text
stringlengths 3
252k
|
---|
Бәйжігіт Тоқтарқожаұлы (шамамен 1519 — 1608) — би, шешен, батыр, ел билеушісі. Орта жүз құрамындағы қалың Найман тайпасының Қаракерей руының Мейрам бөлімінен шыққан. Түркістан маңында дүниеге келген.
## Өмірбаяны
Шешесі — Найманның қаракерейінен шыққан Байыс батырдың қызы Мақта (кейбір деректерде Ақмақта) ақын болған. Бәйжігітке шешендік, ақындық анасынан дарыған. Байыс биден билік, шешендік өнерді жастай тағылым алған Бәйжігіт би 14 жасында билік айтады. Халыққа ділмарлығымен, ақыл-парасатымен, әділдігімен танылған oл “Ұлыс биі” атанады. Бәйжігіт биден Жұмық, Тоғас, Мәмбет, Алыс, Қарақұрсақ, ал Мәмбет ұрпақтарынан Қабанбай батыр тарайды. Бәйжігіт биден тарайтын ұрпақ, негізінен, Шығыс Қазақстанның Тарбағатай, Мақаншы, Алматы облысыныңАлакөл өңірін, Шыңжаң өлкесін (Қытай), кейбір аталары Түркияға кетіп сол жерде қоныстанған. Жасынан билікке араласады. Содан ұзақ жылдар бойы Қаракерейде Мұрын елін билеп, өзінің әділдігі, ділмарлығы, ақыл-парасатымен әділетті "Ұлыс биі" атанған. Бәйжігіт биден Тоғас, Жұмык, Мәмбет аталары. Жұмықтан Қожан батыр, ал Мәмбет ұрпағынан атақты Ерасыл Қожағұлұлы Қабанбай батыр тарайды. Қаракерей Қабанбайдың жоңғар басқыншылығы кезінде Абылай ханның Бас батыр қолбасшысы болғаны аян. Соңғы Байжігіттің ұрпақтары Ұлыбританияда, Германияда, Швейцарияда тұрады. Бірақ Қазақстанда бұл туралы білмейді. Олар 2000 жылдардан кейін Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қоныс аударған.
## Қазақ шежіресінде жеті Байжігіт
Қазақ шежіресінде жеті Байжігіт кездеседі. Олардың бәрі шетінен би, шешен, ақын, жырау, күйші болыпты делінеді. Ал, Қазақ Совет энциклопедиясында (2 т.) екі Байжігіт аталады. Бірі - Сіргелі тайпасынан шығады. Ол Байжігіттен Амалдық, Көшімбай, Келімбет, Оразымбет ұрпақтары таралады. Екінші - Найман тайпасына жататын ру. Байжігіттерді жіктеп беретін тағы бір дерек бар. Ол халық сазы аспаптар мұражайының аға ғылыми қызметкері Омар Қаймолдаұлының талдауы. Ол былай жазады:-Біріншісі - "Ұлыс биі", Байыс қызы Ақмақта ақыннан туған екі ұлдын бірі Байжігіт. Нағашы жұрты Төлегетайдың Қаракерей тайпасының тізгінін ұстаған биі, ал Жанжігіт әкесіне еріп Хиуа, Хорезм, Самарқан маңында ірге тепкен. Үрім-бұтағы осы күні бар. "Ұлыс биі" аталған Бәйжігіт дүниеден қайтқанда бәйбішесі былай дей жоқтау айтыпты деген сөз бар:- Бісміллә сөзден бастайын, Асығыс айтып саспайын. Бұлаңдап жүрген бағланым, Қысқа болды-ау ғұмырың, Аяққа кұйған астайын Құдай қосқан қосағың. Зарлап қалды-ау жастайын. Бес атаның баласы Мына бір сөзге қарашы! Сенген жаксың кеткен соң, Кімге сеніп жүрсіңдер? Алыстап бара жатыр ғой, Ағайынның арасы. Артықша туған арыстаным Мақшарда біткен жарасы. Әуедегі жұлдызым Су ішінде кұндызым Ай касында Шолпаным Хан қасында сұлтаным! Суытып қойған тұлпарымТұғырдағы сұңқарым Төрге шықса төбедей. Төбеге шықса төредей. Саяға кеп шақырсам, Келер ме екен құрмалым. Тарбағатай, Алатау, Асуыңдай бел еді, Көз жеткісіз дариядай, Айдыны терең мол еді. Садаққа салған саржа оқ Жебесіндей ер еді Садаққа салған саржа сым, Тартпай да, шаппай бүлінді. Жау май да шашпай аспаннан, Басыма түман ілінді. Бір мен емес жылаған, Елдің бәрі егіліп Көзінің жасын бұлаған. Қадірің жұртқа білінді, Бес байыстың баласы, Мына бір сөзге қарашы. Қос қалқам қалды артында, Көзінін аты мен қарасы. Нағашын сенің Шаянбай, Қайын атаң Баянбай, Бес атаның қамқоры. Өзің сапар шеккен соң, Жұртыңа тықыр таянды-ай! Аңырап қалды артыңда, Таңдап алған зайыбың Байжігіттін ішінде Баянбай еді қайының.Алтыннан ер боятып, Жібектен таққан айылын. Жылаудан жұртым пайда жоқ, Артының берсін қайырын. Бас, бас, өлім, бас өлім, Бәрін де алған осы өлім. Арғын, Найман жиылса, Суырыла шыққан көсемім, Қара тілге дес бермей, Сөз сөйлеген шешенім. Жыладың деп сөкпегін, Қанеки, менің еселім?.. Екіншісі - "Қара таңдай" атанған шешен Байжігіт.Үшіншісі - "Суырыпсалма" атанған Байжігіт Ұбайұлы, уақ ұлысынан шыққан жырау.Төртіншісі - "Қос жетім" атанған, Байжігіттер.Бесіншісі - XVII ғасырда Көрпебай батыр бастаған, "Бес қасқа" атанған бес батырдың бірі Байжігіт Рыспетекұлы.Алтыншысы - ұлы Абайдың замандасы, "қасқа жорға" атанған XIX ғасырдағы Байжігіт Сүйіндікұлы, Абылайдың "Тоғыз тарау, тоқсан толғау" атты күйлерін әйгілеп, мадақ тұтқан домбырашы.Жетіншісі - "Қос міскер" атанған шеберлер, домбыраны бітеу ағашты қуыстап шабатын ағайынды, жол жорғалы Байжігіт және Ержігіт Мұсабек- ұлдары".
## Байжігіт Тоқтарқожаұлының әділ билік, адалдық жөнінде айтқан терме, толғау, нақылдары
Байжігіт Тоқтарқожаұлының әділ билік, адалдық жөнінде айтқан терме, толғау, нақылдары жинақтала қоймаған. Ел аузында айтылып жүрген бірлі- жарымы мыналар: Әділ бидің алдынан іс кетпейді, Жәбірлікті бекерге істетпейді. Ердің кұнын екі ауыз сөзбен шешіп, Абыройын кісінің еш төкпейді. Қылар жақсы түймеден түйедейді. Жөнін тауып әр істі жүйелейді.Жаман болса төреңіз ептей алмай, Ақ ісіңді қаралап күйелейді. Дұшпандарды әділ би дос қылады Жаман би дауыңа дау костырады. Бұл бір мақал киікті ата алмаған.Атамын деп киікті бостырады.Жақсы менен жаманның наркыбаска,Айта берсең бірталай сөз болады
* Қараша үй екен деп, Көп ауыл дан қашпаңыз. Тамаша үй екен деп Бай отауына қадам баспаңыз.
* Құм үстінде ине сабақтама, Түсіп кетсе табылмас. Қонған үйді бір күнде адақтама,
Қоналқы ертеңге табылмас.
* Берекесі кеткен ауылдың - Айтқаны өсек болар. Жатқаны төсек болар, Берекелі ауылдың - Айналдырғаны шаруа болар, Еккені тары, жегені жарма болар.
## Дереккөздер |
Зарқұм – мұсылман әскерлерінің жеңісі мадақталатын, әлемнің көптеген елдеріне кеңінен таралған діни қисса. Қисса қазақ даласына ислам дінінің орнығуымен бірге әуелде ауызша таралған. Алғаш рет қазақ тілінде 1877 жылы Қазан қаласынан кітап болып шыққан. Құрастырушысы мен баспасы белгісіз. 1879, 1881, 1888 жылдары Ш.Хұсайыновтың құрастыруымен университет баспаханасында, 1883 жылы Вячеслав баспаханасында, 1902, 1904, 1907 жылдары Ш.Хұсайынов ұрпақтарының құрастыруымен университет баспаханасында, 1909, 1910, 1914, 1916 жылдары Б.Л. Домбровский баспаханасында (Қазан), барлығы 12 рет жарық көрген. Қиссада Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) заманында ислам дінін қорғау мақсатында болған соғыс қимылдары суреттеледі. Шайқас эпикалық ауқымда жырланған (қара Діни қиссалар). “Зарқұм” қиссасы – ислам дінін қорғау жолындағы мұсылмандар күресін көркем бейнелейтін діни тақырыптағы құнды ескерткіштердің бірі.
## Дереккөздер |
Петр Дмитриевич Литвинов (1916, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Люботино ауылы – 1943, Украина, Днепропетровск облысы Верхнеднепровск ауданы Бородаевка ауылы) –Кеңес Одағының батыры (1943). 1939 жылдан Қызыл армия қатарында. Далалық майданның 53-атқыштар дивизиясының миномет ротасында бөлімше командирі болған. 1943 жылы 18 қазанда ұрыста қаза болған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Вадим Хрисанфович Харасахал (18 қазан 1918, Украина, Николаев облысы – 17 қараша, 1966, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1966), профессор (1966).
## Өмірбаяны
* ҚазМУ-ды (1942, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
* Осы оқу орнында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі (1942–1966) қызметтерін атқарған.
## Ғылыми еңбектері
* Ғылыми еңбектері жай дифференциалдық теңдеулердің периодты дерлік шешімдерінің бар болуына, квазипериодты коэффициенттері бар сызықты жүйелердің өткізгіштігіне арналған.
## Дереккөздер |
Лопатников Геннадий Иванович (1928 жылы туған) – ветеринария ғылымдарының докторы (1972), профессор (1976). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972). Алматы зооветеринария институтын бітірген (1950). Қостанай, Алматы облыстарының шаруашылықтарында мал дәрігері (1950 – 56), 1956 жылдан Алматы зоовет. институтында аспирант, ассистент, доцент, 1975 жылдан кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді. Негізгі ғылыми еңбектері қойлардың жұқпалы аурулары мәселелеріне арналған. Лопатников қойлардың этиологиясын, патогенезін, инфекцияны жұқтырғыштығын зерттеп, осы аурулармен күресу және алдын-алу жолдарын ашқан.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Ходи Тиллаевич Зарифов, Ходи Зариф (20.3.1905, Ташкент, Табиб а. – 13.1. 1972, Ташкент) – өзбек ғалымы, филология ғылымының докторы (1965), профессор (1967), Өзбекстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1967).
## Өмірбаяны
* 1923 – 26 жылы Баку оқытушылар семинариясында оқыған.
* Өзбекстан республикасының орталық музейінде тарих бөлімінің меңгерушісі (1929 – 30)
* Мәскеудегі КСРО халықтарының орталық музейінде ғылыми қызметкер (1930 – 31)
* Өзбекстан ҒА-ның Әдебиет және тіл институтының директоры (1944 –48) болып қызмет істеген.
* Ташкент педагогикалық институтында, Орта Азия мемлекеттік университетінде дәріс берген (1957 – 72).
## Еңбектері
* Ауыз әдебиетін, негізінен, эпостық шығармаларды жинап зерттеумен айналысқан.
* В.М. Жирмунскиймен бірігіп “Өзбек халқының батырлық жыры” монографиясын жарыққа шығарды (1947).
* Зарифовтың өзбек фольклоры бойынша жинаған материалдары “Кеңес фольклорының үлгілері” жинағына (1954) енген.
## Дереккөздер |
Львовское — Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл, Львов ауылдық әкімдігі орталығы. Іргесі 1954 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Державинск қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Негізгі мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, кітапхана, пошта байланыс бөлімшесі бар. Львовскоеде азамат соғысына қатысушыларға (1972), 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгерлерге ескерткіш (1995) орнатылған.
## Дереккөздер |
Трудовое — Ақмола облысы Жақсы ауданы, Жаңақима ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2016 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жақсы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 38 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1572 адам (803 ер адам және 769 әйел адам) болса, 2009 жылы 154 адамды (80 ер адам және 74 әйел адам) құрады.
Ауылда бастауыш мектеп, 5 шаруа қожалығы бар. Ең жақын темір жол станциясына дейін – 65 км.
## Дереккөздер |
Линников Георгий Кириллович (1903, Краснодар өлкесі, Геочинский станциясы) – еңбек ардагері. Социалистiк Еңбек Ері (1957). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1928 жылы Геочинский ст-ның «Заря» ауыл шаруашылығы артелінің төрағасы болып сайланған. Бұрынғы Көкшетау облысы Қызылту ауданы Бидайық кеңшарында тракторлы-егістік жұмыстары бригадасының бригадирі болған. Медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Байзақ Мәмбетұлы, Байзақ датқа (1789, Тараз — 1864, Шымкент) — Қазақстанның оңтүстік өңірінде Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушы батыр, Тараз аймағында елді отырықшыландыруға көп күш жұмсаған. Шыққан тегі: Ұлы жүз құрамындағы Дулат тайпасы, Шымыр руынан.
Одан Бекболат, Жиенбет, Сәмбет, Мәмбет тарайды. Мәмбеттен Байзақ туған. Байзақ жасынан атбегі, құсбегі, мергендікті меңгерген. Шешен, билер, ел басқарған беделді кісілердің жанында жүрген. Өсе келе ауыл ағасы, жүзбасы, мыңбасы болған. Елді кәсіппен айналысуға отырықшылыққа арық қаздырып, егіншілік ұйымдастырған.Байзақ Мәмбетұлы туған өлкесі Қоқан хандығына да, Ресейге де қарамай тұрған тәуелсіз кезде ер жетіп, ел басшысы ретінде қалыптасқан. Оңтүстік өңірді Қоқан хандығы басып алғаннан кейін, ағасы Байтерекпен бірге сұлтан Рүстем Асфендиярұлы бастаған көтеріліске (1821) қатынасады. Көтерілісшілер қатты жазаланса да, Байзақ Мәмбетұлы беделді адам ретінде, өз руластарына датқа болып тағайындалады. Байзақ Мәмбетұлы датқа Қоқан отаршыларының айтқанына көнбей, қазақтардың мүддесін қорғай отырып, тәуелсіз саясат жүргізуге ұмтылады. Отаршыларға қарсы күресте Кенесары Қасымұлының сенімді серігі ретінде әйгілі болады. Оның сарбаздары Кенесары қолына қосылып, Қоқанның бірнеше бекінісін алды (1841), Созақ аймағын азат етуге қатысты. Қазақтар мен қырғыздардың Қоқан хандығына қарсы көтерілісіне басшылық жасады (1858). Патша генералы Колпаковскийдің әскеріне қарсы Алматыға жақын Ұзынағашта болған соғыс қимылдарына өз қолымен келіп қатысқан. Әкесі Мәмбет пен Абылай ханның өсиетін ұстап, қазақтың “арқасын тамға, аузын нанға сүйеу” жолында өмір бойы еңбек етті. Жергілікті халықты егіншілік кәсіпке үйрету үшін кезінде 160 км канал қаздырған. Оның игілігін Әулиеата (қазіргі Тараз) төңірегіндегі халық күні бүгінге дейін көріп отыр. Байзақ Мәмбетұлы датқа Қоқан хандығының әкімі Әлімқұлдың бұйрығымен зеңбірек аузына байланып атылды. Оның быт-шыты шыққан денесінен қалған екі саусағы Талас өзеннің жағасындағы Сарыкемер ауылының маңына жерленді. Жамбыл облысының бір ауданы Байзақ Мәмбетұлы есімімен аталады.
## Байзақ пен Ақмолда
Елі сыйлаған, тыңдаған Байзақтың сол абырой, атағын, қадір-қасиетін, шешендік, батырлық, қабілетін білген Қоқан бектері оны датқа, би етіп, сол өңірді баскаруды тапсырады. Сөйтіп олар Байзақ датқаның беделін пайдаланып, алым-салық, зекетті мол жинамақ болады. Жинайды да. Осы бір ауыр тауқыметті, ел тұрмысының күйзелген халін сезінген Байзақ датқа кейін Қоқан бектеріне қарсы шығады. Ел-жұрт Байзақтың айтуымен алым-салық төлеуден бас тартады. Елді қоқандықтар қанауынан құтқару үшін Ресейге қосылуды қолдайды. Сол мақсатпен ол Сұраншы, Сарыбай Тезек төремен бас қоса ақылдаса отырып, Жетісу, Әулиеата, Шымкент аралығындағы соғыстарға қатысады. Оның кейбіріне өзі тікелей басшылық етеді. Баласы Ақмолда батыр өз жасағымен Ұзынағаш, Бішкек, Меркі, Әулиеата қалаларындағы соғыстарға қатысып, ерлік көрсетеді. Байзақ датқа сол жолы Шоқан Уәлихановпен танысып, пікірлеседі. Осының барлығын белгілі жазушы Сәуірбек Бақбергенов өзінің "Ақбоз атты ару" (1986) романында жан-жақты суреттеген. Романның 124-128-беттерінде Байзақ датқаның кескін-келбетін, ақыл-парасатын, баласы Ақмолдаға айтқан сын-сыйпатын, әкелік парызын автор былайша кескіндепті."...Байзақ ерен биік, орта бойлы екі жігіттің бойындай бойы бар, көбеңге біткен сәмбі талдай түп-түзу, іші жоқ, иығы тік, жауырыны дөп-дөңгелек, төңкерген қазандай, кеудесі аяққаптай апай төс кісі. Атқа мінсе де, төрде отырса да, топ бастап жаяу жүрсе де елден ерек көзге түсіп, бәрінен оқшау тұратын. Енді, міне, қартая бастаған шағында нақ қасынан тағы бір өзі сияқты солқылдақ көк теректің өсіп келе жатқанын байқап, іштен шүкірлік етіп, қуанатын. Әке деген қызық, қуана тұрып, күдіктенетін.
