text
stringlengths 3
252k
|
---|
Шу-Іле таулары – Іле Алатауы жотасының солтүстік-батыс сілемі.
## Географиялық орны
Алматы және Жамбыл облыстары жерінде. Шу және Күрті өзендері аралығындағы тау бөктеріндегі өңірде, оңтүстігі Қопа жазығына (ойысына) тіреледі. Ұзындығы солтүстік-батыс бағытта 180 км, ені 60 км-дей, ең биік жері Айтау жүйесіндегі Аңырақай тауы (1294 м).
## Жер бедері
Шу-Іле таулары ертедегі тау жүйесінің, су, жел, т.б. табиғат әсерінен бұзылуынан, мүжілуінен, аласа тау, жеке шоқыларға айналған қыратты өңір. Аласа таулар көбіне бір-біріне жақын бір өңірді алып жатады, не таулы қырқаға айналады. Түленқара, Құлжабасы, Аңырақай, Алаайғыр, Сұңқар таулары осындай таулы қырқалар. Аласа таулар мен таулы қырқалардан басқа төбесі күмбезделіп келген, биіктігі біркелкі шоқылар өте көп кездеседі. Бұл таулар мен шоқылар аралығын жазық, кең дала алып жатыр.
## Климаты
Шу-Іле таулары өңірінің қысы суық, жазы ыстық, жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 400 мм.
## Су торабы
Қырат беткейлерінен басталатын Ащысу, Қоналысай, Тесік, Қақпақтас, т.б. кішкене өзендерде су көктемде қысқа мерзімде ғана болады да, кейін тартылып, арнасы құрғақ сай, тасты шатқалға айналады.
## Өсімдігі, жануарлары
Бұл құрғақ шөл аймақта шалғын шөп көктемде сай-сала, жыра, ойпат жерлерде, тау бөктерінде шөлге төзімді жусан, бетеге, қараған, т.б. өсімдіктер өседі. Шөл, шөлейт жануарлары мекендейді..
## Дереккөздер |
Сағынғали Сейітов (20.11.1917, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы, Қурайлысай ауылы) — ақын, сыншы, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымы кандидаты (1961).
## Еңбек жолы
* Орал су транспорты рабфагын (1937) бітірген.
* Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1947).
* 1941 — 47 ж. әскер қатарында болып, 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
* 1947-1949 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтында ,ылыми қызметкер
* 1949-1951 жылдары Қазақстан КП ОК-нің Үгіт, насихат, әдебиет және көркемөнер бөлімдерінде түрлі қызметтер атқарды.
* Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының директоры (1951 — 52)
* Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер (1952 жылдан) болған.
## Шығармашылығы
* “Большевиктер” атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1951 ж. жарық көрді.
Сейітовтің 40-тан астам кітабы баспадан шыққан. Жыр жинақтарымен қатар
* “Қырық жылда” (1957)
* “Ақын сапары” (1958)
* “Өмір өрнектері” (1969)
* “Тоғысқан толқындар” (1974)
* “Туысқандық туғызған” (1979)
* “Өлең өлкесінде” (1984)
* “Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару дәстүрі”, т.б. әдеби-зерттеу еңбектері бар.
### Аудармалары
Г.Гейне, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, В.Маяковский, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған.
## Марапаттары
* 2-дәрежелі Отан соғысы ордені
* Қызыл жұлдыз ордені
* Қаратөбе ауданының құрметті азаматы.
## Дереккөздер |
Жорабек Сыздықұлы Шүленбаев – (1930 жылы туған Қызылорда) - театр актері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1976).
## Өмірбаяны
* 1952 жылы Н.Островский атындағы Ташкент мемлекеттік театр институтының актерлік бөлімін бітірген.
* Жамбыл облыстық қазақ драма театрына актер болып орналасады. Ол, М. Әуезовтің «Қаракөз» спектакліндегі Сырым, «Абайында» Айдар, «Еңлік – Кебегінде» Еспенбет, Абыз, В. Шекспирдің, «Дуалы түнгі думанында» Эгей, «Отеллосында» Должь, «Гамлетінде» Полонский, Н. Гогольдің «Ревизорындағы» Хлестаков секілді күрделі де, басты образдарды сәтті шығаруымен танылды.
Шүленбаев театрдың аса талантты актерлерімен иық теңестіре жүріп, биік деңгейде көрінуге үлес қосқан үлкен ойлы актерлердің бірі болды. Ол өзіндік өрнегімен, назды нақышымен, ширақ қимылымен, сезім қылын шерте білетін сыршылдығымен танылды. Сахнадағы тапқырлық, көпқырлылық, мәдениетті мәнер оған тән.Шүленбаев 60-тан аса рөлдерде ойнаған.
## Марапаттары
* 1976 жылы «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисті»..
## Дереккөздер |
«Шу сауда базасы» – өндірістік және сауда кәсіпорны, акционерлік қоғамы Шу қаласында орналасқан. Ұн, құрама жем, макарон және нан өнімдерін шығарады. Жылына 7 мың тоннаға дейін ұн өндіріледі. Кәсіпорында 100-ге жуық адам жұмыс істейді..
## Cілтемелер |
Муииз әл-Ажаб (“Тектану кітабы”) – парсы тілінде 1426 – 27 ж. жазылған шығарма.
## Толығырақ
Авторы белгісіз. Белгілі шығыстанушы Б.А. Ахмедовтің пікірі бойынша бұл шығарманың авторы Хафиз-и Абруболуы мүмкін. “Муииз әл-Ажаб”. Рашид әд-Диннің “Шуаб-и панжгана” еңбегінің қысқартылған нұсқасы болып табылады. Хафиз-и Абру “Шуаб-и панжгананың” алғы сөзін қысқартқан, арабтардың, үнділердің, қытайлар мен франктердің тегі жөніндегі зерттеулерді қалдырып кеткен және өз тарапынан Шыңғыс хан, Темір әулеті туралы мәліметтерді қосқан. “Муииз әл-Ажабта” Шыңғыс хан мен Әмір Темір әулеттерінің мыңнан аса өкілдерінің өмірлерінен деректер келтірілген.Шығармада қазақ хандарының тегі бойынша құнды мәліметтер бар. Жошының 18 ұлының, Шағатайдың 8 ұлының, Үгедейдің 7 ұлы-ның, Төленің 10 ұлының есімдері берілген. “Муииз әл-Ажаб” бізге үш көшірме арқылы жеткен:
* Байсүңгір мырзаның “Альбомынан” алынған миниатюралары бар Топканы сарай кітапханасындағы көшірме;
* Париж ұлттық кітапханасындағы көшірме;
* Британ музейіндегі миниатюралармен безендірілген көшірме (18 ғ.).
## Сілтемелер
* Баспахана
* Газет
* Әдебиет
* Қазақстан
## Дереккөздер
<references> |
Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев (29.04.1969 ж.т., Сарысу ауданы, Игілік ауылы) – ақын.
2002 жылдан «Қазақ әдебиеті» газетінде «Жас қалам» қосымшасының редакторы. Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі.
Өлеңдері 1987 жылдан бастап республика басылымдарда жарияланып келеді. Тұңғыш кітабы «Ай-нұр» (1996) мен екінші жинағы «Ай» (2000), «Жазушы» баспасынан шықты. «Қарлығаш», «Қос ішек», «Толқыннан толқын туады», «2000 жылдық Дала жыры», «Жас ақындар антологиясы» сияқты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Қазақстан Жастар одағы (1981) және мемл. «Дарын» жастар сыйлығының (2000) лауреаты. 1997 – 1999 жылдарғы ҚР Президенті стипендиясының иегері.
Республика бірнеше жыр мүшәйраларының бас жүлдегері..
## Дереккөздер |
Яхия Шынәсілұлы (15 желтоқсан 1920 жылы туған, Байзақ ауданы, Ынтымақ ауылының Теспе бөлімшесі) – театртанушы, педагог.
## Биография
2-дүниежүзүзілік соғысқа қатысқан. 1952 жылы Ташкент мемлекеттік театр-көркемсурет институтының театртану факультетін бітірді. Шынәсілұлы өзінің еңбек жолын Жамбыл облысы атқару комитетінің өнер бөлімі меңгерушісі (1952 – 1954) болудан бастады, әрі осымен қатар Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласындағы мәдени-ағарту училищещесінде педагогикалық қызметпен де айналысты: мұнда мұғалім, ұзақ жылдар бойы училищенің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі (1965 – 1981) болып қызмет атқарды. 1981 жылдан зейнеткер, ал 1984 жыжы арнайы шақыртылып, осында педагог қызметін қайта жалғастырды.
## Шәкірттері:
* О.Әбділ-манов,
* Ә.Әмзеев,
* Т. Жұршиев,
* Ә.Т. Құлданов,
* Қ.К. Нұрпейісов,
* С. Рахманқұлова,
* Ә. Шәймерденов т.б.
## Еңбектері
Жергілікті театр спектаклі жайында жазған алғашқы мақаласы 1960 жылы облыстық «Еңбек туы» газетінде жарияланды. Шынәсілұлы – актер Ш.Қ. Сәкиев туралы жазылған «Мәртебе» (А., 1993), драматургия және оның сахнаға қойылуы жайындағы «Өмір мен өнер» (Тараз, 2000) т.б. кітаптарының, облыстық және республикалық мерзімді басылымдарда жарияланған театр қойылымдары, адамгершілік негіздері, оқу-тәрбие тақырыптарын қозғайтын 300-ден астам мақалалардың авторы. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен және грамоталармен марапатталған..
## Дереккөздер |
Шыңғыссай обасы– қола дәуірі қорымы.
Мойынқұм ауданы Хантау кентінен солтүстік-шығысқа қарай 40 км қашықтықта орналасқан. 1989 жылы Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының ескерткіштер жиынтығы археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Байпақов) тапқан. Шыңғыссай обасы оңтүстіктен солтстікке және батыстан шығысқа созылып жатқан 13 қорымнан тұрады. Ол қорымдардың 8-і жан-жағынан тастармен қоршалған. Қоршаулардың диаметрі 2,5 м-ден 6,7 м-ге дейін болып келеді. Әрбір қорымдағы тас жәшіктер гранит плиталармен жабылған..
## Дереккөздер |
Аслан Есболайұлы Мусин (2 қаңтар 1954 жылы, Ақтөбе облысы Алға ауданы, Бестамақ ауылында дүниеге келген) – Қазақстан Республикасының мемлекеттік және саяси қайраткері. 2012 жылдың күзінен бастап Қазақстан Республикасының бюджетті бақылау туралы есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
## Өмірбаяны
* 1954 жылы Ақтөбе облысының Алға ауданы Бестамақ селосында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Әлімұлы тайпасының Кете руынан шыққан..
* 1975 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.
* Институтты бітірісімен Ақтөбе санақ басқармасының Есеп орталығында мамандығы бойынша әртүрлі лауазымды қызметтерде жұмыс істеген.
* 1979 жылдың қаңтарынан 1991 жылдың қазан айына дейін ҚКП басқару орындарында нұсқаушы, бөлім меңгерушсі, ҚКП Ақтөбе облыстық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.
* 1991-93 жылдары Монополияға қарсы күрес мемлекеттік комитетінің Ақтөбе облыстық департаментінің төрағасы.
* 1993-94 жылдары — Ақтөбе облысы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары — Экономика жөніндегі басқарманың бастығы.
* 1994-95 жылдары — Ақтөбе облыстық Экономика жөніндегі басқарманың бастығы.
* 1995-02 жылдары — Ақтөбе облысының әкімі.
* 2002-06 жылдары — Атырау облысының әкімі.
* 2006 жылдың қазан айынан бастап ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
* 2007 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметін қоса атқарады.
* 2007 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
* 2007 жылы 18 тамызында «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының депутаты.
* 2007 жылы 2 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Парламенті 4-ші шақырылым Мәжілісінің бірінші отырысында Мәжіліс төрағасы боп сайланады.
* 2008 жылы қазанның 13-інде Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы.
* 2012 жылдың 21 қыркүйек күні Аслан Мусин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды
## Дереккөздер |
Мұсылманбек Жұманұлы Сейітов (1887,Омбы қ. — 7.12.1937, Өскемен) — Алаш қозғалысының қайраткері.
## Өмірбаяны
* Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған.
* Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Омбыда мұғалім, Павлодар облысында экономист болып еңбек етті.
* 1937 ж. саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.
## Қоғамдық жұмысы
* “Бірлік” ұйымының белсенді мүшесі болып, “Балапан” журналының шығуына атсалысты.
* 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін қазақтардың саяси белсенділігін арттыру жолында Омбы облыстық қазақ комитетінің құрамына кірді.
* Бірінші жалпықазақтық съезінде Омбы облысы қазақтары атынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
* Алаш партиясының мүшесі болды. “Үш жүз” партиясын қазақтар арасындағы тұтастыққа нұқсан келтіреді деп санады.
## Дереккөздер |
Ғалия Ықсанқызы (26. 9. 1950 жылы туған, Қордай ауданы, Красногор ауылы) –қайраткер, денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1973). 1974 – 1979 ж. Шымкент қаласындағы ғ1 емханада учаскелік дәрігер болып істеді. 1979 – 81 ж. Мәскеудегі Дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында 2 жылдық арнаулы ординатурада оқыды. 1983 – 85 ж. ғ1 поликлиникада терапевтік бөлім меңгерушісі, 1985 – 1987 ж. бас дәрігердің орынбасары. 1987 жылдан осы емхананың бас дәрігері. Ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен (1990) және Құрмет грамоталарымен марапатталды. 1994 жылдан Шымкент қалалық мәслихатының депутаты болып қатарынан 3-рет сайланды. Қазақстан Республикасы Президенттік Кеңесінің мүшесі (2003).
## Cілтемелер |
Дымкеш Мұқанов (26.6. 1936 жылы туған, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Текеқараөзек ауылы) – ғалым, техника ғылымдардарының докторы (2000).
## Өмірбаяны
Дымкеш Мұқанов Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) электр-техника институтын бітірген (1959). Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер (1959–60), Қарағанды қаласында комсомол комитетінің 1-хатшысы (1961–64), Қарағанды металлургия комбинатында лаборатория меңгерушісі (1964–70), Бүкілодақтық автоматика ғылыми-зерттеу институтында директор (1971– 80), «Черметавтоматика» ғылыми-өндірістік бірлестігінде бас директор (1980–92), «Казчермет-автоматика» АҚ-ның директоры (1992–99) қызметтерін атқарды. 1999 жылдан ҚР Шикізатты кешенді өңдеу ұлттық орт-нда директордың орынбасары.
«Разработка и внедрение информационно-измерительных систем с использованием физических методов для автоматизации металлургических процессов» деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғады.
## Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектерді қара металлургия мәселелеріне арналған. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1984, 2005). “Халықтар достығы” орденімен марапатталған.
## Шығармалары
* Информационные технологии в минерально-сырьевом комплексе, 2003;
* Индустриально-инновационное развитие Казахстана: потенциал и механизм реализации, А., 2004;
* Металлургия Казахстана: состояние, инновационный потенциал, тренд развития,
## Дереккөздер |
Ақжібек Темірғалиқызы Мұқашева (1919, Орынбор – көз жұмған жылы белгісіз) – КСРО Қорғаныс министрлігінің Бас Барлау басқармасында істеген қазақ қызы, саяси қуғын-сүргін құрбаны.
## Өмірбаяны
1940 жылы Мәскеу университетінің механика-математика факультетін бітіргеннен кейін арнайы курстан өтіп, 1941 жылы көктемде КСРО Қорғаныс министрлігінің Бас штабының Бас Барлау басқармасының шифрлаушылар бөліміне жұмысқа алынды. Ол Брюссельдегі кеңес барлаушысы “Кенттің” (Уругвай азаматы-Витсент Сиерра – шындығында барлаушы Анатолий Маркович Гуревич, КСРО МІК архивіндегі деректер бойынша – Виктор Сукулов) жеке шифрлаушысы болды. Мұқашева осы қызметін атқарып жүріп А.Гитлердің КСРО-ға соғыс ашуға дайындалып жатқанын жоғары басшылыққа алғаш жеткізушілердің бірі болды. Бірақ ол өзінің 1930 – 60 жылдары КСРО-ның Батыс Еуропада әрекет еткен әйгілі барлау тобы “Қызыл капеллаға” қызмет еткенін білген жоқ. Сол кездегі қалыптасқан жағдайға байланысты барлаушылардың жіберген мәліметтеріне Мәскеудегі ортақ сенімсіздікпен қарады. Осыған байланысты көптеген барлаушылар неміс немесе ағылшын барлау қызметіне жұмыс істеді деген күдікпен ешқандай себепсіз ұсталып, НКВД-нің түрмелеріне отырғызылды. Осындай себепсіз сотталғандар арасында Мұқашева да болды. Ол 1942 жылы желтоқсанда ұсталып, 25 жылға сотталды. Кейінгі тағдыры белгісіз.
## Сілтемелер
* Механика
* Математика
* НКВД
* Қазақстан
## Дереккөздер
<references> |
Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы қысқартылған ТҮРКСОЙ (түр. Uluslararası Türk Kültürü Teşkilatı, -{TÜRKSOY}-) — Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы.
1993 ж. 12 шілдеде Алматыда келсімге құрылтайшы елдердің өкілдері қол қойған.
Түркия Республикасы ұйымның арқаушы елі болып тағайындалды. TÜRKSOY ұйымының ресми қызмет тілі— түрік тілі. Бас кеңсесі Анкара (Түркия) қаласында орналасқан.
1994 ж. бастап Полад Бүлбүл Оғлы, Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрі, үш рет (1994, 1997, 2000 жж.) халықаралық ұйымның Бас директоры болып сайланған.
## Мақсаттары
Ұйымның басты мақсаттары:
* Халықаралық қатынастарда жаңа тепе-теңдіктің құрылуы мақсатымен, аумақтық және бүкіл дүниежүзілік деңгейде жаңа мәдени ұйымдарды қолдау.
* Түркі тілінде сөйлейтін халықтар мен елдердің арасында достық қатынастар құрып, ортақ түркі мәдениетін, тілін, тарихын, өнерін, әдет-дәстүрлерін зерттеп, жалпыға жария ету, дамыту, сақтау, болашақ ұрпақтарға мұра ету, баянды қылу.
* Түркі дүниесінде ортақ бір тіл мен әліпби қолданылуы үшін тиісті орта және жағдай қалыптастыру.
* Түркі дүниесі халықтарының ортақ өткенінің, тарихының, тілі мен әдебиетінің, мәдениеті мен өнерінің біртұтас күйінде ғылыми зерттеулерін күшейту.
* Ұлттың тарихын, ана тілін, әдебиетін, мәдениеті мен өнерін, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін болашақ ұрпақтарға мұра ету үшін жағдай жасау.
