text
stringlengths
3
252k
Баймырза — Ақмола облысының Біржан сал ауданындағы ауыл, Баймырза ауылдық округі орталығы. Іргесі 1932 жылы қаланған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Степняк қаласының оңтүстігінде 65 км жерде, селеулі шөпті дала белдемінде орналасқан. ## Халқы Ауылда фермер шаруашылықтары, акционерлік қоғам жұмыс істейді. Баймырзада машина-трактор жөндеу шеберханасы, мектеп, аурухана бар. Тұрғындары аудан орталығымен және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Баймұхамедов Мұхамеджан (1811 — 19.4.1896) — Ресей армиясының генерал-майоры (1869), Әбілқайыр ханның шөбересі, генерал-майор Айшуақов Баймұхамедтің баласы, Ресейдің отарлау саясатын қолдаушы. Әкесінің жолын қуып, жергілікті әкімшілік қызметте болған. Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті басуға араласып, хорунжий атағын алған (1839). 1841 жылы 28 ақпанда Кіші жүздің батыс бөлігіндегі 8-дуан басшысы болып тағайындалған. Қазақ даласында Ресей отаршылдығы тәртібінің орнығуына ат салысып, түтін салығын жинаумен, қолға түскен орыс тұтқындар мен қашқындарды босатумен, орыс көпестерінің, керуендерін күзету ісін ұйымдастырумен, т.б. шаруалармен шұғылданған. Маңғыстаудағы Ново-Петровск бекінісінің салынуына көмектескені үшін 1846 жылы 14 қарашада старшина атағына ие болған. 1846—1947 жылдары Кіші жүз қазақтары өкілдерінің қатарында Санкт-Петербургте император Николай І-нің қабылдауында болды. Сол қалада ұлы князь, болашақ император Александр ІІ-нің ординареці міндетін атқарды. 1853 жылы Орынбор әскери губернаторы В.А. Перовскийдің экспедициялық корпусы құрамында Ақмешітті алуға қатысқаны үшін подполковник шенін алды. Перовскийдің ұсынысымен, 1855 жылы 15 қарашада Кіші жүздің орталық бөлігіне аға сұлтан болып тағайындалды. 1855 — 1956 жылдары Есет Көтібарұлы қозғалысын басуға, орыс әскерлерінің 1865 жылы Ташкентті, 1873 жылы Хиуаны жаулап алу жорықтарына қатысты. Орск —Ырғыз—Қазалы—Перовск почта желісін салғызды, далалық мектептер аштырды. Патша үкіметіне сіңірген еңбегі үшін І-дәрежелі Станислав, І-және ІІІ-дәрежелі Анна ордендерімен, 1853—1956 жылы Қырым соғысы құрметіне арналған қола медальмен марапатталды. Санкт-Петербург пен Мәскеуде бірнеше рет болған. Далалық өлкеден Александр ІІІ мен Николай ІІ-нің императорлық таққа отыру рәсімдеріне шақырылған. ## Дереккөздер
Исабеков Шамсат (22.3.1955 жылы туған, Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласы) – қайраткер. Жамбыл гидромелиоривтік-құрылыс институтын (1977) «Әділет» жоғары заң мектебін бітірген. 1977 – 1982 жылы әр түрлі құрылыс ұйымдарында инженер, 1982 жылы автоколоннада бөлім бастығы, директордың орынбасары болды. 80-жылдардың соңынан кәсіпкерлікпен айналысты. 1998 жылдан Республика таэквондо федерациясының президенті, Ұлттық Олимпиада к-тінің мүшесі. Исабеков 2000 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. ## Дереккөздер ## Сыртқы Сілтемелер * ИСАБЕКОВ Шамсат Жаксылыкович(қолжетпейтін сілтеме) * Адрес дома * Атырауская школа таеквондо – лучшая в стране(қолжетпейтін сілтеме) * Рейтинг влиятельнейших людей в Жамбылской области Мұрағатталған 9 наурыздың 2016 жылы. * Биография
Оразымбет Дүйсембаев (1894, Түркістан ауданы Сауран ауылы – 1959, сонда) – Социалистік Еңбек Ері (23.7.1948). 1929 – 1942 ж. ұжымшарда жұмысшы, 1953 – 1955 ж. Сауран ауылдық кеңесінің төрағасы болды. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
Байпақ - биязы, жұмсақ жүннен тоқылып немесе киізден басылып жасалатын, етіктің ішінен киетін, жылу сақтайтын аяқкиім. Саптама етіктің ішінен киілетін ақ киізден жасалған байпақ қыстың суық, боранды күндерінде алыс жолға шыққанда киіледі. Қыста киетін байпақтың киізі қалың жазда киетін байпақтың киізі жұқа болады. ## Жасалу тәсілі Байпақ тігудің екі тәсілі бар: табанын бөлек салып ұлтарып тігу, тұтастай қусырып тігу. Жүннен тоқылатын байпақтардың қонышы қысқа болады. Аяққа батпас үшін тігісі сыртынан түседі. Ел арасында байпақтың іш байпақ, сырма байпақ, мәсі байпақ, байпақ етік, киіз байпақ, шәркелі байпақ сияқты түрлері мен атаулары кездеседі. Мәселен, киіз байпақ - киізден жасалған, етік ішінен киілетін байпақ; шәркелі байпақ - ішінен байпақ киілетін көннен тігілген шәркей; байпақ етік - жүннен басылған аяқкиім, пима т.б. ## Байпақ басу Байпақ басудың өзіндік тәсілі болған. Ол үшін майдалап түткен жүн сиректеле шиге жайылып, үстінен ыстық су құйып, жүннің қопсуын басады да, жалаңаш білекпен ысқылап пісіреді. Бұған нағыз шеберлік керек. Нобаймен ысқыланса, кеуегі бітеліп, жүн жабысып қалады. Сондықтан әр қимыл мұқият жасалып, жасау әдісінен ауытқымау керек. Байпақ басу ісі дамып жетіліп, пима басу кәсіпшілігіне ұласқан. Балаларға аяғына шақтап, кішкене етіп, тысы мен ішкілігін матадан салып, жүн, түбіт, жабағы, мақта тәрізділермен жылылап қауып, сырып тігеді. ## Дереккөздер
Төрт сыныпты қалалық училище, 1875 жылы Ресей өкіметінің оқу саласында жүргізген реформасына сәйкес шет аймақтарда – Еділ бойы мен Орал, Сібір мен Қазақстан далаларында ашылды. ## Сипаттама Оның бірінші басқышы 4 сыныптық бастауыш білім беруге арналды. Алғашқы екі жылы дайындық сыныбы аталынды, 3 – 4-сыныптарда бастауыш білім берілді. Училищенің екінші басқышында оқушылар 4 жыл оқып, орта білім алып шығатын болды. Онда орыс тілі, арифметика, география, ислам сабағы, шығыс тілдері (парсы, шағатай, кейін татар) жүргізілді. Мұнымен қоса медициналық алғашқы білім – шешекке қарсы егу үйретілген. Мұғалімдер негізінен орыс тілді адамдар болып, діни сабақтан басқасы орысша өтті. 1884 жылдан училищелер аралас тілді болды. Оқушылар орыс тілімен қоса татар және қазақ тілін де оқыды. 1912 жылдан училище Төрт сыныптық жоғары бастауыш училищесі деп аталып, ол 1917 жылға дейін қызмет етті. ## Ережесі Училищенің ережесі бойынша 1-класта орыс және татар (немесе қазақ) әліппесі екі тілде оқытылды. 2-жылда ислам діні – иман-шарт, әптиек оқытылды. Арифметикадан санауды үйретті. 2-сыныпта – 1-жылы ислам дінінің шарттары, орыс және татар (немесе татар) грамматикасы, екі тілде таза жазуға үйретілді. 2-жылы Құран сүрелерін түсіндіру, тексті жеңіл түрде аудартып үйрету, төрт амалды есептер шығаруға машықтандырылды. 3-сыныпта мыңға дейінгі сандар мен төрт амалды есеп шығару, заң істері үйретілді. 4-сыныпта оқушылар екі тілде шығарма жазуға, іс қағаздарын жүргізуге үйренді, сондай-ақ шариғат заңдарынан бастауыш білім берілді. ## Сілтеме
Нүшбелер, Нушубилер – Батыс түрік қағанатының оң қанаты (оң шадыпыт) құрамындағы бес тайпаның ортақ атауы. Жетісуды Орталық еткен Батыс түрік қағанатының негізін құраған бұқара – “он оқ халқы”. нүшбелер және бес тайпалы дулат (дұғлу) болып екі бөлікке бөлінеді. Иелік шекарасы Шу өзенінен батысқа қарай созылған байтақ өңірді мекендеді. Қытай деректері бойынша нүшбелер құрамына азғыр (әскіл), қасо, барысқан (барсаған) секілді тайпалар кірген.
Клара Төлендіқызы Әліпова (3.6.1937 жылы туған, Алматы) – ұстаз, еңбек ардагері. Шымкент мемлекеттік институтын бітірген (1959). 1959 – 1969 жылдары Шымкент қаласында орта мектеп мұғалімі. 1969 – 1973 жылдары Шымкент облыстық партия комитетінің партиялық ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы. 1973 – 1986 жылдары Дзержинский ауданының партия комитетінің бірінші хатшысы, Шымкент партия комитетінің екінші хатшысы. Облыстық партия комитетінің хатшысы. 1986 – 2001 жылдары Экономика колледж директоры. 2001 жылдан «Сымбат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Облыстық, қалалық, аудандық халық депутаттары Кеңесінің депутаты, Шымкент мәслихатының депутаты, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшесі, облыс әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу кеңесінің мүшесі, облыстық әкімшіліктен тыс ұйымдар қауымдастығының төрайымы, «Кемел» әйелдер клубы басқармасының төрайымы. Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығының иегері, Шымкент қ-ның құрметті азаматы. ## Сілтеме
Равиль Шәріпұлы Ходжаев (11 қыркүйек 1937 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы) – экономока ғылымдарының докторы (1982), профессор (1983). ## Өмірбаяны * Қарағанды политехникалық институтын (1964, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген. * Қарағанды көмір институтында сектор меңгерушісі (1970–1976) * Қарағанды политехникалық институтында кафедра меңгерушісі (1976–1987) қызметтерін атқарды. ## Ғылыми еңбектері * «Экологические проблемы повышения эффективности разработки угольных месторождений со сложными горногеологическими условиями» тақырыбында докторлық диссетация қорғады. * Ғылыми еңбектері кен өндіретін кәсіпорындарда басқару мен жоспарлауды жетілдіру үшін табиғи факторларды болжау және есепке алу мәселелеріне арналған. ## Дереккөздер
Көпеттау (түркі. көп тау, парсы: کپه‌داغ‎, түрікм. Köpetdag) – Иран мен Түрікменстан жеріндегі тау жүйесі; Түрікмен-Қорасан тауларының бір бөлігі. Көп жері Иранға қарайды, солтүстік шеті Түрікменстан аумағында жатыр. Шығыс, оңтүстік-шығыстан батыс, солтүстік-батысқа қарай 650 км-ге созылған. Ені 40 – 200 км. Көпеттау альпілік тау түзілісінде пайда болған орташа биік жоталар жүйесінен тұрады. Орташа биікт. 1000 – 2000 м, ең биік жері 3117 м (Хезармесджед тауы). Тектоникалық белсенді аймақ, аса күшті жерсілкінулер жиі қайталанады. Климаты құрғақ субтропиктік. Жазы құрғақ, әрі ыстық. Тау етегінде шілденің орташа температурасы 30 С, қаңтарда 1 С. Таудың жоғары бөлігінде шілдеде температура 18 С, қаңтарда –4 С-қа дейін төмендейді. Жылдық жауын-шашын мөлшері төңірегіндегі шөлдерден аз-ақ артық (200 – 350 мм). Жер беті суға тапшы, өзендері жазда тартылып қалады. Тау алды жазықтары мен тау етегі – жусанды-эфемерлі шөл. Таудың төменгі белдеуі – қияқ, қоңырбас өскен шөлейт, 500 – 1000 м биіктікте астық тұқымдас шөптер өскен субтропиктік дала табиғаты қалыптасқан. Таудың ең жоғарғы бөлігі селеулі-бетегелі дала, 2200 м-ден жоғарыдағы тау даласында тау шалғыны өскен. Ылғалды аңғарларда арша мен пісте ағашынан тұратын селдір орман кездеседі. Сынап, күшала (мышьяк), барит кен орындары, көптеген ыстық бұлақ көздері бар. Түрікменстанға қараған беткейінде қорықтар ұйымдастырылған. ## Дереккөздер * Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том
Жеті қат көк — қазақ халқының көне заманнан келе жатқан мифологиялық түсініктерінің бірі. Айқын мифтік мәнге ие бола тұра бүгінгі қазақ тілінде “шырқау биік, шексіз аспан” дегенді білдіретін жай ғана астарлы, орнықты сөз тіркесі ретінде сақталып қалған. “Жеті қат көк” ұғымының үш мағыналық сипаты бар. Біріншісі, мұсылмандық мифологиясында аспанның жеті қабатты болып түсіндірілетіндігі. Алла тағала аспанды жеті қабаттан тұратын етіп жаратқан, бұл туралы Құран Кәрімде: “Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме?” (72-сүре, 14-аят), Алла тағала аспанға “айды нұр, күнді шам қылды” (72-сүре, 15-аят) деп айтылады. Мұсылмандық түсінік бойынша, Алла тағаланың тағы жетінші аспанның үстіне орналасса, жетінші аспанның өзінде жұмақ — джанна, бірінші аспаннан төменірек тозақ — жаҝаннам орналасқан делінеді. Аспанның басқа қабаттарында нұрдан жаралған, Алла тағаланың еркін адам баласына жеткізуші мәлеиктер мен періштелер тұрады. Өзінің қасарысқан сенбейтіндігімен аты қалған Нимруд патша туралы мұсылмандық аңызда бірінші аспанға жету үшін де, оны келесі қабатқа дейін кесіп өту үшін де бес жүз жыл керек екендігі айтылады. Екінші, кітаби түсіндірме бойынша “Жеті қат көк” дегеніміз — жалпы мұсылмандық астрономиялық танымдағы белгілі жеті жұлдызға байланысты атау. Олар — Ай, Меркурий (Ғұтрад), Шолпан (Зуҝра), Күн, Марс (Миррих немесе Қызыл жұлдыз), Юпитер (Мүштари), Сатурн (Зұхал). Үшінші мағынасы ежелгі түркілік мифологиясында түсінікке негізделеді, бірақ ол кейінгі мұсылмандық ұғымдардың астарында қалып қоюына байланысты, толықтай ұмытылып кеткен. Ол түсініктердің қандай сипатта болғандығын басқа мифтік дәстүрлердегі, ең алдымен түркі, моңғол мифологиясындағы аспан қабаттары туралы аңыздарға қарап аңдауға болады. Аспан әлемін үш, жеті, тоғыз қабатты етіп көрсету жер бетіндегі халықтардың басым көпшілігінің мифологиялық дәстүріне тән. Аспан қабаттарын жетіден де көп деп түсіну мысалдары да жеткілікті, мәселен, үнділік джайн мифологиясында аспан қабатының саны 63 болса, ламашылдықты қабылдағаннан кейінгі моңғол халықтарының түсінігінде аспан 99 қабатты болып та кейіптеле бастаған. Ал Орталық Америкадағы науа, майя, ацтек мифологиясында көк 13 қабатты болып, оның әр қабаты әлдебір құбылыстың, не тәңір-иенің тұрағы ретінде бейнеленеді. Көне түркі және моңғол мифологиясында аспан күмбез немесе төңкерілген қазан түрінде, оның жиектері жер бетіне тақалып тұрады делінеді. Аспанның тесігі болады, ол тығынмен бітеліп тұрады деп ұғынылып, оны Темірқазық деп атайды. Аспан тесігі — Темірқазық арқылы аспанның барлық қабаттарына өтуге болады. Алтайлықтар мен тывалықтардың мифінде аспан қабаттары жетіден 16 — 18 қабатқа дейін, саха мифінде — тоғыз қабатқа дейін жеткізіледі. Аспанның ең жоғарғы қабатында бас тәңір-ие “Юрюнг-айы-тойон” өзінің бала-шағасымен бірге өмір сүреді, төменгі қабаттар да әр түрлі мифтік кейіпкерлердің “айылар мен абасылардың” мекені ретінде көрсетіледі. Түркі, моңғол мифологиясын зерделей келе, қазақ халқы мұсылмандықты білмей тұрған дәуірде де аспан туралы осыларға ұқсас түсініктерге ие болғандығын аңғаруға болады. ## Дереккөздер: Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Байрон мүйісі — Аустралия құрлығының ең шығыс шеті. Ол 28Ә38' оңтүстік ендік пен 153Ә39' шығыс бойлықта Тынық мұхитпен шектесіп жатыр. ## Дереккөздер
Исақ Әлмұхан Әбдірахманұлы (10.4.1940 жылы туған, Меркі ауданы, Сұрат ауылы) – қоғам қайраткері. Қазақ ұлттық университінің филология факультетін (1964), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1964 – 1966 жылы Гранитогорск мектеп-интернатында мұғалім, 1966 – 1980 жылы Меркі ауданы партия к-тінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, аудандық атқару к-ті төрағасының орынбасары, партия к-тінің 2-хатшысы, 1980 – 1985 жылы Красногор ауданы партия к-тінің 1-хатшысы, 1985 – 1986 жылы Луговой (қазіргі Тұрар Рысқұлов) ауданы партия к-тінің 1-хатшысы, 1986 – 1991 жылы Жамбыл облысы партия к-тінің 2-хатшысы, 1991 – 1992 жылы Қазақстан Социалистік партиясының облыстық атқару к-тінің хатшысы, облыстық халық депутаттары Кеңесінің төрағасы, 1994 – 1996 жылы облыс әкімшілігі бастығының 1-орынбасары, 1996 – 1998 жылы облыстық лицензиялау және мемлекеттік сауда инспекциясы Орталығының директоры, аймақтық «Мейірім» қорының атқарушы директоры, 1998 жылдан облыстық телерадио компаниясының төрағасы. Бірнеше медальдармен марапатталған. ## Пайдаланған Энциклопедиясы ## Сыртқы сілтемелер * МАҚСАТПЕН ӨРІЛГЕН ПАРЫЗ(қолжетпейтін сілтеме)
Биекенов Кеңес Үмбетжанұлы (29 қыркүйек 1933 жылы, Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында туған) – социология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы әлеуметтанушылары академиясының академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің социология кафедрасының профессоры, Қазақстан әлеуметтанушылары Ассоциациясының вице-президенті, әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің тарих факультетін және КОКП Орталық Комитетінің жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. Биекенов қазақстандық әлеуметтану мектебінің қалыптасуына зор үлес қосқан ғалым. 1968 жылы ол "Жұмысшылардың саяси санасын қалыптастырудағы өндірістік коллективтің рөлі" атты тақырыпта кандидаттық диссертация, кейін "Басшының саяси мәдениетін методологиялық және әлеуметтанулық талдау" атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 1973 — 1978 жылы Ақтөбе медицина институтының философия кафедрасының меңгерушісі, 1978 жылдан Алматы жоғары партия мектебінің доценті, философия кафедрасының меңгерушісінің орынбасары, Алматы саясаттану және басқару институтының әлеуметтану және әлеуметтік психология кафедрасының меңгерушісі, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтында социология және философия кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, 1993 — 2005 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетінің социология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Биекенов саяси әлеуметтану, әлеуметтік институттардың әрекет етуі, қазіргі қоғамдағы әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік процестерді зерттеумен айналысады. Биекенов сонымен қатар әлеуметтік саясатты мемлекеттің қызметі тұрғысынан зерттеуде. Әлеуметтік саланың даму критерийлерін зерттеу және әр-түрлі әлеуметтік топтарды әлеуметтік қорғаудың даму бағыттарын зерттеу де ғалымның зерттейтін мәселелерінің қатарына жатады. ## Шығармалары Биекеновтің 200-ден астам еңбектері, 6 монографиясы, 8 оқулық және оқу құралдары жарық көрген. Солардың ішінде: * "Қазақстан әлеуметтануының институтционалдануы" (2006), * "Қазақстан тіл әлеуметтануының ғылыми статусы" (2007). * Социология. Оқулық. Алматы, 2002. ( Н.А. Аитовпен бірге). * "Тіл әлеуметтенуі және әлеуметтік іс-әрекетті қалыптастыру" оқу-әдістемелік құрал, 2007 ж. * Экономикалық социология. Алматы, 2002. (М.С. Әженов, т.б бірге). * Социология негіздері. Бішкек, 2002. * Қазақстаннан орыс тілді тұрғындардың Ресейге миграциясы. РҒА-ның халық шаруашылығы институтының Бюллетені. Ноябрь, 1999 жыл. * Қоғамдық пікір социологиясы (З.Ж. Жаназаровамен, Ж.А. Нұрбековамен бірге). Алматы, 2001. * Әлеуметтану. Сөздік. Алматы, 2004. (Қазақ университеті) * Әлеуметтану. Алматы, 2005. (Авторлар үжымы) * "Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі", А., 2007 (сөздік). Биекенов 19 ғылыми жобаларға, соның ішінде 13 халықаралық жобаларға қатысты. Ғалымның басшылығымен 5 ғылым докторы мен 17 ғылым кандидаты дайындалды. "Мәдени мұра" бағдарламасының "Әлеуметтану" секциясының жетекшісі ретінде "Әлем әлеуметтануының антологиясы" атты кітаптарының 10 томын құрастырып "Қазақстан" баспасынан шығарушы. 2004 жылы Түрік әлеуметтанушыларының Конгресіне, 2005 жылы Түркі тілді елдер әлеуметтанушынарының Құрылтайына қатысты. Қазақстан әлеуметтанушыларының 1,2 конгрестерін өткізді, ҚСА-ның Алматыдағы, Түркістандағы, Өскемендегі, Ақтөбедегі мектептерін ұйымдастырушылардың бірі.Сонымен қатар, Биекенов 2006 жылы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" мемлекеттік грантының иегері атанды. ## Сілтемелер 1. Әлеуметтану ғылымының Қазақстанда даму тарихы Мұрағатталған 15 желтоқсанның 2010 жылы. 2. Жұмыс орнындағы Биекенов Мұрағатталған 6 қазанның 2011 жылы. ## Дереккөздер
Байсейіт Құлманбетұлы (1860, Жамбыл облысы Мерке ауданы Сұрат ауылы — 1935, сонда) — би, шешен. Байсейіт би — жер, жесір дауын, екі рулы ел арасындағы түйіні қиын мәселелерді әділ шешкен ел ардақтысы. 1896 жылы Шу өңіріндегі ысты руы қазақтарының жерін иеленбек болған Талас қырғыздарымен арадағы жер дауына төрелік айтып, дауды бітімгершілікпен шешкен. Халық арасында есімі құрметтеліп “Би ата”, “Бәже” атанған. Денесі өзі туған ауылдың тау беткейінде жерленген. ## Дереккөздер
Исақ Мазары – 19 ғасыр соңы мен 20 ғасыр басында салынған сәулет ескерткіші Мойынқұм ауданы, Құмөзек ауданан солтүстік-шығысқа қарай 65 км жерде, Жамбыл тауының солтүстігінде орналасқан. Мазар құлау жағдайында. Кейбір қабырғаларының іргесінің төмен жағы бұзылған, сыртқы көркі көмескіленген. Шаршылы орталық камерасы биік күмбезге жалғанған. Үшкіл басты күмбезі бүлінген. Оған сайлы ойықтармен жалғасатын үш кіші күмбез түйіседі. Орталық, шағын бөлмелер үстіндегі кіші күмбездер кірпішті шығара қалау әдісімен өрілген. Шаршылы камерада кірпіштен қаланған мола мен минералды көк түсті бояулармен боялған оюлар бар. Исақ мазары жергілікті материалдың сәулет өнерінің шикі кірпіштен салынған көп камералы жарқын үлгілердің бірі болып табылады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер
“Жошы-Алаша Хан” – дастан. Еш жерде жарияланбаған. Авторы – бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданында тұрған әрі ақын, әрі әнші Уәйіс Мейірманұлы. Шығарманы семейлік Әміре Сыпанұлы деген кісі жинап, Орталық ғылыми кітапхана қорына тапсырған. Уәйіс ақын Жошы қазасына байланысты оқиғаны өзінше жырлаған: дастанда Алаша ханның баласы Жошының аң аулауға шығып қаза табуы, бұл қазаны Тыма деген күйшінің естіртіп, ханның домбыраны сындыруы, қайғыдан бас көтермеген ханның елден безіп, оны Тыма күйшінің қайта оралуға көндіруі, содан кейін Алаша ханның қалың құланды қыруы жөніндегі оқиғалар баяндалады. Жырдың оқиға желісі тартымды. Дастан 11 буынды қара өлеңмен жазылған. ## Сілтеме
Людмила Шарафеддинқызы Хожамұратова (1941 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы) – медицина ғылымдарының докторы (1989), профессор (1990). ## Өмірбаяны * Алматы мемлекеттік медицина институтын (1964, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. * Ана мен баланы қорғау ғылыми-зерттеу институтында дәрігер, кіші ғылыми қызметкер (1964–1971) * КСРО денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында ассистент, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1971–1990) болды. * 1990 жылдан Қазақ ұлттық медицина университеті жанындағы Дәрігерлер білімін жетілдіру институтында профессор, кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. ## Ғылыми еңбектері * 1988 жылы «Клинико-метаболические особенности пневмонии с токсическим синдромом у детей раннего возраста» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. * 120-дан астам ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер
ИМАШЕВ Ғизатолла Имашұлы (25.6.1952 жылы туған, бұрынғы Гурьев, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданы Чапаев ауылы ) – педогокикалық ғылыми докторы (2009), профессор (1998). Гурьев педогокикалық институтының физикалық-математикалық факултетін бітірген (1973). Гурьев педогокикалық институтында (қазіргі Атырау мемлекеттік университетті) стажер-ізденуші, оқытушы (1977–80), Украина педогокикалық ғылымдары академиясында аспирант (1989), Атырау мемлекеттік университеттінде аға оқытушы (1989–90), доцент (1990–93), кафедра меңгерушісі (1993–95), декан (1995–2000), 1-проректоры (2000–08) болды. 2009 жылдан ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметтерін атқарады. ИМАШЕВ Ғизатолла Имашұлы 87 ғылыми жарияланымның, 2 монографияның авторы. ## Дереккөздер
“ТӨРТ ДӘРУІШ” – қазақ арасына кең тараған дастан. Дәруіш сөзі парсы тілінде жарлы, қайыршы, кезбе деген мағынаны білдіреді. ## Сипаттама Арабтың “Мың бір түн”, парсының “ШаҺнама”, үндінің “Калила мен Димна” және “Төрт дәруіш” сынды ертегі, аңыз, қисса-хикаяттары халық арасына кең тарап, қазақ ауыз әдебиетінің шығыстық сарындағы төл шығармаларына айналған. Шығармада төрт дәруіш бір жерде кездесіп, бастарынан кешкен қилы-қилы оқиғаларын кеңінен баяндайды. Әлемдік әдебиетте “Төрт дәруіштің” қара сөз, хикая және жыр-дастан түрінде кездесетін 20-ға жуық нұсқасы бар. Оның ертегі-аңыз түріндегі алғашқы нұсқасын Ж.Шайхысыламұлы Қазан баспасынан шығарған. “Төрт дәруіштің” 1936 ж. жазылып алынған ертегі түріндегі нұсқасы “Қазақ ертегілері” (1962) жинағының 2-томына енген. ҚР Ұлттық ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасы мен Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақталған “Төрт дәруіштің” көлемді үш нұсқасына ғылыми сипаттама жазылған (“Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы”, 2003, 7-том), оның ішінде Сәрсенбек Түсіпұлы жырлаған дастанның тілі жатық, мазмұны толық әрі көркем, басқа үлгілермен салыстырғанда көлемі үлкен. ## Сілтеме
Иманғалиев Әсер (5.5.1929 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы) – техникалық ғылыми докторы (1994), профессор, Қазақстан Республикасы Минералдық қорлар академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы (1991). Новочеркасск политенхникалық институтын (1957) бітіргеннен кейін Жезқазған кен-металлургия комбинатында тау-кен инженер, «Қазақмыс» корпорациясының «Жезқазғантүстіметалл» ғылыми-зертеулік және жобалау институтында директордың орынбасары, лаборатория меңгерушісі (1971–1997) болып жұмыс істеді. 1998 жылдан «Қазақмыс» корпорациясы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. Иманғалиев Әсер 300-ге жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы, 50-ден астам авторлық куәлігі бар. «Құрмет Белгісі» орденімен (1974) және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Нүркен — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Нүркен ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 37 км жерде, Жәмші өзенінің сол жағасында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1973 жылы құрылған асыл тұқымды қой өсіретін “Жәмші” кеңшарының орталығы болып келді. Кеңшар негізінде 1997 жылы Нүркенде шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
ИМАНДОСОВА Маргарита Болатқызы (16.1.1963 жылы туған, бұрынғы Талдықорған, қазіргі Алматы облысы) – техникалық ғылыми докторы (2004), профессор (2007), Құрметті теміржолшы (2006), халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі (2008). Алматы темір жол көлік инженерлері институтын (1985, қазіргі Қазақ көлік және коммуникация академиясы) бітірген. «Алматыгипротранс» жобалау-іздестіру институтында инженер, жетекші инженер (1985–94), Алматы темір жол көлік инженерлері институтында ассистент, аға оқытушы, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі, декан, Қазақ көлік және коммуникация академиясы Ақтау бөлімшесінің директоры, оқу-әдістемелік басқармасының бастығы (1994–2009), 2009 жылдан проректоры қызметтерін атқарады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – Қазақстан темір жолдарында пайдаланылатын құрама және желімболтты түйіспелердің көрсеткіштерін анықтау және олардың атқаратын жұмыстарын бағалау мәселелері. ИМАНДОСОВА Маргарита Болатқызы 100-ге жуық ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монография мен 2 патенттің авторы. ## Дереккөздер
