text
stringlengths 3
252k
|
---|
Ибраев Тілепалды (1928 жылы туған, Жуалы ауданы Рысбек батыр ауылы) – заңгер. Алматы мемлекет заң институтын 1948 жылы бітіріп, заңгерлік қызметін Гурьев облысы (қазіргі Атырау) прокурорының көмекшісі болудан бастаған. Гурьев қаласының прокуроры болды. 1955 жылдан Қызылорда облысы прокурорының орынбасары, облыстың прокуроры, 1962 – 1964 жылы Түркістан облысының прокуроры, Өлкелік прокуратураның жалпы бақылау бөлімінің бастығы болды. 1965 жылы Көкшетау облысының прокуроры, юстицияның 3-дәрежелі кеңесшісі (генерал-майор) дәрежесі беріледі. 1970 – 1977 жылы Талдықорған облысының, 1977 – 1984 жылы Жамбылоблысының прокуроры болып қызмет істеді.
## Дереккөздер |
Борис Павлович Всеволодов (3.6.1909, Ресей, Мәскеу облысы Серпухов қ. – 8.2.1981, Алматы қ.) – ветеринария ғылым доктыры (1947ж.), профессор (1948ж.), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғылым қайраткері (1979ж.).
Мәскеу зоовет. институтын бітірген (1930ж.). Бүкілодақтық гельминтология институтында аспирант, ғылым қызметкер (1932–1936ж.) болып істеді. 1937 жылдан Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық агр. университеті) кафедра меңгерушісі болды. Оның ғылым жұмыстары негізінен гельминтоздар (өкпе нематодоздары, дикроцелиоз, ориентобильхарциоз, хасстелиозиоз, т.б.) патоморфологиясын зерттеу мәселесіне арналған. В. кезінде Алматы зоотех.-малдәрігерлік институтында екі мыңнан астам препарат қойылған патоанатом. музей ұйымдастырып ашты.
«Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Ерназар (2011 жылға дейін – Сосновка) — Абай облысы Бесқарағай ауданындағы ауыл, Ерназар ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Бесқарағай ауылынан солтүстікке қарай 77 км жерде, Құлынды жазығының оңтүстік-шығысында, қарағайлы орманның арасында орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланды. 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты ұжымшар орталығына айналды. 1972-96 жылы ұжымшар орталық болды. Сосновкада ұжымшар негізінде көптеген шаруа қожалықтары мен “Сосновка” ЖШС құрылды.
## Дереккөздер |
Нияз Мұхаммедұлы – 19 – 20-ғасырларда өмір сүрген белгілі би. Нияздың арғы бабалары Арқа өңірінен Сырға келіп қоныстанған. Олар негізінен Шиелі, Жаңақорған, Жөлек, Перовск маңында мекендеген. Нияздың қонысы Сұлутөбе, Жөлек қорғаны болған. 19-ғасырдың орта кезінде Сыр өңірінде бір жағынан қоқандықтар мен хиуалықтар, екінші жағынан Ресейдің әскерлері Ақмешіт қорғанын алып, Жөлек, Жаңақорған қамалдарын басып алу шараларын кеңінен жүргізді. Осынау қысылшаң шақта Нияз ел амандығын, ел бірлігін сақтауға баса күш жұмсады. 1853 жылы Ресей әскерлерінің әскери жорығына түйе беріп, керуен басы қызметін атқарған. Жаңақорған қорғанын алуға қатысқан. Нияз көбінесе Өткелбай Исаұлымен бірге жүріп, билікке араласқан. 1862 жылы Перовскіден Желөкке дейінгі пошта бекеттерінің жұмысын қадағалау Ниязға жүктелген. 1866 – 70 жылы Перовск ояз бастығының көмекшісі болған. Нияз есімі 1858, 1862, 1865, 1866 жылдардағы Ресей құжаттарында кездеседі. 1862 жылы Ниязды марапаттауға («Георгиевский» лентасы) ұсынса, 1866 жылы 28 көкектегі бір деректе оның пошта бекеттерін басқаратыны және хорунжий шені барлығы жазылған. Ақын Бұдабай Қабылұлы (1842 – 1912) бірнеше өлеңін Ниязға арнаған. Нияздың балалары Сыздық, Абдолла, Бәкір кезінде білікті адамдар болған. Абдолла 1874 жылы Сарышығанақ болысын басқарып, 1895 жылы Сауран болысының биі, құрметті биі атанған. Сарышығанақтағы мектепті қамқорлыққа алған.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Ерденбек Ниетқалиев (25.5.1914, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Қамысты ауылы – 2.2.1945) – Кеңес Одағының Батыры (24.3.1945).
* Алматы малдәрігерлік институтын (қазіргі ҚазҰАУ-ті) бітірген соң (1936), Қызылорда облысына қызметке жіберіледі.
* 1939 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Атты әскер дивизиясында эскадрон командирі болды. Польша жеріндегі Рарцебур қаласы маңындағы Рарцебур тас жолын қорғауда Ниетқалиева эскадроны ерекше ерлік көрсетті. Шайқас барысында жаудың 400 солдаты мен офицері, 3 ауыр зеңбірегі, 6 станокты пулеметі жойылып, 80 солдаты мен 5 офицері тұтқынға алынды. Осы шайқаста Ниетқалиев қазаға ұшырады.
* Ленин, Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Москваны қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Айнакөл (2007 жылға дейін Красноводское) — Ақмола облысы Бұланды ауданындағы ауыл, Айнакөл ауылдық округi орталығы. Іргесі 1912 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Макинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 97 км-дей, Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 133 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, мәдениет үйі, дәрігерлік пункт, кітапхана бар. 2-дүниежүзілік соғыстың құрбандарына ескерткіш орнатылған. Ең жақын темір жол стансасы— Жалтыр (60 км).
## Дереккөздер |
Роман Платонович Новицкий (1887 – өлген жылы белгісіз) – қызметкер. 1905 – 06 жылдары Харбин қаласында, Қиыр Шығыс және Қытай темір жолында (1908 – 11) әскери теміржолшы курсында оқыды. 1911 – 18 жылдары Қазалы уезіндегі стансаларда теміржолшы, аға диспетчер, вагон шаруашылығының бастығы, бригадир болып істеді. 1918 жылы Қазалы уездік атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1919 жылы атаман Дутовтың әскерін талқандауға қатысқан. 1920 жылы Қазалы ревкомының алғашқы төрағасы болды. 1920 – 22 жылдары Қазақстандағы теміржолшылар жұмысшы-шаруа инспекциясын басқарды. 1922 – 57 жылдары Өзбекстан, Қазақстан Республикаларында прокуратура органдарында қызмет атқарды. Әр жылдары Сырдария облысы кеңесінің төрағасы, орынбасары, соттың алқа мүшесі, Түркістан Орталық атқару комитетінің мүшесі болып, Сырдария атқару комитетінде үгіт-насихат бөлімінде жұмыс істеді.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Манап Хасенов (1 мамыр 1915, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Бапақ ауылы – 26 қазан 1998) – филология ғылымдарының докторы (1972).
## Өмірбаяны
* ҚазПИ-ді (1948, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген.
* Осы оқу орнында доцент (1948–1954)
* 1955 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан ғылым академиясының әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметтер атқарған.
## Ғылыми еңбектері
Ғылыми еңбектері қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін зерттеуге арналған. Көптеген оқулықтар мен кітаптардың:
* «Жазушы және өмір» (1958);
* «Ұнамды образ және типтендіру» (1966);
* «Дәуір және жазушы» (1968);
* «Иса Байзақовтың ақындығы мен стильдік ерекшелігі» (1976); тағы басқа) авторы.
## Дереккөздер |
Әлмырза Әлиұлы Ноғайбаев (1947 жыл, Шиелі ауданы) – әнші, сазгер. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1996 ж.). Алматы қаласындағы эстрада студиясын (қазіргі эстрада-цирк өнері колледжі) Ғ. Құрманғалиевтың әншілер класы бойынша бітірген (1967). 1967 жылы Қарағанды мемлекеттік филормониясының әншісі. 1997–2010 жылдары Шиелі ауданы Балаби аудандық мәдениет үйінің директоры. 1977 жылы «Жас дәурен» ансамблі құрамында Португалияда өткен Халықаралық фольклорлық фестивальға қатысты. 1998 жылы Ашғабадта өткен Азия және Қазақстан әнші-сазгерлері фестивалінде бас жүлде алды. Ноғайбаев 60-қа жуық ән жазған, оның ішінде «Думан», «Бір үзім нан», «Ләйләжан», «Қара мең», т.б. әндері кең тараған. «Құрмет» орденімен, «Халық алғысы» медалімен марапатталған. Шиелі ауд-ның құрметті азаматы.
## Дереккөздер |
Кәшке Дәулетұлы (18 ғасыр) — қазақ батыры. Ұлы жүз құрамындағы Шапырашты тайпасының Есқожа руынан шыққан. Қарасай батырдың ұрпағы. Қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында туып-өскен. Кәшке батырдың Ақымбек, Ыстамбек есімді екі баласы болған. Ақымбектен Сұраншы батыр, Ыстамбектен Саурық батыр туған. Кәшке – Жетісу өңірін жоңғар шапқыншылары мен Қоқан хандығы басқыншыларынан азат ету үшін болған шайқаста ерлігімен көзге түскен батыр. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы халық арасында Кәшке батырдың ерлігі, тапқырлығы туралы аңыз-әңгімелер сақталған. Кәшкенің батырлығы, әділдігі жайында Жамбыл Жабаев жырларында да кездеседі.
## Дереккөздер |
Сұлтанмахмұт Жантөрин (1837 жыл — шамамен, 1882 жыл) — сұлтан, этнограф, Арыстан Жантөриннің кіші інісі.
* 1849 жылы қазақ балаларының алғашқы тобымен бірге Орынбор кадет корпусына оқуға қабылданып, 1857 жылы бітіріп шығады.
* Орынбор қазақтарының облыс басқармасында қызмет істеген.
* Жәңгір ханның Хадиша деген қызына үйленген.
* 1869 жылы Торғай облысы басқармасының ерекше тапсырма бөлімінде кіші шенеунік қызметін атқарған.
* 1876 жылы Санкт-Петербургте шығыстанушылардың дүниежүзілік конгресінің ашылуына байланысты көрмеге арнап қазақтардың материалдық мәдениеті туралы экспонаттар жинайды. Осы мақсатпен Торғай облысының біраз ауылдарын аралайды. Кейін қаражат тапшылығынан жинаған экспонаттарын белгіленген жеріне жеткізе алмайды. Жантөрин өзі жинаған қазақ әндері мен халық ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін жарыққа шығарды.
* 1882 жылы Александр ІІІ-нің патша тағына отыруына орай Мәскеу мен Санкт-Петербургке барып қайтады.
## Дереккөздер |
Елен Әбдуатұлы Әлімжан (18 маусым 1945 жылы туған, Жамбыл облысы Талас ауданы Көмекші ауылы) — жазушы, драматург, публицист. ҚазҰУ-ды бітірген (1968).
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын Қазақ теледидарында бастаған. Жамбыл облысындағы "Еңбек туы" газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі (1970 - 76), облыстық партия комитетінің нұсқаушысы (1970-80), "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі (1980 - 91), Жамбыл облысының телерадиокомпаниясының төрағасы (1991 - 96), "Түркістан" газетінің бөлім меңгерушісі, Қазақ ұлттық энциклопедиясының жетекші маманы (1997 - 98), Жамбыл облыстық "Ақ жол" газетінің бөлім меңгерушісі, бас редакторының орынбасары (1998-2008), "Бауыржантану" ғылыми-зерттеу орталығында жетекші ғылыми қызметкер (2004-2007), Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасында және ақппараттық талдау орталығында (2008-2015) жауапты қызметтер атқарған.
"Ән сыры" атты алғашқы әңгімесі Қазақстан жас жазушыларының "Таңғы шық" атты жинағында (1964) жарық көрген. Одан кейін "Оралу" (1978), "Көріпкел" (2000), "Ақ періште - арманым!" (2016) атты повестер мен әңгімелер, "Тақталас" (2006), "Толық адам туралы" (2005), "Бауыржанның пырағы" (2010), "Адамгершіліктің ақ жолы" (2013) атты пьесалары мен публицистикалық жинақтары шықты. М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында және облыстық театрларда (Жамбыл, Ақтөбе, Арқалық, Жетісай, Талдықорған), халық театрларында пьесалары қойылған. "Тақталас", "Бір қазаққа бір қатын?!..." комедиялары орыс тіліне аударылып, Жамбыл облыстық орыс драма театрында, "Жанұран" комедиясы қырғыз тіліне аударылып, Қырғыз телерадиокорпорациясының "Учур" театрында қойылған. "Айт күні" атты әңгімесі Анкарада жарық көрген түрік халықтары әдебиеті антологиясының қазақ әдебиеті томына енген. "Бауыржан Момышұлы" атты драмасы осы тұлғаның 100 жылдығына арналған республикалық драмалық шығармалар конкурсында бірінші орын (2010), "Әйелдер бір істі бастады..." атты водевилі Мәдениет министрлігі жариялаған "Тәуелсіздік толғауы" конкурсының комедия номинациясы бойынша екінші (2014) жүлделі орындарды иеленді.
## Дереккөздер |
Константин Иванович Нигай (1913, Приморье өлкесі, Нижний Янчихе селосы, – еңбек ардагері. Хабаровскідегі дене шынықтыру техникумын және Қызылорда агрономиялық техникумын бітірген. 1937 жылы Қазақстанға еріксіз қоныс аударылған. Алғашқыда мектепте дене шынықтыру мұғалімі болды. 1943 жылы ірі «Гигант» ұжымшарының мәдени-бұқаралық жұмыс жетекшісі қызметін атқарды. 1947 – 62 жылдары Шиелі ауданындағы «Гигант» (Бидайкөл а.) ұжымшарында төраға орынбасары, комсомол жастар егіс бригадасының бригадирі, кейін 1963 – 65 жылдары облыстың ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының директоры қызметін атқарды. 1949 жылы Нигайдың бригадасы 20,9 га-ның әрқайсысынан 87,7 ц-ден күріш алды. 1950 жылы маусымда Нигайға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1966 жылдан зейнеткерлікке шыққанша Сырдария ауданы Абай атындағы кеңшар директоры болды.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Құралай Сұлу мазары — сәулет өнерінің ескерткіші. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Кіші Қамқалы ауылында маңында орналасқан. Шамамен 18 ғасырдың басы мен 19 ғасырдың аяғында шикі кірпіштен салынған. Халық аңызы бойынша, мазарды салдырған — Келден батыр. Құралай сұлу — әдеби көркем бейне, ақын И.Байзақовтың “Құралай сұлу” эпикалық поэмасының кейіпкері. Есігі шығыс жағында. Сақталған дуалдың биіктігі 2 — 3 м болады.
## Дереккөздер |
Санаторий (лат. sano — емдеймін, айықтырамын) — науқасты негізінен табиғи шипалы емдермен (минералды су, емдік балшық, климат), физиотерапия, диета, емдік дене шынықтырумен және режиммен емдейтін емдеу-сауықтыру мекемесі. Санаторилар көрсететін қызмет түріне қарай: бір бағытты (белгілі бір ауруды ғана емдеу) және көп бағытты (бірнеше ауру түрін емдеу) болып бөлінеді. Санаториларде негізгі емдік факторлар: минералды су (тұз мөлш. 0,5 — 15,2 г/л), атап айтқанда, радон, йод, бром, темір, азот, кремний аралас ыстық су; шөгінді балшық, күкірт қышқылды балшық (сульфид); шипалы климат. Санаторида емделу мерзімі — әдетте 21 — 24 күнге созылады. Қазір Қазақстанда 100-ге жуық Санаторилар мен аурудың алдын алу мекемелері (профилакторийлар) бар.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Бахши, бағши — дәстүрлі қазақ қоғамындағы бақсының түрікмен, өзбек халықтары арасындағы атауы. Бахши көне түркі тілінің бақ, яғни көру, қарау сөзінен шыққан. Қазақ тіліндегі бақылау, кесел бағу, яғни, емдеу сөздерімен төркіндес. Қазақтарда бақсы, қырғыздарда бақшы, сахада ойууы, тува, хақас, алтайлықтарда қам, моңғол, буряттарда бөө, түрікмен, өзбек, ұйғырларда бахши, тағы басқа аталады. Бахши атауының түп-төркіні санскриттегі бхикшу, яғни ұстаз, білімдар сөзіне барып тіреледі деген де пікір бар. Бірақ бұл атаулардың тарихи-этимологиялық тамырының бірлігі олардың атқаратын қызметтері мен міндеттерінің де бірдейлігін білдіреді деген сөз емес. Түрікмен, қарақалпақ халқында жыршы, дастаншы болса, қазақ, қырғыз, тағы басқа халықтарда емші, сәуегей, тәуіп, көз байлаушы қызметін атқарған. Ал өзбектерде халық жыршысы, сонымен қатар емші, тәуіп мағынасында да айтылады(қазақша Бақсы);
## Сыртқы сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Яқұт әл-Хамауи (1179- 1229) — энциклопедист-ғалым. Сирияда, кейін Бағдатта ғұмыр сүрген. Өмірінің біраз бөлігін саяхатта өткізген.
Оның "Елдер тізімі" (Мужам ол-Бұлдан) атгы географиялық сөздігінде шығыс және батыс елдерін мекендеген халықтардың географиясы, тарихы, этнологиясы, лигнвистикасы және сипаттамалық географиясы, фольклоры мен әдебиеті, заттай және рухани мәдениетгері жөнінде қомақты мағлұматтар бар. Әсіресе, 13 ғасырдың бас кезіне дейінгі Түркістандағы көшпелі халықтардың өмірінен қызғылықгы мәліметтер келтірілген. Оңтүстік Қазақстан, Сырдария алабының тарихи географиясы жайлы ақпараттар беріледі. Мұндағы Отырар (Фараб), Сауран, Успаникет, Тараз, Испиджаб қалаларына сипаттама жасалынады.
## Дереккөздер |
Хадиша Ермахашқызы Нұғманова (4.11.1936, Тереңөзек кенті) – ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты (1981), профессор (2000). КСРО, Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің үздігі. Қызылорда пеагогикалық институтын бітірген (1957). 1958 – 67 жылдары орта мектептерде мұғалім, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1967 – 69 жылдары Қызылорда облыстық партия комитетінде нұсқаушы, 1969 жылдан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, 1983 – 2003 жылдары педагогика және психология кафедрасының доценті, меңгерушісі, 2003 жылдан осы кафедраның профессоры болды. Негізгі ғылыми еңбектері қазақ мектебінде орыс тілін оқытудың әдістемесіне арналған. Нұғманованың «Болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығында халық педагогикасын пайдалану», «Жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру», «Сыр бойы ақын-жырауларының шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойлар» атты еңбектері жарық көрді. Бұлардан басқа 70-тен астам ғылыми еңбек жазған.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Затаевичтің корреспонденттері – этнограф әрі музыка зерттеушісі А.В. Затаевичке қазақ музыкасының ел арасына кең тараған әсем де әуезді үлгілерін айтып, орындап беруші халық өнерпаздарының әнші-күйші, домбырашы, қобызшы және сыбызғышылар тобының ғылымдағы атауы.
“Қазақ халқының 1000 әні” мен “Қазақтың 500 ән-күйі” музыкалық-этнографиялық жинақтарындағы “Затаевичтің корреспонденттерінің” саны 500-ден асады. Олар – Қазақстанның барлық аймағының, атап айтқанда, Орынбор, Қостанай, Ақмола, Орал, Ақтөбе, Семей, Торғай, Түркістан аймақтарының тұрғындары.
## Затаевичтің жинақтары
Затаевичтің 20 ғ-дың 20-жылдарындағы экспедициялық сапарлары кезінде оған халық ән-күйлерін орындап берушілер құрамы жас жағынан да, атқаратын қызметі жағынан да сан алуан болған. Мысалы, сол кездегі Қарқаралы уезінен Назымбек Майшекин (8 жаста), Семейден Молдай Төлебаев (14 жаста), Орынбордағы қазақ үлгілі мектебінің оқушысы Шәріп Медетов (13 жаста), Орынбордағы қазақ балалары коммунасында тәрбиеленген панасыз қыз Күлсім Меңдешова (12 жаста) мен Отар Мырзалин (12 жаста) сияқты қаршадай балалар мен қыздар Затаевичке ән-күйлер жаздырған. Затаевич осы жұмысы барысында қазақ халқының белгілі тұлғаларымен де, өнер иелерімен де, қарапайым ел адамдарымен де жүздесіп, олардың аузынан көптеген ән-күйлерді жазып алған. Олардың қатарында Қ.Сәтбаев, С.Сәдуақасов, Б.Қаратаев, Г.Мурзин, Қ.Айнабеков, М.Сералин, Б.Күлеев, С.Есова, М.Саматов, А.Оразбаева, О.Жандосов, М.Қойайдаров, т.б. есімдерін атауға болады. Осының өзі Затаевичтің жинақтарына енген халық ән-күйлерінің кездейсоқ кісілерден емес, ұлт жанашырларынан, қазақ мәдениетінің көрнекті тұлғаларынан жазылып алынғанын байқатады. Халық музыкасының жанашыры ретінде Затаевич қазақ даласын жаяу жүріп аралап, әр аймаққа тән ән-күйлерді сол жерлердің тұрғылықты иелерінің де аузынан жазып алған. Бұл ретте оған қол ұшын берген талант иелерінің бір шоғыры мыналар: И.Абдыханов, Б.Алманов, А.Бегішев, К.Бүркітов, Ф.Ғалиев, Е. Жұмағалиев, М.Жылқайдаров, С.Қалжанов, З.Кәрібаев, М.Қаратаев, Ә.Құрманов, А.Құлымбетов, Н.Манаев, Р.Мақатов, А.Молдыбаев, А.Наурызбаев, С.Найманбаев, Х.Нукин, Ә.Сәрсенбаев, И.Сабиров, Ә.Өтекин, К.Уразалиев, Н.Шанғалиева, т.б. Затаевич назарын “Қобыланды”, “Көрұғлы” секілді музыкалық шығарма үлгілері аударса да, оған қазақ халқының муз.-эпикалық дәстүрі, әсіресе, Сыр бойы мен Атырау өлкесіне тән жыраулық өнер үлгілері ұшыраса қоймаған. мысалы, Сыр бойында 20 ғ-дың 20-жылдары атағы шыққан Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Даңмұрын, т.б. жыр-термелерін Затаевичке жеткізген бірде-бір корреспондент болмаған. Затаевичтің өзі де, көбінесе, әншілік және күйшілік мұрамен ғана шектелген секілді. “Затаевичтің корреспонденттерінің” жеткізген мәліметтерінен халық ән-күйлерінің тууы, авторы, орындалу ерекшеліктері туралы да мағлұматтар табуға болады. “Затаевичтің корреспонденттерінің” негізгі бір тобы – бүкіл өмірін әнші-күйшілік, орындаушылық өнерге арнаған қазақ халқының кәсіби әнші-күйші орындаушылары (Әміре Қашаубаев, Ғ.Айтбаев, Ш.Қаратаев, Қ.Лекеров, Н.Бөкейханов пен М.Бөкейханов, Қ.Байжанов, Майра Шамсутдинова, Қ.Медетов, Сейтек Оразалин, Ғ.Мұхитов, т.б.) болған еді.
