text
stringlengths
3
252k
Бекмағамбетов Ғалым Мәдешұлы (1955 жылы туған, бұрынғы Жезқазған облысы Ақадыр ауданы Ағадыр стансасы) – қоғам қызметкері. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1977). Целиноград педагогикалық институтында оқытушы (1977 – 81), Көкшетау облысы комсомол комитетінде нұсқаушы, меңгеруші (1981 – 82), Көкшетау қалалық комсомол комитетінің 1-хатшысы (1982 – 86), Көкшетау қалалық партия комитетінде бөлім меңгерушісі (1986 – 87), МҚК органында (1987– 88), Көкшетау кооперативтік техникумы директорының орынбасары (1988 – 89), Ақмола облыстық атқару комитетінде аға референт, Көкшетау қалалық атқару комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, әкімшілік басшысы аппаратында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған (1989 – 1993), (1995 – 97). ВАТТ корпорациясы бөлімшесінде директор (1993 – 95). Көкшетау қаласының әкімінің орынбасары (1997 – 2003). 2003 жылдан Ақмола облысының әкімінің орынбасары. «Құрмет» ордені, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Бектау — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Ұлы жүздегі шанышқылы тайпасының айрылмас тармағынан таратылады. Бектаудан Қарпық, Араншы, Сырдам аталары тарайды. Ұраны — Айрылмас Таңбасы — Қолтаңба ## Дереккөздер
Байтүгей — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Ұлы жүздегі суан тайпасынан таратылады. Байтүгейден Елтынды, Жылкелді аталары тарайды. Ұраны — Байсуан, таңбасы— дөңгелек. ## Дереккөздер
Бектұрғанов Хасан Шаяхметұлы (1922, Мамлют ауданы Мамлют қаласы — 1987, Тараз қаласы) — партия және қоғам қайраткері. Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан. 1941 жылы Фрунзе (Бішкек) жаяу әскер училищесін, Алматыдағы КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1958) бітірген. 1941 жылы Қызыл армия қатарына шақырылып, 38-атқыштар дивизиясының құрамында взвод командирі болып, Калинин және Солтүстік-батыс майдандардағы шайқастарға қатысқан. 1942 жылы сәуір айында 8-гвардия И.В. Панфилов дивизиясында полк комсоргы, 1943 жылдың сәуір айынан 19-гвардия атқыштар дивизиясында полк комсоргы бола жүріп, соғысты аяқтайды. Петропавл қаласына оралған соң Солтүстік Қазақстан облысы партия комитетінің нұсқаушысы; кейіннен Совет (қазіргі Аққайың ауданы) ауданы партия комитетінің хатшысының орынбасары; 1958 — 66 ж. Көкшетау, кейіннен Ақтөбе облысы партия комитеттері хатшысының 2-орынбасары, атқару комимтетінің төрағасы; 1966 — 83 жылдары Қызылорда, Жамбыл облысы партия комитеттерінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған. Бірнеше ордендермен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Бекішев Кеңес Рахметұлы (1947 жылы туған, Жақсы ауданы Трудовое ауылы) – кәсіподақ қызметкері. Ауыл шаруашылығы техникумын (1968), Алматы Жоғары партия мектебін (1982), «Әділет» жоғары құқық мектебін (2003) бітірген. Еңбек жолын Ақмола облысының «Атбасар» кеңшарында трактор жүргізушісі болып бастаған. Бұрынғы Торғай облысы «Есіл» кеңшарында трактор жүргізушісі, бригадир (1970 – 82), Қима ауданы партия комитетінде нұсқаушы (1982 – 84), «Госкомсельхозтехника» аудандық бірлестігінде бас инженер (1984 – 85), Қима ауданы кәсіподақ ұйымының (1985 – 90), Торғай облыстық.кәсіподақ ұйымының төрағасы (1990 – 97) қызметтерін атқарған. 1997 жылдан Ақмола облысы кәсіподақ федерациясы төрағасының орынбасары. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Байшегір — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, жалайыр тайпасынан таратылады. Әмір Темір тұсында Байшегір руы Сыр бойын мекендеп, 18 ғасырдың 1-жартысында Балқаш өңіріне келіп қоныстанған. Кейін Іле өзенінің оң жақ жағалауын, Қапал уезінің солтүстік-батысын, Қаратал өзенін жайлаған (қазіргі Алматы облысы Балқаш және Қаратал аудандары). Қыстаулары — Іле өзені мен Балқаш көленінің арасы. Олар мал шаруашылығы мен егіншілікті кәсіп еткен. Егінжайлары Іле бойындағы тоған жағалауларында орналасқан. Ұраны — Қабылан, Бақтияр, таңбасы — тарақ. ## Дереккөздер
Жібек Қалиқызы Үсенбаева (22.10.1958 жылы туған) – техника ғылымдарының докторы (1999), профессор (2002). Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері. ## Еңбек жолы * Жамбыл технология, жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының Алматы бөлімшесін бітірген (1980)осы институтта ғылыми қызметкер (1980–84) * осы институтта ғылыми қызметкер (1980–84) * ҚазМУ-да аспирант, ғылыми қызметкер (1984–96, қазіргі ҚазҰУ) * Алматы технологиялық университетінде кафедра меңгерушісі, декан (1996–2000)осы университеттің Астана қаласындағы бөлімшесінде директордың орынбасары (2000–03) * осы университеттің Астана қаласындағы бөлімшесінде директордың орынбасары (2000–03) * Қазақ технология және бизнес университетінің 1-проректоры (2003–04) болып жұмыс істеді. * 2004 жылдан Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарады. ## Ғылыми еңбектері * «Биотехнологические основы регулирования и интенсификации процессов хлебопекарного производства с применением новых видов сырья» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. * 120-дан астам ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер
Белимов Василий Михайлович (1930 жылы туған, Атбасар ауданы Митрофановка ауылы) – қызметкер. Новосібір кооперативтік сауда институтын бітірген (1965). 1946 жылдан Ақмола облысы сауда жүйесінде (сатушы, дүкен, қойма меңгерушісі, төраға орынбасары, «облтұтынушылародағы» сауда базаларында директор) жұмыс істеген. Аудандық, облыстық халық депутаттары кеңесінің депутаты болып сайланған. «Октябрь Революциясы» орденімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Сартай Бектұрғанов (1935 жылы туған, бұрынғы Көкшетау облысы Көкшетау ауданы – 1988) — еңбек ардагері, трактор жүргізушісі. Социалистік еңбек ері (1971). 1973 жылдан бұрынғы Көкшетау ауданы Раздольное кеңшарында №1 тракторлы-егістік жұмыстары бригадасының бригадирі болып жұмыс істеген. ## Марапаттары * Социалистік Еңбек ері. * Ленин ордені * Еңбек қызыл ту ордені. ## Дереккөздер
Белокуров Василий Антонович (1923, қазіргі Шортанды ауданы Гуляйполе ауылы – 1945, Чехословакия, Моравска-Острава қаласы) — Даңқ орденінің толық иегері. 1942 — 45 ж. 2-дүниежүзлік соғысқа қатысқан. 1940 жылы Жолымбет кентіндегі ФЗО мектебіне түсіп, бітіргеннен кейін сол жерде бұрғылаушы болып жұмыс істеген. 1942 жылдың тамыз айында армия қатарына алынған. Старшина Белокуров 155-атқыштар дивизиясының 436-атқыштар полкінің 3-атқыштар батальонында комсорг болған. Соғыста қайсарлығымен, ерліктерімен көзге түскен. 1945 жылдың көктемінде Моравска-Острава қаласын азат ету кезінде ауыр жараланып, қаза тапқан. Сонда жерленген. ## Дереккөздер
Беловодское — Ақмола облысы Жақсы ауданындағы ауыл, Беловод ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Жақсы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 43 км-дей жерде. ## Халқы ## Инфрақұрылымы 2 орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, кітапхана бар. Ауыз суы 3 жерасты суы көзінен қамтамасыз етіледі. Шаруашылық субъектісі – ЖШС. Ең жақын темір жол стансасына дейін 2 км. ## Дереккөздер
Вячеслав Порфирьевич Добрица (1948 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қалалық әкімдігі, Ульбастрой кенті) – физика-математика ғылымының докторы (1991) , профессор (1992). ҚазМУ-ды (1948, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген соң осы университетте ассистент (1971–72), Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институтында аспирант (1972–75), ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) оқытушы, аға оқытушы (1975–79), деканның орынбасары (1976–78), доцент (1979–85), аға ғылыми қызметкер, 1987 жылдан профессор, ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі проректоры қызметтерін атқарған. Добрица 85 ғылыми-зерттеу мақала мен 2 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Беляев Василий Андреевич (1937 жылы туған, РФ, Курск облысы Ракитянск ауданы Солдатское селосы) — механизатор, Социалистік Еңбек Ері. Қазақстанға 1955 жылы тың игеру кезінде келіп, Рентабельный, Жақсы кеңшарларында жұмыс істеген. 1962 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін тракторлы-егістік жұмыстары бригадасының бригадирі болған. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Байшонас — Атырау облысының Мақат ауданы құрамында болған ауыл (бұрынырақ - кент), Байшонас ауылдық округінің орталығы болды. 2013 жылы таратылған. ## Орналасуы Атырау қаласынан шығысқа қарай 100 км, аудан орталығы — Мақат кентінен оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде, шөлді белдемде орналасты. ## Тарихы ### Құрылуы және дамуы Іргесі 1925 жылы мұнай кенін игеруге байланысты қаланған. Орта мектеп, аурухана, наубайхана болды. Тұрғындары аудан және облыс орталықтарымен автомобиль жолы арқылы қатынасқан. ### Таратылуы Ауыл 2008 жылға дейін кент статусында болған. Кейін Солтүстік Каспий аймағында ірі кен орнының ашылуына байланысты ауыл таратылып, 2013-14 жылдары Атырау қаласына және Махамбет ауылына көшірілді. ## Халқы 1997 жыл тұрғындар саны 1,8 мың адам болған. Ал 2009 жылғы санақ бойынша ауылда 1827 адам мекендеді. ## Өндірісі Байшонас мұнай өнеркәсібін ұлт меншігіне айналдырғаннан кейін кеңес заманында қатарға қосылған Ембінің алғашқы мұнай кәсіпшілігі болатын. 1938-44 жылдары кәсіпшілік жан-жақты және жедел дамыды; қуаты 600 а.к-лік дизелді электр станциясы, жоғарғы вольтті Байшонас—Ескене электр желісі, Ескене—Байшонас тартабанды темір жолдары т.б. салынды. Соғыс жылдары мұнай өнімінің 20%-ын Байшонас берді, бұған тез қимылдайтын жекеленген ырғалғыштарды қолдана отырып, бірнеше горизонттарды бірден игеруге мүмкіндік беретін сұйықты тездетіп aлу әдісін кеңінен қолдану арқылы қол жет-і. Соғыстан соңғы жылдарда ұңғымаларды, оларға таяу кеңістіктерді қышқылдармен өңдеу (қанықтыру), қопарғыш затпен жару, қойнауқатты сумен жарғыштау т.б. әдістер кеңінен қолданылды. Қазіргі уақытта Байшонас, Қарсақ және Ботахан сияқты пайдаланудағы кенорындар жұмыс істейтін мұнайшылардың тұрағы болды. ## Дереккөздер
Белобокий Александр Андреевич (1903 жылы туған, Ленинград қаласы) — еңбек ардагері. Социалистік Еңбек Ері (1957). Еңбек жолын теміржол. бекетінде билет тексеруші болып бастаған. «Знамя Труда», Сыра зауыттарында, Рудметаллторгта жұмыс істеген (1919 — 25). Якут АКСР-нің Ялта астық кеңшарында инженер, директор (1925 — 29), Есіл ауданы Свободный кеңшарының директоры (1954 — 59) қызметтерін атқарған. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Белоярка — Ақмола облысы Аршалы ауданы, Константинов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Аршалы кентінен солтүстік-шығысқа қарай 57 км, округ орталығы — Константиновка ауылынан 25 км жерде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1896 жылы қаланған. Астық өндірумен айналысатын 10 шаруа қожалығы тіркелген. ## Инфрақұрылымы Мектеп, кітапхана, дәрігерлік пункт бар. Ауылда 2-дүниежүзлік соғыста қаза болған жауынгерлерге арнап ескерткіш орнатылған. Белоярка арқылы республикалық маңызы бар Астана – Алматы автомагистралі және Түрген – Белоярка автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер
Бенберин Василий Митрофанович (1918, Сандықтау ауданы Богословка ауылы — 2005) — Кеңес Одағының батыры. Жоғары партия мектебін бітірген (1949). 1938 жылы армия қатарына алынып, 14-кавалерия дивизиясының қатардағы жауынгері болды. Орыс-фин және 1941 жылдың қарашасынан 2-дүниежүзлік соғысқа қатысқан. 1943 жылы желтоқсанынан 1944 жылы сәуіріне дейін Орлов танк училищесінің курсанты, кейіннен 44-гвардия танк бригадасы танк взводының командирі болды. Познань қаласын азат ету кезінде ерлігімен көзге түскен (Польша, 1945 жылы, қаңтар). 1949 — 51 жылдары Қазақстан Компартиясы Көкшетау облысы комитетінде нұсқаушы, 1951 жылдан Алматы қаласы Октябрь аудандық партия комитетінің өнеркәсіптік-көлік бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеді. 1975 жылдан зейнеткерлік демалыста. ## Дереккөздер
Байыл, Байлы — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Ұлы жүздегі ошақты тайпасынан тарайды. Жазба әдебиетте Байыл руы 15 ғасырдан мәліметтік Байылдан Байсары, Қасқа, Қабыл, Созақ аталары тарайды. Ұраны — Бақтияр, таңбасы — тұмар. ## Дереккөздер
Үсенов Әнуәрбек (14.2.1933, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды аулында — 6.4.1997, Алматы) — металлург, техника ғылымының кандидаты (1973). * 1957 жылы Қазақ металлургия және тау-кен институтын бітірген * 1957 — 1966 жылдары Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында мастердің көмекшісі, технолог, цех бастығының орынбасары * 1966 — 1973 жылдары Лениногорск мырыш зауытытының директоры * 1973 — 1985 жылдары Қазақ КСР-і түсті металлургия министрінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды * 1986 — 1991 жылдары Қазақ мемлекеттік бағалы металдар және алмас ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және технология институтының директоры * 1991 — 1993 жыдары Қазақ мемлекттік “Қазалмасалтын” консорциумында вице-президент, бас директор болды * 1993 жылдан ұлттық акционерлік “Алтыналмас” компаниясының бірінші вице-президенті, “Алтын” АҚ-ның президенті қызметтерін атқарған. Үсеновтің ғылым еңбектері Қазақстанның түсті металлургия және алтын шығару салаларына арналды. Оның тікелей басшылығымен Қазақстанда алғаш рет шикізаттың әр түрінен химиялық таза алтын мен күміс алу технологиясы жасалып, “Целинный кен-химия комбинаты” өндірістік бірлестігімен және ғылыми-зерттеу ин-ттарымен бірлесе отырып “Құмдыкөл” кен орнынан техникалық алмас өндіру бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілді. Үсеновтің енгізген жаңалықтары ғылымда, өндірісте кеңінен қолданылады. Үсенов Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының иегері (1984), КСРО-ның Құрметті металлургі, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер:
Елікті (2018 жылға дейін — Березняковка) — Ақмола облысы Зеренді ауданы, Садовый ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 19 ғасырдың соңында қаланған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Зеренді ауылынан солтүстік-батысқа қарай 32 км-дей жерде. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, медициналық пункт, 2 сауда орны бар. Березняковтан 8 км жерден республикалық маңызы бар Көкшетау – Қостанай автомобиль жолы өтеді. Ең жақын теміржол стансасы – Көкшетау (30 км). ## Дереккөздер
Әдет-ғұрып — белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжылмас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы. Қазақи әдет-ғұрыптар көшпелі тұрмыстың дәстүрлі дүниетанымынан бастау алады. «Табиғаттан еншісі бөлінбеген» сахара жұрты өзін қоршаған ортаның ажырамас бір бөлшегі ретінде сезініп, жарық дүниенің жалғыз жаратушысы – Тәңірге табынған; Көк аспан – Қара жердің киесін қастер тұтып, ата-баба аруағына сиынған. Жүйелі мерзімдік ретпен қайталанып отыратын түрлі табиғи құбылыстардың (күн күркіреуінің, жерсілкінуінің, найзағай ойнауының), маусым алмасымдарының, т.б. сырын анық аңдай алмай, аспан асты, жер үстіндегі күллі тіршілік ағымы, адамзат тағдыры Көк иесінің ырқындағы нәрсе – жазмыш екеніне шүбәсіз сенген. Табиғат заңдылығын қоғам өмірінің, адам тұрмысының тәртібіне айналдыруға тырысу, кие тұту түйсігі қазақ халқының, жалпы түркі милләтінің түп-тегінде – ғұн, сақ тайпаларында болғаны мәлім. Олар көктегі Тәңірді «бабай баба», «Көк ата» атап, оның құдіретіне бас имеу – күпіршілік, ата-баба жолын бұзушылық деп санаған. Осы түсінік дәстүрлі қазақ қоғамындағы құқықтық мәдениеттің алғышарты – әдет-ғұрыпты адамдар арасындағы қарым-қатынастардың негізгі реттеушісі ретінде қалыптастырады. Ол, негізінен, жеке тұлғаларды белгілі бір әлеуметтік және мәдени тағлымдарға үйретіп, оны ұрпақтан ұрпаққа таратуға жәрдемдесті, жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың мінез-құлқын тәртіпке келтіріп қана қоймай, қауымішілік тұтастық пен ұлттық мүдделікті нығайтуға септігін тигізді. Қазақ тарихында ежелгі мемлекеттілік нышандарының пайда болуына орай табиғат және өмір құбылыстарын тұтас қалпында, әр алуан қағидаға жіктемей зерделеудің немесе тәңіршілік дүниетанымның жемісі – әдет-ғұрып сенімдері бірте-бірте дәстүрлі құқықтық сана-сезімге ұласып, ел билеудің арнаулы заң нормалары мен институттары ретінде қолданыла бастаған. ## Дереккөздер
