text
stringlengths 3
252k
|
---|
Қазақстан аумағындағы мұздықтар — жер суару мен гидроэнергетиканың басты көзі. Мұздықтар тұщы судың орасан зор қоймасы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы География институтының ғалымдары республика мұздықтарының каталогын құрастырды. Соның нәтижесінде Қазақстанның тау мұздықтарының картасы жасалды. Қазақстан жерінде қазіргі мұздықтары таралған аудандары шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы - Алтай, Сауыр жоталары, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатау жоталары. Республиканың барлық тауларында 2724 мұздық бар. Олардың алып жатқан ауданы - 2033,3 км². Бұл мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі 100 км3. Ол - Қазақстан жерінде жиналатын өзен ағындарының жылдық мөлшерінен екі есе артық тұщы су қоры. Мұздықтардың географиялық таралуының жалпы жағдайы, олардың режімі мен мұзбасудың эволюциясы, су қоры жөніндегі зерттеулер кеңінен дамуда. Қазақстан мұздықтары жөнінде XX ғасырдың 20—30 жылдарында мол жиналған нақты материал іле және Жоңғар Алатауының қазіргі, көне мұзбасулары жөнінде жалпы түсінік берді, гляциологияның кейбір теориялык негіздерін жоне алғашқы ірі ғылыми қорытындылар жасауға мүмкіндік туғызды. Аса ірі мұздықтардың, өзендердің мүзбасу аңғарларының карталары жаса- лып, олардың үзындығы мен ауданының параметрлеріне баға берілді. Мұзбасудың орографияға, биіктікке, жоталардың орналасуына, климаттық жағдайларға байланыстылығы анықталды. Мұздықтардың қазіргі режімі зерттелді. Өзендерді қоректендірудегі мұздықтардың алатын орны айқындалды. Мұздықтардан қоректенетін ағындарды есептеудің теңдеулері ұсынылды. Жауын-шашын мен қар жамылғысы таралуының қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары анықталды. Қозғалған мұздықтардағы мұз құрылымының, оның жылуының және механикалық қасиеттерінің өзгерістері қадағаланады. Мұздың серпімділігі, пластикалығы, геологиялық қасиеттері жөніндегі деректер жинақталды. Анықталған статистикалық және динамикалык параметрлер мұздықтардың математикалық теориясын дамытуға пайдаланылуда. Мұздықтар типінің кеңістіктегі айырмашылықтары сипатталды; мұздықтардағы гляциологиялық зоналылық анықталды; мұздың жылулық-физикалық параметрлерін аналитикалық есептеудің тәсілдері жасалды. Мұздықтар ауытқуының теориялық мәселелері шешілді. Геофизикалық тәсілдер мұздың электр тогын өткізгіштігін, оған электрод қадаларын қағу аркылы электр өткізу кедергісін өлшеуге мүмкіндік берді. Электрометрия тәсілі арқылы мұздың бетінен табанына дейінгі қозғалысының ішкі жылдамдығы анықталды. Мұздықтар бетінің фильтрациялық ерекшеліктерін көрсететін электр өрістері зерттелді. Жарияланған еңбектер: "Гляциологиялық зерттеулердің материалдары", "Мұздықтар каталогы", "Қазақстандағы гляциологиялық зерттеулер", гляциологтардың көптеген монографиялары. Қазақстан гляциологтары мұздықтардың ауытқуы жөніндегі халыкаралық семинарларға белсене қатысып отырды.
## Қар сызығы
Мұздықтардың пайда болуы үшін, олардың орналасатын жер бедерінің болуы және жауын-шашын қатты күйінде жеткілікті түсуі шарт. Мұздықтар құрлық бедер пішіндерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Мұздықтар қалыптасатын алқап жер бетіндегі ерекше белдемде - хионосферада (грекше - қар қабаты) орналасады, оның төменгі жағы қар сызығы деп аталатын шекарамен шектеледі.Қазақстан тауларында қар сызығы ауаның құрғақтығы мен климаттың континенттігіне байланысты бірсыпыра биікте жатыр. Қар сызығы оңтүстікте биік болады, солтүстікке қарай едәуір төмендейді. Қар сызығының орташа биіктігі Тянь-Шань тауларында 3800 м-ден, Алтай тауларында 2600 м аралығында жатыр. Бір тау жотасының оңтүстік және солтүстік беткейлерінде қар сызығының биіктігі 200-400 м айырма жасайды. Тіпті бір беткейдің өзінде де батысы мен шығысында қар сызығының биіктігі жүздеген метр биік не төмен болуы мүмкін.Алтай тауларында қар сызығының орташа биіктігі солтүстік беткейде 2300-2800 м, оңтүстікте 2500-3000 м, Сауырда - 3300 м. Қар сызығы Жетісу Алатауының солтүстігінде 3300-3500 м, оңтүстік беткейде 3300-3900 м, ал Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік жоталарында, атап айтқанда, Іле Алатауының солтүстік беткейінде ол 3700- 3900 м биікте, оңтүстікте 3900-4200 м биікте өтеді.
### Тау мұздықтарының типтері
Мұздықтар тауларда әркелкі орналасқан. Ең көп шоғырланған ауданы Жетісу Алатауындағы 1369 мұздықтың ауданы 1000 км². Оның 996 км²-і солтүстік беткейде жатыр. Тянь-Шань тау жүйесінің республика жерінде 1009 мұздығы 857 км² жерді алып жатыр. Қазақстан Алтайында мұздану ауданы 89,6 км²-ге жететін 328 мұздық бар. Сауыр жотасында 18 мұздық орналасқан. Таулы бөлікте мұздықтар типтерінің үш түрлі негізгі топтары бар: 1. Тегістелген төбе мұздықтары биік таулар басында пайда болады, олар Жетісу Алатауында жиі кездеседі, басқа тауларда сирек, бүкіл мұздықтар ауданының 1%-ына тең. 2. Тау беткейлерінің мұздықтары тік беткейлердің ойыс жерлеріндегі аспалы мұздықтары, беткейлерде тараған кішігірім терең дөңгелек қар қазаншұңқырларында орналасқан. Қар типіндегі мұздықтары республика мұздықтар ауданының 33%-ын алып жатыр. 3. Аңғарлық мұздықтар, кәдімгі альпі типтес аңғарлық мұздықтарға жатады. Олар бүкіл мұздықтар ауданының 66%-ын қамтиды.
### Қазақстан мұздықтарының ерекшелігі
Қазақстан мұздықтары әдетте шағын болып келеді, Ұзындығы 1-2 км-ден 3-4 км-ге дейін, аудандары да сол шамалы. Мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталады. Қазақстандағы ең үлкен мұздық Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы, ұзындығы 14,4 ауданы 36,8 км², мұздың қалыңдығы шамамен 300 м-дей. Аңғарлық мұздықтардың қалыңдығы 50-100 м, ал тау беткейлерінің мұздықтары 10-30 м.Үлкен мұздықтар республиканың ірі өзендерінің басталатын жерлерінде орналасқан. Сондықтан мұздықтардың суы тау өзендерінің қоректену көзі. Тау өзендерінің басталар жерінде суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегі 35%-ы мұздық суынан құралады.Қазақстанның биік тауларында климат қатал. Қыста мұз бетінің температурасы -10°С-қа төмендейді. Жазда мұздың беткі қабаты еріген кезде температура 0° шамасында болады. Биік таулардың мұндай қатал климаты мұздықтармен жапсарлас жатқан жерлерге де әсерін тигізеді. Көпжылдық тоңның төменгі шекарасы Алтайда 2000 м, Сауырда - 2300 м, Жетісу Алатауында - 2800 м және Тянь-Шань жоталарында - 3000 м биіктікпен өтеді.Республика мұздықтарының казіргі кезде көлемі кіші- реюде. Мұздықтар жылына 12-20 м-ге, ауданы 1000 м мұз қоры 0,05-0,1%-ға кемуде. Мысалы, орташа алғанда Алтайдың мұздықтары 15-20 м, Жетісу Алатауында 30- 40 м, Іле Алатауындағы Шокальский мұздығы жылына 30 м-ге дейін шегініп отырады.
## Тағы қараңыз
Қазақстанның аса ірі мұздықтары
## Дереккөздер |
Қосүңгір (I, II) – ежелгі қоныстар орны.
* Қосүңгір-1 Түркістан облысы, Арыс қаласы маңында орналасқан. 1948 – 49 ж. Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясының (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Қазіргі уақытта биіктігі 2 м, диаметрі 21x18 м сопақша келген үйінді. Бұл жерден мәдени, экономикалық байланыстарды айғақтайтын саптаяқ, тостаған, көзе секілді бұйымдардың көптеген сынықтары табылған. Ғалымдардың топшылауынша, Қосүңгірді халық Қаңлы мемлекеті тұсында мекендеген. Ал
* Қосүңгір-2 Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қараүңгір станциясынан солтүстік-батысқа қарай 6 км жерде болған. Бүгінгі күні ол биіктігі 2 м, диаметрі 40x27 м төмпешікке айналған. Археологиялық зерттеу жұмыстарының барысында алынған мәліметтерге қарағанда, б.з. бас кезінде Қосүңгірді халық мекен еткен. Олар егін егіп, мал өсірумен шұғылданған.
## Дереккөздер |
Қос саз – шертер мен домбыраны біріктіріп жасаған бес ішекті шертпелі аспап. Шертердің беті жұқа терімен қапталса, домбыраның беті әдетте жұқа тақтаймен жабылады. Домбыраға – 2 ішек, шертерге – 3 ішек тағылады. Аспаптың қалпына келтірілген нұсқасы этнограф О.Хаймолдиннің сызбасы арқылы жасалды. Қос саздың дыбыстық жүйесін қалыптап, лайықтаған белгілі музыкашы Б.Қабыланов, алғашқы нұсқаларын жасаған шебер А.Құмаров. Ел ішінде қос саздың “қос домбыра”, “қос шанақты домбыра”, “қос мойын аспап”, т.б. атаулары сақталған. Атақты композитор, дирижер әрі домбырашы Н.Тілендиевтің “қос домбырада” ойнау мәнері көпке мәлім.
## Дереккөздер |
Нұрмахан Оразбек (1937 жылы 1 желтоқсанда Түркістан облысы Түркістан ауданы Қандөз - 2015 жылы 9 желтоқсанда Алматы) - қазақстандық журналист, жазушы, баспагер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2004). Қазақ КСРнің Еңбегі сіңген мәдениет қызметкері. Түркістан қаласының құрметті азаматы.
## Толығырақ
* Нұрмахан Оразбек 1937 жылы 1 желтоқсанда Түркістан облысы Түркістан ауданы Қандөз ауылында дүниеге келген.
* Шорнақ ауылындағы орта мектепті бітірген.
* 1955 - 1957 жылдары Алматы облысындағы «Іле» кеңшарында, Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинатында жұмыс істеген.
* 1958 - 1962 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факултетін бітірген.
* Еңбек жолын 1962 - 1973 жылдары Қарағанды облысының Жезді аудандық «Октябрь туы», Түркістан облысының Түркістан аудандық «Коммунистік еңбек» газеттерінде, «Лениншіл жаста» (қазіргі «Жас Алашта»), Қазақстан Жастар одағының Орталық Комитетінде, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, Партия тарихы институтында әр түрлі қызметтер атқарды.
* 1974 жылы Қазақ ақпарат агенттігіне (ҚазТАГ) бас редактор
* 1982 жылы директордың орынбасары болып тағайындалды.
* 1988 - 1991 жылдары Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы, Баспасөз мин-нің мерзімді баспасөз бас басқармасының бастығы, ағылшын тілінде шыққан республикалық. «Қазақстан» газетінің бас редакторы.
* 1995 жылдан «Қазақстан» баспасының директоры, сонымен бір мезгілде 2000 – 02 ж. республикалық. «Ақиқат» журналының бас редакторы қызметін атқарды.
* «Қазақстан» баспа үйі» мойынсерігінің директоры болды.
* «Қарсыбай Сыпатаев», «Құрбанбай Ырысбеков», «Капитал қамалындағы 18 күн», «Қасиеттісің, сен Отан!», «Қағажу көрген өмірден», «Бар айласы – бас пайдасы», «Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы», «Шапық Шөкин» атты кітаптары жарық көрген. Атақты Оксфорд университетінің «Саясаттану», «Әлеуметтану» түсіндірме сөздіктерін түпнұсқадан аударған.
* 2015 жылы 9 желтоқсанда Алматыда дүниеден озды.
## Марапаттары
* Қазақ ССРнің Еңбегі сіңген мәдениет қызметкері (құрметті атағы)
* КСРОның "Еңбек ардагері", "Тың жерлерді игергені үшін", "Лениннің 100 жылдығы" және т.б медалдармен марапатталған.
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасының иегері.
* 2001 - Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Құрмет ордені
* 2004 - Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.
* 2007 - Парасат ордені
* 2011 - ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл медалі
* Түркістан қаласының құрметті азаматы
* Қазақстан Республикасының Баспа жане полиграфия iсiнің кайраткерi (құрметті атағы) |
Мейірбек Оразұлы Оразов (1.3.1942 ж.туған, Түркістан облысы Сарапхана ауылы ) – ғалым, филология ғылымы докторы (1983), профессор. (1987).
Ташкент мемлекеттік педогогткалық институтын бітірген (1964).
* 1964 – 67 ж. Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педогогткалық институты өзбек тілі кафедрасының оқытушысы;
* 1967 – 82 ж. филология факультеті деканының орынбасары, деканы;
* 1993 – 99 ж. ШПИ, ХҚТУ Шымкент бөлімшесінің оқу жөніндегі проректоры, филология кешенінің директоры;
* 2001 жылдан қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (1970). Жалпы саны 237-ге жуық ғылым. еңбектер жазған, 8 ғылым кандидатын қорғатты. Негізгі ғылыми еңбектері «Көмекші сөздер: Оқу құралы» (1997), «Етістік: Оқу құралы» (2001) деп аталады.
Түркітанушылардың Халықаралық байқауында «Күміс алқа» (1980), «Жыл ғалымы» (Англия, 2002) медальдарымен марапатталған.
## Шығармалары:
* Қазақ тіліндегі калып етістіктері. А., 1980;
* Семантика казахского глагола (опыт семантической классифкации). АДД., А., 1983;
* Сөз теориясы. Таш., 1985;
* Қазақ тіліндегі дуративті қосымшалар. А., 1987;
* Түркологияға кіріспе. А., 1985 (авторлардың бірі);
* Қазақ тілінің семантикасы. А., 1992;
* Түркітанымға кіріспе. А., 1993;
* Көмекші сөздер. Таш., 1997.
## Дереккөздер |
Қоссейіт — Түркістан облысы Шардара ауданындағы ауыл, Қоссейіт ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шардара қаласынан солтүстікке қарай 15 км жерде.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1965-97 жылдары күріш өсіретін кеңшар орталығы болған. Оның негізінде Қоссейітте құрылған ӨК және бірнеше шаруа қожалықтары мақта, күріш, күнбағыс егеді және мал өсірумен шұғылданады.
## Дереккөздер |
Бейімбет Қабылдаұлы Қожабаев (4.1.1949 жылы туған, қазіргі Павлодар облысы Павлодар ауданы Жаңаауыл ауылы) – әнші (бас), ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі (1998). 1979 жылы Ленинградтың (Санкт-Петербург) мемл. консерваториясының вокалдық факультетін (проф. С.Р. Рязанцевтің жетекшілігімен) бітірген. Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры құрамында соло әнші ретінде қызмет (1979 – 83 және 1987 – 2001) етті. Сахналық дебютін Ш.Гуноның “Фауст” операсынан Мефистофель партиясын орындаудан бастады. Бұдан кейін Польшаның Легница қаласындағы Варшава келісімшарты штабы қарамағындағы ансамбльде әнші (1983 – 87) болып, негізінен әскери әндерді орындады. 2001 – 03 жылдары Мысырда еңбек етіп, Каир қаласындағы Музыка академиясында педагогикалық қызметпен (2002 жылдан Музыка академиясының проф.) айналысты; сондай-ақ Каир және Александрия қалаларындағы опера театрында өнер көрсетті. 2003 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры құрамында соло әнші әрі әншілер труппасының меңгерушісі. Ол ұлттық және классик. операларға қатысып, Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғын”, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Абай”, Е.Рахмадиевтің “Қамар сұлу”, “Алпамыс” пен “Абылай хан”, Ғ.Жұбанованың “Құрманғазы”, С.Мұхамеджановтың “Жұмбақ қыз” бен “Ақан сері – Ақтоқты”, Н.А. Римский-Корсаковтың “Патша қалыңдығы”, П.И. Чайковскийдің “Евгений Онегин” мен “Иоланта”, Дж. Россинидің “Севилья шаштаразысы”, Дж. Вердидің “Риголетто”, “Дон Карлос”операларында басты партияларды орындады. 1983 жылдан концерттік және 1993 жылдан Қазақ ұлттық консерваториясында оқытушылық қызметпен шұғылданады.
## Сілтемелер
* Әдебиет
* Технология
* Инженерия
* Қазақстан
## Дереккөздер |
Әуез Бердіұлы (1830, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Арқат ауылы — 1917, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Бөрілі ауылы Ақшоқыда жерленген) — ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің атасы.
“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” сұрапылынан кейін тобықты руын Сыр бойынан Шыңғыстауға көшіріп әкелген атақты Мамай батырдың жауынгер серіктерінің бірі, Бақшайыш батырдың ұрпағы. Бақшайыштан — Саяқып, одан Берді, Төлеген, Қылыш туады. Ал Бердінің Үсен, Бурахан, Әуезхан (Әуез), Самархан, Kенжехан есімді ұлдары болған. Бердінің қызы Нұрғаным — Құнанбай қажының кіші әйелі. Әуездің үлкен әйелі Дінәсілден Омархан дүниеге келген. 19 ғасырдың 40-жылдарында Құнанбай Берді әулетін Арқат тауының Солтүстік өңіріндегі Бетағаш қонысынан өз жанына көшіріп алып, Бөрліден оларға арнап қыстау салдыртады. Аралтөбеде — Абай, Бөрліде — Әуез қыстап, іргесі ажырамаған қоңсылас, сырлас, сыйлас, айнымас дос болып өтеді. Түрік, шағатай, парсы әдебиетінен хабары мол, арабша білігі, мәдениет-парасаты жоғары Әуезді Абай: “Әуке аға”, “Үлкен қожа” деп атаған. Абайдың: “Үлкен қожа — ортан қол, өзгелері — аты жоқ пен шынашақ” деп қадай көрсетуі, Әуез тұлғасына берген ақынның шынайы бағасын танытса керек. Өз кезегінде, Әуезде Абай өлеңдерін құмарта тыңдайтын, қағазға түскен тың дүниелерімен алғаш танысып, ашық пікір бөлісетін жақын адамдарының бірі болған. Ол немересі Мұхтарды кішкентайынан өзі тәрбиелеп, Абай мұрасына деген іңкәрлігін оятады. Бұл жайлы Мұхтардың өзі өмірбаянында: “Бес-алты жасар кезім. Бір күні кешкісін ас алдында атам мені қасына шақырып алды. Оқуға жараған-жарамағанымды сынамақ екен, “р” дыбысы бар сөздерді айтқыза бастады. Бұл дыбысқа тілің келмей тұрып, қара танимын дегенді ойыңа да алмайсың... Өйткені, ең алғашқы сабақ Құранның “Бісмилләхи рахман иррахим...” деген сөздерін жаттаудан басталады... Атамның маған көңілі онша болмады-ау дейім, келесі күні тағы алды қасына... Қолындағы қалың қолжазбаны көргенде неге шақырғанын біле қоям. Бұрынғыдан бетер ренжимін. Атам маған кітаптағы араб әріптерін көрсете бастайды. Айтуға бір оңайы болса игі, бірінен бірі өткен қиын... Бұл кітап—Абай өлеңдерінің жинағы еді” деп жазады. 1917 жылы 7 маусымда Ойқұдықта “Еңлік-Кебек” пьесасының қойылымын тұңғыш тамашалаған Әуез өнер туындысына риза болып, бата берген. Әуез өзінің өсиеті бойынша, Құнанбай әулеті зиратына жерленген.
## Абай өмірбаянын жазуда
Әуез Бердіұлы Абай өмірбаянын жазуға ұмтылған С. Мұқанов, Ә. Жиреншин, Ә. Ысқақов еңбектеріне жазған арнайы пікірлерінде олардың Абай өмірбаянын көрсетуге арналған кейбір деректерді таңдап алудағы кемшіліктерін нақты көрсетіп береді. Тіпті Әрхам Ысқақовтың «Абай өмірі» деген қолжазбасына жазған сынында: «Өмірбаян ішінде ақын Абай мүлде жоқ деуге болады», - деп Абайдың өмірі мен ақындық жолын көрсетуге тікелей қатысы жоқ деректерді тоғыта беруіне әрі ол деректер тобырын ескі дүниетаным шеңберінде баяндауына қатаң сын айтады. Абай өмірбаянының 1, 2-нұсқаларында ақын өмірін, не шығармаларын танып білуге, тереңірек түсінуге қатысы жоқ, тек жанама деректерде кейбір оқиғаларға байланысты аты аталатын көптеген кісілер ұшырасады. Соңғы нұсқаларда осыларға үлкен сұрыптау жүргізіліп, Абай өмірі мен шығармаларына тікелей қатысы барлары ғана іріктеліп алынды. Мыс., 1-нұсқада 106 адам аты аталса, 2- нұсқада оның 45-і қысқартылған. Ал 3-нұсқада 56, 4-нұсқада 47 адам аты түсіріліп отырған. Олардың орнына биографиялық жаңа деректер негізінде немесе Абай шығармаларының жаңа қырын ашып, ондағы ой сарынын тереңірек тануына байланысты аталатын тарихи кісі аттары ендіріліп отырады. Өмірбаянның алғашқы нұсқаларында ақынның орыс достары Е. П. Михаэлис, Н. И. Долгополов, С. С. Гросс, А. А. Леонтьев т. б. атқарған қызметін, ақын дүниетанымына әсерін бағалаудағы алғашқы танымдарының өз дәрежесінде болмауын биограф ерте сезініп, бұрынғы танымына батыл түзетулер ендіре бастады. Орыс достарының Абайды Россияның ішкі өмірімен, орыс классиктері шығармаларымен таныстырудағы қызметін әділ бағалай отырып, Абайдың идеялық-мәдени іздену жолында қол артқан тірегінің негізі орыс классиктері мен рев.-демократтар тобының озық идеясы болғандығына, әсіресе, 4-нұсқаны жазу үстінде ерекше тоқталды. Абайдың орыс достары жайлы абайтану саласында орын алған кемшін жайды: «1860-70 жылдардың айдалып келген төңкерісшілерімен танысуы. Бұрынғы зерттеулерде Долгополов, Гросс сияқты жалған төңкерісшілерді теріс түсіндірулер болған. Олардың Абайға әсері мол болды деп, дәріптеудің қателігі» - деп арнайы көрсетуінде көп мән бар. Шынында да көпке дейін абайтану саласындағы әдебиеттерде ақынның орыс достарының халықшылдық бағыты, олардың Абайға әсері асыра бағаланып келген еді. Ә. осы мәселеге байланысты езінің атақты тезистерінің 5-санында Шоқанның славянофилдерден, Абайдың халықшылдардан алыстығы туралы өзінің табан тірер танымының негізін атаса, 8-санында Л. Н. Толстойдың халықшылдарға жақындығын, Абайдың одан алыстығын атап өтеді. Халықшылдар селолық қауымды мадақтап, мұрат тұтып, оның мызғымауын, өзгермеуін қалады. Ал Абай езі жасап отырған қазақ қауымының феод.-патриарх. болмысын, оның күні еткен салт-санасын сынап, ағартушылық жолмен өзгертуді қалады. Сондықтан да: «Түзетпек едім заманды, Өзімді тым-ақ зор тұтып...», - дейді. Осы жолда идеялық сүйенер тірегі «Пушкин бастаған Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Некрасов, Салтыков-Щедрин еңбектерінің Абайға басшылық, ұстаздық әсері ерекше болған» деп арнайы көрсетті. Биограф Абай өмірбаянын жазуға даярлық барысында оған қажетті материал атаулының бәрін де ауызша сөйлесу, әңгімелесу, естеліктер жазып алу, жаздыру жолымен жиналуы себепті, Абай өміріндегі орын алған елеулі де өзекті кейбір оқиғалардың шын болмысын, болған уақытын анықтау үшін үздіксіз ізденген. Бір оқиғаның мерзімін дәл анықтаса, осыған сабақтас болып өткен оқиғалар мерзіміне салыстыра талдау жолымен сенімді болжамдар да жасап отырған. Мыс., зерттеуші Абайдың Қоңыр-Көкше болысын басқарған кезде үстінен жалған арыз түсіп, № 12 іспен тергеуге алыну фактісінің мерзімін анықтауда осы әдісті пайдаланып, көп тер төккен. Ақынның осы іспен тергелуін Абай өмірбаянының 1-нұсқасында 1869-70 ж. болған деген пікір білдірсе, 2-нұсқасында ел аузындағы әңгімелер сарынын таңдау арқылы оның уақытын 1872-73 жылдарға жылжытады. Кейін Алматы, Семей архивтерін жағалай қарастырып, Абайдың Қоңыр-Көкшеге болыс болған жылдарын нақтылы архив деректерімен дәл анықтады. Абайды ірі тергеуге ұрындырған арыздар мен 1877-78 ж. орыс-түрік соғысына байланысты Семей уезі болыстарының архивтен табылған үндеу хатына, әрі онда Абай Қоңыр-Көкше болысы атынан қол қойған деректерге сүйене отырып, ақын өмірбаянының 4-нұсқасында оның № 12 тергелген уақыты-1877-78 ж. деген түпкілікті тұжырым жасайды Осындай аса ірі принциптік мәні бар мәселенің бірі - Абайдың ез елеңдерін топтастыруды тапсырған жолын анықтау болатын. Өмірбаянның алғашқы нұсқасында бұл мерзім 1898 ж. еді деп көрсетілген. Ғалым кейін бүл мерзімді 1891 ж. етіп өзгертті. Әуез қазақ жерінде Абайдай жаңа типтегі ойшыл қоғам қайраткерін тудырған қоғам өміріндегі экономикалық-әлеуметтік ерекшеліктерді еске ала отырып, ақынның ғылыми өмірбаянын жазуда өзі ұстанған, табан тірер методол. мәні бар танымын, езі сүйенген ой қорытындыларының басты негіздерін: «Абай өмірбаяны биографизмнің тар шеңберінен шығарылуы керек. Оның өмірлік, творчестволық жолы реформаға дейінгі әлеуметтік өмірдің нақтылы жағдайларымен анықталған болатын. Осы жағдай жазушының жаңа типін тудырды», - деп көрсетеді. Қазақ әдебиетін зерттеу тарихында текстол. жұмыстар жүргізудің алғашқы қадамы Абай мұрасын зерттеу саласында жүргізілген жұмыстармен бірге туды. 1924 жылдан бастап Абай шығармаларының толық жинағын құрастыруды қолға алған Әуез ақын мұрасын тереңірек танып, түбегейлі меңгеру жолында сүйенер түпнұсқа дерек көздері мен текстологиялық жұмыстар жүргізу қажеттілігін кімнен болса да ерте сезінді. Тұңғыш толық, жинақты құрастыру барысында асыл түпнұсқа ретіндегі Мүрсейіт Бікеұлының қолжазба көшірмесінде хатқа түскен Абай өлеңдері мен әлі де хатқа түспей санаулы кісілер санасында жатқа сақталып келе жатқан, көпшілікке беймәлім шығармаларымен аса күрделі текстол. зерттеулер жүргізу қажеттілігі көлденең тұрды. Мұның үстіне Абай шығармалары әр түрлі жолдармен ел ішіне таралып, әр қилы деректер көзі қабаттасып жатты. Жақсылы-жаманды, ірілі-ұсақты деректер көп жинала келіп, текстол. зерттеулер жүргізуге негіз болатын деректер көзіне айналып та үлгірді. Әуез осы тұста-ақ ақын мұрасы жайлы источниковедение, текстол. жұмыстарымен қатар айналысты. Абай шығармаларын асыл түпнұсқа қалпына келтіру мақсатымен ғалым ақын мұрасын қамтыған деректер көзі мен текстол. зерттеулерді оның өмірі мен шығармалары жайлы ғылыми еңбектер жазу жұмысымен бірлікте жүргізді. Абай мұрасын зерттеген көптеген ғалымдарға қарағанда ол балалық шағында-ақ Абай өмір кешкен рухани ортамен, ондағы ақын өмірін жақсы біліп, шығармаларын жатқа айтатын адамдармен ерте араласты. Абай жайлы деректерді ерте баста меңгеруге әсері болған атасы Әуез жайлы: «Әр нәрсеге Абай үлгісімен, ақынша қарауға тырысушы еді. Абайдың сондайлық ұстаздық, үгітшілдік әсерін мен кішкентай бала кезімнен өз әкелерімнің қалпынан көруіме болушы еді... Сонымен бір қыс, бір жазда Абайды түгелге жақын жаттап шығып едім» - деген аса құнды дерек береді (ӘӘММ архиві, 382-п., 1-6.). Абай шығармаларының түпнұсқасы ретінде 1896 жылдан бастап көшіріліп, қолжазба ретінде тараған Мүрсейіт дәптерлерін Әуез: «Абайдың басылып жүрген таңдамалы өлеңдер жинағы немесе толық жинақтары болса, сол Мүрсейіттің көшірмелері» екенін айта отырып, оның бірқатар кемшіліктерін де атап көрсетті. Олар, кейбір елеңдері орынсыз біріктіріліп, кейбіреулері ретсіз бөлек өлең ретінде берілген; Абай қаламынан тумаған беймәлім өлеңдер де орын алған; ақын шығармаларының жазылу мерзімі, жылдары көрсетілмеген. Әуез ақын елеңдерін жатқа білетін кісілерден 45 елеңді (1086 жол) хатқа түсіріп, қайта тірілтті. Ол Абай шығармаларының 1917 жылғы төңкеріске дейінгі таралу жолдарын да анықтады. Ол жол үшеу:
а) баспасөз арқылы;ә) қолжазба - көшірме күйінде;б) ел арасына жатқа тараған.
