text
stringlengths
3
252k
Шаймардан Тілемісұлы Сариев (25.12.1938, қазіргі Атырау облысы, Исатай ауданы, Забұрын ауылы — 22.10.1988, Алматы) — кескіндемеші. * 1959 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. * 1965 жылы Харьков көркемсурет институтын бітірген. 1967 жылдан КСРО СО мүшесі. “Жібек” (1967), “Жасыл түсті таулар” (1968), “Отбасы” (1969), “Шопан”, Көрмеге ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер музейі қорынан, Н.Смағұловтың, Н.Бисеновтың жеке жинақтарынан, Байтасовтар отбасының жеке коллекциясынан алынған туындылар қойылады.“Құмыраға салынған гүлдер”, “Забурын”, т.б. кескіндемелік еңбектердің авторы. Ол кезінде республикалық және бүкілодақтық көрмелерге қатысты. ## Дереккөздер
Әбутәліп Ақкөзов (1929, Арыс қаласында туған – 1998 жылы қайтыс болды) – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1971), 1948 ж. Арыс қаласындағы вагон депосына жұмысқа кірді. 1950 – 53 ж. Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеді. Вагон депосында вагондар құрастыру бекетінің басшысына дейін көтеріліп, зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті. «Құрметті теміржолшы» атағының, «Еңбек Қызыл Ту», «Октябрь Революциясы» ордендері мен көптеген Құрмет грамоталарының иегері. Қоңырат тайпасының Құлшығаш руынан шыққан. ## Сілтемелер
«АРКАДА ИНДАСТРИ» — Аршалы гранит кен орны негізінде 2001 жылдан жұмыс істеп келе жатқан зауыт. Зауыт құрылыс материалдарын (қиыршықтас, т.б.) шығарады. 2007 ж. мұнда 827,8 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Кәсіпорынның жоғары жетістіктерге жетуіне қосымша ұсақтау-сұрыптау желісінің қосылуы ықпал етті. «БелАЗ» ауыр жүк көліктері, бұрғылап жарғыш қондырғылары, кесек тастарды ұсақтайтын қазіргі заманғы құрал-жабдықтар алынды. Зауытты В.Ножкин басқарады. ## Сыртқы сілтеме * ТОО "Аркада индастри". Мұрағатталған 4 сәуірдің 2012 жылы. ## Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"
Қордай асуы – Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығысындағы Кіндіктас және Жетіжол жоталары аралығындағы асу. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Қордай ауданы аумағында, Мұзбел ауылынан солтүстікке қарай 12 км жерде. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1233 метр. Мұнда қыста солтүстік-шығыстан соғатын суық желдің әсерінен желді бұрқасын борап, асудан автокөліктің өтуіне қолайсыз жағдай туындайды. ## Дереккөздер
Қостоған — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Жаңатоған ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Меркі ауылынан шығысқа қарай 16 км-дей жерде, сұлыбас, бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер өскен, таудың қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты жонды-қырқалы келген таулық аңғарда орналасқан. ## Халқы ## Инфрақұрылымы М.Жылысбаев атындағы орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, байланыс бөліемшесі, т.б. мекемелер бар. ## Тарихы Ауыл "22-партсъезд" атындағы қызылша өсіретін ұжымшардың орталығы болып келген. Оның негізінде өндірістік кооператив және ЖШС құрылған. Аспара өзенінен ауылға қарай екі тоған тартылған. Сол екі тоғанды пайдаланған ауыл адамдары ауылды "Қостоған" атандырған. Ауылдың негізгі кәсібі мал және егін шаруашылығы. ## Дереккөздер
Қарағанды – Ойыл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Қобда ауданында. Ұзындығы 48 км. ## Бастауы Бастауын Қарағанды тауының шығыс етегіндегі бұлақтардан алып, Жарсай ауылы тұсында Қиыл өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Аңғары 0,2 – 2 км, арнасы көбіне жайпақ келеді. Жер асты және қар суларымен толығады. Су ағымы көктемде 2,22 м3/с, жазда 0,24 м3/с. Суы егін суғаруға пайдаланылады. Ағымы көктемде 2,22 м3/с, жазда 0,24 м3/с. Суы егін суғаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Тәуке хан заңдары – 1684 – 1685 жылдары Тәуке ханның реформашылдық қызметінің нәтижесінде қабылданған құқықтық нормалар жиынтығы. Тәуке хан заңдарының құрамына “Жеті жарғы”, билер сотының тәжірибесі (түйінді биліктер, шежірелер), би-батырлардың ынтымағын арттыруға және көршілес елдермен дипломатиялық және сауда-саттық қатынасты нығайтуға бағытталған жазба құжаттар кіреді. Тәуке хан заңдарындағы қылмыстық және неке нормалары шариғат негізінде түзілді. Тәуке хан заңдары елеулі өзгерістер әкелді. Хан кеңесі, билер кеңесі, жыл сайын үш жүз батыр-билерінің жиынын шақыру қалыптасты. Рулар арасындағы маңызды дау-шарлар үш жүзге танымал билердің қатысуымен шешілетін болды. Билер тобы хандықты басқаруға, заң шығаруға және соттық қызметке араласты. Барлық ру, тайпалардың ұрандары мен мал-мүлікке арналған таңбалары белгіленді. ## Дереккөздер
Зерафшан өзені – Орталық Азиядағы өзен. Тәжікстан және Өзбекстан аумағы арқылы ағады. Ұзындығы 781 км. Су жиналатын алабының ауданы – 41860 км². Бастауын Тәжікстандағы Матч тау торабындағы мұздықтан алады. Жоғарғы ағысында таулы жермен, ал төменгі ағысында жазықпен ағады. Бастауында Түркістан және Зеравшан жоталарының арасындағы шатқалмен ағып, Тұран жазығына шығады. Өзен аңғарының едәуір бөлігі тар әрі терең, тек төменгі ағысында ғана біршама кеңейеді. Ірі салалары: Фандария, Магиан, Кштут. Өзен Самарқан қаласының маңында екі салаға бөлініп (Ақдария және Қарадария), Хатырчи елді мекенінің жанында қайта түйіседі. Ақдария мен Қарадария арасында ауданы 1200 км² шамасында Мианкале аралы орналасқан. Өзен Әмударияға 20 км жетпей құмға сіңіп кетеді. Өзен, негізінен, көктемде еритін қар суы мен таудағы мұздық суымен толығады. Көктем – жаз айларында тасиды. Қыста өзенді мұз баспайды. Өзеннің су ағыны 30-дан 700 м3/с аралығында өзгереді. Тау шатқалынан шыға берісте су ағынының жылдық орташа көрсеткіші 160 м3/с. Өзен суы төменгі ағысында көптеген каналдар арқылы Тұран жазығының құнарлы жерлерін суландыруға пайдаланылады. Өзен алабының тау алды аудандарында бірнеше бөгендер салынған. Олардың ең ірісі – Қаттақорған бөгені. Зеравшан өзенінің аңғарында Самарқан, Бұхара, Қаттақорған, Пенджикент қалалары орналасқан. ## Дереккөздер
Арнасай бөгені (Вячеслав су қоймасы) — Есіл алабындағы жасанды су айдыны. ## Географиялық орны Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Арнасай ауылынан шығысқа қарай 3 км-дей, Астана қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км-дей жерде орналасқан. ## Гидрологиялық сипаты Су айдынының аумағы – 60,7 км², ұзындығы – 11,2 км, енді жері – 9,8 км, орташа тереңдігі – 6,3 м, ең терең жері – 25 м. Су сыйымдылығы – 410 млн м³, су жиналатын алабы – 447 км², жағалау бойының ұзындығы – 80 км. Суы егістік суаруға (3,7 мың га), жайылымдарды суландыруға және өнеркәсіп кәсіпорындарын сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады. Арнасай бөгені Астана қаласын ауыз сумен қамтамасыз ететін басты су көзі саналады. ## Дереккөздер
Филипп Трофимович Нижурин – соғыс ардагері. Кеңес Одағының Батыры (10.4.1945). Соғысқа дейін Мақтаарал ауданының «Политотдел» ұжымшарында еңбек етті. Майданда Қызылтулы 214-атқыштар дивизиясының 309-жеке барлаушылар ротасының командирі болып Висла өзенінен Одер өзеніне дейін жорық жолдарымен жүріп өтті. Нижурин Федор Трофимович 1945 жылы 3 наурызда Силезияда қаза тапты. ## Сілтемелер
Нәйла Софықызы Үмбеталина - 1945 жылы Шымкент қаласында дүниеге келді. 1994 жылымедицина ғылымының докторы1995 жылыпрофессор1968 жылыҚарағанды мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірді1968–70 жылдар аралығындаҚарағанды мемлекеттік медицина институтында стажер-зерттеуші1970–73 жылдар аралығындаМәскеу қаласындағы орталық дәрігерлер білімін жетілдіру ғылыми-зерттеу институтында аспирант1973–83 жылдар аралығындаҚарағанды мемлекеттік медицина институтында ассистент1983–96 жылдар аралығындаҚарағанды мемлекеттік медицина институтында доцент2003–05 жылдар аралығындаҚарағанды мемлекеттік медицина институтында ғылыми-педагогикалық сараптама мәселелері жөніндегі проректоры1996–2003 және 2005 жылданҚарағанды мемлекеттік медицина институтында кафедра меңгерушісі Нәйла Софықызы 1994 жылы «Ранняя скрининговая диагностика и медицинская реабилитация терапевтических заболеваний у студентов» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. 200-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. ## Дереккөздер: "қатысушы:"
Қарағанды – Жаман Сарысу алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Байназар тауының оңтүстігіндегі Сасықбұлақ қыстауы маңындағы бұлақтардан алып, Ақсеңгір қыстауы тұсында Жаман Сарысу өзеніне сол жағынан құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 43 км, су жиналатын алабы 662 км2. Қарақұдық қыстауына дейінгі арнасы сайлы-жыралы, төбелі-белесті өңірмен өтеді. Одан төменде арнасы кеңейіп, жазық жермен ағады. Жалпы ұзындығы 40 км болатын шағын 10 саласы бар. Қар және жер асты суларымен толығады. Жазда қарасуларға бөлініп қалады. Өзен бойында бірнеше қыстау орналасқан. ## Дереккөздер
Мақтай Рамазанұлы Сағдиев (12 мамыр 1929 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Өндіріс ауылы - 25 тамыз 2012 жыл, Алматы) – Қазақ Совет Социалистік Республикасына еңбегі сіңген қоғам қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы (1989—1990). Семей мұғалімдер институтын (1949), Талғар ауыл шаруашылық техникумын (1960), Алматы жоғары партия мектебін (1961) бітірген. 1949 – 54 жылдары орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор болды. 1955 – 66 жылдары Ленин (қазіргі Есіл) ауданы партия комитетінде нұсқаушы, МТС партия бюросының хатшысы, аудандық партия бюросының хатшысы, кеңшар директоры, 1966 – 71 жылдары Соколов және Жамбыл аудандық партия комитеттерінің 1-хатшысы, 1971 – 80 жылдары Торғай облысы атқару комитеті төрағасының 1-орынбасары, 1980 – 83 жылдары Қазақ КСР-і балық шарушылық министрі, 1983 – 85 жылдары Қостанай облысы атқару комитетінің төрағасы, 1985 – 89 жылдары Көкшетау облысы партия комитетінің 1-хатшысы, 1989 жылы наурыз – 1990 жылы ақпан аралығында Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы, 1990 жылы мамыр – қараша айларында Қазақ КСР-і Президенттік кеңесінің мүшесі, Қазақ КСР-і Президенті жанындағы Азаматтық жөніндегі комиссияның төрағасы қызметтерін атқарды. 1991 жылдан ҚР ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы. 1999 – 2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сағдиев Ленин, 3 рет Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы, “Парасат” ордендерімен, медальдармен марапатталған. Көкшетау, Алматы қалаларының, Есіл ауданының құрметті азаматы. ## Дереккөздер
Жолбарыс Айтақұлы (1690–1740) – Ұлы жүз ханы (1730–1740). «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» соң Жолбарыс өзі билеген қазақ рулары мен Ташкент тұрғындары атынан Жоңғар хандығына тәуелділігін мойындап, жоңғар әскербасына алым-салық төлеп тұрған. 1733 жылы Ұлы жүз ханының елшілері Аралбай батыр мен Оразкелді Кіші жүздегі Ерәлі сұлтанмен бірге Ресейге барып, патшайым Анна Иоанновнаға Ұлы жүздің Төле би, Қодар, Сатай, Хангелді, Бөлек сынды батырларының атынан жазылған хатын тапсырды. 1738 жылы Жолбарыс Ресей бодандығын қабылдау ниетін білдіріп, Ресей үкіметіне хат жазады. 1738 жылы 19-қыркүйекте Анна Иоанновна Жолбарыстың атына арнайы грамота жолдап, оның тілегін қабылдағанын мәлімдеді. Бірақ жоңғар билеушілерінің қарсылығы және Ресей мен Ұлы жүз хандығы арасындағы саяси қарым-қатынастардың қалыптаспауы себепті Жолбарыстың саясаты жүзеге аспады. Жолбарыс 1739 жылы Абылай ханмен тізе қоса отырып, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес ұйымдастырды. Соның нәтижесінде Ташкент, Сайрам қалалары жоңғар әскерлерінен азат етілді. Жолбарыс Ташкент тұрғындарының қолынан қаза тапты. Оның орнына Ташкенттің ұлысбегі болып Төле би тағайындалды. ## Отбасы Жолбарыс хан 1690 жылы туылды. Жолбарыс Қарт Әбілқайырдың бауыры және Ұлы жүздің ханы Әбілфайыз және Хиуа ханы екінші Әбілғазы хандардың әкесі. Жолбарыс әкесі Абдолла дейді, бірақ Абдолла Жолбарысты және Әбілқайырды асырап алған әкесі. Ал енді оның шежіресіне келсек. Хорезм тарихшылары Әбілғазы туралы шежіресін жазып кетткен, олар былай дейді: Әбілғазы екіншінің әкесі Жолбарыс хан, оның әкесі Айтақ-сұлтан, оның әкесі Тәуке хан, оның әкесі Жәңгір хан, оның әкесі Есім хан, оның әкесі Шығай хан, оның әкесі Жәдік сұлтан, оның әкесі Әбу Сәидтқа тоқталады. ## Дереккөздер
Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев (1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш станциясында туған. 2021 жылы 15 ақпанда дүниеден озған) – ақын, аудармашы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бірінші дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері. Екі дүркін «Елім менің» атты Президент бәйгесі бас жүлдесінің, халықаралық «Франц Кафка атындағы Алтын медаль» сыйлығының, «Жыл Адамы – Алтын адам», «Платина Тарлан» сыйлықтарының, «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты. Филология ғылымдарының кандидаты. «Лақап аты – Шалқар Сарин. Ғафу Қайырбеков: "Шөмішбай Сариев - қос қанатты ақын. Біріншісі - лирикалық жырлары болса, екіншісі -ән-өлеңдері..." ## Өмір хронологиясы * 1946 жылы 15 сәуір де Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында туған. Қамбаш орта мектебін бітірісімен, Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет атқарған. Әлімұлы тайпасының Шекті руынан, Жақайым тармағынан тарайды. * 1961 жылы алғашқы өлеңдеріне Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газеті бетінде сәт сапар берілген. * 1966 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны 1971 жылы тәмамдаған. * 1970-1974 жылдары «Қазақстан» саяси баспасында редактор болып қызмет атқарған. * 1974 жылдан 1991 жылға дейін «Жұлдыз» журналының әуелі сын бөліміне орналасып, кейін поэзия, өнер және ғылым, сын библиография бөлімдерінің меңгерушісі болған. * 1991 жылы конкурстық негізде Қазақстан Ғылым академиясы М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қазіргі әдебиет бөліміне аға ғылыми қызметкер болып орналасты. * 1993 жылы «Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін иеленді. «ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы поэзия» атты монография жазып, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов тағы да басқа алаш арыстарының еңбектерін ғылыми тұрғыда талдады. «70-ші, 80-ші, 90-шы жылдардағы қазақ поэзиясы» атты монографиясы жеке кітап болып «Ғылым» баспасынан жарық көрді. Мағжан Жұмабаевтың үш томдық шығармаларын дайындауға атсалысып (1995 ж.), өлеңдерінің ғылыми түсініктемелерін жазды және сол кітаптың редакция алқасының мүшесі болды. Өмірінің соңына дейін осы аталған институттың Абайтану бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды. * Ш. Сариев негізгі қызметімен бірге, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясында бас маман қызметін атқарды, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде және Д. А. Қонаев атындағы заң университетінде бірнеше жыл сабақ берді, қазіргі бағыт-бағдары жаңаша өзгерген «Ақиқат» журналының (бұрынғы «Қазақстан коммунисі» журналы) Руханият бөлімін басқарды. «Тамаша» телехабарының алғашқы кезеңдердегі он жыл бойғы авторы болды. Ізімде мұрам қаласа, қалсын өлең, Сол үшін дозағыңа салшы, көнем. Тағдырым тіршілікпен беттескесін, Ажалмен түбі әйтеуір қарсы келем. Өмірге сапар шегіп келемін мен, Бір бақытты табуға ерек үннен, Күні ертең үзілетін тағдырымның, Жалғасын көрсем деймін өлеңімнен... Шөмішбай Сариев ## Шығармашылығы Д.Гулиа, О.Бергольц, И.Абашидзе, С.Викулов, А.Дементьев, Ф.Алиева, Р.Рождественский, Хизмет Абдуллин, М.Эминеску, Луиш ди Камоэнс сынды көптеген шетел ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударған. 1989 жылы «Қайнар» баспасынан «Тамаша, Тамаша,Тамаша» атты кітабы басылып шықты. Қазақ ақындары ішінде тұңғыш рет «Ғашықтар жыры», «Бозжорға» атты авторлық бейнетаспасы жарық көрді. 1982 жылы М.О.Әуезов академиялық театрында «Ғашықтар жыры», 1992 жылы «Арал балаларына арналған қайрымдылық кеш», 1996 жылы Республика сарайында «Ақын. Композитор. Әнші», 2001 жылы «Бозжорға», 2006 жылы «Ақын Шөмішбай Сариев 60-та», 2009 жылы «Ақын Шөмішбай Сариев Пайғамбар жасында», 2011 жылы 22 қарашада Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл толуы құрметіне арналған «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Айналдым сенен, атамекен-ай» атты авторлық кештері ұйымдастырылды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен Ғылым Ордасында ақынның 70 жасқа толуына арналған «Ақындық – мұрат, ғалымдық – парасат» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция, сонымен қатар 2016 жылы 19 сәуірде Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ақынның 70 жасқа толуына орай «Айналдым қазақ деген халықтан мен» атты салтанатты кеш айрықша аталып өтті. Ш.Сариев 2000 жылы Бухаресте «ЮНЕСКО» ұйымдастырған Румынияның ұлы ақыны Михаил Эминескуге арналған бүкіл дүниежүзілік ақындар симпозиумына Қазақстан мен Орта Азиядан жалғыз қатысқан ақын. Шығармалары орыс, украин, қырғыз, өзбек, тәжік, румын, чех, үнді, француз тілдеріне аударылып, жарияланды. 2003 жылы Прагада Чех елінің ұлы ақын-жазушысы Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Осы жылы үнді тілінде «Теңізден соққан жел лебі» атты кітабы жарық көріп, Дели қаласында өткен кітаптың тұсаукесер тойына қатысты. 2004 жылы «Жыл Адамы - Алтын Адам» сыйлығының лауреаты атанды және сол жылы «Платина Тарлан» сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Ал 2006 жылы ақын Шөмішбай Сариевке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. 2008 жылы Парижде өткен «Ақындар көктемі» фестиваліне қатысып, өлеңдері 80 елге француз радиосы арқылы таралды. Француз тілінде «Дала желі» атты кітабы жарық көрді. 2018 жылы Америкада Нью-Йорк қаласында тұңғыш рет өткен Қазақ әдебиетінің форумына қатысып, «Сәлем саған, туған ел» кітабының тұсаукесерін өткізді.