## Мүшелер
ТЮРКСОЙ құрамына 14 ел кіреді, оның ішінде егеменді елдер, федеральды субъектілер мен автономды аймақтар. 2015 жылдың соңында Ресей мәдениет министрі Владимир Мединский Алтай, Башқұртстан, Саха (Якутия), Татарстан, Тыва және Хакасия Республикаларының басшыларына Халықаралық түркі мәдениеті ұйымымен байланыстарды тоқтату міндеті туралы телеграмма жолдады.
Бұл Тыва, Алтай және Якутияның ұйым құрамынан шығуына әкеп соқтырды.
## Тағы қараңыз
* Түркі тілді аумақтар тізімі
## Сыртқы сілтемелер
* TÜRKSOY ресми торабы Мұрағатталған 23 тамыздың 2009 жылы. |
Турік Ошақлары – Түркиядағы ықпалды қоғамдық ұйым. 1912 ж. құрылған. Түріктердің отаншылдық сана-сезімін күшейтіп, елдің мәдени, экономикалық-әлеуметтік дамуына ықпал етуді, ата салты, ана тәлімін ұрпақтан-ұрпаққа дарытып, ұлттық өркениет негіздерін дәріптеуді мақсат еткен Зия Гөкалп, Юсуф Акчура, Мехмет Емін, Юрдақұл Ахмет Ағаоғлу, т.б. түркі зиялылары негізін қалаған бұл ұйымға мемлекет басшысы Ататүрік рухани қолдау көрсетті. 1917 ж. Қазан төңкерісіне дейін Орта Азия елдерінде, Қазан, Баку қ-ларында, Шығыс Түркістанда Турік Ошақлары-ның бөлімшелері қызмет істеді. Қазір Түркияның бірнеше уәлаяты мен ірі елді мекендерінде 50-ден аса бөлімшелер бар.Орталық к-ті Анкарада орналасқан. Турік Ошақлары түрлі жұмыстар мен іс-шараларды: жиындар мен ғыл. мәслихаттар, фестивальдар мен байқаулар өткізуді, кітаптар мен тақырыптық журналдар шығаруды, т.б. ұйымдастырады. 1913 жылдан бері ай сайын “Түрік юрду” (Түрік жұрты) журналын, тоқсан сайын оның “Гәнчлик” (Жастық) атты қосымша басылымын шығарып келеді. Бұл басылымдар негізінен біртұтас түркі әлемінің тарихы, салт-дәстүрлері, ынтымағы мен бірлігі туралы материалдар жариялайды. 1987 жылдан бастап түркі әлеміне, ерекше еңбек сіңірген қайраткерлерге, саясаткерлерге, ғалымдар мен санаткерлерге атаулы сыйлықтар белгіледі. Мысалы, ҚР Президенті Н.Назарбаев 1999 ж. 8 маусымда Хусейн Нихал Атсыз атынд. “Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін” сыйлығының иегері болды, ядролық қару сынақтарына қарсы күрескені үшін “Невада – Семей” қозғалысының жетекшісі, ақын әрі қайраткер О.Сүлейменовке “Құрмет” сыйл. (1990) берілді. |
Мұрат Арзаұлы Мұртазаев (3.3.1952 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласы) – тау-кен инженері, техникалық ғылымдар кандидаты.
## Өмірбаяны
Мұрат Арзаұлы Мұртазаев (3.3.1952 жылы, Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданы Ақсай қаласы) – Қазақ политехникалық институтын (1974, Қазақ ұлттық техника университеті), КСРО Министрлер кеңесі жанындағы Халық шаруашылық академиясын (1992) бітірген. [[ШығысҚазақстан облысы]] Ертіс полиметалл комбинатынатында бұрғылаушы, бас инженер (1974–81), Белгород кен байыту комбинатында бас инженердің орынбасары, кеніш бастығы (1981–86), Павлодар облысы «Майқайың» кен басқармасының бастығы (1986–91), «Алтыналмас» ұлттық акцион. компаниясының 1-вице-президенті (1991–95), ҚР Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары, «Қазфосфор» өндірістік бірлестігі (1995–97) мен «Текелі қорғасын-мырыш комбинаты» АҚ-ның директоры, ҚР Экономика, индустрия және сауда министрлігінде вице-министр (1997–98), «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясында вице-президент (1998–99), Ақмола облысы әкімінің орынбасары (1999–2000), ҚР Экон. және сауда мин-лігінде вице-президент (2001–03) қызметтерін атқарды. 2003 жылдан Қазақстандағы шет ел компанияларында кеңесші және директорлар кеңесінің мүшесі. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992).
## Толығырақ
* (1994). Қазақ политехникалық институтын (ҚазҰТУ)
* (1974), КСРО Министрлер кеңесі жанындағы Халық шаруашылық академиясын (1992) бітірген.
* 1974 – 81 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ертіс полиметалл комбинатында бұрғылаушыдан бас инженер қызметіне дейін көтерілген.
* 1981 – 86 жылдары Белгород кен байыту комб-нда бас инженердің орынбасары, кеніш бастығы.
* 1986 – 91 жылдары Павлодар облысы “Майқайың” кен басқармасының бастығы.
* 1991 – 95 жылдары қазіргі “Алтыналмас” ұлттық акционерлік компаниясының 1-вице-президенті.
* 1995 – 97 жылдары ҚР Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары әрі “Қазфосфор” өндірістік бірлестігінің басқарушысы.
* 1997 – 98 жылдары “Текелі қорғасын-мырыш комбинаты” АҚ-ның басқарушысы, ҚР Экономика,индустрия және сауда мин-нде вице-министр.
* 1998 – 99 жылдары “Қазатомөнеркәсіп” ұлттық компаниясында вице-президент.
* 1999 – 2000 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
* 2001 – 03 жылдары ҚР Экономика және сауда министрлігінде вице-президент.
* 2003 – 05 жылдары Қазақстандағы шет ел компанияларында кеңесші және директорлар кеңесінің мүшесі. ҚР Мемл. сыйл-ның иегері (1992).
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Баспахана
* Газет
* Акционер
* Қазақстан |
Мұғалжар маңы артезиан алабы (Примугалжарский артезианский бассейн) — Мұғалжар ойпатында орналасқан алап.
## Жалпы мәліметтер
Солтүстік шеті Оралдың оңтүстігінен басталып, Үстіртке дейін жетеді. Батысында Каспий ойпатымен, шығысы мен оңтүстік-шығысында Мұғалжар-Шошқакөлмен шектелген. Суы альб-сеноманның құмды қабаттарына жиналған. Солтүстікте, шығыста және антиклиналдық көтерілімдер аумағында бұлардың жалпы қалыңдығы 20 – 50 м-ге, оңтүстік-батыста 150 – 180 м-ге жетеді. Су алаптың оңтүмтік бөлігінде 50 – 250 м, оңтүстігінде 500 – 600 м тереңдікте кездеседі және минералдылығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 0,3 –1,5 г/л-ден 1 – 3,5 г/л-ге дейін артады. Ұңғымалардың су шығымы тәулігіне 400 – 1200 м3-ден 2000 – 3500 м3-ге дейінгі шамада. Ғасырлық қоры 700 млрд. м3-ден астам, жыл сайын орны толатын қоры 300 млн. м3-дей. Бұл шама жыл сайын 2 – 2,5 млрд. м3-ге дейін суды пайдалануға мүмкіндік береді. Алап суы негізінен ауыл шаруашылығында пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Бақытжан Қожабекқызы Мұсақожаева (23.10.1960 жылы туған, Алматы) – виолончельші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998).
## Өмірбаяны
1979 жылы Алматы қаласындағы Республткалық арнаулы музыка мектебін (Ғ.Жанайдаровтың сыныбы бойынша),1985 жылы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірді. 1990 жылы осында виолончель (проф. И.Гаврыш) және камералық ансамбль (проф. М.Мильман) сыныптары бойынша ассистент-стажер болды. 1991 жылдан “Солошылар академиясы” мемлекеттік камералық оркестрінің дирижері ретінде де қызмет еткен.
## Гастрольдік сапары
Осы оркестр құрамында гастрольдік сапармен АҚШ-та (1995), Австрияда (1996), Германияда (1997), Италияда (1999), Ресейде өткен Қазақстан мәдениет күндерінде (1997), Жапонияда (1997) және Оңтүстік Кореяда (1998) өнер көрсетті.
## Сілтемелер
* виолончель
* Өнер
* Мәдениет
* Қазақстан
## Дереккөздер
<references> |
I Мұрат (осман. مراد اول — Murâd-ı evvel; 29 маусым 1326 – 28 маусым 1389) — Осман империясының 3-ші сұлтаны, қолбасшы.
Бұл сұлтан Османлы мемлекетінің жер ауданын 95 000 км²-ден 500 000 км²-ге дейін ұлғайтты, дәлірек айтсақ, Анадолы мен Балқан түбегіндегі жерлерді жаулап алды; мемлекеттік басқару жүйесінде кейбір өзгерістер енгізді; Еуропадан ұрланған жігіттерден жаңа шеріктер құрды; сондай-ақ I Мұрат османлы билеушілердің ішінде алғашқы рет "сұлтан" атағын қабылдады.
## Өмірбаяны
I Мұрат 1326 жылы османлы елордасы Бурсада османлы ұлыбейі Орхан бей шаңырағында дүниеге келді.
Әкесі Орхан бей қайтыс болғаннан кейін оның орнына таққа отырған. Алғашқы кезеңде өзінің кіші інілері Ибраһим шаһзада мен Халил шаһзадаға қарсы тақ үшін күрес жүргізді. Ақырында I Мұрат өз інілерін өлім жазасына кесіп, соғысты аяқтады.
1362 жылы жаңа шеріктердің алғашқы ошағы ашылды. Жаңа шеріктер османлылардың Еуропадағы жорықтарында тонап алынған еуропалық жасөспірімдерден құралды.
### I Балқан жорығы
I Мұрат таққа отырғаннан кейін кресшілерге қарсы бірнеше сәтті жорықтар жасады. 1363 жылы Батыс Фракияға кіріп, византиялық Адрианополь мен Филиппополь қалаларын жаулап, олардың маңайындағы бекіністерді басып алып, Анадолы мұсылмандарын қоныстандырды. Кресшілерді үрей билеп, үдере көшіп, Румелия жері мұсылмандар мекеніне айналды. 1364 жылы османлы қолбасшысы қажы Елбек Сербияны жаулап алды.1365 жылы I Мұрат Адрианополь қаласын Османлы бейлігінің елордасына айналдырды.
V Иоанн I Мұратпен византиялықтар үшін жағымсыз бітім шартқа отыруға мәжбүр болды. Бұл бітім шарт бойынша византиялықтар болгарлар мен сербтерге түрікмен соғыста көмек бермеуге тиіс, оның үстіне, V Иоанн түріктерге Еуропадағы кеңеюіне жәрдем болу керек. Он жылдан кейін V Иоанн I Мұраттың іс жүзіндегі вассалы болып кетті.
1371 жылы османлылар Марица шайқасында 60-мыңдық біріккен Оңтүстік Еуропалық әскерін ойсырата жеңді. Бұл жеңіс османлыларға Драма, Кавалла және Серре атты макендон қалаларын алуға септік болды. Сонымен қатар I Мұрат Болгария мен Солтүстік Сербия билеушілерін өзіне алым-салықты төлеттірді.
### Азамат соғысы
1370 жылдары османлыларда қысқаша азамат соғысы болды. 1373 жылы I Мұратқа қарсы өзінің туған баласы Саужы шаһзада шықты. Ол византиялық ханзада IV Андроникпен бірігіп, 1376 жылы Константинопольді жаулап алып, V Иоаннды тақтан бездіріп, зынданға қамады. I Мұрат бұл көтерілісті өзі басу үшін Саужы шаһзаданы Фракияда жеңіп, өлім жазасына кесті. Ал V Иоанн сұлтан әскерінің көмегімен зынданнан шығып, таққа оралды. Ол да өз бүлік шығарған баласын аямай жазалады.
### II Балқан жорығы
1380 жылдары I Мұрат батыстағы жорықтарын жаңартты. 1385 жылы ол София қаласын, ал 1386 жылы Ниш қаласын алды. Кіші Азияда Гермиян, Текке және Хамит бейліктерін жаулап алып, ел шекарасын Токатқа дейін ұлғайтты. 1386 жылы Қараман бейлігі басқарған бірнеше түрік бейліктері бірігіп, османлыларға қарсы шықты, алайда жеңіліс тапты. 1387 жылы I Мұрат Қараманұлы Алаеддин Әлиді тізе бүктірді. Содан соң Мажарстан, Хорватия, Полыня әскерлерінен құралған кресшілер әскеріне қарсы аттанды.
1389 жылы 10 тамызда Косово жазығында екі жақтың қолы кескілесе шайқасып, османлы жауынгерлері жеңіп шықты. Кресшілерді бастап келген серб патшасы Лазар мен оның ұлы тұтқынға алынды. Сұлтан осы Косово шайқасынан кейін ұрыс даласын аралап келе жатқан сәтінде серб Милош Обилич қастандықпен өлтірді. Басқа нұсқаға сәйкес, бұл шайқас кезінде Милош Обилич атты серб серісі сұлтан шатырына жалған кейіппен кіріп, сұлтанды өлтірді. Таққа отырған ұлы I Баязит сұлтан денесін Бурса қаласында жерледі. Аз ғана уақыт ішінде өзі билеген мемлекетінің аумағын 5 еседей ұлғайтып, құдіретті елге айналдырған I Мұрат хақында белгілі тарихшы Хаммер былай жазған:
## Садрағзамдары
## Дереккөздер |
“Шежіре-и Түрк”, “Түрік шежіресі”, “Шәджәрат ат-Түрік” — Хиуа ханы әрі тарихшы Әбілғазы Баһадүр ханның шығармасы. Онда түркі-моңғол тайпалары және Шыңғыс хан мен оның әулеттерінің автордың өзіне дейінгі тарихы қамтылады. Шығарманы Әбілғазы бастап (1663), баласы Ануша аяқтаған (1665).
“Шежіре-и Түрктің” кіріспесінде автор өзінің 3 өнерді жете меңгергенін, соның бірі ретінде “бұрын Сауд Арабиясы, Иран, Тұран, Моңғолияны билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білетінін” айтады. Шығарма 9 тарау мен алғыс сөзден тұрады. Әбілғазы аталмыш еңбекті жазарда өзінен бұрынғы түркі, парсы тілдеріндегі тарихи деректерді кеңінен пайдаланған. Әсіресе, Рашид әд-Дин, Шараф Ад-Дин Әли Йедзи сияқты Шығыс ғұламаларының еңбектерін кеңінен пайдаланып, керек жерінде тиісті сілтемелер жасап отырған. “Шежіре-и Түркте” қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен оларды билеуші хандардың Шыңғыс ханмен арадағы қарым-қатынасы кеңінен сөз болады. Шығарманың кей тұстарында белгілі халықтардың өмір-тіршілігі мен тарихи тұлғалардың мінез-құлқы, істеген жақсы-жаманды істері туралы айтқанда аңыз әнгімелер, небір бейнелі сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер бой көрсетіп отырады. “Шежіре-и Түрк” тілдік жағынан да өте маңызды. Өйткені Әбілғазы өз шығармасын “бес жасар ұлан түсінерліктей таза түркі тілінде” жазғанын ескертеді. Шығарманың грамматикалық құрылысы түркі тілі заңдылығын қатаң сақтаған. Автор түркі, парсы, араб және моңғол тілдерін жақсы білген. Ру, жер-су, адам аттарына этимологиялық талдау да беріп отырған. Мұндай түсінік берген сөздерінің өзін үшке бөліп қа-рауға болады: 1) моңғол сөздерін түркіше түсіндіруі; 2) араб, парсы сөздерінің мағынасын ашуы; 3) көне түркі сөздеріне берген түсініктемелері. “Шежіре-и Түрктің бірінші тарауы — құдай тағаланың адамды жаратқаны туралы; екіншісі — моңғол хандарының Шыңғыс ханға дейінгі ұрпақтары жайында баяндайды. Мұнда сондай-ақ Оғыз ханның әскери жорықтары мен ұрпақтарының тарихы да берілген. Үшінші тарау —Шыңғыс ханға; төртіншісі — Үгедей ханмен басқалардың билігіне; бесіншісі — Шағатай әулетінің Мауераннахр мен Қашқардағы билік жүргізуіне; алтыншысы — Шыңғыс ханның кенже баласы Төле хан тұқымынан Иран жұртын билегендерге; жетіншісі — Дешті Қыпшақты билеген Жошы хан әулетіне, сегізінші — Шайбани әулетінен Қазақ, Қырым хандықтары және Мауераннахрда билік құрғандарға; тоғызыншысы — Хорезмді билеген патшалардың тарихына арналған. “Шежіре-и Түрк” ғылым дүниесіне 18 ғ-дың бас кезінде мәлім болды. Бұл шығарманың бір көшірмесін Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл қаласынан тауып, оны Бұхара ахунына орыс тіліне аудартқан. Ол нұсқаны швед Шенстрем неміс тіліне аударды. Сол аударма 1780 жылы басылып шықты. Одан бұрынырақ 1726 жылы. “Шежіре-и Түрк” Лейденде француз тілінде жарық көрді. Осы басылымды 1770 жылы Тредьяковский орыс тіліне аударды. Алайда бұл аударма түпнұсқадан тікелей аударылмағандықтан ғылым үшін аса құнды болмады. Осыны ескерген граф Румянцев 1825 жылы шежіренің түпнұсқасын араб әліпбиі негізінде Қазан қаласында басып шығарды. Ол басылымнан Г.С. Саблуков орыс тіліне аударып, оны И.Н. Березин өзінің 1854 ж. Қазанда жарияланған “Шығыс тарихшылары кітапханасының” 3-томына енгізді. “Шежіре-и Түрктің” Азия музейіне В.И. Даль тапсырған бір көшірмесін 1871 — 1874 ж. П.И. Демезон екі кітап етіп бастырып шығарған. Әбілғазының “Шежіре-и Түркі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма. Шығарма бірқатар қазіргі түркі тілдеріне аударылды. 1992 ж. қазақ тіліне де аударылып, жарық көрді.
## Дереккөздер |
Түсті металдар – темірден басқа барлық металдардың өнеркәсіптік атауы. Физикалық және химиялық қасиеттері мен жер қыртысында орналасу сипатына қарай түсті металдар темір емес металдар деп те аталады.
