text
stringlengths
3
252k
Алатау – Талас Алатауының солтүстік-батыс сілемі. ## Географиялық орны Түркістан облысы Түлкібас ауданы жерінде, Ақсу-Жабағылы қорығы аумағында орналасқан. Орташа биіктігі 2000-3000 м, ұзындығы 20 – 25 км. Ең биік нүктесі 3137 м. ## Геологиялық құрылымы Карбонның әктас, гранитті жыныстарынан түзілген. ## Жер бедері Оңтүстік-шығысы тік жарлы. Беткейіндегі бұлақтардан Жабағылы өзенінің салалары Сарқырама, Жетімсай, Кішіқоянды өзендері бастау алады. Солтүстік беткейінде Қызөлген, Айнакөл көлдері бар. Солтүстігінен Жабағылы өзені, оңтүстігінен Жосалы өзені ағып өтеді. Алатаудың шығысында Ақсуат (4027 м), Ақсутау (3809 м) деген Талас Алатауының сілемдері жалғасқан. Тау атаулары Ақсу өзенімен атымен байланыстырылып қойылған. ## Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Қоңыр, сұр қоңыр топырақты. Етегінде жусан, бидайық өседі, биіктеген сайын өсімдік түрлері көбейе түседі, шәйқурай, иманжапырақ, жоңышқа шөптесіндері мен жабайы жеміс ағаштары аралас өседі. Жануарлардан таутеке, елік, аю, түлкі, қасқыр; құстардан ұлар, кекілік, бүркіт мекендейді. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ақсу-Жабағылы * Талас Алатауы
Тоқалы – палеолит дәуірінің ескерткіштері. 1957 жылы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтының тас ғасыры ескерткіштерін зерттеумен шұғылданатын Қаратау отряды (жетекшісі Х.Алпысбаев) тапқан. Қаратау жотасына кіретін Кіші Ақтаудың солтүстік-шығыс бөлігінен, Тоқалыбұлақ бастауының оңтүстік-батысынан үш жерден Тоқалы-1, -3 ескерткіштері ашылған. Тоқалы кешендері солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созыла жатқан үш төбешіктің үстінен жинастырылған. Барлық төбешіктерге тереңдігі 2 м 6 тікқазба (шурф) түсірілген. Археологиялық зерттеулер барысында Тоқалы-1-ден 200 дана, Тоқалы-2-ден 78 дана, Тоқалы-3-тен 57 дана палеолиттік материалдар жинастырылды. Араларында екі жағы өңделген дөрекі шапқы құралдары (27 дана), қол шапқылары (7 дана), дөңгелек өзектастар (23 дана), тас жаңқаларынан дайындалған құралдар (12 дана), өңделмеген тас жаңқалары (266 дана) бар. Алпысбаев зерттеулеріне қарағанда Тоқалы ескерткіштерінің материалдары техника-типологиялық жағынан тас дәуірінің бірнеше кезеңдерін қамтиды. Зерттеуші Тоқалы тас жиынтықтарын Қаратаудағы басқа кешендермен салыстырып, оны ашельмустье уақытына жатқызады. ## Дереккөздер:
Қазақстан (2008 жылға дейін – Октябрьдің 60 жылдығы) — Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл, Бірлесу ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 21 км-дей жерде, Келес өзенінің бойында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1959 жылы құрылған 21-Партсъезд жеміс-жидек шарап кеңшарының құрамында болды. Кеңшар негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер жұмыс істейді. ## Дереккөздер
БАБЫР БАҒЫ, “Баги-и Бабыр” — ортағасырлық бағбандық өнерінің ескерткіші. Захир әд-Дин Мұхаммед Бабыр отырғызған бұл бақ әлемдегі қасиетті орындардың бірі. Бақ Кабул қаласыныңтеріскейінде, Шердарбаза тауының Оңтүстік баурайына, тастақ қияға орналасқан. Жалпы аумағы 14 га. Айналасы саз кесекпен және қыш дуалдармен қоршалған. Дуал қабырғаларының үстіңгі жағы тіс тәрізді безендіріліп, кіреберіс арка пішінінде салынған. Баққа алып баратын дәліздің кірер аузы етектегі Гузоргох (көшелі, базарлы, шайханалы Жер дегенді білдіреді) сайын жанамалай өтетін жолдан басталады. Бақ тепкішек түріндегі 15 текше алаңнан тұрады. Арық сулары тепкішектерден асып, төменге құйылады. Орта тұсында үш фонтан бар. Бақ құлама арықтармен суғарылады. Шомылуға арналған хауыз да сол қалпында сақталған. Ең жоғарғы текше алаңдардың бірінде үш түп зәулім шынар ағаш өсіп тұр. Аңыз бойынша оларды Бабыр өз қолымен отырғызған. ## Дереккөздер
Оқжылан (лат. Psammophіs lіneolatus) – қабыршақтылар отрядына жататын бауырымен жорғалаушы. Қазақстанның оңтүстігінде, көбіне құм топырақты далалы аймақтарды мекендейді. Денесі жіңішке, ұзындығы 120 см-дей. Басы сүйір, мойын жігі онша байқалмайды. Арқасы сұр, құм түстес не қоңырқай тартқан, екі бүйірінде ұзына бойына созылған қара жолағы бар. Қабыршағы тегіс. Өте шапшаң, оқтай атылып қозғалады, жыланның аты осы ерекшелігіне сай қойылған. Қорегін күндіз аулайды. Негізгі қорегі кесірткелер; жемтігін әуелі шағады, содан кейін денесімен қысып өлтіреді. Уы ұсақ жәндіктер үшін қауіпті болғанымен, омыртқалы ірі жануарлар мен адамдарға зияны жоқ. Маусым – шілде айларында 2–6 сопақша жұмыртқа салып, одан тамыз – қыркүйекте ұзындығы 24–26 мм-дей жас жыландар шығады. Оқжылан көбінесе орманды жерлерде мекендейтін улы жыландардың бірі. Ол кесірткелер мен ұсақ жәндіктерді қорек етеді. Олар жемтігін қуғанда құмның бетімен сусып зырғып отырады, сексеуіл бұтақтарына шығады. Жемтігін шағып уымен өлтіреді, бірақ ірі жануарларға уы әсер етпейді. Оқ жылан көбіне адам қолының саусақтары мен аяқтың табанын шағады ## Дереккөздер
Жалған теңгебалық [Abbotіna (Pseudobіo) rіvularіs] – тұқы тұқымдасына жататын майда балық. Негізгі атамекені – Ресейдегі Амур өзені. Қазақстанда 1950 жылдардың аяғында Арал теңізі, Балқаш – Алакөл су алаптарында жерсіндірілген. Ұзындығы 12 см, салмағы 15 г-дай. Арқасы қоңыр сұр, бауыры ақшыл. Қанаттары шұбар, құйрық қанатының түбінде қара дағы бар. Тұмсығы төмен қарай иілген. Ернінің төменгі жағы үш қалақшадан тұрады. Аузы созылмалы, бентостық организмдерді алып жеуге бейімделген. Жалған теңгебалық су қойнауларының, өзекшелердің жағасына жалпақ табақша тәрізді ұя жасайды. Оған аналығы 1 жасында (ұзындығы 4 – 4,5 см болғанда) уылдырығын шашады. Уылдырықты аталығы басқа балықтардан қорғайды, сондай-ақ кеуде қанаттарымен ағыс туғызып, уылдырығын қозғайды. Кейде лай болған уылдырықтарын аузымен тазартады. Бұл – уылдырықтың таза болуына және ұядағы газ режимін қалыпты жағдайда сақтауға мүмкіндік береді. Жалған теңгебалықтың кәсіптік маңызы жоқ. ## Дереккөздер
Есенәлі Омар (31.12.1943 жылы туған, қазіргі Түркістан облысы Төле би ауданы Қазақстан ауылы) – педагогикалық ғылымының докторы (2003). Дулат тайпасының Жаныс руынан. ## Оқу жолы Шымкентпедагогикалық институтын (1969, қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) және Мәскеу мәдениет институтының аспирантурасын (1980) бітірген. ## Жұмыс жолы Орта мектепте мұғалім (1968–1971), Шымкент педагогикалық мәдениет институтында аға лаборант, оқытушы (1971–1975), кафедра меңгерушісі (1981–1983), 1996 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде декан, доцент қызметтерін атқарды ## Ғылыми еңбектер * 2002 жылы «Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің қалыптасуы және дамуы (1917–1990 жжылы)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. * Оның ғылыми еңбегі Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің (ұйымдардың) жеткіншектер тәрбиесін бос уақытта ұйымдастырудың тарихи-теория және перспективалық мәселелерін зерттеуге арналған. * 70-тен астам ғыл. жарияланымдардың, оның ішінде 1 монографияның авторы. ## Дереккөздер
«Алғабас» газеті, 1935 – 39 ж. «Шаян колхозшылары», 1939 – 61 ж. «Социалистік колхоз», одан кейін бір жыл «Коммунистік еңбек» аталып, 1965 жылғы 1 шілдеден бастап қазіргі атауымен шығып келе жатыр. 1970 ж. газет мазмұны мен көркемделуіне, полиграфиялық сапасына орай республика бойынша бірінші орынды иеленген болатын. Төрт бет болып аптасына үш рет шығатын газеттің өз компьютерлік орталығы бар, техникалық мүмкіндігі жеткілікті. Мәселен, газетке 1998 ж. аудандық газеттер арасында өткен облыстық байқауда екінші орын, ал бұдан кейін араға жыл салып, 2000 ж. өткен сараптауда бірінші орын берілді. ## Сілтемелер
Тәшім батыр (туған-өлген жылдары белгісіз) – Тәуке ханның 1687 жылы Тобыл қаласына жіберген елшісі. Оның мақсаты Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы ежелгі сауда-саттық қатынастарды қалпына келтіруге және одан әрі дамытуға дәнекерлік жасау болды. Тәуке хан Тәшім батырдың елшілігі арқылы қазақ жеріне орыс көпестерін көптеп жіберуді сұраған. ## Сілтемелер
Жетпіс бесінші дербес теңіздік атқыштар бригадасы — Ұлы Отан соғысы майдандарында ерекше танылған қазақстандық әскери құрама. 1941 ж. желтоқсанда Қазалыда құрылған. Бригада 1942 ж. майданға жіберіліп, 3 — 17 ақпан аралығында Старая Руссаның шығысында Панфилов дивизиясымен бірге жау тылына 150 км жорық жасап, ерлікпен ұрыс жүргізе отырып, Холм қаласына келіп жетті. Осы ұрыстарда жаудың 16-армиясын коршауға қатысып, 70-тен аса елді мекендерді азат етті. Холм түбіндегі ерліктері үшін 17 наурызда 3-гвардиялық теңіздік атқыштар дивизиясы деген атаққа ие болып, ал 21 мамыр күні (1942) 27-гвардиялық атқыштар бригадасы болып қайта құрылды. ## Дереккөздер: Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Оразғали Алдыбаев (1920 ж. т., Ақтөбе облысы Байғанин ауданы) – Соц. Еңбек Ері (13.12. 1972). Отбасы 1932 ж. Мақтаарал ауданына көшіп келген. А. 1941 ж. Түркістан педагогикалық училещесін бітірді. 1941 – 42 ж. Мақтаарал ауданында мұғалім болды. 1942 – 46 ж. Қызыл армия қатарында болып, Сталинград, Курск, т.б. шайқастарға қатысты. 1946 – 58 ж. партия, кеңес қызметінде, 1958 – 86 ж. Мақтаарал ауданы Алғабас ұжымшар басқармасының төрағасы қызметін атқарып, мақта өсіруде үлкен жетістіктерге жетті. 1986 жылдан зейнет демалысында. 2 Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Сілтемелер
Егемберді Омарбеков (1926–1995)–шопан, Социалистік Еңбек Ері (1966), Қазақ КСР-і мал шаруашылығының еңбек сіңірген шебері. 1926 жылы Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Ақжар ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Оңтүстік Қазақстан облысы, Күйік, Жданов, Шанақ кеңшарларында шопан болып, әр жүз саулықтан 120–150 қозы алған. * Әр қойдан 5–6 кг жүн қырыққан. * Қазақ КСР-і мал шаруашылығының еңбек сіңірген шебері. ## Марапаттары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1966) ## Тағы қараңыз * Социалистік еңбек ерлері ## Дереккөздер
Жетпіс төртінші дербес теңіздік атқыштар бригадасы — Ұлы Отан соғысында ерекше танымал болған қазақстандық әскери құрама. 1941 ж. желтоқсанда Арал қаласында құрылған. 1942 ж. 29 қаңтарда Старая Русса түбінде алғаш рет ұрысқа кірді. Жаудың ірі күшін тежей отырып, неміс фашистерінің 16-армиясын қоршауға ат салысты. Қысқы және көктемгі шайқастарда жаудың 3 мың офицері және солдатын жойды. 1942 ж. маусымда қатарларын толықтыру үшін резервке жіберіліп, 292-атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды. 1942 ж. қыркүйектен бастап Сталинград майданына жіберіліп, Котлубань, Паньшино, Вертячий, т.б. елді мекендер үшін аса қиын қорғаныс және шабуыл ұрыстарын жүргізді. Сталинград шайқасы аяқталғаннан кейін дивизия таратылып, майдандағы басқа құрамаларға қосылды. ## Дереккөздер: Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Жетіарал (1992 жылға дейін – Комсомол) — Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы ауыл, Жетіарал ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ақжар ауылынан оңтүстікке қарай 7 км-дей жерде, бұта аралас қына өскен таулы қара топырақты дала белдемінде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1959 жылы “Ластинский” қой өсіретін кеңшар орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан 1 акционерлік қоғам, 8 серіктестік және бірнеше өндірістік кооператив жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Тұрдықұл Омарәлиев (2.11. 1932 жылы туған, Қазығұрт ауданы Киров кеңшары) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1991), профессор (1992). Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1954). 1954–57 жылы Қазақстан ҒА химия ғылымдары институтында және КСРО ғылым академиясының Мәскеу қаласындағы жанғыш пайдалы қазбалар институтында отынның химия технологиясы бойынша тағылымдамадан өткен. 1958 жылдан Қазақ химия-технология институтының (қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) мұнай, газ және полимерлер технологиясы кафедрасының оқытушысы, кіші ғылыми қызметкері, аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, профессоры. 205 ғылыми еңбектің, 20 өнертабыстар мен патенттердің авторы. Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан. ## Сілтемелер
Жаңа Жер (орыс. Новая земля) (қазақ тілінен басқа тілдердің көпшілігінде аударылмай тұпнұсқасында қолданады) — Солтүстік Мұзды мұхиттағы Баренц теңізі мен Кара теңіз аралығындағы аралдар тобы. Ауданы шамамен 83 мың км2. Солтүстік (48,9 мың км2) және Оңтүстік (33,3 мың км2) деп аталатын екі үлкен және жалпы аумағы 1,0 мың км2-дей ондаған ұсақ аралдардан тұрады. Екі үлкен арал енсіз (2 — 3 км) Маточкин Шар бұғазымен және ұсақ аралдармен бөлінген. Жағалауы терең, олар фьорд тәрізді тар шығанақтармен жырымдалған. Жер бедері таулы, қыратты. Солтүстік аралды бойлай биіктігі 800 — 1000 м тау жотасы созыла орналасқан (ең биік жері 1547 м). Оңтүстік аралдың оңтүстік бөлігінде жер беті аласарып, төбесі жазыққа айналады. Жалпы аумағының 25%-ін қалыңдығы 400 м болатын құрлықтық мұз басқан. Одан теңізге көптеген мұзтаулар түседі. Климаты қатаң, арктикалық теңіздік. Қысы ұзақ, ең суық айдың (наурыздың) жылдық орташа темп-расы батыс жағалауында –14 — 17С, шығыс жағалауында –19 — 22С. Ең жылы айдың (тамыздың) орташа температурасы солтүстігінде 2,5С-тан оңт-нде 6,5С қа дейін, мұз қалқанының үстінде –1,3С. Жылдық жауын-шашын мөлшері теңіз жағалауында 300 мм-ден мұз қалқанында 600 — 700 мм-ге дейін. Аса күшті желдер (“Жаңа Жер борасы”) жиі соғады. Солтүстік арал түгелдей мұз белдеміне кіреді. Оңтүстік аралдың көп жерін арктикалық тундра қамтыған. Ақ түлкі, солтүстік бұғысы, ақ аю, алақоржын мекендейді. Жазда жартасты жағалары “Құс базарына” айналады. ұя салуға кайр, шағала, гага, т.б. құстар өте көп жиналады. Ақ түлкі, теңіз аңдарынан морж бен итбалық ауланады. Орыс гаваны, Желания мүйісі, Кіші Кармакул, т.б. полюстік ст. бар. Жаңа Жерде Ресейдің Плисецк ядролық сынақ полигоны орналасқан.
Саматов Мұхтар (1894, Павлодар уезі, Баянауыл – 1938) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. Омбының ауыл шаруашылық училищесін (1917), Омбы политехникалық институтының 1 курсын (1919) бітірген. 1914 – 16 жылдары “Бірлік” атты оқушы жастар одағын ұйымдастыруға қатысты. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін “Алаш” партиясының Ақмола облысы ұйымдастыру комитетінің мүшесі болып, жергілікті бөлімшелерді ұйымдастыруға қатысты. Азамат соғысы жылдарында дутовшыларға қарсы жасақ ұйымдастырды. 1920 – 21 жылдары Қарқаралы уездік атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1921 – 24 жылдары Қазақ АКСР-і азық-түлік халық комиссары, 1924 – 25 жылдары Қазақ АКСР-і Халық шарушылық Орталық Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1925 – 37 жылдары өлкелік партия-кеңес мектебінің лекторы, өлкелік баспа басқарушысы, Семей губнериясның атқару комитетінің төрағасы, Қазақ АКСР-і Су шаруашылық басқармасының бастығы, Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы төрағасының орынбасары, Халық шаруашылық есебі басқармасының бастығы болды. 1937 жылы ұсталып, ату жазасына кесілген. ## Сілтемелер * Алаш * Бірлік * Қазақ АКСР ## Дереккөздер
Октябрьское — Қостанай облысы Қостанай ауданындағы ауыл, Октябрь ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тобыл қаласынан шығысқа қарай 15 км жерде, Арақарағай орманының батыс бөлігінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1397 адамды (665 ер адам және 732 әйел адам) құраса, 2009 жылы 1628 адам (782 ер адам және 846 әйел адам) болды. ## Тарихы Іргесі 1928 жылы шошқа өсіретін кеңшарды ұйымдастыруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1996 жылдан Октябрьскоеде шаруа қожалықтары мен кооперативтер құрылды. ## Дереккөздер
Ділдәгүл Омарбекова (5.5.1954, Бөген ауданы (қазіргі Ордабасы ауданы), Қызылжар ауылы) – ауыл шаруашылығының маманы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1980). Орта мектепті бітірген соң ауыл шаруашылығы саласында еңбек етті. Шымкент кеңшар-техникумын, Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген. 1986 жылы Бөген ауданы партия комитетінің нұсқаушысы, 1987 жылы Октябрь кеңшарының партия комитетінің хатшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта «Қызылжар» шаруа қожалығының төрайымы. КОКП-ның 26-съезіне делегат болып сайланған. «Құрмет белгісі» орденінің иегері. ## Сілтемелер
Жетіасар — б.з.б. 3-1 ғасырлардағы қаңлы тайпалары қоныстарының орны. Жосалы темір жол стансаның (Қызылорда облысы) маңындағы бір-біріне жақын бірнеше қоныстардан тұрады. Осы қоныстардың бірі көлемі жағынан үлкен, орташа қоныс болып, онда тайпа ақсүйектері тұрғанға ұқсайды. Соңғы жылдары оның орнын қазғанда, сол кезде салынған үйлердің қабырғаларынан әдемі ою-өрнекті әшекейлер табылды. Осы аймақты мекендеген қаңлылар Қаратау мен Сырдарияның орта саласында да тұрған. Ертедегі қытай деректеріне қарағанда, олардың тайпалық бірлестігі бес “кіші иеліктен” құрылған. Қоныстарда 120 мыңдай түтін немесе 600 мыңдай адам болған. ## Толығырақ Қала орнында бірнеше қоныстар қалған. Аталмыш қоныстар бір-біріне өте жақын. Олардың орта бөлігінде көлемі ауқымды бір қоныс бар. Бұл мекен сол ескі шаһарлардың орталығы болған секілді. Өйткені орналасуы соған ұқсайды. Онда тайпаның беткеұстар адамдары өмір сүруі әбден мүмкін. Ақ­сүйектер өзге жұрттан оқшау тұрғаны аңғарылады. Біз өткеннің тіршілік ауанын қазба жұмыстары арқылы бағамдай аламыз. Зерттеушілер көне шаһарға бірнеше мәрте атбасын тіреді. Олар әрбір сапарында тың деректерге қол жеткізіп қайтады. Мәселен, Жетіасардағы үйлердің қабырғасын аршып көргенде, біршама дүниелер қолға ілікті. Олардың арасында көрген адам көз тоқтатып қарайтын әсем әшекейлер де бар. Аталмыш заттар өзіндік ерекшелігі мол өрнекпен айшықталған. Жетіасар жайында Қытай жазбаларында кездеседі. Сол елдің жер тануға шыққан жиһанкездері көрген-білген дүниесін қағаз бетіне жазып кеткенді жөн санаған екен. Сол жазбаларға көз жүгіртсек, Жетіасардағы тайпалық бірлестіктер бес «кіші иеліктен» тұрған. Тіпті көне шаһарда 120 мыңға тарта шаңырақ түтін түтеткен көрінеді. Бұл дегеніңіз – орташа есеппен 600 мыңдай адам деген сөз. Қазіргі күнгі еліміздегі орташа деңгейдегі қала халқының санымен шамалас. Жетіасардың өмір сүру кезеңі екі мыңжылдықтан астам уақытты қамтиды. Нақтырақ айтқанда, біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ-І ғасырлармен тұспа-тұс келеді. Сол кезеңдегі қаңлы тайпаларының қонысы болған. Сол кезеңде Жетіасар мәдениеті өркендеген. Көне Сырдың төменгі ағысында өркениетті өмір кешкен. Деректерге сүйенсек, Жетіасар тоғыз ғасырға жуық тіршілік жасаған. Жетіасар мәдениеті Жетіасар-1, Жетіасар-2, Жетіасар-3 сынды қалалар арқылы белгіленеді. Сондай-ақ осы маңда Бидайықасар, Сырлыасар, Үңгірліасар, Томпақасар, Қарасар, Жалпақасар, Ағашасар секілді көне қоныстар болған. Олардың жалпы саны 50-ге жуықтайды. Зерттеушілер осы аумақтан жүздеген обаларды тапқан. Сол кезеңдегі елге сыйлы азаматтар суландыру мәселесіне де ерекше мән бергені байқалады. Ежелгі заманда тіршілік еткен ескі қаладан көп жәдігерлер табылған. Аталмыш заттар түрлі заттардан жасалған. Жетіасар жұртшылығы тастан, сүйектен қажетті бұйымдар жасапты. Тіпті металды пайдалана білген. Осыған қарай отырып, көкейге түйетін жайлар жеткілікті. Жетіасар мәдениеті өзгеден ешбір кем бола қоймаған. Біздің замандағы ІV-VІ ғасырлардың аралығын қамтитын Жетіасар-2 өркениетіне де зер салуға болады. Бұл кезеңде жергілікті халықтарға ғұн мәдениеті әсер еткен сыңайлы. Өйткені ғасырлар он қолынан өнер тамған ұсталар түрлі бұйымдар жасауға назар аударған. Олар қыш ыдыстарды да жасай білген. Одан кейінгі кезең VІ-ІХ ғасырлар аралығын қамтиды. Оны Жетіасар-3 кезеңі деп те атайды. Бұл кезең тайпалардың қоныс аудару кезеңі болған. Белгісіз себептермен олардың үдере көшу жағдайы орын алған. Жетіасар мәдениетінің ықпалы Сырдария бойында, одан әрісі Ташкент маңайына дейін жеткен. Аралдың маңайында да осындай жағдай байқалған. Тарихшылар Әмудария жағасына дейін жетіасарлық мәдениеттің ықпалы болғанын жасырмайды. Көне қалада тұрған адамдар тіршіліктің сан алуан түрлерін кәсіп еткен. Жерден несібе терген егіншілікке де назар аударған. Одан қалды, төрт түліктің де бабын жасай білген. Балық аулауға да бейжай қарамаған көрінеді. Зерттеушілер қаладан дән үгіткіш, қыш ыдыстарда қалған бидай дәндерін байқаған. ## Дереккөздер
Елді мекендер: Қазақстан: * Петровка – Ақмола облысы Астрахан ауданындағы ауыл. * Петровка – Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ауыл. * Петровка – Ақмола облысы Шортанды ауданындағы ауыл. * Петровка – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл. * Петровка – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. * Петровка – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл. * Петровка – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы ауыл. Башқұртстан: * Петровка – Башқұртстан Бакалин ауданындағы ауыл. * Петровка – Башқұртстан Бижбуляк ауданындағы ауыл. * Петровка – Башқұртстан Благовещен ауданындағы ауыл. * Петровка – Башқұртстан Стерлитамак ауданындағы ауыл. * Петровка – Башқұртстан Федор ауданындағы ауыл.