## Затаевич этнограф ретінде
Затаевичтің этнограф ретіндегі ерекшелігі – жоғарыда аталған әнші-күйшілерге жай ғана орындаушы деп немқұрайлы қарамайды. Әрбір әншінің, күйшінің орындаушылық өнердегі ерекшелігіне, суреткерлігіне тәнті болады, әрбір орындаушыны кәсіби зерттеушінің көзқарасымен әділ бағалай отырып, оның өнердегі ерекшелігін дәлме-дәл суреттейді, қазақтың әнші-күйшілік дәстүрінен мол хабар береді. мысалы, ол М.Бөкейханов туралы “Қазақтың 500 ән-күйінде” “... асқан өнерпаз домбырашы, даңқы Бөкей даласына тараған, 1922 ж. қайтыс болған Мақар Жапаровтың ең дарынды шәкірттерінің бірінен саналады” (129-б.) – десе, Н.Бөкейханов туралы “...Егер Махамбеттің табиғи шабытына байланысты оның домбырашылық өнерінде асқақ пафос, тіпті күйгелектік байқалса, Науша, көбінесе, тыңдаушысын қазақ өмірінің қоңыржай поэзиясын ерекше жұмсақ, жайбарақат ғашықтықпен бейнелеуі арқылы таңдандырады” деп жазды (бұл да сонда, 253-б.). Затаевичтің Әміре Қашаубаев пен Майраның орындаушылық өнеріне байланысты ой тұжырымы мен пайымдаулары, музыкалық мінездемелері өнердің осы екі ірі өкілдері туралы күні бүгінге дейін аса қажетті материал болып табылады. Майраның өнерпаздығын Затаевич басқа әнші-орындаушылардың қайсысынан да үздік бағалайды, арнаулы музыкалық мектептен өтпесе де, Майра өзінің табиғи талантымен әншілік өнерді кәсіби дәрежеде толық меңгерген дарын иесі екеніне ерекше назар аударады.
Затаевич Жанкелдин туралы “қазақ интеллигенті – Торғай өлкесінің ескілікті әндерін көп білетін және оны өзгеше стильде мәнерлі орындайтын жап-жақсы әнші және домбырашы” деп жазса (“Қазақ халқының 1000 әні”, М., 1963, 508-б), Жансүгіровты Жетісу әндерін, Сейфуллин мен Мұқановтың Ақмола әндерін, Майлинның Қостанай әндерін, Жүргеновтың Сырдария әндерін, Сәтбаевтың Баянауыл әндерін терең түсінетін, қазақтың музыкалық халық шығармашылығын аса жоғары бағалайтын өнердің жанашырлары ретінде көрсетеді. Затаевичтің архивінде жарыққа шығарып үлгермеген қазақтың ән-күйлеріне арналған қолжазбаның 3 томы сақталған. Осы 3 томға кіруге тиісті ән-күйлердің біразын Қ.Байсейітов, Қ.Бабақов, Р.Елебаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Қ.Жандарбеков және Д.Мықтыбаевтан жазып алған. “Қазақ халқының 1000 әні” жинағына жазған кіріспесінде Затаевич өзінің корреспонденттеріне зор алғыс айтқан болса, оның екінші жағында халық мұрасына деген қамқорлығы жатқаны анық. “Сіздермен бірге аштық, суық, індет жылдары жинаған еңбегімді, қадірлі менің дос-жігіттерім, өздеріңе қайтарам,” – деген сөздері соның куәсі.
## Затаевичтің корреспонденттері
“Затаевичтің корреспонденттерінің” бірі – қазақ халқының аса көрнекті ақыны И.Байзақов. Этнограф оның өнерпаздығы туралы да дөп басып, оған өзінің әділ бағасын берді. “Затаевичтің корреспонденттерінің” көпшілігі 1920 – 30 ж. әр түрлі оқу орындарында білім алған қазақ жастары, курсанттар мен студенттер болса, енді бір тобы белгілі қоғам қайраткерлері (Ә.Жанкелдин, Т.Жүргенов, Ғ.Мұратбаев); қазақтың болашақ ғалымдары (Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, М.Фаризов); ақын-жазушылары (С.Сейфуллин, Б.Майлин, Қ.Жансүгіров, С.Мұқанов); өнер қайраткерлері (Е.Өмірзақов, Ж.Шанин, Ұ.Тұрдықұлова) және сол кездегі газет-журналда қызмет еткен журналистер. Бұлар “Затаевичтің корреспонденттері” болып қана қойған жоқ, сонымен бірге халық музыкасын жинауда оған ақыл-кеңес берген ең жақын ақылшылары да еді. Олар өздері туып-өскен өлкенің ән-күйлерінің ерекшеліктері туралы Затаевичке көп мағлұмат берді.
## Дереккөздер |
Баа әд-Дин Нақшбанд, Баһа әд-Дин Мұхаммед бин Бурхан әд-Дин Мұхаммед әл-Бұхари (1318 - 1389) - діндар ғұлама, XIV ғасырдағы ортаазиялық сопылық ағымның ірі өкілі. Нақшбандийа сопылық бауырластығын ұйымдастырушы. Баа әд-Дин Нақшбанд Каср-и хинжуван ауылында тәжік қолөнершісінің отбасында дүниеге келген. Алғашында шейһ Мұхаммед Баба-йи Симасиден (1340 жылы өлген), кейін Әмір Сайид Кулалдан (1370 жылы өлген) дәріс алған. Тарихи жазбаларда Баа әд-Дин Нақшбанд байлыққа қызықпаған, қанағатшыл тақуа адам болған деп көрсетіледі. Дүние салғаннан кейін Алланың сөзін жеткізуші қасиетті, әулие саналып есімі құрметтелген. Баа әд-Дин Нақшбанд рухани тазалық, сұғанақтыққа бой алдырмау, бақ-дәулетке қызықпау және қатаң сопылық тұрмыс-тіршілік құруды уағыздап, шариғаттың барлық шарттарын бұлжытпай орындауға шақырды. Бұхарадағы оның зиратына тұрғызылған (1544) кесене тәуап ететін қасиетті орынға айналды. Баа әд-Дин Нақшбанд жазбаша еңбектер қалдырмаған.
## Дереккөздер |
Айсары — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Заозёрный ауылдық әкімдігі құрамындағы темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Степняк қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км-дей жерде.
## Тарихы
Іргесі 1960 жылдары Заозёрный кентін салуға байланысты қаланды. Темір жол станциясында 17 адам жұмыс істейді. Астана қаласымен темір жол тасымалы арқылы байланысады. Айсарыда темір жол бекетінің жаңа ғимараты қолданысқа берілген. |
Ілбішін — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл, Ақжол ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Чапаев ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км-дей жерде, Жайық өзенінің оң жағалық аңғарында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1603 адам (818 ер адам және 785 әйел адам) болса, 2009 жылы 1525 адамды (764 ер адам және 761 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1931 жылы ауыл шаруашылығын ұйымдастыру кезінде қаланған. 1961-1992 жылдар аралығында өзімен аттас асыл тұқымды ет зауыты кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1992 жылы шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл арқылы Орал – Атырау автомобиль жолы өтеді.
## Ауыл көшелері
* А.Әйтиев көшесі
* Ақжол (Құлышев) көшесі
* Алтын орда (Минаева) көшесі
* Ә.Молдағұлова көшесі
* Б.Момышұлы көшесі
* Бейбітшілік көшесі
* Д.Қонаев көшесі
* Далалық бұрылыс көшесі
* М.Мәметова көшесі
* Мұнайшы көшесі
* Нарын (Қабдешұлы) көшесі
* О.Исаев көшесі
* С.Датұлы көшесі
* С.Сейфуллин көшесі
* Ш.Уәлиханов көшесі
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ақжол ауылдық округі Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. |
Бахтиарлар — халық. Иранның оңтүстік-батысындағы Луристанда, Тегеран маңында, Кумда, Хорасан останында (провинциясында) тұрады, солтүстігіндегі Бахтиарлар хаферленг, оңтүстігіндегі Бахтиарлар чехарленг деп аталады, саны 1 млн. адам (2005).
## Этнонимі
«Бахтиар» – екі бөліктен тұратын көне араб сөзі. «Бахти» — амандық, бақыт, «яр» — жақын адам, «серік» деген мағынаны білдіреді. Алғаш рет бұл тайпа туралы 16-17 ғасырларда сөз болған.«Шерефнаме» шежіресінде 10 ғасырда Сириядан қоныс аударған тайпа туралы айтылған. Бірақ бахтиарлардың өздері Фаридунның ұрпағымыз дейді. Фаридун – «Шахнаме» халық эпосының қаһарманы.
## Этногенезі
Бахтиардың шығу тегі Батыс Иранның ежелгі лурлармен туыстас, күрдтерге жақын ирандық халқымен байланысты. Ол өзінің бүкіл тарихында әртүрлі этникалық элементтерді (семит, түркі, т.б.) қамтыды. Бақтияр тайпаларының одағы 12-13 ғасырларда пайда болуы мүмкін. 18 ғасырда Иран мемлекетінің құрамына енді, 20 ғасырда бахтиарлардың этникалық топтасу процесі күшейді.
## Нәсілі
Антропологиялық жағынан олар ірі еуропеоид нәсілінің үнді-жерортатеңіздік тобына жатады, балқан-кавказ нәсілінің жеке ерекшеліктері бар.
## Тілі
Олар үнді-еуропалық отбасының ирандық тобының парсы тілінде, сондай-ақ бахтияр диалектілерінде сөйлейді. Кейбір бахтиярлар қашқайларға жақын түрік тілінде сөйлейді.
## Діні
Діни ұстанымын ұстайтындар мұсылман-шииттер. Руға бөліну, өзара көмекке негізделген туыстық қатынастар, мұсылмандыққа дейінгі наным-сенімдері сақталған.
## Таралу аймағы
Бахтиарилер негізінен Чахармахал мен Бахтиар провинцияларында, сонымен қатар шығыс Хузестанда, Лорестанда, Бушерде және Исфаханда тұрады. Бақтиар тайпалары әсіресе Масджед Солейман, Изех, Шахр-е Корд және Андика қалаларында және жақын маңдағы ауылдарда көп шоғырланған. Бахтиарлардың аз ғана пайызы әлі күнге дейін көшпелі мал шаруашылығымен айналысады, олар жазғы үйлер (сардсир немесе яйлак) мен қыстақ (гармсир немесе кишлак) арасында қоныс аударады.
## Тарихы
«Бахтияр» сөзінің өзі көне иран тілінен, иран халықтары арасында кең таралған. Загрос тайпаларының бірінің аты ретінде «бахтияр» атауы алғаш рет 16-17 ғасырлар шежіресінде Шереф-хан Бидлиси мен Ескендір-бек Мунши Түрқоманның жазбаларында кездеседі. «Шерефнаме шежіресінде X ғасырда басқа тайпалардың құрамында Сириядан Загрос аумағына көшіп келген бахтиярвенд тайпасы туралы айтылады.
Бахтиярлар Иранның оңтүстік-батыс аймақтарын араб жаулап алуларына дейін де мекендеген ежелгі халық болып саналады. Иран мифологиясында бахтиярлар өздерін ұлттық парсы эпосы Шахнаманың аты аңызға айналған кейіпкері Фаридунның ұрпақтары санайды. Өзінің бүкіл тарихында олар әртүрлі этникалық элементтерді (семит, түркі, т.б.) қамтыды. Бахтияр тайпаларының бірігуі, шамасы, XII-XIII ғасырларда аяқтала бастады. Ақыры XVIII ғасырда Иран мемлекетінің құрамына енді. XX ғасырда бақтиярлардың этникалық топтасу процесі күшейді. Бахтиярлар лурлармен туысқан, күрдтерге жақын.
## Кәсібі
Негізгі кәсібі - көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы (қой, ешкі, сиыр өсіреді). Отырықшы бахтиарлар мақта, темекі, апиын өсіреді.Ерлер мал шаруашылығымен айналысса, әйелдер үй шаруашылығымен, кешкі ас әзірлеп, сүт өнімдерін: ірімшік, қамыр, айран, май жасайды. Сонымен қатар, әйелдер жүннен кілем, арқан, тұрмыстық бұйымдар мен дәстүрлі киімдер тоқиды.
Мал шаруашылығы егіншілікке қарағанда жақсы дамыған. Көшпелілер сүтті бағыттағы ірі қара, жылқы, қашыр баққан. Ірі қара мен түйе негізінен отырықшы бахтиарлардың егін шаруашылығында кездеседі. Жылқы, қашыр, есектерді көшпелілер де, халық та өсіреді.
Бахтиарлар 20 ғасырдың басында ғана егін шаруашылығымен шындап айналыса бастады, ол әлемдік нарықта апиын көкнәріне, темекіге және мақтаға сұраныстың артуы нәтижесінде экономиканың жоғары коммерциялық секторына айнала бастады. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы биік таулы аймақтарды қоспағанда, барлық жерде дерлік дамыған. Отырықшы бахтиарларда Иранның басқа аймақтарындағы халықтың көпшілігіне қарағанда жер өңдеудің қарапайым құралдары мен әдістері бар.
Кілем тоқудан басқа тайпалар арасында қолөнер өндірісі нашар дамыған. Бахтиарлардың шалғай аудандарында бүгінгі күнге дейін өз қажеттіліктері үшін негізгі құралдар, киім-кешек және тұрмыстық заттар шығарылады. 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік дағдарыс кезінде қатты әлсіреген тайпалардың кілем өндірісі соғыстан кейінгі жылдары қайтадан жандана бастады. Кілемдерден бөлек, дөрекі жүн мата, киізден басылған бас киімдер, шүберек аяқ киім, кілемшелер шығарады.
Көптеген бахтиарлар жазда жол құрылысында, станциялар мен пирстерде жүк тиеуші болып жұмыс істейді, оңтүстік мұнай кәсіпшіліктеріндегі жалақысы төмен жұмыс күшінің басым бөлігін құрайды.
## Өмір салты
Бахтиардың үйлену тойлары өте шулы, музыкалық және әдетте бірнеше күн қатарынан тойланады. Әйелдер өздерінің ең жарқын киімдерін киеді, үйлену тойының алдында болашақ күйеу жігіттің отбасы қалыңдықтың отбасымен ресми түрде танысады. Болашақ жар міндетті түрде күйеу жігітпен бір рудан болуы керек. «Канд бешкун» тойында туған-туыстары жас жұбайлардың басына қант үзіп, тәтті де берекелі өмір тілейді. Үйлену тойының күні демалыс күні және ешқандай аза тұту діни рәсімімен сәйкес келмеуі үшін өте мұқият таңдалады.
Бүгінгі күнге дейін қалыптасқан тағы бір дәстүр-бұл тайпаның ең құрметті және маңызды мүшелері үшін арыстан түрінде құлпытастарды орнату. XX ғасырдың ортасына дейін тастан арыстанның мүсінін қашап, руластар марқұмның батылдығын ерекше атап өтті. Арыстан бейнесінің бүйірлеріне жылқылардың, мылтықтардың, қанжарлардың және қылыштардың бейнелері қашалған.
### Дәстүрлі баспаналары
Көшпелілердің баспаналары – ешкі терісінен не басқа материалдардан тігілген шатырлар, жартылай көшпелілер күркелерде, отырықшылар таудың жарқабағына тірей салынған тас және саман үйлерде тұрады.
### Дәстүрлі киімдері
Бахтиарлардың дәстүрлі киімдері парсы киімдеріне ұқсас (ақ жейде, жеңсіз күрте, кафтан, т.б.); ерлер костюмінің айырмашылығы - киіз қалпақ (лур қалпағына ұқсас), кең шалбар. Әйелдер түрлі-түсті киінеді - түрлі түсті бірнеше белдемше, түрлі-түсті орамалдар. Олар көне ұлттық зергерлік бұйымдар – ескі монеталардан моншақтар, сақиналар мен білезіктер тағады.
### Дәстүрлі тағамдары
Бақтиярлардың дәстүрлі тағамы: қой еті, май, сүт және ірімшік.
### Фольклоры
Музыка мен әннің өзіндік ұлттық сипаты бар және парсыдан ерекшеленеді. Бахтиардың «гире бахтиари» әні айтуы Иранда танымал. Бахтиарлардың жарық көрген ән шығармашылығының кейбірі эпикалық, ғашықтық, салт-дәстүрлік, сатиралық және тұрмыстық жырларды қамтиды.
Ұлттық музыкалық аспаптары – зурна, сыбызғы, екі жақты барабан және мүйіз. Ұлттық билер, ежелгі грек билеріне ұқсайды, тұрмыстық әндер бүгінгі күнге дейін сақталған. Мереке күндері дөңгелене билейтін билер (негізінен ер адамдар) орындалады. Дөңгелек биде барлық бишілер бастаушының қимылдарын қайталайды. Би баяу және бірқалыпты басталып, музыка ырғағы үдей түскен сайын бірте-бірте айқаймен сүйемелденетін биге айналады.
## Танымал тұлғалары
* Давар Ардалан - американдық жазушы, журналист және кәсіпкер.
* Аббасгхоли Бахтияр - өнеркәсіп және кен министрі (1979).
* Ага Хан Бахтияр - еңбек министрі (1957–1958), Иран ұлттық мұнай компаниясының басшысы.
* Ғолам-Реза Бахтияр, Сардар Бахтияр - Исфахан губернаторының орынбасары.
* Руди Бахтияр - бұрынғы CNN және FOX TV жаңалықтар жүргізушісі және журналист.
* Шахпур Бахтияр - саясаткер және Иранның премьер-министрі (1979).
* Бехнуш Бахтиари - ирандық актриса.
* Халил Эсфандиари-Бахтиари - Батыс Германиядағы Иран елшісі (1950 ж.).
* Ферейдун Мошири - қазіргі парсы ақыны.
* Насир хан, Сардар Джанг - Йезд губернаторы.
## Сілтеме
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Бахтиарлар
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Бахтиарлар
## Дереккөздер |
Тасжеміс (лат. Euclidium) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Қазақстанда сазды далаларда, жайылымдарда, өзен жағаларында, құрғақ тұзды ойларда, жол жиегінде, үй маңында өсетін 1 түрі – сирия Тасжемісі (Е. syrіacum) бар. Оның биіктігі 4 – 25 см, сабақтары түбінен бастап тармақталған, сыртын қатты түк жапқан. Жапырақтары ұзынша, эллипс тәрізді, ұшына қарай қысқарып, үшкірленіп келеді. Шетінде қысқа, аса білінбейтін тістері бар не тегіс болады. Төменгі жапырақтары сағақты, ал қалғандарының сағағы болмайды. Тостағанша жапырақшалары қисайған, күлтелері таспа тәрізді, ақ түсті. Аталығы бос жатады, тісшелері болмайды, аналық аузы қос қалақты. Ұсақ гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған.
Сәуір айында гүлдеп, мамыр – маусымда жемісі піседі. Жемісі – қақырамайтын, екі тұқымды жаңғақша тәрізді бұршаққын. Оның ұзындығы 3 мм-дей, сабаққа жабысып жатады, сыртын тарам-тарам түк басқан. Тасжеміс – мал азықтық шөп, көп жағдайда қойды семірту үшін беріледі.
## Дереккөздер |
Барақ сұлтан кесенесі — 19 ғасырдың 2-жартысынан сақталған сәулет өнері ескерткіші.
Аягөз қаласы мен Үшбиік стансасының аралығында, Ақшоқы тауының етегіндегі Ащысу алабында. Барақ Солтыбайұлына (1750 жылы өлген) қойылған. Оны Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы ұйымдастырған экспедиция зерттеген (1990).
Барақ сұлтан кесенесі пирамида тектес, биіктігі 9 м, шикі кірпіштен біртіндеп ішке қарай қалау әдісімен, үш қырлы күмбез шығара тұрғызылған. Мұндай әдіс күмбез қалауға ағаш тұғыр қою мүмкіндігі жоқ ормансыз қазақ даласына тән. Кесене пішіні жағынан Қозы Көрпеш – Баян Сұлу кесенесіне ұқсайды. Жобасына қарағанда, бұл жерде үш пирамида салынбақ болған, бірақ толық аяқталғаны Барақ сұлтан кесенесі ғана. Қалған екеуі тік өрілген тұғыр күйінде қалып қойған. Жоба бойынша құрылыс толық аяқталғанда шаршының үш жағында үш пирамида, төртінші жағында сырғауылдан қоршау, оның бас қақпасы қиюластыра қаланған белдеумен өрнектелмек болған.
## Дереккөздер |
Қос жұлдыз — кеңістікте бір-біріне жақын орналасқан және құраушылары өзара физикалық тартылыс күштерімен байланысқан қос жұлдызды жүйе.
Егер екі жұлдыздың өзара байланысы болмаса, тек көзбен қарағанда ғана бірге көрінетін болса, онда оларды Қос жұлдыз деп атаймыз. Қос жұлдыздың ең басты ерекшелігі екі жұлдыз бір-біріне арқандалып, бір біріне тіке әсер етіп, бірін бірі айналып жатуы. Екі жұлдыздың ішіндегі жарығырағы "негізгі жұлдыз", ал, екіншісі "ілесуші жұлдыз" деп аталады. Оның құраушылары ортақ масса орталығы маңайынан эллипс бойынша айналып, Галактика кеңістігінде бірге қозғалады. Бірнеше құраушылардан тұратын қосаржұлдыздар еселі жұлдыздардың дербес тұрған түрі болып саналады.
