text
stringlengths 3
252k
|
---|
Карбон немесе Тас көмір жүйесі — палеозой заманын құрайтын алты кезеңнің бесіншісі, палеозой эратемасының пермьнен кейінгі, девонның алдыңғы кезеңі. Ұзақтығы 60,2 млн. жылды қамтиды, 359,2 млн. жыл бұрын басталып, 299 млн. жыл бұрын аяқталған. Тас Көмір Жүйесін қазіргі көлемінде 1839 ж. ағылшын геологтары А.Седжвик (1785 – 1873) пен Р.Мурчисон (1792 – 1871) анықтаған.
Тас көмір жүйесі барлық құрлықтарда кең тараған. Бастапқы карбон заманында Гондвананың солт-ке жылжуы күшейіп, Лавруссияға жақындай түсті. Сібірмен жақындасу барысында Палеоазия мұхитының ені 2 мың км-ге тарылған. Бұл кезеңде Орал алабы көп тарылып, Қазақстания (қазақ-қырғыз), Шығыс Еуропа құрлықтарының шетіне жақындай түскен. Дәл осы жағдай Қазақстания құрлығының шығыс және солт. шығыс жиегі Түркістан мен Жоңғар алаптарында да пайда болған. Осындай белдемдер Орт. Азия, Сібір, Орт. Моңғол, Тарим мен Қытай-Корей құрлықтарының жақындасуы кезінде де пайда болып, Палеоазия мұхитының жабылуына әкеп соқты. Орал алабы шығыс жағында Қазақ денудац. жазығымен шектеліп, оңт-нде Тұран тақтасы және Арал маңы теңіздерімен қосылған. Теңіз-Шу ойысында теңіз суының тұздылығы артқан кезде ангидрит, гипс, кейде тұздар шөккен. Жанартаутекті тау жыныстары Шығыс Орал, Жоңғар-Балқаш, Үндіқытай, Шығыс Австралия сияқты эвгеосинклиналдық белдемдерінде таралды. Кезең басында герциндік геосинклиналдар көтеріле бастап, шегінген жағалауларда, бөктерлік және тауаралық ойпаңдарда, платформалық ойыстарда, жас герцин тауларының бұзылып шайылуынан жиналған шөгінді тау жыныстарымен бірге көмір қабаттары да қалыптаса бастады. Шөлді белдеулердегі қалдық лагуналарда, көлдерде доломит пен тұздар тұнып (Солт. Америка, Қытай, Шу ойпаты), ылғалды аймақтардағы теңіз жағалауы мен көлдерде боксит, темір-марганец шөгінділері жиналды. Соңына қарай Аппалач, Орт. Еуропа, Моңғол, Колыма, Шығыс Австралия, Кап өңірлері биік тауларға айналды. Тау құралуынан рельеф қайта жаңарып, климат өзгерді. Тас Көмір Жүйесінің климаты өте жылы, ылғал мол болғандықтан ну тоғайлар, батпақты ойыстар пайда болып, көптеген көмір алаптары осы кезде қалыптасты. Ортаңғы Тас Көмір Жүйесінен бастап климат қуаң тартып, барлық климаттық белдеулер пайда болды. Тропиктік және субтропиктік вестраль белдеуі Мексика мен Аппалачтан өтіп Еуропаны қамтыды, Орта Азия арқылы Үндіқытай субконтинентінен Австралияға дейін созылды. Шөлейтті белдем солтүстікте Калифорниядан басталып, Скандинавия арқылы Торғай, Жезқазған, Шу, Тянь-Шань, Тарым өлкелеріне жетті, ал оңтүстігінде Латын Америкасынан Африкаға дейін созылып, кезең соңында ол жерлерді қалың мұздық басты. Тас Көмір Жүйесінің ең басты ерекшелігі Жер бетінде өсімдіктер дүниесінің қаулап өсіп (лепидодендрондар – биіктігі 30 – 40 м, діңінің диам. 1 – 2 м), кезеңнің ортасында бауырымен жорғалаушылардың пайда болуы. Одан басқа теңіздерде бұрынғы жәндіктер, сонымен қатар ірі форамиферлер мен продуктидтер, спирифидтер өмір сүрді. Карбонның басында сабақты инетерілілердің көне топтары (карпоидейлер, цистоидейлер, тектоидейлер) жойылды.
Жәндіктердің алғашқы ұшатын түрлері (қанаттарының ұзындығы 70 см), қосмекенділер (стегоцефалдар), жылдам жүзетін акула тәрізді шеміршекті балықтар пайда болды. Бауырымен жорғалаушылар жыртқыш, өсімдік және жәндік қоректі болып бөлінген. Тас Көмір Жүйесінде көмір түзілу барлық аймақтарда жүрген. Карбон көмірлері дүниежүз. қордың 30%-ын құрайды. Оларға: Қарағанды, Екібастұз, Мәскеу, Донбасс, Қызыл, Кузнецск, Минусин, Тунгус, т.б. көмір кен орындары жатады. Волга-Орал мұнайлы аймағы, Тихвин және Солт. Онега, Қытай боксит кендері, Қаратау мен Орта Азия, Миссисипи қорғасын-мырыш, Орал, Қостанай, Таулы Шория магнетит, т.б. кен орындары Тас Көмір Жүйесінде қалыптасқан.Девоннан кейін, пермнің алдында келетін бұл заман 359,2 млн жыл бұрын басталып, 299 млн жыл бұрын аяқталған.
Қазақстанның геологтары карбонды үстіңгі (гжел, қасым), ортаңғы (мәскеу, башқұрт) және астыңғы (серпухов, визей, турней) карбон деп бұрынғы Кеңес Одағы дәстүрі бойынша үш бөлімге бөледі.
Еуропада карбон жүйесінің астыңғы бөлігі динант деп терминделген. Динант екі қабатқа бөлініп, мол корал-брахиопод фаунасы бар теңіздік әктаспен сипатталады. Үш қабатқа бөлінген силезий деп аталатын карбонның үстіңгі бөліктері жердегі және тұщы судағы бөлініп жатқан шөгінділермен белгіленеді. Үстіңгі карбондағы кең тараған ормандар оңтүстік Уеліс, Англия, Шотландия және әлемнің басқа да көптеген жерлердегі мол көмір қабаттарының пайда болуына себепші болды.
Солтүстік Американың геологтары карбон жүйесін екі субжүйеге бөледі. Астыңғысы (359,2-318,1 млн жыл) миссисипи деп аталып, Еуропалық динант субжүйесі мен силезий субжүйесінің астыңғы бөлігіне тең боп келеді. Пенсилван деп аталатын үстіңгі субжүйелері (318,1-299 млн жыл) еуропалық силезийдің көп бөлігіне сәйкес келеді.
## Дереккөздер |
Сапақ — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Сапақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстікке қарай 75 км-дей жерде, Тентек өзенінің сол жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1993 жылға дейін Герасимовка деп аталған. 1958-1997 жылдары қой өсіретін ұжымшардың орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Сапақта және округке қарасты Бибақан ауылында ӨК және бірнеше шаруа қожалығы жұмыс істеді.
## Дереккөздер |
Иса Байзақов (2006 жылға дейін – Кайманачиха) — Павлодар облысының Ертіс ауданындағы ауыл, Байзақов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ертіс ауылынан солтүстік-батысқа қарай 35 км жерде, Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан. Өзен аңғарының қара және шалғынды қызыл қоңыр топырағында боз аралас астық тұқымдас әр түрлі шөптесін өсімдіктер өседі.
## Халқы
## Тарихы
1992 жылға дейін "Кайманачиха" болып аталып келген. Елді мекендегі агроөндірістік кооператив пен бірнеше шаруа қожалықтары астық шаруашылығымен айналысады. Ауылға көрнекті қазақ ақыны И. Байзақовтың есімі берілген (1992). Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Тас Көмір Қарамайы - тас көмір шайыры – тас көмірді кокстеу кезінде түзілетін өнім. 1 т кокстенген тас көмірден 3%-ға жуық Тас Көмір Қарамайы бөлінеді. Түсі қара, өзіне тән иісі бар, тұтқыр сұйықтық, тығызд. 1120 – 1250 кг/м3. Тас Көмір Қарамайын айдағанда әр түрлі температурада (5 фракция) қайнайтын 400-ден астам ароматты, герероциклді қосылыстар және олардың туындылары бөлініп шығады. Осы фракциялардан жеке қосылыстарды химиялық жолмен өңдеу, кристалдау немесе қайтара айдау әдістері арқылы бөліп алады. Бұл қосылыстар синтездік бояу, дәрілер, пластмасса, қопарғыш заттар өнеркәсіптерінің негізгі шикізаты болып саналады. Қалдығы жол құрылысына жұмсалады.
## Дереккөздер |
Барлыбай күмбезі — 20 ғасырдың басынан сақталған дәстүрлі сәулет өнері ескерткіші. Жыланшықтүрме қыратындағы (Қостанай облысы Амангелді ауданы) Сарыторғай өзінің Терісбұтақ саласы жағалауының оң жақ бетінде тұрғызылған. Ғимараттың іргесі тең шаршы пішінді, өлшемі — 6,23x6,21 м, қабырғаларының биіктігі 2,50 м. Оның алдыңғы қасбетіндегі есік ойығының өлшемі — 1,87x0,70 м. Төрт қабырғасының жоғарғы жағына мәнерленген шаршы тақта кірпішпен бұғаттама берілген. Алдыңғы қасбетіндегі есік ойығына сәйкес, оның екі жағына екі ойық мәнерлеп өрілген. Құрылысқа күйдірілген қызыл кірпіш пайдаланылған. Уақыт пен ауа райының құбылыстары әсерінен ғимараттың бүрмелі күмбезі мүлдем опырылып құлаған.
## Дереккөздер |
Сүрі жер – ауыспалы егіншілікте дақыл егілмей өңделіп, таза, қопсытылған күйінде сақталатын егістік танабы; Ылғал мен қоректік заттарды қолайлы жинау үшін бірнеше рет өңделетін танап. Сүрі жер көбінесе күздік және жаздық дақылдарды себуге арналады. Сүрі жер 3 топқа бөлінеді:
* таза және ықтырмалы;
* екпе;
* жасыл сүрі жер.
Бұлардың ішінде ең маңыздысы – таза қара сүрі жер, мұнда топырақты негізгі өңдеу күзде басталып, келесі жаз бойы сыдыра жыртылып, бірнеше рет тырмаланады, арамшөптен тазартылады. Ылғал сақталып, топырақты борпылдақ күйінде ұстайды. Таза қара сүрі жер Қазақстанның құрғақшылықты аудандарында көбірек қолданылады. Ал солтүстік аудандарда егінді орып алғаннан кейін оның орны аңыз ретінде қалдырылады да, негізгі өңдеуді көктемде жүргізеді. Сүрі жердің бұл түрін ерте таза сүрі жер деп атайды. Егістікте қар ұстау мақсатымен, қуаңшылықтан, ыстық желден қорғау үшін әр жерден жолақтап биік сабақты өсімдіктер (күнбағыс, жүгері, қыша, т.б.) егілетін таза танапты ықтырмалы сүрі жер деп атайды. Кейбір ылғалы мол аудандарда екпе сүрі жерді пайдаланады. Топырақтың құнарлылығын арттырудың бір жолы жасыл сүрі жерді пайдалану. Ауыспалы егіншіліктің бұл танабында бөрібұршақ, түйежоңышқа, т.б. бұршақ тұқымдас өсімдіктер өсіріледі. Ол үшін бұл дақылдарды өсіріп, оны жинамай, көк күйінде топыраққа араластырып жыртып жібереді, сөйтіп онда азот қосындылары көбейеді. Сүрі жер топырақ құнарлылығын арттырумен қатар астық дақылдарының өнімділігін жоғарылатады. Қазақстанның солтүстігінде көбірек қолданылады.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том |
Ядролық жарылыс зардаптары, қ. “Азғыр” ядролық полигоны, “Капустин Яр” ядролық полигоны, “Семей” ядролық полигоны, “Тайсойған” полигоны.
## Дереккөздер: |
Мұхтар Өтебаев (10.10. 1928, Шымкент – 19.8.1976, Алматы) – актер, әнші (тенор), Өзбек КСР-інің еңбек сіңірген артисті (1970).
1943 – 44 ж. Шымкенттің мұғалімдер институтында оқыды. Жасында ән айтып, домбыра тартуды әкесінен үйренген. ’’Мұхтар Өтебаев’’’ 1944 ж. Шымкент облыстық драма театрының труппасына қабылданды. Осы театрда алғашқы ойнаған рөлі – М.Әуезовтің «Қара Қыпшақ Қобыланды» спектакліндегі Бірсымбай. Бұдан кейін ’’Мұхтар Өтебаев’’’ музыка спектакльдерге қатысып Төлеген, Бекежан (Ғ.Мүсірепов пен Е.Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібегінде»), Тарғын (С.А. Камалов пен Брусиловскийдің «Ер Тарғынында») рөлдерін ойнады. 1961 – 68 ж. Алматы қаласындағы қазіргі Қазақтың мемлекеттік академ. жастар мен балалар театры және Қазақтың мемлекеттік академ. драма театры (1973 жылдан өмірінің соңына дейін), ал 1968 – 73 ж. Жетісай музыка драма театры құрамында қызмет етті. Ұлттық драматургия бойынша қойылған спектакльдерде Кебек, Есен, Алшағыр, Асан (Әуезовтің «Еңлік – Кебек», «Қара Қыпшақ Қобыландысы» мен «Қаракөзінде», С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында») т.б. рөлдерді сомдады. Өзінің құлаққа жағымды қоңыр даусымен Жаяу Мұсаның («Ақсиса», «Баянауыл», «Хаулау»), Біржанның («Айтбай», «Телқоңыр», «Қанапия»), сондай-ақ басқа халықтардың (қарақалпақ, қырғыз, өзбек, т.б. ) әндерін де нақышына келтіріп орындады. Ол «Үкілі Ыбырай», «Балуан Шолақ» пен «Біржан сал» атты радиоқойылымдарда басты рөлдерді орындап, халық дастандарынан «Қобыландыны», «Қыз Жібекті» және «Мұңлық – Зарлықты» пластинкаға жаздырды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Манап Өтебаев (1938, Сарыағаш ауданы– 2004) – білім беру саласының маманы, химик, гидротехник, экономика ғылым. кандидаты. Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін, Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітірген. Еңбек жолын 1960 ж. Ташкент облысы Сырдария ауданында мектеп мұғалімі болып бастады. 1961 – 69 ж. Шымкент политехника техникумында оқытушы, комсомол ұйымының хатшысы, 1969 – 93 ж. Шымкент гидромелиоративтік-құрылыс техникумы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, директоры, 1994 – 2004 ж. Шымкент экономика және құқық колледжінің бас директоры қызметтерін атқарды. Ол нарықтық экономика мамандарын даярлауда, салауатты өмір салтын насихаттауда, қайырымдылық іс-шаралар өткізуде ерекше еңбек сіңірді. КСРО және Қазақстан Республикасы орта білім беру ісінің үздігі атанды. «Құрмет белгісі» (1986), «Парасат» (2001) ордендерімен, «Астана» медалімен (1998), ЮНЕСКО-ның Алтын медалімен (1999) марапатталған. Шымкент, Түркістан, Арыс қалаларының, Отырар , Ордабасы, Сарыағаш аудандарының құрметті азаматы.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Сапарғалиев Ғайрат Сапарғалиұлы (1930 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Жаңасемей а.) — ғалым, заң ғыл. докт. (1967), проф. (1972), ҚР Ұлттық ғылым академиясының акад. (2003).
Уақ тайпасынан шыққан.
Саратов заң ин-тын бітірген (1952). 1952 — 92 ж. Философия және құқық ин-тында ғыл. және басшылық қызметтер атқарды. 1992 — 94 ж. Абай атынд. Алматы мемл. ун-тінде заң ф-тінің деканы болды. 1995 жылдан ҚР ҒА Мемлекет және құқық ин-тының директоры. Сапарғалиевтың еңбектері Қазақстан мемлекеті мен құқықтық жүйесінің қалыптасу тарихын зерттеуге арналған. “ҚР-ның еңбек сіңірген заңгері” атағымен, бірнеше медальдармен марапатталған. 200-ден астам еңбектері, оның ішінде 10 монографиясы жарық көрген.
## Пайдаланылған cілтемелер
Шығ.: Общественно-политическая деятельность ссыльных поляков в дореволюционном Казахстане, А.-А., 1971 (телавт.); Основы государства и права Республики Казахстан, А., 1994.
Е. Ерешев |
Ілияс Қожа хан (туған жылы белгісіз — 1368) – Моғолстанның екінші ханы, Тоғылық Темір хан 1363 жылы қайтыс болғаннан кейін билікке отырған. Тоғылық Темір хан 1361 жылы көктемде екінші рет Мәуереннаһрға жорық жасап, саяси бытыраңқылықтық нәтижесінде бұл аймақты бағындырады да, ұлы Ілияс Қожаны Мәуереннаһрдың әкімі етіп тағайындайды. Ілияс Қожа мұнда 1361 – 1362/63 жылға дейін отырады. Жергілікті әмірлер арасындағы талас-тартыстарды, өзара күрестерді Ілияс Қожа тоқтата алмайды. Керісінше, Ілияс Қожаның жанындағы моғол әмірлері мен әскербасылары тонаушылықтармен айналысады. Тоғылық Қожа әскеріне жергілікті әмірлердің біріккен күші соққы беріп талқандайды. Ілияс Қожаның өзі тұтқынға түседі, бірақ кейін қайтарылады.
1362/63 жылы хан тағына келіп, Ілияс Қожа хан Мәуереннаһрды толық бағындыру саясатын жалғастырады. 1365 жылы мамырда көп әскермен Мауераннахрға кіреді. Әмір Темір бастаған Мәуереннаһр мен моғол әскерлері Үинас пен Ташкент аралығындағы Сырдария өзенінің бойында ұрысқа түседі. Ұрыс кезінде қатты жаңбыр жауып, жер лай, батпақ болғандықтан, бұл шайқас тарихта «Батпақ шайқасы» деген атпен қалды. Ілияс Қожа хан жеңіске жетіп, жау әскері 10 мыңдай адамынан айырылады. Ілияс Қожа хан Самарқанға дейін жетіп, қаланы қоршайды. Қала тұрғындарының жанқиярлық ерліктері Ілияс Қожа ханға қаланы алуға мүмкіндік бермейді және моғол әскерлерінің мініс аттары арасында аурудың тарауы моғолдарды кейін оралуға мәжбүр етеді.
Ілияс Қожа ханды Моғолстанда дулат тайпасының әмірлерінің бірі – Әмір Қамар ад-дин өлтіреді.
## Дереккөздер |
Сапақ датқаСапақ Байшуақұлы 1833-1913 жылдар шамасында өмір сүрген қазақтың айтулы шешен биі әрі батыры. Ол кісіні ел датқа деп те атап кеткен. Датқа - халық тілегін әділдікпен шешетін ел басшысы деген парсы сөзі. Сапақ датқа бұрынғы Әулиеата уезінің Талас, Аса өзендерінің бойын жайлаған ауылда туып өскен. Әкесі Байшуақ, оның арғы ата-бабалары Бәйдібек, Тасжүрек, Сейіт, Дөнен бөрі өз уақтысында елін, жерін сыртқы, ішкі жаудан қорғаған батыр, би боп өткен. Байшуақтан туған Сапақ, Бапақ, та, Сапақтың балалары Тойшыбек, Жолшыбек те сол ата-бабалары сияқты екен.Сапақ би денелі, көрікті, келбетті кісі бопты. Ол аға сұлтан Құнанбай еліне күйеу екен. Құнанбай Сапақты екі рет ас-тойға арнайы шақырған. Бір шақырғанда алыс жолдан шөліркеп келген Сапақ биді Тобықтының жігіттері жезде деп қалжыңдап, қымызды жуық арада құймай отырып алыпты.- Жездеке, сізге қай қымыздан кұяйық? Бұл үйде тай кымыз да, құнан қымыз да, дәнен қымыз да бар, - депті. Шыдамы кетіп, шөлдеп отырған Сапақ:- Өй, шырағым, "Берместің үйінде бесті қымыз бар" демекші, қымызыңды құлаштап сапыра бермей, беретін болсаң тезірек құйсайшы!? - депті.Ел арасында Сапақ шешеннің тапқыр сөздері көп айтылады. Соның бірі мынадай:Сапақтың бозбала кезі. Шешендігімен ауызға іліге бастаған жас жігітті сынамақ болып Әулиеатада тұратын ел ағасы Ысқақ деген кісі қонаққа келген Сапақты сыйлап күтіп, ертеңіне аттандырар алдында:- Шырағым, Сапақ, қазақтың кейбір мақалдарына түсінбедім, соны сенен сұрайын деп едім, - дейді.- Сұраңыз, Ысеке, шамамның келгенінше жауап беріп көрейін.Сұрасам: "Ер-егіз, еңбек-жалқы" дейді, бұл не сөз?"Қырық жыл байлық бар, қырық жыл жарлық бар", - дейді, бұған да түсінбедім.- Ысеке, бұның бәрі біздің сұрап, сіздің шешетін нәрсеңіз екен, - дейді Сапақ.- Неге, Сапақ шырағым, "Асыл - тастан, ақыл - жастан" демей ме?- Онда жауап беріп көрейін, - деп сөз бастапты Сапақ.- Ер егіз деп айтуға болмайды. Анадан егіз туғанмен, екеуі екі елден қыз алады. Әйелдері егіз бомаған соң олар егіз бола алмайды. Көргенді жерден қыз алсаң, көзіңе шел салмаса, өзіңнің жоғынды білдірмей қонағыңды оң қабағымен қарсы алып, жылы шыраймен шығарып салып отырса, егізің әне сол болады. Еңбекті жалқы деген - ол да әйелден. Көргенсіз жерден қыз алсаң, от басыңның күлін шашып, келген қонағыңды ішке тартпай, сыртқа тепсе, қанша көпшіл болып, қанша еңбектенгеніңмен жалғыз қаласың. Ал, "қырық жыл байлық бар" "қырық жыл жарлық бар" дегеннің мәнісі мынау болса керек. Адам қырыққа келгенше жігер-куаты бойында сау- саламат ойнап-күліп, қызықшылыкпен өмір сүреді. Бірінші байлық - денсаулық деген емес пе? Денсаулыктан артық байлық бар ма? Одан әрі шау тартып, ыңқыл-сыңкылың көбейіп, ауырмайтын жерін, сыздамайтын сүйегің қалмайды. Сексенге дейінгі қырық жарлылыктың жәні осы болар.- Бәрекелді балам, жән екен. Бұл сөздердің мәнісін енді түсіндік, - деп Ысқақ ата оған риза болыпты.
