text
stringlengths
3
252k
Торғай футбол клубы — 2003-04 жылдары Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында ойнаған футбол клубы. Арқалық қаласынан. 2004 жылдың соңында жабылып қалды. ## Қазақстан чемпионатында 2003 жылы бірінші лигада 22 кездесуде 21 ұпай жинап (+6 =3 -14) 12 кмоанданың ішінде 9-шы орын алды. 2004 жылы да тоғызыншы орынға табан тіреді, бұл жолы 24 кездесуде 24 ұпай жинады. ## Қазақстан кубогында 2003 жылы Қазақстан кубогының 1/32 финалында Ақтаудың "Каспий" клубын 1:0 есебімен ұтып, 1/16 финалға жолдама алды. 1/16 финалда Семейдің "Елім-ай" клубынан 2:6 есебімен ойсырай ұтылды. 2004 жылы 1/32 финалда "Есіл-Богатырь-2" (Петропавловск) клубынан 0:2 есебімен ұтылып қалды. ## Статистикасы Барлығы 49 кездесу өткізіп, 13-інде жеңіске жетті де, 9 матчта тең түсті. ## Сілтемелер * футболшылары
Үш-Қоңыр футбол клубы — Қазақстандағы футбол клубы. Алматы облысы, Шамалған қаласынан. Қазір клуб жабылып қалған. ## Тарихы 2002 жылы құрылды да, 2003 жылы Қазақстанның бірінші лигасынның Оңтүстік-Шығыс аймағында ойнады. 20 кездесудің тоғызында жеңіске жетіп, бір ойында тең түсті де, 10 матчта жеңіліске ұшырады. Нәтижесінде сегізінші орынға табан тіреді. Команда шабуылшысы Лечи Бицаев 13 гол соғып, мергендер көшінде екінші орынға жайғасты. 2004 жылы 24 кездесудің бесеуінде ғана жеңіске жетіп, 11-орынға түсіп кетті. Сол маусымнан соң команда қаржы тапшылығына орай қайтадан тарады. ## Футболшылары * Акмалиев Қазбек Маратович * Бектеміров Абдулахит * Леци Бицаев * Айдос Сатиев ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Үш-Қоңыр футбол клубы ойнаған маусымдар
Түркістан футбол клубы — Қазақстан чемпионаттарында ойнаған футбол клубы. 2009 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарды Түркістан қаласындағы Октябрь Жарылқапов атындағы стадионда өткізді. ## Турнирлерде ### Қазақстан чемпионатында Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында бір маусымдай өнер көрсетті. 2009 жылғы чемпионатқа қатысып, турнир барысында жарыстан шығып қалды. Нәтижесінде 26 кездесуде 16 ұпай жинап, ең соңғы орында қалды. Дегенмен, бірнеше кездесуді өте сәтті өткізді, мәселен, 5-турда сырт алаңда "Каспийді" 2:1 есебімен, жетінші турда өз алаңында "Қайраттың" өзін 3:2 есебімен жеңіп кетті. Бірақ сырт алаңда қайраттықтардан 0:5 есебімен ұтылды (бұл түркістандықтардың соңғы кездесу еді, осы матчтан соң қалған турларға қатысқан жоқ, себебі белгісіз). Барлығы бес кездесуде қарсыластарынан басым түсті. Жоғарыда аталған ойындардан бөлек ОСШИОСД (4:0), "Болат-АМТ" (3:1), "Айжарық" (2:1) клубтарын жеңді. ### Қазақстан кубогында 2009 жылғы Қазақстан кубогына қатысты. Бірінші кезеңде-ақ "Тараздан" 0:4 есебімен ұтылып, жарыстан шығып қалды. ### Ірі жеңісі * 4:0 — ОСШИОСД (Тараз), чемпионатта ### Ірі жеңілістері * 0:5 — "Қайрат" (Алматы), чемпионатта * 0:4 — "Намыс" (Астана) чемпионатта * 0.4 — "Тараз", кубокте * 1:5 — "Айжарық", чемпионатта * 1:5 — "Іле-Сәулет" (Алматы облысы), чемпионатта ## Сілтемелер * http://footballfacts.ru/clubs/582283-turkestan-turkestan
Торшгавн - (Tórshavn) — Фарер аралдары елінің астанасы.
Есіл (Астана) футбол клубы — Қазақстан футбол клубы. 1993 жылы құрылып, 1995 жылы жабылып қалған. ## Қазақстан чемпионаттарында 1994 жылы Қазақстан бірінші лигасының бірінші масымына қатысып, 5-орын алды. 1995 жылы да бірінші лигада ойнады. Бірінші кезеңде "Орталық аймақта" төрт клубтың арасында үшінші орын алды да, шешуші кезеңге жолдама ала алмады.
Рамазан Салықұлы Бапов (16.08.1947, Алматы — 11.03.2014, Алматы) — биші, КСРО халық артисі (1979). ## Өмірбаяны Мәскеу хореографиялық училищесін бітіріп (1966), Қазақ опера және балет театрына қабылданған. ## Саханалаған рольдері Бапов сахнаға шығарған * Зигфрид, Дезире (П.И. Чайковскийдің “Аққу көлі” мен “Ұйқыдағы аруында”) * Базиль, Солор (Л. Минкустың “Дон-Кихоты” мен “Баядеркасында”) * Спартак (А.Хачатурянның “Спартагында”) * Альберт (А. Аданның “Жизелінде”) * Ромео (С. Прокофьевтің “Ромео мен Джульеттасында”) сияқты классикалық бейнелер оның шеберлігін толық байқатты. Осындай мол тәжірибені ол балетмейстерлік жұмысына және қазақтың классикалық балетін дамытуға пайдаланды. Бапов билеген * М.Сағатовтың “Әлиясындағы” Жігіт * Т. Мыңбаевтың “Фрескаларындағы” Ишпақа * Е. Брусиловскийдің “Қозы Көрпеш — Баян сұлуындағы” Қозы партиялары ұлттық қимыл-қозғалысты классикалық канондармен қабыстыра отырып, албырт жастықтың адал махаббатын нәзік бейнелейді. Бапов шығармаларындағы Қозы мен Спартак бейнелері театр тарихында қалған жарқын жұмыстар. ## Гастрольдік сапарлары * Берлиндегі дүниежүз. жастар мен студенттер фестиваліне * Батыс Берлиндегі қазақ өнері күндеріне (1981) қатысты. Гастрольдік сапармен Үндістан, Иордания, Малайзия, Сингапур, т.б. шет елдерде болды. ## Марапаттары * бүкілодақтық, Мәскеу (1969) халықар. (Варна, 1974) балет артистері конкурсының лауреаты * “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған. * Қазақстан мемлекеттік сыйлық (1976) * Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы (1981) лауреаты. ## Дереккөздер
Ғазиза Жұбанова (1927-1993) — сазгер, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы А.Жұбановтың қызы. ## Өмірбаяны Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан. Гнесиндер атындағы Мәскеу музыкалық училищесін (1949), П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын (1954), оның аспирантурасын (1957), профессор Ю. А.Шапориннің композиция класын бітірген. 1958 жылдан Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) ұстаздық етті; 1975 – 1987 жылдары осы консерваторияның ректоры (1978 жылдан профессор), 1962 – 1968 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы және КСРО Композиторлар одағы басқармасының хатшысы болды. ## Шәкірттері және сипаттамасы Жұбанова - өзін ұлағатты ұстаз ретінде танытқан тұлға. Оның шәкірттері - Е.Серкебаев, С.Кабирова, Т.Мұхамеджанов және т. б. Консерватория ректоры ретінде ол ұлттық кадрлар - музыкант-орындаушылар мен музыкатанушылардың қалыптасуына ықпал етті. Олардың бірнешеуі әлемдік атаққа ие болды. Мысалы, А.Мұсаходжаева, Г. Мырзабекова, Г.Қадырбекова, Ж. Әубәкірова, Т.Әбдірашев және тағы басқалар. Жұбанованың ықпалымен музыкалық мектептер құруы, фольклор және композиторлық шығармашылық мәселелері бойынша диссертациялар қорғала бастады. Жұбанова- өзінің талантын барлық жанрда танытқан шығармашылық диапазоны кең композитор. Оның музыкасы республикадан тыс жерлерде де жақсы танымал. Ол - үнемі ізденіс үстіндегі суреткер болды. Ғ.Жұбанованың музыкасы арқылы қазақ музыка мәдениеті басқа халықтарға белгілі болды. Ол - “Батырлық поэмасы” симфониялық поэмасын, “Жігер” симфониясын, “Еңлік- Кебек”, “Жиырма сегіз” операсын, “Ақ құс туралы аңыз” балетін, кантаталар, романстар, эстрадалық музыка, театр мен киноға арналған музыкалар жазды. Олардың барлығын музыкалық ойлау жүйесінің біртұтастығы, нақтылықтан жалпыға біртіндеп көшу, вокальды орындаудан аспапты орындауға ауысу, сезімнің көрнектілігі, тақырыптық материалдың ашықтығы, ұлттық бояу, ауқымдылық, эпикалық кеңдік және музыкалық образдардың қарама - қайшылықты мінездері біріктіреді. ## Шығармашылығы Жұбанованың шығармашылығына әкесі А.Қ. Жұбанов ықпал етті. Әкесінің аяқталмай қалған “Құрманғазы” радиооперасын қызы аяқтаған (1970). Жұбанованың өзі – “Еңлік – Кебек” (1975), “Жиырма сегіз” (1981) операларының, “Аққұс туралы аңыз” (1966; Қазақстан Мемлекет сыйлығы, 1970), “Хиросима” (1966), “Қарагөз” (1990) балеттерінің, “Жігер”, “Ақсақ құлан” симфония поэмаларының, “Даладағы таң нұры” (1960), “Мұхтар Әуезов туралы аңыз” (1965), “Батырлық поэмасы” (1972) сынды ораториялық шығармалардың, “Адам, адамды аяла”, “Әйелдер аралы”, “Арал шындығы”, “Татьянаның хаты” атты вокальдық-симфониялық шығармалардың, скрипка мен фортепианоға жазылған “Элегия”, “Вариациялар”, “Поэма” прелюдияларының, “Жалғыз емен”, “Боран” атты a’capella хорлардың, инструменталдық пьеса, камералық шығармалар, поэмалар мен квартеттер, фантазия, т.б. көптеген музыкалық шығармалардың авторы. Сондай-ақ ол Қазақ драма театрының репертуарынан берік орын алған “Жалғыз ағаш орман емес” (Ә.Тәжібаев, 1958), “Бөлтірік бөрік астында” (Қ.Мұхамеджанов, 1959), “Замана осылай басталады” (З.Шашкин, 1960), “Құдағи келіпті” (Қ.Мұхамеджанов, 1961), “Абай” (М.Әуезов, 1962), “Ана – Жер-ана” (Ш.Айтматов, 1964), “Қарақыпшақ Қобыланды” (М.Әуезов, 1967) қойылымдарына музыка жазған. “Қорқытпа мені дауылдан” романсы, “Ақ сәуле”, “Толқын жел”, “Сенімді дос – ол да бақыт”, “Көктем вальсі”, “Жыр жазамын жүрегімнен” әндері кең танымал болған. ## Марапаттары мен естелік Қазақстан Мемлекет сыйлығы (1970), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының (1964) лауреаты. Халықтар достығы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. Алматы көшелерінің біріне Жұбанованың есімі беріліп, тұрған үйінің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылған.
Қаршыға Ахмедьяров (25.03.1946 - 06.06.2010) - күйші-домбырашы, Қазақстанның халық әртісі. ## Өмірбаяны Әлімұлы тайпасы Шекті руынан шыққан. Қаршыға Ахмедьяров 1946 жылы 25 наурызда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1967-1991 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер қызметтерін атқарды. Ахмедьяровтың репертуарында отандық композиторлардың күйлері, сондай-ақ шетел композиторларының шығармалары бар. 1974 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогтық қызметпен шұғылданып, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қаршыға Ахмедьяров гастрольдік сапармен АҚШ, Франция, Италия, Үндістан, Венгрия т.б. көптеген елдерде болды. Дәулескер күйшінің жүрегі 2010 жылы 65 жасына қараған шағында тоқтады. Қаршыға ағаның соңғы демі туған жері Атырауда шығыпты. Бойында Сейтектің сынығы, Махаббеттің өрлігі бар Қаршыға ағаны әркез халқы тамсана тыңдайтын. Өнерсүйер қауым оны «Күй қаршығасы», «Саңлық күйші», «Күй аспанының Қаршығасы», «Ғасырдың күйшісі» деп мадақтайтын. 1981 жылы АҚШ-қа барып күй тартқанда, американдықтар қазақтың Қаршығасын сахнадан жібермей тұрып алғаны да есте. Қаршыға Ахмедияровпен қоштасу Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театрында өтті. Телеканал АЛМАТЫ Талантты музыкант гастрольді сапармен дүние жүзінің көптеген елдерінде болып, қазақтың қара домбырасының әсем сазын танытты.Қазақ музыка өнерін дамытудағы жоғары шығармашылық жетістіктері үшін Қ.Ахмедьяровқа 1982 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы, 1992 жылы Қазақстан Республикасының халық әртісі атақтары берілді. 2000 жылы «Парасат» ордені мен марапатталды. ## Шығармалары «Шашақты найза, шалқар күй» атты кітабы, «Нарын», «Қуаныш», «Сағыныш», «Нұрғиса», «Қыз-ғұмыр», «Аққайың», «Желдірме», «Алтын ұя», т.б. күйлері бар. Сонымен қатар, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина сынды атақты күйшілердің күйлерін жинап, "Атырау" деген күйлер жинағын жарыққа шығарды. «Сарыарқа», «Жігер», «Әсем қоңыр», «Шынар», «Табыну» атты күйлер жинағы жарық көрді. 500-ден аса күйлері радио, теледидар мұрағаттарында сақтаулы. ## Дереккөздер * Телеканал АЛМАТЫ * Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1-том. 572 бет. * Б.Кожиров "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары" 2010 ж
Болат Ғазизұлы Аюханов (13 қыркүйек 1938, Семей — 13 желтоқсан 2022, Алматы) — қазақ балет әртісі, балетмейстер және педагог. Қазақ балетінің «аңызы» болып саналады. 1938 жылы 13 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген. Қазақ. Әкесі - Қуатов Ғазиз. Анасы - Аюханова Рахиля. А.В. Луначарский атындағы Мәскеу театр өнері институтының балетмейстерлік факультетін бітіргөн (1964), балет режиссері, балетмейстер. Өнертану профессоры (2003). Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі (2004). «Менің балетім» (1988); «Сезім биографиясы» (Сорос гранты, 2000), «Балет витражы» (2005) кітаптарының; 100-ден астам рецензиялардың, мақалалардың, сұхбаттардың авторы. Қазақ, орыс, түрік, литва, ағылшын және украин тілдерін біледі. 1957 жылдан - Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында балет әртісі. 1964 жылдан - Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында балетмейстер. 1965 жылдан - «Қазақконцерт» екі актерлі Театрының балет солисі. 1967 жылдан - «Қазақконцерт» жанындағы Алматы Жастар балеті көркемдік жетекшісі, балет солисі. 1975 жылдан - Қазақстан классикалық би Ансамблінің көркемдік жетекшісі, балет солисі. 1976 жылдан - Қазақстан классикалық би ансамблінің көркемдік жетекшісі, директоры. 1991 жылдан - Қазақ мемлекеттік классикалық би ансамблінің көркемдік жетекшісі. 2003 жылдан бері - ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының директоры. «Болеро», «Қазақ сувенирі», «Батырлар», «Қыз Жібек», «Гамлет», «Кармен-сюита», «Шыңғысхан» және басқа қойылымдарға қатысады. «Біздің жеріміздің байлығы» («Свердловскфильм», 1960), «Жауым, тоғызыншы ұлдан қорық», «Түнектің әміршісі», «Айдай сұлу Айсұлу ертегісі туралы», «Қайсар», «Мадам Вонг қазынасы», «Несібелі», «Репетиция», «ІІІабыт» кинофильмдеріне түскен. Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: 30 балет, 150 концертті номерлер. ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының негізін қалаушы. ҚР Халық әртісі. «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. «Платиналық Тарлан» (2000), «Алтын Адам» (2008) сыйлықтарының, мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Ажырасқан. Қызы - Аюханова Гюзель (1970 жылы туған); ұлы - Аюханов Ілияс (1979 жылы туған). ## Дереккөздер
Болат Ғазизұлы Аюханов (13 қыркүйек 1938, Семей — 13 желтоқсан 2022, Алматы) — қазақ балет әртісі, балетмейстер және педагог. Қазақ балетінің «аңызы» болып саналады. 1938 жылы 13 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген. Қазақ. Әкесі - Қуатов Ғазиз. Анасы - Аюханова Рахиля. А.В. Луначарский атындағы Мәскеу театр өнері институтының балетмейстерлік факультетін бітіргөн (1964), балет режиссері, балетмейстер. Өнертану профессоры (2003). Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі (2004). «Менің балетім» (1988); «Сезім биографиясы» (Сорос гранты, 2000), «Балет витражы» (2005) кітаптарының; 100-ден астам рецензиялардың, мақалалардың, сұхбаттардың авторы. Қазақ, орыс, түрік, литва, ағылшын және украин тілдерін біледі. 1957 жылдан - Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында балет әртісі. 1964 жылдан - Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында балетмейстер. 1965 жылдан - «Қазақконцерт» екі актерлі Театрының балет солисі. 1967 жылдан - «Қазақконцерт» жанындағы Алматы Жастар балеті көркемдік жетекшісі, балет солисі. 1975 жылдан - Қазақстан классикалық би Ансамблінің көркемдік жетекшісі, балет солисі. 1976 жылдан - Қазақстан классикалық би ансамблінің көркемдік жетекшісі, директоры. 1991 жылдан - Қазақ мемлекеттік классикалық би ансамблінің көркемдік жетекшісі. 2003 жылдан бері - ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының директоры. «Болеро», «Қазақ сувенирі», «Батырлар», «Қыз Жібек», «Гамлет», «Кармен-сюита», «Шыңғысхан» және басқа қойылымдарға қатысады. «Біздің жеріміздің байлығы» («Свердловскфильм», 1960), «Жауым, тоғызыншы ұлдан қорық», «Түнектің әміршісі», «Айдай сұлу Айсұлу ертегісі туралы», «Қайсар», «Мадам Вонг қазынасы», «Несібелі», «Репетиция», «ІІІабыт» кинофильмдеріне түскен. Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: 30 балет, 150 концертті номерлер. ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының негізін қалаушы. ҚР Халық әртісі. «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. «Платиналық Тарлан» (2000), «Алтын Адам» (2008) сыйлықтарының, мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Ажырасқан. Қызы - Аюханова Гюзель (1970 жылы туған); ұлы - Аюханов Ілияс (1979 жылы туған). ## Дереккөздер
Ұрыс хан (اوروس خان;‎ 1377 жылы қайтыс болған, Мұхаммед Ұрыс, Орыс, Арыс, Ұрұс, Орыс хан деп те аталады) - 1368 жылдан Алтын Орданың Шығыс бөлігінің ханы, 1372-1374 және 1375 ж . Алтын Орда ханы. Ол шығыс Дешті Қыпшақты өз билігіне біріктіре алды. Кейбір деректерде ол Тоқатеміридтер әулетінен шыққан делінеді, яғни – Жошының ұлы Тоқа Темірдің ұрпағы, басқаларында Жошының тағы бір ұлы Орда Еженнің ұрпағы деп аталады. Ұрыс ханның немерелері Барақ пен Болат бытыраңқы ұлыстарды біріктіріп, Алтын Орданы қалпына келтіруге тырысты, бірақ жеңіліске ұшырады. Олардың ұлдары Керей мен Жәнібек Алтын Орда тайпаларының бір бөлігін біріктіріп, Қазақ хандығын құрды. ## Шығу тегі Ұрыс ханның тегіне қатысты бірнеше дерек бар. Олардағы деректер бір-бірінен ерекшеленеді. Кейбір деректерге қарағанда, ол Шыңғыс ханның ұлы Жошының ұлы Тоқа Темірдің ұрпағы болған. Басқалардың айтуынша, ол Жошының тұңғыш ұлы Орда Еженнің (Орда) ұрпағы. Сонымен бірге әр түрлі дереккөздерде Ұрыс ханның арғы аталарының шежірелері әртүрлі. Дереккөздердің бірінші тобына мыналар жатады:«Муизз әл-ансаб». 829 (1426) жылы Темірид Шахрухтың тапсырмасы бойынша белгісіз автор құрастырған. Онда мынадай шежіре бар: Тоқа Темір - Ұрұңташ - Ашық - Бақтук - Тимур-Қожа - Бадақ - Ұрыс хан. « Таварих-и Гузида-йи Нусрат Наме » («Нусрат-наме»). 1504 жылы жазылған. Онда мынадай шежіре бар: Туқа-Тимур - Үз-Тимур - Қожа - Бәдік - Ұрыс хан.«Шаджара-и түрік». Хиуа хандығының ханы Әбу-л-Ғазидің (1603-1664) еңбегі. Онда мынадай шежіре бар: Тұқай-Тимур - Үз-Тимур - Қожа - Бадақұл - Ұрыс хан.«Шыңғыс-наме». 1550 жылы жазылған Өтеміс-қажы трактаты.« Бахр әл-асрар ». Тарихшы Махмұд ибн Уәлидің 1634-1640 жылдары жазылған еңбегі. Дереккөздердің екінші тобына мыналар жатады:«Мунтпаһаб ат-таварих-и Муини», немесе «Анонимді Ескендір». 1413/1414 жылы Муин ад-Дин Натанзи жазған. Онда мынадай шежіре бар: Орда – Құлы – Тұмақан – Ноғай – Сасы Бұқа – Ерзен – Шымтай – Ұрыс хан. «Нусах-и жаханара». 1564 - 1565 жылдары жазылған әл-Ғаффари еңбегі. Онда мынадай шежіре бар: Орда – Құлы – Нұқай – Сасы-Бұқа – Ерзен – Шымтай – Ұрыс хан.«Тарих-и Хайдари». 1611-1619 жылдар аралығында Хайдар ибн Али Хусайни Рази жазған . Онда мынадай шежіре бар: Орда – Құлы – Бұқай – Сасы-Бұқа – Идерең – Жижай – Ұрыс хан.«Джами ад-дувал». 17 ғасырдағы Османлы тарихшысы Мунаджим Башидің еңбегіБірқатар заманауи тарихшылар Урусты Тук-Тимурдың ұрпағы деп есептейді және Муизз әл-ансаб келтірген шежіре деректері дұрыс деп тұжырымдайды, алайда басқа тарихшылар Урысты Шымтайдың ұлы . ## Сығанақ ханы 1361 жылы хан Шымтай қайтыс болғаннан кейін Алтын Орданың Шығыс бөлігінде аралық күрес басталып, одан Шымтайдың ұлы Ұрыс жеңіп шығып, 1368 жылы Сығанақта хан болып отырды. Ол шығыс Дешті Қыпшақты біріктіре алды. Бұл кезеңде ол Маңғышлақ ұлысының билеушісі Түй-Қожаны өлтірді, нәтижесінде соңғысының ұлы Тоқтамыс оның басты қарсыласы болды. Ұрыс хан Сығанақта таққа үміткерлердің пайда болуын болдырмау үшін Тоқатеміридтер руының қалған бөлігінің барлығын дерлік қырып салды. Ақсүйектердің қолдауымен ол өз билігін нығайту бағытын ұстанды. Ол өзін егемен билеуші деп жариялап, өз ақшасын шығара бастады. ## Алтын Орда ханы Бұл кезеңде Алтын Ордада өзара қақтығыстар орын алды. Оларды пайдалануды ұйғарып, Ұрыс Төменгі Еділ бойын өз иелігіне қосуға тырысты. Кейін Алтын Орда тағын алу үшін Мамай мен оның қолбасшыларына қарсы күреске өзі араласты . Ашсүйектерге арқа сүйеген Ұрыс хан 1372 жылы Ақ Ордаға қарсы жорық жасап, Алтын Орданың егемен билеушісі болды. 1370 жылдардың ортасында Қажы-Тарханды (қазіргі Астрахань) алды. 1374 жылы Ұрыс хан шығыста жүргенде Сарай-Беркеде хан атағынан айырылды. Черкес хан болды хан болды . Ұрыс хан Сарай-Беркеге қайтып оралғанда, Мамайдың қолбасы Бұлақ хан сол жерде билеп тұрған еді. 1375 жылы маусымда Ұрыс хан қайтадан Алтын Орда ханы болды. Алайда, Бұлақ хан көп ұзамай Сарай-Беркені қайтарып алып, Ұрыс ханды Сығнаққа айдап әкетті. Тоқтамыс Әмір Темірдің қалың әскерімен әкесінің өшін алу үшін Ақ Ордаға жорыққа шықты. Тоқтамыстың Сауран қаласына жақындағаны туралы хабарды алған Ұрыс хан оған қарсы екінші ұлы Құтлық Бұқа бастаған Алтын Орда әскерін жібереді. 1376 жылы Сауран маңында қанды шайқас болды. Бұл шайқаста Құтлұқ-Бұғаның өзі қаза тапты, бірақ оның жауынгерлері жау әскерін талқандады. Тоқтамыс Самарқанға шегінуге мәжбүр болды. Әмір Темір Тоқтамысқа қосымша әскер тапсырып, оны тағы да Сауранға жорыққа аттандырды. Бұл жолы Ұрыс хан үлкен ұлы Тоқтақияны қаланы қорғауға жібереді. Тоқтамыс шайқаста тағы жеңіліп, майдан даласынан қашады. 1377 жылы Темірлан Ұрыс ханға қарсы шайқасқа шықты, бірақ олардың арасындағы қарулы қақтығыс Ұрыс ханның күтпеген жерден қайтыс болуына байланысты болмады. Шыңғыснаманың жазуынша, оны шайқаста Тоқтамыстың ұлы Жалал ад-Дин өлтірген. ## Ұрыс хан мен Алаша хан Кейбір қазақ тарихшылары, атап айтқанда, Радик Темірғалиев Ұрыс хан мен Алаша ханды бір тұлға деп көрсетеді . Қазақ хандары дәстүр бойынша Ұрыс ханнан шыққанын білдірді. Ұрыс ханның Тоқтақия ұлы Керей ханнан шыққан шөбересі Ұрыс ханның тағы бір ұрпағы Қойрышақ ханның шөбересі және оның немересі Барақ ханның ұлы Жәнібек хан лақап аты Әбу Саидпен бірге Қазақ хандығының негізін қалаушылар болды. ## Ұлдары * Құтлұғ Бұға * Тоқтақия * Темір Мәлік * Құйыршық ## Шежіре ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз
Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев (1.08.1932 жыл, Семей облысы Шұбартау ауданы, Мәдениет ауылы – 9.04.2013 жыл, Алматы) — композитор, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Е. Г. Брусиловскийдің композиция класы бойынша бітірген. Ол қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігі болып табылатын симфониялық күй жанрына негіз салушылардың бірі. Оның көркемдік тәсілі халықтық - әндік материалды қазіргі замандық музыка тілімен үндестірумен ұтады. Рахмадиевтің шығармалары: “Қамар сұлу”, “Дала таңы”, “Алпамыс” опералары, “Дайрабай”, “Құдаша-думан” симфониялық күйлері, “Аманкелді”, “Толғау” симфониялық поэмалары, “Аястан” кантатасы, “Балқаштағы кеш” хорлық поэмасы Қазақстанда және шетелдерде жақсы танымал. Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан. ## Өнер жолы П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің тарихи-теориялық бөлімі мен домбыра классын (1952); Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының Е. Брусиловский композициясы классын (1957) композитор мамандығы бойынша; КСРО Композитерлер кеңесіне қарасты Г.И. Литинский мен Ю.А. Фортунатовада біліктілікті жоғарылату курстарын (1957-1958) бітірген. Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры (2003).Композитор. Симфониялық күй жанрының негізін қалаушы. * 4 ән және романс жинағының, кинофильмдерге, театр спектакльдеріне арналған әуендердің, акапеллалық хор мен өңдеудің, оның ішінде:«Қамар-Сұлу» (1963), «Қыр шұғыласы» (А. Бычков пен Г. Гризбилмен бірлесіп, 1967), «Алпамыс» (1973) операларының;«Лирикалы поэма-реквиемнің» (М. Әуезовке арнау, сөзі С. Мәуленовтікі, 1967);«Айастан» (сөзі Ж. Өмірбековтікі, 1968), «Салтанатты кантата» (сөзі С. Мәуленовтікі, 1970), «Біз партияны мадақтаймыз» (сөзі К. Мырзалиевтікі, 1970), «Партияға ода» (сөзі Ғ. Кайырбековтікі, 1971), «Оянған дала» (сөзі халықтікі, 1960) кантаталарының; «Дайрабай» (1963), «Құдаша-Думан» (1973) күйлерінің;«Амангелді» (1956) поэмасының; «Толғау» (1960); «Скерцо» (1966); «Мұхтараға» (1967), «Қайың арасында» (сөзі Н. Шәкеновтікі, 1970) поэма-реквиемдердің;«Қызыл киіз үй» (сөзі. Н. Шәкеновтікі, 1965) вокалды-хореографиялық композицияның;«Ләйлім» (1953), «Қазақстан» (1957) тақырыптарына арналған вариациялардың;«Секстет» (1956); «Пьеса» (1952); «Екі пьеса» (1954); «Абайдың шақыруына» (1954) поэмасының;хорлардың, оның ішінде «Балқаштағы көш» (сөзі халықтікі, 1961), «Хорал» (1963) поэмалардың;А. Құнанбаев, М. Әлімбаевтың, А. Байғожаевтың, М. Майчекиннің, А. Нұрбековтың, Г. Омаровтың, М. Өмірбековтың, Н. Шәкеновтың, М. Мақатаевтың және т.б. сөздеріне жазылған романстар мен әндердің;оркестрмен ойнайтын кернейге (1982), оркестрмен ойнайтын скрипкаға (1985) арналған концерттерінің;«Майра» (либр. Ғ. Мүсіреповтікі, 1985) музыкалық комедияның;Ғ. Мүсіреповті еске алуға арналған ораторий-реквиемнің (1987);драмалық спектакльдерге, фильмдерге арналған әуендердің, оның ішінде «Атамекен», «Атаманның ақыры», «Шәкен Айманов» (Г. Гризбилмен бірлесе), «Өмір жолы» (1985) және т.б. авторы. * «Қамар-Сұлу» (1963), «Қыр шұғыласы» (А. Бычков пен Г. Гризбилмен бірлесіп, 1967), «Алпамыс» (1973) операларының; * «Лирикалы поэма-реквиемнің» (М. Әуезовке арнау, сөзі С. Мәуленовтікі, 1967); * «Айастан» (сөзі Ж. Өмірбековтікі, 1968), «Салтанатты кантата» (сөзі С. Мәуленовтікі, 1970), «Біз партияны мадақтаймыз» (сөзі К. Мырзалиевтікі, 1970), «Партияға ода» (сөзі Ғ. Кайырбековтікі, 1971), «Оянған дала» (сөзі халықтікі, 1960) кантаталарының; «Дайрабай» (1963), «Құдаша-Думан» (1973) күйлерінің; * «Амангелді» (1956) поэмасының; «Толғау» (1960); «Скерцо» (1966); «Мұхтараға» (1967), «Қайың арасында» (сөзі Н. Шәкеновтікі, 1970) поэма-реквиемдердің; * «Қызыл киіз үй» (сөзі. Н. Шәкеновтікі, 1965) вокалды-хореографиялық композицияның; * «Ләйлім» (1953), «Қазақстан» (1957) тақырыптарына арналған вариациялардың; * «Секстет» (1956); «Пьеса» (1952); «Екі пьеса» (1954); «Абайдың шақыруына» (1954) поэмасының; * хорлардың, оның ішінде «Балқаштағы көш» (сөзі халықтікі, 1961), «Хорал» (1963) поэмалардың; * А. Құнанбаев, М. Әлімбаевтың, А. Байғожаевтың, М. Майчекиннің, А. Нұрбековтың, Г. Омаровтың, М. Өмірбековтың, Н. Шәкеновтың, М. Мақатаевтың және т.б. сөздеріне жазылған романстар мен әндердің; * оркестрмен ойнайтын кернейге (1982), оркестрмен ойнайтын скрипкаға (1985) арналған концерттерінің; * «Майра» (либр. Ғ. Мүсіреповтікі, 1985) музыкалық комедияның; * Ғ. Мүсіреповті еске алуға арналған ораторий-реквиемнің (1987); * драмалық спектакльдерге, фильмдерге арналған әуендердің, оның ішінде «Атамекен», «Атаманның ақыры», «Шәкен Айманов» (Г. Гризбилмен бірлесе), «Өмір жолы» (1985) және т.б. авторы. 1949-1952 жылдары - Қыздар педагогикалық училищесінің музыка пәнінің оқытушысы (Алматы қ.). 1958 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерватория жанындағы фольклор кабинетінің меңгерушісі. 1959 жылдан - Қазақ филармониясы «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің көркемдік жетекшісі. 1962 жылдан - ҚазКСР Мәдениет министрлігі Бас басқармасының бастығы. 1965 жылдан - Мемлекеттік өнер институтының аға оқытушысы. 1966 жылдан - Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры. 1967-1975 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ректоры. 1968 жылдан - Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы, бірінші хатшысы. 1991 жылдан - ҚР Мемлекеттік мәдениет жөніндегі комитетінің төрағасы. 1992-1993 жылдары - ҚР мәдениет министрі.2003 жылдан - Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры (2009 жылдан - Қазақ ұлттық өнер университет). ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 7-11-ші шақырылымдарының депутаты (1967-1991). КСРО Халық депутаты (1989-1991).КСРО Композиторлар одағының хатшысы (1968-1991). «Отан» (2000), Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен; медальдармен марапатталған. ЮНЕСКО Халықаралық музыкалық трибунасының лауреаты (1973), «Біз партияны жырлаймыз» және «Конституция туралы поэма» кантаталары үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын (1980) алған. ҚазКСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1967). ҚазКСР Халық әртісі (1974). КСРО Халық әртісі (1981). Қазақстанның Еңбек Ері (2010).ъ Үйленген. 3 баласы бар. ## Дереккөздер
Баспақова Жәмилә - 1976 жылы он жасында музыкалық мектеп табалдырығын аттады. Талапты, жігерлі Жәмила 1983 жылы орта және музыкалық мектептерді үздік тәмамдады. Жәмиланың музыкалық мектептегі пианино сабағы бойынша мұғалімі Игнатьева оны аспапты кәсіби игеруге шыңдады. 1983 жылы музыкалақ білімін көтеру мақсатымен Теміртаудағы музыка училищесіне түсті. Өнерге құштарлығы арта түскен Жәмила 1987 – 92 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясында Сәуле Құрманғаливаның жетекшілігімен вокалдық факультетте оқыды.1992 жылы қазан айында Жәмила Баспақова және Амантай Ыбраев Италияның Анхона Кантонының Озима қаласында сынға түсті. Комиссия мүшелері Жәмиланы таңдады. Ол қалаға Римнен 3 сағаттай жүріспен автобуспен жетуге болады.Ол консерваторияның төртінші курсында оқып жүрген кезінде К.Байсейітоваға арналған Алматы байқауында 60-70 әншілер ортасынан үздік шығып, дипломант атанды. Консерваторияны тәмамдаған жылы Жәмила Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» операсындағы Гүлбаршын партиясын орындады. 1993 жылдың жазында ән салу өнерін Италияда жетілдіре түскен Жәмила Алматыға оралды. Жәмила Баспақованың театрдағы орындаған ірі партиясы – Джузеппе Вердидің «Травиата» операсындағы Виолета. Оны 1995 жылы үлкен дайындықпен атқарды. Жәмиланың бұл жолғы партнерлері – Мұрат Шалабаев және Бақытжан Ысқақовтар еді. Осының алдында 1994 жылы Ташкентте Қазақстан мәдениетінің күндері өткізілді. Бұл жолы қойылымдарда ол өзіне тапсырылған опералар партияларын үлкен жетістікпен орындады. Оған 28 жасында «Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері» атағы берілді. Өнерде бүгінде ең жоғары атақ осы. Бұдан әрі қарай бұрыңғыша «Қазақстанның халық әртісі» атағы ешбір өнер адамдарына берілмейтін болғаны белгілі. ## Дереккөздер
Шахымардан Қайдарұлы Әбілов (22 сәуір 1950 жыл, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Әрбиген ауылында туған) — кеңестік және қазақстандық опералық және камералық әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. Қазақстанның Білім беру ісінің Үздігі. ## Жалпы мәліметтер Әкесі - Әбілов Қайдар Әбілұлы. Анасы - Әлиханова Рутай Қадымқызы. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының хор-вокал факультетін бітірген (1981), операкамералық әнші, оқытушы. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның профессоры (1997 жылдан). Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1971 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының хор әртісі. 1981 жылдан - Жамбыл атындағы филармонияның солисі, оқытушы. 1982 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы опера студиясының солисі. 1990 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы вокалдық-хор факультетінің деканы, жеке ән айту кафедрасьжың меңгерушісі, 1991 жылдан - вокалдық-хор әні кафедрасының доценті, 1997 жылдан - жеке ән айту және опералық дайындық кафедрасының меңгерушісі, жеке ән айту кафедрасының профессоры. 1998 жылдан бері - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. ҚР Музыка қайраткерлері одағы төрағасының орынбасары. ## Марапаттары * 1994 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы; * 1997 жылы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры; * 2005 жылы «ҚР Білім беру ісінің Үздігі» атағы; * 2006 жылы «Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы»ның лауреаты; * Құрмет ордені * 2011 жылы Павлодар обласының құрметті азаматы атағының иегері * 2015 жылғы 3 желтоқсанындағы елбасының жарлығы бойынша ІІІ дәрежелі «Барыс ордені» мен марапатталды. * 2016 жылы «ҚР тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медальі; ## Жеке қасиеттері Әскери атағы - старшина. Діни көзқарасы - «Бүкіл діндер жалғыз Қүдайдікі». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан болашақта Еуразияның барлық жағынан (саяси әрі рухани) орталығы болуы қажет». Хоббиі - бақша өсіру, серуендеу. Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаев, У. Шекспир, М.Ю. Лермонтов, А.С. Пушкин, Орта ғасырдағы араб прозасы. Үйленген. Қыздары - Әбілова Айгүл, Әбілова Ақмарал; ұлы - Әбілов Әуез-Әбіл Саид. ## Дереккөздер
Роза Тайманқызы Айдарбаева - (1952, Таушық - ) - домбырашы, ҚР еңбек сіңірген әртісі. ## Өмірбаяны 1952 жылы қойнауы мәдениеттің мұрасына мейілінше бай, жер асты мұнай байлығымен белгілі, өнерлі адамдардың өлкесі Маңғыстау облысы, Қаратау бауырындағы Таушық кентінде дүниеге келді. Оның әкесі Тайман Айдарбаев әрі күйші, әрі сазгер адам. Ол 25 тей күйлердің авторы. Анасы – Рахима әнші. Немере ағасы Байжабай : «Роза Бағлановадай елінің еркесі болсын», – деп өмірге келген сәбидің атын Роза қойған. Әкесінің сазгерлігі, күйшілігі, анасының әншілігі балғын Розаның өнерге деген ынтызарлығын ерте оятты. Ол алты жасында әкесінен Құрманғазының «Бозшолақ» күйін үйреніп, үй ішінде, қаумалаған көршілер алдында тарта бастады. Розаның алғашқы жеңісі 3 сыныпта оқып жүрген шағында кезекті өнер сайысында орындалды, бірінші орынды жеңіп алды. Көркемөнер үйірмесіне қатысып Тастановтың «Қазақ биі» атты күйін тартып жүрді. Тұщыбектегі мектеп қабырғасында және аудандық өнер сайыстарында тек бас жүлделерді жеңіп алатын. Роза онжылдықты тәмамдағасын 1970 жылы Атырау қаласындағы музыка училищесіне оқуға түседі. 1974 жылы консерваторияны үздік дипломмен аяқтайды.Ғазиза Жұбанованың басқаруымен Қазақтың Мемлекеттік (ҚМ) Құрманғазы атындағы Академиялық халық аспаптар (АХА) оркестрі құрамында Италияға гастрөлдік сапармен алғаш рет Еуропада ұйымдастырылған концерттерде жас студент Роза Айдарбаева да қатысты. Консервторияны үздік аяқтап, ұлттық аспаптар бөлімінде ұстаздыққа қалдырылды. 1984 жылы Роза Тайманқызы Маңғыстау облысына қызметке ауысты. Ақтаудың музыкалық мектебіне орналасып, ұстаздығымен көптеген шәкіртерді өнердің салиқалы жолына қанатандырды. 1992 жылы облыстық филармонияға жеке орындаушы және «Ақжарма» фольклорлық ансамбліне жетекші домбырашы болып қызметке орналасты. Сол шақта Абыл Тарақұлы атындағы Қазақ ұлт аспаптары оркестрі бой көтерді. Бұл игілікті іске Маңғыстаудың талай өнерпаздары ат салысты. Ол ұжыммен бірге Түркия, Қытай, Франция елдеріндегі фестивальдерге қатысып, елге абыроймен оралып жүрді. Сол кездегі Мәдениет министрі Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев Розаны Түркияда өтетін Дүниежүзілік фестивальге қатысушылар тізіміне кіргізді. Оған көптеген мұсылман елдерінің өнерпаздары қатысты. Бұл жолыда Роза тағы да жүлдегер атанды. ## Марапаттары 1996 жылы Роза Тайманқызы Айдарбаеваға Қазақстан Президенті жарлығымен ҚР еңбек сіңірген әртісі атағы берілді. Бұл оның ұзақ жылдар бойғы өнер жолындағы табысты еңбегін құрметпен бағалау. Оған 1992 жылы «Республика ағарту ісінің үздігі» белгісі берілді, ал 1997 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. ## Дереккөздер
Болатбек Салтайұлы Бөкенов – Түркістан облысының Төле би ауданындағы Қаратөбе елді мекенінде 1962 жылы дүниеге келді. Бұл мекен Ақсу-Жабағылы қорығына жақын жерде орналасқан. Әкесі Салтай Ұлы Отан соғысына қатысып аман-есен оралды, ұзақ жылдар мал дәрігері болды. Ол 91 жасында дүние салды. Анасы – Қоңырау гармоньда өлең айтуды ұнататын. Ал Салтайдың ағасы – Сатыбалды айтыстарға қатысатын. «Күн-Ай» деген кітапта Сатыбалды мен ақын Келменбеттің айтыстары берілген. Болатбектің әнге деген ынтызарлығы оны 1982 жылы Шымкенттегі музыкалық училищеге оқуға әкелді. Ұстаз Вениамин Машеев оның ән айтудағы талабын шыңдай түсті. Болатбек училищені тәмамдаған соң 1986 жылы Қазақ ұлттық консерваториясының вокалдық факультетіне қабылданды. Мұнда екі жылдай ҚР халық әртісі, марқұм Мұрат Мұсабаев ұстазы болды, одан әрі Болатбек КСРО халық әртісі, профессор Ермек Серкебаевтың класына ауысты. Консерваторияны 1991 жылы аяқтаған соң, Абай атындағы ҚМАОБ театрына солистікке қабылданды. Ол Алматы опера және балет театрының басты-басты репертуарларының тенор дауысты кейіпкерлер партияларын тез арада игереді. Ол атқарған рөльдер: Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абайындағы» – Әзім; Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сарасындағы» – Естай; Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамысындағы» – Кейқуат; «Қамар сұлудағы» – Тезекбай; Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібегіндегі» – Шеге; «Ер Тарғындағы» – Балапан; Ғазиза Жұбанованың «Құрманғазысындағы» – Савичев; Базарбай Жұманиязовтың «Махамбетіндегі» – Гекке; Джузеппе Вердидің «Травиатасындағы» – Гастон; «Аидадағы» – қуғыншы және «Риголеттодағы» – Борс; Петр Чайковскийдің «Иолантасындағы» – Альмерик және «Евгений Онегиндегі» – Трике; «Мәткенің қарғасындағы» – Чекалинский; Д.Ж. Пуччинидің «Чио-Чио-санындағы» – Горо және «Тоскадағы» – Сполетта; Ж.Бизенің «Карменіндегі» – Ремендадо. Ол опера және балет театрымен қоса, Құрманғазы атындағы оркестрмен, «Отырар сазы» және «Сазген сазы» ансамблімен бірге Италия қалаларында сол елдердің әнін орындағанында, оның әншілік өнеріне тәнті болған көрермендер оны «Паворотти Пикалло» (кішкентай Пикалло) деп атапты. Болатбек Бөкенов ҚР еңбек сіңірген қайраткері. ## Дереккөздер
Сәуле Стаханшылқызы Жанпейісова (14 тамыз 1966 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Маятас ауылы) – қазақстандық дәстүрлі ән өнерін насхаттаушы әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері. Филология ғылымдарының кандидаты. Сарысу ауданының Құрметті азаматы. ## Өмірбаяны * Ол алғаш рет сахнаға 2-сыныпта оқып жүрген кезінде шығып, «әнші қыз» атанды. * Республикалық эстрада-цирк өнері студиясындағы Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің батыс ән дәстүрі бойынша класына ілінді. * 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдайды. * Өнер жолында жүріп Ұлттық Консерваторияға қабылданады. * 1997 жылы Консерваториядағы оқуын аяқтаған соң, Сәуле «Қазақконцерт» бірлестігінде кәсіби әншілікті бастады. Париждің «ЮНЕСКО» залында концерт атқарылғанда Сәуле оған қатысты. Оны Француздар өте жақсы қабылдады. * Атыраудағы музыка Академиясынан оралып, Құрманғазы атындағы консерваторияның ән кафедрасын басқарады. * 2012-2015 жылдары Жамбыл облыстық филармониясын басқарды. ## Ғылыми еңбектері * Ұзақ жылдар ізденісі нәтижесінде 2010 жылы «Қазақ прозасындағы әнші-ақындар бейнесі» тақырыбында кандидаттық ғылыми диссертациясын қорғады. * Көптеген ғылыми-танымдық мақалалардың және «Әуен-сыр» атты кітаптың авторы. * Сегіз қырлы өнерлі жан 2006 жылы ұлттық телеарнада авторлық «Бұл әнді білесіз бе?» тележобасында жүргізуші ретінде жаңа қырымен танылды. ## Шәкірттері * Айгүл Қосанова * Берік Жүсіпов * Эльмира Жаңабергенова * Арнұр Көшенеев * Маңғыстау жырларын әкелген Елдос Еміл * атыраулық Т.Құттымұратов * Ақтөбеден Айгүл Елшібаева * Ырысты Сүлейменов * Өмірқұл Айниязов. ## Дереккөздер
Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (1929 жылдың 16 желтоқсан күні Семей қаласында туған) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967), КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1970), Социалистік Еңбек Ері (1991). ## Өмірбаяны 1929 жылдың 16 желтоқсан күні Семей қаласында дүниеге келеді. Орта жүз Арғын тайпасының Қаракесек руынан шыққан. Бибігүлдің әкесі скрипкада ойнаса, шешесі ән айтатын. Әкесін 1937 жылы Қатон-Қарағайда тұтқындап алып кеткеннен кейін хабарсыз жоғалып кетті. 1946 жылы кешкі мектептің жетінші сыныбында оқып жүрген кезінде Семейдегі ет комбинатта жұмыс істей бастады. Комбинаттағы көркем-өнерпаздар үйірмесінде ән айтып, Семейде айдауда жүрген жазушы Г.И. Серябрякованың көзіне түсті. Галина Серябрякова Бибігүлке тәлімін беріп, Құрманғазы атындағы Қазақ консерваториясына түсуіне ықпал етті. 1951 жылы консерваторияда оқып жүріп қазақ радиосында халық әндерін шырқап, әнші болып жұмыс істеген. 1954 жылы Қазақ консерваториясын (Н.Самышинаның ән класы бойынша) бітірді. 1954 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрінде солист; 1956 жылдан бастап Жамбыл атындағы қазақ филармониясының Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық аспаптар оркестрінде (Құрманғазы оркестрі) солист; 1958 жылы Бүкілодақтық экстрада әртістері байқауының лауреаты атанды. Бибігүл Төлегенованың өнері Республика мен одақ көлемінде ғана емес, бүкіл дүниежүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, Польша, Чехословакия, Канада, Швеция, Франция, Италияда болып, өнер толғады. 1968-1982 жылдары ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің VII, VIII және IX шақырылым депутаты болып қызмет етті. 1980 жылдан бері қазіргі күнге дейін Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында вокалдан сабақ беріп келеді. 1982 жылы профессор атағына ие болды. ## Әндері Б.Төлегенованың қайталанбас орындаушылық өнерінің қайнар бұлағы ең алдымен қазақтың халық әндеріне саяды. Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері ("Гауһар тас", "Жиырма бес"), Қазақстан композиторларының шығармалары (Хамидидің "Бұлбұлы", Брусиловскийдің "Қос қарлығашы", Төлебаевтың "Еске алуы", Рахмадиевтің "Тарантелласы", Мұхамеджановтың "Көктем вальсі", Тілендиевтің "Кел еркем, Алатауыма"), сондай-ақ П.П.Чайковский мен С.В.Рахманиновтың романстары, Н.А.Римский-Корсаковтың операларынан ариялар және Батыc Еуропа сазгерлерінің (Доницетти, Григ, Шуберт) шығармалары да бар. Б.Төлегенова өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді. Бұл тұрғыда ол "қазақ бұлбұлы" атанған Күләш Байсейітованың орындаушылық шеберлігін жалғастыруда. Бибігүл Төлегенова опера өнеріне де елеулі үлес қосып, Жібек (Брусиловскийдің "Қыз Жібегінде"), Гүлбаршын (Рахмадиевтің "Алпамысында"), Еңлік (Жұбановтың "Еңлік—Кебегінде"), Джильда, Виолетта (Вердидің "Риголеттосы" мен "Травиатасында") т. б. партияларды орындады. ## Фильмографиясы * 1954 - Дала қызы - Қарашаш * 1955 - Бұл Шұғылада болған еді - Майра * 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - әнші * 1968 - Тақиялы періште - эпизод * 2005 - Вокалды параллельдер - эпизод * 2011 - Алдар көсе - Алдардың әжеск * 2011 - Балалық шағымның аспаны - Сұлтанның әжесі * 2016 - Тақиялы періште-2 - эпизод ## Марапаттары * "Еңбек Қызыл Ту" орденінің иегері (1959) * Қазақ КСР Халық әртісі (1959) * Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1960) * КСРО Халық әртісі (1967) * КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970) * Ленин орденінің иегері (1976) * Екінші рет Ленин орденінің иегері мен Социалистік Еңбек Ері (1991) * "Еңбек ардагері" медалі мен "Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін" медалінің иегері * "Алтын барыс" атты ҚР Президентінің жеке Алтын белгісімен марапатталған (1999) * Астана қаласының құрметті азаматы (1999) * Отан орденінің иегері (2000) - ұлттық өнерге қосқан ерекше үлесі үшін * «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты (2001) - музыкаға қосқан үлесі үшін * «Жыл адамы» атағын алған (2001) - Қазақстанның музыка өнеріне қосқан үлесі номинациясы бойынша * Қазақстан Жұлдыздар аллеясында Жеке жұлдызға ие болды (2002) * Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы (2011э * Алматы қаласының құрметті азаматы (2012) * Екі мәрте Мәдениет саласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Мемлекеттік стипендиясының иегері (2016, 2017) * І дәрежелі "Барыс" орденінің иегері (2019) - Республиканың мәдениеті мен музыка өнеріне қосқан елеулі үлесі үшін Тағы 10-нан аса Мемлекеттік және Үкіметтік марапаттардың иегері. ## Жеке өмірі Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия. Хоббиі - көрнекті өнер қайраткерлерінің және Саяси қайраткердің монографияларын жинау. Қыздары - Гүзел, Мәриямгүл; ұлы - Төлеген. Немерелері - Әділ, Қайрат, Бағдад. Шөберелері - Дәмира, Ескендір. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Серкебаева Ирина. «Бибігүл Төлегенова: сүю, сену және үміттену», Алматы, «Атамұра», 2012. ## Сілтемелер * “Мен ондайға қосылмаймын, қолдамаймын да” Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. * Мен Сiзден сырт айналдым, Бибiгүл апай! Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
