text
stringlengths
3
252k
Асқарбек Съезбекұлы Үйсімбаев (1961 жылы туған, Сандықтау ауданы Веселое ауылы) – қоғам қызметкері. ## Еңбек жолы * Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген (1986). * Еңбек жолын 1978 ж. Веселое ауылында трактор жүргізушісі болып бастаған. * 1979 – 81 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді. * Веселое ауылында инженер (1986 – 91), * Каменский ауылының аға инженері (1991 – 92) * «Мәдениет» ЖШС-нің директоры (1992 – 98) * Сандықтау ауданы ауыл шаруашылық басқармасының бастығы (1998 – 2000) * Бұланды ауданының әкімі (2000 – 2002) * Ақмола облысы ауыл шаруашылық басқармасының бастығы (2002 – 04) қызметтерін атқарған. * 2004 жылы Ақкөл ауданының әкімі болып тағайындалды. ## Марапаттары * «Құрмет» ордені * медальдар * Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
Құмкөл – Қорғалжын ауданының солтүстік-батысында орналасқан кеңшар. 1984 жылы Арықты кеңшары мен Қорғалжын ауданындағы мамандандырылған шаруашылық бірлестігі негізінде ұйымдастырылды. Кеңшар негізінен қой шаруашылығы және астық өндіруге маманданған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын жер көл. 53327 га. Оның ішінде егістік 14464, жайылымдық 37701, шабындық 162; қой саны 9502 бас. Балабақша, орта мектеп, кітапхана, клуб, 2 дүкен, т.б. нысандар бар. ## Дереккөздер «Ақмола облысы» энциклопедиясы
Үсенов Оралхан Үсенұлы (1929 жылы туған, Көкшетау қаласы) – спорт шебері (1959), альпинизмнің еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1977), КСРО чемпионы (1956). «Горельник» тау спортшыларын дайындаушы нұсқаушылар мектебін бітірген (1947). Қазақ республикалық альпинистер клубының нұсқаушысы (1947 –97). Мрамор қабырға (6400 м), Петровский (5860 м), Горький (6050 м), Мушкетов (4550 м), Пржевальский (6350 м) шыңдарын алғашқы бағындырушылардың бірі. Тянь-Шаньдағы ең биік Победа шыңына (7439 м) бірінші шыққан. ## Дереккөздер
Үшқарасу — Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл, Үшқарасу ауылдық әкімдігі орталығы. Іргесі 1929 жылы қаланған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Державинск қаласынан солтүстікке қарай 57 км-дей жерде. ## Халқы 2-дүниежүзлік соғыста қаза болған жерлестеріне ескерткіш орнатылған (1998). ## Дереккөздер
Көлдер: * Құмдыкөл - көл, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы. * Құмдыкөл - көл, Ақмола облысы Сандықтау ауданы. * Құмдыкөл - көл, Ақмола облысы Бурабай ауданы. * Құмдыкөл - көл, Ақмола облысы Зеренді ауданы. * Құмдыкөл - көл, Ақмола облысы Біржан сал ауданы. * Құмдыкөл - көл, Ақмола облысы Ерейментау ауданы. * Құмдыкөл - көл, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы. * Құмдыкөл - көл, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы. Ауыл: * Құмдыкөл – ауыл, Ақмола облысы Сандықтау ауданы.
Үшқарасу – Ақмола облысы Егіндікөл ауданының оңтүстік-батысындағы тау. Теңіз көлінен солтүстікке қарай 20 км, Көбіккөл көлінен оңтүстік-шығысқа қарай 20 км, Астана қаласынан батысқа қарай 220 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 383 м. Батыстан шығысқа қарай 2 – 2,5 км-ге созылып жатыр, ені шамамен 1 км. Беткейлері көлбеу, өзімен аттас қоныстың ең биік нүктесі болып табылады. ## Геологиялық құрылымы Палеоген кезеңінің тау жыныстарынан түзілген жер қыртысын қиыршықты, ірі кесекті элювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан. ## Дереккөздер
Федоров Геннадий Андреевич (1938 жылы туған) – қызметкер. Боровской орман шаруашылығы техникумын, Целиноград инжинерлік-құрылыс институтын бітірген. Еңбек жолын қатардағы жұмысшы болып бастаған. «Көкшетауқұрылыс» тресінде өндірістікомитетех. бөлімінің, «Проминдустрой» құрылыс-монтаж басқармасының бастығы (1958 – 80), «Щучинсккурортстрой» тресінің бастығы (1980 – 88), Байкал-Амур магистралінде, Оралдың құрылыс кәсіпорындарында жұмыстар жасаған (1988 – 92). Щучинск қалалық әкімш-нің басшысы. ## Дереккөздер
Құрманбаев Қоңыратбек Кұрманбайұлы (1936, бұрынғы Жезқазған облысыЖезді ауданы Карсақпай кенті – 1993) – дәрігер-ғалым, КазКСР-не еңбегін сіңірген дәрігер, медицина ғылымдарының докторы (1978). Қарағанды медициналық институтын (1959) бітірген. 1958 – 68 жылы Жезқазған қаласында фтизиатр, бас дәрігер, 1968 жылдан Көкшетау облысында туберкулез диспансерінің бас дәрігері, Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтында (қазір Туберкулез мәселелері ұлттық орталығы) бөлім меңгерушісі болды. Негізгі ғылыми еңбектері фтизиатрия мәселелеріне арналған. Құрманбаев адам мен мал туберкулезінің эпидемиологиясын, өзара байланысын зерттеп, малшыларды бүйрек туберкулезінен сақтандыру шараларын ұсынды. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Филоненко Василий Владимирович (1930 жылы туған, Украина, Полтаво облысы Чернигов ауданы Васкивцы селоссы) – еңбек ардагері, механизатор. Социалистік Еңбек Ері (1967). Еңбек жолын 1945 ж. қазіргі Бурабай ауданы Совет ұжымшарында комбайн жүргізушісі болып бастаған. 1965 жылдан осы ауданындағы «Золотой колос» кеңшарында комбайн жүргізушісі болып жұмыс жасады. Медаль, бағалы сыйлықтармен марапатталған. ## Дереккөздер
Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов (12 мамыр 1949, Новосібір, РКФСР) – әскери қайраткер, генерал-полковник (2002) Халық қаһарманы. ## Дереккөздер ## Жетістіктер 1-дәрежелі “Даңқ” орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Құмай — Ақмола облысы Есіл ауданы, Красивое ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1939 жылы қаланған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есіл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Негізгі мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, асхана, кафе, «Құмай-Есіл» ЖШС диірмені бар. Құмай ауылының жанынан Астана – Қостанай автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер
Өсек, Үсек – Іле алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жетісу облысының Панфилов ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 164 км, су жиналатын алабы 1970 км2. ## Бастауы Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік сілемдері – Тоқсанбай, Тышқантау жоталарындағы мұздықтардан басталып Ілеге құяды. ## Гидрологиясы Аңғары жоғары және орта бөлігінде таулы жерлермен ағады. Ағыны қатты, суы мол. Жылдық орташа су ағымы Талды ауылы тұсында 15,7 м3/с. Өзен бойындағы балшығының емдік қасиеті бар. Алабы – жайылым. ## Дереккөздер
Құлышев Манаш (1908, бұрынғы Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Қараөзек ауылы – 1976) – еңбек ардагері. Социалистiк Еңбек Ері (1951). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1929 жылы Көкшетау жылқы зауытында жылқышы, 1932 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Красноармейск ауданы Киров атындағы кеңшарда трактор, комбайн жүргізушісі болды. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер «Ақмола облысы» энциклопедиясы
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институттары – мұғалімдер мен білім беру саласындағы басқа да қызметкердің кәсіби біліктілігін жетілдірумен айналысатын әдістемелік мекемелер. Оның міндеттері: озық педагогикалық іс-тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату; білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету. Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институттары оқу жылының ішінде қысқа мерзімдік курстар, практикумдар, семинарлар, ал жазғы демалыс кезінде мұғалімдерге, мектеп және оқу орындарының басшыларына, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың қызметкерлеріне дәрістер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырады. Сондай-ақ ғылыми-педагогикалық, әдістемелік материалдар мен жинақтар шығарады. ## Дереккөздер “Қазақ энциклопедиясы – VI том”
Хадыркеев Наурызбай Абдулбахиұлы (1961 жылы туған) – қызметкер. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген (1998). Кеңшарда шопанның көмекшісі, көлік жүргізушісі, Целиноград облысы аңшылар мен балықшылар қоғамында аңшы, Солтүстік Қазақстан облысы аңшылар қоғамында кинолог, Целиноград облысы аңшылар мен балықшылар қоғамында ихтиолог (1972 – 92). Ақмола облысы балық испекциясында мемлекеттік инспектор (1992 – 96), ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі бас мемлекеттік департаментінің бастығы (1997 – 2000), «Бабыр» ЖШС директорының орынбасары (2000 – 02), ҚР ауыл шаруашылық мин. орман және аңшылық ш. комитеті төрағасының орынбасары (2002 – 05), 2005 жылдан төрағасы қызметін атқарады. Медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Хазірет Бейім – Атбасар ауданындағы ауыл, Маринов аудандық округі құрамында. Аудан орталығы – Атбасар қаласынан шығысқа қарай 63 км, округ орталығы – Мариновка ауылынан батысқа қарай 10 км жерде, Қалқұтан өз-нің оң жағалық аңғарында орналасқан. Тұрғыны 0,46 мың адам (2008). Іргесі 1883 ж. қаланған. Ауылда мектеп, фельдш.-акуш. пункт, кітапхана бар. Х. Б. ауылы жанынан Атбасар – Астана автомобиль және темір жолдары өтеді. Ең жақын темір жол станциясы – Ирченко (10 км). ## Дереккөздер
Теміржан Жәнібекұлы Хамитов (1962 жылы туған) – қоғам қызметкері. ## Білімі * Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (1988) бітірген. * Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2000) бітірген. ## Еңбек жолы * Еңбек жолын 1980 ж. Целиноград ауданы Ильинов кеңшарында жұмысшы болып бастаған. * Целиноград ауыл шаруашылық институтының №2-оқу-шаруашылық бөлімшесінде механик, бригадир, №2-бөлімшенің басқармасы, өндірістік істер жөніндегі директордың орынбасары (1988 – 94), бас инженер (1994 – 97) жұмыстарын атқарған. * «Шұбар» шаруа қожалығының басшысы. * Шалқар ауданы ауыл шаруашылық бірлестігінің директоры (1997 – 98) * «Барыс» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы (1998 – 2000) * Шұбар аудандық округінің әкімі (2000 – 01) * Сандықтау ауданы «Подлесное» ЖШС-тің директоры (2001 – 03) * Сандықтау ауданының әкімі (2003 – 04) * Қорғалжын ауданы «Ақмол 2003» ЖШС-тің директоры * Ақмола облысы табиғатты пайдалану басқармасының бастығы (2004 – 05) * Ақмола облысы сәулет-құрылыс мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы (2005 – 06) қызметтерінде болған. * 2006 жылдан Еңбекшілдер ауданының әкімі. ## Қоғамдық жұмыстары * «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасы (2006 жылдан). ## Марапаттары * «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалі; * «Тыңға 50 жыл» (2005) медалі; * ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған. ## Отбасы * Үйленген. Жұбайы - Хамитова Райхан Рахымжанқызы, үй шаруасында.Қыздары - Анар (1988 жылы туған), Айғаным (1989 жылы туған), Зибаш (1993 жылы туған), Әлия (1997 жылы туған), Жәмилә (2008 жылы туған);ұлы - Болат (1996 жылы туған). * Қыздары - Анар (1988 жылы туған), Айғаным (1989 жылы туған), Зибаш (1993 жылы туған), Әлия (1997 жылы туған), Жәмилә (2008 жылы туған); * ұлы - Болат (1996 жылы туған). ## Дереккөздер
Марденов Жүкен Баймұханбетұлы (12.12.1934 ж.т., Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жаңа аттаныс а.) — әскери қайраткер, генерал-майор. Алматы мемл. шет тілдер ин-тын бітірген (1956). 1961 — 68 ж. МҚК Павлодар облысы басқармасында оперативтік қызметкер болды. 1968 — 79 ж. Қазақ КСР МҚК орт. аппаратында, 1979 — 83 ж. МҚК Көкшетау және Шығыс Қазақстан облысы басқармаларында жұмыс істеді. 1983 — 87 ж. Қазақстан МҚК Бірінші (барлау) басқармасының бастығы, 1987 — 90 ж. МҚК Целиноград облысы басқармасының бастығы, 1990 ж. Қазақ КСР МҚК төрағасының кадр жөніндегі орынбасары, 1991 ж. Қазақстан МҚК барлау бөлімінің бақылаушысы болды. “Құрмет белгісі” орденімен, бірнеше медальмен марапатталған. С. Арғынғазин ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том ## Сілтемелер
Хабло Иван Константинович (1932 жылы туған, Ресей, Новосібір облысы Кочковский ауданы Решеты с.) – еңбек ардагері, механизатор. Социалистік Еңбек Ері (1967). Еңбек жолын 1950 ж. бастаған. Миргород дизилистер училищесін бітіріп (1954) бұрынғы Көкшетау облысы Қызылту ауданы Бидайық кеңшарына алғашқы тың игерушілердің қатарында келген. «Құрмет белгісі» ордені, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Анатолий Иванович Шеин (17.8.1920, Украина, Чернигов облысы – 25.12.1982, Қаратау қаласы) – Жаңатас қаланың құрметті азаматы. Иркутск тау-кен институтын бітірген (1944). 1944 – 1955 жылдары Орталық Азия республикаларының тау-кен өндірістерінде инженер, 1955 – 1957 жылдары Чехословакияда кеңесші-инженер қызметтерін атқарған. 1957 – 1963 жылдары Оңтүстік Қазақстан ауыр өнеркәсіп басқармасы бастығы, 1963 – 1972 жылдары «Қаратау» тау-химия комбинатын директоры, 1972 – 1975 жылдары Бүкілодақтық «Союзфосфор» бірлестігінің бастығы, 1975 – 1982 жылдары «Қаратау» өндірістік бірлестігінің бас директоры. Анатолий Иванович есімі КСРО химия өнеркәсібі министрлігінің құрмет кітапшасына енгізілген; Қазақстанға еңбегі сіңген тау-кен қызметкері. Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Қазан Революциясы орденімен, КСРО және Чехословакия үкіметтері медальдарымен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесі грамотасымен марапатталған. ## Сілтемелер