Тоқмұрзин Тайжан Хамитұлы (15 Қазан 1930 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданы Қараағаш ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1985), профессор (1994), Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының академигі (2002). ## Қысқаша өмірбаяны: 1953 жылы Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1954–1959 жылдары Орман шаруашылығында директор. 1959–1962 жылдары аспирант.1962–2004 жылдары Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында кафедра меңгерушісі, оқытушылық қызметтер атқарды. ## Еңбектері: 1984 жылы «Организация хозяйства в защитных лесах, специализация и концентрация лесохозяйственного производства (на примере КазССР)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты орман шаруашылығының теориялық мәселелері және математикалық модельдеріне арналған. 90-нан астам ғылыми еңбегі жарық көрді. Орман шаруашылығы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігін шығарды. ## Дереккөздер:
Ирмет Омаров (1914 жылы туған, Шымкент қаласы) – соғыс және еңбек ардагері. Ташкенттегі педагогикалық институтты бітірген. Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 1943–45 жылдары 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Еңбек жолын Ташкент қаласында мектеп мұғалімі болып бастаған. 1934–42 жылдары Сайрам ауданында мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, Шымкент қаласындағы педагогикалық училищенің оқытушысы, Шымкент қалалық және облыстық партия комитеттерінің лекторы болды. Соғыс кезінде Брянск, Калинин, Балтық жағалауы майдандарында шайқасты. Соғыстан кейін облысы партия комитетінің лекторы, қалалық және облыстық партия комитеттерінің үгіт-насихат бөлімдерінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1950–70 жылдары Сайрам, Түркістан, Мақтаарал ауданы партия комитеттерінің 1-хатшысы, облысы атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Екі орденмен, бір медальмен марапатталған. ## Сілтемелер
Дулат, Доғлат - қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Дулат атауы тарихи деректерде өте ерте заманнан кездеседі. Атақты шығыс зерттеушісі Н.Я. Бичурин мен Г.Е. Грумм-Гржимайлоның жазуына қарағанда, Дулаттар б.з.б. II-ші ғасырында өз алдына хандық құрған (ол кезде билеушісі хан деп аталмай, «би» деп аталған), Үйсін (Усунь) тайпалар одағында дулу тайпасы да болған. Үйсіннің гуньмосы (гуньми – күнби) қартайған шағында он ұлының үлкенін өз орнына тағайындайды. Бірақ ол көп ұзамай дүниеден қайтады. Өлерінде ол орнын өзінің тұңғыш баласына беру туралы әкесіне тілек білдіреді. Әкесі оның әрі батыр, әрі тапқыр ортаншы баласы Далуды қойғысы келсе де, көңілін қимай, уәде етеді. Қарт би тақ үшін немересі Далуды мерт етер деп ойлап, екеуіне де елімен қоса он мыңнан атты әскерді еншіге беріп, ордасы Ханқорадан (қытайша Чугу-чень, қазіргі орны Құмтөкей, Алматы облысы Кеген ауданы) біреуін Ыстық көлге, Далуды Іленің бойына қондырады. Содан Далудың еншісіне тиген ел далу болып аталып кетеді. Кейбір ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек, далулар ғұндардың құрамындағы елеулі тайпалардың бірі екен. Далулардың бір бөлігі ғұн тайпалар одағының 434–453 жылдардағы көсемі Моншақ ханның баласы Аттиланың (453 жылы өлген) басқаруымен Азияны басып өтіп, Еуропаның біраз жерін басып алуға қатысады. Аттила әскерінің негізгі күші далулар мен қыпшақтар еді. Далулар Ұлы Бұлғария мемлекетінің де негізін қалаған тайпалардың бірі болған. Мемлекет билеушісі Құбырат хан қайтыс болған соң, хазарлар мен аландардың шапқыншылығына ұшыраған далулардың бір бөлігі Аспарух ханның бастауымен Оңтүстік Бессарабия арқылы Дунайдың оң жағалауындағы Византияға қарасты жерлерге өтті. Олар барған жерінде Дунай бұлғарлары атанды. Жергілікті тайпаларды күшпен бағындырып, 680 жылы Аспарух басқарған бұлғар мемлекетін (қазіргі Болгария) құрды. Аспарухтың інісі Ботбай (Ботбаан) басқарған далулардың екінші бір бөлігі хазарларға бағынып, Хазар қағанатының белді тірегіне айналады. Қағанат ыдыраған соң, Ботбай әулеті ата мекеніне оралған, сөйтіп, қазіргі Далу тайпасының бір тармағын құраған деген де пікір бар. Ұлы Бұлғар мемлекетінің үшінші бөлігі Еділ бойымен жоғары ығысып, кейін Еділ Бұлғариясының негізін қалағаны белгілі. Талдықорған қаласының солтүстік шығыс жағындағы Дауылбай тауында Дулаттың шеңбер таңбасы (қосымшаларымен қоса) шекілген тастар көп. Мұнда солармен аралас арғынның «көз» таңбасы, найманның «айқыш» таңбасы, үйсіннің «тарақ» таңбасы да кездеседі. Шыңғыстаудағы Көпмолада бұл таңбаларға қыпшақтың «әліп» таңбасы қосылған. Осы таңбалар Қу, Қойтас (Көкшетау облысы) тауларындағы молаларда да ұшырайды. Рашид әд-Диннің айтуынша, олар Шыңғыс хан империясы дәуіріндегі ірі тайпалардың бірі болған. Көптеген тарихи деректерге қарағанда, Дулат тайпасы, әсіресе, 14–16 ғасырлар арасында зор ықпалға ие болған. Бұл дәуірде олардан көптеген атақты билер мен бектер шығып, әуелі Шағатай ұлысында билік жүргізеді, кейін Әмір Темір хандығының ісіне араласады. Бауырты, Бұлатшы, Хұдайдад, Камариддин, Әмірдәуіт және Әбубәкір (Шығыс Түркістан мен Жетісуды билеген), т.б. ерекше ықпалды болған. Шағатай әулетінің соңғы хандары Сейіт пен оның баласы Рашидтің кезінде Д-тар бұрынғыдай ұлыс мәселесіне қатыспай, тек әскер басы қызметін атқарған. 15–16 ғасырларда Дулаттардан Мұхаммед Хайдар Дулат («Тарихи Рашидидің» авторы), Махмұд Жорас, Әмір Уәли сияқты оқымысты ғалымдар шықты. Олар өз көздерімен көрген тарихи оқиғалар туралы еңбектер қалдырған. Қазақ халқының үш ұлы биінің бірі Төле би де осы Дулат тайпасының жаныс тармағынан. Қазақ шежіресі бойынша, Дулат – Ұлы жүз құрамына кіретін ірі тайпалардың бірі. Н.А. Аристовтың Ботбайдан шыққан Диқанбай батырдан (1876 жылы өлген) жазып алған шежіресі бойынша, үйсін Бәйдібектің үшінші әйелі Домалақ анадан (Нұрилә) Жарықшақ туады. Жарықшақтан Албан, Суан, Дулат болып тарайды. Дулаттан Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс тараған. ## Дереккөздер
Жетіасар мәдениеті — Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы, оның ескі арнасы Қуаңдарияның бойында орналасқан көне ескерткіштер тобының жиынтық атауы (б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасы — б.з. 9 ғ-дың басы). Бұл ескерткіштердің өзіндік ортақ ұқсастықтарына қарай зерттеушілер бір мәдениетке топтастырып, олардың негізгі бөлігі шоғырланған Жетіасар шатқалының атымен Жетіасар мәдениеті деп атаған. Ескерткішерді 1946 ж. Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С.П. Толстов) тауып, ондағы зерттеу жұмыстары 1948 — 49, 1951 — 58, 1966 жылдары жүргізілген (М.А. Итика, Л.М. Левика). Жетіасар мәдениетінің құрамына кіретін ескерткіштер Жетіасар-1, Жетіасар-2, Жетіасар-3 (Алтынасар) деп, 14 санмен белгіленді. Бидайықасар, Сырлыасар, Дөңгелекасар, Үңгірліасар, [[Томпақасар, Қарасар, Жалпақасар, Ағашасар сияқты барлығы 50-ге жуық қалалар мен жүздеген обалар бар ірі зираттар, суландыру жүйелерінің орындары белгілі болды. Бұл қалалар халқы Сырдарияның орта ағысы бойымен Ташкент төңірегіне таралған көршілес Отырар — Қаратау мәдениеті және Қауыншы мәдениеттерін жасаған тайпаларымен бірге тарихи Кангюй (Қаңлы) мемлекетінің құрамына кірген. Ғалымдар бұл мәдениетті өзара сабақтастықты көрсететін негізгі белгілерімен қатар, түрлі тарихи жағдайларға байланысты туындаған ерекшеліктері бар үш кезеңге бөліп қарастырады. Б. з. б. 1-мыңжылдықтың ортасы мен б. з. 4 ғ-ын қамтитын Жетіасар-1 кезеңінде негізгі қалалар қалыптасып, мәдениет гүлденген. Көршілес Жаңадария алқаптарын мекендеген сақтармен, яғни Шірік-рабат қаласы халқымен тығыз байланыстары қалыптасқан. Экономикалық, мәдени қарым-қатынастардың негізгі желісі, этникалық тұрғыдан едәуір жақындығы бар Отырар — Қаратау мәдениетінің тайпаларымен екі арада өрбіген. Әр топтың аумағында өз суландыру жүйелері болған. Қалалар орны ауданы 0,5 — 10 га, биіктігі 8 — 20 м дөңгелек немесе сопақша пішіндес екі қабатты төбелер түрінде сақталған. Үстіңгі қабаттағы құрылыстар қаланың орталығы қызметін атқарған, мұның үш (кейде төрт) жағын айнала төменгі қабаттың үйлері орналасқан. Барлық қалаларда берік қорғаныс дуалдары болған. Сонымен қатар, кейбір қалаларда биік мұнаралар, қабырға үстімен айнала өтетін дәліздер де бар. Құрылысқа пахса кесінділері мен шикі кірпіш қолданылған. Жерлеу ескерткіштері екі түрлі. Бірінші түріне диаметрі 8 — 20 м, сыртынан ормен қоршалған топырақ обалар астындағы шұңқыр қабірлер жатады. Мүрделерді қамыс шиге ораған қалпында басын солтүстікке қарата шалқасынан жатқызған. Жер астына және жер бетіне салынған, ұзақ уақыт пайдалануға арналған кірпіш қабірханалар жерлеу ескерткіштерінің екінші түрін құрайды. Төртбұрыш, кейде шаршы пішіндес (5x5 м, 6x9 м) құрылыстардың төбесі аласалау күмбезделген,биіктігі 1,8 — 2 м. Есігі оңтүстік бүйірден ұзындығы 1 — 1,5 м. дәліз түрінде шығарылған. Мүрделер ірге бойларындағы топырақ суфаларға киіз, қамыс шилерге орап жатқызылған. Жетіасар мәдениеті заттай деректерінің ең үлкен тобын құрайтын қыш ыдыстар түгелдей қолдан жасалған. Дайындалу ерекшеліктері мен пішіні жағынан Орталық Қазақстанның Тасмола мәдениетінің, сондай-ақ, батыс өлкелердегі савромат, сармат тайпаларының қыш ыдыстарына ұқсас. Қола, темір, сүйек жебелер, ат әбзелдері де табылған. Көптеп табылған бұйымдар металл, тас, сүйек өңдеудің жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді. Жетіасар-2 (б.з. 4 — 6 ғ-лары) кезеңіне қарай жергілікті тайпаларға ғұн мәдениетінің әсері ықпал еткен. Жаңа бұйымдар, қыш ыдыстың жаңа түрлері пайда болып, әсіресе, ғұндардың металл қазанына еліктеп жасалған қыш ыдыстар көбейеді. Осы кезеңдегі Жетіасар мәдениеті тайпалары тарихтағы “ақ ғұндар” (эфталиттер) бірлестігінің құрылуына ұйытқы болған. Жетіасар-3 кезеңіндегі (б.з. 7 — 9 ғ-ларының басы) тайпалар өмірінде ірі қоныс аударулар орын алған. Жетіасар мәдениетінің әсері Сырдарияның орта ағысы бойы мен Ташкент алқабы бағытында үдей түседі. Тайпалардың енді бір тобы Сырдарияның Аралға құйылысына, одан әрі Әмудария сағасына өтіп, осы өлкелерде кедер мәдениетін қалыптастыруға қатысады. Жетіасар тайпалары шаруашылықтың барлық түрлерімен (егіншілік, мал өсіру, балық және аң аулау) дерлік айналысқан. Сиыр, жылқы және түйелердің сүйектерін сындырып, үй салған кезде құрылыс материалдары ретінде пайдаланған. Қазба кезінде табылған қасқыр, киік, қарақұйрық, қояндардың, т.б. жабайы аңдардың сүйектері — аңшылық кәсіптің, ал әр түрлі балықтардың сүйектері мен ауға арналған салмақтастар балық аулаудың да елеулі орын алғандығын көрсетеді. Табылған дән үгіткіш тастар, қыш ыдыстарының түбінде сақталған бидайдың, күріш және арпаның қалдықтары, қоныстардың айналасындағы көне су жүйелерінің іздері егіншіліктің басты орын алғанын байқатады. ## Дереккөздер
Петров мәдениеті б.з.б. 17 — 16 ғасырларда Солтүстік, Солтүстік-Батыс, Орталық Қазақстан өлкелерін, Оңтүстік Оралдың сырты мен Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орманды-далалы алқаптарды мекендеген қола дәуірі тайпаларының мәдениеті. Алғаш қазба жұмыстары жүргізіліп, көрнекті деректер табылған Солтүстік Қазақстан облысындағы Петровка ауылы маңындағы зират бойынша аталған. Бұл ескерткіштерді 1970 жылы Г.Б. Зданович зерттеді. Біршама жақсы зерттелген үлкен қоныстарының қатарына Амангелді-1, Боголюбово, Новоникольское-1 (Солтүстік Қазақстан облысы), Кеңөткел-5 (Ақмола облысы), Семиозерное (Қостанай облысы), Екпін-1 (Қарағанды облысы) жатады. Петровка, Бірлік-1, Бірлік-2 (Солтүстік Қазақстан облысы) сияқты ірі зираттардан құнды деректер алынды. Қарағанды облысы аумағында соңғы кезеңде зерттелген Нұртай, Сатан, Ащысу зираттарынан мәдениеттің кейінгі сатысының ерекшеліктерін байқататын жаңа мәліметтер жинақталған. Зерттелген қоныстардағы пішіні тік бұрышты ағаш қабырғалы үйлердің орташа ауданы 25 — 100 м2. Құм аралас балшықпен сыланған еденде таспен жиектелген 1 — 2 ошақ орналасқан. Сыртынан айнала тереңд. 1,5 — 2,5 м, ені 2 — 2,5 м ормен қоршалуы қоныстардың басты ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Қоныстарда қола бұйымдар көптеп кездеседі. Сондай-ақ үй еденінде қазылған шағын шұңқырларда балалар мәйітін жерлеп отыру да басқа мәдениеттерде сирек кездесетін дәстүрге жатады. Зираттар пішіні дөңгелек келген топырақ обалардан тұрады. Арбалы жауынгерлердің, бай, салтанатты әйелдердің қабірлері өзіне сай қару мен әшекей түрлерінің көптігімен көзге түссе, балалар мен жасөспірімдер мүлде қарапайым, үстінде үйіндісі жоқ шұңқырларға жерленген. Қоныстар мен зираттарды қазу барысында қыш ыдыс үлгілері көптеп табылған. Мәдениеттің негізгі дерегі саналатын Петров мәдениеті қышының басты сипатын бүйірі әдеттегідей біркелкі дөңес емес, тіктеп шығарылған көзелер береді. Бұл ыдыстарға аласа пішін, қысқа мойын, сондай-ақ түбінен аузының кең болуы сияқты белгілер тән. Негізінен ыдыстың жоғары жағында орналасқан өрнек түрлеріне штрихталған үшбұрыштар, толқынды сызықтар, иректер, тырнақпен шымшылған таңбалар мен басып түсірілген шұңқырлар жатады. Түсіру техникасының негізгі түрі — тегіс қалыппен басу, тарақ, т.б. сиректеу кездеседі. Аса маңызды дерек көзін құрайтын бұл ыдыстар мәдениеттің жергілікті энеолиттік дәстүрлерден бастау алатынын көрсетеді. Петров мәдениеті кезеңінен бастап Қазақстанның солтүстік өлкелерінде бақташылық пен егіншілік, металлургия салалары кеңінен дамыды. Б.з.б. 15 ғасырдан бастап Петров мәдениетінен біртіндеп жергілікті алакөл мәдениеті өсіп шықты. ## Дереккөздер
Немат Келімбетов (4.4. 1937, Өзбекстан, Ташкент облысы Жаңажол қаласы— 15.12.2010 , Алматы) – түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор. Шанышқылы руынан шыққан. ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі. Сарыағаш ауданының Абай ауылындағы орта мектепті бітірген. Ташкент қаржы-экономика инcтитутын (1959), ҚазМУ-дың филология факултетін сырттай оқып бітірген (1966). 1959 – 1960 жылдары Келес және Сарыағаш аудандық газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Ғылым академиясының Экономика институтында кіші ғылыми қызметкер, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы болып жұмыс істеді. «Қазақстан» баспасында редактор (1976 – 81), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында профессор (1981 – 1997), Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасында профессор (1997 – 2002) қызметтерін атқарған. Әскери атағы - отставкадағы лейтенант. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан болашақта рухани-мәдени құндылықтарға бай, жоғары дамыған ел болады». Хоббиі - кітаптар. Сүйіп оқитын әдебиеті -тарихи, пәлсапалық және психологиялық әдебиет. Жұбайы - Келімбетова Қуаныш Тазабекқызы. Ұлдары -Мұхит (1964 жылы туған ), Қайрат (1969 жылы туған ). Немерелері -Қанат (1988 жылы туған ), Шынар (1991 жылы туған ), Айсұлтан (1993 жылы туған ), Азат (1993 жылы туған ), Диана (2001 жылы туған ), Дәулет (2007 жылы туған ), Даниал (2011 жылы туған ). 2010 жылдың желтоқсан айында қайтыс болған. ## Іргелі зерртеу еңбектері жарық көрген жылдар: * «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» (1986), * «Ежелгі дәуір әдебиеті» (1991), * «Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы» (1998), * «Қазақ әдебиеті бастаулары» (1998), * «Көркемдік дәстүр жалғастығы» (2000), * «Ежелгі әдеби жәдігерліктер» (2004). Түркі халықтары әдебиетін, Шығыстың классикалық поэзиясын және қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін қарастырған жүздеген ғылыми зерттеу мақалаларында қазақ әдебиетіндегі типологиялық, дәстүрлі үндестік көріністерін дәлелдеп шықты. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арнап жазылған бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарын жазды. ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
Аталық — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ағынсыз көл. Яблоновка ауылынан солтүстікке қарай 5 км жерде орналасқан. ## Гидрологиясы 20 ғасырдың 50-жылдарының ортасына таман көл суының деңгейі азайып, тартылып қалды. Көл табанына жиі-жиі су жиналып отырады. ## Өсімдігі Табанында қамыс өскен. Көл аумағы Аталық қорықшасына кіреді. Көктемде үйрек, дегелек, тырна ұя салады.