Түсті металдарды:
* жеңіл (алюминий, магний, титан, бериллий, литий, т.б.),
* ауыр (мыс, никель, кобальт, қорғасын, қалайы, мырыш, т.б.),
* баяу балқитын (вольфрам, молибден, ниобий, тантал, хром, цирконий, т.б.),
* асыл немесе қымбат бағалы (алтын, күміс, платина және платиндық металдар),
* шашыранды (галлий, индий, таллий),
* сирек жер (скандий, иттрий, лантан және барлық лантаноидтар),
* радиоактивтік (технеций, франций, радий, полоний, актиний, торий, протактиний, уран және басқа трансуран элементтері) деген топтарға бөлуге болады.
Шектеулі мөлшерде өндіріліп, өндіріс саласында салыстырмалы түрде жуырда ғана қолданыла бастаған металдар сирек металдар деп аталады. Оларға барлық сирек, сирек жер және радиоактивтік, баяу балқитын металдардың көпшілігі мен кейбір жеңіл металдарды жатқызады. Түсті металдар мен олардың қорытпаларын өндіруде кентастық шикізатты өңдеуден бастап дайын өнім алуға дейінгі сатысын қамтитын саласын түсті металлургия деп атайды. Оның негізгі тармақтарына алюминийлік, никель-кобальттық, мыс, қорғасын-мырыштық, қалайылық, сирек металдық, вольфрам-молибдендік, титан-магнийлік, сүрмелік, балқыма шпаттық, электродтық, қатты қорытпалық, түсті металдарды өңдеу, арнайы шалаөткізгіштік, екіншілік металлургия жатады. Қазақстанда химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі барлық түсті металдар өндіріледі.
Түсті металдар-дың ішіндегі ең көп таралғаны – мыс. Қазақстандағы алғашқы түсті металлургия кәсіпорны 1928 жылы Қарағанды облысында іске қосылды (мыс зауыты). Мыстың Қазақстандағы негізгі кен орындары: Қосқұдық, Милықұдық, Айнакөл, Злато (Жезқазған), Ақтоғай, Бозшакөл (Павлодар), Ақбастау, Құсмұрын (Шығыс Қазақстан), Көлсай (Алматы облысы), т.б. Қазақстан сондай-ақ, мырыш, қорғасын, вольфрам, ванадий өндіруде дүние жүзінде бірінші орынды иеленеді. Еліміздегі түсті металдарды өңдейтін ірі кәсіпорындар: Өскемен титан-магний комбинаты, “Қазмырыш”, “Южполиметалл”, “Қазалтын”, “Майқайыңалтын”, “Кастинг” т.б.
## Дереккөздер |
Түркішілдік, пантюркизм – түркі халықтарын бірлікке, өзара байланыстарын нығайтуға үндейтін қоғамдық-саяси ағым. XX ғ. басында саяси доктриналардың және саяси көзқарастардың жүйесінде пайда болған діни-саяси идеология. Түркі тілді халықтардың бір мемлекетке Түркияның камкорлығымен «ұлы Тұран» мемлекеті болып бірігуін мақсат ететін көзқарастар мен саяси доктриналар жүйесі.
19 ғасырдың соңына қарай қарқын алды. Сол тарихи кезеңде түркішілдікті насихаттаушылардың көш басында И.Гаспринский тұрды. Ол түркішілдікті “Тілде, пікірде, істе – бірлік” деген ұранмен шығарған өзінің “Тәржіман” газеті арқылы насихаттады. Түркішілдікті Түркияда насихаттауда Ю.Акчурин белсенділік танытты. 20 ғасырдың басында Ресей империясының қол астында отарлық езгінің тауқыметін тартқан түркі халықтарының азаттық қозғалысының өрбуіне түркішілдік елеулі дәрежеде ықпал етті. Бірінші орыс революциясы кезінде негізінен түркі халықтарының өкілдері қатысқан бүкілресейлік мұсылман съезі 3 рет өткізіліп, түркі халықтарының мүддесін қорғау мақсатында “Ресей мұсылмандары одағы” атты партия құрылды. Ә.Топчибашев, А.Ибрагимов, С.Мақсұдов секілді қайраткерлер түркішілдіктің ықпалымен түркі халықтарының мүддесін қорғау жолындағы әрекеттерін күшейтті. Уақытша үкімет жағдайында түркі халықтарының саяси әрекеттерін үйлестіріп отыру мақсатында Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі ұйымдастырылды. Кеңестік билік орнағаннан кейін түркішілдік реакциялық пиғылдағы ағым ретінде бағаланып, оны насихаттауға қатысы бар деген азаматтар ашық қуғындалды. Көрнекті татар қайраткері М. Сұлтанғалиев осындай қуғындаудың құрбаны болды. Сол кезде Түркияда түркішілдік-ті насихаттаушы тұлға ретінде Көк-Aлп танылды.
## Сын және идея мәселелері
Бүгінгі таңда пантюркизмнің алғашқы идеяларынан аз нәрсе қалды. Зайырлылық пен зайырлы идея ислам мен фундаментализмге өзгерді. Жаңа астана туралы даулар жалғасуда, таңдау Анкара мен Түркістан арасында жүріп жатыр. Тіл мәселесі әлі де жалғасуда.
Кейбір тілдік қауымдастықтар латын әліпбиіне көшті, бірақ түрікмен, өзбек және әзірбайжан тілдерінің ресми латын алфавиттері 1990-шы жылдардың басында 35 әріптен тұратын пантүрік алфавиті келісілгеннен кейін Түркия Күткендей түрік алфавитіне сәйкес келмейді.
Түркі елдерінің шешілмеген аумақтық амбициялары мен мемлекетаралық қақтығыстары да проблема болып табылады. Ресей, Иран, АҚШ және еуропа елдерінің Ердоғанның дұрыс емес саясатына байланысты Түркияға қысым жасау Тұран құруға мүмкіндік бермейді.
## Дереккөздер |
Ориньяк мәдениеті – жоғарғы палеолиттың ерте кезеңіне жататын археология мәдениеті. Оңтүстік-батысФранциядағы (жоғарғы Горонна департаменті) Ориньяк үңгіріне байланысты аталған. 1906 жылы А.Брейль жоғарғы палеолитті кезеңдестіріп, оны ориньяк, солютре, мадлен сатыларына бөлген. Ориньяк мәдениетін А.Брейль ерте (шательперрон), ортаңғы және кейінгі (ла-граветт) деп бөледі. Радиокөміртекті мәліметтер Ориньяк мәдениетін қалдырған байырғы адамдар б.з.б. 32 – 20-мыңжылдықтар шамасында өмір сүргендігін айғақтайды. Ориньяк мәдениетіне жататын ескерткіштер Бельгия, Ұлыбритания, Франция, Аустрия, Чехия, Словакия, т.б. елдер аумақтарынан көптеп табылып зерттелген. Бұл дәуірге шеті түзелгіш шақпақтас тілікшелері, қырғыштар, кескіштер, түрлі саймандар, жоғары дәрежеде өңделген сүйек пен мүйізден жасалған құралдар (көбіне найза ұштары), тұрғын үйлердің қалдықтары, т.б. тән. Ориньяк мәдениетін қалдырған Қазақстандық адамдардың ескерткіштері Қаратаудан (Ш.Уәлиханов тұрағы, Тұрлан, т.б.), Балқаштың солтүстігінен (Саяқ кешендері), Ертіс алабынан (Шүлбі тұрағының 2-қабаты), Мұғалжар тауларынан, Сарыарқадан, Маңғыстаудан табылған.
## Дереккөздер |
Тутіктістілер (лат. Orycteropodidae) – ұрықжолдасты сүтқоректілер тұқымдасы.
Tubulidentata отрядының жалғыз тұқымдасы. Қазба қалдықтары Еуразияда плиоценнен, ал Африкада миоценнен белгілі. Тутіктістілердің тіс системасы ерекше құрылған. Күрек тістері, шошақ тісі, жалған азу тістері болғанымен де олар асты ұсатуға қатыспайды. Тек қана цементті, вертикаль түтіктен тұратын нағыз азу тістері қызмет атқарады. Тісінде эмалі болмайды. Түтік тістілердің систематикалық орны белгісіз. Әдетте тұяқтыларға жақын деп болжайды. Биологиялық жағынан мүкі тістілерге жақын. Олар шөлді жерлерді мекендеп, термиттермен қорректенеді.
Бұл тұқымдастың бір туысы, оның жалғыз түрі – түтіктіс (лат. Orycteropus afer) бар.
## Дереккөздер |
Шайхыслям Серікжанұлы Мусин – ауыл шаруашылығы жұмысын ұйымдастырушы, Социалистік Еңбек Ері (1966), Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехнигі (1966), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (1974). 1933 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1955 жылы Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын бітірген.
* 1955 – 1976 жылдары - Алматы облысындағы асыл тұқымды “Қастек” мал зауытында бас зоотехник, директор.
* 1976 – 1993 жылдары жаңа құрылған “Жамбыл” кеңшарының директоры болды. Оның тікелей басшылығымен кеңшарға жаңа технология енгізілді:асыл тұқымды малдан алатын өнімді көбейту, зоотехникалық жұмысының тиімділігін көтеру үшін, өндірісте ең озық технологияны пайдалану жетілдірілді;аз өнім беретін шабындық жерлерге көп жылдық шөптесін өсімдіктер егілді; жан-жағынан қоршалып, мәдени дақылдар егілген үлкен алқаптар құрылды;механикаландырылған су көтеретін жабдықтармен жабдықталған құдықтар салынды;дәруменді ұн және ет-сүйек ұнын (белоктік минералды мал азығы) өндіретін өндіріс цехтары іске қосылды.
* асыл тұқымды малдан алатын өнімді көбейту, зоотехникалық жұмысының тиімділігін көтеру үшін, өндірісте ең озық технологияны пайдалану жетілдірілді;
* аз өнім беретін шабындық жерлерге көп жылдық шөптесін өсімдіктер егілді; жан-жағынан қоршалып, мәдени дақылдар егілген үлкен алқаптар құрылды;
* механикаландырылған су көтеретін жабдықтармен жабдықталған құдықтар салынды;
* дәруменді ұн және ет-сүйек ұнын (белоктік минералды мал азығы) өндіретін өндіріс цехтары іске қосылды.
* Шайхыслям Серікжанұлы Мусин Қазақстанда алынған малдың аса бағалы биязы жүнді 4 қой тұқымы авторларының бірі.
## Наградалары
* Ленин ордені
* 2 мәрте Еңбек Қызыл ту ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1966)
* Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехнигі (1966)
* Есімі Қазақстанның Құрмет кітабына тіркелген (1966)
## Еңбектері
* 16 ғылыми еңбек
* 2 авторлық куәліктің иесі
* 1974 жылы “Өндірісті негізге ала отырып, мал бордақылаудың жаңа технологиясын жасап шығару және оны енгізу” жұмысы үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
## Сілтемелер
* Ботаника
* Зоотехника
* Ауыл шаруашылығы
* Қазақстан
## Дереккөздер
<references> |
Түтікгүл (лат. Solenanthus) – айлауыктар тұқымдасына жататын көп (сирек екі) жылдық шөптесін өсімдіктер.
Қазақстанда Ұлытау, Қарқаралы, Алтай, Іле, Күнгей, Жетісу (Жоңғар) Алатаулары, Қаратау мен Тарбағатай тауларының тастақты, жартасты беткейлерінде, шалғындарда, бұталардың арасында және сайлардың ылғалы мол, көлеңкелі жерлерінде өсетін 2 түрі бар. Соның ішінде жиі кездесетіні – бұйра түтікгүл (S. cіrcіnnatus). Биіктігі 60 – 120 см. Жуан, тік өсетін сабағының сыртын қалың тікенектер жапқан. Сабақ түбіндегі жапырақтары жұмыртқа тәрізді тақталы, сабақ ұшындағылары жеміс салатын кезде ұзарады. Ұсақ гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Тостағанша жапырақшалары бес бөлікті, күлтесі ақшыл көк түсті, түтік тәрізді (ұзындығы 6 мм-дей), тостағанша жапырақшадан сәл шығып тұрады. Аталығы мен аналық мойны, әдетте, күлтеден ұзын болады. Сәуір–мамыр айларында гүлдеп, мамыр – маусымда жеміс береді. Жемісі – жаңғақша, дөңес, сырты қылтанақты (ұзындығы 7 мм-дей). Бұйра Түтікгүлден ерте көктемде аралар бал жинайд
## Дереккөздер |
Закария Мұкеев (1892, Петропавл қаласы – 1940, Коми Республикасы, Сорок лагері) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны.
## Өмірбаяны
1924 жылы Орынборда жұмысшы. 1932 жылы кеңшарлар директорлары курсын бітірген. Азамат соғысына қатысып, 1-қазақ атты әскер полкінде саяси жетекші болды. 1923 – 24 жылдары Ақтөбе губ. Шалқар қалалық милиция бастығы, губ. қылмысты іздестіру бөлімі бастығының көмекшісі.1924 – 25 жылдары Қазақ АКСР-і ішкі істер халық комиссары. 1925 – 37 жылдары республиканың әр өңірінде басшылық қызметтерін атқарды. 1937 жылы қыркүйекте тұтқындалып, 8 жылға сотталды. Айдауда жүріп қайтыс болған.
## Сілтемелер
* Соғыс
* Көтеріліс
* Саясат
* Қазақстан
## Дереккөздер
<references> |
Баркарола (италянша barcarola, barca — қайық) — алғашында венециялық гондольерлер (гондола қайығын жүргізуші) әні, кейіннен кең тараған музыка жанры. Музыкалық өлшемі 6/8. Музыкалық сүйемелі лирикалық мелодия сазындағы вокалдық (романс) немесе аспаптық (фортепьянолық), күй ырғағы — минорлы болып келеді. 18 ғасырдан бастап Баркарола кәсіби музыка жанры қатарына қосылды. 19 ғасырда кейбір өзгерістерге ұшырады: күй ырғағы — мажорлы, музыкалық өлшемі 8/12, 3/4, т.б. Баркарола Дж.Паизиелло, Ф. Обер, Дж.Россини, Ж.Оффенбах және т.б. операларында қолданылды. Камералық-вокалдық музыка жанры бойынша Ф. Шуберттің (“Баркарола”, “Балықшының махаббат бақыты”), М.И. Глинканың (“Көгілдірлер ұйықтады”) шығармаларында кездеседі. Ф.Шопеннің, П.И.Чайковскийдің, С.В.Рахманиновтың фортепьяно үшін жазған Баркаролары бар.
## Дереккөздер |
Баркали үстірті, Австралия құрлығының солтүстігінде, солтүстігін-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 800 км-ге созылып жатыр. Карпентария шығанағына қарай аласарып (500 — 200 м) шығанақтың жағалық жазығына ұласып кетеді. Құрлықтың ортасына қарай қыратты келеді. Жер бедері шатқалдармен, кең аңғарлармен тілімденген. Үстірт беті әктасты тау жыныстарынан түзілгендіктен бетінде карсты үңгірлер, шұңғымалар көп кездеседі. Баркали үстірті экваторлық белдеуде жатқанмен жылдық жауын-шашын мөлш. 500 — 700 мм-ден аспайды. Өзен өте сирек. Үстірттен ағып шыққан өзендер (Николсон, Лайкхерт) Карпентария шығанағына құяды. Олардың барлығы дерлік жазда тартылып қалады. Жер бедеріне эвкалипт ағаштары, астық тұқымдас шөптесіндер аралас өскен саванна тән.
## Сілтеме
Қазақ Энциклопедиясы |
“Оңтүстік мұнайгаз” – 1985 – 96 жылы Құмкөл кенішінде мұнай өндірумен айналысқан мемлекеттік акционерлік қоғам. Меншік нысаны – араласқан Оңтүстік-Торғай мұнай және газ кеніштерін игеру мен барлау бастапқы кезеңде республиканың күшімен және қаражатымен жүзеге асырылды. 1985 – 93 жылы Құмкөлді игеруге 6 млрд. теңге жұмсалды. АҚ құрамында 13 технологиялық және қызмет көрсетуші бөлімше жұмыс істеді, 21 топтық қондырғы іске қосылды, 371 ұңғыма пайдалануға берілді. Кәсіпорындар сатылар қарсаңында 10 млн. т мұнай өндірілді. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның басқа мұнай және газ кеніштерін барлауға, игеруге және кейіннен өнім өндіруге “Құмкөл-Лукойл”, “ҚазГермұнай”, “ТұранПетролиум”, “ҚуатАтоммұнай” бірлескен кәсіпорындары тартылды. 1996 жылы ҚР Үкіметі “ОМ-ды” Канаданың “Харрикейн Хайдрокарбондз ЛТД” компаниясына сатты. Сатып алу-сату шарты бойынша жай дауыс беретін акциялардың 89,5%-ы Канада компаниясына тиесілі, қалған 10,5%-ы АҚ қызметкерлерінің үлесінде. Кәсіпорынның жаңа атауы – “Харрикейн – Құмкөл Мұнай” АҚ.
## Сілтемелер
* Мұнай
* Құмкөл
* Газ
## Дереккөздер |
Орқаш – Сыпсыңағаш қолатының орта тұсындағы тұзды көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Қамысты ауданы жерінде, Орқаш ауылынан шығысқа қарай 20 км жерде, теңіз деңгейінен 202,0 м биіктікте орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 16,34 км2, ұзындығы 5,9 км, ені 3,8 км, жағалауының ұзындығы 18,7 км. Көл түбі тегіс, жағалаулары жарқабақты. Оңтүстік бөлігі жайпақ, батпақты, қамыс, құрақ өседі. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Көктем кезінде шарасынан шығып, төңірегіндегі (оңтүстігінде) шағын көлдермен бірігіп кетеді. Көл түбіне тұз шөгеді. Көне заманда жергілікті халық бұл көлден тұзды өз қажетіне ғана өндіріп келді. 19 ғасырдың басында мұнда жалдамалы қазақтардың еңбегін пайдаланған орыс байлары ашқан тұз кәсіпшіліктері пайда болды. Өндірілген тұз арбамен Троицк қаласына (Ресей) жеткізіліп, одан әрі темір жол арқылы ішкі аймақтарға тасылды.