Әлібек Мұсаұлы Дінішев (7 шілде, 1951 жылы Алматыда туған) – кеңестік және қазақстандық опера және камералық әншісі (тенор), музыкалық педагог-профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1979) және КСРОның Халық артисі (1986). ҚР тұңғыш президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының (2001) және ҚР әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2012). "Казакстаннын Енбек Ерi" (2021). ## Толығырақ * Әлібек Мұсаұлы 1951 жылы 7 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Байұлы тайпасының Байбақты руының Құлсүйіндік бөлімінен шыққан. * Анасы Кәмила – КСРО халық әртісі Ришат пен ҚазКСР халық әртісі Мүсілім Абдуллиндердің туған қарындасы. Олар Мүкім Абдуллиндердің ұрпақтары.Әкесі Мұса Бөкенбайұлы Дінішевтің ата тегі Батыс Қазақстан облысының Казталовка өңірінен. Ол білімді журналист болатын, қызметін «Лениншіл жас» газетінде бастағанды. Мұсакең «Мәдениет» журналының негізін қалап, ұзақ жылдар журналдың Бас редакторлығын атқарып, республикамызда мәдениет салаларының даму жолын, дарынды адамдардың еңбектерімен қазақ қауымын кеңінен таныстыра түсті. Журнал оқырмандарының тартымды, қалаулы баспасөзіне айналды. Ол Бойнидің «Овод» романын қазақшаға аударды, біраз мезгіл ҚазКСР-нің Мәдениет министрінің орынбасары қызметін атқарды. Ата-анасы Әлібекті Әміре Қашаубаев атындағы музыкалық мектепке оқуға берді. Ол мектеп үйі бүгінгі Әлібек Дінішевтің театры орналасқан бір қабатты ғимарат. Осында ол аккардеон аспабында ойнауды игеруге кірісті. Сонымен қатар өзі оқитын (жалпы білім беретін) №33 мектептің көркем үйірмесінде ән айтуға машықтанды, ал жарыстарда бірінші орындарды жеңіп алып жүрді. Ол 8-сыныпты аяқтағасын музыкалық мектептен П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеге түсті. 1970 жылы оны бітіргесін Ришат Абдуллиннің кеңесі бойыша Құрманғазы атындағы ҚҰ консерваторияның вокал факультетіне қабылданды. Енді нағыз кәсіби әншілікке дайындалу басталды. Оның мұндағы ұстазы – Н.А. Шәріпова. 1976 жылы Әлібек Дінішев консерваториядағы оқуын тәмамдағасын Жамбыл атындағы Қазақ филармониясында әншілікке кірісті. Ол 1977 жылы Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейро қаласында өткен воколистердің халықаралық конкурсына қатысты. * Осы жолы Әлібек әйгілі әнші қатарына көтерілді деп аталынды. 1978 жылы оған ҚазКСР-ның еңбек сіңірген әртісі атағы, ал келесі жылы Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы тапсырылды. Әлібек Дінішев Кеңес Одағының көптеген аймақтарымен қатар Чехословакия, Алжир, Перу, Куба, Португалия, Финляндия, Швеция, Морокко, Ирак, Болгария және тағы да бірнеше елдерде концерттік сапармен болып қайтты. ## Мемлекеттік марапаттары * 1978 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі» құрметті атағы берілді. * 1979 жылы Бүкілодақтық Ленин комсамолы жастар сыйлығының лауреаты * 1979 жылы Қазақ КСРнің Халық артисі (құрметті атағы); * 1986 жылы 35 жасында Кеңестер Одағының Халық артисі (КСРО халық әртісі) құрметті атағы берілді. * 1996 жылы «Парасат ордені» мен марапатталды; * 2001 жылы ҚР тұңғыш президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты; * 2003 жылы музыка саласы бойынша «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты; * 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі * 2011 жылы Қазақ муызка саласындағы ерен еңбектері үшін ҚР Жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен елбасы Нұрсұлтан Әбішұлынің өзі марапаттады (Астана, Ақорда 2011 жылы желтоқсан айында); * 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі * 2012 жылы ҚР әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты құрметті атағымен елбасының өзі марапаттады (Астана,Ақорда 2012 жылы желтоқсан); * 2021 жылы "Казакстаннын Енбек Ерi" атағымен марапаттады. ## Дереккөздер
Қырықбуын (лат. Equisétum) — қырықбуындар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тұқымдас тармағы. ## Таралуы Қырықбуындар жер шарының Австралиядан басқа жерлерінің барлығында кездеседі. Класс бір ғана қырықбуын (Equіsetum) туысынан тұрады. Тұқымдас тармағында әр түрлі мәлімет бойынша 15-тен 32-ге дейін өсімдіктердің түрі бар. Оңтүстік Америка мен Оңтүстік Африкада кең таралған. Еуразияда 11 түрі өседі. Олар өзен жағалауларында, орманда, қалың бұта арасында, ылғалы мол жерлерде өседі. Қазақстанның аса құнды жем-шөптік (Бұтақты қырықбуын — лат. Е. zamosіssіmum; Теңбіл қырықбуын — лат. Е. varіegatum; Қыстық қырықбуын — лат. Е. hіemale) және жайылымдар мен егіс алқаптарында өсетін арам шөп ретінде (Далалық қырықбуын лат. Е. аrvense) кездесетін түрлері де бар. Ал олардың арасында улы түрлерінің бірі - Батпақ қырықбуыны (лат. Е. рalustre). ## Биологиялық сипаттамасы Тамырлары бұтақталып, өте жақсы дамыған. Сабақтары бунақты, көбіне топтасып бұтақтанады, буындарында түтікке біріккен қара түсті жапырақтың қынапшалары орналасқан. Олардың ирек ұштарында ақ түсті жолақтары болады. Олар жоғары сатыдағы өсімдіктерге жатады. Сабақтың сыртын бір қабат эпидермис жауып тұрады. Спора түзетін сабақтары біршама жуан, түсі қоңырлау, хлорофилсіз, бұтақталмаған. Биікт. 15 — 30 см. Олардың буындарында 8 — 9 иректелген тістері бар, түтік тәрізді қынапшалармен жабылып тұрады. Спора түзетін масақтары сабақтың ұштарында жетіледі. Шар тәрізді споралары пісіп жетілгеннен кейін сабағы солып қалады. Қазақстанда 8 түрі кездеседі. Сыртқы құрылысы жағынан қырықбуындар өзінің ағаш тәрізді тегі каламиттерге жақын, бірақ мөлшері жағынан көп кіші. Қырықбуындардың жер беті сабағы бір жылдық тек аздаған түрлерінде ғана ол көпжылдық, мәңгі жасыл болып келеді. ## Пайдалануы * Қырықбуындар дәрілік өсімдіктер ретінде медицинада кеңінен қолданылады. * Сабақтарын егеу қағаз ретінде де пайдалануға болады. ## Сыртқы сілтемелер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Қырықбуындар * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Қырықбуындар
## Ищанова Сара Сара 5.18.1960 жылы Алматыда туды.Сара Алматының пионерлер сарайындағы көркемөнерпаздар үйірмесіне 5 жасынан қатыса бастады, мектеп қабырғасында оқыған жылдарда әнші атала бастады.18 жасында Сара Абай атындағы ҚМАОБ театры жанындағы студияға қабылданды. Оған ұстаздықты Бибігүл Төлегенова атқарды. Осы студияда 2 жыл оқығасын театр басшылары оны 1981 жылы Мәскеудің П.И. Чайковский атындағы консерваториясында әншілік өнерін классикалық дәрежеде қалыптастыруына жолдама берді.Сараның консерваториядағы ұстазы, үлкен театрдың әншісі Ирина Константиновна Архипова. Консерваторияда білім алған соңғы жылдары Мәскеуде жұмысқа қалу мүмкіншілігі туды. Бірақ ұстазы – КСРО халық әртісі И.К. Архипова: «Сара, сен Алматыда өз халқыңның опера әншісі болуың керек»,– деп ақыл берді.Алматы опера және балет театрында алғашқы атқарған партиясы П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегиндегі» Ольга рөлі, оған Римский – Корсаковтың «Патша қалыңдығындағы» Любаша рөлі жалғасты.Сара Ищанова қысқа мерзім ішінде Алматы опера және балет театрының прима-солисіне айналды. Оның опералық серіктестері – Е.Серкебаев, Ә.Дінішев, С.Байсұлтанов, Стригубенко. Олардың бәрімен де Сара аса тиімді үндестікпен, шеберлікпен опера партияларын орындады. Қандай опералық партияларды алып қарасақта, кейіпкер рөліне терең бойлап, көрермендердің көңілін толық қанағаттандыра алды.1993 жылы Алматыда П.И. Чайковский шығармаларына арналған Кеңес Одағы өнерпаздарының фестивалі атқарылды. Бұл жолы Сара Ищанова музыка өнерін сынаушылардың көзіне ұнамды ілінді. Ол П.И. Чайковский, Джузеппе Верди, Жорж Бизе үшеуінің опералық партияларын айырықша қалайды. Соларда кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашуда терең бойлайды, кейіпкермен әртіс біріккендей сезім тудырады. Ол қандайда кейіпкер рөлінде де осындай дәрежеге көтерілді, көрермендерді өзі атқарып тұрған рөлге сендіре алады. Оның шеберлік әншілік қасиеті әр партияда жаңа қырынан көрініп, қайталанбас мөлшерде көтерілгендігі айқындалды Сара Ищановаға опера өнеріндегі атқарған еңбектері үшін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағы берілді. ## Дереккөздер ## Ищанова Сара Сара 5.18.1960 жылы Алматыда туды.Сара Алматының пионерлер сарайындағы көркемөнерпаздар үйірмесіне 5 жасынан қатыса бастады, мектеп қабырғасында оқыған жылдарда әнші атала бастады.18 жасында Сара Абай атындағы ҚМАОБ театры жанындағы студияға қабылданды. Оған ұстаздықты Бибігүл Төлегенова атқарды. Осы студияда 2 жыл оқығасын театр басшылары оны 1981 жылы Мәскеудің П.И. Чайковский атындағы консерваториясында әншілік өнерін классикалық дәрежеде қалыптастыруына жолдама берді.Сараның консерваториядағы ұстазы, үлкен театрдың әншісі Ирина Константиновна Архипова. Консерваторияда білім алған соңғы жылдары Мәскеуде жұмысқа қалу мүмкіншілігі туды. Бірақ ұстазы – КСРО халық әртісі И.К. Архипова: «Сара, сен Алматыда өз халқыңның опера әншісі болуың керек»,– деп ақыл берді.Алматы опера және балет театрында алғашқы атқарған партиясы П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегиндегі» Ольга рөлі, оған Римский – Корсаковтың «Патша қалыңдығындағы» Любаша рөлі жалғасты.Сара Ищанова қысқа мерзім ішінде Алматы опера және балет театрының прима-солисіне айналды. Оның опералық серіктестері – Е.Серкебаев, Ә.Дінішев, С.Байсұлтанов, Стригубенко. Олардың бәрімен де Сара аса тиімді үндестікпен, шеберлікпен опера партияларын орындады. Қандай опералық партияларды алып қарасақта, кейіпкер рөліне терең бойлап, көрермендердің көңілін толық қанағаттандыра алды.1993 жылы Алматыда П.И. Чайковский шығармаларына арналған Кеңес Одағы өнерпаздарының фестивалі атқарылды. Бұл жолы Сара Ищанова музыка өнерін сынаушылардың көзіне ұнамды ілінді. Ол П.И. Чайковский, Джузеппе Верди, Жорж Бизе үшеуінің опералық партияларын айырықша қалайды. Соларда кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашуда терең бойлайды, кейіпкермен әртіс біріккендей сезім тудырады. Ол қандайда кейіпкер рөлінде де осындай дәрежеге көтерілді, көрермендерді өзі атқарып тұрған рөлге сендіре алады. Оның шеберлік әншілік қасиеті әр партияда жаңа қырынан көрініп, қайталанбас мөлшерде көтерілгендігі айқындалды Сара Ищановаға опера өнеріндегі атқарған еңбектері үшін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағы берілді. ## Дереккөздер
28.4.1964 жылы туған. Кіндік қаны тамған жер – Алматы облысының, Сарқант қаласы. Майраның әкесі Тұрлыбек пен шешесі Рәзия табиғатынан дауыстары қуатты, ән айта білетін. Анасы Біржанның «Жалғыз арша» әнін айтуды сүйетін. Майра Тұрлыбекқызы ата-анасының сол облыстағы Киров ауданына ауысуына байланысты оқуды 1971 жылы 23-партъсезд кеңшары орналасқан селода бастады. Тұрлыбек милиция қызметкері, анасы Рәзия мұғалім болатын. Майра сегізінші сыныпты бітірген соң, Алматы мақта-қағаз комбинатының кәсіптік техникалық училищесінде тігіншілікке орналасты. Бір жыл осында оқыған соң көркемөнерпаздар ұйымына қатысып, оқушылар арасында бірінші жүлделерді жеңіп алды. Майра Дәулетбақова Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқып жүрген кезінде атақты опера әншісі Кәукен Кенжетаевтан сабақ алды, оның дәрістерін тыңдады, ал актерлік шеберлікті Торғын Тасыбековадан үйренді.Майра оқуын бітірген соң «Қазақконцерт» ұжымына жолдама алды. Майра концертте ән айтуды Серік Еркімбековтің «Буревестник» әнін орындаудан бастады. Ол өнер табалдырығын осылайша дауылпаздана ашты. 1988 жылы өткізілген концертте осы әнді Мәскеуде өткізілген Бүкілодақтық әншілер жарысының соңғы сегізінші сатысына Майра қатынасып, үшінші орынға бір бал жетпей қалып, төртінші орынға ие болды. Осы жарыстың бес сатысына кезінде Алла Пугачева қатысқан. Жарыстың алдында 1986 жылы Алматыда Майра әншілер жарысында жеңіске жетті. Оған ілесе сол жылы қараша айында Ташкентте өткізілген Орта Азия әншілерінің ішінде жүлделі оралды. Майра әншілер байқауына қатынасуды жиілете түсті. 1995 жылы Қазақстанның барша түкпір-түкпірлерінен Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Алтай өлкесінің орталығы Барнаулда түркі тілдес халықтардың әншілік жарысында Гран-приді жеңіп алды. Ыстамбулда өткен 1-халықаралық «Түркевизион» жарысында дипломант атанды. Осыған ілесе Мұрат Ерғалиев ұйымдастырған «Жас қанат» байқауын Александр Понамарев екеуі ашты. Бұл ұжым басшысы Асылболат Бекбаев Майраның әншілік дарындылығын байқап, бағалады.Ол Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған «Ажарың ашық екен атқан таңдай» атты концертте опера арияларын, романстарды, Иванова-Сокольскаяның фортепианода қостауымен үлкен шабыт толқынында атқарып шықты. 2007 жылдың 24 наурызы күні Майра Дәулетбақованың сахнадағы өнерінің 20 жыл толуына орай шығармашылық есеп беру концерті ұйымдастырылды. Концертті «Шын жүрек» деп атады. Жетекшісі – Нұрлан Байғозов. Осы жолы Майра Дәулетбақова Алла Пугачеваның «Орлекинасын», АҚШ-тық әнші У.Хьюстонның әндерін, Френктің «Нью-Йорк», болгариялық актер Лили Иванованың репертуарынан «Мазасыз жүрек» атты әнін тамаша көркемдікпен, көтеріңкі дауыспен орындады. Концерттің өне бойын эстрадалық оркестр сүйемелдеді. «Әлқисса» тобымен бұл жолы Республикалық сарайда бірнеше әндер орындады. Осылардың ішінде «Жалғыз арша», «Дударай», халық әні «Гүлдерайым» да бар. Майра Тұрлыбекқызының әншілік репертуарының біразы ата-ана рухына арналған «Бала күнім», «Ажарың атқан таңдай» атты компакт дискілеріне тасбаланған. Оның біріншісі қазіргі заман сазгерлерінің әндерінен тұрса, екіншісі классикалық, опералық ариялардан, романстардан тұрады. Майра Тұрлыбекқызы Дәулетбақоваға ұзақ жылдар бойғы жемісті еңбегі үшін ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағы берілді. ## Сыртқы сілтемелер * Кожиров Б. "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары" 2010 г.
Ұлан Мырзақасымұлы Кенжебеков (2.12.1960, Шұбартау ауданы, Баршатас) - әнші. Ол мектептің бастауыш сыныптарында оқып жүрген кезінде көркемөнер ұйымына қатынасып, ән салуға машықтанды. Ұлан 18 жасқа толған соң, әскер қатарына алынды. Ұлан консерваторияға Мұрат Мұсабаевтың ән салу класына енгізілді. Ұлан консерваторияның соңғы курсында оқып жүргенінде Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінде әншілік байқау жарысына қатысы ә дегеннен 1-жүлдені жеңіп алды.Ұлан Кенжебеков консерватория курстарын аяқтап, диплом алған соң, консерватория жанындағы аспирантураға қабылданды. Ғылыми жетекшісі, тағы да ұстазы Бекен аға. 1989 жылы Ұлан аспирантураны аяқтағалы тұрған жылы Бүкілодақтық Глинка атындағы әншілер байқауына барды. Бұл жарысқа Кеңес Одағынан үш жүз талапкер-әншілер қатысты. Аламан бәйгесіне қосылған сәйгүліктердің ортасынан суырылып озу қажет. Байқау мерізімі бір айға созылды. Жарыс қорытындысы: бірінші орынды Мәскеудің Үлкен театрының әртісі жеңіп алса, ал Ұлан Кенжебеков төртінші орынды межеледі. Үш жүз саңлақ әншілердің ішінде бұл орынға өнерімен оның жетуі аз жетістік емес. Бұл жарысқа ілесе Ұлан Кенжебеков Испанияда, Кореяда, Францияда өткен фестивальде опералық әншілер байқауларына қатысты әрі дипломант атанды. Ұлан Кенжебековке аспирантураны аяқтаған соң, өзі білім алған консерваторияда ұстаздық орын ұсынылды. 1990 жылы Абай атындағы ҚМАОБ театрға әншілікке қабылданды. Енді солистік өмір басталды. Театрда ол 20 шақты операларда басты кейіпкерлер партиясын орындады. Осылардың ішінде ең ұнайтыны – М.Төлебаевтың «Біржан және Сарасында» - Біржан. Чайковскийдің «Қарғаның мәткесінде» Герман партиясын атқарды. Ол мұндай классикалық опералардағы партияларды осы театрда алғаш орындаған өнер солисі. Оның серіктестері әр кездерде осындағы опералық әншілердің қаймағы – Рахима Жұбатырова, Хорлан Ықсанқызы Қалиламбекова, Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Жәмила Баспақова, Сара Ищанова, Гүлзат Дәуірбаева, Нариман Қаражігітов, консерваториядағы ұстазы Мұхтар Мұсабаев сынды солистер. Ұлан Кенжебеков қазір консерваторияның ән өнер кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда. Бұрындары профессор Бекен Жылысбаев пен Шаһимардан Әбілов меңгеруші болған. Бұл кафедрада Ғафиз Есімов, Шаһимардан Әбілов, Ермек Серкебаев, Роза Жаманова, Бибігүл Төлегеновалар ақылшылар. 2005 жылы Ұлан Кенжебековке Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген әртісі деген атағы берілді. ## Дереккөздер
Еділ Сейілханұлы Құсайынов (23 наурыз, 1955 жылы Алматыда туған) — композитор, этномузыкант. Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері (2006). Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Қобыз» кафедрасының оқытушысы. ## Толығырақ * Еділ Сейілханұлы 1955 жылы 23 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. * Әкесі – Сейілхан Құсайынов (композитор, Қазақ КСРнің еңбек сіңірген артисі); * Анасы – Раушан Нұрпейісова (қобызшы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері); * Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының композиторлық факультетін бітірген (1980), композитор, оқытушы. ## Шығармашылығы «Алтай-Тарбағатай өңірінің сыбызғы күйлері» кітабының(2003), түрлі ансамбльдерге, халық және симфониялық оркестрлерге арналған көптеген музыкалық шығармалардың,«Көкбөрі-Күлтегін» 2-актілі балетінің, «Құрақ көрпе», «Келін» кинофильмдері музыкасының авторы. «Ілбіс елі Земля Ирбиса» (Литва, 2007), «Бұлбұл заман» (Лондон қ.,2008) кұйтабақтарын шығарған. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1980 жылдан - «Отырар сазы» этнографиялық оркестрінің әртісі-солисі, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің әртісі-солисі. 2000 жылдан - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы. КСРО, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, Халықаралық варган (шаңқобыз) ассоциациясының мүшесі. ## Жеке қасиеттері * Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Ганди. * Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Айтыс XV және XXI ғасырлар» атты әнімдегі сөздер: «Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер - Бақыт! Байлық! Бостандық! - Бұл Қазаққа бір келер, бір ұрпағы нұр берер, сол Бақытты кім көрер?!» * Хоббиі - саяхат. * Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи хроникалар. ## Мемлекеттік марапаттары * 2006 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері» құрметті белгісімен марапатталды. * 2006 жылы елбасының жарлығымен «Ерен Еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапаттталды. * 2006 жылы «Жыл адамы – Алтын адам» Ұлттық сыйлығының иегері. * 2013 жылы елбасының жарлығымен «Құрмет ордені» мен марапатталды. ## Дереккөздер
Галина Әбіләкімқызы Молдакәрімова 1956 жылы 1 шілдеде Алматы облысының Қапшағайқаласында туған. Қазақ. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін бітірген (1979), оркестр әртісі, оқытушы, концерттік орындаушы.«Қобыз әуендері» (1999), «Қобыз үйрену мектебі» (2004)әдістемелік оқу құралдарының; «Қобызға арналған шығармалар» (2008) пьесалар жинағының авторы. 1974 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының студенті. 1979 жылдан - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке орындаушы аспапшысы. 1992 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы қобыз және баян кафедрасының доценті міндетін атқарушы, 1993 жылдан - доценті.1998 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы қобыз және баян кафедрасының профессоры. ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1981). ҚР Халық әртісі (1991). Тұрмыс құрған. Жұбайы - Қосбасаров Базархан Әбуұлы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясыныңпрофессоры. Қызы - Молдакәрімова Гауһар Базарханқызы. ## Дереккөздер
Бәкір Яхиянұлы Баяхунов (1933) - композитор, Қазақстанның халық артисі (1990). Алматы консерваториясын (проф. Қ.Қожамияровтың класы бойынша) бітірген (қазіргі Қазақ ұлттық кон-серваториясы, 1960). 1960 - 1963 ж. Мәскеу консерваториясында муз. білімін шыңдады. 1963 ж. Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) (1991 жылдан проф.) дәріс береді. Қазақстан Композиторлар одағы төрағасының орынбасары. Баяхунов қазақ халық музыкасын өңдеуде ("Күй" симфониясы, 1965; "Қамбар батыр", 1972; "Ысқырма" 1973 ж) елеулі еңбек етті. Сонымен қатар бірнеше кинофильмдерге музыка жазған. Баяхунов қазақ домбыра музыкасының полифониясы туралы мақалалар, дүнген халық әндері туралы зерттеулер жазды. ## Дереккөздер
Барақ хан (т.ж. белгісіз — 1428 жылы қайтыс болған) Ұрыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ Ордадағы өз әулетінің билігін қалпына келтірді. Туған жылы туралы дерек жоқ, 1428 жылы қайтыс болған. 1423-1428 жылдары Ақ Орданың ханы болды. Құйыршық ханның ұлы, Орыс ханның немересі. Барақ өз тұсында ең беделді хандардың бірі болған. Сығанақ қаласын салуды басқаруға қатысты. Алтын Орданың күйреуі кезеңінде, төре тұқымдарының таққа тартысы кезінде, Ақ Орда бірқатар ұлыстарды иеленғен болатын. Тақ мұрагерлерінің бірі Барақ хан еді. Баласы Жәнібек хан мен інісі Керей хан 1456 жылы Ақ Ордада әкесінің әулетін жаңғыртты. ## Билік жылдары 1416 жылы Дешті-Қыпшақтың билеушілері мен Темірдің немересі Ұлықбектің арасында Сырдарияның төменгі ағысындағы жерлер үшін күрес басталды. Бұл күрес бүтіндей жүз жылға созылды. Ұлықбектің соғысқа араласуына Барақ ханның одан көмек сұрауы себеп болды. Бұл 1419 жылы мамыр айында Самарқандта болған еді. Ұлықбек Барақ ханға қонақжайлылық көрсетіп, оған көмектесуге бел байлады. Барақ хан өз қарсыластарын жеңіп, билігін бірте-бірте нығайта берді. 1422 жылы өзінің ең негізгі қарсыласы — Мухаммед ханның Ордасын бағындырғаннан кейін, Барақ хан Дешті-Қыпшақ аумағының үлкен бөлігін жаулап алды. Оның аумағы Сырдарияның төменгі ағысынан Арал теңізіне дейінгі аралықта, солтүстікте Жайық өзенінен Тобыл өзеніне дейін, солтүстік-шығыста Ертіс өзеніне дейін созылып жатты. 1423 жылы хандық билікке қол жеткізген Барақ хан Мәуереннахрға қарсы бағытталған саясатты жүргізе бастады. 1425 жылы Ұлықбек мемлекеті мен Сығанақ арасындағы шекараға ішкерілей жақындаған Барақ хан бұрын атасы Орыс ханның қол астында болған, одан Темір жаулап алған Сырдария өзенінің бойындағы Ақ Орданың ежелгі жерлерін қайтаруды талап етті. 1427 жылдың басында Сығанақ түбінде Ұлықбек пен Барақ хан әскерлері арасында кескілескен ұрыс болды. Жеңіліске ұшыраған Ұлықбек әскерлері Самарқан қаласына дейін ығыстырылды. Тек 1427 жылдың мамыр айында соғысқа Шахрух бастаған Ғират әскерінің араласуымен Барақ хан Дешті-Қыпшаққа кері оралуға мәжбүр болды. Сығанақ қайтадан Орыс хан тұқымдарының ордасына айналды.1428 жылы Моңғолстан сұлтаны Махмуд оғланға қарсы шайқаста Барақ хан қаза болды. Сол 1428 жылы Дешті-Қыпшақты Әбілқайыр хан (1428-1468) жаулап алған еді. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз
Батыр (Баһадүр) хан (туған жылы белгісіз - 1680) – Есім ханмен бірігіп ел билеген қазақ ханы. Есім ханның ұлы Салқам Жәңгір хан өлгеннен кейін мемлекеттегі билікті өз қолына алған (1652-1680). ## Өмірбаяны Шыққан тегі: Жәнібек хан - Өсек сұлтан - Бөлекей сұлтан - Батыр (Баһадүр) хан. Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның арғы атасы Айшуақ сұлтанның ағасы. 1603 жылы күзде қарақалпақтар Түркістанда Əбдіғаппарды хан етіп жариялайды. Осы кезде Ташкент пен Сайрамнан Есім хан, Баһадүр хан, басқа да қазақ сұлтандары Əбдіғаппарға қарсы шығады. 13 күнге созылған шайқаста қазақ әскерлері жеңіліп, Түркістан, Сайрам, Ташкент, Ахсикент, Әндіжан қалалары Əбдіғаппардың қоластына өтеді. 1605 жылы көктемде Ташкент маңындағы Қарақамыс деген жерде Есім хан мен Баһадүр хан Əбдіғаппарды өлтіріп азат етілген аймақтарға өз биліктерін орнатады. 1616 – 1617 жылдары орыс құжаттарында оның есімі Батыр, Баатырь, Болатырь деп аталып, кейбір тұста Шығай ханның інісі, Абдолла ханның қол астында болған басқа Баһадүр сұлтанмен шатастырылған.1652 жылы Есім ханның мұрагері Салқам Жәңгір хан өлгеннен кейін Қазақ хандығындағы билікті өз қолына алған. ## Дереккөздер
Гүлнәр Қабашева (1971, Сарқант қаласы) - қобызшы. 1976 жылы орта мектепті тәмәмдағасын П.И. Чайковский атындағы музыка училищесінің халық аспаптары бөлімінің қобыз класына оқуға қабылданды. Ұстазы – Қытайда білім алған профессор Зере Бейсембаева. Қобыз өнерінен қазіргі сәтте Астанада музыка академиясында дәріс беріп жүрген Ғалия Шілдебаевадан тәрбие алды. Ол Гүлнәрға қобыз аспабын жете меңгеру хақында, оның күрделі техникалық әдісін арнаулы жаттығулармен шыңдады. Музыкалық училищеде ұйымдастырылған талай сайыстарға қатысты.Ол оркестр құрамында жүріп Құрманғазы атындағы консерваторияға 1986 жылы сырттай оқуға түсті. Оның шебер қобызшы болып қалыптасуына консервторияда республикаға еңбегі сіңірген әртіс Меруерт Қаленбаеваның еңбегі зор. Раушан Нұрпейісова, Нұрлыбай Сұлтанов, Фатима Балғабаева және оркестрдегі Айса Шарипова, Сапихан Ыдырысова, Мунира Уалиева сияқты өнер тарландарынан білім алды.1999 жыл Гүлнәр Қабашева үшін үлкен белес болды. Құрманғазы атындағы оркестрдің залында 20 жылдық шығармашылық концертін өткізуге оркестр төрағасы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Еркебұлан Мүсіреп үлкен қолдау көрсетті. Гүлнәр Қабашева Құрманғазы атындағы оркестрі құрамында (кейде шағын тобымен) Францияда (2 рет), Италияда, АҚШ-та, Түркияда (2 рет), Қытайдың қалалары Шанхайда, Шыңжанда, Германияда (2 рет) өнерімен тамсандыруда. 2005 жылы оркестрдің бас дирижері Айтқали Жайымовтың щақыруымен концертмейстер көмекшісі дәрежесінде болды, бұл күндері қобыз тобының жауапты жетекшісі. 2007 жылы Гүлнәр Қабашеваның мерей тойына байланысты үлкен концерт өтті, онда өзімен бірге шәкіртері де өнерлерін танытты. Чайковский атындағы мектеп-интернат жанынан «Балауса» атты қобызшылар ансамблін құрды. 2004 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Гүлнәр Қабашеваға ҚР еңбегі сіңірген қайраткер құрметті атағы берілді. ## Дереккөздер
II Жәнібек хан (1598 - 1643) — Қазақ Ордасын 1628-1643 жж. билеген хан Есім ханның екінші ұлы. ## Өмірбаяны Жәнібек хан- Есім ханның екінші ұлы.Анасы Есім ханның сүйікті әйелі Ханша Айлин Ханым болды.Есім хан қайтыс болған соң, билік мұрагерлік жолмен оның үлкен ұлдарының бірі Жәнібектің қолына берілді. Алайда Жәнібек ханның жүргізген билігі туралы мәлімет жоқтың қасы. Бір анығы Жәнібек тағында берік отырмады. Үнемі ішкі феодалдық талас-тартыстар оны мазалап қоймады, оның үстіне ойраттардың (жоңғарлардың) шабуылдары көбейіп, Қазақ хандығы әлсіреді. Осының кесірінен халық наразы болып, сұлтандар арасында билік үшін талас басталды. Бұл таласты Жәнібектің туған інісі Жәңгір жеңіп, сұлтандарды тынышталдырып, халық қолдауына ие болды. Бірақ ағасын құрметтеп, билікті ресми түрде Жәнібектің атында қалдырды. Істеген ұлы істері болмай, інісінің көлеңкесінде қалып қойған Жәнібекті көпшілік мойындамады. ## Әдебиет
Нариман Нұрмұхамедұлы Қаражігітов (20 мамыр 1934 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында туған) – қазақстандық опера және камералық әншісі. Қазақстанның халық әртісі. Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педогогикалық университетінің профессоры. «Парасат» Орденінің иегері. ## Жалпы мәліметтер Алматы облысының «Еңбекші қазақ» ауданның Қаракемер атты мекенінде Нариман 1934 жылдың мамыр айының 20-жұлдызында өмірге келді.Нариман Нұрмағамедұлы опера және балет театрының табал-дырығын 1963 жылы аттады. Содан бері оның өмірі, жан тылсымы сонымен біте қайнауда. 46 жыл қас қағымдай өте шықты.Нариман 1957 жылы Алматыда ұйымдастырылған жастардың Республикалық фестивалінде бірінші орынды жеңіп алып, жүлдегер атанды. Қазақстан Ленин комсомолының бірінші хатшысы қолынан диплом алды. Фестиваль барысында оның әншілікке деген дарынын таныған Байғали Досымжанов және Бекен Жылысбаев Нариманға консерваторияға түсуге ақыл береді. Ол ақыры консерваторияға 1957 жылы қабылданып, Бекен Жылысбаевтың шәкіртіне айналды, ал опералық класс өнері бойынша тәлім-сабақты Құрманбек Жандарбековтен алды. Қос ұстаз Нариманның әншілік қанатын 5 жыл бойы баптай түсті. Ол консерваториядағы студенттік шағынан бастап Алматы опера және балет театрының басшыларына дауысы қатты ұнағасын сондағы қойылымдарға қатыса бастады, ал 1963 жылы консерваториядағы оқу жылдарын тәмамдағасын опера және балет театрында әнші-солист қызметін атқаруға кірісті. Театрдың табалдырығын аттағаннан бастап-ақ өзін қалың қауым алдында дарынды кәсіби әнші екенін бірден байқатты, театр басшылары оның күрделі вокалдық дәрежеге жететініне толық сенді. Нариман Қаражігітов операның бір партиясынан соң екіншісін игеріп алып кетуі шұғыл дамып, шеберлігі арта берді. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абайындағы» – Айдар, Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сарасындағы» – Біржан, Евгений Брусиловскийдің «Ер Тарғынындағы» – Балпан, «Жалбырында» – Елемес, «Қыз Жібегіндегі» – Төлеген, Монцарттың «Дон Жуанындағы» – Дон Оттави, Мусоргскийдің «Борис Годуновындағы» – Самозванец, Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамысындағы» – Қараман, Рубинштейннің «Демо-нындағы» – Синодал рөлдері тамаша орындады. Әсіресе, Ғазиза Жұбанованың «Еңлік-Кебек» операсында бас партияны игеруде өзі-нің қолтаңбасын айқын танытты. . Сахнаға алғаш шығарған рөлі Сыдық Мұхамеджановтың комедиялық «Айсұлу» операсындағы – Әубәкір образы. Бұл әртістің репертуарындағы алғаш орындалған кейіпкер. Ол партияны да өнерге деген жан-жақтылықты серпілісте, шебер түрлену бағытында орындады. Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібегі» қазақ операсының ұлттық мәдениеті тарихындағы түндікті алғаш ашты. Театрдың опералық қойылымының тұсау кесері. Биссимилласы содан басталды, қанатын толғай қағуға кірісті. Мұнда махаббаттың, пәк сүйіспеншіліктің асқақ шыңы сипатталып, жырланды. Опера желісінде Төлеген жауыздықтан мерт болғасын, Қыз Жібек мұндай орны толмас қайғыны көтере алмай өзін-өзі пида қылады, өмірімен қоштасады. Төлеген рөлін өткен мезгілдерде Қанабек Байсейітов және Байғали Досымжанов орындаған. Әрі қарай тізгін Нариман Қаражігітовтің қолына тапсырылды.Абай, Мұхтар, Шәкәрімдердің туған елі – Семейде қойылған Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсы Роза Жаманова мен Нариман Қаражігітовтің басты рөлдерді орындауымен жемісті өтті. 1968 жылы Нариман Нұрмағамедұлы Канаданың Монреал қала-сында дүниежүзілік көрмеге қазақстандықтарды Байкен Әшімов, Сабыр Ниязбеков, Саттар Имашев бастап келген делегация құрамында болды. Ол сонда Нұрғиса Тілендиевтің «Жан сәуле» және халық әні «Ақбақайды» үлкен шабытпен орындады.Накең әншілігімен қатар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда біраз жылдар ұстаздық қызмет атқарды. Ол 1967 жылы жеке классикалық әндерден сабақ берді, дәрістер оқыды. Оның шәкірттері қатарында белгілі әншілер – Ғафиз Есімов, Болатбек Бө, Мұрат Құсайынов. Бұл күндері Накең Қыздар педагогикалық университетінің профессоры. ## Марапаттары * 1967 жылы (Қазақ КСР) «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы; * 1976 жылы (Қазақ КСР) «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы; * КСРОның «Еңбек ардагері» медалінің иегері. * 2014 жылы «Парасат ордені» мен марапатталған. * Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педогогикалық университетінің профессоры. әдебиет * Кожиров Б. "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары" 2010г
Қапаш Қабыкенқызы Құлыш (9 мамыр, 1949 жыл, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Дөңгілағаш ауылында туған) — кеңестік және қазақстандық әнші (сопрано), профессор, педагог. Қазақстанның Халық Әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1979), халықаралық конкурстардың лауреаты. Кубада өткен XI Жастар және студенттер фестивалінің (1978) лауреаты болған Қапаш Құлышева 30 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атанды. ## Биографиясы Қапаш Құлышева Ақмола облысы, Зеренді ауданының Дөңгілағаш ауылында туған. Әкесі - Құлышев Қабыкен, Ұлы Отан соғысының ардагері, түрлі жұмыстарды атқарған. Анасы - Құлышева Қазима, батыр-ана. Алғашқы домбыра сабақтарын Көркем өнерпаздар үйірмесінің жетекшісі, аңызға айналған Үкілі Ыбырайдың немересі Мұса Асайыновтан алды.Оның репертуарына Ыбырайдың «Қалдырған» «Гәкку»,«Сұлу Көкше» және т.б әндері енді. 1966 жылы Көкшетау облыстық филармониясының солист-вокалисті.1967 жылы 1967 жылы Республикалық эстрада-цирк студиясына Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің сыныбына оқуға түсіп, 1969 жылы тәмәмдайды. 1969-жж. Республикалық «Гүлдер» жастар – эстрадалық ансамблінің жетекші солисі. 1978 жылы Куба астанасы Гаванада өткен XI Жастар және студенттер фестивалінің халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алып, 1979 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағына ие болады. Концерттік сапармен АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Испания, Италия, Түркия, Қытай, Бирма, Сингапур және т.б. елдерде болып, ұлттық өнерімізді шет ел тыңдаушылырына танытты. 2003 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын "эстрада әртісі" мамандығы бойынша бітірген. 2005-2010 жылдары Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінде сабақ берген. 2010 жылдан бастап бүгінге дейін Айман Мұсақожаеваның арнайы шақыруымен Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде ұстаздық етіп жатыр. 2019 жылы Қапаш Құлышева сахнада 50 жылдығына орай «Көкшенің кербез сұлуы» атты шығармашылық концертімен мерейтойын атап өтті. ## Марапаттары мен атақтары * Медаль «За трудовое отличие» медалі (1976) * ҚазССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығы бойынша «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы берілді (1979) * Көкшетау қаласының құрметті азаматы 2005 * Зеренді ауданының құрметті азаматы 2010 * Қазақстанның қоғамдық Халық академиясының "академигі" (2013) * «Еңбек ардагері» медалі (2015) * Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры (2019) * және ҚР-ның Мәдениет және Спорт министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталған.. ## Отбасы Жолдасы - Еркін Слетдинов, қазақтан шыққан тұңғыш саксафонист, композитор-аранжировщик.(1946) Қыздары - Әлия (1971), Дина (1979) ## Қызықты деректер * 1978 жылы Д.Қонаевтің өзі бастап барған Куба астанасы Гаванада өткен XI Жастар және студенттер фестивалінің халықаралық байқауында Қапаш Құлышеваның салған әніне, сұлу дауысына Фидель Кастроның өзі қолын сүйіп, ризашылығын білдірген * Қапаш Құлышева Гүлдер ансамблінде 44 жыл бойы қырыққа жуық мемлекеттердің сахналарында өнер көрсетті. * Қапаш Құлышева «Қазақстанның халық әртісі» атағына сегіз рет ұсынылып, сегіз рет сызылған. Бір қызығы, бұған титтей де өкініш білдірмейтін Қапаш апай осы туралы: ## Дискографиясы * 1971 — Капаш Кулышева/Калампыр Рахимова/Калыбек Актаев– Казахские Песни / Казахские Народные Песни * 1976 — Поет Капаш Кулышева: В собственном сопровождении на домбре. - Москва: Мелодия, 1982 (Ташкент: Ташкент. з-д грп.) * 1982 — Поет Капаш Кулышева - Москва: Мелодия, 1982 (Ташкент: Ташкент. з-д грп.) * 1989 — Мелодии родного края / Туған жер әуендері. - Москва: Мелодия, 1989 (Ташкент: Ташкент. з-д грп.) ## Фильмографиясы 1968 — фильм-концерт «Жастарым жайна!(Молодость поет и танцует)», студия «Қазахтелефильм». 1972 — дер. фильм «Дороги мира и дружбы», реж.О.Зекки, студия «Қазақфильм». 1974 — дер. фильм «Дальние дороги "Гульдер"», реж.М.Дулопо, студия «Қазақфильм». 1977 — фильм-концерт «Казахстан музыкальный», реж.Сон-И-Сон, студия «Қазахтелефильм». 1981 — дер. фильм «Поет Капаш Кулышева», реж.Байканов, студия «Қазахтелефильм». 1985 — фильм-концерт «Көкшенің үш әні», студия «Қазахтелефильм». 1986 — фильм-концерт «Мелодии Кокшетау»,реж.Т.Ахметова, студия «Қазахтелефильм». 1987 — фильм-концерт «Концерт № 1», студия «Қазахтелефильм». 2001 — дер. фильм «Ән киесі», реж. С.Крючкова. 2002 — дер. фильм "Жадында ма жастығың..." Қапаш Құлышева жайлы хабар, реж. Р.Сұлтанғалиев. 2019 — дер. фильм «Бірегей.Қапаш Құлышева», . ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://www.astana-akshamy.kz/qapash-qulysheva-qr-engbek-singirgen-artisi-halyqtyng-bag(қолжетпейтін сілтеме) * https://www.discogs.com/artist/4964074-%D2%9A%D0%B0%D0%BF%D0%B0%D1%88-%D2%9A%D2%B1%D0%BB%D1%8B%D1%88%D0%B5%D0%B2%D0%B0
Ахмет хан — (1533—1535) Сырдария маңында билік құрған. Ахмет хан — 16 ғасырдың 30-жылдарының 2-жартысында Қазақ хандығының батыс бөлігін билеген хан. Жәнібек ханның немересі, бірақ оның қай ұлынан екені белгісіз. 1535 жылы Ахмет хан 15 ұлымен бірге Ноғай мырзасы Сейдақ бидің қолында болған. Қадырғали Жалайри А. х. туралы: “Қазақияда Ахмад хан деп атайды. Ол дағы біраз уақыт хан болды. Шидақ бекпен болған ұрыста шаһит болды. Орақ мырза шаһит қылды”, — деп жазады. А.П.Чулошников Ахмет ханды 1538 жылы Тоғым ханнан кейін хан болған, ноғайлармен болған бір ұрыста Орақ мырзадан жеңіліп, өлтірілген деген пікір айтады. ## Дереккөздер
Майра Мұхамедқызы (сахнада Maira Kerey - Майра Керей есімін пайдаланады) (1965 жылдың 5 қыркүйек күні Қытайдың Құлжа қаласында дүниеге келді) қазақтың ең атақты опера әншiсi (сопрано), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Париждегі "Гранд Операда" Қазақстанның атынан өнер көрсеткен тұңғыш әрі әзірге жалғыз опера әншісі. ## Өмірбаяны Майра Мұхамедқызы ҚХР-да өнерлі отбасында туып, өскен. Тарихи отанына 1994 жылы оралды. Әкесі Мұхамед Әбдіқадырұлы — композитор, профессор, музыка зерттеу саласы бойынша көптеген кітаптардың авторы. Анасы Камал Қуанышқызы — әнші, ҚХР Халық әртісі. Майра Мұхамедқызы Бейжің Ұлттар Университетінің Музыка Факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы) және Пекин Консерваториясын (Го Шу Джен сыныбы) бітірген. Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында (профессор Н.А. Шариповтің сыныбы) стажировкадан өткен. ## Шығармашылығы Майра Мұхамедқызының (Еуропа сахнасында Майра Керей) шығармашылық өміріндегі айтулы кезеңі Францияның Гранд-опера театрымен (Opéra National de Paris) келісім-шарт жасауынан басталады. Әлем опера аренасына Пуччинидің «Богемасындағы» Мюзетта рөлімен дебют жасап, опера жұлдыздары тенор Роберто Аланья, Марселло Альварез қатарлас әншілермен бірге ән салды. Г.Доницеттидың «Махаббат дәрісі» (L'Elisir d'Amore) атты комедиялық операсында Адина рөлімен Opéra National de Lorraine, Opéra de Rennes, Théâtre de Caen, Grand Théâtre de Reims және Opéra National Bordeaux сахналарында өнерін көрсетті. Әлемдік классикалық операның үздік үлгілеріне қатысып, жетекші партияларды орындап, европадағы опера карьерасын бүгінге дейін жалғастырып келеді. 2005 жылы Майра Мұхамедқызы әйгілі әлем опера жұлдызы Пласидо Домингоның шақыруымен АҚШ опера сахнасына көтерілді. Вашингтон Ұлттық Опера Театрында П.И.Чайковскийдің «Орлеан Бикешінен» Агнесс Сорель партиясын орындады, аты аңызға айналған әлем опера жұлдызы Мирелла Френимен бір сахнада ән салды. Gay City News ақпарат құралы айтуынша, Майра Керей — керемет орындаушылық шеберлігімен қоса табиғат берген ажары мен өнері астасқан дарынды әнші. «Тамаша дауыстың иесі Майра Керей бірегей дарынымен, табиғи қуатты, ашық таза, жағымды да әдемі дауысымен көрермендер жүрегін жаулап алды. Майра Керей Вашингтон операсына үлкен рөлдермен қайта оралатынына кәміл сенеміз», — деп жазады The Washington Times. Майра Мұхамедқызы Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театрының сопрано дауысты жетекші әрі беделді әншісі. Майраның театрдағы репертуарында Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы Жібек, Жубанов пен Хамидидің «Абай» операсындағы Ажар, Вердидің «Травиатасындағы» Виолетта, «Риголеттодағы» Джильда, Бизенің «Кармен» операсындағы Микаэла, Доницеттидің «Лючия ди Ламмермурдегі» Лючия, Гуноның «Фаустындағы» Маргарита, Пуччинидің «Турандот» операсындағы Лию және басқа да партиялары бар. Соңғы опера маусымында Майра Мұхамедқызы Гуноның «Ромео мен Джульетта» операсындағы басты партияны Opéra National de Lorraine опера театрында, Доницеттидің «Дон Паскуале» операсындағы Норина рөлін Grand Théâtre de Genève және Théâtre de Caen сахналарында, Пуччини «Богемасындағы» Мюзетта партиясы және Гуноның «Фаустындағы» Маргарита партиясын Opéra National Bordeaux опера театрында, Бритиннің «Жазғы түндегі түс» операсында Титания рөлін Opéra National de Lorraine, Grand Théâtre de Тoulon және Opéra National Bordeaux сахналарында сомдады. Altamusica келесідей хабарлайды: Қазақтың әнші қызы Майра сомдаған образдар ешкімге ұқсамайтын, ешкімді қайталамайтын өзіндік ажар-айшығымен ерекшеленеді. Кейіпкерлерінің бойына табиғи сұлулық пен ішкі жан-дүниесі мен сыртқы келбетінің астасып адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, көрермендер жүрегін әншілік шынайылығымен, орындаушылық шеберлігімен баурап алады» Майра Мұхамедқызының концерттік репертуары бай да байсалды. Әншінің әлемдік классикалық операсынан бөлек, оперетта, мюзикл, камералық вокалды шығармалардан, халық әндерінен тұратын бай репертуары үнемі толықтырылу үстінде. Репертуарындағы көптеген шығармалар Қазақстан сахнасында бұрын соңды орындалмаған. Опералық және концерттік репертуарын асқан талғампаздықпен таңдап, үлкен еңбекқорлық пен ізденістің үлгісін көрсетіп келеді. Майраның орындаушылық тәжірибесі Бетховеннің 9-ші симфониясын, Гайдннің «Әлем жаратылысы» ораториясын, Мендельсоннің Elijah ораториясын, Моцарттың Exultate Jubilate, Перголезидің «Stabat Mater», Россинидің «Кішкене Салтанатты Месса», Вилло-Лобостың «Bachianas Brasileiras No. 5» т.б. қамтиды. Майра Мұхамедқызы жеке концерттік, гастрольдік сапарда жиі болады. Ол Пекин, Гонконг, Стамбул, Дели, Сеул, Мәскеу, Санкт-Петербург, Будапешт қалаларында және Словакияда Форе, Пуленк, Дебюсси, Рахманинов, Чайковский, сонымен қатар, қазақ және қытай халық әндерін орындады. Пекиннің «Жон Шань Ли Тан» концерттік залында орталық Пекин опера театрының симфониялық оркестрімен және Ұлыбританиядағы «Кадоган-холл» концерттік залында Лондоннің Корольдық симфониялық оркестрімен жеке концерттері өтті. 2009—2010 опера маусымында Майра Мұхамедқызы Керубинидің «Медея» операсындағы Глауче ролын сомдайды. Сонымен қатар, Opéra National de Lorraine театрының симфониялық оркестрі сүйемелдеуімен Mozart et les femmes атты жеке концерті Францияның Нанси қаласында өтеді. Қазақ мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театры 2009—2010 маусымында Майра Мұхамедқызына арнайы Доницеттидың «Махаббат дәрісі» (L'Elisir d'Amore) атты комедиялық операсының жаңа қойылымын ұйымдастыруда. Майра Мұхамедқызы Қазақстанның өнер Елшісі болып, қазақты өзге елдерге танытып, ұлттық опера өнерінің жалауын көптеген алыс-жақын шетелдерде желбіретіп, мәртебесін көтерді, егемен еліміздің мақтанышы, қазақ халқының жұлдызды әншісіне айналды. Қазақ мемлекеттік Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрімен осыған дейін орындалмаған халық әндерінен тұратын «Інжу Маржан» таспасын жазып, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Майраның өнері жайлы бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен насихаттады. Майра тамаша әншілігімен қатар, Әмір Қарақұловтың «Жылама!» атты көркем фильмінде басты рөлді шебер орындап, жаңа бір қырынан көрінді. ### Ән жинақтары ### Кинодағы ролдері ### Сыншылардың пікірлері ## Отбасы ## Қызықты деректер ## Марапаттары * Майра Мұхамедқызы — Қазақстан Республикасына еңбегк сіңген әртіс. * 2008 жылы Әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Көптеген беделді халықаралық байқаулардың лауреаты, жеңімпазы: * «Алтын айдаһар» байқауында I сыйлық (Қытай, 1988 ж.); * «Томаз Алкайде» байқауында I сыйлық (Португалия, 1997 ж.); * Мәскеудегі П.И.Чайковский байқаунда III сыйлық, М.Я.Давыдова атындағы арнайы диплом (Ресей, 1998 ж.); * Елена Образцова байқауының арнайы сыйлығы (1999 ж.); * «Үміт» номинациясы бойынша «Тарлан» тәуелсіз меценаттар сыйлығының иегері (2000 ж.); * «Қазақстан жыл таңдауы – 2004» байқауының «Алтын Адам» сыйлығы . ## Сыртқы сілтемелер * Майра Мұхамедқызының ресми сайты http://mairakerey.com Мұрағатталған 25 желтоқсанның 2011 жылы. ## Дереккөздер