* * *
Құлмамбетпен айтыстан соң Майкөт ақын Сапақ бидің үйінде үш күн жатыпты.- О, биеке, - депті Майкөт, - осы сапар Жетісуды түгел аралап қайттым. Кеудесі тұнған бау-бақша, байлығы асқан тамаша. Қыздары түгел әнші, шетінен сұлу, жігіттері акын, күйші екен. Төңірі алғыр Қүлмамбет елінің байлығына сүйенді, мен жерімнің байлығына сүйендім. Сонда Сапақ шешен:- Кәне, не деп мақтадың? - деп сұрапты. Сонда Майкөт:
- Қаратау менің мекенім,
Миуасын теріп жеп едім.
Алмасы бар аяқтай,
Жуасы бар таяқтай,
Арқары мен құлжасы,
Жылкыдан шыққан саяқтай.
Доланасы жүректей,
Бұғысы мен маралы,
Буыршындай, үлектей.
Торлан, Шақпақ тар кезең,
Аса, Талас екі өзен
Ат бауырынан саз алған.
Балдырғанын жегенде,
Баланың көңілі мәз болған.
Жаужұмыры кұмандай,
Сексеуілін жаққанда,
Кедейдің көңілі тынғандай..
Майкөт сол жолы ұзақ жырлапты.Сонда Сапак би:- Майеке, жердің мактауын жеткізген екенсің. Бірақ дүниенің бар қызығы байлықта ғана емес кой. Бақыт - колға конған кұс, байлық - колға ұстаған мұз; құс ұшады, мұз ериді, дүниенің кызығы сіз бен біз! - деген екен.Сол жолы Майкөт акын мен Сапақ, шешен бақ, бақыт, ынтымақ, бірлік, байлық, дәулет туралы тыңдаушы жұртына небір ақыл-накылдарын айтыпты.
Бақ оралса басыңа,
Дос жиылар қасыңа.
Егініңді салысар,
Қырманыңды алысар,
Тандырыңды жабысар,
Шалғыныңды шабысар,
Малдарыңды бағысар.
Қарамай кеткен ағайын,
Қайтып келіп табысар.
Бақ кеткенде басыңнан,
Жоқтан бөле жабысар,
Қампайып тғрған қарының,
Аш қалғандай қабысар,
Егініңді өрт шалар,
Мал-жаныңды дерт шалар.
* * *
Батыр сөйлей қалса,
Жауға салған ойранын айтар.
Ақын сөйлей қалса,
Кызық думан тойдағыны айтар.
Қомағай сөйлей калса,
Ішіп-жеп тойғанын айтар.
Саудагер сөйлей қалса,
Кездеме кызыл байрағын айтар.
Шаштараз сөйлей қалса,
Ұстарасы мен қайрағын айтар.
Ақылды сөйлей қалса,
Асыл сөздің қаймағын айтар.
Ақымақ сөйлей калса,
Ақылға қонбайтын қайдағыны айтар.
* * *
Бота ойнақтаса,
Молшылық болар.
Тайлақ ойнақтаса,
Тоқшылық болар.
Көрі түйе ойнақтаса,
Жоқшылық болар.
* * *
Қызыл тілден - Қан да тамады.
Бал да тамады.
Ең тәтті де - тіл.
Ең ащы да - тіл.
Ең жұмсақ та - тіл.
Ең катты да - тіл.
* * *
Бір туысы келген кұда-жекжаттарына бура сойып сыйлапты. Соны көрген Сапақ датқа:
Жатқан жері даладай,
Екі өркеші баладай,
Азу тісі маладай,
Жабуы бар жамшыдай,
Құйрығы бар камшыдай,
Бура сойған не сұмдық? -
деп термелеген екен дейді ел.
* * *
Шешеннің бір жақын кейуанасы:- Келінім өзі шайпау, жалқау болды. Сәске түске дейін жатып алады. Біз айтсақ тыңдамайды, жайыңа отыр дейді, не қылсам екен? - депті.Сапақ бұл сөзді тыңдап отырады да:- Келініңді шақыр, - дейді. Келіні келеді.- Келін шырағым, - дейді Сапақ, - осы жұрт: "Таңмен таласа тұрғанның талай ісі бітеді. Тал түске дейін жатқанның талай ісі кетеді" дейді. Осының мәнісі қалай, соны айтшы?- Түсіндім, би қайнаға есте болсын, - деп кетеді.Арада күндер өтеді. Бір күні Сапақ таң алакеуім шақта тұрып дәрет алып жүріп, ауыл сыртында біреуді көреді. Анықтап қараса, әнеукүнгі келіні екен. Ол таң атпай тұрып, сиырын сауыпты да, оны падаға қосып, қайтарында дәу қап тезек арқалап келе жатады. Келіні жакындай бере, арқалаған тезегін жерге қоя салып, Сапақ биге иіліп ән кылады. Сапақ:- Көп жаса, шырағым, ұл тап! "Ерте түрған келіннің екі жүмысы бітер" деген, міне, осы, - депті.
* * *
Сапақ шешен бір жолы Бұхар шаһарына барыпты. Шайханаға кіріп шай ішіп отырса, оны танитын қазақ, өзбектер тұс-тұсынан әртүрлі әңгімеге салыпты.- Төле би кімнің биі болған?- Өзіміздің би! - депті бір қазақ.- Жоқ, біздің би! - депті бір өзбек. Сонда Сапақ шешен:- Бір биді бөле-жарасыңдар. Аруағыңнан айналайын Тәкең ол кезде бөріңе де жеткен жоқ па еді?
Төле би де өзіміз.
Қисық болса ісіңіз -
Төбе би де өзіміз,
Құрулы тұрған тезіңіз, -
Төте би де өзіміз.
деп сөз соңын осылай түйіндепті.
* * *
Сол шайханада отырғандардың ішінде Бұхар ханының сарай ақыны әрі молдасы Бажбан да болыпты. Ал, Сапақ шешен болса, сөзге дес бермей өткен-кеткеннен әңгімені үдете берген. Өзіне сөз кезегі тие коймаған Бажбан молда:- Өзің бір желдей саулап тұрған жан екенсің. Осы сөздің бір пұлдық пайдасы бар ма? - депті. Сапақ:- Бар, депті, - мен айтсам халықтың қамын жеп айтамын. Шешілмей жатқан дауын шешіп беремін. Оған халқым риза. Мұндай сөздің босі пұлдан қымбат. Алтыннан қымбат сөзге ақымақ қана құлақ салмайды.Ал сен болсаң, шариғат былай деп күнәкөр сөзін айтасың. Барған жеріңде айлап жатасың. Жұрттың бермесіне қоймайсың. Қанша алсаң да тоймайсың - Сапақ осылайша термелей бергенде молда шешеннің сөзіне шыдай алмай, шайханадан шыға қашыпты.
* * *
Ел арасындағы естелік әңгімелерге қарағанда Сапақ би өз атырабына беделі асқан абыройлы, атақты, ақылгөй би болғанға ұқсайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапхана қорында сакталған бір естелікте Әулиеата, Ташкент, Бұхар шаһарларын билеуші хандар, бектер, билерге ол тікелей қамқор да, батыл, ақылды да алғыр би болыпты.Бай, мырзалар айтады екен: "Біз хан ордасына жақындағанда, ат-көлігімізді тастап жаяу барсақ, Сапак би атымен барады. Біз ханға сый-сияпат беріп қайтсақ, Сапақ ханнан алып қайтады" дер екен.Сапақ датқа өнерпаз, әнші, күйшілермен де жиі кездесіп, сұхбаттасып, оларға да әрдайым қамқорлық жасайды екен. Зерттеуші сазгер Илья Жақанов өзінің Ықылас қобызшыға арнаған кітабында былай жазыпты:...Ауыл шетінде түтіні түтініне жалғасып іргелес қонған Алдаш байдың үйіне біраздан бері сыралғы көңілдесі сонау Талас бойындағы төрт ата Ошақтының мырзасы Сапақ келді. Араларында алыс-берісі бар екі бай екі- үш күн өзді-өзі шүйіркелесті, ауыл ақсақалдарынан тек Қазы шешенді ғана шақырып, онда да дабыр жасамай томата тұйық, тып-тыныш мәслихат құрды. Бұл елдің игі жақсысы, тәуірлері Әулиеатаға сапар шексе, жолшыбай осы Сапақтың аулына соқпай кетпейді. Бұл сондай Сапақ! Әңгіме-дүкен сан- сала боп өрбігенде адам парнын аңдағыш Қазы шешен Сапақтың сергек ойлы, ақылды, кең алымды, өрелі жігіт екенін таныды. Орнықты, тоқтамды сөзіне иланды. Сапақ датқа әлсін-әлсін домбыра шертіп отырды. Тәттімбетті, Тоқаның шертпелерін біледі екен. Өзі кісі сөзін бағып сөйлейтін ізетті де, соңына ерткен жігіттері де өрнені ауық-ауық емін-еркін сөйлесіп кетіп жатты. Осының бәрін Қазы шешен іштей бағып, оран жылы пейіл білдіріп отырды.Тағы бір желсіз мүлгіген коңыр кеш еді. Бұлар үйдің көлеңкесінде ақ сырмақ, шәйі көрпенің үстінде ақ мамық жастықты шынтақтап, қымыз ішіп әрқилы әңгіменің басын қайырды. Сапақ бір орайлы сәтте.- Алдеке, көңілімнің алаңы бар. Иә-иә, алаңы емес, калауы бар, - деді.Алдаш сол дағдарып:- Айтыңыз, - деп біртүрлі оқыс қылп етіп.- Біздің ел Алтынбектің қобызын о бастан біледі. Дүкеннің өнеріне де тәнті. Иө, Алтынбектің алқасы, сырғасы, білезігі біздің елге сондай таңсық. Ол өзінше бір әңгіме.Алдаш басын изеп, сөз ақырын күтті. Қазы шешен де Сапақтың мінезіне ойлана койды.- Былтыр кыс бойы Талас елі бұл әулеттің тағы бір перзенті Ықылас деген қобызшы баланың құлағын шулатумен болды. Мынаны қараңыз, сол қаршадай Ықыластың атын ырым ғып Ошақты, Дулат елінің жаңа туған нәрестелеріне қоя бастапты. Таласты, Шуды жағалап растығына көзіңіз жетеді. Және кобызға әуес балалар көп-ақ. Мұны не деуге болады, Алдеке? Қазеке? Сол Ықыласты бір көрсем бе деп едім.Сапактың сабырлы, ұяң үнінен қиыла тілек еткендігі сезілді. Алдаш ынғайсыздана қипақтады. Сөзге Қазы шешен араласты.- Жән, жән. Сапақжан, шын көңіліңнің түйткілін айттың. Бір сөзің кате емес. Әркімнің жанатын өз жұлдызы бар. Сен Ықыластыц жұлдызына кызығады екенсің. Кісілігіңнің бір кадірлі жері осы. Рахмет. Сапақжан!- Ал, Алдеке, Сапақжанның көңіл калауын табыңыз. Ықыласты алдырыңыз! - деп Қазы шешен Алдашты билей сөйледі.- бұл Ықылас деген ініңіз болады ма?! Жақсы... жақсы. Көргеніме қуаныштымын, - деп Сапақ жылы лебіз білдірді. - Амал не,көңіліңнің бір жүдеп жүрген тұсына тап келдім. Келгелі бері естіп, біліп жатырмын айналайын. Жоқшылық жомарт ердің қолын кеседі. Мен де сол жоқшылыкты көргім келмей бірді-екі; екіні-төрт қылып дегендей әлектенумен жүрмін, айналайын. Біздің тірліктің мұраты сол болып барады.Соңғы сөзге Алдаштың жүрегі елжіреді.Қазы шешеннің бар дені Ықыласта еді.- Сапақжан, көргің келген Ықыласжан осы, - деді ол бір сөз иіні келгенде.- Ой, құдай-ай, біздің сөз тек малдан, базардан қайырылатын әдеті, - деп Алдаш кеңкілдеп кеп күлді.- Былтыр қыста еш ретін таппадым. Сапарда болдым, Ықыласжан, сенің қобызыңды тыңдаған ел аузынан тастамайды.Ықылас Сапақтың өзіне деген ашық қабағын көрді. Жүзі жылыды.- Қорқыттан, - деп қалды Алдаш.- "Қорқыт сарыны" деп қобызшы біткеннің бәрі тартады. Талайын тыңдадым, Сапақжан. Сол сарынның бөрі-бөрі өзгеше-өзгеше сарын. Қорқыттан ұлы атасы Алтынбек қозғайды. Өз әкесі Дүкеннің Қорқыты бөлекше күй. Соның бөрі бұл Ықыластың құлағына бесікте жатқаннан шалынды. Бүгінде Ықыластың "Қорқыты" бар, - деді Қазы шешен ойлы жүзбен орағыта толғап.Айлы түнде "Аққу" күйі де шалықтады.- Міне, - бұл - Ыкыластың өз "Ақкуы".Сапақ пен Алдаш Қазы шешеннің сөзін тек костай берді.- Ықыласта тағы бір күй бар. Ол атасы да, әкесі де тартқан күй емес. Ол - өз күйі "Қасқыр" деп аталады.- "Қасқыр!" - деп таңыркай қарады Сапақ Қазы шешенге.Қазы шешен:- Иә, - деді.Ықылас томсырайып отырды да, саусағын жоғарғы сағаға тигізе беріп, төмен қарай қыл ішекті езе сырып сол бойдан тиекке дейін жетті. Сөл кідіре ұлытып, кері сырғыды, одан іле тағы да құлдилай бастады. Қобыз ұлыды. Ықылас сазара түсті. Апыр-ау, бұл не? Үлыған боран ба, қасқыр ма? Қыл ішек қоңырлап ұлыды. Ықыластың денесі қүс еттеніп, ол өршелене тартты ысқышты. Бір кезде иттер абалап, өкіріп сиырлар үшып түрегелді. Жыл- қылар кісінесіп, бар маңай қым-қуыт шу, азан-қазан боп дүрлікті.- Кет! Не боп кетті мына пәлелерге? Кет! Екі-үш жігіт иттерді қуалады.Ал қобыз қасқыр болып ұлыды. Күй тынғанда иттердің де үні өшті. Жас тайдың еті желінді. Тағы да қымыз келді. Ай да биіктеді. Ел жата қонақтар орындарынан тұрды. Қазы шешен мен Алдаш әлденені күбірлесіп жеке қалды. Сапақ Ықыласты ертіп, жүре сөйлесіп, бой сергітіп, ауылдан аулағырақ шықты.Ықылас Сапақтың өзінен жеті-сегіз жас үлкен екенін білетін-ді. Оның байлығын, берендігін, рақымдылығын сырттай еститін. Кейде өз әкесі мақтап отыратын. Біреулер: "Бар болсаң, сен де мырзасың", - дейтін. Сонда әкесі: "Жо-жоқ, бұл Сапақтың бітімі бөлек. Парықсыз сасыған бай емес ол. Онда мөрпік, кісілік, зерде бар. Өзі домбыра тартады", - деп қорғаштайтын. Міне, бұл - сол Сапақ! (Илья Жаканов, "Ықылас", 51-55-6.6, "Өнер" баспасы, 1990 ж.)
## Дереккөздер |
Мәлік Мұхамеджанұлы Сапаров (15 қыркүйек 1958, Қызылту ауылы, Алматы облысы, Қазақ КСР — 19 маусым 2003, Астана) — әскери қайраткер, генерал-лейтенант.
## Өмірбаяны
Свердловск Суворов уч-щесін (1973), Алматы жоғары жалпы әскери командалық уч-щесін (1979), Мәскеу әскери академиясын (1988), РФ ҚК Бас штабының әскери академиясын (1997) бітірген. 1979 — 83 ж. Забайкалье әскери округінде взвод, рота командирі, 1983 — 85 жылдары Орталық әскерлер тобында мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары, 1988 — 91 жылдары Орта Азия әскери окр-нде мотоатқыштар батальонының командирі. 1991 — 93 жылдары Түркістан әскери окр-нде мотоатқыштар полкі командирінің орынбасары, полк командирі, 1993 — 95 жылдары ҚР ҚК Бас штабының аға офицері болды. 1997 — 98 жылдары ҚР ҚК Бас штабы департаменті бастығының орынбасары, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының кеңесшісі, бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, 1998 — 2001 жылдары ҚР ҚК Бас штабының бастығы — республика ҚК-нің жалпы қолданыстағы күштер қолбасшысының 1-орынбасары. 2001 жылдан өмірінің ақырына дейін ҚР ҚК Бас штабының бастығы — ҚР Қорғаныс министрінің 1-орынбасары қызметін атқарды. 2-дәрежелі Даңқ орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Қызылорда — Қазақстанның оңтүстігіндегі қала, Қызылорда облысының әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығы (1938 жылдан). Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Тұрғыны 278 581 адам (2023). 8 әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: Қызылорда қаласы, Тасбөгет, Белкөл кенттері, Қосшыңырау, Қызылжарма, Қызылөзек, Ақсуат, Ақжарма ауылдары. Қала теңіз деңгейінен 126–130 м биіктікте жатыр. Қала аумағы өзенді бойлай оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай төртбұрышты пішінде созылып жатыр. Жер аумағы 3683 га. Қаланың 17,0 га аумағы теміржол тораптарына, 165 га аумағы көліктік көшелерге, 19 га аумағы талы жоқ қала бақтары мен демалыс орындарына, 51 га алқабы шөлді-шөлейітті орындар үлесіне тиеді. Геологиялық тұрғыдан Қызылорда аумағы Тұран эпигерциндік платформасы үстінде жатыр. Палеозойда қалыптасқан бұл жазықты кейде "Сыр ойысы" деп те атайды. Ойыстың шеткі иіндері палеозойлық қатты метаморфты жыныстарға толған. Ойыстың көлденең ені 400 км. Орталығында палеозойлық тау жыныстары 600-900 м тереңдікте жатыр. Кейіннен ойыс мезозой, одан кейін кайнозой жыныстарымен жабылған. Шөгінді қабат үшке бөлінеді.
Ең жоғарғы қабатының қалыңдығы 10-15 м. Бұл толығымен аллювийлі шөгінді жыныстар. Келесі құмды қабаттың қалыңдығы 50-80 м. Олар негізінен көтеріңкі немесе құмды төбелер бөліктерінде жатыр. Үшінші қабат палеогеннің аяғындағы (олигоцен) теңіз саздары мен құм тастарынан тұратын жасыл-сұр түсті жыныстардан тұрады. Қабат 50–80 м тереңдікте жатыр.
Қала Қамысқала атты елді мекенде 1817 жылы салынған. Қоқан хандығының кезінде Ақмешіт бекінісі болып қаланды. 1853 жылғы тамыздан басқыншы, генерал В.А. Перовскийдің атымен бекініс Перовск форты аталды. 1867 жылы Перовскіге қала мәртебесі беріліп, уезд орталығына айналды. 1901–1906 жылдары Орынбор–Ташкент теміржолының салынуына байланысты қала халқы қарқындап өсті. Кеңес өкіметі Қазақстанда ең бірінші осы Перовскіде, 1917 жылғы 30 қазанда (12 қараша) орнады. 1922 жылы қаланың Ақмешіт аты қайтарылғанымен, 1925 жылғы сәуірде Қызылорда деп қайта өзгертіліп, Қазақ АКСР-інің астанасы мәртебесі берілді (1929 жылға дейін).
Қалада 1926 жылғы 13 қаңтарда Қазақ драма театры (М.Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академия театры) ашылды. Денсаулық сақтау, білім беру орындары көбейді. 1938 жылы облыс орталығына айналды. XX ғасырдың 30-жылдары қалада электр станциясы, диірмен, наубайханалар, балық өңдеу, күріш, кірпіш зауыты жұмыс істеп тұрды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары аяқ-киім фабрикасы, ет комбинаты, астық өнімдері комбинаты, сүт зауыты, целлюлоза-картон зауыты, тоқылмайтын маталар фабрикасы іске қосылды. 1956 жылы қала іргесіндегі Тасбөгет кенті жанынан су бөгеті салынды. 1974 жылы «Қызылордакүрішмаш» зауыты іске қосылды. Көптеген оқу орындары мен мәдениет ошақтары ашылды. 1996 жылы 8 қазанда ҚР Президентінің жарлығымен «Қызылорда арнайы экономикалық аймағы» (АЭА) құрылды. Оның бағдарламасы негізінде қалада жекешелендіру, акционерлендіру, инвестиция тарту секілді жұмыстар жүргізілді. Түрлі меншіктік жүйелер жасалып, шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен мекемелері құрылды. Өнеркәсіп, сауда, байланыс қатынастары реттелді. Экономиканың жандануы мемлекет және қала бюджетіне түсетін қаржы сомасын арттырды.