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ‎; Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки; 870 – 950 ж. ш.) — әлемге әйгілі ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Отырар қаласында туған. ## Оқу жолы Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған. ## Шығармашылық жолы Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдатқа кетеді. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады. Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әбу Насыр Әл-Фараби бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған — иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрім мен Хадис Шариф — парыз-сүннет амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен. Кеңес өкіметі тұсында атеистік идеологиканың ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым ретінде көрсетілді. Әйтсе де оның ислам бірлігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы мынадай дерек сақталған. Тегі түркі болып табылатын баһадүр қолбасшы Мұхаммед Ихшид ибн Тұғыт Әмір ислам жолын бұзған “қармат” елін талқандаған соң, Әбу Насыр Әл-Фарабимен кездеседі. Меккеге барар жолды кесіп “қажылық” жасауға мұрша бермеген қарматтардың жеңілгеніне қуанған Әбу Насыр Әл-Фараби іштей “қажылық” етуге ниет етіп, араб халифының саид-задаларымен әңгімелеседі. Осы әңгімеде ғалым ислам бірлігін сақтау үшін мазһабтар арасын жақындастыру керек деген ой айтып, өзінің араб, парсы және түркі нәсілдері арасындағы алауыздықтарды жоюға күш салып жүргендігін мәлімдейді. “Бабалардан қалған өсиетте түркі халқы әділетшіл делінген еді. Сол сөздің ақиқаттығы мен әділеттілігіне енді көз жеткізіп отырмыз” деп Саид-задалар Әбу Наср Әл-Фарабидің қолын құрметпен қысады. Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдатқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі Бағдат халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдат шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдатта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей, “пайғамбар” деп таныған несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты. Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл — тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы мақсат — тұтастықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу. Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан — жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті. Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салады. Аристотельдің “Никомахтың этикасында” (1-кітап, §1) келтірілген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, Әбу Наср Әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын “ең ерекше” игілік — ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса, солай бет-алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әбу Наср Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. Әбу Наср Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары “Фусул ал-мадани” (“Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”) трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа — адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты — тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы. Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамды талдауды қаладан бастаса, “Нақыл сөздерде...” ол мұны ең кішкене ұядан, от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлекке — ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі.Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз. Әбу Наср Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады.Жетік философ теориялық ғылымдарды да білуге, бұл ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен Аристотель нағыз философқа әкімнің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның пікірінше философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды жоғары мақсатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпалық деп есептейді, ал Әбу Наср Әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне көмектесуге тырысады. Бұл арада ол дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше дін философияға ұқсас: екеуі де жоғары принциптерге, бір заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай келуге тиіс заңдарды дұрыс жүзеге асыра алады. Әбу Наср Әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар қалдырды. “Ғылымдар тізбегі” деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі: * тіл білімі және оның тараулары; * логика және оның тараулары; * математика және оның тараулары; * физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары; * азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы. Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, қысқаша мазмұнына тоқталады. Әбу Наср Әл-Фараби математик ретінде өзара тығыз байланысты үш салада еңбек еткен. Олар: 1) математиканың методол. мәселелері (математикалық ғылымының пәні, негізгі ұғымдары мен әдістерінің шығу тегі), 2) математикалық жаратылыстану, 3) математиканың кейбір нақты тарауларын жасауға қатысуы. Әбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика — әдіс айла жөніндегі ғылым). Ол — алгебраны математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш анықтаған оқымыстылардың бірі. Осыған байланысты Әбу Наср Әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды. “Ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. “Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме” деп аталатын еңбегінде матем-ның методол. мәселелері жөнінде құнды-құнды пікірлер айтқан. Ол ұзақ уақыт мінсіз, мүлтіксіз саналып келген Евклид “Негіздерін” сынауға, өңдеуге, түзетуге болатынын іс жүзінде көрсетіп, математиктерге дұрыс жол сілтеген. Әбу Наср Әл-Фараби математиканың философия ірге тасын қаласумен қатар, оны табиғат құбылыстарын зерттеуге батыл қолданудың қажеттігін іс жүзінде танытты. Әбу Наср Әл-Фараби пікірінше, математика анық,ақиқат білімді береді және басқа ғылымдардың дамуына күшті ықпал жасайды. “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын еңбегінде ол ғылыми астрологияны астрономиядан бөліп қарап, Аристотельдің логикалық шығармаларында айтылған қағидалар мен жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, белгісіз, кездейсоқ құбылыстарды алдын ала болжауға болатынын немесе болмайтынын ажыратуға тырысады.Әбу Наср Әл-Фарабидің бұл пікірлерінің кейіннен ықтималдар теориясының философия, логикалық негіздерін қалыптастыруда маңызы зор болды. Ол математикалық, жаратылыстану саласында ірі еңбектер жазған. Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы математигі және астрономы Птолемейдің “Алмагесіне” көлемді түсініктеме жазған. Бұл еңбек “Алмагеске түсініктеме” деген атаумен белгілі. Астрономия және математикалық тарихында үлкен маңызы болған Әбу Наср Әл-Фарабидың бұл трактаты тригонометрияны дамытуға да игі ықпал жасады. Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне сүйене отырып, тригонометрия сызықтар жөнінде өз ілімін жасады. Мұндағы негізгі бір жаңалық Әбу Наср Әл-Фараби синус, косинус, синус-ферзус, тангенс, котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырды. Олардың арасындағы бірсыпыра қатынастарды ашты, кейбір қарапайым қасиеттерін айқындады. Ол тригонометрияның кестелер жасауда аса қажет болып табылатын бір градус доғаның синусы мен косинусын анықтауда елеулі табыстарға жеткен. Әбу Наср Әл-Фараби осы айтылған тригонометрия мағлұматтарға және басқа да қосымша математика материалдарға сүйене отырып, “Алмагесте” қарастырылған астрономия және география мәселелерін математика жолмен шешудің ең жеңіл әдістерін ұсынады. “Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабы” геометрия салу есептерін сұрыптап, бір жүйеге келтірген. Жүзден аса есептің салу әдістері көрсетілген. Бұлардың ішінде: парабола салу, бұрышты трисекциялау, кубты екі еселеу, дұрыс көп бұрыштар салу, көп жақтар салу, жазық фигураларды түрлендіру т.б. бар. Әбу Наср Әл-Фараби адымы тұрақты циркуль мен бір жақты сызғыш жәрдемімен шешілетін есептерді мол қарастырды. Осы еңбекте 3, 4, 5 т.б., яғни өлшемді куб салу есебін ойша қалай шешу идеясы бар, оның “Болжамдағы геометрияға кіріспе” атты трактат жазғаны мәлім, бірақ ол еңбегі бізге жетпеген. Осыған қарағанда Әбу Наср Әл-Фараби көп өлшемді абстракция геометрияның идеясын алғаш айтушылардың бірі деп жорамалдауға негіз бар. Әбу Наср Әл-Фарабидің трактатын математикалық тарихшылары осы уақытқа дейін атақты Хорасан математигі Әбу-л-Уафаға теліп келгені анықталды. Әбу Наср Әл-Фараби арифметикалық саласында “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе” деп аталатын еңбек жазған. Оның көптеген логикалық еңбектерінде математикалық логиканың элементтері де кездеседі. Әбу Наср Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу-л-Уафа, Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған. Физика саласындағы Әбу Наср Әл-Фарабидің көрнекті еңбегі “Вакуум туралы” деп аталады. Мұнда ол вакуум жоқ екенін ежелгі гректерде сирек кездесетін тәжірибеге сүйенген логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысқан. Әбу Наср Әл-Фараби бұл еңбегінде вакуум мәселесінен басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның дәрежесіне сай өз шешімдерін дұрыс тапқан (дененің жылудан ұлғаюы не кішіреюі, түсірілген кернеуге, қысымға байланысты ауа көлемінің ұлғаю немесе кішірею заңдылықтары, ауаға түсірілген кернеудің берілуі, т.б.). “Алхимия өнерінің қажеттігі туралы” атты трактатында өз тұсындағы алхимиялық білімдерді талдап, алхимияның жалған қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар жаратылыстану ғылымының бір саласы ретінде қарастырады. Әбу Наср Әл-Фараби медицина саласында “Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат”, “Жануарлар ағзалары”, “Темперамент туралы” т.б. еңбектер жазған, онда негізінен медицинаның теория мәселелерімен айналысып, медицина өнерінің пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруге тырысады. Әбу Наср Әл-Фарабидің философия және натурфилософия еңбектерінде жаратылыстанудың көптеген мәселелеріне тоқталады. Астрономида күн апогейі орнының тұрақты болмайтынын өз тәжірибесі арқылы бақылап анықтаған. Сәуленің таралуын геометрия оптика заңдылықтарымен дәлелдеп береді. Сәуленің жиналу, сыну, тарау, шоғырлану заңдылықтарын геометриялық дәл әдістермен тапқан Әбу Наср Әл-Фарабидің шұғыла туралы түсінігі Еуропа ғылымына 17 ғасырда ғана мәлім болды. Оны неміс астрономы И. Кеплер арабшадан аударып “фокус” атаған. Мұны Әбу Наср Әл-Фараби сегіз ғасыр бұрын “күйдіру”, “оттық орын” мәнінен шығарып “мұхарақ” атаған. Ол және өз қолымен ойыс айна, яғни парабола, линза жасап, бұларын ғылымда қолданған да болатын. Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы астрономы Клавдий Птоломейдің еңбектерін түсіндіре, кемелдендіре отырып, өз тарапынан да теориялық (математикалық), практикалық мәні зор қорытындылар жасап, соны идеялар, пікірлер айтады. Мысалы, ол тарихта тұңғыш рет Шолпан планетасының Күннің бетін басып өтуін бақылайды, “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын трактатында ғұлама ғылыми астрономияны, жұлдыздардың орны, түр-түсі, қозғалысы т.б. көрінерлік қасиеттеріне сүйеніп, жер бетіндегі оқиғалардың, адам өмірінің болашағын алдын-ала болжауға болады дейтін дүдәмал, күмәнді ғылымсымақты астрологиядан бөліп қарайды. Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол — шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты. Жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт: * Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы; * Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы; * Сабақ процесінің алатын орны. Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның бір-біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді. Әбу Наср Әл-Фараби. өзінің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді. Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжрымыдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол [адам] баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қортындының басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: ол өмір шындығының өзіне тән қасиеті, болмыстың, нақты құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік — тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды. ## Әмбебап-музыкант Әбу Наср Әл-Фараби әмбебап музыкант та болған. Саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, күй шығарған. “Музыканың ұлы кітабы” — ғұламаның әрі музыка жайында, әрі физика-математика жайында жазған тарихи үлкен туындысы. Мұнда музыкалық акустика мәселелері барынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, тегі, таралуы т.б. жайында көптеген дұрыс, соны пікірлер айтылған. Музыканың тәжірибелік (эксперименттік) және теориялық (математикалық) негіздерін жасап, физика-математикалық заңдылықтардың белгілі музыка аспаптарда қалай жүзеге асу жолдарын көрсетеді. Әбу Наср Әл-Фараби ғылми танымның жалпы (универсал) теориялық үш шартын анықтап, соның негізінде музыка теориясын жаңадан қалыптастырды. Ол шарттар: біріншіден, ғылымның барлық түпкі негіздерін — принциптерін білу; екіншіден, осы принциптерден сол ғылымға жататын қажетті қорытындыларды, нәтижелерді шығара білу; үшіншіден, осы ғылым жайлы бұрын-соңды айтылмаған ой-пікірлерді талдай білу, дұрысын терісінен ажыратып, қателерін түзете білу. Музыканың математика теориясын жасау жолында Әбу Наср Әл-Фараби математиканың көптеген түбегейлі мәселелерін қамтиды. Олар: қатынастар теориясы, комбинаторикалық талдау мәселелері, функционалдық тәуелділіктер және оны кескіндеу, аксиоматика идеясы т.б. ## Әл-Фараби мен Абай Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет. Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған. Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында «жан құмары», «жанның жибили қуаты», «жан қуаты», «жанның азығы» т. б. осы іспеттес философиялық сарындағы ойларын таратқанда: «Жан қуаты деген қуат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сиғызбайды» - деп, айрықша ескертуінің өзіндік себептері бар. Бұл тұжырымынан ақынның «өзін танымақтығы» жөніндегі ілімнің тарихымен толық таныстығы анық байқалып, өз тарапынан ойларын кең түрде тыңдаушыларына молынан жеткізе алмаған өкініші де сезіледі. Жан қуаты жөнінде Фараби қолданған филос. терминдер Абайдың өлеңдері мен Жетінші, Он жетінші, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздерінде сол түпнұсқадағы қапыға немесе қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі. Ақынның Он төртінші, Он жетінші қарасөзі мен «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек...», «Көзінен басқа ойы жоқ...», «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...», «Алла деген сөз жеңіл...», «Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі асыл тас...» өлеңдерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы филос. мағынадағы ойларының бастау алар көзі Фараби еңбектерінде жатыр. Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын «өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға булай қарау мешаиын (перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» (әл - Фараби. Философиялық трактаттар. -А. , 1973, 289-6.), - деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, Абай да: «Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса жарайды» деген тұжырымға келеді. Бұдан екі ұлы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді. Ақын Фараби ұйғарысындай жүрекке шешуші мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі. Ойшыл-ақын көп көңіл бөлген мораль философиясы да осы танымға негізделген. Абай туындыларының өн бойына таралып отыратын адамгершілік, имандылық ойларының бәрі де осы көзқараспен ұштасады. Ақынның «хауас», «үш құю» (имани гүл), «жә уан мәрелік», «әділет», «шапағат» жайлы ой толғаныстарының желісі де осы таным шеңберіндегі ұғымдар. Бұлар Фарабидің жоғарыда аталған еңбегіндегі адамның жеке басының ең кемелденген (камили инсани) үлгі-өнегесі жайлы арналы танымының негізіне саяды. Осы Фараби дәстүрінің жалғасы Абайдың «толық адам» жөніндегі ой-пікірінен айқын сезіледі. Абайда жиі сөз болатын «толық адам», «жарым адам», «адам болу», «инсаниаттың кәмаләттығы», «бенделіктің кәмаләттығы», «толық инсаниат», «адамшылық», «адамның адамдығы», «адам болу» т. б. атаулық мәні бар ұғымдар, сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің шығар көзі Фараби еңбектеріндегі ой желісінен туындайды. Фараби «Табиғат ғылымдарының негіздері» (космогония) жайлы еңбегінде жалпы хакасқа, әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар аударған. Фарабидің қоршаған орта болмысының сырын тануда басты орын алатын сезім мүшелері - хауаси хамса жайлы филос. ұғымдары Абайдың Жиырма жетінші, Отыз сегізінші қарасөзі мен «Алла деген сез жеңіл» өлеңінде сол түпнұсқадағы қалпында берілген. Ақынның «Жансыз жаратқандарынан пайда алатын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатын ақылды инсанды (адамды) жаратыпты» деген тұжырымы дүниенің жаралуы жайлы Фарабидің тәңірі әуелі жансыз дүниені, өсімдіктерді, жан-жануарларды, содан соң ақыл иесі адамдарды жаратқан дейтін сатылы танымынан туындайды. Бұл таным Фараби көзқарасының әлсіз жері болса, Абай танымының да осал жағы болып табылады. Ойшыл ақын өз шығармаларында Фараби дәстүрімен хауаси хамса заһириге ерекше мән береді. Ақыл, сана дегеніміз бізді қоршаған өмір шындығының сыртқы бес сезім арқылы, яғни, танымның жибили қуаты мен адамның санасында сәулеленуінен пайда болатын рухани құбылыс деп таниды. Абайдың ақыл мен сананың пайда болуы туралы дүниетанымының негізі Фарабидің «Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес» (әл-Фараби. Философиялық трактаттар, 295-6.) деген ой желісімен өзектес келеді. Фараби жан қуатын қозғалдыратын қуат және танып білетін қуат деп екіге бөліп, адам бойындағы танып білетін қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады. Фарабидің бұл танымы Абайдың шығармашылығында сол тұрғыдан психол. ұғымдардың баламасы ретінде сөз етіледі. Ақынның қарасөздерінде адамның сыртқы бес мүшесі мен ішкі сезім мүшелері бірлікте алынып, хауас ретінде түсіндіріледі. Абайдың хауас үғымы - көбінесе, бейнелеу қағидасымен (ахси жиһан) ұштасатындықтан, Қырық үшінші сөзінде адам бойындағы жан қуаты жөніндегі Фараби танымдарымен іштей сабақтасып жатады. Ақынның «адамды танымақтық» деп өз алдына сараланатын ұғымдары Фарабидің жан туралы ойларымен өзектес келеді. Фарабидің адамның дүниені танып білу қуатына (әл-қуат алмутехаййла) ерекше мән бере қараған, негізгі ой желілері Абайда арнайы сөз болатын хауас, хауаси хамса заһири, хауас сәлем ұғымдарынан көрініс тапқан. Фараби жан қуаты жөнінде өзіндік соны ойлар желісін таратқанда, оларды өсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны деп үшке жіктеп, таным процесін адам жанына тән тума қасиет ретінде қарастырады. Осындай тұжырымдар Абайдың Жетінші, Он тоғызыншы, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші сөздерінде ұшырасады. Жетінші сөзінде «жанның тамағы» жайында тоқтала келіп, Абай: «... өрістетіп, өрісімізді ұзартып құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп, оны жан құмары арқылы дамитын сезім тұрғысында түсіндіреді. Жиырма жетінші сөзінде хайуан мен адам арасындағы ерекшелікті олардың дүние тану үрдісіне қарай жіктеп, «... Һәмма мақлұққа да қара, өзіңе де қара, жаңды бәрімізде де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, Һәм осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ» деп тану қабілетінің адамда зор сапалық ерекшелікте болатынын атап өтеді. Ақын Фарабидің түсіндіргеніңдей жан құмары, жан қуаты деген қасиеттер тек адамға ғана тән нәрселер деп таныған. Фараби заманында мұсылман қауымының ой санасында бүкіл болмысты, ондағы сан түрлі құбылыстың бәрін мүтекәллимиңдік негізде түсіндіретін жаңа бағыт қалыптасты. Мүтәкәллиминдердің танымындағы түбірлі қателігін аяусыз сынаған Фарабидің сыншыл ойын Абай панисламизм идеясы қанат жайған тұста одан әрі дамыта түсті. Ақынның Фараби сынаған мүтәкәллиминді: «Ақыл мен хауас барлығын, Білмей дүр жүрек, сезе дүр, Мүтәкәллимин, мантикин, Бекер босқа езе дүр..,» - деп, түбегейлі әшкерелеп терістеуінде терең таным сыры жатыр. Абай арнайы көтеріп отырған хауас жайындағы ұғымы ақын шығармаларында «хауаси хамса заһири», «хауас сәлем», «хауас»деген үш түрлі мағына даушы растады. «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіңде мүтәкәллиминдер мен логиктердің хауасты түсіндірудегі пайымдауларын әшкерелей терістеуі ақынның әлеум. ортасындағы батып сыншылдық бағьггты танытты. Абайдың дүниетанымындағы ерекше назар аударар нәрсе ақынның Фараби түзген ғылымды классификациялау принципі мен таныс болуы. Ақынның Фараби жасаған ғылымды жүйелеудегі принципімен таныстығы жеңілде нақтылы дерек жоқ. Дегенмен де, Абай шығармаларында ғылымды жүйелеу жөніндегі пікірін белгілі бір дәрежеде нақтылы деректермен білдіреді. Мәселен, Қырық бірінші сөзінде. «... дүниеде есепсіз ғылымның жолдары, бар, сол әрбір жолда бір медресе бар...», - деп, ғылым салаларының молдығын, нақтылы атауларын жеке-жеке атап өтеді. Ақынның Отыз сегізінші сөзінде ғылым салаларын біршама жүйелеу принципі ұшырасады. Ғалым, хакімдер туралы пікір қозғағанда:«... адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ бірлән батылдықты айырмақты үйреткендігі...» - деп, қоғамдық ғылымдарды өз алдына дербес топтастырады. Абай Отыз сегізінші сөзіндегі «адамның білімі», «алланың ғылымы», «өзіндік ғылым», «дүниенің ғылымы», «заһири ғылым», «дүниені танымақтық» тәрізді ғылым салаларын Фарабидің филос. тұжырымдарында қолданылатын атау сөздермен не қазақы ұғымға сай балама түрдегі атаумен қарастырады. ## Ғалым мұралары жету кезеңдері Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады: * Орта ғасырдағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы (Ән-Надим, әл-Баиһақи, Ибн Саид әл-Кифти, Хаджи Халифа, Венике, Камерариус т.б.); * Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Еуропа мен Америка ғалымдары арқылы (Леонардо да Винчи, Спиноза, И.Г.Л. Козегартен, Г. Зутер, Ф. Диетереци, К. Брокель, Дж. Сартон, М. Штейншнейдер, Д. С. Марголиус, т.б.); * 20 ғасыр, әсіресе Кеңес Одағы шығыстанушы ғалымдары арқылы (В. В. Бартольд, Е. Э. Бертельс, Б. Ғафуров, С. Н. Григорьян, В. П. Зубов, А. Сагадеев, Ю. Завадовский, түріктер А. Сайылы, Х. Үлкен т.б.); * Қазақстан мен Орта Азия оқымыстылары арқылы (Ә. Марғұлан, А. әл-Машани, О. Жәутіков, А. Қасымжанов, А. Көбесов, М. Бурабаев, Ә. Дербісәлиев, І. Жарықбаев, Ш. Хайруллаев т.б.). Әбу Насыр әл-Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі 20 ғасырлардың 60-жылдарында ғана қолға алынды. Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары Ақжан әл-Машани (Машанов) мен Қаныш Сәтбаев еді. Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықаралық конференция өткізілді. Бұл күндері ҚР ҒМ Ғылым Академиясының философия институтында шығыс философиясы және фарабитану бөлімі жұмыс істейді. Мұнда ғұламаның қазірге дейін қазақ және орыс тілдеріне аударылып, ғылыми түсініктемелері мен алғысөздері жазылып, 20-дан астам трактаттары жарық көрді. Бұл бөлім Әбу Насыр Әл-Фарабидің диалектикасы, гносеологиясы мен әлеуметтік философиясы мәселелері бойынша зерттеулер циклін жүргізіп келеді. ҚазМУ-де Фарабитану орталығы құрылған. Мұнда да Әбу Насыр Әл-Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары маркстік көзқарастардан арылған жаңа, тың бағыттар бойынша жүргізілуде. ## Әбу-Насыр әл-Фарабидің шәкірттері Фараби өз тұсында да, өзінен кейінде халық арасында кеңінен белгілі болған. Фарабиді Шығыс пен Батыстың көп ғалымдары өздеріне ұстаз тұтып, оның еңбектерінен үлкен өнеге, ғибрат, тәлім-тәрбие алған. * Әбу Әли Құсайын Ибн-Абдолла ибн-Сина (Авиценна) — медицина ғылымының атасы, Орта Азия атырабынан шыққан, ғылым мен мәдениеттің дамуына үлкен ықпал еткен ірі тұлға. * Омар Ибн-Ибрагим Әл-Хайям (1048-1130) — Фараби мен ибн-Синаның мұраларын игеріп ілгері дамытушы. Ойшыл ақын, терең философ, асқан математик. * Ұлықбек Ибн Шахрух (1394-1447) — аса ірі мемлекет қайраткері, астроном, математик, ертедегі грек ғалымдары мен Орта Азияның көрнекті оқымыстыларының негізгі еңбектерін жетік білуші ғалым. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * А.Касымжанов. Абу-Наср аль-Фараби кітабы * Р.С.Каренов. Əбу Насыр əл-Фараби: өмірі, шығармалары, жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесі * Шығармалары Adebiportal.kz сайтында
Беспаев Ысқақ (1900-1964) — еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1948). 1900 жылы Целиноград облысы (қазіргі Ақмола облысы), Атбасар ауданында туған. ## Еңбек жолы * 1922-1924 жылдары - №7 аудандық кеңесі атқару комитетінің хатшысы. * 1924-1941 жылдары - ауыл мектебінде мұғалім. * 1942-1950 жылдары - Есіл ауданы Өмірлік ұжымшарының төрағасы. * 1950-1952 жылдары - мал терісін жинау мекемесінің директоры, "Қазақстанның 30 жылдығы" атындағы колхоздың председателі. * Ауылдық, аудандық советтердің депутаты болған. ## Наградасы * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Медальдар ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии(қолжетпейтін сілтеме)
Ажар Қоспанқызы Баешова(1951 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Бағанаты ауылы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (2002), профессор (2004). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. ## Өмірбаяны * Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1974). * ҚазМУ-де ғылыми қызметкер, аға оқытушы. * 1991 – 2002 жылдары Қ.А. Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қызметкері, кафедра меңгерушісі, 2003 жылы факультет деканы. * Алматы қаласындағы МШКО Ұлттық Орталығындағы докторлық диссертациялық кеңесінің мүшесі. Түсті металдар мен халькогендердің электрохимиялық қасиетін және өндірістік айнымалы тоқтың әсерімен жүретін электродтық үрдістерді зерттеп, ультрадисперсті мыс және қорғасын ұнтақтарын алу, айнымалы токпен поляризоциялау кезінде жүру мүмкін болмайтын тотықсыздану, еру, ұнтақтардың, қосылыстардың түзілімін анықтаған. * «Қиын тотықсызданатын» селенат иондарының тотықсыздандыру тәсілдері, қиын байытылатын тотыққан мыс кендерін сульфидтеу, селенидтерді, түсті металдардың сульфидтерін және хризоколла алу тәсілдері КСРО авторлық куәліктерімен және Қазақстан Республикасы патенттерімен қорғалған. * Зерттеу нәтижелері химиялық және металлургиялық өндірістердің қалдықтарын өңдеуде және қолданылған ерітінділерді ауыр металл иондарынан тазартуда пайдаланылған. ## Дереккөздер
Бестоғай (2007 ж. дейін — Ильинка) — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы ауыл, Бестоғай ауылдық округі орталығы. Іргесі 1909 жылы қаланған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Ерейментау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 48 км-лей жерде, Сілеті өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұрын "Ильинка" деп аталған. ## Халқы ## Дереккөздер
Ахан Құсайынұлы Бижанов (23 тамыз 1949 жылы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында туған) – саясаттану ғылымының докторы (1997 жылы). Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. Қазақ политехника институтын (1971 жылы) бітірген соң, Алматы темір-бетон зауытында электрик, инженер-электрмеханик, 1976–94 жылдары Алматы қаласы, Ленин ауданы атқару комитеті төрағасының, Алматы қаласы әкімшілік бастығының 1-орынбасары. ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Мемлекет құрылыс және аймақтық саясат жөніндегі комитет төрағасының орынбасары болды. 1995–96 жылдары ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары (2000 жылы), ҚР Парламенті Сенатының депутаты. «Демократические основы модернизации казахстанского общества (политический анализ)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. «Құрмет» орденімен (2006), 5 медальмен марапатталған. Әскери атағы - подполковник. Діни көзқарасы - діни төзімділікті жақтайды, дінге құрметпен қарайды. Саяси қайраткер ретіндег і идеалы - Н.Ә. Назарбаев, М.К. Ататүрік. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Демократиялық, құқықтық, дамыған мемлекет». Хоббиі - спорт, әдебиет. Сүйіп оқитын әдебиеті - Ш. Айтматовтың, М. Мақатаевтың шығармалары. Үйленген. Жұбайы - Мақашева Ғалия Рахымжанқызы (1949 жылы туған), Қазақ технология және бизнес университетінің ректоры (Астана қаласы). Ұлдары - Бижанов Данияр (1974 жылы туған), Бижанов Бахтияр (1980 жылы туған). ## Шығармалары 1. "Республика Казахстан: демократическая модернизация общества переходного периода", Алматы, 1997. ## Сілтемелер 1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Мемлекеттiк наградалар жөнiнде комиссия құру, оның құрамын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 2 сәуiрдегi N 2935 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы Мұрағатталған 11 қыркүйектің 2011 жылы. 2. Алматы қаласынан Сенат депутаты болып Ахан Бижанов сайланды Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. ## Дереккөздер
Бесбидайық — Ақмола облысы Астрахан ауданы, Есіл ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. Бұрын Бесбидайық ауылдық округі орталығы болған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Астраханка ауылынан 47 км-дей жерде. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, сауда орындары бар. Ең жақын теміржол стансасы – Жалтыр (70 км). ## Дереккөздер
Беляев Моисей Ануфриевич (1905, Украина, Чернигов облысы Холменский ауданы Большая Слобода селосы) – еңбек ардагері. Социалистік Еңбек Ері (1957). Еңбек жолын 1925 жылы БЛКЖО Охрамеев ауданы комитетінде бөлім меңгерушісі, хатшы болып бастаған. Ленинград ауыл шаруашылығы институтын бітірген соң Ленинград және Ростов облыстары кеңшарларында аға агроном болған. 1954 жылы тың жерлерді игеруге Көкшетау жеріне алғаш келушілердің бірі. Жаңа құрылған «Қызылту» кеңшарының директоры болып тағайындалған. Облыс аумағынан көшіп кеткен. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Сағидулла Сағынайұлы Үсенов(10.4.1958 ж.т., Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққұм ауылы) – педагогика ғылыми докторы (2009). ҚР Педагогика ғылым академиясының корреспондент мүшесі (2006). Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген (1979) соң орта мектепте мұғалім (1981-98), Қызылорда мемлекеттік университетінде аға оқытушы, деканның орынбасары (1998–2001), орт. бастығы (2001–06) болды; 2006 жылдан осы университетте кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Сағидулла Сағынайұлы «Жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуға арналған электрондық ресурстарды қолдану және оның сапасын бақылаудың теориялық-әдістемелік негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монография мен 4 оқу құралының авторы. ## Дереккөздер:
Бижанов Мәтен Өтешұлы (1937 жылы туған, Көкшетау облысы Зеренді ауданы Қарабұлақ ауылы) — журналист, жазушы, ақын. Жетіру тайпасы Керейіт руынан шыққан. Көкшетау педагогикалық институтын (1966), КОКП ОК жанындағы Мәскеу қоғамдық ғылымдар академиясын (1978) бітірген. Еңбек жолын Зеренді ауданы «Социалистік жол» газетінде корректор болып бастаған. 1962 — 70 жылдары Қызылту ауданы «Қызыл ту», облысы «Көкшетау правдасы» газеттерінде жұмыс істеген. Торғай облысы «Торғай таңы» (1978 — 86), Көкшетау облысы «Көкшетау» (1990 — 97) газеттерінде редактор болған. 2001 жылдан өңірлік тәуелсіз «Бұқпа» газетінде бас редактор. Бірнеше кітаптардың авторы. Мұрад Аджидің «Қыпшақтар» кітабын қазақ тіліне аударған. ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған әдеби байқаудың жүлдегері. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен, «Мәдениет қайраткері» және «Қазақстанның құрметті журналисі» құрмет белгілерімен марапатталған. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Айгүл Ермекқызы Бижкенова (1958 жылы туған, Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылы) — ғалым, филология ғылымдарының докторы, (2004), профессор (2008), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Филология факультетінің «Шетел филологиясы» кафедрасының меңгерушісі. ## Өмірбаяны * Алматы Шет тілдер институтын бітірген (1975). * Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (бұрынғы Целиноград педагогикалық институты) оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1980 — 2006) * 2006 жылдан Президент мәдени орталығында ғалым-хатшы болып жұмыс істеген. * 2007 жылдан ҚР-ның Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында қызмет атқарады. * 2012 ж. бастап Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ-ның Шетел филологиясы кафедрасында меңгеруші болып қызмет атқарып келеді. ## Ғылыми жұмыстары * Орыс, қазақ, ағылшын, неміс тілдеріндегі 200-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы, Қазақстанда және шетелдерде, соның ішінде Германия, Ресей, Болгария, Оңтүстік Корея, Испания, Қырғызстанда әртүрлі деңгейдегі ғылыми форумдарда баяндамалар жасады. * Басылымдардың ішінде ҒЖБССҚК, РИНЦ, SCOPUS индекстері бар басылымдарда ғылыми мақалалар бар. * Қазақ тіліндегі еңбектер тізімі: * А.Е. Бижкенова, Г.К. Кенжетаева "Лингвистикалық ілімдердің қазіргі әдіснамасы". Оқу құралы. - Нұр-Сұлтан: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2022. -195 б. ISBN 978-601-337-654-7 * Қазіргі лингвистикадағы поэтикалық дискурс туралы түсінік. - ПМУ Хабаршысы, Филологиялық сериясы. -№1, 2019. -62-68 бб. * Номинацияның ономасиологиялық аспектісі. Номинация түрлері. Ш. Уәлиханов атындағы КУ хабаршысы, Филология сериясы. -№ 2.-Кокшетау, 2021.-4-11 бб. * Гомогенді және гетерогенді топтарда ағылшын тілін оқытудағы оқу мүмкіндіктері мен ерекшеліктері. Торайғыров университетінің Хабаршысы, Педагогикалық сериясы.-№ 3, 2021 Павлодар. DOI https://doi.org/10.48081/NYUJ4853 * Поэтикалық мәтіндердегі амбиваленттілік анықтамасы, түрлері және қызметі. Торайғыров университетінің Хабаршысы, Филологиялық сериясы. -№4. 2022.-31-39 бб. * А.Е.Бижкенованың зерттеу жұмыстарының нәтижелері Scopus МБ кіретін беделді, процентиль 75-тен жоғары журналдарында мақалалар жарияланды: * The construction of meanings in a textual space: cognitive-lexical and cognitive-synergetic aspects, 2023, XLinguae, 16(4), pp. 66-82. ISSN 1337-8384 * Kazakhstani In-Service Schoolteachers’ Perceptions of Differentiated Learning in Heterogeneous EFL Classrooms, 2023, World Journal of English Language, 13(9), pp 18-30.  ISSN 1925-0711 * Dominant forms of neologisms in linguistics: functional and pragmatic analysis | [Formes dominantes des néologismes en linguistique: analyse fonctionnelle et pragmatique], 2022, XLinguae, 15(4), pp. 49-57. ISSN 13378384 * Cognitive structure of understanding of lexical derivation in the structure of linguistics development, 2021, Astra Salvensis, pp. 487-499. ISSN 23934727 * Features of the toponymical characteristics of the names of objects depending on the geographical name, 2021, Astra Salvensis, ISSN 23934727 * Interpretation of non-standard words in poetic discourse: Examples of Kazakh poetry [Interpretación de palabras no estándar en el discurso poético: Ejemplos de poesía Kazaja], 2019, Opcion, 35(90-2), pp. 172-186. ISSN 10121587 * Development of the educational concept of Kazakh neologisms: Methods of identification, criteria and trends for school and university students, 2018, Espacios, 39(40). ISSN 07981015 ## Марапаттары * 2008 жылы - ҚР Білім және ғылым министрілігінің Ы. Алтынсарин атындағы медалімен марапатталған. * 2009 жылы - "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағына ие болды. (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі) * 2018 жылы - Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен және "Күлтегін" медалімен марапатталды. * 2020 жылы - "Қазақстанның мәртебелі педагогі" медалімен марапатталды. * 2022 жылы - "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды. ## Дереккөздер
Бережная Антонина Антоновна (1917, Бурабай ауданы Веденовка ауылы — 1968) — еңбек ардагері, Социалистік еңбек ері (1956). 1941 жылы Қатаркөл механизаторлар мектебін бітірген. 1933 жылы Бурабай ауданы Киров кеңшарында жұмыс істеген. Бурабай ауданындағы Веденов МТС-нда трактор жүргізушісі, трактор жүргізушілері бригадасының бригадирі (1941 — 58) болған. 3 рет Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған (1947, 1951, 1955). КСРО орден, медальдарымен марапатталған. ## Дереккөздер * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том * Ирина Ильичева, Бригадир Антонина Бережная(қолжетпейтін сілтеме), Работница, № 3, март 1957, стр. 4 — 5
Бимақанов Мырзаш (1909-1985) — табыншы, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1966). 1909 жылы Целиноград облысы (қазіргі Ақмола облысы), Державин ауданы (қазіргі Жақсы ауданы), №5-ауылында туған. ## Еңбек жолы * Еңбек жолын 1929 жылы "Жұмыскер" ұжымшарында бастаған. * 1930-1942 жылдары "Есіл" совхозында жұмысшы болады. * 1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. * 1947-1956 жылдары "Тасөткел" колхозында мал бағады. * 1956 жылдан Целиноград облысы, Жақсы ауданы, Шолақсандық кеңшарында табыншы болады. Қазақтың ақбас сиырын бағуда жоғары көрсеткіштерге жетіп, жыл сайын межелеген жоспарды артығымен орындап отырған. 1965 жылы малдың жалпы салмақ өсімі жоспардан 25% -ке артық болған. Табындағы 980 өгізді семіртіп, ет өткізу маусымында олардың әрбірі 353 кг. салмақ тартқан.. ## Марапаттары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1966) ## Тағы қараңыз * Социалистік еңбек ерлері ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Байырғы әскери рәміздер — әскери белгі ретінде қолданылған ертедегі рәміздер. Олар түрлі әскери мағыналар мен ұғымдарды білдірген. Байырғы әскери рәміздер: * 1) киелі рәміздер; * 2) әскери дәреже және лауазым белгілері; * 3) түрлі айырым белгілері деп бөлуге болады. Ертеде әскер қосындары соғысқа өздері табынатын киелі бейнелерді әскери рәміздік белгі ретінде көтеріп шыққан. Олар ұрыста күш беріп, жеңіске жеткізеді, қауіп-қатерден қорғайды деп ырым еткен. Ондай бейнелер металдан соғылып, алыстан көріну үшін қанық түсті матадан тігілген әскери туға жапсырылып, оның жоғарғы жағына қасиетті аңның құйрығы байланып, тігінен не көлденеңінен ағаш сапқа бекітілген. Туда әскердің киесі, күші болады, тудың құлауы әскердің жеңілуі деп түсінгендіктен әрбір жауынгер, бүкіл әскер туды сақтауға, қорғауға міндетті болған. Әр әскер қосындарының туы өз түсімен ерекшеленген. Бүкіл әскерлік ту үлкен, үшбұрышты етіп жасалады. Ту алыстан айқын көріну үшін ашық көк, қызыл, сары, жасыл, ақ түсті маталар, кейде бір туда екі-үш түс бірдей қолданылған. Әр түс көшпелі халықтар мәдениетінде белгілі бір ұғымды білдіретін болған. Қазақтарда ақ түс тазалықтың, әділдіктің, қызыл түс ерліктің, жасыл түс жаңғырудың, өркендеудің нышаны болған. Жазбаша, ауызша әдеби деректерде Қаракерей Қабанбай батырдың ақ туы, Абылайдың жасыл туы болғаны айтылады.Бұрынғы кездері арнайы әскери киім болмағандықтан, өз әскерін жау әскерінен айыру үшін жауынгерлер дулығаға және найзаға түсті айырым белгі таққан. Оны жалау деп атаған. “Жалаулы найза қолға алып” деген осыдан шыққан. Әр әскери бөлімнің жауынгерлері жалауды бір түстен тағады да, қолбасшы сол арқылы олардың қимыл-әрекетін бақылап, басқарып отырады. Жалау алыстан көріну үшін ашық, шаңқан түсті маталар таңдалған. Түсті матадан тігілген айырым-белгілер найза мен бас киімнен басқа жеңге, иыққа да тағылуы мүмкін. Мысалы, Кенесары сарбаздары мұндай белгілерді киімнің жеңіне таққан. Жалаулы найза ұстаған қазақ жауынгерлерінің бейнесін тастағы суреттерден, 19 ғасырдағы өнер туындыларынан көруге болады. Айырым-белгі тағу дәстүрі Еуропа елдеріне де ауысып, қазір бұл белгі жауынгердің бас киіміндегі әскер түрін белгілейтін түсті жиекке айналып, осы күнге жетіп отыр. Әскери рәміздік белгі ретінде ең бірінші пайда болған байрақ қазір қолданыстан шыққан. Қасиетті әскери атрибут — жауынгерлік ту осы заманғы армияға орнықты да, кейін пайда болған жалау әскери айырым-белгі ретінде ғана емес, әр түрлі ұйымдардың, мемлекеттердің, қоғамдардың айырым-белгісі ретінде кең қолданылатын рәмізге айналды. Ескі әскери рәміздердің ұмтылуына байланысты және мәнінде, сыртқы пішімінде ұқсастық болғандықтан, қазіргі түркі тектес халықтар тілінде ту, байрақ, жалау атаулары бір-бірінің синонимі ретінде қолданыла береді. Байырғы әскери белгілер қатарына хандардың, патшалардың, қолбасшылардың дәреже белгісі ретінде бас киімге, дулығаға тағылатын құстың қауырсыны — жығаны, аттың тұрманына тағылатын шоқты да жатқызуға болады. ## Дереккөздер
Никель кентастары – құрамында никелі бар минералды шикізат. Никель кентастарының сульфидтік мысты-никельді және силикат-никельді типтері өндірісте қолданылады. Никель тоттанбайтын және ыстыққа төзімді болат (31%), әр түрлі құйма алуға (30%), никельдеуге (22%), тағы басқа бағыттарға жұмсалады. Жер қыртысындағы никельдің орташа мөлшері 0,008%. Сульфидті мысты-никель кентастары дифференцияланған базит-гипербазит массивтерімен генетикалық байланыста болып, магмалық жыныстарда кездеседі. Басты минералдары: миллерит NіS (Nі – 64,67%), пирротин Fe7S8 (Nі – 0,5 – 14,2%), никелин NіAs (43,9% Nі), кубанит CuFe2S3, пентландит (Fe, Nі)9S8 (Nі – 22 – 24%). Сульфидті кентастардағы никельдің мөлшері 0,3 – 4,0%, одан басқа Co, Au, Pt, Rb, Se, Te, S кездеседі. Өндірісте олар магниттік, механикалық сепарациялардан өткізіліп, флотациялық әдіспен байытылады. Байытудан мыс-никельді концентрат алынады. Силикат-никельді кентастар – ультранегізді жыныстардың үгілу қыртысының борпылдақ, саз тәріздес түзілісі, ондағы никель 0,75 – 4% немесе одан көбірек болады. Басты минералдары: аннабергит Nі [AsO4] 8H2O (Nі – 29,4%), гарниерит (нумит) (Nі, Mg)OSіO2H2O (NіO – 40,68 – 46,65%), тағы басқа Бұларда никельден басқа 0,03 – 0,12% Co кездеседі. Химиялық құрамы жағынан темірлі, магнийлі, кремнийлі, алюминийлі болып ажыратылады. Олар Қазақстанда Ақтөбе, Қостанай облыстарында кездеседі. Никель кентастарының барланған қоры жөнінен Қазақстан дүние жүзінде 2-орын алады. ## Сілтемелер * Никель * Никелин * Кентастар ## Пайдаланған Әдебиет
Базарқақпа — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Қаратөбе ауылдық округі құрамында болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы тұрғын үй массиві. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсукенттен оңтүстікке қарай 27 км жерде, Сайрамсу өзенінің сол жақ саласы бойында. ## Халқы Тұрғыны: * 5,8 мың адам (2003); * 6,9 мың адам (2009). ## Тарихы Базарқақпа тұрған жерде ертеректе ірі қала болған. 1964 жылы көкөніс-сүт бағытында құрылған «Коммунизм» ұжымшарының орталығы болып, «Коммунизм» ауылы деп аталған. Ұжымшар негізінде Базарқақпада егін, көкөніс, сүт өндіретін шаруа қожалықтары құрылған. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. ## Дереккөздер
Айдархан Әлиұлы Бисембаев (1943 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Заречное ауылы) — запастағы полковник. * Еңбек жолын 1961 жылы мектеп бітірген соң, Қарағанды қаласының өндірістерінің бірінде жұмысшы болып бастаған. * 1962 — 65 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеген. * әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген. * 1967 — 80 жылдары Көкшетау облысы Келлер ауданы комсомол комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, хатшысы; * Қазақстан Компартиясы Ленин ауданы комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. * 1980 жылдан Көкшетау облысы партия комитетінің жолдамасымен Көкшетау облысы атқару комитетінің Ішкі істер басқармасына жұмысқа келіп, зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін осы жерде жұмыс істеген. ## Қоғамдық қызметі * Қазақстан комсомолының 2-съезіне депутат болып сайланған. ## Марапаттары * «Еңбектегі ерлігі үшін» (1970, 1980) медалі. * «Тың жерді игеруге қатысқаны үшін» медалі. * 3-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі. ## Дереккөздер
Беспақыр — мазар. 19 ғасырдың сәулет өнері ескерткіші. Қорғалжын ауданы аумағында (Достық кеңшарының Абай бөлімшесінде) орналасқан. Дөңгелек келген мазар күмбезсіз сфера тәрізді жерлеу камерасынан және конус тәрізді күмбезі бар порталдан тұрады. Биіктігі 2,90 м, ені 6,80 м. Шикі кірпішпен дөңгелектеп қаланған. Есігі шығысқа қарай қаратылып, арка тәрізденіп, ойықшалармен безендіріліп қаланған. Беспақыр архитектуралық көркемдігі жағынан қызығушылық тудырады. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Некілтау — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл, темір жол бекеті. Іргесі 1944 жылы темір жол станциясы ретінде қаланған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Хромтау қаласының солтүстік-батысында 35 км жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 886 адам (436 ер адам және 450 әйел адам) болса, 2009 жылы 932 адамды (463 ер адам және 469 әйел адам) құрады. Ауылда ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылған. Никельтау арқылы Қандыағаш – Орск (Ресейде) темір жолы өтеді. ## Дереккөздер
Богапов Фарук Вакасович (1935 жылы туған, бұрынғы Көкшетау облысы Қызылжұлдыз ауылы) — «Ақмола облысындағы татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халықтарының ассамблеясының мүшесі. Петропавл педагогикалық институтын бітірген. Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеген (1954 — 57). Қызылсайын орта мектебінде (1958 — 60), Көкшетау аудандық және облыстық атқару комитеттерінде (1960 — 72), Облыс тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында (1972 — 84), Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы министрлігінде (Минжилкомхоз) (1984 — 88), жеке меншік шаруашылықтарда (1988 — 95) қызмет істеген. 1977 — 84 жылдары Көкшетау облысы халық депутаттары кеңесінің депутаты болды. «Құрмет белгісі» орденімен, КСРО медальдарымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазан қаласына 1000 жыл» мерейтойлық медальдарымен, Құрмет грамотасымен, ҚР Президентінің алғыс хаттарымен марапатталған. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Байырғы сөздер— тілдің сөздік құрамында бұрынғы заманнан қалыптасқан, негізгі сөздік қордың ұйытқысы болатын сөздер. Байырғы сөздердің құрылымдық-стилистикалық және грамматикалық сипаты алуан түрлі. Байырғы сөздер қазақ халқының тіршілігі мен тұрмысына, мәдениеті мен дүниетанымына байланысты жалпыхалықтық қолданыста қалыптасқан. Мысалы: жер, су, жылқы, аң, шеше, аға, құда, сүт, кеспе, қазан, көк, былтыр, бүгін, қол, т.б. Қазақтың Байырғы сөздері, негізінен, қазақ тайпаларының этникалық даралану кезеңінде 15—16 ғасырларда пайда болған. Мысалы: желғабыз (жел — Байырғы сөздер ғабыз — моңғол қабас күшті жел, дауыл). Кейбір диалектизмдер мен кәсіби сөздерде белгілі бір аймақ үшін байырғылық сипат болады. Әбден халықтық сипат алып кеткен кірме сөздер моңғол ге жатқызылады. Мысалы: араб-парсы тілдерінен енген: қорек, әрекет, астар; орыс тілінен енген: самауырын, рет, бәтіңке, т.с.с. ## Дереккөздер
Елді мекен: * Бозайғыр – Ақмола облысы Шортанды ауданындағы ауыл. Көлдер: * Бозайғыр – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы көл. * Бозайғыр – Ақмола облысы Шортанды ауданындағы көл.