Бидайбеков Есен Ықласұлы (орыс. Бидайбеков Есен Ыкласович; 1945 жылы 2 қазанда КСРО, ҚазКСР, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Аққұм ауылында дүниеге келген ) - математика және информатика саласындағы кеңестік және қазақстандық ғалым, физика-математика ғылымдарының 1975 кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы 1998, Ресей білім беруді ақпараттандыру академиясының академигі (1996), математика профессоры 2002, Қазақстан Республикасы халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі 2011. ## Өмірбаяны 1945 жылы 2 қазанда КСРО, ҚазКСР, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Аққұм ауылында дүниеге келген. Ысты руынан шыққан. 1961 жылы Қаратау мектеп-интернатын үздік медальмен бітірді ( Қаратау, Жамбыл облысы). 1967 жылы ҚазМУ-ді бітіріп, 1970 жылға дейін Есептеу математикасы кафедрасының зертханасында математик-бағдарламашы болып жұмыс істеді. 1970 жылы аспирантураға түсіп, КСРО ҒА корреспондент мүшесі, профессор М.М.Лаврентьев тің жетекшілігіне КСРО Ғылым академиясы Сібір филиалының компьютерлік орталығына жіберілді. 1975 жылы «Гиперболалық типтегі кейбір квазисызықты теңдеулер үшін кері есептер шешімінің бірегейлігі туралы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын РҒА корреспондент мүшесі В.Г.Романовтың жетекшілігімен қорғады. 1973-1984 жылдары ҚазМУ-де аға ғылыми қызметкер, Механика және қолданбалы математика кафедрасында аға оқытушы, доцент болып жұмыс істеді. 1984-1987 жж. Абай атындағы ҚазПИ-дың Есептеу математикасы және дифференциалдық теңдеулер кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1987-1993 жж. Абай атындағы ҚазМПУ, Информатика және есептеу техникасы кафедрасының меңгерушісі, 1993-2010 жж. Информатика және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі. 1985-1987 жылдары Қазақстан Республикасындағы «Информатика және есептеу техникасы негіздері» мектеп курсының мазмұны мен оқыту әдістемесін қалыптастыруға қатысты. 1994 жылы оқытушы-профессорлар құрамының республикалық көрме-жәрмеңкесінде «Тілдік орта» атты электронды құралы(бірлескен авторы В.В.Гриншкун) 1 дәрежелі дипломмен марапатталды және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде қолдануға ұсынылды. 1994 жылы РБА профессоры М.П. Лапчиктің «Методика обучения информатике» («Информатиканы оқыту әдістемесі») оқулығының ғылыми редакторы. 1996 жылы Ресей білім беруді ақпараттандыру академиясының (РАИО) толық мүшесі болып сайланды. 1998 жылы «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында информатика бейіндерімен біріктірілген мамандарға информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады (2004 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Аттестаттау Комиссиясында қайта сертификатталды). 2010-2014 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ, PhD докторантура және магистратура институтының, Информатика, математика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі, Ал 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін осы университеттің Информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі. 2015 жылдан бастап оның жетекшілігімен ғалымдар тобы «Әл-Фарабидің математикалық мұралары замануи білім беру жағдайында» тақырыбында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын ғылыми жоба аясында әл-Фарабидің мұрасын оқыту әдістемесін әзірлеп, енгізе бастады. Ғылыми-педагогикалық қызметі академик Ө.М. Сұлтанғазин (ҚР ҰҒА), академик Ш.С. Смағұлов (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), академик М.О. Өтелбаев, РҒА корреспондент-мүшесі, профессор С.И. Кабанихин, АИО академигі, SOMASH Жоғары мектебінің корреспондент-мүшесі, профессор Н.И. Пак, профессорлар Н.Т. Темірғалиев, А.Ш. Шәріпбаев, т.б. белгілі ғалымдар және оқытушылармен тығыз байланыста жүзеге асырылуда. ## Отбасы Әйелі: Бидайбекова Татьяна Николаевна. Балалары: ұлы - Данияр, қыздары - Шолпан, Аникүл. Немерелері: Әлем, Өрен, Амина, Нина. ## Марапаттары Социалистік жарыстың жеңімпазы (1970-1980). «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған (1995). ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1998). Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 11 жылдығына орай Абай атындағы АлМУ-дің Құрмет грамотасымен марапатталған(2002). Ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері (2004)» төсбелгісімен марапатталды. Қазақстан Республикасы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына ие болды (2007, 2012 жж.) «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды (2008). Абай атындағы ҚазҰПУ-дің 80 жылдығына орай Құрметті дипломмен марапатталды (2008). Заманауи білім беру стандарттарының талаптарына жауап беретін жаңа буын оқулықтарын жазудағы жемісті жұмысы үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қауымдастығының А.Байтұрсынов медалімен марапатталды (2012). Еуропалық ғылыми-өндірістік палатасының Информатика мен білімге қосқан зор үлесі үшін медалімен марапатталды (2013 ж.). «Интеллектуалдық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Қазақстан-2050 стратегиясы аясында үшінші өнеркәсіптік революцияны жүзеге асыру құралдары» атты І халықаралық ғылыми конференциясына белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды (2013). IX Дүниежүзілік Исаак конгресіне белсенді қатысқаны үшін төсбелгісімен марапатталды (Краков, Польша, 2013). Gold medal for exceptional «Achievements» (Brussels, Belgium, 2013 г.). Абай атындағы ҚазҰПУ-дің «Айрықша еңбегі үшін» медалімен марапатталды (2013). Жоғары оқу орындарына арналған оқулық жазудағы жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасы ЖОО қауымдастығының А.Байтұрсынов медалімен марапатталды (2014). ## Ғылыми еңбектері 600-ден астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 60-тан астам монографиялар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Оның жетекшілігімен 12 докторлық диссертация, 4 PhD және 31 кандидаттық диссертация (оның ішінде 4-і математикалық мамандықтарда, ал қалғандары 13.00.02 «Оқыту мен тәрбиелеудің теориясы және әдістемесі (информатика)» мамандығы бойынша) қорғалды. ## Дереккөздер 1. Бидайбеков Есен Ықласұлы. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында информатика бейіндерімен біріктірілген мамандарға информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру. п.ғ.д. ... дисс. - М.: Н.К. Крупская атындағы МГПУ, 1998.- б. https://www.dissercat.com/content/razvitie-metodicheskoi-sistemy-obucheniya-informatike-spetsialistov-sovmeshchennykh-s-inform 2. РФ БАА мүшелерінің тізімі. «Білім беруді ақпараттандыру академиясы» аймақаралық қоғамдық ұйымының сайты. Қарым-қатынас күні 11 қыркүйек 2020 жыл. http://acinform.ru/DOWNLOAD/spisok.pdf 3. ҚР ХАА мүшелерінің құрамы. Қазақстанның Халықаралық ақпараттандыру академиясының сайты. Қарым-қатынас күні 11 қыркүйек 2020 жыл. Http://www.academy.kz/chleny-akademii-2/item/22 Мұрағатталған 1 шілденің 2020 жылы. ## Сілтемелер 1.Бидайбеков Есен Ықласұлының жеке профилі https://www.kaznpu.kz/ru/1560/personal/ 2.Бидайбеков Есен Ықласұлының жеке профилі http://academy.kz/chleny-main/blogger/listings/bidaibekov Мұрағатталған 20 қаңтардың 2020 жылы. 3.https://orcid.org/0000-0001-7746-9809 4.https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57190864615 5.https://www.mendeley.com/authors/57190864615/
Жетім — ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Сондай-ақ ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала. Жетімдік – баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоға-лады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық тал-пынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі. ## Жетімдіктің түрлері Әлеуметтік жетім - ата-анасы бар немесе қайтыс болмаған, бірақ ата -ана өз келісімдерімен баладан бас тарту, сондай-ақ ата-ананың түрлі сол қылықтарға бару арқылы олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу. Тұл Жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасының біреуінің қайтыс болуы тұл жетім деп аталады. Қазіргі таңда әлеуметтік жетім тұл жетімге қарағанда 80 пайызды құрап отыр. Қалған пайызы ғана тұл жетімдер. ## Жалпы мәлімет Жетім атауының өзі кезінде соғыс заманында ата-аналары қайтыс болған кезде баланың қараусыз қалып отырған. Міне осындай соғыс, қиын-қыстау, ашаршылық кезеңдерде пайда болған болатын. Оның өзінде Тәуке ханның - Жеті Жарғы, Есім ханның - Ескі жолы сияқты заңдарында жетімдерді бай қауқарлы адамдарға асырап алуға беріп отырған. Х - XX ғасыр аралығындағы «жетім» ұғымының анықтамасы - толық жанұялық тәрбие көрмеген. Оларға тән қасиеттер: агрессия, алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында көкейтесті болып отыр. Бұл жағдайда аталмыш балалар тобы психологтар мен педагогтар, дәрігерлердің зерттеу нысанына айналуда. ## Қоғамдағы орны Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай жетім балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен. Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күн талабы.Балалар үйінде тәрбиеленуші баланың жеке тұлғасының әлеуметтік қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар. Оның іс-әрекеті толығымен тәртіпке салынып қадағаланылады, бұл бала дамуында артта қалушылықты, масыл-дықты, жеке басы еркін ұйымдастырудың төменгі деңгейін туындатады. Сонымен қатар, әлеуметтендіруге байланысты ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде әлеуметтендіру деңгейлері мен факторлары және «әлеумет-тендіру», «бейімдеу» ұғымдары бөліп қарастырылады. Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселесін шетелдік, отандық ғалымдардың зерттеулеріне, тәжірибелерге сүйене отырып, теориялық, практикалық тұрғыда сипаттау қазіргі педагогика іліміндегі мұндай өзекті мәселені шешуге себеп болады. Көптеген теориялық деректерді талдау барысында біздің тарапымыздан қазіргі жағдайда жетім балаларға көмек көрсету жүйесінде жетім балалар тәрбиеленетін мекемелер қызметінің бірнеше жұмыс бағыттары айқындалды. Атап айтар болсақ, әлеуметтік, медициналық, психологиялық, ұйымдастырушылық-тәрбиелеушілік. Мұндағы тәрбиеленушілердің қоғамдық ортаға бейімделуі баланың әлеуметтік статусына сай емес, медициналық тұрғыдан бұл типтегі балалар тұқым қуалаушылық тұрғысынан дертке шалдыққан немесе жүйке жүйкелері тозу арқылы ашушаң, ызақор болып келеді. Мұның барлығы айналып келгенде олардың әлеуметтенуіне кедергі келтіріп, әлеуметтендірудің тиімділігін төмендетеді яғни, балалар шынайы өмірге даярланбайды. Оларды қоғамдық өмірге даярлауда өздерімен қатар бірге алып жүретін адамдардың қажеттігі туындайды. Олар ең алдымен әлеуметтік педагогтар, содан кейін психологтар, жалпы педагогтар.Оларды әлеуметтендіруге қиыншылық тудыратын себептерге тоқталар болсақ, олар әлеуметтік бейімделу деңгейлерінің, әлеуметтік белсенділіктерінің, әлеуметтік құзыреттіктерінің, әлеуметтік құндылықтарының қалыптасуы төмендегідей болып отыр. Оларды әлеуметтендіру әлеуметтік педагогтар тәрбиеші педагог қоғам жүйесі арқылы іске асырылуы тиіс деген тұжырым жасауға болады. Демек, жетім балаларға әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар алып жүру әлеуметтік педагог, психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің жүйесі болып табылады. Бұл жетім балаларды өзімен қатар алып жүру баланың бойындағы жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуіне бағытталған педагогикалық алғы шарттар жасалуы және теориялық тұрғыдан жүйеге келтірілуі, әдістемелік тұрғыдан нақты қарастыру, кезек күттірмейтін мәселе деп айтуға болады. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер шектеулі қарым-қатынастың шеңберіндегі әлеуметтік байланыстардың тұйық жүйесінде өмір сүреді. Отбасының, білім беру жүйесінің әлеуметтендіру әсері барынша кемиді, достарымен, құрдастарымен қарым-қатынас шеңбері тарылады. Қоғам мекемедегі баланы шеттетіп, оны өзінен және де мәдени құндылықтар мен заңдылықтардан алшақтатады. Балаға қоғамнан алшақтату жағдайында әлеуметтік мәдени тәжірибені жеткізу қиындайды, ол ересек болған кезде де орны толмас тапшылық болып қалады. ## Жетімдер туралы теориясы Ата-ана қамқорлығынан айырылған әрбір бала - отбасында тәрбиеленуге тиісті. Себебі: олар міндетті түрде ата-аналарының өмірін қайталап немесе қайталайтын болса болашақта олардың саны екі есе көп болмақ. Демек, біз жетім балаларға ұсынып отырған жобамыздың барысында жаңа мүмкіндіктер сыйлаймыз. Ол Отбасы үлгісіндегі балалар үйі, ондағы шиеленістерді реттейтін және әр балаға жаңа отбасын сыйлайтын делдалдық ұйым. Демек, асырап алғысы келген азаматтарға жағдай жасаймыз.Баланың өзін қоршаған объективті нақтылықта өзін-өзі танытуы үшін тек отбасылық орта ғана мүмкіндік бере алады. Сондықтанда бұл мәселе өте өзекті. Басқа балалар қалай отбасында тұрса, жетім, тастанды балаларымызда отбасы үлгісіндегі үйлерінде тұруы қажет, сонымен қатар өздерінің отбасы махабатын сезіне алмаған жетім балаларымызға сол ыстық отбасы махабатын сезіндіру. Онсыз да тағдырдың тәлкегіне ұшыраған, ата-анасының безбүйрек, қатыкез болғаны үшін, өз отаны бұйыртпаған махаббатты жат елдерден тауып жатқандар да бар. Жат елге барып Қазақстанды қорғау үшін тәрбие алмайды. Қазақстанымыздың атын шығаратын да сөндіретін де осы балаларымыз. Ұлттық рухымызды қалыптастыратын да, ұлттық мүддемізді көтеретін де осы асыл қазыналарымыз.Тәрбиені бала тұлғасының әлеуметтенуінің психологиялық-педагогикалық құрамдас бөлігі ретінде санау тұжырымдамасы (О.С.Гребенюк, А.В.Мудрик, М.И.Рожков); әлеуметтік ортаны баланың тұлғалық қалыптасуындағы өте маңызды детерминант ретінде қабылдауға бағытталған педагогикадағы әлеуметтік-рөлдік тұжырымдама (Н.М.Таланчук, В.П.Созонов); жетім балаларды өмірге бейімдеуде қолданылатын әлеуметтік-психологиялық қолдауды ұйымдастырудың басты психологиялық жағдайларының әдістемелік негіздерінде әзірленген әлеуметтік-психологиялық қолдау мен жәрдем теориясы (Л.И.Аксенова, А.В.Мудрик, Х.Т.Шерьязданова, Ю.Н.Галагузова, Б.А.Расчетина, А.А.Тынышбаева), интегративті тұлғалық құры-лым ретінде көрінетін әлеуметтік-психологиялық жұмысқа ұстаздардың кәсіби жеке дайындығы тұжырымдамасы (Г.Ж.Меңлібекова) мазмұндап отыр. Жұмыс аясында зерттеу мәселелері бойынша психологиялық әдебиеттерді талдау, тұлғалық ба-ғыттаушы сипатты технологиялық үлгіні қолдана отырып, балалар үйіндегі әлеуметтік-психология-лық қолдауды ұйымдастыру жүйесінің тәжірибесін оқып-үйрену, балалар үйінде тәрбиеленушілердің әлеуметтенуін әлеуметтік-психологиялық қолдау бағдарламаларын жобалау, әлеуметтік-психологиялық диагностика (сауалнама, бақылау, тестілеу, әңгімелесу), психологиялық тәжірибелік эксперимент әдістері қолданылды. Отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін сөз еткенде, Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя” повесін мысалға алуға болады Бала Бауыржанның психологиясын, отбасындағы тәрбие алу рәсімдерін осы кітапты талдау барысында көреміз.Баланы өмірге бейімдеуде жетімдер үйінің, тәрбиешілердің да орны бөлек. Олай дейтін себебіміз, бала бір жақта тәрбие алу мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйткені баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: тәрбиешісіне, ата-анаға, бірге жүрген құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты.Отбасы- өмірге адам әкелу, оның қажеттілігін өтеу, өмірге жан-жақты даярлау, яғни әлеуметтендіру, сол сияқты тәрбиенің барлық түріне бағыт берумен айналысатын әлеуметтік институт.Отбасы “дербес мектеп, әлеуметтік институт” деп қарастыратын болсақ, әке-шеше-сол орданың ұстаздары, ал ата-әже-профессорлар іспеттес.Сол сияқты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1959 жылдың 20 қарашасында 1386 (XIY) қарарымен қабылданған “Бала құқықтары Декларациясында”, 1989 жылдың 20 қарашасында қабылданып, 1990 жылдың 2 қыркүйегінде күшіне енген “Бала құқықтары туралы Конвенцияда” бала өмірі мен денсаулығы, білім алуы мен тәрбиесі жан-жақты қаралған.Отбасында ата-ана арқылы берілетін тәрбиенің басты мақсаты- баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу. Сол ияқты отбасы үлгісінде тәрбиеленетін балаларымызды да осылай тәрбиелеу.[2]Осы аталған міндеттерді қазақ отбасында қалай жүзеге асырудың жүйесін жасауда бірізділік болмағанымен, ғалымдарымыз өздерінің зерттеу нысанасы тұрғысында қарастырып келеді. Әрине, қазақ отбасындағы өзіндік ұлттық тәрбиесінің ерекшелігі, ұстанатын қағидалары, сүйенетін тағылымдары бар. Т.Рысқұлов кездерінде отбасы үлгісінде тәрбиелену теория жүзінде пайда болғанымен іске аспады. Кейіннен заңдары да қабылданып бірте-бірте отбасы үлгісіндегі үйлер пайда болып, тастанды, жетім балаларға арналған арнайы үйлер де салынып, іске аса батады. Бұл мәселеге өзіміздің Тұрар Рысқұловтың тигізген үлесі өте зор. Тіпті осы балаларға арналған кереметтей заңдарымыз да бар.Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000 жыл 13 желтоқсандағы № 113-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы. Бұл Заңның негiзгi принциптерi мен мiндеттерi осы Заң адамгершiлiк, әдiлеттiлiк, адамның еркiн дамуы, тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн басымдылықпен қорғау, балалар ауылы және Жасөспiрiмдер үйлерi отбасы мүшелерiнiң өзара көмек және қолдау көрсету принциптерiне негiзделедi. Ата-ана қамқорлығынан айырылған әрбір бала отбасында тәрбиеленуге тиісті. Себебі: олар міндетті түрде ата-аналарының өмірін қайталап немесе қайталайтын болса болашақта олардың саны екі есе көп болмақ. ## Теориялық және тәжірибелік маңызы -ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйі жағдайында қолдау, тәрбиелеу, әлеуметтену үдерістеріндегі өзара байланыстар (ықпалдастыру) арқылы әлеуметтенудің теориялық ау-қымын кеңейту;-іс-әрекет мазмұнына модератор, менеджер, фасилитатор және т.б. қызметтерді енгізе отырып, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы өзара әрекеттің ұғымын байыту;-әлеуметтік-психологиялық қолдау және жәрдемдесу үдеріснің арақатысын қарастыратын тәсілдерді жүйелендіру;-ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйі жағдайында әлеуметтік-психологиялық қолдау үдерісінің өзіндік ерекшеліктерін ұлғайту;-ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың балалар үйі жағдайында әлеуметтенуін әлеумет-тік-психологиялық қолдаудың психологиялық жағдайларын сипаттау және әдістемелік ұсыныстарды ғылыми түрде әзірлеп, оларды сынақтан өткізу;-тәрбиеленіп жатқан мекеменің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды әлеуметтік-психологиялық қолдау бағдарламасын әзірлеу;-ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйі жағдайында инвариантты және бала-малы құрамды қолдаудың ықтималды психологиялық жағдайларын (құрылымы, мазмұны, техноло-гиясы) қарастыру.Балалар үйінде жұмыс іс-тейтін ұстаздардың біліктілігін көтеру жүйесінде, жоғары оқу орындарында әлеуметтік қызметкер, психолог, ұстаздар даярлауда қолдануға болады. ## Статистикалық көрсеткіштері Ресми ақпараттарға сүйенсек Республикамызда 75000 жетім бала ар екен, олардң 660 интернат ұйымдарында тәрбиеленуде, олардың ішінде: жалпы және санаторий түріндегі мектеп-интернаттарда - 37 541 бала, мектеп жанындағы интернаттарда - 15 096 бала, балалар үйлері мен жетім балаларға және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп–интернаттарда - 12 574 бала, кемтар балаларға арналған түзеу мекемелерінде - 12 599 бала, ерекше тәрбиелену жағдайларына мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге, мінез құлқы девиантты балаларға арналған мектеп-интернаттарда - 884 бала, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарында – 281 бала, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерде тәрбиеленуде. Жетім қалған балалардың негізгі бөлігі білім беру және әлеуметтік қорғау органдарының интернат мекемелерінде тәрбиеленуде. Мұндай мекемелерде бала, бірінші кезекте, ата-анасының қамқорлығына зәру, бұл оның табиғи дамуына кері әсер етіп, нәтижесінде ауыр психологиялық салдарларға әкелуі мүмкін.Балалар еркін қоғамдағы жауапты өмірге дайын болуға тиіс. Ал жетім бала балалар үйінен түлек болып шыққаннан кейін күн сайын ересектердің көмегінсіз бастан кешіруіне тура келетін түрлі проблемаларды шешуге қауқары жоқ. Балалар үйлері түлектерінің ішінде олардың қатарластарына қарағанда, қылмысқа қатысушылар немесе қылмыс құрбандары неғұрлым жиі ұшырасады, жұмысынан немесе тұрғын үйінен неғұрлым жиі айрылады, ал өз отбасын әрең құрса, оның нашақорлық немесе маскүнемдік жолға түсуі тіпті оңай, сонымен қатар олардың арасында суицид құрбандары да жиі кездеседі. Бұл олардың жеке-дара өмірге енуінің үлкен қиындықтармен ұштасып, әр уақытта табысты жүрмейтінінің белгісі. ## Интернат үйлерінде көрсетілетін тәрбие түрлері Әлеуметтік-тұрмыстық тәрбие- өзіміздің салт-дәстүрлерімізге тәрбиелеу;Әлеуметтік-педагогикалық тәрбие- олардың бойында шыншылдық, жанашырлық, адамгершілік пен мейірімділік, ұйымдастырушылық қасиеттерге тәрбиелейді. Әлеуметтік-психологиялық тәрбие- ұлттық тәлім-тәрбие берудің нәтижесінде өз ұлтына тән ұлттық қадір-қасиеттерді, ұлттық сана сезімді, мінез-құлықты, түйсік-түсінікті, көңіл-күйді, ұлттық сезімді, эмоциялық шымырқануды, ұлттық мақтанышты, ұлттық талғамды, ұлттық материалдық және рухани құндылықтарды, ұлттық мүдделерді, мақсат-мұраттарды, ұлттық өзіндік шаруашылық жүргізу машық-тарын, іскерлік пен тәжірибені, өнерді меңгерту болып табылады;Әлеуметтік-құқықтық тәрбиелер-білім алу барысында өздерінің құқықтары мен міндеттеріне үйрету. Әлеуметтік-экономикалық тәрбиелер- әр бала өздерінің қаражаттарын тиімді жұмсауға үйрету, демек қаржылық сауаттылыққа үйрету. ## Әлеуметтенуін қолдаудың мақсаттары мен технологиясы Әлеуметтену - баланың тұлғалық дамуындағы табиғи үдеріс, ал қолдау – бұл үдерісті демейтін психологиялық жағдайларды қолдан ұйымдастыру жүйесі Осыған қарамастан, әлеуметтенудің басты негіздері (теңесу, интериоризация, еліктеу, аккомодация, фасилитация, көз жеткізу, конфор-мизм) соңғы дамудың табиғи заңдылықтарына негізделген, ұстаздың қолдау алатын баламен өзара әрекетінің негізгі тетіктері ретінде қарастыруға болады. Қажетті психологиялық жағдай сияқты кешенді қолдаудың теориясы мен тәжірибесін қалыптас-тыруға арналған негізгі жағдай жүйелі – бағыттау тәсілі болады. Мұның астарында, дамуды субъектінің сол немесе басқа да инновацияларды дамытуды таңдауы мен меңгеруі деп түсіну жатыр. Жүйелі бағыттау тәсілінің негізі ретінде, субъекті дамуының ішкі қорында, яғни, субъектінің өз бетінше таңдау жасау және ол үшін жауап беру құқығын иелену басымдылығы алға шығады. Осылайша, жетім балаларға арналған кез келген балалар үйі немесе интернаттың басты міндеті – тәрбиеленушілердің әлеуметтенуі, олардың қазіргі қоғамға сіңісуі, оларға:а) жалпы қоғамдық ықпалдастық пен әлеуметтік-психологиялық жағдаяттардың баланың жеке тұлғасының дамуына әсер ету;ә) бұл үдерістегі істерге баланың өзінің белсене ат салысуы;б) қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесін жетілдіру, оның ішінде интернат түлектеріне қатыс-ты жүйені қайта қарастыру үдерістері жатады. ## Әлеуметтендірудің негізгі «кластерлері» Отбасылық депривация факторлары. Баланың жас шамасына сәйкес ересектермен қарым-қатынасы оның толыққанды психикалық дамуының басты шарты болып табылады. Мұндай қарым-қатынастың негізінде өмірдің алғашқы айларында қалыптасатын жеке байланыстар жүйесі жатыр. Отбасылық әлеуметтену тәжірибесінің болмауы тәрбиелеу мекемелеріндегі өмір жағдайынан туындаған қордаланып қалған қажеттілік фрустрациясымен (психологиялық реакция) байланысты бала-ның тұлғалық және психикалық дамуын тежейді. Отбасылық депривация интернат үлгісіндегі мекемелерде тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдердің әлеуметтенуінің бұзылуының бірден-бір басты себебі болып табылады.Әлеуметтік белсенділіктің төмендеуінің факторында. Балалар үйлерінің өзіндік ерекшеліктеріне, жетім балалардың әлеуметтік қоршаған ортамен еркін және кең қарым-қатынасы шектелген. Соның салдарынан, балалар үйлерінде тәрбиеленушілер әлеуметтік белсенділіктің субъектісі ретінде толық-қанды қалыптаспайды. Олардың ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынастарында сындарлықтың байқалмайтыны, өз ұстанымдарын өзгелердің пікірлерімен ұштастыруға қырсыздықтары тән. Олардың сана-сезімі қарым-қатынас үдерісіндегі көбіне көп қорғаныс қызметін атқарады. Шектеулі қарым-қатынас факторы. Жасөспірім жаста қарым-қатынас қаншалықты әлеуметтік және тұлғалық дамудың тетігі болып табылса, оның бұзылуы да қайта қайталанатын қиындықтарды белгілейтін фактор болып саналады. Оның кемшілігі психикалық дамудағы артта қалушылықпен, сезімдік және еріктік аяда ауытқушылықтармен мазмұндалады.Жетім балалардың өз құрбыларымен қарым-қатынас орнатудың барынша мол мүмкіндігі мазмұнды байланыстарға негіз болмайды. Күнделікті өмірдегі «бәрі барлығымен» амалсыздан тілдесудің байланыстары тең тұрақты қатынастар қалыптастыру мүмкіндігін төмендетеді. Сезімдік-ұнамды, сезімдік-ұнамсыз байланыстар көбіне шамадан тыс, артық қарым-қатынас ретінде қалыптасады. Жас-өспірім жетімдер ашушаң, дауқұмар болып келеді. Олардың арасында ауыр және қарама-қайшылықты жағдайлар жиі болып тұрады. ## Шетелге асқан жетімдер саны және рөлі 1999 жылдан бері шетелдік азаматтар 8169 қазақстандық баланы бауырына басыпты. Бұл – асырап алынған (37 450 бала) балалардың жалпы санының 21,7 пайызы. Ал соңғы он жылда 28 829 (77,1 пайыз) баланы қазақстандықтар және 452 (1,2 пайыз) баланы олардың шетелдердегі туыстары асырап алыпты. «Өткен жылы 3 мыңнан астам жетімдер өзінің жаңа отбасын тапса, тағы да 1 мыңнан астам адам бала асырап алғысы келетіндердің кезегінде тұр», – деді Жансейіт Қансейітұлы. Айғақ болатын тағы бірер сандарды келтірелік. Он жыл ішінде жәудіркөз жетімдер әлемнің 30 еліне әкетілген. Біздің жетімдерімізді асырап алудан бірінші орында – АҚШ (6406 бала), екінші орында – Испания (600), үшінші орында Бельгия (343) тұр. Одан әріде немістер – 173, канадалықтар – 167, ирландықтар – 140, француздар 131 жетімімізді асырап алған. Енді мынадай бір қызық дерекке назар аударалық. Шетел асқан 8169 тұл жетімдердің 3752-сі – қазақтар (45,9 пайыз), 4057-сі – орыстар (49,7 пайыз) және 360-ы басқа ұлттар (4,4 пайыз) екен. Онда да басқа ұлттардың арасында өзбек, тәжік, түрiкмен, қырғыз ұлтының бірде-бір баласы жоқ. Неміс, украин, белорус, татар, поляк, молдован, грек, корей, грузин, шешен, армян және ұйғыр ұлтының өкілдері ғана бар. ## Бала асырап алудағы құқықтары мен міндеттері 1. Баланы асырап алушы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығы, дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуы жөнінде қамқорлық етуге міндетті. 2. Бала асырап алушы баланың пікірін және уәкілетті қорғаншы және қамқоршы органдардың нұсқамасын ескере отырып, өз бетінше тәрбие беруге құқылы әрине заңға қайшы боласа.3. Бала асырап алушы баланың пікірін ескере отырып, оның міндетті орта білім алғанға дейін білім беру мекемесін және баланы оқыту нысанын таңдауға құқығы бар және баланың міндетті түрде орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. 4. Шетелдік бала асырап алушылар Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктеріне және консулдық мекемелеріне асырап алған баланың денсаулық жағдайы туралы есеп береді. Баланы асырап алу тәртібі.5. Шетелдік азаматтардың, соның ішінде балалардың туысқандары болып табылатын адамдардың, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларды асырап алуы туралы істері аудандық (қалалық) соттарда қаралады. Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен міндеттері баланы асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды. Сот баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің көшірмесін шешім шығарған орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органға жіберуге міндетті. Бала асырап алу азаматтық хал актілерінің мемлекеттік тіркеуі үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.Б ## Дереккөздер