Гауһар Құрманбекқызы Мырзабекова (23 ақпан 1956 жылы Алматыда туған) – қазақстандық әлемге әйгілі скрипкашы, педогог - профессор. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамбльінің негізін қалаушысы әрі көркемдік жетекшісі. Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. Қазақ Ұлттық музыка академиясының академигі. ## Өмірбаяны Ол тілі шыға бастаған кезінен-ақ ән салуға машықтанды. Опера арияларын жадына қағып алып, өз оңашада орындайтын. Оның музыкалық жады ерекше болды. Сәби кезінен-ақ «Шахиризада» және басқа да опералардан үзінділер орындайтын. * Гауһардың жеті жасында әке-шешесі оны бірден Күләш Байсейітова атындағы дарынды балалар мектебіне оқуға тапсырды. Гауһарды скрипкадан шыққан үн еліктіре түсті. Алғаш рет сахнаға Гауһар екінші сыныпта шықты. Түймедей келген ол өзін тындармандар алдында батыл ұстады. Сол жылы Ахмет Жұбановтың «Ария» атты әнін орындады. Гауһар алтыншы сыныпта толық концертті атқара алды, ал он бірінші сыныпта Тимур Мыңбаевтың басқаруымен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрімен бірге Сибилустың шығармасын орындап, Бүкілодақтық концертке қатысты. Бұл жолы Гауһар скрипкада шебер орындаушылығымен көзге ілінді. * Оның оныншы сыныпта оқып жүргенінде Спиваковтың ұстазы Юрий Янкелевич оқуды Мәскеудегі музыка мектебінде жалғастыруға шақырды. Бірақ Гауһар сүйікті ұстазы Нина Михайловнадан айырылғысы келмеді, мектепті Алматыда бітіруді мақсат етті. Ұстаз Н.М.Патрушева Гауһарды мектепаралық, қалааралық, республикалық фестивальдерге қатыстырды. * Н.М.Патрушева Гауһар музыка мектебін бітірген соң Мәскеудегі П.И. Чайковский атындағы консерваторияда ұстаз, атышулы скрипкашы Давид Ойстрахтың класына ертіп әкелді де, одан Гауһардың скрипкада қалай ойнайтындығын тыңдап көруін өтінді. Осылайша 1974 жылы консерваторияға үздік бағамен қабылданды. Бірақ та қараша айында Давид Ойстрах қайтыс болды. Әрі қарай ұстаздықты оның шәкірті, ассистенті Олег Крыса жалғастырды. Гауһар консерваторияда оқып жүргенінде Святослав Рихтермен оның ансамблінде скрипкада ойнады, екі жыл бойы онымен бірге шетелдерде гастрөлдік сапарларға шығып жүрді. * Гауһар Құрманбекқызы консерваторияны қызыл дипломмен аяқтаған соң, сонда 1982 жылдары ассисентурада О.В.Крысаның класында орындаушылық шеберлігін одан әрі қарай шыңдады. Сонымен қатар қала филармониясының скрипка солисі қызметін атқарды. * Алматы консерваториясының ректоры Ғазиза Жұбановадан: «Еліңе орал», – деген жедел хат алғаннан кейін осы ұжымға келіп ұстаздық қызметіне кірісті. Ол жұмысқа қызу араласты, шәкірттерге скрипкадан сабақ беру ұнады. Сол тұста Жәния Әубәкіровамен бірігіп, халықаралық фестивальдерге және конкурстарға қатысты. Мұндай іс-әрекеттерді ол студенттік шағында-ақ Қазақстан қалаларында гастрөлдік сапарлармен өнерін таныстыра бастады. * 1985 жылы Гауһар және Жәния Парижде өткен камералық оркестр жарысына қатысқанында екеуі де екінші орынға ие болды. камералық оркестрді 1997 жылдың қыркүйек айында ұйымдастырды. «Камерата» ұжымының сандаған концерттерінде Моцарт, Шестакович, Пахельбель, Гайдн, Гендель секілді музыка тарландарының күрделі шығармаларымен қатар Крейслердің «Махаббат мехнаты» тыңдармандарды жоғары руханилыққа жетеледі. ## Марапаттары * 1985 жылы Парижде өткен Халықаралық камералық ансамбльдер байқауының лауреаты; * 1982 жылы Қазақстан Ленин Комсомолы сыйлығының лауреаты; * 1986 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы; * 1995 жылы «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы; * 2010 жылы «Құрмет ордені» * 2012 жылы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты; * 2016 жылы елбасының қолынан «Парасат ордені» мен марапатталды. * Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. * Қазақ Ұлттық музыка академиясының академигі. ## Дереккөздер
Зәуірбек Молдағалиұлы Райбаев (13 ақпан, 1932 жыл, Алматы) - балетмейстер, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР халық әртісі (1982 жыл), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақ балет əртісі жəне педагог, профессор. ## Өмірбаяны * Алматы қазақ хореографиялық училищесіндегі Александр Селезневтің класында оқыды. Училищеде онымен бірге Сара Көшербаева бірге оқыды. 1949 жылы Мәскеуде өткен Бірінші Бүкілодақтық методикалық конференцияда екі биші екінші орынды иеленді. Зәуірбек пен Сара «Раймондадан» және Е.Брусилловскийдің музыкасына жазылған «Балбырауынды» орындады. Олар алдағы жылдарда бір-бірінен үзілмес бишілік серіктестер болды. * Ленинград академиялық хореографиялық училищесін бітірген (1954), режиссер-балетмейстер; Мұнда А.Писарев, А.Бочарова, А.Пушкина, И.Бельский сияқты ұстаздардың жетекшілігімен жөнге қойылған мектептің сабақтарын тыңдады. * 1958 – 62 жылдары А.В. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтында профессор Л.Лавровскийдің класында оқып бітірген (Мәскеу, 1962), балет әртісі. * Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры (2001 жылдан). * 1954 – 58 жылдары - Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының балет солисі. Бұл жылдары театр репертуарындағы балеттерде басты партияларды П.И. Чайковскийдің «Аққу көлінде» – Принц, «Ұйқыдағы аруында» – Шурале, Л.Ф.Минкустың «Дон Кихотында» – Базиль, Ф.З.Ярулиннің аттас балетінде – Шурале, Р.М.Глиэрдің «Мыс салт аттысында» – Евгений, Б.В.Асафьевтің «Бахшасарай хауызында» – Вецлав пен Нұралы, Н.Тілендиев, Л.Б.Степанов және Е.В.Манаевтың «Достық жолыменінде» – Сабыр рөлдерін орындады. Зәуірбек Молдағалиұлының биші-солистік шебер техникасы, би орындаудағы сұлулық тазалығы, классикалық мәнерінің сезімтал музыкалығы таныла түсті. Ол әрбір партияда бір-біріне ұқсас емес өнерін паш етті. Концерттік жолда оның «Алтын бүркіт» биі асқақ бишілік өнер деп бағаланды. Ол рөлде Мәскеуде атқарылған Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде 1958 жылы бұл биді оның теңдессіз шеберлікпен орындаушылығы бағаланып, Кеңес Одағында оған үлкен танымалдық әкелді. Суретші В.Семизоров Зәуірбек Райбаевтың «Алтын бүркіт» биін орындау сәтін портрет етіп салып, көркемөнердің динамикалы шығармасына айналдырды. Бұл портрет Абай атындағы опера және балет театрының қабырғасында ілулі тұр. * 1962 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының бас балетмейстері. Алғашқы сахнаға шығарған бір актілік балеттері – «Шопениана», «Францеска да Римни» және «Болеро».Зәуірбек Райбаетың шеберлік жолындағы табысының бірі – оның 1974 жылы Арам Хачатурянның «Спартак» балетін Алматы опера және балет театрында қоюы. Зәуірбек Райбаев Глазуновтың «Раймонда», С.Прокофьевтің «Ромео Джульетта», А.Хачатурянның «Спартак», Ғ.Жұбанованың «Хиросима», Т.Мыңбаевтың «Фрески» балеттер тізбегін сахнаға шығарды. Әрбір балеттің хореографиясы ерекше сазды. * 1970 -1986 жылдары - ҚазКСР Мемлекеттік би ансамблі көркемдік жетекшісі, директоры, «Салтанат» ансамблін құрды. Бұл өнер ұжымы Қазақстан жастарының және Республикалық сайыстың жүлдегері атанды. * 1992 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының бас балетмейстері. * 2004 жылдан - зейнеткер. ## Марапаттары * «Құрмет белгісі» ордені (1958) * 1957 жылы Мəскеуде өткен жастар мен студенттердің Дүниежүзілік фестивалінің лауреаты. * 1958 жылы Бүкілодақтық эстрада əртістері конкурсының лауреаты. * ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1958). * ҚР халық әртісі (1982). * «Құрмет» (2001) ордендері * ҚазКСР Жоғары кеңесінің құрмет грамотасы * «Ерең еңбегі үшін» медальімен мараптталды. * 1986 жылы оған ҚР-ның Мемлекеттік сыйлығы (1986). * Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1969). ## Отбасы * Әкесі - Райбаев Молдағали, марқұм, ҰОС қатынасқан, Кеңес Әскерінің офицері. * Анасы - Сүлейменова Тұрсын, марқұм, фармацевт болып жұмыс істеген. * Үйленген. Жұбайы - Талқыбаева Қаншайым (1944 ж. т.), экономист болып жұмыс істеген. ## Дереккөздер
Гүлвира Тұрсынқызы Разиева (19 шілде, 1936 жылы Алматы қаласында туған ) — әнші. Ұйғырлардан шыққан тұңғыш Қазақстанның халық әртісі. Алматы облысының Құрметті азаматы. «Парасат» Орденінің иегері. ## Өмірбаяны * Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал факультетін бітірген (1964), әнші. * 1958 жылдан - Ұйғыр театрының солисі. * 1964-1991 жылдары - ҚР эстрадалық-симфониялық оркестрінің солисі. ## Шығармалары * «Сәнъитим мениң- һаятим мениң» (2007) кітабының авторы. * Қазақстан композиторларының танымал шығармалары енген «Мунайм» компакт-дискін (2002), «Уйгур кизи» аудиокассетасын (2002) шығарған. ## Шырқаған әндері * Ұйғыр театрының сахнасында «Анархан», «Герим-Санам», «Айсарының қитұрқысы», «Аршын Мал-Алан» және т.б. спектакльдеріндегі жетекші партияларды ойнаған. Қазақ радиосының алтын қорына оның орындауындағы 500 шығарма енгізілген. ## Марапаттары * Ұйғыр халқынан шыққан алғашқы Қазақстан Республикасының халық әртісі (1981 жылы). * «Парасат» орденімен марапатталған (2006). * Алматы облысының Құрметті азаматы. * ҚР Президенті сыйлығының стипендиаты. * 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальі; * 2016 жылғы ҚР тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері. ## Отбасы * Әкесі - Разиев Тұрсын Ғазиұлы. Анасы - Әлиева Гүлвазир Жетпісбайқызы. * Тұрмыс құрған. Жұбайы - Умаров Алмас Бидалжанұлы, зейнеткер, инженер-металлург болып жұмыс істеген. * Ұлы - Умаров Руслан, қызы - Умарова Рената. ## Дереккөздер
Гүлсәуле Орымбаева (1952 жыл, Жамбыл облысы, Бірлік елді мекені) — «Салтанат» ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері. ## Отбасы Арғы тегі қазақ халқының ардақты ақыны, әншісі, жыршысы, сазгері – Кенен Әзірбаев. Ол 11 жасынан домбыраға қосылып, өзі өлең шығара бастаған-ды. Гүлсәуленің әкесі – Әбдіқадыр Құстүнінов Ұлы Отан соғысына қатысты. Берлинге дейін жеткен. Ол Қазақстанның Мемлекеттік қорғаныс комитетінде қызметте болған. Ішкі істер министрлігінің полковнигі дәрежесіне жеткен. Анасы – ҚР еңбек сіңірген ұстазы. ## Өмірбаяны Әке өнерге жақын және өзі де музыка аспабында ойнап, ән сала білген. Гүлсәуле оның сүйемелдеуімен жас кезінен билеуді ұнатты, 5 жасында музыка тактысына елтіп билей бастайтын-ды. Тіптен өзі де талдырмаш бойын би ырғағымен қозғалта түсіп, би шығарды. Гүлсәуле бірінші және екінші сыныптарда оқып жүргенінде гастрөлдік сапарлармен ауылына келген әйгілі биші Шара Жиенқұлованың биін көргенінде, аузын ашып, әртістің қимыл-қозғалыстарынан көзін айыра алмады. Оның қиялын жұмбақтай пері биші баурап алды. Содан кейін ұлы биші ұлттық билерді орындаушылығымен оның қиялды-сүйіктісіне айналды.Әбекең мен Гүлсәуле хореографиялық училищеге келіп жеткенде оған осы жылы оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталып қалыпты. Әке Гүлсәуленің көзінде жылт-жылт еткен көз жасына шыдамай, ол үшін комиссияны жинауды сұрайды. Әке мен қыздың қуанышына орай тексерістерінен кейін төраға: «Қабылданды», – деп қуантты. Гүлсәуле ұстазы Шара апасының тобына қабылданды. Гүлсәуленің қуанышында шек жоқ. Шара Жиенқұлова сол хореографиялық училищенің директоры еді, сөйте тұра өзі бірінші бітіретін шәкірттерді тәрбиелейді.Ол хореографиялық училищені үздік тәмамдағасын, жоғары музыкалық білім алу мақсатымен Қыздар педогогикалық институтына оқуға түседі. Әртістік жолы «Гүлдер» ансамблінде басталып, мұнда 10 жыл қызмет істеді. Осы уақытта гастрөлдік сапарлармен Бирмада, Сингапурда, Малайзияда, Пәкістанда болды. Қазақстанның аймағын, Кеңес Одағының барша республикаларын тұтас шарлады. ## Марапаттары * Өнердегі ерен еңбегі үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағын берді. * ҚР Президентінің жарлығымен ол «Астана» медалімен * 2007 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. ## Дереккөздер
Нұрғали Нүсіпжанұлы Нүсіпжанов (5 қаңтар, 1937 жылы Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған) — әнші. Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Парасат, Құрмет ордендерінің иегері. ## Жалпы мәліметтер Нұрғали Нүсіпжанұлы Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында 1937 жылдың 5 қаңтарында қарапайым шопан отбасында дүниеге келді. Оның ата-бабалары ежелден осы өлкенің күңгейтеріскейін мекендеген. *Қоғалыдағы орта мектепте оқыған жылдарында әнге құмартты. Көркемөнер ұйымының құрамында үшінші сыныпта жүрген шағында сайлау алдындағы ата-аналарға арналған концерттердің бірінде «Қызыл бидай», «Қыздар-ай» әндерін орындағаны үшін мақтау қағазын алды. Нұрғали студенттер мен жастар арасында Мәскеуде өтетін фестивальге жолдама алу үшін ауылдық, облыстық конкурстардан өтеді. Ақыры Алматыдағы қорытынды байқауға қатысты. Әділқазылар алқасы Нұрғалидың ән салушылық қабілетін көріп, консерваторияға қабылдауға ұсынды. ## Өнер жолы * Он тоғыз жасқа келген Нұрғалиды ән өнерін кәсіби, жан-жақты білім алу мақсаты алға тартты. Ол 1956 жылы музыка өнерінің қара шаңырағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына оқуға қабылданды. Мұнда ол белгілі ұстаз – Қазақстанның халық әртісі Надежда Николаевна Самышинаның класында жеті жыл оқыды. Ұстазға Нұрғалидың кең тынысты, сазды дауысы ұнады. Нұрғали консерваторияны бітірген соң Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына қызметке жіберілді. Осы кезде Нұрғали Қазақстанның кейбір аймақтарында концерттер бере бастаған. Мұнда ол екі жылдай әншілік қызмет атқарды. Ол жеке әнші болуды аңсады. Қызмет жолы оны Қазақ телевизиясы мен радио хабарларын тарататын мемлекеттік комитетіне әкелді. Бұл ұжымда Нұрғали музыкалық хабарлар редакторлығынан редакция меңгерушісіне дейін көтерілді. Осы ұжымда Нұрғали Нүсіпжанов (1966 – 1976) он жыл қызмет етті. Қызмет бабы Нұрғалиға әншілікті кең атқаруға бағыштады, ол концерттерге тікелей қатысуды қалады. Оның бұл талабы 1976 жылы орындалды. Нұрғали Нүсіпжанов Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестріне жетекші әншілікке қабылданды. Осы сәттен бастап оның ән шырқауына даңғыл жол ашылды, ол әншілік шеберлігімен көрермен қауым алдында құлашын жайды. ## Білімі 1956 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Ұстазы Қазақ КСР халық артисі Надежда Николаевна Самышина. ## Шығармашылығы Қазақтың әйгілі композиторы, халық қаһарманы, КСРО халық артисі Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев Нұрғалиға «Саржайлау», «Ақ құсым», «Балдызым», «Куә бол», «Әкеме», «Әжеме», «Жетісуым», «Қапшағай», «Келе жатыр құс қайтып» сынды жиырма шақты тамаша әндерді арнап жазған. Ол М.Маңғытаевтың «Сағыныш», Ә.Бейсеуовтың «Айнашым», «Мұңайма», «Аспан қызы», Қ.Қуатбаевтың «Қарындас», «Шолпаным», Т.Базарбаевтың «Қаздар қайтқанда» сияқты көптеген эстрадалық әндерін сахнаға алып шыққан. * Әнші Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы АХА оркестрінде 20 жыл жетекші әнші болып қызмет атқарған соң, «Қазақконцерт» бірлестігі жанынан «Жазира» атты аспаптық ансамблін ашты. Енді Нұрғали жастарды таңдауға, ансамбльге тартуға белін бекем буып кірісті. Әрі қарай ансамбль еліміздің түпкір-түпкіріде концерттер бере бастады. Алжирде де өнерлерін көрсетіп, сол елдегі Кеңес елшілігі қабылдауында болған-ды, сонда, ұжым Құрмет мақтау қағазымен марапатталды. * Жанұя, туған-туыстары Нұрекеңнің 70 жылдық мерейтойы қңында «Өз елім» (мақалалар, сұхбаттар жинағы) кітабын жарыққа шығарды. * Қазақ халқының толағай көңіл ықыласымен сүйетін әншісі Нұрғали Нүсіпжанов бұл күндері қазақ халқына аянбай, барлық табиғат берген дарынын арнауда. Оның алдағы жылдары сүйсіндірер шығармашылығы үдей түсер. ## Гастролдік сапары Нұрғали Нүсіпжанұлының концерттік бай бағдарламасымен бүкіл Қазақстанды шарлап, ең алыс деген елді мекендерде өнерін көрсетіп, республикамыздың алыс-жақын аудандары мен облыстарында, шалғай елді мекендерде шағын фольклорлық, эстрадалық ансамбльдердің көптеп дүниеге келуіне ықпал етті. Ақиық әнші Қазақстанның орындаушылық өнерін Швеция, Финляндия, Моңғолия, Ауғанстан, Йемен, Ангола, Кипр, Португалия, Сирия, Грекия, Югославия, Алжир, Германия, Түркия, Польша, Қытай сияқты және басқа да көптеген шет елдерде абыроймен таныта білді. ## Еңбек жолы * Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында әнші; * 1966 – 1976 жылдары Қазақ телевизиясы мен радио хабарын тарататын мемлекеттік комитетінде музыкалық хабарлар редакторлығынан редакция меңгерушісі; * 1976 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінің жетекші әншісі болған (20жыл); * Қазіргі таңда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің солисі болып жұмыс істейді. ## Марапаттары * Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты; * Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (құрметті атағы); * Қазақстанның халық әртісі (құрметті атағы); * Өзбекстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (құрметті атағы); * Қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлығының лауреаты; * Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты; * «Құрмет ордені»; * 2011 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» мен марапатталған. * 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальі; ## Отбасы * Бірінші жанұясы: жары - Айгүл * Балалары: Бибігүл Нүсіпжанова, Алма, Дариға, Нұргүл, Нұрзар. * 2019 жылы Нұрғали Нүсіпжанов өзінен 45 жас кіші танымал журналист Жадыра Сейдештіге үйленді. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Майбалық – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. * Майбалық – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Майбалық – тұқытәрізділер отряды, тұқылар тұқымдасына жататын балық. * Майбалық – Ақмола облысы Бурабай ауданы, Есіл алабындағы ағынсыз көл.
Төлеген Айбергенұлы Айбергенов (08.03.1937 , Қоңырат ауданы, Қарақалпақстан, Өзбекстан - 29.08.1967, Нүкіс қаласы, Қарақалпақстан, Өзбекстан) - ақын. ## Биографиясы Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қаракалпақ елінің Қонырат деген жерінде дүниеге келген. Жетіру тайпасының Табын руынан шыққан. 1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педогогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп,туған ауылында мұғалімдік қызмет атқарады. ### Балалық шағы Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1959). 1959-62 ж. Қоңырат аудындағы орта мектепте мұғалім, 1962-65 ж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар I мектебінде директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Айбергеновтың өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан "Жас дәурен" атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ыррақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары - "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат" (1965), "Құмдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Аманат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен таңдама-лы өлеңдері аударылып басылды. Айбергеновтың "Ақ ерке, Ақ жайық", "Жаңғырған Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол турапы жазылған "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді. ### Қазақстанға қоныс аудару ### Қайтыс болуы * Сағындым жаным, мен сені! * Көркіңді жүрген қуаныш қылып, мендей ме екен бар ағаң, * Шын інім болсаң, бас бұрма, жаным, өсек – ғайбатқа бораған. * Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек десек те, * Адамның заңғар ұлылығын сен сағынышымен есепте. * Онсыз сен тіпті тұлпар да болсаң, қосыла алмайсың қатарға * Әуелі әбден сағынып алмай шығушы болма сапарға. * Сағынбай барсаң, теңіз де сенің тебіренбес жастық шағыңдай, * Бұлбұлдың дауысын есіте алмайсың, бауларға кірсең сағынбай. * Сағынбай барсаң, таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап, * Ойлауың мүмкін дүниені мынау кеткен екен деп тас қаптап… Айтулы толғауды осы бір жерден үзеріміз үзіп алып, әрі-сәрі күйге түстік. Көз жауын алардай жауһарды сындырып алғандай, соның сіздерге тек бөлшегін ұсынғандай пұшайман болдық. Осы бір жырдағы алабұртқан екпін, тау суындай күркіреген қарқын, бірінен-бірі туындап, сытыла шапшыған бұла сөз толқын, буырқана бұлықсып атқыған сезім серпіні үзуге, іркуге келер емес еді, көнер емес еді. Жыр жүйрік. Апшы қуырған асау ағыс. Аяғына дейін жіберіп, ат басын ағытқан осынау бір тұлпар шабысты тек тамашалай бергің келеді. Тамсана бергің келеді. Ақын үніне үн қосып, сөз шығындап жатқың келмейді. Мың құбыл шұғылалы жыр жауһарларын назарларыңызға бірінен-кейін бірін ұсынып, айберен толғауға үнсіз ден қойып отыра бергің келеді, осынау сұңғыла шабысқа қосыла қол шапаттап отыра бергің келеді. Төрт аяғы тең жорға Төлеген жырларын, шашасына шаң жұқпас ақпа жырларға қара сөзбен түсініктер жазып сипаттап, суреттеп жату — бір әурешілік. Қазақтың арнасы кең жыр дариясына сонау алпысыншы жылдар аяғында бір бүйірден апшып келіп, бір ақжал толқын ұрғаны есте. Төлеген — толқын. Арқырап ақжалданып шиыршық атып келген толқын. ## Айбергенов құрметіне * Оңтүстік Қазақстан облысы Темірлан ауылындағы орталық көшелердің біріне ақынның есімі берілген. * Оңтүстік Қазақстан облыс орталығы – Шымкент қаласындағы, сондай-ақ Сарыағаш қаласындағы көшелер оның есімімен аталады. * Оңтүстік Қазақстан облысының аудан, қалаларындағы бірнеше мектептер ақын есімімен аталады. * 2001 жылы әкімдіктің қаулысымен Астана қаласының N16 орта мектебіне ақынның есімі берілді. 2007 жылы 23 желтоқсанда осы оқу орны басшылығының бастамасымен мұнда Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығына арналған мемориалдық мұражай ашылды. * Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы «Айбергенов әлемі» деректі фильмі, оның өлеңдері мен әндеріне бейнероликтер түсірілді. ## Сілтемелер * Төлеген Айберген шығармалары Мұрағатталған 13 ақпанның 2012 жылы. ## Дереккөздер
Нұралы хан (1748-1786) — билік құрған. Әбілқайыр хан өлген соң, 1748 жылы Кіші жүздегі хандық таққа оның ұлы Нұралы отырды. Бұл шешімді Ресей патшайымы Елизавета Петровна бекітті. Нұралы патшалық билік тарапынан бекітілген бірінші қазақ ханы еді. Патша үкіметі бұл әрекеті арқылы ендігі уақытта қазақ жұрты хан ретінде мойындаған сұлтанды хандық дәрежеге бекіту немесе бекітпеу өз еркінде екендігін білдіруі еді. Бұл қазақ халқының дербес мемлекеттігін жоюға бағытталған алғашқы қадам, сондай-ақ "Патшалық ішінде патшалықтың болуы мүмкін емес!" деген стратегиялық бағыт көрінісі болатын. ## Өмірбаяны Нұралы хан да әкесі Әбілқайыр сияқты ел арасындағы ықпалды топтардың қолдауына сүйене алған жоқ. Әкесіне ұқсап ол да алғашқы жылдары жалпықазақтық тақтан үміткер екендігін білдірді де, бірақ сыртқы істер коллегиясы И.И.Неплюевтің кеңесі бойынша, Нұралы ханның өтінішін қолдамады, сөйтіп бекіту грамотасында оның билік ауқымын белгілемей, жай ғана "қазақ ханы" атады. Бұл қазақ коғамын жеке хан билігі арқылы басқарудан бас тарту еді. Нұралы ханға дара қолдау көрсету өз ретінде Абылай хан, Барақ хан және басқа ел арасындағы аса беделді билеушілерді Ресейге қарсы қоюмен тең болды. Осы жағдайды ескере отырып, Петербургтік билік Неплюев ұсынған, қазақ қоғамындағы ықпалды топтардың бірде-бірінің басқалардан ерекше күшейіп кетуіне жол бермей, олардың арасында күштер "тепе- теңдігін" сақтау саясатын ұстануға көшті. Сөйтіп, қазақ саяси элитасын баскарудың ресейлік әдісі осылайша орныға бастаған еді. Ресей үкіметінің бұл саясатының орнығуына қазақ коғамының ішіндегі билеуші топ арасындағы алауыздықтың етек алуы, сондай- ақ Нұралы ханның ел арасында беделінің жоқтығы колайлы жағдай туғызды. Әбілқайыр ханның ескі жауы Батыр хан ІІ Нұралыны хан ретінде мойындаудан бас тартып, Сырдарияның төменгі ағысындағы шекті тайпасының старшындары оны өздеріне хан сайлайды. Сөйтіп, Кіші жүз екі хандыққа бөлініп, солтүстік-батыс бөлігі Нұралы ханға, ал оңтүстік-шығыс бөлігі Батыр ханға қарады. Егер Нұралы ханның Ресейге тәуелділігі жыл өткен сайын арта түскен болса, Батыр сұлтан өзін Ресейден алысырақ ұстап, Хиуа хандығының қолдауына сүйенуге бейімділік танытады. Нұралы хан билігінің әлсіреуіне оның көрші халықтармен екі жаққа бірдей тиімді қатынас орнықтыра алмауы да үлкен әсерін тигізді. Оңтүстік шекарада Хиуаға бағынышты түрікмендермен арада бейбіт қатынастың орныға қоймауы салдарынан Нұралы әскері біріккен өзбек-түрікмен қолдарынан қирай жеңіліп, мыңнан аса қазақ жігіттері опат болды. Ханның Еділ мен Жайықтың арасындағы торғауыт қалмақтарымен қатынасы да өзара жаугершілік сипатта болды. 1771 жылы қысында патшалықтың езгісі мен зорлығынан Жоңғар жеріне кашқан торғауыттарды Нұралы хан Ералы және Айшуақ деген інілерімен бірге аяусыз тоналды. Нұралы ханның саясаты Кіші жүз қазақтарының башқұрт халқымен арақатынасының шиеленісуіне алып келді. 1755 жылы Башқұртстанда Ресей езгісіне қарсы жаңа көтеріліс бұрқ ете калды. Патша әскерінің қуғынынан ығысқан елу мыңға жуық башқұрттар қазақ даласына еніп, қазақтармен біріге орыс шабуылынан қорғанудан үміттенді. Орынбор губернаторы И.И.Неплюев Нұралы ханға және басқа қазақ билеушілеріне арнайы грамота жолдап, онда башқұрттардың малы мен мүлкін тонап, өздерін құлға айналдыруға шақырды. Бұл үндеу қазақ ауылдары арасында кең қолдау тапқан жоқ. Тіпті орыс билігінен бірігіп корғану мақсатында жетіру тайпасы жерінде қазақ-башқұрт аралас қолдары құрылып, шекара бекіністеріне шабуылдар да жасалынды. Дегенмен Орынбор губернаторының тілегін орындауға кірісіп кеткен Нұралы мен оның інілері башқұрттарды тонап, олардың басшысы Батырша Әлеевті орыстарға ұстап беруге күш салады. Бұл сатқындық әрекеттен қазақ пен башқұрт елдері арасындағы туыстық қатынас бұзылып, өзара жаугершілікке ұласуына жол ашты. Көршілерімен араздасқан Нұралы хандық ішінен де қолдау таба алмады. Патшалық әкімшілікпен ғана жақын болу жолына түскен ханның рубасылармен арақатынасы алшақтап кетті. Хандықтың күнделікті өміріне байланысты шақырылып тұратын билер кеңесі де сиреп, билердің ел басқару ісіне араласу мүмкіндігі тарыла түскенді. Ал Нұралы ханның Жайықтың оң жақ бетіндегі жайылымдарды пайдалануға патшалык әкімшіліктің келісімін ала алмауы, соның салдарынан мал шаруашылығының дағдарысқа ұшырауы ханның беделін біржола құлдыратты. 1785 жылы генерал-губернатор О.А.Игельстром II Екатерина патшайымға: "Рубасылары мен халықтың ханға наразылығы соншалықты зор, тіптен өздерінің берекесі мен тыныштығын алушы ретінде қарайды", — деп жазды. 1772 жылдан бастап Кіші жүз қазақтарының отарлық билік пен хан-сұлтандардың зорлығына қарсы азаттық қозғалысының басында тұрған Сырым батыр өзін қолдаған рубасыларымен біріге отырып, Нұралыны биліктен аластау мәселесін қояды. Генерал-губернатор қозғалыс басшыларының бұл талабын орындап, 1785 жылы Нұралы ханды Орынборға шақыртып алып, оған қызметкерімен бірге тұруға Уфадан жарамды үй бөлдіріп, күнкөріс үшін жылына 5 мың сом қаржы тағайындайды. ## Әдебиет * Ерофеева И.В. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах/Автор проекта, введения, биографий ханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор И.В.Ерофеева. Алматы: АО «АБДИ Компани», 2014. - 696 с. + вкл. 44 с. — ISBN 978-9965-832-26-0.
Несіп Жүнісбайұлы, спорт журналисі, жазушы, Қазақстан Республикасының Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, тоғызқұмалақтан ҚР спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы һәм Жоғары ұлттық дәрежедегі төрешісі, спорт тақырыбына жазылған бірнеше кітаптың авторы. Несіп Жүнісбайұлы 1994 жылдан 2006 жылға дейін қазақ журналистері арасынан алғаш болып Азия спорт журналистері одағы атқару комитетіне, Азия олимпиадалық кеңесінің баспасөз комитетіне мүше болып сайланған, көрнекті спорт қайраткері. ## Сыртқы сілтемелер «Намыс» – түптің түбінде қайта айналып соғар идея(қолжетпейтін сілтеме)
Бейбіт Қорған - әнші, 1981 жылы 17 қыркүйекте, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Береке ауылында Қорғановтар отбасында дүниеге келген. Шығармашылық жолын өздерінің жанұялық ансамблінде бастаған. Содан соң мектеп қабырғасында жүріп ән айтып халыққа таныла бастаған. 2000 жылы «Жас қанат», «Азия дауысы» байқауларына қатысып өз бағын сынап, жақсы жетістіктерге жете бастады. Қазірде жас таланттар үшін өзіндік өнер мектебі болған «Гүлдер» ансамблімен қауышып, әншілік өнерін жалғастыруда. Бейбіт жастардың Дарын сыйлығының иегері, оның танымал өлеңдері "Сен", "Шоқ қыздар", "Тыңдашы жаным" және т.б.
Насыбай темекі ұнтағына күл, қалампыр қосып жасалатын ащы, күшті иісті зат. Насыбайды құмарлық үшін атады. Саптыаяқ (үккіш) темекі жапырағын әбден ұнтақтап, арша немесе сексеуіл, қайың, тобылғы, қылша күлін қосып, оған су сеуіп әзірлейді. Оның бұйра Н. деген түрі де болады. Бұйра Насыбайды ұнтақтап, су сепкен соң тесік қалбырдан өткізеді. Оны көбінесе астыңғы ерінге кейде тілдің астына салады. Оны атпай, тек иіскеу үшін пайдаланатындар да бар. Дәстүрлі қазақ қоғамында Насыбай әшекейленіп жасалынған мүйіз шақшаға, құтыға салынған. Насыбайдың денсаулыққа зияны көп. ## Сілтемелер * Нашақорлық * Темекі * Арша ## Дереккөздер
Құндыз Жаппасқызы Қаламбаева (21 қыркүйек 1962 жыл, Алматы) — қазақ қобызшы. Ол сәби шағынан әкесінің өнерпаздығын құлағына молынан сіңіріп өсті. Оның анасы Гүлжамал Әбдіжапарқызы ән айтатын-ды. Негізінен ол үй шаруасында, бала тәрбиесімен айналысты, 1969 жылы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балалар мектебінің табалдырығын аттап басында фортепиано бөлімінде, ал 5 класстан бастап прима-қобыз сыныбына ауысты. Оның ұстазы әкесі Жаппас Қаламбаевтан қобызда орындаушылықтан тәлім-тәрбие алған, өзі де атақты қобызшы, ұлағатты ұстаздықты Зере Бейсембаева қолына алды. 11 жылға созылған оқу мерзімін тәмамдағысын, Құрманғазы атындағы консерваторияға қабылданды. Мұнда ұстаздықты Зере Бейсембаева жалғастырды. Құндыз Қаламбаева 3 курс студенті шағында оқуға үздіктігі және консерваторияның қоғамдық жұмыста белсенділігі үшін өмірінде алғаш рет құрмет грамотасымен марапатталып, бұған қоса кеңестік және ұлттық музыка өнерін насихаттаудағы жетістіктері үшін Республиканың Лениндік комсомол комитетінің грамотасымен марапатталды. Бұл кезде Құндыз өнерде жоғары шеберлік танытып, Республикалық аспаптық сайыста жүлдегер атанды. Осы ұжымға оны әйгілі бас дирижер, КСРО халық әртісі Шамғон Қажығалиев шақырған еді. В.И.Лениннің тұғанына 113 жыл толуына арналған сайыста 2-орынды жеңіп алды. Орындаушыларының 1-республикалық сайысында 3-орынды иеленді. Дарынды қобызшы Құндыз Жаппасқызы Қаламбаеваның өркениетті өнері бағаланып, оған 1998 жылы ҚР еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы, 2009 жылдың 20-желтоқсанында Елбасы жарлығымен ол «Құрмет» орденімен марапатталынды. Ол Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы АХА оркестрінің орындаушылар конкурсында «Қобыз», «Қыл қобыз» номинациясы бойынша қазылар алқасының мүшесі болды. Бұл конкурс «Ұлы композитордың» асыл мұрасын кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, дарынды жастарды дәстүрлі музыканың кәусар бұлағынан сусындатып, шеберлігін шыңдауға ықпал ету мақсатында ашылған-ды. 1986 жылы «Жігер» атты Республиканың сайыста Құндыз 1-орынды жеңіп алды. ## Дереккөздер
Ашаршылық — саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат. Оның ашық және жабық түрі бар. Біріншісі — мүлдем үнемсіз қалу да, екіншісі — үнемі шала құрсақ болып жүру. Екеуі де ауруға, індетке, өлімге әкеліп соқтырады (қ. Ашығу). А. жеке адамның не отбасының ашығуы емес, бүтін бір аймақтың, халықтардың, мемл-тердің басына түсетін нәубет. Оның соңы адамдардың жаппай қырылуына алып келіп, халық санын күрт азайтып жібереді. Адамзат баласы өзінің ұзақ тарихында әр түрлі себептерден: қуаңшылықтан, жұттан, соғыстан, қолдан жасалған дағдарыстар мен күйзелістерден және геноцидтен соң күшті А-тарға жиі ұшырап тұрған. Қытайда, Үндістанда, Ресейде, Африкаелдерінде болған ғаламат Ашаршылықтар тарихтан белгілі. Жер бетінде адамзат баласы санының демогр. дүмпуінен кейін, 21 ғасырда экон-сы, әсіресе, ауыл шаруашылығы артта қалған кейбір дамушы елдерде Ашаршылық жайлауы мүмкін деп болжанады. Дегенмен, болашақта өркениетті елдердің өзара халықар. ынтымақтығы нәтижесінде ондай қауіптің алдын алуға болады. ## Қазақстандағы ашаршылықтар Көшпелі Қазақ қауымы күшті жұт жылдары ғана болмаса, өзінің өткен ұзақ тарихында А-қа сирек ұшыраған. Тек “ақтабан шұбырынды...” сияқты жаугершілік жылдары, саны -ге дейін кеміген. Жаңа заманда Қазақстан тарихында екі алапат ашаршылық халық жадында қатты сақталған. Олардың алғашқысы — 1921/22 жылы болған ашаршылық Оның басты-басты екі себебі бар: алғашқысы — Ресейдегі Азамат соғысының кесірінен Қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы (қ. Азық-түлік отрядтары, Азық-түлік салғырты), екіншісі — табиғи апат, қолайсыз ауа райы салдарынан орын алған жұт. Респ-да 1920 және 1923 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы санақтарының және Қазақстандағы жерге орналастыру мөлшерін белгілеген экспедицияны басқарған профессор С.П.Швецовтың мәліметтері бойынша 1921 жылғы ашаршылықта Қазақстан халқы 30%-ке дейін азайған. Кейбір елді мекендерде нәубет халықтың 100%-ін қамтып, олар түгелдей дерлік босып, жолда, біразы атамекенінде қырылып қалды. Санақ материалдары 1921 — 1922 шаруашылық жылында Батыс Қазақстандағы шаруалар шаруашылықтарының 1920 жылмен салыстырғанда 23,8 процентке қысқарғанын, Ақтөбе, Торғай аймақтарында шаруашылықтардың үштен бірінің жойылып кеткенін көрсетеді. 1921 жылғы ашаршылық Батыс Қазақстан халқының 31,4 процентін алып кетті.Санақ материалдарының толық болмауы осы ашаршылық жылдарында қанша адамның қырылғанын нақты айтуға әлі де мүмкіндік бермей отыр. Екінші ашаршылық 1930 — 33 жылы болды. Оның себебі — Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, содан туындаған шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою, бас көтертпес ет, астық т.б. ауыл шаруашылығы өнімдері салықтары, көшпелі және жартылай көшпелі Қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру науқандары болып табылады. 1926, 1937 және 1939 жылдардағы санақтар материалдарындағы олқылықтар осы А-тағы адам, басқа шығындар санын дәл анықтауға кедергі келтіріп, ғалымдар арасында әр түрлі пікірлердің өрістеуіне себеп болды. Дегенмен, осы А-та Қазақстандағы ауыл халқы санының кемуі туралы Қазақ АКСР халық шаруашылығы есептеу басқармасының әр түрлі жанама есеп-статистикалық құжаттар (салық есебі, мал есебі және т.б.), сондай-ақ 1937 жылғы Бүкілодақтық халық санағының алғашқы мәліметтеріне сүйенген ресми дерегі бар. Осы деректер бойынша Қазақстанның ауыл халқы 1930 жылдың 1 маусымынан 1933 жылдың 1 маусымына дейін 3 млн. 379,5 мың адамға кеміп кеткен. Егер бұл кемуден 1 млн-нан астам босқындарды шығарып тастасақ, 1930 — 33 жылдардағы аштық құрбандарының 2 млн. 200 мың адамнан асып түсетінін аңғарамыз. 1992 жылы осы мәселені арнайы зерттеген Қазақстан Республика Жоғарғы Кеңесі Төралқасының комиссиясы өзінің қорытындысында былай деп жазды: “Қазақ елі аштықтан және соған байланысты індеттерден, сондай-ақ табиғи өлім деңгейінің үнемі жоғары болуынан 2 млн. 200 мың адамнан, яғни барлық Қазақ халқының 48 процентінен айрылды”. Ашаршылықтан Қазақстанда қазақтардың үштен бірі ғана қалды. Негізінен жас балалар мен Әйелдер қырылғандықтан оның демогр. зардабы ауыр болды. Қазақтардың сан жағынан өсуін қатты тежеді. Кейіннен асыра сілтеушіліктің шын мәні саяси бүркемеленгенімен бұл А. “қызыл қырғын”, “голощекиндік геноцид” деген тарихи атқа ие болды. Голощекиндік геноцидтің Қазақ халқына алып келген шығыны әлем тарихында (процент есебімен) гитлершілдердің Еуропадағы еврейлерге жасаған сойқанымен пара-пар келіп, Кампучиядағы “қызыл кхмерлер” зардабынан асып түседі. 1932 мешін жылы болған бұл зұлмат 20-ғасырдағы адамзат баласына қарсы жасалған ең өрескел қылмыстардың бірі болып саналады. Әр жылдың 31 мамыры күні Қазақстан халқы осы “қызыл қырғын” құрбандарын еске алады. ## Фильм 1992 — "Нәубет" режиссері: Қ.Умаров ## Сыртқы сілтемелер * Ашаршылықтың ащы шындығы. Бейімбет Майлы. Күлпаш * Алашорда әскерінің ұраны: «Жасасын, Отанның адал ұлдары!» * Қазақ жерін отарлау қалай жүргізілді? Бекен Қайратұлы.(қолжетпейтін сілтеме) * Ашаршылықтың ащы шындығы * Ашаршылықтың ащы шындығы 2 * Ашаршылықтың ащы шындығы - 3
Темір Нұрбақытұлы Бекмамбетoв (орыс. Тимур Нурбахытович Бекмамбетов; ағылш. Timur Nurbakhytovich Bekmambetov; маусымның 25, 1961, Гурьев қаласы, Қазақ КСР) — шығу тегі қазақ, клипмейкер, продюсер, кинорежиссер. ## Өмірбаян 1961 жылғы 25 маусымда Атырау қаласында дүниеге келген. Әкесі Нұрбақыт Бекмамбетов — "Гурьевэнэрго" - да жұмыс жасаған, анасы — Мира Богословская облыстық партиялық-кеңестік "Прикаспийская коммуна" газетінің редакторының орынбасары , әдеби қызметкері болды. C.M.Киров атындағы №17 орта мектебін бітірді. Мәскеулік Энергетика Иститутында оқыды, бірақ оқуын бітірмеді. Кейін Ташкент қаласына қоныс аударды. Еңбек жолын 1986 жылы “Перед большой дорогой на войну” телефильмінде қоюшы- суретші болудан бастаған. 1987 жылы А.Островский атындағы Ташкент театр-көркемөнер институтын бітірген. Ол кезде оның мамандығы "театр және кино суреткері" болды. Сонда ол Виктор Вержбицкиймен танысты. Ақырында ол оның тұрақты, үздіксіз актерi болды. Ашғабадта армияда қызмет етті. "Ильхом" театрында және "Өзбекфильм" киностудиясында суретші болып қызмет істеді. 1978 жылы 17 жасында ол Мәскеуге қоныс аударып бейнебаяндар түсірумен айналысты. ## Киномансабы 1989 жылы "Кредит Москва" банкіне жарнамалық сюжетін даярлады. 1989-1990 жж “Даттана” франциялық компаниясымен “Арал теңізі” көркем фильмнің жобасында қызмет атқарды. 1994 жылы Сорренто кинофестивалінде әділқазылардың арнайы жүлдесі мен арнайы киносыншылардың Кинотаврдегі арнайы сыйлығын иеленген “Пешаварский вальс” толық метражды фильмі сценарийінің авторы және режисері болды. 1994 жылы Карловы Вары Халықаралық кинофестивалінде ең үздік режиссерлік жұмыс пен актерлік құрамның жүлдесіне ие болды. Менатеп банкінің жарнамалық бейнебаяндарының авторы. 1994 жылы Михаил Лесиный, "Видео Интернешнл" компаниясының жетекшісі арқылы Сергей Родинов, "Империал" банкінің президентімен танысады. 1992-1997 жылдар аралығында Cергей Родиновтың тапсырысы бойынша 20 жарнамалық ролик түсірді және түсірген жарнама роликтері кейін оны аудиторияға кеңінен танымал етті. 2002 жылы "Сэлдом”, “Пепси”, “Славянский” банкілері туралы жарнамалар түсірген. “Риал рекордс” компаниясы тапсырысы бойынша Юлия Чичеринамен бірлесіп 3 музыкалық “Ту-лу-ла”, “Жара”, “Дорога” клиптерін түсірді. “Жара” клипі Ресей кино академиясының арнайы жүлдесіне ие болып, “MTV Music Awards-2000” номинациясына ұсынылды. РТР телеканалының тапсырысы бойынша сегіз сериялық теледидарлық көркем "Наши 90-e" атты фильмін түсірді. Роджер Корман студиясы үшін "Гладиатрикс" фильмін түсіруге шақырылды. Түсірілу Ресейде басқарылды, фильм 2001 жылы экрандарда жарық көрді. 2002 жылы "ГАЗ-русские машины" атты фильмін түсірді. 2004-2005 жылдары оның атағын шығарған Сергей Лукьяненконың "Ночной дозор" және "Дневной дозор" аттас романы бойынша түсірілген фантастикалық фильмдерінің режисері әрі тең авторы. 2005 жылы Голливудқа шақырылған болатын. Эльдар Рязановтың рұқсат етуімен бірнеше ұрпақтың сүйікті киносына айналып үлгерген "Ирония судьбы" фильмінің де жалғасын түсіріп, бұл картина Ресей кинобизнесіндегі долларлық табыс табу рекордын түбегейлі жаңартты. 2006 жылы Жерар Депардье түскен ұялы телефон операторына арналған екі жарнамалық роликтің режисері. 2008 жылы әлемдік прокатқа "Особо опасен" фильмі шыққан алғашқы аптада 80 миллион доллар жинап үлгерген, әйгілі Анджелина Джолидің қатысуымен Голливудта түсірген фильмінен кейін, Темір Бекмамбетов Астанада өткен 5-ші халықаралық "Еуразия" кинофестивалының құрметті қонағы болды. ЗАО "Империал фильм", киностудия "ТАББАК" және Базелевс Продакшн компаниясының ұйымдастырушысы және бас директоры. ## Фильмография ## Марапаттары ## Бейнебаяндары * Чичерина «Ту-лу-ла» * Чичерина «Жара» * Чичерина «Дорога» Продюсерлер: Аллен Нибло, Джеймс Ричардсон ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Темір Бекмамбетовтың өмірбаяны IMDb cайтында * Тимур Бекмамбетов(қолжетпейтін сілтеме) * «Астана» халықаралық экшн-фильмдер фестивалі кеше салтанатты түрде шымылдығын түрді.