Биімжанов Тұрсынбай (1901-1983)– жылқышы, еңбек ардагері. Социалистік Еңбек Ері (1948). 1901 жылы Целиноград облысы, Ерейментау ауданы, Жолбасшы ауылында туған. ## Еңбек жолы * 1930 жылы ұжымшарда жылқышы, жылқы фермасының меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1947 жылы 20 биеден 20 құлын алып, өсірген. 1960-жылдардың ортасында зейнеткерлікке шыққаннан кейін де, болашақ жылқышыларды тәрбиелеген. ## Марапаттары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Тағы қараңыз * Социалистік еңбек ерлері ## Дереккөздер
Бозайғыр (2007 ж. дейін – Елизаветинка) — Ақмола облысы Шортанды ауданындағы ауыл, Бозайғыр ауылдық округі орталығы. Іргесі 1890 жылы қаланған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Шортанды кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде, Бозайғыр көлінің оңтүстік жағасында орналасқан. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, наубайхана, сауда кәсіпорындары, дәріхана, т.б. бар. Ауыл арқылы мемлекеттік маңызы бар Астана — Петропавл автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы – Төңкеріс (3 км). ## Дереккөздер
Болғанбаев Қайретдин Әбдірахманұлы (1894, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы — 1937, Ташкент) — журналист, қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының белсенді мүшесі. Арғын тайпасының Қуандық бөлімінің Темеш руынан. Түркістан автономиясын құруға атсалысқан (1917, желтоқсан — 1918, ақпан). Орынбор қаласындағы «Хұсния» медресесінде оқып жүрген кезінде «Қазақ» газетінің редакциясында жұмыс істейді. 1917 — 18 жылдары М.Шоқай, С.Қожановтармен бірге «Бірлік туы» газетін шығаруға қатысты. 1918 — 19 жылдары Ташкент қаласындағы педагогикалық курста оқыды. 1919 — 21 жылдары Түркістан халыққа білім беру жүйесінде, Орынбор қаласында мемлекеттік «Қазақстан» баспасында сарапшы болып қызмет істеді. 1921 жылы Ә.Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынұлының тапсырмасы бойынша Бұхарадағы басмашылар қозғалысына Энвер пашамен бірге жетекшілік етіп жүрген Зәки Уәлиди Тоғанмен кездесіп қайтты. 1922 — 23 жылдары Ақмолада, 1924 — 27 жылдары Петропавлда халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 1928 жылы ОГПУ шешімімен «халық жауы» ретінде 5 жылға сотталып, Батыс Сібірге жер аударылды. 1934 жылы Алматыға келіп, кейіннен қазіргі Түркістан облысының Сарыағаш ауданына қарасты Қапланбек ауылында тұрған. 1937 ж. саяси қуғын-сүргін кезінде тұтқындалып, атылды. 1958 ж. 26 ақпанда ақталған. ## Дереккөздер
Байырманов Хасен (8.4. 1905, қазіргі Павлодар облысы Ақсу ауданы — 11.6.1986, Семей қаласы) — актер, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1944). Ауыл мектебінен сауат ашқан. 1930 жылы Қазақ драма театрына қабылданып, М. Әуезовтің “Еңлік — Кебегіндегі” Жапалдың, Ж. Шаниннің “Шахтасы” мен “Торсықбайындағы” жалшының рөлдерін ойнап, актерлік өнерге бейімділік танытады. 1931 — 1932 жылдары Мәскеудегі Орталық өнер техникумында оқыды. 1934 жылы ашылған Семей театрында өмірінің соңына дейін еңбек етті. Мұнда ол М. Әуезовтің пьесалары бойынша қойылған спектакльдердің бәріне қатысып, Жантық (“Айман — Шолпан”), Қараменде би (“Еңлік — Кебек”), Төлеген (“Қыз Жібек”), Қоңқай (“Ақан сері — Ақтоқты”), Қарабай (“Қозы Көрпеш — Баян сұлу”), т.б. рөлдерді ойнады. Халық әндерін орындауда өз ерекшелігімен танылды. Б. Иса Байзақовтың “Желдірмесін” өзгеше айтатын әншілердің бірі болған. ## Дереккөздер
Бозтал — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы ауыл, Бозтал ауылдық округі орталығы. Іргесі 1938 жылы қаланды. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Ерейментау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 47 км-дей жерде, Өлеңті өзенінің жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, дүкендер, су құбыры, пошта байланыс бөлімшесі, т.б. бар. Бозталдан 18 км жерден Астана — Павлодар — Өскемен автомобиль жолы өтеді. Аудан орталығымен автобус арқылы қатынасады. Ең жақын теміржол стансасы — Өлеңті (12 км). ## Дереккөздер
Болсамбеков Өмірзақ Қоспанұлы (1939 жылы туған, бұрынғы Ақмола қаласы) — әскери қызметкер. Милиция генерал-майоры. 1958 жылы КСРО ІІМ-нің Омбы арнайы орта мектебін бітірген соң қылмыстық іздестіру бөлімінде жұмыс істеген. КСРО ІІМ-нің Мәскеу Жоғары мектебін бітірген (1966). Милиция бөлімшесінде тергеуші қызметінен бастап ҚР ІІМ-нің штаб бастығына дейінгі еңбек жолынан өткен. Кейіннен Ақмола облысы атқару комитеті Ішкі істер Басқармасының бастығы болды. Зейнеткерлік демалыста жүріп, «Динамо» орталық кеңесінің төрағасы болды. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Бозоқ — ежелгі қалашық. Шамамен VIII ғасырда өмір сүрген. Жергілікті билеушінің ордасы саналған. Бозоқтың гүлденген кезі жергілікті түркілердің арасында қыпшақтардың беделі артқан X — XI ғасырға сәйкес келеді. XI ғасырдың басында бүкіл қазақ даласы қыпшақ мемлекеті болып аталды. Қаланың орналасқан жері туралы алғашқы ақпарат патша армиясының офицері, геодезист И.Шангиннің жазбаларында кездеседі. Бозоқтың аумағы 30 га жерді алып жатыр. Астана қаласының оңтүстік-батыс шетінде Бұзықты көлінің шығыс жағалауында орналасқан. Қалашық Нұра өзенінің Есіл өзеніне өте жақын ағып келетін тұсында орналасқан. Осы тұста олардың арасын 40 км жер бөліп жатыр. Бұл жер шаруашылық мақсаттарға, әскери-стратег. дайындық өткізуге, керуен жолдарын бақылауға алуға өте қолайлы болған. Бұл ортағасырлық қалашық X — XI ғасырлардағы ескерткіші — аумақтың әкімшілік және сауда орталығы, сонымен қатар Ұлы Жібек жолы бойындағы қыпшақ билеушілерінің әскери ордасы болған. Сонымен қатар діни-ғибадаттық шаралар өткізетін және адам аз тұратын маң далада жолаушылар мен сауда керуендеріне географиялық бағдар беретін орталық саналған. XIII — XV ғасырларда қалашық орны қасиетті, киелі саналып, ақсүйектерді жерлейтін орынға айналды. Бозоқ адамдардың рухани өмірінде де ерекше маңызға ие бола бастады. Мұсылмандар арасында киелі орын саналып, бұл жерде құлшылық етіп, әруақтарды еске алып, ас берілетін болды, ұлттық ойындар ойналып, жарыстар өткізіліп тұрды. Сонымен қатар жолаушылар мен керуендердің дем алып, түнейтін орнына айналды. Бозоқ солт-тен оңт-ке қарай Есіл — Нұра — Қорғалжын — Сарысу — Сырдария бағытындағы, шығыстан батысқа қарай Моңғолия — Алтай — Хазария — Болгария — Русь бағытындағы керуен жолдардың түйіскен жерінде орналасқан. Қалашықтың ғарыштан фототүсірілімі жасалған. Қала 3 бөліктен тұрады. Орталық бөлігі домалақтана келген төртбұрышты кварталдан тұрады. Кварталдың биіктеу келген орталық бөлігінде минареттің қалдығы мен 3 — 4 мазар орны сақталған. Олардың барлығы күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Еуразия университетінің Бүкіләлем тарихың және археологиясы кафедрасының оқытушылары — археологтардың жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде кірпішті сол жерде күйдірген, батпақты да сол жерде дайындаған. Су жақын жердегі көлдердің бірінен алынып, арнайы құрылғылардың көмегімен беріліп отырған. Қалашықтың шет жағынан жер суландыратын құралдар табылған, соған қарағанда тұрғындары егіншілікпен айналысқаны байқалады. Түсімі жақсы жерлер мен суармалы егіншілік Бозоқ қалашығының тұрғындарына нан өнімін алуға мүмкіндік берген. Оны өз қажеттеріне пайдаланған және алыс жерлердегі тұрғындар мен керуендерге сатып сауда жасаған. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өз еңбектерінде: «...ортағасырлық Бозоқ қаласын Ақмоланың түпкі атасы деп санауға болады, ал оның соңғы мұрагері қазіргі Қазақстанның астанасы — Астана қаласы», — деп жазған. * * * ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том ## Сілтемелер * «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы * Астананың түпкі атасы – Бозоқ — «Егемен Қазақстан», 6.11.2018.
Борисовка — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы ауыл, Борисовка ауылдық әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Атбасар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей, Нқр-Сұлтан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 206 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1900 жылы қаланды. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, пошта, мәдениет үйі, дүкендер, тігін және сүт шығаратын цех, наубайхана, кафе бар. 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгерлерге және Мариновка көтерілісшілеріне арнап ескерткіштер орнатылған. Ауыл жанынан Атбасар — Көкшетау автомобиль жолы өтеді. Ең жақын теміржол стансасы – Атбасар (20 км). ## Дереккөздер
Байысхан Рәпілұлы (1904, Бұлғын өлкесі, Баян-Өлгей аймағы — 24.4.1967, сонда) — Моңғолиядағы қазақтар арасынан шыққан күйші, композитор. 1958 жылы Ұланбатырда өткен арнайы байқауда “Аймақтық домбырашы” құрметті атағы берілген. Ел арасына тараған 100-ден астам (“Кеңес”, “Дарабоз”, “Жалғыз жігіт”, т.б.) халық күйлерін жеткізуші, 20-ға жуық күйдің авторы. Алғашқы күйлерін (“Жақсы малшы”, “Ақ толқын”, “Күй бастар”, “Бейбіт өмір”, “Жаңа талап”, “Әсем сұлу”, “Алтын таң”, “Шаттық жыры”, “Гүлденген өлкем”, “Бөбегім”, “Бұлбұл”, т.б.) 20 ғасырдың 30-жылдары шығарған. Күйлері нәзік әуенді, өзіндік үндік реңкті, бір ырғақты келеді. Бірқатары Баян-Өлгей ұлт аспаптар оркестрінің репертуарына енген. ## Дереккөздер
Бакен (голландық baken) — су жолындағы қауіптен сақтандыру не қауіпсіз кеме жолын (фарватерді) белгілеу үшін қойылған қалтқы белгі. Ол конус, цилиндр немесе шар түрінде ағаштан не жеңіл металдан жасалады. Қараңғы түскен кезде оң жағадағы Бакенде қызыл, ал сол жағадағы Бакенде ақ түсті от белгі жанады. Электр жарығын пайдаланатын елді мекенге таяу жағалауда ақ жарық жасыл түспен алмастырылады. Бакенде көбінесе электр шамдары қолданылады, кейде ол дыбыстық сигнал құрылғысымен де жабдықталады. ## Дереккөздер
Боргуль Андрей Иосифович (1931 жылы туған) – қызметкер. Алматы зооветеринарлық институтын бітірген (1958). Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданындағы мемлекеттік ауыл шаруашылығы тәжірибе станспсында бас зоотехник (1958 – 59), Қатаркөл мал дәрігерлік техникумында оқытушы (1959 – 61), директоры (1978 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін), Қотыркөл кеңшарында бас зоотехник (1961 – 62), Юрьевский кеңшарының директоры (1962 – 65), Бурабай ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы (1965 – 72), бас зоотехнигі (1975 – 78), Уәлиханов ауданы еңбекші депутаттар кеңесінің төрағасы (1972 – 75) қызметтерін атқарған. Ұзақ жылғы еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы, «Құрмет белгісі» ордендері, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Бозайғыр — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы тұзды көл. ## Географиялық орны Ерейментау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 60 га, ұзындығы 1 км, енді жері 0,5 км. Көлдің қазаншұңқыры анық байқалады, ағынсыз. Негізінен қар суымен толығады. Жаз айларында Бозайғырға су құстары ұшып келеді. ## Дереккөздер
Өскемен су электр станциясы–– су энергетикасы кәсіпорны. Өскемен қаласынан 10 км қашықтықта орналасқан. Құрылысы 1939 жылы басталды. 1952 жылы 21 желтоқсанда СЭС-тің алғашқы агрегаты өндірістік электр энергиясын берді. 1953 жылы 2-, 3-агрегаттары, 1959 жылы 4-агрегаты іске қосылып, станцияның қуаты 331,2 МВ-қа жетті. Су торабының құрамына ұзындығы 394 м, биіктігі 65 м темірбетонды тасбөгет пен шахта тұрпатты сыңар камералы бірегей қақпа кіреді. Тасбөгет тұрғызудан пайда болған бөгеннің ауданы 37 км², сыйымдығы 659 млн. м3. СЭС құрылысында тұңғыш рет судағы металл құралымдарды тазалаудың гидроқұмды құйылмалы әдісі және лак, бояумен қаптау, қарсы құрамдағы күшті қысымдағы құбырларды эпоксидті шайырлар негізінде тоттанудан қорғау технологиясы қолданылды. ## Сілтемелер * Өскемен * Өскемен жиһаз комбинаты * Өскемен конденсатор зауыты * Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты * Өскемен титан-магний комбинаты ## Дереккөздер
Бөгембай сөзі келесі мағыналарға ие: * Бөгембай (ауыл) * Бөгенбай батыр * Бөгембай батыр * Бөгембай батыр жыры * Бөгембай көмір кен орны * Бөгенбай батыр
Боронина Раиса Степановна (1922 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Боголюбово ауылы) — дәрігер. Социалистік Еңбек Ері (1971). Алматы мемлекеттік медицина университетін бітірген (1946). Еңбек жолын 1947 — 49 жылы Балкашино кентінде емхана меңгерушісі болып бастаған. 1949 — 57 жылы Балкашино ауданының аға дәрігері, 1957 — 86 жылы Балкашино ауданы ауруханасында бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. Акушер-гинекологтардың Бүкіләлемдік конгресінің делегаты (1973, Мәскеу). 3-, 5-шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО орден, медальдарымен марапатталған. 1986 жылдан зейнеткерлік демалыста. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Брагин Яков Степанович (1929 жылы туған, бұрынғы Көкшетау облысы Рузаев ауданы Ставрополка ауылы) — механизатор. Социализм Еңбек Ері (1967), алғашқы тың игерушілердің бірі. 17 жасында өз еркімен майданға аттанып, Эстония, Латвия, Литва, Шығыс Пруссия, Польша жерлерін жаудан азат етуге қатысқан. 1948 жылдан Атбасар ауданының Қосбармақ МТС-нда, К.Маркс атындағы ұжымшарда комбайн жүргізушісі болып жұмыс істеген. Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Бөлекпаев Аманжол Қуанышұлы (1941 жылы туған, Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылы) — Ақмола қалалықлық әкімшілігінің басшысы (1992 жылдан). Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1981). 1958 — 60 жылдары Рождественский автобазасында, Мемлекеттік банктің облыстық бөлімшесінде жүргізуші болған. 1960 — 64 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеген. 1964 жылдан жүргізуші, колонна бастығы, таксомотор паркінің аға инженері, автокөлік өндірісінің бастығы, 1983 — 87 жылдары Целиноград қаласы Совет ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, Автокөлік басқармасының бастығы, 1987 — 92 жылдары Целиноград қалалық атқару комитетінің төрағасы, қалалық Халық депутаттары Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1990 — 92 жылдары ҚР Халық депутаты болды. Қыпшақ руының Күрлеуіт бөлімінен шыққан. Әскери атағы - запастағы полковник. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикасы мықты демократиялық мемлекет». Хоббиі - шахмат, бильярд, аңға шығу. Сүйіп оқитын әдебиеті - классика. Үйленген. Жұбайы - Нұрмұхаметова Жауһар Құныпияқызы, зейнеткер. Қызы - Бөлекпаева Гүлнар Аманжолқызы (1964 жылы туған); ұлы - Бөлекпаев Марат Аманжолұлы (1971 жылы туған). ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Бөгенбай би ауылы (2007 жылға дейін – Лосевка) — Ақмола облысы Зеренді ауданы, Викторов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Зеренді ауылынан оңтүстікке қарай 17 км-дей жерде, Айдабол көлінің шығыс жағалауында орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1890 жылы қаланған. Ауыл 2007 жылға дейін "Лосевка" деп аталып келген. ## Инфрақұрылымы Мектеп, дәрігерлік пункт, дүкен бар. 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгерлерге ескерткіш орнатылған. Ең жақын темір жол стансасы — Көкшетау (72 км). ## Халқы ## Дереккөздер