Жаңақазан — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы ауыл, Жаңақазан ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Жаңақала ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 57 км-дей жерде, Сарыөзен сағасындағы әр түрлі астық тұқымдасты шөп өскен, шалғынды сортаң топырақты қуаң дала белдемінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2447 адам (1235 ер адам және 1212 әйел адам) болса, 2009 жылы 2240 адамды (1118 ер адам және 1122 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1963 жылы өзімен аттас қой шаруашылығын құруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан бастап 40-қа жуық шаруа қожалықтары жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Орта және орталау мектеп, мәдениет үйі, дәрігерлік-амбулаторлық пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Соңғы түйіндеуші буын, әдетте, ру есіміне тіреледі. Немесе, керісінше, руынан бастап сатылап өз әкесіне яки өзіне дейін таратылады. Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған және сол білігі арқылы ол өз халқының дәстүрін жалғастырып отырған. Мұның өзі қазақтардың этникалық ерекшеліктерін танытады, әрі оның қиын-қыстау кезеңдерде тегінен көз жазып қалмауына және басқа халықтармен ассимиляцияға түсіп кетпеуіне себепші болған. Жеті ата мен ру шежіресін білу көшпелі қоғамда өмір сүрген қазақтар үшін өмірлік қажеттілік болды. Жеті атадан Үш жүзге дейінгі біртұтас туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы “қазақ халқы — бір атаның баласы, бір тамырдан тараған” деген ұстанымды орнықтырған.Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді.Жеті атасын тарата білу арқылы әркім көрші рулармен байланысын білген, сөйтіп бүкіл қазақтың біте қайнасқан туыстығына көзі жеткен. Сөйтіп Жеті аталық ұстаным қазақ халқының этнобиологиялық, этномәдени, жалпы рухани тұтастығын табиғи түрде қамтамасыз еткен. Жеті аталық ұстанымға негізделген туыстық байланыс институты әрбір казақтың білмекке деген ынтасын оятқан. Жеті атасын, руы мен жүзін білген соң, қазақтар туған жерінің кез келген шалғайында өзін туысқандарының ортасында жүрген алып бір жанұяның мүшесіндей сезінген. Нәтижесінде біртұтас жанұя секілді ұлттың біртұтас зердесі қалыптасып, жер басып жүргендер ғана емес, жадта сақталған баяғы ата-бабалар да тірілердің санасында тірлігін жалғастырған. Халықтың мұндай зердесі әрбір қатардағы далалықтың тарихты айқын елестетіп, жан-жүрегімен сезінуіне себепші болған. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың құлағына күн сайын бабалары туралы тек жақсылықты құйып, рухани тектілікті дәріптеп, ұлттық сенімін орнықтырған. Бабалар рухы — аруақтың күн сайын желеп-жебеп отыратындығы туралы сенімін тудырған. Сөйтіп Жеті ата институты қазақ халқының өткеннен болашаққа деген сенімін мың сан ұрпақтар арқылы сабақтастырып отыратын тетік ретінде танылған. Жеті аталық ұстаным бабалар рухы алдында әрбір қазақ пен бүкіл халықтың іштей жауапкершілік сезімін оятқан. Осы ұстаным аясында қазақ өмірінің моральдік кодексі, салт-дәстүрі мен тыйым-жораларының негізі қаланған. Сөйтіп туыстық қарым-қатынас қалыптары күнделікті моральдік санаттан бірте-бірте заңдық мәртебеге ұласқан. Мұндай құқықтар мен міндеттер жүйесі біртұтас әдеп деңгейінде көрініс тапқан. Әдепті бұзғандар қатал жазаланып, ең ақыры туған жерінен қуылған, яғни гипержанұядан аластатылған. Дені дұрыс адам үшін мұнан ауыр, масқара жаза болмаған. Жеті ата ұстанымы бүкіл халықтың бойында еш мәжбүрлеусіз мейлінше тегеурінді рухани бірлік сезімін терең сіңірді. Ол этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы болды. ## Немере Немере– туыстық атау. Ер адамның баласынан тараған ұл мен қыз. Ағайынды кісінің балалары туыстық жақындығы жағынан Немере аға, Немере іні, Немере қарындас, сол сияқты ағайынды кісінің қыздары да Немере апа, Немере сіңлі болып аталады. ## Шөбере ШӨБЕРЕ – туыстық атау. Атадан санағанда немереден өрбіген ұрпақ. Дәстүрлі қазақ қоғамында Шөбере немереден таралған ұл-қыздардан құралады. ## Шөпшек Шөпшек – туыстық атау. Атадан тараған төртінші ұрпақ. Немере мен шөбереден туғандар туыстық жағынан қашықтай бастайды. Шөпшекті кейбір жерлерде туажат деп те атайды ## Немене Немене– туыстық атау. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жеті ата жүйесі бойынша таратылатын жетінші ұрпақ. ## Жүрежат Жүрежат – алыс туысқандықты білдіретін атау, яғни туажаттан туған бала. Жүрежат – адамның өзінен санағанда жетінші буыннан қосылатын туысы. Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрпы бойынша Жүрежаттың балалары бір-бірімен қыз алысып, құдандалы бола алады. ## Туажат Туажат – дәстүрлі қазақ қоғамындағы туыстық атау, немененің баласы. Туажат адамның өзінен бастап санағанда алтыншы буын. Ол туыстық қатынас жағынан бір атаның баласы саналғанымен, одан кейінгі ұрпақтардың іргесі бөлініп, туыстық қарым-қатынасы алшақтай бастайды. ## Жұрағат Жұрағат – алыс туыстықты білдіретін ұғым. Жеті атасынан туысқандар үлкені кішісін Жұрағат дейді. Әдетте, бір рудан тараған адамдар да бірін бірі Жұрағат дей береді. ## Жекжат Жекжат, жамағайын, жамағат — бір-біріне құдандалық, т.б. жақындығы бар адамдар. Жегжат атауы қандас туыстарға қатысты қолданылмайды. Жекжат — туыстығы жоқ, бірақ құданың құдасы, нағашының бөлесі, жиеннің балдызы сияқты туыстық қатысы бар адамдар арасындағы жақындықты білдіретін атау. Олар құда, нағашы, жиен сияқты туыстық, жақындық құқықтарды талап ете алмайды. ## Жалпы кесте Жеті ата, ұрпақ * Бала * Немере * Шөбере * Шөпшек * Немене * Туажат (кейде некеге рұқсат берген) * Жүрежат (некеге рұқсат) ## Дереккөздер: Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Атамекен (2005 жылға дейін – Климовка) — Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауыл, Атамекен ауылдық округі орталығы. Іргесі 1908 жылы қаланған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Щучинск қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде. ## Халқы Орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, кітапхана, «Климов» ауыл шаруашылығы кәсіпорны, «Жасыл», «Айдос» ЖШС және 50 шаруа қожалығы бар. Жанынан Астана — Петропавл автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы — Жасыл (9 км). ## Дереккөздер
Нұрпейіс Байғанин (20 маусым 1860, қазіргі Байғанин ауданы, Ақтөбе облысы — 9 сәуір 1945, Ақтөбе) — халық ақыны, жырау. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939). ## Жас жыршы Кіші Жүздің Әлімұлы, Шектінің Шүрен руынан. Әкесі Байғана жоқшылықты көп көрген. Анасы Үміт әнші, домбырашы әрі ақын болыпты, айтыстарға қатысқан. Ол ақындық өнерді ең алғаш анасынан үйренген. 16 – 17 жасынан-ақ “бала жыршы” атанады. Кейіннен Абыл, Шернияз, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Қазақбай, Сабыр тәрізді белгілі ақындардан үлгі алып, бірқатарымен айтысқа түседі, батырлық жырларды үйренеді. Байғанин Нұрпейіс негізінен батырлықты, адамгершілік пен адалдықты, әділдік пен ізгілікті дәріптейтін, халық сүйіп тыңдайтын “Құбығұл”, “Төрехан”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, “Алпамыс”, “Қыз Жібек”, “Айман — Шолпан” сияқты жыр, дастандарды жырлаған. Байғанин Нұрпейіс жырлаған "Қобыланды батыр" жыры — осы жырдың басқа ақын-жыршылар айтқан нұсқаларынан көлемі молы, оқиғасы жағынан мазмұндысы. Байғанин Нұрпейістің ертеректе жырлаған дастан, жыр нұсқалары кезінде жазылып алынбаған. ## Еңбегі Эпостық жырларды айтумен қатар, дайын сюжеттерді пайдалана отырып, халықтық, әлеуметтік мәселелерге арналған “Ақкенже”, “Нарқыз” сияқты өз туындаларын шығарды. “Ақкенже” дастанында қазақ әйелдерінің тағдыры сол кезеңдегі нақты өмір мәнімен үндес, жан-жақты суреттеледі. “Нарқыз” — қазақ әйелдерін бостандыққа шақырған, идеясы анық, көркемдігі жоғары шығармаларының бірі. Байғанин Нұрпейістің дастан, эпостық жырларынан басқа да сатиралық өткір, қысқа өлеңдері және “Кектің дауысы”, “Қазақбаймен айтыс” сияқты көлемді шығармалары бар. Байғанин Нұрпейіс шығармашылық жағынан толысып, халық құрметіне бөленген шағында отансүйгіштік, халық тағдыры, тағы басқа тақырыптарды кеңінен жырлады (“Қазақстан”, “Гүлденген заман”, “Өңімдегі жұмбақ”, “Ғажайып көрмеде”, “Москва”, тағы басқа). 1938 жылы Жамбыл Жабаевтың мерейтойына қатысып, “Ақын шабыты”, “Жамбылға”, “Көрімдік”, “Ғасырдың қарт бұлбұлы”, тағы басқа жырлар шығарды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесінің ашылу салтанатына, Қазақстан жазушыларының екінші съезіне (1939) қатысты. Ақынның кейіннен “Өрістегі өмір” (1938), “Ақын” (1939), тағы басқа дастандары жарияланды. “Ер туралы жыр” (1942), “Жиырма бес” (1942) поэмалары Кеңес Одағының Батырлары Нарсұтбай Есболатов пен Төлеген Тоқтаровтың ерлігіне арналған. Ол батырлық туралы жырларында ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер пайдаланып, оны жазба әдебиеттің биігіне көтере білді. Көп жасаған, көп көрген, көп үйреніп, көп жырлаған, қазақ халқының мол сөз қазынасын меңгере, пайдалана білген ақынның шығармалары терең мағыналы, өткір тілді, шешендік сөздерге, мақал-мәтелге, афоризмге толы. Байғанин Нұрпейістің “Ақын шабыты”, “Ақынға”, “Отарба”, “Зор майданға шапшаң бар”, тағы басқа өлеңдері дәстүрлі терме мәнерінде жазылған. ## Жетістіктері Ақын жыр алыбы Жамбыл сияқты Қазақстанның біраз жерлерін аралап, Алматы, Мәскеу қалаларында болып, ертеден келе жатқан жыраулық дәстүрді халқына қайта тарту етті. 1938 жылдан бастап Байғанин Нұрпейіске әдеби хатшы белгіленіп, ақын шығармаларын М. Хакімжанова, Қ. Шаңғытбаев, Е. Ахметов, тағы басқа ақындар ұқыпты түрде дер кезінде қағазға түсіріп отырды. Байғанин Нұрпейіснің өмірі мен шығарм. Е. Ысмайыловтың, О. Нұрмағамбетованың, К. Сейдехановтың зерттеулерінде қарастырылған. Ақтөбе облысында Байғанин ауданы бар. Ақтөбе және басқа қалалардағы көшелер мен мектептерге ақын аты берілген. Байғанин Нұрпейіс “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған. ## Шығармалары * Өрістеген өмір, А., 1939; * Ақын шабыты, А., 1940; * Таңдамалы, 1945; * Шығармалар жинағы, А., 1956; * Избранные произведения, А.-А., 1946; * Таңдамалы, А., 1991. ## Дереккөздер
Орынғали Әдібайұлы Әдібаев(1940 жылы туған, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл аулы – 30.9.2006, Алматы қаласы) – медицина ғылымның докторы (1984), профессор (1987). Семей мемлекетік мединалық институтын (1963) бітірген. Жамбыл және Семей облыстарында дәрігер (1963–1968), Семей мемлекеттік медицина институтында аспирант, ассистент, доцент (1968–1979), Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрилігінің Кардиология ғылыми-зертеу институтында бөлім меңгерушісі (1979–1985), Қазақ КСР-інің Денсаулық сақтау министрилігінің терапевті (1985–1988), қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетінде профессор, кафедра меңгерушісі (1986–2006) қызметтерін атқарды. 102-ден астам ғылым еңбек пен 2 монографияның авторы. Медицина ғылымдарының докторы(1984),профессор (1987).2006 жылы 30 қыркүйекте қайтыс болды. ## Шығармалар: * Принципы медикаментозной терапии артериальной гипертонии, А., 1991; * Электрокардиография, А., 1997; * Диагностические критерии и принципы лечения внутренних болезней, А., 1998. ## Дереккөздер
Жаңа Қалқұтан — Ақмола облысы Астрахан ауданындағы ауыл, Острогор ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Астраханка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 43 км-дей, облыс орталығы – Көкшетау қаласынан оңтүстікке қарай 196 км-дей, Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 138 км-дей жерде орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1903 жылы қаланған. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшер-акушерлік пункт, сауда орындары бар. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қаза тапқан жауынгерлерге ескерткіш орнатылған. Жақын жерден Алматы – Екатеринбург автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы – Қалқұтан (25 км). ## Дереккөздер
Бетембаева Махфуза Манатқызы (19 ақпан 1928 жылы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылында тұған) – ауыл шаруашылық ғылымының докторы (1976 жылы), профессор (1978 жылы), Қазақ КСР-і Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері (1979 жылы). Мәскеу тоқыма институтын (1950 жылы) бітірген. 1950–53 жылдары осы институтта аспирант, 1953–63 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Биология институтында, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі болды. 1963 жылдан қазіргі Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарады. Бетембаева 97 ғылыми еңбектің авторы. ## Шығармалары 1. "Казахская мясо-шерстная порода овец", А., 1993. ## Дереккөздер
Атан батыр Мәмбетұлы (шамамен 18 ғасыр, Ерейментау ауданы) — қазақ батыры. Орта жүздің Қанжығалы, Арғын руынан шыққан. Бөгенбай батырдың кеңесшісі болған. Жоңғарлармен болған шайқас кезінде көзге түсіп, батыр атанған. Ерейментау тауындағы шыңға есімі берілген. ## Дереккөздер
Тастаев Нұрберген (15.12. 1957 жылы туған, Жаңақорған кенті) – термеші, ақын, сазгер. Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтының Қызылорда бөлімшесін бітірген (1981). 1981 – 1883 ж. Жаңақорған ауданы «Госкомсельхозтехника» бірлестігінде аға инженер, 1983 – 1986 ж. 17-ші кәсіптік-техника училищесінің комсомол ұйымы хатшысы, өндіріс маманы, 1986 – 1990 ж. «Білім» аудан қоғамының жауапты хатшысы, ауданы партия комитетінде нұсқаушы, 1990 – 1991 жылы «Задария» кеңшары партия комитетінің хатшысы, 1991 – 1993 жылы кеңшар директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 1994 – 1996 жылы Қаратөбе ауылдық округінің әкімі, 1996 – 2005 жылы аудан мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 2005 жылдан Жаңақорған кенті әкімінің орынбасары қызметінде. Тастаев айтыскер ақын, термеші, әнші ретінде «Наурыз-89» (Алматы, 1989), Базар жыраудың 150 жылдығы (Ташкент), Т. Рысқұловтың 100 жылдығы (Шымкент), Абайдың 150 жылдығы (Ақтау) тойларына қатысып, өнер көрсеткен. Шешендік өнердің Бүкілодақтық ІІ-ші байқауының дипломанты. Сазгер Т-тың 50-ге жуық әні бар. Оның ішінде «Көңіл сыры», «Гүлім», «Жанымда бір жүрші», «Туған жер», «Ата жұртты сағындым», «Жаңақорған Жаңарығым», «Сен мені қадірлесең», «Досыма», «Қарғашым», т.б. әндері кең тараған. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Петроглиф (лат. петро — тас және грек. глиф — жазу) — тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер. Ежелгі П-тер соңғы палеолиттің ақырында пайда болды. Кейінгі голецендік тарихи-мәдени кезеңдерде (мезолит, неолит, қола дәуірі, темір дәуірі, т.б.) қоғамдағы өзгерістерге байланысты дамыды. Мұндай суреттер Швеция мен Норвегия (Богуслен, Таннум), Солтүстік Италия (Велкамоника), Португалия мен Испания жерлерінен, Солтүстік Африкадан, Араб жарты аралынан табылған. Жартас суреттері Үндістан мен Пәкістан, Қытай, Корея мен Жапонияда да бар. Америка құрлығында жартас өнерінің ескерткіштері Канада, АҚШ, Аргентина, Чили мен Бразилияда кездеседі. Олар Австралияда да көп. Мұның өзі П. жалпы адамзат мәдениетінде маңызды құбылыс болғандығын айғақтайды. Қазіргі ТМД елдерінің жерінен де П-тер көптеп табылған. Олар Кавказда, Орталық Азияда, Сібірде, Оралда, Қиыр Шығыста шоғырланған. Ескерткіштердегі суреттер сан алуан тәсілдермен шекіліп, бедерленген. Әр өңірдегі мұндай өнер туындылары тас ғасырынан кейінгі орта ғасырларға дейінгі адамдардың шаруашылығынан, тұрмыс-салты мен жол-жоралғыларынан, дүниетанымынан хабар береді. Басты сюжеттері адамдардың шаруашылық салаларын (аңшылық, балықшылық, т.б.), наным-сенімдерін сипаттайды. Суреттер қызыл охрамен және тастың бетін қашап, шекіп салу тәсілдерімен түсірілген. Соңғы тәсіл көп жерлерде кеңінен пайдаланылды. Көбіне хайуанаттар қырынан, адамдар алдынан салынды. Суреттерде пропорция сақталмаған; түз тағыларының кішкентай суреттерінің жанына одан бірнеше есе үлкен адам бейнесі салынған. Бұл өнердің мәні терең, бейнелері мазмұнды болып келеді. Оларда аңыз әңгімелер, мифтік сюжеттер, қоршаған ортамен байланысты шаруашылық-тұрмыстық қарекеттер бейнеленді. Қазақстанда 200-ден астам жартас суреттерінің шоғырланған орындары белгілі болып отыр. Солардың ішінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми айналымға түскендері: Ақбауыр, Арпаөзен, Баянжүрек, Ешкіөлмес, Қаратау, Қойбағар, Майдантал, Мойнақ, Таңбалы, Теректі-Әулие, т.б. ## Тағы қараңыз * Тамғалы петроглифтері * Ешкіөлмес петроглифтері ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том
ТАТАР ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ, 1991 ж. 27 қаңтарында құрылған. Орталық облысы Ассамблеясының басқаруымен «Наурыз», «Ұлттық мәдени орталықтар күні», «Тіл мейрамы» т.б. дәстүрлі мейрамдар өтіп тұрады. Қазақстанда тұратын халықтар тілін демокр. негізде шешілуді мақсат еткен. Қызылорда қ-нда өтетін ұлттық-мәдени спартакиадаларға жеңілатлетикалық эстафетадан, арқан тартудан, волейболдан, футболдан, стол теннисімен, армреслингтен, шахматтан, т.б. спорт түрлерінен белсенді түрде қатысып отырады. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Серғазы Мыңжасарұлы Әдекенов (1956 жылы туған), химия ғылымдарының докторы (1992), профессор (1993), ҚР ҰҒА академигі (2003). Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды бітірген (1978). 1978-1994 ж. Химия-металлургия институты және ҚР ҰҒА Органикалық синтез және көмір химиясы институтында ғылыми қызметкер, табиғи қосылыстар зертханасының меңгерушісі. 1995 жылдан ҚР ҰҒА Фитохимия институтының директоры. 2006 жылдан «Фитохимия» ҒӨБ орталығының президенті. Әдекенов тұңғыш рет өсімдік шикізатынан сесквитерпенді лактондарды бөліп алу, олардың биологиялық белсенділігін анықтау, химиялық түрлендіруі бойынша ғылым зерттеулер жүргізді. 950-ден астам еңбектің, 19 монографияның авторы. Шығармашылығы: * Химия сесквитерпеновых лактонов (1990); * Сесквитерпеноиды в синтезе производных по лактонному циклу (2003); * Синтез и биологическая активность новых производных «Арглабина» и перспективы производства оригинальных фитопрепаратов (2005). ## Дереккөздер
Соснов ауылдық округі – Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Заборовка, Красиловка, Сосновка ауылдары кіреді. Орталығы – Сосновка ауылы. 2004 жылы Соснов ауылдық округінің Доменка және Красилов ауылдық округінің Богодуховка ауылдары таратылды. 2017 жылы Сретенка, Софиевка ауылдары таратылды. 2019 жылы округ құрамына таратылған Красилов ауылдық округінен Красиловка ауылы қосылды. ## Дереккөздер
Жүсіп Таубайұлы (1882–1916 жж., Қармақшы ауданы, Ақжар а.) – ақын. Шығыс медресесінде оқыған. Жасынан шығармашылықпен айналысқан. 1902 ж. «Шаһнаманың» «Ескендірнамасын» аударған. «Әбу Әли ибн Сина», «Бес бәйіт», «Алдар Көсе», «Мыстан кемпір» атты дастан, хикаялармен қоса, 1905 ж. «Алдар Көсенің шайтанды алдауы», 1913 ж. «Замана жайы» дастандарын жазған. Таубайұлының «Балалар, үгіт мынау қолданасың», «Естімекке қылмай опа дүние жәни», «Жөнейтке», «Сақыбы Сағадаттың біздің адал», т.б. жыр-толғаулармен қатар 1913 ж. Шораяқтың Омарымен, Ержанұлы Ыбырашпен айтысқа түскен. Таубайұлының шығармаларын Сырдария экспедициясы кезінде (1920) алғаш жинап, зерттеген Ә. Диваев болды. Жиналған деректерді 1940–1970 жж. Н. Майқанов, Ү. Толыбеков, Ә. Қайнарбаев, М. Байділдаев академия қорына тапсырған. Бүгінде ақынның мұралары Орталық кітапхана мен Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар қорында сақтаулы. ## Әдебиет Қазақ энциклопедиясы — Алматы: Қазақ энциклопедиясы ЖШС. — ISBN 9965-9746-4-0. Қазақ энциклопедиясы — Алматы: Қазақ энциклопедиясы ЖШС. — ISBN 9965-9746-4-0.
