text
stringlengths 3
252k
|
---|
Байғозы Наймантайұлы (1705 — 1803, Қарағанды облысы Шет ауданы Көктіңкөлі ауылы) — батыр. Руы — тарақты. Әкесі Наймантай батыр Сүтемгенұлы Тәуке ханның бас батырларының бірі болған (бейіті Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің іргесіндегі қорымда). Әкелі-балалы батырлар есімі жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінде қатар шыққан. Байғозы Наймантайұлы жоңғарлармен арада болған Қарасире, Аңырақай, Хан тауы, Қызылтау, Ыстықкөл, Ерейментау, Түркістан, Қарқаралы төңірегіндегі шайқастарда ерлік көрсеткен. Байғозы Наймантайұлының қызы Қойсанадан Шұбыртпалы Ағыбай батыр, немере қызы Шәкіден әйгілі күйші Ықылас Дүкенұлы туған. Байғозы Наймантайұлының бейіті тұрған жер “Батыр басы” деп аталады.
* Байғозы Наймантайұлы (1705-1803) - қазақ халқының елдік пен еркіндікті қорғау жолында жоңғар шапқыншылығына қарсы жүргізілген Ұлы Отан соғысында ерен ерліктер жасап, исі қазаққа даңқы жайылған батырлардың бірі. Байғозы батырдың туып-өскен жері Арқаның Ортау, Қызылтау деп аталатын сілемді тауларының арасы. Топырақ бұйырған жері Қарағанды облысының Жаңаарқа және Шет аудандарының жапсарындағы Жаман Сарысу өзенінің бойы. Батырдың бейіті тұрған жер "Батыр Басы" деп аталады.
Байғозының батырлық тұлғасын Қожаберген жыраудың мынадай жолдары да аша түсетіндей:"Тарақты Ер Байғозы қолдың басы,Бұл күнде жиырма алтыға келген жасы.Ол-дағы Кіші жүзге күйеу екен,Сыйлаған оны да елдің кәрі-жасы." (Ақселеу Сейдімбековтің жеке қоры)
Байғозы батырдың шешесі - Шолпан, Кіші жүздің Жетіруын билеген тархан Есет батырдың (1667-1749) туған қарындасы. Байғозы батырдың Баяу деп аталатын жақын әпкесінен Қанжығалы Бөгембай батыр туады. Байғозы батыр өз кезінде Болат, Әбілмәмбет, Әбілқайыр, Абылай сияқты хандардың алдын көрді. Төле, Қазыбек, Едіге, Бұқар сияқты би-жыраулардың ұлағатты сөзін естіді. Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, Жаңатай сияқты батырлардан тәлім алды. Керей Жарылғап, Әлтеке Жидебай, Шапырашты Наурызбай сияқты батырлармен төс тигізген дос болды.Байғозы батырдың Шәкі деп аталатын немере қызынан әйгілі қобызшы Ықылас Дүкенұлы туған екен. Ал батырдың өзінің Қойсана деген қызынан Шұбыртпалы Ағыбай батырдың анасы өмірге келген екен.
## Дереккөздер |
Дүйсебай Сайлаубайұлы Ізбасаров (1951 жылы туған, Түлкібас ауданы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1994), профессор (1996), ҚР ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі.
Астрахан техникалық институтын бітірген (1973). 1973 – 1976 жылдары Қазақ КСР тағам өнеркәсібі министрлігінің инженер-механигі. 1977 – 1978 жылдары Орталық жоба-конструктор бюросының жетекші конструкторы, сектор меңгерушісі. 1978 – 1980 жылдары Алматы технологиялық инстиуты тамақ өндірісі машиналары мен жабдықтары кафедрасының оқытушысы. 1980 – 1984 жылдары Мәскеу тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында зерттеуші-стажер, аспирант. 1985 – 1991 жылдары Алматы технологиялық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, жалпы инженер істер кафедрасының доценті. 1991 – 1994 жылдары Мәскеу тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының докторанты. 1995 – 1996 жылдары Алматы технологиялық тамақ өндірісі машиналары мен жабдықтары кафедрасының меңгерушісі, проф. 1996 – 1997 жылдары Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының республикалық ғылым-инженер технология орталығының директоры. ҚР ҒМ-ҒА «Алмалы» ғылым өндірістік бірлестігі Ұлттық академиялық ауыл шаруашылығы зерттеу орталығы бас директоры. 1997 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры.
110 ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы.
## Шығармалары
* Производство фруктовых порошков из цельных яблок и сухофруктов, Алматы, 1988;
* Инфрокрасное облучение и сушка растительного сырья, Алматы, 1994;
* Основы теории, техники и технологии сушки пищевых продуктов, Алматы, 1997.
## Дереккөздер |
Евгений Проковьевич Жиров (1937 жылы туған, Ресей, Алтай өлкесі, Червово селосы) – спортшы, шаңғы спортынан Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы. Қазақстан спортының құрметті қайраткері.
## Шәкірттері
КСРО мен Азия ойындарының шаңғы жарысынан чемпиондары
* И. Шерстнева
* С. Мусинова
* И. Зубрилина
* С. Дешевых
## Дереккөздер |
Жанғали Хамзабаев (10 қазан 1937 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Қоскөл ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1981), профессор (1988).
## Өмірбаяны
* Алматы мемлекеттік медицина институтын (1963, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген.
* КСРО Медицина Ғылым Академиясы Хирургия институтының аспирантурасын (1968) бітірген.
* 1968 жылдан Клиникалық және эксперименталды хирургия ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарған.
## Ғылыми еңбектері
* 1980 жылы «Рентгено-радиологическая диагностика симптоматической гипертензии» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
* 2 өнертабыс пен көптеген ғылыми жарияланымдардың авторы.
## Дереккөздер |
Жолдасбеков Оразбек (1892 – 1967, Қорғалжын ауданы Бірлік ауылы) – еңбек ардагері, жылқышы. Социалистік еңбек ері (1948). «Бірлік» ұжымшарына алғаш болып кіргендердің бірі. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданға өзі өсірген жылқыларын жіберген тәжірибелі табыншы. «Қарашалғын» кеңшарында жылқышы болып жұмыс жасаған (1961 – 64). 1964 жылдан зейнеткерлік демалыста. Арғын тайпасының Қуандық бөлімінің Темеш руынан.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Жоламанова Қуандық Досмағанбетұлы (1934, Түмен облысы Еңбек кеңшары – 2005, Көкшетау қаласы) – ғалым, математик. Философия ғылым кандидаты. КазМУ-ды (ҚазҰУ-ды, 1958) бітірген. КСРО оқу-ағарту ісі мен Қазақстан білім беру ісінің үздігі. Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Конюхов жетіжылдық мектебінде мұғалім болып бастаған. Көкшетау облысы Ленинград ауданы орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, директор (1958 – 59). 1960 жылдан Семей малдәрігерлік және Павлодар индустр. институттарында оқытушы, Павлодар педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі (1962 – 71), Көкшетау педагогикалық институтында проректор (1972 – 90), ректор (1990 – 91) болған. Ы. Алтынсарин атындағы Алтын медальімен марапатталған. Жоламанова – 25-тен астам ғылыми. еңбектің авторы.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Мәуен Хамзин (1 қазан 1949 жылы туған, Қарағанды облысы Шет ауданы Кеңшоқы ауылы) – филология ғылымдарының докторы (1998), профессор (2003). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан.
## Өмірбаяны
* Қарағанды мемлекеттік университетін (1973) бітірген.
* Қарағанды облысы Шет ауданында мұғалім, мектеп директорының орынбасары (1973–1982)
* Жезқазған педагогика институтында аға оқытушы, доцент, декан, кафедра меңгерушісі (1982–1996)
* Жезқазған университетінде (1996–1998) кафедра меңгерушісі.
* Қарағанды мемлекеттік университетінде (1998–2005) кафедра меңгерушісі
* Еуразия ұлттық университетінде профессор (2005–1907) қызметтерін атқарды.
* 2007 жылдан «Болашақ» университетінде (Қарағанды қаласы) ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор.
## Ғылыми еңбектері
* «60–80-жылдардағы қазақ романының стилі мен типологиясы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
* 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Қазалы халық театры – Жәдігер Тұрсынов атындағы кәсіпқой ұлттық сахналық-концерттік ұжым. 19 ғасырдың 40-жылдары темір жол клубы жанынан ұйымдастырылған. Алғашқы кездері театр ұжымының көпшілігі басқа ұлт өкілдері болғандықтан Н.В.Гогольдің «Ревизор», А.Е.Корнейчуктің «Платон Кречет», К.А.Треневтің «Любовь Яровая», И.С.Тургеневтің «Месяц в деревне», т.б. пьесаларды орыс тілінде сахнаға шығарды. 1950 – 60 жылдары театрда әуесқой актерлер В.Т.Демин, П.В.Карпов, Қ.Бекетов, Р.Баубекова, Б.Тәженов, т.б. еңбек етті. Театр репертуарында М.Әуезовтің «Қаракөз», «Еңлік-Кебек», Ә.Тәжібаевтың «Той боларда», «Майра», Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Неке қияр», С.Жүнісовтің «Ажар мен ажал», Ш.Хұсайыновтың «Біздің Ғани», С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар», О.Бодықовтың «Қарақұм трагедиясы» т.б. 100-ден астам спектакльдер бар. Театрға 1962 жылы «Халық театры» атағы, 1992 жылы 30 жылдан астам уақыт бойы оның директоры әрі режиссері болған Ж.Тұрсыновтың есімі берілді.
## Дереккөздер |
Жолдыбаев Бүркітбай (1892, Жақсы ауданы Терісаққан ауыл – 1967) – еңбек ардагері. Социалистік еңбек ері (1947). Жарық ауданындағы Терісаққан кеңшарында аға жылқышы болып жұмыс жасаған.Ленин ордені, «Орақ пен балға» алтын медалімен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
«МӘРТӨБЕ» – аудандық газет. 1962 жылы «Еңбек туы» атауымен «Знамя труда» газетінің қазақша нұсқасы ретінде шықты. Газет Ленгір, Арыс, Бөген, Шаян, Түлкібас, Сайрам аудандарына қарайтын Сайрам өндірістік ұжымдық-мемлекеттік шаруашылық басқармасының органы болды. Редакторы – В.И. Поравка, ал орынбасары Қ.Кейкиев болды. Е.Тұрысов, З.Қыстаубайұлы, Қ.Мейірбеков, С.Көпбаев, т.б. ақын-жазушылардың тырнақалды туындылары осы басылымда жарияланды. «Еңбек туы» басылымы 1991 жылы 19 қарашада өз алдына отау тікті. Редакторы болып К.Құмғанбайұлы бекітілді. Газет 2001 ж. Баспасөз күні ауданы газеттер арасында өткен жарыста екінші орын алса, 2003 жылы бірінші орынға ие болды.
## Сілтемелер |
Қазантаев Қонысбек Төрешұлы (1923, қазіргі Қызылорда қалалық округі, Қызылжарма ауылы – 17.8.2000, Қармақшы ауданы) – қоғам қайраткері. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
Қазалы орыс-қазақ педагогикалық училищесін (1942), Алматы жоғары партия мектебін (1950) бітірген. 1945 – 63 жылдары Қармақшы аудандық атқару комитетінде жауапты хатшы, төрағаның орынбасары, төраға, 1963 – 75 жылдары Тереңөзек (қазіргі Сырдария), 1975 – 85 жылдары Жалағаш аудандық партия комитеттерінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған. Қазантаев «Құрмет белгісі» (1958), Еңбек Қызыл Ту (1971), Ленин ордені (1966, 1973, 1976), «Октябрь революциясы» (1981), «2-дәрежелі Отан соғысы» (1988) ордендері, медальдармен марапатталған. КСРО және Қазақстан Жоғарғы кеңестеріне депутат болған. Қызылорда қаласында бір көшеге Қазантаев есімі берілді.
## Дереккөздер |
Төлек – жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры, қолбасшы. 17 ғасырдың аяғы – 18 ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген. Руы - Бағаналы Шүрте. Ол өзінің замандастары Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Қойгелді, Сәмен, Шінет сияқты жаужүрек батырлармен тізе қосып, қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан азат етуге белсене қатысқан. Ақын Тілеміс Есболұлы Төлектің ерлік істерін жырға қосқан.
## Дереккөздер |
Жолдыбай — Ақмола облысы Зеренді ауданы, Симферополь ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Зеренді ауылынан солтүстік-батысқа қарай 55 км-дей жерде, Жолдыбай көлінің батысында 7 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Шағын балабақша, мектеп, клуб, дәрігерлік пункт, дүкен бар. Екінші дүниежүзілік соғыстың құрбандарына ескерткіш орнатылған. 8 шаруа қожалығы жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Әлжан Махмұтұлы Байғурин (Байғарин, Байғораев) (10.7.1896 жыл, бұрынғы Торғай облысы Қостанай уезі Домбар болысы — 10.10.1938 жыл, Алматы) — Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, дәрігер, педагог.
* Қостанай орыс-қазақ училищесін (1910)
* реалдық училищені (1916),
* Орта Азия мемлекет университеті (Ташкент, 1925] бітірген.
* 1917 жылдың көктем-жазында 1-дүниежүзілік соғыс кезіндегі қара жұмысқа алынған қазақтар арасында, Минск түбіндегі Бұратаналар бөлімінде қызмет істеді.
* 1-жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің (“Ислам кеңесі”) мүшелігіне сайланды.
* Торғай қазақтарының 2-облысы (Ақтөбе, 1917, 20 — 25 тамыз) және Қостанай қазақтарының уездік (1918, 14—17 қазан) съездерін өткізуге белсене қатысты.
* 1920—1922 жылдары Мәскеу университетінің медицина және қоғамтану факульттерінде қатар оқып, 1922 жылы жазда Орта Азия университетіне (Ташкент) ауысты.
* 1922—1925 жылдары “Ақжол” газетінің бөлім меңгерушісі
* 1925 — 1929 жылдары Қостанайда дәрігер
* 1929 жылдан Қазақ АКСР-і Денсаулық сақтау халық комиссариатында және тубдиспансерде қызмет атқарды.
* 1931—1935 жылдары Ленинград медицина институтының аспиранты
* 1935—1937 жылдары Алматы медицина институты клиникасының дәрігері, кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
* 1937 жылы желтоқсанда тұтқындалып, саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбаны болды.
* 1956 жылы 6 қарашада ақталды.
## Шығармашылығы
* Көкжөтел
* “Әйел теңдігі”, 1929;
* Шума ауруы неден болады? 1929.
