text
stringlengths 3
252k
|
---|
Мамажан Орынбасаров (1937 ж.туған, Сарыағаш ауданы Сарыағаш ауылы ) – ғалым, физика-матем. ғылым. докторы (1996), профессоры. (1997). Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Қазақ ҰУ) бітірген (1960). 1960 – 96 ж. Қазақ ҰУ-дің математика физика кафедрасының аспиранты, ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі. 1980 – 86 ж. математика факултетінің деканы, 1996 жылдан дифференциалдық теңдеу және математикалық физика кафедрасының профессоры., кіші бөлімнің деканы, магистратура жетекшісі. Бірнеше медальдармен марапатталған. 110 ғылым. еңбектің, оның ішінде 83 ғылым. мақаланың, 1 монографияның авторы.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Әліқұлов Өмірхан (1939 жылы туған, Мақтаарал ауданы) – мақта өнімділігін арттыруға белсене үлес қосқандардың бірі. Алғашқыда механизатор, кейін ұзақ жылдар бойы мақташылар бригадирі болып, әр гектардың өнімділігін 40 – 45 центнерге жеткізіп, жарыс жеңімпазы атанды. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1983). «Октябрь революциясы», Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері.
## Сілтеме |
Күлбаран Әлібекова (6.3. 1928 – 2003, Төле би ауданы Қызыл Әскер ауылы). Еңбек жолын 14 жасында жұмысшы болып бастап, Қызыл Әскер, Октябрь революциясы, ІІІ Интернационал ұжымшарларында түрлі шаруашылық жұмыстарында, егіс бригадаларында жұмыс істеген. 1961 – 1985 жылдары 1 Мамыр кеңшарында көкөніс бригадаларында жұмысшы, звено жетекшісі болды. Ол 1965 – 1967 жылдары картоптан рекордтық өнім алғаны үшін 1967 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1972), «Батыр ана» медалінің иегері.
## Сілтеме |
«Ақмола» — Ақмола облысына арналған энциклопедиялық басылым. «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы әзірлеген. 1995 ж. «Атамұра» баспасынан орыс тілінде жарық көрді. Республика Президенті Н. Назарбаевтың алғы сөзімен ашылған. Көлемі — 43,6 б. т., таралымы — 100 мың дана. Басылым түрлі-түсті суреттермен, деректі құжаттармен безендірілген. Кітап шартты түрде үш бөлімнен тұрады. Оның алғашқы бөлімі облыс табиғаты мен табиғи ресурстары, халқы, экономикасы, архитурасы, білім беру ісі, ғылым және ғылыми мекемелері, денсаулық сақтау ісі, дене тәрбиесі және спорт, әдебиеті мен өнері, шетелдермен экон. және мәдени байланыстары туралы жан-жақты мағлұматтар береді. Екінші бөлімге Ақмола қ. мен облыс құрамына енетін барлық аудандар бойынша өнеркәсіп пен а. ш. мекемелері, ауылдар мен кенттер, жоғары және арнаулы білім беретін оқу орындары туралы материалдар топтастырылған. Ал соңғы бөлім алфавиттік есімнамаға арналған. Мұнда Абылай ханнан бастап Ақмола топырағында бұрын-соңды өмір сүріп, қызмет атқарған көрнекті мемл. қайраткерлері, батыр-билер, ақын-жазушылар, әнші-композиторлар, ғалымдар мен өнер адамдары, 2-дүниежүз. соғыс қаһармандары мен еңбек ерлерінің өмірімен жайлы жазылған. |
Мықи – қаршыға тұқымдасына жататын құс. Жиі кездесетіні кәдімгі мықи (Accipiter badіus).
Ол Қаратал, Іле, Сырдария, Қаратау өңірлеріндегі орманды, тоғайлы жерлерді мекендейді. Дене тұрқы 30 – 38 см, қанатының ұзындығы 18 – 23 см, салмағы 190 – 270 г. Арқасы қоңыр қошқыл, бауыры ақ, қоңыр жолақты. Кәдімгі мықи – жыл құсы, ерте көктемде ұшып келіп, ағаш басына ұя салады. Жыныстық жағынан 1 жасында жетіледі. Ұясына 3 – 4 жұмыртқа салып, оны мекиендері 33 – 35 күндей шайқайды. Мықи қорегін ашық алаңқай жерлерден аулайды. Ұсақ кесірткелермен, кемірушілермен, ірі жәндіктермен (инелік, шегіртке, құмырсқа, тағы басқа) қоректенеді. Зиянды кемірушілерді жеп ауыл шаруашылығына едәуір пайда келтіреді. Мықи – тіршілігі аз зерттелген құс.
## Дереккөздер |
Аққұдық — Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы тұзды көл. Тұзащы көлінің шығысында, Сұлуқұркөл көлінің солтүстік-шығысында орналасқан. Кезінде көл маңында халық ауыз су ретінде пайдаланған құдық болған. Көл аты осы құдыққа байланысты шықса керек. |
Астана — Қазақстан Республикасының астанасы. 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап астана статусына ие.
Миллионер қаласы мәртебесіне 2017 жылдың маусымында қол жеткізілді, ол кезде тұрғындардың саны 1 002 874 адамға жетті. Астана елдің солтүстігінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Әкімшілік жағынан қала 5 ауданға бөлінген.
Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы ұсынысты Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде ауыстыру туралы шешім қабылдады. Орталық мемлекеттік органдардың Ақмолаға ресми көшуі 1997 жылғы 10 желтоқсанда басталды.
Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусым күні өтті.
Қала бес әкімшілік бірліктен — «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл», «Байқоңыр» және «Нұра» аудандарынан тұрады. Есіл және Нұра ауданы қаланың даму динамикасына қарай кейінгі жылдары құрылды.
## Географиясы
2023 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша қала тұрғындар саны 1 354 435 адам, бұл Алматыдан кейінгі Қазақстандағы екінші көрсеткіш. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Қала территориясы аумағы – 797,33 км² (2017 жылғы 7 ақпанда Ақмола облысының елді мекендерсіз 87,19 км² қалаға қосылғаннан кейін).
Қала дала жазығында орналасқан. Алып жатқан аумақтың рельефі — төмен террассалар. Каштан топырағы басым.
Қаланың геологиясы — солтүстік бөлігінде бөлінбеген палеозойлық шөгінділер, ал оңтүстік және батыс бөліктерде орта төрттік шөгінділер. Қаланың көп бөлігі шөгінді тау жынысында, негізінен құмдақ саздарда жатыр.
Астана қаласы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Қала екі бөлікке бөлінеді — оң және сол жағалау. Қаланың гидрографиялық желісі тек Есіл өзенімен ғана емес, сонымен қатар Есіл өзенінің оң ағымдары Сарыбұлақ пен Ақбұлақ өзендерімен де ұсынылған. Қаланың 25-30 км радиусында көптеген тұщы және тұзды көлдер бар.
## Тарихы
Астана 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
1862 жылы Ақмолинск қала мәртебесін алды.
1962 жылы қалаға Целиноград атауы берілді.
1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.
1998 жылы 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.
1998 жылы 10 маусым Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.
1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.
Астана қаласы Ақмола облысының аумағында орналасқан және осы облыстың үш ауданымен (Целиноград, Шортанды және Аршалы) шектеседі. Қаланың өсуі Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағын екі бөлікке бөлді.
2018 жылғы 7 ақпанға дейін Астана территориясына қаладан басқа (69 822 га) 2 орманшылық учаскілері де (шығыста аумағы 459 га мемлекеттік орман тәлімбағы, солтүстікте Қоянды су қоймасындағы саяжай (12 саяжай қауымдастығы бар). Аталған массив аумағы Мемлекеттік жер кадастріне сәйкес 900 га, Астананың бас жоспарына сәйкес 850 га, ал қала территориясы балансына (2018 жылғы 16 наурыздан № 131 Қазақстан Республикасының Үкімет Жарлығы) сәйкес 733 га құрайды.
2018 жылғы 7 ақпанда қала аумағына Ақмола облысы Целиноград ауданының территориясынан қосымша 8 719 га аумағымен 3 учаскілер (тұрғындары жоқ), соның ішінде халықаралық әуежайға жақын 7 300 га учаскі, қаладан оңтүстікте орналасқан ұлттық пантеон (959 га) және солтүстік-батыста орналасқан қалалық зират (460 га) қосылды.
2018 жылғы 16 наурызда Алматы және Сарыарқа аудандарының бөліктерінен төртінші аудан Байқоңыр ауданы құрылды.
2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның екінші президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шешімі бойынша қаланың атын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.
2022 жылы 17 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен Астана атауы қайтарылды.
## Басшылар
## Халқы
2020 жылғы 1 қаңтардағы қала түрғындар саны 1 136 008 адамды құрады. ҚазСтаттың ресми есебі 2017 жылғы 1 қаңтарда елордада 972 672 тұрғынды, 2017 жылғы 1 маусымда 1 002 874 тұрғынды, ал 2020 жылғы 1 қаңтарда есептің жаңа методикасына сәйкес 1 136 008 тұрғынды тіркеді.
2009 жылғы халық санағы бойынша қала тұрғындарының тек 36% -ы Астана қаласында туып-өскен болып шықты. Қала негізін Қазақстанның басқа өңірлерінен келген мигранттар құрады, атап өтсек 19,4% — Ақмола облысы тұрғындары, 7,4% Түркістан облысы тұрғындары, 6,3% — Қарағанды мен Қостанай облыстары тұрғындары құрды.
КазСтаттың 2016 жылғы 1 қазан жағдайы деректері бойынша қаланың еңбекке жарамды тұрғындар (әйелдер жасы 16—58, еркектер жасы 16—63) саны 478 432 адамды құрайды, соның ішінде 21 мың жұмыссыз және 92 мың жұмыс күшіне енбейтін тұлғалар.
Некеге тұрудың орташа жасы — еркектер үшін — 27,5 жас, ал әйелдердер үшін — 25,3 жас.
Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды. 2013 жылдың 1 наурызындағы ақпарат бойынша халық саны — 783 471 адамды құрады. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-орында.
Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7 құрады.
Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000—2001 жылдары байқалды.
Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. — 6,8 мың, 2003 ж. — 5,4 мың, 2004 ж. — 14,2 мың, 2005 ж. — 15,7 мың адам). Халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейін көбейді.
### Демография динамикасы
Қазақстанның Алматы қаласынан кейінгі тағы бір миллионер қаласы тіркеледі. 2009-жылдың көрсеткіштерінде Астана қаласының миграциялық сальдосы 31 908 адамды құрады — бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш.
Астана тұрғындар санының динамикасы төменде келтiрiлген.
### Агломерациясы
«Астанагенплан» ҰЗМИ «Астана агломерациясының аумақтық дамуының аймақаралық схемасы» жобасын жасады.
2015 жылдың қарашасында қабылданған бұл құжатпен жалпы ауданы 21,75 мың км² болатын, Ақмола облысының Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандарының 127 елді мекені, сондай-ақ Ақкөл облысының төрт ауданы (Урюпин ауылдық округі, Еңбекші ауданы, Кеңес ауылдық округі, Ақкөл қалалық әкімшілігі) қоса, Астана агломерациясының шекаралары анықталды. Қала маңы аймағының белгіленген шекараларында 196 мың адам, ал Астана қаласында 814 мың адам тұрады. Астана қала маңы түрғындарының тығыздығы 9 адам/ км² құрады (бүкіл Қазақстан халқының орташа тығыздығы 1 км²-ге шамамен 7 адам).
Агломерацияны дамыту жобасымен 2020 жылы агломерация саны 1,2 миллион адамға дейін, ал 2030 жылға қарай 1,5 миллионнан астам адамға өседі деп күтілуде.
## Табиғаты мен климаты
Қала климаты аса континенталды. Жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, ұзақ.
Орташа жылдық температурасы 3,1 °C. Жауын-шашын жылына 300 мм түседі. Жаздың орташа температурасы шамамен 20°С болғанымен, Орта Азияның ыстық ауа массаларына байланысты максималды температурасы 40 °C болуы да мүмкін. Жазы жылы, бірақ қысқа. Ал қыстың орташа температурасы −15 °C шамасында, кейде Сібір аяздарының қалаға жетуіне байланысты -50 °C аязға дейін баруы мүмкін. Қар жамылғысы қалың болып, қыстың ұзақтығы 4-5 айға созылады. Астана Ұланбатырдан кейінгі әлемдегі ең суық астана болып саналады.
Жауын-шашынның жалпы мөлшері жылына шамамен 300-350 мм құрайды. Жауын-шашынның көп бөлігі көктем мен жазда түседі. Қыста жауын-шашын аз болып, қар мөлшері орташа деңгейде болады.
Ауа ылғалдылығы төмен, орташа жылдық көрсеткіші шамамен 60% құрайды. Қыс мезгілінде ылғалдылық көбінесе төмен болады.
Астанада желдің жылдамдығы жиі өзгереді, бірақ орташа жылдамдығы 4-6 м/с шамасында болады. Қыста қатты желдер мен борандар болуы мүмкін, бұл суықты қатты сезіндіреді.
Қаланың адамдар үшін онша қолайлы емес құрғақшылық пен қатты желге бейім даланың ортасында орналасқанына байланысты, қала айналасын жасыл белдеумен — ағаштар мен басқа да жасыл кеңістіктермен жабдықтау бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда.
## Экономикасы
Астана қаласы экономикасын сауда, транспорт пен байланыс, құрылыс құрайды. Қазақстан экономикасының сауда секторының жалпы өніміне қосқан үлесі бойынша Астана қаласы Қазақстан Республикасының облыстары мен қалалары арасында Алматы қаласынан кейін екінші орын алады. Астана мен Алматы қалаларының жиынтық аймақтық өнім көлемі Қазақстанның жалпы сауданың жартысынан астамын құрайды. Бөлшек тауар айналымы бойынша да Астана қаласы республикада екінші орында. Құрылыс өсімі бойынша Астана қаласы республика бойынша көшбасшы. 2009 жылы Қазақстан бойынша эксплуатацияға берілген тұрғын үйлердің 1/5 бөлігі Астана қаласына келді. Астана бес жылдан астам тұрғын үйлерді эксплуатация енгізу бойынша көшбасшы.
Өнеркәсіптік өндіріс көбінесе құрылыс материалдарын, тамақ өнімдері мен сусындарын және машина жасауда шоғырланған. Қазақстан бойынша Астана қаласы металдан жасалған құрылыс материалдарын, қолдануға дайын бетон және бетоннан жасалынған құрылыс өнімдерін жасаудан көшбасшы болып табылады. Сондай-ақ, құрылыс металл конструкцияларын, радиаторлар мен орталық жылыту қазандықтары мен қондырғыларды өндірудегі қаланың үлесі салыстырмалы жоғары.Инвесторларды жұмылдыру және жаңа бәсеке қабілетті өндірісін дамыту мақсатында қалада «Астана — жаңа қала» атты арнайы экономикалық аймағы қызмет атқаруда.
АЭА-ның артықшылықтары - салықтық және кедендік жеңілдіктерді қарастыратын арнайы құқықтық режимнің болуы. АЭА аумағында әртүрлі бағыттағы жобалар жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, қаланың дамуы өндірістің жалпы көлемінде инновациондық өнімнің жоғары үлесі бар, дамыған өндірістік секторларға (құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнімдерін өңдеу және т.б.), қаланың жалпы аймақтық өнімнің басым бөлігін қамтамасыз ететін шағын бизнеске және дамыған туризм секторына бағытталған бәсекеге қабілетті экономиканы құруға бағытталған.
2009 жылы өндеу өнеркәсібі кәсіпорындарымен 77,25 млрд.теңге көлемінде өнім шығарылды — бұл өндеу өнімінің жалпы көлемінің 81% құрайды. Өндеу өнеркәсібі құрамында ең көп үлес алады:
* Метал емес өнімдерді, құрылыс материалдарын өндіру (30,3 %),
* Тамақ өнімдерін жасау, сусындарды қоса (20,1 %), ет комбинаты, май зауыты, сүт комбинаты, диірмендер;
* Метал өнімдерін жасау (16,2 %), «Металлист», насосты, шойын құю;
* Машина жасау (15,6 %), вагондарды жөндеу, сорғы және басқа да кәсіпорындар;
* 1 % аз тоқыма және тігін өнеркәсібі, ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдарын өндіру.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кішігірім шағын кәсіпорындарды қоспағанда, Астана қаласында орташа айлық жалақы орташа есеппен 308 135 құрайды. 1 мың адамнан 688 адам. үйден Интернетке кіру мүмкіндігі бар. 2019 жылдың IV тоқсанындағы жұмыссыздық деңгейі 4,4% құрайды. Экономиканың салалар бойынша өсу қарқыны (2020 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың қаңтарына дейін): өнеркәсіп (100,4%). құрылыс (130,7), көлік (110,6), ауыл шаруашылығы (98,5), сауда (101,4), байланыс (115,8).
## Көлік
Астана қаласы Петропавл — Қарағанды — Балқаш және Барнаул — Павлодар — Астана — Қарталы — Магнитогорск қалаларын қосатын темір жолдар қиылысында орналасқан және темір жол вокзалы бар қала. Қалада «Қазақстан Темір жол» ұлттық темір жол компаниясының бас офисі орналасқан.
2017 жылы қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде мыңжылдық аллеясына жақын «Нұрлы Жол» атауына ие болған жаңа темір жол вокзалы салынды. Қаланың өнеркәсіптік бөлігінде ЖЭС-3 ауданында жүкті вагондар үшін терминал салынбақ.
Шоссе жолдарының ірі торабы: қала іші арқылы А-1 Астана — Петропавл және М-36 Челябинск — Алматы трассалары өтеді. 2019 жылдың соңында Астана қаласы айналасындағы айналма жолы толығымен ашылды.
Қалалық көлік автобустармен ұсынылған (92 бағыт, 871 бірлік), соның ішінде 15 электр автобустары (2020 жылдың соңына дейін 100 бірлік болуы тиіс). Қалалық маршруттар желісінің жалпы ұзындығы (2004 ж) — 1 720 км, жылдық жолаушылар ағыны — 115 млн. адам, жолакы құны 90 теңге (қолма қолсыз төлем немесе смс) немесе 180 теңге (қолма қол төлем).
Троллейбустық қозғалыс 1983 жылы ашылды (3 маршрут, бірақ 2006 жылдан бастап контакт желісі 51,7 км құрайтын бір маршрут қалдырылды). 2008 жылы жалғыз троллейбустық парк мемлекеттік комиссиясының шешімімен жабылды.
2014 жылдан бастап Астана қаласында «Astana Bike» қызмет етуде. 2017 жылы жүйе 40 станция және 1000 велосипедтен тұрды. Жүйеде бір сезонға тіркелу 5000 теңге тұрады + RFID картасы үшін кепіл. Велосипедті жалға алудың алғашқы жарты сағаты ақысыз, одан әрі қарай — 100 теңге. Велосипедті 3 сағатқа жалдағаннан кейін жүйе автоматты түрде велосипедті қайтару керек екендігін хабарлайды. 4-ші сағат және одан кейінгі жалға алу 1 000 теңге тұрады.
Қалада әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдай алатын Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бар. Әуежай қаладан 16 шақырым қашықтықта орналасқан.
2017 жылы реконструкциядан кейін әуежайдың өткізу қабілеті жылына 8,2 млн жолаушыға жетті. Жаңа жолаушылар терминалының жалпы көлемі 47 мың шармы метр құрды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы әуежайының жүк терминалының өткізу қабілеттілігі жылына 15 мың тонна.
Астана қаласынан 30-35 км қашықтықта орналасатын жаңа халықаралық әуежайды салу жоспары бар. Екі нұсқа қарастырылуда: Көкшетау трассасындағы Шортанды аудандық орталық пен Қарағанды трассасындағы Осакаровка ауылы. Сонымен бірге жұмыс істеп тұрған халықаралық әуежай ішкі рейстерді қабылдап жұмысын жалғастырады, ал жаңа әуежай халықаралық бағыттарды қабылдайды деп ұсынылады.
2008 жылдан бастап қала шеңберінде Есіл өзені бойымен кеме жүру ұйымдастырылды. «Кеме өткізетін Есіл» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қала әкімділігімен арнайы мекеме «Есіл-Астана» құрылды. Бірінші кеме 2008 жылы өтті.
## Мәдениеті
Қалада Ақмола облыстық филармониясы, мұражайлар (ҚР Ұлттық мұражайы, тарихи- өлкетану мұражайы, бейнелеу өнері мұражайы, Сәкен Сейфуллин мұражайы), театрлар ( К. Бәйсеитова атындағы үлттық опера және балет театры, К.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры, Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ұлттық ғарыш орталығы, болашақ энергия мұражайы «Нұр Әлем», кітапханалар.
Қаланың мәдени-ағарту мекемелеріне Конгресс Холл, Жастар сарайы және Президенттік мәдениет орталығын да жатқызуға болады. Бәйтерек монументі қаланың басты символы болып саналады.
* 2000 жылғы 6 шілдеде Азат Боярлиннің жобасы бойынша «Өмір діңгегі» бұрқағы жасалынды. Құрылыс тек символдық сипатқа ие, ол өмірдің мәңгілік циклын көрсетеді. Алаңның ашылуы Қазақстан тұңғыш президентінің 60-жылдығына арналды.
* 2006 жылдың 24-30 қазан аралығында Астана қаласында ТМД елдері жастарының IV Дельфий ойындары өтті. Іс-шараны дайындауды және өткізуді Қазақстанның Ұлттық Дельфий комитеті мен Халықаралық Дельфий комитеті бірлесіп жүзеге асырды.
* 2012 жылдың 24-29 қыркүйек аралығында Астана қаласында ТМД елдері жастарының VII Дельфий ойындары өтті. Ойындарда 16 елден мыңнан астам өнер қайраткерлері қатысты: Австрия, Әзербайжан, Армения, Афганистан, Белоруссия, Болгария, Грузия, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Ресей, Румыния, Тажікстан, Түркия, Украина.
### Қаланың көрнекі орындары
* Бәйтерек — Астана қаласының басты символы және көрнекі. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тұрғызылған. Жобаның сәулетшісі — Ақмырза Рүстембеков.
* Қазақ Елі — Астана қаласындағы Тәуелсіздік алаңындағы ескерткіш. 91 метрлік стела Самрұқ құсымен – құстар патшасы, халық қорғаушысы — жабдықталған. Самрұқтың мифологиялық бейнесіне Қазақстанның екінші маңызды монументі Бәйтерек (аудармасы – Тіршілік ағасы) жатқызылады.
* Нұр Жол Бульвары (бұрынғы Су-жасыл бульвар) — ән салатын субұрқақтар аллеясы бар жаяу жүргіншілер аймағы.
* «Ақорда» — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.
* Тәуелсіздік Сарайы — дипломатиялық және басқа халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге арналған ғимарат; сонымен қатар ғимаратта қолданыстағы және болашақ нысандары бар Астананың кең макет-жоспары бар.
* Бейбітшілік және Келісім Сарайы — дәстүрлі қазақстандық және әлемдік діндер өкілдерінің саммиттері мен съездеріне арналған Конгресс-холл. Архитекторы Норман Фостер.
* «Қазақстан» — Орталық концерт залы.
* «Шабыт» — Қазақ ұлттық өнер университеті.
* «Жастар» — Оқушылар мен жастар шығармашылығы сарайы.
* «Хан Шатыр» — ең үлкен сауда және ойын-сауық орталығы (әлемдегі ең үлкен шатыр саналады). Архитекторы Фостер, Норман.
* «Этноауыл» ұлттық мәдени кешені - EXPO-2017-нің бірегей мәдени-туристтік имидждік жобасы.
* «Мәңгiлiк ел» қақпасы — Қазақстанның Тәуелсіздігі мерей тойына орай Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы бойынша салынған сәулеттік құрылыс.
* Ұлттық ғарыш орталығы.
* «Нұр Әлем» болашақ энергия мұражайы ЭКСПО 2017 — сфералық ғимарат «Нұр Әлем». Биіктігі — 100 метр, диаметрі — 80 метр. Нұр Әлем Стокгольмдегі диаметрі 30 метрлі Эрикссон-Глоб аренасынан кейін әлемдегі ең биік сфералық ғимарат болып саналады.
### Театрлар, концерт залдары және мұражайлар
Астана қаласында 27 кітапхана, 68 514 экскурсия өткізілген 8 мемлекеттік мұражай бар (2011 жылы 415 500 адам кіріп шықты), 99 шара өткізілген 10 демалыс және көңіл көтеру паркілері (2011 жылы 1 492,2 мың адам қабылдады), 6 кинотеатр бар.
* «Қазақстан» орталық концерт залы — бұл әр түрлі деңгейдегі іс-шараларды: әлемдік және отандық жұлдыздардың концерттері, мерекелік және ресми кездесулер, көрмелер, конференциялар, презентацияларды ұйымдастыруға арналған жас астананың ерекше кешені. Архитекторы Манфреди Николетти.
* Астаналық цирк — Астана қаласының ойын-сауық мекемесі. Қазақстандағы 3 басты цирктердің бірі; бұрыңғы КСРО территориясында ең жаңа цирктердің бірі және «ұшатын табақ» түріндегі екі ерекше ғимараттың бірі (біріншісі Казаньдағы цирк).
* К. Бәйсеитова атындағы ұлттық опера және балет театры — елдегі ең жас музыкалық театр, классикалық мұраны түсінетін және жаңарып жатқан қазақстандық қоғамның рухани қажеттіліктерін іске асыратын, сондай-ақ қазақ және әлемдік музыкалық дәстүрін жалғастырушысы.
* Астана Опера — Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған театр. 2013 жылы құрылған театр ғимараты ұлттық маңызы бар сәулет ескерткіші ретінде танылды.
* К.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры.
* Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры.
* Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы — Орта Азияда ең үлкен мұражай. Мұражай «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған.
* Заманауи өнер мұражайы.
* Президенттік мәдениет орталығы — Елбасы Н.Назарбаевтың бастасымен құрылды. Ғылыми-зерттеулік және мәдени-білім кешеннің ерекшелігі — оның құрамына мұражай, кітапхана, концерт залы кіреді.
* Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайы
* АЛЖИР (Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) — совет одағының ең үлкен әйелдер лагері, ГУЛаг архипелагы үш аралының бірі.
* Атамекен — Қазақстанның үлкейтілген картасындағы табиғат, архитектура және өмір сүру этно-мемориалды кешені.
### Ғимараттар
* ҚТЖ мұнарасы — Қазақстан Темір Жолы ғимараты, қаланың ең биік ғимараттарының бірі.
* Транспорт мұнарасы — Көлік және коммуникация министрлігінің ғимараты, қаланың ең биік ғимараттарының бірі.
* «Солтүстік Шұғыла» — үш биік ғимаратты тұрғын үй кешені.
* «Триумф Астаны» — биік тұрғын үй кешені.
* «Думан» ойын-сауық орталығы — аквариум, 5D кинотеатр, динозавр саябағы және басқалары бар.
* Керуен — сауда-ойын-сауық орталығы.
* МЕГА Silkway — сауда-ойын-сауық орталығы.
### Спорттық ғимараттар
* «Астана Арена» спорттық кешені — 30 мың отыру орны.
* Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион — 12 350 отыру орны.
* «Алау» мұз айдыны — 8 мың отыру орны.
* «Сарыарқа» (велотрек) — 8 мың отыру орны.
* «Қазақстан» спорт сарайы — 5 532 отыру орны, 1 мыңға жуық тұрған орындар.
* «Барыс Арена» көпфункционалды мұз сарайы — 12 мың отыру орны.
## Әкімшілік бөлінуі
Астана қаласы Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра және Сарайшық аудандарына бөлінген.
## Су қоры
Астана қаласы қуаң аймақта орналасқан, негізгі су қоры өзен және жерасты су көздерінен құралады. Бастауын Нияз таулары бұлақтарынан алып, қысқы қар, жазғы жауын суымен толысып отыратын Есіл өзені қаланың негізгі су артериясы болып табылады. Есілдің қаладан ағып өтетін тұсынан шағын екі өзен Сарыбұлақ пен Ақбұлақ келіп құяды. Қаланы 25-30 км төңіректе шағын өзен-көлдер қоршап жатыр. Олардың кейбіреуі тұщы, кейбіреуі кермек сулы болып келеді. Негізгілері: Сасықкөл, Жоламан, Тышқанкөл, Танакөл, Жылтыркөл, Тазкөл, Қайнарлы, Тағанкөл, Майбалық, Бұзықты, Жалаңаш, Шенет, Ағанас, т.б.
