text
stringlengths
3
252k
Естемі қаған (т. ж. б. – 576) — Түрік қағандығының қолбасшысы, Бумын қағанның інісі. Жылнамашылар оны қаған деп атағанымен, Естемі жабғу қызметін атқарған. Яғни қағанатта қағаннан кейінгі екінші адам болған. Көне түрік жазбаларында І. ағасы Бумынмен бірге түркілердің арғы аталарының бірі және олардың тайпалық одақтарының негізін қалаушы ретінде аталады. Ежелгі түркі сына жазуы ескерткіштерінің авторлары Тоныкөк пен Иоллығ тегін І-нің ақылды, жаужүрек болғанын әрі соғыс өнерін жетік білгенін, соның нәтижесінде көп жыл билік құрғанын баса айтады. І. 10 түмен әскерге қолбасшы болып, баһадүр лауазымын алған. 552 – 53 ж. ху елін (соғдыларды), Алтайдың солт-ндегі тайпаларды бағындырған. 554 – 55 ж. жужандарға жорық жасап, оларды Арал т-нен әрі қуып, аз уақыт ішінде Қытайдан Әмударияға дейінгі, Ташкенттен Сырдарияға дейінгі аралықты жаулап алған. 558 ж. Еділдің жағасына, Орал тауына дейін жетті. Дегенмен, Орт. Азияның ішкі аумақтарына қарай жасаған жорықтарында ақ ғұндардан қатты қарсылық көріп, бұл бағытты уақытша тоқтатады. Ақ ғұндарға қарсы саяси одақ құру үшін І. Иран шахы Хұсрау І Ануширванмен келісімге келіп, Мұқан қаған Қытай императоры Ювин-Таймен құдандалы болады. Нәтижесінде 563 – 67 ж. ақ ғұндар мемлекеті талқандалды. І. түріктердің батыстағы он ірі тайпа бірлестігін біріктіргені үшін “Он оқ будун қағаны” атанды, бірақ ресми түрде қаған сайланбаған. Өзара келісім болғанымен Түрік қағандығының Жібек жолының керуен бағыттарына бақылау орнатуы Иран шахына ұнамады. Сондықтан І. Орта Азиядағы өзінің саяси билігін біржолата нығайту үшін, Византияға Маниах бастаған елшілік жіберді. Бірақ бұл елшілік те, одан кейінгі екінші елшілік те Иран шахының тарапынан сәтсіздікке ұшырады. Бұдан кейін І. Иранмен арадағы одақты жойып, Византиямен қарым-қатынасты күшейту үшін Маниах бастаған елшілікті Кавказ арқылы Константинопольге аттандырды. Нәтижесінде екі ел арасында сауда келісімі мен Иранға қарсы әскери одақ құрылды. Византия императоры Юстин ІІ І-ге Земарх бастаған өз елшілігін жіберді. Осыдан кейін І. Иран шахына шабуыл жасап, Журжан қ-н басып алды. Көп ұзамай Соғдиана І-нің қолына өтті. Алайда Византия императорының аварлармен келісімге келгенін естіген І. ұлы Түріксанфпен бірге 571 – 76 ж. Солт. Кавказ бен Қырымға жорық жасады. Осы жорықтың аяғына қарай І. қайтыс болып, орнына баласы Данже таққа отырып, өзін Дарту қаған деп атады. ## Пайдаланылған cілтемелер Әдеб.: Қазақтың көне тарихы, А., 1993; Гумилев Л.Н., Көне түріктер, А., 1994; Қазақстан тарихы, 1-т., А., 1996. З. Қинаятұлы
Қарақ, Қарақжалы, Қарақтауы – жер атауы, тарихи мекен. Қармақшы ауданынан 150 – 160 км жерде орналасқан (қазіргі Т.Көмекбаев атындағы ауылдан 10 – 15 км, Қуаңдария өзенінің арғы бетінде) биік төбе. Басында және төменгі жағында Қара Ата атты әулиенің бейіті және қойтастан қаланған бейіттер бар. Үлкен Қарақ, Кіші Қарақ деп аталады. Басында 1824 – 50 жылдары бұлақ болған. Көне Үргеніш пен Бұхараға барар жол Қарақ арқылы өткен. Орыс саяхатшы 1834 жылы Қарақта болғанын жазады. Қарақта 18 – 19 ғасырларда бірнеше шайқастар болған. 1930 жылдары Қарақта Кеңес өкіметіне қарсы Ақмырза ишан бастаған шаруалар көтерілісі басталып, 1930 жылы 14 наурызда үлкен шайқасқа айналған. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Серік Бәриұлы Шотықов (5.3.1937 ж. т., Алматы облысы Қаратал ауданы Алғазы аралы) – актер, Қазақ КСР-інің халық артисі (1990). Еңбек жолын Талдықорған драма театрының көлік жүргізушісі болып бастаған. Осы театрда қойылған І.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында” спектаклінде ойнаған Шотықов шағын эпизодтық фотограф Сайлаубектің рөлін (1959) сәтті орындауымен актерлік өнер жолына біржола бет бұрды. Ол жарты ғасырлық шығармашылық еңбек жолында 250-ге тарта рөлдерде ойнады. Ш. Жантық, Қарабай, Сердәлі (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” мен “Ақан сері – Ақтоқты”), Жапал, Көбей (М.Әуезов, “Еңлік – Кебек”), Мәмбет (Ш.Айтматов пен Мұхамеджанов, “Көктөбедегі кездесу”), Төле би (Т.Ахтанов, “Ант”), Кэлин Абабий (И.П. Друцэ, “Ең киелі қасиет”), Соленый, Гаев (А.П. Чехов, “Апалы-сіңлілі үшеу” мен “Шиелі бақ”), Майор (И.Эркень, “Сау басыма сақина”), Вурм (Ф.Шиллер, “Зұлымдық пен махаббат”), Сайқымазақ, Дункан (У.Шекспир, “Король Лир” мен “Макбет”, алғашқы рөлі үшін 1977 ж. классикалық туындылар бойынша қойылған спектакльдердің Республикалық байқауында 1-дәрежелі дипломға ие болды) сияқты әр алуан жанрдағы спектакльдерде қызғылықты да күрделі сахналық мінез-кейіптерді жасады. Қызылорда драма театрының көркемдік жағын (2001 – 03) басқарумен қатар әр жылдары спектакльдер де (І.Найманбаевтың “Домалақ арыз”, І.Сүйенішовтың “Сен де жалғыз, мен жалғыз”, екеуі де 1987; С.Балғабаевтың “Біз де ғашық болғанбыз”, О.Бодықовтың “Үйленгім келмейді”, екеуі де 2002; Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, 2003) қойған. “Құрмет” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Шуйское — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы ауыл, Макеев ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Атбасар қаласынан солтүстікке қарай 32 км, Жыланды өзенінің сол жағасында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланып, “Шуйский” астық кеңшарының орталығы болып келді. Қазір кеңшар негізінде “Шуйское” ӨК жұмыс істейді. Шуйское арқылы Атбасар – Балкашино – Көкшетау автомобиль жолы өтеді. Таяу темір жол стансасы – Атбасар (42 км). ## Дереккөздер
Шұбарағаш – Жайық алабындағы өзен. ## Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 61 км. ## Бастауы Жайықтың тармағы Көшім өзеніне Дөңгелек бөгенінен 10 км төменде сол жағынан құяды. Жайықтың ескі тармақтарының бірі. ## Дереккөздер
Қарақисық Қосұлы (шамамен 1798 – 1860) – батыр. Кіші жүздің Кете руынан шыққан. 1818 – 50 жылдары Жаңадария мен Қуаңдария өзендерінің бойында бекініс салып, қазақтардан алым-салық жинау үшін Қоқан және Хиуа бектері жіберген жасақтармен соғысқан. Ел аузындағы аңыз әңгімелер негізінде Ә.Жұматаев (1910 – 78) «Қарақисық батыр» дастанын жазған. Қызылорда облысының Ақтайлақ өңірінде Қарақисық деген жер атауы бар. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Желілі жыныстар. Аплиттер — сырт бейнесі қант тәрізді структуралы, майда түйірлі, тығыз микрокристалдық ақшыл жыныстар. Аплит гранит магмасынан шығады. Аплиттердің басты кұрамы кварц пен ортоклаз кристалдарынан тұрады. Пегматиттер — минералдық кұрамы жағынан гранитке (аплитке) ұқсас, онан өзгешелігі өте ірі кристалды тау жыныстары. Бұлар қалдық магманың газдарға бай бөлімінен пайда болады. Пегматиттердің ішіндегі ең маңызды газдар — минерализаторлар — ыстық судың булары, фтор, хлор, күкірт, бор, фосфор, қоспалары және басқалар. Пегматиттер әсіресе гранит магмасына байланысты жиі кездеседі, бұлар гранит-пегматиттер деп аталады. Пегматит құраушы ірі кристалдар — кварц, дала шпаты, слюдалар. Қосымша минералдар: турмалин, берилл, топаз және литий, рубидий, цезий, ниобий, тантал сияқты сирек элементтердің минералдары. Демек, пегматит кенге бай зат. Пегматиттер интрузивтік дененің өзінде немесе оның дәл қасында кездеседі және олар формасыз линза, ұяшық және іші қуысты желілі түрінде пайда болады. Сол қуыстардың ішінде жоғарғы айтылған минералдардың әдемі кристалдары кездеседі. Пегматиттер мен аплиттердің желілері граниттермен тығыз байланысты, олардың жапсарын дәл белгілеу кейде өте қиын. Лампрофирлер. Аплиттер мен пегматиттерден басқа лампрофир деп аталатын желілі жыныстардың тағы да бір тобы кездеседі. Олардың түстері қара немесе күңгірт жасыл болады. Лампрофирлер көбінесе биотит, қоңыр амфибол немесе пироксендер сияқты түсті минералдардан тұрады. Оларда ортоклаз бен плагиоклаздардың саны тым аз. Лампрофирлерде көбінесе қайталама кальциттер мол болады. Бірқатар жерлерде алтынның және басқа пайдалы қазындылардың кендері лампрофирлермен байланысты келеді. ## Дереккөздер
## Елді мекендер Қазақстан: * Первомайское – Абай облысы Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылдық округінің құрамында болған ауыл, 2000-шы жылдардың басында таратылған. * Первомайское – Ақмола облысы Бурабай ауданындағы Обалы ауылының бұрынғы атауы. * Первомайское – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. * Первомайское – Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы ауыл. * Первомайское – Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы ауыл. * Первомайское – Қостанай облысы Денисов ауданында болған ауыл, 2017 жылы таратылған. * Первомайское – Қостанай облысы Қарабалық ауданында болған ауыл, 2023 жылы таратылған. * Первомайское – Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы ауыл. * Первомайское – Қостанай облысы Фёдоров ауданындағы ауыл. * Первомайское – Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл. * Первомайское – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Алтынкөл ауылының бұрынғы атауы. Қырғызстан: * Первомайское – Жалалабат облысы Базарқорған ауданындағы айыл. * Первомайское – Нарын облысы Атбасы ауданындағы айыл. * Первомайское – Ош облысы Алай ауданындағы айыл. * Первомайское – Ош облысы Қарақұлжа ауданындағы айыл. * Первомайское – Талас облысы Бақайата ауданындағы айыл. * Первомайское – Шу облысы Панфилов ауданындағы айыл. * Первомайское – Шу облысы Ыстықата ауданы, Аққұдық ауылдық округіндегі айыл. * Первомайское – Шу облысы Ыстықата ауданы, Нұрманбет ауылдық округіндегі айыл. ## Елді мекендер Қазақстан: * Первомайское – Абай облысы Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылдық округінің құрамында болған ауыл, 2000-шы жылдардың басында таратылған. * Первомайское – Ақмола облысы Бурабай ауданындағы Обалы ауылының бұрынғы атауы. * Первомайское – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. * Первомайское – Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы ауыл. * Первомайское – Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы ауыл. * Первомайское – Қостанай облысы Денисов ауданында болған ауыл, 2017 жылы таратылған. * Первомайское – Қостанай облысы Қарабалық ауданында болған ауыл, 2023 жылы таратылған. * Первомайское – Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы ауыл. * Первомайское – Қостанай облысы Фёдоров ауданындағы ауыл. * Первомайское – Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл. * Первомайское – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Алтынкөл ауылының бұрынғы атауы. Қырғызстан: * Первомайское – Жалалабат облысы Базарқорған ауданындағы айыл. * Первомайское – Нарын облысы Атбасы ауданындағы айыл. * Первомайское – Ош облысы Алай ауданындағы айыл. * Первомайское – Ош облысы Қарақұлжа ауданындағы айыл. * Первомайское – Талас облысы Бақайата ауданындағы айыл. * Первомайское – Шу облысы Панфилов ауданындағы айыл. * Первомайское – Шу облысы Ыстықата ауданы, Аққұдық ауылдық округіндегі айыл. * Первомайское – Шу облысы Ыстықата ауданы, Нұрманбет ауылдық округіндегі айыл.