Байұлы тайпасының Жағалбайлы руынан шыққан. ## Торғайдың Мұрағатталған 14 қазанның 2016 жылы. төбе биі немесе шен қумаған Шеген би хақында. Қазақтың көрнекті ақиық ақыны, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғафу Қайырбеков өлең жырмен: * «Арғынның жалпақ жатқан сүйегінің, * Ортанғы жілігіндей ірі буын. * Әйгілі тархан Жәнібектің ұрпақтары, * Көтермеген ешкімнің шіренуін»- деп суреттегендей, Торғай төңірегі үшін тұғыры биік тұлға, арғын тайпасының батыры, Еңсегей бойлы Есім ханның қолбасшыларының бірі болған Шақшақ Аманжолұлынан Көшей, Көшейден Қошқар, Қошқардан атақты тархан Жәнібек туған. Шыққан тегі - Орта жүздің Арғын тайпасынан.Халық өзінің сүйікті ұлын кезінде «Шақшақ Жəнібек», «Шақшақұлы Жəнібек», «тархан Жəнібек» деп атап кеткенімен, Шақшақ оның әкесінің де, руының да аты емес,үшінші атасының аты.Шеген бидің ұлы атасы - Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың замандасы, қатар жүрген қаруласы, қарадан шыққан хан - Шақшақ Жәнібек батырлығымен де, ел билеген саясаткерлігімен де, алдын болжай алатын көрегендігімен де, шешендігімен де алты Алашқа аты шықса, Жәнібектің ұлы, Абылай ханның қарулас серігі, қырғыздарға қарсы күрескен Абылайға көмек берген және Пугачев үндеуімен танысқан соң, соғысты қолдауға шешім қабылдаған - Дәуітбай тархан да, немересі Мұса тархан да заманында Кіші жүзбен Орта жүздің арасындағы белгілі саясаткерлердің, беделді ел билеушілері болғандары тарихтан белгілі.(Шақшақ-Жәнібек-Дәуітбай-Мұса-Шеген).1759 жылы 9 қаңтарда Ресейдің соғыс министрлігі алқасының жарлығымен тархан атағы Жәнібектің үлкен баласы Дәуітбай батырға көшіріледі. «Тархан» деген сөз өте көнеден келе жатқан тарихи ұғым. Ресей рәсімдеуінде тархандықты - князь, сұлтан, сұлтан болғанда біздегідей төре тұқымынан шыққандығынан ғана емес, араб елдеріндегідей ақылман ойлы, терең толғамды ел билеушісі, әскер қолбасшысы деген мағынада берген.2006 жылы Алматы қаласында «Арыс» баспасы, ҚР генералдар кеңесінің төрағасы, әділет генерал майоры, профессор Қайдаров Р.Е. басшылығымен «Генералы Казахстана» деген орыс тілінде кітап шығарды. Кітапта «Указ императрицы Элизоветы Петровны о присвоени звания тархана Жанибек батыру был опубликован 26 тамыз 1742 года: Тархана Жанибека следует считать первым, признанным соседними народами, военным главнокомандующим казахского народа» делінген. Кітапта белгілі орыс тарихшысы А.И.Левшиннің 1723 жылы: «Не будь Жанибека тархана, вся Северная часть казахской степи очутилась бы под копытами войска джунгарского хунтайчи Сыбана Рабтана» - деген сөзі де берілген (18 б.).Осы келтірілген дерекке сүйенсек, бұл атақ қазіргі егемен еліміздің әскери басшыларына берілетін «Генерал» дәрежесімен тең, жоғарыда аталған «Генералы Казахстана» кітабына енуі де сондықтан....Шақшақ Жәнібекке берілген тархандық ұрпақтан-ұрпаққа берілетін тархандық. Мұндай тархандық жағдайында тарханның баласы да тархан аталып, әкесінің тархандық құқықтық пәрменділігін пайдалану құқығы берілген. Жәнібек тарханның немересі Мұса Дәуітбайұлы да 1806 жылы мұралық жолмен тархан атағын иеленген.Ал, Жәнібек тарханның шөбересі Шеген Мұсаұлы 1847 жылдың желтоқсан айында мұралық жолмен берілуге тиісті тархандық атағын беруін сұрағанда, патша үкіметі оған Кенесары ханды қолдадың, Торғайдан әскери бекініс салуға қарсы болдың деп, тархандық атақ бермеді. Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін тархандық құқықты заңдылықтарын патша үкіметі өзі бұзып отырғандығын осыдан байқаймыз. Ал, тархандық атақ беру Ресейдің Басқарушы Сенат жарлығымен 1869 жылы ғана жойылғаны тарихтан белгілі. Дәуітбай тарханның үш әйелінен тоғыз бала болған. Олар: Шомақ, Абылай, Абыз, Мұса, Мысық, Құралай, Шүрегей, Шүрек және Болтай. Шеген-Дәуітбай тарханның ортаншы баласы Мұса тарханнан туған.Шеген Мұсаұлы 1791 жылы атасы Шақшақ Жәнібек тархан бабамыз ту тіккен қасиетті Торғайдың әйгілі де киелі Тосын құмында дүниеге келген. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың дегендей,Шеген жастайынан зерек болып өсіп, жасында ел арасында қайтпас ер мінезімен, есейе келе батырлығымен, содан кейін ел билеуге араласа келе әділдігімен де, шешендігімен де көзге түседі.Шеген би кедей-көпшілікке қайрымды-мейрімді болып, қолының аса ашықтығы үшін жай ғана Шеген емес, Шеген мырза атанған. Ол мырзалық жағынан атағы иісі Орта жүзге тараған. Елге Шеген сөзі-жазылмаған заң. Ол айтқан билік-екі қаралмайтын үкім болған. Шектен тыс әділдігі табиғи түрде заңдылыққа айналған. Ол туралы ел аузында, «Шешілмеген шиеленісті Шеген шешкен», «Ойда Шеген, қырда Беген тұрғанда қазақты қай жау алады» - деген сөздер көп.Бірде ел кезіп жүрген диуана қарттан қал жағдайыңыз қалай?-деп сұрағанда. Сонда ол: «Жазда-қырда Бегенде, қыста-ойда Шегенде жүрмін»-деп жауап беріпті. Осы берілген жауаптан-ақ, Тобыл-Торғай өңіріне белгілі екі бидің адам қамы үшін, ел тілегі үшін әрбір ауыр істі оның ауыртпалығына қарамай қайыспай көтеріп,қамқоршы болғандарын көрсетеді.Беген-тарихта Қарабалуан аталып кеткен Алдиярұлы Жанұзақтың немересі, Тобыл бойында өмір сүрген батыр.Жаугершілік заманда бірі Торғайда, бірі Тобылда атқа қонып, Арқа атырабына қорған болған батырлар. Атақты Өске Торқаұлы: «Арғыннан Беген мен Шеген шықты»()-деп жырға қосуы да,әрине тегіннен тегін емес. Шеген би және оның елге тұлға болған ұрпақтары туралы әр жерде әр түрлі әнгімелер бар.Кеменгер суретшіміз, данышпан ойшылымыз Мұхтар Әуезов те Шеген биді қазақ билері арасынан бөлек бағалап, ерекше ықылас білдіріп «Хан Кене» пьесасына бас кейіпкер етіп суреттегені тарихтан белгілі.Мысалы, Кіші жүз Жылгелді Жаппас руы Басықараның Қанапиясы: * «...Құдай артық жаратқан, * Орта жүзде Шегенді. * Ешкімге мен тең көрмеймін, * Бірімжанның бес жанын. * Өтетілеу, Бектеміс-Алтынсары, * Бәрі бүтін теп-тегіс»-деп айтқан екен. Шегеннен жеті ұл - Шолақ,(Кенесары батырларының бірі болған),Қазыбек(Әділ би),Бірімжан(Ел билеуші),Бектеміс(Асқан бай болған,ел аузында «Бектеміс уйіне қонақ туссе жылқы сойылады»-деген сөз қалған.),Өтетілеу (Шаруа кісі,қажы),Ділдабек (Жастай қайтыс болған) және Алтынсары (Батыр тұлға болған) және екі қыз – Айман,Айшық.Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин Шегеннің үлкен қызы Айманнан туады.Бұларды ақын Басықарының Қанапиясы айтқандай, «Бәрі бірдей теп-тегіс» десек те,бір қолдың бес саусағы да бірдей емес.Олардан өскен ұрпақтан елге мәлім тұлға болғаны алғашқы екеуі ғана.Қазыбек (1813-1869)-елге мәлім әділ би,Бірімжан(1817-1873) елге қамқор алғашқы кезде керуен басы,кейін ел баққан билеуші болған.Ол жиені Ыбырай Алтынсаринді Торғайға алдыртып,орысша бала оқытып,қара халықтың сауатын ашу үшін мектеп ашқан.Үлкен қалаларда өтетін жиындарға қатысып,орыс тілін білмегендіктен татар тілмашына қанағаттанбай,елдің игі жақсыларын жинап,діндарларды қатынастырып көрші орыс тілін білу қажет деп тауып, «Мұсылман болған адамда қырық парыз болса,орыстың тілін оқып білу қырық бірінші парыз болсын»-деп ұйғарым жасаған.Бұл сол кездегі надан елдің басындағы үлкен мәселе еді.Соны көрегендікпен көре білген Бірімжан оқыған-тоқыған азаматтарға жағдай жасап,ілім-білімге көп күш жұмсайды.Ыбырай Алтынсарин да нағашы атасының қалай көмектескенін өзінің естеліктерінде айрықша мақтанышпен әңгімелейді.Белгілі бір аймақтар мен ірі рулық қауымдарда үлкен құрметке ие болған билер төбе би аталған.Олардың лауазымы мен ықпалы шыққан аймағынан тысқары жерге жүрген.Олардың алдына әділдік іздеп басқа өңірлер мен аймақтардан рулардың өкілдері де келе беретін болған.Торғай тарихының өткен кезеңдеріне зер сала қарасақ,тағдырдың талай қысталаң шақтарында елдің сол кездегі тұрмыс-салтына,мұң-мұқтажына қызу ат салысып,ел ішінде және одан тысқары жерде ішінара болып тұратын барымта,ұрлық-қорлық,жер мен жесір дауының жанжалы сияқты теріс қылықтарға тыйым салып,ағайынның бірлігін сақтауға шақырып отырған билер болған.Бұл талғамдар Торғайдың төбе биі атанған Шеген биге де тән қасиеттер.Осы пікірді оған қарата айтсақ,оның да елден тысқары жердің сол кездегі тұрмыс-салтына,мұң-мұқтажына қызу ат салысқаны белгілі.Тура билігіне жүгініп,әділет іздегендер қазақтың кең байтақ жерінің әр қиырынан ағылып келіп,әділет жоқшысы ретіндегі билігіне риза-хош көңілмен аттанған екен.Шеген дала шонжарларын біле-сүйе отырып билеген.Салт-санаға көптеген жаңалығын именбей батыл енгізген. Ол ру басылары мен игі жақсыларды орыс мәдениет үлгісіне үйрете отырып,қазақы билік айтқан.Оның арнайы хатшысы мен поштабайы болған.Хатшылық қызметті Тәкі қожа мінсіз атқарған. Поштабайы еліміздің қалаларынан тысқары жерге- Ресейдің Орынбор,Омбы,Орск қалаларына қатынап,мінсіз қызмет атқарған.Бұл жөнінде Ресей Федерациясы Орынбор облыстық Мемлекеттік мұрагаты (РФ ОрОММ)-№36 қорында «Арғын руының биі Шеген Мұсаұлының хаттары» туралы құнды деректер сақталған.Билікті Шеген би ерсілі-қарсылы адымдап,түрегеп жүріп айтқан екен.Әрбір үкім,әрбір іс оның жанынан-санасына қаншалық салмақ артқанын елестетуге болады.Көпшілігі білімдарлық пен шеберлікті талап ететін сияқты.Шеген би заманында айтқаны қате кетпеген,аузы дуалы,елге қамқор бола білген,ел құрметіне бөленген ірі тұлға болған.Солай бола тұра,ісімен де,сөзімен де қазақ тарихында аты қалған осынау даланың дарабозының өмірін арнайы зерттеген адам болған жоқ.Осыдан 15-16 жыл бұрын (1994ж) «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының №2 номерінде ғалым Сәкен Созақбаев Ы.Алтынсариннің өміріне арналған «Нағашы ата» деген мақаласында Шеген би айтты деген сөздер келтірілген.Солардың ішінде: * Ел болған соң қоныс керек, * Қоныс үшін соғыс керек. * Хан болсаң халық керек, * Халық үшін салт керек. * Би болсаң даналық керек, * Даналық үшін саналық керек. * Батыр болсаң білек керек, * Білек ушін жүрек керек. * Кедей болсаң кәсіп керек, * Кәсіп үшін машық керек. * Молда болсаң азан керек, * Азан үшін асылған қазан керек. * Сері болсаң сән керек, * Сән үшін ән керек,-болмаса: * Хан азғаны сол болар, * Әділеті жоқ болса. * Бай азғаны сол болар, * Сақау аты жоқ болса. * Ел азғаны сол болар, * Ынтымақ-бірлік жоқ болса. * Жер азғаны сол болар, * Шыққан шөбі жоқ болса. * Қол азғаны сол болар, * Ұшқан құсы жоқ болса. Енді бірде Шеген би былай дейді: Ер жігіттің белгісі, * Қара бура нармен тең. * Талапсыз ердің тірлігі, * Қара топырақ жермен тең. * Саясы жоқ бәйтерек, * Сазға біткен талмен тең. * Пайдасы жоқ көп байлар, * Арам өлген малмен тең. * Жетесі жаман бозбала, * Тоқсанға келген шалмен тең. Бұл өзі,әр сөзі кімге болса да ой салар,ұзақ жыр деуге болады.Ел аузындағы әнгімелерде,шешендік сөздерде оның есімі әрқашан алты Алашқа белгілі шешен билермен бірге аталады.Мәселен:Бір дауда жастай даналық билік айтқан бір балаға Шеген сыртынан қарап тұрып: «Мына бала исі қазаққа үлгі айтарлық ұл екен,құста сұңқар қыран екен,жылқыда тұлпар құнан екен,сүйегі асыл ұл-ақ екен» депті.Бұл жастай ақылымен көзге түсіп,Шеген биді өнеге тұтқан тегі Бесқараның Қырықмұлтығы-Құлжа би еді.Ол Шегеннің сұртаңдай биі атанып,заманында мерейі үстем,артында көп сөзі,әділдігі аңыз болған жан болған.Күзембаев А. «Қазақтың дәстүрлі сот жүйесі және Қостанай- Торғай өңірінің билері»,Қостанай баспасы.,2009 жыл. Шеген би көзі тірісінде ата-қонысын тікелей өз қамқорлығына алып,баладай баптап-күткен,көзден таса етпеген.Ауыл сырты,маңайы да аса таза күтімде тұрған.Мыңғырған мал сырт өзендерден суарылған.Қонақ қабылдау да жаңаша болған.Сый-сияпаттың баршасы аса жоғары дәрежеде өзінің қадағалауымен жасалған.Ал кеңес-билік айту кемел түрде «Кеңес төбеде» өткен.Шеген асты көпшіліктен бөлек ішкен,ешкіммен де табаққа бірге қол салмаған.Келген қонақты қанша елпілдеп жылы қарсы алғанымен ығысып ешкімге орын бермеген.Мұның бәрі Шегенді игі-жақсылардың ортасында шоғыры биік тұлға еткенге ұқсайды.Бұл- Шегеннің сыртқы мәдениеті ғана емес,туа біткен ерекшелігі мен аса үйлесімді табиғатымен ұштасқан қасиеті.Cондықтан да ел аузында: «Шеген қонақты төрге шығарса да төбесіне шығармаған»-деген сөз қалған.Мұсаұлы Шеген би қандай адам болды?-деген үлкен сауал көптен бері жыртшылықтың көңілінде жүргені рас.Бірақ оған жауап бұдан екі ғасыр бұрын берілгені белгілі.Оған көзі тірісінде алты Алаштың игі жақсылары да,қазақтан тыс басқа да ұлыс өкілдері де өз бағаларын берген.Мәселен Болатбек Нәсеновтың «Абыралы Сарыарқаның кіндігі».(Нәсенов Б. «Абыралы Сарыарқаның кіндігі».Новосибирск.2002.2т.125,126,127,242,б.) кітабында Шеген бабамыздың игі істері жайында біраз мағұлыматтар беріліпті.Автор Кенесары көтерілісі жөнінде құжаттармен танысқанын,солардың ішінде Шеген биге байланысты жайлар кездесетінін айта келіп, «Менің түсінігімде бұл атамыз өте ақылды,кең пейілді,мырзашылығы мол жан»,-деп жазады.-Әрі өте бай болған.Сол себепті кімде-кім не нәрсеге кемтар болса,соларға шын пейілмен көмектескен.« Кенесары саясаты дұрыс»-деп санап,оған көмегінде аямаған.Бірақ толығымен оның саясатына беріліп те кетпеген.Бұл атамыз қазақ халқының ақ жарқын,қонақжай арам пиғылы жоқ,таза өкілі»-деп жазған.Он жылға созылған Кене көтерілісіне Шеген елі толық атсалыспаса да,хан Кенені өле-өлгенше қолдап,Торғай даласынан жер беріп,Шолақ деген үлкен ұлын сарбаздарымен Кенесары-Наурызбай жасағына қосқаны үшін патша ағзамына «жақсы» атанбады да.Хан Кене екеуі-найза ұшында емес,ақыл-қайрат ұшқындаған сөз намыс үстінде куш сынасқан нағыз ерлерше табысқан.Сондықтан болар ел аузында: «Торғайда бір құтым бар-Мұса-Шеген»-деген хан Кене айтқан сөз қалған.Өз дәуірінде би болып,ел тағдырына бел шеше араласқан Мұсаның жолын-қазақ даласына Ресей отаршылдары Торғай жерінен бекініс сала бастағанда ең алғаш қарсы тұрып,ұлттың болашағы үшін жанын берген баласы Шеген би жалғады.Қазақ жерінің бір шұрайлы бөлігі Торғай өзені бойынан бекініс салу үшін орыс отаршылары ел билеушісі Шегеннен келісім сұрап,оны жеңілдету мақсатында биге Қайып ханның шөбересі,Кіші жүздің Шығыс бөлімінің билеуші-сұлтаны Ахмет Жантурин арқылы сый-сияпат жібереді.Сыйлықтың артында не жатқанын түсінген би,одан бас тартып,сұлтан Ахмет Жантуринге хат жазады.Хатта: «Ахмет мырза! Жіберген шекпеніңді жамылдым-келіншек болдым,сақинаңды салдым-қыз болдым,сағатыңды тақтым-бозбала болдым.Біз сияқты үлкен кісіге бұлар лайықсыз екен,маған жараспайтын заттар екен,сондықтан қайтарып отырмын.Төрем,мен Сізден сый-сияпат дәметпеймін.Бұл қылығыңды қоймасаң-саған тақтық сұлтандық жоқ,маған билік жоқ.Мынадай мақал бар: «Құс қанатымен ұшып,құйрығымен қонады».Біз кеңесіп іс қыла алмадық,сондықтан мен өзімді лауазымды би,сені тақтық сұлтан деп ойламаймын.Мен «Ахмет ақылдасатын болар,ойымызды ортаға салармыз деп ойлағанмын,бірақ бұлай болмады,сондықтан мен өзіммен- өзім ақылдастым.Неліктен бұлай,білмеймін.»-деп жазыпты.Бекмаханов Е. «Қазақстан ХIХ ғасырдың 20-40 жылдарында».А.,Санат,1994.,176-180 б.Патша сыйлығын қабылдамау,бұрын-соңды болмаған жағдай.Осындай бірбеткей қасиеттері үшін Шегенді Торғай елі «Шеген батыр»-деп қадыр тұтқан.Орыс отаршылдары Шегеннің бұл пікірінен қайытпайтынын біліп,түрмеге салуға ұйғарып арнайы солдат аттандырады.Сөйтіп,Торғайда салынған патша түрмесінің алғашқы қонағы Шеген би мен оның хатшысы Тәкі қожа болған.Бұл жөнінде ауыздан-ауызға жетіп келе жатқан ақынның мына жолдары да дерек бола алады. * «...Батырдан Мұса-Шеген би, * Патшадан келген шекпен сый. * Алдауыш деп алмаған, * Олжа деп көзін салмаған. * Көнбейді деп алдауға, * Жүрмейді деп айдауға. * Қаранғы үйге қамаған, Сұлтаумен патша алған кек»-деп жырлайды.Шеген биге патша үкіметінің сый-сияпат көрсетуі де,абақтыға жабуы да лақап емес,өмірде болған жағдай.Қосабаев Ж.Атамекен ақиқаты:Торғай туралы толғау.А.,Айқап.,1995.,48-49 б.Шегенді қалайда өлтіру әрекетін ойластұрған ұлықтар түрмеден шығарарда,мінетін боз айғырдың үзенгісіне у жағуға айла табады.Шеген түрмеден шығысымен жайлаудағы елге бара жатып,қаладан 25 шақырым жердегі Қарасайдың қазіргі «Бозайғыр»деген жерде мінген бозайғыры сүрініп жығылып,мерт болады.Шеген осыдан кейін ауырып,көп ұзамай 1848 жылдың күз айында қайтыс болады. Халықтың қатаң талап етуімен Шегенді Торғай түрмесінен босатқанда,елге келген Шеген биге халық жиналып сәлемдесуге барады.Сонда ауызы дуалы,сөзге шешен Қыпшақ Қара Тайпен деген кісі ел атынан, «Базарда қымбат болды-ау ұнның пұты,келдің бе,аман-есен елдің құты»-деген екен.Бұл ел азаматтары Шегенді қалай бағалағанын көрсетеді.Сондай-ақ,Шеген қайтыс болған жылы осы елде Талпақ деген кісі де қайтыс болады.Сонда тағы да Тайпен, «Шегенді алған құдай-Талпақты боқ құрлы көрсін бе»-деп айтқан екен.Елдің дәл осылай құрметіне бөленген Шеген асқан ерлігімен,әділ билігімен,ықпалы жүрген асқақ рухты,тұғыры биік тұлға еді.Шеген би есімі тек Торғай өңірінде ғана емес,бүкіл Орта жүз бен Кіші жүзде де аса құрметпен аталады.Бұл-оның ел тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргенінің айғағы.Бұған Шеген бидің замандасы,тағдырласы-Беген бидің «Шеген би дүниеден өтті»-деген суық хабарды естігенде: «Шеген өлді дегенше,ойда әділет өлді десейші»-деп ,жер таянып,көзіне жас алуы да куәлік етеді.Бұл-Тобыл мен Торғай өңіріне тірек болған екі асылдың бірінің екіншісіне берген бағасы.Өйткені олар иық тіресе бірге жүріп,бір-бірінің қадыр-қасиетін жете таныған Тобыл-Торғай өңіріне белгілі алыптары болған.Шеген Мұсаұлы-отарлау саясатының алапат қысымын өзгерте алмаса да,Торғай еліне патша ұлықтарының зорлық-зомбылығын көрсетпей,бірлік пен ынтымаққа бастаған әділ би,ірі ұйымдастырушы,шешен дәрежесіне көтерілген тұлға болды.Жиені Ыбырай Алтынсарин да оның табиғат берген ерекше қасиетін жоғары бағалап, * «...Ол кезде Орта жүзде Шеген шықты, * Халайық айыбынан,ызғарынан,қойдай ықты»-деген еді. Сол кездегі елдің игі жақсылары Шегеннің суйегін Түркістандағы Жәнібек бабасының қасына апарып қоюды ұйғарады.Тосынның аршасымен құндақтап оның мәйітін алып шыққын топқа жолда кедергілер кездесіп,ілгері жүре алмай амалсыз Cыр бойының Қаратау маңындағы бір көлдің жағасына жерлейді.Кейін бұл көлді жергілікті халық «Шеген»көлі-деп атап кеткен.Әр заманның әртүрлі әрекетіне байланысты,ол кісінің басына Торғай елінен барған адам жоқ.Көзі тірісінде Торғай төңірегінде шежіре-абыз атанған,тоқсанды бастап барып қайтыс болған әкеміз Ғабдужәлел Қарабаланың айтуы бойынша тек-қана 1960 жылдары Қылылордада тұрған ұрпағы педагог-ғалым Кәрім Есжанұлы бабасының жерленген зират басына барып, зиярат жасап, тәу ете дұға оқып қайтқан екен.Ел аузында сақталған мұнадай сөз бар:Бірде Ерден Сандыбайұлы тегі Қараман Арқарұлы Тілеміс биге мақтанып,әкесі Сандыбайдың кесенесін көрсетіп: «Қалай нағашы,ұнады ма?» дейді.Сонда Тілеміс би: «Өліде Сандыбайдың тамы артық,адамда Шегеннің басы артық»-депті.Тілеміс бидің көрегендікпен айтқан сөзі келді.Еліміз егемендік алғанға дейін небір асылдарымыздың аты аталмай,жерленген жерлері анықталмай келді.Аңсаған тәуелсіздіктің арқасында өткен жылдың жазында еркіндіктің айғағындай Қостанай қаласында тұратын филология ғылымдарының кандидаты,көрнекті ақын Серікбай Оспановқа Сыр елінен хат келген болатын.Ол қуанышты хабарды жеткізуші Торғайдың тумасы Несібелді Ералина деген кісі.Онда Шегеннің бейіті Тереңөзек ауданының Ақтаған деген жерінде екендігі айтылады.Ауыл ақсақалы руы Көкмұрын Қалжан қарт бала кезінде Шеген көліне суға түсіп жүріп,сол маңдағы төрт құлақты тамның басына шыққандарын,сонда үлкен кісілер : «Бұл жерде Арғынның әулиесі жатыр,киесіне қаласыңдар, ауыздарың қисайып,аяқтарың сынады»-деп ұрысқанын есіне алып,Несібелді апайға бейіттің орнын көрсетіпті.Қалжан қарттың сөзін сексен бес жастағы Найман Құрмаш деген сол ауылдың ақсақалы да қостап,шымнан көтерілген тамның қасында жас кезінде көп болғанын, өкінішке орай ол жерде қазір үйінді-төмпешік қана қалғанын. Ал көл маңайын Орта жүзден Қарақыпшақтар мен Көкмұрындар жайлап,ашаршылық кезінде балық аулап,күн көргендерін,сондықтан жергілікті халық «Шеген көлі»-деп атайтынын растапты.Айта кетуіміз керек,Шеген биге кесене орнату ұрпақтарының арманы болып келген. Әз баба басының әлі күнге дейін қарайтылмауы оның жүздеген ұрпақтарының жанына батып,жүрегін сыздатуда.Ендігі міндет:Ақ жарма әділеттігімен,ақ берен тектілігімен,шешендігі,мәрттік төзім-сезімімен ерекшеленетін Шеген бидің белгісіз жатқан орнына кесене тұрғызып,әз бабамызды еліне қауыштыруға ниеттенген ұрпақтарына Алланың нұры жаусын дейміз.«Ел үмітін ер ақтар,ер атағын ел сақтар»-дейді дана халқымыз.Торғайдың төбе биінің өмірі мен еңбегін насихаттауда тындырылған іс тоқмейілситіндей аса көп емес.Бұл бағыттағы жұмыс соңғы екі-үш жылдың көлемінде ғана қолға алына бастады. Қостанай облысы Жангелдин ауданында атақты Тосын құмының іргесінде орналасқан бұрынғы Станция бекетіне Шеген би есімі беріліп,кем дегенде бір ғасырдан астам уақытты қамтитын мүлгіген тыныштық,ұйқылы-ояу тіршілікке жан біте бастады.2008 жылы Қостанай облыстық соты мен «ҚР судъялар Одағы Қостанай облыстық филиалының» бастамасымен тарих ғылымдарының докторы,профессор Аманжол Күзембаевтың басшылығымен құрылған ғылыми экспедиция құрамы Торғай өңірінде болып,сол оңірде өмір сүрген,билік еткен билер туралы біраз құнды деректер жинады.Осы деректер негізінде Қостанай қаласында өткен жылдың күзінде «Қазақтың дәстүрлі сот жүйесі және Қостанай-Торғай өңірінің билері»-атты кітап басылып шығарылып, «Тобыл-Торғай билері» деректі кинофильм түсірілді.Қостанай-Торғай өңірінде жүзге тақам билер өмір сүрген.Солардың ішінде тарихта аты қалған,елге белгілі арғын Шеген мен қыпшақ Наурызбайдың,керей Тоқсан билердің шоқтығы жоғары тұрған.Экспедиция қорытындысы бойынша Қостанай қаласында «Билер институтының дамуы» деген тақырыпта өткізілген аймақтық ғылыми-теориялық конференцияның шешімімен осы жоғарыда аты аталған үш биге облыс орталығының төрінен көше атын беру мәселесі көтерілгені құптарлық жағдай. Шеген биді тарихтың төріне шығарып тұрған нәрсе-оның шын мәніндегі қара қылды қақ жаратын турашылдығы,сөз бастайтын ділмарлығы мен саясатшылығы.Жомарт табиғат Шегеннің бойына атты адам түсіп,жаяу адам жатып қарайтындай ғажайып қасиеттер дарытқан.Қатарынан иығы асып тұратын науша бойы,көрген жанның көзін қарықтыратын сұлу пішін,аттылы-жаяуға бірдей жауынгерлік шалым мен қыран құстай байқағыш шалымдығы көрініс тапқан. Осының бәріне қоса тәңір Шегенге халқы үшін жанын ойланбай құрбан ететін асқақ рух,мәрт мінез,жомарт пейіл мен дарын берген.Халық әрбір тарихи тұлғаға үш жақты көзқараспен қарайтыны белгілі.Біріншісі,ол тұлғаның өмір сүрген ортасы,тарихтағы өз орны және келешек ұрпақтардың өсіп-даму жолы,қоғамдағы орны.Орта жүзде Жәнібек тархан ұрпақтары ел басқару дәстүрін жалғастырған.Шеген Мұсаұлы 4 мың түтін Арғын руының Жоғарғы Шекті бөлімін басқарған. Мен бабамыздың әрбір ұрпақтарына талдау жасау ойынан алшақпын және ол шағын мақалада оңайлықпен алдыра қоятын қамал емес екендігі белгілі. Шегеннен тараған ұрпақтар Торғай және одан тысқары жерде Алаш қозғалысына,ғылым мен оқу-ағарту,ел басқару ісіне белсене ат салысқаны белгілі.Жиені Ыбырай Алтынсаринді Торғайға алдыртып,қазақ жерінде бірінші мектеп ашуға мұрындық болды.Алғаш мектеп ашылғанда оқуға 11 бала тартылады.Оның төртеуі Шегеннің ұрпағы,Бірімжанның Қорғанбегі мен Әбдібегі,Өтетілеудің Хайролласы және Бектемістің Омар деген балалары оқыған.Бастапқы мектепті үздік бітірген Шеген бидің балалары,кейін ел басқаруға ат салысты.Мысалы,Мұса тархан немересі Қазыбек Шегенұлы хорунжий атағымен 37-дистанцияны басқарса, Бірімжан Тосын болысын 1869-1873 жылдары ,Дәуренбек 1873-1915 жылдар арасында,Жақып 1915-1928 жылдыр аралығында болыстыққа сайланып қызмет атқарған.Мұның өзі тархандар әулетінің ел басқару билігінде ұзақ уақыт бойы болғандықтарын дәлелдейді. Ал, Ыбырай ашқан мектеп ағартушылық дәрежеде қалған жоқ, сонымен қатар қазақ сахарасында білімге,ғылымға шақырған ортаға айналды.20-шы ғасырдың басында Алаш қозғалысы дүниеге келгенде,оның басшыларының бірі болған Қазан университетінің заң факультетін 1896 жылы алтын медальмен бітірген,қазақтың алғашқы зангерлерінің бірі,Ресей мемлекеттік Думасына қатарынан екі рет депутат болып сайланып,ел қамын жеп,Дума мінбесінен сөз сөйлеген Ахмет Бірімжанов пен алыс шетелде,сонау Германия елінде оқып,білім алған інісі Ғазымбек Бірімжановтар жүрді.1916 жылы 25 тамызда жарияланған Ақ патшаның 19 бен 43-тің арасындағы қазақтарды тыл жұмысына алу туралы бұйрығы қазақ елін дүрліктіріп жіберген болатын.Осынау алғашқы дүрбелеңнің басы-қасында Шеген ұрпақтары да болды.Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің сардары болып,бабасы Жәнібек тарханның туын ұстаған Қасымхан Алтынсары есімі Кенес кезеңінде ұмыт қалса да,келер ұрпақ жүрегінде мәнгі сақталады деп сенеміз.Кейін кенес кезеңінде қызмет атқарған ұрпақтарына тоқталсақ, Нұрхан Қорғанбекұлы халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі Д.А.Қонаевпен бірге Мәскеудің түсті металдар және алтын институтын бітіріп,Қазақ Республикасы совнаркомының тау-кен инспекциясының төрағасы қызметін атқарды.Қазақ жастары арасынан алғашқылардың бірі болып,тау-кен инженері мамандығын алып,дамуына өз үлесін қосуға құлшына кірісіп жүргенде 1944 жылы ол қастандықтан қаза тапты.Сөйтіп қазақтан шыққан алғашқы білікті кен инженерінің бірі жанбай жатып сөнеді.Торғайдан шыққан тұнғыш Қазақ ССР-ы ғылым академиясының корреспондент мүшесі,көрнекті химик,химия ғылымдарының докторы,профессор,Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Бірімжанов Батырбек пен Торғай қыздары арасынан шыққан алғашқы медицина ғылымының докторы,профессор Бірімжанова Іңкәр мен медицина ғылымының докторы Бірімжанова Әнел және педагогика ғылымдарының докторы Кәрім Есжанов пен химия ғылымдарының докторы Қабиев Төкен де Шеген әулетінен шыққан текті жандар . Ғылымдағы олардың ісін алға апарып,жалғастырып жүрген бүгінгі ұрпақтары да баршылық.Мысалы,әкесі Бірімжанов Батырбектің ісін жалғастырушы баласы-химия ғылымдарының докторы Бірімжанов Рүстем мен геология-минерология ғылымдарының докторы Қ асымов-Бірімжанов Мұхиттің есімдерін атауға болады.Шеген ұрпақтарынан еліміздің құқық қорғау жұмысына да ат салысып,абырой-атаққа ие болғандары да бар.Мәселен,Ахмет-юст атанған-Ахмет Бірімжанов 1917 жылы Қостанай уездік милициясын құрып,жұмысын ұйымдастырса,Қасымхан Алтынсарының немересі Кенес Арыстанов ширек ғасырдан астам уақыт бойы республика ішкі істер министрлігі саласында жауапты басшылық қызметтер атқарды.Ол 1988 жылы Алматы каласы ішкі істер басқармасы жанынан елімізде бірінші болып құрылған ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімін басқара жүріп,сол кезде астанамызда ұйымдасқан аса қауыпты екі қылмыстық топты құрықтау барысында жургізілген жедел іс-қимыл шаралары кезінде көрсеткен ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған тәртіп сақшылардың алғашқылырының бірі болды.Қазақстан журналистикасының дамуына өз үлесін қосқан байырғы баспагер-журналист,біраз жыл республикалық «Қайнар» баспасын басқарған,Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Әбдірашит Бектемісов пен ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің шәкірті және оның ісін жалғастырушы,жарты ғасырға жуық ұстаздық қызмет атқарған Ғалымжан Бектемісов пен Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалім,Ленин орденді Әбдісалық Жармағанбетовтың еліміздің оқу-ағарту ісі мен баспа жұмысына сіңірген еңбектері өз алдына бір тарих.Өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары аралығында Торғайда оқу-ағарту бөлімін басқарып,кейін аутком төрағасы қызметін атқарған,Торғай облысы кезінде облыстық деңгейде басшылық қызметте болған Әуезхан Жүсіпұлы да Шеген әулеті,Мұса ұрпағының лайықты жалғастырушысы бола білді.Жоғарыда көрсетілген қысқа шолудан аңғаратынымыз Шеген бидің ұрпақтары ұлы тарихи тартыс кезеңінен бастап,бүгінгі заманға дейін қоғамдық,шығармашылық және ғылыми қызметтерімен Шеген бидің лайықты ұрпақтары екендерін көрсете білуде.Қорыта келгенде Мұсаұлы Шеген ұрпақтарының халқымыздың рухани байлығына қосқан үлестері үлкен.Әрбір буын өкілдері халқымыздың әлеуметтік өмірі мен мәдениетіне.әдебиеті мен ғылымына намыс туын жоғары ұстап белсене араласты,өз уақытында биік деңгейден көріне білді.Сондықтан да Торғай халқы Шақшақ Жәнібек бабамыздың шөбересі Шегенді және оның ұрпақтарын құрмет тұтады.Сөз соңын Алаш рухты ақын Хамитбек Мұсабаевтың мына бір өлең шумағының жолдарымен аяқтағанды жөн көрдік: * Көкірегін-күйдірседе шер-шемен, * Кісілікті-адалдықпен өлшеген. * Айыр тілді абыз бидің біреуі- * Жәнібек тархан шөбересі ер Шеген!! * Болған ол да-атасындай паң ғажап, * Өр десең-өр,маңғаз десең-маңғаз-ақ. * Кең десең,-кең,сырбаз десең-сырбаз-ақ, * Тусын-туса сондай болып бір қазақ!! * Атақ-данқы күннен күнге көркейген, * Аңыз қылған жақсы-жайсаң бір көрген. * Шалқайғанға-одан әрі шалқайған, * Еңкейгенге-одан бетер еңкейген. * Айтқан сертте-Шегендей боп кім тұрды?! * Арсыздарды-құдай қорғап,ант ұрды. * Жендеттермен жең ұшынан жалғасып, * Есіл ерді айламенен өлтірді. * Жатыр ізі-сонау Торғай қырында, * Ақпа-төкпе ақындардың жырында. * Мұса бидің бел баласы би Шеген, * Болды шаһит Азаттықтың жолында!! * Сом алтынның,саф алтынның олдағы, * Сынығы еді, * Семсер еді-қындағы. * Тәуелсіздік таңы атқанда арайлап, * Көтерілсін көкке жетіп әруағы!!!. Р.S. Ақыннан асып не айтып, не қосасың?!.Алдағы 2011 жылы Шеген Мұсаұлының туғанына 220 жыл толады.Осыған байланысты оның өмірі мен қызметі жөнінде деректер жинау жалғасын тауып,осы жыл аталып өтілсе,ел болып әз бабамыздың алдындағы борышымызды атқарған болар едік.Әрине,ел аман,жұрт тыныш болса болашақта Торғайдың төбе биі атанған Шеген би туралы талай жырлар туып,шығармалар жазылар.Біздің борышымыз-қолымыздан келгенше соған ұйытқы салып,тақырып тамыздығын тұтату ғана. ҚР ІІМ-нің зейнеткері, Ертай Қарабала.
Ас , ас беру — өлім-жітімде жасалатын кәденің соңғысы, еске алу рәсімі. А. беруді “жылын беру” деп те атайды. Бұған арнайы сойылатын жылқыны марқұмның қырқында (қырқ күн өткен соң берілетін ас-су) тұлдайды. Оған көбінесе марқұмның мінген аты белгіленеді. Мұны жетісінде де белгілей береді. Тұлдау — сол аттың қара терін шығарып барып суыту. Жал-құйрығын күзеу. Сонан соң жүген-құрықтан азат етіп қоя беру. Қазақ А-ты бір жағынан той деп есептейді. Ат шаптырып, бәйге береді. “Аруақ риза болмай — тірі байымайды” дейтін қазақ дүниеден өткен туысқанының рухын риза етуді міндет санайды. А-тан кейін ол үйде (ауылда) қаралы ту түсіріліп, азалы күй тоқтатылады. Жесір қалған әйел тек ерінің А-ын берген соң ғана қайта тұрмысқа шығуға ерікті. А. беруге қайтыс болған адамның туыс, жекжат, дос-жарандары ат салысады. Осыған орай “Ас пен той ортақ” деген қағида қалыптасқан. Көзі тірісінде елге атағы жайылған, соңында қалған ағайын-туысы мол адамдардың А-ы ұлан-асыр той дәрежесінде өткен. Ондай А-та жүздеген ордалар, киіз үйлер тігіліп, үш жүзге бірдей сауын айтылған. Бұған әр елден есімі белгілі ақсақалдар, батырлар, ақындар, палуандар, әнші, жыршылар, көкпаршылар, мергендер арнайы шақырылып, жүйрік аттар келетін болған. 1860 ж. Ерден Сандыбайұлына А. берілгенде 500 үй тігілген, 160 жылқы, 200 қой сойылған. Ат жарыстың бас бәйгесі 100 жылқы болған. Осылай Ерденге үш рет А. берген. Үшеуіндегі шығын 1860 жылқы, 600 қой, 1000 саба қымыз болған. 1861 ж. Байдәулет Құлбекұлына берілген А-та бас бәйгеге 100 жылқы, 100 қой, 1 ақ отау, 10 түйе тігілген. 1874 ж. Лабақ Қуат баласының А-ы болған. Бұл А-қа 700 үй тігілген. Мұның сыртында шақырылғандар әруаққа деп малын, сойысын, сабасын және әкеледі. А-та елдің бірлігі мен байлығы, мырзалығы, біліктілігі сынға түседі. А. беру дәулетті адамдардың, ұйымшыл елдің ғана қолынан келген. Абылай ханның асы, Құнанбайдың әкесі Өскенбайдың асы, Арғын — Қарауыл — Ноғай Шауыпкел батырдың асы, Керей Сағынайдың асы, дулат Сыпатай батырдың асы бүкіл елге мәлім болып, аңызға айналған. Сағынайдың асына кеткен шығын атақты Тәж-Махал кесенесін салуға жұмсалған қаржымен бірдей болған.А. беру дәстүрі үзілмей жалғасып келеді. 1991 ж. Торғайдағы Ахмет пен Міржақыптың асы, 1992 ж. өткен Көкшетаудағы Абылай ханның, Ақмоладағы Бөгенбайдың, Талдықорғандағы Қабанбайдың астары халықтық дәстүрлердің қайта оралуының көрінісі болды.Әдеб.: Жүнісов А, Бабалар дәстүрі, А., 1992.Ас беру - дәстүр, қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси, рухани қатынастар жүйесіндегі атқаратын функционалдық қызметі әр кезеңдердегі тарихи-этнографиялық, ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиет пен көркем шығармаларда көбінесе отбасылық салт-дәстүрлер мен діни ғұрыптық жоралар жосындарының ішінде ат үсті ғана қаралып, арнайы зерттеу тақырыбы ретінде қаралмағаны белгілі. Көпшілік еңбектерде белгілі бір астардың көлемі, асты өткізу тәртіптері, ондағы орындалатын әртүрлі салт-дәстүрлік шаралар мен діни ғұрыптық жоралардың өткізілу (бәйге, балуан күресі, айтыс, жамбы ату, тұл аттың сойылуы, септің таратылуы, қаралы тудың сындырылуы т.б.) ретін суреттеу сияқты астың сыртқы формасын бейнелейтін деректердің тіркелуі басым. Ал астың қоғамдық қатынастарды реттеушілік әлеуметтік-саяси институционалдық рөлі жеке зерттеу тақырыбы ретінде әлі күнге дейін мүлде қаралмаған десе де боларлық. Дәстүрлі қазақ қоғамының көп қырлы тіршілік қалыбының жоғары өркениеттілікке тән әлеуметтік-саяси ұйымдасу санаты жоғары дәрежеде болып, үйлесімді өмір сүруінің бұлжымастығын қамтамасыз ететін экономикалық-саяси, әлеуметтік және құқықтық қатынастар нормаларының жиынтығы болды. Өйткені салт-дәстүр дегеніміз адам қажеттілігін өтейтін барлық материалдық, әлеуметтік және рухани құндылықтардың тоғысы. Оның ішінде әсіресе қай халықта болмасын өлген адамды соңғы сапарға шығарып салуға байланысты қалыптасқан салт-дәстүрлері–уақыт тезіне көне бермейтін, ғасырлар бойы өзгеріске ұшырай қоймайтын белгілі бір әлеуметтік-қоғамдық көзқарастардың, идеялық нормалардың ең бір консервативті түрі болып табылады. Қазақ халқының да өлген адамға байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер тәртібі, белгілі бір табиғи-экологиялық кеңістікті игеру жолында қалыптасқан қоғамдық-әлеуметтік, саяси жүйелердің жиынтығы ретінде этнография ғылымының ең өзекті мәселелерінің бірі десек артық емес. Оның ішінде, әсіресе өлген адамды шығарып салуға байланысты ғұрыптық циклдің қорытынды нүктесін қоятын ас беру дәстүрінің маңызы зор. Бүгінгі күні тәуелсіз еліміздің өзіндік ұлттық-мемлекеттік идеологиялық тұғырнамасын жасау, қалыптастыру мен дамытуда сан мың жылдар белесінен бүгінгі күнге дейін мазмұнын жоғалтпай жеткен, ұлттың ұжымдық ұйтқысының негізі болған салт-дәстүр, әдет-ғұрып заңдарының танымдық, тәрбиелік және құқықтық мәні бар белгілері негіз болуы шарт. Қазіргі уақытпен ежелгі көшпелілердің арасының алшақтығына қарамастан, ас беру дәстүрі әліде ел арасында өзектілігін жоғалтқан жоқ. Тіпті жалпы көшпелі өркениеттің күйзеліске ұшыраған уақыты XVIII-XIX ғғ. да ас беру дәстүрі қоғамдық қарым-қатынастардың жойқын реттегіш мәнде болды. 1991 жылдан бері тәуелсіз Қазақстанда әртүрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген елге сіңірген қызметі ұмыт болған қоғам қайраткерлеріне көптеген астардың берілгені белгілі. Бұл тек дәстүр жаңғырығы ғана емес, қазақ қоғамында ас беру дәстүрінің қоғамдық реттегіш қызметіне бүгінгі күні де сұраныстың жоғалмауының белгісі. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дәстүрлі қазақ қоғамының өмір сүру қалыбын ішінара жан-жақты сипаттауға ұмтылған салмақты зерттеу жұмыстары XVIII ғасырдың екінші жартысында басталды. Бұл зерттеулердің қазақтың көшпелілік дәстүрлі құрылымына берген бағасын дәл анықтау тарихнамалық еңбектердің басты мақсаты. Бұл салада Қазақстан ғалымдары тарапынан қол жеткен жетістік аз емес. XVIII-XIX ғасырларда Ресейдің қазақ даласын отарлау кезеңіндегі әртүрлі шараларды іске асыруға бағытталған көптеген империялық әскери-азаматтық, дипломатиялық мекемелердің қызметі (әртүрлі мақсаттағы негізінен әскери экспедициялар, әскери-азаматтық басқару органдары) мен жекелеген чиновниктердің қағаз бетіне түсірілген жазбаларының тарихи-деректік құндылығы басым. Осы кезең зерттеушілерінің өкілдері эмпирикалық мәліметтерді көбірек жинауға ден қойды десек артық айтқандық емес. Осы зерттеушілердің қай-қайысы да қазақ өмірін, тілін жақсы білгендіктен еңбектерін ел арасынан өздері жинаған мәліметтер негізінде жазған. Олардың барлығында қазақтың ас беру дәстүрінің әдеттегі өлген адамды шығарып салуға байланысты орындалатын діни ғұрыптық салттан өзгеше қоғамдық мәні аса жоғары халықтық жиын екеніне назар аударылған.