Ғалым Абай мұрасын бастапқы асыл түпнұсқа қалпына келтіру жолындағы деректер кезінің Мүрсейіттің 1905, 1907, 1910 жылдардағы қолжазбаларынан соңғы екінші арнасы ретінде Абай өлеңдерінің 1909 жылғы С.Петербургте басылған тұңғыш жинағы мен мерзімді баспасөзде жарияланған басылымдарын атайды. Әуез ақынның тұңғыш жинағын Абай шығармаларын түпнұсқа қалпында жақсы білетін Кәкітай мен Тұрағұлдың әзірлегенін ескеріп, оны ақын елеңдерін қалпына келтіру жолында жүргізіліп жатқан текстологиялық жұмыстардың сүйенер тірегі ретінде бағалайды. Сондықтан да ол өзі бастырған 1933 жылғы жинақта ақынның сол 1909 жылғы тұңғыш жинағын басшылыққа алды. Ғалым 1916 ж. Орынборда Самат Әбішұлы бастырған «Абай термесін» зер сала оқып, ондағы елеңдердің бір-бірімен ауысып жүрген жолдарын көрсетумен қатар, шығарушы қолында белгілі бір қолжазба деректің болғанын айрықша ескертеді. Ә. ақын шығармаларының ауызша айтылуынан баспаға түсіп жариялану жайына да көңіл белді. Абайдың Уфа, Қазан қ-ларында жарық көрген жинақтарына енген шығармалары кептеген текстологиялық ауытқулармен жеткені белгілі. Ғалым ақынның баспадан шыққан алғашқы кітаптарында осындай кемшіліктер барын біле тұрса да, олардан ілерге жарар, тілге тиек етер жеріне мейлінше ықылас беріп, кейбіреулерін толық жинаққа енгізуге ұсыныс жасап отырды. Мыс., Абайдың 1945 жылғы толық жинағына Зейнелғабиден ибн Әміре әл-ЖауҺари әл-Омскауидің 1909 ж. Уфада жарияланған «Насихат-Қазақия» кітабында басылған бір топ Абай өлеңдері ішінен «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек...», «Ал енді жақсы дейміз кімді қалап...» деген атпен басылған екі өлеңін өз қолымен көшіріп енгізген. Бірақ бүл екі елең де белгісіз себеппен бұл жинаққа кірмей қалған. Ақын елеңдерінің әр түрлі нұсқаларын салыстырып қараған ғалым бүл ауызекі жаттаушылар мен көшірмешілер енгізген өзгерістер екенін баса ескертеді. Сондықтан да 1933 жылы: «Абайдың әдетінде бір жазған елеңін қайта түзетіп жазып, қайтадан қарастыру машығы жоқ. Жалғыз ғана «Сегіз аяқ» деген өлеңінің басын қайта бір түрлі қылып айтып еді деген сез барын» айтады. Әуездің Абай шығармаларын бастапқы ақын қаламынан туған қалпына келтіру жолында -атқарған жұмыстары мен текстологиялық ізденістері өмірінің соңғы жылдарына дейін ұласқаны анық. Жазушы: «Абай өлеңдерін биограф ретінде зерттеп жүр едім. Кеп адамның аузынан Абай өлеңдерін жазып алып, бұрын баспа бетін кермеген шығармаларын қырық проценттейін қалпына келтірдім», - дейді. Зерттеуші әуелі 1909 ж. Петербургте басылған түңғыш Абай жинағына енбей қалған Мүрсейіт қолжазбаларындағы ақын шығармаларына назар аударды. Мүрсейіт қолжазбасында бар шығармалардан жинаққа енбеген 17 өлең (626 жол), бір аударма дастан («Вадим»), 45 қарасөз, 1 тарихи шығарма бар екенін анықтайды. Ол бұлармен қатар ешқашан хатқа түспей, мүлде өшуге айналған елеңдері мен ірі дастандары барын да ескертеді. Ақынның мұндай белгісіз елеңдерін қалпына келтіруде Көкбай атқарған қазақ әдебиетінде теңдесі жоқ аса зор тарихи қызметін ерекше бағалады. 1909 жылғы жинаққа небәрі 5399 өлең жолдары енгізілсе, Ә. оны, біріншіден, Мүрсейіт қолжазбасында бар 17 елең (626 жол), 45 қарасөз, 1 тарихи мақаламен толықтырды. Екіншіден, Абай шәкірттерінің, Көкбай сияқты ізбасарларының көмегімен тыңнан 1086 өлең жолын қосты. Сөйтіп, тұңғыш құрастырылған толық жинаққа 62 дербес өлең немесе 1712 өлең жолы жаңадан енгізілді. 1909 жылғы кітапта және 1916 жылғы Самат жинағында ақынның «Ата-анаға көз қуаныш...» деген өлеңі «Тайға міндік...» деп басталатын өлеңімен қосылып, бір өлең ретінде беріліп келді. Өлең шумақтары адасып жүрді. Ә. 1933 жылғы толық жинақта оларды бастапқы түріне келтіріп, екі елеңді де табиғи ез қалпына түсірді. Сондай-ақ Абайдың «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында...», И. А. Крыловтан аударған «Қазаға ұшыраған қарашекпен...» деген өлеңдеріндегі толып жатқан текстологиялық өзгерістердің түпкі нұсқасын анықтап, жол-жөнекей қосылған жасанды сөздерден тазартты. Ал «Масғұт» дастаны Мүрсейітте 124 жол (31 шумақ). Бұл шығарманың 1-бөлімі және тексі түпнұсқадан ауытқымай дәл берілген. Ап, оның 2-белімі 1909 жылғы жинақта мүлде жоқ. Мүрсейіт қолжазбасы мен 1909 жылғы жинақта жоқ қосалқы, 2-бөлімдегі кейіннен табылған 44 жол елең (11 шумақ) Көкбай, Турағұл т. б. жәрдемімен бастапқы қалпына келтіріліп, тұтас бір шығарма ретінде алғаш рет толық жинаққа табиғи түрде қосылуы Әуез еңбегінің жемісі. Әуез ақын шығармаларының жазылу мерзімін анықтау ісінде де айтарлықтай еңбек етті. 1909 ж. жинақта Абай елеңдерінің жазылған жылы шәкірт ақындар тарапынан алғаш рет көрсетілгенімен, тақырыптық жүйемен орналастырылды. 1933 жылғы толық жинақты құрастыру үстінде Әуез ақын өлеңдерінің жазылу мерзімдерін тағы да анықтай түсті де, ғылым тарихында сыннан еткен орыс, Еуропа әдебиеті тарихында кептен қолданылып келген хронологиялық жүйемен беру принципін ұсынды. Асыл түпнұсқа ретінде алынып жүрген Мүрсейіт қолжазбаларында Абай елеңдерінің қай жылы жазылғандығы жайлы мәлімет жоқ. Осы себепті Абай шығармаларының жазылу мерзімін анықтау қажеттілігі 1909 жылғы жинақты баспаға даярлау үстінде алға қойылды. Осы кезден бастап Абай шығармаларының жазылу мерзімін анықтауға ұмтылған әрекеттің екі дүркін жүргізілгенін көреміз. 1-кезең 1908 ж. жүргізілді. Мұнда да Мүрсейіт қолжазбасында бар шығармалар толық қамтылмай, тек 1909 жылғы түңғыш жинаққа енген өлеңдерге ғана алғаш рет жыл мерзімдері қойылды. 2- кезең 1924-27 ж. аралығында жүргізілді. Бұл кезде ақынмен қатар өмір сүрген, кездері тірі өнерпаз шәкірттері Көкбай, ІІІәкәрім, Турағұлдың көмегімен Абайдың түңғыш толық жинағына енген өлеңдерінің жазылған жыл мерзімдері анықталды. 1933, 1939-40, 1957 жылдардағы Ә. қолынан тікелей еткен Абай басылымдарында бәрі 1909 ж. қойылған жыл мезгілдері өзгертілмей сол қалпында қалдырылған. Ал, негізінен, тұңғыш толық жинақтан кейін жарияланған Абай басылымдары түгелдей 1927 ж. Ә. тарапынан қойылған жыл мерзімдерін қолданып келеді. 1933 жылдан бастап басылып келе жатқан Абай шығармаларының толық жинақтарында 21 өлеңде ғана бір жыл ілгері, бір жыл кейінге шегіндірілген өзгерістер байқалады. Ғалымның ақын өлеңдерінің табиғатын тереңірек зерттеу арқылы ішінара өзгерістер енгізген кездері де бар. Мыс., «Жарқ етпес қара кеңлім неғылса да...» өлеңі әуелде шығарылған жылы белгісіз туындылар қатарына жатқызылса, 1957 жылғы толық жинақта 1889 ж. жазылған елеңдер тобына қосылған. Ал, Александр Сергеевич Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан аударылған «Хатыңнан жақсы ұғындым сездің бәрін...» деп басталатын Онегиннің сезін 1952 ж. Пушкин романында айтылатын орнына қарай, басқа аударылған елеңдерінің соңына қалдырмай, ілгері жылжытуды, яғни төртінші орынға қоюды ұсынады. Ә. әсіресе, ақының лирик. өлеңдерін жазылған жылдары бойынша хронол. ретпен көрсетуге ерекше мән берген. Сонымен қатар бір жылда дүниеге келген, молырақ жазылған елең топтарын тақырыптық жағынан жіктей зерттеуге баса көңіл бөлген. Мыс., ғалым 1886 ж. жазылған, ақындық енер жолына біржолата құлай берілген ақын беталысын аңғартатын өлеңдерді тақырыбы жағынан 3 салаға жіктей топтастырып, оларды
1) «Қонақ сыры - қоғамдық мін»2) «Ат сыны, жаз, табиғат»3) «Жас буынға» деп жіліктейді.
Арнау өлең - Абай шығармаларына тән құбылыстардың бірі. Оның қаламынан туған мұндай өлеңдер санының 35-ке жетуі - бұл жанрға ұлы ақынның қаншалықты мән бергенін көрсетеді. Абайдың арнау елеңдерінің жазылу себептері мен оны тудырған жағдайлардың да әр түрлі екені сөзсіз. Бірде мұндай арнаулар аяқ астынан, әр қилы әзіл-сықақ, ажуа-қалжың түрінде туып жатса, кейде олар аса өткір әлеуметтік-саяси тақырыптарға орай шығарылған. Ал, бір топ арнау өлеңдері нысанаға алған нәтижесін тура, тікелей сез етпей, жанама түрде мегзеу арқылы ой түйеді. 1909 жылғы жинаққа Кәкітай мен Турағұл ақынның бұл жанрдағы 5 өлеңін ғана енгізген де, олардың нақты кімдерге арналғанын көрсетпеген. Ақынның мұндай өлеңдері Мүрсейіт қолжазбаларында біршама қамтылса да, олардың кімдерге арналғаны белгісіз қалған. Міне, осындай жағдайда Ә. абайтанушы ғалым ретінде ақынның арнау елеңдерін түгел жинап, олардың кімдерге, қандай жағдайда жазылғанын анықтауға ерекше күш салды. Ғалым ақынның түңғыш толық жинағында 18 арнау елеңге түсініктеме беріп, кейбіреулеріне тиісті жерін де сілтеме арқылы қосалқы мәліметтер де келтіреді. Бұл жұмысы жайлы кейін: «Арнау елеңдерді мен езім жинастырып, көптеген кісі аттарын қалпына келтірдім», - деп жазды. Арнау елеңдер жайлы мағлұматтар 1939-40 ж. басылған толық жинақта молыға түскен. Бұл жинақта ақын арнауларының 23-іне түсініктеме берілген. Ал 1945 жылғы толық жинақта мұндай елеңдер саны 28-ге жеткізілген. Арнау елеңдердің екінші бір тобына жататын «Мен жазбаймын елеңді ермек үшін...», «Сап, сап кеңлім, сап кеңлім...», «Қуанбаңдар жастыққа...», «Мен боламын демеңдер...», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай...», «Жазғытұры қылтиған бір жауқазын...» деген туындыларға Әуез ерекше көңіл бөлген. Өйткені бұл өлеңдерде кісі аты аталмайды, бірақ, жол-жөнекей біреулер сез болып, меңзеумен, ишаратпен ғана білдіретіні аңғарылып тұрады. Осы өлеңдерде жанама түрде сөз болатын адамдар атын Әуез аса білгірлікпен анықтаған. Ғалым өз қолынан өткен Абай басылымдары ғана емес, тіпті кейін табылған арнау өлеңдеріне дейін көңіл бөліп, кезінде өз тұжырымын айтып отырған. Мыс., ақынның 40 жылдары ғана зерттеушілер қолына түскен «Домбыраға қол соқпа...» деген өлеңінің әйелі Әйгерімге арналғанын айтып кеткен. Ә. ақын өлеңдерінің жинақтарында түпнұсқа қалпынан ауытқыған сездер мен кейбір өлең жолдарындағы өзгерістерді бастапқы табиғи қалпына келтіру жолында да жемісті еңбек етті. Қазіргі күнде түпнұсқа ретінде ұсынып жүрген Мүрсейіт қолжазбаларының 3 нұсқасы өлең тексі жағынан бір-біріне деп түсіп отырғанымен, бір кісі қолымен көшірілгеніне қарамай, сөз, сөйлем ішінде, елең жолдарында айырмашылықтар ұшырасып отырады. Сондықтан ғалым Мүрсейіт қолжазбаларының өзіне де сергек текстолог ретінде үлкен талғам, сыншыл ой кезімен қараған. Осындай талап-талғаммен Мүрсейіт қолжазбаларында бар «Бар болса білім...», «Ғаріпке езің рахым ойламасаң...», «Өлеңнің ұйқасы емес іздегенім...», «Кәкітайдан білім ап...», «Ынтық қасиеттерге...», «Мұқамен бір ай жарым ермек қылдым...» деп аталатын елеңдерді ақын жинағына енгізуді мақұл деп таппаған. Абайдың И. А. Крыловтан аударды деген мысалдарының бір қатарына сын кезімен қарауды ұсынған. Абай басылымдарындағы әрбір елеңді өткендегі басылымдармен, басқа да жазба деректермен салыстыра зерттей отырып, соңғы кезде 19 елеңге арнайы текстол. талдау жасаған. Тіпті, 1952 жылғы Абай шығармаларының толық жинағын бастырарда нақты 14 сезге арнайы түзету енгізеді. Абай мұрасының шығыстық белгілері жайлы абайтану саласында Ә-тен бұрын ешкім де мәселе көтермегенін атап айтқан жөн. Ол 1934 жылы-ақ ақын шығармаларының нәр алған бұлақтарының бір саласы - шығыс қазыналары болғанын алғаш рет ашып көрсетіп, терең мәнді соны пікір кетерді. Ақынның жастық шағынан басталып, өмірінің соңына дейін өзекті желідей созылған шығыстық белгілердің Абай дүниетанымы мен шығармаларының көркемдік шеберлігінің эволюц. өсу жолына байланысты әр түрлі кезеңдер әр түрлі деңгейден орын алатынына ерекше ден қояды. Ғалым «Абай ақындығының айналасы» деген зерттеуінде Абай шығармаларының нәр алған үш бұлағын атай отырып, ақын мұрасындағы шығыстық белгілерге ерекше үңіледі. Осы ұш саланың бір қайнары ретінде: «Екінші бір қол артқан қазынасы араб, парсы, түрік тіліндегі Шығыстың көркем классик. поэзиясы» деп көрсеткенде Ә. екі түрлі мәселеге ерекше мән бере қарайды. Оның біріншісі, Абай өлеңдері мен шығыс классиктері арасындағы шығармашылық байланыста, екіншісі, Абайдың ақындық кітапханасының шығыстық жағалаулары. Ғалым ақынның шығыстың рухани қазынасына қол артқанда сусындаған бұлақтары: поэзия классиктері, араб, парсы, түрік мәдениетінің тарихы мен ахлан (мораль) философиясы жөніндегі ғұлама ойшылдар еңбектері болды деп жіктеп көрсетеді. Абай шығармаларының шығысқа қатысы жайлы пікір таласы қыза түскен шақта, 1951 ж. абайтану туралы айтыста Ә. ақын мұрасының аз зерттеліп, кеп талас туғызып отырғанына назар аударып, осыған орай арнайы мәселе көтеріп, Абай мұрасының шығысқа қатысын төрт саланың төңірегіне топтастыруды ұсынды:
1) Абайдың ақындық кітапханасының көлемі мен жайы;2) Абай және шығыс классиктері;3) Абайдың исламятқа қатысы;4) Абай және мораль философиясы.
Осы тарамдардың 1- саласына орай жазушы «Абай жолы» эпопеясының 4-кітабында шығыс әдебиетінің 6, 2- кітабында 16, 3-кітабында 7, 4-кітабында 5 шығарманың атын атайды. Ақынның шәкірттік кезеңде медет тілеп, есімдерін атайтын Физули, Шамси, Сәйхали, Науай, Сағди, Фирдауси, Хафиз елеңдері ғана емес, мектеп-медреседе, мешіттердегі уағызда айтылатын Наху (араб тілі синтаксисі), Фикх (мұсылман правосы), қырық хадис, шарх Ғабдолла, ахлақ (этика), мантиқ (логика), ислам тарихы, суфизм ақындарының шығармаларымен де жақсы таныс болғанын айтады. Абайдың 12, 13, 38 қарасөздеріндегі таратып отырған пікірлерінің кейбір сөйлеу тілі, стилі жағынан жоғарыда аталған оқулық кітаптармен іліктесетінін аша түскен. Ақынның Шығыс сюжеттеріне жазылған қисса, дастандармен қатар Аллаяр Сопы, Махмуд Қашқари, Рашид-ад-дин, Бабыр, Әбілғазы еңбектерін де жақсы білгенін анықтады. Тіпті Абайдың «Білімдіден шыққан сөз...», «Келдік талай жерге енді...» өлеңдерінде Қашқари сөздігінің ұйқасы (-о, -а, -а, -б) мейлінше жетілдіріліп, сапалық өзгеріске ауысқан түрінде көрінгенін дәлелдеді. Әуез шәкірт ақынның үш елеңін: «Иузи;рәушан, көзі - гәуһар...», «Фзули, Шәмси, Сәйхали...» «Әлифби» өлеңін таза еліктеу, бірақ шағатай әдебиетіндегі сопылық сарындағы эротик. лирикадан мүлде бөлек шығыстық белгілер деп таниды. Бала ақын Науаи, Фзули, Сағди, Низами поэзиясындағы шын өмірді жырлап, махаббат сезімін ардақтайтын саланы бағалаған. Абайдың олармен қарым-қатынасын екі кезеңге: шығыс классиктеріне еліктеген жастық шағы (1860-65) мен Абай шығармашылығының марқайған тұсына (1886-90) бөледі. Ақын шығармаларындағы шығыстық белгілердің махаббат лирикасынан, дидактик. елеңдерінен, өсиет-үлгі сарындас өлеңдерінен, әсіресе, қарасөздерінде жүйелі түрде өз танымын желілеп отыратын «толық адам» жөніндегі ой-толғаныстарынан жиі ұшыратуға болатынын ескертеді. Әуез «Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы «ислам діні», - деп көрсеткенде 171 пікірдің түп төркінінде үлкен тарихи шындық жатқанын ескерген. Ғалым бүл ойын екі түрлі тезистік желі негізінде таратады:
1) Абай діні - сыншыл ақылдың шартты діні;2) Абай діні - адамгершілік діні.
Әуез Абай діні - сыншыл ақылдың шартты діні деген ойын, негізінен, 1895 ж. жазылған «Лай суға май бітпес қой өткенге...», «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...» деген философиялық лирикасын талдау үстінде аша түскен. Ғалым Абай шығармаларында жиі кездесетін «Жан» мен «тән» ұғымына, яғни «мені» мен «менікінің» мағынасын талдауға ерекше мән берген. Философтың, әсіресе, қарасөздерінде кеп тоқталған «жанның жарығы», «жан құмары», «тән құмары», «жанның жибили қуаты» деген атауларда оның дінге қатысын танытатын көп сыр жатқанын ескертеді, ақын туындыларындағы хауас мәселесін талдай келе Абай дүниетанымындағы сыншыл бағыттың мұсылмандық шығыстың ғасырлар бойы ой-санасын табындырып келген дүниетанымының негіздерін бұзатынын дәлелдейді. Ал «Абай діні - ақылдың, адамгершіліктің діні» деген тұжырымға ақынның ой толғаныстарының өзекті жемістерін, әсіресе өмірінің соңғы кезеңінде жазылып, терең ойға құрық салған әр түрлі күрделі мәселелер төңірегінде сөз қозғайтын «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» өлеңін талдау арқылы келген. Осы ойлар желісін таратуда Абайдың 27, 38 сөздерінде айтылған пікірлерді де дәлел етеді. Бүл аталған шығармаларда Абай үстірт қараған кісіге діншіл ақын сияқты әсер қалдырғанымен, исламяттың кейбір түбірлі ұғымдарын сыншыл ақыл сынына салып, оны өзіндік таным тұрғысынан адамгершілік дініне айналдырғанына кез жеткізеді. Абайдың әдеби ортасы мен ақындық мектебі жайлы аса күрделі мәселеге Ә. 1934 ж. ақынның қайтыс болуына 30 жыл толу қарсаңында жазған «Абай ақындығының айналасы» деген зерттеу мақаласында алғаш арнайы тоқталады. Ғалым Абайдың әдеби ортасымен бірге сол әдеби ортаның бір бөлігі болып табылатын Абай тұсында ақындық өнер жолына түскен бір топ жастар қаламынан туған әр түрлі жанрда жазылып, белгілі болған көркем шығармаларды да жинастырып, зерттеу керектігін ертерек таныды. Абай шығармаларының баспасөзде жарияланбаса да сол ортада, соңыра бүкіл қазақ даласына әр түрлі жолдармен таралып, танылуына ақын маңындағы өнерлі топтың, яғни ақын, әнші, домбырашы, ертекші немесе оның жырларын кешіріп, жатқа таратушылар айтарлықтай еңбек еткені белгілі. Осы өнерлі жастардың бір тобы Абай бастап, негізін қалаған әдебиет пен қоғамдық ойдағы жаңа бағыттағы ақындық дәстүрді жалғастыра дамытып, оны ез шығармалары арқылы толықтыра түсті. Бүл топтағы ақын-жазушылар Абай бойлай енген батыс, орыс мәдениетіне қарай ойысты. Олардың шығармалары дәстүрлі көшпенді дәуір әдебиетімен кетпей, шын мәніндегі кәсіпқой жазба әдебиет үлгісінде жазылуы тікелей Абай мектебінің тербиелік әсеріне байланысты еді. Ғалым Абайдың «әдебиет мектебінен» өткен ақындар қатарыңда алдымен Көкбайды, ез балалары Ақылбай мен Мағауияны, Әріп, Бейсембай мен Әубәкірді атап, олардың ез беттерімен және Абай ұсынысымен жазған шығармаларына талдау жасады. Ап ақын өмір сүрген дәуірдің рухани тынысын танытатын өнер адамдарымен тікелей байланысын, шығармашылық қарым-қатынасын білдіретін Абайдың ақындық ортасын анықтаған тұста Дулат, Байкөкше, Шөже, Қуандық, Жанақ, Сабырбай, Түбек, Біржан, Марабай сияқты ақын, жырау, әнші, күйші саңлақтарды атайды, бұлардың әрқайсысының Абайдың ақындық жолындағы орны мен ролін ашып көрсетеді.Академик-жазушы Ә. қазақ әдебиеттану ғылымында Абай мұрасын зерттеуді алғаш қолға алып, оның абайтану деген үлкен саласының негізін қалады. Ғалым ақын шығармаларын ұзақ жылдар бойы тынымсыз зерттеу барысында ақынның ғылыми өмірбаянын жазып, Абай өлеңдерінің дерек кездерін анықтап, кептеген текстол. нақты түзетулер енгізді, шығармаларының реалистік шеберлігін талдап, оның шығыс, батыс және орыс әдебиетімен байланысын ашып берді. Абайдың әдеби ортасы мен ақындық мектебі туралы, қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі хақында тұжырымды пікірлер айтты. Атақты «Абай жолы» эпопеясы арқылы Абайдың дара тұлғасын көркем әдебиетте әлемге танытқан Мұхтар Әуезовтың абайтану ғылымының негізін қалап қалыптастыру, ақын мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіндегі қызметі де аса зор.
## Дереккөздер |
Ілебалық – орта ғасырдағы қала. Алматы облысы Іле ауданы Іле өзенінің орта ағысы, қазіргі Қапшағай СЭС-нің жанында болған.
Белгілі зерттеушілер А.Н. Бернштам мен В.В. Бартольд – М.Қашқари мен В.Рубруктың жазба деректерін негізге ала отырып, І-ты Шеңгелді бекінісінің орнындағы “Екі өгіз” қаласы десе, академик Ә.Марғұлан Мұхаммед Хайдардың дерегіне сүйеніп, І-ты өз алдына жеке қала болған деп тұжырымдайды. І. қаласының орны әлі толық анықталмаған.
## Дереккөздер |
Светлана Федоровна Бакирова (1942 жылы туған, Ресей, Амур облысы Свободный пос.) – геология-минералдар ғылыми докторлық (1994), профeссор (1999). Ленинград (1967, қазіргі Санкт-Петербург) химия-фармацевтика институтын бітірген соң Атырау облысы дәріхана басқармасында (1967–1975), Мұнай химиясы және табиғи тұздар институтында инженер, ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1975–1999), ал 1999 жылдан Атырау мұнай-газ институтында оқытушы болып жұмыс істейді. 1993 жылы «Геохимия порфироновых комплексов и микроэлементов в связи с прогнозом качества нефтей (на примере Западного Казахстана)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Бакирова 80-нен астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монографияның, 4 авторлық куәлік пен 1 патенттің авторы.
## Сыртқы сілтемелер
* http://terminal.kzn.ru/page468.htm/show/11868(қолжетпейтін сілтеме)
* http://www.inhp.ru/ru/info/2478.html(қолжетпейтін сілтеме)
* http://old.rsl.ru/table.jsp?f=21&t=3&v0=%D0%93%D0%B5%D0%BE%D1%85%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%8F&f=1003&t=1&v1=&f=4&t=2&v2=&f=21&t=3&v3=&f=1016&t=3&v4=&f=1016&t=3&v5=&cc=a1&i=81&s=2&ss=1003&ce=4
## Дереккөздер |
Тәттіғали Қожанов (1893, бұрынғы Орал губерниясы Жымпиты уезі Қаратөбе ауылы – 1941) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны.
1921 жылы Саратов қаласы түбіндегі Мариинское орта ауыл шаруашылығы училещесін бітірген. 1921 – 28 жылдары Орал губерниясының Орал және Қаратөбе аудандарында уәкіл, учаскелік агроном, Жымпиты уездік атқару комитетінің төрағасы, губерниясы жер бөлімінің меңгерушісі болды. 1928 – 30 жылдары Семей округі жер басқармасының меңгерушісі, округтік комитет бюросының мүшесі, 1930 – 37 жылдары Мемлекеттік жер тресінің директоры, Қазақ АКСР-іЖер халық комиссариаты алқасының мүшесі, Алматы облысы жер бөлімінің меңгерушісі, облысы атқару к-тінің төрағасы, 1937 жылдың желтоқсанынан 1938 жылдың тамызына дейін Қазақ КСР-і егін шаруашылығы халық комиссары, 1938 – 39 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық жер басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 1939 жылы наурызда тұтқындалды. 1941 жылы сәуірде 8 жылға сотталып, Магадан облысында қайтыс болды. 1957 жылы қаңтарда ақталған.