Нимекс Корпорациясы – бірлескен кәсіпорын. 1994 жылдан жұмыс істей бастады. Шаруашылық және фермерлік қожалықтарға несие береді, мақта ұрығымен, тыңайтқыштармен, жанар-жағармаймен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ мақта өнімдерін ішкі және сыртқы саудаға шығарады. Корпорация қарамағында екі зауыт бар. Жетісай мақта өңдеу зауыты 2001 жылы іске қосылған, ал Шардара мақта өңдеу зауыты 2002 жылдан жұмыс істейді. Екеуі де жылына 60000 тонна мақта өңдей алады. Әрқайсының 600 жұмысшысы бар. ## Сілтемелер
Айлық есептік көрсеткіш – Қазақстандағы зейнетақы‚ жәрдемақы‚ өзгедей әлеуметтік төлемдер есептеу үшін‚ сондай-ақ айыппұл санкцияларын‚ салық төлемдері мен басқа да төлемдерді қолдану және есептеу үшін мемлекет жыл сайын белгілейтін есептік көрсеткіш. ## Сілтемелер * Зейнетақы * Жәрдемақы * Төлем ## Мәндері * 1 қаңтар 2018 жылдан — 2405 теңге. * 1 қаңтар 2017 жылдан — 2269 теңге. * 1 қаңтар 2016 жылдан — 2121 теңге. * 1 қаңтар 2015 жылдан — 1982 теңге. * 1 қаңтар 2014 жылдан — 1852 теңге. * 1 қаңтар 2013 жылдан — 1731 теңге. * 1 қаңтар 2012 жылдан — 1618 теңге. * 1 қаңтар 2011 жылдан — 1512 теңге. * 1 қаңтар 2010 жылдан — 1413 теңге. * 1 маусым 2009 жылдан — 1296 теңге. * 2005 жылда — 971 теңге. ## Дереккөздер
Қарағанды – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстік-батысындағы тау. Саумалкөл көлінің батысында 10 км жерде орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр, ені 10 км шамасында. Абсолюттік биіктігі 871 м. ## Жер бедері, геологиясы Оңтүстік-батысында тау біртіндеп ұсақ шоқылы жазыққа ұласады. Төменгі және ортаңғы девон жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында бетеге, боз, селеу, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Қарағанды – Аққұмының батысындағы төбе (тау). ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Темір ауданы Шитүбек ауылының оңтүстік-шығысында 42 км жерде орналасқан. Темір өзенінің аңғарында. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 271 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Оқшауланған төбенің беткейі жайпақталып, жазыққа ұласады. ## Өсімдігі Сортаңды сұр топырақ жамылғысында боз, жусан, өлеңшөп, жантақ, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Әбдіразақ Әубәкіров (20.5. 1928, Шардара ауданы – 30.7. 1980, Алматы) – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, заңгер. Киров атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (қазіргі ҚазҰУ). Түлкібас ауданы, Шымкент, Алматы қалалары соттарының төрағасы қызметтерін атқарды. 1967 – 1980 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Сотының алқа мүшесі болды. ## Сілтеме
Павел Ильич Арчаков (20.03.1924 жыл, Атбасар ауданы, Дружный а. - 16.04.2015) — Даңқ орденінің толық иегері. * 2-дүниежүз. соғыс алдында Старощербинск ст-нда (Краснояр өңірі) тұрып, жұмыс істеді. * 1941 ж. қыркүйегінде атқыштар кавалериясы эскадронында жаудың парашют және теңіз десанттары топтарына қарсы шайқасқа қатысты. * 1942 жылдың жазынан 276 атқыштар дивизиясының 871-ші атқыштар полкінің құрамында автоматшы, бөлім командирі, рота старшинасы. * 1944 ж. 30 қарашада әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтап қалған. * 1947 жылдан запаста. Старощербинск ст-нда тұрады * 1988 ж. «Знамя Ленина» ұжымшарында жұмыс істеген. * Орден, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Сайрам шайқасы – қазақ-жоңғар арасындағы 1684 жылы болған шайқас.Қазақ хандығында қалыптасқан ауыр жағдайды пайдаланып, 1681 жылы жоңғар қонтайшысы Қалдан Бошигт қалың қолменЖетісуға басып кіреді. Шу, Талас арқылыАрысқа жеткен жоңғарлар қазақ жасақтарын жеңіліске ұшыратып, Сайрам қамалын қоршады. Бірақ, Сайрам қамалы берілмейді. Жоңғар әскері қысқа қарай кері шегініп, Іленің жағасына кетіп, күш жинады. 1682 – 83 жылдары соғыс Сайрамның түбінде жүрді. Екі жақ бір-біріне алдырмады. Ақыры, 1684 жылы жазда Қалданның інісі Севан Рабдан Сайрамды басып алды. Жоңғарлар мыңдаған тұтқындарды, қисапсыз олжаны қолға түсірді. Сайрам шайқасынан кейін Жетісу өлкесі жоңғарлардың билігіне көшті. ## Сілтемелер * Қазақ хандығы * Жоңғар * Түркістан облысы ## Дереккөздер
Роза Қалманбайқызы Ниязбекова (1952 жылы туған, Төле би ауданы Сұлтанрабат ауылы) – ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996). Қазақ химия-технология институтын бітірген (1974). 1976–78 жылдары сол оқу орнында оқытушы, 1978–83 жылдары Мәскеу басқару академиясының аспиранты әрі ҚазХТИ-дың аға оқытушысы, 1983–96 жылдары сол жерде өндіріс экономикасын ұйымдастыру және жоспарлау кафедрасының доценті, меңгерушісі, инженер-экон. факультетінің деканы болып қызмет еткен. 1996 жылы ОҚТУ профессоры, ал 1997 жылдан Оңтүстік Қазақстан гуманититарлық униветситетінде экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі. Оның жетекшілігімен 8 кандидаттық диссертация қорғалған. Роза Қалманбайқызы Ниязбекова «Оңтүстік Қазақстандағы ғылым мен білім» журналының «Экономика» сериясы бойынша редакторы, Тараз мемлекеттік университеті мен Қарағанды мемлекеттік университетіндегі диссертациялық кеңестің мүшесі. 6 монографиялық, 150-ге жуық ғылыми әдістемелік еңбектің авторы. ## Шығармашылығы: * Актуальные эколого-экономические проблемы в природопользовании, А., 1993; * Экономические и технические аспекты комплексного использования материально-сырьевых ресурсов, А., 1994; * Основы экономики природопользования, Учебное пособие, А., 1994. ## Сілтемелер
Станислав Станиславович Пестковский (03.12.1882 жыл, Польша, Калишск губ. — 15.11.1937 жыл, Мәскеу) — поляк және орыс революционері, Мемлекеттік банк комиссары, пошта және телеграф бойынша халық комиссары, Қырғыз (Қазақ) аймағын басқару жөніндегі Революциялық комитетінің 1-ші төрағасы. Ұлты - поляк. ## Өмірбаяны * 1882 жылы Польшаның Калишск губерниясындағы Келчиглув селосында, дворян отбасында туған; * Лодзь қаласындағы гимназияны, Лондон университетін бітірген; * Орыс, француз, ағылшын, неміс тілдерін меңгерген; * 1905—06 жылдары Польша мен Литвадағы социал-демократтар жетекшілерінің бірі болды; * 1906 жылы саяси қызметі үшін тұтқындалып, каторгаға айдалды; * 1911 жылы Иркутск губерниясына жер аударылған, одан 1913 жылы қашып шығып, шетелге кетеді; * 1914—17 жылдары Лондон большевиктік секциясының британ социал партиясының мүшесі болды; * 1917 жылы кәсіподақтардың Петроград орталық кеңесінің мүшесі болып, РСДЖ(б)П Петербург комитетінде және ОК хатшылығында қызмет етті, Петроград әскери революциялық комитетінің комиссары ретінде юнкерлер бүлігін басуға қатысты; * 1917—19 жылдары РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссарының орынбасары; * 1919 жылдың шілдесінен 1920 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақ революциялық комитетінің тұңғыш төрағасы, 1920 жылы РК(б)П Қырғыз (қазақ) бюросының төрағасы болды. Пестковский Қазақстанда жұмыс істеген кезінде Орынбор қаласы мен Орынбор облысын, солтүстік облыстардың Қазақстанның құрамына кіруіне ықпал етті, құрбан айт мейрамына рұқсат берілді; * 1921 жылы Польшамен шекараны белгілеу жөніндегі кеңестік орыс-украин делегациясының төрағасы; * 1922 жылдан партия және дипломатиялық жұмыстарда болды; * 1924—26 жылдары КСРО-ның Мексикадағы өкілетті өкілі. Коминтерн аппаратында жұмыс істеді. 30-жылдардың ортасында бірыңғай ғылыми жұмысқа көшеді; * 1937 жылы тұтқындалып, ату жазасына кесілді; * 1955 жылы ақталды. ## Дереккөздер
Арнасай (2007 ж. дейін Вячеславка) — Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауыл, Арнасай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Аршалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 35 км, Астана қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 47 км жерде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 2008 жылға дейін "Вячеславка" деп аталып келді. Іргесі 1902 жылы қаланды. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория, кітапхана, мәдениет үйі, дүкендер бар. Ауыл арқылы Астана — Алматы автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол бекеті — Бабатай (11 км). ## Дереккөздер
Байқоңыр — кіші планета (ғ2700). Оны 1976 ж. украиналық астроном Н.С. Черных ашқан. Ол дүние жүзіндегі ең ірі ғарыш алаңдарының бірі — Байқоңырдың құрметіне аталған. Диаметрі шамамен 10 км. Жер орбитасы жазықтығына қиғаштығы 2,42. Күннен 3,03 а.б-ке дейін қашықтап, 2,78 а. б-ке дейін жақындайды. Байқоңыр Күнді 5 жылда бір айналып шығады. ## Дереккөздер
Қошан Ақын, Қошан Жантәліұлы (1874 – 1915) – Әулиеата өңіріне белгілі айтыскер ақын. Қазіргі Талас ауданының Ойық аулынан, Ысты тайпасының Ойық руынан шыққан. Қошан – кедейшілікті көп көрген. Әулиеата қаларындағы ірі байлар мен көпес-саудагерлерге жалданып жұмыс істеген. Әйімкүл ақынмен айтысында оның осындай өмір жолдары көрініс береді. Жалшылық жолмен мал айдап Наманган, Үргеніш қалаларына да барып қайтқаны және басқа тіршіліктерін айтады. Ақынның шығармашылығы белгілі қаламгерлер Шона Смаханұлы, Оспанәлі Иманәлиев және басқаларының назарына іліккен. Солай бола тұрса да негізінен суырып салма айтыс ақынының шығармашылығы байыпты зерттелмеген. Қошан ақынның мейманасы тасыған байларды мінеп-сынаған өлеңдері мен мысалдары, жұмбақ өлеңдері халық арасына кең тараған. Айтыс өлеңдері де жинаушысын, зерттеушісін күтіп тұр. . ## Дереккөздер
Зергер — алуан түрлі сәндік бұйымдар мен әшекей заттарды (сақина, сырға, білезік, қаптырма, т.б.) алтынмен аптап, күміспен күптеп, зерлеп, ажарын, сәнін кіргізіп, айшықтап жасаушы. Дәстүрлі қазақ қоғамында зергер жасайтын бұйымдардың дені қазір механикалық әдіспен шығарылады. Алайда, зергер жасаған дара бұйымдар өз құндылығын жоғалтқан жоқ. ## Дереккөздер
Қосы Батыр Сәмбетұлы (1670, Байзақ ауданының Талас өзенінің бойында, Түймекент аулының маңында – 1760, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы Мойынқұмға шектес Әбілқайыр-Сұмқайтты аталатын өңіріндегі қорымға жерленген) – қазақ-жоңғар соғысының айтулы қаһармандарының бірі. Он бес жасында жоңғар қалмақтарымен шайқасқа араласқан. Жиырма бес жасында елге кеңінен танылып «ақ сауытты, алмас қылышты хас батыр-Қосы батыр» атанған. Аңырақай шайқасына шымыр Қойгелді батыр бастап барған қолдың мыңбасысы болған. Жарты ғасыр жаумен жағаласқан Қосы батыр Ұлы жүздің биі – Төле бидің сенімді серіктерінің бірі болғаны жайлы дерек мол. Қосы батыр қалмақтардың тұтқынына түсіп қалғанда оны босатуды сұрап Төле би албан Хангелді батырды елшілікке жіберген. Ел аузында Төле бидің: Хоңтайшылар қонтиып, Қоқаңдай берме Қосыға. Қоқаңдай берсең Қосыға, Ағады қаның жосыла! Өлімнен Қосы қорықпайды, Бар құқайың осы ма?.. – дегені сақталып, беріге жеткен. Қосы батыр жауынгерлік ерліктерімен қоса мәмлегер, елші болып та халқына көп қызмет еткен. Атақты қолбасшы Бөгенбай батыр мен Төле бидің тапсырмасымен кең байтақ қазақ өлкесінің талай түкпірін шарлаған. Бір деректе 1741 ж. Атырау жаққа, Кіші жүз еліне барып, қару-жарақ пен көмекке жасақ алып келгені жайлы айтылады. Қосы батыр ұрпақтары, негізінен, облыстың Байзақ, Шу, Мойынқұм аудандарында, сондай-ақ, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында тұрады. Олардың арасынан батырлар, билер, ақындар, қоғам қайраткерлері көп шыққан. Қойайдар би, Дәуітәлі мен Мәңке билер, атақты Балуан Шолақ Баймырзаұлы, ақындар Бармақ Мықанбайұлы, Үсіпәлі Қалыұлы, Сәрсен Жылысбайұлы – Қосы батыр ұрпақтары. Бертінгі Кеңес Одағының Батыры Ағәділ Суханбаев, көрнекті ұйымдастырушылар, қоғам қайраткерлері Төребай Ақбозов, Жапар Түйебеков, заңгер Оразалы Ақботаев сияқты облысқа, республикаға танымал көптеген азаматтар шыққан. Олардың арасында Парламент Мәжілісінің депутаты, жазушы-журналист А.Бекбосын, ұзақ жыл облыстық деңгейде басшы қызметтер атқарған марқұм Ж.Сапарәлиев, облыстың Шу, Байзақ аудандарының әкімі болған, қазір облыс әкімі ауыл шаруашы. басқармасының бастығы А.Кәрентаев және басқалар бар. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары ұрпақтары Қосы батырға кіндік қаны тамған жерден – Ақбақайдың көк тасынан қашалған еңселі ескерткіш орнатты. Оның ашылу салтанаты 1998 ж. 28 қыркүйекте өтіп, оған облыстың барлық аудандары мен Алматы, Ақмола облыстарынан ұрпақтары, қонақтар келіп қатысты. Батыр ескерткіші жанынан оның ұрпағы Сапарәлиевтер әулеті өз қаржыларымен сәулетті мешіт-медіресе тұрғызып, елге тарту етті. Қазір бұл жер имандылық ордасына айналып отыр. Қосы батырдың ғажайып ерліктері, өнегелі өмірі қаламгерлердің көптеген шығармаларына арқау болды. Солардың ішінде жетінші ұрпағы болып келетін А.Бекбосын шоқтығы биік шығармалар туғызды. Батырдың тағы бір ұрпағы танымал сазгер, «Дарын» сыйлығының иегері М.Ілиясов А.Бекбосынның сөзіне «Қосы батыр туралы ән – дастан» жазды. Журналист Т.Толқынбайұлы «Мерей» баспасынан «Қосы батыр Сәмбетұлы және оның замандастары мен ұрпақтары» деген жинақ шығарды. Қосы батыр есімі Тараз қаласымен мен Сарыкемер ауданындағы үлкен көшелерге, ұрпақтары тұратын ауылдардың біріне берілген. Т. Толқынбаев ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы ## сілтемер