Ибадулла Айғалиұлы Таутенов (01.01.1956 жыл, Сырдария ауданы Н.Ілиясов а.) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (2005). * Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (ҚазҰАУ) бітірген (1978). * 1978 – 1992 ж. «Қазақстанның 50 жылдығы» кеңшарында бас агроном * кейіннен Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты) аға ғылыми қызметкер болған. * 1992 – 2002 жж. Ы. Жақаев атынд. Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институтында (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) аға оқытушы, 2002 жылдан кафедра меңгерушісі қызметінде. * Ғылыми еңбектері Сырдария өзенінің төменгі ағысының шалғынды, батпақты топырағында күріш егістігіне берілетін азот тыңайтқыштарының түрлері, оларды енгізу әдістерінің тиімділігі және күріштің минералдық қоректенуі мен өнімділігін арттыру мәселелеріне арналған. * 67-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 1 монография, 4 ұсыныс, 15 оқу-әдістемелік құрал бар. ## Дереккөздер
Іш кебу (Tympanіa rumіnіs) – тез ашитын жемшөп жегеннен күйіс қайыратын малдың қарынына шамадан тыс газдың жиналуы. Жайылымдағы малдарда Іш кебу жиі ұшырасады. Ол жіті, созылмалы және қайталамалы түрде өтеді. Жіті түрі тез ашитын жем-шөпті тез және көп жеуден, шық түскен жоңышқа, беде егістігіне жайылудан, қайталамалы түрі кейбір улы өсімдіктер жеуден, жұқпалы аурулардан, өңеш кептелуінен, ал созылмалы түрі бүйрек аурулары мен әр түрлі ісік салдарынан болады. Іш кебуден мал кенет мазасызданып, оттамай бүйіріне қарай береді. Сол жақ бүйірі бұлтиып кебеді, ентігу пайда болады. Іш кебу газ жиналудан болғанда (жіті түрі) 2 – 15 сағат аралығында мал өледі. Созылмалы түрі бірнеше апта бойы жүреді. Емдеу жолдары: үлкен қарындағы газды басатын ихтиол, формалин, т.б. препараттар егеді, кекірткіш дәрі береді, әлсін-әлсін тілін тартады, бүйірін уқалайды, күнбағыс, т.б. өсімдік майын ішкізеді. Егер нәтиже шықпаса малдың бүйірін жүннен тазартып, иод ерітіндісін жағып, сол жерге трокар салу керек. Трокардың саңылауы арқылы іштегі газ біртіндеп сыртқа шығады. Аурудың алдын алу үшін мал азығының сапасын тексеріп, құрғақ жемнен көк балаусаға біртіндеп ауыстырып, малды жайылымға бірден шығармай, оты мол жайылымда малды ұзақ жаймау, ішетін суға аздаған мөлшерде (түсі өзгеретіндей) марганцовка ерітіндісін қосу, т.б. шараларды орындау қажет. ## Дереккөздер
Жексенбек Мәкейұлы Әділов(25.11.1949 жылы туған, Алматы қаласы) – инженер-құрылысшы, экономика ғылымның докторы (1998). Қазақ политехнологикалық институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) және Мәскеу құрылыс-инженер институтының аспирантурасын (1977) бітірген. Алматы сәулет-құрылыс институтында (қазіргі Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы) ассистент, аға оқытушы,доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1980–2000), Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрилігінде департамент директоры (2001–2004), 2004 жылдан Семей мемлекеттік университетінің ректоры қызметтерін атқарады. «Управление устойчивым экономическим развитием производства (на примере производственной базы строительства)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әділов 70-тен астам ғылыми-әдістемелік еңбектің, оның ішінде 7 монографияның авторы. ## Сыртқы сілтемелер * [1](қолжетпейтін сілтеме) * [2] Мұрағатталған 10 қазанның 2011 жылы. * [3] ## Дереккөздер
Нағашыбай Қорғанбекұлы Атшабаров (1953 ж.т., Ресей, Челябі облысы Біреді ауданы Калинин с.) — заңгер-құқықтанушы, ҚР ҰҚК-нің генерал-майоры. ҚР ҰҚК-нің ардагері. ## Фактілер Жетіру тайпасының Жағалбайлы руынан шыққан. * ҚазМУ-ды (ҚазҰУ-ды, 1979 ж.) * КСРО МҚК Жоғ. курсын (1980) бітірген. * Еңбек жолын 1971 ж. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара кеңшарындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған. * 1979 жылдан ҚР ҰҚК-нде жұмыс жасайды. * Спорттың самбо, акробатика, шаңғы және гір көтеру түрінен спорт шеберлігіне кандидат. * 1982 — 84 ж. «Вымпел» арнайы бөлім құрамында Ауғанстан жерінде болған. * Алматы, Мәскеу, Талдықорған, Ақтау, Қостанай, Қарағанды қалаларында,Астана қ-ндағы ҰҚК орт. аппаратында міндетін атқарған. * ҚР ҰҚК Ақмола облысы департаментінің бастығы қызметін атқаруда. * Орден, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * Глава государства присвоил высокие воинские звания и наградил отличившихся военнослужащих Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
Ішкі әскерлер – құқықтық тұрақтылықты сақтауға, арнайы мемлекеттік нысандарды қорғауға және басқа да қызметтік әскери міндеттерді орындауға арналған әскери бөлімдер. Өздерінің әскери міндеттерін орындауда Ішкі әскерлер әскери қызметтегі “Жалпыға бірдей міндеттілік және әскери қызмет туралы” заңды басшылыққа алады. Ішкі әскерлердің әскери қызметшілері Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлері мен офицерлеріне берілген барлық жеңілдіктер мен құқықтарды пайдаланады. ## Дереккөздер
Сайрагүл Ербосынқызы Нұрсұлтанова (24.05.1952, Алматы) – балерина, Қазақстанның халық артисі (1990). 1968 жылы Алматы хореография училищесін (профессор Б.Ғ. Аюханов және Р.М. Көрпешованың жетекшілігімен) бітірді. 1968 – 93 жылы “Алматының жас балеті” (қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық классикалық би ансамблі) ансамблі құрамында қызмет етіп, Қыз Жібек(Е.Г. Брусиловский, “Қыз Жібек”), Қарашаш (Е.Рахмадиев, “Алпамыс”), Гертруда (А.П. Исакова, “Гамлет”), Татьяна (П.И. Чайковский, “Татьяна Ларина”), т.б. партияларды орындады. 1993 жылдан Қазақтың мемлекеттік академия опера және балет театры труппасында биші әрі “Гүлдер” эстрада жастар ансамблі құрамында педагог-репетитор ретінде (шәкірттері Л.Әлпиева, Г.Тұтқыбаева, т.б.) қызмет етеді. ## Дереккөздер
Нұртас Ахатов (1961, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Қоскөл а.) — ғалым, филология ғылымдарының кандадаты (2004), Қазақстан білім беру ісінің үздігі (2000) және құрметті қызметкері (2007). Ш.Уәлиханов атынд. Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген (1987). Зеренді ауданындағы мектепте мұғалім (1987 — 90), 1993 жылдан Ж.Мусин атынд. Қазақ пед. уч-щесінің директоры. Көкшетау қ-лық мәслихатының 3-, 4-шақырылуының депутаты. Мақтау қағаздарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы — Қазақстан Республикасындағы жоғары ғылыми ұйым, ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестірушісі. Іргесі 1946 жылы 1 маусымда қаланған. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. ## Тарихы 1946 жылғы 31 мамырда КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1945 жылғы 26 қазандағы қаулысына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі және Қазақстан КП(б) ОК «Қазақ КСР Ғылым академиясын құру туралы» №439 қаулы қабылдады. Осы қаулымен Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылған күні – 1946 жылғы 1 маусым. КСРО Ғылым Академиясының және ҚазКСР Ғылым Академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Ғылым Академиясының тұңғыш президенті болып сайланды. ҚР Президентінің 1993 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы құрылды. 1996 жылғы 11 наурызда «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №2895 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы және Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамында Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі – Ғылым академиясы етіп орталық атқарушы органға біріктірілді. 1999 жылғы 12 ақпанда «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №34 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы республикалық мемлекеттік мекеме түрінде құрылды. ҚР Президентінің 2003 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігі құрылды. 2022 жылы Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2022 жылғы 1 маусымда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1003 қаулысымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды. 2023 жылғы 27 наурызда «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №152 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 281 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Коммерциялық емес акционерлік қоғамды қайта атау туралы» қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына айналды. ## Қызметі * әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау; * Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңеске уәкілетті орган ұсынған ғылым мен технологияларды дамытудың стратегиялық басым бағыттарына талдау жүргізеді; * бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға сараптама жүргізеді; * ғылымды дамыту бойынша форсайттық (болжамдық) зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіру; * ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу; * ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу; * ғылыми журналдар шығару; * халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу; * ғылымды танымал етуге қатысу ## Академия президенттері ## Академия ғимараты Ғылым академиясының ғимараты соғыстан кейінгі кезеңде Мәскеуде жобаланған. Эскиздік жобаны Мәскеудегі Ленин кесенесінің авторы, әйгілі сәулетші Алексей Щусев жасаған. Академия ғимараты 1951 жылдан 1957 жылға дейін салынды. Үйлестірулер мен дизайнды сәулетші Николай Простаков басқарды. 1980 жылы Ғылым академиясының ғимараты республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген. Ғимаратта Ұлттық ғылым академиясынан бөлек, бұрын академияның басқаруында болған, қазір Ғылым комитетінің меншігіндегі бірнеше мекеме жұмыс істейді: * Ғылым ордасыОрталық ғылыми кітапханаТабиғат музейіАрхеология музейіСирек кездесетін кітаптар музейіҚазақстан ғылымының тарихы музейі * Орталық ғылыми кітапхана * Табиғат музейі * Археология музейі * Сирек кездесетін кітаптар музейі * Қазақстан ғылымының тарихы музейі * Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы * А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты * М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты * Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты * Философия, саясаттану және дінтану институты * Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты * Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты * Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты * Математика және математикалық модельдеу институты * Экономика институты * Ақпараттық және есептеу технологиялары институты ## Басқару органдары 2024 жылғы 1 шілдедегі №103-VIII Қазақстан Республикасының "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңына сәйкес Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары: * жоғары орган – қамқоршылық кеңес; * өкілді орган – Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің жалпы жиналысы; * консультативтік-кеңесші орган – төралқа; * атқарушы орган – басқарма. ### Қамқоршылық кеңес Кеңес төрағасын Қазақстан Үкіметі тағайындайды. Кеңес мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауға тиіс. Атқарушы органның мүшелері кеңеске сайлана алмайды. Кеңес отырысы жылына кемінде 1 рет өткізіледі. Кеңестің айрықша құзыретіне мыналар жатады: * Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспарын бекіту, Ұлттық ғылым академиясының оларды іске асыру барысы туралы есептерін қарау; * ғылым және ғылыми-технологиялық саясат саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу; * Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау; * Ұлттық ғылым академиясының қызметін жүзеге асыру, Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары қабылдаған шешімдерді орындау мәселелері жөніндегі ақпаратты қарау, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының қамқоршылық кеңесінің отырыстарында мәселелерді қараудың қорытындылары бойынша Ұлттық ғылым академиясының өзге де басқару органдарына арналған ұсынымдарды тұжырымдау; * Ұлттық ғылым академиясы қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты қарау, осындай ақпаратты қараудың қорытындылары бойынша ұсынымдарды тұжырымдау. ### Академиктердің жалпы жиналысы Жиналыс Ұлттық ғылым академиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы жиналыс төрағасы болып табылады. Жиналысты төраға жарғыда белгіленген мерзімдерде шақырады. Жиналыс ұсынымдарын төралқа мен басқарма қарауға міндетті. Жиналыстың айрықша құзыретіне мыналар жатады: * өтпелі төралқа мүшелерін қоспағанда, Ұлттық ғылым академиясының академиктерін, Ұлттық ғылым академиясы төралқасының мүшелерін сайлау; * құрметті атақтар мен наградалар беру; * Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспары жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау; * Ұлттық ғылым академиясының ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет жобаларына қатысуы жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау; * Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін, Ұлттық ғылым академиясының құрылымдық бөлімшелері басшылары мен жекелеген ғалымдардың баяндамаларын тыңдау және талқылау; * Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау. ### Төралқа Жиналыстың қызметін төралқа қамтамасыз етеді. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы төралқа төрағасы болып табылады. Төралқа жиналыс отырысында кемінде 3 жыл мерзімге сайланады және қызметін жиналыс атынан жүзеге асырады. Төралқа құрамына сайланған адамдар қатарынан 2 реттен артық қайта сайлана алмайды. Төралқа отырыстары тоқсанына кемінде 1 рет шақырылады. Төралқаның айрықша құзыретіне мыналар жатады: * Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау рәсімдерін ұйымдастыру; * кеңес, жиналыс қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету; * Ұлттық ғылым академиясының академигі бағдарламасының орындалуына мониторингті жүзеге асыру; * Ұлттық ғылым академиясы басылымдарының (журналдарының, монографияларының) жоспарын қарау және бекіту; * Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің төсбелгілерін, ғылыми сыйлықтар, құрметті атақтар, наградалар (медальдар) және куәліктер бекітуге ұсынымдарды тұжырымдау; * ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманың орындалуын үйлестіру. ### Басқарма Ұлттық ғылым академиясының ағымдағы қызметіне басшылықты басқарма жүзеге асырады. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы басқарма төрағасы болып табылады. Басқарма кеңес, жиналыс және төралқа шешімдерінің негізінде және оларды орындау үшін әрекет етіп, оларға есеп береді. Басқарманың айрықша құзыретіне мыналар жатады: * Ұлттық ғылым академиясының ұйымдық құрылымы мен штат санын әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну; * Ұлттық ғылым академиясының даму жоспарын және оның орындалуы туралы есептерді әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну; * кеңестің, жиналыстың, төралқа шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру; * Ұлттық ғылым академиясының ғылыми жетістіктері және қызметінің өзге де нәтижелері туралы басқарма есебін бекіту; * Ұлттық ғылым академиясының филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олардың қызметі туралы ережелерді бекіту. ## Басқарма құрамы Ұлттық Ғылым академиясының Президентін Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. * Ақылбек Күрішбаев — ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор * Асқар Жұмаділдаев — вице-президент, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор * Ләззат Ералиева — вице-президент, медицина ғылымдарының докторы, профессор * Абай Серікқанов — вице-президент, физика-математика ғылымдарының кандидаты * Дос Сарбасов — вице-президент, биология ғылымдары бойынша PhD ## Академиктер тізімі Жаңадан құрылған Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктері * Ақшолақов Серік Қуандықұлы (2024) * Біләлов Дархан Нұрланұлы (2024) * Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы (2024) * Здоровец Максим Владимирович (2024) * Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы (2024) * Локшин Вячеслав Нотанович (2024) * Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы (2024) * Сұраған Дөрбетхан (2024) * Тұрысбеков Ерлан Кеңесбекұлы (2024) "Ұлттық ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігінің академиктері * Әбділдин Жабайхан Мүбәракұлы * Әбділдина Раушан Жабайханқызы * Әбсаметов Мәліс Құдысұлы * Әбілқасымова Алма Есімбекқызы * Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы * Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы * Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлы * Әділов Жексенбек Мәкейұлы * Айтбаев Теміржан Ерқасұлы * Ақшолақов Серік Қуандықұлы * Әлиакпаров Мақаш Тыныштықбайұлы * Әлиаров Бірлесбек Қаниұлы * Алшынбаев Мырзакәрім Кәрімұлы * Арзықұлов Жеткерген Әнесқызы * Ахметова Гульнас Кенжетайқызы * Әшімов Әбдіғаппар Әшімұлы * Әшімов Оңдасын Байкенұлы * Аяшев Оңалбай Аяшұлы * Базарбаева Зейнеп Мүсілімқызы * Баешов Әбдуәлі Баешұлы * Байкөншеков Жұмаділ Жаңабайұлы * Байзақов Сәбит Байзақұлы * Баймаханов Болатбек Бимендіұлы * Баймұратов Ораз Баймұратұлы * Байтанаев Бауыржан Әбішұлы * Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы * Бейсенова Әлия Сәрсенқызы * Бектұров Есен Әбікенұлы * Бенберин Валерий Васильевич * Берсімбай Рахметқажы Ескендірұлы * Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы * Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы * Бишімбаев Уәлихан Қозыкеұлы * Бишімбаева Нәзира Қозыкеқызы * Білиев Назарбай Қыдырұлы * Бүктіков Николай Сәдуақасұлы * Бүркітбаев Мұхамбетқали Мырзабайұлы * Ғазалиев Арыстан Мәуленұлы * Голиков Владимир Андреевич * Грибановский Анатолий Павлович * Григорук Владимир Васильевич * Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы * Дәулетов Асқар Ербұланұлы * Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы * Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы * Дүйсембин Қабдырахман Дүйсембіұлы * Дүйсенбеков Зайролла Дүйсенбекұлы * Елікбаева Гүлжахан Жақпарқызы * Елубаев Сағынтай Зекенұлы * Есполов Тлектес Исабайұлы * Есполов Айдос Тілектесұлы * Есім Ғарифолла Есімұлы * Жамбакин Қабыл Жапарұлы * Жәрменов Әбдірәсіл Алдашұлы * Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы * Жұрынов Мұрат Жұрынұлы * Зақұмбаева Гауһар Дәуленқызы * Заядан Болатхан Қазыханұлы * Ізтаев Әуелбек Ізтайұлы * Смағұлов Оразақ Смағұлұлы * Исмұхамбетов Жұмабай Ділмағамбетұлы * Қайдарова Диляра Радикқызы * Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы * Қалимолдаев Мақсат Нұрәділұлы * Кәлменов Тынысбек Шәріпұлы * Қамзабекұлы Дихан * Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы * Қасқабасов Сейіт Асқарұлы * Қайыпов Мәлік Арықтайұлы * Кешуов Сейітқазы Асылсейітұлы * Кененбаев Серік Бәрменбекұлы * Қожамжарова Дария Пернешқызы * Қожахметов Сұлтанбек Мырзахметұлы * Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы * Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы * Күзденбаева Раиса Сәлмағамбетқызы * Құлажанов Құралбек Сәдібайұлы * Құлажанов Талғат Құралбекұлы * Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы * Құлыбаев Талғат Асқарұлы * Құлмағамбетов Ілияс Райханұлы * Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы * Құнанбаева Сәлима Сағиқызы * Құнантаева Күләш Құнантайқызы * Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы * Құрманбайұлы Шерубай * Курскеев Абдрахман Козлоевич * Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы * Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы * Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы * Локшин Вячеслав Нотанович * Мәдиев Өскенбай Қабылбекұлы * Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы * Медеу Ахметқал Рахметоллаұлы * Мейірман Ғалиолла Төлендіұлы * Мелдебеков Әліхан Мелдебекұлы * Молдабеков Мейірбек Молдабекұлы * Мұқашев Болат Нығметұлы * Молдахметов Зейнолла Молдахметұлы * Молдахметов Марат Зейноллаұлы * Мұсабаев Талғат Аманкелдіұлы * Момынов Талғат Әшірұлы * Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы * Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы * Мырзақұлов Рәтбай * Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы * Нұрманбетова Жәмилә Нүсіпжанқызы * Оздоев Султан Мажитович * Ойнаров Рысқұл Ойнарұлы * Омаров Бауыржан Жұмаханұлы * Ормантаев Камал Сәруарұлы * Өтелбаев Мұхтарбай Өтелбайұлы * Пірәлиев Қалдыбай Жайлауұлы * Раисов