## Дереккөздер |
Геннадий Александрович Вядро (1928 ж.т., Ташкент қ.) – медицина ғылымдарының докторы (1976), профессор (1978), ҚР Халық ағарту ісінің еңбек сің. қызметкері.
Алматы мемл. мед. институтын (1953, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Респ. «Бурабай» санаторийінде дәрігер-ординатор, бөлімше меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары (1953–1964ж.), Ақмола мед. институтында (қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясы) ассистент (1964–1968), доцент (1968–1971) болып істеді. 1971 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
1973 ж. «Профилактика и борьба с осложнениями при резекциях легких у больных туберкулезом» деген тақырыпта доктарлық диссертация қорғады. 82 ғыл. еңбектің авторы.
## Дереккөздер |
ЗАУЫТ-ВТУЗ – КСРО-да ірі өнеркәсіп орындары жанында жұмыс істеген дербес техникалық жоғары оқу орындарының атауы. Зауыт-ВТУЗ өндіріс қызметкерлері арасынан жоғары білімді мамандар даярлау, өнеркәсіп орындарында инженер-техникалық қызметкерлердің білімін жетілдіру, ғылым мен техника жаңалықтарын өндіріске енгізу, т.б. міндеттерді орындады. Қазақстанда ең алғашқы Зауыт-ВТУЗ 1963 жылы Теміртау қаласында Қарағанды металлургия зауытының жанынан ашылды. Оның химиялық-металлургиялық, экономикалық және инженер-құрылысшы факультеттерінде 11 мамандық бойынша инженерлер даярланды.
## Дереккөздер |
Арасан – Жетісу облысы Кербұлақ және Ескелді аудандарының шекарасында орналасқан тау. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта созылып жатыр.
## Жер бедері
Ең биік жері 3800 м-ге жуық. Ал 3500 м-ден жоғарыдағы тау жоталарында жер бедерінің альпілік пішіндері кең дамыған. Мұнда тауаралық кең жазықтар бар. Мұздықтардың көпшілігі дерлік таудың солтүстік беткейінде орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Төменгі палеозой қабаттары кристалдық тақтатас, кварцит, гнейс, әктас, мәрмәр жыныстарынан құралған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Капал-Арасан шипажайы Мұрағатталған 23 желтоқсанның 2011 жылы. |
Таскесім, аншлиф (нем. Anschlіff, anschleіfen – жылтырату) – үлкейтіп көрсететін аспаптар көмегімен танып-білу үшін бір немесе екі жағы да жылтыратылып өңделген тас кесегі. Қаттылығы төмен тау жыныстарынан даярлаған Таскесімді канифоль, самырсын зәмзәмі, акриль шайыры, т.б. дәнекерлеп біріктіріп алады да жылтыратып өңдейді. Таскесімді ұнтақты сынама түйірлерінен дайындағанда оларды біріктірген соң пресс-пішінге салады.
## Дереккөздер |
Іле ботаникалық бағы – ғылыми-зерттеу мекемесі. ҚР Ғылым және білім мин-нің Ботаника және фитоинтродукция ин-ты қарамағында. 1946 ж. Оңт. Балқаш маңындағы шөл және жартылай шөл аймақтарын а. ш-на пайдалану мақсатында Үшжарма шатқалында (Бақанас а-нан 45 км жерде) ашылды. Оның ашылуына акад. Қ.И. Сәтбаевтың ұсынысымен “Іле кешенді базасының” құрылуы себеп болды. Бақ Іле өз-нің оң жақ жағалауында, Балқаш ауданының орт. Бақанас кентінен 2 км жерде орналасқан. Жер көлемі 91 га, оның ішінде табиғи өсімдік жабыны 70,4 га, ол 35 түрлі өсімдік қорынан тұрады. Бұл аймақтың климаты тым континенттік. Жаздың ыстық айларында ауа темп-расы 44С-қа, ал топырақ беті 70С-қа дейін қызады, ауаның ылғалд. 30 – 45% шамасында, қысы қысқа, қары аз, суық. Жауын-шашынның орт. жылдық мөлш. 130 мм, оның басым бөлігі күзде түседі. Топырақ жамылғысы әркелкі, негізінен ашық сұр топырақ басым. І. б. б-нда осы аймақтың табиғат, климат жағдайына төзімді табиғи және мәдени өсімдіктердің түрлерін жерсіндіру, оларды көбейту ғыл. жұмыстары жүргізіледі. Бақ құрылғаннан бері тағамдық, дәрілік, сәндік, т.б. өсімдіктердің 2 мыңнан астам түрлері сұрыпталды, олардың жаңа формалары өсіріліп, сынақтан өтті. Ағаш-бұта өсімдіктерінің 140 түрі мен формалары, жеміс-жидектердің 90 түрі мен сұрыптары, қылқан жапырақтылардың 24 түрі, сәндік, гүлді өсімдіктердің 230 түрі мен формалары іріктеліп алынып, бақта өсіп тұр. Астық, бұршақ тұқымдас, мәдени және табиғи шөптесін, малазықтық өсімдіктердің 120 түрі мен сұрыптары жан-жақты зерттеліп, бау-бақшалық өсімдіктердің жаңа 31 сорты (Слава капустасы, Бизон және Эрлиан томаттары, Возниковский қияры, Шантанэ сәбізі, Куба Король қарбызы, Бухарка қауыны, т.б.) шығарылып, аймақтағы тәлімді, суармалы, саз, сортаң топырақты жерлерге шаруашылық мақсатта енгізілді. Қазір І. б. б-ның жалпы коллекц. қоры 495 таксонды құрайды. Бақтың өндірістік тәлімбағында (питомнигінде) тұрғындардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін алманың, алмұрттың, туяның, қарағайдың, хеномелестің, раушангүлдің, т.б. көшеттері өсіріледі.
*
*
## Пайдаланылған cілтемелер
С. Әбиев |
Ойтоған — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл, Ойтоған ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жансүгіров ауылынан солтүстік-батысқа қарай 50 км жерде, Көлденең өзенінің жағалауында, қуаң шөлейт белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1963-1997 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы қой өсіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде Ойтоғанда және округке қарасты Үлгілі, Бұлан ауылдарында ӨК және бірнеше шаруа қожалығы құрылды.
## Дереккөздер |
Квадратталатын аймақ – белгілі бір (нақты) ауданы болатын аймақ немесе жордан мағынасындағы белгілі бір жазық өлшемі. Аймақтың квадратталатындығының қажетті және жеткілікті шарты: аймақ шекарасы ауданының нөлге тең болуы. Мұндай шартты қанағаттандырмайтын аймақ квадратталмайтын аймақ деп аталады.
## Дереккөздер:
* ''Қазақ энциклопедиясы'', 4-том |
Бейбіт Орынбекұлы Қойшыбаев (20.11.1945 жылы туған, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылы) – жазушы, публицист, ғалым, тарих ғыл. канд. (2002).
Қазақ ұлттық агр. университетін бітірген (1968).
1968-69 жылдары Байқадам кәсіптік-тех. училищесінің оқытушысы, 1969–71 жылдары Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінің “Қазақ ауыл шаруашылығы техникасы” бірлестігінде инженер, аға инженер, 1971–75 жылдары Алматы облысы комсомол комитетінің кәсіптік-тех. білім секторының меңгерушісі болды. 1975–85 жылдары “Қазақстан пионері”, “Білім және еңбек”, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газет-журналдарында жауапты қызметтер атқарды. 1985–87 жылдары Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесі Төралқасы аппаратында Жоғары Кеңес актілерін жариялау тобының аға редакторы болды. 1988–89 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі, 1990–91 жылдары “Денсаулық” журналының бас редакторы, 1991–96 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге Қазақстан әдеби қоры басқармасының төрағасы, “Тіршілік” журналының бас редакторы, “Әдеби қор жаршысы” газетінің бас редакторы, 1997–2001 жылдары “Zaman – Қазақстан” газеті бас редакторының орынбасары болды. ҚР Экономика және сауда министрлігі автор құқығын қорғау агенттігі бас басқармасының бастығы, Алматы облысы көші-қон және демография басқармасында бөлім бастығы қызметтерін атқарды. 2001–03 жылдары “Қазақ энциклопедиясы” баспасында орт. бастығының орынбасары, 2003–07 жылдары “Заңгер” журналының жауапты редакторы, “Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары болып істеді. 2007 жылдан “Жұлдыз” журналының жауапты хатшысы.
Қ. өз еңбектерінде тарихтың “ақтаңдақ” беттерін зерттеуге ден қойды. Шығармалары орыс, беларус, болгар, қытай тілдеріне аударылған. Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, “Құрмет” орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Әбілфайыз Ыдырысов (23.2.1930, Егінсай ауылы, Амангелді ауданы, Қостанай облысы) – жазушы-журналист, педагог, тарих ғылым кандидаты (1972), ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1991), ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері (2004).
Арғын тайпасының Айдерке руынан шыққан.
ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1953). 1953 – 54 ж. “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газеті редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары болып істеді. 1955 – 61 ж. “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. 1961 – 65 ж. “Қазақстан пионері” газетінде бас редактор, 1965 – 93 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде аға оқытушы, доцент, профессоры болды. Ыдырысов осы жылдары газет безендіру, полиграфия ісі, мақалаларды өңдеу және редакциялау шеберлігіне байланысты 20-ға тарта әдістемелік құралдар мен оқулықтар жазып, баспадан шығарды. Публицист-жазушы, педагог Ыдырысовтың қаламынан көптеген ғылыми-зерттеу кітаптары, деректі эссе, хикаяттармен қатар “Айжанның ғашығы” (1965), “Берік” (1994), “Аңсаған менің әнімсің” (2000), “Ақсүйек”, “Кер бұзаудың өлімі” (2004) повестері, “Таңшолпан” романы (2005) жарық көрді. Ыдырысов көптеген орден, медальдармен марапатталған.
Ұлы: Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов
## Дереккөздер |
Орманды тау белдеуі – орманы басым өскен биіктік табиғи белдеу. Орманды тау белдеунің биіктігі таудың қай ендікте жатуына байланысты анықталады; оңтүстіктегі ыстық белдеуден солтүстікке қарай биіктігі біртіндеп төмендейді, экваторлық ендікте 3500 – 4000 м, субэкваторда 3000 м, тропиктерде 2500 м биіктікте. Қоңыржай белдеудегі биік тауға тән ерекшелік – жауын-шашын мол түседі, жазы салқын, қыста қар жамылғысы қалың болады.
Орманды тау белдеуне Қазақстан аумағындағы Алтайдың оңтүстік, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауының биіктік белдеулері жатады. Бұл аймақтарға түсетін жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 500 – 800 мм. Қаңтардағы ауаның жылдық орташа температурасы – 11 – 160С, шілдеде 200С-тан (биіктеген сайын) 70С-қа дейін төмендейді. Іле Алатауының 900 – 1400 м беткейінде жабайы алма, өрік, қайың орманы; 1400 – 2800 м биіктікте Тянь-Шань шыршасынан тұратын қылқан жапырақты орман өседі. Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік беткейіндегі 1200 – 2400 м биіктікте, солтүстік беткейіндегі 800 – 1400 м биіктікте алма, көктерек орманы, 2400 – 3200 м биіктікте Тянь-Шань шыршасы мен майқарағай аралас өседі. Алтай тау жүйесінің 70%-ын тау орманы алып жатыр. 1700 – 2000 м биіктікте жалпақ жапырақты орман, 2200 – 2500 м биіктікте қылқан жапырақты орман (май қарағай, қарағай, самырсын, оңтүстігінде балқарағай) өседі. Мұндағы өсімдік түрлері таудың беткей экспозициясына, топырағына байланысты.
## Дереккөздер |
Абдурашит Ибрагимов, Рашит қазы (1857, Ресей, бұрынғы Тобыл губерниясы, Тара қаласы – 1944, Жапония, Токио қаласы) – Ресей империясындағы түркі халықтарының 20 ғасырдың басындағы азаттық күресі жетекшілерінің бірі, көрнекті қоғам қайраткері, публицист.
## Өмірбаяны
Еділ бойындағы медреседе, Бұхарадағы діни оқу орнында білім алған. 1885 – 92 жылдары Тара қаласында имам, Түмендегі (Тюмень) медресе мұғалімі, 1892 – 93 жылдары Орынбор мұсылмандары діни басқармасында қазы болып қызмет етті. 1893 жылы Түркияға кетті. Онда жүріп шетелдік басылымдар арқылы Ресей империясының отаршылдық саясатын сынға алып, әлем жұртшылығының назарын Ресей мұсылмандарына бұруда елеулі рөл атқарды. 1895 жылы өзінің әйгілі “Шолпан жұлдызы” атты кітабын шығарды. Кітапта мұсылман халықтарының ұлттық-саяси мәселелері көтерілді. 20 ғасырдың басында Ибрагимовтың “Шолпан жұлдызы” Ресейге жетіп, мұсылмандар арасында зор беделге ие болды. Кітап патша тыңшыларынан жасырын түрде қолдан қолға өтіп, мұсылман халықтарының саяси оянуына өз септігін тигізді. 1904 жылы Стамбұл қаласында Ресей өкіметінің шешіміне орай тұтқындалып, абақтыға жабылды. Көп ұзамай мұсылман жұртшылығының талап етуімен абақтыдан босатылып, Қазанда, Перьмде, Уфада, Троицкіде, Қызылжарда отаршылдық саясатқа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Қызылжар (Петропавл) қаласында болған кезінде сол өңірдегі қазақ, татар халықтарының өкілдерін жинап, мұсылмандардың талап-тілектерін тұжырымдап, Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы граф Витте атына өтініш жіберуді ұйымдастырды. 1904 жылы “Автономия” атты кітабы жарық көрді. Онда мұсылман халықтарының азаттық қозғалысындағы басты міндеті автономия алу мәселесі болу керек екендігін атап көрсетті. Санкт-Петербургте “Мират” журналын, ал 1905 жылдан бастап “Үлфәт” және “Тилмиз” атты газеттерді шығарып, Ресей империясы мұсылмандарының саяси-әлеуметтік мәселелерін көтерді.“Үлфәт” газетіне қосымша ретінде қазақ тілінде “Серке” атты газет ұйымдастырды. Газетінің алғашқы саны ғана жарық көріп, Ресей өкіметінің тыйым салумен жабылып қалды. 1905 – 1907 жылдары Бүкілресейлік мұсылман съездерін өткізуге жетекшілік етті. “Ресей мұсылмандары одағы” ұйымының ОК-і мүшесі болды. 1-, 2-Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының қызметіне қызу араласты. 1909 жылы Ресейден кетіп, Шығыс Азия елдеріне саяхат жасады. 1912 жылы Түркияда “Ислам дүниесі” атты журнал шығарды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдары немістерге қолға түскен татар, башқұрт халықтары өкілдерінен патша өкіметіне қарсы күресетін “Азия батальоны” деп аталатын қарулы жасақ құрып, 1916 жылы Юсуф Акчурин секілді қайраткерлермен бірге АҚШ президенті В.Вильсонға (1856 – 1924) телеграф арқылы мәлімдеме жолдады. Онда 1-дүниежүзілік соғыстан кейін Ресей мұсылмандарының тәуелсіздікке қол жеткізу мәселелері айтылған. 1921 – 33 жылдары Египетте, 1934 жылдан Жапонияда тұрды. Токиода мешіт ашып, оның имамы болды.
## Дереккөздер |
Сүмбе — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл, Сүмбе ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шонжы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 22 км жерде, Кетпен (Ұзынқара) жотасының солтүстік-батыс баурайында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1930-1997 жылдары қой өсіретін ұжымшардың орталығы болды. Оның негізінде Сүмбеде және округке қарасты Шошанай ауылында бірнеше шаруа қожалығы құрылды.
## Дереккөздер |
«Шымкент келбеті» газеті – Түркістан облысында 1989 жылы ашылған газет.
«Шымкент келбеті» бір жылдан кейін екі тілдегі екі газетке айналды, бірі қазақ тіліндегі "Шымкент келбеті", екіншісі - орыс тіліндегі "Панорама Шымкента". 1995 ж. газет жанынан ашылған «Балбөбек», «Детский парк» балалар басылымдары бар.
## Дереккөздер |
“Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан” – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының баспасөз органы. 1944 жылы құрылып, “Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Ғылым академиясының хабаршысы” деген атпен шығып тұрды. 1991 жылдан “Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының хабаршысы” деп өзгерді. 2003 жылы 14 ақпанда Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде “Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының хабаршысы” болып тіркелді. Негізгі міндеті: ғылымның дамуының жалпы мәселелерін баяндау, ғылымды ұйымдастыру және жоспарлау, республиканың ғылыми-зерханалық мекемелерінің қызметін үйлестіру мәселелері бойынша материалдарды, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Жалпы жиналысы сессияларының қорытынды материалдарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Төралқасы мен бөлімшелерінің шешімдері мен қаулыларын, ғылыми мақалаларды, жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін, ғылыми конференциялар, кеңестер, мерейтойлық және атаулы күндер материалдарын жариялау. екінші айда бір рет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Қазақстан Республикасының
* Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының
* Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының
* конференциялар |
Ламберт мұздығы — Антарктиданың шығысында орналасқан мұздық, дүние жүзіндегі ірі мұздықтардың бірі. ұзындығы 450 км, ені 30 — 120 км. Бастауын Халықаралық геофизикалық жыл (МГГ) аңғарынан алып, Эймери қайраңдық мұздығына ұласады. 1957 ж. австралиялық ғылыми-зерттеу экспедициясын ашқан Австралияның картографтарының қызметінің жетекшісі Б.П. Ламберттің есімімен аталған. |
Жаркөл – Қостанай облысы Науырзым ауданындағы көл. Шолақсай ауылының оңтүстік-батысында 15 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Ауданы 19,3 км2, ұзындығы 12 км, ені 4 км-дей. Жаркөлдің оңтүстік жағалауы жайпақ, батпақты, оңтүстік-батыс жағалауы тілімделген (жарқабағының биіктігі 1,5-2 м), шығысы - биік жар (5-7 м). Суы мол жылдары оңтүстігіндегі Сарымойынмен жалғасып кетеді. Суы тұзды. Алқабында қамыс, қоға, шалғын шөп өскен. Көктемде мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Таскешу — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан батысқа қарай 29 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1962-97 жылы сүт өндіретін “Қайнарбұлақ” кеңшарының құрамында болып, К.Маркс ауылы аталып келді. Таскешуде шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Софиевка — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл, Софиевка ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 63 км-дей жерде, Сілеті өзенінің жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланды. 1965 – 96 жылдары астық өсіретін кеңшардың орталығы болған. Софиевкада кеңшар негізінде құрылған шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Оспанәлі Иманәлиев (21 желтоқсан 1927 жыл, Талас ауданы, Ойық ауылы – 1997 жыл, Тараз қаласы) – ақын, жазушы. Ысты руынан шыққан.
## Өмірбаяны
* Жамбыл зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын (1948) бітірген.
* Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін (1963) бітірген.
* 1948 – 1958 жылы Талас ауданында зоотехник
* Талас ауданы комсомол комитетінің бірінші хатшысы
* Талас аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі
* Талас аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болды.
* 1963 – 1991 жылы «Социалистік Қазақстан» газеті
* «Ара» журналында бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.
## Шығармалары
* «Тұңғыш кітап» (1963),
* «Отан ұлы» (1964),
* «Тайға міндім» (1965),
* «Қызыл жалау» (1967),
* «Сәуір» (1971),
* «Май – мамыр» (1975) атты өлеңдер жинағы,
* «Бұйрық пен сыйлық» (1966),
* «Безбүйрек» (1968),
* «Соқырішек» (1973),
* «Сыңар кебіс» (1977),
* «Егізбүйрек» (1977) деген әзіл-сықақтары,
* «Байқадам» (1980) повесі,
* «Жаннат жер» таңдамалысы жарық көрді.
* 1980 жылы «Ылғалсыз көктем»,
* 1995 жылы «Аққайың жарды бүршігін» кітаптары жарияланды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Сыншыл, сыршыл қаламгер ұлағаты
* “Бір сөзі мың жыл жүрсе дәмі кетпес”(қолжетпейтін сілтеме) |
Ойшілік — Абай облысы Ақсуат ауданындағы ауыл, Ойшілік ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсуат ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде, Тарбағатай жотасының солтүстік баурайында, Ойшілік өзенінің жағасында орналасқан.
## Тарихы
1963-97 жылдары қой өсіретін “Комсомол” кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде Ойшілікте және округтегі Айнабастау, Ақжол, Есім, Танамырза, Томар ауылдарында ӨК, ЖШС және шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Ор артезиан алабы (Орский артезианский бассейн) — Ақтөбе облысындағы алап. Ор өзенінің сол жағалаулық бөлігінде, Оңтүстік Оралтау мен Солтүстік-Батыс Мұғалжар сілемдерінің арасындағы тектоникалық ойыста қалыптасқан. Негізгі сулы қабат төменгі карбонның, ортаңғы юраның жыныстарында орын алған. Төменгі карбон тұщы суы (минералдылығы — 0,6-1,2 г/л) 40-130 м тереңдіктен шығады, үңғымалардың өнімі тәулігіне 250—4500 м3. Ортаңғы юра суы алаптың шет жақтарында 30-50 м, ортаңғы бөлігінде 200—350 м тереңдікте жатыр. Үңғыманың тәуліктік өнімі — 10— 450 м3. Минералдылығы — алаптың шет жақтарында 0,3—0,2 г/л, ортаңғы бөлігінде және қат-қабатгың төменгі жақтарында 1,5—6,6 г/л-ге жетеді. Карбон шөгінділеріндегі тұщы судың ғасырлық қоры 3- 5 млрд. м3-ге, юра шөгінділеріңдегі тұщы және сәл тұзды сулар қоры 10 млрд. м3 шамасында. Алаптағы егін және мал суаруға жарамды судың болжамдық қоры тиісінше жылына — 10—15 млн. м3 және 40-45 млн. м3.
## Дереккөздер |
Турлену өнері, театр мен кинода – актердің сахнада (немесе кинофильмде) басқа адам кейпінде әрекет жасау қабілеті.
Турлену Өнері актерлік өнердің өзіне тән ерекшелігін айқындаумен қатар оның шығарм. негізі болып табылады. Актер әдетте сахналық (немесе кинематогр.) образ жасауда өзінің дауыс үні мен дикциясын, пластикасы мен темпераментін, оған қоса гримі мен костюмін де пайдаланады. Бұлар актердің Турлену Өнері-н меңгерудегі ең қажетті құралдары болып саналады. Актер кейде өзінің сыртқы түр-тұлғасын шұғыл өзгерту арқылы ойнайтын кейіпкерінің басқаларға ұқсамайтын өзгеше бір сипатын, типтік ерекшелігін ашуға ұмтылады. Бұл сыртқы түрлену өнері деп аталады. Актерлік шығарм-тағы реализмнің ең жоғ. даму сатысы ішкі түрлену өнерімен тығыз байланысты; яғни актер орындайтын қаїарманының ішкі жан дүниесін, ой-сезімін оның түр-тұлғасымен және іс-әрекетімен қабыстыра отырып тұтас сахналық характер жасайды. К.С. Станиславский жүйесінің негізгі бөлімдері осы Турлену Өнері-нің жол-жобасы мен әдістерін зерттеуге арналды. Станиславский сан ғасырлық театр тарихының тәжірибесіне сүйене отырып, рөл үстінде жұмыс істеудің теор. және тәжірибелік негізін жасады. Театр тарихында әрбір рөл сайын өзінің тек сыртқы түр-келбетін ғана мүлдем өзгертіп отыратын актерлермен қатар қандай рөлді ойнаса да өзінің ерекшелік қасиетін сақтайтын белгілі шеберлер болған. Мұның соңғысына сахналық өнерде белгілі тақырыбы мен ұстанған принципі, өмір мен қоғам туралы ой-тұжырымы, дүниетанымы бар суреткерлер жатады. Мысалы, орыс театрында П.С. Мочаловтың, М.Н. Ермолованың, В.Ф. Комиссаржевскаяның, т.б. өнері осы бағытта болды. Батыс Еуропа театрларындағы Турлену Өнері-нің көрнекті шеберлері қатарынан Д.Гаррик, Г.Ирвинг (Англия), Фредерик-Леметр, А.Антуан (Франция), Э.Поссарт, Э.Росси, Т.Сальвини (Италия); орыс театры бойынша М.С. Щепкин, А.П. Ленский, М.Г. Савина, И.М. Москвин, В.И. Качалов, Н.П. Хмелев, В.Н. Пашенная, Н.К. Черкасов, т.б. актерлерді атауға болады. Қазақ театрындағы Турлену Өнері-нің шеберлері: Қ.Қуанышбаев, Е. Өмірзақов, Ш.Айманов, Р. Қойшыбаева, С.Оразбаев, Ф.Шәріпова, т.б.
## Дереккөздер |
Іле көмір алабы, Төменгі Іле көмір алабы, Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас кентінен солт.-батысқа қарай 160 км жерде Іле өз-нің Балқашқа құяр сағасында орналасқан. Алапты “Волковгеология” өндірістік бірлестігі ашқан (1973). 1981 – 87 ж. осы мекеме І. к. а-на барлау жүргізіп, нақты қорын есептеді. Алапта Төменгі Іле, Балатопар, Орта Бақанас және Керіөлең кен орындары бар. Олардың ішіндегі ең ірісі – Төменгі Іле кен орны. Көмірлі түзілімдердің жасы бастапқы-ортаңғы юралық, қалыңд. 50 – 200 м болатын 4 циклге бөлінеді. І, ІІ және ІІІ циклдер тек Төменгі Іле ойысының батыс жарылымдарында тараған. І цикл түзілімдерінде қалыңд. 0,2 – 1,1 м, саны 7 – 10-ға дейін қоңыр көмір линзалары мен қабатшалары кездеседі. Негізгі жұмыстық көмір қабаты ІV циклдің жоғ. жағында орналасып, ойыстың барлық алаңында (ауданы 560 км²) таралған. Қабаттың қалыңд. 1 – 2 м-ден 58,3 м-ге дейін, жатыс тереңд. 160 – 330 м. Ойыстың орт. және оңт.-шығыс бөліктерінде 240 км² алаңдағы қабаттың құрамында тау жыныстары жоқтың қасы (1%-ға жетпейді) және құрылысы қарапайым болып келеді. Көмірлі шоғырды қалыңд. 60 – 80 м, құрамы құм-гравийлі тау жыныстары мен саз қабатшаларынан тұратын ортаңғы юралық түзілімдер жауып жатыр. Балатопар кен орнында қабаттың қалыңд. 21,8 м, жатыс тереңд. 180 – 230 м; Кертбел (Жиделі) ойысында – 22,4 м, тереңд. 400 – 430 м; Орта Бақанаста – 14,1 м, тереңд. 540 – 560 м болады. Алаптың көмірі қоңыр (маркалары Б1 – Б3), фюзен типті, өз бетінше жануға қабілетті, нашар тақталанады. Ылғалд. 23,8 – 44%, күлділігі 10 – 25% (орташа 15,94%). Көмірінің жалпы қоры 10,9 млрд. т. Төменгі Іле кен орнынан ашық және шахталық әдістермен көмір өндіріледі.
## Пайдаланылған cілтемелер
Ә. Байбатша |
Шопан Қонысбаев (1906, бұрынғы Қарағанды облысы Қарсақпай ауданы – 1942, Ржев қаласы) – қайраткер. 1931 жылыМәскеудегі кәсіподақ мектебін бітірген. 1922 – 29 жылдары Қарсақпай мыс қорыту комбинатында, Байқоңыр тас көмір кенінде жұмысшы, жұмысшылар одағы шахта комитетінің төрағасы болды. 1931 – 32 жылдары Қазақстан түсті металлургия жұмысшылар одағының Орталық басқармасы төрағасының орынбасары, 1932 – 33 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпшілер одағы кеңесі төрағасының орынбасары, 1933 – 34 жылдары “Балқашқұрылыс” жанындағы түсті металл өнеркәсібі жұмысшылары одағының төрағасы, 1934 – 38 жылдары Алматы қалалық кеңесі төрағасының орынбасары, төрағасы болды. 1938 жылдың шілдесінен 1939 жылдың сәуіріне дейін Қазақ КСР-і сауда халық комиссары, 1939 – 41 жылдары Ресейдегі “Алтайполиметалл” тресті “Тұрғынүйқұрылыс” басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысып, ұрыста қаза тапты.