Арша (лат. Juníperus) - кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұталардың немесе ағаштардың тұқымдас тармағы ## Қызықты деректер Арша ағашы Солтүстік жарты шардың тасты топырақтарында өседі, Испания мен Португалияда өсетін аршаның түрлері, сондай-ақ қызыл жемісті арша хош иістендіргіш ретінде қолданады. ## Таралуы Тұқымдас тармағының уәкілдері Солтүстік жарты шарда Арктикадан субтропиктік таулы аймақтарға дейін кең таралған. Тау беткейінде де құмды жерлерде де жақсы өседі. Ұзындығы биік (10-15 м) аршалар Ортажер теңізі аймағында, Орта Азия да, Мексика мен Солтүстік Американың құрғақшыл аймақтарында арша талдары орман болып топтасып өседі. Биіктігі кішірек бұталар таудың тасты жарларында, ормандардың үшінші ярусында өседі.Ал, республикамыздың солтүстік облыстарында өседі. Ол тау беткейлерінде, орман арасында, құмды жерлерде, далалы аймақтарда жиі кездеседі. Орал облысының далалы, құмдауыт жерлерінен де табылады.Дәрілік шикізат ретінде қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері ) жиналып алынып, ашық жерде ептеп кептіріледі. Ол үшін ағашты қолмен сілкіп, жерге түскен жемісін жинап алады да, тазалап, сорттап, кептіреді.Кептірілген жемісті кардон, фанерь жәшіктерге салып (бетін жауып), құрғақ бөлмелерде үш жылға дейін сақтауға болады. Қазақстанда аршанын үш түрі кездеседі: * зеравшан аршасы (қара арша), * Түркістан аршасы * жарты шар тәрізді арша - Juniperus semiglobosa Regel. Оңтүстік оңірінде "Сайрам-Өгем" ұлттық паркінде осы аршанын үш түрі де кездеседі. ## Биологиялық сипаттамасы Өсу тұрғысына қарай арша * жайыла өсетін және * тік өсетін болып екіге бөлінеді. Табиғаттағы тік өсетін түрлерінің биіктігі – 20-30 метрге жетеді. Арша 300 жылға дейін өмір сүреді. Табиғатта Гиннестің рекордтар кітабына кірген 800 жыл жасаған кәрі аршалар да бар. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Қазақстанда 10 жабайы түрі бар. Табиғи жағдайда көбірек кездесетін түрлеріне * Түркістан аршасы (І. turkestanіca) * Талас аршасы(І. talaіca) - кәдімгі арша, ем арша деп те айтады * Сібір Аршасы (І. іbіrіca) * Кәдімгі арша (І. communі) * Зеравшан аршасы (І. eravchanіca) жатады. Олардың биіктігі 1-2 м-ге жетеді. Бұтағы тік немесе жерге жайыла өседі. Қылқаны қабыршақты, тікенекті келеді, үш-үштен шоқтанып не екі-екіден қарама-қарсы орналасады. Жеміс бүрі жидек пішіндес не шар тәрізді, түсі көкшілдеу болады. Аналық стробилінің қабыршақтары (чешуйки) етженді, шырынды бүршік (шишкоягода) түзеді. Мұндай шырынды бүршіктерекі жылда пісіп жетіледі. Тұқымынан және өсімді жолмен көбейтіледі. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, тұқымы жаздың аяғында, кейде күзде піседі. Тұқымынан шыққан жас өскіндер бір жылдан кейін тез өсіп, жақсы жетілген соң топырақты қатайтады. Арша 300 жылдай өседі. Сондықтан қазақ халқының ұғымында қасиетті, киелі ағаш саналады. Бұтақтарынан эфир майы, қант, шайыр, балауыз және органик. қышқылдар алынады. Аршаны орман шаруышылығында, таулы аймақтарда топырақтың опырылып кетуін болдырмау үшін отырғызады. Қазақстанда аршаны Алматы, Алтай, Қарағанды қ-ларының ботаника бақтарында қолдан да өсіреді. ## Химиялық құрамы. Арша жемісінің құрамында 35 – 40 пайыз шамасында қантты заттар, смолалар, балауыз, сірке, құмырсқа, алма аскорбин қышқылы және фитонцидтер бар. ## Қолдануы Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар. Өкпе, тері және астма ауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грекияда жылан шаққан кезде пайдаланған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады. Аршамен тіс тазалау пайдалы. Өркендерінде улы болып келетін эфир майы сабиноль жиналады. Ол медицинада қолданылады. Көгалдандыруда аршаның тек шет елден әкелініп, жерсіндірілген түрлері ғана қолданылады. Қылқандарының түсі, түріне қарай: сары, ашық жасыл, қою жасыл, көк, көкшіл болып келеді. Сабақ бойына тығыз орналасқан қылқандары әдемі хош иіс шығарады.Мал дәрігерлігі практикасында арша жемісі несеп айдайтын, асқазан – ішек жұмысын жақсартатын және өңеш бездерінің қызметін арттыратын дәрі ретінде қолданылады.Арша жемісі малдың асқазанына түскеннен кейін оның құрамындағы эфир майлары асқазан – ішектің кілегейлі қабығын тітіркендіріп, олардың жиырылып – созылуын үдетеді, ішектегі зиянды газдардың тез шығуына ықпал етеді. Организмнен эфир майлары бүйрек және өңеш бездері арқылы шығады. Осы эфирмайлары бүйрек пен өңеш бездерінен қатты әсер етіп, олардың жұмысын жақсартады.Халық емінде арша жемісі ежелден – ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келген.Мал дәрігерлігі практикасында аршаның жемісі ауру малға тұнба, ботқа және болюс түрінде беріледі.Ауру малға берілу мөлшері : * жылқыға – 25 – 50 грамм * ірі қараға – 50 – 100 грамм * қойға – 5 – 10грамм * тауыққа – 0,2 – 0,5 грамм ## Күтімі Аршаның барлық түрі ашық күнді қажет етеді. Кез келген топырақта өсе береді. Бұтағының ұшын қырқып-пішіндеп өсірген дұрыс. Қылқанының түсі қанық болуы үшін жылына бір рет көктемде толық минералды тыңайтқыштармен қоректендірген жөн. Қалемшелеу және тұқымы арқылы көбейтіледі. Қалемшелеп көбейткен жөн. Тұқымы арқылы көбейту жұмыстары арнайы жылыжайларда жүргізіледі. ## Арша тұқымдас тармағының уәкілдері Тұқымдас тармағында жалпы 71 түрі бар. * Juniperus angosturana R.P.Adams * Juniperus ashei J.Buchholz * Juniperus barbadensis L. * Juniperus bermudiana L. * Juniperus blancoi Martinez * Juniperus brevifolia * Juniperus californica Carriere * Juniperus caucasica Fisch. ex Gordon * Juniperus cedrus Webb & Berthel. * Juniperus chinensis L. * Juniperus coahuilensis (Martinez) Gaussen ex R.P.Adams * Juniperus comitana Martinez * Juniperus communis L. * Juniperus conferta Parl. * Juniperus convallium Rehder & E.H.Wilson * Juniperus davurica Pall. * Juniperus deppeana Steud. * Juniperus drupacea Labill. * Juniperus durangensis Martinez * Juniperus excelsa M.Bieb. * Juniperus flaccida Schltdl. * Juniperus foetidissima Willd. * Juniperus formosana Hayata * Juniperus gambona Martinez * Juniperus gracilior Pilg. * Juniperus grandis R.P.Adams * Juniperus horizontalis Moench * Juniperus indica Bertol. * Juniperus jaliscana Martinez * Juniperus komarovii Florin * Juniperus macrocarpa Sm. * Juniperus maritima R.P.Adams * Juniperus martinezii Perez de la Rosa * Juniperus monosperma (Engelm.) Sarg. * Juniperus monticola Martinez * Juniperus morrisonicola Hayata * Juniperus mucronata R.P.Adams * Juniperus navicularis Gand. * Juniperus occidentalis Hook. * Juniperus osteosperma (Torr.) Little * Juniperus oxycedrus L. * Juniperus phoenicea L. * Juniperus pinchotii Sudw. * Juniperus pingii W.C.Cheng * Juniperus poblana (Martinez) R.P.Adams * Juniperus polycarpos K.Koch * Juniperus procera Hochst. ex Endl. * Juniperus procumbens * Juniperus przewalskii Kom. * Juniperus pseudosabina Fisch. & C.A.Mey. * Juniperus recurva Buch.-Ham. ex D.Don * Juniperus rigida Siebold & Zucc. * Juniperus sabina L. * Juniperus saltillensis M.T.Hall * Juniperus saltuaria Rehder & E.H.Wilson * Juniperus saxicola Britton & P.Wilson * Juniperus scopulorum Sarg. * Juniperus semiglobosa Regel * Juniperus sheppardii (hort. Veitch) Melle * Juniperus squamata Buch.-Ham. ex D.Don * Juniperus standleyi Steyerm. * Juniperus taxifolia Hook. & Arn. * Juniperus thurifera L. * Juniperus tibetica Kom. * Juniperus virginiana L. * Juniperus wallichiana Hook.f. & Thomson ex Brandis. ## Галерея * * * ## Сілтемелер * Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы. ## Сыртқы сілтемелер * Арча Мұрағатталған 18 қазанның 2011 жылы. * Aрча самое приспособленное к жизни в засушливом климате растение Мұрағатталған 19 наурыздың 2013 жылы. ## Дереккөздер Шәріпбаев Н. Малдың бүйрек және зәрмшығару органдары ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Арша — "Қайнар", 1988. — Б. 161-163. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
Ақмола кесенесі – архитектуралық ескерткіш. Созақ ауданы Шу ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде ашық алаңда орналасқан. 19 ғ. соңында тұрғызылған кесененің негізі шикі кірпіштен қаланған. Төртбұрыштық жоспарда салынған кесененің ішкі құрылысы дөңгелек тәріздес. Ішкі қабырғаларында 8 терең қуыс бар. Кесененің төңірегінде бұзылған қоршау қалдықтары сақталған, күмбезі құлаған. Төрт бұрышында қырлы мұнаралар бар. ‎ ## Сілтемелер
Боран Айтмағамбетов (1901 жылы, бұрынғы Орал облысы, Гурьев оязы, Сарыкөл болысы – 1938 жылы) – қайраткер, саяси қуғын - сүргін құрбаны. Мәскеу қаласындағы кәсіподақтар орталық кеңесінің жоғарғы мектебінде оқыған (1929–1930 жылдары). 1914–1927 жылдары Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындарында, Еділ - Каспий мемлекеттік балық тресті кәсіпшілігінде, “Ембімұнай” темір жол құрылыстарында қызмет атқарды. 1927–1929 жылдары Қызылорда қаласында тау - кен жұмысшылары кәсіподағы Орталық басқармасы төрағасының орынбасары, қалалық комитетінің мәдени бөлімін басқарды. 1930–1933 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің бюро мүшесі және Қазақ АКСР Әділет комиссары, 1933–1935 жылдары Гурьев округ атқару комитетінің төрағасы, БК(б)П Орал облысы көрнекті өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі, 1935–1937 жылдары Казталов ауданың комитетінің 1-ші хатшысы қызметтерін атқарды. Саяси қуғын - сүргін құрбаны. 1958 жылы сәуірде ақталды. ## Дереккөздер
Песчаное — Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл, Песчан ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 км жерде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1745 жылы Песчаный бекінісін салуға байланысты қаланды. 1869 жылы станица Семей облысының құрамындағы Павлодар уезіне, ал 1928 жылы М.Горький ауданына, 1964 жылдан Тереңкөл ауданына кірді. 1932-96 жылдары асыл тұқымды симменталь ірі қара малын өсіретін зауыттың орталығы болып келді. Оның негізінде Песчаноеде және округтегі ауылдарда ұжымдық кәсіпорын жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Сарқырама – судың өзен арнасын көлденең кесіп өтетін тік жартасты кертпештен құлап, тік ағуы. Тым қатты және борпылдақ жыныс қабаттары кезектесе қалыптасқан өңірлермен өтетін өзендер бойында пайда болады. Жиегі үнемі шайылу салдарынан Сарқырама өзен ағысын бойлай жоғары шегіне береді. Су бірнеше кертпештен каскад құрып құлауы мүмкін. Дүние жүзіндегі ірі Сарқырама: Оңтүстік Америкадағы Анхель (биікт. 1054 м), Африкадағы Тугела (биікт. 933 м) және Виктория (биікт. 120 м). Қазақстанда Алтай, Іле Алатауы, Жетісу Алатауы тауларының өзендерінде кездеседі.Су бірнеше кертпештен қатарынан сарқырама легін құрай (каскад) құлауы мүмкін. ## Дүние жүзіндегі аса ірі сарқырамалар ## Ресей сарқырамалары ## Галерея * * * * ## Дереккөздер
Қошмамбетов Кәрімбай —(1897– 1930) – қоғам қайраткері. Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысты. «Қазақ жастарының революциялық ұйымын» құруға белсене ат салысты. 1922 – 24 ж. Әулиеата уезінде атқару комитетінің төрағасы, 1924 – 28 ж. Түркістан Орталық атқару комитетінің мүшесі, 1928 жылдан Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің мүшесі, сауда халық комиссарының орынбасары, Алматы облысында Іле ауданында партия комитетінің хатшысы. Жазушы М.Қуанышбаев Қошмамбетовтің өмірі мен қызметіне арналған «Дала перзенті» (1990) атты деректі роман жазды. Тараз қаласында Қошмамбетовке ескерткіш қойылған. ## Дереккөздер
Ақниет (2008 жылға дейін – Ильич) — Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл, Құркелес ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2 км жерде, Келес өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1957 жылы құрылған К. Маркс атындағы көкөніс-сүт кеңшарының орталығы болды. Ауыл 2002 жылға дейін Ильич аталып келді. Кеңшар негізінде өнеркәсіп, шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшірлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Сарқыт — дәстүрлі қазақ қоғамындағы ежелден келе жатқан салттардың бірі - ырым. Тойдан, айт мейрамынан ырымдап кәмпит, құрт сияқты дәмнен алып, үлкен кісілер (негізінен әйелдер) үйдегі балалары мен келіндеріне әкеліп ауыз тигізеді. Сол сияқты үлкен табақтан қалған етті де “сарқыт” деп, оны да жастар үлкен кісілердің жолын, абыройын берсін деп ырым қылып жеген. Бұрын "сарқыт қайтады" деп келіндер үлкендердің табағын әдейі күтіп отыратын болған. Қазақ салтында сарқыттың ырымдық әрі тәрбиелік дәстүрлік маңызы зор.