Жошы сұлтан елшіліктері – Әбілпейіз сұлтанның тапсырмасымен Қытайға (Цин империясына) жіберілген елшіліктер. Цин империясымен арадағы дипломатиялық байланысты нығайту мақсатында 1769, 1773, 1782 жылы Пекинде болған қазақ елшілігін Әбілпейіз сұлтанның баласы Жошы сұлтан (кейбір деректерде Жолшы) бастап барды. Елшілік сапарлардың барлығында Жошы сұлтан дипломатиялық шеберлік танытып, Қазақ хандығы мен Цин империясы арасындағы достық, сауда қарым-қатынасын дамытуға үлес қосты. ## Сілтеме
Балғабек Әнуарбекұлы Балташев (1937 жылы туған, Бурабай ауданы Мәдениет ауылы), — полковник (1986). ## Өмірбаяны * 1957 жылы КСРО ІІМ-нің Елабуждегі арнайы орта мектебін (1957) * КСРО ІІМ Жоғары мектебін (1964) * КСРО ІІМ Академиясының басшылық қызметке даярлау факультетін (1986) бітірген. * Бурабай ауданы милиция бөлімшесінің бастығы * Зеренді ауданының Ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары * Володар ауданының Ішкі істер бөлімінің бастығы, МАИ бөлімінің бастығы * 1985 — 92 жылдары Көкшетау облысы Ішкі істер басқармасы бастығының 1-орынбасары. * 1992 ж. Респупликалық Бұзақылық және құқық] бұзушылықпен күрес қоры бөлімшесінің директоры * 1999 жылы «Қорғау» АҚ жинақтаушы-зейнетақы қорының Көкшетау аймағы бойынша бас менеджері болып жұмыс істеген. ## Марапаттары * «Құрмет белгісі» ордені * медальдар * «Жол полициясына құрмет» белгісі * «ҚР Ішкі істерінің үздік қызметкері» белгісі, грамоталармен марапатталған. ## Дереккөздер
Барұңғар (моңғолша — оң қанат) — оң қанаттағы әскер. Көшпелілер мемлекетін құрайтын ру-тайпаларды да, олардан жасақталған әскерді де оң қанаттағылар, сол қанаттағылар деп екі топқа бөлген. Шыңғыс хан кезінде сол қанатты жоңғар, ал оң қанатты Барұңғар деп атаған. Осы екі қанаттағы әскерлерден таңдалып алынған жауынгерлерден хан жасағы құрылған. Майданда барлық әскери шептің оң, сол қанаты және ортадағы бөлігі — негізгі жасағы болған. Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейін әскери атаулар түркі тіліне де ауысып, Барұңғар түркіше оң қанат атауымен қатар қолданылған. ## Дереккөздер
Копчур – Шыңғыс хан империясында қолданылған салықтың бір түрі. Көне түркі тіліндегі “кончур” – “жайылым” деген сөзден шыққан.Копчур термині 13 ғасырда Шыңғыс хан империясында тараған салық түрлерінің (“жайылым төлемі”, “мал басынан алынатын алым”) атауына айналды. Олар Орта Азияны, Иранды және басқа елдерді жаулап алған соң, Копчур отырықшы егінші және көшпелі халықтардан жаппай жинайтын заттай және ақшалай сыйлықтың атауына айналды. 13 ғасырдың 40-жылдарынан бастап Шыңғыс хан империясында көшпелі малшылар мен отырықшы малшылардан алынатын салықтың негізгі екі түрі Копчур деп аталды. Мөңке хан (1251 – 59) кезінде мал санының 1%-ы (әрбір 100 қойдан бір қой, т.б.) мөлшерінде алынды. Қалалар мен қыстақтардың отырықшы-егінші халықтарынан Копчур жалпы және жан басына қарай ақшалай алынды. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 11 - том
Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (ХАЭЭ) – ғылыми-зерттеу мекемесі. 1937–1992 жылдар аралығында Орталық Азияда зерттеу жүргізді. 1937–1945 жылы Хорезм археология экспедеция деп аталған. 1945 жылдан бастап ХАЭЭ атауымен ғылыми ортаға кеңінен танылды. Негізін қалаған – С.П.Толстов. Ең алғашқы зерттеген археология нысаны Топыраққала. Экспедиция Өзбекстан, Түрікменстан, Қазақстан жерлерінде нәтижелі ғылыми жұмыстар атқарды. Оның этнографиялық отрядтары аталған республика халықтарының этногриялық тарихына, мәдениеті мен әдебиетіне қатысты зерттеулер жүргізді. Экспедицияның археология отрядтары (жетекшілері О.А.Вишневская, А.В.Виноградов, М.А.Итина, Л.М.Левина, т.б.) Хорезм маңынан басқа Оңтүстік Қызылқұм, Солтүстік Қарақұм, Каспий теңізі аймағы мен Сырдария өзені төменгі ағысы өңірі, Арал төңірегі сияқты көптеген тарихи-мәдени аумақтарда, жазираларда қазба жұмыстарын жүргізіп, тас дәуірінен кейінгі орта ғасырларға дейінгі ескерткіштерді зерттеді. Ғылыми айналымға бірқатар археологиялық мәдениеттер (келтеминар, тазабағияб, шірік-рабат, жетіасар, т.б.) енгізілді. Арал теңізі, Әмудария мен Сырдария алқаптарындағы жер өңдеушілер, көшпелі халықтардың мәдениеттері жаңа қырынан ашылды. Экспедиция құрамында географ, геомофолог, геодезист, топырақтанушы, антрополог, т.б. жаратылыстану ғылымдарының мамандары жұмыс жасады. Экспедиция отрядтары сол кездегі ең үздік технологиялармен жабдықталды. Әуеден аэробарлау әдістері, т.б. заманауи ғылыми тәсілдер қолданылды. Сыр бойындағы ежелгі және орта ғасырлардағы кезеңдермен мерзімделетін археолология нысандардан (Сексеуіл, Шелгі-Зәгем, Арал, Шірік-Рабат, Түгіскен мен Ұйғарақ, Жетіасар, Сырлытам, Янгикент, т.б.) алынған мәліметтер өз құндылығын жойған жоқ. Қазіргі таңда олардың көпшілігін-де Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша қазба жұмыстары қайтадан жанданды. ## Дереккөздер * Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Карбонатиттер– құрамындағы карбонатты минералдар (кальцит, доломит, анкерит, сидерит, т.б.) 50%-тен асатын эндогендік тау жыныстары. Құрамында, сондай-ақ, пироксен, амфибол, флогопит, апатит, магнетит, сілтілі дала шпаттары, сирек металды минералдар, т.б. кездеседі. Карбонатиттер минералдық құрамына қарай пироксен-кальцитті, флогопит-доломитті, гематит-анкеритті болып бөлінеді. Түсі ашық, шомбал бітімді, құрылымы ұсақ түйірден ірі түйірге дейін болады. Карбонатиттер қалыптасу жағдайына қарай плутондық, гипабиссалдық және жанартаулық болып бөлінеді. Карбонатиттертер шток, сақина және конус пішінді дайкалар, желілер, штокверктер құрады. Карбонатиттер жалпы магматизмнің соңғы сатысында қалыптасқан. Олар Қазақстанда (Көкшетауда), Ауғанстанда, АҚШ-та, Бразилияда, Канадада кездеседі. Карбонатиттерде ниобийдің, танталдың, флогопиттің, сирек жер элементтерінің ірі кендері шоғырланған. Екінші анықтама: негізінен карбонаттардан тұратын, ультранегізді және сілтілі құрамды интрузиялық кешенмен бірге ұшырасатын эндогендік (жердің терең қойнауларынан көтерілген заттар есебінен калыптасқан) таужыныстар. ## Дереккөздер:
Бапан Тұраналыұлы (1755, Ерейментау — 1849, сонда) — би, шешен, ақын, ру басы. Қанжығалы Бөгенбай батырдың немересі. Әкесі Абылай хан ордасындағы медреседе оқыған, білімді би болған. Замандастарының (Байсерке) айтуынша, Бапан би «өзгеше жаралған адам» аталып, парасаттылығымен жұртын аузына қаратқан. Елдіктің, ұлт бірлігінің жаршысы бола жүріп, ел арасындағы дау-дамайды дұрыс шеше білген ол екі жақты да әділдікпен бітістіріп отырған. Бір жылы Ташкент бегінің қолына түсіп қалған қандастарын тілінің өткірлігімен тұтқыннан азат етеді. Қоржынкөл өңірін орыстарға бермек болған Батыс Сібір генерал-губернаторының бұйрығына мойынсынбай, ата-мекенін сақтап қалады. Сарыарқада Бапан бидің нақыл өлеңдері, толғау-жырлары, билік сөздері көп тараған. Оның өсиет-ғақлияларында байырғы бабалар сөздерімен үндестік сақталған. ## Дереккөздер
Барханқұм, Бархын — Ойыл өзенінің сол жағалауындағы құмды алап. Ақтөбе облысының Ойыл ауданында орналасқан. Құмның аумағы 170 км², абсолют биіктігі 100 м, 23 км-ге созылған, енді жері 15 км. Аласа құмды төбешіктер мен шағылдардан тұрады. Құмдауытты топырағында жусан аралас әр түрлі шөптесін өседі. Барханқұм мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Әлеуметтік ғылымдар академиясы,Қазақстанның Әлеуметтік ғылымдар академиясы – мемлекеттік емес ғылыми мекеме. 1995 жылы 30 наурызда құрылған. Алғашқы құрамында барлығы 18 мүше (оның ішінде 10 академик, 8 корресподент мүше) болды. Академияның негізгі мақсаттары: Қазақстанда нарықтық қатынасқа көшу жағдайын, әлеуметтік-экономика, экология, саяси және мәдени даму процестерін, құқықтық мемлекет құру кезіндегі демократия дамуын, этносаралық және мемлекетар. қатынастарда орын алып отырған үрдістерді, еуразиялық кеңістікті қамтитын интеграциялау мүмкіндіктерін, диаспорол. мәселелерін зерттеу, сол негізде ғылыми ізденістеріне бағыт беру, халықаралық байланыстар орнату, білім беру жүйесін жетілдіру, жаңа оқу бағдарламалары мен жоспарларын жасау, конференциялар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру, кітаптар, жаңа типтес оқулықтар шығару және т.б. ## Сыртқы сілтемелер * [1](қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Байсейіт — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Бартоғай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 80 км жерде, Шілік өзенінің оң жағалауында, қоңыржай-қуаң агроклиматтық белдемінде орналасқан. ## Инфрақұрылымы Өсімдік шаруашылығына (темекі өсіру және көкөніс өңдеу) маманданған бірнеше фермерлік, шаруа қожалықтары және кооперативтер жұмыс істейді. Байсейітте орта мектеп, кітапхана, клуб, дәрігерлік пункт бар. ## Дереккөздер
Барақпай — Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ауыл, Барақпай ауылдық округі орталығы. Іргесі 1954 жылы қаланған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Балкашино ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 63 км-дей жерде. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, байланыс бөлімшесі, дүкендер бар. Шаруашылық субъектісі – «Азат» ЖШС-і. 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгерлерге ескерткіш орнатылған. Ең жақын темір жол стансасы – Атбасар (85 км). ## Дереккөздер
Балықты — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы көл, Балықты ауылынан оңтүстікке қарай 1 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 58 га, тереңдігі 1,5 м. Суында мөңке балық бар. ## Дереккөздер
Георгий Матвеевич Храпченков (17 желтоқсан 1929, Ресей, Смоленск облысы, Рославль қаласы – 27 мамыр 1999, Новосибирск қаласы) – педагогика ғылымдарының докторы (1989), профессор (1993). Қазақ КСР-і Халық ағарту ісінің үздігі (1979). Халықаралық Акмеология (1995) және ҚР Жаратылыстану ғылымы академияларының (1995) академигі. ## Өмірбаяны * ҚазМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1960) бітірген. * Қостанай педагогика институтында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1953–1967) * Мурманск мемлекеттік педагогика институтында кафедра меңгерушісі (1967–1970) * Қазақ педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1970–1986) * ҚазҰПУ-да декан, доцент (1986–1991) * Алматы шет тілдері институтында (1991–1998, қазіргі Қазақ халықараралық қатынастар және әлем тілдері университеті) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. ## Ғылыми еңбектері * «Становление и развитие русско-национальных школ Средней Азии и Казахстана в конце XIX – начале XX вв.» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. * 100-ден астам ғылыми жарияланым мен 6 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Жарсуат — Атырау облысы Индер ауданындағы ауыл, Жарсуат ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Индербор кентінен оңтүстікке қарай 38 км жерде, Жайық өзенінің сол жағалауында шөл белдемінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1648 адам (823 ер адам және 825 әйел адам) болса, 2009 жылы 1887 адамды (957 ер адам және 930 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ бойынша 1964 адамды (1026 ер адам және 938 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1930 жылдардың бас кезінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланды. 1963 жылдан Жамбыл атындағы қаракөл қой кеңшарының орталығы болды. 1996 жылдан оның негізінде “Махамбет” акционерлік қоғамы құрылды. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Мәдени-әлеуметтік мекемелері Жарсуатта орта мектеп, балабақша, мәдениет үйі, кітапхана, дәрігерлік-амбулаториялық пункт бар. * Махамбет атындағы орта мектеп — 1927 ж. Жарсуат бастауыш мектебі болып аталып, 1930 ж. оған үй салынып, 1939-40 ж. орталау мектепке айналды. 1984 ж. 624 орындық мектеп үйі пайдалауға берілді. * "Жауқазын" бөбекжай бақшасы ## Ауыл көшелері * Абай Құнанбаев көшесі * Борис Жанғалиев көшесі * Жәрдем Қазиев көшесі * Қалу Қалбағаев көшесі * Қуан Жангиров көшесі * Құрманғазы Сағырбаев көшесі * Мағзом Жаналисов көшесі * Мақпал Мусина көшесі * Махамбет Өтемісұлы көшесі * Меңдіғали Дауталиев көшесі * Мұрат Мөңкеұлы көшесі * Наурыз көшесі * Салих Ділмұхашев көшесі * Тәуелсіздік көшесі * Шағала көшесі ## Діни ұйымдар қызметі * Жарсуат ауылдық мешіті ## Ауыл суреттері ## Дереккөздер
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу иституты – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми-зерттеу мекемесі. 1977 жылы Алматы қаласында ашылды. Құрамында 10 ғылыми және 17 клиникалық бөлімшелер, 6 клиникалық бөлім: қан айналысының жіті түрде бұзылуы және қан айналысының созылмалы түрде бұзылуы бөлімшелерін қамтитын клиник. бөлімі; Сондай-ақ Астана қаланда институттың бөлімшесі жұмыс істейді. Негізгі ғылыми-зертеулік бағыттары: жүрек-қан тамыр ауруларының алдын-алуға, диагностикасы мен емдеуіне баса назар аудару, атап айтқанда, эпидемиологияны, этиологияны және патогенезді зерттеу, сондай-ақ атеросклероз, жүректің ишемиялық аурулары (стенокардия, миокард инфарктысы, инфарктен кейінгі кардиосклероз) мен гипертония ауруы; симптомдық артерия гипертониялары, жүрек соғысының бұзылуы, жүрек әлсіздігі, жүрек-қан тамырының ревматизмі сияқты жүрек-қан тамыры жүйесінің неғұрлым кең таралған ауруларына диагноз қоюда, емдеуде және айықтыруда жаңа әдістер жасап, жетілдіру; ішкі аурулар (ревматизм, гастроэнтерология, эндокринология, т. б.) және олардың пайда болу себептерін, дамуын, сондай-ақ ол ауруларды асқындырмай емдеудің тиімді жолдарын іздестіру; республиканың курорттық ресурстарын зерттеп, курорттық емдеудің ғылыми негіздерін жасап, жүрек-қан тамыр және басқа да органдар ауруларын емдеудің тиімді әдістерін енгізу жұмыстарын және санитарлық-эпидемиол. ст. мамандарымен бірлесе отырып, індет ауруларына қарсы іс-шаралар (егу, жұқпалы ауруларды анықтау, аурудан жазылған адамдармен қарым-қатынаста болғандарды диспансерлік есепке алып бақылау, т. б.) жүргізу. Институт ғалымдары электр анальгезиясына арналған құрылғы жасағаны үшін авторлық куәлік алды; гипертониялық кризді емдеу үшін коринфор, бутироксан препараттарын жасап, өндіріске енгізді; гелиотерапиямен (Күн сәулесімен), минералды сумен (ваннада) буын қабынуын (артритті) емдеу әдісін тапты; арнайы ерітінділерді қанға дәл өлшем, тамшылап құятын прибор – дозатор (өлшеуіш) ойлап шығарды. институтта ғалымдар Ж. Абылайұлы, Ә.Жүсіпов, М.М.Әбдікаримов, М.Төленов, ауылы ЖЫЛЫ Рысмендиев және селосыГ.Шұратова, т. б. жұмыс істеді. институт Ресейдің (Санкт-Петербург) Эксперименттік медициналық ғылыми-зертеулік институты, Томск кардиология ғылыми-зертеулік институты, Мәскеудегі Ресей кардиология ғылыми-өндірістік кешені және АҚШ-тың Бирмингем университеттіндегі кардиоваскулярлық аурулар бөлімімен, т. б. шет ел мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. 17 халықаралық симпозиум, 11 ғылыми-тәжірибелік конференциялар, Қазақстан кардиологтарының 1- (1991) және 2-съездерін (1998), Орталық Азия республикалары кардиологтарының 2-конгресін өткізді (2002). ## Алматы қаласында институт 1977 жылы Алматыда ашылды. Құрамында 10 ғылыми және 17 клиникалық бөлімшелер, 6 клиникалық бөлім: * қан айналысының жіті түрде бұзылуы және қан айналысының созылмалы түрде бұзылуы бөлімшелерін қамтитын клиникалық бөлім; *артериялық гипертония эпидемиологиясы мен профилактикасын, жүректің ишемиялық ауруы эпидемиологиясы мен профилактикасы бөлімшелерін қамтитын профилактикалық бөлімі; * курортта (шипажай) емдеу, курорттық ресурстарды зерттеу бөлімшелерінен тұратын курортология бөлімі; * ақпарат және патенттеу тобын қамтитын кардиологиялық қызметті жоспарлау және болжау бөлімі; * ұйымдастыру-әдістеме бөлімі; * иммунология бөлімін қамтитын клиникалық биохимия бөлімі; жүрек ауруларын оның қызметіне қарай анықтау (функционалдық диагностика), эксперименттік кардиологиялық лабораториялары, дәрігерлік кеңес – диагноз қою емханалары бар (2002). ## Астана қаласында институттың бөлімшесі Астана қаласында институттың бөлімшесі жұмыс істейді. Негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары: жүрек-қантамыр ауруларының алдын-алуға, диагностикасы мен емдеуіне баса назар аудару, атап айтқанда: * эпидемиологияны, этиологияны және патогенезді зерттеу; * атеросклероз, жүректің ишемиялық аурулары (стенокардия, миокард инфарктысы, инфарктен кейінгі кардиосклероз) мен гипертония ауруы; * симптомдық артерия гипертониялары, жүрек соғысының бұзылуы, жүрек әлсіздігі, жүрек-қантамырының ревматизмі сияқты жүрек-қантамыры жүйесінің неғұрлым кең таралған ауруларына диагноз қоюда, емдеуде және айықтыруда жаңа әдістер жасап, жетілдіру; * ішкі аурулар (ревматизм, гастроэнтерология, эндокринология, тағы басқа) және олардың пайда болу себептерін, дамуын, сондай-ақ, ол *ауруларды асқындырмай емдеудің тиімді жолдарын іздестіру; республиканың курорттық ресурстарын зерттеп, курорттық емдеудің ғылыми негіздерін жасап, жүрек-қантамыр және басқа да органдар ауруларын емдеудің тиімді әдістерін енгізу жұмыстарын және Санитарлық-эпидемиология мамандарымен бірлесе отырып, індет ауруларына қарсы іс-шаралар (егу, жұқпалы ауруларды анықтау, аурудан жазылған адамдармен қарым-қатынаста болғандарды диспансерлік есепке алып, бақылау, тағы басқа) жүргізу. ## Жетістіктер мен жиналыстар Институт ғалымдары электр анальгезиясына арналған құрылғы жасағаны үшін авторлық куәлік алды; гипертониялық кризді емдеу үшін коринфор, бутироксан препараттарын жасап, өндіріске енгізді; гелиотерапиямен (Күн сәулесімен), минералды сумен (ваннада) буын қабынуын (артритті) емдеу әдісін тапты; арнайы ерітінділерді қанға дәл өлшем, тамшылап құятын прибор – дозатор (өлшеуіш) ойлап шығарды. Қазір институтта медицина ғылыми докторы, профессорлар Ж.Абылайұлы, Ә.Жүсіпов, М.М. Әбдікаримов, М.Төленов, А.Ж.Рысмендиев және С.Г. Шұратова, 29 ғылыми кандидат жұмыс істейді (2002). Институт қызметкерлері 8 докторлық және 37 кандидат диссертациялар қорғады. 12 монография, 6 ғылыми еңбектер жинағын, 1000-ға жуық ғылыми еңбектер шығарды. 24 авторлық куәлік пен 147 өнертапқыштық ұсыныстарға куәлік алды (2002). Институт Ресейдің (Санкт-Петербург) Экспериментальдік медицина ғылыми-зерттеу институты, Томск кардиология ғылыми-зерттеу институты, Мәскеудегі Ресей кардиология ғылыми-өндірістік кешені және АҚШ-тың Бирмингем университіндегі кардиоваскулярлық аурулар бөлімімен, тағы басқа шет ел мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. 17 халықаралық симпозиум, 11 ғылыми-тәжірибелік конференциялар, Қазақстан кардиологтарының бірінші (1991) және екінші съездерін (1998), Орталық Азия республикалары кардиологтарының 2-конгресін өткізді (2002). ## Дереккөздер
* Баранкөл (ауыл) * Баранкөл теміржол стансасы
Балықоты, балдыршөп (лат. Lemna) – шаяноттар тұқымдасына жататын су бетінде қалқып немесе су ішінде өсетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 3 түрі: бүкір, үшқұлақты, кіші Балықоты Тобыл, Есіл өзені бойында, ағынсыз не ағыны аз, тұщы суларда өседі. Жапырақтары жойылып кеткен нежұқа қабыршақ түрінде сақталған, сондықтан Балықотының денесі жапырақтың да, сбақтың да, кейде тамырдың да рөлін атқарады. Өте сирек гүлдейді. Жемісі қапшық тәрізді. Аталық және аналық гүлдері бір жерде топтасып гүлшоқырын құрайды. Олар өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. өсімдік денесінің төменгі жағындағы қалташықтарының ішінде кішкене тақташалар түзіліп, кейін олар бүлініп, жеке өсімдікке айналады. Балықоты тақташаларның құрамында 24%-тей протеин, 17 — 20%-тей клетчатка болғандықтан, оларды балықтар мен су құстары қорек етеді. Кепкен күйінде үй жануарлары, әсіресе доңыздар үшін пайдалы. Халық медицинасында дененің қызуын басатын дәрі ретінде пайдаланылады. Балықоты — су бетінде қалқып өсетін, кең тараған өсімдік. Кейде кішігірім су объекті айдынын тұтас басып кетеді. Бұл [[құбылыс|құбылысты}} қате түсініп, зиянды су көздерінің "көктеуі" ретінде қабылдайды. Іс жүзінде балықот көмір қышқылын жедел түрде сіңіріп, көп мөлшерде оттек бөліп шығарады. Бүл өсімдік суды көптеген зиянды заттардан тазартады. Көптеген ағыссыз, тұйық су көздеріндегі тіршілік тек осы өсімдіктің арқасында ғана мүмкін болады. Суларды тазартуда (әсіресе фенолдық қосындылардан) тұңғиықта өсетін харалық су өсімдіктері (хара, нителла, топелла және т.б.) үлкен рөл атқарады. Бұлар споралық өсімдіктер. Су өсімдіктерінің тазартқыштық қасиеттерін көптеген кәсіпорындарда ақаба суларды тазартуға табысты түрде қолданады. Бүл үшін арнайы қамыс және басқа да су өсімдіктері отырғызылған хауыздар салынады. ## Пайдасы Суды мекендейтін жабайы құстар мен балықтардың қорек көзі; Әлемнің көптеген аймақтарында адамдар тағамға пайдаланады; Суды табиғи тазалағыш ретінде пайдаланады; Көлбақалар мен күннің көзін сүйетін балықтардың жасырынатын жері болып табылады. Балықоты басқа өсімдіктермен салыстырғанда тез өседі. Қолайлы жағдай тудырғанда балықоты өсіп тұрған аймақ небәрі екі күнде екі есеге дейін ұлғаяды. ### Таралуы Балықоты тропикалық және полярлық белдеулерден басқа жерлердің бәрінде кездеседі. ### Қасиеттері Түсі ашық жасыл; Сабақтары болмайды; Жапырақтары болмайды; Кейбір түрлерінде шағын тамырлары бар; Жапырақтарға ұқсайтын ұсақ, жалпақ, пішіні сопақша немесе дөңгелек сақиналары болады; Көлеңкеде де, күннің көзінде де өсе береді; Құрамында көп мөлшерде амин қышқылдары бар; Жемістері ауамен толтырылынған, бір тұқымды; Бүршіктену арқылы көбейеді; Гүлдері кішкентай және қарапайым. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Жарсуат — Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы ауыл, Жарсуат ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 37 км-дей жерде, Жайық өзенінің сол жағалауында әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен өзен аңғарының шалғын топырақты дала белдемінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1112 адам (549 ер адам және 563 әйел адам) болса, 2009 жылы 1151 адамды (571 ер адам және 580 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1936 жылы осы маңда “Победа” астық өсіру кеңшарын құруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Жарсуатта 6 шаруа қожалығы, 2 акционерлік қоғам ұйымдасқан. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, клуб, кітапхана бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Балғасын — орта ғасырлардан сақталған көне қорым. Қазіргі Ақтөбе облысы Шалқар қалысынан солтүстікке қарай 55 км жерде, ауданы 140220 м. Балғасында 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Орынбор ғылыми архив комиссиясының мүшелері А. Матов, И. Хохлов, Ж. Кастанье болған. 1979 — 1980 жылдары Қазақстан Мәдениет министрилигінің экспедициясы (жетекшісі С.И. Әжіғалиев) зерттеген. Қорым Балғасын мұнарасының қалдығынан, Оңалбек ата (шамамен 17 — 18 ғасыр) кесенесінен және шикі кірпіш пен тақта-тастан салынған көптеген бейіттерден тұрады. Көркем стела немесе құлпытас жоқ, сиректеу ғана өңделмеген дөрекі белгілер кездеседі. Олардың кейбірінде шекті руының таңбасы ойып салынған. ## Пайдаланылған әдебиет