Есіл өзенінің арналы ағысының ұзақтығы 562 км, су жиналу алабы 48 100 шаршы км. Оның Қазақстанды көктеп өтетін ұзындығы- 1 100 км, ал жалпы ұзындығы — 2450 км. Есіл Ресейдің Тюмень және Омбы облыстары арқылы ағып өтетін Ертіс өзеніне барып құяды. Есіл көктемгі қар суымен толысқан шақта ағысын үдетеді. Негізінен баяу ағысты. Қаланы сумен қамтамасыз ететін негізгі өзен болғандықтан, Есілге "Ертіс-Қарағанды" каналынан арна тарту жүзеге асырылды. Есіл баяу ағысты болғандықтан, оның табаны тереңде жатыр. Оның қала аумағындағы су жиналу алқабы 7400 шаршы км, бұған Вячеслав бөгені ауқымындағы 5310 шаршы км су жиналу алқабы қосылады. Есілге Мойылды, Тентек, Қарасу, Сарыбұлақ, Ақбұлақ өзендері келіп құяды, сонымен бірге су таратқыш канал арқылы Майбалық өзенімен жалғасып жатыр. Өзенде ақбалық, нәлім, мөңке, аққайран, сазан, шортан, көксерке, алабұға мекендейді. Бұрыннан қоныс тепкен қала бөлігі Есіл өзенінің солтүстігінде, оң жағалауға, темір жол магистралінен оңтүстікке қаарй етек жая орналасқан. Қала аумағының негізгі бөлігі, Есілдің Ақбұлақ және Сарыбұлақ тармақтарына келіп тұйықталады.
Есіл өзенінің алабында үш ірі бөген бар:
* Вячеслав (пайдалану көлемі — 375,4 млн текше м)
* Сергеев (пайдалану көлемі — 635,0 млн текше м)
* Петропавл (пайдалану көлемі — 16,1 млн текше м)
Алғашқы екеуі судың жиналуын ұзақ мерзім бойына реттеуге арналған, сонымен қатар кешендік бағытта жұмыс атқарып, 3 топтық су құбырлары арқылы Астана қаласын және ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз етеді. Петропавл бөгенінің аумағы шағын, маусымдық су жинауды жартылай ғана реттеуге арналған. Қаланы тұрмыстық ауызсумен қамтамасыз етудің негізгі көзі-Вячеслав бөгені, оның жылдық су шығымы 67,2 млн текше м (жобадағы сыйымдылығы 410,9 млн текше м).
Сарыбұлақ солтүстіктен оңтүстік бағытта қаланың батыс бөлігі арқылы ағып өтеді. Оның аңғарының 8,5 км-дейі (ені 20-50 м) қыщ комбинантынан ӨМК-ға дейінгі аралықты қамтиды. Бұлақтың 5,8 км бөлігі қаланың жеке меншік үйлер мен көп қабатты үйлер салынған өңірі арқылы өтеді. Өнеркәсіп құрылыстарын бойлай өтетін тұсы — 3,3 км (ЖЭО-1-дің күлтөкпесінен темір жол қиылысына дейін), одан әрі 2,5 км селитебті өңірмен өтіп, Тілендиев даңғылынан 1,8 аралықпен Есілге ұласады. Бұлақтың саға тұсын айтпағанда, қала арқылы өтетін арнасын шылау басып, қамыс өсіп кеткен, кей тұстары үзіліп қалады.
Ақбұлақ қаланың оңтүстік-шығыс бөлігімен өтеді, оның табанына маусым аралығында ғана су жиналады, су жиналатын тұсы ЖЭО-ның 2 — нің маңы. Ақбұлақтың Абылай хан даңғылынан Есіл өзеніне барып құятын аралықтағы жағалауы қайта қалпына келтіріліп, абаттандырылды.
Қаланы тұрмыстық ауызсумен қамтамасыз етудің тағы бір жолы — жерасты су көздерін пайдалану. Ол жерасты жаңа су көздерін іздестіру-барлау және бұрыннан белгілі су көздері мүмкіндіктерін жаңа талап тұрғысынан бағалау арқылы жүзеге асып отыр. Мұндай жерасты су көздеріне: Ақмола су көзі кені (ол солтүстік-батыс жүлге (қаланың солтүстігіне қарай 5-15 км) және шығыс жүлгеден (қала іргесіне, ішінара Есіл өзені аңғарына таяу) тұрады), Есіл су көзі кені (қаланың оңтүстігіне қарай 0,5-10,0 км); Рожденственский су көзі кені (Нұра өзені аллювийлік шөгінді қыртысындағы жер асты суының жалпы пайдаға асу қоры 36,2 мың текше м/ тәуліті құрайды) жатады.
## Бауырлас қалалары
Астананың 20 бауырлас қаласы бар.
## Астана туралы деректер
* Астана — Азия астаналарының ішінде солтүстік полюске ең жақын орналасқан.
* Астана — Моңғолия елордасы Ұланбатырдан кейін ғаламшардағы екінші ең суық астана.
## Тағы қараңыз
* Астана велоклубы
* Астана көшелері тізімі
## Дереккөздер |
Баймахан Досайұлы Шерімов (9.1954 жылы туған, Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылы) – суретші. 1976 – 1980 ж. Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде, 1982 – 1987 ж. Т.Жүргенов атындағы Алматы театр және сурет өнері инстиутында білім алған. 1990 жылдан ҚР дизайнерлер одағының мүшесі. Шерімов таңдамалы еңбектері Тараз қаланың 2000 жылдығына орай 2002 ж. Париж қаласында өткен көрмеге қойылды. Біраз шығармалары АҚШ, Германия, Франция, Ресей елдері азаматтарының жеке жинақтарынан орын алған. «Жібек жолы», «Бозбала», «Айша бибі» сынды еңбектерін ерекше атауға болады. Негізінен, кескіндеме жанрымен айналысады..
## Cілтемелер |
## Өсерұлы Нұралы
Өсерұлы Нұралы – ғалым, заң ғылымы докторы (1998), ''профессор'' (2000). Ол кісі 20.01. 1940 жылы Түркістан облысы, Түркістан қаласында туды.
* 1967 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетін бітірген .
* 1967 – 1990 жылдары Қазақ КСР-і ғылым академиясының Философия және құқық институтында ғылым қызметкері болып жұмыс істеді.
* 1996 – 2000 жылдары Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Гуманитарлық университетте,
* 2000 – 2004 жылдары Қазақ мемлекетінің заң академиясында, басқа да бірнеше жоғары оқу орындарында дәріс берді. Осы жылдары Ислам құқықтарын зерттеу ортасының директоры қызметін қоса атқарды.
* 2004 жылдың қыркүйегінен Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институтында кафедра меңгерушісі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты:
* қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері;
* мұсылмандық заңдар;
* қазақ халқының хандық билік дәуіріндегі заңдары;
* шариғаттың ұлттық әдет-ғұрып заңдарына әсері. Сондай-ақ ол қазақ мектептері үшін 2 – 3 және 8 – 9-сыныптарға арналған араб тілі оқулықтарын, әдістемелік құралдары мен бағдарламаларын жазған. Өсерұлы Құран Кәрімді тәржімалады (5 том) және оны ішінара тәпсірледі, сондай-ақ аяттардың оқылуын алғаш рет қазақ әріптерінің жүйесіне түсірді.
## Шығармалары:
* Құран. 5 томдық тәржіме 1990 – 2002
* Ислам және қазақ әдет-ғұрпы 1992
* Қазақтың үкім-кесімдері 1994
* “Жеті жарғы” 1994
* Мұсылмандық қағида-ережелер 1995
* Мұсылмандық құқық 1997
* Шариғаттың қазақ әдет-ғұрыптарына әсері, 1998;
* Ислам негіздері, 2002.
* Араб тілі. Әліппе. А., 1997;
* Араб тілі. 3- класс. А., 1982;
* Араб тілі. 8-класс. А., 1990;
* Араб тілі. 9-класс. А.,1991;
* Куран (Бес томдық ғылыми аударма). М.-А., 1990-1998.
## Дереккөздер
## Өсерұлы Нұралы
Өсерұлы Нұралы – ғалым, заң ғылымы докторы (1998), ''профессор'' (2000). Ол кісі 20.01. 1940 жылы Түркістан облысы, Түркістан қаласында туды.
* 1967 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетін бітірген .
* 1967 – 1990 жылдары Қазақ КСР-і ғылым академиясының Философия және құқық институтында ғылым қызметкері болып жұмыс істеді.
* 1996 – 2000 жылдары Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Гуманитарлық университетте,
* 2000 – 2004 жылдары Қазақ мемлекетінің заң академиясында, басқа да бірнеше жоғары оқу орындарында дәріс берді. Осы жылдары Ислам құқықтарын зерттеу ортасының директоры қызметін қоса атқарды.
* 2004 жылдың қыркүйегінен Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институтында кафедра меңгерушісі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты:
* қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері;
* мұсылмандық заңдар;
* қазақ халқының хандық билік дәуіріндегі заңдары;
* шариғаттың ұлттық әдет-ғұрып заңдарына әсері. Сондай-ақ ол қазақ мектептері үшін 2 – 3 және 8 – 9-сыныптарға арналған араб тілі оқулықтарын, әдістемелік құралдары мен бағдарламаларын жазған. Өсерұлы Құран Кәрімді тәржімалады (5 том) және оны ішінара тәпсірледі, сондай-ақ аяттардың оқылуын алғаш рет қазақ әріптерінің жүйесіне түсірді.
## Шығармалары:
* Құран. 5 томдық тәржіме 1990 – 2002
* Ислам және қазақ әдет-ғұрпы 1992
* Қазақтың үкім-кесімдері 1994
* “Жеті жарғы” 1994
* Мұсылмандық қағида-ережелер 1995
* Мұсылмандық құқық 1997
* Шариғаттың қазақ әдет-ғұрыптарына әсері, 1998;
* Ислам негіздері, 2002.
* Араб тілі. Әліппе. А., 1997;
* Араб тілі. 3- класс. А., 1982;
* Араб тілі. 8-класс. А., 1990;
* Араб тілі. 9-класс. А.,1991;
* Куран (Бес томдық ғылыми аударма). М.-А., 1990-1998.
## Дереккөздер |
Мақұлбек Шерімұлы (1890, Жуалы ауданы Қошқарата а. – 1976, сонда) – қоғам қайраткері.
Ауыл молдасынан сауатын ашып, Омбыдағы гимназияда орта білім алған. Болыс бастығы болған атасы Төребекпен бірге Көктал өзені ағып өтетін Қаратау шатқалына Ташкенттен жеміс ағаштарын әкеліп отырғызуға қатысқан. Сондай-ақ, ол өңірге үйеңкі, қараағаш та әкелініп отырғызылған. Сөйтіп, ол өңірдің жасыл желеңді болуына себепкер болған. Ш. 1910 ж. болыс болып сайланды. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін кеңес өкіметіне бар малын тапсырып, жаңа билікті мойындауға мәжбүр болды. Алаш зиялылары А.Байтұрсынұлымен, Ж.Аймауытұлымен, М.Әуезовпен және С.Сейфуллинмен тығыз қарым-қатынаста болған. Әулиеата уезінің ішкі істер қызметінде жұмыс істеді. 1929 ж. кеңестік қуғын-сүргінге ұшырады. 1953 ж. толық ақталды. Ат баптаумен, сәйгүлік ұстаумен шұғылданды. Оның «Қара ат» деген сәйгүлігі кезінде Орталық Азияға танымал болды. Шерхан Мұртазаның «Қара маржан» шығармасындағы басты кейіпкер Ш.Шерімұлы болып табылады. Oл қартайған шағында Қаратау шатқалындағы метеостансада жұмыс істеп, ауа райын болжау орталығына мәліметтер жіберіп отырумен шұғылданды..
## Cілтемелер |
Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы, 1959 ж. Қазақстан Ауыл шаруашылық министрінің облыстардағы жерге орналастыру экспедициясы мен орталық кешенді экспедициясының базасы негізінде Алматыда Жерге орналастыру жөніндегі жобалау институты болып құрылған. 1994 ж. Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы болып қайта құрылып, Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет құрамына енді (1999 жылдан Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік). Жер ресурстарын қорғау мен пайдаланудағы зерттеу жұмыстарымен айналысады. Құрамында республикамыздың барлық облыстарында орналасқан 16 еншілес кәсіпорны бар. Жерді мелиорациялау және рекультивациялау, жерге орналастыру және жерді пайдалануды жоспарлау, жер кадастры мен оның автоматтандырылған-ақпараттық жүйесі, ғылыми-әдістемелік маркетингтік қамту сияқты кешенді бөлімдерден тұрады. Негізгі ғылыми бағыттары: жер қатынастарын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жер мониторингі, жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастрын енгізу, жер нарығын қалыптастыру және дамыту, жер ресурстарын басқару үшін жер реформасын жүргізудің методологиялық және теориялық негіздерін дайындау, т.б. Жер қатынастарын реформалау жағдайында жерге орналастыруды теориялық, методологиялық тұрғыда қамтамасыз етудің жаңа проблемаларын шешу жөнінде іргелі жұмыстар жүргізілуде. Жерді ақылы пайдалануға көшу, жерді иелену және пайдалану жүйелерін қалыптастыру, жерге орналастырудың технол. процестерін жетілдіру проблемалары іздестірілуде. Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы Германия, АҚШ, Франция, Швеция, т.б. елдердегі ұйымдармен байланыс жасайды.
## Дереккөздер |
Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты – ғылыми-зерттеу мекемесі. Орталық Қазақстандағы металлургия мен химия өнеркәсібі дамуына ғылыми негіз беру мақсатында 1958 жылы құрылған. Құрамында 13 ғылыми-зерттеу лабораториясы бар. Институтты әр жылдары Қазақстан ғылым академиясының академиктері И.Н.Әзірбаев, Е.А.Бөкетов, Ж.Әбішев және В.П.Малышев, Б.С.Фиалков, Б.П.Хасен басқарған.
Институт жұмысының негізгі бағыттары:
* металлургия процестерінің термодинамикасы мен кинетикасы;
* бейорганикалық қосылыстардың физикалық химиясы мен термохимиясы;
* байытудың физика-химиялық негіздерін жасау;
* металлургияның қалдық өнімдерін қайта өңдеу мен одан жаңа материалдар алу жолдары, тағы басқа.
## Тағы қараңыз
* Химия
* Химиялық физика
* Химиялық технология
* Химия ғылымдары институты
## Дереккөздер |
Зарипа Ізтілеуқызы Сүлейменова (3.3.1920, Атырау облысы Құрманғазы ауданы – 11.4. 1994, Арқалық қаласы) – актриса, әнші (сопрано). Бұрынғы Теңіз ауданындағы Ганюшкин балалар үйінде тәрбиеленген.
## Жетістіктер
Қазақ драма театрында музыкалық спектакльдерге қатысты. Мұндай рөлдері қатарында Қыз Жібек, Баян (Ғ.Мүсірепов, “Қыз Жібек” және “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Қарагөз, Айман, Еңлік (М.Әуезов, “Қарагөз”, “Айман – Шолпан” мен “Еңлік – Кебек”), Шұға (Б.Майлиннің осы аттас спектаклі), т.б. бар. Драмалық спектакльдерден Сәуле (Ә.Әбішев, “Достық пен махаббат”), Қаламқас (Ғ.Сланов, “Махамбет”), Ажар (С.Жүнісов, “Ажар мен ажал”), Жер-ана (Ш.Айтматов, “Ана – Жер-ана”), Маржан (Ә.Тәжібаев, “Көңілдестер”), Софья (А.М. Горький, “Зыковтар”), леди Мильфорд (Ф.Шиллер, “Зұлымдық пен махаббат”), Катарина (У.Шекспир, “Асауға тұсау”) сияқты әр алуан мінез-кейіптерді жасап, сахналық бояу-өрнегінің молдығын байқатты. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Мыңарал — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл, Мыңарал ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Мойынқұм ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 140 км-дей жерде, Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан.
## Халқы
Ауылда балық аулаумен айналысатын кәсіпорын бар. Мыңаралдан 10 км батыста Мыңарал темір жол бекеті орналасқан.
## Дереккөздер |
Пәтуа (консенсус; лат. consensus — келісу, бірауыздылық)—
* 1) даулы мәселелер бойынша дауысқа салмай келіссөз барысында ортақ келісімге келу. Оқу-білім мекемелерін басқару процесінде шешім қабылдаудың бір амалы;
* 2) белгілі бір іс жөніндегі бітім, тоқтам, келісім; ислам дінінде шариғат бойынша керекті мәселе, іс жөнінде дін басы муфтидің, бас қазының шығарған қарары, шешімі, тоқтамы, қорытындысы. Мұсылмандар үшін пәтуа — бұлжытпай сөзсіз орындалуға тиісті заң, міндет, парыз. Пәтуа, әдетте, қағида, ереже, нұсқау түрінде жазылып, мұсылмандарға жария етіліп, таратылып отырған.
Пәтуаның негізгі қызметі ел ішіндегі түйткілді мәселелерді ұрыс-жанжалсыз, ушықтырмай шешу болып табылады.
## Дереккөздер |
«Созақ үні» – аудандық газет. Созақ ауданында 1930 жылы 10 қазаннан бастап «Социалды шаруа» атауымен шыға бастады. Газет «Кіші Октябрь» дүрбелеңінен туындаған кәмпескелеу мен ашаршылықты, «Созақ көтерілісінен» кейінгі жағдайды, уақыт талабын елге түсіндіріп, болып жатқан саяси өзгерістерден хабардар етіп отырды. 1956 жылы «Социалды шаруашылық» болып өзгерді, ал 1969 жылы мамырдан бастап «Молшылық үшін» деген атпен шықты. 2007 жылдан «Теріскей», 2008 жылы газет екі «Молшылық» және «Теріскей» газеттері болып жарық көрді. 2012 жылы екі газет қосылып «Созақ үні» деген атау-фирмамен шығып келеді.
## Сілтемелер |
Өсиет өлең, келелі кеңес, насихат түрінде келіп, көпшілікке бағытталады. Өсиет өлеңде адамгершілік мұраттар, ерлік-елдік мәселелері тұжырымдалады.
Ауыз әдебиеті мен көне түркі жазба жәдігерліктерінен бастау алған, жыраулар поэзиясы мен Абай өлеңдерінде, онан бергі ақындар шығармашылығында көрініс тапқан өмір, қоғам, өнер жайлы өсиет сөздер сақталған. Олар терме, толғау, үгіт-насихат жыры, нақыл, ғибратты сөздер үлгісінде келеді. Өсиет өлеңдерде сөз өнерінің сырлы сипаты мейлінше көрініс табады. Ойы өткір, ақиқаты айқын, көркемдігі шебер өрілген толғау сөздер өсиет саналып, ұрпаққа үлгі болады. Мысалы: Ақтамберді Сарыұлының “Балаларыма өсиет” деген өлеңінде өнеге боларлық сөздер жеткілікті. Ыбырай Алтынсариннің “Өсиет өлеңдері” атты адамгершілікті насихаттайтын өлеңінің тәрбиелік мәні зор. Кете Жүсіп Ешниязұлы “Өсиет” өлеңінде: “Бел байлап, тіршілікке болмай араз, Жалынын жауыздықтың өшір елім. Бұл айтқан өсиетім барлығыңа, Басымда болса кінәм, кешір елім” дейді. Ақындар өлеңінде өткен өмірлеріне көз жіберіп, көрген-білгендерін, өмірден түйгендерін өсиет етеді. Абайдың “Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?” І.Аманжоловтың “Өзім туралы” атты өлеңдері өсиет өлең үлгілеріне жатады.
## Ыбырай Алтынсариннің “Өсиет өлеңдері”
Бет 1.Жаратты неше алуан жұрт бір Құдайым,Тең етті бәрімізге күн мен айын.Адамның адам біткен баласымыз,Қайсың бөлек тудың деп айырайын,Бәріміз бір адамның баласымыз,Жігіттер бір - біріңе қарасыңыз.Өмір деген бес күндік кетер өтіп,Атаң барған орынға барасыңыз.Пайғамбар бұрынғы уақытта Дәуіт өткен.Патша боп бұл дүниеге даңқы кеткен.Отыз ұлым бар ғой деп көптік ойлап,Құдайым отызын да әлек еткен...Жылаған Дәуіт патша тоба қылып,Өзінің бенде екенін сонда біліп,Мұнан соң тақ Сүлеймен туды дейдіОтыз ұлға бір өзін жора қылып.Ескендір патша болып дүниені алған,Қалмаған бұл жалғанда ешбір арман.Жалғыз - ақ өлмеске айла табамын деп,Ізденіп мәңгі суын соған барған
## Сілтемелер
Ыбырай Алтынсариннің “Өсиет өлеңдері”. (қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Қарақыз Монтаева (1904, Сарыағаш ауданы Шеңгелді ауылы – 1988) – Социалистік Еңбек Ері (1966), шопан. 1937–44 жылы Қызылқұм ауданы Қожатоғай, Сарыағаш ауданы Дарбаза кеңшарында, 1944 жылдан Сырдария ауданы Сырдария қаракөл кеңшарында аға шопан болды. Қаракөл өндіруде аса жоғары табыстары үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы 1966 жылы 22 наурыздағы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағын берді.
## Сілтемелер |
Сүмбе, Сүмбі — Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл, Сүмбе ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Нарынқол ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде, Сарытау тауының оңтүстік баурайында, әр түрлі астық тұқымдас шалғын шөп өскен сайлы-жыралы тауалды жазығында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1975-1997 жылдары картоп өсіретін Абай атындағы кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылы Сүмбеде және округке қарасты Қызылшекара ауылында бірнеше шаруа қожалығы құрылды.
## Дереккөздер |
Абылай Әлімбетов (20.3. 1921, Шардара қаласы – 23.9.1973) – Кеңес Одағының Батыры (30.10.1943). 2-ші дүниежүзілік соғыста 69-Қызыл тулы Севск атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Ол Брянск және Украина жерлерінде болған шайқастарда сан рет батылдық пен тапқырлықтың үлгісін көрсетті. Днепр үшін шайқаста сержант Әлімбетов өзеннің оң жағасына өтіп, қолма-қол ұрыста 15 жау әскерін өлтірді. Соғыстан кейін Мәскеудегі әскери-саяси академияны бітіріп (1955), полк командирінің орынбасары болып істеді. 1966 жылдан полковник Әлімбетов Қызылорда, Алматы, Атырау облыстарында ДОСААФ комитетін басқарды. Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. Шардара ауданында оған ескерткіш қойылған.
## Дереккөздер |
Жиембаев Жазкен Тайшықұлы – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылым доктторы (1972),
## Қысқаша өмірбаяны
1942-44 профессияның 2-дүниежүзінде соғысқа қатысқан.1940 Қазақстанда өсімдік қорғау ғылымын ұйымдастырушы. Омбы ауыл шаруашылық институтын бітірген. 1940 – 41 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық мектебінің директоры; 1941 – 42 ж. Майбалық МТС-тың бас агрономы; 1946 – 47 жылдары Бал арасы тәжірибе станцияның директоры; 1947 – 58 жылдары жаңадан ұйымдастырылған респупликалық өсімдіктерді қорғау станцияның; 1958 – 76 жылдары Қазақ өсімдіктерді қорғау ғылым-зертхана институтының директоры; 1976 – 78 жылдары осы институтта фитопатология бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1978 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтының (Қазақ ұлттық агроном университетінің) фитопатология кафедрасының меңгерушісі болды.
## Еңбектері
Жиембаевтың негізгі ғылым еңбектері астық дақылдарының қаракүйе, тат, тамыр шірігі, ақ ұнтақ, тағы басқалар ауруларын зерттеуге, оларды тежеуге бағытталған шаралар жүйесіне арналған. Оның 13 монографиясы мен 50-ден астам өндіріске арналған ұсыныстары жарық көрді. Жиембаев Қызыл жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы, “Құрмет белгісі” ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Шығармалар: Головня хлебных злаков и борьба с ней, А.-А., 1955; Жүгеріні аурудан сақтау шаралары, А., 1968; Корневая гниль зерновых культур, А.-А., 1971; Дәнді дақылдарының аурулары, А., 1974.
## Сілтемелер
* ҚазАқпарат(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Еркін Елесбекұлы Мұсабаев (3.1.1943 жыл, Қазығұрт ауданы, Майлыошақ ауылы) – әскери қайраткер, генерал-майор (1991).
## Өмірбаяны
* Ташкент электротехникалық байланыс институтының радио байланыс және радио хабарларын тарату факультетін бітірген (1965).
* 1965–67 жылдары Шымкент қалалық теледидар хабарларын тарату орталығында инженер, аға инженер, Оңтүстік Қазақстан байланыс басқармасы ұжымының комсомол комитетінің хатшысы.
* 1967–68 жылдары Минск қаласындағы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (МҚК) жедел қызметкерлер даярлайтын жоғары курсында оқыды.
* 1968–74 жылдары Түркістан облысы бойынша Қазақ КСР мемлекеттік қауіпсіздік қорғау басқармасында жедел іздеу қызметкері, топ жетекшісі, бөлімше бастығы.
* 1974–78 жылдары Түркістан ауданы бөлім бастығы.
* 1978–79 жылдары МҚК Оңтүстік Қазақстан облысы басқармасында бөлім бастығының орынбасары.
* 1979–82 жылдары КСРО МҚК-нің орталық аппаратында бөлім бастығының орынбасары, өндірістік қарсы барлау басқармасының партия ұйымының хатшысы (Мәскеу қаласы).
* 1982–85 жылдары МҚК Қостанай облысы басқармасы бастығының орынбасары.
* 1985–87 жылдары МҚК Торғай облысы басқармасының бастығы.
* 1987–88 жылдары Қазақ КСР МҚК-нің коллегия мүшесі, қарсы барлау басқармасының бастығы.
* 1988–93 жылдары МҚК Павлодар облысы басқармасының бастығы.
* 1993–96 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) коллегия мүшесі, ҰҚК-нің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша басқарма бастығы.
* 1996–97 жылдары «Өнім» АҚ президентінің сыртқы байланыс жөніндегі кеңесшісі.
* 1998 жылдан «Армор групп» ағылшын өкілеттігінің Қазақстандағы жетекшісі.
## Марапаттары
* көптеген медальдармен, КСРО қауіпсіздік комитеті төрағасының бағалы сыйлығымен марапатталған.
* Қазығұрт ауданының құрметті азаматы (2002).
## Дереккөздер |
Қуанышбек Мұсабеков (1940 жылы туған, Түркістан қаласы) – ғалым, жаратылыстану ғылымдарының докторы, профессор Қазақ Мемлекеттік университетінің химия факультетін бітірген (1964). 1964–70 жылдары Ғылым академиясында лаборант, аспирант, химия институтында кіші ғылыми қызметкер. 1970 ж. Қазақ мемлекеттік университетіне оқытушы болып ауысты. 1972–73 жылдары химия факультетінің кафедра меңгерушісі, 1987–95 жылдары факультет деканы
## Дереккөздер |
Шотаев Аман Нұғыманұлы (2.1.1943 жылы туған, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Басши ауылы) – селекционер-ғалым, ауыл шаруашылық ғылымының докторы (1992). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ аграрлық университеті) бітірген (1970). 1971 – 2005 Қазақстан_Республикасы ғылым академиясының Экспериментті биология институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, аға ғылыми қызметкер (1981 – 1991), лаборатория меңгерушісі (1991 – 2005) қызметтерін атқарды. Сонымен бірге, 1979 – 1980 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының Шығыс бөлімшесінің ғылыми хатшысы болды. 2006 жылдан Қазақстан_Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Мал шаруашылық және мал дәрігерлік ғылыми-өндірістік орталығының бас ғылыми қызметкері. Шотаевтың негізгі ғылыми еңбектері жануарлар генетикасы, селекциясы, морфологиясы және оларды өсірудің теоретикалық және тәжірибелік мәселелеріне арналған. Шотаевтың тікелей қатысуымен қойдың бес тұқымын (линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер, тянь-шань тұқымдарының қошқарлары және жергілікті биязы жүнді қой тұқымының аналығы) күрделі будандастыру әдісімен, қазақтың биязылау ұзын жүнді қой тұқымы шығарылды (1994). Шотаев алғаш рет қазақтың биязылау ұзын жүнді қой тұқымының қошқарларымен жергілікті биязы жүнді қой тұқымының аналықтарын F3 – F4 (үшінші және төртінші) буынға дейін сіңіре будандастырумен қатар сатыланған іріктеу-сұрыптау әдістемесін жасап, өндіріске енгізді. Ол 2 патент, 1 авторлық куәлік және 3 өндіріске енгізілген нұсқамалардың, 100-ден аса ғылыми еңбектердің (оның ішінде 1 монография) авторы.