Қалада күріш машиналарын шығаратын «Қызылордакүрішмаш» АҚ, Құрылыс материалдары мен құралдар комбинаты, эксперименттік механикалық және тәжірибелік жөндеу-механикалық зауыттары, тоқылмайтын маталар, аяқ-киім фабрикалары, сонымен бірге астық өнімдері және азық-түлік, тағам бағытында «Береке-нан», «Балық», «Жайна» «Ісмер», «Қуат» АҚ-тары жұмыс істейді. Қалада «Айдан», «Аңсар», «Айжан», «Бабас», «Бастау және К», «Бейбарыс», «Сыр шарабы», «Темірхан», «Яксарт» және т.б. ӨК, АҚ-дар мен кәсіпорындар елге қызмет көрсетеді. Қаладағы көлік қатынасын «Маршрут», «Қатынас» АҚ-тары, «Жаңа талап» ӨК-і жүргізеді. Кейінгі жылдары қаланың архитектуралық келбеті жаңарып, тарихи орындар қайта жаңғыртылды. Жаңа әуежай, Аквапарк, Сарқырама каналы, Жағажай, төрт жұлдызды «Самал» қонақүйі, «Еуразия» кешені салынды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш, Қорқыт ата, Абылай хан, Амангелді Иманов, Мұхтар Әуезов мүсіндері орнатылған. «Қызылорда таймс» (1994), «Ақмешіт ақшамы» (1997), «Новая Кызылорда» (1998) газеттері шығады.
Білім беру және мәдениет саласы бойынша қалада 50-ден аса жалпы білім беретін мектеп, 5 колледж, 3 кәсіптік-техникалық мектеп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Сейхун» академиясы, Экономика, экология және құқық университеті, Гуманитарлық университет бар. Аймақтық агроэкология ғылыми-зерттеу институты облыста ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Облыстық мемлекеттік архив, драма театры, «Сыр сұлуы» халық ән-би ансамблі, филармония, көркемөнерпаздар шығармашылық үйі, облыстық халық шығармашылығы мен білім беру және мәдени жұмыстардың ғылыми-әдістемелік орталығы т.б. бар.
## Тарихы
Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт – 1818 жылы, Перовск – 1853 жылы, қайтадан Ақмешіт – 1922 жылы, Қызылорда – 1925 жылы), әр кезеңде Сыр бойы атрабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты.
Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды.
1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. Қалада 4 сыныптық мектеп, кірпіш зауыты, жел диірмен, ұста дүкендері жұмыс істей бастайды.
1905 жылы Орынбор – Ташкент теміржолы пайдалануға беріліп, қалада депо, вокзал үйлері салынды. Ал 1917 жылы 30 қазанда Перовскіде Кеңес үкіметі орнады. Жаңа үкімет үшін болған ұрыста А.Першин, Н.Шумилов, Н.Селиверстов тағы басқа жауынгерлер ерлік үлгісін көрсетті.
1922-1925 жылдары қала қайтадан Ақмешіт атанып, 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасына айналды. 1925 жылы қалаға Қызылорда аты беріліп, онда С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сияқты белгілі қаламгерлердің туындылары сахналанып, М.Әуезовтың “Еңлік-Кебек” спектаклі қойылды. Ал 1938 жылы Қызылорда облысы құрылды. 1960-70 жылдары қалада қатырма қағаз, аяқкиім, механикалық және күріш зауыттарымен қатар бірнеше фабрикалар іске қосылып, жаңадан салынған Гагарин, Титов елді-мекендері арқылы қала көлемі ұлғая түсті.
Осы жылдары Қызылордада педагогикалық институт пен Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институттарының филиалы және бірнеше арнаулы оқу орындары жұмыс істеп, көптеген мектеп үйлері жаңадан салынды.
1980-90 жылдары қазіргі Абай даңғылы, Желтоқсан, А.Тоқмағамбетов көшелерінде сәнді үйлер, зәулім ғимараттар бой көтерді. Соңғы жылдары салынған Ақмешіт, Мерей шағынаудандары, “Оңтүстікмұнайгаз” фирмасының әкімшілік үйі, Диагностикалық орталық, облыстық аурухананың жаңа үйлері қала ажарын аша түсті. Шетелдік компаниялардың Сыр бойының табиғи байлығын игеруі тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне ықпал ете бастады. Ежелгі Сыр бойында өмір сүрген данышпан Қорқыт баба, Жалаңтөс Баһадүр, Әйтеке би, Жанқожа, Бұқарбай, Тоғанас батырлар мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес Одағының батырлары атанған 22 майдангер ерлеріміздің есімдері – ел мақтанышы. Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов, Ғани Мұратбаев сияқты қазақтың біртуар ұлдары мен даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтарды дүниеге әкелген де осы қасиетті Сыр топырағы. Олар — өлке тарихына енген, көше бойларындағы үйлерге жазылған биік тұлғалы қасиетті есімдер.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласының іргесінің қаланғанына 200 жылға жуықтаған кезеңде де оның заман өзгерістеріне толы тарихи оқиғалары, ежелгі дәуірлерден бүгінгі күнге дейін Арал өңірін, Сырдария жағасын мекендеген халықтардың археологиясы, этнографиясы, әлеуметтік-мәдени өмірі зерттеушілердің назарында болып келеді.
Республиканың астанасына Ақмешіт қаласы ұсынылғанға, ең басты дәлел ретінде онда Орынборға қарағанда қазақтардың көп тұратыны тілге тиек етілді. Орынбор – Ташкент теміржолы республиканың жаңа астанасын Ресей орталығымен, Қазақстанның батыс, оңтүстік аудандарымен және Орта Азия республикаларымен байланыстыратын еді. Оның үстіне Ақмешіт болашағы үлкен үміт күттіретін суармалы егістің орталығына орналасты. Бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарағанда республика басшылары С.Қожанов, С.Сәдуақасов астананы көшіру мәселесіне ұлттық мүддені көздеп келген деген деректер бар.
“Қазақстан астанасы орыстың туы тігілген қалада емес, қаласы жоқтықтан қазақтың киіз ауылында болса да, қазақ жұртшылығына жуық болуы керек”, - деп жазды С.Қожанов “Ақжолдың” 1924 жылғы 17 желтоқсандағы санында. Қазақ астанасы болуға Орынбор қаласы шетте болғандықтан ғана жарамайды емес, қазақ қаласы болмағандықтан, қазақ ұлт мемлекетінің ұлтшылдығына орда болуына қисыны жоқтықтан жарамайды. Қазақ ұлт мемлекетшілдігіне әдемі қала, ыңғайлы үйлер керек емес, жаман да болса, өз ордасы болуы керек. Орынбордан көшпей, қазақ ұлтының ішкі тіршілігі оңдалып, қазақ еңбекшілерінің көпшілігінің қолына керекті шарлар іс жүзінде істелуі қиын”.
Перовск станциясы теміржол жұмысшыларының бастамасы бойынша Қазақстан өкіметін Ақмешітке көшіру үшін үш күн ішінде “Қызыл паровоз” жөндеуден өткізіліп, Орынборға жіберілді.
Қазақ АССР-і Кеңестерінің V съезі делегаттары және өкімет мүшелері бар пойыз Орынбордан республиканың жаңа астанасы Ақмешітке 1925 жылдың наурыз айының аяғында аттанды. Съезд делегаттарының ішінде мәдениет, өнер қайраткерлері Иса Байзақов, Александр Затаевич, Әміре Қашаубаев, Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфуллин, Қажымұқан Мұңайтпасов болатын.
Бұл съезге Қазақ Республикасының қарауына кірген Қарақалпақ Автономиялы облысының өкілдері бірінші рет қатысты. Қарақалпақ делегаттарының бірі Әбу Құдабаев Ақмешіт қаласына жақын Сырдария өзенінің батыс жағасындағы “Қызыл қайың” ауылында 1899 жылы туған. Ол бірқатар жылдар бойы Қарақалпақ облыстық партия комитетін басқарды. Кейінірек сталиндік қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбанына айналды.
Құрамында Қазақ АССР-і Кеңестерінің V съезі делегаттары бар өкімет пойызын жол бойында Сексеуіл, Арал, Қазалы, Жосалы станцияларының жұртшылығы қарсы алып, көп адам жиналған митингтер ұйымдастырылды. Ақмешіт станциясында орасан зор митинг болып өтті. Оны Ташкенттен келген Сырдария облыстық партия комитетінің хатшысы Әбілқайыр Досов ашты. Өкімет делегациясын Қазақстанның жаңа астанасының жұмысшылары мен интеллигенциясы қызу құттықтады. Қала жастары атынан Әбділда Тәжібаев сөз сөйледі.
Сонымен 1925 жылдың 15 сәуірінде Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қазақ АССР Кеңестерінің V съезі салтанатпен ашылды.
Бес күнге созылған съездің негізгі құжатының бірі қазақ халқының тарихи дұрыс атының қалпына келтірілуі еді. Яғни Кеңестердің бүкіл қазақтың V съезі “бұдан былайғы жерде “киргиз” деген атау “қазақ” деп аталсын” деп қаулы қабылдады. Сонымен бірге съезд “Киргиз Республикасын” “Қазақ Республикасы” деп атауға, ал оның астанасы Ақмешітті Қызылорда деп атауға қаулы алды.
Қызылорданың Қазақстан астанасы деп аталуымен тарихтың жарқын беттері ашылды. Еліміз жаңа бір қоғамдық құрылыстың ғимаратын қалай бастады. Бұл кезде қаланың тұрғыны 22577-ге жетті. “Қызылқала” сөйтіп өмірге жаңаша қарқынмен қанат жая бастады. Дәл осы жылдары жарқыраған электр жарығы іске қосылды. Астана мәртебесіне қол жеткізген соң түрлі мекемелер мен өндіріс орындарының іргетасы қалана бастады. Біртіндеп кондитерлік фабрика, ет комбинаттары, сыра зауытымен бірге басқа да артелдердің қатары көбейді.
Қызылорда астана болған жылдары орта оқу және арнаулы оқу орындары, өнеркәсіп және ауылшаруашылық мекемелерімен қоса, орталық ғылыми-зерттеу ғимараты жанынан қазақтың эпидемиология және гигиена институтының негізінде егу лабораториясы дүниеге келді. Сондай-ақ ең алғашқы рет қазақтың ғылыми-зерттеу, жер қыртысын зерттеу, қазақтың мал дәрігерлік-бактериологиялық және де басқа институттары өз жұмысын осы қалада бастаған болатын.
## Кәсіпорындары
### «Қызылордакүрішмаш»
«Қызылордакүрішмаш» – машина жасау кәсіпорны. 1981 ж. ауыл шаруашылық машиналарын жасауға бағытталған зауыт ретінде пайдалануға берілген. 1994 жылдан акционерлік қоғам. Астық жинайтын машиналар шығаруға мамандандырылған. Зауыт шығаратын әртүрлі жатка машиналары елімізде көпшілік сұранысқа ие. Зауыт ЖВ-4,1, ЖРТ-5-01. ЖРТ-5, ЖВУ-6, ЖВТ-6, ЖВП-10 жатқаларын жасауды игерген. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 600 жатка.
### Қызылорда су тораптары
Қызылорда су тораптары, 1) Қызылорда су торабының оң жақ каналы, бастауын Сырдария өзені арнасында салынған бөгет (1957, Қызылорда қаласынан шығысқа қарай 12 км) маңынан алып, өзеннің оң жақ бойымен Қармақшы ауданына дейін созылады. Ұзындығы 80 км, ені 20, кейде 40 – 80 м. Тереңдігі 5 – 12 м. Су ағымы каналдың басында 48 м³/с. Канал бойында бірнеше бөгеттер, көпірлер бар. Сырдария өзенінің оң жақ бойындағы өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуда бұл каналдың маңызы зор, оның суымен күріш, жем шөптік дақылдар егілетін 60 мыңға жуық га жер суарылады.2) Қызылорда су торабының сол жақ каналы, республикада салынған (1950 – 60) ірі су құрылыстарының бірі. Бастауын Сырдария өз. арнасына салынған (1957) бөгеннен алады. Ұзындығы 140 км, ені 40 – 70 м, тереңд. 4,5 – 9 м. Су ағымы бас жағында 60 м³/с. Канал Сырдария, Қармақшы аудандарының шаруашылықтарына Сырдария суын жеткізеді. Суарылатын жер аумағы 50 мың га-дан астам. Канал жалпы ұзындығы 500 км-дей Жаңадария (Сырдарияның ескі арнасы) каналымен жалғасады. Оның суымен 600 – 700 мың га жайылым және шабындық суландырылады.
### Қызылорда энергиялық орталығы
Қызылорда энергиялық орталығы – мемлекеттік коммуналдық қалалық кәсіпорын. 1963 ж. іске қосылған. Орталық Қызылорда қаласын жылумен және электр қуатымен қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның жылу энергиясын өндіретін екі қазандығы бар. Жылу маусымы кезінде сағатына 22 МВт электр энергиясын өндіреді.
## Оқу орындары
### Қызылорда мемлекеттік университеті
Қызылорда мемлекеттік университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті – Арал өңірі мен Қазақстанның оңтүстік-батыс аймақтары үшін түрлі саладағы білікті мамандар даярлайтын іргелі жоғары оқу орны. 1998 жылдың 24 наурызында Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының бірігуі негізінде құрылған. ҚМУ-дың оқу және ғылыми жұмыстарын жоғары білікті оқытушылар ұжымы жүргізеді, олардың 49-ы ғылым докторы, 287-сі ғылым кандидаты. 12 мыңнан астам студент күндізгі, сырттай және кешкі бөлімдерде жаратылыстану және әлеумет, гуманитарлық сала, экономика, педагогика, өнер, мәдениет, спорт саласы, технология машиналар мен құралдар, мұнай-газ ісі, электр¬энергетика, азық-түлік өнімдері технологиясы, құрылыс, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы, т.б. салалар бойынша дәріс алады. Білім беру жүйесін дамыту, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы оқу процесін жетілдіру, ғылым мен практиканы ұштастыру, оқытушылар мен студенттер шығармашылығын қалыптастыру – университет дамуының негізгі ұстанымдары болып саналады. ҚМУ қызметінің басым бағыттары Болонья декларациясының талаптарына сай келетін жоғары кәсіптік білім берудің жалпы еуропалық жүйесіне кіру, оқу процесін жүйелі ұйымдастыру, кәсіптік білім берудің көп сатылы жүйесін дамыту, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыру мен жүргізуді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету болып табылады. 1993 жылы ҚМУ жанынан Қазақ-түрік лицейі, 1994 жылы жаңа үлгідегі мектеп-гимназия ашылды. Бұл оқу орындарында жоғары мектеп мамандары: ғылым кандидаттары, доценттер, жоғары санатты оқытушылар сабақ береді. Лицей мен мектеп-гимназияда шетел тілі және информатика пәндері бірінші сыныптан бастап тереңдетіліп оқылады. ҚМУ шетелдік жоғары оқу орындарымен байланыс орнату және оны дамыту жөніндегі шаралар кешенін төмендегі бағыттар бойынша жүргізеді: шетелдік оқу орындарымен тікелей келісім шарт бойынша байланыс; елшіліктер, түрлі халықар. қорлар және орталықтармен қатынас; оқытушылар құрамының шетелде тәжірибе алмасуы; шетелдерде мамандар даярлау; жолдама, шақыру арқылы шетел мамандарының, еріктілерінің қызметі; шетелдік қазақ жастарына білім беру; озық білім тәжірибелерін тарату; білім бағдарламаларын халықаралық стандарттармен сәйкестендіру; аспиранттар мен студенттерді шетелдерде оқыту. ҚМУ осы мақсатта АҚШ, Канада, Түркия, Оңтүстік Корея, Египет, Ресей, Белоруссия, Украина, Қырғызстан, т.б. алыс және таяу шетелдердегі ғылыми орталықтармен және жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Университет 1998 – 2002 жылдар аралығында Оңтүстік Альберта технология институтымен (SАІТ, Канада) бірлесе отырып Канада халықаралық даму агенттігі қаржыландыратын (СИДА) «Қазақстанның жоғары оқу орындарына техникалық көмек көрсету» атты жобаны жүзеге асырды. Бұл жоба негізінде «Экономикадағы ақпараттық жүйелер», «Ақпараттарды өңдеудің автоматтандырылған жүйелері», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Экономика және менеджмент» мамандықтары бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламалары жаңартылды. ҚМУ бірнеше жылдан бері Канаданың жетекші ауыл шаруашылық оқу орындарының бірі – Олдс колледжімен, Саскачеван университетімен Қазақстан – Канада – Қырғызстан арасындағы «Ауыл шаруашылық саласында кәсіби білім беруге ықпал ету, технологиялар ұсыну бағдарламасы», «Өндірістегі қолданбалы зерттеу мен сауда және индустриямен өзара байланыс бағдарламалары» атты үш жақты жобаны жүзеге асырып келеді. Аталмыш жобаны да Канада халықаралық даму агенттігі қаржыландырады. Сондай-ақ, Түрік халықаралық ынтымақтастық басқармасымен (ТІСА) бірлесе отырып «Қазақ-түрік қолданбалы өнер орталығы» атты екі жақты жобаны іске асырып келеді. Жоба мақсаты халықар. стандарттарға сай сәндік-қолданбалы өнер – кілем тоқу, зергерлік бұйымдар саласы бойынша жоғары білімді мамандар даярлау. Жоба шеңберінде университетте арнаулы кілем цехы іске қосылып, «Кәсіби білім беру» мамандығы негізінде қолдан кілем тоқу ісі бойынша мамандар даярланады. ҚМУ шетел тілдерін Франция, Түркия, Корея, Египеттен ерікті оқытушылар қатыстыру арқылы оқытуды тәжірибеге енгізген. Университетте Корей Республикасы Елшілігі жанындағы Корей ағарту орталығы мен Корей халықар. ынтымақтастық агенттігінің (КОІСА) бірлескен бөлімі ашылды. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу мемлекеттік инженерлік университеті, Қазан, Киев мемл университеттері, Кенги университеті, Чан-Янг университеті (Сеул, Корея), Сүлеймен Демирель ун-тімен (Түркия), MASHAV халықаралық байланыс орталығымен (Израиль) білім және ғылым мәселелері бойынша тығыз байланыс орнатылған. Сондай-ақ ҚМУ Қоғамдық-технология колледжбен (Миннеаполис, Миннесота штаты, АҚШ) бірлескен Интернеткурсын өткізіп келеді, университеттің «Аударма ісі» мамандығы студенттері аталған колледжде білім алу құқығын бірнеше мәрте иеленді. ҚМУ халықаралық университеттер ассоциациясы мен экономика және бизнес пәндері бойынша ресурстық желінің мүшесі бола отырып экономика, бизнес пәндері бойынша оқулықтармен көмек беретін CARANA Корпорациясының EdNET жобасы аясында «Еуразия» қорының (USAІD) грантын иеленді.Университеттің оқытушылар құрамы Орталық Еуропа университетінің Ресурс Орталығы мен (Будапешт, Венгрия), ТМД, Таяу Шығыс елдерінің жоғары оқу орындары оқытушыларына арналған оқыту әдістемелері бойынша өтетін семинарларға ұдайы қатысады. Университет жанында шетелдерде білім алу мәселелері бойынша Сорос – Қазақстан қорының бөлімшесі жұмыс істейді. Аталмыш бөлімше арқылы студентттер білім және ғылым саласы бойынша кеңес алу, ақпараттық құралдармен танысу, АҚШ жоғары оқу орындарына тапсыруға қажет TOEFL, GMAT, GRE тесттеріне дайындалу, ІREX, ACCELS, USІS, Сорос қорларының стипендиялық бағдарламалары бойынша ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды. ҚМУ жанында мұражай және көрме залы жұмыс істейді. Мұражайда университеттің өнері мен мәдениетінен сыр шертетін 1 көрме залы, 2 этнография залы, 1 техника залы, ун-т тарихын баяндайтын 6 экспозиц. зал бар. Мұражай қорында 3960 экспонат сақтаулы.Ун-т кітапханасы Қызылорда облысы оқу орындары кітапханаларының әдістемелік орталық болып табылады. Қазіргі уақытта кітапхананың жалпы қорында 2 млн дана басылым бар. Онда сирек кездесетін (5000 дана), ағылшын тіліндегі түпнұсқа әдебиеттер (1300 дана), электронды оқулықтар (300 дана) және миллионға жуық арнайы техн. әдебиеттер жинақталған. Оқырмандарға екі электронды зал қызмет көрсетеді. Кітапханада оқырмандар конференциясы, тақырыптық көрмелер, жаңа әдебиеттер көрмесі, өнер адамдарымен кездесулер өткізіледі.ҚМУ-дың жоғары сайланбалы өкілетті басқару органы – ғылыми кеңес болып табылады. Оның міндеті – университеттің келешегін, негізгі бағыттары мен ғылыми, экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясын анықтау. Университет ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: құрылыс материалдары мен құрылыс өндірісінің технологиялары; аймақтың минералдық байлықтарын қайта өңдеудің физика-химия негіздері; ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру және қайта өңдеу, сақтау технологияларының проблемалары; Қорқыт ата мұрасы және ежелгі түркі өркениеті; Арал өңірінің экологиясы; Қызылорда облыстық экономикасының проблемалары; машина-трактор агрегаттарын пайдалану тиімділігін көтеру жолдары; жерасты болат магистралды құбыржелілерінің төзімділігі; суармалы егіс ал¬қаптарының экол.-мелиоративтік жағдайы; Арал теңіз табанын игеру, т.б. Университет жанынан Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт ата мұраларын зерттеу орталығы құрылған. 2003 ж. осы орталық негізінде «Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт мұраларын зерттеудің көкейкесті мәселелері» тақырыбында халықар. ғылыми-теория конференция өткізілді. Қазіргі уақытта ҚМУ археологтары Оғыз мемлекетінің астанасы Жанкент қаласының орнын зерттеу үстінде. Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы көне қалалар мен Арал т-нің табанына жасалған ғылыми экспедициялар барысында құнды археологиялық материалдар жиналды. Университет ғалымдары бірқатар мемлекет ғылыми-технология бағдарламаларды орындауға қатысуда. ҚМУ студенттерінің қоғамдық қызметі Жастар ісі жөніндегі комитет арқылы жүзеге асырылады. Халықаралық, республика байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпаздары «Дидар» этнография-фольклорлық ансамблі, гандболдан Азия елдері және республика чемпионаттарының жүлдегері «Сейхун – Кам» қыздар командасы, республика және облыс байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпаздары «Час пик», «Қазақтың қазағы», «Сәтті сағат», «Қорқыт құрамасы» көңілді тапқыштар клубы мен КВН командалары, «Ақиқат» дебат клубы – университет мақтанышы. ҚМУ студенттері арасында, сондай-ақ, республика «Шабыт», «Жас толқын» фестивальдарының лауреаттары, республика пәндік олимпиада жеңімпаздары мол. Студенттер өмірінде «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығы және "Студенттер кәсіподақ комитетінің" алатын орны ерекше. Бұдан бөлек университет студенттері көптеген ұйымдар мүшелері болып, университеттің қоғамдық өміріне етене араласып, бос уақытын қызықты өткізуіне болады. Атап өтетін болсақ, "Әскери патриоттық клуб", "Нәзік" қыздар кеңесі, "Ұлағат Ұландары" ЖҚБ, "Қазақстан Студенттер Альянсы", "Жас Отан" жастар қанаты, "Студенттер Кәсіподақ Комитеті", "Грация" би тобы, "Қыран" еріктілер жасағы, "Ақиқат" дебат клубы сияқты көптеген ұйымдар жұмыс жасауда.ҚМУ қазіргі уақытта білім берудің жаңа технологиялары кеңінен қолданылатын, материалдық-технология базасы бай, оқу мен тәрбие тұтастығын қамтамасыз ететін бакалавриат, магистратура, аспирантурасы бар білім мен ғылымның ошағы болып табылады.