Инд алабының өркениеті немесе Хараппа өркениеті - қазіргі Үндістан мен Пәкістан аумағындағы ежелгі мәдениет. Біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдық пен біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырлар аралығын қамтиды. Пәкстандағы Мултан облысы Рави өзеннің ескі арнасы маңындағы Хараппа атына байланысты Хараппа өркениеті деп аталған. Кейде оны инд мәдениеті, инд өркениеті деп те атайды. Алғаш рет 1921 жылы бұл ескерткішті Р.Сахин тапқан. Кейіннен М.С. Ватс, М.Уилер, Дж. Ф. Дейлс қазба жұмыстарын жүргізді. Хараппа өркениетін зерттеуге 20 ғасырдың 20 — 50-жылдары Дж. Маршалл, Э.Маккей, Б.Б. Лала, Р.Банерджи, т.б. ғалымдар көп үлес қосты. Қазіргі таңда бұл өркениетке жататын 500-ден астам ескерткіш анықталып отыр. Қазба жұмыстары барысында астаналық қалалардың (Хараппа, Мохенджо-Даро, Каливанган) қирандылары, теңіз порттарының орындары, қоныстар мен қорымдар аршылған. Хараппа қаласының цитаделін (батыс бөлікте орналасқан) қазған кезде қабырғасының қалыңд. 12,2 м-ге, ішкі алаңы 182,9 - 365,8 м болғандығы анықталған. Хараппа өркениетіндегі құрылыстар шикі кірпіштен тұрғызылды. Баспаналар бір, кейде екі қабат болып осы кірпіштерден қаланған. Іргесі таспен көтерілді. Олар 4 — 6 бөлмелі болып, баспаналар орталық аулаға шоғырланған. Аулада құдық қазылды. Цитадельдер мұнаралармен күшейтілді. Хараппа өркениетін қалдырған халық мал шарушылық және егіншілікпен айналысты. Олардың буйвол, шошқа өсіргендігі анықталған. Дәнді дақылдардан бидай, арпа, тары, бұршақ, күріш өсірген. Егіншіліктің дамығандығын күрделі ирригациялық жүйелер, сан алуан қыш ыдыстары, мыстан және қоладан жасалған еңбек құралдары (пышақ, орақ, ара, дәнүккіш) да айғақтайды. Тайпааралық қақтығыстардың болғандығы соғыс және қорғануға арналған қару-жарақ түрлерінен (жебе және найза ұштары, қысқа семсер) де байқалады. Теңіз кәсіпшілігін айғақтайтын заттар (желкенді қайық қалдығы, кемелердің суреттері) да табылған. Қазба барысында көрші елдерде жасалынған көптеген бұйымдар аршылып алынған. Бұлардың барлығы халықаралық сауда қатынастары жақсы жолға қойылғандығын көрсетеді. Ғалымдардың пайымдауынша, мұнда құрғақ және су жолдары болған. Хараппа өркениетінің қалаларынан табылған таразы тастары, халық арасында күрделі экономиялық қатынастар дамығандығын дәлелдейді. Қолөнер бұйымдары металл, ағаш, сүйек, піл сүйегі. материалдардан жасалды. Сан алуан тұрмыстық-шаруашылық бұйымдарына хайуанаттар суреттері, пиктограммалық жазулар түсірілді. Сол кездегі адамдардың мүсіндері де жасалған. Өркениеттің негізгі ерекшеліктерін көрсететін материалдар Пәкістандағы Хараппа, Мохенджо-Даро мен Чанху-Даро және Үндістандағы Лотхал, Калибанган, Рупар қалаларынан алынған. Жерлеу орындарының мәліметтері, негізінен Хараппа мен Лотхал маңындағы қорымдардан алынған. Оған қарағанда, ежелгі хараппалықтар мүрдені шалқасынан жатқызып, шұңқырларға жерлеген, қасына қыш ыдыстар, тағы басқа заттар қойған. Хараппа өркениетін қалдырған халық құдай-анаға, Шива құдай прототипіне, отқа, ағашқа, жан-жануарларға табынды. Зерттеушілер Хараппа өркениетінің құлдырауына алып келген тектоникалық қозғалыстар мен су тасқыны, топырақ құнарлылығының төмендеуі, эпидемия мен соғыстар деп пайымдайды. Хараппа өркениетінің ықпалы Пәкістан мен Үндістан халықтары арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Базидиалды саңырауқұлақтар класы, гименомицеттер тобының афиллофоралар қатарына, рогатиктер тұқымдасына жататын саңырауқұлақ. Солтүстік Қазақстан облысының орташа гумусты, қара топырақты жерлерінде өсетін топ қайыңдардың арасынан табылған. Қазақстан спарассисінің жемістік денесі етженді қалпақша мен аяқшадан тұрады. Қалпақшасы дөңгелек сфера немесе шар тәрізді, оның диаметрі 6 – 8 сантиметр Жас кезінде саңырауқұлақтың сыртын ақшыл перде жауып тұрады. Өсе келе пердесі жыртылып, астынан жапырақ тәрізді бір-бірімен жабысып, тарамдалып өскен қалпақшасы көрінеді. Аяқшасы жемістік денесінің ортасынан шығады. Оның биіктігі 6 – 8 сантиметр, ені 1,2 – 2 сантиметр, төменгі жағы жуан, ақшыл-сұр түсті, ал жоғары қарай жіңішкере түседі, қоңырқай түсті болады. Қазақстан спарассисі – жеуге жарамсыз саңырауқұлақ. Өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Сарлық — Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы ауыл, Амангелді ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ұлытау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 29 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 774 адам (400 ер адам және 374 әйел адам) болса, 2009 жылы 524 адамды (280 ер адам және 244 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1957 жылы қой өсіретін Амангелді атындағы кеңшардың құрылуына байланысты қаланған. Ауылда 1996 жылдан кеңшар негізінде құрылған шаруа қожалықтары жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Сарман — 1) Орта жүз, Уақ тайпасынан тараған ата. Шежіре деректері бойынша, Сарманнан Қарақойлы, Көкен рулары тараған. 2) Орта жүз, Ашамайлы Керейдің рулар бірлестігі. Шежіре деректеріне қарағанда, Сарманнан Болат, Қорған рулары тарайды. ## Дереккөздер
Мырзақадыр Нұрбаев (1909–1961) – қоғам қайраткері, Қазақстаннан шыққан алғашқы заңгерлердің бірі. Қызылқұм өңірінің түлегі. Мәскеудегі Заң академиясын үздік бітірген соң Ресей мемлекеттік Қауіпсіздік органдарында қызмет істеген. 1941 жылы мамыр айынан Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағасы, 1943 жылдан Қазақ КСР Заң Халық комиссары, Министрі болған. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. ## Сілтемелер
Нұратау, Төртқұдық Нұрасы, Үкілітау (моңғ. Нұра – жартасты, жарлы) – Түркістан облысы Отырар ауданының қиыр оңтүстік-батысында, Қызылқұм құмды алқабында орналасқан аласа тау. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 303 м, салыстырмалы биіктігі 60–75 м-дей, беті тегіс тау батыстан шығысқа қарай 18 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км. Таудың солтүстік-батысында 8 км жерде Қызылқұдық, солтүстік-шығысында 8 км жерде Талды құдығы (тереңдігі 19 м, су шығымдығы 2180 л/сағ), оңтүстігінде 2 км жерде Орынбай құдығы бар. Нұратаудың орта тұсынан «Жау жолы» деп аталатын киелі жол өтеді. Жол бойында қолдан қазылған ескі үңгірлер, жиегінде сынған қылыш, найза, садақ ұштары, тағы басқа жаугершілік заманнан қалған заттар кездеседі. ## Дереккөздер
Өсербай Нұрбаев (21.8.1904 жылы туған, Төле би ауданы Көксәйек ауылы) – Социалистік Еңбек Ері (1948). Дулат тайпасының Жаныс руынан. Еңбек жолын 1928 жылы ұжымдастыру кезеңінен бастаған. 1945 жылдан егіншілер бригадасын басқарып, астық өндіруде жоғары көрсеткіштерге жетті. ## Сілтемелер
Әбдіқадыр Кәрім (1.6.1953 ж. т., Қазығұрт ауданы Рабат ауылы) – 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, әділет генерал-майоры (1996). Ташкент мемлекттік университетін бітірген (1974). 1974 – 1987 жылдары Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасында тергеуші. Шымкент облысы прокуратурасында аға тергеуші. Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокурорының орынбасары, Қазақстан Коммунистік Партиясы Шымкент облысы комитеті әкімшілік органдары бөлімінің нұсқаушысы, Шымкент облысы прокурорының 1-орынбасары болды. 1987 – 2001 жылдары Өзбекстанның Ташкент облысы Шыршық қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Шымкент қаласы Дзержинск ауданының прокуроры, Түркістан облысы прокурорының 1-орынбасары, Жамбыл облысының прокуроры. Жамбыл, Алматы облыстары бойынша мемлекеттік тергеу комитеті басқармасының, департаментінің бастығы, ҚР ІІМ резервінде. ҚР Бас прокуратурасының азаматтық және шаруашылық істер бойынша сот қаулылары мен атқару ісінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, Маңғыстау облысының прокуроры. ҚР Бас прокурорының орынбасары – Бас әскери прокурор. Алматы қаласының прокуроры қызметтерін атқарды. 2002 жылдан Батыс Қазақстан облысының прокуроры. «ҚР-ның тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Қарулы күштеріне 10 жыл» медальдарымен марапатталған. ## Сілтемелер
Қоянқұйрық (түлкіқұйрық, Alopecurus) – астық тұқымдасына жататын өсімдік туысы. Биіктігі 20 – 120 см, көп жылдық, сирек бір жылдық өсімдік. Гүл шоғы сыпыртқыға жинақталған. Тамыры қысқа, шым түзеді. Сабағы түсті, кейде түксіз. Аталығы үшеу. Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, облыстарында, Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Қаратау, Алтай, Тянь-Шань, Тарбағатай, Сырдария алқабында 7 түрі кездеседі. Өзен-көл жағасында, ылғалды, батпақты жерлерде, альпілік, субальпілік шалғындықта өседі. Жақсы жайылым, сапалы мал азығы. Кей түрі әсемдік үшін егіледі. ## Сілтемелер
Тимин, 5-метилурацил – пиримидинді негіздер. Барлық тірі клеткалардағы дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) құрамында, аз мөлшерде тасымалдаушы рибонуклеин қышқылы (тРНҚ) құрамында болады. Сондай-ақ кейбір коферменттік көмірсу алмасуында да кездеседі. Тимин (Тимозин) — гормон, айырша безде пайда болады, төменгі молекулалы қышқыл белок. Иммунитеттің айыршық безге тәуелді жуйе торшаларының жетілуін тездетеді, лимфоидты торшаларының қызметіне және қартаюына әсер етеді. Т. барлық сүтқоректі жануарлардың қанында кездеседі. Жас өткен сайын оныі саны азаяды. Тимин қанда азаюы Ходжкин ауруында (лимфогрануле-матоз), созылмалы лимфолейкозда, атаксия телеангиэктазияда кездеседі. Химиялық формуласы - C5H6N2O2. ## Дереккөздер
Серік Қуандықұлы Ақшолақов (3 шілде 1952 жылы, Ақтөбе облысы Шалқарда туған) – қазақстандық нейрохирург дәрігері, ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның Еңбек Ері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Ұлттық Нейрохирургия орталығының президенті. ## Жалпы мәлімметтер Ақтөбе медицина институтытын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы, М.Оспанов атындағы) бітірген (1975 жылы). 1976 – 81 жылдары Ақтөбе облысы ауруханасында нейрохирург, 1981 – 89 жылдары Москва нейрохирургия ғылыми - зерттеу институтында клиникалық ординатор, аспирант, 1989 – 92 жылдары Алматыдағы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында нейрохирург, 1996 жылдан сонда кафедра меңгерушісі. Сонымен бірге 1992 жылдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау минстрлігінің бас нейрохирургі. ## Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми - зерттеу жұмыстары бас миы ішінен және ми қабыршағынан болатын орталық жүйке жүйесі мен жұлын ісіктерін, бас сүйек - ми жарақаттарын емдеу мәселелеріне арналған. Ақшолақов нейрохирургиялық ауруларға қатысты барлық хирургиялық әдістерді өз іс - тәжірибесінде қолдана отырып, мидың ең күрделі саналатын базальдік бөлімдеріне, ми бағанасына, қарынша жүйесіне, ми тамырларына хирургиялық операция жасайды.8 патент пен авторлық куәліктің иегері, 150-ден астам ғылыми еңбегі және 6 монографиясы жарық көрді. Ақшолақовтың жетекшелігімен 15 клиникалық ординатор дайындалып, 2 докторлық және 18 кандидаттық диссертация қорғалды. ## Марапаттары * 1998 жылы «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызыметкері» құрметті атағы; * 2001 жылы ҚР тұңғыш президенті - елбасының Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке алғыс хаты; * 2005 жылы Тәуелсіз «Платинды Бас Тарлан» сыйлығының лауреаты; * 2005 және 2007 жылдары ҚР тұңғыш президенті - елбасының Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке алғыс хаты; * 2008 жылы Дүниежүзі дәрігерлер ассоцасысының «Әлем дәрігері» құрметті атағымен марапаттады. * 2008 жылы Ресейдің « Н.И.Пирогова» атындағы сыйлығының лауреаты; * 2007 және 2009 жылдары «Жыл адамы – Алтын адам» сыйлығының иегері; * 2010 жылы президент қолынан «Парасат ордені» мен марапатталды. * 2011 жылы Республикалық нейрохирургтар конкурсының жеңілімпазы; * 2012 жылы «Асқақ Азамат» құрметті атағы; * 2013 жылы ғылым мен техника саласындағы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты; * 2015 жылы президент қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды. * 2016 жылы 13 желтоқаснда ҚР тұңғыш президенті - елбасының Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен өз қолынан денсаулық сақтау саласындағы ерен еңбектері үшін жоғарғы айрықша белгідегі Қазақстанның Еңбек Ері алтын жұлдызды атағымен қосыла «Отан ордені» берілді. * 2017 жылы Ақтөбе облысының құрметті азаматы ## Дереккөздер
Жолдыбай Нұрлыбаев (1922, Мақтаарал ауданы – 20.2.1945) – соғыс ардагері. Кеңес Одағының Батыры (24.3.1945). Қызыл Армия қатарына 1941 жылы шақырылды. 5-Армияға қарасты 507-танкіге қарсы армиялық истребитель артиллериясының Кишинев полкі құрамында батарея командирі болып, Сталинград, Оңтүстік, 3 және 4-Украин, 1-Белорус майдандарында ұрысқа қатысты. Лукац-Крейц қаласының іргесінде болған кескілескен шайқаста капитан Жолдыбай Нұрлыбаев асқан ерлікпен қаза тапты. Ленин, Қызыл Ту, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. Мақтаарал ауданында оған ескерткіш қойылған. ## Сілтемелер
Ақсуабад – Сайрам ауданындағы ауыл, Көлкент ауылдық округ құрамында. Аудан орталығы – Ақсу ауылынан солтүстік-батысқа қарай 18 км жерде, «Көлкент», «Ақтан ата» тарихи көлдерінің шығысында орналасқан. Тұрғыны 4,0 мың адам (2003). Іргесін 20 ғ-дың 20-жылдары Қарабұлақ ауылынан қоныс аударғандар қалап, Ақсу ауылы деп атаған. Ақсуабад 1999 жылға дейін Жданов аталып келген. 1965 – 99 ж. Фрунзе атындағы КСРО Медицина өнеркәсібі министрлігінің дәрілік өсімдіктер өсіретін кеңшары құрамында болды. Оның негізінде ЖШС, шаруа қожалықтары құрылды. Ақсуабадта орта мектеп, клуб, кітапхана, мешіт, фельдш.-акушерлік пункт, т.б. мекемелер жұмыс істейді. ## Сілтемелер