Раушан Хатиятқызы Байсейітова (1947 жылы 16 қыркүйекте Алматыда туған) — балерина. Қазақ ССРнің халық артисі (1978). Қазақ ССРнің мемлекеттік сыйлығының иегері (1981). Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. ## Толығырақ * Раушан Хатиятқызы 1947 жылы 16 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. Күләш Байсейітованың тәрбиесінде болған қызы. * 1966 жылы Мәскеудің Үлкен театры жанындағы хореография училищесін бітірген. * 1966 жылдан Қазақ опера және балет театрына қабылданып, сахналық өмірбаянын Ғ. Жұбанованың “Хиросима” балетіндегі Юки партиясымен бастады. Табиғаты драматикалық образдарға бейім биші Мария (Б. Астафьевтің “Бақшасарай фонтанында”), Гамзатти (Л. Минкустің “Баядеркасында”), Бақыт құс (И. Стравинскийдің “Бақыт құсында”) сияқты бейнелерде өзіне ғана тән нәзік сыршылдығымен көрінді. Байсейітованың ерекше шеберлігі А. Серкебаевтың “Ақсақ құланындағы” Баршагүл, Е. Брусиловскийдің “Қозы Көрпеш—Баян сұлуындағы” Баян, С.Еркінбековтың “Мәңгілік отындағы” Ана партиялары арқылы жан-жақты байқалды. Әсіресе, психология тереңдігімен, орындалу мәнерінің ұлттық бояуымен назар аударған Ана бейнесі қазақ балеті тарихына жаңалық болып қосылды. ## Марапаттары * 1968 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық балет артистері конкурсының лауреаты; * Қазақ ССРнің Еңбегі сіңген артисі (құрметті атағы); * 1978 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен "Қазақ ССРнің халық артисі" құрметті атағы берілді. * 1981 жылы С.Еркінбековтың “Мәңгілік отын” театрланған қойылымындағы Ана бейнесі үшін Қазақ ССРнің мемлекеттік сыйлығы берілді. * 2003 жылы Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің мәдениет саласындағы президенттік степендиясының иегері. * 2004 жылы Елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат Құрмет орденімен марапатталды. * 2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі. * 2017 жылы ҚР тұңғыш президенті елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері. * Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. ## Отбасы * жұбайы Базарғали Жаманбаев (1942 жылы туылған) ҚР халық артисі, мемлекеттік сыйлық иегері, профессор. ## Дереккөздер
Байсерке Құлышұлы (1841, Шу өзенінің бойы — 1906, сонда) — күйші, домбырашы, Жетісу күй мектебінің негізін салушылардың бірі. Байсеркенің әкесі Құлыш он саусағынан өнері төгілген ісмер, халық музыкасының парқын білетін сергек жан болған. Байсерке домбыраны бала кезінен меңгеріп, Жетісу алабы мен көрші қырғыз елінің күйлерін 16-17 жасында-ақ игерген, алқалы басқосуларда дәулескер күйшілермен күй тартысына түсіп, алыс-жақынға таныла бастаған. Дулат тайпасының Жаныс руынан. Байсеркенің домбырашы-күйшіліктің алуан сырына қанықтырған ұстаздары — Есім, үржарлық Сарша дейтін домбырашылар. Байсерке домбырамен бірге мандолина, балалайка сияқты аспаптарды да еркін меңгеріп, өнерін кемелдендіре түседі. Бұрыннан белгілі күйлерді тартуды місе тұтпай, өзі куә болған өмір құбылыстарының әсерлі сәттерін күй тіліне түсіруге машықтанады. Алғашқы “Ат ойыны”, “Жекпе-жек” күйлері өзінің ойнақы ырғағымен жастарды еліктіре баурап, ел ішіне тез тарап үлгереді. Байсерке күйлері өмір шындығына негізделген. Оның “Келіншек”, баласы дүние салғанда егіліп отырып тартқан “Солқылдақ”, қазақ даласындағы жұтқа (1890) арналған “Төрт қарға”, Ресей отаршылдығының кеудемсоқ өктемдігіне наразылығын білдірген “Ұран күй” сияқты туындылары өзі ғұмыр кешкен ортасы мен заманының шежіре сырындай. Байсеркенің Жетісу өңіріне кеңінен мәлім болған “Қалипа — Қалыш” күйіне Далабек батырдың басынан өткен оқиға арқау болған. Күйлері ән әуендес саздылығымен, нақышты ырғағымен ерекшеленеді. Байсеркенің және оның дарынды шәкірттері Бердібек Мықтыбайұлы, Қожабек Жапбасов, Сатқанбай Өлмесұлының бойларындағы асыл өнерін Қатшыбай Таубаев (1880-1930), Темірбек Ахметов (1919-52), Нұрғиса Тілендиев (1924-98) сияқты біртуар күйші-домбырашылар кейінгі ұрпаққа жеткізген. Байсеркенің өмірі мен шығармашылығын алғаш зерттегендер: А. Жұбанов пен Б.Г. Ерзакович. Әдебиет және өнер институтының дыбыс жазба қорында “Байсеркенің 10 күйі” сақтаулы. Мұндағы күйлердің нотасын Б.Г. Ерзакович хатқа түсірген. З. Жанұзақованың құрастыруымен жарық көрген “Қазақ халқының аспаптық музыкасы ” (1964) деп аталатын кітапта Байсеркенің “Жекпе-жек”, “Қалипа — Қалыш”, “Қалипа”, “Қалыш”, Б. Мүптекеева мен С. Медеубекұлы шығарған “Жетісудың күйлері” (1998) атты кітапта “Жекпе-жек”, “Толқытатын күй” (“Толқытпа”) деп аталатын күйлердің нотасы жарық көрді. Байсеркенің күйлері “Отырар сазы” оркестрінің, жеке домбырашылардың репертуарына енген. ## Дереккөздер
Баранкөл теміржол стансасы ,Боранкөл — Жарқайың ауданындағы темір жол стансасы. Уәлиханов аудандық округі аумағында. Аудан орталығы — Державин қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде, Достық ауылында орналасқан. Іргесі 1961 ж. қаланған. Темір жол стансасына жақын жерден республикалық маңызы бар Петропавл – Жезқазған автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Баршатас — Абай облысы Аягөз ауданындағы ауыл, Баршатас ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Аягөз қаласынан батысқа қарай 175 км жерде, Бақанас өзенінің сол жағалауында орналасқан. Жер бедері ұсақ шоқылы жазық. Қоңыр топырақты жамылғысында бетеге, бұта аралас әр түрлі шөптесіндер өседі. ## Инфрақұрылымы Мәдениет үйі, кинотеатр, аурухана, орта мектеп, т.б. оқу-ағарту, денсаулық сақтау мекемелері бар. Тұрғындары Аягөз қаласымен, басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Тарихы Алғашқыда Баршатас "Жаңа дәуір" колхозы, ал 1932 жылдан 64 жыл бойы бұрынғы Шұбартау ауданының орталығы болып саналып, тек 1997 жылы Шұбартау ауданы таратылып Аягөз ауданына екінші қайтара біріктірілгенде ауылдық округ атанды. ## Баршатастан шыққан танымал адамдар Батырлар: Шақантай батыр Билер: Жобалай, би Байғотан би. Шешендер: Бегеш шешен Осы өңірден шыққан танымал адамдар: Халық жазушысы Мұхтар Мағауин, Қазақстанныӊ халық әртісі Бекен Жылысбаев, композитор Еркеғали Рахмадиев, мемлекеттік сыйлықтыӊ иегері ақын Несіпбек Айтұлы, жазушы Төлеубек Жақыпбайұлы, жазушы Төлеуғали Есімжанов, ақын Төлеуғұл Сүлейменов, ақын Мыңбай Рашев, белгілі журналист Қасым Аманжол, ақын Қалмағамбет Мұхаметқали, ақын Ақберен Елгезек, танымал шығыстанушы-ғалым Дастан Ақаш, айтыскер ақын Ринат Зайытов, әнші Тоқтар Серік, композитор Халықберген Әбілжанов. ## Дереккөздер
Жартас (тау бөлігі) — тау сілемінің шығыңқы келген тасты бөлігі. Негізінен, атмосфералық құбылыстарға (жел, жауын-шашын, т.б.) салыстырмалы түрде төзімді келген нығыз тау жыныстарынан тұрады. ## Дереккөздер
Жетім — ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Сондай-ақ ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала. Жетімдік – баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоға-лады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық тал-пынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі. ## Жетімдіктің түрлері Әлеуметтік жетім - ата-анасы бар немесе қайтыс болмаған, бірақ ата -ана өз келісімдерімен баладан бас тарту, сондай-ақ ата-ананың түрлі сол қылықтарға бару арқылы олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу. Тұл Жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасының біреуінің қайтыс болуы тұл жетім деп аталады. Қазіргі таңда әлеуметтік жетім тұл жетімге қарағанда 80 пайызды құрап отыр. Қалған пайызы ғана тұл жетімдер. ## Жалпы мәлімет Жетім атауының өзі кезінде соғыс заманында ата-аналары қайтыс болған кезде баланың қараусыз қалып отырған. Міне осындай соғыс, қиын-қыстау, ашаршылық кезеңдерде пайда болған болатын. Оның өзінде Тәуке ханның - Жеті Жарғы, Есім ханның - Ескі жолы сияқты заңдарында жетімдерді бай қауқарлы адамдарға асырап алуға беріп отырған. Х - XX ғасыр аралығындағы «жетім» ұғымының анықтамасы - толық жанұялық тәрбие көрмеген. Оларға тән қасиеттер: агрессия, алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында көкейтесті болып отыр. Бұл жағдайда аталмыш балалар тобы психологтар мен педагогтар, дәрігерлердің зерттеу нысанына айналуда. ## Қоғамдағы орны Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай жетім балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен. Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күн талабы.Балалар үйінде тәрбиеленуші баланың жеке тұлғасының әлеуметтік қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар. Оның іс-әрекеті толығымен тәртіпке салынып қадағаланылады, бұл бала дамуында артта қалушылықты, масыл-дықты, жеке басы еркін ұйымдастырудың төменгі деңгейін туындатады. Сонымен қатар, әлеуметтендіруге байланысты ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде әлеуметтендіру деңгейлері мен факторлары және «әлеумет-тендіру», «бейімдеу» ұғымдары бөліп қарастырылады. Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселесін шетелдік, отандық ғалымдардың зерттеулеріне, тәжірибелерге сүйене отырып, теориялық, практикалық тұрғыда сипаттау қазіргі педагогика іліміндегі мұндай өзекті мәселені шешуге себеп болады. Көптеген теориялық деректерді талдау барысында біздің тарапымыздан қазіргі жағдайда жетім балаларға көмек көрсету жүйесінде жетім балалар тәрбиеленетін мекемелер қызметінің бірнеше жұмыс бағыттары айқындалды. Атап айтар болсақ, әлеуметтік, медициналық, психологиялық, ұйымдастырушылық-тәрбиелеушілік. Мұндағы тәрбиеленушілердің қоғамдық ортаға бейімделуі баланың әлеуметтік статусына сай емес, медициналық тұрғыдан бұл типтегі балалар тұқым қуалаушылық тұрғысынан дертке шалдыққан немесе жүйке жүйкелері тозу арқылы ашушаң, ызақор болып келеді. Мұның барлығы айналып келгенде олардың әлеуметтенуіне кедергі келтіріп, әлеуметтендірудің тиімділігін төмендетеді яғни, балалар шынайы өмірге даярланбайды. Оларды қоғамдық өмірге даярлауда өздерімен қатар бірге алып жүретін адамдардың қажеттігі туындайды. Олар ең алдымен әлеуметтік педагогтар, содан кейін психологтар, жалпы педагогтар.Оларды әлеуметтендіруге қиыншылық тудыратын себептерге тоқталар болсақ, олар әлеуметтік бейімделу деңгейлерінің, әлеуметтік белсенділіктерінің, әлеуметтік құзыреттіктерінің, әлеуметтік құндылықтарының қалыптасуы төмендегідей болып отыр. Оларды әлеуметтендіру әлеуметтік педагогтар тәрбиеші педагог қоғам жүйесі арқылы іске асырылуы тиіс деген тұжырым жасауға болады. Демек, жетім балаларға әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар алып жүру әлеуметтік педагог, психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің жүйесі болып табылады. Бұл жетім балаларды өзімен қатар алып жүру баланың бойындағы жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуіне бағытталған педагогикалық алғы шарттар жасалуы және теориялық тұрғыдан жүйеге келтірілуі, әдістемелік тұрғыдан нақты қарастыру, кезек күттірмейтін мәселе деп айтуға болады. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер шектеулі қарым-қатынастың шеңберіндегі әлеуметтік байланыстардың тұйық жүйесінде өмір сүреді. Отбасының, білім беру жүйесінің әлеуметтендіру әсері барынша кемиді, достарымен, құрдастарымен қарым-қатынас шеңбері тарылады. Қоғам мекемедегі баланы шеттетіп, оны өзінен және де мәдени құндылықтар мен заңдылықтардан алшақтатады. Балаға қоғамнан алшақтату жағдайында әлеуметтік мәдени тәжірибені жеткізу қиындайды, ол ересек болған кезде де орны толмас тапшылық болып қалады. ## Жетімдер туралы теориясы Ата-ана қамқорлығынан айырылған әрбір бала - отбасында тәрбиеленуге тиісті. Себебі: олар міндетті түрде ата-аналарының өмірін қайталап немесе қайталайтын болса болашақта олардың саны екі есе көп болмақ. Демек, біз жетім балаларға ұсынып отырған жобамыздың барысында жаңа мүмкіндіктер сыйлаймыз. Ол Отбасы үлгісіндегі балалар үйі, ондағы шиеленістерді реттейтін және әр балаға жаңа отбасын сыйлайтын делдалдық ұйым. Демек, асырап алғысы келген азаматтарға жағдай жасаймыз.Баланың өзін қоршаған объективті нақтылықта өзін-өзі танытуы үшін тек отбасылық орта ғана мүмкіндік бере алады. Сондықтанда бұл мәселе өте өзекті. Басқа балалар қалай отбасында тұрса, жетім, тастанды балаларымызда отбасы үлгісіндегі үйлерінде тұруы қажет, сонымен қатар өздерінің отбасы махабатын сезіне алмаған жетім балаларымызға сол ыстық отбасы махабатын сезіндіру. Онсыз да тағдырдың тәлкегіне ұшыраған, ата-анасының безбүйрек, қатыкез болғаны үшін, өз отаны бұйыртпаған махаббатты жат елдерден тауып жатқандар да бар. Жат елге барып Қазақстанды қорғау үшін тәрбие алмайды. Қазақстанымыздың атын шығаратын да сөндіретін де осы балаларымыз. Ұлттық рухымызды қалыптастыратын да, ұлттық мүддемізді көтеретін де осы асыл қазыналарымыз.Тәрбиені бала тұлғасының әлеуметтенуінің психологиялық-педагогикалық құрамдас бөлігі ретінде санау тұжырымдамасы (О.С.Гребенюк, А.В.Мудрик, М.И.Рожков); әлеуметтік ортаны баланың тұлғалық қалыптасуындағы өте маңызды детерминант ретінде қабылдауға бағытталған педагогикадағы әлеуметтік-рөлдік тұжырымдама (Н.М.Таланчук, В.П.Созонов); жетім балаларды өмірге бейімдеуде қолданылатын әлеуметтік-психологиялық қолдауды ұйымдастырудың басты психологиялық жағдайларының әдістемелік негіздерінде әзірленген әлеуметтік-психологиялық қолдау мен жәрдем теориясы (Л.И.Аксенова, А.В.Мудрик, Х.Т.Шерьязданова, Ю.Н.Галагузова, Б.А.Расчетина, А.А.Тынышбаева), интегративті тұлғалық құры-лым ретінде көрінетін әлеуметтік-психологиялық жұмысқа ұстаздардың кәсіби жеке дайындығы тұжырымдамасы (Г.Ж.Меңлібекова) мазмұндап отыр. Жұмыс аясында зерттеу мәселелері бойынша психологиялық әдебиеттерді талдау, тұлғалық ба-ғыттаушы сипатты технологиялық үлгіні қолдана отырып, балалар үйіндегі әлеуметтік-психология-лық қолдауды ұйымдастыру жүйесінің тәжірибесін оқып-үйрену, балалар үйінде тәрбиеленушілердің әлеуметтенуін әлеуметтік-психологиялық қолдау бағдарламаларын жобалау, әлеуметтік-психологиялық диагностика (сауалнама, бақылау, тестілеу, әңгімелесу), психологиялық тәжірибелік эксперимент әдістері қолданылды. Отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін сөз еткенде, Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя” повесін мысалға алуға болады Бала Бауыржанның психологиясын, отбасындағы тәрбие алу рәсімдерін осы кітапты талдау барысында көреміз.Баланы өмірге бейімдеуде жетімдер үйінің, тәрбиешілердің да орны бөлек. Олай дейтін себебіміз, бала бір жақта тәрбие алу мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйткені баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: тәрбиешісіне, ата-анаға, бірге жүрген құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты.Отбасы- өмірге адам әкелу, оның қажеттілігін өтеу, өмірге жан-жақты даярлау, яғни әлеуметтендіру, сол сияқты тәрбиенің барлық түріне бағыт берумен айналысатын әлеуметтік институт.Отбасы “дербес мектеп, әлеуметтік институт” деп қарастыратын болсақ, әке-шеше-сол орданың ұстаздары, ал ата-әже-профессорлар іспеттес.Сол сияқты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1959 жылдың 20 қарашасында 1386 (XIY) қарарымен қабылданған “Бала құқықтары Декларациясында”, 1989 жылдың 20 қарашасында қабылданып, 1990 жылдың 2 қыркүйегінде күшіне енген “Бала құқықтары туралы Конвенцияда” бала өмірі мен денсаулығы, білім алуы мен тәрбиесі жан-жақты қаралған.Отбасында ата-ана арқылы берілетін тәрбиенің басты мақсаты- баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу. Сол ияқты отбасы үлгісінде тәрбиеленетін балаларымызды да осылай тәрбиелеу.[2]Осы аталған міндеттерді қазақ отбасында қалай жүзеге асырудың жүйесін жасауда бірізділік болмағанымен, ғалымдарымыз өздерінің зерттеу нысанасы тұрғысында қарастырып келеді. Әрине, қазақ отбасындағы өзіндік ұлттық тәрбиесінің ерекшелігі, ұстанатын қағидалары, сүйенетін тағылымдары бар. Т.Рысқұлов кездерінде отбасы үлгісінде тәрбиелену теория жүзінде пайда болғанымен іске аспады. Кейіннен заңдары да қабылданып бірте-бірте отбасы үлгісіндегі үйлер пайда болып, тастанды, жетім балаларға арналған арнайы үйлер де салынып, іске аса батады. Бұл мәселеге өзіміздің Тұрар Рысқұловтың тигізген үлесі өте зор. Тіпті осы балаларға арналған кереметтей заңдарымыз да бар.Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000 жыл 13 желтоқсандағы № 113-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы. Бұл Заңның негiзгi принциптерi мен мiндеттерi осы Заң адамгершiлiк, әдiлеттiлiк, адамның еркiн дамуы, тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн басымдылықпен қорғау, балалар ауылы және Жасөспiрiмдер үйлерi отбасы мүшелерiнiң өзара көмек және қолдау көрсету принциптерiне негiзделедi. Ата-ана қамқорлығынан айырылған әрбір бала отбасында тәрбиеленуге тиісті. Себебі: олар міндетті түрде ата-аналарының өмірін қайталап немесе қайталайтын болса болашақта олардың саны екі есе көп болмақ. ## Теориялық және тәжірибелік маңызы -ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйі жағдайында қолдау, тәрбиелеу, әлеуметтену үдерістеріндегі өзара байланыстар (ықпалдастыру) арқылы әлеуметтенудің теориялық ау-қымын кеңейту;-іс-әрекет мазмұнына модератор, менеджер, фасилитатор және т.б. қызметтерді енгізе отырып, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы өзара әрекеттің ұғымын байыту;-әлеуметтік-психологиялық қолдау және жәрдемдесу үдеріснің арақатысын қарастыратын тәсілдерді жүйелендіру;-ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйі жағдайында әлеуметтік-психологиялық қолдау үдерісінің өзіндік ерекшеліктерін ұлғайту;-ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың балалар үйі жағдайында әлеуметтенуін әлеумет-тік-психологиялық қолдаудың психологиялық жағдайларын сипаттау және әдістемелік ұсыныстарды ғылыми түрде әзірлеп, оларды сынақтан өткізу;-тәрбиеленіп жатқан мекеменің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды әлеуметтік-психологиялық қолдау бағдарламасын әзірлеу;-ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйі жағдайында инвариантты және бала-малы құрамды қолдаудың ықтималды психологиялық жағдайларын (құрылымы, мазмұны, техноло-гиясы) қарастыру.Балалар үйінде жұмыс іс-тейтін ұстаздардың біліктілігін көтеру жүйесінде, жоғары оқу орындарында әлеуметтік қызметкер, психолог, ұстаздар даярлауда қолдануға болады. ## Статистикалық көрсеткіштері Ресми ақпараттарға сүйенсек Республикамызда 75000 жетім бала ар екен, олардң 660 интернат ұйымдарында тәрбиеленуде, олардың ішінде: жалпы және санаторий түріндегі мектеп-интернаттарда - 37 541 бала, мектеп жанындағы интернаттарда - 15 096 бала, балалар үйлері мен жетім балаларға және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп–интернаттарда - 12 574 бала, кемтар балаларға арналған түзеу мекемелерінде - 12 599 бала, ерекше тәрбиелену жағдайларына мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге, мінез құлқы девиантты балаларға арналған мектеп-интернаттарда - 884 бала, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарында – 281 бала, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерде тәрбиеленуде. Жетім қалған балалардың негізгі бөлігі білім беру және әлеуметтік қорғау органдарының интернат мекемелерінде тәрбиеленуде. Мұндай мекемелерде бала, бірінші кезекте, ата-анасының қамқорлығына зәру, бұл оның табиғи дамуына кері әсер етіп, нәтижесінде ауыр психологиялық салдарларға әкелуі мүмкін.Балалар еркін қоғамдағы жауапты өмірге дайын болуға тиіс. Ал жетім бала балалар үйінен түлек болып шыққаннан кейін күн сайын ересектердің көмегінсіз бастан кешіруіне тура келетін түрлі проблемаларды шешуге қауқары жоқ. Балалар үйлері түлектерінің ішінде олардың қатарластарына қарағанда, қылмысқа қатысушылар немесе қылмыс құрбандары неғұрлым жиі ұшырасады, жұмысынан немесе тұрғын үйінен неғұрлым жиі айрылады, ал өз отбасын әрең құрса, оның нашақорлық немесе маскүнемдік жолға түсуі тіпті оңай, сонымен қатар олардың арасында суицид құрбандары да жиі кездеседі. Бұл олардың жеке-дара өмірге енуінің үлкен қиындықтармен ұштасып, әр уақытта табысты жүрмейтінінің белгісі. ## Интернат үйлерінде көрсетілетін тәрбие түрлері Әлеуметтік-тұрмыстық тәрбие- өзіміздің салт-дәстүрлерімізге тәрбиелеу;Әлеуметтік-педагогикалық тәрбие- олардың бойында шыншылдық, жанашырлық, адамгершілік пен мейірімділік, ұйымдастырушылық қасиеттерге тәрбиелейді. Әлеуметтік-психологиялық тәрбие- ұлттық тәлім-тәрбие берудің нәтижесінде өз ұлтына тән ұлттық қадір-қасиеттерді, ұлттық сана сезімді, мінез-құлықты, түйсік-түсінікті, көңіл-күйді, ұлттық сезімді, эмоциялық шымырқануды, ұлттық мақтанышты, ұлттық талғамды, ұлттық материалдық және рухани құндылықтарды, ұлттық мүдделерді, мақсат-мұраттарды, ұлттық өзіндік шаруашылық жүргізу машық-тарын, іскерлік пен тәжірибені, өнерді меңгерту болып табылады;Әлеуметтік-құқықтық тәрбиелер-білім алу барысында өздерінің құқықтары мен міндеттеріне үйрету. Әлеуметтік-экономикалық тәрбиелер- әр бала өздерінің қаражаттарын тиімді жұмсауға үйрету, демек қаржылық сауаттылыққа үйрету. ## Әлеуметтенуін қолдаудың мақсаттары мен технологиясы Әлеуметтену - баланың тұлғалық дамуындағы табиғи үдеріс, ал қолдау – бұл үдерісті демейтін психологиялық жағдайларды қолдан ұйымдастыру жүйесі Осыған қарамастан, әлеуметтенудің басты негіздері (теңесу, интериоризация, еліктеу, аккомодация, фасилитация, көз жеткізу, конфор-мизм) соңғы дамудың табиғи заңдылықтарына негізделген, ұстаздың қолдау алатын баламен өзара әрекетінің негізгі тетіктері ретінде қарастыруға болады. Қажетті психологиялық жағдай сияқты кешенді қолдаудың теориясы мен тәжірибесін қалыптас-тыруға арналған негізгі жағдай жүйелі – бағыттау тәсілі болады. Мұның астарында, дамуды субъектінің сол немесе басқа да инновацияларды дамытуды таңдауы мен меңгеруі деп түсіну жатыр. Жүйелі бағыттау тәсілінің негізі ретінде, субъекті дамуының ішкі қорында, яғни, субъектінің өз бетінше таңдау жасау және ол үшін жауап беру құқығын иелену басымдылығы алға шығады. Осылайша, жетім балаларға арналған кез келген балалар үйі немесе интернаттың басты міндеті – тәрбиеленушілердің әлеуметтенуі, олардың қазіргі қоғамға сіңісуі, оларға:а) жалпы қоғамдық ықпалдастық пен әлеуметтік-психологиялық жағдаяттардың баланың жеке тұлғасының дамуына әсер ету;ә) бұл үдерістегі істерге баланың өзінің белсене ат салысуы;б) қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесін жетілдіру, оның ішінде интернат түлектеріне қатыс-ты жүйені қайта қарастыру үдерістері жатады. ## Әлеуметтендірудің негізгі «кластерлері» Отбасылық депривация факторлары. Баланың жас шамасына сәйкес ересектермен қарым-қатынасы оның толыққанды психикалық дамуының басты шарты болып табылады. Мұндай қарым-қатынастың негізінде өмірдің алғашқы айларында қалыптасатын жеке байланыстар жүйесі жатыр. Отбасылық әлеуметтену тәжірибесінің болмауы тәрбиелеу мекемелеріндегі өмір жағдайынан туындаған қордаланып қалған қажеттілік фрустрациясымен (психологиялық реакция) байланысты бала-ның тұлғалық және психикалық дамуын тежейді. Отбасылық депривация интернат үлгісіндегі мекемелерде тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдердің әлеуметтенуінің бұзылуының бірден-бір басты себебі болып табылады.Әлеуметтік белсенділіктің төмендеуінің факторында. Балалар үйлерінің өзіндік ерекшеліктеріне, жетім балалардың әлеуметтік қоршаған ортамен еркін және кең қарым-қатынасы шектелген. Соның салдарынан, балалар үйлерінде тәрбиеленушілер әлеуметтік белсенділіктің субъектісі ретінде толық-қанды қалыптаспайды. Олардың ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынастарында сындарлықтың байқалмайтыны, өз ұстанымдарын өзгелердің пікірлерімен ұштастыруға қырсыздықтары тән. Олардың сана-сезімі қарым-қатынас үдерісіндегі көбіне көп қорғаныс қызметін атқарады. Шектеулі қарым-қатынас факторы. Жасөспірім жаста қарым-қатынас қаншалықты әлеуметтік және тұлғалық дамудың тетігі болып табылса, оның бұзылуы да қайта қайталанатын қиындықтарды белгілейтін фактор болып саналады. Оның кемшілігі психикалық дамудағы артта қалушылықпен, сезімдік және еріктік аяда ауытқушылықтармен мазмұндалады.Жетім балалардың өз құрбыларымен қарым-қатынас орнатудың барынша мол мүмкіндігі мазмұнды байланыстарға негіз болмайды. Күнделікті өмірдегі «бәрі барлығымен» амалсыздан тілдесудің байланыстары тең тұрақты қатынастар қалыптастыру мүмкіндігін төмендетеді. Сезімдік-ұнамды, сезімдік-ұнамсыз байланыстар көбіне шамадан тыс, артық қарым-қатынас ретінде қалыптасады. Жас-өспірім жетімдер ашушаң, дауқұмар болып келеді. Олардың арасында ауыр және қарама-қайшылықты жағдайлар жиі болып тұрады. ## Шетелге асқан жетімдер саны және рөлі 1999 жылдан бері шетелдік азаматтар 8169 қазақстандық баланы бауырына басыпты. Бұл – асырап алынған (37 450 бала) балалардың жалпы санының 21,7 пайызы. Ал соңғы он жылда 28 829 (77,1 пайыз) баланы қазақстандықтар және 452 (1,2 пайыз) баланы олардың шетелдердегі туыстары асырап алыпты. «Өткен жылы 3 мыңнан астам жетімдер өзінің жаңа отбасын тапса, тағы да 1 мыңнан астам адам бала асырап алғысы келетіндердің кезегінде тұр», – деді Жансейіт Қансейітұлы. Айғақ болатын тағы бірер сандарды келтірелік. Он жыл ішінде жәудіркөз жетімдер әлемнің 30 еліне әкетілген. Біздің жетімдерімізді асырап алудан бірінші орында – АҚШ (6406 бала), екінші орында – Испания (600), үшінші орында Бельгия (343) тұр. Одан әріде немістер – 173, канадалықтар – 167, ирландықтар – 140, француздар 131 жетімімізді асырап алған. Енді мынадай бір қызық дерекке назар аударалық. Шетел асқан 8169 тұл жетімдердің 3752-сі – қазақтар (45,9 пайыз), 4057-сі – орыстар (49,7 пайыз) және 360-ы басқа ұлттар (4,4 пайыз) екен. Онда да басқа ұлттардың арасында өзбек, тәжік, түрiкмен, қырғыз ұлтының бірде-бір баласы жоқ. Неміс, украин, белорус, татар, поляк, молдован, грек, корей, грузин, шешен, армян және ұйғыр ұлтының өкілдері ғана бар. ## Бала асырап алудағы құқықтары мен міндеттері 1. Баланы асырап алушы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығы, дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуы жөнінде қамқорлық етуге міндетті. 2. Бала асырап алушы баланың пікірін және уәкілетті қорғаншы және қамқоршы органдардың нұсқамасын ескере отырып, өз бетінше тәрбие беруге құқылы әрине заңға қайшы боласа.3. Бала асырап алушы баланың пікірін ескере отырып, оның міндетті орта білім алғанға дейін білім беру мекемесін және баланы оқыту нысанын таңдауға құқығы бар және баланың міндетті түрде орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. 4. Шетелдік бала асырап алушылар Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктеріне және консулдық мекемелеріне асырап алған баланың денсаулық жағдайы туралы есеп береді. Баланы асырап алу тәртібі.5. Шетелдік азаматтардың, соның ішінде балалардың туысқандары болып табылатын адамдардың, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларды асырап алуы туралы істері аудандық (қалалық) соттарда қаралады. Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен міндеттері баланы асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды. Сот баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің көшірмесін шешім шығарған орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органға жіберуге міндетті. Бала асырап алу азаматтық хал актілерінің мемлекеттік тіркеуі үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.Б ## Дереккөздер