### Қызылорда гуманитарлық университеті
Қызылорда гуманитарлық университеті – экономика және педагогика мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны. 2000 жылы құрылған. 17 кәсіптік мамандық бойынша жоғары білімді мамандар даярлайды. Оқу орны заман талаптарына сай ғимаратқа орналасқан. Оның жалпы ауданы 4070,0 шаршы метр. Онда кітапхана, 120 орынды оқу бөлмелері мен жаттығу спортзалдары, 100 орынды асхана, медициналық бөлме, баспахана, шеберхана, әкімшілік басқару кабинеттері, кафедралар, дәрісханалар, зертханалар орналасқан. Университеттің профессор-оқытушылар құрамында штат бойынша 63 оқытушы, оның ішінде 2 ғылым докторы, 24 ғылым кандидаты бар. Заманауи білім сапасын, студенттердің жан-жақты білім алуына мүмкіндік жасайды.
### Қызылорда инженерлік-экономикалық институты
Қызылорда инженерлік-экономикалық институты – оқу-әдістемелік мекеме. 1998 жылы құрылған. Институт 8 мамандық бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, экология, есептеу техникасы және бағдарламамен қамсыздандыру, электроэнергетика, тасымалдау мен жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану). Институтта 4 кафедра жұмыс істейді. Онда 84 оқытушы-профессор еңбек етеді. 2004 жылы институт жанынан колледж ашылды. Онда студенттер 5 түрлі мамандық бойынша білім алады.
### Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университеті
Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университеті – жоғары оқу орны. 1997 ж. мамырда құрылған. Университетте 4 факультет, 12 кафедрада 18 мамандық бойынша кәсіби мамандар даярланады. 99 оқытушы, 7 ғылым докторы 37 ғылым кандидаты және өндірісте мол тәжірибе жинақтаған мамандар сабақ береді. Университетте ҚР Білім және ғылым министрлігі Философия және саясаттану институтының зерттеу бөлімі жұмыс істейді. Университет оқытушыларынан 2 докторлық, 8 кандидаттық, 14 магистрлік диссертация жұмыстары қорғалды. 2003 жылдан бері университет жанындағы «Қызмет» колледжі жұмыс істейді. Колледжде 11 мамандық бойынша арнаулы орта мамандар даярланады.
### Қызылорда гуманитарлық заң колледжі
Қызылорда гуманитарлық заң колледжі – орта кәсіптік оқу орны. 2001 жылы құрылған. Экономика, заң, педагогика салалары бойынша мамандар даярлайды. Колледжде 1 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, жоғары білімді мамандар дәріс береді. Университетте құқықтану, экономика бөлімдерінде 8 мамандық бойынша мамандар даярлаумен қатар жеке адамдардың сапалы білім алу мүддесін қанағаттандыруға және еңбек нарығындағы бәсекелестікке қабілетті болуына дайындайды. Салауатты өмірді қолдау мақсатында жұмыс жүргізетін «Жас заңгерлер» КТК командасы, «Әділет» дебат клубы, «Салауаттылық орталығы» бар. Колледжді 2001 жылдан саясаттану ғылымдарының докторы, профессор М.Мұхамедов басқарып келеді.
### Қызылорда медицина колледжі
Қызылорда медицина колледжі – арнаулы орта медициналық білім беретін оқу орны. 1928 жылы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен «Қазақ акушер техникумы» болып ашылған. 1933 жылы «Фельдшерлік мектеп», ал 1954 жылы «Медицина училищесі» деп аталған. 1996 жылы қазіргі атауымен аталған. 1933-40 жылдары оқу орнында 320-дай оқушы білім алды. Колледж емдеу, акушерлік, стоматология, фармацевтика, медбике мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды.
### Қызылорда музыка колледжі
Қызылорда музыка колледжі, Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы – арнаулы орта білім беретін мемлекеттік оқу орны. 1977 ж. ашылып, 1999 жылға дейін М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің құрамында болды. 1999 жылы жеке бөлініп шықты. Қолледжде аспапта орындау, жеке ән салу, хорға дирижерлік ету, хореография өнер мамандықтары бойынша білім беріледі. Колледжде әр жылдары Е.Көшербаев, Т.Қалауов, Е.Сақтапбергенов басшылық етті, қазіргі директоры К.Ш. Ботабаев (Қазақстан білім беру ісінің озық қызметкері). «Super Star» мегапроектісінің жеңімпазы А.Кішкенбаев, «Жас қанат» байқауының жүлдегерлері Р.Садықов пен М.Сейітмұратов, т.б. осы оқу орнының түлектері.
## Мәдениеті
### Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театры
Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театры, Н. Бекежанов атындағы – кәсіпқой сахналық мекеме. 1955 жылы Еңбекшіқазақ (Алматы облысы) және Қаратал аудандары (бұрынғы Талдықорған облысы) жергілікті театры негізінде ұйымдастырылған. Театр шымылдығы Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясымен ашылды. 1960 жылы театр Қызылорда қаласына көшіріліп, 1970 ж. Н. Бекежанов есімі берілді. 1997 жылдан Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыка драма театры болып өзгертілді. Театрдың ірге көтеріп қалыптасуына актерлер: Б.Балғынбаев, Ш.Мәденов, Х.Саурықов, Ш.Бәкірова, К.Көпбаева Қ.Көпбаев, С.Рақышев, Т.Айнақұлов Р.Тәшібаева, А.Манасбаева, Ж.Бағысова, Ә.Кәнетов, С.Шотықов, т.б. көп үлес қосты. Тұңғыш режиссері Ж. Әбілтаев (Қазақстанның еңб. сің. арт.) болды. Театрдың бас режиссерлері болып әр жылдары: Мен Дон Ук, Андриасян Р. С., М. Байсеркенұлы, Оразымбетов Е. С. (Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қайраткерлері), Әмір-Темір Хүсейін (Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қайраткері) және Т. Өтебаев, суретшілері болып Ә. Әбдірахманов, Ж. Әбіров, С. Пірмаханов [(Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1967)], т.б. қызмет істеген. Театр ұжымы М. Әуезов пен Л. С. Соболевтің «Абай», М. Әуезовтің «Қаракөз», «Қара қыпшақ Қобыланды», Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Қ. Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», «Жат елде», Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы», «Әке мен бала», С. Жүнісовтің «Тұтқындар», «Қызым саған айтам», О. Бодықовтың «Нартай», Қ. Мұқашевтің «Парторг» пьесаларын, сондай-ақ У.Шекспирдің «Король Лир», Ф. Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат», К.Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметкер», Н. В. Гогольдің «Үйлену», Ш. Айтматовтың «Ана – Жер-Ана», М. Кәрімнің «Айгүл елінде», т.б. спектакльдерді сахнаға шығарды. Театр балалар мен бүлдіршіндер үшін «Екі дос немесе делдал қарға», «Ақылды Ақшақар» ертегілерін және «Қандыөзек»(нашақор жайлы новелла) спектаклін сахналады. «Нартай бүлдіршіндері» атты қуыршақ театры жұмыс істейді. Шығармашылық жетістіктері үшін театр Бүкілодақтық венгр драматургиясы (1978), неміс драматургиясы (1980), КСРО халықтары драматургиясы (1982) фестивальдарының лауреаты болды.
### Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы департаменті
Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы департаменті, – облыс әкімшілігінің ауыл шаруашылығы саласындағы атқарушы органы. Облыс құрылғанда (1938) ҚазКСР Егіншілік комитеті жанындағы Қызылорда облысының жер бөлімі ретінде ұйымдастырылды. 1947 – 52 ж. ҚазКСР Ауыл шаруашылық министрлігінің облыстық ауыл шаруашылық басқармасы, 1953 – 62 ж. ҚазКСР ауыл шаруашылық минститунің ауыл шаруашылық басқармасы, 1962 – 65 ж. ҚазКСР ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен дайындау министрлігінің облыстық ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру басқармасы, 1965 – 89 ж. ҚазКСР Ауыл шаруашылық министрлінің облыстық ауыл шаруашылық басқармасы, 1986 – 89 ж. ҚазКСР Мемагроөнеркәсібінің облыстық агроөнеркәсіп комитеті, 1989 – 93 ж. облыстық агроөнеркәсіп бірлестігі, 1993 – 98 ж. облыстық Ауыл шаруашылық басқармасының, 1998 – 2001 ж. облыстық ауыл шаруашылық басқармасы болып аталып келді. 2005 жылдан қазіргі атымен аталады. Департаменттің негізгі міндеті – ауыл шаруашылық саласында халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, өндірісті шикізатпен, нарықтық қатынастардың даму жағдайында аграрлық сектордың экспорттық мүмкіндігін арттыруға бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
### Қызылорда қаласындағы жастар саябағы
Қызылорда қаласындағы жастар саябағы, Н.Ә. Назарбаев атындағы,Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекетік университетінің 5-ғимараты маңында, Сырдария өзені жағасында орналасқан. Аумағы 6 га. Қаланың көрікті жерінде орналасқан бұл жастар саябағы Қызылорда қалысының бас жоспарына енді. Қызылорда университетінің жаратылыстану факультеті мамандарының тәжірибелік-машықтық дәрістері осында өтеді. Саябаққа университеттің ғылыми кеңесінің 17.5.2006 жылғы шешімі бойынша ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың есімі берілді.
### Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві
Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві – ғылыми-құжаттық мекеме. 1928 ж. ұйымдастырылған. Алғашқы кезде округтік, 1931 ж. қалалық архив болды, 1938 жылдан қазіргі атауымен аталып келеді. Архивте облыстық, уездік-қалалық кеңестер мен атқару комитеттерінің 1917 жылдан бергі тарихи құжаттары жинақталған. Облыс өңіріндегі азамат соғысының барысы, алғашқы ұжымшарлар мен кеңшарлардың, МТС, тұңғыш мұғалімдер одағының, «Қосшы» одағының құрылуы, жергілікті өнеркәсіптің, балық шаруашылығының дамуы, күріш өсіру технологиясын меңгеру, атақты күрішшілер Ы.Жақаев, М.С. Кимнің еңбектері, мал шаруашылығын дамыту, оқу ағарту, денсаулық сақтау, мәдениет басқармаларының, Қызылорда қаласы астана болып тұрған кездегі (1925 – 29) оқу орындарының құжаттары сақталған. Ғылыми анықтамалық әдебиеті 800-ден, құжат саны 136 мыңнан асады. Құрамында 2 бөлімшесі, 7 аудан архиві бар.
### Қызылорда облыстық филармониясы
Қызылорда облыстық филармониясы – концерттік-сахналық мәдени мекеме. 1972 ж. құрылған. Оның алғашқы директоры Т.Қалауов болды. Филармонияны әр жылдары Д.Дүй¬сенбаев (1976 – 80), К. Асанбаев (1980 – 85), Қ. Мұхамедияров (1985 – 86), Б. Шөкенов (1986 – 89), Ш. Әбдібаев (1989 – 90), М. Әбдікәрімов (1990 – 2001), С. Ибрашев (2001 – 03), М. Ахметов (2003 – 05) басқарды. Оның құрамына «Сыр күмбезі» (жетекш. А. Тұяқбаев), «Ақ толқын» (жетекш. Қ. Сақтағанов), «Бәйшешек» (жетекш. Қ. Байғабылов), «Сыр маржаны» (жетекш. Ү. Ахметова), «Сыр самалы» (жетекш. С. Бердіхожаев) ансамбльдері және «Сыр әзілі» ойын-сауық отауы (жетекш. Б. Есенов) мен «Томирис» бишілер тобы (жетекш. Г. Мырзабаева) кірген. «Томирис» тобы «Шабыт» Халықар. фестивалінің лауреаты болды (2005). Қазіргі уақытта филармонияда Ш. Қалдаяқов атындағы халықар. ән байқауының лауреаттары Қ. Ысқақов, Э. Қанатбаева, Р. Бағланова атындағы аумақтық әншілер байқауының лауреаты Р. Ысқақова, республика «Жас қанат» байқауының дипломанты Г. Әлиханова, т.б. жұмыс істейді.
### Қызылорда облыстық радиосы
Қызылорда облыстық радиосы, 1928 жылдың 14 қарашасында құрылған. Қызылорда облысында 1938 ж. радионүктелердің саны 2 мыңға жуық, 90-жылдары ол көрсеткіш 188 мыңға жетті. 60-жылдардың басында радиохабарын таратуға Ә.Мырзахметов, Н.Оспанов, Ә.Шабақов, Т.Елемесов, А.Тоқмағамбетов, Ж.Шөкенов, Д.Айдаров, т.б. басшылық етті. 1958 – 63 ж. облыс радиохабарларын таратуда 20 – 30 адам жұмыс істеді. Материалдар үш тілде: қазақша – 70%, орысша – 20%, корей тілінде – 10%. Алғашында жетісіне 1 рет 1, 2 сағаттан, кейіннен күнде әуе толқынына шығатын болды. 1964 ж. облысы радио еліміз күрішшілерінің Бүкілодақтық үндесуінің бастамашысы бола тұра, Қызылорданы Шымкентпен, Көкшетаумен, Талдықорғанмен, Қарақалпақстанмен байланыстыратын тұрақты радио көпірге айналды. 1967 ж. Одақ көлемінде алғаш өткізілген радиоқызметкерлердің бірінші аймақтық кеңесінде Қызылорда радио журналистерінің жұмыс тәжірибесі кеңінен талқыланып, республика көлемінде таратылды. Сонымен қатар магнитті пленкаларды электронды монтаждау әдісі елімізде алғаш рет Қызылорда радиосында қолданылды. 2004 жылғы желтоқсан айынан бастап әуе толқынына шығуды тоқтатты.
### Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі – ғылыми-мәдени мекеме. 1939 ж. негізі қаланған. Алғашқы экспозициясы 1890 – 96 ж. салынған шіркеу үйінде болды. 1980 ж. жеке ғимаратқа көшірілді. Мұражай 14 залдан тұрады. 2000 – 02 ж. мұражайда «Өлке кеңес үкіметі кезінде», «Сыр бойындағы астана», «Қызылорда облысы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында», «Тәуелсіз Қазақстан», «Этнография», «Мәдениет және өнер» залдары ашылды. Облыс географиясына, археологиясына арналған залдар да өлке тарихынан, өнеркәсібі мен ежелгі мәдениетінен мол мағлұмат береді. Мұражай қорында 42920 жәдігер бар, оның 5 мыңнан астамы көрмеге қойылған. Ондағы ең құнды жәдігерлер: батыр киетін дулыға, сауыт (1853), зеңбірек ұңғылары, ақша коллекциясы (Ұлы Жібек жолы сауда айналымындағы).
## Галерея
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Қотанкөл – Сырдарияның сол жағалық жайылмасында жатқан көл.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Арал ауданы Шөмішкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 11 км жерде, Қазалының сол жағалық каналы мен Ақшатау көлдері аралығында жайғасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 12,0 км2, ұзындығы 6 км, енді жері 2,5 км, ең терең жері 6 м.
## Жағалау сипаты
Жағалауы жазық, шалшықты, тек батыс бөлігі ғана көтеріңкі. Су бетінде өсімдік аз кездеседі, көл түбін балдыр басқан.
## Дереккөздер |
Ярмұхамедов Абдулла (13.11.1896, Ташкент қаласы (кейбір деректерде Түркістан облысы Отырар ауданы Есқара ауылы)) – 21.9.1940 жылы, Орал қаласы) – мемлекет қайраткері. Самарқандта қалалық 4 сыныпты училищені бітірген (1913 жылы). 1914 – 16 жылдары Түркістан өлкесі Қаттақорған уездік басқарманың тілмашы, 1917 – 18 жылы уездік милиция бастығы, уездік атқару комитетінің хатшысы, 1918 – 20 жылы уездік төтенше комиссияның алқа мүшесі, уездік атқару комитетінің төрағасы болды. 1921 – 23 жылы Самарқан облысы атқару комитетінің төрағасы, әрі Ферғана облысы әскери революция кеңесінің және Түркістан Коммунистік партиясының Ферғана облысы комитеті төралқасының мүшесі, 1923 – 27 жылы Түркістан АКСР Ішкі істер халық комиссарының орынбасары, Халық шаруашылығы орталық кеңесі төрағасының орынбасары, Тәжікстан Ішкі істер халық комиссары болып істеді. Бұхар Республикасындағы басмашыларға қарсы күреске қатысқан. 1928 – 29 жылдары Қазақ АКСР сауда халық комиссарының орынбасары, 1929 – 32 жылдары Семей округі атқару комитетінің және аудандық атқару комитетінің төрағасы, Ақтөбе ауданы атқару комитетінің, Алматы облысы атқару комитетінің төрағасы, Қазақ су шаруашылығы басқармасының бастығы, 1933 жылы қарашасынан 1935 жылдың қаңтарына дейін Қазақ АКСР әділет халық комиссары, 1935 – 40 жылы Әулиеата аудандық атқару комитетінің, Орал қалалық атқару комитетінің төрағасы, Орал қалалық атқару комитеті жанындағы Мемлекет арбитраждың бас төрешісі қызметтерін атқарды. Ярмұхамедов 3 рет Қызыл Ту, Бұхар Халық Кеңес Республикасының 2-дәрежелі Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
## Сілтемелер
* Семей
* Түркістан
* Қазақстан
## Дереккөздер |
## Өмірбаяны
Мүсірәлі Смайылұлы Өтебаев (1.1.1950 ж.туған) – Экономика ғылым. докторы, инженерлік академияның толық мүшесі.
* Парламент Сенатының депутаты.
* Шымкент педогогткалық институтын, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы халық шаруашылық академиясын бітірген.
* Облыстық ақпараттық-есептеу қызметін көрсету жөніндегі өндірістік бірлестік бастығы
* Облыстық статистика басқармасының бастығы
* Облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары
* Облыстық әкімшілік басшысының орынбасары
* Экономика министрлігі жанындағы шетел инвестициялары жөніндегі ұлттық агенттік төрағасының 1-орынбасары
* Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі
* Президент әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі
* Республикалық. бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есептеу комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. *Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комитеттің төрағасы
* Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Кеңестің мүшесі
* «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитеті нің мүшесі, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Парламентімен ынтымақтастық тобының мүшесі.
## Марапаттар
«Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған..
## Дереккөздер
## Өмірбаяны
Мүсірәлі Смайылұлы Өтебаев (1.1.1950 ж.туған) – Экономика ғылым. докторы, инженерлік академияның толық мүшесі.
* Парламент Сенатының депутаты.
* Шымкент педогогткалық институтын, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы халық шаруашылық академиясын бітірген.
* Облыстық ақпараттық-есептеу қызметін көрсету жөніндегі өндірістік бірлестік бастығы
* Облыстық статистика басқармасының бастығы
* Облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары
* Облыстық әкімшілік басшысының орынбасары
* Экономика министрлігі жанындағы шетел инвестициялары жөніндегі ұлттық агенттік төрағасының 1-орынбасары
* Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі
* Президент әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі
* Республикалық. бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есептеу комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. *Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комитеттің төрағасы
* Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Кеңестің мүшесі
* «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитеті нің мүшесі, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Парламентімен ынтымақтастық тобының мүшесі.
## Марапаттар
«Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған..
## Дереккөздер |
Тыныс Шындәулетұлы Өтебаев (14 наурыз, 1944 жыл, Өзбек КСР, Ташкент облысы, Жоғары Шыршық ауданы, Киік ата ауылы – 28 тамыз, 2017 жыл, Қазақстан, Алматы) – диктор, тележурналист. КСРО телерадиосының үздігі.
* Қазығұрт ауданы орталығындағы 7 жылдық мектепті, Ташкент электрмеханика техникумын (1961), Ташкент орыс тілі және әдебиеті институтын (1971) бітірген.
* Еңбек жолын Ташкент трактор жасау зауытында техник-электрик болып бастаған.
* 1963 – 66 ж. Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді.
* 1967 ж. Өзбек радиосында диктор болып тұңғыш қазақ бағдарламасы «Замандасты» ашуға ат салысып, Өзбек теледидарына ауысты.
* 1971 жылдан «Қазақстан» телерадио комитетінде диктор, бас редактор, директор, комитет төрағасының 1-орынбасары қызметтерін атқарып келді.
* Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1989).
, деп жазды Е.Қарин.
## Дереккөздер |
Ынтымақ, Тайтөбе – көне қала орны. Талас ауданы Ойық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 км қашықтықта орналасқан. 1949 ж. Л.И. Ремпель жетекшілік еткен экспедиция тауып, алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қаланың орны аумағы 120х90 м, биіктігі 2 м болатын төбешік тәрізді. Қазба жұмыстары барысында керамикалық ыдыстардың қалдықтары көптеп табылды..
## Cілтемелер
|
Тасқала — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Кеңөзек ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Атырау қаласынан оңтүстікке қарай 6 км жерде, Жайықтың атыраулық Кеңөзек (Перетаска) тармағы бойында орналасқан.