Айдаркөл — Жарқайың ауданындағы көл. Бірсуат ауылдық округі аумағында. Бірсуат ауылынан 5 км жерде орналасқан. Көлдің аумағы 200 га, орташа тереңдігі 1 м, ең терең жері 1,5 м. Суы тұщы, көл табаны тұнбалы. Жағалауының 90%-нда қамыс өскен. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * Айдаркөл(қолжетпейтін сілтеме)
Айдабол спирт зауыты — Зеренді ауданында орналасқан кәсіпорын. Зауыттың негізін 1906 жылы фабрикант Г.И. Шмурло қалады. Зауытқа қажетті құралдар Варшавадағы (Польша) «Борман Швейде» зауытынан жеткізіліп, 1908 жылдың ақпан айында зауыт пайдалануға берілді. Бастапқы өнімін спирт шикізаты құрады. 1910 жылы ректификатты цех іске қосылып тәулігіне 500 шелек таза спирт алынды. Спирт зауытның негізгі шикізаты арзан астық өнімдері болды. Зауыт өнімдерін Ресей қалаларына жіберіп отырды. 1917 жылы диірмен іске қосылды. 1918 жылы зауыт мемлекет қарамағына өтті. Алғашқы қайта жөндеу жұмыстары 1930 ж., екінші 1957 ж. өткізілді. 1993 жылдан зауыт тұрақты түрде «Экстра» ректификатты этил спиртін өндіре бастады. 1998 жылғы қазан айында Айдабол спирт зауыты Астана қаласында өткен дегустация байқауына қатысып жоғары сапалы деген баға алып, алтын медаль және құрмет дипломымен марапатталды. Зауыт «Көкшетау Минводы», «Натурпродукт», Петропавл лекер-арақ зауыттарын шикізатпен қамтамасыз етеді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * АЙДАБОЛ СПИРТ ЗАУЫТЫ(қолжетпейтін сілтеме)
Сүлейменов Тоқтарбай (22.2.1960 ж. туған, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек кенті) – ғалым, химия ғылымдарының докторы (2005), профессор. ## Зерттеулер Ғылыми еңбектері қорытпалардағы жақын қатарлардың кластерлік құрылымын физика-химиялық және кванттық тұрғыдан зерттеуге арналған. 60-тан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 1 монографиясы мен 2 өнертабысы бар. “Қатты, сұйық және газ күйдегі денелер үшін ретсіз бөлшектердің бірыңғай теориясын әзірлеу, оны мыс пен мыс созбасын алу технологиясын жетілдіруге, өндіріс өнімдерінің көлемін ұлғайту және сапасын арттыруға қолдану” жұмысы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (2005). ## Шығармалар * Malyshev V.P., Suleymenov T., Beznosyuk S.A., Quantum-Chemіcal Calculatіon of the Electronіc Stabіlіty of Cores іn Alkalі Halіdes // Қnorganіc Materіals, 1996, V.32, ғ7, P. 781 – 783; * Бектурганов Н.С., Сулейменов Т., Экспериментальное и теоретические методы исследования неупорядоченных систем, Караганда, 2003; * Сулейменов Т., Малышев В.П., Бектурганов Н.С., Интерпретация политерм сжимаемости расплавов с точки зрения теории перколяции. ## Дереккөздер
Харочкин Николай Дмитриевич (1923, Рузаев ауданы Луганка с. – 2008, Степняк қаласы) – партия-кеңес қызметкері. 2-дүниежүзлік соғысқа қатысқан. Еңбекшілдер ауданы халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған (1970 – 84). Қызыл Жұлдыз, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендері, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Айдабол — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы көл. Теңіз деңгейінен 427 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Климат жағдайларына байланысты аумағы 15,3 км2-ден 35,0 км2-ге дейін өзгеріп отырады. Орташа ұзындығы 5,7 км, енді жері 3,9 км, жағалау бойының ұзындығы 15,2 км, ең терең жері 3,0 м-ге жетеді. ## Жер бедері Жағалауында ені 100-150 м-ге дейін қоға аралас қамыс өседі. Суы тұщы, мал суаруға, т.б. шаруашылық қажетіне пайдаланылады. Айдабол көлін солтүстігінде Зеренді, оңтүстігінде Сандықтау және Жақсытүкті орманды таулар қоршап жатыр. Көлге шығысынан Аршалы өзені, батысынан Жабай өзенінің бір тармағы келіп құяды. Батыс жағынан Көкшетау-Атбасар автомобиль жолы өтеді. Жол бойында орта жүздің биі Айдабол бидің құрметіне аталған кент орналасқан. Көлге жақын жерде қола және темір дәуірлерінің (б.з.б. 5 - 4 ғасыолар) археологиялық ескерткіштері сақталған. ## Дереккөздер
Хасенбаев Уап Хасенбайұлы 1928 жылы туған, бұрынғы Көкшетау облысы Айыртау ауданы Володаровка ауылы) – запастағы полковник. Ақмола облысы бойынша ҰҚК Департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы. Алматы мемлекеттік заң институтын бітірген (1950). 1950 ж. Көкшетау облысы бойынша ҚазКСР МҚК басқармасында қызметте болған. 1972 ж. Алматы қаласында ҚазКСР МҚК-ның орталығы аппаратына жұмысқа ауысады. 1976 – 88 ж. Торғай, Алматы облысы бойынша МҚКБ-нің бөлім бастығы. 1995 жылдан ҚР ҰҚК-і ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, 1999 – 2004 ж. аралығында төраға қызметін атқарды. Медаль, грамоталармен марапатталған. ## Дереккөздер
Ұлағат — еліміздегі ұлттық тәлім-тәрбие мен мінез-құлық мәселелеріне арналған ресми тұңғыш журнал. ҚР Білім мин. алқасының 1993 ж. 20 желтоқсандағы шешімі негізінде “Қазақ тілі мен әдебиеті” журналының қосымшасы ретінде 1994 ж. шілдеде алғашқы саны жарық көрді. Қаржы тапшылығына байланысты 1994 ж. тұңғыш саны шықса, 1995 ж. үш саны, ал 1996 — 97 ж. екі-екіден біріктірілген төрт саны, 1998 ж. не бары үш саны оқырмандарына жетті. Тек 1999 жылдан бастап екі айда бір рет жарық көріп келеді. 2005 жылдың 25 тамызынан өз алдына бөлек журнал ретінде қайта тіркеуден өтті. Журналдың қалыптасқан айдарлары : * “Ғылым ғаламында” * “Педагог пайымы” * “Ашық әңгіме сағаты” * "Әдеп әлемінде” * “Педагогикалық әдістеме: озық тәжірибе” * “Отбасы оқулығы” * “Рухани дүниемізде” * “Ізденген жетер мұратқа” * “Даналық ой мұхитында” * “Абайдың абыздық ақылы” * “Тарих қойнауында” * “Тіл — құрал, өнер — өріс” * “Білім ордасы: таным және тәрбие” * “Ұлттық ұлағат” * “Жас ғалымдар отауы” * “Ұлттық мектеп”* ## Тағы қараңыз * Әдебиет * Қазақ әдебиеті ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 9 том.
Хасенова Майра Шатырманқызы (1942 жылы туған) – инженер-механик. Еңбекшілдер ауданы Краснофлотский кеңшарында механизатор болып ұзақ жылдар жұмыс жасаған. ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің депутаты (1980 – 84). Халықтар Достығы ордені, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Хасенов Мұқаш (1904, Павлодар у.) – партия және қоғам қайраткері. Мәскеу қаласындағы бухгалтерлер курсын бітірген. 1924 – 30 ж. аралығында жұмысшы, ауылдық кеңестің хатшысы, 1937 – 38 ж. бухгалтер, кеңшар директорының орынбасары, Киров атындағы облысар. механизация мектебінің директоры қызметін атқарған. 1938 – 39 ж. Семей облысы комитеті ауыл шаруашылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Шыңғыстау ауданы комитетінің 1-хатшысы, 1939 – 46 ж. Шығыс Қазақстан облысы комитетінің хатшысы, 1946 – 52 Ақмола облысы атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Еңбек Қызыл Ту ордені, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Шейх Ахмет Тарази ортағасырлық ақын, ойшыл-ғалым. Түркі әдебиет теориясының негізі бұдан 500 – 600 жыл бұрын қазақ жерінде, оның ішінде Тараз қаласында қаланғандығынан жұрт бейхабар болатын. Тараз қаласында, туып, осында өмір сүрген Шейх Ахмет ибн Құдайдад Таразидің түркі, парсы және араб әдебиеттері теориясының негізін қалаған кітабын, әрі түркі тілінде жазылған өлеңдер жинағының шет елдерден табылғандығы Қазақстанның ең байырғы қаласы Тараздың 2000 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференцияда жария етілді.Шейх Ахмет ибн Құдайдад Тарази – 15 ғ-дың бірінші жартысында, атақты Әмір Темір ұрпақтары Шахрух пен Ұлықбек билік еткен (1409 – 1449) жылдар аралығында ерекше өзге түскен бірегей ғұлама ғалым, ақиық ақын. Ірі әдебиеттанушы ғалым және шайыр ретінде 1436 – 1437 ж. жазылған «Фанун-әл беләға» атты қолжазба кітабын мұра етіп қалдырған. Бұл еңбек қолжазба түрінде 139 парақтан (278 беттен) тұрады, әрі осы уақытқа дейін беймәлім болып келген негізгі қолжазба нұсқасы бүгінде Ұлыбританиядағы Оксфорд қаласының Бодлеан кітапханасында сақталуда. Аталмыш кітаптың мазмұны көркем сөз – өлең жүйесі туралы, ұйқас және рәдифті ұйқас, жалпы өлең өнері, әрі аруыз (аруд) өлең уәзіндеріне арналған мысалдармен ғылыми талданып, анықтамалары берілген. Бұл еңбекте автор парсы – тәжік классиктерімен қатар өзімен замандас түркі тілдес шайырлардың да шығармаларынан үзінділер, өлең жолдарын келтірген. Мұның өзі түркі ғылым, әдебиет тарихының тереңірек тамыр жайғанын айғақтайды. Әдебиеттанушы ғалымның осы еңбегі түркі тілінде жазылған, араб, парсы әдебиетінің теориясы түркі тілінде де жырлаған өлең жолдарымен өрілген. XV бірінші жартысында Мауераннахрда әдеби өмір қайнап жатқан кезде түркі тілімен парсы тілі қатар жаппай өріс алды. Шейх Ахмет Таразидан біраз кейін қазақ ғалымы, ұлы тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати (1499 – 1551) өзінің әйгілі әдеби тарихи еңбегін «Тарих-и Рашиди» кітабын парсы тілінде, ал «Жаһаннама» дастанын сол уақытта түркі халықтарына тән ортақ шағатай тілінде жазды. Мұның өзі екі тілдің, яғни түркі мен парсы тілдері Мауераннахр мен Хорасан аймағында аралас-құралас болғанын байқатады. Сондықтан, қазақ даласы да екі тілдің ықпалынан тыс қалмады. Соның салдарынан қазақ топырағынан шыққан шайырлар, ғалымдар мен ойшылдар түркілер мен парсылардың әдебиетіне, мәдениетіне, тіліне бірдей мән беріп, қоғамдық өміріне жете көңіл бөлді, тілдік ерекшеліктерін зерттеп отырды. Сондай білімді ғалымдардың бірі де, бірегейі Тараз қаласынан шыққан Шейх Ахмет ибн Құдайдад Тарази болды. Бұған Шейх Ахмет Таразидің «Фонун – әл беләға» атты еңбегі дәлел. Шейх Ахмет Тарази «беләға» (көркем сөз өнері) ғылымы жөнінде көптеген мысал дармен көркем сөз өнерін, яғни өлеңнің қыр-сырын ашуға тырысады. Түркі өлеңдерін парсы поэзиясының уәзіндерімен салыстыра отырып сарапқа салады. Танылған өлең түрлері мен өлең өлшемдерін (уәзіндерін) айрықша назарда ұстайды. Тарази өз еңбегінде сөз өнері турасында былай деген: «Тіл – адамзатқа тән, әрбір адамның көңілі мағыналы сөзді қалайды. Мағыналы сөз көңілге қонымды келеді. Сонда көңіл мен сөз ажырамас болар. Бұл азаматтың қастерлі сезім шеңберінде болмақ, одан тысқары емес. Ғалымдар «сөздің екі түрі бар, бірі – қара сөз (нәсір), екіншісі – өлең (нәзім) деп бөлуді жөн көрген»Шейх Ахмет Тарази өзінен бұрын және кейін өмір кешкен ғалымдар сияқты Аллаһқа иманы кәміл және ислам жолына бас иген ойшылдар қатарына жататын. Бұл пікірімізді ғалымның мынадай сөздері қуаттайды: «Аллаһ тағалаға шүкір, өйткені адамзаттың болмысындағы қараңғылықтан жарық сәуле көре білу үшін, қиыншылықтардың түйінін шеше білу үшін көре алатындай және түсіне білетіндей күш берген. Әрі сөзбен ішкі жан дүниесінің ұғымдарын һашида тәсілімен (қағаз беттеріне түсіріп) көркем түрде әр түрлі қырынан оны баян ете білді. Бұның бәрі – шүкіршілікке тұрар тарту». Сөзден артық гауһар болғанда, Ол сөздің қай жағында тұрар ед, – деп өз ойын бір шумақ өлеңге арқау етеді. Шейх Ахмет Тарази Аллаһ тағалаға тіл бергені үшін, әрі тілге сөйлеу құдіретін сыйлағаны үшін шексіз алғысын айтып, шүкір еткен соң, Аллаһтың пайғамбары әрі мүмін сахабаларына мадақ сөздерімен қатар сәлем жолдайды: «Әлемде ең ұлы және ең игілікті адам – жаратылыстың мақтаны, барлық жаратылған жандардың қорытындысы, көркем сөз майданының тұлпары, шешендік бағының бұлбұлы, тазалықтың мөлдір сәулесі Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) және Рашедин халифаларға (яғни турашыл халифаларға) және сахабаларға шексіз де жалынды сәлем болғай» дей келе өз сөзін бір бәйіт өлеңімен қорытындылайды. Оны мадақтауда тіл құдіреті жетер ме, Сәуле шашқан Күнге өзі құдірет беріп тұр ғанда, – деп пайғамбар мен сахабаларға құрмет пен мадақ лебізін білдіреді. Бұл да сол заманның даналарының бойына дарыған білім мен қатар имандылық үлгісі. Шейх Ахмет Таразидің «Фонун әл-беләға» еңбегі бес тараудан тұрады. Бұл – парсы мен түркі әдебиетінің теориясын екі тілдегі көптеген өлең жолдарын мысалға келтіре отырып, егжей-тегжейлі айқындауға тырысқан аса құнды зерттеу жұмысы, талдауларымен қатар мол мағлұмат беретін де теңдессіз туынды ## Сілтемелер
Мәди Хасенов(01.12.1936, Ақмола облысы Зеренді ауданы Қошқарбай ауылы – 1992, Ақмола) – жазушы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1971). Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1978). Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан. Көкшетау педагогика училищесін (1954), ҚазМУ-ды (1961) бітірген. 1961 жылдан Целиноград қаласындағы «Тың өлкесі» газетінде, 1966 жылдан «Коммунизм нұры» газетінде қызмет атқарған. * «Алғашқы ән» (1969), * «Тұлпардың дүбірі» (1971), * «Қайсар» (1979), * «Тайталас» (1987) әңгімелер жинағы, * «Нар тәуекел» (1975) романы, * «Берлинді алған батырлар» (1977), * «Қайнар бұлақ» (1984) прозалары жарық көрген. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * ХАСЕНОВ МӘДИ Мұрағатталған 1 сәуірдің 2013 жылы.