Шұбары – Целиноград ауданындағы ауыл, Қоянды аудандық округі құрамында. Астана қаласынан 16 км, Қоянды ауылынан 14 км жерде орналасқан. Тұрғыны 0,4 мың адам (2008). Ауылда мектеп, су тазартатын блок-модуль бар. ## Дереккөздер
Шымыров Қалқабек (1905, Қорғалжын ауданы – 1958) – соғыс ардагері. Ш. І-Украин майданының барлау бөлімінің штабына қарасты Чапаев атындағы партизан құрамасында саяси жетекшінің орынбасары болды. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ұлы Отан соғысының партизаны», «За победу над Германией в ВОВ» медальдарымен, маршал И.Коневтің алғыс грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
Хұсайын Малшыбайұлы ,Хұсайын бақсы (1904, ҚХР, Алтай аймағы, Бурылтоғай, – 1962, Баян Өлгий) – белгілі күйші, көріпкел. ## Толығырақ Орта жүз Керей руынан.Ағалары Оспан,Омар, Шәймерден, інісі Қасен шетінен домбырашы, күйші, жыршы, термеші болған. Осындай өнерпаздар ортасында өскен Хұсайын Малшыбайұлына ұлт-азаттық жолында күресуші Зұқа батыр айналасына жиналған әнші,ақын, домбырашылардың да (ақын Отарбай, күйші Аспандияр) ықпалы зор болды. Алғашында Қытайдың Алтай аймағында тұрған Хұсайын Малшыбайұлы, кейіннен Моңғолияның Қобда жағына өтіп, Баян-Өлгий аймақтық қазақ муз. драма театрының ұлт аспаптары оркестрі мен хорына қатысты. Өзі шығарған (“Кенжетал – менің арманым”, “Паровоз”, “Озат жорға”) және халық күйлері (“Сары өзен”, “Жаяу делдал”, “Телқоңыр”) Хұсайын Малшыбайұлының орындауында ұлт аспаптары оркестрінің репертуарына енді. Хұсайын Малшыбайұлының романтик. лирикалы тұрғыдағы табиғат құбылыстарын бейнелейтін “Сары қы-ран”, “Кезбесары”, “Ақжал жүйрік”, “Арман” күйлері өзінің тақырыбы мен стилі, көркем әуенімен ізгі арманды, қуанышты, осыған қоса табиғат құбылыстарының алуан түрлі суреттерін терең ойлылықпен әдемі бейнеледі. ## Өзіндік өнері Ол әр түрлі қағыстарды (мыс., ішек үстінде қысқа флажолеттер қолдану, алақанмен тұншықтырып, оң қолмен дірілдетіп қағу сияқты) шебер қолдануымен ерекшеленеді. Хұсайын Малшыбайұлы домбыра тартудағы осындай қағыстарды қолдану арқылы күйдің (“Долдалқыз”, “Былпылдақ”) мән-мағынасын ашып, толықтырып отырған. “Бұлбұл торғай” күйінде жоғарғы кішкене тиектің (шайтан тиек) түбінен флажолет алу арқылы домбыра тартуда өте сирек кездесетін тех. штрихты қолдануы домбыра аспабы дыбысынан гөрі құстың сайрауына көбірек ұқсастықты анық аңғартады. Әсіресе, “Кенжетал” күйі өзінің түр-пошымы, идеялық-көркемдігі мен әсем әуені кең, терең мазмұнымен автор күйлерінің ішіндегі шыңы болып саналады. Ел ішінде көріпкел бақсылығымен де аты шыққан. 1960 жылы оған “Аймақтық домбырашы” атағы берілген. 1960 жылы Х.Тастанов Хұсайын Малшыбайұлының орындауында 27 халық күйін, 9 халық күйшілерінің және өзінің шығарған 8 күйін үнтаспаға жазып алған. ## Дереккөздер
'Ісік, тін өсіндісі, бластома (ағлш. - tumor) – өзінің қалыпты пішіні мен қызметін жойған, организмнің түрі өзгерген клеткаларынан құралған тіндердің патологиялық жайылып өсуі. Ісік жасушалары ісікке шалдықтырған себептер тоқтаса да өсе береді. Көпшілік жағдайда ісік кәрі адамдарда пайда болатыны белгілі. Себебі адамның жасы ұлғайған сайын, оның иммундық жүйесінің жұмысы төмендеп, қауіпті ауруларға қарсы тұра алмайды. Көптеген онколог ғалымдар ісік аурулары өзінің өсу жолында екі сатыдан өтетінін дәлелдейді. Біріншісінде, канцерогендік заттардың әсерінен таза жасуша ісік жасушасына ауыса бастайды, бірақ ол белсенділік көрсетпей тыныш жатады. Екіншісінде, нағыз ісік түйіні пайда болып, ол өніп-өсе бастайды. Бұл екі сатының әрқайсысы организммен екі жақты қарым-қатынаста болады. Организмнің күш қабілеті, ісікке деген төзімділігі өте жоғары болса, онда бірінші саты ұзаққа созылып, екіншісінің болмауы да мүмкін. Кейде екінші саты біріншіге көшіп, кері процесс жүруі, сондай-ақ канцерогендер тікелей иммунитетке зиянды әсерін тигізіп, ісік ауруына әкелуі мүмкін. ## Қатерлі және қатерсіз ісіктердің айырмашылығы Қатерлі және қатерсіз ісік айырмашылығы: ## Тағы қараңыз * Қатерлі ісік * Қатерсіз ісік ## Дереккөздер
Қарақожаұлы Шәзінда (1934 жылы туған, Жаңақорған ауданы) – еңбек ардагері. Қазақстанның еңбек сіңірген мал дәрігері. Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын. (ҚазҰАУ) бітірген (1957). 1957 – 64 жылдары Жаңақорған ауданының Бесарық, Төменарық мал шаруашылықтарында мал дәрігері, нұсқаушы, партия комитетінің хатшысы, 1964 – 65 жылдары «Бірлік» кеңшарының директоры, 1965 – 78 жылдары «Красная звезда» кеңшарының директоры. 1978 – 80 жылдары аудандық партия комитетінің 2-хатшысы, 1981 – 90 жылдары «Бірлік» кеңшарының директоры, 1990 – 92 жылдары аудандық атқару комитеті төрағасының 1-орынбасары болды. 1992 – 94 жылдары аудан әкімінің 1-орынбасары қызметтерін атқарды. 1994 – 97 жылдары «Жайылма» жеке ұжымдық кәсіпорнын басқарды. Қарақожаұлы Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдарымен марапатталған. Жаңақорған ауданының құрметті азаматы. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Алғабас — Ақмола облысы Астрахан ауданы, Ұзынкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Облыс орталығы — Көкшетау қаласынан оңтүстікке қарай 190 км-дей, аудан орталығы — Астраханка ауылынан батысқа қарай 27 км-дей, Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 135 км-дей жерде Сабақты көлінің шығыс жақ жағалауында орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1935 жылы қаланды. ## Халқы Ауылда мектеп, дүкен бар. ## Дереккөздер
* Шагабутдинов Багаутдин (Бари) (1892, Тамбов облысы Азиево кенті — 1920, Бұхара қ.) — революцияшыл қайраткер. * 1910 ж. ата-анасымен Верныйға (Алматы) көшіп келіп, жергілікті саудагерлерге көшір, кейін пошта тасушы болды. * 1914 ж. 1-дүниежүз. соғыстың басталуына байланысты әскерге алынды. Шагабутдинов майданда жүріп рев. идеялармен танысты. * 1917 ж. майданнан қайтып, Ташкент пен Жетісу облысында кеңес өкіметін орнатуға және нығайтуға белсене қатысты. Ташкент пен Жаркентте большевиктік билікке қарсылық көрсеткен топтарды басып-жаншуға көмектесті. * 1919 ж. Жетісу облысы рев. к-тінің төрағасы, облыстық әскери комиссардың көмекшісі қызметін атқарды. * 1920 ж. Жетісу облысы соғыс комиссары және кеңес өкіметінің идеяларын насихаттайтын Жетісу облысы “Ұшқын” газетінің қызметкері болды. * 1920 ж. Түркістан АКСР-і кеңестерінің 9-съезінде Түркістан ОАК-нің және оның төралқасының мүшесі болып сайланды. Сол жылы М.В. Фрунзенің ұсынысымен Бұхар Халық Кеңес Республикасының тұңғыш әскери министрі болып тағайындалады. Бірақ бұл қызметте ұзақ бола алмай, сол жылы қазан айында жаудың қолынан қазаға ұшырады. Алматы қ-ндағы бір көшеге Ш. аты берілген. ## Сілтемелер * Жетісу * Түркістан АКСР * Түркістан ## Дереккөздер
Шағантоғай – Алакөл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы және Қазақстанның Абай облысы, (Мақаншы ауданы) аумағында. ## Бастауы Қытай аумағындағы Барлық тауының солтүстік-батыс беткейіндегі бұлақтардан бастау алып, Қазақстанда Еміл өзеніне сағасынан 23 км жоғарыда құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 104 км, су жиналатын алабы 693 км2. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Сәуір - мамыр айларында тасып, күзде сабасына түседі. Суының минералдылығы су тасу кезінде 150 — 300 мг/л-ден күзге қарай 400 — 600 мг/л-ге дейін өзгереді. Лайлылығы 800 — 1200 г/м3. Көп жылдық орташа су ағымы Қарабұлақ ауылы тұсында 1,41 м³/с. Суы егістік, шабындықтарды суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Перелески — Қостанай облысы Денисов ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Перелески ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Денисовка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1996 адам (990 ер адам және 1006 әйел адам) болса, 2009 жылы 1706 адамды (849 ер адам және 857 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1962 жылы мемлекеттік жер қорының негізінде кеңшар құруға байланысты қаланған. 1996 жылдан кеңшар негізінде құрылған шаруа қожалықтары жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Алматы — Ақмола облысы Есіл ауданы, Интернациональный ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1954 жылы тың жерді игеруге байланысты қаланған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Есіл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 60 км-дей жерде. ## Халқы Ауылда мектеп, дәрігерлік пункт, клуб, «Азан» ЖШС, 11 шаруа қожалығы бар. Ең жақын темір жол стансасы — Есіл (92 км). ## Дереккөздер
Кенжебек Алпысбаев (1903, Целиноград ауданы Оразақ а. — 1990) — еңбек ардагері, механизатор. Социалистік Еңбек Ері (1957). Еңбек жолын 1920 ж. бастаған. Шалқар кеңшарында жұмысшы (1929 — 34), Красный флаг ұжымшарында трактор жүргізушісі (1934 — 37), Семенов МТС-нда (1938 — 59), Воздвиженский кеңшарында комбайншы (1959 — 78) болып жұмыс істеді. 1978 ж. зейнеткерлікке шықты. Орден, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Ысқақов Пернебай Күгенбайұлы (1956 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы) – облыста спорт ісін ұйымдастырушы. 1991 ж. Алматы қаласындағы дене тәрбиесі институтын бітіргеннен кейін, фарфор з-тында «Труд» футбол командасын ұйымдастырып, кейін облыс біріншілігінде жеңімпаз болды. 1997 – 99 ж. ҚР Қоршаған ортаны қорғау Минститунің «Родники» демалыс үйінің және тау шаңғысы базасының директоры болды. 1999 ж. әйелдер арасынан «Оқжетпес» баскетбол клубын ұйымдастырған, қазір соның президенті. «Оқжетпес» командасы баскетболдан Ұлттық және Жоғары лигада өтетін ойындарға 1999 жылдан бері қатысып келеді. ҚР чемпионы (2005), күміс жүлдегері (2003, 2004), қола жүлдегері (2006) болды. ## Дереккөздер
Қуаныш Махмұтұлы Алпысбеков (1944 ж.т., Целиноград ауданы Новоишимка а.) — мемлекеттік қайраткер. ## Өмірбаяны * Новосібір темір жолы инженерлері институтын (1967), КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын (1980) бітірген. * Т.ж-да (1964 — 70), партия бөлімінде қызметте (1970 — 91). * ҚР көлік министрінің орынбасары (1991 — 92) * Ақтау қ-ндағы халықар. теңіз-көлігі компаниясының президенті (1992 — 95). * Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары (1995 — 2004). * ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (1999 — 2004). * ҚР Премьер-министрінің кеңсесі жетекшісінің орынбасары (2004 — 06). * 2006 жылдан ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі. ## Марапаттары 2 мәрте «Құрмет белгісі» ордені, медальдармен марапатталған.
Шошала, тошала – қазақ халқының көне баспаналарының бірі. Құрылымы аңшы қосына ұқсас. Оны тұрғызу үшін іргетасын дөңгелек етіп қаластырып, үстіне 10 – 15 сырықтан түзілетін сүйір құрылғы орнатады да, ағаш бұтақтармен шабақтап, киізбен бекітеді немесе қамыспен жауып, лаймен сылайды. Төбесін көтеріп тұратын ортаңғы бөлігі жуан сырғауылдан немесе жіңішке дөңбектен төрт бұрыш етіп құрастырылады да, аяқ (төмнгі) тұсы жерге көміліп орнатылады. Үстіне киіз үй шаңырағына ұқсатып конус тәрізді шатыр орнатқан. Қабырғасын шым, қамыс, қамкесек, қыш, тақтатас, қойтас, саманнан қалаған. Ерте кездері төбесі ашық қалдырылып, одан ошақ түтіні шыққан. Сондай-ақ Шошаланың қырлы призма пішінді түрі де болған. Төбесінен түтін шығатын шаңырағы бар Шошала түрі шарбақ Шоашала деп аталған. Шоашаланың пошымы киіз үйге ұқсас, төбе жабыны уыққа келеді. Баспана түрі жетілдірілген кезде Шошала шаруашылық мақсаттарға (қойма, отынхана, т.б.) пайдаланылған. Шошалаға ұқсас баспаналар энеолиттік ботай мәдениетін қалдырған тайпаларда кеңінен таралғандығын археол. деректер дәлелдеді. Мұның өзі Шошаланың бірнеше мыңжылдық тарихы бар екендігін айғақтайды. ## Дереккөздер
Ысқақова Баян Сейілханқызы(1957 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қызылту кенті) – дәрігер. Целиноград мемлекеттік медицина институтын бітірген (1980). 1981 – 87 ж. бұрынғы Көкшетау облысы Қызылту ауданы Чехов ауылында бас дәрігер, 1987 – 98 ж. ауданы орталығы аурухананың терапия бөлімінің меңгерушісі, 1989 – 91 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары болып, әлеум. мәселелер комиссиясының (оның ішінде халық денсаулығын қорғау) жұмысына жетекшілік етті, 1992 – 99 ж. Көкшетау темір жол ауруханасында бас дәрігердің орынбасары, 1994 – 95 ж. ҚР Жоғарғы Кеңесі депутаты болып сайланып, халық денсаулығын қорғау комитетінде, 1999 – 2000 ж. облыста қалалық денсаулық сақтау бөлімі бастығының орынбасары, 2000 – 02 ж. облысы нашақорлар диспансерінің бөлім меңгерушісі, 2002 – 03 ж. облысы денсаулық сақтау Басқармасында бас маман, 2003 – 05 ж. емдеу-аурудың алдын алу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 2005 жылдан облысы денсаулық сақтау Басқармасында емдеу-аурудың алдын-алу жұмыстары жөнінен бастықтың 1-орынбасары. ## Дереккөздер
Перевальное — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Краснояр ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Глубокое кентінен солтүстікке қарай 9 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1959 жылы етті-сүтті ірі қара мал өсіретін “Ертіс” кеңшарының орталығы ретінде қаланған. 1996 жылы кеңшар негізінде Перевальноеде шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл арқылы Өскемен — Рубцовск (Ресей) автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол станциясы — Предгорное (6 км). ## Дереккөздер
Інербаев Қорабай – малшы, еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1948). 1891 жылы қазіргі Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ащыкөл ауылында туған. ## Еңбек жолы * 1929 жылға дейін байлардың малын баққан. * Бағалы аңдар терісін өңдеу кәсібімен айналысқан. * 1940 жылдан жылқы фермасының меңгерушісі болады. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сәлтемелер * Инербаев Корабай, Ел қаһармандары  (орыс.)
Алтынды (2006 ж. дейін — Даниловка) — Ақмола облысы Бұланды ауданындағы ауыл, Алтынды ауылдық округі орталығы. Іргесі 1920 жылы қаланды. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Макинск қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, пошта, аудандық телекоммуникация бөлімінің телімшесі, дүкендер бар. 2-дүниежүзілік соғыстың құрбандарына ескерткіш орнатылған. Ауылдан 2 км жерден Астана — Петропавл автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасына дейін 17 км. ## Дереккөздер
Шошанай – Іле алабындағы өзен. ## Географиялық орны Алматы облысының Ұйғыр ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 56 км, су жиналатын алабы 334 км2. ## Бастауы Шошанай Кетпен (Ұзынқара) жотасының батыс бөлігінің солтүстік беткейіндегі бастаулардан басталып, Шонжы ауылы тұсында тартылып қалады. ## Гидрологиясы Өзен таулы жермен ағады; аңғары тар, беткейі тік. Арнасы тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Кішігірім 30 саласы бар. Жылдық орташа су ағымы 0,41 м3/с. Суымен бау-бақша суарылады. ## Дереккөздер
Шошанай — Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шонжы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км, округ орталығы Сүмбе ауылынан батысқа қарай 6 км жерде, Шошанай өзенінің бойында, тау алды жазығында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұйымдастыру кезеңінде қаланған. 1932-1996 жылдары аралығында қой өсірумен айналысқан ұжымшар бөлімшесінің орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылы Шошанайда шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Іріадыр – Ақкөл ауданындағы ауыл. Новомарковка ауылының солтүстікнде 35 км, Торғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 45 км, Сарыадыр тауынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км, Астана қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 130 км жерде орналасқан. Абсолют биіктігі 397 м. Ұзындығы мен ені 2 – 3 км. Солтүстік-шығыс беткейінен Сілеті өз-нің саласы Шолаққарасу өз. бастау алады. Беткейі көлбеу, аз тілімделген. Элювийлі-делювийлі шөгінділерден түзілген протерозой жыныстарымен көмкерілген. Қара-қоңыр сортаңдау топырағында боз-бетеге аралас шөптесін өсімдіктер, тобылғы мен қараған өскен. ## Дереккөздер
Перзентхана — жүкті, босанатын және босанған әйелдерге, жаңа туған сәбилерге перзентханадан шыққанша көмек көрсететін медициналық мекеме. Перзентхананың құрамына стационар және әйелдер консультациясы кіреді. Перзентхананың жұмысы әйелдердің тұрағына және балалар емханасының орналасқан жеріне байланысты құрылады. Себебі, Перзентханадан шыққаннан кейін нәрестенің өсіп-дамуы балалар емханасындағы учаскелік педиатрдың бақылауында болады. Перзентханадағы акушер-гинекологтар тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізіп, жүкті әйелдер мен жас аналарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді. ## Дереккөздер