## Халқы
1989 жылы елді мекенде 1619 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 1668 адам (810 ер адам және 858 әйел адам) болса, 2009 жылы 2971 адамды (1560 ер адам және 1411 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 19 ғ-да қаланған.
## Әлеуметтік және мәдени нысандары
* Т.Амандосов атындағы орта мектеп
* «Рауан» бөбекжай-балабақшасы
* Спорт кешені
## Діни ұйымдар
* Мәулімберген мешіті — 2004 жылы салынған. Жалпы ауданы 530, пайдалы көлемі 106 шаршы метр. 100 кісіге арналған. 3 бөлмеден тұрады, көлемі 74 шаршы метрлік үлкен залдан, имам және дәріс бөлмесінен тұрады. Қабырғасының биіктігі 5 метр. Биіктігі 12 метрлік бір мұнарасы, шеңбері 3 метрлік үлкен күмбезі бар, қалған екі күмбездің шеңбері 1 метрден.
## Ауыл суреттері
## Ауыл көшелері
* Алғабас (Алгабасская) көшесі
* Ардагер көшесі
* Бейбітшілік (Мир) көшесі
* Жастар (Молодёжная) көшесі
* Кеңес (Советская) көшесі
* Комсомол (Комсомольская) көшесі
* С. Қосыбаев (Садовая) көшесі
* Е. Молдашев (Набережная) көшесі
* Орталық (Центральная) көшесі
* Ұлан (Пионерская) көшесі
## Дереккөздер |
Николай Антонович Гаценко (1946 ж.т., Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка а.) – тех. ғылым доктыры (1993ж.), профессор (1996ж.). Халықаралық жоғары мектеп академиясының корреспондент мүшесі (1997ж.), Халықарлық бизнес және әкімшілік жетекшілері академиясының акад. (1998ж.). Целиноград а. ш. институтын (1975 ж. , қазіргі Қазақ агротех. университеті) бітірген. 1975–1976 ж. Целиноград (қазіргі Астана) телімінің «Қазэлектржөндеу» тресінің инженері, Целиноград керамик. комбинатының бас энергетигінің орынбасары, бас энергетигі, бас инженерінің орынбасары, бас инженері (1976–1989), Целиноград инженер-құрылыс институтының (қазіргі Еуразия ұлттық университеті) аға ғылым қызметкері (1990–1992ж.), кафедра меңгерушісі (1992–1994ж.), ғылым және халықар. байланыстар жөніндегі проректоры (1994–1997ж.) қызметтерін атқарды. 1997 жылдан Еуразия]] ұлттық университетінде профeccop 50-ден астам ғылым мақала мен 2 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Тойбаев Кенжехан Дүйсебайұлы (23 Ақпан 1952 жылы туған, Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке ауылы) – техника ғылымының докторы (2007).
## Қысқаша өмірбаяны:
1977 жылы Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын (қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) бітірген. 1977–1980 жылдары «Казпромтранспроект» жобалау институтында инжинер. 1980–2008 жылдары Алматы сәулет-құрылыс институтында (қазіргі Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы) ассистент, аспирант, доцент, кафедра меңгерушісі, декан қызметінде болды. 2008 жылдан көпсалалы Парасат институтының ректоры. 90-нан астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Тұрсынқұл Өтегенов (1912, Сарыағаш ауданыОймауыт ауыл – 1986, сонда) – әскери қайраткер, милиция генерал-майоры. КСРО ішкі істер органдарының құрметті қызметкері. Ташкент политехникалық институтын бітірген (1934). 1934 – 37 ж. Қызыл Армия қатарында болды. 1937 – 56 ж. Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) облысы, өлкелік, ауданы Ішкі істер басқармасында жауапты қызметтер атқарды. 1956 – 63 ж. Келес ауданы Ішкі істер басқармасын басқарды. Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Оның есімі КСРО ІІМ-нің Құрмет кітабына енгізілген.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Опайыс – қола дәуірінің қонысы.
## Аумағы
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында, Талды темір жол станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде. Қоныстың қазіргі сақталған көлемі шамамен 5 – 7 мың м2. 1979 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы жүргізген зерттеу жұмыстары барысында ауданы 225 м2 бөлігі қазылды. Биіктігі 0,4 м-ге дейін сақталған, жалпақ тастардан қаланған қабырғалары бар, мөлшері 7,5х10,2 м бір үйдің орны ашылды. Оның ұзындығы 1,5 м, ені 2,7 м дәліз түріндегі есігі солтүстік-батыс бұрыштан шығарылған.
## Сипаттамасы
Жылытуға, ас пісіруге 3 ашық алау мен шұңқыр түрінде қазылып, іргелері таспен қаланған, үсті де тас тақтамен жабылған 1 пеш қолданылған. Көптеген бағана шұңқырларының орналасу жүйесіне қарағанда, үйдің төбесін ортадағы 2 қатар ағаш бағаналар ұстап тұрған. Қыш ыдыстар, тас қайрақ, қола пышақ сынығы, қыштан жасалған ұршық басы, садақтың сүйек жебесі, қой жауырынынан жасалған тарақ табылды. Қыш жиынтығын Беғазы-Дәндібай мәдениетінен 70 ыдыс құрайды. Қоныс шамамен б.з.б. 12 – 8 ғасырларға жатады.
## Сілтемелер
* Қола дәуірі
* Қарқаралы ауданы
* Археологиялық экспедиция
## Дереккөздер |
Болысбек Өтелбаев (1953 ж.туған, Сайрам ауданы Қарасу ауылы ) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1996), профессор (1997).
## Өмірбаяны
* 1974 - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
* Еңбек жолын Сайрам ауданында мұғалім болып бастаған.
* 1984 жылдан - Қазақ химия-технологиялық институтында.
* 1992 жылдан - аналитикалық химия кафедрасының меңгерушісі.
## Ғылыми жұмыстар
* «Физикалық химия» оқу құралының авторы.
* «Аналитикалық химия» оқу құралының авторы.
* «Химия есептері» оқу құралының авторы.
* 80-нен астам ғылымыми және оқу-әдістемелік еңбектері бар..
## Дереккөздер |
Ядролық клуб – ядролық, жаппай қырып-жою қуаты бар қаруларды иеленген елдердің атауы. Ядролық клубтың алғашқы мүшесі ретінде АҚШ-ты атауға болады. Бұл ел 1945 ж. 6 және 9 тамызда Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына қуаты 20 килотонна (кт) болатын 2 ядролық бомбаны тастаған болатын. 1949 ж. осындай алып жойғыш күші бар қаруды Кеңес Одағы Семей полигонында сынақтан өткізді. АҚШ пен КСРО-дан кейін ядролық клубқа мүшелікке Ұлыбритания, Франция және Қытай кірді. 1996 – 98 ж. Үндістан мен Пәкстан ядролық қаруларды иемденген. 21 ғ-дың басында ресми түрде 7 ел ядролық клубқа мүше болды. Олар 1963 жылдан ядролық қаруларды тарап кету қаупінен сақтану шараларын қолға алуды бастады. АҚШ пен КСРО сол жылы ядролық қаруды ауада, ғарышта және жер астында сынақтан өткізбеуге қол қойылды. Стратегиялық қаруларды қысқарту (мамыр, 1972); ядролық қаруларды сынақтан өткізуді шектеу (маусым, 1974); ядролық жарылыстарды жер астында бейбіт мақсатқа пайдалану туралы шарт (мамыр, 1976), т.б. көптеген әлемдік бейбітшілікті нығайтуға бағытталған құжаттарды ядролық клубқа кіретін елдер іске асырды. 1991 ж. желтоқсанда КСРО тараған кезде 4 республиканың (РФ, Қазақстан, Украина, Беларусь) аумақтарында ядролық қару болды. Қазақстан, Украина, Беларусь республикалары ірі державалар (АҚШ, Ресей, т.б.) тарапынан өз аумақтарының қауіпсіздігіне кепілдік алғаннан кейін ядролық қарудан өз еріктерімен бас тартты. КСРО-ның ядролық қуатына ие болған Ресей ядролық клубтың толыққанды мүшесіне айналып, бұрынғы КСРО қабылдаған келісімдер мен шарттарды орындауға міндеттелінді. Ядролық клуб мүшелерінің арасында 20 ғасырдың аяғы мен 21 ғасырдың басында ракеталық қарулардан қорғаныс туралы келісім шартқа қол қою мәселелерінің маңызы артты. Соңғы 10 – 15 жылда ядролық қаруды ресми түрде иемденген 7 елдің қатарына Израиль, Иран, Солтүстік Корея сияқты елдердің де кіруі ықтимал деген пікір бар. Өйткені аталған мемлекеттерде бейресми түрде ядролық қарулар бар болуы ықтимал деп есептеледі. Сондықтан алдағы уақытта ядролық клуб мүшелерінің саны өседі деп күтілуде.
## Ядролық державалар
Қолда бар ресми деректерге сәйкес келесі мемлекеттер ядролық қаруға ие немесе иеленеді (алғашқы ядролық сынақ өткізілген жыл немесе қаруды иелену мерзімі бойынша):
## Дереккөздер: |
Өтеген кеңесі – архитектуралық ескерткіш. 19 ғасырдың аяғында тұрғызылған. Созақ ауданы Шу ауылынан Солтүстік -шығысқа қарай 10 шақырым жерде. Негізгі құрылысы шикі кірпіштен тұрғызылып, күмбезінің құрылысына күйдірілген кірпіш пайдаланылған. Кесененің Оңтүстік бөлігінде кіре беріс есік бар, маңдайшасы арка тәріздес етіп қаланған. Ішкі құрылысының жоспары дөңгелек болып келеді. Күмбезінің ұшар басында жарық түсетін ойық қалдырылған.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Михаил Қасымұлы Наурызбаев (21.5.1942 ж.т.,Алматы қ.) – техникалық ғылым докторы (1992), профессор (1992), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (2000). ҚазМУ-ды (1965, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазМУ-да ғылым-зертттеуш жұмыстарымен айналысты, басшылық қызметтер атқарды (1965–1988). Қазақ химия-технологиялық институтының ректоры (1988–1991) болды. 1993 жылдан ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі және осы университет жанынан өзі ұйымдастырған Зерттеулер мен сараптаулардың физика-химикалық әдістері ортаның ғылыми жетекшісі (1994, 1995–2000 ж. химикалық факультетінің деканы). «Разработка научных основ химических и электрохимических методов выделения металлов с применением поверхностноактивных веществ» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми-зерттеулерінің бағыты таза металдар мен құймалар алу технологиясына арналған. 5 монография, 60-тан астам авторлық куәлік пен патенттің авторы.Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (2005)..
## Дереккөздер |
Ахмет Қошқаров - (15.1. 1912, Жаңақорған кенті) – ғалым, ауыл шаруашылық ғылым докторы (1965), профессор (1966). Шымкент (қазіргі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемл. ун-ті) ауыл шаруашылық интитутын бітірген. 1941 – 43 жылы Ферғана тәжірибе станциясында агротехника бөлімінің меңгерушісі, 1943 – 50 жылы Андижан тәжірибе ст-ның директоры болды. 1950 – 60 жыоы Ферғана ғылыми-зерттеу станциясында аға ғылыми қызметкер, 1960 – 61 жылы директордың орынбасары. 1961 – 62 жылы Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылым жөніндегі басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
## Сілтемелер
Қазақ Энциклопедиясы III том 12 тарау |
Марат Даңғылұлы Ильясов ("1959 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Балуан Шолақ ауылында туған") – Композитор-Әнші, Професор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Кавалер ордена «ҚҰРМЕТ» РК, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Халықаралық Республикалық композиторлар конкурстарының лауреаты, Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының мүшесі, Қазақстан авторлар қоғамы басқармасының мүшесі.
## Өмірбаяны
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
* Өнер институты (Композитор-Әнші) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы.
* «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша. Біліктілігі: мемлекеттік қызмет менеджері.
* Еңбек жолын Қазақ теледидарында редактор болудан бастаған.
* Қазақ радиостудиясының директоры ретінде жалғастырды.
## Шығармашылығы
М.Ильясов ең алғашқы әнін Мұзафар Әлімбаевтың «Айнұр құсты аяйды» деген өлеңіне 11 жасында шығарды. Мұнан кейін балалық шақтың әсерінен туындаған:
* «Кең мекенім»
* «Құстар келді»
* «Егеменді елім-ай»
* «Ана тіл - Дана тіл»
* «Шілде»
* «Кел көктемім» атты әндерін дүниеге келтірді.
Лирикалық сазды әуендер санатына жататын:
* «Мен саған өкпелемеймін»
* «Құштарым сен»
* «Сүйіктім»
* «Арманға бірге барайық»
* «Аққуымды аяла»
* «Сені ойладым»
* «Мерекем сен»
* «Бір өкініш, бір үміт»
* «Қимас қалқам»
* «Ақ ботам»
* «Алтынай»
* «Сұлуым»
* «Сезім»
* «Казақы дастарқаным»
* «Мен - қазақпын»
* «Анама»
* «Әкеме» сияқты әндері М.Ильясовті кең танымал композитор санатына жеткізді.
* «Ерлікке ескерткіш»
* «Балуан Шолақ туралы терме - толғауы» сазгердің философиялық, азаматтық үлгіге кеңінен құлаш сермегендігін көрсетеді.
## Кітаптары мен әндер жинағы
* 1988 ж. «Мерекем сен» деген атпен әндер жинағы мен жеке күйтабағы шыкты.
* 1990 ж. «Өнер» баспасынан «Аққуыңды аяла» атты әндер жинағы жарық көрді.
* 1994 ж. «Марат Ильясовтын әндері».
* 1996 ж. «Марат Ильясовтын әндері».
* 2000 ж. «Сұлуым» әндер жинағы.
* 2002 ж. «Алтынай» әндер жинағы.
* 2011 ж. «Достарым» әндер жинағы.
## Дереккөздер |
Ядролық күш қондырғысы– ядроның (мысалы, уран изотопының) түрлену энергиясы негізінде жұмыс істейтін күш қондырғысы. Кемелденген ядролық күш қондырғысының п. ә. коэффициенті 40%-ға жетеді. ядролық реакторы бар ядролық күш қондырғысы теңіз кемелерінде (мұз жарғыш кемелерде, сүңгуір қайықтарда) және атом электр стансаларында пайдаланылады; қ. Атом электр стансасы, Кеме.
## Дереккөздер: |
Жорға жарыс, жорға салу – жорға мінген шабандоздар жарысы; ұлттық ат спорты түрлерінің бірі. Жақсы жорғалар жарыс кезінде ешқашан да шоқыраққа, желіске не шабысқа көшпейді.
Жорға жарысы спортының да өзіне тән ерекшелігі бар. Жорға өзінің жұмсақ та тайпалма жүрісімен көзге түседі. Жорға оң жақтағы алдыңғы аяғы мен оң жақтағы артқы аяғын, сол жақтағы артқы аяғымен, сол жаңтағы аяңтарын бір мезгілде алады. Жарыс кезінде нағыз жорғалар жорғасынан танбайды. Ондай жорғаларды су жорға дейді. Өйткені ондай жорғалармен алып жүрген су шайқалмайды да, төгілмейді. Ондай жорғалар жарыс кезінде басынан аяғына дейін жорғасынан бір танбайды. Егерде жорға жарысына қосқан жорға жорғасынан жаңылып, шоқырақтап шабатын болса, оны жарысқа қосушы иесіне айып салынады. Ал ол тәртіпті төртке дейін бұзатын болса, онда жарыстан шығарылып тасталатын болады.
Жорға жарысы тек қысқа, жол ыңғайына қарай 2—3 шақырым аралықта өткізіледі. Мұның өзі аттың шаршап, жорғадан шабысқа түспеуі үшін қолданатын тәртіп екені түсінікті. Жарысқа түсетін аттар — көбінесе жол жорғалар мен шаппа жорғалар болады.
Жорға аттарды мұқият іріктеп, саралап алу қажет. Жорға түрін араластырмау — басты шарт.
Жарысқа қолданылып жүрген қазіргі тәртіп бойынша жорға жарыстарына әйелдер мен қыздар да қатынаса алады.
Жорға жарысы, сөз жоқ, спорттың пайдалы түрі, спортшының күші мен моральдық сапасын жетілдіреді және жалпы спортқа оның ішінде ат спортына сүйіспеншілігін арттырады. Оның тағы бір бағалылығы — қазақ әйелдері мен қыздарының арасында физкультура мен спортты дамыта түсетіндігінде.
## Тағы қараңыз
* Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі
## Дереккөздер |
Төрехан – батырлық дастан. Шығарманың екі нұсқасы бар.
## I-нұсқа
Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин жырлаған нұсқа 1940 жылы жазылып алынған. Көлемі 1050 жол.
## II-нұсқа
Екінші нұсқаны атыраулық Б.Сариманов ел аузынан жинап, қағазға түсіріп, 1941 жылы Тіл және әдебиет институты қорына тапсырған. Көлемі шағын бұл нұсқа 500 жолдан тұрады.
## Сипаттама
Дастанда Төрехан батырдың әділдік іздеу жолындағы ерлік істері, сыртқы жаумен күресі баяндалған. Жыр нұсқаларының тілі көркем, сюжеті тартымды. Екі нұсқаның жалпы сарыны ұқсас болғанымен ішкі сюжеттік құрылымы, оқиға барысы жағынан айырмашылықтар кездеседі. Көлемі шағын нұсқада сыртқы жаумен соғысудан гөрі аға мен іні арасындағы алауыздық тақырыбы бой көтерген, әділ ханды көксеген халық арманы ертегілік қиялмен астасқан. Ал Нұрпейіс ақын нұсқасында соғыс сарындары көп ұшырасады, мұнда бас кейіпкер өз басына төнген қауіп-қатерді жақын достары арқылы білсе, екінші нұсқада түс жору арқылы алдын ала сезеді. Нұрпейіс нұсқасында Төреханның соғысатын жауы түрікпен деп нақты көрсетіліп, Қараман батырмен суреттелсе, келесі нұсқада ұлты белгісіз жау жағы Төреханның пікірлерінен қорқып соғыспайды. Алғашқы нұсқада Төреханды халық хан сайласа, екінші нұсқада батыр жауды жеңгеннен кейін барып хандық таққа отырады. Дастан Байғанин жинақтарында (1945, 1956), “Батырлар жырында” (1961, 2-том) жарық көрген, Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Ермек Мырзақұлов (11.6.1946, Сарыағаш ауданы Коммуна ауылы) – ауыл шаруашылығының маманы. Қазақ КСР депутаты (1985).
1962 жылы Келес ауданы Абай ауылындағы «Ленин жолы» атындағы мектепті бітірген соң, Коммуна кеңшарында механизатор болып жұмыс істеді. 1965–68 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет еткен соң, еңбек жолын туған ауылында жалғастырды. 1969–74 жылдары Коммуна кеңшарында механизатор, 1975 жылдан Сарыағаш ауданы Қ.Қонысбаев атындағы кеңшардың ғ4 бригадасында бригадир болып істеді. 1979–89 жылдары Келес ауданы Кеңесінің депутаты, 1978–85 жылдары облыстық партия комитетінің мүшесі болды. Сарыағаш ауылының құрметті азаматы (2004), «Еңбек даңқы» (1981), «Құрмет» (2001) ордендері мен «Тылға 50 жыл» медалінің иегері. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1985).
## Дереккөздер |
Перуза Өтемісова Бекетқызы (1931 ж.туған, Отырар ауданы Бірлік ауылы ) – ауыл шаруашылығының маманы.
Еңбек жолын Мақтaарал ауданында бастаған. 1965 жылдан Шардара ауданы Восход кеңшарының ауыл шаруашылық саласында еңбек етті. Күріш өсірудегі ерен еңбегі үшін 3, 2, 1-дәрежелі «Еңбек даңқы» (1975, 1976, 1990), «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. Қазақстан Компартиясы XІІІ, XІV cъездерінің делегаты, ОК-нің мүшесі болған. «Күміс алқа» белгісінің иегері. Шардара ауданының құрметті азаматы.
«Перуза Өтемісова» ЖСШ-нің төрайымы.
## Дереккөздер |
Қосын – көшпелі халықтарда соғыс кезінде жеке рудың немесе оның құрамдық бөліктерінің шығаратын әскери жасағы.
## Қосын сөзінің мағыналары
Көптеген зерттеушілер қосын сөзінің мынадай мағынасын атап көрсетеді: 1) әскер, армия. 2) жорықтағы әскер, отряд. 3) белгілі бір әкімшілік-территориялық бөліктен жиналатын әскер. Көшпелілер әскерінде қосын тактикалық маңызы бар ең кіші әскери бірлік болды. Жеке жауынгерлік құрамының саны жағынан 100-ден 1000 дейінгі жауынгерлерден тұрды. Қосын әдетте басқа үлкен әскери құраманың (мысалы, қолдың) құрамына да кірді және ұрыс даласында кішкентай тактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға мүмкіншілігі бар жеке әскери құрылым ретінде де қолданылды. Қосынның әскербасылары оның сандық құрамына сәйкес «жүзбасы» немесе «мыңбасы» болды.Қосын атауы қазақ тілінде әскердің жорықтағы лагерін де мағыналайды.