Тасболат Молдахметұлы Досаев (1948 жылы туған, Мәскеу қаласы) – медицина ғылымының докторы (1997).Целиноград мемлекеттік медицина институтын (1972, қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. 1965–66 ж. осы оқу орнында лаборант, стажер-ізденуші (1972–74), 1974–75 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) кіші ғылыми қызметкер, ассистент (1975–82), аға оқытушы (1982–86), 1986 жылдан доцент болып қызмет атқарды. Досаев 62 ғылыми мақаланың авторы. ## Дереккөздер
Әлихан Хамзаұлы Досаханов (1946 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы) – медицина ғылымының докторы (1974). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Ленинград әскери округінде дәрігер (1968–70), Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында қызметкер (1970–80), республикалық Денсаулық сақтау министрлігінде бөлім бастығы, т.б. қызметтер атқарған. 130-дан аса ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ## Сыртқы сілтемелер Әлихан Досаханов: Әр адам жауапкершілікті өзінен бастауы тиіс(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Келес Әлімханұлы Дүйсенбаев (1940 жылы туған, Түркістан ауданы, Бабайқорған ауылы) – ғалым, педагогика ғылымының докторы (1997), профессор, Халықаралық педагогика академиясының академигі.Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1963). 1962 жылдан бүгінге дейін техника пән кафедрасының лаборанты, оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, ғылыми істер жөніндегі проректор, республикалық ғылыми-әдістемелік бірлестік проректоры, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде әлеуметтік-гуманитарлық факультеттің деканы болды. Кеңестік мақтау қағазымен марапатталған, «КСРО ағарту ісінің үздігі» және «КСРО жоғарғы мектебінің үздігі». ## Дереккөздер
Будённовка — Ақмола облысы Бұланды ауданы, Новобрат ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Іргесі 1910 жылы қаланған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Макинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 78 км-дей, Көкшетау қаласынан 226 км жерде, Аршалы өзенінің жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, дүкендер бар. 2-дүниежүзілік соғыста құрбан болған жауынгерлерге ескерткіш орнатылған. Буденовкадан 47 км жерден Макинск — Жалтыр автомобиль жолы өтеді. Ең жақын теміржол стансасына дейін 50 км. ## Дереккөздер
Бөгембай батыр жыры — тарихи жыр. Авторы Үмбетей жырау. 18 ғасырдың 70-жылдарында шығарылған. 7 - 8 буынды шалыс ұйқас, ерікті ұйқас үлгісіндегі туынды. Жырда жоңғар шапқыншылығы заманында 26 жыл бас қолбасшы болған Қанжығалы Бөгембайдың қайтыс болғаны (1775) "Батырың өтті Бөгембай" деп Абылайға естірту түрінде басталып, оның қалмаққа қарсы күрестегі ерлігі, туған халқының азаттығы үшін сіңірген еңбегі бейнеленеді. Батырдың әкесі мен шешесі туралы мағлұмат бар. Бөгембаймен бірге Жантай Атан мен Қаракерей Қабанбай сияқты батырлардың да ерлігі жырланады. Сол кездегі қазақтың ру-тайпалары, олардың ұлы күреске ат салысқан басты адамдары жөнінде тарихи-этнографиялық мәліметтер берілген. Қалмаққа қарсы ірі шайқастар болған Баянауыл, Қызылтау, Абыралы, Шыңғыстау, Қозымаңырақ, Қоймаңырақ сияқты жер атаулары көрсетіледі. "Бөгембай батыр" жырының бір нұсқасын профессор С.Аманжолов 1936 жылы кітап етіп бастырып шығарған. Көлемі 4212 жолдай. Жырдың өзге нұсқалары Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы. ## Дереккөздер
Сүттіген тұқымдасы (лат. Euphorbiaceae) – қос жарнақты, сүт шырынды ағаш, бұта және шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. Негізінен жылы аймақтарда, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдемдерде кездесетін 300-дей туысы, 7,5 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 4 туысы, 58 түрі бар. Сабағы тік өседі, жапырақтары тегіс жиекті немесе қалқанша тәрізді, кезектесіп не қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көбінесе бір үйлі, дара жынысты, масақша не шоқпарбас гүлшоғырына топталған. Аналықтары жеміс-жиекті (түйін жиегін бойлай тұтаса өсетін бірнеше жеміс жапырақшаларынан түзіледі). Жәндіктермен, кейде құстармен не желмен тозаңданады. Жемісі әдетте қауашақ, піскенде қақырап ашылып, тұқымы шашылады. Тұқымында өте көп эндосперм (ұрықтың қоректенуіне қажетті ұлпа) болады. Сүттіген тұқымдасының көптеген түрі өте пайдалы. Мысалы, гевеядан каучук, кротоннан шайыр алынады; кенедән мен тунг – майлы өсімдіктер; маниок тағам ретінде қолданылады. Кейбір түрі медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Сүттіген тұқымдасын әсемдік үшін (оранжереяларда, үйде, бақта) де өсіреді. ## Дереккөздер
Секен Бәзілбайұлы Дорженов (7 мамыр 1937 ж., Алматы облысы, Ақсу ауданы, Матай станциясы – 13 қазан 2003 ж., Алматы қаласы) – тарих ғылымының докторы (1977), профессор (1978). 1959 ж. Қырғыз мемлекеттік университетін, 1964 ж. КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын бітірген. Қырғыз мемлекеттік университетінде (1964–81), Алматы халық шаруашылық институтында (1981–83; 1987–97, қазіргі Қазақ экономикалық университеті), Алматы театр-көркемсурет институтында (1984–87) ғылыми-педагогикалық жұмыстармен шұғылданды. 1997 жылдан республикалық Гуманитарлық білім орталығының директоры болды. 150-ден аса ғылыми еңбегі, оның ішінде 6 монографиясы жарияланған. ## Дереккөздер
Булавский Виктор Константинович (22 қаңтар 1918, қазіргі Аршалы ауданы, Аршалы қаласы — 26 желтоқсан 1939, Сумма-Ярви өзені маңы, Финляндия) — Кеңес Одағының батыры (1940). ## Өмірбаяны Петропавл қаласында мектеп бітірген (1936). 1939 жылы Коломенск әскери артиллериялық училищесін бітірген соң, Мәскеу әскери округінің 402-артиллер. полкінің 8-батареясына командир болып тағайындалады. 1939 жылы оның полкі Финляндия майданына әкелінеді. Булавский Финляндия жеріндегі Сумма-Ярви кентінің жағасындағы 65,5 биіктігі үшін болған ұрыста ерлікпен қаза табады. Сестрорецк қаласында жерленген. ## Естелік Оның есімі Коломенск артиллериялық училищесі жеке құрамының тізіміне мәңгілікке тіркелген. Булавскийдің есімі өзі қаза тапқан биіктікке, Петропавл мен Санкт-Петербург қалаларындағы бір көшеге беріліп, оқыған мектебінде ескерткіш тақта ілулі тұр. КСРО Қорғаныс министрлiгiнiң 1967 жылғы 18 маусымдағы бұйрығымен Кеңес Одағының Батыры В.К.Булавский жоғары артиллериялық училищенiң І батареясының тізiміне мәңгiлiк енгiзiлдi. Бiрiншi батареяның казармасында Кеңес Одағының Батыры В. Булавскийдiң мүйiсi жасақталған. ## Дереккөздер
Бутымов Иван Степанович (1930 жылы туған, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы) — құрылысшы. Социалистік Еңбек Ері (1971). 1945 — 51 жылдары Қант комб-тында жүргізуші, электр дәнекерлеуші, 1951 — 58 жылдары Қырғыз КСР Қарабалта құрылыс басқармасында жұмысшы болған. 1958 жылы комсомолдық жолдамамен жаңа қаланың құрылысын салуға жіберіліп, Степногорск құрылыс басқармасында комсомол-жастар бригадасының жетекшісі болды. Бутымовтың бригадасы 8-бесжылдықтың жоспарын 3 жылдың ішінде орындаған (1966 — 70). КСРО орден, медальдарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Бұзылық — Ақмола облысы Есіл ауданындағы ауыл, Бұзылық ауылдық округі орталығы. Іргесі 1986-98 жылдары қаланды. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Есіл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде, Есіл өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан. ## Халқы Ауылда орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, кітапхана, наубайхана бар. Бұзылықтың жанынан Астана — Қостанай автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы – Есіл (25 км). ## Дереккөздер
Кербұлақ – Іле алабындағы қыстау. Алматы облысы Талғар ауданы Қосқұдық ауылынан батысқа қарай 40 км жерде. Солтүстігінде Малайсары жотасы, шығысында Итжон үстірті, оңтүстігінде Қапшағай бөгені орналасқан. Іле өзенінің алабындағы шөбі шүйгін шабындықтар мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Кербұлақ – Алматы облысы Талғар ауданы аумағындағы аңғар. Малайсары жотасы мен Іленің оң жағалық аңғарында жатыр. ## Жер бедері Ендік бағытқа созылып жатқан аңғардың ұзындығы шамамен 40 км, енді келген шығысы 15 км-дей. Аңғардың орта тұсында ұзындығы 20 км, ені 250 м болатын терең сай жатыр. Оңтүстігіндегі Итжон үстіртінің шетінде Кербұлақ қыстауы орналасқан. ## Өсімдігі Тауалдының бозғылт сұр топырағында жусан, астық тұқымдас шөптесіндер, эфемероидті өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Гүлсім Әбдірахманқызы Досжанова (1946 жылы туған, Түркістан облысы, Түркістан қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1994), профессор (1996). Ақмола мемлекеттік медицина институтын (1970, қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. 1972–80 ж. Ақмола мемлекеттік медицина институтында аспирант, ассистент, 1983–94 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) аға ғылыми қызметкер, 1994 жылдан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Досжанова 70-тен астам жарияланымның авторы. ## Дереккөздер
Сүтішев Кәрім Рахымұлы (туған жылы белгісіз – 1.6.1918, Петропавл) – қоғам қайраткері, революционер. 1904 жылы РК(б)П қатарына еніп, оның Петропавл өңіріндегі белсенді мүшесі болды. Марксизм ілімін таратушы ретінде танылды. 1917 жылы наурызда Петропавл жұмысшы және солдат депутаттары кеңесін ұйымдастыруға қатысты. Петропавл қалалық ревкомның мүшесі болып қазақ және татар тұрғындары арасында насихат жүргізетін бөлімін басқарды. 1918 жылы ақ чехтар Солтүстік Қазақстан өңіріндегі кеңестер билігін құлатқан кезде тұтқындалып, түрмеде қаза тапты. Петропавлда К.Р.Сүтішев есімімен аталатын көше бар. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Сүтті ешкілер, негізінен сүт өндіру мақсатында өсіріледі. Сүтті ешкілерге заанен, горький, мегрел, тоггенбург, мальта, нубия, т.б. тұқымдар жатады. ТМД аймағында кездесетін сүт бағытындағы ешкілер шартты түрде екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа Ресейдің еуропалық бөлігі мен Украинада, екінші топқа Қазақстан мен Орта Азияда таралған ешкілер жатады. * Алғашқы топтағылар негізінен ақ түсті, ірі денелі, берік бітімді, тоқал болып келеді. Азықтандыру-бағылу жағдайларына байланысты ешкілердің салмақтары 40 – 55 кг-ға, текелері 60 – 75 кг-ға, ешкілерінің маусымдағы (10 – 11 ай) сүттілігі 450 – 1000 кг-ға, майлығы 3,7 – 4,2%-ға жетеді. Төлшеңдігі мен төлдерінің өсіп-жетілу қарқыны жоғары. * Екінші топтағы ешкілер түр-түсі, дене бітімі бойынша бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Ересек ешкілер 38 – 45 кг, текелер 50 – 60 кг салмақ тартады, мүйізділері де, тоқалдары да кездеседі. Қылшық ұзындықтары түрліше, түбіт өнімділігі 100 – 200 г аралығында болады. Ешкілердің төлшеңдігі 150 – 180%-ға, суалғанға дейінгі (6 – 8 ай) сүттілігі 250 – 400 кг-ға, майл. 4,0 – 5,6%-ға жетеді. Қазіргі уақытта Қазақ қой шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының ешкі өсіру және асылдандыру бөлімінің ғалымдары жергілікті ешкілердің өнімділігін арттыру мақсатында оларды сүттілігі 2000 – 2300 кг-ға жететін заанен ешкілерінің текелерімен будандастыру жұмыстары қолға алынды. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Шөлмасақ (Eremostahys) – еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың құмды, тасты, тастақты, сарыбалшықты жерлерінде өсетін 23 түрі кездеседі. Олардың биіктігі 10 – 120 см, сабағы тік, түкті, кейде түгі қалың болады. Түйнек тамырлы. Жапырақтары қауырсын ойықты, тілікті немесе бүтін. Гүлдері қанық сары, ақшылдау, қошқыл күлгін түсті, олар күлтебас немесе масақ гүлшоғырын құрайды. Тостағанша жапырақшалары түтікқоңырауша немесе шанақ тәрізді, 5 тісті. Аталығы төртеу. Күлтесінің жоғ. ерні тар, көпшілік түрінде олар іш жағынан шеттері түктермен көмкерілген, төм. ерні үш қалақты. Мамыр – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – төрт бөлікті жаңғақша. Кейбір түрлерінің тұқымында май болады. Шөлмасақтың кепкеннен кейінгі құрғақ гүлдерінен букет жасайды. Шөлмасақтың 1 түрі – Зинаида Шөлмасақғы (Е. zenaіdae) өте сирек кездесетін өсімдік, жылдан жылға таралу аймағы азаюда, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том * Красная книга Казахстана, ч. 2, А.-А., 1881.
Шөмелеші – жалдағы пішенді, сабанды жинап шөмеле салатын машина. Республика егіс алқаптарында қолданылатын ВНБ-3 Шөмелешіінің әр саусағы серіппелі келеді, ол жердің тегістігіне, ойлы-қырлылығына қарай жоғары-төмен қозғалып отырады. Тырнауышты тордың алды ашық, екі жағынан пішен шашылмайтындай етіп көлденең саусақтармен, артынан тұтас қалқанмен қоршалады. Тырнауыш саусақтары жалдағы пішенді шөмелеге салады. ВНХ-3Б және ВНШ-3 Шөмелешітерінің құралымдары мен жұмыс принципі бірдей. Бұлар Т-28, “Беларусь” тракторларына тіркеледі. Салатын шөмеле салмағы 900 кг, ПКС-2М жинауыш-шөмелеуіш те Т-28, ДТ-24 және “Беларусь” тракторына тіркеледі. Жұмыс өнімділігі сағатына 7 км жылдамдықпен 70 т пішен жинайды, әр шөмеленің салмағы 300 – 700 кг болады. ## Дереккөздер * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Шөмішбас (Paraquіlegіa) – Сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларындағы альпі, субальпі шалғындарда, жартастардың жарығында, мұздықтардан ашылған жерлердегі шөгінділерде, таудың тастақты беткейлерінде өсетін 3 түрі (ірігүлді Шөмішбас, майдажапырақты Шөмішбас және желайдар Шөмішбас) бар. Бұлардың биіктігі 4 – 25 см, тамыры жуан, қатпарлы. Сабағы түптеніп шым түзеді. Жапырақтары түксіз, ұзын сағақты, түп жағы кеңейіп, жалпайып сабақты орай орналасады. Гүлсидамының ұшында ірі, дара гүлдері жетіледі. Тостағанша жапырақшалары – бесеу, ол күлте тәрізді, жеміс піскенде сыртын қаптап қорғап тұрады. Күлтесіннің түп жағы түтікті имек, ұшы ойыс, бозғылттау күлгін, көкшілдеу түсті. Аталықтары көп, ұзындығы 10 – 11 мм, күлтеден әлдеқайда озып тұрады, аналығы 3 не 4, мойны қандауыр тәрізді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – жапырақша. ## Дереккөздер * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Шөмішгүл (Aquіlegіa) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулерінде кездесетін 100-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда таудың тастақты беткейлерінде, бұлақ жағаларында, қылқан жапырақты аралас ормандардың шетіндегі көлеңкелі жерлерде өсетін 9 түрі бар. Бұлардың биіктігі 15 – 90 см. Тамырсабақтары қысқа, сабағы тік өседі, оның сыртын безді түктер жауып тұрады. Екі еселеніп салаланған, үш құлақты жапырақтары сабақ ұшына қарай жоғарылаған сайын кішірейе береді. Гүлдері ірі (диам. 3 – 10 см), тостағанша жапырақшаларының саны 5, күлтесі де бесеу, олардың әрбіреуінің ұшы сүйірленіп, түтік тәрізді жіңішкеріп тепкіге (шпорец) айналған. Түстері – күлгін, ақ, көгілдір, күрең-қызыл, көк, сары, т.б. Аталығы көп, аналығының саны 3 – 15, мойны ұзын. Аралар, көбелектер, құстар тозаңдандырады (іштерінде өздігінен тозаңданатын түрлері де бар). Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – жапырақша жеміс (ұзындығы 2,5 см-дей). Шөмішгүлдің гүлдері өте әдемі, сондықтан олар гүлзарларда сәндік үшін өсіріледі. Виталий Шөмішгүлі (А. vіtalіі) және қаратау Шөмішгүлі (А. karatavіca) – өте сирек кездесетін өсімдіктер, олардың жылдан жылға таралу аймағы азаюда, сондықтан Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер
Елді мекен: * Шөмішкөл – Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Шөмішгөл – Қызылорда облысы Арал ауданы жеріндегі көл. * Шөмішкөл – Балқаш көлінің шығыс бөлігіндегі бұғаз.