## Сілтемелер
* Әдебиет
* Технология
* Инженерия
* Қазақстан
## Дереккөздер |
Жонгерлік өнер– цирк өнерінің бір түрі; үш немесе онан да көп затты белгілі бір ырғақпен лақтырып және қағып алу машығы. Жонгерлік өнердің алғашқы үлгілері Мысыр (Ежелгі Египет), Грекия, Рим, Қытай, Жапонияда пайда болған. Орта ғасырларда оны француз кезбе артистері (қ. Жонглер) жетілдірген. Қазіргі заманғы циркте Жонгерлік өнердің акробатика, эквилибристика, масқарапаз және аң машықтандыру өнерлерімен ұштастырыла орындалады. Көрсетілу орнына қарай жердегі Жонгерлік өнер, ат үстіндегі Жонгерлік өнер, даршылық өнер, т.б. болып бөлінеді. Шеберлер Жонгерлік өнерді жеке немесе топталып та орындайды. 20 ғасырдағы орыс артисі Э.Растели, қазіргі цирктерде А.Н. және В.Н. Кисс, Аберт жонглерлер тобы, Г.Т. Петровский, Н.А. Ширай, К.М. Никольскийлер, ат үстінде ойын көрсетуші Н.Л. Ольховников – осы өнердің көрнекті шеберлері болып саналады. Ат үстінде, қыл арқан үстінде ойын көрсету секілді Жонгерлік өнердің көптеген түрлері қазақ халқының ұлттық ойындарында ертеден бар. 19 ғасырда Шашубай Қошқарбайұлы, Балуан Шолақ, Зәрубай Құлсейітов, Қара Омар, Ағашаяқ ел арасында Жонгерлік өнерімен аңызға айналған (қ. Жәрмеңке думаншылары). Соңғы жылдары А.Әлжанов, Ж.Исияма, М.Қошмағамбетов, т.б. қазақ циркінің артистері Жонгерлік өнердің шеберлері ретінде танылды.
## Сілтеме |
Ақан — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Сарыөзек ауылдық округі орталығы. Іргесі 1926 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Зеренді ауылынан солтүстік-батысқа қарай 55 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, дәрігерлік пункт, сауда орындары халыққа қызмет көрсетеді. Ауыл жанынан Көкшетау — Қостанай автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол бекеті — Қарағай (14 км).
## Дереккөздер |
Кәрима Оралова (1973 ж.туған, Ордабасы ауданы Бадам бекеті) – айтыскер ақын.
Қоңырат тайпасының Құлшығаш руынан шыққан.
Шымкент қаласындағы әл-Фараби атындағы мәдениет институтын бітірген. Республика, облыстық, айтыстарда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. М.Қaсымбаев, А.Әлтаев, Б.Шойбеков, т.б. мықты ақындармен айтысқан.
## Дереккөздер |
Ойық — Жамбыл облысы Талас ауданындағы ауыл, Ойық ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 77 км-дей жерде, Талас өзенінің аңғарындағы шөлді белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1957-97 жылдары аралығында қаракөл қойын өсіретін Ойық кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылы ауылда ЖШС, шаруа қожалықтары құрылған.
## Дереккөздер |
Ғалымжан Ғирфанұлы Ибрагимов (тат. Галимҗан Гыйрфан улы Ибраһимов; 12 наурыз 1887, Сұлтанмұрат, Істерлітамақ уезі, Үфі губерниясы - 21 қаңтар 1938, Қазан) - татар жазушысы және тілтанушы, қоғам қайраткер. Қазіргі татар кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі.
Сұлтанғалиевші деген айыппен репресияға ұшыраған. 24 қыркүйек 1955 жылы ақталды.
М. Жұмабаев, Б. Майлин, Ж. Тілепбергенов т. б. Қазақ жазушыларының ұстазы. Қазақ аулында мұғалімдік қызмет атқара жүріп, қазақ тілін жетік меңгерген ол туысқан халық өмірінен «Қазақ қызы» атты роман жазды. И. Қазақтың ауыз әдебиеті, ұлы ақыны Абай жайында әр тұста аталы пікірлер айтқан. 1916 ж. «Аң» («Сана») журналының 5-санында жарияланған «Тіліміз әртүрлі, ойымыз – бір тұтас» деген мақаласында қазақ халқының бай ауыз әдебиетін ұлы мұра ретінде бағалап, сол мұраны терең зерттеп, игеруге үндейді. «Қазақтар біраз уақыт татар мәдениеті мен әдебиетінен уйреніп келді. Алайда олар кешікпей дербес те даңқты жолға тұседі. Бұл процесті ешнәрсе де тоқтата алмайды», - дейді. Сөйтіп біздің ұлттық әдебиетіміздің жаңа дәуірлеу бағытын ол Абай есімімен байланыстырады. Уфадағы Ғалия медресесінде оқып жүрген қазақ жастарының ана тілінде қолжазба «Садақ» журналын шығаруға көмектескен Ибрагимов «Ешқашан да ешбір халықтың ана тілін тартып алып, оған өзге тілді телу табысқа жеткізіп көрген емес», - деп тұжырымдай келіп, бұған дәлел ретінде Абай поэзиясын келтірген. «Қазір Абай өлеңдері кең-байтақ қазақ даласына кең жайылған. Оларды халық аузынан түсірмей айтып жүреді» деген.
## Дереккөздер |
Мирасбек Нұрғалиұлы Төлепов (1903, қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы – 25.2. 1938, Алматы) – қоғам және мемлекет қайраткері. Ауыл мектебінде, Троицкідегі орыс гимназиясында оқыған. Мәскеу Қызыл профессура институтын бітірген (1932). 1919 – 1921 ж. ауылдық ревком хатшысы, қызыл әскер, Өлкелік комсомол бюросының жауапты хатшысы (Орынбор), Қостанай губревтрибуналы мен губатком алқасының мүшесі, 1921 – 1922 ж. Қазақ АКСР-і еңбек халкомының орынбасары, 1922 – 1927 ж. Қазақ АКСР-і кәсіподақтары өлкелік бюросының қызметкері, КСРО Сыртқы сауда халкоматының Қазақстан және Қытай бойынша уәкілінің орынбасары, Қазақ АКСР-і Сауда халық комиссарының орынбасары, 1927 – 1932 ж. Қызыл профессура институтының студенті, 1932 – 1933 ж. БК(б)П Қазақ өлкелік к-тінің ғылым секторының меңгерушісі және КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі төрағасының орынбасары болып, республикада ғылыми мекемелердің ашылуына үлкен үлес қосты. 1933 – 1936 ж. БК(б)П Алматы және Шығыс Қазақстан обкомдарының екінші хатшысы, 1936 – 1937 ж. БК(б)П ОК-нде (Мәскеу) баспа секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1937 ж. 22 тамызда “халық жауы” ретінде тұтқындалды. 1957 ж. 9 сәуірде ақталды.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том. |
Шаттауық немесе орман жаңғағы (лат. Corylus) – қайың тұқымдасына жататын бұта.
Еуропаның орман белдеуінде, Азияда және Солтүстік Америкада өсетін 20-ға тарта түрі бар. Қазақстанда Жайық өзенінің жағалауларында өсетін бір ғана түрі – кәдімгі шаттауық немесе кәдімгі орман жаңғағы (С. avellana) бар. Биіктігі 2 – 5 м, кейде 8 м-дей болады. Жапырақтары үлкен сопақша немесе домалақ, шеті тілімденген. Тұқымынан, шыбығынан, тамыр атпалары және сұлама бұтақтары арқылы көбейеді. Наурыз – сәуір айларында гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жеміс береді. Бір бұтадан 8 кг-ға дейін жаңғақ алынады. Жаңғақ құрамында 60 – 70% май болады. Жемісі 2 – 5-тен топталып, кейде дараланып өседі; сопақша, қоңырқай түсті, жеуге жарамды. Көлеңкеге төзімді орман жаңғағы ылғал топырақтарда, әсіресе орманның сұр топырағында және қара топырақты жерлерде жақсы өседі. 80 жылдай өмір сүреді.
## Дереккөздер |
Жаркөл қонысы — көне дәуірлерден сақталған қоныс орны. Қостанай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 35 км жердегі кішігірім көл жағасында орналасқан. Мектеп оқытушысы П.С. Загородный көл жағасындағы құмайттан шақпақ тастан жасалған тас құралдар тауып алуы нәтижесінде белгілі болды. Қостанай облысы тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлері тұрақтан табылған тас пышақтар, қырғыштар, жебелер сияқты заттай деректерді зерттей келе ескерткіштің неолит (жаңа тас) дәуірінің соңғы кезеңіне жататынын анықтады. Жаркөл б.з.б. 4 — 3 мыңжылдықтарда солтүстік өлкелерде мекендеген жергілікті аңшы-балықшы тайпалардың ескерткішіне жатады.
## Дереккөздер |
Қызылқайнар — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы ауыл, Қызылқайнар ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде, Талас өзенінің жағалауында.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 22-партсъезд атындағы көкөніс-сүт өндіретін ұжымшардың бөлімшесі ретінде қаланды. Оның негізінде Қазақстанда “Пірімқұлов” ӨК, шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Ауыл атау тау беткейіндегі қызыл тастар арасынан қайнап шығып жатқан бұлаққа байланысты қойылған. Ол бұлақтан қазірге дейін ауыл тұрғындары су ішеді, тұрмыстық қажеттеріне пайдаланады. Ауылдың батыс жағында Талас өзені ағып жатыр. Ертеректе Қоқан ханынан қолындағы бүркіт құсын сыйға беріп тұрып, Қырғыз Алатауының етегінен жер сұрап алған Ұлы жүздің Жаңабай руының атасы Ерденнің қонысы болған.
## Дереккөздер |
Төлес мұнай кен орны — Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағасынан 20 км қашықтықта, Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан. 1947 жылы ашылған.
## Геологиялық құрылымы
Тектоникалық құрылым тұрғысынан кен орны төрт қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алған. Тұз үстіндегі тау жыныстарының қимасындағы мұнайлылығы жоғарғы және төменгі кешендерге жіктелген юра шөгінділерімен байланысқан. Өнімді горизонттардың қалыңдығы 333-561 м.
## Қанығуы, тығыздығы мен құрамы
Кен жинауыштары қойнауқаттық, литологиялық тұрғыдан шектелген, биіктігі 72-88 м, мұнайға қаныққан қалыңдығы 7,3 -20 м, су-мұнай жапсары 639 м. Мұнайының тығыздығы 0,852 – 0,917 г/см3, күкірті аз, парафині 0,65-1,34%. Суының құрамы хлорлы-кальцийлі, минералдылығы 175,5 г/л. Кен орны 1958 жылдан игерілуде.
## Дереккөздер |
Әлім Ыдырысов Акрамұлы (30.10.1939 ж. туған, Қызылорда қаласы) – ғалым, медицина ғылыми докторы (1994), профессоры (1995), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003). 1963 ж. Алматы (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) медицина институтын бітірді. 1966 – 69 ж. осы ин-ттың оперативтік хирургия және топография анатомия кафедрасының ассистенті, 1969 – 80 ж. Ақтөбе медицина институтында доцент, 1984 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетінде кафедра меңгерушісі. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты хирургия (қолданбалы) анатомия және эксперименттік хирургия мәселелеріне арналған. Ыдырысов ішкі органдардың патология жағдайындағы морфо-функционалдық күйінің әр түрлі аспектілері мен оларды реттеуді зерттеді. Құрсақтың қатерлі ісіктері мен қабыну жағдайларын ұзақ уақыт катетер арқылы аймақтық артерия ішілік химия терапиямен және жедел деструктивті (бұзылу) панкреатитті емдеу әдістерін ұсынып, жетілдірді. 160-тан астам ғылыми еңбектің авторы. Ыдырысовтың басшылығымен 3 ғылыми докторы мен 6 ғылыми кандидаты дайындалды.
## Сілтемелер
* Макро-микроциркулярное русло органов живота в условиях внутриартериальной и системной химиотерапии, А., 1999;
* Вопросы морфологии и клиники (Респ. Сборник научных работ), А.]], 1991 – 2002;
* Адам анатомиясы (Атлас), т. 1, Астана, 2005 (ред. жетекшісі). |
Жапсарбай Ілиясұлы Қуанышев (14.5.1954 жылы туған, Алматы облысы Көксу ауданы Мұқыр ауылы) – ғалым, саясаттану ғылым доктары (2001). 1979 жылы ҚазПИ-ді, 1986 жылы Мәскеудегі КСРО ҒА Тарих инститының аспирантурасын бітірген. 1979 – 92 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, 1992 – 96 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде референт, сарапшы, сектор меңгерушісі, 1996 – 2004 жылдары ҚР Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі, 2004 жылдан ҚР Президенті әкімшілік хатшылығының меңгерушісі. Қоғамдық-саяси және ұлтаралық мәселелермен айналысады. Екі монографияның және көптеген ғылыми еңбектердің авторы.
## Сілтемелер
* Тарих
* Ғылым
* Қазақстан
## Дереккөздер |
Құралбек Ордабаев Досжанұлы (6 тамыз 1949 жыл Шымкент қаласында ) – КСРО-лық футболшы, қақпашы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1984).
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
## Карьерасы
«Металлург» футбол мектебінің түлегі (Шымкент). «Қайрат» футбол командасының құрамында КСР чемпионатында 185 ойынға қатысты. 1971 жылғы Халықар. теміржолшылар одағы жарысының кубогы иегері. 20 ғасырдың 70-жылдарындағы еліміздің ең үздік қақпашысы. «Қайрат» командасының бастығы, вице президенті (1992 – 95), Қазақстан футбол ассоциациясының президенті (1996 – 2000). 2002 жылдан «Қайрат» футбол клубының президенті.
## Жетістіктері
### Клубтық
* ХТСО кубогы: 1971
### Жеке
1972 жылы КСРО чемпионатындағы "Жаңа есім" номинациясына ие болды.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Орда Қонған – тарихи орын. Қазығұрт тауының батыс сілемін «Кеме қонған» деп, шығыс сілеміндегі жазықтау келген төбесін «Орда қонған» деп атайды.
Ел аузындағы аңыздарға қарағанда осы бір үстірт көне замандардан бері хан ордасы қонатын орын болған. Тарихи жазбалардағы Византия тарихшысы Менандр Протектордың дерегі бойынша осы маңда батыс түрік қағаны Истеми ханның ордасы болған, сол ордада Византия елшісі Замархты қабылдаған. Жергілікті халық арасында сақталған аңыз әңгімелерде Шыңғыс хан жорықтары кезінде ханның Құланбасыда өткен құрылтайға барар жолында ханның ұлы Жошының ордасы қонған. Бұдан бірнеше ғасырдан кейін Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық жорықтар кезінде Әбілқайыр, Жолбарыс хандардың ордалары да осында қонған көрінеді.
## Дереккөздер |
Тәуекел ханнның Мауереннахрға жорығы, 1598 жылы Бұхар хандығына жасаған. Жорық қарсаңында Абдолла ханға өзінің ұлы, мұрагері Абд әл-Мұмин қарсы шығып, Бұхар хандығында саяси дағдарыс орын алған еді. Осы сәтті пайдаланған Тәуекел хан 100 мыңдай әскерімен жорыққа аттанды. Қысқа мерзім ішінде Сайрам, Түркістан, Ташкент қалаларын басып алып, Самарқандқа қарай жылжыды. Абдолла хан Тәуекел ханды өзіне лайықты қарсылас деп санамай, оған қарсы өз әскерінің бір бөлігін жіберді. Екі жақ әскері Ташкент пен Самарқандтың аралығында жолығып, шайқасқа түсті. Абдолла хан әскері ауыр жеңіліске ұшырады. Бұл оның тез арада әскер жинап, оны өзінің басқаруына мәжбүр етті. Абдолла хан көп әскермен наурызда Бұхарадан Самарқандқа келіп жеткенде кенеттен қайтыс болды. Оның мұрагері ретінде таққа отырған Абд-әл-Мұмин Тәуекел ханға тойтарыс беруге дәрменсіздік танытып, көп ұзамай бүлікшіл әмірлердің қолынан қаза тапты. Бұл жағдай Тәуекел ханның Самарқандты басып алуын оңайлатты. Тәуекел хан Самарқандты алғаннан кейін онда інісі Есім сұлтанды 20 мың әскермен қалдырып, өзі 80 мың әскермен Бұхараға аттанды. Жаңадан таққа отырған билеуші Пір-Мұхаммед қазақтармен ашық шайқасқа түспей, қала қорғанын нығайтты. Тәуекел хан әскері қаланы он бір күн бойы шабуылдап ала алмады. Он екінші күні Бұхараны қорғаушылар шабуылға шығып, Тәуекел хан әскерлеріне ойсырата соққы берді. Тәуекел хан жараланып, қазақ жасақтары кері шегінуге мәжбүр болды. Нақшбандийа ордені шейхтерінің араласуымен екі жақ бейбіт келісімге келді. Бұл келісім бойынша қазақтар Самарқандтан бас тартты. Алайда Ташкент, Сайрам және Түркістан қалалары қазақтар иелігіне көшті.
## Сілтемелер |
Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов (28 сәуір 1959, Қарқаралы, Қарағанды облысы) — мемлекеттік қайраткер, дипломат.
## Биографиясы
1959 жылдың 28 сәуірінде Қарқаралыда танымал жазушы Әбілфайыз Ыдырысовтың отбасында дүниеге келді.
Арғын тайпасының Айдерке руынан шыққан.
Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын урду, хинди, ағылшын тілдерін меңгерген экономист-дипломат мамандығы бойынша (1981), КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын (1992) бітірген.
1981 – 1985 жылдары Пәкістан, Үндістан мемлекеттеріндегі КСРО елшіліктерінде, Қазақ КСР-і СІМ-де жауапты қызметтер атқарды, 1992 – 95 ж. БҰҰ-да Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі болды. Кейінгі жылдары ҚР СІМ-нің Америка елдеріндегі басқарма бастығы (1995), ерекше тапсырма бойынша елші (1995 – 96). ҚР Президентінің көмекшісі (1996 – 97). ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары (1997), департамент директоры, вице-министр қызметтерін атқарды.
1999 – 2002 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі болды. Кейіннен СІМ-нің бірінші вице-министрі, Ұлыбритания біріккен корольдігі мен Ирландиядағы, сондай-ақ Швеция, Норвегия, Дания елдеріндегі төтенше және өкілетті елші қызметтерін қоса атқарды.
2007 жылдан ҚР-ның АҚШ пен Бразилиядағы төтенше және өкілетті елшісі.
2012 жылдың 28 қыркүйегінен бастап ҚР Сыртқы істер министрі. (04.04.2014ж. қайта тағайындалды; 30.04.2015 ж. қайта тағайындалды; 13.09.2016ж. қайта тағайындалды).
28 желтоқсан 2016 жылы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінен босатылды 30 желтоқсан 2016 жылы был қайтадан Қазақстан Республикасының Ұлыбритания біріккен корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
15 ақпан 2017 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлыбритания біріккен корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды .
8 тамыз 2017 жылы Қазақстан Республикасының Исландия және Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
## Марапаттары:
## Дереккөздер |
Ақбейіт — Ақмола облысы Астрахан ауданы, Жалтыр ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Астраханка кентінен солтүстік-шығысқа қарай 30 км, Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 159 км жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1933 жылы Ақбейіт алтын кен орнының ашылуына байланысты қаланған.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, аурухана, қонақ үйі бар. Жақын темір жол бекеті — Астраханка (6 км).
## Дереккөздер |
Төлеу Көбдіков (1874, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданы – 1954, Шар қаласы) – ақын, Қазақстанның халық ақыны (1954).
## Өмірбаяны:
Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан.
Жасынан Абайдан тәлім алған. Ертеректе жазған өлеңдері сақталмаған, кейін тұрмыс жағдайымен Батыс Сібір, Алтай жаққа қоныс аударып, ақындық өнерден қол үзген. 40-жылдардың басында туған жеріне оралғаннан кейін қайтадан өлең шығара бастайды. 1916 жылғы халық азаттық көтерілісіне арналған “Сарыарқа”, “1916 жыл” (1940) атты өлеңдері бар. Соғыс жылдарында ақынның “Жеңіс серті”, “Ұлдарым”, “Төлегенге”, “Жаудан жерім тазарады”, т.б. өлеңдері газет-журналдарда жарияланып тұрды. Соғыстан кейінгі жылдары еңбек тақырыбына арналған “Абай тойы” (1945) поэмасы мен “Қазақстан” (1946) атты көлемді толғауы дүниеге келді. 1943 ж. облысаралық ақындар айтысына қатысқан. Мұқаш ақынмен әзіл айтыс жасап, кейін Уәйіспен, Нұрлыбек Баймұратовпен (1944) сөз сайысына түскен. Төлеудің “Алып күшті Отаным” (1948), “Өмір жыры” (1953), “Өлеңдер” (1955), “Жырларым” (1975) атты жыр жинақтары жарық көрген.
## Дереккөздер |
Таскөл мәрмәртас кен орны – Ақмола облысы Астана қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км қашықтықта орналасқан. Кен орнын 1963 жылы геолог Н.А. Беряльцев ашқан.
## Геологиялық құрылымы
Майбалық антиклиналдық белдемінің шығысымен ұштасқан кен денесі көне ордовик кезеңінің карадок ярусында шоғырланған ұсақ түйіршікті қызғылт, қызғылт сұр, сұр, күңгірт сұр және қара түсті тығыз мәрмәр қосылған әктастан тұрады. Кеннің астыңғы қабатында негізді порфириттерден және олардың өзара қабаттасып жатқан туфтар мен туфқұмтастардан тұратын жанартаутекті-шөгінді тау жыныстары және қалыңдығы 20 м-дей болатын конгломераттар қатқабаттары орналасқан.
## Жатыс сипаты
Кен шоғырлары оңтүстік, оңтүстік-батыс және солтүстік деп аталатын үш телімнен тұрады. Оңтүстік телімнің ұзындығы 260-620 м, ені 300-500 м, қалыңдығы 34 м. Бұл шоғыр кен орны қорының 66%-ын құрайды. Оңтүстік-батыс телімнің ұзындығы 400 м, ені 300 м, қалыңдығы 33 м, жалпы кен қорының 21%-ын құрайды. Солтүстік телімнің ұзындығы 700 м, ені 400 м, қалыңдығы 36 м (қор мөлшері 13,5%).
## Физикалық-химиялық қасиеттері
Кеннің физикалық-химиялық қасиеттері: су сіңіру мөлшілері 0,08%, кеуектілігі 0,5%, майдалануы 0,5г/см2, құрғақ күйінде 1420 кг/см2, ал суға қаныққанда 1415 кг/см2 қысымға шыдайды. Мәрмәр тастардан тақталар, ұсатылған әрлеу тастары, т.б. алынады. Сапасы жоғары, мемлекеттік баланстағы қоры 6429000 т, ұсақ тастар қоры 28762000 т-ға тең. Кентасты басты тұтынушылар Астана, Алматы, Екібастұз тас өңдеу зауыттары.
## Дереккөздер |
Хасен (Хасан) Қошанбаев (1896, қазіргі Ақмола облысыАтбасар ауданы – 1938) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1912 жылы орыс-қазақ училещесін, 1914 жылы педагогика курсын бітірген. 1914 – 21 жылдары Атбасар уезіндегі 1-телімнің бітімгершілік сотында, “Бірлік” тұтынушылар қоғамында қызмет істеді. 1922 – 23 жылдары Ақмола губерниясының трубинал тергеушісі, азық-түлік комиссарының орынбасары, 1923 – 25 жылдары Ақтөбе губерниясы азық-түлік комиссары, 1925 – 29 жылдары Семей губерниясы сауда бөлімінің төрағасы, 1929 – 31 жылдары Қазақ өлкелік тұтынушылар одағы басқармасының төрағасы, 1931 – 32 жылдары Бүкілодақтық “Астық” бірлестігінің Қазақстан бойынша уәкілі, 1932 – 33 жылдары Батыс Қазақстан облысы атқару комитетінің төрағасы болды. 1933 – 35 жылдары Қазақ КСР-і жеңіл өнеркәсіп халық комиссары, КСРО жеңіл өнеркәсіп халық комиссарының Қазақстан бойынша инспекциясының бастығы, 1935 – 37 жылдары Алматы облысы Кеген ауданы комитетінің хатшысы, Қызылорда ауданы атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1937 жылы наурызда тұтқындалып, атылды. 1958 жылы мамыр айында ақталған.
## Сілтемелер
* Тарих
* Технология
* Инженерия
* Қазақстан
## Дереккөздер |
Ордабасы Алаңы– Шымкент қалалық атқару комитетінің 1991 жылғы 3 желтоқсандағы шешімімен бұрын Куйбышев аталып келген алаң қазақ халқы бірлігінің нышаны ретінде Ордабасы алаңы деп аталды. Осы алаңда түйісетін бұрынғы Комсомол, Совет, Базар деп аталатын үш көшеге қазақтың әйгілі үш биі – Төле, Қазыбек, Әйтекелердің есімдері берілді.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Махмет Ибатоллаұлы Құлмағамбетов (20 шілде 1930 жыл, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы) – кеңестік тоталитарлық жүйеге қарсы шыққан диссидент, журналист. 1954 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің философия факультетін бітірген. 1954–1957 жылдары Чарджоу қаласында (Түрікменстан) педагогика институтында, 1957–1958 жылдары Фрунзе (Бішкек, Қырғызстан) қаласында институтта оқытушы, 1958–1959 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының философия институтының ғылыми қызметкері болды. Оқытушылық қызметі кезінде марксизмге партиялық тұрғыдан берілетін түсіндірулермен келіспейтіндігін танытып, коммунистік партияны ашық сынады. Сонысы үшін арнайы органдар тарапынан бақылауға алынып, педагогика-ғылыми жұмысты тастауға мәжбүр болды. 1962 жылы қараша айында антикеңестік насихатпен шұғылданды деген айыппен тұтқындалды. Мордовиядағы саяси тұтқындар лагерінде жеті жыл отырған ол, 1969 жылы Коми АКСР-на жер аударылды. Айдаудан босанған соң, 1974–1975 жылдары БАМ-да (Чульман с.), 1975–1977 жылдары Коми АКСР-нда, 1977–1979 жылдары Харьков қаласында (Украина) еңбек етті. 1979 жылы желтоқсанда Израильге шақырылуына орай (әйелі еврей қызы) шет елге кетіп, 1980 жылы қыркүйектен 1995 жылы маусымға дейін Батыс Германиядағы “Азаттық” (ГФР, Мюнхен қаласы) радиостанциясының орыс және қазақ редакцияларының тілшісі болды. Махмет Ибатоллаұлы Құлмағамбетов шет ел радиосынан жүргізілген хабарларында кеңес өкіметінің отаршылдық сипатын жүйелі түрде әшкерелеп тұрды, сонысы үшін тарихи отанында идеололиялық дұшпан санатына жатқызылды. 20-ғасырдың 90-жылдарындағы демократиялық өзгерістер кезінде ақталып, ол туралы объективті мақалалар жарық көре бастады. Диссидент ретінде есімі тарих оқулықтарында аталып жүр. 1995 жылдың шілде айынан зейнеткерлік демалыста. Мюнхенде тұрады.
## Сілтемелер
* Журналистика
* Диссидент
* Редакция
* Газет
## Дереккөздер |
Алқасор — Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы көл. Қорғалжын ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 328 м биіктікте жатыр. Аумағы 6,6 км2. Ұзындығы 9,4 км, ені 2,6 км. Жағалау бойының ұзындығы 25,3 км. Су жиналатын алабы 74,6 км2. Жағалауы жазық, түбі лайлы. Қар суымен толысады. Суы ащы. Қуаң жылдары кеуіп қалады.
## Дереккөздер |
Рауф Хафизұлы Ақбердин (1929 жылы туған, Көкшетау қ.) — журналист.
* Көкшетау қаласындағы Қазақ педагогикалық училищесін (1945)
* Қазақ мемлекеттік университетті (1952) бітірген.
* Баспада, педагогикалық училищеде, мектепте оқытушы болып жұмыс істеген (1945 — 58).
* Көкшетау ауданы «За коммунизм» газетінде редактор (1958)
* Көкшетау облысы «Степной маяк» газетінің бас редакторы (1980).
* КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты
* Татар мәдени орталығының төрағасы болған.
* Қазақша-орысша сөздіктің (экономика терминдерінің), «Көкшетау» жинағының авторы.