## Моңғолша мағынасы
Моңғолдарда бұрын қосын (хошун, кошун) атауымен мыңға дейін жететін әскер жасағын және осындай мөлшерде әскер жасағын шығаратын әскери-әкімшілік бірлігін атаған. Сондықтан кейбір тілшілер қосын атауын моңғол сөзі деп санайды. Моңғол тілінде қосын дайчид, цэрэг, моңғолша цэрэг (шерік) әскер мағынасында кездеседі.Бұл сөз түркі тілдес халықтардың көпшілігінің сөздік қорында бар: қазақ, қарақалпақ тілдерінде қосын, өзбек, тәжік, парсы тілдерінде кушин, қырғыз, осман түріктері тілдерінде кошуун формасында «армия, әскер» ұғымын білдіреді. Яғни, қосын атауы «қосынды» сөзі сияқты «қос» түбірінен туындаған, бірнеше жауынгердің қосылуынан құрылған әскери жасақ деген сөз.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Советская историческая энциклопедия. М.: Советская энциклопедия, 1973-1982;
* Военный энциклопедический словарь. М.: Военное издательство, 1983;
* Алланиязов Т.К. Очерки военного дела кочевников Казахстана. Алматы: Фонд «XXI век», 1996;
* ҚТТС. Алматы: Дайк-Пресс, 2008;
* Қарағұлова Б. Тарихи жырлар лексикасы. Алматы, 2000. |
Қосістек – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы ауыл, өзімен аттас ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы – Батамша кентінен солтүстік-батысқа қарай 28 километр жерде, Қарғалы бөгеніне құятын Қосістек өзені бойында. Тұрғыны 1,5 мың адам (2003). Іргесі 1929 жылы бидай өсіретін “Авангард” ұжымшарының құрылуына байланысты қаланған. Оның негізінде 1996 жылдан шаруа қожалықтары және өзімен аттас ӨК құрылды.
## Пайдаланған әдебиетттер |
Сараджа қойы— ұяң жүнді, құйрықты қой тұқымы. Жергілікті құйрықты қойды ұзақ сұрыптау нәтижесінде Түрікменстанда шығарылған. Мары қ. маңындағы Сары-Джа а-ның құрметіне аталған. 20 ғ-дың 2-жартысында еттілік қасиетін жақсарту үшін дегерес қойымен будандастырылды. Сараджа қойының дене бітімі мықты, омырауы кең, сүйегі ірі, етті. Жайылымда қысы-жазы бағуға бейімделген. Қошқары 90 — 100 кг, саулығы 50 — 75 кг, 5 айлық еркек тоқтысы 35 — 37 кг, ұрғашы тоқтысы 26 — 32 кг салмақ тартады. Бордақыланған ісектерінің ет түсімі 60%-ға, құйрық майы 6 — 7 кг-ға дейін жетеді. Басқа ұяң жүнді қой тұқымдарына қарағанда Сараджа қойының жүнінің сапасы жоғары, түсі ақ, 75%-ы түбіт (ұзындығы 12 — 19 см, жіңішкелігі 19 мкм), қылшығы аз, майда. Сараджа қойының жүнінен тоқылған кілем жоғары бағаланады. Қошқарынан 3,7 — 4,5, саулығынан 3,5 — 3 кг жүн қырқылады, таза жүн түсімі 50 — 60%. Сараджа қойының қошқарларын қылшық жүнді құйрықты қойлардың жүнінің сапасын жақсарту үшін пайдаланады. Бұл тұқымды будандастыруға пайдалану арқылы Тәжікстанда тәжік қойы, Қазақстанда Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында өсірілетін қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы шығарылды.
## Дереккөздер |
Сапарбай Өтемісов (3.5. 1943 ж.туған, Ташкент облысы Бостандық ауданы) – актер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі (1980).
1967 ж. Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы өнер институтын бітірген. Ж.Шанин атындағы облысы драма театрының актері. Сахнада 180-ге тарта образдар жасаған. Сырым, Кебек, Абыз, Әлібек, Көтібар, Абай, Ақан Сері, Мәди, Бөгенбай, т.б. рөлдерді сомдады.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Зұлпыхар Мырзалиев (1902, Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылы – 1979) – Социалистік Еңбек Ері (1949), шопан. Ұлы Отан соғысына қатысқан (1942–45). 1930–42 жылдары Қабыланбек, Дарбаза кеңшарында шопан, 1946–62 жылдары Сырдария, Дарбаза кеңшарларында шопан, аға шопан болды. Ол төл алу мен қаракөл елтірісін өндіруде айрықша жоғары көрсеткіштерге жетті. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумы 1949 жылы 3 желтоқсандағы жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағын берді. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қуатамлонмұнай – мұнай-газ өнеркәсібінің бірлескен кәсіпорны, ЖШС «Қуат» холдингілік компаниясы мен ағылшынның «Амлон Тройдинг ЛТД» компаниясының бірлесуі негізінде Қызылордада 1994 жылы құрылған. Мұнай мен газды өндіру, барлау, тасымалдау, сыртқа шығару және өткізу ісімен айналысады.
## Сілтемелер
Қазақ Энциклопедиясы III том 12 тарау |
Өсек, Өсеке cұлтан (туған-өлген жылы белгісіз) – сұлтан, тарихи деректерде аты жиі кездесетін қазақ билеушілерінің бірі.
Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі Жәнібек ханның сегізінші ұлы. 16 ғасырдың бас кезінде беделді сұлтан ретінде ресми деректерде аты жиі кездеседі. Өмірі туралы деректер жоққа жақын. Қадырғали Жалайыридың айтуынша Өсек Сұлтанның ұлы Болат сұлтан, “олардың руына да хандық билік бұйырмаған”. Болат сұлтан өзінің ұлдарымен бірге ноғайлармен болған соғыста қаза тапқан. Кейінгі деректерде Өсек сұлтанның бір ұлы – Бөлекей сұлтан (Левшин, 1832) жөнінде мәліметтер бар.
## Дереккөздер |
ЫСТЫ – ортағасырлық бекініс. Тұрар Рысқұлов ауданы, Сөгеті ауданының аум-нда орналасқан. Алғаш рет 1936 жылы КСРО ҒА Қазақстан филиалы мен материалдық мәдениет тарихы ин-ты жасақтаған Жетісу археол. экспедициясы (жетек. А.Н. Бернштам) тауып, зерттеген. 1977 жылы Жамбыл облысы тарихи-өлкетану музейінің археол. экспедициясы (жетек. А.П. Попов) қайта зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жобасы шаршылы келген, жан-жағы 70 м, екі бөліктен (қабаттан) тұратын, биікт. 1 м төбе. Үстінен жинастырылған материалдар: шарықта жасалған, ақ ангобпен көмкерілген қыш ыдыстар сынықтары. Сондай-ақ, көл. 40×40×7 см күйдірілген кірпіш табылған. Алынған материалдарға қарағанда Ысты бекінісін тұрғындары 8 – 12 ғасырларда мекендеген.
## Сілтемелер |
Әзімбек Ысмайылов (1910 -1987) – қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері (1965). 1910 жылы Жамбыл ауданы, Бесжылдық ауылында туған.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1928 – 1933 жылдары - ФЗО-да оқыған, шаруашылық, кәсіподақ және Кеңес атқару комитетінің төрағасы, облыстық Кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары.
* 1943 – 1971 жылдары - Красногор, Луговой (қазіргі Тұрар Рысқұлов), Меркі ауданы партия комитетінің 1-ші хатшысы.
* V-VІ шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болды. Қант қызылшасының өнімділігін арттыру, дайындау мен тапсыру көлемін ұлғайтудағы жетістіктері үшін 1965 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
## Наградалары
* Октябрь революциясы ордені
* Екінші дәрежелі Отан соғысы ордені
* 2 рет Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1965)
* Құрмет белгісі
## Дереккөздер
|
Өтеп Батырбек Туғанбайұлы (19.10.1946, Түлкібас ауданы Жиынбай ауыл – 3.4.1992) – суретші.
1966 – 71 ж. Алматы көркемсурет учелищесінде оқып жүріп Львов мемлекеттік қолданбалы өнер институтына ауысып, оны үздік бітіріп шыққан. 1974 жылдан КСРО Суретшілер одағының мүшесі. 1971 – 74 ж. Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет училищесінің және М.Әуезов атындағы институттың көркемсурет-графика факултеті н де оқытушы болды. 1974 жылдан облысы суретшілер қорында қызмет атқарды. Өтеп Батырбек Туғанбайұлы – Қазақстандағы қолданбалы өнер саласын, соның ішінде тоқыма саласын (гобелен) енгізген кәсіпқой суретші. Оның «Түркі эпосы», «Бозторғай», «Той» деген туындылары Халықар. көрмелерде жоғары бағаланып, түрлі дипломдармен марапатталған. Бұл туындылар Астана қаласындағы Президент резиденциясына ілінген. Басқа да жұртқа танымал «Отбасы», «Шілде», «Өмір өрнегі», «Атамекен», «Өскен өңір», «Өркендер», «Біржан – Сара», т.б. көптеген туындылары бар. Олардың бірқатары гобелен, батик, текемет пен сырмақ түрінде орындалған. Шығармаларының алтын арқауы – туған жерге деген сүйіспеншілік. 1997 ж. Шымкент қаласының орталығы кө¬шелерінің біріне суретшінің есімі берілді. 1994 жылдан бері облысы Өтеп Батырбек Туғанбайұлы атындағы қайырымдылық қор жұмыс істейді. Қордың басты мақсаты – талантты жас суретшілердің өнер туындыларын жарыққа шығару, ұлттық қолданбалы өнер саласын дамытуды насихаттау. Шымкент қаласында Өтеп Батырбек Туғанбайұлының атындағы дарынды балаларға арналған орта мектеп бар. Суретші туындыларының барлығы дерлік авторлық құқықпен қорғалған.
## Дереккөздер |
Рақымжан Қажыкеұлы Наурызбаев (1955 ж.т., Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шұбар а.) – техникалық ғылым докторы (1994), профессор (1996). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1978, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Осы оқу орнында оқытушы, деканның орынбасары, декан (1978–1996), ғылыми-өндірістік кешен жетекшісі (1996–1997) болды. 1997 жылдан Қазақ экономикалық университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. 1993 ж. «Анализ, синтез и разработка самоустанавливающихся шарнирностержневых механизмов с гибкими звеньями» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 300-ден астам ғылым жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Сахи Өтетілеуов (1930 ж.туған, Қызылқұм ауданы Ақынтоғай ауылы ) – Социалистік еңбек ері (22.3. 1966). 1945 жылдан Қызылқұм ауданының Шәуілдір кеңшарында аға шопан болып істеді. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қуықкескен – ортағасырлық қала. Жаңадария өзенінің кеуіп кеткен сағасының оң жағында, Қызылорда қаласынан батысқа қарай 115 км жерде орналасқан. Қала туралы алғашқы деректер 6 – 8 ғасырлардағы Қытай, Византия саяхатшыларының жазбаларында кездеседі. Қаланы 1946 ж. КСРО ғылым академиясының Хорезм археологиялық экспедиция (жетекшісі С.П. Толстов) зерттеген. Ауданы 19,5х17 м, тік төртбұрышты алаң, «Т» пішіндес үй ауласы, т.б. құрылыс іздері сақталған. Мұндағы құрылыс орындары байырғы адамдардың отырықшылық мәдениетінен мағлұмат береді. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде тұрмысқа қажетті бұйымдар (құмыра, саптаяқ, тостаған, табақша, т.б. ыдыс сынықтары), ою-өрнек салынған ағаш, сүйек және металл заттар табылған.
## Дереккөздер |
Ізбасар Өтешұлы (15.1. 1937 ж.туған, Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылы ) – дирижер, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері (1980), профессоры. 1958 ж. Мәскеуде өткен Қазақстан мәдениетінің онкүндігіне қатысқан. 1958 – 64 ж. Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның хор дирижері факултетін бітіріп, Қазақтың мемлекеттік ән-би ансамблінде бас хормейстер-дирижер қызметін атқарды. 1970 – 72 ж. Мәскеуде мамандығы бойынша білімін көтерді. 1972 – 81 ж. ән-би ансамблінде бас дирижер болды. 1981 – 2004 ж. К.Байсейітова атындағы арнайы республикалық. музыка мектебінің директоры, П.И. Чайковский атындағы музыка учелищесінің директоры. Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның аға оқытушысы. Қазақстан музыка қайраткерлері одағының мүшесі және төрағаның орынбасары, Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры.
Ізбасар Өтешұлы зейнетке шыққан соң Астана қаласында тұрды. 2021 жылы Алматыға қоныс аударды. Отбасылы, жұбайы 2020 ж. дүние салды.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
“Кооператор Казахстана” – салалық журнал. Қазақстан Тұтынушылар қоғамы одағының органы ретінде 1958-99 жж. айына 1 рет Алматыда шығып тұрды. Онда тұтынушылар мен кооперациялар жұмысы және олардың экономикасын арттыру, кооперативтік сауданы дамыту мәселелері, озат кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибелері жөнінде материалдар жарияланды.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы", 11 - том |
Жаншора – Құсмұрын тауының шығысындағы тұйық көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Қарасу ауданында, Қозыбай ауылының оңтүстік батысында 8 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Ауданы – 15,79 км2, ұзындығы – 8,2 км, ені – 2,8 км шамасында. Қазаншұңқырда жатқан көлдің жағасы онша тілімделмеген. Суы тұщы, минералдығы 300-400 мг/л, жазда 600-700 мг/л-ге дейін артады. Жаншораға Тімтуір өзeні құяды. Көл суы шаруашылық қажеттеріне пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Әзімбек Ысмайылов (1910 -1987) – қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері (1965). 1910 жылы Жамбыл ауданы, Бесжылдық ауылында туған.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1928 – 1933 жылдары - ФЗО-да оқыған, шаруашылық, кәсіподақ және Кеңес атқару комитетінің төрағасы, облыстық Кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары.
* 1943 – 1971 жылдары - Красногор, Луговой (қазіргі Тұрар Рысқұлов), Меркі ауданы партия комитетінің 1-ші хатшысы.
* V-VІ шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болды. Қант қызылшасының өнімділігін арттыру, дайындау мен тапсыру көлемін ұлғайтудағы жетістіктері үшін 1965 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
## Наградалары
* Октябрь революциясы ордені
* Екінші дәрежелі Отан соғысы ордені
* 2 рет Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1965)
* Құрмет белгісі
## Дереккөздер
|
Хабир Пазиков Мухорамович (1896 ж.туған, Ресей Федерациясы, Челябинск облысы) – қоғам қайраткері. 1944 – 47 ж. Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитеті нің бірінші хатшысы. 1924 жылдан КОКП мүшесі. Мәскеу қаласында Коммунистік университет пен Қызыл профессура институтында оқыған. 1910 – 26 ж. Оралда, Сібірде, Қазақстанда бағалы кен байлықтарын өндіру орындары мен шахталарда жұмыс істеді. 1930 – 35 ж. БК(б)П ОК жанындағы насихат тобының жетекшісі ретінде Башқортостанда, Өзбекстанда және Қырғызстанда болды. 1937 – 38 ж. БК(б)П ОК-нде жауапты ұйымдастырушы. 1938 – 42 ж. Батыс Қазақстан облыстық партия комитеті нің, Қарағанды облысы комитеті нің бірінші хатшысы, 1942 – 44 ж. Татар облыстық партия комитеті нің бірінші хатшысы болды. 1948 ж. Шығыс Қазақстан облыстық партия комитеті нің бірінші хатшысы қызметіне ауыстырылды.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Тілеуберген Мүбәрак Ахметуәлиұлы (5.4.1941, Ақмола облысы Бұланды ауданы Елтай а.) – экономика ғылымының докторы (2006). Қазақ политехникалық институтын (1969, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. 1970–91 ж. Қазақстан ғылым академиясының Экономика институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, ҚазҰУ-да доцент (1991–2003) болды. 2003 жылдан Көкшетау университетінде профессор Тілеуберген 1970 жылдан бері табиғат ресурстарын әсіресе, түсті металл кен орындарын бағалау, оларды пайдаланғаны үшін төлемдер жүйесін қалыптастыру, тиімді пайдалану мәселелерімен айналысады. Жеке екі монография, басқа авторлармен бірге төрт монография, оқу-әдістемелік құралдар, 60-тан аса мақалалар жазған.
## Дереккөздер |
Тасқарақұм – Балқаш-Алакөл ойысындағы Лепсі және Шынжылы өзендері аралығындағы құмды алқап.
## Географиялық орны
Жетісу облысының Алакөл және Сарқан аудандары жерінде орналасқан.
## Жер бедері
Ауданы 850 км2. Жетісу Алатауынан солтүстікке қарай 45 км-ге созылып жатыр, ені 30 км шамасында. Құм қырқаларының салыстырмалы биіктігі 25 м. Еркекшөп, жусан, изен, теріскен, т.б. шөптермен бекіген. Тұщы грунт сулары 1-3 м тереңдікте кездеседі. Құм төбелер арасында қыстаулар (Аққұдық, Тоққұлы, Бесқопа, т.б.) мен аумағы шағын Шошқалы, Жалаңашкөл, Тереңкөл, т.б. көлдер кездеседі.
## Дереккөздер |
Тасқала Су Құбыры - Батыс Қазақстан облысының Зеленов, Ақжайық, Тасқала аудандары жерін қамтиды. Жүйе Балған жер асты суы көзінен басталады. Мұнда 12 ұңғыма су шығарады. Жалпы ұзындығы 538,8 км. Құбыр суы 988 мың га егістікті суарады және 43 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етеді. Тәулігіне 14,3 мың м3 су береді.
## Дереккөздер |
Ғабит Төлеутайұлы Несіпбаев (1962 жыл 2 қаңтар Алматы қаласы) - пианист, органшы.
## Өмірбаяны
* Екі мәрте Ленин орденді П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының фортепиано Музыка
факультетін (1985) органшы, пианист мамандығы бойынша;
* П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын бітірген (1987).
* Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының 60 жылдығына арналған «Құрманғазы атындағы ұлттық онсерваториясының тарихы» атты мерейтой басылымының авторы (2004).
* 1985 жылдан - Жамбыл Қазақ мемлекеттік филармониясының органшысы.
* 1997 жылдан - Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының оқу жұмысы жөніндегі проректоры
* 2002 жылдан - стратегиялық даму және ұйымдастыру жұмыс жөніндегі проректоры.
* 2005 жылдан бері - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының органшысы.
## Марапаттары
* Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының доценті (2004), Құрметті профессоры (2008).
* ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1997).
* Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2001).
## Отбасы
* Әкесі - Төлеутай Несіпбаев, зейнеткер, биология ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры, физиология кафедрасының меңгерушісі.
* Анасы - Несіпбаева Рахия Тастанбекқызы,марқұм, тарихшы болған.
* Үйленген. Жубайы - Сөйітақан Анар Сейітмаханқызы (1966 ж. т.).
* Ұлдары - Нөсіпбаев Әділ Ғабитұлы (1983 ж. т.), Төлеутай Абзал Ғабитұлы (2002 ж. т.).
## Дереккөздер |
Жаһанша Мырзаұлы (25.10.1935 жылы туған, Отырар ауданы Еңбекші ауылы) – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1991). ҚазМУ-дің қазіргі (ҚазҰУ) физика және математика факультетін бітірген (1957). 1957–59 жылдары Шымкент педагогикалық институтында жұмыс істеді. 1959–62 жылдары Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) университетінің аспирантурасында профессор В.А. Плисстің жетекшілігімен тербелістер теориясы бойынша ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізді. 1962–81 жылдары Қазақ КСР ғылым академиясының математика және механика институтында ғылыми қызметкер. 1981 жылдан ҚазМУ-де доцент, кафедра меңгерушісі, кафедра профессоры. 1991 жылы Украина ғылым академиясының Математика институтының арнаулы кеңесінде докторлық диссертация қорғады. 100-ден аса ғылыми мақалалардың, екі оқу құралының авторы. Халықаралық биографиялық орталықтың (Кембридж, 2001) дипломымен және медалімен марапатталған.
## Дереккөздер
## Cілтемелер
* Физика
* Математика
* Кембридж |
Ярмұхамедов Болат Қайырханұлы (17.10.1933 жыл, Петропавл – 9.9.2000 жыл, Алматы) – әскери қайраткер, генерал-майор.
## Өмірбаяны
* Харьков танк училищесін (1959 жылы), “Выстрел” жоғары офицерлер курсын, Р.Я. Малиновский атындағы сауытты танк әскерлерінің әскери академиясын (1976 жылы) бітірген.
* Еңбек жолын 1952 жылы Талдықорған облысы Киров ауылдық кеңесінің әскери-есеп столының бастығы, ауылдық атқару комитетінің хатшысы болып бастады.
* 1954 – 56 жылдары Кеңес Армиясында қызмет етті.
* 1959 – 69 жылдары Киев әскери округінде взвод, рота, батальон командирі болды, Жалаңашкөлдегі Қытаймен арада болған қақтығысқа (1969 жылы) қатысқан.
* 1969 – 73 жылдары Түркістан, Орта Азия әскери округтарында танк батальонының, полкының командирі
* 1973 – 84 жылы Көкшетау облысы әскери комиссары
* 1984 – 90 жылдары Қазақ КСР әскери комиссары қызметтерін атқарды.
* 1991 жылы зейнеткерлік демалысына шықты.
## Марапаттары
* 3-дәрежелі “КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызметі үшін” орденімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Тұрабай Мырзахметов (1922 жылы туған, Түркістан ауданы Шорнақ ауылы) – журналист. Түркістан педагогикалық училищесін бітірген (1941). 1941–47 жылдары Фрунзе ауданы партия комитеті бірінші хатшысының көмекшісі, 1947–54 жылдары «Стахановшы колхозшылар» газетінің редакторы, Мақтаарал ауданы газетінің редакторы, 1954–55 жылдары «Қызыл Түркістан» газетінің редакторы, 1956–58 жылдары КОКП Орталық комитетінің Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, 1958–59 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, 1959–62 жылдары «Қызыл Түркістан» газетінің редакторы, 1962–85 жылдары ауданаралық «Коммунистік еңбек», «Коммунистік мехнат» газеттерінің редакторы, 1985 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Түркістан ауданы, қалалық газетінің редакторы болған. «Республикаға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» белгісімен, «Ерекше еңбегі үшін» және «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Түркістан қаласының құрметті азаматы.
## Сілтемелер |
Тасқарасу — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл, Тасқарасу ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шонжы ауылынан солтүстікке қарай 25 км жерде, Шарын өзенінің жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1960-1997 жылы жүгері өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылы Тасқарасуда және округке қарасты Іле ауылында бірнеше шаруа қожалығы құрылды. Ауыл арқылы мемлекеттік маңызы бар Алматы – Шонжы – Жаркент – Қорғас автомагистралі өтеді.