Хасенов Жармұхан Хасенұлы (1925 – 1985, Ақмола облысы) – педагог, агроном-ғалым. Целиноград педагогика институты мен Целиноград ауыл шаруашылық институтын, Жоғары партия мектебін бітірген. Донской кеңшарында партия ұйымдастырушысы, ауданы халық депутаттары кеңесінің 2- хатшысы, ауданы халық депутаттары кеңесі төрағасы қызметтерін атқарған. ## Дереккөздер
Ұланбел — Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы ауыл, Ұланбел ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Мойынқұм ауылынан батысқа қарай 154 км-дей жерде, Шу өзеннің төменгі сол жағалаулық аңғарында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1950-1997 жылдары асыл тұқымды қаракөл қойын өсіретін Шу кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1995 жылдан Ұланбелде және округке қарасты Кіші Қамқалы ауылында шаруа қожалықтары құрылған. ## Дереккөздер
Хрящевка — Ақмола облысы Атбасар ауданы, Ярослав ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Атбасар қаласынан оңтүстікке қарай 17 км, Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 227 км жерде орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1911 жылы қаланған. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Бастауыш мектеп, кітапхана, дүкен, пошта, клуб бар. Ең жақын темір жол станциясы – Атбасар (27 км). ## Дереккөздер
Чеботько Николай Сергеевич (1982 жылы туған, Щучинск қаласы) – спортшы, шаңғы спортынан спорт шебері (2001), халықаралық дәрежедегі спорт шебері (2003). ҚР жүлдесінің тұрақты иегері (1999 – 2002), ХХІ-дүниежүзлік универсиаданың жүлдегері (2003, Тарвизио қаласы, Италия), V-қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері (2003, Аомори қаласы, Жапония) ## Дереккөздер
Гилен Васильевич Цой (1920 жылы туған, Ресей, Владивосток қаласы) – ғалым, медицина ғылымының докторы, профессор, ҚР-ның еңбек сіңірген дәрігері, Астана қаласының Құрметті азаматы. ## Өмірбаяны * Қырым медицина институтын бітірген (1944). * 1947 жылы Ақмола облысы ауруханасында бас хирург болып жұмыс істеді. * Ақмола медицина академиясында кафедра меңгерушісі болып қызмет жасаған. ## Марапаттары * Октябрь революциясы * Еңбек Қызыл Ту * «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Цой Николай Петрович (1927 – 2006) – қызметкер. ҚР-ның еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері. Петропавл педагогика институтын бітірген. Еңбек жолын Келлер ауданы ауыл шаруашылық бөлімінде мал дәрігері болып бастаған. 1949 – 54 ж. Богодухов, Леонидов орталау мектептерінде оқу ісінің меңгерушісі, директоры, 1954 ж. Заря ұжымшарының төрағасы, 1960 ж. Щучинский кеңшарының директоры, 1968 ж. Зеленый Бор ауылында құс фабрикасының директоры, 1975 ж. Көкшетау құс ш. бірлестігінің бас директоры, 1988 ж. «Бурабай» агроөндірістік комбинатының бас директоры қызметтерін атқарған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Чепрасов Михаил Максимович 1924 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Целинный (қазіргі Ғ. Мүсірепов) ауданындағы Шалқар селосында туған. Ұжымшарда тракторшы болып істеген. 1942 жылдан Қызыл Армия қатарына алынған. Гвардия қатарындағы жауынгер Чепрасов Орталық майданның 13-­Әскерінде 75-­гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында 1943 жылдың 6 шілдесінде Курск облысы Поныров ауданы Поныр теміржол стансасы маңында болған шайқаста жаудың 4 танкін және ондаған солдаттар мен офицерлерінің көзін жойды. Осы ұрыста ол қаза тапты.КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 7 тамыздағы Жарлығымен Михаил Максимович Чепрасовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Поныров ауданындағы Ольховатка селосында жерленген. Алматы облысындағы Сарқант қаласында бір көше мен мектепке батырдың есімі берілген. ## Дереккөздер
Чекаев Ахметриза Гисметович (1937 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы Фурманов кенті) – ғалым, техника ғылымының кадидаты (1969), профессор (1988), ҚР білім беру ісінің еңбек сіңірген қызметкері (1991). Орал политех. институтының аспирантурасын бітірген (1967). Еңбек жолын 1959 ж. Қазақ Ауыл шаруашылығы академиясының Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болып бастаған. Кейіннен Қазақ КСР Мин. Кеңесінің су қорлары бойынша мемлекеттік комитетінің бөлімдерінде аға, бас инженері болып жұмыс істеді. 1967 – 88 ж. Целиноград инжинерлік-құрылыс институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі, ректордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1989 жылдан ректоры. Оның ұсынысымен институтта ғылыми-зерттеу секторы, студенттердің жобалау-құрастыру бюросы, есептеу және көбейту бөлімшелері, оқу-әдістемелік бірлестіктер, зертхана, ғылыми-әдістемелік кабинет, есептеу техникасы саласында біліктілікті жетілдіру курстары мен бірқатар жаңа кафедралар ашылды. 100-ден аса ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың, оның ішінде бірнеше өнертабыстардың, монографиялардың, 3 оқулықтың авторы. ## Дереккөздер
Чеботарев Василий Михайлович (1918, бұрынғы Көкшетау облысы Рузаев ауданы Гавриловка ауылы – 1944) – Кеңес Одағының батыры (1944). 1938 жылдан Кеңес армиясы қатарында. 1944 ж. Минск облысы Бобр ауылы маңындағы өткелді басып алу кезінде жауынгерлік тапсырманы орындау үшін жаудың тылына кіріп, қоршауда қалып, қаза табады. Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған. Рузаев ауылындағы бір көшеге, Гаврилов орта мектебіне Чеботарев есімі берілген. ## Дереккөздер
Жаппаберді Тілеубердіұлы (1895, қазіргі Арал аудандығы – 1936, сонда) – жырау. Жасынан жыраулығымен елге танылған. Ол Жәмет, Дәріғұл сынды жыраулармен Нұртуғанның жыршылар мектебінен дәріс алған. Нұртуғанның бірнеше қисса-дастандарын («Едіге», «Қарасай-Қази», «Қобыланды», т. б.) және Қарасақал Ерімбеттің, Кердері Әбубәкірдің өлең-толғауларын нақышына келтіре орындаған. Оның асыл мұрасын кейінгі ұрпақ насихаттауда. ## Дереккөздер Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Шайтантөбе – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы тау. Ақкөл қаласының солтүстігінде, Мамай көлінің оңтүстік-шығысында 10 км, Итемген көлінен солтүстік-шығысқа қарай 15 км, Астана қаласынан 160 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 393 м. Оңтүстіктен солтүстікке 2-2,5 км-ге, ені 1,5-2 км-ге созылған. Беткейі көлбеу, нашар тілімделген. ## Геологиялық құрылымы Элювиальді-делювиальді шөгінділерден түзілген жоғарғы девон граниттерімен көмкерілген. ## Өсімдігі Карбонатты қара топырағында боз, бетеге тектес өсімдіктер өскен. ## Дереккөздер
Шайдаров Зейнолла Мұхаметжанұлы (1933 жылы туған, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу ауылы) – қайраткер. Арғын тайпасының Қуандық руының Мойын-Қараша бөлімінен шыққан. Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтын бітірген (1955). Ақмола малдәрігерлік техникумында (1955 – 59), Қарағанды партия-кеңес мектебінде оқытушылық қызмет атқарған (1959). Ақмола облысы партия комитеті ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі (1966 – 69), Астрахан ауданының 2-хатшысы, Атбасар ауданы партия комитетінің 1-хатшысы (1969 – 72), Ақмола облысы партия комитетінің 2-хатшысы (1978), Ақмола облысы атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған (1983). Ленин, «Құрмет Белгісі», Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы ордендері, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Шалабаев Кенжеболат Нұртазаұлы (1921, Есіл ауданы Өрнек ауылы – 1976, Алматы қаласы) – қоғам қайраткері. 2-дүниежүзлік соғысқа қатысқан. 1941 – 47 ж. Кеңес армиясы қатарында майданда болған. Соғыстан кейін баспа сөз органдарында қызмет жасаған. Қазақстан КП ОК-нде теледидар және радио хабарларын тарату мемлекеттік комитетінің төрағасы, Абай атындағы опера және балет театрының директоры, «Қазақфильм» киностудиясында директордың орынбасары (1953 – 62) қызметтерін атқарған. Шалабаев қызмет жасаған кезде қазақ радиосы мен теледидарында корей, ұйғыр, неміс редакциялары ашылды. Шалабаев – Джон Ридтің «10 дней которые потрясли мир», Р. Гамзатовтың «Мой Дагестан» кітаптарын қазақ тіліне тәржімалаған. «Құрмет Белгісі» ордені, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Шайхыслямова Қазына Оқасқызы (1951 жылы туған, Қарағанды облысыРынки ауылы) – ғалым, педагогика ғылымының докторы (2004), профессор Халықаралық педагогика білім беру ғылым академиясының академигі Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы (2007). Қазақстан білім беру ісінің үздігі. Петропавл педагогика институтын бітірген (1975). 130-дан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде ғылыми-әдістемелік құралдардың («Мектептік білім беру тәжірибесіндегі экология мәселелері», «Суды тазартудың теориялық негіздері мен әдістері», «Жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде экологиялық мәдениет қалыптастырудың ғылымиәдіс-темелік негізі», «Химия сабағында модульдік технологияларды қолдана отырып, экологиялық білім беру», тағыда басқа авторы. Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталған. ## Дереккөздер
Мәлік Жаппасбаев (1914, қазіргі Сырдария ауданы– 1944) – сазгер, күйші, домбырашы, дирижер. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Бала кезінен домбыра тартып, ел арасына танымал болған. 1935 ж. Жаппасбаев Қазақ халық аспаптары оркестріне (1944 жылдан Құрманғазы атындындағы) концертмейстер қызметіне шақырылған. Сол қызметімен бірге Алматы филармониясында домбырашы, дирижер міндеттерін атқарған. Жаппасбаев шертпе күйлердің шебер орындаушысы ретінде халық жадында қалды. Ол өз жанынан «Қарағанды туралы ән», «Сәлем», «Жастық жыры», «Сұлу қыз», т.б. әндерін шығарған. ## Дереккөздер
Шайыхов Задаш Шайыхұлы (1934, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бидайық ауылы) – оториноларинголог-ғалым, медицина ғылымының докторы (1976), профессор (1980). Қарағанды медицина институтын бітірген (1957). Қарқаралы ауданы ауруханасында дәрігер-оториноларинголог (1957 – 1959), Дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында аспирант (1959 – 62), ассистент (1962 – 1967). 1982 жылдан Қарағанды медицина институтында оториноларингология кафедрасының меңгерушісі. Целиноград мемлекеттік медицина институтында оториноларингология кафедрасын құрушылардың бірі (1967 – 81), кафедра меңгерушісі, сонымен бірге институттың ғылыми істер жөніндегі проректоры (1971 – 78), облыстық ЛОР қоғамын ұйымдастырушы. 1975 жылдан оториноларингологтардың Бүкілодақтық мединицина қоғамы басқармасының мүшесі. Негізгі ғылыми еңбектерінің бағыты тамақ ісігін емдеу, естуді қалпына келтіретін құлақ микрохирургиясы мәселелеріне арналған. Ш. 12 өнертапқыштық ұсыныстардың авторы. ## Дереккөздер
Шамжанова Роза Шамжанқызы (1923 жылы туған, Еңбекшілдер ауданы №3 ауылы) – соғыс және еңбек ардагері, қоғам қайраткері. Арғын тайпасының Атығай руынан шыққан. Тарих ғылымының кадидаты ҚазКСР-на еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 2-дүниежүзлік соғысқа қатысқан. Бала кезінен мал шаруашылығын дамытуға атсалысып, мал жайып, бұзауларды бағуға көмектескен. 13 жасында Қазақстаннан барған делегация құрамында 1936 ж. Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық мал шаруашылығының озат жұмысшылары жиналысына қатысқан. 1942 ж. ҚазМУ-да оқып жүрген кезінде өз еркімен майданға аттанып 33-байланыс бөлімшесінде командир болған. Соғыстан кейін Мәскеу халықаралық қатынастар институтын бітірген. ҚазКСР ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтында ғылыми қызметкер, 1951 – 53 ж. Бүкілодақтық шет елдермен мәдени байланыс қоғамының Қазақ бөлімшесі өкілінің орынбасары болған. 20 жылдан астам уақыт Қазақ достастық және шет елдермен байланыс қоғамын басқарды. Шамжанова шет елдермен мәдени байланысты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан, Болгария, Моңғолия, Румыния, Чехословакия, Германия, тағыда басқа елдердің жоғары наградаларымен марапатталды. 1976 – 82 ж. Қазақ КСР Әлеум. қамсыздандыру министрінің орынбасары, 1982 ж. зейнеткерлік демалысқа шыққан соң Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұрағатының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген. «Құрмет Белгісі», екі мәрте Отан соғысы орденімен, Кеңес Одағының маршалы Г.К. Жуков атындағы медальмен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», 2-дүниежүзілік соғыс жеңісінің мерейтойлық медальдарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Шаңтөбе – Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы тау. Сандықтау ауданының батысында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 437 м. Оңтүстіктен шығысқа қарай ұзындығы 2 км-ге, ені 0,8 – 1,0 км-ге созылған. Беткейі көлбеу, кей жерінде жыныстары бетіне шығып жатыр. ## Геологиялық құрылымы Делювий-пролювийлі шөгінділерден түзілген ордовик жыныстарымен көмкерілген. ## Өсімдігі Карбонатты қара топырағында әр түрлі шөптесін өсімдіктер өскен. ## Дереккөздер
Шангин Иван Петрович (1783, Алтай өлкесі, Змеиногорск – 1822, Санкт-Петербург) – тау-кен инженері. Санкт-Петербург тау-кен училищесін бітірген (1802). 1816 ж. Батыс Сібір таулы-геологиялық экспедициясының құрамында Есіл даласын зерттеуге қатысқан. Оның экспедициялық жазбаларында Солтүстік Қазақстан мен Орталық Қазақстанның геологиясы, географиясы, гидрологиясы, метереологиясы, палеонтологиясы, археологиясы, флорасы, фаунасы, тарихы мен этнографиясы жөнінде мәліметтер бар. Сонымен қатар Қазақ даласына апаратын жолдар, экспедиция маршруттары, кен орындарының орналасуы, пайдалы қазбалардың орындары көрсетілген. ## Дереккөздер