- Осы, сен Ақмолда, мені жалықпай тыңдайсың, оның жақсы. Ие, өзің бар болғаны тыңдай бересін, тыңдай бересің, сонда бәрін үғып, мән-жайын түсініп отырсың ба, жоқ, әйтеуір, үлкен сөзін тыңдау ізет, үндемеу парыз, кішінің жолы деп отырасың ба?- Е, сіз мені тыңдайды деп ойлайды екенсіз ғой.- Әрине...- Шынымды айтсам, мен сіздің, сөзіңізді бір құлағыммен тыңдаймын. Бір құлағым, екі көзім сіз айтқан сөзді тыңдаушыларда болады.- Ә, солай ма? Шамасы, мен айтқан сөзді олардың қалай ұққанын бақылайсың-ау...- Қалай ұққаны емес, қалай қабылдағанын бағамын. Ойым соларда болады.- Сен кілең менің кебісімді қоясың, кісемді шешесің, мәсімді тартасың. Ал атқа мінсем, таралғы ұстап, үзеңгіге жармасасың, түссем шылауым сенің қолыңда тұрады. Мұндайдан купчик, күйкі қасиет жұқпай ма саған. Ел арасынан мені сенсіз де аттан түсіріп, мінгізетін, кебіс қойып, мәсі тартатындар табылмай ма?- Өз әкесіне көрсеткен құлдықтың айып-шамы жоқ.- Менімен қатар отыруға жарап қапсың. Бірақ кілең төменге қарай шегіншектей бересің.- Жоқ, көке, сіздің көзіңіз тіріде жоғарыға отыруға асықпаймын. Әр нәрсенің өз орны бар, өз кезегі бар. Жоғарыдан төмен көрінеді, төменнен жоғары-төмен бірдей көрінеді. Қасында не қилы адам отырады. Соларды бағамын, байқаймын, сынаймын.- Сен төменнен төңіректі жақсы көремін де...- Асыл зат ауыр келеді. Ауыр нәрсе көбіне төменде жатады.- Төменнен не көрдің?- Ел деген асылды, халық деген ауырды көрдім.- Сен айтқан ауыр мен асылдың бүгін тағдыры ашса алақанына, жұмса жұлдырығына ұстап отырған шоқша сақал, қалтақ бас, ру басы бір шалдың қолында емес пе? Одан асып-төгіліп жатқан асыл мен ауырды сен қайдан, қалай көріп жүрсің? Мен ондайды көре алмадым.- Көрмесеңіз, жастай жоғары отырып, төменге зер салмаған өзіңізден көріңіз. Әйтпесе, артында сүйеу болар, қолына кару ұстар жігіті болмаса, әлгі өзіңіз айтқан шоқша сақал қалтақ бас шалдарды сіз тыңдар ма едіңіз?- Сонымен не айтпақсың, Ақмолда?- "Жалғыз ағаш үй болмайды, жалғыз жігіт би болмайды" дегенді айтқан мен емес. Сондай-ақ, ер істеді дегенді ел істеген, батыр алған қорғанды халық алған. Жаңағы өзіңіз айтқан қалтақ бас шалдың аузын даты удай ащы сөз кімдікі? Халықтікі. Ондай болса, төменде отырып қараған артық емес, әке!
Әке көпке дейін үнсіз қалды. Әлден уақытта баласына бүтін денесімен ат үстінен бұрыла қарап:
- Сөйле балам, сөз сенікі! - деді.- Мен болдым. Сөз орайы келгенде айтыла салған да, әйтпесе мен өз кезегімді алыстан күтем. Сіз әлі тұғырдан түскен жоқсыз, көке!- Өзім де солай ойлаушы едім. Бірақ уақыттың өткенін, сенің жетілгеніңді аңғармай қалыппын!- Әлі ерте, көке!- Сен айтасың ғой ерте деп, күн батуға жақындапты ғой, балам!
Қаратау мен Алатаудың құз-қиясына балапан салған бүркітті талай-талай көрген әке емес пе, баласын ауыр да соңғы сыннан өткізбек еді.
- Сенің қанатың қатайыпты.- Ерте емес пе?- Сен бүркіттің балапанын ұядан қалай ұшырғанын көріп пе едің?- Талай көрдім, көке.- Айтшы, кәне!- Бүркіт, ұясын биік құзға, зәулім жартасқа, желдің өтіне салады. Енді жетілді-ау дегенде қанатымен қағып, ұядан итеріп түсіреді де, өзі дереу жон арқасын тоса қояды. Жерге соқтырмай іле көтеріп әкетеді. Сөйтіп қақпалай-қақпалай көтере түседі. Көтере береді, көтере береді...- Мен де кәрі бүркітпін. Сен ұшуға жарапсың...
Бала үндеген жоқ. Әкесіне қарап еді, ол шанында да, томағасын сыпырып тастаған кәрі бүркіт сынды екен. Көзінің жиегі қызарған, беті айқыш-ұйқыш әжім, мұрны дөң, қоңқақ, мойны қыртыс-қыртыс, жүні түлеген тазқараның алқымына ұқсайды. Саусақтары тасқа, түғырға көп жармасып, талайды бүрген қыранның тұяғы тәрізді тарам-тарам, айғыз-айғыз еді, әлдеқандай сафиянмен қаптағандай сап-сары, бұж-бұж екен.Әке мен бала тау етегіне ілікті.
- Он жасында қасыма ердің. Қанатың ерте қатыпты. Ұядан итеріп түсірердің алдында бірнеше сауалым бар саған.- Ұядан қағып түсірмей-ақ сұрай беріңіз, көке!- Иә, мейманаң толып, кенерден асып шалқығанда, не істейсін, Ақмолда?- Ата-бабамның қаны көп тамып, көздің жасынан қара тасы қақ жарылып, жауыр аттың арқасындай кең жотасы айқыш-ұйкыш, қасиеті мол қайғысы көп Қаратауға қараймын, көке.- Керісінше, көңілді мұң, кеудені шер басып, бәсеңдей түссең ше, Ақмолда?- Көркем де сұлу, армандай асқар Алатауыма қараймын, көке!- Тынысың тарылып, өкпең қысылғанда не істейсің, Ақмолда?- Самал желді кең жазық далама қараймын, көке!- Табаныңа тас батып, өкшеңе шөңге кірсе ше?- Тоқтышақтың терісінен шоқай кием, көке.- Берікқара мен Шақпақтың өкпен желі ту сыртыңнан соқса ше?- Түйе жүн шекпенім, күпі мен тоным сандықта жатады, бөктерімде жүреді, көке.- Досың бар ма, Ақмолда?- Бар ғой, бірақ дос деген жақсы арман сияқты, амандықты алыстан сұрап, тілеуқор болып, қияс жүреді, алыста болады дос, көке.- Қасың ше?- Қасым мына мініп келе жатқан аттың айылы мен жалының астында. Үнемі шылауға оралып, қасымда жүреді, көке!- Сөзім жоқ енді. Қасының қайда екенін білген, кім болса ол болсын, ұядан ұшуға хақ! Сені Алла бетіңнен жарылқасын, мен енді ұшпайтын сары тұғырға қонамын. Қанатымды сілтесем - сілтермін, ұшпаймын, талпынамын. Сен өсіпсің. Шәгім де, арманым да жоқ".
Байзақ датқа 75-ке қараған жасында қоқандықтардың қолынан опат болады. Оған өшіккен Қоқанның бектері батырды алдап, Шымкентке шақыртып алады да, тірідей балталап шауып өлтіреді. Денесін өртеп, күлін зеңбірекпен аспанға атады. Сөйтіп ел-жұртты үрейлендіреді. Кейін ағайын-туыстары Байзақ датқаның шауып тасталған жалғыз шынтағын тауып алып, еліне апарып жерлейді. Ол белгі-мүрде Михайловка селосынан 12 шақырым жерде тұр. Бүгінде датқаның басына ескерткіш орнатып, күтімге алынған. Байзақ Мәмбетұлы зерттеліп, жазылуға тұрарлық халқымыздың белгілі-беделді ел қамқоры болған азаматы. Оның есімі Жамбыл облысы Свердлов ауданына берілді.Байзақ датқа айтыпты дейтін кесімді, әділ, тапқыр билік сөздері ел арасында аз емес, бірақ ескеріліп жиналмаған, архивке, қолжазба қорына түспеген.
## Ел арасындағы сөздер
Ел арасынан біз жазып алған бірер шешендік, тапқырлық сөздер мыналар:
### 1
Қоқандықтар билеген заманда, бір күні Байзақ баланың үлкен атасының үйіне бес-алты зекетші келіпті.
- Сені жарлы қылған біз емес, Құдайыңа жыла. Жан басы алпыс қадақ бидайдан, үйіңдегі алты балаңа тоғыз пұт астық төлейсің, - деп олар отырып алыпты.
Жалғыз сиырдың сүтіне қарап отырған жарлы шал қалай мақұл дей қойсын, қатты сасыпты. Сол кездің өзінде-ақ шешендігімен аты шыққан қаршадай Байзақ бала әлгі зекетшілердің үстіне келе қалса, жасы үлкендеу біреуі:
- Бала сені жұрт шешен деседі, мынау атаңды биылғы алым-салығынан босатайық. Саған сұрақ қояйын, мәселен, адамға мына көз, мұрын, қол, ауыз қаншалықты керек? Осыған табан астында жауап тауып айта қойшы, кәне? - депті.
Сонда бала тұрып:
- Тақсыр, қапылыста шыққан сөз қанжардан өткір деуші еді. Жазатайым қытығыңызға тиіп кеткендей болсам, басыма әңгір-таяқ ойнатып жүрмес пе екенсіз? - депті.- Әу, ол не дегенің? Сөз тапқанға қолқа бар ма. Жауабың, нанымды болса, жазғырар жайым жоқ. Сөйле, қорғанба! - депті қарт зекетші.- Е, ұлық, басымен уәде беріп, сенің сөзіңе өкпелеп не көрініпті? Бәріміз де куәміз! - десіп, ұлықтың қасындағы нөкерлері де қаумалап әкеткен соң Байзақ бала:
- Олай болса, тақсырым,Сөйлейін сөздің тап шынын.Көз деген көпті үйіруге керек,Мұрын менменсіп шүйіруге керек,Қол жарлының малын жылатып алуға керек,Ауыз алғаныңды көмейге салуға керек! –
дегенде, әлгі зекетшілер үйден құр қол шығып жүре беріпті.
### 2
Байзақ датқа сайланған алғашқы жылдар екен. Әкесінен бөлек ауыл болып ақ орда көтеріп, ел басқарып жүреді. Бір күні үйіне әкесі келеді.
- Бала дос көбейттің бе, досың қанша? - деп сұрапты. Сонда баласы:- Әке, досымның санында әзір есеп жок, бәрі дос болайық, мына бір ісімді тындырып бер! - деп келеді. Шын досымның қанша екені, мен орнымнан қалған күні белгілі болады, - деп жауап беріпті.
### 3
Байзақ датқаның айтуынан қалған қанатты нақыл сөздер де баршылық, солардың кейбірі мыналар:
Ала шапанды қоқандар,Зекет бер деп қоқаңдар.
Орыспенен дос болсаң, балталы бол,Сартпенен дос болсаң, қалталы бол.
Кекілік тастан-тасқа секектейді,Қоқандар ауылға келіп зекет дейді.
Бидің айтқанын құл да айтады,Есті болса ұл да айтады.
Ботаның бодауына, Бураңды беріп жүрме.Ішің күйсе тұз жала,Сыртың күйсе домала
Атан түйеге боздаған жараспайды,Ескі дауды қозғаған қыр аспайды.
Аш адам тырысқақ.Мас адам ұрысқақ.
Шартық қошқар қой бұзар,Шатақ адам той бұзар.
Тіл астында тіл бар.Піл астында зіл бар.
Жаманға ақыл айтсаң, "алдайды" дер,Сиырды суға айдасаң, "жалдайды" дер...
## Байзақ датқа жөнінде...
Байзақ датқа жөнінде жоғарыда аталған жазушы С. Бақбергеновтың романында және Қазақ энциклопедиясында (2-т. 85-бет.) қазақ хандар тарихына байланысты ("Казахско-русские отншения ХVІІІ-ХІХ в.в сб. документов и материалов". Алматы, 1964 г.) жинақта жазылған.Әсіресе, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанқара Дәдебаевтың әулие ата туралы қомақты еңбегінде жанжақты зерттелген. Бұл жағынан Абылайханның әулетімен, екінші жағынан Мәделі қожа әулетімен туыстық қарым-қатынаста болған. Сондықтан да болар. Мәделі қожа мен Майлықожаның шығармашылык мұрасында Байзақ датқаның өзі мен айналасы туралы деректерге кең орын беріледі. "Қараның өтті хандары" деген шығармасында Майлықожа қара халықтан шығып, хан болған ірі елбасылар жайында толғай отырып, Мәмбет бидің әулетіне ерекше көңіл бөледі.
Мәмбет бидің әулетіБес жүз үйлі ел болып,Бір кісінің әулетіДаланы қаптап сел болып...-
деп, ақын Мәмбет бидің кіндігінен тараған ұрпақтарының өсіп-өнген тұтас бір ел болғанына сүйсінеді. Сондай-ақ ақын бұл елдің ортасынан атағы алты алашқа шыққан батырларды да даралап көрсетеді:
Сұрай бермей қазаққа,Байзақ шықты бел болып.Қызыл қанды уыстап,Ақмолда шықты ер болып.
Ақын сөзінің жалғаны жоқ. Байзақ жасы ұлғайып, билік іске көшкенде, жауға шапқан батырлық істі Ақмолда атқарды. Ақмолдаға қатысты ақындық мадақ сөздің негізінде осындай шындық жатыр.Майлықожа Байзақ пен Батырбек арасындағы талас-тартыс жайын да назардан тыс қалдырмайды, екі датқаның бір-біріне ашуының калың жұртқа жарты ғасырлық ауыр жүк болғанын бейнелі түрде баяндайды:
Екі наһан бұлқынып,Тоғысты дулат сең болып.Батырбек пен БайзақБір-бірімен сынасты,Таразыға тең болып.Үйін бүтін көшірмей,Ұйқыдан көзі тесілмей,Өртенген оты өшілмей,Елу жыл күн-түн беліненҚылыш-қанжар шешілмей,Екі шалдың ашуыОсынша жұртқа ем болып.
Тарих деректерінде екі датқа арасындағы текетірестің бір ғана қыры, бір мезеттік көрінісі ғана сақталған. Ол Қоқан мен Ресей, Коқан езгісі мен Кенесары-Наурызбай көтерілісі тұсындағы оқиғалар тобына қатысты. Ақын бұл екі "наһан" арасындағы қырын-қабақ жанжалдың жарты ғасырлық тарихы барын нұсқайды, әрі олардың арасындағы мұндай тартысты тарихи-әлеуметтік, саяси сипаты жоқ "ашу" деп қана бағалайды. Енді бір тұста Майлықожа Байзаққа деген өзінің құрметін ашық білдіреді:
Байзақтай алтайыҚазақта тумас енеден!