## Дереккөздер |
Бесқұдық (2020 ж. дейін — Калиновка) — Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы ауыл, Бегалы ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қобда ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 32 км жерде, Қуағаш өзенінің бастауында, бетеге, қылқан селеу, т.б. шөптер өскен карбонатты, құмайтты қоңыр топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1670 адам (817 ер адам және 853 әйел адам) болса, 2009 жылы 1303 адамды (639 ер адам және 664 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1930 жылы Қазақ КСР-інің 30 жылдығы атындағы астық кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Қазақстанның 30 жылдығы атындағы өндірістік кооператив құрылды.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, кітапхана, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Тусті Металлургия Өнеркәсібі – темірден басқа барлық металдарды кентастық шикізатты байытудан дайын өнім алуға дейінгі өндіріс сатысын қамтитын кешен. Тусті Металлургия Өнеркәсібі-нің негізін физик. және хим. қасиеттерімен ерекшеленетін жеңіл
(алюминий, магний, бариллий, литий, т.б.), ауыр (мыс, никель, қорғасын, қалайы, мырыш, т.б.), баяу балқитын (вольфрам, молибден, ниобий, тантал, хром, цирконий, т.б.), асыл немесе құнды ( алтын, күміс, платина және платиналы металдар), шашыранды (галлий, индий, таллий), сирек кездесетін (скандий, иттрий, лантан, лантаноидтар) және радиоактивті (технеций, франций, радий, полоний, актиний, торий, протактиний, уран және трансурандық элементтер), жер қыртысында орналасқан металдар құрайды. Сондай-ақ Тусті Металлургия Өнеркәсібіне алмас, электрондар, кейбір хим. қосылыстар (сирек кездесетін элементтердің тотықтары, күкірт қышқылы, тыңайтқыштар, химикаттар, т.б.) өндірісі де кіреді. Азия құрлығының таулы қыратты аймақтарында түсті металдардың, алмастың ірі кен орындары бар. Австралияда Тусті Металлургия Өнеркәсібі қорғасын, мырыш, мыс, алтын, күміс кен орындары аясында дамыған. Африка құрлығы бойынша кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас, платина, алтын кендері Оңт. Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде орналасқан.Америка құрлығында түсті металдардың бай қоры түсті металлургияның дамуына айтарлықтай септігін тигізді. Мұнда Чили мыс белдеуі (Анд мыс белдеуі) Чили, Перу, Мексика аумағынан өтіп, Солт. Америка кордильерасымен жалғасып жатыр, осыған орай ірі монополистік компаниялар (Анаконда, Кеннеконт, Коппер, Нью Верде) жұмыс істейді. Еуропа құрлығында түсті және сирек металдардың бай қоры Орал, Батыс Еуропа, Кавказ және Скандинавия өңірлерінде Тусті Металлургия Өнеркәсібі-нің дамуына жол ашты. Қазақстан Республикасында Тусті Металлургия Өнеркәсібі ұлттық шаруашылықтың жетекші салаларының бірі. Республика аумағында түсті металдар өндіру ерте заманнан-ақ пайда болған. 3 мың жылдан астам уақыт бұрын Атасу маңында мыс қорытатын пештер болған, ал Алтай тауларында қорғасын, күміс кендерінің қазылған орындары көп кездеседі. Жоңғар Алатауының теріскейінде – Текеліде кен қазылған, мұның өзі сол кездері жергілікті тайпалардың түсті металдар өндірісімен айналысқанын дәлелдейді. Қазақстанда 19 ғ-дан бастап кен з-ттары жұмыс істей бастады. Осы ғасырдың аяқ кезінде кен орындарын молынан игеру мақсатымен күрделі қаржысы бар түрлі қоғамдар құрыла бастады. 1858 ж. күміс, қорғасын кендеріне негізделген Николаевск з-ты іске қосылды. 1889 ж. өнеркәсіптік қоғам үлгісіндегі Воскресенск кен з-ты құрылды. 20 ғ-дың 20-жылдары Жезқазған, Нілді (Успенск), Риддер кен орындары мен з-ттары өнім бере бастады. 1921 ж. Риддер кенішінде алғашқы кен өнімі берілсе, 1927 ж. тұңғыш қорғасын алынды. Сол жылдары Қарсақпай мыс қорыту з-ты да қайтадан іске қосылды. Бұл кезеңде түсті металлургия өнімдерін шығару қарқын алды: 1928 ж. 7,3 мың мыс кентасы өндіріліп, оның көлемі 1932 ж. 147,5 мың т-ға өсті, ал жалпы өнім 26,2 млн. сомға жетті. 1937 ж. республикада Тусті Металлургия Өнеркәсібі саласы бойынша 20 ірі кәсіпорын жұмыс істеді. Олардың қатарында Шымкент қорғасын з-ты, Ащысай полиметалл және Лениногор комб-тары болды. Соғыс жылдары Қазақстанның Тусті Металлургия Өнеркәсібі саласы майдан арсеналдарының біріне айналды. Осы кезеңде 25 кеніш, шахта, кенжарма, 11 байыту ф-касының жаңа құрылыстары жүргізілді, сонымен қатар республика аумағына КСРО-ның еур. бөлігінен көшірілген әр түрлі 150 кәсіпорын орналастырылып, Қазақстанның Тусті Металлургия Өнеркәсібі қуатты өндіріске айналды. Бұл кезеңде Мырғалымсай-Березовск кеніштері алғашқы өнімдерін берсе, Текелі қорғасын-мырыш комб-ның 1-кезегі пайдалануға берілді, Белоусовск және Березовск байыту комб-тары іске қосылды. 1943 ж. Ақшатау вольфрам комб. өнім бере бастады. Шымкент қорғасын з-тының қуаты едәуір ұлғайтылды. Қазақстанда соғыс жылдары жауға атылған 100 оқтың 86-сы Қазақстан металынан құйылды. 1955 ж. қызыл мыс қорыту 3,1 есе, тазартылған қорғасын өндіру 5,9 есе өсті. Қазақстанның Тусті Металлургия Өнеркәсібі-нде озық технол. үдерістер мен жаңа техника түрлерін игеріп, өндіріске енгізу кеңінен қолға алынды. 1965 ж. Мырғалымсай кенішінің кеншілері көлбей үңгілеу бойынша шыңтасты 10 м2 кеңдікте тік жарып, 1237,6 м жерді 31 күнде үңгіп шығып, рекорд жасады. Ал өскемен қорғасын-мырыш комб-нда мырыш концентраттарын “қайнаған қабатта” күйдіру әдісін игеру жабдықтардың жұмыс өндірімділігін 3 – 4 есе өсірді. Жалпы жер асты жұмыстарында өздігінен жүретін жоғары өндірімді жабдықтар кеңінен пайдаланыла бастады. 9-бесжылдық кезінде түсті металлургия саласында жаңа техниканы енгізу жөнінде 500-ден астам өте маңызды шаралар жүзеге асырылып, өндіріске жұмсалатын шығын көлемі 75 млн. сомға кемітілсе, еңбек өнімділігі 7,5%-ға өсті. Осы жылдары кешенді түрде механикаландырылған цехтар саны 5,7 есе көбейіп, автоматты басқару жүйесінің алуан түрі молынан пайдаланылды, 50-ден астам автоматтандырылған телімдер жұмыс істеді. Қазіргі таңда Қазақстанның Тусті Металлургия Өнеркәсібі 50-ге жуық түсті, сирек, асыл металдар өндіреді, осы металдардың негізінде 70-ке жуық бұйым түрлерін шығарады, олар шетелдерде жоғары сұранысқа ие және әлемнің 30-дан астам еліне экспортқа шығарылады. Түсті металлургия құрылымының 47%-ы қорғасын-мырыш, 30%-ы мыс, 8%-дайы алюминий өнеркәсібінің үлесіне тиеді, ал 15%-ы басқа салалардың (алтын өнеркәсібінің, титан-магний, вольфрам, молибден, сирек металдар өнеркәсібінің) үлесінде. Қорғасын-мырыш өнеркәсібі Шығыс, Оңт. және Орт. Қазақстанда, мыс Орт. және Шығыс Қазақстанда орналасқан. Алтайдағы металлург. қайта өңдеу кәсіпорындарының екеуі өскемен қорғасын-мырыш комб-нда. Металлургия з-ттарын кентаспен және концентраттармен қамтамасыз ететін 8 кен байыту комб. – Ащысай полиметал комб. (Кентау), Шалқия кеніші (Қызылорда облысы), Шығыс Қазақстан мыс-хим., Зырянов қорғасын, Ертіс полиметалл комб-тары (Шығыс Қазақстан облысы) Жәйрем және Қарағайлы кен байыту комб-тары (Қарағанды облысы), Текелі қорғасын-мырыш комб. (Алматы облысы) жұмыс істейді. Мыс өндіретін, қорытатын кәсіпорындар Орт. және Шығыс Қазақстанда шоғырландырылған. Олар Жезқазған, Саяқ, Қоңырат кеніштерінің кентастары мен Алтайдың мыс концентраттарын пайдаланады. Олар – Балқаш және Жезқазған кен металлургия комб-тары, Ертіс мыс қорыту з-ты. Павлодар алюминий з-ты Қостанай мен Ақмола облыстарында өндірілетін боксит кентастары негізінде жұмыс істейді. “Қазақмыс”, “Қазақмырыш” сияқты корпорациялар нарық талабына сай көп салалы, түпкі өнім шығаратын кен металлургия кәсіпорындарын біріктіреді. Қазақстанда дұрыс экон. саясат жүргізілуі нәтижесінде республикада Тусті Металлургия Өнеркәсібі-нің қуатты әлеуеті қалыптасты: түсті металдарды өндіру көлемінің соңғы он жыл бойына серпінді қарқынмен өсуі байқалды. Қазіргі таңда кен өндіруді, концентратты қайта өңдеуді және түрлі өнім (катодты мыс, қорғасын, т.б.) шығаруды ұлғайту мақсатымен түсті металлургияда жыл сайын миллиардтаған теңге инвестиция жұмсалады. Жаман Айбат және Артемьевск кеніштерін салуға алғашқы кезеңде 8,2 млн. доллар қаражат жұмсалды.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Мұнай доллары – мұнай өндіруші елдердің мұнай бағасының өсуіне байланысты алған және несие капиталдарының халықаралық нарығында пайдаланылатын қаражат.
## Толығырақ
1973 – 74 жылдары және 1979 – 80 жылдары сұйық отын бағасының секірмелі түрде өсуі нәтижесінде бірқатар дамушы елдердің мұнай экспортынан алған табысы артты. 1970 жылы мұнай экспортынан түскен ақшалай түсім 15 млрд. 1980 жылы 298 млрд. долларды құрады. Мұнай бағасының өсуі ОПЕК-тің (Мұнайды сыртқа шығарушы елдер ұйымы) қызметімен байланысты болды. Мұнай бағасының күрт көтерілуі энергетик. дағдарысты туғызды. Осыған байланысты мұнайды сыртқа шығарушы елдерде төлем теңгерімінің ағымдағы операциялары бойынша қыруар оң сальдо қалыптасты, яғни олар қыруар пайда тапты, ал мұнайды шеттен әкелуші елдерде үлкен тапшылық туды – валюталық түсімдер мен төлемдер арасында алшақтық пайда болды.
## Сілтемелер
* Доллар
* Ақша
* Биржа
* Қазақстан
## Дереккөздер
<references> |
Камен қалашығы – Қара теңіздің солтүстігінде сақталған сақтардың көрнекті ескерткіштерінің бірі. Аса маңызды сауда, қолөнер орт. (б.з.б. 5 – 3 ғасырлар) болған. Украинаның Запорожье облысындағы қазіргі Никополь қаласы маңында, Днепрдің сол жағасында орналасқан. Алғаш рет 1594 жылы неміс саяхатшысы Эрих Лясота көріп, қысқаша сипаттама берген. 19 ғасырдан бастап Камен қаласының сыртқы пішінін суреттейтін жазба деректер көбейді. 1899 – 1900 жылы Д.Я. Сердюков, 1929 жылы Ф.Н. Киранов алғашқы шағын қазбаларды жүргізді. 1937 – 50 жылдары жүргізілген Б.Н. Граковтың негізгі қазбалары ғылымға үлкен жаңалықтар мен құнды деректер әкелді. Қала орнында бастапқыда көне дәуірдің шағын қоныстары, б.з.б. 5 ғасыр соңына қарай алғашқы сақ қабаты қалыптасқан. Бұл қаланың іргетасы қаланған уақыты болса, б.з.б. 4 – 3 ғасырлар – оның гүлденген кезі. Шығыстан келген сармат тайпалары үлкен қатер төндіргендіктен, қала тұрғындары олардан ұзақ уақыт қорғануына тура келді. Б.з.б. 3 ғасырда қала тіршілігі тоқтап, аздаған тұрғындар қалған. Мұнда адамдар б.з. 3 ғ-ына дейін мекендеді, бірақ қала тіршілігі қайта жанданған жоқ. Сақтардан кейін қаланың орнында басқа тарихи кезеңдердің түрлі қоныстары бой көтеріп отырды. Арнаулы зерттеулер жүргізілмесе де, Алтын Орда теңгелері мен басқалай заттардың табылуы орта ғасырларда мұнда қыпшақтар мекендегенін көрсетеді. Камен қалашығы сақ дәуірінде саяси-экономикалық тұрғыдан аса маңызды қала орт. қызметін атқарды. Оның алып жатқан жер көлемінің өзі 12 км². Солтүстік және батыс жақтан қала сумен шектелсе, дала жағынан күшті жалдармен, әрі орлармен қоршалған. Сақ ақсүйектері тұрған акрополь Оңтүстік-батыс бұрышта, қалған бөлігін “кучугурлар” деп аталатын қарапайым халық тұрған орамдар алып жатыр. Бір қызықты жайт, қорғаныс жалдары мен қаланың үйлеріне дейінгі аралықта жалпақтығы 700 – 1000 м бос жер қалдырылған. Граков мұны екі себеппен түсіндіреді. Біріншіден, шапқыншылық кезінде осы алаңқайға қала тұрғындары малдарын ұстаған. Екіншіден, қоршаған жау сырттан жандырғыш оқпен атқылағанда, өрттен сақтану үшін үйлерді әдейі алысырақ салып отырған. Далалықтардың жауынгерлік өнерін ескеретін болсақ, бұл екі пікір де ақылға сияды. Акропольде сақ қоғамының бай өкілдері тұрғанын табылған сәндік заттар, сырттан келетін тауарлардың шоғырлануы көрсетеді. Мұндағы тастан салынған үй құрылыстары да неғұрлым үлкен әрі қорғаныс мақсатында қолданылған. Қарапайым тұрғындар жеркепелер мен ағаш тіреулі үйлерде тұрған. Мұндағы заттар – ең алдымен күнделікті тұрмыс қажеттері. Көптеп табылған қыш ыдыстар қолдан жасалған және толығымен сақ қышының ерекшеліктеріне сәйкеседі. Ұсталық, тері илеу, ағаш өңдеу, тоқымашылық кәсіптерінің жоғары дамығанын көрсететін көптеген заттай деректер бар. Қала өмірінде сауда айналымы, әсіресе, грек әлемімен арадағы сауда қатынастары үлкен орын алған. Тұрғындардың негізгі күнкөрісі мал шаруашылығы мен егіншілік болған.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том |
Камертон (нем. Kammerton) – музыкалық аспаптардың (пианино, скрипка, гобой, қобыз, сыбызғы, шертер, жетіген, т.б.) құлақ бұрауын келтіру үшін пайдаланатын құрал. Ол тұрақты музыкалық дыбысқа (1-октаваның “ля” нотасына) негізделген. Әншілер, хор дирижерлері кейде 2-октаваның “до” нотасына лайықталған түрін де қолданады. Хроматикалық камертон да кездеседі. 1936 жылы 1 қаңтардан бастап дыбыстың тербелу жиілігі 440 Гц түрінде қолданудың жалпы үлгісі бекітілген.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том |
Камералық ансамбль – камералық музыканы орындайтын шағын шығармашылық ұжым. Кейде аспаптық орындаушыларға, әншілерге арнап жазылған музыкалық шығарманы да “Камералық ансамбль” деп айтады; қ. Ансамбль.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том |
‘’’Айша Оспанбекова’’’ (1937 ж.туған) – ауыл шаруашылығының маманы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1967).
Бастауыш білім алған соң еңбек жолын бастады, Ленин атындағы ұжымшарда, соңынан Красный Восток ұжымшарында сауыншы болып істеді. Ауылдық кеңестің (1967 – 75), облыстық кеңестің (1963) депутаты болып сайланды.
Бірнеше медальмен марапатталған. республикалық. дәрежедегі дербес зейнеткер (1982)."
## Дереккөздер |
Әбдіманап Әбубәкірұлы Оспан' (1954 жылы туған Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Қостақы ауылы) – техникалық ғылым докторы (1992). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашығы институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университетті) бітірген. Еңбек жолын ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтында инженер-конструктор болып бастады. Алматы технологиялар университетінде оқытушы, кафедра меңгерушісі, проректор (1980–1985), ҚР аграрлық зерттеулер Ұлттық академиялық ортасында ғалым-хатшы (1996–1997). 2001 жылдан Астана қаласындағы Қазақ астық және оның өңделген өнімдері ғылым зерттеу институтының директоры болды.
## Ғылыми жұмыстар
«Совершенствование процессов и оборудование для измельчения пищевого и кормового сырья» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 100 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның авторы, 20-дан астам өнертапқыштық патенті бар..
## Дереккөздер
## Қосымша мәліметтер
* ҚазҰАУ(қолжетпейтін сілтеме) |
Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы Мұрағатталған 5 шілденің 2007 жылы. қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы. – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түріне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызстан командасына табыс етті. Сол жылы Алматыдағы Жетісу губерниясының мұражайдың жанынан Бүкілодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерікті қоғамының 10 мүшесі бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды.
Әуесқой туристердің бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшін шағын үй салынды. 1936 жылы бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кісілік “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерілді. 1938 жылы Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слеті өтті. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкілодақтық нұсқаушылар мектебі орналасты. Соғыстан кейін “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсенді демалысы мақсатында 1952 жылы Қазақстанда Туристік-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 жылы Алматыда Республикалық жас туристер станциясы ашылды. 1960 жылы кәсіподақтардың Қазақ республикасының кеңесі жанынан туризм жөніндегі республика басқарма ұйымдастырылды. 1962 жылы Туристік-экскурсиялық басқарма Туризм жөніндегі кеңес болып қайта құрылды. 1965 жылы Қазақстанда республикалық және 5 облысық (Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Орал, Шымкент) туристік кеңес және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды.
* 1950 – 60 жылдары Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмі, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесінде туристік нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмді дамытуда үлкен үлес қосты.
* 1958 жылы Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-ның спорт шебері атағы берілді.
* 1970 жылы құрылған Туризм және саяхатшылықтың республикалық кеңесі туризмнің одан әрі дамуына әсер етті.
* 1971 – 75 жылдары Қазақстанда туризмнің материалдық базасын нығайып, саяхаттық-туристік ұйымдар көбейді, жаңа туристік базалар мен мейманханалар пайдалануға берілді.
* 1978 жылы Қазақстанда экскурсия мен туризмнің респ. кеңесі және 14 облыстық кеңес, 17 туристік база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия бюролары және шет ел туристеріне қызмет көрсететін 3 бюро, Алматы, Орал, Шымкент қалаларында туристік автомобиль базалары құрылды. Туристік базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жетті.
