маған талай роль беріп сахнаға шыңдады. Сахнаға шығу үшін де шеберлік керек. Үшінші ұстазым – композитор Теміржан Базарбаев.1979 жылы алғаш әнім «Сәби болғым келедіні» жазғанда ақ батасын беріп, көп тәрбиелеген тәлімгерім еді...» 1993 жылы желтоқсан айының басында Алматыда сазгердің шығармашылық кеші өтті.1994 жылы Тұрсынғазының «Сәби болғым келеді» деген атпен әндер жинағы шықты. Жинаққа «Әнге ғашық жүрек» деген алғысөз жазған ғалым, зерттеуші Төкен Ибрагимов.Осы жылы әнші Қытай еліне арнайы шақырумен барып, Үрімжіде өнер көрсетіп қайтты. Әр әннің өз тағдыры, өз дауысының бояуы, жүрек лүпілі болады. Иісі қазақ жұртының қан тамырындай бүлкілдеген сол бір нұрлы айшықтың ішінде сазгердің де өз үні бар. Оның әндерінің жол табуына себепкер болған адам – Мұқағали Мақатаев. Арқалы ақынның аруағы Тұрсынғазының талантын әлі күнге жебеп келеді. Осы уақытқа дейін ақынның он беске жуық өлеңін әнге қосты. Оның «Дариға, домбырамды берші маған», «Отыздан асып барамын», «Мен сені сағынғанда», «Санаулы күн» , «Нені аңсаймын», «Я, жаратушы Аллам», «Қазағым-ай», «Аягөз ару» т.б. әндері жан дүниеңді тебірентетін дүниелер. Әр әннің өзінің шығу тарихы болады дегендей, сазгердің «Батыр баба - Қабанбай», «Ән атасы - Әміре», Әсетке арналған «Сағынбасқа не шара», Кейін Жәнібектен көз жазып қалған шақта Несіпбек екеуі «Ақбөкен» әнін шығарса, бертінде Есенғали Әділбековтың өлеңіне «Әнің қайда, Жәнібек» әні туды. 2004 жылы Тұрсынғазы Рахимовтың «Нені аңсаймын» деген ән жинағы жарық көрді. Жинақта ақын-журналистердің Тұрсынғазы жайлы туындылары орын алады.Жүсіпбек Елебековтың әншілік мектебін ұрпаққа үйретіп, Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыка колледжінде ұстаздық етіп жүрген Тұрсынғазы Рахимов - өнер шырағын келер ұрпаққа жеткізген тәлімгер. Әдебиеттер: * Дүйсенбек Ә. Сәби сезім, сыршыл жүрек // Егемен Қазақстан.-2004.-3 шілде.-8б. * Дәуренбеков М. Семейден ұшқан бір түлек: (Әнші Т. Рахимов туралы)// Семей таңы.-1976.- 9 желтоқсан. * Жұртбаев Т. Сырлы сазгер // Халық кеңесі.-1993.-9 ақпан * Жұртбаев Т.Тұрсынғазы туралы сыр ( сазгердің шығармашылығының 20 жылдығыны орай( // Семей таңы.-1993.-1993.- 16 қаңтар * Зүкенов М. Сазгерге балуан сый тартты .- Семей таңы.-1999.-8 шілде * Ибраев М. Аққумен әнін қосқан // Семей таңы.- 1991.-6сәуір * Иманбаева А. «Сәби болғым келеді». //Мәдениет.-2010.-№4.-Б.17-19 * Рахимов Т. Нені аңсаймын..-Өскемен Медиа-Альянс,2004.-180б. * Қамбаров Ж. Т. Рахимов.- Алматы, 2004.-196б. * Рахимов Т. Сәби болғым келеді: әндер жинағы. Алматы «Атамұра»,1994-64б. * Рахимов Т.Өнерім-өмірбаяным //Егемен Қазақстан.-2001.-30 қараша * . Cабырбай Қ. Тұрсынғазының әндерін шырқады // Семей таңы.-2004.-10 желтоқсан.-4б. * «Еркежирен» әнінің авторы. (Т. Рахимов) // Семей таңы.-1990.-9 қаңтар * Семей сазгерлері: Био-библиографиялық естелік.Семей, 2006.-18б. Пішімделінбеген мәтінді мында енгізіңіз
Аягөз ауданы — Абай облысының оңтүстік-батыс жағында орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жері 49,5 мың км². Аудан орталығы — Аягөз қаласы. ## Географиялық орны, жер бедері мен климаты Аудан солтүстігінде Абай, Жарма, Жаңасемей аудандарымен, шығысында Ақсуат, Үржар аудандарымен, батысында Қарағанды облысының Ақтоғай, Қарқаралы, оңтүстігінде Жетісу облысының Сарқан, Алакөл аудандарымен шектесiп жатыр. Аягөз ауданының солтүстігі сай-жыралы, өзенді, көлді, оңтүстігі Балқаш-Алакөл ойысымен астасқан жазық болып келеді. Климаты тым континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардағы орташа ауа температурасы — 17°С, шілдеде 22°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 — 400 мм. Қар қазанның ақыры — қарашаның басында түсіп, сәуірге дейін жатады. Аудан аумағынан Аягөз т.б. кішігірім өзендер ағып өтеді. Топырағы сортаң, кей жерде қоңыр және сұрғылт. Табиғи өсімдіктерден боз, бетеге т.б. өсімдіктер өседі. Жабайы аңдардан: арқар, қасқыр, аю, түлкі, борсық, қоян, сартышқан, құстан: қаз, үйрек, шағала т.б. мекендейді. ## Тарихы Аягөз ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда Жетісу губерниясы Лепсі уезінің Аягөз және Үржар болыстарының жерінен құрылған (1928 жылы 3 қыркүйекте БОАК-мен бекітілген). Алғашқыда аудан орталығы Сергиополь ауылында болып, 1930 жылы Аягөз ауылына көшірілген. 1932 жылы 20 ақпанда аудан жаңадан құрылған Алматы облысының құрамына енді. 1939 жылғы 20 сәуірдегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Аягөз кенті қала мәртебесін алды. 1939 жылғы 14 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен аудан Алматы облысынан Семей облысының құрамына берілді. 1940 жылы 15 наурызда ауданға 13 ауылдық кеңес кірген: Ақшатау, Ақтоғай, Ақшәулі, Аягөз, Бақанас, Жүзағаш, Қарақол, Қараағаш, Қоңыршәулі, Мыңбұлақ, Нарын, Ортааягөз, Сергиополь. 1951 жылғы 31 тамыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ақтоғай кенттік кеңесі құрылды. 1954 жылғы 4 тамыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ортааягөз ауылдық кеңесі таратылды. 1957 жылғы 1 шілдедегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ақтоғай кенті жұмысшы кенттерінің санатына жатқызылды; Ақтоғай кенттік кеңесі ауылдық кеңес есебіндегі Ақтоғай жұмысшы кенттік кеңесіне ауыстырылды. 1958 жылғы 28 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ақсуат ауданы құрамынан Үшарал ауылдық кеңесі берілді. 1959 жылғы 16 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ақшатау және Сергиополь ауылдық кеңестері Сергиополь; Қараағаш және Нарын ауылдық кеңестері Нарын ауылдық кеңесіне біріктірілді. 1961 жылғы 5 қыркүйектегі Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен Ақшатау ауылдық кеңесі құрылды. 1963 жылғы 2 қаңтардағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Аягөз және таратылған Шұбартау аудандарының негізінде орталығы Аягөз қаласында болатын Аягөз ауылдық ауданы құрылды. 1963 жылғы 10 қаңтардағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Аягөз қаласы облыстық бағыныстағы қалалар санатына жатқызылды. 1964 жылы 1 сәуірде ауданда 17 ауылдық кеңес болған: Айғыз, Ақшатау, Ақшәулі, Бақанас, Бидайық, Жүзағаш, Қарақол, Қоңыршәулі, Қосағаш, Мәдениет, Нарын, Сергиополь, Тарлаулы, Үшарал, Ұйымдас. 1964 жылғы 31 шілдедегі Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен Ақшәулі және Жүзағаш ауылдық кеңестері таратылды, Ақши және Қопа ауылдық кеңестері құрылды. 1964 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен қайта құрылған Шұбартау ауданына Айғыз, Мәдениет, Бидайық, Қосағаш, Малкелді, Бақанас, Ұйымдас ауылдық кеңестері берілді. 1967 жылғы 27 маусымдағы Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен Шолпан және Майлин ауылдық кеңестері құрылды. 1975 жылғы 12 наурыздағы Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен Сарыарқа ауылдық кеңесі құрылды. 1977 жылғы 16 ақпандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ақсәуле ауылдық кеңесі құрылды. 1980 жылғы 28 шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Қарағаш ауылдық кеңесі құрылды. 1980 жылғы 17 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Таскескен ауданына Ақсәуле, Қарақол, Қоңыршәулі, Қопа, Шолпан ауылдық кеңестері берілді. 1988 жылғы 2 маусымдағы Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен аумағын Аягөз қалалық кеңесінің әкімшілік бағынысына беруіне байланысты Аягөз аудандық кеңесі таратылды. 1988 жылғы 25 шілдедегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Аягөз қаласы аудандық бағыныстағы қалалар санатына жатқызылды. 1990 жылғы 13 қыркүйектегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Қаулысымен Аягөз ауданының ауылдық кеңестері Аягөз қалалық кеңесінің әкімшілік бағынысына берілді. 1996 жылы 1 қыркүйекте Аягөз ауданында 10 ауылдық округ болған: Ақшатау, Ақши, Сарыарқа, Сергиополь, Қараағаш, Майлин, Мыңбұлақ, Нарын, Тарбағатай, Таңсық. 1996 жылғы 13 қарашадағы Семей облысының әкімі мен облыстық мәслихаттың шешімімен таратылған Таскескен ауданының Ақтоғай кенті, Ақшәулі және Қопа ауылдық округтері берілді. 1997 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Семей облысы таратылып, Аягөз ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді. 1997 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен Аягөз ауданына таратылған Шұбартау ауданының жері қосылды. ## Халқы Тұрғындары 72 695 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,19%, орыстар – 2,60%, басқа ұлт өкілдері – 1,22%. ## Әкімшілік бөлінісі 49 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік әкімдік пен 21 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Кәсіпорындары мен әлеуметтік құрылымдары Автомобиль жөндеу зауыты, т.ж. торабы, вагон-локомотив депосы, тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, жүн өңдеу ф-касы, “Аягөз — нан”, “Аягөз — көлік”,“Аягөз — астық” акционерлік қоғамдары, баспахана, қалалық жылу орталығы т.б. жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер аумағы 4452,8 мың га (1997). Аягөз ауданында клубтар, мәдениет үйлері, халық театры, мұражай, кітапханалар, бастауыш және орта мектептер, ауруханалар т.б. мекемелер бар. ## Жол торабы Аудан жерін Түркістан — Сібір темір жолы басып өтеді. Тұрғындары елді-мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Аудан аумағында 18 тарихи ескерткіш, оның ішінде “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” ескерткіші бар. ## Дереккөздер
Абай ауданы: * Абай ауданы — Абай облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік бірлік * Абай ауданы — Қарағанды облысының солтүстігіндегі әкімшілік бірлік * Абай ауданы — Шымкент қаласының әкімшілік бірлігі
Арғынбай Жұмажанұлы - Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Тұлба көлінің жағасында туған. Қазақ орта мектебін, 1954 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. моңғолия қазақ баспасында корректор, орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің бастығы, «Жаңа өмір» газетінің бас редакторы, ғылыми қызметкер сияқты жұмыстар атқарған. ## Шығармашылығы «Тақпақтар», «Ертіс шындығы», «Өлеңдер мен әңгімелер», «Біздің өлкеде», «Меңдікөл», «Өмір сызған өрнектер» кітаптары қазақ тілінде, «Меңдісүлу», «Адам туралы аңыз» кітаптары моңғол тілінде жарық көріп, бірқатар шығармалары орыс, украин, болгар, тува, алтай тілдеріне аударылған. « Талаптылар », « Ертіс жырлары », « Бірлестікшілер », « Сандуғаш » пьесаларының авторы. 1979 жылғы Моңғолия Жазушылар одағы сыйлығының иегері. Моңғолияның «Еңбек Қызыл Ту», Алтын Жұлдыз ордендерімен, көптеген медальдарымен марапатталған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Марқұмның құлпытасына өзінің "Қоштасу" деген өлеңінен мынадай бір шумақ қашалған: Ұрпақ бердің ұлтыма айтып барам, Өнер бердің, жыр төгіп шалқып барам. Кешір мені туған жер — Моңғол елім, Пендемін ғой, қаныма тартып барам! Ол орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің меңгерушісі, аймақтық партия комитетінің хатшысы, "Жаңа Өмір" газетінің редакторы, қатарлы қызметтерді абыроймен атқарып, құрметті демалысқа шыққан. Моңғол Халық Республикасы халық ағарту ісінің үздігі, 1950 жылдан Моңғолия Жазушылар одағының, 1971 жылдан Моңғолия Журналистер одағының, 1993 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көрнекті жазушы драматург, Моңғолия Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. Өлең, дастан, драмалық шығармаларының он шақты жинағы қазақ тілінде, төрт кітабы моңғол тілінде басылған. Шығармалары орыс, украин, болгар, тува, алтай тілдеріне аударылып жарық көрген. "Талаптылар мен табынушылар", "Ертіс әуендері", "Бірлестікшілер", "Сандуғаш" пьесалары театр сахнасында қойылып, "Шайқас алдында", "Домбыра әуендері" атты көркем және деректі фильм сценарилері кино болып шыққан. Моңғолия Үкіметі Арғынбай Жұмажанұлының ұстаздық және жазушы-журналистік еңбегін жоғары бағалап, "Еңбек қызыл ту", "Алтын жұлдыз" ордендерімен және мерекелік медалдармен марапаттаған."Көшпенділер (фильм)" фильмінде айтылатын "Балапан қаз" әнінің сөзін жазған осы Арғынбай Жұмажанұлы. ## Дереккөздер