## КИЖ-дің Торғайлық тұңғыш түлегі. Ғабдужәлел Қарабала 1916 жылы 5 мамырда Қостанай облысы бұрынғы Торғай облысы, Жангелді ауданы, Тосын болысында туған. Ол қазақ халқының ардақты, елінің мақтанышы болған әйгілі Шақшақ Жәнібек тарханның ұрпағы. Жастай әке-шешеден жетім қалып, Торғайда балалар үйінде тәрбиеленген.Атақты ұстаз Н.Г.Иванов басшылық жасаған орыс жетіжылдық мектебін оқып бітірген соң, еңбек жолын «Торғайдың Ғани Мұратбаевы» атанған Оймауыт Дауылбаевтың басшылығымен комсомол жұмысынан бастайды. Ғабдужәлел Қарабала 1935 жылы Ақтөбе өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен Алматы қаласындағы Қазақтың коммунистік журналистика институтына түсіп,оны ойдағыдай бітірген алғашқы қазақ жастарының бірі болды.Бұл жөнінде 1938 жылы шілде айының 18 жұлдызында Қаз.КИЖ-дің ректоры Балкашев, оқу бөлімінің меңгерушісі мен хатшысы Жеребятиев пен Ломакитаның қолдары қойылған сарғыш тартқан құжат куәлік етеді. Жоғары оқу орнын бітірген соң аз уақыт Қостанай облыстық «Коммунизм Таңы» газетінде бөлім бастығы қызметін атқарды. 1938 жылдың қарашасында азаматтық борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылып Фин соғысына қатысады.1940 жылы туған елге оралып Торғай ауданының «Социалистік ауыл» газетінде бөлім бастығы,редактор қызметтерін атқарды.1942 жылы майданға шақырылып, 19-шы Атқыштар дивизиясының «За Родину» газеті редакторының орынбасары болып,кейін Орал соғыс округінің құрамындағы Шұбаркөлдегі әскери дайындық оқу орнында саяси жетекші қызметін атқарды. Бейбіт өмірге оралғаннан кейін Қостанай облысының бірнеше аудандарында газеттің,кеңес және партия органдарында басшылық жұмыстарында болды. Зейнетке шыққаннан кейін біраз жыл Қостанай облысы Жангелдин аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы ретінде Ғабдужәлел Қарабала үлкен қоғамдық жұмыс-жас ұрпақты Отан- анаға шын берілгендік рухында тәрбиелеу ісіне араласты. Соғыс және одан кейінгі жылдары елінің алдында атқарған орасан еңбектері үшін бірнеше медальдармен және ҚазССР-ның Құрмет грамотасымен,сондай-ақ 2006 жылы Қазақстан журналистер Одағы республиканың қарт жорналшысы ретінде Ғабдужәлел Қарабаланы 90-ға келген мерейтойымен қызу құттықтап,Одақ төрағасы С.Матаевтың қолы қойылған Құттықтау хатпен марапатталды. Ғабдужәлел Қарабала ұзақ,жемісті де кемел өмір сүрді.Тоқсанға келгенше қаламы қолдан түспеген қарт жорналшы атанды.Елінің ,халқының игілігі үшін аянбай еңбек етіп,тоқсанды бастап барып 2007 жылы қайтыс болды.2011 жылы Ғабдужәлел Қарабаланың 95 жасқа толуына байланысты ұрпақтары оның жарты ғасырдан астам уақыт ұрпаққа үлгі берер сан-алуан тақырыпқа жазылған мақалалары мен қолжазбаларын және жүргізген күнделіктерін іріктеп жинақтап, «Ту ұстап,тарлан мінген тархан» атымен жеке кітап етіп жарыққа шығаруды жоспарлауда. Қарт жорналшының жазған дүниелері Торғай тарихы белестерінің құнды құжаттарына айналатыны ақиқат. Торғайдың жыр тарландары Нұрхан мен Ахметқан, Қайнекей мен Сырбай және Назарбектер Ғабдужәлел Қарабаланың тарихи тағылымды тақырыпқа жазылған еңбектеріне кезінде өз пікірлерін айтып, жоғары бағалап лебіздерін білдірген.Сөз соңын ақын Айбатыр Ахметбековтың мына бір өлең шумағының жолдарымен аяқтағанды жөн көрдік: * Ең бақытты мен Сізді қазақ дер ем, * Өз елінде орыны бар насаты төрден. * Гомер шалдың жалғасы Торғайдағы, * Кемел шағын елімен жасап келген. * Ел тілеген тілегін жолдағының, * Тұрар Торғай киесі қолдап ұлын. * Шежіресі өзіңсің қос ғасырдың, * Толғауы тоқсан және де толғамы мың. * Қасымханнан қалғандай жалын екпін, * Шеген бидей сөзіңнің мәні көп-тым. * Болса біреу,Сіз дер ем лайықты, * Деп айтуға ұрпағы Жәнібектің. * Қыспақты да көрдіңіз шет жағалап, * Ісіңізден көрінген тек қана ақ. * Қайнекейдей ақынның теңеп кеткен, * Шолоховы Торғайдың деп бағалап. * Кешегіден бүгіннің ұтқаны көп, * Атты елдің арайлы құт таңы боп. * Назарбектей ақынның мақтан тұтқан, * Өзіңізді далының Мұхтары деп. * Ерлер ісі қашанда орта аңызы, * Үлгі-өнеге ұрпақтың жортар ізі. * Ақын едім,сондықтан деп айтамын, * Қарт Торғайдың жаса деп қарт абызы. Р.S. Ақыннан асып не айтып,не қосасың?!...Ел аман,жұрт тыныш болса КИЖ-дің Торғайлық тұңғыш түлегінің есімі ұмытылмай,ел аузында аталып,оның игі істері соңына өшпес із қалдырары хақ. ҚР ІІМ-нің зейнеткері, Ертай Қарабала ## КИЖ-дің Торғайлық тұңғыш түлегі. Ғабдужәлел Қарабала 1916 жылы 5 мамырда Қостанай облысы бұрынғы Торғай облысы, Жангелді ауданы, Тосын болысында туған. Ол қазақ халқының ардақты, елінің мақтанышы болған әйгілі Шақшақ Жәнібек тарханның ұрпағы. Жастай әке-шешеден жетім қалып, Торғайда балалар үйінде тәрбиеленген.Атақты ұстаз Н.Г.Иванов басшылық жасаған орыс жетіжылдық мектебін оқып бітірген соң, еңбек жолын «Торғайдың Ғани Мұратбаевы» атанған Оймауыт Дауылбаевтың басшылығымен комсомол жұмысынан бастайды. Ғабдужәлел Қарабала 1935 жылы Ақтөбе өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен Алматы қаласындағы Қазақтың коммунистік журналистика институтына түсіп,оны ойдағыдай бітірген алғашқы қазақ жастарының бірі болды.Бұл жөнінде 1938 жылы шілде айының 18 жұлдызында Қаз.КИЖ-дің ректоры Балкашев, оқу бөлімінің меңгерушісі мен хатшысы Жеребятиев пен Ломакитаның қолдары қойылған сарғыш тартқан құжат куәлік етеді. Жоғары оқу орнын бітірген соң аз уақыт Қостанай облыстық «Коммунизм Таңы» газетінде бөлім бастығы қызметін атқарды. 1938 жылдың қарашасында азаматтық борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылып Фин соғысына қатысады.1940 жылы туған елге оралып Торғай ауданының «Социалистік ауыл» газетінде бөлім бастығы,редактор қызметтерін атқарды.1942 жылы майданға шақырылып, 19-шы Атқыштар дивизиясының «За Родину» газеті редакторының орынбасары болып,кейін Орал соғыс округінің құрамындағы Шұбаркөлдегі әскери дайындық оқу орнында саяси жетекші қызметін атқарды. Бейбіт өмірге оралғаннан кейін Қостанай облысының бірнеше аудандарында газеттің,кеңес және партия органдарында басшылық жұмыстарында болды. Зейнетке шыққаннан кейін біраз жыл Қостанай облысы Жангелдин аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы ретінде Ғабдужәлел Қарабала үлкен қоғамдық жұмыс-жас ұрпақты Отан- анаға шын берілгендік рухында тәрбиелеу ісіне араласты. Соғыс және одан кейінгі жылдары елінің алдында атқарған орасан еңбектері үшін бірнеше медальдармен және ҚазССР-ның Құрмет грамотасымен,сондай-ақ 2006 жылы Қазақстан журналистер Одағы республиканың қарт жорналшысы ретінде Ғабдужәлел Қарабаланы 90-ға келген мерейтойымен қызу құттықтап,Одақ төрағасы С.Матаевтың қолы қойылған Құттықтау хатпен марапатталды. Ғабдужәлел Қарабала ұзақ,жемісті де кемел өмір сүрді.Тоқсанға келгенше қаламы қолдан түспеген қарт жорналшы атанды.Елінің ,халқының игілігі үшін аянбай еңбек етіп,тоқсанды бастап барып 2007 жылы қайтыс болды.2011 жылы Ғабдужәлел Қарабаланың 95 жасқа толуына байланысты ұрпақтары оның жарты ғасырдан астам уақыт ұрпаққа үлгі берер сан-алуан тақырыпқа жазылған мақалалары мен қолжазбаларын және жүргізген күнделіктерін іріктеп жинақтап, «Ту ұстап,тарлан мінген тархан» атымен жеке кітап етіп жарыққа шығаруды жоспарлауда. Қарт жорналшының жазған дүниелері Торғай тарихы белестерінің құнды құжаттарына айналатыны ақиқат. Торғайдың жыр тарландары Нұрхан мен Ахметқан, Қайнекей мен Сырбай және Назарбектер Ғабдужәлел Қарабаланың тарихи тағылымды тақырыпқа жазылған еңбектеріне кезінде өз пікірлерін айтып, жоғары бағалап лебіздерін білдірген.Сөз соңын ақын Айбатыр Ахметбековтың мына бір өлең шумағының жолдарымен аяқтағанды жөн көрдік: * Ең бақытты мен Сізді қазақ дер ем, * Өз елінде орыны бар насаты төрден. * Гомер шалдың жалғасы Торғайдағы, * Кемел шағын елімен жасап келген. * Ел тілеген тілегін жолдағының, * Тұрар Торғай киесі қолдап ұлын. * Шежіресі өзіңсің қос ғасырдың, * Толғауы тоқсан және де толғамы мың. * Қасымханнан қалғандай жалын екпін, * Шеген бидей сөзіңнің мәні көп-тым. * Болса біреу,Сіз дер ем лайықты, * Деп айтуға ұрпағы Жәнібектің. * Қыспақты да көрдіңіз шет жағалап, * Ісіңізден көрінген тек қана ақ. * Қайнекейдей ақынның теңеп кеткен, * Шолоховы Торғайдың деп бағалап. * Кешегіден бүгіннің ұтқаны көп, * Атты елдің арайлы құт таңы боп. * Назарбектей ақынның мақтан тұтқан, * Өзіңізді далының Мұхтары деп. * Ерлер ісі қашанда орта аңызы, * Үлгі-өнеге ұрпақтың жортар ізі. * Ақын едім,сондықтан деп айтамын, * Қарт Торғайдың жаса деп қарт абызы. Р.S. Ақыннан асып не айтып,не қосасың?!...Ел аман,жұрт тыныш болса КИЖ-дің Торғайлық тұңғыш түлегінің есімі ұмытылмай,ел аузында аталып,оның игі істері соңына өшпес із қалдырары хақ. ҚР ІІМ-нің зейнеткері, Ертай Қарабала
Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы және ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, елдегі ең жоғарғы лауазым. ## Тарихы 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президентінің лауазымын белгілеу және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақ КСР заңымен Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланды. Сайланған кезінде Назарбаев Қазақстанды 1989 жылғы 22 маусымнан бастап Қазақ КСР Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып басқарған болатын. 1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанда тұңғыш рет жалпыхалықтық Президент сайлауы өтті. Дауыс беруге келген 88.2% сайлау 98.78% дауыс жинап Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. 1993 жылдың жаңа Конституциясы арқылы Қазақстанда қоғам дамуына динамика беріп, бірпартиялық саяси басқарудан, экономикалық монополия жүйесінен және тарихи идеологиядан бас тарту арқылы Жоғарғы Кеңеске қатысу ауқымды өкілет берілді. Бұл конституцияға сәйкес, президент жалпыхалықтық дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланды, бір адам екі мерзіммен шектелді. 1995 жылы 29 сәуірде президент Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту туралы референдум өтті. Мұны 91.26% келушілердің сайлаушылардың 95.46% қолдаған. 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл конституция бойынша президент жалпыхалықтық дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланды. Президент туғаннан Қазақстан азаматы болуы керек, 40 жастан кіші болмауы керек, мемлекеттік (қазақ) тілді еркін білуі қажет, Қазақстанда кемінде 15 жыл тұруы керек және жоғары білімі болуы керек. 1998 жылы 7 қазанда Қазақстан конституциясына, оның ішінде президентке қатысты өзгертулер енгізілді — оның өкілеттік мерзімі 7 жылға дейін ұлғайтылды, президент үшін белгіленген шектік жас мөлшерін (65 жас) алып тастады, оған міндетті түрде қатысу қажеттілігі де белгіленді, Президенттік сайлауда сайлаушылардың 50%-ы болып қажеттілігі жойылды, Қазақстанның барлық мемлекеттік қызметшілері үшін осындай шектеуді алып тастады. Конституцияға енгізілген өзгерістермен бір мезгілде кезектен тыс президент сайлауы белгіленді. 10 қаңтар күні 1999 жылы бірінші кезектен тыс президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев 79.78%, Серікболсын Әбділдин 11.7%, Ғани Қасымов 4.61%, Энгельс Ғаббасов 0.76% дауыс жинады. 2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстанда үшінші жалпыхалықтық президент сайлауы өтті. Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 91.15 % дауысын жинап, жеңіске жетіп, алдағы 7 жылда билікте қалды. Оппозициялық кандидат Жармахан Тұяқбай 6.61 % дауыс жинады. Ел тарихында алғаш рет кандидаттар арасында теледебаттар өтті. 2007 жылғы 21 мамырда Конституцияға, оның ішінде президент лауазымына қатысты өзгерістер қайтадан енгізілді. Парламенттік өзгерістері кезінде Ата заңға 30 түзету жасалды. Президенттің өкілеттігінің мерзімі 5 жылға өзгертілді. Бірақ, "бір адам қатарынан екі реттен артық президент болып сайлана алмайды" деген тармаққа "бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентіне қолданылмайды" деген есептеме қосылды. Сонымен өзара өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде президенттің саяси партиядағы қызметін тоқтатуына сөз қосылды. 2011 жылғы 3 сәуірде елде кезектен тыс сайлауы тағайындалды. Нәтижесінде жалпы дауыстың 95.5% жинаған Назарбаев қайта сайланды. 2015 жылғы 26 сәуірде Қазақстанда тағы бір кезектен тыс президент сайлауы жүргізілді. Сайлауда Назарбаев сайлаушылардың 97.75% дауысын алды да, тағы қайта сайланды. 2019 жылғы 19 наурызда президент Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігінің аяқталуына бір жыл қалғанда отставкаға кетті. Президент міндетінің атқарушысы болып Конституция бойынша Сенат төрағасы тағайындалатындықтан Назарбаевтың ізбасары Қасым-Жомарт Тоқаев болды. Көп ұзамай 9 сәуір күні Тоқаевтың жарлығы арқылы кезектен тыс президент сайлауының 9 маусым күні өтетіні бекітілді. Сайлау нәтижесінде Тоқаев жалпы дауыстың 70.96% жинады да, елдің екінші президенті болды. 2022 жылғы 17 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев конституцияға өзгертулерге қол қойды, оған сәйкес президенттің өкілеттік мерзімі 7 жылдық болды да, қайта сайлануға тыйым салынды. ## Президенттер тізімі Саяси партиясы     ҚКП     Отан → Нұр Отан     Аманат     Партиясыз Статусы Президент міндетін атқарушысын білдіреді Ескертпе16 желтоқсан 1991 жылға дейін мемлекет басшысын Қазақ КСР Президенті деп атайтын. ## Тағы қараңыз * Қазақстан Республикасының Вице-президенті * Қазақстанның бірінші ханымы * Қазақстан басшыларының тізімі ## Дереккөздер
Футболдан Қазақстанның XIX чемпионаты - 2011 жылы наурыздың 6-сы күні бастау алады. Турнирде 12 команда қатысады. ## Былтырғы маусыммен салыстырғандағы өзгерістер Былтырғы маусыммен салыстырғанда турнирде өзгеріс жоқ. Тек 2010 жылдың қорытындысы бойынша Ақжайық (Орал) мен Оқжетпес (Көкшетау) командалары Премьер Лигадан шығып қалды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша бірінші лигадан Восток (Өскемен) пен Қайсар (Қызылорда) командалары қосылды. ## Қатысушы командалар ## Бірінші кезең ## Екінші кезең ### 1-6 орындар үшін 7-12 орындар үшін ## Тағы қараңыз * Қазақстан Кубогы 2011 * Қазақстан бірінші Лигасы 2011 ## Сілтемелер * uefa.com * Қазақстан Премьер-лигасы Мұрағатталған 3 ақпанның 2009 жылы.
Мусин Шахан Әлімханұлы (27 желтоқсан 1913, қазіргі Павлодар облысы Май ауданы Үлкен Ақжар ауылы. – 26 желтоқсан 1999, Алматы) – актер, Қазақстанның халық артисі (1966). ## Өмірбаяны Найман тайпасының Бура руынан шыққан. 1930 ж. Алматы ауыл шаруашылық институтында оқыды. 1931 – 1932 ж. Семей облысының Бесқарағай ауданы атқару комитетінде хатшылық қызмет атқарды. Актерлік жолын 1934 ж. Семей облысы қазақ драма театрында (қазіргі Семей қазақ музыкалы драма театры) бастады. Мусин – осы театрдың іргетасын қалаушылардың бірі. Тұңғыш рөлі – І.Жансүгіровтің “Кек” (“Кек кетті”) пьесасындағы Бидахмет. Семей қазақ драма театрында Арыстан, Есен (М.Әуезов, “Айман – Шолпан” мен “Еңлік – Кебек”), Әбіш (Б.Майлин, “Шұға”) бейнелерін жасады. 1954 – 1957 ж. қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында актерлік қызмет атқарды. 1957 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында актер болды. ## Шығармашылығы Мусин, негізінен, зиялы қауым өкілдерінің сахналық бейнелерін жасады. Оның ойнаған рөлдері поэзиялық әуен мен романтикалық серпінге толы. Ақан (Ғ.Мүсірепов, “Ақан сері – Ақтоқты”), Сырым (Әуезов, “Қарагөз”), Айдар (Әуезов пен Л.С. Соболев “Абай”), Махамбет (Ғ.Сланов осы аттас пьесасында), Сапар (Т.Ахтанов “Сәуле”), Әпенде (Назым Хикмет, осы аттас пьесасында), Моцарт (А.С. Пушкин, “Шағын трагедиялары”), Телегин (А.П. Чехов, “Сүйікті менің ағатайым”) рөлдері осы бағытта шешім тапты. Ол сомдаған рөлдердің қатарында Алшағыр, Абыз (Әуезов, “Қарақыпшақ Қобыланды” мен “Еңлік – Кебек”), Қасболат (Ахтанов, “Боран”), Шегір (Ш.Хұсайынов, “Қилы-қилы тағдырлар”), Мұрат (Ә.Тәжібаев, “Майра”), Штурман (К.М. Симонов, “Келер кез”), т.б. бар. Ол саяси қуғын-сүргін азабын тарта жүріп (Колымада, 1937 – 1946; Сібірде, 1948 – 1954) көптеген өлеңдер жазды. 1958 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1954 жылдан киноға түсті: Рүстемов (”Бұл Шұғылада болған еді”, 1955), Сапаров (“Біз осында тұрамыз”, 1956), Баймағанбет (“Шоқан Уәлиханов”, 1957), Профессор (“Ұлан”, 1977), Ректор (“Қосымша саудалар”, 1979), Төле би (“Жазушы асығады”, 1980), т.б. рөлдерде ойнады. ## Фильмографиясы * 1955 - Бұл Шұғылада болған еді - эпизод * 1956 - Мазасыз көктемде - парторг * 1956 - Біз осында тұрамыз - Сапаров * 1957 - Оның уақыты келеді - Баймағанбет * 1959 - Ертістің жабайы жағасында - Мұратов * 1959 - Бір түні - Баукенов * 1960 - Тыныштық - Нұрғали * 1962 - Жол түйісі - эпизод * 1966 - Ән қанатында - эпизод * 1972 - Ас беру - сал * 1975 - Дала гүрсілі - полковник Түнғалиев * 1976 - Жануарлар саябағындағы жаз - Жануарлар саябағының директоры * 1976 - Медальдің үшінші жағы - Оқтаев * 1977 - Ұлан - эпизод * 1978 - Қосымша сұрақтар - эпизод * 1978 - Аманат - Жүніс Шеров * 1979 - Даладағы қуғын - эпизод * 1979 - Шешуші шайқас - эпизод * 1979 - Күміс мүйізді Алатау - эпизод * 1980 - Суыт жортқан жаушылар - Бөгенбай * 1980 - Адам төзбес балалар - эпизод * 1980 - Ебелек - Хайдаров * 1982 - Қош бол, Медеу - эпизод * 1982 - Қызыл ағаш үй - эпизод * 1983 - Жердегі істер - Атаев * 1983 - Кінәсін өтеу - эпизод * 1986 - Асуда - эпизод * 1987 - Айдай сұлу Айсұлу - кеңесші * 1989 - Кек - эпизод * 1989 - Сұлтан Бейбарыс - эпизод * 1992 - "Отызыншысын" - жою! - мұғалім ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы * Львов Н.И., Казахский театр, Очерк истории, М., 1961 * Сахна саңлақтары, A., 1998
Фарида Шәріпова (16 желтоқсан 1936 ж. т., ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Шәуешек қаласы) — актриса, Қазақ КСР-інің (1976) және КСРО-ның (1980) халық артісі, Қырғызстан Респупбликаның еңб. сің. мәдениет қайраткері (1996). ## Өмірбаяны * 1936 жылғы 16 желтоқсанда Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында дүниеге келді. * Қытай киностудиясы түсірген “Хасен-Жәмила” көркем фильмінде басты рөлді орындап, өнерімен танылған ол 1955 жылы атамекені Қазақстанға оралды. * 1959 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерва­ториясын бітіріп, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрына қабылданды. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы театрда үздіксіз өнер көрсетті. ## Шығармашылығы Сахнада қазақ және әлем классиктерінің драмалық туындыларында, осы заманғы қойылымдарда басты рөлдерді шеберлікпен орындап, ұлттық театр өнерінің жаңа сапалық биікке көтерілуіне үлкен үлес қосты. М.Әуезовтің “Айман-Шолпанында” Шолпан, “Абайында” Ажар, Т.Ахтановтың “Жоғалған досында” Ғайнины, “Қара қыпшақ Қобыландысында” Қарлыға, “Еңлік-Кебегінде” Еңлік, “Карагөзінде” Қарагөз, Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш-Баян сұлуында” Баян, Ә.Нұрпейісовтің “Қан мен терінде” Ақбала, Т.Ахтановтың “Боранында” Жаңыл, Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында”, Ш.Айтматовтың “Аңсаған менің әнімсің” және "Жәмиласында" Жәмила, Ә.Тәжібаевтың “Көңілдестерінде” Роза, “Ана – Жер-анасында” Толғанай, Қ.Мұхамеджанов пен Ш.Айтматовтың “Көктөбедегі кездесуінде” Гүлжан мен Айша, Қ.Мұхамеджановтың “Біз періште емеспізінде” Асыл, О.Бөкеевтің “Құлыным меніңінде” Анар, Д.Исабековтің “Әпкесінде” Қамажай, С.Балғабаевтың “Ғашықсыз ғасырында” Фарида, Софоклдың “Эдип патшасында” Иокаста, Еврипидтің “Медеясында” Медея, Шекспирдің “Асауға тұсауында” Катарина, “Ричард ІІІ” трагедиясында Анна леди, Пушкиннің “Шағын трагедияларында” донна Анна, Чеховтың “Сүйікті менің ағатайымында” Елена Андреевнаның қайталанбас образдарын сомдады. Фарида Шәріпова кино саласында да жемісті еңбек етті. Ол әйгілі режиссерлер Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Сұлтан Қожықов, Әзірбайжан Мәмбетов, Леонид Агранович түсірген көптеген танымал фильмдерде ойнады. Дубляж саласына да көп еңбек сіңірді. Фарида Шәріпова өнерлі жастарды тәрбиелеу ісіне жете көңіл бөлді. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында көрнекті актер Ы.Ноғайбаев екеуінің шығармашылық шеберханасында шыңдалған жастар бүгінде еліміздің театрларында жемісті еңбек етіп жүр. ## Марапаттары Фарида Шәріпова мәдениет пен өнердегі еңбегі үшін Қазақ КСР халық әртісі, КСРО халық әртісі құрметті атақтарын, Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы мен КСРО Мемлекеттік сыйлығын, “Парасат” орденін иеленді. ## Дереккөздер
Білге Құтылық, Елтеріс (шамамен 650 — 691) — Екінші Шығыс Түрік қағанатының алғашқы қағаны. Өз есімі —Құтылық, Елтеріс Білге — лауазымы. 682 — 687 ж. шығыс түркілер Қытайға қарсы азаттық күрестің нәтижесінде өз мемлекеттерін қайта құрады. Күлтегін жазбасы бойынша, Білге Құтылық “Тудун” лауазымында қытайларға, оғыздарға, хуригандарға, қырғыздарға, хятандар мен татабилерге қарсы 47 жорық жасап, ірі-ірі 20 шайқаста түркілер қолын бастап жеңіске жеткен. Білге Құтылықтың әкесі де Ашина тайпасын бастап жорыққа қатысқан. Білге Құтылық 687 ж. Орхон өз. бойында қаған болып сайланып, “Елтеріс Білге қаған” (“Елінің басын қосқан білгір данышпан”) деген лауазымға ие болады. Білге Құтылық ел ордасын ежелгі Өтүкенге (Отгон тэнгэр) тігеді. Білге Құтылық тұсында Шығыс Түркі қағанаты территориясы Алтайдан Шығыс Моңғол құмына (Инь Шань жотасы) дейін созылды. Білге Құтылық қайтыс болған соң, таққа інісі Қапаған (693 — 716) отырды. Білге қаған ескерткішінде түркі халқын біріктіріп, іргелі ел еткен Білге Құтылық жайында құнды деректер берілген. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
Бозоқ — ежелгі қалашық. Шамамен VIII ғасырда өмір сүрген. Жергілікті билеушінің ордасы саналған. Бозоқтың гүлденген кезі жергілікті түркілердің арасында қыпшақтардың беделі артқан X — XI ғасырға сәйкес келеді. XI ғасырдың басында бүкіл қазақ даласы қыпшақ мемлекеті болып аталды. Қаланың орналасқан жері туралы алғашқы ақпарат патша армиясының офицері, геодезист И.Шангиннің жазбаларында кездеседі. Бозоқтың аумағы 30 га жерді алып жатыр. Астана қаласының оңтүстік-батыс шетінде Бұзықты көлінің шығыс жағалауында орналасқан. Қалашық Нұра өзенінің Есіл өзеніне өте жақын ағып келетін тұсында орналасқан. Осы тұста олардың арасын 40 км жер бөліп жатыр. Бұл жер шаруашылық мақсаттарға, әскери-стратег. дайындық өткізуге, керуен жолдарын бақылауға алуға өте қолайлы болған. Бұл ортағасырлық қалашық X — XI ғасырлардағы ескерткіші — аумақтың әкімшілік және сауда орталығы, сонымен қатар Ұлы Жібек жолы бойындағы қыпшақ билеушілерінің әскери ордасы болған. Сонымен қатар діни-ғибадаттық шаралар өткізетін және адам аз тұратын маң далада жолаушылар мен сауда керуендеріне географиялық бағдар беретін орталық саналған. XIII — XV ғасырларда қалашық орны қасиетті, киелі саналып, ақсүйектерді жерлейтін орынға айналды. Бозоқ адамдардың рухани өмірінде де ерекше маңызға ие бола бастады. Мұсылмандар арасында киелі орын саналып, бұл жерде құлшылық етіп, әруақтарды еске алып, ас берілетін болды, ұлттық ойындар ойналып, жарыстар өткізіліп тұрды. Сонымен қатар жолаушылар мен керуендердің дем алып, түнейтін орнына айналды. Бозоқ солт-тен оңт-ке қарай Есіл — Нұра — Қорғалжын — Сарысу — Сырдария бағытындағы, шығыстан батысқа қарай Моңғолия — Алтай — Хазария — Болгария — Русь бағытындағы керуен жолдардың түйіскен жерінде орналасқан. Қалашықтың ғарыштан фототүсірілімі жасалған. Қала 3 бөліктен тұрады. Орталық бөлігі домалақтана келген төртбұрышты кварталдан тұрады. Кварталдың биіктеу келген орталық бөлігінде минареттің қалдығы мен 3 — 4 мазар орны сақталған. Олардың барлығы күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Еуразия университетінің Бүкіләлем тарихың және археологиясы кафедрасының оқытушылары — археологтардың жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде кірпішті сол жерде күйдірген, батпақты да сол жерде дайындаған. Су жақын жердегі көлдердің бірінен алынып, арнайы құрылғылардың көмегімен беріліп отырған. Қалашықтың шет жағынан жер суландыратын құралдар табылған, соған қарағанда тұрғындары егіншілікпен айналысқаны байқалады. Түсімі жақсы жерлер мен суармалы егіншілік Бозоқ қалашығының тұрғындарына нан өнімін алуға мүмкіндік берген. Оны өз қажеттеріне пайдаланған және алыс жерлердегі тұрғындар мен керуендерге сатып сауда жасаған. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өз еңбектерінде: «...ортағасырлық Бозоқ қаласын Ақмоланың түпкі атасы деп санауға болады, ал оның соңғы мұрагері қазіргі Қазақстанның астанасы — Астана қаласы», — деп жазған. * * * ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том ## Сілтемелер * «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы * Астананың түпкі атасы – Бозоқ — «Егемен Қазақстан», 6.11.2018.
Берел қорымы – сақ дәуірінен сақталған тарихи ескерткіш. Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының Берел ауылы маңында орналасқан «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық -мұражайы 2008 жылғы 4 шілде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 674 Қаулысымен «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық – мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып ашылды. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында Бұқтырма өзенінің оң жағалауында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 – 8 км жерде орналасқан. Қорым солтүстігінде Берел және Бұқтырма өзендерінің қосылған жерімен, оңтүстігінде Қансу өзенімен, ал батысы мен шығысында таулармен шектелген Бұқтырма өзенінің оң жағасындағы алаңда орналасқан. Ескерткіштің координаттары: 490 градус 20 сағат солтүстік ендік, 860 градус 22 сағат шығыс бойлық. Обалар Бұқтырма өзенінен 40-45 метр биік жатқан үшінші террассасында шоғырланған. Сақ және түркі кезеңдерімен мерзімделетін жетпістен астам обалардан құралған қорым 4000х1000 шаршы метр жерді алып жатыр. Берел қорымындағы обалар мен ғұрыптық ескерткіштер оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа созылып жатқан бірнеше тізбекке және жеке топтарға шоғырланған. Әрбір тізбекте бұл өңірді б.з.б. 1 мыңжылдыңтың екінші жартысында мекендеген тайпалық одақтардың өкілдері жерленген болуы мүмкін. Тізбектердегі үлкен, орташа жєне кішігірім обалар сол замандағы әлеуметтік жіктің болғандығының көрінісі болып табылады. Қорымдағы ең ерте обалар б.з.б. 4-3 ғасырларда үйілген (2400-2300 жылдары бұрын), ал кейінгілері көне түркілер дәуірімен мерзімделеді - б.з. 7-8 ғасырларда (1200-1300 жылдары бұрын). Алғаш 1865 жылы В.В.Радлов, 1959 жылы С.С.Сорокин зерттеді. 1998 жылы Халықаралық қазақ-француз экспедиция (жетекшісі З.Самашев) қорымның жаңа жобасын болжап, бірнеше қорғанды зерттеді. Қорым 3 қорғандар тобынан тұрады. Бірінші топтағылары таудағы кертпеш ортасына орналасқан. Ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылған 6 қорғаннан тұрады. Екінші топ солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай тізбектеліп созылған 12 қорғаннан тұрады. Ол кертпештің батыс жағында орналасқан. Үшінші топты 9 қорған құрайды. Ол кертпештің шығысында орналасқан. Осы топтағы ең үлкен қорған ғылымға Үлкен Берел қорғаны деген атпен белгілі. Обалар таудың жақпар тастарымен араласқан өзеннің ұсақ малта тастарынан үйілген. Шұңқырда ағаш қимасы бар, оның сыртында әлеуметтік мәртебесі жоғары адамдардың қабіріне бірге қосып көметін жылқы қаңқаларының жатуы, қарағайдың жуан діңгегінен қақ жарып қашап жасаған астау – табыт ертедегі Алтай көшпелілерінің ескерткіштеріне тән. Қазба кезінде қорғандардың ішінен 2–3 м тереңдікте ағаштан жасалған қима, оның бет жағынан бірнеше жылқының қаңқасы мен әбзелдерімен тоңда сақталған жылқы мумиясы, сыртына алтын жалатылған ағаш әшекейлер, адамның қаңқасы мен адам мумиясы алынды. Заттай деректер Берел қорымы Пазырық мәдениетінің орта (б.з.б. 5 ғасыр) және соңғы (б.з.б. 5–4 ғасырлар) кезеңінде салынғанын дәлелдейді. Берел қорымында 1997 жылдан қазіргі кезге дейін 20 ескерткіш зерттелді, солардың ішінде №4, 9, 10, 11 обаларынан тоң басқан қабірлер аршылды.Берел қорымы обалардан табылған ақсүйектер мен скиф-сібір аң стилінде жасалған заттарының нәтижесінде әлемге әйгілі болды. Берел қорымындағы тоң басқан обалардың беретін мәліметтері де ерекше. Берел қорымындағы үлкен обаларда табиғат пен климаттың және обаны үйген материалдар мен ескерткіш құрылысының үйлесімінен пайда болған тоңың нәтижесінде органика, яғни киім, ат әбзелдері, ағаш бұйымдары, ер тоқым, тері мен киізден жасалған заттар шірімей жақсы сақталған. Берел қорымынан табылған заттарды зерттеуде алғаш рет жаратылыстану ғылымдарының әдістері пайдаланылды. Бұл зерттеулердің нәтижесінде ерте көшпелілердің ДНҚ-ын анықтауға болатын, сонымен қатар Берел даласының палеоэкологиясы, палеозоологиясы мен антропологиясы бойынша құнды мәліметтер алынды. Музей-қорықтың құрылу мақсаты оның құрамына кіретін тарих және мәдениеттің археологиялық ескерткіштерін олардың ішкі көріністерімен, тарихи қалпында және онымен байланысты аумақтарды қол тимеген түрде сақтау және қатаң ғылыми негізде қайта қалпына келтіру, аса көркем, мәнерлі ғылыми экспозициялардың түпнұсқалық мұражай жинақтары негізінде жылжымайтын ескерткіштер жасау болып табылады. Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін төмендегідей міндеттер орындалады. * Кәсіпорын аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, қорғау, зерделеу, консервациялау және пайдалану. * Кәсіпорын аумағындағы және қорларындағы мұражай құндылықтарын және тарихи-мәдени мұра объектілерін есепке алу, сақтау, қалпына келтіру және сақталуын қамтамасыз ету. * Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі. * Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-әдістемелік және ғылыми-ағарту жұмыстары. * Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жылжымайтын ескерткіштер мен мұражай жинағын көпшілікке әйгілеу, ғылыми-ақпараттық және жарнамалық басылымдар дайындау. * Белгіленген тәртіппен тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы бағдарламаларды, жобаларды әзірлеу және жүзеге асыруға қатысу. * Ескерткіштердің, тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының және мұражай заттарының заңдық қорғалуын қамтамасыз ету. * Өңірдің тарихы мен мәдениеті бойынша білімді мақсатты бағытта беру жөніндегі ағартушылық-тәрбиелік қызмет. * Ғылыми қор жұмысы, мұражай қызметінің негізгі бағыттарын, ғылыми тұжырымдамаларын әзірлеу. * Отандық және шетелдік ұйымдар өткізетін ғылыми және мәдениеттану бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу. * Тарих және мәдениет мәселелері жөніндегі ғылыми және ғылыми-тәжірибелік конференциялар семинарлар дайындауға және өткізуге қатысу. * Мұражайлық маңызы бар заттарды жинау мақсатында тарихи-археологиялық экспедициялар, ғылыми іссапарлар ұйымдастыру және өткізуге қатысу. * Тақырыптық эскпозициялық жоспарларды әзірлеу, мұражай экспозициялары мен көрмелерді жобалау және құру. * Келушілердің түрлі санаттарымен экскурсиялар, дәрістер, тақырыптық кештер мен басқа шаралар өткізу. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы Мұрағатталған 19 мамырдың 2021 жылы. * Мәдени мұра бағдарламасы Мұрағатталған 25 наурыздың 2014 жылы.
Жезді — Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы кент, Жезді кенттік әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ұлытау ауылынан оңтүстікке қарай 67 км (Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 35 км) жерде, жусан аралас астық тұқымдас шөптер өскен бозғылт сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. ## Тарихы Іргесі Ұлы Отан соғысы жылдары Жезді марганец кен орнын жедел игеру қажеттілігіне байланысты қаланды (1942). 1944 жылы кентке айналды. 1963-1997 жылдары Жезқазған облысы Жезді ауданының орталығы болды. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 4680 адам (2306 ер адам және 2374 әйел адам) болса, 2009 жылы 2624 адамды (1336 ер адам және 1288 әйел адам) құрады. ## Инфрақұрылымы Жездіде марганец кенін өндіру және байытумен шұғылданатын марганец кеніш басқармасы, тұрмыстық қызмет көрсететін комбинаториялық, орта мектеп, кеншілердің мәдениет үйі, кітапхана, аурухана, емхана, санитарлық-эпидемиологиялық станса, тағы басқа бар. Жезді — Жезқазған темір жол тармағы арқылы Жезқазған — Сейфуллин — Қарағанды темір жолына қосылған. Кент арқылы Жезқазған — Ұлытау — Арқалық автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. ## Тарихы 1396 жылы Орта Азияның билеушісі Ақсақ Темір Қожа-Ахмет Яссауидің ескі мазарының орнына жаңа кесене салу жайлы бұйрық береді. Орта ғасырларда бой көтерген ең керемет сәулет өнерінің бірі саналатын аталмыш кесенеде Қазақтың 21 ханы жерленген деседі. Кесене салынып жатқан кезде қайта-қайта құлап қала берген екен. Сонда Ұлы Билеушінің түсінде бір ақсақал аян беріп, "Қожа-Ахметтің Арыстан атты ұстазы болған. Сондықтан әуелі Арыстанға, сосын ғана шәкіртіне кесене салыңдар" депті. Бұл түсті көрген Әмір Темір көріпкелдерін шақыртып алып, түсін жорытады. "Арыстанның қабірін қалай табамын?" деп олардан ақыл сұрайды. Көріпкелдері "Жұма намаздан соң Қожа Ахмет Яссауидің қабірінің басына екі құс келіп қонақтайды, сол құс ұшып, ұстазы Арыстанбабтың басына барады, осылайша табасың" деп айтқан екен. Арыстанбабтың сүйегі жерленген жер осылайша табылғанға ұқсайды. Арыстанбабтың жерленген жері жөнінде тағы да бір қызық аңыз бар. Арыстанбаб қайтыс болмай тұрып, тірі кезінде Қожа Ахмет Ясауиге "Менің саған айтар аманатым, жасым келді, қартайдым. Қайтыс болсам жаназамды сен оқисың. Жас та болсаң, сен тегін адам емессің. Пайғамбарымыздың (с. ғ. с) аманат жіберген адамысың. Менің жаназамды оқысымен күн батыс жақтан бір ақ түйе келеді. Соған денемді артып, басын бос қоя сал. Түйе қайда барып шөксе, сол жерге сүйегімді жерле" деп айтыпты. Сол аманат бойынша, Арыстанбабтың жаназасына жиылған адамдар ақ түйенің соңынан ереді де отырады. Түйе Отырар өңірінің батыс жағына келіп шөгеді де, сол жерге Арыстанбабтың сүйегі қойылады. Арыстанбаб Түркістанда қайтыс болғанымен, Отырарда жерленген. Жоғарыдағы әңгімеге қайта оралайық. Әмір Темір Түркістаннан кірпіштерді тасытып, Арыстанбабтың басына үлкен күмбезді кесене салдырыпты. Содан кейін ғана Қожа-Ахметке арнап салынып жатқан кесене құламапты да, әміршінің тірлігі алға басыпты. ## Сипаттамасы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды, күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалыңдығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады: * Қазандық; * Үлкен Ақсарай; * Кіші Ақсарай; * Құдықхана; * Кітапхана; * Асхана; * Көрхана; * Мешіт; ### Негізгі және қосалқы бөлмелері Ол порталы оңтүстік-шығысқа, ал бүйір беттері тиісінше оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығысқа қарайтын етіп салынған. Келген адам орталық залға бас порталдың сәнді есігі арқылы кіреді. Қазандық Қазақстан мен Орта Азиядағы кірпіштен өрген күмбездердің ішіндегі ең үлкені, диаметрі 18,3 метрлік күмбезбен көмкерілген. Бұл бөлмеден өткен соң оюмен өрнектелген ағаш есік арқылы Қожа Ахмет Ясауи мүрдесі жатқан бөлмеге кіруге болады. Көрхананың қос қабат күмбезін кейде Мұхаммед Ханафия порталы деп те атайды. Қазандықтан өзге бөлмелерге қарай қос қатарлы сегіз дәліз тарайды. Бұл дәліздер ғимаратты сегіз дара блокқа бөледі. Әр блокта архитектурасы да, пайдаланатын мақсаты да әр қилы бөлмелер бар. Оңтүстік-батыс блокта мешіт орналасқан. Ал оңтүстік-шығыс блокта халимкана бар. Халимканада дүйсенбі мен жұма күндері кедей-кепшік пен дәруіштерге тегін үлестірілетін тағам — халим әзірленетін болған. Солтүстік-шығыс блокта құдықхана, ал солтүстік-батыс блокта Үлкен Ақсарай орналасқан. Оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жақтарының орта тұсында өзінің архитектуралық тұрқы жағынан біртектес, қабатты залдар — Кіші Ақсарай мен кітапхана бар. Кесенедегі сегіз дәліздің алтауы өтпелі де, екеуі — тұйық. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі тек зират болуымен шектелмей, мешіт-медреселік қызметтерді де атқарған. Түрлі мақсаттағы бөлмелердің басын осылайша, біріктіру өз заманының тамаша үлгісі болып табылады. Кітапхана мен Ақсарай бөлмелері көлденең аркалармен жабылған. Төбені осылайша, жабу түрлі пішімдағы күмбездерге, тұрқы шаңырақ тәрізді иықтар мен жаппаларға негіз болып тұр. Бұл жаппаларда көтеруші аркалардың өзара қиылысу элементтері Орталық Азия архитектурасында сол кезге дейін кездеспеген елеулі жаңалық болып табылады. Негізгі бөлмелер — қазандықта, көрхана мен мешітте қос қабатты аркалар жоқ, олардың әрқайсысының қабырғаларынан төрт- төрттен ойықшалар жасалған. Күмбездердің ішкі беті алуан тұрпаттағы сталакиттермен көмкерілген. Бұлар арша ағашынан жасалған білезіктермен бекітілген. Кесененің сырт қабырғаларының көмкерілуі үш бөлікке жіктеледі. Оның орта бөлігіне үлкен көлемдегі өрнектелген жазулар түсірілген, жоғары жағына — эпиграфтық фриз, төменгі жағына (ірге бөлігіне) биіктігі — 1,85 м тас кенере жүргізілген. Ӏрге бөлігі қашалған тас тақталармен дәнекерленген. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құраннан алынған сөздер жазылған. Эпиграфтық фриздің жазулары терракоталық фонда құйма кірпіштермен өрнектелген. Фриздің биіктігі — 2,37 м. Жазулар көгілдір қышпен өрнектеліп, қара көк түсті кірпіштермен көлеңке түсірілген. Ғимараттың солтүстік бетіндегі екі бұрыштың екеуінде циллиндр түріндегі діңгектер бар. Бұл діңгектерге де куфа қарпімен жазылған жазулар мен ою-өрнектер түсірілген. Жазулардың арасынан "Алла", "Мұхаммед", "О, жарылқаушы", "Билік Аллада", "Алла менің әміршім" деген секілді, т.б. сөздерді оқуға болады. Кесененің солтүстік-шығыс бетінде Ӏлияс хан ойығының үстіндегі фриз соңында "Шираздық Қожа Хасан" деген сөз және "һиджраның 800 жылы" деп жазылған. Көрхананың қатпарлы күмбезінің жоғары жақтауы мен алты бұрышты тақтайшада куфалық стильмен шираздық мозайкашы Шемс Әбд әл-Уақабтың есімі жазылған. Ол күмбездің қатпарлы қабырғаларына өрнектер жасаған шебер еді. Бас порталдың екі жағында биік мұнарамен жиектелген зәулім аркасы бар. Оның ені — 50 метрге, ішінің ұзындығы — 18,2 метрге, биіктігі — 37,5 метрге тең. Порталдың салынып бітпей қалған қос қанаты үстінен арка үш бұрыш тәрізденіп көрінеді. Әмір Темірдің кезінде бас порталдың тек нұсқасы ғана бар-ды, оның құрылысын 1583—98 ж. Бұхарды билеген Абдолла хан аяқтады. Абдолла хан заманындағы жөндеу жұмыстарына арналған ағаш діңгектер бүгінге дейін сақталған. XIX ғасырда Қоқан билігі тұсында мұнаралар мен порталға қарабайыр корғану орындары салынып, қам кесекпен қоршалып, кесене қамалға айналдырылған. Орталық зал — қазандық төбесі жалаң қабат күмбезбен көмкерілген төртбұрышты бөлме. Қазандық күмбезі сегіз қырлы, діңгек үстіндегі желкенге табан тірейді. Қазандық күмбезінің ішкі жағы — 18,2 метрге , сырты — 20,5 метрге тең. Қазандық көрхана және мешіт кабырғаларының теменгі жағы алты бұрышты көгілдір тақтайлардан тұратын биіктігі — 1,5 метрлік майолика тыстамамен қапталып, мозаикалық өрнектермен әшекейленген. Әрі мозайкалық бедермен көлеңкелендірілген. Ал еденге жанасар тұста бетіне өсімдік өрнегі салынып, тастан қашалған белдеушелер жүргізілген. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары мен алты шырағдан да халық өнерінің лағыл-маржандарының қатарына жатады. Бұларда да оны жасаушы исфаһандық шебер Тадж әд-Дин Изеддиннің есімі жазылған. Қола шырағдандағы жазулар һиджраның 799 жылы 20 рамазанында жасалғандығын көрсетеді. Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі — әулиенің көрханасы болып табылады. Бұл — қабырғаларының ұзындығы — 7,15 метрлік төртбұрышты бөлме. Қабырғаларында сталактиттермен әшекейленген тайыздау ойықтары бар. Көрхананың төбесі қос қабатты күмбезбен көмкерілген. Ішкі күмбезі — құрылыстық, сыртқы күмбезі — көркемдік міндет атқарады. Көрхана күмбезі бұрыш-бұрыштағы төрт білікке тіреліп, биік мойындықпен көтерілген. Сыртқы күмбезі қатпарлы. Бұл қатпарлар өсімдік өрнекті пішіндес мозаикамен қапталған. Солтүстік портал қабырғаларының көркемдігі көрген жанды таң қалдырады. Үш ширектік діңгекшелері алты қырлы тақталармен қапталған, көгілдір түсті бояулармен айшықталған. Көрхананың дәл ортасында Қожа Ахмет Ясауидің сағана-құлпытасы орнатылған. Ол жасыл түсті яшмадан жасалған, ернеуіне нәзік өрнектер салынған. Қазандық пен көрханадағы Сафар шебер өрнектеп жасалған ағаш есіктер көркемдігімен көз жауын алады. Көрхана есігінің ою-өрнектері сүйекпен ерекше нақышталған. Есік жұқа темірмен қақталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. Есіктің үстіндегі тас тақтайға көрхана Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылғандығы жайында жазылған. Кесененің мешіті де аса бір тамаша архитектуралық құрылыс. Ол мойындығында 16 терезесі бар, шағындау қос қабат күмбезді, сопақшалау келген зал. Оған қазандық бөлмесінен Жолбарыс хан дәлізі арқылы өтуге болады. Мешіттің батыс жақ кабырғасына Меккедегі Қағба сияқтандырып 3,5x2,5 метрлік мозайкалық михраб орнатылған. Михраб мешітке ерекше көрік беріп тұр. Оның беті мозайкамен және өсімдік суретімен әшекейленген. Михраб — жебе ұшты арқасы бар ойық. Бұл ойық көгілдір түсті мозаикамен көркемделген, тік бұрышты сәндік белдеумен қоршалған, оған ақ әріптермен Құран сөздері жазылған. Әр жерден әсемдік үшін жалатылған алтынның сілемі көзге шалынады. Кесененің оңтүстік-батыс жағында діншілдердің ораза ұстауына және Құдайға құлшылық етуіне арналған жер асты мінажатханалары Қожа Ахмет Ясауидің көзі тірі кезінде жасалып, қайта жаңғыртылған. XVI ғасырда мешітке іргелес қосалқы бөлмелер тұрғызылған. Бұлар: батыс беткейдегі дәрет алатын тахаратхана мен Үлкен Ақсарайдың солтүстік- шығысындағы "балхи" тәсіліндегі иықпен көмкерілген жер асты зираты. XVI ғасырдан кесененің жекелеген бөлмелеріне әйгілі адамдардың сүйектері қойыла бастады. 1864 ж. Черняев бастаған Ресей әскерлері Түркістан қаласын алған кезде полковник Веревкин қала қорғаушылары бас сауғалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зеңбірекпен атқылады. Оның снарядтары кесенені 11 жерден опырып кетті. 1871—72 жылдары А. Кун 7 дана фотосуретті "Түркістан" альбомын құрастырды. Бұл әлем жұртшылығының пікірін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне бұруға белгілі дәрежеде әсер етті. Соның нәтижесінде Ресей өкімет орындары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне көңіл бөле бастады. 1884 ж. патша үкіметі кесенені жөндеуге 15 мың сом қаржы бөлді. XIX ғасырдың соңына қарай ғалымдар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі— эпиграфикасын зерттеуге ден қоя бастады. ## Кесенемен байланысты аңыздар Аңызда айтылғандай, Темірланның бұйрығымен Қожа Ахмет Ясауи (1396-1405) бейітінің үстіне мешіт құрылысы басталды. Қабырғаларды салудың барлық әрекеттері сәтсіз аяқталады, өйткені оларды күшті дауыл бұзады, басқа нұсқа бойынша, бәрін жоятын жасыл бұқа болған. Темірге түсінде көрінген әулие алдымен Арыстан-Баба әулиенің бейітінің басына, одан кейін Қожа Ахмет Ясауи бейітінің басына кесене тұрғызу керектігін айтады. Тимур дәл солай істеді. Сондықтан қажылар алдымен Арыстан-Баба кесенесіне, одан кейін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барады. ## Монеталарда * * * * ## Суреттер галереясы * * * * * * * * * * ## Сыртқы сілтемелер * Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, XIV ғасыр(қолжетпейтін сілтеме) * Қожа Ахмет Яссауи кесенесі (суреттер) Мұрағатталған 28 ақпанның 2011 жылы. * Қожа Ахмет Яссауи Кесенесі (Mausoleum of Khoja Ahmet Yassavi) Мұрағатталған 19 қазанның 2016 жылы. ## Дереккөздер
Қазақстан халық партиясы (ҚХП) — Қазақстандағы солшыл социал-демократиялық саяси партия. Қазіргі төрағасы — Ермұхамет Ертісбаев. 2004 жылғы 13 сәуірде партия құрылғанда Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП) деп аталған. Сол жылғы 21 маусымда бұл партия тіркелгенде оның құрамында 90,000 мүше бар еді. 2012 жылы партия тұңғыш рет Мәжілісте мандат жеңіп алды. 2020 жылы партияның атауы қазіргі атауына өзгертілді. Партия қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа адал. 2022 жылы ол Халықтық коалицияның құрамында болған. ## Тарихы Партия Қазақстан Коммунистік партиясынан бөлініп шыққанда құрылған еді. Жаңа партия құру идеясы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдинмен келіспеушілік салдарынан мүшеліктен шыққан 12 мүшеге тиесілі болған. ҚКП-нан бөліну себебі Төлен Тоқтасыновтың Мәжіліс хатшысы және депутаты болып сайлануы болған. 15,000-ға жуық мүше ҚКП-нан ҚКХП-на кетті. ҚКХП тұңғыш съезі 2004 жылғы сәуірде өтті, 2004 жылғы 21 маусымда партия Әділет министрлігінде тіркелді. 2004 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде партия жалпы дауыстың тек 1.98% жинап, еш мандатқа қол жеткізе алмады. Келесі жылғы президент сайлауында ҚКХП ұсынған Ерасыл Әбілқасымов дауыстың 0.34% жинап, жеңіліп қалды. 2007 жылғы 28 наурызда ҚКХП мен ҚКП бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді, онда олар жақында бірігетінін айтты. ҚКХП кейіннен ірі саяси қайшылықтарға байланысты ҚКП-мен байланыстан бас тартты. 2007 жылғы маусымда болған баспасөз мәслихатында ҚКХП бірінші хатшысы Владислав Косарев Қазақстан Коммунистік партиясы ҚКХП-мен қосыла алмауына басты себеп екі партияның тек жоғары деңгейде ғана біріккісі келгенін және жергілікті басқарудың оған қатыспағандығы деді. Косарев сонымен қатар ҚКП құрылымдары толығымен жойылып, партияның халық арасындағы беделі нөлдік деңгейге дейін төмендегенін айтты. 2007 жылғы парламент сайлауында партия жалпы дауыстың 1.29% жинап, Парламентке түспей қалды. 2012 жылғы парламент сайлауында партия жалпы дауыстың 7.19% және 7 мандат жеңіп алып, билік партиясын санамағандағы Парламентке түскен бірінші партиялардың бірі болды. Ресми түрде оппозицияда болғанымен, партия президентке қарсы еш сөз айтып көрмеген, үкіметті қолдайтын партия саналады. 2020 жылғы қарашада өткен партияның кезектен тыс XV съезінде партия атауы Қазақстанның халық партиясы болып өзгерді. Съезде, оған қоса, партия бағдарламасына бірнеше өзгертулер енгізді. Кезектен тыс съезге партияның 33 делегаты қатысты. Владислав Косаревты санамағандағы әр делегат партия атауының өзгеруіне дауыс берді. Партия төрағасы болып бірауыздан Айқын Қоңыров сайланды. Ол партияның 2013 жылғы маусымнан де-факто басшысы болған Косаревтың ізбасары болды; бұл жылдары партия хатшылары қызметінде Жамбыл Ахметбеков, Тұрғын Сыздықов, Виктор Смирнов және Гаухар Нұғманова еді. 2022 жылғы қазанда ҚХП Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаймын деп, Халықтық коалиция құрамына кірді. 2024 жылғы 1 шілдеде Алматыда болған баспасөз мәслихатында партияның бірнеше мүшесі Ермұхамет Ертісбаевтың партия төрағалығынан кеткенін талап етті. Наразылар сөзінше, партиядағы келіспеушілік «құрылып жатқан Ертісбаевтың жеке басына табынуынан» шыққан. Бұрынғы төраға орынбасары Асхат Асылбеков, оған қоса, 2023 жылғы жергілікті сайлаулардан бұрын Ертісбаев бір сұхбатта өзінің Назарбаевқа мәңгі адал болатынын айтқан деген. Ертісбаевтың осы сөзі партияның бетбеделін төмендетеді делінеді. Асылбековпен қатар төрағаны сынға алғандар арасында партияның Алматылық бөлімшесінің басшысы Төлеужан Жүндібаев және Маңғыстау облысының өкілі Әбдірашит Мұқырұлы Нияз бар. Олар, оға қоса, Ертісбаевтың өз YouTube арнасына партия қаражатын бөлгеніне және Бишімбаев ісіндегі Қуандық Бишімбаевты қолдағанына қарсылығын көрсеткен. Сынға алынғандар қатарында тағы төраға орынбасары Мирас Аукенов да болды. Наразылар, оған қоса, партия кезектен тыс съезінің өткенін талап етті. ## Идеологиясы Бастапқыда марксистік-ленинистік партия болған ҚХП бұрын өзін социалистік және солшыл деп сипаттайтын. Алайда қазір олар өзі «халық капитализмі» дейтін идеяны қолдайды. ## Құрылымы ҚКХП-на мүшелік Партияның бағдарламалық және жарғылық айқындамаларын бөлісетін Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары үшін партия билетімен бекітілген ерікті, жекелей, кесімді болады. ҚКХП партиясының ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша құрылады. ҚКХП ұйымдық негізі бастауыш партия ұйымдары болып табылады. Олар партияның аудандық және қалалық комитеті бекітетін партияның үш және одан да көп мүшесінен құрылады. Филиалдар мен өкілдіктер халық арасында Партия саясатын жүргізеді, мемлекеттік атқарушы және өкілді органдармен, саяси және қоғамдық құрылымдармен өзара іс-қимыл жасайды, өз мөрі және фирмалық бланкілері болады. 2010 жылғы маусымда ҚКХП құрамында 1,868 бастауыш партия ұйым, 178 аудандық ұйым, 33 қалалық ұйым, 14 облыстық ұйым және Алматы мен Астана секілді республикалық маңызы бар қалалық ұйым жұмыс істеді. Қазақстан Коммунистік Халық партиясының жоғары органы Орталық Комитет 4 жылда кемінде 1 рет шақыратын съезд болып табылады. Съезд шақыру туралы шешім съездің отырысы күніне дейін 2 айдан кешіктірмей баспасөзде жарияланады. Партияның бақылау органдары мыналар: ҚКХП съезі сайлайтын Орталық бақылау-тексеру комиссиясы (ОБТК); Партияның филиалдары мен өкілдіктеріндегі партия конференцияларында олардың басшылық етуші органдарымен бірлесіп құрылатын облыстық, қалалық және аудандық бақылау-тексеру комиссиялары (ОБТК, ҚБТК, АБТК); жалпы жиналыс сайлайтын бастауыш партия ұйымдарының бақылау-тексеру комиссиялары. Бақылау-тексеру комиссиялары өздерін сайлаған жоғары органға, атап айтқанда: партия съезіне, филиалдар мен өкілдіктердің конференцияларына, бастауыш ұйымдардың жиналыстарына есеп береді. ## Сайлану тарихы ### Президенттікке үміткерлері ### Мәжіліске сайлануы ## Дереккөздер
Бекзат Сейілханұлы Саттарханов (4 сәуір, 1980 жыл, Түркістан, Қазақстан - 31 желтоқсан, 2000 жыл, Шымкент, Қазақстан) – қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері. ## Өмірбаяны ### Отбасы Қоңырат тайпасының Божбан руынан шыққан. 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні, жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда, Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды. Бекзат Саттарханов Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Саттархановтардың Бекзаттан өзге мектеп қабырғасындағы спорттық бәсекелерде оза шапқан үш ұлы болды. Бағдат, Болат, Мақсат есімді балалары да спортты серік еткенімен, Бекзат секілді ешқайсысы алдына биік мұрат қойған жоқ. Сәби күнінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек. ### Балалық шағы Алғашында өзін-өзі қорғап үйренсін деген оймен ата-анасы Бекзатты күрес үйірмесіне қатыстырады. Алайда күреске ынтасы болмай, екінші жағынан күреспен айналысу бойдың өсуін тежейтінін ұғып үйірмеге бармай, бірден боксқа бет бұрады. 1986-1996 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп интернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы №18 орта мектепте оқиды. 1995 жылы алғаш рет бокс үйрімесіне жазылып, балалар бапкері Нұрлан Жұмабаевтан тәлім ала бастайды. Ата-анасы мен туыстары Бекзаттың боксқа деген ынтасын байқағанымен, мұны жай, өтпелі кезең деп ойлаған. Бірақ ол бокспен шұғылданғанына бір жыл толмастан республикалық сайыстың жеңімпазы атанып, былғары қолғапты бекер кимегенін дәлелдейді. Заң саласы мамандығын игерген. Алдымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыруфакультетіне түсіп, кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. Мұның себебі де жоқ емес. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының финалында Серік Қонақбаев жұдырықтасқан сәтте Бекзат бесікте жатқан сәби еді. Анасы Сырлыкүл Саттарханованың Серік Қонақбаев секілді Бекзат та чемпион болсын деген үлкен арманы болған. Бекзат кейін ана арманын орындайды да. Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан. ### Спорт * 1995 жылы он бес жасында Түркістан қаласында өткен З. Сейітбековты еске алу турнирінде тұңғыш рет топ жарған Бекзат өмір бойы осы жүлдесінің өте ыстық екенін айтып өтті. «Түркістан 95» деген жазуы бар қыш құмыраны Сидней Олимпиадасының алтынымен тең көрген. Дәл сол жылы жасөпірімдер арасындағы халықаралық жарыста жеңімпаз атанып, бапкерлер көзіне түсе бастайды. * 1996 жылы Қостанай қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының ішкі біріншілігінде чемпион атанады. Дәл сол жылы шымкенттік Анатолий Визириякин атты бапкердің қарамағына өтіп, облыс орталығындағы мектеп-интернатта жаттыға бастайды. * 1997 жылы Қарағанды және Германияның Кельн қалаларында өткен халықаралық турнирлерде топ жарады. Сонымен қатар Олимпиадаға даярлау облыстық орталығына қабылданады. * 1998 жыл Бекзат үшін табысты болды. Сол жылы Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. * Қостанай қаласында өткен жарыста 54 келіде сынға түскен ол Марат Мәзімбаевтан ұтылып қалғанымен, бапкерлер сенімінен шығып, ұлттық құрамаға қабылданады. * Түркістан қаласында Әбдісалан Нұрмахановтың құрметіне өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанып қоймай, жарыстың ең үздік боксшысына берілетін сыйлыққа ие болады. * Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанады. * Таиландта өткен бүкіл Азия біріншілігінде жүлдегер қатарына ілігеді. * 1999 жылы Венгрия және Болгарияда өткен халықаралық турнирлерде оза шауып, Ташкентте өткен бүкіл Азия біріншілігінде күміс жүлдеге қол жеткізеді. Дәл осы күміс жүлдесімен бірге Сидней Олимпиадасының жолдамасына да ие болады. * Бекзаттың қысқа ғұмырында 2000 жыл тек Сидней Олимпиадасындағы жеңісімен ерекшеленбейді. Ол мұхиттың арғы бетіндегі төртжылдық додасына аттанғанға дейін Қырғызстанда өткен Орта Азия ойындарында, Испанияда жалауы желбірген халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріледі. Астана қаласындағы «Қазақстан-Куба» кездесуінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Чехияда өткен «Гран Приде» жеңімпазға берілер Кубокті төбесіне көтереді. Мәскеудегі ТМД елдерінің біріншілігінде 4 жүлдемен қатар, сайыстың үздік боксшысы деген атақты еншілейді. ## Сидней Олимпиадасы 2000 Ташкентте бокстан өткен Азия чемпионатында Олимпиада жолдамасын жеңіп алған Бекзатты бапкерлер жартылай жеңіл 57 келі салмақ дәрежесіне лайық көреді. 57 келіде ел намысын Атланта Олимпиадасында қорғаған Бақтияр Тілегенов көп салмақ қуатындықтан, бапкерлер оған сенбейді. Оның үстіне 1999 жылы Хьюстон қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында Бақтияр жеңіліс тауып, бапкер үмітін ақтамайды. Қазақстандық жанкүйерлер мен бокс мамандары Бекзаттың жастығын алға тартып, оны Олимпиадаға жібергісі келмейді. Бірақ ұлттық құраманың бас бапкері Тұрсынғали Еділов Бекзаттың көзінде от барын байқап, ел намысын қорғауды Түркістандық жас ұланға сеніп тапсырады. Олимпиадаға аттанар кезде ұшақ баспалдағында тұрған Бекзат үлкен ағасы Мақсатқа: «Мен бас жүлдемен ораламын. Менен алтын күтіңдер!» деп айғайлап, жеңетінін алдын ала сезген. * Бекзат Саттарханов Сидней шаршы алаңындағы алғашқы кездесуін румын боксшысы Бобирант Овидиу-Тибериуға қарсы өткізді. Жекпе-жектің бірінші раундында Бекзат өзіне бір жұдырық дарытпай, 4-0 есебімен алда тұрды. Екінші раундта табло 8-2 есебін көрсетіп тұрды. Ал ең соңында төрешілер 14-5 есебімен бұл кездесудің сөзсіз жеңімпазы деп Бекзатты таниды. * Олимпиаданың сегізінші күнінде Бекзат африкалық Джефри Матебулламен қолғап түйістіріп, 16-5 есебімен қарсыласын тізе бүктіреді. Сиднейдегі екінші кездесу де Бекзаттың жеңісімен аяқталған болатын. * Олимпиададағы үшінші кездесуінің өте тартысты болғанын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Бекзаттың өзі мойындады. Кезінде Грузияда жаттығып, кейін Түркияның намысын қорғаған Рамазан Палианимен арадағы тартыс 12-11 есебімен Бекзаттың пайдасына шешілді. * Марокколық Тахар Тамсаманимен Бекзат ХХVІІ жазғы Олимпиада ойындарының жартылай финалында жолықты. Егер бұл сыннан өтсе, Олимпиада алтынына таласуына мүмкіндік туатын еді. Өз мүмкіндігін құр жібермеген Бекзат 22-10 есебімен қарсыласын қапыда қалдырады. * Бекзаттың финалдағы қарсыласы әлем чемпионы, америкалық Рикарду Хуарес еді. Ол Сидней финалына жету жолында Атланта Олимпиадасының чемпионы С. Камсингті тізерлеткен мықты боксшы болатын. Атағы алысқа кеткен қарсыласын Бекзат Саттарханов 22-14 есебімен жеңіп, Сидней Олимпиадасының чемпионы атанады. ## Жұдырықтасу техникасы Бекзат рингте тек жұдырықпен ғана емес, ақылмен де жұмыс істейтін боксшылардың қатарынан. Әсіресе аяқпен қимылдауда ерекше белсенділік танытқан. Сидней рингіндегі қарсыласы Джеффри Матебула: «Бекзаттың аяғы мықты екен, жорға жүрісті боксшы есімді алды. Осы жігіт финалға ілігеді» деп дөп басып айтыпты. Жаттығу кезінде аяғына 3-4 келілік қорғасын байлап алып жүгіреді екен. Аяғына ауыр тас байлап алғандығына қарамастан, құрамадағы әріптестерінің үнемі алдын орап кететін. Бокс мамандары мен жанкүйерлер Бекзаттың бокстасу техникасы қазақтың даңқты боксшысы, Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Серік Қонақбаевқа ұқсайтынын ерекше атап өтті. 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні сағат 23-45-те Шымкент қаласының маңындағы Темірлан бекетінде Бекзат Саттарханов жол апатына ұшырап, қайтыс болды. ## Мемлекеттік марапаттамалар Сидней Олимпиадасындағы жеңісі үшін президент Нұрсұлтан Назарбаев Бекзат Саттархановқа І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Тарихта Бекзат «Барыс» орденінің тұңғыш иегері ретінде де қалды. ## Бекзатты еске алу шаралары Бүгінде Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы ықшамаудан мен спорт кешені бар. Алматы қаласында көшеге Бекзат Саттарханов аты берілді. 2002 жылдан бастап бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтеді. 2005 жылы спорт журналисі Қыдырбек Рысбекұлы «Бекзат» атты кітап жазды. 2006 жылы «Қазығұрт» баспасынан спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлы мен баспагер Темірғали Көпбаев құрастырған «Бекзат» фотоальбомы жарық көрді. Фотоальбом «Дара Бекзат», «Бала Бекзат», «Мәңгілік Бекзат» деген үш бөлімнен тұрады. 2009 жылы режиссер Сатыбалды Текеев «Бекзат» атты деректі фильм түсіріп, тұсауын кесті. Бұл фильм кейін «Құлагер» жүлдесін жеңіп алды. Фильм тек «Еларна» арнасынан көрсетілген. Әнші композитор Гүлнұр Өмірбаева «Бекзат» әнін дүниеге әкелді. Бұл ән 2002 жылы өткен «Азия дауысы» фестивалінің «Қазақ әндері» бәйгесінде «Алтын домбыра» жүлдесін жеңіп алды. 2011 жылдың мамыр айында Бекзат Саттархановтың қабірі басындағы жүлделердің көшірмесі ұрланып кетті. Бекзат жүлделерінің көшірмесі бағалы металдан жасалғанын біліп, қолды қылған күдіктілер әлі ұсталған жоқ. ## Бекзат өміріндегі қызықты оқиғалар Бекзат Сидней Олимпиадасының финалына боксшы Ермахан Ыбырайымовтың спорттық жейдесін киіп шыққан. Бір деректер бойынша, ол бокстағы бетке ұстар ағасының жейдесін ырымдап киіпті. Екінші бір дерекке сүйенсек, оның өз жейдесінде жарнама жазылғандықтан, ұйымдастырушылар өз жейдесін киюге рұқсат бермеген. Бекзат жаттығу жұмыстарынан кейін тез арада қалыпқа келетіндігімен ерекшеленген. 2000 жылдың маусымында Тайландта жаттығып жүргенде тай елінің дәрігерлері қатты таңғалады. Себебі, 33 минут жүгіріп келген Бекзат Саттархановтың жүрек соғысы 3-4 минутта қалпына келеді екен. Бекзаттың бұл ерекше қасиетін бапкерлер Тұрсынғали Еділов, Александр Апачинский, Анатолий Визирякин мен құраманың дәрігері Юсуп Шамузов қана біледі екен. Бекзаттың бойында бала күнінен бері байқалатын бір қасиет болған. Ол өзін жеңген боксшыдан міндетті түрде есе қайтаруды мақсат тұтады екен. 1995 жылы облыстық жарыстардың бірінде Данияр есімді баладан жеңілген Бекзат кезекті сайыста қарсыласын соққының астында қалдырған. Ал Аргентинада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында ол украиналық Сервин Сүлейменовтан жеңіліп қалады. Сервиннен жеңілгеніне қатты намыстанған ол "алдағы уақытта оны міндетті түрде жеңемін" деп бапкерлеріне сөз беріпті. Айтқандай-ақ, Ресейде өткен ТМД елдерінің боксшылары қатысқан халықаралық бокс бәсекесінде Сервин Сулеймановтың тізесін дірілдетеді. Осы жекпе жекте Бекзаттың оң қолы ісіп, бармақ сүйегі шығып кеткен. Ұлттық құраманың бас бапкері Тұрсынғали Еділов Бекзаттың бокс қолғабын күшпен тартып шешкен кезде, қолғапқа қан толып қалғанын көреді. Намысқой Бекзат бармақ сүйегі шығып кетсе де, шыдамдылық танытып, жеңіске жеткен. Бекзаттың Бекзат есімді інісі өсіп келе жатыр. Ата-анасы Бекзатты мәңгі есте қалдыру мақсатында немерелерінің біріне Бекзат есімін берген. Бекзат Сейілханұлы Саттарханов шаршы алаңда 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-сінде жеңіске жеткен. ## Дереккөздер * Елу екі жылдың есесін қайтарған Бекзат Мұрағатталған 8 сәуірдің 2015 жылы.