* «Құрмет белгісі» ордені, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Жоңғар, жунгар, зюнгар – 1) Шыңғыс хан әскерлерінің сол жақ қанаты. Оң қанат – бурунғар (бұраңғар) деп аталған. Жоңғар атауы 12 ғасырдың аяқ кезінен бастап белгілі. Шыңғыс хан өз әскерін топтаған кезде сол қол немесе сол қанат (шығыс жақ), яғни Жоңғар басшысы етіп жалайыр тайпасынан шыққан Мұқалыны тағайындаған. 1215 жылы өзі Қытайға жасаған жорығынан қайтқан кезде ол елді әрі қарай жаулай беру үшін Мұқалыны 10 мың (кейбір деректерде 23 мың) жасағымен қоса орнына қалдырып кетеді. Мұқалы Шыңғыс хан империясының Қытайдағы әскерлерінің бас қолбасшысы болып, жаулап алу жорығын әрі қарай жүргізе берді. Ал бейбіт уақытта жергілікті билеушінің міндетін атқарды. Әскер мен ру-тайпалардың осылайша бөлінуі Шыңғыс хан империясы тарап кеткеннен кейін де Орталық Азия халықтарында көпке дейін сақталып қалды; 2) Төрт ойрат тайпасы одағының 17 – 18 ғасырлардағы жалпы атауы; қ. Жоңғарлар.
## Сілтеме |
Құлмұхаммед (Құлмамбет) – Тәуекел ханның 1594 жылы Мәскеуге жіберген елшісі. Құлмәмбет өкілдігі Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығының арасындағы саяси байланыстың дамуына негіз болды. Құлмәмбеттің мақсаты қазіргі қару-жарақпен қазақ жауынгерлерін қаруландыру туралы Ресеймен достық келісім шарт жасау болатын. Құлмәмбет сол кездегі Ресей мемлекеті жауласып жүрген Бұхар ханы Абдаллах ханға қарсы қазақтардың әскери шабуылдары жалғасатынына Мәскеуді сендірді. Абдаллах Көшімге көмек бере алмайды деген сөз, яғни бұл Мәскеуді толығымен қанағаттандырды. Тәуекелге қазақ хандығы " патшаның қол астына кіруге" келісетін болса ғана қаруландырамыз деген уәде берілген. Орыс патшасының бұл ойы Тәуекелге ұнамады. Құлмәмбеттің ізінше 1595 ж. қаңтарда Ресейден Қазақстан еліне барлаушылық мақсатпен В.Степанов елшілігі келген.
## Сілтемелер
* Елші
* Қазақ хандығы
* Киев кінәздігі
* Қазақстан
## Дереккөздер |
Ойық – қазақ халқының құрамындағы рулар бірлестігі. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамындағы ысты тайпасына кіреді. Ойық: Есім , Малай , Таз , Құланшы деген төрт тармаққа бөлінеді. Келесі бір шежіре бойынша ойықтан Сәтек, Көкшекөз, Қызылқұрт, Ауызүсіген аталары тараған. Ежелден ойық рулар қауымдастығына кірген рулар Жетісу, Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау өңірін, Талас, Іле өзенін бойын мекендеп келеді. Ұраны – “Жауатар”, таңбасы – көсеу (/).
## Ішкі сілтемелер
* Ұлы жүз
## Сыртқы сілтемелер
* Оңтүстік Қазақстан Мұрағатталған 13 мамырдың 2021 жылы.
## Дереккөздер |
Қалап Құлсартов (1899, бұрынғы Орал губерниясы Қараағаш болысы – 1938) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1915 жылы Бөкей Ордасындағы 2 сыныпты орыс-қазақ училещесін, 1928 жылы Мәскеудегі коммунистік университеттің 2 курсын бітірген. 1916 – 28 жылдары Бөкей, Орал губернияларында лауазымды қызметтерде болды. 1928 – 32 жылдары Сырдария және Павлодар окр. к-ттері ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Түркістан ауданы к-тінің хатшысы, 1932 – 33 жылдары Түркістан облысы 2-хатшысы, облысы атқару комитетінің төрағасы, 1933 жылдың қазанынан 1936 жылдың шілдесіне дейін Қазақ АКСР-і денсаулық сақтау халық комиссары, 1936 – 37 жылдары Қарағанды облысы оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1937 жылы желтоқсанда тұтқындалып, 1938 жылы атылды. 1957 жылы желтоқсанда ақталған.
## Сілтемелер
* Саясат
* Репрессия
* КАРЛАГ
* ГУЛАГ
## Дереккөздер |
Ақжар – Сілетінің оң саласы.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Целиноград және Ерейментау аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 55 км. Су жиналатын алабы 75 км2.
## Бастауы
Бастауын Аршалы ауданының солтүстігіндегі ұсақ шоқылардан алып, Сілеті өзеніне сағасынан 32 км жерде құйылады.
## Гидрологиясы
Өзен алабының жер бедері белесті-қыратты жазық. Топырағы - сортаңды қызыл қоңыр. Жауын, жер асты суларымен толығады. Мұз құрсауы 115 -125 күн. Суын Аршалы, Целиноград және Ерейментау аудандары шаруашылықтары қажеттіліктеріне пайдаланады.
## Дереккөздер |
Али Файзулла Ходжаұлы Ибрагимов, лақап есімі Али Ардобус (15.1. 1900, Қызылорда қаласы – 9.11. 1959, Өзбекстан, Ташкент) – биші, балетмейстер. Өзбекстанның (1944) және Қарақалпақстанның (1954) еңбек сіңірген артисі.
Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады. 1919 жылдан актер, режиссер, әнші, музыкант ретінде Ташкент қаласында музыка және драмма театрларында өнер көрсетті. 20 ғасырдың 20-жылдары Ташкенттің балет студиясында оқып, хореограф білім алды. 1933 – 34 жылдары Қазақ музыкалық театрының (қазіргі Қазақ опера және балет театры) балетмейстері болып, ұлттық балет өнерінің негізін салуға үлес қосты. Бірнеше пьесаның авторы. 1930 жылы “Тау қырандары” атты ән мен би этнографиялық ансамблін ұйымдастырып, гастрольдік сапарларға шыға бастады. Ибрагимов театр сахнасында бірінші болып Е.Г. Брусиловскийдің “Айман-Шолпан”, “Шұғаның белгісі” музыкалық спектакльдерінде (1934), “Қаражорға”, “Қоян-би”, “Келіншек”, “Соқыр теке”, “Ақсүйек”, т.б. қазақтың ұлттық билерін, сондай-ақ, ұйғыр театрында (Д.Әсімов пен А.Садыровтың “Анархан” музыкалық спектаклінде, 1934) да ұлттық билер қойды. 1943 жылдан бастап Ш.Жиенқұлованың концерттік номерлерін, Қазақ филармониясының балет труппасында Орта Азия халықтарының биін қоюшысы болды.
## Дереккөздер |
Іле сасыры (лат. Ferula iliensis) – шатыршагүлділер тұқымдасының сасыр туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Шолақтау, Бөгеті, Сөгеті тауларындағы кеуіп қалған өзендердің арналарында, құмды-тастақты жерлерде, су жырған жіңішке арналарда кездеседі. Биікт. 1 м-дей, сабағы жуан,ұшы жиі бұтақталған. Жапырағының үстіңгі беті түксіз, астыңғылары – сұрғылт түкті, ерте қурап қалады, жалпақ, үш қайтара қа-уырсынды тілімденген, сабаққа кезектесіп орналасады. Гүлдері қос жынысты, аталығы – бесеу, аналығы – біреу. Тостағанша және күлте жапырақшаларының саны бесеуден, күлтесінің түсі бозғылт сары. Гүлдері шатырша гүлшоғырына топталған. Әр шатырында 10 – 15-тен гүлі болады. Тұқымынан көбейеді. Мамыр айында гүлдеп, шілдеде жеміс салады. І. с-ы – жойылып бара жатқан, өте сирек кездесетін, реликті, эндемикті өсімдік ретінде қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Пайдаланылған cілтемелер
Әдеб.: Красная книга Казахстана, ч. 2, А.-А., 1981.Р. Әлімқұлова |
Ақкөл – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы көл.
## Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 374 м биіктікте орналасқан. Көлемі 2,8 км2, ұзындығы 2,2 км. Енді жері 1,6 км, жағалау бойының ұзындығы 6,4 км. Ең терең жері 1,6 м, су көлемі 3,2 млн. м3. Су жиналатын алабы 33,8 км2. Оңтүстік және шығыс жағалаулары көтеріңкі келген. Жағаларында қамыс және құрақ өседі. Түбі тегіс, тұнбалы. 5,5 ай (қараша — сәуір) мұз құрсауында болады. Басқа уақыттарда құрғап қалады. Суы тұщы, мал суаруға, шаруашылыққа пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ордабасы Оттары – аудандық газет. 1935 ж., алғашында «Социалистік жол» 1965 жылдан Бөген ауданы және Арыс қалалық «Комунизм таңы» – «Заря коммунизма» болып жарық көрді. 1992 жылдан бастап бүгінгі атауымен шығып келеді. Аптасына бір рет 8 бет болып шығады.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Ақкөл — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Ақкөл ауылдық округі орталығы. Іргесі 1946 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Зеренді ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км-дей, облыс орталығы — Көкшетау қаласынан шығысқа қарай 10 км-дей жерде.
## Халқы
Орта мектеп, балабақша, пошта, кітапхана, үш дүкен, наубайхана, жиһаз цехы, мешіт бар. Ақкөл арқылы Астана-Омбы, Астана-Петропавл автомобиль жолдары өтеді.
## Дереккөздер |
Шортанды – Ақмола облысы Щучинск қалалық әкімдігі аумағындағы көл. Щучинск қаласынан солтүстікте 2,5 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 397,5 м.
## Гидрографикасы
Ауданы 18,6 км2, ұзындығы 7,2 км, ең енді жері 3,7 км, орташа тереңдігі 14,1 м. Көл аласа төбелер арасындағы аңғар тәрізді қазаншұңқырда жатыр. Жағалауы шығысында жатық, құмды. Төбенің бедері кедір-бұдыр, негізінен лайлы, оңтүстік-батыс бөлігі құмтасты. Көлдің оңтүстік-батыс бөлігінде тастақты келген 3, солтүстік батысында бір арал бар. Алабы төбелі ұсақ шоқылардан тұрады, қарағай орманды.
1920 жылға дейін Қылшақты өзені ағып шығатын көл қазіргі күнде деңгейі төмендеуіне байланысты ағынсыз. Жауын-шашын, жер астынан шыққан көптеген бұлақтар суымен толығады. Суының минералдылығы 300 – 600 мг/л. Суын Щучинск қаласы пайдаланады. Балық ауланады.
## Дереккөздер |
Құн заңы– тауар өндірісі жағдайында өндірушілер арасындағы байланыстарды, қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттейтін объективті экономикалық заң. Бұл заңға сәйкес тауарлар өзінің құны негізінде өндіріліп айырбасталады, ал бұл құнның шамасы қоғамдық қажетті шығындармен өлшенеді.
## Сілтемелер
* Валюта
* Ақша
* Заң
* Қазақстан
## Дереккөздер |
Ордабасы жиыны, Ордабасы құрылтайы – 1726 жылы Қазақтың үш жүзі өкілдерінің Бадам өзені бойы Ордабасы тауындағы тарихи бас қосуы. 18 ғасырдың басында қазақ жеріне баса-көктей кіріп, бейбіт елді қырып-жойып, қасіретті “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” апатына душар еткен жоңғар басқыншылығына қарсы күрес ұйымдастыруға арналған халық құрылтайына Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Жолбарыс хандар мен Төле би, Қазыбек би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылары мен батырлары қатысты. Онда жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру және қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе қаралды. Ордабасы жиынында Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып тағайындалды. Жиынға қатысушылар өз қимылдарын үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді және алдағы елді азат ету үшін жүргізілетін шайқастардың жоспарын жасады. Осы жолғы қазақтың үш жүзінің тізе біріктіріп, бас қосқан іс-қимылдарының нәтижесінде қазақ халқы 1727 жылы жоңғарлармен болған Бұланты-Білеуті шайқасы мен 1729 – 1730 жылдардағы Аңырақай шайқастарында жеңіске жетті. Қазіргі кезде осы тарихи жиынның белгісі ретінде Ордабасы төбесінде қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін көп еңбек сіңірген атақты Үш биге ескерткіш орнатылған.
## Дереккөздер |
Ілиясов Әбдіразақ Надырұлы (27.10.1957 ж. т., Ақтөбе облысы Алға қ.) – әскери қайраткер, ген.-майор (2003). КСРО Мемл. Қауіпсіздік к-тінің Жоғары шекара уч-щесін (1979), М.В. Фрунзе атынд. әскери академияны (1988), РФ Қарулы Күштері Бас штабының әскери академиясын (2001) бітірген. 1979 – 93 ж. КСРО-ның Шығыс шекара окр-нде, Қазақ КСР-і шекара әскерлерінде басшылық лауазымдарда қызмет етті, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысты. 1993 – 98 ж. Шонжы шекара жасағының бастығы, 2000 – 02 ж. “Оңтүстік” өңірлік басқармасының бастығы болды. 2002 жылдан ҚР ҰІК шекара қызметінің “Шығыс” өңірлік басқармасының бастығы, 14 медальмен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер
К. Серікбаев |
Сүмбіле немесе Сириус (лат. Sirius), сонымен қатар Үлкен Арлан шоқжұлдызындағы α жұлдыз (лат. α Canis Majoris) — Үлкен Арлан шоқжұлдызында, аспанның орталық жарты шарына орналасқан, (Қазақстанда қыста шығыс оңтүстік аспаннан көрінеді) жерден қарағанда ең жарық көрінетін жұлдыз. Белгісі - Bd:α CMa.
Сүмбіленің жалтырауы 1,46 жұлдыздық шамаға тең болып, екінші жарық жұлдыз Канопуске қарағанда екі есе артық жарқырайды. Оның ағылшынша аты Sirius /sɪɹiəs/, ол ежелгі грекше Σείριος сөзінен келген. Оның Байер белгілемесіндегі аты - Үлкен арлан шоқжұлдызындағы α жұлдыз. Көзімізге сүмбіле бір тұрақты жұлдыз болып көрінгенімен, ол шынтуайтында Қосаржұлдыз болып есептеледі. Ол спектрі A1V болған ақ негізгі тізбек жұлдызы мен спектрі DA2 болған күңгірт ақ ергежейлі серігі Сүмбіле B дан құралады(Bd:α CMa B).
Сүмбіленің басқа жұлдыздардан өте жарық көріну себебі оның жарық шамасының жоғарылығынан ғана емес, және оның жерге өте жақындығынан болған. Ол күнге жақын жұлдыздардың бірі есептеледі. Сүмбіленің Күннен қашықтығы 2,6 парсек (8.6 жарық жылы). Сүмбіле диаметрі жағынан Күннен екі есе үлкен, жарқырауы Күн жарқырауынан 25 есе артық.
Сүмбіле Қосаржұлдызы 200 - 300 млн жылдық тарихқа ие. Ол әу бастан-ақ екі көк түсті жарық жұлдыздан құралған. Жоғары энергияға ие Сүмбіле B өз энергиясын сарқып, алып қызыл жұлдызға айналған және сыртқы қабатынан үздіксіз жеміріліп, осыдан шамамен 120 млн жыл бұрын қусырылып қазіргі Ақ ергежейліге айналған екен.
## Қазақ астрономиясындағы Сүмбіле жұлдызы
Қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, тәжік, парсы, пуштун (Ауғанстан) күнтізбелерінде Сүмбіле жұлдызы 31 күндік зодиак айы саналады.
Ол тамыздың соңы, қыркүйектің басы аралығына Қазақстанның түңгі аспанында пайда болады. Ол Қиыс Оңтүстік (шығыс оңтүстік) аспанынан қыс бойы сәулесін шашып тұрады. Қазақ халқы бұл айдың алғашқы жартысын “Лақ Сүмбіле”, екінші жартысын “Теке Сүмбіле” деп атайды.
Тамыз айында Сүмбіленің суы жүреді, сондықтан да қазақтар "Сүмбіленің суы жүріп пе екен?" – деп сұрайтын болған. Сүмбіле жаңбыры болып өткен жердің көдесінің түбі көк, малға от болады деп, жылқыны қыста сол жерге тебіндеткен.
Қазақта "Сүмбіле туса су суыр, Таразы туса таң суыр" деген сөз бар. Яғни, қыркүйектің соңғы онкүндігінде күз келеді. Жауын басталады. Сүмбіле жұлдызы туған шақтан бастап өзен-көлдердің суы ептеп салқындай бастайды. Сүмбіленің аспанда көрінуі елімізде қыстың алғашқы лебімен тұспа-тұс келеді.
Сүмбіле туған соң суда сүлік өле бастайды. Және "Сүмбіле туса сұмпиып,ат тойынар құнтиып" деген сөз бар. Бұл сүмбіле тууымен күн салқындап , жылқы баласына шыбын-шіркейсіз мезгіл басталатынын, әсіресе суда сүлік өліп, жылқылар жақсы жайыла бастайтынынан болса керек.
"Сүмбіле жұлдызы туғанда жарқырап,Құлынның үлесін биеден тартып ап.Ел қымыз ішкені,Қаздардың қайтқаны,Сол қайтқан қаздардан қыс сәлем айтқаны.Жабырқап қалғаны аққудың құт көлі – Жап-жасыл жайлаудың қызығы біткені.Көтеріл, қыпшақтар,Үй жықсын ұл-қызың...Қолында өледі Сүмбіле жұлдызы."(Олжас Сүлейменов,«Сен – менің кейіпкерімсің», Қадыр Мырзалиев аударған)
## Бақылау-өлшеу тарихы
Ең ежелгі астрономиялық жазбаларда Сүмбіле туралы айтылған, оны ежелгі мысырлықтар Сопдет(Sopdet, грекше: Σώθις)деп атаған. Ол бейнелі жазуда (иероглиф) жұлдыз бен үшбұрыш арқылы таңбаланған. Мысыр перғауындарының ортакезең патшалығы кезіндегі календары Сүмбіле туған күннен басталған. Сол күні тәңертең Сүмбіле күннен біршама алыстайтындықтан күннен бұрын көтеріліп, өзінің құдіретті де, тылсым нұрын шашып, сосын 70 күннен кейін аспаннан көрінбей кететін болған. Бұл күннің календар үшін маңызы ол Ніл өзенінің тасуына тура келеді. Сүмбіле жоғалатын 70-ші күні миф бойынша Сопдет пен Исиданың мысыр перғауыны сарайына түнеп кетуі есептеледі.
Ежелгі гректер Сүмбіле туғанда жазғы шіліңгір ыстық ағаштарды кептіріп, еркектерді әлсіретіп, әйелдерді мазасыз етеді деп есептеген. Сүмбіле өте жарық болғандықтан, алғашқы жаздың тұрақсыз климатында тіпті де жарқырап, жаман істердің тууын шақырғандай болады. Сүмбіленің пәле-қазасына "ұшыраған" адамды (бір бәлеге ұрынған адамды) “astroboletos”(αστροβολητος)немесе “жұлдыз соққысы” ауруымен ауырды деп есептеген. Сүмбіле олардың жазба деректерінде "өрт", "жалын" деген сөздермен бейнеленіп Сириус деп аталған. Бұл жұлдыз шыққаннан кейінгі жазды "ит күні" деп атаған. Арлан жұлдызы деген сөз осыдан келіп шықса керек.
Эгей теңізінің Искья аралындағы аборигендер салқын жел соққаны үшін Сүмбіле мен Зевске тасаттық беріп, Сүмбіленің аспанда көрінуін үлкен құрметпен күткен. Егер ол жарқырап шықса бақыт-бақтың, молшылықтың нышаны, егер күңгірттеніп шықса, обаның нышаны деп сенген. Археологтар аралдан б.з.д ІІІ ғасырдағы ақшаларды қазып алды. Оның бетіне жарқыраған ит, нұрлы аспан денесі бедерленген, бұл Сүмбіле жұлдызының олар үшін қаншалық маңызды екенін көрсетсе керек.
Римдіктер сәуірдің 25 алды-артында Сүмбіленің Кай батуын тойлаған. Олар римнің астықты қурататын құдайы Robigo-ға бір ит құрбандық шалып, шарап пен жемісті үйіп төгіп, қой да сойып, сол жылы болатын жұлдыз жарығының астықты құртуын "тосады".
Александриялық Птолемей өзінің «Альмагест» кітабының 7 және 8 тарауларындағы жұлдыздар картасы ішінде Сүмбілені аспан шарының орталық сызығына орналастырған. Ол Сүмбілені 6 қызыл тұрақты жұлдыздың бірі деп сипаттаған. (Оның қызыл жұлдыз ба, емес пе екені туралы тарихта үлкен пікірталас болған.) қалған бес жұлдыз М және К тұрақты жұлдыздары (Арктур және Betelgeuse) қатарлылар.
Жарық жұлдыз ежелгі Полинезиялықтар үшін де өте маңызды болды. Олар өйткені самсыған Тынық мұхит аралдары арасында жұлдызға қарап жол жүрді. Сүмбіле көкжиекте жүргенде ол теңізшілер үшін компас болды. Бұл жарық жұлдыз сондай-ақ белдеулік бұрышты есептеуде қолданылды. Sirius ауытқуы Фиджи аралына сай келетіндіктен, ол әр күні фиджи аралы төбесінде көрінеді. Сүмбіле Алып құс шоқжұлдызындағы “Manu”-дың денесі, Canopus оның оңтүстік қанаты, Procyon оның сол жақ қанаты, сөйтіп полинезия аспаны үлкен екі бөлікке бөлінеді.
Сүмбіленің көтерілуі Грекияда жаздың басталуы болса, Маориліктер үшін суық қыстың басталуы болып, жергілікті халық Сүмбілені де, қысты да Takurua деп атаған екен.
## Қозғалысы
1676 жылы әйгілі астрономия ғалымы Эдмонд Галлей оңтүстік Атлант мұхитыының қасиетті Елена (Saint Helena) аралында (Тарихта ол аралға император Наполеон Бонапарт сүргін етілгені, ағылшындардың ұзақ уақыт Күшәламен (арсенмен) уландыруы кесірінен сонда қайтыс болғаны белгілі.) бір жылын өткізііп, оңтүстік жарты шар аспанын зерттейді. Шамамен 40 жылдан кейін (1718ж.) өзінің өлшеулері мен Птолемейдің «Альмагест» кітабындағы деректерді салыстырып, тұрақты жұлдыздардың тұрақты еместігін, олардың да үздіксіз қозғалып, өзгеріске түсетінін ашты. Аталған зерттеу бойынша Арктур мен Сүмбіле бірдей жылжыған. Сүмбіле 1800 жыл ішінде оңтүстікке қарай 30 Минут дуги (шамамен ай шарының радиусындай) жылжыған екен.
Сүмбіле 1868 жылы әлемдегі тұңғыш рет қозғалыс жылдамдығы өлшеніп шыққан тұрақты жұлдыз есептеледі. Сэр Уильям Хаггинс Сүмбіле жұлдызының жарық спектріне мұқият талдау жасап, ондағы ап-анық қызаруды байқады. Сонымен ол Сүмбіле жұлдызы 40км/сек жылдамдықпен күн жүйесінен алыстап бара жатыр деген қорытындыға келді. Бұл кезектегі өлшеулер бойынша 7.6км/сек деген нәтижеден біршама артық болса да, астрономия ғылымында Радиаль жылдамдықты өлшеуді зерттеудің басы болды.
## Серік жұлдызының байқалуы
Неміс астрономы Фридрих Вильгельм Бессель 1844 жылы Сүмбіле қозғалысындағы түсініксіз өзгерістерге негізделіп, оның басқа бір серік жұлдызы бар екенін жорамалдады.
Шамамен 20 жылдан кейін АҚШ телескоп жасаушы және астрономы Алван Грэм Кларк(Alvan Graham Clark)1862ж. 31 қаңтарда тұңғыш рет осы күңгірт серікті байқады. Астрономдар оны Сүмбіле В, немесе Кіші Сүмбіле деп атады. Ал жарық және көзбен көруге болатыны салыстырмалы түрде Сүмбіле А деп аталады.
1894ж. бастап адамдар Сүмбіленің орбитасындағы жүйесіздікті байқап, бәлкім Сүмбіленің үшінші серігі болуы мүмкін деп жорамалдады. БІрақ бұл жорамал әлі дәлелденген жоқ. Есептеулерге негізделгенде жорамалданған 2-ші серігінің Сүмбіле А -ны айналу периоды 6 жыл, ол күн массасының 0.06 есесіндей ғана. Ол Ақ ергежейлі есептелетін Сүмбіле В жұлдызына қарағанда 5-10 дәрежелі қараңғы, сондықтан бұл серік әлі айқындалмай, анықталмай келеді. 1920 жылы байқалған Сүмбіленің Екінші серігі делінген жұлдыз Сүмбіленің ар жағындағы Сүмбілеге қатысы жоқ жұлдыз екен. Таяудағы зерттеу шамалары аталған екінші серік жұлдыздың барын дәлелдей алмағанымен, бірақ ол Сүмбіле А ға өте жақын болғандықтан, бәлкім анықталмай жатқан болар деген жорамалға апарады.
Уолтер Адамс 1915 жылы Вильсон обсерваториясында 1.5 метрлік шашыратқыш телескоп арқылы Сүмбіле В жұлдызының жарық спектріне талдау жасап, оны күңгірт Ақ ергежейлі жұлдыз деп бағалады. Оның Ақ ергежейлі болу сипаты содан былай тұрақтасты. Ол тарихтағы анықталған екінші Ақ ергежейлі есептеледі.
Robert Hanbury Brown және Richard Q. Twiss қатарлы зерттеушілер 1959 жылы Jodrell Bank обсерваториясында өздерінің Оптикалық интерферометрі арқылы Сүмбіле А жұлдызының диаметрін есептеді.
Астрономдар 2005 жылы Хаббл ғарыш телескопы арқылы Сүмбіле В жұлдызының диаметрі шамамен жер диаметріндей екенін (12,000км) анықтады. Бірақ аталған жұлдыздың салмағы күн салмағының 98% екен.
## "Қызыл жұлдыз" пікірталасы
Сүмбіле жұлдызы жай көзге негізінен ақ жарықты. Бірақ кейде ол түрлі жарықтардың құбылып тұрғанындай көрінетіні тағы бар. Оған тесіле қараған адам ондағы жалтылды, жарық ауысуын байқамай қоймайды. Тарихта оның түсін қызыл деп сипаттау көп кездеседі. Бірақ, аталған жұлдыз (Сүмбіле А жұлдызы) сөнген қызыл жұлдыз емесі тағы белгілі. Сонымен астрономияда оның түсі туралы талас-тартыс болып өтті.
Б.з.д 150-ші жылдары астроном Птоломей Сүмбілені "қызыл жұлдыз" деп есептеп, басқа бес тұрақты жұлдызбен бірге (Арктур, Бетельгейзе, Антарес, Альдебаран және Поллукс) қызыл және сарғыш түсте көрінетін жұлдыздар деп сипаттаған. Әуесқой астроном Thomas Barker 1760 жылы Лондон ғылым академиясы жиналысында Птоломей белгілеген қызыл түсті жұлдыздардың шындыққа сай келмейтіні туралы баяндама жасады. Көптеген жұлдыздарда жарқылының ауысуы құбылысы болады, түсі құбылып көрінеді, сондықтан адамдар ол жұлдыздарды қызыл түске де ауысады деп түсінген. Thomas Jefferson Jackson See 1892 жылдан бастап Қызыл түсті Сүмбіле мәселесін көтеріп, өз зерттеулерінен бірнеше мақалалар жариялады. Ол Сүмбіленің қызыл түсті екенін Птолемей ғана емес, астроном болмаса да ақын Арат, шешен Цицерон, қолбасы Германикалар да айтқан екен. Сенека болса Сүмбіле қызыл түсті, тіпті Марсқа қарағанда қызылы әлдеқайда қою деп жазыпты. Бірақ барлығы солай есептемеген. Мысалы Іғ.-дағы ақын Маркус Манилий оны "көк түсті" жұлдыз деп сипаттаса, ІVғ.-дағы ақын Avienus те солай жазыпты. ЕЖелгі қытайлар б.з.д. ІІғ. жазбаларында және IVғ. жазбаларында Сүмбілені ақ түсті деп сипаттаған.
Неміс астрономдары Wolfhard Schlosser мен Werner Bergmann 1985 жылы VІІІ ғасырдағы Ломбардия жазбасын көрсетті. Бұл жазбада "жұлдыздың орнына қарай дұға ету" туралы жазылған екен. Жазбада Сүмбілені қызыл түсті деп сипаттаған. Неміс ғалымдары осыған негізделіп Сүмбіле В жұлдызының қызыл сөнген жұлдыз екенін айтты. Бірақ басқа ғалымдар бұл жазбадағы жұлдызды Сүмбіле емес, Арктур болуға тиіс деп есептеді.