## Шығармашылығы
* Морфогенические основы преобразовательного скрещивания в полутонкорунном овцеводстве, А., 2004.
## Дереккөздер: |
Мылтықбай Қараев Әбішұлы (1.1.1934, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылы – 9.12.2000, Алматы қалысы) – филолог ғылым доктор (1996), профессор (1998), Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылым академиясының академигі (2000). ҚазМУ-ды (1964, қазіргі ҚазҰУ), Қазақ педагогика ғылыми-зерттеу институтында аспирантурасын (1970) бітірген. Мектепте мұғалім (1964–66), Оқу мин-лігінде әдіскер, кабинет меңгерушісі, Алматы шет тілдер ин-тында (қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері ун-ті) аға оқытушы, доцент (1967–86), ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) оқытушы, кафедра меңгерушісі (1987–2000) қызметтерін атқарған. «Қазақ әдебиетінің тарихи даму кезеңдеріндегі көркемдік әдіс мәселелері» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. 90-нан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның («Қазақстан әдебиетіндегі реализмнің даму жолдары») авторы.
## Дереккөздер |
Темірхан Сырбайұлы Мұсаев (28.2.1949 жылы туған, Түркістан) – ғалым, технологиялық ғылыми докторы (2003), ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі (2004).Ташкент темір жол көлігі инженерлері институтын бітірген (1974). Еңбек жолын Алматы жол дистанциясының инженері болып бастаған. 1981–96 жлдары Алматы темір жол көлігі инженерлері институтында ассистенттен ректорлыққа дейінгі жолдан өтті. 2005 жылдан оқу ісі жөніндегі проректоры. Негізгі ғылыми еңбектері құрылысқа қажетті жетілдірілген құйматас алуға, фосфор-қож тұтқырғышын жасау технологиясын жетілдіруге, темір жол шпалдарының бүгінгі күн талаптарына сай беріктігі мен қолданылу мерзімін ұзартуға арналған. Көптеген әдістемелік оқулықтар авторы.
## Дереккөздер
## Cілтемелер
* ректор
* технология
* инженер |
Мыңбұлақ ойлауыты – Арал қарақұмының шығысындағы қазаншұңқыр. Қызылорда облысының Жалағаш және Қарағанды облысының Ұлытау аудандары аумағында, теңіз деңгейінен 50 – 80 м биіктікте орналасқан.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай 70 – 80 км-ге созылған, енді жері 35 – 40 км. Мыңбұлақ ойлауытын биіктігі 70 – 150 м болатын сайлы-жыралы келген аласа үстірт қоршаған. Оңтүстік-батысы Мойынқұм құмды алқабымен шектеседі.
Қазаншұңқыр табанында суы кермек татитын 170-тен астам бұлақ бар. Сұр, сортаңды топырағында қамыс, құрақ, қара жусан, баялыш, бұйырғын өседі.
## Дереккөздер |
Людмила Қаражанова Құсайынқызы - 1943 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы – 1994 медицина ғылым доктор, 1995 профессор . Қазақстан Республика Медицина ғылыми академиясының корреспондент мүшесі. Семей Мемлекеттік Медицина Институтын 1960 жылы (қазіргі Семей Мемлекеттік Медицина Академиясы), Алматы Мемлекеттік Медицина Институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) аспирантурасын 1973 жылы бітірген. Павлодар облысы Успен ауданы ауруханасында дәрігер (1966–69), Алматы мемлекеттік медицина институтында оқытушы, доцент (1969–96); 1996 жылдан профессор қызметін атқарады. «Клинико-функциональная, иммуногенетическая характеристика хронического гломерулонефрита с артериальной гипертензией и его дифференцированная терапия» тақырыбында докторская диссертация қорғады. 140-тан астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы.
## Дереккөздер: |
Мыңғылши – Алматы облысы Балқаш ауданындағы құрғақ арна. Өзен 106 км. Іле өзенінің Балқаш көліне құятын ескі тармағы. Бақанас жазығындағы Орта Бақанас құрғақ арнасының шығысынан тармақ болып бөлініп, көлге тіреледі. Арнаның көп жері үрме құммен толған. Мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
АҚМОЛА БЕКІНІСІ — қорған. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс кезінде бекіністі аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендиннің отряды мен әскери старшина Карбышев басқарған қамал гарнизоны қорғады. 1838 жылдың күзінде Кенесары қолы айналасы ормен қоршалған А.б-не шабуыл жасады. Оның садақшылары қамалды садақ оғының ұшына тез тұтанатын майланған шүберекті байлап атқылады. Қамалдың көптеген жерлерінде өрт шықты. Бекіністегі солдаттардың бір бөлігі өртті өшіруге ұмтылғанда, Басығара батыр бастаған Кенесары отрядының бір бөлігі қалаға басып кірді. Бекіністі шабуылдау кезінде Басығара батыр ерлікпен қаза тапты. А. б-н талқандаған соң, Кенесары жүйелі түрде бекеттерге шабуыл жасап, жем-шөпті және байланысты жойып, партизандық күрес жүргізуді жалғастыра түсті.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
Жиробұйрық – төлемшінің шотынан алушының шотына жирошот бойынша төлеу тәртібімен ақша аудару туралы жазбаша өкім. Көптеген елдердің коммерциялық банкілері мен жинақ банкілері азаматтар арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жөніндегі операцияларда пайдаланады.
## Дереккөздер |
АҚМОЛА ЖҮК ТАСУ БӨЛІМШЕСІ — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ-ның бөлімшесі; Көкшетау және Целина т.ж. базасында құрылған (1994). Бөлім Солт. Қазақстанның 3 аймағына көлік пен жүк тасымалдау қызметін көрсетеді. Т.ж-ның жалпы ұзындығы 1569,9 км. АЖТБ құрамына 65 жекеленген пункттер кіреді: 36 ст. — Ақмола облысында, 25-і — Солтүстік Қазақстан облысында.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
Сүндет күмбезі – Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші, сәулет өнері.
## Орналасқан жері
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 68 км, Жем өзенінің сол жақ жағасында орналасқан.
## Кезеңі, авторы
XIX ғасырдың екінші жартысы, авторы – халық шебері Дәулетнияз.
## Тарихи деректер
Сүндет мазары – орталық күмбезді ерекше архитектуралық жоспары бар құрылыс. Сегіз қырлы қабырғаның үстіне 6 м биіктікте тұрған барабанды күмбез орнатылған. Қабырғалары баспалдақты ірге үстіне тұрғызылған, конструкцияға сәйкес қабырғалары екі қабатты әктас опиталармен жабылып, шой таспен толтырылған. Мазардың сыртқы қырларында кішігірім төртбұрышты ойықтар жасалған, жазық жерлері сұлбалы оюлармен жабылған. Оңтүстік батыс қасбетінің жақтау фризі жайпақ бедерлі түйетабан ою-өрнегімен әшекейленген. Құрылыстың ішкі жағы түрлі-түсті безендірудің жарқындығымен таң қалдырады.Мазарды бірқатар салттық нысандар қоршап тұр – сандықтастар, жиырма шақты өңделмеген тас қабірүсті дуалдар және алты құлпытас.Қазіргі уақытқа дейін Сүндет туралы сенімді деректер сақталмаған. Дегенмен, риза болған ұрпақтары алып мазар тұрғызғанына қарағанда, ол халық арасында аса құрметке ие тұлға болғаны белгілі.Күмбезге құрылыс материалы ретінде Маңғыстауда жиі кездесетін ұлутас қолданылған. Сүндет күмбезі композициясының жинақы әрі беріктігімен ерекшеленеді.
## Дереккөздер |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. QS World University Rankings Results 2023 жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 80 орынға құлдырап 230-шы орынға жайғасты.
2012 жылғы әлемдік үздік 390-шы университет. Сонымен қатар, 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған «Рейтинг.kz» зерттеу орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 41,7 пайыз жинап, 5-орында тұр .
2022 жылы QS World University Rankings Results бойынша 150-ші орын алды.
2023 жылы 80 орынға құлдырап 230-шы орынға жайғасты.
## Тарихы
Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау – көзі болды..
1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды. Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті (оқу мерзімі 5 жылдық) ашылды. Кейіннен шет тілдері факультеті де осы құрылымға қосылды. Университетте соғыс қарсаңы және соғыстан соңғы жылдары 23 кафедрасы бар үш жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және екі гуманитарлық (филология мен журналистика факультеті) факультет жұмыс істеді. Университет 1942 жылы 257 физик, химик, математик, биолог, журналист, филолог, сондай-ақ Батыс Еуропа тілдерінің мамандарын даярлап шығарды.
1954 – 1955 оқу жылы университетте 3778 студент оқыды, 386 оқытушы – профессор еңбек етті. 1970 жылы университет құрамында 16 мамандық бойынша жас кадрлар дайындайтын 10 факультет, 65 кафедра болды. 1980 жылы 89 кафедрада 869 оқытушы, оның ішінде 79 профессор мен 540 доцент, ғылым кандидаттары қызмет атқарды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға КСРО-ның Еуропалық бөлігінен: Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск және т.б. ғылыми орталықтардан ірі ғылыми ұжымдар мен лабораториялар көшірілді. Бұл жылдары университетте КСРО Ғылым Академиясы (КСРО ҒА) академиктері И.Мещанинов, Н.Акулов, кореспондент–мүшелер В.Догель, А.Думанский, профессорлар А.Михлин, М.Розенберг, Н.Пакуль сияқты көптеген ғалымдар еңбек ете бастады.
1930-1940 жылдары университеттің қалыптасуы кезінде М.О.Әуезов, Т.Т.Тәжібаев, М. Т. Козловский, К.П.Парсы, Б.А.Домбровский, Е.Б.Бекмаханов, С.Я.Болатов, С.А.Нейстат, Е.Ысмайылов сияқты сол кездегі маңызды ғалымдардың педагогикалық қызметі ҚазМУ-мен байланысты болды. С. Хусаинова және басқа да танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері осы оқу орнында студенттерге сабақ берді.
1941 жылы Қазақ коммунистік журналистика институтының базасында филология факультетінің журналистика бөлімі құрылды. Соғыстың қиын жылдарынан кейін жаңа факультеттер ашыла бастады. 1948 жылы тарихи, геологиялық-географиялық, содан кейін экономикалық факультеттер ашылды. 1955 жылы заң институтының базасында заң факультеті ашылды, ал физика-математика факультетінен 2 Факультет-физика және математика құрылды.
1963 жылы ҚазМУ экономика факультетінің базасында "Нархоз" университеті деп аталатын "Алматы халық шаруашылығы институты"(АИНХ) құрылды.
1968 жылы университетте журналистика және философиялық-экономикалық факультеттер ұйымдастырылды.
1971 жылы университет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
1991 жылы жоғары оқу орнына Әл-Фараби есімі берілді. 1993 жылғы 9 қаңтарда ЖОО-ға мемлекеттік ұлттық жоғары оқу орны мәртебесі берілді. 1999 жылдан бастап университет "ҚАЗҰУ хабаршысы" атты журнал шығарады.
2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "Таймс" университеттерінің беделді рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының тізіміне енді. Қатысушылардың жалпы санынан 600 үздік жоғары оқу орындарының тізіміне кірді, олардың 16000-нан. Университетте рейтингке енген кезде жақын және алыс шет елдерден 20 мыңнан астам студент оқыды.
2014 жылы "Эксперт РА" агенттігі ЖОО-ға түлектерді даярлаудың "жоғары деңгейі" дегенді білдіретін "С" рейтингтік сыныбын берді.
КазҰУ-дың қабырғасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханұлы, Әлкей Марғұлан, Д. Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды.
### 30-жылдар
1933 жылдың 20 қазанында КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік университетін құру жөнінде арнайы қаулы қабылдады. 1934 жылдың 15 қаңтарында университеттің ресми ашылу салтанаты өтіп, 19 қаңтарда бұрынғы Верней гимназиясының ғимаратында биология және физика-математика факультетінде 54 студент оқытыла бастады.
Оқудан бос уақытта студенттер қала тұрғындары арасында саяси және мәдени жұмыстар жүргізді. 1935 жылы университет студенттерді егістік жинауға қатыстыру туралы «Қазақстан» колхозымен келісімге отырды. Олар колхозда ағарту жұмыстарын жүзеге асырды: сауатсыздықты жою мақсатында газет пен әдебиеттерді бұқара арасында дауыстап оқып, қабырға газеттерін шығарды. Кейіннен студенттер колхоз жұмысына жыл сайын қатысып отыратын болды.Университет жастары қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысып отырды.
Соның ішінде студенттердің Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сайлау кампаниясына белсенділік танытып, қатысқандарын ерекше атап өтуге болады. Үгіт жұмыстарын жүргізген ұжымның құрамына 139 студент қатысты. Олар 4 аумақта қызмет етті. Көркемөнерпаздар үйірмесінің қатысушылары тұрғындарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды.1937 жылы халықтық Бүкілодақтық санағын жүргізу үшін арнайы дайындалған 130 студент бөлінді.
Кезекті санақта университет 3 аумақта қызмет етті. Сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары арасында сауатсыздықты жою жұмыстарын кеңінен насихаттады.1939 жылы республиканың мәдени өмірінде маңызды оқиға болды. Университеттің биология, химия, физика, математика факультеттерінің ең алғаш түлектері дайындалып шығарылды. 87 жоғары білікті маман КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесіне, ғылыми және педагогикалық жұмыстары бойынша республиканың түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындары мен мектептеріне жіберілді.Осылайша, ҚазМУ құрылғаннан кейін көп ұзамай қазақ жастарының арасында үздік дәстүрлер қалыптаса бастады.
### Бүгінгі жағдайы
Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторы бар.
Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды.
## Халықаралық қызмет
Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті шетелдік ғылым және білім беру мекемелерінде тілдік тағылымдамадан, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өтеді. Университет жыл сайын университеттің 600-ден астам оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлері үшін халықаралық конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдардың ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс елдеріне шақырулары бойынша кездесулер ұйымдастырады.
ҚазҰУ Қазақстанның шетелдегі оң имиджін арттыруға белсенді ықпал етеді. Орталықтар, кафедралар университеттің белсенді қолдауымен шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында құрылады. Сондай-ақ, қазақ тілі курстары ұйымдастырылды, онда студенттер қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, өнерімен, өмірімен танысады, олардың арасында Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (Ресей) мен Адам Мицкевич университеті (Польша) бар.
ҚазҰУ. Әл-Фараби халықаралық серіктестермен бірлесе отырып, диалог алаңы бар "Ұрпақтар арқылы өтетін Жасыл көпір" сияқты бірқатар ірі халықаралық ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асырады. "Ұрпақтар арқылы жасыл көпір" платформасы Қазақстан Президентінің "ХХІ ғасырдағы орнықты дамудың жаһандық энергетикалық экологиялық стратегиясы" және "Жасыл" идеяларын іске асыру үшін құрылған көпір". ҚазҰУ Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында бірінші болып RIO + 20 конференциясында платформа ұсынды: БҰҰ-ның RIO-20 орнықты даму жөніндегі декларациясына қосылды, RIO + 20 конференциясының секциясын басқарды.
2014 жылғы қаңтарда ҚазҰУ. Әл-Фарабиге БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы жаһандық Академиялық ықпал ету орталығын (БҰҰ-ның Академиялық ықпалы) басқару тапсырылды. ЮНЕСКО-ның Орнықты даму жөніндегі Орталық Азия өңірлік орталығы ЮНЕСКО ұсынған UNITWIN бағдарламасына сәйкес ҚазҰУ базасында құрылды.
"Еуразиялық әртүрлілік және университеттердің орнықты дамудағы рөлі" III Азия университеттерінің форумы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде, сондай-ақ 2014 жылы Астана мен Алматыда өткен VII Астана экономикалық форумы аясында университеттің орнықты даму жөніндегі іс-шараларын ілгерілету шеңберінде өтті. ҚазҰУ "Тұрақты адам дамуының жаңа парадигмасы" тақырыбында халықаралық конференция өткізу үшін негізгі ұйым ретінде таңдалды. G — Global-дүниежүзілік өнер және ғылым академиясымен (WAAS) және Дүниежүзілік университеттер консорциумымен (WUC) бірлесіп, жетекші халықаралық ұйымдар өкілдерінің, әлемге әйгілі ғалымдардың, көрнекті қоғам қайраткерлерінің қатысуымен" Жаһандық диалог форматы".
## Ғылым және инновация
ҚазҰУ құрамында университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ҚазҰУ ғылым және инновациялық қызмет департаменті ашылды. Ғылым және инновациялық қызмет департаменті университетте жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ), сондай-ақ жоғары білікті кадрларды даярлауды жүзеге асырады және үйлестіреді. Департамент факультеттерді, ғылыми-зерттеу институттарын (ҒЗИ), ғылыми орталықтарды (ҒО), технопаркті және т.б. қоса алғанда, университеттің барлық ғылыми-зерттеу бөлімшелерін біріктіретін бірыңғай ғылыми құрылым болып табылады. Департамент ғылыми және инновациялық қызметті Университеттің даму стратегиясы, ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімдері негізінде айқындайды. әл - Фараби және ғылыми-техникалық кеңес. Департамент қызметінің мақсаты ҚазҰУ-дың ғылыми және зияткерлік әлеуетін барынша толық пайдалануға жәрдемдесу болып табылады. әл-Фараби, ҒЗТКЖ нәтижелерінің тиімділігін және оқыту сапасын арттыру, инновациялық қызметті ұйымдастыру, білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғалымдар мен мамандардың халықаралық ынтымақтастығын нығайту үшін ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік қызметті кешенді дамыту.
## Университетте жұмыс істейді
* Болон процесі бойынша студенттер бюросы
* "Сұңқар" студенттік кәсіподағы / "Сұңқар"
* Ғылыми кітапхана
* ҚазҰУ жанындағы бейіндік мектеп. әл-Фараби
* ҚазҰУ колледжі. әл-Фараби
* ҚазҰУ тарих мұражайы. әл-Фараби
* ҚазҰУ мұрағаты. әл-Фараби
* Биология мұражайы
* Археология және этнология мұражайы
* Палеолит мұражайы
* "ҚазГУ Град" КВН командасы
* "Бақыт" би ансамблі
* ҚазҰУ студенттік драма театры. әл-Фараби"БІЗ"
* ҚазҰУ Хабаршысы
* "Қазақ университеті" газеті, халықаралық бюллетень (екі тілде)
* ҚазҰУ Студенттер сенаты
* "Парасат" қызметкерлер кәсіподағы
* Түлектер қауымдастығы
* Әскери кафедра
* Біліктілікті арттыру институты
* Жұмыс берушілер Кеңесі
* Қалалық деңгейде тіркелген "Эйдос" театр клубы
* "Қазақ университеті"баспасы
* ҚазҰУ пікірсайыс клубы
* ҚазҰУ зияткерлік клубы
* "Саясаттанушы" студенттік пікірталас клубы
* Халықаралық қатынастар факультеті жанындағы "Талейран" дипломатиялық клубы
* Кіші әл-Фараби Академиясы
* Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы жанындағы әлеуметтік зерттеулер және инжиниринг орталығы
* Саясаттану кітапханасы. Т.Т.Мұстафин саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында
## Институттары
* Мемлекет және құқық институты
* Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты (ЭТФ ҒЗИ)
* Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институты (ҒҒТМ ҒЗИ)
* Зерттеу және талдаудың физика-химиялық әдістері орталығы (ЦФХМА)
* Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты (ПББ ҒЗИ)
* Біліктілікті арттыру институты (БАИ)
* Конфуций Институты
* Ғылыми-технологиялық парк (Технопарк)
* Ашық типтегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана (NNLOT)
## Университет қалашығы
90 га университет кешені шығысында Есентай (Весновка) өзені, батысында Ботаникалық бақ, солтүстігінде Тимирязев көшесінен оңтүстігінде Әл-Фараби даңғылына дейін орналасқан. Кешеннің құрылысы 1971 жылы басталды. Жобаны "Гипровуз" жоғары оқу орындарын жобалау институтының авторлық ұжымы әзірледі (сәулетшілер В.П.Бондаренко-жетекші, В.М.Егоров, Ю.С.Зимин, инженер Л.П.Самарцев).
Бастапқыда 2 кезектегі құрылысты жүзеге асыру жоспарланған болатын: бірінші кезек (1986 жылға дейін) гуманитарлық және жаратылыстану факультеттерінің оқу корпустарын, ректорат және ғылыми-зерттеу ғимараттарын, акт залын, жатақханаларды, спорт кешенін, емхананы, шаруашылық құрылыстарды салуды көздеді; екінші кезек (1995 жылға дейін жүзеге асырылуы жоспарланған) нақты ғылымдардың оқу корпустары, ғылыми-зерттеу институттарының, зертханалар мен кітапханалардың 2,5 млн томдық корпустары, жатақханалар және т.б.
Университет кешенінің жоспарында 4 функционалды аймақ бөлінеді — оқу-өндірістік, спорттық, тұрғын үй және шаруашылық. Бұл аймақтарды байланыстыратын негізгі өзек-эспланад. Ректораттың биік ғимараты (биіктігі 75 м) басым позицияны алады, бұл бүкіл кешеннің архитектуралық және композициялық маңыздылығын көрсетеді.
2004 жылғы жағдай бойынша университеттің Студенттер қалашығында 10 оқу ғимараты, 17 жатақхана, студенттер сарайы болды. У.Жолдасбекова, спорт кешені, "Қазақ университеті" баспасы, газет, "Сана" телерадиостудиясы.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мақұлдаған университеттің даму жоспарына сәйкес ғылыми кітапхана ғимаратынан университет кешені құрылысының екінші кезеңі басталды.
## Университет құрылымы
Қазақ ұлттық университетінің 17 факультеті бар:
## Университет басшылары
* 1934—1940 — Олихов Фёдор Трофимұлы
* 1940—1947 — Лукьянец Иван Куприянұлы
* 1948—1953 — Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаев
* 1953—1955 — Асқар Закарұлы Закарин
* 1955—1961 — Темірбай Байбосынұлы Дарқанбаев
* 1961—1970 — Асқар Закарұлы Закарин
* 1970—1986 — Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков
* 1986—1988 — Еділ Ерғожаұлы Ерғожин
* 1988—1991 — Мейірхан Мүбәрәкұлы Әбділдин
* 1991—2001 — Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев
* 2001—2008 — Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов
* 2008—2010 — Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
* 2010 – 2021 — Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов
* 2021 – жылдан бастап Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев
## Атақты түлектер
* Зейнолла Қабдолов
* Әбіш Кекілбаев
* Мұхтар Мағауин
* Дулат Исабеков
* Қадыр Мырза Әлі
* Тұманбай Молдағалиев
* Тұрсын Жұртбай
* Жүрсін Ерман
* Нұрлан Оразалин
* Олжас Сүлейменов
* Әзілхан Нұршайықов
* Рахман Алшанов
* Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова
* Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаев
* Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов
* Мырзатай Жолдасбеков
* Игорь Иванович Рогов
* Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
* Қайрат Мәми
* Тауман Төреханов
## Серіктес университеттер
* Hankuk University of Foreign Studies, Корея Республикасы
* Pusan University of Foreign Studies, Корея Республикасы
* Soongsil University, Корея Республикасы
* Ching Yun University, Тайвань
## Тағы қараңыз
* әл-Фараби
* QS Әлем Университеттері Ранкингі
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* mkm.kz Мұрағатталған 20 ақпанның 2013 жылы.
* ҚазҰУ электронды кітапханасы Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2008 жылы.
* ҚазҰУ-дың ресми сайты Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы. |
Нығымет Мыңжани (22. 3.1922, Тарбағатай аймағы Толы ауданы – 22.6.1993, сонда) – тарихшы, этнограф, әдебиет зерттеушісі. 1941 жылы Үрімжідегі Моңғол-қазақ училищесін және полиция училищесін бітірді. 1945–49 жылы Шыңжаң өлкелік Қаржы департаментінің бас хатшысы, 1949–50 жылы өлкелік үкімет бас хатшысының орынбасары, 1950–52 жылы ҚКП ОК Шыңжаң басқармасының бастығы, 1952–58 жылы Бейжің ұлттар баспасы қазақ редакциясының бөлім меңгерушісі болды. 1958 жылы “оңшыл” ретінде тұтқындалып, 1976 жылға дейін түрмеде отырды. 1978 жылы толық ақталып, аз санды ұлттар тілін зерттеу институтында ғылыми жұмыстармен айналысты. Мыңжани қазақ, ұйғыр, ескі түркі тілдерін білумен қатар қытай, орыс, араб тілдерін де меңгерді. 1980 жылдан қазақ тарихымен айналысып, “Шыңжаң қазақтары” (1981), “Қазақ ру-тайпалары мен ұрандары” (1982) және мемлекеттік тапсырыс бойынша “Қазақтың қысқаша тарихы” атты еңбектер жазды. Ол “Тіл – әдебиет” (1942), “Қазақ тарихының дерегі” (1949), “Қазақ хандығының ауыз әдебиеті” (1980), “Қазақ әдебиетінің қалыптасу және даму дәуірлері” (1981), “Қазақ қиссасы”, “Бақтияр және оның қырық бұтағы” (1982), “Қазақ әдебиетіндегі қисса-дастан жанры” (1982), “Қазақ халық дастандарының тарихына тән кейбір деректер жайында” (1982), “Қорқыт ата кітабы және қазақтың Қорқыт жыры жайында” (1984), “Қазақтың мифтік аңыздары” (1986) атты көптеген зерттеу еңбектер жазды. Ғалымның 1987 жылы “Қазақтың қысқаша тарихы” және “Қазақтың мифтік аңыздары” атты монографиялары жарық көрді. Сондай-ақ Мыңжанидың “Тұрмыс тілшісі” повесі (1948) мен өлеңмен жазылған “Қарлығаш” романы қытай қазақтары әдебиетінің өсу жолындағы елеулі шығармалар болды. Мыңжани аударма саласына да үлкен еңбек сіңірді. Ол “Сәлиха-Сәмен” дастанын, Шәкәрімнің “Қазақ шежіресін”, Абайдың “Қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы” атты еңбектерін қытай тіліне аударды. Сондай-ақ қытайдың ескі әдеби тілінде жазылған “Су бойында” (3-томын), “Қызыл сарай түсі” (4, 6-томдарын) сияқты классикалық шығармаларды қазақ тіліне аударды.
## Дереккөздер |
Сүндеттеу, Сүндет (араб.: ختان — сұннат) — медицина ғылымында «циркумцизия» (лат. Circumcisio — дөңгелете кесу) деп аталады.
Сүндет – ислам дінінде ер баланың жыныс мүшесіндегі тері бөлшегін кесу арқылы жасалатын ғұрып. Сүндет әуел баста араб халқының әдет-ғұрпы болатын. Сүндет мәселесі Құранда баяндалмағанымен, көне араб поэзиясы мен хадистерде айтылған. Сүндет Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) сүннеті болғандығы үшін де мұсылман халықтарында ерекше маңызға ие болды. Меккеде ер балалар 3 – 7 жастарында сүндетке отырғызылды. Бұл ғұрып“таһар” деп аталады. Сүндетке отырғызылатын баланың құрметіне арналып той-думан жасалып, балаға ең әсем киімдер кигізіп, атпен серуендетеді. Мысырда ұл баланы 5-6 жасында сүндеттейді. Сүндетке отырғызатын адамды ерекше құрметтейді. Қазақ халқында сүндеттеуді қожа-молдалар атқарып келсе, қазір көбіне медицина қызметкерлері жүзеге асырады. Бала сүндетке отырғызылған соң көрші-қолаңға қонақасы беріліп, құран оқытылады.
## Тарихы
Оның тарихына қарасақ, б.э.д. 2500 жж. ежелгі Мысыр елінде кең қолданылғандығын көреміз. Сүндеттелген перғауын бейнесі мен ересектеу екі баланы сүндетке отырғызу рәсімі көрсетілген папирус суреттерінің Каир мұражайында сақталғандығы осының айғағы. Тіпті, ол көптеген Африка елдерінде де баланың есею нышаны ретінде қалыптасқан.