Пионер — Ұлытау облысы Ұлытау ауданы, Ақтас кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ұлытау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 98 км-дей, жан-жағын ұсақ шоқылар, қыраттар, төбешіктер алып жақан далалы жайылымдық жерде, жасанды су қоймасы - тоғанның іргесінде қоныстанған. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 180 адам (95 ер адам және 85 әйел адам) болса, 2009 жылы 172 адамды (88 ер адам және 84 әйел адам) құрады. ## Ауыл тарихы Пионер ауылының тұрғындары бұрынғы Байқоңыр колхозының колхозшылары. Ақтастан Көктөбеге дейін жағалай қыстақтар болған. Пионердің бұрынғы аты “ Тоған”, 1936 жылдары қоларба, қапшықпен мұрап Қыпшақбайдың басқаруымен топырақ тасып тұрғызылған. Байқоңыр колхозшыларының балалары “Школ” (атауы мектепке байланысты аталған) қыстағына қатынап оқыған. 1953-1954 жылдардан бастап, Байқоңыр көмір шахтасының жабылуына байланысты, мектеп ағылшындар салған теміржолшылар барағына көшірілген. Интернат, дүкен болған. Байқоңыр колхозшылары сиыр бағумен, егін егумен айналысқан. Құлынбетте 20 га, Жосада 10 га егін егіп, қол еңбегімен жүргізіліп мол өнім алған. 1956 жылы үкімет араласып тоған қайта жөнделді. Тоған салу мақсаты бақша егу көзделгендіктен туындаған. 1958-1959 жылдары “Тоған” Пионер аталып ферма орталығы болған. 1973 жылы Жезқазған облысы болған соң көтерме жол салынып, 1977 жылы су құбыры тартылды. Латвиядан студенттер келіп жоғарғы кернеулі тоқ жүйесінің бөренелерін орнатты. 1978 жылы Пионер совхоз орталығы болады деп жоспарланып жаңадан 11 үй салынды. 1982 жылы селолық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Келешекте Пионер ауылы осы тоғанның іргесін көтерген Қыпшақбай атаның атымен аталмақшы. ## Оқу-ағарту ісі Байқоңыр колхозында мектеп 1937 жылдан бастап бастауыш мектеп болып ашылған. 1939 жылдан 1941 жылға дейін Сыздық, Мағауия деген мұғалімдер дәріс берген. 1941-1948 жылдар аралығында Бимағанбетов Кенжемұрат деген мұғалім болған. 1948 жылдан 1953-1954 оқу жылдарында Қадыр, Ерғали, Нәби деген ұстаздар жұмыс істеді. Пионердегі жеті жылдық мектептің директорлары: * Бекдайыров, одан кейін Шарипов Мақсұт 1961 жылға дейін ұстаздық етіп мектеп басқарды. * 1961 жылдан 1976 жылға дейін Хамит Сакеев директор болды. * 1976 жылдан 1979 оқу жылы аралығында Нұраш, * 1979-1986 жылдары Ерғазы Наурызбаев басқарды. * 1986-1988 жылдары Асанов Қайрош. * 1988-1991- Еділбаев Абдіқадір * 1991-жылдан бері Наурызбаев Ерболат басқарып келеді. ## Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылы соғыс басталғанда барлық ер азаматтар майданға аттанғанда олардың орнын қарттар, әйелдер мен жас балалар басты. "Тылдың өзі мылтықсыз майдан еді", - дейді сол жылдары 8-ақ жаста болған Күлзағира шешей. Бәрі де майдан үшін деген ұран құран сөзіндей естіліп, екпіні тау мен тасты жарып тұрған сәтте ешкімнің де бұл қасиетті міндеттен ештеңені аянып қалмайтыны аян еді. Тылдың да майданға бергісіз болғаны айғақ. Сол кездері майданға аттанған ер азаматтардың көбісі оралған жоқ. Отан қорғау жолында жандарын құрбан етті. Соғыс ардагері 90 жастағы Искендиров Мұхамедия атайды ауыл болып ардақ тұтады. Пионер ауылынан Ұлы Отан соғысына (1941-45) қатысқандар: ## Жануарлары мен өсімдіктері Қысы–жазы балық аулаушылар үзілмейді. Ақбалық, сазан, табанбалық кездеседі. * Құстан: Аққу, шағала, қаз, үйрек кездеседі. * Жануарлар дүниесінен: қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, жабайы шошқа, зорман, бірен-саран киік кездеседі. * Өсімдіктер әлемінен: тал, терек, жидек, итмұрын, жеміс ағаштары өседі. * Далада: жалбыз, қарандыз, адыраспан, т.б. шөптер мен гүлдер өседі. ## Экология ахуалы Атам заманнан малға жайылым құйқалы алқап болған Жезді, Ұлытау, Қарсақбай жері бүгінде радиациялық тозаң мен газдың әсерінен қу тақырға айналуда. Арал теңізінің жақындығы оңтүстіктен жел тұрса зиянды тұз тозаңының келетіні белгілі. Көктем шығысымен жер тез құрғап, дауылды жел соғып тұрады. Байқоңыр ғарыш айлағының жақындығы, ”Плесецк”, ”Капустин Яр” т.б. ұшырылатын ракета әуе трассасының жақындығынан да халық көп зардап шекті. Кішітауда кезінде шашылып жатқан ракета сынықтарын жинаған Қызылорданың машиналары Пионер ауылының ортасымен өтіп жүрді. Осы толассыз керуеннің тоқтағанына 1-2 жыл болды. Ауыл жылдарында экологиялық аймақтарды аралаған Қарағанды медицина академиясының ғалым дәрігерлері қан қысымы, қан аздық сияқты аурулардың көбеюін экологиямен байланыстырады. Пионер ауылы да экологиялық аймаққа жатады. ## Қазіргі келбеті Пионер қазір Ақтас кенттік округіне қарасты шағын ауыл. Ауылда 9 жылдық мектеп, кітапхана, дәрігерлік пункт жұмыс істейді. Көшелерге су құбыры тартылған. Ауыл тұрғындарының жекеменшік жерлері, техника түрлері бар. Таяуда 20 номерлік телефон жүйесі қосылады деп күтілуде. Әр үй көктемде ұжымдық бақшаға бөлінген жерге картоп, көкөніс егіп өнім жинайды. Қазіргі таңда ауыл экономикасы жақсы дамып келеді. ## Кітапхана жұмысы ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Бәйтерек – Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл * Бәйтерек – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл. * Бәйтерек – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. * Бәйтерек – Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл. * Бәйтерек – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл. * Бәйтерек – Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл * Бәйтерек – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл. * Бәйтерек – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы ауыл. * Бәйтерек – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл. * Бәйтерек – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл. * Бәйтерек – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Бәйтерек – қазақстандық басқарушы холдинг. * Бәйтерек – Астана қаласындағы сәулет құрылыс кешені. * Бәйтерек – талдар тұқымдасының қара терек түріне жататын кіші түр. * Бәйтерек – ежелгі таным бойынша тылсым қасиетке ие алып ағаш. * Бәйтерек (фильм) * Бәйтерек көшесі (Алматы)
Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888 ж.) - Қазақтың байтақ даласында көрнекті ақын әрі батыр атанған азаматтың бірі . Мәделінің кіндік қаны тамған жері қазіргі Түркістан облысының Қызылқұм ауданының қожатоғай кеңшары (бұрынғы Ақбұлақ болысы, Бадам жері). Зерек, болашақ ақын жігіт жастайынан діни медреселерді оқып, жан-жақты болып өседі. Қолына түскен кітаптарды көп оқып, мұсылманша оқыған білімі арқасында Құранды да оқып жатқа білетін болған. Кезінде кеңінен тараған шығыс әдебиеті, оның ішінде араб әдебиеті үлгілерінен, ертегі, дастан, қиссаларды көңіл қоя оқиды. Мәделінің өз заманында діни білімімен молдалық құрған кездері де болған. Қожа руынан шыққан. ## Шығармашылығы Шығыстың классикалық әдебиеті мен фольклорын көп оқып, он бес жасынан лирикалық-дидактикалық толғау өлеңдер шығара бастайды. Әзіл-қалжың өлеңдерін айта жүріп, суырыпсалма ақындық өнерге де төселеді. Мәделі әдеби мұрасы — толғаулар, айтыстар, арнау өлеңдер. Мысалы, “Батырбек пен Байзаққа”, “Әбділда қожаға”, “Айналайын, Әзірет”, “Аман бол, Қосжарсуат туған жерім!”, “Датқа-еке, мен осында туып едім”, “Қанайға”, “Шәріпке”, “Кетпейді бастан бұлт күн жайланып”, тағыда басқа арнаулары мен толғауларында әлеуметтик ортаның қайшылықтары, атамекенін қорғап, Хиуа хандары озбырлығынан құтқарған ерлердің тарихи тұлғалары жырланады. ұұмырнамалық өлеңдерінде адамның ана құрсағында пайда болуынан бастап жүз жасқа дейінгі фәнилік кезеңдегі тағдырына дидакт.-филос. шолу жасалады. Ақынның айтыстарында (“өлбике мен Мәделі”, “Айым қызбен жұмбақ айтысы”, тағыда басқа) айтыскер ретіндегі шеберлігі аңғарылады. Ол атақты Майлықожа ақынмен де өнер жарыстырған (“Бес ғасыр жырлайды”, 1-т., 1989). Мәделі шығармалары баспасөз беттерінде (“Түркістан уәлаяты”, 1875, 1878; “Жас Қайрат”, 1924; “Оңтүстік Қазақстан”, 1973), хрестомататиялық-антологиялық жинақтарда (“Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы”, 1967; “Бес ғасыр жырлайды”, 2-том, 1984, 1989, 1991), жоғары оқу орындарына арналған хрестоматиялық оқу құралдарында жарияланған. Ақынның шығармашылығы туралы әдебиеттанушы ғалымдар Х.Сүйіншәлиев, Ә.Оспанұлы, тағыда басқа зерттеген. Мәделіқожа Жүсіпқожа (1816 жылы туған, Арыс өңірі – 1888) – айтыскер, ақын. Ескіше хат таныған. Өзі тұстас талай ақындармен айтысқа түскен. Ол атақты Майлықожа ақынмен де өнер жарыстырған. Оның «Қанай датқаға», «Майлы ақынға», т.б. толғаулары бар. «Мәделінің елімен қоштасқаны», «Бір жан жоқ болыстыққа талас емес», «Еш нәрсе бұл дүниеге болмас тұтқа», «Бәйтерек Байзақ едің мақтап жүрген», «Іліп алма», т.б. жырларында замана шындығын көрсеткен. «Арыстанбайға» атты арнау өлеңі «Жас қайрат» журналында (1924 жылы ғ5) жарияланған. Көптеген өлең-жырлары, толғаулары, айтыстары қолжазба күйінде Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы. ## Сілтемелер ## Дереккөздер
Тәуелсіздік сарайы — мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ресми іс-шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар. ## Ішкі құрылымы Ішкі құрылымы қатаң шешімдер мен жайлылық эстетикасының үйлесімділігі болып табылады. Тәуелсіздік Сарайының құрылымы: * Конгресс зал; * Рәсімдеу залы; * Пресс-орталық; * Қол өнер және этнография, археология және антропология галереясы * Қазіргі заман галереясы; * Астана тарихы мұражайы; * 4D кинотеатры ; * 360 град. кинотеатры * Электронды кітапхана; * Макет залы; ### Функционал қызмет түрлері Тәуелсіздік Сарайы 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабат - ұлттық және қазіргі заман стильдерінің біртума үйлесімділігі. Осында 3082 адамға жасалған Конгресс-зал, 268 орны бар Рәсімдеу залы, 220 орны бар Пресс-орталық, сыйымдылығы 678 адамға арналған және сахна мен дыбыс аппаратурасымен жабдықталған кең мейрамхана орналасқан. Екінші қабатта қол өнер және этнография, археология және антропология галереясы орналасқан. Композициялық үйлестірілген археология залы Алтын адам, Сармат батыры, Берел аттары, құпия жазулары бар тастар сияқты сирек кездесетін ежелгі экспонаттарымен толққан. Адам киімі, аттардың әшекейлері, аң стилінде жасалған скиф-сақ әлемінің бұйымдары да осында орын тепкен. Этнография мен қол өнері әйел әшекей-бұйымдары, қазақ даласының түрлі аймақтарының ұлттық киімдері, батырлардың қару-жарақтары, ән аспаптары, қолдан тігілген кілемдер, аңға шығу композициясы, әсерлі қыз ұзату көрінісі ретінде ұсынылған. 18-19 ғғ. экспонаттарымен қатар қазіргі заман шеберлерінің жұмыстары да орын тапты. Көшпенді цивилизациясының ұлы жетістігі - бұл қазақ киіз үйі, қазіргі заман шеберімен жасалған көрермендер назарына ұсынылады. Антропология залы неолит дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі бұрынғы қалпына келтірілген адам бейнесінің көрінісі келтірілген. Қазіргі заман мұражайында абстракция, пейзаж, ландшафт, портрет, яғни түрлі көзқарастар мен стильдерде орындалған Қазақстан Республикасының Мулашев, Ақанаев, Смағұлова, Бегалин сияқты танымал суретшілердің жұмыстары бар. Үшінші қабатта Астана қаласы тарихының мұражайы орналасқан. Мұражайдың экспозициялық кеңістігі Астана қаласының барлық қалыптасу кезеңін қамтиды: құжаттар, астанаға сыйланған сыйлықтар, жетістіктер. 49 орындық 4D кинотеатры келушілер назарына астана тарихы туралы фильмді ұсынады. «Астана 2030» макет залы астананың 2030 жылға дейінгі даму көріністерін көрсетеді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ресми сайты Мұрағатталған 7 мамырдың 2021 жылы. * Тәуелсізік сарайы
Нұрлыбаев Жеңіс Кәкенұлы ( 09.05.1965, Қарабұлақ ауылы, Алматы облысы) — қазақ суретшісі, кескіндемеші, график, мәдениетті қолдау Жылы эмблемасының авторы (2000 ж.), публицист, ҚР мәдениет қайраткері, Президент стипендиясының иегері (2010 ж.) ## Өмірбаяны 1965 жылы, 9 мамыр күні Қарабұлақ ауылында (Алматы облысы) дүниеге келген. Жеңіс балалық шағынан бастап суретші болуды армандады. Оның мектептегі сүйікті пәні сурет және сызу сабағы болды. 1982 жылы Жалаңаш орта мектебін үздік бітірді. 1982 - 1989 жылдар арасында ҚазПИ-дің көркем сурет факультетінде оқыды (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті). 1983 - 1985 жылдар бойы КСРО қарулы күштер қатарында әскери қызмет атқарды. В 1989 жылы "Ақ Желкен" журналында суретші-иллюстратор ретінде жұмыс істеді. В 1990—1991 — "Зерде" журналының көркемдеуші редакторы. В 1991—1993 — "Мәдениет" журналының суретшісі. В 1994—2008 — "Тура Би" журналының көркемдеуші редакторы. ## Шығармашылығы Суретші Жеңіс Кәкенұлы көрермен алдында кескіндемеші, график, кітап иллюстраторы, арт-критик, карикатурист, эмблема және медаль авторы ретінде белгіліЖеке көрмелері: * "Көңілімнің сарасы". Президент мәдени орталығы, 23 сәуір, 2003 ж. "Көңілімнің сарасы". Президент мәдени орталығы, 23 сәуір, 2003 ж. * "Дидар ғайып". Мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы. 10 желтоқсан, 2005 ж "Дидар ғайып". Мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы. 10 желтоқсан, 2005 ж . * Жеке көрме. Астана қаласының Қазіргі заман өнері мұражайы. 22 желтоқсан, 2006 ж. Жеке көрме. Астана қаласының Қазіргі заман өнері мұражайы. 22 желтоқсан, 2006 ж. * Жеке көрме. ҚР Жоғарғы соты. 6 қараша 2007 ж. Жеке көрме. ҚР Жоғарғы соты. 6 қараша 2007 ж. * Жеке көрме. №53 мектеп-лицей. 16 қараша 2007 ж. Жеке көрме. №53 мектеп-лицей. 16 қараша 2007 ж. * "Көлеңке ұзарғанда". "Құланшы" гаереясы, 15 сәуір 2009 ж. "Көлеңке ұзарғанда". "Құланшы" гаереясы, 15 сәуір 2009 ж. * "Квинтэссенция". ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы. 1 қазан 2010 ж. * "Квинтэссенция". ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы. 1 қазан 2010 ж. * Заманауи көрмелері: * "The smell of wormwood. Fine art works exhibition of Kazakhstan painters devoted th the Independency day of the Republic of Kazakhstan". Нью-Йорк қаласы. желтоқсан, 2008 ж. "The smell of wormwood. Fine art works exhibition of Kazakhstan painters devoted th the Independency day of the Republic of Kazakhstan". Нью-Йорк қаласы. желтоқсан, 2008 ж. * "Zeitgenössische Kunst aus Kasachstan". ART CENTER BERLIN. 18 қараша, 2009 ж. "Zeitgenössische Kunst aus Kasachstan". ART CENTER BERLIN. 18 қараша, 2009 ж. * "Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін бірлесе дамыту ұйымының (TURKSOY) XII тәжірбиелік лабораториясына орай халықаралық суретшілер көрмесі". Амасия қаласы. 3 маусым, 2009 ж. "Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін бірлесе дамыту ұйымының (TURKSOY) XII тәжірбиелік лабораториясына орай халықаралық суретшілер көрмесі". Амасия қаласы. 3 маусым, 2009 ж. * "Жусан иісі". "Құланшы" галереясы. 3 наурыз, 2010 ж. "Жусан иісі". "Құланшы" галереясы. 3 наурыз, 2010 ж. * "Тандем". "Ою" галереясы. 2 қараша, 2010 ж. "Тандем". "Ою" галереясы. 2 қараша, 2010 ж. Публицистика: * Пабло Пикассо Пабло Пикассо * Жұмақын Кайрамбаев Жұмақын Кайрамбаев * Ақтоты Көлкенқызы Смағұлова Ақтоты Көлкенқызы Смағұлова * Нағымбек Нұрмағамбетов Нағымбек Нұрмағамбетов * Исатай Исабаев Исатай Исабаев * Айбек Бегалин Айбек Бегалин * Шахан Маханбетов Шахан Маханбетов * Ләйлә Махат Ләйлә Махат * Амандос Ақанаев Амандос Ақанаев * Ғалым Смағұл Ғалым Смағұл * Өскенбай Шұранов Өскенбай Шұранов ## Галерея * ## Сілтемелер ## Тораптар * Жеңіс Кәкенұлының youtube.com сайтындағы бейнеканалы
Есіл — Ақмола облысы Есіл ауданындағы қала, темір жол бекеті, аудан және Есіл қалалық әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы — Көкшетау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 335 км жерде, Есілге құятын Қызылсу өзенінің сағасында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі Ақмола — Қараталды (Ресей) темір жолын салуға байланысты 1939 жылы қаланды. 1955 жылы Есіл ауданының құрылуына орай бұрынғы Есіл кенті аудан орталығына, 1963 жылы қалаға айналды. ## Кәсіпорындары Есілде темір-бетон бұйымдары мен құралымдар зауыты, құрылыс, көлік мекемелері, мұнай базасы, сыра зауыты, элеватор, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, баспахана жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Балалар бақшасы, 2 мектеп, техникалық лицей, музыка мектебі, Арқалық медициналық училищесінің бөлімшесі, мәдениет үйі, клуб, кинотеатр, кітапхана, стадион, аурухана, емхана, дәріхана, санитарлық-эпидемиологиялық станция, қонақ үйі бар. Тұрғындары Көкшетау, Астана, Қостанай, Арқалық қалаларымен темір жол және автомобиль жолдары арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Леңгір — Түркістан облысы Төле би ауданындағы қала (1945 жылдан), аудан орталығы (1956 жылдан), темір жол станциясы ## Географиялық орны Облыс орталығы – Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 196 км, Шымкент қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде, Бадам өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 19 ғасырдың 70-жылдарында қаланған. Ол кезде көмір шахталарына ие болған Ленгер-сай ауылы болатын. Қала атауының қайдан пайда болғаны туралы бірнеше нұсқа бар. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен шығарылған «Тәңірлік топонимдер (Оңтүстік ономастикасы)» атты кітабында Ленгер атауын Леңғар, Лаңғар сөздері негізінде алып қарастырады. Бұл сөздерге тәңірлік орфография деген сипат берілген. Бірақ ескі тұрғындар елді мекен шахталардың негізін қалаушы Лангир атты адамның атымен аталған деп мәлімдейді. Ол неміс немесе ағылшын болған. XIX ғасырда дәл осы мемлекеттердің геологтары сол жерде алғашқы барлау жұмыстарын жүргізген. Топонимист А. Әбдірахмановтың 1935 жылы жарық көрген «Топонимика және этимология» атты еңбегінде «Бұл Тәжікстан мен Өзбекстанда кең тараған атау. Зерттеуші Н.З.Розенфельдтің пікірі бойынша «якорь» мағынасындағы парсының «лянгар» сөзінен туындайды» дейді. Ал Розенфельд оны «аялдама, тоқтайтын жер» деп те түсіндіреді. Белгілі ғалым Э. М. Мурзаев Ленгерді «қонақ үйі» деген парсы сөзі деп қарайды. Топонимист Ленгер аты көбіне ескі керуен жолдары болып өтетін жерлерде кездесетінін айтады. ХІХ ғасырда жиһанкез Свен Гедин деген еуропалық үш жылдан аса Шығыс Түркістан, Тибет, Памир, Тянь-Шань (яғни Алатау) аймақтарын аралап, тамаша еңбек қалдырған. Сонда ол Ленгердің – Іліңгір, зәкір мағынасын беретінін тұжырымдайды. ## Кәсіпорындары Ленгерде «Ақмаржан» АҚ, «Балмұздақ»фабрикасы, Қазақстан — Иран бірлескен машина жасау зауыты, ауыл шаруашылығына қажетті қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар шығарады: көмір өндіретін шахта, кірпіш-қыш зауытыты, астық қабылдау пункті,« Үміт» АҚ, «Шұғыла» АҚ, «Әсел» ӨК, күнбағыс және мақсары майын өндіретін бірнеше цехтар, сыра зауыты, т. б. кәсіпорындар бар. Оңтүстік алаңында Төле биге ескерткіш орнатылған. ## Тағы қараңыз * Ленгер көмір кен орны ## Дереккөздер
Бәйтерек – Астана қаласындағы сәулет құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. ## Техникалық сипаттамасы Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м². Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі. ## Символикасы Ескерткіш 1997 жылы астананың Алматыдан Ақмолаға көшірілуінің символы ретінде тұрғызылған. 97 метр биіктікте орналасқан «Бәйтеректің» қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің нысаны ретіндегі маңызы Елбасының оң қолының ізі бар «Аялы алақан» көркем композициясы арқылы көркемделеді. 1997 жыл – Астананың мемлекеттің жаңа астанасы болып жарияланған жылын және тиісінше ел тарихындағы жаңа бастамасын білдіреді. Монумент ортасында барлық діндердің бірлігін білдіретін әлемнің 17 дін өкілдерінің қолтаңбасы бар ағаш глобус орналасқан. «Бәйтерек» өзінің орналасуымен және композициялық құрылымымен ежелгі көшпелілердің космогониялық идеяларын білдіреді. Олардың аңыздары бойынша әлемдердің тоғысқан жерінде Дүниежүзілік өзен ағып жатады. Оның жағасында жерді тамырымен ұстап, тәжімен көкті тіреп тұрған Өмір ағашы – Бәйтерек (қаз. Бәйтерек – «терек», сонымен қатар «тірек, қорғаушы») бой көтереді. Бұл ағаштың тамыры, сәйкесінше, жер асты әлемінде, ағаштың өзі - жерде, ал тәжі - көкте. Жыл сайын Ағаштың тәжінде киелі құс Самұрық "Күн" атты жұмыртқа салады. Ал ағаштың түбінде мекендейтін Айдаһар осы жұмыртқаны жұтып қояды, бұл символкалық түрде - жаз бен қыстың, күн мен түннің ауысуын, жақсылық пен жамандықтың күресін білдіреді. «Бәйтерек» - жас, күшті, өсіп келе жатқан ағашты білдіреді, яғни тарихи тамырын сақтап қалған, тірегі берік, болашақтың гүлденуіне ұмтылған мемлекетті сипаттайды. Қаланың қақ ортасындағы «Бәйтерек» монументінің айналасындағы үлкен саябақ алаңдары үнемі әдеттен тыс іс-шараларға пайдаланылады. 2010 жылы әкімдіктің шақыруымен мұнда Берлиннен келген United Buddy Bears(аюлар достастығы) халықаралық көрмесі ұйымдастырылды. Соның арқасында әлем шеберлерінің қолынан шыққан 125 бірегей өнер туындылары бір-бірімен тату көршілікте көрсетілді. ## Монументтің авторлары «Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы А.Рүстембеков (топ жетекшісі), С.Базарбаев пен Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы М.Вахштейн, интерьер дизайншысы А.Оспанов; сондай-ақ оның жобасын жасауға “Аэропорт” ААҚ, “ЭМК” ЖШС, “Архфонд” ЖАҚ, Архитекторлар одағы және “Алуа” ЖШС секілді қазақстандық жетекші фирмалардың мамандары қатысты; ал құрылысын “Имсталькон” ААҚ құрылыс компаниясы (бас директоры В.Т. Кананыхин) салды. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Бұл нысан әлемдік Сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. Астана қаласында Сәулетшілер одағының халықаралық қауымдастығы өткізген 10-байқауда беделді халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде “Бәйтерек” кешеніне Гран-при үздік айырым белгісі берілді. ## Дереккөздер
Степняк — Ақмола облысындағы қала (1937), Біржан сал ауданының (1955) және Степняк қалалық әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Көкшетау қаласының оңтүстік-шығысына қарай 130 км жерде, Көкшетау қыратындағы Саға өзенінің бастауы мен Қотыркөл көлі аралығында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1890 жылы қаланған. ## Кәсіпорындары Алтын өндіретін кәсіпорын, автомобиль жөндеу зауыты, агроөндірістік бөлімше, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, құрылыс мекемелері жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Жалпы білім беретін 3 мектеп, 2 клуб, кинотеатр, аурухана, емхана, дәріхана, санэпидстанса жұмыс істейді. Степняк аумағында Біржан сал жерленген. Ең жақын темір жол стансасы – Макинск (35 км). ## Дереккөздер
Әнуарбек Молдабеков (20 мамыр 1938 жыл, Алматы облысы Іле ауданы – 9 тамыз 1985 жыл, Алматы) — қазақ өнерінің аса ірі тұлғасы, көрнекті театр және киноактері, Қазақстанның халық артисі (1976), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1967). ## Өмірбаяны Алматы облысының, Іле ауданына қарасты Комсомол совхозында 1938 жылы туған. Әке-шешесі Андрей деп ат қойған. Бірақ кейіннен жұрт Әнуарбек, одан кейін Әнуар деп атап кетті. Жастайынан өнерге бейім болған ол әнші болуды армандады. Дегенмен кейіннен өмір ағысы оны актерлікке алып келді. 1956 ж. консерваторияның драма бөліміне түскен. Алайда ол жерде бір оқытушының көңілге қонбайтын бір әрекетін бетіне басқаны үшін оқудан шығып қалған. Оған жасымаған Әнуар Әзірбайжан Мәмбетов «Жаңа студия ашып жатыр екен» дегенді естіп, сонда барған. 1958 ж. түсіп, екі жылда бітіріп шығады. Әнуардың сахнадағы алғашқы өмірі Қарағандыда басталды. Сонда жүріп өзімен бірге оқыған дарынды актриса Баян Имашеваға үйленді. Екі қыз, бір ұл сүйді. Сол Қарағандыда жүріп-ақ көптеген рөлдерді сомдады. 1964 ж. Алматыға оралып, М. Әуезов театрына жары Баян екеуі орналасты. Ірі талант иесінің қалған өмірі осы Алматыда жалғасты. ## Шығармашылығы мен марапаттары Сахнада Әзірбайжан Мәмбетов, кинода Шәкен Айманов секілді ірі тұлғалар Әнуарды өз­деріне жақын тұтты. Табиғи талант екенін тани білді. Оның есімі халық арасында 1965 ж. «Ән қанатында» фильмінен кейін таныла бастады. Жалпы, кинодағы ақын Мұсаның (Иса Байзақов) рөлінде ойнауға көптеген актерлер шақырылды. Алайда ол орынға С. Сейфуллин атындағы Қарағанды театрының әлі кеңінен таныла қоймаған актері Әнуар Молдабеков таңдап алынды. Алғашқы роль - алғашқы жеңіс. Мұсаның бейнесі ерекше сәтті шықты. Осы үшін Әнуар аға Молдабеков Қазақ ҚСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол осы Мұсаны алғаш ойнағанынан-ақ өзінің алысқа баратынын, талай шыңға шығатынын танытты. 1970 ж. Республиканың еңбек сіңірген артисі, артынан халық артисі деген атаққа да қол жеткізді. Бірақ бұл жерде Әнуардың сахна мен кинода жүріп алған атақтарына тіреліп тұрған ештеңе жоқ, халық оны «Ән қана­тындағы» Мұса арқылы, «Қан мен Тердегі» - Еламан, «Қыз Жібектегі» - Шеге арқылы кеңінен білді. Тіпті «Қыз Жібек» фильмінен кейін оны біраз уақыт халық Әнуар деудің орнына Шеге деп атап жүргені де белгілі. Одан басқа А. Чеховтың «Ваня ағайындағы» бас кейіпкер Иван Войницкий ролін ойнаған. Бұл спектакль Мәскеуде де үлкен жетістікке жетті, жылы лебіздер айтылды. ## Фильмдері * «Қыз Жібек» * «Қан мен тер» * «Ән қанатында» * «Өтелмеген парыз» * «Әпкем менің Люся» (1985) ## Қызық жайттар * «Қыз Жібек» фильмінде Әнуарға алдымен Төлегеннің, сосын Бекежанның ролін берген. Кейін Шегеге лайық актер табылмаған соң, ақынжанды, жаны нәзік Әнуарды сол рольге бекіткен. Сол Шегенің роліне дайындалып жүріп, домбыра үйренемін деп төрт домбыраны шаққан көрінеді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Cілтесең – семсер, қорғансаң – қалқан болған...