Мұрат Қалмұхаметұлы Өртембаев — тұңғыш қазақ және КСРО хакері. 1955 жылы дүниеге келген. Алматы физика-математика мектебін бітіріп Мәскеу мемлекеттік университетін тамамдаған. Сол университетте оның болашағы жарқын болады деп жорамалдап отырғанына елемеп Тольятти қаласындағы АвтоВАЗ зауытының Автоматты Басқару Жүйесі бөлімінде жұмысқа орналасады. 1983 ж. кезегінде Құрметті мадақтама бермеген үшін Автоматты Басқару Жүйесінің бағдарамалық жасақтамасына ақаулықтар енгізген. Үш күн бойы бас конвейер Өртембаев кезекті демалыстан келгенше дейін тоқтаған. Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті өткізген тергеуде ақаулықтардың туындыгері Өртембаев болып шықты. Ол кездегі қылмыстық заңнамасында компьютерлік қылмыстар ұғымы болмаған. Заңгерлер араласында үлкен пікірсайыс көтеріліп бұқаралық ақпаратқа дейін жеткен. Қорытында Өртембаевқа қаскөйлік бұзақылығы үшін бір және жарты жыл шартты түрде аыйптау және зиянын өтеу үшін Жигули мәшинәсінің екі есе құнын төлеуді кесім шығырған. Инженер-бағдарламашы лауазымынан түсіріп бас конвейерге сілесір-жинақтаушы орнына қойған. Жазасы біткен соң отбасымен бірге Қазақстанға оралған. 2000 жылдарда Қазпошта акционерлік қоғамының Ақпараттық технологиялар департаментінің меңгерушісі болып жұмыс атқарған. ## Сыртқы сілтемелер * Сергей РУСОВ. Логическая бомба * 1-й хакер СССР. Остановил конвейер ВАЗа и остался на свободе
Баянауыл сөзінің бірнеше мағынасы бар: * Баянауыл (өңір) * Баянауыл ұлттық паркі * Баянауыл ауданы * Баянауыл * Баянауыл көшесі (Астана) * Баянауыл көшесі (Алматы) * Баянауыл үңгірі * Баянауыл тауы * Қаражал Баянауыл Тауы * Баянауыл (фильм) * Баянауыл кенді ауданы * Баянауыл Сыртқы Округі
Моңғолиядағы жазба әдебиеттің негізін салушы – Ақтан Бабиұлы (1897-1973). Ол МХР мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, ақын әрі драматург, сонымен бірге ауыз әдебиетінің белді өкілі. Жас кезінде айтыскер ақын ретінде елге танылған ол 1919 жылдан бастап “Кедей күні”, “Сары Мешелге”, “Қарау байға”, “Жөргем салға”, “Халел мен Мәлік молдаға” секілді өлеңдерімен сол кездегі мешеулікті сын тезіне салып, тілі уытты сыншыл да шыншыл ақын ретінде халыққа танылады. Оның Ұмсындық, Ғазиза, Ақбалалар мен айтысы сол кездегі қазақ өмірінің айнасы деуге болады. А.Бабиұлы 1940 жылдан бастап “Өркендеу” газетіне өршіл үнін қосып, жаңа заманның жаршысы болумен бірге мәдениет пен өнерге қарымды үлесін қосқан сергек саналы қайраткер болды. Оның оннан астам жинақтары жарық көріп, драмалық туындылары театр репертуарының мәйегіне айналды. Ақынның 1940-1960 жылдарда жазған өлеңдері үгіт-насихат сипатында болып, халықты жаңа қоғам құруға уағыздады, ескі мешеулікті қатты сынауға бағытталды. Ол достық тақырыбында “Орыс даласы”, “Москвам”, “Қанды соғыс”, “Отан жыры” секілді туындылар, “Қыс”, “Жазғы мысал”, “Қобда өзені”, “Бесбоғданың қойыны”, “Бөкентау” секілді табиғат лирикаларын жазды. Ақынның “Бүркіт” (1959), “Досымбек-Балқия” (1964), “Өмір жолы” (1970) секілді поэмалары оның қаламгерлік қарымын жалпақ елге танытқан шоқтығы биік туындылар болумен бірге поэма жанрының қалыптасуына негіз болды. ## Дереккөздер
Құрманхан Мұқамадиұлы – (1923-1964) әдеби қызметін өлең жазумен бастады. Оның “Құттықтау”, “Қыс”, “Октябрь тойына”, “Қазақстандық достарға” “Тау қойнында жеке дара” секілді өлеңдері бар.Әйткенмен ол қаламгерлік қабілетін драма саласында көрсете білді.
Халықаралық Таншоннят Әуежайы (ағылш. Tan Son Nhat International Airport) Вьетнамдағы ең үлкен әуежай. Ол Хошимин 7 километр қашықтықта орналасқан. Әуежай арқылы Виетнам бойынша жолаушылардың жартысы мен жүктірдің 50% өтеді. 2009 жылы әуежай 13.5 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен (2005 жылмен салыстырғанда 23%тік өсім). ## Дереккөздер
Ақыт Қажы Үлімжіұлы Қарымсақов (А. Алтайский) (1868, ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Алтай аймағы, Көктоғай ауданы — 1940, Үрімші) - атақты қазақ ақыны, діни қайраткері, халық ағартушысы. Шығыс Түркістандағы Алтай аймағының Көктоғай ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бастап ауыл молдасынан, одан кейін Бұқар медресесінде дәріс алып араб, парсы тілдер, сондай-ақ шариғат пен тәжуитті үйренген. 1908 жылы Алтай, Қобда аймақтары қажылар тобының аудармашы ретінде Меккеге қажыға сапар шегіп барады. 1910 ж. елге қайтып келген соң, Сарытоғай ауылында мешіт салдырып, медресе ашып мұғалім болады. 1939 жылы Шэнь Шицайдің үкіметіне наразы шыққан халық көтерілісіне белсене қатысқаны үшін тұтқынға алынып, мешіті талқандапып, кітаптары өртендіріліп, 1940 ж, түрмеде азаптап өлтірілген. 1891 — 1914 жылдары Санкт-Петербург, Қазан баспаларынан Ақыт Қажының көптеген кітаптары бірнеше рет жарық көрді. Оның шығармалары “А. Алтайский” деген бүркеншік атпен “Айқап” журналына да жарияланып тұрған. Ақыт өлеңді алуан ырғақта насихат, назира, ғақлия түрінде жазған. Ой толғауда Абай мәнеріне ден қояды. Абай өлеңдерін үлгі ете отырып, “Дәлейлул-ғақылия” (“Ақыл түбі”) өлеңдер топтамасын жазып шыққан. “Адамның жасы”, “Асан ата”, “Шыңжан қаритасы”, “Керей шежіресі”, “Ер Жәнібек”, “Алтай” деп аталатын туындылары ел арасына кеңінен таралған. Ақын Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақовтан бастап 30-дан астам халық ақындарының шығармалары жинастырылып, зерттеліп, ел игілігіне айналды. ## Ақыт Үлімжіұлы шығармалары Ақыт Үлімжіұлы – қазақ руханиятында исламдық бағытты көтерген ойшыл, ғұлама, кітаби ақын. Оның баспа беттерінен жарық көрген еңбектер санының қанша екендігі белгісіз. Дегенмен, қолда бар деректерге негізделгенде Ақыттың нақты баспадан шыққан еңбектер саны – тоғыз: 1.   Жиһаншаһ (дастан), 1897 жылы, Қазан баспасы; 2.   Қисса-и «Жиһаншаһ Тамузшаһ оғлы» (дастан). 1901 жылы Қазан баспасы; 3.   Қисса-и «Сәйпілмүлік» (дастан). 1895, 1909, 1914. Қазан баспасы; 4.   Қисса-и «Ғабдімәлік» (дастан), 1902, 1904, 1909; 5.   Тәржімә-и Ақыт уәләд, 1897 жылы, Қазан университі баспасы; 6.   Ахуал-и қиямет (насихаттық толғау); 7.   Қисса-и «Манақыб нуран ғазизан» . Қазан университеті баспасы; 8.   Әбият ғақдия (Ғибырат жыр), 1909 жылы; 9. Керей ишаны – Мұхаммед мүмін, ## Дереккөздер
Ақыт Қажы Үлімжіұлы Қарымсақов (А. Алтайский) (1868, ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Алтай аймағы, Көктоғай ауданы — 1940, Үрімші) - атақты қазақ ақыны, діни қайраткері, халық ағартушысы. Шығыс Түркістандағы Алтай аймағының Көктоғай ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бастап ауыл молдасынан, одан кейін Бұқар медресесінде дәріс алып араб, парсы тілдер, сондай-ақ шариғат пен тәжуитті үйренген. 1908 жылы Алтай, Қобда аймақтары қажылар тобының аудармашы ретінде Меккеге қажыға сапар шегіп барады. 1910 ж. елге қайтып келген соң, Сарытоғай ауылында мешіт салдырып, медресе ашып мұғалім болады. 1939 жылы Шэнь Шицайдің үкіметіне наразы шыққан халық көтерілісіне белсене қатысқаны үшін тұтқынға алынып, мешіті талқандапып, кітаптары өртендіріліп, 1940 ж, түрмеде азаптап өлтірілген. 1891 — 1914 жылдары Санкт-Петербург, Қазан баспаларынан Ақыт Қажының көптеген кітаптары бірнеше рет жарық көрді. Оның шығармалары “А. Алтайский” деген бүркеншік атпен “Айқап” журналына да жарияланып тұрған. Ақыт өлеңді алуан ырғақта насихат, назира, ғақлия түрінде жазған. Ой толғауда Абай мәнеріне ден қояды. Абай өлеңдерін үлгі ете отырып, “Дәлейлул-ғақылия” (“Ақыл түбі”) өлеңдер топтамасын жазып шыққан. “Адамның жасы”, “Асан ата”, “Шыңжан қаритасы”, “Керей шежіресі”, “Ер Жәнібек”, “Алтай” деп аталатын туындылары ел арасына кеңінен таралған. Ақын Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақовтан бастап 30-дан астам халық ақындарының шығармалары жинастырылып, зерттеліп, ел игілігіне айналды. ## Ақыт Үлімжіұлы шығармалары Ақыт Үлімжіұлы – қазақ руханиятында исламдық бағытты көтерген ойшыл, ғұлама, кітаби ақын. Оның баспа беттерінен жарық көрген еңбектер санының қанша екендігі белгісіз. Дегенмен, қолда бар деректерге негізделгенде Ақыттың нақты баспадан шыққан еңбектер саны – тоғыз: 1.   Жиһаншаһ (дастан), 1897 жылы, Қазан баспасы; 2.   Қисса-и «Жиһаншаһ Тамузшаһ оғлы» (дастан). 1901 жылы Қазан баспасы; 3.   Қисса-и «Сәйпілмүлік» (дастан). 1895, 1909, 1914. Қазан баспасы; 4.   Қисса-и «Ғабдімәлік» (дастан), 1902, 1904, 1909; 5.   Тәржімә-и Ақыт уәләд, 1897 жылы, Қазан университі баспасы; 6.   Ахуал-и қиямет (насихаттық толғау); 7.   Қисса-и «Манақыб нуран ғазизан» . Қазан университеті баспасы; 8.   Әбият ғақдия (Ғибырат жыр), 1909 жылы; 9. Керей ишаны – Мұхаммед мүмін, ## Дереккөздер
Шәкен Кенжетайұлы Айманов (15 ақпан 1914 жыл – 23 желтоқсан 1970 жыл) — қазақтың әйгілі актері, режиссер. 1964 жылдан КСРО халық әртісі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. ## Өмірбаяны Шәкен (Шаһкерім) Айманов — актер, режиссер. Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Арғын тайпасның Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан. Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады. Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды. 1947 – 51 ж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды. Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты. 1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді. ## Театр Театр өнерімен әуестеніп, 1933 ж. Қазақ драма театрының құрамына алынды. Осы театр сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп, актерлік шығармашылығын шыңдады. Театрдың бас режиссері болды (1951). Ол М.Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының сахнасында қазақ драматургиясының Ақан сері, Қобыланды, Қодар, Керім («Абай»), Алдар Көсе, Исатай (Жансүгіров, «Исатай — Махамбет») бейнелерін, әлем драматургиясынан Кассио және Отелло (Шекспир, «Асауға тұсау»), Уәлиханұлы және Тихон (Островский, «Таланттар мен табынушылар», «Найзағай»), Сатин (Горький, «Шыңырауда»), Шадрин (Погодин, «Мылтықты адам»), Кидд (Лавренёв, «Америка дауысы»), Бетт (Дж. Гоу мен А. Дюссо, «Терең тамырлар»), Хлестаков (Гоголь, «Ревизор»), Кривенко (Чирсков, «Жеңімпаздар»), Гельпак (Ф. Вольф, «Профессор Мамлок») бейнелерін сомдады. Ш. Айманов қойған «Абай» спектакліне 1952 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.1968 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері болды. Ш.Айманов актер ретінде алдымен кейіпкерінің жан дүниесін ашуға және соған лайықты ұтымды әрекет қимылдар жасау шеберлігімен ерекшеленсе, режиссер ретінде шығармаға көркемдік идеялық мазмұнын дарытуға, ұлттық ерекшеліктердің бояуын қанық етуге, заман мен қоғам туралы философиялық ой толғам жасауға айрықша мән бере білетін дарынды суреткер. Шәкен аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі. ## Кино 1953 ж. бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті.КСРО және ҚазССР-інің халық артисі. Қазақ кино өнерінің негізін салушылардың бірі. Айманов режиссер ретінде «Біздің сүйікті дәрігер», «Атамекен», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры» және басқа фильмдерді түсіріп, Н. Ф. Погодиннің «Мылтықты адам», «Таланттар мен табынушылар», М. Әуезовтың «Абай» спектакльдерін театр сахнасына шығарды. Актер ретінде «Абай әні», «Жамбыл» т. б. фильмдерде ойнаған. «Абай әні» фильмінде Абайдың шәкірті, жас ақын Айдардың бақталасы Шәріп бейнесін сомдады. Ол КСРО және ҚазССР-інің Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Шәкен кино саласында да осы ұстанымдарын шебер пайдалана білді. Оның «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Дала қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Алдар Көсе» (1965), «Туған жер» (1967), «Атаманның ақыры» (1970) фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылар. ## Фильмографиясы ### Актер ретінде * 1940 - Райхан - Сәрсен * 1943 - Ақ раушан - Жақпан * 1945 - Абай әндері - Шәріп * 1948 - Алтын керней - Жақан Дасанов * 1952 - Жамбыл - Жамбыл * 1956 - Біз осында тұрамыз - Бейісов * 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - драма актері * 1960 - Бір ауданда - Сабыр Баянов * 1964 - Алдар көсе - Алдаркөсе * 1968 - Тақиялы періште - эпизод * 1969 - Найзатас бөктерінде - Бейсембай ### Дыбыстаушы ретінде * 1968 - Ақсақ құлан - текст авторы ### Режиссер ретінде * 1954 - Дала қызы * 1954 - Махаббат туралы аңыз * 1956 - Біз осында тұрамыз * 1957 - Біздің сүйікті дәрігер * 1960 - Бір ауданда * 1961 - Ән шақыруда * 1962 - Жол түйісі * 1964 - Алдар көсе * 1966 - Ата-бабалар мекені * 1968 - Тақиялы періште * 1970 - Атаманның ақыры ### Сценарийші ретінде * 1960 - Бір ауданда * 1961 - Ән шақыруда * 1964 - Алдар көсе * 1968 - Тақиялы періште * 1969 - Найзатас бөктерінде - Бейсембай ## Марапаттары * Қазақстанның халық әртісі; * Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968); * КСРО Халық әртісі (1964); * КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952). ## Естелік Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Айманов Шәкен Кенжетайұлы Мұрағатталған 1 маусымның 2012 жылы.