Юдин Сергей Тимофеевич (1916, қазіргі Сандықтау ауданы Новоромановка ауылы – 1983, Черкасск қаласы) – Кеңес Одағының батыры. Талдықорғанда орталау мектепті бітірген. 1934 жылдан жергілікті қант з-тында, орман шаруашылығында жұмысшы болған. 1937 жылдан Кеңес Армиясы қатарында. Хасан к-ндегі шайқасқа қатысқан. 1939 кіші лейтенанттар курсын бітірген соң, Сахалин аралындағы 79-атқыштар дивизиясы 157-атқыштар полкінде взвод командирі, атқыштар ротасы командирінің орынбасары, командирі болған. Милитаристік Жапонияға қарсы шайқастарда айрықша көзге түскен. 1953 жылдан запаста, Черкасск консерві комб-нда жұмыс істеген. КСРО ордендері, медальдарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Оразақ Смағұлұлы (1 қазан 1930 жылы туған, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы) — ғалым-антрополог, тарих ғылымдарының докторы (1984), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998), ҚР ҰҒА академигі (2003). 1955 ж. ҚазМУ-ды (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бітірген. 1959-1961 ж. КСРО ҒА Этнография институтының аспиранты, 1961 жылдан Қазақстан ҒА Тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері. Олардың ұйымдастыруымен 36 экспедициялық және далалық зерттеулер жүзеге асырылды. Оның ішінде үнді-кеңес (1974-1975), қазақ-моңғол (1991 — 92) және қазақ-италия (1993-94, 2002-2004), т.б. антропологиялық экспедициялар болды. Ол Қазақстан мен Қырғызстанның биік таулы аймақтарына бейімделу мәселелерін аймақтың этноүрдістерімен байланыстыра зерттейтін халықаралық ғылыми жобаға жетекшілік етті. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның 20-ға жуығы АҚШ, Жапония, Қытай, Үндістан, Түркия, Италия, Германия, Франция, Дания, т.б. шет елдерде жарық көрді. Еңбектерінде қазақтардың генофондының біркелкілігі, 4 мыңжылдық тарихы жайлы ғылыми пікірлер тұжырымдалды. Ш. Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері (1990). Антрополог ғалым қызы Айнагүл Смағұловамен бірлесіп «Происхождение казахского народа» атты орыс тілінде еңбек жазып шықты. "Бұл кітапты оқыған адам қазақ халқын көнеден келе жат­қан этнос ретінде танып, оның бұ­зыл­май-сызылмай сақталған қы­рық ғасырлық тарихы барын ғылыми дәлелдер негізінде түсіне алады. Бұл тұжырым  жаратылыстану ғылым саласы бо­йынша емес, биологиялық тұр­ғыдан анықталып отыр. Менің ғұмырымның жарты ғасыры тек осы еңбекке арналды.  Бұл кітапта қазақтың бүтін этнос ре­тінде төрт мың жылдық тарихы бар халық екені толық дәлел­денді. Мұндай ұзақ тарихы бар халық әлемде жалғыз еврей ұлты деп жүрдік. Оның өзінде олардың тарихы теологиялық діни концепцияға негізделіп дәлелденген. Бұл нақты ғылыми тәсілге жатпайды. Ал қазақтар ше, антропо­логия­­лық ерекшелігі жағынан Еура­зияда тұрып жатқан ха­лық­тардың бірде-біреуіне қосыл­майтын жеке-дара этнос. Мұндай ерекшелікпен жаратылған халық әлемде кемде-кем. Өйткені біздің ата-бабаларымыз ешкімге ұқсамайтын керемет даму сатыларын білген.  Мына кітапта сол баяндалады" деп жазған автор. Баласынан белгілі тек бір қызы бар, Айнагүл Смағұлова. Өзінің мұғалімдері деп Виктор Бунакты, Яков Рогинский және Георгий Дебетсті атап кетеді. ## Шығармалары: * Население Казахстана от эпохи бронзы до современности, А., 1970; * Этническая генеография Казахстана, А., 1970; * Этническая антропология Казахстана, А., 1982; * Этническая одонтология Казахстана, А., 1989 (соавт.); * Абылай хан, Аст., 2003 (телавт.); * Этническая дерматоглифика казахов, А., 2005 (соавт). ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Календарь дат и событий Костанайской области на 2010 год, Выпуск 37, Костанайская областная универсальная научная библиотека им. Л. Н. Толстого, Костанай, 2009, стр. 13
Жақып Бірлікұлы Мырзаханов ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1982). 1958 жылы Шыңжаң институтының тарих және география факултетін бітірген. Қытай Ғ.А-на қарасты Шыңжаң Қоғамдық ғылымдар академиясында ғылыми қызметкер (1959 – 79), ұлттар зерттеу институтының бөлім меңгерушісі (1979 – 84), Шыңжаң қоғамдық ғылымдар академиясының вице-президенті (1986 – 2001), Шыңжаң және Қытай мемлекеттік деңгейдегі гуманитарлық ғылыми-зерттеу қоғамдары мен ассоциацияларының төрағасының орынбасары, бас хатшысы қызметтерін атқарды. ҚХР ШөАР Халық құрылтайы тұрақты комитетінің мүшесі (2000 жылдан). Оның қазақ халқының тарихы мен этнографиясын зерттеуге арналған ғылыми еңбектері Қытайдағы үздік ғылыми жетістіктер ретінде бағаланды. Мырзаханов көлемді 3 томдық “Қазақ әдебиеті тарихы” (Үрімші, 1996 жылы 1-т.,), “Қазақ мәдениетінің айдыны” (Үрімші, 2001, 1-т.), 24 кітаптан тұратын “Қазақ тарихындағы әйгілі адамдар” (2000 жылдан, Пекин), 5 томдық “Жұңго – Қытай тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер” (Пекин, 1999, 2001, 1, 2-т.) сияқты ғылыми еңбектерді жазуды ұйымдастырды және оған өзі бас редактор болды. Оның “Арман асуында” (Үрімші, 1979) атты тарихи романы, “Таңқурай” (Пекин, 1984), “Дала гүлі” (Үрімші, 1984), тағы басқа көркем шығармалары бар. ## Дереккөздер
Алыптомар мазары — XX ғасырдың бас кезіндегі архитектуралық ескерткіш. Мазар құрылысы салынған жер - Алыптомардың жерленген жері. Қорғалжын ауданындағы Дружба ауылынан 7 км жерде. Мазардың биіктігі 6 м, қабырғасының қалыңдығы бір кірпіш бойы (10х10х25 см). Дөңгелек пішінді. Кіре берісі арка тәрізді қаланған. Күмбезі сфера тәріздес. Күйдірілмеген кірпіштен (топырақ пен сабаннан жасалған) тұрғызылған. Аса безендірілмеген. Аталған кесене туралы Ақмола облысы тарихи және мәдени мұрасы жинағында біршама мәліметтер кездеседі
Бименде Баймаханов (1 шілде 1923, Жалағаш ауданы, Ақсу ауылы) – соғыс және еңбек ардагері, қаржыгер. Қаржы ісінің үздігі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген экономисті. ## Өмірбаяны * ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) экономика факультетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген (1960). * 1949 жылы армия қатарынан оралғаннан кейін Жалағаш ауданында қаржы бөлімінде бухгалтер, бас бухгалтер қызметін атқарды. * 1955 жылдан Қызылорда облысы бақылау-тексеру бөлімі бастығының орынбасары * 1959–85 жылы Қызылорда облыстық қаржы бөлімі бастығының орынбасары болды. ## Марапаттары * І дәрежелі «Отан соғысы» ордені * ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордені * «Құрмет белгісі» орденімен * бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
СМАҒҰЛОВ (Ысмағұлов) Бақытжан Жұмаханұлы (4.11. 1965 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Шар ауданы Шар қаласы) — балет артисі, Қазақстанның халық артисі (1995). 1984 ж. Санкт-Петербургтегі А.Я. Ваганова атындағы мемлекеттік хореографиялық учелищесін (педагог Ю.И. Умрихин) бітірген. 1984 — 95 ж. Қазақтың мемлекеттік академмия опера және балет театры құрамында соло-биші болып, осы театрда әр жылдары қойылған А.Л. Рыбников (“Юнона мен Авось”), А.И. Хачатурян (“Спартак”), Л.Ф. Минкус (“Баядерка”, “Дон Кихот”) пен А.Аданның (“Жизель”), т.б. композиторлардың балеттерінде негізгі партияларды орындады. Республикалық “Жігер” фестивалінің (1988), Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жас бишілер мен балетмейстерлер конкурсының (3-орын, 1988), сондай-ақ Варна мен Парижде өткен Халықаралық бишілер конкурсының (2-орын) лауреаты атанды. 1995 жылдан Қазанда Татардың мемлекеттік опера және балет театры құрамында қызмет етеді. ## Пайдаланылған cілтемелер
Райымбек — Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл, Райымбек ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан шығысқа қарай 12 км жерде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Ауыл 1970-1997 жылдары көкөніс-сүт өндіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде Райымбекте және округке қарасты Абай, Далан, Іұмтоған және Қырғауылды ауылдарында ӨК, ЖШС және бірнеше шаруа қожалығы жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Халида Есенқұлқызы Маманова(24 наурыз 1918, қазіргі Алматы облысы Жансүгіров ауданы – 15 тамыз 1977, Ақтөбе қаласы) – ғалым, медицина ғылымдарының доктары (1967), профессор (1969). ## Өмірбаяны Әкесі Есенқұл қажы Мамания мектебін ұйымдастырушылардың бірі болды. Халида Есенқұлқызы Маманова сол мектепте оқыған алғашқы қазақ қыздарының бірі. Алматы медициналық институтын бітірген (1941). 1942 – 46 жылдары Қызыл Армия қатарында әскери дәрігер болып, мед. қызметтің капитаны атағын алған, 1946 – 51 жылдары Алматы медициналық институтында ассистент, 1951 – 54 жылдары кәсіподақтар жүйесінде қызметкер, 1959 жылдан өмірінің соңына дейін Ақтөбе медициналық институтының (қазіргі Батыс Қазақстан медициналық академиясы, М.Оспанов атындағы)патология кафедрасының (өзі ұйымдастырған) меңгерушісі болды. Негізгі ғылыми еңбектері патолонолог, физиолог мәселелеріне арналған. Халида Есенқұлқызы Маманова әр түрлі ауру кезінде организмде туатын арнайы емес реакцияларға сипаттама берді. Қызыл жұлдыз, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. ## Шығармалары Шығармалары: * К патогенезу рака. В кн. Вопросы онкологии и радиологии, А.-А., 1963; * Изогемагглютинины и гетерогемагглютинины как неспецифические факторы реактивности организма человека и животных, М., 1967. ## Дереккөздер
Амангелді Қажиахметұлы Үмбетов - 1944 жылы шілденің 10-ы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапай қаласында дүниеге келді. 1966 жылыАлматы мемлекеттік ауыл шаруашылығы интститутын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті)1966–80Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітірген соң Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу интернатында кіші , аға (1980–93) ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1993–2001) болып жұмыс істеді.2000 жылыауыл шаруашылығы ғылыми докторы2001 жылданҚазақ ұлттық аграрлық университетінде профессор қызметін атқарады. Амангелді Қажиахметұлы: * Оптимизация условий минерального питания зерновых культур на богаре Юго-Востока Казахстана" деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. * Үмбетов астық дақылдарын өсірудің қарқынды технологияларын игеру, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен топырақ құнарлылығын жоғарылату мен егіншілікті биологизациялау мақсатында аймақтық егіншілік жүйелерінің өзара әсерінің принциптерін жасау тақырыптары бойынша ғылыми жұмыстар жүргізді; * Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс танабында тыңайтқыштарды қолданудың практикалық мәселелерін шешу арқылы агрохимия ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. * 90-нан астам ғылыми жарияланымның авторы, 15 ұсынысы бар. ## Дереккөздер:
Смирновка — Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы ауыл, Смирнов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қарабалық кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 18 км жерде, қара топырақты дала белдемінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1699 адам (835 ер адам және 864 әйел адам) болса, 2009 жылы 1071 адамды (511 ер адам және 560 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1961 жылы ұйымдастырылған астық кеңшарының орталығы ретінде қаланған. 1996 жылы кеңшар негізінде Смирновкада бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Мысабай (Мұсабай) Аманқұлұлы (кей деректе Бектұрғанұлы) (1820, Қазалы уезі, Табанкөл ауылы – 1909, сонда) – жырау. Жасынан ескіше оқып, шығыстық сюжеттер негізінде дастандар жазды, сазгерлік өнерімен, суырыпсалма ақындығымен танылды. Оның “Біреу жарлы, біреу бай, Бәрін қылған бір құдай” деген өлең жолдары ел аузында мәтелге айналды. Ол “Жанқожа батыр” жырын алғаш халық арасына таратушылардың бірі болды. Бұл жырды Н.Г. Веселовский 1893 ж. Қазалыда жазып алып, “Киргизский рассказ о русских завоеваниях в Туркестанском крае” атты кітапта жариялады (1894, Петербург). Кейін жергілікті сот қызметкері И.В. Аничков Мысабайдан жырдың көне қолжазбасын алып, “Киргизский герой Джахандхожа Нурмагамбетов” атты кітабына енгізген (Қазан, 1894). Бұл жырды С.Сейфуллин “Жаңа мектеп” журналында (1926, ғ5) жариялады. Мысабай “Бекет батыр”, “Қыз Жібек” жыр-дастандарын жеткізуші ретінде де танылды. ## Дереккөздер
Юнусов Анатолий Усманович (1934 жылы туған, Қарағанды облысы Октябрь ауданы Майқұдық кенті) – еңбек ардагері. Ауыр жүк тиейтін автопоезд жүргізушілерінің бригадирі, Социалистік Еңбек Ері (1986), КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1985). Еңбек жолын 1951 ж. «Қарағандышахтақұрылыс» №2 тресінің құрылыс басқармасында электр дәнекерлеуші болып бастаған. Кейіннен осы мекемеде жүргізуші (1956), Ақмола автокөлік комб-ның бригадирі (1974) болып жұмыс істеген. 11-шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО ордендері, медальдарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Николай Дмитриевич Ястребинский (1912, Акмола – 1978, Киев) – Кеңес Одағының батыры. Курск облысында орта мектепті, Воронеж зоовет. институтының 3 курсын бітірген. Корочанск бау-бақша техникумында оқытушы, ауданы жер бөлімінде аға зоотехник болған. 1934 ж. армия қатарына алынып, кеңес–финн соғысына қатысқан. 1940 ж. желтоқсанында Бендер ауданы партия комитетінде (Молдавия) насихатшы болып жұмыс істеген. 1941 жылдың 25 маусымынан армия қатарына алынып, клуб бастығы, ротаның саяси жетекшісі, батальонда партбюро хатшысы, 7-мотопонтанды батальон командирінің саяси істер жөніндегі орынбасары болған. Украинаны азат ету үшін болған шайқастарда айрықша көзге түсті. 1946 жылдан запастағы майор. Киев қаласында тұрып, электровоз жүргізушісі болып жұмыс істеді. КСРО ордендері, медалдарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Қызылжар (2010 жылға дейін – Совет) — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Көктөбе ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан шығысқа қарай 1 км жерде, Іле Алатауының бөктерінде орналасқан. ## Тарихы 1957-1997 жылдары Көктөбе кеңшарының бөлімшесі болды. Оның негізінде шаруа қожалықтары жұмыс істеді. ## Дереккөздер
Ярошенко Василий Петрович (1903, Донецк облысы Марьинск ауданы Павловка с.) – комбайн жүргізушісі, Социалистік Еңбек Ері (1966). Астық бастыратын машина жүргізушілері курсын, механизация мектебін бітірген (1934). Бурабай МТС-нде, Бурабай ауданының Коммунизм жолы және Златополье кеңшарларында комбайн жүргізушісі болып жұмыс істеген. ## Дереккөздер
Мыс кентастары – құрамынан мыс алынатын табиғи шикізат. Оның құрамына мысы бар 240-тан аса минерал кіреді. Олардың ішінде өнеркәсіптік негізгілері: халькопирит (құрамындағы мыстың мөлш. 34%), борнит (63,3), ковеллин (66,4), халькозин (79,8), теннантит (57), тетраэдрит (52,3), энаргит (48,3), куприт (88,8), тенорит (79,8), малахит (57,7), азурит (55,3), хризоколла (36,1), брошантит (56,2), атакамит (59,5). Басты өнеркәсіптік сульфид кендерінің құрамында мыстан басқа молибден, алтын, күміс, рений, индий, кадмий, висмут, сүрме, теллур, селен, тағы басқа құраушылар болады. Мыс көбінесе гранитоидтармен және негізді тау жыныстармен байланысты. Негізді (габбро, норит) және ультранегізді (пироксенит, перидотит, оливинді диабаз) таужыныстармен байланысты мыс кенінде кобальт, никель мен платиноидтар болады. Скарндық кен орындарда мыс кенімен бірге темір кені жаралады. Мысты құмтас кен орындары мысқа бай, әлемдік мыс өндірісінде екінші орын алады. Қазақстанда бұл кен типтері басты орында (мысалы, Жезқазған кен орны). Гидротермальдық мыс кендері кешенді пайдаланылады, олар колчедандық типке жатып, сульфид минералдардан тұрады (Кенді Алтай). Минерал. және хим. құрамдарына байланысты Мыс кентастарының технология сорттары сульфидтік, тотыққан, аралас болып ажыратылады. Сонымен қатар Мыс кентастары сом және сеппелі-тарамшалы болып бөлінеді. Мыс кентастарының ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Жаман Айбат, тағы басқа жатады. Кен орындарының көлемі ірі болуына байланысты, порфирлік мыс кені ең басты өнеркәсіптік типке жатып, одан мыс (әлемдік мыс өндірісінің 50%-дан астамы) пен молибден өндіріледі. ## Дереккөздер
Неприпасов пен Кобяков елшілігі – Ресей мемлекеті Сібір әкімшілігінің Тәуке ханға жіберген елшілігі. Елшілікті 1692 ж. Сібір воеводасы С.Салтыков ұйымдастырды, құрамына казактар Андрей Неприпасов пен Василий Кобяков және тілмаш Шаманаевтар енді. Елшіліктің негізгі мақсаты – шекарадағы қазақ-орыс жанжалдарын бейбіт реттеу және өзара сауда-саттық жөнінде келіссөздер жүргізу еді. Тәуке хан елшілік өкілдерінен Сібір әкімш-не жіберілген және ұзақ уақыт тұтқында отырған өз елшілері Сары мен Келдей мырзалардың дереу қайтарылуын талап етті. Неприпасов пен Кобяков елшілігімен жүргізілген келіссөздер нәтижесіз аяқталды. Тәуке хан Тобылға Құлтубай Аталықов бастаған жаңа елшілерін аттандырды. Хан адамдарымен бірге А.Неприпасов елшілігінің мүшелері де бірге кетті. Тобылға қазақ елшілігінің келуі жөнінде хабар алған патша үкіметі Келдей мырзаны дереу босатып, оған бағалы сыйлықтар беруге бұйрық берді. ## Сілтемелер * Елшілік * Тәуке хан * Ресей ## Дереккөздер
Желінқап – дәстүрлi мал шаруашылығында мал желiнiн қорғайтын құрал түрi. ## Қолданысы Желінқап жұмсақ матадан желiн, шап айналасын түгел жауып тұратындай етіп тігіліп, жоғары қарай белден асыра ұзын баумен байланады. Оны қыстың аязында малдың желініне суық тиіп жарылмас үшін, жылы маусымда қан соратын жәндіктерден (кене) қорғау үшін және төлі еміп қоймас үшін пайдаланады.Сондай-ақ, топ желiн‚ желiнсау‚ iрiңдi жараға ұласқан ауруларды емдегенде дәрi, май жаққан соң шаң-тозаңнан қорғау мақсатында тағады. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Добросмыслов А.И. Скотоводство в Тургайской области. Оренбург, 1895; * Сарыбаев Ш., Нақысбеков О. Қазақ тiлiнiң аймақтық лексикасы. Алматы, 1989; * Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнерi. Алматы: Қазақстан, 1995; * ҚР МОМ – материалдарынан; * ОМЭЭ – материалдарынан.