Ашылу методикасы бойынша қос жұлдыз: көрінерлік (визуальды) қос жұлдыздар (олардың құраушыларын телескоптың көмегімен визуальды бақылауға немесе суретке түсіруге болады);
спектрлі қос жұлдыздар (қосарлану периоды ығысуы бойынша немесе олардың спектрлік сызықтарының жіктелуі кезінде байқалады);
фотометриялық қос жұлдыз (беттік құраушылар арасында температура айырмашылығы болғанда, көп түсті дәл электрфотометрия тәсілі оның жеке жұлдыздардан өзгешеліктерін көрсетеді) болып бөлінеді. Физикалық жүйе құрайтын қос жұлдыздар тобы физикалық қос жұлдыздар деп аталады. Физикалық жүйе құра алмайтын жұлдыздар оптикалық қос жұлдыздар деп аталады. Жұлдыздар массасын бағалайтын тәсілдер қос жұлдыздар массасын анықтауға негізделген.
17 ғасырдың орта кезінде Г.Галилей бірнеше қос жұлдызды ашты. 18 ғасырдың ортасына дейін не бары 20 шақты қос жұлдыз ашылса, 20 ғасырдың ортасына дейін шамамен 60000 көрінерлік қос жұлдыз белгілі болды. Қос жұлдыздардан басқа, қазір екіден көп жұлдыздардан құралған "Жұлдыздар шоғыры" да бар екені белгілі болып отыр. Қазақстанда қос жұлдыздарды зерттеумен Астрофизика институтының ғалымдары айналысады.
Егер қос жұлдыздың мүшелерінің қашықтығы жақын, олардың сыртқы атмосферасына дейін тартылыс күш әсерін туғызып иліктіре алса, онда мұндай қос жұлдыздардың сапасы өзара ауыспалы болады. Бұл олардың әрқайсысы жеке тұрғандағыдан өзгеше сапалық сипатқа ие етеді. Мұндай қос жұлдыздардың әйгілісі Алголь, Арлан және Аққу Х-1 (олардың бір серігі Қара құрдым болуы мүмкін) қос жұлдызы белгілі. Кейбір галактикалық тұмандықтардың өзегі Қосаржұлдыздардан қалыптасқан, ол Ia алып жұлдыздары мен жаңа жұлдыздар тууының себебі есептеледі.
## Байқалуы
Қос жұлдыз атауын (binary star) William Herschel 1802 жылы қойған. Ол былай жазады: "Егер, екі жұлдыз бір біріне өте жақын болса, белгілі уақытта басқа жұлдыздардың әсеріне ұшырамаса, олар екеуі бірлесіп бір жүйе құрайды, ортақ тартылыс күш оларды бір одақтасқа айналдырады. Оларды нағыз Қос жұлдыз деп атау керек; егер кез келген екі тұрақты жұлдыз өзара байланса, біз оларды қос жұлдыз деп атасақ болады".
Қазіргі мағынасында, Қос жұлдыз атауы өзара ортақ өзекті орағытып айналатын бір жұп жұлдызды атаймыз. Қос жұлдыздар арасында телескоптың, немесе басқа күзету аспабының әсерінде қарамаққа қосарланған қос жұлдызда бар. Қазір тексерілген көптеген Қос жұлдыздың шынымен қос жұлдыз ба, әлде жай қарамаққа солай көрінетін оптикалық қос жұлдыз ба, толық айқындалып біткен жоқ.</ref>
Алғаш байқалған Қос жұлдыздар Мицар және Крест2 Қос жұлдыздары. Мицар Қос жұлдызын Giovanni Battista Riccioli 1650 жылы темірқазық (Үлкен аю шоқ жұлдызы) жақтан байқады. Дегенмен, оны Г.Галилей бұрынырақ байқаған болуы мүмкін. Оңтүстік аспандағы Крест шоқ жұлдызынан жарқырағын Крест2 Қос жұлдызын 1685 жылы Фонтене әкей байқады.
## Дереккөздер |
Гүлнәр Тілеуханқызы Хауадамова (1950 жылы туған) – медицина ғылымдарының докторы (1992).
## Өмірбаяны
* Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1973, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген.
* Қарағанды (1973–1975) және Алматы (1975–1976) қалаларындағы туберкулез диспансерінде дәрігер
* КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми-зерттеу институтында ординатор (1976–1978), аспирант (1978–1981)
* Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтында кіші, жетекші ғылыми қызметкер (1981–1983, 1985–1994)
* Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу басқармасы бастығының орынбасары (1984–1985)
* Халықаралық қазақ-түрік университетінде кафедра меңгерушісі (1994–1995) болды.
* 1995 жылдан Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтында директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
## Ғылыми еңбектері
* «Впервые выявленный туберкулез органов дыхания на территории с высокой его распространенностью» тақырыбында докторлық дисскртация қорғады.
* 80-нен астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
“Кәшім мен Ахмет” – ғашықтық дастан. Ахмет деген жігіт пен Кәшім қыз арасындағы кіршіксіз махаббаттың қайғылы аяқталу тарихы шығармаға арқау болған. Дастанды халық ақыны Есенсары Құнанбайұлы жырлап, 1943 жылы Қазақстан Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорына тапсырған. Есенсары нұсқасы толық, 11 буынды қара өлең үлгісіне құрылған. 1964 жылы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған Семей экспедициясы құрамында болған зерттеуші Телмұхамед Қанағатов жазып алған Ерғали Бәкімбаев жырлауындағы екінші нұсқа бар. Есенсары нұсқасындағы дастан соңы Ахметтің түрмеде өліп, Кәшімнің қайғылы халде қалуымен аяқталса, соңғы нұсқа жігітті дарға асып, қызды мысыққа талаттырып өлтірумен бітеді. Негізгі мазмұны бірдей. Дастан ел аузындағы және басқа нұсқаларда “Ахмет – Кәшім” деп аталады. Аталған екі нұсқа да Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.
## Дереккөздер |
Қоскөл — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы ауыл, Қоскөл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қаратөбе ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1454 адам (740 ер адам және 714 әйел адам) болса, 2009 жылы 1128 адамды (560 ер адам және 568 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1957-1997 жылдары “Қоскөл” қой өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қоскөлде және округке қарасты Дайынөткел ауылында ӨК және 30 шаруа қожалығы құрылған.
## Дереккөздер |
Айсары әйнек құмды кен орны – өнеркәсіп орны. Ақмола облысы Бурабай ауданында, Щучинск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 106 км, Айсары ауылынан батысқа қарай 5 км жерде орналасқан. Кен орны 1982 жылы барланған.
## Жатыс сипаты, геологиялық құрылымы
Пайдалы қабатының орташа қалыңдығы 9,4 м болатын палеогеннің хрустальді құмынан түзілген. Құм әйнек-шыны өнеркәсібінің шикізаты. Одан әйнек талшығын, қалбыр ыдысын, бөтелке (құмыра), терезе әйнегін, пено-әйнек, т.б. шығарылады.
## Дереккөздер |
Есіл — Ақмола облысы Есіл ауданындағы қала, темір жол бекеті, аудан және Есіл қалалық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы — Көкшетау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 335 км жерде, Есілге құятын Қызылсу өзенінің сағасында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі Ақмола — Қараталды (Ресей) темір жолын салуға байланысты 1939 жылы қаланды. 1955 жылы Есіл ауданының құрылуына орай бұрынғы Есіл кенті аудан орталығына, 1963 жылы қалаға айналды.
## Кәсіпорындары
Есілде темір-бетон бұйымдары мен құралымдар зауыты, құрылыс, көлік мекемелері, мұнай базасы, сыра зауыты, элеватор, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, баспахана жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Балалар бақшасы, 2 мектеп, техникалық лицей, музыка мектебі, Арқалық медициналық училищесінің бөлімшесі, мәдениет үйі, клуб, кинотеатр, кітапхана, стадион, аурухана, емхана, дәріхана, санитарлық-эпидемиологиялық станция, қонақ үйі бар. Тұрғындары Көкшетау, Астана, Қостанай, Арқалық қалаларымен темір жол және автомобиль жолдары арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Бааеддин Өгел (1924, Түркия, Анадолы аймағы, Елазығ ауылы - 9.3.1989, Қожатепе) — түрік ғалымы, тарих ғылымдарының докторы (1948), профессор (1965).
Анкара университетінің тіл және тарих, география факультетін бітірген (1945). Кейін Гази, Анкара, Елазығ университеттерінде оқытушы (1953-82) болды. Бааеддин – түркі және Орта Азия халықтарының тарихы, мәдениеті, тіліне қатысты 20-дан астам монография, 150-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы.
Бааеддиннің “Ерзурум ескерткіштеріндегі Алтай - түркі танымының іздері” (1947), “Хундар, көктүріктер, ұйғырлар” (1968), “Түркі мәдениеті тарихына кіріспе” (1985), “Ұлы хун империясының тарихы” (1998), тағы басқа еңбектері ғылыми ортада жоғары бағаланды.
## Дереккөздер |
Леонид (Әскер) Құсманұлы Бакаев (16.5.1949,Ресей, Камчатка облысы Усть-Камчатка ауданы Новый Камчатск с. – 24.5.2007, Алматы қ.) – инженер, педагог, заңгер, полк. (1990), тарих ғыл. канд. (1990), саясаттану (1996) және әскери (1997) ғыл. докт., проф., ҚР Жаратылыстану (1996), Пед. (1997) және әлеум. (1999) ғыл. академияларының акад., Нью-Йорк ғыл. академиясының мүшесі (1997), Ресей Әскери ғыл. академиясының акад. (1999). Ташкент жоғары танк командалық уч-щесі (1971), Алматы пед. шет тілдер ин-ты (1983), Бронетанк әскерлерінің әскери академиясы (1988) және Алматы мемл. ун-тін (2001, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Чехословакияда танк бөлімшесінің командирі (1971–1973) қызметін атқарды. 1973 жылдан Қазақстанда әр түрлі лауазымды әскери қызметтер (1971–1990) атқарған. ҚР Әскери комиссары (1990–1991), ҚР Мемл. қорғаныс к-ті штаб бастығының орынбасары (1992), Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тында доцент (1992–1994), ҚР Сыртқы істер мин-лігінде бөлім меңгерушісі, кеңесші (1994–1997), ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі (1997–2007), ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-ті академиясының проф. (1998) болды. «Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі Қазақстан Компартиясының ұйымдастырушылық қызметі (1976–1980 ж.)» деген тақырыпта канд. дисс., «Қазақстан Республикасындағы әскери құрылымды жүзеге асыру саясаты» және «Қазақстан Республикасындағы әскери құрылым» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Б. 115-тен астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 20 монография («Отанды қорғау», «Геосаясат контексіндегі Қазақстан егемендігі», екеуі де 1996; «ХХІ ғасыр қарсаңындағы Қазақстанның әскери және сыртқы қауіпсіздігі», 1998; «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі», 2000; т.б.) мен 20 оқулықтың авторы. 3-дәрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» орденімен және медальдармен марапатталған.
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.centrasia.ru/newsA.php?st=1054699860(қолжетпейтін сілтеме)
* http://nedelya.efactory.ru/?article=314(қолжетпейтін сілтеме)
* http://www.kpopov.ru/diving/1st_dive.html
* http://biblus.ru/Default.aspx?auth=5b07l1f8 Мұрағатталған 1 мамырдың 2015 жылы.
* http://www.silver.ru/air/programmes/kamennyiy-gost_/ Мұрағатталған 30 қыркүйектің 2011 жылы.
* http://www.ewnc.org/theme-sites/blacksea/russia/eisk/linza/node/4791 Мұрағатталған 14 қазанның 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Қоскөл — Павлодар облысы Ертіс ауданындағы ауыл, Қоскөл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ертіс ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 99 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланды. 1930 жылдың бас кезінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты ұжымшар орталығы болды. 1954 жылы астық кеңшары мен ауылдық кеңестің орталығына айналды. 1997 жылдан кейін кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Ойсылқара – түйе малының пірі. Ислам тарихында пайғамбарға деген сүйіспеншілігімен белгілі болып, әулие ретінде құрметтелген Уәйіс әл-Қаранидің атымен байланысты ұғым. Тарихи тұлға Уәйіс әл-Қарани Шам шаһарына қарасты Қаран ауылында 7 ғасырда өмір сүрген. Ол әулиелік кереметімен Мұхаммед (c.ғ.с.) пайғамбардың дүниеге келетінін алдын ала сезген. Ол Қаран елінің түйесін бағып, өзінің кәсіпке адалдығымен, тақуалығымен, қанағатшылдығымен көпке үлгі болған. Шешесінің рұқсатын алып, пайғамбарды көруге Мединеге келген.Уәйіс Қаранидің әулиелігін, ыстық ілтипатын ерекше рухани байланыс арқылы сезінген Мұхаммед (c.ғ.с.) пайғамбар оған деген құрметінің белгісі және оның рухани дәрежесінің айғағы ретінде сахабалары арқылы өз шапанын сыйлайды. Науқас шешесіне қарайлаған Уәйіс Қарани пайғамбардың көзі тірісінде жүздесе алмайды. Сондықтан ол табиғиндердің ұлығы болып саналады. Түркі ислам дүниесінде, дәстүрлі қазақ қоғамында да төрт түлік малмен байланысты әрбір кәсіптің киелілігін, абыройлылығын әйгілеп, ол кәсіптің әрқайсысының бастауында рухани ұстаз, қасиетті пір тұрғандығына сенген. Сондықтан ол кәсіпке адалдықты насихаттап, сол кәсіптің иесі пірден қолдау, желеп-жебеу тілеген.
## Ішкі сілтемелер
* Төрт түлік пірі
## Сыртқы сілтемелер
* Мұхаммед (c.ғ.с.) пайғамбар(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Ығылман Шөрекұлы (1876, қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылы – 1932, сонда) – ақын. Жасында ауыл молдасынан оқып, хат таныған. 15 – 16 жасынан өлең шығарып айта бастады. Қисса-дастандарды кітаптардан оқып, замандас жырау-жыршылар арқылы көп жаттаған. Жас кезінде Атырау өңірінде аты әйгілі Абыл, Ақтан, Қалнияз, Нұрым, Досжан, Махамбет, Төлеген тәрізді ақындардың өлеңдерін өнеге тұтып, Жаскілең, Бала Ораз, Жылқышы, Мұрат сияқты ақын-жыраулардың көзін көріп, тәлім алған. Көзі тірісінде бірсыпыра өлеңдерін Ташкентте шығып тұрған “Сәуле” журналында жариялады. Осы қалада сондай-ақ 1836 – 37 ж. ұлт-азаттық көтерілісі мен оның жетекшілері Исатай мен Махамбеттің қаїармандық ерлігіне арналған тарихи дастанын бастырды (“Исатай-Махамбет”, Ташкент, 1925). Бұл дастан кейін де бірнеше рет жарияланды. Ақынның “Исатай-Махамбет”, “Өзім туралы”, “Ақындар туралы”, “Шешендер туралы”, “Батырлар туралы”, “Халық алдында”, “Толғау”, “Күреңатқа” деген халыққа кеңінен танымал өлеңдері бар.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы, 9 т. |
Жолымбетов Әтейбек - (24.01.1912, Алматы облысы, Іле ауданы, Тастақ ауылы – 07.07.1994, Алматы) – актер, Қазақстанның халық әртісі (1971; 1962 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі).
Еңбек жолын туған ауылында есепші, малдәрігері болып бастаған. Қазақ драма театры жанындағы студияны бітіргеннен кейін (1936), театрдың негізгі құрамына қабылданады. 1936 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақ драма театрының актері болды. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндіктеріне қатысты (1936, 1958). Осы театрда алғаш ойнаған рөлі – Н.В. Гогольдің “Ревизор” комедиясындағы Христиан Иванович рөлі (1936).
Жолымбетовтың Қазақ драма театры сахнасында бұдан кейінгі сомдаған рөлдері өз ерекшелігімен ұлттық өнер тарихында қалды. Олардың ішінде Иван (М. Ақынжановтың “Исатай – Махамбетінде”), Жылкелді, Жантық, Жапар (Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері – Ақтоқты”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” және “Амангелдісінде”), Фогель (М.Әуезов пен Әлжаппар Әбішевтің “Намыс гвардиясында”), Аламанов (Ш.Хұсайынов пен Қ.Қуанышбаевтың “Шаншарларында”), Алшағыр, Қазан, Арыстан (Мұхтар Әуезовтің “Қара қыпшақ Қобыландысы” мен “Айман – Шолпанында”), Гроссман (Қажым Жұмалиев пен Әбу Сәрсенбаевтың “Арбасуында”), Малышев (Зейін Шашкиннің “Заман осылай басталдысында”), Оразбай (Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абайында”), Барақ (Қ.Бекхожиннің “Ұлан асуында”), Серке (Қ.Мұқашевтің “Парторгінде”) т.б. рөлдер бар.
Жолымбетов аударма спектакльдерге де қатысып, бірқатар қызғылықты образдар жасады. Олардың арасынан Дулебов (А.Н. Островскийдің “Таланттылар мен табынушыларында”), Мадам-қатын, Гортензио (У.Шекспирдің “Асауға тұсауында”), Кәрімбай (Д.Файзидің “Башмағымында”), Жорабай (С.Ахмадтың “Күйеуінде”), т.б. бөліп айтуға болады. Жолымбетов 1945 жылдан бастап киноактер ретінде де елге танылды. Әсіресе, Ораз (“Абай әнінде”, 1946), Майбасар (“Жамбылда”, 1952), Қапан (“Бұл Шұғылада болған едіде”, 1955), Милиционер (“Біздің сүйікті дәрігерде”, 1958), Қарасақал (“Алдаркөседе”, 1965) рөлдерін көрермендер жылы қабылдады.
Актер есімі радиодан көркем мәтін оқудың шебері ретінде халық жадында қалды.
## Сілтеме |
Баадүр хан, Батыр хан (туған-өлген жылы белгісіз) – Есім ханмен бірігіп ел билеген қазақ ханы. 1603 жылы күзде қарақалпақтар Түркістанда Абд әл-Ғаффарды хан етіп жариялайды. Осы кезде Ташкент пен Сайрамнан Есім хан, Баадүр хан, басқа да қазақ сұлтандары Абд әл-Ғаффарға қарсы шығады. 13 күнге созылған шайқаста қазақ әскерлері жеңіліс тауып, Түркістан, Сайрам, Ташкент, Ахсикент, Әндіжан қалалары Абд әл-Ғаффардың қол астына қарайды. 1605 жылы көктемде Ташкент маңындағы Қарақамыс деген жерде Есім хан, Баадүр хан Абд әл-Ғаффарды өлтіріп, азат етілген аймақтарда өз биліктерін орнатты. 1616-17 жылғы орыс құжаттарында оның есімі Батыр, Баатырь, Болатырь деп аталып, кей тұста Шығай ханның кіші інісі, Абдолла ханның (Абдоллаһ ІІ) қол астында болған басқа Баһадүр сұлтанмен шатастырылған.
## Дереккөздер |
Клара Шайсұлтанқызы Хафизова (24 сәуір 1939 жыл, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (1995), профессор (1998), шығыстанушы ғалым,1964 ж ТашМУ-ды,1973 ж КСРО ҒА Шығыстану интының аспирантурасын бітірген.
## Өмірбаяны
* Ташкент мемлекеттік университетін (1964) және КСРО ғылым академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын (1973) бітірген.
* Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнология институтында кіші ғылыми қызметкер (1969–1970)
* Қазақстан ғылым академиясының Ұйғыртану институтында аға ғылыми қызметкер (1974–1990)
* ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі (1990–1994)
* Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында жетекші ғылым қызметкер, бөлім бастығы (1995–1998)
* «Қайнар» университеті стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталықтарының директоры (1998–2005) болды.
* 2005 жылдан «Қайнар» университеті жанындағы қазақ тарихы мен өркениеті институтының директоры қызметін атқарады.
## Еңбектері
* «14–19 ғасырлардағы Қытайдың Орта Азиядағы дипломатиясы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
* 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры – Қазақстандағы жастар мен балаларға арналған театр ұжымы. Өнер ордасы Алматыдағы жасөспірімдер театрының базасында құрылды. Театрдың құрушысы да, алғашқы басшысы да Наталия Ильинична Сац – 1918 жылы әлемде алғаш балалар театрын ашушы және әлемде алпысқа жуық балалар театрының негізін салушы өнер қайраткері болып саналады.
## Тарихи кезеңдері мен қойылымдары
1944 жылы Алматыда режиссер Н.И. Сац пен драматург В.С. Розовтың басшылығымен ұйымдастырылған. Қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істеді.
Театр бастауында Сергей Эйзенштейн, Николай Черкасов, Вера Марецкая, Владимир Луговский сияқты тағы да басқа Қазақстан өнерінің тарихында жарқын із қалдырған мәдениет қайраткерлері тұрды. Театрдың әрбір даму кезеңі жаңа ізденістерімен ерекшеленді. Н. Сацтан қалған дәстүрді режиссерлер И. Барон, А. Мадиевский, В. Жезмер, Е. Прасоловтар әрі қарай жалғастырып, театр репертуарының мазмұнын кеңейтті.
Алғаш рет қазақ труппасы 1947 жылы 2 ақпанда А. Н. Островскийдің “Мысыққа күнде той бола бермес”, ал орыс труппасы 1945 жылы 7 қарашада Е. Шварцтың “Қызыл телпек” (басты рөлдерде Аққағаз Мәмбетова, Тұрсын Жармұхамедовалар ойнады) спектакльдерін қойды. Театр шымылдығы ресми түрде 1948 жылы 4 шілдеде А.Н. Толстойдың “Алтын кілт” спектаклімен (режиссер Сац) ашылды. Жас ұжымның мектеп бағдарламасымен сәйкес алғаш қойған пьесалар мен аңыз-ертегілер инсценировкалары: М. Ақыжанов пен Қ. Бадыровтың “Алтын сақасы” (1948, режиссер Н.В. Молчанов; 1953, режиссер С. Шәріпов; 1965, режиссер Мен Дон Ук), Ш. Құсайыновтың “Нұрлы тас” (1951) пен “Алдар Көсесі” (1954, екеуінің де режиссер А. Тоқпанов), Қ. Сатыбалдиннің “Аягөз аруы” (1954, режиссер М. Қосыбаев), Л.В. Соловьевтың “Қожанасыры” (1949, режиссер И.С. Барон). Театрда Сац (1947–50), А.Тоқпанов (1950–54), Қосыбаев (1954–59), В.И. Добронравов (1959–62), Ғ. Хайруллина(1962–64), Мен Дон Ук (1964–68), В.С. Пұсырманов (1968–76), М. Байсеркенов (1976–82) сынды бас режиссерлермен қатар И.Г. Бальхозин, Э.Д. Гейдебрехт, А.И. Ненашев, Д. Сүлеев, В.В. Теляковский, С. Үмекенов, т.б. театр суретшілері жемісті еңбек етті.