## Дереккөздер |
Жолдасбаев Мүсілім (1895, Аршалы ауданы Кенетай ауылы – 1961) – еңбек ардагері, малшы. Социалистік еңбек ері (1948). 1929 жылы «Путь Ленина» ұжымшарына кірген. Вишнев (қазіргі Аршалы) ауданының «Путь Ленина» ұжымшарында бақташы, жылқы фермасының меңгерушісі (1953 – 59) болған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Сақ Мәуленқұлұлы Мәуленқұлов (15 маусым, 1926 жылы Түркістан облысы, Кентауда туған) — кеңестік және қазақстандық даңқты ардагер кенші. Тау-кен саласындағы жаңа технологияларды енгізуге өз үлесін қосқан КСРО өнертапқышы. Қазақ КСРның Еңбек сіңірген құрметті кеншісі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1970). Тоғызыншы бесжылдықтың үздігі. «Шахтер Даңқы» құрметті белгісінің толық иегері. Тәуелсіз Қазақстанның ең жоғарғы Отан орденінің иегері. Түркістан облысының және Кентау қаласының Құрметті азаматы.
## Толығырақ
* Сақ Мәуленқұлы 1926 жылы 15 маусымда Түркістан облысы, Кентауда дүниеге келген.
* 1944 жылы Шымкент тау-кен техникумына түседі. Осы оқу орнын бітірген соң «Мирғамсай» шахтасында екі жылдай жұмыс істейді.
* 1946 жылы Алматы тау-кен инистиутының геодезиялық факултетіне оқуға түсті.
* 1958 жылы Қызылорда облысында зауытының директоры «Aralsulfat» болып тағайындалды.
* 1970 жылы КСРО түсті метталлургия министрлігінің жарлығымен «Ачполиметалл» комбинатының бас инженері болып тағайындалды.
## Мемлекеттік марапаттары
* 1970 жылы КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
* КСРОның «Қазан төңкерісі» Ордені;
* КСРОның «Еңбек қызыл ту» Ордені;
* КСРОның «Шахтер даңқы» белгісі;
* КСРОның өнертапқышы құрмет белгісі;
* КСРОның Еңбек ардагері медалі;
* Қазақ КСР еңбек сіңірген құрметті кеншісі (құрметті атағының иегері);
* «Ұлы отан саоғысына 60, 65, 70жыл» медалдары;
* 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі;
* 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
* 2015 жылы «Қазақстан конститутциясына 20 жыл» медалі;
* 2016 жылы «Желтоқсан оқиғасына 30 жыл» құрметті медалі;
* Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ең жоғарғы мемлекеттік марапаты « Отан ордені» мен елбасының жарлығымен марапатталған.
* Түркістан облысының Құрметті азаматы
* Кентау қаласының Құрметті азаматы
* 2016 жылы 90 жас мерей тойы қңында ҚР тұңғыш президентінің алғыс хатымен құттықтауы берілген.
## Дереккөздер |
Сатыбалды Хамзин (1942 жылы туған, Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылы - 2009) – жоғары санатты дәрігер-эпидемиолог, медицина ғылымдарының докторы (1999], Қазақстан жаратылыстану ғылымдары академиясының корр. мүшесі (1996).
## Өмірбаяны
* Алматы мемлекеттік медицина институтын (1964, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген.
* Атырау обаға қарсы күрес станциясында дәрігер-эпидемиолог (1964–1970), осы станцияның Құлсары бөлімшесінде басшылық қызметте (1971–1981)
* 1982 жылдан Атырау обаға қарсы күрес станцияның бастығы болды.
## Ғылыми еңбектері
* 1998 жылы «Современные аспекты эпидемиологического надзора при чуме» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
* 72-ден астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы.
## Марапаттары
* КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі
* Үлкен жетістіктері мен адамзат игілігі жолындағы шынайы қызметі үшін халықаралық Гиппократ медалінің иегері атанды
* "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қуат Төлеков (5.12.1914, қазіргі Атырау облысы Қайыршақты ауыл – 18.6.1998, Атырау қаласы) – актер, Атырау облысы драма театрының негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-інің халық артісі (1963). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
1938 ж. Гурьев (қазіргі Атырау) облыс драма театрының студиясын бітірген. 1950 – 1951 ж. Ленинградтағы театр, музыка және кино өнері ин-ты жанындағы жоғары реж. курста оқыды. Сахналық өнер жолын туған ауылындағы көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысудан бастады. Ол Атырау облысы драма театрының қалыптасып даму жолында көп еңбек сіңіріп, актер әрі театр директоры (1940 – 1941, 1945 – 1975) ретінде жемісті қызмет етті.
1938 жылдан Төлеков кәсіби театр сахнасында алғаш рет Жантас рөлін (М.Әуезов, “Түнгі сарын”) орындады. Төлеков ұлттық драматургиядан Абай (Әуезовтің осы аттас шығармасы бойынша), Амантай мен Әбутәліп (С.Мұқанов, “Ботагөз” бен “Мөлдір махаббат”), Ыбырай мен Исатай (М.Ақынжанов, “Ыбырай Алтынсарин” мен “Исатай – Махамбет”), Пластунов пен Қарабай (Ғ.Мүсірепов, “Амангелді” мен “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Махамбет (Ғ.Слановтың осы аттас спектаклі) және Мәлік (Ә.Тәжібаев, “Көңілдестер”), сондай-ақ шетел жазушыларының шығармалары бойынша Фурманов (Д.А. Фурмановтың “Чапаевы” бойынша), Бастаушы (В.В. Вишневский, “Оптимистік трагедия”), Антип Зыков (А.М. Горький, “Зыковтар”), Доктор (Назым Хикмет, “Елеусіз қалған есіл ер”), Президент (Ф.Шиллер, “Зұлымдық пен махаббат”), Октав (Ж.Б. Мольер, “Скапеннің айласы”) пен Петруччионың (У.Шекспир, “Асауға тұсау”), т.б. сахналық мінез-кейіптерін шынайы кескіндеді. Төлеков режиссурамен де айналысып, бірқатар спектакльдерді қойды. Олардың қатарында Б.Қорқытовтың “Асыл жандар”, Т.Ахтановтың “Күтпеген кездесу”, Қ.Аманжоловтың “Досымның үйленуі”, Ш.Хұсайыновтың “Рәбиға”, Мүсіреповтің “Қыз Жібек”, Б.Майлиннің “Шұға” секілді спектакльдері бар.
Төлеков – Атырау қаласының құрметті азаматы. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.
## Дереккөздер |
Қарағайлы, Бүркітті – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы тау тізбектерінен тұратын қарағайлы алқап.
Ірі шоқылары – Сұлтаншоқы, Жаманшоқы. Таулардың кейбіреулері әр қилы пішіндерден тұрады. Қарағайлының басты ерекшелігі – жергілікті климаттық әсердің салдарынан биіктігі 10 – 12 м ғана болатын қабығы қалың, бұталары иіліп жерге дейін жететін кәдімгі қарағайлы алқап. Бұталы ағаштардан арша, қара ырғай, тобылғы, итмұрын, ұшқат, тал, шөптесіндерден Маршалл жебіршөбі, бөденешөп, мысықтабан, бозкілем, т.б. өседі.
Орман жеміс-жидектерге, саңырауқұлақтарға бай. Жануарлар дүниесінде елік, түлкі, қоян; құстардан байбақ, бүркіт, қаршыға, сұңқар, қара бозторғай, тырна, т.б. тіршілік етеді. Қарағайлыда 1974 ж. қорықша ұйымдастырылған. Онда топырақ қорғау, су қорғау шаралары жүргізіледі. Қарағайлының рекреациялық (демалыс) маңызы бар.
## Дереккөздер |
Қарағайлы – Қарқаралы орманды-таулы массивіндегі тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының орталық бөлігінде, Қарқаралы тауларынан шығысқа қарай 10 км жерде орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр, ені 6 км-ге дейін жетеді. Абсолюттік биіктігі 1112 м.
## Жер бедері
Көлбеу беткейлері сай-жыралармен аз тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Көптеген бұлақтары бар. Таудың қорғасын-барит кентастары негізінде Қарағайлы кен-байыту комбинаты жұмыс істейді.
## Геологиялық құрылымы
Орта және жоғарғы девон, силур жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Бозғылт қоңыр топырағында бетеге, қызғылт және қылқан селеу, бөрте жусан, сұлыбас, сайларында тал, беткейлерінде өте сирек қарағай, тобылғы, арша, қараған, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Жонадыр – Шилі мен Қарсақбай өзендері аралығындағы тау.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ерейментау қаласынан солтүстікке қарай 47 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 323 м. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 км-ге созылған, енді жері 2 км-ге жуық.
## Жер бедері
Беткейі көлбеу. Барлық жерлерінде жер бетіне түпкі тау жыныстары шығып жатыр.
## Геологиялық құрылымы
Девонның тау жыныстарынан түзілген. Олардың үстін төрттік кезеңнің элювийлі-делювийлі шөгінділері жапқан.
## Өсімдігі
Күңгірт қоңыр топырағында бетегелі-сұлыбасты-қаулы өсімдіктер өскен. Тау етегінде шалғындық жерлер, шығысын сор басып жатыр.
## Дереккөздер |
Ақжол Нұсқабекұлы Мейірбеков (1950 жыл 7 шілде, Арыс, Түркістан облысы — 2023 жыл 25 қараша) — Дос-Мұқасан ансамблінің әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1994). Құрмет ордені (2011) мен Ерен еңбегі үшін медалінің (2005) иегерлері.
## Өмірбаяны
* Ақжол Нұсқабекұлы 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.
* Әкесі — Нұсқабек.
* Анасы — Айша.
* Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы орта мектептің түлегі.
* Мектептен соң Өзбекстанның Наманған қаласында Музыка училищесін бітірген.
* Ташкент ауыл шаруашылығы институтын бітірген (мамандығы аграном).
## Еңбек жолы
* 1978 жылы әйгілі «Досмұқасан» ансамбльіне қабылданған.
* 1979 жылдан Қазақконцерт өнер бірлестігінің құрамында.
* 1978–1985 жылдары «Дос-Мұқасан» ансамбльінің құрамында әнші болды.
* 1985–1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде ән салды.
* 1994–1996 жылдары «Гүлдер» ансамбльінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды.
* 2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрды.
* 2010 жылдан қайтадан «Досмұқасан» ансамбльінің әншісі.
## Шығармашылығы
* Ақжол Мейірбеков 1972 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық «Алло, біз таланттарды іздейміз» атты ән байқауында халық әні "Айгөлек" әнімен гран-при жүлдесін ұтып алған.
* Көптеген шетелдер мен Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында гастрольдік сапарлармен болған.
* «Досмұқасан» ансамбльінің құрамында жүріп, "Назқоңыр”, “Ахау бикем”, “Он алты қыз”, “Сұлу қыз”, “Құдаша”, “Ауылың сенің іргелі” халық композиторларының (Естай, Ақан сері, Мариям Жагорқызы, т.б.) әндері және қазіргі қазақ композиторларының әндерін орындады.
* Жеке шығармашылығында Кеңес Дүйсекеевтің "Іңкәр жүрек", "Туған жер", "Асыл жарым", "Махаббатым жүрегім", Н.Сәрсенбаевтың "Қиялдағы елес", Қ.Шілдебаевтың "Кешір мені", Ж.Кеңесовтың "Апа сен қартаймасың", Ә.Ботақаевтың "Пай пай қайран жастық шақ" және т.б көптеген әндері халыққа кеңінен тараған.
## Қосымша ақпараттар
* Ақжол Мейірбеков үш рет Мекке-Мединеге қажылық сапарға барып қайтқан.
## Марапаттары
* 1994 жылы "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген артисі" құрметті атағы берілді.
* 2005 жылы "Ерен еңбегі үшін медалі" мен марапатталған.
* 2011 жылы Елбасының жарлығымен "Құрмет ордені" мен марапатталған.
* Руханият университетінің құрметті профессоры.
* Алтын жүрек сыйлығының иегері.
## Отбасы
* Үйленген. Әйелі — Шарипа.
* 2 ұл, 1 қыз баласы бар. 7 немерінің атасы.
## Дереккөздер |
Сәбит Құрашұлы Хамзин (16 ақпан 1938 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Плоский ауылы) – техника ғылымдарының докторы (1970), профессор (1987), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері.
## Өмірбаяны
* Ленинград (1963, Санкт-Петербург) инженер құрылыс институтын және аспирантурасын (1968) бітірген.
* Өскемен, қазіргі Астана қалаларындағы жоғары оқу орындарында оқытушылық қызметте болған.
## Ғылыми еңбектері
Ғылыми еңбектері негізінен бетон және темір-бетон бұйымдарын өндіру технологиясын жақсартуға бағытталған.
## Марапаттары
* «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Тұрдықылыш Ізтай (30.6. 1949 ж. т., Түрікменстан, Тахтабазар ауданы) – композитор. Қазақстан Композиторлар одағы облыстық филиалының директоры. Шымкент музыка училищесін (1968), Құрманғазы атындағы консерваторияны (1973), Ленинградтағы Н.К. Крупская атындағы мәдениет институтының аспиратурасын (1993) бітірген. 1973 – 1994 ж. Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтының халық аспаптар кафедрасының доценті. 1994 ж. Ш.Қалдаяқов атындағы облысы филармонияның көркемдік жетекшісі, халық аспаптары оркестрінің дирижері. Ол 20-дан астам ғылыми және оқу әдістемелік жұмыстардың авторы. Әндері жеке альбом болып «Махаббат – өмір» деген атпен жарық көрді. Халықаралық, республика, облыстық байқаулардың лауреаты. Облыстық мәслихаттың грамотасымен марапатталған, облыс әкімі белгілеген «2000 жылдың ең үздік композиторы» атанған.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Жуасов Қапыс (1909-1996) – Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, ауыл шаруашылығының озаты, Социалистік Еңбек Ері (1966), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952), Қазақстан мал шаруашылығына еңбек сіңірген шебер. 1909 жылы бұрынғы Ақмола облысы, Арықбалық ауданы, Жақсы Жалғызтау ауылы
## Еңбек жолы мен жетістігі
* Еңбек жолын 1929 жылы «Балкашино» асыл тұқымды мал шаруашылығында бақташы болып бастаған.
* Қазақтың асыл тұқымды ақбас сиырларын өсіруге ат салысты.
* КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952).
* Қазақстан мал шаруашылығына еңбек сіңірген шебер.