Советское — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл, Алтын дән ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Булаев қаласынан оңтүстікке қарай 50 км-дей жерде, Үлкен Сарыайғыр көлінің солтүстік-шығыс жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 2432 адам (1175 ер адам және 1257 әйел адам) болса, 2009 жылы 2078 адамды (1010 ер адам және 1068 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесін 1909 жылы Украинадан қоныс аударған шаруалар қалады. Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру жылдарында ұжымшардың, 1942-96 жылы ұжымшар негізінде құрылған шошқа өсіретін кеңшардың орталығы болған. 1996 жылы кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Диалектикалық логиканың қазақстандық мектебі халықаралық ауқымда танылған отандық философиялық зерттеу бағыты. Бұл бағыттың алғашқы нышандары 1958–60 ж. Ж.М.Әбділдиннің, А.Х.Қасымжановтың, Ж.Төленовтің, Г.А.Югайдың және т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Сол кезден бастап диалектиканың өзекті мәселелерін жүйелі зерттеу мақсатында Қазақстан ғылым академиясының Философия және құқық институтында (қазіргі Философия және саясаттану институты) жас ғалымдардың шығармашылық тобы (жетекшісі Әбділдин) құрылды. Алғашқы зерттеу нәтижесі ретінде Әбділдин, Қасымжанов, Л.К.Науменко, М.И.Баканидзе жазған «Таным логикасы мен диалектикасының проблемалары» (А., 1963) атты ұжымдық монография жарыққа шықты. Мұнда авторлар XX ғ-дың 50-жылдары КСРО көлемінде бой көрсете бастаған диалектикалық-философиялық ағымға үн қосып, адам ойы мен танымының табиғаты, логиканың диалектикалық тұжырымдамасы, конкретті ұғым, таным субъектісінің белсенділігі, т.с.с. мәселелерді тереңдете қарастырды. Жаңа заман философиясындағы батыл қадамға баланған бұл зерттеулер арнаулы басылым беттерінде «диалектикалық логиканы жасақтаудағы қомақты табыс, соны бағыт» ретінде бағаланды. Осы кездегі жарық көрген Қасымжановтың, Б.Қасеновтің, З.Мұқашевтің, Н.Мұсабаеваның, К.Рахматуллиннің, Югайдың зерттеулері Қазақстанда іргелі философиялық мектептің қалыптасқанын байқатты. Сондай-ақ 1967–68 ж. Әбділдиннің «Теориялық танымдағы бастама проблемасы», Науменконың «Монизм – диалектикалық логиканың принципі», Баканидзенің «Логикалық формаларды субординациялау мәселесі», Б.Сахариевтің «Арнаулы салыстырмалылық теориясындағы кеңістік пен уақыттың өзара байланысы проблемасы» сияқты бірегей сипаттағы монографияларының жариялануы Д. л. қ. м-н жаңа бір белеске көтерді. Теор. білімді құрудың бастауы, бастапқы тірегі туралы мәселені айқындап алмай, диалектикалық философияны одан әрі дамыту мүмкін еместігі мәлім. Міне, сондықтан жоғарыда аталған еңбектер бұл тақырыпты жан-жақты қарастырып, жаңа ғылыми ізденістер көкжиегін кеңейтті. Мәселен, 1968 ж. Алматыда диалектикалық логиканың өзекті мәселелері бойынша Бүкілодақтық 1-симпозиум өткізілді. Оған Мәскеу, Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Ташкент, Тбилиси, т.б. қалалардың ғылым ордаларынан белгілі философ-ғалымдар қатысып, атқарылған істер мен алда тұрған міндеттер талқыланды, зерттеу межесі мен бағыты нақтыланды. Осы жиында Қазақстан философтарының еңбектері жоғары бағаланып, Алматы диалектикалық логика мәселесін зерттеудің іргелі орталығы ретінде танылды. Бұдан кейінгі жылдары Алматыда өткен үш симпозиум да (1977–90) отандық ғылым тарихындағы елеулі оқиғалар болды. Әбділдин жетекшілік ететін зерттеуші философтардың қатары 60–70-жылдары Қ.Әбішев, Т.Әбжанов, Ә.Нысанбаев, В.И.Ротницкий, А.С.Балғынбаев, А.А.Ивакин, М.Орынбеков, М.Сәбит, Қ.Ерғалиев, сондай-ақ М.З.Изотов, С.Ю.Колчигин, А.Қапышев, А.Г.Косиченко, Г.Г.Соловьева, А.Хамидов, т.б. ғалымдармен толықты. Бұл философиялық мектептің зерттеу ерекшеліктері және осыған орай қалыптасқан басым бағыттары бар: біріншіден, философия тарихында орын алған диалектикалық ойдың жарқын үлгілеріне (Гераклит, Платон, Аристотель, Кант, Гегель және т.б.) айрықша көңіл бөлінеді; екіншіден, К.Маркстың «Капиталында» теориялық талдаудың басты құралы болған диалектикалық әдістің тиімді тәсілдерін ой елегінен өткізеді; үшіншіден, қазіргі ғылым салаларының (физика мен математиканың, геология мен географияның, лингвистика мен психологияның, тарих пен экономиканың және т.б.) жетістіктеріне сүйене отырып, ғылыми таным мен қоғамдық практика аясындағы диалектикалық логиканың өміршеңдігін негіздеп, сол арқылы зерттеу жұмыстарын жан-жақты әрі дәлелді түрде жүргізді. Мұндай кең ауқымды зерттеулер диалектикалық логиканың категориялық жүйесін, яғни диалектиканың сындарлы теориясын түзуді мақсат етті. 70-жылдардың орта шенінде диалектиканың негізгі категориялары мен ұстындары тиянақты зерттеліп, ізденіс межесіне жақындағанымен, қазақстандық философтардың алдында келелі бір міндет тұрды. Ол – ойлау пішімдерінің логикалық қатарын түзудің арқауын, яғни категорияларды жүйелеудің басты принципін айқындау қажеттілігі болатын. 80-жылдары Диалектикалық логиканың қазақстандық мектебі осы заттық-практикалық іс-әрекет принципі негізінде 5 томдық «Диалектикалық логика» атты еңбекті баспаға әзірледі. Оның 4 томы (1985–87) ғана жарық көріп, 5-кітабы әр түрлі себептермен шықпай қалды. Өз кезеңінің ғылыми-идеологиялық талаптары тұрғысынан жазылған бұл ұжымдық еңбек 1990 ж. Алматы симпозиумына жиналған кеңес философтары тарапынан жоғары бағаланды. Сол кездері Мәскеу, Ленинград (Санкт-Петербург) қалаларында жарық көрген зерттеулерден өзінің сындарлы тұтастығы, дәлелдік негізділігі жағынан өрелі екендігі, философиялық дәстүрлер үдесіне сай келетіндігі атап көрсетілді. Сөйтіп, қазақстандық философтар мектебі ширек ғасырға созылған зерттеу бағдарламасының нақты нәтижесі көп томдық іргелі еңбекті жұртшылық талғамына ұсыну арқылы диалектиканың логикалық, гносеолдық-методология қызметін толық негіздеуге, орта ғасыр ойшылдарынан бері келе жатқан үлкен философиялық-теориялық проблеманың ұсынықты шешімін табуға талпынды. Қазіргі кезде де жаңа бағдарлама бойынша зерттеу жұмыстары жалғасып, қоғамдық практика мен теориялық танымның ішкі қажеттілігінен туындайтын өзекті мәселелерді талдау, ұсынықты философиялық ой-толғамдарды одан әрі шыңдай, кемелдендіре түсу міндеті көзделуде. 90-жылдардың орта шенінде диалектикалық логиканың тарихын, сондай-ақ «Идея және реалдылық» тақырыбын зерделеп, зерттеу ісі тиянақталды. Әсіресе, еліміз тәуелсіздік алып, дербес даму жолын таңдаған тарихи кезеңде диалектикалық логика мәселесін уақыт талабы, замана сұранысына сай қарастырып, байыпты ой тұжырымдайтын іргелі ғылыми еңбектер дүниеге келді. ## Дереккөздер
Турікелі, “Түрікелі азаттық комитеті” – 1950 ж. Түркістан халқының мүддесін қорғау мақсатында Мюньхенде құрылған ұйым. Оған Мұстафа Шоқайдың сенімді ізбасары болып табылатын Қарыс Қанатбай жетекшілік етті. Ұйымға негізінен эмиграцияда жүрген түркі-мұсылман халықтарының өкілдері тартылды. Ұйым “Турікелі” деген атпен орыс және шағатай тілдерінде журнал шығарды. Онда, Мұстафа Шоқайға және оның идеяларына ерекше көңіл бөлінді. Журналдың 1951 ж. желтоқсанда шыққан саны Мұстафа Шоқайдың қайтыс болуының 10 жылдығына арналды. “Турікелі” ұйымы ұзақ қызмет ете алмағандықтан тарап кетті. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Елді мекен: * Шошқакөл – Қызылорда облысы Қармақшы ауданында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. Басқа мағыналар: * Шошқакөл – Қарағанды облысының Нұра және Жаңаарқа аудандары жеріндегі ағынсыз көл. * Шошқакөл бұйраты – Мұғалжар тауының оңтүстік сілеміндегі қырқалы, ұсақ шоқылы төбелер.
Баймаханов Қожахмет Мәдібайұлы (1953 жылы туған, Жалағаш ауданында) – кәсіпкер, мемлекеттік қызметкер. Томск инжинерлік құрылыс институтын бітірген (1978). Еңбек жолын 1978 жылы Жалағаш кентіндегі 1605 жылжымалы механикалық колоннада бастады, 1982 – 89 жылы 27-ЖМК-ның директоры, 1989 – 94 жылы қазіргі Бұқарбай батыр атындағы кеңшардың директоры. 1994 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1997 – 99 жылы Жалағаш ауданының әкімі, 1999 жылдан Қызылорда қаласының әкімі болды. 2005 жылдан «Асар Холдинг ЛТД» ЖШС құрылыс фирмасының бас директоры. «Мемлекеттік басқару тегершігін жетілдіру» бағдарламасы бойынша сертификат алған (2000). «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған. Әскери атағы - аға лейтенант. Діни көзқарасы - ислам. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ф.Д. Рузвельт. Хоббиі - үлкен теннис. Сүйіп оқитын әдебиеті - Қазақстан және оның халқы туралы тарихи шығармалар. Үйленген. Жұбайы - Құстабаева Әзиза (1953 жылы туған). Қыздары - Баймаханова Тымар Қожахметқызы (1976 жылы туған), Баймаханова Раушан Қожахметқызы (1977 жылы туған) , Баймаханова Шолпан Кожахметқызы (1978 жылы туған); ұлы - Баймаханов Дархан Қожахметұлы (1980 жылы туған). ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Амангелді — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Урюпин ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Ақкөл қаласының батысында 29 км-дей жерде. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік пункт, кітапхана, «Амангелді» шаруақожалығы бар. Ауылда жазушы Жайық Бектұров дүниеге келген. Ауыл жанынан Ақкөл — Атбасар автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер
Содырғы (лат. Prunella) — торғайтәрізділер отрядына жататын әнші құстар туысы. Еуразияны мекендейтін 13 түрі бар. Қазақстанда Тянь-Шаньда, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Алтайдың тау беткейлері мен Жайық өзенінің жағалаулары мен Маңғыстау өңірінде кездесетін 6 түрі: сұржон содырғы (Рrunella collarіs), қаратұмсық содырғы (Prunella hіmalayana), боз содырғы (Prunella fulvescens), Сібір содырғысы (Prunella montanella), қаратамақ содырғы (Prunella atrogularіs) және орман содырғысы (Prunella modularіs) бар. Бұлардың денесінің ұзындығы 12 — 18 см. Тұмсығы жіңішке, түзу, бүйірінен иілген. Содырғылар сайрағанда дауыстары құбылып шығады. Ұясын жерге, жартастарға, ағаш пен бұталардың арасына салады. Онда 2 — 7 жұмыртқа болады. Негізінен ұсақ жәндіктермен, қыста өсімдіктің жемісімен және тұқымымен қоректенеді. ## Дереккөздер
Шошқакөл бұйраты – Мұғалжар тауының оңтүстік сілеміндегі қырқалы, ұсақ шоқылы төбелер. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин, Шалқар аудандары аумағында, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 135–140 км-ге, Шағырай үстіртімен қатарласа созылып жатыр. ## Жер бедері Шошқакөл бұйратының ең биік жері 408 м, салыстырмалы биіктігі 40–60 м. Топырағы құнарсыз. Жусан, сораң шөп, бұта өседі. ## Дереккөздер
Созақ мешіті, Қанаи Хақ мешіті, Қанаһа мешіті (19 ғ-дың соңы – 20 ғ-дың басы) – сәулет өнері ескерткіші. Түркістан облысы Созақ ауданындағы Созақ ауылында орналасқан. Созақ мешіті – тік төртбұрышты ғимарат. Ескерткіш күйдірілген кірпіштен тұрғызылған, сонымен қатар ағаш конструкциялы бөлшектер кеңінен пайдаланылған, шатыры қаңылтырмен жабылған. Мешіт негізінен айуанмен жалғасатын шаршы намаз залдан тұрады. Ғимараттың маңызды композиц. өзегі жоғары бөлігінде витражы (түрлі түсті әйнек) және бұрыш-бұрышында үйлесімді мұнаралары бар биік порталды дарбаза мен алдыңғы беті болып табылады. Айуанның қаңылтырлы шатырын оймышты сәнді бағаналар тіреп тұр. Алдыңғы бетіне қалақтар мен қауғалардың суреті салынған, намаз залдарының ішкі төбесі әшекейленіп безендірілген, портал витражының сәндік темір торы нақышталған. Созақ мешітінің композициясына Орталық Азия мен орыс архитектурасының элементтері қатар қолданылған. Ұлама, ақылды әрі қайырымды ишанды халық қадірлеп, жұрт құрметтейді. Өзінің көзі тірісінде мешіт салдырады. Ишан өлгеннен кейін оның балаларының ұйымдастыруымен, ел-жұртының қолдауымен Шайһы Ахметтің құрметіне үлкен мешіт салынады. ## Дереккөздер
Қараманов Серік Сәдуақасұлы (25.10.1957 жылы туған, Қызылорда қаласы) заң қызметкері. Қазақ мемлекеттік унсверситетін (ҚазҰУ) бітірген (1979). 1979 – 89 жылдары Алматы қаласының Ленин, Калинин, Октябрь және Алатау аудандарында тергеуші, аға тергеуші, прокурордың орынбасары, прокурор болып істеді. 1989 – 90 жылдары Мәскеу қаласында КСРО Бас прокуратурасында басқарма бастығы, 1991 – 95 жылдары Алматы қаласының прокурорының орынбасары, 1995 – 98 жылдары Жамбыл облысының прокуроры болды. 1998 – 2001 жылдары ҚР Бас прокуратурасының азаматтық және шаруашылық істер бойынша сот қаулыларының және атқарушылық іс жүргізу заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, әкімш. азаматтық және шаруашылық істер бойынша сот қаулыларының және атқарушылық іс жүргізу заңдылығын қадағалау Департаментінің бастығы, 2001 – 2004 жылдары Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, 2004 – 2005 жылдары ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық істердің сотта қаралау заңдылығын қадағалау Департаментінің бастығы қызметтерін атқарды. 2005 жылдан Қарағанды облысының прокуроры Қараманов «ҚР прокуратурасының құрметті қызметкері» (1995), бірнеше медаль, белгілерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Соколовка — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы ауыл, Соколов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Бескөл ауылынан солтүстікке қарай 34 км-дей жерде, Есіл өзенінің сол жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 3773 адам (1863 ер адам және 1910 әйел адам) болса, 2009 жылы 2749 адамды (1324 ер адам және 1425 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесін 1759 жылы Ресейден қоныс аударған шаруалар қалаған. 19 ғасырдың басынан 1924 жылға дейін болыс орталығы, 1936–96 жылдары аудан орталығы болды. 1940 жылы орман шаруашылығының кәсіпорны ұйымдастырылды, 1981 жылдан бастап аудандық тұтынушылар одағының қосалқы шаруашылығы орналасқан. 1997 жылдан бастап шаруашылықтар мен кәсіпорындар мемлекет меншігінен алынды. ## Дереккөздер