Зейнолла Жарқынбаев (1914 ж. т., қазіргі Жалағаш аудандығы Мырзабай ахун а.) – қайраткер, журналист. Қазақстан коммунистік журналистік институтын бітірісімен, облыстық «Ленин жолы» газетінде жауапты хатшы болған. Жетіру тайпасы Керейіт руынан шыққан. 1940 – 44 ж. Қазалы, Сырдария аудандығы партия к-ттерінде хатшы, 1945 – 48 ж. «Социалистік Қазақстан» газетінде бөлім меңгерушісі болып, Мәскеудегі Жоғары партия мектебінде оқыды. 1948 – 56 ж. «Социалистік Қазақстан» газеті редакторының бірінші орынбасары, Шымкент (Оңтүстік Қазақстан) облысы партия к-тінде хатшы, «Ленин жолы» газетінде бас редактор, 1962 – 90 ж. Қызылорда облысы атқару к-ті төрағасының орынбасары, облысы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы қызметтерін атқарды. Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Шапауов Әліби Қабыкенұлы (1973 жылы туған, Уәлиханов ауданы Қаратал ауылы) – ғалым, филол. ғылымының кадидаты (2001), доцент (2003). ҚР Президентінің «Талантты және жас ғалымдар» мемлекеттік ғылыми сыйлық стипендиаты, Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы мемлекеттік грантының иегері (2008). Павлодар мемлекеттік педагогика институтын (1994), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің аспирантурасын (2000), Қарағанды заң академиясын (2007) бітірген. Павлодар мемлекеттік педагогика институтында оқытушы (1994 – 96), аспирант (1997 – 2000), аға оқытушы, доцент (2000 – 04), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ОӘО-ның мүшесі (2002 – 04). 2005 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі. Ш. «Рухнама» 50 томдық мәдени мұра республикалық жобасы редакциялық алқасының мүшесі және авторы. 90-ға жуық ғылыми еңбек пен рецензия жариялаған ## Дереккөздер
Хлебное — Ақмола облысы Сандықтау ауданы Барақпай ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесін 1954 жылы алғашқы тың игерушілер қалаған. Бұрынғы Хлебный ауылдық әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балкашино ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 110 км-дей жерде. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, клуб, медицина пункт, дүкендер, пошта байланысы бар. 2-дүниежүзлік соғыстың құрбандарына ескерткіш орнатылған. Ең жақын темір жол станциясы – Атбасар (70 км). ## Дереккөздер
Шал (Тілеуке) Құлекеұлы, Шал ақын (1748, бұрынғы Көкшетау облысы Азат темір жол бекеті – 1819, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағы) — қазақтың төкпе ақыны. Арғын тайпасы Атығай руы Бәйімбет бөлімінен шыққан. Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады («Ата-ананың кадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» тағы басқа).Шалдың енді бір алуан жырларында жас пен кәрі сипаттарынан тыс, моралдық, этикалық қатынастарда ұтымды бейнеленеді («Кәрілік туралы», «Жастықты көксегені», «Он бес деген жасым-ай», «Елу ердің жасы екен», «Жаманға дәулет бітсе ауа айналар», «Екі арыстан жабылса дәуді өлтірер», «Айтайын бір аз кеңес» тағы басқа)- Шал кезінде ел өмірінде елеулі орын алған айтыс-кағыстарға қатысып отырған. Бұлардан оның ұшқыр киялды тапқырлығы мен от ауызды, орақ тілді алғырлығы да мол көрінеді («Шал мен қыз», «Бәйбіше мен Шал», «Шал мен жігіт», «Шал мен келіншектер» тағы басқа). Бір топ жырлары «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962 ж.), «Үш ғасыр жырлайды» (1965 ж.), «Алдаспан» (1971 ж.), «ХV-ХVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982 ж.), «Бес ғасыр жырлайды» (1984 ж.) жинақтарына енді. Суырып салма ақындық таланты 15 жасында оны даңққа бөлеп, сол кездің өзінде халық Шал ақын ауылы (кәрі, дана) деп атаған. Оның шығармашылық таланты бүкіл Сарыарқаға кеңінен жайылды. Ақын адамгершілік үшін күресіп, қоғамдағы әділетсіздіктерді шындық тұрғысынан айтып, сынады. Оның «Шал мен дегдар қыз», «Шал мен Күлтімжан қыз», «Жігіт пен шал», «Шал мен кемпір» шағын айтыстары мен «Ата-ананың қадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» және басқа өлеңдері сақталған. Шал ақынның көптеген шығармалары, соның ішінде тарихи аңыздар мен әңгімелерге бай қазақ халқының шығу тегі жөніндегі эпикалық шығармасы сақталмаған. Шал ақынның белгілі өлеңдері 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап баспа бетінде жарық көрді, жеке шығармалары орыс тіліне аударылды. Есімі Солтүстік Қазақстан облысының аудандарының біріне берілген. Шал ақын қазақ халқының аса бір ерекше құндылығы - перзенті де сөз етіп, жырлайды, табиғат құбылыстарымен салыстырады: жер-боз, қой-қозы, ағаш-жапырақ, құс-жұмыртқа, тау-бұлақ, ешкі-лақ, көл жағады жасыл құрақ. Бұл табиғаттағы келісімділік адам өмірінде де болу керек екенін айтып, өзінің перзентсіз болғанын зарлы түрде жырлайды: "Бір жаратқан пенденмің,Перзент үшін жылаттың.Балалы арқар маңырайды,Баласыз арқар зарлайды,Балалыны көргендеЕкі көзім жайнайды,Ішім оттай қайнайды!" Тағы бір өленінде айтқаны: босағасын алтыннан соқсаң-дағы перзент сүймей адамның мейірі қанбас. (128б.).Ел болудың басты шарты – отбасында перзент болуы. Ел болу үшін қазақ дәстүрі бойынша отбасында баланың көптігі керек. Халық санын (қазақ санын) көбейту бүгінгі Қазақстанның демографиялық мәселесі.Ата-ана – қазақ халқының дәстүрлі құндылығы, ол түркі халықтарының қасиетті құнды жері – Мекке және Мединеге теңестіріледі: Ата менен ананды құрметтесең,Мекке болып табылар үйдің іші (128б).Жас ұрпақ ата-анасын тыңдап өссе, ел азбайды. Ұрпақ ұштастығы – халықтың дәстүрлі құндылығы. Шал ақынның бір сөзінде осы құндылықтың мазмұны былай ашылған: Жетесіз туған жігіттерЖиырма бесте жас болар. (130б)Жетесі жаман бозбалаТоқсандағы шалмен тең (138б) Бала - әкеге тірек болу керек деген дәстүрлі құндылық «Баласы жаман туғанның әкесін түйе үстінде ит қабар» деген сөздермен көрсетілген. ## Толығырақ Зерттеушiлердiң айтуы бойынша Шал ақынның тұңғыш өлеңi - «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң». Бұл өлеңдi ақын шығармашылығының басы деп жүр. Өлеңнiң шығу тарихы былай екен. Әйгiлi хан Құлеке батырдың бәйге алдын бермейтiн жүйрiк атын сұрап алып, кейiн қайтармай қояды. Бiрде Құлеке атын сұрауға барғанда баласы Шалды ертiп барады. Хан бала Шалдың көзiнше: «Iшi боқ, сырты түк сол мәстектi осыншама неге сұрай бересiң?» - деген сөз айтады. Таңертең ерте тұрған Шал ханның қойшыға сазға батып, отарға ере алмай қалған бiр қозыны арқалап алып кет дегенін естіп қалады. Шал кетерiнде хан екен деп қысылмай, өлеңдетiп, малжандылығын бетiне айтады. «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң,Болмайды қойға пана тал дегенiң.Таң ата жалаң аяқ тоқты арқалап,Хан ата, қалай екен мал дегенiң?Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кiшi,Бiреудiң хақын жемес жақсы кiсi.Тақтағы хан, топтағы бидi еңкейткен,Хан ата, қалай екен малдың күшi?» -дейдi.Сөзден ұтылған хан Құлеке батырдың бәйге атын қайтарып, оған қоса бір жылқы беріпті. Хан алдында айтылған бұл өлең ел iшiне тез тарап, Тiлеукенiң ақындық атын шығарған екен.Осыдан былай Шал ақындық жолға көшедi, дарынды суырып салма ақын болады. Оның суырып салмалық өнері осы жанрдың бейнесі болып табылады. Ол поэзиялық сөз жарыстардың шебері, көптеген айтыстарға қатысқан. («Шал ақынның қызбен айтысы», «Бәйбіше мен Шал ақынның айтысы», «Шал ақын мен жігіттің айтысы», т. б.).Ертерек дәуiрлерден қалыптасып, жалғасып келе жатқан ақындық дәстүрдi ХVШ ғасырда өмiр сүрген Тәтiқара, Көтеш ақындардан кейiнгi қазақ поэзиясын дамыта түседi. Оның бұл салада қосқан үлесi үлкен. Өлең термелерi, толғау тақпақтары сан жағынан мол, сапа жағынан мазмұнды, көркем және тақырыбы да кең. Шал ақын қазақ поэзиясындағы лирикалық өлең жанрын, өз замандастарымен салыстырғанда, жан-жақты толықтыра түсiп, көркемдiгiн арттырды. Бұл тұрғыдан алғанда оны толғауды көркемдiк шегiне жеткiзе бiлген Бұқар жыраумен ғана салыстыруға болады. Сондықтан да кейiнгi кезеңдерде өмiр сүрген ақындар Шал ақынды ұстаз тұтты.Шал ақынның өлең, жырлары кезiнде ел арасына кеңiнен таралған. Шалдың бiзге жеткен шығармалары негiзiнен әр жерде әр түрлi себептермен суырып салып айтқан шағын өлеңдерден тұрады. Терме-тақпақтары, нақыл сөздерi, сөз қағыстары да баршылық. Шалдың ұзақ эпикалық жырлар шығарғандығы, қазақ халқының шежiресiн өлеңмен жазғаны да Шоқан Уалихановтың еңбектерiнен белгiлi. Шал ақынның мұралары бізге толық жетпеген, жеткендерінің өзі бір жарым мың жол ғана.Адамның артықшылығы, жақсылығы көпке, туған елге пайдалы болуында деп қорытынды жасайды. Ашқарақ, сұғанақ, арызқой, пасық адамдар тобына да ақын қадала түседi. Өзiмшiл, күншiл пасықтарға жаны таза жақсы адамдардың адал ниеттi iзгi iстерiн қарсы қоя жырлап, бiрiнен жирендiрiп, екiншiсiнен үйренiп, үлгi-өнеге алуға үндейдi. Ол шығармаларын аяқ астына шығарып отырған. Ақын өзi өмiр сүрген дәуiрдiң өзектi мәселелерiн жырлаған. Өлеңдерiнiң көбi мақал-мәтелдерге, нақыл сөздерге, дiни ұғым сөздерге, бейнелi сөз тiркестерiне толы. Шал ақын - өз заманының беделдi ақыны. Оның өлеңдерi өз кезiнiң өзектi мәселелерiн көтерiп, халыққа адамгершiлiк ақыл-ғибрат бередi.Шал ақынның алғаш рет 1928 жылы «Жаңа әдебиет» журналының 5 санында бiр ғана өлеңi, 1958 жылғы 28-шi қарашада «Қазақ әдебиетi» газетiнде белгiлi қаламгер Ғалым Малдыбаев жариялаған сегiз өлең мен «Шал ақын кiм» мақаласы жарық көрді. Шал ақынның кейбір шығармаларын кезінде М.Хакімжанова, Ф.Ғабитова, А.Нұрқатов, тағы басқалар ақсақалдардың ауызша айтқандарынан хатқа түсірген. Шал ақынның бірнеше шығармасын, Қазақстаннан тыс жерде Хасен Шаяхметұлы Ғали атты түркi халықтарының тiлi мен әдебиетiнiң бiлгiрi, үлкен ғалым XX-ғасырдың басында жазып алған, оның қолжазбасы Қазан университетінің Н.Лабочевский атындағы ғылыми кітапханасында сақтаулы.Шал ақынның шығармалары негізінен 1960 жылдан басылып шыға бастады, сол кездері оның шығармалары туралы ғылыми-зерттеу мақалалары да жарияланды. «ХVІІ-ХIХ ғасырлардағы қазақ ақындары шығармалары» (1962), «Үш ғасыр жырлайды» (1985) басылымдарының алғы сөздерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор И.Дүйсенбаев Шал ақынның шығармаларын Бұхар жырау, Тәттіқара, Ақтамберді есімдерімен қатар қояды. Шал ақынның мұраларын әдебиеттанушылар - Х.Сүйеншәлиев, М.Мағауин, Г.Абетов, Ш.Елеукенов, Ә.Дербісәлин, Ө.Күмісбаев, тағы басқалар зерттеген. Шал ақынның шығармалары жоғарыда аталған басылымдардан басқа «Алдаспан» (1971), «ХV-ХVШ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1985-1989) жинақтарына енген. 1999 жылы Алматының «Дайк-Пресс» баспасынан «Шал Құлекеұлы» (Шығармалары. Зерттеулер) атты 364 беттiк көлемдi кiтап басылып шыққан болатын. Кiтаптың алғы сөзiн жазған филология ғылымдарының докторы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми жетекшiсi Жұмат Тiлеповтың айтуынша: «Шығармаларын үлкеннен кiшi, ұрпақтан ұрпақ жаттап, есiмi ғасырдан ғасырға өлмей жетiп отырған Шал Құлекеұлы туралы алғашқы жазба дерек Шоқан Уәлиханов еңбегiнде кездескенімен, ақынның бүкiл шығармашылық болмысын танытарлық туындыларының негiзiнен хатқа түсiп, зерттелiп қалың оқырманмен кеңiнен жүздесуi - соңғы 40-50 жылдың жүзi». Туғанына 250 жыл толған арқалы ақынның өз атымен тұңғыш рет жоғарыда аталған жинақ шықты. Жинақ негiзiнен үш бөлiмнен құралған. Соңғы шыққан «Шал ақын» («Арыс», 2003) басылымына Шал ақынның қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары, белгілі ғалымдардың ғылыми мақалалары енгізілген.1998 жылғы қазанның 25 күні Петропавл қаласында Шал ақынның 250-жыл толуы құрметіне Халықаралық ғылыми-теориялық конференция, қарашада Алматыда ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Шал Құлекеұлы және ақындық өнер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар өткізіліп, облыс орталығында, ақынның туған ауданында оның 250-жылдық мерейтойына арналған әртүрлi өнер сайыстары, айтыс, тағы басқа шаралар өткiзiлдi. 1999 жылғы желтоқсанның 14-де Елбасының Жарлығымен ақынның туған ауданы «Шал ақын ауданы» деп аталды. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Шал ақын ауданы * Абылай хан
Шаңтөбе — Ақмола облысы Степногорск қалалық әкімдігіне қарасты кент, Шаңтөбе кенттік әкімдігі орталығы. Іргесі 1956 жылы қаланған. ## Географиялық орны Степногорск қаласынан бастысқа қарай 251 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Кәсіпорындары Кентте кеніш кәсіпорны «Шаңтөбе» ЖШС, шұжық цехы, 2 наубайхана, жел диірмені, 3 дәмхана, 3 шаштараз, фотосалон, 2 дәріхана, ТЖО, қонақ үй, киім, аяқкиім тігу шеберханасы жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, балалар бақшасы, Жасөспірімдер мен балалар спорт мектебі, аурухана, балалар кітапханасы, музыка мектебінің бөлімшесі, мәдениет үйі бар. Ең жақын темір жол станциясы – Атбасар (96 км). ## Дереккөздер
Ұлпабас (лат. Eriophorum) – қияқөлеңдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Солт. жарты шардың салқын, қоңыржай аймақтары мен ішінара субтропиктік белдеулерінде кездесетін 20-ға жуық түрі бар. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жоңғар (Жетісу), Іле, Күнгей, Талас Алатауларының мүк және қияқөлең өскен батпақты жерлерінде, батпақты шабындықтар және қылқанжапырақты ормандардың сазға айналып кеткен жерлерінде өсетін 3 түрі кездеседі: * Таспа ұлпабасы * Әсем ұлпабас * Шейхцер ұлпабасы Биіктігі 10 — 80 см, көп сабақтығы Жапырақтары жіңішке, таспа тәрізді, үш қырлы. Гүлдері көп, қосжынысты, жұқа жаппа қылтандарының қолтығына бір-бірден орналасып, масақ құрайды. Төменгі жаппа қылтанында гүл болмайды. Гүлсерік қылтандары көп, кейде 6, жылтыр, жұмсақ жібек тәрізді, ақ не жирен түсті түктерден тұрады. Жемістенгенде жылдам өсіп үлкейеді де Ұлпабасқа айналады. Аталығы да, аналығы да — үшеу. Мамыр — шілде айларының аралығында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі үш қырлы. Ұ. өскен алқап аппақ немесе жирен түсті болып алыстан көрінеді, шымтезек түзеді. Ұлпабас — бұғы мен бұланның ерте көктемдегі құнарлы азығы; сабағымен су құстары қоректенеді. Жібек тәрізді ұлпаларын жұмсақ затты толтыруға, мақта мен жүнге қоспа ретінде пайдаланады. ## Тағы қараңыз * Биология * Өсімдік ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 9 том.