Астрономдар әлдеқашан Сүмбіле А, немесе Сүмбіле В жұлдыздарының тарихи өзгерісі арқылы оның түсін сипаттайтын уәжге келіспейді. Өйткені, мыңдаған жылдық өзгеріс тұрақты жұлдыз үшін тым қысқа, астрономдар да тұмандықтарға талдау жасау барысында осындай өзгерістердің болатынын байқамады.
Бүгінге дейін байқалмаған 3 серік жұлдызының әсері де Сүмбілені қызыл жұлдыз деп есептеудің бір мүмкін себебі есептеледі. Басқа түсіндірулер бойынша, Сүмбілені қызыл деп есептеу өлең жолдарында ақындардың жамандықты, сорды, бақытсыздықты сипаттау мағынасында алынған, немесе көтерілген кездегі күшті жарығына негізделіп оны қызыл деп атаған болуы мүмкін. Жай көзбен қарағанда Сүмбіле көкжиектен алыс емес қашықтықта қызыл, ақ, көк түстердің ауысқан, құбылған жарығын шығарады.
## Көрінісі
Сүмбіленің жұлдыздық көрсеткіші 1.47 болып, кешкі аспандағы ең жарық жұлдыз есептеледі. Ол екінші жарық жұлдыз Қария жұлдызынан (Canopus, жұлдыздық шамасы 0.72) екі есеге жуық жарық. Әрине, оның жарқырауы айға, Венера мен Юпитерге жетпейді, кейде Меркурий мен Марс та одан жарық көрінеді. Сүмбіле 73° солтүстік ендіктің солтүстігін айтпағанда, жер бетіндегі адам қоныстанған өңірдің барлығында дерлік байқалады. Әрине, солтүстік өңірлерде ол биік аспанға көтерілмейді. Мысалы Санкт-Петербургтен күзеткенде сүмбіле көкжиектен тек 13° ғана биікке көтеріледі. Сүмбіле, Процион және Орион үш жұлдызы солтүстік жарты шар үшін қысқы аспан үшбұрышының бұрыш нүктелері есептеледі. Сүмбіле жұлдызының склонениесі (?) (Declination) 17° болғандықтан, оңтүстік бойлық 73° бастап ол поляршеңбері жұлдызы есептеледі. Тамыз айының алғашқы сәтінен бастап оңтүстік жарты шар аспанынан күн батқан соң батысқа батады, бірақ күн шығудан ілгері шығыс аспанына көтеріледі.
Адамдар үйлесімді орта жағдайында күн шығып тұрған кезде де Сүмбілені жай көзбен көре алуы мүмкін. Ондайда ауа өте шалаң, күзету бұрышы теңіз деңгейінен жоғары, күн тек көкжиекке асылып тұруы, сүмбіле де дәл төбеде болуға тиіс. Әрине, күндіз сүмлібе көрген мұндай жағдай сирек кездеседі. Белгілі мағынада, әсіресе діни мағынада бұл адамға соқырсенімдік түсініктер туғызуы мүмкін.
Сүмбіленің екі өзара айналатын жұлдызының орбиталарына орай екі жұлдыздың ең қысқа қашықтығы 3 арксекунд, ал ең алыс болғанда 11 арксекунд болады. Олардың арақашықтығы ең жақын болғанда олардың екеу екенін ажырату біршама қиын. Өйткені Ақ ергежейлі сүмбіле В жұлдызы жарқырауы тым күшті сүмбіле А жұлдызына жақын келеді. Оларды анық ажырату үшін аспан райының идеал болуы ғана емес, калибрі 300mm -лік телескоп керек. 1994 жылы екі жұлдыз өздерінің ең тоқайласу нүктесіне келді де, содан былай олар бір бірінен алыстай бастады. Қазір оларды ажырату қиын емес.
Сүмбіле А және Сүмбіле В жұлдыздары жерден 8.6 жарық жылы қашықтықта. Ол күн жүйесіне жақын жұлдыздар ішінде 8-ші орында тұр. Сондай-ақ ол күге жақын жұлдыздықтардың 5-сі есептеледі. Жерге ең жақын жұлдыздардың бірі болу сүмбіленің жарық болу сырының бірі есептеледі. Оған біршама ұқсайтын жұлдыздар мысалы бұлдыр Кентавр Альфа жұлдызы, ал алыс болғанымен өте жарық көрінетін алып жұлдыздар, мысалы Қария (Canopus), Ригель, немесе Орион қатарлылар бар.
Сүмбіле күнге қарағанда 25 есе жарық. Сүмбілеге ең жақын ірі тұрақты жұлдыз Процион болып, ол 5.24 жарық жылы қашықтықта. 1977 жылы ұшырылған Вояджер-2 ғарыш аппараты Юпитер тектес төрт Иовиан жұлдызға (Jovian planets) ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп болған соң, шамамен 296, 000 жылдан кейін Сүмбіле жұлдызына 4.3 жарық жылы қашықтықта жақындайды екен.
## Қосаржұлдыз жүйесі
Сүмбіле қосаржұлдыз жүйесіне тән, екі ақ ергежейлі жұлдызы өзара айналумен болады, ара қашықтығы 20 астрономиялық бірлік шамасында (шамамен күн мен Уран арақашықтығындай). Олардың өзара айналу периоды 50 неше жыл. Біршама жарығырағы, сүмбіле А жұлдызы A1V нұсқалы жетектеуіш жұлдыз (Main sequence) болып, оның беткі темпратурасы 9,940K. Ал, серік жұлдызы, сүмбіле В жұлдызы жетектеуіш жұлдыз (Main sequence) болу сатысынан өтіп, әлдеқашан Ақ ергежейліге (White dwarf) айналып кеткен.
Қазір сүмбіле В жұлдызының жарық спектрі сүмбіле А ға қарағанда 10 000 есе күңгірт болса да, ол кезінде екі жұлдыздың ішіндегі массасы үлкені болған. Бұл қос жұлдыздың жасы шамамен 230 000 000 жыл. Жорамалдар бойынша, олар өз заманының алғашқы мезеттерінде екі көкшіл-ақ жұлдыз болып, эллипс орбитасымен өзара айналған, периоды 9.1жыл болған делінеді. Инфрақызыл сәулелі астрономиялық жерсерік өлшеуі бойынша, сүмбіле жүйесі мөлшерленгенінен тіпті де көп инфрақызыл сәуле шашады. Бұл оның ішіндегі жұлдыз шаңына байланысты болуы мүмкін. Дегенмен мұндай жағдай қосаржұлдыз жүйесінде сирек кездеседі.
### Cүмбіле А
Сүмбіле А жұлдызының массасы күн массасының 2.1 есесіндей. Астрономдар Оптикалық интерферометр арқылы оның радиусын есептеп, бұрыштық диаметрі 5.936±0.016mas екенін мөлшерледі. Оның тұрақты жұлдыз ретіндегі өз өсінде айналу жылдамдығы ақырын, секундына 16км, сондықтан жұлдыздық пішінінде ауытқу болмаған. Уега (Vega) және Сүмбіле А жұлдызының көлемі жақын, бірақ оның өз өсінде айналу жылдамдығы тез, секундына 274км. болғандықтан, анық түрде екуаторы сыртына қарай томпайып шыққан.
Жұлдыздық пішін бойынша Сириус А жұлдызы Молекулярлық тұмандықтық кеусеп күйреуінен пайда болған. Тағы 100 млн жыл өткен соң энергия қайнарын бүкілдей Термоядролық реакция қамдайтын болады. Оның өзегі тропосфера қабаты болып, CNO циклі (көміртегі, азот, оттегі айналысы) арқылы энергия жасайды. Астрономдар Сүмбіле А жұлдызы пайда болған соң 1 млрд жыл ішінде өз өзегінде сақталған сутегіні тауысып, Алып қызыл жұлдыз сатысын бастан кешірді, сосын барып Ақ ергежейліге айналды дейді.
Сүмбіле А жұлдызының жарық спектрі қою металдық спектрді бейнелейді, бұл оның гелийден ауыр элементтердің (темір, мысалы) артқанын көрсетеді. Күнмен салыстырғанда, Сүмбіле А жұлдызының атмосферасы ішінде салыстырмалы сутегі араласқан темір мөлшері {\displaystyle {\begin{smallmatrix}[{\frac {Fe}{H}}]=0.5\end{smallmatrix}}} екені, яғни 100.5 екені белгілі болды. Бұл деген сөз оның атмосферасындағы темір мөлшері күннің 316% екен. Бүкіл жұлдыз метал элементінен құрамайтыны анық, сондықтан бұл металдар оның беткі қабатындағы жұқа тропосферадан болуы мүмкін.
### Сүмбіле В
Сүмбіле В жұлдызының массасы күн массасына жақын келеді. Ол белгілі болған ең ауыр Ақ ергежейлі есептеледі. Бірақ осынау ауыр масса жер шары үлкендігіндей жұлдызға сығылған. Сүмбіле В жұлдызының кезекте белгілі болған беткі темпратурасы 25,200 К. Бірақ, ішкі жағынан энергия тудыра алмайтындықтан, артық жылу радиация формасында айналасына шашырап, сүмбіле В ны барған сайын суытады, оған 200млн жылдан артық уақыт керек.
Кез келген жұлдыз негізгі тізбек жұлдызы (Main sequence) және Алып қызыл жұлдыз (Red giant) сатысынан өткенде барып Ақ ергежейліге айналатыны белгілі. Сүмбіле В -ның Ақ ергежейліге айналу жасы қазіргі жасының жартысынан көбірек уақытты ұстайды, яғни шамамен 120 млрд жылдың алдында болған. Бұл жұлдыз өзінің Жетектеуіш жұлдыз мезгілі кезінде салмағы 5 күн шамасындағы массаға ие болған екен және сол кездің өзінде әлдеқашан В дейгейлі жұлдыз болыпты. Сүмбіле В жұлдызы Алып қызыл жұлдызға айналғанда қосары сүмбіле А жұлдызының метал құрамы шұғыл артқан екен.
Сүмбіле в жұлдызы алғашында Көміртегі мен оттегі элементтерінен құралғаны анық. Бұл екі элемент сүмбіле В жұлдызын қалыптастырған өлген тұрақты жұлдыздың Гелийлік термоядролық реакциясынан пайда болған. Бұл элементтер тіпті де жеңіл элементтермен қымталып, салмағына қарай қабатқа орналасып, оның бетіндегі жоғары тартылыс күшін туғызады. Сондықтан, Сүмбіле В жұлдызының ең сыртындағы атмосферасы әлемдегі ең жеңіл элемент — таза сутегіден құралған болып, спектрінен басқа элементтің жарығы байқалмайды.
## Жұлдыз тобы
Дания астрономы Ejnar Hertzsprung сүмбіленің аспандағы қозғалыс соқпағын бақылаған соң 1909 жылы сүмбіле жұлдызы Үлкен Аю шоқжұлдызындағы жылжымалы жұлдыздар тобына тәуелді деген идеяны ортаға қойды. Үлкен аю шоқжұлдызының жылжымалы жұлдыз шоғыры 220 -дай тұрақты жұлдыздан құралған, аспанда ұқсас қозғалыс соқпағын басып өтеді. Олар алғашында тарқақ жұлдыз тобының бір бөлігі болған, кейін тартылыс күшін біртіндеп жеңіп бөлініп кеткен екен. Бірақ, астрономдар 2003 және 2005 жылдарғы талдау жасауларға негізделіп, сүмбіле жұлдызы бұл жұлдыздар тобына тән емес деген қорытынды шығарды. Үлкен аю шоқжұлдызының жылжымалы жұлдыз тобы шамамен 400 - 600 млн жылдық жасқа ие, ал сүмбіле жұлдызындағы металдар саны күнмен қарайлас болып, жасы бар болғаны 200 млн жыл ғана және бұл жұлдыздар тобы үшін тым аз жас есептеледі.
Сүмбіле бәлкім "Асқан сүмбіле тарқақ жұлдыздар тобына" тән болуы мүмкін, аталған тарқақ жұлдыздар тобындағы жарық жұлдыздар бәлкім Auriga β, Corona Borealis α, кратері β , Eridanus β, Serpens β қатарлылар болуы мүмкін. Бұл жұлдыз тобы күннен қашықтығы 500 жарық жылы шамасындағы 3 жұлдыз тобынан құралған, қалған екеуі Хиядес (Hyades) және Плеадес (Pleiades) болып, әрқайсысында жүздеген тұрақты жұлдыздар бар.
## Этимологиясы және мәдени маңызы
Сүмбіленің ағылшынша Sirius аты латынның Sīrius сөзінен, ол көне гректің Σείριος (Seirios - «ыстық өрт», «шіліңгір ыстық» деген мағынада) сөзінен шыққан. Бірақ бұл атау Архаикалық кезеңдегі грек мәдениетінің (б.з.д 800ж. – б.з.д.480ж.) алдында басқа өңірден келген болуы да мүмкін. Бұл атау б.з.д. VIIғ. Гесиод жырларындағы "жұмыс және күндерде" айтылады. Сүмбіленің басқа да 50-ге тарта атауы болған екен.
Араб тіліндегі Сүмбіле الشِّعْرَى (латын жазуында: ‘aš-ši‘rā, немесе '‘al-shi‘ra) деп айтылған, мағынасы "Көсем", ол Құранда да кездесед. Ағылшынша тағы бір атауы Aschere осыдан келген болса керек.
Сүмбіле санскрит тілінде Mrgavyadha (мағынасы «Бұғы аулаушы»), немесе Lubdhaka (мағынасы «аңшы») деп аталған. Ол Mrgavyadha деп аталғанда Рудраға (Шива) өкілдік етеді.
Скандинавия мәдениеті бойынша, сүмбіле Lokabrenna - «локаның оты», «локаның алауы» деген мағына береді.
Ал жапон тілінде сүмбіле «Көк жұлдыз» мағынасында あおぼし ao boshi деп аталған.
Сүмбіле ортағасыр жұлдызнамасы үшін «Сығандардың жұлдызы» есептеліп, берил және аршаға қатысты айтылады. Мистикалық философ Heinrich Cornelius Agrippa оны арнайы белгімен таңбалаған.
Сүмбіле көптеген мәдениеттерде ерекше маңызға ие, әсіресе ит мағынасында айтылғанда. Ол үлкен арлан шоқжұлдызындағы ең жарық тұрақты жұлдыз, жай сөзде Арлан шоқ жұлдызы делінеді. Дәстүрлі аңшы иті көптеген мәдениетте өзіндік орны бар. Ежелгі гректер сүмбіленің жарығы итке жайсыз тиеді деп, әсіресе жазғы шіліңгір ыстықты (оларда сүмбіленің тууы ыстыққа тура келеді) "ит күні" деп атаған. Бұл ыстық күндердегі шаршау мен терлеу құрғауға апарып, түрлі ауыруға душар етеді деп алаңдаған. Мынадай да мысал айтылған, ыстықта аузынан көбігі аққан ит құтырып, адамды қауып алса, онда ол адам да құтырып кетуі, немесе өліп қалуы мүмкін. Ежелгі римдіктер бұл күндері аспанға үш ит шығады деп, ал сүмбілені күшік (Canicula) деп атаған екен.
Бұл жұлдыз қытай тілі бойынша - Tiānláng, яғни "аспан қасқыры" деген сөз, жапон тілі бойынша - Tenrō, солтүстік корея тілі бойынша: 천랑, оңтүстік корея тілі бойынша Cheonlang деп аталған.
Қазақ ұлты сүмбіленің туу мезгіліне орай оны "лақ сүмбіле", "теке сүмбіле" деп айырғанына қарағанда, оны ешкіге, бәлкім таутекеге ұқсатқаны байқалады. Шамасы бұл аталған малдардың тойынуына қатысты болса керек. Немесе ұмытылып бізге жетпеген әлдебір мифологиялық түсінікке қатысты.
Солтүстік Американың көптеген аборигендері де Сүмбілені итке ұқсатқан. Ал, батыс оңтүстігіндегі ежелгі тайпалар Seri және Tohono O'odham ұлты да бұл жұлдызды Қойға еріп жүретін ит ретінде атаған. Blackfoot ұлты болса оны иттің бетіне, Cherokee болса сүмбіле мен Антарес жұлдызын бір жұп ретінде қарап, рух жолының екі жағын күзеткен ит ретінде сипаттаған. Небраскалық Pawneeлер болса сүмбілені Арлан қасқырға, жабайы қасқырға ұқсатқан. Ал, Алясканың Беринг бұғазындағы инуиттер "ай иті" деп түсіндірген.
Кейбір мәдениеттер бұл жұлдызды Садақ пен жебеге ұқсатады. Ежелгі қытайда Сүмбілені Puppis және үлкен ит (Canis Major) шоқжұлдыздармен бірлестіріп, оңтүстік аспанды ендей жатқан үлкен садаққа ұқсатқан. Ал, жебе ұшы дәл осы Сүмбіле болған. Мұндай логика бағызы Египеттің Denderaдағы Хатхор храмындағы там суретінен де кезігеді. Онда әйел құдай Satis өз жебесін сиыр басты әйел құдай Хатхордың (Сүмбіле) үстіне сызады. Кейінгі парсы мәдениетінде бұл жұлдыз Tir деп аталып, бір тал жебені білдірген. Бір қызық жері ежелгі Мысырдағы ғибадатханалар, арасында осы Хатхор ғибадатханасы бар, түгелдей сүмбіле жұлдызына қаратып салынған. Дегенмен аспандағы бұл ең жарық жұлдыз егер мысырлықтардың ана дариясы --- Ніл өзенінің тасуымен тұспа-тұс аспанға көтерілгендіктен де олар бұл жұлдызға айырықша мән берген болуы керек.
Ежелгі Мысырдың уақыт есептеуінде "Сүмбіле периоды" деген болды, ол "Сүмбіленің екінші рет күнмен бірдей жерден көтерілу периоды". Сүмбіле әр жылы шілденің ортасында күн аспанға көтерілудің алдында шығыс аспанынан көтеріледі екен. Уақыт жағынан бұл период 365.25 күн болып табылады. Сүмбіленің осы көтерілуі Ніл өзенінің тасуына тұспа-тұс келеді екен. Бір қызығы, аспандағы көрінетін 2000 нан артық жұлдыз ішінде дәл 365.25 периодымен қайта шығатын жұлдыз тек осы Сүмбіле ғана болса керек. Сондықтан да болар, Француз математигі R.A.Schwaller de Lubicz кезінде былай деген болатын: Сүмбіле жұлдызының периоды (365.25) "жорамалдай салуға келмейтін ғажайып астрономиялық құбылыс". Ал, бұл құбылыстың 4000 жыл бұрын байқалуы Египет мәдениетінің астрономия саласында жоғары деңгейге жеткенін көрсетсе керек.
Пирамидадан табылған жазбаларда Осирис құдайға арналған мындай сөйлемдер бар екен:
Бір таң қаларлығы, аталған сөйлемде "балалы болып үлкейді, бейне Сүмбіле секілді" деген сөздер Сүмбіле жұлдызының қосаржұлдыз екенін айтып тұрғандай көрінеді. Бала туған соң ол Сүмбіле жұлдызының бұқарасы болады, яғни оның серік жұлдызы негізгі жұлдыздан ажырап кетпейді. Бұл енді астарлы түрде Астрономиялық білімнен сыр шерту секілді. Сүмбіле жұлдызының Қосаржұлдыз екені тек 1862 жылы ғана американдар жағынан анықталған. Ал, ежелгі Мысырлықтардың оның егіз жұлдыз екенін, серігі тым кішкене (бейне бала секілді) екенін тым ерте білгені әлі де зерттеуді талап ететін құпия.
Гомер өзінің Илиада поэмасында Ахиллестің Трояға жақындау кезін былай суреттейді:
Тарихи-мәдени мағынасы себебінен болар, әлде аталған жұлдыздың психологиялық әсерінен болар, Сүмбіле ешқандай да романтизм сезімін туғызатын жұлдыз емес, тек адамға тылсым сыр ұсынып тұрғандай әркімді таң қалдырады. Оны ешкім айды, марсты, шолпанды тамашалағандай көңілді тамашалай алмайды; көк жарық жарқылы бар жылтылдаған аппақ Сүмбіле жұлдызы адамды шаттыққа емес, ойға жетелейді; сондықтан оны көбінесе жеке даралықтар, өзін оқшау, бірегей сезінгендер қадір тұтқан, жоғары бағалаған екен.
## Догондар мен Сүмбіле
Догондар батыс Африканың Мали еліндегі ежелгі ұлт болып, олар Сүмбіле туралы телескоп тапқырланбай тұрған кезде біле алуымыз мүмкін емес деректерді білген деген қауесет бар. Француз африкатанушы этнографы Марсель Гриоль (1898—1956) өзінің «Ogotemmêliмен сұхбат» және «Бозарған түлкі» еңбектерінде жазуынша, Догондар батыс астрономиясы дамудан бұрын Сүмбіленің Қосаржұлдыз екендігі туралы, оның серігі туралы, екі жұлдыздың айналу периоды 50 жыл екендігі туралы, тіпті бүгінге дейін анықталмаған Үшінші бір серік жұлдызы бар екендігі туралы ерте білген дейді.
Ал, Robert K. G. Temple 1976 жылы жазған «Сиқырлы Сүмбіле» кітабында айтуынша, олар Юпитердің Галилей серігі туралы және Сатурнның сақинасы туралы білімдерді де жеттік біледі екен.
Бұл талас пен жорамалқа арқау болған тақырып әуелде сол Марсель Гриольдың өзі соларға сондай білімді үйретуінен шыққан деген сөз бар. Олардың Сириус секілді жұлдыздар туралы білімі ежелгі заманнан қалған ба, әлде қазіргі заманғы білімнің көшірмесі ме, бұл туралы дау әлі басылған жоқ. Кейбіреулердің айтуынша егер Сүмбіле С жұлдызы (әлі жорамалдаулы жұлдыз) расталса, онда догондардың біліміне белгілі бір дәрежеде сенуге болады екен.
## Сүмбіле атында
Сүмбіле жұлдызы бұқаралық мәдениетте ғылыми фантазиялық әңгімелер мен түсірілімдердің негізгі тақырыптарының бірі есептеледі.
Ол сондай-ақ мысалы Маккуори унверситетінің логотипінде, және басқа да журналдардың атында кездеседі.
ХVІІІғ. бастап Англия Королдық флотындағы жеті кеме және Аустралия королдық флотының бірнеше кемесі HMS Сүмбіле атында аталды. Соғыс кемелеріне Сүмбіле атын беру АҚШ та да бар, мысалы USNS Сүмбіле кемесі (USNS Sirius (T-AFS-8)).
Атлант мұхитын тарихта тұңғыш рет жалғыз кесіп өткен Чарльз Линдберг тұңғыш рет айдаған моноплан моделі Lockheed 8 Sirius деп аталған екен.
1980 жылдары Mitsubishi Motors Mitsubishi Sirius атты двигательмен әйгілі болғаны белгілі.
Солтүстік Америка спутниктік радио компаниясының CD қабылдағышты 1999 жылы 11 айдан бастап "Аспандағы ең жарық жұлдыз" бойынша Sirius Satellite Radio аталғаны белгілі.
J.K. Роулинг Гарри Поттер романдар сериясында Гарри Поттердің ұстазын Сириус (Сүмбіле) деп атаса, оның хайуани пішіні үлкен бір қара ит етіп суреттейді.
Композитор Karlheinz Stockhausen кезінде өзін Сүмбіле жұлдызындағы бір ғаламшардан келгенін айтқан болатын. Ал оның күйлерінің көбі осы жұлдыз тақырыбында болып келеді.
Сенегал Гамбия және Мавританиядағы серер ұлтының сенімі болған Серер дінінің діни символизмі мен космизмі Сүмбіле болып, олар үшін бұл жұлдыз өте киелі есептеледі. Олар тұқым себуде, әсіресе жаңбырды болжау мен тілеуде көбінесе осы Сүмбіле жұлдызына қарайды және содан талап етеді. Олар үшін ғарыштың рәмізі осы Сүмбіле жұлдызы.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтеме
* Қазақ астрономиясы Мұрағатталған 5 маусымның 2015 жылы.
* Сүмбіле В жұлдызының рентген сәулелі келбеті (Ағылшынша)
* Догон ұлтының Сүмбіле туралы тым ерте біліп қойғаны туралы таласты пікір (Ағылшынша)
* Сұмбіле уақыты (Ағылшынша)
* Жұлдыздардан Мутациялық ескерту (Ағылшынша) |
Ақкөл — қала, Ақмола облысы Ақкөл ауданының және Ақкөл қалалық әкімдігі орталығы. 1997 жылға дейін — "Алексеевка" деп аталған.
## Географиялық орны
Астана қаласынан солтүстікке қарай 107 км-дей жерде, Ақкөл көлінің оңтүстік-батыс жағалауын ала орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1887 жылы қаланған. 1939 жылы кент, 1965 жылы қала мәртебесін алды.
## Халқы
Тұрғыны:
* 14 217 адам (2009);
* 13 802 адам (2011);
* 13 586 адам (2012);
* 13 610 адам (2013);
* 13 725 адам (2014).
## Климаты
Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы — 17°С, шілдеде – 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 350 мм.
## Кәсіпорындары
Құрылыс материалдары комбинаты, жөндеу-механикалық орталығы, қиыршықтас, тұрмыстық химия, нан, сүт зауыттары, элеватор, Астана ет комбинатының бөлімшесі жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Аудандық орталық аурухана, тубдиспансер, 4 мектеп, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйі, мектепаралық оқу-өндірісі комбинаты, 14 мектепке дейінгі балалар мекемесі, облыстық балалар үйі, мектеп-интернат, шипажай, кәсіптік-техникалық училище, 2 мәдениет үйі, 12 кітапхана, кинотеатр, Халық қаһарманы С.Нұрмағамбетов атындағы мұражай бар. Ақкөл арқылы Петропавл — Астана темір жол және автомобиль жолдары өтеді.
## Дереккөздер |
Нағи Ілиясов ауылы (1997 жылға дейін — Қаз ССР 50 жылдығы атындағы ауыл) — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Нағи Ілиясов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Тереңөзек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде, Мәдениет каналының бойында орналасқан. Жер көлемі-17549 га.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2291 адам (1173 ер адам және 1118 әйел адам) болса, 2009 жылы 2217 адамды (1117 ер адам және 1100 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1931 жылы құрылып, ең бірінші "Мақпалкөл" совхозы деп аталған. 1940 жылы - "К.Маркс совхозы", 1970 жылы - "Қаз ССР-іне 50 жыл" совхозы деп аталған. 1992 жылы ауылға ҰОС ардагері Нағи Ілиясовтың аты берілген. Ауыл 1966-1996 жылдары бұрынғы Тереңөзек ауданының күріш өсіретін кеңшарының орталығы болып келген. Кеңшар негізінде ЖШС жұмыс істейді.
## Ғимараттар
Ауылда соңғы жылдар ішінде "Абзал и К" компаниясының демеуімен салынған ғимараттар бар. Олар: сауда орталығы, мәдениет үйі, мешіт,мұражай спорт кешені, футбол алаңы және т.б.
## Шаруышылығы
Халықтың негізгі шаруашылығы - күріш өсіріп, өңдеу. Жиналған күріш "Абзал и К" компаниясына жеткізіліп тазартылған соң, өңдеуге жөнелтіледі. Зауытта сағатына 5000 тонна күріш өндіретін кәріс, қытай техникалары қолданылады. Осы технологиялық құралдар арқалы күріш Қазақстандық және Ресейлік стандартқа сай ақталып, дүкендерге жіберіледі. Өнім сапасы лабараторияда жіті тексеріліп отырады. "Абзал и К" компаниясынан өндірілген күріштің 40%-ы экспортталады. Мал шаруашылығымен жеке шаруашылықтар айналысып, сиыр, жылқы, қой малдарын өсіреді (Ірі қара-1947О.; Сиыр-767; Қой-628; Ешкі-675; Жылқы-670; Тауық-269).