Театр труппалары мектеп пен отбасының байланысы, жастардың жауынгерлік және еңбектегі ерлігі, достық қарым-қатынасы, арман-махаббаты жайлы тәлім-тәрбиелік мәні зор шығармаларды сахнаға шығарды. Олар: М. Иманжановтың “Жас өмірі” (1949, режиссер Молчанов), Құсайыновтың “Көктем желі” (1953, режиссер Тоқпанов) мен “Есірткен еркесі” (1954, режиссер Қосыбаев), Ш. Байжановтың “Әлия Молдағұловасы” (1954, режиссер Т. Дүйсебаев), Б.Л. Горбатовтың “Әкелердің жастық шағы” (1950, режиссер Б. Коврижных), т.б. қойылымдар.
Театр сахнасында, сондай-ақ, Құсайыновтың “Біздің Ғани” (1958, режиссер В.О. Гасюк пен Қосыбаев), С. Мұқанов пен А. Сатаевтың “Ботагөз” (1970, режиссер Е. Обаев), С. Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар” (1977, режиссер Байсеркенов), И.Ф. Поповтың “Семья” (1959, 1962, режиссер Добронравов), Х.Хамзаның “Бай мен кедей” (1962, режиссер Хайруллина) сияқты тарихи-әлеум. тақырыптағы шығармалар мен шет ел драматургиясынан У. Шекспирдің “Вероналық екі бозбала” (1949, режиссер Сац), “Гамлет” (1980, режиссер Байсеркенов), Ф. Шиллердің “Зұлымдық пен махаббат” (1951, режиссер С. Естемесова), Н.Хикметтің “Әпенде” (1957, режиссер М. Қосыбаев), Б. Брехттің “Әйдік апай және оның балалары” (1968, режиссер Мен Дон Ук), Ян Соловичтің “Түмен түрткен тіленші” (1976, режиссер Байсеркенов), т.б. пьесалары қойылды. 1960–80 жылдары халықтың аяулы ардагерлері туралы Ш. Аймановтың “Жас Абай” (Әуезовтің романы бойынша, 1969, режиссер Айманов), Ә. Тәжібаевтың “Сағынамын күн сайын” (режиссер Мен Дон Ук), Сатыбалдиннің “Ұзақ жол” (1970, режиссер В.С. Пұсырманов), Ә. Әлімжановтың “Махамбеттің жебесі”, Мұқановтың “Қашқар қызы” (1971, екеуінің де режиссер Обаев), Құсайынов пен О. Бодықовтың “Әл-Фараби” (1972, режиссер Мен Дон Ук), т.б. пьесалар сахналанды. Осы жылдар ішінде театр Мәскеуге үш рет гастрольге барды. 1958 жылы Д. Фурмановтың романы бойынша “Бүліншілік”, Ақынжановтың “Ыбырай Алтынсарин”, В. Коростылов пен М. Львовскийдің “Көрінбейтін Димка” спектакльдерімен бүкілодақтық фестивальге қатысып, 2-дәрежелі дипломға ие болды. 1967 жылы Ш. Құсайыновтың “Алғашқы ұшқындар”, Ш. Айтматовтың “Арманым, Әселім” спектакльдерін алып барып, бүкілодақтық конкурстың 3-дәрежелі дипломы мен ақшалай сыйлығына ие болды. 1971 жылы Тәжібаевтың “Қыз бен солдат” спектаклін апарып, лауреат атанды. Режиссер Мен Дон Ук қойған Құсайыновтың “Алғашқы ұшқындар” спектаклі 1968 жылы Қазақстан комсомолы сыйлығына ие болды (Ғани рөлінде – А. Кенжеков, суретшісі Д. Сүлеев, композиторы М. Қойшыбаев). 1984 жылы Әуезовтің “Алуа” спектакліне (режиссер Р. Сейтметов, Алуа – Г. Қазақбаева) Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді. Театр труппалары репертуарынан қазақ қаламгерлері Қ. Мұхаметжановтың “Қуырдақ дайыны” (1964, режиссер Т.Е. Сидоров) мен “Өзіме де сол керек” (1969, режиссер Обаев), А. Шамкеновтың “Адасқан қаз” (1965, режиссер С. Естемесова), Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” (1968, режиссер М.Бақтыгереев), Т. Ахтановтың “Махаббат мұңы” (1970, режиссер Пұсырманов) мен “Күшік күйеуі” (1981, режиссер Ж. Хажиев), С. Жүнісовтың “Қызым, саған айтам” (режиссер Мен Дон Ук), “Жаралы гүлдер” (1973) және “Қос анары” (1975, екеуінің де режиссер Пұсырманов), М Хасеновтің “Қайсар” (1976, режиссер Қ. Жетпісбаев) мен “Пай-пай, жас жұбайлар-айы” (1979), Ж.Тәшенов пен И. Саввиннің “Іске сәт, қыздар” (1976, екеуінің де режиссер Кенжеков) мен “Студенттері” (1978), Н.Оразалиннің “Шырақ жанған түн” (1977, екеуінің де режиссер В.Ф. Ким), Б. Мұқаевтың “Қош бол, менің ертегім” (1979, режиссер Байсеркенов); КСРО халықтары драматуригиясынан Б. Жәкиевтің “Әке тағдыры” (1963), Айматовтың “Алғашқы мұғалім” (1964), “Арманым, Әселім” (1966, үшеуінің де режиссер Мен Дон Ук) мен “Бетпе-беті” (1972, режиссер Пұсырманов), Р. Ғамзатовтың “Тау қызы” (1964, режиссер Хайруллина), М. Кәрімнің “Ай тұтылған түн” (1968, режиссер Обаев), А.Е. Макаеноктың “Үкім” (1972, режиссер Пұсырманов), М. Байджиевтің “Әр үйде мереке” (1982, режиссер Хажиев) мен “Ерте, ерте, ертедесі” (1984, режиссер Н. Жақыпбаев), т.б. пьесалар орын алды. Театрда әр жылдары қызмет еткен Қазақстанның халық артистері Б. Қалтаев, К. Қожабеков, Ш. Мусин, С. Саттарова, т.б. театр труппасының қалыптасып, өсу жолына елеулі үлес қосты.
## Жаңа үрдістер
1985 жылы Қазақ ССР мәдениет министрлігінің 24 ақпан күні шыққан №50 бұйрығымен Қазақстанның балалар мен жасөспірімдер театры екіге бөлінді: 1995 жылы Наталия Сац есімі берілген орыс театры; сондай-ақ, танымал қазақстандық жазушы әрі драматург Ғабит Мүсіреповтің есімі берілген қазақ театры. Біраз уақытқа дейін қос ұжым бір шаңырақ астында жұмыс істеп, сахнада қойылымдарды кезегімен қойып жүрді. 1995 жылы театрға Н.И. Сац атындағы академиялық театр мәртебесі берілді.
2000 жылы жасөспірімдер театры бұрын мәдениет сарайы болған Алматы қаласының қағаз-мақта комбинатының ғимаратына көшіп барды. Жаңа жерде Б. Преображенский Ю. Поляковтың «ЧП районного масштаба», Э. Казакевичтің «Двое в степи», Б. Пастернактың «Доктор Живаго», М. Булгаковтың «Белый крест», О. Сүлейменовтің «Страсть скифа – справедливое несчастье», А. Пушкиннің «Прими собранье пестрых глав..», Шекспирдің «Гамлет», Гогольдің «Беспримерная конфузия» спектакльдерін сахнаға шығарды. 2006 жылдан театрдың ғимаратында Камералық сахна жұмыс істеп келеді. Театрдың қалыптасуына РСФСР-дің еңбек сіңірген өнер қайраткері Б. Гронский үлес қосты. Оның басшылығы кезінде театр классикалық және қазіргі заманғы драматургияның үздік туындыларын сахналады. Б. Гронскийдің өзі Л. Гераскинаның «Аттестат зрелости», Т. Габбенің «Золушка», В. Розовтың «Страницы жизни», А. Арбузовтың «Годы странствий», В. Лавреневтің «Разлом» спектакльдерін сахнаға қойды. Сондай-ақ режиссер, Қазақ ССР еңбек сіңірген қайраткері Евгений Александрович Прасолов К. Треневтің «Гимназисты», Я. Райнистің «Вей, ветерок!», Д. Фурмановтың «Мятеж» (бұл спектаклге 1968–87 жылдары Мәскеуде өткен балалар мен жасөспірімдер тетарларының бүкілодақтық фестивалінде І дәрежелі диплом берілді), А. Кузнецовтың «Взрослые дети» сияқты тамаша туындыларды сахналағанымен есте қалды. Орыс труппасының бас режиссері, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген қайраткері Абрам Львович Мадиевский Б. Горбатовтың «Юность отцов», А. Арбузовтың «Таня» және «Иркутская история» тәрізді қызғылықты спектакльдерді қойды.
Бүгінде театрдың репертуарында «Сказка о царе Салтане» (А. Пушкин), «Муха-Цокотуха» (К. Чуковский), «Зайка-зазнайка» (С. Михалков), «Золотой чай» (С. Козлов), «Сказка про Нолик, без которого не наступит завтра» (Г. Данатаров), «Сказка о золотом троне, голубом цветке и старой домбре» (Е. Прасолов), «Волшебная лампа Аладдина» (О. Емельянова), «Две Бабы-Яги» (Р. Сеф, Н. Карелина), «Красная Шапочка» (Е. Шварц), «Белоснежка», «Талисман», «Закат» (И. Бабель), «Горе от ума» (А. Грибоедов), «Ромео и Джульетта» (У. Шекспир), «Белое облако Чингисхана» (Ч. Айтматов), «Тимур и его команда» (А. Гайдар), «Кошкин дом» (С. Маршак) сияқты спектакльдер бар.
Театр труппасын бірнеше жыл бойы Қазақстанның еңбек сіңріген өнер қайраткері Рубен Андриасян басқарып келді. Ол Эдмон Ростанның "Сирано де Бержерак", Анатолий Алексиннің "Жас гвардия", Борис Васильевтің "Тізімде көрсетілмеген", Анатолий Чеховтың "Кішкене комедиялар", Владимир Варфоломеевтің "Қасиетті мен күнәһар", Василий Аксеновтің "Сиқырлы шөп" сынды тамаша туындыларын сахналады. 1986 жылы театрдың көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері болып Борис Преображенский тағайындалды. Қазіргі таңда театрдың жетекшісі – Надежда Горобец.
## Режиссерлер
Н.И. Сац (1945 – 50), Б.Г. Гронский (1951 – 56), Е.А. Прасолов (1956 – 58, 1970 – 74), А.Л. Мадиевский (1958 – 62), В.Л. Шкляр (1962 – 63), В.И. Пучкин (1964 – 66), Г.М. Жезмер (1966 – 70), Р.С. Андриасян (1974 – 83), Б.Н. Преображенский (1984 жылдан) театр труппасының бас режиссерлері болумен бірге оның көркемдік жағын да басқарды.
## Суретшілер
А.А. Алексеев, Е.Г. Маркова, А.А. Пашков, А.Г. Ридаль, Т.Е. Сидоров, И.Г. Бальхозин, Э.Д. Гейдебрехт, В.В. Теляковский, Ф.И. Ткаченко, Д.В. Павлюк (1988 жылдан), т.б..
## Бас актерлер
Евгений Жуманов, Дмитрий Скирта, Наталья Бардина, Владимир Крылов, Ольга Коржева, Ирина Арнаутова, Наталья Лунина, Алма Рулас және т.б..
## Жетістіктері
* Театр ұжымы Мәскеу (1958; 1967, Д.А. Фурмановтың “Бүліншілігі”, орыс және қазақ труппалары 1957 жылы бірлесіп қойған, режиссер Е.А. Прасолов пен М. Қосыбаев, Бүкілодақтық балалар мен жасөспірімдер театрлары фестивалінің 1-дәрежелі дипломымен марапатталды, Душанбе 1988), т.б. қалаларда болып, өнер көрсетті.
* 1995 жылы театрға режиссер, театр қайраткері Н. Сацтың есімі мен академиялық театр атағы берілді.
* 2015 жылы ТМД парламентаралық ассамблеясы Кеңесінің құрметті грамотасы берілді — халықтар арасындағы достықты нығайтудағы көпжылдық үлесі үшін.
* 2023 жылы Қазақстанның Театрлық сыншылар Ассоциациясы «Алиса в стране Чудес» қойылымын балаларға арналған үздік спектакль деп таныды.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясы - 1960 жылы Қызылорданың концерттік-эстрада бюросы негізінде ұйымдасты.
1963 ж. Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясы, ал 1965 ж. мемлекеттік облыстық филармониясы (Ш.Қалдаяқов атындындағы) деп аталды. Оның құрамында 7 концерттік ұжым мен музыка лекторийі жұмыс істеді. Көркемдік жетекшісі К.Рахметов, директоры С.Тұрғымбаев (1985 жылдан) болды. Филармонияның шығармашылық ұжымдары гастрольдік сапармен Қазақстанның қалалары мен ауылдық жерлерінде өнер көрсетіп тұрады.
## Дереккөздер |
Әлсен Айсин (1922 — 1980, Біржан сал ауданы Чистяков а.) — еңбек ардагері. Социалистік Еңбек Ері (1966). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Еңбек жолын 1945 ж. «Чистяковка» ұжымшарының мал фермасында есепші болып бастаған. Чкалов ауданы (қазіргі Тайынша ауданы) Алабота кеңшарында малшы (1952 — 57), 1957 жылдан сол шаруашылықта аға малшы болып жұмыс істеді. Орден, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Орамал – басқа тағуға арналған ұзынша төрт бұрышты мата. Этнолог С. Қасимановтың айтуынша, орамал сөзінің түбірі парсылардың «рой» – бет „“және “мал” – „мата“ сөздерінен қалыптасқан. Орамал пайдалану мақсатына қарай
* бет орамал,
* қол орамал,
* сулық орамал,
* майлық орамал деп бөлінеді.
Қол орамалды ертеректе қыздар кестелеп ұнатқан жігітіне сыйға тартатын болған. Еуразияны мекен еткен көптеген халықтардың әйел өкілдері орамалдың арнайы жасалған түрлерін басқа да тартқан. Оның көлемі мен түрі әрбір тарихи-мәдени өңірлерде әртүрлі болып, оған жергілікті ұлттық ерекшеліктер (калорит) берілген. Дәстүрлі қазақ қоғамында орамалдың ерекше бағаланғандығын халық арасындағы «Орамал тон болмайды, жол болады» деген мақалдан да аңғаруға болады. Оны адамдар өзара сыйластық пен ықыласты көрсету үшін бір-біріне сыйға да береді. Халық арасында орамалдың басқа тартатын шаршы, қиықша, т.б. түрлері кең тараған.
## Орамалдың түрлері
Әйелдер жас ерекшелігіне қарай әртүрлі жаулықтар салады. Үй және шаруа жұмыстарына арналған арзанқол және сән-салтанатқа салатын қымбат бағалысы да болады. Орамалдардың қалың-жұқа етіп жібектен, жүннен, мақтадан тоқылған түрлері болады. Оларды жыл мезгілдеріне қарай пайдаланады. Орамалдар пішіміне қарай шаршы және қиықша болып келеді.
Жібектен шашақтап тоқығанын «бөртпе» деп атайды. Жібектен және матадан шашақ шығармай тоқыған қалыңдау келген түрін «салы», торғын тектес, үлпілдек, жұмсақ маталардан немесе ешкі түбітінен тоқылған түрі «шәлі» деп те аталған.
Әйелдердің басқа салатын түйе, ешкі түбітінен тоқылған түрін кей жерлерде бөкебай деп атайды. Орамалдарды шаршылап, кейде үшбұрыштап әртүрлі үлгіде із салып, ақ немесе күлгін түсті түбіттен тоқиды. Тоқудың да қарға тұяқ, ирек, айшық, құстаңдай, бұрама сияқты көптеген түрлері мен үлгілері болады. Жаңа тоқыған бөкебайды жуып, керіп, кептіріп, үлпілдетіп түбітін шығарғанда ол әрі жылы, әрі сәнді бағалы киім болып шығады.
Ер адамдарда да бөкебайға ұқсас ешкі мен түйе түбітінен тоқылған мойынға салатын жылы орамал түрі мойынсалғыш деп аталады. Шамамен бір құлаштан артық ұзын тоқылады, жиегі шашақталады. Бұл бұйымның да атауы әр өңірде әрқалай: Қызылорда мен Ақтөбенің кейбір жерлерінде шалма, Қостанайда мойынша, Орынбор қазақтарында шарқат, басқа өңірде мойынорағыш.
Шәлінің бүркеніш, жібек, оюлы, торғын, шілтерлі деген түрлері және ою-өрнек гүлшоқтары сызылған әртүрлі бедерлі немесе шымқай қызыл күлгін өңділері де болады. Шәліні әйелдер өздеріне шаршылап, кейде үшбұрыштап әртүрлі үлгіде із салып, ақ немесе күлгін түсті ешкі түбітінен де тоқиды. Қыстық жүн шәлілер түбіт, түйе жүнінен үлпілдек етіліп тоқылған, басқадай да суық өтпейтін қалың, жылы маталардан жасалып, барлығының да шетіне шашақ тігіледі. Бедері барын жастар, бірыңғай өңділерін орта жастан асқан ана, әжелер тартады. Шәлінң құны, сапасы мен қажеттілігі жағынан салы орамалға жетпейді.
## Дереккөздер |
Зура Молдахметқызы Айсина (1928 — 2006) — педагог, Қазақстан білім беру ісінің үздігі.
## Өмірбаяны
* ҚазМУ-ды (ҚазҰУ) бітірген.
* 1956 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін Сандықтау ауданы Балкашино орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып ұзақ жылдар еңбек еткен.
## Марапаттары
* «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Нұрғали Ораз (25.8.1960 жылы туған, Қазығұрт ауданы Монтайтас ауылы ) – жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2003).
ҚазМУ-дың журналистика факултетін бітірген (1982). «Жалын» баспасының жетекші редакторы, «Парасат» журналында бас редактордың бірінші орынбасары, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары қызметтерін атқарды.
Қазір «Ақ желкен» журналының бас редакторы. Алғашқы «Долана» әңгімесі 1979 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Арман қанатында» атты жинақта жарық көрді.
Шығармалары орыс, саха тілдеріне аударылған. Д.Голсуорсидің, Х.Л. Борхестің, И.Кавабатаның, И.Иноуэнің шығармаларын тәржімалаған. «Жалын» баспасының балалар мен жасөспірімдер тақырыбына арналған дәстүрлі жабық бәйгесінің, «Қазақ әдебиеті» газеті, «Парасат» журналы сыйлықтарының иегері.
Әңгімелерінің желісі бойынша "Қазақфильм" киностудиясы 2007 жылы "Әуредең" деп аталатын толықметражды көркем фильм түірді.
## Дереккөздер |
Майра Арапқызы Айсина (1956 жылы туған, Зеренді ауданы Костомаровка ауылы) — саясаткер, қайраткер.
## Өмірбаяны
* Қарағанды мемлекеттік университетін (1981) бітірген.
* Алматы саясаттану және басқару институтын бітірген.
* Қазақ гуманитарлық заң университетін (1991) бітірген.
* Еңбек жолын мектепте аға пионер вожатый болып бастаған (1974 — 80).
* Қарағанды облысы комсомол комитетінде нұсқаушы (1980 — 82)
* БЛКЖО ОК-нде нұсқаушы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, меңгеруші болып қызмет атқарған (1982 — 91).
* ҚР Жоғары Кеңесі депутатының көмекшісі (1991 — 92)
* Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму қорында бөлім меңгерушісі (1992 — 93)
* ҚР Білім министрлігінде бөлім, басқарма бастығы (1994 — 2001)
* ҚР Премьер-министр кеңсесінде әлеуметтік-мәдени даму бөлімінде кеңесшісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары (2001 — 05)
* ҚР Білім және ғылым министрлігінде вице-министр (2005 — 06)
* «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратында жетекші (2006 — 07) қызметін атқарған.
* 2007 жылдан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты.
## Отбасы
* Үйленген. Жұбайы - Огай Евгений Павлович, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Мүліктік қатынастар департаментінің мүлікті оңтайлау басқармасының бастығының орынбасары.
* Қыздары - Дана, Светлана.
## Марапаттары
Медальмен марапатталған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтеме
• АЙСИНА Майра Мұрағатталған 9 наурыздың 2011 жылы. |
Мақаш Байғалиұлы Тәтімов (30 сәуір 1940, Алматы облысы Талғар - 16 сәуір 2016, Алматы) – демограф-ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты (1970), саясаттану ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996), Қазақстанда демография білімнің негізін қалаушы, қоғам қайраткері. Талғар қаласының Құрметті азаматы.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасының Қаракесектің Байбөрі руынан шыққан.
Ол Қазақстанда демография білімнің негізін қалаушы, қоғам қайраткері болды. 1970-1993 жылдары Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Философия және құқық иннститутының Ұлтаралық қатынастарды зерттеу орталығында кіші, аға және жетекші ғылыми қызметкер болып істеді. 1992 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер және демография саясаты жөніндегі кеңестің (1992-1997), Адам құқықтары жөніндегі комиссияның (1992 жылдан) мүшесі, 1997 жылдан бері Орталық Азия университетінің ректоры болды.
Тәтімов — көші-қон саясатын талдап жасаушылардың, шет жұрттағы қазақтардың елге оралуын алғаш ұйымдастырушылардың бірі. «Құрмет» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған, Талғар қаласының құрметті азаматы.
* В.И. Ленин атындағы Мәскеу педагогикалық университетін (1966), Мәскеу экономикалық статистика институтының аспирантурасын (1969) бітірген.
* 1970 – 1993 жылдары Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Философия және құқық институтының Ұлтаралық қатынастарды зерттеу орталығында кіші, аға және жетекші ғылыми қызметкер болып істеді.