## Сүндеттеу тәсілдері
Мыңдаған жылдардан бергі құрал саймандардың өзгергені секілді, сүндеттеу тәсілдері де уақыт талабына сай өзгеріп отырған. Сүндеттеу тәсілдерінің ең негізгілері мыналар:
* Еркін әдіс (ағылш. free hand): хирургтардың новокайн арқылы жансыздандырып, арнайы аспаппен сүндетке отырғызуы, тамырлардың тігілуі. Бұны «классикалық әдіс» деп те атауға болады.
* Дәстүрлі әдіс: дін мамандарының өткір ұстарамен кесіп, жараға таза күлді кесемен төңкеріп жасайтын әдіс. Бұл сүндеттеудің бұрыннан кең тараған түрі.
* Арнайы құрал пайдалану; сүндетке отырғызуға медицина мамандары араласқалы бері оған «Gomco Clamp» пен «PlastiBell» (қоңырау) секілді арнайы құралдар ойлап табылды. Алайда, балаға бір апта көлемінде тағылып, ұшын байлап, терінің өз бетінше түсіп қалуын қамтамасыз ететін бұл қыстырма құралдар аса тиімді деп есептелмеуде. Бұдан бөлек, электр құралын пайдалану арқылы косметикалық әсермен қанатпай жасалатын басқа да сүндеттеу тәсілдері баршылық.
## Жақтау мен сынау
Бүгінгі күні дүниежүзі бойынша ер адамдардың алтыда бір бөлігі сүндетке отырады екен. Соңғы статистика бойынша, әсіресе, солтүстік Америкада профилактикалық әрі гигиеналық мақсатта жас балалардың тоқсан пайызы сүндеттеледі. Әлем тұрғындарының 1,5 миллиардын құрап отырған мұсылмандарды былай қойғанда, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Англия секілді бірқатар мемлекеттерде баланы сүндетке отырғызу бүгінгі күні қалыпты үрдіске айналған. Сүндеттеуге Викторияндық кезеңде көңіл бөле бастаған ағылшын тілді бұл елдерде 20 ғ. алғашқы жартысында сүндетке отырғызу жақтаушылармен қатар Дэвид Голлахер секілді оған қарсы шығушылар да бар. Қарсы шығушылар пікірлері бойынша:
сүндет мұсылмандар мен еврейлерге ғана тән діни міндет, өзге дін өкілдеріне қатысы жоқ. Ол гигиена сақтау қиынға соғатын ыстық аймақтарда қолданылған. Бүгінгідей гигиенаны сақтау мүмкіндіктері жоғары кезде оның қажеті жоқ. Ол құмарлықты тежейді. Балаға ауыр тиеді
АҚШ тың педиатрлық академиясы 1989 жылы осы мәселеге орай жаңа туған нәрестелерге арналған ауыртпайтын әрі қауіпсіз препарат табылғандығын ресми мәлімдеді. Бүгінгі күні Вашингтонның Балалар емханасының медициналық орталығында (Childrens Hospital Medical Center) ата-аналардың қадағалауымен жаңа туған балаларға жасалатын барлық хирургиялық операциялар кезінде ауруды басатын анестезия пайдаланылуда. Сондай-ақ, бұл педиатрлық академия 1999 жылы сүндеттің медициналық тұрғыдан пайдалы екендігін жариялаумен қатар, баланы сүндетке отырғызу, отырғызбау мәселесін ата аналардың өздері шешкені мақұл деп тапты. Бұған қоса, сүндеттеуде қалыптасқан діни, мәдени, эстетикалық көзқарастармен де санасу керектігін ескертті.
2000 жылғы баяндамасында Американың медициналық ассоцациясы (Аmerican Medical Association AMA) сүндеттеудің несеп қуық жолдарын сирек кездесетін қатерлі, жұқпалы аурулардан, инфекциядан қорғайтындығын мәлімдеді.
Американың акушер және гинекология академиясы да (American Academy of Obstetricians and Gynecologists ACOG) Педиатрлық академия мен медициналық ассоцацияның мәлімдемелерін мақұлдап, сүндеттеуге ескішілдіктің сарқыншағы ретінде қарауға ешқандай да медициналық негіз жоқ екендігін жариялады.
Көптеген медициналық зерттеу жұмыстары сүндеттеудің мынандай пайдалары бар екенін дәлелдеді:
* Сүндеттелмегендерге қарағанда, сүндеттелген ерлер жыныстық қатерлі ісікке (рак) анағұрлым аз шалдығады;
* Ері сүндеттелмеген әйелдерде жатыр мойыншағының қатерлі ісікке шалдығу қаупі алты есе жоғары;
* Жыныстық жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі сүндеттелмегендерде сегіз есе жоғары; зерттеуші ғалымдар бұған қызықты дәлелдер келтірген. Айталық, балалардың небәрі он немесе отыз пайызы сүндеттелетін Кения, Замбия сияқты елдерде жыныстық жұқпалы ауруға шалдыққандар жергілікті тұрғындардың төрттен бірін құраған. Ал, Бенин және Камерун секілді шамамен әр бала сүндеттелетін Африка елдерінде жұқпалы ауруларға шалдыққандар тұтас алғанда алты-ақ пайыздан аспаған. Аустриялық зерттеуші ғалымдар тіптен үлкен жаңалық ашты. Олар «СПИД-ке шалдыққан ер кісілердің басым көпшілігінің сүндеттелмегендер» екендігін дәлелдеді. Өйткені, СПИД вирусы ең әуелі жыныс мүшесінің ұш қабатын зақымдайтын көрінеді. Егер ол тұс микрозақым алса, қабыну қаупі өте тез жүріледі екен.
* Сексопатологтар да сүндеттелудің қажеттілігін мойындауда;
* Гигиеналық тұрғыдан бактериялогиялық, стафилокк (іріңді микроб), гонорей (жыныстық жіңішке ауруы) микробтарынан таза болу тұрғысынан сүндет жасату аса керекті. Оған қоса, смегмалардың (қорғаушы ақ түйіршектер) қабынып, жараға айналмауында үлкен рөл ойнайды.
* Сүндет фимоз (жыныс үрпісінің жиырылып ашылмай қалуы), парафимоз, баланит, баланопостит кеселдерінің алдын алады.
## Дүние мәдиенеттерінде
### Еврейлерде
Көне заманда еврейлер таңғы құлшылықтарын жасағаннан кейін барып, синагогта сүндеттеу рәсіміне кірісетін болған. Бұл күн оларда ерекше қуанышты синагог мерекесіне баланған. Оны әдебиеттерінен де көруге болады. Кейіндеп бұл дәстүр израил қауымына тән он өкілдің қатысуымен жеке үйлерде де атқарыла тек раввиннің қатысуы жеткілікті саналады.
### Мұсылмандарда
Ислам дінінде сүндеттелу өте үлкен мәнге ие. Өйткені, ол үмбеті ретінде Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у.) ісін қайталауға, яғни сүннет амалын жасауға жатады. Дәлел Әбу Хұрайра жеткізген Пайғамбарымыздың хадисі. Хадисте адам жаратылысының табиғи қажеттілігі ретінде мына бес нәрсе: сүндетке отыру, мұртты басу, қолтық пен ұятты жерді түктен таза ұстау, тырнақ қысқарту аталған.
Қазақтарда
Қазақ халқы мұсылмандықты тілінен бұрын дініне енгізген. Мысалы, отағасы ұл баласы жеті жасқа толысымен сүндетке отырғызуды өзінің міндеті санаған. Бала туғанда жасалатын «шілдехана», «бесік тойдан» кейінгі үлкен той осы «сүндет той». Ауқатты адамдар ондайда ат шаптырып, балуан күрестіріп, үлкен думан жасаған.
## Сүндет тойда орындалатын қазақи салт-дәстүрлер
### Сүндет тойды өткізетін күнді белгілеу
Қалыптасқан дәстүр бойынша ата-бабаларымыз ер балаларын бес, жеті не тоғыз жасында сүндетке отырғызады. Сүндет тойын өткізетін сәтті күн алдын-ала белгіленеді.
### Қонақтарды тойға шақыру
Сүндет тойға ғана тән өзіндік ерекшелік - тойға қонақтарды баланың өзі шақырады. Айшықты тарланбозға сәнді киенген бір бозбала мен құйрығын шарт түйіп, жорға мінген сүндет бала көпшілікті тойға шақырады. Оның бауырсақ пен кәмпит толтырылған қоржынынан ат басын тіреген үй иесі дәм татады да түсті матаны жыртып, бала мінген жорғаның жалына байлайды.
### Сәрсенбі күні баланы сүндетке отырғызу
Сәрсенбінің сәтті күні баланы сүндетке отырғызады. Тойға келген адамдар "сүндетің қабыл болсын!" деп, баланың айналасына жеміс-жидек пен тәтті дәмдер толтырылады. |
Сыпатай Қарамендин Ыдырысұлы (19.12.1922, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Әтей ауылы – өлген жылы белгісіз) – экономика ғылым доктор (1980), профессор (1981). Алматы заң институтын бітірген (1951). Алматы мемлекеттік консерваториясында аға оқытушы (1953–62, қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогически институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогически университеті) доцент, кафедра меңгерушісі, проректор (1962–64), Қазақ педагогически а.ш. институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) доцент, профессор (1965–74), декан, 1975 жылдан кафедра меңгерушісі қызметтерінде болды. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.
## Дереккөздер:
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы |
Текей Қарамұрзиев (1930 жылы туған, Атырау облысы, Жылыой ауданы) — экономика ғылым доктор (1992), Мәскеу мұнай институтын бітірген (1956). «Құлсарымұнай» кәсіпшілігінде (1956–1957), Атырау халық шаруа кеңесінде инженер-экономист (1957–1960), «Қазақстан мұнай геофизикасы» тресі жоспарлау бөлімінің бастығы (1960–1964), ҚР ғылым академиясының Геология ғылымдар институтында жетекші маман, лаборатория меңгерушісі (1964–1993), ҚР Ұлттық ғылым академиясының Батыс бөлімшесінде (Атырау) Аймақтық экономиканы зерттеу орт-ның директоры (1993–1996) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Атырау мемлекеттік университетінің профессор «Экономическая оценка подземных вод Казахстана (теоретические, методические и практические проблемы)» тақырыбында докторская диссертация қорғады. 40-тан астам ғылыми жарияланымның, 2 монографияның авторы. 1 авторлық куәліктің иегері.
## Дереккөздер:
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы |
Мұстафа Құл Ата, Мұстафақұлы Қожа – діни ғұлама, Қожа Ахмет Иасауидың нағашы немере інісі. Сайрам қаласында өмір сүрген. Мұстафа Құл Ата ауылы Оны Сүзік ата деп атаған. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, ол бала кезінде момындығымен ерекшеленеді, Иасауи бабасы оның ұяңдығына, ілтипатына риза болып, «кел шырағым, менің сүзігім» дейді екен, содан «Сүзік ата» аталып кетеді. Мұстафа Құл Ата ауылы ислам дінінің қазақ топырағына тарауына үлкен еңбек сіңірді. Сайрамның оңтүстікнде Сүзік ата кесенесі (12–14 ғасырлар) орналасқан, 18 ғасыр шамасында қираған кесене ғимараты 1996 жылы қайта тұрғызылды.
## Сілтемелер |
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті — Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ (түр. Hoca Ahmet Yesevi Uluslar arası Türk-Kazak Üniversitesi) — Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласында орналасқан жоғары оқу орны.
## ХҚТУ құрылуы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – Қазақстанның озық көп салалы университеттерінің бірі. Ахмет Ясауи университеті жыл сайын университеттердің ұлттық рейтингісінде ондықтың қатарынан (2018 ж. 6-шы орын) көрініп жүрген, заманауи білім және ғылым саясатын жүзеге асыратын, тұрақты кәсіби және тұлғалық дамуды басшылыққа алатын инновациялық университет. Университет классикалық профильдегі университеттердің арасында ең алғашқысы, мұнда тұңғыш рет сонау 1992 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық мамандар даярлығы ашылған болатын.
Университет құрамында медициналық факультеті бар халықаралық «full university» жоғары оқу орындарының категориясына кіреді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бакалавриат, интернатура, магистратура, резидентура және докторантура сияқты көп деңгейлі бағдарламалар жүйесі негізінде жоғары базалық білім беруді қамтамасыз етеді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қабылдау мемлекеттік білім беру гранттары, келісімшарт (ақылы) және Түркия квотасы негізінде 105 мамандық бойынша білікті мамандарды даярлауды жүзеге асырады.
Университет құрамында 10 факультет, Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі, кәсіби колледж, 6 ғылыми-зерттеу институты, докторлық диссертацияларды қорғау бойынша мамандандырылған диссертациялық кеңес қызмет көрсетуде. Университетте 10 мыңға жуық студент, интерндер, магистранттар, резиденттер мен докторанттар білім алуда.
## Тарихы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ашылу және қалыптасу тарихы түркі өркениетінде ерекше орын алған Түркістан қаласының 1500 жылдық тарихымен байланысты. Көне қаланың айрықша геосаяси орналасуы мен оның түркі халықтарының мойындалған рухани орталығы ретіндегі маңызын ескере отырып университетті заманауи жоғары білікті мамандарды даярлаумен қатар құрудың негізгі мақсаты түркі халықтарының ғылыми және мәдени көне орталығы, түркі әлемінің заманауи рухани астанасы – Түркістан қаласын жандандыру және дамыту болып табылады.
Университет Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке бастамасымен 1991 жылы 6 маусымда ашылған болатын (1991 жылғы 06 маусымдағы 329 жарлық, Алматы).
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың және Түркия Республикасының премьер-министрі Сүлейман Демирелдің ресми кездесуі кезінде 1992 жылдың 1 мамырында «халықаралық университетті» құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.
1992 жылы 31 қазанда Анкарада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының Үкіметтері арасында осы оқу орнын «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті етіп қайта құру туралы» келісімге қол қойылды. Келісім Қазақстан және Түркия Парламенттері ратификациялағаннан кейін күшіне енді.
Университеттің Қазақстан үшін бірыңғай корпоративті басқару жүйесі бар. Қазақстан және Түркия үкіметтері бекіткен Жарғыға сәйкес Үкіметаралық Өкілетті Кеңес (Анкара) Жоғары басқару органы болып табылады, ол университеттің жалпы басшылығын паритеттік бастамада қамтамасыз етеді және он кеңес мүшесінен тұрады, оның ішінде бес мүшесін Қазақстан Республикасы Үкіметі, қалған бес мүшесін Түркия Республикасы Үкіметі тағайындайды. Қаржыландыру республикалық бюджеттен және Түркия Республикасы бюджетінен жүргізіледі.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ құрылған күннен бастап әрдайым екі бауырлас түркі тілдес мемлекет басшыларының назарында, олар университетке бірнеше рет ресми сапармен келіп, түркі тілдес мемлекеттердің студент жастары арасынан қазіргі заманға сай мамандарға интернационалды тәрбие беру және сапалы даярлау орталығы ретінде оған әрдайым айрықша көңіл бөлді.
Ахмет Ясауи университеті — түркі әлеміндегі бірегей университет, ЖОО-да әлемнің 17 елінің жастары мен 30 ұлт пен ұлыс өкілдері арасында мәдениетаралық диалогы мен ұлтаралық толерантты тәрбие жүріп жатыр. Қазіргі жаһандану жағдайында Түркі тілдес әлемді рухани біріктіруші білім беру орталығы ретінде Ахмет Ясауи университетінің идеологиялық маңызы зор.
2018 жылдан бастап ХҚТУ түркі тілдес мемлекет университеттер Кеңесінің төрағасы болып табылады, оған Түркияның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Әзербайжанның 19 университеті кіреді.
Университет миссиясы – түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтардан келген жастар үшін сапалы білім ұсыну, инновациялық білім мен ғылыми зерттеулер саласында көшбасшы болу.
Мақсаты – инновациялық ғылыми және білім беру технологияларын белсенді ендіретін, қарқынды түрде дамушы университет құру.
Басты құндылықтар: Рухани жаңғыру. Достық, теңдік және толеранттылық, Ашықтық, Өнегелілік, Кәсіпқойлық, Инновациялылық.
Университет 2007 жылдың мамырында Болон декларациясына қосылу туралы Меморандумға қол қойды және 2010 жылғы қыркүйекте Болон декларациясының негізі болып табылатын Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.
Егер 1991 жылы бірінші іріктеу нәтижесінде университетке 332 студент қабылданса, онда қазіргі студенттер контингенті 10 мыңға жуық студентті, интерндерді, магистранттар мен докторанттарды құрайды, оның ішінде 1,5 мыңға жуық студент (контингенттен 15%) алыс және таяу шетелдің түркі тілдес мемлекеттерінен келген.
Үкіметаралық келісімшарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ үшін алыс және таяу шетелдің түркі тілдес мемлекеттерінің студент жастарын оқытуға 200 арнаулы мемлекеттік білім беру грантын бөледі.
Университетке ең дарынды және талантты жастарды тарту мақсатында Үкіметаралық Өкілетті Кенестің шешімімен (Анкара) Түркия бюджетінен жыл сайын ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай алған, бірақ мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсынан өтпеген қазақстандық талапкерлер үшін 500 білім беру гранты бөлінеді.
Білім беру қызметі бакалавриаттың 54, магистратураның 30, PhD докторантураның 11, резидентураның 3, интернатураның 7 мамандықтары бойынша жаратылыстану, гуманитарлық, экономикалық, заң, әлеуметтік, медициналық, техникалық ғылымдар, білім беру, бизнес, қызмет көрсету және өнер бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
2018-2019 оқу жылы университетте 71 доктор, 282 ғылым кандидаты, 67 РhD доктор жұмыс істейді. Оның ішінде 5 % - Түркия мен басқа мемлекеттерден келген шетелдік оқытушылар.
Оқу қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
## Оқу үдерісі
Университетте үш деңгейлі оқыту жүйесі: Болон үдерісі талаптарына сәйкес бакалавриат-магистратура-докторантура (резидентура) ендірілген.
### 2018-2019 оқу жылы
* алдыңғы қатардағы ЖОО-ның озық әлемдік тәжірибесіне бағдарланған білім беру бағдарламалары, сондай-ақ «Зауыт-Университет» және «Major and Minor» үлгісі бойынша тәжірибеге бағдарланған заманауи оқыту қағидалары түрлендірілді және үйлестірілді;
* шетел профессорлары мен мамандар арқылы еуропалық тәжірибемен және әдістермен алмасу, оларды оқу үдерісіне жаңа инновациялық технологияларды трансляциялау мақсатында университетке шақыру тұрақты негізде жүзеге асырылады;
* бакалавриат деңгейінде техникалық мамандықтар мен экономика үшін «Кентау трансформатор зауытымен» дуалды оқыту жүйесі бойынша білім беру бағдарламалары әзірленді;
* педагогикалық мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларына орта мектептің инновациялары (Назарбаев интеллектуалды мектеп тәжірибесі бойынша жаңартылған мазмұн, критерийлік бағалау, сыни ойлау және т.б.) ендірілуде;
* ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Назарбаев университетінің жобалық тәсілі мен тәжірибесі негізінде Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі Мұрағатталған 26 ақпанның 2019 жылы. құрылды;
* студенттердің шетелдік жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық бағдарламалары кеңейтілген;
* 3+1, Эразмус + білім беру бағдарламаларын, қос диплом бағдарламаларын, шетелде білім алушылардың тәжірибесін батыстық ЖОО-на бағыттар бойынша ендіру;
* университетті басқару жүйесіне Болашақ, Мевлана, Эразмус т.с.с. бағдарламалар аясында шетелдік оқу орындарында менеджмент саласында кәсіби біліктілікті жетілдіру арқылы әлемдік тәжірибе енгізілді;
* Түркияда магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша арнаулы оқу арқылы дәрежелі оқытушылардың үлесі артты;
* Инновациялық инфрақұрылымды дамыту элементтері (технологияларды коммерциализациялау оффисі, технопарк, стартаптар т.б.) құрылуда;
* тренингтік Кәсіби даму орталығы құрылды (университеттің ОПҚ мен қызметкерлер үшін), мұнда оқытушылардың кәсіби шеберлігі мен біліктілігі арттырылады, озық университеттердің (Назарбаев Унтиверситет, Мармара, Гази университеттері т.б.) тәжірибесін трансляциялау арқылы олардың кәсіби дағдылары жетілдіріледі;
* жаңа Түркістан облысының экономика және әлеуметтік сала қажеттіліктеріне сәйкес агрономия, ветеринарлық медицина, құрылыс, сәулет, жобалық менеджмент сияқты жаңа перспективті мамандықтарды ашу бойынша жұмыс жүргізілуде;
* «Атамакен» ҰКП Түркістан филиалымен, жұмыс берушілермен оқу бағдарламаларын жаңарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде;
* Университетте зертхана, интернет-кластар, спутниктік бейнеконференция жүйесі (онлайн режимінде озық шетел ғалымдарының лекциялары), жаңа бағыттағы компьютерлер, оқу кабинеттері бар, онда оқу үдерісін қарқындатуға және ғылыми зерттеулер өткізуге мүмкіндік беретін зертханалық жабдықтар, макеттер бар;
* Назарбаев Университеті тәжірибесі негізінде Үкіметаралық Өкілетті Кенестің шешімімен дайындық факультетінде «Foundation» бағдарламасы ашылды, оның мақсаты тыңдаушыларды ағылшын және түрік тілдеріне көп деңгейлі тереңдетіп оқыту. Аталмыш бағдарламаға республикалық конкурс қорытындысы бойынша Түркия грантын алған Қазақстан азаматтары және Қазақстан Үкіметінің грантына түскен шетелдіктер қабылданады. «Foundation» бағдарламасы бойынша оқуын сәтті аяқтағандар өздерінің таңдаған бакалавриат мамандығының 1 курсына қабылданып, одан кейін арнайы көптілді топтарда оқиды;
* жыл сайын Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасы (іріктеу онлайн режимінде, қорытынды сынақ және бағалау тікелей университетте) өткізіледі. Олимпиада жеңімпаздарына университетте тегін білім беру сертификаты табысталады.
## Факультеттер/мектептер
* Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі Мұрағатталған 26 ақпанның 2019 жылы.
* Жаратылыстану факультеті
* Инженерия факультеті
* Әлеуметтік ғылымдар факультеті
* Гуманитарлық ғылымдар факультеті
* Филология факультеті
* Өнер факультеті
* Медицина факультеті
* Стоматология факультеті
* Университеттен кейінгі медициналық білім беру факультеті Мұрағатталған 31 қазанның 2019 жылы.
* Дайындық факультеті («Foundation») Мұрағатталған 19 қаңтардың 2019 жылы..
## Институттар
* «Түркология» ғылыми-зерттеу институты
* «Археология» ғылыми-зерттеу институты
* «Ясауи» ғылыми-зерттеу институты
* «Еуразия» ғылыми-зерттеу институты Мұрағатталған 7 ақпанның 2019 жылы.
* «Жаратылыстану» ғылыми-зерттеу институты
* «Экология» ғылыми-зерттеу институты
## Университетке қарасты
* Студенттер кәсіподағы
* Ғылыми кітапхана
* Ясауи колледжі
* ХҚТУ тарих мұражайы
* Түркі халықтарының тарихи панорамалық мұражайы
* «Ясауи» мұражайы
* ХҚТУ КТК командасы
* «Би султан» би ансамблі
* Халық аспаптары фольклорлық ансамблі
* Студенттік драма театры
* Түркі жастарының мюзикл театры
* Университет студенттерінің вокалды-аспап ансамблі
* Ақпараттық орталық
* ХҚТУ Хабарлары
* «Ясауи» газеті
* Қызметкерлер кәсіподағы
* Түлектер ассоциациясы
* Жұмыс берушілер кеңесі
* «Тұран» баспасы
* ХҚТУ дебаттық клубы
* ХҚТУ интеллектуалды клубы
* Студенттер дискуссиялық клубы
* 50- ге жуық өзге де студенттер бірлестігі, клубтар мен ұйымдар
* «Ясауи» интернет-радио
## Медициналық клиникалар
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – медицина факультеті студенттерінің теориялық білімі мен іс-тәжірибесін үйлестіретін 120 науқас орынға арналған Клинико-диагностикалық орталық пен Стоматологиялық поликлиникасы бар Қазақстандағы жалғыз университет.
Клинико-диагностикалық орталық (Клиника) университеттің медицина факультетінің әлеуеті өте зор тәжірибе базасына ие, стандарттарға толық жауап беретін, заманауи диагностикалық құрал-жабдықтармен жабдықталған озық денсаулық сақтау мекемесі ретінде құрылған.
Клинико-диагностикалық орталықтың құрылысы Түркия Республикасымен қаржыландырылып, 2006 жылы аяқталды. Қазіргі таңда клиника Түркістан қаласы мен аймақ тұрғындарына сапалы медициналық қызметтер ұсынуда.
Клиниканың қызметі үш негізгі бағытта жүзеге асырылады: медициналық көмек көрсету, денсаулық сақтау саласында мамандар әзірлеу және дәрігерлерді дипломнан кейінгі даярлау бағыты. Университеттің Клиника-диагностикалық орталығы стационарлық мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек, мамандандырылған жедел медициналық көмек көрсетеді, бір ауысымда 50-60 адам қабылдау мүмкіндігі бар травматологиялық пункт жұмыс істейді.
Жыл сайын клиникаға медициналық көмекке 65 мың адам жүгінеді, 7 мыңға жуық науқас стационарлық емдеуден өтеді, 1500-ге жуық науқасқа аса күрделі ота жасалады.
2019 жылдан бастап заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған стоматологиялық клиника өз жұмысын бастайды.
## Қашықтан білім беру технологиялары
2001 жылы Анкарада орналасқан және Еуропадан, Түркиядан, ТМД-дан, Қазақстаннан 7 000-ға жуық білім алушы, Түркияның озық университеттерінің 120 астам ОПҚ орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 16 мамандығы бойынша колледж – бакалавриат – магистратура бағдарламаларын жүзеге асыратын ТҮРТЕП халықаралық қашықтықтан оқыту институты құрылды. Бүгінде ТҮРТЕП онлайн білім беру саласындағы көшбасшы, оның тәжірибесін Түркияның озық ЖОО қабылдауда.
ТҮРТЕП-тің оң тәжірибесі негізінде 2016 жылдың қаңтарында Үкіметаралық Өкілетті Кенестің шешімімен Түркістанда пилоттық режимде магистратураның 5 мамандығы бойынша ҚазТеп (қазақ тілінде қашықтықтан білім беру технологиясы) қашықтықтан білім беру институты ашылды. ҚазТЕП-те қашықтықтан оқытудың озық тәжірибесі 2019 жылдан бастап бакалавриаттың 20 мамандығы және магистратураның 8 мамандығы бойынша жүзеге асырылатын болады.
ҚазТЕП-тің мақсатты аудиториясы – бұл оқу кестесі мен білім беру траекториясы қолайлы, қазіргі заманға сай озық білім беру тәжірибесі негізінде өзінің тұрғылықты орны мен уақытына қарамастан қашықтықтан екінші жоғары білімді немесе колледжден кейінгі білімді, сондай-ақ магистрлік дәреже алғысы келетін өндірісте жұмыс істейтін тұлғалар.
Қазіргі таңда ҚазТЕП өзінің білім алушыларына төмендегілер негізінде сапалы білім бере алады:
* авторлық қашықтықтан оқыту курстарын әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының озық ғалымдары мен профессорларын тарту;
* заманауи ІТ технологияларды тиімді пайдалану;
* барлық ЖОО мен өндірістен озық ғалымдар мен мамандардың мүмкіндіктерін жинау;
* тьютор-мықты тәжірибешілердің өз саласында өткізетін практикалық вебинарлары;
* ыңғайлы төлем формасымен дербес оқу кестесі.
Білім беру бағдарламаларын әзірлеуде өз саласында беделге ие бағыттар бойынша ірі мамандар тартылған болатын, сондай-ақ өзге ЖОО-ның мамандар даярлаудың ерекшелігі мен еңбек нарығы жан-жақты зерттелген болатын.
ҚазТЕП-тің мақсаты – халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында қашықтықтан білім берудің жаңа тармағын құру.