Шөміш – 1) металлургияда балқыған металл, штейн не қожды бөліп құюға, тасымалдауға, қысқа мерзімге сақтауға арналған болат (не шойын) ыдыс. Ыстық металдың бүлдіргіштік әсерінен қорғау мақсатында Шөміш қорабының ішкі беті отқа төзімді кірпішпен не конвертерлік қожбен (түсті металлургияда) қапталады. Болат құюға арналған Шөміштің сыйымд. 480 т. Шөміш көпір кран не т.жылы арбасы арқылы қозғалтылады.2) Жер қазғыш және көтеру-тасымалдау машиналарының Шөміші – тұтас материалдың ( мысалы , грунт, бидай т.б.) белгілі бір бөлігін бөліп алуға және оны тиейтін жерге тасымалдауға арналған жұмыстық тетік. Ол жұмыстық шынжырға (көп шөмішті шынжырлы экскаватор, драга, элеватор), роторға (роторлы экскаватор), шөмішті рамаға, т.б. бекітіліп немесе шынжырмен ілініп (драглайн, грейфер) қойылады. Шөміш құю, пісіру не штампылау тәсілдерімен жасалады. Бір шөмішті экскаватор Шөмішінің сыйымд. 0,15 – 200м3, көп шөмішті экскаватордікі 0,007 – 7 м3, скрепердікі 0,75 – 60 м3, драганікі 0,05 – 1 м3. Көп шөмішті тиеуіштер Ш-інің саны 12 – 50-ге, ал роторлы экскаватордікі 6 – 18-ге жетеді. ## Тағы қараңыз * Ожау ## Дереккөздер * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын-шашын аз, жылдық жауын-шашынның мөлшері 180-300 мм аралығында. Көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын-шашын мол түседі, кыста жәнежазда аз жауады. Жаз барлық жерде ыстық. Шілденің орташа температурасы 22°-24°С, кейде ыстық 40°С-қа дейін жетеді. Қысы суық, ашық аязды күндер басым болады. Қаңтардың орташа температурасы -15°-17°С, ең төменгі температура зонаның шығысында (-50°С) байқалады. Шөлейт зонасында жазда өзендердің көбінің суы тартылып, кеуіп кетеді. Тұрақты ағатын ең ірі өзендері - Ойыл, Жем, Topғай, Сарысу, Аягөз. Шөлейт зонасында 3000-нан астам көл бар. Олардың көпшілігінің суы кермек немесе ащы болады. ## Топырағы Шөлейттің негізгі топырағы - ашық қара қоңыр топырақ. Қызғылт-күрең топыраққа карағанда оның құрамында шірінді аз болады. Топырақтың беткі қабатында шірінді 2 - 3% ғана. Саз топырақты жазық пен ойпаң үлескілерде сортаңдар едәуір орын алады. Шөлейттің негізгі топырақ қорын ашық қара қоңыр топырақ құрайды. Күңгірт қара қоңыр топырақтан айырмашылығы - құрамындағы қарашіріктің мөлшері аз (2-3%-ға дейін), қарашірікті қабаттың қалыңдығы жұқа (20-30 см). Жауын-шашынның аз түсіуне байланысты шөлейт зонасының топырағы аз шайылатындықтан, саздақты жыныстарда тұз жиналады. Ағын жақсы немесе жеңіл шаятын құмайтты субстраттарда аз сортаңды болады. Зона аумағының басым бөлігінде ашық қара қоңыр топырақтың сортаңданған түрлері мен сорлар таралған. Зонаның оңтүстік шегінде шөлдің қоңыр топырағы, өзен аңғарлары мен шұраттарда, лимандарда интерзоналық шалғындық қара қоңыр топырақ кездеседі. Ашық қызғылт қоңыр,сортаң және шалғынды қызғылт қоңыр топырақтар шағын қашықтықта бірін-бірі бірнеше рет алмастырады. Топырақ қабатының жиі алмасуы шөлейт ландшафтысына тән белгілердің бірі болып табылады. Жазықтардағы шөлейттердің әлсіз сортаңданған ашық қара қоңыр топырағында далаға тән боз бен бетеге, тырса, қызыл және шығыс боздары, аз мөлшерде кәдімгі қылша кездеседі. Көктемде эфемерлер және эфемероидтер өседі. ## Климаты Шөлейт зонасының климаты құрғақ, шұғыл континентті. Шөлейт зонасы Күн радиациясының мөлшері жоғары, атмосфералық жауын-шашынның мөлшері аз болуымен ерекшеленеді. Жаздағы буланудың мөлшері зонаның солтүстігінде түсетін жауын шашыннан 7, оңтүстігінде түсетін жауын шашыннан 15-18 есе артық болады. Өсімдіктер өсіп-өнетін вегетациялық кезеңнің ұзақтығы батысында 160-170 күнге, орталығы мен шығысында 170-190 күнге дейін созылады. Тұрақты 10°-тан жоғары температуралы кезеңнің жиынтығы батысында 3000-3400°, шығысында 2600-3000°-ты құрайды. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері даламен шектесетін солтүстігінде 280 мм, оңтүстігінде шөлмен шектесетін аудандарда 150 ммаралығында ауытқиды. ## Өсімдіктері Шөл дала зонасында даланың әрі шөлдің өсімдіктері таралған. Өсімдік жамылғысы негізінен бетеге, жусан, түймедағы, боздан құралады. Кейде жусан көлемді жерлерді алып жатады. Мұндай жерлердің түсі біркелкі ашық болып көрінеді. Кей жерлерде жусанның арасында изен, ебелек, теріскен, көкпек өседі. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан сортаңды жерлерде ши өседі. Ұлытау, Ортау, Бұғылы, Қызыларай, Шыңғыстау және т.б. жоталардың аңғарлары арасында әр түрлі шалғын шөптер көп өседі. Бұл таулардың беткейлерінде қайың, көктерек және қарағай шоқ ормандары кездеседі. Бұлардың арасында долана, мойыл, итмұрын, қарақат және таңқурай өседі. ## Қызыларай сілемі Таулы-төбелі гранитті қызыларай сілемі (1565 м) — шөлейттегі әсем жазираның бірі. Осы жерде қарағай ормандары өседі. Жазықтар мен ұсақ шоқылардың аралықтарында сортаң және cop жерлер де кездеседі. Cop жерлерде өсімдік өспейді, тек оның шет жағалауларында ғана сортаң өсімдіктері өседі. Шөл даладағы өзен жайылмалары өсімдікке бай. Оларда айрауық, құрақ, қамыс өседі. Жекелеген үлескілерде тал, итмұрын, ұшқат бұталары жиі ұшырасады. ## Жануарлары Дала мен шөлде кездесетін шөлейт жануарларынан сарышұнақ, қосаяқ, құм тышқаны, құм қояндары сасық күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр мекендейді. Сонымен бірге онда күзен және түлкі бар. Құстардан бүркіт, бозторғай кездеседі.Бір кездерде жер қайыстырған ақбөкендер мен қарақұйрықтар қазіргі кезде некен-саяқ қана кездеседі. Шөлейтте кесіртке мен жыландар көп. Бұл өңірде зиянсыз жыландардан — қара шұбар жылан, кіші сарыбас жылан, су жыланы, улы жыландардан - сұр жылан, қалқан тұмсық жылан бар. Шөл дала зонасы егін шаруашылығы үшін шамалы пайдаланылады. Мұнда негізінен ашық-қызғылт топырақты жерде ғана егіншілікпен шұғылданады. Шөлейтте қой және жылқы шаруашылығы басым дамыған. Ойдым-ойдым суармалы жерлерде көкөніс, бақша егіледі. ## Өзендері Шөлейт зонасы аумағындағы өзендер, негізінен, ішкі тұйық алапқа жатады. Өзен торлары сирек және суының аздығымен ерекшеленеді. Өзендердің басым бөлігі суға тек көктемде толып, жазда құрғап қалады. Біршама ірі өзендеріне Сарысу, Аягөз, Торғай, Сағыз, сонымен қатар зонадан өтетін транзитті Жайық және Жем жатады. ## Дереккөздер
Шөміш кағу – ұлттық ғұрып. Ағаш кесіндісінен ойып жасаған шөмішті ерте көктемде қазақ отбасылары сыртқа алып шығып, Шөміш кағу қала рәсімін жасаған. Мұны әйелдер атқарған. Ол үшін шөмішті аққа малып алады да, киіз үйдің дөдегесін солдан оңға қарай айналдыра қағып шығады. Оны қағып жүргенде “сүт көп, көмір аз“ деп қайта-қайта айтып отырады. Бұл ақ мол болсын, төл аман сау болсын деген ниеттен туындаған. “Көмір аз“ деген сөз ілкі замандардағы отқа табыну қалдықтарының бірі болып табылады. ## Дереккөздер * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Шөпжияр (лат. Ixiolirion) – өзімен аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық жуашықты шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзен аңғарларында, шөл, далалық аймақтарда, таудың төм. белдеулерінде өсетін 1 түрі – татар шөпжияры (І. tatarіcum) бар. Биіктігі 8 – 50 см, жуашығы домалақ (ұзындығы 1,5 – 2,5 см, ені 1 – 1,5 см), қара қоңыр қабықты. Сабағы жалаң, тік өседі. Жапырақтары ұзынша (ені 2 – 10 мм), жоғарғы жағы үшкір, аздап салаланған, төм. жапырақтары сабақ түбіне шоғырланып орналасады. Гүлшоғыры азгүлді, шашақ тәрізді. Гүлсерігінің пішіні қоңырау сияқты, оның жапырақшасы көк немесе көкшіл қызыл түсті (ұзындығы 2 – 3 см, ені 5 – 7 мм). Тозаңдығы түзу, оның ұзындығы 1,5 – 2 мм. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Қорапшасы жұмыр, түйреуішке ұқсайды, үш қырлы. Әсемдік өсімдік. Қолдан өсіргенде гүлдері ірі болып шығады. ## Дереккөздер * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Шөптікөл — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2013 жылға дейін Шөптікөл ауылдық округінің орталығы болған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1274 адам (640 ер адам және 634 әйел адам) болса, 2009 жылы 1083 адамды (538 ер адам және 545 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1961-1997 жылдары “Шөптікөл” қой кеңшарының орталық болған. Оның негізінде ауылда және округке қарасты Алтыбаз, Соналы және Үшағаш ауылдарында ӨК, 4 шаруа қожалығы құрылған. ## Дереккөздер
Шөрек батыр, Байғана Найман Шөрек батыр (Семей облысы, Көкпекті ауданы, 18 ғасырда өмір сүрген) — Жоңғар шапқыншылығында қарсы азаттық соғыста ерекше ерлігімен көзге түскен аға батыр. Орта жүз Найман тайпасының ішінде Қаракерей руынан тарайтын Байғана тармағынан. Қаракерей Қабанбай басқарған әскердің құрамында көптеген шайқастарға қатысқан. Қабанбай батыр туралы тарихи жырлар мен дастандарда Шөрек Батыр есімі жиі аталады. Шөрек батыр Байғана ішінде Еңірек табының Қойбас деген атадан шыққан Қаракерей Қабанбайдың қазақ елін азат ету кезеңінде қарулас болған хас батырларының бірі. ХҮІІ ғасырдың ІІ жартысымен ХҮІІІ ғасырдың І жартысында өмір сүрген. Атақты «Шорға» соғысы кезінде жасалған ерлік белгілі ақын Кәрібайдың толғауында: Ер Барақ, Батыр Шөрек Орақбайдың Қырқысты жан аямай қалмақтағы Қосабай, Кенен, батыр Жантай Айқасты ата жаумен әр жақтағы, - деп нөсерлете төгіп, ризалық сезімін білдірген. Жоңғарлармен болған ірі – ірі шайқастардың бәрінде ерлік көрсетіп, қол бастаған батыр. Ерлігі мен ақылы үшін Абылай ханның ерекше ықыласымен қадіріне ие болған батырдың бірі, хан кеңесінің мүшесі. Үш бірдей (қалмақ, орыс,қытай) тілді білген. Батырлығымен қоса ділмар шешендігі де болған, жау қолынан опат болған (24 жаста). Шөрек батыр зираты Саржалда 60 км жерде Шөрек жазығында орналасқан. ## Дереккөздер
Шөмішті элеватор – сусымалы жүкті жылжымалы таспаға (таспалы элеватор) не шынжырға (шынжырлы элеватор) бекітілген шөміштермен көтеріп тасымалдауға арналған үздіксіз әрекетті машина. Оның шөміштерінің сыйымд. 1 – 130 л. Жүкті 30 м биіктікке көтере алады. ## Дереккөздер * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Соңғы түйіндеуші буын, әдетте, ру есіміне тіреледі. Немесе, керісінше, руынан бастап сатылап өз әкесіне яки өзіне дейін таратылады. Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған және сол білігі арқылы ол өз халқының дәстүрін жалғастырып отырған. Мұның өзі қазақтардың этникалық ерекшеліктерін танытады, әрі оның қиын-қыстау кезеңдерде тегінен көз жазып қалмауына және басқа халықтармен ассимиляцияға түсіп кетпеуіне себепші болған. Жеті ата мен ру шежіресін білу көшпелі қоғамда өмір сүрген қазақтар үшін өмірлік қажеттілік болды. Жеті атадан Үш жүзге дейінгі біртұтас туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы “қазақ халқы — бір атаның баласы, бір тамырдан тараған” деген ұстанымды орнықтырған.Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді.Жеті атасын тарата білу арқылы әркім көрші рулармен байланысын білген, сөйтіп бүкіл қазақтың біте қайнасқан туыстығына көзі жеткен. Сөйтіп Жеті аталық ұстаным қазақ халқының этнобиологиялық, этномәдени, жалпы рухани тұтастығын табиғи түрде қамтамасыз еткен. Жеті аталық ұстанымға негізделген туыстық байланыс институты әрбір казақтың білмекке деген ынтасын оятқан. Жеті атасын, руы мен жүзін білген соң, қазақтар туған жерінің кез келген шалғайында өзін туысқандарының ортасында жүрген алып бір жанұяның мүшесіндей сезінген. Нәтижесінде біртұтас жанұя секілді ұлттың біртұтас зердесі қалыптасып, жер басып жүргендер ғана емес, жадта сақталған баяғы ата-бабалар да тірілердің санасында тірлігін жалғастырған. Халықтың мұндай зердесі әрбір қатардағы далалықтың тарихты айқын елестетіп, жан-жүрегімен сезінуіне себепші болған. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың құлағына күн сайын бабалары туралы тек жақсылықты құйып, рухани тектілікті дәріптеп, ұлттық сенімін орнықтырған. Бабалар рухы — аруақтың күн сайын желеп-жебеп отыратындығы туралы сенімін тудырған. Сөйтіп Жеті ата институты қазақ халқының өткеннен болашаққа деген сенімін мың сан ұрпақтар арқылы сабақтастырып отыратын тетік ретінде танылған. Жеті аталық ұстаным бабалар рухы алдында әрбір қазақ пен бүкіл халықтың іштей жауапкершілік сезімін оятқан. Осы ұстаным аясында қазақ өмірінің моральдік кодексі, салт-дәстүрі мен тыйым-жораларының негізі қаланған. Сөйтіп туыстық қарым-қатынас қалыптары күнделікті моральдік санаттан бірте-бірте заңдық мәртебеге ұласқан. Мұндай құқықтар мен міндеттер жүйесі біртұтас әдеп деңгейінде көрініс тапқан. Әдепті бұзғандар қатал жазаланып, ең ақыры туған жерінен қуылған, яғни гипержанұядан аластатылған. Дені дұрыс адам үшін мұнан ауыр, масқара жаза болмаған. Жеті ата ұстанымы бүкіл халықтың бойында еш мәжбүрлеусіз мейлінше тегеурінді рухани бірлік сезімін терең сіңірді. Ол этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы болды. ## Немере Немере– туыстық атау. Ер адамның баласынан тараған ұл мен қыз. Ағайынды кісінің балалары туыстық жақындығы жағынан Немере аға, Немере іні, Немере қарындас, сол сияқты ағайынды кісінің қыздары да Немере апа, Немере сіңлі болып аталады. ## Шөбере ШӨБЕРЕ – туыстық атау. Атадан санағанда немереден өрбіген ұрпақ. Дәстүрлі қазақ қоғамында Шөбере немереден таралған ұл-қыздардан құралады. ## Шөпшек Шөпшек – туыстық атау. Атадан тараған төртінші ұрпақ. Немере мен шөбереден туғандар туыстық жағынан қашықтай бастайды. Шөпшекті кейбір жерлерде туажат деп те атайды ## Немене Немене– туыстық атау. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жеті ата жүйесі бойынша таратылатын жетінші ұрпақ. ## Жүрежат Жүрежат – алыс туысқандықты білдіретін атау, яғни туажаттан туған бала. Жүрежат – адамның өзінен санағанда жетінші буыннан қосылатын туысы. Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрпы бойынша Жүрежаттың балалары бір-бірімен қыз алысып, құдандалы бола алады. ## Туажат Туажат – дәстүрлі қазақ қоғамындағы туыстық атау, немененің баласы. Туажат адамның өзінен бастап санағанда алтыншы буын. Ол туыстық қатынас жағынан бір атаның баласы саналғанымен, одан кейінгі ұрпақтардың іргесі бөлініп, туыстық қарым-қатынасы алшақтай бастайды. ## Жұрағат Жұрағат – алыс туыстықты білдіретін ұғым. Жеті атасынан туысқандар үлкені кішісін Жұрағат дейді. Әдетте, бір рудан тараған адамдар да бірін бірі Жұрағат дей береді. ## Жекжат Жекжат, жамағайын, жамағат — бір-біріне құдандалық, т.б. жақындығы бар адамдар. Жегжат атауы қандас туыстарға қатысты қолданылмайды. Жекжат — туыстығы жоқ, бірақ құданың құдасы, нағашының бөлесі, жиеннің балдызы сияқты туыстық қатысы бар адамдар арасындағы жақындықты білдіретін атау. Олар құда, нағашы, жиен сияқты туыстық, жақындық құқықтарды талап ете алмайды. ## Жалпы кесте Жеті ата, ұрпақ * Бала * Немере * Шөбере * Шөпшек * Немене * Туажат (кейде некеге рұқсат берген) * Жүрежат (некеге рұқсат) ## Дереккөздер: Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Жатаған шырша, шренк шыршасы (Pіcea schrenkіana) — қарағай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, өте сирек кездесетін ағаш. Теңіз деңгейінен биіктігі 2800 — 3100 м, ұсақ тасты, жартасты тау беткейлерінде бірыңғай шыршалы кейде сібір самырсынымен аралас орман құрап өседі. Жатаған шырша 1842 жылы Жетісу (Жоңғар) Алатауында табылған. Биіктігі 150 — 250 см-ден 40 метрге дейін, жуандығы 2 метрге жетеді. Діңінің қабығы — қоңырқай сұрғылт түсті, қабыршақтанып оңай сылынады. Қылқаны (жапырақтары) 4 қырлы, үшкір, ұзындығы 2 — 3,5 см, ені 2,0 мм-дей, ұзарған өркенінің қабық төмпешіктеріне бір-бірден бекінеді. Жапырақтары түскенде төмпешіктері сақталып қалады. Бүрі сопақша, цилиндр пішінді, ұзындығы 8 — 10 см, жуандығы 2,5 — 4 см. Жеміс жапырақтары, көбінесе, бүрлерінде орналасады. Мамыр айында гүлдейді. Вегетативтік (өсімді) жолмен көбейеді. Тұқымы — майда, қоңырқай түсті, жұқа қанатшалы өсіндісі арқылы желмен таралады, тамыз — қыркүйекте піседі. Алғашқы 15 жылда баяу (жылына 5 — 25 см) содан кейін тез өседі. 250 — 300 жыл жасайды. Жатаған шырша сүрегінен бағалы музыкалық аспаптар жасалынады, құрылысқа пайдаланады. Жатаған шырша тау беткейіндегі топырақты шайылудан қорғайды. Жылдан жылға санының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Сілтеме Қазақ энциклопедиясы