* 1931 – 1933 жылдары “голощекиндік геноцидтің”, 1937 – 1938 жылдары сталиндік қуғын-сүргіннің, 2-дүниежүзілік соғыс майдандарында қаза тапқан қазақтар шығынын, тоталитаризм үшін “сенімсіз” халықтардың Қазақстанға қоныс аударылуының саяси себептерін ашып көрсету жөніндегі түрлі комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ 1986 жылы оқиғаға қатысқан жастарды саяси-құқықтық ақтау үдерісіне қатысты. Халықаралық статистика деректеріне сүйене отырып, тұңғыш рет дүние жүзіндегі түркі тілдес халықтардың жалпы санын жариялады.
* 1990 жылы “Азат” азаматтық қозғалысын құруға қатысып, оның тең төрағасының бірі болып сайланды.
* 1993 – 1996 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратында Ақпарат және талдау бөлімінің аға сарапшысы қызметін атқарды. Тәтімов – көші-қон саясатын талдап жасаушылардың, шет жұрттағы қазақтардың елге оралуын алғаш ұйымдастырушылардың бірі.
* 1992 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер және демография саясат жөніндегі сабағаттық кеңестің (1992 – 1997), Адам құқықтары жөніндегі комиссияның (1992 жылдан) мүшесі.
* 1997 жылдан Орталық Азия университетінің ректоры. “Құрмет” орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. 2012 жылғы елбасының жарлығымен "Парасат" орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Ығыспа – Жер қыртысының тік және көлбеу ығыстырушы жазықтық (бет) бойынша қанаттары горизонталь бағытта ығысатын тектоникалық қозғалыстары. Ығыспаның жылжытушысы еңіс немесе тік орналасып, қанаттары көлбеу жазықтықта бір-бірінен ажырап созылады. Ығыспалар сол және оң жақ болып бөлінеді. Олар ығыспаның қанаттарын салыстыру арқылы анықталады. Мысалы: жарылымның бір қанатында тұрып, жылжытушысына көлденең бағытта қарағанда оның арғы жағындағы қарсы қанаты оңға қарай ығысқан болса – оң жақ ығыспа, ал солға қарай ығысса – сол жақ ығыспа болады. Барлық жарылымдар сияқты ығыспалар да сыйыстырушы тау жыныстарының жатыс жағдайына байланысты үйлесімді, үйлесімсіз, көлденең, бойлық және қиғаш болып бөлінеді. Тау жыныстары массаларының көлбеу бағытта ығысуына орай, ығыспаның амплитудасы ондаған, жүздеген м болады. Жер қыртысында ығыспалардың өте ірілері де кездеседі. Мысалы: Калифорниядағы (АҚШ) Сан-Андреас ығыспасының ауқымы 1000 км. Ендік бағыттағы ығыспалар Тынық мұхитының солтүстік-батыс бөлігі түбінде кездеседі, ал тереңдік жарылымдарға Пейве, Суворов, Хаин ығыспаларын жатқызуға болады. Ығыспалар қаусырма және лықсымалармен бірге кездесіп, орт. типті жарылымдар түзеді. Олар ығыспа-қаусырма, ығыспа-лықсыма деп аталады. Жер қыртысы блоктарының көлбеу бағытта жылжуы нәтижесінде пайда болатын ығыспалардың ерекше түріне трансформдық ығыспа жатады. Ол жоғары мантиядағы конвекц. ағыстар әсерінен түзіледі. Трансформдық Ығыспалар бір-бірімен мыналарды біріктіреді: а) орта мұхит жоталары бөлікшелерін, ә) орта мұхит жоталары мен арал доғаларын, б) өзара арал доғаларын. Мысалы, Орт. Атлантиканың жотадан жотаға типтегі Ығыспалары, Сан-Андреас ығыспасы, т.б.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы,9 т. |
Ибрагим І (туған жылы белгісіз – 1417) – Әзербайжанның мемлекет қайраткері, Шируанның билеушісі (1382 – 1417), Дербент шируаншаҺтары әулетінің негізін салушы.
Тоқтамыс пен Әмір Темірдің арасындағы 1385 – 86 жылдары жанжалды пайдаланып, Ибрагим І Шируанды нығайту және Әзербайжанның басқа жерлерін оған қосып алу саясатын шебер жүргізді. Ол Әмір Темірдің вассалы болып, елді оның шапқыншылығынан сақтап қалды. Әмір Темір өлгеннен кейін, оның ұрпақтары арасындағы алауыздықтарды пайдалана отырып, Шируанның тәуелсіздігін қалпына келтірді. Грузиямен одақтаса қимыл жасап, Тебриз қаласын уақытша басып алды (1406). Кейін Ибрагим І мен оның одақтастары (Кахетия патшасы, Шеки әкімі) соғыста жеңіліп, Шируан Қарақойлы мемлекетіне тәуелді болды.
## Сілтемелер
* «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том |
Қасқорған,Қышқорған -19 ғасырдың 1-жартысында қоқандықтар салған бекініс. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қараөзек арнасының Сырдарияға құяр тұсына орналасқан. Ресей офицері Романовтың Орынбор басшылығына жазған сипаттамасында: Қасқорғанның саз балшықтан соғылған ұзын екі қабырғасы биік екендігі, бекіністің аумағы үлкен, төрт бұрышында қарауыл мұнаралары мен күзет төбелеріне зеңбірек қойылғандығы, қорған сырты терең канал-арықтармен қоршалып, су жіберілгендігі айтылады. Қоршағанда тұрған қоқан әскерлері жергілікті қазақтарға билігін жүргізіп, зорлық-зомбылық жасап, малдарын тонап отырған. 1852 ж. И.Ф. Бларамбергтің әскері шабуылдап, талқандады.
## Дереккөздер |
Башадар — ерте темір дәуірінен сақталған Алтай сақтары қорымдарының тобы. Таулы Алтайдағы Қаракөл өзенінің солтүстік жағасындағы, Құлада ауылы маңында. 1950 жылы бірінші рет зерттеген С.И. Руденко. Қорым құрамында әр кезеңге жататын 57 ескерткіш бар. Оның ішіндегі ең ірілері: 1-ші, 2-ші және 51-ші обалар. Бұлардың әрқайсысы тастан үйіп жасалған, диаметрі 40 м, биіктігі 2 м-ден астам. Қалғандары шағындау. Қорымның жанындағы ірі плиталарды тігінен қойып жасаған тізбек қоршаудың ұзындығы 300 м. Башадарға іргелес тағы бірнеше қорымдар (Берел ескерткіштері, Пазырық қорымы, Күдергі, Қотанды, Шибе) бар. Бұлар - бір кезде Алтай тауы өңірінде өркендеген мәдениет пен өнердің куәгерлері. Мәңгі тоң белдеуде жатқан Башадар обаларынан алынған деректердің молдығы, заттардың тамаша сақталуы, зерттеу объектілерінің ғылыми сонылығы бұл ескерткіштердің сақ заманынан жеткен жәдігерлердің аса құндыларының бірі екенін көрсетті. Ашылған обалардың біріншісінің астынан 4,5 м тереңдікте, жуан қарағай бөренеден қиып салған қабірхана табылды. Оның ұзындығы 3,2 м, ені 1,5 м, биіктігі 1,2 м. Мұнда жасы 25-тер шамасындағы ер адам жерленген. Екінші обадағы қабірхана бұдан гөрі күрделірек. Ол 6 м тереңдікте. Еденінің аумағы 6,0x4,4 м. Төбесіне 8 бөрене салып, үстіне құрым киіз, оның үстіне қалыңдығы 0,5 м етіп қайың қабығын төсеген, одан соң шырша бұтақтарымен жапқан (барлығының қалыңдығы 1,5 м). Ақырында осы жабылғының үстінен қаз-қатар салынған 16 қабат бөренемен қабірді бетіне дейін толтырған. Бұған жұмсалған бөрененің саны үш жүздей. Ең үстіне топырақ пен тас үйілген. Бірінші обадағы сияқты бұл жерден де құрбандыққа шалынған 16 аттың қаңқасы табылды. Жерленген адам мүрделері шірімеген. Өйткені, олар мәңгілік мұздақта (тоң астында) жатыр және жақсылап бальзамдалған. Жерлеу алдында мүрдені өкпе-бауыр, ішек-қарнынан тазартқан, іші, дене қуыстары шөп бальзаммен толтырылып, жарған жерін тарамыспен тігіп тастаған. Кезінде мүрдемен бірге көп мөлшерде қымбат бағалы әшекейлер мен басқадай асыл дүниелер қоса көмілген. Башадар обалары сол замандарда-ақ тоналып, біршама қираған. Соған қарамастан, бізге жеткен заттай деректер мен мәліметтердің аса зор ғылыми мәні бар. Ағаш қабірханалардағы мүрделер самырсынның жуан дөңбегінен ойылып, екі жақ тұмсығын бөрінің басына ұқсатып жасалған ағаш саркофагтарға (табыттарға) жерленген. Оның жоғарғы жиектері өрнекті жұқа киізбен шырғаланып, мыс шегемен бекітілген. Саркофагтың қақпағы әр түрлі аң бейнесіндегі оюлармен бедерленген. Обалардан ер-тұрман, жүген, оның сулығы, сағалдырығы, аяқ киім сияқты түрлі заттар мен әшекей бұйымдар көптеп табылған. Оларда геометриялық, зооморфтық (әсіресе, сақтардың аң стиліндегі) нақыштар қолданылған. Ғұрып-дәстүрлері жағынан Қазақстан сақтарына жақын Башадар тайпаларының осы мәдени ескерткіштерінен кейінгі түркілердің шаруашылық, тұрмыс-салттық, мәдени-ғұрыптық дәстүрлеріне жақындықтың тамаша үлгілерін көре аламыз. Бұл орайда, ғалым С. И. Руденко: “Ежелгі Башадар тайпалары мәдениетінің кейінгі жалғастырушылары осы күнгі қазақ, қырғыз халықтары” деген маңызды пікір айтқан.
## Сыртқы сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры (2018 жылға дейін "Ж. Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры" деп аталды) – Қазақстандағы алғашқы театрлардың бірінен саналатын өнер ордасы.
## Тарихы
Алғашқы театрлық маусым 1929 жылдан басталған. 1934 жылы "Шымкент облыстық біріккен драма театры" аталып, құрылды. Режиссері әрі көркемдік жетекшісі М.В. Дроздин болды. 1934 жылы Гүзейра Жасақбаеваның сол кезеңдегі өзгерістерді бейнелейтін «Законы эпохи» пьесасымен сахна шымылдығын көтерді. Алғашқы құрамында Ж. Арғынбаев, А. Дәукенова, Е. Досымбетов, М. Жүсіпов, Т. Мәдіходжаев, Ә. Мырзалиев, И. Тәуірбалин, т.б. театр труппасының алғашқы ұйымдастыру жұмысынан бастап, оның сахналық-шығармалық жағынан қалыптасу, өсу жолында елеулі еңбек сіңірді. Бұл құрам бастапқыда талантты режиссерлер Абдрахманов, Арғынбаевтардың жанқиярлық еңбектерінің арқасында жүзеге асты.
Алғашқы жылдары театр репертуарынан Ж. Шаниннің "Арқалық батыр", Е. Ерданаевтың "Малқамбай", С. Сейфуллиннің "Қызыл сұңқарлар", М. Әуезовтің "Еңлік–Кебек" атты драмалық шығармалары орын алды.
1935–1936 жылдары театр труппасы гастрольдік сапармен елді мекендерді (Арыс, Қызылорда, Меркі, Түркістан, Шәуілдір, т.б.) аралап, спектакльдер көрсетті.
1938 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) театр училищесінің қазақ студиясын бітірген Г. Батырғалиева, Х. Бөкеева, І. Қарсақбаев, Ә. Өмірзақова, Х. Шәженов, т.б. қызметкерлердің қосылуы театрдың актерлер құрамын күшейте түсуге игі ықпал жасады.
1941–1945 жылдары Мәскеуден Моссовет атындағы театрдың эвакуациямен Шымкентке көшіп келуі де театр өмірінде елеулі оқиға болды. Осы кезде театр труппасы негізінен тарихи-қаһармандық (М. Ақынжановтың "Исатай – Махамбет" және М. Әуезовтің "Қара қыпшақ Қобыландысы") және патриоттық тақырыптағы драмалық шығармаларды (Ә. Әбішевтің "Отан үшін", М. Әуезовтің "Сын сағатта", С. Мұқановтың "Жеңіс жыры", М. Әуезов пен Әбішевтің "Намыс гвардиясы") қойды. Онан кейінгі жылдары театр белгілі өнер адамдарының қатарымен толыға түсті. Алматыдан сахна шебері А. Абдуллина келді, кейін ол «Қазақ ССР-інің халық әртісі» атағына ие болды. Жамбылдан келген Р. Досжанова, Ж. Турсыновтар да осындай жоғары атаққа қол жеткізсе, Ташкенттен А. Қалмырзаев және А. Ысырайыловтар келді. Әуесқой өнер ұжымдарынан талантты жастар таңдалды. ГИТИС-тің түлегі Ғайнижамал Хайруллина бас режиссер ретінде театрды жаңа сапалық деңгейге көтерді. Әр жылдары театр құрамында актерлер Р. Досжанова, М. Дөненбаева, Е. Садақбаева, І. Шанин, Ф. Шериязданова, А. Абдуллина, А. Қалмырзаев, Ж. Серікбаева, Р. Байкенов, С. Досмағамбетов, Ғ. Дүйсеков, С. Ерғалиев, О. Жұмабеков, Ә. Мұхамедияров, М. Найманбаев, Ә. Ордабаев, М. Өтебаев, С. Өтемісов, Ж. Тұрсынов, Ә. Шанин; режиссерлер Ғ. Арғынбаев, Ғ. Хайруллина, В.И. Дьяков, Г.Н. Зорин, В.Н. Молчанов, М.Г. Насонов, Ю.Л. Рутковский, Ж. Омаров, Е. Оразымбетов, Т. Өтебаев, Ә. Құлданов, театр суретшісі І. Жұмағұлов, т.б. қызмет етіп, театр өнерінің өркендеуіне мол үлес қосты.
1958 жылы театр ұжымы Алматыда өткен "Театр көктемі" байқауына қатысып, С. Мұқановтың "Шоқан Уәлиханов" пен О. де Бальзактың "Өгей шеше" спектаклін көрсетті.
1972 жылы театрға режиссер, драматург, театр қайраткері Жұмат Шаниннің есімі берілді.
Гастрольдік сапармен театр труппасы 1980, 1984 және 1994 жылдары Алматыда болып, өнер көрсетті.
Театр ұжымы 1984 жылы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2014 жылы театр жаңа ғимаратқа көшірілді.
2015 жылы театр "Академиялық" мәртебесін алды.
## Режиссерлер
Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдары театрға белгілі режиссер А. Құлданов жетекшілік етті. И. Сапарбаевтың "Ресторан", М. Байғұтов пен Ш. Орынбаеваның "Святая ласточка Толе би", Д. Исабековтің "Две встречи в старом доме", О. Бодықовтың "Последняя песня Макатаева" қойылымдары 1990 жылдары театр шыққан биіктердің куәсі болып саналады.
2001–2008 жылдар аралығында бас режиссер Е. Оразымбетов болды. Оның өзіндік ізденістері ұжым тынысына жаңа леп әкеліп, республикалық және халықаралық театр фестивальдерінен табыспен оралуға мүмкіндік туғызды. "Үздік режиссер", "үздік суретші", сондай-ақ үш мәрте Гран-при сыйлығы сол жылдардағы еңбектің жемісі болып саналады.
Е. Оразымбетовтің орнына келген режиссер А. Алтынбеков Шанин театрының репертуарына жаңа туындылар қосты. Ол республикалық фестивальдерде жүлде әперген Т. Джудженоғлының "Көшкінін", Д. Исабековтің "Мұңлық-Зарлығын". Сондай-ақ Е. Қойбағаровтың "Ханзада мен қайыршысын" т.б. пъесаларды сахналады.
## Театр жетістіктері
* 2002 жылы Қызылжар қаласында Ғабит Мүсіреповтің 100 жылдығына орай өткізілген республикалық театр фестиваліне Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" трагедиясымен, 2003 жылы Орал қаласында өткен ХІ республикалық театрлар фестивалінде Иранбек Оразбаевтың "Мен ішпеген у бар ма?!" қойылымымен қатысып, "Үздік режиссер" номинациясын иеленді.
* 2005 жылы Бішкек қаласында өткен Еуропа мен Орта Азияның 14 елінің театрлары бас қосқан "Арт-ОРДО" фестиваліне өнер ордасы Шыңғыс Айтматовтың "Жанпидасымен" қатысып, "Бас жүлдені", "Үздік суретші", "Үздік режиссер" номинацияларын қанжығасына байлады.
* Халықаралық "Театр көктемі – 2007" фестивалінде театр ұжымы Мархабат Байғұттың "Бозторғайдың ұясы" спектаклімен "Бас жүлдеге" ие болды. Осы жылы ақын, драматург Иран Ғайыптың 60 жылдығына орай 2007 жылы Қызылорда қаласында өткен театрлар фестивалінде Иран Ғайыптың "Мен ішпеген у бар ма?!" спектаклімен қатысып "Үздік режиссер" номинациясын жеңіп алды.
* 2009 жылы Қарағанды қаласында өткен Біржан сал Қожағұлұлының 175 жылдығына арналған республикалық театрлар фестиваліне ұжым Дулат Исабековтың "Мұңлық-Зарлық" драмасымен қатысып, "Эпостық шығарманы сәтті меңгергені үшін" номинациясына ие болды.
* Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған "Театр көктемі – 2011" республикалық, аймақтық театр фестивалінде театр Еркінбек Тұрысовтың "Ұлы көш" тарихи драмасымен қатысып, бас жүлдені "Ең үздік тақырыптық қойылым" номинациясымен жеңіп алды.
## Дереккөздер
## Театр сайты
https://shanin-teatr.kz/ |
Шәкір Жексенбаев – әскери қайраткер, генерал-майор (16.10.1943).
Ордадағы жоғары бастауыш училищені (1917), М.В. Фрунзе атындағы әскери академияны (1924), жоғары әскери-химия академия курсты (1931) бітірген. 1918 Жексенбаев Бөкей Ордасында кеңес өкіметін орнатуға қатысқан. 1919 жылы көктемде Қызыл Армия қатарына алынып, Қазақтың тұңғыш атты әскер полкінің құрамында бөлімше, взвод командирі, жеке қазақ атты әскер дивизиясында эскадрон командирінің көмекшісі болды. 1924 – 41 жылдары Қызыл Армия бөлімдерінде, Жұмысшы-шаруа Қызыл Армиясының әскери-химия басқармасында, Қиыр Шығыс ерекше армиясында жауапты қызметтер атқарды. Екі дүниежүзінде соғыс кезінде Батыс бағыт, Орталық, Брянск, Ленинград майдандарында жоғары командалық қызметтерде болды. 1945 – 49 жылдарда К.Е. Ворошилов атындағы химия шабуылдан қорғану әскери академиясының кафедра меңгерушісі, Кеңес Армиясы химия әскерлер басқармасы бастығының қару-жарақ жөніндегі орынбасары, Беломор әскери округінда химия қызметінің бастығы, 1949 – 58 жылында В.В. Куйбышев атындағы Әскери-инжинерлік академияның кафедра бастығы, аға оқытушысы қызметтерін атқарды. 1958 жылда демалысқа шығып, Мәскеуде тұрды. Жексенбаев Ленин, 4 рет Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз, бірінші, екінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
## Сілтемелер
* Генерал Жексенбаев
* Батыс Қазақстан облысы(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Сот билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі.
Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі – жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін (сот прецедентінен басқа) шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді. Ондай істер мен даулар заңда бекітілген ерекше іс жүргізушілік тәртіпте қаралып, шешіледі. Қс жүргізу тәртібі қатаң сақталады, іс жүргізу нысаны бұзылған жағдайда істің мәні бойынша дұрыс шығарылған сот шешімі де бұзылып, іс қайта қарауға жіберіледі. Сот билігі деңгейі қанша биік болса да сот мекемесіне тиесілі емес, іс қарайтын сот алқасына тиесілі. Сондықтан сот туралы сөз болғанда сот алқасы меңзеледі. Алқа әр елде әр түрлі құрамда: кәсіби судьялардан (мысалы, азаматтық іс қаралғанда 3 не 5 судьядан), бір судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен немесе бірнеше судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен құрылады. Қс қарап, шешім шығарарда сот заң мен құқықтық санаға жүгінеді. Сот қызметі құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған, ол реттеушілік емес, қорғаушылық қызмет атқарады. Сот билігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, конституциялық құрылысты, саяси және экономикалық жүйені, азаматтардың, мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Осы міндеттерге орай сот билігі заң шығарушы және атқару биліктерінде жоқ өкілеттіктермен қамтамасыз етілген. Сот шешім шығара отырып адамды бостандығынан айыра алады, тіпті өмірін қия алады, мүлкін тәркілейді, мемл. органның шығарған шешімін бұзады, ата-аналық құқықтан айыра алады. Сот билігінің қарама-қайшы екі жағы бар, бір жағынан бұл қуатты билік, екінші жағынан салыстырмалы түрде осал билік, өйткені ол заң шығарушы билік сияқты сайлаушылардың қолдауына сүйене алмайды, атқару билігі қолындағыдай қара күш механизмдері жоқ. Сот билігінің күші заңның мүлтіксіз орындалуында, құқыққа деген зор құрметте, қоғамның жоғары саяси және құқықтық мәдениетінде. Заң шығарушы билік саясатпен тығыз байланысты (парламентте көбіне саяси фракциялар басты рөл ойнайды), атқару билігі де саяси қысымға мойынсұнады, ал сот билігін жүзеге асыру барысында саяси және басқадай ешбір қысым болмау керек. Сот шешім шығарарда саяси мақсаттан ада болуға, заң мен құқықтық санадан басқаға бағынбайтын тәуелсіз болуға тиіс. Сот билігінің тәуелсіздігі жайында Қазан төңкерісіне дейін қазақ зиялыларының ішінде тұңғыш болып Барлыбек Сыртанов мәселе көтерген. Ол 1911 жылғы “Қазақ елінің уставы” атты еңбегінде: “Сот билігі өз еркімен іске асады. Судьялар дау шешкенде хүкметке, яғни адам баласына бағынбай, закон їәм сот ережелері негізімен хүкім шығарулары шарт. Судьяларға әсер жасағандарға сот хүкімі кесіледі” деп жазған. Дүниежүзідік тәжірбиеде сот билігі арнайы қағидалар арқылы жүзеге асырылады: сот пен заң алдында бәрінің тең болуы; сот ісін жүргізудегі жариялылық; сот процесінің жарыссөзбен жүргізілуі, тараптардың дәлелдерді еркін пайдалануы; кінәсіздік презумциясы, яғни айыптау үкімі заңды күшіне енбейінше сезікті адам кінәлі болып танылмайды; айыпталушының қорғаушы алу құқығын қамтамасыз ету. Қазақстанда сот биліг Конституция талаптарына сәйкес іске асырылады.