## Ғылым
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметі негізінде білімді, ғылым мен инновациялық қызметті одан әрі біріктіру үдерісі қамтылған. Университет ғалымдары түркология, археология, дінтану, тарих, экономика, математика, физика, ақпараттық технологиялар, электроэнергетика, биотехнология, медицина т.с.с. салада зерттеулер жүргізуде.
Жалпы зерттеулер ҚР-да ғылымды дамытудың 7 басым бағытының ішінде 5 бағыт аясында жүргізіледі: табиғи, оның ішінде су ресурстары, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкцияларды тиімді пайдалану; энергетика және машина құрылысы, ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары аясында ғылыми зерттеулер; өмір және денсаулық туралы ғылым; елдің экономикалық өсуі, қауіпсіздігі мен бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін «Мәңгілік елдің» қажетті ғылыми негіздері.
Университет қазіргі таңда перспективті және ұзақ мерзімді сипаттағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің орындаушысы болып табылады. Университеттің өз ғылыми мектептері құрылды, аймақты әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамытудың өзекті мәселелерін шешу мүмкіндіктері мен ғылыми дайындамалары бар.
Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы білім алушыларды ҒЗЖ мемлекетік бюджеттік бағдарламалар мен түрлі келісімшарттар бойынша орындау үшін білім беру қызметімен өзара байланыстырыла отырып тарту арқылы жүргізіледі. Университетте:
* «ҚР Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-да бекітілген, университеттің Үкіметаралық Өкілетті Кенесінің 150,0 млн. теңгеге қаржыландыратын ҒЗЖ-ның 12 бастамашы бағыттары;
* 11 ЖОО ішілік жобалар;
* 13 шаруашылық келісімшарт жобалары;
* ҚР Ғылым комитеті қаржыландыратын 11 гранттық жоба бар (2018-2020 ж.ж.);
* коммерциаландыру бойынша ғылыми гранттар – университет ғылымын дамытудың жаңа бағыты: республикалық конкурс қорытындылары бойынша Коммерциаландыру бойынша ғылым қорынан 4 ірі грант алынды.
Түркияда шығарылатын «Bilig» университет журналы Clarivate Analytics (Tomson Reuters) және Scopus озық халықаралық ғылыми базаларда индексацияланған, ХҚТУ «Хабаршы» журналы ҚР БҒМ Бақылау комитетінің ұсынылған басылымдар тізіміне 2018 жылдың желтоқсан айында қосылған.
Технологияларды коммерциализациялау кеңсесі ашылды, ол университетте құрылатын инновациялық инфрақұрылымның негізгі базалық элементі болып табылады.
2018 жылдың қарашасында Кентау қаласында Кентау трансформатор зауытымен (КТЗ) энергетика, сандық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында Технопарктің негізі қаланды. Оның дамуы ODTÜ, BILKENT КИБЕРПАРК, Мармара, Гази, Йылдыз университеттері сияқты Түркия университеттерінің озық технопарктерін құру тәжірибесі негізінде жүзеге асырылатын болады.
Студенттер технопаркте әзірленген: «КТЗ мамандары үшін виртуалды жұмыс кеңістігі», «КТЗ үшін электронды құжатайналым жүйесі», «Түркістан аймағы тарихи-мәдени ескерткіштерінің 3D тур» Стартап жобаларын жүзеге асырды.
Түркістан экономикалық еркін аймақта (Түркістан облысы әкімшілігімен бірлесе) ХҚТУ Технопаркін құру жоспарланған.
Университетте «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан қаласында ендіруге «Smart campus» және «Smart қала» концепциялары әзірленді.
Екі талантты жас ғалым, «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының PhD докторлары Омаров Бақытжан және Баймуханбетов Бағдат ең ірі әлемдік Scopus (ELSEVIER) компаниясы ұйымдастырған Орталық Азия үшін «BestResearcherinHumanities» категориясында Scopus Award-2018 конкурсында жеңіске жетті.
Үкіметаралық Өкілетті Кенестің шешімімен университет құрылымына Түркістан аймағының әлеуметтік саласын, экономиканы дамыту мәселелерімен айналысатын «Еуразия» ҒЗИ қосылды.
Университеттің археолог-ғалымдары осы жылдың күзінде ежелгі Сығанақ қалашығында ауқымды жұмыстар кешенін жүргізді, бұл осы нысанды ЮНЕСКО мәдени мұра тізіміне қосу бойынша мәселені көтеруге септігін тигізді.
Университеттің археолог-ғалымдары: «Орта түрік жазбаша ескерткіштер тілінде этномәдени атаулар және олардың заманауи түркі тілдерінде көрінісі», «Мұрағатта және қолжазба орталықтарында Түркістан өлкесінің аңыз әңгімелері мен ертегілері: археографиялық зерттеу, жарияланым, пікірлер» (жүз томға кірмеген материалдар), «Орыс дерек көздерінде Түркістан өлкесінің тарихы бойынша тарихи- -этнолингвистикалық көздер», «Түркістан өлкесінен шыққан шығыс әлемінің танымал тұлғалары мен ойшылдары», «Ежелгі Қаңлы халқының жазба мұрасы» жобаларын белсенділікпен әзірлеуде.
«Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы» президиумымен инновациялық биотехнология әдістерін пайдалану және және Оңтүстік Қазақстанның қола дәуірінен бастап бүгінге дейінгі мәдени және генетикалық басымдығын зерттеу негізінде аймақтың ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған екі жоба мақұлданды.
Университеттің ғылыми жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 1 млрд. теңгені құрайды (университеттің тартылған бюджетінің 15% -ы).
ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығы, ҚР БҒМ Ақпараттық және есептеу технологиясы институты, ҚР БҒМ Тарих және этнология институты сияқты мемлекеттің озық ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімшарттарға қол қойылды.
### ХҚТУ-нің ғылыми басылымдары
* Clarivate Analytics, Scopus (http://ayu.edu.kz/scientific-publications мәліметтер базасына кіретін «Bilig» (Түркияда шығарылады);
* «Ясауи университетінің хабаршысы» (философия, тарих, педагогика, филология бағыттары ҚР БҒМ БҒСБК басылымдар тізіміне қосылды;
* «Түркология»;
* «Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің хабарлары (математика, физика, информатика сериясы)»;
* «Ayhaber», «Азия-Европа», «Е-бюллетень» ғылыми-танымал және ақпараттық-сараптама журналдары (http://eurasian- research.org/kk/research/asya-avrupa;
* «Ясауи университеті» университет газеті.
### Ботаникалық бақ
Университеттің Арал-Сырдария экологиялық қолайсыз аймақта құрылған және ЮНЕСКО халықаралық сыйлығын алған Ботаникалық бағы бар. Ботаникалық бақтың жалпы алаңы 88 га. Бақтың құрылуын 1992 жылы ҚР ҰҒА Ботаникалық ғылыми-зерттеу институты қарап бекітті. Қазақстан, Ресей және Өзбекстан ғалым-ботаниктерінің ойынша Түркістан ботаникалық бағы биологиялық және экологиялық мәселелерді шешу бойынша интродуктивті ғылым орталығы болып табылады.
Ботаникалық бақ университеттің жаратылыстану және медицина факультеттері үшін оқу полигоны болып саналады, мұнда оқу-әдістемелік және ғылыми-өндірістік қызмет жүзеге асырылады.
Қазақстанда мұндай бақ тек ХҚТУ аймағында ғана бар.
Ботаникалық бақта декоративті және жеміс ағаштарының 150 түрі мен сорты кездеседі.
Ботаникалық бақ негізінде «Ғылым қоры» грантының қолдауымен ҒЗИ нәтижелерін коммерциализациялау бойынша 282 млн. теңге мөлшерінде ірі жобаны жүзеге асыру басталды, оның нәтижелері Түркістан қаласы аумағында «жасыл белбеуді» орналастыруға бағытталатын болады.
## Сапа менеджменті
2018 жылдың желтоқсанында ХҚТУ Түрік стандарттау институтымен TSE (Türk Standardlari Enstitüsü) ISO 9001:2015 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификациялау процедурасынан өтті.
### Рейтинг
Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттіктің 2018 жылғы рейтингісіне сәйкес ХҚТУ республиканың көп салалы университеттерінің арасында 6-шы орынды иеленеді. БСҚТҚА (Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттік) жасаған рейтингке сәйкес 2018 жылы ХҚТУ-нің білім беру бағдарламалары келесідей орынды иеленеді:
1-ші орын – 5В050700 – Менеджмент, 6М050700 – Менеджмент, 5В011400 – Тарих.
2-ші орын – 5В050600 – Экономика, 5В010900 – Математика, 5В011200 – Химия. 5В090200 –Туризм.
3-ші орын – 5В060800 – Экология.
2018 жылы «Атамекен» ҰКП рейтинг қорытындысы бойынша университеттің 5В060800 – Экология білім беру бағдарламасы ҚР 40 ЖОО білім беру бағдарламалары арасында 2-ші орынды иеленді.
Университет 2018 жылы Academic Ranking of World Universities-European Standard ARES-2018 (ARES-2018) Халықаралық жоғары оқу орындар рейтингісінде Қазақстанның 96 ЖОО арасында 11-ші орынды иеленді. Рейтингті Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палата жүргізді.
ARES-2018 рейтингісіне Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша еуропалық ассоциация мен Жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тіркелімнің қабылдаған және Еурокомиссияның мақұлдаған Еуропалық университеттік білім беру стандартының жаңа ережелері қосылды.
### Аккредитация
Университет Қазақстанның екі негізгі аккредитациялық агенттіктерінде БСҚТҚА (Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттік), АРТА (Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі) институционалды және мамандандырылған аккредитациядан өтті. АРТА Білім беру сапасы кепілдігі бойынша агенттіктердің Еуропалық тізіліміне (EQAR) қосылған және ТМД елдерінің ішіндегі Бүкіләлемдік Медициналық Білім Федерациясы (WFME) мойындаған жалғыз ұйым болып табылады.
## Даму стратегиясы
2018 жылдың қарашасында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Үкіметаралық Өкілетті Кенестің шешімімен университеттің 2023 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары мақұлданды, ол келесідей стратегиялық басымдықтарды қарастырады: оқыту сапасы мен кәсіби білімді дамыту, тәжірибелік-бағдарланған озық зерттеулерді ұйымдастыру, тиімді серіктестік және халықаралық серіктестікті дамыту, тиімді корпоративтік басқару және инфрақұрылым мен ресурстарды дамыту.
2015 жылдың қыркүйегінде түркі тілдес мемлекет басшыларының V Саммитінде Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаев «ортақ білім беру кеңістігін қалыптастыруды жылдамдату мақсатында Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бүкіл түркі әлемінің оқу орнына айналдыру қажет» деген маңызды бастаманы алға тартты.
## Серіктес-университеттер
ХҚТУ 50-ден астам университеттермен ынтымақтастық етеді. Орташа есеппен, 100-ге жуық студент жыл сайын шетелге оқуға жіберіледі. Серіктес-университеттер қатарында:
## ХҚТУ университет кешені
Материалдық-техникалық базаның жабдықталу деңгейі бойынша университет Қазақстанның озық ЖОО-ның бірі болып саналады. Университеттің студенттер қалашығы (кампус) ауданы 227 гектар территорияны алуда. Оның ішінде 88 гектары - ботаникалық баққа, 80 гектары оқытушы-профессорлар құрамына арналған екі қабатты коттедждердің тұрғын үй кешеніне бөлінген, ал 59 гектарға оқу ғимараттары, спорт кешені, 800 орынға арналған Мәдениет орталығы мен басқа да ғимараттар орналасқан. Ашық және жабық спорт алаңдарының жалпы ауданы – 50 000 шаршы м. жоғары. Қалашық аумағында 1 500 орынға арналған жатақханалар кешені, «Тұран» қонақүйі, 400 орынға арналған студенттер асханасы орналасқан. Университет құрамына Түркістан, Кентау, Шымкент қалаларындағы оқу корпустары мен жатақханалар кешені, 84 орындық үш жұлдызды «Яссы» қонақүйі, жабық жүзу бассейні кіреді.
Университет қалашығын салу үшін Түркиядан 100 млн долларға жуық қайырымдылық қаржы құралдары тартылған болатын. Кампус құрылысы Түркістан қаласының өзіне де оң әсерін тигізді: ол тарихи ғана емес, заманауи студенттер қалашығына айналды.
Университет кешені (кампус) Б.Саттарханов 29 даңғылы бойынша орналасқан. Кешен құрылысы 1996 жылы басталған болатын. Жобаны озық қазақстандық және түркиялық мамандардың авторлық ұжымы әзірледі.
Құрылыс екі кезекпен жүзеге асырылды: бірінші кезек гуманитарлық, жаратылыстану, медицина факультеттерінің оқу корпустарын, ректорат және ғылыми-зерттеу мақсатындағы ғимараттарды, Мәдениет орталығын, жатақханаларды, спорт кешенін, поликлиниканы, шаруашылық құрылғыларды салудан тұрды; екінші кезек жаратылыстану ғылымдары, инженерия, ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар мен 400 мың дана кітапқа арналған кітапхана, жатақханалар т.б. құрылысын салуды көздеді.
2018 жылдың қарашасында Үкіметаралық Өкілетті Кенеспен ХҚТУ дамытудың жаңа Бас жоспары бекітілді, ол алдағы 5 жылда жаңа корпустар мен жатақханалар салуды қарастырады: 1-ші кезең – 2500 орынға арналған оқу корпусы, 500 орындық студенттер жатақханасы, ОПҚ үшін 6 сегізпәтерлі екіқабатты коттедж, Ботаникалық бақта оқу-практикалық дәрістер өткізуге арналған ғимарат, Студенттерге қызмет көрсету орталығының кешенді ғимараты. 2-ші кезең – 500 орындық ОПҚ арналған ғимарат, 600 орынға арналған студенттер жатақханасы, автотехника паркі. 3-ші кезең – 500 орындық оқу корпусы, колледж үшін 1000 орынға арналған оқу корпусы, колледж үшін 600 орынға арналған студенттер жатақханасы, 60 орынға арналған балалар бақшасы, әскери кафедраға арналған ғимараттар кешені, Ғылыми-зерттеу орталығының, Интеллектуалды мектептің, Орталық кітапхананың, әлеуметтік-мәдени нысандардың, сауда орталығының ғимараттар кешені, қоғамдық тамақтану және банк қызметтері кешені, оқытушылар үшін отбасылық жатақхана.
## ХҚТУ студенттер ректораты. Студенттік клубтар мен ұйымдар
ХҚТУ студенттер ректораты – мүшелері студенттер контингентімен сайланатын және университет әкімшілігінде студенттердің мүдделерін танытатын ұйым. Ректорат мүшелері дауыс құқығына ие бола отырып ЖОО-ның барлық комитеттерінің жұмыстарына қатысады. 2016-2018 оқу жылы студенттер ректорының міндетін - Берікбаев Диас, 2018 жылдан бастап Тұрсынхан Уміт атқаруда.
ХҚТУ базасында 50-ге жуық студенттер клубы жұмыс істейді, оның ішінде: «ШАҢЫРАҚ», «Түркі әлемінің жастары» студенттер клубының басқармасы, «Мұра», «Medical Tokens», «Интеллектуалды ойындар», «Халықаралық қатынастар», «КТК-ХҚТУ Самұрықтары», «Кино және сурет» т.б. интеллектуалды дебаттық клубтар.
## Көшбасшы қасиеттерін дамыту бағдарламасы
Тұлғалық даму мен көшбасшылық туралы лекцияларды өткізу үшін көшбасшылық қасиеттерді дамыту бағдарламасына саясат, бизнес және ғылым жөнінен танымал қазақстандық және шетелдік өкілдер шақырылады. Аталмыш бағдарлама өзінің тыңдаушыларына Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Азиз Санжар, БҰҰ Жастар және жастар саясаты ісі бойынша Департамент директоры Властемил Самек, Нобель сыйлығының ізденушісі, Орта шығыс техникалық университетінің профессоры Билге Демиргөз (Түркия), Астана қ. Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб Басқарушы комитетінің төрағасы Байменов Алихан Мухамедиұлы, Қазақстанның мемлекетік саяси қайраткері, дипломат Абықаев Нұртай Абықайұлы, Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрғасының орынбасары Шаимова Айгүл Амантайқызы сияқты тұлғалармен, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектерімен, блогерлер тобының көшбасшылары Нұрлан Жанайым, Абзал Досым, ғалым және қоғам қайраткері Омар Жәлел т.б. кездесуге мүмкіндік береді.
## Студенттерді орналастыру
ХҚТУ аймақтағы ең жақсы жатақханалардың біріне ие. Университет жатақханаларында 3200-ден астам, оның ішінде таяу және алыс шетелден келген студенттер тұрады.
Студенттер асхана, кір жуатын орын, компьютер сыныптары, сымсыз Интернетпен өз бетінше сабақ оқу бөлмелерінің қызметтерін пайдалана алады. Мұнда кітапханалар, оқу залы, буфеттер, жаттығу залы, т.с.с. жұмыс істейді. Жатақхана жанында жазғы спорт кешендері мен футбол алаңдары, жабық жүзу бассейні жұмыс істейді. Жатақханада тәулік бойы және демалыссыз қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері кезекшілік етеді.
## «Рухани жаңғыру» ғылыми-практикалық орталығы
Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» мақаласының бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыру, жастардың бойынан патриоттық және азаматтық сәйкестік сезімін қалыптастыру мақсатында 2018 жылдың тамыз айында «Рухани жаңғыру» ғылыми-практикалық орталығы құрылды.
Негізгі міндеттері:
* «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпаратты толқын» ішкі бағдарламаларына сәйкес арнайы жобаларды әзірлеу;
* ХХІ ғасырда ұлттық сананы қалыптастырудың ғылыми-практикалық әдістемесін «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» атты 6 басым бағытта әзірлеу.
## Университет студенттерінің спорттық жетістіктері
Университет өзінің студенттерінің спорттық жетістіктерімен танымал. Б.Саттарханов – бокстан бірінші олимпиада чемпионы (2000 ж.), Мұхтархан Ділдәбеков – 1999 жылғы әлем чемпионы, 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Таңатаров Ақжүрек –Лондон Олимпиадасының қол жүлдегері (еркін күрес), Дидар Хамза және Бағлан Ибрагимов – Джакарта қаласында өткен «Азиада – 2018» чемпиондары, Бек Нұрмағамбетов, Қайрат Ералиев – бокстан әлем чемпиондары, Аширов Меиржан – студенттер арасында еркін күрестен әлем чемпионы, Абдығани Бейбарыс – самбодан әлем чемпионы, Абдрахманов Ғалымжан және Құрымбаев Мади – қазақша күрестен әлем чемпиондары, Серікұлы Арман – таэквондодан әлемдік біріншілік жүлдегері, Паиз Жадра – самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Жылқыбаева Айжан – Азия ойындарының күміс жүлдегері – дзюдо (Джакарта), Жақып Біржан – үш Олимпиада қатысушысы (бокс), Лондон Олимпиадасының қатысушылары Ермек Байдуашев, Жұмағалиев Даурен, Ниязбеков Даулет, дзюдо, самбо, қазақша күрестен ҚР чемпионы – Малимгереев Нұрым, баскетболдан әйелдер командасы – ҚР 2-дүркін чемпионы, универсиадалардың 3-дүркін жүлдегері, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ құрама командасы – универсиаданың күміс жүлдегері (тоғызқұмалақ, армрестлинг, волейбол, жағажай футболы, таэквондо), универсиаданың қол жүлдегері (карате, еркін күрес, дзюдо, қазақша күрес, футбол, волейбол) т.б.
## Ректорлар
## Танымал түлектер мен студенттер
## Тағы қараңыз
* Халықаралық түрікмен-түрік университеті
* «Манас» Қырғыз-Түрік университеті Мұрағатталған 22 ақпанның 2019 жылы.
*
## Сыртқы сілтемелер
* ХҚТУ-нің ресми сайты (http://ayu.edu.kz/)
* ХҚТУ-нің электронды кітапханасы (http://lib.ayu.edu.kz/) |
Мыңжылқы – Кіші Алматы өзенінің бастауында орналасқан шатқал. Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 3000–3300 м биіктікте. Екі жағы тік жартасты, ұзындығы 4 км. Шатқалды Тұйықсу мұздығы қоршап жатыр.
## Галерея
*
*
*
## Дереккөздер |
Қайыр Қаракесов Қожанғалиұлы (1935, Қарағанды қаласы – 1987, сонда) – экономика ғылымының докторы (1986), профессор (1986). ҚазМУ-ды (1959, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қарағанды облысының кәсіпорындарында аға инженер, жоспарлау өндірістік бөлімінің бастығы (1959–65), Қарағанды политехника ин-тында (қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті) аға оқытушы (1962–72), Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, декан қызметтерін атқарды (1972–74). Қайыр Қаракесов «Методологические проблемы статического исследования факторов экономической эффективности строительного производства» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 40-тан астам ғыл. жарияланымның, 3 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Бұланбай Көлбайұлы (1747, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сайқан тауы — 1845, сонда) — жауырыны жерге тимеген палуан, сөзге шешен би.
## Өмірі
Шыққан тегі Орта жүз құрамындағы Найман тайпасының Қаракерей руы.
Орта жүздің ел басылары Қызылжарда өтетін Көкиірім съезі кезінде өнер көрсету үшін палуандар жинайды.Жәнібек батыр 20 балуанның арасынан Бұланбайды таңдап алады. Зайсаннан 250 км жердегі Көкпектіге жақындағанда, Бұланбай мінген ат болдырып, палуанды түйеге мінгізіп жеткізеді. Сол жиында 18 жасар Бұланбай түйе палуан атанып, бас бәйгеге түйе, 15 арғымақ, 50 уақ мал алып қайтады. Абылай хан елшілігінің құрамында Пекинге барған Бұланбай император сарайының алдындағы тастан қашалған қос арыстанның бірін жылжытып, өзінің жойқын күш иесі екенін қытайларға да танытады. 1997 жылы Зайсанда Бұланбайға арнап ас берілді.
Бұланбай Көлбайұлы Зайсан ауданының Кендірлік өзенінің бойында дүниеге келіп, сонда мекендеп, дүниеден өткен.
Бұланбайдың ұрпақтары Омари, Сақари балуандар 1950 жылдардағы деректерде көзі тірі, әрі айтыс ақындары екен.
Бұланбай өситетінде менің атымды ұранғып ат шапқанда айтпасын, ат көтере алмайды. Жауға шапқанда айтпасын, Жәнібектей жауды алған батыр емеспін. Балуанға түскенде өздерің біліңдер, өз ұрпағымды қолдайтын ғана қауқарым бар деген екен.
## Балуан атымен аталған жер
Зайсан өңірінде сұлұ Сауыр тауының бір сайы «Бұланбай жайлауы» деп аталады. Сарқырап аққан тау өзенінің сол жақ биік жарқабағында тайқазандай қара тас бар. Бұл тасты Бұланбай биік дөңге шығарып, өзіне мәңгілік ескерткіш етіп кеткен. Балуанның алыптығын ат көтере алмағандықтан, оны барар жеріне түйеге міңгізіп апаратын болыпты.
Бұланбай Зайсан ауданың Кендірлік өзенінің бойында дүниеге келіп, сонда мекендеп, дүниеден өткен.Кендірліктің үш саласының бірі «Бұланбай өзені» аталған. Қыстауы тұрған жер «Бұланбай қыстауда» аталған. 1920 ж дейін Самыраттар сол жерлерді мекендеген, кейін Жеменей ауданына ауып келген. Кендірліктің суы азайып, Бұланбай өзені де бұлаққа айналды. Сарытерек ауылының оңтүстүгінде Сарыешкімен ортада Бұланбайдың зираты бар.
## Балуан туралы әңгіме
Бұланбайдың отызға тақаған шағы екен. Ол арғы беттен жайлауға қарай түскен бес қытайды көреді. Олар «біз бұл елден алым-салық жинағалы келдік» деп қағаздарын көрсетеді. «Кетіңдер бұл жерден» дегенге көнбеген қытайларды Бұланбай қамшымен бір салып, терең құздан лақтырып жібереді. Қытай елі әскер шақырып, бүкіл елді қырамыз деп ескертеді. Сонда Бұланбай өз еркімен беріліп, түрмеге түсіпті. Бір күні Қытай императоры зәулім сарайдың алдындағы арыстанның тас мүсінін көтерген адамның тілегін орындаймын деп жар салыпты. Күшін сынауға келгендер мүсінді орнынан қозғалата алмапты да. Сонда бір уәзір: “Бұл тасты түрмеде жатқан қазақтың балуаны көтеруі мүмкін”,-дейді. Императордың бұйрығымен Бұланбайды арыстанға алып келеді. Ол: “Маған бір ай мұрсат етіңіздер. Алдымен қойдың етін беріңіздер. Сонан кейін екі қолымды иығыма дейін қайыс арқанмен шандып байласаңыздар, мен тасты көтеремін”, - деп жауап қайтарыпты. Бүланбайдың тілегі орындалды. Дүйім елдің алдында ол арыстанның тас мүсінін қос қолдап кеудесіне қойып, іле-шала басынан асыра көтеріпті. Күшіне разы болған қытай императоры Бұланбайды сый-сияпатпен еліне қайтарған екен.
## Дереккөздер |
Мыңжасаркөл – Жем алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 46 км жерде, теңіз деңгейінен 149,7 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Ауданы 9,30 км2, ұзындығы 6,0 км, ені 3,1 км-ге жетеді. Жағалау сызығы 18,2 км. Жағалауы тік жарлы. Жауын-шашын суымен толығады. Суы тұзды. Кей жылдары құрғап қалады. |
Ақмола облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы (Мағжан Жұмабаев атындағы) — қызмет көрсету көлемі мен дәрежесі жағынан оқырмандарға арналған облыстағы негізгі кітапхана. Мұнда соңғы жылдары кешенді жаңарту барысында жаңа басылымдар пайда болды. Олар: кітапхананың инновациялық дамуы, жаңа технологияларды енгізу, кітапхана қызметкерлерінің қызмет көрсету мәдениетін арттыру. АОҒӘК-ның қоры 300 мыңдай дананы құрайды. Жылына 15 000-ға жуық оқырмандарға қызмет көрсетеді. Кітапхананың негізгі оқырмандары: қызметкерлер, студенттер, оқытушылар, жұмысшылар мен зейнеткерлер болып табылады.
«М.Жұмабаев атындағы Ақмола облысының әмбебап ғылыми кітапханасы»
Көкшетау облыстық кітапханасы 1946 жылы құрылған. Типтік екі қабатты, кірпіш ғимарат 1971 жылы салынған. 1992 жылдан бастап Мағжан Жұмабаевтың атымен аталып келеді. Жалпы көлемі – 2997,9 кв.м., негізгі көлемі – 1568.2 кв.м.. Баланстық құны – 76042104 теңге. Баспасөз клубы, Интернет залы ашылды, екінші қабатта көрме және оқырмандарға демалыс залы орналастырылды. Кітап қоры - 330133 дана, оның ішінде 54790 дана мемлекеттік тілде. Штаттық бірлік – 71, жоғарғы біліммен – 50, оның ішінде кітапханалық қызметкерлер – 42. Кітапханалық жоғары – 30 адам, орта кітапханалық білімімен – 7. 1985 жыл кітапхананы компьютермен жабдықтай бастаудың бірінші кезеңі болды, 1994 жылы «РАБИС» бағдарламасының «Оқырмандарды тіркеу», «Каталогизатор», «Поиск-Іздеу», «Заказ-Тапсырыс» модульдері енгізілді. Транспорттық құралдар саны -1 (Газель – баргузин). Қаржыландыру: 2008 – 41080, 0 мың т. 2009 жыл – 42513,0 мың т. 2010 жыл – 49186,0 мың т. Директор: Бердалин Арман Тілектесұлы, 1983 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген. Көкшетау мемлекеттік университетінде оқып білім алған. 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК директоры. Танымал ақын, республикалық айтыстардың жеңімпазы, «Қазақ пен арақ» кітабының және осы кітап негізінде түсірілген деректі фильм авторы. Облыстық кітапханада қызмет жасайтын 11 бөлім бар:
* 1. Есепке алу және бақылау бөлімі
* 2. Толықтыру және әдебиеттерді өндеу бөлімі
* 3. Негізгі қорды сақтау бөлімі
* 4. Абонемент бөлімі
* 5. Автоматтандыру және жаңа технологиялар бөлімі
* 6. Өнер әдебиеттері бөлімі
* 7. Ақпараттық-библиографиялық бөлім
* 8. Оқу залы
* 9. Маркетинг және инновациялық-әдістемелік жұмыстар бөлімі
* 10. Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс
* 11. Шетел тіліндегі әдебиеттер бөлім
Негізгі міндеттері: - Кітапхананы білімді, ақпаратты, мәдени орталық ретінде рөлін көтеру, модернизациялау және ақпараттық қызметті жетілдіру мақсатында Қазақстанның бірыңғай ақпараттық кеңістігіне ену; - Қазақстанның халықтарының салт-дәстүрлерін, мәдениетін, тарихын, тілін, өнерін, қоғамдық рухын нығайту; - Азаматтардың конституциялық құқығы бойынша жеке адамның ақпараттық білім алуына шексіз қызмет ету; - Облыс кітапханалары қызметінің ғылыми-әдістемелік жүйесін жетілдіруді қамтамасыздандыру; - Кітапхана пайдаланушыларының ақпараттық және мәдени сұраныстарын қанағаттандыру үшін қажетті жағдайлар жасау. – Ақмола аймағының ағартушылық, ғылыми және рухани дамуының мүмкіншілігін жетілдіруге ат салысу, оқырмандарға бүгінгі заман талабына сай қызмет көрсету
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
Мыңғытөбе – бірнеше жүз қорғандардан тұратын обалар. Түркістан облысы Шардара қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км жерде. Обаларды 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі Е.И. Агеева және Г.И. Пацевич) зерттеген. Обалар отыз-қырықтан топ-топ болып бір-бірімен жалғаса үйілген. Үш обаға мүрдені өртеп барып қойғандығы анықталды. Өліктерді өртеп жерлеу салты мен обаларды жасау әдісі олардың біздің заман 7 – 9 ғасырларында өмір сүрген тайпалардың қорымы екенін дәлелдейді.