## Дереккөздер |
Нұғыман Залиев (5.5.1889 жыл, Астрахан губерниясы, Қамыс-Самар уезі, Жаңақала (Сетекбай-тоғай) а. - 15.2.1938 жыл, Ақтөбе) - алғашқы халық мұғалімдерінің бірі, қоғам қайраткері.
Тегі — Байұлына жататын масқар руының жәдік бөлімі. Әкесі Зал Асанұлы орта шаруалы, мұсылманша сауатты кісі болған.
## Өмірбаяны
* Әкесінен оқып, сауатын ашқаннан кейін Қамыс-Самар бастауыш қазақ-орыс мектебін (1898-1902)
* Орда қалалық орыс-қазақ Романов училищесін, училище жанындағы педогогикалық курсты бітірді (1905).
* Сол жылы Қазан мұғалімдер семинариясының тындаушылары, жерлестері М.Сәрсембиев,С.Меңдешевтің ақылымен Қазан мұғалімдер семинариясына қазына есебінен 20 сом стипендиямен оқуға қабылданды. Осында жұріп И.Қашқынбаев, Ғ.Бердиев, Ә. Иманбаев сияқты қазақ студенттерімен, М.Уахитов, Н.Никольский, В.Охотников тәрізді татар, чуаш, мары ұлты өкілдерімен бірге Алафузов фабрикасы жанынан құрылған РСДРП ұйымының оқушылар ұясына кіргені үшін 1906-07 жылы полицияның жасырын бақылауына ілінді.
* Семинарияны 1909 жылы бітіргеннен кейін Ғұмар Қараш, Ғ.Мұсағалиев сияқты белгілі ағартушылар ашқан Тіленшісай мектебінде (қазіргі Казталов ауданындағы Қараоба маңында) жағырафия, тіршіліктану пәндерінен сабақ берді.
* Меңдешев бастаған халық мұғалімдері тобы ұйымдастырған жартылай бейресми «Халық мұғалімдері қоғамыньң» жұмысына қатысты. 1911 жылы. Астрахан, Қазан қаласынан келген полиция қызметкерлері саяси сенімсіз адам ретінде үйіне тінту жүргізді. Хан ордасында 1911 жылы Е.Бұйрин, Ғұмар Қараштардың ұйытқы болуымен жарық көрген түбегейлі демократиялық бағыттағы «Қазақстан» газетін шығаруға қатысты.
* 1916 жылы қазақ жігіттерін тыл жұмысына алу дүрбелеңі тұсында Меңдешев, М.Сәрсенбиндермен бірге жұмысшы жасақтарына адам алуды шаруа жағдайына байланысты шегере тұруды талап етті. Сол жылы тамыз айында Хан ордасына келген Астрахан губерниясының губернаторы Соколовскийдің қабылдауына Меңдешевпен бірге кіріп, жағдайы төмен, күнкөрісі қиын отбасынан шыққан жігіттерге жеңілдік жасауды сұрады. Патшаның маусым жарлығына (1916) наразылығы үшін губернатор бұйрығымен Меңдешев екеуі бірге тұтқындалып, Астрахан түрмесіне қамалды.
* Абақтыдан 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін шығып, Бөкей өңіріндегі Залиев төңкеріске қызу араласты.
* 1918 жылы 28 қазанда РК(б)П мүшелігіне кандидат, 1919 жылы 28 қазанда мүше болды. 1918 жылы.өткен Бөкей облысы Кеңесі 1-съезінің, Бөкей өңірі мұғалімдерінің 1- және 2-съезінің делегаты
* 1919 жылы қаңтардан Бөкей облысы атқару комитетінің жанындағы халық ағарту бөлімінің төралқа мүшесі, осы бөлім жанындағы ұлттық мектептер секциясыньң мүшесі. Сол жылғы тамызда Меңдешевтің орнына халық ағарту бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
* 1920 жылы қаңтарда Ақтөбеде өткен қазақ қызметкерлері конференциясына Бөкей коммунистері атынан қатысқан делегат. Бөкей облысы 4-съезінде 1-Бүкілқазақ Кеңестер Құрылтай съезіне делегат болып сайланды.
* Қазақтың тұңғыш 297 педогогикалық басылымы «Мұғалім» журналының (1919, Орда) авторы.
* 1920 жылы Қамыс-Самар уездік атқару комитетінің төрағасы.
* 1922 жылы. 2-Өлкелік Бүкілқазақ конференциясында ҚАКСР халық ағарту комиссариатының төрағасы, кейін Кеңестердің 3-4 съездерінде ОАК-іне мұше болды. Шалғай ауыл-аудандарда мектеп ашу, мектеп жүйесін оқулықтармен, әдістемелік құралдармен жабдықтау, қазақша оқу құралдарын шығару ісін ұйымдастырды. В.Ленин шығармаларын қазақ тіліне аудару жөніндегі мемлекетік. комиссияның төрағасы болды.
* 1924 жылы Гурьев уездік РК(б)П комитетінің хатшысы
* 1925 жылы ақпанда уездік атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Атырау жерінде мұнай, борат кәсіпшілігін, балық және мал шаруашылығын өркендетуге елеулі үлес қосты. Осында алғашқы мойынсеріктер, қосшы одақтарын ұйымдастыру, мәдени-ағарту саласын жолға қою ісі де оның есімімен байланысты. 1925-26 жылы Гурьев-Доссор тар табанды теміржолы басшылығымен салынды.
* 1927 жылы сәуірде Орал губерниясының атқару комитетіне төраға болып жоғарылатылды.
* 1930-35 жылы Қостанай, Ақтөбе губерниясының Халық ағарту басқармаларының бастығы.
* 1936-37 жылы Орынбордағы қазақ мұғалімдер курсының директоры.
* 1937 ж. 22 қыркүйекте ІІХК органдары тарапынан тұтқындалып, 1938 ж. 15 ақпанда КСРО Жоғарғы соты Әскери коллегиясы «үштігінің» қаулысымен Ақтөбе қаласында 57 адамдық топпен бірге атылды. Бейіті Ақтөбе қаласынан 25 шақырым жердегі Түйетөбе мекенінде.
## Отбасы
Соңыңда Нариман, Манал есімді ұл-қыз қалды. Зайыбы Аппақ Нұғыманньң Зеленов ауданындағы туысы Залиев Дәулеткерейді сағалап барған, 1938 жылы қайтыс болды. Балалары жетімдер үйінде өсті. Нариман Ұлы Отан соғысында қаза тапты, қызы Манал ҚазПИ-ді (Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті) бітірді, өмір бойы Алматы қаласында жалғызілікті өмір сүріп, 1982 ж. қайтыс болды.
## Дереккөздер |
Ыстөбе – көне қала орны. Мойынқұм ауданы Ынталы ауылынан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта орналасқан.
1980 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясы (жетек. К.Байбосынов) тауып, алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ыстөбеның қазіргі орны биіктігі 3,8 м, солтүстіктен оңтүстікке 66 м-ге созылып жатқан төбешік. 1986 жылы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетті) археологиялық отряды (жетек. М.Елеуов) қазба жұмыстарын жүргізіп, керамикалық ыдыстарды аршып алды. Зерттеу нәтижелері Ыстөбенің X–XII ғасырларда өмір сүргенін көрсетеді.
## Дереккөздер |
Сөгеті – Іле Алатауының шығысындағы Сөгеті және Торайғыр таулары аралығындағы аңғар. Батысында Шілік, шығысында Шарын өзендері аңғарларына тіреледі.
## Жер бедері
Ұзындығы 50 – 60 км, ені 20 – 25 км. Шығыс жағы көтеріңкі (абсолюттік биіктігі 1189 м). Шөлейтті сұр топырақты жерінде бұта аралас бетеге, қау, қаражусан, көкпек сияқты өсімдіктер өседі. Шығысындағы эрозияға ұшыраған сұр, сортаңды сұр топырақты адырлы жерінде тасбұйырғын, бұйырғын өседі. Сөгеті аңғары арқылы Алматы – Шонжы – Нарынқол автомобилдық жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Өскемен бөгені — Ертіс өзенінің Абылайкит қырқасынан өтетін тұсында, Өскемен қаласының оңтүстік-шығыс жағында орналасқан. Өскемен су электр стансасы құрамында 1952 жылы іске қосылған. Бөгеті шлюзбен жабдықталған. Өскемен қаласының оңтүстік-шығысынан Серебрянск қаласына дейін созылады.
## Гидрологиялық режімі
Қазан – сәуір айларында қатып жатады, жазда суы өте салқын. Түбіндегі шөгінді балшығының қалыңдығы 0,2 – 0,8 м. Бөгенде балықтың 22 түрі (таутан балық, мөңке, табан балық, нәлім, алабұға, сазан, шортан, аққайран, т.б.) кездеседі. Бұлардың көбінің кәсіптік мәні бар. Кеме жүзеді. Жағалауы орман. Өскемен және Серебрянск қалалары халқының демалыс-сауықтыру аймағы.
## Дереккөздер |
Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шарт, КСРО, АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттері ауада, кеңістікте, су астында, аспанда ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы келісімге 1963 ж. 8 тамызда қол қойып, келісім сол жылы 10 қазанда күшіне енді. Бұл келісім шектеусіз, қосылуға ашық болғандықтан 1986 жылға дейін оған қатысушылар саны 113 мемлекетке жетті. Егер жарылыстың радиоактивті қалдықтары ядролық қаруды сынаушы немесе оған заңды түрде жауапты мемлекет шекарасынан тыс жерлерге түсетін болса, онда кез келген ортадағы мұндай ядролық қаруды сынауға тыйым салынады.
## Дереккөздер: |
Баян хан - Алтын Орда құрамындағы Шығыс Дешті - Қыпшақ немесе Орда-Ежен ұлысының билеушісі (1301 - 09).
## Биографиясы
Шығу тегі: Шыңғыс хан - Жошы хан - Орда Ежен хан - Сартақтай - Қоныша хан (Кончи, Коюнчи, Кучи) - Баян хан.
Ұзақ уақыт Орда-Ежен ұлысын билеген (1280 - 1301) Қоныша, Ирандағы Құлағу әулетінің билеушілері Арғұн ханмен (1281 - 92 жылы билік құрған), кейін Газан ханмен (1295 - 1304 жылы билік құрған) тығыз қарым-қатынас орнатып, елшіліктер алмасқан. Баян хан Қонышаның Нүкілін қатын атты әйелінен туған. Ол билік басына келісімен Құбылықтың (Кублук) қарсылығына ұшырайды.
Рашид әд-Дин жылнамасында:
деп жазылған.
XIV ғасырдың басында Баян хан Құбылықтың кенеттен жасаған соққысына төтеп бере алмай, Алтын Орда ханы Тоқтадан (Тоқтай) жәрдем сұрайды. Алтын Орда ханы әскери көмек көрсете алмай Қайду мен Дуваға елші жіберіп, Құбылықты Ордаға жіберуін талап етеді. Баян ханға ұлысты билеу туралы жарлық береді. Баян ханның Газан ханмен арадағы жақындығы Қайду мен Дуваның Хулагу әулетінен шыққан билеушіге қарсы күресіне кедергі болды. Сол себепті Қайду мен Дува Тоқта ханның жарлығына құлақ аспай, Орда Ежен ұлысы тағына Баян ханның орнына Құбылықты отырғызбақ болады. Баян хан Құбылық пен Қайду, Дува әскерлеріне қарсы 18 рет соғысып, оның 6-на өзі қатысты. 1303 жылы қыста Баян хан елшілері Иранда болып, Газан ханнан көмек алады. Осы соғыстар нәтижесінде, ол ұлыстың басым бөлігіне иелік етеді де, Құбылыққа аз бөлігі тиеді. Баян ханның Шәді, Мүкі, Сасы Бұқа, Солжикутай атты 4 ұлы болды. Баян хан қайтыс болған соң билікке Сасы Бұқа келді (1309 - 15).
## Сыртқы сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы
## Тағы қараңыз |
Нефелин , элеолит (грек. nephele – бұлт) – силикаттар класының фельдшпатиттер тобындағы сілтілі тау жыныстары мен олардың пегматиттерін құраушы басты минерал. Химиялық формуласы Na(AlSіO4). Түсі ақ, сарғыш, қызғылт реңді, кристалл күйінде түссіз. Жылтырлығы күңгірттенген май тәрізді, жымдастығы байқалмайды, қаттылығы Моос шкаласы бойынша 5,5 – 6, тығыздығы 2,5 – 2,65 г/см3. Гексагондық сингонияда кристалданады, түйірлі тұтас масса құрайды, жеке кристалдары призма тәрізді. Нефелин алюминий, сода өндіруде, жасыл шыны, силикагель, ультрамарин алуда, тағы басқа қолданылады. Кендері солтүстік және батыс Қазақстанда (Борсықсай) кездеседі.
## Сілтемелер
* Элеолит
* Тау жыныстары
* Моос шкаласы
## Дереккөздер |
Мыңбұлақ – ежелгі мекен. Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Теріс өзені алабында орналасқан. Мыңбұлақты сипаттайтын алғашқы деректер қытай жиһанкезі Сюань-Цзянның 630 жылы жазған сапарнамасында кездеседі. Мыңбұлақ туралы Араб жиһанкездері өбайдаллаһ ибн Хордадбех (846) және Құдама ибн Жафар (10 ғасырдың басында) күнделіктерінде: “…Бұл Абарджадж үлкен төбе, оның айналасында мыңдаған бұлақ көздері бар. Олар қосылып бір өзен құрайды. Өзен шығысқа қарай ағады, сондықтан оның аты Баркуаб (Теріс өзені); бұл сөздің аудармасы “кері бағытта ағатын өзен” деп жазған. Кейбір деректер арқылы бізге жеткен араб жиһанкездерінің шығармаларында 8 ғасырдың басынан белгілі болған, жақсы бекіністері бар Абарджадж қаласы 651 жылы салынып, Батыс Түрік қағандығының орталығы болған. Мұнда 1223 жылы Орта Азияға жасаған жорықтардан қатты қалжыраған Шыңғыс хан нөкерлерімен демалып, үлкен той жасаған. Мыңбұлақ мекені – көне мәдениет ошағы, ондағы жартастарда палеолит және қола заманының адамдары қашап салған суреттер мен тарихи жәдігерлер көптеп кездеседі.
## Дереккөздер |
Мыңбұлақ — Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы ауыл, Мыңбұлақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан солтүстік-батысқа қарай 46 км жерде, Қаратау жотасының оңтүстік баурайында.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі тың жерлерді игеруге байланысты қаланды. 1954-96 жылдары Ақбұлақ, Бестоғай, Қайнарбұлақ, Қосбұлақ, Мәдениет, Нұра ауылдарында ӨК, ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Меңлібай Мырзахметұлы Мырзахметов (1941 жылы туған, Мақтаарал ауданы Бағара ауылы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1989), профессор (1990). ҚР Инженерлер академиясының академигі (1994), Жоғары мектеп Халықаралық академиясының корреспондент мүшесі (1996).
Қазақ химия-технология институтын бітірген (1964). 1959–60 жылдары «Казсантехмонтаж» құрылыс-монтаж басқармасында слесарь-монтажшы, 1960–64 жылдары «Кентауспецстрой» құрылыс басқармасында шебер, 1966–67 жылдары Қазақ химия-технология институтында ассистент, 1967–71 жылдары Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) инженер-құрылыс институтында аспирант, 1971–79 жылдары Қазақ политехникалық институтында (қазіргі ҰТУ) доцент, кафедра меңгерушісі. 1980 жылдан Қазақ мемлекеттік архитектура-құрылыс академиясында кафедра меңгерушісі, декан.
168 ғылыми еңбектің оның ішінде 1 монографияның авторы. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
## Шығармашылығы
* Бессточная технология обогащения фосфатного сырья, М., 1984 (в соавт.);
* Оборотное водоснабжение обогатительных фабрик, А., 1994;
* Ластанған суды ағызу және тазалау, А., 1996.
## Дереккөздер |
Тасқонырбас (Sclerpoa) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.
Қазақстанда Батыс Тянь-Шаньнің құмды және тастақты тау етектерінде өсетін 1 түрі – қатты Тасқонырбас (S. rіgescens) бар. Биіктігі 15 – 40 см, сабағы тік, бұтақты, жалаң, жылтыр. Жапырақтары жіңішке, көлденеңі 2 мм, шеті бұдыр болады. Аталығының саны – үшеу. Масағы 5 – 8 гүлді, олар қа-лың сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Масақ қабыршағы әр түрлі, жоғарғыларының 3, төменгілерінің 1 саласы болады. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемісі піседі. Тасқонырбас – құнарлы мал азықтық шөп.
## Дереккөздер |
Өсімдіктердің мемлекеттік кадастры (ӨМК) – өсімдіктер туралы жинақталған деректер. ӨМК мемлекеттік ұйымдардың тапсырысы бойынша мемлекеттік ғылыми мекемелер мен кәсіпорындар орындаған ресми әкімшілік аумақтағы (аудан, облыс, республика) өсімдіктер туралы дерек жинайды. Қазір Қазақстанның 3 облысы (Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл) бойынша ӨМК жасалынған. ӨМК 2 бөлімнен тұрады. І бөлім – өсімдіктердің конспектісі. Мұнда зерттелген аумақтың табиғи жағдайына, өсімдік жамылғысына толықтай сипаттама жасалып, сол жердегі өсімдік түрлерінің тізімі беріледі. Әр өсімдіктің қандай тұқымдасқа жататыны (оның латынның және жергілікті атауы), түрдің латынның және жергілікті бинарлық атауы, жалпы биологиялық сипаттамасы; экологиялық сипаттамасы, Қазақстанда таралу ерекшелігі, зерттеліп отырған ресми аумақта таралуы көрсетіледі. ІІ бөлім – ресми аумақтың сиреп бара жатқан және жойылу қаупі бар өсімдіктер тізімі немесе Қазақстанның “Қызыл кітабы”. Бұл кітапқа енгізілген түрлер Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау комиссиясы мақұлдаған санат бойынша мынадай талантарға сай іріктеледі: 0(Ех) – ұзақ жылдар табиғатта кездеспеген, жойылып кеткен түрлер; 1(Е) – жойылып кету қаупі бар түрлер; 2(U) – сирек түрлер, тез жойылып кету қаупі бар түрлер; 3(R) – саны азайып бара жатқан түрлер; 4(І) – белгісіз, бүгінгі күнде анықталмаған түрлер; 5(Со) – ресурстық (дәрілік, тағамдық, әсемдік, жем-шөптік) түрлер. Сондай-ақ, “Қызыл кітапқа” енген түрлер бойынша төмендегідей мәліметтер беріледі: сиректік статусы; түрдің толық морфологиялық сипаттамасы; таралу ерекшелігі; экологиясы және биологиясы; саны мен ареалының өзгеру бағыты; шектеуші факторлар; қорғау шаралары.
## Сілтемелер
* Қазақстан Республикасы
* Өсімдіктер
* Қызыл кітап
## Дереккөздер |
Тілеубердин Шыңғыс Абылайұлы (15.12.1940 ж.т., Алматы қ.) – техника ғылымының кандидаты (2002).Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын (1963, қазіргі Тараз мемлекеттік университеті Мұрағатталған 31 тамыздың 2011 жылы.) бітірген. Ақтөбе құрылыс-монтаж басқармасында шебер, Жобалау институтында бөлім бастығы, бас инженер, өндірістік бірлестіктің бас директоры, КСРО және Қазақ КСР-і Су шығару министрлігінің бірлескен жүйесіндегі құрылыс трестерінде меңгеруші (1963–96) болды. 1996 жылдан Алматы қаласындағы «Су бөлу» мемлекет еншілес коммуналдық кәсіпорнының бастығы. «Утилизация и обеспечения экологической безопасности сточных вод города Алматы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. ҚР Мемлекет сыйлығының лауреаты (2005).
## Дереккөздер |
Нефелинді сиенит – сілтілі құрамды магмалық тау жынысы; нефелиннен (20%), сілтілі дала шпаттарынан (65 – 70%) және сілтілі түсті минералдардан (10 – 15%) тұрады. Түсі ашық сұр, сұр, кейде жасыл болып келеді. Құрылымы ірі немесе орта түйірлі, текстурасы тұтас, трахитоидты немесе жолақ. Нефелинді сиенит кішігірім лополит, лакколит, дайкалар, кейде жүздеген шаршы километрге жететін массивтерді құрайды. Платформаларда ультранегізді және сілтілі габброидтармен, қатпарлануы аяқталған аймақтарда гранит пен сиенит массивтерімен бірге кездеседі. Нефелинді сиенит Мұғалжарда, Солтүстік Қазақстан (Құбасадыр), Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыған. Нефелинді сиенитте апатит, графит, криолит, титан, тағы басқа кендері кездеседі. Алюминий, шыны, керамика өндірісінде пайдаланылады.
## Сілтемелер
* Тау жынысы
* Нефелин
* Сиенит
## Дереккөздер |
Жұмағали Жөкейұлы Наурызбай (21.10.1949 жылында тұған, Жезқазған қаласында) – педагогикалық ғылым докторы (1998), профессор (2001). Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі (2003). Қарағанды мемлекеттік университетін (1972) бітірген. Жезқазған құрылыс техникумында оқытушы, Жезқазған облысында мұғалімдер білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі, облыс білім беру бөлімінде инспектор (1972–1975), Жезқазған обллысын атқару коммитеттінде, облыс партия коммиттетінде нұсқаушы, саяси-ағарту үйінің меңгерушісі, Қазақстан КП ОК насихат бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі (1975–1990), ҚР Президенті аппараты мен ҚР Мининистр Кабілетінде жауапты қызметкер (1991–1994), Жезқазған облысы әкімінің орынбасары (1994–1996) болды. 1996 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2000 жылдан Жезқазған университетінің ректоры. «Научно-педагогические основы этнокультурного образования школьников» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 150-ден астам ғылым жарияланым мен 2 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Саралжын — Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы ауыл, Саралжын ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сайқын ауылынан шығысқа қарай 159 км-дей жерде, Нарын құмының солтүстігінде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1623 адам (824 ер адам және 799 әйел адам) болса, 2009 жылы 1320 адамды (668 ер адам және 652 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1962-1997 жылдары қой өсіретін Құрманғазы атындағы кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде Саралжында және округтегі Бескөл ауылында 1997 жылдан шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Тасқопа – Ақтөбе облысы Темір ауданындағы ауыл, Тасқопа ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шұбарқұдық кентінен оңтүстік-батысқа қарай 71 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1100 адам (542 ер адам және 558 әйел адам) болса, 2009 жылы 922 адамды (468 ер адам және 454 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Ауыл клуб 1972-1996 жылдары қой өсіретін “Теректі” кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде Тасқопада және округтегі Теректі ауылында шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Инфақұрылымы
Ауылда сегіз жылдық мектеп, дүкендер, клуб, медициналық медпункт бар.