## Дереккөздер |
Ығысу – материалдар кедергісінде түскен күш әсерінен серпімді денелердің өзара параллель қабаттарының (талшықтарының) аралық қашықтығын өзгертпей формациясын ауыстыруы. Мысалы, тік төртбұрышты білеудің үстіңгі қырына оның табанына (жылжымастай бекітілген) параллель бағытталған күшпен әсер еткенде, білеу ығысуының формациясы өзгереді (1-сурет). сс1-dd1 жылжу шамасы абсолюттік ығысуды, бұрышы салыстырмалы ығысуды анықтайды. Егер білеудің қырына тек жанама кернеу () ғана әсер етсе (2-сурет), ол таза ығысу деп аталады.
## Түрлері
* Бастапқы контурдың ығысуы (Смещение исходного контура) — берілістегі кепілді бүйір саңылауын қамтамасыз ету үшін бастапқы контурды номиналдық күйінен тісті доңғалақтың денесіне қарай қосымша ығыстыру.
* Бұрыштық ығысу (Смещение угловое) — бұрыштардың номиналдық күйінен ығысуы.
* Бүйірлік ығысу (Смещение боковое) — бастапқы контурды номиналдық күйінен бүйіріне қарай ығыстыру.
* Білікаралық ығысу (Смещение между валами) — біліктердің номиналдық күйінен ығысуы.
* Құрал центрінің ығысуы (Смещение центра инструмента) — құрал центрінің номиналдық күйінен ығысуы.
* Салыстырмалы ығысу (Сдвиг относительный) — ығысу деформациясын сипаттайтын бұрыш.
* Таза ығысу – жазық кернеулі күйдің жеке бір түрі. Болаттардың, тойтарма шегелердің, электрлік пісірумен бекітілген жіктердің ығысуға беріктілігі сыналып отырады.
* Түзілімнің ығысуы (Смещение узла) — түзілімнің номиналдық күйінен ығысуы.
## Жазықтығы, кернеуі, модулі, шегі
Ығысу жазықтығы (Плоскость сдвига) — кесіліп жатқан қабаттың ағызба жаңқаға айналу процесі кезіңде оның түрін бүзбай, өңделіп отырған материалдың жүқа қабаттарының бірізділік ығысуы болатын жерді — шартты ығысу дейді.Ығысу кернеуі (Напряжение сдвига) — металга түскеңде ығысуды жүргізетін кернеу.Ығысу модулі (Модуль сдвига) — жанама кернеудің жөне осы жанама кернеу әсер еткенде пайда болатын шартты деформацияның қатынасымен анықталатын ығысу.Ығысу шегі (Предел при сдвиге) — материалды қирауға дейін жеткізген ығысу деформациясы.
## Пайдаланған әдебиет |
Евгений Иванович Хвостиков (19 мамыр, 1956 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (2000), профессор (2008).
## Өмірбаяны
* Семей мемлекеттік медицина институтын (1980, қазіргі Семей мемлекеттік медицина академиясы) бітірген.
* Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха (1981–1984), Семей қалаларында ауруханада хирург (1984–1988);
* 1988 жылдан қазіргі Хирургия ғылыми орталығында хирург, директордың орынбасары (2002–2003) болды.
* 1993 жылдан ғалым-хатшы қызметін атқарады.
## Ғылыми еңбектері
* «Малоинвазивная хирургия при болезнях надпочечников» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
* Негізгі ғылыми еңбектері бүйрек үсті бездері қабаттарының ауруларын рентгенді-эндоваскулярлы хирургиялық жолмен емдеу әдісін жетілдіруге арналған.
* 110-нан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы, 10 өнертабыстық патенті бар.
## Марапаттары
* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1999).
## Дереккөздер |
Файзолла Оразай Мұртазаұлы (15.12.1938 ж.туған, Түркістан ауданы Ихан ауылы ) – ғалым, филология ғылым. докторы (1975), профессоры. ҚазМУ-дың филология факултеті журналистика бөлімін бітірген (1960). республикалық. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында әдеби қызметкер, «Қазақфильм» киностудиясында аға редактор, «Жұлдыз» журналында сын бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1966 – 67 ж. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педогогткалық институтының аспирантурасында оқыды. 1970 ж. «Бейімбет Майлиннің стилі» деген тақырыпта канд., 1975 ж. «Қазақ совет әдебиетіндегі коммунист образының проблемалары» тақырыбында докторы дисс. қорғады. 1971 – 94 ж. Қазақстан ҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылым. қызметкер, ҚазМУ-дың журналистика факултетін де кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Қазір Халықар. журналистика институтының ректоры. «Қазақ театрының тарихы» (1,2-т.), «Стиль сыры» (1975), «Уақыт және қаламгер» (1975 – 81), «Художественное изыскание советской многонациональной литературы» (1980), «Фольклор. Литература и история Востока» (Ташкент, 1984) кітаптары авторларының бірі. Ол М.Горький, П.Кадыров, У.Хашимов, ауылы Станюковичтің шығармаларын аударған.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
ШаҺмұрат Мирасұлы Ибрагимов (1838, Көкшетау өңірі – 1881, Өзбекстан, Ташкент) – аудармашы, журналист.
Омбы кадет корпусында оқыған. 1854 жылы Петропавл қалалық полициясында, 1870 жылы Сырдария облыстық басқармасында аудармашы, 1872 жылы Түркістан генерал-губернатор әкімшілігінде аудармашы, 1880 жылы генерал-губернатордың аудармашысы болды.Ибрагимов інісі ШаҺмардан Ибрагимов дипломатиялық жұмыспен іссапарда болған кезінде “Түркістан уәлаятының газетінде” жұмыс істеп, аталған газеттің шығарушысы ретінде қол қойып жүрген. Екеуінің аты-жөні ұқсас болғандықтан, кейбір құжаттарда ШаҺмарданның тындырған істері ШаҺмұратқа телінген жағдайлар да жиі кездеседі.
## Дереккөздер |
Темірбай Жырау Жәнібекұлы (1868, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақарық ауыл – 1933, сонда) – ақын.
Сыр бойы ақыны Даңмұрынның жиені. Бала кезінде “қойшы жырау” атанған. 1924 жылда Кете Жүсіппен айтысқан. Халық жырларымен қатар Балқы Базар, Әбубәкір Кердері, Ешнияз, Қарасақал Ерімбет, Тұрмағамбет, Жиенбай тәрізді шайырлардың шығармаларын жатқа айтқан. Ташкент, Бұхара, Тамды, Үргеніш, Хорезм өңірін аралап, жыршылық өнерімен халыққа танылған. “Темірбай жыраудың сиырмен айтысы” атты мысал айтысы жарық көрген (“Айтыс”, 2-т., 1965).
## Дереккөздер |
Айсы, Әйсі – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы дөңгелек пішінді тау. Абсолюттiк биіктігі 310 м.
## Жер бедері
Батыс беткейі Өлеңті өзеніне тіктеп келіп құлайды. Бұл тұсында тасты тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр; шығысы — көлбеу.
## Геологиялық құрылымы
Палеоген жүйесінің тау жыныстарынан түзілген жер қыртысын аллювийлі шөгінділер жапқан.
## Өсімдігі
Шалғынның сортаңдау топырағында бидайық, арпабас, айрауық және әртүрлі шөптесіндер өскен. Кейбір жерлерінде жусан және бір жылдық сораң шөптесіндер топтамаларын құрайтын галофитті өсімдіктер кездеседі.
## Дереккөздер |
Молдияр Оразалиев Молыбайұлы(16.3.1953 ж.туған, Төле би ауданы Көксаяқ ауылы ) – заңгер, әділет генерал-майоры.
КСРО ІІМ-нің Қарағанды Жоғарғы мектебін бітірген (1974).
1974 – 76 ж. Шымкент облысы атқару комитетінің ішкі істер басқармасы (ІІБ) қылмысты іздестіру бөлімінің аға инспекторы. 1976 – 87 ж. Шымкент қаласының Еңбекші ауданы атқару комитетінің ішкі істер бөлімінің қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы, ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, бастығы, облысы атқару комитетінің ІІБ-ның қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы, Киров ауданы атқару комитетінің ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, 1988 ж. Шымкент облысы атқару комитетінің ІІБ-нің ИЧ-167/2 түзету мекемесі бастығының шұғыл режимдегі орынбасары. 1988 – 99 ж. Шымкент қаласында Дзержинск ауданы атқару комитетінің ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, облысы атқару комитетінің ІІБ-нің Социалистік меншікті талан-таражға салумен күрес бөлімі бастығының орынбасары, бастығы. ІІБ-нің экономикалық бөлімінің бастығы, криминалды милиция бөлімінің бастығы, облыстық ІІБ бастығының орынбасары, Ақмола облысы мемлекеттік тергеу комитетінің (МТК) басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы МТК төрағасының орынбасары, экономикалық қылмысты тергеу Бас басқармасының бастығы, облыстық ІІББ-нің бастығы. 1999 жылдан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, Алматы қалалық ІІББ-ның бастығы (2004).
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Қосқұлақ Керейұлы (шамамен 1728–1800) — би. Ырғыз өзені бойында өмір сүрген. Ресей патшалығында аманат ретінде отырған Әбілқайырдың ұлы Қожахметке барып, ел жағдайын, ханның өсиет тапсырмасын жеткізген. 1748 жылдың 6 қазанында А.И. Тевкелевке Бопай ханым өзінің ұлы Нұралы сұлтанды хан сайлау туралы ұсыныс жасап хат жолдады. Осы ұсынысты мақұлдап, бекіткен Нұралы сұлтан хат соңында қол астындағы 5 руының белгілі адамдарын жіберіп отырғанын және өздеріндегі Қосқұлақ биді қайтаруын өтінген.
## Дереккөздер |
Сандықтау — Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ауыл, Сандықтау ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Балкашино ауылынан солтүстікке қарай 12 км-дей жерде, Жабай өзенінің аңғарында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1853 жылы қаланды. 1957 — 96 жылдары астық өсіретін кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде ауылда ЖШС жұмыс істейді. Ең жақын темір жол стансасы — Көкшетау (94 км).
## Дереккөздер |
Құрама дулыға — бірнеше бөліктен құралатын дулыға. Жауынгерлік бас киім ретінде көне түркі заманынан белгілі. Орта ғасырларда жаппай қолданыста болды. Қазақ батырлары оның бірнеше түрін киген. Құрама дулығаны жасауды оңайлату үшін оның әр бөлігі металдан жеке жасалынып, бір-біріне бекітілген. Батырлардың бас киімі ретінде батырлар жырларында жиі айтылады. Кейбір үлгілерінде бетті қорғайтын “қару қағары”, төбесінде айыру белгісі — “төбелдірігі” болған. Ауқатты адамдар құрама дулығаларының төбесін алтын, күміс жалатылған ою-өрнекпен әшекейлеген.
## Дереккөздер |
Ойсылқарасай – Сырдария алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Отырар ауданы жерімен ағады.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 72 км, су жиналатын алабы 880 км2. Өзен Қарақтау тауының етегіндегі бұлақтардан басталады. Сырдарияға жетпей тартылып қалады. Арнасы тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Су деңгейі ақпанда көтеріліп, мамыр – маусым айларына дейін су ағыны болады. Салалары – Соркөлсай, Шығанақсай. Өзен аңғарында бетеге, жусан, көде және аласа бұталар өседі. Егін суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Сот қаулысы — сот кесімдерінің түрі. Қылмыстық іс жүргізуде сот үкімдерін, заңи күшіне енген ұйғарымдар мен қаулыларды қайта қарау кезінде соттардың төралқалары қабылдаған шешім; сотқазы жеке қабылдаған кез келген шешім (үкімнен басқа). Азаматтық іс жүргізуде сот төралқасының қадағалаушылық іс жүргізу тәртібімен шығарылған кесімдері сот қаулысы деп аталады. Сот ісін жүргізуде сот қаулысын апелляциондық инстанцияда, қадағалау инстанциясында істі қайта қарау нәтижелері бойынша тиісті деңгейдегі сот төралқасы қабылдайды. Заңи күшіне енген сот кесімдерін қайта қарау кезінде үкімнің, шешімнің күшін жою, оны өзгерту немесе өзгеріссіз қалдыру туралы сот қаулысы шығарылады. Сот алқасының қаулысы дауыс беруге қатысушы алқа мүшелерінің ашық дауыс беруі жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және оған сот төрағасы қол қояды. ҚР жоғарғы сотының пленумы қабылдайтын сот қаулысы сот кесімдерінің ішінде ерекше орын алады. Мұндай сот қаулысысын тиісінше барлық деңгейдегі соттар орындауға міндетті. ҚР Конституциясының кеңесінің қорытынды шешімі ҚР заңдары мен құқықтық-нормативтік актілерінің, мемлекеттік билік органдары арасындағы шарттардың ҚР Конституциясына сай келуі, азаматтардың конституциясының құқықтары мен бостандықтарының бұзылғаны жөніндегі шағымдар бойынша соттардың сұрау салулары бойынша қаралып отырған нақты істе қолданылған немесе қолданылуға тиіс заңның конституциялығы туралы мәселелердің мәні бойынша шығарылады. Кейде заңнамада және заңи әдебиетте “Сот қаулысылары” деген ұғым “сот кесімдері” деген ұғымның баламасы ретінде қолданылады.
## Әдебиеттер
* Әдебиет: ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі.
## Дереккөздер |
Сандықтаудағы тұрғын үй — сәулет өнерінің ескерткіші. Ақмола облысының Балкашин ауданында орналасқан. 19 ғасырдың аяғында салынған (сәулетшісі белгісіз). Құрылыста орыс үйін елестететін ежелгі сәулет өнері стилі айқын сақталған. Ғимараттың сыртқы пішіні оюлы ағаш әшекейлерінің молдығымен ерекшеленеді. Алдыңғы бетінің негізгі әшекейі — орыс әйелінің шошақша бас киімі тәрізді етіп салынып, оған ұршық пен күннің бейнесі ойылып түсірілген. Оюдың геометриялық суреті және сәндік үлгілері Ресейдің солтүстік аудандарындағы ағаш сәулет өнерімен ұқсастығын аңғартады. Ернеуді көтеріп тұрған желпуіш тәрізді бұрыштықтар да оюмен әшекейленген. Сандықтаудағы тұрғын үй республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің тізіміне енгізіліп, мемлекеттік қорғауға алынған. 1958 жылдан ғимарат Сандықтау орта мектебінің оқушылар үйі болып саналады.
## Дереккөздер |
Ыдыратушылар – ыдыратқыш организмдер.
Ыдыратушылар немесе бүлдірушілер бейағзалы қосылыстарға ауыстырып, өлі ағзалы заттарды тұтынады. Бүлдірушілер негізінен алғанда сапротрофтар болып саналады. Оған ұсақ ағзалар, саңырауқұлақтар және кейбір жануарлар жатады.
## Тағы қараңыз
* Редуценттер
## Дереккөздер |
Қособa — Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл, Қособа ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Aудан орталығы – Жымпиты ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 896 адам (461 ер адам және 435 әйел адам) болса, 2009 жылы 653 адамды (352 ер адам және 301 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1961-1997 жылдары қой өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қособaда және округтегі Жырақұдық ауылында ӨК және 64 шаруа қожалығы құрылған.
## Дереккөздер |
Ыдырау тұрақтысы, мұндағы — изотоп атомының орташа өмір сүру уақыты.
Ыдырау тұрақтысы жартылай ыдырау периодымен Т1/2 төмендегі қатынас арқылы байланысады.Әрбір жекелеген радиоактивті элемент изотопы үшін тұрақты сан болып табылатын сол изотоптың ең басты қасиетерінің бірі. Ыдырау тұрақтысының мөлшері изотоп атомы өмірінің орташа ұзақтығына (t) кері пропорциялы (1=1Д). Ыдырау тұрақтысы изотоптың жартылай ыдырау кезеңімен төмендегі тевдеу арқылы байланысады: 1=0,693/1, ,2; мұндағы 1-ыдырау тұрақтысы; Т1/2 - изотоптың жартылай ыдырау кезеңі.
## Дереккөздер |
Қосбасаров Әсімхан(1916, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылы) – айтыс ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1977), ҚР халық ақыны (1990). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қосбасаровтың айтыстары “Еңбек күйі” (1972), “Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы” (1975), “Халық поэзиясы және бүгінгі өмір” (1976), “Шашу” (1977), т.б. жинақтарға енді. “Азамат” (1981), “Алатау аясында” (1989), “Ақсеңгірдің ақиығы” (1991), “Жамбылдан алып батаны” (1991), “Ақиық” (2000) аталатын жеке жинақтары жарық көрді. 3-дәрежелі “Даңқ”, 2-дәрежелі “Отан соғысы”, “Қызыл жұлдыз” ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Ыдырыс (араб.: إدريس) — Құранда аты аталатын пайғамбар. Ыдырыс Алла тағала өз дәргәїіне әкеткен, Ілияс пен Қыдыр іспетті мәңгі тірілік дәрежесіне жеткен адам. Аса тақуалығымен белгілі Ыдырыс ажал періштесін алдаусыратып жұмаққа еніп, Аллаға адалдығы үшін сол жұмақта немесе жеті қат көктің бірінде Қиямет қайымға дейін қалдырылған.
Ол жазуды қаламмен алғаш жазған, киім тіккен, жұлдыздарға қарап болашақты болжай алған, Адам ата мен Шис пайғамбарлардың ежелгі жазбаларын жетік білген ғұлама адам ретінде сипатталады. Сондай-ақ ол тігіншілік кәсіптің қамқоршысы, пірі болып есептеледі.
## Дереккөздер |
Ережепбай Молдабаев (1925, Шымкент ауданы, Қатынкөпір ауылы – 7 тамыз, 1944 жыл, Свентокший воеводствосы) – соғыс ардагері. Кеңес Одағының Батыры (23.9.1944).
Қоңырат тайпасының Құлшығаш руынан шыққан.
1943 жылы өз еркімен майданға аттанып, 389-Бердичев атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Висла өзенінен өту кезіндегі ұрыста Молдабаев қаһармандықпен қаза тапты.
## Дереккөздер |
Қосөзен — Алматы облысы Іле ауданы, Қараой ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Өтеген батыр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 24 км, округ орталығы – Қараой ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 6 км жерде. Ауылдың батыс жағынан Қаскелең өзені ағып өтеді.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі шошқа өсіретін кеңшардың (1954 – 97) бөлімшесі ретінде қаланған. Оның негізінде Қосөзенде 1997 жылы бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Тәуекелдік, қатер – 1) келеңсіз зардаптарға ұшырататын оқиғалардың басталу ықтималдығы; 2) экономикалық қызмет шарттарының кездейсоқ өзгеруіне байланысты күтілген табыстың, мүліктің‚ ақшалай қаражаттың болжанбаған шығасыға ұшырау қаупі. Қауіп-қатер үш топқа бөлінеді, олар: саяси тәуекелдік – саяси өзгерістердің, әскери жанжалдардың, шектеулер енгізудің, тыйым салудың, мүлікті ұлт меншігіне айналдырудың, т.б. экономикалық үдерістерге ықпал етуінен туындайтын қатер; экол. Тәуекелдік – қазіргі табиғат нысандары мен факторлардың антропогендік өзгеріске түсуінің ықпалымен байланысты қатер; экономикалық тәуекелдік – қабылданатын шаруашылық шешімдердің немесе жасалған әрекеттердің экономикалық үдерістерге ықпал етуінен туындайтын қатер. Экономикалық тәуекелдік мынадай түрлерге бөлінеді: банк тәуекелдігі – несие ұйымдары жүзеге асыратын операциялардың айрықшалығына байланысты пайдаланылмай қалу қаупі; несиелендіру Тәуекелдігі – қарызгердің алған несиесін қайтармауы және алынған несие үшін пайызды төлемеу ықтималдығы; валюталық тәуекелдік – валюталар бағамының болжап білуге болмайтын өзгеріске ұшырауына байланысты валюталық шығасыға ұшырау қаупі; пайыздық тәуекелдік – пайыздық мөлшерлемелердің болжап білуге болмайтын өзгеріске ұшырауы; сақтандыру тәуекелдігі – сақтандыру жүргізілетін қайсыбір ықтимал оқиғалардың басталуы қаупі; инфляциялық тәуекелдік – инфляциялық үдерістердің салдарынан өндіріс шығынының арту қаупі; баға тәуекелдігі – пайыздық мөлшерлеменің өсу немесе құлдырауы салдарынан борышқорлық міндеттеме бағасының өзгеру қаупі. Кәсіпорында тәуекелдік үш түрге бөлінеді, олар: өндірістік тәуекелдік – өнім өндірумен, қызмет көрсетумен, өндірістің болжалды көлемінің төмендеуі ықтималдығымен, шығынның болжанбаған деңгейде көбеюімен байланысты шығасыға ұшырау қатері; коммерциялық тәуекелдік – бағаның өзгеруі, сату көлемінің төмендеуі, айналыс шығынының артуы кезінде өнімді сату, қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын шығасы қатері; қаржы тәуекелдігі – кәсіпорынның банкілермен, басқа да қаржы мекемелерімен қарым-қатынасы үдерісінде несие үшін пайыз мөлшерлемесінің болжанбаған деңгейде өсуі, салық жүйесіндегі өзгерістер салдарынан туындайтын қатерлі тәуекелдік шығасының белгілі бір деңгейде пайда болуының жиілігімен және ықтималдығымен, яғни шығасыға ұшырататын шарттардың пайда болу ықтималдығының пайызымен өлшенеді. Шығасы деңгейіне қарай мынадай түрлерге ажыратылады: мүмкіндікті тәуекелдік – пайданың не оның бөлігінің шығасыға ұшырау қаупі; дағдарысты (қиындық туғызатын) тәуекелдік – түсімді кем алу, жұмсалған шығынның өтелмеу қатері; апатты тәуекелдік (мүліктен айрылу, банкротқа ұшырау қатері).
## Сілтемелер |
Таскен — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Тассай ауылдық округінің құрамында болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жерде орналасқан.