Яков Соломонович Штейн (24 желтоқсан, 1900, Орынбор – 26 маусым, 1956, Бішкек; Алматыда жерленді) – режиссер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңген өнер қайраткері (1955). ## Өмірбаяны * Шығармашылық өнер жолын 1920 жылы бастаған. * 1943 – 56 жылы Алматы қаласында тұрып, Орыстың мемлекеттік академиялық драма театрында режиссерлікпен айналысты. Ол орыс жазушыларының шығармалары бойынша бірқатар спектакльдерді осы театр сахнасына шығарды. Олардың қатарында А.Н. Толстойдың “Иван Грозный” (1945) мен “Азапты сапарда” (1947), В.В. Вишневскийдің “Ұмытылмас 1919 жыл”, Лопе де Веганың “Құмыралы қыз” (екеуі де 1950), К.А. Треневтің “Любовь Яровая”, А.М. Горькийдің “Егор Булычов және басқалар” (екеуі де 1951), А.П. Штейннің “Жеке іс”, А.Н. Степанов пен И.Ф. Поповтың “Порт-Артур” (екеуі де 1954), Ф.М. Достоевскийдің “Қорланғандар мен қор болғандар” (1956), т.б. пьесалар бар. Оның қойған спектакльдері көркем-идеялық тереңдігімен, патриоттық серпінімен әрі оптимистік рухымен ерекшеленді. Сондай-ақ Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында актер І.Бадыровпен бірлесіп, М. Әуезовтің “Қара Қыпшақ Қобыланды” (1946) және Ә.Тәжібаевтың “Дубай Шубаевич” (1954) пьесаларын қойды. 1949 жылы Ш.Аймановпен бірге Әуезовтің “Абай” романын сахнаға лайықтап, инсценировка жасады. Жазушы Н.И. Ановпен шығармашылық бірлікте болған ол 1955 жылы оқиғасы Қазақстанда өтетін “Жүрек әмірімен” атты пьесасын жазды әрі оны Орыс мемлекеттік академиялық драма театры сахнасына шығарды. * 1945 жылдан өмірінің соңына дейін педагогикалық қызметпен шұғылданды. Штейн Қазақстандағы Орыс мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық жағынан кемелденуі жолында көп еңбек сіңірді. ## Дереккөздер
Шөмішгөл, Шөмішкөл – Қызылорда облысы Арал ауданы жеріндегі Ақшатау көлінен оңтүстік-шығысқа қарай 7 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Пішіні сақина тәріздес, аумағы 4,2 км2, ұзындығы 2,8 км, ең терең жері 10 м. Көл құм төбелер ортасында жатыр. ## Жағалау сипаты Шығыс жағалауы ашық, жайдақ. Көлдің батыс жағалауының қамысы сирек, жағалаудан ортасына қарай (25 – 35 м жерде) қалың қамыс, қоға, шылау өскен. Суы мөлдір. Көл табаны майда балдыр өскен сұр түсті құмды лай тұнба. Суы ашқылтым. Балық тіршілік етеді. ## Дереккөздер
Штарк құбылысы – атомдардың, молекулалардың және кристалдардың спектрлік сызықтарының сыртқы электр өрісінің әсерінен ығысуы және жіктелуі бойынша анықталатын энергия деңгейлерінің өзгеруі. Мұны 1913 жылы неміс физигі И. Штарк (1874 – 1957) ашқан. Штарк қалатұрақты электр өрісінде ғана емес, айнымалы электр өрісінде де байқалады. Штарк қалаатомдық және молекулалық спектроскопияда, плазма спектроскопиясында маңызды рөл атқарады. Бұл құбылыс молекулалардың дипольдық моментін анықтау үшін пайдаланылады. ## Дереккөздер * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Басжақсы — қалың малдың ерекше түрі. Қазақ халқында қыз беретін жаққа, яки, қалыңдықтың әке-шешесіне жасау жиып, төсек-орын дайындау үшін төрт түлік малдың әр түрінен іріктеп не бағалы заттар түрінде Басжақсы төлеу салты қашаннан-ақ белгілі. Басжақсы сөзінің өзі ерте кезде ең жоғары, қымбат деген өлшемдік ұғымды білдірген. Оның құрамына бәйгелерде бас жүлде алып жүрген сәйгүлік, ер жарағы — берен мылтық, берік сауыт, сондай-ақ, атан түйе не белі берік, катепті қара нар енген. Басжақсыны, негізінен, ауқатты, дәулеті мол ру басылары, ата-әулеттер беретін болған. “Басы жақсы болса, соңғысы да жақсы болады” деп, қыз алатын құданың негізгі қалың малды қаншалықты төлей алатынын осы Басжақсының түріне, санына қарай мөлшерлеп отырған. ## Дереккөздер
Петр Иванович Лерх (1828 — 4 қыркүйек 1884, Гамбург) — шығыстанушы, археолог. 1850 ж. Санкт-Петербург университетін бітірген. 1858 ж. Н.И. Игнатьев бастаған елшілікпен бірге Хиуа мен Бұхараға барған сапарында бірнеше құнды қолжазбалар мен ортағасырлық теңгелер алып қайтты. 1867 ж. Археологиялық комиссияның тапсыруымен Түркістан өлкесін зерттеді. Сырдария бойындағы Сауран, Сығанақ қалаларында, Талас алқабының бірқатар қала орындарында болып, ортағасырлық Жанкент қаласында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Полковник шенінде Қазалы уездініңнің бастығы болды. 1876 ж. шығыстанушылардың 3-Халықаралық конгресінің ұйымдастырушыларының бірі ретінде 7 — 8 ғасырлардағы Орталық Азиядағы ақшалар жөнінде баяндама жасады. Ол өзі кездестірген ескерткіштерді тіркеумен, мұқият сипаттаумен қоса, олар туралы жазбаша хабарларды іріктеп, осы үзінділерге талдау жасады және түсініктеме берді. Жазба деректерді өзінің археологиялық олжаларымен салыстыра келіп, ол қираған орындарды зерттеді. Лерх ортағасырлық қалаларды зерттеудің ғылыми негізін қалаған ғалымдардың бірі болды. ## Дереккөздер
Үбі – Жоғарғы Ертіс алабындағы өзен. Ұзындығы — 278 км. Су жиналатын алабы — 9850 км². ## Бастауы Шығыс Қазақстан облысы ндағы Көксу және Иванов жоталары сілемдері бөктерінен басталып, Ертіс өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Қара Үбі мен Ақ Үбі өзендерінің бір-біріне қосылған жерінен «Үбі» деп аталады. Өзен алабы таулы-төбелі (1000–1500 м), аңғары тар шатқалды, ені — 200–300 м. Жазда еріген көп жылдық қар, мұздық (48%), ыза суымен (36%), жаңбыр суымен (16%) толығады. Жылдық су ағынының 79%-ы сәуір–шілдеде, 15%-ы қыркүйек–қарашада, 6%-ы желтоқсан–наурызда арнасынан ағып өтеді. Жылдық орташа су ағымы Шемонаиха қаласы тұсында — 182 м³/с. Суы тұщы. Бойында шағын СЭС бар, суы егіс суаруға, ағаш ағызуға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Обаған — Қостанай облысы Алтынсарин ауданы, Обаған ауылдық округі құрамындағы ауыл, аудан орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Қостанай қаласынан шығысқа қарай 49 км-дей жерде, қоңыржай құрғақ дала белдемінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 659 адам (307 ер адам және 352 әйел адам) болса, 2009 жылы 513 адамды (248 ер адам және 265 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1902-06 жылдары қалана бастады. 1962-96 жылдары астық өндіретін “Чураковский” кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Обағанда 9 шаруа қожалығы және 3 ЖШС жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Меңлібай Мырзахметұлы Мырзахметов (1941 жылы туған, Мақтаарал ауданы Бағара ауылы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1989), профессор (1990). ҚР Инженерлер академиясының академигі (1994), Жоғары мектеп Халықаралық академиясының корреспондент мүшесі (1996). Қазақ химия-технология институтын бітірген (1964). 1959–60 жылдары «Казсантехмонтаж» құрылыс-монтаж басқармасында слесарь-монтажшы, 1960–64 жылдары «Кентауспецстрой» құрылыс басқармасында шебер, 1966–67 жылдары Қазақ химия-технология институтында ассистент, 1967–71 жылдары Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) инженер-құрылыс институтында аспирант, 1971–79 жылдары Қазақ политехникалық институтында (қазіргі ҰТУ) доцент, кафедра меңгерушісі. 1980 жылдан Қазақ мемлекеттік архитектура-құрылыс академиясында кафедра меңгерушісі, декан. 168 ғылыми еңбектің оның ішінде 1 монографияның авторы. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. ## Шығармашылығы * Бессточная технология обогащения фосфатного сырья, М., 1984 (в соавт.); * Оборотное водоснабжение обогатительных фабрик, А., 1994; * Ластанған суды ағызу және тазалау, А., 1996. ## Дереккөздер
Мүрсәлім Бектенұлы (1859 – 1922) – 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің бірі, ақын. ## Толығырақ Өз бетімен білім алған. 1895 жылы Зайсан уездіне қарасты Қарғыба-Базар өңіріне болыс болып сайланып, 20 жылдан аса ел басқарды. Жасы ұлғайған шағында болыстықты баласы Заманбек атқарған. Мүрсәлім 19 ғасырдың 2-жартысынан бері қазақ даласына тарай бастаған қазақ тіліндегі прогресшіл-демокр. бағыттағы әдебиеттер мен газет-журналдарды үзбей алдырып отырған. Сол арқылы Ресейдің ішінде және халықар. өмірде болып жатқан әр түрлі әлеум.-саяси жағдайлардан жақсы хабардар болған. Патша үкіметінің 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығына орай туындаған жағдайға байланысты маусым айының аяғында Көкпекті – Тарбағатай өңіріндегі Найман тайпасының 12 болысының өкілдері шұғыл шақырылды. Қыр қазақтары басқармасы ауласына жиналған болыстардың бәрімен Мүрсәлім оңаша сөйлесіп, естуі бойынша патшаның жарлығы бар екенін айтып: “Біз алғаш бодан болғанда жасалған шарт бойынша қазақтан солдат алуға тиіс емес, соны дәлел етіп, келісім бермейік”, – дейді. Мүрсәлімнің ұсынысын болыстар қостады. ## Азаттық жолында Мүрсәлім ең алғашқы шара – әкімшілік орталық Көкпектіден Қытаймен шекараға қарай жедел көшу деп шешеді. Мүрсәлімнің тапсырмасы бойынша әр болыстан қарулы жігіттер көшті қорғай отырып, жергілікті шенеуніктерді жоғары органдармен байланыстырмау үшін жолдарындағы телеграф бағаналарын қиратып, сымдарын үзіп отырады. Мемлекеттік архивтің Семей бөлімшесінде ереуілшілер Көкпекті маңынан қазынаның 800 жылқысын айдап әкеткені жөнінде құжат сақталған. Баспан тауының биігіндегі қамал үңгірге бекінген көтерілісшілер патша әскерлеріне алдырмады. Мүрсәлім жігіттерді солдаттан алып қалу үшін ауыл-аймағымен Қытай жеріне, Тарбағатай асып кетеді.Қытай жерінде жүргенде 1916 жылғы оқиғаға арнап 664 жолдан тұратын дастан жазған. Патша тақтан түскеннен кейін елге оралды. 1919 жылы ақ әскерлерді қуып, Көкпектіге келген партизан отрядының командирі Бабенко Мүрсәлімге елді патшаға қарсы көтеріліске жұмылдырғаны үшін сыйлыққа қылыш пен қымбат жүзік тапсырды. Мүрсәлім туралы деректер Қарпық Егізбай,Дәуітбек Нұртазаұлы,Ғұмар Кемербайұлы,Қалихан Алтынбайұлы сияқты зиялы азаматтардың мақалаларында жарияланған. Мүрсәлімнің ақындық шығарм. туралы әдебиетші Қайрат Раев, қайраткерлігі жайында тарихшы Манат Байсымақова зерттеу мақалалар жариялаған. Мүрсәлім мен оның баласы Заманбектің өмір тарихына қатысты материалдар ұрпақтарының қолында сақтаулы. ## Сілтемелер * КСРО * Ресей патшалығы * Көтеріліс * Қазақстан ## Дереккөздер <references>
Ардақ Құттықожаұлы Назаров (14 қазан 1980 жыл, Қақпақ ауылы, Алматы облысы) — қазақстандық спортшы, мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Парламенті Мәжілісі VIII-шақырылымының депутаты, ережесіз жекпе-жектен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы (2003), Еуропа чемпионы (2007). ## Толығырақ Албан руынан шыққан. * Джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы (1999, Алматы). * Ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы (2004, Хабаровск, Ресей, 2005, Сеул, Корея) және әлем кубогының иегері (2004, Хабаровск, Ресей). * Еуразияның екі мәрте чемпионы (2001, Астана, 2002,Қарағанды). Азия чемпионы (2003, Бішкек,Қырғызстан). * Еуропа – Азия матчтық кездесуінің жеңімпазы (2005, Екатеринбург, Ресей). Еуропа чемпионы (2007, Таллин). * Санкт-Петербург, Бішкек, Владивосток, Сеул қалаларында өткен халықар. турнирлердің жеңімпазы. ## Сілтемелер * Чемпион * Күрес * Бейбіт Назаров * Джиу-джитсу ## Дереккөздер
Тілеухан Серікбайұлы Намазбаев (10.9.1948 жылы туған,Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (2006). ## Өмірбаяны Қазақ политехникалық институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. 1977–2005 жылдары Қазақстан Ғылым Акакдемиясының химия-металлургия институтында қызметкер, «Қазақстан қара металлургия автоматика» АҚ-да бригада жетекшісі, лаборатория меңгерушісі, бөлім бастығы, директордың орынбасары болды. 2005 жылдан директоры қызметін атқарады. 2005 жылы «Новые методы контроля и управления технологическими процессами в металлургии» тақырыбында докторантуралық диссертация қорғады. ## Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері металлургиядағы технология процестерді басқару мен бақылаудың жаңа әдістерін табу мәселелеріне арналған. 100-ден астам ғылыми еңбек пен 40-тан астам өнертабыстың авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (2005). ## Дереккөздер ## Сілтемелер * 2005 жылғы лауреаттар(қолжетпейтін сілтеме) * Баспахана * Ғылым * Техника * Қазақстан