Нұғыман Сәрсенұлы Манаев (17.09.1894, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Жанбай ауылы - 1942) — ғалым, ағартушы, мемлекет қайраткері. Уфадағы "Ғалия" медресесін бітірген (1916). Бейімбет Майлинмен бірге "Садақ" атты қазақ оқушыларының қолжазба журналын ұйымдастырып, қосымша редакторы болған. "Айқап" журналында мақалалары, 1915 жылы "Аяқталмаған романнан үзінді" көркем туындысы жарияланған. Медреседен кейін туған ауылында ұстаздық етіп, "Талап" мектебінің негізін салады. Болашақ мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімді курстар ұйымдастырған. 1919 — 22 жылдары жергілікті кеңес, оқу-ағарту жұмысына басшылық жасайды. 1923 - 25 жылдары Бөкей губерниясы атқару комитетінің орынбасары, губерния партия комитетінің бөлім меңгерушісі, 1925 - 26 жылдары Орал губерниясында бөлім меңгерушісі, 1926- 29 жылдары Жетісу губерниясы, Ақтөбе округ партия комитетерінің бірінші хатшысы, 1929 - 30 жылдары Қазақ АКСР-інің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарған. Кейінгі жылдары аудармашылық және шығармашылық жұмыспен айналысқан. "Иман ислам" (Т.Жароковпен бірге) кітабы, "Жастар арасында", "Азамат" шағын пьесалары бар. Шәңгерей Бөкеев өлеңдері, Спандияр Көбеевтің "Қалың мал" романы жайлы зерттеулері ұлттық әдебиеттану ғылымына қосылған сүбелі үлес болып табылады. Манаев 1934 жылы Шәңгерейдің өлеңдер жинағын жеке кітап етіп бастырып, алғы сөзін, өмірбаянын, түсініктерін жазған. ## Толығырақ 1918 жылы Уфадағы “Ға-лия” медресесін бітірген. 1916 – 20 жылдары Уфадағы “Шығыс баспасы” баспаханасында әріп теруші, корректор, “Орал” газетінде жауапты хатшы, мектеп мұғалімі, кедейлер комитетінің төрағасы, Астрахань қалалық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі болып істеді. 1921 – 28 жылдары Теңіз уездік атқару к-тінің төрағасы, Бөкей, Орал губернияларында халық ағарту, үгіт-насихат бөлімдерінің меңгерушісі, Орал қаласындағы “Қы-зыл Ту” газетінің редакторы, 1926 – 28 жылдары Жетісу губерниясы және Ақтөбе округтік комитетітінің жауапты хатшысы, 1929 – 30 жылдары Қазақ АКСР-і халық ағарту халық комиссары, 1932 – 37 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының, Қазақ өлкелік комитеті мәдени-ағарту бөлімінің қызметкері, Қазақ марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеулер институтында аудармашылар секторының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, ату жазасына кесілген. 1958 жылы мамыр айында ақталды. ## Дереккөздер
Шошқалы – Ақмола облысының Ақкөл, Біржан сал аудандары аумағындағы ағынсыз көл. Баймырза ауылынан оңтүстік-шығыста 6 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 311,9 м. ## Гидрографикасы Ауданы 22,08 км2, ұзындығы 6,9 км, енді жері 4,1 км, орта тереңдігі 1,5 м, ең терең жері 2,2 м, су жиналатын алабы 352,0 км2. Түбі жайпақ, лайлы, қалыңдығы 0,6 – 0,8 м. Жағасы солтүстік, солтүстік-батыс бөліктерінде жатық, қалған бөліктері тік жарлы, биіктігі 4,5 – 8 м. Көктемде тасып, жазда сабасына түседі, қыста түбіне дейін қатады. Суының минералдылығы көктемде 800 – 1000 мг/л-ден, жазда 1,5 – 2,0 г/л-ге, қыста қатпаған кезде 3 – 5 г/л-ге дейін өзгереді. ## Жер бедері Алабы белесті жазық, батыс, оңтүстік-батысында ұсақ төбелі. Орталық бөлігі өсімдіктерден таза, ені 0,2 – 0,5 км жағалаулық бөлігін қамыс жайлаған. Суын шаруашылықта пайдаланады. ## Дереккөздер
Қарамолда (Мұхамеджан) Нұрекеұлы (1988 – 1937) – дін қызметкері, ақын. Қазақстанның халық жазушысы Қ.Мұхамеджановтың әкесі. Әкесінен діни сауатын ашып, 8 жасында Бұхара-и Шәріптің әйгілі «Көкелташ» медресесін (Мир Арап) үздік бітіріп, құран-қари, яғни «Қаримолда» сопылық дәрежесімен елге оралған. Кейін Қарамолда атанып кеткен. Барлыбай табын ішінде мешіт ұстаған Қарамолда Сыр бойының сүлейлері: Тұрмағамбет, кете Жүсіп, керейт Даңмұрын Кенжебекұлы, қаңлы Жүсіп, Нақып қожалармен шығармашылық байланыста болған, өлеңмен айтысқан, жұмбақтар жазысқан, дін саласынан Қансейіт ишан, Нұржанның Әбілдасы, Қарсақпайдағы Нұржан Қажы, Марал ишанның немересі Сүлеймен ишан, т.б. дін ғұламаларымен Қарамолдадан ақындар А.Тоқмағанбетов, Қ.Баймағанбетов, жырау Р.Мәзқожаев, қайраткер Мұхамедияр, Т.Дәуітбаев, т.б. дәріс алған. Жаңақорғандағы Айғожа ишанның мешітінде, Түркістанның түбіндегі Қарнақ медресесінде дәріс берген. «Халық жауы» ретінде қамауға алынып, 1937 жылы атылды. Кейін толық ақталды. ## Дереккөздер
Райымбек Түкеұлы (1705–1785) — қазақ батыры, дарынды қолбасшы. Алматы облысы Райымбек (Нарынқол) ауданы Ілебасы өңірі, Ұлы жүз Албан руының Шоған абыз ұрпағы Алжан (Мәмбет) елінің Сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоанновнаға елші жіберген. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы “Ойрантөбе” деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түсті. 1733 жылы Бөлек батырмен бірге жоңғарға елші болып барған. Райымбектің ерекше еңбегін оның есімі албан тайпасының ұранына айналғанынан да білуге болады. Көзі тірісінде “көріпкел”, “әулие” атанған. Ол Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығартып, егін ектірген. Жазушы Ж.Тұрлыбайұлы роман, ақын М.Мақатаев “Райымбек, Райымбек” атты поэма жазған. Алматы облысында Райымбек есімімен аталатын жер-су аттары көп кездеседі. Торайғыр тауындағы Айырлы асуының маңында “Райымбек бастауы” бар. Алматы облысының Нарынқол, Кеген аудандары бірігіп, қазірде Райымбек атымен аталады, онда батырға ескерткіш орнатылған. Батырдың бейіті Алматы қаласының ортасында оның есімімен аталатын үлкен даңғылдың бойында. Бейітінің басына кесене — күмбез тұрғызылған. 1990 жылы “Райымбек” тарихи-этногр. қоғамы құрылды. ## Жастық шағы Жастайынан жауға тиіп, күркіреген үнімен дұшпанын күңіренткен Райымбек батыр 1705 жылы дүниеге келген."15 жастан асқанша, садақ тарту, қылыш шабу, күресу секілді сарбазға лайық даярлықтан өтіп біткен Райымбек жоңғарларға қарсы жорықтарға қатыса бастайды. Жолбарыс жүректі жас жігіттің тапқырлығын қаруластары бірден байқаған. Оның негізгі ұстанымы: аз шығынмен жеңіске жету екен. Бұл мақсаты алғаш Іле бойындағы шайқаста жүзеге асады. Қалмақ қолындағы тұтқындар босатылады. Керісінше, жаудың көп сарбазы тұтқынға түседі. Райымбек жоңғардан Сөгеті мен Ойрантөбені және Жалағашты босатады. Алды-артына қарамай қашқан қалмақтардың: Ойрантөбе ойылды, Секер, Барақ жойылды. Райымбек келді де, Алмадай үзді мойынды, - деп зарлайтыны, міне, осы тұс еді. Батырдың бұдан кейінгі жорығы Жіңішкені, Таушілікті, Қарабұлақты, үш Меркіні, Кеңсуді, Қарқараны азат етуге арналды. ## Орта жүзге көмегі Райымбек батырдың тағы бір үлкен жорығы ретінде Орта жүз еліне көмекке баруын атаймыз. Қабанбай батырдан оралған шапқыншы Тарбағатай мен Шәуешек арасын жауып, жауды өзара қатынасуға мүмкіндік бермеу туралы ұсынысын әкелгеннен кейін Райымбек батыр бірден атқа мінеді. Сарытау, Үйгентасты азат етуге атсалысып, Ілені бойлаған күйі Қорғаспен бері қайтады. Дәл осы дерек Шыңжаңдағы Зейнолла Сәнік зерттеуінде де бар" дейді тарихшы Мәмбет Қойгелдиев.Албанның Алжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған Райымбектің жаужүректігі жастайынан байқалған. Жиендерінің жанарынан от байқаған Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарынан бәсіреге жүйріктің тұқымын, қолға ұстарға шымболаттан құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба, нағашы жұрт ортасында бұлаң салған баланың бәйгіде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян. Осы өр рух кейіннен жоңғарға қарсы алдаспан боп сермелді. 17-інен Көкойнағын ойнатып, қалмаққа қырғын салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің арасында ерекше аталатыны қазірде Алматы-Нарынқол тасжолының 167 шақырымында тұрған Ойрантөбеде қалың қалмақты кезек жекпе-жекке шақырып, бөрі тиген қойдай дүрліктіруі. Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген қалмақ нояны Бадам-бахадүрдің есімімен байланыстырылатынын көп адам біле бермейді. Кеген деген жер атауы да қалмақ тайшысы Гегенге телінеді. Бір деректер Геген діни лауазым дейді. Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін талқандаған. Ал, Итембес өзенінің бойында Шона Доба жасағы жер жастанды. ## Батыр туралы мәліметтер Қара су қақ жарылып жол беретін хас батыр атанған Райымбек Түкеұлының есімі бертінге дейін кең паш етілмеді. Мұның себебі беймәлім. Тіпті, ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың аяқталмай қалған “Райымбек, Райымбек” атты дастанын жариялағаны үшін “Лениншіл жас” газетінің жетекшісі Сейдахмет Бердіқұлов партиялық сөгіс алған. Алайда, қыран мінез ұлдарының есімін тұмарындай қастерлейтін халықтың Алматының ортасында жатқан әулие, батыр зиратына келіп сыйынуын тоқтату мүмкін емес еді. Еш саясат ер рухы мен ел рухының арасын алшақтата алмады. Қытай саясатының ықпалымен соғыс бастап, қырғызды, Шығыс Түркістандағы ұйғырды дем арада жаулап алған жоңғар мен қазақ ғасырға жуық арпалысты. Ұлтымыздың екі жасын екі жанарынан сорғалатып, алқасына сілемдей қатырған дұшпан швед офицері Густав Ренаттың көмегімен зеңбірек, тас ататын түрлі қарулар жасап, күйрете соққы беруді үдеткен. Жазушы Жолдасбай Тұрлыбайұлы бір мәліметінде Райымбек батыр ұсталарға сол зеңбіректің бір түрі "Қойшағырды жасатып, жау амалын өзіне қарсы қолданғанын" айтады. Батырдың 300 жылдығына орай ескерткіш қойылды. Бірқатар конференциялар өтті. Ең бастысы қазақ елдігін оятып, ертеңінторлаған қара бұлтты емен сапты найзасының ұшымен сейілткен ер есімі ел есінде қайта жаңғырды. Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ облысының орталығы – Құлжа қаласының көрнекті бір ғимаратының алдына қызыл гранит тастан қаланған биік тұғырға Райым­бектің ат үстіндегі мүсіні ор­натылыпты. Оны орнатуға мұрын­дық болған сол Қазақ автономиялы облысының әкімі Қызайжан есімді азамат екен. ## Райымбек батырдың аты қойылған жерлер Райымбек батыр жайлы ел ішінде аңыз-әңгіме, жырлар өте көп. Торайғыр және Сөгеті жоталары аралығында Ойрантөбе жазығы бар. Мұнда қазақтар мен жөңғарлардың сұрапыл шайқасы болып өткен. Айырлы асуына таяу Торайғыр тауында Райымбек бастауы бар. Райымбекпен бірге жоңғарларға қарсы күрестің бел ортасында Сатай, Бөлек, Қойкелді, Қонақкелді, Қыстық, Малай, Байсейіт сынды батырлар жүрді.Райымбек батырдың мазары Алматы қаласында орналасқан және батыр атында қаланың ортасында үлкен даңғыл бар. Алматы облысының бір ауданы Райымбек есімінде және ауылға аты берілген. ## Дереккөздер
СОКОЛОВСК 1, 2 – б.з.б. 7 – 5 ғ-лардағы обалар тобы. Соколовск-1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылынан солтүстікке қарай 500 м жерде орналасқан. Тас пен топырақтан үйілген 7 обадан тұрады. Үйіндінің аумағы 10 – 16 м, биікт. 0,6 м. Соколовск2. Лебяжье к-нің оңт.-батыс жағалауында. Ауданы 10 – 20 м, биікт. 0,7 – 1,3 м. Бұл 5 обадан тұрады. 1956 ж. Солт. Қазақстан археол. экспед. (жетек. К.Ақышев) 3 обаға зерттеу жүргізген. Қазбадан табылған балшықтан жасалған ыдыс, мал сүйектеріне қарағанда Соколовск ертедегі сақтардың обалары деген тұжырым жасалды. ## Әдебиеттер Акишев К. А., Памятники старины Северного Казахстана, Тр. Ин-та истории, археологии и этнографии АН Каз ССР, 1959, 7, с. 5 – 32. ## Пайдаланылған cілтемелер
Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі – металлургия саласының ірі кәсіпорны. 1954 ж. маусымда Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты ретінде құрылды. Қостанай облысының Рудный қаласында орналасқан. Темір кентасы концентратын қожды шекемтас өндіреді, уатылған шикі кентас, доломит, әктас, қиыршықтас қазып алады. Бірлестік Қазақстанда ғана емес, темір кентасын өндіретін және байытатын жетекші кәсіпорындардың қатарына жатады. Оның құрамына кіретін Сарыбай, Соколов, Қашар, Қоржынкөл кеніштерінің кентасты пайдаланатын жалпы теңгермелік қоры 3,4 млрд т көлемінде. Индустрия алыбының құрамында бұлардан басқа Соколов жер асты кеніші, кентас дайындау, кен байыту басқармалары, жентектеу фабрикасы жұмыс істейді. Сондай-ақ оның құрамына кен-теміржол көлігі басқармасы, автокөлік басқармасы, Алексеевск доломит және Қызылжар әктас кеніштері, жөндеу-механика зауыты, бірқатар көмекші бөлімшелер де кіреді. Сарыбай кеніші қазіргі кезеңде 411 млн 400 мың т темір кентасын шығарады. 1999 ж. кен орнына 10 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынды. 2005 ж. бұл қаржы 100 млн долларға жетті. Осы жылы бірлестік 35 млн тонналық жобалық қуаттан жоғары деңгейге көтерілді. ENRC тобының құрамында. ## Дереккөздер
Зеебек эффектісі – түйіспелерінде әр түрлі температурасы бар әр текті өткізгіштерден тізбектеп құрастырылған электр тізбегінде электр қозғаушы күшінің пайда болуы. Оны 1821 жылы неміс физигі Т.И. Зеебек (1770 – 1831) ашқан. Терможұптың көмегімен температураны реттеу осы Зеебек эффектне негізделген; қара Жылу энергетикасы ## Дереккөздер
Шошқалы қорымы – көне үйсін мәдениетінің ескерткіші. Жамбыл облысы Ақшолақ станциясынан оңтүстік-шығысқа қарай 9 км жерде орналасқан. Құрамындағы 185 жерлеу орны екі түрге бөлінеді: * диаметрі 5 – 25 м, биіктігі 0,25 м аспайтын, тас аралас топырақ үйінділі дөңгелек обалар; * бұдан анағұрлым кішірек диаметрі 4,5 – 8,5 м, топырақ үйіндісі жоқ, сақиналы тас қаландылар. Барлық нысандар үш негізгі топқа бөліне орналасқан, соның ішінде диаметрі 10 – 25 м болатын неғұрлым үлкенірек обалар батыс топта. 1970 жылы басында Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Г. Максимова) мұнда жалпы саны 20-дан астам нысанды қазды. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, обалар мен тас қаландылар бір мәдени үрдіске жатады, ал бұлардың сыртқы ерекшеліктері, астындағы қабірлердің өлшемдеріндегі айырмашылықтар (тас қаландылардың қабірлері де обалардағыдан кішірек, әрі саяз) жерленген адамдардың әлеуметтік жағдайына байланысты болса керек. Қабірлер (ұзындығы 1,5 – 3 м, ені 0,7 – 1 м, тереңдігі 0,5 – 1,5 м) негізінен батыстан шығысқа созыла орналасқан. Мүрделер созылыңқы күйде, басымен күнбатыс тарапқа қаратыла шалқасына жатқызылған. Қабір іші құрылысының жиі кездесетін бір ерекшелігі – ірге бойларында, бұрыштарда арнайы жасалған үңгіршелер, кертпіштер. Мұндай жерлерде мал етінен мүше немесе қыш ыдыс қойылатын болған. Бір обада (ғ127) қабір түбінде көл. 1,75×0,45×0,3 м болатын тас жәшік ашылды. Қойдың сүйектері, әсіресе, құйымшақ жиі кездескен. Көптеп табылған заттай деректер арасында негізгі орынды көзе, аяқ, құмыра, шара түріндегі қыш ыдыстар алады. Олардың көбі қолдан иленген, тек бір бөлігі ғана құмырашы дөңгелегінде жасалған қабырғасы жұқалау, тығыз иленген, неғұрлым жақсырақ күйдірілген ыдыстарға жатады. Басқадай заттар арасында темір пышақтар, түйреуіштер, түрлі моншақтар бар. Ғалымдар жерлеу ғұрпының, заттай айғақтардың ерекшеліктерін ескере келіп, Шошқалы қорымын көне үйсіндер мәдениетінің біздің заманымыз 1 – 3 ғасырларын қамтитын орта, яғни “Жетісу” сатысымен мерзімдеді. ## Дереккөздер:
Соқыр – Нұра алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 102 км. Су жиналатын алабы 3220 км². ## Бастауы Күмісқұдық ауылының солтүстік-шығысындағы қыраттан басталып, Керегетас тауы тұсында Шерубайнұраға құяды. ## Гидрологиясы Өзеннің оң жағалауы аласа төбелі, сол жағалауы жазық дала. Аңғарының ені жоғоры бөлігінде 2 – 5 км, сағасына жақын жерде 5 – 8 км. Арнасы 30 – 40, 50 – 60 м. Жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Құрылыс ауылы тұсында 0,70 м³/с. Суы мал, жер суаруға пайдаланылады.Соқырға Бұқпа, Ащылайрық, Қарағанды (Карагандинка) өзендері құяды. Төменгі сағасы қара суға, қайраңға айналып барып құрғайды. Қарашаның басында қатып, сәуірдің басында мұзы түседі. Қамыс-құраққа балшықшы, үйрек, қасқалдақ ұя салады, жағалауында ондатра, су жалманы мекендейді. Балықтары: мөңке, шортан, алабұға, торта, қарабалық. Ауыз суына жарамсыз. Мал суару үшін пайдаланылады. Үлкен Михайловқа темір жол станциясының оңтүстік жағында темір жол және автомобиль көпірлері салынған. ## Дереккөздер