Ыбырайым Нұрымов (1895, Түркістан ауданы Ораңғай ауылы) – Социалистік Еңбек Ері (23.7.1948). 1929 жылға дейін малшы болды. 1929 жылдан Жамбыл атындағы ұжымшарда жылқышы болып еңбек етті. Ол қырық жылдан астам уақыт ұжымшар жылқысын бағып, қоғамдық мал басын көбейту жолында еңбек етті. 1947 жылы 96 биеден 96 құлын өсірді. ## Сілтемелер
Дүйсенбай Әшірбаев (9.8. 1911 жыл, Төле би ауданы, Бейнеткеш ауылы) - қоғам қайраткері. Еңбек жолын 16 жасында мал бағудан бастаған. 1932 жылы механизаторлар курсын бітіріп, 1940 жылға дейін МТС-та механизатор болып жұмыс істеген. 1940 – 1977 жылы Бейнеткеш ұжымшарында трактор бригадасының бригадирі болып еңбек етті. 1946 жылы Ленин орденімен марапатталды. Сол жылы Қазақ КСР Кеңесіне депутат болып сайланды. 1949 – 1950 жылдары 2 рет Мәскеудегі бүкілодақтық көрмеге қатысқан. 1951 жылы 2-рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. ## Дереккөздер
Ақышев Төкіш (Төлепберлі) (1.9.1932 жылы, Қарағанды облысы Ақтоғай ауылы – 25.6.1999 жылы, Алматы) – ғалым, Қазақстанда геофизика саласын ұйымдастырушы. ## Өмірбаяны Арғын тайпасы, Қаракесек руының Әлтеке бұтағынан шыққан. Үш мәрте “Кен орнын алғаш ашушы”. Геологиялық - минералдық ғылым докторы (1990 жылы), професор (1990 жылы). Жер қойнауын барлаудың үздігі. Қарағанды мемлекет мұғалімдер институтын (1951 жылы), Қазақ тау - кен институтын (қазіргі ҚазҰТУ) (1957 жылы) бітірген. 1951 – 52 жылдары Ақтоғай орта мектебінде мұғалім. 1957 – 70 жылдары Орталық Қазақстандағы Ақадыр геофизикалық экспедициясында оператор, геофизик, аға геофизик, кешенді далалық партиясының басшысы, экспедиция бастығы болды. 1970 – 81 жылдары Алматы облысы Іле геофизикалық экспедициясын басқарып, “Мамыр” қалашығын салдырды. 1981– 87 жылдары “Қазгеофизика” геологиялық өндірістік бірлестігінің бастығы, 1987 – 91 жылдары КСРО геологиялық минералдық Каспий аймақтық өндіріс бірлестігінің бастығы, 1992 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазҰТУ геофизика кафедрасының меңгерушісі болды. Ақышевтың негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның геофизика саласына арналған. Ғалымның тікелей қатысуымен көптеген ірі кен орындары: Ұзынжал (қорғасын, мырыш), Көктенкөл (молибден, вольфрам), Құмадыр (қорғасын, күміс, алтын), Қосағалы мен Тұяқ (темір), Қызылтас (мыс), Жүнді (қорғасын, күміс), Шу - Сарысу (газ), т.б. ашылды. Каспий ойпатынан 2000-ға жуық мұнай мен газ көздері құрылымдарының орны анықталып, бұрғылауға дайындалды. Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнын барлау жұмыстарына қосқан үлесі үшін Ақышевқа КСРО Министрлер Кеңесінің сыйлығы (1989 жылы), 1968 – 83 жылдары Қазақстанның металлогениясы мен басты тау - кен аймақтарын кешенді зерттеудегі ғылыми еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1985 жылы) берілді. 200-ден астам ғылыми еңбектің, 8 монографияның, 11 геологиялық картаның авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстанның “Алтын кітабына” енген. ## Сілтемелер * Ақтоғай * Көктенкөл * Қарашығанақ ## Дереккөздер
Оразбек Нұсқабаев (1949 жылы туған, Отырар ауданы) – социология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінің әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, ғалым, философия ғылымдарының докторы (1995), профессор ҚазМУ-дың философия-экономика факультетін бітірген соң 1973–91 жылы Орал педагогикалық институтында философия кафедрасында ассистент, аға мұғалім, доцент болды. О.Нұсқабаев 1991 жылы Түркістан қаласында А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ашылған алғашқы күндерден 2014-2015 оқу жылына дейін кафедра меңгерушісі, ал 2015 жылдан бері «Қоғамдық пәндер» кафедрасының профессоры қызметін атқарып келеді. Ол 10 монографияның, 25 оқу-әдістемелік құралдың, 100-ден астам ғылыми мақаланың авторы.Оның жетекшілігімен 17 адам кандидаттық және докторлық, 28 адам магистрлік диссертация қорғады.Профессор О.Н.Нұсқабаев Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ – нің жанынан Түркістан қаласында тұңғыш рет ашылған Философия, социология және экономикалық социология мамандықтары бойынша диссертациялар қорғалатын Мамандандырылған кеңес (1997-2002 жылдар аралығында қызметтенді) төрағасы болды. Ол бірнеше ғылыми басылымдардың редколлегия мүшесі, әлеуметтік-гуманитарлық ғылым салалары бойынша осы уақытқа дейін өткізілген 50-ден астам Халықаралық ғылыми симпозиумдар мен конгрестердің тұрақты қатысушысы, мемлекеттік гранттар бөлінген салиқалы ғылыми зерттеулер жетекшісі. Марапатталуы:1. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалы (2011 жылға 10 қарашадағы ҚР Президентінің жарлығымен)2. «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» медалы (ОҚ облысы әкімінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №1-3180 өкімімен).3. «Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов» медалы (ҚР Қорғаныс министрілігінің 2015 6 мамырдағы жарлығымен).4. «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі (БжҒ министрлігінің 24 сәуір 2014 жылғы жарлығымен).5. Оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен (ҚР БжҒ министрлігінің 23 желтоқсан 2009 жылғы жырлығымен).6. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен (ҚР БжҒ министрлігінің 9 маусым 2009 жылғы жарлығымен) ## Дереккөздер
Тәуіш — Қостанай облысы Жангелді ауданындағы ауыл, Жаркөл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Торғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 55 км жерде, Татыр мен Жаркөл көлдерінің аралығында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1217 адам (621 ер адам және 596 әйел адам) болса, 2009 жылы 1177 адамды (612 ер адам және 565 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1960 жылы ұсақ ұжымшарларды біріктіру негізінде құрылған “Албарбөгет” қой кеңшарының орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде Тәуіште бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Сармат мәдениеті— ерте темір дәуірінде Қазақстанның батыс өлкелері мен Оңт. Орал далаларын мекендеген көшпелі тайпалар қалдырған түрлі археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Жалпы “сармат” атауы көне грек жазба деректерінен жеткен шартты ұғым, ал сарматтар осы тарихи деректер бойынша шығыстан келіп, Қара т. скифтері патшалығын талқандаған тайпалар ретінде танымал. Археол. зерттеулер Сармат мәдениетіжайлы, яғни тайпалардың жерлеу ғұрпы, заттық мәдениеті, өнері жайлы құнды деректер берді. Ғыл. қорытындылар бойынша, мәдениеттің өмір сүрген уақыты б.з.б. 7 — 6 ғ-лар мен б.з. 4 ғ. арасын алып жатқан өте үлкен мерзімді қамтиды. Даму барысындағы ерекшеліктерді ескере отырып, ғалымдар осы өте ұзақ мерзімді “ерте сармат” (немесе прохоров мәдениеті), “орта сармат”, “соңғы сармат” деп аталатын үш кезеңге бөлді. Бат. Қазақстаннан Қара т., Орт. Еуропаға дейінгі аралықта тараған, жүздеп саналатын обаларды қазу, олардан алынған деректерді зерттеу, сараптауда М.И. Ростовцев, Б.Н. Граков, К.Ф. Смирнов, М.Г. Мошкова, Б.Ф. Железчиков, М.Қадырбаев, Ж.Құрманқұлов, А.Х. Пшеничнюк, С.Ю. Гуцалов еңбектерінің маңызы зор. Сармат мәдениетінің алғаш қанат жайып қалыптасқан аумағы Еділден шығысқа қарай орналасқан өлкелер. Ғыл. пайымдаулар бойынша, осы жерлерде, ең алдымен, Ор мен Елек өзендері алқаптарында, Жайық далаларында ерте Сармат мәдениеті (б.з.б. 7 — 6 ғ-лар мен 1 ғ. аралығы) қалыптасқан. Бесоба, Сынтас сияқты қорымдардан алынған деректер осы кезең жайлы құнды мәліметтер берді, сондай-ақ қазір зерттеліп жатқан Қырықоба үлкен қорымы (Батыс Қазақстан облысы) маңызды нысандар қатарына кіреді. Археол. зерттеулерде ерте сармат кезеңіне жататын семсер, қанжар, жебе сияқты қару түрлерінің, ат әбзелдерінің, түбі дөңес қыш көзелердің, айналар мен тас құрбандық ыдыстардың, аң стилімен сомдалған бұйымдардың тұрақты сипаттамалары жасалған. Зерттеушілер заттық мәдениет пен жерлеу ғұрпының басты ерекшеліктерін алға тарта отырып, ерте Сармат мәдениетінің қалыптасуына жергілікті дәстүрлермен қоса Арал, Төм. Сырдария сақтарының да маңызды ықпалы болғанын атап көрсетті. Б.з.б. 1 ғ-дан бастап 4 ғ-ға дейінгі аралықты орта және соңғы Сармат мәдениеті ескерткіштері алып жатыр. Сармат тайпаларының үлкен бөлігінің батысқа жылжыған уақытымен сәйкес келетін бұл кезеңдердің ескерткіштері шашырай таралып, аз табылған және біршама өзгерістерге ұшыраған. Мәдениет дамуының соңына қарай орын алған тарихи оқиғаларға байланысты кейінгі Сармат ескерткіштерінде ғұн ықпалы басым. Сармат дәуіріне жататын, бірақ классик. Сармат мәдениеті үлгісінен өзіндік ерекшеліктері бар кейбір ескерткіштер Арал мен Каспий аралығында ашылды (мыс., Дықылтас, Бәйте қорымдары, Қызылүйік ғибадатханасы). Кейінгі зерттеулер барысында туындап отырған күрделі мәселелердің бірі — Сармат мәдениеті мен “дах-массагет” атауымен байланыстырылатын ескерткіштердің арасын анықтау болып табылады. ## Пайдаланылған cілтемелер
Шолақ Қуандық Абашұлы (20 қараша 1941 жыл, Жамбыл облысы Рысқұлов ауданы Сазқұдық (қазіргі Жаңатұрмыс) ауылы]] — Қазақстан ақыны, жазушы. Т.Рысқұлов ауданының құрметті азаматы. Алматы Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітірген. Механизатор, клуб меңгерушісі, комсомол ұйымының хатшысы болған. Ұзақ жылдар сауда саласында қызмет атқарған. 1982 ж. «Ата жұрт» атты алғашқы өлеңдер жинағы шыққан. Содан кейін оның «Кешіккен көктем», «Күзгі ырғақтар», «Көксеңгір» және «Менің атам» кітаптары жарық көрді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ## Шығармашылығы * Ата жұрт-1982 * Кешіккен көктем - 1986 * Күзгі ырғақтар - 1989 * Көк сеңгір - 1989 * Менің атам - 2001 ## Дереккөздер
«Аршалы айнасы» — Ақмола облысы Аршалы ауданында шығатын қоғамдық-саяси газет. 2007 жылдың 1 қаңтарынан Аршалы ауданы әкімінің қаулысына байланысты қазақ тілінде шыға бастады. Аптасына 1 рет мемл. тілде шығады. 2007 ж. газет «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облысы байқауында 1-орынды жеңіп алды. ## Сыртқы сілтеме * АРШАЛЫ(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Үңгірқора қорымдары - үйсін дәуірінің ескерткіштері. Алматы облысы Іле өзеннің оң жағалауында орналасқан екі қорымды 1954 жылы Жетісу археологиялық экспедиция (жетек. К.Ақышев, Г.Кушаев) ашып, 1957 жылы екеуінде де қазба жұмыстарын жүргізді. ## Үңгірқора-1 қорымы Үңгірқора-1 қорымының құрамындағы 78 оба үш үлкен топқа бөлінеді (А, Б, В топтары). Әр топтың ішіндегі обалардың өзі көлемі жағынан шағындау келген бірнеше шоғырланған топтарға бірігеді. Планигр. ерекшелікке обалардың меридиан сызығымен тізбектеле орналасуы жатады. Пішіні жағынан дөңгелек, кейде сопақша келген обалар тас қиыршықтар аралас топырақтан үйілген, диаметрі 2 м-ден 14 м-ге дейін, биіктігі 1 м. Көптеген обалардың үйінді етегінен айнала өтетін дөңгелек тас қоршаулары бар. Қазылған 17 обаның астынан ұзын бойымен батыстан шығысқа созылған қарапайым шұңқыр қабірлер ашылды. Ұзындығы 2,2 — 3 м, ені 0,8 — 1 м, тереңдігі 0,8 — 1,36 м болатын тік қабырғалы қабірлердің түбінде мүрделер ұзына бойымен басы күнбатысқа қарай шалқасынан жатқызылған. Қабір жабыны — бір қатар, кейде екі қатар салынған ағаш бөренелер. Кейбір қабірлердің ішінде де ірге бойларына бөренелер салынып, мүрде осы қорапшаның ішіне қойылған да, үстінен қайтара бөренелермен жабылған (қимаға жерлеу тәсілінің тым қарапайымданған түрі). Мүрдемен бірге қабірге салынған заттай айғақтар арасында ең көп кездесетіні — түбі дөңес келген қыш ыдыстар. Бұдан басқа қола айна, сырғалар, темір пышақтар мен түйреуіштер, тастан, пастадан жасалған моншақтар табылған. Қабірге, мүрде жанына қойдың құйымшақ сияқты құйрық жағынан мүше салу дәстүрі жиі кездеседі. Ғалымдардың пікірі бойынша қорым үйсін дәуірінің б.з.б. 3 — 1 ғасырларды қамтитын ерте, яғни “Қаратал” сатысына жатады. ## Үңгірқора-2 қорымы Үңгірқора-2 қорымы Үңгірқора-1 ескерткішінен Іленің ағысына қарсы жүргенде 2 км жерде. Мұндағы аумағы 150 — 200 м жерді алып жатқан барлығы 39 обаның негізгі тобы ретсіз, шашырай орналасқан да, тек шығыс бүйірдегі бөлектенген 6 обадан ғана меридиандық тізбек тәртібі байқалады. Топырақтан үйілген, пішіні дөңгелек, диаметрі 8 — 12 м, биіктігі 0,3 — 1,3 м болатын обалардың 17-сі қазылды. Қабір түрі мен құрылымының, жерлеу тәсілі мен заттық деректердің басты ерекшеліктері Үңгірқора-1 қорымындағы обаларға ұқсас. Сонымен бірге мұндағы бір обадан бір емес екі қабір кездескен, енді бір обада бір қабірде екі адам жерленген. Сыртқы тас қоршауы бар обалардың азаюы, обалардың ретсіз орналасуы, түбі тегістеу келген ыдыстардың көбеюі, тағы басқа айырмашылықтардың негізінде зерттеушілер Үңгірқора-2 қорымын үйсін дәуірінің соңғы, яғни “Іле” сатысына (б.з. 3 — 5 ғасырлар) жатқызды. ## Дереккөздер:
Ақсүмбе мұнарасы (13 – 14 ғ-лар) — архитектуралық ескерткіш. Созақ ауданының Ақсүмбе ауылы жанындағы биік төбеде орналасқан. Деректерде Дешті Қыпшақ жеріндегі бақылау мұнарасы ретінде айтылады. Шикі кірпіштен тұрғызылған. Табанының диаметрі 10 м. Мұнара мен ішкі баспалдақтары жартылай бұзылған. Солтүстік бөлігінде аркалық қуыс сақталған. ## Дереккөздер
Сарнақ, сарнауық — киіз үйдің сүйегін жасаушылардың жоңғы құралы. Уық, кереге, шаңырақтардың қарына сызық, ирек, су ағар түсіру үшін қолданылады. Ағашқа өрнек із түсіретін арнаулы тістері иіліп келген, екі бас сапты, темір қырғыш. Сабын мүйізден, ағаштан сақиналап сәндейді. Тістері бір жағына қарай азырақ қайырылған.Сарнақтың екі басына ағаштан, мүйізден сап орнатып, кейбір түрлерін шығыршық темірмен сақиналап, сәндеп қояды.Сарнақты атқаратын қызметіне қарай: қырнауыш, ыру жонғы, тиісті жонғы, қырғы темір, сай салғыш, темір қырғыш, өрне жонғы деп қолданады. ## Пайдаланылған cілтемелер