Екі тармақ өлең Майлықожаның Байзаққа деген аса құрметі мен ықылас-пейілінің тазалығын анық танытып тұр. Бұл сөздерде ақынның Байзаққа сүйсіну, оны құрметтеу сезімі мөлдіреп тұнып жатыр десе болғандай. Осы тұста ақиық айтыскер ақын Сүйінбайдың Байзақ туралы:
Байзақ жұртқа бірдей сөйлейтұғынТұңғиық қара судың кемесі еді, -
деген жыр жолдары еске түседі. Екі ақын да өздерімен заманы бір, ортасы бір Байзақтың адамдық, азаматтық қасиетін, кісілгін өлшеусіз жоғары бағалайды.Майлықожаның "Сайлаудың сақтан, - жұртым, сарсаңынан" толғауында Байзақтын балалары Ақмолда мен Тайымқұл арасында болыстық мансап үшін талас туғаны туралы айтылады. Майлықожа шығармаларының екінші кітабында бұл толғауға мынадай сипаттама берілген: "Дулат Байзақ датқаның баласы Ақмолда болыс болып жүргенде, бір сайлауда оның шешесі бөлек інісі Райымқұл болыстыққа таласады. Халық Ақмолданы сайлайды. Сонда да Райымқұл болыстықты қимайды. Бұл әңгімені Сыр жағында жатқан Майлықожа естиді. Майлықожа осыларды татуластыруға келсе, Райымқұлдың Сыздық деген баласы қайтыс болған екен. Сонда Майлықожа Райымқұлға көңіл айта отырып, Ақмолда екеуін татулыққа шақырган...Ақмолда мен Райымқұл арасындағы мұндай іс бұрын баспасөз бетінде жарық көрген еңбектердің бір де бірінде баяндалмаған болатын. Майлықожаның толғауы Байзақтың екі ұлының өмірі, тұрмыс-тіршілігі жайында тың деректер береді. Байзақтын туыстық айналасын тануда толғау жүйесінде көрініс тапқан мәліметтердің де маңызы зор. Толғауда Райымқұл, Ысмайыл, Төрегелді, Жүсіп, Назар бірдей аталып, ақынның тоқтам салып, татулыққа шақырған тілегі солардың бәріне бірдей арналады:
Ысмайыл, Төрегелді, Жүсіп, Назар,Тіл алсаң, мұндай істі қой мырзалар.Ыдырап бет-бетіңмен шашау кетсең,Тозған қудан топтанған карға да озар.
Ақын ағайынды кісілерді татулыққа шақыра отырып, Ақмолда, Төрегелді, Райымқұл - Байзақтың осы үш баласының шағын образын жасаған. Ақмолда туралы ақын былай жырлайды:
Замана тасқын судай ылайланды,Бұзбаса, түзулікті кім ойланды?Тентегін Жаңабайдың түзеймін деп,Ақмолданың басы қатып шыр айналды...Бас болдың Құдай қалап ұлы жүзге,Сасады жолбарыс та түссе ізге.Тоқсан қатын толғатып ұл тапса да,Табылмас Ақмолдадай аға сізге...
Толғауда Райымқұл бейнесі де жарқырап көрініс тапқан:
Дүбірің тұлпар мініп жарысқандай,Айбатың айға шапқан арыстандай.Қыран бүркіт секілді тұтымың бар,Ұстасып жібермейсің қарысқандай...Атыңды, Райымқұл, жұртқа жайдың,Дұшпанның отын алып, суға шайдың.Ерегіскен жан болса дал-дал қылып,Ісін қылды деуші еді Наурызбайдың...
Ақын Райымқұлдың мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі бірнеше белгілерді даралап көрсетеді.Толғауда едәуір толық тұлғаланған образдардың бірі - Төрегелді образы. Төрегелді де Ресей - Қоқан - Қазақстан арасындағы соғыс ісіне араласқан, әкесі Байзақ, інісі Ақмолдамен тізе қосып, қатар жүрген белгілі батыр. Ол туралы архив құжаттарында бірқатар деректер сақталған. Майлықожа Байзақ балаларының ішінде Төрегелдіні айырықша айбарлы етіп суреттейді.
Қылатын Жаңабайға қариялық,Басымсың, Төрегелді, Алтынбектен, -
деп, Байзақ балаларының ішінде елге қариялық айтып, жол көрсетуге Төрегелдінің лайықты екендігін ақын ашық білдірген.
Мырзадан, Төрегелді, асып тудың,Ақылың өзен судай тасып тудың.Ерегіспен дұшпанның отын алып,Байзақ пен Байтерекке тартып тудың, -
секілді жыр жолдары Төрегелдінің батырлығына қоса ақылға бай, пайым-парасаты терең кісі болғанын аңғартса керек.Байзақ пен оның айналасы туралы шығармалардың маңызы мен мәні екі тұрғыда айырықша жарқырап көрінеді. Оның бірі - тарихи-танымдық тұрғы. Ақын-жыраулар Байзақ және оның айналасы туралы жырлай отырып, сол дәуірдің ірі тарихи оқиғаларына да назар аударды.
## Дереккөздер |
Лиманов Есенғали (1930, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Балуан ауылы – 1992, Алматы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1975), профессор (1976). ҚР ғылымына еңбегін сіңірген қайраткер. Мәскеу геол.-барлау институтын бітірген (1953). Еңбек жолын 1953 жылы бастаған. Қазақстанның титан және темір кендері орнына барлау жүргізу жұмыстарын басқарды. 1956 жылы ҚазКСР Геология мин-нде аға инженер, 1960 жылы Қазақ Минералдық шикізат ғылыми-зерттеу институтында техника және технология зертханасының меңгерушісі, 1967 жылы Қазақ политех. институтында кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды. 200-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 19 монография мен брошюралардың авторы, 3 патенттің, 40-қа тарта өнертапқыштық куәліктің иегері. Октябрь революциясы, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Шілік желі — Іле арнасы бойымен соғатын күшті жел. Жылдамдығы 20 м/с-тен 60 м/с-қа дейін жетеді. Тау мұздықтары үстіндегі салқын ауа массасының үнемі Іле аңғарымен шығыстан батысқа қарай ойысуына байланысты қалыптасады. Сібір антициклоны Іле өңірі үстінен өткен кезде ең күшті деңгейіне жетеді.
## Дереккөздер |
Байзақ — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл, Ботамойнақ ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан оңтүстікке қарай 1 км жерде, Талас өзені бойындағы боз жусан, еркекшөп өскен бозғылт қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. Ең жақын темір жол стансасы – Жамбыл (17 км жерде).
## Халқы
## Тарихы
1993 жылға дейін «Кеңес» деп аталып келген. 1956–1997 жылдары «Кеңес» қой кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде ауылда «Байзақ» ӨК, шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі төрағасының 04.05.1993 жылғы №2189-ХІІ қаулысымен "Байзақ" атауы берілді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшірлік-акушерлік пункт т.б. мекемелер бар.
## Ауыл маңындағы жер атаулары
Жеті төбе - Байзақ ауылы мен Ақбұлым ауылына дейінгі аралықта қатарынан орналасқан қарауыл төбелер. Бұл төбелердің саны жеті болғандықтан осылай аталған.
Байзақ сөресі - Байзақ батырдың саусағы жерленген жер. Қазіргі Байзақ ауылының солтүстігінен 4 км жердегі төбенің, темір жолдың үстіңгі жағында 500 м-дей жерде үстіртте жатыр.
Ауылдың батыс жағында, Талас өзенінің шығыс жағында екі қарауыл төбе бар. Біреуі ауылға жақын, екіншісі 4 км-дей жерде жатыр. Халық оны Рысымбет төбе деп атайды. Кірпіш зауыты мен Рысымбет төбенің аралығын Таластың күншығыс жағалауын "Жыланды" (ол маңда жылан өте көп болған) деп атаған.
## Дереккөздер |
Өтенай (2006 жылға дейін – Заря) — Жетісу облысы Талдықорған қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Өтенай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы – Талдықорған қаласының батыс іргесінде, Талдықорған – Үштөбе жолы бойындағы құрғақ агроклиматтық белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1947 жылы “Путь социализма” ұжымшарын құруға байланысты қаланған. 1950 жылы оған “Заря Востока” ұжымшар қосылғаннан кейін “Заря коммунизма” деп аталды. Мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірибе стансасы мен Өтенай ауылдық кеңесінің орталығы болып келген. Тәжірибе стансасының негізінде 1997 жылдан ауылда өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
## Инфрақұрылымы
2 орта мектеп, клуб, кинотеатр, стадион, мешіт, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, аурухана, балабақша, т.б. әлеуметтік мекемелер орналасқан. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Шілік оқиғасы – Қоқан хандығына қарсы көтеріліс. Шілік оқиғасы туралы нақты жазба дерек көздері өте аз. Басшысы Тұрғанбай датқа болған. Ол Қоқан хандығына қарсы Ташкент ханы Қанағат шахпен бірге бас көтерген. Бірқатар ел басшылары оны көтеріліске шығуға үгіттегендерімен, кейін қол бастағанда қолдау көрсетпей қойған. Осылай дұрыс ұйымдастырылмағандықтан Құдияр бастаған қоқан әскеріне қарсы тұрған көтерілісшілер жеңіліс тауып, көтеріліс басшысы Тұрғанбайдың үстіне ыстық су құйып өлтіреді. Былқылдақ өзені бойында қоқандықтар Сыр қазақтарының 17 биін дарға асып, 40 биін қадаға отырғызу арқылы өлтірген, қалған халықты зәбірлеу, тағы басқа қинау әдістерімен қатаң жазалаған. Осы қырғында 2 кейуана 16 баланы аман сақтап қалып, Жамбыл мен Түлкібас аралығындағы Боралдай тауында 3 жылға жуық уақыт жасырып баққан. Олардан тараған ұрпақ қазіргі Жуалы ауданының аумағында тұрады. Сыр бойы қазақтарының бұл көтерілісі арнайы зерттеле қоймаса да, Қазан төңкерісіне дейін жарық көрген бірқатар еңбектерде сақталып қалған. Мәселен, “Қазақ” газетінің Сырдария губерниясы бойынша тілшісі І.Қоңыратбайұлының Иманжүсіптің ата-тегіне қатысты мақаласында осы оқиға туралы мәліметтер беріледі.
## Дереккөздер |
Банка аралы, Бангка — Индонезиядағы арал. Үлкен Зонд топаралының құрамына енеді. Суматра аралының оңтүстік-шығыс жағалауына жақын орналасқан. Ауданы 11,6 мың км². Жері көбінесе, жазық келеді, орташа биіктігі 60 м-ден аспайды (абсолют биіктігі 699 м). Аралда мәңгі жасыл тропиктік орман өседі. Кей жерлері батпақты. Ірі қалайы кені бар. Басты қаласы — Панкалпинанг. |
Тұраров Серікхан Жеңісұлы (1964 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылы) – ішкі істер қызметкері, полковник (2001). ҚР Төтенше жағдайлар қызметіне еңбек сіңірген қызметкер (2003). ҚР Төтенше жағдайлар минституне қарасты Көкшетау техникалық институтының бастығы (2002). Алматы өрт сөндіру техникалық училищесін (1985), КСРО ІІБ Жоғарғы инжинерлік өрт сөндіру техникалық мектебін (1990), «Фемида» Қарағанды заң академиясын (2005) бітірген. 1985 жылдан өртке қарсы қызмет орындарында жұмыс жасайды. «За отличную службу в МВД» (1997), «Отличник противопожарной службы» (1998), І, ІІ дәрежелі «Қайсар» (2001). «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар қызметіне қосқан үлесі үшін» – (ІІІ дәрежелі) (2007) белгілерімен; «10 лет Независимости Республики Казахстан» (2002), «15 лет вывода советских войск из Демократической Республики Афганистан» (2006), «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» (І, ІІ, ІІІ дәрежелі) (2006), «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері» (2007).
## Дереккөздер |
Шығыс Мұғалжар антиклинорийі – Арал теңізінің солтүстігінде орналасқан аса ірі геологиялық құрылым. Ол батысында Магнитогор антиклинорийінің оңтүстік бөлігімен, шығысында Ырғыз (Шығыс Орал) синклинорийімен шектелген. Жоғарғы протерозой және төменгі палеозой тау жыныстарынан, геологиялық жасы әр түрлі гранитоидтардан құралған. Шығыс Мұғалжар антиклинорийі Оралдағы Орал – Тобыл антиклинорийінің оңтүстік жалғасы болып саналады. Ол көршілес синклинорилермен аса терең жарылымдар арқылы түйіседі. Ұзындығы 200 км-ге жуық, ені 50 км. Пішіні асимметриялы; шығыс бөлігінде ортаңғы-жоғарғы палеозой құрылымдары кеңінен дамыған. Шығыс Мұғалжар антиклинорийі ұсақ қатпарлықтарға жиырылып, жарылымдармен тілінген, тізбектеле орналасқан біршама ірі антиклиналдар мен синклиналдардан тұрады. Мұнда оңтүстіктен солтүстік, солтүстік-шығысқа қарай созылған Қарасай антиклиналы, Қарабұтақ антиклиналы сияқты құрылымдар бар.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Лесное — Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ауыл, Лесной ауылдық округі орталығы. Іргесі 1900 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Балкашино ауылынан батысқа қарай 12 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, асхана, жеке дүкендер желісі, пошта байланыс бөлімшесі бар. 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгер-жерлестеріне ескерткіш орнатылған. Лесное ауылы арқылы Балкашино – Шаңтөбе автомобиль жолы өтеді. Жақын темір жол станциясы – Атбасар (112 км).
## Дереккөздер |
Шортанды – Тобыл өзені алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қостанай облысының Жітіқара ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 74 км, су жиналатын алабы 1200 км2.
## Бастауы
Торғай үстіртінің батысында, Шевченко ауылынан 1 км жердегі бұлақтардан басталып, Глебовка ауылы тұсында Тобылға сол жағынан құяды.
## Дереккөздер |
Тутиков Григорий Яковлевич - (1907, Ставрополь өлкесі, Строев ауданы Бешалгир с.) – еңбек ардагері. Социалистік Еңбек Ері (1957). Қазақстанға тың игеру кезінде (1954) келіп Атбасар ауданы Бауман кеңшарының директоры болып қызмет жасаған. Орден, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Тұрлыбеков Қайрат Қараұлы (1948 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов ауданы Мәдениет ауылы) – жоғары категориялы дәрігер, медицина ғылымының докторы (2006), профессор Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген (1974). Еңбек жолын 1978 ж. Рузаев ауданы ауруханасында бас дәрігердің орынбасары болып бастаған. Бүкілодақтық кардиология ғылыми орт-нда аспирант (1979), Қарағанды мемлекеттік медицина институтында ассистент, тіс аурулары факультеті деканының орынбасары (1982), Көкшетау облысы денсаулық сақтау бөлімінің бас терапевті (1996), Көкшетау қалалық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі. 1999 жылдан қалалық жедел жәрдем ст-ның бас дәрігері қызметтерін атқарған. 70-тен астам ғылыми жұмыстың, оның ішінде 2 монографияның авторы. Медальмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шілікті — Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы ауыл, Шілікті ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Зайсан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 59 км-дей жерде, Тарбағатай мен Маңырақ жоталарының арасында, Шілікті аңғарындағы өзімен аттас өзеннің жағасында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Атауы қызыл шілікті алқапқа байланысты қойылған. Іргесі 1930 жылы ірі қара мал өсіретін ұжымшар есебінде қаланған. 1940 жылдан қой кеңшарының орталығы 1995 жылы кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Ленинское — Ақмола облысы Есіл ауданы, Красивое ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1912 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Есіл қаласынан шығысқа қарай 18 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, клуб бар. Ленинское ауылы арқылы Қызылсу өзені ағып өтеді. Жақын темір жол станциясы – Красивая (12 км).
## Дереккөздер |
### Теңіз
Қазақстанның батыс және оңтүстік-батыс жағын, еліміздегі ірі тұйық су айдындары – Каспий және Арал теңіздері шайып жатыр. Каспий теңізі – солтүстік (тереңдігі 4–8 м), орта (780 м-ге дейін) және оңтүстік (тереңд. 1000 м-ден астам) бөліктерге ажыратылады. Арал теңізі нің шарасы Тұран тақтасының төмен қарай иілген тұсында қалыптасқан. Деңгейі қарқынды төмендеуде (қ. Каспий теңізі және Арал теңізі).
### Жер асты суы
Алаптағы не кендегі су сыйыстырушы жыныстардың сипатына байланысты – жарықшақтық, жарықшақтық-қабаттық және қабаттық (пластық) жер асты сулары болып бөлінеді.
* Жарықшақтық су таулы, қыратты және ұсақ шоқылы аймақтарда кеңінен тараған. Құрамы әр түрлі атпа, шөгінді, метаморфтық жыныстардың жер бетіне жуық үгілу аумағында (30–50 м-ге дейінгі тереңдікте) қалыптасады. Бұлар жер бетіне көбіне минералд. төмен (0,1–0,1 г/л), су шығыны мардымсыз шағын бұлақтар түрінде ұшырайды. Тектоникалық жарылыстар мен жаралу тегі әр түрлі жыныстардың жапсарларын бойлай қуалаған бұлақтар мен тайыз ұңғымалардың су өнімд. 5–7, кейде 10–15 л/с-ке жетеді.
* Жарықшақтық-қабаттық жер асты сулары Маңғыстаудың таулы бөлігіндегі, Мұғалжардағы, Сарыарқадағы, Оңтүстік және Шығыс Қазақстандағы шағын құрылымдарды құраушы, палеозой мен төменгі мезозойдың әлсіз цементтелген терригендік және карбонаттық жыныстарының қат-қабаттарында қалыптасады. Жер бетінде бұлақтар түрінде кездеседі, не тайыз ұңғымалармен (су шығымы 5 л/с-ке дейін) шығарылады. Карстық құбылыс молынан дамыған әктасты қабаттардағы бұлақтардың су шығымы кейде 10–35 л/с-ке жетеді. Жезқазған – Ұлытау ауданы мен Үлкен Қаратаудағы (Мырғалымсай, Келтемашат, т.б.) кен қазбалары мен ұңғымаларға жарықшақтық-қабаттық су көп жиналады. Жарықшақтық және жарықшақтық-қабаттық сулар молаюдың қолайлы жағдайларында едәуір су қорын жинайды.