Ықтасын, ықтырма – малды қатты желден, қарлы бораннан қорғап тұратын құрылыс. Ол ағаш бұталары, саман, тастан, тағы басқа жергілікті құрылыс материалдарынан биіктігі 3–6 метрдей болып жасалады. Ықтасын көбінесе қой және жылқы малдары үшін жасалып, кеңдігі мал басына байланысты әр түрлі болып келеді. Ықтасындардың табиғи түрлері де бар. Оларға әр түрлі көлемдегі үңгірлер, тау шатқалы, сайлы ойпаңдар, орманды алқап, тағы басқа жатады. ## Дереккөздер
Қараөзек – Сырдария алабындағы өзен (тармақ). ## Географиялық орны Қызылорда облысының Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 188 км. ## Бастауы Сырдарияның тармағы. Сырдариядан Қараөзек ауылы тұсында бөлініп, Жосалы кенті тұсында қайта қосылады. ## Гидрологиясы Аңғары қатты шайылуға ұшыраған. Алабында бірнеше ұсақ көлдер, (Бірқазан, Лайкөл, Бегінкөл, Серкеш, т.б.), қамысты батпақтар бар. Орташа жылдық су ағымы бастауында 323 м3/с, Сырдарияға қосылар тұсында 245 м3/с. Суы егін, бау-бақша шаруашылығында пайдаланылады. ## Дереккөздер
Біржан Манкин (1900, бұрынғы Ақмола облысы Петропавл уезді – 1939) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. ## Өмірбаяны 1924 жылы Қазақ педагогикалық техникумының дайындық бөлімін, 1928 жылы Орынбор жұмысшысы факултетін бітірген. Петропавлдағы “Бостандық туы” газетінде корректор, “Жас қазақ” журналында жауапты хатшы болып істеген. 1928 – 30 жылдары Қазақ өлкелік жасөспірімдер мектебінің директоры (Орынбор қ.), 1930 – 33 жылдары Қазақ АКСР-і Ағарту халық комиссариатының меңгерушісі, Түрксіб политехникумының (Алматы) директоры болды. 1933 – 38 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінде меңгеруші, Қазақ КСР-і КП Алматы қалалық комитетінің, Қарағанды облысы комитетінің 2-хатшысы, Қазақ КСР-і ағарту халық комиссары, Түркістан облысы партия комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған. 1938 жылы тұтқынға алынып, ату жазасына кесілді. 1967 жылы наурыз айында ақталған. ## Сілтемелер * Баспахана * Газет * Корректор * Қазақстан ## Дереккөздер <references>
Солақай — адамның оң қолына қарағанда сол қолының икемді екенін білдіретін ұғым. Солақай орта жүйке жүйесіне, әсіресе, кейбір жүйке орталықтарының орналасуына байланысты. Солақайдың туа және жүре пайда болатын түрлері кездеседі. Жүре пайда болатын түрі түрлі жарақат, қолдың дертке шалдығуы, салдану, т.б. жағдайларға байланысты. Туа пайда болатыны көп жағдайда тұқым қуалайды. Мұның жасырын, яғни бірден байқалмайтын түрі де бар (баланы жасынан дұрыс дағдыландырса, бұл кейін білінбей кетеді). Туа пайда болған Солақайды ажырату үшін баланың көзін байлап, бір бағытта түзу жүргізгенде Солақай бала көбіне оңға, оңқай солға қарай бұрылады. Солақай баланы қорқытып, ұрып-соғып, не келемеждеп оңқайлыққа үйретуге болмайды. Ондай балалар қорыққаннан қыли көз, тұтықпа, мінез-құлқы өзгеріп, ашуланшақ, ызақор болуы мүмкін. ## Пайдаланылған cілтемелер
Органикалық Катализ Және Электрохимия Институты, Д.В.Сокольскийатындағы – ғылыми-зерттеу мекемесі. Қазақстан Ғылым Академиясы жанынан 1969 жылы құрылған. Құрамында көпфункционалды катализаторлар, катализдік тотықтыру, металлокомплекстік катализ, мұнай өңдеудің каталитикалық процестері, ерітіндідегі каталитикалық реакциялар, ароматты көмірсутектер катализі, қолданбалы катализ, мұнайгаз технологиясы, қолданбалы электрхимия және коррозия, металдар және жартылай өткізгіштер электрхимиясы, металдарды электррафинирлеу, физика-химия әдістермен зерттеулер лабораториялары, өндірістік-тәжірибелік цех, аспирантура жұмыс істейді. Институт жұмысының негізгі ғылыми бағыттары: мұнайды, табиғи газды, көмірсутекті шикізаттарды каталитикалық химия жолымен өңдеу, өндіріс орындарынан сыртқы ортаға шығып жатқан улы газдардан атмосфераны тазарту, ауылы шаруашылық өнімдерін зиянкестерден қорғау мақсатында катализаторлар, нейтрализаторлар, феромондар жасау, табиғи қосылыстардан биол. белсенді заттарды электрлік синтездеу, түсті және асыл металдар мен шала өткізгіштер алу әдістерін, оларды коррозиядан қорғаудың іргелі ғылыми негіздері мен технологиясын жасау, т.б. Институтта Қазақcтан Ғылым Академиясының академиктері М.Жұрынов, Н.К.Надиров, Г.Д.Закүнбаева және т.б. еңбек етеді. Институттың жасаған өнімдері мен ғыл. жаңалықтары ТМД-ның 20-дан астам қ-лары мен еліміздің көптеген өндіріс орындарына енгізіліп, жұмыс істеуде. ## Дереккөздер >
Қараөзек – Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты темір жол стансасы, ауылдық округтің орталығы. Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 18 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалық аңғарында, Талдыкөл көлінің оңтүстік жағындағы қамыс, құрақ, т.б. шөптесіндер өскен шалғынды сұр, шалғынды-саз топырақты өзен жайылмасында орналасқан. Тұрғыны 2,4 мың адам (2005). 1967 – 97 жылдары бау-бақша дақылдарын өсіретін Қызылорда тәжірибе шаруашылығының орталығы болған. Оның негізінде Қараөзекте және округке қарасты Айнакөл, 10 Қараөзек темір жол айырмасында ЖШС және шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Тер-Эммануильян Николай Яковлевич (1925 жылы туған, Ресей, Дондағы Ростов қ.) – техника ғылымының докторы (1989), профессор (1991). Ташкент темір жол көлік инжинерлері институтын бітірген (1950). «Алмалықалақұрылыс» тресінде (Өзбекстан) шебер, прораб, аға инжинер (1951–1953), Ресейдегі «Иртышлестрансстрой» тресінде бас инжинер (1953–1955), Мәскеудегі орман техника институтында аспирант, «Волгоградметаллургстрой» тресінде бас инжинердің орынбасары, өндіріс бөлімінің бастығы, Волгоград инжинерлері институтында доцент, аға оқытушы, деканның орынбасары (1955–1968), қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университетінде доцент (1968–1973); 1973 жылдан қазіргі ҚазҰУ-да доцент, профессор қызметінде. 1988 ж. «Метод полной дискретизации и численное решение задач теории вязкоупругости и ползучести» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 110-нан астам ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер:
Петр Поликарпович Бессчетнов (22 тамыз 1924 жылы, Ресей, Кемерово облысы, Ленинск-Кузнецкий қаласында туған – 2003 жылы, Алматы қаласында қайтыс болды) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1969 жылы), профессор (1974 жылы). Қазақ Мемлекеттік Ауыл Шаруашылық институтын (1950 жылы) бітірген. 1950–54 жылдары аспирант, ассистент, 1954–65 жылдары орман шаруашылығы факультетінде декан, кафедра меңгерушісі (1965–92 жылдары), 1992 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде профессор қызметін атқарды. Бессчетнов 200-ден астам ғылыми еңбектің, 4 монографияның авторы. ## Шығармалары 1. "Редкие и ценные растения Казахстана", Алматы, 1981; 2. "Туранговые тополя Казахстана", Алматы, 1982. ## Дереккөздер
Солдатово — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданындағы ауыл, Солдатов ауылдық округі орталығы. ## Геоографиялық орны Аудан орталығы Үлкен Нарын ауылынан шығысқа қарай 50 км жерде, Нарын өзенінің бастауында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1727-39 жылдары қаланған. 1936 жылы сүтті ірі қара мал өсіру бағытындағы ұжымшардың орталықтарына айналды. 1996 жылы ұжымшар негізінде “Наурыз” және “Шыңғыс” шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл жанынан (5 км жерде) Үлкен Нарын – Рахман қайнары автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер
Сәкен Хайдарұлы Өтегенов атындағы Қазақ соқырлар қоғамы – қоғамдық ұйым. Соқырлар қоғамы Әлемдік және Еуропалық соқырлар одағының мүшесі болып табылады. ## Тарихы 1935 жылға дейін Қазақстанда Халық ағарту және әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссариаттары соқырлармен жұмыс жүргізіп келді. Осы жүйеде Бүкілресейлік соқырлар қоғамының (БСҚ) өлкелік бөлімі жұмыс істеді. 1935 жылғы 19 мамырдағы Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің қаулысымен БСҚ-ның өлкелік бөлімі Әлеуметтік қамсыздандыру халкоматының секторына айналдырылып, оның облыстық ұйымдары құрыла бастады. Республика бюджеттен соқырларға арналған оқу-өндірістік мектеп (ОӨМ), клубтар ашылды. 1937 ж. Қазақ соқырлар қоғамы (ҚСҚ) болып қайта құрылды. ҚСҚ-ның 1-съезінде Орталық басқарма төрағасы болып 1-топтағы мүгедек Зекен Бейсеков сайланды. ҚСҚ туралы ереже мен оның жарғысы 1941 ж. бекітілді. 1941 жылға дейін ОӨМ Алматы, Талғар, Шымкент, Семей қалаларында жұмыс істеді. Ол орындарда 200-ге жуық соқырлар аяқ киім, қол дорба, себет даярлаумен айналысты. 1941 – 49 ж. аралығында республика бойынша 13 ОӨМ және әрбір облыс орт-нда ҚСҚ басқармалары құрылып үлгерді. 1954 ж. ҚСҚ мемл. дотациядан бас тартып, толық шаруашылық есепке көшті. ҚСҚ өз қаражатына Алматы мен Қарағанды қ-ларында арнайы соқыр балалар мектеп-интернаттарын, Петропавл қ-нда муз. мектеп, Шымкент қ. маңында ақыл-есі кем балалар мектеп-интернатын салдырды. 1992 ж. 22 қаңтарда ҚСҚ ҚР Әділет мин-не тіркелді. 1997 ж. 11 ақпанда ҚР Азаматтық заңнамасына сәйкес “Қазақ соқырлар қоғамы” қоғамдық ұйымы болып қайта тіркеуден өтті. ## Мақсаты Соқырлар қоғамының басты мақсаты – 1-, 2-топ мүгедегіне жататын соқырлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеум. қамсыздандыру, еңбекке қосу. Өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін соқырлар қоғамы мүгедектер жөніндегі комиссиялар мен кеңестердегі өз өкілдері арқылы мемл. биліктің өкілдік және атқару органдарымен ықпалдасады. ## Құрамы мен шығаратын өнімдері Қазіргі уақытта соқырлар қоғамы 20 мыңнан астам соқырларды ұйымдастырып отыр. 14 облысы және 2 қалалық бөлімшесі, 200 ұйымы, 33 кәсіпорны және “Спутник” демалыс үйі (120 орын) бар. Кәсіпорындарынан 150 түрлі өнім шығарылады, оның ішінде автобөліктер, пластмассалық, тігін және полиграф. өнімдер бар. ## БАҚ * Алты нүкте журналы ## ҚСҚ басшылығы ҚСҚ председателі — Алмат Сәбитжанұлы Наурызбаев. ## Пайдаланылған cілтемелер * ҚСҚ ресми сайты
Әлкен Нұрмағанбетұлы Қазанғапов - (25.9.1930 жылы туған, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Найзакескен станция) – техника ғылым докторы (1991), профессор (1992). ҚазМУ-ды (1954, қазіргі ҚазҰУ), Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика секторының аспирантурасын (1957) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Қолданбалы математика және машинатану лабораториясында кіші ғылыми қызметкер (1957–65), Математика және механика институтында кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1965–94) қызметтерін атқарды. 1994 жылдан Қазақ көлік және коммуникация академиясында және ҚазҰУ-да оқытушы. «Жоғары өнімді есептеу құралдарын құруға номографиялық әдістерді жасау» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. 130-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. ## Пайдаланған әдебиетттер
Қарасақал Ерімбет, Көлдейбекұлы Ерімбет (1844, бұрынғы Қазалы уезі, қазіргі Арал ауданы Көкаша мекені – 1916, Арал ауданы Көкаша) – ақын. Шыққан руына орай елге Қарасақал Ерімбет болып танылған. Хиуадағы «Шеккі Хазірет» медресесінде оқып, білім алған. Қарасақал Ерімбеттің ақындық өнер жолының қалыптасуына Шернияз Жарылғасұлы (1807 – 1867), Қашқынбай Қожамбетұлы, т.б. ақындар ықпал еткен. 1877 – 79 жылдары Қалыңбас аумағында болыстық қызмет атқарған. Жыраулық, жыршылық, әншілік, ақындық, сал-серілік өнері тоғысқан Қарасақал Ерімбет пен оның өнерпаздық айналасы: Базар Оңдасұлы, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Даңмұрын Кенжебекұлы, Әзілкеш Шымырұлы, Оңғар Дырқайұлы, Жарылқасын Сырманұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы, т.б шайырлар Сыр бойының жыраулық-жыршылық мектебін қалыптастырды. Қарасақал Ерімбет шығыстық дидактика-философиялық мазмұндағы әдеби дәстүрді одан әрі дамытып, ислам дінінің гуманистік-ағартушылық идеяларын қазақ поэзиясының поэтикалық өзегімен тұтастыра жырлады. Оның насихаттық өлеңдеріне: * «Жақсылар бұл қиссадан ғибрат ал» * «Әй, балам, саған насихат» * «Жалғанның түбін ойлап, күтініңдер!» * «Сыйлап қал бір-біріңді соқпай саның» * «Жадыңа, ислам халқым, неге алмайсың?» * «Халықтың қалсын сөзі құлағыңда» Алланың құдіреті, Құранның шындығы, пайғамбардың өсиеті, білім-ғылымға ұмтылу жырланса, дастандарына: * «Атымтай жомарт» * «Хазіреті Ғали мен Дариға қыз» * «Әбу Шашма» * «Сәдуақас Сақи» * «Ақтам сақаба» * «Бап Раушан», Құран кітабындағы хикаялар, Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабаларына байланысты аңыз әңгімелер өзек болған. Сондай-ақ, ол қазақтың дәстүрлі айтыс өнеріне де өзіндік ерекшелігімен үлес қосты. Қарасақал Ерімбеттің негізгі жазба айтыстары («Қарасақал Ерімбет пен Шораяқтың Омары», «Ерімбет пен Аппақ», «Ерімбет пен Қаңлы Жүсіп», «Ерімбет пен Ыбырайым») жұмбақ айтыс тұрғысындағы идеялық, композициялық құрылымымен ерекшеленеді. Қыз бен жігіттің сөз сайысы («Қарасақал Ерімбет пен Жекей қыз») түріндегі айтыстары да ақынның әдеби шығармаларының дәстүрлі табиғатын танытады. Қарасақал Ерімбеттің жазба айтыстарында дидактикалық бағдардағы сюжеттер, нақылдар, мақал-мәтелдер, бейнелеу өрнектері мол қолданылады. Ақын шығармалары «Айтыс» (1965, 2-т.), «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1992) жинақтарында жарияланды. «Ұлағат сөзім ұрпаққа» (1995) атты жеке жыр кітабы жарық көрді. ## Дереккөздер
СОЛҒЫН КЕНТАСТАР – тетраэдрит пен теннантиттің изоморфтық қоспасынан тұратын сульфотұздар класының минералы. Химиялық формуласы mCu12Sb4S13 (тетраэдрит) + nCu12As4S13 (теннантит). Тетраэдритте Cu – 45 – 77%, Sb – 22,22%, теннантитте Cu – 51,57%, As – 20,26% болады. Қоспалары: Ag, Hg, Pb, Nі, Co, V, Sn, Ge, Te, W, Zn, Cu, Bі. Cондай-ақ Ag, Fe, Hg, Zn, Bі қоспаларына байланысты С. к-дың аргентотеннантит пен фрейбергит, ферротеннантит пен ферротетраэдрит, шватцит, зандбергит пен биннит деп аталатын түрлері болады. Солғын кентастар кубтық сингонияда кристалданады, жеке кристалдары тетраэдр, куб, октаэдр пішінді. Кристалдық агрегаттары тұтас масса, сеппелер түрінде кездеседі. Солғын кентастар болаттай сұр кейде темірдей қара да болады, ауада тез күңгірттеніп, “түсі қашады” (Солғын кентастар аталуы осыдан), қатт. 3 – 4, мортты, сынымы шытынақ, тығызд. 4,4 – 5,1 г/см3. Солғын кентастар түсті және сирек металдар кендерінің түрлі генетик. типтерінде сульфидтермен бірге таралады. Солғын кентастардың тотығуынан малахит, азурит, т.б. түзіледі. Қазақстанның Бозшакөл, Ақбастау, Құсмұрын, Текелі, Ақсу, Бестөбе, Майқайың кеніштерінде кездеседі. ## Пайдаланылған cілтемелер