Ұлпан— терісі бағалы аңдардың және кейбір үй жануарларының етінен сылынып алынған жартылай немесе толық өңделген сыртқы тері жабыны. Бұл негізінен аң және мал шаруашылықтарының адам қажетіне жарататын өнімдерінің бірі болып саналады. Ұлпан көбінесе аң аулау арқылы, кейде арнайы қолда өсірілетін терісі бағалы аңдардан да алынады. Жыл маусымына байланысты қысқы Ұлпан және көктемгі Ұлпан өнімдері деп бөлінеді. Қыста дайындалатын Ұлпанға қысқы ұйқыға кетпейтін аң терілері (ілбіс, тиын, қасқыр, кәмшат, жұпартышқан, ақкіс, сусар, түлкі, бұлғын, т.б.) жатады. Ал кейбір терең індерде қыста ұйқыға кететін терісі бағалы аңдардың (борша тышқан, суыр, т.б.) Ұлпанын көктемде немесе жазда алады. Ұлпанның қасиетін түсіне, ондағы түктердің қалыңдығына, ұзындығына, жылтыр реңіне, жұмсақтығына, беріктігіне, тығыздығына қарап ажыратады. Ұлпанның құндылығын анықтауда оның мөлшері, жылу өткізгіштігі және салмағы да есепке алынады. Ұлпанның бағалы болуы — терісі бағалы аңның тіршілік жағдайларына (жер асты, құрлықта, суда, т.б.), таралу аймағына, жеке ерекшеліктеріне және жыл маусымдарына байланысты өзгеріп отырады. Әрбір аңның жеке ерекшеліктеріне Ұ-ның түсі, түгінің тығыздығы, ұзындығы және жұмсақтығы жатады. Аңдардың таралу ерекшеліктеріне қарай Ұ-ның түсі мен мөлшерінде де біршама айырмашылықтар болады. ## Мысалы Камчатка түлкісінің Ұлпаны үлкен, түгі тығыз әрі үлпілдек, түсі от жалынындай болса, Орта Азия түлкісінің Ұлпаны шағын, түгі онша тығыз емес және түгінің аздаған ірі қылшықтары болады, түсі де сұр не ақшыл-сарғыш келеді. Ұлпаны бағалы аңдарға теңіздерде тіршілік ететін теңіз мысығы мен итбалықтар да жатады. Ұлпаны бағалы аңдарды соңғы жылдары қолдан өсіруге ерекше көңіл бөлініп, аң ш. көптеген елдерде дамып келеді. Еуропада (Норвегия, Швеция, Финляндия), Солтүстік Америкада (Канада, АҚШ), Австралияда және Ресейде Ұлпан дайындау шаралары жүйелі түрде жолға қойылған. Қазақстанда Ұлпан дайындау ерте кезде тікелей аң аулау арқылы жүзеге асырылып отырған. Елімізде Ұ-ы бағалы аңдарға: бұлғын, борша тышқан, тиін, ондатр, суыр, т.б. жатады. Қазіргі кезде республикамызда үй қояндарының Ұлпанын дайындау едәуір жолға қойылған. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 9 том.
Майдакөл — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Ақжона ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен батысқа қарай 53 км жерде, Сырдарияның атырауындағы шөлді белдемде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1305 адам (673 ер адам және 632 әйел адам) болса, 2009 жылы 1162 адамды (610 ер адам және 552 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1973-1996 жылдары күріш өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Майдакөлде ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Қыдырқожа Майлықожаев (1920 жылы туған, Сырдария ауданы Шіркейлі ауылы) – соғыс және еңбек ардагері. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Соғыстан кейін «Шіркейлі» кеңшарында күріш өсіруші болып жұмыс істеді. Майлықожаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.Қ. ҚұдайбергеновМайлытоғай – Шиелі ауданындағы ауыл, Сұлутөбе ауылдық округі құрамында. Аудан орталығы – Шиелі кентінен солтүстік-батысқа қарай 66 км жерде, Орынбор – Ташкент темір жолы бойында орналасқан. Тұрғыны 0,8 мың адам (2005). Ауыл 1962 – 96 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Первомайский» кеңшары бөлімшесінің орталығы болған. Кеңшар негізінде Майлытоғайда ЖШС жұмыс істейді. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Мақан Жиенбайұлы, Алтын Мақан (шамамен 1870, Қармақшы ауданы Қараөзек өңірі – 1931, Семей қаласы) – қайраткер. Байұлы тайпасының Алтын руының Мәметек бөлімінен шыққан. Саудамен аты шығып, байыған. Орынбор, Үргеніш, Тройц, Бештау қалаларында сауда жүргізген. елді отырықшылыққа, мәдениетке ұмтылдырған. Қызылорда қаласында көптеген үйлер салған. 1908 жылы Алтын мен Табын руларының арасында үлкен жанжал туады. Осы жанжал Ақмешіттегі Мақан Жиенбайұлының 100 адамдық керуен сарайында шешімін табады. Ол 1928 жылы ірі байларды тәркілеу тізіміне ілініп, Семейге жер аударылады. Осында жүргенде қайтадан байып, түрмеге қамалып, сонда қайтыс болады. Бүгінде Мақан Жиенбайұлы салғызған үйлер тарихи және мәдени ескерткіш ретінде мемлекеттік қорғауға алынған. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
София Өтегенқызы Мақашева (1923, Қызылорда қаласы– 13.6.2006, сонда) – дәрігер. КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі. Душанбе медицина институтын (1948) бітірген. 1942 – 45 жылдары Қызылорда қаласы ішкі істер бөлімінде жұмыс істеген. 1948 – 52 жылдары Шиелі, кейіннен Сырдария ауданы денсаулық сақтау бөлімдерінің меңгерушісі, Қызылорда қаласындағы медициналық училищенің директоры, 1952 – 82 жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы. Мақашева Ленин орденімен, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Октябрь революциясы» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
«Мақпал – Сегіз» – ғашықтық дастан. Мақпал атты сұлу бойжеткеннің өнері асқан жігіт – Сегіз серіге ғашықтық хикаясы баяндалған оқиғаны бірнеше ақын жырға қосқан. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың 1-жартысында өмір сүрген Жанкісі жырау жырлаған «Сегіз сері мен Мақпал сұлу» дастанының аяқталмаған нұсқасын ауыз әдебиетін жинаушы Қ.Биғожин Жезқазған қаласының тұрғыны Д.Меңдіғалиевтен 1974 жылы жазып алған. «Мақпал – Сегіздің» басқа нұсқалары да осы Жанкісі нұсқасы негізінде тарағанға ұқсайды. Қызылордалық Сәрсенбай жыршы (1888 – 1961) бұл дастанды Базар жыраудан үйреніп, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Ә.Қайнарбаев одан жазып алған. Ол осы Сәрсенбай жырлаған «Мақпал – Сегіз» дастанының нұсқасын 1946 жылы ҚР ҰҒА ОҒК қорына тапсырған. Дастан 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған. ## Дереккөздер
Серік Мақпырұлы (15.1. 1944 жылы туған, Жалағаш ауданы Мақпалкөл ауылы) – әдебиеттанушы ғалым, әдіскер-педагог, филология ғылымдарының кандидаты (1976), профессор (1997), Қазақстан халық ағарту ісінің озық қызметкері (1992), Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері (2003), ҚазПИ-дің (ҚазҰПУ) филология факультетін (1969), аспирантурасын (1972) бітірген. 1972 жылдан осы университеттің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, филология факультеті деканының орынбасары, 1996 жылдан Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан жоғары мектебі – Высшая школа Казахстана» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы Бас редакторының орынбасары, «Ұлт тағылымы» ғылыми қосымшасының редакторы. С.Мұқанов шығармашылығын, әдебиет теориясы мен қазақ әдебиетін жоғары және орта мектептерде оқыту әдістемесі мәселелерін зерттеген. Мақпырұлы ондаған оқулық пен оқу құралдарының, әдістемелік талдау еңбектердің, 200-дей әдеби-сын, ғылыми-зерттеу оқу-әдістемелік, публицистикалық мақалалардың авторы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Елді мекен: * Мақпалкөл Темірбек Жүргенов ауылы болып өзгерді – Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл. Көл: * Мақпалкөл – Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы көл.
Қойшыбек Ысқақұлы Мамақов (1945 – 19.8.1992) – суретші,Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі (1970). Алматы өнер училищесін бітірген (1968). Мамақов өз шығармаларында белгілі бір ойды қорыта отырып, әсемдік пен күшті айқындауға, туған жер табиғатын бейнелеуге ұмтылды. «Амангелді отряды», «Ғани Мұратбаев», «Қызылдар келді» атты шығармалары жеке тарихи тұлғаларға арналса, «Қыз қуу», «Көкпар», «Бәйге» сияқты суреттері ұлттық нақышпен салынған. Оның еңбектері халықтың өткен өмірі мен тарихи жағдайларды байланыстыра отырып суреттейді. Туындыларында көбіне бояулар бірте-бірте өзгеріп әр түрлі рең беріп тұрады. Жұмыстары музейлерде, жеке жинақшылардың иелігінде сақтаулы. ## Дереккөздер
Мақтұм Сейіт Баба (1590 – 1663) – әулие, ислам дінін уағыздаушы, шарапатты кісі. Әзіреті Әлиден тараған Сейіт қожаларының 43-ұрпағы. Мазары қазіргі Сырдария ауданының Шаған агрофирмасының солтүстік батысында, Сырдария өзенінің жағасында. Мақтұм Сейіт Баба кезінде мешіт ұстап, елдің діни сауатын ашқан, ғаріп-қасірлерге қамқоршы болған. Оның ұрпақтарынан Қазан төңкерісіне дейін мешіт ұстаған, имамдық еткен 20-ға жуық ишан шыққан, 3 ұрпағы қажы атанған. Ертеректе салынып тоза бастаған күмбез үйі бабаның 7-ұрпағы Смағұл қожаға берілген аян бойынша 1927 қайта көтерілген. Күмбезді өрген Нұрпейіс ұста. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Дүйсенбай Мақанов – колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі, еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1958). 1909 жылы бұрынғы Целиноград облысы, Целиноград ауданы, Егінді ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1928 жылы ұжымшарға мүше болып кіреді. * 1931-1942 жылдары Алматы облысы, Октябрь кеңшарында админ қызметте болған. * 1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында, майданда болады. * 1946-1961 жылдары қой өсіретін Қазалы кеңшарының басшысы болады. * 1961 жылыдан Алматы облысы, Бұлақты кеңшарына басшылық етеді. ## Марапттары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1958) ## Дереккөздер
Мансұр мен Дәмеқыз айтысы – қазақ сөз өнері тарихындағы әдеби байланыс мұраларының бірі. Дәме Тобағабылқызы 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың бас кезінде қарақалпақ халқына танымал ақын болған. Айтыс 1910 жылы Қарақалпақстандағы Сарыбел деген жердегі үлкен тойда өткен. Екі ақынның бұл сөз сайысын М.Бекежанов кейін айтыс-дастан үлгісімен жазып шыққаны аңғарылады. Себебі, айтыстың тұтас құрылымында осы айтыстың тарихын, тойдың өткен уақытын, елдің жайын баяндайтын оқиғалар қамтылған. Айтыстың алғашқы бөлімінде қазақ пен қарақалпақ халықтарының шектес қоныстары (Қызылқұм, Қарақұм, Жаңадария, т.б.) мен Дәмелі қыздың кескін-келбеті жырланады. Екі ақын Сыр бойы қазақтарының отырықшылық, егіншілік кәсіптері мен қарақалпақ халқының тұрмыс-тіршілік салттарын сөз етеді. Айтыс мәтіні «Айтыс» (1942, 1964) жинағында және Н.Бекежановтың жинақтарында (1956, 1982) жарияланды. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Өркен Қабыкенқызы Мамақова (1953 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауылы) – суретші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі (1985). Алматы өнер училищесін бітірген (1970). 2003 жылдан Қазақстан суретшілер Одағының Қызылорда облысы бөлімшесін басқарады. Шығармашылық қызметінде көптеген майлы бояумен салынған картиналарды, сәнді ұлттық киімдерді дүниеге келтірді. Мамақова өз шығармаларында табиғат көріністерін, ауылдың тыныс-тіршілігін, Арал мен Бөген, Қаратау жоталарын бейнелеген. Алматы қаласында өткен іскер әйелдер форумында «Қанатты әйел» атағын иеленген (2000). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Мұстафа Матаев (13.05.1933 жылы туған, Қазалы қаласы – 16.04.2017 жылы қайтыс болған, Қызылорда қаласы) – философ-ғалым, философия ғылымдарының кандидаты (1967 ж.), профессор (1995 ж.), «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2003 ж.), ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті академигі (1996 ж.), Халықараралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының толық мүшесі (2005 ж.). ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) философия факультетін (1955 ж.), КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын (1967) бітірген. Еңбек жолын Қазалы ауыл шаруашылық техникумында оқытушылықтан бастаған. 1961 – 64, 1967 – 69 жылдары Қазақстан КП Қызылорда обкомының лекторлар тобының жетекшісі қызметін атқарды. 1969 жылдан Қызылорда педагогикалық институтында(қазіргі Қызылорда университеті) философия кафедрасының меңгеушісі (1969–1980 жж.), филология факультетінің деканы (1980–1992 жж.), Құқықтану кафедрасының меңгерушісі (1992–2002 жж.) қызметтерін атқарған. 2002 жылдан осы кафедраның профессоры, құрметті меңгерушісі болған. Матаев 60-тан астам ғылыми, әдістемелік еңбектің, сондай-ақ 5 кітаптың авторы. «Ерен еңбегі үшін», т.б. медальдармен, «Ы.Алтынсарин», «ҚР-ның ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған. Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі мектепке есімі беріліп, ескерткіш бюст орнатылған (2022 ж.). Қызылорда қаласының (2009 ж.), Қазалы ауданының (2011 ж.) құрметті азаматы. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Жақыпбек Махамбетов (1912, жылы туған, Сырдария ауданы) – 2-дүниежүзілік соғыс ардагері, Кеңес Одағының Батыры (22.2.1944). 1943 жылы ақпанда Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1943 жылы қазан айында Днепр үшін болған шайқаста пулеметші Махамбетов асқан ерлік үлгісін көрсетті. Немістің ірі калибрлі зеңбірегін, бір танкісі мен үш автокөлігін жойып жіберіп, 90-ға тарта жаудың көзін құртты. Соғыстан кейін Сырдария, Тереңөзек аудандарында ұжымшар, ауылдық кеңес төрағасы, кеңшар бөлімшесінің басқарушысы болып қызмет атқарды. ## Дереккөздер