* 1988 жылы туризм құрылымында біршама өзгерістер болды. Жаңадан туристік экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмінің дамуына Н.И. Самойленко, С.Әбденбаев, Т.Жездібаев, А.Чукреев, О.Мазбаев, С.Р. Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды.
* 1997 жылы Қазақстан Республикасының Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 жылы 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” заң қабылданды. Онда республикадағы туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары, туристік қызметті лицензиялау, т.б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді.
* 2002 жылы республикада 430 туристік ұйымдар, фирмалар мен әр түрлі бюролар жұмыс істеді. Оларда 6 мың адам, оның ішінде 1500 кәсіптік экскурсия жүргізушілер (гидтер) қызмет көрсетеді. Қазақстанның туристік фирмалары дүние жүзінің 80-ге жуық елімен қарым-қатынас жасайды. Алматы қаласының 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндістанға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне, Пәкістанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т.б. елдерге чартерлік әуе рейстерін жолға қойған.
Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этника, экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлі категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Мысалы, Алматы қаласында қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”, “Есік”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”, т.б. қонақ үйлер сервистік қызмет көрсетеді. Астанада 30 туристік фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың ірілері: “Окан – Интерконтиненталь Астана”; “Комформ – Отель Астана”, “Турист”, “Есіл”, “Жібек жолы”, “Алтын дала”, т.б.
Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Алматы мемлекеттік университетінде, Қазақ Ұлттық университетінде, “Тұран” университетінде, т.б. жоғары оқу орындарында дайындалады.
## Визалық қолжетімділік
Қазақстан келесі мемлекеттердің азаматтарына 90 күндік визасыз келу мүмкіндігін қарастырған (N – жалпыазаматтық/ ұлттық паспорт): Албания, Андорра, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Монғолия, Ресей, Украина.
Қазақстан келесі мемлекеттердің азаматтарына 30 күндік визасыз келу мүмкіндігін қарастырған (N – жалпыазаматтық/ ұлттық паспорт): Аустралия, Аустрия, Әзербайжан, Аргентина, Бахрейн, Бельгия, Болгария, Бразилия, Ватикан, Ұлыбритания, Мажарстан, Вьетнам, Германия, Греция, Дания, Израиль, Индонезия, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Катар, Кипр, Колумбия, Корея, Кувейт, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Малайзия, Мальдивия Республикасы, Мальта, Мексика, Монако, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Норвегия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Польша, Португалия, Румыния, Сауд Арабиясы, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, АҚШ, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Филиппин, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция, Эквадор, Эстония, Жапония.
Қазақстан келесі мемлекеттердің азаматтарына 14 күндік визасыз келу мүмкіндігін қарастырған (N – жалпыазаматтық/ ұлттық паспорт): Гонконг, Үндістан, Иран, Қытай.
## Қазақстан ДЭФ туризм бойынша рейтингінде
Дүниежүзілік экономикалық форумның саяхат және туризмді дамытудың жаһандық индексінде 2024 жылы Қазақстан 119 елдің ішінен 52-орынға ие болды. Биыл Қазақстан алдыңғы рейтингтен 6 орынға көтерілді.
## Туристік нысандар
Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм түрлеріне бөлінеді.
Қазақстандағы туристік нысандар бірнеше топтарға бөлінеді
* табиғи-рекреациялық
* тарихи-археологиялық
* тәуеп ету
Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.
Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуір ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 – 3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген “Алтын адам”, 2001 – 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Бергіел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археол туристік нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркістан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т.б. елді мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады.
Түркістан – қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген.
Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар.
Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп, Аллаға сиыну үшін келеді. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауданы) Арыстан баб кесенесі Мұрағатталған 22 маусымның 2011 жылы., Ибраһим-ата бейіті, Қарашаш ана кесенесі, Тұраба ауданыннда – Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында – Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында – Артық, Айтман кесенелері, Балқаш көлі маңында – Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелі орындар бар. Қазақ халқының азаттық күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыр ескерткіштері (Алматы облысы) Қордайдағы (Жамбыл облысы) Өтеген батыр, Ақтөбедегі Есет батыр, Солтүстік Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткіштері, т.б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздің басын қосқан жер, тарихи орындар ретінде Жошы және Алаша хан кесенелері, Алматыдағы тәуелсіздік монументі, Астанадағы үш би ескерткіштері қастерлі орындар санатында туристік нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткіштер қатарына: Қозы Көрпеш – Баян Сұлу, Еңлік-Кебек кесенелері, Ш.Уәлиханов, Қ.Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д.Нұрпейісова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А.Иманов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. көптеген естелік орындар жатады.
Республиканың әсем де әдемі жерлерінде бірнеше туристік базалар орналасқан. Оларға Іле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар облысы Жасыбай көлі жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды облысындағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгені жағасындағы “Алтай мүйісі”, Орал қаласы Жайық өзені маңындағы “Орал”, Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Түркістан облысы Бадам жазығындағы “Оңтүстік”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады. Қазақстанда белгілі туристік маңызы бар зоологиялық, ботаникалық қорықтар да жеткілікті. Оларға Алматы қорығы (кешенді), Іле атырауы (зоологиялық), Тарбағатай (зоологиялық), Жалтыркөл (зоологиялық), Ұлытау (зоологиялық), Бетпақдала (зоологиялық), Қарақия-Қаракөл (зоологиялық), Зеренді (зоологиялық) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты – палеонтолық) және Шарын өзеніндегі “Шетен тоғайы” (ботаникалық), Күміс қылқанды орман (ботаникалық), Жаманшық тауы (геморфологиялық), Айғайқұм, Әншіқұм (геоморфологиялық), Жаңғақ тоғайы (ботаникалық), Бүркіттау шоқысы және Тұма бастаулар (гидрологиялық), т.б..
## Дереккөздер |
Әлкен Оспанов ауылы (2005 жылға дейін – Амангелді) — Түркістан облысы Жетісай ауданы, Қазыбек би ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жетісай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 14 км жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1966 жылы құрылған Жетісай мақта кеңшарының бөлімшесі болды. Оның негізінде шаруа қожалықтары құрылған. Ауыл "Амангелді" ауылы аталып келді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
## Дереккөздер |
Құрама садақ — әр түрлі материалдардан жасалған садақ түрі. Көшпелілер ат үстінен атуға ыңғайлы болу үшін әр түрлі жеңіл және қысқа материалдарды (ағаш, сүйек, мүйіз) қолданған. “ұұн-түркі” садақтарын жетілдіру барысында 13 ғасырда түркі-моңғолдарда бес бөліктен тұратын құрама садақ пайда болып, басқа халықтарға кеңінен тарады.
Қазақ садағы да осы үлгіде жасалып, ұзындығы 100 — 120 см аралығында болды. Ол ағаштан жасалып, басына берік болуы үшін сүйек, серпінді болуы үшін иініне мүйіз, тарамыс салынған. Кеуіп кетпес үшін сыртын қайың қабығымен немесе терімен қаптап, қосылған тұстары ажырап кетпеу үшін сыртынан тарамыспен буылған. Әр түрлі материалдар Құрама садақтың салмағын жеңілдетеді, әрі беріктігі мен серпінін арттыруға мүмкіндік береді.
## Дереккөздер |
Пайзрахман Ибрагимов (1.5.1936 жылы туған, Алматы облысы Жаркент қаласы) – суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1982).
Алматы көркемсурет училищесін (1960), Ташкент театр-көркемсурет институтын (1967) бітірген. 1970 жылдан Алматыдағы Ұйғыр музыкалық комедия театрының бас суретшісі болып қызмет атқарады.
Ибрагимовтің жақсы көркемдеген спектакльдерінің қатарына Д.Әсімов және А.Садыровтың “Анархан”, В.Дьяков және И.Саттаровтың “Герип пен Санам”, С.Башоян және К.Хасановтың “Назугум”, С.Мұқановтың “Қашқар қызы”, А.Ашировтың “Туғандар өлмейді”, Мольердің “Дворяндағы тоғышар”, Вольехоның “Одисейдің ызасы” және т.б. жатқызуға болады. Ибрагимов Қазақ драма театры мен Республикалық орыс драма театрында қойылған спектакльдерді де көркемдеуге қатысты. Олар: М.Байсеркеновтың “Абылайдың ақырғы күндері”, С.Жүнісовтің “Өліара”, Х.Вахиттың “Келіндер көтерілісі” және Республикалық орыс драма театрында Ғ.Мүсіреповтың “Махаббат туралы аңызы”, т.б.
## Марапаттары
“Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
## Сілтемелер
* «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том |
‘’’Айнабек Оспанов Мыңжасарұлы’’’ (3.12.1956 ж.туған, Түлкібас ауданы Сарытөр ауылы ) – суретші.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
ҚР-ның Мәдениет қайраткері. Шымкент педогогткалық институтын бітірген (1978). Қазақ химия технологиялық институты жанындағы «Эктаунг бизнес» мектебін бітірген (1993). 1978 – 82 ж. Алғабас ауданында мұғалім, 1982 – 89 ж. Қазақстан көркемсурет қорында суретші, бас суретші, директор. Түркістан облысы суретшілер одағының басқарма төрағасы болып төрт мерзімге сайланған. 1981 жылдан шығарм. жұмыспен айналысады. Бүкілодақтық және республикалық. көрмелерге қатысқан. КСРО Суретшілер одағының VІІІ съезінің (1992), Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының XІІ, XІІІ, XІV, XV съездерінің делегаты. Ливия, Польша, Венгрия, Германия елдерінде жеке көрмелері өтті. Тараз, Шымкент, Қызылорда, Байқоңыр, Ақтау қалаларында бірқатар ескерткіштер мен монументті мозайкалық шығармаларға жетекшілік еткен. «Қазақ елі», «Тарихнама» және «Қазығұрттың басында кеме қалған» картиналар жобасының авторы және ұйымдастырушы.
## Дереккөздер |
Құрам тұрақтылық заңы - алынған жолына қарамастан химиялық қосылыстың құрамы тұрақты болатындығын тұжырымдайтын заң. Оны 19 ғасырдың басында француз ғалымы Ж.Л. Пруст (1754 — 1826) ашты. Мысалы, мұнда су тікелей сутек пен оттектің әрекеттесуі арқылы алынады; суды кез келген қышқыл мен негізді немесе кез келген органикалық қышқыл мен спиртті әрекеттестіру арқылы да алуға болады.
Алынған жолына қарамастан судың құрамы тұрақты, яғни судың әр молекуласы 2 сутек атомы мен бір оттек атомынан тұрады. Ондағы элементтердің массалық үлесі: сутек 11,11%, оттек 88,89%. құрама тұрақтылық заңы тек газ тәрізді және сұйық қосылыстарға тән.
## Дереккөздер |
Сағыр Аймағамбетұлы Камалов (1905, бұрынғы Ақтөбе уезі, 9-а. – 1938) – жазушы, драматург.
* Кедей шаруа отбасында дүниеге келген.
* Өз аулында орталау мектепті бітіргеннен кейін Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында оқыды (1923 – 27).
* Қазақ мемлекеттік педогогикалық институтын бітірді (1931).
* 1931 – 37 жылы Алматы музыка мектебінің меңгерушісі
* 1938 жылы Қазақ драма театрының директоры қызметін атқарды.
## Шығармашылығы
* Тұңғыш шығармасы – “Таңдағы талап” әңгімесі 1930 жылы жарық көрді.
* “Ұшқыннан өрт”
* “Шахтада”
* “Колхоз қарауылы”
* “Ұсталды”
* “Алтай асуында”
* “№21-інші”
* “Екпінді №90”
* “Ордадағы ойран”, т.б. әңгіме, өлең, мақалалары жарияланды.
* “Қанды таяқ” пьесасы (1932 жылы Т.Жароковпен бірігіп жазған)
* “Екпін” атты әңгімелер жинағы
* “Алтай жолы” романынан үзінді жарық көрді.
* “Құттықтаймын” (1936)
* “Ер Тарғын” (1937) атты драмалық шығармалары жеке кітап болып шықты.
* Камалов либреттосын жазған “Ер Тарғын” операсы (1937, музыкасы Е.Г. Брусиловскийдікі) қазақ театрларының тұрақты репертуарына енді.
## Дереккөздер |
Камал Ғалиасқар Камалетдинов (6.1.1879, Татарстан, Қазан қаласы – 8.6.1933, сонда) – татар жазушысы, қоғам қайраткері. Қазанда “Ғұсмания”, “Мухаммадия” медреселерінде, орыс-татар мектебінде оқып білім алған. Камал алғашқы шығармалары “Бақытсыз жігіт” (1898), “Үш сорлы” (1900) пьесаларында саудагерлер өмірін бейнеледі. 1901 – 05 жылы “Мағариф” (“Ағарту”) атты татар баспасын ұйымдастырып, кітап шығарумен шұғылданды. 1906 – 10 жылы “Азат”, “Жұлдыз” газеттерінде, “Найзағай”, “Жалт-жұлт” журналдарында жұмыс істеді. Жасырын “Тәраққый” (“Алға қадам”) газетін шығарды. Камал “Алғашқы спектакль” (1908), “Сыйлық үшін” (1909), “Көңілдес әйел” (1911), “Біздің қаланың сырлары” (1911), “Банкрот” (1912) т.б. драматургиялық шығармаларында гуманизм, халықтық идеяларды насихаттады. Н.В. Гогольдің “Ревизор”, А.Н. Островскийдің “Найзағай”, М.Горькийдің “Шыңырауда” пьесаларын татар тіліне аударды. Татарстанның Халық драматургі деген құрметті атақ алған. Қазандағы Татар мемл. академиялық драма театры Камал есімімен аталады.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том |
Қабаш Распайұлы Оспанов (1914 ж.туған,Батыс Қазақстан облысы) – қоғам қайраткері. Мәскеу қаласындағы Жоғары партия мектебін бітірген (1949). 1949 – 52 ж. Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстық комитеттерінің екінші хатшысы, 1952 – 55 ж. еңбекшілер депутаттары Солтүстік Қазақстан облысы кеңесі атқару комитеті нің төрағасы, 1956 – 58 ж. еңбекшілер депутаттары Түркістан облысы кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Әлкен Оспанов (1901, Түркістан облысы Шаян ауданы Қосақжар ауылы – 1959, сонда) – Социалистік Еңбек Ері (1957), КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1958).
1931 – 40 ж. Өзбекстанның Бұхара облысы Кермук аудандағы Жыңғылды кеңшарында директор болып істеді. 1942 – 44 ж. Кеңес Армиясы қатарында 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. Туған ауылына оралған соң 1944 – 51 ж. «Қазақстанның 20 жылдығы» атындағы ұжымшар төрағасы, 1951 – 59 ж. Амангелді ұжымшарының төрағасы болды. «1941 – 45 ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «1941 – 45 ж. Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлық еңбегі үшін» медальдарымен, Бүкілодақтық ауыл шаруашылық жетістіктері көрмесінің медалімен марапатталған.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Перипатеттер мектебі, перипатетизм (грек. perіpateo — серуендеу) — Аристотель философиясының ізбасарлары. Аристотель өзінің тыңдаушыларымен лицей бағында серуендеп жүріп сабақ беріп, пікір алысуды әдетке айналдырған. Осыған байланысты оларды Перипатеттер мектебі деп атаған. Перипатетизм бағытын бірнеше кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең (б.з.б. 4 — 1 ғасырлар) мектептің жетекшісі Теофрасттан кейін Перипатеттер мектебінің жетекшілері Стратон, Ликон, Аристон Кеосский, Критолай, т.б. болды. Бұл кезеңдегі Перипатеттер мектебінде Аристотель ілімін теор. философия жағынан дамытудан гөрі жеке ғылым салаларымен (философия, т.б.) көбірек шұғылдану басым болды. Мысалы,Теофраст логика саласынан жаңалықтар ашып, ботаникадан еңбектер қалдырды. Аристоксен музыка теориясымен шұғылданды, т.б. Екінші кезеңде (б.з.б. 1 ғ.) Андроник Родосский,Сидонский, Ксенарх, т.б. Аристотель шығармаларын қайта басып шығарып, оларға түсініктер берумен шұғылданды. Үшінші кезеңде (1 — 2 ғасырлар) платоншылдар, пифагоршылдар және стоиктер мектебінде аристотельшілдіктің ізін қалдырып, жаңа платоншылдықтың қалыптасуына ықпал етті. Шығыс философиясындағы перипатетизмнің негізін қалаушы Әбу Наср әл-Фараби саналады. Ол Аристотель мен Платонның еңбектеріне сүйеніп, олардың іліміне түсінік бере отырып, өзінің филос. ілімін қалыптастырған. Батыс ойшылдары әл-Фараби, сондай-ақ ибн Сина, ибн Рушд, т.б. шығыс перипатетиктерінің түсіндірмелері арқылы ежелгі грек философтарының еңбектерімен танысып, оларды игере бастады.
## Дереккөздер |
Нина Барлыбаева Ахметқызы (20.11.1924 жылы туған, Семей) — ғалым, медицина ғылымының докторы (1970), профессоры (1972), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961). Қазақ медицина институтын (қазіргі Қазақ мемлекттік медицина универстиеті) (1945), оның аспирантурасын (1951) бітірген. 1952—1965 жылдары Қазақстан Денсаулық сақтау минстрлігінің Педиатрия ғылыми-зерттеу институтында бала ауруларынан сақтану және оларды емдеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері, меңгерушісі, директордың орынбасары, 1965—1992 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина институтының кафедра меңгерушісі, деканы (1968 — 1979) болды, 1992 жылдан профессор. Негізгі ғылыми еңбектері кардиология мәселелеріне арналған. Барлыбаева балаларда (соның ішінде жаңа туған сәбилерде) жүрек-тамыр, бүйрек, өкпе ауруларының патологиясы, миокардит, гипервитаминоз, рахит ауруларының белгілерін анықтау, емдеу және олардан сақтану ерекшеліктерін зерттеді. Халықаралық симпозиумдарда ғылыми баяндамалар жасады (Түркия, 1994; Египет, 1995).
## Ш ы ғ а р м а л а р ы
Ревматизм у детей на современном этапе, А.-А., 1974; Специфическая профилактика рахита и побочные действия витамина D, А.-А., 1984; Неревматический кардит (учебно-методическое пособие), А.-А., 1990; Особенности клиники болезни Рейтера у детей, Тула, 1997.
## Дереккөздер
* Ревматизм у детей на современном этапе, А.-А., 1974;
* Специфическая профилактика рахита и побочные действия витамина D, А.-А.,
* 1984; Неревматический кардит (учебно-методическое пособие), А.-А.,
* 1990; Особенности клиники болезни Рейтера у детей, Тула, 1997.