Тимашевка — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы ауыл, Ярослав ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Атбасар қаласынан оңтүстікке қарай 18 км жерде, Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Ауыл 1965 – 95 жылдары астық өсіретін кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде Тимашевкада және округке қарасты Калиновка, Хрящевка, т.б. елді мекендерде шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. ## Дереккөздер
Рәтбек қажы Нысанбайұлы (14 қараша 1940 жыл, Сарыағаш ауданы – көрнекті діни қайраткер. Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш бас муфтиі. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, белгілі ғалым. Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан. ## Өмірбаяны * Бұхарадағы «Мир-Араб» медресесін және Бұхар педагогикалық институтын бітірген (1964). * Шетелде Ливия университетінде діни білім алған (1975). * Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1990). * Қазақстан халықтары ассамблеясы кеңесінің мүшесі. * І және ІІ құрылтайларда бірауыздан сайланған (1990-1992). * Ол бас мүфти болған кезде еліміздегі мешіттер саны 1,5 мыңға дейін көбейді, Алматыда Бас мешіт салынды. Оның бастамасымен Ислам университеті, Жамбыл облысының Меркі ауылында медресе ашылды, «Ислам әлемі» және «Шапағат-Нұр» діни журналдар шыға бастады. * Қазіргі уақытта Есік қалалық мешітінің бас имамы. ## Дереккөздер
Сақтанушы – сақтандырушымен ерікті негізде немесе заңға сәйкес сақтандыру шартын жасаған заңды немесе жеке тұлға. Сақтанушы сақтандыру жарналарын төлейді және сақтандырушымен (сақтандыру компаниясымен) нақты қатынастарға түседі. Ол үшінші тараптың мүдделері үшін немесе соның атынан сақтандыру шартын жасауға құқылы. Халықаралық сақтандыру тәжірибесінде оны полис ұстаушы деп атайды. Міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша оларда көрсетілген тұлғалар заңға сәйкес, яғни шарт жасаспай-ақ Сақтанушы болып табылады. Мүлікті сақтандыруда мүлікті меншіктенуші, оралымды немесе сенімгерлікпен басқару құқықтары негізінде тиесілі тұлға, мүлікті жалға, лизингіге, тасымалдауға, кепілзатқа, ипотекаға, сақтауға, комиссияға, сатуға, т.б. мақсаттар үшін қабылдаған тұлға Сақтанушы бола алады.Сақтанушы қайтыс болған жағдайда оның құқықтары мен міндеттері осы мүлікті мұралану тәртібімен қабылдаған тұлғаға көшеді. Басқа жағдайларда Сақтанушының міндеттері мен құқықтары сақтандыру ұйымының келісімімен жаңа меншіктенушіге ауысады. Жеке басты сақтандыруда өзін, басқа тұлғаларды (мысалы, балаларды) сақтандырған әрекет етуге қабілетті азаматтар, сондай-ақ өз қызметкерлерін сақтандырған ұйымдар Сақтанушы болып табылады. Жауапкершілікті сақтандыруда Сақтанушының іс-әрекеті, мүлікті иеленуі салдарынан үшінші тұлғаға келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерін сақтандырушыға заң немесе шарт негізінде табыстайтын жеке немесе заңды тұлға Сақтанушы болып табылады. Сақтанушы заңды тұлға қайта құрылған кезде сақтандырудың кез келген түрі бойынша оның құқықтары мен міндеттері сақтандырушының келісімімен мирасқорға көшеді. Әлеуметтік сақтандыруда Сақтанушы – әлеуметтік сақтандыру қорына заңда белгіленген аударымды аударушы ұйым. Міндетті медицина сақтандыруда жұмыс істеуші халық үшін – меншік нысандарына және қызметінің ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан ұйымдар, мекемелер, өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілер; жұмыс істемейтін халық үшін мемл. басқару органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары Сақтанушы болып табылады. Ерікті медициналық сақтандыруда Сақтанушы – азаматтар және кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалар. Сақтанушы сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандыру тәуекелін бағалау және тиісті сақтандыру тарифін белгілеу үшін елеулі мәні бар барлық мән-жайды сақтандыру ұйымына хабарлауға, сақтандыру жарналарын уақтылы және толық төлеуге міндетті. Сақтанушының сақтандыру уақиғасы болғанда сақтандыру төлемақысын алуға немесе сақтандырылушының немесе пайдасына сақтандыру шарты жасалған басқа тұлғаның алуын қамтамасыз етуге құқылы. Бұл үшін Сақтанушы болған оқиға туралы белгілі бір мерзімде хабарлауға тиіс. ## Сілтемелер * Сақтандыру уақиғасы * Сақтандыру саласы * Сақтандыру жауапкершілігі ## Дереккөздер
Арыс – Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бетпақдала шөлінің батысындағы тұзды көл. Теңіз деңгейінен 59 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы, құрамы Аумағы 124,5 км2. Ұзындығы 21,2 км, ені 9,5 км. Су жиналатын алабы 15900 км2. Көл табанының қалыңдығы 15 см-ден 50 см-ге дейін тұз басып жатыр. Суының минералдылығы 325 г/л, хлорид класына, натрий тобына жатады. Су құрамында йод, фтор, бром, бор, мырыш, марганец және темір қосындылары кездеседі. Көл негізінен көктемгі жауын-шашынмен толысып, жаз айларында құрғап қалады. ## Дереккөздер
Ақтас жылқы зауыты, Бәйдібек ауданындағы «Ақтас» жылқы өсіретін кеңшар (1977) негізінде 1983 ж. құрылған. Асыл тұқымды ахалтеке жылқысын өсіріп, оның тұқымын жақсартумен шұғылданған. 1996 ж. оның негізінде Ақбақай асыл тұқымды жылқы шаруашылығы ұйымдастырылды. 1945 ж. Жеңіс шеруінде маршалл Жуков мінген, 1948 ж. Луговой жылқы зауытына әкелінген «Араб» атты ақбоз арғымақтың ұрпағы, әлем чемпионы «Абсент» пен Түркіменстаннан әкелінген екі бас ахалтеке биелерінің тұқымы 50 басқа жетті. ## Сілтемелер
Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов (11 ақпан 1920 жыл, Қызыләскер ауылы (қазіргі — Лесбек батыр ауылы), Шымкент уезінде (қазіргі — Келес ауданында), Сырдария облысында (қазіргі — Түркістан облысында), Түркістан КФР, РКФСР — 12 тамыз 1980 жыл, Қызыләскер ауылы (қазіргі — Лесбек батыр ауылы), Келес ауданында, Шымкент облысында (қазіргі — Түркістан облысында), Қазақ КСР (қазіргі — Қазақстан Республикасы), КСРО) — Жұмысшы-шаруа қызыл әскерінің лейтенанты, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры (1945). ## Биография Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов 1920 жылы 11 ақпанда Қызыләскер ауылында (қазіргі — Лесбек батыр ауылы) шаруа отбасында дүниеге келген. Шанышқылы тайпасының Қият руынан шыққан. Бастауыш мектепті бітірген соң колхозда еңбек етті. 1940 жылы Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов Жұмысшы-шаруа Қызыл Әскерінің қатарына шақырылды. 1941 жылдан — Ұлы Отан соғысы майдандарында. 1944 жылы Кіші Лейтенанттар курсын бітірді. 1944 жылдың желтоқсанына қарай Лейтенант Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов 2-ші Украин майданының 46-армиясының 316-атқыштар дивизиясының 1077-атқыштар полкінің взводын басқарды. Ол Мажарстанды азат ету кезінде көзге ерекше түсті. ## Соғыстағы ерлігі 1944 жылы желтоқсанның 4-нен 5-не қараған түні Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов өз бөлімшесінде алғашқылардың бірі болып Дунайдан өтіп, плацдармды алуға белсене қатысты. Келесі күні Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасовтың взводы жау бөлімшелерінің он бес қуатты қарсы шабуылын тойтарып қайтты. Ұрыстарда Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов жараланды, бірақ ұрыс даласынан кетпей, ұрысты жалғастырды. Взвод пен оның командирінің әрекеті плацдармды сәтті ұстап тұруға және кеңейтуге ықпал етті. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен «Шайқастарда көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін» лейтенант Лесбек Жолдасов-қа "Ленин" және "Ұлы Отан соғысының батыры" деген жоғары атақ берілді. "Алтын Жұлдыз" медалі, нөмірі 7623. Соғысты басынан-аяғына дейін өткені үшін, және соғысқа бағаланбас үлес қосқаны үшін: * "Кеңес Одағының Батыры" атағы берілді (1945); * "Ленин" Ордені (1945); * "Алтын Жұлдыз" медалі (1945); * "КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының" грамотасы (1945); * "Ұлы Отан Соғысы II дәрежелі" ордені (1945) берілді. ## Соғыстан кейін Соғыс аяқталғаннан кейін Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов запасқа жіберілді, туған жеріне оралды. Педагогикалық институтты бітіріп, одан кейін орта мектептің директоры болды. Денсаулығына байланысты 1980 жылы 12 тамызда өмірден озды. Қазіргі таңда батыр қызмет еткен мектеп Лесбес Жолдасовтың есімімен аталады. ## Әдебиет Кеңес Одағының Батырлары — қазақстандықтар. Кітап 1. Алматы, 1968 жыл.
Сейітқасым Әшіров (7.7. 1924, Отырар ауданы, Қоғам ауылы – 30.6.2004, Шардара ауданы) – Кеңес Одағының Батыры (24.3. 1945). ҚазМУ-дың заң факультетін, Самарқанд ауыл шаруашылық институтын бітірген (1987). 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, Самарқанд қаласынан мергендердің 3 айлық курсынан өтті. 2-Белорус майданының 96-атқыштар дивизиясы 331-полкінің құрамында барлаушы, взвод командирінің орынбасары, взвод командирі болып, Белоруссия, Польшадағы ұрыстарда жау шебіне талай рет өтіп, құнды деректер әкелді. 1946 – 1951 жылдары Шәуілдір ауданы партия комитетінде нұсқаушы болды. 1951 – 1964 жылы Қызылқұм ауданының халық сотында судья, Шардара ауданы, Шардара кеңшарында бас зоотехник, директордың орынбасары, директор болып істеді. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, 1-дәрежелі «Отан соғысы», 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Шардара ауданының құрметті азаматы. ## Дереккөздер
Нұралы Нысанбайұлы (1857, Ордабасы ауданы Көктөбе ауылы – 1930, сонда) – ақын. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Бала жасынан сауатын арабша ашып, өлең сөзге құмартқан ол ауыл аймақтың ақын-жыршыларына ілесіп, өлең жаттаған. Зұлпыхар, Шәкір, Бөпе қыз сияқты ақындармен ауызша, жазбаша айтыстарға түскен. Нұралы шығыс әдебиетін, ертегі, аңыздарын көп оқып, олардың бірқатарын өзінше жырлады. Бұған оның «Мұңлы-Сейіл», «Жетім Құбыл», «Қара құл», «Ханым сыры», «Шәкір-Шәкірат», «Сауда ишан», т.б. қиссауылыдастандары дәлел. Оның «Ханым сыры», «Қара құл» атты шағын дастандары Я.Лютш құрастырып, жариялаған «Киргизская хрестоматия» жинағында (1883), Қазығұрт елінің ақыны Мықан Балтекейұлымен айтысы үш томдық «Айтыс» жинағының 1-кітабында басылды (1965). Нұралы Нысанбайұлы шығармалары Ш.Ахметовтың «Қазақ балалар әдебиеті» оқулығында (1974), Ә.Оспанұлының «Қаратау атырабының ақындары» монографиясында, «Қаратау шайырлары» атты зерттеу еңбегінде талданады. Темірланда және Көктөбе ауылында Нұралы Нысанбайұлының ескерткіші бар, Көктөбедегі мектеп ақынның атымен аталады. “Байтұрсын болысқа” атты өлеңі үшін қудалауға ұшырап, орыс зерттеушісі Я.Лютшпен танысқан. Ғалым құрастырған “Киргизская хрестоматия” жинағында Нұралының ұсақ өлеңдерімен қатар “Қарақұл”, “Ханым сыры” дастандары жарық көрді. Ақынның “Қарабатыр Құлшықтың үш қызына айтқаны”, “Шежіре жыр”, “Әби белсендіге”, т.б. туындылары ел арасына кең тараған. Ол “Қуатбай” өлеңінде ел билеуші билер әрекетін сөз еткен, “Алтынбек” жырында елге өктемдік еткен Алтынбек әулетін сынайды. Діни логика мен философияға жетік Нұралы “Дүние – дөңгелек”, “Дүние кезек”, “Жасаған жақсылығың өз басыңа айналып келеді”, “Қуаныш пен реніш алмасып жатады” атты өлеңдерін өмірге әкелді. “Сөз айттым”, “Ілгері зерек дұшпан, жаман достан” өлеңдері нақылға құрылған. Нұралы “Жетім Құбыл”, “Құлқаныс – Зеберше”, “Қарқабат”, “Болат – Жанат” (“Сауда Ишан”), “Мұңлы Сейіт”, “Зайтұлы”, “Шәкір – Шәкірат”, т.б. 70-ке жуық дастан жазып, Шығыстың классик. поэзиясын, ертегі аңыздарын өзінше жырлады. Романтик. үлгідегі ақын дастандарының құрылымы қызықты оқиға мен ғибратты нақылға негізделген. Нұралы Мықан Балтекейұлымен, Шәкір, Зұлпықар, Бөпеқыз, Шәмшат ақындармен айтысқан. Ақын мұрасын З.Балғабайұлы қағазға түсіріп, бүгінге жеткізген, шығармаларының көбі ҰҒА Әдебиет және өнер ин-тының қолжазба қорында сақтаулы. ## Шығармашылығы: * Нысанбайұлы Н., Сауда Ишан, А., 1974. ## Сілтемелер
Жаппархан Асаинов (1919, Астрахан ауданы, Қоскөл а. — 1963, Алматы қ.) — Социалистік еңбек ері (1943). * 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. * Еңбек жолын 1939 ж. «Красный Пахарь» ұжымшарында бастаған. * 1943 ж. жау ұшақтарының шабуылы кезінде А. басқарған әскерлер қару-жарақ тиелген жанып жатқан вагондарды бөліп тастап, қалған вагондарды өрттен аман-сау алып қалған. Аса бағалы жүкті аман алып қалғаны үшін қазақтар арасында алғаш Соц. Еңбек Ері атағына ие болған. * 1946 жылдан Алматы қ-ның көлік кәсіпорнында жұмыс істеді. ## Сыртқы сілтеме * АСАИНОВ ## Дереккөздер
Октябрский — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы кент (1962 жылдан), Октябрь кенттік әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Алтай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 50 км жерде, Үлбі жотасының оңтүстік етегінде, Бұқтырма бөгенінің солтүстік жағасында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1955 жылы осы тұста цемент шикізатын өндіруге байланысты қаланған. Октябрскийде Өскемен цемент зауыты, машина-трактор жөндеу шеберханасы, байланыс бөлімшесі, дүкен, наубайхана, орта мектеп, клуб, аурухана, кемежай жұмыс істейді. Октябрский арқылы Өскемен – Алтай темір жолы мен автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер
Дүйсенбай Пайзиев (1.7. 1947 жыл, Түркістан қаласы) – өндіріс маманы. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Үш дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері. Еңбек жолын 1963 жылдары жұмысшы болып бастаған. 1966 жылдан «Ащысайполиметалл» комбинатында жұмыс істеді. 1977 жылдары Кентау кен-металлургия техникумын өндірістен қол үзбей оқып бітірген. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Биография * Доброта Л. Будущее Кентау прекрасно // Казахстанская правда. — 29.09.2012. Мұрағатталған 1 қарашаның 2014 жылы.