Өмірбек Марсалиев (20.10.1946 жылы туған, Жаңақорған кенті) – сазгер-әнші. Қызылорда педагогикалық институтытын (Қорқыт Ата атындағы мемлекттік университеті) бітірген (1969). 1972 жылдан Әлшекей атындағы өнер мектебінде мұғалім, директордың орынбасары, директоры қызметтерін атқарып келеді. Марсалиевтың 50-ден аса әні бар. Олардың ішінде «Аталар даңқы», «Ұстазым» (сөзі Р.Әділбековтікі), «Жаңақорған вальсі» (сөзі А.Сопыбековтікі), «Ән-ғұмыр» (сөзі Ә.Өтебаевтікі), «Ұмытпаңдар» (сөзі М.Көкеновтікі), «Аңсау» (сөзі Б.Тәжібаевтікі), «Кешегі арман он жеті» (сөзі З.Елғондиеванікі), т.б. әндері жұртшылыққа кеңінен танымал. Бірқатар әндері «Ауыл кеші көңілді» және «Жастық шақ әуендері» ән жинақтарына енген. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім үздігі» белгісімен, Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауының алтын, күміс жүлделерімен марапатталған. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Махамбетов — Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Ақсуат ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2386 адам (1215 ер адам және 1171 әйел адам) болса, 2009 жылы 3780 адамды (1957 ер адам және 1823 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1934 жылы құрылған Жасқайрат, Жаңатұрмыс, Киров, Қызылорақ, Қызылқұм, Қарақожа, Батпаққара ұжымдық шаруашылықтары негізінде 1950 жылы ұжымшар болып қайта құрылды. 1972 жылдан ұжымшар көкөніс және сүт өндіреді. 1997 жылдан ауылда бидай, күріш, көкөніс өсіретін бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауылға 1994 жылы осы өңірден шыққан Кеңес Одағының Батыры Ж.Махамбетовтың есімі берілді. ## Дереккөздер
Қуаныш Мәдібекұлы Маханбет (1955 жылы туған, Сырдария ауданы Амангелді ауылы) – журналист. ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1982). Еңбек жолын 1982 жылы Торғай облысы «Торғай таңы» газетінен бастап, 1983 – 87 жылы Торғай облысы Қима ауданы «Дала таңы» – «Степная заря» газеті редакторының орынбасары, редакторы қызметтерін атқарған. 1987 – 88 жылдары Қызылорда облысы «Ленин жолы» газетінде тілші, 1988 – 91 жылы Қызылорда облыстық партия комитетінде идеология бөлімінде кеңесші, сектор меңгерушісі, бөлім бастығының орынбасары, 1991 – 96 жылдары облыстық кеңестің, облыстық әкімшіліктің бұқаралық ақпарат және қоғамдық келісім бөлімінің меңгерушісі, облыс әкімі, баспасөз қызметінің басшысы қызметтерін атқарған. 1996 жылдан Қызылорда «Полиграфия» өндірістік бірлестігінің бас директоры, «Қызылордаполиграфия» ААҚ-ның президенті. Маханбет «Сыр өңірі тарихы», «Сыр елі: бетбұрыс белесінде («Земля Сыра: шаг к развитию)», «Мемлекеттік идеология», «Қызылорда облысы» («Кызылординская область») кітаптарының, «Қазақфильм» киностудиясы шығарған «Сыр өңірі» («Земля Сыря») атты публицистикалық деректі фильмнің авторы. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығын алған. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Тұрғанбай Маханов (27.03. 1939 жылы туған, Сырдария ауданы, Бірқазан ауылы) – дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты (1973 ж.). Ақтөбе медицина институтын бітірген (1963 ж.). Еңбек жолын Жалағаш ауданындағы орталық ауруханада дәрігер-хирург болып бастаған. 1965 – 1976 жылдары облыстық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, облыстық аурухананың травматология бөлімшесінің травматологі, 1976 – 1998 жылдары облыстық аурухананың бас дәрігері, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, Облыстық медицина орталығының директоры (1998 – 2003 жж.) қызметтерін атқарған. Облыстық медицина орталығының «Құрметті директоры» (2005 ж.). Оның бастамасымен облыстық диагностикалық орталық салынған (1992 ж.). Маханов 30-дан астам ғылыми жұмыстың, 1 монографияның, 8 кітаптың авторы. Оның басшылығымен облыс және ҚР дәрігерлерінің 5 ғылыми жинағы жарық көрді. Бірнеше рет қалалық және облыстық Кеңестің депутаты, КСРО халық депутаты (1989 ж.) болып сайланды. «Құрмет белгісі» (1971 ж.), «Халықтар достығы» (1981 ж.), "Құрмет" (2002 ж.) ордендерімен, медальдармен, "КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі" (1968 ж.), "Қазақ КСР-інің еңбек сің. дәрігері" (1982 ж.), "Облыстың құрметті қайраткері" белгілерімен марапатталған.Қызылорда облысының (2007 ж.), Жалағаш ауданының (2007 ж.) құрметті азаматы. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Майжарма каналы – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы Тереңөзек ауылының ортасымен ағады. 1939 – 40 жылдары салынған. ## Гидрологиялық сипаты Ұзындығы 20 км. Бастауын Сырдария өзенінен алып, бірнеше тармақтарға бөлінеді. Тереңдігі 2 м, 1 – 6 м. Канал суы Тереңөзек ауылының шаруашылықтарына және егістік алқаптарды суару үшін пайдаланылады. Майжарма каналының сызбасын жасап, қазу жұмыстарын гидротехник С.Бедебеков басқарған. ## Дереккөздер
Мәдениет каналы – Сырдарияның сол аңғарында орналасқан. Қызылжарма ауылы тұсынан солға бөлінетін канал, 1961 жылы салынған. ## Гидрологиялық сипаты Су өткізгіштігі 44 м3/с, ұзындығы 87,2 км, бойындағы гидротехникалық құрылыстардың жалпы саны 44. Канал суы Мәдениет ауылының 27872 га егістігін, бау-бақшасын және шабындық жерлерін суғарады және суландырады. Бұдан басқа 899-бекет жанында, Қызылжарма ауылы тұсында ұзындығы 384,7 км, су өткізгіштігі 226 м2/с болатын сол жағалық үлкен канал бар. ## Дереккөздер
Абдул-Хамид Мархабаев (18.04. 1938 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ауан ауылы) - қазақ жазушысы. 2014 жылы қайтыс болды[дереккөзі?]. Мархабаев Абдул-Хамид 1938 жылы 18 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ауан ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (журналистика бөлімі) бітірген. «Білім және еңбек» («Зерде) журналының әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі (1964–1967), Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің ассистенті, аға мұғалімі, доценті (1967–1976), «Білім және еңбек» журналының бас редакторы (1976–1985), «Жаңа фильм» журналының аға редакторы, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті Бас редакциясының аға редакторы (1981–1982), Қазақ орталық мұражайының баспа-редакция секторының аға редакторы, сектор меңгерушісі (1985–1987) болып істеген. Көп жылдан бері ҚазМҰУ-да ұстаздық қызметте. Филология ғылымдарының кандидаты (1972), докторы (2001), журналистика факультетінің доценті (1975), профессоры (1997). 1959 жылдан республикалық басылымдарда ғылыми-фантастикалық жанр саласындағы әңгіме-повестері шыға бастады. «Ғарыштағы қымыз» атты тұңғыш жинағынан (1972) бастап, «Арал әуендері» (1980), «Балалардың аман қалғанын айт!» (1997), «Аспанға құлады да кетті» (1997), «Жарылқаушы…» (1998), «Тосын ғарышхат» (1998), «Шортан планетасы, сен кінәлісің!» (2008), «Қызық қиял» (2008), т.б. ондаған көркем шығармалары жеке кітап болып шықты. Жеке туындылары «Қызыл сәуле» (1962), «Байқоңыр шоқ жұлдызы» (1979), «От-тас» (1981), «Жерұйыққа саяхат» (1984), «Отанымыздың тәуелсіздігіне тарту» (2006) және де басқа бірқатар жинақтарға енген. Кейбір шығармаларын орыс тілінде «Молодая гвардия» баспасының жыл сайынғы «Фантастика» жинағы, украин тілінде «Молодь» баспасы, молдован тілінде «Литература артистикэ» баспасы басып шығарды. Фантастика жанрының табиғаты мен теориялық ерекшеліктерін айқындайтын фантастикатану хақында «Қолыңды әкел, Келешек. Қазақ фантастикасы: кеше, бүгін және…» (1978), «Қазақ фантастикалық әдебиеті. Жылнамалау, қарастыру, топтастыру, даралау, қисындау, дәйектеу» (1998), «Қазақ фантастикасының поэтикасы» (2008) атты монографиялары, «Ислам–Ғылым–Журналистика» оқулығы жарық көрді. Аударма саласында шыққан еңбектері: әзірбайжан қаламгері Х.Ғасылованың «Жайлы мекен» (1974), В.Михановскийдің «Шексіздікке шеру» (1990), «Фантастикалық Америка әфсаналары» (2007). ## Еңбек жолы 1964 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің (журналистика бөлімі) бітірген. «Білім және еңбек» («Зерде) журналының әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі (1964-1967), Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің ассистенті, аға мұғалімі, доценті (1967-1976), «Білім және еңбек» журналының бас редакторы (1976-1985), «Жаңа фильм» журналының аға редакторы, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті Бас редакциясының аға редакторы (1981-1982), Қазақ орталық мұражайының баспа-редакция секторының аға редакторы, сектор меңгерушісі (1985-1987) болып істеген. Көп жылдан бері ҚазМҰУ-да ұстаздық қызметте. Филология ғылымдарының кандидаты (1972), докторы (2001), журналистика факультетінің доценті (1975), профессоры (1997). 1959 жылдан республикалық басылымдарда ғылыми-фантастикалық жанр саласында әңгіме-повестер жаза бастады. ## Шығармалары « Ғарыштағы қымыз» атты тұңғыш жинағынан (1972) бастап, «Арал әуендері» (1980), «Балалардың аман қалғанын айт!» (1997), «Аспанға құлады да кетті» (1997), «Жарылқаушы...» (1998), «Тосын ғарышхат» (1998), «Шортан планетасы, сен кінәлісің!» (2008), «Қызық қиял» (2008), т.б. ондаған көркем шығармалары жеке кітап болып шықты. Жеке туындылары «Қызыл сәуле» (1962), «Байқоңыр шоқ жұлдызы» (1979), «Оттас» (1981), «Жерұйыққа саяхат» (1984), «Отанымыздың тәуелсіздігін тарту» (2006) және де басқа бірқатар жинақтарға енген. Кейбір шығармалары орыс тілінде «Молодая гвардия» баспасының жыл сайын «Фантастика» жинағы, украин тілінде «Молодь» баспасы, молдован тілінде «Литература артистикэ» баспасы басып шығарды Фантастика жанрының табиғаты мен теориялық ерекшеліктерін айқындайтын фантастикатану хақында «Қолыңды әкел, Келешек. Қазақ фантастикасы: кеше, бүгін және...» (1978), «Қазақ фантастикалық әдебиеті. Жылнамалау, қарастыру, топтастыру, даралау, қисындау, дәйектеу» (1998), «Қазақ фантастикасының поэтикасы» (2008) атты монографиялары, «Ислам — Ғылым — Журналистика» оқулығы жарық көрді. Аударма саласында шыққан еңбектер!: әзірбайжан қаламгері Х.Ғасылованың «Жайлы мекен» (1974), В.Михановскийдің «Шексіздікке шеру» (1990), «Фантастикалық Америка әфсаналары» (2007). ## Дереккөздер
Айса Маханбетов (1917, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы 15-ауыл – 1989) – қайраткер. Қазақстанға еңбегі сіңген зоотехник (1965) 1938 – 40 жылдары Ашғабад ауыл шаруашылық институтында оқыды. 1940 жылы әскер қатарына шақырылып, одан әрі 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1945 – 51 жылдары аралығында Түрікменстандағы «Красное Знамя» кеңшарында бас зоотехник болды. 1951 – 60 жылдан Шымкент қаласындағы «Қазсовхоз қаракөлтресінің» бас зоотехнигі, трест директорының орынбасары қызметінде болды. 1960 жылы Қызылорда облысы Кеңесі төрағасының орынбасары, облыстық партия комитеті ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, 1971 – 78 жылдары осы облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы болды. 1973 жылы қаракөл қойының жаңа тұқымының авторы. 1978 жылы республикалық дәрежедегі зейнеткерлікке шықты. Маханбетов Ұлы Отан соғысының бірнеше орден, медальдарымен марапатталған. 1956 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» грамотасымен, 1963 және 1966 жылдары екі рет «Құрмет белгісі», 1971, 1973 жылы Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Мәдіқожа (Диуана) – әулие. 17 ғасырдада Сыр өңірінде өмір сүрген оқымысты, көріпкел әулие, керемет иесі болған жан. Белгілі шежіреші Ләтиф Әбдіқайымұлының деректері бойынша Мәдіқожа Түркістан өлкесіндегі Қожа Ахмет Иасауиден кейінгі екінші тұлға. Ол кісінің кереметі Киік, Бүркіт, Жолбарыс бейнесінде болған. 10 мың қолмен Жоңғар қалмақтарын бастап Балқаш пен Қаратауды, Түркістан, Сайрам, Ташкентті басып алған жоңғар хандығының билеушісі Қалдан Серенді тоқтатып, кереметімен қазақ жерін баспайтындай етіп, бетін қайтарған.Мәдіқожа бабаның Мәді (Махди) деген атпен бізге жетуінде де бабаның даңқын арттыра түскен үлкен тарихи сыр жатқандай. Бұл сөз араб тілінде – жарылқаушы, құтқарушы деген мағына береді. Ол кейбір діни ағымдарда «жасырын имам» (көрінбейтін имам) деген ұғымды беріп, ақыр заманның алдында қайта шығып, елде теңдік, шындық орнататын тұлға ретінде, кейін «махдизм» деген ілімге айналған. Сондықтан бабамыздың Мәді деп аталуы – оның халықты ұлы да игі істерге бастайтын тарихи тұлға болуымен дәлелденеді. Нұралы Өсерұлының, Мұхамеджан Тынышбаевтың, Қазақстан ҰҒА жанындағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші қызметкері И.К. Ерофееваның ғылыми-зерттеу еңбектерінде Мәдіқожа туралы деректер бар. Мәдіқожадан (Диуана) Қожжан, Қылыш, Пірзада, Бақмұхаммед атты ұлдары тарайды. (Диуана) Бабаның ұрпақтары Сырдария ауданының Жетікөл елді мекенінде Мәдіқожаға арнап ескерткіш пен мешіт ашты. ## Сілтемелер * "Сыр елі энциклопедиясы"