## Халқы
Тұрғыны:
* 2,3 мың адам (2005);
* 4,4 мың адам (2009).
## Тарихы
Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдарында ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланып, кейінірек іріленіп, іргелі шаруашылыққа айналды. Ауыл 2001 жылға дейін Калинин ауылы аталып келді. Ұжымшар негізінде Таскенде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
## Дереккөздер |
Шаяхмет Молдабеков (10.1.1939 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Шұбар ауылы) – ғалым, химия ғылымының доктары (1984), профессор Мәскеу химия-машина жасау институтын бітірген (1961).
Ысты руынан шыққан.
1961 – 66 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында ассистент, аға оқытушы, 1966 – 68 жылдары Мәскеу қаласындағы ғылыми-зерттеу институтында аспирант, 1968 – 75 жылдары “Бейорганикалық заттар технологиясы” кафедрасында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, 1975 – 80 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында проректор, ректор (1980 – 87), 1987 – 2005 жылдары кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2005 жылдан Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықар. қазақ-түрік университетінде кафедра меңгерушісі.
## Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектерінің бағыты өндірістік қалдық газдарды аса зиянды және улы құраушыларынан тазалау және олардан тауарлы өнімдер алудың ғылыми негізін жасау мәселелеріне арналған. Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
## Сілтемелер
* 2005 жылдың лауреаты(қолжетпейтін сілтеме)
* Ғалым
* Химия
* Қазақстан
## Дереккөздер |
Туркі Эстетикасы – қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеретін көркемдік сипатқа ие, дүниетанымдық көзқарас; қ. Қазақ эстетикасы, Түркі дүниетанымы, Түркі этикасы.
## Сілтемелер:
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
ШаҺмардан Мирасұлы Ибрагимов (1840, Көкшетау өңірі – 1891, Сауд Арабиясы, Джидда қаласы) – журналист, этнограф, дипломат.
Омбы кадет корпусында оқыған. 1850 жылы Көкшетау округтық приказында аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың хатшысы, 1863 – 67 жылдары Омбыдағы қазақ мектебінде оқытушы, 1867 жылдан кейін Ташкентте генерал-губернатордың парсы және түркі тілдерінен аударма жасайтын тілмашы болып жұмыс істейді. 1870 жылы оған қазақ, өзбек тілдерінде айына 4 реттен 14 жыл бойы шығып тұрған “Түркістан уәлаяты газетінің” редакторлық қызметі тапсырылды. Бұл қызметтерді ол арадағы үзілістерін есептемегенде, 1890 жылға дейін атқарады, 1890 жылы Ресейдің Джидде қаласындағы консулы болып тағайындалады, сол жерде 1891 жылы қайтыс болады.
Ибрагимов – Шоқан Уәлихановтың жақын досы болған. Шоқан Уәлиханов өзінен жасы кіші ШаҺмарданға ағалық қамқорлық жасаған, оның кадет корпусын бітіргеннен кейінгі жұмыстарына орналасуына көмегі тиген. Ибрагимов 1861 жылы Шоқан Уәлиханов Санкт-Петербургтен елге оралғанда қасында болған, оның кейіннен 1904 жылы жарық көрген шығармалар жинағының қолжазбаларын қайта көшіріп шығып, баспаға дайындап кеткен. Алтынемелдегі Шоқан Уәлиханов зиратының басына ескерткіш тақта қоюға ұйытқы болған. 1870 жылы Ибрагимов Орыс география қоғамының Ташкенттегі “Жаратылыстану, антропология және этнография әуесқойларының түркістандық бөлімін” ұйымдастырады.
Ол қазақ халқының өмірі мен тұрмысы, әдет-ғұрпы жайында ғылыми еңбектер жазды. Оның
* “Қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтары” (1868),
* “Қазақ халқының этнографиялық очеркі” (1872),
* “Қазақ тіліндегі кейбір термин сөздердің түсіндірмесі” (1873),
* “Қазақ молдалары туралы” (1874),
* “Қазақ тұрмысының очеркі” (1876),
* “Қазақ соты туралы заметка” (1878), , т.б. көптеген мақалалары Орыс география қоғамының жинақтары мен мерзімді баспасөзде жарияланған. Өзбек тілінде “Өзбек календарының” бірнеше санын шығарған.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Шаһмұрат Мирасұлы Ибрагимов |
* Таскескен – Абай облысы Үржар ауданындағы ауыл.
* Таскескен – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл. |
Идрис әулеті, 8 ғ-дың аяғы – 10 ғ-да қазіргі Марокко аумағында билік жүргізген.
Әулет пен мемлекеттің негізін қалаған Ыдырыс ибн Абдаллах (788 – 92 ж. билік жүргізді) Арабия түбегіндегі жергілікті тайпа көсемдерінің бірі болатын. Аббас әулетіне қарсы бас көтеріп, сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Арабиядан Мароккоға қашып келіп, 789 ж. Фес қаласының негізін салды. Оның мұрагері Ыдырыс ІІ тұсында (792 – 828 ж. билік етті) бұл қала Ыдырыс әулеті билеген мемлекеттің астанасына айналды. Ыдырыс ІІ қайтыс болғаннан кейін, мемлекет ұсақ иеліктерге бөлініп, 974 ж. оларды Кордова халифатының әскерлері жойып жіберді. 1010 ж. Ыдырыс әулетінің алыс ұрпағынан тараған хаммудшылар Малага мен Альхесирасты иеленіп, 1057 жылға дейін еншілі билеушілер ретінде патшалық құрды. Ыдырыс әулетінің Мароккодағы ұрпақтары өте көп және олар күні бүгінге дейін ықпалды топ болып отыр.
Ыдырыс, Бану-Идрис, әл-Адариса - ыдырысшылар, Магрибтегі тұңғыш Әли әулеті жолын ұстаушылар (789 - 926). Оның негізін салушы ЬІдырыс I - әл-Хасан б. Әлидің шөбересі, Мединеде Аббас әулетіне қарсы әлиліктер көтерілісіне (786 жылы) қатысушы. Соңына түскен қуғыннан Солтүстік Мароккода жасырынып жүріп, аман-есен құтылып кетеді. Бербер-зенат көсемдерінің қолдауына сүйеніп, Улилида шағын мемлекет құрды (788 жылы), осы орталықтың маңында кейін Фес қаласы бой көтерді. Ыдырыстың інісі Сулеймен көп ұзамай Тлемсенді (Батыс Алжир) өрт жасап, тағы бір мемлекет құрды.
Ыдырыс мемлекетінің гүлденген дәуірі Ыдырыс ІІ (808 - 28) мен оның ұлы Мұхаммед (828 - 36) патшалық құрған кезеңге дәл келеді, осы кезеңде бұл мемлекет Жоғарғы Атластан бастап, солтүстік-батысқа қарай бүкіл территорияны қамтыды. Осы кезеңде Фес пен Тлемсен қалалары тез көркейіп, жаңа қалалар пайда болды. Ыдырыс ІІ тұтас мемлекетті өзінің мұрагерлеріне бөліп берді. Бұл оқиға кейінгі өзара қырқысқан шайқастардың пайда болуына себеп болды. 917 жылы фатимашылар Йахия IV патшаны талқандады, ол вассалдық тәуелділікті мойындағанымен, 919 - 20 жылдары аралығында тұтқынға алынып, өлім жазасына кесілді. Фатимашылар мен омейялықтардың Марокко үшін ұзақ уақытқа созылған күресін пайдалана отырып, Ыдырыс әулеті Рифтегі иелігін сақтап тұрды. 974 жылы омейялықтар Ыдырыс әулетінің соңғы патшаларын тұтқындады. Олардың бірі әл-Хасан Каирге қашып барып, фатимашылардың қолдауына ие болды, көп ұзамай қайтадан тұтқынға алынып, өлім жазасына кесілді. 1010 жылы Ыдырыс әулетінің алыс ұрпағынан тараған хаммудшылар Малага мен Альхесирасты иеленіп, 1057 жылға дейін еншілі билеушілер ретінде патшалық құрды. Ыдырыс әулетінің Мароккодағы ұрпақтары өте көп және олар күні бүгінге дейін ықпалды топқа айналуда.
## Дереккөздер
## Пайдаланылған әдебиеттер
* Жюльен Ш.А., История Северной Африки, т. 2, М., 1961;
* Африка, энциклопедический справочник, т. 2, М., 1987. |
Асылбек Тәупашұлы Қасабеков (28.6.1934, Алматы облысы Алматы ауданы Түрксіб ауылы – 17.11.2005, Алматы) – инженер. 1972 – 78 жылдары Бүкілодақтық инженерлік-құрылыс институтында оқыған. Еңбек жолын Алматы қаласыда бастаған. Негізгі еңбектері Алматы қаласындағы ағын суларды тазарту технологиясына арналған. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (2005).
## Сілтемелер
* Әдебиет
* Технология
* Инженерия
* Қазақстан
## Дереккөздер |
Акимовка — Ақмола облысы Астрахан ауданы, Қызылжар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Астраханка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 49 км-дей, облыс орталығы — Көкшетау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 152 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1930 жылы қаланған.
## Инфрақұрылымы
Мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, дүкендер бар. 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жерлестеріне арналып ескерткіш орнатылған. Ауыл Жалтыр — Макинск, Журавлёвка — Ақкөл автомобиль жолдарының торабында орналасқан. Ең жақын темір жол бекеті — Жалтыр (48 км).
## Дереккөздер |
Жомарттық, жауанмәрттілік – адам бойындағы ізгі қасиет. Абайдың 38-қара сөзінде жауанмәрттіліктің үш сипаты айтылады. Олар: шындық (сидық), ақ пейілділік (кәрәм), даналық (ғақыл). Осы үш сипаттан тағы үш түсінік тарайды: шындықтан әділет, ақпейілділіктен шапағат, даналықтан (ғақылдан) ақиқат мағлұм болмақ. Бойында осындай қасиеттері бар жан жомарт аталса, оның жасаған істері Жомарттық деп аталады. Абай мұндай адамдар қатарына пайғамбарларды, әулиелер мен хакімдерді жатқызады. Адамның бәрі пайғамбар, әулие, хакім бола алмағанымен, Жомарттық – осы жолға бастайтын қасиет. Жомарттық әлем халықтары түсінігіндегі меценаттық ұғымымен мәндес. Ежелгі Грекияда Август патша кезінде өмір сүріп, ақындарға ұдайы қамқорлық жасаған Меценат (б.з.б. 74/64 – 8 жыл) есімді адамның құрметіне әлем мәдениеті тарихында меценаттық дәстүр қалыптасқан. Бүгінгі күнгі қазақ ұғымында мұндай іс демеушілік деп те аталады. Бұл түсініктегі Жомарттық – қолында байлығы бар азаматтың мұқтаж жандарға жасайтын қайырымдылық көмегі. Қайырымдылық – Жомарттың негізгі өзегі. Өзін өзі насихаттау үшін жасалған қайырымдылық Жомарттыққа жатпайды. “Жомарт бергенін айтпас, ер айтқанынан қайтпас” деген қазақ мақалы осыны айғақтайды. Қайырымдылық мәнін оны жасаған адам емес, сол қайырымдылықтың игілігін көрген адам түйсінуі керек. Сондықтан да Жомарттық жасау рухсыз адамның қолынан келмейді. Біріншіден, ізгі іс биік рухты талап етеді. Екіншіден, жомарт жан қолындағы байлықты тек таратып беруші ғана емес, сол байлықты жасаушы да болғаны жөн. Барды үлестіріп беру үшін барлықтың мәнін түсіну керек. Олай болмаған іс Жомарттық болмай, Абай айтқандай, тектен-текке “мал шашпақ” болады. Атақ үшін “мал шашу” – даңғазалық, айлакерлік. Бұл Жомарттықтың философиялық мәніне кереғар, қайшы келеді. Үшіншіден, жомарт жан – байлықты дәулетке айналдыра алатын дана адам. Байлық дәулетке айналмай ізгілік жоқ. Қзгілік жасау рух қуатын талап етеді. Ел билеуде жомарт пен Жомарттықтың маңызы зор. Жомарт адам билікке келсе, халық ырысты болмақ. Платонның елді философ билеуі керек дегені – елді жомарт жан басқаруы керек дегені. Кең далада өмір сүрген қазақ халқының Жомартықты ерекше қастерлеуі көшпелі тұрмыс-тіршілігімен байланысты қалыптасқан. Бір шетінен бір шетіне айлап жүріп жететін кең аймақта бүгінгідей қонақүйлер, мейрамханалар болмағанымен, “әр қазақтың үйінде әр қазақтың сыбағасы сақтаулы тұрды”. Осыған байланысты халық ділінде қонақжайлық ғұрып қалыптасқан. Балаға Жомарт, Жомартбек деп ат қою дәстүрге айналып, Жомарттықпен аты шыққан адамды көпшілік “Атымтай жомарт” деп ардақтаған. Халық ауыз әдебиеті туындыларында Жомарттықтың нағыз үлгісі ретінде Атымтайдың кеңпейілділігі мен мырзалық қасиеті айтылады. Шашубай ақын “Қолда мал жоқ болғанмен көңілім бай, Байлығым, жомарттығым Атымтайдай”, – деп өзін Атымтай жомартқа теңейді. “Көңілі түскен адамға көл болу”, “астындағы атын түсіп беру” тәрізді адам бойындағы мырзалық пен мәрттік қасиеттер Жомарттықпен ұштасып жатыр. Олар қазіргі қазақ қоғамында әлі де қастерленеді.
## Сілтеме |
Темірбеков Сабыр Жақыпұлы (19.12.1946 жылда туған, Абай облысында, Көкпекті ауданында, Черноярка ауылында) – әскери қайраткер, генерал-майор (1993). Уссурий әскери автомобиль училищесін (1969), тыл және көлік әскери академиясын (1977) бітірген. 1965 жылдан әскер қатарында. 1969 – 1974 жылда Германиядағы Кеңес әскерлерінің тобында взвод, рота командирі, 1977 – 1992 жылда. Орта Азия әскери округінде тыл қызметі лауазымдарында, жол-құрылыс бірлестігі командирінің материалдық-техникалық және тылды қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қорғаныс министрінің тыл жөніндегі орынбасары (1992 – 1998), Қазақстан Республика ҚК-нің жалпы қолданыстағы күштер Бас әскери инспекциясында гененерал-инспектор (1998 – 1999) қызметтерін атқарды. 1999 жылдан Қазақстан Республикасының Қорғаныс минестерствода Бас әскери инспекция бастығы.Темірбеков Сабыр Жақыпұлы көптеген медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том |
Санжар сұлтан мазары — Түркіменстан (Көне Мерв) жеріндегі сәулет өнері ескерткіштерінің бірі. Сәулетшісі — Мұхаммед Атсызұлы. 1157 жылы салжұқ сұлтаны Санжардың қабіріне тұрғызылған. Ескерткіш-мазар текшеленіп келген астыңғы негізден (27х27 м), цилиндр пішінді аркалы барабан мен күмбезден құралады. Жалпы биіктігі 30 м-ден астам. Оның сом пошымын барабандағы аркалы галереялар жеңілдете түскен. Санжар сұлтан мазары құрылыс бөлшектерінің өзара гармониялық үйлесімділігімен және пропорц. дәлдігімен ерекшеленеді. Бедерлі кірпіш қалауы, сылаққа түсірілген геометриялық және көгеріс өрнек, интерьеріндегі нақышты жазулар мазар-ескерткішке әсем көрік береді.
## Дереккөздер |
Қособа — Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы ауыл, Қособа ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарабалық кентінен оңтүстікке қарай 73 км-дей жерде. Өлеңті өзенінің сол жағалық жазығында, бетеге, көкпек, еркекшөп өскен бозғылт қоңыр, сортаңды қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 841 адам (423 ер адам және 418 әйел адам) болса, 2009 жылы 351 адамды (170 ер адам және 181 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1961-97 жылдары «Қособа» қой өсіру кеңшарының орталығы болды.. Іргесі 1929 жылы Қазақстанда алғашқы тәжірибе кеңшарын құруға байланысты қаланған. 1936 жылдан ауылдық кеңестің орталығы болып келді. 1997 жылдан кейін кеңшар негізінде бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Еміл Сабырұлы Айтқожин (30.5.1933, Алматы қаласы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1993).
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан.
* Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1959). 1959–97 ж. Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика инcтитутында, Физика-техника институтында аға лаборант, инженер, кіші және аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер болды. 1997 жылдан ҚР Ұлттық ядролық орталықтың Ядролық физика институтында бас ғылыми қызметкер. Негізгі ғылыми-зерттеулері радиациялық физика мен радиациялық материалтану саласына арналған. Оның басқаруымен ВВР-К атом реакторында металдардың сырғуын сынауға арналған тәжірибелік база құрылып, құралымдық қорытпалар мен таза металдардың сырғымалылығы зерттелді. Сондай-ақ таза металдардың (уран, мыс, алюминий) радиациялық сырғу құбылысының негізгі заңдылықтарын ашты. Айтқожинның еңбектері көптеген Халықаралық ғылыми конференцияларда тыңдалып, жоғары баға алды. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978).
## Ішкі сілтемелер
* Уран (химиялық элемент)
* Мұрат Әбенұлы Айтхожина
* Айтхожина Марфуға
* Нағима Әбенқызы Айтхожина
## Сыртқы сілтемелер
* Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
* Реактор ВВР-К (орысша)
## Дереккөздер |
Акрам Ыдырысов Сәлімұлы (20.6.1905, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Байда ауылы – 14.6.1983, Алматы) – ғалым, медицина ғылыми докторы (1964), профессоры (1966). Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1945). Ресейдегі Саратов медицина университетын бітірген (1932). 1932 – 57 ж. Саратов облысында, Қызылорда және Алматы қалаларында дәрігер, 1957 – 60 ж. Семей медицина институтында жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі, 1960 – 62 ж. 1-Республикалық аурухананың бас дәрігері болды. 1962 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында қызмет етті. Ыдырысовтың ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты асқынған туберкулез перитониті мен алапес ауруларын емдеуге арналған. Ол алапес ауруына ұшыраған адамдардың бет әлпетін хирургиялық жолмен қалпына келтіруге болатынын дәлелдеді. Ыдырысовтың басшылығымен Қызылорда қаласынан 43 км жерде алапеспен ауырған науқастарға арнап аурухана салынды. 112 ғылыми еңбегі жарық көрген. 1- және 2-дәрежелі “Отан соғысы”, “Қызыл жұлдыз”, екі мәрте “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. Алматы қаласы Төлебаев көшесіндегі өзі тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылған. Қызылорда қаласында бір көше Ыдырысовтың атымен аталады.
## Сілтемелер
* Туберкулезный перитонит, А.-А., 1962;
* Хирургия лепры, А.-А., 1965;
* Некоторые вопросы современной терапии рака легкого, Тр. НИИОиР, А.-А., 1974. |
Элдор Магаметұлы Оразбаев (11.10.1940 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шәуілдір селосында дүниеге келген) – кинорежиссер.
## Өмірбаяны
1963 ж. Мәскеу мемлекеттік университетін, 1972 ж. Мәскеу қаласындағы Жоғары режиссерлер курсын бітірді.
1967 жылдан кино өнері саласында қызмет етеді, “Қазақфильм” киностудиясында кинорежиссердің ассистенті болды. Деректі кино мен телевизия саласында да еңбек етіп, “Солдаттың ұлы” (1973, Ш.Айтматовтың шығармасы бойынша) және “Таңдау” (1975) атты қысқа метражды телефильмдерді қойды. 1977 ж. шырғалаң оқиғаға толы Транссібір экспресі (Ереван қаласында 11-Бүкілодақтық кинофестиваль сыйлығының, Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының иегері, 1978) фильмін жарыққа шығарды.
## Дереккөздер |
Ақадыр (2006 ж. дейін — Водопьяновка) — Ақмола облысы Зеренді ауданы, Шағалалы ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1928 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Зеренді ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 28 км-дей жерде.
## Халқы
Ауылда фельдшерлік-акушерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді. Ауыл жанынан Көкшетау — Атбасар автомобиль жолы өтеді. Жақын темір жол бекеті — Көкшетау (20 км).
## Дереккөздер |
Іле артезиан алабы, Қопа-Іле артезиан алабы – тектоникалық қозғалыстардан пайда болған тауаралық ойыс аумағында орналасқан жер асты сулы өңірі. Оңт-нен Іле Алатауы, солт-нен Жетісу (Жоңғар) Алатауы шектейді. Іле өз. мен Балқаш к-нің алаптарын қамтиды. Алаптың ауд. 27 мың км2, 450 км-ге созылған. І. а. а-ның қоректену аймағына тау өзендері ағынының бірсыпырасын сіңіріп алатын Кетпен жотасының, Іле Алатауының, Жетісу Алатауының тауалды баспалдақтары жатады. Алап ішкі дөңдер арқылы Қопа, Алматы, Жаркент аталатын екінші реттегі артезиан алаптарына бөлінеді. Шөгінділердің жиылуы неогенде, палеогенде, пермь-триаста басталған осы алаптардағы борпылдақ шөгінді тау жыныстарының қалыңд. тиісінше 600, 3200, 4500 м. Гидрокарбонатты кальцийлі және натрийлі тұщы грунт сулары антропоген, жоғ. неоген, бор, юра, триас шөгінділерінде жиылған. Бұлар бірнеше м-ден 3000 м-ге дейінгі тереңдіктерде кездеседі. Суы өздігінен құйылатын ұңғымалар тәулігіне 260 – 16500, кейбірі 560000 м3-ке дейін су береді. Суының темп-расы 11 – 100С және одан да артық болады. Су өткізбейтін тау жыныстары саналатын қалыңд. 2 мың м-ге жететін палеоген-төм. неоген саздарында иодқа, бромға, борға бай хлоридті, сульфатты, натрийлі тұзды және аса тұзды (5 – 54 г/л) сулардың қабаттары бар. Жер асты суларының минералдылығы мен темп-расы таудан басталып, алаптың ортасына қарай және тереңдеген сайын арта түседі (әр 100 м-ге 1,4 – 4С). Алаптың ғасырлық қоры 600 млрд. м3 шамасында, жыл сайын толығатын су мөлш. 35 млрд. м3. Барланған және есепке алынған тәуліктік қоры 5 млн. м3. Тұщы сулар Алматы, Қаскелең, Жаркент қалаларын және көптеген кенттерді ауыз суымен қамтамасыз етуге, жер суаруға пайдаланылады. Минералдық сулар базасында Алмаарасан, Түрген курорттары мен минералды суларды ыдыстарға құятын кәсіпорындар жұмыс істейді. Бор дәуірі қабаттарындағы термал суларын жылыжай шаруашылықтарын, бальнеол. кешендерді ұйымдастыру, елді мекендерді жылумен қамтамасыз ету үшін пайдалануға болады.