Айнабек Нысанұлы (1900, Бәйдібек ауданы Көктерек ауылы – 1972) – айтыскер ақын. Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан. Үш жасында қызылшамен ауырып, содан екі жанары суалып, зағип болып қалған. Әкесі Нысан ауызы дуалы би болған. Ол 13 жасында-ақ елге ақын ретінде таныла бастайды. Халық ақыны Нұралы Нысанбайұлы Айнабекті қасына алып, тәрбиелейді. Н. келе-келе төкпе ақынға айналады, ақын ретінде соғыс тұсында елге танылады. Ғалым Айнабек Нысанұлы Төреқұлұлының айтуынша, Айнабек Нысанұлы белгілі ақындар Манат қыз, Жылқыбай, Зұлпыхар, Италмас, тағы басқалардан өнеге алған. «Ойсалдың отыз ұлы», «Ілияс туралы жыр», «Өзім туралы», «Айнабек пен Орақтың айтысы», «М.Әуезовке арнау» секілді жырлары бар. Өлкелік, облыстық айтыстарда Құлжабай Төлеуов, Мыңбай Сұлтанбеков, Көпбай Әлімбетов, т.б. ақындармен айтысқа түскен. Оның айтыстары «Айтыс» (3-т.), «Оңтүстік ақындар айтысы» жинақтарында жарияланған. Бейіті Бәйдібек ауданындағы Көктерек ауылында. ## Дереккөздер
Әнапия Патсаев Қаныбекұлы (1948 жылы туған, Мақтaарал ауданы Асықатакент ауылы ) – ғалым, химия ғылым докторы (1996), профессор Қазақ химия-технология институтын бітірген (1971). 1971 – 1972 жылдары «Қызыл Ту» пластмасса фабрикасында шебер.1972 – 1973 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясы Химия ғылымдары институтында гербицид зертханасының инженері.1973 – 1978 жылдары кіші ғылым қызметкер.1979 – 1994 жылдары Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің неорганикалық химия кафедрасында оқытушы, органикалық және биология химия кафедрасының меңгерушісі, ал 1994 жылдан химия кафедрасының меңгерушісі... ## Ғылыми еңбектер * 3 ғылым кандидатын даярлаған. * 63 ғылым мақаласы * 1 монографиясы бар. ## Дереккөздер
Мұса Мырзағұлұлы Асайынов (1929 ж.т., Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Өскен а. — 1975, Көкшетау қ.) — ақын, әнші. Суырып салма өнерінің шебері. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1974). Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан.Халықтың салт-дәстүрін, айтыс өнерін, халық әндерінің орындалу мәнерін насихаттаушы. Көкшетау қаласынндағы мәдениет үйінің директоры болып қызмет істеген. Бала кезінен өлең шығарған. Облыстық айтыстарға (1943 — 64) қатысқан. Қазақстанның 50-жылдығы, Ж.Жабаевтың 125 жылдығына арналған айтыстарда Е. Әлібаев, Б. Тісенбаевамен болған айтыстары «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы» мен «Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы» кітаптарына енді. ## Дереккөздер
Шамшидин Паттеев Әшенқожаұлы (12.1.1960 жылдары туған, Отырар ауданы Отырабад ауылы ) – журналист. ҚазМУ-дың журналистика факултетін бітірген (1984). 1984 – 86 жылдары Түркістан арнайы ғылым шеберханасының қызметкері, 1988 – 92 жылдары «Өнер» баспасының редакторы, 1992 – 94 жылдары «Алдаспан» Қазақстан шығармашыл жастары ассоциясының бас директоры, 1994 – 99 жылдары «Түркістан» республика газеті бас редакторының орынбасары, 1999 жылдан газеттің бас редакторы болды. «Мәдениет қызметкері» белгісімен марапатталған. ## Сілтемелер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Әштар Камардинұлы Жолдасов (2 ақпан 1927 жылы туған, Арыс қаласы) – ауыл шаруашылығының маманы. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институттын (1951), СОКП Орталық комитетінің Жоғарғы партия мектебін (Мәскеу, 1960) бітірген. Еңбек жолын Шымкент қаласындағы «Қазқаракөл» тресінде аға зоотехник болып бастаған. 1953 жылы Шымкент қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1954 жылы облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылық(ғы) бөлімінің нұсқаушысы болды. 1960 – 1994 жылдары Мақтаарал ауданы партия комитетінің хатшысы, облыстық ауыл шаруашылық(ғы) өнімдерін өндіру және дайындау басқармасы бастығының 1-орынбасары, Шардара ауданы атқару комитетінің төрағасы, партия комитетінің 1-хатшысы, ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының облысы комитетінің төрағасы, облылыстық мал тұқымын асылдандыру және қолдан ұрықтандыру бірлестігінің бастығы қызметтерін атқарды. «Октябрь революциясы», «Халықтар достығы», екі рет «Құрмет белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Шардара ауданының құрметті азаматы. ## Сілтемелер
Хайролла Мәметайұлы Нышанбаев (27.12.1953 жылы туған, Қазығұрт ауылы) – әскери қайраткер, генерал. Өскемен жол-құрылыс институтын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғарғы мектебін бітірген (1980). 1980 жылы ҰҚК-нде қызмет істеді. Қазір Ақмола облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы. ## Сілтемелер
Баб - (арабша - қақпа) – орта ғасырдағы ислам дінін уағыздаушылардың құрметті атағы. Бабтар қазақ даласының оңтүстік өңірінде халық тарапынан жоғары құрметке ие болған. Қожа Ахмет Ясауидың «Сайрамда бар сансыз баб, Түркістанда түмен баб, Бабтар бабы Арыстан баб» деп айтатыны сондықтан. 9 – 10 ғасырларда жергілікті тайпалар – қыпшақ, қаңлы, қарлұқ, оғыз-салжұқтардан және Қарахан әулетінен Бабтар көп шыққан. «Бабтардың бабы» есептелінген Арыстан баб Қожа Ахмет Ясауидың ұстазы болған. Оның шәкірті Ысқақ бабты халық Баб Ата деп атаған. Академик Әлкей Марғұланның еңбектерінде Баб Ата халықтың Баба Түкті Шашты Әзіз Баба Түкті Шашты Әзізге қойған аты делінеді және шын есімі Мұхаммед Бабаи деп те көрсетіледі. Қожа Ахмет Ясауидың Баб атағын алған шәкірттері халыққа ислам дінін, араб жазуын үйретуге ден қойып, мектеп-медреселер салдырған. Ондай оқу орындары Түркістанда, Сауранда, Сығанақта, Отырарда, Сайрамда, Шымкентте, Созақта ашылған. Оларда Жұм Ахмет Ясауи, Ғамал Қажы, Қожа Ахмет ибн Ахмет Шашти, Баб Ата, Әбутараб Бахши, Әбу Йазит Бистами, Гузи Ора Маргушы (Маргубс) дәріс берген. Бұлардың барлығы да Қожа Ахмет Ясауидың адамгершілік, ақиқат, әділет жөніндегі «хикметтерін» қадірлеген, ағартушылық жұмыспен айналысқан. ## Дереккөздер
Қуаныш Жұмабекұлы Салықбаев (8.7.1971 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қызылбұлақ ауылы) – палуан, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері (2000), қазақша күрестен спорт шебері. Алғашқы бапкерлері – Т.Шәкенов, А.Теміржанов. Самбодан Қазақстан бес дүркін чемпионы (1996, 1999, 2000, 2001, 2002) және төрт мәрте кубогінің иегері (2000, 2001, 2004, 2006). Азия чемпионатының күміс (2000, Орал) және алтын жүлдегері (2001, Ташкент). Әлем чемпионы (2006, Ташкент). Қазақша күрестен Қазақстан біріншілігінің үш дүркін чемпионы (2002, 2005, 2007) және Азия чемпионатының үздік чемпионы (2007, Қарағанды). ## Дереккөздер
Төлеубек Пентаев (12.7. 1946 жылында туған, Созақ ауданы Құмкент ауылы ) – кен инженері-маркшейдер, техника ғылымының докторы (2003), профессор (2004) Экология академиясының корреспондент мүшесі (1997), Халықараралық Ақпараттандыру академиясының академигі (2004). * 1970 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Еңбек жолын Ғылым академиясының кен институтында ғылым қызметкер болып бастаған. * 1983 – 1989 жылдары осы институтта (қазіргі Д.А. Қонаев атындағы Кен институты) аға ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарды. * 1990 жылдары Алматы архитектор-құрылыс институтына (Қазақ сәулет-құрылыс академиясына) оқытушылық қызметке шақырылды. Қазір «Инженерлік геодезия және геология» кафедрасының меңгерушісі. ## Ғылыми еңбектер Ғылым педогогикалық еңбектері 80-ге жуық, оның ішінде 10 өнертапқыштық куәлігі, монография және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Геодезия» оқулығы бар. Қазақ тіліндегі геодезия түсініктеме сөздігі авторларының бірі. ## Дереккөздер
Мейірхан Қуанышбаев(21 қараша 1931 жыл, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 1998) - журналист, жазушы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Жамбыл қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищені, 1957 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1973 жылы Мәскеудегі Жоғары партия мектебін бітіріп келіп, біраз жыл Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газеті редакторының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент облысаралық бөлімшесінің Жамбыл облысындағы әдеби кеңесшісі болған. Тырнақалды әңгімесі 1956 жылы «Апа» деген атпен «Қазақстан әйелдері» журналында басылды. ## Шығармалары * Жанар. Повесть. А., «Жазушы», 1966; * Кек қылышы. Повесть. А., «Жазушы», 1970; * Жалғыз жиде. Повесть. А., «Жалын», 1979; * Тайталас. Повесть. А., «Жазушы», 1983; * Жолайрық. Повестер. А., «Жазушы», 1989. ## Дереккөздер
Қанат Шайханұлы Асаубаев (1948 ж.т., бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданы Сергиополь (қазіргі Мамырсу) ауылы) — кәсіпкер. * Қазақ политех. ин-тын (ҚазҰТУ-ды) бітірген. * Осы оқу орнында автоматика және басқару жүйесі ф-тінің деканы (1986 — 92), 1-проректор (1992 — 99) қызметін атқарған. * «Қазақалтын» АҚ-ның президенті (1999 — 2008) * 2008 жылдан «Kazahgold» директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * АСАУБАЕВ(қолжетпейтін сілтеме)
Сұлтан Досымбеков - (1927 жылы туылғaн, Түркістан облысы, Түркістан қаласы) – заң ғылымының докторы (1970), профессор (1973). Мәскеу мемлекеттік университетін (1950) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясында кіші ғылыми қызметкер (1950–1953), 1953 ж. Алматы заң институтының проректоры, 1955 ж. Алматы облысы «Білім» қоғамының жауапты хатшысы, 1956 ж. Алматы милиция мектебінде кафедра бастығының орынбасары, 1958 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Философия және құқық институтында аға ғылыми кеңесші, 1965 ж. Қазақ политехника институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) доцент, 1970 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) оқытушы. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған. 1996 ж. Алматы облысы Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында орналасқан Қаскелең, Пригород, Түрген орман ш-тарының негізінде құрылған. Орт. – Таусамалы а. Ауданы 202 мың га, ол Алматы қ-нан оңт-ке қарай Іле Алатауының (Тянь-Шань) солт. беткейінде, батыста Шамалған өз., шығыста Түрген өз-нің аралығындағы ұзындығы 120 км, ені 30 – 35 км аймақты алып жатыр. Оның құрамына 4-Ақсай, Медеу, Талғар және Түрген орман ш. аумағындағы аласа, орташа және биік тау ландшафтары енеді. Климаты биіктік белдеулер бойынша өзгереді: тау етегіндегі далалық белдеу ылғалды, жазы құрғақ әрі ыстық, қысы жылы, қары жұқа; аласа және орташа тау аймағы ылғалды әрі ыстық; альпі және субальпі шалғындары белдеуінде ылғалд. өте жоғары. Орт. жылдық жауын-шашын мөлш. 550 – 600 мм. Саябақ теңіз деңгейінен 600 – 4540 м биіктікте орналасқан. Ең биік шыңы – Конституция (4540 м) және Қазақстанның 25 жылдығы шоқысы (4494 м). Ең үлкен мұздық – Дмитриев мұздығы (ауданы 17 км²). Түрген, Есік, Талғар, Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы, Ақсай, Қаскелең өзендері ағып өтеді. Олардың бастауларында моренді көлдер бар, көпшілігі маусым айында суға толып, қысқа қарай тартылып қалады. 2500 м биіктікте Үлкен Алматы көлі орналасқан, оның ауданы 1 км² , тереңд. 39,3 м. Үлкен Алматы өз-нің су алабында орналасқан радонды Алмаарасан және кремнийлі-термалды Горельники мен Таутүрген бастаулары бар. Жері негізінен қара топырақты. Саябақтың флорасында 1 мыңнан астам өсімдік түрі бар, оның 500-ден астамы жапырақты орман, 400-ден астамы – қылқан жапырақты орман алқаптарында өседі. Бұл өсімдіктердің 36 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген (мыс., Алматы кекіресі, Сиверс алмасы, Мушкетов түйесіңірі, т.б.). Қоректік өсімдіктерден: Тянь-Шань сұлыбасы, шалғын қоңырбас, беде, сиыржоңышқа, т.б.; илік – қымыздық, рауғаш, таран, т.б.; дәрілік – түймешетен, өгейшөп, шырғанақ, бақбақ, т.б.; эфирлі-майлы – аюбалдырған, арша, жусан, т.б.; жеміс-жидектерден – өрік, алма, таңқурай, бүлдірген, бөріқарақат, долана, т.б. өседі. Жануарлар әлемі де өте бай. Омыртқасыздардың 8 класқа бірігетін 2 мыңнан астам түрі белгілі. Барылдауық қоңыздардың 252, стафилинидтердің 180, жапырақ жегіштердің 102, күндізгі көбелектердің 145, жарғаққанаттылардың 110, қазғыш жабайы аралардың 97, құмырсқалардың 33, шаншарлардың 30 түрі анықталған. Омыртқасыздардың 24 түрі (мыс., Түркістан туркомиласы, әшекейленген жүйрік қоңыз, шығыс ахраноксиясы, Іле хош иісті отын кескіш қоңызы, т.б.) Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген. Омыртқалы жануарлардың 245 түрі, олардың 8 түрі балықтар; 4-еуі – қосмекенділер; 8-і – бауырымен жорғалаушылар; 178-і – құстар; 47-сі – сүтқоректілер. Бұлардың ішінде балықтардың 4, қосмекенділердің 2, құстардың 11, сүтқоректілердің 7 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Саябақ аумағында Талқыз және Түрген ескі қалашықтарының орны сақталған. Түрген шатқалында ертедегі темір дәуірінің зираттары мен Есік өз-нің бойында сақ қорғандары бар. Бутаков сарқырамасы, реликті мүк басқан Шыңтүрген шыршалары да табиғат ескерткіштері болып саналады. Соңғысында мүк астында, 30 – 40 см тереңдікте қалыңд. 2 – 3 м болатын мәңгі мұз қабаты бар. Әсем табиғаты, алуан түрлі флорасы мен фаунасы бар саябақтың қоршаған ортаны қорғауда алатын орны ерекше. ## Дереккөздер
Жота – көтеріңкі жер бедерінің атауы. Оның биіктігі, ұзындығы және пішіндері, әдетте, жер бедерінің даму ерекшелігіне және түзілген тау жыныстарының литольдік құрамына байланысты. Жоталар таулы жер бедерінің басты құрамдас бөліктерінің бірі. Олар бірлесіп тау тізбегін құрайды. Тау жоталары бір-бірімен қиылыспайтын тау торабынан таралып – радиальді Жота, басты жотадан қарама-қарсы жаққа қарай екінші қатардағы жоталар таралып – қазбауырлы жота, сондай-ақ бұталы жота (виргация) болып орналасуы мүмкін. Жоталар пайда болуына байланысты жанартаулық, эрозиялық және тектоникалық болып бөлінеді. Абсолютті биіктіктеріне қарай – аласа, орта және биік жота болып келеді. Геологиялық уақыт бойында сыртқы (экзогендік) процестердің әсерінен жоталар мүжіліп төбелі тауларға, ұсақ шоқыларға айналады. Мұндай морфологиялық және геологиялық жасы жағынан біршама ескі, мүжілген жоталар аймағына Сарыарқаны жатқызуға болады. Сонымен қатар, Қазақстан жерінде геологиялық жасы едәуір егде болғанымен морфологиялық жағынан жас жоталар кездеседі (мысалы, Қаратау жотасы). ## Сілтеме