Әмір Мәжитов (22.4.1937, Жаңақорған ауданы Тоқтамыс ауылы – 14.3.1993, сонда) – режиссер, драматург, ақын, әнші. Ташкенттегі ауыл шаруашылық институтын, Қызылорда пед. ин-тын (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) сырттай бітірген. М. Әуезовтің «Айман-Шолпан» пьесасында Арыстан, «Қаракөзде» Сырым рөлдерін ойнаған. Кейінгі жылдары Жаңақорған және Бірлік театрларының режиссері болып, М. Әуезовтің «Еңілік-Кебек», Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Қ. Мұхамеджановтың «Құдағи келіпті», «Өзіме де сол керек», «Бөлтірік бөрік астында», О. Бодықовтың «Қарақұм трагедиясын» сахналаған. Мәжитовтың азапты жылдардағы ауыл өмірін суреттейтін «Бір үзім нан», М. Көкенов жайындағы «Бәйтерек», т.б. пьесалары, 2-3 дастан, өлеңдері бар. ## Тәушен Әбуова туралы Фильм 2008- — «Әмір Мәжитов - Жаңакорғанан» режиссері: Қ.Умаров Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: ИП Умаров К. Н. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Рахмет Мәзқожаев (1881, қазіргі Сырдария ауданы Амангелді ауылы – 23.9.1976, сонда) – халық ақыны. Ұзақ жылдар бойы ұжымшарда өндіріс бригадирі болып істеген. Н.Бекежанов басқарған концерттік-эстрадалық бригада құрамында өнерін көрсетті. Соғыстан кейінгі жылдарда облыстық, республикалық айтыстарда Е.Қандековпен, Ә.Жүргенбаевпен, Ө.Жайлауовпен өнер сайысына түсті. Бірнеше жыр-дастан, терме-толғауларды жырлап, насихаттаған. Мәзқожаевтың «Қойдың арызы», «Қызыл сиырдың арызы», «Малдарды шақыру», «Сырдария сағасы» деген өлеңдері «Пернедегі термелер» (1965), Ө.Жайлауовпен айтысы «Айтыс» (3-т. 1966) жинақтарында жарияланған. Бүкіл түркі халқына кең тараған «Көрұғлы» дастаны (1973) Мәзқожаевтың нұсқасы бойынша жеке кітап болып басылды. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Махмұт Ишан Нығаметұлы (1894 , Жаңақорған ауданы– 1982, Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылы) – діндар ғұлама, Айқожа ишанның шөбересі. Бұхара медресесін бітіріп, көздерінен сусындатқан ол елге келіп, имандылықты насихаттаған. Мешіт ашып, шәкірт тәрбиелеген. Жеке басының қасиеттілігі мен білімділігінің арқасында халық алдында зор беделге ие болған. Жергілікті жұртшылықпен қатар даңқын естіп, ілімін мойындаған Өзбекстан, Тәжікстандағы діндар қауым оны өздеріне ұстаз, пір тұтқан. Кеңес өкіметі тұсында өзге республикалардан іздеп келген діндарлар Махмұт ишанның үйіне ғаріп-қасір, момын жандар ретінде жылдап жатып, ілім үйренген. Кеңес өкіметінің қуғын-сүргініне ұшыраған. 1933 жылы Сібірге айдалып, 1951 жылы ғана елге оралған. Ол намаз оқып, дұға қылған шақта түрме есігі ашылып тұратындығы жайлы ресми орындардың деректері сақталған. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Оспан Мәлібаев (1899, қазіргі Сырдария ауданы О. Мәлібаев ауылы– 1984, сонда) – еңбек ардагері. 1920 – 25 жылы Ташкент, Бұхара қалаларында жұмыс істеп, Қызыл Армия қатарында болған. 1925 – 57 жылдары Сырдария ауданы «Қызыл диқан» ұжымшарында жұмысшы, бригадир, ферма меңгерушісі, 1957 – 63 жылдары ұжымшар, кеңшар төрағасы қызметтерін атқарды. Мәлібаев басқарған ұжымшар бірнеше мәрте Бүкілодақтық халық шаруашылық көрмелеріне қатысып, жүлде алды. Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Ұлы Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. 1992 жылы 30 қазанда кезінде ол басқарған шаруашылыққа Мәлібаев есімі берілді. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Әнел Әбдірасылқызы Мәмбеева (15.5.1922, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы) – кәсіби аурулар саласындағы ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1976). Қазақ медициналық институтын (ҚазҰМУ) бітірген (1943). 1944 жылдан КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің (Қазақстан ғылым академиясы) Өлкелік патология институтында аспирант, аға ғылыми қызметкер, 1974 – 78 жылдары КСРО Медицина ғылым академиясының Тағам институты Қазақ бөлімінде аға ғылыми қызметкер болған. Мәмбеева қорғасынның ішек-қарынға, оның жиырылу, сіңіру, фермент әсерінен ыдырату қабілетіне тигізетін әсерін зерттеп, ол процестердің механизмін ашқан. ## Сілтемелер * "Сыр елі энциклопедиясы"
Сейітқали Меңдешұлы Меңдешев (16.6.1882 жыл, бұрынғы Ішкі Орданың Қалмақ – Шағыл ауылы – 25.02.1937 жыл, Алматы) – қоғам және мемлекет қайраткері. Қалмақ төлеңгіт руынан шыққан. * 1903 жылы Қазан мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін 13 жыл мұғалім болған. * Бірінші орыс революциясы тұсында өңірдегі зиялы қауым өкілдерінен құрылған астыртын ұйымның жетекшісі болып, ағартушылық бағыттағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен айналысты. * 1916 жылы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қатысқаны үшін тұтқынға алынып, Астрахань түрмесіне қамалды. * 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Ішкі Орда қазақтарының өзін-өзі басқару ұйымдарын құруға атсалысты. * 1918 жылы Кеңестердің Бөкей губерниясы съезінде губерния атқару комитетінің мүшесі болып сайланды. * 1919 жылы шілдеде қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери ревкомның мүшесі және оның төрағасының орынбасары болды. * 1920 – 1925 жылдары Қазақ АКСР ОАК-інің төрағасы қызметінде жүріп ашаршылыққа қарсы күресті басқарды, * 1921 жылы Қазақстанның солтүстік аймақтарын, * 1924 жылы Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақ АКСР-іне қосуда үлкен қажыр-қайрат көрсетті. Патша өкіметі кезінде қоныс аударушыларға тартып әперілген шұрайлы жерлерді қазақтарға қайтару керектігі жөнінде мәселе көтерді. Алаш қозғалысы қайраткерлерімен кеңестік билік ымыраға келмеуі керек деп есептеді. * 1925 – 1926 жылдары Қазақстан тұтынушылар одағының төрағасы. * 1926 – 1930 жылдары РКФСР экономикалық кеңесінің мүшесі. * 1930 – 1937 жылдары Қазақ АКСР оқу-ағарту халық комиссары, Қазақ АКСР ХКК жанындағы ғылым жөніндегі комитеттің төрағасы, Қазақ АКСР ХКК жанындағы қорықтар мен тарихи ескерткіштерді қорғау басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. * Саяси қайраткер ретінде БК(б)П 10 – 16-съездерінің, Коминтерннің 5-конгресінің делегаты; * КСРО БОАК-інің ұлт республикаларында жер пайдалану мәселесін шешу жөніндегі комиссияның және конституциялық комиссияның мүшесі (1925 – 26); * КСРО БОАК-інің Чувашия кеңестерінің кезекті сайлауын өткізу жөніндегі өкілі (1928 – 1929) болды. * 1921 – 26 жылдары РК(б)П Қазоблбюросының, РК(б)П ОК Қазақ бюросының, РК(б)П Қазақ обкомының мүшесі болды. * 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырады. Ол мәдени-әлеуметтік салаға әсіресе республикадағы оқу-ағарту ісінің дамуына ерекше көңіл бөлді. ## Есте сақтау * Жаңақала ауданындағы орта мектептің бірі * Алматының бір көшесі Меңдешев есімімен аталады. ## Дереккөздер
Меңей Мәлібайұлы (1750, Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылы – 1850, сонда) – батыр. Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан. 1894 жылы Ресейде шыққан және одан кейін карталарда Меңей атты жер атауы көрсетілген. Левшиннің жазбаларында орыс энциклопедиясының жүру бағытын айтқанда да осы Меңей батыр аты кездеседі. Белгілі ақын Т. Ізтілеуов «Ел қамын жеген ерлер» атты толғауында Меңей батыр жайлы айтылады. Шежіре: Меңей-Мәлібай-Тасболат-Досай-Нұртазалы-Зарлық-Торыбай-Бозғыл-Шомекей ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Адам Мекебаев (19.4.1940, Ақжар ауылы, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы - 8 қыркүйек, 2014 ж., Алматы) – жазушы. ## Өмірбаяны * 1960 жылы Қызылорда қаласындағы Н.Гоголь атындағы педагогикалық институтқа (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне) түсіп, 1962 жылы Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ауысады. Қазақ мемлекеттік университетін (ҚазҰУ) 1965 жылы бітіреді. * 1987 жылы Мәскеудегі Горький атындағы әдебиет институтының жоғары әдеби курсын бітірген . * 1965 – 1966 жылдары «Лениншіл жас» («Жас алаш») газетінде редактор болып істеген. * 1966 – 1971 жылдары Қызылорда облыстық Халық шығармашылығы үйінің директоры қызметін атқарды. * 1974 – 1975 жылдары Республикалық «Қайнар» редакциясында редактор. * 1975 – 1981 жылдары«Жазушы» баспасында редактор. * 1981 – 1982 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде қызмет атқарды. * 1983 – 1984 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік сценаристер алқасының кеңесшісі. * 1987 – 1992 жылдары «Жұлдыз» журналында редактор қызметін атқарды. * 1992 – 2002 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор. * 2002 – 2005 жылдары «Ақжелкен» журналында қызмет атқарды. ## Шығармалары * 1965 жылы Қазақстан журналистер одағының мүшесі, 1977 жылы КСРО және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі болды. Халқымыздың бұрынғы және бүгінгі тағдыры мен болашағы жайлы тереңнен тартып сөз қозғайтын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. ### Романдары: * «Періште келіншек» (1982); * «Дауылды жер» (1988); * «Құпия қойма» (2008). ### Повестері: * «Жаза» (1970); * «Жадыра» (1970); * «Жезтырнақ» (1973); * «Кездік» (1973); * «Аңызақ» (1978); * «Жар жағалаған қыз» (1978); * «Жазғы демалыс» (1974); * «Үйінен қашқан бала» (2007). «Лебединная печаль», «Суховей» повестері Мәскеудің «Советский писатель» баспасынан орыс тілінде жарық көрді. ### Өлеңдер жинағы: * «Дала мінезі» (1976). ### Тарихи-философиялық еңбектері: * «Ой түбінде жатқан сөз» (2003); * «Мың жарым жылдық қате» (2003). ### Пьесалары: * «Аяқталмаған айқас»; * «Жеті балл жер сілкініс». ## Марапаттары * Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005); * С. Садуақасов атындағы ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (2000); * «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2001); * «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған (2001); * «Қазақстан Республикасы еңбегі сіңген қайраткері» (2013). ## Дереккөздер
М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі – білім беру мекемесі. 1932 жылы ашылып, Қызылорда қазақ педагогикалық техникумы аталды, 1952 жылы осы техникум мен Қызылорда қаласына көшірілген Алматы педагогикалық училищесі негізінде Қызылорда қазақ қыздар педагогикалық училищесі ұйымдастырылды. Бастауыш класс мұғалімдерін, мектепке дейінгі тәрбие, музыкалық тәрбие мамандарын даярлады. Оқу мерзімі бастауыш сынып мұғалімдері, музыкалық бөлімдерінде 8 сыныптық. біліммен – 3 жыл 10 ай, орта біліммен 2 жыл 10 ай; мектепке дейінгі тәрбие бөлімінде орта біліммен – 1 жыл 10 ай. Күндізгі және сырттан оқыту бөлімдері жұмыс істеді. 1992 жылдан М.Мәметова атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі, 1999 жылдан М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі – қазыналық кәсіпорын. Оқу орны жаңа заманға сай 12 жаңа мамандық бойынша мамандар даярлады.2015–2018 жылдары «Мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшынша білімі бар тәрбиешісі», «Ағылшынша білімі бар математика пәні мұғалімі», «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі», «Ағылшынша білімі бар физика пәні мұғалімі» мамандықтары қосылды. Оқу орнында бүгінде 208 оқытушы қызмет етеді. 1932–2022 жылдары бұл колледжді 25 589, оның ішінде тәуелсіздік жылдары 18 645 (72,8%) түлек бітіріп шықты. Қазіргі уақытта колледжде 22 мамандық 43 біліктілік бойынша студенттер білім алады. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Мәлік Мәжіғұлов (17. 8. 1891, бұрынғы Қазалы уезі Қуаңдария болысы. 4-ауыл – 27. 8. 1928, Қармақшы ауылы) – қоғам қайраткері. Қармақшыдағы түземдік мектепті, 4- сыныптық училищені бітірген (1914). 1914 – 21 жылдары Арал почта-телеграф конторында, Қармақшы ауданы кеңес, партия органдарында қызмет етті. 1921 – 22 жылдары елде коммуналар мен артельдерді ұйымдастыруға басшылық жасады. 1923 – 24 жылдары Қазалы уезінде басқарма бастығы, уездік атқару комитетінің сауда бөлімінің бастығы, Ташкенттегі облыстық жер-су басқармасының төрағасы, Сырдария губерниясы сауда басқармасының бастығы болды. 1925 жылы Түркістан Республикасындағы Қазақстан өкіметінің өкілі ретінде республика аймағын межелеу ісіне қатысты. 1926 – 28 жылдары Түркістан уезі атқару комитетінің төрағасы, Қазалы, Түркістан уездері кеңесінің мүшесі, Шымкент тұтынушылар кооперативі қоғамының төрағасы, Қазалы уезінде өкіл қызметтерін атқарды. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
## Өмірбаяны Бапан Тұраналыұлы (1755, Ақмола облысы Ерейментау — 1849, сонда) — би, шешен, ақын, рубасы. Қанжығалы Бөгенбай батырдың немересі. Әкесі Абылай хан ордасындағы медреседе оқыған, білімді би болған. Замандастарының (Байсерке) айтуынша, Бапан би “өзгеше жаралған адам” аталып, парасаттылығымен жұртын аузына қаратқан. Елдіктің, ұлт бірлігінің жаршысы бола жүріп, ел арасындағы дау-дамайды дұрыс шеше білген ол екі жақты да әділдікпен бітістіріп отырған. Бір жылы Ташкент бегінің қолына түсіп қалған қандастарын тілінің өткірлігімен тұтқыннан азат етеді. Қоржынкөл өңірін орыстарға бермек болған Батыс Сібір генерал-губернаторының бұйрығына мойынсынбай, атамекенін сақтап қалады. Сарыарқада Бапан бидің нақыл өлеңдері, толғау-жырлары, билік сөздері көп тараған. Оның өсиет-ғақлияларында байырғы бабалар сөздерімен үндестік сақталған. ## Терме,нақыл сөздері * Шежіреде арғынның қанжығалы руынан Әлдекүн, одан Акша. Акшаның Тұраналы, Тұрымбет деген екі баласы болады. Соның Тұраналысынан Бапан би туады. Сол Бапан би бір жиында жастарға оның ішінде отырған өзінің Саққұлақ (Сәбелең) баласына "ел дегенің немене", "ер дегенің немене?" деген сұраққа былай деп термелей жауап беріпті:Жағалай ел қонбаса, Суы тұщы болмаса,Мал-жанның бәрі сусындап,Мейірі оның қанбаса,Көл дегенің немене?!Ынтымақ, бірлік болмаса,Елдікке мойын бұрмаса,Үлкеннің айтқан сөздерін,Кішісі қолдап тұрмаса,Ел дегенің немене?Еліне кұрбан болмаса,Абырой бедел қонбаса.Ағайын-туыс, ел-жұрты.Батырым-ау деп тұрмаса.Ер дегенің немене?!Шайырлы шөп болмаса,Түлігін жайлап тоймаса,Қатар өсіп мал мен бас,Қуанып елің конбаса.Жер дегенің немене!?Қарды бөгеп тұрмаса.Аңдары қойдай өрмейтін.Қызығын адам көрмейтін.Қадірі жоқ қырқалы,Бел дегенің немене?!Адал жүрек болмаса,Сөзіне опа қылмаса.Түзулікті бұрмалап.Өтірікті шыңдаса.Кең дегенің немене?!Атан түйе атамай! Ат-айғырды матамай, Шын икемге келмесе, Түзу-жөнді білмесе.Төл дегенің немене?!.. * Бапанның жақын туыстары Ташкент бегінің колына түсіп калады. Бір би барады, босатпайды, екі кісі барады, бек оларға да көнбей, тұтқындап отырып алады. Әлгі бек мақтағанды жаксы көреді дегенді естіп Бапан би оның үйіне барады: Бір кезде алтын тақты Батый өтті, Қаһарман адам қанын судай төкті.Ызғары көрген жанды тітіретті,Ол да сіздей болған жоқ, өтті, кетті. Дүниенің төрт бұрышына даңқы жетті.Өргізді өз алдынан би мен бекті,Ол да сіздей болған жоқ, өтті, кетті.Заманында дауылдап Абылай өтті,Оның даңқы бар әлемді тұтты. Қасіретінен шүршіт, қалмақ қан жұтты,Ол да сіздей болған жоқ, өтті, кетті. Кім түссе де егеске, Өзіннен артық емес-ті. Ағайынды кешпесең,Әділдігін шешпесең, Саған бір уыс топырақты ұлық берген,Маған бір уыс топырақты халық берген. Бапан би осылай деп орнынан тұра бергенде, Ташкент бегі: - Кұп болады, Бапан! - деп, туыстарын босатып жіберіпті * Қоржынкөлдегі бір жер дауында тілмаш Тұрлыбек Көшеновқа Бапан би былай депті: Саған берген топырақ көзіңе түсер.Маған берген топырақ көріме түсер.Сен шеніңе мәзсін.Мен еліме мәзбін! Сенің коқаныңнан корықпан.