## Сілтеме
* http://www.kazpravda.kz/rus/obshtestvo/kto_nas_vivodit_v_doktora.html(қолжетпейтін сілтеме)
* http://www.almatyzdrav.kz/content/view/757/36/lang,en/ Мұрағатталған 16 қазанның 2011 жылы. |
Баян (1294 - 1358) — Юань патшалығының қарлұқ тайпасынан шыққан ғалымы.
Баян жастайынан Конфуций шығармаларын оқып өсіп, ержеткенде оның ілімін насихаттаған. 1344 жылы “Юань патшалығы тарихын” жазуға қатысты. 1358 жылы көтеріліске шыққан диқандар қолынан қаза тапты.
## Дереккөздер |
Төрелік сот – кәсіпкерлік қызмет, мүліктік қатынастар барысында немесе басқару аясында туындайтын дауларды шешу үшін құрылатын орган.
* АҚШ-та, Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде төрелік соттар жүйесі жұмыс істейді.
* Ресейде де төрелік соттар өз алдына бір жүйені құрайды. Ресей Федерациясы Жоғарғы төрелік сотты осы жүйеге басшылық жасайды. Оның төрағасы мен судьяларын Ресей Президентінің ұсынуымен Федерация Кеңесі тағайындайды.
* Төрелік соттар жүйесі экономикалық істерді қарап, түбегейлі шешім шығарады. Мұндай дауларды Қазақстанның сот жүйесінде экономикалық соттар қарайды. Экономикалық соттарды Қазақстан Республикасының Президенті құрады. Олар Жоғарғы соттың басшылығымен жұмыс істейді.
## Сілтеме |
Халел Жағыпарұлы Өзбекғалиев (27.12.1928, Атырау қаласы – 26.4.2003, Алматы) – тау-кен инженері. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы (1972).
Өзен, Жетібай, Теңге, Қаражамбас, Солтүстік Бозашы, Қаламқас кен көзінің із ашары. Маңғышылықты игеруді ұйымдастырушылардың бірі болып табылады.
Мәскеу мұнай институтын бітірген (1952). 1952 – 56 жылдары Даңғар мұнай барлау бөлімшесінде бұрғышы, аға инженер, 1956 – 59 жылы Мақат бұрғылау мекемесінің бас инженері, 1959 – 78 жылдары “Маңғыстаумұнайгазбарлау” тресінің бастығы, 1978 – 91 жылдары Қазақ КСР-і Геология министрінің орынбасары.
Өзбекғалиев Оңтүстік Маңғыстау мұнай, газ кеніштерін ашып, Өзен, Жетібай кен орындарын барлаудағы елеулі еңбегі үшін Лениндік сыйлығын алған (1966), Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен,Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған. “Құрметті жер қойнауын барлаушы” атағы берілген (1988).
## Дереккөздер |
Технополис – ғылымды, білімді және жоғары деңгейде дамыған өндірісті аумақтық біріктірудің қазіргі заманғы нысаны; еркін экономикалық аймақтың бір түрі. Технополис ғылыми-зерттеулер негізінде үздіксіз инновациялық циклді қамтамасыз ететін ғылыми орталық төңірегіне біріккен бірыңғай ғылыми-өндірістік және оқу, сондай-ақ тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық аймақ болып табылады. Қазіргі өркениет дәуірінде білімнің, ғылым мен техниканың, ғылымды қажетсінетін бизнестің, тәуекелшіл капиталдың халықаралық, ғаламдық ауқымдағы ғылыми және іскерлік белсенділігінің тұтас тізбегін туғызатын қала да технополиске жатқызылады. Технополис айрықша экономикалық атқарым тетігінің болуымен ерекшеленеді және қаланы, аймақты дамытудың, мысалы, аймақтың өнеркәсіптік базасының экономикалық тиімділігін арттырудың, экологиялық таза өндірістер құрудың, т.б. белгіленген бағдарламасымен біте қайнасады. Технополис құрылымына оның негізгі топтамаларының бірі ретінде алуан түрлі парктер кіреді. Орындалатын міндеттердің сипаты мен көлеміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
* ғылымды қажетсінетін технологиялармен байланысты жаңа фирмаларға жәрдемдесуді мақсат ететін инновациялық орталықтар;
* жаңа фирмаларға да, кемеліне келген фирмаларға да қызмет көрсететін, университеттермен немесе ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз байланыс орнататын зерттеу немесе ғылыми парктер;
* жаңа ашылымдарды енгізу мақсатымен кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыратын идея мен ақпарат алысып тұратын оңтайлы ұйымдық ғылыми-өнеркәсіптік аймақ болып табылатын технологиялық парктер; жоғары технологиясы бар жаңа фирмаларды дамыту үшін құрылатын қызмет көрсетуші кәсіпорындар болып табылатын технологиялық орталықтар;
* тұтас өңірлерді технологиясы жоғары аймақтарға айналдырумен байланысты технокешендер мен ғылыми парктердің конгломераттары (белдеулері).
Технополис құру айтарлықтай ақша қаражатын тартуды және уақытты талап етеді. Технополистің неғұрлым тұрпатты басқару органы – басқарма (комитет). Оған негізгі құрылымдықатқарымдық секторлардың (бөлімшелердің), университеттердің, іскерлік орталық компанияларының немесе коммерциялық палатаның басшылары, сондай-ақ жергілікті билік органдарының, банктердің, демеушілердің, т.б. өкілдері кіреді. Басты ғылыми-зерттеу бөлімшесінің немесе негізгі ғылыми-өндірістік компанияның басшысы әдетте басқарушылық рөл атқарады. Егер технополис акционерлік қоғам болса, онда акционерлер жиналысы басты басқарушылық орган болып табылады.
## Дереккөздер |
Мұқаметжан Шамүшкенұлы Ибраев (18 мамыр 1953, Жаңаталап ауылы, Іле ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР) – әскери қайраткер, авиация генерал-майоры, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы (1996-2000).
## Өмірбаяны
Барнаул жоғары әскери авиация училищесін бітіргеннен кейін КСРО Қарулы Күштерінің Орта Азия әскери округінде (1976 – 79), Оңтүстік әскер тобында (1979 – 1984), Қиыр Шығыс әскери округінде (1984 – 1991) ұшқыш, аға ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары, эскадрилья командирі болып қызмет атқарып, “1-сыныпты әскери ұшқыш” атағына ие болған. 1992 – 96 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери әуе күштерінде аға офицер, арнайы барлау авиация полк командирі, бомбалаушы авиация полк командирі болды. 1996 – 98 жылдары Қазақстанның Әскери әуе күштері қолбасшысы, 1998 жылы 31 наурыз – 19 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Солтүстік әскери округі қолбасшысы қызметін атқарды. 1998 – 2000 жылдары Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы әскери академиясында тыңдаушы болды. 2000 жылы 15 тамыздан ТМД-ға мүше мемлекеттер әскери кеңесі штабы бастығының орынбасары, осы ұйымдағы Қазақстанның өкілі.
## Сілтемелер
* «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том |
Баян — Есіл алабындағы тұзды көл.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 298 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Ауданы 9,6 км2, ұзындығы 4,1 км, енді жері 3 км. Суы қарашаның ортасында қатып, сәуірдің 2-ші жартысында ериді.
## Жағалау сипаты
Қоңыржай құрғақ дала белдеуінде орналасқан Баянның жағалауы жазық. Онда сұлыбас, боз, селеу, тағы басқа астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өседі. |
Өлеңті – Жайық алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысының Сырым және Ақжайық аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 211 км. Су жинайтын алабының аумағы 4,1 мың км2.
## Бастауы
Бастауын Орал алды үстіртінің оңтүстігіндегі бұлақтардан алып, Ақжайық ауданындағы Тұздыкөл көліне сәл жетпей (10 – 15 км) Жыланды ауылы маңында жерге сіңіп кетеді.
## Гидрологиясы
Аңғары жоғарғы ағысында тар, орта және төменгі бөлігінде 200 м-ге кеңейеді. Қар, жауын-шашын суларымен толығады. Наурыз, сәуір айларында тасып, жазда шағын қарасуларға бөлініп қалады. Жылдық орташа су ағымы 3,06 м3/с. Өлеңтіге бірнеше кішігірім өзендер құяды. Ең үлкені – Шідерті өзені. Өзенге Қособа ауылы тұсында көлемі 172 мың м3 және сағасында көлемі 2480 мың м3 болатын бөген салынған. Одан суару жүйесі тартылған. Суымен жайылым мен шабындық, егістік суарылады. Өзенде қарабалық, табан, шортан, алабұға, т.б. балықтар бар. |
Саңғыл — Орта жүз қоңырат тайпасының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша Әмір Темірден жеңілген Едігенің Маңғыт руын Саңғыл би өзі басқарған Қарақытай руымен біріктіп Маңғыт-қытай "Маңғытай" бірлестігін құрады. Кейіннен Қазақ хандығы құрылған кезде Маңғыттар "Маңғытай" атын сақтап, Қарақытай руы Саңғыл бидің атымен "Саңғыл" атты екі рулы елге бөлінеді. Осыдан "Маңғытай-саңғыл бір туған",-деген тәмсіл қалған екен.
Саңғыл ағысай, самай, нұрсай, қошқар, қаратілес, тиес деген аталарға бөлінеді. Саңғылдар 1917 жылға дейін Сырдария облысының Түркістан у-нде, Қаратаудың теріскейі мен күнгейінде, Қозмолдақ, Сызған, Күмісті, Бақырлы, Үштөбе, Жартытөбе, Мыңшұқыр, Шылбыр, Көкіш деген жерлерді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ, Түркістан аудандары) мекендеген. Ноғайқора, Көкшеқұм болыстарын құраған. Ұраны — Мүлкаман, таңбасы жалпы қоңыратқа ортақ "П" (босаға).
## Тұлғалар
* Құлыншақ Кемелұлы
* Бегалы Күленұлы
* Қожамжар шешен Қазиұлы Ағысай
## Дереккөздер |
Сүрме кентастары – құрамында сүрмесі бар минералды шикізаттар. Сүрменің жер қыртысындағы орташа мөлшері 0,00005%. Табиғатта кездесетін 75 минералының өндіріс үшін мәні барлары: антимонит, тетраэдрит, буланжерит, джемсонит, сервантит. Кентас құрамында сүрме мөлшері 5 – 6%-дан жоғары болса ғана өндірісте қолданылады. Сүрме кентастарының кендері төмен температуралы гидротермалды типке жатады. Кен денелері қабат, желі, линза түрінде кездеседі. Түзілу жағдайына байланысты кварц-флюориттік, антимониттік, ферберит-шееллит-антимониттік болып бөлінеді. Кварц-флюориттік формациясының минералды құрамы қарапайым, олар орташа тереңдіктегі шөгінді, метаморфтық, интрузиялық тау жыныстарында орналасады. Қалғандары жер бетіне жақын жатқан әрекетті жанартаулар аймағында түзіледі. Өндірісте сүрме кентастары өзіндік және кешенді (сынап-сүрмелі, қорғасын-сүрмелі, алтын-сүрмелі, сүрмелі-вольфрамды, сүрмелі-никельді) түрлеріне ажыратылады. Сүрме кентастарын флотациялық-гравитациялық әдістер арқылы байытып, алынған концентратты 1200 – 1300 °С-қа дейін балқытады, балқымаға тиісті қоспалар қосып, қайта балқытудан таза металл алынады. Дүние жүзінде сүрме өндіретін басты елдер: Қытай, Боливия, Мексика, Алжир, Түркия, АҚШ, Ресей, Украина, т.б. Қазақстанда Белоусов, Лениногор, Тишин, Текелі, Ертіс полиметалл кендерінің кентастарын металлургиялық өңдеу кезінде сүрме бөлініп алынады.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том |
«ОТЫРАР – ТВ» Телекомпаниясы, 1992 ж. Шымкент қаласында құрылған. Қазақ, орыс, өзбек тілдерінде хабар таратады. «Сарыарқа» тәуелсіз телевизиялық тораптың құрылуына бастамашы болған, Қазақстан телехабаршылары ұлттық академиясының және Қазақстан журналистері конгресінің мүшесі. UNІSEF ұйымының, «Филипп-Морис» компаниясының және облыс әкімінің сыйлықтарын алған, телекомпанияға 1998 ж. «Балалар бағдарламасы» номинациясы бойынша «Час без родителей» хабары үшін «Алтын жұлдыз» сыйлығы берілген. «Ren-TV» мен НТВ телеарналарын ОҚ бойынша тарату құқығы бар. Үш тілде таңғы, күндізгі, кешкілік және апталық қорытынды жаңалықтар таратады. Балалар редакциясы «Час без родителей», ал спорт редакциясы «Топжарған» хабарын береді. Күн сайын таңертең «Нұрлы арай» мен «Пора вставать» бағдарламалары беріледі. Сонымен қатар «Әйел өмірінен», «Экстренный вызов», «Время – деньги», «Юридическая самооборона» тәрізді авторлық бағдарламалар да бар.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Барлыбай Тауасарұлы (шамамен 1753, Орталық Қазақстан, Ұлытау өңірі – 1822, Сыр бойы) — қазақ батыры. Орта жүз Найман тайпасының Бағаналы тармағының Жауғашты бұтағынан шыққан.
“Бағаналы Барлыбай”, “Барлыбай сардар” есімімен ел жадында сақталған. Әкесі — Тауасар қалмақтармен шайқаста аты шыққан батыр, анасы — Гүлсім башқұрт батыры Қарасақалдың қарындасы болған. Барлыбай Түркістан түбіндегі Қарнақ медресесін, Үргеніш медресесін бітіріп, араб, парсы, көне түркі тілдерін меңгереді. 18 жасында қалмақтың белгілі батырларын жекпе-жекте жеңіп, елінің батасын алады. Осы тұстан бастап қартайғанша Кіші жүздің шөмекей руының әскербасы болады. Шөмекей жасағын бастап орыс, қалмақ, түрікпен, Қоқан, Хиуа әскерлеріне тойтарыс береді. Барлыбай туралы Сегіз сері Шақшақұлы, Ахмет Ишан Оразайұлы (1861–1927) шежірелерінде айтылады. Сегіз сері “Барлыбай хан” атты тарихи дастан шығарған, оның ерліктерін Жанкісі (Жанқиса) Басыбайұлы (1772–1849), Әбутәліп (1788–1857), Балтекей Қорғанұлы (1830–1917), Қожабай Тоқсанбайұлы (1841–1919), Мұқан Балтекейұлы (1873–1918), Тайжан Қалмағанбетұлы (1877–1937), Шеген, Қанафия сынды ақын-жазушылар жырлаған.
## Дереккөздер |
Жарлы өзені – Қарасор көлі алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 156 км, су жиналатын алабы 5660 км2.
## Бастауы
Ертіс-Балқаш суайрығындағы Бұйратас тауының оңтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Қарасордың батысындағы Саумалкөлге жетпей тартылып қалады.
## Гидрологиясы
Жылдық орташа су ағыны 0,32 м3/с. Жоғарғы ағысында Ащыөзек, Ақтас, Көктал (Милыбұлақ ауылынан төмен), ал Ақшоқы ауылынан кейін Жарлы аталады. Жоғарғы ағысының жағасы бұйратты, тік сайлы. Түбі шоңғалды, арнасы тар, ағысы қатты. Орта және төменгі ағыстары жазыққа шыққаннан кейін аңғары тегістеліп, арнасы кеңейіп, жайылмасы ұлғаяды. Көптеген қарасулар, иірімдер пайда болады, көп жерінің жағалары жарлы келеді. Негізінен жер асты, қар, жаңбыр суымен толығады. Қарашада қатып, сәуірде мұзы ериді. Қар көп жауған жылдары өзен тасиды. Бұл кезде жылдық ағынның 73 — 75%-і өтеді. Жайылмаларын (ені 5 — 6 км-ге жететін) су басып, жазда бітік шалғын шығады. Жағасында тал, шілік, т.б. бұталар өседі. Өзеннің жоғарғы, орта бөліктерінің суы тұщы, төменгі ағысында кермектене бастайды. Аңғары жайылым, жайылмасы шабындық ретінде пайдаланылады. Жарлыға ұзындығы 10 км-ден асатын 11 сала келіп құяды. Ірілері: Айтбайсай, Сырым, Дөненбай, Ежебай, Қарасу.
## Дереккөздер |
Саңғыл би (XII–XIII) — әулие, қоғам қайраткері, әйгілі би.
Қоңырат тайпасынан шыққан. Түрік-моңғол шежірелерінде саңғыл руының ұраны “Мүлкаман” болуына қарап, кейбір зерттеушілер Саңғыл биді Мүлкаман батырдың шөбересі деп тұжырымдайды. Тарихи деректер, орыс және қазақ тіліндегі зерттеулер, шежірелер, сондай-ақ халық арасында ауызша айтылатын аңыздарға қарағанда, ол 1206 жылғы құрылтайда Шыңғысты ақкиізге көтеріп хан сайлаған қоғам қайраткерлерінің бірі болып саналады. Саңғыл би Шыңғыс ханның Хорезмге жорығына қатысқан. Жорықтан кейін өзінің қол астындағы қоңыраттармен Сыр бойында, яғни Жошы ұлысында қалған.
Түркітанушы Н.А. Аристовтың монографиясында Саңғыл би турасында маңызды мәліметтер берілген. Ш.Құдайбердіұлының шежіресінде бидің аты Сенгеле деп айтылады. Би есімі профессор А.Машановтың, жазушы Қ.Салғариннің еңбектерінде Саңғыл би, Саңғылұлы деп көрсетіліп, ғұмыры мен қоғамдық қызметі нақты да молырақ қамтылған.
## Дереккөздер |
Баянауыл тауы – Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау.
## Географиялық орны
Павлодар облысының Баянауыл ауданында орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 40-50 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 20-25 км-ге созылып жатыр. Абсолюттік биіктігі 600-1000 метр, ең биік жері – Ақбет тауы (1026 м). Орталық тау шоғырынан жан-жаққа тараған сілемдері — Жасыбай, Жанбақы, Торайғыр, Жақсыаула, Жаманаула біртіндеп аласара береді.
## Геологиялық құрылымы
Тау силур мен девон кезеңінің кристалды гранит, сиенит, порфирит, тақтатас жыныстарынан түзілген. Мезозой кезеңінде сыртқы күштің әсерінен жеміріліп, осы күнгі бедері пайда болған.
## Жер бедері, өсімдігі
Тау басы қия, жартасты келеді. Таудың етегінен басына дейін өскен бозтал, балқарағай, ақ қайың орманы, тау аралығындағы қазаншұңқырда жатқан суы мөлдір көлдер (Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр), әсем құзы, алуан бейнелі алып жартастары, үңгірлері, тау етектерінен аққан бұлақтары табиғатына ерекше көрік береді. Орман ішінде қарақат, жидек, бүлдірген, таңқурай, саңырауқұлақ, тағы басқа өседі. Баянауыл тауы өңірінде бірнеше демалыс орындары бар. 1988 жылы Баянауыл тауының табиғатын қорғау мақсатында Баянауыл ұлттық табиғи саябағы ұйымдастырылды.