* Есімі Қазақстанның Алтын Кітабына жазылған.
## Наградалары
* Ленин ордені
* Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1966)
* КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952)
## Дереккөздер |
Қарағайлы, Қарғалы – Алакөл алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Абай облысының Үржар ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 71 км, су жиналатын алабы 542 км2.
## Бастауы
Қарағайлы Тарбағатай тауының (Қызасу тұсы) оңтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Елтай ауылы тұсында Үржар өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары тау аралығында шатқалды. Арнасы тік жарлы, 4-5 м. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Көктемде су деңгейі көтеріледі. Жылдық орташа су ағымы жоғарғы ағысында 0,79 м3/с. Егін суғарылады.
## Дереккөздер |
Қарағайлы – Алтынемел жотасының шығысындағы асу.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Кербұлақ және Панфилов аудандарының шекарасында.
## Жер бедері
Теңіз деңгейінен ең биік жері 3000 м шамасында. Қарағайлы асуынан сәуір – қыркүйек айларында салт атты адам өтуге болады. Солтүстік беткейінен Кескентерек, оңтүстігінен Көктерек өзендерінің салалары бастау алады. Көлбеу беткейлі жоталар жоғары қарай құлама беткейлі қырқаларға ұласады.
## Дереккөздер |
Николай Иванович Журин (1908, Ресей, Орынбор қаласы – 1996, Мәскеу) – партия және қоғам қайраткері. Тарих ғылым кандидаты. Орынбор жол қатынасы техикалық училищесін бітірген соң, Ақтөбедегі паровоз депосында машинистің көмекшісі, машинист болып жұмыс жасады. 1932 жылдан партиялық жұмыстарда: Қостанай, Семей, Ақтөбе облысы партия комитеттерінің хатшысы. 1956 жылдан Қазақстан КП ОК-нің 2-хатшысы, 1958 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы партия комитетінің 1-хатшысы, 1963 жылдан Батыс Қазақстан өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендері, медальдармен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Ішкент– орта ғасырдағы қаланың орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы Атабай кентінің оңтүстігінде. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициялық (жетек. А.Н. Бернштам) зерттеген. Археолог Г.И. Пацевич Ішкентті Шагилджан деп аталды десе, А.Н. Бернштам Қарнақ аталды деп жорамалдайды. Қала 13 – 16 ғасырларға жатады.
## Дереккөздер |
Қарағайлы – Төменшошақ құмының батысындағы қыстау. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылынан солтүстікке қарай 38 км жерде, Құрман көлінен 3 км жерде орналасқан. Шағын тұзды көлдер мен қыстаулар қоршап жатқан Қарағайлының батыс бөлігінен 4 км жерде Ресей шекарасы өтеді.
## Сілтемелер |
Жасқұсқұм – Каспий маңы ойпатының солтүстік-батыс бөлігіндегі тұзды қақтар арасындағы құм.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы жерінде орналасқан.
## Жер бедері
Алқап солтүстік-шығыс бағытқа созылып жатыр. Аумағы 120 км2, ұзындығы 6 – 8 м, ені 2 – 10 км-дей. Жер асты суы 1,5 м тереңдікте (тұщы).
## Өсімдігі
Құм етегінде тал аралас терек, жиде, итмұрын, айрауық, түйе жоңышқа, өлеңшөп, қамыс, жүзгін, жусан өседі. Мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
Жұбандықов Қалия (1872, Бурабай ауданы Жамантұз ауылы – 1950) – суырып-салма ақын. Домбыра, гармонның сүйемелдеуімен музыкалық шығармаларын орындаған. Негізінен патриоттық тақырыпта өткізілген айтыстарға қатысқан. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында облыстың мәдени өміріне белсенді түрде қатысты. Жұбандықовтың «Мен де аттандым қол жая», «Жеңіс толғауы», «Сөз шырағы Жамбылға» өлеңдері «Пернедегі термелер» кітабына енген (1965).
## Пайдаланылған cілтемелер |
Балықшы — балық аулаумен айналысатын кәсіп иесі. Адамдар күнкөріс үшін балық аулаумен сонау мезолит дәуірінің аяқ кезінен бастап-ақ айналысқан. Неолит дәуірінде теңіз, өзен, көл жағасын мекендеушілер үшін балықшылық бірте-бірте нақты кәсіпке айналған. Балық алғашында үшкір таяқ (сүңгі), тас құралдарымен ауланса (б.з.б. Маглемозе мәдениеті ескерткіштерінен табылған), кейінгі дәуірлерде олар жетілдіріліп найза, садақ сияқты аңшылық құралдармен қатар сүзекі, сүйектен жасалған қармақ (қысқаша Бұғылы арал), қаза (қамыстан тоқылған құрал) пайдаланды. Орта ғасырдан бастап балық аулау кәсібі өркендеп, 19—20 ғасырларда балық аулайтын ірі көлемдегі және жетілдірілген құрал-жабдықтардың, арнайы қайықтар мен кемелердің пайда болуы (қысқаша Балық аулау құрал-жабдықтары) балықшы мамандығын өнеркәсіптік жұмыс қатарына қосты. Қазақстанда 19 ғасырдың ортасынан бастап Каспий, Арал теңіздері мен Жайық, Сырдария сияқты ірі өзендер жағалауында балықшылар мекендері, балық өңдейтін цехтар (кейін зауыттар, комбинаттар) пайда болып, оларда мыңдаған балықшылар жұмыс істеді. 20 ғасырдың 80-жылдарында Қазақстандағы балықшылар саны жарты млн-ға жуықтады.
## Дереккөздер
* Худяков В., В боях за рыбу, А.-А., 1932;
* Турсунова М.С., Из истории рыболовства на восточном берегу Каспийского моря, “Изв. АН КазССР, Серия истории, археологии и этнографии”, в. 1958, 3 (8);
* Материалы по истории казахских ханств ХV — ХVІІІ веков, А.-А., 1969. |
Молдабай Ілиясов (26.9. 1936 ж. т., Самарканд уәлаяты, Заамин ауданы, Өзбекстан) – еңбек ардагері. Ташкент қаласындағы Зоотехниканы малдәрігерлік техникумын (1956), Мәскеу қаласындағы малдәрігерлік академиясының зоотехникалық факультетін (1961) бітірген. Еңбек жолы Қазығұрт ауданында басталды: Жданов кеңшарында зоотехник, «Коммунизм» кеңшарында бас зоотехник, аудандық мемлекеттің дайындау инспекциясының бас инспекторы, «Қызылтаң» ұжымшары басқармасының төрағасы болды. 1977 – 1999 ж. Қазығұрт аудандық партия, кеңес органдарында, аудандық мәслихат хатшысы қызметтерін атқарды. Ел алдында сіңірген еңбектері үшін мемлекеттің бірнеше орден, медальдарымен марапатталған. Бірнеше рет аудандық, облыстық мәслихаттардың депутаты болып сайланды. Қазығұрт ауданының құрметті азаматы (2002).
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Экономика және құқық колледжі – республикадағы ең ірі орта арнаулы оқу орны. 1969 ж. ашылған Шымкент гидромелиоративтік-құрылыс техникумы негізінде құрылған. 1992 ж. коммерциялық болып қайта құрылды. 1994 жылдан экономикалық колледж, кейін Шымкент экономика және құқық колледжі болып аталды.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
«Экскаватор» акционерлік қоғамы – машина жасайтын және металл өңдейтін зауыт. Кентау қаласында орналасқан. Жылына 100 экскаватор шығаратын қуаты бар. Зауыт УРАЛ 4320-19-30 автомашинасының дөңгелегіне орнатылған ЭО-3552 У экскаваторын, КАМАЗ автомашинасының дөңгелегіне орнатылған ЭО-3552 экскаваторын, шынжыр табанды ЭО-2621, ЭО-2626, ЭО-2627 экскаваторларын, ПК 330200 жүк тиегіштерін және ДЗ 122 автогрейдерін жасайды.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Қайқы Ұзақұлы (1845, қазіргі Жалағаш ауданы – 1918, Тереңөзек ауданына қарасты «Қайқы ағашы» деген жер.) – батыр. Кіші жүздің Табын руынан шыққан. Әділдігімен, өткір де ержүректілігімен Сыр бойындағы бүкіл Жетіру мен Кете – Шөмекейге мәлім болған. Ол жайлы деректер сирек те болса республикалық басылымдарда кездеceді. 1965 жылы жарыққа шыққан «Айтыс» кітабының 2-томында Қайқы туралы айтылған. Ұрпақтары Қазақстанның әрбір жерінде еңбек етіп, өмір сүріп келеді.
## Дереккөздер |
Ерғали Серікбайұлы Мерзиданов (9.4.1958 жылы туған, Мақтаарал ауданы Абай ауылы) – заңгер, 3-дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі. Қазақ
Мемлекеттік университетін бітірген (1982).
Еңбек жолын Алматы қаласы Калинин ауданы прокуратурасында стажер болып бастап, прокурордың көмекшісі, аға көмекшісі болды.
1986–91 жылдары Қазақ КСР прокуратурасы тергеу басқармасының прокуроры; 1991 жылы Қазақ КСР прокуратурасының аса қауіпті қылмысты тергеу басқармасы бастығының орынбасары;
1991–92 жылдары Қазақстан көлік прокуратурасының тергеу басқармасы бастығының орынбасары – тергеу мен анықтама заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы;
1992–94 жылдар Алматы қаласы прокурорының орынбасары;
1996–97 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры;
1997–2001 жылдары Алматы қаласының прокуроры;
2001–02 жылдары Қарағанды облысының прокуроры;
2002–03 жылы ҚР ішкі істер вице-министрі қызметтерін атқарды.
2004 жылдан Астана қаласының прокуроры.
## Сілтемелер |
Нұргүл Қалиқызы Хамзина (1956 жылы туған, Астана қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1997).
## Өмірбаяны
* Целиноград мемлекеттік медицина институтын (1979, қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясы) бітірген.
* Осы институтта аспирант (1979–1982), патофизиол. кафедрасында ассистент (1982–1987), доцент (1987–96), кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
## Ғылыми еңбектері
* 40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Балықшы, Балыкчы - қазіргі кезде 3 мағынасы бар.
## Бірінші
Сөзбе-сөз “қала бастығы” деген мағынаны білдіреді. Ежелгі түріктің “балық”, яғни, “қала” деген сөзінен шыққан. Қала істері мен қала күзетін басқаратын адамның лауазымы. Бұл лауазым Түркістанды Шыңғыс хан әскерлері жаулап алғаннан кейін (13 ғасырда) тұңғыш рет белгіленген болса керек;
## Екінші
Көсемі балықшы лауазымына ие болған тайпаның аты болуы мүмкін. Хақназар (Ақназар) хан бастаған қазақ әскерлері 16 ғасырдың 30-жылдарының аяғында Ақсуға шабуыл жасағанда, қаланы күзетіп тұрған Тоқтамыс Йирук басқарған Балықшы тайпасының адамдары тым-тырақай қашқан, соның салдарынан қала қиратылып, моғолстандық сұлтан Абд әл-Латиф қаза тапқан;
## Үшінші
Адай тайпасын құрайтын сегіз рудың бірі.
## Дереккөздер |
Қарағайлы – Арқат тауларының оңтүстік-батысындағы таулар.
## Географиялық орны
Абай облысы Абай ауданы Арқат ауылының батысында орналасқан.
## Жер бедері
Ең биік жері шамамен 850 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай тізбектеліп созылған шоқылардың ұзындығы 16 км-ге жуық. Енді жері 5-6 км. Беткейлері тіктеу келген, сай-жыралармен тілімденген. Оңтүстігіндегі жартастардың биіктігі 8 м. Батыс беткейінен Шолақеспе, Батыр өзендері бастау алады.
## Геологиялық құрылымы
Тау тас көмір кезеңінің жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Шалғынды қызғылт қоңыр топырағында ши, ажырық, жусан, бұталар өседі.
## Дереккөздер |
Әлен Жеңісханұлы (1889, Шыңжаң Алтай аймағы, Жеменей ауданы — 1961, Үрімжі қаласы) — Қытайдағы Алтай қазақтарының жүн уаңы(князі). Төре әулиетінен шыққан.
## Өмірбаян
Бала кезінде ауыл мектебінде оқыған. 1915 жылы Бейжің үкіметі оған жүн уаң лауазымын берді. 1933 жылы Шыңжаң өлкелік үкіметінің мүшесі болды. 1939 жылы Шыңжаң губернаторы Шың Шысай әмірімен Үрімжі түрмесіне қамауға алынды. 1944 жылы Үш аймақ төңкерісінің қысымымен Гоминдаң үкіметі оны түрмеден босатып, өлкелік комитет бастығының орынбасары, Алтай аймағы уәлиінің орынбасары етіп тағайындады. 1950 жылы Шыңжаң өлкелік халық үкіметі мәслихат кеңесінің кеңесшісі, 1955 жылы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының саяси-мәслихат кеңесінің мүшесі болды. Әлен Жеңісханұлы демократиялық бағытты ұстанды, қазақтардың егін, мал шаруашылығын дамыту мақсатында Қазақстаннан ауыл шаруашылық машиналарын, асыл тұқымды аталық малын жеткізді.
## Дереккөздер
Қазақ ұттық энциклопедиясы |
Жанат Күреңбайұлы Байдаралин (13.9.1950 жылы туған, Алматы облысы, Жамбыл ауданы) — балетмейстер.
* Алматы хореография училищесін (1968), Мәскеу мемлекеттік театр институтын (1976) бітірген.
* 1968—1971 жылдары Алматының жас балеті ансамблінде
* 1976—1982 жылдары Қазақ опера және балет театрында қызмет істеді. Осында Д. Шостаковичтің 5-симфониясына “Ескі фотосурет”, Ф. Пуленкудің музыкасына “Қайта өрлеу” бір актілі балеттерін, М. Сағатовтың музыкасына “Әлия” балетін (А.А. Александров атындағы күміс жұлдыз жүлдесі, (1979) қойды.
* Байдаралин Мәскеуде өткен 20-Олимпиялық ойындарда (1980), Талас қаласындағы (Қырғызстан) Манас эпосының мыңжылдығына арналған салтанатты жиында (1987), “Евразия—98” кинофестивалінің (Алматы) ашылуында, Қазақстанның жаңа астанасының тұсаукесер рәсімінде өзінің кәсіби шеберлігін таныта білді. Ол рок-балет жанрында әлемде бірінші болып “20 ғасыр” балетін қойып (1985), рок-опера-балет жанрында А. Серкебаевтың музыкасына “Бауырым Маугли” атты бірінші бейнефильм түсірді (1986). Бұл фильмде ол режиссер-балетмейстер болумен бірге, Шерхан биін биледі.