## Дереккөздер |
Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы — ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ғылыми-зерттеу мекемесі.
* 1932 жылы Алматы қаласында құрылған.
* 1972 жылға дейін Аналар мен сәбилер денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу институты болып
* 1980 жылдан Алматы мед. институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) балалар хирургиясы кафедрасымен біріктіріліп, қазіргі атымен аталады.
* 1992 жылы кандидаттық
* 1993 жылы докторлық жұмыстар жөнінде Диссертациялық Кеңес ашылды.
Орталықтың құрамында 200 орынға есептелген:
* мерзімінен бұрын және жаңа туған нәрестелер
* хирургия
* урология
* реанимация және интенсивті терапия
* онкогематология
* кардиоревматология
* гастроэнтерология
* пульмонологиялық консультативті-диагностикалық бөлімдер жұмыс істейді. Сондай-ақ, бірнеше лаборатория бөлімшелер: микробиология, патоморфология, генетика, ағынды цитофлюориметр, полимерлі-тізбекті реакция, биохимиялық анализаторлар, компьютерлік томография, ультрадыбыстық сканир, т.б. бар.
Негізгі ғылым бағыттары:
* бала ауруы мен мүгедектігінің алдын алу және емдеу әдістерін жасау
* балалардағы гематология
* жүрек-қан тамырлары аурулары, бронх-өкпе және гастроэнтерология аурулардың клиникалық-эпидемиялық ерекшеліктерін айқындап, олардың терапия және реабилитация әдістемелерін жасау;
* балалардың туа және жүре пайда болатын хирургиялық ауруларының емдеу-диагностикалық тәсілдерін қалыптастыру; Арал өңіріндегі балалар денсаулығын зерттеу және оларды емдеу жөнінде ғылым негізделген бағдарламалар жасау.
## Жетістіктер
Ғылыми-техникалық жетістіктері үшін орталық '110 патент' алған. 25 монография шығарып, 70-тен астам әдістемелік ұсыныстар жасады. Орталық “Халықтар достығы” орденімен марапатталған (1983).
## Тағы қараңыз
* Педиатрия
## Дереккөздер |
Мыңжылқы құдығы – гидротехникалық құрылыс. Шамамен 18 ғасырда қазылған. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құрайлы даласында. Мыңжылқы құдығы – қазақ даласындағы теңдесі жоқ гидротехникалық құрылыс үлгісі. Мыңжылқы құдығының кіре берісі кеңдігі 20 – 25 м арық ретінде қазылып, әр метр сайын 10 см-ге тереңдей беретін каналға айналған. Өзен 400 м жерді төмендете қаза келіп, 40 м тереңдегенде жер асты суына жетеді. Құдықтың айналасын кірген мал су ішіп, айналып шығатындай кеңейте қазып, түбін тереңдете тазартып, кішкене көлшік жасаған. Суға баратын канал жолы кең, 5 – 6 жылқы жоғары-төмен қатарынан еркін түсіп, көтеріліп, өз бетімен су ішіп, кіріп-шығып жүреді. Күні бойы мыңдаған жылқы ілгерілі-кейінді су ішіп шыға алады. Ел аузындағы аңыздарда бұл құдықты Қабанбай батырдың жасағы жорық алдында аялдау үшін қаздырғандығы туралы айтылады. Осы шөл даладағы құдықтан түз тағылары мен жыртқыш аңдар да бір-біріне зиян тигізбей, шөлдерін қандырады-мыс. Айналасы 30 – 40 км жерде өзен, су, елді мекен жоқ шөлді сары даладағы құдықтың шаруашылық және әскери-стратегиялық маңызы зор болған.
## Дереккөздер
"Қазақ энцикопедиясы VI-том" |
Мыңжылқы, Бессаз – Қаратау жотасының солтүстік-батыс бөлігіндегі тау басы.
## Жер бедері, геологиялық құрылымы
Абсолюттік биіктігі 2176 м. Протерозойдың метаморфтанған жыныстарынан түзілген. Беткейлерінен бірнеше шағын өзендер (Байылдыр, Біресік, тағы басқа) бастау алады.
## Өсімдігі
Оңтүстік етегінде бұта аралас әр түрлі астық тұқымдасты шөптесіндер, ал солтүстігінде баялыш, сұр жусан аралас эфемерлі өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Қараспантөбе-І – ортағасырлық қалашық орны. Түркістан облысы Ордабасы ауданы Ынталы елді мекенінің оңтүстік шетінде орналасқан. Оны 1960, 1972 жылы бұрынғы Шымкент педагогика институты (қазіргі Халықар. қазақ-түрік университетінің Шымкент институты) археол. экспедагогика тобы (жетекшісі Н.П.Подушкин) зерттеген. Ескерткіштің Оңтүстік-шығыс бөлігін өзен суы шайып кеткен. Қазіргі орны аумағы 3 га, биіктігі 3–3,5 м рабадтан, диам. 70–75 м, биіктігі 7 м қамал төбелерден тұрады. Қаланы қоршай салынған қабырғаларының орны қазір биіктігі 1,5 м төбешік. Оның батыс және шығыс жақтарынан кіретін қақпалары болған. Жинастырылған материалдар: қыш ыдыстар, дән үккіш, қайрақ тастар, т.б. Алынған заттарға қарағанда, тұрғындар қалашықты 10–17 ғасырларда мекен еткен. Олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан.Кейбір зерттеушілер (Е.И.Агеева, Г.И.Пацевич) Қараспантөбе қалажұртын ортағасырлық Қарасаман қаласымен бір деп қарастырып жүр. Мұнда Низамаддин Шами мен Шараф-ад-дин Йездидің дерегі бойынша 1392 жылы әмір Темір Тоқтамыс ханның елшілерін қабылдаған. Ал, Хафиз Таныштың айтуынша, 1581 жылы Абдаллах ханның әскерінің бір бөлігі мен арбалы керуендері осы жерде болған.
## Дереккөздер: |
Желмая - бір өркешті, жылдам, өзінің қажымастығымен белгілі түйенің бір түрі.
"Желмая" сөзі қазақтың аңыз, ертегілерінде кеңінен қолданылады. Мысалы, Асан қайғы жайлы аңыз.
## Дереккөздер |
Мыңқайнар – ежелгі қорымдар. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жақсылық ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 24,5 км жерде, Қырғыз Алатауы қырқасындағы Шұңқыр шатқалында. 1988 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының археологиялық экспедиция (жетекшісі А.М. Досымбаева) зерттеген. Бұл жерден ара қашықтығы 0,5 – 1 км келетін Мыңқайнар-1, Мыңқайнар-2, Мыңқайнар-3, Мыңқайнар-4, Мыңқайнар-5, Мыңқайнар-6 обалары аршылды. Мыңқайнар-1-дің қазіргі орны топырақ үйіндісіне айналған, диаметрі 5 м-ден 22 м-ге, биіктігі 0,3 – 1,5 м-ге жететін 3 обадан тұрады. Жергілікті жердің топографиялық жағдайына байланысты обалар шағын қырқаның үстіне шоғырланған. Олардың ара қашықтығы 60 – 320 м-ге дейін жетеді. Мыңқайнар-2 оңтүстікке қарай тізбектеле созылған 8 обадан тұрады. Топырақ үйіндісіне айналған обалардың диаметрі 6 м-ден 20 м-ге дейін жетеді, биіктігі 0,5-тен 1,2 м-ге жуық. Оба диаметрі 6 м, оңтүстік бөлігінде табанының диаметрі 8 м шеңбер тас бар. Мыңқайнар-3 оңтүстікке қарай тізбектелген 5 обадан тұрады. Бұл обалардың диаметрі 7 м-ден 18 м-ге, биіктігі 0,5 – 1,3 м-ге дейін жетеді. Обалардың біреуінің үйіндісі сопақтау. Батыстан шығысқа қарай созылған, ауданы 22x15 м, биіктігі 1,2 м. Мыңқайнар-4-де солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай тізбектеле созылған топырақ үйінділерінен тұратын 8 оба бар. Үйінділердің диаметрі 18 м-ден 32 м-ге, биіктігі 1,2– 1,5 м-ге дейін жетеді. Мыңқайнар-5 қорым қырқаның үстіне жүйесіз шоғырланған 15 обадан тұрады. Обалардың топырақ үйінділерінің диаметрі 6 м-ден 22 м-ге дейін жетеді, биіктігі 0,3 – 2,1 м. Мыңқайнар-6 қорым таулы қырқаның үстіне тізбектеле орналасқан 16 обадан тұрады. Топырақ үйінділерінің диаметрі 8 м-ден 22 м-ге дейін жетеді, биіктігі 0,3 – 2 м аралығында. Зерттеу барысында барлық обалар ерте темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардікі екендігі анықталды.
## Дереккөздер |
Райымқұл Қарақұлов (13.8. 1942 жылы туған, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы) – медицина ғылым доктор (1986), профессор (2001). КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі (1986), КСРО өнертапқышы (1986). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1967, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетті) бітірген. Атырау қаласындағы облыстық балалар ауруханасында хирург (1967–68), Алматы мемлекеттік медицина институтында ассистент (1968–69), Байкал әскери округінде аға дәрігер (1969–71) болып жұмыс істеді. 1983 жылдан Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. 1985 жылы «Радиационная реакция опухолей и биологические факторы ее повышения» тақырыбында докторская диссертация қорғады. 220-дан астам ғылыми жарияланым мен 3 монографияның авторы.
## Дереккөздер:
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы |
Қарғалы Обасы – Қазақстандағы тас, топырақ үйіндісінен тұратын көне зират. Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында орналасқан. 1939 жылы Жетісу археолог экспедагогика (жетекшісі А.Н.Бернштам) зерттеген. Зерттеу нәтижесінде зираттан қыш ыдыстар, жапырақ тәрізді қола пышақтар, біздер, дән үккіштер табылды. Тас табытқа салынып жерленген адамдардың сүйегі аршылды. Қарғалы обасынан табылған заттар Жетісуда б.з.б. 8–7 ғасырларда сақ мәдениетінің қалыптасу кезеңін көрсетеді.
## Дереккөздер:
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы |
Қарауылтас – ортағасырлық мұнара. Ұлытау облысы Жезді қаласынан солтүстікке қарай 17 км жерде Есқұлы тауының басында. Оның биіктігі 1,5 м-дей ғана.
Алғаш Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х.Марғұлан) зерттеген. Қарауылтас тың жобасы төрт қырлы қалпаққа ұқсас: табаны жалпақ келгенмен, қабырғалары биіктеген сайын сүйірлене түседі. Ол төрт бұрышты тақтатаспен тұрғызылған. Қарауылтас қазіргі уақытта қирап қалған. Зерттеушілердің пікірінше Қ. Басқамыр қалашығының қарауыл мұнарасы болған. Ол арқылы қарауылдар төңіректі шолып, айналаны бақылап отырғанға ұқсайды. Қарауылтас орта ғасырларда Орталық Қазақстанды мекен еткен оғыз-қыпшақ заманындағы бірегей ескерткіш туындыларының қатарына жатады.
## Дереккөздер |
Мыңсуалмас – Үстірттің солтүстік-батыс бөлігіндегі ойысты мекен. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан. Сарматтың әктасы, мергель, құм сазынан түзілген. Батысы кемермен шектелген, биіктігі 152 метр. Батыстан шығысқа қарай 90 км-ге созылған, енді жері 30 – 55 км. Кемерді бойлай бұлақтар (Қараңғыбұлақ, Молақұдық, тағы басқа) кездеседі, суы тұзды. Жер асты суы 1 – 5 метр тереңдіктен шығады; минералды, кермек татиды. Сұрғылт топырағында бұйырғын, тасбұйырғын, баялыш, қара жусан өседі.
Атау қазақтың маңы суалмас, суы арылмас деген идиома тіркесінен шыққан. Ертеде бұлақтар сайлармен ағып ұзындығы 4 км-ге жететін. Бұлақтардың сағасында қамыс өскен. Олардан 1 км жерде төртбұрыш тәрізді ұзындығы 2 сажын, бұрыштарының қиылысқан жерінде жартылай шеңбер тәрізді оқ атар саңылауы бар көне қамал бар. Қамалдың қабырғалары сыртынан өңделген тау тасынан қаланған, іші күйдірілген кірпіштен өрілген. Әскер үйлері қамалдың солтүстік, батыс және оңтүстік бөлігінде 8 кіші бөлмеден тұрады. Батыс бөлігінде 4 бөлме бар. Қамал 1850 жылы дейін жақсы сақталғанымен, кейіннен қирап қалған. Қамалдан 1 км жерде Мыңсуалмас атты 2 мола орналасқан. Олар кезінде киелі орын саналған.
## Дереккөздер |
Зәкіров Фаррух Кәрімұлы (өзбек. Farrux Zokirov; 16 қаңтар 1946(19460116), Өзбекстан, Ташкент) – өзбекстандық әнші композитор. «Ялла» ансамблінің жетекшісі ретінде әлемге танылған өнерпаз.
## Өмірбаяны
### Әнші туралы фактілер
Өзбекстанның (1987), Қазақстанның (1995), Қырғызстанның (1996) халық артісі Ташкент консерваториясын бітірген (1969). 1969–71 жылы Өзбекстан эстрада оркестрінің әншісі болды.
1971 жылдан «Ялла» ансамблінің әншісі, 1976 жылдан көркемдік жетекшісі. «Ялла» ансамблінің дүние жүзіне танылуы Зәкіровтің шығарм-мен тығыз байланысты. «Түнгі жұлдыз», «Сен болмасаң жанымда», «Бәйшешек», «Көңілді шайхана», «Ләйлі – Мәжнүн», «Лола», «Үшқұдық», «Шахрисабз», «Өзбекстан Отаным», т. б. әндердің авторы, әрі орындаушысы.
Өзбекстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1989), бірнеше медальдермен марапатталған.
2002-2004 жылдары Өзбекстан мәдениет министрі қызметін атқарды.
Ағасы Батыр Закиров та әйгілі әнші.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* http://www.kultura.uz/view_8_r_742.html |
Зәки Уәлиди Тоған, Ахмед Заки Валиди Туган (10.12.1890, Башқортостан, бұрынғы Уфа губ., Стерлитамак уезі – 26.7.1970, Түркия, Стамбұл) – мемлекет және қоғам қайраткері, түркі халықтарының азаттығы жолындағы күрескер, түркітанушы ғалым.
## Өмірбаны
Туған ауылында әкесі Уәлид бай ашқан медресе және Утяк атындағы Хабид Наджар медресесінде бастауыш білім алған. 1908 жылы Қазан қаласындағы Ш.Маржани медресесінде оқыған. 1909 жылы “Қасымия” медресесіне мұғалім болып орналасып, түркі тарихынан, араб және түрік әдебиетінен дәріс берген. 1912 жылы “Түрік-татар тарихы” атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек сол кездегі жәдидтік мектеп-медреселерде негізгі оқулық ретінде оқытылып, 1915 және 1917 жылы қайта басылып шықты. Зәки Уәлиди Тоған осы еңбегі арқылы түркі халықтарының рухын көтеріп, олардың бірлігі мен еркіндік алуы идеясын ұсынды. Ол 1912 жылы Қазан университеті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамына мүше болып қабылданды. 1913 жылы осы қоғамның тапсырмасымен Ферғанаға сапар шегіп, аймақ халқының тарихына, әдет-ғұрпына қатысты материалдар жинап қайтты. 1914 жылы Ресей ғылым академиясы, Халықаралық Орта Азия мен Қиыр Шығысты зерттеу қоғамы Зәки Уәлиди Тоғанды Бұхар хандығына ғыл. іссапармен жіберді. Ол 1916 жылы Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясында хатшылық қызмет атқарды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін Башқортостанның Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі атқару комитетінің мүшесі болды. 1917 жылы 29 қарашада Башқортостан автономиясы жарияланғаннан кейін Зәки Уәлиди Тоған Башқортостан үкіметінде соғыс министрі қызметін атқарды, кейін Башқортостан үкіметінің төрағасы болды. 1918 жылы Кеңес өкіметі әскерлерімен болған шайқастарға қатысты. Башқортостан автономиясын Кеңес өкіметінің мойындауын талап етіп, оның басшылары – Ленин, Лев Давидович Троцкий, Сталиндермен келіссөздер жүргізді. Башқортостан үкіметі қарулы күшпен таратылған соң, 1920 жылы Түркістан өлкесіне қоныс аударды. Мұнда Энвер Пашамен бірге басмашылар қозғалысына көмектесті. Энвер Паша қаза тапқаннан кейін, 1923 жылы наурызда Иранға өтіп кетті. Онда Мешхед қаласы кітапханасынан түрік халықтарының ортағасырлық тарихы бойынша құнды дерек болып табылатын ибн Фадланның “Саяхат кітабының” көшірмесін тапты. Осы жылы сәуірде Ауғанстанда, қыркүйекте Үндістанда болып, желтоқсанда Парижге қоныс аударды. 1924 жылы Берлинде Ресейлік түркі эмигранттарының ұйымын құрды. 1925 жылы Түркия азаматтығын қабылдап, 31 шілдеде Ататүрікпен кездесті. 1925 – 32 жылы Стамбұл университетінде түрік тарихынан дәріс оқыды. 1935 – 37 жылы Бонн университетінде, 1938 – 39 жылы Геттинген университетінде қызмет етті. 1939 жылы Түркияға оралып, Стамбұл университетінің әдебиет ф-тіне тарих пәнінің проф-ы болып орналасты. 1953 жылы Стамбұл университеті жанынан Ислам зерттеу институтын құрып, оған өмірінің соңына дейін жетекшілік етті. Ауыр науқастан қайтыс болған Зәки Уәлиди Тоған Стамбұлдағы Қараджа Ахмет зиратына жерленген.
## Шығармалары
* Түрік-татар тарихы, Қазан, 1912;
* Bugunku Turkіstan ve Yakіn Mazіs, Istanbul, 1928;
* Turkіstan Tarіhі, Қstanbul, 1969; Kuran ve Turkler, Istanbul, 1971;
* Oguz Destanі, Istanbul, 1972;
* Воспоминания. Борьба народов Туркестана и других восточных мусульман-тюрков за национальное бытие и сохранение культуры. Кн. 1, Уфа, 1994.
## Дереккөздер |
Қарлыханов Төрехан (22.1.1950, жылы туған Жалағаш ауданы «Қазақстанның 20 жылдығы» ұжымшары) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1993), В.С.Алтунин атындағы Халықаралық экология және табиғат пайдалану академиясының академигі (1995). Жамбыл-гидромелиорация-құрылыс институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітірген (1971). 1971 – 87 жылдары осы интститутта «Гидравлика» кафедрасында оқытушы, 1987 – 91 жылдары кафедра доценті, 1991 – 93 жылдары Қызылорда аграрлық-өнеркәсіптік өндіріс инженерлері институтында кафедра меңгерушісі, 1993 – 96 жылдары Қызылорда политехникалық институтының оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, 1996 – 2000 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің деканы қызметтерін атқарды. 2000 жылдан Арал өңірі агроэкология ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының директоры. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: экология және табиғат қорғау, ауыл шаруашылығы проблемаларына арналған 100-ден астам ғылыми мақалалары мен 4 монографиясы жарық көрген. Экология проблемалары жөніндегі тәуелсіз Халықаралық сарапшылар құрамына енген.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Мұратбек Мұханбекұлы (1948 жылы туған, Асықата ауылы) – ғалым, экономика ғылымдарының докторы. Ауыл шаруашылығы институтының орман шаруашылығы факультетін бітірген. 1978–88 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында бөлім бастығы, бас инженер, 1979 жылдан аудандық атқару комитетінде халықтық бақылау комитеті төрағасының орынбасары, ал 1988 жылдан Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі болған. 1991–92 жылдары Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми-зерттеу институтында директордың экономика жөніндегі орынбасары болды. 4 кітаптың авторы.
## Дереккөздер
## Cілтемелер
* экономика
* Сызғанов |
Сиырбұршақ, лобия (лат. Vіgna) — бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Қазақстанда суармалы жерлерде өсетін 1 түрі — қытай сиырбұршағы (V. sіnensіs) бар, оны көбіне Сиырбұршақ деп атайды. Сабағы тік не төсемелі, ұзындығы 20 — 200 см, жапырақтары ірі. Тостағанша жапырақшалары қоңырау тәрізді, 4 — 5 қалақты, қос ерінді. Гүлі ақ не күлгін түсті, сыртынан қарағанда сарғылт жасыл болып көрінеді, олар 2 — 8-ден бірігіп, ұзын гүлсидамында шашақ тәрізді гүлшоғырын құрайды. Маусым — тамыз айларында гүлдеп, шілде — қыркүйекте жеміс салады. Жемісі — бұршаққап. Сиырбұршақтың дәні дәмді, қоректілігі жоғары (құрамында 24 — 28% белок, 2%-дай май болады), тағамға, жемге қосылады, көк балаусасы пішенге, сүрлемге салуға және тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Сиырбұршақты жылқыдан басқа мал түлігінің бәрі жейді.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Мың үй – ҚХР-дың Шыңжаң өлкесіндегі буддалық діни-ғұрыптық ғибадатханалар кешені.
Ғибадатханалар өзен жағалауларындағы биік жарқабақ-жартастарға үңгір іспетті қазылған. Мұндай үңгір-ғибадатханалар салу өнері ең алғаш Солтүстік Үндістанда (Ауғанстан, Пәкістан) Кушан патшалығы тұсында пайда болды, ал Шығыс Түркістанда будда дінімен бірге таралды. “Мың будда” ұғымына байланысты ұйғырша “Мың үй” аталып кеткен. Алғашқы Мың үй 3 ғасырда салынып, 4 – 5 ғасырларда “Мың үйлік” діни-сәулет өнері ерекше дамыды. Ең ірі және ең көне (3 ғасырдың соңы) Мың үй ғибадатхана кешені – Бай ауданындағы қызыл Мың үйі. Онан кейінгілері қатарында Күшәр ауданындағы Құмтұра, Сімсім және Қызылқарға Мың үйлерін атауға болады. Тұрфан аймағындағы ірі Мың үй – Тұйық мазар және Безеклік Мың үй ғибадатханаларының ішкі құрылымы күрделі. Көбіне орталық тұсында тіреу-бағаналар орнатылып, бөлме-бөлмеге бөлінген үңгірлер Сакия Муни мен Пусар мүсіндерін қоюға арналды. Мың үй уағыз айтуға арналған, мінажатхана мен монахтар тұратын бөлмелерден тұрады. ұибадатхана ішінде түрлі мүсіндермен бірге қабырғалары мен түңліктеріне түрлі-түсті бояулармен алуан суреттер, атап айтқанда Сакия Мунидің өмірі (Жатака), будда ном-бітіктеріндегі діни аңыздар мен хикаялар, пусалар мен тақуа діндарлардың (доногорлар) бейнелері, тағы басқа нақышталып салынды, кей тұстарында діни мәтіндер де жазылды. Мың үй ескерткіштерінің орта ғасырлардағы түркі тектес халықтардың сәулет өнерін, діни және зайырлы өмірін, дүниетанымы мен өлы Жібек жолындағы мәдени-рухани байланыстарды зерттеуде маңызы зор. Ескерткіштер қазір мемл. деңгейде қорғауға алынған, оларды зерттеумен арнайы айналысатын ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Жанымхан Тілеубайұлы (1888, Қытай, Алтай аймағы — 1951) — Қытайда тұратын қазақтар арасынан шыққан қоғам қайраткері. Әкесі абақ керейдің шақабай руының тәйжісі болған. Жанымхан 23 жасында әке орнын басып, ел басқару ісіне араласады. 1937 жылы қажылық парызын өтеп қайтқан. Ел ішінде мешіт, медресе салдырып, оқу-ағарту ісіне ат салысқан. Жанымхан 20 ғасырдың басында Алтай аймағындағы халықты Қытай мен Ресей империяларының екі жақты қысымынан азат ету жолындағы күреске араласады. 1930 — 1940 жылдардағы аймақтағы ұлт-азаттық қозғалыстар тұсында Гоминьдан әкімшілік Жанымханды халық өкілі ретінде өз тарапында ұстауға тырысады. Жанымхан алғашында Алтай аймағы үкіметінің орынбасары, кейін өлкелік үкімет құрамында қазына министрі қызметін атқарады. Жанымхан Оспан батыр Исламұлымен бірлесіп ел арасында мұсылман дінін тұншықтырмақ болған коммунизм идеяларына қарсы шығады. Ел еркіндігін, дінді насихаттайтын “Алтай” журналын шығаруға қатысады. 1950 жылы Шығыс Түркістанда коммунистік билік орнағанда Ж. ұлт-азаттық күреске қатысушылардың бір тобын бастап шет елге қашып бара жатқан жолда ұсталады. 1951 жылы Оспан батырмен бірге атылады. Жанымханның артында қалған балалары — Дәлелхан мен Мәжит Үндістан арқылы Түркияға барып тұрақтайды.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Шотқара – ортағасырлық қала жұрты.
Ұлытау облысы Ұлытау ауданында, Жезқазған қаласынан солтүстікке қарай 40 км, атақты Жошы хан кесенесінен оңтүстік-батысқа қарай 9 км жерде, Қаракеңгір өзенінің алабында орналасқан.