* Таулы өңірлердің 860 мың км² аумағына 800 м³/с немесе 25 км3/жыл жарықшақтық немесе жарықшақтық-қабаттық сулардың жиналатыны анықталды. Оның 16 км3/жыл мөлшері Оңтүстік және Шығыс Қазақстан тауларының, 9 км3/жыл мөлшері Сарыарқа мен Батыс Қазақстанның биік жерлерінің үлесіне тиеді. Қабаттық жер асты сулары негізінен жазық аймақтардағы баяу цементтелген және цементтелмеген антропогеннен палеозойға дейінгі терригендік және карбонаттық жыныстардың қат-қабаттарынан орын алған. Қабаттық су жиналатын жыныстардың қалыңдығы өзен аңғарларында бірнеше метрге, биіктеу өңірлерде 0,5–1,5 км-ге, Шу-Сарысу, Арал маңы, Сырдария, Маңғыстау – Үстірт өңірлерінде 3–6 км-ге, Каспий ойпатында 10–23 км-ге жетеді. Сулы жыныстардың жоғары қабаттарында арынсыз грунт сулары, төменіректе арыны жоғары артезиан сулары қалыптасады.
Тұщы және қышқылтым сулар өзен аңғарларында, эолдық құм алқаптарында, су айырықтық құмдық түзілімдерде және сонымен бірге Каспий ойпатының шығыс бөлігіндегі, Солтүстік Арал, Ортаңғы Маңғыстау, Сырдария, Шу-Сарысу, Іле, Ертіс маңы ойпаттарындағы бор шөгінділерінде, пермь-триас, юра, палеоген-неоген шөгінділері жиылған жекелеген телімдерінде бірнеше метр тереңдіктен 500–1000 м (Іле ойысында 2700 м-ге дейін) тереңдіктерде кездеседі. Минералды 50–550 г/л тұздықтар Каспий ойпаты, Шу-Сарысу, Теңіз-Қорғалжын, Торғай қолатының ортаңғы мен төменгі горизонттарында, Маңғыстау мен Үстірттің едәуір бөлігінде, Солтүстік Қазақстанда кеңірек тараған. Жалпы қабаттық қоры 570 м³/с немесе 18 км3/жыл. Жылда табиғи жолмен жаңарып (орны қайта толып) отыратын қорларының шамасы 43 км3/жылға тең. Осы қорлар негізінде жер асты суларының пайдалануға болатын әлуеттік (потенциалдық) қоры 53 км3/жылға жетеді. Мұның 16 км3/жылдайы барланған (2000). Қазақстандағы Алакөл артезиан алабы, Бетпақдала артезиан алабы, Каспий маңы артезиан алабы, Қаратау артезиан алабы, Қызылқұм артезиан алабы, Маңғыстау артезиан алабы, Мойынқұм артезиан алабы, Солтүстік Қазақстан артезиан алабы, Сырдария артезиан алабы, Торғай артезиан алабы, Ұлытау артезиан алабы, т. б. жер асты суының ірі қорлары саналады.
## Дереккөздер
## Теңіз
Қазақстанның батыс және оңтүстік-батыс жағын, еліміздегі ірі тұйық су айдындары – Каспий және Арал теңіздері шайып жатыр. Каспий теңізі – солтүстік (тереңдігі 4–8 м), орта (780 м-ге дейін) және оңтүстік (тереңд. 1000 м-ден астам) бөліктерге ажыратылады. Арал теңізі нің шарасы Тұран тақтасының төмен қарай иілген тұсында қалыптасқан. Деңгейі қарқынды төмендеуде (қ. Каспий теңізі және Арал теңізі).
### Жер асты суы
Алаптағы не кендегі су сыйыстырушы жыныстардың сипатына байланысты – жарықшақтық, жарықшақтық-қабаттық және қабаттық (пластық) жер асты сулары болып бөлінеді.
* Жарықшақтық су таулы, қыратты және ұсақ шоқылы аймақтарда кеңінен тараған. Құрамы әр түрлі атпа, шөгінді, метаморфтық жыныстардың жер бетіне жуық үгілу аумағында (30–50 м-ге дейінгі тереңдікте) қалыптасады. Бұлар жер бетіне көбіне минералд. төмен (0,1–0,1 г/л), су шығыны мардымсыз шағын бұлақтар түрінде ұшырайды. Тектоникалық жарылыстар мен жаралу тегі әр түрлі жыныстардың жапсарларын бойлай қуалаған бұлақтар мен тайыз ұңғымалардың су өнімд. 5–7, кейде 10–15 л/с-ке жетеді.
* Жарықшақтық-қабаттық жер асты сулары Маңғыстаудың таулы бөлігіндегі, Мұғалжардағы, Сарыарқадағы, Оңтүстік және Шығыс Қазақстандағы шағын құрылымдарды құраушы, палеозой мен төменгі мезозойдың әлсіз цементтелген терригендік және карбонаттық жыныстарының қат-қабаттарында қалыптасады. Жер бетінде бұлақтар түрінде кездеседі, не тайыз ұңғымалармен (су шығымы 5 л/с-ке дейін) шығарылады. Карстық құбылыс молынан дамыған әктасты қабаттардағы бұлақтардың су шығымы кейде 10–35 л/с-ке жетеді. Жезқазған – Ұлытау ауданы мен Үлкен Қаратаудағы (Мырғалымсай, Келтемашат, т.б.) кен қазбалары мен ұңғымаларға жарықшақтық-қабаттық су көп жиналады. Жарықшақтық және жарықшақтық-қабаттық сулар молаюдың қолайлы жағдайларында едәуір су қорын жинайды.
* Таулы өңірлердің 860 мың км² аумағына 800 м³/с немесе 25 км3/жыл жарықшақтық немесе жарықшақтық-қабаттық сулардың жиналатыны анықталды. Оның 16 км3/жыл мөлшері Оңтүстік және Шығыс Қазақстан тауларының, 9 км3/жыл мөлшері Сарыарқа мен Батыс Қазақстанның биік жерлерінің үлесіне тиеді. Қабаттық жер асты сулары негізінен жазық аймақтардағы баяу цементтелген және цементтелмеген антропогеннен палеозойға дейінгі терригендік және карбонаттық жыныстардың қат-қабаттарынан орын алған. Қабаттық су жиналатын жыныстардың қалыңдығы өзен аңғарларында бірнеше метрге, биіктеу өңірлерде 0,5–1,5 км-ге, Шу-Сарысу, Арал маңы, Сырдария, Маңғыстау – Үстірт өңірлерінде 3–6 км-ге, Каспий ойпатында 10–23 км-ге жетеді. Сулы жыныстардың жоғары қабаттарында арынсыз грунт сулары, төменіректе арыны жоғары артезиан сулары қалыптасады.
Тұщы және қышқылтым сулар өзен аңғарларында, эолдық құм алқаптарында, су айырықтық құмдық түзілімдерде және сонымен бірге Каспий ойпатының шығыс бөлігіндегі, Солтүстік Арал, Ортаңғы Маңғыстау, Сырдария, Шу-Сарысу, Іле, Ертіс маңы ойпаттарындағы бор шөгінділерінде, пермь-триас, юра, палеоген-неоген шөгінділері жиылған жекелеген телімдерінде бірнеше метр тереңдіктен 500–1000 м (Іле ойысында 2700 м-ге дейін) тереңдіктерде кездеседі. Минералды 50–550 г/л тұздықтар Каспий ойпаты, Шу-Сарысу, Теңіз-Қорғалжын, Торғай қолатының ортаңғы мен төменгі горизонттарында, Маңғыстау мен Үстірттің едәуір бөлігінде, Солтүстік Қазақстанда кеңірек тараған. Жалпы қабаттық қоры 570 м³/с немесе 18 км3/жыл. Жылда табиғи жолмен жаңарып (орны қайта толып) отыратын қорларының шамасы 43 км3/жылға тең. Осы қорлар негізінде жер асты суларының пайдалануға болатын әлуеттік (потенциалдық) қоры 53 км3/жылға жетеді. Мұның 16 км3/жылдайы барланған (2000). Қазақстандағы Алакөл артезиан алабы, Бетпақдала артезиан алабы, Каспий маңы артезиан алабы, Қаратау артезиан алабы, Қызылқұм артезиан алабы, Маңғыстау артезиан алабы, Мойынқұм артезиан алабы, Солтүстік Қазақстан артезиан алабы, Сырдария артезиан алабы, Торғай артезиан алабы, Ұлытау артезиан алабы, т. б. жер асты суының ірі қорлары саналады.
## Дереккөздер |
Тұшанов Ерлан Файзуллаұлы - (1958 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Қаратал ауылы) – ғалым, техника ғылымының кадидаты (1996), доцент (1998). Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессор (2007). Көкшетау мемлекеттік тәжірибе станциясының совхоз-техникумын (1982), Целиноград ауыл шаруашылық институтының Көкшетау бөлімін (1987), Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының аспирантурасын бітірген. «Заветы Ильича» кеңшарында жұмыс жасаған (1976 – 77). Кеңес Армиясы қатарында болды (1977 – 79). 1995 жылдан Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде оқытушы болып қызмет жасайды. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері (2008). Тұшанов 31 ғылыми жұмыстың авторы.
## Дереккөздер |
Лебсак Виктор Яковлевич (1919 жылы туған, Саратов облысы) – ұстаз. ҚазКСР және КСРО оқу ағарту ісінің үздігі. Есіл қаласының Құрметті азаматы. Қарағанды және Магнитогорск педагогикалық институттарын бітірген. Аршалы ауданындағы мектепте оқу ісінің меңгерушісі, директоры, 1963 – 96 жылы Есіл қаласындағы №83 орта мектепте директор болып қызмет атқарған. 1996 жылы Ресейге көшіп кеткен. Медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Тәтімбет Бұлғақұлы (шамамен 1700, қазіргі Қызылорда облысы – 1764, сонда) — белгілі батыр, би, елші.
Әбілқайыр хан 1732 жылы желтоқсанда Ресей патшайымына екінші елшілігін аттандырды. Елшілік құрамына Нияз, Ерәлі сұлтандар, Ұлы жүзден Аралбай батыр, Оразкелді батырлар, Кіші жүзден Тәтімбет батыр, Баубек төлеңгіт және үш башқұрт биі кірген. Аталған елшілік Санкт-Петербургке 1734 жылы қаңтар айында барып, ақпан айында патшайым Санкт-Петербургының қабылдауында болды. Онда Ресейге адалдығын білдіріп, башқұрт билерімен бірге Тәтімбет те ант берді. Тәтімбетке Сыр сүлейлері жыр арнаған. Одан тараған Ерназар, Күнтуар, Мұрат, Тұяқ, Темір, Пышан, Ағытай, Төребай билер жайында ел аузындағы әңгімелер мен жазба деректер көп. Ұрпақтары Қармақшы, Ырғыз, Тамды өңірлерінде тұрады.
## Шежіре
Тәттімбет – Былғақ (Бұлғақ) – Құттығай – Қожас – Қаратамыр – Бозғыл (Бозғұл) – Шөмекей
## Дереккөздер |
Шілікті аңғары, Шілікті жазығы – Тарбағатай және Сауыр жоталары аралығындағы тауаралық табан.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай және Зайсан аудандары жерінде.
## Жер бедері
Аңғарлы жазық солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 70 км-ге созылған, енді жері 30 км-ге жуық. Теңіз деңгейінен 1050 – 1150 м биіктікте орналасқан. Ортасында (Шілікті аңғарынан батысқа қарай) сазды-батпақты көлтабан жатыр. Оның ұзындығы 25 км, ені 7 – 8 км. Қытаймен шектесетін қиыр шығысы теңіз деңгейінен 1400 – 1500 м биіктікте.
## Геологиялық құрылымы
Аңғары негізінен палеозойлық қатпарлану кезеңінде қалыптасқан. Жер қыртысы құмтас, алевролит, конгломераттан түзілген. Кейбір жерлерінде триас және юра кезеңдерінің андезиттері, бор мен плиоцендік саздақты-құмды қабаттар кездеседі. Тектоникалық тұрғыдан аңғар тау түзілу кезеңінің жаңа көтерілген ойысына жатады. Сондықтан да жер бедерінде неоген-антропогендік қозғалыстарының да әсері байқалады. Баяу тектоникалық қозғалыс күні бүгінге дейін жалғасуда. Жер қойнауында тас көмір (Кендірлік көмір кен орны), құрылыс материалдары кен орындары бар.
## Климаты
Климаты тым континенттік. Қысы суық, ызғарлы, жазы жылы әрі қуаң. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –16 – 18°С, кейде –46°С-қа дейін төмендейді, шілдеде 20 – 22°С, кейде ауа температурасы 40°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 – 350 мм, тау бөктері мен қиыр шығысында 500 – 550 мм-ге жетеді. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының 3-онкүндігінде қалыптасып, сәуірдің соңында кетеді. Шілікті аңғарының орта тұсынан шығыстан батысқа қарай Қандысу және Кендірлік өзендері және олардың салалары ағып өтеді. Жер асты тұщы сулары 5 – 10 м тереңдікте жатыр.
## Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Тауаралық аллювийлі-пролювийлі дала ландшафтысының топырағы орта тұсында бозғылт қоңыр, қо-ңыр, шеткі өңірлерінде қызғылт қоңыр және қара топырақ қалыптасқан. Құнарлы топырағында бұта, ши аралас астық тұқымдас шөптесін (бетеге, селеу, қылқан боз, айрауық, қияқ, атқонақ, тағы басқа), тау бөктерлерінде қарағай, қайың, көктерек, тал, жабайы алма, итмұрын, емдік қасиеті бар қара меңдуана, ащы жусан, долана, қара андыз, қырықбуын, тағы басқа өседі. Жануарлар дүниесінде қасқыр, түлкі, құну, бұлғын, сусар, қара күзен, аламан, марал, тау ешкісі, тағы басқа мекендейді. Шағын көлдері мен суы мол өзендерінде қаз, үйрек, бірқазан, тырналар, тағы басқа ұя салады. Сулары балыққа бай. Шілікті аңғары – шүйгін шабындық, шұрайлы жайылымдық өңір саналады.
## Дереккөздер |
Шілікті археологиялық экспедициясы 2003 жылы ҚазҰУ-дың Шығыс Қазақстан археологиялық экспедиция негізінде құрылған (жетекшісі Ә.Төлеубаев).
Экспедиция Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті аңғарындағы көне дәуір ескерткіштерін зерттеумен шұғылданады. Далалық зерттеу жұмыстарына ҚазҰПУ, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Семей университеті, Семей топографиялық және картографиялық колледжі, Павлодар мемлекеттік университеті, т.б. жоғары оқу орындары мен республикалық ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері, оқытушылары, студенттері қатысып келеді. Құрылған уақыттан бастап экспедиция мүшелері Шілікті 1, 2, 3 обалар тобындағы патша обаларына қазба жұмыстарын жүргізді. Олар аңғарда 200-дей сақ-үйсін заманына жататын обалардың орналасқандығын анықтап, төлқұжатын рәсімдеді. Қола дәуірі қонысын, ерте ортағасырлық археологялық нысандардың орындарын тапты. 2003–04 жылдары Шілікті – 3 обалар тобындағы 2-обадан (Бәйгетөбе) алтын киімді адам қалдықтарын тауып, ғылыми айналымға енгізді. Обаның биіктігі 8 м, диаметрі 100 м-дей. Ол топырақ, тас үйінді, самырсын қабірхана сынды үш бөліктен тұрады. Құрылысы мұнда патша жерленгендігін көрсетеді. Патша киіміне тағылған 4333 алтын түйме, қапсырма, тоғаларға арқар, таутеке, қасқыр, аю, т.б. түз аңдарының бейнелері түсірілген. Табылған артефактілер арасынан бес жұлдыз бедерленген алтын түйме сақ мәдениетінің бірегей туындысы болып саналады. Алынған мәліметтерге қарағанда, Шілікті аңғары шамамен б.з.б. 8 ғасырда сақтар қоныстанған ірі тарихи-мәдени аудан болған.
## Сыртқы сілтемелер
* ҚазҰПУ
* Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Мұрағатталған 6 тамыздың 2008 жылы.
* Павлодар мемлекеттік университеті(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Түктібаев Кенжеш Түктібайұлы (1920, Қима ауданы Кіндікті ауылы) – соғыс және еңбек ардагері, полковник. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Еңбек жолын 1938 ж. ұжымшарда қойшы болып бастаған. Ташкент пулеметшілер училищесін бітірген соң (1942), майданға жіберілді. 1943 жылдың аяғына таман жараланып, еліне оралды. Қима ауданы ішкі істер бөлімінде инспектор (1943 – 56), Жақсы ауданы ішкі істер бөлімінде бөлім бастығы, басқармасы бастығының орынбасары, бастығы (1957 – 61; 1966 – 83), Қорғалжын ауданы ішкі істер басқарма бастығы (1962 – 66). І-дәрежелі «Отан», Қызыл Жұлдыз ордендері, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Түрген (2007 жылға дейін – Тургеневка) — Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауыл, Түрген ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Аршалы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 18 км, Астана қаласынан 88 км жерде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1903 жылы қаланған.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, сауда орындары, мәдениет үйі, пошта бөлімі, дүкендер, асхана, мектепке дейінгі мекемелер бар. Түрген арқылы Алматы – Екатеринбург автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол бекеті – Анар (15 км).