Халқым барда мен тарықпан! Тұрлыбек бастаған бай, шенеуніктер тобы:- Қой, бұл Бапанмен айтысып болмас, жайылым жерін өзіне қалдырайық, - деп тарқасыпты. Ауыл адамдары Бапан биді алқа-қотан ортаға алып, еткен-кеткен әңгімесін тыңдайды екен. Сонда "Кімді калай танисыз?" дегенде ол былай термелепті. - Кісі болар кісіні кескінінен танимын,Кісі болмас кісіні, мүшесінен танимын.Жомарт болар кісіні табағынан танимын.Сараң болар кісіні қабағынан танимын.Дауы жөнсіз кісіні сөзінен-ақ танимын.Өзі тұйық жігітті жүрісінен танимын.Ісі сұйык әйелді күлкісінен танимын. Ақын болар жігітті дауысынан танимын.Палуан болар жігітті шалысынан танимын,Мерген болар жігітті атысынан танимын,Батыр болар жігітті сапысынан танимын.Бай болатын жігітті пейілінен танимын. ## Дереккөздер ## Өмірбаяны Бапан Тұраналыұлы (1755, Ақмола облысы Ерейментау — 1849, сонда) — би, шешен, ақын, рубасы. Қанжығалы Бөгенбай батырдың немересі. Әкесі Абылай хан ордасындағы медреседе оқыған, білімді би болған. Замандастарының (Байсерке) айтуынша, Бапан би “өзгеше жаралған адам” аталып, парасаттылығымен жұртын аузына қаратқан. Елдіктің, ұлт бірлігінің жаршысы бола жүріп, ел арасындағы дау-дамайды дұрыс шеше білген ол екі жақты да әділдікпен бітістіріп отырған. Бір жылы Ташкент бегінің қолына түсіп қалған қандастарын тілінің өткірлігімен тұтқыннан азат етеді. Қоржынкөл өңірін орыстарға бермек болған Батыс Сібір генерал-губернаторының бұйрығына мойынсынбай, атамекенін сақтап қалады. Сарыарқада Бапан бидің нақыл өлеңдері, толғау-жырлары, билік сөздері көп тараған. Оның өсиет-ғақлияларында байырғы бабалар сөздерімен үндестік сақталған. ## Терме,нақыл сөздері * Шежіреде арғынның қанжығалы руынан Әлдекүн, одан Акша. Акшаның Тұраналы, Тұрымбет деген екі баласы болады. Соның Тұраналысынан Бапан би туады. Сол Бапан би бір жиында жастарға оның ішінде отырған өзінің Саққұлақ (Сәбелең) баласына "ел дегенің немене", "ер дегенің немене?" деген сұраққа былай деп термелей жауап беріпті:Жағалай ел қонбаса, Суы тұщы болмаса,Мал-жанның бәрі сусындап,Мейірі оның қанбаса,Көл дегенің немене?!Ынтымақ, бірлік болмаса,Елдікке мойын бұрмаса,Үлкеннің айтқан сөздерін,Кішісі қолдап тұрмаса,Ел дегенің немене?Еліне кұрбан болмаса,Абырой бедел қонбаса.Ағайын-туыс, ел-жұрты.Батырым-ау деп тұрмаса.Ер дегенің немене?!Шайырлы шөп болмаса,Түлігін жайлап тоймаса,Қатар өсіп мал мен бас,Қуанып елің конбаса.Жер дегенің немене!?Қарды бөгеп тұрмаса.Аңдары қойдай өрмейтін.Қызығын адам көрмейтін.Қадірі жоқ қырқалы,Бел дегенің немене?!Адал жүрек болмаса,Сөзіне опа қылмаса.Түзулікті бұрмалап.Өтірікті шыңдаса.Кең дегенің немене?!Атан түйе атамай! Ат-айғырды матамай, Шын икемге келмесе, Түзу-жөнді білмесе.Төл дегенің немене?!.. * Бапанның жақын туыстары Ташкент бегінің колына түсіп калады. Бір би барады, босатпайды, екі кісі барады, бек оларға да көнбей, тұтқындап отырып алады. Әлгі бек мақтағанды жаксы көреді дегенді естіп Бапан би оның үйіне барады: Бір кезде алтын тақты Батый өтті, Қаһарман адам қанын судай төкті.Ызғары көрген жанды тітіретті,Ол да сіздей болған жоқ, өтті, кетті. Дүниенің төрт бұрышына даңқы жетті.Өргізді өз алдынан би мен бекті,Ол да сіздей болған жоқ, өтті, кетті.Заманында дауылдап Абылай өтті,Оның даңқы бар әлемді тұтты. Қасіретінен шүршіт, қалмақ қан жұтты,Ол да сіздей болған жоқ, өтті, кетті. Кім түссе де егеске, Өзіннен артық емес-ті. Ағайынды кешпесең,Әділдігін шешпесең, Саған бір уыс топырақты ұлық берген,Маған бір уыс топырақты халық берген. Бапан би осылай деп орнынан тұра бергенде, Ташкент бегі: - Кұп болады, Бапан! - деп, туыстарын босатып жіберіпті * Қоржынкөлдегі бір жер дауында тілмаш Тұрлыбек Көшеновқа Бапан би былай депті: Саған берген топырақ көзіңе түсер.Маған берген топырақ көріме түсер.Сен шеніңе мәзсін.Мен еліме мәзбін! Сенің коқаныңнан корықпан.Халқым барда мен тарықпан! Тұрлыбек бастаған бай, шенеуніктер тобы:- Қой, бұл Бапанмен айтысып болмас, жайылым жерін өзіне қалдырайық, - деп тарқасыпты. Ауыл адамдары Бапан биді алқа-қотан ортаға алып, еткен-кеткен әңгімесін тыңдайды екен. Сонда "Кімді калай танисыз?" дегенде ол былай термелепті. - Кісі болар кісіні кескінінен танимын,Кісі болмас кісіні, мүшесінен танимын.Жомарт болар кісіні табағынан танимын.Сараң болар кісіні қабағынан танимын.Дауы жөнсіз кісіні сөзінен-ақ танимын.Өзі тұйық жігітті жүрісінен танимын.Ісі сұйык әйелді күлкісінен танимын. Ақын болар жігітті дауысынан танимын.Палуан болар жігітті шалысынан танимын,Мерген болар жігітті атысынан танимын,Батыр болар жігітті сапысынан танимын.Бай болатын жігітті пейілінен танимын. ## Дереккөздер
Меңліаяқ Сәрменбайұлы(1880, қазіргі Қармақшы ауданы Интернационал ауылы – 1954, Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Абай ауылы) – халық ақыны. 15 жасында «сері жігіт» атанып, ақындығымен халыққа таныла бастайды. Меңліаяқтың ақындығының ұшталуына Кете Жүсіп, Керей Әбдіжаппар, Қаңлы Жүсіп, әсіресе, Сыр сүлейі Тұрмағамбеттің үлкен әсері болған. 1928 жылы ауқаттылар санатында жер аударылып, одан 1936 жылы оралады. 1937 жылы халық жауы ретінде тұтқындалып, 1943 жылы ақталады. Меңліаяқ қазақ халқының ауыз әдебиеті мұраларын жинаумен қатар толғау-өлең, хикаялар шығарған. Оның шығыс әңгімелерінің желісімен жазылған «Үш жігіт», «Екі қудың әңгімесі», «Төрт өнерпаз», т.б. поэмаларымен қатар «Бастан өткен өмір» «Жаңа әкім», «Әбділдаға көңіл қос» сонымен қатар «Жас туралы» пьесасы, «Қуанышты күн тоғызыншы май», «Кенесары – Наурызбайдың қысқаша тарихы», «Жасауыл қырғыны мен Айсарының жоқтауы», «Жанғабыл батырдың өлімі» атты деректі әңгімелері бар. 2000 жылы Меңліаяқтың мұрасы жеке кітап болып баспадан шықты. Меңліаяқ шығармалары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар қорында сақтаулы. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Хадиша Сатмағамбетқызы Мергембаева (1944, Қызылорда қаласы) – дәрігер, медицина ғылымдарының докторы(1995), профессор. (1996). Алматы мемлекттік медицина институтын (ҚазҰМУ) бітірген (1966). 1966 – 68 жылдары Алматы қаласының 1-теміржол клиникалық ауруханасының дәрігер стоматологы, 1968 – 71 жылдары Мәскеу дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының аспиранты болды. 1971 – 72 жылдары АММИ-де терапевтік стоматология кафедрасында, 1972 – 76 жылдары оқу ғылыми-зерттеу лабораториясында, 1976 – 84 жылдары терапевтік және балалар стоматологиясы кафедрасының ассистенті, 1984 – 95 жылдары Дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында терапевтік стоматология кафедрасының доценті. 1995 жылдан ҚазҰМУ-дың жанындағы Дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында терапевтік стоматология кафедрасының меңгерушісі. 53 ғылыми еңбек жазған. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Мергенсай – Арал теңізінің Көктырнақ түбегіндегі жер аты. Мергенсай ауылдық округінің Жалаңаш ауылында орналасқан. Жалпы жер аумағы 34553 га, оның 29027 га-сы қырдың жайылымы. Арал ауданының орталығынан 64 км. Тұрғындары мал шаруашылығымен айналысады. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Ойранды – Шу алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Меркі, Шу аудандары аумағымен ағады. ## Бастауы Қырғыз Алатауының солтүстік сілемдерінен бастау алып, Қорағаты өзеніне оң жағынан құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 100 км, су жиналатын алабы 640 км2. Қар, мұздық, жаңбыр суымен толығады. Көктем айларында тасиды. Бастауында (Қырғызстанда) Жарлықайың деп аталады. Жоғарғы аңғары тік жарлы, төменде жазыққа шығып, аңғары кеңейеді. Суы егін суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Ұлтабар— күйіс қайыратын малдардың қарнының бір бөлігі. Ол құрылысы мен қызметі жағынан күйіс қайырмайтын малдың қарнына ұқсас. Ұлтабардың кілегей қабығы құрамында ферменттер мен тұз қышқылы сөл түзетін арнаулы клетчаткалар болады. Сондықтан қарынның бұл бөлігінде жын (малдың қарнындағы көп ұнтақталынбаған, шала қорытылған қойыртпақ зат) негізінен химикалық өңдеуден өтеді. Ұлтабар сөлі күрделі мукопротеид түрінде түзіледі. Ол сиаломуциндер мен гиалуронды қышқылдан, амин, карбоксил, сульфогидрилді және дисульфидті белок топтарынан құралған. Сөлдің әсерінен мұнда инфузориялар мен бактериялар тіршілігі тоқтап, олар ери бастайды. Сөлдің құрамында белоктарды ыдырататын пепсин ферменті болады. Оның құрамы рацион түріне қарай өзгере бермейді. Себебі, Ұлтабарға түсетін жын алдын ала өңдеуден өтіп, оның құрамы айтарлықтай тұрақты болады. Малды азықтандырудың қалыпты жағдайында Ұлтабар сөлі тоқтаусыз бөлінеді. Аш малда сөл бөлу процесі күрт төмендеп, сөлдің қышқылдылығы жоғарылайды. Тәулігіне ірі қара 50 — 60 л, қой 5 л Ұлтабар сөлін бөледі. Азықтандыру үстінде сөл бөлу күшейеді. Сөл бөлу қарқынына және оның қышқылдылығына малдың физиологиялық күйі де әсер етеді. Мыс., саулық қойларда төлдеуден бір ай бұрын Ұлтабар сөлінің қышқылдығы төмендеп, төлдегеннен кейін едәуір жоғарылайды. Буаз кезінде және емізу кезеңдерінде сөл бөлу күшейеді. Ұлтабар сөлінің бөліну қарқыны мес қарындағы бактер. ферменттелудің жылдамдығына да байланысты. Ұлтабар (сычуг); (лат. abomasum) — күйісті жануарлардың көп бөлімді қарнының соңғы безді бөлімі. Ұлтабардың кілегейлі қабығында безді қарын қабырғасына тән: кардиальды, фундальды және пилорустық бездер аймақтары болады. Оның қабырғасы кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан құралған. Кілегейлі қабығын бірқабатты призма тәрізді көбелі эпителий астарлайды. Ұлтабарда ас (жын) ұлтабар сөлінің құрамындағы ферменттердің көмегімен химиялық жолмен қорытылады. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 9 том.
Тұрсын Мешітбаев (14.4. 1928, Қармақшы кенті – 27.2.2003, Алматы қаласы) – ғалым, ұстаз-педагог. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі (1969), Халық ағарту ісінің үздігі (1966). Қызылорда педагогикалық институтын бітірген (1950). 1950 – 52 жылдары Қармақшы ауданы орта мектеп директоры, 1952 – 54 жылдары Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы комсомол комитетінің хатшысы. 1954 – 75 жылдары Жалағаш, Қармақшы аудандарында мектеп директоры, Қармақшы ауданы халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, аудандық парткомының бөлім меңгерушісі, Қызылорда облысы халық ағарту бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1975 – 2003 жылдары ҚазКСР оқу министрлігінің аға инспекторы, Алматыдағы республикалық эксперименттік мектептің директоры, ҚазҰУ-дің, ҚазҰПУ-дың доценті. Мешітбаев 50-ге жуық ғылыми мақала жазған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен және Құрмет грамотасымен марапатталған. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Айша Меңлібаева (1912, Қызылорда облысы Сырдария ауданы, 11-ауыл (қазіргі Бірінші май ауылдық кеңес)) – шопан, еңбек ардагері, «Қазақ КСР социалистік мал шаруашылығына еңбек сіңірген шебер», Социалистік Еңбек Ері (1958). Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1962 – 65). Еңбекке 18 жастан (1930) араласқан. 1941 жылы майданға аттанған ерінің орнына аға шопан болды. 1957 жылы 100 саулықтан 139-дан қозы өсіріп, әр қойдан 3,1 кг-нан жүн қырықты, қаракөл елтірісінің 73%-ын бірінші сортпен өткізді. 1963 жылы 1 май атындағы ұжымшар «Первомайский» кеңшарының құрамына енген кезде Меңлібаева Ірілендірілген шопандар бригадасын ұйымдастыру жөнінде бастама көтерді, оны облыс жастары қызу қостады. Көп ұзамай бұл бастама республиканың барлық түкпірлерінде қолдау тапты. Ленин орденімен марапатталған. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * МЕҢЛІБАЕВА АЙША// Кызылординская областная универсальная научная библиотека имени Абдильды Тажибаева
Танаш Дәуренбеков (20. 6.1927, Сырдария ауданы – 2000, Алматы) – жазушы. * Қызылорда педагогикалық институтының (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) филологиялық факультетін бітірген (1949). * 1943 – 1945 жылдары Сырдария ауданына қарасты «Октябрь», «Ортақшыл» орта мектептерінде мұғалімдік қызметте болды. * «Бір түйменің әлегі» атты балалар өміріне арналған әңгімесі 1963 жылы жарық көрген. * 1961 – 1963 жылдары «Қазақстан пионері» газетінде бөлім меңгерушісі, * 1964 – 1966 жылдары «Жазушы» баспасының редакторы, * 1966 – 1967 жылдары «Білім және еңбек» журналдарында жауапты қызметтер атқарған. Халық ағарту ісінің озаты белгісімен, медальдармен марапатталған. Лақап аты – Қалмұрат. ## Шығармалары * Бір түйенің әлегі. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1963; * Сыр балалары. Повесть. А., «Жазушы», 1964; * Он бес жыл өткен соң. Повесть. А., «Жазушы», 1965; * Өкіл әке. Повесть. А., «Жазушы», 1996; * Көшпелі емхана. Суретті кітапша. А., «Жазушы», 1966; * Ежелгі достар - құмырсқа мен қүстар. Суретті кітапша. А., «Жазушы», 1969; * Біз әлі кездесеміз. Роман. А., «Жазушы», 1971; * Кездескен деген осы. Роман. А., «Жазушы», 1974; * Сүмбіле. Повестер. А., «Жалын», 1977; * Таң атын келеді. Роман; Ливень. Роман. А., «Жалын», 1982; * Күміс қырау. Повестер. А., «Жазушы», 1988. ## Дереккөздер
Ойраншөп, амброзия (лат. Ambrosia) – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда егістіктерде, жол бойларында, қоқыс жерлерде өсетін 1 түрі – жуанжапырақты ойраншөп (A artemіsііfolіa) бар. Биіктігі 20 – 150 см. Сабақтары тік, жоғарғы жағы сыпыртқы тәрізді бұтақталып келген. Жапырақтары қауырсын тілімді, жоғарғы жағында кезектесіп, төменгі бөлігінде қарама-қарсы орналасады. Түтік тәрізді гүлдері ашық сары түсті, оның ұзындығы 2 мм-дей. Тамыз – қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс салады. Тұқымы қоңыр не қара түсті, қылтанақтары болады. ‘’Ойраншөп’’ – карантиндік арам шөп, сондықтан олар егістікке көп зиян келтіреді. ## Ішкі сілтемелер * Қазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізімі ## Дереккөздер