Барап — Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы көл. Ақкөл қаласынан солтүстікке қарай 6 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 371 м биіктікте. ## Гидрографикасы Аумағы 7,5 км2, ұзындығы 3,7 км, енді жері 2,8 км, жағалауының ұзындығы 10,6 км. ## Жағалау сипаты Жағалауы аласа, жайпақ, айдынында қамыс, құрақ, қияқ, қоға, боз, селеу, т.б. өскен. Қар және жер асты суларымен толығады. Көл суының деңгейі мамырда көтеріліп, төменгі межесі шілде, тамыз айларында болады. Су деңгейінің жылдық ауытқуы 0,6 м. Суы тұщы, сілтілі. Егістік, мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Байсұлтанов Сұлтан Магамедұлы (1947) — әнші, Қазақстанның халық артисі (1992). Ленинград консерваториясын бітірген (1978). 1969—1971 жылдары Грозный қаласының қуыршақ театрының артисі болды. 1979 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі. Осы жылдарда ол опералық қойылымдардың бәріне дерлік қатысып, басты партияларды орындады. Фауст (Ш.Гуноның “Фаустында”), Альфред, Жермон (Дж. Вердидің “Травиатасы”, мен “Риголеттосында”), Альмавива (Дж. Россинидің “Севиль шаштаразында”), Гофман (Ж.Оффенбахтың “Гофман ертегілерінде”), Генрих (И.Штраустың “Жарқанатында”), Равенсвуд (Г. Доницеттидің “Лючия де Ляммермурында”), Ленский, Водемон (П.Чайковскийдің ”Евгений Онегині” мен “Иолантасында”), Владимир (А.Бородиннің “Игорь князінде”), т.б. партияларды нақышына келтіре орындады. Кең тынысты, жағымды да биік үнмен қазақ музыка өнерінің классикалық туындысы — М. Төлебаевтың “Біржан-Сарасында” Біржанның, Ғ. Жұбанованың “Жиырма сегізінде” Қосаевтың шыншыл, драматикалық бейнелерін шеберлікпен сомдады. Сеул (1991), Кипр (1994), Пхеньян (1998) фестивальдерінің лауреаты. ## Дереккөздер
Баратай — Ақмола облысы Зеренді ауданы, Сарыөзек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Зеренді ауылынан солтүстік-батысқа қарай 66 км-дей жерде. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, балабақша, мешіт, фельдшерлік-акушерлік пункт, сауда орындары бар. Ең жақын теміржол стансасы – Қарағай (29 км). ## Дереккөздер
Маман Байсеркеұлы (1937 жылы 13 ақпанда Алматы облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылы) — театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1998). Қазақстан Білім беру ісінің үздігі. ## Толығырақ * Маман Байсеркеұлы 1937 жылы 13 ақпанда Алматы облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылында дүниеге келген. * 1964 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. * 1964 — 1965 жылдары Атырау облыстық драма театрында * 1965 — 1970 жылдары Қызылорда облысы қазақ драма театрында режиссер, кейін бас режиссер * 1972 — 1976 жылдары Жамбыл облысы қазақ драма театрында * 1976 — 1981 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының бас режиссері * 1981 — 1983 жылдары Республика Корей музыка театрында режиссер болып істеген. * 1983 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында дәріс береді. ## Шығармашылығы * Байсеркенов жаңа көзқарас, тосын шешімге бейім режиссер. Ол қойған В.С. Вишневскийдің “Оптимистік трагедия”, А. Штейннің “Толас”, Ян. Соловичтің “Түлен түрткен тіленші”, С. Шаймерденовтің “Әнім сен едің”, Ғ. Мүсіреповтің “Қазақ солдаты”, У.Шекспирдің “Гамлет”, т.б. спектакльдер көрерменнің ықыласына ие болған. Байсеркенов қазақ театр өнері тарихында бірінші рет бір спектакльді екі кешке бөліп қойып, М. Шолоховтың “Тынық Дон” трилогиясының Т. Әлімқұлов аударған сахналық нұсқасын Жамбыл облысы драма театрының сахнасына шығарды. Байсеркенов — “Түлен түрткен тіленші” атты аударма пьесалар жинағының, “Қолтаңба және қойылым”, “Сахна және актер” деген ой-толғаулар кітабының авторы. ## Марапаттары * Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі * 2007 - Құрмет ордені * 1998 - Қазақстанның халық әртісі * 1994 - өнертану ғылымдарының профессоры * 1970 - Қазақ КСРнің Еңбегі сіңген өнер қайраткері * 1968 - Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. ## Дереккөздер
Каретников Валериан Павлович (15.12.1908, Ресей, Иркутск облысы Листвиничное селосы – 30.7.1983, Алматы) – дирижер, концертмейстер. * 1979 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері; * Ұлы Отан соғысына қатысқан; * 1929 жылы Мәскеу музыка техникумы; * 1969 жылы Алматы консерваториясы ( қазіргі Қазақ ұлттық консервтория); ## Шығармашылық өнер жолы Шығармашылық өнер жолын Мәскеудің эксперименталды балетінде концертмейстерліктен бастады. 1931 – 41 жылдары Иркутск, Челябинск, Пермь қалаларының әр түрлі музыкалық ұжымдарында концертмейстер әрі дирижер қызметін атқарды. 1945–46 жылдары Новосибирск опера және балет театрының концертмейстері, 1946 – 55 жылы Қазақ опера және балет театрының концертмейстері және дирижері болды. Осы театр сахнасында ол С.В. Рахманиновтың “Алеко”, Р.Планкеттің “Корневиль қоңыраулары”, тағы басқа спектакльдер қойды. 1946 жылдан Алматы консерваториясының концертмейстері, 1952 жылдан осы консерватория жанындағы опера студиясының дирижері (1981 жылдан доцент) болды. ## Дереккөздер
Албан Сұлтанұлы Балғымбаев (9.7.1935 жылы туған, Алматы қаласы) – философия ғыл. докт. (1982), проф. (1995), ҚР Пед. ғыл. академиясының акад. (1997). ҚазМУ-ды (1958, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1962) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Ядр. физ. ин-тында аға лаборант (1958–1959), Алматы зоотех.-малдәрігерлік ин-тында оқытушы, аға оқытушы (1962–1966), Қарағанды пед. ин-тында аға оқытушы, доцент (1966–1969), Қарағанды кооперативтік ин-тында декан, доцент (1969–1972), ҚазПИ-де (1972–1985, қазіргі ҚазҰПУ) доцент, проф., Қазақ мемл. а. ш. ин-тында (1985–1995, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) кафедра меңгерушісі, ҚазҰУ-да проф. (1995–2000, 2002 жылдан) қызметтерін атқарады. «Активность субъекта в теоретическом познании» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Б. 120-дан астам ғыл. еңбектің авторы. ## Сыртқы сілтемелер * http://dmk.kz/arhiv/?act=readarticle&id=980(қолжетпейтін сілтеме) * http://kazpravda.kz/_pdf/aug10/100810grandi_2010.pdf(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Батырханов Бүркітбай Масыпұлы (1924 жылы туған, Айыртау ауданы Ботай ауылы) — соғыс ардагері, қоғам қайраткері. Қазақ КСР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері. Көкшетау педагогикалық училищесін (1941), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1962) бітірген. Бірлестік ауылындағы орталау мектепте мұғалім болған. 1942 жылы тамыз айында Кеңес армиясы қатарына алынып, Орлов-Курск доғасындағы, Польшаны, Чехославакияны жаудан азат ету ұрыстарына қатысқан. Соғыстан кейін комсомол, партия қызметтерінде болған. 1953–1957 жылдары Қызылту аудандық партия комитетінің 2-хатшысы, Мәскеудегі арнайы бөлімнің меңгерушісі, кейіннен зейнеткерлікке шыққанға дейін Көкшетау облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1-дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Малая Серебряная ВСХВ» медальдарымен, т.б. марапатталған. Қазір Көкшетау қаласында тұрады. ## Дереккөздер
Барлыкөл — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы көл. Сергеев ауылдық округі аумағында орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 80 га, орташа тереңдігі 0,5 м. Суы тұщы, жиі құрғап қалады. Қар және жаңбыр суымен толығады. Балық (табан) ауланады. Жағалауында 40%-ға дейін қамыс өскен. ## Дереккөздер
Байтабын Дербасұлы (кейбір деректе Жоламанұлы) (туған жылы белгісіз — 1838) — Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан батыр, хан жасауылдарының қолбасы. Табын руынан шыққан. Кенесарының аса жауапты тапсырмаларын орындап отырған. Жасауыл бастығы ретінде қазақ рубасыларымен келіссөз жүргізіп, алым-салық жинаған. Жазалаушы отрядтармен болған қақтығыстарда ерлік көрсеткен. Байтабын Дербасұлы 1838 жылы Наурызбай қолының құрамында, Теке өзенінің бойында көшіп-қонып жүрген жаппас руынан зекет жинауға барғанда, көтеріліске қосылмаған Жанғабыл бидің қарулы қарсылығына кездесіп, 37 адамы шығын болған. Байтабын Дербасұлының іс-әрекеттері Н. Ахметбековтың “Жасауыл қырғыны” дастанында, І. Есенберлиннің “Хан Кене” романында суреттелген. ## Дереккөздер
Ахмет Баржақсин (1894, Атбасар уезі Жезді болысы — 1935, Омбы) — қоғам қайраткері, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, аудармашы. ## Білімі * Атбасар қаласындағы 2 сыныпты орыс-қазақ мектебі * Омбы мұғалімдер семинариясы (1918) * Омбы ауыл шаруашылығы интернаты (1922) * Мәскеу әдебиет институты (1926) ## Өмірбаяны * «Бірлік» мәдени-ағарту ұйымын құруға атсалысқан. * 1920 жылы Ақмола уездік ревкомы қазақ бөлімінің төрағасы * 1921 жылы Ақмола губерниясының атқару комитетінің төрағасы * 1923—24 жылы Қазақ тұтынушылар одағының төрағасы * 1925 жылы ОАК жанындағы Ұлт бюросының нұсқаушысы * Орталық тұтынушылар қоғамы одағының (Центросоюз) Берлиндегі өкілі * 1928 жылы Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы банкінің меңгерушісі болды. * 1928 жылы желтоқсанда большевиктер партиясы қатарынан өз еркімен шықты. * 1929 жылы сәуірде «партия беделін төкті», «троцкийшіл» деген айыппен қамауға алынып, Батыс Сібірге жер аударылды. * 1933 жылы жазасын өтеп келіп, Омбы ауыл шаруашылығы институтына оқытушы болып жұмысқа орналасты. * 1934 жылы 15 наурызда ОГПУ үштігі РКФСР қылмыстық кодексінің 58-бабының 10-, 11-тармағына «сәйкес» Баржақсинді екінші рет Батыс Сібірге 5 жылға жер аударады. * 1935 жылы ОГПУ үштігінің үкімімен атылды. ## Шығармалары Әлеуметтік төңкерістер заманында өмір сүрген Баржақсин өзінің қысқа ғұмырында артына мол әдеби, ғылыми мұра қалдырды. * Ол қазақтың 1710 мақал-мәтелін жинап, 1915 жылы тұңғыш рет «Мың бір мақал» кітабын қазақ, орыс тілдерінде шығарды. * Оқу-ағарту мәселесі, әйел теңдігі жайлы мақалалары мен әңгімелері «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа», «Үш Жүз» газеттерінде, «Айқап» журналында басылды. * Л.Н. Толстойдың әңгімелерін аударып, «Айқап» журналында жариялады. * «Ертерек білсең жасырма» атты мақаласы Орыс географиялық қоғамының «Жазбаларында» (1916 жылы, 28-тамызда) жарияланды. * 1927 жылы «Елге шаруа кооперативі мен тұтыну кооперативінің қайсысы қолайлы?» * «Тұтыну дүкенінің ісін қалай жүргізу керек?» деген кітапшалары жарық көрді. * 1937 жылы Баспахана мен әдебиет ісі жөніндегі Бас басқармасы Баржақсиннің «Мың бір мақал» деген кітабын халыққа зиянды кітаптар қатарына қосып, пайдаланудан шығарды. Баржақсин мұралары әлі толық зерттелмеген. ## Дереккөздер
Баранкөл (Балуанкөл) — Ақмола облысы Жарқайың ауданы, Нахимов ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1944 жылы қаланған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Державинск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, пошта желісі, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. «Белгісіз солдат» ескерткіші (1991) және 2-дүниежүзлік соғыста қаза болған жерлестеріне арналған обелиск орнатылған. ## Дереккөздер
Мұнарбек Бүркітбайұлы Батырханов1952 жылы 2 қаңтарда Көкшетау облысы Володар ауданының Володарское ауылында туған. Қазақ.Әкесі - Батырханов Б.М., дербес зейнеткер, ҰОС ардагөрі,Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Көкшетау қаласыныңҚұрметті азаматы. Анасы - Батырханова К.Т., зейнеткер.Павлодар индустриялық институтын бітірген (1975), инженер-құрылысшы.Қазақ және орыс тілдерін біледі.«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2006 жылдан).1969 жылдың маусымынан қыркүйегіне дейін - «Целинпроект» МЖИ Көкшетау филиалының сызбашысы. 1970жылдың тамызынан - Павлодар индустриялық институтының студенті. 1975 жылдан - «Көкшетауауылқұрылыс-4»тресі 407-ҚМК құрылыс учаскесінің шебері, жұмыстардыөндірушісі. 1979 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1981 жылдан - «Көкшетауқұрылыс» құрылыс-монтаж тресі орталық құрылыс зертханасының аға инженері.1983 жылдың наурызынан - «Көкшетауқұрылыс» құрылысмонтаж тресінің «Тұрғынқұрылыс» ҚМБ өндірістік бөлімініңбастығы. 1983 жылдың қазанынан - «Көкшетауқүрылыс»құрылыс-монтаж тресінің өндірістік бөлім бастығыныңорынбасары. 1986 жылдан - «Көкшетауқұрылыс» тресіТБӨ және БК зауытының бас инженері. 1987 жылдан -Қазақстан Компартиясы Көкшетау облыстық комитетініңқұрылыс бөлімінің нұсқаушысы. 1988 жылдан - Көкшетауқалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1989жылдан - Көкшетау қалалық жоспарлау комиссиясыныңтөрағасы. 1990 жылдан - Көкшетау қалалық атқару комитеті Халық депутаттары қалалық кеңесі төрағасының орынбасары. 1992 жылдан - коммерциялық құрылымда қызметте.1997 жылдың сәуірінен - Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары. 1998 жылдан - Көкшетау қаласы әкімінің біріншіорынбасары. 1999 жылдан - Ақмола облыстықӨнеркәсіп,сауда, көлік және коммуникация басқармасының бастығы.2002 жылдан - «Наука-Восток» ААҚ президенті. 2004жылдан - «Асар» РП Республикалық қоғамдық бірлестігіАқмола облыстық филиалының хатшысы. 2006 жылдан -Ақмола облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы. 2007 жылдан - Ақмола облыстықҚұрылыс департаментінің директоры. 2009 жылдан - Ақмола облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауыбасқармасының бастығы. 2010 жылдың маусымынан 2013 жылдың тамызына дейін - Ақмола облысы Көкшетауқаласының әкімі. Көкшетау қалалық Халық депутаттары кеңесінің депутаты(1990-1994). «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» белгісімен марапатталған (2009). Әскери атағы - запастағы капитан.Діни көзқарасы - барлық діндерге құрметпен қарайды.Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тәуелсіз,өркендеген, көшбасшы Қазақстан».Хоббиі - балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи, саяси әдебиет.Үйленген. Жұбайы - Батырханова А.К. (1952 ж. т.), зейнеткер. 3 қызы бар. ## Дереккөздер
Кіші Барап — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Кеңес ауылдық округі аумағындағы ауыл. Іргесі 1962 жылы қаланған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Ақкөл қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде, Барап көлінің шығысында орналасқан. ## Халқы Ауыл арқылы мемлекеттік маңызы бар Астана — Көкшетау автомобиль жолы өтеді. Ең жақын теміржол стансасы – Ақкөл (10 км). ## Дереккөздер
Кордебалет (француз corps de ballet, corps – негізгі құрам және ballet – балет) – балет, опера, оперетта, басқа да қойылымдарда көпшілік биін, бұқаралық көріністерді орындайтын биші-өнерпаздар ансамблі, билеушілер тобына арналған хореографиялық шығарманы орындайтын ұжым. Ол “балет хоры” іспеттес. Қазақ балет өнерінде көпшілік сахнасын кең пайдалану Кордебалет рөлін біршама арттыра түсті. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 11 - том
Батыс Аршалы гранодиорит кен орны – Ақмола облысы Аршалы ауданында Аршалы теміржол стансасынан 5 км жерде орналасқан. 1940 жылдан кен өндіріліп келеді. Геологиялық барлау жұмыстары 1947, 1964, 1970 жылдары жүргізілген. ## Геологиялық құрылымы Жоғарғы девоннан кейінгі кезеңге жататын Аршалы гранит массивінің оңтүстік-батыс бөлігіне шоғырланған. Жартасты тау жыныстары жоғарғы жағынан қазіргі делювийлі-элювийлі шөгінділердің (саздақ, құмтас, қиыршық тастар) борпылдақ тысымен (қабат) (0,4-2,0 м) жабылған. Барланған ауданның өнімділік қабаты 90% гранодиориттен тұрады. Олардың арасында тау жыныстарының желілі сериялары (аплит, диабазды порфирит, гранит-порфирлер, аляскит гранит) кездеседі. Кен орнының 110 га жері 50 м тереңдікте барланған. ## Жатыс сипаты Гранодиориттердің физикалқ-механикалық қасиеттері: құрғақ күйіндегі беріктігі 1574-2566 кг/см2, сумен қаныққандағы беріктігі 1205-2733 кг/см2, суыққа (аязға) төзімділігі 1326-1976 кг/см2, массасы 2,63-2,66 г/см3, су сіңімділігі 0,3-0,45%. Кен орнындағы қиыршықтасты теміржол салуда балласт ретінде, «500» маркалы ауыр бетон өндіруде, жолға төсеуге беріктілігі жоғары бетон мен шпал жасауға пайдаланады. ## Дереккөздер
Абдолла Байтасов (1901 жыл, Ақмола губерниясы Петропавл уезі Ортақшылдар болысы, қазіргі Амангелді ауданы — өлген жылы белгісіз) — қоғам қайраткері. * 1917 жылы Омбыдағы мұғалімдер семинариясын бітірген. * Алаш қозғалысын қолдап, Қазақ комитеттерін құруға атсалысқан. * 1921—1923 жылдары Петропавл қаласында “Бостандық туы” газеті редакциясында * 1923 жылы Ташкенттегі жұмысшы факультеті мен Қазақ халық ағарту институтында қызмет етті. * 1924—1927 жылдары Орта Азия мемлекеттік университетінің шығыстану факультетінің студенті. * 1928 жылы “Ақ жол” газеті редакциясының ғылым мен техника бөлімін басқарды. * М. Жұмабаевпен бірге “Алқа” әдеби ұйымын құруға қатысты. * 1929 жылы қуғын-сүргін кезінде тұтқындалып, 1930 жылы 4 сәуірде ОГПУ “үштігінің” ерекше қаулысымен Архангельскіге жер аударылды. * Байтасов өз заманының білікті қаламгері болды. “Жас алаш”, “Жас қайрат”, “Еңбекші қазақ” газеттерінің белсенді авторы ретінде танылды. ## Дереккөздер
Баубек батыр ауылы – Ақмола облысы Жақсы ауданы, Есіл ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2006 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Жақсы ауылынан оңтүстікке қарай, Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Тарихы Бұрын "Қызыл Ту" ауылы болып аталған, 1993 жылы Баубек батырдың есімі берілген (Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылы 29-қыркүйектегі №а-8/314 Қаулысы және облыстық Мәслихаттың 2006 жылы 29-қыркүйектегі «Ақмола облысы Қорғалжын және Жақсы аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы» шешімі бойынша). ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 108 адамды (54 ер адам және 54 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жөлек – 19 ғасырдың 1-жартысында Сырдарияның оң жағасында, қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бәйгеқұм темір жол стансасының маңында салынған қорған. Қоқан ханы Омардың тұсында (1809 – 22) Сырдарияның төменгі ағысы бойын жаулап алу мақсатында салынған. Ресей әскерлерінің шабуылынан соң, 1856 жылы бейбіт тұрғындар қорғанды тастап кетуге мәжбүр болды. Жөлекті Ресей әскерлері 1861 жылы жаулап алды. Сол жылы Сырдарияның оң жақ жағалауынан, қорғаннан 1,5 шақырымдай жерден №3 флотилия, пошта бөлімі, т.б. құрылыстар бой көтере бастайды, бірақ су тасқынының салдарынан құрылыстар аяқталмай қалады. Жөлек қорғанының 1866 – 71 жылы аралығында түсірілген суреті “Түркістан” альбомында жарияланған. ## Сілтеме
Зидж Елхани, “Елхани зиджі” (арабша және парсы тілінде [өq – астрономиялық кесте, анықтамалық) – орта ғасырлардағы көрнекті астрономиялық еңбектердің бірі. 13 ғ-да Оңтүстік Азербайжанда Әбу Жафар ат-Туси (Насреддин ат-Туси) ұйымдастырған атақты Марага астрономия мектебінің негізгі ғылыми еңбегі. Онда жарық жұлдыздардың каталогы, 279 елді мекеннің географиялық координаттары, сондай-ақ, синустар мен тангенстер кестелері (5-ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен) келтірілген. ## Дереккөздер
Марс Фазылұлы Үркімбаев (23 қараша 1939 жыл, Алматы – 18 ақпан 2012 жыл, Тараз) — қоғам қайраткері, ғалым, техникалық ғылым докторы (1984), профессор (1984), ҚР Инженер академиясының академигі (1992). Қазақ химия-технологиялық институттын бітірген (1962). 1962 – 1968 жылдар аралығында Қазақ химия-технологиялық институттының, Мәскеу Жоғары техникалық училищесінің аспиранты. 1969 – 1973 жылдар аралығында Қазақ химия-технологиялық институттының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, деканы. 1971 – 1991 жылдар аралығында Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институттының ректоры. 1990 – 1992 жылдар аралығында аймақтық «Тараз» сыртқы-экономикалық ассоциациясының бас директоры – Жамбыл облысы атқару комитетті төрағасының орынбасары. 1992 – 1994 жылдар аралығында Түркістан облысы әкімшілігінің басшысы, Қазақстан ғылым академиясының Оңтүстік Қазақстан бөлімшесінің төрағасы, ҚР-ның экономика министрі. 1994 – 2002 жылдар аралығында Халықаралық «Интеграция – Оңтүстік» қорының президенті, Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті, ҚР-ның жұмыс берушілер конфедерациясы басқармасының төрағасы, «Қазфосфат» компаниясының құрметті төрағасы. 2002 жылдың ақпан айынан «Каспий Банкі» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі. ## Шығармалары * Машинажасау саласындағы жетекші ғалым, көрнекті қоғам қайраткері. Ол машина тетігінің беріктігін арттыру жолдарының бірқатар жаңа бағыттарын қалыптастырды және дамытты. * 9 монографияның, әр түрлі басылымдарда жарияланған 100-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту, «Алтын барыс», «Құрмет» ордендерімен және медальдармен марапатталған. КСРО Мемлекеттік сыйлығы лауреаты, Тараз қаласының құрметті азаматы. * Берлин, Калифорния, Лондон, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, т.б. бірқатар университеттердің құрметті профессоры. ## Дереккөздер
Байтоқ Алаша (туған - өлген жылы белгісіз) — Батыс Қазақстан өңірінде 19 ғасырда өмір сүрген жырау. Бөкей ордасында, Жәңгір ханның жанында болған. Байұлының алаша руынан шыққандықтан ел арасында “Алаша Байтоқ жырау” деп аталған. Оның Жәңгір хан дүниеден қайтқан соң айтқан толғауы, “Мұрат ақынның Ғұмар Қазыоглына айтқаны” (Қазан, 1908), “Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары” (Орынбор, 1910) жинақтарында жарық көрген. “Қары азамат сардарбек” деп басталатын толғауы ел арасына кең тараған. Толғаудың маңғыстаулық Т. Жанғабылұлынан 1939 жылы Байтоқ Жақыппайұлы, 1947 жылы И. Ұйықбаев жазып алған мәтіні Қазақстан Ғылыми Академиясының Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақтаулы (198—705 бумалар). Байтоқ жыраудың 2 толғауы да Жәңгір ханға, оның сән-салтанатына арналған мадақ жырлар. Қолжазба мәліметтерге қарағанда, Жәңгірге жырау сексен жасында барған. Ханның сұрауымен, әуелі жиналып отырған жамағатқа, биге, байға, батырға, қызға, бәйбішеге өмірде не жарасатынын жырлайды, сосын хан мәртебесіне ойысады. “Жәңгір хан дүниеден қайтқан соң айтқан толғауында” әсерлеу әдісін мол қолданады. Жоқтау сарынындағы бұл толғауда жыраудың Ресей үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатына қарсы көзқарасы айқын сезіледі. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы — Қазақстан Республикасындағы жоғары ғылыми ұйым, ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестірушісі. Іргесі 1946 жылы 1 маусымда қаланған. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. ## Тарихы 1946 жылғы 31 мамырда КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1945 жылғы 26 қазандағы қаулысына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі және Қазақстан КП(б) ОК «Қазақ КСР Ғылым академиясын құру туралы» №439 қаулы қабылдады. Осы қаулымен Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылған күні – 1946 жылғы 1 маусым. КСРО Ғылым Академиясының және ҚазКСР Ғылым Академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Ғылым Академиясының тұңғыш президенті болып сайланды. ҚР Президентінің 1993 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы құрылды. 1996 жылғы 11 наурызда «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №2895 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы және Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамында Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі – Ғылым академиясы етіп орталық атқарушы органға біріктірілді. 1999 жылғы 12 ақпанда «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №34 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы республикалық мемлекеттік мекеме түрінде құрылды. ҚР Президентінің 2003 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігі құрылды. 2022 жылы Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2022 жылғы 1 маусымда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1003 қаулысымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды. 2023 жылғы 27 наурызда «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №152 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 281 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Коммерциялық емес акционерлік қоғамды қайта атау туралы» қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына айналды. ## Қызметі * әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау; * Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңеске уәкілетті орган ұсынған ғылым мен технологияларды дамытудың стратегиялық басым бағыттарына талдау жүргізеді; * бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға сараптама жүргізеді; * ғылымды дамыту бойынша форсайттық (болжамдық) зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіру; * ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу; * ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу; * ғылыми журналдар шығару; * халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу; * ғылымды танымал етуге қатысу ## Академия президенттері ## Академия ғимараты Ғылым академиясының ғимараты соғыстан кейінгі кезеңде Мәскеуде жобаланған. Эскиздік жобаны Мәскеудегі Ленин кесенесінің авторы, әйгілі сәулетші Алексей Щусев жасаған. Академия ғимараты 1951 жылдан 1957 жылға дейін салынды. Үйлестірулер мен дизайнды сәулетші Николай Простаков басқарды. 