* Байдаралин—1998 жылдары Қазақстанда өткен қазіргі заман билерінің 1-халықтар фестивалін ұйымдастырушылардың бірі.
## Дереккөздер |
Әлқуат Қайнарбаев (1898 жыл, Қазалы ауданы Кеңтүп ауылы – 7 тамыз 1979 жыл, Қармақшы ауданы Жосалы кенті) – ауыз әдебиетін жинаушы.
Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан.Шежіре: Әлқуат-Қошалақ-Қайнарбай-Иса-Бердәлі-Естемір-Мұнай-Есенғұл-Құттығай-Қожас-Қаратамыр-Бозгул-Шомекей[
## Биография
1917 жылға дейін бастауыш мектептен, кейін оқытушылар даярлайтын өлкелік мектептен орта дәрежелі білім алып шыққан (1918 – 1921). 15 – 16 жасында «Мәрді диқан» (Т.Ізтілеуов), «Ақтам Сақаба» (Қарасақал Ерімбет), т.б. жырларды жатқа айтқан. 1920 жылдан әдеби мұраларды жинаумен айналыса бастаған. Ол Қазақстан Республикасы ҰҒА Қолжазбалар қорына тапсырған ауыз әдебиеті үлгілерінің жалпы көлемі 100 мың жолға жуық.
Олар жанры жағынан жыр-дастан, терме, өлең, айтыс, мақал-мәтел болып жіктеледі.
Базар жырау, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Дүр Оңғар, Шернияз, Нұртуған, Қарасақал Ерімбет, Тұрмағамбет Ізтілеуов, т.б. көптеген ақындардың туындыларын жинаған. Сондай-ақ, ол жинаған айтыс үлгілері қатарында «Ермұрат пен Тұрмағамбет», «Қарасақал Ерімбет пен Көзденбайқызы Жекей», «Кете Жүсіп пен Жұбанияз Құлназар», т.б. атауға болады. Бұл шығармалар текстологиялық зерттеуден өтіп, әр жылдары «Үш ғасыр жырлайды», «Пернедегі термелер», «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1-, 2-кітап), «Бес ғасыр жырлайды», «Айтыс» жинақтарында жарық көрген. Қайнарбаевтың Қорқыт туралы жинаған көптеген аңыз әңгімелері де ғылыми маңызды мәліметтер болып табылады.
## Дереккөздер |
Төрежанов Мәдіхат Сейітхожаұлы - (1921, Ақкөл ауданы Еңбек ауылы) – жазушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1986). Семей мұғалімдер институтын бітірген (1941). Омбы облысы Шарбақкөл ауданында, Ақмола мектебінде мұғалім (1939 - 1941). Омбы қаласындағы авиациа зауытында жұмыс жасады (1941 – 45). Ақмола облысы мұғалімдер кәсіподақ ұйымының төрағасы, Қорғалжын мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, мұғалімдер білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі (1946 – 81) болды. Т-тың алғашқы өлеңдері 1938 ж. жарық көрді. 1981 жылдан зейнеткерлік демалыста. Орден, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Молла Мәди, Молла Медеу, Молла Мәди, Камина Молла Маһди Меркіш Майлыкенти (бұрынғы Түркістан өлкесі Сырдария облысы Майлыкент 19 ауылы (қазіргі Түлкібас ауданы Көктерек ауылы) – ақын. Молла Мәди жеті жасынан қой бағады, тоғыз жасынан бес жыл бойы түйе бағады. Әкесі Айқожа баласының зеректігін байқап, молдаға оқуға береді. Екі жылдық мектепте, Манкенттегі үш жылдық медреседе оқиды. Ташкенттегі «Көкілташ» медресесінде білім алады. 1887–88 жылдары Арыс пен Машат өзендерінің қиылысқан жеріндегі Шуылдақ ауылына арнайы келіп, бала оқытады. Ақын ретінде жұртқа кеңінен танылады. Ағартушы ақын әрі ұстаз ел билеушілерді, халықты білімге, оқу мен өнерге үндеп шығармалар жазған. «Қазақ», «Айқап», «Бірлік туы» басылымдарын насихаттайды. Орыс отаршылдығына қарсы көзқараста болады. ҚР ҰҒА ғылыми кітапханасының сирек қолжазбалар қорында 2080 жолдық өлеңдері, екінші кітабының қолжазбасы сақталған. Молла Мәдидің өмірі мен шығарм. хақында ғалым М.Мырзахметұлы және оның шәкірті, ізденуші ғалым С.Өмірзақов жан-жақты зерттеп, жазды.
## Сілтемелер |
«ЮжПолиметалл» Өндірістік корпорациясы» акционерлік қоғамы – Шымкент қаласында орналасқан көпсалалы күрделі кәсіпорын. Жеке меншіктегі кәсіпорын құрамында 7 кәсіпорын зауыттар бар. Металлургиялық кешен тазартылған қорғасын, алтын-күміс құймасын, қорғасын қышқылын, металл висмутын, перренат аммониядағы рения, мыс штейнін, металл кадмиясын, мырыш қышқылын, металл мырыш шығарып, жабдыққа баратын металлға мырыш жалатады. Отын-энергетикалық кешен бүкіл «ЮжПолиметалл» Өндірістік корпорациясы» акционерлік қоғамы жүйесін, сондай-ақ басқа да қаланың өндірістік кәсіпорындарын электр энергиясымен, бумен, ал қаланың жартысын жылуға қажет ыстық сумен қамтамасыз етеді. Корпорация құрамындағы тағы бір зауыт аккумулятор батареясын жасайды. Шағын мұнай өңдеуіш құрылғы корпорация жүйесін жанар-жағармаймен қамсыздандырады. Кен-байыту кешені болса қорғасын, мырыш, барит қоспаларын, майда тас, құмтас қойыртпағын, кварц құмын және әк өндіреді. Бағыттық тасымал з-ты теміржолдарға, ҚР кен-байыту және көмір алу өндірістеріне керекті теміржол өнімдерін және кен-металлургиялық өндірісіне қажетті резина-техникалық бұйымдар өндіреді.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Қайруллаев Әділбек (1938 жылы туған, Қармақшы ауданы Жаңақала ауылы) – шопан, еңбек ардагері, Социалисттік Еңбек Ері (1966). Бірнеше жыл қатарынан әр 100 саулықтан 150 – 160-тан қозы алған. 1966 жылы Қазақстан ЛКСМ XV-съезіне делегат болып сайланған. 1963 жылы Қазақстан КСР-і Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Төлемісова Клара Ахмедияқызы (5 Тамыз 1937, Ақмола облысы Макинск қаласы – 6 Сәуір 2004, Алматы қаласы) – биология ғылымының докторы (1989), (1993), Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі (1993).
## Қысқаша өмірбаяны:
1959 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1960–1963 жылдары Қарағанды медициналық училищесінде оқытушы, оқу істері жөніндегі меңгерушісі.1963–1993 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Микробиология және вирусология институтында аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1993–2003 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ұлттық аграрлық зерттеулер академиясы орталықтарында академик-хатшы қызметтерін атқарды. 2003 жылдан өмірінің соңына дейін Азық-түлік өндірісі және қайта өңдеу ғылыми-өндірістік орталығының бас ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген.
## Еңбектері:
«Микробиологические основы создания и использования биопрепаратов для защиты растений» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 300-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. 23 өнертабыстың иегері.
## Дереккөздер: |
Траксель Эдуард Георгиевич (1928 жылы туған, Ресей, Қырым облысы Симферополь ауданы Котельников с.) – еңбек ардагері, механизатор. Социалистік Еңбек Ері (1981). Еңбек жолын 1948 ж. Северный МТС-нда комбайн жүргізушісі болып бастаған.1958 жылдан бұрынғы Келлер ауданы Калинин атындағы кеңшарда еңбек етті. Орден, медальдармен марапатталған. Облыстан көшіп кеткен.
## Дереккөздер |
Қайруллаев Қорғанбек (25.10.1943 жылы туған, Сырдария ауданы, қазіргі М.Шоқай ауылы) – қызметкер.
ҚазМУ-ды (1972 ж.), Мәскеудегі қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011 ж.).
1961 жылы ұжымшарда механизатор, Қызылорда локомотив депосында слесарь-дизельші, тепловоз машинисінің көмекшісі,
1972 – 75 жылдары Целиноград облысы Қорғалжын ауданы парткомында нұсқаушы, Қызылорда облаткомының заң кеңесшісі,
1975 – 87 жылдары Қызылорда облысы парткомында нұсқаушы, бөлім меңгерушісі,
1987 – 90 жылдары халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
1990 – 96 жылдары облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, облыс әкімінің орынбасары болды.
1996 – 2005 жылдары облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы міндетін атқарды. 4 мәрте облыстық кеңестің депутаты болып сайланған. «Құрмет» орденімен (2023 ж.), бірнеше медальмен марапатталған. Қызылорда облысының құрметті азаматы (2019 ж.).
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Ташай Юльчиева (1917, Шымкент қаласы – 1982, сонда) – Социал Еңбек Ері (7.3.1960). 1942 – 1945 ж. Шымкент тоқыма бірлестігінің мақта-мата фабрикасында жұмысшы, 1945 – 1968 ж. жіп иіруші болып жұмыс істеді.
## Дереккөздер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Балықшы — Атырау облысының Атырау қалалық әкімшілігіне қарасты болған кент, 2013 жылы Атырау қаласына қосылды. Бұрынғы Балықшы кенттік әкімдігі Балықшы ауылдық округі болып қайта құрылды.
Атырау қаласынан оңтүстікке қарай 4 км жерде, Жайық өзенінің сол жағалауында, шөлді белдемде орналасқан. Іргесі 1937 жылы балық-консервілеу комбинатын салуға байланысты қаланған. Тұрғыны 18,6 мың адам (1998). Балықшыда ірі консервілеу комбинаты, балық-уылдырық, кеме жөндеу зауыттары, тұрмыс қажетін өтеу мекемелері, 3 орта мектеп, теңіз-балық колледжі, мәдениет үйі, 2 аурухана, бала бақшалары бар. Тұрғындары облыс орталығымен және елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Балықшыдан Ақтау мен Астрахан қалаларына кеме қатынайды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 22 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 6, 27, 37 баптарына сәйкес Атырау облысы бойынша 2013 жылы 11-сәуірде Балықшы кенті Атырау қаласына қосылды.
## Дереккөздер
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/ |
Махметов Қожахмет (1900, Ерейментау ауданы Қарағай ауылы – 1970) – еңбек ардагері.
Руы — Уақ. Социалистiк Еңбек Ері (1948). 1930 жылдан Свободный путь ұжымшарында жылқышы, жылқы фермасының меңгерушісі болған. Артель басқармасының мүшесі, ауылдық кеңестің депутаты болып сайланған. Екі рет Ленин орденімен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Сабыржан Юсупалиев (5.12.1940, Өзбекстан Республикасы, Самарқанд облысы Нарпой ауданы Зирабұлақ аулы) – жазушы, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты (1994). Еңбек жолын 1958 ж. Сайрам ауданындағы Қарабұлақ аулында бастаған. 1962 ж. ауданы газетке әдеби қызметкер болып қабылданды. 1969 ж. – Ташкент мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, 1980 – 82 ж. Алматы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы болды. 1982 – 1991 ж. Сайрам ауданы партия комитетінің нұсқаушысы, Манкент ұжымшары партия комитетінің хатшысы, 1991 жылдан өмірінің соңына дейін облысы «Жамуби Қозохистон» (бұрынғы «Дүстлик байроғи») газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Юсупалиев көптеген повестер мен поэмалардың авторы.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Төлеп (1994-жылға дейін - Каменный) — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орналасуы
Аудан орталығы – Бейнеу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1965 жылы Бейнеу – Ақтау темір жолын салуға байланысты қаланды. Ауыл 1994 жылға дейін "Каменный" деп аталып келген.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Ауылда клуб, пошта, темір жол дистанциясының бөлімшесі, ұлутас өндіретін 2 кеніш, шағын бизнес нысандары, телехабар тарататын қондырғы, телефон стансасы бар.
## Транспорты
Ауыл арқылы Атырау – Маңғыстау темір жолы, Атырау – Бейнеу – Ақтау автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Арынғазы Қайсақанов (1912 жыл, Семей губерниясы, Көкен ауылы (бұрынғы Жаңа Семей ауданы - 7.03.1976) – экономист, партия кеңес қызметкері. Уақ тайпасынан шыққан.
БК (б)П ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірген (1949). Еңбек жолдары: Семей облыстық мал шаруашылығы басқармасы қаржы-өндіріс бөлімінің бастығы (1935), Алматыда мемлекеттік жоспарлау комитетінде экономист (1935 – 37), есеп-санақ комитетінде экономист (1937 – 39), Жамбыл облыстық есеп-санақ мекемесінің бастығы (1939 – 41), Жамбыл облаткомы төрағасының орынбасары (1941 – 44), Жамбыл облыстық парткомы хатшысының орынбасары (1944 – 46), Жамбыл облаткомы төрағасының орынбасары (1946), Қарағанды облаткомы төрағасының орынбасары (1949 – 50), Қызылорда облаткомының төрағасы (1950 – 53), ҚКП ОК-нде жауапты ұйымдастырушы, Алматы облысы, Қаскелең аудандық парткомының 1-хатшысы (1953 – 57), Гурьев (Атырау) облаткомының төрағасы, Семей облаткомы төрағасының орынбасары (1957 – 73).
Бүкілодақтық, республикалық партия съездеріне бірнеше мәрте делегат болып қатысты, Жоғарғы Кеңеске (3,5 шақырылмдарына) депутат болып сайланды.
3 мәрте Ленин орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Би... (лат. bі... — екі, қос, bіs — екі рет) — біріккен сөздің сыңары, заттың не оның белгісінің екеу екенін білдіреді (мысалы, биплан, биметалл).
## Дереккөздер |
Қарағайлысай – Меридианальный жотасының солтүстігіндегі асу.
## Географиялық орны
Алматы облысы Райымбек ауданы Қаратоған ауылының оңтүстік-шығысында 6 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Ең биік жері 2700 м шамасында. Мамыр – қыркүйек айларында салт атты адам өтуге болады. Қарағайлысай асуының баурайынан Байынқол және Нарынқол өзендерінің салалары бастау алады. Жарқабақты өзен аңғарлары жоғары қарай біртіндеп тар аңғар, тік беткейлі шатқалдарға ұласады.