## Дереккөздер |
Көкшетау – Қазақстанның солтүстігінде орналасқан тарихи-географиялық аймақ. Қазіргі Ақмола облысының солтүстік бөлігі мен оған шектесіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Тайынша, Ғ.Мүсірепов, Ақжар, Ш.Уәлиханов аудандарын қамтиды. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. Осында шығыстан батысқа қарай Көкше, Жақсы Жалғызтау, Жаман Жалғызтау, Имантау, Жыланды, Сандықтау, Үлкентүкті, Бұқпа, Қошқарбай, Зеренді таулары, Айыртау, Сырымбет (Жаманшоқы) секілді таулар мен Шортанды, Бүркітті асуы, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Бурабай, Айнакөл, Айдабол, Зеренді, Қопа, Атансор, Майлысор, Мамай, Саумалкөл, Шалқар, Үлкен Қоскөл, Кіші Қоскөл, Жолдыбай, Қалмақкөл, Шағалалытеңіз, Сілетітеңіз, Теке, Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Қалибек, т.б. көлдер орналасқан. Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтас тұр. Бұл аймақта Оқжетпес, “Жеке батыр”, Кенесары үңгірі, т.б. тарихи орындар бар. Қыраттың батыс жағынан Есіл өзені ағып өтеді. Жыланды тауынан бастау алатын Шағалалы өзені Шағалалытеңіз көліне құяды. Көкшетау көлдерінен басталатын Иманбұрлық және Аққанбұрлық өзендері Есіл өзеніне құяды. Көптеген ұсақ өзендер көктемде қатты тасығанымен, жазда суы азайып, көпшілігінің арналары кеуіп қалады. Қыста күн суық, қаңтар айындағы жылдық орташа температура мөлшері –16 – 19С, шілдеде 19 – 20С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 230 – 400 мм.
## Тарихи оқиғалар
Көкшетау аймағына халық ежелгі заманда-ақ қоныстана бастаған (Бурабай кеніші, Ботай қоныстары, Бурабай қорымы). Ежелгі заманда Көкшетауға андрон мәдениетін жасаған тайпалар, сақ тайпалары қоныстанса, б.з-дың 1 – 2 ғ-ларынан бастап шығыстан ғұндар келіп қоныстанды. Көкшетау өңірі 6 – 8 ғ-ларда Түрік қағандығының құрамында, ол ыдырағаннан кейін әр кезеңдерде қимақ, қыпшақ, т.б. түркі тайпаларының иеліктерінде болды. Шыңғыс ханның Орталық Азияға жасаған жорығынан кейін (1219 – 1922) бұл өңірге Алтайдың арғы бетінен басқа да т келіп қоныстанып, Дешті Қыпшақта бұрыннан қоныстанған тайпалармен араласып кетті. 13 – 14 ғ-ларда Алтын Орда мемлекетінде 200 жыл бойы түркі тайпаларының өзара сіңісуі нәтижесінде біртұтас этникалық топ – қазіргі қазақ халқы қалыптасты. 15 ғ-дың 2-жартысында Жетісуда құрылған Қазақ хандығы күшейе келе 16 ғ-дың бас кезінде бүкіл қазақ даласын (соның ішінде Көкшщетау өңірін) біріктірді. 17 ғ-дың орта тұсында пайда болған Жоңғар хандығы қазақ халқына үлкен қатер төндірді (Қазақ-жоңғар шапқыншылығы). Қазақ даласының басқа жерлеріндегі сияқты Көкшетау өлкесінде де жоңғарлармен болған қиян-кескі шайқастарда қазақ батырлары (Бөгембай, Сары, Баян, Қарасай, Ағынтай, Қабанбай, Олжабай, т.б.) асқан ерлік көрсетті. 18 ғ-дың 40-жылдарынан бастап Көкшетау бірте-бірте қайтадан күшейген Қазақ хандығының орталығына айнала бастады. Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай хан Ресей, Қытай, Орталық Азия мемлекеттерімен аса тиімді дипломатиялық саясат жүргізді. Нәтижесінде, Қазақ хандығы өзінің бұрынғы күш-қуатын қалпына келтіріп, Ресей, Қытай, Ауған мемлекеттері мен Бұхар, Қоқан, Хиуа хандықтары Көкшетаудағы Абылай ордасына өз елшілерін жіберіп тұрды. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығы тұтастығын жоғалта бастады да, Көкшетау өңірі Абылай хан әулетінің (Уәли, Қасым, Ғұбайдолла, т.б.) ата қонысына айналды. Қазақ жерін отарлай бастаған Ресей империясы 19 ғ-дан бастап Көкшетау жеріне орыс шаруаларын біртіндеп қоныстандыруға кірісті. Сібір генерал-губернаторы болып қызмет істеген (1819 – 1821), Ресей империясының Мемлекеттік кеңесі және Сібір комитетінің мүшесі М.М.Сперанскийдің (1772 – 1839) басшылығымен 1822 ж. “Сібір қазақтары туралы жарғы” жасалып, Орта жүзде хандық билік жойылды. 1824 ж. 29 сәуірде Көкшетау сыртқы округі құрылды, аға сұлтандыққа Уәлидің үлкен ұлы Ғұбайдолла тағайындалды. Оcы жылы күзден бастап округтің орталығы ретінде бұрынғы Көкшетау қонысының орнына Көкшетау бекінісі салына бастады. Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы бастаған, Қазақ хандығын қайтадан қалпына келтіруге ұмтылған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы алғаш осы Көкшетау өңірінде бастау алды. Күш тең болмады да, Кенесары өз әскерімен Көкшетауды тастап, оңтүстікке шегінуге мәжбүр болды (Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы). 1823 ж. Батыс Сібір генерал-губернаторы [П.М.Капцевичтің қолдауымен Орта жүз ханы Уәлидің жесірі Айғанымға Сырымбет тауында арнайы қыстау салынды. Осы үйде 1835 ж. Құсмұрын қамалының маңында дүниеге келген Ш.Уәлихановтың балалық шағы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылында) өтті. 1853 ж. Көкшетау сыртқы округінің аға сұлтаны болып Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиханов тағайындалды. Көкшетауда қазақтың белгілі өнерпаздары (Орынбай, Зілғара, Шөже, Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, т.б.) өмірге келді. 1868 ж. Көкшетау сыртқы округі таратылып, оның орнына Ақмола облысына бағынатын Көкшетау уезі құрылды. 1895 ж. Көкшетау бекінісіне қала мәртебесі берілді. Қазақтың жер-суы Ресей мемлекетінің меншігі деп жарияланып (1891), қоныс аудару қозғалысы салдарынан, тек 1885 – 1893 ж. Ақмола облысында (Көушетау аймағы соның құрамында) қазақтардан 252 мың гектардан астам жер тартып алынып, 24 селоға 11 мыңдай ер адамы бар отбасылар қоныстандырылды. 1894 ж. орыс ұлтының саны 1868 жылға қарағанда 75 мыңға көбейді. Сондықтан да отарлық езгінің күллі экономикалық, әлеуметтік, рухани қыспағын Көкшетау өңірінің көзі ашық азаматтары бірден сезінді. Көкшетау мешітінің молдалары Науан хазірет пен Ш.Қосшығұлов 1903 ж. қазақ елінің беделді азаматтарына (соның ішінде Абайға да) хаттар жолдап, ел басына түскен ахуалды талқылайтын кеңес өткізуге шақырды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914 – 1918) майдан қажеттігі үшін Көкшетау өңірінен орасан көп мөлшерде шикізат, азық-түлік, мал өнімдері, т.б. жинап алынды. Жергілікті халықтан алынатын салық мөлшері 3 – 4, кейбір жерлерде 15 есеге дейін өсті. Оған қоса 1916 ж. 25 маусымда қазақ жастарын майданның қара жұмысына алу жөніндегі патша жарлығы шықты да, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталды (Маусым жарлығы). Көкшетаудағы көтерілісті патша жазалаушылары 1916 жылдың күзіне қарай күшпен басты. 1917 ж. Көкшетау уезінде Алашорда үкіметіне қарайтын қазақ комитеті құрылды. 1918 ж. ақпан – наурыз айларында Кеңес өкіметінің атқару органдары да құрыла бастады. Алайда, мамыр айында Кеңеске қарсы күштер жеңіске жетіп, қысқа қарай колчакшылар өз биліктерін орнатты. Көкшетау өңірінде азамат соғысын өршітті. 1919 ж. 12 қарашада Колчак әскерлері талқандалып, Көкшетау қаласында Кеңес билігі орнады. Сол бір аумалы-төкпелі кезеңде халқының азаттығы үшін алысқан Ә.Досов, С.Сәдуақасов, С.Шәріпов сияқты күрескерлер шықты. 1920 ж. Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылып, Көкшетау өңірі соның құрамына енді. 20 – 30 ж. аймақ елімізбен бірге даму кезеңінің күллі ауыртпалығын бастан кешті. 1941 – 1945 жылдары 40 мыңнан астам көкшетаулықтар Екінші дүниежүзілік соғыс майданына аттанып, 23 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Соғыс жылдарында Көкшетау өңірі мен қаласына КСРО-ның еуропа бөлігінен көптеген зауыт, фабрикалар жұмысшыларымен бірге көшіріліп әкелініп, орналастырылды. 1942 ж. Подольскіден көшіріліп әкелінген тігін машиналары зауыты қосылғаннан кейін Көкшетау прибор жасау зауыты Көкшетау механикалық зауыты болып өзгертілді. Бурабай кентінде академик В.И.Вернадский бастаған бір топ ғалым жұмыс істеді. 1944 ж. 16 наурызда орталығы Көкшетау қаласы болған Көкшетау облысы құрылды. 1954 ж. басталған тың және тыңайған жерлерді игеру науқанында Көкшетау облысына Ресейден, Украинадан, Беларусьтен мыңдаған тың игерушілер әкелініп, орналастырылды. Нәтижесінде қазақ ұлты өз атамекенінде мүлдем азшылыққа айналды. Кіші-гірім қазақ ауылдары жаңадан құрылған кеңшарлардың (совхоз) құрамына енгізіліп, қазақ мектептері жаппай жабыла бастады. Дегенмен, Кеңес өкіметі дәуірінде Көкшетауда ірі-ірі өндіріс орындары ашылды. “Наука – Восток”, “Металлист” зауыттары, тігін-тоқыма фабрикалары, тау-кен, ет комбинаттары, астық сақтайтын аса ірі элеваторлар салынды. Көкшетау облысы Қазақстандағы аса ірі агроөнеркәсіпті аймақтардың біріне айналды. 1991 ж. Көкшетау облысы Ақмола облысының құрамына қосылды. Көкшетауда Көкшетау “Васильков алтын”(“VASGOLD”) бірлескен кәсіпорны, прибор жасау зауыты, Степняк алтын кені секілді өнеркәсіп орындары, минералды су шығаратын ЖШС бар. Көкше өңірі сирек кездесетін металл кендеріне бай. Мұнда уранды былай қойғанда, алмас пен қалайының, каолиннің мол қоры бар деп есептеледі. Жолдыбай көлінің жағасындағы сияқты ерте заманда темір қорытқан көне пештердің орны біраз жерден табылады. Сондай-ақ, Көкшетау ұлттық паркі, “Бурабай” курорты, “Оқжетпес”, “Щучинск” санаторийлері, “Жеке Батыр”, “Голубой Залив”, т.б. демалыс үйлері бар. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жұмыс істейді, “Көкшетау” газеті шығып тұрады. Көкшетау драма театры, орыс драма театры, филармониясы, мұрағаттық мекемелер мен мұражайлар қала халқына рухани қызмет көрсетіп келеді. 1996 ж. 1 шілдеде Көкшетау қаласы жанындағы Щучинск қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне кіші командирлер даярлау мақсатында Кадет корпусы ашылды. 2000 ж. бұл оқу орнына Ш.Уәлиханов есімі берілді. 2002 ж. қалаға Алматыдағы әскери академия көшіріліп әкелінді. Көкшетау өңірінің тарихына С.Сейфуллиннің “Көкшетау” поэмасы, С.Сейфуллинтың поэзиясындағы Көкшетау топтамасы, “Батыр Баян” поэмасы, С.Мұқанов, Ж.Саин, Ж.Сыдықов, Е.Ибраһим, И.Салахов, С.Жүнісов, т.б. ақын-жазушылардың шығармалары, М.Қозыбаев, Ж.Қасымбаев, т.б. тарихшы-ғалымдардың зерттеулері арналған.
## Сілтемелер
* www.kokshetau.narod.ru
* www.akmo.kz Мұрағатталған 16 желтоқсанның 2007 жылы.
* www.kokshetau. Мұрағатталған 6 наурыздың 2017 жылы.
## Дереккөздер |
Ілу салу – қазақтың ұлттық жосын-жоралғысы.
Бір нәрсені, затты сый ретінде беру, үйдің қабырғасына іліп қоюдан шыққан салт. Дәстүрлі қазақ қоғамында жаңадан отау тігілгенде, жаңа үйге келген туысқандар, құда жекжаттар өздерімен бірге басқа жосын-жоралғылармен бірге ілу әкелген. Олар ілуге көбіне кілем берген. Бұл жаңадан түсіп жатқан қара шаңыраққа деген сый құрметті білдіреді.
## Дереккөздер |
Ақкөл гранит кен орны – гранит өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Барлау жұмыстары 1960 жылы жүргізілген.
## Геологиялық құрылымы
Кен орны Бұланды алқабының герциндік қатпарлығына шоғырланған. Граниті лейкократты ақшыл қызыл және сұр түсті келген.
## Құрамы
Механикалық құрамы орташа түйіршікті, қошқыл түсті минералдардың мөлшері 5-8%. Аршылым жыныстарының қалыңдығы 2 м-ден асады. Кварцты порфирлерінің түсі қошқыл қызыл түсті. Кен денелерінің беріктігі 865-1610 кг/см2; су сіңірімділігі 0,28- 0,38%, тығыздығы 2,57-2,59 г/см3. Кен орнындағы тас 300 маркалы гранитке сәйкес келеді. 1968 жылдан «Казнерудматериалы» өндірістік кәсіпорнына қарасты Ақкөл қиыршықтас зауыты пайдалануда.
## Дереккөздер |
Қостанай — Қостанай облысының әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы. Қазақстандағы аса ірі темір, әуе және автомобиль жолдары тораптарының бірі.
Батыс Сібір ойпатының дала белдемі алып жатқан оңтүстік-батыс шетін құрайтын Қостанай жазығының орталық бөлігінде орналасқан. Тобыл өзенінің, оған Әбілсай мен Қостанай деген салалары құятын биік жарқабақты террасалы жағада орналасқан.
Жерінің аумағы 8991 гектар. Тұрғыны 247 246 адам (2019).
## Тарихы
Қостанай осы атыраптағы байырғы елді мекендердің бірі. Оның іргесін 1897 ж. Ресей патшасының жарлығына байланысты қазақтың жергілікті руларынан тартып алынған «Қостанай» атты қоныста, Еділ бойы мен Орынбор губерниясынан көшіп келген орыс шаруалары қалаған.
Алғашқыда Ордабай деп аталды, кейін Николаевка болды. 1893 ж. Қазақстанның құрамында болған бұрынғы Торғай облысында жаңадан ендірілген уездік аумақтық-әкімшілік бөлінісіне сәйкес оған «Қостанай» атауы берілді де, Қостанай уезінің орталығына айналды. 1912 – 13 ж. Оңтүстік Сібір темір жолы магистралінің Челябинск – Троицк – Қостанай тармағының салынуына байланысты Қостанай Ресейде өнеркәсіптік дамуы бойынша біршама ілгері тұрған Орталық Ресей аудандарымен тікелей сауда-саттық байланыстар жасауға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде Қостанай Солтүстік Қазақстандағы ірі сауда орталықтарының біріне айналды.
Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, бу және дизель отынымен жұмыс істейтін диірмендер, қасапханалар, тері заттары, т.б. пайда болды. 1917 – 19 ж. Қостанайда Кеңес өкіметі орнап, 1920 ж. сол кездегі Ақтөбе облысындағы өзімен аттас округтің, 1925 ж. губернияның, 1936 ж. жаңадан құрылған Қостанай облысының орталығына айналды.
## Экономикасы
Бүгінгі таңда мұнда жеңіл өнеркәсіпті құрайтын комвол-шұға комбинаты, «Большевичка» тігін, аяқ киім фабрикалары, тамақ өнеркәсібін құрайтын ет, сүт, ұн-жарма және нан комб-тары, құрылыс материалдар өнеркәсібінің темір-бетон комбинаттары мен қызыл және силикатты кірпіш заттары, құрылыс-монтаж құралымдар комбинат, машина жасау мен металл өңдеу өнеркәсібінің авиақозғалтқыш, автомобиль және ауыл шаруашылық техникасын жөндеу зауыттары, химия өнеркәсібінің химиялық талшық зауыты, электроэнергетика өнеркәсібіне қарасты жылу электр орталығы, автомобиль жөндеу зауыты, жиһаз жасау өнеркәсібі, тұрмыс қажетін өтейтін комб., т.б. жұмыс істейді.
## Қазіргі Қостанай
Қазір қаланың өнеркәсіп құрамындағы кәсіпорындарда салалық 10 АҚ, 9 ЖШС, 4 МҚК бар. 2000 жылғы деректер бойынша Қ-да барлығы 30 ірі кәсіпорын, т.б. бірлестік жұмыс істейді. Қалада Солтүстік Қазақстанның геология басқармасы мен оның орталық лабораториясы, А. Байтұрсынов атындағы мемлекеттік педогогика университет, ауыл шаруашылық институты, мемлекеттік ауыл шаруашылық және егіншілік жобалау институттарының, су құрылысын жобалау институтының бөлімшелері, кооперативтік, автомобиль, құрылыс колледждері, 2 қалалық кәсіптік-тех., мед. мекемелері, облыс тарихи және геология музей, гидрометеорология бюро, 59 мектеп, 2 мәдениет үйі, облыстық драма театр, филармония, 13 кітапхана жұмыс істейді. Денсаулық сақтау және сауықтыру мекемелерінен 12 аурухана (облысы және қалалық клиник. аурухана, теміржолшылар мен балалар клиникалық ауруханалары, облыстық және қалалық емханалар, онкология, туберкулез, психиатриялық, венерология диспансерлер, сүйек туберкулезі санаторийі, қалалық трахомоздық аурухана), 6 акушерлік пункт, 131 дәріхана, облыстық радио-телестудиялар, стадион тұрғындарға қызмет көрсетеді.
## Географиясы
### Климаты
## Сыртқы сілтемелер
* Қостанай облысы әкiмiнiң ақпараттық портал Мұрағатталған 3 қарашаның 2008 жылы.
## Дереккөздер |
Бекмахан Сыбанбайұлы Құралбаев (1.7.1947 жылы туған, Жамбыл облысы Талас ауданы) – ғалым, денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы, медицина ғылымдарының доктары (2000), профессор (2001), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1996).
## Өмірбаяны
* Ысты руынан шыққан.
* Семей медициналық институтын (қазіргі Семей медицина академиясы) бітірген (1971).
* 1979 – 85 жылдары Республикалық клиникалық ауруханада бас дәрігердің орынбасары
* 1985 – 91 жылдары Алматы қалалық клиникалық 5-аурухананың бас дәрігері
* 1991 – 92 жылдары ҚР Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппараты денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары
* 1992 – 94 жылдары Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы
* 1994 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасы Медициналық оралығының Орталық клиникалық ауруханасының бас дәрігері.
## Ғылыми жұмыстары
Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – қоғамдық денсаулық сақтаудың аймақтық бағдарламасының негізгі аспектілерін дамыту мәселелеріне арналған. Ең алдымен мемлекеттік қызметкерлерге медициналық көмек көрсету жүйесін реформалауды жүргізді. Стационарда медициналық көмек көрсетудің инновациялық технологиясын енгізді. Оның басшылығымен Алматы облысында реабилитация және перинаталдық орталықтар құрылды.
## Марапаттары
* “Нарық жағдайында аса тиімді жаңа технологияны жасау және енгізу негізінде медициналық жәрдем көрсету жүйесін реформалаудың және жетілдірудің моделі” ғылыми еңбектер топтамасы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алды (2005).
## Шығармалары
* Ключевые аспекты развития региональных программ общественного здравоохранения, А., 2005;
* Инновационные технологии в совершенствовании стационарной помощи, А., 2007.
## Дереккөздер |
Александр Орлов Семенович (1885, Саратов губерниясы, Ресей – 1956) – ауыл шаруашылығының маманы. КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты. 1911 ж. оның отбасы Мырзашөлге көшіп келген. 1919 ж. 7 наурызда большевиктер партиясының мүшелігіне қабылданды. 1924 – 25 ж. Түркістан мақта қауымдастығының ауыл шаруашылық бөліміне жетекшілік етті. 1925 ж. «Мақтаарал» мақта шаруашылығына басшылық жасауға жіберілді. 1942 ж. Қазақ КСР Тоқыма өнеркәсібі халық комиссары болып тағайындалды. 1943 ж. қайтадан шаруашылықты басқаруға жіберілді. 1947 ж. мақта өндірудегі жоғары жетістіктері үшін Социалистік еңбек ері атағы берілді. 1955 ж. республика Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының орынбасары болып сайланды. Ленин орденімен (1934), Еңбек Қызыл Ту орденімен (1943) марапатталған.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, 1984 жылы 3 қазанда Қостанай облысындағы Қарабалық және Львовка тәжірибе станциялары негізінде құрылған. 2002 жылы 12 желтоқсанда респ. мемлекеттік кәсіпорын болып қайта құрылды. Құрамында картоп және майлы дақылдар селекциясын, мал шаруашылығын, астық дақылдарының бірінші реттік тұқымдарын өсіру, өсімдіктерді қорғау, жерді құнарландыру, танаптық жем-шөп өндірісін, дәрілік өсімдіктерді зерттеумен шұғылданатын лабораториялар жұмыс істейді. Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: астық өндірісінде ылғал және энергия сақтау технологиясын жасау және жетілдіру; топырақтың аймақтық құнарлылығын арттыру; дәнді дақылдар, жем-шөп, майлы дақылдар және картоптың селекциясы мен тұқымдары мәселелері; жоғары өнімді тұқым (ұрық) қалыптастыру (өндіру), Голштин сиырының буданы негізінде жоғары өнімді сиыр тұқымын қалыптастыру; облыстың ауыл шаруашылық өндірісінде ғылым мен озық тәжірибе жетістіктерін пайдалану және насихаттау. Селекциялық жұмыстардың нәтижесінде жаздық бидайдың аудандастырылған жоғары өнімді Қарабалық-90, Қарабалық-85; ерте пісетін Қазақстандық, Эритроспермум-35, Қостанай-52, т.б.; күздік бидайдың Комсомол-56, Комсомол-103; арпаның Қарабалық-150, Медикум-85; сондай-ақ, ас бұршақ, зығыр, арпа, жоңышқа, еркекшөп, бидайықтың жергілікті табиғатқа лайықты сорттары шығарылды.
## Пайдаланған әдебиетттер |
Шавкат Шигабутдинович Ибрагимов(22.10.1923, Татарстан, Қазан қаласы – 26.12. 1989, Алматы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1965), профессор (1974), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1970), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1982).Қазан авиация институтын бітірген (1948). 1948 – 52 жылдары Мәскеу және Қазан авиация зауыттарында жұмыс істеді. 1952 – 55 жылдары Мәскеу болат және қорытпалар институтының аспиранты, 1956 – 69 жылдары КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Атом энергиясын пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитеттің Обнинск қаласындағы Физика-энергетика институтында аға ғылыми қызметкер, лабаротория меңгерушісі, 1969 – 70 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика институты директорының орынбасары, 1970 – 87 жылдары осы институттың директоры, 1987 – 89 жылдары сонда лабаротория меңгерушісі, 1974 – 86 жылдары Қазақстан ғылым академиясының вице-президент қызметтерін атқарды. Негізгі ғылыми еңбектері қатты дененің радиациялық физикасы мен радиациялық материалтануға, ядролық сәуле мен заттың өзара әсерлесуін және сәулемен әсер еткенде материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері мен құрылымының өзгерісін зерттеуге, сондай-ақ, ядролық физика мен ядролық энергетика мәселелеріне арналған.
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978). Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдермен марапатталған.
## Дереккөздер |
Рамазан Құрманғалиев (1894, бұрынғы Орал облысы Орда ауданы – 1937) – әскери маман, дивизия комиссары, саяси қуғын-сүргін құрбаны.
Ордадағы 2 сыныпты бастауыш училищені, 1920 жылы Орынбордағы атты әскер командирлерін даярлайтын курсты, 1930 жылы Ленинградтағы (Санкт-Петербург) әскери-саяси академияны бітірген. 1919 – 23 жылдары Қызыл Армия қатарында қазақтың 1-атты әскер полкінің және түркістандық 8-дербес атты әскер бригадасының взвод командирі ретінде ақ бандаларға,Әндіжан, Ферғана облыстарында басмашыларға қарсы ұрысқа қатысқан. 1923 – 27 жылдары Бөкей губерниясында, Орал, Жетісу-Сырдария әскери аумақтық басқармасында қызмет істеді. 1930 – 32 жылдары Қазақстан өлкелік әскери комиссариаты саяси басқармасының бастығы, 1932 – 33 жылдары Қазақ АКСР-і әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссары, 1933 – 37 жылдары Түркістан облысында, Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотында және Шығыс Қазақстан облысы сотында, Қазақ КСР-і Әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссариатында жауапты қызметтер атқарды. Бұхар Халық Кеңес Республикасының жауынгерлік Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған.
## Сілтемелер
* КСРО
* Қазақстан
## Дереккөздер |
Аққайың (2007 жылға дейін – Белоцерковка) — Ақмола облысы Бұланды ауданы, Вознесен ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1899 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Макинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, дүкендер халыққа қызмет көрсетеді. 2-дүниежүзілік соғыстың құрбандарына ескерткіш орнатылған. Жақын темір жол стансасы — Макинск (20 км).
## Дереккөздер |
Сұлтанбек Аққожаев (1876, Ақмола облысы Құланөтпес өзені маңы — 1965, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы) — жыршы-термеші, қазақ фольклорлық мұраларын жинаушы. Балалық шағында сауатын молдадан ашқан. Құлыншақ, Молды, Мұса, Майкөт, Майлықожа ақындардың мұраларын насихаттаушы. Сұлтанбек Аққожаев «Алпамыс батыр» жырының толық нұсқасын Майкөт ақыннан жазып алған. Сұлтанбек Аққожаев жазып алған аталған жыр нұсқасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Орталық ғылым кітапханасы қорында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Ақжар (2001 ж. дейін – Заря) — Ақмола облысы Аршалы ауданы, Бұлақсай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аршалы кентінен солтүстікке қарай 56 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Ауылда фельдшерлік-акушерлік пункт, бастауыш мектеп, клуб бар. Ауыл жанынан Ерейментау - Павловка автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Намазбай Жаппарұлы Орманов (1948 жылы туған, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылы) – медицина ғылымының докторы (1992), профессор (1992).
## Оқу жолы
Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1972, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген.
## Жұмыс жолы
Oсы институтта аспирант (1972–1975), ассистент (1975–1979), қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетінің Шымкент бөлімшесінде аға оқытушы, доцент (1979–1982), Қазақ өлкелік ғылыми-зерттеу институтының Шымкент бөлімшесінде лаборатория меңгерушісі (1982–1991), Шымкент мемлекеттік фармацевтика институтында кафедра меңгерушісі, ғыл. (1991–1994) мен оқу ісі (1994–1996) жұмыстары жөніндегі проректоры; 1996 жылдан кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін атқарады.
## Ғылыми еңбектер
«Разработка и внедрение методов ранней диагностики хронической интоксикаций соединениями фосфора» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.120 ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Сәлім Әлмағанбетұлы Құрманғожин (4.1.1934 жылы туған,Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Еңбек ауылы) – саяси қайраткер, дипломат, ҚР дипломат. қызметінің еңбек сіңірген қызметкері. Саясаттану ғылымының кандидаты (1999). Алматы педагогикалық шет тілдер институтын (1955), КСРО СІМ жоғарғы дипломатиялық мектебін (1963) бітірген.Петропавл педагогикалық институтында оқытушы (1955 – 56), Қазақ КСР-і СІМ-нің 2-, 1-хатшысы (1956 – 61), Біріккен Араб Республикасындағы КСРО елшілігінің 3-хатшысы (1963 – 67), КСРО СІМ-де жауапты қызметкер, (1967–73), КСРО-ның Стамбұл қ-ндағы консулы (1973 – 78), КСРО СІМ бас хатшылығының кеңесшісі (1978 – 84), Эфиопиядағы КСРО елшілігінің кеңесшісі (1984 – 89), КСРО СІМ елшіліктермен жұмыс ісінің сарапшысы (1989 – 92) болды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары (1992 – 93), Венгриядағы төтенше және өкілетті елшісі (1993 – 96), ҚР СІМ кеңесшісі (1996 – 97), ҚР СІМ бақылау басқармасының басшысы (1997 – 98), ҚР СІМ дипломат. академиясының төтенше және өкілетті өкілдерінің біліктілігін арттыру бөлімінің бастығы (1998 – 99) қызметтерін атқарды. 1999 жылдан ҚазМУ-да оқытушы.Венгрияның орта дәрежелі жұлдызды Крест орденімен марапатталған.