## Дереккөздер |
Саралжынды – Шығыс Каспий алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 92 км, су жиналатын алабы 1670 км2.
## Бастауы
Әлітау мен Шошқакөл бұйраты баурайындағы бұлақтардан басталып, Маныссай өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Арнасы тар, тік жарлы, жайылмасы кей жерінде 100 — 200 м-ге жетеді. Қар, жер асты суымен толығады. Ағыны жылына 40 — 60 күндей ғана болады, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Алабы жайылым ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Мақұлбек Шерімұлы (1890, Жуалы ауданы Қошқарата а. – 1976, сонда) – қоғам қайраткері.
Ауыл молдасынан сауатын ашып, Омбыдағы гимназияда орта білім алған. Болыс бастығы болған атасы Төребекпен бірге Көктал өзені ағып өтетін Қаратау шатқалына Ташкенттен жеміс ағаштарын әкеліп отырғызуға қатысқан. Сондай-ақ, ол өңірге үйеңкі, қараағаш та әкелініп отырғызылған. Сөйтіп, ол өңірдің жасыл желеңді болуына себепкер болған. Ш. 1910 ж. болыс болып сайланды. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін кеңес өкіметіне бар малын тапсырып, жаңа билікті мойындауға мәжбүр болды. Алаш зиялылары А.Байтұрсынұлымен, Ж.Аймауытұлымен, М.Әуезовпен және С.Сейфуллинмен тығыз қарым-қатынаста болған. Әулиеата уезінің ішкі істер қызметінде жұмыс істеді. 1929 ж. кеңестік қуғын-сүргінге ұшырады. 1953 ж. толық ақталды. Ат баптаумен, сәйгүлік ұстаумен шұғылданды. Оның «Қара ат» деген сәйгүлігі кезінде Орталық Азияға танымал болды. Шерхан Мұртазаның «Қара маржан» шығармасындағы басты кейіпкер Ш.Шерімұлы болып табылады. Oл қартайған шағында Қаратау шатқалындағы метеостансада жұмыс істеп, ауа райын болжау орталығына мәліметтер жіберіп отырумен шұғылданды..
## Cілтемелер |
Баян Хара-Ола жотасы, Қытайда, Кунлунь тау жүйесінің шығысында орналасқан. Солтүстік - батыстан оңтүстік - шығысқа қарай 750 км-ге созылып жатыр. Жотаның орташа биіктігі 5000 м (абсолюттік биіктігі 5442 м, Баян-Хара-Ола шыңы). Баян Хара - Ола жотасы Янцзы (Көгілдір өзен) және Хуанхе (Сары өзен) өзендері алабының жоғарғы суайрығы болып табылады. Жота палеозойлық қатпарлы құрылымдардан неотектоникалық тау құрылу кезінде пайда болған. Жер бедері жалаңаш жартасты, шоқылы. Жарқабақты тар шатқалдар мен қазаншұңқырлар көп. Жотаның төбелері тегіс немесе күмбез тәрізді. Климаты тым континенттік. Қысы ұзақ, суық, жазы қысқа, ыстық келеді. Тау аңғарларында қаңтардың температурасы – 7-9°С, биік таулы белдемінде - 35°С-қа дейін төмендейді. Тау етегі мен аңғарларында жазда температура 30°С-қа дейін көтеріледі. Солтүстік беткейлерінде жауын - шашынның жылдық мөлшері 50 мм-ден 300 мм-ге (биіктеу жерлерінде) дейін, Қашқар тауларында 800 мм-ге жетеді. Биік шыңдарында мұздықтар сақталған. Жотаның оңтүстік - батыс беткейінен Янцзы өзені бастау алады. Солтүстік - шығыс беткейі созылыңқы, көлбеу, біртіндеп үстіртті жазыққа ұласады.
## Сыртқы сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Тасқолтық шығанағы – Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Батысында Шаман каналы арқылы Атаман қонысымен, шығысы Жайық атырауында қазылған Орал-Каспий каналымен шектеседі. Шығанақ құрлыққа 10 км шамасында сұғына еніп жатыр. Суы таяз. Шығанақтың аласа жағалауларында қамыс өседі.
## Дереккөздер |
Қосымқожа Мүсірәліұлы (1710 жылы туылып – 1780 жылы өлген) – діни қайраткер. Сыр өңірінде туып өскен. Кіші жүздің керейіт руынан шыққан. Әкесі Мүсірәлі Тәуке ханның “Жеті жарғысын” жасауға қатысқан. Қосымқожа қазақ-орыс қатынастарының орнығуына белсене атсалысқан. Сыр бойы мен қарақалпақ еліне ислам дінін уағыздаушылардың бірі болған.
## Дереккөздер |
Тасқора – орта ғасырдан сақталған қоныс орны. Қаратаудың бір мүйісі Алтынды тауынан шығатын сайдың аузында, жазық ортасында орналасқан. Төбе үстінде ауд. 20 - 15 м тұрғынжайдың тастан қаланған дуалы көрініп жатыр. Сақталған жердегі биіктігі 0,20 м, 0,50 м. Қшінде аудандары әр түрлі бес бөлмесі аршылған.
Қоныстың оңтүстік-шығыс жағындағы бір бөлмесі – ыдыс жасайтын шеберханадан әр түрлі пішімдегі және ақ, күлгін, қызыл, қоңыр сырмен әшекейленген көзелер табылды. Тостаған тәрізді қыш ыдыстың ішкі жағында түбіне керей тайпасының таңбасы “Х” сияқты белгі салынған. Қыш бұйымдар бұл қоныстың 16 – 17 ғ-ларда болғанын көрсетеді. Алтынды деген жер атауы бекер айтылмаған.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 20 ғ-дың басында алтын жинаушылар осы төбенің солт.-шығыс жағындағы сайдың құмынан алтын шайған. Ал “Қобыланды” жырында “Алтынды таудың алдында, Тастан соққан қорғанды” жаудың талқандап кеткендігі айтылады.
## Дереккөздер |
Сараман-Қос мұнарасы – Қызылорда облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген қала құрылысы және сәулет өнерінің ескерткіші.
## Орналасқан жері
Қазалы ауданы Кәукей ауылы, ауылдан солтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде орналасқан.
## Кезеңі
ІХ-ХІ ғғ.
## Тарихи деректер, аңыздар
Сараман-Қоса мұнарасы – Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық үлгілердің ең аз кездесетін түрі. Мұнаралы кесене құрылысының ертедегі үлгісіне жататын мұнара XI ғасырда салынған.Мұнараның құрылысы қайғылы аңызға толы. Шынын айтқанда, бұл – өшпенділіктің, келісе алмаушылықтың және әлеуметтік ескішілдіктің кесірінен қосыла алмаған жастардың қайғылы махаббатының символы.Жергілікті аңыздарға сәйкес, жаркенттік Сараман жігіт – атақты және бай ақсүйектер әулетінің жалғыз ұлы жасауы жоқ Үргеніштің кедей көпесінің қызы Қосаны сүйіп қалады. Сараманның асқақ та күшті әкесі ұлының сөзіне құлақ аспағандықтан, ғашықтар үшін жалғыз шығар жол – қосылып қашу. Қос ғашықтың соңынан жіберілген қызметшілер қыз бен қайғы жұтқан Сараманды өлтіреді. Қызметшілерді жүгіртіп жібергеніне өкінген Сараманның әкесі жігіттің екі досын жібереді. Бірақ олар ғашықтарға көмектесуге үлгермейді.Қайғыдан қан жұтқан жігіттің әкесі ұлының достарына кейінгі ұрпақтарға үлгі болып қалатындай махаббат пен адалдықтың белгісі ретінде бақытсыз қашқындарға далада мұнара тұрғызуды өтінеді.
## Сипаты
Үшқабатты конус тәрізді табаны дөңгелек мұнара тікбұрышты өңделмеген кесектерден құралған. 1, 2-қабаттары күмбезделіп бітеді. 1-қабатында төртбұрышты терезесі, 3-қабатында солтүстік және оңтүстік жағында 2 терезесі бар. Шикі кірпішпен өріліп, күйдірілген кірпішпен қапталған, төменгі жағының диаметрі 12 м, биіктігі 15 м, іргетасының қалыңдығы 1,6 м.1982 жылы Сараман-Қос мұнарасы Қазақ КСР-нің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді.1984 жылы қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
## Дереккөздер |
Ысқақ Айтқұлұлы Нәби (20.5.1955 жылы тұған, Қарағанды облысында Бұқар жырау аудан Үлгі ауылда) – педагогикалық ғылым докторы (1996), профессор (2002), Қазақстан Педагогикалық ғылым академиясының академигі (2004). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1977, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Осы оқу орнында ассистент, доцент, профессор (1977–2002), Қазақ білім академиясында жауапты хатшы, вице-президент (2002–2003), Қазақ ұлттық аграрлық университетінде бөлім бастығы (2004–2007) болды. 2007 жылдан осы университетте проректор қызметін атқарады. «Жоғары оқу орындары студенттерін графикалық даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 150-ден астам ғылым жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Баяр Махмуд Желәл (Bayar Mahmut Celâl) (15.5.1883, Умурбей Бурса - 22.8.1986, Стамбұл) - Түркияның 1950 - 60 жылдар аралығындағы Президенті. Жас кезінде банк саласы және француз тілі бойынша орта білім алған. Өмір жолын Бурса қаласындағы банк қызметкері болып бастады. Кемалшылар революциясына (1919 - 22) белсене араласты. 1924 - 32 жылы кәсіпкерлер банкісінің бас директоры, 1932 - 37 жылы Түркияның экономика министрі, 1937 - 39 жылы премьер-министрі міндеттерін атқарды. 1939 жылы парламенттегі көпшілік дауысқа ие Республикалық халық партиясымен келісе алмағандықтан, үкімет құрамынан шықты. Үкіметке оппозициядағы Демократиялық партияны ұйымдастырушылардың бірі және 1946 жылдан осы партияның төрағасы болды. 1950 жылы мамырда өткен сайлауда Демократиялық партия жеңіске жетіп, Баяр президент болып тағайындалды. Жаңа үкімет КСРО тарапынан болуы мүмкін шабуылдан қорғану үшін Батыс елдерімен, соның ішінде АҚШ үкіметімен жақындасуға тырысты. Оның кезінде Түркия НАТО-ға мүше болып қабылданды (1952). Оңтүстік-шығыс шекараларды нығайту үшін араб елдерімен жақындасып, 1955 жылы Бағдат пактісіне қосылды. Бірақ ішкі саяси тұрақсыздық пен студенттердің толқуы жиілей түсті. 1960 жылы 27 мамырда әскери төңкеріс болып, Баяр, премьер-министр А.Мендерес және Демократиялық партияның басқа да басшылары қамауға алынды. 1961 жылы өткен сот төралқасы Баярды өлім жазасына кесіп, кейіннен өмір бойы түрмеге отырғызу жазасымен ауыстырылды. 1964 жылы денсаулығына байланысты тұтқыннан босатылып, 1969 жылы саяси құқылары толық қалпына келтірілді. Өмірінің соңғы жылдары ол саяси қызметтен қол үзді.
## Сыртқы сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Тасқотан – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстігіндегі тау. Қарқаралы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км-ге созылып жатыр. Ені 4 км. Ең биік жері 1006 м. Тасқотан қыстауларының бірінде Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіров дүниеге келген.
## Жер бедері
Тауаралық аңғарлар және сайлармен бөлінген толып жатқан қырқалы таулардан, ұсақ шоқылардан, төбелер мен жондардан тұрады. Беткейлері жайпақ, негізгі жыныстары жер бетіне шығып жатыр.
## Геологиялық құрылымы
Кейінгі тас көмір, пермьдік гранитоидтардан және төрттік делювийлі-пролювийлі шөгінділерден түзілген.
## Өсімдігі
Қызыл қоңыр қиыршық тасты топырағында өлеңшөп, сұлыбас, боз, жыңғыл өседі. Беткейлері қысқы жайылым ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қостанай шина жөндеу зауыты – жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Автомобильдер мен ауыл шаруашылығы машиналарының шиналарын қалпына келтіру, резина-техника бұйымдар өндіру, оқу, кеңсе, тұрмыс жиһаздарын дайындау, резина қоспалар шығару жұмыстарымен айналысады.
## Пайдаланған әдебиетттер |
Рысбек Мырзашұлы Мырзашев (1932, Ақмола облысы – 1987, Шымкент қаласы) – қоғам қайраткері.
Алматы ауыл шаруашылығы институты мен КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірген.
1985–1987 жылдары Шымкент облысы партия комитетінің бірінші хатшысы,
1960 жылдан КОКП мүшесі. Ақмола облысының комсомол органдарында, еңбекшілер депутаттары ауданы кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Есіл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеді.
1977–1982 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің екінші хатшысы,
1982–1985 жылдары халық депутаттары Павлодар облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды. Социалистік Еңбек Ері, Шымкент қаласының құрметті азаматы.
## Сілтемелер |
Баят - оғыздар құрамында болған тайпа. XII ғасырдағы мағлұматтар Баят тайпасын қаңлылар құрамына, екінші бір мәлімет қимақтар құрамына енгізеді. Рашид әд-Диннің айтуынша, Баят XIV ғ-да оғыздардың құрамына кірген. Ергенеқонды қоныстанған және Шыңғыс ханға қосылған алғашқы тайпалардың бірі болған. Әбілғазының “Түрік шежіресінде” (16 ғ.) Оғыз хан немерелерінің қатарында Баяттың да аты аталады және оның таңбасы (Q) келтіріледі. Баят - “бай” деген мағынаны білдіреді. Баят тайпасының негізгі құрамы баяут, гоклен тайпасы деген атпен түрікмендердің құрамына қосылды. Ежелгі баяттардың ұрпағы XIX ғ-да осы атпен қазақ халқының құрамындағы қызылқұрт руына (Кіші жүз) бірікті деген болжам бар.
## Сыртқы сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Төреханов Айбын Әдепханұлы (25 маусымда 1963 жылы туған, Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылы) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (2006).
## Оқуы:
* Мәскеу қаласындағы К.Скрябин атындағы ветеринарлық академияны (1986);
* Бүкілодақтық мал шаруашылық ғылыми-зертханалық институтының аспирантурасын (1992);
* Талдықорған қаласындағы Жетісу экономикалық институтын (1999) бітірген.
## Қызметі:
* 1986 – 1997 жылы Алматы облысы Талдықорған ауыл шаруашылық ғылыми-зертханалық институты директорының орынбасары;
* Талдықорған агроөнеркәсіптік кешені ғылыми-зертханалық орталығының төрағасы;
* Талдықорған ауданы әкімінің орынбасары;
* 1999 – 2004 жылы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық институтының стратегия және мемлекеттік реттеу департаменті директорының орынбасары;
* 2001 – 2004 жылы Астана қаласындағы “Асыл түлік” акционерлік қоғамының төрағасы, 2004 жылдан Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігінің “Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми өндірістік орталығының” директоры.
## Жетістіктері:
Негізгі ғылыми жұмысы мал өнімділігін биотехнологиялық жолмен жақсарту, жергілікті малдардың гендік қорын сақтау және оларды көбейту, табиғи жайылымдарды тиімді пайдаланудың негіздерін құруға арналған. Төреханов Айбын жаңадан шығарылған сүт бағытындағы “Ақ ырыс” қоңыр сиыр сүлесінің, қазақтың етті ақбас сиыры тұқымының Зенит-Чубатый, әулиекөл тұқымының Табакур аталық із топтарының және жоңышқаның “Балауса” жаңа сорты авторларының бірі. Төреханов Айбынның 170-тен астам ғылыми еңбектері, 15 ғылыми әдістемелері мен ұсыныстары, 4 монографиясы, 3 оқулығы жарық көрді.
## Сілтеме |
Тасқұдық – Түркістан облысы Отырар ауданының шығысында, Арыс пен Бөген өзендерінің аралығында жатқан енсіз қоныс. Қарақоңыр ауылдық округінің құрамында. Жер бедері жазық. Солтүстігінде Мазартөбе (абс. биіктігі 215 м), шығысында Қудала (215 м) төбелері, батысында Бейсембек, Тайман құдықтары және шағын Көбенбай қонысы жатыр. Қоныста Шаңқалса, Қашарбай, т.б. қыстаулар орналасқан. Шығысында қонысты суландырып, мал жайылымына айналдырған сағатына 1200 л су шығатын артезиан ұңғымасы бар. Қоныс аумағын әр бағытта бірнеше қара жол кесіп өтеді. Ең жақын елді мекен – Ақтөбе а. (6 км).
## Дереккөздер |
Сүтақы кәдесі – қалың малдың құрамдас бір бөлігі ретінде күйеудің қалыңдық анасына арнайы беретін сыйлығы. Сүтақы ретінде әр түрлі бағалы заттар, киім-кешектер сыйға тартылады. Сүтақыны құдалар қалыңдықты алуға барғанда арнайы салтанатпен, тойға немесе шығарып салу рәсіміне жиналған ауылдастары, туыстары алдында жұртқа көрсетіп, арнайы атап берген. Бұл кәде шешесінің қызды (қалыңдықты) бағып, тәрбиелегені үшін күйеу тарапынан алғыс білдіру ниетінен бастау алған жоралғы.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том |
Сарбаз (парс. сәр — бас, басшы; “баз” жұрнағы қосылып басшыға еруші деген мағына береді) — қатардағы әскер, жасақты қол.
Ерекше жағдайда (жорыққа шыққан, жау шапқан жағдайда) жасақталған қалың қолды Сарбаз деп атаған. Сарбаздар ондықтарға, жүздіктерге, мыңдықтарға бөлініп, оларды онбасы, жүзбасы, мыңбасы басқарған, жалпы әскерді сардар басқарған.
Мысалы, 1916 ж. Торғай қазақтарының патша өкіметіне қарсы көтерілісіне қатысушыларды Сарбаз деп атаған.
## Дереккөздер |
Ғалия Ықсанқызы (26. 9. 1950 жылы туған, Қордай ауданы, Красногор ауылы) –қайраткер, денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1973). 1974 – 1979 ж. Шымкент қаласындағы ғ1 емханада учаскелік дәрігер болып істеді. 1979 – 81 ж. Мәскеудегі Дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында 2 жылдық арнаулы ординатурада оқыды. 1983 – 85 ж. ғ1 поликлиникада терапевтік бөлім меңгерушісі, 1985 – 1987 ж. бас дәрігердің орынбасары. 1987 жылдан осы емхананың бас дәрігері. Ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен (1990) және Құрмет грамоталарымен марапатталды. 1994 жылдан Шымкент қалалық мәслихатының депутаты болып қатарынан 3-рет сайланды. Қазақстан Республикасы Президенттік Кеңесінің мүшесі (2003).
## Cілтемелер |
Тілеуғабылов Сүлеймен Мұстафаұлы (1935 ж.т., Түркістан облысы Түлкібас ауданы) – техника ғылымының докторы (1993), профессор (1993). ҚР Инженер академиясының акададемигі Магнитогорск тау-кен металлургия институтын бітірген (1960). Магнитогорск металлургия комбинатында диірменші (1958–59), Қарағанды кеңестік халық шаруалар басқармасында бас домнашы (1965), Химиялық-металлургия институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1965–92), ҚР Инженер академиясы Жамбыл бөлімшесінің төрағасы (1992–94); 1994 жылдан Қарағанды металлургия институтында кафедра меңгерушісі, профессор қызметін атқарды. 1992 ж. «Развитие теоретических положений и разработка технологии твердообычного и фосфорсодержащего сырья» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 120-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Құмбазар — Қызылорда облысы Арал ауданы, Бекбауыл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Арал қаласынан оңтүстікке қарай 100 км жерде, Сырдарияның атырауында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 541 адам (295 ер адам және 246 әйел адам) болса, 2009 жылы 528 адамды (276 ер адам және 252 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Ауыл 1932-96 жылдары жылдары балық шаруашылығымен айналысатын «Райым» ұжымшары бөлімшесінің орталығы болған. Бөлімше негізінде Құмбазарда ЖШС жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Тасқұлақ — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде, Келес өзенінің сол жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1997 жылға дейін жеміс-жүзім өсіретін “Қабыланбек” кеңшарының құрамында болған. Кеңшар негізінде Тасқұлақта шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Шеріпжан Марупұлы Нәдіров (10.5.1948 жылында туған, Алматы қаласында) – географиялық ғылым докторы (1995), профессор ҚазПИ-ді (1971, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясы-ның География институтында аға инженер, аға ғылым қызметкер (1971–1985), ҚазҰПУ-да және Қазақстан Ғылым Академияның Ұйғыртану институтында аға ғылым қызметкер, бөлім меңгерушісі (1989–1995), Қазақстан Ғылым Академиясы-ның Шығыстану институты директорының орынбасары (1996–1998), Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында бөлім меңгерушісі (1998–2001) болды. 2001 жылдан Қазақстан Ғылым Академияның География инсттутында бас ғылым қызметкер, ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. [[«Экономико-географические проблемы трансформации территориальных структур и развитие интеграционных процессов в народном хозяйстве СУАР КНР и Республики Казахстан»]]тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам ғыл. жарияланым мен 3 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.