Хамза Абдуллин (10 ақпан 1919 - 2001) — ақын, аудармашы. Грузин ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды жиһанкез» поэмасын қазақ тіліне аударуымен танымал. 1932-1936 жж. Омбы қаласындағы ауыл шаруашылығы жұмысшылар факультетінде оқиды. Бітірген соң Қызылжарда (Петропавлда) облыстық Халық ағарту бөлімінде қызмет істейді. 1937-1940 жж. Алматыдағы Коммунистік Журналистер институтында оқып, оны тамамдағаннан кейін, «Социалистік Қазақстан» газетінде, Солтүстік Қазақстан облыстық газетінде, «Жаңа фильм» журналында бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. 1941 жылы әскерге алынып, Ұлы Отан соғысына қатысады. Соғыстың алғашқы жылдарында тұтқынға түсіп, концлагерьдің тауқыметін басынан өткереді. Кейін Мұстафа Шоқай ұйымдастырған Түркістан легионының қатарында болады. Абдуллиннің алғашқы өлеңдері, очерктері, әңгімелері мен фельетондары 1936 жылдан бастап баспасөз бетінде жарық көре бастаған. 1940 жылы Бүкілқазақстандық әдеби конкурсқа қатысып, «Шойын жолда» атты дастаны бірінші бәйгеге ие болды. Абдуллин шығармашылығының негізгі саласы – көркем аударма. Солардың елеулісі – Грузияның ұлы ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды жиһанкез» дастаны. ## Дереккөздер
Роза Исаққызы Отынбаева (қыр. Роза Исак кызы Отунбаева; 1950 жыл 23 тамыз, Фрунзе, Қырғыз КСР) — кеңестік, одан әрі Қырғыз мемлекеттік және саяси қайраткері, дипломат, 2010-2011 жылдар аралығында жоғары лауазымды атқарған Қырғыз Республикасының экс-президенті, Қырғызстанның оппозициялық Социал-демократиялық партиясы, парламенттік фракцияның көшбасшысы. Бұл қызметті Алмазбек Атамбаев 2011 жылғы 1 желтоқсанда қызметіне кіріскенге дейін атқарды. 2022 жылғы 3 қыркүйектен бастап БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша Бас хатшысының Арнайы өкілі және БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясының басшысы болып табылады. Қырғызстанда 2010 жылы Қырғызстанның оңтүстігінде этникалық қақтығыстың басталуының кінәлілерінің бірі ретінде, сондай-ақ оппозициялық саясаткерлерді тұтқындау және құқық қорғаушы Әзімжан Асқаровты тұтқындау арқылы белгілі. ## Өмірбаяны Роза Отунбаева 1950 жылы 23 тамызда Талас облысы Бақай-ата ауданы Боо-Терек ауылында дүниеге келген. Оның әкесі Исак Отунбаев көптеген жылдар бойы Жоғарғы соттың мүшесі болған. 10 жылдан кейін Исак Отунбаев жұмыс бойынша ЖББМ-ге (Қырғызстан) ауыстырылды. Ұлты бойынша-Қырғыз. Ош қаласындағы мектепті алтын медальмен бітірді. 1972 жылы ММУ философия факультетін бітіріп, ММУ аспирантурасына түсті. Германияда тағылымдамадан өтті. 1975 жылы Мәскеуде «Франкфурт мектебінің философтары марксистік-лениндік диалектиканың бұрмалануына сын» диссертациясын қорғағаннан кейін философия ғылымдарының кандидаты болды. 1975-1981 жылдары Фрунзедегі Қырғыз мемлекеттік университетінде (Қазіргі Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеті) жұмыс істеді. 1981 жылы КОКП-да партиялық жұмысқа ауысты. Ленин аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, 1983 жылдан — Қырғызстан КП Фрунзе қалалық комитетінің хатшысы. 1986-1989 жылдары-Қырғыз КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі. 1989-1991 жылдары-КСРО СІМ алқасының мүшесі, КСРО Төтенше және Өкілетті Елшісі дәрежесіне ие, КСРО ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының жауапты хатшысы, ал 1990-1991 жылдары — КСРО ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының төрағасы. Ыдырағаннан кейін КСРО Қырғызстанға оралды және тәуелсіз Қырғызстандағы жоғары лауазымдарда жұмыс істеді. 1992 жылы тәуелсіз Қырғызстанның вице-премьер — министрі-Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, сол жылдың шілде айында Қырғыз Республикасының АҚШ пен Канададағы Елшісі болып жұмысқа кірісті. 1994 жылы мамырда Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі қызметіне отанына оралды. 1997 жылы Роза Отунбаеваның айтуынша, ол үкіметтен кету туралы шешім қабылдады, дегенмен Асқар Ақаев оны әрі қарай жұмыс істеуге көндірді. 1997 жылдан-Қырғыз Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшісі. 2002 жылғы мамырдан бастап-БҰҰ Бас хатшысының Грузия / Абхазиядағы қақтығысты реттеу жөніндегі арнайы өкілінің орынбасары. 2004 жылдың қыркүйегінде парламенттік сайлау қарсаңында Қырғызстанға оралып, «Али-Журт» оппозициялық қозғалысы құрылды. Қозғалыс жетекшілері болып қырғыз парламентінің депутаты, кинорежиссер Доронбек Садырбаев пен Роза Отунбаева сайланды. Алғашқы жанжал Роза Отунбаеваның есімімен байланысты, содан кейін елде революция мүмкіндігі туралы айта бастады. 2005 жылдың қаңтарында ол алдымен бір күн депутаттыққа үміткер ретінде тіркелді, содан кейін сайлау туралы заңда белгіленген уақыт ішінде ел аумағында тұру туралы ережені бұзу сылтауымен тіркеуден шығарылды. Оппозицияның пікірінше, ресми Бішкек елорданың университеттік сайлау округі бойынша сайлауға түскен президенттің қызы Бермет Акаеваның жолын осылай тазартты. Роза Отунбаева қалыпты саясаткер болып саналады, Қырғызстанда 1989 жылдың аяғынан бастап танымал болды. 2005 жылғы наурызда Қырғызстанда болған қызғалдақ төңкерісінен кейін республика президенті Асқар Ақаевтың құлатылуына және оның қызметіне Құрманбек Бакиевтің келуіне әкеліп соқтырған еліміздің Сыртқы істер министрі қызметіне қайта тағайындалды. 2005 жылғы 10 шілдедегі президенттік сайлаудан кейін қырғыз парламенті Роза Отунбаеваның СІМ басшысы лауазымына кандидатурасын бекітпеді. 2005 жылдан 2007 жылға дейін «Асаба» партиясының тең төрағасы. 2007 жылғы желтоқсаннан бастап-қырғыз парламентінің депутаты және Қырғызстан оппозициялық Социал-демократиялық партиясының парламенттік фракциясының мүшесі, 2009 жылғы қазаннан бастап осы парламенттік фракцияның басшысы. 2010 жылдың 21 мамырында Қырғызстан президентіне өтпелі кезеңнің өкілеттігін бергеннен кейін партиядан кетті. ### 2010 жылдан бастап Оқиғалардың нәтижесінде 2010 жылғы 7 сәуірде Қырғызстанның уақытша үкіметінің басшысы болды. 2010 жылғы 19 мамырда Қырғызстан Уақытша үкіметінің арнайы Жарлығымен өтпелі кезеңдегі Қырғызстан президенті болып жарияланды. Осы Жарлыққа сәйкес Қырғызстан президентінің өтпелі кезеңдегі өкілеттік мерзімі 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленген. 2010 жылғы 27 шілдедегі Конституцияның жаңа мәтінін қабылдау жөніндегі Референдум оны Қырғыз Республикасының Президенті ретінде бекітті. Орталық Азия мен Қырғыз Республикасы тарихындағы тұңғыш әйел-президент, ТМД елдерінде президент қызметін атқарған тұңғыш әйел және ең жаңа тарихта негізінен мұсылман халқы бар елдегі екінші әйел-президент (біріншісі — Мегавати Сукарнопутри, 2001-2004 жылдары Индонезия Президенті). Қырғыз саясатының маңызды қайраткерлерінің бірі. 2010 жылдың 7 сәуірінен бастап Уақытша үкіметті басқарды. Референдум оны өтпелі кезеңде президент ретінде бекітті, 2011 жылдың 1 желтоқсанында жаңа президент сайланғаннан кейін ол өз өкілеттіктерін өз еркімен тапсырып, билікті бейбіт жолмен беруді бастады. 2011 жылдың ақпан айынан бастап "Роза Отунбаеваның бастамалары" халықаралық қоғамдық қорын басқарады. Қордың негізгі мақсаты Қырғызстанның әлеуметтік, саяси, экономикалық дамуына ықпал ететін бағдарламалар мен жобаларға бастамашылық жасау және іске асыру болып табылады. 2022 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі, БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының басшысы болып тағайындалды. Қырғыз, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. ## 2010 жылғы этникалық қақтығыстардағы рөлі мен кінәсі 2010 жылдың маусым айында Қырғызстанның оңтүстігінде этникалық өзбектер мен қырғыздар арасында қанды қақтығыс басталды, оның барысында 400-ден астам адам қаза тауып, мыңдаған адамдар баспанасынан айырылды. Киммо Кильюнен бастаған ЕҚЫҰ Халықаралық комиссиясы Роза Отунбаева үкіметін Қырғызстанның оңтүстігіндегі қантөгістің алдын алмағаны және әрекетсіздігі үшін айыптады: «Оқиғалардан екі ай бұрын билікке келген Уақытша үкімет Қырғызстанның оңтүстігіндегі этносаралық қатынастардың нашарлауын мойындамады немесе бағаламады. азаматтық бағынбау жағдайымен. Президент Отунбаеваның зорлық-зомбылықтың күшеюі осындай ауқымда болды, сондықтан Уақытша үкімет оны ұстап тұру қиынға соқты деген дәлелдері билікті халықты қорғау жөніндегі негізгі жауапкершіліктен босатпайды». ЕҚЫҰ комиссиясының есебінен. Роза Отунбаеваның басшылығымен биліктің реакциясын Amnesty International да қатаң айыптады, ол Уақытша үкіметті оның басшылығымен адамзатқа қарсы қылмыстар, азаптау, әділетсіз сот процестері, билік құрылымдарын тарту, зорлау және жаппай зорлық-зомбылық жасады деп айыптады: «Тергеушілер мен прокурорлар 2010 жылғы маусымдағы тәртіпсіздіктер кезінде және одан кейін, сондай-ақ содан бері 24 ай ішінде, ең алдымен, кісі өлтіру және этникалық өзбектерге қарсы басқа да зорлық-зомбылық қылмыстары кезінде жасалған көптеген қылмыстарды әлі зерттеп, жауапқа тарта алмады. Сонымен қатар, маусым айындағы оқиғалар кезінде адам құқықтарын бұзуға қастандық жасады деген айыптаулар мен қауіпсіздік күштерінің қатысуы да назардан тыс қалды. Зорлау және басқа жыныстық зорлық-зомбылық туралы ондаған хабарламалар да қарастырылмаған». Amnesty International есебінен. 2011 жылдың мамырында Роза Отунбаева Үкіметі 2010 жылғы маусымдағы тәртіпсіздіктерді тергеу жөніндегі халықаралық комиссияның (қырғыз тергеу комиссиясы) Ош қаласының өзбек халқына қарсы тәртіпсіздіктер кезінде адамзатқа қарсы қылмыстар жасалды деген қорытындысын қабылдамады.[13] ЕҚЫҰ сонымен қатар өзбек махаллаларына қатысты зорлық-зомбылық жүйелі түрде және Роза Отунбаеваның бақылауындағы құқық қорғау органдары мен армияның попыласы немесе қолдауымен жүзеге асырылғанын атап өтті. Роза Отунбаева Ошадағы оқиғалар кезінде хаостың көп бөлігі үшін оның әкімшілігіне жауапкершілік жүктеген халықаралық комиссияның есебін қабылдамай, көптеген жақтастарын таң қалдырды. Алайда, кейінірек Роза Отунбаева халықаралық қысыммен республиканың қауіпсіздік күштері маусым айының ортасында этносаралық қақтығыстар кезінде этникалық өзбектердің құқықтарын бұзғанын ашық мойындауға мәжбүр болды. ### Қырғызстандағы реакция Қырғызстанның бұрынғы Бас прокуроры Байболов Роза Отунбаеваның тікелей нұсқауымен басталған құқық қорғаушыларға қарсы қылмыстық істер туралы хабарлады. Бірқатар саясаткерлер Отунбаеваны этникалық қақтығыстардағы рөлі үшін «қара раушан» деп атады. Қырғызстанда 2010 жылғы маусымдағы оқиғалар бойынша сот процесі әлі де жалғасуда, ал Роза Отунбаеваның есімі бірнеше рет айтылады. Қырғыз саясаткерлері, әсіресе Парламенттегі «ер-Жұрт» оппозициялық партиясының бұрынғы жетекшісі Жылдызқан Жолдошева, Уақытша үкімет басшысына ұлтаралық қақтығыс туралы және Отунбаеваның оларға мүлдем немқұрайлы қарауы туралы не ескертті. ## Әзімжан Асқаров ісі мен ҮЕҰ-ға қарсы қуғын-сүргін 2010 жылы этникалық зорлық-зомбылық басталғаннан кейін, Қырғызстан үкіметі ондаған өзбек қауымы мен діни жетекшілерін тұтқындады және этникалық зорлық-зомбылықты қоздырды деп айыптады, оның ішінде Азимжан Асқаров, тәртіпсіздіктер кезінде кісі өлтіру мен өртті түсірген. Содан кейін Асқаров бейнені халықаралық БАҚ-қа таратып, қырғыз әскерилерін кісі өлтіруге қатысы бар деп айыптады. Әзімжан Асқаров сотта Роза Отунбаеваның тікелей бұйрығымен сотталғанын ашық айтты. Құқық қорғаушылар Роза Отунбаевамен Асқаровты азаптау туралы Жеке сөйлескендерін хабарлады, бірақ ол оларды мүлдем елемеді. Асқаровтың Отунбаеваға айтқан сөздерін Халықаралық Адам құқықтары Федерациясының fidh халықаралық комиссиясы да қолдады: «Обсерваторияның миссиясы Асқаровқа үкім шығару кезінде Қырғызстанның Бас прокуроры қызметін атқарған Кубатбек Байболовпен кездесті. Оның айтуынша, сол кезде президенттің міндетін атқарушы Роза Отунбаева сотқа Асқаровты өмір бойына бас бостандығынан айыруға тікелей нұсқау берді». 2010 жылы Бас прокурор қызметін атқарған Кубатбек Байболов Асқаровқа қарсы істің саяси уәжді болғанын және оны Отунбаева жібергенін растады. 2016 жылғы 31 наурызда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті Мемлекет Әзімжан Асқаровқа қарсы қылмыстық істі тергеу және сот талқылауы барысында азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 7-бабын бөлек және 1-бабы мен 14-бабының 3 (б) - тармағымен және (Е) - тармағымен ұштастыра отырып бұзғанын мойындады. Комитет азаптауды, қатыгез, адамгершілікке жатпайтын, ар-намысты қорлайтын қарым-қатынасты қолдануды атап өтті. Amnesty International, Human Rights Watch, Журналистерді қорғау комитеті, Front Line, адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік (IPHR) және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық федерация Асқаровқа тағылған айыптарды айыптады. Журналистерді қорғау комитеті оны және басқа ұсталған Ұлықбек Абдусаломовты босатуға және оларды тұтқындаған қызметкерлерді «қызмет бабын асыра пайдаланғаны» үшін жауапқа тартуға шақырды. Оның ісін американдық актер Мартин Шин де қолдады. АҚШ-тың Бішкектегі елшілігі Қырғызстан үкіметіне Асқаровтың апелляциясы бойынша «бейтарап тыңдаулар» өткізуге қысым жасады. «Шекарасыз тілшілер» оны дереу босатуға шақырды. 2011 жылы Өзбек құқық қорғаушысы Қырғызстандағы Өзбек халқына қарсы қуғын-сүргін жасағаны үшін Отунбаеваға осындай марапат табысталды деген негізде оған берілген сыйлықты қайтарады. ## Отбасы Қырғызстан Жоғарғы Сотының мүшесі Исаак Отунбаев пен мұғалім Салика Даниярованың отбасындағы сегіз баланың екіншісі. Карачач атты қызы және Атай атты ұлы бар. Болот Исакович Отунбаевтың ағасы — дипломат, Қырғызстанның АҚШ пен Канададағы Елшісі, 2019 жылғы 15 қаңтардан бастап. ## Марапаттары * Францияның Құрметті легионы ордені (Франция, 2012)[10 — «Демократия мен адам құқықтарын қорғаудағы ерекше қызметі үшін»; * Солтүстік жұлдыз ордені (Моңғолия, 2012); * Италия Минерва сыйлығы (Италия, 2015) — «Қырғызстандағы жоғары институционалдық рөлі және бейбітшілік пен демократияның халықаралық пайдасына тұрақты жұмысы үшін»; * «Newsweek Daily Beast» (2012)бойынша әлемдегі 150 ықпалды әйел; * Жаһандық Әйелдер саммитінің үлкен сыйлығы (2012) — «Көшбасшылық үшін (Афина, Греция)»; * Apolitical нұсқасы бойынша әлемнің 100 ықпалды адамы — «Роза Отунбаева"» apolitical «Британдық зерттеу ұйымының тізіміне сәйкес 2018 жылы гендерлік саясатты ілгерілету саласындағы әлемнің топ-100 ықпалды адамының қатарына енді»; * Батылдығы үшін халықаралық әйелдер сыйлығы, АҚШ Мемлекеттік департаменті, 2011 ж; * Search for Common Ground 2018-2018 жылғы 1 қарашада, Нью-Йорк, АҚШ, әлемдегі ең ірі «ортақ мүдделерді іздеу» әлемдік құрылыс ұйымы табыстады; * Кувейт сыйлығы 2019 — «Азаматтық қоғамның, мемлекеттік және жеке секторлардың өмірін жақсартуға қосқан үлесі үшін» (қоғамның дамуына үлес қосқан және стратегиялық көзқарасы бар, жұмыста инновациялық және шығармашылық тәсілдерді қолданатын әйелдерге беріледі); * Қырғыз Республикасында, ҚХР-да және Қазақстан Республикасында он университеттің профессоры. ## Дереккөздер ## Әдебиет * Кто есть кто в России и в ближнем зарубежье: Справочник. — М.: Издательский дом «Новое время», «Всё для Вас», 1993. — ISBN 5-86564-033-X.
Хамза Абдуллин (10 ақпан 1919 - 2001) — ақын, аудармашы. Грузин ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды жиһанкез» поэмасын қазақ тіліне аударуымен танымал. 1932-1936 жж. Омбы қаласындағы ауыл шаруашылығы жұмысшылар факультетінде оқиды. Бітірген соң Қызылжарда (Петропавлда) облыстық Халық ағарту бөлімінде қызмет істейді. 1937-1940 жж. Алматыдағы Коммунистік Журналистер институтында оқып, оны тамамдағаннан кейін, «Социалистік Қазақстан» газетінде, Солтүстік Қазақстан облыстық газетінде, «Жаңа фильм» журналында бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. 1941 жылы әскерге алынып, Ұлы Отан соғысына қатысады. Соғыстың алғашқы жылдарында тұтқынға түсіп, концлагерьдің тауқыметін басынан өткереді. Кейін Мұстафа Шоқай ұйымдастырған Түркістан легионының қатарында болады. Абдуллиннің алғашқы өлеңдері, очерктері, әңгімелері мен фельетондары 1936 жылдан бастап баспасөз бетінде жарық көре бастаған. 1940 жылы Бүкілқазақстандық әдеби конкурсқа қатысып, «Шойын жолда» атты дастаны бірінші бәйгеге ие болды. Абдуллин шығармашылығының негізгі саласы – көркем аударма. Солардың елеулісі – Грузияның ұлы ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды жиһанкез» дастаны. ## Дереккөздер
Хизмет Абдумуталипұлы Абдуллин (1925-1986) 10 қазанда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Баяндай селосында туған. Найман тайпасының Төртуыл руынан шыққан. Өз ауылында, одан кейін «Ташкенсаз» орта мектебінде оқиды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол сол жылдары өзінің алғашқы өлең және әңгімелерін жазды. 1951 – 1955 жж. Алматыда шығып тұратын «Жаңа өмір» журналы редакциясында әдеби қызметкер, бөлім бастығы және жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Қазақ педагогика институтында сырттай оқып, үш курсын бітірді. 1943 ж. әскер қатарына алынып, Моңғолия және Манчжурия жерінде жапон басқыншыларына қарсы соғысқа қатысқан. Осы кезде алғашқы өлең-әңгімелерін жаза бастайды. 1958-1962 ж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, 1962-1965 ж. "Коммунизм туги" газетінде бөлім меңгерушісі, 1955-1958, 1965-1980 ж. Қазақстан жазушылар одағында ұйғыр әдебиеті секциясының меңгерушісі болған. Хизмет Абдумуталипұлы бірқатар жылдар Қазақстан Жазушылары одағының жанындағы ұйғыр әдебиеті секциясын басқарды. Жазушының бірнеше повесть, романдары қазақ және орыс тілдерінде аударылып басылды. Өзі де көркем аудармамен шұғылданды. Шетелдегі ұйғырлардың өміріне арналған “Турфан аясында” романы, көптеген повестер мен әңгімелер жинақтары (“Ауылдастар”, “Тағдыр”, “Отты шеңбер”, “Жылдарға жауап”, “Гүлстан” т.б.) өлеңдер мен поэмалар жинақтары (“Анаят”, “Давутжан” т.б.) бар. А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, Р. Тагор, М.В. Исаковский шығармаларын ұйғыр тіліне тәржімалаған. А-ның “Тас түйін” аталатын повестер мен әңгімелер жинағы қазақ тілінде жарық көрді. «Жапонияны жеңгені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, «Құрмет Белгісі» және Халықтар Достығы ордендерімен марапатталды. ## Шығармалары * Гүлстан. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1952; * Һекаялар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953; * Анайәт. Тарихи поэма. А., ҚМКӘБ, 1956; * Давутжан. Поэма мен өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1959; * Муһәббәт вә һәсрет. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1960; * Турпаң тәвәсидә. Роман. А., «Жазушы», 1968; * Тағдыр. Роман. А., «Жазушы», 1970; * Бархандар. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1972; * Екі томдық Таңдамалы шығармалары. А., «Жазушы», 1983 – 1984. ## Дереккөздер
Хизмет Абдумуталипұлы Абдуллин (1925-1986) 10 қазанда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Баяндай селосында туған. Найман тайпасының Төртуыл руынан шыққан. Өз ауылында, одан кейін «Ташкенсаз» орта мектебінде оқиды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол сол жылдары өзінің алғашқы өлең және әңгімелерін жазды. 1951 – 1955 жж. Алматыда шығып тұратын «Жаңа өмір» журналы редакциясында әдеби қызметкер, бөлім бастығы және жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Қазақ педагогика институтында сырттай оқып, үш курсын бітірді. 1943 ж. әскер қатарына алынып, Моңғолия және Манчжурия жерінде жапон басқыншыларына қарсы соғысқа қатысқан. Осы кезде алғашқы өлең-әңгімелерін жаза бастайды. 1958-1962 ж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, 1962-1965 ж. "Коммунизм туги" газетінде бөлім меңгерушісі, 1955-1958, 1965-1980 ж. Қазақстан жазушылар одағында ұйғыр әдебиеті секциясының меңгерушісі болған. Хизмет Абдумуталипұлы бірқатар жылдар Қазақстан Жазушылары одағының жанындағы ұйғыр әдебиеті секциясын басқарды. Жазушының бірнеше повесть, романдары қазақ және орыс тілдерінде аударылып басылды. Өзі де көркем аудармамен шұғылданды. Шетелдегі ұйғырлардың өміріне арналған “Турфан аясында” романы, көптеген повестер мен әңгімелер жинақтары (“Ауылдастар”, “Тағдыр”, “Отты шеңбер”, “Жылдарға жауап”, “Гүлстан” т.б.) өлеңдер мен поэмалар жинақтары (“Анаят”, “Давутжан” т.б.) бар. А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, Р. Тагор, М.В. Исаковский шығармаларын ұйғыр тіліне тәржімалаған. А-ның “Тас түйін” аталатын повестер мен әңгімелер жинағы қазақ тілінде жарық көрді. «Жапонияны жеңгені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, «Құрмет Белгісі» және Халықтар Достығы ордендерімен марапатталды. ## Шығармалары * Гүлстан. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1952; * Һекаялар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953; * Анайәт. Тарихи поэма. А., ҚМКӘБ, 1956; * Давутжан. Поэма мен өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1959; * Муһәббәт вә һәсрет. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1960; * Турпаң тәвәсидә. Роман. А., «Жазушы», 1968; * Тағдыр. Роман. А., «Жазушы», 1970; * Бархандар. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1972; * Екі томдық Таңдамалы шығармалары. А., «Жазушы», 1983 – 1984. ## Дереккөздер
Қандыағаш — Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы қала, аудан және Қандыағаш қалалық әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы - Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 95,2 км Елек өзенінің бастауы Жарық өзеніне жақын жерде орналасқан. Қаланың шығысы және оңтүстігі Мұғалжар тауының аласа төбелері, батысы тік жазықты. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына және бау-бақшаға қолайлы мекен. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 25553 адам (12342 ер адам және 13211 әйел адам) болса, 2009 жылы 29169 адамды (14004 ер адам және 15165 әйел адам) құрады. ## Транспорты Мәскеу — Ташкент және Атырау — Орск теміржол түйіcінде орналасқан. Үстінен Атырау-Ақтөбе тас жолы өтеді. Яғни, Солтүстігі Ақтөбеге, оңтүстігі Қызылордаға, шығысы Астанаға (Нұрсұлтан), батысы Атырауға бағытталған төрт тарапты теміржол торабы бар. ## Қала тарихы Қаланың атауы бірінші нұсқада «қандыағаш» атты ағашпен (өсімдік) байланыстырылса, екінші нұсқасы XVII-XVIII ғасырларда болған қазақ-қалмақ соғысында болған оқиғаға байланысты аталады. Қандыағаш төрт жолдың торабы. Республикалық маңызы бар теміржол торабы. Қаланың пайда болуы ХХ ғасырдың басында салынған Орынбор-Ташкент темір жолына тұспа тұс келеді. ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында солтүстік пен оңтүстіктің жолын жақындатқан теміржол бекетінен бастау алған Қандыағаштың бүгінде облыс аймағында өзіндік алар орны мен өркендеп дамыған инфрақұрылымы қалыптасып үлгерді. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары Қандыағаш бекеті әлеуметтік салада тек қана 2 орта мектебі мен 1 ауруханасы, 1 мәдениет үйі бар 5-6 мыңдай ғана тұрғын қоныстанған, теміржол саласына қызмет ететін елді мекен болды. Қандыағаш қаласының дамуы «Шилісай» фосфор фабрикасы мен «Жаңажол» мұнай кенінің игеруімен басталады. Қандыағаш қаласы қала мәртебесін алғаннан бергі уақытта бірнеше өрлеу сатысынан өтті. Үлкен өндіріс орындарының қарқынды дамуы барысында қалада көппәтерлі тұрғын үйлер салынып, қала іші жолдары төселді. Қаланың «Финляндия», «Қазақ ауыл», «Финский», «Достық», «Жастық», «Болашақ», «Жаңақоныс» (Нұрлы көш) атты шағын аудандары бар. Қаладағы 70-80 жылдары Шилісай кен орны құрылысына байланысты салынған көпқабатты үйлердің саны кейіннен мұнай кенін игеру кезеңінде қарыштап өсті. 1967 жылы Қазан төңкерісінің 50 жылдығына байланысты қала атауы Қандыағаштан Октябрьск болып өзгертілді. 1976 жылы Қандыағаш маңынан фосфор кенінің табылуына байланысты Шилісай фосфор фабрикасы ашылды. 1977 жылы Қандыағаш қаласының жанынан қалашық салу үшін Бүкілодақтық комсомол жастарына Үндеу жарияланды. Соның негізінде «Фосфорит-78» жастар құрылыс бригадасы құрылып Одақтың түкпір-түкпірінен жастар келіп, «Жастық», «Достық», «Самал» шағын аудандарын салуға үлес қосты. 2006 жылдан бастап қала маңынан «Болашақ» шағын ауданы және «Самал-1,2,3» т. б. мөлтек аудандары бой көтерді. Сондай-ақ, қалада 2017 жылы «Жаңақоныс» (Нұрлы көш) шағын ауданы мен орталық саябақтар пайда болды. Қазіргі уақытта қала қарқынды дамып, көркейіп келеді. Шағын кәсіпкерлік өсіп, кәсіпкерлік нысандар көбеюде. ## Қала көрінісі * * ## Тағы қараңыз * Қандыағаш ұрысы ## Дереккөздер
Хизмет Абдумуталипұлы Абдуллин (1925-1986) 10 қазанда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Баяндай селосында туған. Найман тайпасының Төртуыл руынан шыққан. Өз ауылында, одан кейін «Ташкенсаз» орта мектебінде оқиды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол сол жылдары өзінің алғашқы өлең және әңгімелерін жазды. 1951 – 1955 жж. Алматыда шығып тұратын «Жаңа өмір» журналы редакциясында әдеби қызметкер, бөлім бастығы және жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Қазақ педагогика институтында сырттай оқып, үш курсын бітірді. 1943 ж. әскер қатарына алынып, Моңғолия және Манчжурия жерінде жапон басқыншыларына қарсы соғысқа қатысқан. Осы кезде алғашқы өлең-әңгімелерін жаза бастайды. 1958-1962 ж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, 1962-1965 ж. "Коммунизм туги" газетінде бөлім меңгерушісі, 1955-1958, 1965-1980 ж. Қазақстан жазушылар одағында ұйғыр әдебиеті секциясының меңгерушісі болған. Хизмет Абдумуталипұлы бірқатар жылдар Қазақстан Жазушылары одағының жанындағы ұйғыр әдебиеті секциясын басқарды. Жазушының бірнеше повесть, романдары қазақ және орыс тілдерінде аударылып басылды. Өзі де көркем аудармамен шұғылданды. Шетелдегі ұйғырлардың өміріне арналған “Турфан аясында” романы, көптеген повестер мен әңгімелер жинақтары (“Ауылдастар”, “Тағдыр”, “Отты шеңбер”, “Жылдарға жауап”, “Гүлстан” т.б.) өлеңдер мен поэмалар жинақтары (“Анаят”, “Давутжан” т.б.) бар. А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, Р. Тагор, М.В. Исаковский шығармаларын ұйғыр тіліне тәржімалаған. А-ның “Тас түйін” аталатын повестер мен әңгімелер жинағы қазақ тілінде жарық көрді. «Жапонияны жеңгені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, «Құрмет Белгісі» және Халықтар Достығы ордендерімен марапатталды. ## Шығармалары * Гүлстан. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1952; * Һекаялар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953; * Анайәт. Тарихи поэма. А., ҚМКӘБ, 1956; * Давутжан. Поэма мен өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1959; * Муһәббәт вә һәсрет. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1960; * Турпаң тәвәсидә. Роман. А., «Жазушы», 1968; * Тағдыр. Роман. А., «Жазушы», 1970; * Бархандар. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1972; * Екі томдық Таңдамалы шығармалары. А., «Жазушы», 1983 – 1984. ## Дереккөздер
Балтабай Әбдірахманұлы Адамбаев (24.9.1919, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент — 12.10.1990, Алматы) — филология ғылымдарының кандидаты (1962), әдебиет зерттеушісі, фольклоршы. Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы педагогика училищесін (Жамбыл, 1947), Қазақ Мемлекеттік ун-тін (1951) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылыми қызметкері болды (1957 — 1986). Қазақ халқының ауыз әдебиетін, оның ішінде халық даналығы — шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді зерттеумен шұғылданды. Шешендік сөздердің тарихы, табиғаты, көркемдік ерекшеліктері туралы “Шешендік” (1969), “Халық даналығы” (1976), “Қазақтың шешендік өнері” (1984), аталатын моногр. зерттеу еңбектері шықты. “Қазақ ертегілері” (1962), “Шешендік сөздер” (1967), “Ел аузынан” (1985) жинақтарын құрастыруға қатысқан. 1-дәрежелі “Отан соғысы” орденімен марапатталған. Жамбыл облысының Сарысу ауданындағы мектеп-интернатта оқып, тәрбиеленеді. Ұлы Отан соғысы жылдары Ташкентте Фрунзе атындағы әскери академияның тактика және атыс жоғары курсын лейтенант атағымен бітірген ол Калинин майданында Төртінші гвардиялық атқыштар бригадасының құрамында ротаны басқарып, ұрыстарға қатысады. 1945 – 1947 жж. Жамбыл облыстық тұтынушылар қоғамында қызмет істейді. Жамбылдың Абай атындағы педагогика училищесін, 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдаған. Біраз жыл Жамбыл қаласындағы №38 қазақ орта мектебінде ұстаздық еткен. ## Шығармалары: * Сырларым. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1959; * Ақбөбек. Поэма мен өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962; * Шешендік сөздер. Монография. А., «Жазушы», 1967; * Шешендік сөздер (Сырым сөздері негізінде). Монография. А., «Жазушы», 1969; * Мәди. Тарихи повесть. А., «Қазақстан», 1969; * Аманат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; * Халық даналығы. Мақал-мәтелдер. А., «Мектеп», 1976; * Жауынгер жолы. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы», 1978; * Тұлпардың ізімен. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1983; * Қазақтың шешендік сөздері. Зерттеу. А., «Ғылым», 1984; * Казахское народное ораторское искусство. А., «Ана тілі», 1994, 1997. ## Дереккөздер
Балтабай Әбдірахманұлы Адамбаев (24.9.1919, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент — 12.10.1990, Алматы) — филология ғылымдарының кандидаты (1962), әдебиет зерттеушісі, фольклоршы. Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы педагогика училищесін (Жамбыл, 1947), Қазақ Мемлекеттік ун-тін (1951) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылыми қызметкері болды (1957 — 1986). Қазақ халқының ауыз әдебиетін, оның ішінде халық даналығы — шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді зерттеумен шұғылданды. Шешендік сөздердің тарихы, табиғаты, көркемдік ерекшеліктері туралы “Шешендік” (1969), “Халық даналығы” (1976), “Қазақтың шешендік өнері” (1984), аталатын моногр. зерттеу еңбектері шықты. “Қазақ ертегілері” (1962), “Шешендік сөздер” (1967), “Ел аузынан” (1985) жинақтарын құрастыруға қатысқан. 1-дәрежелі “Отан соғысы” орденімен марапатталған. Жамбыл облысының Сарысу ауданындағы мектеп-интернатта оқып, тәрбиеленеді. Ұлы Отан соғысы жылдары Ташкентте Фрунзе атындағы әскери академияның тактика және атыс жоғары курсын лейтенант атағымен бітірген ол Калинин майданында Төртінші гвардиялық атқыштар бригадасының құрамында ротаны басқарып, ұрыстарға қатысады. 1945 – 1947 жж. Жамбыл облыстық тұтынушылар қоғамында қызмет істейді. Жамбылдың Абай атындағы педагогика училищесін, 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдаған. Біраз жыл Жамбыл қаласындағы №38 қазақ орта мектебінде ұстаздық еткен. ## Шығармалары: * Сырларым. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1959; * Ақбөбек. Поэма мен өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962; * Шешендік сөздер. Монография. А., «Жазушы», 1967; * Шешендік сөздер (Сырым сөздері негізінде). Монография. А., «Жазушы», 1969; * Мәди. Тарихи повесть. А., «Қазақстан», 1969; * Аманат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; * Халық даналығы. Мақал-мәтелдер. А., «Мектеп», 1976; * Жауынгер жолы. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы», 1978; * Тұлпардың ізімен. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1983; * Қазақтың шешендік сөздері. Зерттеу. А., «Ғылым», 1984; * Казахское народное ораторское искусство. А., «Ана тілі», 1994, 1997. ## Дереккөздер
Садықбек Адамбеков (15 қараша 1922 жыл, Түркістан облысы Арыс ауданы Қараспан ауылы) — ақын, драматург, сықақшы. Қоңырат тайпасының Құлшығаш руынан шыққан. * Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қорқыт ата атындағы мемллекеттік университетін бітірген. * 1945 — 68 “Оңтүстік Қазақстан”, “Қазақ әдебиеті” газеттерінде және “Жұлдыз”, “Ара-Шмель” журналдарында қызмет атқарған. ## Шығармалары Адамбековтің қазақ сатирасында өзіндік орны бар. * “Қожанасыр қақпасы” (1959) * “Көсенің көзі” (1961) * “Аюбайдың ажалы” (1981) жинақтары * қазақ әдебиетіндегі тұңғыш сатиралық роман саналған “Атылған қыз туралы аңыз” (1969, 1977, 1988) шығармасы жарық көрді. * Садықбек Адамбековтің жекелеген шығармалары шетел тілдеріне аударылды. ## Дереккөздер
Садықбек Адамбеков (15 қараша 1922 жыл, Түркістан облысы Арыс ауданы Қараспан ауылы) — ақын, драматург, сықақшы. Қоңырат тайпасының Құлшығаш руынан шыққан. * Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қорқыт ата атындағы мемллекеттік университетін бітірген. * 1945 — 68 “Оңтүстік Қазақстан”, “Қазақ әдебиеті” газеттерінде және “Жұлдыз”, “Ара-Шмель” журналдарында қызмет атқарған. ## Шығармалары Адамбековтің қазақ сатирасында өзіндік орны бар. * “Қожанасыр қақпасы” (1959) * “Көсенің көзі” (1961) * “Аюбайдың ажалы” (1981) жинақтары * қазақ әдебиетіндегі тұңғыш сатиралық роман саналған “Атылған қыз туралы аңыз” (1969, 1977, 1988) шығармасы жарық көрді. * Садықбек Адамбековтің жекелеген шығармалары шетел тілдеріне аударылды. ## Дереккөздер
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздерінің тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. ## Қара сөзде айтылған ой Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы себептен де Абай: "... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді",— деп қайыра түсінік беріп отыр... Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр. Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" тағы басқа өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның тамағы туралы" ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы: Адам болам десеңіз... Бес нәрседен қашық бол...,— Бес нәрсеге асық бол, - деген жолдарда жатыр. Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған.Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзінде": "Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады", — деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады. Абайды публицист ретінде қарастырған ғалым-зерттеушілер, олар көп емес — саусақпен санарлық қана, негізінен қарасөздеріне тоқталып, солар жөніндегі пікірлері мен пайымдауларын білдірумен шектеледі. Мәселен, тамаша ғалым М.И.Фетисов «Национальное и жанровое своеобразие публицистики Абая Кунанбаева» деген мақаласында әңгімені «Абаю Кунанбаеву и по стилью цикл назидательных рассуждении под общим названием «Гаклия», деп әңгімені бірден қарасөздерден бастайды. Ол Абайдың публицистік сипатын ең алғашқылардың бірі болып ашып көрсетті. Әйткенмен, бұл ғалым Абайдың қоғамдық ой-пікірлерін білдіретін шығармаларына тек қарасөздерін ғана жатқызумен жаңсақтыққа ұрынды деп есептейміз. Аталған зерттеушінің еңбегінде Абай қарасөз жазбаса публицист болмас та еді деген пайымдаулар бой көрсетеді.Абайды публицист деп ең алғашқылардың бірі болып атап айтқан Х. Бекқожин де өз зерттеуіне қарасөздерді өзек етеді: «Стиль, идеялық мазмұны жағынан алғанда Абайдың қара сөздері — нағыз публицистикалық шығарма» дейді ол. Біздіңше, осы пікірлердің барлығы да «Абай –публицист» деген анықтаманың толық дәйектемесі бола алмайтын сияқты. Абайдың публицистігі туралы әңгіме қозғағанда ел естімеген жаңалық ашуды мақсат етіп отырған жоқпыз. Өйткені, адамзат ардақтысының публцистік қыры – қазіргі таңда дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Әйкенмен қазақ аудиториясында публицистиканы кемсітетін, оны әдебиеттен көш төмен қоятын теріс көзқарас қалыптасқанын айтуға тиіспіз. Біз «Абай — публицист» деп сипаттама беріп, осы тұрғыдан өз ой-пікірімізді ортаға салар болсақ, кейбір әдебиеттанушы ғалымдарымыз ұлы тұлға өзінің ақындық, ойшылдық тұғырынан түсіп қалатындай көріп, бұл сөзді оның төңірегіне жолатқысы келмейтіні шындық. «Абай – публицист» деп соқырға таяқ ұстатқандай ашып көрсетпесе де ұлы Мұхтар: «Жалпы қара сөздерден мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек тұратын — қырық алтыншы сөз.Ол тарихтық мақала — очерк тәрізді» деген пікірімен, Абайдың публицист болғанын аңғартады. Егерде Әуезов «Абай – публицист» деп астын сызып жазбаса, оның да өзіндік себеп-салдары бар деп ойлаймыз. Оның ең бастысы — публицистика деген атаудың төңірегінде күні бүгінге дейін қызыл-кеңірдек пікір сайысы жүріп, дау-дамай өрбіп» дәл анықтамасы берілмеуінде деп білеміз. Бірақ бір анық нәрсе: қоғам дамуына үн қосып пікір білдіретін дәуір тынысын танытатын шығарма — публицистика. Ал ондай шығармалар Абай мұрасының негізгі бөлігін құрайды. Мұхтар Абай публицистикасына баса ден қоймауына ақынның өз тұсындағы мерзімдік басылымдармен байланысы жөніндегі деректердің жеткілікті анықталмауы да себеп болуы мүмкін. Соңғы отыз бес жылдай мерзімде Абайдың публицистік болмысына тоқталып, оның. шығармаларының публицистік сипатын көрсеткен ауыз тұщытатын еңбек дүниеге келген жоқ десек, шындықтан аулақ кетпейтініміз анық. Тіпті Абайдың — публицистігі жайлы әңгіме қозғаған кездің өзінде оның мұрасы тар ауқымда зерттеліп, ой-пікірлер тек қарасөздер жайлы айтылды. Ал біз публицистік сарынды Абайдың.. бүкіл шығармасынан қарастырып, мәселент кең көлемде зерделеген жөн деп есептейміз. Абай — публицист. Оны публицист еткен өзінің ортасы, Абай дәуірінен көп бұрын басталып, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан сананың мешеулігі, ұлтының талайсыздығы мен ұлтының талапсыздығы еді. Сондықтан да М.Әуезов оның қарасөздері жайлы әңгімелей келіп: «… Абайдың өз тұсындағы күнделікті өмір шындығына қолма-қол қатынасып, жәрдем етсем деген талабын көрсетеді. Өлеңдік шығармаларында өз заманының шындықтарымен қолма-қол байланысты болып, онны сынау арқылы пайдалы іс етемін деген ақын, жаңағы қарасөзінде сол әлеуметтік, әкімшілік қалпына нақтылап араласқысы келеді»,- дейді. Бұл біздің Абай жаратылысынан публицист, оның ақындық құдіреті публицистік болмысынан бастау алады деген ойымызды нақтылай түседі. Белгілі ғалым Т.Қожакеев: «Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Байлар жүр жиған малын қорғалатып», «Көңілім қайтты достан да» дұшпаннан да», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Менсінбеуші ем наданды», «Қайғы шығар ілімнен», «Қарашада өмір тұр», «Бойы бұлғаң» деген өлеңдерінде де ел ішінің бұзылуы, ондағы жікшілдік, баққұмарлық, алауыздық, өтірікшілік, өсекшілік, пайда іздеу ұрлық қылу, сұмдық-сұрқиялық істеу сияқты қасиетсіздіктерге қарғыс таңбасы басылған» дейді. Міне, бұлар қоғамға, оның мүшелеріне баға беретін, сын айтатын шығармалар. Олай болса, публицистика дегеніміз осы. Бұл пікірді сәл өзгертіп ұлы Мұхтар да айтқан: «Абай өскенде, ортасынан асқанда осы сияқты тарихтық, қоғамдық қайшылықтарды терең аңғарып танып барып өседі… барлық ақыл ойын мынау ортаны мінеп, шенеп, нәрсіздік, құнсыздығын ашуға жұмсайды». Осыдан кейін Абайдың публицист болмасқа амалы да жоқ еді. Абай бір-ақ күнде, тек қарасөздерін жаза бастаған сәттен бастап публицист болды деудің қисыны келмейді. Әлемдік өркениеттің қайнаған ортасынан тысқары қалған жартылай көшпелі елдің топырағында кіндік қаны тамған болашақ классиктің көзін тырнап ашқаннан көргені көк бөрідей жұлқысқан, тіршілік үшін жаға жыртысқан айқастар еді. Оны таразылап, терісін-теріс, оңын оң деп обьективті баға беруге Абайдың ақылы тек орыс демократтарын оқығаннан кейін ғана жетті дегеніміз де ағаттық болар. Оның табиғи дарынын үстеуге Мұхаң көрсеткен үш арнаға қоса қоғамдағы әралуан қайшлықтар да белгілі дәрежеде ықпал жасағаны хақ. Ислам әлемінің үлкен қайраткерлерінің бірі Әли ибн Әби Талиб «Мен өзімнің ұзақ өмірімнің барысында адамдардың туған әкелерінен гөрі өздері өмір сүрген заманға көбірек ұқсайтынын жиі байқадым» деп айтуы тегін емес. Сөйтіп Абайға ең алдымен заманы ықпал жасап, публицист етіп өсірді. Оған дәуірдің ызалы, ащы сөзін айтқызды. М.Әуезов: «… Жаманшылықтың жайын жалтарып айтпай, Добролюбов үгіттеген жол бойынша ызалы шабытпен, тура шабуылмен айту керек деп ұғынады. Сондықтан өз бойындағы ажуа мен сатираға толып келген ызалы, толқынды ойларын Абай мысалсыз –ақ ашық, анық өлеңдерімен шығарады» десе, ол да Абайдың-публицистігін ашық мезгегені. Бұл арада М. И. Фетисовтың «Абаевские назидательное рассуждения представляют классический образец нациальной публицистической прозы. Закладывая основы казахской демократической литературы, Абай чуткий по всем современным народным запросам, не мог, естественное, миновать и оперативных жанров не мог не использовать их для активного воздействия на сознаниее своих современников, на общественную жизнь в Казахстане» деген пікірін келтіріп жатудаң өзі артық болар. Әңгіме болып отырған оперативті жанрларға тек Абайдың қара сөздері ғана емес, сонымен бірге, уақыт, қоғам тынысын білдіретін өлеңдері де жатады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Абайдың қара сөздері kazbilim.kz сайтында
Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов (15 ақпан 1915 ж., Төре ауылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы — 6 мамыр 1966 ж., Алматы) — қазақ тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1946 жылы), профессор, Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962 жыл). ## Балалық шағы Ермұхан Бекмаханов 1915 жылдың 15 ақпанында Павлодар облысының, Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасындағы Төре ауылында дүниеге келген. Төре руынан шыққан, Абылай ханның жетінші ұрпағы. Абылай – Уәли – Тәуке – Жанпейіс – Жанбөбек – Беген – Бекмахан – Ермұхан. Шыңғыстың отыз екінші тұқымы. Әкесі Бекмахан кедейленіп, Мұса Шорманұлының немере інісі Зында Шорманның малын баққан. Бекмаханның Бәпіш деген әйелінен Дінше, Ермұхан және Қамияш деген үш баласы болған. Бекмахан мал бағып жүріп өкпесіне суық тигізіп алады да, Ермұхан алты жасқа толмай жатып қайтыс болады. Осылайша Ермұханның анасы Бәпіш үш баламен тұрмыстың ауыр тауқыметін тартуға мәжбүр болады.1925-1931 жылдар аралығында Баянауылдағы мектепте оқиды. Жоғары оқуға түсу үшін Ермұқанның жеті жылдық мектебі жеткіліксіз еді. Алайда Ермұхан мектеп бітірген жылы туған ағасы Дінше қос өкпесіне суық тигізіп, қайтыс болады. Әкесі қайтыс болғалы тұрмыс жағдайы мәз емес Ермұханның отбасындағы жағдай ағасы Дінше аудандық деңгейдегі орташа шенеунік болғалы біршама жақсарып қалған еді. Ағасының қайтыс болуы анасының Ермұханның оқуының жалғастыруына деген қарсылығын туғызды. Анасының қарсылығына қарамастан Ермұхан Семейдегі Жұмыс факультетіне түседі. Сол жылдары Қазақстанда күштеп ұжымдастыру салдарынан ашаршылық орын алып, Ермұханның анасы мен кішкентай қарындасы қайтыс болады. Бұл оқиға Ермұханды қатты қажытады. Бұған қоса, анасы мен қарындасының денесінің қай жерде екені, көмулі немесе көмусіз қалғаны белгісіз еді. ## Оқу жылдары Семейде оқып жүрген кезде елдегі орын алған ашаршылық Баянауылды да айналып өтпегенін естіген Ермұхан және оның ауылдастары жақындарына көмектесудің амалын іздейді. Сөйтіп бала кезінен досы, өзінен сәл үлкендеу, сол кезде Семейдің медициналық училищесінде оқып жүрген Сәлкен Сұбханбердинге өз ойын айтады. Сәлкен болса Алаш қозғалысының белді мүшелерінің бірі Асылбек Сейітовтен кеңесіне жүгінуге ұсыныс айтады. Асылбек Сейітов ол кезде өңірлік денсаулық сақтау басқармасының бастығы болатын. Жас жігіттердің елге көмектескісі келетіндігі туралы ойын естіп, оларға елден бұрын әркім өзіңнің бас амандығын ойлау керектігін айтып, елге бармауға үгіттейді. Өмір көрген Асылбек Сейітов жас жігіттердің елге көмектесуге қауқарсыз екенін, егер елге баратын болса, аман қайтуы екіталай екендігін білгендіктен солай кеңес берген еді. Ермұхан және оның бір топ жерлестері туған-туыстарына қаншама көмектескісі келсе де, Асылбек ағаның айтқан сөздері шындық екенін түсініп, елге қайту идеясынан бас тартады. Кейінрек Асылбек Сейітов Ермұханды өз қамқорлығына алып, бар көмегін аямайды. 1933 жылы Семейдегі Жұмыс факультетін тәмамдаған Ермұхан ҚазПИ-дің физика-математика факультетіне түсу мақсатында Алматыға жол тартады. Алматыда ол ағасының досы Диқан Әбілевті кездестіреді. Диқан Әбілев Ермұханға Алматыға оқуға түсетін болсаң, осындағы шолақ белсенді жерлестерің сенің төре тұқымынан екеніңді жәрия етіп, қудалауға түсіруі мүмкін деп ескертеді. Диқан Әбілев Ермұханға Орталық Ресейдегі оқу орындарының біріне түсуге кеңес береді. Дихан Әбілевтің кеңесін алған Ермұхан Халықтық ағарту комиссариатына барады. Комиссариаттағы құжат қабылдаушы адам Ермұханның кешікенін алға тартып, Мәскеу және Ленинградтың оқу орындарына түсе алмайтынын айтады. Алайда Тамбов қаласындағы ашылған педагогикалық институтқа түсуге мүмкіндігі бар екенін айтып, шешімді бүгін шығару керексің, болмаса ол оқу орнына да түсе алмайсың деп ескертеді. Ермұхан сол жерде Тамбов педагогикалық институтында жаңадан ашылған тарих факультеніне түсуге құжаттарын тапсырады. Халықтық ағарту комиссариаты Ермұханның Тамбов қаласына жетуі үшін қаражат бөледі. Осылайша тарихшы болуды ойламаған Ермұхан өзінің ғылымдағы алғашқы қадамын бастайды.Тамбов қаласындағы оқу Ермұханның көңілінен шыға қоймайды. Сөйтіп, 1936 жылы Халықтық ағарту комиссариатының шешімімен Тамбов педагогикалық институтының тарих факультеті жабылып, ол факультеттің студенттері Воронеж педагогикалық институтына ауыстырылады. 1936 жылдың күзінде Ермұхан Воронежге келеді. Ал ол кезде сол Воронеж қаласында айдауда Алаш қозғалысының белді мүшелері Халел Досмұхамедов және Мұхаметжан Тынышбайұлы айдауда жүрген еді. Ермұхан жоғары білімді, озық ойлы Алаш зиялыларына кездесіп, ой бөлісуінің нәтижесінде тарихқа деген қызығушылығы арта түседі. Халел мен Мұхаммеджанның әсері Ермұханның келешекте кәсіби тарихшы атанып, үлкен ғалым болуына зор ықпал етеді. ## Еңбек жолы 1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған. 1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды. Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған. Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Е.Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. Ермұхан Бекмахановты қаралау кампаниясы Тілеуқажы Жанайұлы Шойынбаев, Хадиша Гилимқызы Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған КСРО-ның басты газеті - "Правда" газетіндегі 1951 мақаладан басталады. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды. Ол біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мүғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жүмыстары жүргізіліп, 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша Е. Бекмахановты айыптау қортындысы дайын болды. Ермұханның жары Халима Бекмаханованың естелігінен: «1952 жылдың 30 тамызында Ермұқанды Новотроицкіге шығарып салдым. Кеткісі келмей, бірдеңе сезгендей, мазасыз күй кешіп еді. Айтқандай-ақ, 5 қыркүйекте оны тұтқындап, Алматыға әкеліпті. Сол күні біздің үйде де тінту жүргізілді. Кешкі сағат 10-да жұмыстан келсем, үйдің есігі ашық тұр. Бір бейтаныс қазақ тінтуге құжат көрсетті. Ермұқанға бірдеңе болғанын сездім. Ас-су беруге рұқсатты табаннан тозып жүріп бір ай дегенде әрең алдым. Тергеу үш айға созылды. «Тергеу әдістері жайында жиркенішсіз еске түсіре алмаймын, – деп жазды Ермұқан өзі Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметовке. – Тергеудің өн бойында қорқыту мен қоқан-лоққы қатар жүрді. Сол үшін барлық тәсілдерді пайдаланып тырысса да мен жекелеген адал адамдарды қаралай алмадым». Ерекең бұл арада Сәтбаев пен Әуезов жөнінде айтып тұр. Сот 1952 жылдың 2 желтоқсанында болды. Жоғарғы Соттың ғимараты Гоголь мен 8-ші март көшелерінің бұры­шында болатын. Ермұқанды 4 солдат айдап алып келді. Ол маған жақындамақшы болған, мен де ұмтылдым, бірақ бізді айырып жіберді. Соттың үш күнінде көптеген куәлар келіп, кетіп жатты. 4 желтоқсанда үкімді жария еткен кезде менің қатысуыма рұқсат берді. Көз жасы еріксіз сорғалаған Ермұқан маған қарады да отырды. Үкімді естігенде жылап жіберді. Мұндай әділетсіз, қатал үкімге қалай жыламассың! Онда: «…айыпталушы Бекмаханов өзінің тарих ғылымы саласындағы ғылыми қызметкер жағдайын пайдаланып 1942-1951 жылдардың өне бойында өз жұмыстарында тарихи фактілерді өңін айналдырып бұрмалаған, сөйлеген сөздерінде буржуазиялық-ұлтшылдық идеологияны насихаттаған, феодалдық-байлық құрылыс пен оның орыс халқына қарсы күресуші һәм Қазақстанда орта ғасырлық тәртіптерді сақтап қалуға ұмтылушы кертартпа хандары мен сұлтандарын мадақтаған. Ол өзінің буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарастарын негіздеу үшін кертартпа ақындардың, сондай-ақ Кеңес өкіметіне қарсы күрескен халық жаулары – алашордашылардың шығармаларын пайдаланды. Нақ осы ұлтшылдық идеологияны таныстарының арасында да жүргізді», – деп жазылып, сот тергеуі осыларды анықтағанын және айыпталушы Бекмахановтың мойнына қойылғанын айтады» Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды. Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты. ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз азапты күндерді басынан кешкеніне қарамастан, қайсар ғалым, артына халықтың игілігіне айналған мол ғылыми мұраларын қалдырды. Өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған "Қазақстанның Ресейге қосылуы" атты еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі А.М.Панкратованың бага жетпес көмегінің арқасында Мәскеудегі "Наука" баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көрді. Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі ұйымдастырған кафедрасы қайтарылып берілді. 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды. Бірнеше жас ғалымдарды даярлауда ат салысты. Шәкірттері бүгінде Республика Ғылым академиясының мүшесі, ғылым докторы, профессор дәрежелеріне жетіп, ұстаздарының ғылыми өмірін жалғастыруда. Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі — "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары "Қазақ университеті" (қазіргі "Санат") баспасынан жарық көрді. Ермахан Бекмаханов жөнінде Халық қаһарманы, академик Шапық Шөкин былайша еске алған: "Ұлтымыздың аса көрнекті тарихшысы Ермахан Бекмаханов уақыт бедеріне бағынбаған, шыншыл ғалым болатын. Ол докторлығын екі рет қорғады. Еңбегінің нашарлығынан емес, тыйым салынған Кенесары тақырыбына жазылғандықтан. 1947 жылы Қазан төңкерісінің 30 жылдығына байланысты Одақтық Академия бойынша үлкен салтанатты кеңес өтуі керек болатын. КСРО ғылым академиясының басшысы Вавилов Сәтбаевқа телефон соғып, Қазақстан тарапынан баяндама жасайтын адамды айтуды сұрайды. Қаныш Бекмахановты ұсынады. Жиналыста қағазсыз сөйлеген жас баяндамашыға ғалымдар таң-тамаша болады". ## Отбасы Ермұхан Бекмахановтың әйелдері мен балалары: * Бірінші әйелі: Әмина Зәріпқызы Губеева (1919-1979), қыздары: Найля (1940), Нурия (1946), Нәдия (1947) * Екінші әйелі: Халима Адамбекқызы Бекмұхаммедова (1925), ұлдары: Ермұхан (1948–2005), Сермұхан (1950), қызы: Қарлығаш (1956) ## Қайтыс болуы Сібірде айдауда өткізген жылдары Ермұханның денсаулығына өз әсерін тигізбей қоймады. Өкпесіне суық тигізіп алған Ермұханның денсаулығы жыл сайын нашарлай берді. 1966 жылы өзінің емдеуші дәрігерінің табанды кеңесімен Министрлер Кеңесінің ауруханасына жатады. Алайда Ермұхан өкпе ісігінің соңғы кезеңінде еді. Сонымен қоса, астма ауруы да асқынып кеткен болатын. Ол өзінің өлетінін білген және өмірінің соңғы күндері ғалымның жағдайын сұрауға келген жерлесі, медицина ғылымдарының докторы Хамза Жұматовқа былай деген: "Менің жағдайым мүшкіл, алайда абыроймен өлу керек". Дәрігерлер де Ермұханның жағдайының мүшкіл екенін түсініп, өмірінің соңғы күндері ең жақын адамдарынан басқа ешкімді палатаға кіргізбеген. Алайда дәрігерлер Ермұханның әйелі Халима Адамбекқызының өтінішімен мамыр айының алғашқы күндерінің бірінде Бауыржан Момышұлына палатаға кіруге рұқсат еткен. Жағдайын сұрап келген Бауыржан Момышұлына Ермұхан: "Бауке, ер адам үшін 50 жас деген түк емес қой. Армандарым мен жоспарларымда орындай алмай кетіп барамын. Кешіріңіз мені" депті. Кейінірек Бауыржан Момышұлы өз естелігінде: "Ол менен өзінің тарих бойынша жазып үлгермеген ғылыми еңбектері үшін шынайы кешірім сұрады" деп жазады. Сөйтіп 1966 жылдың 6 мамырында Ермұхан Бекмаханов дүниеден озады. Ғалыммен қоштасу рәсімі бір күннен кейін болады. Кандидаттың және докторлық диссертациясының тақырыбын Кенесарыға арнаған Ермұханның жаназасына ғалым, геология-минереология ғылымдарының докторы, Кенесарының ұрпағы Нәтай Әзімханұлы Кенесарин арнайы Ташкенттен келіп, қаралы жиында сөз сөйлеп, өзінің досын ақтық сапарға шығарып салады. Ермахан Бекмаханов Алматы қаласының Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Ахмет Жұбанов жерленген Орталық зиратына жерленеді. ## Еңбектері * Казахстан в 20–40-е годы ХІХ веке, М., 1948, 1997; А., 1992; 1994 (на казахском) * Присоединение Казахстана к России, М., 1957; * Очерки истории Казахстана ХІХ в., А.-А., 1966. ## Бекмаханов жайында * Ермұқан Бекмаханов туралы естеліктер. Құраст. Х.Адамбекқызы, Алматы, «Білім» баспасы, 2005. * Медеу Сәрсеке. Ермұхан Бекмаханов. Мәскеу, Молодая гвардия, 2010; Астана, Фолиант, 2010. 533 бет, 5000 дана, ISBN 978-5-235-03414-3 ("Жизнь замечательных людей" және "Нартұлға" сериялары). ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Бекмаханов Ермухан Бекмаханович (UNESCO - Қазақстан мұрасы) * http://www.biblus.ru/Default.aspx?auth=2e2e4i2&acls=123060 Мұрағатталған 6 сәуірдің 2023 жылы.