Орталық Қазақстандағы ортағасырлық қалалары мәселесін арнайы ғылыми бағыт ретінде қалыптастырған Ә.Марғұлан ізденістері барысында белгілі болды. Кейіннен С.Жолдасбаев осы төңіректе зерттеулер жүргізді. 1980 – 1990 жылдары Ж.Смайылов басқарған экспедиция Орталық Қазақстандағы көптеген басқа да қалалармен бірге осы ескерткішке де арнайы археологиялық қазбалар жасап, оның деректерін жазба еңбектердегі мәліметтермен салыстыра отырып, кешенді түрде зерттеді. Шотқара Кеңгір өзеніне шағын жылғаның құяр тұсындағы жазыңқы төбешік іспеттес алаңқайда орналасқан. Ол айналасын ор және бұрыштарында қарауыл мұнараларының шөккен қирандылары бар жалдар қоршаған, бұрыштары әлемнің 4 тарапына қаратылған тікбұрыш пішіндес құрылыс түрінде салынған. Қабырғаларының ұзындығы шамамен 28 – 32 м. Оңтүстік-шығыс жағында қазіргі құрылыстармен бүлінген, ал қалған үш жағында жақсы сақталған ордың жалпақтығы 2,5 – 6,5 м, тереңдігі 0,5 м (қазіргі өлшемдер). Жалдардың жалпақтығы 5 – 8 м, биіктігі 0,75 – 1,2 м. Қарауыл мұнараларының төбешік-үйінді тәрізді орындарының диаметрі 12 – 14,5 м, биіктігі 0,9 – 1,7 м. Ескерткіштің оңтүстік-батыс шетіне салынған ауданы 200 m² қазбаның нәтижесінде қаланың балшықпен бойлай отырып, тастан қаланған қабырғалары мен тас балшықтан тұрғызылған жалдың, бір қарауыл мұнарасының құрылымы анықталды. Қазба деректеріне қарағанда, қабырғалардың сол кездегі жалпақтығы 3 – 3,5 м болған, ал мұнара қабырға бойынан 1,8 – 2,2 м-ге сыртқа қарай шығандау етіп салынған да, тұрғындар ішкі жақтан бұл мұнараның үстіне тас баспалдақпен көтерілген. Аз мөлшерде ғана табылған заттай деректерді қолдан иленген және құмырашы дөңгелегінде жасалған қыш ыдыс бөлшектері құрайды. Қазбаның табанын тазалау барысында оңтүстік-батыс қабырға іргесінен байқалған ұзындығы 2,45 м, ені 0,5 м қарайған дақтың астынан атымен бірге жерленген жауынгер қабірі табылды. Ғалымдардың пайымдауынша, 10 – 11 ғасырларға мерзімделетін бұл қабір қала өмір сүрген уақытқа емес, оның алдындағы кезеңге жатады. Кезінде Марғұлан кеңінен пайдаланған жазба деректердің бірінде, яғни Хафиз Таныштың Бұқар әмірі Абдаллах ІІ туралы жазбаларында Орталық Қазақстан өлкелеріне жорыққа шыққан осы билеушінің Жошы хан мазарының алдында орналасқан Сарай бекінісінің жанында болғанын атап өтеді. Марғұланмен келісе отырып, Смайылов осы жазба деректерде аты сақталған Сарай бекінісінің қазіргі Шотқара қалашығы болуы мүмкін деп есептейді. Типологиялық тұрғыдан күшейтілген бекініске жататын Шотқара қалашығы Алтын Орда дәуірінде, атап айтқанда 13 – 14 ғасырларда салынған.
## Дереккөздер |
Жаныш сұлтан (15 ғасырдың орта тұсы — ө.ж.б.) — 16 ғасырдың басындағы ірі қазақ ұлыстарының бірінің билеушісі, Қазақ хандығының негізін қалаған ханның бірі Жәнібектің бесінші ұлы.
Оның қол астында жүз мыңға жуық халық болған. Жаныш сұлтанның есімі Фазаллах ибн Рузбихан Исфаханидің “Михман наме-йи Бұхара” атты еңбегінде кездеседі. Онда өзбек ханы Мұхаммед Шайбанидің 1509 жылы қазақтарға жасаған жорықтары кезінде Жаныш сұлтанның ұлыстарымен де ірі шайқастар болып, Шайбани әскерлері жеңіске жеткені туралы баяндалады. Жаныш сұлтанның ұлы, белгілі қазақ сұлтандарының бірі Ахмет сұлтан тұтқынға түседі. Хамза сұлтан өзбектерге 1508 жылы Ахмет сұлтанның Мауераннахрға жасаған жорықтары кезінде мерт болған бауырының кегін қайтару үшін Ахмет сұлтанды өлтіруге бұйырады. Олар Ахмет сұлтанның басын кесіп алып, Мұхаммед Шайбани ханға апарады. Жаныш сұлтан өзінің қол астындағы халықтың бір бөлігімен Бұрындық ханға барып паналайды. Жаныш сұлтан туралы екінші дерек — Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарих- и Рашиди” атты еңбегінде Қасым хан мен Моғолстан ханы Сұлтан Саидтың 1513 жылғы кездесуіне байланысты айтылады. Онда Қасым хан Жаныш сұлтанды басшы етіп, 30 — 40 адамды құрметті қонақ Сұлтан Саидты күтіп алуға жібереді. Бұл Жаныш сұлтанның 60 жасқа қараған шағы екен.
## Дереккөздер |
Наштай Мұхитдинов (30.8.1941 жылы туған, Ордабасы ауданы Қарааспан ауылы) – ғалым, биология ғылымдарының докторы (1996), профессор (1997).
## Өмірбаяны
* ҚазМУ-дің (қазіргі ҚазҰУ) биология факультетін бітірген (1966).
* 1970 жылы осы оқу орнында ассистент, ал 1971 жылдан бастап оқытушы болды. 1980–83 жылы биология факультеті деканының орынбасары, 1983–88 жылдары ғылыми жұмыстар жөніндегі проректордың орынбасары қызметін атқарды. 1988 жылдан кафедра меңгерушісі, 1995–2000 жылдары биология факультетінің деканы.
## Ғылыми жұмыстары
Қазақстанның әр түрлі экология жағдайларында – сор және сортаң топырақта, Іле Алатауының альпі, субальпі, бұталы, шөптесін өсімдікті белдеулерінде өсетін доминантты өсімдіктердің тамыр жүйесінің морфоқұрылымына алғаш рет талдау жасады. Табиғи флорадағы және мәдени өсімдіктердің 50 түрінің тамыр жүйесінің ерекшеліктерін және басқа да экологиялық жағдайларда өсетін 110 өсімдік түрлерінің тамыр жүйесін зерттеді. Бұл зерттеулер тамыр жүйесінің экологиялық бейімделу дәрежесін анықтауға әрі салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік берді. Академик И.О. Байтулинмен бірге өсімдіктердің ерекше экологиялық түрін – факультативті және облигатты галоидофиттерді анықтады. Кейінгі жылдары ғалым факмокопеялық және болашағы бар дәрілік өсімдіктердің биол. ерекшеліктерін зерттеуде.
## Шығармашылығы
* Геоботаника негіздері (оқу құралы), А., 1992;
* Экологоморфологические особенности корневой системы растений солонцов и солонцеватых почв, А., 1996;
* Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы (оқулық), өңделген екінші басылымы, А., 2001;
* Лекарственные растения (учебное пособие), А., 2002.
## Марапаттары
* ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің мақтау қағазын (1984)
* «Үздік еңбегі үшін» (2003) медалімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Ерғали Мұхитдинов (1.7.1950 жылы туған, Ордабасы ауданы Қарааспан кеңшары, Жамбыл бөлімшесі) – Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1984), профессор (2001).
## Өмірбаяны
* Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1978). 1978–96 жылы институтта аға оқытушы.
* Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі.
* 1996 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінің кафедра меңгерушісі.
* 2005 жылдан Көлік және коммуникация академиясының дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі.
## Қоғамдық қызметі
* ҚР қазақша күрес федерациясының төрағасы, президенті (1981–96).
## Шығармашылығы
* 30 ғылыми еңбегі жарияланған, 7 оқу құралы шыққан.
## Дереккөздер |
Зәңгі – Қытайда тұратын қазақтар арасында қолданылған ең төменгі әкімшілік лауазым. Ресей империясы кезіндегі “старшын” лауазымымен дәрежелес. “Зәңгі” сөзі қытай тіліне тунгус-маньчжур халықтарының құрамындағы сібе-солақ тайпасының диалектісінен ауысқан. Шағын руды билеген Зәңгі лауазымы Цинь империясы кезеңінен (1616 – 1911) бастап қолданыла бастаған. Алғашқыда жоғарыдан тағайындалып қойылған. 20 ғ-дың басында шар тастау жолымен сайланатын болды. Қытайдағы Іле аймағында тұратын қазақтар болысты ақалақшы деп атаса, Шәуешек пен Алтай аймағында тұратын қазақтар үкірдай деп атаған. Бір ақалақшы немесе бір үкірдай қарамағында адам санына қарай бірнеше Зәңгі болған.
## Дереккөздер |
Басқыш — 1) биікке көтерілу үшін қолданылатын құрал. Кей жерлерде оны саты, зәңгі (биік дегенді білдіреді) деп те атайды. Басқышты ағаштан, металдан жасайды. Оның биік сөрелердегі затты алу, т.б. үшін үйде, мекемелерде қолданылатын және жеміс теруге арналған қос аяқты түрлері де бар. Ертеректе ұзын ағаш және арқаннан түйіп жасалған Басқыштарды жауынгерлер жау қамалына ену үшін пайдаланған; 2) көп қабатты үйлерде, ғимараттарда жоғарғы қабатқа көтерілу үшін салынатын архитектуралық бөлік.
## Дереккөздер |
Нұғыман Залиев (5.5.1889 жыл, Астрахан губерниясы, Қамыс-Самар уезі, Жаңақала (Сетекбай-тоғай) а. - 15.2.1938 жыл, Ақтөбе) - алғашқы халық мұғалімдерінің бірі, қоғам қайраткері.
Тегі — Байұлына жататын масқар руының жәдік бөлімі. Әкесі Зал Асанұлы орта шаруалы, мұсылманша сауатты кісі болған.
## Өмірбаяны
* Әкесінен оқып, сауатын ашқаннан кейін Қамыс-Самар бастауыш қазақ-орыс мектебін (1898-1902)
* Орда қалалық орыс-қазақ Романов училищесін, училище жанындағы педогогикалық курсты бітірді (1905).
* Сол жылы Қазан мұғалімдер семинариясының тындаушылары, жерлестері М.Сәрсембиев,С.Меңдешевтің ақылымен Қазан мұғалімдер семинариясына қазына есебінен 20 сом стипендиямен оқуға қабылданды. Осында жұріп И.Қашқынбаев, Ғ.Бердиев, Ә. Иманбаев сияқты қазақ студенттерімен, М.Уахитов, Н.Никольский, В.Охотников тәрізді татар, чуаш, мары ұлты өкілдерімен бірге Алафузов фабрикасы жанынан құрылған РСДРП ұйымының оқушылар ұясына кіргені үшін 1906-07 жылы полицияның жасырын бақылауына ілінді.
* Семинарияны 1909 жылы бітіргеннен кейін Ғұмар Қараш, Ғ.Мұсағалиев сияқты белгілі ағартушылар ашқан Тіленшісай мектебінде (қазіргі Казталов ауданындағы Қараоба маңында) жағырафия, тіршіліктану пәндерінен сабақ берді.
* Меңдешев бастаған халық мұғалімдері тобы ұйымдастырған жартылай бейресми «Халық мұғалімдері қоғамыньң» жұмысына қатысты. 1911 жылы. Астрахан, Қазан қаласынан келген полиция қызметкерлері саяси сенімсіз адам ретінде үйіне тінту жүргізді. Хан ордасында 1911 жылы Е.Бұйрин, Ғұмар Қараштардың ұйытқы болуымен жарық көрген түбегейлі демократиялық бағыттағы «Қазақстан» газетін шығаруға қатысты.
* 1916 жылы қазақ жігіттерін тыл жұмысына алу дүрбелеңі тұсында Меңдешев, М.Сәрсенбиндермен бірге жұмысшы жасақтарына адам алуды шаруа жағдайына байланысты шегере тұруды талап етті. Сол жылы тамыз айында Хан ордасына келген Астрахан губерниясының губернаторы Соколовскийдің қабылдауына Меңдешевпен бірге кіріп, жағдайы төмен, күнкөрісі қиын отбасынан шыққан жігіттерге жеңілдік жасауды сұрады. Патшаның маусым жарлығына (1916) наразылығы үшін губернатор бұйрығымен Меңдешев екеуі бірге тұтқындалып, Астрахан түрмесіне қамалды.
* Абақтыдан 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін шығып, Бөкей өңіріндегі Залиев төңкеріске қызу араласты.
* 1918 жылы 28 қазанда РК(б)П мүшелігіне кандидат, 1919 жылы 28 қазанда мүше болды. 1918 жылы.өткен Бөкей облысы Кеңесі 1-съезінің, Бөкей өңірі мұғалімдерінің 1- және 2-съезінің делегаты
* 1919 жылы қаңтардан Бөкей облысы атқару комитетінің жанындағы халық ағарту бөлімінің төралқа мүшесі, осы бөлім жанындағы ұлттық мектептер секциясыньң мүшесі. Сол жылғы тамызда Меңдешевтің орнына халық ағарту бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
* 1920 жылы қаңтарда Ақтөбеде өткен қазақ қызметкерлері конференциясына Бөкей коммунистері атынан қатысқан делегат. Бөкей облысы 4-съезінде 1-Бүкілқазақ Кеңестер Құрылтай съезіне делегат болып сайланды.
* Қазақтың тұңғыш 297 педогогикалық басылымы «Мұғалім» журналының (1919, Орда) авторы.
* 1920 жылы Қамыс-Самар уездік атқару комитетінің төрағасы.
* 1922 жылы. 2-Өлкелік Бүкілқазақ конференциясында ҚАКСР халық ағарту комиссариатының төрағасы, кейін Кеңестердің 3-4 съездерінде ОАК-іне мұше болды. Шалғай ауыл-аудандарда мектеп ашу, мектеп жүйесін оқулықтармен, әдістемелік құралдармен жабдықтау, қазақша оқу құралдарын шығару ісін ұйымдастырды. В.Ленин шығармаларын қазақ тіліне аудару жөніндегі мемлекетік. комиссияның төрағасы болды.
* 1924 жылы Гурьев уездік РК(б)П комитетінің хатшысы
* 1925 жылы ақпанда уездік атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Атырау жерінде мұнай, борат кәсіпшілігін, балық және мал шаруашылығын өркендетуге елеулі үлес қосты. Осында алғашқы мойынсеріктер, қосшы одақтарын ұйымдастыру, мәдени-ағарту саласын жолға қою ісі де оның есімімен байланысты. 1925-26 жылы Гурьев-Доссор тар табанды теміржолы басшылығымен салынды.
* 1927 жылы сәуірде Орал губерниясының атқару комитетіне төраға болып жоғарылатылды.
* 1930-35 жылы Қостанай, Ақтөбе губерниясының Халық ағарту басқармаларының бастығы.
* 1936-37 жылы Орынбордағы қазақ мұғалімдер курсының директоры.
* 1937 ж. 22 қыркүйекте ІІХК органдары тарапынан тұтқындалып, 1938 ж. 15 ақпанда КСРО Жоғарғы соты Әскери коллегиясы «үштігінің» қаулысымен Ақтөбе қаласында 57 адамдық топпен бірге атылды. Бейіті Ақтөбе қаласынан 25 шақырым жердегі Түйетөбе мекенінде.
## Отбасы
Соңыңда Нариман, Манал есімді ұл-қыз қалды. Зайыбы Аппақ Нұғыманньң Зеленов ауданындағы туысы Залиев Дәулеткерейді сағалап барған, 1938 жылы қайтыс болды. Балалары жетімдер үйінде өсті. Нариман Ұлы Отан соғысында қаза тапты, қызы Манал ҚазПИ-ді (Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті) бітірді, өмір бойы Алматы қаласында жалғызілікті өмір сүріп, 1982 ж. қайтыс болды.
## Дереккөздер |
Мыңшұңқыр – Балқаш көлінің солтүстік-батысында, Мойынты өзенінің сағасынан оңтүстікке қарай орналасқан қоныс. Солтүстігін Жуантөбе тауы, оңтүстігін Балқаш көлі, батысын Мойынты – Шу темір жолы, шығысын Ақирек тауы қоршап тұр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 65 км-ге созылып жатыр, ені 25 – 30 км. Төрттік дәуірдің аллювийлік-делювийлік борпылдақ шөгінділері жауып жатқан карбон жыныстарынан түзілген. Сұр, сұр құба, сортаң топырағында түрлі жусан, баялыш, бұйырғын, тағы басқа шөлдік өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Қосжан Мүсірепов (9.1.1932, Арыс ауданы Бірлік ауылы – 1967) – ақын. Еңбек жолын 1949 жылы бастаған. Ауыл мектебінің мұғалімі, аудандық оқу бөлімінің инспекторы, аудандық газеттің жауапты хатшысы, редакторы қызметтерін атқарған. ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген (1959). «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Жетісу» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында қызмет істеген. Алғашқы өлеңдері облысы «Оңтүстік Қазақстан» газетінде, «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында жарияланған. Алғашқы жинағы «Менің қарындасым» деген атпен 1959 жылы шыққан. Кейін бірнеше жыр жинағы, новеллалар жинағы жарық көрді.
## Шығармашылығы
* Менің қарындасым. Өлеңдер, А., 1959;
* Дос жүрегі. Өлеңдер, А., 1963; Жалын. Өлеңдер, А., 1966;
* Гүлжазирауылы Новеллалар, А., 1968;
* Арманым едің. Бір томдық өлеңдер мен поэмалар, А., 1983.
## Сілтемелер |
Франц Антонович Галицкий (1958 ж.т., қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Ясная поляна а.) – мед. ғылым доктыры (1995). Целиноград мед. институтын (1981, қазіргі Астана мемлекеттік мед. академиясын) бітірген. 1981–1983 ж. сот мед. сараптамасы бойынша клиник. ординатор, сот мед. сараптамасы бюросы облысы бөлімшесінің меңгерушісі (1983–1985ж.), Целиноград мед. институтының сот мед. сараптамасы кафедрасының ассистенті (1985–1989жж), аға оқытушысы (1989–1992жж), доценті (1992–1996ж) болды. 1996 жылдан Астана мемлекеттік мед. академиясында кафедра меңгерушісі. 50 ғылыми мақала, 1 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Сиырқұйрық, сырғын, немесе аюкұлақ (лат. Verbascum) — сабынкөктер тұқымдасына жататын екі не көп жылдық өсімдіктер туысы.
Сиырқұйрық (лат. Verbascum songarіcum) — сабынкөктер тұқымдасы, аюқұлақ туысына жататын екі жылдық шөптесін өсімдік. Батыс, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның шабындықты, далалы жерлерінде, тау бөктеріндегі шалғындарда, тастақты тау баурайында, өзен аңғарларында өседі. Биікт. 50 — 150 см. Сабағы түзу, түп жағы қырлы, жоғары жағы бұтақтанған. Жапырағы бүтін жиекті, таспа пішіндес. 3 — 6 сары гүлдері сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Мамыр — маусымда гүлдеп, тамыз айында жеміс салады. Жемісі — қорапша. Сиырқұйрықтың құрамында сапонин алкалоиды бар, улы өсімдік.
Аюқұлақ (Verbascum) — Еуразия мен Солт. Африканың қоңыржай белдеулерінде өсетін 300-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда құмды жерлерде, көгалды алаңда, шалғында, өзен-көл жағасында, жол жиегінде өсетін 9 түрі кездеседі. Кең тараған түрінің бірі – кәдімгі А. (V. thapsus). Биікт. 50 – 125 см, тік өскен сабағы мен бүтін жиекті жапырақтарын бозғылт қалың түк басқан. Тамырына жақын орналасқан жапырақтарының түрі сопақтау, ұз. 10 – 30 см, көлд. 3 – 8 см болады. Сары түсті гүлдері шашақ гүлшоғырына шоғырлана орналасады. Жемісі – қорапша. Маусым – шілде айларында гүлдейді, шілде – тамызда жеміс береді. А. – улы, дәрілік өсімдіктер. Гүлінен, жапырағынан алынған ұнтақ пен тұнбаны әр түрлі ауруларды емдеуге пайдаланады. Жапырағынан қайнатып алынған тұнбаны суалған сиырларға береді. Тұқымын тышқан улауға қолданады. Кейбір түрлері сәндік үшін өсіріледі.
## Түрлері
* Verbascum thapsus – кәдімгі сиырқұйрық, кәдімгі аюқұлақ
* Verbascum songaricum – жоңғар сиырқұйрығы, жоңғар аюқұлағы
* Verbascum speciosum – ірі сиырқұйрық
* Verbascum phlomoides – жалбырақ сиырқұйрық
* Verbascum phoeniceum – күлгін сиырқұйрық
## Пайдаланылған cілтемелер |
Сиырсілекей, шелна (Sanguisorba ) — раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанның шалғынды, шөбі бітік тау баурайында, қылқан жапырақты, аралас ормандарында, өзен және жылға жағалауларында, таудың альпі және субальпі белдеулерінде өсетін 3 түрі бар. Жиі кездесетін түрі — дәрілік Сиырсілекей. Оның биіктігі 40 — 100 см. Сабағы жуан, қатты бұтақтары ұзын. Жапырағы қауырсын пішіндес. Гүлдері ұсақ, күрең қызыл түсті, масақ гүлшоғырына топталған. Маусым — тамыз айларында гүлдеп, тамыз — қыркүйекте жеміс салады. Жемісі — жаңғақ тәрізді. Сиырсілекейдің сабағы мен тамырында илік заттар, қышқылдар, сапониндер, крахмал, С витамині, бояғыш заттар, эфир майы мен фитонцидтер бар. Сиырсілекейдің шипалық қасиеті ертеден белгілі болған. Сабағы мен тамырының қайнатындысы әр түрлі қан кетулерді тияды, қан тамырларын тарылтады, қабынуды басады. Сиырсілекейді халық медицинасында дизентерияны, өкпе туберкулезін емдеуге қолданады.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Мұрат-қажы Тайкелтірұлы Мыңбаев (1956 жылы туған, Бөген ауданы Темірлан ауылы) – ғалым, техникалық ғылымдарының докторы, профессор. Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтын бітірген. 1990 жылға дейін оқытушы, кафедра меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер болды. 1990 жылдан «Казлегпром» ғылыми өнеркәсіптік бірлестігінде бас директордың орынбасары, Министрлер Кабинеті жанындағы АСПЭК жеңіл өнеркәсібі бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған. [[Алматы технологиялық институты/Алматы технологиялық институтыныңъъ кафедра меңгерушісі. «Аспек-текс» ғылыми өнеркәсіптік бірлестігінің бас директоры, «Медеу» қауіпсіздендіру компаниясының вице-президенті. Меккеге қажылыққа барып қайтты. Қазақ исламтану институтының ректоры (1999). Халықаралық мұсылмандар университетінің ректоры (2001). 114 ғылыми жұмысы жарияланған. 15 патенті, 3 монографиясы бар.
## Дереккөздер
## Cілтемелер
* АСПЭК
* Тамақ өнеркәсібі
* Мекке |
Сиыр шаруашылығы, мүйізді ірі қара шаруашылығы — мал шаруашылығының басты салаларының бірі.Аса қажетті азық-түлік (сүт, май, ет, тағы басқа сойыс өнімдері), бағалы жеңіл өнеркәсіп шикізаттарын (тері, қылшық, мүйіз, тағы басқа) береді.
## Тарихы
Сиыр өсіру осыдан 7 — 8 мың жылдай бұрын жабайы сиырларды (тур, зубр, бизон, бантенг, зебу, қодас) қолға үйретуден басталды. Қазақстанда ерте замандардан бері күтімді аса қажет етпейтін жайылым малдары (қой, ешкі, жылқы, түйе) көптеп өсіріліп келді. Мүйізді ірі қара шаруашылығы (әсіресе сүтті бағыттағы) 19 ғ-дың басынан еліміздің қара топырақты құнарлы аудандарына орыс шаруаларының жаппай қоныстануына, қалыптасқан саяси-әлеуметтік өзгерістерге сай, жергілікті халықтың көшпелі тіршіліктен тұрғылықты өмір сүруге ауысуы нәтижесінде қарқынды дами бастады.
## Өнімділігі
* 1820 — 65 жылы Орталық Қазақстанның мал шаруашылығында сиырдың үлес салмағы 0,7 — 1,7%-ды
* 1899 — 1916 жылы 17,3 — 22,8%-ды құраған. 20 ғ-дың бас кезінде сиыр түлігінің саны 5,0 млн. бастан асқан.
* 1917 — 22 жылы сиыр малының 1/3 бөлігі шығынға ұшыраса
* 1930 — 40 жылы олардың саны қарқынды өсті.
Осы мақсатта өнімділігі аз жергілікті мал тұқымы еуроп. тұқымдар — герефорд, швиц, симменталь, голланд сиырларымен, қырдың қызыл сиырымен будандастырылып, малдың мол өнімді тұқымдары алынды. 1974 жылы мүйізді ірі қара саны 5,36 млн-ға жетіп, жылқы, түйе түліктерін қоса есептегендегі мөлшерден 5,3 есеге басым болды.
## Мал тұқымы
Ұзақ уақыт жүргізілген ғылыми практикалық жұмыстардың нәтижесінде елімізде алғашқы етті мал тұқымы — қазақтың ақбас сиыры, сондай-ақ сүтті-етті тұқым — алатау сиыры мен сүтті тұқым — әулиеата сиыры шығарылды. Осымен қатар қырдың қызыл сиыры мен симменталь сиырының белгілі бір аймақтардың табиғи-шаруашылық жағдайына бейімделген жаңа түрлері алынды. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуында мүйізді ірі қара шаруашылығы ерекше орын алады. Оның 93,5%-ы шоғырланған жеке меншік иелігіндегі шаруашылықтарда мал санының өсуі орта есеппен 5,9 — 6,5%-ға, ет, сүт өндіру мөлшері 3,5 — 6,0%-ға өсті.
## Жоғары өнімі
Республикада сүтті бағыттағы сиырлардың 7 тұқымы, олардың жоғары өнімді табындары — 16 тұқыммал зауыты мен 80 тұқыммал шаруашылығында, етті бағыттағы сиырлардың 5 тұқымы, жоғары өнімді бөлігі — 11 тұқыммал зауыты мен 30 тұқыммал шаруашылығында өсіріледі. Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан өзге облыстардың тұқыммал шаруашылықтарында өсірілетін сүтті сиырлар барлық асыл тұқымды сиырлардың 68%-ын, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан басқа аймақтарда өсірілетін асыл тұқымды етті сиырлар 32%-ды құрайды . Республика бойынша мүйізді ірі қараның үлес салмағы: қара-ала сиыр тұқымы— 30,7%, симменталь — 24,3%, қырдың қызыл сиыры — 20,4%, алатау — 17,3%, әулиеата — 5,3%, айршир — 1,3%, латыштың қызыл-қоңыр сиыры — 0,7% болса, етті бағыттағы сиырлар негізінен отандық сиыр тұқымдары — қазақтың ақбас сиырлары (84,4%) мен әулиекөл сиырларынан (11,3%) тұрады.
## Зерттеу
Мал өнімділігін арттырудың тиімді жолы — төлдерінің сапасы бойынша тексерілген, жақсартушы бұқалардың ұрықтарын сақтау және кеңінен қолдану. Сондықтан Сиыр өсіруде бастысы бағалы қасиеттерін төлдеріне тұрақты бере алатын тұқымжақсартушы бұқалар алу және өсіру жұмыстарын жолға қою болып табылады. Малды өнімділік бағыты, жас-жыныс, тұқымдық ерекшелігі мен физиологиялық күйіне орай жайылым мен қолда құнарлы азықтандыруды ұйымдастыра білу мүйізді ірі қара түлігінің өнімділік қасиеттерін биологиялық және шаруашылық тұрғыдан тиімді деңгейге дейін тұрақты арттыруға мүмкіндік береді.
## Дереккөздер |
Сейілхан Аққозиев (7.10.1929, Мойынқұм ауданы Жаңа Талап ауылы) – қоғам қайраткері. Қазақ а. ш. институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Институтты бітіргеннен кейін тың игеруге Қарағанды облысына жіберілді. Содан 1964 жылға дейін МТС-тың бас инженері, директоры, ауданы партия к-тінің 2-хатшысы, ауданы атқару к-тінің төрағасы, облысы партия к-тінің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1964 – 70 жылы Луговой ауданы (қазіргі Т.Рысқұлов ауданы) партия к-тінің хатшысы, 1973 – 86 жылы облысы атқару к-тінің төрағасы, 1986 жылдан «Жамбыл жол құрылысы» АҚ вице-президенті болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен төрт рет, «Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. Облысытың құрметті азаматы.