## Өсімдігі
Солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығыс бөліктерінде қалың қарағай орманы өскен.
## Дереккөздер |
Жан тәсілім — адам ғұмырының соңғы сәтін білдіретін ұғым. Діни сенім бойынша, адамның өзі өлгенімен, жаны кеудесінен босап, әлемдік кеңістікке шығып кетеді. Кеудеден жанның шығуы оңай емес. Ол — өте күрделі психикалық процесс. Жан тәсілім етер сәтінде адам қатты қиналады. Халықтың дәстүрлі дүниетанымында о дүниеге ерекше қиналыссыз, жеңіл аттанған адамдарды қасиетті деп санаған.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Балықты, Балықшы — Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл, Балықты ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылынан батысқа қарай 26 км, Састөбе темір жол стансасынан 8 км жерде, Арыс өзенінің оң жағалауына таяу орналасқан. Боралдай жотасының оңтүстігіндегі қуаң агроклиматтық белдемде жатыр. Бұта аралас астық тұқымдас шөптер басым.
## Тарихы
Іргесі 1872 жылы қаланған. 1974-1993 жылдары “Заветы Ленина” ұжымшарының орталығы болған.
## Халқы
## Кәсіпорындары
Ағаш өңдейтін, ауыл шаруашылығы машиналарын жөндейтін шеберханалар, шарап жасау цехы, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, т.б. өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, мәдениет үйі, кітапхана, туберкулезді емдейтін балалар санаторийі, аурухана, балабақша, т.б. бар. Төңірегінде көне заманнан қалған ғимараттардың жұрнағы, тарихи ескерткіш болып саналатын Төрткүлтөбе бар.
## Дереккөздер |
Мәди Қайыңбаев (20 қараша 1958 жыл, Қармақшы ауданы Жаңажол ауылы) – ақын.
## Биография
ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1980). «Жазушы» баспасында, «Жалын», «Ақ желкен» журналдарында, ҚазТАГ-та қызмет істеген. Қазір ҚР Президентінің әкімшілігінде жауапты қызметте.
Тұңғыш жинағы «Қырық бірінші қақпадан» деген атпен жарық көрген. Оның «Каталаун қырғыны», «Үркердің Сұлусарысы» (1992), «Жарғақтағы жазбалар» (2001) жыр кітаптары бар. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері (1992).
## Дереккөздер |
Қараған (Caragana) — бұршақ тұқымдасына жататын бұта (ағаш). Шығыс Еуропа мен Азияның далалық, шөлді және таулы аймақтарында (4000 м биіктікке дейін) кездесетін 80-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының өзен алқаптарында, орман шетінде, шөлде, орманды далада, тоғайда, таудың тастақты беткейлерінде өсетін 18 түрі бар. Қараған – топырақ талғамайды, құрғақшылыққа, суыққа төзімді өсімдік. Жиі кездесетіні сары қараған (C. arborescens) мен бұта қарағанның (C. frutex) биіктігі 0,5 – 2 м. Жапырағы қос қауырсын тәрізді, оның сағағы тікенекті болып біткен. Гүлі бір-бірден не шоқтанып гүл сағағында, жапырақ қолтығында орналасқан. Гүл тостағаншасы түтік пішіндес, қапшыққа ұқсайды. Гүлшоғыры сары, кейін қоңыр түсті болады. Жемісі – көп тұқымды бұршақ. Жапырағы мен тұқымында 20,8 – 35,3% протеин, 4,3 – 8,2% май, 12,5 – 16,3% клетчатка бар. Топырақты құнарландырады. Қарағанның сүрегінен құрсау жасайды, жіңішке жас бұтақтарынан себет тоқылады. Мал азықтық, шірнелі, әсемдік өсімдіктер. Сары Қ. – дәрілік өсімдік, оның қайнатылған тұнбасын бас, бауыр ауырғанда, атеросклерозда, гиповитаминоз кезінде ішеді. Ал жапырағынан қайнатылған тұнбасының бактерияны жоятын қасиеті бар.
Қараған өскен жерден шөл ыңысады, өйткені қыста бұл бұталы қопа қар ұстайды. Көктемде топырақ жақсы ылғалданады, жел мен мал аяғы шашқан әр түрлі шөптің тұқымы өніп шығады, ал жазда шөп қарағанның тасасында, соның көлеңкесінде өсіп тұра береді. Жыл өткен сайын бұл жердің топырағы жақсара береді, бұған ешқандай құрғақшылық әсер етпейтін болады. Жиде сияқты бұл да тамырына түйнек байлайды, ондағы бактериялар ауадағы азотты бойына сіңіріп, топырақты құнарландырады. Қараған құрғақшылықтан, аяздан, топырақтың тұздануынан және газдан қорықпайды. Егер оны кесіп алса, тамырынан қайта өніп шығады. Мамыр айында хош иісті сары гүлдері ашылғанда қараған өте әдемі. Бұл кезде ол жақсы бал бергіш болып табылады.
## Дереккөздер |
Самиғолла Хамиев (15 мамыр 1940, Каратубек ауылы, Новобогат ауданы Гурьев облысы — 13 сәуір 2012, Атырау) — профессор, ветеринария ғылымдарының докторы, жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, Қазақстанның ғалым-ветеринарлық микробиология ғылымы.
## Өмірбаяны
Хамиев Самиғолла 15 мамыр 1940 жылы Каратубек ауылында дүниеге келген Новобогат ауданы Гурьев облысы. Руйы Беріш Бегис, Кіші жүз.
1960-1965 жылдары - Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институттың оқуын бітіріп "Ветеринария" мамандығы бойынша біліктілігі "Мал дәрігер".
1965-1973 жылдары - Жылыой және Балықшы аудандарында ауыл шаруашылық саласында бөлім меңгерушісі бастап, ветеринария бас маманы болып жұмыс істеді.
1971 жылы - Біліктілігін арттыру Мәскеу ветеринариялық академиясының мамандығы бойынша "Жас аулшаруашылық жануарлар ауруы"
1973-1975 жылдары - Бүкіл Одақтық Ленин ордені эксперименталды малдәрігерлік институттың протозоология лабораториясында аспирантурада оқыған. Содан 1976 жылы диссертацияны қорғап диплом алды.
10 наурыз 1976 жылы Кеңесінің шешімімен Бүкілодақтық Ленин ордені эксперименттік ветеринария институтының (ВИЭВ) ғылыми кандидаты дәрежесі берілді.
1975-1988 жылдары - Гурьев ғылыми-зерттеу ветеринарлық стансасында ВАСХНИЛ Шығыс бөлімшесінде қызметін атқара отырып, кіші соңынан аға ғылыми қызметкері, кейін директор болып жұмыс істеді
1988-1992 жылдары - Кафедра меңгерушісі, Клиникалық диагностика, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институты, Орал қаласы. Осы кезеңде жұмысын аяқтап, докторлық жұмысын академик Ә. Х. Саркисов басшылығымен 1991 жылы Алма-Ата зоотехникалық-малдәрігерлік институтында диссертация қорғады.
17 сәуір 1992 жылы Жоғары аттестациялық комиссияның шешімімен КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы ғылыми Доктор дәрежесі берілді.
1993 жылы жанадан ашылған Атырау Мемлекеттік университетіне Зоология факультеті меңгерушісі ретінде шақырылды. Ол университеттің алғашқы ғылым докторы
1998 жылдары Атырау университетинде кафедра профессоры болып зообиологиялық факультетінде жұмыс істеген. 1996-2001 жылдары Азғыр сынақ аймағының экологиясын зерттеумен айналысты. 1996 жылдан 2012 жылға дейін жүргізілген зерттеу жұмыстары арқылы дәрістермен Элиста, Астрахань, Махачкала, Ақтау және Алматыға барып экология, топыраққа және өсімдіктерге келтірген зияны туралы деректерді берген. Соған байланысты 30 мақала жарияланды, бір сертификат алынды. Оның басшылығымен университет қызметкерлері бір докторлық, бір кандидаттық диссертация және 5-дипломдық жұмыстар жазылған.
15 ақпан 1996 жыл Қазақстан Республикасының жаратылыстану ғылымдар академиясы- Академияның мүшесі болып тағайындалды
5 шілде 1996 жыл Жоғары аттестациялық комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының Министірлер Кабинеті жанындағы биология ғылыми Профессор атағы берілді.
## Ғылыми қызметі
Барлық еңбек қызметі ғылыми және оқытушылық қызметпен байланысты. Ұзақ уақыт бойы экономика аймағына өз үлесін қосып, ғылым және білім дамуына жұмыс істеген. Жастарды білім және ғылым жолына тапсырған, өзінің барлық білімін және күшін салған. Атырау облысы экологиялық-экономикалық проблемаларымен айналысты.
Ауыл шаруашылық жануарлардын трихофития ауруына қарсы жоғарғы вакцинаны шығарған авторы. КАМЕЛВАК - түйе трихофитиясын профилактика және емдеуге үшін иммуногенді препарат.
Эпизоотология сұрақтарды зерттеген, түрлі дерматомикоз эпидемиологиясы талдай отырып, жиілік кездесу, деңгейін, туйе совхоздар шығып, оларды практикалық сынақтармен препараттарды жариялаумен және ғылыми мақалалармен сүйемелденді. Халықаралық ғылыми конференциялар қатысушысы.
150 аса ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 3 монография, екі оқу құралы, 2 оқу-әдістемелік кешені, 2 электрондық оқулықтың және 19 әдістемелік нұсқаулар.
## Отбасы
Әкесі - Алдабергенов Хами Каламкалиевич (1907-1942). Ұлы Отан соғысының қатысушысы 794 атқыштар полкінің құрамында. 1942 жылдың наурыз айында жарақат алған. Харьков облысында жерленген. Анасы – Хамия Шорагали кызы (1910-1978). Отбасында қызы Саги және ұлдары Гибатолла, Тухпатолла, Самиғолла, Сабырғали.
Зайыбы – Мұгалимова Мауыт Әміровна (1942), мал дәрігері, бактериолог. Әкесі Әміров Мұгалим (1916-1943). Ұлы Отан соғысына қатысқан 17 гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында. 21 желтоқсан 1943 жылы Витебск облысында қайтыс болды. Анасы Әмірова Көрпеш.
Балалар: Сайфулла (1966), Жәнібек (1968), Гүлмира (1969)
## Фактілер
Оқу бітіргесін Жылыой ауданының “Эмба” совхозында фермада жұмыс жасадым. Бұл 1965 – 1966 жылдар еді. Совхоз директор Қ. Оспанов өте қатал тәртіп талап ететін басшы екен. Бір жиында мені тұрғызып сен жас мамансың қандай жоспарың бар дегені әлі есімде. Мал басының бірде-бір шығын бермей қыстан 100% мал басын сақтаймын дедім. Бұл айтқаныма құдайымда аумин деген шығар, тапсырма орындалды. Содан 7 сәуірде 1966 жылы ауданның ауылшаруашылық басқармасының бұйрығымен мені ауданға алды. 1967 жылы партия қатарына алындым. 1969 жылы облыстық басқарма Балықшы ауданының малдәрігерлік стасысын басқаруға жолдама берді. Сол жылы С. Мұқашев ауданда бірінші хатшы еді. Өзіне кіріп ұрықсат-өтініш жасадым Балықшыға жіберуіне. Сонда Саламат ағаның айтқаны: сенен үлкен сенім күтуші едім, партия жұмысына жіберуге дайындап жүрген маман едің, өзің келіп сұрағасын жіберемін деп ұрықсат берді. Ол кезде Балықшы ауданында мал арасында бруцеллез бен туберкулез өте көп тараған кезі еді. Осы жылдары Ленинградта, Москвада дайындық курстарынан өттім.
Осы кездерде бірнеше рет облыстық партия конференциясына делегат болып қатыстым және Білім қоғамының атынан екі рет Халықаралық жиынға Москвада қатыстым. Аспирант кезімде Москвада (1974, 1975) халықаралық жиындарда баяндамалар жасадым.
1984 жылы жасаған вакцинамызға авторлық куәлік алдым. Оның өндіріске шығару цехы Эстонияда болатын, бірнеше рет сонда болып, көріп, танысып, дайындауына қатыстым. Осы жылы „Еңбек ардагері” медалымен марапатталдым.
1995 жылы Физиология пәніне арнап “Физиология практикумы” атты оқулық ана тілінде Алматыдан білім министрлігі баспасынан шықты. Сол жылы “Хайуанаттарды клиникалық тексеру” оқулығы Атырауда шығарылды. 1995 ж. биология профессоры (ЖАК) дипломын алдым. 1996 жылы “Түйе аурулары”, „Малдәрігерлік анықтама”, „Зәр шығару” жайлы тәсілдеме т. б. еңбектер басылымнан шықты. Осы жыл жаратылыстану ғылымдар академиясының Академигіне сайланып диплом алдым, он Университет ректоры табыс етті.
## Марапаттары
"Ерен еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне” медалі (1970).
Социалистік жарыс Жеңімпазы (1976, 1977, 1978, 1979).
Еңбек Ардагері (1984).
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі (2000).
"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі (2001).
«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрметті төсбелгісі (2004).
Атырау облысы әкімінің Құрмет грамотасы.
Атырау облысы Исатай ауданы Құрметті азаматы (2010).
## Ғылыми еңбектері
* С. Х. Хамиев. Эпизоотологиясы, диагностикасы және емдеу түйелердің су-ауруы Гурьев облысы бойынша Қазақ ССР / ғылыми дәрежесін алуға арналған Диссертация кандидаты /, Мәскеу, 1975 ВИЭВ
* А. Х. Саркисов, Л. Г. Иванова, И. Д. Поляков, С. Х. Хамиев. КАМЕЛВАК – трихофитияға қарсы түйе Вакцинасы: Авторлық куәлік № 1190574; 08.07.1985
* С. Х. Хамиев. Түйе трихофитиясы. Ветеринария ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертация. Алма-Ата. 1991
* С.Х. Хамиев. Азғыр-Нарын-Тайсойған (монография), Атырауский госуниверситет Х.Досмухамедова, 2008, ISBN 5-8380-1376-1
## Дереккөздер |
Ұлбике Юсупова (20.10. 1924, Арыс қаласы) – екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты. 1941 – 1947 ж. Арыс бекетінде оператор, Арыс-ІІ бекетінде кезекші, 1941 т. ж. бекетінің бастығы қызметтерін атқарды. Кейіннен аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1948 – 1950 ж. Алматы қаласындағы Жоғары партия мектебінде оқып, оны бітірген соң Алматы қаласындағы партия ұйымдарында басшылық қызметтер атқарды.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Төлеңгіт - қазақ қоғамындағы ру.