Төлеген Қазезұлы * Рақышев Баян Рақышұлы * Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы * Рау Алексей Григорьевич * Рақымбаев Ізбасар Рақымбайұлы * Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы * Сәбікенов Салахиден Нұрсалиұлы * Сағитов Абай Оразұлы * Садықұлов Төлеухан Садықұлұлы * Сарбасов Төлеуғали Ибраимұлы * Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы * Северский Игорь Васильевич * Сейдуманов Серік Тұрарұлы * Сманов Бақтияр Өрісбайұлы * Сүлеев Досым Қасымұлы * Сүлейменов Жеңісбек Жұмағалиұлы * Сүлейменов Майдан Күнтуарұлы * Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы * Сыдықов Ерлан Бәтташұлы * Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы * Таймағанбетов Жәкен Қожахметұлы * Тәкібаев Нұрғали Жабағаұлы * Тіреуов Қанат Маратұлы * Төлебаев Райс Қажыкенұлы * Төлеуов Бораш Игілікұлы * Үкібаев Хисемидолла Исхақұлы * Оразалиев Рахым Алмабекұлы * Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы * Харин Станислав Николаевич * Шоманов Өрісбай Шоманұлы * Фазылов Серік Драхметұлы * Шарманов Төрегелді Шарманұлы * Шайдаров Мәжит Зейноллаұлы ## Құрылымы 2002-2003 жылдары Ұлттық ғылым академиясы Білім және ғылым министрлігінің меншігіндегі ғылыми ұйымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметін үйлестіруді жүзеге асырды: * Ботаника және фитоинтродукция институты * Зоология институты * Адам және жануарлар физиологиясы институты * Жалпы генетика және цитология институты * Микробиология және вирусология институты * М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты * Экономика институты * А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты * М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты * Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты * Философия және саясаттану институты * Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты * Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты * Сейсмология институты * У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты * Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты * Металлургия және кен байыту институты * География институты * Информатика және басқару проблемалары институты * Ғарыштық зерттеулер институты * Математика институты * Қолданбалы математика институты * В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты * Ионосфера институты * Физика-техника институты * А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты * Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты * Фитохимия институты * Ғалымдар үйі * Орталық ғылыми кітапхана * «Ғылым» ғылыми-баспа орталығы ### Бұрынғы құрылымы 1980 жылдардың соңынан 1999 жылға дейін Ғылым академиясы құрылымында ғылым салалары бойынша 5 бөлімше және 1 аймақтық бөлімше болған: Физика-математикалық ғылымдар бөлімшесі * Ядролық физика институты * Жоғары энергия физикасы институты (1996 жылға дейін) * Теориялық және қолданбалы математика институты * В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтКаменское плато обсерваториясыАсы-Түрген обсерваториясыТянь-Шань астрономиялық обсерваториясы * Каменское плато обсерваториясы * Асы-Түрген обсерваториясы * Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы * Ионосфера институты * Физика-техника институты * Механика және машинатану институты * Ғарыштық зерттеулер институты * Информатика және басқару проблемалары институты (1991 жылдан бастап) Жер туралы ғылымдар бөлімшесі * Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты * У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты * Сейсмология институты * Тау-кен істер институты * География институты Химия-технологиялық ғылымдар бөлімшесі * Металлургия және кен байыту институты * А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты * Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты * Мұнай химиясы және табиғи тұздар институты. Биологиялық ғылымдар бөлімшесі * Жалпы генетика және цитология институты (1995 жылы құрылды) * Топырақтану институты * Ботаника институты (1995 жылдан бастап Ботаника және фитоинтродукция институты) * Зоология институты (1995 жылдан бастап Зоология және жануарлар генофонды институты) * Микробиология және вирусология институты * Эксперименттік биология институты (1995 жылға дейін) * Физиология институты (1995 жылдан бастап Адам және жануарлар физиологиясы институты) * М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты * Бас ботаникалық бақ (1995 жылға дейін) * Аймақтық тағамтану мәселелері ғылыми орталығы (1995 жылдан бастап Тағамтану институты). Қоғамдық ғылымдар бөлімшесі * Философия институты * Мемлекет және заң институты * Экономика институты * Социология және саясаттану институты (1995 жылдан бастап) * Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты * М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты * А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты * Ғ.С. Сәдуақасов атындағы Ұйғыртану институты (1996 жылға дейін) * Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты * Сыртқы экономика орталығы * Шығыстану институты (1996 жылдан бастап). Қарағандыдағы Орталық Қазақстан бөлімшесі * Химия-металлургия институты * Органикалық синтез және көмір химиясы институты * Физиология және еңбек гигиенасы институты * Қолданбалы математика институты * Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қазақстан ғалымдары
Ішектыныстылар (Enteropneusta) – жартылай хордалылар типіне жататын теңіз жануарларының класы. І. дүние жүзінде жылы теңіздерде, көбінесе теңіздің балшықты не құмдауытты түбінде, жағалаудағы судың көтеріліп-қайтатын жерлерінде тіршілік етеді. Олардың 4 тұқымдасы, 12 туысы, 100-ге жуық түрі анықталған. Бұлар екінші ауыздылар тобына жататын қарапайым жануарлар, бұрын оларды құрттарға жатқызып келген 1867 жылы А.О. Ковалевский І-дың хордалыларға жақын екенін алғаш рет дәлелдеген. Денесінің пішіні құрт тәрізді, ұзындығы 10 – 50 см, ұсақ түрлері Saccoglossus pugmaeus-тің ұзындығы 3 см болса, ең ірі түрі Balanoglossus gіgas-тың ұзындығы 1,8 – 2,5 м-ге жетеді. Көп қозғалмайды. Денесі үш бөлімнен: тұмсығы, жағасы және кеудеден тұрады. Көптеген сезімтал клеткалары бар бұлшықетті тұмсығы – ең сезімтал әрі ең белсенді бөлігі. Ол ағза мен ортаның өзара байланысында айрықша рөл атқарады. Сондай-ақ тұмсық негізгі жер қазатын мүшесі болып саналады, себебі І. тіршілігінің көбін қазылған үңгірлерде өткізеді. Тұмсығын жаға қоршап тұрады. Ол да бұлшықетті, өте қысқа денеден айрықша көрініп тұрады. Жағадан кейін, ішінде барлық мүшелері орналасқан кеуде жатады. Оның алдыңғы бөлімінде жіңішке желбезек тесіктері болады. Ауыз тесігі тұмсықтың негізінде, аналь тесігі кеуденің ұшында орналасқан. Ас қорыту жүйесінің негізгі екі ерекшелігі бар. Алдыңғы ішегі метамерлі орналасқан желбезек саңылаулары арқылы сыртқы ортамен байланысып, тыныс алу қызметін атқарады, жануардың аты осы ерекшелігіне байланысты қойылған. Екінші ерекшелігі – жұтқыншақтың арқа бөлімінен тұмсықтың ішіне қарай бағытталған стомохора деп аталатын ішектің тұйықталған өсіндісі өтеді. Зәр шығару жүйесі несеп өнімдерін сыртқы ортаға шығаратын екі жұп ерекше түтікшеден тұрады. Олар целомодукт деп аталады. Қан айналу жүйесі жақсы дамыған. Жағасында орналасқан арқа жүйке бағанасы қалың қабатты жүйке түтікшесін түзеді. Бұл І-ды хордалыларға жақындастырады. Арнайы сезім мүшелері жоқ, бірақ олардың сыртқы жабынының астында көптеген жарық сезгіш клеткалары орналасқан. Дара жыныстылар, жыныс деформизмі анық байқалмайды. Әрбір жыныс безі күлте түтікшемен сыртқа ашылады. Жыныс өнімдері суға шығарылып, сонда дамиды. Дамуы суда еркін жүзетін дернәсілі – торнария сатысы арқылы өтеді. Торнария тікентерілілердің дернәсіліне өте ұқсас. І-дың ішінде паразиттері аз, олар негізінен балықтардың қорегі болып саналады. ## Дереккөздер
Ішекті музыкалық аспаптар, хордофондар – ішектері арқылы үн шығаратын музыка аспаптары. Ішекті музыкалық аспаптары дыбысының жоғары-төмен болып өзгеруі ішегінің қысқа (мысалы, скрипка, қобыз), немесе белгілі бір диапазонға келтіріліп қойған ішегіне (мысалы, фортепиано) байланысты. Ішекті музыкалық аспаптартардың дені ағаштан әзірленеді де, дека деп аталатын негізгі үнді тербеліске түсіріп шығаратын бөлігі шырша, не болмаса самырсын ағашынан жасалады. Әдетте ішекті музыкалық аспаптардың кейбір бөлшектерін бекіту және механизмдік тетіктері үшін металл (ішектен басқа) қолданылады. Ішекті музыкалық аспаптар дыбыс-үн шығаруына қарай ысқылы (виола, виолончель, гиджак, қобыз, скрипка, т.б.), шертпелі (арфа, балалайка, гитара, гусли, домбыра, т.б.), соқпалы, соқпалы-тілді (цимбал, фортепиано, т.б.) және шертпелі-тілді болып жіктеледі; қ. Музыкалық аспаптар. ## Дереккөздер
Байлар (өзд. атауы — байцзы, байни) — халық. Халық Республикасының Юньнан провинциясында тұрады. Жалпы саны — 1,3 млн. адам (1995). Моңғол нәсілінің оңтүстік-азиялық тармағына жатады. Тілі — тибет-бирма тіл шоғырына енеді. Қытай тілі де кең тараған. Будда дінін ұстанады. Аруаққа, қасиетті ағашқа (терекке) сиынады. Қытайда Байлардың бірнеше автономдік округі мен уезі бар. 20 ғасырға дейін 3 — 4 ұрпақты біріктіретін үлкен отбасылары бір шаңырақта тұрып келген. Қамыстан, каркастан тұрғызылып, сырты саз балшықпен сыланған, жайпақ шатырлы үйлерде тұрады. Байлардың негізгі кәсібі егін шаруашылығы Күріш, қант қамысы, зығыр, таро, қарақұмық, арпа, бидай егеді. Таулы жердің тұрғындары мал шаруашылығымен (шошқа, қой, ешкі, жылқы өсірумен) айналысады. ## Дереккөздер
Байлар-Жандар — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша, Орта жүздің Қоңырат тайпасының Көктіңұлының (Тәңірберген) үш баласы болған, олар (Абатқұл, Жабатқұл, Қара). Абатқұлдан Байыс, Боғыз, Тайыс, ал Боғыздан Байдербіс пен Жандербіс тарайды. Байлардан - КөшікКөбек, Құланшы, Елбақ-Қойбақ. Жандардан - Сырымбет, Қарабала, Шора пальцы, Жолдербіс, Мама-Сүйіндік, Қазаяқты, Байжігіт, Баймұрат. «Жандарлар» Евразия құрлығында, Түркі халықтарының құрамында көптеп кесдеседі. «Жандарлар» тіл үндестігіне байланысты, әр халықта әр қалай аталады. Мысалға: Жандар, Яндар, Чандар, Шандар, Түркия мемлекеті Анадолы да Жандароғұллары деген атпен белгілі. Жандароғұллары Түркия (Осман ) империясын құруда маңызды рөл атқарған тайпалардың бірі, (Исфандиярогуллары деп те айтылады). Солтүстік Кавказ, Дағестан республикасында Құмық халқының құрамында 40-мыңдай Джандар тайпасының өкілдері Каякент,Кайтағ аудандарында тұрады. Қарақалпақ халқының құамындағы Жандарлар, Жанлар деген атпен белгілі. Ресей, Башқұрт халқының құрамында Байлар-Жандар тайпасының, Байлар руы жасайды. “Жандар” тайпасы қытай деректемелерінде Янтор, Янто деген атпен белгілі. Қытай деректерінен алынған мәліметтерге сүйенсек Қыпшақ мемлекетінің негізін қалаушы қуатты екі Сир (Сыр) мен Янтор(Жандар) тайпалары болған. Атақты Шынғысханның анда дос дала баты,гурхан Жамуха осы жандар тайпасының өкілі болған. ## Тұлғалар * Мұсабек батыр * Күлен би * Қанай би * Сапақ Көктіңұлы * Мырзагелді Кемел ## Дереккөздер
Темірғали Нұртазин (29.12.1907, Ресей, Қорған қаласы – 10.4.1977, Алматы қаласы) – филология ғылымының докторы (1963), профессор Ленинград журналистика институтын (1935, қазіргі Санкт-Петербург) бітірген. ## Жұмыс жолы Солтустік Қазақстан облысында мұғалім, ұжымшар төрағасы (1928–1930), Солтүстік Қазақстан облысы партия коммитетінде бөлім меңгерушісі (1932–1933), «Қарағанды пролетариаты» облысы газетінде редактор (1935–1937), драма театрының директоры болды (1937–1943).1943 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазПИ (қазіргі ҚазҰПУ) мен ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушы, доцент, профессор қызметтерін атқарған. 1960 ж. ## Ғылыми еңбектері «Жазушы және өмір» атты кітабы бойынша докторлық диссертация қорғаған. 1932 жылы "Жүргізуші" атты өлеңдер жинағын шығарған. 1943 жылдан бастап әдеби сынмен айналыса бастады, Орысшада қазақшада жазған. Қазіргі уақыт туралы көптеген шығариалардың, очерктердің, оқиғалардың авторы ## Шығармалары Нұртазин зерттеулерінің басты бағыты Абай, Б.Майлин, С.Мұқанов шығармаларын талдау болды. Бірнеше кітаптың авторы: * Шеберлік туралы ойлар, А., 1968 * Қазақ совет әдебиеті (оқулық), А., 1971 * Машинист 1932 * Сборник рассказов 1953 * Мұрат 1958 * Адам бекерге жасамайды 1965 * Ауыл тыныс 1973 ## Дереккөздер
“Петропавл — Шу” темір жолы — Қазақстан темір жолының солтүстік ТрансҚазақстан темір жол магистралына жататын “Петропавл — Көкшетау — Астана — Қарағанды — Шу” бөлігі. Бұл темір жол сондай-ақ, Қытай, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша және Германия аумақтары арқылы өтетін Солтүстік көлік дәлізінің және Ресей мен Қазақстан жеріндегі темір жол тораптарынан құралған “Үлкен сақинаның” құрамдас бөлігі болып табылады. Жолдың “Петропавл — Көкшетау” бөлігі 1920 — 22 жылдары салынды, ал “Көкшетау — Ақмола” бөлігі 1929 жылы пайдалануға берілді. 1984 жылы “Көкшетау — Ақмола” бөлігі электрленді. Темір жолдың жүк өткізгіштігі мен пойыздардың қозғалыс жылдамдығы бойынша “Петропавл — Көкшетау” бөлігі 2-санатқа (жолаушы пойызының жылдамдығы сағатына 120 км, жүк пойызынікі 70 км), “Көкшетау — Ақмола” бөлігі 1-санатқа (тиісінше 140, 80 км) жатады. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том
Ороктар (өз атауы – ульта, ульча) – Ресей Федерациясындағы Сахалин аралының шығысын мекендейтін шағын халық. ## Саны және орналасуы Бүкіл тарихта бұл этникалық топтың саны 773-тен 350 адамға дейін болды. Ороктардың нақты саны туралы алғашқы мәліметтер 1897 жылға қарай 749 адам болды. Дәл осындай деректерді А.И.Крушанов өзінің «КСРО Қиыр Шығыстың алғашқы қоғам дәуірінен ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейінгі тарихы» кітабында келтіреді. Алайда 1920 жылдардың өзінде бұл халық өкілдерінің саны екі есеге жуық қысқарды. Ал, 1989 жылғы санақ бойынша, Майя Черемисина мен Алена Тазранованың «Сібірдің байырғы халықтарының тілдері» кітабында Ресейде небәрі 190 Орок өмір сүрген. Ал 2002 жылғы халық санағы Ороктар санының өскенін көрсетті, ол кезде олардың саны 346 адамға дейін өсті. Ороктардың көпшілігі қазір Сахалин облысының аумағында тұрады. Бұл туралы Алексей Журавский де «Ресей халықтары: мәдениеттер мен діндердің атласы» кітабында жазады. «Ульта Сахалин: Кішкентай халықтың үлкен мәселелері» басылымының авторы Л.И.Мисонованың айтуынша, Ороктардың көпшілігі Сахалин аралының Ногликси және Поронай аймақтарында тұрады, сәйкесінше 132 және 144 адам. Сонымен қатар, ороктар Жапонияның Хоккайдо аралында кездеседі. Бірақ Хоккайдодағы қауымдастық соңғы уақытқа дейін 20 адамды ғана құраған. ## Тілі Орок тілі тунгус-манчжур тілдер тобына жатады. Қазір Сахалиндік ороктардан 64 адам өз тілін сақтаған, ороктардың барлығы да орыс тілінде сөйлейді. Ороктар тілі жағынан туыс және мәдениеті жағынан Амур өлкесінің тунгус-манчжур халықтары – нанайлар, ульчтар, орочтар, үдэгейлермен жақын.Қазіргі уақытта орок тілі жойылып бара жатқан тіл деп атауға болады, өйткені ол күнделікті қарым-қатынас үшін пайдаланылмайды. ## Діні Ороктардың діни наным-сенімдері Амур халықтарының наным-сеніміне жақын. XIX ғасырдың аяғында Православие миссиясының күш-жігерінің арқасында ороктар христиан дінін қабылдады. Олар жақын маңдағы шіркеулерге барды, көптеген діни қызметкерлер берген иконалар сақталды. Дегенмен, сонымен бірге олар бұрынғы анимистік идеяларын сақтап қалды, жануарлардың, өзендердің, тайгалардың рухтарын қастерлеп, оларға сәтті аң аулауды, жақсылық пен денсаулықты сұрады. Тайгаға аң аулауға тоқтаған олар осы жердің рух иесіне, тайгадағы өрт ошақтарының иесіне емделіп, сәтті аң аулауды өтінген. ## Тарихы XIX ғасырдың ортасына қарай екі аумақтық топ құрылды. Солтүстігінде Солтүстік Сахалиннің ортаңғы бөлігі, аралдың оңтүстік бөлігінде Терпения шығанағынан Анива шығанағына дейін айндармен бірге тұратын 12 орок елді мекендері болды.Оңтүстік және солтүстік топтардың мәдениеттерінің қалыптасуында көп нәрсе басқа байырғы халықтармен – нивхтармен, айндармен, амурлықтармен байланысты болды. XIX ғасырдың ортасынан бастап бірегей жергілікті бұлғынды жинау үшін Төменгі Амур тұрғындары Ороктармен бұрыннан келе жатқан байланыстарды сақтай отырып, Сахалинге жыл сайын келеді. Кейбір амурлық аңшылар орок әйелдеріне үйленіп, Сахалинде қалды. Дәл сол кезеңде солтүстік топ Амурға, ульчтар қоныстанған аймаққа көшті. ## Кәсібі Солтүстіктегілер бұғы бағумен, аңшылықпен, балық аулаумен, теңіз терісін аулаумен айналысты. Бұғы шаруашылығы негізінен көліктік бағытта болды, оларды нартқа жегіп қыста тайгаға аңға барды, әр отбасы 20-30 бас үйір бұғы ұстады. Олар садақпен, найзамен, кейінірек – атыс қаруымен – аюға, солтүстік бұғыға, тұзақпен – бұлғынға, қақпанымен – басқа ұсақ жануарларға, арбалетпен (дэнггурэ) – түлкі, аң аулады. Көктемнің басталуымен олар Сахалиннің шығыс жағалауына көшіп, күзге дейін осында тұрды. Олар итбалықтарды, ала итбалықтарды, әсіресе албырт балықтарды аулады. Теңіз жануарларын гарпундармен, білігі өте ұзын - 15 м-ге дейін найзамен (дарги) және саптамамен (лахумен) ұсталды. XIX ғасырдың аяғынан бастап атыс қаруы теңіз өнеркәсібінде де кеңінен қолданыла бастады. Балық аулау үшін әр түрлі торларды (адули), қармақтарды (лочо, умбу) және найзаларды (падари, дегбо) пайдаланды. Қыста кептірілген балық (юкола), балық майы, орман және теңіз жануарларының еті сақталды. Теңіз жануарларының майын қыста балауыз шам ретінде жарықтандыруға, ал терісін киім мен аяқ киім тігуге пайдаланды. Сонымен қатар олар терушілікпен де айналысты. Алғашында оңтүстік ороктарда аздаған бұғылар болғанымен, уақыт өте келе олар бұғыларды ұстамайды. Олардың негізгі кәсібі балық аулау, теңізде аңшылық және тайгада қол шанамен және бір-екі итпен аң аулау болды. Теріге айырбас жасап ұн, жарма, маталар, металл құралдар (пышақ, ара, найза), атыс қаруы мен оқ-дәрі алды. ## Өмір салты ### Әдет ғұрпы Ороктар көп ұрпақты патриархалдық отбасылар болды. Қалыңдық үшін ақы төлеу әдетке айналған. Міндетті түрде қалыңмал төлемінің құрамына тамақ дайындауға арналған қазандықтар кірді. Үйлену тойын ерте көктемде немесе қыста жасалды, өйткені дәстүр бойынша үйлену көлігі нартаға тартылған бұғылармен жүруі керек. Қалыңдық үйден шыққан кезде "қазанды таптау" рәсімі өткізілді, қыз төңкерілген қазандарға аяқ басу керек, олардың бірі қыз жасауына, екіншісі ақы төлеміне арналған қазан. Ороктар арасында аю культі кеңінен танымал. Бұл жануар тайгада ұсталып, өлтірілгенде, олар оны ауылға әкеліп, аңға салтанатты жиналыс ұйымдастырады. Денесін жерге жатқызып, тұмсық алдына түрлі ыдыстар қойылды. Егер орманда аюдың қонжығын ұстау мүмкін болса, оны ағаш үйде 2 жылға дейін өсірді, содан кейін бірнеше күнге созылған аю фестивалі өтті. Мереке аюдың баласын садақтың жебесімен өлтірумен аяқталды. Ороктар аңның етін салтанатты түрде жеп, содан кейін сүйектерін жерлейді. ### Мекен-жәйі Ороктар, әдетте, көп жылдар бойы шағын жазғы және қысқы қоныстарда өмір сүрді. * Жазғы қоныстары (каура) - көлбеу ұштары бар ірі қылқан жапырақты ағаштардан жасалды. Бірнеше метр қашықтықта 2 бөрене штативі орналастырылады, үстіне көлденең ағаш қойылды, одан жерге дейін көлбеу тіректер қабырғалардың жақтауын құрайды, оны қылқан жапырақты ағаштардың қабығымен жабады. Каураның айналасында шаруашылық құрылыстар салынады – қадалардағы сарайлар( далу), қоймалар, қадалардағы платформалар және т.б. * Қысқы қоныстары (каундау) - конус тәрізді чум болды, негізгі құрылымы бөренелерден жасалған үштаған болды. Шеңберде (диаметрі 6 м дейін) жіңішке сырықтар бекітілген. Жоғарыдан шатырларға итбалық, бұғы терісі, балық терісі, қайың қабығы жабылған. Ортаға ошақ қойылды. Қыста солтүстік ороктар бұғылармен бірге тауға қатпайтын өзендердің жоғарғы ағысына көшіп, сол жаққа апарып, қайтадан чумдарын орнатқан. Қыс мезгілі біткен соң оларды бөлшектеп, дөңгелетіп орап, өзімен бірге алып кететін. Қыста ороктардың екі тобы да қайың қабығымен жабылған төбесі бар төртбұрышты қаңқалы үйлерді пайдаланды (мұндай ғимараттар амур халықтары арасында кеңінен танымал). Көшіп келе жатқанда уақытша конустық тұрғын үйлер (аудау) тұрғызылды. ХХ ғасырдың басынан бері ороктардың дәстүрлі тұрғын үйлерінің орнына орыстар мен эвенктер кеңінен пайдаланатын темір пешпен жылытылатын үйлер пайда болды. 