## Дереккөздер:
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы |
Оспан Мыңбаев (1957 жылы туған, Созақ ауданы Аққолтық ауылы) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1997). С.Аспандияров атындағы Алматы медициналық институтын бітірген (1982). Еңбек жолын Кентау қаласында және Сайрам ауданының орталығы – Ақсуда дәрігер болып бастаған. Одан кейін Алматы және Мәскеу қалаларындағы медициналық институттардың ғылыми лабораторияларында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты. Медицина саласына енгізген жаңалықтары көптеген институттарда қолданылып жүр. Қазір шетелде (Бельгияда) ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылдануда. 10 ғылым кандидатын, 5 ғылым докторын даярлаған. |
Барақ хан, Наурыз Ахмед хан (16 ғасырда) — Ташкент аймағының билеушісі (1550 — 1556). Әбілхайыр ханның екінші ұлы. Барақ хан Мауераннахрдағы Шайбани әулетінің билік үшін күресіне белсене араласты. Қазақ хандығының Сырдың орта ағысы бойына енуіне қатты қарсылық көрсетті. Барақ хан 1550 жылы Мауераннахрдың саяси орталығы — Бұхараны иеленді. 1556 жылы 23 қыркүйекте қайтыс болды. Оның сегіз ұлының ішіндегі белгілісі — Баба сұлтан.
## Дереккөздер
* “Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахйар”, “Шараф наме-ий шахи”, “Тарих-и Кашгари”. Материалы по истории казахских ханств ХV — XVІІІ вв., А.-А.,1969 |
Мыңғытөбе – бірнеше жүз қорғандардан тұратын обалар. Түркістан облысы Шардара қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км жерде. Обаларды 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі Е.И. Агеева және Г.И. Пацевич) зерттеген. Обалар отыз-қырықтан топ-топ болып бір-бірімен жалғаса үйілген. Үш обаға мүрдені өртеп барып қойғандығы анықталды. Өліктерді өртеп жерлеу салты мен обаларды жасау әдісі олардың біздің заман 7 – 9 ғасырларында өмір сүрген тайпалардың қорымы екенін дәлелдейді.
## Дереккөздер |
Мыржық – қола дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріндегі қорымдар. Қарағанды облысы Жаңарқа ауданы Қызылтау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км жердегі Атасу қонысынан 10 км оңтүстік-батысқа қарай орналасқан Мыржық қонысынан солтүстікке қарай 1,5 км жерде. 1977 – 83 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі М.Қ. Қадырбаев, Ж.Құрманқұлов) зерттеген. Қорым аумағы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 575 м-ге, батыстан шығысқа қарай 125 м-ге созылып жатыр және онда қола дәуіріне жатататын 48 ескерткіш бар. Мұндағы құрылыстар жекелеген тас жәшіктерден, тігінен орналасқан плиткалардан салынған қоршаулардан, топырақтан үйілген обалардан тұрады. Олардың ішінен 8 оба мен жеке бір тас жәшік зерттелген. 1 – оба қорымның орталық бөлігіне орналасқан. Үйіндінің диаметрі 20 м, биікт 0,8 м. Тереңдігі 0,3 – 0,4 м, ені 2 м шұңқыр орны аршылған. Үйіндінің астынан батыстан оңтүстік-батысқа қарай шығыстан солтүстік-батысқа қарай бағытталған 3 циста табылған. 1, 2 – обалардың көл. 1,450,951,3 және 0,750,51 м шамасында және обаның үсті тегіс гранит тақта тастармен жабылған. Барлығы өз заманында тоналған. Обалардан адам сүйектері, қыш ыдыстардың сынықтары табылған. 3 – оба қорымның шығыс бөлігінде орналасқан және тігінен қойылған гранит тақта тастардан салынып, диаметрі 5,5 м болатын дөңгелек қоршау түрінде жасалынған. Ортасындағы цистаның көлемі 10,80,95 м. Одан шала күйдірілген адам және қой сүйектері табылды. Басқа обалар үйінділерінің астында дөңгелек, шаршы, тік бұрыш пішіндес қоршаулар болғандығы анықталды. Барлық мәйітханалар тоналған. 2, 3, 9, 49 обаларда мәйітті жерлеу, ал 3, 14 обаларда мәйітті өртеу салты сақталған. Табылған заттар: қоладан жасалған төрт қырлы біз, иненің сынығы, екі ыдыстың ұсақ бөлшектері, екі моншақ. Мыржық–2 қорымы Мыржық қонысынан оңтүстік-шығысқа қарай 700 м жерде орналасқан. Тік тұрғызылған тақта тастардан жасалған 14 қоршаудан құралады (оның үшеуі тікбұрыш пішіндес, қалғандары дөңгелек). Екі қоршау зерттелген. 5 – қоршаудан қыш ыдыстар (8 дана) табылды. Қоршаудың ортасындағы тоналған тас жәшіктің көлемі 1,950,651 м. Жәшіктен адамның, жылқының сүйектері, қыш ыдыс, қола заттан жасалған бұйымдар сынықтары аршып алынған. Оңтүстікке қарай 200 м жерде Мыржық – 3 қорымы орналасқан. Ол тігінен қойылған тас плиталардан жасалған 12 қоршаудан және 1 оба-қоршаудан тұрады. Биіктігі 1 м, диам. 7,5 м болатын 11 оба-қоршауда қазба жұмыстары жүргізілген. Ортасынан трапеция пішіндес көлемі 2,10,850,7 м тас жәшік аршылған. Жәшіктен адамның, жылқының сүйектері, асыл тастардың сынықтары, қыш ыдыс бөліктері табылған.
## Пайдаланған әдебиет |
Елден Аққошқаров (10.10. 1935 жылы туған, Талас ауданы Ойық ауылы) – ғалым, педагогика ғылым кандидаты (1984), доцент (1987), Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің профессоры (1992).
Ысты руынан шыққан.
Қазақ Ұлттық университетінің физика ф-тін бітірген (1957). 1957 – 64 жылы Талас ауданында орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директоры, 1964 – 68 Қазақ а. ш. институтында ассистент, 1968 – 74 жылы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясында аға ғылым редактор, редакция меңгерушісі, 1974 – 96 жылы Қазақ а. ш. институтында аға оқытушы, доцент, профессор. Ғылыми-техника терминология, физика пәнін орта мектепте, жоғары оқу орнында оқыту методикасына байланысты мәселелермен айналысады. Қазақстан оқу-ағарту ісінің үздігі (1962), Қазақстан Журналистер Одағының А. Байтұрсынов атындағы сыйл. лауреаты (1998).
## Дереккөздер:
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы |
Төлеу сөз — көркем шығармадакейіпкердің сөзін айтылған қалпынсақтамай, тек мағынасын ғана жеткізетін сөздер. Мысалы, "Абай жолы"романында Мұхтар Әуезов Самалбек тілмәштің Абайға айтқан сөзін былайжеткізеді:
"Оның жалғыз білгенім сол деп айтқаны: алысып жатқан екі жақ бірдей Абайды тыңдау қажет десті, бірақ олардың ішінде, арғы ниетінде қандай байлау бар екенін Самалбек білмейді. Оның ойынша, Абай не қыларын өзі жақсы аңғаратын болар. Және сол өзіне лайық көрінген дағдылы жолмен куәлік айтқаны Абай басына лайық болар" дегендей кеңес тәрізді сөз айтып бітірді".
Бұл жерде жазушыныңкейіпкер сөзін тікелей келтірмей,өзінше мазмұндап беру тәсілі көңіл аудармақ. Көркем шығармадакейіпкердің ішкі монологі, яғниіштей айтқан ойы, кейде төл сөз түрінде басталып кейіпкердің аузынан шыққан қалпын сақтағандайкөрініп, бара-бара төлеу сөз түрінеауысып, автордың сөзі болып кетеді, ал кейде сол екеуінің жігін,шекарасын айыру қиын болады.Осындай көркемдік тәсіл "Абайжолы" романында Абайды ойлану, толғану үстінде бейнелейтінтұстарда ұтымды қолданылады.Төлеу сөз тәсілін қолдану әдебиеттетөл сөзге қарағанда әлдеқайда сиреккездеседі. Бұдан жазушының кейіпкер сөзін тікелей айтылған қалпынсақтап беруге көбірек мән беретінібайқалады.
Төлеу сөз — бөгде сөздің өзгеріске ұшырап, тек мазмұны сақталған түрі. Автордың өзге біреудің сөзін өз тарапынан өзгертіп беруін төлеу сөз дейміз. Мұндайда біреудің сөзінің не туралы айтқаны, негізгі ойы сақталады да, оған тән басқа ерекшеліктер: ритмика-интонациялық бояуы мен кей сөздердің грамматикалық тұлғалары өзгертіліп пайдаланылады. Төлеу сөзде бөгде сөздің тұрлаулы мүшелері жойылып, автор сөзінің тұрлаусыз мүшелеріне, яғни бастауышы ілік септікті анықтауышқа, баяндауышы табыс не барыс септікті толықтауышқа айналады. Сонымен қатар жақ өзгеріске ұшырап, бір жақтың орнына басқа бір жақ қолданылады. Автор сөзіндегі “де” етістігі түсіп қалып, оның орнына басқа етістіктер қолданылады.
* Мысалы, Әлі бұл өңірде көктің шабан тебіндеп келе жатқанын, қыс ызғарының әлі түгел айығып болмағанын әңгіме қып отырды (М.Әуезов). Елеусіз көлдің не себепті Қызылкен атанғанын сұрады (Т.Әлімқұлов).
## Дереккөздер |
Жұмаділла Құдайберген (15.3.1945 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында Политотдел ауылында) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (1988). Қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы тұқымының авторы (1994). Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (Қазақ ұлттық аграрлық ун-ституты) бітірген (1971). 1971 – 74 жылдарында осы институтта аспирант, 1975 жылдан Қазақ қой шаруашылығы ғылым-зертхана институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, етті-майлы қой шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болды. Ғылым еңбектері Қазақстанда етті-майлы-жүнді бағыттағы қойларды селекция әдіспен асылдандыру және олардың жаңа тұқымдарын шығаруға бағытталған. Ол құйрықты ұяң жүнді қойлардың жаңа түрін шығару мен жетілдірудің теория негіздері мен әдістемелерін дамытты. Қойдың бұл түрі еліміздің шөл, шөлейт және құрғақ дала аймақтарының қатал табиғатына жақсы бейімделген. Жиынтығының алпыстан астам ғылым еңбегі бар.
## Сілтемелер
* Президиум N 1 от 30.01.2008 г. Мұрағатталған 6 қаңтардың 2009 жылы.
* Ғылым докторларын тізімі Мұрағатталған 18 наурыздың 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Сиыршы—
* Ежелгі түркілерде, қытай жылнамаларында “сеер” атауы кездеседі. Ғұн ордасында болған грек тарихшысы Прискустің жазуына қарағанда б.з.б. 5 ғасырында Каспий мен Днепр арасында Сеерлер мемлекеті болған. Ғұндарға тәуелді бұл мемлекетті 454 жылға дейін Аттилланың үлкен ұлы Эллак билеген.
* Сиыршы — Жалайыр тайпасының cырманақ тармағынан тарайтын ру. Орыс географы қоғамының Н.А. Абрамов басқарған зерттеушілері жинаған мәліметтерінде 1864 жылы С-дан тараған сырымбет, бәйімбет аталары 800 түтін болған. Қыстаулары — Жалғызағаш пен Лаба тауы, жайлауы Ешкіөлместе — Қызылжора сайы, Қараталдың оң жағы. Сиыршының ұраны мен таңбасы жалайырмен бірдей.
* Сиыршы — сиыр бағатын адам.
* Сиыршы — солтүстік жартыаспандағы шоқжұлдыз. |
Қаназ Молдахмет (23.2. 1942 жылы туған, Арал ауданы Бекбауыл станциясы) – жазушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі (1980 ж.). ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (1998 ж.), Алаш әдеби сыйлығының (2016 ж.)және Ғабдол Сланов атындағы сыйлықтың (2019 ж.) лауреаты. Шымкент педагогика институтының филология факультетін бітірген (1963 ж.). 1963 – 67 жылдары Қазалы аудандық орта мектепте мұғалім, 1967 – 69 жылдары «Ленин туы» газетінде бөлім меңгерушісі, 1969 – 74 жылдары Қазалы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, ауданы кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1978 – 85 жылдары «Жалын» баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, 1992 жылдан «Денсаулық» журналында бөлім меңгерушісі, 1993 жылдан бас редакторы. Алғашқы шығармалары 1970 жылы жариялана бастады. Қаназдың ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігі, замандастарының ой-арманы, адамгершілік мәселелері туралы жазылған «Сонар» (1973 ж.), «Арна» (1978 ж.), «Ақ тайлағым-ай» (1980 ж.), «Құм ойнау» (1984 ж.), «Армандай алыс жағалау» (1988), «Жаңбырлы жал» (1991 ж.), «Қияндағы күн нұры» (1993 ж.), «Жанқожа» (2001 ж.), «Чика ‒ Дабылдың баласы» (2003), «Кек» (2013) атты кітаптары, «Сырдария кітапханасы» сериясымен 2 томдық шығ. жин. (2009) жарық көрген. «Чика – Дабылдың баласы» (1991 ж.), «Жер кіндігі» (1975 ж.) повестері үшін жасөспірімдер мен балаларға арналған үздік шығармалардың республикалық жабық бәйгесінде жүлде алған. Орыс жазушыларының (В.Карпов, Е.Пелин, В.Распутин) шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Жекеленген туындылары орыс, грузин, өзбек тілдеріне аударылған.Қаназдың еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі шығармашылығы - Халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының өнегелі өмірі мен өшпес ерлігіне арналған. Осы тақырып аясында "Кек" атты киноповесті, «Жанқожа» атты үш актілі тарихи драмасы, сондай-ақ, «Ел қорғаны – Ер Жәкем» атты іргелі еңбегі (С.Қалуовпен бірге), «Жанқожа Нұрмұхаммедұлы» (2014 ж.) атты жинағы жарияланған..«Құрмет» орденімен (2017), бірнеше медальмен марапатталған. Арал (2007 ж.) және Қазалы (2012 ж.) аудандарының құрметті азаматы. |
Нұрмағамбетов Қажы Әлімұлы (15.5.1927 жылы туған) Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы) – еңбек ардагері. Облыстың құрметті азаматы. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1953).
* 1942 – 1948 жылдары Ленин атындағы ауылдық кеңестің атқару комитетінің хатшысы,
* 1953 – 1958 жылдары Төле би ауданында партия, шаруашылық қызметінде,
* 1958 – 1962 жылдары облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары,
* 1962 – 1965 жылдары Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы партия комитетінде қызмет істеді.
* 1965 – 1969 жылдары Ленин және Ленгер аудандарының ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, дайындау басқармасының бастығы болды.
* 1969 – 1985 жылдары Түлкібас ауданының атқару комитетінің төрағасы.
* 1975 – 1979 жылдары Алғабас,
* 1979 – 1985 жылдары Келес ауданы партия комитеттерінің бірінші хатшысы,
* 1985 – 1989 жылы облыстық кәсіподақ кеңесінің бөлім меңгерушісі болды.
* 1964 жылы Әлімұлы КОКП Ақпан пленумының делегаты. Бүкілодақтық колхозшылар съезінің делегаты. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, «Тың игерудің 60 жылдығы», «Қазақстан Республикасына 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Мырза – Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ қауымында ауқатты, беделді адамдардың есіміне қоса айтылған атау. Олардың балаларын, үрім бұтақтарын да Мырза деп атаған (мысалы, Құнанбай Мырза, Тәкежан Мырза). Бұл сөз сыйлау, құрметтеу нышанын білдіреді, сондай-ақ қолы ашық, жомарт адамды да қазақтар М. деп мадақтайды. Кейінгі кезде Мырза қаратпа сөз ретінде (мысалы, көпшілік жиындарда “Ханымдар мен мырзалар!”) айтылып жүр.
## Дереккөздер |
Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы, Ақмола облысы Ерейментау ауданында; Астана қаласынан шығысқа қарай 180 км жерде орналасқан. Алаптың кей телімшелері 19 ғасырда белгілі болған. Алап құрамына Қосмұрын, Бозшасор, Қызылсор, Сарыадыр және Оңтүстік Қосмұрын кендері кіреді.
Оларды Н.Н.Тихонович, А.А.Чапеев, Г.И.Водорезов, А.И.Егоров, Р.А.Борукаев, Я.В.Бергман, т.б. барлаған. Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы қосымша қатпарланумен күрделіленген ірі брахисинклиналдық құрылым. Алап шегінде 4 ірі кен орны орналасқан.
Кен ашық және шахта әдістері бойынша өндіріледі. Көмір қабаттары ашляр мен қарағанды шоғырларына топтасқан. Кен шоғырларының қалыңдығы 30–50 м, ең қалың, көмірге мол қаныққаны – Надежный қабаты. Көмірі гумустекті тас көмір, күлділігі жоғары (20–40%), күкірті аз, байытылуы қиын. Көмірінің жалпы қоры 2,6 млрд. т.
## Дереккөздер: |
Төл сөз — бөгде сөздің еш өзгеріссіз, түпнұсқасы сақтала отырып қолданылған түрі. Сөйлемде басқа біреудің сөзі Төл сөз болады да, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады.
Төл сөз құрамы жағынан әр түрлі болып келеді, оның жеке сөз не сөйлем болуы да, сондай-ақ бірнеше сөйлемдер тізбегінен құралған тұтас бір мәтін болуы да мүмкін. Төл сөз қандай құрамда, қай мағынада айтылса да, автор сөзімен байланыста болады. Екеуара байланыс Төл сөздің бастапқы құрылымына ешқандай өзгеріс енгізбей, өз дербестігін толық сақтаған жағдайда, де көмекші етістігі арқылы жүзеге асады.
Төл сөз автор сөзінен өзіндік интонация арқылы ерекшеленеді, сөздердің орын тәртібі еркін болады. Мысалы,
Құнанбай тыңдап болды да: Жарайды, айтам деп әкелгенің екен. Бірталай жерге жеткізіп айттың. Енді осымен тоқталайық! – деді, (М.Әуезов).
## Төл сөздің тыныс белгілері
* Төл сөз автор сөзінен бұрын орналасса, төл сөз бас әріппен жазылып, тырнақшаға алынады не алдынан сызықша қойылады. Егер төл сөз хабарлы сөйлем болса, соңына үтір, сұраулы сөйлем болса, сұрақ белгісі, лепті сөйлем болса, леп белгісі қойылып, автор сөзінің алдынан сызықша қойылады. Мысалы, «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар деген нәрселермен озады», – деген ұлы Абай. – Бекбергеннің қызын неге алып қашпақ болдыңдар? – деп сұрады үй иесі менен.
* Төл сөз автор сөзінен кейін тұрса, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылып, төл сөз не тырнақшаға алынады, не алдынан сызықша қойылады. Мысалы, А. Жұбанов былай деген: «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті». Әйел бір төбенің басына шығып алып былай деді: – Менің атым – әйел, мына қыздың анасымын.
* Төл сөз автор сөзінің ортасына орналасса, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылып, төл сөздің алдынан не сызықша қойылады, не төл сөз тырнақшаға алынады да, төл сөзден кейін не үтір, не сұрақ белгісі, не леп белгісі қойылады. Мысалы: Әйтілес қарт: – Аттың құлағында ойнайтын жас кезіміз, – деп бастады әңгімесін.
* Автор сөзі төл сөздің ортасына орналасса, төл сөз тырнақшаға алынып немесе алдынан сызықша қойылып, автор сөзінің алдынан да, соңынан да сызықша қойылады да, төл сөздің екінші бөлігі кіші әріппен жазылады. Мысалы, «Осы бір тегін адам болмаған шығар, – деді Жалпақ балуан, – түнейік осы молаға».
* Бір төл сөздің ішінде екінші төл сөз келген жағдайда алқашқысының алдынан сызықша қойылып, соңғысы тырнақшаға алынады. Мысалы, – Қазақ халқында «Ұлық болсаң, кішік бол» деген нақыл бар, – дегенді жиі айтатын ол.
## Дереккөздер |
Мырзабай ахун — Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, Мырзабай ахун ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жалағаш кентінен оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1412 адам (712 ер адам және 700 әйел адам) болса, 2009 жылы 1344 адамды (677 ер адам және 667 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Ауыл 1996 жылға дейін "Қазақстанның 20 жылдығы атындағы" ауыл деп аталған. 1956-1996 жылдары күріш өсіретін «Мәдениет» кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1996-1997 жылдары Мырзабай Ахун ауылында ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Баранский Николай Николаевич (15.7.1881, Томск — 29.11.1963, Мәскеу) — ғалым, КСРО ғылым академиясының короспондент мүшесі (1939), Мәскеу мемекеттік университетінің профессоры (1929), Ресейдің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1943), Социалистік Еңбек Ері (1962). Мәскеу коммерциялық институтын бітірген (1914). Ұлы Отан соғысы жылдары (1941—1943) Алматыда тұрып, еңбек етті. ҚазПИ-де (қазіргі Алматы мемлекеттік университеті) дәріс оқыды. КСРО ғылым академиясының Қазақ филиалында География секторын (қазіргі География институты) басқарды. Отандық экономикалық және әлеуметтік география теориясын және ғылым дамуын анықтап берді. Оның ғылым мектебінен көптеген қазақстандық ғалымдар өтті. Жоғары оқу орындарына және мектепке арналған экономикалық география оқулықтары мен оқыту әдістемелерін құрастырды. Жеке ғылыми пән ретінде экономикалық картографияны, қалалар географиясын, КСРО-ның,АҚШ-тың, т.б. елдердің экономикалық географиясын құрды. 3 мәрте Ленин орденімен және басқа орден, медальдермен марапатталған. Курил аралдарындағы жанартаулардың біріне Баранскийдің есімі берілген. КСРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1952).
## Шығармалары
* Экономическая география, М., 1956;
* Экономическая география в высшей школе, М., 1957;
* Избр. тр., М., 1980.
## Әдебиеттер
* Семенова М.И., Ярмухамедов М.Ш., Рязанцев С.Н., Н.Н. Баранский и развитие экономической географии в Казахстане. В кн.: Экономико-географические исследования в Казахстане. Региональные и отраслевые аспекты, А.-А., 1982.
## Сілтемелер
* http://ru.wikipedia.org/wiki/Баранский,_Николай_Николаевич
* http://www.geogr.msu.ru/about/rank/element.php?IBLOCK_ID=4&SECTION_ID=0&ELEMENT_ID=836 Мұрағатталған 24 наурыздың 2009 жылы.
* http://geography.kz/lyudi/baranskij-nikolaj-nikolaevich/ Мұрағатталған 19 мамырдың 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Жандаркүл Әзімханова (1947 жылы туған, Ордабасы ауданы, Жамбыл ауылы) – еңбек ардагері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1974). Орта мектепті бітірген соң еңбекке араласты. 1969 – 1992 жылдары аралығында «Қараспан» кеңшарында механизатор, звено жетекшісі жұмыстарын атқарды. 1970 жылы облыстық кеңеске депутат болып сайланды Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері (1971).
## Сілтеме |
Төменарық — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Төменарық ауылдық округі орталығы.
## Халқы
Тұрғыны 4520 адам (2022 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434063100.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жаңақорған кентінен солтүстік-батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Іргесі 1930 жылы қаланған. 1978 – 1996 жылдары бау-бақша өсірумен айналысатын “Алмалы” кеңшарының орталық болған. Кеңшар негізінде Төменарықта шаруа қожалықтары құрылды. Төменарықта Алпамыс батыр батырдың жары – Гүлбаршынның Көккесене күмбезі орналасқан.
## Төменарық елді мекенінен шыққан атақты тұлғалар
Төменарық ауылында туып өскен, еңбегімен елге танымал болған азаматтар көптеп саналады. Олардың ішінде:
* Ә. Исаев - Социалистік Еңбек Ері
* Ә. Еламанов - Социалистік Еңбек Ері
* О. Байымбетов - Социалистік Еңбек Ері
* О. Бидашов - Социалистік Еңбек Ері
* Ж. Мәлібеков - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы
* М. Молдабеков - «Досмұхасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, академик
* М. Әбенов - Қоғам қайраткері, ҚР Білім және Ғылым министрлігі вице-министрі (2013-2014), депутат (2008-2012)
## Ауыл суреттері
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Төменарық ауылдық округінің ресми сайты Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* Викимапияда |
Алдаберген Қайырбекұлы Мырзабеков (14 қараша, 1930, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылы-6 ақпан, 2018) – дирижер, педагог, ҚР халық әртісі (1984), публицист.
## Өмірбаяны
* Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін бітірген (1955).
* 1956 жылы Құрманғазы атындағы Қазақтың Мемлекеттік халық аспаптар оркестріне дирижерлік қызметке тағайындалып, 1968 – 1971 жылы оркестрдің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі
* 1971 – 1988 жылы дирижері болып еңбек етті.
* 1962 жылдан Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі және бас дирижері міндетін атқарып, оркестрдің орындаушылық, кәсіби деңгейін көтеруге де атсалысты.
## Ойнаған музыкалары
* Оның оркестрге арнап түсірген Тәттімбеттің, Сүгірдің, Әшімтайдың шертпе күйлері, Ықыластың қобыз күйлері, тағы басқа халық композиторларының ән-күйлері, орыс және шет ел классиктерінің туындылары бар.
## Шығармалары
* Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында қазақ музыкалық драма театрында қойылған “Тұлбанор шайқасы” спектакліне музыка жазды.
* Өзінің де ән, күйлері, күрделі увертюра, поэма жанрында жазылған төл туындылары көптеп саналады. Мырзабековтің “Қоңырқаз”, “Көкейкесті” сияқты оркестрге арналған партитура таңдамалы жинақтары жарық көрді (1982, 1988).
## Марапаттары
Шығармашылық еңбегі үшін Моңғолияның “Алтын жұлдыз” орденімен марапатталды.
## Жеке өмірі
Алдаберген Қайырбекұлы Мырзабековтың 2 қызы, 1 ұлы бар. Қызы Мырзабекова Светлана Алдабергеновна Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ ұлттық өнер университетінде жұмыс істейді. Екінші қызы Мырзабекова Алма Алдабергеновна көп жылдар бойы Қазақстанның Ұлттық банкінде қызмет атқарған. Ұлы Мырзабеков Нұрлан Алдабергенұлы Алматыда талантты фотосуретші болған.
## Дереккөздер |
Жаңабет — Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл, Жаңабет ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде, Ертіс өзенінің оң жақ жағасында, әр түрлі шөп аралас селеу өскен құмдақ қара топырақты жазықта орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1930 жылдың басында қаланды. 1954 жылдан сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара өсіретін “Бобровка” кеңшарының орталығы болды. 1996 жылы оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, кітапхана бар. Ауыл арқылы Павлодар — Омбы автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Төменгі Бұрлық — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл, Төменгі бұрлық ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Саумалкөл аулынан оңтүстікке қарай 55 км-дей жерде, Бабықбұрлық өзен жағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1029 адам (496 ер адам және 533 әйел адам) болса, 2009 жылы 1071 адамды (530 ер адам және 541 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1849 жылы қаланған. Ұжымдастыру кезінде мұнда алдымен коммуна, кейін ұжымшар құрылды. 1961–1996 жылдары астық кеңшарының орталығы болды. Кеңшар негізінде Төменгі бұрлықта 1997 жылы ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Ақмола Обылыснан Ауған Соғысына Қатысушылар — 1979 — 89 жылдар аралығында Ауғанстан жерінде әскери қимылдарға қатысушылар. Ақмола облысының орталығы — Көкшетау қаласында Ауған соғысының ардагерлері одағы құрылды. Ұйым соғысқа қатысушылардың әлеум. құқығын қорғауға, қаза тапқан жауынгерлердің жанұясына ақшалай көмек беруге, т.б. жәрдемдеседі. Ақмолалық Ауған соғысына қатысушылардың көпшілігі орден, медальдармен марапатталған. Ауған соғысына облыстан қатысқан 64 жауынгердің 22-і қаза тапқан, 1-і хабарсыз кеткен.
## Сыртқы сілтеме
* Ақмола Обылыснан Ауған Соғысына Қатысушылар(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
Төменгі жайық шебі – Орынбор шебінің бір бөлігі. Ол Оралдан Гурьев (қазіргі Атырау) қалашығына дейінгі Сахарная, Калмыковская, Горская, Кулагинская, Зеленовская, Бакаевская, Сарайчиковская бекіністерінен тұрды. Осы бекіністер арқылы патша өкіметі қазақтардың Жайықтың оң жағалауына өтуін қатаң бақылауға алып, өзінің отарлық саясатын жүргізуді үдете түсті. Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде және Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы барысында Төменгі жайық шебі бойындағы бекіністерге қазақтар тарапынан шабуыл жасау күшейді. 1801 ж. Төменгі жайық шебінің батысында Бөкей ордасы құрылды.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том. |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.