## Сілтемелер
* Әдебиет
* Саясаттану
* КСРО
* Қазақстан
## Дереккөздер |
Қостанай жіп иіру-трикотаж фабрикасы – жеңіл өнеркәсіп орны. 1997 ж. “Fast” ЖШС болып құрылған, 2001 жылдан қазіргі атымен аталады. Жеке меншік нысанда. Жіп пен трикотаж өнімін, ватин шығарады.
## Пайдаланған әдебиетттер |
Ілияс — б.з.д. 900 жыл бұрын исраил халқына келген пайғамбар. Ол Мұса пайғамбардың шариғатын ұстанған. Құранда аты аталған, тақуа діндар, пайғамбар. Ол өз халқына Құдайдың бірлігін уағыздап, Бағыл делінген пұтқа табынудан бас тартып, бір Аллаға сенуге шақырған. Оның уағызына сенбеген тайпаластары өкінішке ұрынып, Ілияс (ғ.с.) кейінгі ұрпақтар алдында даңққа бөленді. Құранның қысқа мадақтаулар бөлімінде Ілияс (ғ.с.) жөнінде, “біз ұрпақтарға оған құрмет көрсетуді қалдырдық” делінген. Оның есімі (ивритше אלי «Элийяху») - «Менің Құдайым» деген мағынаны білдіреді. Көне еврей тілінде Ілияс пайғамбардың есімін жазуда екі нұсқа қолданылған: אֵלִיָּהוּ («Элийяhу») және אֵלִיָּה («Элийя») . Элийяху (көне еврей т. אֵלִיָּהוּ) – есіміндегі «х» (ה, «хей») әрпі тамақты кішкене хырылдатып айтылады. Құранда оның есімі арапша إلياس («Илияс») делінген. Ал, көне грек, славян тілдерінде «Илия» деген есім қалыптасқан. Таяу Шығыс халықтарының әпсанасында Ілиястың көкке әкетілуі жөнінде аңыз-әңгімелер бар. Осындай тектес аңыз-әңгімелер оны халық нанымындағы танымал тұлғаға айналдырды.
## Көкке көтерілуі және қайта оралуы
### Көкке көтерілуі
Яһудия және христиан діндерінде Ілияс пайғамбар Көкке тірідей көтерілді делінеді. Бұл оқиға Киелі Кітапта (Библияда) былайша суреттеледі:
«Кенеттен жалындаған отты аттар жегілген жалындаған отты күйме пайда болып, екеуін ажыратып жіберді. Ал Ілияс сол сәтте бір құйынның ішінде көкке көтеріліп кетті». (Киелі Кітап, Патшалықтар 4ж., 2:11)
Киелі Кітап бойынша оған дейін аспанға Ыдырыс пайғамбар тірідей көтерілген екен, ол топан су басқанға дейін өмір сүрген.
### Қайта оралуы
Малахи пайғамбардың кітабында, Құдай Ілияс пайғамбарды жерге қайта жіберетіні жайында айтылған:
«Жаратқан Иенің ұлы да қорқынышты соты күні келмес бұрын, Мен сендерге Ілияс пайғамбарды жіберемін». (Киелі Кітап, Малахи, 4:5)
Яһудия және христиан діндерінде, бұл жердегі көріпкелдік Ілияс пайғамбардың екінші рет келуі жайында айтылған деп есептеледі. Алайда, Інжіл бойынша, бұл көріпкелдік (тура мағынада) Ілияс пайғамбардың өзі аспаннан түсіп келуін білдірмейді, Ілиястың орнына (астарлы мағынада) Жақия пайғамбардың келуін білдіреді. Басқаша айтқанда, Ілиястың қайта келуі деген сөз, Ілиястың рухани пәрмені Жақия пайғамбарға дарығанын (яғни, олардың рухани күйлерінің ұқсастығын) білдіреді.. Иса Мәсіхтің алдында, Жақия пайғамбар яһуди халқына, Ілиястың рухани пәрменімен ақиқатты уағыз еткен.
Бұндай түсінік, яғни "Ілиястың екінші рет келуі" Жақия пайғамбардың тұлғасында жүзеге асқаны, мұсылмандық баспа әдебиеттерінде де кездеседі. Осы орайда Әбдул Ахад Дәуд есімді мұсылман ғұламасы былай деп жазады:
«Егер (Інжілге сай) Жақия пайғамбардың Ілияс болып келгенің және адамдар оны танымағаның Иса Мәсіх айтқан болса, онда Иса бұл жерде Жақия мен Ілиястың бір-біріне ұқсас болғандығын меңзеген, яки ол екеуі аскеттік тірлік кешкен, Құдайға бар жігерлерімен қызмет еткен және патшалар мен екіжүзді дінқызметкерлерге сын айтып мінеуден қорықпаған».
Дегенмен, яһудилер, Ілияс пайғамбардың екінші рет келуі (астарлы мағынада) Жақияның келуінде жүзеге асты - делінген Иса пайғамбардың түсіндірмесін де, оның өзін де қабылдамағандықтан, олар (яһудилер) әлі күнге шейін Ілиястың аспаннан түсуін (және исраил халқына уәде етілген Мәсіхтің келуін) күтіп жүргенді.
## Ілияс пайғамбар яһудия дінінде
Яһудия дінінде, яһудилердің Мәсіхі келерде Ілияс пайғамбар жерге қайтып оралады делінген. Машиах (Мәсіх) иврит тілінен аударғанда «мәсіх тарту», «жағу (майлау)», басқаша сөзбен айтқанда «патшалыққа маңдайын майлау» деген мағынаны білдіреді. Яһудилердің бірінші патшасын (Құдайдың бұйрығымен) пайғамбар «мәсіх тарту» арқылы тағайындаған. Кейінгі патшалар патшалық ету үшін пайғамбармен «мәсіх етілуі» (тағайындалуы) міндетті болмады. Бірақта, бүліншілік пен дау-дамай ушыққан заманда, келесі патша кім болу керектігі даулы болған кезде пайғамбардың көмегіне жүгінетұғын. Қазір, яһудилік пайғамбарлар мен патшалардың жоқтығына екі мың жылдан астам уақыт болды. Сондықтан, жаңа патша пайғамбармен «мәсіх тарту» арқылы тағайындалуы керек, өйткені бұл патшаның кім болатынын білудің жалғыз тәсілі. Машиах келерден бұрын, Ілияс пайғамбар аспаннан түсіп, оны патшалыққа «мәсіх етуі» керек (басқаша айтқанда, «патшалыққа маңдайын майлауы керек»).
## Ілияс пайғамбар Інжілде
Ілияс пайғамбар Інжілдің (Ізгі хабар) бірнеше жерінде сөз етіледі. Бір эпизодта Жақия пайғамбар Иордан өзенінің жағалауында Ілиястың рухымен, күшімен уағыз еткенде, тіпті олардың сыртқы түр-сипаттары да ұқсас еді, сонда яһуди жұртының ақсақалдары мен қарапайым халықы одан, - сен Ілияссың ба? -деп сұрайды. Сол секілді Иса Мәсіхтің шәкірттері де, - Мәсіхтің алдында Ілияс келмейді ме? –деп Исадан сұраған. Сонда Иса оларға былай деп жауап берген:
«Ілиястың қайтып келіп, бәрін қалпына келтіретіні рас. Бірақ сендерге айтамын: Ілияс әлдеқашан келген еді. Алайда адамдар оны танымай, оған ойына келгендерін істеді... Сонда шәкірттері, Иса оларға шомылдыру рәсімін орындаған Жақия пайғамбар туралы айтып тұрғанын түсінді». (Інжіл Матайдан 17:11-13)
Інжілдің тағы бір жерінде Мұса пайғамбар мен Ілияс пайғамбар (аян ретінде) Иса Мәсіхке жолыққаны жайында айтылады, олар Исаға «Иерусалимнен кету керектігі жайында айтқан».Інжіл бойынша, Иса Мәсіх айқышта азап шеккенде, кей адамдар Иса Мәсіх Ілиясты көмекке шақырып тұр деп ойлады.
## Ілияс пайғамбар Исламда
Ислам тәлімі бойынша, Ілияс (оған сәлемет болсын) – исраил халқына келген пайғамбар. Құранда ол екі мәрте сөз етіледі. Құранда оған қатысты «мүрсәл» (елші), «салих» (салиқалы), «мумин» (мүмін, иманды) деген сөздер қолданылған:
«Зәкерия да, Жақия да, Иса да, Ілияс та – барлығы салиқалылардан.» (Ән’ам сүресі, 6:85)
«Әлбетте, Ілияс елшілеріміздің бірі болған.» (Саффат сүресі, 37:123)
«Әрине, ол (Ілияс), мүмін құлдарымыздан еді.» (Саффат сүресі, 37:132)
Ілияс пайғамбар исраилдіктерге жіберілген елші. Ол Мұса пайғамбардың шариғатын ұстанған. Ілиястың жұрты Алланы тастап, Бағыл деген пұтқа табына бастаған. Ілияс, жұртын, Бағылға табынудан бас тартуға шақырды, алайда олар оның уағызына құлақ аспады. Ілиястың жұрты оны өтірікшіге балап, оны қуып шыққан, сол үшін олар ауыр жазаға тарттылды. Кенеттен басталған құрғақшылықтан егін бітік шықпады, соның салдарынан мал қырылып, ашаршылық орыналды. Исраилдіктер Ілиясты қайтарып, оның сөздеріне құлақ асатын болды. Олар пұттарын тастап, Аллаға құлшылық ете бастады. Ілияс пайғамбардың дұға етуінің арқасында жаңбыр жауып, тіршілік қайта оңала бастады.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Ақмешіт (1999 жылға дейін - Покровское) - Ақмола облысы Целиноград ауданы, Тасты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 41 км-дей жерде.
## Тарихы
Іргесі 1895 жылы қаланған.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Ауылда орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, кафе, монша, дүкен, мешіт бар. Ақмешіт арқылы Астана — Екатеринбург автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы - Тастақ (18 км).
## Дереккөздер |
Ақмол (1954 жылға дейін - №26 нүкте, 2007 жылға дейін - Малиновка) — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл, аудан (2007 жылдан) және Ақмол ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Астана қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км-дей жерде, Жалаңаш көлінің солтүстік-батыс жағасында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1930 жылы қаланған. 1937 — 54 жылдары Карлаг жүйесіндегі АЛЖИР (Отанын сатқандардың Ақмола әйелдер лагері) орналасқан. 1954 жылдан кеңшардың орталығы, 1965 жылдан «Ақмола» құс өсіретін кеңшардың, ал 1975 жылдан Целиноград құс өсіретін өндірістік бірлестігінің Малиновка ауылдық округінің бірлестігі болған.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, мәдениет үйі, ауданы кітапхана, мектеп кітапханасы, ауданы емхана, АЛЖИР тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей-мемориалдық кешені мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бар.
## Кәсіпорындары
«Ақмола Феникс» АҚ, «Бағысов» шаруа қожалығы, «Вилма —2» бірлескен компания, 38 жеке кәсіпкерлік орналасқан. Ауыл арқылы Астана — Қорғалжын автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы — Астана (35 км).
## Дереккөздер |
## Жалпы мәлімет
Жүгері қаракүйесі – базидиомицеттер класына жататын саңырауқұлақтар тудыратын жүгері ауруы.
Жүгері қаракүйесі ауруларына жүгерінің бөртпе қаракүйесі мен тозаңды қаракүйесі жатады. Жүгерінің бөртпе қаракүйесін Ustіlago maydіs саңырауқұлағы тудырады. Саңырауқұлақ ақшыл немесе алқызыл мицелла қабықшасымен қапталған, диаметрі 1 – 20 сантиметр бөртпелер түзіп, өсімдіктің барлық мүшесін зақымдайды. Буын аралықтарында пішіні домалақтау, ірілігі жаңғақтай немесе одан үлкенірек, ал жапырақ тақталарында өн бойына созылған, жіңішке ақшыл сарғылт, бұйраланған немесе ірілігі асбұршақтай бөртпелер пайда болады. Жүгері шашақтана бастағанда бөртпенің сыртқы қабықшасы жарылып, ішінен күйе тәрізді споралар шығады. Олар гүлдену кезінде собық жіпшелері арқылы дәндерді зақымдайды. Собықтың жартысына дейін қамтитын пішіні әр түрлі бөртпелер пайда болады да, дәннің орнына көптеген қаракүйе споралары түзіледі. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің өсуі баяулап, дәннің түсімділігі 20 – 30 пайызға дейін төмендейді. Ауру қоздырғышы шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталатындықтан, жүгеріні бір жерге қатарынан бірнеше рет еге берсе, аурудың дамуы жыл сайын өрши беруі мүмкін.
Жүгерінің тозаңды қаракүйесі жүгерінің тек собығы мен шашақшаларын зақымдайды. Собықта дән түзілмей, ол өзекшесімен қоса толығымен жұқа жапырақшалармен көмкерілген қаракүйе түйіріне айналады. Шашақшалардың жеке гүл шоқтарында да түйіршіктер пайда болады. Егін жинау кезінде қаракүйе споралары топыраққа көшіп, бірнеше жылға дейін сақталады. Бұл ауру жүгері өсіруге маманданған Алматы облысының Панфилов, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары жерінде кең таралған. Жүгері Қаракүйесімен күресу шаралары: ауыспалы егіс жүйесін қатаң сақтап, себер алдында тұқымды витавакс 200 ФФ (3 – 5 л/т), дивиденд 030 (2 – 3 л/т), фенорам немесе фенорам супер (2 кг/т) препараттарының бірімен дәрілейді.
## Дереккөздер
## Жалпы мәлімет
Жүгері қаракүйесі – базидиомицеттер класына жататын саңырауқұлақтар тудыратын жүгері ауруы.
Жүгері қаракүйесі ауруларына жүгерінің бөртпе қаракүйесі мен тозаңды қаракүйесі жатады. Жүгерінің бөртпе қаракүйесін Ustіlago maydіs саңырауқұлағы тудырады. Саңырауқұлақ ақшыл немесе алқызыл мицелла қабықшасымен қапталған, диаметрі 1 – 20 сантиметр бөртпелер түзіп, өсімдіктің барлық мүшесін зақымдайды. Буын аралықтарында пішіні домалақтау, ірілігі жаңғақтай немесе одан үлкенірек, ал жапырақ тақталарында өн бойына созылған, жіңішке ақшыл сарғылт, бұйраланған немесе ірілігі асбұршақтай бөртпелер пайда болады. Жүгері шашақтана бастағанда бөртпенің сыртқы қабықшасы жарылып, ішінен күйе тәрізді споралар шығады. Олар гүлдену кезінде собық жіпшелері арқылы дәндерді зақымдайды. Собықтың жартысына дейін қамтитын пішіні әр түрлі бөртпелер пайда болады да, дәннің орнына көптеген қаракүйе споралары түзіледі. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің өсуі баяулап, дәннің түсімділігі 20 – 30 пайызға дейін төмендейді. Ауру қоздырғышы шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталатындықтан, жүгеріні бір жерге қатарынан бірнеше рет еге берсе, аурудың дамуы жыл сайын өрши беруі мүмкін.
Жүгерінің тозаңды қаракүйесі жүгерінің тек собығы мен шашақшаларын зақымдайды. Собықта дән түзілмей, ол өзекшесімен қоса толығымен жұқа жапырақшалармен көмкерілген қаракүйе түйіріне айналады. Шашақшалардың жеке гүл шоқтарында да түйіршіктер пайда болады. Егін жинау кезінде қаракүйе споралары топыраққа көшіп, бірнеше жылға дейін сақталады. Бұл ауру жүгері өсіруге маманданған Алматы облысының Панфилов, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары жерінде кең таралған. Жүгері Қаракүйесімен күресу шаралары: ауыспалы егіс жүйесін қатаң сақтап, себер алдында тұқымды витавакс 200 ФФ (3 – 5 л/т), дивиденд 030 (2 – 3 л/т), фенорам немесе фенорам супер (2 кг/т) препараттарының бірімен дәрілейді.
## Дереккөздер |
Құтлымбет елшілігі Әбілқайыр ханның 1730 жылы Ресей патшайымы Анна Иоанновнаға жіберген.
1730 жылы мамырда Орта және Кіші жүздің беделді ақсүйектері мен шонжарларының жиналысында Санкт-Петербургке өкілетті қазақ елшілігін ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды. Оның алдына қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету үшін Ресей тарапынан одақтас іздеу міндеті қойылды. Қазақ қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Жайық пен Сібір казактарының қоршауында тұрған қазақ жүздерінің билеушілері Ресей империясымен жақындасуға тырысты. Елшілікті Құтлымбет Қоштайұлы басқарып, құрамына Сейітқұл Қойдағұлұлы және тағы 5 адам енгізілді. Уфа наместнигі арқылы Санкт-Петербургке жіберілген бұл елшілікке Әбілқайыр хан өзін ұлысымен бірге Ресей империясының бодандығына қабылдауды өтінуді тапсырды. Сыртқы істер алқасы Құтлымбет елшілігін құрметпен қабылдап, оларға бағалы сыйлықтар тарту етті және тілмаш А.И. Тевкелев бастаған үлкен комиссия қосып, әскери күзетпен қайтарды.
## Дереккөздер |
Шортандыбұлақ қонысы – соңғы қола дәуірінен сақталған көне ескерткіш (біздің заманымыздан бұрын 11 – 10 ғасырлар). Қарағанды облысы Шет ауданы Талдынұра өзеннің сол жағалауында Айнақұл ескі қыстағы маңында орналасқан. Алғаш рет Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының далалық ізденістері барысында 1955 жылы ашылып, 1971 – 1972 жылдары Ә.Оразбаев пен Ә.Марғұлан қазба жұмыстарын жүргізді.
Қоныстың аумағынан барлығы 38 құрылыстың орны табылып, мұның 30 үй болғандығы, ал қалғандары шаруашылық орындары екендігі анықталды. Планигр. тұрғыдан алғанда, қоныстың ортасы ашық алаңқай түрінде бос қалдырылып, үй-жайлар мен шаруашылық құрылыстары оның айналасында орналасқан. Шығыс жақта металл өндірген ірі шеберхана сияқты құрылыс орындары бар. Қоныс аумағының оңтүстік-шығысында едәуір сыртқа қарай оқшаулана орналасқан төртбұрыш пішіндес үлкен құрылыс көне ғибадатхана қызметін атқарған. Қоныстың бір ерекшелігі, тұрғын үйлер ағаштан салынған да, шеберхана мен ғибадатхана тастан тұрғызылған. Қазбалар барысында қоныстан екі үй орны зерттеліп (ғ14, ғ21 үйлер), тұрғындардың үй салу тәсілдері, пайдаланған құрал-жабдықтары, шаруашылығы мен өндірісі туралы құнды мәлімет беретін деректер алынды. Аудандары 16×10 м және 9×8,5 м болатын жартылай жертөле типтес екі үйдің де пішіні төртбұрышты, едендері жер бетінен 0,7 – 1 м төменде, ал үстіңгі қабырғалары 1 м-ге дейінгі биіктікте көтерілгендігі анықталды. Қабырғалар бір-бірінен 1 – 2 м қашықтықта орнатылып, ағашпен өрілген ірі бөренелер арқылы шығарылып, үйдің төбесі сырғауыл, бұталармен жабылған. Шығар есік шығыстан келтіріліп, қосымша дәлізбен жабдықталған.
Әр үйге бірнеше ошақтар тән, мысалы, ғ14 үйдің негізгі үлкен ошағы ортада болса, тағы екі ошақ солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бұрыштарда орналасқан. Ас пісіруге арналған ошақтармен қатар, шлак, көмір түйіршіктері сияқты қалдықтарға қарағанда, кейбір қосымша ошақтардың өндірістік мақсатта қолданылғаны байқалады. Көне өндірістен хабар беретін деректер көбірек алынған ғ21 үйдің өзі ең алдымен осы өндірістік мақсатта салынған құрылыс болуы мүмкін. Мұндағы дәл ортада орналасқан, аумағы 1,5×1,4 м, тереңдігі 0,8 м болатын ошақ, оның түбінде және айналасынан көптеп табылған шала күйген қыш сынықтарына қарағанда, қыш бұйымдарды күйдіруге арналған болса керек. Үйдің сыртында салынған тік бұрышты балқыту пешінің ұзындығы 2 м, ені 1,5 м, биіктігі 0,8 м. Оның айналасында көптеп сақталған өндіріс қалдықтарына жүргізілген ғылыми-зерттеулер бұл жерде кезінде малахит, сондай-ақ қорғасын, темір кентастары жиналып қойылғанын анықтап берді. Қоныстан алынған аса бағалы заттай деректерді ұзын саны 300-ден астам ыдыстан қалған қыш сынықтары, қола бұйымдар, өңделген сүйектер, көптеген еңбек құралдары құрайды. Өте көп мөлшерде табылған мал сүйектерін зерттеген остеолог мамандар (Т.Нұрымов, Л.А.Макарова) табында саны жағынан бірінші орынды қой-ешкі (45%), екінші орынды жылқы (30%), ал үшінші орынды мүйізді ірі қара (25%) құрағанын анықтады. Ғалымдардың пікірі бойынша, Шортандыбұлақ қонысының тұрғындары мал өсірумен, қосымша деңгейдегі егіншілікпен қатар, металл қорытумен кеңінен айналысқан. Қоныс тұрғындарының мыс, қорғасын балқытумен бірге, әсіресе, темір металын игергендігін дәлелдейтін деректер аса маңызды. Ә.Марғұлан ескерткішті Орталық Қазақстанның атақты Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жатқызды. Соңғы жылдары В.В. Варфоломеев бұл пікірді толығынан құптай келе, Шортандыбұлақ қонысы соңғы қола дәуірінде Орталық Қазақстан жерінде қалыптасқан Кент, Бұғылы-1 сияқты протоқала типтес қоныстар түріне жатады деп пайымдады.
## Дереккөздер: |
Мүшел жас - қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы Мүшелі деп саналады,яғни бір мүшелді толтыру. Одан кейінгі Мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп толып отырады. Ол 25-ке толғанда екі Мүшел, 37-ге толғанда үш Мүшел, 49-ға келгенде төрт Мүшел, 61-ге келгенде бес Мүшел деп есептеледі. Халықтың адам өмірін кезеңдерге бөлуіне байланысты қалыптасқан шартты түрдегі бөліністері мен Мүшел санау үрдістері қоғам мүшесінің әлеуметтену жағдайын, яки қоғамдағы орны мен мәртебесін белгілеуді білдірді. Бірақ бір Мүшел жастағы ерекшеліктен келесі Мүшел жасқа өтуді әлеуметтік құбылыс деп тануға негіз жоқ. Өйткені ол адамның биологиялық қасиеттеріне де тән құбылыс болғандықтан, әр Мүшел ішінде адамның өзіне тән қасиеттері мен болмысы қалыптасады. Мысалы, 1-мүшел балиғатқа толуға байланысты болса, 2-мүшел ат жалын тартып мінген жастың есейген шағы, 3-мүшел ақыл-парасаттың толысу шағы деген адамның физиологиялық-психологиялық жетілулерін меңзейді. Мүшелдер арнайы ғұрыптар арқылы аталып өтілген. Олар: жарты Мүшелге келген ұл баланы сүндетке отырғызып, “атқа мінгізу” мен қыз баланың құлағын тесіп, “сырға тағу”, алғашқы Мүшелінде балиғатқа толуына байланысты “он үште отау иесі” болу, тағы басқа. Мүшелден мүшелге өту аралығындағы жаста адамға қауіп-қатер жуық болады деп есептеліп, тән мен жанның өзгеріске ұшырайтын тоқырау кезі, белесі деп саналды.
## Дереккөздер |
Мүшел есебі [ежелгі түркіше “мүш” – “он”, “ел” – “иыл” (“жыл”)] – Азия халықтарында қолданылатын байырғы күнтізбелердің бір түрі. Түркі тілдес халықтарда (қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, башқұрт, тағы басқа), моңғол халықтарында (моңғол, бурят, қалмақ, тағы басқа), Қытайда, Тибетте, Жапонияда, Лаоста, Бирмада, Таиландта, Ауғанстанда, Иранда, Кавказдың кейбір халықтарында (ноғай, абазин, шеркес, тағы басқа), Кіші Азия түріктерінде, тағы басқа елдерде қолданылған. Ұзақтығы 12 жыл уақыт мүшел деп аталады. Мүшел есебі 12 түрлі хайуанның атымен аталған, әр жылға бір хайуанның аты сәйкестендірілген. Жылдардың қалыптасқан реттері мен атаулары төмендегідей: 1-жыл – тышқанжылы, 2-жыл – сиыр жылы, 3-жыл – барыс жылы, 4-жыл – қоян жылы, 5-жыл – ұлу жылы, 6-жыл – жылан жылы, 7-жыл – жылқы жылы, 8-жыл – қой жылы, 9-жыл – мешін жылы, 10-жыл – тауық жылы, 11-жыл – ит жылы, 12-жыл – доңыз жылы. Мүшел есебі аяқталып, одан әрі 13-жылды доңыз жылынан кейін тағы да тышқан жылы деп, есепті қайтадан бастайды. Мүшел есебін қолданатын халықтардың басым көпшілігінде жылдар осы ретпен айтылады. Мүшел есебіндегі 12 хайуанның алтауы – үй хайуаны, ал қалған алтауы – түз тағысы. Мүшел есебіндегі әрбір жылдың басы – 22 наурыз, күн мен түннің жазғытұрғы теңелетін кезі, аяғы – келесі жылдың 21 наурызы. Мүшел есебі ерте замандардан қалған жазуларда жиі кездеседі. Мысалы, Күлтегін құлпытасында: “Күлтегін қой жылы қайтыс болды, мешін жылы біз осы тасты орнаттық” делінген. Көптеген ғалымдардың топшылауынша Мүшел есебін біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықта Алтай тауының баурайы мен Амур өзенінің жоғарғы ағысын мекендеген ежелгі ғұн-түркі тайпалары шығарған, содан кейін ол біртіндеп көршілес елдерге таралған. Григорий күнтізбесіндегі кез келген жылдың атын білу үшін оның нөмірін 12-ге бөліп, қалдығына 9-ды қосу керек. Мысалы, 1974 жылдың аты – Барыс. 1974 санын 12-ге бөлгенде 6 қалдық қалады. Осы қалдыққа 9-ды қосып, одан 12-ні шегергенде 3 саны шығады, яғни 3 саны барыс жылын (1974) көрсетеді. Қалдыққа 9 қосудың мәнісі Григорий күнтізбесі мен мүшел есебіндегі жыл санақтарының басы үйлеспеген. Олардың айырмасы – 9 жыл.
## Дереккөздер |
Химия ғылымдары институты, Ә.Б.Бектұров атындағы – ғылыми-зерттеу мекемесі. 1945 жылы химия-металлургия инcтитутының химия лабораториялары негізінде ұйымдастырылған. Құрамында 14 лаборатория бар.
## Тарихы
Институттың алғашқы директоры (1945–1946) академик М.И.Горяев, 1946–1968 жылы профессор, академик Ә.Б.Бектұров, 1968–1988 жылы академик Б.А.Жұбанов болды. 1988 жылдан академик Е.Е.Ерғожин басшылық етеді.
Институт жұмысының негізгі бағыттары:
* катализдік поликонденсаттау;
* полимерлеу;
* физиологогиялық активті қосылыстар синтезі;
* конформациялық талдау;
* стереохимия және кешенді қосылыстар түзілу бағыты;
* көмірсутектердің тотығу және тотықтыру аммонолизі;
* фосфорит кендерін және қоңыр көмірді кешенді өңдеп, экспортқа бағытталған химиялық өнімдер алу, тағы басқа.
Институтта алынған препараттар (просидол, казкаин, глидеринин, натрий гуматы, тағы басқа) мен ашылған ғылыми жаңалықтар ТМД елдері мен Қазақстанның көптеген өндіріс орындары мен шаруашылықтарында қолданылуда.
## Лабораториялары
* полимерлер синтезі;
* мұнай-химия синтез;
* ион алмастырғыш шайырлар;
* дәрілік заттар химиясы;
* физиологиялық активті қосылыстар химиясы;
* табиғи қосылыстар химиясы;
* мұнай-газ химиясы;
* тыңайтқыштар мен тұздар химиясы;
* бейорганикалық синтез;
* бейорганикалық материалдар химиясы;
* аналитикалық химия;
* бейорганикалық гетерополиоксоқосылыстар химиясы;
* физка-химиялық талдау әдістері.
## Тағы қараңыз
* Химия
* Химиялық технология
* Химиялық физика
* Химия-металлургия институты
## Дереккөздер
* Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.