1930-1940 жылдары колхоздар ұйымдастырылып, ороктар да айналасындағылар сияқты ағаш үйлерде, газдандырылған, электрлендірілген, радиомен жабдықталған ауылдарда тұра бастады. ### Дәстүрлі киімдері Ороктардың дәстүрлі киімдері көршілерінің, нивхтардың және Төменгі Амурдың басқа халықтарының киіміне жақын. Оны жасау үшін ороктар балық терісін, жануарлар терісін (әсіресе итбалық пен бұғы) пайдаланды. Ежелгі заманнан бері матадан тігілген киімдер де кең таралған. Ерлер мен әйелдер матадан, балық терісінен, теріден (маусымға байланысты) тігілген қысқа шалбар (пэру), жазғы мата халат (покто) киген. Әйелдердің киімдерін кестемен, ал етегін металл кулондармен (ачика) әшекейленген. * Балық терісінен тігілген киімдер (вэлтэли, уттэури) тек қарттардың жадында сақталған. Ороктар көптеген киімдерді жәрмеңкелерден сатып алды, кейде оларда жібектен немесе барқыттан жасалған бұйымдар да болды. ХIХ - ғасырдың аяғында матадан орыс тігісінен тігілген ерлердің улбаху көйлектері кең тарады. Якуттардан астарлы матадан жасалған шапандар (лэбэ, кауракту) сатып алынған. Кейін оларды орок әйелдері өздері жасай бастады. * Аңшылардың аңшылық киімдері - итбалық терісінен тігілген күртеше (пэтэге), тізеге дейінгі белдемше (хоссэ). Қыста ерлер киімнің астына бұғы терісінен тігілген көкірекше (ауту, даллу) киетін. Күзгі тон (сун) жабайы киіктің, әйелдердікі бұлғынның, түлкінің табанынан тігілген. * Бас киімдері - Әр түрлі тігісті және бұғы жүнінен жасалған, капор (қалпақ) тәрізді формада болды. * Аяқ киімдері - теңіз жануарының терісінен, балық терісінен, бұғы камусынан, ровдугадан жасалған. Бұғы терісінен немесе итбалық терісінен тігілген аяқ киімді түкті шұлықтармен киген. Балық аулау және күнделікті аяқ киімнен басқа, мерекелік аяқ киім болды. Аяқ киімге қатысты көптеген терминдер болды: эмтирэ, монд, муру, хосома утта және т. б. * Той киімдері - әсіресе әйелдер киімі ақ киіктің жүнімен кестеленіп, үлбір аппликациясымен безендірілген. Үйлену тойы мен мерекелік әйелдер киімінің таптырмас бөлігі эвенк үлгісіндегі матадан (неллу) тігілген, моншақтары мен кестелері бар төсбелгілер болды. ### Дәстүрлі асханасы Ороктардың дәстүрлі тағамы шикі, кептірілген (юкола), мұздатылған, қайнатылған, ысталған және тұздалған балық және құрлық және теңіз жануарларының еті, жидектер, жаңғақтар, жеуге жарамды өсімдіктер, теңіз балдырлары және т.б.Ит еті ғұрыптық тағам болып саналды, оны балық аулауға кетер алдында қайнатып жеген.Балықтың қарындары мен ең май бөліктерін қуырып, балық немесе итбалық майына батырып жеген. Юкола сорпасына қалақай, су лалагүлінің сабақтары, теңіз қырыққабатымен дәмделіп, балық майы қосылған. Сорпалар итбалықтардың, бұғылардың, жабайы жануарлардың, ұлулардың етінен де дайындалған. Балық немесе ет сорпасына жас жусанның, қалақайдың, балдырғанның жапырақтары қосылды. Балық немесе ет кебабтары, балық пастасы - жидектермен, жабайы сарымсақпен, жабайы сарымсақпен толтырылған. Аю мерекесі кезінде пісірілген аю етінен басқа, лосось және басқа да жидектер қосылған желе (мос) дайындалды, сондай-ақ пісірілген сорпалар, сұйық және қою жарма, көкөніс тағамдарын дайындады. Балық пен итбалық майы, аю майы, марал сүтінен ұнтақталған сары май көп пайдаланылды, шие жидектерінен шелпек пісірілді. Тамақты шойын мен темір қазанда пісіретін, орыстардан олар қуыруға арналған табаларды алды, жаңғақтарды ұсақтауға және жидектерді ұсақтауға пайдаланды. Қою тамақ, етті қасықпен, таяқшамен жеген. Олар қайың қабығынан жасалған ыдыстардан, стақан-шелектерден су ішті. Ағаштан жасалған үлкен ыдыс-аяқтар, суға арналған қайың қабығынан жасалған шелектер мен азық-түлік сақтауға арналған жәшіктер кең таралған. ## Дереккөздер
Амантай Қойшыбайұлы Ахетов (1947 жыл, Көкшетау) — ақын, журналист. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1990). * ҚазМУ-ды (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген (1972). * Еңбек жолын 1966 жылы қазіргі Уәлиханов ауданындағы «Красное знамя» және «Қызыл ту» газеттерінде бастаған. * 1977 — 1980 жылдары осы газеттерде редактор * 1980 жылдан Қазақстан мемлекеттік телерадио компаниясында, Қазақстан мемлекеттік баспасөз комитетінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұлттық комитетінде, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде жауапты қызметтерде болды. * «Азия дауысы» және «Республика — 2000» республикалық газеттерінде бас редактор, «Юридическая газета» редакциясында бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. ## Шығармалары * А.Мырзахметованың «Лучезарная» * З.Жакенованың «Зов очей земли» * Ж.Кизатованың «Испытание войной» * Қ.Ахметбекованың «Солдат Победы» романдарын * Ш. Мұхаметжанованың өлеңдер жинағын * «Антология казахской этнопедагогики» жинағын қазақшаға аударған. ## Марапаттары * Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * Амантай АХЕТОВ: К покаянию жестокость людскую взываю…(қолжетпейтін сілтеме)
Ішкі немесе Бөкейлік қазақ ордасы (“Внутренняя или Букеевская киргиз-казачья орда”) – зерттеуші А.Евреиновтің еңбегі. “Современник” журналының 1851 жылғы 9 – 10-нөмірлерінде жарияланған. 1846 – 47 ж. қызмет бабымен Бөкей Ордасында болған Евреиновтің зерттеу жұмысында қазақтардың Жайық өз-нің оң жақ бетіне қоныс аудару тарихы, хан ордасының сипаттамасы, Бөкей Ордасының орналасуы мен шекарасы, қыстау-қоныстардың атаулары, билеуші топтың әлеум. құрылымы, хан билігі, жайлау мен қыстауға көшу көріністері, сауда, мал бағу, халық медицинасы, халық мейрамдары мен тойлары, бөкейлік қазақтардың мінез-құлықтары туралы жазылған. ## Пайдаланылған cілтемелер
Галей Авхадеевич Ахмадеев (1908, Петропавл — 1974) — еңбек ардагері. Соц. Еңбек Ері (1959). * Еңбек жолын 1926 ж. паровоздың жүргізушісі болып бастады. * 1929 жылдан Бурабай курорты ст-нда, т.ж. көлігі локомотив депосында темір ұстасы, машинистің көмекшісі, тепловоз машинисі болып жұмыс жасады. Еңбек Қызыл Ту ордені, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
‎‎ Петропавл бөгені — Есіл өзенінде орналасқан бөген. Петропавл бөгетінен Қарғалы аралына дейін 30 км-ге созылып жатыр, ең енді жері 170 м-ге жетеді. Су айдынының аумағы 5 км². Ең терең жері — 6 м. Бөгеннің аумағы 19,2 км². Пішіні Есілдің аңғарымен сәйкес келеді және онымен бірнеше ескі арналар байланысқан. Бөгеннің негізгі міндеті – өзен суын реттеп отыру, Петропавл қаласын және оның кәсіпорындарын сумен қамтамасыз ету, Түмен облысына ағын бойымен кепілді су жіберу және санитарлық тазалықты сақтау. Петропавл гидрокешені бетон бөгеттен, шахталық су шығарудан, диаметр 600 мм құбырдан және топырақ үйіндісінен тұрады. Осы техникалық құрылыс бойынша Есіл өзені арқылы тас жол салынған. ## Гидрологиялық режімі Бөген көктемде толығады. Су тасқыны басталғанша бөгет толығымен жабылады. Суы мол жылдары тасыған су бөгет жармаларынан ағып қана қоймай, айналма арна бойымен Есіл өзенінің барлық жайылмасымен лықсып ағады. Петропавл бөгенінен тұрғын халықты және облыс орталығының кәсіпорындарын сумен қамтамасыз ететін Петропавл қалалық су құбыры су алады. Жеке сорғы стансасы бар Петропавл ЖЭО-2 негізгі тұтынушы болып табылады. Бақша-саяжай кооперативтері де (100-ден астам) осыдан су алады. Жағалауында жағажай орналасқан. ## Дереккөздер
Петропавлдағы машина жасау зауыты — кәсіпорын. Мәскеу қаласының Симонов слободасында 1895 жылдан жұмыс істеп келе жатқан “Парострой” зауытының 2-дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін Петропавл қаласына көшірілген бөлімшесі ретінде құрылып, 1941 жылы қарашада өз өнімінің алғашқы топтамасын майданға жөнелтті. Желтоқсанда бөлімше ғ239 зауытқа айналдырылды. Осы жылдары трактордың жаңа тіркемесі игерілді, жеңіл автомоб-дердің тіркемелерін, тұтас металды термостар, мотоқопсытқыштар, балалардың мотороллерлерін, шкафтар мен басқа да өнім түрлерін жаппай өндіру жолға қойылды. 1994 жылы кәсіпорын “ЗИКСТО” ААІ деп аталды. Қазіргі кезде зауыт Қазақстанның жетекші кәсіпорындарының біріне айналды. Ол республиканың қорғаныс-өнеркәсіптік кешеніне жатады және “Қазақстан инжиниринг” ұлттық компаниясының құрамына кіреді. Кәсіпорын арнаулы өнімнен басқа өндірістік-азаматтық мақсаттағы бұйымдар шығаруға да бағдарланған, олардың негізгі түрлері: мұнай кешені үшін арнаулы техника (мұнай-бензин цистерналары), агр. салаға арналған өнім, отын-энергет. кешен жабдығы, жылжымалы құрамды жөндеу, темір жол үшін қосалқы бөлшектер мен жабдықтар дайындау. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том
“Петропавл — Көкшетау — Ақмола” газ құбыры — “Богадинка — Есіл — Петропавл — Көкшетау — Ақмола — Қарағанды” газ құбыры желісінің негізгі бөлігі. Ресейдегі Түмен газ кеніштерінен Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлеріне газ тасымалдау үшін жобаланған. Құбырдың диаметрі 720 мм, газ өткізгіштігі 5,8 млрд. м3. ## Дереккөздер
Кап таулары– Африканың қиыр оңтүсікндегі таулар. * Оңтүстік Африка Республикасы жерінде, шығысында Порт-Элизабет, батысында Олифантс өзен сағасы аралығындағы аумақты алып жатыр. *Ұзындығы 800 км-ге жуық. * Негізінен құмтас және кварцит жыныстарынан түзілген. * Таулар қатар жатқан бірнеше антиклинальдік жоталардан (Свартберг, Лангеберг, т.б.) тұрады. Жоталар аралығындағы тауаралық аңғарлар мен жазықтар саздақты тақтатас және конгломераттан түзілген (Кіші Кару үстірті). * Орташа биіктігі 1500 м, ең биік жері 2326 м (Кіші Свартберг жотасы). * Климаты жерортатеңіздік субтропиктік. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 600 – 800 мм. Қыста тау бастарына қар жауады. Ықтағы беткейлері мен ішкі аңғарлары – шөлейт. * Үнді мұхитына қараған жел өтіндегі беткейлерінде мәңгі жасыл бұталар (финбош), шығысында қылқан жапырақты орман өседі. Кап таулары және көршілес жатқан Дракон таулары кен орындарына бай. * Өңірде алтын, платина тобындағы металдар, марганец, хром, сурма, ванадий, уран, зергерлік қымбат тастар (алмас) өндіріледі. Африканың ауданы тым шағын физикалық-географиялық ауданы бұл облыстың құрғақ субтропиктік климатт ыоблыстағы Бенгаль Бенгаль ағысы салықндатып тұратын мұхит жағасындағы орны және тау лы рельефі қатты тілімделуі мен қайталанбайтын флорасының өзгешелігіне байланысты табиғат жағдайларныңы өзіндік үлкен сипатымен ерекшеленеді.Кап тау жүйесі Африканың оңтүстік-батыс және оңтүстік жағалауын болап бір-бірімен параллель қалыпта созылып жатқан биіктіктері орташа, тұрқы қысқа антиклиналдық жоталардан тұрады. Төменгі палеозойдың қатты жыныстарынан тұратын, герцин циклі қатпарланып, әлдеқайда кейінгі кездегі көетрілу барысында жасар түскен бұл жоталардың рельефі жақпарлы бролып келеді және солтүсітігінде Хварт тауында ұшар биіктікке жетеді. Жоталардың арасында синкленалды депрессиялар жатыр, олардың ішіндегі ең үлкені Кіші Карру ойысы деп аталады. Анағұрлым енді Үлкен Карру депрессиясы Кап тауларын Оңтүстік Африка таулы үстіртінің Ұлы Кемеріне бөледі. Оңтүстік бөлігінде Кап жүйесі жағалық жазықтардың ортасында көтеріліп тұратын оқшауланған шағын жоталар мен массивтерге бөлшектенеді. Оңтүстік батыста және оңтүстікте таулар қолайлы қойнаулармен жырымдалған жағалауға қиялап жақындайды. Сол қойнаулардың бірінде онша биік емес Төрткіл таудың етегінде Оңтүстік Африканың ең ірі, әрі өте әсем каласы және порты – Кейптаун орналасқан. Кап облысына әсіресе оның батыс жағалауына жауын-шашынның максимум қыс мезгіліне келетін және жазы құрғақ жерорта теңіздік режим тән. Кап облысында ылғалды маусымның соңы оның Оңтүстік африканың басқа бөліктерінде бастаулымен шамалас болып келеді. Жауын-шашынның мөлшері еш жерде дерлік жылына 750 мм-ден аспайды, тек едәуір биік жоталардың батыс беткейлері 1000 мм астам ылғал қабылдайды. Ішкі ойыстар, әсіресе Кіші Карру өт еқұрғақ және егіншілікке жарамсыз. Тіпті шығыстан жағалық жазықтың өзі 400 мм шамасында ғана ылғал алады және қолдан суаруды қажетсінеді. Кап облысы Оңтүстік Африканың қалған бөлігінен жауын-шашын режимімен ғана емес, кап флорасы еске түсіреді. Бұл ауданда вереск, протейн және рута тұқымдастыраына жататын жапырағы ұсақ, сұрғылт және көгілдір жасыл болып келетін бұт тоғайлары басым тараған. Оқта-текте әсіресе мұхитқа қараған беткейлерде қараған мен жабайы жеміс ағаштарынан тұратын ормандардың шағын да сирек массивтері кездеседі. ## Дереккөздер
ҚАЗАҚСТАНТРАКТОР-Машина жасау кәсіпорны. 1968 жылы Павлодар қаласында құрылған. 1998 жылы кәсіпорынды Алматыдағы “Поршень” заводты сатып алып, 1999 жылы 27 қаңтарда тіркеуден өткізді. Акциялар пакетінің 100%-ы жеке адамдар мен жеке тұлғаларға тиесілі. Өндірістік қызметті 1999 жылғы 1 ақпаннан қайта жандандырды. Кәсіпорынның Алматы қаласы мен Ақмола облысының Макинск қаласында бөлімшелері, өз алаңында бірнеше еншілес кәсіпорындары бар. Шығаратын өнімдері: ауыл шаруашылығы жұмыстарына арналған ДТ-75МЛ-С4 тракторлары, ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс жұмыстарына арналған НЗО-162 аспалы бульдозерлі ДТ-75МЛ-РС4 тракторлары, жаңбырлатқыш қондырғылы суландыру жұмыстарына арналған ДТ-75МЛ-ХС4 тракторлары, жол-құрылыс жұмыстарына арналған НЗО-130 аспалы бульдозерлі және скреперлі Т-90П-С3 тракторлары, диаметрі 45, 60, 80, 100, 120 мм шарлар, болат пен шойыннан құйылған өнімдер, ыстық қалыптауыштар. Өз өнімінің бәсеке жарамдылығын арттыру және оны ұлғайта түсу мақсатымен кәсіпорында 1999 жылы жаңадан тартым күші 4 тонналық, энергиямен жарақтандырылған Т-95.4 тракторының құралымы әзірленді. З-т қысқа мерзім ішінде машинаны сынақтан өткізіп, 2000 жылдың соңғы тоқсанынан бастап өндіріске берді, бұл машина сырттан әкелінетін техниканы ауыстыратын өнімге айналды. Өндірістік қуаты жылына: 20 мың дана трактор мен бульдозер, 118 мың тонна болат және шойын құймалары, 12 мың тонна шыңдалмалар мен қалыптауыштар. Кәсіпорында технология жағынан дамыған өндірістің барлық түрлері бар, сондай-ақ оның құрамында жоғары техникалық деңгейдегі трактор техникасын шығаруды қамтамасыз ететін көмекші және қызмет көрсетуші бөлімшелер жұмыс істейді. Тракторларға фирмалық қызмет көрсету үшін орталық сервис құрылған, оның облыстық бөлімшелері бар. “Қазақстан” з-тының шынжыр табанды тракторлары мен бульдозерлері Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға, Түрікменстанға, Қырғызстанға, басқа да бірқатар елдерге шығарылады. 2000 жылы 1067 дана шынжыр табанды машина, соның ішінде 974 трактор және 93 бульдозер шығарылды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер [1](қолжетпейтін сілтеме)
Əдістемелік (грек. metodos — таным жолы, logos – ілім) : * белгілі бір ғылымда қолданылатын танымдық әдіс-тәсілдердің жиынтығы; * танымның принципін, формасы мен әдіс-тәсілін құру жөніндегі ілім. Методология адамның теориялық және тәжірибелік қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін анықтап, философиялық-логикалық, танымдық-теориялық] тұрғыдан негіздеп, таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай дамуына жол ашады. Философия тарихында методологиялық мәселелер мәдениет дамуының деңгейіне сай шешіліп отырды. Ертедегі философиялық жүйелерде методологияның негізі салынды. Аристотель ашқан ойлаудың формалары мен заңдылықтары барлық ғылыми зерттеулер мен ғылыми жүйенің құрылысы үшін аса маңызды болды. Жаңа дәуір философиясында жаратылыстану ғылымының қарқынды дамуына байланысты методология теориялық ойлаудың негізіне айналды. Ағылшын философы Ф.Бэкон материяны және оның әр түрлі формаларын материалистік философия принциптері негізінде жан-жақты зерттей отырып, байқау мен экспериментке сүйенетін методологияның ең негізгі, тиімді әдіс деп есептеді. Р.Декарттың “Әдіс туралы ойлауында” Бэконның эмпиризміне қарсы қойған рационалистік әдісі де белгілі бір филосфиялық принциптердің салдары болды. Бұл дәуірдегі методологиялық ғылым ретіндегі философия математиканың философиялық құрылысын үлгі ретінде ала отырып, табиғи ғылыми жүйелілікке және дәлдікке ұмтылды. XVII-XVIII ғасырларда дәл ғылымдардың философияға әсерінің ұлғаюы жаратылыстанудың методология ретіндегі механикалық материализмнің кеңінен таралуына септігін тигізді. И.Кант “Таза ақыл” жүйесінің формальды шарттарын ашуға тиіс трансценденталды методология идеясын ұсына отырып, философияны методологияға айналдыруға ұмтылды. Кант одан кейін Г.Гегель қарапайым әдісті кез келген ғылым (механика немесе математика) үшін даму принципі етіп алғысы келмеді. XX ғасырда ғылым мен техниканың зор жетістіктері, қоғам өміріндегі күрделі өзгерістер, жаһандық мәселелердің туындауы методологияның ілгері дамуына, білімнің ерекше саласы ретінде бөлініп шығуына әкелді. Методологияның 3 деңгейі бар: философиялық, жалпы-ғылыми және жеке-ғылыми философиялық методология – жалпы әмбебап әдіс туралы ілім, таным мен тәжірибенің жалпылама принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі. Жалпы-ғылыми методология ғылыми танымға ортақ жүйелілік, модельдеу, құрылымдық-функционалдық талдау, ықтималдылық секілді әдістерді зерттейді. Жеке-ғылыми методология жекелеген ғылымдар саласында қолданылатын әдістерді, принциптерді ғылыми танымның деңгейлеріне қатынасында қарастырады. Методологияның деңгейлері бір-бірімен тығыз байланысып, философиялық-методологиялық принциптер мен тұжырымдарды нақтылайды, сондай-ақ терең негізделіп, сұрыпталып, өзінің қолдану аясын, мүмкіндіктерін анықтайды. ## Дереккөздер
Баба түкті Шашты Әзіз - қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездесетін бейне. Ол туралы аңыздардың бірінде шын есімі Баба Туклас деп көрсетілген. Әкесі – Керемет Әзіз. Баба Туклас Меккеде патша болған, мұсылмандар арасында әулие саналған. Меккеге қажылық сапармен барушылар, ең алдымен, Мұхаммедтің, онан кейін Әлем Музтазы Сейіттің, содан соң осы Баба түкті Шашты Әзіз қабіріне барып тәу еткен. Келесі бір аңыздарда Баба түкті Шашты Әзіз – Қожа Ахмет Ясауидың арғы бабалары, ислам діні Орталық Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі, Қорқыттың замандасы делінеді. Баб Ата күмбезі сол кісінің қабірінің басына салынған. Академик Ә.Марғұлан осы аңыздың тарихи негізі бар деп санайды. Үшінші аңыз бойынша, Баба Тукластың баласы Еділ–Жайыққа дейін келген, оның Құтлубек атты ұлынан Едіге батыр туған. Ал «Едіге батыр» жырында Баба түкті Шашты Әзіз – сол батырдың тікелей әкесі ретінде суреттеледі. Халық арасындағы аңызда ол су жағасында намаз оқып отырып, үш пері қызын көреді. Намазын бітірген соң, әлгі үш қыздың біреуінің қолынан ұстайды. Қыз суға сүңгиді, әулие де сүңгиді. Ақырында Баба Түкті Шашты Әзіз соған үйленеді. Қыз үш түрлі шарт қояды: аяқ киімімді шешкенде аяғыма қарама, киімімді шешкенде қолтығыма қарама, шашымды жуғанда, төбеме қарама дейді. Алайда, Баба Түкті Шашты Әзіз әлгі үш шартты бұзады. Оны сезген пері: «Ішімде алты айлық балаң бар! Соны мен Көк дария жағасындағы Құмкент деген жерге тастап кетем, іздеп тауып ал!», – дейді де, аспанға ұшып кетеді. Баба Түкті Шашты Әзіз уәделі жерден құндақтаулы нәрестені тауып алады. Айдалада туғандықтан есімін «Едіге» қояды. Қазақ шежірелерінің кейбір нұсқаларында ол Маңғыт руынан деп айтылады, Едігенің осы рудан шыққандығы негіз етіледі. Баба түкті Шашты Әзіз нақты болған адам деген бұлтартпайтын дерек жоқ. Сондықтан ғылымда ол мифтік бейне ретінде қабылданған. Қазақ фольклорында ол әулие кейпінде суреттеледі. Батырлар жырында бас кейіпкерлер қиналған кезде демеуші, аян беруші аруақ тұлғасында бейнеленеді. Мысалы, «Алпамыс батырда» Байбөрінің түсіне Баба түкті Шашты Әзіз кіріп, әйелінің бір ұл, бір қыз табатыны туралы аян береді, кейін Алпамыстың демеушісі болады. Басына қиындық түскенде Баба Түкті Шашты Әзізге сыйынып, жалбарыну дәстүрі халық арасында күні бүгінге дейін сақталған. ## Баба түкті Шашты Әзіз әулие кесенесі Созақ ауданы тереториясында орналасқан, құнды саналатын тарихи мұнаралардың бірі - Баба Түкті Шашты Әзіз мазары. Құмкент ауылының маңындағы Жылыбұлақ жерінде орналасқан Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі бүкіл қазақ жұрты қиын қыстауда табынатын, жауға шапқанда ұрандататын киелі әулие болған. Күш атасы Қажымұхан додаға түскенде: -«Уа аруақ, Баба түкті Шашты Әзіздің рухы қолдай гөр»-деп сыйынған. Баба түкті Шашты Әзіздің есемі «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Шора батыр» жырларында жиі айтылады. Алтын ордаға билік жүргізген Едіге би Шашты Әзіз әулиені өзінің түп атасы санаған. Сондай-ақ тарихи деректерде Баба түкті Шашты Әзіздің есімі Орта Азия, Қазақстан жеріне Ислам дінін уағыздаушы болып саналатын Ысқақ бабтың замандасы, үзенгілес сереге ретінде жиі айтылады. Баба кесенесі "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасының "Жалпыұлттық киелі орындар" санатының 100 нысаны тізіміне енген. ## Дереккөздер