Асқар Татанайұлы (1906, Шыңжаң өлк., Алтай айм., Нәдіреке а.—1996,19 сәуір, Алтай қ.) — ақын, жазушы, драматург, тарихшы, Қытайдағы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ҚХР-дың халық жазушысы (1988). ## Өмірбаяны Өзінің саналы ғұмырын қазақ жазба әдебиетінің дамуына арнаған Асқар Татанайұлы 1906 жылы Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында дүниеге келген. Абақ Керей тайпасының Жәнтекей руынан шыққан. Ауыл молласынан оқып сауатын ашқан Асқар 1930 жылдан бастап өлең жаза бастаған. 1933 жылы Шәрiпхан Алтай аймағының уәлиi шекара комиссарының бастығы болып белгiленгеннен кейiн, халық ағарту жұмысына кiрiсiп, қысқа мерзiмдi мұғалiмдер жетiлдiру курсын ашты. Сол кезде Асқар алғашқылардың бiрi болып Сарсүмбеден 1934 жылы қысқа мерзімдік мұғалімдер курсын оқиды. Осы жылы Шәрiпхан өзi ашқан мектептен түлеген түлектерiн халық ағарту жұмысына салып, әр ру өздерi мектеп салдырып балаларын оқытуға бұйрық шығарып, қадағалауға кiрiседi. Сөйтiп жер-жерден мектеп ашыла бастады. Асқар оқу бiтiрген кезде, Қазыбек руының салдырған мектебi бiтпей қалып, әрi қарай оқу үшiн Алтай қаласына көшiп барады. Сол тұста Шәрiпхан Семейден баспа машинасын алдырып, “Асқар сен осы баспа жұмысын атқарасың, бұл ең үлкен оқу” деп баспаның тұтқасын ұстатады. Сонымен Ахмет Байтұрсынның емлесiнде шығатын баспаны алғаш рет Алтайда iске қосты. Сол тұста Кеңес Одағында Ахмет Байтұрсын емлесi қолданыстан қала бастаған едi. Баспа машинаны Коновалов деген орыстың үйретуiмен Асқар алғаш баспа машинасын меңгеруші техниктің бірі болады. Ғалым Құсайынов деген кiсi екеуi алғашында түрлi ұқтырулар мен жарнамаларды шығарады. Ең алдымен «Ел иесі ел жақсыларына» деген Алтай халқына арналған үндеу хат басып таратылады. 1935 жылдың шілде айында газет шығару туралы осы үндеу шыққаннан кейін «Шыңжаң Алтай» газеті ресми басылып шығады да, Асқар Татанайұлы 1936 жылдан бастап газетте редактор болып жұмыс істейді. 1938 жылы “Жаңа Алтай” журналын қосып шығарды. Бұдан өзге оқытушы, мектеп басшысы, ойын-сауық үйірмесінде жетекші, мәдениет мекеме бастығы болып жұмыстар атқарған Асқардың Қытай қоғамындағы саяси қозғалыстардың жүрілуімен-ақ басына бұлт үйіріледі. Қаламгер солақай саясаттың салдарынан он сегіз жылдай қуғынға ұшырап, көп қиындық көрген. 1958 жылы «Ұлтшыл», «Оңшыл» қалпағы кигізілсе, 1966 жылы өндіріс майданына сүргінге айдалды. «Кері төңкерісшіл», «Ұлтшыл», «Өзгертімпаз» деген жалалармен қуғынға ұшырайды. 1977 жылы жаладан құтылып, зейнетке шығады. 1994 жылы 19 сәуірде дүниеден өтеді. ## Шығармашылығы 10-нан астам дастан,  20-ға жуық пьеса, мыңнан астам өлең жазған Асқар Татанайұлы «Арқалық батыр», «Ел қорғаны – Абылай» атты тарихи дастандарының, «Үш кезең», «Азамат үні», «Аманат», «Ел қорғаны-Абылай» қатарлы өлеңдер жинағының, «Тарихи дерек, келелі кеңес» атты 2 томдық деректік әңгімелер жинағының, «Бір ғасыр» өлең романының, «Шәріпхан» атты тарихи романның, «Құн және айып» атты прозалық шығармалардың, «Өмір майданы», «Құлдықтан құтылғандар» атты екі драммалар жинағының, 1947 жылы жазып алған “Дәмежан жыры” секілді  үлкен эпикалық дастан жырларының авторы. Шығармалары қытай, ұйғұр, қырғыз тілдеріне аударылған. Шығармаларының негізгі арқауы—халықты ояту, әлеум. әділетсіздікке қарсы күреске жұмылдыру. “Малбикенің өмірі”, “Ғылымсыз — ғұмыр тұл” дастан-толғауларымен шыңжаң-қазақ әдебиетіне жаңаша леп әкелді. 1936 жылы жазған «Талап» пьесасы 1937 жылы «Жаңа Алтай» журналында басылса, 1938 жылы «Таң шолпан» әдеби журналында «Малбикенің өмірі» деген дастаны жарияланады. Ол жазған «Талап», «Қалың мал» қатарлы пьесалары Алтай сахналарында арт-артынан қойылды. Ол қытай қазағында жазба әдебиеттің қалыптасуымен жаңа мәдениет, ағартудың жалпыласуы үшін тың бет ашты. Бұл тұста Қытай қоғамы әлі де бірлікке келмеген саяси күштердің қырқысқан кездері болғандықтан Қытай қармағындағы Қазақ даласы қараңғы күйде болатын. 1930-1940 жылдар ішінде Асқардың өлеңдері мен «Батырлар жыры», «Екі балуан», «Адасқан аю», «Өтірікші шал» қатарлы дастандары «Ерікті Алтай» газеті, «Таң шолпан» журналы басылымдарда жарияланып халықты мәдениетке, жаңалыққа ғылым-білімге шақырады. Бұл еңбектер Қытай қазағындағы алғашқы әдебиет өркені үшін қолдан-қолға түсірмей оқитын табылмас оқулығына айналды. Қытайдағы “Мәдениет төңкерісінің” тауқыметін 20 жыл бойы Тарымда (жазалау аймағы) тартқан ақын түрмеде де қаламнан қол үзбей, “Тарихи дерек, келелі кеңес” трилогиясын, “Бір ғасыр” өлең-романын, хикаят түрінде “Қара сеңгір оқиғасын”жазады. “Керейдің билік заңын” әңгімелейді. “Арқалық батыр” қиссасын қайта жазып шығады. 1989 жылы «Жұлдыз» журналында өлеңдері мен бір топ тарихи әңгімелері жарияланады. «Арқалық батыр» кітабы қытай тілінде басылым көрді. 2008 жылы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығынан атажұрттағы алғашқы кітабы «Ел қорғаны – Абылай» (дастан-өлеңдер) деген атпен жарық көрді.
1968 жылы 28 желтоқсанда МХРП ОК-нің саяси бюросы арнайы қаулы қабылдап, МХР Жазушылар Одағының қазақ бөлімшесін ресми құрды. Мұның бәрі ұлттық мәдениеттің түлеп жаңғыруына, әсіресе жаңа жазба әдебиеттің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Соның нәтижесінде бүгінге дейін әдебиет саласында 400-дей қаламгер еңбек етіп, олардың қатарынан 20-дан астамы МХР Жазушылар Одағының мүшесі шығып, 70-тей талант иелері аймақтың жазушылар бөлімшесіне мүше болып, 1957-жылдан кейінгі кезеңде ақын-жазушы, драматургтер алды 10, арты бір кітаптан шығарма жазып, барлығы 300-ге тарта әдеби шығарма, зерттеу, 40-тан астам біріккен жинақ, моңғол тілінде 30 жинақты жарыққа шығарды. Әдебиеттің жаңа мазмұны мен түрі пайда боп әңгіме, повесть, роман, драма, кинодрама, поэма, сатира, фантастика секілді барлық жанрды қаламгер қауым игеруге атсалысты.
Қажығұмар Шабданұлы (1925 жыл, Таңсық елді мекені, Шығыс Қазақстан облысы - 15-ақпан, 2011 жыл, Шәуешек қаласы, ҚХР) - жазушы. 1930-шы жылдардың басында ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Дөрбілжін ауданына ауып барған.Жергілікті халықтардың мәдени-ағарту көтерілісі кезеңінде Дөрбілжіндегі «Қазақ-қырғыз ұйымын» басқарған. Алғаш рет 1958 ж. «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен сотталып, 22 жылға бас бостандығынан айрылған Қажығұмар жазасын Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде толық өткеріп, 1980 жылы бостандыққа шығады. 1986 жылы желтоқсанында ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады деген айыптаулармен, шетел жансызы деген желеумен 13 жылға екінші мәрте түрме жазасына кесіледі. Бұл жаза мерзімін ол Үрімжі қаласының №1 түрмесінде өткізеді. Қытай өкіметі тарабынан саяси себептерге байланысты қудаланғаны үшін Қажығұмар Шабданұлы қамауда отырған кезде адам құқығын қорғау жөніндегі «Халықаралық рақымшылық» (Амнести интернешнл) ұйымы оны «ар-ождан тұтқыны» деп танып, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен. ## Шығармалары * «Қылмыс» романы (2009), жалпы алты томдық кесек шығарма, жазушы барлығын қытай түрмесінде отырып жазып бітірген. Бұл шығармасында жазушы бас кейіпкер Биәділ арқылы өзінің бастан кешкендерін баяндайды, 30-жылдарғы казаққа төнген аштық, солақай саясаттың елге төндірген зардабы, Шынжаңға ашаршылықтан, қуғын сүргіннен қашып келген қазақтардың тіпті де мүшкіл халге түскен жайы, дүңгендер көтерілісі, жəне қытайдың өктемдігі туралы баяндалады. Жазушының бұл шығармасы қазақ əдебиетіне қосқан оның үлкен үлесі. * «Пана» романы, үш аймақ көтерілісі кезіндегі Сұлубай батырдың әңгімесін арқау етіп жазылған тарихи роман. ## Отбасы * Әйелі: Бақаш. * Балалары: Жайнар Қажығұмарқызы (қызы, Алматы қаласында тұрады) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Қазақ барда - Қажығұмар тірі! Мұрағатталған 25 желтоқсанның 2011 жылы. * Қазақ зиялылары қытай билігі Қажығұмар Шабданұлының сүйегін де бермей қойғанын айтады * Қытайда үйқамақта отырған Қажығұмар Шабданұлы дүниеден өтті * Қажығұмар Шабданұлы. Дүниеде өз отанынан айырылудан зор қылмыс жоқ екен!