## Дереккөздер |
Тыныбаева Нүркеш Кәрібжанқызы (1937 жылы туған) – дәрігер. КСРО денсаулық сақтау саласының үздігі. Қазақстанға еңбек сіңірген дәрігер. Қорғалжын ауданының Құрметті азаматы. Қорғалжын ауданы ауруханасында ұзақ жылдар қажырлы еңбек еткен. 2000 жылдан зейнеткерлік демалыста. Еңбек Қызыл Ту ордені, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Есенкелді (2001 жылға дейін – Ладыженка, 2003 жылға дейін – Тілекей) — Ақмола облысы Атбасар ауданы, Сепе ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2019 жылы таратылған Есенгелді ауылдық округі орталығы болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Атбасар қаласынан оңтүстікке қарай 88 км-дей, Астана қаласынан батысқа қарай 187 км-дей жерде, Телекей көлінің шығысында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1905 жылы қаланған.
## Инфрақұрылымы
Балабақша, орта мектеп, аурухана, клуб, кітапхана, асхана, пошта бөлімшесі, наубайхана, дүкендер, астық қабылдау кәсіпорны, тұрмыстық қызмет көрсету үйі бар. 2-дүниежүзілік соғыста қаза болғандарға арнап ескерткіш орнатылған. Жақын темір жол станциясы – Атбасар (110 км).
## Дереккөздер |
Тілеуғабылов Мұқамедрақым Қуандықұлы (1908, қазіргі Қорғалжын ауданы) – дәрігер, эпидемиолог, медицина ғылымының кадидаты (1951). Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1951). Орал қаласындағы Қазақтың өлкелік медицина техникумын (1931), Алматы мемлекеттік медицина институтын (1938) бітірген. Павлодар облысы Ертіс ауданында ауылдық дәрігерлік телімнің меңгерушісі (1938 – 1939). Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі (1939 – 41). ҚазКСР Денсаулық сақтау халкомының орынбасары, бірінші орынбасары (1941 – 1948). Орта Азия Оба аурулары ғылыми-зерттеу институтының директоры (1949 – 1962), 1962 жылдан осы институтта лаборатория меңгерушісі болып қызмет жасаған. Тілеуғабылов 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. 2 мәрте Қызыл Ту, 2 мәрте «Құрмет Белгісі» ордендері, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Айман Оспанова (20.6.1949 жылы туған, Шымкент қаласы) – техника ғылымы докторы (2002), профессор (2002).
* 1970 Қазақ химиялық-технология институтын және
* 1976 Мәскеу химикалық машина жасау институтының аспирантурасын бітірген.
* 1976-1984 Қазақ химиялық технология институтында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент
* 1997-2000 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі
* 2002 жылдан профессор қызметін атқарады.
## Ғылыми еңбектер
2001 ж. «Методология моделирования полимеризационных процессов в промышленных реакторах непрерывного действия» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 60-тан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы..
## Дереккөздер |
Шіркейлі – Сырдария алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Сырдария ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 94,2 км.
## Бастауы
Қызылжарма темір жол станциясы тұсында Сырдариядан екі тармақ болып бөлініп, Сарыкөлден солтүстікке қарай 0,3 км жерде тартылады. Жағалауында қамыс өседі, мал жайылады.
## Дереккөздер |
Түйетөбе – Ақмола облысы Аршалы ауданындағы шоқы.
## Географиялық орны
Борлыкөл көлінің оңтүстік-шығысында 6 км, Аршалы кентінен батысқа қарай 11 км, Астана қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 60 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 464 м, ұзындығы мен ені 1,5 км шамасында.
## Геологиялық құрылымы
Алювийлі шөгінділерден түзілген девон жыныстарымен көмкерілген.
## Өсімдігі
Қара-қошқыл топырағында боз-бетеге шөптері өскен.
## Дереккөздер |
Дариға Біләлқызы Тінәлина (1921, Аршалы ауданы Ақжар ауылы) – кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1957).
Алматы училищесін бітірген (1939), 1939–БМКИ-дің (ВГИК) актерлік факультетінде оқыды (1939 – 41), режиссерлік (профессор Л.В.Кулешов, А.П.Довженко) факультетін бітірген (1953).
## Шығармашылық қызметі
«Член правительства» (1939), «Романтики» (1941), «Ақ раушан» және «Алып туралы ән» (1942), «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1952) фильмдерінде эпизодтық рөлдерді сомдауданы бастаған. 1953 жылы «На просторах Казахстана» ғылыми-көпшілік фильмін түсірді.1954 – 1958 жылы «Мосфильм» киностудиясында режиссер. «Салтанат» (1953), «Илья Муромец» (1956), «Далеко в горах» (1958) фильмдерін түсіруге қатысқан. 1964 жылдан «Қазақфильм» студиясында режиссер. Көркем және шежірелі-деректі «Сплав» және «Песня зовет» (1961), тағы да басқа фильмдерін түсіруге қатысты. 1942 жылдан фильмдердің дубляжын жасауға қатысады.
## Дереккөздер |
Қырыққұдық (1998 жылға дейін - "Черняховское" ) — Ақмола облысы Степногорск қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Қырыққұдық ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Степногорск қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км-дей орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1954 жылы қаланған.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Мектепке дейінгі мекеме, орта мектеп, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, АТС бар. Қырық-Құдықта екі мәрте Кеңес Одағының батыры И.Д.Черняховскийге ескерткіш орнатылған. Қырық-Құдық арқылы Астана – Макинск – Степногорск автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол станциясы – Ақсу (45 км).
## Дереккөздер |
Тенеке – Ертіс алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Ерейментау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 95 км, су жиналатын алабы 600 км2.
## Бастауы
Қоянды тауының оңтүстік-батысынан басталып, Шолақсор көліне құяды.
## Гидрологиясы
Арнасы көбіне жарлы. Қар суымен толығады. Көктемде су деңгейі біраз көтеріледі, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Орташа жылдық су ағымы 0,30 м3/с. Суы мал суаруға пайдаланылады. Алабы мал жайылымы. Тенекеге жалпы ұзындығы 87 км болатын 31 ұсақ өзендер мен жылғалар құяды.
## Дереккөздер |
Уәйіс Шондыбайұлы (1873-1923) - ақын, композитор.
Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан.
Абайдың шәкірті. Оның «Перуайым», «Шұбартау», «Шыңғыстау» тағы басқа әндері халық арасына кең тараған. 1894 жылы Кекбай, Ақылбай, Мағауия сияқты дарынды ақындар тобына қосылып, Абайдың ақындық мектебінен өтеді. Оның ел аузында, көшірме қолжазбаларда және архив қорында сақталып жеткен орыс ақыны П.П. Ершовтың (1815-69) әйгілі «Конек - Горбунок» ертегі-дастанының желісімен жазған «Иванушка - дурачок» поэмасы, «Жошы - Алаша хан» (Ақсақ құлан аңызының бір нұсқасы), «Қырық уәзір» әңгімесінен алынып жазылған «Бір қыздың оқиғасы» атты дастандары мен «Кеңшілік кедейлерге заман бар ма» (1916), «Дүние байқағанға бір кең сарай» (1921) атты өлеңдерінде халықты азаттық күреске үндеп, ел қамқоры болған Абайды жастарға үлгі- өнеге етіп ұсынады.
## Дереккөздер |
Тінәлин Біләл (1884 – 1965, Бабай ауылы) – партия, кеңес қайраткері, С.Сейфуллиннің үзеңгілес серігі. Омбы қаласында большевиктер партиясына өткен (1917). Сол жылы Ақмола қаласына қазақтардың арасына келіп, үгіт жүргізіп саяси өмірге араласқан. Ақмолалық совдептер ұсталғанда Омбыға кетіп қалды. 1919 ж. қамалды. Түрмеден шыққан Тінәлинді Ақмолада С.Сейфуллин қарсы алды. Тінәлин Ақмола уездік атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланып, Орынбордағы БОАК мүшелігіне қабылданды (1924). С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» атты кітабында: "Тінәлин сияқты батырлар келмегенде, біз жеңбес едік", – деп еске алды. Орден, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қымызынай — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Зеленобор ауылдық округіндегі ауыл. Іргесі 1950 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Щучинск қаласының солтүстік-шығысында 29 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Бастауыш мектеп, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, мал шаруашылығы кешені – «Астана–Өнім» АҚ бар. Ең жақын темір жол станциясы - Бурабай шипажайы (29 км).
## Дереккөздер |
Қызылшадыра – Целиноград ауданындағы шоқы. Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде орналасқан. Абсолют биіктігі 363 м. Беткейлері көлбеу. Тас көмір кезеңінің тау жыныстарынан түзілген жер қыртысын элювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан. Нашар дамыған қызғылт қоңыр топырағында даланың сораң шөптерімен бірге бетегелі-қаулы сораң шөптер жиі кездеседі.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Уәлиханов Ғұбайдулла - (шамамен XVIII ғасырдың 70-ж., Бурабайға жақын жердегі Қызылағаш қонысы – XIX ғасырдың 50-жылдарының ортасы) – Орта жүз ханы Уәлидің екінші ұлы. Медреседе білім алған. Уәли хан қайтыс болғаннан кейін, Ғұбайдулла Орта жүзге хан болып сайланды. Ресей тарапынан қарсылыққа тап болған У. беделі жоғары қытай шенеуніктерінің көмегіне сүйеніп, хандық билікті қайта құруға ұмтылды. Қасым Абылайханов пен Сартай Шыңғысовтың көмегімен Ғұбайдолла Қазақстанның өзін-өзі басқаруын сақтап қалуға тырысты. 1824 ж. 29 сәуірде Ғұбайдолла Көкшетау ішкі округіне аға сұлтан болып сайланды. Сөйтіп, Абылай ханның немересі, Уәли ханның заңды мұрагері майор шеніндегі округтік әкімшіліктің шенеунігіне айналады. Өзінің саяси ахуалына көндіге алмаған Уәлиханов Пекинмен, Құлжа қаласындағы уәкілмен қарым-қатынасын қайта орнатады. Алайда, бұл жайлы патша үкіметіне белгілі болып, нәтижесінде У-ты округті басқару ісінен шеттетіп, іс-әрекетіне бақылау күшейтіледі. 1832 ж. Көкшетау округінің аға сұлтаны Абылай Ғаббасовтың қаза болуына байланысты Уәлиханов қайтадан аға сұлтан болып сайланады. 1838 жылға дейін осы қызметін жақсы атқарған оған, қазақтардың ішінде ең бірінші подполковник шені беріледі. 1839 ж. патша үкіметі Ғұбайдолланы Кенесары Қасымовтың жақтаушысы ретінде айыптап, қамауға алып, Березов деген жерге жер аударып, азапты жұмысқа жібереді. Сібірге жер аударылған Уәлиханов 1847 ж. Кенесары Қасымовтың көтерілісі басып-жаншылғаннан кейін ғана босатылады. Ғұбайдолла сұлтан патша үкіметінің отаршылдық езгісінің күшеюіне дала халқының ішінде алғаш қарсы шыққандардың бірі болды. Ғұбайдолла сұлтан бастаған бұл қозғалыс, патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы шыққан қазақ халқының Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне ұласты.
## Дереккөздер |
Қызылтаң — Ақмола облысы Зеренді ауданы, Ортақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1928 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Зеренді ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 63 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, сөйлесу пункті бар. 2-дүниежүзілік соғыста қаза болғандарға ескерткіш орнатылған. Қызылтаң Көкшетау – Омбы автомобиль жолының бойында орналасқан.
## Дереккөздер |
* Қызылсу – өзен бетіне мұз жарығынан шыққан су. Көбіне қысы қатты аймақтардағы суы мол өзендерге тән. Қызлсыу өзендегі су ағымының күрт көбеюінен, мұз астындағы қысымның жоғарылауынан,гидравликалық процестердің нәтижесінде пайда болады; кейде жер асты сулары мол өңірлерде де байқалады. Жер бетіне жақын орналасқан сулы қабаттың кейбір бөлігі, қысы өте қатты және қарсыз жылдары қатады, ал оған қосылатын су үстіңгі қабатты жарып, жер бетіне шығады да, тоң топыраққа сіңе алмай, Қызлсыу мұзына айналады.
## Дереккөздер |
Қызылұйым — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Үлгі ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Округ орталығы - Үлгіден оңтүстік-батысқа қарай 12 км, аудан орталығы – Степняк қаласынан солтүстік-батысқа қарай 19 км жерде, Жөкей көлінің оңтүстік-шығысында орналасқан.
## Тарихы
1918 жылға дейін Сейтен ауылы деп аталды. Ауыл атауын өлкетанушылар Сейтен ханмен байланыстырады.
## Халқы
Қызылұйымда негізгі мектеп, дәрігерлік пункт, кітапхана бар.
## Дереккөздер |
Уәлиханов — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл, Уәлиханов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Степняк қаласынан шығысқа қарай 71 км-дей жерде.
## Тарихы
Іргесі 1961 жылы қаланған. 1970 – 97 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Уәлиханов ауданының орталығы болды.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, кітапхана, клуб, пункт бар. Ауыл арқылы облысы маңызы бар Көкшетау – Уәлиханов автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Биляр теңгесі — 13 ғасырда соғылған теңге. Биляр қаласының орнында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде көмбеден табылған. Тиын теңгенің оң бетінде араб әрпінде “Биляр теңгесі” деген жазу таңбаланған. Екінші бетінде төртбұрышты, дөңгелек және алты қырлы өрнектер бейнеленген. Теңгенің нақты шыққан жылы көрсетілмеген. Биляр қаласы 13 — 14 ғасырларда маңызды сауда жолдарынан жырақ қалғандықтан теңге кейінірек өз қызметін тоқтатқан.
## Дереккөздер |
Қызылсирақ балшықшы (лат. Himantopus himantopus) – татреңдер тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда көл мен өзен жағалауларында кездеседі. Қанатының ұзындығы 225 мм, салм. 200 г-дай. Түсі ақ пен қара аралас, арқасы мен қанаттары қара, бауыры мен құйрығы ақ түсті. Ұзын аяқтары – қызыл. Жыл құсы. Наурыздың ортасынан мамырдың басына дейін ұшып келіп, жерге ұя салады. Ондағы 4 теңбіл жұмыртқаларын мекиені мен қоразы кезектесіп, 25 күндей шайқайды. Балапандары мамық, қанаттанғаннан кейін тез ұшып кетеді. Негізінен омыртқасыздармен қоректенеді. Саны жылдан жылға азаюда.
## Дереккөздер |
Қызылсая — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Қызылсая ауылдық округі орталығы. Іргесі 1961 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Зеренді ауылынан солтүстік-батысқа қарай 71 км-дей жерде.
## Халқы
Негізгі мектеп, балабақша, клуб, кітапхана, мешіт, спорт залы бар.
## Дереккөздер |
Қызыл Қазақстан — Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Жамбыл ауылдық округіндегі ауыл. Іргесі 1936 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Балкашино ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 45 км-дей жерде.
## Халқы
Орта мектеп, дәрігерлік пункт, дүкендер, 15 шаруа қожалығы бар. Ең жақын темір жол станциясы – Атбасар (170 км).
## Дереккөздер |
Әбілжан Ұмышұлы Ұмышев 1912 жылы бұрынғы Көкшетау, Ақмола облысындағы Зеренді ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Еңбек жолын 1930 жылы мұғалім болудан бастаған. Ұлы Отан соғысы жылдары және одан кейін аудандық жер бөлімінің бастығы, Көкшетау аудандық партия комитетінің хатшысы, Володар аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Грачев МТС–нің директоры, Чистопол аудандық атқару комитетінің төрағасы (қазіргі Ғ.Мүсірепов атындағы аудан) қызметтерін атқарған.1989 жылы қайтыс болды.
## Дереккөздер
Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 |
Қызылсай — Ақмола облысы Жақсы ауданы, Қызылсай ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жақсы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, клуб, кітапхана, спорт залы, стадион бар.
## Дереккөздер |
Жанкелді Отарбаев (5.1.1948 жылы туған, Қостанай облысы Амангелді ауданы Амангелді ауылы) – физика-матемалық ғылым докторы (1999), профессор. ҚазМУ-дың физика-математикалық факультетін (1970, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Алматы т. ж. көлік инженерлері институтында (қазіргі Қазақ көлік және коммуникация академиясы) оқытушы (1970–1977), Қазақстан Ғылым Академиясының Сейсмология институтында ғылым қызметкер (1977–1987), Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясында аға оқытушы, деканның орынбасары, доцент, академияның оқу ісі жөніндегі проректоры, кафедра меңгерушісі (1987–2001) қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетті жанындағы Табиғи-гуманитарлық институтының директоры. 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 оқу құралының авторы, 2 патенті бар..
## Дереккөздер
## Қосымша мәліметтер
* Қашықтықтан білім беру институты Мұрағатталған 31 наурыздың 2012 жылы.
* Ж.Отарбаев(қолжетпейтін сілтеме) |
Қызылшоқы – Ақмола облысы Ақкөл ауданының орталығы бөлігінде, Ақкөл қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км, Жалғызқарағай ауылынан шығысқа қарай 10 км, Астана қаласынан солтүстікке қарай 145 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 418 м, ұзындығы мен ені 1-1,5 км. Дөңгелек пішінді тау жер бедерінде айқын көрінеді. Нашар тілімденген беткейлері көлбеу келген.