## Тарихы
6 — 7 ғасырларда Түркі қағанатының құрамында болған. 8 ғасырда Сыр бойынан шығысқа қоныс аударады. Ол кезде олар оғыз тайпалық бірлестігінің құрамында болатын. 11 ғасырда бұл топ Цзубу одағының құрамында Хэрлэннің төменгі сағасында Қидан, Шүршіттермен қанаттас тұрды. 9 ғасырдан бастап жалайырлар он рулы “жат жалайыр” тайпасы атанып кетті. Олар: Жат, Тоқырауын, Көнсауыт, Құмсауыт, Оят (Рашид əд-Дин “ұят” деп көрсеткен), Нілқан, Құрқын, Төлеңгіт, Бөрі, Шаңғұт.
## Шежіре
Төлеңгіт: Мамадайыр, Құсшы, Қалмақ, Дейіт, Табын, Жемет, Қара ешкі, Уанас, Жалаң,Таз, Жөлке, Оңажыт, Боран, Телеу деп жіктеледі. «Төлеңгіт «Түгел тарихта» Шыңғыс ханның дәргейіне келтірілген қонысы шалғай тайпалардың қатарында айтылады. Татар даласының терістік сыртында, орманды алқапта тұрады, сондықтан да «ағаш-елі» атанатын қауымға жатады. Бұлардың тіршілік кебі ортақ – негізінен аңшылық болғанымен, тұқым-тегі де, тұрмыс-салты да әрқилы деп жазған Рәшид-әд-Дин. Ал төлеңгіттің түрік нәсілді екенін атап көрсеткен.
Төлеңгіт (теленгут, теленгит) – түрік әлемінің шығыс атырабында қалыптасқан ежелгі рулардың бірі. Түп негізі (толонко, доланьге) ғұн жұртының бір әулеті саналатын, қытай деректерінде гаогүй аталған Теле тайпа бірлестігінен бастау алады. Жарақты әскері бір түмен, яғни бүкіл төлеңгіт – 10 мың шаңырақ, 50 мың жан шамасында болған. Ғұн ұлысына жалғас Ұлы Түрік қағанаты кезінде тоғыз-оғұз құрамындағы саны мол әрі жауынгер, негізгі рулардың қатарында, Толы өзенінің аңғарында жасапты. Алып мемлекет екіге бөлінгенде Көк Түрік – Шығыс қағанат құрамында қалады. Бұл кезде Ұлы Даланың орталық-шығысындағы Запқан өзенінің бойында қоныстанған екен. Көк Түрік ұлысы ыдырағаннан соңғы қырқыс, бұлғақ замандарда саны азайып, қуаты да кеміп, Байкөл маңы, Саянның сыртына қарай ығысқаны байқалады. Бұл кезде әуелгі қуатты қауымның кейбір бұтақ, бөлшектері Ұлы Дала шегінде қалған басқа бір іргелі тайпалардың құрамына кіргенін көреміз. Мәселен, Рәшид-әд-Диннің көрсетуінше, он ата жалайырдың үлкен бір тармағы төлеңгіт аталады»Рәшид-әд-Дин шежіресінде төлеңгіт аталары таратылмайды. Жаңа замандағы деректер бойынша, Алтай өңіріндегі, оқшау отырған, яғни өзінің әуелгі қалыбына жақын төлеңгіт жұртында: мұндұс, тодош, ырғыт, көбек, сағал, тоғұл, тонжон, орсақ деген және қыпшақ, алмат (ежелгі керейдің бір бұтағынан), найман, төлес, меркіт есімді тармақтар бар екен. Бұлардың бастапқысы – төлеңгіттің өзіне ғана тән деп шамаласақ, соңғылары – кейінгі жаңқа-жарқадан қосылған жұрт деуге тиіспіз. Ал қазақтағы төлеңгіт: мамадайыр, құсшы, қалмақ, дейіт, табын, найман, жемет, қара ешкі, уанас, жалаң, таз, жөлке, оңажыт, боран, телеу деп жіктеледі. Тек бір ғана сөз – мұндағы «қалмақ» – кәдімгі қалмақ емес, XV–XVI ғасырлардағы Дәшті-Қыпшақ көшпенділері құрамында аталатын рудың бір ұшқыны, немесе әуелгі біртұтас төлеңгітпен бірге келген аттас қауым болса керек. Төлеңгіт шежіресінде қалмақ табы Желден деген кісіден тарайды. Бұл желден және табын, телеу, таз бен жалаң Алтайдағы төлеңгіт руының ішіндегі кіші аталардың қатарында саналады.
## Тұлғалары
Қазіргі қазақтағы аталы басқа тайпалар сияқты, төлеңгіт руынан шыққан тұлғалар да ел өмірінде елеулі із қалдырды. Абылай хан заманындағы қолбасы Жаназар батыр, XIX ғасырдың алғашқы жарымында өткен ақын қыз Жазық, XIX–XX ғасырлар шегінде жасаған күйші Дина Нұрпейісова, XX ғасырдың екінші жарымында атаққа шыққан математик Орынбек Жәутіков, Қазақ ұлт аспаптар оркестрін түрлентіп, қайта құрған дирижер Шамғон Қажығалиев, классик жазушы Тәкен Әлімқұлов, белгілі әдебиет сыншысы Зейнолла Серікқалиев осы ежелгі жұрттан болатын.
## Тұлғалар
* Байбек батыр
* Тәкен Әлімқұлов
* Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиев
* Тілес Шамғонұлы Қажығалиев
* Орымбек Ахметбекұлы Жәутіков
* Дина Кенжеқызы Нұрпейісова
* Араб Мақаұлы Ғаббасов
* Халел Ахметжанұлы Ғаббасов |
Биғали Әбдікерұлы Қайыпов (16.7.1951 жылы туған, Арал қаласы) – қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты.
Қызылорда педагогика институтының (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) филология факультетін, Алматы халық шаруашылық институтының жоспарлау-экономика факультетін, Мәскеу қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1968 – 69 жылдары ауылдық мектепте мұғалім болып бастады. Облыстық, республикалық комсомол комитеттерінде бөлім меңгерушісі, хатшы, Қазақстан Компартиясы ОК-нда нұсқаушы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының көмекшісі болып істеді. 1985 – 95 жылдары Сырдария аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Арал аудандық партия комитеттінің 1-хатшысы, аудандық Кеңестің төрағасы, Арал ауданының әкімі қызметтерін атқарды. 1995 – 99 жылдары ҚР Парламенті сенатының депутаты, 1999 – 2001 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, 2001 жылдан Республиканың мұнай өндірісі саласында басшылық қызметте.
## Дереккөздер |
Қабден Рахманқұлұлы Байдосов (12.10.1934, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы – 17.4.1997, Алматы) — палуан, еркін күрестен тұңғыш қазақстандық спорт шебері (1955), Қазақстанның 6 дүркін чемпионы (1955—60), Қазақстанның еңбек сіңерген жаттықтырушысы (1964). 1959—1997 жылдары Қазақ спорт және туризм академиясында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болды. Ол Ә. Айқанов, А. Ғапсаттаров, А. Семкин, А. Бұғыбаев, Ж. Жарқынбаев, С. Мұқашев, Р. Нұрманов, т.б. еркін күрес шеберлерін тәрбиелеген. Еркін күрестен Байдосов атындағы халықаралық турнир өткізіледі (1999).
## Дереккөздер |
Қабден Рахманқұлұлы Байдосов (12.10.1934, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы – 17.4.1997, Алматы) — палуан, еркін күрестен тұңғыш қазақстандық спорт шебері (1955), Қазақстанның 6 дүркін чемпионы (1955—60), Қазақстанның еңбек сіңерген жаттықтырушысы (1964). 1959—1997 жылдары Қазақ спорт және туризм академиясында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болды. Ол Ә. Айқанов, А. Ғапсаттаров, А. Семкин, А. Бұғыбаев, Ж. Жарқынбаев, С. Мұқашев, Р. Нұрманов, т.б. еркін күрес шеберлерін тәрбиелеген. Еркін күрестен Байдосов атындағы халықаралық турнир өткізіледі (1999).
## Дереккөздер |
Мариновка — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы ауыл, Мариновка ауылдық округi орталығы.
## Географиялық орны
Ауданы орталығы — Атбасар қаласының шығысында 60 км жерде, Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 200 км жерде орналасқан, Қалқұтан өзенінің оң жағасында.
## Тарихы
Іргесі 1854 —1855 жылдары Амантай шоқысындағы бекеттің орнына қаланған. 1954 жылдан астық кеңшарының, 1973 — 1988 жылдары Мариновка ауданының орталығы болып келді. Соның негізінде 1997 жылдан кейін “Мариновское”, “Амантай” ЖШС-тері, бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл аумағында Астана — Қарталы т. ж. ст. (Ирченко), астық қабылдау және автокөлік кәсіпорындары, тігін фабрикасының бөлімшесі, ӨК орналасқан. Ауылда Мариновка көтерілісінің (1919) құрбандарына ескерткіш орнатылған.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
2 орта мектеп, музыкалық мектеп, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі, дәрігерлік амбулатория, аймақтық тубдиспансер, тарихи-өлкетану мұражайы, мәдениет үйі, 2 кітапхана, мұрағат, астық қабылдау пункті бар. Мариновкадан 2 км жерден Алматы – Астана автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Адыл Егамбердіұлы Якубов (1926 жылы туған, Түркістан ауданы Қарнақ аулы) – жазушы, драматург, Өзбекстанның Халық жазушысы, Өзбекстан Мемлекеттік сыйлығы лауреаты, КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты. Шанышқылы тайпасының Қатаған руынан шыққан. Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1956). Өзбекстан жазушылар одағының кеңесшісі, «Литературная газетаның» Өзбекстандағы меншікті тілшісі (1959 – 1963, 1967 – 1970), «Өзбекфильм» киностудиясы мен Кинематография комитетінде Бас редактор, Ғафур Ғұлам атындағы баспада Бас редактордың орынбасары (1970 – 1982), «Өзбекстан әдебиеті мен саньати» газетінің Бас редакторы (1989 – 1996) қызметтерін атқарды. Қазіргі кезде Орталық Азия халықтары мәдениеті Ассамблеясының бірінші вице-президенті. Якубовтың алғашқы көлемді повесі «Құрдастар» 1951 ж. басылып шықты. «Шынайы махаббат», «Айтсам тілім күйеді, айтпасам ділім күйеді» пьесалары Хамза атындағы театрда қойылды. Одан соң «Екі махаббат», «Бір фельетон әлегі», «Мухаддас», «Қанат қатайғанда» повестері жарық көрді. «Ер басына күн туса», «Ұлықбек қазынасы», «Қайран дүние», «Диенат», «Ақ құстар», «Әділет тұрағы» романдарын жазды. «Достық», «Ел құрметі» ордендерімен марапатталған.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Месяцев Александр Степанович (15.1.1912 – 30.2.1974) – Социалистік Еңбек Ері (1956). Ресейдің Ставрополь өлкесінде туып-өскен. Зооветтехникумды бітірген соң жолдамамен Қазақстанға келген. 1934 жылы қаракөл қойын өсіру үшін құрылған «Шымқорған» кеңшарында бас мал дәрігері болып істеп, елімізде тұңғыш рет қойға қан құю тәжірибесін жүргізеді. 1943 жылдан 30 жыл бойы кеңшар директоры болды. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ВАСХНИЛ-дің мүшесі.
## Сілтемелер |
Қараған – Батыс Үстірт кемерінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі төбе. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Төлеп ауылының солтүстік-батысында 80 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 203 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 6 км шамасында созылған, енді жері 2 км. Беткейі жайпақ, сай-жыралармен тілімденген. Етегіндегі тік жарлардың биіктігі 10 м. Беткі қабаты неогендік әктастан түзілген, түпкі қабаттары палеоген мен мезозойдың көлбеу қыртыс шөгінділерінен тұрады. Сортаңды сор топырақ жамылғысында бұйырғын, жусан, баялыш, көкбуын, т.б. өседі.
## Сілтемелер |
Жұмабаев Қызыр Ыбырайұлы (1943 жылы туған, Ресей, Омбы облысы Мамен ауылы) – қоғам қайраткері.
* Омбы ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
* Павлодар облысы Баянкөл, Көкшетау облысының Уәлиханов, Қызылту аудандарында бас мал дәрігері болып жұмыс жасаған.
* Уәлиханов ауданы Гагарин атындағы кеңшарда (1974 – 79),
* Рузаев ауданы Шарық кеңшарында (1979 – 83) директор,
* Чистополь халық депутаттары кеңесінің төрағасы (1983 – 87),
* Көкшетау облысы агроөндіріс комитеті төрағасының орынбасары,
* Еңбекшілдер ауданы партия комитетінің 1-хатшысы (1987 – 91),
* Еңбекшілдер ауданы әкімш-нің (1992 – 93),
* Көкшетау облысы әкімшілігінің басшысы (1993 – 96) қызметтерін атқарған.
ҚР-ның депутаты. Халықтар достығы, «Құрмет белгісі» ордендері, медальдармен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Минералды үңгірі'' – Қаратау жотасының қалың карбонатты тау жыныстарында пайда болған. Әктас арасы ондаған метрге созылған, пішіні, аумағы әр түрлі бірнеше бөлмелерден тұрады. Үңгір толық зерттелмеген
## Сілтемелер |
Бибі — ақсүйек әйелдерге деген ерекше құрметті білдіретін атау. Парсының “биби” сөзінен қазақ тіліне ауысқан.