Семейдің Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы 1883 жылы құрылып Қазақстандағы ең алғашқы кітапханалардың бірі болып табылады. Кітапхананың ең бірінші оқырмандарының бірі Абай Құнанбаев. Ғылыми ақпарат пен кітап сақтаудағы ірі орталық. Кітап қоры 362 мың сақтау бірлігін құрайды, бұған қоса 5900-ден астам ХVII-XIX ғ. басылымдары бар. Әр түрлі кезеңдегі қазақ және орыс тілдеріндегі сирек кездесетін басылымдар бар. Кітапхана интернет жүйесіне қосылған. Ол үлкен халықаралық байланыстар жасайды, алыс жақын шет елдердердің ірі кітапханаларымен ынтымақтастықта. ## Кітапхана тарихы Қазақстандағы ең көне кітапханалардың бірі – Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Мыңдаған оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген мәдениет ошағының шаңырақ көтергеніне ғасырдан артық уақыт өтті. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің шешімі бойынша кітапханаға қазақтың кемеңгер ақыны Абай есімі берілді. Себебі, Семей тарихы мен мәдениетінің жарқын беттерінен маңызды орын алатын кітапхана тарихы ұлы ақынның есімімен тығыз байланысты еді. ХIХ ғасырдың екінші жартысында Семей жері патшалық Ресей үшін саяси айыптыларды жазалау орындарының біріне айналғаны тарихтан мәлім. Қалада саяси жер аударылғандардың болуы қаланың мәдени - рухани өміріне тың өзгерістер әкелді. Саяси жер аударылғандар Е.П. Михаэлис, П.Д.Лобановский, Н.И.Долгополов, С.С.Гросс, А.Л.Леонтьев, А.Блектердің Семей қаласының рухани өміріне сіңірген еңбектері бір төбе. 1869 жылы Е.П.Михаэлис Семей қаласына жер аударылып келеді. Ол жазасын өтей жүріп үлкен әлеуметтік жұмыстармен айналысып, түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеулерінің нәтижесін мақала етіп, Орыс география қоғамының «Известиясына» бастырып отырған. Е.П.Михаэлистің ұсынысымен 1878 жылы Семей қаласында Облыстық санақ комитеті ұйымдастырылады. Бұл комитет қазақ өлкесіндегі экономика, тарих, шаруашылық және табиғат мәселесін зерттейтін ғылыми мекеме болды. Евгений Петрович сол комитеттің тұңғыш секретары болып қызмет атқарады.1883 жылы ресми түрде қазан айында Облыстық санақ комитетінің жанынан Е.П.Михаэлис бастаған саяси жер аударылғандардардың ұйымдастыруымен кітапхананың негізі қаланды.Кітапхананың ең алғашқы кітапханашысы саяси жер аударылған тарихшы, этнограф [Н.Я.Коншин] болды. Кітапхана туралы деректерге көз жүгіртсек, алғаш ашылған уақытында небәрі 274 дана кітап болып, оны 130 оқырман пайдаланған көрінеді. Әр жылдары кітапханаға қала тұрғындары мен П.Плещеев, Г.В.Юдин, А.И.Деров сияқты ауқатты көпестер қайырымдылық көмек көрсетіп, оның іргелі мәдениет ошағына айналуына ықпал етті.Өлке тарихына байланысты жарық көргенИмператорлық Орыс Географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Семей Бөлімшесінің Запискилерінде қала тарихы мен мәдениеті туралы өте қызықты да маңызды мәліметтерді табуға болады. Мысалы, кітапхана қорында сақталған «Семипалатинский областной статический комитетъ за 1894 год» деп аталатын кітапқа назар аударсақ: «Бастауыш білім беру қоғамының 1893/94 жылдарғы жұмыс есебінде» кітапханадағы 130 оқырманның 30-ы жоғары білімді, оның ішінде 3-еуі әйел адам; 38-і орта білімді, оның ішінде 13-і әйел, әйел адам болған көрінеді. 130 оқырманның 111-і орыс, 9-ы поляк, 1-еуі неміс, 5-еуі еврей, 4-еуі қазақ ұлтынан екен. ## Абай және кітапхана Кітапхананы пайдаланушылардың бірі – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев болды. 1959 жылы «Қазақ мемлекет баспасынан» жарық көрген Ә.Жиреншиннің «Абай және орыстың революцияшыл демократтары» атты кітапта мынадай мағлұматтар берілген: «Михаэлис пен Абай тұңғыш рет осы кітапханада кездесіп танысады. Алғашқы рет Михаэлис пен Абай өте бір қызық есте қаларлық жағдайда кездеседі. Абай Семейдегі кітапханаға келіп, Л.Н.Толстойдың бір шығармасын сұрайды. Ол кітап Михаэлистің қолында еді, Абайдың сұрағанын көріп, Михаэлис Абайға келіп кітапты оған беріп, тұңғыш рет екеуі танысып, тіл қатады. Олардың алғашқы танысулары кітапхана ішінен басталады. Ол кезде кітапхана Семей жұртшылығының үлкен мәдениет ошағына айналып еді. Абай орыстың, батыстың классикалық әдебиетімен осы кітапханада танысады. Михаэлиспен кездесу Абайдың өмірге, дүниеге деген көзқарасын шыңдай түседі, ал Евгений Петрович оның танып оқуға, білім алуға деген зор талабын көріп, кітапты көп оқуға кеңес береді. Абайдың өмірбаянын жазған Кәкітай Ысқақұлы былай дейді: «Абайды орыстың белгілі жазушылары Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Салтыков-Щедрин, Тургенов, Белинский, Добролюбов және Писаревтың шығармаларымен таныстырған адам Михаэлис еді. Ол туған әкемнен де артық еңбек етіп, менің дүниеге көзімді ашты деп отырушы еді». Абай мен Е.П. Михаэлистің бұл танысуы зор достыққа айналып, ақын өмірінде өшпес із қалдырды. Ғұлама ақынның қоғамдық кітапхананың оқырманы болғанын тарихта қалдырып, әлемге әйгілеген Ресей түрмелерін зерттеу мақсатында Сібір мен Алтайға саяхат жасаған американ публицисі Дж.Кеннан болды. XIX ғасырдың аяғында Патшалық Россияда әр түрлі тәсілдермен жер аударылған саяси қайраткерлерді көзбен көріп, материал жинап, кітап жазбақ болған тәуелсіз журналист - жазушы Джордж Кеннан 1864-1890 жылдар аралығында Сібір, Алтай өлкесіне 4-5 мәрте саяхат жасайды. 1885 жылдың жазында Дж.Кеннан суретші Фрост екеуі Семейге келіп, Сібірдің алыс бір түпкіріндегі құм басқан қала ортасында, шағын ағаш үйде орналасқан қорында Спенсер, Бокль, Льюис, Милль, Тэйлор, Уоллэс шығармаларымен әлемдік көркем әдебиеттің тамаша үлгілері бар кітапхана көргенін, сот мекемесінде қызмет ететін А.А.Леонтьевпен әңгімелесіп, кітапхананы жергілікті қазақтар да пайдаланатынын естіген. Осы сапардан кейін жазылған, 1906 жылы[ «Сибирь және ссылка»] деген атпен орыс тіліне аударылған кітабында Дж. Кенан Семейге жер аударылғандармен бетпе-бет жүздескенін, қазақ даласына айдалған орыс революционерлерінің тұрмысы, қызметі туралы жазады. Сондай-ақ, бұл кітапта Абай Құнанбаев туралы қызықты деректер де бар. Аталған кітапта Семейде Леонтьевтің үйінде қонақ болған кезіндегі әңгімесінде ол былай дейді: «...Менің кейбір сұрақтарыма жауап бере отырып, Леонтьев маған Семей қаласы кітапханасының қалай жұмыс істей бастағанын баян етті. Кітапхананың жер аударылып келген мұңдықтарға ғана уаныш емес екенін, қала халқының ой-өрісін кеңейтерлік рухани азығына айналғанын айтып өтті». ## Сирек басылымдар қоры Халыққа ғасырдан артық қызмет көрсетіп, әр оқырманның жанына рухани азық беріп келе жатқан бұл рухани білім ордасында сақталған әр кітаптың өз тарихы бар. Кітапхананың сирек басылымдар қорында сақталған 4 500 ге жуық әдебиеттер қоры кітапхананың алтын қорын құрайды.Кітапхананың сирек басылымдар қоры XVIII ғасырдың 2-ші жартысынан бастап XX ғасырдың бас кезіндегі Ресейлік кітап баспа туындыларынан, XX ғасырдың бас кезіндегі өлкетану әдебиеттерінен, XIX ғасыр мен XX ғасырдың басында жарық көрген ресейлік және өлкемізге қатысты Императорлық Орыс Географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Семей Бөлімшесінің Запискилері мен кеңестік дәуірдегі мерзімді басылымдардан тұрады. Кітапхананың сирек қоры ұлы жазушылар шығармаларымен және қазақ зиялылары туындыларымен ерекше құнды. Сирек қордан Абай үшін таным баспалдақтары болаған Г.Спенсер, Милль, Дж. Г.Льюисъ, А.Уоллэсъ В.Уэвелль сынды батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерін, Семей өңірін зерттеген зерттеушілер Б.Герасимовтың, Е.П.Михаэлистің, Н.Я.Коншиннің, Г.Н.Потаниннің, Ф.Зобниннің, А.Седельниковтың, Е.Шмурлоның, В.Сапожниковтың, қазақ зиялылары Ә.Бөкейхановтың, Ж.Ақпаевтың т.б. ғылыми-зерттеу мақалаларын табуға болады. Батыс классикалық әдебиетімен, орыс әдебиеті алтын ғасырындағы жазушылардың бай туындалары, кезінде солақай саясаттың құрбаны болған Е.Бекмаханов, С.Асфендияровтай ұлт зиялыларының ірі ғылыми монографиялық еңбектері мен қазақ әдебиетінің алтын ғасырын құраған қоғам қайраткерлері С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Күдериннің көзі тірісінде жарық көрген еңбектері кітапхана сөрелерінде сақталған. Сонымен қатар, ресейлік «Современник», «Вестник Европы», «Русский Вестник», «Педагогический сборник», өлкетануға байланысты «Социалды Шығыс», «Екпінді», т.б. мерзімді басылымдардың бай қоры сақталынып отыр. ## Кітапхананың бүгінгі қызметі Сонау XIX ғасырдан бері ғұламалар мұрасын ғасырдан ғасырға дейін сақтап, талай оқырман үшін білім ордасы болған киелі шаңырақ бүгінде жаңа заман талаптарына сай қызмет көрсетуде. Бүгінгі кітапхананың мақсаты қала жұртшылығының сұранысын қамтамасыз ету үшін өз ақпараттық әлеуетін нығайту, оқырман қауымның ақпараттарды білуге деген талап-тілектеріне қолдау көрсету, электрондық ресурстарды тиімді қолдануға үйрету. Жалпы оқырман сұранымына жауап беретін ақпараттық орталық ретінде кітапхананың алар орны ерекше. Қазір кітапхананың кітап қоры 340 мыңнан асып, оны 17 000-ға жуық оқырман пайдаланады. Жыл сайын 400 мыңға жуық кітап өз оқырманын тауып, кітапханаға келушілер саны 176 000 оқырманды құрап отыр. Жылына кітапхана 200 тарта мерзімді басылымдарды жаздырып алады. ## Кітапхана жетістіктері * 1961 жылы Қазақ ССР Мәдениет министрлігі және Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті «Үлгілі кітапхана» деген атақ берді және дипломмен марапаттады. * 1983 ж. кітапхананың негізі қаланғанына 100 жыл толуына байланысты Қазақ ССР Жоғары Советінің Құрмет грамотасымен марапатталды. * 1993 ж. «Қазіргі әлеуметтік және экономикалық жағдайдағы Қазақстанның ұлттық библиографиясы» атты республикалық зерделі кеңес өткізілді. * 1995 ж. IFLA – халықаралық кітапханалық Ассоциациясының мүшесі болды. * 1995-2008 ж. кітапхана Түркия, Норвегия, Оңтүстік Корея, Канада елдеріндегі IFLA-ның халықаралық кітапханалық конференцияларына қатысты. * 1996 ж. «Сорос-Қазақстан» қорының грантын жеңу арқылы кітапхана Интернет желісіне қосылды. * 1997 ж. Қырымдағы «Библиотеки и ассоциации в меняющемся мире: новые технологии и новые формы сотрудничества» тақырыбында халықарлық конференцияға қатысты. * 2000-2009 ж. кітапханалық автоматтандырылған ақпараттық жүйе іске аса бастады. ( АБИС), (ИРБИС), (РАБИС). * 2002 жылы Айрекс /АҚШ/ ұйымының IATP бағдарламасы бойынша Интернет орталығы ашылды. * 2004 ж. кітапхананың «Абай атындағы әмбебап кітапхана» (http://semeylib.kz.iatp.net) атты wев-сайты ашылды. * 2004 ж. «АҚШ кітапханаларының менеджменті» атты халықаралық бағдарламаға қатысты. * 2005 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының Астана қаласында ашылуына қатысты. * 2006-2007 ж. Интернет орталығы жеңіп алған гранттар арқылы кітапханаға жаңа компьютерлік технологиялар бөлінді. * 2007 ж. «Абай атындағы кітапхананың өлкетану қоры» (http://abaykray.kz.iatp.net) атты өлкетану сайты құрылды. * 2009 ж. «Америка мәдени бұрышы» АҚШ елшілігі Қоғаммен байланыс бөлімінің грантымен ашылды. ## Дереккөз Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының сайты(қолжетпейтін сілтеме) ## Әдебиеттер 1. «Семипалатинский областной статический комитетъ за 1894 год»2. Жиреншин Ә. Абай және орыстың ұлы революцияшыл демократтары. Алматы, Қазақ мемлекет баспасы, 1959 ж.3. Әуезов М. Уақыт және суреткер. Алматы, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1962 жыл