## Галерея
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Өгем – Тәңір тауы тау жүйесінің батысындағы тау жотасы. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 110 км-ге созылған, енді жері 30 км-дей. Ең биік жері – Сайрам шыңы (4299 м).
## Геологиялық құрылымы
Төменгі карбонның әктас, құмтас жыныстарынан түзілген.
## Жер бедері
Оңтүстік-батысы көлбеуленіп Шарбақ бөгеніне (Өзбекстан) тіреледі. Жер бедері әр түрлі; төменгі шекарасы шалғындық жазықтар. Жазық жайлауларында бұлақ, бастаулар мол. Биік жоталарды мұздықтар басып жатыр. Қазығұрт, Төле би аудандары аумағына Өгем жотасының солтүстік мен оңтүстік-батысы кіреді. Құмкезең, Жалтыр, Көнекті, Жетіүңгір, Пиязды, Шымырбай, Азартеке, Мақпал жоталарынан, Тұрпақбел, Майдантал асуларынан тұрады. Өгемнің Талас Алатауымен қиылысқан жерінде Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Тау мұздықтарынан Өгем, Піскем өзендерінің салалары: Майдантал, Балдыбірек, Сайрамсу, Сарыайғыр өзендері бастау алады.
## Өсімдігі
Таудың қоңыр, альпілік шалғынды топырағында, тау етегінде әр түрлі шөптесіндер, бұта аралас жеміс ағаштары, биіктік белдеуінде аршаның түрлері, субальпі, альпі шалғыны өседі.
## Дереккөздер |
Лев Константинович Науменко (19.10.1933 ж.т., Ресей, Воронеж обл. Новохоперск қ.) – филосоия ғылым докторы (1969), профессор (1972). Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1956). Березовский ауыл шаруашылык техникумында мұғалім (1956–1957), Қазақстан Ғылым Академиясы-ның Философия және құқық институтында (1957–1969), Мәскеу инженер-физика институтында, КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғыым. академиясында ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысқан (1969–1977). «Коммунист» журналы бас редакторының орынбасары (1977– 1982), КОКП ОК органдарында қызметтер атқарған (1983–1984). ҚР Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1984). Халықтар достығы орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
“Тұрмыс” – қолжазба журнал. 1905 жылы Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде оқитын қазақ шәкірттері шығарған. Оның не бары бір саны таратылған. “Тұрмысты” дайындап көбейткен әрі авторы – ақын Мақыш Қалтаев. Журналда бұқараны мәдениетке шақыру, қазақ тұрмысы жайында материалдар жазылған.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том |
Зелёный Бор — Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауыл, Зеленобор ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Щучинск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 19 км-дей жерде, Үлкен Шабақты көлінінің шығысындағы шоқ қарағай өскен орманды-таулы өңірде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1961 жылы Щучье құс фабрикасы негізінде қаланды. 1994 жылдан акционерлік қоғам және бірнеше серіктестіктер құрылды.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, кинотеатр, аурухана, емхана, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, т.б. бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Құлмат Өмірәлиев (10.11. 1930, Қазығұрт ауданы – 25.5. 1985, Алматы)– тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1970).
Шымкенттегі мұғалімдер институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген соң (1951) орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен мұғалім, оқу бөлімінің меңгерушісі болып істеді.
* 1953 – 57 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педогогикалық институтының филология факультетінде;
* 1957 – 60 жылдары осы институттың қазақ тілі кафедрасының аспирантурасында оқыды;
* 1960 – 62 жылдары «Қазақстан мектебі» журналының редакциясында бөлім меңгерушісі;
* 1972 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін Қазақстан Ғылыми академиясының ауылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының түркітану және тіл тарихы бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып істеді;
* Алматы қаласында Кеңесбаевтың жетекшілігімен «XV – XІX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. Өмірәлиев қазақ тілінің грамматикасы, тіл тарихы, емле, қазақ поэзиясының тілі, көне дәуір ескерткіштері, текстология, этимология, қазақ тілі мен әдебиеті мәселелеріне қоса қоғамтану мәселелеріне де батыл қалам тартқан ғалым. Ол Абайға дейінгі қазақ поэзиясының алыбы Дулат Бабатайұлын бүгінгі таным төріне шығарған зерттеуші. Осы еңбегі ескеріліп Аягөз қаласының бір көшесіне ‘’’Құлмат Өмірәлиев’’’ есімін беру ұйғарылған.
## Дереккөздер |
Байтұрсын Есжанұлы Өмірбеков (14.9.1946 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Ескелді ауданы Талды ауылы) – графикашы-суретші, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері (1999).
* 1969 жылы ҚазПИ-ді (ҚазҰПУ) бітіргеннен кейін осы институттың бейнелеу өнері кафедрасының ассистенті (1969 – 71), аға оқытушысы (1972 – 74), көркемсурет-графика факультетінің деканы (1974 – 78)
* Алматы театр және көркемсурет институтының оқу және ғылыми жұмыстары бойынша проректоры (1978 – 87), кафедра меңгерушісі (1990 – 92)
* Қазақстан көркемсурет академиясының графикикалық дизайн кафедрасының меңгерушісі (1992–94) қызметтерін атқарған.
* 1994 жылдан Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының директоры.
Өмірбеков кескіндеме, графика және мүсін (Қайрат Рысқұлбеков, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы еңбек ерлері мен Оңтүстік Қазақстан облысының Абайбазар ауданындағы алғашқы коммунарларына қойылған ескерткіштердің) саласы бойынша еңбектердің, бейнелеу өнері мәселелері жайлы кітаптардың (“Түр-түс әлемінде“, 1986; “Түр-түстердің тілдегі көрінісі”, 1992, екеуі де Ә.Қайдаровпен бірге; “Кеңістіктегі түр-түс” оқу құралы, 1990), мақалалардың, мәдени көркем жобалардың авторы.
Халықаралық өнертанушылар ассоциациясының мүшесі (2002).
## Дереккөздер |
‘’’Есіркеп Өмірбеков’’’ (1920, Түркістан облысы, Сарыөзен болысы, Қаратау ауылы – 2001, Созақ ауданы Шолаққорған кенті) – шежіреші, ауыз әдебиетін жинаушы, өлкетанушы.
## Еңбек жолы
* 1930 ж. ауылдағы қызыл отаудан сауат ашады.
* 1939 ж. Шолаққорғандағы жеті жылдық мектепті бітіреді.
* 1941 ж. Түркістан педагогикалық училищесінде оқиды.
* 1956 ж. Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы партия мектебінде, 1959 ж. жоғары партия мектебінде оқиды.
* 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында жұмысшы болып істейді,
* Созақ ауданы «Социалистік шаруа» газетінің редакциясында әдеби қызметкер, редактор болады.
* 1952 ж. Созақ аудандық партия комитетінің Созақ зонасы бойынша хатшысы.
* 1959 ж. Энгельс атындағы кеңшардың партия хатшысы қызметін атқарады.
* 1959 ж. «Молшылық үшін» газетінің редакторы болды
* 1964 ж. Созақ аудандық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, халықтық бақылау комитетінің төрағасы болды.
## Шығармашылығы
Ол Созақ елінің өткені мен бүгініне қатысты тарихи деректерді жинаумен қатар өлең, поэмалар, очерктер жазды; Созақ өңірінің ақындары, домбырашылары, шешендері, бұрынғы билері, ел тағдырына із қалдырған тарихи адамдары, т.б. туралы аңыздар мен әңгімелер жинады. Ол Созақ өңірінің жиырмаға жуық (Құлыншақ, Шәді, Санбай, Айтжан, Тайжан, Бәйдібек, Мүсірәлі, Мәлік, Байсақал, т.б.) ақындарының әдеби мұрасы жөнінде, сондай-ақ Қаратау атырабына белгілі күйшілер хақында аса қызықты мағлұмат топтаған. Солардың қатарында Сүгір, Бапыш, Жаппас, Төлеген, т.б. жиырмадан астам күйші домбырашылар туралы деректері, Абақ, Жаманқара, Сейділда, Кәрібай тәрізді батырлар турасындағы қызғылықты мағлұматтары бір төбе.
Созақ елінің тарихы, табиғаты, өсімдігі, жан-жануарлар дүниесі, шаруашылығы жөнінде танымдық мәні зор деректері де мол. «Дәулет пен сәулет» (1968), «Шежірелі өлке» (2002), «Бабалар соқпағы» (2003), " Өмір керуені" (2015) атты кітаптары шыққан.
## Дереккөздер |
Төремұрат Тайлыбекұлы (1821, қазіргі Атырау облысы Жылыой ауданы – 1863, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы) – белгілі батыр.
* Кіші жүздің таз руының жастабан тармағынан шыққан. Өтен, Нарынбай батырлардың үзеңгілес серігі болып, Ресей отаршыларына, түрікпен аламандарына қарсы соғыстарда ержүректігімен аты шыққан. Қаһармандығы үшін таз руының ұранына айналған.
* Палуан, мерген, домбырашы ретінде де қадірленген. Түрмеден қашып шыққан ұлы күйші Құрманғазыны паналатып, қамқорлық көрсетеді.
* Біреуге айттырылып қойылған, сүйген қызы Данай сұлуға үйленгені үшін елден қудаланып, Хиуа жұртына кетуге мәжбүр болған. Түрікпен аламандарымен соғысып, Күйкен тауы маңында қаза тапқан. Бейіті сол жерде.
* Сүйінғара батыр Төремұраттың жерленген жеріне мазар тұрғызды.
* Төремұратқа Құрманғазы “Төремұрат”, “Тас астау, тас дере”, “Төремұраттың ақ арғымағы”, т.б. күйлерін арнаған.
* Халық ақындары шығармаларында Төремұрат есімі жиі кездеседі.
## Сілтеме |
Тұрсынқұл Өмірзақ (10.10. 1948 ж.туылған [Өзбекстан Республикасы, Самарқанд облысы, Пайарық ауданы) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1989), профессор (1991). 1965–67 жж. мектеп мұғалімі. 1967-1972 жж. В.В.Куйбышев атындағы Самарқанд ауыл шаруашылығы институтының студенті. 1972–96 жж. Шымкент қаласындағы Қазақ қаракөл ғылыми-зерттеу институтында аспирант (1972-1975), ғалым хатшы (1975-1977), "Генетика және селекция" бөлімінің меңгерушісі (1977-1992), "Қаракөл" ғылыми-өндірістік бірлестіктің және институттың ғылым жөніндегі 1-ші орынбасары (1992-1996) болып еңбек етті. 1996-2009 жылдары А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің "Биология" кафедрасының профессоры. 2009 жылдан бері М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің "Биология" және "Биотехнология" кафедраларының профессоры. 250-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы. ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Ғылыми еңбектерінің негізгі бөлігі қаракөл қойының генетикасы мен селекциясына арналған. Сонымен қатар этология, психогенетика, антропогенетика, биотехнология бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектері бар. АҚШ және Қытай елдерінде ғылыми-практикалық тәжірибеден өткен.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Баянауыл — Павлодар облысындағы ауыл, Баянауыл ауданының (1928 жылдан) және Баянауыл ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 210 км жерде, Баянауыл тауының оңтүстік-шығыс бөктеріндегі Сабындыкөл жағасында орналасқан. Табиғаты аса сұлу жер, тауындағы қарағайлы орманында қайың, қандыағаш, мойыл, тағы басқа аралас келеді. Орман ішінде жидек, таңқурай, қарақат, саңырауқұлақ өседі. Ең жақын темір жол бекеті – Екібастұз (135 км).
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1826 жылы қаланған, 1833-1868 жылы Баянауыл сыртқы округінің әкімшілік орталығы болды. Баянауылдың Қарқаралы мен Павлодар қалалары аралығында орналасуы оның экономикалық маңызын күшейтті. Мұнда үлкен жәрмеңкелер өткізіліп тұрды.
## Кәсіпорындары
3 көмір өңдірісі, алтын өңдірісі және әк өңдірісітері жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
3 орта мектеп, 4 балабақша, Жаяу Мұса өнер мектебі, Ertis колледжі, Сұлтанмахмұт Торайғыров мәдениет үйі, Қаныш Сәтбаев мұражайы, аудандық аурухана, аудандық кітапхана, 2 диспансер, санитарлық - эпидемиологикалық станциясы, баспахана бар. Тұрғындары облыс орталығына және Екібастұз қаласына, елді мекендерге автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Өлеңті — Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы, Жымпиты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жымпиты ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде, Өлеңті өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1653 адам (822 ер адам және 831 әйел адам) болса, 2009 жылы 1042 адамды (544 ер адам және 498 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1961-1997 жылдары қой өсіретін кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Өлеңтіде шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Ландау Лев Давыдович [9(22).1.1908, Баку — 1.4. 1968, Мәскеу] — орыс ғалымы, КСРО ұлттық академиясының академигі (1946). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) университетін бітірген (1927). 1932 жылдан Харьковтегі Украина физика-техникалық институтында, 1937 жылдан КСРО ұлттық академиясының Физикалық проблемалар институтында, 1947 жылдан Мәскеу мемлекеттік университетінде (МГУ-дің) ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысты. 1926 ж. екі атомды молекулалар спектрінің қарқындылығы туралы өзінің ең алғашқы ғылыми жұмысын жариялады. 1927 ж. тығыздық матрицасы ұғымын тұңғыш рет ғылыми айналымға енгізді. Ол металдың электрондық диамагнетизм теориясын (1930), антиферромагнетизм теориясын (1936), екінші текті фазалық ауысудың жалпы теориясын (1937), Ю.Б. Румермен біріге отырып, ғарыштық сәулелердегі электрон нөсерінің каскадтық теориясын (1938), сұйық гелийдің асқын аққыштық теориясын (1941), электрондық плазманың тербеліс теориясын (1946), В.Л. Гинзбургпен бірге асқын өткізгіштің жартылай феноменол. теориясын (1950), жоғары энергиялы бөлшектердің өзара соқтығысуы кезіндегі бөлшектердің тасқындап туу теориясын (1953), А.А. Абрикосовпен, т.б. бірлесе отырып кванттық электрдинамика негіздерін (1954 —1955), комбинациялық жұптылықтың жаңа принципін және екі құраушылы (компонентті) нейтрино теориясын (1956), Ферми сұйықтығының теориясын (1956 — 1959), т.б. жасады. Ландау Л.Д көптеген физик-теоретиктердің (И.Я. Померанчук, А.Б. Мигдал, И.М. Лившиц, А.А. Абрикосов, Е.М. Лифшиц, И.М. Халатников, т.б.) мектебін құруына ықпалын тигізді. Ресей ұлттық академиясының Теориялық физика институты Ландаудың есімімен аталады. КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1946, 1949, 1953) Нобель сыйлығы (1962) және Лениндік сыйлық(1962), лауреаты болды, Социалистік Еңбек Ері (1954). 3 мәрте Ленин орденімен, т.б. орден, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Өлеңті — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы ауыл, Өлеңті ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ерейментау қаласынан шығысқа қарай 40 км-дей жерде, Өлеңті өзенінің сол аңғарында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1961 – 1997 жылдары өзімен аттас қой өсіретін кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде Өлеңтіде және округке қарасты Қоржынкөл, Өлеңті темір жол бекеттерінде ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл арқылы Астана – Ерейментау – Екібастұз – Павлодар темір жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Қостанай облыстық филармониясы, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы – концерттік шығармашылық ұжым. 1944 жылы құрылған. 1980 ж. Қазақстанның халық артісі Е.Өмірзақовтың есімі берілді. Филармонияның құрамында Орыс ұлт-аспаптар оркестрі, “Ақжелең” ұлттық фольклорлық ансамблі, “Костанайские зори” би ансамблі, “Славян әндері” ансамблі, “Сахара сазы” музыкалық ән-би ансамблі, үрмелі аспаптар квинтеті, эстрада және джаз музыкасы оркестрі, балалар мен жасөспірімдерге арналған музыка, абонемент, “Тамаша” сатиралық театры, балаларға арналған музыкалық театр, “Акция” және “Дискотека” осы заманғы музыка ансамблі, “Обозрение” цирк клубы, “Ақ бидай” эстрадалық ансамблі, ардагерлер хоры бар.
## Дереккөздер |
Жарлық (моңғ. ĵarliɣ «жариялау, хабарлау», түрк. ярлэк - «әмір, бұйрық», көне орыс ярлыкъ - «хан жарғысы») — моңғол хандарының қол астындағы зайырлы және рухани билікке ие тұлғаларға берілген жазбаша бұйрығы немесе ерекше хаты.
## Шығу тарихы
Жарлық тарихы — орта ғасырлардағы түркі мемлекеттеріндегі ханның немесе әскербасыларының бұйрығы. Алтын Орда мен Қырым хандарының Жарлықтары біздің заманымызға дейін жеткен. Хандардың өздеріне тәуелді бектерді тағайындау және ішкі-сыртқы саясат мәселелеріне қатысты Жарлық шығаруы үрдіске айналған. Бұл құжаттар қазіргі заманғы зерттеушілер үшін маңызды тарихи деректер болып отыр. Мысалы: Тоқтамыс ханның (1392 — 1393 жылы) Польша королі Ягайлоға жолдаған Жарлықтары екі мемлекеттің қарым-қатынасынан тың мағлұматтар береді.
Моңғолдың джарлик сөзі «үлкеннен кішіге сөз» мағынасын білдіреді.
Жағашай түркілері жарлық (ярлыг, ерлык, ерлыг) зат есімінен ярлымак (бұйрық бері, айту) етістігін құрастырған. Моңғол билігі кезінде қол астындағы халықтардың тілдеріне (орыс, парсы, араб, сирия, армян және т.б.) енген.
## Сипаттамасы
Материал ретінде қағаз пайдаланды. Беттің (кейде бірнеше бет) ені 20 см, ал ұзындығы 1,5 метрге дейін жететін. Мәтін, негізінен, қара сиямен жазылатын. Алайда, кейбір үзінділер үшін қызыл және алтын түстер қолданылған.
## Сақталу орындары
Киевтегі, Владимирдегі, Мәскеудегі митрополиттердің архивтерінде сақталатын алтынордалық жарлықтардың басым бөлігі ұйғыр тілінен орыс тіліне аударылатын. Алайда, мәтінінің қиындығына байланысты кейбір жарлықтар бірден аударылмады. Қысқаша жинақтың қорытынды құрамы 1410 жылдары митрополиялық мұрағат материалдарының негізінде қалыптасты. Жарлықтар 1460 жылдардың басында аударылған антилатиндік мақалалармен біріктіріліп, Троиц-Сергиев монастыріне жеткізілді. Орыс княздері мен дінбасыларына берілген жарлықтардың басым бөлігі XV-XVI ғасырларда жойылған. Жарлықтар туралы ақпарат осы күнге дейін жылнамалар арқылы да жеткен.