## Дереккөздер |
Қалауов Тәңірберген Құдайбергенұлы (2.2.1936, Жаңақорған ауданы Талап ауылы – 17.3. 2004, Қызылорда қаласы) – сазгер. Қазақстан оқу ісінің үздігі. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (2000). Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген (1957). 1957 – 58 жылдары Қызылорда облысы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі. 1958 – 64 жылдары Қызылорда педагогика институтында (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) оқытушы, кафедра меңгерушісі болды. Институт жанынан алғаш «Сыр гүлі» ән-би ансамблін ұйымдастырған. 1964 – 72, 1977 – 82 жылдары Қызылорда қаласындағы өнер мектебін басқарған. 1972 – 77 жылдары Қызылорда облысы филармониясының директоры болды. 1982 – 87 жылдары Қызылорда музыкалық училищесін басқарып, 1987 жылы өнер мектебінің басшылығына қайтып келді. Қалауов «Қызылорда вальсі», «Күлімдеші, гүлім сен», «Қалқажан», «Шалқиды ән», «Той жыры», «Биші қыз», т.б көптеген әндер шығарған.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Марал' Ишан Құрманұлы (1769, Нұрымбет ауылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Ақбалық ауылының маңы – 1841, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы) – имам, жерді отарлауға қарсы халық қозғалысын ұйымдастырушы. Батыс Сібірдің бас имамы болған. Бірақ патша тәртібінің күшеюіне байланысты 1807 жылы отарлаушыларға қарсы қарулы күрес ұйымдастырды. Марал Ишан Кенесары Қасымұлының туған нағашы ағасы. Ханның ұлт-азаттық көтерілісін қолдаған. Көтерілісте жеңіліске ұшырағаннан кейін Қызылорда облысы Қармақшы ауданында өмір сүрген. Марал Ишанның көріпкелдігі болған, кейбір оқиғаларды алдын-ала болжап, айтып отырған.
Ұлы: Қалқай Ишан
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
'Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы (1965 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Черновая ауылы) – мемлекет қызметкері, заң ғылым кандидаты.
* (1977), Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессор (2007).
* Өскемен педагогикалық институтын бітіріп (1990),
* сонда машықтанушы, оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болды.
* 2000 – 07 жылы ҚР мемлекеттік қызмет ісі агенттігі басқармасында (Шығыс Қазақстан облысы бойынша) Тәртіп кеңесінің төрағасы,
* 2007 жылдан сол агенттікте Ақмола облысы бойынша Тәртіп кеңесінің төрағасы.
Жұмағұлов – 20 ғылыми еңбектің (құқық реформасы және мемлекеттік қызмет мәселелеріне арналған) авторы. Медальдармен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Мардан Келдібайұлы Байділдаев (12.4.1926, қазіргі Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Еңбек ауылы — 5.3.1994, Алматы) — қазақ ауыз әдебиетін жинаушы, зерттеуші.
* ҚазМУ-ді бітірген (1995).
* Ұзақ жылдар бойы Әдебиет және өнер институтында ғылым қызметкер болды, халық әдебиеті үлгілерін жинаумен, зерттеумен айналысты. Т. Жүргенов, С. Есқараев сияқты қайраткерлердің өмірбаянын анықтауға күш-жігер жұмсады. Айтыс өнерінің қайта жандануына көмектесті. “Шаһнаманың” Тұрмағамбет Ізтілеуұлы аударған 40 мың жолдық қолжазбасын тауып, оқырман назарына ұсынды. “Рүстем дастан” (1961), “Үш ғасыр жырлайды” (1965), “Бес ғасыр жырлайды” (1985) жинақтарын шығаруға қатысты. “Қорқыт ата кітабын” Ә. Қоңыратбаевпен бірге аударды. “Ақындар творчествосы”, “Ақын-жыраулар” атты зерттеу кітаптары бар.
## Дереккөздер |
Мүбәрәк Ятаев (15.1.1922, Түлкібас ауданы Сарыбұлақ ауылы – 26.5.1968, Алматы) – алғашқы ғалымдардың бірі, физика-математикалық ғылым кандидаты (1952), доцент (1956). Шымкент ауыл шаруашылығы техникумын (1942), Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын (1950) бітірген. 1942 – 1946 ж. әскер қатарында болып Польша және Чехословакия жерін азат етуге қатысқан. 1950 – 1968 ж. ҚазПИ-дің математикалық анализ кафедрасында қызмет істеді. Ятаевтың еңбегі негізінен қозғалыстың орнықтылық теориясына арналған. Ол 30 шақты ғылым еңбектің авторы. Симпозиумдар мен 4-халықараралық математикалық конгрестің жұмысына қатысты.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Ермек Боранбайұлы Маржықпаев (29 тамыз 1969 жыл, Целиноград) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, бокстан спорт шебері және 2024 жылғы қыркүйектен бастап Премьер-Министрдің кеңесшісі.
Маржықпаев Көкшетаудың (2015–2019), Ақмола облысының (2019–2023) бұрынғы әкімі және Қазақстанның Туризм және спорт министрі (2023-2024) болғаны үшін белгілі.
## Өмірбаяны
### Білімі және әскери қызметі
1988–1989 жылдары аралығында Маржықпаев Кеңестік армия құрамында болған. Маржықпаев үш түрлі мамандық бойынша оқыған:
* Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын (1994) тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
* Тұран университетін (2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
* Көкшетау мемлекеттік университетін (2009) қаржыгер бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
### Спорттағы мансабы
Белгісіз жылдары Маржықпаев Ақмола бокс федерациясының вице-президенті болған. Ермек Маржықпаевтың бокстан спорт шебері атағы бар.
### Мансабы
Ермек Маржықпаев өз мансабын 1991–1993 жылдары Целиноград қаласындағы мектептерде бокстан жаттықтырушы болып бастаған. Өзге дереккөздерде оның Ақмола облысындағы Бурабай кентінің орта мектебінде оқытқаны айтылған. 1992–1995 жылдары ол оған қоса «Шонай» шағын кәсіпкерорнының директоры болған. 1995 жылдан 2008 жылға дейін Маржықпаев «Береке-Бурабай» ЖШС-нің бас директоры болды.
Саяси мансабын Маржықпаев 2007–2009 жылдары аралығында Ақмола облыстық мәслихаты 4-шақырылымының депутаты ретінде бастады. 2008 жылы ол Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалды, бұл қызметін ол 2012 жылға дейін жалғастырды. Бұдан кейін, 2013 жылға дейін ол Зеренді ауданының әкімі болды.
2013–2014 жылдары Маржықпаев Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметовтың құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары мәселелері бойынша орынбасары болып жұмыс істеген. 2015 жылы ол Көкшетау қаласының 14-әкімі болып тағайындалды, бұл қызметін ол 2019 жылы аяқтады.
### Ақмола облысының әкімі
2019 жылғы 19 наурызда Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды.
2022 жылғы сәуірде орын алған және Маржықпаев қатысқан Аманат партиясы Ақмола облыстық филиалының отырысында партияның сайлауалды бағдарламасында айтылған уәделердің 96% орындалғаны белгілі болды. Маржықпаев бұл нәтиженің тағы өсуін қолдады.
### Туризм және спорт министрі
2023 жылғы 2 қыркүйекте, Мәжілістің келісімімен және президент Тоқаевтың жарлығымен Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды. Тоқаевтың бұл жарлығымен ол бұрын атқарған лауазымдарынан босатылды.
2024 жылғы сәуірде Маржықпаев 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының нашар жағдайда болғанын мойындады.
2024 жылғы 31 тамызда Тоқаев жарлығы бойынша Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан айырылды.
### Премьер-Министр кеңесшісі
2024 жылы 23 қыркүйекте Премьер-Министрдің өкімімен Ермек Маржықпаев Премьер-Министр кеңесшісі болып тағайындалды.
## Сын
### «Тролльдермен» күресі
Ақмола облысының әкімі болған Маржықпаевтың «тролльдермен күрес» үшін 10 миллион теңге бөлгені белгілі. Бұл жайлы баяндаған ProTenge баспасының оқырмандары оны осы ұсынысы үшін «салық төлеушілерінің ақшасын ең мәнсіз жұмасаған» шенеунік деп те атады. Тролльдер қатарына бұрынғы әкім өзі жайлы жағымсыз сөз жазған азаматтарды да қосып алғандай көрінді.
## Өз өмірі
2023 жылғы ақпанда әуесқой журналист Асхат Ниязовқа берген сұхбатында Маржықпаев өзінің отбасында 5 аға-іні және 3 әпке-қарындасының бар екенін айтып кеткен. Сол сұхбатта Маржықпаевтың Құрманова тегі бар әйелінің агро-бизнесі бар екені белгілі болды. Ермек Маржықпаев пен әйелі Құрманованың екі қызы бар.
## Марапаттары
* «Ақмола облысының ең үздік кәсіпкері» (2001, 2004);
* Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001);
* «Қазақстан Республикасының ең үздік жыл кәсіпкері» (2002);
* Ерен еңбегі үшін медалі (2004);
* Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005);
* Астанаға 10 жыл медалі (2008);
* Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі (2011);
* Құрмет ордені (2011);
## Дереккөздер |
Мардан Келдібайұлы Байділдаев (12.4.1926, қазіргі Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Еңбек ауылы — 5.3.1994, Алматы) — қазақ ауыз әдебиетін жинаушы, зерттеуші.
* ҚазМУ-ді бітірген (1995).
* Ұзақ жылдар бойы Әдебиет және өнер институтында ғылым қызметкер болды, халық әдебиеті үлгілерін жинаумен, зерттеумен айналысты. Т. Жүргенов, С. Есқараев сияқты қайраткерлердің өмірбаянын анықтауға күш-жігер жұмсады. Айтыс өнерінің қайта жандануына көмектесті. “Шаһнаманың” Тұрмағамбет Ізтілеуұлы аударған 40 мың жолдық қолжазбасын тауып, оқырман назарына ұсынды. “Рүстем дастан” (1961), “Үш ғасыр жырлайды” (1965), “Бес ғасыр жырлайды” (1985) жинақтарын шығаруға қатысты. “Қорқыт ата кітабын” Ә. Қоңыратбаевпен бірге аударды. “Ақындар творчествосы”, “Ақын-жыраулар” атты зерттеу кітаптары бар.
## Дереккөздер |
Қалауов Мүлкаман Сүлейменұлы (1938, Қазалы ауданы «Қазақстанның 30 жылдығы» атындағы ауыл – 4.3.2004, Алматы қаласы) – ақын, күйші, профессор Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері. Құрманғазы атындғы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген (1964). 1964 – 67 жылдары Қызылорда педагогика институтында (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) кафедра меңгерушісі. 1967 жылы «Сыр сұлуы» халық ән-би ансамблін ұйымдастырып, оған жетекшілік етті. Ансамбль сол жылы Мәскеуде өткен Қазақстан өнері мен мәдениетінің 10 күндігіне қатысып, «алтын» медаль алған. Қалауов 1982 – 2004 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқытушылық қызмет атқарған. Оның «Төгілген күй, шалқыған ән» деген ән-күй жинағы жарық көрген.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Миннибаев Гумер Хазинурович (1923 жылы туған, Башқұрт АКСР-і, Урзайбаш дер.) – соғыс және еңбек ардагері. Кеңес Одағының Батыры (23.2.1945), Ұлты – башқұрт. Геология техникумында, аэроклубта оқыды. 1938 жылы Миннибаев отбасы Ащысай кентіне көшіп келді. 1941 жылы Миннибаев Қызыл Армия қатарына алынып, авиациялық училищесіне жіберілді. 1942 жылдың қыркүйегінен 974- Севастополь авиация полкінің құрамында ұрысқа қатысты. Ұшқыш Миннибаев Сталинград, Севастополь түбіндегі әуе шайқастарында және Балтық жағалауын азат ету кезінде асқан ерлік көрсетті. Соғыстан кейін Шымкент қаласында, Шымкент облысындағы Тұрлан геофизикалық экспедициясында бөлім бастығы болып қызметтер атқарды.
## Сілтемелер |
Жұмағалиев Сартай (1937 жылы туған, бұрынғы Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Жаңауыл ауылы) – еңбек ардагері.
* Социалистік еңбек ері (1982).
* Көкшетау ауданы Жаңауыл ұжымшарында трактор жүргізуші (1953 – 72),
* Бұлақ ұжымшарында механизатор болып ұзақ жылдар жұмыс жасаған.
Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Бибі ханым мешіті — Әмір Темір билігі тұсында салынған архитектуралық ескерткіш. 1399 — 1404 ж. Әмір Темірдің Үндістандағы жеңісінің құрметіне Самарқанда тұрғызылған. Халық арасында Бибі ханымды Әмір Темірдің әйелі дейді. Әзери стиль салынған.
Ескерткіш ұзынынан да, көлденеңінен де айқын белдеулене салынған, тікбұрышты аула тәріздес (83х62м). Әсіресе, биік қасбетіндегі әшекейлеу үшін жасалған ұзын белдеу көрнекі көрінеді. Оның артында, ауланың қарама-қарсы бетінде мешіттің негізгі ғимараты (биіктігі 44 м), ал көлденең белдеу бойына кішірек екі ғимарат орналасқан. Ауланы айналдыра көп күмбезді галлерея тұрғызылған, құрылыстың сыртқы бұрыштары биік мұнаралармен бекітілген. Мешіттің үш ғимаратын да біртектес — мығым, шаршы негізді, цилиндр барабанды ширек күмбезбен жаба келіп, төбесінен фероконикалық күмбез шығарған. Үлкен мешіттің қасбетіндегі бұрыштары гүлдестемен оймышталған көп қырлы мұнаралармен көмкерілген. Ғимараттың ерекше сәнді әрі келісімді түрі оны өз алдына дербес құрылыс ретінде қарауға мүмкіндік береді. Мешіттердің қасбеті нақышты өрнектелген, мозаикамен, оюлы мәрмәр тақталармен безендірілген. Ішкі жағы түгелдей алтындаған көкшіл бояумен өсімдік тектес, геометриялық өрнек түрінде өрнектелген. Бибі ханым мешіті Орта Азияның ортағасырлық архитектурасының ғажап үлгісі болып табылады. Ол кейінгі архитектурасының дамуына зор ықпал жасады.