## Геологиялық құрылымы
Сүйірлі-қиыршықтасты элювийлі-делювийлі шөгінділер жауып жатқан жоғарғы девонның граниттерінен түзілген.
## Өсімдігі
Оңтүстік даланың сортаңдау келген қара топырағында петрофитті әртүрлі шөптесінді және сұлыбасты-бетегелі шөптесіндер өскен.
## Дереккөздер |
Уәлихан Зейнеп (шамамен 1812 жылы, Баянауыл – 1880-жылдардың соңы, Сырымбет қонысы) – Шоқан Уәлиханның анасы. Белгілі Баянауыл биі Шорман Күшіктің қызы, Баянауыл округінің аға сұлтаны Мұса Шорманның апасы. Уәли ханның жесірі Айғаным оны өзінің ұлы Шыңғыс сұлтанға айттырады. Зейнептен 7 ұл (Шоқан, Жақып, Мақы, Махмет, Ахмет, Қозыке, Қоқыш), 2 қыз (Ұрқия, Рахия) туады. Зейнеп көрікті әрі ақылды, сонымен қатар тәкәппар әрі әміршіл болған. Шоқанның демократиялық көзқарасының қалыптасуына көп ықпал еткен. Шыңғыс Уәлиханмен бірге 1850 – 1860 ж. Көкшетау қаласында тұрған.
## Дереккөздер |
Усасыр қырыққұлақ (Dryopterі») – кәдімгі қырыққұлақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін, споралы өсімдіктер. Қылқан жапырақты және аралас ормандар арасында, таулы, жартасты және тастақты жерлерде өсетін 6 түрі бар. Ең жиі кездесетіні – еркек Усасыр қырыққұла. Оның биіктігі 30 – 150 см. Көген тамыры жуан. Жапырақтары ірі, сопақтау, қауырсын тәрізденіп екі рет тілімделген. Сорусы (өсімдіктің спора дамитын мүшесі) жеміс беретін бұтағының орта шенінде орналасқан. Спорасы бүйрек тәрізді сопақша, тамыз – қыркүйек айларында пайда болады. Өсімдіктің «еркек» У. қаласы болып аталуы – аналық таға қырыққұлағына (Athyrіum fіlіx femіna) қарағанда жапырағы қатты және қою жасыл түсті болады. Бұл өсімдіктің тамырында антгельминтик ретінде пайдаланылатын алкалоид – фильмарин бар, сондықтан ежелден дәрілік және улы өсімдік болып саналады. Ал мыңжылқы Усасыр қырыққұлақы, өте сирек (тек Мыңжылқы тау сілемдеріндегі Қосбұлақ сайында) кездесетін, реликт өсімдік. Биікт. 60 см, тамыры жуан, сабағы болмайды. Тамырынан екі рет тілімделген, қауырсын тәрізді жапырақ шоғыры шығады. Өсімдіктің тамыры улы, ол медицинада және ветеринарияда ішек құртын түсіретін дәрілік зат ретінде пайдаланылады. Жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер |
Успенский Сергей Николаевич - (1909 – 2008) – қайраткер, ғалым. Боровской орман ш. техникумын (1929), Брянск орман ш. институтын (1936) бітірген. Қазақстан орман ш-тарында жұмыс істеді. Шығыс Қазақстан облысы орман ш. басқармасының бастығы (1936 – 46). ҚазКСР орман ш. министрінің орынбасары (1946 – 53), Орман шаруашылығы бас басқармасының бастығы (1953 – 59) қызметтерін атқарған. 1959 жылдан Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болған. Еңбек Қызыл Ту, 3 мәрте «Құрмет белгісі», Октябрь революциясы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Иван Павлович Щеголихин (1.4.1927 ж., Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылы - 2010 жыл, Алматы) – жазушы, аудармашы, ҚР халық жазушысы.
ҚазПИ-ді (ҚазҰПУ) бітірген (1956). 1956 – 57 ж. республикалық сан.-эпидемиялық станцияда дәрігер, 1957 – 76 ж. “Советский Казахстан” (қазіргі “Простор”) журналында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болды.
* “Профессордың қызы” атты алғашқы әңгімесі 1954 ж. жарық көрді.
* “Бұрқасын қар” романында (1960; 1977) Қазақстанға тың игеруге келген қарапайым адамдардың тағдыры суреттелген. Тың игеруге байланысты әлеумметтік және моральдық мәселелер
* “Ақ долы” повесінде (1962) жалғасын тапты.
* “Қызмет адамдары” романында (1988) тоқырау жылдарындағы қым-қиғаш оқиғалар, өмірдің көлеңкелі жақтары шынайы суреттелген.
* “Бір институтта” (повестер мен әңгімелер, 1958),
* “Тағы да таң атты” (роман, повесть, әңгіме, 1965),
* “Ауыртпалық машинасы” (повесть, 1969),
* “Бесінші бұрыш” (повестер, 1974),
* “Дефицит” (роман, 1984),
* “Іс оңғарылды, достар” (повесть, 1987), т.б. кітаптары шықты.
## Аудармалары
* С.Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешу” (1964, С.Талжановпен бірге),
* С.Мұқановтың “Балуан шолақ” (1962, М.Бұралқиевпен бірге) және “Алыптың адымы” (1960),
* Ғ.Мұстафиннің “Көз көрген” (1969, Т.Әлімқұловпен бірге),
* Х.Абдуллиннің “Тұрфан аспаны астында” (1965),
* М.Ғабдуллиннің “Менің майдандас достарым” (1951),
* З.Ақышевтің “Жаяу Мұса” (1981),
* Талжановтың “Дала қыраны” (1967),
* Ә.Шәріповтың “Партизан қызы” (1963),
* Б.Соқпақбаевтың “Өлгендер қайтып келмейді” (1984),
* Д.Досжановтың “Күміс керуен” (1985), т.б. романдар мен повестерді орыс тіліне аударған.
Әскери атағы - отставкадағы медицина қызметінің лейтенанты.
Жұбайы - Щеголихина (Федорова) Иветта Николаевна, медицина ғылымдарының кандидаты, зейнеткер, дәрігер-кардиолог болған. Қызы - Галина, хореограф; ұлы - Андрей,марқұм, суретші болған. Немересі - Дмитрий, дизайнер.
## Дереккөздер |
Қызылегіс — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Қызылегіс ауылдық округі орталығы. Іргесі 1898 жылы қаланған. Өңірдегі ең ескі ауылдардың бірі.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Зеренді ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 19 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Негізгі мектеп, мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің шағын орталығы, дәрігерлік амбулатория, клуб, кітапхана, 2 дүкен, мешіт бар. 2-дүниежүзілік соғыста қаза болғандарға ескерткіш қойылған. Ауыз суға ұңғыма мен құдық суын пайдаланады.
## Дереккөздер |
Успеноюрьевка — Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауыл, Успеноюрьев ауылдық округі орталығы. Іргесі 1910 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Щучинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 33 км-дей, Көкшетау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 км жерде орналасқан. Ауылды қайың, қарағай, терек өскен орман массиві қоршап жатыр. Аумағында «Лавочный» тоғаны, «Маховое» көлі орналасқан.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, телефон бар. «Успеноюрьевка» ЖШС жұмыс істейді. 2-дүниежүзлік соғыста қаза болған жерлестеріне ескерткіш орнатылған. Аудан орталығымен Щучинск – Николаевка автомобиль жолы арқылы қатынасады. Жақын темір жол бекеті – Бурабай шипажайы (41 км).
## Дереккөздер |
Қызылағаш — Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауыл, Абылайхан ауылдық округі орталығы. Іргесі 1930 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Щучинск қаласынан солтүстік-батысқа қарай 26 км-дей, Астана қаласынан 229 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, кітапхана, Абылайхан атындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорны, кафе, пошта, байланыс бөлімшесі бар. 2-дүниежүзілік соғыста қаза болғандарға ескерткіш қойылған. Ең жақын темір жол станциясы - Бурабай шипажайы (40 км).
## Дереккөздер |
Қыздың төбесі – Ақмола облысы Ақкөл ауданының шығысындағы дөңгелек пішінді тау. Аудан орталығы – Ақкөл қаласынан шығысқа қарай 60 км, Тасмола өзенінің сол жақ жағалауынан 3 – 4 км, Астана қаласынан солтүстікке қарай 150 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 351 м. Ұзындығы мен ені 2 км. Беткейлері көлбеу келген, нашар тілімденген.
## Геологиялық құрылымы
Делювиальды-пролювиальды шөгінділер жауып жатқан жоғары девонның граниттерінен түзілген.
## Өсімдігі
Оңтүстік бөлігінің қара топырағында бетегелі-қау өсімдіктері, кейде мезоксерофильді әртүрлі шөптесіндер өскен.
## Дереккөздер |
Азат — Ақмола облысы Зеренді ауданы, Күсеп ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Зеренді ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 74 км-дей жерде.
## Халқы
Ауылда «Азат элеваторы» ЖШС-нің астық қабылдау кәсіпорны орналасқан. Азатта мектеп, балабақша, мәдениет үйі, фельдшерлік-акушерлік пункт, монша, асхана, дүкендер бар.
## Дереккөздер |
Ұзынкөл — Ақмола облысы Астрахан ауданындағы ауыл, Ұзынкөл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Астраханка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде, Ұзынкөл көлінің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1954 жылы қаланған.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, кітапхана, дүкендер, наубайхана бар. Тың игерушілерге ескерткіш орнатылған. Ауылға жақын жерден Астана – Екатеринбург автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол станциясы – Жалтыр (78 км).
## Дереккөздер |
Қыздың қарасуы – Ертіс алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Біржан сал ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Бастауын Степногорск қаласынан солтүстік-батысқа қарай 55 км, Астана қаласынан солтүстікке қарай 163 км жерден Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының шеарасына таяу жердегі Солтүстік Қазақ жазығындағы бұлақтардан алады. Еңбекшілдер аудандарының аумағымен ағып, Сілетітеңізге құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 85 км. Жалпы ұзындығы 11 км болатын 3 саласы бар. Суайрығының жер бедері – төбелі қырқалы келген ұсақ шоқылық, шөгінді-денудациялық қыраттар. Аңғары айқын байқалады. Қар суымен толығады. Жазда қарасуларға бөлініп қалады. Қарашаның басында суы қатып, сәуірдің ортасында ериді.
## Өсімдігі
Сортаңды қара топырақты жерлерінде далалық өсімдіктер, өзен атырабында төскейшөпті-бетегелі, жусанды-бетегелі өсімдіктер өседі. Жоғары ағысында талдар мен бұталар кездеседі. Өзен бойы жағалай жайылма. Тұздылау келген суын мал суғаруға пайдаланады.
## Дереккөздер |
Кәдімгі қоқиқаз немесе қызғылт қоқиқаз (лат. Phoenicopterus roseus) — қоқиқаз отрядына жататын құс.
Түсі ақ, сәл ақшыл – қызғылт, ұшар қанатының ұшы қара, тұмсығы ұзын, төмен қарай иіліп біткен. Биіктігі 1,5 метрге жетеді. Салмағы 1,9-дан 4,4 кг-ға дейін, қанатын жайғанда 160-170 см-ге жетеді, бір қанатының қалыпты жағдайдағы ұзындығы 39 см, құйрығы 14 см. Мекиені онша биік емес (биіктігі 1,1 м, қанатының ұзындығы 150 см). Үйірімен қоныстанады (50-ден 25 мың жұпқа дейін). Ұялары конус тәрізді, тұнба саздан немесе құмнан салады. 1-2 жұмыртқаны, мекиені мен қоразы 1 айдай кезектесіп басады.
## Дереккөздер |
Айбас – Ақмола облысы Жақсы ауданының солтүстігіндегі шоқы.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 392 м. Тау Жақсы-Есіл темір және автомобиль жолынан 3,5 км жерде сайлы-жыралы келген далада орналасқан. Айбастың беткейлері көлбеуленген. Пішімі дөңгелек келген таудың ұзындығы мен ені 2-2,5 км-дей. Шоқы түбінен Жақсы-Чапаев қара жолы өтеді. Оңтүстігінде Чапаев ауылының қыстауы орналасқан. Далаға тән өсімдіктер өскен.
## Дереккөздер |
Қызаев Дәмек Қызайұлы (1924 жылы туған, Ақкөл ауданы Құрылыс ауылы – 1995) – партия қызметкері. Еңбек жолын Ақсу кентінде тұрмыстық қызмет көрсету үйінде бастап, кейін шахтер болды. 1942 – 43 жылдары Далалық майданның 57-Армиясы 24-атқыштар дивизиясының, 7-атқыштар полкі құрамында сержант, Қ. пулемет көздеушісі болды. Курск доғасы шайқасына, Харьков қаласын азат етуге қатысты. Қолының жарақатына байланысты 1944 жылы елге қайтарылды. 1944 – 45 жылдары ауылдық кеңестің хатшысы, 1945 – 52 жылдары бастықтің, 1952 – 58 жылдары ауылдық кеңес хатшысы, төрағасы, 1958 – 61 жылдары Қарағанды облыс аралық кеңес-партия мектебін бітірген соң Макинск ауданы «Заветы Ильича» кеңшарына партия ұйымының хатшылсы болып тағайындалды. 1964 жылы Алексеев ауданы Новорыбинский кеңшарына партия ұйымының хатшысы болып ауысады. 1965 – 68 жылдары Алматы жоғары партия мектебінде оқиды. 1966 – 85 жылдары Шортанды ауданында халықтық бақылау комитетінің төрағасы, 1985 – 95 жылдары Шортанды кентінде автобазада комендант болып жұмыс жасаған. 3-дәрежелі Даңқ орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Щерба Григорий Никифорович (30.11.1914, Украина, Хмельницкий облысы Хмельницкий ауданы Книжковцы с. – 12.12.2001, Алматы қ.) – геология-минералдығы ғылымының докторы (1952), профессор (1961). Қазақстан ғылым академиясының академигі (1972). Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылыми қайраткерi (1963). Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1937, қазiргi Қазақ ұлттық техникалық университеті) бiтiрген. «Қазтүстiметалбарлау» тресiнде аға және бас инженер (1937–48), Қазақстан ғылым академиясының Геология ғылымдар институтында аға ғылыми қызметкер, директордың орынбасары (1948–58), осы институтта бөлiм, лаборатория меңгерушiсi, бас ғылыми қызметкер (1958–2001) болған. 1951 ж. Нарын гранитоидтары бойынша докторлық диссертация қорғаған; кейін осы диссертацияның негізінде жазылған монографиясы («Геология Нарынского массива гранитоидов на Южном Алтае», 1957) жарық көрді. Щербаның Сарыарқаның металлогениялық және болжам картасы авторларының бiрi. Ол жер қыртысының түзiлуi мен дамуы теориясына жер қыртысының сатылық дамуы бағытын енгiздi. Ол Лениндiк (1958), Қазақ КСР-i (1972) және КСРО (1985) Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгiсi» ордендерiмен және медальдармен марапатталған. Негізгі ғылым еңбектері Орталық Қазақстанның және кенді Алтайдың фанитоидтар пефологиясы, сирек кездесетін металдар металлогениясы, жер қыртысынын сатылы дамуын зерттеу мәселелеріне арналған. Сарыарқаның алғашқы болжамдық-металлогениялық және пайдалы қазбалары картасы авторларынын бірі. 1960-1980 жылдарына мамандандырылған ғыл. кеңестің төрағасы, 340 ғыл. еңбектің, оның ішінде 28 монофа+фиянын авторы, 1 кен орнын ашты (Шалкия молибден кені). Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Лениндік сыйл.(1958), ҚазКСР Мемлекеттік сыйл. (1972), КСРО Мемлекеттік сыйлықтың (1985) лауреаты.
## Шығармалары
* Формирование редкометальных месторождений Центрального Казахстана, А.-А., 1960;
* Геология и металлогения Успенской тектонической зоны, А.-А., 1967–69;
* Геотектоногены и рудные пояса, А.-А., 1970; Колонна преобразования земной коры, А.-А., 1975;
* Металогения Рудного Алтая и Калбы, А., 1984, (соавт.).
## Дереккөздер |
Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменов (1 қазан 1941 жыл, Семей) — кеңестік және қазақстандық дипломат, мемлекет қайраткері, Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі.
## Өмірбаян
Қарағанды политехникалық институтын бітірген (1967).
* 1959 – 1969 жылдар Қарағанды металлургия комбинатында (ҚМК) жұмысшы, цех шебері, комсомол комитетінің хатшысы болып істеді.
* 1971 – 1977 жылдар Теміртау қалалық атқару комитетінде,
* 1977 – 1980 жылдар КСРО Сыртқы істер министірлігінің (СҚМ) Дипломатия академиясының тыңдаушысы,
* 1980 – 1981 жылдар КСРО СҚМ-нің Орта Шығыс елдері бөлімінің бірінші хатшысы,
* 1981 – 1985 жылдар Ауғанстандағы КСРО Бас өкілдігінің Мазари-Шариф қаласындағы консулы,
* 1985 – 1988 жылдар КСРО СҚМ-нің Орта Шығыс елдері бөлімінің кеңесшісі,
* 1988 – 1991 жылдар Ирандағы КСРО елшілігінің кеңесшісі,
* 1991 – 1994 жылдар ҚР Сыртқы істер министрі.