## Пайдаланылған cілтемелер
Б. Жұматаев |
Хиуа экспедициясы — патшалық Ресейдің Хиуа хандығына қатысты Каспий теңізінің шығыс жағын зерттеу мақсатында 18 ғасырдың бас кезінде аттандырған экспедициясы. Хиуа экспедициясының түпкі мақсаты болашақта Хиуа хандығын жаулап алу арқылы Иран жеріне кірудің мүмкіндіктерін іздестіру еді. Экспедиция Петр І патшаның арнайы тапсырмасы бойынша жасақталып, 1714 жылы аттандырылды. А.Бекович-Черкасский басқарған Хиуа экспедициясы Каспий теңізінің шығыс жағын картаға түсіріп, ол жерді мекендейтін халықтар жөнінде мәліметтер жинастырды. Хиуа хандығы жеріне еніп, экспедиция мүшелері Әмударияның ескі арнасы — Үзбойдың ізін тауып, зерттеулер жүргізді. Жинастырылған мәліметтер ресми билік орындарына тапсырылды. Экспедиция 1717 жылы қайта жасақталып, екінші рет аттандырылды. Бұл жолы Хиуа экспедициясының мүшелері Хиуа ханының қарсылығына ұшырап, хиуалықтармен қарулы қақтығысқа түсті. Осы шайқаста Хиуа экспедициясының көптеген мүшелерімен бірге Бекович-Черкасский де қаза тапты.
## Сілтемелер |
Жомықшы – қырғыз халқының әлеуметтік мағынасы терең, көркемдік дәрежесі жоғары эпостық жырларын жатқа айтатын жыршылар. Олардың қатарында Тоқтағұл Сатылғанов, Байымбет Абдрахманов (Тоғалақ молда), Барпы Алықұлов, Алымқұл Өскенбаев, т.б. есімдері бүкіл Орталық Азияға белгілі Жомықшылар, сондай-ақ, Сағынбай Оразбақов, Саяқбай Қаралаев сияқты қырғыздың “Манас” эпосын түгелімен жатқа айтып шығатындар да бар. Соңғыларды манасшылар деп те атайды.
## Сілтеме |
Бакиров Рашид (29.7.1938 жылы туған, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы) – техника ғылым докторы (1997). Ташкент политехника институтын (1961) бітірген соң еңбек жолын Қарағанды машина жасау з-тында құю цехының мастері, аға технолог-инженер болып істеді. Мәскеудегі жоғары техника училищесінің аспирантурасында оқыған (1964–1967). Қарағанды политех. ин-тында қызметтер атқарды. 1968 жылдан Тараз мемлекеттік университінде доцент, профессор, кафедра меңгерушісі. 1996 жылы «[[Теоретические и технологические основы ресурсосберегающих технологий получения литых деталей с применением холоднотвердеющих смесей на основе материалов Республики Казахстан]]» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Бакиров 100-ге жуық ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монография, бірнеше оқулықтың авторы.
## Дереккөздер |
Қабдікәрім Ыдырысов (28.8.1928, Павлодар облысы Ақтоғай ауданы – 15.10.1978, Алматы) – ақын. Павлодар педагогика училищесін (1948), ҚазПИ-ді (ҚазҰПУ) бітірген (1962). 1948 – 52 ж. Павлодар облысы атқару кадетінде нұсқаушы, аға нұсқаушы, 1952 – 57 ж. “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінде бөлім меңгерушісі, 1957 – 61 ж. “Жазушы” баспасында аға редактор, 1961 – 65 ж. “Қазақ әдебиеті” газетінде жауапты хатшы, 1965 – 72 ж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1972 – 75 ж. Қазақ КСР-і Мемлекеттік кітап палатасының, 1975 – 78 ж. “Жалын” баспасының директоры болды. Тұңғыш өлеңдері 1947 жылдан жариялана бастады. “Өмір гүлі” (1955), “Саяхатта” (1959), “Ол кезде он үште едік” (1961), “Үйелмелі-сүйелмелі” (1962), “Жасырынбақ” (1963), “Әрқашан күн сөнбесін” (1965), “Аршында балақай” (1968) поэзиялық жинақтары жас жеткіншектерге арналған. “Әке жолы” поэмасы (1963), “Шуақты күндер” (1969), “Жарқын жағалау” (1977), тағы басқа жыр кітаптары туған жерге деген пәк сезімді толғаса, “Армысың, Сауд Арабиясы” жинағында (1974) халықтар достығын жырлады. “Ойлайық та ойнайық” пьесалар (1968), “Ел жатса да, енекем жатпайды” әңгімелер (1970) жинақтары басылып шықты. Ян Дрданың “Май күндерінде” повесін, О.Гончардың “Қоңырау” романын, Гарсиа Лорканың “Қасіретті қайыңдар”, И.Куприяновтың “Вьетнам жұлдызы” пьесаларын, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, К.Л. Хетагуров, Н.Хикмет, М.Луконин, тағы басқа ақындардың көптеген өлеңдерін қазақ тіліне аударған.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы, 9 т. |
Қоспанемел – Сарыарқаның оңтүстік-шығысындағы тау. Абсолюттік биіктігі 1088 м. өз. 20 км, ені 10 – 15 км. Оңтістік-шығыс беткейі тік құлама. Құнарсыз сұр топырағында боз жусан, баялыш, көкпек, бетеге өседі. Батысындағы Ақөзек аңғары Қоспанемелді Қараирек тауынан бөледі.
## Пайдаланған әдебиетттер |
Туркі Этикасы – түркі халықтарына ортақ моральдық, адамгершілік, құқықтық құндылықтар мен салт-жоралғылар, әдеп жүйесінің түп бастауы. Туркі этикасы түркі дүниетанымындағы адам мәселесінің орталығы, негізгі мәселе болуымен айқындалып, адамның әлемдегі орны және оның жаратылыспен үйлесімде өмір сүруі, рухани-адамгершілік, діни-танымдық ұстанымдары негізінде қалыптасты. Туркі этикасы еуразиялық кеңістіктегі қазақ, өзбек, қырғыз, т.б. түркі тілдес халықтардың ұлттық этик. көзқарастары мен ұстанымдарының қалыптасуына игі ықпал етті (қ. Қазақ этикасы). Дәстүрлі қоғам өмірі құқықтық, діни-киелілік негіздегі жарғылар мен тыйымдар жүйесі бойынша қалыптасқан. Бұл қоғам бірыңғай экон. тіршілік салты мен қандастық негіздегі бірлікке сүйенді. Көшпелі мәдениет пен тұрмысты жалғастыру оны сыртқы дұшпаннан бірлесе қорғана алатын ру немесе тайпа болғанда мүмкін болады. Ұран – рудың текті, намысты, даңқты тарихын білдіретін, қуат беретін дәстүрлі символы болып табылады. Ұранның негізгі қызметі ру арасындағы бірлікті нығайту, ортақ мақсат үшін шайқаста ру мүшелерінің батылдық-жүректілігін күшейтеді. Жалпы қазаққа “Алаш” ұраны ортақ болса, жекелеген рулардың өзіне тән ұраны бар. Сонымен қатар әрбір рудың өзіне тән “таңбасы” мен “ені” бар. Алғашқыда дәстүрлі түркі қоғамы адамының Тәңір алдында моральдық әрекеттерге қарағанда культтік әрекеттері басым болды. Уақыт өте келе діни нормаларға негізделген моральдық ұғымдар мен этик. ұғымдар қалыптасты. Бұл ұғымдар мен түсініктер дала өркениетінің моральдық-құқықтық жүйесі, салт-дәстүрі мен әдеттерінде нақышталған. Дәстүрлі дүниетаным адамының рухы, оның мекені, өлім, өмірдің мәні жайлы толғануы түркі мифологиясынан көрініс тапқан. Мәселен, “сүйек – рухтың ұясы” ұғымымен байланысты: сүйек – “тек-жауїар” – субстанция ретінде ұрпақтар арасындағы жалғастықты, генетик. негізді, қонақтың сол шаңыраққа туыстық дәрежесін анықтады, осыған байланысты қонаққа мүше тарту әдебі қалыптасты. Табиғат жағдайының қаталдығы, сыртқы дұшпандармен дамылсыз күрестер көшпелілерге жауынгерлік рух пен қатал әрі ұдайы қозғалысқа негізделген мінез дарытқан. Шыншылдық, жомарттық, қамқорлық, ержүректік, адалдық, сүйіспеншілік пен достықты қастерлеу осы қасиеттер төңірегінде қалыптасқан рухани құндылықтар болып табылады. Көшпелі қоғамдағы адамның ең жиіркенішті әдеті – жалған сөз, өтірік айту. Түркі қоғамының адамы үшін туған жерінің әрбір тау-тасы, ойы мен қыры, сай-саласы мен бел-белесі сол кеңістікте тұнып тұрған тарихын, болған оқиғаларды, сол кеңістіктегі көңіл-күйлерін еске алу болғандықтан кеңістіктің өзі еске алу теориясы қызметін атқарған. Яғни, әлем – көшпелі адамның өз рухымен болған тұтастықты, үндестікті, ғарыштық үйлесімді қамтамасыз ететін айна. Сондықтан Туркі Этикасы табиғатпен үндестікте өмір сүрген адамның тұрмысы мен дүниетанымының ішкі үйлесімін түзуші жүйе.
## Сілтемелер:
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Темірғали Сәдуақасұлы Қасым (30.1.1936 жылы туған,Ақмола облысы Ақкөл ауданы Еңбек ауылы) – ғалым-селекционер, ауыл шаруашылы ғылымының доктары (1995), ҚР ауыл шаруашылығы ғылыми академиясының корректор мүшесі (1997). Қазақтың етті-биязылау жүнді қой тұқымының жетекші авторы (1991), Алматы зоотех.-малдәрігерлік ин-тын (Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген (1961). 1961 – 64 жылдары осы институтта аспирант, 1964 жылдан Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аға жетекші, бас ғылыми қызметкер. Ғыл. еңбектері Қазақстанда жаңа бағыттағы кроссбред (етті-биязылау жүнді) қойы шаруашылығы саласын қалыптастыру және осы бағытта етті-биязылау жүнді қой тұқымын шығару, шет елден келген қой тұқымдарын жерсіндіру мен бейімдеуге арналған. Темірғали Сәдуақасұлы Қасым көп жылдар бойы (1964 – 84) Англиядан келген асыл тұқымды қойлардың (линкольн,ромни-марш,бордер-лейстер,гемпшир, суффолк) жаңа жер жағдайында биология-өнімділік қасиеттерін, ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, қоршаған ортаға бейімделуінің ғылыми жолдарын және тәжірибе әдістерін ашқан. Осы жұмыстың нәтижесінде ағылшынның асыл тұқымды малдарының репродукторы (500-ден астам бас) дүниеге келіп, Қазақстанда жаңадан 3 қой тұқымын шығаруға, бір қой тұқымының түрін (қазақ гемпшир қойы) жетілдіру жұмыстарына араласты. Темірғали Сәдуақасұлы Қасымның 120-дан астам ғылыми еңбектері жарық көрді.
## Сілтемелер
* Әдебиет
* Технология
* Инженерия
* Қазақстан
## Дереккөздер |
Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек солтүстік шеті сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4%. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпаттар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр.
Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда біршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа температурасы 18°-20°С. Қысы едәуір суық, кей күндері қатты аяз болып, ауаның температурасы -51°-53°С-қа дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы -17°-19°С.
## Жер бедері
Қазақстанның орманды дала зонасының жер бедері ойпатты тегіс жазық. Жер бедеріне тән басты ерекшелік - солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа бағытталып созылып жатқан жалдар мен олардың аралығын бөліп жатқан өзектер кең таралған. Жалдардың биіктгі 8-15 м, ені 1-1,5 км, ұзындығы 20-25 км-ге дейін жетеді. Кейде жал аралық ойыстарды тұйық көлдер тізбегі, батпақтар мен сортаңдар алып жатады.
Жалдар мен енді өзектер мұз басу дәуірінде Торғай бұғазына бағытталып аққан өзендердің әрекетінен түзілген. Кейіннен олар ағу бағытын өзгертіп, орнында жалдар мен өзектерді қалдырды. Жаларалық ойысьар суға толып, көлдер түзілген. Аталған аумақ шегінде 6000-нан астам көл бар.
## Өзендері
Өзендері түгелдей дерлік қар суымен толығады. Ертістің, Жайықтың, Тобылдың,Есілдің, т.б. бірқатар ірі өзендердің суы халықтың тұрмыс қажеті үшін ғана емес, өнер-кәсіп мақсаты үшін де пайдаланылады.
## Климаты
Орманды дала зонасының климат жағдайы қатаң континентті. Мұнда жауын-шашынның мөлшері Қазақстанның басқа аумақтарына қарағанда біршама жоғары - 370-430 мм шамасында, басым бөлігі жазда жауады. 10°С-тан жоғары температураның жиынтығы 2100°С - 1900°С. Өсімдіктер өсіп-өнетін вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 130-135 күнге дейін созылады. Жылу мен ылғалдың мөлшері жағынан орманды дала зонасы қоңыржай белдеудің ыстық, малазықтық және техникалық дақылдарын өсіруге қолайлы.
## Топырағы
Зонаның солтүстік бөлігінде қара топырақты қабаттың қалыңдығы 75 см-ге жетеді, оның құрамының 9%-ына жуығы шірінді болады. Зонаның оңтүстігіне таман қара топырақтың қалыңдығы кеми түседі, шіріндінің мөлшері де 6%-ға дейін азаяды.Қазакстандағы орманды дала топырағының Шығыс Еуропа жазығындағы орманды дала топырағынан айырмасы - ойпаң жерлері сортаң болып келеді. Зонада көбінесе дала және шалғынды дала өсімдіктері өседі. Солтүстігінде, солтүстік-батысында шоқ-шоқ ормандар кездеседі.
## Өсімдік жамылғысы
Өсімдік жамылғысы жыртылмаған үлескілерді жауып тұратын қалың және әр түрлі шөптер, дәнді дақылды өсімдіктерден тұрады. Мұнда қызғылт сабақты боз, шоқ түпті бетеге, бұралған жер бидайық өте көп. Біраз жерді қарабас шалғын мен қылқансыз арпабасалып жатыр. Астық тұқымдас өсімдіктерге сәбізшөп, жұпар иісті алтын түстес гүлдері өседі. Бұршақ тұқымдастардан сары гүлді беде, көк түсті бұршақ бар. Батыс Сібір жазығының ормандарында шоқ-шоқ қайың мен көктеректер өседі. Жалпы Сырт қыраты ормандарында жалпақ жапырақты ағаштар - емен, жөке, қандыағаш басым болады. Шоқ-шоқ болып біткен қайыңды, көктеректі ормандар арасында өсетін бұталарға: тал, долана, итмұрын, қара қарақат жатады. Сабағы жіңішке, шырынды, қызыл күрең түсті жемісі бар тошала жиі кездеседі. Орман шетінде аңқыған иісі бар, қызыл күрең түсті бүлдірген көздің жауын алады. Ағаш тұқымдастарының құрамы жағынан батыстың орманды даласы Шығыс Еуропа даласына ұқсайды. Орман өсімдіктері өзен аңғарларын бойлай оңтүстікке де таралады. Мәселен, дала зонасындағы Жайық өзенінің аңғарында шоқ-шок ормандар, Ертіс жағасын бойлай құм шағылдары үстінде жіңішке алқапта карағайлы ормандар, Сарыарқаның Көкшетау, Қаркаралы, Баянауыл және т.б.тауларының гранитті массивтерінде карағайлы ормандар таралған. Олар тау шоқтары мен беткейлеріндегі көлдерді қоршап жатқан далада ерекше көркем табиғат көріністерін бейнелейді. Бұл әдемі табиғатты аудандарда сауықтыружәне демалыс үйлері орналасқан. Орман байлықтары - шоқ қайыңдар мен шоқ қарағайлар және бұталар 10 млн гектардан астам ауданды алып жатыр. Дуброва, Мамлют қорықшаларындағы ормандар мемлекет тарапынан қорғауға алынған.
## Жануарлары
Орманды даланың өзіне ғана тән ерекше жануарлары болмайды. Мұнда да көршілес зоналардың жануарларындай: сарышұнақтар, сұртышқандар, қосаяқтар, аққіс, қояндар (ақ қоян, ор қоян, сусар, түлкі, қасқыр, т.б. кездеседі,шоқ карағай ормандарында - тиіндер бар. Соңғы жылдарда мұнда солтүстік ормандардан бұландар мен сібір еліктері мекен ауыстырған. Басқа жақтан адамдар алып келген, кәсіптік маңызы бар ондатр кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің екі түрі (жорғалауыш және тірі туатын), сары бас және улы сұр жыландар кездеседі. Орманды далада құстар өте көп және әр түрлі. Шоқ қайыңды ормандарда ақ құр, ақ тұмсық қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, сұңқар, күйкентай ұялайды. Ашық жерлер мен орман шеттерінде бұлдырық, бөдене, бозторғай, шәуілдек жүреді.Көл жағасындағы нулы қамыс, қамыс құрағы, қоғалар мен басқа да өсімдіктер арасында әр түрлі суда жүзетін құстар көп-ақ. Мұнда көптеген қаздар мен үйректер, сондай-ақ шағалалар да байқалады. Үлкен көлдерде - аққулар, ал төмпешікті және қияқты батпақтарда — кезқүйрыққа ұқсас сұр тырналар мен қамыс құладыны болады.
## Игерілген жерлері
Орманды дала зонасы - Қазақстанның ең жақсы игерілген табиғат зоналарының бірі. Онда дала үлескілерінің көп бөлігі жыртылған. Бұл жерлерде дәнді дақылдардан - бидай, жүгері, т.б. дақылдар егіледі. Мұнда көптеген жаңа елдімекендер бой түзеді. Зонаның жыртылмаған бөлігі - шүйгін шабындық, көк балаусалы жайылым, сондықтан мұнда етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы басым дамыған.
## Оңтүстік орманды дала зонасы тармағы
Петропавл қаласының солтсүтігін алып жатқан шағын алқап түзеді. Ол жерасты және жерүсті суларымен біршама жақсы қамтамасыз етілген.
Топырағы. Оңтүстік орманды дала зона тармағында сұр және қара топырақ таралған. Зонаның солтүстік бөлігінде қара топырақтың қарашірікті қабатының қалыңдығы 70-80 см-ге жетеді және оның жоғары қабатындағы қарашіріктің үлесі 12%-дан төменгі қабаттарында 4-5%-ға дейін төмендейді. Құнарлылығы жоғары бұл топырақтарда астық, картоп пен көкөніс дақылдары өсіріледі. Орманды даладағы сұр топырақта бір-бірімен жақсы үйлескен қайыңды және қайыңды-көктеректі ормандар, сілтісізденген қара топырақ пен шалғынның қара топырағында миялы әртүрлі шөптесін даланың шалғындары таралған. Қарашіріктің мөлшері орташа қара топырақ толығымен жыртылған.
Орманды даланың оңтүстік зона тармағы біршама орманданған. Орман алқаптарында қайың мен көктерек тек жал аралық ойпаңдарда ғана емес, жер бедерінің көтеріңкі телімдерінде де кездеседі. Көктеректі және қайыңды-көктеректі тоғайлар қияқты батпақтардың айналасында да өседі. Ормансыз кеңістіктерде ылғалсүйгіш астық тұқымдас өсімдікті шалғынды далалар таралған. Батпақтар мен шалғындар көп. Кейде шалғынды сортаңдарда жусанды-бетегелі бірлестіктер қалыптасады. Бұл зонада шалғынды, батпақты және далалы шабындықтар бар. Даланың жекелеген телімдері жазғы-көктемгі жайылым ретінле қолданылады.
Астық тұқымдас өсімдіктердің арасынан хош иісті жабайы сәбіздің ақшыл жасыл түсті гүлдерінің шатыр тәрізді себеттері көтеріліп тұрады. Бұршақ тұқымдас өсімдіктерден сары гүлді жоңышқа мен күлгін бұршақ бар.
## Орманды даланың шағын орман шоқтары бар зона тармағы
Ол Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігіндегі жер бедері тегіс және жалды-қолатты телімдерін қамтиды. Бұл зона тармағының өзіне тән басты ерекшеліктерінің бірі дала мен орман элементтерінің үйлесуі болып табылады. Мұнда қайыңды-көктеректі орман шоқтары өте сирек және олар орманның сұр топырағында емес, жаларалық ойпаңдардағы сортаң топырақтарда өседі. Дала мен орманға тән өсімдіктер таралған жыртылмаған жерлерде бетеге, боз, бұталы бетеге, бидайық, атқонақ тәрізді астық тұқымдас әртүрлі шөптесін өсімікдтер өседі. Далалық зонаның жыртылмаған телімдерін жазғы жайылым және шабындық ретінде пайдаланады. Жекелеген сирек орман шоқтары кең көлемді далалы алқаптарда шашырай тал, итмұрын, қара қарақат өседі. Ормандардың шеттерінде хош иісті бүлдірген кең таралған.
Ерістің бойындағы құмды алқаптарда қарағайлы орман шоқтары өседі. Қорықшадағы ормандар мемлекет тарапынан қорғауға алынған.
Орманды далада тек өзіне ғана тән жануар болмайды. Мұнда көршілес зоналарда кездесетін даланың сұр тышқандары, сарышұнақ, қояндар, түлкілер мен қарсақтар, қасқырлар; қарағайлы орман шоқтарында тиін мен сібір елігі тараған.
Бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің екі түрі - сұр және тірі туатын кесіртке кездеседі.
Орманды даланың құстары алуан түрлі. Орман шоқтарында ақ және сұр құр, ұзақ, сауысқан, тоқылдақ, көкек пен сұңқарлар, ашық алқаптарда қырғауыл, зымырандар ұя салады.
Көл жағалауларында, қамыстар мен құрақтардың арасында алуан түрлі суда жүзетін құстар мекендейді. Мұнда қаздар мен үйректердің орасан көп түрлері кездеседі. Ірі көлдерде аққулар, сұр тырна, қаршығаға ұқсас қамыс құладыны кездеседі
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.