1980 жылы Ғылым академиясының ғимараты республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген. Ғимаратта Ұлттық ғылым академиясынан бөлек, бұрын академияның басқаруында болған, қазір Ғылым комитетінің меншігіндегі бірнеше мекеме жұмыс істейді: * Ғылым ордасыОрталық ғылыми кітапханаТабиғат музейіАрхеология музейіСирек кездесетін кітаптар музейіҚазақстан ғылымының тарихы музейі * Орталық ғылыми кітапхана * Табиғат музейі * Археология музейі * Сирек кездесетін кітаптар музейі * Қазақстан ғылымының тарихы музейі * Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы * А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты * М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты * Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты * Философия, саясаттану және дінтану институты * Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты * Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты * Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты * Математика және математикалық модельдеу институты * Экономика институты * Ақпараттық және есептеу технологиялары институты ## Басқару органдары 2024 жылғы 1 шілдедегі №103-VIII Қазақстан Республикасының "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңына сәйкес Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары: * жоғары орган – қамқоршылық кеңес; * өкілді орган – Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің жалпы жиналысы; * консультативтік-кеңесші орган – төралқа; * атқарушы орган – басқарма. ### Қамқоршылық кеңес Кеңес төрағасын Қазақстан Үкіметі тағайындайды. Кеңес мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауға тиіс. Атқарушы органның мүшелері кеңеске сайлана алмайды. Кеңес отырысы жылына кемінде 1 рет өткізіледі. Кеңестің айрықша құзыретіне мыналар жатады: * Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспарын бекіту, Ұлттық ғылым академиясының оларды іске асыру барысы туралы есептерін қарау; * ғылым және ғылыми-технологиялық саясат саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу; * Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау; * Ұлттық ғылым академиясының қызметін жүзеге асыру, Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары қабылдаған шешімдерді орындау мәселелері жөніндегі ақпаратты қарау, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының қамқоршылық кеңесінің отырыстарында мәселелерді қараудың қорытындылары бойынша Ұлттық ғылым академиясының өзге де басқару органдарына арналған ұсынымдарды тұжырымдау; * Ұлттық ғылым академиясы қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты қарау, осындай ақпаратты қараудың қорытындылары бойынша ұсынымдарды тұжырымдау. ### Академиктердің жалпы жиналысы Жиналыс Ұлттық ғылым академиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы жиналыс төрағасы болып табылады. Жиналысты төраға жарғыда белгіленген мерзімдерде шақырады. Жиналыс ұсынымдарын төралқа мен басқарма қарауға міндетті. Жиналыстың айрықша құзыретіне мыналар жатады: * өтпелі төралқа мүшелерін қоспағанда, Ұлттық ғылым академиясының академиктерін, Ұлттық ғылым академиясы төралқасының мүшелерін сайлау; * құрметті атақтар мен наградалар беру; * Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспары жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау; * Ұлттық ғылым академиясының ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет жобаларына қатысуы жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау; * Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін, Ұлттық ғылым академиясының құрылымдық бөлімшелері басшылары мен жекелеген ғалымдардың баяндамаларын тыңдау және талқылау; * Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау. ### Төралқа Жиналыстың қызметін төралқа қамтамасыз етеді. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы төралқа төрағасы болып табылады. Төралқа жиналыс отырысында кемінде 3 жыл мерзімге сайланады және қызметін жиналыс атынан жүзеге асырады. Төралқа құрамына сайланған адамдар қатарынан 2 реттен артық қайта сайлана алмайды. Төралқа отырыстары тоқсанына кемінде 1 рет шақырылады. Төралқаның айрықша құзыретіне мыналар жатады: * Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау рәсімдерін ұйымдастыру; * кеңес, жиналыс қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету; * Ұлттық ғылым академиясының академигі бағдарламасының орындалуына мониторингті жүзеге асыру; * Ұлттық ғылым академиясы басылымдарының (журналдарының, монографияларының) жоспарын қарау және бекіту; * Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің төсбелгілерін, ғылыми сыйлықтар, құрметті атақтар, наградалар (медальдар) және куәліктер бекітуге ұсынымдарды тұжырымдау; * ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманың орындалуын үйлестіру. ### Басқарма Ұлттық ғылым академиясының ағымдағы қызметіне басшылықты басқарма жүзеге асырады. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы басқарма төрағасы болып табылады. Басқарма кеңес, жиналыс және төралқа шешімдерінің негізінде және оларды орындау үшін әрекет етіп, оларға есеп береді. Басқарманың айрықша құзыретіне мыналар жатады: * Ұлттық ғылым академиясының ұйымдық құрылымы мен штат санын әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну; * Ұлттық ғылым академиясының даму жоспарын және оның орындалуы туралы есептерді әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну; * кеңестің, жиналыстың, төралқа шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру; * Ұлттық ғылым академиясының ғылыми жетістіктері және қызметінің өзге де нәтижелері туралы басқарма есебін бекіту; * Ұлттық ғылым академиясының филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олардың қызметі туралы ережелерді бекіту. ## Басқарма құрамы Ұлттық Ғылым академиясының Президентін Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. * Ақылбек Күрішбаев — ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор * Асқар Жұмаділдаев — вице-президент, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор * Ләззат Ералиева — вице-президент, медицина ғылымдарының докторы, профессор * Абай Серікқанов — вице-президент, физика-математика ғылымдарының кандидаты * Дос Сарбасов — вице-президент, биология ғылымдары бойынша PhD ## Академиктер тізімі Жаңадан құрылған Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктері * Ақшолақов Серік Қуандықұлы (2024) * Біләлов Дархан Нұрланұлы (2024) * Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы (2024) * Здоровец Максим Владимирович (2024) * Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы (2024) * Локшин Вячеслав Нотанович (2024) * Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы (2024) * Сұраған Дөрбетхан (2024) * Тұрысбеков Ерлан Кеңесбекұлы (2024) "Ұлттық ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігінің академиктері * Әбділдин Жабайхан Мүбәракұлы * Әбділдина Раушан Жабайханқызы * Әбсаметов Мәліс Құдысұлы * Әбілқасымова Алма Есімбекқызы * Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы * Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы * Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлы * Әділов Жексенбек Мәкейұлы * Айтбаев Теміржан Ерқасұлы * Ақшолақов Серік Қуандықұлы * Әлиакпаров Мақаш Тыныштықбайұлы * Әлиаров Бірлесбек Қаниұлы * Алшынбаев Мырзакәрім Кәрімұлы * Арзықұлов Жеткерген Әнесқызы * Ахметова Гульнас Кенжетайқызы * Әшімов Әбдіғаппар Әшімұлы * Әшімов Оңдасын Байкенұлы * Аяшев Оңалбай Аяшұлы * Базарбаева Зейнеп Мүсілімқызы * Баешов Әбдуәлі Баешұлы * Байкөншеков Жұмаділ Жаңабайұлы * Байзақов Сәбит Байзақұлы * Баймаханов Болатбек Бимендіұлы * Баймұратов Ораз Баймұратұлы * Байтанаев Бауыржан Әбішұлы * Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы * Бейсенова Әлия Сәрсенқызы * Бектұров Есен Әбікенұлы * Бенберин Валерий Васильевич * Берсімбай Рахметқажы Ескендірұлы * Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы * Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы * Бишімбаев Уәлихан Қозыкеұлы * Бишімбаева Нәзира Қозыкеқызы * Білиев Назарбай Қыдырұлы * Бүктіков Николай Сәдуақасұлы * Бүркітбаев Мұхамбетқали Мырзабайұлы * Ғазалиев Арыстан Мәуленұлы * Голиков Владимир Андреевич * Грибановский Анатолий Павлович * Григорук Владимир Васильевич * Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы * Дәулетов Асқар Ербұланұлы * Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы * Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы * Дүйсембин Қабдырахман Дүйсембіұлы * Дүйсенбеков Зайролла Дүйсенбекұлы * Елікбаева Гүлжахан Жақпарқызы * Елубаев Сағынтай Зекенұлы * Есполов Тлектес Исабайұлы * Есполов Айдос Тілектесұлы * Есім Ғарифолла Есімұлы * Жамбакин Қабыл Жапарұлы * Жәрменов Әбдірәсіл Алдашұлы * Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы * Жұрынов Мұрат Жұрынұлы * Зақұмбаева Гауһар Дәуленқызы * Заядан Болатхан Қазыханұлы * Ізтаев Әуелбек Ізтайұлы * Смағұлов Оразақ Смағұлұлы * Исмұхамбетов Жұмабай Ділмағамбетұлы * Қайдарова Диляра Радикқызы * Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы * Қалимолдаев Мақсат Нұрәділұлы * Кәлменов Тынысбек Шәріпұлы * Қамзабекұлы Дихан * Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы * Қасқабасов Сейіт Асқарұлы * Қайыпов Мәлік Арықтайұлы * Кешуов Сейітқазы Асылсейітұлы * Кененбаев Серік Бәрменбекұлы * Қожамжарова Дария Пернешқызы * Қожахметов Сұлтанбек Мырзахметұлы * Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы * Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы * Күзденбаева Раиса Сәлмағамбетқызы * Құлажанов Құралбек Сәдібайұлы * Құлажанов Талғат Құралбекұлы * Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы * Құлыбаев Талғат Асқарұлы * Құлмағамбетов Ілияс Райханұлы * Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы * Құнанбаева Сәлима Сағиқызы * Құнантаева Күләш Құнантайқызы * Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы * Құрманбайұлы Шерубай * Курскеев Абдрахман Козлоевич * Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы * Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы * Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы * Локшин Вячеслав Нотанович * Мәдиев Өскенбай Қабылбекұлы * Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы * Медеу Ахметқал Рахметоллаұлы * Мейірман Ғалиолла Төлендіұлы * Мелдебеков Әліхан Мелдебекұлы * Молдабеков Мейірбек Молдабекұлы * Мұқашев Болат Нығметұлы * Молдахметов Зейнолла Молдахметұлы * Молдахметов Марат Зейноллаұлы * Мұсабаев Талғат Аманкелдіұлы * Момынов Талғат Әшірұлы * Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы * Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы * Мырзақұлов Рәтбай * Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы * Нұрманбетова Жәмилә Нүсіпжанқызы * Оздоев Султан Мажитович * Ойнаров Рысқұл Ойнарұлы * Омаров Бауыржан Жұмаханұлы * Ормантаев Камал Сәруарұлы * Өтелбаев Мұхтарбай Өтелбайұлы * Пірәлиев Қалдыбай Жайлауұлы * Раисов Төлеген Қазезұлы * Рақышев Баян Рақышұлы * Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы * Рау Алексей Григорьевич * Рақымбаев Ізбасар Рақымбайұлы * Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы * Сәбікенов Салахиден Нұрсалиұлы * Сағитов Абай Оразұлы * Садықұлов Төлеухан Садықұлұлы * Сарбасов Төлеуғали Ибраимұлы * Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы * Северский Игорь Васильевич * Сейдуманов Серік Тұрарұлы * Сманов Бақтияр Өрісбайұлы * Сүлеев Досым Қасымұлы * Сүлейменов Жеңісбек Жұмағалиұлы * Сүлейменов Майдан Күнтуарұлы * Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы * Сыдықов Ерлан Бәтташұлы * Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы * Таймағанбетов Жәкен Қожахметұлы * Тәкібаев Нұрғали Жабағаұлы * Тіреуов Қанат Маратұлы * Төлебаев Райс Қажыкенұлы * Төлеуов Бораш Игілікұлы * Үкібаев Хисемидолла Исхақұлы * Оразалиев Рахым Алмабекұлы * Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы * Харин Станислав Николаевич * Шоманов Өрісбай Шоманұлы * Фазылов Серік Драхметұлы * Шарманов Төрегелді Шарманұлы * Шайдаров Мәжит Зейноллаұлы ## Құрылымы 2002-2003 жылдары Ұлттық ғылым академиясы Білім және ғылым министрлігінің меншігіндегі ғылыми ұйымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметін үйлестіруді жүзеге асырды: * Ботаника және фитоинтродукция институты * Зоология институты * Адам және жануарлар физиологиясы институты * Жалпы генетика және цитология институты * Микробиология және вирусология институты * М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты * Экономика институты * А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты * М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты * Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты * Философия және саясаттану институты * Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты * Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты * Сейсмология институты * У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты * Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты * Металлургия және кен байыту институты * География институты * Информатика және басқару проблемалары институты * Ғарыштық зерттеулер институты * Математика институты * Қолданбалы математика институты * В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты * Ионосфера институты * Физика-техника институты * А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты * Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты * Фитохимия институты * Ғалымдар үйі * Орталық ғылыми кітапхана * «Ғылым» ғылыми-баспа орталығы ### Бұрынғы құрылымы 1980 жылдардың соңынан 1999 жылға дейін Ғылым академиясы құрылымында ғылым салалары бойынша 5 бөлімше және 1 аймақтық бөлімше болған: Физика-математикалық ғылымдар бөлімшесі * Ядролық физика институты * Жоғары энергия физикасы институты (1996 жылға дейін) * Теориялық және қолданбалы математика институты * В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтКаменское плато обсерваториясыАсы-Түрген обсерваториясыТянь-Шань астрономиялық обсерваториясы * Каменское плато обсерваториясы * Асы-Түрген обсерваториясы * Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы * Ионосфера институты * Физика-техника институты * Механика және машинатану институты * Ғарыштық зерттеулер институты * Информатика және басқару проблемалары институты (1991 жылдан бастап) Жер туралы ғылымдар бөлімшесі * Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты * У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты * Сейсмология институты * Тау-кен істер институты * География институты Химия-технологиялық ғылымдар бөлімшесі * Металлургия және кен байыту институты * А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты * Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты * Мұнай химиясы және табиғи тұздар институты. Биологиялық ғылымдар бөлімшесі * Жалпы генетика және цитология институты (1995 жылы құрылды) * Топырақтану институты * Ботаника институты (1995 жылдан бастап Ботаника және фитоинтродукция институты) * Зоология институты (1995 жылдан бастап Зоология және жануарлар генофонды институты) * Микробиология және вирусология институты * Эксперименттік биология институты (1995 жылға дейін) * Физиология институты (1995 жылдан бастап Адам және жануарлар физиологиясы институты) * М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты * Бас ботаникалық бақ (1995 жылға дейін) * Аймақтық тағамтану мәселелері ғылыми орталығы (1995 жылдан бастап Тағамтану институты). Қоғамдық ғылымдар бөлімшесі * Философия институты * Мемлекет және заң институты * Экономика институты * Социология және саясаттану институты (1995 жылдан бастап) * Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты * М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты * А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты * Ғ.С. Сәдуақасов атындағы Ұйғыртану институты (1996 жылға дейін) * Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты * Сыртқы экономика орталығы * Шығыстану институты (1996 жылдан бастап). Қарағандыдағы Орталық Қазақстан бөлімшесі * Химия-металлургия институты * Органикалық синтез және көмір химиясы институты * Физиология және еңбек гигиенасы институты * Қолданбалы математика институты * Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қазақстан ғалымдары
Зидж Ұлықбек, Ұлықбек зиджі — Самарқандағы Ұлықбек обсерваториясында жасалған ең толық және дәлірек (сол дәуір үшін) жұлдыздар кестесі. “Зидж Ұлықбекте” эклиптикалық координаттар жүйесінде 1018 жұлдыз орнының каталогы берілген. Оның кіріспесінде 15 ғ-дағы Шығыстың астрономия ілімі қорытылған. Сондай-ақ, онда астрономиялық бақылауларға арналған көптеген кесте келтірілген. Оның ішінде синустар мен тангенстер кестесі де бар (9-ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен). «Зидж Ұлықбек», оптикалық бақылаулар жүргізгенге дейін, Шығыстағы ең жоғарғы дәрежедегі кесте болып есептеледі. ## Дереккөздер
Сәуле Жұмажанқызы Баяндина (1952 жылы туған, Павлодар қаласы) — ғалым, филология ғылымдарының докторы. (2005). Қыздар педагогикалық институтын бітірген (1973). Еңбек жолын Павлодар облысында орта мектептің мұғалімі болып бастаған. Қыздар педагогикалық институтында оқытушы, доцент, 2007 жылы Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі болды. Тіл теориясы, қазақ тілі мен орыс тілінің салыстырмалы типологиясы, тілдерді оқыту әдістері саласында зерттеулер жүргізген. 70-тен аса ғылыми-әдістемелік еңбектері шыққан. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2008). ## Сілтеме * http://www.educontrol.kz/objavlenija/spiski_soiskatelei_2009/prezidium10000000/?type=98(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Баян Қасаболатұлы (шамамен 1710/15 – 1757) – батыр. Бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі — батыр Баян Қасаболатұлы. Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, "Батыр Баян" атанған. Батыр Баян жөнінде деректерді Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасынан, жыраулар шығармаларынан, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен кездестіруге болады. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі. Қазақ батырларының елдікті сақтап қалудағы ерлігі Үмбетай мен Тәттіқара толғауларында жақсы баяндалған. Үмбетей жыраудың "Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту" атты толғауында былай делінген:Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Сары, Баян мен Сағынбай, Қырмап па еді жауыңды, Қуантпап па еді қауымды, Үмыттың ба соны, Абылай. Бұл толғаудан, батыр Баянның Абылай ханның тірегінің бірі екенін байқаймыз. Оның ел қорғаған басқа да батырлармен, қазақ халқының туын жықпаған, талай шайқастарда ерлік көрсеткен хас батырының бірі болғанына көзіміз жетеді. Тәттіқара толғауында:Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы. Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы. Бұл жолдар Баян батырдың ержүрек батылдығын, тұлғалы азамат болғанын дөлелдейді. Жырдағы Сары Баянның ағасы. Шоқан Уәлихановтың "Исторические предания о Батырах XVIII века" атты мақаласында Баян батыр жайлы мағлұматтар бар. Мұнда да Баянның ержүректілігін, ақылдылығын Абылай ханның жоғары бағалағанын айтады. Уақ батыры Баян Абылай ханмен бірге Қытай жасақтарына қарсы соғысқа қатысады. Қытайлармен айқаста Абылай қолы шегінуге мәжбүр болғанда Абылайдың әскерінің шегінуіне мүмкіндік жасап, Баян қолы қытайлармен айқасады. Бұл шайқаста Баян өзінің тапқырлығымен, ержүректілігімен, найзагерлігімен көзге түсіп, хан әскерін құтқарады. Шоқанның айтуынша, Баян Абылайдың ең жақын батырларының бірі болған. Ол ағасы Сары батырмен бірге уақ-керей руларының жасақтарын бастап қалмақтарға қарсы соғысқан. Осындай бір жорықта Сары мен Баян қаза болады. " Халық аузында қос батырдың аттары біріктіріліп, Сары-Баян деп қосақталып айтыла да береді", — деп жазды Шоқан. Абылай хан "үш жүздің батырларының ішінде кімдерді ерекше бағалайсыз", — деген сұраққа екі батырды ерекше атайды. "Бәсентиін Малайсары батыр байлығымен, батырлығымен, мінезімен ерекшеленсе, Уақ Баян ақылдылығымен, батырлығымен, ержүректілігімен ерекшеленеді", — деп жауап берген екен. Шоқанның бұл мөліметтерінен Баянның ханына да, халқына да мәлім, айбынды қолбасшы және ержүрек жауынгер болғанын көреміз.Абылай қалмақтарға жорықпен келе жатқанда қалмақтан жеті адам елші келіп, қалмақ ханы Қалдан Серен: "Қалмақтар мен қазақтар ағайынды болған. Біз сіздерге ақ үйлі аманат пен қымбат тартулар жасаймыз. Бейбіт болайық, — деп ұсыныс жасайды. Абылай батырларын жинап кеңес құрады. Хан: "Ақ үйі аманатын алайық, оларды сендірейік, одан кейін шабуыл жасайық", — дейді. Сол кезде Баян: "Сіз ақ үйлі аманатын алмаңыз, қалмақтарды алдаймын деп ойламаңыз. Ұса менен Серен жоғары және төмен Қытайды да алдаған, сені де алдайды", — дейді. Хан өз сөзінен қайтпайды. Қазақтар екі күн қалмақтарды тосады. Ақ үйлі аманаты да, басқа сыйлықтар да жоқ. Шолғыншылар екі күн бұрын қалмақ қолының жасырын кетіп қалғанын хабарлайды. Баян мың адамдық жасақпен қалмақтарды қуып, Қытай жеріне кіреді. Бірақ қалмақ қолын толық талқандай алмай, қайтуға мәжбүр болады. Қайтар жолда қалмақтардың улаған суынан ұшынып ауырған Баян және оның жауынгерлері қаза болады. Бүл деректі де Шоқан айтқан. Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасының желісі де осыған ұқсас. Поэма аса көркем деңгейде, ерекше шабытпен жазылған. Сезім де, махаббат та, батырлық та, жан күйзелісі де дастанда жыр болып өріледі. Поэмадағы батыр Баян тағдыры ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Шоқтығы биік Баянның бейнесі поэмада былай суреттеледі:- Қанайым, ойың удай, тілің шаян, Амал не, келген жоқ қой батыр Баян. Көп жаудың албастысы, ел еркесі, Баянның батырлығы алашқа аян. Баянның әруақты құр атынан Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ ноян? Наркескен, өрттей ескен қайтпас болат, Баянсыз қанатымды қалай жаям?! Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай, Келмесе қандыбалақ батыр Баян, — деген Абылай сөзінен батырдың хан ордасындағы орны мен беделін байқайсыз. Баян батыр ел рухы мен батыр рухының биіктігін барлық құндылықтан жоғары қояды. Елдің мүддесі Баян үшін қымбат, халқының тағдыры жау табанына басылмауы жолында жан аямай күрескен Баян батыр ерліктің, отаншылдықтың үлгісі. Қазақ осындай батырлардың арқасында тағдыры мен келешегін қорғап қалды. ## Дереккөздер
Барін (баарын, баарін, байрін) — ежелгі тайпа. Барін туралы алғашқы мағлұматтар 1241 жылы жазылған “Моңғол ун ниуча тобчи’ан” атты шығармада кездеседі. Рашид әд-Диннің (14 ғасырда) айтуынша, Барін — моңғолдардың жергілікті нирун руына жатқан және дурбундармен (ойраттар) туыстас. Тарихи жазбаларда Баріннен шыққан бірнеше адамның есімі кездеседі. Соның бірі — Шыңғыс хан заманындағы Наяка ноян. Шыңғыс ханды жақтайтындар мен тайджиуттар арасындағы биілікке таласқан қиян-кескі жанжалдарда Баріндердің басшысы Ширгуэту эбуген одақтасы тайджиуттерді тастап, Шыңғыс хан жағына шыққан. Соның балаларының бірі Наяка-ноян екен. Жылнамашылар оны оң қанаттың әмірі, шихнэ (билеуші) дәрежесіндегі құрметті адам деп атайды. Кейін Барін тайпасының өкілдері Құбалай ханға қызмет еткен. Ал, Хулагу хан Иранға жорық жасаған уақытта Баріндер оның әскері құрамында болды және хан сарайында жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Қай ханның тұсында болса да Баріндердің барлық бетке ұстар адамдары Шыңғыс хан империясы әскерінің оң қанатына қызмет атқарса керек. Барін тайпасының бір бөлігі (Барін, байрін түрінде) Моғолстан жерінде (17 ғасырға дейін) болғаны кейінгі мағлұматтарда айтылады. Ғалымдардың пікірінше, мүлде түріктеніп кеткен дәл осы Барін тайпасы қырғыз халқының да құрамына енген. Қырғыздарда “баарын” атты ру осы күнге дейін бар. ## Дереккөздер
Бәйкен Өмірбек Бәйкенұлы (1934 жылы туған, Көкшетау облысы) — дәрігер, жоғары санатты хирург-онколог. КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақ КСР-інің еңбегі сіңген дәрігері. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген (1958). 1958 жылы Көкшетау облысы Біржан сал ауданының ауруханасында дәрігер-хирург, 1959 жылы Көкшетау облысы онкодиспансерінде хирург болып жұмыс істеді. 1963 ж. диспансердің жанынан емхана ашқан. Облыста оның басшылығымен онкологиялық ауруларға қызмет көрсетудің ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстары жүргізіле бастады, аудандарда онкологиялық ауруларға тексеру жүргізетін және онкокабинеттер ашылды, онкологиялық ауруларды емдеудің құрама әдістері енгізілді. Облыста алғаш рет радиоизотопты лаборатория іске қосылды. Киев қаласында, Мәскеу қаласындағы П.А.Герцен атындағы Орталық онкологиялық ғылыми-зертеу институтында онкохирургия саласында тәжірибе алмастырған. Мәскеу, Ленинград, Алматы қалаларындағы білімін жоғарылату курстарында оқыған. Онкологтар мен радиологтардың барлық Бүкілодақтық конференциялары мен республикалық съездеріне қатысқан. Халық депутаттарының облыстық (1963), және қалалық (1977) кеңестерінің депутаты. Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2001). Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ерен еңбегі үшін. В.И. Ленин туғанына 100-жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Баянбай (2008 жылға дейін – Вороновка) — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Кенесары ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1907 жылы қаланды. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Щучинск қаласынан солтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 дүкен, 1 асхана бар. Баянбайдың жанынан республикалық маңызы бар Астана – Петропавл автомобиль жолы өтеді. Ең жақын теміржол стансасы — Жамантұз (15 км). ## Дереккөздер