* 1994 жылдан елшілік қызметте болды. 1994 – 1996 жылдар Қазақстанның АҚШ-тағы, 1996 – 2001 жылдар Венгриядағы, 2001 – 2003 жылдар Бельгиядағы, 2003 жылы мамыр – шілде аралығында Люксембург, Голландиядағы, 2003 – 2005 жылдар Польшадағы төтенше және өкілетті елшісі.
* Сүлейменов 2003 жылда Қазақстанның Солтүстік Атлантика шарты ұйымындағы өкілдігінде атқарушы басшы қызметінде болды.
* 2005 жылдан ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы дипломатия институтының директоры.
## Марапаттары
“Құрмет белгісі” (1976), Ауғанстанның “Даңқ” (1984), “Құрмет” (2001) ордендерімен, “ҚР дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері” құрметті атағымен және бірнеше медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қызғалдақ (лат. Tulipa) – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Қызғалдақ (латын.-Tulipa, түрік.-Lale, орыс.-Тюльпан) дархан даланың, көктеудің, қырдың және маусымдық қоныстың сәні екені белгілі. Қызғалдақ – Жаратушы Иенің адамзатқа берген сыйы. Ол көктемде гүлдеп, кең жазира қазақ даласын ғажайып бір күйге бөлейді. Бір қызығы: екі жыл өмір сүретін бұл нәзік гүл көктем келіп, шуақты Наурыз айы туғанда, бар жоғы 7 күн, кейде 15 күнге дейін гүл ашып тұрады екен.
Барлық қызғалдақтар - жазғы ыстық құрғақ, қысы суық және қысқа жылы және ылғалды бұлақтары бар таулы, далалы және шөлді аймақтардағы өмірге бейімделген типтік эфемерлік геофиттер. Қызғалдақтың тұқымнан гүлденген өсімдікке дейін дамуы үшін үш-жеті жыл қажет. Нарцисстен айырмашылығы, шамдардың буындары жыл сайын өзгеріп отырады.
Өсімнің қысқа көктемгі кезеңінде қызғалдақтар гүлдейді, жеміс береді және жер астында жас баданаларды салады, ал әлсіреген баданалар өледі. Жазғы тыныштық кезінде, ал кейбір түрлерінде қыста келесі жылы өсінділер мен гүлдер шамның ішінде де қалыптасады. Күзде шам тамыр жайып, жемісті аяқтайды.
Қызғалдақ – пиязшықтардың ішіндегі табиғатта да кең таралған, көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік. Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде-кем. Қазақстан табиғатында қызғалдақтың 35 түрі бар. Осы себепті де Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналады. Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Наурыз-мамыр айларында гүл ашады. Оның биіктігі 10 см-ден аспайтын аласа бойлы түрлері ерте көктемде гүлдейтін болса, “Рембрант қызғалдағы” сияқты биік өсетін түрі маусым айының ортасына таман гүлдейді. Барлық түрі 20-25 күн аралығында әдемі гүл жарып тұрады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда сабақ басына бір тал ғана гүл жарады. Гүлзарларға бірыңғай түсті қызғалдақтарды топтап отырғызған жақсы көрінеді. Ал, жеке ыдыстарға бойы аласа түрлерін отырғызған дұрыс. Бойы аласа қызғалдақтар альпі шоқысының да көркін асыра түседі.
## Атауы
Қызғалдақ атауы туралы көптеген болжам бар. Ең көп тарағаны-"тюльпан"-парсы сөзі "толибан" немесе "долбент", яғни қызғалдақ қауызының осы шығыс баскиіміне ұқсастығымен түсіндіріледі.
## Шығу тегі мен таралуы
Қызғалдақтың пайда болу орталығы Орта Азия болып есептеледі. Оның көп бөлігі шөл, айнала тау жүйесі қоршап жатыр:ортасында - Копетдаг, Ауғанстан шекарасына дейін Памир-Алай таулары, оңтүстік шығысында -Тянь-Шань. Үндістанның солтүстігінде, Ауғанстанда, Кавказ тауларында, Сирия мен Ливан шекарасында, Қара , Каспий және Жерорта теңізі маңында жабайы қызғалдақ түрлері өсетін оқшау ошақтары белгілі. Қызғалдақтардың экологиялық ауқымы өте кең. Бір түрі сусыз құмды және тасты шөлдерде, гипсті және сазды топырақта өссе, басқалары аңғарларда немесе тау етегінде, шөгінді тастарда, аяқ жетпейтін құлама жарда, қиыршық толған жартас қуыстарында, тау баурайымен теңіз деңгейінен 3000 м биіктікке дейін көтеріледі. Қызғалдақ өсімдігі ылғалды сүймейді.
## Отырғызуы
Қызғалдақ баданалардың отырғызу мерзімі жердің ерекшеліктеріне және олардың өсуіне байланысты тұрақталанады. Баданалардың тез өсуіне жер температурасының төмендеу (5-7°) қажеттілігі бар болғаны анық. Қыр жерлерде осындай жағдайлар қазанның ортасында пайда болады. Былай қарасақ, бүкіл қазан айы бойы қызғалдақтарды отырғызу үшін өте қолайлы уақыт. Қызғалдақтардың тамырлары жердің температурасы 6—10° болғанда жақсы дамиды. Егер температура жоғары деңгейге көтерілсе ол оған көп зиян келтіреді. Ал егер жер температурасы 3° болса онда баданалар тамырларын шығармайды. Сөйтіп, өсімдікті қарашаның аяғында отырғызуға мүлдем болмайды. Себебі гүлдер ауыруға өте жуық, сонымен қоса көктемде кеш гүлденеді. Әдетте, күндердің аяздауына дейін бадалардың тамыр жүйелері жақсы дамып, өсімдіктер қысты сәтті өтеді.Баданаларды қыркүек айының соңғы күндерінде де түсуге болады. Ең жарамды мерзімі бұл қазан жұлдызының бірінші және он бесіншінің арлығындағы күндері. Осыдан ертеректеу уақытта отырғызу ұсыналмайды.Сонымен қоса баданалар суық күндерге дейін тамырларын біраз жығару керек, сондықтан өсімдіктерді аяздардан үш әлде төрт жұма бұрын отырғызу қажетті. Тамыр жүйесін дамыту үшін қызғалдақтарға отыздан қырық күндерге дейін мерзім керек. Егер тамырлар жақсы деңгейде дамыса онда қыста оны жаму қажеті қалыптаспайды.Отырғызудың алдында әр бадананы қарап шығу керек және олардың арасынан ауру және бұзылғанндарды алыптастауға қажетті. Отырғызудың тереңдігі,баданамен жер арасы, бадананың үдкендігіне орай анықталады. Егер өсімдіктер кішіріктеу болса онда оларды аса терең отырғызбайды. Сонымен, үлкендерді он екі- он төрт см терең, ал кішкентайларын алты-сегіз см терең отырғызады. Бірақ, он бес см-ден терең отырғызбайды.Баданалардың арасындағы ұзындығы олардың мөлшеріне тікелей байланысты. Әдетте питомниктердің ішінде өсімдіктердің арасында сегіз-он см қалдырады.Кішкентай учаскелерінде баданаларды қолмен отырғызғанда он-жиырма см қалдырып шығады.
Қызғалдақтардың тамырлары отырғызғаннан кейін он-он бес күнде шығады. Оның жылдамдылығы жағдайлардан тәуелді. Ол жер сулылығына және температурысына байланысты.
## Көбейтілуі
Пиязшықтан бөліп алынған балапандарын отырғызу арқылы көбейтіледі. Суық түскенше тамырланып үлгеруі үшін, күздің алғашқы айларында егу керек. Отырғызу тереңдігі пиязшық көлемінен екі-үш есе терең болуы тиіс (пиязшықтың ұзындығы 4 см болса 8-12 см тереңдікте егу керек). Пиязшықтардың арақашықтығы биіктігіне қарай 10-20 см-ден кем болмағаны жөн.
## Қызықты мәліметтер
2005 жылы — Қырғызстанда Қызғалдақ төңкерісі болған.
## Дереккөздер |
Құсайынов Амангелді (1942 жылы туған, Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылы) – ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1991), профессор (1991).
КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебінің үздігі (1980). ҚазМУ-ды (1969), оның аспирантурасын (1976) бітірген. 1960–63 жылдары Үлгілі 7-жылдық мектебінде мұғалім болды, 1963–66 жылдары Қызыл армия қатарында азаматтық борышын атқарды. 1969–70 жылдары Алматы медициналық институтында оқытушы, 1970–76 жылдары Алматы қаласында партия органдарында, 1976–92 жылдары ҚазМУ-де аспирант, аға оқытушы, доцент (1987–92), проректордың орынбасары, проректоры (1980–87), аға ғылыми қызметкері болды. 1992 жылдан Ақмола педагогикалық институтында (қазіргі ун-т) ректор.
Негізгі ғылыми зерттеулерінің бағыттары – Қазақстан тарихының мәселелері. 40-тан астам еңбектің оның ішінде 3 монографияның авторы,
Орден және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қыдырмин Қанат Коянбекұлы (1980 жылы туған қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Келлер ауданы Мәдениет ауылы) – Көкшетау қаласы мешітінің бас имамы, Ақмола облысы бойынша Қазақстан мұсылмандар басқармасының өкіл имамы. Шымкент қаласындағы халықаралық қазақ-араб университетін бітірген. (2001), Абай атындағы ҚазҰПУ-нің магистратурасын (2003) және осы университеттің аспирантурасын бітірген. А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде оқытушы, мешітте наиб-имам қызметтерін атқарды. 2009 жылдан Көкшетау қаласындағы Науан Хазірет атындағы мешітке бас имам болып тағайындалды.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Құсайынов Сақан (1917, Атбасар ауданы №15 а. – 1989, Алматы қаласы) – мемлекеттік және қоғам. қайраткері, Социалистiк ЕңбекЕрі (1973). 2-дүниежүзілік соғыс ардагері. Щучинск тау-кентехникумын (1939), Алматы жоғары партия мектебін (1958) бітірген. Бұрғылаушы, «Қазақалтын» тресінде, В.В. Куйбышев атындағы шахтада телім бастығы, бұрғылаушылар бригадасының бригадирі (1934), бұрынғы Торғай облысының 1-хатшысы (1971 – 78), Талдықорған облысы партия комитетінің 1-хатшысы (1978 – 84). КСРО Жоғары Кеңесі 9-,10-шақырылымдарының, ҚазКСР Жоғары Кеңесі 6-, 8-шақырылымдарының депутаты. Орден және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Айтпай Бекболатұлы Құсайынов (1936, Ақкөл ауданы Калинино ауылы – 1989) – механизатор, Социалистiк Еңбек Ері (1973).
Еңбек жолын Ақкөл ауданы Новорыбинский ұжымшарына (1952) бастаған.
ҚазКСР Жоғары Кеңесінің 9-шақырылымының депутаты.
Орден және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Щербаково — Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы ауыл, Мәриям Хакімжанова ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Обаған ауылынан солтүстікке қарай 10 км-дей жерде, Арақарағай орманының оңтүстік-шығысында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 2615 адам (1285 ер адам және 1330 әйел адам) болса, 2009 жылы 1766 адамды (856 ер адам және 910 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі ауыл шаруашылығын ұйымдастыру жылдары “Қобыланды” деген атпен қаланған. 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру басталған кезде Щербаков атындағы астық кеңшарын құруға сәйкес “Щербаково” деп аталды. 20 ғасырдың 90-жылдарының 2-жартысынан бастап мұнда кеңшар негізінде астық өндірумен айналысатын шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл жанынан (3 км) Қостанай – Көкшетау автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Құсайынов Қабдуахит Құсайынұлы (1926 жылы туған, Акмола қаласы) – темір жолшы ардагері. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Еңбек жолын Ақмола депосы ст-нда слесарь болып бастады (1942). Т. жылы саласында барлығы 53 жыл, оның ішінде 25 жыл – темір жолдың Көкшетау бөлімшесі материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы болған. Құсайынов «Құрмет белгісі» ордені және медальдармен марапатталған. КСРО-ның құрметті теміржолшысы. Көкшетау қаласының. Құрметті азаматы (2001).
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Шәкім Құсайынов (1884, Біржан сал ауданы – 1983) – еңбек ардагері. Социалистiк Еңбек Ері (1948). Еңбек жолын Каганович атындағы ұжымшарда жылқышы болып бастады. 1929 жылдан жылқы фермасында аға жылқышы болып істеді. |
Ұзынкөл – Есіл алабындағы ағынды көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Астрахан ауданының батысында, Есіл өзенінің сол жағында, өзімен аттас ауылдың жанында орналасқан. Теңіз деңгейінен 284 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аудан 8,9 км2 (кей жылдары 6,9 км2). Ұзындығы 4,2 км, енді жері 3,7 км. Жағалау бойының ұзындығы 12,4 км. Су жиналатын алабы 32,9 км2. Көл аңғарлы, жағалауы аласа, түбі лайлы келеді. Суы мол жылдары Есіл өзені тасыған кезде Ұзынкөлге құйылады. Жағалауында қамыс, құрақ өскен. Қар және жер асты сумен толығады. Суы тұзды, кермектілігі жоғары. Суда жүзетін құстардың ұя салатын орындары бар. |
Қасымхан Құдайбергенұлы Құсайынов (1946 жылы туған, Зеренді ауданы Қошқарбай ауылы) – ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор (2005). Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1968). 1970 – 77 жылдары Рузаев ауданы Уәлиханов кеңшарында бас экономисі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы және Агроөнеркәсіп комитеті бастығының орынбасары, 1992 жылы Көкшетау облыстық жер қатынастары комитеті төрағасының 1-орынбасары, 1993 – 97 жылдары облыстың экономика басқармасының басшысы және облыс әкімш. бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. Мәскеудегі басшы кадрлар даярлайтын Жоғары мектепті. 1997 жылдан ғылыми- педагогикалық қызметке ауысты.
1968 жылы Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін еңбек жолын Көкшетау облысы Зеренді ауданының «Қарабұлақ» кеңшарында бастады, онда бірнеше жыл бас экономист болып жұмыс істеді. Бас экономист болып жұмыс істеген кезінде ол ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру жолдарын іздестірді. 1986 жылы «Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мысалында ауыл шаруашылығы салаларында жоспарлаудың нормативтік әдісін жетілдіру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Қарапайым экономистен бастап, облыстық экономика басқармасының бастығына дейін көтерілді, Жер комитетінің төрағасы, кейін Көкшетау облысы әкімінің орынбасары лауазымдарында айтарлықтай уақыт жұмыс істеді. Отыз жылдық өндірістік тәжірибесі бар Қасымхан Құдайбергенұлы, «Қаржы және несие» кафедрасын 11 жыл бойы сәтті басқарып келді.
2005 жылы «Экономиканы салықтық реттеу: Қазақстанның солтүстік облыстарының мысалында» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
2008 жылы Жоғары аттестаттау комиссиясы оған профессор атағын берді.
Әр жылдары ол экономиканың әртүрлі салаларын зерттеп, қаржы мен салық салудың дамуына сүбелі үлес қосты. Профессордың тоқсаннан астам ғылыми еңбегі бар. Оның ішінде жетпістен астам ғылыми мақала, бір монография және бірнеше оқу құралы жарияланған. Ғалымның еңбектерінде Ақмола облысы мен Қазақстан экономикасының түрлі салаларында шоғырланған экономистердің, менеджерлердің, қаржыгерлердің бірнеше буыны өсті. «Салықтарды ұйымдастыру теориясы», «Корпоративтік басқару» оқу-әдістемелік құралдарын ерекше атар едік.
Ғалым экономистің кең көзқарасы тек кәсіби еңбектермен ғана шектелмейді, сонымен қатар «Өмір өрістері» сияқты ғылыми-гуманитарлық кітап және туған жер мен қазақ халқының тарихы туралы «Әлем мен Адам», «Ақиқат» кітаптары жарық көрді.
Қ.Құсайынов көптеген Құрмет грамоталарымен және медальдармен марапатталды. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім және ғылымның құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.
Құсайынов 65 ғылыми мақаланың, 1 монографияның, 3 оқулықтың авторы. Диссертациялық кеңестің мүшесі. |
Жүсіпбек Тәшірбайұлы Сүлейменов (13 шілде 1947 жылы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке Би кентінде туған) — ғалым. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2006).
## Толығырақ
* Жүсіпбек Тәшірбайұлы 1947 жылы 13 шілдеде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке Би кентінде дүниеге келген.
* 1971 жылыҚазақ химия-технологиялық институтын бітірген.
* 1974 жылы Мәскеу химия технологиялық институты аспирантурасын бітірген.