Жазғы жасөспірімдер Олимпиадалық Ойындар 2018 — 2018 жылы 6-18 қазан күндері Буэнос-Айрес қаласында өтті. ## Медальдар ## Сілтемелер
Бронислав Залесский (пол. Bronisław Zaleski; 1819 жыл, қазіргі Минск облысы – 2 қаңтар 1880 жыл, Ментон) - поляктің революционері, саяхатшы, суретші. * 1837 жылы Дерпт университетіне оқуға түседі. * Төңкерісшіл жастар ұйымына қатысқаны үшін 1846 жылы екі рет тұтқындалып, тергеу аяқталғаннан кейін 1847 жылы сот шешімімен Орынбор әскери корпусына қатардағы солдат қызметіне жіберілді. * 1848 – 49 жылдары А. И. Бутаков басқарған Арал экспедициясына суретші ретінде қатысты. * 1851 жылы тау-кен инжқп А. И. Антипов басқарған Маңғыстау экспедициясына қатысқан. * 1853 жылы Ресей империясы әскерінің Ақмешітке (Қызылорда) жасаған жорығына қатысты. Ғыл. Экспедиция кезінде Т. Г. Шевченкомен танысты. * 1865 жылы айдаудан Парижге қайтып оралғаннан кейін, ХІХ ғасырдың орта тұсындағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен тұрмыс-тіршілігін, этнографиясын, кең-байтақ өлкенің жері мен табиғи ерекшелігі туралы альбом-кітап басып шығарған зерттеуші. Залесскийдің қазақ ұлты туралы айтқан пікірі, қазақ даласында жүргенде салған суреттері ешқашан маңызын жоймайтын құнды дүние болып қала береді. Қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, фольклорын Еуропаға таныстырған адам. Ол өз еңбегінде Мұғалжар тауынан бастау алатын Ащысай, Қайыңды, Атжақсы, Қайрақты, Темір өзендерін суреттей отырып, Мұғалжар тауы маңында өсетін жабайы өрік ағашын көргенін және ол ағашты жергілікті халық киелі деп танығаны туралы айтады. ## Басты шығармалары * Залесский, Бронислав. Қазақ сахарасына саяхат: Пер. с фр. Алматы: ӨНЕР, 1991. * Маңғыстау экспедициясында салған 22 акварелі (“Қазақтардың қасиетті жерлері”, “Ақтау сілемі”, “Маңғыстаудағы Ақеспияр бейіті”, т.б.), ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Ақшоқы – Абай облысы Аягөз ауданындағы таратылған ауыл. * Ақшоқы – Абай облысы Мақаншы ауданындағы ауыл. * Ақшоқы – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл. * Ақшоқы – Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл. * Ақшоқы – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл. Таулар: * Ақшоқы – Абай облысы Абай ауданының солтүстігінде орналасқан тау. * Ақшоқы – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы тау. * Ақшоқы – Ақтөбе облысы Хромтау ауданында орналасқан тау. * Ақшоқы – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстік-батыс шетіндегі тау. * Ақшоқы – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының шығысындағы тау. * Ақшоқы – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстік-батысындағы тау. * Ақшоқы – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстігіндегі тау. * Ақшоқы – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының шығысындағы тау. * Ақшоқы – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстік-батысындағы тау. * Ақшоқы – Нарын жотасының оңтүстігінде Күршім өзенінің аңғарындағы тау. Басқа мағыналар: * Ақшоқы – Үстірт жазығының батыс бөлігіндегі құдық. * Ақшоқы – Алакөл алабындағы өзен.
Гүлнар Абдуллақызы Досматова - (5.11.1964 жыл, Алматы) - киноактриса, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). ҚазҰУ-ды бітірген (1989). Кинодағы алғашқы елеулі рөлі "Даладағы қуғын" (Бандыны қуған Хамит) фильміндегі - Әйгерім (1979). Сол фильмнен Гүлнар кішкентай болғанымен де бірден атақты бола шықты. 1985 жылдан "Қазақфильм" киностудиясының актрисасы. Досматова 20-дан астам фильмге түскен. Мысалы, "Жеңімпаз" (1982), "Мерекенің үш күні" (1981), "Кардиограмма" (1995), т.б. Отандық "Тоғысқан тағдырлар" телесериялында ойнады. 1985 ж. Минскіде өткен Бүкілодақтық кинофестивальда "Адамдық фактор" фильміндегі ролімен "Ең үздік әйел бейнесі" үшін жүлдесін жеңіп алды.2000 ж. "Жыл таңдауы" байқауында "Жылдың үздік актрисасы" атанды. Ал 1982 жылы оны диктор болуға телевизияға шақырылды. Оны атақты қылған фильмдер: «Бегущая мишень», «Сон во сне», «Кардиограмма» және де Хуат Ахметовтің режиссерлігімен түсірілген "Человек ветер" фильмі. 2000 жылы үздік актриса деген номинацияға ие болды. ## Фильмдері * 1979 - Бандыны қуған хамит * 1981 - Провинциальный роман * 1983 - Өтелмеген парыз * 1983 - Непобедимый * 1984 - Адамдық болмыс * 1991 - Қызғыш құс * 1992 - Сон во сне * 1994 - Кодекс молчание * 1995 - Кардиограмма * 1996 - 2000 - Тоғысқан тағдырлар * 2001 - 2003 - Саранша * 2006 - Человек ветер * 2007 - Застава * 2009 - Есікті аш мен бақытпын * 2010 - Астана махаббатым менің * 2010 - Нағыз полковник * 2010 - Рывок * 2011 - Невероятные приключения Бахи и Тахи * 2011 - Бақытын іздеген жан * 2011 - Братья ## Дереккөздер
* Сеңкібай Қабанбайұлы - жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқастарда батырлық, ерлігімен даңқы ерте шыққан жас батыр әрі шешен. Ол шамамен 1712-1779 жылдар аралығында ғұмыр кешкен. Қазақтың төбе биі үйсін Төле бидің туыс, ет жақын бауыры. * Сеңкібай Оразғұлұлы -- (1709, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 1786, Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау жайлауы) – батыр, би. Орта жүз арғын ішінде болатқожа (қаракесек) руынан шыққан.
Қазақтың тарихында үш Жалаңтөс батыр болғаны мәлім: * Жалаңтөс батыр (1576-1656 ж.), — қалмақ пен қазақтың теке тіресі Орбұлак шайқасына жиырма мың қолмен келген Самаркан билеушісі. Руы Әлімұлы - Төртқара * Жалаңтөс батыр (1698-1771 ж.) — казіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде туып, сол өнірде өмір сүрген Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан * Жалаңтөс батыр — Орта жүздің арғын тайпасы сүйіндік руынан шыққан. Олжабай Толыбайұлының ұрпағы.
Жапақов Маясар (1889-1965), төкпе ақын. Шет ауданы түлегі. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қояншытағай бұтағынан шыққан. Жастайынан өлең шығарып, домбырамен ән салған. Ыбырай, Мәди, Мұхит тәрізді әнші-ақындарды ұстаз тұтқан. Жапақов Кеңес өкіметі кезіңде Қарағанды кеншілерінің өмірі мен еңбегін жырлаган акын ретінде танылды. Ұлы Отан соғысы кезінде «Атыңнан атам қазақ айналайын» деген патриоттық толгауы қазақ жауынгерлері арасына кең тарады. 1943 жылы Болман, Нұрлыбек ақындармен, 1961 жылы республикалық акындар айтысында Көшен, Қайып т.б. ақындармен, өнер сайысқан. «Октябрьге», «8 мартқа», «Мәскеуге», «Г.Титовқа», «Сайлау күніне» деген өлеңдер, Ұлы Отан соғысына арналған жырлары бар. Жапақовтан кезінде Шортанбайдың «Қаракесек» , «Ағыбай батыр» дастандары мен өлеңдері, сондай-ақ «Шөже мен Кемпірбайдың айтысы», «Шал мен қасқырдың айтысы» атты ауыз әдебиетінің үлгілері жазылып алынды.
Байдалы Бекшеұлы (1725 — 1820) — би, шешен. Қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданын қоныс еткен. Кейін Көкшетау, Баянаула, Ерейментау өңірлерінде тұрған. Байдалы би — Абылай ханның жанындағы сегіз бидің бірі, хан кеңесінің мүшесі. Кейін Уәли ханға би болған. Жастайынан ауыл арасына билік айтып, ел ісіне араласқан. Байдалы биден “Алыс не, жақын не?” деп сұрағанда: “Жақын — ажал, алыс — білімді мен білімсіздің арасы” деген жауап; “Ағайынға қадірім жоқ — бетімді көреді, әйеліме қадірім жоқ — етімді көреді”; “Панасы жоқ таудан без, пайдасы жоқ байдан без”; “Ақсақалға жарасар аузындағы тобасы, бәйбішеге жарасар піспегі мен сабасы” деген нақыл сөздер қалған. Байдалы Бекшеұлыдан Сабдалы, Дербісал, Байғара (шешелері — Қасқарау), Балтақара, Баби, Майкөз, Қосдәуір (шешелері — Маңқан) атты ұрпақ тараған. Қабірі Қарағанды облысы Молодежный ауданында. Арғын тайпасы Қуандық руы Мойын бөлімінен шыққан. ## Өнегелі өмірі Жасынан билер, бектер, хандар төңірегінде көбірек жүріп, солардың аталы, баталы билік сөздерінен өнеге алған. Кейін атақты Абылай хан (1711-1781) қасындағы сегіз бидің ең беделді, бас биі болады. Небір шиеленіскен ел дауы, жер дауы, жесір дауы Байдалы алдынан шешімін тауып отырған. Абылай хан оның асқан шешен ақылды кеңесіне дөн риза болып "сегіз биім, сегіз бидің ішінде семіз биім" деп атағанда оның дене бітіміне емес, ақыл-парасатына, шешендік тапқырлығына қарап айтса керек. Өзге билер де Байдалының билігіне тоқтаған. Тіптен, Абылай ханның өзі де одан аса алмаған. Ел ішінде "Абылай аспас сары бел" деген қанатты сөз бар. Оның мәнісі былай:"Аралбайдан туған Бөйтелі батыр төре тұқымынан адам өлтіріп, құнды болады. Абылай хан билерін жинап алып, құныкерге өлім жазасын бұйырғанын хабарлайды. Ханның сегіз биінің бірі - немере ағасы Байдалыға Бәйтелі жаутаңдап қарай берсе керек. Сонда Байдалы би: "Несіне қарайсың, лақ құрлы жоқсың ба, бауыздайын деп жатқканда ол да бақырады ғой", - дейді. Байдалының сөзінің астарын түсінген Абылай өлім жазасын кешіріпті. "Жеті жарғыдағы" құн төлеудің нарқы атам заманнан белгілі. Ал, қара бұқара төре тұқымын өлтірсе бұдан былай екі кісінің құнын тартады. Сондықтан Бөйтеліге осы жаза қолданылсын", - дейді. Байдалыдан басқа билер бас шұлғып мақұлдайды. Байдалы: "Тақсыр хан ием, есік алдында сіздің торы төбел тұлпарыңыз байлаулы тұр. Соның төбеліндегі түгі көп пе, жоқ, тұла денесіндегі түгі көп пе?" - депті. Абылай:"Әрине, тұла денесіндегі түк көп", - дейді. Байдалы би сөзін жалғап: "Олай болса төре түқымы ат төбеліндей аз. Мен жаңа тетелес інім Жөнекеңе (Бөйне мен Аралбай бір әкеден, Байдалы Бекшеден, Бәйтелі Аралбайдан туған. Байдалы тетелес немере інісін Жөнекең деп еркелетіп атаған. Содан Бәйтелі аты ұмтылып, Аралбайдан тарайтын бір тайпа ел Жөнекең руы атанып кеткен): "Бауыздайын деп жатқанда лақ та бақырады ғой, бақыр", - дедім. Ол бақырып аруақ шақырса, ұранға шаппайтын ел болмайды. Сізге қамтуыңыздағы қалың бұқара қарсы шығады. Арғысы Арғын, берісі Мейрамның бес баласы дүрліксе, хан болып тұүра алмайсыз. Сондықтан адамнан адамның артықшылығы жоқ, төре тұқымына екі құн төлей алмаймыз. Бір кісінің қүнын төлейміз, ал құн даулап отырған адамыңыз нағыз төре болса, талша мойнымыз қылша. Ал, бірақ Бөйтелінің жалалы болған адамы күңнен туған, түбі шикі. Сондықтан жарты құн төлейміз", - деген екен. Сонда Абылай "Сегіз биім,сегіз биімнің ішіндегі семіз биім" деп Байдалының кесіміне тоқтапты. Сол даудан кейін Байдалы "Абылай аспас сары бел" атанып кеткен екен. ## Дереккөздер