Бағаналы – Қазығұрт жотасының батыс сілеміндегі аласа жота. Ең биік жері 875 м, батыс беткейі жарқабақты. ## Жер бедері, геологиялық ұрылымы Қырқалы жондарға тармақталған. Палеозойлық қатпарлыққа жатады, геологиялық жыныстары әктастан тұрады. ## Өсімдігі Топырағы ақшыл сұр. Қоңырбас, қияқ, өлең, аңғарларында бұта аралас жабайы жеміс ағаштары өседі. ## Дереккөздер
Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі - сәулет өнері ескерткіші. Созақ ауданы, Құмкент ауылы маңындағы ашық жерде, су қоймасының қасында орналасқан. Шойтасы іргетас үстіне күйдірілген кірпіштен қаланған. Қасбеттік композицияға құрылған бір үйлі мазар. Төртқырлық жұмыр мойындыққа орнатылған еңселі күмбезбен көмкерілген. Қасбеті тегіс, әшекейі жоқ, тайыз әрі сүйір қуыс жасалған ортасында кіре берісі бар, қос босағасында шағын бедерлі мұнара орналасқан. Ішкі құрылымында шаршы үйдің өзегі бойынша сүйір арқалар салынған, күмбез осы арқаларға тіреледі. Қабырғаларына сылақ жүргізіліп, әктелген. Үйдің ортасына кірпіштен қаланған құлпытас орнатылған. ## Дереккөздер
Сарқытбаева Құралай Серікханқызы (2.2.1975 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Талдықорған қаласы) – балет артисі, ҚР-інің еңбек сіңірген қайраткері (2002). 1993 жылы Алматы қаласындағы хореографиялық училищені (педагогтары С.А. Наурызбаева, Т.З. Мәлімбекова, Р.А. Қойгелдінова) бітірген; сол жылы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры құрамына қабылданған. Осы театр сахнасында қойылған классикалық және осы заманғы балет спектакльдерінде жетекші рөлдерді орындады. Билеген елеулі партиялары қатарында Шырын (А.Д. Меликов, “Махаббат туралы аңыз”), Одетта, Одиллия, Аврора, Маша (П.И. Чайковский, “Аққу көлі”, “Ұйқыдағы ару” мен “Шаттауық”) т.б. бар. Сондай-ақ С. Левенсхольдтың “Сильфида”, Ж.Бизе – Р.К. Щедриннің “Кармен”, А.И. Хачатурянның “Спартак”, Чайковскийдің “Серенада”, Ф.Шопеннің “Шопениана”, Л.Ф. Минкустың “Дон Кихот”, А.Л. Рыбниковтың “Юнона мен Авось” қойылымдарында концерттік би нөмірлерін билеген. Мәскеу қаласындағы Үлкен театрда қойылған (1996) және Өзбекстанда өткен “Башори” халықаралық фестивалінде (2007,Ташкент) Чайковскийдің “Аққу көлі”; “Қырғызстан” халықаралық фестивалінде А.Аданның “Жизель” (2007, Бішкек қаласы) балеттеріне қатысқан. Гастрольдік сапармен Қазақстан (Павлодар, Өскемен, Қарағанды, т.б.), Ресей (Мәскеу, Санкт-Петербург, 1996; Орынбор, 1997; Тверь, 2002; Екатаринбург, 2004) және Украина (Киев, 1999) қалаларында, сонымен бірге Түркия (1998), Германия(1998),Мысыр,Үндістан, Қытай (2000) елдерінде болған. ## Сілтемелер * Украина * Ресей * Қазақстан ## Дереккөздер
Нұртай қорымы – көне дәуір ескерткіші. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында, Талды темір жол станциясынан солтүстік-батысқа қарай 5 км жерде. Тас тақталардан жасалған қоршауы бар, диаметрі 3 – 16 м, биіктігі 0,1 – 0,7 м топырақ үйінділі 21 қола дәуірінен қалған оба, диаметрі 10 – 12 м, биікігі 0,1 м тас үйінділі 2 ерте темір дәуірінің обасы, сондай-ақ сопақша пішінді, өлшемдері 2*4 м, биікт. 0,2 м шағын тас құрылыстан құралған, барлығы 24 нысаннан тұрады. 1980 жылы Қарағанды облысы тарихи-өлкетану музейінің экспедициясы (жетекшісі А.А. Ткачев) 15 қола дәуірі обасын қазды. Тас жәшіктер түріндегі 33 қабірде мүрделердің қол-аяғы бүгіліп, басымен батысқа қаратыла, бүйіріне жатқызылып жерленгені анықталды. Мұның ішінде 5 обаның үйіндісінде кезінде тағам құйылған қыш ыдыстар, жылқы мен қойдың сирақтары, сиырдың басы сияқты ас беру ғұрпының іздері сақталған. Бір обадағы қабір сыртынан аяқтарымен бір-біріне қарама-қарсы қойылып, бүйірлеріне жатқызылған 2 жылқының қаңқасы табылды. Олар ақ түсті балшықтан таптап арнайы жасалған алаңшаға қойылған, осы жерден басталған аласалау балшық жал қабірді айнала өткізілген. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл – көне дәуірдің жауынгер арбасының символы. Қабірлерден 41 қыш ыдыс, қоладан құйылған пышақ, біздер, білезіктер, қапсырмалар, тізбелер, алқа-шекеліктер, моншақтар, қола, сүйек жебе ұштары, сүйек айылбастар, әктастан жасалған асатаяқ, тас қайрақ, 38 қой асығы және т.б. бұйымдар табылған. Барлығын қосқанда 798 қоладан, 15 тастан, 84 сүйектен, 1345 пастадан жасалған бұйымдар бар. Қыш ыдыстардан петровтық-алакөлдік белгілер байқалады. Қазылған обалары б.з.б. 17 – 15 ғасырлар деп мерзімделетін Нұртай қорымы Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің айрықша маңыздылары қатарынан саналады. ## Тағы қараңыз * Ескерткіш ## Дереккөздер
ИБАДУЛЛАЕВА Салтанат Жарылқасынқызы (25.6.1965 жылы туған, Қызылорда қаласы) – биология ғылыми докторы (2007). Қызылорда педогокикалық институтын (1987, қазіргі Қызылорда мемлекеттік университетті) бітірген соң осы институтта оқытушы, аға оқытушы (1993), 2003 жылдан доцент қызметтерін атқарады. «Взаимоотношение имунной, эндокринной и кардиореспираторной систем у жителей Приаралья и немедикаментозные методы повышения их функциональных возможностей» деген тақырыпта докторы дисс. қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – Арал өңірінің экологиялық және оның адам ағзасының физиологиялық көрсеткіштеріне зиянды әсерін зерттеу мәселелері. И. 12 ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер
Мая Мұхамед-Әлиқызы Бағызбаева (1.5.1932, Шымкент қаласы – 9.12.2000, Алматы) – халықаралық шығармашылық академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Жоғары мектеп Ғылым Академиясының академигі, филология ғылылымдарының докторы (1985) проффесор, Мәскеу мемлекеттік университетін үздік бітірген (1954). Еңбек жолын Шымкент педагогика институтында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып бастады. 1961 – 1963 жылдары Мәскеу мемлекеттік университетінің орыс фольклоры кафедрасы бойынша аспирантурада оқып, филология ғылымдарының кандидаты болды (1963). 1963 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазМУ-де аға оқытушы, доцент, проффесор, кафедра меңгерушісі болып еңбек етті. Бағызбаева орыс халқының сөз өнерін зерттеуге зор үлес қосты. Қазақстандағы орыс фольклорын жинау, жүйелеу және зерттеу тұрғысында 100-ден астам ғылыми еңбек жазып, Қазақстандағы орыс ауыз әдебиеті үлгілерін бірнеше том етіп дайындап, баспадан шығарды, оқулықтар мен оқу құралдарын жазды. 1985 жылы «Қазақстандағы орыс фольклорын зерттеу мәселелері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады, 1990 жылы оның тікелей басқаруымен филология факультетінде фольклортану мәселесі бойынша ғылыми-зерттеу лабораториясы құрылды. Осы лабораториямен қоса орыс және шетел әдебиеті кафедрасын басқара жүріп, ол білікті мамандар тәрбиеледі, 20-ға жуық ғылым кандидаттары мен докторларын дайындады. Сөйтіп, Қазақстан ғылымында өзгеше ғылыми бағыттың негізін салды. Бағызбаева Қазақстан мәдениет қоры төралқасының мүшесі, Жоғары аттестациялық комиссиясының Диссертациялық кеңесінің төрайымы секілді түрлі қоғамдық қызметтер атқарды. Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым және техника қайраткері. ## Сілтеме
Сатыбалдиев сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Әбен Сатыбалдиев – жазушы, ғалым, аудармашы. Филология ғылымдарының кандидаты. * Әбілмәж Сатыбалдиев - Социалистік Еңбек Ері, қызылша өсіруші. * Ерлан Әбенұлы Сатыбалдиев - баспагер. * Жабақ Сатыбалдиев – Социалистік Еңбек Ері, шопан. * Жанна Исақызы Керімтаева-Сатыбалдиева - актриса, Қазақ. * Марат Қуанбайұлы Сатыбалдиев - ҚР Велоспорт федерациясының вице-президенті. КСРО Еңбек сіңірген спорт шебері. Халықаралық санаттағы спорт шебері, велоспортшы. * Меңдекеш Сатыбалдиев - ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. * Нұрман Сатыбалдиев – Социалистік Еңбек Ері, шопан. * Сәбит Қалиұлы Сатыбалдиев - СШ-і. ҚазКСР- інің ЕСЖ-сы. Грек рим күресінен шыққан республиканың алғашқы чемпиондарының бірі.
Іш тастау – буаздық кезең тоқтап, жатырдағы ұрық жартылай немесе түгелдей жойылып кетуі, болмаса дамыған немесе өлген ұрықтың жатырдан сыртқа шығарылуы. Кей мал үнемі, кейбіреулері 1 – 2 рет іш тастайды да, одан әрі қалыпты төлдейді. Іш тастаудың жасырын түрі де кездеседі. Бұл жағдайда өлі төл жатырда жатады. Әдетте төл өлгеннен кейін 2 – 3 тәулік өткен соң мал іш тастайды, кейде төл іште солып, ферменттердің әсерінен оның жұмсақ тіндері іріп түседі де, жатырда тек сүйегі ғана қалады. Болмаса төл іште шіріп, малдың өліміне соқтырады. Іш тастау – жұқпалы емес және жұқпалы деп екіге бөлінеді. Жұқпалы емес Іш тастаудың себептеріне: дамып жатқан ұрықтың табиғи кемшілігі, малдың жатыр, бауыр, жүрек, бүйрек, өкпе, т.б. аурулары, буаз малға құнарсыз, бұзылған азық беру, жарақаттану, құлау, буаз малдың шамадан тыс шаршауы және жатырдың дұрыс жетілмегендігі жатады. Жұқпалы Іш тастау – бруцеллез, қылау, вибриоз, трихомониаз, т.б. аурулар әсерінен болады. Буаздық мерзімінің алғашқы үштен бір бөлігінде Іш тастау белгілері алдын ала білінбейді, әдетте төл шаранамен бірге шығып қалады немесе жатырда ыдырап, малдың бойына сіңеді. Іш тастау бұдан кеш болса, онда малдың азыққа тәбеті нашарлайды, дене температурасы көтеріледі, іш тастағаннан кейін шуы түспей, жатыры қабынып, одан қан аралас қоңыр жалқаяқ ағады. Малдың қандай аурудан іш тастағанын анықтау үшін қаны алынып, түсікпен бірге мал дәрігерлік бактериология лабораторияға жіберіледі. Іш тастау белгісі білінген малды дереу оқшаулап, оның тұрған қорасы мен құрал-саймандарға дезинфекция жүргізу керек. Іш тастаған малдың бөксесін, желінін, құйрығын креолиннің 3%-дық ерітіндісімен жуады. Мал іш тастаған орынға ағаш үгіндісі, шымтезек немесе топан шашып, кейін оны қағанақпен бірге жинап алып өртеп жібереді. Бұдан кейін қораны тазартып, сөндірілген әктің 10 – 20%-дық, күйдіргіш натрдың 2%-дық ерітіндісімен, т.б. залалсыздандырады. Іш тастаған малдың шуы түспей, жатыры қабынып, ауруы асқынса, оны әдеттегідей емдеуден өткізеді. ## Тағы қараңыз * Түсік ## Дереккөздер
Петропавловка — Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл, Петропавл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан батысқа қарай 52 км жерде. ## Тарихы Іргесі 1950 жылы қаланған. 1951-96 жылдары Жаңасемей ауданының сүтті сиыр тұқымын өсіретін ұжымшарының орталығы болған. Ұжымшар негізінде 1996 жылдан Петропавловкада және округтегі ауылдарда шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ең жақын темір жол станциясы — Белағаш (35 км). ## Дереккөздер
Биғалиев Айтқожа Биғалиұлы (25 желтоқсан 1942 жылы, Ресей, Куйбышев облысы, Кинель-Черкасский ауданы, Рабочий селосында туған) – биология ғылымының докторы (1980 жылы), профессор (1981 жылы). Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (1965 жылы) бітірген. 1969–71 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы Биология Жобалау институтында ғылыми хатшы, 1971–85 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының кафедра меңгерушісі, 1985–91 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ректоры, 1991 жылы Қазақ Ұлттық Университетте кафедра меңгерушісі, 1994 жылы ҚазҰУ жанындағы ғылыми-зертеу институтының директоры қызметтерін атқарады. Биғалиев 132 ғылыми еңбектің, 6 монографияның авторы. ## Сілтемелер 1. Биғалиев жұмыс істеген Экология және ботаника кафедрасы Мұрағатталған 13 қазанның 2011 жылы. 2. "Мұнайлы жерлер шөлейттеніп барады" мақаласы ## Дереккөздер
Уәлиев Нұргелді Мақажанұлы (01.07.1945 ж.Алматы облысы Көксу ауданы Еңбекшіқазақ ауданы т.) - филология ғылымдарының докторы (2007), профессор. (1968, қазіргі ҚазҰУ Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы.) және Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтының аспирантурасын (1972) бітірген соң осы институтта кіші (1973–90), аға (1990–95) ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1995–96), институт директорының орынбасары (1995–2009) болды. 2009 жылдан бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. ## Н.Уәлиевтің ғылыми еңбектері Қазақ тілі мәдениетінің, әдеби тіл нормаларын кодификациялаудың теориялық әрі практикалық проблемаларына және қазақ фразеологиясының өзекті мәселелеріне арналған. Олардың негіздері: * «Сөз мәдениеті» (1984); * «Қазақ орфографиясындағы қиындықтар» (1988); * «Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері» (канд. дисс., (1993); * «Қазақтың бата-тілектері» (1993; 2007) * «Фразеология және тілдік норма» (1997); * «Емлесі қиын сөздер» (2001, бірлескен авторлар); * «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1988, 2001, 2005, бірлескен авторлар); * Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері (докт. дисс., 2007) т.б. Н.Уәлиев – жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныбына арналған «Қазақ тілі. Сөз мәдениеті» (Алматы, 2006) атты оқулықтың авторы . ## Зерттеу бағдарламаларына қатысуы Институттың іргелі зерттеу бағдарламасы бойынша ол «Қазіргі қазақ тілі функционалдық стильдерінің қалыптасуы мен дамуы», «Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі» (1997-2002), «Қазақ жазуының дамуы мен қалыптасу кезеңдері» (2005-2008) атты тақырыптардың ғылыми жетекшісі болды. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Н. Уәлиевтің басшылығымен он бес томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» құрастырылуда. Қазіргі кезде Сөздіктің ХV томының барлығы дерлік жарық көрді. Н.Уәлиев – ғылыми ұйымдастыру жұмыстарына және жоғары білікті ғылым кадрларын даярлау ісіне атсалысып жүрген ғалым; қазіргі кезге дейін 13 ғылым кандидатын даярлады. Н.Уәлиев ғылыми зерттеу жұмыстарымен шұғылдана жүріп, Қыздар педагогтік институтында дәрістер оқып, осы институттың аспиранты Ғалия Шәріпжанованың кандидаттық жұмысына ғылыми жетекшілік жасады. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында студенттердің практикалық жұмыстарын ұйымдастыруға басшылық жасап, Тіл білімі институты мен Университеттің қазақ тілі кафедрасы арасындағы ғылыми байланысқа ұйытқы болды. Сондай-ақ Университеттегі А.Байтұрсынұлы атындағы зертхана кабинеттің ашылуына атсалысты. ## Марапаттары мен атақтары * Филология ғылымдарының докторы (2007) * Профессор * «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» төс белгісі (1996 ж.) * «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі (2006 ж.) * Халықаралық INTAS қорының стипендиаты (1998-1999) * Ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ғылыми стипендиясының лауреаты (2008-2010) * Құрмет ордені (2013) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * ҚазҰУ Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы.
Ішкі Орданы басқару жөніндегі уақытша кеңес, 1846 жылы 21 қаңтарда “Бөкей Ордасын уақытша басқару жобасы” негізінде құ-рылды. Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін Ішкі Ордада (Бөкей Ордасында) жаңа хан тағайындалған жоқ. Ресей өкіметі хандық жүйесін жойып, басқару жүйесін қайта құрды. Жаңа жоба бойынша Бөкей Ордасын уақытша басқару Орынбор шекара комиссиясына жүктелді. Ішкі Орданы орт-тан басқару Мемлекеттік мүлік министрлігінің құзырына берілді. Жаңа басқару жүйесі бойынша хан ордасындағы арнайы Кеңестің құрамына оның төрағасы, төрағаның кеңесшісі, айрықша билік берілген екі орыс шенеунігі немесе сұлтандардан екі адам енуге тиіс болды. Екі кеңесшінің әрқайсысына бір-бірден көмекші, екі хатшы, отыз шабарман берілді. Кеңес төрағасы мен оның көмекшілерін Орынбор шекара комиссиясының ұсынысымен Орынбор генерал-губернаторы бекітті. Төтенше орыс қызметкерлерін Мемлекеттік мүлік министрлігі ұсынып, бекітті. Уақытша комитеттің міндеті – Бөкей Ордасындағы қазақтар арасында тыныштық сақтау, тәртіп бұзушыларға қарсы шара қолдану болды. Кеңестің алғашқы төрағасы болып Жәңгір ханның інісі Әділ Бөкейұлы, кеңес мүшелігіне Бөкейханұлы Меңдігерей, Шөке Нұралыұлы тағайындалды. Комитетті құру – Бөкей Ордасында хандық билікті толық жою, жергілікті әкімшілік басқару жүйесін Ресейлік отарлық жүйеге бүтіндей бағындыру ниетімен жасалған алғашқы қадам болды. ## Дереккөздер
Зертас (1992 жылға дейін – Галкино) — Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл, Зертас ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Леңгір қаласынан солтүстікке қарай 9 км-дей жерде, Қызылсу өзенінің сол жағалауындағы жусан аралас нарқия, теріскен өскен қуаң шөлейтті белдемде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1950 жылы Большевик қой өсіру ұжымшарын ұйымдастыруға байланысты қаланған. 1992 жылға дейін Галкино деп аталып келген. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылған. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшнрлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Кар теңізі — Солтүстік Мұзды мұхиттың Еуразия жағалауындағы шеткі теңізі. Жаңа Жер, Франц-Иосиф және Солтүстік Жер аралдарының аралығында. Теңіз Кара қақпасы мен Маточкин Шар бұғаздары арқылы Баренц теңізімен, Вилькицкий, Шокальский бұғаздары арқылы Лаптевтер теңізімен байланысады. * Ауданы 883 мың км², су көлемі 98 мың км³, орташа тереңдігі 111 м, ең терең жері 620 м. Әулие Анна шұңғымасы құрлықтық қайраңда жатыр. Ұсақ аралдар көп (Ушаков, Визе, Известия ЦИК, Арктикалық институт, т.б.). * Судың беткі қабатының температурасы көпшілік бөлігінде жыл бойында 0 °С маңында, оңтүстік бөлігінде ғана жазда 3 – 6 °С-қа дейін көтеріледі. Жыл бойы дерлік түгелдей қатады, жазда да мұздан толық арылмайды. * Тұздылығы солтүстігінде 33 – 34‰, оңтүстігінде, өзен сағаларына жақын маңда 10 – 12‰. * Толысу жарты тәулік сайын қайталанады. Балық ауланады (нәлім, сиг, камбала тұқымдастары). Кара теңізі Солтүстік теңіз жолының бір бөлігі. *Басты порты – Диксон. ## Дереккөздер
Жеті жылдық мектеп — Қазақстанда 1922 — 58 ж. аралығында болған жалпы білім беретін орталау мектеп. Алғашқы жылдары Жеті жылдық мектепте ана тіліне аптасына 5 — 6 сағат бөлініп, орыс тілін үшінші сыныптан аптасына бір сағаттан өту белгіленді. Жаратылыстану пәндеріне (математика, физика, химия, география, жаратылыстану) және қоғамдық пәндерге қажетті оқу жүктемелері анықталды. Қол еңбегіне аптасына екі сағат берілді. 1928 ж. Қазақ халық ағарту комиссариатының ғылыми-әдістемелік кеңесі қазақ Жеті жылдық мектептеріне “аймақ-кешен” бағдарламасын жасады. 1933 ж. қазақ мектептеріне арналған “Қазақ тілі”, “Қазақ әдебиеті” оқулықтары жазылды. Басқа пәндер оқулықтары орыс тілінен тәржімаланды. Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты Жеті жылдық мектепте жауынгерлік-патриоттық және еңбек тәрбиесі күшейтілді. 5 — 7-сыныптарда ауыл шаруашылық негіздері, машина және ауыл шаруашылық машиналарын жүргізу негіздері оқытылды. Мектеп оқушылары қоғамдық пайдалы еңбекке кеңінен тартылды. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Жеті жылдық мектептер саны 1946 ж. 1064 болса, 1956 ж. 2934-ке жетті. 1946 ж. Жеті жылдық мектептерде 41154 қазақ балалары оқыды. Жеті жылдық политехникалық еңбек мектебінің білім мазмұнының күрделілігі оқу сапасын төмендетті. Осыдан білім беру жүйесін өзгерту қажеттілігі туындады. 1954/55 оқу жылынан Жеті жылдық мектептің оқу жоспарына мектеп шеберханалары мен тәжірибе учаскелерінде практикалық сабақ жүргізу белгіленді, оның апталық жүктемесі 2 сағат болды. Сондай-ақ, жас өспірімдер ағаш, темір өңдеуге, қарапайым электрмеханикалық жұмыстар атқаруға үйретілді. 1958 ж. мектепті өмірмен тығыз байланыстыру, оқу жүйесін дамыту мақсатында Жеті жылдық мектептің орнына сегізжылдық жалпы білім беретін политехникалық еңбек мектебіне өту заң жүзінде іске асырылды. ## Дереккөздер: Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов (1920, Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қояндыағаш ауылы — 25.7.1943, Ленинград облысы Киров ауданы Синявино поселке) — Кеңес Одағының Батыры. 1940 жылы әскер қатарына алынып, 1941 жылдың маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатынасты. Алдымен мергендер ротасында, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінде қызмет етті. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) түбіндегі ұрыстарда 50-ден астам дұшпанның көзін жойды. 4 рет жараланған. 1943 жылғы шілдедегі Ленинградты Үлкен жермен байланыстырып тұрған қылтаны кеңейту үшін жүргізілген ұрыстарда Баймағамбетов Ленинград майданының 67-армиясы 43-атқыштар дивизиясына қарасты 147-атқыштар полкінде пулемет бөлімшесінің командирі болды. 1943 жылы 25 шілде күні болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапты. КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының шешімімен Баймағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (21.2.1944). Қостанай қаласы мен Әулиекөл кентіндегі поселкесіндегі екі көшеге Баймағамбетов есімі берілді.Қояндыағаш ауданында ескерткіш орнатылған. ## Дереккөздер