Шоштан Шегедекұлы, Кершолақ атты Ер Шоштан (туған-өлген жылдары белгісіз, шамамен 15 ғасырдың 2-жартысы) – батыр, бағаналы найман ішінде жаугершілік заманда тарыдай шашырап кеткен елдің басын қайтадан біріктіруші, оны ежелгі ата қонысы – Ұлытау аймағына қайта топтастырушы ретінде аты аңызға айналған қайраткер. Шоштан жөнінде ел ішінде 2 түрлі жорамал бар. Алғашқысында ол 13 ғасырдың басында өмір сүрген деп айтылады. Ел басына күн туған үркіншілік заманында ауылда тігерге тұяқ қалмай тек бала Шоштанның Кершолақ құнаны қалады. Кершолақ құнанға мініп, қолына найза ұстаған Шоштан жылқыларын қуып әкеткен жаудың соңынан қуып жетіп, жылқыны жаудан айырып, ауылына айдап әкеледі. Сол күннен бастап бала батыр – “Кершолақ атты Ер Шоштан” атанады. Шоштан бұрынғы ерлердің ұстаған салтын жалғастырып, маңайына әр елден ер-палуан жігіттерді жинап әскер құрып, Сарыарқадан қызылбастарды қуып шыққан. Қалың бағаналының жау шапқынынан тоз-тоз болып кеткен үрім-бұтағын жинап, бір тудың астына топтастырған. Байқоныр өзенінің беткейінде, Бұлантының төменгі ағысында «Шоштан тамы», «Шоштан көлі» деген жер атгары бар. Шамасы Ер Шөштанның мекенжайы сөл жер бөлса керек. Екінші жөрамал бойынша, Шоштан Келбүға-Кетбұғалардан екі ғасырдай кейін өмір сүрген адам. Кетбұғаның 1260 жылы қыркүйектің 3-де Сириядағы Айн-Джалуд (бүгінгі Назарет) қаласы маңында жорық үстінде қайтыс болғандығы белгілі. Сондықтан Кершолақ атты ер Шоштан 15 ғасырдың бел ортасында өмір сүрген деп пайымдауға негіз бар. ## Дереккөздер
Нұржұман Байжұманұлы Ықтымбаев (14 мамыр 1941 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Кербұлақ ауданы Алтынемел ауылында) – актер, Қазақ КСР-інің халық артисі (1990). ## Өмірбаяны Алматы музыкалық училищесінде (1954 – 1957) оқыған. 1966 жылы Жаркент қаласындағы педагогика училищені, 1968 жылы “Қазақфильм” студиясы жанындағы актерлік студияны бітірген. 1968 жылдан “Қазақфильм” студиясында киноактер болды. ## Ойнаған рөлдері Алғаш ойнаған рөлі – “Қилы кезең” фильміндегі Қапан (1966). Таңдаулы рөлдері қатарында Сағатбай (“Балалық шаққа саяхат”), Төлеген (“Ұшы-қиырсыз жол”, 1968), Нұржан (“Мәншүк туралы жыр”, 1969), Хакім (“Атаманның ақыры”, 1970), Комиссар (“Орман балладасы”, 1972), Контрабандашы (“Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері”, 1973), Смайылбек (“Көксерек”, 1974), Пачкаев-Бүркіт (“Бүркіттің соңғы жылы”, 1976; Ереван қ-нда өткізілген 11-Бүкілодақтық кинофестиваль дипломымен марапатталды, 1978), Мұраталиев (“Нан дәмі”, 1979; КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1980), Сейіт (“Қызыл керуен”), Тыко Вылко (“Түпсіз құрдым”, 1981), Барысбай (“Қызыл отау”, 1983), т.б. Ол сонымен қатар “Адамдар арасындағы бөлтірік” (1988), “Аллажар” (1992 – 1995), “Жамбылдың жастық шағы” (1996), т.б. көркем фильмдерге де түскен. ## Марапаттары КСРО Кинематографиясының үздігі (1986). “Парасат” орденімен марапатталған (2007). ## Дереккөздер
Сол қанат – әскер шебінің сол жақ бөлігі. Көшпелілер қоғамында халық, оны құрайтын рулар екіге (оң мен солға) бөлінген. Оғыздарда үш оқтар Сол қанатты құраған. Түрік қағандығында Сол қанат тардуш деп аталса, түркі-моңғолдарда жоңғар деп аталған. Мұндай бөлініс Орталық Азия халықтарында біразға дейін сақталды. Қазіргі кезде әскери атау ретінде қолданылады. ## Пайдаланылған cілтемелер
Ықтасын, ықтырма – малды қатты желден, қарлы бораннан қорғап тұратын құрылыс. Ол ағаш бұталары, саман, тастан, тағы басқа жергілікті құрылыс материалдарынан биіктігі 3–6 метрдей болып жасалады. Ықтасын көбінесе қой және жылқы малдары үшін жасалып, кеңдігі мал басына байланысты әр түрлі болып келеді. Ықтасындардың табиғи түрлері де бар. Оларға әр түрлі көлемдегі үңгірлер, тау шатқалы, сайлы ойпаңдар, орманды алқап, тағы басқа жатады. ## Дереккөздер
Тайыр Аймұхамедұлы Мансұров (1 қаңтар 1948, Сарқанд, Талдықорған облысы) — Еуразия Экономикалық Қауымдастығының Бас хатшысы, Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, елші. ## Қысқаша өмірбаяны Төтенше және өкілетті елшілік дипломат. дәрежесі бар, Халықаралық инженерия академияның, Еуразия халықаралық экономика академиясы. 1971 жылы ҚР политехникалық институтын (ҚазҰТУ), 1978 жылы Алматыдағы жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын Алматы қаласының құрылыс мекемелерінде инженері болып бастаған. 1973 – 79 жылдары Алматы қалалық және Алматы облысы комсомол комитетінің хатшысы, 1979 – 87 жылдары Алматы облыстық партия комиссариятінің құрылыс бөлімі бастығының орынбасары, бастығы, кейіннен Ленин аудандық партия комиссариятінің 1-хатшысы, 1988 – 91 жылдары КОКП ОК-де құрылыс бөлімінің нұсқаушысы, Қарағанды облыстық партия комиссариятінің 2-хатшысы, КОКП ОК-нің экономика бөлімінің сектор меңгерушісі, 1990 – 94 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан және Ресей парламентаралық комиссиясының үйлестірушісі, 1991 – 93 жылдары Мәскеу қаласындағы “Қазақстан” даму қорының президенті, 1994 – 2002 жылдары РФ-дағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі (1996 – 2002 жылдары Финляндия республикасындағы Қазақстан елшісі қызметін қоса атқарған), 2002 – 03 жылдары ҚР СІМ-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, әрі ҚР Президентінің кеңесшісі, 2003 – 07 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарды. 2007 жылдың 6 қазанынан ЕурАзЭІ-тың бас хатшысы.Тайыр Аймұхаметұлы Мансұров “[[Құрмет]]” (1996), 2-дәрежелі “Достық” (2001), “Дружба” (РФ, 2002), “Святая князя Даниила Московского” (РФ, 2002) ордендерімен, ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Бірнеше монографиялардың және дипломат әрі қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов туралы ғылыми және әдеби-көркем кітаптардың авторы. Қазақ политехникалық институтын, Мәскеу қаласындағы Жоғары партия мектебін бітірген, саяси ғылымдардың докторы. Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар. Институтты бітірген соң мамандығы бойынша жұмыс істеді, «Алматыцентрострой» құрылыс басқармасында инженер, бас инженер болды. Алматы, Қарағанды, Мәскеу қалаларының мемлекеттік басқару органдарында басшы қызметтер атқарды. Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Сыртқы Істер министрлігінің айырықша тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметтеріне тағайындалған. Соңғы уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінде болды. 2003 ж. желтоқсанынан Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2007 ж. қазанның 8-інен бастап Еуразия Економикалық Қауымдастығының Бас хатшысы боп тағайындалған. ## Дереккөздер
Ықшам аудан, мөлтек аудан, микроаудан – қала ішіндегі тұрғын үйлер және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері шоғырланған шағын құрылым. Оның жалпы ауданы 20 – 35 га жерді құрайды; ал құрамына қоғамдық-сауда орталығы (ауданы 0,5 – 1,5 га), балалар мекемелері (ауданы 2 – 4 га), спорт алаңдары, демалыс орындары, жасыл желек аймақтары кіреді. Шағын қалаларда ықшам аудан тұрғындарының саны 4 – 5 мыңға, орташа және үлкендерінде 6 – 12, ал ірілерінде 15 – 20 мыңға дейін жетеді. 20 ғ-дың 60-жылдары Қазақстанда Алматы үй құрылысы комбинаты іске қосылғаннан кейін тұңғыш тәжірибелік ықшам ааудандар салына бастады. Содан бері Алматы қаласында 30-дан астам ықшам аудандар ірге көтерді. Сондай-ақ Қарағанды қаласында “Солтүстік-Шығыс” (арх. С.И. Мордвинцев, А.В. Ермолаев, М.О. Жандәулетов), Шымкент қаланда “Солтүстік” (археолог Г.С. Садырбаев, А.К. Беккер), Астана, Тараз, Қызылорда, т.б. қалаларда ықшам аудандар бой көтерген. ## Дереккөздер
Керімбек Шманов (1906, Жамбыл ауданы Аса ауылы – 1975, сонда) – ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдастырушысы. Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласындағы мұғалімдер курсын бітірген (1925). * 1925 – 1927 ж. Жамбыл ауданы «Октябрь-Жеміс» мектебінде директор, * 1927 – 1944 ж. «Құрамыс» ұжымшарының төрағасы, Түрксіб темір жолын салу кезінде Жамбыл ауданы жұмысшылар кәсіподағының төрағасы, * 1944 – 1946 ж. Жамбыл ауданы қаржы бөлімінің меңгерушісі, * 1946 – 50 ж. Талас ауданы «Бостандық» ұжымшарының төрағасы, * 1950 – 1954 ж. Жамбыл ауданы «Пионер» ұжымшарының төрағасы болды. * 1954 – 1957 ж. Молотов атындағы ұжымшарда қызмет атқарған. * 1957 – 64 ж. ауданы су шаруашылығы бөлімінің бастығы, * 1964 – 1966 ж. «Аса» кеңшарында жүгері бригадасының жетекшісі болып жұмыс істеген. Еңбек жолында Шманов өзінің іскерлігімен, білімділігімен және өнегелі қызметімен көріне білді. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің, облысы және ауданы кеңестің депутаты болып сайланды. «Ленин» орденімен, медальдармен марапатталған. Жамбыл аудандағы орталау мектепке Шманов есімі берілген.. ## Cілтемелер
Соловьёво — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы ауыл, Соловьёв ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Алтай қаласынан оңтүстікке қарай 15 км жерде, Берёзовка өзенінің сол жағасында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1957 жылы Алтай қаласын сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында құрылған кеңшардың орталығы есебінде қаланды. Кеңшар негізінде бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Соңғы түйіндеуші буын, әдетте, ру есіміне тіреледі. Немесе, керісінше, руынан бастап сатылап өз әкесіне яки өзіне дейін таратылады. Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған және сол білігі арқылы ол өз халқының дәстүрін жалғастырып отырған. Мұның өзі қазақтардың этникалық ерекшеліктерін танытады, әрі оның қиын-қыстау кезеңдерде тегінен көз жазып қалмауына және басқа халықтармен ассимиляцияға түсіп кетпеуіне себепші болған. Жеті ата мен ру шежіресін білу көшпелі қоғамда өмір сүрген қазақтар үшін өмірлік қажеттілік болды. Жеті атадан Үш жүзге дейінгі біртұтас туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы “қазақ халқы — бір атаның баласы, бір тамырдан тараған” деген ұстанымды орнықтырған.Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді.Жеті атасын тарата білу арқылы әркім көрші рулармен байланысын білген, сөйтіп бүкіл қазақтың біте қайнасқан туыстығына көзі жеткен. Сөйтіп Жеті аталық ұстаным қазақ халқының этнобиологиялық, этномәдени, жалпы рухани тұтастығын табиғи түрде қамтамасыз еткен. Жеті аталық ұстанымға негізделген туыстық байланыс институты әрбір казақтың білмекке деген ынтасын оятқан. Жеті атасын, руы мен жүзін білген соң, қазақтар туған жерінің кез келген шалғайында өзін туысқандарының ортасында жүрген алып бір жанұяның мүшесіндей сезінген. Нәтижесінде біртұтас жанұя секілді ұлттың біртұтас зердесі қалыптасып, жер басып жүргендер ғана емес, жадта сақталған баяғы ата-бабалар да тірілердің санасында тірлігін жалғастырған. Халықтың мұндай зердесі әрбір қатардағы далалықтың тарихты айқын елестетіп, жан-жүрегімен сезінуіне себепші болған. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың құлағына күн сайын бабалары туралы тек жақсылықты құйып, рухани тектілікті дәріптеп, ұлттық сенімін орнықтырған. Бабалар рухы — аруақтың күн сайын желеп-жебеп отыратындығы туралы сенімін тудырған. Сөйтіп Жеті ата институты қазақ халқының өткеннен болашаққа деген сенімін мың сан ұрпақтар арқылы сабақтастырып отыратын тетік ретінде танылған. Жеті аталық ұстаным бабалар рухы алдында әрбір қазақ пен бүкіл халықтың іштей жауапкершілік сезімін оятқан. Осы ұстаным аясында қазақ өмірінің моральдік кодексі, салт-дәстүрі мен тыйым-жораларының негізі қаланған. Сөйтіп туыстық қарым-қатынас қалыптары күнделікті моральдік санаттан бірте-бірте заңдық мәртебеге ұласқан. Мұндай құқықтар мен міндеттер жүйесі біртұтас әдеп деңгейінде көрініс тапқан. Әдепті бұзғандар қатал жазаланып, ең ақыры туған жерінен қуылған, яғни гипержанұядан аластатылған. Дені дұрыс адам үшін мұнан ауыр, масқара жаза болмаған. Жеті ата ұстанымы бүкіл халықтың бойында еш мәжбүрлеусіз мейлінше тегеурінді рухани бірлік сезімін терең сіңірді. Ол этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы болды. ## Немере Немере– туыстық атау. Ер адамның баласынан тараған ұл мен қыз. Ағайынды кісінің балалары туыстық жақындығы жағынан Немере аға, Немере іні, Немере қарындас, сол сияқты ағайынды кісінің қыздары да Немере апа, Немере сіңлі болып аталады. ## Шөбере ШӨБЕРЕ – туыстық атау. Атадан санағанда немереден өрбіген ұрпақ. Дәстүрлі қазақ қоғамында Шөбере немереден таралған ұл-қыздардан құралады. ## Шөпшек Шөпшек – туыстық атау. Атадан тараған төртінші ұрпақ. Немере мен шөбереден туғандар туыстық жағынан қашықтай бастайды. Шөпшекті кейбір жерлерде туажат деп те атайды ## Немене Немене– туыстық атау. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жеті ата жүйесі бойынша таратылатын жетінші ұрпақ. ## Жүрежат Жүрежат – алыс туысқандықты білдіретін атау, яғни туажаттан туған бала. Жүрежат – адамның өзінен санағанда жетінші буыннан қосылатын туысы. Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрпы бойынша Жүрежаттың балалары бір-бірімен қыз алысып, құдандалы бола алады. ## Туажат Туажат – дәстүрлі қазақ қоғамындағы туыстық атау, немененің баласы. Туажат адамның өзінен бастап санағанда алтыншы буын. Ол туыстық қатынас жағынан бір атаның баласы саналғанымен, одан кейінгі ұрпақтардың іргесі бөлініп, туыстық қарым-қатынасы алшақтай бастайды. ## Жұрағат Жұрағат – алыс туыстықты білдіретін ұғым. Жеті атасынан туысқандар үлкені кішісін Жұрағат дейді. Әдетте, бір рудан тараған адамдар да бірін бірі Жұрағат дей береді. ## Жекжат Жекжат, жамағайын, жамағат — бір-біріне құдандалық, т.б. жақындығы бар адамдар. Жегжат атауы қандас туыстарға қатысты қолданылмайды. Жекжат — туыстығы жоқ, бірақ құданың құдасы, нағашының бөлесі, жиеннің балдызы сияқты туыстық қатысы бар адамдар арасындағы жақындықты білдіретін атау. Олар құда, нағашы, жиен сияқты туыстық, жақындық құқықтарды талап ете алмайды. ## Жалпы кесте Жеті ата, ұрпақ * Бала * Немере * Шөбере * Шөпшек * Немене * Туажат (кейде некеге рұқсат берген) * Жүрежат (некеге рұқсат) ## Дереккөздер: Қазақ ұлттық энциклопедиясы