## Қазақстан Республикасындағы жарлықтар
Құқықтық жағынан Жарлық нормативтік және нормативтік емес болып бөлінеді. Нормативтік Жарлық мемлекеттің бүкіл аумағында міндетті күші бар құқықтық нормаларды белгілейді. Нормативтік емес Жарлық нақты оқиғаға байланысты шығарылады (мысалы, азаматтарды лауазымды қызметке тағайындауға, марапаттауға, т.б. байланысты). Қазақстан Республикасының Конституциясында (45-бап, 1-тармақ): “Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады” деп көрсетілген. Жарлық жарияланған күннен не Жарлықта арнайы көрсетілген мерзімнен бастап мемлекеттің барлық аумағында күшіне енеді.
## Галерея
## Әдебиет
* Почекаев Р. Ю. Право Золотой Орды / Изд.: Казань. «Фэн», 2009. — 260 с. ISBN 978-5-9690-0102-2
* Памятники русского права. Памятники права периода образования русского централизованного государства XIV—XV вв. Под.ред. В. Гусев. — М., 1955
* Плигузов А. И. Древнейший список краткого собрания ярлыков, данных ордынскими ханами русским митрополитам. Русский феодальный архив XIV — первой трети XVI века, вып. III, М., 1987. |
Қосарал – Арал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі аралдар тобы. Олар бірімен-бірі тіркес солтүстіктен оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан құмқайрақтардан тұрады. Солтүстігіндегі бөлігінің ұзындығы 13,0 км, екіншісінің ұзындығы 4,0 км. Теңіз суы тартылып Қосарал аралдары жағалаулық құмды өңірге айналды.
## Дереккөздер |
Нұрлан Әлтайұлы Өнербаев (1961 жылы 4 қарашада Түркістан облысы, Төле би ауданындағы Қазақстан ауылында туған) — әнші, актер, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1995). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2008). Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері (1995).
## Білімі
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
* 1978 -1980 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы актерлер студиясын бітірді.
* 2000 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Заң факультетінің "заңгер-құқықтанушы" мамандығы бойынша дипломын алды.
## Толығырақ
* Нұрлан Әлтайлы 1961 жылы 4 қарашада Түркістан облысы, Төле би ауданындағы Қазақстан ауылында дүниеге келген.
* 1980 - 1991 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері болды.
* 1990 - 1998 жылдары Қазақ радиосының директоры.
* 1996 - 1998 жылдары «Хабар» агенттігінде аудармашы, дубляж бөлімінің жетекшісі.
* 1998 - 2002 жылдары Қазақстан Президентттік оркесторының әншісі.
* 2001 - 2006 жылдары Қазақстан ұлттық телеарнасының бас директорының орынбасары.
* 2007 - 2008 жылдары Алматы қласының мәдениет басқармасының басшысы.
* 2008 - 2011 жылдары ҚР Парламенті мәжілісінің 4 шақырылымының депутаты болды.
* 2011 жылдан шығармашылықта.
## Шығармашылығы
Нұрлан Өнербаевтың үлкен сахнадағы әншілік, орындаушылық өнер жолы 1986 жылдардан бастау алады. Ол «Сағыныш», «Анашым», «Әке арманы», «Қазақ қызы», «Сұлулық», «Ауылым», «Туған күн», «Сағындым ауылды», «Жан аға», «Махаббат көктемі», «Қарағым-ай», «Аққуым», «Таңғы тілек», «Ақ тілек», «Ай да, күн де» әндерін, сондай-ақ халық әндерінен «Дударай», «Сандуғаш», «Бір бидай арпа», «Үкілі кәмшат», «Ой көк», «Беу, айдай», «Бипыл» әндерін орындап жүр. Өнер сапарымен, концерттік бағдарламамен Түркия, Италия, Франция, Жапония, Чехия, Словакия, Марокко, Қытай, Германия, Моңғолия елдерінде болды. «Сұлулық», «Жан аға» атты аудио кассеталары мен «Қарағым-ай» және бірнеше үнтаспалары шыққан.
## Мемлекеттік марапаттары
* 1993 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері
* 1995 жылы ҚР Үкіметінің "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері
* 1995 жылы елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" құрметті атағымен марапатталды
* 1998 жылы "Астана" медалі
* 2001 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
* 2008 жылы "Астанаға 10 жыл" медалі
* 2008 жылы елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды
* 2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
* 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі және т.б медалдармен марапатталған.
* ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке "Алтын Барыс" алтын төсбелгісімен және де алғыс хатымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Райхан Өскенбаева (1940 ж.туған) – ауыл шаруашылығы маманы. Қазақ КСР Жоғарғы Ке¬ңесінің депутаты (1981). Бұрынғы Келес ауданы Келес кеңшарында механизатор болып жұмыс істеген.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Өркенді — Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл, Ынтымақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жетісай қаласынан солтүстікке қарай 15 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1957 жылы құрылған «Победа» мақта кеңшарының орталығы болып, 2001 жылға дейін Победа ауыл аталып келді. Кеңшар негізінде ӨК, шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.
## Инфрақұрылымы
Өркенде орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Жарма өзені – Ертіс алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Абай облысының Жарма ауданы жерімен ағып өтеді.
## Бастауы
Қандығатай тауының оңтүстік етегіндегі бұлақтардан басталып, Шар өзеніне жетпей, Ақбұзау ауылының батысында тартылып қалады.
## Гидрологиясы
Өзен арнасы жоғарғы ағысында тар, жағасы тік жар, орта, төменгі ағыстарында арнасы кең, жағасы жайпақ, жайылмасында құрақ, қамыс, шалғын өседі. Жылдық орташа су ағыны Қапанбұлақ темір жол стансасы тұсында 0,7 м3/с. Өзен жағалауында Жарма, Жаңғызтөбе темір жол стансалары орналасқан.
## Дереккөздер |
Баянбай батыр (шамамен 1709 - 1767) – Абылай ордасының белгілі қолбасыларының бірі.
Шыққан тегі Орта жүз Найман тайпасының Бағаналы руы.
Талқы, Күркілдек, Ебі, Еміл, Айдынсу, тағы басқа жерлерде болған соғыстарға қатысқан. Қазақ - жоңғар, Қазақ-Қытай қарым-қатынасы Қазақ хандығының беделді тұлғасы ретінде араласқан. Баянбай батыр бейнесі Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Жанұзақ жырау, тағы басқа жыраулардың туындыларында сомдалған.
## Дереккөздер |
Төретай – Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы қыратты жон.
## Географиялық орны
Балқаш көліндегі Жылтың, Жетімтүбек түбектерінен солтүстікке қарай 30 км жерде орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15-17 км-ге созылып жатыр, ені 2-3 км. Ең биік жері – Тесіктас тауы (616 м), оңтүстігінде Итбас тауы (612 м).
## Геологиялық құрылымы
Кембрийдің эффузиялық шөгінділерінен (интруздық құмтасты габбро, яшма, диабаз, алеврит, т.б.) түзілген.
## Өсімдігі
Нашар дамыған бозғылт қоңыр топырағында баялыш, сұр жусан, қара жусан, т.б. шөлейт өсімдіктері өседі.
## Дереккөздер |
Саңырық Тоқтыбайұлы (1691 – өлген жылы белгісіз) — қазақ батыры. Ұлы жүз, Ошақты руының Тасжүрек атасынан шыққан, шешесі жағынан Кіші жүз Тайлақ батырға немере жиен. Қожаберген жыраудың “Елім-ай” дастанында Саңырақ есімі де аталады. Ә.Диваев мәліметтерінде де Саңырақ есімі кездеседі. Зерттеушілердің пікірінше, Саңырақ 18 ғасырда болған негізгі қазақ-жоңғар соғыстарының барлығына қатысқан. Ол Бұланты, Қарасиыр шайқастарында қазақ қолының алғашқы жеңістеріне үлес қосты. Аңырақай шайқасында садақшыларға жетекшілік еткен. Ұрпақтары Жамбыл облысының Талас, Сарысу аудандарында тұрады.
## Дереккөздер |
Гүлжан Ұсанбекқызы Түткебаева (12.3.1964 ж.т., Алматы) - балерина, Қазақстанның халық артисі (1996). 1982ж. Мәскеудің академия хорегорафия училищесін (П.А. Каленченко және профессор Р.С. Петерсоннан), Алматы театр және кино институтын (профессор З.Райбаевтың жетекшілігімен) бітірді. 1982 жылдан Қазақ академия опера және балет театры құрамында жетекші балерина ретінде қызмет етіп, Қарагөз (Ғ.Жүбанованың осы аттас балетінде), Қалыңдық (С.Еркімбековтің "Мәңгі отында"), Қалыңдық, Шамхат (Т.Мыңбаевтың "фрескаларында"), Одетта Одиллия, Маша, Аврора (П.И. Чайковскийдің "Аққу көлі", "Шаттауығы" мен "Үйқьшағы аруында"), Китри (Л.Минкустың "Дон-Кихотында"), Эгина (А.И. Хачатурянның "Спартагында"), Зарема (Б.В. Асафьевтің "Бақшасарай фонтанында"), Раймонда (А.К. Глазуновтың осы аттас балетінде), Жизель (А.Аданның осы аттасбалетінде), Сильфида(Шнейнгоффердің осы аттас балетінде), Кончита (А.Рыбниковтың "Юнона мен Авосында"), Әйел (А.Онеггердің "Ер мен әйелінде"), т.б. партияларды биледі. 1997 жылдан репетиторлік және педогогика қызметпен айналысады: аға оқытушы, 2002 жылдан Қазақ Ұлттық өнер академиясында хореография режиссурасы кафедрасының меңгерушісі. Қазақ академия опера және балет театры құрамымен Ресейдің (Иваново, 1983; Грозный, Краснодарь, Сочи, 1986; Орынбор, 1997), Өзбекстанның (1998, Ташкент), Қытайдың (Шанхай, 1993; Пекин, 1994) қалаларында, Мальтада (1991), сондай-ақ жеке өзі гастрольдік сапармен Санкт-Петербург (1990-1991), Екатеринбург (1992), Мәскеу (1993), т.б. қалаларда болды. Халықаралық балет артистері байқауларының (Мәскеу, 1989; Варна, 1990; АҚШ-тың Джексонқ. 1990) дипломанты, 2-Халықар. "Дәстүр жүлдесі" фестивалінің, "Дарын" сыйлық (1992) лауреаты. Өзбекстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1998) марапатталған.
## Дереккөздер |
Бармақ Мұхаммедқалиұлы (1703, Солтүстік Қазақстан облысы Целинный ауданы — өлген жылы белгісіз, Орынбор облысы Ақбұлақ ауданы) — батыр, қолбасы.
Руы — Уақ.
Бармақ 1723 — 1758 жылы Еділ-Жайыққа батыстан шабуылдаған қалмақ шапқыншылығына, Маңғыстауды басып алған түрікпендерге, шығыстан баса-көктеп қазақ жеріне ішкерілей енген жоңғар басқыншыларына қарсы күрестерде Кіші жүз жасағына Балта, Бөгенбай батырлармен бірге қолбасылық еткен. Әбілқайыр ханның Ресей империясының қол астына өту туралы шешіміне наразылық танытқан. Бармақтың ерліктерін кезінде қазақ ақын-жыраулары жырға қосқан. Бізге жеткен “Бармақ батыр” қиссасының алғашқы нұсқасын Дәстем Қарабасұлы жырлаған. Бармақ батырдың ұрпақтары Ресейдің Орынбор облысы Ақбұлақ ауданында, Ақтөбе қаласы мен облысында өмір сүріп жатыр.
## Дереккөздер |
Ілібай кесенесі, Қуандық кесенесі – 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың бас кезіндегі сәулеттік ескерткіш. Талас ауданы Сейілбек ауылында орналасқан.
Кесенеге 1936 жылы А.Н. Бернштам зерттеу жүргізді. Күйдірілген кірпіштен салынған. Қираған кесененің оңтүстік-батыс қабырғасы ғана сақталып қалған.
## Дереккөздер |
Қосарық - Баян – Жаңадария өзенінің оң жағалық аңғарындағы арық. 19 ғасырдың басында салынған. Баян атты қыз сол жердегі бір жігітке ғашық болыпты. Қыздың әкесі талас тудырған жерден арық қазып берсең, қызымды беремін, – деп шарт қояды. Жігіт арықты ұрымтал жерден қазып (сағасын алып) бір сағадан екі жарманы бөлектеп, бірін ғашығы Баян ауылына, екіншісін өз ауылына бұрыпты. Арықтың қазылуына себепкер болған Баянның және жігіттің арықтары бірігіп, ел оны Қосарық - Баян деп атап кетті. Каналдың ізі қазіргі уақытқа дейін байқалады.
## Сілтемелер
Қазақ Энциклопедиясы III том 12 тарау |
Ткаченко Гавриил Кириллович (29 Наурыз 1922, Ақмола облысы Шортанды ауданы Николаевка ауылы – 4 Сәуір 1980, Алматы қаласы) – медицина ғылымының докторы (1964), профессор (1965). Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1972).
## Қысқаша өмірбаяны:
1942 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген. 1942–1949 жылдары осы оқу орнында ординатор, ассистент. 1949–1964 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Клиникалық және эксперименталды хирургия ғылыми-зертеу институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі. 1975–1980 жылдары директоры. 1965–1975 жылдары Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі. 1964–1980 жылдары Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министірлігінің бас хирургі қызметтерін атқарған.
## Еңбектері және жетістіктері:
«О первичной обработке случайных ушибленно-рваных ран и открытых переломов конечности (клинико-экспериментальное исследование)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері жарақат, туберкулез, т.б. ауруларды хирургиялық жолмен емдеу мәселелеріне арналған. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Өлеңшөп (лат. Scirpus) – қияқөлеңдер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Тропиктік және субтропиктік аймақтарда 250-ден астам түрі кездеседі. Қазақстанда Сырдария, Тобыл –Есіл, Ертіс өзендерінің бойында, Балқаш – Алакөл ойысында, Іле, Шу алабындағы өте ылғалды жерлерде, батпақты шалғында, кейде суда өсетін 14 түрі бар. Ең жиі кездесетіні – қара Өлеңшөп (Scіrpus lacustrіs). Оның биіктігі 2,5 м-дей, төселмелі тамыр сабақты, сабағының жуандығы 2 – 3 см, беті тегіс, жұмыр болады. Жапырағы таспа пішінді. Гүлдері қосжынысты, протогиния (гүл аталықтарының аналығынан ертерек пісіп жетілуі) жиі байқалады. Гүлшоғыры – сыпыртқы. Негізінен тамыр сабақтары арқылы, кейде тұқымынан да көбейеді. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – үш қырлы жаңғақша. Қара Өлеңшөп кейде көл бетін жауып кетіп, шымтезекке (торф) айналады. Сабағын түрлі тоқыма бұйымдар жасауға, жылу ұстағыш құрылыс материалдарын және сүрлем дайындауға пайдаланады. Химиялық әдіспен қарамай, спирт, сірке қышқылы дайындалады. Кейбір тропиктік түрін, мысалы, Титикака көлінде (Орта Анд тауы) өсетін Калифорния Өлеңшөпінен үндістер өздері тұратын баспана және жүзіп жүретін “қамыс аралдарын” (оған картоп егеді) тоқиды. Жергілікті халық дәрілік өсімдік ретінде қолданады. Сонымен қатар Өлеңшөп қалың өссе, суармалы егіс дақылдарына зиян келтіреді.
## Сілтеме
## Дереккөздер |
«Өскен Өңір» – аудандық газет. 1969 ж. Шардара ауданында «Өскен өңір» – «Возрожденная степь» болып шыға бастады. Газетті 1971 – 77 ж. Б.Тұрмағанбетов, 1977 – 81 ж. К.Үкібаева, 1981 – 83 ж. М.Аңламасов, ал 1983 жылдан Ж.Мұқанов басқарды. Газет қабырғасында Ә.Балқыбек, Ә.Шегебай сынды танымал журналистер еңбек еткен. Таралымы 5000 дана. Орыс тіліндегі «Возрожденная степь» басылымы 1991 ж. таратылған.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Қосасар – Қармақшы ауданындағы жер. Тұрмағамбет ауылынан 4 км жерде, Қурайлы және Мәдениет каналдары аралығында орналасқан. Екі белестен (асардан) тұрады. Белестердің орта тұсында өзімен аттас артезиан құдығы орналасқан. Батысында Жосалы даласы жатыр. Заманымыздан бұрынғы 4 және заманымыздың 1-ғасырларда болған Қосқорған ұғымындағы ежелгі шағын қаланың орны сақталған.
## Сілтемелер
Қазақ Энциклопедиясы III том 12 тарау |
Қостанай су құбыры – Қостанай облысының елді мекендерін сумен қамтамасыз етуге арналған, Тобыл өзенінен бастау алатын жүйелі су құбыры ұзындығы 1380 километр, су ағымы тәулігіне 65,8 мың м3. Меңдіқара, Қостанай, Федоров және Сарыкөл аудандарының 40-тан астам елді мекендері мен осы аудандардағы кәсіпорындарды сумен қамтамасыз етеді.
## Пайдаланған әдебиетттер |
Жекекөл — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Петров ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 233 адам (120 ер адам және 113 әйел адам) болса, 2009 жылы 129 адамды (62 ер адам және 67 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Роза Фатыховна Гатина (1953 ж.т., Тәжікстан, Гарм ауд.) – химия ғылым доктыры (1994ж.), профессор (1997ж.). Тәжік мемлекеттік университетін бітірген (1974ж.). 1974–1978 ж. №1 кәсіби тех. училищеде (Душанбе қ.) тәрбиеші, химия пәнінің оқытушысы, Тәжікстан ғылым академиясының Химия институтында аға лаборант, кіші, аға ғылым қызметкер (1978–1994ж.), Химия институты тәжірибелік з-тының ғылым-өндірістік фирмасының директоры (1994–1996ж.), 1996 жылдан Оңтүстік Қазақстан тех. университетінің проф. қызметтерін атқарады. 90-нан астам ғыл. мақаланың авторы.
## Дереккөздер |
Түймебай Өстеміров (1920, Арыс ауданы Сүткент ауыл – 1984, Сарыағаш ауданы) – Социялистік Еңбек Ері (3.12.1949). 1940 – 44 ж. Қызыл Армия қатарында 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1944 – 50 ж. Сырдария кеңшарында аға шопан болды. 1954 ж. Ташкент зооветеринарлық техникумын бітіріп аталмыш кеңшарда зоотехник болып істеді.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.