Бадам — Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл, Бадам ауылдық округі орталығы, темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Темірлан ауылынан оңтүстікке қарай 35 км жерде, Бадам өзенінің оң жағалауында. ## Халқы ## Тарихы 1976-1987 жылдары Киров атындағы қой өсіретін ұжымшардың, 1987-1996 жылдары кеңшардың орталығы болып келді. Кеңшар негізінде «Бадам» ӨК, шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. ## Инфрақұрылымы Бадамда және округке қарасты ауылдарда екі орта, екі орталау мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, мәдениет үйі, кітапхана, т.б. мекемелер бар. ## Дереккөздер
Бадам — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, бұрынғы Бадам ауылдық округі орталығы. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Әл-Фараби, Еңбекші аудандарындағы тұрғын үй массиві. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсукенттен оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде, Бадам өзенінің оң жағалауында. ## Халқы Тұрғыны; * 4,0 мың адам (2003); * 3,3 мың адам (2009). ## Тарихы 1958 жылы «Бадам» мал бордақылау шаруашылығы құрылып, 1963 жылы мал бордақылау бірлестігі болды. 1962 жылы облыстық Бадам орман шарушылығы құрылды. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. ## Дереккөздер
Хирургия ғылыми орталығы, А.Н. Сызғанов атындағы — Қазақстандағы хирургиялық қызметті дамытудың стратегиясын айқындайтын, хирургиялық ауруларды емдеудің осы заманғы озық технологияларын қолданатын бас ғылыми медициналық мекеме. ## Тарихы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің қарамағында 1945 жылы Алматы қаласында құрылған. 1963 жылға дейін Қазақстан Республикасы ғылым академиясының құрамында, 1963 — 1966 жылы КСРО Медициналық ғылым академиясының, 1992 жылдан ҚР Денсаулық сақтау министрінің қарамағында болды. 1980 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Хирургия ғылыми орталығына А.Н. Сызғановтың есімі берілді. 1994 жылдан осы атымен аталады. ## Ішкі құрамы Құрамында 9 бөлім , 3 лаборатория, аспирантура (1993), диссертациялық кеңес (1988) бар. ### Бөлімдері * кардиохирургия; * ангиохирургия; * тамырлы хирургия; * микрохирургия; * торакоабдоминалды хирургия; * өңеш, өт жолдары және асқазан асты бездер хирургиясы; * бауыр хирургиясы; * анестезиология және реаниматология; * сәулемен зерттеу); ### Лабораторияры * клиникалық-биохимиялық; * морфологиялық; * функционалды-диагностикалық; ## Негізгі ғылыми-зерттеулік бағыты Туа немесе кейіннен пайда болған жүрек, жүрек ісігі және қан тамыр ауруларын, кеуде және құрсақ қуысы органдарының және іш пердесі сыртындағы кеңістігіндегі ақауларын, зәр шығару жүйесінің патологиясын, күйген өңештің тартылу кезінде оның қатерлі және қатерсіз ісіктерін хирургиялық жолмен емдеу; гемодиализ, гемосорбция, плазмоферез (қанды тазарту) әдістерін қолданып, тіндер мен органдарды ауыстырып қондыру. ## Жалпы мәліметтер Орталық академигі М.Ә. Әлиев Орталық Азияда ең алғаш рет қант диабетіндегі ұйқы безін ауыстыру операциясын орындады. Оның басшылығымен 70-тен астам жүректің ишемиялық ауруына қолқа-тәждік тамырластыру жасалып, бауырдың созылмалы ауруында клетканы ауыстырып қондыру әдісі тәжірибеге енгізілді. Орталық мидың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылған жағдайда пластикалық және рентгенді эноваскулярлық, өт қабына, соқыр ішекке, әр түрлі гинекологиялық ауруларға (жатыр түтігінің бітеліп қалуы, т.б.) лапараскопиялық операциялар жасалады, ерлер мен әйелдердің бедеулігін емдеуде микрохирургиялық техника пайдаланылады, жасанды қан айналымы кезінде жүрек қақпақшалары ауыстырылады, миокардты туннельдеу әдісі тәжірибеге енгізілген. Орталықта жылына 20 — 25 бүйрек ауыстыру операциясы орындалады. Сондай-ақ магниттік есту және компьютерлік томография әдісімен көз қарашығы, мұрын-жұтқыншақ, өкпе, көкірек, құрсақ қуысы, зәр шығару органдары мен бүйрек, жамбас астауы, сүйек жүйелері тексеріледі. Республикада эндокринді жүйе (қалқанша және қалқанша жанындағы без, бүйрек үсті безі, т.б) ауруларына әр түрлі күрделі операциялар тек осы орталықта ғана жасалады. Орталықта 16 ғылым докторы, 35 ғылым кандидаты жұмыс істейді. 300 өнертабыстық куәлік алынды, 84 монография, 140 әдістемелік ұсыныс, 67 ғылыми жинақ шығарылды. Орталық АҚШ, Германия, Италия, Франция, Грекия, Ресей, Израиль, Түркия және Қытай клиникаларымен әріптестік байланыс жасайды. ## Тағы қараңыз * Хирургия ## Дереккөздер * Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Зер төгу – 1) алтын, күміс, т.б. қымбат металдардан созылған сымды зерге айналдырып, шығыршыққа немесе саусаққа шумақтап орау. Сымды зерге айналдыру үшін көзі бірте-бірте тарыла беретін “сүмсуір” (яғни сым суырғыш, сымсуыр) аталатын аспап қолданылады. Сымды сүмсуір көзіне кең жағынан енгізіп, тар жағынан тістеуіктің, қысқыштың көмегімен бірте-бірте суырып, шығыршыққа не саусаққа орайды; 2)Зермен кесте тігуді де зер төгу немесе зер шегу деп атайды. ## Дереккөздер
“Жетіген батыр”— дастан. Халық ақыны Есдәулет Қандекұлы жырлаған дастан оқиғасы махаббат тақырыбына құрылған, онда адамның қартайса да армансыз болмайтындығы баяндалады. Дастан әрі батыр, әрі бай Жетіген қарттың жас кезінде басынан өткен ғашықтық дерті туралы сыр шертеді. Жас Жетіген батырдың қалмақ ханының қызы Шырын сұлуға махаббатын бас кейіпкер өзі әңгімелейді. Оқиға сюжетінің кейбір тұстары ертегідегідей елес беріп, дастан соңы қайғылы аяқталғанымен, шығарма махаббатқа адалдық пен адамгершілік асыл қасиеттер жайлы үлкен әсер қалдырады. 1939 ж. Есдәулет ақынның айтуынан жазып алынған бұл дастан бұрын еш жерде жарияланбаған. Жыр нұсқасы толық, 11 буынды қара өлең және 7 — 8 буынды жыр үлгісіне құрылған, кей тұстарында қара сөзбен түсінік беріліп отырылады. Қолжазбасы Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы тұр. ## Дереккөздер
Саурық Қайдауылұлы (шамамен 1670, Талдықорған өңірі – 1740, Алматы облысы Райымбек ауданы) – батыр, қолбасшы, мәмлегер. Ұлы жүз жалайыр тайпасының андас руынан шыққан. 1723 – 40 жылдары аралығындағы қазақ-жоңғар соғыстарына бастан-аяқ қатысып, Аңырақай шайқасында Ұлы жүз қолына тікелей қолбасшылық жасады. Ел аузында Саурықтың ерліктері туралы көптеген аңыз-әңгімелер сақталған. Саурық Ескелді би, Балпық билермен Жетісу жерін қалмақтардан босатуда көп істі бірігіп атқарған. Мұны алуан түрлі аңыз-әңгімелер дәлелдейді. Саурықтың Құлшығаш, Байшығаш, Қасқарау, Қарқабат, Байғабат, Танаш атты алты ұлының бәрі де батыр, ел басшысы ретінде белгілі. Оның атақ-даңқы тек Жетісуда ғана емес, одан тысқары жерлерде де кең жайылған. 19 ғасырдың 1-жартысында Аягөзге дейін келіп қайтқан орыс ғалымы В.В. Радлов өз еңбегіне Саурық туралы деректер енгізген. Тарихшы Е.Бекмахановтың 1948 жылы шыққан “Қазақ КСР тарихында” Бөгенбай, Тайлақ батырлармен қоса Саурықтың да есімі аталады. Бұл жөніндегі деректер Ә.Марғұланда да бар. Саурықтың есімі қазақ ақындарының өлең-жырларында да көптеп кездеседі. Ақын Ғ.Қайырбеков оны өлеңге қосқан. Тарихшы-ғалым Кәмен Мамырұлының “Қазақ тарихы” атты еңбегінде, жазушы Ұзақбай Доспанбетовтың “Қызыл жолбарыс” атты екі томдық және “Абылайдың ақ туы” атты тарихи романдарында Саурықтың біраз істері сипатталады. Саурықтың есіміне байланысты жер атаулары Талдықорған өңірінде көп кездеседі. Көксу ауданындағы жұрты “Саурық сазы” деп аталады. Көксу кенішінің қасында “Саурық сазы” деп аталатын екінші жер де бар. Ұрпақтары Алматы облысының Қаратал, Көксу,Ескелді аудандарында тұрады. ## Дереккөздер
'“Жеті жарғы” — негізінен, заң жинақтары мен құқық саласы бойынша кітаптар шығаруға маманданған республикалық баспа. 1994 ж. ҚР Әділет министрлігінің “Заң әдебиеті” баспасы болып құрылған. 1998 ж. “Жеті жарғы” жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Баспа Қазақстан Республикасының заңдарын, кодекстерін және заң актілерін жұртшылыққа шұғыл жеткізіп отыру, сондай-ақ, заңгерлердің күнделікті жұмысына аса қажет нормативтік-құқықтық актілер жинақтарын, құқық тақырыбына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап, кітап етіп шығарумен айналысады. “Қазақстан Республикасының заңы”, “Қазақстан Республикасының кодексі”, “Нормативтік-құқықтық актілер жинағы”, “Оқулық”, “Оқу құралы”, “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл”, т.б. кітаптар сериясын тұрақты шығарып келеді.Баспа студенттер үшін салық, қаржы, сақтандыру, әкімшілік, конституциялық, қылмыстық, халықаралық құқық, саясаттану, мемлекет және құқық негіздері мен теориясы бойынша көптеген кітаптар шығарды. Сондай-ақ, Парламент қабылдаған заң актілерін қазақ және орыс тілдерінде бір мұқабада кітап етіп шығарады. Академик Салық Зимановтың басқаруымен 10 томдық “Қазақтың Ата заңдары” кітабын шығару ісі қолға алынды. “Жеті жарғы” баспасы құрылғаннан бергі 7 жыл ішінде (1994 — 2001) қазақ, орыс, ұйғыр, неміс, корей, ағылшын тілдерінде 661 заң әдебиеттерін шығарса, соның 374-і қазақ тіліндегі кітаптар. ## Дереккөздер: Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Нұрым Шыршығұлұлы (1831, қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы – 1908, сонда) – ақын. Асан қайғы, Сыпыра, Доспамбет, Шалкиіз, Абыл, Қалнияз секілді жыраулар мұрасынан өнеге алған. Нұрым жырлары алғаш М.Бекмұхамбетұлының “Жақсы үгіт” (Қазан, 1908) және “Аламан” (Ташкент, 1926) жинақтарында жарық көрді. Кейін өлеңдері “Ақберен” (1972); “Өсиетнама” (1982); “Бес ғасыр жырлайды” (1985 – 89); “ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985); “Абыл, Нұрым, Ақтаным…” (1997) атты жинақтарға енген. Терме, өсиет, арнау үлгісіндегі жырлары өмірдің өтпелілігін, замана жайын толғайды (“Мен қашанғы жүйрігің”, “Әлеумет, келдің қаумалап”, “Ұсынсам қолым жетер ме?” “Шенен ер”, “Жарлау”, “Әкесімен қоштасуы”, т.б.). Сондай-ақ “Тайсойған, Бүйрек – екі құм”, “Әтембекке айтқаны”, т.б. толғауларында ру алауыздығын шенеп, елді татулыққа, бірлікке шақырды. Нұрымның Абылмен, Қашағанмен білім сынасу мақсатында сұрақ-жауап үлгісіндегі айтыстары сақталған. Ол “Қырық батыр” дастанын Абыл ақыннан үйрене отырып, дамыта жырлады, Қашаған, Ақтан, Мұрын сияқты ақын-жырауларға ұластырды. ## Дереккөздер
Ішкі нарық – елдің ішінде, оның шегінде әрекет ететін нарық, мемлекеттің шекарасы шеңберінде шектелген тауар айырбасы; қ. Нарық. Сондай-ақ, ол кейде ұлттық нарықпен синоним ретінде қолданылады. ## Дереккөздер
Назиф Гарифуллаұлы Хисамиев (1939 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1990), профессор (1991). ## Өмірбаяны * ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. * Қазақ КСР-і Мемлекеттік Жоспарлау комитетіне қарасты Экономика институтында кіші ғылыми қызметкер (1961–1962) * Қазақстан ғылымының академиясының Математика және механика секторында стажер (1962–1964) * Қазақстан ғылым академиясының Математика және механика институтында аспирант (1964–1967) * ҚазМУ-да доцент (1967–1969, қазіргі ҚазҰУ) * Қазақстан ғылым академиясының Математика институтында аға ғылыми қызметкер (1969–1991) * Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1991–1992) * Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Шығыс бөлімшесі төрағасының орынбасары (1992–1997); * 1997 жылдан Шығыс Қазақстан техникалық университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. ## Ғылыми еңбектері * «Конструктивные абелевы группы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. * 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер
Ирбис Ышбар Жабғы Хан' (өз есімі – Баһадур) –640 – 641 жылы Батыс Түрік қағанатының сегізінші ханы, Ашина әулетінің өкілі, Істеми ханның ұрпағы. Шығу тегі мынадай: Істеми хан – Қара Шор Түрік – Ян-Саух хан – Бага-шад-Нишу – Ирбис Ышбара Жабғы хан. Ирбис Ышбара Жабғы хан билікке отырысымен қағанаттағы шиеленіскен жағдайды біршама ретке келтіреді. Қағанатқа Куча, Тохарстан, Қарашар, Шаш, Кеш, Самарқан сияқты жеке иеліктер бағынады. Ирбис Ышбара Жабғы хан өзінің көшпелі ордасын Дулу тайпалары мекендейтін Шу мен Іле өзендері аралығына қондырады да, оны «Оңтүстік Орда» деп атайды. Қытай императоры Тайцзун оны заңды хан деп танып, бітімге келеді. 641 жылы «Оңтүстік ханын» Шаш өңіріндегі жергілікті бектер тұтқынға алып, өлтіреді. Нушеби тайпаларының бектері 641 жылы Ишбар Елтеріс ханның немересі Ирбис Шегуханды таққа көтереді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер Гумилев Л.Н., Древние тюрки, М., 1993
Копен чаатасы (чаатас – хакас тілінде майда тас) – Енисейдің сол жағалауындағы Копен стансиясының маңында (Хакас Республикасы) орналасқан тас обалар. Енисей қырғыздары тарихына қатысты археологиялық ескерткіш (7 – 8 ғасырлар). Копен чаатасы диаметрі 20 – 30 м-ге жететін тас оба қорғандардан тұрады.Л.А. Евтюхова мен С.В. Киселев басқарған археологиялық экспедиция 1939 – 40 ж. Копен чаатасында қазба жұмыстарын жүргізді. Қазба кезінде мәйіттердің сүйегі өртеліп жерленгені анықталды және тамаша өнер туындылары табылды. Олар: 1 алтын табақ, 4 алтын көзе, 1 күміс табақ және ердің қасын әшекейлеуге арналған бірнеше қола шегелер. Алтын көзелердің екеуінде түркі әліпбиімен жазылған жазу бар. Оның біріншісінде: “Алтын Ачтан тарту” (Ач – қырғыз тайпаларының бірі), екіншісінде: “Бек күмісін біз бердік” делінген. Көзелерде балық паршалап жатқан құстар бейнеленіп, олар әр түрлі гүлдермен безендірілген. Ерге әшекей ретінде аңшылық көріністері салынған. Онда қашып бара жатып жолбарыс, барыс, қабандарға садақ тартқан атты адамдар бейнеленген. Бұл бейнелер ежелгі дәуірдегі жергілікті дәстүр үлгісімен жасалған. Әйтсе де Копен чаатасы зергерлерінің Иран, Қытай өнерімен де таныс болғандығы байқалады. ## Дереккөздер Евтюхова Л.А., Археологические памятники енисейских киргизов (хакасов), Абакан, 1948; Киселев С.В., Древняя история Южной Сибири, М., 1951. “Қазақ Энциклопедиясы”, 11 - том
Әбілқайыр Баймолдин (1909, Павлодар облысы Аққулы ауданы Тақыр ауылы — 4 қаңтар 1944, Невель) — әскери қайраткер, полковник (1944). ## Өмірбаяны * Жоғары офицерлік атты әскер мектебін * Мәскеудегі әскери-саяси академияны бітірген. * Ұлы Отан соғысында Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысты. * 1941 жылы 22 желтоқсаннан бастап Чкалов (қазіргі Орынбор) қаласында полк командирі, 1942 жылы 5 мамырдан полк комиссары болды. Невель қаласын азат етуге қатысып, оның бірінші әскери коменданты болып бекітілді. ## Марапаттары * Екі рет Қызыл Ту * Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. ## Есте сақтау * Невель қаласындағы бір көшеге * Тақыр аулындағы мектепке * бұрынғы “Восточный” кеңшарына оның есімі берілген. ## Дереккөздер
Баймұрат Есенбайұлы (туған - өлген жылы белгісіз) — батыр. XVIII ғасырдың I-жартысында өмір сүрген. Ел аузындағы “Електің басы — Есенбай” деген қанатты сөздегі Есенбай — Баймұраттың әкесі. Баймұрат батыр Әбілқайыр ханның Ресейге бодан болу ниетіне белсенді қарсылық көрсетіп, 1731 жылы қарашада жасағымен хан ордасын, М. Тевкелев басқарған Ресей елшілігі түскен үйді қоршап алады. Хан ауылынан жылқы айдап әкетеді. Тевкелев батырмен оңаша кездесіп, оны көндіреді. Әбілқайыр ханның қайтыс болғанын естіген Баймұрат 1748 жылы қазанда анасы Бопайға бара жатқан Нұралыға ерген 12 адамның бірі болып көңіл айтуға хан ордасына барады. Кейін Баймұрат хан кеңесінің мүшесі болады. Оның есімі қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда асқан ерлік көрсеткен батыр, белгілі би ретінде ел есінде сақталған. ## Дереккөздер
## Қысқаша мәлімет Жүзжасар Ақылұлы (туған және қайтыс болған жылдары белгісіз) – би. Қазіргі Қызылорда облысының Жалағаш ауданы маңында дүниеге келген. Жетіру құрамындағы табын руынан шыққан. Тапқырлығы, шешендігі аңызға айналып, есімі халық жадында сақталған. Бұланты – Білеуті шайқасында мерт болған Сәрке батырдың денесін туған өлкесіне, Қорқыт ата қорымына арулап жерлеп, батырдың аруағына арнап ас берген. Жүзжасар бидің ел бірлігін сақтауға қосқан еңбегі туралы халық ақыны Ш.Жұбанұлы: “...Текеде Жүзжасар би, Тұржан ақын, Ерлердің атамайын қалайша атын...”, – деп жырлаған. ## Сілтемелер * Қызылорда * би * Жетіру * табын * Қорқыт ата ## Дереккөздер ## Қысқаша мәлімет Жүзжасар Ақылұлы (туған және қайтыс болған жылдары белгісіз) – би. Қазіргі Қызылорда облысының Жалағаш ауданы маңында дүниеге келген. Жетіру құрамындағы табын руынан шыққан. Тапқырлығы, шешендігі аңызға айналып, есімі халық жадында сақталған. Бұланты – Білеуті шайқасында мерт болған Сәрке батырдың денесін туған өлкесіне, Қорқыт ата қорымына арулап жерлеп, батырдың аруағына арнап ас берген. Жүзжасар бидің ел бірлігін сақтауға қосқан еңбегі туралы халық ақыны Ш.Жұбанұлы: “...Текеде Жүзжасар би, Тұржан ақын, Ерлердің атамайын қалайша атын...”, – деп жырлаған. ## Сілтемелер * Қызылорда * би * Жетіру * табын * Қорқыт ата ## Дереккөздер
ИМАНҚҰЛ Нұртас Нәсірұлы (1951 жылы туған, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылы ) – Философиялық ғылыми докторы (1997), профессор (2000). ҚазМУ-ды (1973, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облысының Отар станциянда инженерболып бастаған. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттінде оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1987–98), ал 1998 жылдан Оңтүстік Қазақстан заң институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры. 1995 жылы «Логическое и историческое в исследовании феномена казахской культуры» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. ИМАНҚҰЛ Нұртас Нәсірұлы 30-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 8 монография мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы. ## Дереккөздер
Нүкіс (қарақ. Nókis / Нөкис; өзб. Nukus / Нукус) — Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан Республикасының астанасы. Халық саны 191 мың адамға (1996) тең. ## Географиялық орналасуы Нүкіс қаласы Қарақалпақстанның орталығынада, Ташкент қаласына 800 км солтүстік-батыста орналасқан. Әмудария өзенінің оң жағасында, теңіз деңгейінен 76 м биіктікте орналасқан. Оңтүстік мен шығысында Қызылқұм шөлімен, солтүстікнде Әмудария өзенімен шектеседі. Қаланы Қызкеткен каналы кесіп өтеді. ## Тарихы * 1932 жылдан қала мәртебесі берілген. Нүкіс Хожейлі темір жолы бекетінен 38 км жерде. * 19 ғ-дың 60-жылдарында қазіргі Нүкістің орнында Нүкіс ауылы болды. * 1873 жылы Қарақалпақтар Ресей империясы құрамына кіргеннен кейін Нүкісте Әмудариядағы су жүйесін бақылайтын гидрол. * 1877 жылы Нүкісте бірінші орыс-түзем мектебі ашылды. * 1930 жылы 12 қарашада Қарақалпақстан өлкелік партия комитетінің өткен бюро кеңесінде Нүкіс ауылын республика орталығына айналдыру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін Төрткөл қаласы астана саналатын. * 1932 жылы жаңа астананың құрылысы басталды. * 1939 жылы республика мекемелер Нүкіске көшірілді. Нүкісте 1934 жылы педогогикалық институты ашылды. * 1959 жылы Өзбекстан ғылым академиясының қарақалпақ бөлімшесі ашылды * 1976 жылы Қарақалпақ мемлекеттік университеті ашылды. Нүкісте Ташкент ауылшаруышылық университетінің, педиатрия мен политехникалық институтардың бөлімшелері, бірнеше колледж жұмыс істейді. Онда құрылыс материалдары (кірпіш, гранит-мәрмәр з-ты) мен тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары, киіз комбинаты, жиһаз ф-касы, 2 театр, өнер, тарихи-өлкетану музейлері бар. ## Тұрғындар саны ## Ауа-райы Шілдедегі орташа температурасы 27,1°С, қаңтарда –7°С. ## Дереккөздер