Жөлек — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Жөлек ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі кентінен солтүстік-батысқа қарай 30 км жерде, Сырдария өзені аңғарындағы қамыс, түйнекөлең, т.б. әр түрлі сораң шөптер өскен шалғынды саздақ топырақты, шөлді белдемде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1548 адам (792 ер адам және 756 әйел адам) болса, 2009 жылы 1611 адамды (798 ер адам және 813 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1943 жылы қаракөл қойын өсіретін “Сырдария” кеңшарының орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан “Жөлек” акционерлік қоғамы жұмыс істеді. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшер-акушерлік пункт бар. Ауыл тұрғындары көрші елді мекендермен темір және автомобиль жолдарымен қатынасады. ## Дереккөздер
Бадам қорымы - ежелгі қорым. Біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырдың – біздің жыл санауымыздың 4 ғасырынан қалған. Бадам өзенінің сол жағалауында сүйірлене көзге түсетін археологиялық ескерткіш. Бадам ауылынан батысқа қарай 5 км қашықтықта. 1980 жылы Шымкент педагогика институтының А.Н. Подушкин жетекшілік еткен тобы анықтаған. Қорым әр қайсысында 2-ден 5 үймеге дейін бар 5 топтан құралған. Әр топтың ара қашықтығы 250 – 400 м, оңтүстіктен-солтүстікке қарай созылып жатыр. Жатаған үймелердің орташа ауқымы – етегінің диаметрі 15 – 30 м, биіктігі 1,8 – 3,2 м. ## Сілтеме
Жөн-жосық – қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрпындағы кәделердің жиынтық атауы. Жолдастық, ағайыншылық, құдандаластық қарым-қатынастардағы дәстүрлі кәделердің бірінің дұрыс орындалмауы Жөн-жосықты білмеу болып саналып, жақын адамдар арасындағы ренішке негіз болады. ## Сілтеме
Безымянка — Сандықтау ауданындағы тау. Балқаш ауылынан шығысқа қарай 10 км, Новомарковка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км жерде, Жабай өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан. Абсолютті биіктігі 626 м. Жер бедерінде айқын көрінеді. Солтүстік және шығыс беткейлері тіктеу, бірнеше тау бастары көрінеді. Солтүстік-батыс етегінен Қабанбайбұлақ өзені ағып өтеді. Коллювийлі және коллювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан жоғарғы палеозойдың гранит және гранитоидтарынан түзілген. Орманның сұр және шымды-сұр топырағында қарағай, қарағайлы-қайыңды орман қалыптасқан. Қына, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Көбей Шахметұлы Хұсайынов (27 наурыз1945 жыл, Алматы- 30 наурыз 2018 жыл, сол жерде) – тіл білімі маманы, филология ғылымдарының докторы (1988), профессор. ## Өмірбаяны ҚазМУ-ды (1968, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институты ың аспирантурасын (1971) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1971–1978), ғалым-хатшы (1978–1982), аға ғылыми қызметкер (1982–1992), институт директорының орынбасары (1992–1995), директоры (1995–2009) болды. 2009 жылдан бас ғылыми қызметкер. ## Еңбектері Ғылыми еңбектері қазақ тілінің келелі мәселелеріне арналған. «Қазақ тіліндегі атаулардың дыбыс бейнелеуіштігі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
Надежда Андреевна Лушникова (1940 жылы 22 қарашада Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында туған) — айтыс ақыны. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (2010). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1970). Құрмет орденінің иегері. Жамбыл ауданының құрметті азаматы. ## Толығырақ * Лушникова Надежда Андрейқызы 1940 жылы 22 қарашада Алматы облысы Қарасай ауданы (бұрынғы Қаскелең ауданы) Шамалған ауылында дүниеге келген. * 1961 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін (бұрынғы Қызылорда педаогогика институты) бітірген. * 1969 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факултетін бітірген. * Еңбек жолын қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. * 1962 — 1984 жылдары Қызылорда облысы Сырдария ауданы комсомол комитетінің хатшысы * Қызылорда облысы “Ленин жолы” газетінде әдеби қызметкер, “Жазушы” баспасында редактор, ауыл мектептерінде мұғалім болды. * 1985 жылдан Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Ү. Кәрібаев мұражайының директоры. ## Шығармашылығы * Надежда Лушникова жастайынан домбыра тартып, ән орындаушылығымен танылды, жазба әрі суырыпсалма ақындығымен де белгілі болды. * Ақынның “Елім менің” (1962), “Көңіл қошы” (1970) атты жеке жыр жинақтары шыққан. Айтыстары “Жыр шашу”, “Мәңгі көктем” (1988) жинақтарына енген. Республикалық айтыстарда, М. Көкеновпен (1980), Ә. Манаповпен (1985), т.б. болған жыр сайыстарында дәстүрлі айтыс өнерінің жаңаша дамуына елеулі үлес қосты.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ## Марапаттары * Қазақ КСР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (құрметті атағы) * 1970 жылы - Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты ("Көңіл-күй"және "Туған жер" өлеңдер жинағы үшін) * 2010 жылы - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері құрметті атағының иегері * 2013 жылы - "Тіл жанашыры" ұлт белгісінің иегері * 2017 жылы - ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталған. * Алматы облысы Жамбыл ауданының құрметті азаматы. ## Дереккөздер
### Бейнелеу өнері Қазақ жерінде кезігетін бейнелеу өнерінің алғашқы нұсқалары палеолит дәуіріне жатады. Олар Қаратау мен Хантау тауларында тасқа қашалған жан-жануарлар тұрпаты түрінде кездеседі. Неолит және қола дәуірінде тасқа бедерленген Баянауыл үңгіріндегі (Павлодар облысы), Таңбалы аңғарындағы (Алматы облысы) бейнелер (бұғы, арыстан, садақты аңшы, арбаға жегілген бұқа, сиыр, т.б.) мен Балқаш көлінің солтүстік жағасындағы жақпар тастардағы суреттер (келіншектің қасындағы екі ер кісінің жекпе-жек қылыштасуы, т.б.) қазақ жерін мекендеген тайпалардың негізгі кәсібін, әдет-ғұрпын баяндайды. Көптеген шекіме суреттердің сюжеті жыртқыш аңдардың аша тұяқтыларға шабуылына, діни нанымға құрылған. Суреттер нобайына ішінара қына түсті бояу жағылған ( Қаратау шимайлы тастары). Андрон мәдениеті мұрасына саналатын геометриялы өрнекті қыш ыдыстар, қалыптау арқылы жасалған бұйымдар, күн шапағы бейнеленген қола құрал-жабдықтар Орталық, Солтүстік және Батыс Қазақстан аумағында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ашылды. “Таңбалы тастағы” (Алматы облысы) б.з.б. 2 ғасырдағы тасқа бедерленген Будда бейнелері (көп қолды Чон-Рай-Сик, Мун-Сақ Будда, Манла Будда) шекіме суреттердің озық үлгілерінің бірінен саналады. Осы жартастарда 16 – 17 ғасырларда салынған суреттер де бар. Діни нанымдағы суреттер Алтай мен Тарбағатай аймағында да ұшырасады. Қола мәдениетінің соңғы кезеңіне саналатын Беғазы-Дәндібай мәдениеті тұсында (б.з.б. 9 – 8 ғасырлар) көне өнер түрлері жаңа үлгілермен толыға түскен. Б.з.б. 7 ғасырларда көшпелілер одағының нығайып, әлеуметтік құрылысы мен шаруашылықтың дамуына байланысты б.з.б. 4 ғасырларда байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері гүлденді. Қол өнері мен сән өнерінің ағаш ұқсату, зергерлік өнері, кесте және кілем тоқу салалары дамыды. Ертіс, Шідерті, Өлеңті, Сілеті, Есік, Түрген, Іле өзендері және Орталық Қазақстан мен Сыр бойындағы, Баянауыл, Сауыр тауларының етегіндегі обалар мен қорымдардан табылған көне заман бұйымдары, жиһаздық заттар көшпелі тайпалар өнерінің даму кезеңін көрсетеді. Скифтердің аңдарды бейнелеу нақышы Қаратау үстіртіне қарағанда қазақ жерінде бұрын дамығанын дәлелдейді. 1970 жылы Алматы облысындағы Есік қала маңынан табылған алтын бұйымдар (“Алтын адам”, бұғы, арқар, жолбарыс, жылқы, барыс бейнелері) да – б.з.б. 6 – 5 ғасырларда қазақ жерін мекендеген тайпалардың өнер үлгілері. Ежелгі зергерлік өнері бұйымдарын асыл таспен әшекейлеу алғаш ғұн, үйсіндерде, кейіннен оғыз, қыпшақтарда қолданылған. Сақ дәуірінде бұл әдіс көп тарамаған. Үйсін зергерлік өнерінде көркем оймыш, бедерлеу және инкрустация тәсілдері басым пайдаланылды. 6 – 8 ғасырларда байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері негізінде байырғы түрік өнері дамыды. Бейнелеу өнерінің кейбір салаларының аттары қалыптасты. Қолөнеріне маманданған шеберлер (зергер, бәдізші, сәулетші, т.б.) шықты. Суреттер сюжеттік жағынан бай бола бастады. Жұмырлап жасалған тас мүсіндер, тастан қашалған құс пен балық бейнелері, барельефтер, ағаш, сүйек, ою, асыл тас жұмырлау өркендеді. Байырғы түрік өнері кезеңінен бастап қазақ жерінде мүсін өнері кең етек алды. Мүсіндер Торғай өзенімен мен Ұлытау төңірегінен бастап, Сарыарқадан күншығысқа қарай созылып, Алтай, Тарбағатай тауларына дейін, Оңтүстік Қазақстанда Қаратаудың екі жақ етегінде, Бурылтау, Талас тауларының, Алатаудың жазық алаңқайларында ұшырасады. Мүсіндер Түрік қағандығы (6 – 8 ғасырлар), қыпшақ заманы (7 – 13 ғасырлар) кезіндегі мүсін тастар болып екі топқа бөлінеді. Көпшілігі адам бейнесінің нобайын ғана көрсететін дөрекілеу түрде жасалғанымен, ішінара бет әлпеті мен тұлғасы айқын суреттелген жұмыр мүсіндер ( Қарқаралы тас мүсіндері) де кездеседі. 16 – 18 ғасырларда тас мүсін қашау жойылып, оның орнына ою-өрнек және араб жазуларымен әсемделген құлпытастар көптеп жасала бастады. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінде кілемдер мазмұнға құрылған суреттермен әсемделсе, 5 – 7 ғасырларда көп тараған қазіргі қазақ кілемінің үлгілері қалыптасты ( Қазақ кілемі). Ясы, Отырар, Сығанақ, Тараз, Сайрам, Құлан, Мерке, Баласағұн, т.б. қалаларда 8 – 12 ғасырларда өнердің көптеген салалары (көзешілік, бедерлеу, көздеу) өркендеді. Осы заманның киіз үй түріндегі қыш ыдыстары; бедерлеу, кесу, жапсыру арқылы жасалып, түрлі түсті бояумен (қара, қоңыр, сары, қызыл) жылтыратылған қабырға өрнектер мен су құбырлары; ромб не шеңбер түріндегі үлкен әрі анық ұлттық ою-өрнектермен әсемделген теріден, металдан жасалған бұйымдар – өркендеген өнердің дәлелі. Архитектуралық құрылыстардың сыртқы қабырғалары, ішкі еңселері мен күмбездері ғимарат құрылымымен үндес тартымды ою-өрнектермен әсемделіп отырды ( Қазақ сән өнері). Азия мен Еуропадағы күмбезді архитектуралық құрылыстар секілді қазақтың киіз үйі ежелгі замандардан қазірге дейін халық қол өнерінің үздік үлгілерін жинақтаған қазына іспетті ( Қазақ архитектурасы). Киіз үйдің іші мен сырты, бау-басқұры секілді жиһаздық заттары тартымды әрі биязы ою-өрнекпен әсемделді. Сәндік, тұтыну заттарынан басқа да басқұр, алаша, тықыр кілем, кебеже, т.б. қолөнері бұйымдары киіз үй ішін безендіруде басты орын алады. Алтын зер және жібек жіптермен кесте тоқу, ағаш ұқсату өнері, ағаш пен сүйекті жымдастыру арқылы көркемдеу, тері ұқсату, зергерлік өнері де күшті дамыған ( Қазақ қол өнері). 19 ғасырларда Қазақстанда болған орыс суретшілерінің (В.В. Верещагин, т.б.) қазақ халқының өмірі мен тұрмысын бейнелеген картиналары өмірге келді. 1847 – 57 жылдары қазақ жеріне жер аударылған Т.Г. Шевченко дала өмірінің көріністеріне құрылған сериялы суреттерінде жергілікті халық тұрмысын шыншылдықпен бейнеледі. Ағартушы ғалым, әрі қазақтың тұңғыш суретшісі Ш.Ш. Уәлихановтың сулы бояу және қаламмен салған портреттері мен суреттері (“Үлкен Орданың қазақтары”, т.б.) 19 ғасырдың ортасында салынды; Қазақ бейнелеу өнері. ## Музыка мәдениеті Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән музыкалық дәстүрі дүниеге келді; соның нәтижесінде бай музыкалық мәдениеті қалыптасты. Бесік жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегі салт-жоралар әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды. Халық музыкалық шығармашылығы негізінен пентатоникалық белгілері басым жеті тонды диатоникалық мажор мен минорлық ырғақтарға негізделді. Эпостық жырлар речитативті әуенде жырланды. Қазақ халқының тарихи қалыптасу ерекшеліктеріне қарай муз. шығармалардың әуендік сипаты түрліше әрі әншілік, күйшілік, орындаушылық дәстүрінде де айырмашылықтары болды. Орындаушылық дәстүрдің түрлері: домбыра немесе қобыздың сүйемелімен ән салу, музыкалық аспаптарда күй тарту, т.б. “жар-жар”, “сыңсу” сияқты тойларда айтылатын әндердің қайырмалары көп дауыспен орындалды. Шығармалар тақырыбы мен музыкалық айшығына орай: космологиялық (жұлдыз, Ай, Күн және басқа планеталар жайлы), демонологиялық (жалмауыз кемпір, жын-шайтан, пері, т.б.), бақсылардың емдік әндері, эпикалық әндер, ертектер, мысалдар, еңбек әндері, тұрмыс-салт әндері, лирикалық әндер, тарихи әндер, т.б. болып жіктеледі. Аспаптық музыка үзінділерінде соғыс көріністері, батырлар сайысы, бәйге, қыран құстың самғауы, қасқырдың ұлуы музыкалық тілімен бейнеленді. Халық музыкасы мазмұнына қарай әр түрлі қызмет атқарды. Әсіресе бөбектер ойынын бейнелейтін музыка өзінің ықшам, қысқа, бір ырғақты, шағын көлемді, диапазоны мен формасының қарапайымдылығымен үй ішінде орындауға ыңғайлы болса, лирикалық және әлеуметтік, тарихи тақырыптағы әндер мен күйлердің әуендік диапазонының кеңдігі, мәнерінің әртүрлілігі, ырғақтық құрылысының күрделі болуы орындаушыдан үлкен шеберлікті талап етті. Қазақ музыкасының тарихи даму жолында ұлттық өнердің өшпейтін классикалық шығармаларын тудырған дарынды күйші-композиторлар шықты. Аты аңызға айналған Қорқыт (8 – 9 ғасырлар), музыкалық нота жазуының алғашқы үлгілерін ойлап тапқан Әбу Наср әл-Фараби (870 – 950), 15 ғасырларда өмір сүрген Қазтуған мен Асан қайғы – қазақтың өткендегі дамыған музыкалық мәдениетінің дүлдүл өкілдері; Қазақ музыкасы. ## Би өнері Қазақ халқының би мәдениеті ежелден-ақ белгілі болған. Би – ұлттық өнердің басқа да түрі сияқты халық тұрмысына берік еніп, олардың әдет-ғұрып ерекшелігі мен іс-әрекетін бейнелейтін өнерге айналды. Бұрыннан сақталып келген еңбек қимылын көрсететін халық биі “Өрмек би”, аңшылар өмірін бейнелейтін “Қоян би”, әзіл-сықақ пен күлкіге құрылған “Аю биі”, “Насыбайшы”, “Ортеке”, “Қаражорға”, “Тепеңкөк” билері – ежелгі би мәдениетінің куәсі. Би қазақ халқының тұрмыстың болмысын, өнер сүйгіштігін жан-жақты аша түседі. Музыкалық фольклорда сахнада өлең айту, би билеу, билеп жүріп ән айту, т.б. сақталған. Халық арасында еңбек жылын қорытындылауға байланысты мереке өткізу, салтанат құру кең етек алды. Той-думандарда өнерпаздар би арқылы өнер жарысына түсіп, көрермендерге өздерінің бишілік шеберлігін көрсететін болған. Қазақтарда өзбек, тәжік және басқа мұсылман дінін ұстаған шығыс халықтарында сирек ұшырасатын қыз бен жігіттің қосылып билейтін жұп билері (“Қоян-бүркіт”) кездеседі. Бишілік өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасты, әр тайпаның өз өнер шеберлері болды. Олар сарайда және көпшілік алдында өнер көрсететін сайқымазақ-қуақы ретінде танылды. Қазақтың халық билерінің канондық түрі болған жоқ. Би өнері импровизациялық тұрғыда орындалды. Би сайыстарында эмоциялық жарқын сипат хореографиялық көріністермен ұштастырылды. Бұл ерекшеліктер “Ұтыс” және “Сылқыма” билерінен көрінеді. Ат үстінде билеу өнерінің де өзіндік ерекшеліктері болды. Ерттеулі аттың үстінде тұрып билеу, атты өзінің ырғақ сазына бағындыратын нағыз кәсіби бишінің ғана қолынан келетін; Қазақ биі. Ұлттық театр өнерінің белгілері халықтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтына (беташар, бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауығы (алтыбақан, кімді қалайсың, қыз ойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) мен халық қуақыларының өнеріне, ақындар айтысы мен шешендік өнерге саяды. Қазақ театр өнерінің тууына Орал, Орынбор, Омбыда орыстың кәсіби театрларының ашылуы ықпал жасады; Драматургия, Қазақ театры. ## Кино Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшік кино залы жұмыс істеді. Олар негізінен ірі қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қостанай, Ақтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қаласында бірінші киносеанстар 1910 жылдан көрсетіле бастады. Киноның алғашқы белсенді насихатшыларының бірі – Ә.Жангелдин болды. Ол 1913 жылы Еуропа мен Азия елдерінде саяхатта болып, Испания, Үндістан, Қытай, т.б. елдердің өмірінен түсірілген этнографиялық, тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келді. 1925 жылы Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерінің 5-съезін Мәскеу киношежірешілерінің пленкаға түсіруі Қазақстандағы бірінші кино түсіру қадамы болып саналады. Сол жылы орталық “Культкино” студиясы жасаған “ҚАССР-нің 1 жылдық мерекесі” атты тұңғыш деректі фильм шықты (қ. Кино). Киноның негізгі түрлері: көркем фильм, ғылыми-көпшілік кино, деректі кино және мультипликациялық кино, әдеби шығармашылықтың бір саласы, фильмнің әдеби, көркемдік негізі болып табылатын – кинодраматургия, кино өнерінің жанры, бейнелеу құралдарының бірі – киномузыка және тұтастай кино өнері мен оның ерекшеліктерін, түрлерін және жанрларын зерттейтін ғылым саласы – кинотану ғылымы дамыды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақ киносы өзінен бұрынғы дәстүрді лайықты жалғастыра отырып, әлемдік кино өнері туындыларының байқауларында жүлделі орындарға ие болды; қ. Кинофестиваль, Қазақ киносы, “Қазақфильм”. Қазақ цирк өнері көшпенді тіршіліктің ыңғайымен біте қайнаса дүниеге келді. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимылдарымен жұртты күлдіру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзіл-ажуа сөздермен көпшіліктің көңілін көтеру, бақсылық құру, т.б. жораларда цирк өнерінің алғашқы нышандары көрініс берді; Қазақ циркі. ## Дереккөздер ## Бейнелеу өнері Қазақ жерінде кезігетін бейнелеу өнерінің алғашқы нұсқалары палеолит дәуіріне жатады. Олар Қаратау мен Хантау тауларында тасқа қашалған жан-жануарлар тұрпаты түрінде кездеседі. Неолит және қола дәуірінде тасқа бедерленген Баянауыл үңгіріндегі (Павлодар облысы), Таңбалы аңғарындағы (Алматы облысы) бейнелер (бұғы, арыстан, садақты аңшы, арбаға жегілген бұқа, сиыр, т.б.) мен Балқаш көлінің солтүстік жағасындағы жақпар тастардағы суреттер (келіншектің қасындағы екі ер кісінің жекпе-жек қылыштасуы, т.б.) қазақ жерін мекендеген тайпалардың негізгі кәсібін, әдет-ғұрпын баяндайды. Көптеген шекіме суреттердің сюжеті жыртқыш аңдардың аша тұяқтыларға шабуылына, діни нанымға құрылған. Суреттер нобайына ішінара қына түсті бояу жағылған ( Қаратау шимайлы тастары). Андрон мәдениеті мұрасына саналатын геометриялы өрнекті қыш ыдыстар, қалыптау арқылы жасалған бұйымдар, күн шапағы бейнеленген қола құрал-жабдықтар Орталық, Солтүстік және Батыс Қазақстан аумағында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ашылды. “Таңбалы тастағы” (Алматы облысы) б.з.б. 2 ғасырдағы тасқа бедерленген Будда бейнелері (көп қолды Чон-Рай-Сик, Мун-Сақ Будда, Манла Будда) шекіме суреттердің озық үлгілерінің бірінен саналады. Осы жартастарда 16 – 17 ғасырларда салынған суреттер де бар. Діни нанымдағы суреттер Алтай мен Тарбағатай аймағында да ұшырасады. Қола мәдениетінің соңғы кезеңіне саналатын Беғазы-Дәндібай мәдениеті тұсында (б.з.б. 9 – 8 ғасырлар) көне өнер түрлері жаңа үлгілермен толыға түскен. Б.з.б. 7 ғасырларда көшпелілер одағының нығайып, әлеуметтік құрылысы мен шаруашылықтың дамуына байланысты б.з.б. 4 ғасырларда байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері гүлденді. Қол өнері мен сән өнерінің ағаш ұқсату, зергерлік өнері, кесте және кілем тоқу салалары дамыды. Ертіс, Шідерті, Өлеңті, Сілеті, Есік, Түрген, Іле өзендері және Орталық Қазақстан мен Сыр бойындағы, Баянауыл, Сауыр тауларының етегіндегі обалар мен қорымдардан табылған көне заман бұйымдары, жиһаздық заттар көшпелі тайпалар өнерінің даму кезеңін көрсетеді. Скифтердің аңдарды бейнелеу нақышы Қаратау үстіртіне қарағанда қазақ жерінде бұрын дамығанын дәлелдейді. 1970 жылы Алматы облысындағы Есік қала маңынан табылған алтын бұйымдар (“Алтын адам”, бұғы, арқар, жолбарыс, жылқы, барыс бейнелері) да – б.з.б. 6 – 5 ғасырларда қазақ жерін мекендеген тайпалардың өнер үлгілері. Ежелгі зергерлік өнері бұйымдарын асыл таспен әшекейлеу алғаш ғұн, үйсіндерде, кейіннен оғыз, қыпшақтарда қолданылған. Сақ дәуірінде бұл әдіс көп тарамаған. Үйсін зергерлік өнерінде көркем оймыш, бедерлеу және инкрустация тәсілдері басым пайдаланылды. 6 – 8 ғасырларда байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері негізінде байырғы түрік өнері дамыды. Бейнелеу өнерінің кейбір салаларының аттары қалыптасты. Қолөнеріне маманданған шеберлер (зергер, бәдізші, сәулетші, т.б.) шықты. Суреттер сюжеттік жағынан бай бола бастады. Жұмырлап жасалған тас мүсіндер, тастан қашалған құс пен балық бейнелері, барельефтер, ағаш, сүйек, ою, асыл тас жұмырлау өркендеді. Байырғы түрік өнері кезеңінен бастап қазақ жерінде мүсін өнері кең етек алды. Мүсіндер Торғай өзенімен мен Ұлытау төңірегінен бастап, Сарыарқадан күншығысқа қарай созылып, Алтай, Тарбағатай тауларына дейін, Оңтүстік Қазақстанда Қаратаудың екі жақ етегінде, Бурылтау, Талас тауларының, Алатаудың жазық алаңқайларында ұшырасады. Мүсіндер Түрік қағандығы (6 – 8 ғасырлар), қыпшақ заманы (7 – 13 ғасырлар) кезіндегі мүсін тастар болып екі топқа бөлінеді. Көпшілігі адам бейнесінің нобайын ғана көрсететін дөрекілеу түрде жасалғанымен, ішінара бет әлпеті мен тұлғасы айқын суреттелген жұмыр мүсіндер ( Қарқаралы тас мүсіндері) де кездеседі. 16 – 18 ғасырларда тас мүсін қашау жойылып, оның орнына ою-өрнек және араб жазуларымен әсемделген құлпытастар көптеп жасала бастады. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінде кілемдер мазмұнға құрылған суреттермен әсемделсе, 5 – 7 ғасырларда көп тараған қазіргі қазақ кілемінің үлгілері қалыптасты ( Қазақ кілемі). Ясы, Отырар, Сығанақ, Тараз, Сайрам, Құлан, Мерке, Баласағұн, т.б. қалаларда 8 – 12 ғасырларда өнердің көптеген салалары (көзешілік, бедерлеу, көздеу) өркендеді. Осы заманның киіз үй түріндегі қыш ыдыстары; бедерлеу, кесу, жапсыру арқылы жасалып, түрлі түсті бояумен (қара, қоңыр, сары, қызыл) жылтыратылған қабырға өрнектер мен су құбырлары; ромб не шеңбер түріндегі үлкен әрі анық ұлттық ою-өрнектермен әсемделген теріден, металдан жасалған бұйымдар – өркендеген өнердің дәлелі. Архитектуралық құрылыстардың сыртқы қабырғалары, ішкі еңселері мен күмбездері ғимарат құрылымымен үндес тартымды ою-өрнектермен әсемделіп отырды ( Қазақ сән өнері). Азия мен Еуропадағы күмбезді архитектуралық құрылыстар секілді қазақтың киіз үйі ежелгі замандардан қазірге дейін халық қол өнерінің үздік үлгілерін жинақтаған қазына іспетті ( Қазақ архитектурасы). Киіз үйдің іші мен сырты, бау-басқұры секілді жиһаздық заттары тартымды әрі биязы ою-өрнекпен әсемделді. Сәндік, тұтыну заттарынан басқа да басқұр, алаша, тықыр кілем, кебеже, т.б. қолөнері бұйымдары киіз үй ішін безендіруде басты орын алады. Алтын зер және жібек жіптермен кесте тоқу, ағаш ұқсату өнері, ағаш пен сүйекті жымдастыру арқылы көркемдеу, тері ұқсату, зергерлік өнері де күшті дамыған ( Қазақ қол өнері). 19 ғасырларда Қазақстанда болған орыс суретшілерінің (В.В. Верещагин, т.б.) қазақ халқының өмірі мен тұрмысын бейнелеген картиналары өмірге келді. 1847 – 57 жылдары қазақ жеріне жер аударылған Т.Г. Шевченко дала өмірінің көріністеріне құрылған сериялы суреттерінде жергілікті халық тұрмысын шыншылдықпен бейнеледі. Ағартушы ғалым, әрі қазақтың тұңғыш суретшісі Ш.Ш. Уәлихановтың сулы бояу және қаламмен салған портреттері мен суреттері (“Үлкен Орданың қазақтары”, т.б.) 19 ғасырдың ортасында салынды; Қазақ бейнелеу өнері. ## Музыка мәдениеті Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән музыкалық дәстүрі дүниеге келді; соның нәтижесінде бай музыкалық мәдениеті қалыптасты. Бесік жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегі салт-жоралар әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды. Халық музыкалық шығармашылығы негізінен пентатоникалық белгілері басым жеті тонды диатоникалық мажор мен минорлық ырғақтарға негізделді. Эпостық жырлар речитативті әуенде жырланды. Қазақ халқының тарихи қалыптасу ерекшеліктеріне қарай муз. шығармалардың әуендік сипаты түрліше әрі әншілік, күйшілік, орындаушылық дәстүрінде де айырмашылықтары болды. Орындаушылық дәстүрдің түрлері: домбыра немесе қобыздың сүйемелімен ән салу, музыкалық аспаптарда күй тарту, т.б. “жар-жар”, “сыңсу” сияқты тойларда айтылатын әндердің қайырмалары көп дауыспен орындалды. Шығармалар тақырыбы мен музыкалық айшығына орай: космологиялық (жұлдыз, Ай, Күн және басқа планеталар жайлы), демонологиялық (жалмауыз кемпір, жын-шайтан, пері, т.б.), бақсылардың емдік әндері, эпикалық әндер, ертектер, мысалдар, еңбек әндері, тұрмыс-салт әндері, лирикалық әндер, тарихи әндер, т.б. болып жіктеледі. Аспаптық музыка үзінділерінде соғыс көріністері, батырлар сайысы, бәйге, қыран құстың самғауы, қасқырдың ұлуы музыкалық тілімен бейнеленді. Халық музыкасы мазмұнына қарай әр түрлі қызмет атқарды. Әсіресе бөбектер ойынын бейнелейтін музыка өзінің ықшам, қысқа, бір ырғақты, шағын көлемді, диапазоны мен формасының қарапайымдылығымен үй ішінде орындауға ыңғайлы болса, лирикалық және әлеуметтік, тарихи тақырыптағы әндер мен күйлердің әуендік диапазонының кеңдігі, мәнерінің әртүрлілігі, ырғақтық құрылысының күрделі болуы орындаушыдан үлкен шеберлікті талап етті. Қазақ музыкасының тарихи даму жолында ұлттық өнердің өшпейтін классикалық шығармаларын тудырған дарынды күйші-композиторлар шықты. Аты аңызға айналған Қорқыт (8 – 9 ғасырлар), музыкалық нота жазуының алғашқы үлгілерін ойлап тапқан Әбу Наср әл-Фараби (870 – 950), 15 ғасырларда өмір сүрген Қазтуған мен Асан қайғы – қазақтың өткендегі дамыған музыкалық мәдениетінің дүлдүл өкілдері; Қазақ музыкасы. ## Би өнері Қазақ халқының би мәдениеті ежелден-ақ белгілі болған. Би – ұлттық өнердің басқа да түрі сияқты халық тұрмысына берік еніп, олардың әдет-ғұрып ерекшелігі мен іс-әрекетін бейнелейтін өнерге айналды. Бұрыннан сақталып келген еңбек қимылын көрсететін халық биі “Өрмек би”, аңшылар өмірін бейнелейтін “Қоян би”, әзіл-сықақ пен күлкіге құрылған “Аю биі”, “Насыбайшы”, “Ортеке”, “Қаражорға”, “Тепеңкөк” билері – ежелгі би мәдениетінің куәсі. Би қазақ халқының тұрмыстың болмысын, өнер сүйгіштігін жан-жақты аша түседі. Музыкалық фольклорда сахнада өлең айту, би билеу, билеп жүріп ән айту, т.