## Дереккөздер |
Ұзақбай Жапарұлы Мамин – құрылысшы-инженер. Ол 1937 жылы 1 наурызда Ақмола облысы Ерейментау ауданының Благодатное ауылында туған. Құрылыс саласында шеберден бастап «Целиноградэлеватормельстрой», «Целинсантехмонтаж» трестері, Целиноград облысының агроөнеркәсіптік комитетінің құрылыс кешені сияқты бірқатар құрылыс ұйымдарының басшысына дейінгі ұзақ еңбек жолынан өтті. Қарағанды тау-кен техникумын бітірген (1959). Еңбек жолын ағаш ұстасы болып бастаған. Целинный халық шаруашылығы кеңесінің УКС-нде инженер (1963 – 65), №1 «Бас элеватор диірмен құрылыс» тресінде, Целиноград қаласындағы ЖМК-29, ЖМК-24 бастығы (1965 – 72), 1980 жылдан Целиноград облысы ауыл құрылысы басқармасы бастығының орынбасары, 1983 жылдан №1 Целиноград элеватор-диірмен құрылысы тресінің бастығы болып жұмыс істеген. 1986 жылы Целиноград агроөнеркәсіптік комитеті төрағасының орынбасары, «Целиноград облысы агроөнеркәсіптік құрылысы» бірлестігінің бастығы болып сайланды. Ерен еңбегі мен жұмыстағы жетістіктері үшін Халықтар достығы және «Құрмет» ордендерімен марапатталды. Кейінгі жылдары Астана қаласының ардагерлер кеңесінде белсенді еңбек етті. Қазақстанның құрметті құрылысшысы және Ақмола облысының құрметті азаматы, еңбек ардагері. Премьер-министр Асқар Маминнің әкесі Ұзақбай Мамин 2021 жылы 13 маусымда 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
## Дереккөздер
* «Ақмола облысы» энциклопедиясы
* Еңбек ардагері Ұзақбай Мамин өмірден озды |
Мамбина Нескен Амантайқызы (1947 жылы туған) – жоғары санатты дәрігер. Целиноград медициналық институтын бітірген (1971). Қорғалжын ауданы орталығы ауруханасында дәрігер, терапия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Әбдірахман Байділдин (1891 жыл, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы — 1931 жыл, Мәскеу) — қоғам қайраткері.
## Өмірбаяны
* Арғын тайпасынан шыққан.
* Омбыдағы мұғалімдер семинариясын бітірген (1917).
* “Бірлік” ұйымының мүшесі, әрі оның хатшысы болды.
* 1917 жылы Ақпан революциясынан соң Ақмола облысы Қазақ комитетін ұйымдастыруға атсалысты.
* 1919 жылы Алашорда делегациясымен бірге Уфа мен Самарада өткен кеңестік билікке қарсы күштердің мәжілістеріне қатысады.
* 1920 жылы РК(б)П комитетінің мұсылмандар семинариясының төрағасы
* 1921—1922 жылдары Орынборда Қазақ АКСР Жер комиссариатының алқа мүшесі
* “Еңбекші қазақ” газетінің редакторы
* 1923 жылы Орал облысы партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің мүшесі
* “Қызыл Ту” газетінің редакторы
* 1923 — 1925 жылдары Мәскеуде Орт. баспаның қазақ секциясының қызметкері
* 1925 — 1926 жылдары Қазақ өлкелік БК(б)П комитетті баспасөз бөлімінің меңгерушісі
* 1926 — 1928 жылдары республика оқу-ағарту қызметкерлері кәсіподағының төрағасы
* 1929 жылы ҚазМУ-дің оқытушысы.
* 1929 жылы басталған қуғын-сүргін кезінде қамалып, 1931 жылы ату жазасына кесілді. Тергеу барысында тұрақсыздық танытып, алаш зиялыларына қарсы көрсетулер берген.
## Шығармалары
* “Алдымыздағы мақсатымыз” (1926)
* “Оқытушылар мен кәсіпшілер қозғалысы” (1927)
* “Оқу қызметкерлеріне жолбасшы”
* “Жаңа әліппе” (1928) деген еңбектердің авторы.
## Дереккөздер |
Манатов Ыбыраш Манатұлы (1939 – 92) – қоғам қызметкері. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген (1965). 1965 жылы Зеренді ауданы Пухальский кеңшарында механик, 1967 жылы ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының бас инженері, 1968 жылы С.Сейфуллин атындағы кеңшардың аға инженері, 1972 жылы КОКП-ның 24-съезі атындағы кеңшардың директоры, 1980 – 87 жылдары Көкшетау, Келлер ауданы агроөнеркәсіптік бірлестігінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1987 жылы Зеренді ауданы Симферополь кеңшарының директоры болып тағайындалған. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Шормақ Басыбақұлы, Шормақ батыр (шамамен 1780, Қазығұрт бөктері – 1870, қазіргі Алматы облысы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылы) – белгілі би, батыр. Ел ішіндегі шежіре әңгімелерде Ұлы жүз албан ішінде қоңырбөрік руының сарықұл аталығын Шормақтың басқарғаны айтылады. 19 ғасырдың басында Жетісу қазақтары жоңғар шапқыншылығынан кейін есін жинап, атақоныстарына орала бастады. Осы уақытта қазақтар мен қырғыздар арасында жерге, мал барымтасына қатысты даулар аз болмаған. Осындай қақтығыстардың бірінде аз ғана қолмен қырғыз жасағына қарсы тұрған Шормақ қырғыздың бас батыры Қарабатырды жекпе-жекте өлтірген. Осыдан кейін қырғыздың бұғы руы мен қоңырбөріктер арасында үлкен дау болып, әрең басылған. 1998 ж. Қоңырөлең ауылынан Жаркент қаласына шығар жол бойында Шормақ қабірінің басына ұрпақтары ескерткіш орнатты.
## Дереккөздер |
«Мират ул-Қулуб», «Көңілдің айнасы» – 14 ғасырда шағатай тілінде жазылған Қожа Ахмет Иасауи рисаласы. Ол Швецияның Упсала қаласы кітапханасының қолжазба қорында сақтаулы (472). Көлемі 534 беттен тұратын кітапты Қ.А. Иасауи шәкірті сопы Мұхаммед Данышменди жинақтаған. «Мират ул-Қулуб» Қожа Ахмет Иасауидың сопылық ой-тұжырымдарын жариялау мақсатында жазылған. Еңбекте Нәжмеддин Кубра мен Мұхаммед Данышмендидің өз ойлары да ұшырасады. Туынды шариғат, тариқат және хақиқат атты үш бөлімнен тұрады. 1-бөлімде ислами сопылық ахлақ, 2-бөлімде тариқат әдебі, 3-бөлімде мағрифатуллах (Алланы тану) туралы әңгімеленеді. Еңбекте сопылық ілімнің өзегі саналатын «көңіл көзін ашу» мен «рухани жетілу» басты мәселе ретінде қаралған, дүниетаным сатылары Иасауидың сопылық философиясын тұжырымдауға негіз болады. «Нұр-и мұхамадия», «умм-ул аруах» танымдары, рухани жоғарылау мен дәрежелік өсу басқыштары айқындалып, кемелдікке жету қағидалары түсіндірілген.
## Дереккөздер |
* Троицкое – Абай облысы Бородулиха ауданы, Степной ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
* Троицкое – Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл.
* Троицкое – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. |
Шөл бидайық, жолеркек (лат. Agropyron desertorum) – астық тұқымдасының бидайық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Ертіс алқабында, Ақтөбе, Солттүстік Үстірт, Арал теңізі маңы, Балқаш – Алакөл ойысында, Қызылорда аймағының тастақты, саз топырақты жазық, шөлейт жерлерінде өседі. Биіктігі 25 – 60 см. сабағының төм. жағы имектеу, тықыр немесе түкті, масағының асты бұдыр, қалың шым түзеді. Жапырағы жіңішке, таспа пішіндес. Гүлшоғыры – көпгүлді масақ. Масағының ұзұндығы 2,5 – 7 см, ені 5 – 9 мм, жылтыр, жалаң. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – дәнек. Құнарлы мал азығы, көктей орылған шөбінде 13,4% протеин, 10,2% белок, 1,3% май, 35,3% клетчатка, 42,7% азотсыз экстрактивті заттар, 7,2% күл бар. 1 га-дан 15 – 18 ц шөп түседі. Аудандастырылған сорттары: Камышинский-1, Краснокутский, Жіңішке масақты-305.
## Дереккөздер
* «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том |
Виктор Александрович Малышев (1923, станция Тимашево, Кинель-Черкасск ауданы, Самара облысы – 22.12.1993, Зеленоград) – Кеңес Одағының батыры, запастағы подполковник.
Әскери-саяси академияны бітірді (1974). 2-дүниежүзілік соғыс қарсаңында Ақмола қаласында тұрған. 1942 жылы қаңтар айында әскер қатарына алынып, майданға жіберіледі. Сержант Малышев 99-гвардияның атқыштар дивизиясының 300-гвардиялық атқыштар полкінде пулеметшілер тобының командирі болды. Лодейное Поле қ. (Ленинград облысы) жанындағы Свирь көлінен өту кезіндегі шайқаста ерекше көзге түскен. Мәскеу облысында тұрған (1989-1993).
## Дереккөздер |
Жұмекенқызы Ғазиза (12 қаңтар 1954, Байғабыл, Аманкелді ауданы, Қостанай облысы, Қазақ КСР — 3 қыркүйек 2023, Астана,) – әртіс, әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.
## Білімі
Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай педагогикалық училищесін (1974), Арқалық педагогикалық институтын (1985) бітірген.
## Өмірбаяны
Халқының қызына айналған Ғазиза Жұмекенова – қарт Торғай топырағында, Батпаққара табанында, суы тұнық, нуы бітік Байғабыл өзені жағасында дүниеге келген. Әкесі Жұмекен (1926-2004) – Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жастайынан домбыраны серік еткен, ән мен жыр десе көңілі алабөтен жан болған. Әйгілі Торғайдың Топжарғаны Нұрхан Ахметбековтың дастандарын, Мұхиттың әндерін әуелеткенде таңды таңға жалғаған өнерпаз еді. Сол өнерлі шаңырақта дүниеге келген Ғазизаның ән салмауы мүмкін емес-ті.
Анасы Сағытжан (1930-1990) –халық батыры Амангелді Имановтың атбегісі болған Молдабек Байтөриннің қызы. Бала тәрбиесімен айналысқан, үй шаруасындағы адам болған.
Ғазиза туған ауылында онжылдықты бітіріп, Меңдіғарадағы мұғалімдер даярлайтын училищеге оқуға түседі. Алғаш еңбек жолын өзі оқыған Байғабыл орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімдігінен бастайды. Бірнеше рет аудандық, облыстық конкурстарға қатысып, лауреат атанады.
Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының музыка бөлімін аяқтап, Өзбекәлі Жәнібековтің назарына ілігеді де, облыстық «Шертер» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әншісі болып қабылданады.
Әке көрген оқ жонар деген дана халқымыз. Ғазиза да кішкентайынан ән салып, ағайын-туыстың тойында көпшіліктің көңілінен шығады. Ұстаздық жолға түскенмен табиғат берген талант жетелеп киелі сахнаға алып келді. Халық әндері, халық композиторларының шығармашылығын жетік меңгеріп, кейін Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Илья Жақанов сынды өнер иелерінің шығармашылығын насихаттауға барын салды. Ақтөбе қаласында өткен жас орындаушылардың республикалық конкурсында ерекше көзге түсіп, сол сапардан соң үлкен өнерге жолдама алды. Мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Әуелбековтың қамқорлығы арқасында үлкен өнер жолындағы алғашқы қадамын жасады. Өнердегі жолын Торғай облыстық филармониясында бастады.
Ғ. Жүмекенқызы көптеген республикалық конкурстар мен байқаулардың жүлдегері атанады. Торғай облысының мәдениеті мен өнеріне қосқан зор үлесі үшін «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген әртісі» атағымен марапатталады. Зейнетке шыққанға дейін Көкшетау қаласының облыстық филормониясында еңбек етті.
1997 жылы Торғай облысының жабылуына байланысты Көкшетау қаласына қоныс аударды.
2000 жылдан Ақмола облыстық филармониясында әнші-вокалист болып жұмыс жасады.
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясына әнші болып орналасып, аталған өнер ошағынан құрметті демалысқа шықты.
Жұмакенова негізінен әндерін домбырамен, қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде жеке дауыста орындайды. Алматы қаласында өткен «Қазақстан халықтар достығы» фестиваліне, ҚР-ның 10 жылдығына арналып Астана қаласында өткен концертке қатысқан (2002). «Ресейдегі Қазақстан жылы» негізінде Ресейдің Омбы, Челябі, Магнитогорск қалаларында болған концертте халық Жұмакенова өнерін тамашалаған.
## Шығармашылығы
Ғазиза Жұмекенова өзінің сахнадағы жарты ғасырлық еңбек жолында Ғафу Қайырбеков, Фариза Оңғарсынова, Серікбай Оспанов, Серік Тұрғынбек, Несіпбек Айтұлы, Қонысбай Әбіл сынды ақиық ақындармен, Еркеғали Рахмадиев, Ермұрат Үсенов, Қалибек Деріпсалдин, Бақытжан Сәуекенов сынды сазгерлермен шығармашылық тығыз байланыста болды. Осындай шығармашылық байланыс нәтижесінде «Сағыныш сазы», «Жан еркем», «Біздің Торғай осындай!», «Ақ тырналар» , «Ерке құсым» сынды қайталанбас дара туындылар дүниеге келді.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* ЖЕЗТАҢДАЙ ӘНШІ ҒАЗИЗА ЖҰМЕКЕНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ |
Қалдан Талқанбайұлы (1819, Жалағаш ауданы Көкшоқы мекені – 1912) – би.
Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан.
Ел арасындағы дауларға әділ шешімін айтып, тура жолдан таймаған қайсарлығы үшін ел арасында «Қалдан батыр» атанған. Халықтың сауатын ашуға көңіл бөліп, Қалжан ахун, Садық ахун сияқты дін өкілдеріне қамқорлық жасаған. 1897 жылы Қаракөл деген жерде (Аққыр ауылының маңы) мешіт салдырып, бала оқытқан. Т.Ізтілеуов, А.Тоқмағамбетов, т.б. ақын-жазушылар Қлданның қоғамдық қызметін өз шығармаларына арқау еткен.
Шежіре: Қалдан-Талқанбай-Айтуған-Майлыбай-Жанғабыл-Өтебай-Келмембет (Сарқасқа)-Келдібай-Бозғүл-Шомекей
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Мамай — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл, Мамай ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Степняк қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 38 км-дей жерде, Мамай көлінің солтүстігінде орналасқан.
## Халқы
Мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, клуб, кітапхана, дүкендер бар. Мамай ауылы арқылы Степногорск – Көкшетау автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Жүнісов Қалжабай (1922 – 70) – еңбек ардагері, агроном.
* Чаглинск (Шағалалы) ауыл шаруашылығы техникумын бітірген (1942).
* «Социалистік құрылыс» ұжымшарында есепшінің көмекшісі, Астрахан ауданы Жамбыл атындағы ұжымшарда (1950),
* «Советская Конституция» атындағы ұжымшарда төраға, «Путь к коммунизму» кеңшарында директор қызметтерін атқарған (1961).
Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендері, 2 мәрте КСРО көрмесінің Алтын медалімен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.