## Еңбек жолы
* Қазақ химия-технологиялық институтының, «Жалпы силикат-тар технологиясы» кафедрасының кіші ғылыми қызметкері
* 1971 – 74 жылдары Д.И.Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық инсти-тутының аспиранты
* 1974-77 жылдары Құрылыс материалдар кафедрасының аға оқытушысы, жалпы инженерлік факультет деканының орынбасары
* 1977-1992 жылдары Құрылыс материалдары кафедрасының доценті қызметін атқарушы, сырттай оқу проректорының орынбасары, құрылыс материалдары және топы-рақтану кафедрасының меңгерушісі, ғылыми жұмыстар бойынша проректоры, Жамбыл гидромелиорациялық құрылыс институтының ректорының міндетін атқарушысы
* 1992-98 жылдары Жамбыл гидромелиорациялық құрылыс институтының ректоры
* 1998-2008 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарГУ проректоры
* 2008-11 жылдарыҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің проректоры
* 2011 жылдан бастап Құрылыс материалдар және конструкциялар кафедрасының меңгерушісі;
## Шығармашылығы
* Строительные материалы на основе местного сырья, Жамбыл, 1993;
* Строение и свойства силикатных и других неметаллических тугоплавких материалов, А., 1997.
160-қа жуық ғылыми еңбектің, оқу құралының авторы, 34 авторлық куәлік пен патент алған.
## Ғылыми атақтары
* 1988 жылы Техника ғылымдарының докторы
* 1989 жылы профессор құрметті ғылыми атағы
* 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі.
## Мемлекеттік марапаттары
* Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің күміс медалі (КСРО);
* Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің қола медалі (КСРО);
* 2006 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрметті атағы;
* 2012 жылы президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді; |
Қайнар (2017 жылға дейін — Щербаковское) – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Тассуат ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Құланөтпес өзенінің оң жағалауында, аудан орталығы – Нұра кентінен оңтүстікке қарай 112 км жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесін 1955 жылы Мәскеудің Щербаков ауданынан келген тың игерушілер қалаған. 1976-1995 жылдары Нұра ауданының мал бордақылау бірлестігі аталды. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыты – етті мал өсіру, қосымша саласы – астық шаруа. Кеңшар негізінде 1996 жылы 1 шаруа қожалығы, “Қайнар” ЖШС құрылған. Жерінің жалпы ауданы — 108,0 мың га.
## Инфрақұрылымы
Ауылда клуб, мектеп, кітапхана, ОДА, мәдени орталықтар жұмыс істейді. 1962 жылы егістікте шыққан өртті сөндіруде ерлікпен қаза болған ауыл механизаторлары Владимир Котешков пен Никол Грибовка «Отты факторшылар» атты ескерткіш қойылған. Котешков есімімен Щербоковскоеда көше аталады (мемориалды тақта бар). Басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады.
## Дереккөздер |
Құсайынов Қайырбек Қалиасқарұлы (1939 жылы туған) – кеңес және партия қызметкері. Абай атындағы ҚазПИ-ді бітірген. 1969 жылы «Қалқұтан» кеңшарында хатшы, 1971 жылы Астрахан ауданы атқару комитетінде төраға орынбасары, 1981 – 90 жылдары 158-орта кәсіптік-техникалық училищенің директоры, 1990 – 97 жылдары Астрахан ауданы атқару комитетінің хатшысы, әкім аппаратының жетекшісі, әкімнің орынбасары, 1996 – 2007 жылдары ауданы мәслихат хатшысы болды. Қазір зейнет демалысында. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Құрылыс — Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы ауыл, Қызылжар ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ырғыз ауылынан батысқа қарай 36 км-дей жерде, Ырғыз өзенінің оң жағалық аңғарында.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1281 адам (684 ер адам және 597 әйел адам) болса, 2009 жылы 1024 адамды (509 ер адам және 515 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Ауыл 1957 — 97 жылдары Калинин атындағы қой өсіретін кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Құрылыста 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Құсайынов Бота (1930 жылы туған, бұрынғы Көкшетау ауданы Шонай ауылы) – қоғам қайраткері. Көкшетау қазақ педагогикалық училищесін (1948), ҚазПИ-ді (1952) бітірген. 1952 – 54 жылдары Көкшетау ауданы Красный-Яр орта мектебінде директор, 1954 – 55 жылдары Көкшетау қалалық оқу бөлімінің меңгерушісі, 1956 – 60 жылдары Еңбекшілдер ауданы Макинск орта мектебінің директоры,1960 – 62 жылдары Еңбекшілдер ауданы партия комитетінде үгіт-насихат бөлімінің бастығы, 1962 – 68 жылдары Көкшетау ауданы Курапаткино орта мектебінде директор, 1968 – 70 жылдары Көкшетау облысы партия комитетінде саяси-ағарту үйінің кеңесшісі – әдістемешісі, ғылым және білім бөлімінің бастығы (1970–83), облыстық халыққа білім беру басқармасының бөлім меңгерушісі (1983 – 88) және бастығы (1988 – 90), облыстық халық депутаты Кеңесінің депутаты (1971 – 90). Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. КСРО және ҚазКСР білім беру ісінің үздігі.
## Дереккөздер |
Ақан Кұрманов (1918, қазіргі Атбасар ауданы Қосбармақ ауылы – 1943, Украина, Чернигов облысы Мысы селоы) – Кеңес Одағының батыры (1944). Еңбек жолын ұжымшарда бастады.
## Өмірбаян
1939 жылы Қызыл Армия қатарында, кіші командирлер даярлайтын полк мектебінде оқыды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары 61-армияның 76-гв. Чернигов атқыштар дивизиясы 234-атқыштар полкінің 2-ротасында бөлімше командирі болды. Ақан құралайды көзге атқан мерген. 1943 жылдың 28 қыркүйегінде гвардия сержанты Құрманов Ақан тоғыз жауынгерден құралған топ қатарында Днепрден өті кезінде ерекше тапсырманы орындап, Чернигов облысының Мысы селосының маңайына бекініп, негізгі күшке жол ашып, батальон жауынгерлері жеткенше қорғаныс шебін ұстап тұрған. Ақан осы шайқаста зеңбірек оғынан мерт болды. Ақан Құрманов Чернигов облысындағы (Украина) Репкин ауданына қарасты Мысы селосының орталығында 61-армиясының 415 және 76-гвардиялық атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің бауырластық қабірінде жерленген. 1944 жылы 15 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесі Презиндиумының Жарғысы бойынша Днепр өзенінің арғы жағасына өтіп, алған плацдармды қорғау кезінде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін гвардия сержанты Құрманов Ақанға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
## Соғыстан кейін
Қосбармақ ауылында 1972 жылы батырдың мүсіні қойылып, 2008 жылы Ақан Қүрмановқа арналған мұражай ашылды. Батырдың өнегелі өмірі сыр шертіп, жас оқырмандардың ұлтжандылық, руханияты молайды.Қазіргі Нұр-сұлтан қаласындағы №17 гимназия мектебі (2002 ж. ҚР Президентті Н.Назарбаев ашқан) мен Атбасар қаласындағы №2 арнайы коррекциялық мектеп-интернатына батырдың ыты берілді. Есімі Ақмола облысындағы Атбасар ауданнының орталығы Атбасар қаласындағы және Украинадағы Мысы селосындағы көшелерге беріліді. Атбасар ауданында жылма-жыл батырды еске алу құрметіне дәстүрлі түрде спорт жарыстары өткізіледі. Батыр бабаның есемі Көкшетау қаласындағы Даңқ ескірткіші тақтасы бетіне алтын әріппен жазылған.Ақан Құрманов жайлы батырдың қанды көйлек досы Жәлел Қизатов «Ақан батыр» атты дастан жазған. Батыр «Ленин» ордені және медальдармен марапатталды |
Ұзынсор – Нұра алабындағы ағынсыз көл.
## Геологиялық орны
Ақмола облысы Целиноград ауданының оңтүстік-батысында, Жалғызқұдық ауылынан шығысқа қарай 5 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 355 м биіктікте жатыр. Аудан 6,8 км2 (кей жылдары 5,8 км2). Ұзындығы 6,7 км, енді жері 1 км. Жағалау бойының ұзындығы 21 км. Су жиналатын алабы 131 км2. Жағалауы жайпақ, түбі таза. Қар және жер асты суларымен толығады. Суы тұзды, өте таза. Көл құрғамайды. |
Щербина Федор Андреевич (1.2.1849, Кубандағы Новодеревянковская станицасы – 1936, Прага) – статист-ғалым, Санкт-Петербург ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1904). Петров (қазіргі Тимирязев) ауыл шаруашылық академиясын және Новороссийск (Одесса) университетін бітірген. Жас кезінде халықшылдар қозғалысына белсене қатысты. 1884 – 1903 ж. Воронеж земстволық статистика бөлімшесін басқарды. 1895 ж. Ресей мемлекеттік мүлік министр орталығы аудандардағы орыс шаруаларын империяның шығысындағы аудандарға қоныстандыру үшін экспедиция ұйымдастырды. Щербина басқарған бұл экспедиция қазақ жерлерінің “артығын” анықтау мақсатын көздеді (қазіргі. Щербина экспедициясы). 1907 ж. халықтық социалистер партиясынан Мемлекет екінші Думаның мүшесі болды. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін шет елге эмиграцияға кетіп, сол жақта қайтыс болды. Оның: “Острогож уезіндегі шаруалар шаруашылығы” (1887), “Воронеж губерниясының 12 уезі бойынша қорытынды жинақ” (1897), “Шаруалардың бюджеттері мен олардың астық бағаларына тәуелділігі” (1897), т.б. статистикалық еңбектері жарық көрген.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы, 9 т. |
Үкібаев Ақпан Үкібайұлы (1919, Ерейментау ауданы Жылбұлақ ауылы – 1963, Қызылжар) – қоғам қайраткері. Жоғары партия мектебін бітірген. 2-дүниежүзлік соғысқа қатысқан. Соғыстан 1947 ж. оралып, Ақмола облысы атқару комитетінде нұсқаушы, Шортанды ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы партия комитетінің 2-хатшысы, 1955 ж. қазіргі Жарқайың ауданы комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. Орден, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Құрманов Қайырлы Хамзаұлы (1941 жылы туған) – дәрігер, Қазақстанның еңбегін сіңірген дәрігері. Қарағанды медициналық институтын бітірген (1968). 1968 жылы Балкашино ауданы ауруханасында фтизиатр-рентгенолог, 1973 жылы Көкшетау ауданы ауруханасында бас дәрігердің орынбасары, 1974 жылы Щучинск қаласындағы ауданаралық туберкулез диспансерінде, 1977 жылы Балкашино ауданы ауруханасында, 1981 жылы «Бурабай» санаторийінің және респ. «Қарағай» сауықтыру орталығының бас дәрігері болды. Облыстық мәслихаттың депутаты (2000 – 07). «Құрмет» орденімен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Құрғақ өзен – Есіл өзені алабындағы өзен. Боқсық өзенінің сол жақ саласы.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Бұланды ауданының оңтүстік-шығыс бөлігінің, Ақкөл ауданының батыс бөлігінің жерімен ағып өтеді.
## Бастауы
Ақкөл ауданының Наумовка ауылынан шығысқа қарай 3 км жерден бастау алады. Өзенге 4 шағын сала қосылады. Боқсық өзені сағасына Құрғақ өзені 59 км жерден, Ярославка ауылының маңынан, Астана қаласынаң солтүстік-батысқа қарай 170 км жерден құяды. Өзен суы еріген қар суымен толығады. Жазда кішігірім бөліктерге бөлініп қалады. Наумовка ауылының маңында қардың еріген суын тоқтату үшін топырақтан тұрғызылған бөгет бар.
## Дереккөздер |
Үлкен Шарықты – ағынсыз көл. Ақмола облысы Ерейментау ауданының солтүстігінде, Торғай ауылынан шығысқа қарай 11 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 288 м биіктікте жатыр.
## Аумағы
Ауданы 6,8 км2 (кей жылдары 6,6 км2). Ұзындығы 3,5 км, енді жері 2,5 км. Жағалау бойының ұзындығы 9,2 км. Су жиналатын алабы 90 км2.
## Гидрографикасы
Жағалауы биік, түбі лайлы. Қар және жер асты суларымен толығады. Суы тұзды, өте кермек, ішуге жарамсыз. |
Үлгі (2007 ж. дейін — Казгородок) — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл, Үлгі ауылдық округі орталығы. Іргесі 1927 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Степняк қаласынан солтүстік-батысқа қарай 7 км, Көкшетау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 км жерде, Көкшетау тауының шығыс бетіндегі Жөкей көлінің шығысында 7 км жерде орналасқан.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, амбулатория, мәдениет үйі, кітапхана, дүкендер бар. 2-дүниежүзлік соғыста қаза болған жауынгерлерге ескерткіш орнатылған. Ауыл арқылы Көкшетау – Степняк автомобиль трассасы өтеді. Ең жақын темір жол бекеті – Бурабай шипажайы (45 км).
## Дереккөздер |
Қоңдыкөл, Құндызкөл — Есіл алабындағы тұщы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Сандықтау ауданы Новоникольское ауылы маңында, теңіз деңгейінен 429 м биіктікте жатыр. Аумағы 8,3 км², ұзындығы 4,4 км, енді жері 3 км, жағалау бойының ұзындығы 13,4 км.
## Сипаты
Көктем айларында көл аумағы ұлғайып 8,6 км²-ге жетеді. Солтүстік-батысынан шағын өзен құяды. Шығыс жағалауында қамыс шоғырлары өседі. Басқа жағалауларын қайың, қарағай, терек, т.б. ағаштардан тұратын орман алқабы көмкерген. Сонадай-ақ жағалауында Құмдыкөл, Маралды, Новоникольское елді мекендері орналасқан. Негізінен жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Суы қараша айының 2-жартысында қатып, сәуір айының 2-жартысында ериді. Жағалауының біршама жері егістікке жыртылған. Қалған бөлігі мал жайылымына, омарта шаруашылығына және шабындыққа пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Щербина экспедициясы, 1896 – 1903 ж. Далалық өлкені зерттеу үшін арнайы шығарылған.
Далалық өлкенің барлық уездерін зерттеуді мақсат еткен бұл экспедицияны құрғанда Мемлекеттік мүлік министрлігі зерттеу нәтижелерін Қазақстандағы жер саясатын жүргізуге пайдалануды көздеді. Экспедицияның міндеті аумақты табиғи, тарихи жағынан зерттеп суреттеу, осы мәселедегі ауылдар мен болыстардың маңызын, шаруашылық жүргізу, жер пайдалану тәсілдерін анықтау және көшпелі, жартылай көшпелі шаруашылықтарға қажетті жер көлемін белгілеп, оның қоныстандыру қорына алынатын көлемін анықтау болатын. Әсіресе, Ресейдің орталығы губернияларынан көшіріп әкелінген шаруаларды қоныстандыру мақсатында шаруашылық – статистиканы зерттеуге баса көңіл бөлінді. Экспедицияны земство статистигі Федор Андреевич Щербина басқарды. Құрамына қазақ зиялыларынан – Ә.Бөкейханов, Ұ.Базанов, Т.Жалмұхаметов, И.Жақсылықов, И.Құдайқұлов, И.Тілекеев, Г.Саркин, Р.Мәрсеков, Е.Итбаев, М.Бекетаев, М.Сатыбалдин, Т.Есенқұлов, т.б. кірді. Щербина экспедициясы Ақмола, Торғай және Семей облыстарының 12 уезін мұқият зерттеді. Экспедиция осы аймақтардың “бос жерлерін” анықтауы тиіс болды. Нәтижесінде 1893 – 1905 ж. далалық облыстарда қазақ руларынан 4074180 десятина, оның ішінде Ақмола қоныстандыру ауданында – 2550202 десятина, Семейде – 499566 десятина, Торғай – Орал аймағынан 1024412 десятина жер тартып алынды. Жиналған материалдардың негізінде қазақтардың жер пайдалануы жөнінде он үш томдық жинақ басып шығарылды (1 – 13 т., 1898 – 1908). Экспедиция материалдарын патша өкіметі қазақтардың “артық” жерлерін күшпен тартып алуды күшейту үшін пайдаланды. Бұл материалдар 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезіндегі қазақ шаруашылығының жай-күйі жөнінде теңдесі жоқ деректеме болып табылады. Экспедиция мүшелері жер нормалары асыра көрсетілген, көшпелі қазақтарға үлкен кеңістіктің керегі жоқ, өйткені олар жер-жерде отырықшылық пен егіншілікке көшіп жатыр деген тұжырым жасады. Щербина экспедицияның деректері бойынша қазақ шаруашылықтары үшін аймаққа және басқа жағдайларға қарай жер пайдаланудың ең төмен нормасы 110 – 209 десятина, ал ең көбі 187 – 510 десятина болса, 1904 – 08 ж. қайта ұйымдастырылған экспедициялардың деректері бойынша олар тиісінше 70 – 125 десятина және 119 – 219 десятинаны құрады. Щербина экспедициясы қазақ жерін отарлауға ғылыми негіз жасап берді.
## Сілтемелер
Қазақстан тарихы, 3-том, А., 2002. |
Құмсуат — Ақмола облысы Жарқайың ауданы, Құмсуат ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Державинск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км-дей жерде.
## Тарихы
1931 жылы «Терісаққан» кеңшары негізінде Құмсуат фермасы ұйымдастырылды. 1997 жылы «Ростов» ЖСШ, 1998 жылы «Құмсуат» ЖШС болып қайта құрылды.
## Халқы
2-дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарға орнатылған мемориальдық ескерткіш бар.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.