б. сақталған. Халық арасында еңбек жылын қорытындылауға байланысты мереке өткізу, салтанат құру кең етек алды. Той-думандарда өнерпаздар би арқылы өнер жарысына түсіп, көрермендерге өздерінің бишілік шеберлігін көрсететін болған. Қазақтарда өзбек, тәжік және басқа мұсылман дінін ұстаған шығыс халықтарында сирек ұшырасатын қыз бен жігіттің қосылып билейтін жұп билері (“Қоян-бүркіт”) кездеседі. Бишілік өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасты, әр тайпаның өз өнер шеберлері болды. Олар сарайда және көпшілік алдында өнер көрсететін сайқымазақ-қуақы ретінде танылды. Қазақтың халық билерінің канондық түрі болған жоқ. Би өнері импровизациялық тұрғыда орындалды. Би сайыстарында эмоциялық жарқын сипат хореографиялық көріністермен ұштастырылды. Бұл ерекшеліктер “Ұтыс” және “Сылқыма” билерінен көрінеді. Ат үстінде билеу өнерінің де өзіндік ерекшеліктері болды. Ерттеулі аттың үстінде тұрып билеу, атты өзінің ырғақ сазына бағындыратын нағыз кәсіби бишінің ғана қолынан келетін; Қазақ биі. Ұлттық театр өнерінің белгілері халықтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтына (беташар, бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауығы (алтыбақан, кімді қалайсың, қыз ойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) мен халық қуақыларының өнеріне, ақындар айтысы мен шешендік өнерге саяды. Қазақ театр өнерінің тууына Орал, Орынбор, Омбыда орыстың кәсіби театрларының ашылуы ықпал жасады; Драматургия, Қазақ театры. ## Кино Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшік кино залы жұмыс істеді. Олар негізінен ірі қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қостанай, Ақтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қаласында бірінші киносеанстар 1910 жылдан көрсетіле бастады. Киноның алғашқы белсенді насихатшыларының бірі – Ә.Жангелдин болды. Ол 1913 жылы Еуропа мен Азия елдерінде саяхатта болып, Испания, Үндістан, Қытай, т.б. елдердің өмірінен түсірілген этнографиялық, тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келді. 1925 жылы Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерінің 5-съезін Мәскеу киношежірешілерінің пленкаға түсіруі Қазақстандағы бірінші кино түсіру қадамы болып саналады. Сол жылы орталық “Культкино” студиясы жасаған “ҚАССР-нің 1 жылдық мерекесі” атты тұңғыш деректі фильм шықты (қ. Кино). Киноның негізгі түрлері: көркем фильм, ғылыми-көпшілік кино, деректі кино және мультипликациялық кино, әдеби шығармашылықтың бір саласы, фильмнің әдеби, көркемдік негізі болып табылатын – кинодраматургия, кино өнерінің жанры, бейнелеу құралдарының бірі – киномузыка және тұтастай кино өнері мен оның ерекшеліктерін, түрлерін және жанрларын зерттейтін ғылым саласы – кинотану ғылымы дамыды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақ киносы өзінен бұрынғы дәстүрді лайықты жалғастыра отырып, әлемдік кино өнері туындыларының байқауларында жүлделі орындарға ие болды; қ. Кинофестиваль, Қазақ киносы, “Қазақфильм”. Қазақ цирк өнері көшпенді тіршіліктің ыңғайымен біте қайнаса дүниеге келді. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимылдарымен жұртты күлдіру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзіл-ажуа сөздермен көпшіліктің көңілін көтеру, бақсылық құру, т.б. жораларда цирк өнерінің алғашқы нышандары көрініс берді; Қазақ циркі. ## Дереккөздер
Жөргек – бесікке бөленетін сәбиді орайтын, асты-үстіне салынатын жұмсақ маталар, баланың бесіктегі жатын орнының төсеніші мен жамылғы шүберектері. Қазақ халқының ұғымында Жөргек қасиетті саналады. Сондықтан Жөргек үнемі таза болуы керек. Жөргекгінде дарыған жақсылық өмір бойы үзілмейді деп есептейтін халық Жөргекті кесірден, ауру-сырқаудан сақтасын деп, ертелі-кеш аршамен немесе адыраспанмен аластап отырған. ## Сілтеме
Низам әд-Дин Биржанди , Абд әл-Әли ибн Мұхаммед ибн Хұсайн Низам әд-Дин әл-Биржанди (туған жылы белгісіз, Кухистан – 1528) – ортағасырлық астроном, ғалым. Ала әд-Дин Әли әл- Құсшының мектебінде білім алып, кейін Ұлықбектің ғылыми дәстүрлерін дамытқан. Хорасанның астанасы Гератта тұрды. Ұлықбектің “Зиджи жадиди горагани” (“Жаңа астрономиялық кесте”) еңбегіне толық түсіндірме жазды. Онда астрономия мен математикадағы кейінгі қол жеткізілген үлкен табыстар жайлы мәліметтер бар. Зәкәрия әл Қазуини мен Әбу-л-Фиданың, тағы басқа авторлардың еңбектеріне негізделген “Аджаиб әл-бұлдан” (“Елдер ғажайыптары”) атты шығарманың 1501 – 02 ж. шамасында Низам әд-Дин Биржанди жазған нұсқасы ұзақ уақыт авторы белгісіз деп есептелініп келді. Бұл еңбекте орта ғасырдағы космография мен географияға байланысты қысқаша мәліметтер берілген, 7 “климаттың” (орта ғасырдағы шығыс географтары құрлықтың белгілі бір бөлігін шартты түрде бөлген геогр. белдіктер) тарихи геогр. сипаттамасы келтірілген. Шығармада Қазақстан мен Орталық Азияны мекендеген әр түрлі түркі тайпалары шігілдер, татарлар, хазанждар, хазарлар, қырғыздар (хырғыздар), оғыздар, қимақтар туралы этногр. деректер бар. Ол пайдаланған еңбектердің бірқатары бізге жеткен жоқ. Бұл Низам әд-Дин Биржанди жазған “Аджаиб әл-бұлдан” нұсқасының құнын арттыра түседі. ## Сілтемелер * Әбу Насыр Әл-Фараби * Гератта * Кухистан ## Дереккөздер
Марат Әбидоллаұлы Биекенов (19 қыркүйек 1942 жылы, Қарағанды қаласында туған) – философия ғылымының докторы (1989 жылы), профессор (1990 жылы), ҚР Халық ағарту ісінің үздігі. Алматы халық шаруашылығы институтын, Қазақ Мемлекеттік Университеттің аспирантурасын бітірген соң 1972–82 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) аға оқытушы, доцент, 1984–94 жылдары осы институтта саясаттану, социология және құқық кафедрасының меңгерушісі, 1994–95 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесі халықараралық қатынастар комиссиясының эксперті, 1995–96 жылдары ҚР Үкіметі аппаратының сыртқы байланыстар бөлімінің референті, 1996 жылдан ҚР Парламенті Сенаты аппаратының халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік секторының меңгерушісі. «Взаймосвязь демократического централизма и самоуправления народа» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 160-тан астам ғылыми еңбегі, монографиялары жарық көрген. ## Дереккөздер
Бауман — Ақмола облысы Егіндікөл ауданындағы ауыл, Бауман ауылдық әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Егіндікөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 38 км-дей жерде, Қоржынкөл көлінің солтүстігінде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1954 жылы қаланған. Астық және асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын «Бауман 07» ЖШС-і бар. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, балабақша, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Ең жақын теміржол стансасы – Атбасар (110 км). ## Дереккөздер
Нілібаев Әубәкір Дастанұлы (20.4.1928, Жаңа тұрмыс ауылы, Зайсан ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) – ақын, аудармашы. Зайсан пед. училищесін (1948), ҚазМУ-ды (1961) бітірген. Мұғалім, партия қызметкері, газет-журналдарда редактор қызметтерін атқарған. Тұңғыш жыр жинағы “Таңғы тыныс” 1967 жылы жарыққа шықты. “Болашақ осылай басталған” (1970), “Жыр жалау” (1972), “Қоңыр жел” (1973), “Алаулаған армандар” (1974), “Көңіл көзі” (1976), “Інкәр жүрек” (1978), “Күнім менің” (1980), “Жер жүрегі” (1984), “Звезды степи” (1984), “Асыл адам” (1989), “Мың сөз” (2001), т.б. кітаптары жарық көрген. Ол антик. әдебиеттен Эсхилдің “Бұғауланған Прометейін” (1975), үнді эпосы “Махабхаратаны” (2002), зороастризмді насихаттаған “Авестаны”, қытай философтары Конфуций, Лао-цзы, Чжуан-цзы трактаттарын қазақ тіліне аударған. Түрік ақыны Жүніс Әміре (1996) мен пәкістандық Мұхаммед Иқбал (1998) шығармаларын тәржімалаған. ## Дереккөздер
Бадр әд-Дин әл-Фараби, Бадр әд-Дин бин Нұр әд-Дин бин Айюб бин Ибраһим әл-Фараби (14 ғасырдың 50-жылдары, Фараб қаласы – 15 ғасырдың басы, сонда) – хұснихатшы. Отырар медреселерінің бірінде, одан кейін Бұхара мен Самарқандта білім алған. Иранның Герат шаһарындағы Әмір Фируз шаһ деген кісінің медресесінде ұстаздық еткен. Гератта қызмет еткен жылдары көркем жазу өнерін жете меңгерген. Біздің заманымызға ол көшірген Фахр әд-Дин аш-Ширазидің (14 ғасыр) «Шахр әл Бурда ли-л-Бусири» атты шығармасы жеткен. Бадр әд-Дин әл-Фараби қағазға түсірген Мысыр ақыны Шараф әд-Дин Мұхаммед бин Сайид әл-Бусиридің (1222 – 96) Мұхаммед пайғамбарға арналған «әл-Бурда» («Шапан») атты 162 бәйіттен тұратын дастанына Фахр әд-Дин аш-Ширази жазған «Түсіндірмесі» («Шарх») Ресей Ғылым Академиясы Шығыстану институтының қолжазбалар қорында сақтаулы тұр. ## Дереккөздер
Талпақ Байторыұлы (туған - өлген жылы белгісіз) — 19 ғасырда өмір сүрген қазақ сәулетшісі. Торғай өзенінің бойындағы Терісбұлақта туып, өмірінің көбін Торғай қаласында өткізген. Ол Торғайдағы қызыл кірпіштен салынған үйлердің, Ыбырай Алтынсарин салдырған мектептің сәулетшісі. Торғай, Жалдама, Қабырға, Терісбұлақ, Жыланшық өзендерінің бойында, Тосынның құмында қызыл кірпіштен үйлер, күмбездер тұрғызған. Кейбіреулері (Түгел, Бегімбет, Алтынай, Жездібай, Бекбау және Берденнің қызыл үйлері) осы күнге дейін сақталған. Байторыұлы жасаған сәулет өнері ғимараттарының ең көріктілері — Досан қопасындағы Қызыл мешіт пен Терісбұлақтағы көп күмбезді Бердікей мешіті. Бердікей мешіті биік күмбезімен, әсем нақышпен өрнектелген бағаналарымен ерекше сәнді болған. Осы мешіттің қасындағы үлкен медресе ғимараты мен байлардың жатақ үйін Ыбырай Алтынсариннің жобасымен тұрғызған. Байторыұлы көптеген қыш үйлерді баласы Қойгелдімен бірлесіп салған. Қойгелді жаз бойы Сарыиін бойынан қаймақтас жинап, қызыл үйлердің есік-терезелерін сонымен нақыштаған. ## Дереккөздер
Низам әд-Дин Шами Низомуддин Шанбий, Низамуддин Шанби Газоний, Низам Табризи (туған өлген жылы белгісіз) – парсы тілінде жазған тарихшы. 14 ғасырдың аяғы мен 15 ғасырдың бас кезінде өмір сүрген. Әмір Темірдің өмірбаяны туралы тұңғыш еңбек – “Зафарнаменің” авторы. Низам әд-Дин Шамидің негізгі еңбегі саналатын бұл шығарманың Қазақстан мен Орталық Азияның 14 ғасырдың 2-жартысындағы тарихын зерттеуде маңызы зор. Кейбір деректерде оның басқа да еңбектерінің болғандығы айтылады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің айтуы бойынша, Низам әд-Дин Шами сол кездегі жақсы әдебиетші әрі әдеби стиль өнерін жете меңгерген адамдардың бірі болған. Шейх Уәйіс І-нің (1356 – 74) тапсыруымен араб тілінен парсы тіліне Мұхаммед ибн Абдулах ибн Зафар Макки Андалусидің (12 ғ.) “Сульван ал-мутта’фи увон ал-атба” еңбегін аударған. Иран шығыстанушысы Даниш Пажух (20 ғасыр) оның Мұхаммед пайғамбар мен 12 имамның қысқаша өмірбаянын жазғанын және оның шын аты Әли ибн Мұхаммед екенін, ол Низхам ул-Вайз есімімен белгілі болғандығын жазды. Аталған шығармаларда орта ғасырдағы шығыс әдебиетіне, дін тарихына қатысты құнды мәліметтер бар. ## Сілтемелер * Тарих * Парсы * Зафарнаме ## Дереккөздер
Еркеболат Бекмұхамбетов (1897, Ақмола – 1981, Алматы) — техника ғылымдарының кандидаты (1965). ## Білімі * 1929 ж. Ленинград жоғары кооперация курсын бітірген. * КОКП Ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының Өнеркәсіп академиясын (Свердловск, 1936) бітірген. ## Өмірбаяны * 1916 ж. Ақмола уезі Қорғалжын болысы бойынша ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан. * 1909 ж. Ақмолада әртүрлі жұмыстарда, кейіннен тау-кен өнеркәсіптерінде жұмысшы болған (1913 — 16). * 1916 ж. өз еркінсіз қара жұмысқа алынады, 1917 ж. одан қашып шығып, Ақмола қаласына қайтып келіп «Жас қазақ» жастар ұйымына кіреді. * «Тіршілік» газетін шығаруға және таратуға ат салысқаны үшін 3 рет жауапқа тартылады. * Қорғалжын болысында, Ақмолада, Петропавлда мұғалім (1918—30). * Алматы және Жаркент қалаларында партиялық қызметте (1930 — 33) . * Риддер металлургия зауытында аға металлург және партия комитетінің хатшысы (1937) болған. * Сол жылы қуғын-сүргінге ұшырап, қамауға алынып, 1939 ж. босатылады. * 1944 жылға дейін Алматы және Қарағанды қалаларында шаруашылық жұмыстарында болған. * Ақмола облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары (1944 — 45). * Шымкент және Алматықалаларында шаруашылық жұмыстарда (1945—49). * 1962 жылға дейін Қазақ КСР Ғылым Академиясының Төралқасында қызметте болған. * 1963 ж. зейнеткерлік демалысқа шыққан. ## Ғылыми еңбектері * «Қазақстанның революцияға дейінгі тау-кен ісі және түсті металлургиясы» (Алматы, 1964) монографиясы. * «Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері» (Алматы, 1977). * «Орысша — қазақша политехникалық сөздік» (Алматы, 1979, телавтор) кітаптарының авторы. ## Дереккөздер
Ақбота Тастанбекқызы Бексейітова (1970 жылы туған, бұрынғы Зеренді ауданы Жылымды ауылы) — ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты. (2002), доцент (2008). ## Өмірбаяны * Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген (1993). * 1993 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, жаңа технология бөлімінің жетекшісі, декан. ## Еңбектері * 60-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 оқулық пен 1 монографияның авторы. м ## Дереккөздер
Елжас (Ілияс) ЖүнісұлыБ екенов (1892, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Қарағаш ауылы —1938, Алматы) — жазушы, сыншы. Мәскеудегі Қызыл профессура институтын бітірген (1933). Ауылда жалшы, Петропавлдағы Мұратов диірменінде жүкші (1912), Томск губерниясындағы Судженск көмір кенішінде шахтер (1912 — 15), Петропавл теміржол бекетінде жүкші (1915 — 16) болған. * 1916 жылы Ресей патшайымының Жарлығына сәйкес қара жұмысқа алынып, Пермь теміржолында еңбек етіп, Қазан төңкерісінен кейін елде әр түрлі қызмет атқарған. * 1922 — 24 жылы Орынбордағы жұмысшы факультетінде оқыған. * 1925 — 26 жылдары «Еңбекші қазақ» газетінде бөлім меңгерушісі * 1926 — 27 жылдары Жұмысшыларды ағарту қоғамы жұмысшы баспасөзі секциясының басқарушысы * 1927 — 28 жылдары Жұмысшы-шаруа инспекциясы халкомының нұсқаушысы * 1929 — 31 жылдары Петропавлда «Кеңес ауылы» газеті редакторының орынбасары, кейін жауапты редакторы * 1933 — 36 жылдары Оралда «Екпінді құрылыс» * 1935 — 36 жылдары Петропавлда «Ленин туы» облыстық газеттерінің жауапты редакторы * 1936 — 1938 жылдары Бас әдеби басқарманың бастығы болды. ## Еңбегі Алғашқы өлеңдері 1922 жарияланған. Тұңғыш прозалық туындысы — * «Бидің жауыздығы» әңгімесі (1922). Кейін * «Жалшы сәулесі» (Ташкент, 1929), * «Октябрь күндеріндегі қуаныш» (1927), * «Ұлтшыл» атты тұңғыш әңгімелері (1927), * «Біздің еңбек» (1934), * «Большевик қызы» (1937), * «Ана құшағында» (1937), тағы басқа шығармаларында жаңа заманнан жақсы үміт күткен кейіпкерлері арқылы сол кездегі қазақ қоғамының шындығын заман талабына сай суреттейді. * «Жәмила қалай сауатты болды» (1927) әңгімесі * «Жаңа жол бойында» (1939) қазақ әйелдерінің қоғамдық жұмысқа араласуын бейнелейтін көрнекті шығармалардың бірі болды. Бекенов сын жанрына да үлес қосып, Ш.Иманбаева, С.Мұқанов, М.Әуезовтің шығармаларын, жас жазушылардың туындыларын талдап, құнды пікірлер айтқан.«Жәмила қалай сауатты болдың» повесть, 1929 жылы «Жаңа жол бойында», «Жалшы сәулесі» әңгіме-очерктерінің жинақтары шықты. * 1936 жылы «Ұлт қозғалысы және ұлтшылдық әдебиет» атты ғылыми-сын еңбегі жарық көрді. Осы сияқты еңбектерінде біраз ақын-жазушылардың қатарында Әуезовтің есімі аталады. * «Тарихи шындықты құр қиялмен суреттеуге болмайды» деген мақаласында «Айман - Шолпан» пьесасының жетістік жақтарын құптап, кейбір тарихи шындықтың бұрмалануына сын айтқан. ## Әдеби сын саласында жұмысы Елжас Бекенов әдебиеттану саласында да еңбек етті. Мезгілсіз өмірден өткен ақын Шолпан Иманбаеваның шығармашылығы туралы, Сәбит Мұқановтың поэмасы туралы және т.б. мақала жазды. 1935 жылы оның «Ұлттық қозғалыс және ұлттық әдебиет» атты кітабы жарық көрді. ## Қызықты деректер * Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасын Елжас Бекенов бастаған біраз қаламгерге арнаған. * Елжас Бекеновтің ұлы Болат Ілиясұлы Бекенов әкесінің шығармашылық жолын жалғастырып, бүгінде әдеби қызметпен айналысады. 2003 жылы Болат Бекеновтың «Құмырсқаның көлкесі» атты әңгімелері бар кітабы жарық көрді. * Көкшетаудағы көшелердің біріне Елжас Бекенов есімі берілген. ## Дереккөздер
Байтұрсыновтың В.И. Ленинге хаттары — Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ халқының тағдыры, ұлттық автономия құру мәселелері туралы Ахмет Байтұрсынұлының 1920 жылы жолдаған хаттары. Бұл құжаттар қазақ ұлтының ғана емес, бүкіл түркі жұртының, Шығыс әлемінің ортақ мақсат-мүдделерін жан-жақты, кең әрі терең жеткізген аса маңызды тарихи мұра болып табылады. 1920 жылы 17 мамырдағы хатында Байтұрсынов Қазақстандағы тұңғыш кеңестік өкімет органы — Қазақ ревкомының құрылғаннан бері 10 айлық қызметінің қорытындысын шығарып, Мәскеу мен қазақ халқының арасында өзара сенім болмағандығын, Ресей коммунистерінің оған алуан түрге боялған үстемдігін таңып отырғандығын, сан ғасырлар бойы отаршылардың езгісінде болып келген қазақтардың өзін-өзі билеуге ұмтылысын, Қазақстанды “халық толық сенетін қазақ зиялылары” басқаруға тиістігін жазды. “Ленин жолдастың ұлт және отар мәселелері туралы тезистеріне қосымша” деген атаумен белгілі хатты Байтұрсынов Ә. Ермековпен, Түркістан АКСР-ы өкілдері Т. Рысқұлов пен Низаметдин Қожаев, Башқұртстанның басшылары Зәки Уәлиди Тоған және Харис Юмағұловпен бірігіп жазды (1920 жылы 16 маусым). Келесі күні, 17 маусымдағы хатында және жазылған мерзімі көрсетілмеген тағы бір хатында Байтұрсынов Ленин тезистеріне жеке өзінің сын-ескертпелері мен ұсыныстарын жолдады. Ресей революциясының жетекшісіне жөнелтілген хаттарының бәрінде де Байтұрсынов ұлт азаттығын көздеді. “Бостандыққа жетудің жолын қазақ елі өзі таңдауы керек, оған жетудің бар ауыртпалығы мен жауапкершілігін ұлт қайраткерлері көтеруге тиіс, Коминтерн мен Ресей коммунистерінің Шығысқа “көмегі” күшпен таңылмауы керек, оның орнына жанашыр қолдау көрсетілуі қажет” деп жазды ол. Байтұрсыновтың саяси көзқарасын айғақтайтын бұл құжаттарда Ленин мен лениншілердің тұрпайы отаршыл, орысшыл, тар ауқымды таптық көзқарастарына Алаш азаматының ұстанған жалпыадамзаттық құндылықтары қарсы қойылған. ## Дереккөздер
Сүткент – ортағасырлық қала орны. Түркістан облысы Шардара ауданы Сүткент ауылынан шығысқа қарай 3 км жерде, Сырдарияның сол жағалауында орналасқан. X - XI ғасырлардағы араб және түркі жазба деректерінде Фараб округінің Мауераннахрмен шекарасындағы қала ретінде аталады. Ол туралы араб тарихшысы әрі географы ибн Хаукаль: “Сүткент Шаштың батысында, онда мешіт бар. Мешітке исламды қабылдаған түркілер жиналады”, – деп жазған. Сүткенттің аты XI ғасырдың соңынан XV ғасырдың басына дейінгі деректерде кездеспейді. Тек 1404 – 05 ж. Әмір Темірдің Отырарға жорығы кезінде қайта аталады. Қаланы 1900 ж И.В. Руднев, 1951 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы да (жетекші А.Н. Бернштам) зерттеген. Шардараның маңында қаланың атын осы күнге дейін сақтап қалған екі қалашық бар. * Солардың алғашқысы Сүткент-1 - Сырдариядан 2 км жерде, Қаракөл сайында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 800 м, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 900 м аумақты алып жатыр. Оны қоршаған ені 4 – 6 м, биіктігі 1 м-ге жуық дуалдың бойында орнатылған 30 мұнараның орындары сақталған, дуалды сыртынан қоршай қазылған ордың тереңдігі 1 – 1,5 м, ені 8 – 10 м. Қалашықтың шығыс шетінде су жинайтын үлкен тоғанның орны бар. Оның өлшемі 100 ÷ 350 м, тереңдігі 1 м. Су Сырдариядан арнайы қазылған арық арқылы әкелінген. Цитаделдің орны қалашықтың солтүстік-батыс шетінде. Оның өлшемі 150÷150 м, биіктігі 7 – 8 м. Цитаделді қоршаған қорғаныс қабырғасы мен мұнаралардың орындары сақталған. Оларды сыртынан терең ор бөліп жатыр. Қалашықтың шығыс шетінде қала маңындағы жеке иеліктердің қираған орындары байқалады. * Сүткент-2 осы аттас ауылдың ортасында орналасқан. Үсті біркелкі тегіс төбенің қабырғаларының өлшемі оңтүстігінде 60, батысында 200, солтүстігінде 280, шығысында 200, оңтүстік-шығыста 240 м, биіктігі 1,5 м және бұрыштарында мұнаралардың орындары бар. Қалашықтың ішкі жағында бір түзудің бойында жүйелі орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттардың орындары байқалады. Үстінен табылған ыдыс сынықтарының басым көпшілігі орта ғасырға тән. Зерттеушілердің пайымдауынша Сүткент қаласының бастапқы орны Сүткент-1 болған, XV - XVIII ғасырларда Сүткент-2-ге ауысқан. Археологиялық материалдар Сүткент-1 XI - XV ғасырларда, Сүткент-2 XV - XVIII ғасырлар аралығында өмір сүргендігін көрсетеді. ## Дереккөздер
Ислам Әбдіғаниұлы Кәрімов (30 қаңтар 1938 жыл, Самарқан — 2 қыркүйек 2016 жыл, Ташкент) — өзбекстандық мемлекеттік қайраткер, Өзбекстанның тұңғыш президенті, Өзбекстан ғылым академиясының академигі (1994), Өзбекстан Қаһарманы (1994). Кәрімов билігін оппозициялық БАҚ-пен диктаторлық және авторитарлық деп сипатталған. ## Өмірбаяны 1938 жылы 30 Қаңтарда Самарқанта дүниеге келген. Оның үйі махалла Дахбедиде, қаланың тарихи орталығындағы Бибі Ханым мешітінің артында орналасқан. Ресми өмірбаяны бойынша, ұлты өзбек (басқа мәліметтер бойынша, оның әкесі өзбек, ал анасы тәжік). Әбдіғанидің әкесі қызметкер, анасы Санобар үй шаруасындағы әйел болған. Ислам Кәрімовтың айтуынша, анасы Самарқантан тыс жерде болған жоқ. Отбасында сегіз бала болды — бір апа Мехринисо және жеті ағайынды: Амонулло, Ибодулло, Арслан, Куддус, Икром, Ислом, Хуршид. Әбдіғани қызметкер болып жұмыс істеді, қатал, өзіне және басқаларға талапшыл, қатал адам болды. Ол қатаң тәртіп пен тәртіпті ұстанды, ұлдардан да талап етті. - Құрметке махалла. Санобар үй шаруасындағы әйел болатын. Кәрімовтар отбасындағы барлық ұлдардың жоғары білімі болды, олардың үшеуі мектепті алтын медальмен бітірді, үшеуі ғылым кандидаттары болды — олар Ибод Әбдіғаниұлы, Куддус Әбдіғаниұлы және Ислам Әбдіғаниұлы. Оның балалық шағы туралы аз мәлімет бар, нәтижесінде жас кезінде Кәрімовтың өмірбаянының екі нұсқасы бар — біреуі бойынша ол үлгілі студент, екіншісі — бұзақы және қараңғы тұлға. ## Президенттігі Кәрімов "Тәуелсіздік жолында: мәселелер мен мұраттар", "Өзбекстанның дербестігі мен даму жолы", "Тәуелсіздік және руханият", тағы басқа көптеген еңбектердің авторы. Ол тәуелсіз мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйелерін қалыптастыруға, оның халықаралық қарым-қатынастарын орнықтыруға, ішкі тыныштық пен татулық ахуалын орнатуға көп үлес қосты. Сыртқы саясатта ТМД-ның, түркі халықтары мемлекеттері басшыларының саммиттерін, кездесулерін белсенді ұйымдастырушылардың бірі ретінде танылды. Кәрімов 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда ТМД-ын, 1992 жылы 10 мамырда Ашғабатта Орталық Азия экономикалық ынтымақтастық ұйымын (ОАЭЫҰ), 2001 жылы 14 маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ШЫҰ) (1996 жылы 26 сәуірде "Шанхай бестігі" ұйымы болып құрылған) құруға белсене қатысты. 1997 жылы 10 қаңтарда Бішкекте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттері арасындағы "Мәңгілік достық туралы" шартқа қол қойды. Қазақстанға достық сапармен әлденеше рет келді. Екі ел арасындағы туысқандық қарым-қатынасты жетілдіріп, жақсарта түсу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен көптеген кездесулер өткізді. Халықаралық қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Кәрімов әлемнің бірнеше елдерінің жоғары марапаттарымен, соның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Жарлығымен берілген "Алтын қыран" орденімен (02.06.1997) марапатталды. ### Хронологиясы * Орта Азия политехникалық институтын және Ташкент мемлекеттік экономикалық университетін бітірген; * 1960–1961 жылдары "Ташсельмаш" зауытында көмекші шебер, аға шебер, технолог болды; * 1961–1966 жылдары Ташкент авиация]] өндірістік бірлестігінде инженер, жетекші инженер, конструктор болды; * 1966–1983 жылдары Өзбекстан Мемлекет жоспарлау комитетінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, төрағаның бірінші орынбасары қызметтерін атқарған; * 1983–1986 жылдары Өзбек КСР Қаржы министрі. * 1986 жылы Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Мемлекет жоспарлау комитетінің төрағасы болды; * 1986 жылы желтоқсанда Өзбекстан Компартиясы Қашқадария облысын комитетітінің бірінші хатшысы болып тағайындалды; * 1989 жылы маусымда Өзбекстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып сайланды; * 1990 жылы 24 наурызда Өзбекстан Ұлы Кеңесі сессиясында Өзбекстан Президенті болып сайланып, конституцияға сәйкес Министрлер Кабинеті (Уәзірлер маккамасы) төрағасы қызметін қоса атқарды; * 1991 жылы тамызда Өзбекстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, елдің саяси жүйесін жетілдіру ісіне тікелей басшылық жасап, нақты шараларды жүзеге асырды; * 1995 жылы 26 наурызда Бүкілхалықтық референдум шешімімен президенттік уәкілдігі 2000 жылға дейін ұзартылды; * 2000 жылы өткен бүкілхалықтық сайлауда Өзбекстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды; ## Дереккөздер
Бектау — Ақмола облысы Шортанды ауданындағы ауыл, Бектау ауылдық округі орталығы. Іргесі 1929 жылы қаланған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Шортанды кентінен солтүстік-шығысқа қарай 18 км-дей жерде. Бектау ауылын қайың, қарағай, көктерек өскен орман қоршап жатыр. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, наубайхана бар. «Бектау» ЖШС, кірпіш зауыты жұмыс істейді. 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жерлестеріне ескерткіш орнатылған. Ауыл арқылы Астана — Жолымбет автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы – Шортанды (18 км). ## Халқы ## Дереккөздер