ШӨГІНДІ КЕНДЕР – теңіз, өзен, көл, т.б. су айдындары түбіндегі шөгінді жиналу барысында пайда болған түзілімдер. Шөгінді тау жыныстарының және олармен байланыстағы пайдалы қазбалардың қалыптасуы седиментогенез, диагенез, катагенез сатыларында өтеді. Жаралу ортасына қарай Шөгінді кендер өзендік, батпақтық, көлдік, теңіздік, мұхиттық болып бөлінеді. Соңғы екеуі платформалық, геосинклиндік болып бөлінеді. Қалыптасу процесіне байланысты Шөгінді кендер механикалық, химиялық, биохимиялық, жанартаутекті-шөгінділік болып келеді. Шөгінді кендер қалыптасуының физика-химиялық және геололиялық жағдайлары шөгінді тау жыныстары қалыптасуының жалпы бағытымен байланысты өздерін сыйыстырушы тау жыныстарымен сәйкес жатады да, белгілі стратиграф. деңгейді қамтиды. Кен пішіндері қабат, жайпақ линза, конкрециялар түрінде болып келеді. Метаморфтану мен тектоникалық қозғалыс әсерінен Шөгінді кендердің кен денелері кейде күрделі пішіндерге ие болады. Жеке қабаттардың ұзындығы ондаған км-ге, қалыңдығы ондаған, жүздеген м-ге жетеді. Шөгінді кендерді құраушы минералдар үш топқа бөлінеді: * құрлықтан ысырылған, үгілуге төзімді, үлкенді-кішілі кесек сынықты минералдар (кварц, рутил, магнетит, дала шпаттары, амфиболдар, пироксендер, слюдалар, т.б.); * химиялық үгілудің түзілімдері (каолинит, гидрослюдалар, темір мен марганецтің гидрототықтары, т.б.); * шөгінді жиылумен байланысты қалыптасқан жаңа түзілімдер (карбонаттар, тұздар, фосфаттар, кентас минералдары, кремнийлі және көміртек қосылыстары, т.б.). Шөгінді кендерге барлық жанғыш пайдалы қазбалардың кендері (мұнай, газ, көмір, жанғыш тақтатас, шымтезек), көптеген металдар мен радиоактивті элементтер (темір, марганец, алюминий, мыс, қорғасын, мырыш, алтын, циркон, титан, уран, торит, т.б.), бейкентасты пайдалы қазбалар (барит, саз, күкірт, фосфорит, диатомит, көптеген құрылыс материалдары, т.б.), жартылай асыл және әшекейлік тастар (родонит, янтарь, яшма, т.б.) кендері жатады. Шөгінді кендердің қалыптасуына климаттық факторлармен байланысты литогенез процестері себепші болады. Гумидтік литогенезде темірдің, марганецтің, алюминийдің мол шоғыры жиылады. Мыс, қорғасын, фосфорит кендерінің қалыптасуы аридтік литогенез жағдайында өтеді. Қазақстандағы ірі Шөгінді кендерге Лисаков оолиттік теміртас, Торғай боксит, Қаратау фосфорит, Маңғыстау мұнай, Қарағанды, Екібастұз көмір кендері жатады. ## Дереккөздер
Солоновка — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданындағы ауыл, Солонов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үлкен Нарын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 18 ғасырдың 40-жылдары қаланған. 1957 жылдан бастап тың жерлерді игеруге байланысты құрылған сүтті ірі қара мал өсіретін ұжымшардың орталығы болды. 1996 жылы ұжымшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Ықылас (араб.: إخلاص‎, орыс. искренность) — өтірік пен екіжүзділікті тастау. Діни мағынасы: бір істі атқарғанда тек Аллаһқа ғана жақындықты қалау, Оның әміріне бағыну, рия мен атақты ол іске араластырмау. Сонымен қатар Ислам дінінде діннің негізі саналатын куәлік сөздері — «Ықылас сөздері» (араб.: كلمة الإخلاص‎) деп аталады, себебі бұл сөзбен адам Аллаһтан басқа құлшылық етілетін заттардан бас тартады, тәрк етеді. Ықыластылық, шын көңіл адами қасиеттердің ең маңыздыларының бірі, бірақ шын ниетпен айтылған сөз кейде адамдардың көңіліне жақпауы мүмкін. Бұндай жағдайда сыпайылық пен шыншылдық арасында таңдауға тура келеді. Құран Кәрімнің 112-ші сүресі «Ықылас» (араб.: سورة الإخلاص‎) деп аталып, оның ішінде Аллаһтың бірлігі, Оның сипаттары туралы, Оған ешкімнің тең келмейтіні туралы айтылған. ## Дереккөздер
Маңғыстау артезиан алабы — Маңғыстау облысындағы жер асты сулы алап. ## Толығырақ Батысы – Каспий, шығысы – Арал теңізі, солтүстігі Қаратау жотасы, оңтүстігі Түрікменстанға дейінгі аймақты қамтиды. Ауданы 60 мың км²-ден астам. Жалпы қалыңд. 4 км-ге дейін созылатын юра, бор, палеоген шөгінділерінің әр түрлі тереңдікте жатқан құмды белдеулерінде. Юра, бор, палеоген, неоген шөгінділерінен құралған алаптың жалпы тереңдігі Қаратау маңында 1,5 км-дей, ал алап орт-нда 5 – 6 км шамасында. Юра мен төменгі бор шөгінділерінде қалыптасқан сулардың арын күші өте зор, ащы, кейде тұздық сулар да кездеседі. Мұнай кендерімен шектесетін арын күші зор бұл сулар мұнай шығаруды жеңілдетеді. Ұңғымалардан су өздігінен шығады. Бұрғылау тереңдігіне байланысты олардың температурасы 15 – 20С-тан 120 – 160С-қа дейін ауытқиды. Басым бөлігінде суы ащы. Минералдығы 10 г/л-ден асады, тереңнен шыққан суда 180 – 200 г/л-ге жетеді. Қаратаудан оңт-ке және солт-ке қарай жер асты суларының тереңд. 75 – 100 м-ден 700 – 800-ге, ұңғымалардың су шығымы 500 – 1000 м³/с-тен 2000 – 3500 м³/с-ке, минералдығы 0,6 – 1,5 г/л-ден 3 – 5 г/л-ге, сулы горизонттардың жалпы қалыңд. 20 – 30 м-ден 100 – 150 м-ге дейін жетеді. Тұщы және ащылау судың ғасырлық жалпы қоры 100 млрд. м3, жыл сайын қосылатын қоры 100 млн. м3-дей. Тұщы судың пайдаланылатын қоры жылына 35 – 40 млн. м3. ## Дереккөздер
Солтүстік Жер – Солтүстік Мұзды мұхиттың Кара теңізібен бен Лаптевтер теңізі аралығындағы аралдар тобы. Құрлықтан (Таймыр түбегінен) Вилькицкий бұғазы арқылы бөлінген. 4 ірі (Қазан төңкерісі, Большевик, Комсомол, Пионер) және бірнеше ұсақ аралдардан (Шмидт, Кіші Таймыр) тұрады. Ауданы 37,6 мың км². Жағалауы құзды және жартасты, терең фьорд тәрізді шығанақтармен тілімделген. Геологиялық тұрғысынан шөгінді (құмтас, тақтатас, доломит, мергель), метаморфтық және атпа (диабаз, гранит) жыныстардан түзілген. Жер бедерінде биік және ойпаңды, үстірт тәрізді және аласа таулы-қырқалы пішіндер таралған. Аумағының жартысын мұз қалқандары мен күмбездер (биікт. 965 м) алып жатыр. Мұздықтардың жалпы ауданы 18,3 мың км². Климаты арктик. Қаңтардың жылдық орташа температурасы 28 – 30С (ең төм. –50С), тамызда 0,5 – 1,6С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 – 200 мм-ден (теңіз жағалауында) 400 – 450 мм-ге (мұз күмбездерінде) дейін. Аумағын түгелдей мүкті-қыналы арктик. шөл қамтыған. Солтүстік аралдарда жануарлардан лемминг, полярь түлкісі, ақ аю; оңт. аралдарда Солтүстік бұғысы мекендейді. Теңіздерде гренландия итбалығы, морж, қортпа кездеседі. Жартасты жағалардағы “Құс базарына” құстардың 15-тен астам түрі жиналады. Солтүстік жерді 1913 ж. орыс гидрографы Б.Вилькицкий (1885 – 1961) ашқан.
Қарасопы кесенесі – Қызылорда облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген киелі нысан ескерткіші. ## Орналасқан жері Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде, Сырдарияның жағасында орналасқан. ## Кезеңі XIX ғасыр. ## Сипаты Кесене шамамен XIX ғасырдың екінші жартысында аймақтағы ардақты діни қайраткерлердің бірі Қара сопыға арнап салынды. Ескерткіш айтарлықтай үлкен, сонымен бірге пропорционалды орталық күмбезді ғимарат. Сұсты пештагы кесененің жалпы құрылымына үйлесімді салынған. Пештақтың мұндай түрі ерте ортағасырдан бастап, ортаазиялық діни архитектураның барлығына тән болып келеді. Тік бұрышты ғимарат (күмбезімен қоса есептегендегі биіктігі – 9 м) екі бөліктен тұрады: кіреберіс тобы және қабірханның орталық бөлмесі. Негізгі бөлігі сегіз қырлы барабанда кішкентай әсем күмбезбен жабылған.Кесене күйдірілген кірпіштен қаланған. Негізгі фасады оңтүстік-батысқа қарай бағытталып, портал түрінде безендірілген. Қасбетінің негізі оңтүстік-батысқа қарай қаратылып, портал түрінде жабдықталған. Кесененің сегіз айқышты, қас бетінің үсті негізгі қабырғадан биік өріліп, күмбезі, қабырға карниздері де өрнектелген. Жобадағы өлшемі 14х9 м, биіктігі-9 м, үстінде 8 айшығы бар, шағын екі бөлмеден тұрады. Қабір жатқан бөлменің аумағы 12,34х8,70 м, қосалқы бөлме аумағы 6,50х5, м. Есігі құбылаға қараған, алдында Қара сопы бейіті бар. Қарасопы кесенесі ислам сәулет өнері үлгісінде салынған. Осы аймақтағы Қорасан Ата, Қылышты Ата, Айқожа, т.б. тарихи жәдігерлер олардың көшпелі өзбектер дәуіріне қатысын байқатады. Қара сопы күмбезі арнайы зерттелмеген.Ескерткіш 1982 жылы Қазақ КСР-нің тарихи және мәдени маңызы бар ескерткіштерінң тізіміне енді. Мемлекеттің қорғауына алынған. ## Тарихи деректер Халықта "сопы" деген мағына әлеуметте үлкен құрметке ие діни тұлға дегенді білдіреді, әдетте, адамгершілік қасиеті жоғары, сирек кездесетін рухани қасиеттерімен ерекшеленетін диуана.Қара сопы бала кезінен қарапайымдылық, даналық, білімге деген құштарлық, ерекше рухани, емшілік қасиеттерге ие болған деп есептейді. Жас жігіт көп жылдарын Бұхарда өткізеді, Айқожа, Марал мен Құлболды ишандармен бірге медреседе оқиды.Жергілікті жердегі аңыздарға сүйенсек, Қара сопы Айқожа ишанды бала кезінен өсірді, жеке өзі әкесі ретінде оны Бұхар мен Меккеге апарып жүрді. Кейін риза болған Айқожа ишанның баласы Атақожа Қара сопыға арнап осы кесенені тұрғызады. Атауына қарамастан, кесененің өзінде Айқожа ишанның ұлдары Ыбырайымшайық пен Мамырайымшайық жерленген. Қарапайым болғандығы сонша, Қара сопы тірі кезде-ақ өзін жай ғана жерлеуді өтінді. Аңыз бойынша Айқожа ишан қайтыс болғаннан кейін өзінің ұстазы Қара сопының аяқ жағына жерленгісі келген.Бүгін Қара сопы кесенесі аймақтың маңызды киелі орны болып есептеледі. Оған қажылыққа келетіндердің легі күннен күнге артуда. Халықта әулие оларға дертінен айығуға көмектеседі, күш пен ақыл береді, ұялшақ адамдардың бойына ержүректілік пен қызуқандыларға жақсы мінез ұялатады деп сенген. ## Дереккөздер
Ықылас Дүкенұлы мемориалы – тарихи және сәулет өнері ескерткіші. Ықылас Дүкенұлы мемориалы (архитектор Э.Байтанаев, А.Еспембетов пен Г.Сахариева) Жаңатас – Тараз – Шолаққорған (Жамбыл облысы) автожолдарының қиылысындағы ауылдың оңтүстік шетінде орналасқан. Мемориал 1993 ж. халық күйші-қобызшысы Ықылас Дүкенұлының туғанына 150 жыл толуы қарсаңында тұрғызылды. Тұтас құймалы темір-бетон мен күйдірілген кірпіштен тұрғызылып, оның сыртқы жағы мәрмәр және гранитпен қапталған. Өзара үйлесім тапқан үш бөлімді құрылыс белдеулік осьпен тартылған. Мемориалдың негізгі көлемі – гөрхана негізіндегі дөңгелек (жерлеу орны), тік көтерілген биік конус тәрізденіп біткен; ал алғы беті жағынан көлденең биіктігі 5,4 м әшекейлі шынымен бөлінген. Ықылас Дүкенұлы мемориалының құрылысы қабырғаларында майшам-“шырақтар” қоятын қуыстар жасалған; интерьерінің ортасында жазбалары бар мемориалды тақта орнатылған. Мұнда Ықылас Дүкенұлы жерленген бейіттен (Шығанақ ауылның солтүстік-шығыс жағынан 30 км жерде Шу өзеннің етегінен) бір уыс топырақ әкелініп, мемориал басына құлпытас орнатылды. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы, 9 т.
СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АРТЕЗИАН АЛАБЫ, батысында Еділ, Жем өзендері, солтүстігінде Жалпы Сырт қыраттары, оңтүстігінде Каспий т-мен қоршалып шеңбер тәрізді иіле орналасқан терең жер асты су қоймасы. Алаптың палеозой дәуіріне дейінгі тым көне қыртыстардан тұратын табанының тереңд. шет жақтарында 5 – 10 км, ал орт-нда 18 – 23 км-ге жетеді. Солтүстік Каспий артезиан аалабының тік кескінінің орта шенінде, кунгур дәуірінің қыртысында маңайындағы тау жыныстары мен жер асты суларын тұзға қанықтыратын қалың тұзды қабат қалыптасқан. Осыған қарамастан алаптың қойнауында әр кезеңдерде тұщы су қабаттары пайда болған. Су қабаттары геологиялық ерекшеліктеріне байланысты үш ірі артезиандық бөлікке бөлінеді. Оларға солт. Ресейге қарай созылған Жалпы Сырт қыратының оңтүстігіндегі, солтүстік-шығысында Орал, Мұғалжар таулы қыраттарының алдыңғы жағындағы және оңтүстігінде Каспий ойысының тұзды күмбезді сулы алаптары жатқызылады. Аталған үш артезиандық алаптың солтүстік-шығыс бөлігінде қоры мол, минералд. 0,2 – 3 г/л, тұщы және аздап ащы жер асты сулары 300 – 800 м тереңдікте аллювий, палеоген, төменгі бор кеуекті шөгінді жыныстарына таралып жатыр. Көзі ашылған әр ұңғымадан тәулігіне 100 – 120 м3, кей жерде арынды су шығады. Олардың табиғи қоры мыңдаған млрд-қа жетеді, оның үстіне жыл сайын 1,2 – 1,5 млрд. м3– 1,5 млрд. м3 сіңбе су қосылады. Мұнымен қатар пермь дәуірінің тереңдігі 0,5 – 2,5 км құмтасты шөгінділері таралған жерлерінің (Ақтөбе қ. маңы) тұздық суларында (1 л тұздықта) 15 – 43 мг йод, 100 – 120 мг бром, 100 – 400 мг калий, 10 – 100 мг стронций, т.б. элементтер кездеседі. Алаптың солтүстік бөлігіндегі аллювий, неоген-палеоген және жоғ. бор сулы қабаттарында 150 – 300 м тереңдікте жер асты сулары тараған. Ұңғымалары тәулігіне 30 – 60 м3 су береді. Қоры ондаған млрд. м3, әр жылдық тұщы су ресурсы 100 – 150 млн. м3-ге жетеді. Солтүстік Каспий артезиан аалабындағы минералдылығы мен өнімі, қоры аз жер асты сулары оңт. бөлігінде орналасқан. ## Пайдаланылған cілтемелер
Үмбетов Тұрақбай Жетенұлы - 1938 жылы Ақтөбе облысыНовороссийск, қазіргі Хромтау ауданы Мағаджан ауылында дүниеге келді. 1966 жылыАқтөбе мемлекеттік медицина институтын ( қазіргі Ақтөбе мемл. мед. академиясы) және Новосибирск мед. ин-тының аспирантурасын (1971) бітірген.1966–68, 1971–75 жылдарыАқтөбе мемлекеттік медицина институтында ассистент1975–86, 1989–90 жылдарыАқтөбе мемлекеттік медицина институтында доцент1989 жылымедицина ғылымынң докторы1991 жылыпрофессор1990–96 жылдарыАқтөбе мемлекеттік медицина институтында кафедра меңгерушісі болды1996 жылданАқтөбе мемлекеттік медицина академиясында кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.1999 жылыҚазақстан Республикасы Медицина ғылыми академиясының корреспондент мүшесі1998 жылыҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі2006 жылыҚазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Тұрақбай Жетенұлы * 1988 жылы «Морфо-функциональное исследование региональных лимфатических узлов почек при действии алкоголя в условиях нормальной и нарушенной гемо- и лимфоциркуляции» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. * 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде: * монография(«Лимфатический узел при алкогольной интоксикаций», 1992) * оқулықтың («Общая эмбриология», 1997) авторы. ## Дереккөздер:
Балапанов Тұрсын (1914, қазіргі Сырдария ауданы Далакөл ауыл округы - 13.1.1978, Сырдария ауданы Ақжарма ауылы) - еңбек ардагері. Еңбек жолын Аламесек (қазіргі Есет батыр ауылы) МТС-нда тракторшының көмекшісі болып бастаған. 1936 жылы Сұлутөбедегі механизаторлар курсын бітірген. 1936 - 45 жылы Аламесек МТС-нда бригадир, шеберхана меңгерушісі, бөлімше механигі, ал 1945 - 53 жылы аға механик қызметтерін атқарды. 1953 - 78 жылы қазіргі Ақжарма ауылында күріш өсірушілер звеносының жетекшісі болған. Ол күріш өсіруде Ы.Жақаевтың іс-тәжірибесін насихаттап, егіншілік мәдениеті мен мол өнім алу саласында көп еңбек еткен. Б. «Ленин», «Октябрь революциясы» ордендері және бірнеше медальдармен марапатталған. Балапановтың өмір жолы А.Тоқмағанбетовтің «Мұзбалақ» поэмасына арқау болған. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том