Түсіп Күзембаев (1890-1958 ж.) - шахтер, Социалистік Еңбек Ері (1948 ж.). 1908 жылдан Қарағандыны4 «Джимми» шахтасында шанашы, тіреуші болып істеді. Қарағандының көмір кенішіндегі ереуілге қатысушы (1910 ж.). Т. Күзембаев — алғашқы стахановшы және бассейндегі стахановшылар қозғалысын ұйымдастарушылардың бірі. 1933-37 ж. забойшылар бригадирі, 1937-1942 ж. «Қарағандыкөмір» комбинатындағы № 1 көмір шахтаның, «Сталинкөмір» тресінің 44-45 шахтасының бастығы. 1935 жылдың 26 кыркүйегінде Т. Күзембаев басқарған бригада (құрамында 6 адам) әр забойшыға тәулігіне мөлшер бойынша 11 вагон-арба орнына 220 вагон-арба көмір өндіріп, республика рекордын жасады. Жанқиярлық енбегі арқасында көмір өндіруде, жаңа шахталарды салуда және еңбектің озық әдістерін игеруде үздік табыстарға жетті. Т. Күзембаевқа әкімшілік қызметтің 1-дәрежелі кен директоры атағы берілді (1948 ж.). БК(б)П 18-съезінің, Қазақстан Компартиясы 1-4-съездерінің делегаты. Қазақстан Компартиясы ОК-нің мүшесі (1937-1940 ж.). 1-сайлау КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 3 мәрте Ленин орденімен, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Т. Күзембаев есімімен Қарағандыда шахта (бюсті койылған), көше аталады. Шахтерлер арасында арнайы жүлде тағайындалған. ## Дереккөздер
Иманжүсіп Құтпанұлы (1863 жыл, Павлодар облысы, Ақсу ауданы – 1929 жыл, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы) — халық композиторы, әнші, ақын. Қыпшақ тайпасының Торы руынан шыққан. Атасы Тұрғанбай датқа (1804 – 1850) Түркістан қаласы маңындағы Шілік өңірінің биі болған. Әкесі Құтпан Кенесары Қасымұлы көтерілісіне қатысқан. Иманжүсіп жас кезінен-ақ жырға, шешендік сөзге құмар болып, сал, серілер дәстүрін ұстап, саятшылық құрып, палуан атанады. Иманжүсіп суырып салма ақын, әнші болған. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди әндерін тамылжыта шырқаған. Жаяу Мұса Иманжүсіппен талай рет жүздесіп, ақыл-кеңес берген, оған өлең де арнаған. Патшалық Ресей өкіметінің қысымына шыдамаған Иманжүсіп 19 ғасырдың аяқ шенінде Ақмолаға келеді. Мұнда да әкімдердің зорлығына, әділетсіздігіне шыдамай, оларға шығарған өткір өлеңдерін айтады. Жалған жаламен тағы да қуғынға түседі. 1905 – 12 жылдары Өскеменге, 1914 жылы Жетісуға жер аударылады. Шұбарағаш, Ойжайлау, Лепсі, Қапалда тұрып, бірнеше рет жауапқа тартылған. Иманжүсіп 1913 жылы атамекеніне оралып, Сырдария губубернясының Шиелі болысына қоныстанған. Кеңес дәуірінде тағы да қудалау көрген Иманжүсіп Сарысуға көшіп, 1930 жылы 20 желтоқсан күні тұтқындалған. 2.3.1931 ж. ОГПУ жанындағы үштіктің шешімімен атылып, 1990 жылы толық ақталған. Иманжүсіп – Жаяу Мұса, Мәди сияқты әділет, теңдікті жырлаған күрескер әнші. Оның кең ауқымды әндері Арқада, Жетісуда кең таралған. “Сарымойын”, “Бұғалы мен Тағалы”, “Ішім өлген, дүние-ай, құр сыртым сау”, “Әкем Құтпан болғанда, ағам Шонай”, “Қысырақтың үйірі жирен ала”, “Мен қалайша жалғанда тұрақтайын”, т.б. әндері өр үнді әншінің азаматтығын танытады. Оның әндерін А.В. Затаевичке Қ.Байжанов, Қ.Байсейітов, И.Байзақовтар нотаға түсірткен. Затаевич Иманжүсіптің бірнеше әндерін жазып алып, “Қазақ халқының 1000 әні” атты жинағына енгізген. Соңғы жылдары Иманжүсіптің жаңа әндері де табылып отыр. “Сейфүл-мәлік”, “Сарыарқа” (4 нұсқасы), “Сарыбел”, “Ерейментау” (2 нұсқасы), “Болған жастан” (2 нұсқасы), т.б. әндері әр жылдарғы фольклорлық экспедициялар кезінде жазылып алынған. “Сармойын” әні Е.Г.Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсында (Бекежан ариясы) пайдаланылды. 2001 ж. жарық көрген “Иманжүсіп” (авторы Р.Көшенова) атты кітапқа Иманжүсіп әндері толық енген. ## Дереккөздер
Әбдіров Нұркен (1919, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы бұрынғы 5-а. — 19.12.1942, Ростов облысы) — әскери ұшкыш-штурмовик, сержант, Кеңес Одағының Батыры (1943 ж. қаза болған соң берілген). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан. 1939 ж. Қарағанды аэроклубының ұшқыштар курсын бітіріп, запастағы пилот мамандығын алды. Қызыл Армия қатарына 1940 ж. шақырылды. Орынбор авиация училищесін бітіргеннен кейін (1942 ж. ), 267-ші авиация дивизиясының 808-ші полкіне жіберілді. Шайқаста ержүректілігімен, іскер қимылдарымен көзге түсті, жаудың оқ-дәрі, қару-жарақ қоймаларын, адам күші мен ұрыс техникасын жойды. 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12 танкісін, 28 жүк автомобилін, оқ-дәрі тиеген 18 машинасын, жанармай құйылған 3 цистернасын, 3 зеңбірегін жойып, 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер кұштырған. 17-жауынгерлік тапсырмасын алған (19. 12. 1942 ж. ) Н. Әбдіров жаудың Сталинград шебіне енетін Боков-Пономаревка аудандағы қорғаныс бекінісі мен шоғырланған танкілерін жою үшін әуеге көтерілді. Тапсырманы орындау кезінде Н. Әбдіров бірнеше дзотты, зенит артиллериясының 2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымданды. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, капитан Н.Ф. Гастелло сиякты қаһармаңдықпен қаза тапты. Ростов облысының Вешенск ауданның Н. Әбдіров жерленген Коньки хуторында, Қарағанды қаласында, сондай-ақ өз есіміндегі ауылда (батырдың туған жерінде) Н. Әбдіровке ескерткіштер орнатылған. Қарағандыда Н. Әбдіров атындағы даңғыл бар. Жыл сайын Н. Әбдіров атыңдағы жүлде үшін еркін күрестен жарыс өткізіледі. Волгоградтағы Мамаев қорғанының етегінде Н. Әбдіров бейнелі зираты жасалған. Қарағандыдағы кеншілердің Мәдениет сарайының репертуарына Нүркен Әбдіров туралы балет енгізілген (музыкасы А. Руденскийдікі). Н. Әбдіров туралы Г. Якимов жазған «Мәңгілік өмір шыңына» («Пике в бессмертие») атты деректі повесть (Алматы, 1966 ж. ) бойынша «Қазақтелефильм» студиясы фильм шығарды. Әбдіров Нұркен 1919 жылы Қарқаралы өңірінде бұрынғы 5-ші ауыл, қазіргі Нұркен атындағы шаруашылық аумағында шаруаның отбасында дүниеге келген. Кейін ата–анасымен бірге Қарағандыға қоныс аударып, осы қалада әуе клубында үшқыш мамандығын игерген. Соғыс басталғанда Нұркен Орынбор әуе училищесінде оқитын. Ол майданға аттануға ұмытыла берді, сондықтанда оны алдымен Ташкенттегі, одан кейін Сібір қалаларының біріндегі шабуылшы әскери үшқыш дайындайтын курстарға жіберді. Оқуды тәмамдағаннан кейін ол 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Н.Әбдіров талай әуе шайқасына қатысып, ерлік пен өжеттік, әскери шеберлік танытты, әр тапсырманы мұқият орындап отырды.Қазанның 23 күні тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: "Егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп қуанышты, бақытты өмірмен қоштасамыз..." Қарапайым қазақ баласы Н.Әбдіровтың өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла шашып тұр. ## Тағы қараңыз * Нүркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты ## Дереккөздер
Мәди Бәпиұлы немесе Мәди (1880, Қарағанды облысы қазіргі Қарқаралы (бұрынғы Егіндібұлақ) ауданы – 1921, Қарқаралы) - ақын, халық әнші-композитор. Қарапайым халықтың құқығын қорғап, әлеуметтік әділетсіздік және теңсіздікті сынағаны үшін биліктің қудалауына ұшыраған. Жалған айыппен түрмеге қамалып,Атбасар, Қарқаралы, Семей, Омбы түрмелерінде отырды. Қамауда отырғанда әділетсіздіктерге күйініп, бостандықты аңсаған «Қаракесек» әнін жазды. Халық арасына оның «Үшқара», «Мәди», «Шіркін-ай» және т.б. әндері кең тарады. Мәди түрмеде отырып 1916 жылғы көтеріліске үн қосты, өзінің өлеңдерінде патша үкіметі мен жергілікті феодалдардың зорлықшылдығы мен жүгенсіздігін айыптады. Кейбір өлеңдері Е.Г. Брусиловскийдің ұлттық «Қаракесек», «Ер Тарғын», «Шіркін-ай», «Мәди», «Қыз Жібек» операларында қолданылды. Мәди шығармалары әлі толық зерттелмеген. Оның шығармаларын А.Қ. Жұбанов, А.Бектасов зерттеді. Ә.Әбішев Мәдиге арнап «Найзағай» романын жазды. Мәди Бапиұлы (1880-1921) - композитор, ақын. Балалық шағынан өзінің әнімен және домбырадағы ойынымен даңқы шыққан. Ол Ақан сері, Біржан-сал сияқты әнші ақындармен кездесе жүріп, ол бұл халықтық өнерді жете меңгереді, олардан оқиды. Мәди жалған айыптау бойынша сотталады.Ол түрмеде туған жеріне деген сағыныштан “Қаракесек” әнін дүниеге әкеледі, онда тағдырының ауырлығын, әлемдегі әділетсіздік туралы жырлайды. Мәдидің шығармашылық мұрасы толық жиналмаған.Оның халық жадында сақталған әндері әлі күнге сыр - сымбатын жоғалтқан жоқ. Биік пафосы, еркін, жан-дүниені баурайтын оның сұлу әндері қазіргі кезде сахна мен радиодан жиі естіледі. Оның әндері Е. Г. Брусиловскийдің “Қаракесек”, “Ер Тарғын”, “Шіркін-ай”, “Мәди”, “Қыз Жібек” операларында қолданылды. Мәдидің өмірі мен шығармашылығына А. Жұбановтың, А. Бектасовтың зерттеулері, Ә. Әбішевтің “Найзағай” романдары арналған. ## Өмірбаяны 1880 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Жас кезінен-ақ ән айтып, домбыра тартып аты шыққан. Арғы аталары атақты би Қазыбек екен. Арғын тайпасы Қаракесек руы Айбике Шаншар бөлімінен шыққан. Болашақ сазгердің балалық шағы әсем табиғат аясында өтеді. Алғашқы өлеңдерінің тақырыбы туған жер, шетсіз де шексіз кең дала. Әнші әрі дәулескер күйші ретіңде де, ерте танылады. Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сияқты cаңлақтармен кездесіп, өнеге, тәлім алады. Сол кездегі үстем тап өкілдерінің "ұры" деген жалған жаласымен Атбасар, Карқаралы, Семей, Омбы түрмелерінде болады. Қамауда елін, жерін сағынып, әділетсіз заманға налыған Мөди өзінің атақты "Қаракесек" әнін шығарады. 1915 жылы Мәди түрмеден қашып шығады. Бұл кезде оның әндері халыққа тарап кеткен еді. Мәди жөнінде талай аңыздар да айтыла бастаған. Атқамінер жандайшаптардан жасырынып, ұзақ уақыт туған жерге ат ізін сала алмайды. "Шіркін-ай" әні осы кезде туған. 1916 жылы ол еліне оралады. 1917 жылы болыс билеуші Айтқожа Теміржанов Мәдиді "жылқы ұрлады, түрмеден қашты" деп айыптап, тағы да түрмеге жөнелтеді. Қазан төңкерісін Мәди Қарқаралы абақтысыңда отырып қарсы алады. 1918 жылы бостандыққа шығады. Композитордың халық арасына кең тараған атақты "Мәди" әні осы кеңестік кезеңмен байланыстырылады. Кеңес өкіметі кезінде 1919 жылы Мәди Колчакқа қарсы шайқастарға қатысады. Ақ гвардияшыларды Қарқаралыдан қуып шығысымен, жаңа өмірді нығайтуға кіріседі. Ал кеңес қызметіне кіріп алған жаулары оны ебін тауып өлтіруді үйғарады. 1921 жылдың ақпан айында Мәди қаза табады. Атақты әнші-композитор Мәди Бәпиұлы өз шығармаларында бостандықты, адам жанының тереңдігін, қазақ халқының тамаша дәстүрлерін жырға қосады. Кең тынысты, салтанатты, шаттыққа толы оның әңдері күні бүгінге дейін ел аузында. Олар опералардан, сиюталардан, кантаталардан тұрақты орын алды. Композитордың тағдыр-талайынан терең сыр қозғайтын Мәди Бәпиүлының әндері талайларды тебірентумен келеді. ## Дереккөздер