Әшірқара Жолдасов (1937 жылы туған, Ордабасы ауданы Бейнетқор ауылы) – ғалым, техникалық ғылымының докторы (1991), профессор(ы)(2000). Ташкент мемлекеттік университетін бітірген (1961). 1961 – 70 жылдары Өзбекстан ҒА Кибернетика институтында жұмыс жасады. 1971 – 99 жылдары Жамбыл технологиялық институтының оқытушысы, кафедра меңгерушісі. 2000 жылдан кафедраның профессоры. Әшірқара Жолдасов қолданбалы математика, сұйықтар және газдар механикасын зерттеуші ғалым. Негізгі ғылыми еңбектері мұнай мен газ шоғырларында болатын табиғи сүзілген су ағынын газгидродинамикалық негіздеуге арналған. Сондай-ақ ол мұнай мен газ шоғырын барлаудың қолданбалы есептерін шешу, көмірсулардың артық мөлшерін есептеу және жаңа типті газ шоғырын зерттеу теориясын жасады. 75 ғылыми еңбегі жарияланған. ## Дереккөздер
Октябрьское — Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауыл, Октябрь ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарасу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 63 км жерде, Тімтуір өзенінің бойында, құрғақ дала белдемінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 2860 адам (1366 ер адам және 1494 әйел адам) болса, 2009 жылы 3034 адамды (1512 ер адам және 1522 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1955 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты Октябрь ауданының орталығы есебінде қаланған. Октябрьскоеде бірнеше шаруа қожалықтары, байланыс бөлімшесі, дүкен, кәсіптік-техникум мектеп, мәдениет үйі, аурухана, астық қоймасы бар. Октябрьское арқылы Қостанай – Астана автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер
Зерде – қазақ тіліндегі республикалық ғылыми танымдық журнал. Алғашқы саны “Білім және еңбек” деген атаумен 1960 жылы жарық көрді. Алғашқы редакторы – Камал Сейітжанұлы Смайылов. 1989 жылдан “Зерде” деген атаумен шығып келеді. Журнал өз оқырмандарын, оның ішінде жастар мен жасөспірімдерді отандық және әлемдік ғылым мен білім саласындағы жаңалықтармен таныстырып келді. Қазақ басылымдарының ішінен алғаш рет әл-Фараби туралы мақала осы журналда жарияланды. Абылай хан мен Әбілхайыр ханның суреттері де тұңғыш рет осы журналда жарық көрді. ## Тарихы Білім және еңбек - жастарға арналған ғылыми-көпшілік журнал. Қазақстан БЛКЖО OK мен Пионер ұйымы республикалық кеңесінің журналы ретінде 1960 жылы қаңтардан ай сайын қазақ тілінде шыға бастады. Журналдың негізгі бағыты - ғылым мен техника жаңалықтарын, озық технология жетістіктерін насихаттау, жас жеткіншектерді өнер-білімге, техника тілін меңгеруге баулу, оларды табиғат таңғажайыптарымен, әдебиет пен өнердің, сәулет өнерінің үздік туындыларымен таныстыру. Осы мақсатпен журнал бетінде республика ғалымдарының, білікті мамандардың, өнер, әдебиет қайраткерлерінің материалдары жиі жарияланып тұрды. Журналда Қаныш Сәтбаевтың «Қазына қоймасы - Қазақстан» (1960, 10-саны) және «Қазақстан қазынасы - коммунизм игілігіне» (1961, 10-саны) деген публицист, мақалалары жарияланған. Көсемсөзге тән көтеріңкі рухпен желдірте жазылған бұл мақалаларында ұлы ғалым еліміздің кен байлығын мақтан ете отырып, сол мол ырыздықты игеру ушін жастарды білімге, еңбек сүйгіштікке шақырады, елімізде мал шаруашылықтарын өркендету үшін шөлейт аудандарды суландыру, жер асты суларын пайдалану мәселесін алға тартады. Ғылым Академиясының «Еңбекте Шыңдал!» (1960, 3-саны), «Барлаңдар, бағдарлаңдар!» (1961, 7-саны) деген шағын материалдары ақылғой атаның ұрпағына айтар ұлағатты ақ батасы сияқты. Журналдың заңды жалғасы «Зерде» 1989 жылғы 4-санын түгелдей ұлы ғалымның 90 жасқа толған мерейтойына арнады. Мұнда редакция алқасы Сәтбаевтың азамат, ғалым, президент, геолог, ұйымдастырушы, ұстаз, тарихшы, әдебиетші, тәлімгер, қайраткер, геохимик, заң қызметкері, тілші ретіндегі тұлғасын сомдауды мақсат еткен. Оның осы аталған қырларына байланысты А.Абдуллин, Н.Оңдасынов, Б.Момышұлы, В.А.Обручев, Д.И.Щербаков, П.Тәжібаева, Т.Лаумулин, Ш.Сәтбаева, В.И.Штифанов, Ф.В.Чухров, Қ.Жәмінов, Қ.Құсниденов сияқты ғалымдардың қызметтес әріптестеріне, Сәтбаевтанушы жазушы М.Сәрсекеге, шәкірттері мен ұрпақтарына сөз берген. Журналдың бұл арнаулы саны ғалым өмірінің әр түрлі кезеңдерін бейнелейтін фото материалдармен, деректі құжаттар көшірмелерімен көркемделген. Сәтбаевтың «Білім және еңбек» - те жарияланған жоғарыда аталған «Еңбекте шыңдал», «Том қаласындағы ұлттар кеші» мақалалары ғалымның 1989 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Ғылым және мәдениет туралы таңдамалы мақалалары» жинағына, «Қазақстан қазынасы - коммунизм игілігіне» деген публицистикасы осы аталған кітап пен Сәтбаевтың 5 томдық таңдамалы еңбектерінің 1970 жылы баспадан шыққан 5-кітабына енгізілген. ## Дереккөздер
Ақшуғақ (лат. Artemisia ferganensis) – астралылар тұқымдасының жусан туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік немесе шала бұта. Ақшуғақтың түк басқан сабағы жас кезінде боз болады да, кейін түгі түскен соң қоңырланады. Тамыры жуан, қысқа жапырақты, жеміс шығатын өркендері аз. Гүлі қысқа сағақты, гүл шоғы шашақты, қос жынысты, сары немесе қызғылт түсті келеді, қыркүйек – қазан айларында гүлдейді. Қазақстанда құмды, таулы-тасты аудандарда кездеседі. Әсіресе Қызылқұмда, Қаратауда, Түркістанда жиі ұшырайды. Ақшуғақ мал азығы ретінде пайдаланылады, әсіресе мал семіртуде маңызы зор, оның мамыр – маусымда қоректік құны мол. Ақшуғақ жеген қойдың майының дәмі жақсарады, малдың суыққа төзімділігі артады. Ақшуғақ сүрлемге ашытқы ретінде қосылады. ## Сілтемелер
Тәшенов Қазис Тәшенұлы (1.8.1928 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ақсу ауылы) – физиолог-ғалым, биология ғылымының докторы (1968), профессор (1970), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1994). Омбы (Ресей) ауыл шаруашылық институтын бітірген (1952). Қазақстан Ғылым Академиясы Эксперименттік биология институтының кіші ғылыми қызметкері, аспиранты (1953 – 56); Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы - Физиология (қазіргі Адам және жануарлар физиологиясы) институтының кіші, аға ғылым қызметкері, лаборатория меңгерушісі (1961 жылдан), директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары (1980 – 87), директоры (1986 – 90) болды. 1990 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы Төралқасының мүшесі, биология және медицина ғылымдары бөлімінің академик-хатшысы. Негізгі ғылыми еңбектері мал физиологиясына арналған. Тәшенов күйіс қайыратын малдың таз қарынында микробиологиялық белоктың жинақталу процесі азық рационының сипатына және ас қорыту жолына келіп түсетін сілекей мөлшеріне байланысты екендігін бірінші рет анықтады. Хирургиялық операция арқылы ұйқы безі мен өт жолдарын бөлек шығарудың түтіктік әдісін ойлап тапты. Сондай-ақ жүйкелер мен қан тамырларын бүтіндей сақтай отырып, ұлтабардан бөліп алынған кішкене қарын жасау тәсілін ұсынды. Ас қорыту органдары мен сүт бездерінің қызметін реттеуге бүйрек, қалқанша және жыныс бездерінің қатысын анықтап, ас қорыту және сүт түзілу (лактация) процестерінің өзара байланысты екенін дәлелдеп, сүт шығару механизмін ашты; Чехословакия ғалымдарымен бірлесе отырып, күйіс қайыратын малға арналған жасанды азық рационын ұсынды. Тәшеновтің жетекшілігімен 25-ке жуық ғылым кандидаттары мен докторлары дайындалды. 250-ден астам ғылыми еңбегі бар, оның 4-уі монография, 20-дан астам жұмысы шетелде жарық көрді. ## Сілтемелер
Григорий Сафронович Асеев (1920, бұрынғы Көкшетау облысы Айыртау ауданы Петропавловка а. —1944) — Кеңес Одағының Батыры (1944). * 1939 ж. мектеп бітірген. * Иркутск тау-кен ин-тына түскен. * Сол жылы Әскери-Теңіз Флотына шақырылады. * 2-дүниежүз. соғысқа аға сержант Асеев Солтүстік Флотында қатысты. * 19-қазан 1944 ж. гвардия экипажы жаудың соғыс кемелеріне қарсы шабуыл жасап, көліктерін суға батырып жіберген. Ұрыс барысында өздері де ерлікпен қаза тапты. * Асеев «Қызыл Жұлдыз», Еңбек Қызыл Ту, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Ақындар аллеясы – ақын-жазушыларға арналған ескерткіштер кешені, тарихи-мәдени мұра. Темірландағы аудандық Мәдениет сарайының алдына орнатылған. Оңтүстікте туып өскен ақын-жазушылар Майлықожа Сұлтанқожаұлының, Нұралы Нысанбайұлының, Орынбай Тайманұлының, Бейсенбай Кенжебаевтың, Өтебай Тұрманжановтың, Көпбай Омаровтың, Қосжан Мүсіреповтің мүсіндері қойылып, аты-жөні, өмірге келген және дүниеден озған жылдары көгілдір мәрмәрға ойып жазылған. Мәрмәр тақтада «Ескерткіштер «Ордабасы оттары» газеті жанындағы Ғ.Мүсірепов атындағы әдебиет-өнер бірлестігінің тапсырысы бойынша жасалған. Мүсіншісі Кенжебаев1991 ж. мамырда №2 ЖМК құрылысшылары орнатқан» деп көрсетілген. «Ақындар аллеясының» ашылуына аудандық «Ордабасы оттары» газетінің редакторы, ақын Н.Бегалыұлы ерекше еңбек сіңірді. ## Сілтемелер
Баспан Құлымбайұлы (1843, Қазалы уезіне қарасты Көшербай болысы – 1915, Қазалы ауданы) – ақын, жырау. Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан. Ел арасына тараған «Есенгүл қаратамыр Баспан жырау, қиырын талай жердің басқан жырау» деген сөз оның көп жерлерде болғандығын аңғартады. Баспанның «Төребай биге», «Көңіл қосымен», «Самұратқа», «Бәшкеннің Оспанына», «Өзім туралы», тағы басқа өлеңдері сақталған. Ақын өлеңдерінде ел жақсыларын татулыққа, бірлікке шақырады. Шежіре: Баспан-Құлымбай-Баймұрат-Ақсақ-Есенғұл-Құттығай-Қожас-Қаратамыр-Бозғыл-Шомекей ## Дереккөздер
Баба сұлтан, Баба хан (шамамен 16 ғасырдың 30-жылдары – 1582) – 16 ғасырдың 2-жартысында Орта Азиядағы аласапыран оқиғалардың бел ортасында болған тарихи тұлға, Шайбани әулетінің өкілі. Ата тегі: Әбілхайыр хан – Сүйініш Қожа хан – Наурыз Ахмед (Барақ) хан – Баба сұлтан Самарқанды билеген әкесі қаза тапқан соң Түркістан өңіріне иелік еткен. 16 ғасырдың 70-жылдарынан бастап Мауераннахрда ықпалы күшейе бастаған Абдолла (Абдоллаһ ІІ) ханды биліктен тайдыруға әрекеттенді. Самарқанд, Ташкент түбінде болған шайқастарда 1578 жылы Абдолла хан әскерлерінен жеңіліске ұшырап, шегінуге мәжбүр болды. Қазақ ханы Ақназардың (Хақназар) қолдауына сүйенген Абдолла хан Ташкентті алып, Түркістан өңіріне жорық жасады. 1579 жылы тамызда Абдолла хан мен Баба сұлтанбейбіт келісімге келді. Баба сұлтанға Түркістан өңірі қайтарылды, бірақ оның Бұхар хандығына тәуелділігі сақталды. Баба сұлтан 1579 жылдың аяқ кезінде Абдолла ханға жаңа жорықтар ұйымдастырып, Ташкент билеушісі Дербіс сұлтанды өлтірді. Абдолла ханға қарсы күресте Баба сұлтан Ақназар ханның билігіне наразы, бүлікшіл қазақ сұлтандарымен (Сарбан сұлтан мен Бұзақұр сұлтан) одақ құрды. Ол Шарапхана өзені бойында 5 қазақ сұлтанын (оның ішінде Ақназардың 2 ұлын) өлтіріп, Бұзақұр сұлтанға Ақназарды өлтіруді тапсырады. Бірақ Баба сұлтан 1580 жылы Шығай хан мен Абдолла ханның қысымына шыдай алмай Ұлытауға қарай қашып, кейін (1582) маңғыттарды паналайды. Баба сұлтанның бұл әрекеттеріне наразы болған Тәуекел хан оның әскерін талқандап, өзін өлтіреді. Баба сұлтанның Абдолла, Ұбайдолла, Абд ас-Саттар, Абд әл-Ғаффар және Абд әл-Латиф есімді ұлдары болған. ## Дереккөздер
Сәбит Жолдасов (1940 жылы туған, Бәйдібек ауданы Қошқарата ауылы) – ғалым, тарих ғылымының докторы (1993). Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1966). 1966 – 72 жылы Алғабас ауданындағы орта мектептің, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің (Шымкент қаласы) мұғалімі, 1972 – 75 жылдары Шымкент педагогикалық институтында оқытушы, 1975 – 89 жылдары Шымкент облыстық партия комитетінде нұсқаушы, үгіт-насихат бөлімінің лекторы, 1989 – 95 жылдары Шымкент педагогикалық институтының жалпы тарих кафедрасында аға оқытушы, доцент, меңгеруші, 1992 – 96 жылы Оңтүстік Қазақстан араб тілі институтының проректоры, ректоры, 1996 жылдан Қ.А. Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөлімінде профессор(ы) 3 монографияның, 1 оқу құралының авторы. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. ## Сілтемелер
Жетекші — Павлодар қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Жетекші ауылдық әкімдігі орталығы. 2013 жылға дейін Павлодар ауданының құрамында болған. ## Географиялық орны Павлодар қаласының шығысында 9 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1982 жылы Павлодар гидрогеологиялық экспедициясының қосымша шаруашылығы ретінде қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан “Павлодарагротехсервис” акционерлік қоғам жұмыс істеді. ## Дереккөздер
Кенжегүл Жолдыбаев (17.4.1929 жылы туған, Қызылорда облысы Шиелі ауданы Н.Бекежанов атындағы ауылы) – ұстаз. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1975). Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1951). Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педтехникумда (1951 – 54), Түркістан облысы Сайрам ауданы Орджоникидзе атындағы орта мектепте, (1954 – 56), Қазығұрт ауданы Алтынсарин орта мектебінде мұғалім (1970), Рабат ауылы орта мектебінің директоры (1985). Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі (1964). Еңбек Қызыл Ту орденімен, (1974), «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Қазығұрт ауданының құрметті азаматы. ## Сілтемелер
Айт Досымбетов (1884, Қызылқұм ауданы – 1970, сонда) – Социалистік Еңбек Ері (1 желтоқсан 1949). ## Өмірбаяны * 1929 – 1944 ж. ұжымшарда шопан, 1945 жылдан Қызылқұм ауданының «Қожа тоғай» кеңшарында аға шопан болды. ## Марапаттары 2 рет Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
Жошуй өзеңі, Эдзин-Гол – Қытайдың солтүстігіндегі өзен. Оңтүстіктен солтүстікке қарай ағады. Бастауын Наньшан таулы қыратындағы Тхолошан жотасының мұздықтарынан алады (5500 м биіктіктен). Ұзындығы 1000 км-ден асады. Хэйкэ және Бэйдахэ өзендерінің түйіскен жерінен (Динсин қаласының маңы) Жошуй өзеңі атанады. Жоғарғы ағысында тау шатқалдары және тауаралық жазықтармен өтеді. Орта және төменгі ағысында биік жазықты шөл-шөлейтті Алашан және Гоби аймақтары арқылы ағады. Жошуй өзеңі көлдерге құяр тұсында екі салаға бөлініп (Ихэ-Гол және Нарин-Гол) күрделі саға жасайды. Қуаңшылық жылдары өзен суы Гашун-Нур және Сога-Нур көлдеріне жетпейді. Өзеннің толығу көздері – таудағы мұздықтар мен қар суы. Өзен суы жер суғаруға пайдаланылады. Ірі салалары – Линьшуй, Лиюаньхэ. Өзен бойында Динсин, Гоатай, Чжанье (Ганьчжоу), т.б. қалалар орналасқан. ## Сілтеме