Ықлас Адамбеков(1912, Қарағанды облысы Шет ауданы №3 ауыл («Қатбар» колхозы) -1941) - ақын. ## Өмірбаяны Ықылас Адамбеков 1912 жылы №3 ауылда (қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы) дүниеге келген. Арғын тайпасының Қаракесек руының Қояншы-Тағай руынан шыққан.. 6 жасында жетім қалып, 1927 – 1931 жылы Қарқаралы балалар үйінде оқып, тәрбиеленген. 1929 жылы комсомол қатарына қабылданды. 1934-1935 жылдары республикалық «Лениншіл жаста» жастар газетінің қызметкері болды. 1935-1938 жылдары Қазақ коммунистік журналистика институтында оқыды. 1938-1939 жылдары қазақ көркем әдебиеті баспасында жауапты хатшы қызметін атқарды. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін майданға аттанды. 316-атқыштар дивизиясының 857-артиллериялық полкінің барлаушысы болып қызмет еткен. Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан. 1941 жылы 18 қазанда (басқа деректер бойынша - 26 қазан) Мәскеу облысы Волоколам ауданы Голубцы деревнясы үшін болған шайқаста қаза тапты . ## Шығармашылығы Өлең, ән мәтіндерін жазумен айналысқан, оның «Достар жүрегі» атты алғашқы жинағы осы кездерде жарық көрген. Жазушы Ә. Әбішевпен бірігіп «Қамбар батыр» операсына либретто жазған. 30 шақты ән сөзінің авторы. Оның «Қызыл әскер маршы»,«Алатау» әндері көпшілікке мәлім. ## Естелік Балқаш қаласының тарихи-өлкетану мұражайында Ықылас Адамбековке арналған бұрыш бар. Балқаш қаласындағы No16 орта мектепте Ықылас Адамбеков туралы стенд орнатылған. Ақынның туған ауылында ескерткіш тақта орнатылды. Соғыстан оралмаған 25 қазақ жазушысына арналған Қазақстан жазушылар одағы ғимаратындағы мәрмәр тақтаға Ықылас Адамбековтың есімі жазылған. ## Дереккөздер
Қаршыға Ахмедьяров (25.03.1946 - 06.06.2010) - күйші-домбырашы, Қазақстанның халық әртісі. ## Өмірбаяны Әлімұлы тайпасы Шекті руынан шыққан. Қаршыға Ахмедьяров 1946 жылы 25 наурызда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1967-1991 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер қызметтерін атқарды. Ахмедьяровтың репертуарында отандық композиторлардың күйлері, сондай-ақ шетел композиторларының шығармалары бар. 1974 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогтық қызметпен шұғылданып, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қаршыға Ахмедьяров гастрольдік сапармен АҚШ, Франция, Италия, Үндістан, Венгрия т.б. көптеген елдерде болды. Дәулескер күйшінің жүрегі 2010 жылы 65 жасына қараған шағында тоқтады. Қаршыға ағаның соңғы демі туған жері Атырауда шығыпты. Бойында Сейтектің сынығы, Махаббеттің өрлігі бар Қаршыға ағаны әркез халқы тамсана тыңдайтын. Өнерсүйер қауым оны «Күй қаршығасы», «Саңлық күйші», «Күй аспанының Қаршығасы», «Ғасырдың күйшісі» деп мадақтайтын. 1981 жылы АҚШ-қа барып күй тартқанда, американдықтар қазақтың Қаршығасын сахнадан жібермей тұрып алғаны да есте. Қаршыға Ахмедияровпен қоштасу Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театрында өтті. Телеканал АЛМАТЫ Талантты музыкант гастрольді сапармен дүние жүзінің көптеген елдерінде болып, қазақтың қара домбырасының әсем сазын танытты.Қазақ музыка өнерін дамытудағы жоғары шығармашылық жетістіктері үшін Қ.Ахмедьяровқа 1982 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы, 1992 жылы Қазақстан Республикасының халық әртісі атақтары берілді. 2000 жылы «Парасат» ордені мен марапатталды. ## Шығармалары «Шашақты найза, шалқар күй» атты кітабы, «Нарын», «Қуаныш», «Сағыныш», «Нұрғиса», «Қыз-ғұмыр», «Аққайың», «Желдірме», «Алтын ұя», т.б. күйлері бар. Сонымен қатар, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина сынды атақты күйшілердің күйлерін жинап, "Атырау" деген күйлер жинағын жарыққа шығарды. «Сарыарқа», «Жігер», «Әсем қоңыр», «Шынар», «Табыну» атты күйлер жинағы жарық көрді. 500-ден аса күйлері радио, теледидар мұрағаттарында сақтаулы. ## Дереккөздер * Телеканал АЛМАТЫ * Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1-том. 572 бет. * Б.Кожиров "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары" 2010 ж
Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы Қожықов (1923 жылы 10 наурызда Таразда - 1988 жылы 11 наурызда Алматыда) — кеңестік танымал кинорежиссер. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1970). Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының иегері (1972). ## Өмірбаяны * Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы 1923 жылы 10 наурызда Таразда дүниеге келген. Қорасан қожа руынан шыққан. * Соғыстан оралғаннан кейін мерзімді басылымдарда карикатуралары мен саяси тақырыптағы суреттерін жариялай бастады. * Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссер факултетін (А.Довженко шеберханасында) бітірген. * 1952 жылдан “Қазақфильм” киностудиясында режиссер. * 1974 жылдан көркемдік жетекші болып істеді. Осында өз сценарийі бойынша, жас ұрпақ тәрбиесі мәселесін қозғайтын “Ана мен бала” атты тұңғыш көркем фильм түсірді (1955). Тарихи және заманауи тақырыптарда “Біз Жетісуданбыз” (1958), “Егер біздің әрқайсымыз” (1961, екеуінің де сценарийін жазуға қатысқан), “Шыңдағы шынар” (1965) фильмдерін қойды. 1970 жылы Қожықов өзінің басты жұмысы – “Қыз Жібек” фильмін қойды. 1985 ж. Қажымұқан жайлы “Бізді танып қойыңдар” көркем фильмін түсірді. ## Фильмографиясы ### Режиссер ретінде * 1955 - Ана мен бала * 1958 - Біз Жетісуданбыз * 1961 - Егер біздің әрқайсымыз... * 1965 - Шыңдағы шынарда * 1969-1970 - Қыз Жібек * 1985 - Біздікілерді біл! ### Сценарист ретінде * 1955 - Ана мен бала * 1961 - Егер біздің әрқайсымыз... * 1965 - Шыңдағы шынарда * 1985 - Біздікілерді біл! ## Марапаттары * 1970 жылы Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері құрметті атағы берілді. * 1972 жылы “Қыз Жібек” фильмі үшін Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. * “Қызыл Жұлдыз” орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Тұрап Айдаров (20 қараша 1933, Сарыағаш ауданы Мұратбаев ауылы – 7 наурыз 1994, Ташкент қаласы) – ақын, ғалым, филология ғылымдарының докторы (1982), профессор (1985). ## Өмірбаяны Шанышқылы тайпасының Қатаған руынан шыққан. * Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1956). * 1956 – 57 ж. орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі * 1957 – 85 ж. Ташкенттің Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы, доценті, 1985 – 94 ж. қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. ## Ғылыми жұмыстары * 1981 ж. «Өзбекстан қазақтары лексикасының ареалдық сипаты» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. * Негізгі еңбектері қазақ тілінің диалектологиясы мен лингвистикасы географиясына арналған. Бұл салада Өзбекстанды мекендейтін қазақтардың тілі жөнінде бірнеше монографикалық еңбектер мен зерттеулер жариялады. * «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері» (1975) * «Лингвистикалық география» (1977) * «Проблемы диалектной лексикологии и лингвистической географии» (1991) атты ғыл. еңбектері * «Жайнай бер, жұлдызым» (1974) * «Қоңыр жел» (1977) * «Ашық аспан» (1980) * «Шие» (1981) * «Көңіл салтанаты» (1989) деген жыр жинақтары жарық көрген. ## Дереккөздер
Қайып Айнабеков халық ортасынан шыққан, көрнекті талант иесі, ақын.Қ.Айнабеков 1885 жылы Нұра өзенінің жағалауындағы Кеңқия аулында (қазіргі Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Көгілдір селосы) кедей шаруаның отбасында туды. Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.. Әкесі Айнабек Қайыптың қаршадайында қайтыс болған. Ержетіңкіреп еңбекке жарағанға дейін Қайып нағашылырының қолында тәрбиеленеді. Кейін олардан бөлініп шығып, өз бетінше еңбек етіп, күн көрген. Қазақ даласындағы қалың кедейдің сол кездегі шеккен азабын, тұрмыстың ауыр жүгін Қайып та бірге арқаласып, басынан бірге өткізеді. Тек Ұлы Октябрь социалистік революциясының арқасында ғана ақын азат өмір құшағына еніп, еркін еңбекке беріледі. Кейін ол әр түрлі әлеуметтік қызметтерге қатынасады. Орталық Қазақстанда Совет өкіметін орнату жолындағы күреске белсене араласа отырып, Қайып 1920 жылы Коммунистік партияның мүшелігіне кіреді. Саяси шаруашылық мекемелерінде жұмыс істейді. Ауылда мектеп ашып, жас ұрпақтарға білім беру ісіне жіті ат салысады. Қайып ұзақ уақыт бойы Қарағанды қаласында тұрған. Қоғамдық тіршілік пен әдебиет ісіне белсенді қатысқаны үшін халық Қайып Айнабековты Қарағанды қалалық, облыстық Советтеріне көп жылдар депутат етіп сайлап, зор құрмет көрсеткен. Еңбекшілердің білдірген бұл сенімін Қайып қалтқысыз зор абыроймен ақтап отырған. Ақынның "1941–1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы тұсындағы еңбектегі ерлігі үшін" медалімен және Қазақ КСР Жоғарғы Советінің грамотасымен марапатталуы, 1943 жылы Қазақстан совет жазушылар одағының мүшесі болып алынуы сол елеулі еңбектің нәтижесі еді.Жас кезінде-ақ Қайып өлең, әңгіме-ертегі, жырға әуес болады. Жастық, достық жайында өлең шығарып дағдыланған ақын бірте-бірте ширап, жетіле береді. Сөйтіп, өлең Қайып өмірінің өрнекті өзегіне айналады. Қ.Айнабеков ақындық жолға ерте түскенімен өлең жазуға машықтанып, өлеңді шын мәнінде өнер деп тануы 1907 жылдардың тұсы. Сол кезде шығарылған "Сұлу қызға жазған хат", "Сұлудан жауап" сияқты лирикалық қысқа өлеңдерінің біздің дәуірімізге жетуі мұның айқын дәлелі. Қайып "Жастардың жазғы ойынға бару түрі", "Ойынның ішкі көрінісі" секілді ойын-сауықты тамашалайтын өлеңдерін 1914 жылдары шығарған. Ақын творчестволық жолын осылай көңіл-күйі, махаббат лирикаларын жазудан бастағанымен, бірте-бірте әлеуметтік мәні бар мәселелерге ауысады. Қайып ендігі жерде жоқшылықтың зарын, тұрмыстың тауқыметін, таршылығын тартқан қазақ еңбекшілерін жырына қосады. Үстем тап өкілдерінің елді жегідей жеген әр түрлі зұлымдық ниет, арам пиғылдарын, келіссіз іс-әрекеттерін ащы масқылмен ашына түйрейді. Қ.Айнабеков Октябрьдің жеңісін, Қазақстанда совет өкіметі орнауын өз көзімен көріп, оны жыр өзегі еткен ақындардың бірі. Ол ескіні ертеден есінде сақтаған, жаңаның жалынды жаршысы болған ақын. Жиырмасыншы жылдары Қайып қазақ кедейлеріне бостандық әперіп, әйелдерді еркін теңдікке жеткізген Совет өкіметі туралы толып жатқан өлең, жырлар шығарады. "Өмірді ұқсату", "Тану", "Жұмсау", "Азат құс", "Үндеу", "Кедейлерге", "Әйелдерге", "Тілеу ниетім", "Қазақстанның мүшелеріне" секілді т.б. ақын туындылары осы кезеңнің үлесіне жатады. ## Қайып шығармашылығындағы еңбек тақырыбы Қайып қашан да болса халықпен, қалың бұқарамен тығыз байланыста болды. Осы тұрғыдан алғанда еңбек тақырыбы – Қайып творчествосындағы сүбелі тақырыптардың бірі. Ақынның "Лавада", "Шахтерміз", "Қарағанды сәлемі", "Қарағанды", "Көмір", "Шахтерлер серті", "Шахтер сөзі" т.б. көптеген өлең, жырлары осы тақырыпқа арналған.Қайып Айнабековтың ақындық үгітшілік өнері Ұлы Отан соғысы жылдарында да ерекше көзге түсті. Еліміздің ұл, қыздарын әділет жолында қолына қару алып қанды соғысқа аттанған кезде Қайып та өзін партияның қарт солдатымын деп санап, жауға қарсы құлшына үн көтерген халық талантарының алдыңғы сапында болды. Оның осы отты жылдарында, қаһарлы күндерінде, қиын-қыстау, сын сағатта айтқан өлеңдері, дарынды да жалынды жырлары "Жауынгерлерге", "Майданға хат", "Қызыл флот" т.б. жауға мір оғындай болып қадалады Жау тізесін тез бүктіру үшін тыл еңбекшілерін ерлік еңбекке шақырады. ## Қайып - айтыс ақыны Қ.Айнабеков сонымен бірге айтыс ақыны. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген игілікті істерге белсене араласқан. Қарағанды ақындарының 1943 жылғы алғашқы айтысын бастаған осы Қайып болатын. Ақынның осындай еңбегін академик-жазушымыз Ғ. Мүсірепов дер кезінде жоғары бағалады: "Айтыс–ақындар қатарын молайта түсуге де, екшеуге де жол ашып отыр. Бұл күнге дейін қалтарыста қалған Қ.Айнабеков сияқты ақындарымыз Қарағанды айтыстарының үстінде өздерін жұртқа көрсете алды, өсіп те қалды. Басқа реттерде көптің бірі сияқты болып жүрген ақындардың ішінде шаршы топқа түскенде құлаштай алатындары барлығы да сол айтыстарда көрінеді. Шашубайға төтеп бере алған Көшен, іргелі ақын Сәби мен Ілиясты жеңген Қайып бұл айтыстарға дейін көріне алмай, елеусіз жүріп еді",–деп жазған.Бұл айтыс дәстүрі кейінгі жылдарда да жалғаса берген. Қайып 1947 жылы екінші рет Көшен Елеуовпен, Ілияс Манкинмен айтысқа түсіп тағы да жеңіп шыққан.Қ.Айнабеков сонымен бірге қазақтың ерте кездегі ауыз әдебиет нұсқаларын, мақал-мәтелдерін, аңыз-әңгімелерін, шешендік сөздерін жадында көп сақтаған жыршы, әңгімеші де.Қайып–халық таныған қарт ақындарымыздың бірі. Оның артында сонша бай болмағанмен біраз әдеби мұра қалды. Сол үшін де ақын есімі халық жадында ұзақ сақталмақ. ## Абаймен қарым-қатынасы Жас кезінен Абай өлеңдерін жаттап өсіп, ел арасына насихаттаған. 1929 жылдан өмірінің соңына дейін Қарағанды қаласыннда тұрып, кеншілер мен жұмысшылардың еңбек тынысын жырлады. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліске арналған «Аманкелді» дастанын, «Қолаң», «Алып туралы аңыз» дастандарын, «Әбдірдің Нүркені», «Ер Төлеген» толғауларын жазады. Абайға арнаған «Ұмытпаймыз Абайды» атты тұңғыш өлеңінде «Өзге ақыннан өзгеше», Сөз нақысын тереді. Мәнісін түзеп мәнерлеп, Безендіріп береді» деп жұмбақтай келе, «Мөлдір, тұнық лайсыз, Тұңғиық ойдың тереңі. Ашып айтшы қазақта «Айтулы ақын кім еді?» деп сауал қойып, «Қиялы ұшқыр, ойы өткір Ақын Абай емес пе?», «Сөз майына бал қосып, Тамсандырған талайды. Дәмі тәтті, дәні асыл. Ұмытпаймыз Абайды» деген жыр жолдары арқылы Абайдың ақындық талантын жоғары бағалап биікке көтереді «Таңдағанда қазақтың ақындарын» деген елеңінде де ұлы ақын бейнесіне қайта оралып, «Абай атын атаймыз, ең алдымен. Таңдағанда қазақтың ақындарын» деп, Абайды қазақ поэзиясының биік шыңы ретінде бейнелейді. Айнабековтің қай өлеңінен болсын Абай ізін айқын байқауға болады. «Босқа еткізіп бос қалма», «Жолдастарға», «Орыс тілін жете біл», «Баланы жастан», «Егісте», «Қыс келді» өлеңдері Абай өлеңдерінің үлгісімен жазылған. «Ер Төлеген» толғау өлеңі Абайдың «Әбдірахманға» өлеңімен үндес. Айнабековтің өз мақал-мәтелдерінен Абайдың ғақлия сөздеріне үндестік байқалады. ## Сыртқы сілтеме • Қайып Айнабекұлы (қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Серәлі Қожамқұлов (Серке, 5 мамыр 1896, қазіргі Торғай облысы Қарабалық ауданы, 13 ауылы - 31 желтоқсан 1979, Алматы) — актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі. ## Өмірбаяны 1936 жылында Қазақстанның халық әртісі атағын иеленді. 1976 жылында Социалистік Еңбек Ері (1976). 1913 - 1916 жылдарында Троицкінің "Уазифа" мектебінде оқыған. 1919 жылында қызметте араласып, алдымен Қостанай қаласында Ә.Жангелдин басқарған қызыл әскер тобында жауынгер, кейін сот мекемелерінде халық тергеушісі болды. 1920 - 1922 жылдарында Орынбор қаландағы Татар халық ағарту институтында білім алды. Қожамқұловтың өнерге деген құштарлығын алғаш оятқандар – туған жездесі Жүсіп Темірбеков пен жазушы-драматург Бейімбет Майлин. 1920 жылдары "Қызыл керуен" труппасының жұмысына белсене қатысып, өзінің сахналық өнерге деген қабілет-дарынын байқатты. Қожамқұлов осыдан кейін Орынбор қаласында оқып жүрген кезінде де көркемөнерпаздар үйірмесінен қол үзген жоқ. Осы қалада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Сәкен Сейфуллин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов және актер Қ.Бадыровпен танысып, олармен шығармашылық қарым-қатынаста болды. ## Ойнаған рөлдері 1922 жылында М.Әуезовтің "Еңлік - Кебек" трагедиясында Еспембет рөлін ойнайды. 1925 жылында Қызылорда қаласында тұңғыш кәсіби Қазақ мемлекеттік драма театры ұйымдастырылғанда Қожамқұлов арнайы шақырылады. Театрда ол актер әрі режиссер қызметін атқарып, 1926 -1932 жылдарында Әуезовтің "Бәйбіше - тоқал", Майлиннің "Шаншар молда", "Ел мектебі", "Қалпе", Ө.Оспановтың "Сеңсең бөрік", Н.В. Гогольдің "Үйлену" пьесаларын қойды. Қожамқұлов - әрбір рөлдің болмыс-бітіміне сай өзіндік мінезі мен дауыс ырғағын, сахналық қимыл-әрекеті мен сөз мәнерін дәл тауып, құлпырта ойнататын актер еді. Әсіресе, Қожамқұловтың актерлік шеберлігі комедиялық рөлдерде айқын көрінді. Қожамқұловтың таңдаулы рөлдері қатарында Талтаңбай (Майлиннің "Талтаңбайдың тәртібінде", Яичница, Земляника (Гогольдің "Үйленуі" мен "Ревизорында"), Тымақбай, Қарабай, Қоңқай (Мүсіреповтің "Амангелдісінде", "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" мен "Ақан сері - Ақтоқтысында"), Шахтер Тайман (Ә.Әбішевтің "Достық пен махаббатында"), Еспембет, Көбікті хан (Әуезовтің "Еңлік - Кебегі" мен "Қара қыпшақ Қобыландысында"), т.б. бар. Қожамқұлов 1930 жылдан киноға түскен. "Дала әнінде" Батырақтын (1930), "Амангелдіде" Бекет ұстаның (1938), "Ақ гүлде" қарт Жастардың (1942), "Абай әнінде" Баймағамбеттің (1945), "Алтын мүйізде" шопан Әділбектің (1948), "Алдар көседе" Бидің (1964), т.б. рөлін орындады. 1936 және 1958 жылдары Мәскеу қаласында өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндіктеріне қатысты. 1973 жылында "Серага" атты телефильм (режиссер Қ.Әбусейітов) жарық көрді. Гастрольдік сапармен Иранның Шираз қаласында өнер көрсетті. Қожамқұлов атында Жезқазған музыкалық-драма театры, Алматы қаласында көше бар. Алматы қаласында ол тұрған үйге (Фурманов көш., 117-үй) мемориалдық тақта орнатылды. 5-сайл. Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаты болды. ## Фильмографиясы * 1930 - Дала әндері - батрақ * 1931 - Жұт - қойшы * 1938 - Амангелді -Бекет * 1940 - Райхан - Кеке * 1943 - Ақ раушан - эпизод * 1945 - Абай әндері - Баймағамбет * 1948 - Алтын керней - Әділбек * 1950 - Баку жалындары - Қадыр Қырымқұл * 1954 - Дала қызы - эпизод * 1954 - Қозы Көрпеш – Баян Сұлу - Қарабай * 1955 - Қыз-жігіт - Еркебай * 1955 - Бұл Шұғылада болған еді - бухгалтер * 1955 - Алғашқы эшелон - Садықов * 1956 - Қанатты сый - күзетші * 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - Серке * 1959 - Өмір жолында - қарт * 1960 - Бір ауданда - Атаке * 1960 - Тыныштық - қарт аралаушы * 1963 - Ана туралы аңыз - жылқышы * 1964 - Алдар көсе - Итбай * 1966 - Ән қанатында - эпизод * 1972 - Шоқ пен шер - саябақтағы күзетші ## Сілтемелер * Серке Қожамқұл. Жас Алаш №75 Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. ## Марапаттар Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен (1966), 3 рет Ленин ордені, Қазан Революциясы, Еңбек Қызыл Ту, 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Құдайберген Тәуекелұлы Сұлтанбаев (1947 жылы Қызылорда облысының Арал ауданы - 2010 жыл) - актер, қоғам қайраткері. Қазақстанның халық әртісі. ## Жалпы мәліметтер Әлімұлы тайпасы Шекті руы Құрманай бөлімінен шыққан. * Өнердегі жолын 1970 жылы Гүлдер (ансамбль)нде жарық берушіліктен бастаған ол сан қырлы талантымен халықтың сүйікті актеріне айналды. Жас кезінде ауыр атлетикамен, акробатикамен айналысқан. 1974-1992 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік өнер институтының актерлік мамандығын, Абай атындағы Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. * Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының актерлік тобына қабылданып, өмірінің соңына дейін осы театрда қызмет етті. Қара шаңырақ сахнада: Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Жарас, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Жантық, Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-Анасында» Майсалбек, «Ғасырдан ұзақ күнінде» Сәбитжан, Оралхан Бөкеевтің «Құлыным меніңінде» Гитарашы жігіт, Асқар Сүлейменовтің «Төрт тақта-жайнамазында» Собес, Әбжәміл Нүрпейісовтің «Қан мен терінде» Тілмаш, Дулат Исабековтің «Әпкесінде» Тимур, Уильям Шекспирдің «Гамлетінде» актер, «Ричард Ш»-де Епископ, Ф.Эрвенің «Түлкі бикешінде» режиссер көмекшісі, Николай Гогольдің «Ревизорында» Бобчинский, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» Тілші, Е.Уахитовтың «Құдаларында» Әбдісалам, тағы да басқа көптеген толымды бейне сомдады. Актердің соңғы сәтті жаңа жұмысы премьерасы жуырда ғана өткен Ә.Рахимовтің «Қылмыскерге куәлік» спектакліндегі Әкім бейнесі еді. Оның бұл бейнелері қазақ театр тарихынан өзіне лайықты орнын алары анық. Қ.Сұлтанбаев сан қырлы талант болды. Оның ерекше бір таланты – сатира жанрында жарқырай көрінді. Бұл тұста Тамаша әзіл-сықақ театрының іргесін қалаушылардың бірі болған актер өмірінің соңына дейін оның бағдарламаларына белсене қатысып, көрерменін хас өнерімен сусындатып өткенін атап айту керек.Көрнекті актер кино өнерінде де өзіндік із қалдырды. Ол режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің бірнеше фильмінде, сондай-ақ «Б.Шамшиевтің «Көктөбедегі кездесу», З.Подольскийдің «Қош бол, Медеу», С.Тәукелдің «Махамбет», Рүстем Әбдірашевтің «Қаладан келген қыз», «Құрақ көрпе», т.б. көркем фильмдерде әрқилы да қызғылықты бейнелер жасады. * Сан қырлы талант иесі ән салып, бірнеше аспапта шебер ойнады, суретшілік өнерден де кенде болмады. Ал, Қазақ ұлттық өнер академиясында ұстаздық еткен кезеңінде 2005 жылы оның студенттері Қырымда өткен Халықаралық студенттер мен жастар фестивалінде Бас жүлдеге ие болды. * Құдайберген Сұлтанбаев 1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы 1 сайланған кәсіби Парламентінің депутаттығына сайланды. Ол осы кезеңде ел үшін өзекті мәселенің бірі Арал мәселесіне ерекше назар аудартып, сайлаушыларының аманатын орындады. Қазақ өнері үлкен қазаға ұшырады. 64 жасқа қараған шағында көрнекті актер, Қазақстанның халық артисі Құдайберген Сұлтанбаев 2010 жылы 20 желтоқсанда қайтыс болды. ## Марапаттары * "Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі" * "Қазақстанның халық әртісі" (1996) құрметті атақтары берілді. * 2008 жылы "Құрмет" орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Балтабай Әбдірахманұлы Адамбаев (24.9.1919, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент — 12.10.1990, Алматы) — филология ғылымдарының кандидаты (1962), әдебиет зерттеушісі, фольклоршы. Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы педагогика училищесін (Жамбыл, 1947), Қазақ Мемлекеттік ун-тін (1951) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылыми қызметкері болды (1957 — 1986). Қазақ халқының ауыз әдебиетін, оның ішінде халық даналығы — шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді зерттеумен шұғылданды. Шешендік сөздердің тарихы, табиғаты, көркемдік ерекшеліктері туралы “Шешендік” (1969), “Халық даналығы” (1976), “Қазақтың шешендік өнері” (1984), аталатын моногр. зерттеу еңбектері шықты. “Қазақ ертегілері” (1962), “Шешендік сөздер” (1967), “Ел аузынан” (1985) жинақтарын құрастыруға қатысқан. 1-дәрежелі “Отан соғысы” орденімен марапатталған. Жамбыл облысының Сарысу ауданындағы мектеп-интернатта оқып, тәрбиеленеді. Ұлы Отан соғысы жылдары Ташкентте Фрунзе атындағы әскери академияның тактика және атыс жоғары курсын лейтенант атағымен бітірген ол Калинин майданында Төртінші гвардиялық атқыштар бригадасының құрамында ротаны басқарып, ұрыстарға қатысады. 1945 – 1947 жж. Жамбыл облыстық тұтынушылар қоғамында қызмет істейді. Жамбылдың Абай атындағы педагогика училищесін, 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдаған. Біраз жыл Жамбыл қаласындағы №38 қазақ орта мектебінде ұстаздық еткен. ## Шығармалары: * Сырларым. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1959; * Ақбөбек. Поэма мен өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962; * Шешендік сөздер. Монография. А., «Жазушы», 1967; * Шешендік сөздер (Сырым сөздері негізінде). Монография. А., «Жазушы», 1969; * Мәди. Тарихи повесть. А., «Қазақстан», 1969; * Аманат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; * Халық даналығы. Мақал-мәтелдер. А., «Мектеп», 1976; * Жауынгер жолы. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы», 1978; * Тұлпардың ізімен. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1983; * Қазақтың шешендік сөздері. Зерттеу. А., «Ғылым», 1984; * Казахское народное ораторское искусство. А., «Ана тілі», 1994, 1997. ## Дереккөздер
Үстірт арқары (лат. Ovis vignei arkal) - қуысмүйізділер тұқымдасына жататын муфлон. Денесі ірі, құлжаларының тұрқы 160, саулығында — 140 см, салмағы соған сәйкес 70 және 40 кг-ға дейін жетеді. Құлжаларының мүйізі имектеліп келген және жалы болады. Саулығының да кішкене мүйізі бар. Үстірт арқары негізінен Солтүстік-Батыс Түрікменстанда кездеседі. Қазақстанда Маңғыстау облысынның жерінде, Үстірттің батыс бөлігіндегі және Қапланқыр құлама жарларында, Шағала сор ойдымында таралған. Үстірт арқары үйір-үйірімен (бір үйірінде 70 дарабастай болады) тіршілік етеді. Жыныстық жағынан саулықтары 2,5, құлжалары 4,5 жаста жетіледі. Қазан — желтоқсан айларында күйге түсіп, наурыз — мамырда саулықтары жалғыз қозы табады. Негізгі қорегі — күйреуік, сораң, жусан және дәнді дақылды шөптер. Қорегін іздеуге көбінесе күндіз шығады. Бір ерекшелігі — Үстірт арқары суды ащы бұлақтардан ішеді, себебі өздерінің организміне қажетті түрлі минералды заттарды осы бұлақ суларынан алады. Арқарлардың негізгі жауы — қасқырлар. Кезінде өте көп ауланған, саны жылдан жылға азайып барады. 1989 — 90 ж. Алматы зоол. паркінде көбейген. 20 ғ-дың 70-жылдары 10 мыңдай болған. Қазір бұлардың 5,5 — 6 мыңдайы ғана қалған. Үстірт қорығында, Қарақия-Қарақол, Ақтау-Бозащы қорықшасында қорғалады. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Әбдірахман Көшерұлы Айсарин (1898 – 1938) (Бұрынғы Ақмола губерниясы, Петропавл уезі, Аққусақ болысы, Шоға ауылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы - 1938) - Жазушы, публицист. ## Өмірбаяны * 1916 – 1918 жж. Троицк қаласындағы «Уазифа» медресесінде оқып, ол жабылып қалған соң, ауыл мұғалімдерінің курсын бітірген (1919). * 1919 – 1921 жж. Орынборда шығып тұрған «Ұшқын» және «Еңбек туы» газеттерінде әдеби қызметкер * 1921 – 1922 жж. Ә. Жанкелдиннің басқаруымен Орынбордан Семейге дейін Қазақстанның солтүстік облыстарын түгел аралаған «Қызыл керуеннің» хатшысы * 1922 – 1923 жж. Семей губерниялық комсомол комитетінде қызметкер * 1923 – 1926 жж. Петропавл уезінде халық соты * 1926 – 1932 жж. «Бостандық туы», «Кеңес ауылы», «Еңбекші қазақ» газеттерінде журналист * 1923 – 1937 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Петропавл бөлімшесінің бастығы. * 1938 жылы жазықсыз жаза құрбаны болған, кейін ақталды. ## Шығармашылығы 1919 жылдан шығармашылықпен айналыса бастайды. Қазақ ауылының тыныс-тіршілігін, адамның бас бостандығын, сүйіспеншілік пен парасатталықты бейнелеген * «Болсаң, Болаттай бол» * «Мәжен» * «Той тарқар» * «Бәсекелестер жиыны» * «Жол айырығы» * «Айжанның азабы» (1924) * «Мырзалар» (1927) * «Жүрек жұмбағы» (1928), т.б. әңгімелері * «Көн құрысса, қалпына барады» * «Алма өз түбінен аулаққа түспейді» (1927 — 28) атты повестері жарық көрді. ## Сыртқы сілтеме • АЗАТТЫҚ БОЛҒАН АРМАНЫ, ерлер еді елдің ардағы(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Қарақұйрық (лат. Gazella subgutturosa) – сүтқоректілер класының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аң. ## Таралу аймағы Қазақстанда Үстірт пен Маңғыстауда, Арал өңірінде, Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдаланың оңтүстігінде, Оңтүстік Балқаш өңірінде (Тауқұм, Сарыесікатырау) кездеседі. Соңғы жылдары Қара Ертіс өзенінің жағалауындағы құмдарда көрініп жүр. ## Сипаты Тұлғасы сымбатты, дене тұрқы 101 – 126, шоқтығының биіктігі 67 – 79 см. Текесінің салмағы 22,0 – 41,0 ешкісінікі – 20 – 34 кг. Текелерінің мүйізі түп жағы бедерлі, ұшы бір-біріне қарай аздап иілген, қара-қоңыр түсті. Ұзындығы 33 – 43 см болады, ешкілері – тоқал. Құйрығы кішкентай, қара-қоңыр түсті. Тұяқтары кішкентай, қара түсті, сопақша әрі үшкір келеді. Тері жамылғысы құм тектес, сарғыш-сұр. Көз алды, шат, тұяқ аралық иіс бездері, көру және есту мүшелері жақсы жетілген, осылар арқылы бір-бірімен тез табысады. ## Тіршілігі мен қорегі Тастақты, құмды, сазды топырақты шөлді аймақтарда мекендеуге бейімделген. Қоныстарын жыл маусымдарына қарай, қыста сексеуіл, жыңғыл өскен бұйрат-бұйрат құмдарға, жазда шөлді жерлерге қарай қоныс ауыстырып отырады. Тау етектерінде, теңіз деңгейінен 2500 – 3000 м биіктікте де кездеседі (мыс., «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында). Күйіс қайырып, демалу және ауа райының қолайсыз жағдайларынан қорғану үшін тұяқпен тарпып қазуға оңай жұмсақ топырақты жерлерден шағын (60х30 см) жатақтар жасайды. Қорегі – 70-тен аса шөптесін өсімдіктер мен бұталар. Ылғалы мол жас шөптермен қоректеніп, қар мен жаңбырдан жиналған қақтардан су ішіп, шөлін қандырса, қыста қар жалайды. Қазанның аяғынан желтоқсанның ортасына дейін күйлейді. ## Өсіп-өнуі 5 – 5,5 ай буаз болып, сәуірдің аяғынан маусымның аяғына дейін (жаппай төлдеу мамырдың екінші жартысында) лақтайды. Көбіне 1 – 2 лақ (егіз басым), кейде 3 – 4 лақ (өте сирек) табады. Жаңа туған лақтың салмағы 2 – 3 кг, дене тұрқы 48 – 58 см. 5 – 10 күнде шөп шалып, 3 айдан аса енесін емеді. Жас төлдер тез өседі: алғашқы 10 күнде 4,5 кг, бір айда – 9,0 кг, 6 айда – 15,0, бір жаста салм. 20 кг-нан асады. Шыбыштары 7 – 8 айда, серкештері 1,5 жаста жыныстық жағынан жетіледі. ## Жаулары, қорғалуы Қарқұйрықтың жаулары – қасқыр, түлкі, қарақал және бұралқы иттер, құстардан: бүркіт, қарақұс. Аусыл және туляремия ауруларымен ауырады. Дәмді еті мен терісі үшін көп ауланған. Терісінен сырт киім, жазғы аяқ киім, мәсі тігіледі, саба және қауға жасаған. Қазір саны аз, Қазақстанда бар-жоғы 13 – 15 мыңдай. Оның 5 – 7 мыңы «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында, қалғаны Үстірт қорығы мен Ақтау – Бозащы қорықшасында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996). ## Дереккөздер
Әбдірахман Көшерұлы Айсарин (1898 – 1938) (Бұрынғы Ақмола губерниясы, Петропавл уезі, Аққусақ болысы, Шоға ауылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы - 1938) - Жазушы, публицист. ## Өмірбаяны * 1916 – 1918 жж. Троицк қаласындағы «Уазифа» медресесінде оқып, ол жабылып қалған соң, ауыл мұғалімдерінің курсын бітірген (1919). * 1919 – 1921 жж. Орынборда шығып тұрған «Ұшқын» және «Еңбек туы» газеттерінде әдеби қызметкер * 1921 – 1922 жж. Ә. Жанкелдиннің басқаруымен Орынбордан Семейге дейін Қазақстанның солтүстік облыстарын түгел аралаған «Қызыл керуеннің» хатшысы * 1922 – 1923 жж. Семей губерниялық комсомол комитетінде қызметкер * 1923 – 1926 жж. Петропавл уезінде халық соты * 1926 – 1932 жж. «Бостандық туы», «Кеңес ауылы», «Еңбекші қазақ» газеттерінде журналист * 1923 – 1937 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Петропавл бөлімшесінің бастығы. * 1938 жылы жазықсыз жаза құрбаны болған, кейін ақталды. ## Шығармашылығы 1919 жылдан шығармашылықпен айналыса бастайды. Қазақ ауылының тыныс-тіршілігін, адамның бас бостандығын, сүйіспеншілік пен парасатталықты бейнелеген * «Болсаң, Болаттай бол» * «Мәжен» * «Той тарқар» * «Бәсекелестер жиыны» * «Жол айырығы» * «Айжанның азабы» (1924) * «Мырзалар» (1927) * «Жүрек жұмбағы» (1928), т.б. әңгімелері * «Көн құрысса, қалпына барады» * «Алма өз түбінен аулаққа түспейді» (1927 — 28) атты повестері жарық көрді. ## Сыртқы сілтеме • АЗАТТЫҚ БОЛҒАН АРМАНЫ, ерлер еді елдің ардағы(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Ақ дегелек , ләйлек (лат. Ciconia ciconia) – дегелектер тұқымдасына жататын ірі, ақ құс. Ол Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында ғана кездеседі. Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 15 – 30 жұптай ғана ақ дегелек бар. Кейбір Еуропа елдерінің зоологиялық бақтарында өсіріледі. Тұмсығы түзу, ұшына қарай үшкірлеу келеді. Қанатының ұзындығы 58 – 61 см, салмағы 3,5 – 4 кг. Қанаты қара, тұмсығы мен сирағы қызыл, мекиенінің дене тұрқы қоразынан гөрі кішілеу әрі тұмсығы жіңішкелеу болып келеді. Ақ дегелек тұмсықтарын бір-біріне тиістіріп қана дыбыс шығарады. Ұшқан кезде мойынын алға қарай созып ұшады. Ақ дегелек – жұбын жазбай, бір орынға бірнеше жыл қатарынан келіп, елді мекендерге жақын су айдындарының маңындағы шалғынды, батпақты жазық аңғарларға ұя салады. Жыныстық жағынан 2 – 3 жылда жетіледі. Жылына 1 рет 2 – 5 жұмыртқа салып, оны 32 – 34 күндей мекиені мен қоразы кезектесіп басады. Балапандарын ұядан 70 – 72 күнде ұшырады. Ақ дегелек ұсақ жәндіктермен, сондай-ақ жыланмен, көлбақамен, құрбақамен және кемірушілермен қоректенеді. Ақ дегелек – жыл құсы. Тамыз – қыркүйекте жылы жаққа қоныс аударады. Африка, Азияның оңтүстігінде қыстап шығады да, наурызда қайта ұшып келеді. Кейбір зерттеушілер Ақ дегелекті “ләйлек” деп жазады, қазақ халқы оны “дегелек” деп атайды. Себебі: Ақ дегелек құсына байланысты халқымызда мақал-мәтел, аңыз, әңгімелер көптеп кездеседі. (мысалы, “Жылқының жауы — бөгелек, жыланның жауы — дегелек”, “Дегелек келді жаз болды, бала-шаға мәз болды”). Қазақ халқы Ақ дегелекті киелі құс деп есептейді де, оның ұясын бұзуға, жұмыртқасын алуға, атуға мүлде рұқсат етпейді. Ақ дегелек санының азаюына байланысты қорғауға алынған. ## Дереккөздер
Қарақал, қарақұлақ (лат. Caracal caracal) – мысықтар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Қазақстанның шөл, шөлейтті аймақтарында және тау аңғарында кездеседі. Олар осындай ауданда тіршілік етуге бейімделген. Құмды жерде жақсы жүре алады, өйткені табандары жүнді келеді, осының жәрдемімен денесі құмға батпай, сусымалы құмдардан жеңіл жүріп өте алады. Денесінің ұзындығы 65 – 82 см, құйрығының ұзындығы 25 – 30 см, салмағы 11 – 13 кг. Есту барабаны кішірек, оның алдыңғы шеті төменгі жақ байланыс ойысының артқы шетіне дейін жетеді. Құлағының сыртқы жағы түгелдей қара. Арқасы қоңыр сары, бауыры ақшыл сары. Құлағының ұшында ұзын шашағы болады. Танау сүйектері жалпақ. Жоғарғы жағында бірінші жалған азу тістері болмайды. Олар жемін түнде, кейде жазғытұрым және қыста күндіз де аулайды. Азығын көбінесе ұзақ қарауылдап жүріп, жасырынып жетіп, оған 4 – 4,5 м қалғанда, секіріп барып жармасады. Қарақал – шапшаң қозғалатын жыртқыш. Негізінен құмтышқандарды, қосаяқтарды, сарышұнақтарды, кейде кірпілерді, жайраларды, бауырымен жорғалаушыларды, жәндіктерді азық етеді, жазда суға жақын жүреді. Қарақалдар ін қазбайды, өзіне баспана ретінде жайраның, түлкінің індерін бірнеше жыл қатарынан пайдалана береді. Буаздық мерзімі 70 күндей. Аналығы сәуір айының басында 3 – 4 күшік туады. Күшіктері тез өседі. Қазақстанда Қарақалдың Үстіртте, Маңғыстау облысында 10 шақты дарабасы бар деп есептеледі. Жылдан-жылға саны азаюда, сондықтан қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қазір Қарақал Қазақстанда Үстірт қорығында, Ақтау-Бозащы, Қарақия-Қарақол қорықшаларында өсіріледі. ## Дене тұрқы Қарақұлақ - мысық тұқымдас сүтқоректі. Дене ұзындығы. 65-82 см, құйрығы, 25-30 см. Сілеусінге өте ұқсас, құлақтарының ұшында қара шашағы бар, құйрығы шорт қысқармаған. Жүні қысқа. Бір ұяда 2-4 баласы болады. Қояндар мен ұсақ кемірушілермен қоректенеді. ТМД аймағында Түркмен жерінде таралған. Қызыл кітапқа енгізілген түр. ## Статус I-ші санат. Жойылып кету қаупі бар түр. Халықаралық табиғат қорғау Одағының Қызыл кітабына енгізілген. Кейде оны «Қарақұлақ» деп те атайды. ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Ерекше шөл дала мысығы, дүниежүзі фаунасында өзі аттас туыс/тармағының жалғыз өкілі. ## Таралуы Қазақстанда Маңғыстау облысында Үстіртте, Бозащы, Маңғышлақ, Тюб-Қараған түбектерінде, Қаражарық, Туесу, Бостанқұм, Сеңгірқұм, Сам, Матайқұм және т.б. құмдарда мекндейді. Бұрын Солтүстік Қызылқұмда да кездескен. ## Мекендейтін жерлері Сексеуіл, жыңғыл, жүзгүн және тағы басқа бұталар өскен құмды шөлдер, Үстірттің биік жарлары, сазды қыратты бұталы шөлдер, тау етектері және аласа таулар, сексеуіл мен жыңғыл өскен өзендер арнасы. Құмды шөлдерді шаруашылық мақсаттар үшін игеру қарақалды қолайсыз қоныстарға ығыстыруда. ## Саны Негізгі қоректері – қоян, зоман және үлкен құмтышқандарының мол болуына байланысты. Барлық жерде аз. 1951 жылдан 1994 жылға дейін Маңғыстау облысынан 20 қарақалдың ұсталғаны және 15-і кездескені белгілі. Бүкіл Қазақстанда, мүмкін, бар болғаны бірнеше ондаған ғана бұл жабайы мысық бар шығар. Қазірде Түрікменстанда шамамен 300-400 қарақұлақ тіршілік етеді екен. ## Негізгі шектеуші факторлар Браконьерлік, құм қояны мен кеміргіштердің азаюуы, жұт жылдар, өйткені қарақалдар төменгі температура мен қалың қарға бейімделмеген. ## Биологиялық ерекшеліктері Түнде тіршілік етеді, бірақ суық кезде тршілігі күндізде өтеді. Негізгі азықтары – құм қояны (25-27%), зорман (19.4%) және үлкен құмтышқаны (15.2%). Кейде қарақұйрықтың лағын, үстірт арқарының қозысын ұстауы да мүмкін. Аздап қойлар мен дайраға да шабуыл жасауы мүмкін. Жатақтары – басқа аңдардың індері, кейде бұталар астында өздерінің жатақтарын салады. 70 күндей буаз болып, сәуірдің басында 3-4 ұрпағы дүниеге келеді. Жаулары - қасқыр, малшы иттері, ал жас жануарлар үшін-ірі жыртқыш құстар; бәсекелестері – сол аталған жануарлар, сондай-ақ түлкі мен дала мысығы. ## Қолда өсіру Ташкент хайуанаттар паркінде 1968-1970 жылдары екі жұп қарақалдан 34 ұрпақ алған. ## Қабылданған қорғау шаралары Үстірт қырағында, Ақтау-Бозащы және Қарақия-Қаракөл қорықшаларында, Кендерлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағында қорғалады. ## Қорғауды керек ететін шаралар Үстірт қорығы территориясын кеңейту және Жабайұшқан және Бесбұлақ қорықшаларын ұйылдастыру шараларын (көлемдері – 500 мың га әрбіреуі) қолға алу керек. ## Зерттеу үшін ұсыныстар Маңғыстау облысында қарақалдың экологиясын, таралуын және санын зерттеу қажет. ## Дереккөздер
Ақбауыр жарқанат (лат. Otonycteris hemprichii) - қолқанаттылар отрядының жалтыртұмсықты жарқанаттар тұқымдасына жатады. Денесі ірі, тұрқы 66 – 82 мм, қол сүйегінің ұзындығы 59 – 66 мм, арқасы құм түстес, бауыры ақшыл болады. Құлақ қалқаны жалпақ әрі өте ұзын, үшкір келеді. Ұясын жартастарға және тұрғын үйлердің қабырғаларындағы жарықтар мен қуыстарға салады. Көктем мен жазда еркектері жеке-жеке, ұрғашылары топталып тіршілік етеді. Жемтігін күн бата аулайды. Көбіне жемтігін жер бетінен 2 – 3 м биіктікте ұшып жүріп ұстайды. Негізінен қоңыздармен, инеліктермен және көбелектермен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді. Маусымның басында көбіне ұрғашысы 2 жарқанат табады.Сирек кездесетін түр, Қазақстанда таралу аймағының терістіктегі ең шеткі шекарасы өтеді. Тасты, сазды жарларды мекендейді. Республикада екі жерде – Сырдария Қаратауының баысындағы Ақ-мешіт үңгірі мен Үстірттің батыс жағындағы Қарамая тауынан табылған. Қаратауда аса терең емес тасты жарларды мекендейді. Ақбауыр жарқанаттың тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Саны мөн оған әсер ететін факторлар белгісіз. Үстірт қорығында қорғалады. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Статус III-шы санат. Зерттелмеген, сирек кездесетін түр. ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Қазақстанның оңтүстік бөлігіне енген жерорта теңізі жағалауының сирек өкілі. ## Таралуы Қазақстанда екі жерден ғана: бірі – Қаратаудың батыс жағындағы Ақмешіт үңгірінен, екіншісі - Үстірттің батыс шыңындағы Көгесем құдығы төңірегінен табылып отыр. Түркімениядағы Үлкен Балқаш тауларынан да (Үстірттен оңтүстікке қарай 400 км) табылды. ## Мекендейтін жерлері Қаратаудағы Ақмешіт үңгірі төңірегіндегі шөлейтті жерлер, тасты шұңқырлар, ал Үстіртте су көздеріне жақын сазды биік қыраттар. Ақмешіт үңгірінде жарқанаттардың басқа да бес түрі мен бірге тіршілік етеді. Көрші Түрікменстанда ақбауыр жарқанаттар көбіне таулар мен олардың етектерінде тіршілік етеді. Тасты, жартасты жазық жерлерде де табылған. Баухыз ауданында және Кюрендаг тауларында да мекендейді. Өзбекстанда шөлді жерлерде және тау етектерінде 1000 м биіктікке дейін өмір сүреді. ## Саны Қазақстанда мәлімет жоқ. Таралінның басқа жерлерінде саны 30-дай ақбауыр жарқанаттың колониясы кездескен (көбею кезінде). ## Негізгі шектеуші факторлар Белгісіз. ## Биологиялық ерекшеліктері Ол туралы Қазақстанда мәлімет жоқ. Орта Азияда зерттеулер мынаны көрсетеді: Көктем мен жазда еркектері жеке-жеке жүрсе, ұрғашылары-шағын топ құрып өмір сүреді. Қараңғы түсе аңшылыққа шығады. Қалмақтап ұшуы құстардың ұшуына ұқсайды. Насекомдарды жер бетінен 2-3 м биіктіктен ұстайды. Оны жер бетінен 20-25 м биіктікте сирек кездестіресіз. Негізгі азықтары – қоңыздар, инеліктер, көбелектер. Кейде тіршілік ететін мекендерінен кесірткелерді де ұстайды. Әр аналық көбіне 2-ден Өсім береді. Жас жарқанаттар тез өседі және шілде айында өзінше қоректерін аулауға кіріседі. ## Қолда өсіру Мәлімет жоқ. ## Қабылданған қорғау шаралары Үстірт қорығында және Орта Азия мемлекеттерінің көптеген қорықтарында қорғалады. ## Қорғауды керек ететін шаралар Анықталған жоқ. ## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар Биологиясын зерттеу керек. ## Дереккөздер