Саттар Асқарұлы Ерубаев (1914, Түркістан ауданы - 02.06.1937, Алматы) - қазақ жазушысы. Ауыл балалары сияқты молданың солқылдаған көк шыбығына көнбестен Саттар Түркістандағы бастауыш мектепке қашып кетеді. Мұны бітіргеннен соң жетіжылдық орыс мектебінде оқып, оны үздік аяқтап шығады. Қоңырат руынан шыққан. Оның қалыптасуына әкесі Асқардың, анасы Бапаның үлкен әсері болған. * 1930-шы жылы Саттардың белсенді комсомол мүшесі және зейінді жас екені ескеріліп, жоғары оқу орындарына даярланатын Алматыдағы дайындық курсына жіберіледі. Сол жылы ол Қазақстан оқу Комиссариатының арнайы жолдамасымен Ленинград тарих, философия және лингвистика институтына түседі. * Институтты Саттар 1933 жылы үздік бағамен бітіріп шықты. Ол дипломдық жұмысын өте жақсы қорғайды және және осы еңбегі үшін бәйге алады. Сөйтіп, бұл жұмыс баспасөз бетінде жариялансын деген қаулы шығарылады. Ұстаздарының ұсыныстары бойынша Ерубаев аспирантураға қалдырылған екен. Бірақ Қазақстан өлкелік комсомол комитеті арнайы жеделхат жолдап, Ерубаевты шұғыл түрде Қазақстанға шақыртады. Осыған байланысты Саттар, оқуын қалдырып, елге оралады. * Алматыда Саттар 1933-1934 жылдары "Ленинская смена" газеті әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, "Лениншіл жас" газеті редакторы; 1934 жылы бірер ай музыка театрының директоры; 1933-1934 жылдары Жоғары ауыл шаруашылық мектебінде философия кафедрасының ұстазы қызметтер атқарды. * 1934-1935 жылдары қалалық «Қарағанды пролетариаты» (қазіргі облысы «Орталық Қазақстан», газеті) редакторының орынбасары. * 1935 жылдың жазында Ерубаев Ленинград университетінің аспирантурасына түседі. Бірақ мендеп кеткен өкпе ауруы оған бар болғаны бір-ақ жыл оқуға мүмкіндік береді. Осыдан соң Саттар Алматыға қайтуға мәжбүр болады. Мұнда ол 1936-1937 жылдары Қазақстан педагогикалық институтына қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясынан лекциялар окиды. * Бірақ бойын әбден мендеп алған ауыр дерт Саттарды 1937 жылдың екінші маусымында Алматы қаласындағы Түрксіб ауруханасында көз жұмғызды. Онда ол бар болғаны 24 жаста еді. ## Шығармашылығы Қарағанды жұмысшы табының қалыптасуы жайындағы «Үш шахтер туралы баллада», «Меруерт алқа» балладалардың, «Бақыт», «Өмір көркемдігі» новеллалардың авторы. «Менің құрдастарым» романында (1939 жылы жарияланған, 1957 жылы орыс тіліне аударылған) Қазақстанның көмір орталығы Қарағандыны кұрушы жастардың тұрмысы мен еңбегін суреттейді. Қарағандының бір көшесіне Ерубаевтің есімі берілген. Қазақстан өлкелік партия комитетінің "Қарағанды полетариаты" газетінің жауапты редакторының орынбасары болып істейді. Қаламы ұшқыр, пікірі таза, дарынды қаламгер Ерубаев сол кезде Қазақстан Жазушылар одағының бірінші сьезіне қатысып, одақ мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі болды. ## Әдебиеттегі орны Ерубаев әдеби ортаға тұлпар шабыспен екпіндеп, жарқырап кірді. Ол астанадағы зиялы қауымды жан-жақты біліммен, журналистика саласындағы білікті ізденістермен әдебиеттегі жаңашыл сыни ой-пікірмен, жаңаша жазылған өлең, баллада, пародиялырымен елең еткізді.С.Ерубаев 1934 жылы Қарағандыға, қайнаған еңбек ортасына келгеніне қатты қуанған. Сол тұста жазған бір күнделігінде Саттар: "Мен Қарағандыға ризамын, ол мені жазушы етіп шығаратын болды!" депті. Қарағанды оны жазушы етіп шығарды. Саттар әдебиет сүйер қауымға мәлім "Менің құрдастарым" романын дәл осы кезде жаза бастаған еді. Бұл роман қазақ жұмысшы табының қалыптаса бастау тарихынан, 30-жылдарғы Қарағанды сынды ірі өнеркәсіп ошағының тыныс-тіршілігінен сыр шерткен, алғашқы ұлттық техникалық интеллигенция өкілдерінің бейнелерін сомдаған туынды.Қарағандыда болған кезінде С.Ерубаев басқа да көптеген новеллалар, балладалар, өлеңдер, очерктер, сын мақалалар жазады. Оның қаламынан "Бақыт", "Мәңгілік өмір", "Өмір көркемдігі", "Келесі соғыс туралы" новеллалары, "Өмір туралы рапорт", "Үш шахтер туралы баллада", "Меруерт алқа" тәрізді балладалары, алуан өлеңдері мен сын мақалалары, очерктері мен эпиграммалары өзіндік өзгеше үнімен, жүрек жарды лебімен, мөлдір сыршылдығымен. Қалтқысыз шыншылдығымен қазір де қайран қалдырады.Аяқталмаған "Менің құрдастарым" романы бүгінгі күні де халқымыз сүйіп оқитын жаңашыл мәңгі жас шығарма.Саттар шығармаларынан рухани нәр ғана емес, Саттардың өзі жайында да көп мағұлмат табуға болады.Жарық жұлдыздай жарқырай ағып өткен қас-қағым тіршілігінде ол өзін халқының адал перзенті ретінде көрсетті. Артына көлемі шағын болса да салмақты, құнды әдеби мұра қалдырды. Оның қазақ кеңес әдебиетінде бірінші болып игерген жаңа жанрдағы шығармалары – балладалары, новеллалары, пародиялары мен эпиграммалары қазіргі әдебиеттің алтын қорына енді.Ерубаев Жанғожинмен бірігіп мектеп оқушыларына арналған қазақ әдебиеті хрестоматиясын құрастырды. Сонымен қоса аудармашылықпен де шұғылданған. Ол К.Чуковскийдің, Ю.Березиннің, А.Суриковтың, И.Эренбургтің кейбір шығармаларын қазақ тіліне аударған.1966 жылы Саттар Ерубаевқа Қазақстан Ленин комсомолы атындағы сыйлық берілді. Түркістан қаласында Саттар мұражайы бар. Қарағандыда Саттар Ерубаевтың аты мектепке, үлкен көшелердің біріне берілді. ## Қайшы деректер Саттар Ерубаевтың туған жылы туралы әртүрлі деректер: Барлық деректерде Саттар Ерубаевтың 1914 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданына қарасты «Арыс» совхозындағы Ұзынқұдық» жайлауында туғаны жазылған. Саттар дүниеге келген кезде Саттардың әкесіне жақын ағайыны Тебейдің үйіндегі Тәлімі дейтін шешеміз «Бапаны келін қып түсіргеннен кейін Асқармен жаз жайлауымыз да, қыс қыстауымыз да бір болатын. Саттар күзем алып болғаннан кейін Ұзынқұдықта туды. Ал менің Әмзем одан екі ай кейін тоқсанның басында туды», – дейді. (Саттар Ерубаев. Мәңгілік өмір. Алматы, «Жазушы». 1994, 448-бет) Орыс тіліндегі мәліметтерден: «Подтверждается дата поступления Саттара в ЛИЛИ – именно 21 маусым 1931 г. Далее - новые разночтения. С.Ерубаев записан как студент отделения языковедения. А самое главное и очень важное – годом рождения казахского публициста указывается 1913-й, а не 1914-й, как повсеместно пишут его биографы. Сохранился и лицевой счет студента 2 курса С.А. Ерубаева. На стипендию он зачислен с 1 қыркүйек 1931 ж. (80 рублей). В декабре с него удержано за питание в институтской столовой по талонам 25 руб. Другие расходы – подпис­ка на заем и оплату комнаты в общежитии.», (А.ЖАНГОЖИН. Караганда - Санкт-Петербург. Индустриальная Караганда.-2005.-4 авг.-С.7) Саттар Ерубаевтың «Мәңгілік өмір» дейтін новелласында мынадай дерек бар. «Бұл 1920 жылы болатын. Онда мен 7-де едім», – деп жазады. Мұнда да сол 1913 жылды меңзейді. ## Тағы қараңыз «ЖАС ЖҮРЕК ЖАЙЫП САУСАҒЫН...»(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы облысы. Облыс 1932 жылғы 10 наурызда Батыс Қазақстан облысы болып құрылған. 1962 жылы Орал облысы болып өзгертілген. 1992 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы — 151,3 мың км², тұрғындары 646 828 адам (2018). Әкімшілік жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген. Орталығы — Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,0 адамнан келеді (1999). Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км²-ге 9–12 адам). Қала халқы бүкіл халықтың 49,1% құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрлі, Деркөл, Зашаған, Круглоозёрное, Чапаев, Тасқала, Шыңғырлау. ## Аудандары Батыс Қазақстан облысында 12 аудан мен 1 облыстық маңыздағы қала бар: ## Географиясы Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі. ### Табиғаты Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бөлігі Каспий маңы ойпатының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен, құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық болып келеді. Бұл өңірдің абсолюттік биіктігі 10–25 метрден аспайды. Солтүстігіндегі қырат бөлігі (абсолюттік биіктігі 45–65 метр) сырт қырқасы арқылы Орал үстіртіне ұласады. Жалпы Сырттың осы тұстағы ең биік жері 259 метр (Ешкітау). Орал үстіртінің облыс жеріндегі бөлігі — құрғақ арналармен тілімденген жонды-белесті өңір. Оның абсолюттік биіктігі 110–260 метр, ең биік жері — Ақтау (Бортау) тауы (263 м). ### Топырағы Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігі далалық белдемде, қалған жері шөлейт және шөл белдемдерде жатыр. Облыс жерінің 15%-ін құмды алқап алады. Қиыр солтүстік, Сырт суайрықтарында қара, Сырт және Орал үстіртінің қыратты бөліктерінде қызыл қоңыр, өзен аңғарларында шалғынды сортаң, шөгінді (құмдақ-сазды) топырақ түрлері тараған. Облыстың оңтүстік бөлігін құмды алқаптар (Нарын, Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм, т.б.) алып жатыр. ### Геологиясы және кен байлықтары Жер қыртысы бор кезеңінің мергелінен, палеогеннің құмтастарынан, әктастарынан түзілген. Олардың бетін Каспий маңы ойпатының төрттік кезең шөгінділері жапқан. Өзен аңғары аллювий шөгінділерінен құралған. Облыс жерінде тұз күмбездерінен құралған ірі тектоник құрылымдар (Сантас, Сасай, т.б.) көп. Облыстың жер қойнауы мұнайға, әсіресе, газға (газ-конденсат) мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы зерттелген газ конденсаты қорының 90%-тен астамы шоғырланған (Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнын қараңыз). Одан басқа облыс аумағында жанғыш тақтатас (Чернозатон, Тоғай, Новошаново), калий, магний тұздары (Шалқар көлі), цементтік шикізат (Ақсуат, Шаново), керамзиттік саз (Тұйықсай, Погодаев), т.б. құрылыс материалдары кен орындары бар. ### Қазба байлықтары Облыс аумағында Цыганов, Ульянов, Гремячинск, Теплов сынды бірқатар газ конденсаттары мен мұнай кендері анықталған. Олардың ішіндегі ең ірілері — Батыс Теплов және Қарашығанақ. Сонымен бірге Чернозатон, Түксай, Новосеменов жанғыш тақтатастар кендері табылды. Тас тұзы, калий және бор қабатындағы тұздар, гипс, әк жыныстары және басқа қазба байлықтары ашылды. Құрылысқа жарамды минералды шикізаттардан облыста кірпіш және цемент өндірісі шикізаты, керамзит, әк, құрылыстық құм, құм–қиыршық қоспалары, құрылыс тастары, оларды алмастыратын басқа түзілімдер бар. Керамзитті шикізаттың Погодаев және Түксай кендері барланған. Ақтау («Белая Горка») кенінің құмы силикатты кірпіш дайындау үшін пайдаланылады. Әк өндіруге жарамды бор облыстың солтүстік және оңтүстік бөліктеріндегі аудандарда таралған: пайдалы қазбалардың өндірістік балансына Ақтау («Белая Горка») және Бөрлі кендері енгізілген; бұлардың жиынтық қоры 16 081 мың метр куб. Жылдық қуаты 1 300 мың тонна цемент зауытын шикізатпен толық қамтамасыз ететін қоры 1 106 482 мың метр куб Ақсуат кені барланды. Гидравликалық қосымша ретінде қоры 21 619 мың метр куб болатын кремний сазы бар Шипов кенінің пайдаланылуы мүмкін. Қыш шикізаты Федровка стансасының жанынан ашылды, қоры 2042 мың метр куб. ## Гидрографиясы ### Өзендер Облыстағы өзендер Каспий теңізі алабында жатыр. Ұзындығы 100 километрден асатын 14 өзен бар. Басты су артериясы — Жайық өзені солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай ағады. Оның облыс жеріндегі ұзындығы 500 километрдей. Жайыққа облыс аумағында Емболат, Шаған, Деркөл, Елек, Шыңғырлау, Барбастау өзендері құяды. Облыстың шығыс жағындағы шағын Өлеңті, Қалдығайты, Жақсыбай өзендері Орал үстіртінен басталып құмға сіңіп жоғалады. Өзендері қарашаның екінші жартысында қатып, сәуірдің бірінші жартысында мұзы ериді. Облыстың негізгі су көзі — Жайық өзені. Облыс шегіне Елек ауылының батыс жағынан енген өзен батыс бағытқа қарай ағып, Орал қаласына дейін жетіп, оңтүстікке шұғыл бұрылады да, Солтүстік Каспий маңын кесіп өтеді. Облыс шегіндегі ұзындығы — 761 километр, су жинайтын алабы — 116 678 шаршы километр. Барбастау өзенінен төменірек Жайықтан Көшім (Қабыршақты) бөлініп шығады.Жайық өзені бүкіл облыс жерін жер беті ағын суларының жиілігі әр түрлі қос торапқа ажыратады. Сол жағалаулық өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0,54 км/км квадрат мөлшерімен сипатталады, оң жағалаулық бөліктегі өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0,26 км/км квадрат. Бүкіл облыс үшін өзен торының тығыздығы Жайық өзенісіз – 0,036 км/км квадрат, Жайықпен қосып есептегенде 0,040 км/км квадрат коэффицентпен сипатталады. Жалпы облыста үлкенді – кішілі 200 - ден астам өзен бар, олардың 65 - і жазда кеуіп құрғақ арналарға айналады ; ұзындығы 10 км – ден аспайтын шағын жылға – өзендер де баршылық. Ұзындығы 200 км – ден асатын өзендер небәрі – 8. Қараөзен, Сарыөзен, Елек жерінде тек өздерінің сағалық бөлігі мен ғана ағады, олардың жалпы ағыны шегінен тыс қалыптасады. Өңірдің жер бедері мен топырақ қабатының ерекшелігіне байланысты көптеген өзендердің арналары өте ирелең қалыптасқан. Мыс., Барбастаудың ирелеңдеу коэффициенті К – 1,4, Шолаңқаты – К -1,04, Жақсыбай – 1,07, Ащыөзек – К – 1,75, Мұқыр – К – 1,4 – ке тең келеді.[дереккөзі?] ### Көлдері Батыс Қазақстан облысында 140-тан астам көл бар. Оның 9 су айдыны 10 шаршы километрден асады. Суы тұщы маңызды көлдері: Қамысты Самар, Итмұрынкөл, Сұлукөл; ірі тұзды көлдері: Шалқар, Аралсор, Жалтыр, Жалтыркөл, Боткөл, т.б.. Жер бетіндегі ағынды суды реттеу үшін облыс аумағында бірнеше бөгендер салынған. Олар негізінен Көшім суландыру жүйесінде және Қараөзен (Үлкенөзен) бойында (Бітік, Дөңгелек, Киров, Пятимар, Сарышаған, Айдархан) орналасқан. Облыстағы көлдің таралу коэффициенті 10% (жайылма суларды есепке алмағанда); олардың айдындарының аумағы 1 532 шаршы км. Облыстың өзен бойларына жуық өңірлерінде жайылма су (қарасу) айдындары көп. Мысалы Шежін жайылмасы 2200 шаршы километрді алып жатыр. Дүре — 700 км², Қараөзен — 600–700 км², Сарыөзен — 200–300 км², ал Бұлдырты — 100 км² жуық жерге жайылған. ## Флорасы және фаунасы ### Жануарлар дүниесі Батыс Қазақстан облысының тоғайлы-орманды өңірлерінде бұлан, елік, өзендер бойындағы қалың қамыс арасында қабан, оңтүстігіндегі құмды жағында ақбөкен, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, құндыз; кеміргіштерден сарышұнақ, құмтышқан, т.б. мекендейді. Облыста құстардың көптеген түрлері (аққу, қоңыр қаз, сұр қаз, тырна, бірқазан, балықшы, құр, ақиық, кезқұйрық, безгелдек, қаршыға, т.б.) кездеседі. Өзен-көлдері балыққа бай (сазан, көксерке, ақ қайран, табан, жайын, шортан, т.б.). Жайық өзенінде бекіретәрізділер (бекіре, шоқыр) кездеседі. Облыс аумағында сүтқоректілердің 70 түрі, құстардың 310-ға жуық, бауырымен жорғалаушылардың 19, қосмекенділердің 7, балықтардың 51, әр алуан омыртқасыздардың мыңдаған және дөңгелек ауыздылар мекендейді.[дереккөзі?] Сүтқоректілерден өздерінің алуантүрлілігімен ерекшелінетін кеміргіштер де бар. Қамысты-қоғалы қалың нудың арасында, кейбір өзендер мен ірі көлдерде ондатр (су тышқаны) мекендейді. Жайықтың ескі арналарында қайтадан құндыз кездесе бастады. Орқоян кең таралған, ал облыстың солтүстік бөлігінде ақ қоян мен дала шақылдағы кездеседі. Құстардың ішінде ең көбі торғай тектестер (120-ға жуық түрі бар). Орман — тоғайда қызылторғай, мысықторғай, сары шымшық, қызылқұйрық, мақтанторғай, құрқылтай, барқылдақ торғай кездеседі. Омыртқасыздар ішінде буынаяқтылары, әсіресе жәндіктер (2,5 мың түрге жуық) көп және қоңыздар басым болып табылады (1,2 мың түрге жуық). Көбелектер отрядының 400-ге жуық түрі бар, екі қанатты және жарғақ қанаттылар 150–200 түрден саналады. Әр түрлі типтегі омыртқасыздар негізінен топырақ қабатында таралған. Олардың ішінде қарапайымдылар мен ірі құрттардың 10–15, өрмекші, кенелердің 100-ден астам түрі бар. Су түбін мекендеушілерден, әдетте, әр түрлі құрттар, буынаяқтылар мен олардың дернәсілдері (шамамен 100 түрден), сондай-ақ моллюскалар кездеседі. Планктонның негізгі массасын шаянтәрізділер (дафния, циклоптар), қарапайымдар (инфузория, арцелдер), жәндіктердің дернәсілдері, хиромид және басқалары құрайды. ### Өсімдіктер дүниесі Облыстың солтүстік бөлігінде бетегелі дала өсімдіктері мен шөлейт белдемнің өсімдік түрі басым. Өзен жайылымдарында астық тұқымдасты шөп түрлері, кей жерлерде қалың қамыс, құрақ өскен. Жайық аңғарында терек, емен, қайың, тал, Сырт және Орал үстіртінде, Елек өзені алабында шоқ қайың орманы көптеп кездеседі. Облыстың флорасында 106 тұқымдасқа жатқызылатын гүлді өсімдіктердің 1300-ге жуық түрі, олардың ішінде күрделі гүлді (220), атбас бұршақты (139), астық тұқымдас (118), көкпек (113), зиягүл (104) түрлері бар. Облыстың өсімді жамылғысында үш белдем (зона) элемент кездеседі. Солтүстіктен нағыз дала белдем өтеді, орталықтың едәуір бөлігі шөл дала немесе шөлейіт белдемге енеді, ал оңтүстік аудандар шөлдің солтүстік шегіне ұласады. Жалпы өсімдік жамылғысында бір кездері далалық сипаттың басым болғаны байқалады, бірақ оны пайдалану барысында табиғи жағдайының өзгеруінен бірте-бірте шөлге айналу құбылысы етек жаюда. Негізінен нағыз дала зонасы облыстың солтүстік бөлігін алып жатыр және бұл өңір боз әрі бетегелі дала болып табылады. Боз даланың оңтүстік шегі Еруслан бастауынан Қараөзен және Сарыөзен арқылы, Ершов кентінен 2 025 км оңтүстікке, одан әрі Жалпы Сырт сілемдерімен Красный кентіне дейін, Дарьинское арқылы Шалқар көлінімен солтүстік жағалаумен, содан соң Елек және Қобда су айырығын бөле шығысқа қарай өтеді. Облыстың шөптесін қорының басты түрі — жайылмалық шалғындар. Жайылмалық шалғындарда көбіне миямен араласа бидайық, сұлыбас өседі. ## Климаты Облыстың климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық, әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы -11–14 °С, кейде -40°С-қа дейін төмендейді, шілде айындағы температура 22–25°С, кейде 40°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның көпжылдық орташа мөлшері 190 (оңтүстікте)–350 мм (солтүстікте). Қар жамылғысы 70 күннен (оңтүстікте) 140 күнге (солтүстікте) дейін жатады. Жыл бойына екпінді желдер (кейде 15–20 м/с-қа дейін) болып тұрады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңі 150–170 тәулік. ## Шаруашылығы Батыс Қазақстан облысы экономикасында ауыл шаруашылық өндірісінің үлесі басым. Мұнда астық егу, жайылымдық мал шаруашылығы, етті-сүтті сиыр өсіру дамыған. Облыс шаруашылығының негізгі саласының бірі — өнеркәсіп. Облыста мұнай, газ өндіру, метал өңдеу және машина жасау, тамақ, жеңіл, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, т.б. салалар жақсы дамыған. Ірі өндірістерден «Қарашығанақ кен орны», «Металлист», «Зенит», «Металл өңдеу», «Омега» зауыттары, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде «Надежда» тігін-тоқыма комбинаты, былғары аяқ киім зауыты, аң терісін өңдеу, балық комбинаттары, арақ-шарап, сыра зауыты, нан комбинаты, сондай-ақ, «Жайықжылужарық», «Оралоблгаз», «Диана», «Орал-Алма», «Нұржанар», Оралагрореммаш, т.б. кәсіпорындары жұмыс істейді. Батыс Қазақстан облысында республикадағы табиғи газдың 30%-тен астамы өндіріледі. Облыстағы ауыл шаруашылығына тиімді жер 13,9 млн га (1997). Оның ішінде жыртылатын жер аумағы 1,4 млн га, шабындық 940 мың га, жайылымы 8,2 млн га. Астық дақылдары 934 мың гектар жерге, техникалық дақылдар 34,1 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары 7,6 мың га, жемшөп дақылдары 222 мың га жерге егіледі. Мал шаруашылығында сиыр саны 444 мың, қой мен ешкі 904 мың, шошқа 28,5 мың, жылқы 94 мың, түйе 3,9 мың, құстың саны 371 мың (1997). ## Жолдары Батыс Қазақстан облысында темір жол, автомобиль жолы және су жолы көлігі бар. Темір жолдың жалпы ұзындығы 417 км. Автомобиль жолдарының ұзындығы 8,5 мың км, оның ішінде 2,5 мың км жол асфальттанған. Негізгі автомагистралдары: Орал–Атырау, Орал–Ақтөбе, Орал–Орынбор. Жайық өзенінен Атырауға дейін кеме қатынайды. Қазақстанның ірі қалаларымен және кейбір шет ел қалаларымен әуе қатынасы бар. ## Мәдениеті Батыс Қазақстан облысы аумағында 6 мыңнан астам түрлі дәуірдегі археологиялық ескерткіштер және 500-ден астам тарих, сәулет және монументалды өнер ескерткіштері бар, олардың 14 республикалық маңызы бар ескерткіштерге жатқызылады. Мәдениет және өнер жүйесінде облыста 717 мәдениет мекемелері қызмет етеді. Облыста тарихи-мәдени мұраны насихаттау мақсатында 22 тарихи-өлкетану, мемориалдық музейлері халыққа қызмет көрсетеді, олардың 13 ауылдық жерде орналасқан. Облыс кітапханалары жүйесінде 377 көпшілік кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. ## Халқы Түрлі жылдары жасалған санақтар бойынша Батыс Қазақстан облысы халқының саны: ### Білім беруі Облыста 4 жоғарғы оқу орны бар, олардың барлығы да Орал қаласында орналасқан, атап өткенде Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Еуразия академиясы. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ашық Тізімдеме Жобасындағы Батыс Қазақстан облысы Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы.