text
stringlengths 3
252k
|
---|
Ақбай — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде, Ақсу өзенінің сол жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесін 20 ғасырдың басында Манкент ауылынан көшіп келіп қоныстанғандар қалаған. 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға сәйкес Чапаев атындағы артель болып құрылып, 1958 жылы көкөніс-сүт өндіретін 8 шаруашылық «Победа» ұжымшарына біріктірілді. Оның негізінде 1999 жылы «Әл-Фараби» ЖШС, бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Инфрақұрылымы
Ауылда орта мектеп, кітапхана, клуб, отбасылық дәрігерлік амбулатория, ауыл шаруашылық шеберханалары жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Торғай — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы ауыл, Торғай ауылдық округі орталығы. Іргесі 1934 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ерейментау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, кәсіптікомитетехикалық училище, дәргерлік амбулатория, кітапхана, клуб, дүкен, пошта байланыс бөлімі бар. Торғай арқылы Астана – Павлодар, Ерейментау – Сілеті автомобиль жолы, Ерейментау – Ақсу темір жолы өтеді. Өзімен аттас темір жол станциясы бар.
## Дереккөздер |
“Оралмұнайгазгеология” – мұнай-газ барлау мекемесі. 1995 жылы құрылған. Батыс Қазақстан облысында мұнай мен газ кендерін барлаумен айналысады. Мемлекеттік меншікте. Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданындағы “Порт Артур” (“Ақпәтер”) газ кенінің бірсыпыра блоктарында, Қаратөбе ауданының Шыңғыс-Телсу алаңының біраз блоктарында барлау жүргізуге және көмірсутек шикізатын өндіруге лицензия берілген.
## Дереккөздер |
Шілделік (Gryllіdae) – тікқанаттылар отрядының ұзын мұрттылар тармағына жататын жәндіктер. Жер шарында кең тараған, негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда кездесетін 2300 түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарында, әсіресе оңтүстік-шығыс аудандарында жиі кездеседі. Шілделіктерді шырылдауық шегіртке деп те атайды (үстіңгі қанаттарын бір-біріне үйкеу арқылы дыбыс шығарады). Бұлардың түсі қара, мұртшалары ұзын, көп буынды. Көпшілік түрінің есту мүшесі алдыңғы аяғында орналасқан, аналығының жұмыртқа салғыш қынабы ұзын болады. Жұмыртқаларын жердің астына, өсімдік жапырақтарына, сабақтарына салады. Негізінен дернәсілдері қыстап шығады. Ең жиі кездесетін түрлері: дала шілделігі (Gryllus desertus), дене тұрқы 12 – 19 мм; үй шілделігі (Acheta domestіca), оның дене тұрқы 16 – 21 мм болады. Шілделіктер дәнді бұршақ дақылдарының, қант қызылшасының, темекі өсімдігінің, көкөністердің жапырақтарымен, тамырларымен, егілген орман ағаштарының тұқымдарымен қоректеніп, едәуір зиян келтіреді. Күрес шаралары: егін алқаптарын химиялық препараттармен өңдеу.
## Сілтемелер
Дәуітбаева К.Ә., Омыртқасыздар зоологиясы, 2-кітап, А., 2005. |
Торғай сүрме кен орны – Астана қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 135 км жерде орналасқан. 1931-1932 жылдары кен орнына барлау жұмыстарын Орталық ғылыми-зерттеу институтының геологиялық барлау партиясы жүргізген. 1933-1955 жылдары «Торғайқұрылыс» сүрме комбинаты зерттеп, 1956 жылы кен орнын уақытша тоқтатты.
## Жатыс сипаты
Кен аймағында құмтас пен тақтатас, ірі конгломерат, агломерат дамыған. Сүрме кентастануы брекчия белдемінде байқалады. Ондағы кенде жеке линзалар, линза тәрізді кварцті желілері, жалбырлы кентастар дамыған. Кентастардың қалыңдығы 0,2-7,4 м. Кентастағы сүрменің үлесі 0,19%-дан 11,2%-ға дейін, ал жалбырлы кентастарда 49,9%-ға дейін жетеді. Кен орны 223 м-ге дейін барланған, оның 134 м-і игерілген.
## Дереккөздер |
Тоскин Николай Филиппович (1940 – 1990, Бұланды ауданы Воробьевка ауылы) – сәулетші, КСРО Сәулетшілер одағының мүшесі (1976). Новосібір инжинерлі-құрылыс институтын бітірген (1968). «Целингорсельпроект» жобалау институтында аға сәулетші, топ жетекшісі (1968 – 71), Целиноград қаласының бас сәулетшісі (1971 – 87), Целиноград облысы атқару комитетінде бөлім бастығының орынбасары, «Целингипросельхоз» институтында бас маман (1987 – 89), 1989 жылдан «Целиноградархпроект» шеберханасының бастығы. Облысы, республикалық, бүкілодақтық көркемөнер көрмелерінің лауреаты.
## Дереккөздер |
Ақбастау (1992 жылға дейін – Глинково) — Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы ауыл, Ақбастау ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 29 км жерде, Бөген өзенінің саласы Шоқайарық өзенінің сол жағасында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Ақбастау ертеректе Жаңабазар, Шошқабұлақ, ал 1906-90 жылдары Глинково ауылы деп аталып, 1964 жылдан «Прогресс» қой кеңшарының орталығы болып келді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, емхана, май шайқау цехы, т.б. шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауыл маңында «Домалақ ана» кесенесі бар.
## Дереккөздер |
Қойгелді батыр ескерткіші — қаланың ортасында Төле би көшесімен Қойгелді батыр атындағы көшемен қиылыста орнатылған. 1998 жылы тұрғызылған. Мүсіншісі Ж.Молдабаев, архитектура Б.Тортаев.
Қойгелді Сартұлы (1702 – 95) – қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресінің батыры. Ұлы жүздегі белгілі Шахан бидің ұрпағы. Сарттың үлкен ұлы. Төле бидің ең жақын серігі, әрі көмекшісі. Оның даңқының асқақтап шығуы Аңырақай шайқасындағы (1729) жоңғарларды жеңуге байланысты. Қойгелді ойраттарға қарсы азаттық күресіне басшылық етіп, жоңғарлардың қайтадан жасаған шапқыншылығына (1757 – 58) тойтарыс бере отырып, оларды қазақ даласының шекарасы Жоңғар қақпасына дейін қуып тықты. Жоңғарлардан Ташкент, Шымкент, Түркістан, Сайрам қалаларын, Талас пен Шу өзендерінің алқаптарын азат етті. Ескерткіште батырдың ат үстінде қолына найза, қылыш және қалқан ұстап тұрған сәті көрсетілген. Мыс аралас құйылған ескерткіштің биікт. 2,5 м. Биікт. 3 м жылтыр емес қызыл граниттен жасалған тұғырға қойылған.
## Дереккөздер |
Сәду Шәкіров (21.10.1922, Талас ауданында – 10.4.1977, Шу ауданында) – Кеңес Одағының Батыры (30.10. 1943). Ысты руынан шыққан.
Әскерге шақырылғанға дейін тоғыз класты бітірген. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 1943 ж. 15 ақпаннан майданда болды. 106-Забайкалье атқыштар дивизиясының 188-Аргун атқыштар полкінің құрамында ұрысқа қатысты. Шәкіров Украинада болған шайқаста, Днепрден өту кезінде асқан ерлік пен батырлық көрсетті. 1943 жылы 16 қазанда Лоевоның оңтүстік-батысында жағындағы 138,6 биіктікке алдымен жетіп, оның төбесіне ту тікті. Майданнан оралғаннан кейін Шу аудандағы «Дружба» ауданында еңбек етті.
## Сілтемелер |
Тоскин Василий Филиппович (1946 жылы туған, Бұланды ауданы Воробьевка ауылы) – сәулетші, КСРО Сәулетшілер одағының мүшесі (1976), Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі (1983). Новосібір инжинерлі-құрылыс институтын бітірген (1970). Бүкілодақтық мұнай жобалау ғылыми-зерттеу институтының Омбы бөлімінде қызметкер (1964 – 65), «Целингорсельпроект» жобалау институтында әртүрлі қызметтер атқарған (1971 – 84), Целиноград қалалық атқару комитетінде құрылыс және сәулет істері бөлімінде меңгеруші (1984 – 85). 1985 жылдан Целиноград облысы атқару комитетінде құрылыс және сәулет істері бас басқармасының бастығы. Т. Ақмола қаласы орт-ның, тұрғын ауданыдары жобаларының авторы. Қазақстан Сәулетшілер одағы басқармасының мүшесі (1964 – 87).
## Дереккөздер |
Әбілқайыр Ысқақұлы Досов (1899, бұрынғы Ақмола облысы Көкшетау уезі Қотыркөл болысы – 1937) – қоғам қайраткері. Алаш партиясына арыз жазған, түрмеге қамаған.
## Өмірбаяны
* 1916 жылы Омбы орыс-қырғыз (қазақ) жетім балалар пансионында тәрбиеленіп, қазақ оқушы жастарының «Бірлік» мәдени-ағарту үйірмесіне мүше болған.
* 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Омбы қырғыз (қазақ) кеңесі және облысы революциялық трибунал мүшелігіне сайланды.
* Кейін төтенше комиссияның ерекше отрядын басқарды.
* Көкшетау облысы төтенше комиссиясының инспекторы, РК(б)П ОК Сібір бюросы жанындағы татар, қырғыз (қазақ) секциясының хатшысы, «Кедей сөзі» газетінің редакторы қызметтерін атқарды.
* 1920 жылы қазан айында өткен Қазақ кеңестерінің 1-құрылтай съезінде Қазақ АКСР ОАК-нің төралқа мүшесі және хатшысы болып сайланды.
* 1922–1926 жылдары Семей губерниялық атқару комитетінің, Түркістан облысы ревкомының, Орал облысы атқару комитетінің төрағасы
* 1926–1927 жылдары Қазақстанның БОАК жанындағы өкілі болды.
* 1927 – 1930 жылдары БОАК төралқасының мүшесі
* 1930 – 1937 жылдары БК(б)П ОК-нің нұсқаушысы
* Шығыс Қазақстан облысының партия комитетінің 2-хатшысы
* Ақтөбе облысы партия комитетітінің 1-хатшысы
* 1937 жылдан Шымкент қалалық партия комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған.
* 1933 – 1937 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің, Қазақстан КП ОК-нің, БОАК және Қазақ ОАК-нің мүшесі болып сайланған.
* БК(б)П 17-съезінің делегаты болды.
* 1937 жылы 28 қарашада жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы 8 наурызда КСРО Жоғарғы Соты Әскери коллегиясының үкімімен ату жазасына кесілді.
* 1956 жылы 12 қазанда ақталды.
## Дереккөздер |
ФОИДТЫ ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ — басты минералдарына фельшпатоидтар (нефелин, лейцит, содалит, анальцим, т.б.) жататын сілтілі магмалық тау жыныстары. Фоидты тау жыныстарының интрузиялық түрлерін фоидолиттер, эффузиялықтарын фоидиттер деп атайды. Олар магмалық тау жыныстарының 0,01%-ын құрайды. Химика құрамы (%): SіO2 —35 — 60, Al2O3 — 10 — 28, Fe3O4 — 2 — 14, MgO — 0 — 10, CaO — 0 — 20, Na2O мен K2O — 5 — 17. Фоидты тау жыныстары құрамындағы SіO2-нің мөлшеріне қарай орта, негізді және ультранегізді болып үшке бөлінеді. Орта құрамды Фоидты тау жыныстарының интрузия түрлерін нефелинді сиениттер деп атайды. Олар сұр, ақшыл сұр, кейде жасылдау, қызғылттау болып, нефелиннен (20 — 30%), сілтілі шпаттардан (60 — 70%) және сілтілі фемалық минералдардан (10 — 20%) тұрады. Сілтілі дала шпаттары мен фемалық минералдардың түрі, мөлшері және тау жыныстарының құрылымы, бітіміне қарай: миаскит, мариуполит, фойяит, хибинит, т.б. түрлерге бөлінеді. Нефелинді сиениттердің эффузия сыңарларын фонолиттер деп атайды. Олар — ашық сұр, жасылдау түсті порфирлі тау жыныстары. Негізді құрамды Фоидты тау жыныстарының интруз. түрлерін сілтілі габброидтар деп атайды. Олар сұр, қара сұр, қызғылт сұр, жасылдау сұр түсті болып келеді. Құрамының 40 — 50%-ы сілтілі фемалық минералдар, қалғанын әр түрлі мөлшердегі негізді, орта плагиоклаз, калийлі шпат, нефелин құрайды. Бұлардың мөлшеріне байланысты сілтілі габброидтардың тералит, эссекит, шонкинит, т.б. түрлері ажыратылады. Сілтілі габброидтардың эффузия сыңарларының түсі сұр, қара сұр, құрылымы порфирлі болады. Ультранегізді Фоидты тау жыныстарына уртит пен ийолит жатады. Уртитте нефелин 75 — 100%, ийолитте 45 — 75%, қалғанын сілтілі пироксендер құрайды. Бұл тау жыныстары құрамында нефелин азайып, фемалық минералдар көбейген сайын біртіндеп сілтілі ультрамафитті тау жыныстарына (якупирангитке) ауысады. Ультранегізді Фоидты тау жыныстарының эффузия сыңарларын нефелиниттер деп атайды. Олар көбінесе порфирлі сұр, қара сұр, жасылдау сұр түсті болып, негізінен нефелиннен тұрады, одан басқа моноклиндік пироксен, оливин, шыны болады. Интрузиялық Фоидты тау жыныстары кішігірім штоктар, лополиттер, лакколиттер, кейде үлкен аумақты алып жатқан күрделі қабатталған массивтер құрайды. Олар сирек граниттік, сиениттік интрузиялардың шеткі фациялары болып кездеседі. Эффузиялық Фоидты тау жыныстары кішігірім тасқындар, күмбездер, дайкалар құрайды. Фоидты тау жыныстарымен бірге фосфордың, темірдің, титанның, сирек элементтердің, графиттің кендері ұшырасады. Фоидты тау жыныстарының нефелині мен лейциті көп түрлері алюминий, шыны, керамика өндірісінде қолданылады. Қазақстанда Фоидты тау жыныстарының кен орындары Мұғалжарда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында бар.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Байғабыл Тамы — 20 ғасырдың бас кезінен сақталған сәулет ескерткіші. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз кентінен солтүстік-батысқа қарай 25 км жерде. 1983 жылы Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының экспедициясы (жетекшісі С.И. Әжіғалиев) зерттеген. Байғабыл Тамы —ауданы 3,63,7 м, биіктігі. 7,4 м, порталды-күмбезді пішіндегі сегізқырлы ғимарат. Кіретін аркалы ойығы оңтүстікке қараған. Ескерткіштің тұғыры да, өзі де шикі кірпіштен қаланып, сыртынан өлшемі 81723 және 81833 см күйдірілген кірпішпен қапталған. Қазір аркалы порталдың негізгі қабырғадан 1,50 м озық тұрған пилондары (босағалары) ғана қалған. Жазық қырлары мен түйісер бұрыштары қуысты-қалақша тәрізді бөліктерге бөлінген де, үстінен кірпішпен бастыра жабылған. Ғимараттың қабырғаларының жоғарғы жақтары әсем ернеумен бітеді. Одан жоғары сегіз қырлы барабан мен пирамида пішінді күмбез қалдықтары байқалады. Күмбезді шығару үшін тромп қатарлары (16) өрілген. Оның үстінен сәндік үшін белдеу жасалған. Ішкі жағы осы белдеуге дейін түгел сыланып, әктелген. Кіретін есіктің екі жағында тікбұрышты терезелері бар. Тамның солт-не таман және ортасында бейіт орны байқалады. Байғабыл Тамы — архитектор жобасы тұрғысынан алғанда, 18 ғасыр мен 19 ғасырдың ортасында солтүстік Арал маңында өркендеген сәулет өнері үлгісінің соңғы кезеңіне жататын ескерткіш.
## Пайдаланылған әдебиет |
Жамбыл — сөзі мынадай мағыналарға жатуы мүмкін:
## Тұлғалар
* Жамбыл Жабайұлы — қазақ халық поэзиясының тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.
* Жамбыл Тайжұмаев — Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қайсар қазақ жігіті.
* Жамбыл Көкеев — Қазақстан футболшысы, жартылай қорғаушы.
## Облыс
* Жамбыл облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан облыс.
## Елді мекендер
### Ақмола облысы
* Жамбыл – Астрахан ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Зеренді ауданындағы ауыл.
### Ақтөбе облысы
* Жамбыл – Әйтеке би ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Мұғалжар ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Темір ауданындағы ауыл.
### Алматы облысы
* Жамбыл – Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Қарасай ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Райымбек ауданындағы ауыл.
### Атырау облысы
* Жамбыл – Құрманғазы ауданындағы ауыл.
### Батыс Қазақстан облысы
* Жамбыл – Ақжайық ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Бәйтерек ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Сырым ауданындағы ауыл.
### Жамбыл облысы
* Жамбыл – Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Қордай ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Меркі ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Мойынқұм ауданындағы ауыл.
### Жетісу облысы
* Жамбыл – Алакөл ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Көксу ауданындағы ауыл.
### Қарағанды облысы
* Жамбыл – Шет ауданындағы таратылған кент.
### Қостанай облысы
* Жамбыл – Қарабалық ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Қарасу ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Қостанай ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Науырзым ауданындағы ауыл.
### Павлодар облысы
* Жамбыл – Аққулы ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Ақтоғай ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Железин ауданындағы ауыл.
### Солтүстік Қазақстан облысы
* Жамбыл – Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Есіл ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Уәлиханов ауданындағы ауыл.
### Түркістан облысы
* Жамбыл – Бәйдібек ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Жетісай ауданы, Қазыбек би ауылдық округіне қарасты ауыл.
* Жамбыл – Жетісай ауданы, Шаблан Ділдәбеков ауылдық округіне қарасты ауыл.
* Жамбыл – Келес ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауылдық округіне қарасты ауыл.
* Жамбыл – Мақтаарал ауданы, Аязхан Қалыбеков ауылдық округіне қарасты ауыл.
* Жамбыл – Ордабасы ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Төле би ауданындағы ауыл.
### Шығыс Қазақстан облысы
* Жамбыл – Зайсан ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Катонқарағай ауданындағы ауыл.
* Жамбыл – Тарбағатай ауданындағы ауыл.
## Таулар
* Жамбыл — Шу-Іле тауларының солтүстік-батыс бөлігіндегі тау.
* Жамбыл — Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық.
* Жамбыл — Іле Алатауындағы шың.
## Өзге де мағыналар
* Жамбыл мұражайы — Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында орналасқан, тарихи және мәдени мекеме.
* Жамбыл футбол клубы — Тараз қаласындағы Қазақстанның футбол клубы.
* Жамбыл — толық метражды көркем фильм. |
Жайдаров Айтмұхамед (1929 – 2003) – қызметкер. Ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1970).
* Еркіншілік ауданы «Еңбек Туы» газетінде редактор (1955 – 56),
* ауданы мәдениет бөлімінің басшысы (1956 – 58),
* Қарағанды партия мектебінде оқуда (1958 – 61),
* Изобильный кеңшарында партия ұйымының хатшысы (1961 – 63),
* Баршын (1963 – 72), Воздвиженский (1972 – 76) кеңшарларында директор,
* Атбасар ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы (1976 – 78),
* Макин ауданы атқару комитетінің төрағасы (1978 – 93), о
* блысы ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының 1-орынбасары (1983 – 89)
қызметтерін атқарған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Ғаббас әл-Жауһари, Аббас әл-Жауһари, Ғаббас ибн Сайд әл- Жауһари (9 ғ-дың 1-жартысы) — астроном, математик. Отырар оазисіндегі Жауһарана (қазіргі Гауһартөбе) қалашығында туған. Бағдатқа шақырылып, Ортаазиялык ғалымдармен бірге Бағдат обсерваториясы мен "Даналық үйінің" негізін қалаған. Ол 829—830 жылы Бағдатта жөне 832—833 жылы Дамаскіде жүргізілген астрон. бақылауларға қатысады. Бұл бақылаулар негізінде "Мамунның астрономиялық кестелері" деп аталатын еңбек жазылды. Ғаббас әл-Жауһари — Евклидтің "Негіздерін" түсіндіруге, толықтыруға арналған бірнеше трактаттардың авторы. Ол шығыс математиктерінің ішінде ең бірінші болып Евклидтің параллель түзулер аксиомасын сынға алды. Евклидтің 5-қағидасын дәлелдеуге әрекеттеңді. Ол бұл ретте үшбұрыштың орта сызығы туралы теореманы және бұрыш ішіндегі кез келген нүктеден бұрыштың 2 қабырғасын қиып өтетін тузу жүргізуге болатынын дөлелдеді. Ғаббас әл-Жауһаридің параллель түзулер туралы идеяларын кейіннен Әбу Жафар ат-Туси дамытты.
## Дереккөздер |
Ибадулла Ақбергенов (1907, Созақ ауданында туған – 1938/39 жылы қайтыс болды ) – Қазақстаннан шыққан тұңғыш физика-математика ғылым кандидаты (1935), доцент (1936). 1931 ж. Ташкент Орта Азия университетінің физика-математика факультетін бітірген. 1932 ж. сол университеттің аспирантурасына түсіп, 1934 ж. Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасына ауыстырылады. 1934 ж. профессор Л.В. Канторовичтің (1964 жылдан КСРО ғылым академиясының академигі) жетекшілігімен «Интегралдық теңдеулерді жуықтап шешу тәсілдері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.
1935 – 36 ж. Ташкент Орта Азия университетінде қызмет істейді. 1936 ж. ҚазМУ-дың математика анализ кафедрасының меңгерушілігіне шақырылды. ҚазМУ-де қызмет атқарған. 1936 – 38 ж. Ибадулла Ақбергенов студенттерге математика пәнінің сол уақыттағы деңгейге сәйкес берілуіне өте көп еңбек сіңірді. ҚазМУ-ге Мәскеуден И.П. Натансон, В.Л. Гончаров, Н.Н. Назаров сияқты белгілі профессорларды шақыртты, оқытушылар мен студенттерге дәріс тыңдатуды ұйымдастырды. Оның теориялық жағынан өте жоғары «Фредгольмның екінші текті интегралдық теңдеуінің жуық шешуі және оның меншікті мәнін анықтау» деп аталатын ғылыми еңбегі сол жылдары жарияланды . Мұнда қолданылған тәсіл кейін көптеген математиктердің еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Кеңестік билік кезеңінде ұйымдастырылған саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.
## Сілтемелер |
Бейбіт Орынбекұлы Қойшыбаев (20.11.1945 жылы туған, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылы) – жазушы, публицист, ғалым, тарих ғыл. канд. (2002).
Қазақ ұлттық агр. университетін бітірген (1968).
1968-69 жылдары Байқадам кәсіптік-тех. училищесінің оқытушысы, 1969–71 жылдары Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінің “Қазақ ауыл шаруашылығы техникасы” бірлестігінде инженер, аға инженер, 1971–75 жылдары Алматы облысы комсомол комитетінің кәсіптік-тех. білім секторының меңгерушісі болды. 1975–85 жылдары “Қазақстан пионері”, “Білім және еңбек”, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газет-журналдарында жауапты қызметтер атқарды. 1985–87 жылдары Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесі Төралқасы аппаратында Жоғары Кеңес актілерін жариялау тобының аға редакторы болды. 1988–89 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі, 1990–91 жылдары “Денсаулық” журналының бас редакторы, 1991–96 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге Қазақстан әдеби қоры басқармасының төрағасы, “Тіршілік” журналының бас редакторы, “Әдеби қор жаршысы” газетінің бас редакторы, 1997–2001 жылдары “Zaman – Қазақстан” газеті бас редакторының орынбасары болды. ҚР Экономика және сауда министрлігі автор құқығын қорғау агенттігі бас басқармасының бастығы, Алматы облысы көші-қон және демография басқармасында бөлім бастығы қызметтерін атқарды. 2001–03 жылдары “Қазақ энциклопедиясы” баспасында орт. бастығының орынбасары, 2003–07 жылдары “Заңгер” журналының жауапты редакторы, “Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары болып істеді. 2007 жылдан “Жұлдыз” журналының жауапты хатшысы.
Қ. өз еңбектерінде тарихтың “ақтаңдақ” беттерін зерттеуге ден қойды. Шығармалары орыс, беларус, болгар, қытай тілдеріне аударылған. Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, “Құрмет” орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Жанайдаров Ораз Ахметжанұлы (1930 жылы туған, Есіл ауданы Далабай ауылы) – ғалым, экономикалық ғылым кандидаты. (1965).
* ҚазҰУ-ды (1953), орталық Азия университетінің (Ташкент, 1954) арнайы экономикалық курсын бітірген.
* Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы, факултет деканы (1954 – 69),
* Қарағанды кооперативтік институтында оқу жөніндегі проректор (1969 – 79),
* Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1979 – 89),
* 1989 жылдан Абай атындағы ҚазҰПУ-де кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Жанайдаров 160 ғылыми. еңбектің, 2 монографияның авторы. «Құрмет белгісі» ордені, медальдармен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы - (1950 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Әлжан ауылы) – журналист, жазушы-аудармашы, қоғам және мәдениет қайраткері. Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
Ауыл шаруашылығы техникумын (1975), ҚазМУ-ды (1983) бітірген. Еңбек жолын 1968 ж. трактор жүргізушісі, байланыс монтері болып бастаған. Зеренді ауданы газеттінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы ұжымшарда партком хатшысы, облыстық «Көкшетау» газетінде бөлім меңгеруші, Көкшетау облысы атқару комитетінде референт, облыс әкімінің хатшысы, облысы тіл басқармасының бастығы, ҚР мәденит, ақпарат және қоғамдық келісім минститунде бас маман, бөлім бастығы; Ақмола облысы ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы бастығының орынбасары (1997 – 99). 2004 жылдан Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының бастығы қызметін атқарған. М. Мағауиннің, Д. Досжанның, С. Әбдірахмановтың, тағыда басқа кітаптарын орыс тіліне, көптеген әлем философтары мен саясаткерлерінің еңбектерін қазақ тіліне аударған. «Қазақ тілінің жанашыры» белгісімен, медальдармен, ҚР Президентінің, Мәдениет және ақпарат институтінің, Тіл комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
* 2000 жылдан - Ақмола облысы бойынша Ақпарат басқармасының бастығы.
* 2004 жылдан бері - Ақмола облыстық Тілдерді дамыту басқармасының бастығы. Қазақстан журналистер одағы 7-ші съезінің делегаты (1987). Ақмола округтық ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Мәдениет қайраткері» белгісімен (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің құрмет грамотасымен (2000) марапатталған.
Үйленген. Жұбайы - Төлеғұл Күлзағила Ержанқызы(1955 жылы туған), облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының экономист-бухгалтері. Қыздары – Бибігүл (1976 жылы туған), банк қызметкері; Бақыт (1977 жылы туған), ҚР Білім және ғылым министрлігінде бөлім бастығы; ұлы - Олжас(1985 жылы туған), студент.
## Дереккөздер |
Мырзахан Шораев (1905, Түркістан ауданы Сауран аулы –1983, Сарыағаш қаласы) – еңбек ардагері. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты. Кәсіптік-техникалық мектепті аяқтаған соң Алматы қаласында байланысшы болып істеді. 1930 – 1931 ж. Ақсудағы тұтынушылар одағының төрағасы, 1939 – 1941 ж. Шәуілдір, Шаян, Арыс аудандарында, 1949 – 1952 ж. Ильич ауданында партия комиттінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1952 – 1974 ж. 2-Жетісай МТС-інің директоры, Түлкібас ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, Сарыағаш шарап зауытының директоры. Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер болды. 1-дәрежелі Ұлы Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендері мен көптеген медальдардың иегері.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Қойшыбай ата - ауыл шаруашылық кәсіпорын, шаруа қожалығы. Талас ауданы Ойық ауылында 1993 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыты – қазақтың асыл тұқымды қылшық жүнді құйрықты қойын өсіру. Қой басы 3000-нан астам. Шаруашылықта, сондай-ақ, 100 бас қос өркешті түйе, 200 жылқы (оның 100-і сауынды бие), 200 сиыр бар. Жайылымы 36 мың га, суармалы егістік жері 100 га. Шаруашылық көмегімен ауылда көптеген әлеум.-мәдени шаралар атқарылуда, атап айтқанда, 2000 ж. ежелгі архитектура үлгіде салынған мешіт ашылды, 600 орындық мәдениет сарайы қалпына келтірілді, бұлар ауыл тұрғындарының игілігіне пайдаланылуда. Шаруашылық жетекшісі – А.Сейдіғұлұлы.
## Дереккөздер
“Тараз энциклопедиясы” |
Төбелдірік – әйелдер басына киетін әшекейлі бас киім. Кейбір жерлерде желекті ұстап тұратын әшекейлі қатырғы ретінде бергек деп те аталады.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том. |
Ақтан Төлеубайұлы Төлеубаев (1924 жылы туған) – қоғам қайраткері.
## Өмірбаяны
* 2-дүниежүзілік соғысқа қатысып, соғыс кезінде «Катюша» реактивті қондырғысының командирі болған.
* Соғыстан кейін Атбасар ауданы партия комитетінде 1-хатшы.
* Алматы жоғары партия мектебін бітірген (1950).
* Ақмола облысы партия комитетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары
* Атбасар ауданы атқару комитетінің төрағасы
* Алексеев өндірістік басқармасында партия ұйымының хатшысы
* Алексеев ауданында партия комитетінің 1-хатшы
* Қорғалжын ауданында партия комитетінің 1-хатшы (1965 – 72)
* 1972 жылдан мемлекеттік орман шаруашылығы комитеті төрағасының 1-орынбасары қызметтерін атқарған.
## Жетістіктері
* ҚазКСР Жоғ. Кеңесінің депутаты.
## Марапаттары
* Ленин ордені
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* 2 мәрте Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Жанайдарова Гүлжан Ахметжанқызы (1928 жылы туған, Есіл ауданы Далабай ауылы) – ғалым, мед. ғылым кандидаты. (1954).
* Қарағанды мемлекеттік мед. академиясының құрметті проф.
* КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі. Қазақ медициналық институтын (1951),
* Ленинград медициналық институтының аспирантурасын (1954) бітірген.
* 1954 жылдан Қарағанды мемлекеттік медициналық институтында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі, проректор (1961 – 84) қызметін атқарды.
Жанайдарова 80-нен астам ғылыми. еңбектің авторы. «Құрмет белгісі» ордені, медальдармен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Байғазы — қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы. Байғазыны, көбінесе, жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды. Үлкендер Байғазы (ақша, малдың төлі, т.б.) берумен бірге құтты болсын айтып, ізгі тілек білдіреді.
## Дереккөздер |
Нархоз университеті — Экономика, қаржы, менеджмент пен бизнес, ақпараттық технологиялар, мемлекеттік басқару және құқық саласында оқытуды жүзеге асыратын Қазақстандағы жеке меншік университет. 1963 жылы құрылған, қазіргі атауына 2016 жылдан бері ие. Университет құрамына дайындық бағыттары бойынша 5 кәсіптік мектеп, ғылыми-зерттеу орталықтары, ғылыми-білім беру департаменттері, колледж кіреді. Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
## Тарихы
### Атаулар
### АХШИ
КСРО Үкіметінің 1963 жылғы 9-мамырдағы «Жоғары және орта арнайы білім беруді одан әрі дамыту, жас мамандарды даярлау мен пайдалануды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына сәйкес «Алматы халық шаруашылығы институты» (АХШИ) 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетінің базасында ашылды.
Алғашқы жылдары институт күндізгі және сырттай оқыту формасына ие үш факультеттен тұрды: жоспарлау-экономикалық, есеп-экономикалық және қаржылық-несиелік. 1964 жылы АХШИ-де 10 мамандық бойынша аспирантура ашылды. 1973 жылға қарай оқытушылар саны 330ке жетті, 7 ғылым докторы болды, ал кандидаттықты 125 адам қорғады. Осы жылдар ішінде сол кездегі «Правда» көшесінде Студенттік жатақханалар кешені (1969 жылы), Оқу-зертханалық кешен, Дене шынықтыру кешені, «Молодежный» санаторий-профилакторийі және т.б.-лар пайдалануға берілді (1973-1974 жылдары) . Сонымен бір мезгілде институтта Жоғары экономикалық мектеп құрылды, онда жұмыс орнынан қол үзбей оқуға мүмкіндік болды. АХШИ-дің филиалдары Целиноград, Ақтөбе, Шымкент қалаларында ашылды.
1967 және 1970 жылдары АХШИ студенттердің еңбегі, тұрмысы мен демалысын үздік ұйымдастыру бойынша Бүкілодақтық жарыстарда жеңімпаз атанды. 1972 жылы ол Республиканың 46 жоғары оқу орны арасында үздік деп танылып, қол жеткізген жетістіктері үшін Қазақстан КП-ның ОК, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумі, Министрлер Кеңесі мен Қазақ КСР Кәсіподағының (Қазсовпроф) Естелік Қызыл Туымен марапатталды [4]. АХШИ-дің студенті Анатолий Назаренко классикалық күрестен 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.
1982 жылы институт құрамында «Жоспарлық-жабдықтау», «Жоспарлы-экономикалық», «Есеп және экономикалық», «Қаржы-кредиттік» пен «Экономикалық ақпаратты механикаландырылған өңдеу және басқарудың автоматтандырылған жүйелері» факультеттері, кешкі оқыту, перспективалық жоспарлау және болжау кадрларын қайта даярлау жөніндегі факультеттер, дайындық бөлімшесі (курстар), еңбекті ғылыми ұйымдастыру және басқару бойынша тұрақты жұмыс істейтін курстар, Шымкент, Ақтөбе және Целиноград қалаларындағы филиалдар, аспирантура, 32 кафедра, Оқытудың техникалық құралдары зертханасы, кітапхана (471 мың том) жұмыс істеді. 1981-1982 оқу жылында институтта 10 мамандық бойынша 10 205 студент, 12 — 111 аспирант оқыды, 540 оқытушы жұмыс істеді, оның ішінде 16 профессор және ғылым докторы, 218 доцент және ғылым кандидаты, 2 Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген экономисі, 2 Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері.
### ҚазМЭУ – ҚазМБА – ҚазЭУ
1991 жылы 8-шілдеде Қазақ КСР Халыққа білім беру министрлігінің ұсынысы бойынша Алматы халық шаруашылығы институты Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті болып қайта құрылды. 1993 жылы 25-ақпанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін Қазақ мемлекеттік басқару академиясына айналдыру туралы» Жарлық шығарды.
1994 жылы университетте «Экономика» баспасы және өзінің баспаханасы ашылды. 1996 жылы «ҚазМБА Хабаршысы» ғылыми журналының бірінші нөмірі шықты, алғашқы магистрант түлектер дүниеге келді. 1997 жылы Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы филиалдар базасында ҚазМБА Аймақтық оқу орталықтары құрылды, 1999 жылы Астанадағы филиал «Экономика және қаржы» институты болып қайта құрылды.
2000 жылдың 23-мамырында Қазақстан Үкіметінің Қаулысы бойынша ЖОО-ға Тұрар Рысқұловтың есімі берілді.
1995 жылдан бастап Еуропалық Одақ бағдарламасы шеңберінде ҚазМБА-ны әрі қарай мемлекет меншігінен алуды көздейтін ТАСИС шетелдік консультативтік көмек жобасын іске асыру басталды. 2001 жылдың 2-сәуірінде Үкіметтің Қаулысы бойынша ЖОО жекешелендіру және әрі қарай мемлекет меншігінен алу үшін «Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
2001 жылдың соңына дейін ЖОО-ның 100% акциясы жеке меншікке берілді, 2002 жылы «Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» ЖАҚ («Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» ААҚ болып қайта құрылды.
2008 жылы ЖОО жанынан Халықаралық бизнес мектебі (IBS) ашылды. 2010 жылы университет Еуропалық білім беру кеңістігіне кіріп, Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.
2011-2013 жылдары Қызылорда, Атырау, Шымкент, Павлодар, Семей қалаларында Аймақтық Қашықтан оқыту орталықтары ашылды [16].
2014 жылғы 3-желтоқсанда университет ребрендинг рәсімінен өтіп, «Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университет» АҚ болып өзгертілді [18].
### Қазіргі заманы
2016 жылы Университет өз атауын «Нархоз университеті» АҚ деп өзгертті.
2016-2021 жылдары университетті шетелдік келесі ректорлар басқарды: Кшиштоф Рыбинский (Польша), Эндрю Вахтель (АҚШ), Станислав Буянский (Ресей, АҚШ). Білім беру және ғылыми қызметтің құрылымы мен мазмұнын жаңғырта отырып, Нархозды заманауи бәсекелестік университетке айналдыру процесі туралы мәлімделді. Атап айтқанда, жаңа факультеттер, кафедралар құрылды, бірқатар ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары құрылды. 2020 жылдан бастап Университетте қос диплом бағдарламасы енгізілді.
2020 жылғы 13-наурызда «Коммерциялық емес акционерлік қоғам» мәртебесін беру жолымен Нархоз университетін мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді. Коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған қоғамды коммерциялық ұйымға айналдыру мүмкін емес, ал алынған табыс тек даму, инфрақұрылым мен академиялық процесті жақсартуға, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқытушылардың кәсіби дамуын арттыруға бағытталады.
2020 жылдың қарашасында ректор С. Г. Буянский: «2021 жылы Университеттің ұйымдық құрылымы батыстық типтегі модернизациядан өтеді, ректор лауазымы жойылып, Президент пен провост арасындағы өкілеттіктер бөлінеді», - деп мәлімдеді.
2023 жылдың мамыр айында Нархоз университеті блокчейн-технология негізінде NFT-дипломдар платформасын құру жөніндегі жобаны іске қосатынын жариялады.
2024 жылғы жағдай бойынша Университетте 34 бакалавриат бағдарламасы, 29 магистратура бағдарламасы және 8 докторантура бағдарламасы бойынша сабақ жүргізіледі.
## Рейтингтердегі Университет
## Мектептер
* Экономика және менеджмент мектебі
* Құқық және мемлекеттік басқару мектебі
* Цифрлық технологиялар мектебі
* Бизнес мектебі
* Гуманитарлық мектеп
## Ғылыми орталықтар
* Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC).
* Қазақстандағы Тұрақты дамуды зерттеу институты (SKRI).
* HR зерттеу орталығы (HRRC).
* Жібек жолы істері орталығы (SRCC).
* Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер орталығы (CEBR).
* Data Science зертханасы.
## Серіктес ЖОО-лар
Бүгінгі таңда Нархоз университетінің білім беру бағдарламаларының әр түрлі формаларын ұсынатын 70-тен астам халықаралық серіктестері бар. Нархоз студенттерінің қос диплом, ERASMUS+, академиялық ұтқырлық, жазғы және қысқы мектептер бағдарламалары бойынша үш құрлықтың (континенттің) 23 еліне шетелге шығу мүмкіндігі бар.
## Кампустар
Университеттің негізгі кампусы Алматы қаласының Жандосов көшесі бойында, ал екіншісі 1-микроауданда орналасқан. Нархоз университетінің Жандосов көшесіндегі кампусының аумағы қоғамдық қолжетімділікке ие. Қасбеттің (фасад) алдында саябақ бар, субұрқақ (фонтан) жұмыс істейді, Жапон бағына ие. Кампустың ішінде шағын алаң бар.
Жандосов көшесіндегі кампус аумағында стадион, спорт орталығы, GRANDPOOL фитнес-орталығы, әскери кафедра орналасқан.
2020 жылы Басшылық бас ғимаратты 2022 жылға дейін қайта құрудың басталғаны туралы жария етті [20].
2022 жылы Университет жаңа кампусының қайта құрудан кейінгі салтанатты ашылуы өтті [44]. Кампус 26 IT-зертхана, 112 аудитория мен 115 ашық кеңістік жұмыс аймағына ие. Шетелдік студенттер үшін жеке офис қарастырылған – Welcome center [45].
2023 жылы жаңа студенттік жатақхананың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жатақхананың құрылысы 2024 жылы аяқталды. Бұл 424 орынға арналған жалпы ауданы 8700 м² болатын үш, бес және жеті қабатты ғимараттар кешені. Студенттер үшін жеке жуынатын бөлмелері мен душтары бар үш адамға арналған бөлмелер, климаттық бақылау жүйесі мен тұрмыстық техникасы бар. Жеке кір жуатын бөлме, сонымен қатар әр қабатта ас үй мен жұмыс орындары, бірінші қабатта дүкен, кофехана, шаштараз, медициналық пункт, төбесінде жасыл терраса бар.
## Ректорлар
* 1963 —1975 жж. — Александр Иванович Белов
* 1975 — 1982 жж. — Виктор Дмитриевич Руднев
* 1982 — 1988 жж. — Нұрғали Құлшыманұлы Мамыров
* 1988-1992ж. — Василий Евдокимович Черкасов
* 1992—1995 жж. — Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев
* 1995—2005 жж. — Нұрғали Құлшыманұлы Мамыров
* 2005—2012 жж. — Әли Әжімұлы Әбішев
* 2012—2014 жж. — Серік Аманжолұлы Святов
* 2015—2018 жж. — Кшиштоф Рыбиньски (Польша)
* 2018—2020 жж. — Эндрю Вахтель (АҚШ)
* 2020—2021 — Станислав Буянский (Ресей, АҚШ) Ректор С.Г. Буянский Университеттің ұйымдастырушылық реформасының бастамашысы болды, оның шеңберінде Президент және провост лауазымдарын бір мезгілде енгізу жолымен ректор лауазымы жойылды [22].
## Президенттер
2021— 2024 — Мирас Мұхтарұлы Дәуленов.
2024 — қ. у — Қожахмет Қанат Темірғалыұлы.
## Еншілес ұйымдар
* Нархоз университетінің экономикалық колледжі
* «ESF» корпоративтік қоры
* «ҚЭУ-сервис» ЖШС
## Белгілі түлектер
* Данияр Талғатұлы Ақышев
* Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев
* Қайрат Нематұлы Келімбетов
* Наталья Артёмовна Коржова
* Аслан Есболайұлы Мусин
* Нұртай Салихұлы Сабильянов
* Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев
* Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов
* Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин
* Болат Жамитұлы Өтемұратов
## Дереккөздер |
Төбетей – төбе киім, тақияның бір түрі. Мәуіті, барқыт, т.б. қалың маталардан сырылып тігіледі. Төрт қырлы немесе дөңгелек болып келеді.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том. |
Төлеубаев Жақан (1898 – 1978, Қорғалжын ауданы Қоржынкөл ауылы) – еңбек ардагері, қойшы. Социалистік Еңбек Ері (1948). 9 жасынан мал баққан. 1929 ж. алғашқылардың бірі болып ұжымшарға кірген. Қорғалжын ауданы Артық кеңшарында іріқара баққан, қойшы, жылқышы, жылқы фермасының меңгерушісі болып жұмыс жасаған (1930 – 55).
## Дереккөздер |
Жанатай батыр (18-ғ.) – Бөгенбай батыр Ақшаұлының (1680 – 1775) серігі. Айыртау ауданында дүниеге келген. 18-ғ-дың 20-жылдары жоңғарлармен болған шайқаста көзге түскен. Жанатай есімі халықтың ауыз әңгімелерінде, аңыздарында кездеседі. Ол туралы Ш.Уәлиханов «18-ғасырдағы батырлар жайлы тарихи деректер» мақаласында айтқан. Есіл ауданының Жанатай (қазіргі Өрнек) ауданында жерленген.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Төбешік құм – микробедердің құмды шөлдерде кездесетін пішіні.
Бұта түбіне желмен үрілген шаң-тозаңды құмдардың өсімдіктерден бөлінген тұздармен шыланып, цементтелуінен қалыптасады. Көбіне салыстырмалы биіктігі 50 – 70 см, диаметрі 1 – 3 метрдей болады.
## Дереккөздер |
Төлеубаев Дәулен (1927, Қорғалжын ауданы) – еңбек ардагері. Социалистік Еңбек Ері (1966). Қазақстан қой шаруашылығына еңбек сіңірген шебер. «КОКП ХХV съезі» атындағы кеңшарда шопан болып ұзақ жылдар жұмыс жасаған.
## Дереккөздер |
Байғана кесенесі — 17 ғасырда сақталған сәулет өнері ескерткіші. Сарысу өзеннің төмен жағындағы, Қызылжыңғыл аңғарында орналасқан. Байғана кесенесі жөнінде алғашқы мәліметтер Н. Потанин, Ю. Шмидт еңбектерінде кездеседі. 1981 жылы Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының экспедициясы (жетекшісі Ә. Оспанов) зерттеген. Ел аузында Байғана атақты мерген болған деген аңыз бар. Кесене тұрған аңғар 19 ғасырдың өзінде Қызылжыңғыл-Байғана аталған. Кесене шикі кірпіштен шаршы жобада салынып, күмбезделген. Кейін күмбезі қираған. Ішкі жағы сегіз қырлы, әр қыры аркалы қуыс түрінде бөлінген. Осы сегіз қырлы қабырғаның әр бұрышынан бірінің үстіне бірі салынған көлденең қатарлар арқылы күмбез негізі шығарылған. Кесенеге кіретін оңтүстік-батыс жағынан екі метрлік дәліз жапсарлас салынып, сырғауыл, қамыс және кірпішпен жайпақ жабылған. Кесенеде өте ертеде жерленген мүрделер бар. Байғана кесенесі — Қазақстанда санаулы ғана кездесетін кейінгі ортағасырлық ескерткіштердің бірі. Шикі кірпіштің мүжіліп тозғанына қарамастан, ескерткіштің айқын жобасы, композициялық шешімінің нақты логикалық белгілері қалыптасқан құрылыс дәстүрінен хабар береді.
## Дереккөздер |
Ханака, ханега, хонако (парсы хане — үй және га — орын) — Орталық Азия мен Әзірбайжанда, сондай-ақ кейбір Таяу Шығыс елдерінде кең таралған діни құрылыстың түрі; дін жолын ұстанған тақуалар мен кезбе дәруіштерді қабылдау үшін салынған ақысыз қонақ үйі. Ханака тұрғызу суфизмді уағыздауға байланысты етек алды. Ол негізінен мешіт, медреселердің жанында болады; қаласы Діни құрылыстар.
Ханака - соттардың тұрақжайы,құдайға құлшылық ету орны; кезбе дәруіштер тоқтайтын үй, тегін қонақжай. Xанака атқаратын қызметі жағынан рибатқа ұқсас. Xанака салу, шамамен, IX - X ғасырдың қарсаңында мұсылман әлемінің шығысында - Хорасан мен Мауереннахрда пайда болған.Одан кейін ол Батыс Иран, Ирак, Сирия мен Мысырда кең етек жаяды, сондай-ақ, Үндістанға тарайды. Ханакада Құдайға құлшылық ету рәсімі (ораза, зікір салу, жалпы мінажат ету, түнгі құлшылық, т. б.) жүзеге асырылатын болған.Ханака ғасырдың аяқ кезінен бастап «ұстаз-шәкірт» жолын ұстанған тұрақты ханакалар пайда болды, яғни ханака жеке бас тіршілігін мүлде шектеп, барлығын тақуалыққа бағындыратын мистик, жолды ұстаушы қауым орталығына айналды. Дәстүр бойынша алғашқы ханака. мүшелеріне арналған заң ережесін шығарушылардың бірі Әбу Саид Майхани болды. Осы тұста шығыстан кейбір ханакалар «әулие ақсақалдар»жерленетін сағанаға айналды. XI ғасырдың ІІ-жартысында ханака батыста Салжұқ шапқыншылығынан кейін пайда бола бастайды да, осы ғасырдың үшінші ширегінде Халеб пен Шамда ірге тебеді. Xанака ең алғашында өкімет мекемелеріне тәуелсіз, жекеше немесе қоғамдық ұйым түрінде пайда болғанмен, кейіннен (мешіт, медресе сияқты) қоғамның әлеуметтік шоғырлануының негізгі орталығын айналды. Олар негізінде ерлер қауымынан құралды, алайда бірыңғай әйелдер ханакасы (Каир, Шам, Бағдат, Мекке) да болды. XII ғасырдың соңынан ханака, сопы бауырластығының (тарика) орталығына айналып, тек өз мүшелерінің ғана емес, ханаканы қаржымен жабдықтан тұратын тұтас майдагерлік корпорациялардың басын біріктірді. Ханаканың келесі бір кірісі қайыр садақа мен мемлекет тарапынан берілетін жәрдемнен құралды. Мемлекет тарапынан жәрдем қаржы босату Ираннан басқа мұсылман елдерінің бәріне тән құбылыс еді.Сопы қауымына назар аударып отырудың пайдалы екенін тез аңғарған Ирак, Сирия мен Мысырдағы салжұқтар, Фатима, айиуб әулеттері мен мамлюктер (XII ғасырдың ортасынан бастап) ханакаларға қаржы бөліп,жаңа ғимараттарын тұрғыза бастады. Бұл елдердегі ханака діни тіршіліктің орталығын айналды, ал мұндағы шейхтар бірте-бірте өзінің дін басшысы екенін ұмытыл, әкімшілік тапсырма беруші қызметімен айналысып кетті. Тек өкімет қарауындағы мінажат орындары ғана ханака атанды. Өзінің бастапқы сипатынан айрылған өкімет мазарындағы ханакалар бауырластықтардан қол үзіп қалды, оның өкілдері өкімет бұғауынан босануға ұмтылды. XVI ғасырдан ханаканың орнын текке деп аталатын түрік үлгісіндегі сопы қауымы ығыстыра бастады, ол осман шапқыншылығы дүрбелеңімен бірге Мағрибқа етек жайды. Мауереннахрда ханака әрі мінажат, әрі кезбе тақуалар тоқтайтын үй қызметін атқарды. Ол біріншіден, дала тұрғындары, көшпенділермен байланысты болды: екіншіден миссионерлік орталык қызметін атқарды, соның арқасында түрікмен, қазақ және қырғыз тайпалары Исламға кірді; үшіншіден,Исламда «әулиеге» табынудың кең етек алуы салдарынан ханаканың мән-мазмұны да едәуір өзгерді - олар «әулие бабтардың» сағанасы жанынан салынып, оған тәуеп етіп келгендерден түскен қаржы ханаканың күнкөріс көзіне айналды. Үндістанда ханаканың пайда болуы XII -XIII ғасырдың қарсаңына саяды. Оның XIII – XV ғасыр аралығында кең етек алуына чиштийа және сухравардийа сопы бауырластыр үлкен ықпал жасады. Ханаканы салу барысында оның негізгі атқаратын қызметі - мінажат ету орны екендігі ескеріліп отырды. Ханаканы кейде мешітпен бірге саяды. Дәстүр бойынша оның мінажат бөлмесі мен асханасы негізгі ғимарат ішіне орналасты. Алайда, көптеген ханакалардың арнайы салынған ғимараттары болмады, олар көбінесе дін бауырластығына жеке адамдардың қайрымдылық жолымен берген үйлеріне ірге тепті.
## Дереккөздер |
Шорнақ — Түркістан облысындағы ауыл, Сауран ауданының (2021 жылдан) және Шорнақ ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде, Арыс-Түркістан каналының бойында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Мақта ұжымшары болып, Түркістан мақта тазалау зауытының дайындау пункті, астық қабылдау мекемесінің пункті болды. Оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт жұмыс істейді. Округ жерінде 18 ғасырда ежелгі Шорнақ қаласы болған.
## Дереккөздер |
Көлбай Төгісов (1879, бұрынғы Семей облысы, Зайсан уезі, Шорға болысы – 1919, Омбы) – қоғам қайраткері, журналист, драматург. «Үш жүз», «Алаш Орда», «Түркістан» осы үш партияның құрылуына көп көмегін тигізген сол партиялардың белсенді зиялысы. Бірінші орыс революциясы тұсында патша өкіметінің жүргізіп отырған отарлық саясатына қарсы шығып, Қарқаралы хұзырхатын әзірлеуге қатысқан тұлға.
## Өмірбаяны
Найман тайпасының Қаракерей руының Байжігіт бөлімінен шыққан. 1896 ж. Зайсандағы ауыл шаруашылық мектебін бітірген. Орыс тіліне жетік болғандықтан отарлық билік орындарының ұйғарымымен Зайсан уезінің бітімгерлік сотының тілмашы болып қызмет етті. Бірінші орыс революциясы тұсында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, Ж.Ақпаев секілді қайраткерлермен бірге патша өкіметінің жүргізіп отырған отарлық саясатына қарсы шықты. Қарқаралы хұзырхатын әзірлеуге қатысты. 1906 ж. “Семипалатинский листок” газетінде патша өкіметінің қазақ халқына жасап жатқан қысымшылықтары жайлы мақалалар жариялады. Қазақ жеріне земство енгізу қажеттігін жақтады.
1909 ж. патша өкіметінің ұйғарымына орай “халықты бүлікке үндеуші” ретінде тұтқынға алынып, 1912 жылға дейін түрмеде отырды. Абақтыдан босағаннан кейін Семей өңірінде үш жыл мерзім аралығында тұру құқығынан айрылып, Қапалға жер аударылды. Ол Қапалда жүріп, “Айқап” журналында қазақ халқы арасындағы халық ағарту ісінің ахуалы жайлы мақалаларын жариялады. “Мамания” мектебін ашқан азаматтармен және онда дәріс берушілермен тығыз қарым-қатынаста болды. 1915 ж. “Надандық құрбаны” атты пьеса жазды. Оның бұл пьесасы Уфа қаласында басылып шықты. 1916 ж. Ташкентке келіп, сонда “Алаш” газетін шығаруды қолға алды.
Ақпан революциясынан кейін жергілікті халықтың саяси белсенділігін арттыру бағытында өткізілген іс-шараларға қызу ат салысты. Ташкентте құрылған “Шура и-ислам” ұйымына мүше болып кіріп, Қазалыда осы ұйымның бөлімшесін ашуға қатысты. 1917 ж. мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне мүше болып сайланды. Осы жылы жазда Зайсан у-не оралып, онда қазақ еңбекшілерінің съезін өткізуді ұйымдастырды. М.Әйтпеновпен бірге Омбыда “Үш жүз” партиясын құруға басшылық етті. Осы партияның атынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. “Алаш” партиясына қарсы үгіт жүргізіп, кеңестік билікпен ымыраға келді. 1918 ж. 21 сәуірде В.И. Ленин мен И.В. Сталинге кеңестік билікті қолдайтындығы жөнінде жеделхат жолдады. 1919 ж. наурызда Омбыда А.В. Колчак үстемдігі орнаған кезде абақтыға жабылып, сонда қаза тапты.
## Дереккөздер |
Жанәділов Болат Сүлейменұлы (1940 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Сырымбет ауылы) – жоғары санатты дәрігер. Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі.
* Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын аяқтаған (1965).
* Көкшетау облысы ауруханасында анестезиолог-дәрігер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігер (1965 – 92),
* Көкшетау облысы әкімінің орынбасары (1992 – 97),
* 1997 жылдан Ақмола облысы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары қызметтерін атқарған.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Көкшетау қаласылық медициналық қызмет ардагерлері кеңесінің төрағасы. Қазақстан халықтары кіші ассамблеясының мүшесі. Жанәділов Халықтар Достығы, «Құрмет» ордендері, медальдармен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Хандық — орта ғасырлардағы түркі-моңғол қоғамында болған дәстүрлі мемлекеттік бірлестік. Хандық дала өркениетінің ерекшеліктерімен тығыз байланысты болды және өз заманында прогресшіл рөл атқарды. Оның құрамына енген қауымдардың көшіп-қонатын белгілі жері, шаруашылық бірлестігі болды және олар саяси жағынан бірлесіп, сыртқы жаудан өз шекарасын қорғап тұрды.
Дегенмен, дәстүрлі қазақ қоғамындағы көшпелі шаруашылық, әрбір жүздің өзіне тән экономикалық, шаруашылық ерекшеліктері Қазақстан аумағында орталықтандырылған бір хандықтың өмір сүруіне мүмкіндік бермеді. Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі кезеңде ірі саяси қайраткерлер (Қасым, Хақназар, Есім, Тәуекел, Тәуке, Абылай) хандықты біріктіріп, орталықтанған мемлекет орнатуға тырысты. Алайда мұндай Хандықтар көп ұзамай-ақ ыдырап отырды. 18 ғасырдың өзінде қазақ жерінде бірнеше хандықтар (Кіші жүзде Әбілқайыр, Орта жүзде Әбілмәмбет, Сәмеке, Ұлы жүзде Жолбарыс басқарған) өмір сүрді. Ресей империясының 1822 — 1824 жылы жүргізген әкімшілік реформаларынан кейін көп ұзамай қазақ жерінде Хандық өкімет жойылды. |
Жанәділов Қазақстан Халелұлы (1965 жылы туған, Бұланды ауданы) – кәсіпкер.
* Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1989).
* Бұрынғы Торғай облысы Державин ауданы Львов кеңшарында агроном (1989 – 92),
* «Қазақстан», «Шыңғысхан», «Новодонецкое» шаруа қожалықтарын ұйымдастырушы, басшысы (1992 – 2005),
* 2005 жылдан біріккен ауыл шаруашылығы бірлестігінің директоры.
Медальмен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Жандар Кәрібайұлы (20.11. 1939 ж. т., Түлкібас ауданы) – қоғам қайраткері. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1965), Алматы Жоғары партия мектебін (1975), Халықаралық құқық академиясын (1999) бітірген. Еңбек жолын Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-интернатында неміс тілі пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған. 1966 – 1969 жылдары Жамбыл ауданындағы «Шұғыла» газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, 1969 – 1976 жылдары аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, аудандық «Шұғыла» – «Радуга» газетінің редакторы, 1976 – 1984 жылдары Жамбыл аудандық партия комитетінің хатшысы, 1984 – 1992 жылдары Жамбыл облысының партия комитетінің идеология, кейіннен ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімдерін басқарды. Жамбыл облысы Мәдениет басқармасының бастығы болды. 1995 – 2002 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды. Сенаттың Аймақтық даму және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. «Құрмет» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Астана» медальдарымен, ТМД елдері Парламентаралық Ассамблеясының күміс медалімен, «Алтын Барыс» белгісімен марапатталған. Сондай-ақ бауырластықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Моңғол Халық Республикасының «Достық» орденімен марапатталған. Кәрімұлы 100-ден астам көлемді публицистмкалық мақалалардың авторы. Олардың таңдаулылары «Ат тұяғын қыздырған Атамекен» деген атпен жеке кітап болып шықты. |
Жанғалов Баян (1914-2013) – соғыс және еңбек ардагері, кеңестік, қазақстандық саяси және қоғам қайраткері, жазушы, Социалистік Еңбек Ері (1957). 1914 жылы қазіргі Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Жамантұз ауылында туған.
## Еңбек жолы
Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан.
* Еңбек жолын Көкшетау қаласындағы орта мектептің 6-сыныбын бітірген соң 15 жасында бастайды.
* Офицерлер курсын, Алматы жоғары партия мектебін (1952) бітірген.
* 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, саяси жетекші болады. Сталинград, Курск, Харьков қалаларын азат ету майданында болып, көрсеткен ерліктері үшін орден, медальдармен марапатталады.
* 1945 – 1951 жылдары - Көкшетау облысы атқару комитетінде нұсқаушы, Красноармейский ауданы партия комитетінде 2-хатшы, Рузаев ауданы атқару комитетінің төрағасы.
* 1952 – 1963 жылдары - Айыртау ауданы партия комитетінің 1-хатшысы.
* 1963-1970 жылдары - Чистополь ауданы партия комитетінің 1-хатшысы.
* 1970 жылдан Зеренді ауданы партия комитетінің 1-хатшысы қызметін атқарады.
* Қазақстан КП ОК-нің мүшесі (1961 – 1971).
* ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
## Марапаттары
* 2 мәрте Ленин ордені
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* "Қызыл Жұлдыз ордені
* 1-дәрежелі Отан соғысы ордені
* "За отвагу" медалі
* "За боевые заслуги" медалі
* "За освоение целинных земель" медалі
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1957)
* "Тың жерлерді игергені үшін" медалі
* "Құрмет" ордені
* "Ақмола облысының Құрметті азаматы" атағы
* Халықтар достығы ордені
* "Құрмет белгісі" ордені
* КСРО ХШБК-нің алтын және күміс медальдары
## Тағы қараңыз
* Социалистік еңбек ерлері
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* История народов Средней Азии
* Герои страны |
Жақыпбай Достайұлы Достай (17 сәуір 1951 жылы туған, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Теректі ауылы) - география ғылымдарының докторы (1999), профессор, Қазақстанның ірі географы, геоэкологы, топонимисі, ҚР БҒМ География институтының су мәселелері бөлімінің меңгерушісі 1951-жылы сәуірдің 17-і күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Теректі әулие ауылында қазақ шаруасының отбасында дүниеге келді.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
## Еңбек жолы
1958-жылы Теректі жеті жылдық мектебінің 1-сыныбына барып, 1968-жылы Боралдай қазақ орта мектебін үздік бітірді. Мектептен соң бір жылдай өз аулында шопанның көмекшісі болып істеді.
1969 – 1975 жылдары зілзалаға ұшыраған Ташкент қаласын қалпына келтіру жұмыстарына Главташкентстрой трестінде тас қалаушы, электр дәнекерлеуші, биіктегі құрастырушы (высотник-монтажник) болып қатысты. Осы жылдары жұмыстан қол үзбей Ұлықбек атындағы Өзбек ұлттық университетінің география факультетінде оқыды. Екі жыл Совет Армиясында борышын өтеді.
1975 – 1979 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география факультетінің күндізгі бөлімінде гидрология мамандығы бойынша оқып, гидролог−инженер дипломымен бітірді.
1979-1981 жылдары Қазақтың гидрометеорологиялық ғылыми-зерттеу институтында, Жайық гидрологиялық экспедициясының құрамында далалық ізденістер жүргізді.1981 жылы ұшқан ұясы Қазақ Ұлттық университетіне арнайы шақырылып, онда Іле − Балқаш мәселелерімен айналысатын арнайы кешенді экспедицияны басқарды (1981-1986 жж.). Осы жылдары ол инженер, аға инженер, жетекші инженер, «Мелиоративті гидрология» салалық ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды.
1986-1989 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясының География институнда аспирант (гидрология, су ресурстары және гирохимия мамандығы бойынша). 1990 жылы қазанда Ленинград (Санкт-Петербург) қаласында «Іле Алатауының олтүстік беткейіндегі өзендердің ағындысының түр өзгертуі» тақырыбында диссертация қорғап, география ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.
## Қызметтері
1989 – 2002 жж. − География институтында кіші, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі сатыларынан өтті.1999 жылы қазанның 15-де докторлық диссертация қорғады. Докторлық диссетациясы Орталық Азиядағы тұйық алаптардағы гидроэкологиялық жағдайларды басқару мәселесіне арналған. Жұмыстың негізгі тұжырымдары «Упраление гидроэкосистемой бассейна озера Балкаш» монографиясында жарық көрді.
2002 – 2005 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география факультетінің «Геоэкология және табиғи орта мониторингі» кафедрасының меңгерушісі, университеттің Үлкен ғылыми кеңесінің мүшесі, география факультетінің ғылыми кеңесінң мүшесі.
2005 жылдан осы күнге дейін География институтының Су мәселелері бөлімінің ғылыми жетекшісі, меңгерушісі.
## Еңбектері
Ж. Д. Достайдың негізгі ғылыми-зерттеу жұмысы аридтік климат жағдайындағы тұйық алаптардағы су ресустарын басқару мәселелерімен байланысты. Ол Қазақстанның географиялық қоғамдастығы, гидрологтары, геоэкологтары және топонимистері арасында, сонымен бірге шетелдердегі географиялық орталықтарда гидрология, су шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану салаларының ірі ғалымы ретінде танымал. Ол гидрология мен географияның жаңа саласы − гидроэкология бағытының негізін салушы. Білімнің осы бағытында Орталық Азияның тұйық алаптарының негізінде тұңғыш рет гидроэкологиялық жағдайларды басқарудың ғылыми негіздерін теориялық тұрғыда дәлелдеді.
Ж. Д. Достайдың ғылыми қызметінің тағы бір маңызды бағыты − трансшекаралық су ресурстарын пайдалану мәселелерін зерттеу болып табылады. Бұл мәселе аса өзекті маңызға ие, себебі Еліміздің су ресурстарының жартысына жуығы шекаралас елдердің аумағында қалыптасатындығында.
Оның шығармашылығының тағы да бір маңызды бағыты − қазақ халқы қалыптастырған жер-су атаулары мен географиялық терминдер. Географиялық атаулар мен аталымдардың қалыптасуының географиялық, әлеуметтік-экономикалық, геоэкологиялық негідері алғаш рет жүйеге келтіріліп, тұжырымдамасы жасалды. Осы бағытта үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Оның тікелей жетекшілігімен топонимия бағытында 4 кандидаттық, 1 докторлық диссертациялар қорғалды.
Жақыпбай Достайұлының қазақ тіліндегі ғылыми терминология мен жоғарғы дәрежелі мамандар даярлаудағы (университет және аспирантура, докторантура арқылы) еңбегі зор. Ол университеттердің география, гидрометеорология және су шаруашылығы мамандықтары үшін қазақ және орыс тілдерінде «Гидроэкология: табиғат суларын сарқылудан және ластанудан қорғау» атты арнайы дәріс дайындап, оқу құралын басып шығарды (1993 ж.). Тұңғыш рет университеттер үшін қазақ тілінде «Жалпы гидрология» оқулығын басып шығарды (Білім, 1996). Қазір оның өңделген, түзетілген екінші басылымы баспаға дайын тұр.
Оның қаламынан «Геология, география және геодезия», «Су шаруашылығы», (Рауан, 2000) және «Селтану/ Селеведение» (2007) қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер, «Су шаруашылығы» (2002), «География және геодезия» (2007) түсіндірме сөздіктер шықты. Бұл еңбектерде автордың шығармашылық әлеуеті туындатқан бірқатар гидрометеорологиялық, геоэкологиялық терминдер қазақ ғылыми тілінің айналымына түсті.
Оның гидрология, гидроэкология, геоэкология, география, су шаруашылығы, топонимия салалары бойынша жазған еңбектерінің саны 150-ден асады (Қазақ энциклопедиясында басылған 250-ден аса мақалаларды есептемегенде). Олардың 7- монография, университеттер үшін 1 оқулық, 3 оқу құралы, орта мектептер үшін 2 оқулық жарық көрді.Ол Венада, Гиссенде, Үрімшіде, Пекинде, Мәскеуде, Санкт-Петерборда, Ташкентте, Бішкекте, Астанада, Павлодарда, Шымкентте, Таразда, Семейде т.б. өткен халықаралық, республикалық конференцияларда мақалалар жасады. Көптеген халықаралық ғылыми жиналыстарда төрағалық етті.
Жақыпбай Достайұлы қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде араласады. Ол халық шаруашлығы мен ғылым салаларында пайдаланылатын қазақша терминдерді бірізділікке (унификация) түсіруде айтарлықтай үлес қосты. Әр уақытта қоғамдық негізде Ғылыми техникалық білім жөніндегі комиссияның Мемлекеттік сыйлықтар беру жөніндегі жауапты хатшысы, ҚР ҰҒА Жер туралы Ғылымдар бөлімшесінің терминологиялық комиссиясының мүшесі, Қазақ Ұлттық энциклопедиясының география редакциясының төрағасы, «География және геоэкология мәселелері/Вопросы географии и геоэкологии» журналының бас редакторының орынбасары, «Вестник КазНУ. Серия географическая», «Гидрометеорология и экология», «География және табиғат», «Экологическое образование в Казахстане» журналдарының редакциялық алқасының мүшесі. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, География институтының докторлық диссертациялық кеңестерінің мүшесі болып істеді. Қазір Қырғыз Ұлттық университетінде; Геология институтарындағы докторлпық кеңестердің мүшесі. Қазақстан Жоғарғы Аттестациялық Комиссиясының эксперті (сарапшысы).
Ғалымның жетекшілігімен ғылымның география (гидрология, су ресурстары және гидрохимия; геоэкология; топонимия; геоморфология; ландшафттану және т.б.), техника салалары бойынша 18 кандидаттық 2 докторлық диссертациялар қорғалды.
Ж.Д.Достайдың негізгі еңбектері:
1.Жалпы гидрология: Университеттер үшін оқулық – Алматы: Білім, 1996. – 256 бет.2. Арало-Сырдарьинский бассейн. Гидроэкологические проблемы, вопросы вододеления. – Алматы: Дәуір, 2001. – 180 с. (соавторы Турсунов А.А. и Бурлибаев М.Ж.)3. Су шаруашылығы / Қазақ тілі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Мектеп, 2002 жыл. - 392 бет (ұжым жетекшісі және негізгі автор)4. Современное экологическое состояние бассейна озера Балкаш. – Алматы: Каганат6 2002 жыл. – 388 с. (в соавторстве)5.Проблемы гидроэкологической устойчивости в бассейне озера Балкаш. – Алматы: Каганат, 584 с. (в соавторстве)6. Analysys of drain rows of the Syrdarya and Amudarya rivers and models of management by a level regime of Aral sea. – Almaty: Ewera, 2004. – 196 p. . (Sadykov D.Sh., Cretaux J …).7. География және геодезия./ Қазақ тілі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы:Мектеп, 2007. - 264 бет (Авторлар ұжымы)8. География: Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері / Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. − Алматы: Мектеп, 2003; 2007; 2010. – 328 бет. (авторлық ұжым)9. География: Дүние жүзіне аймақтық шолу. / Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. − Алматы: Мектеп, 2003; 2007; 2010. – 328 бет. (авторлық ұжым)Бұл оқулықтар орыс, өзбек және ұйғыр тілдерінде де 3 рет қайта басылып шықты.10. Опустынивание: деградация земель. – Астана: Проект ПРООН, 2005. – 88 с. (Павличенко Л.М., Чигаркин А.В. и др.)11. Селтану саласы атауларынының қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздігі, негізгі терминдер. – Алматы: РИИЦ АЗИЯ, 2006. – 184 бет7 (авторлық ұжым)12. Wasserressourcen and deren Nutzung im Ile-Balchasch Becken. – Discussion Papers, #34, Giessen, қараша, 2006. – 76 p.13. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірістерінің негізі /Университеттер үшін оқулық – Алматы, 2008. – 128 бет (Д.А.Умутбаевамен бірге)14. Управление гидроэкосистемой бассейна озера Балкаш. – Алматы: Изд.ИГ МОН РК, 2009. – 235 с.15. Управление водоснабжением и водоотведением города Алматы. – Алматы, 2009. – 176 с.16. Национальный Атлас Республики Казахстан (автор карт и редактор) – Алматы, 2006.17. Республика Казахстан. 1 том. (автор и редактор) – Алматы, 2006.
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Әмірбек Әнуарұлы Төгісов (30.5.1949 жылы туған, Қытай, Бурчун қаласы) – әскери қайраткер, генерал-майор (1996). Орджоникидзе қаласындағы КСРО ҚҚМ-нің командалық әскери училищесін (1970), Целиноград педогогиялық институтын (1981) бітірген. 1968 жылдан Қарулы Күштер қатарында. 1970–1991 жылы КСРО ҚҚМ Ішкі әскерлер бас басқармасында әр түрлі жауапты қызметтерде болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары (1992–1997), Қорғаныс министрінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары (1997–2000) қызметтерін атқарды. 2000 жылдан запаста, 2-дәрежелі “Айбын” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
## Әскери атағы
Әскери атағы - генерал-майор.
## Діни көзқарасы
Діни көзқарасы - атеист.
## Қазақстанның болашағы туралы болжамы
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «XXI ғасыр -Азия құрлығының дәуірі, ал Қазақстан бұл аймақта жетекшіорынға ие болады».
## Саяси қайраткер ретіндегі идеалы
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Кенесары хан.
## Хоббиі
Хоббиі - кітап оқу.
## Сүйіп оқитын әдебиеті
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи туындылар.
## Үй жағдайы
Үйленген. Жұбайы - Төгісова Татьяна Михайловна (1950 жылы туған), орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Ұлы -Тегісов Ренат (1973 жылы туған), инженер-экономист, Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің әскери қызметкері; қызы - Тегісова Лариса(1981 жылы туған), әскери заңгер, ҚР ішкі әскер капитаны.
## Дереккөздер |
Төл – ауыл шаруашылық малдарының өсіп-даму процесіндегі жыныстық жағынан толық жетілмеген ұрпағы.
Әр түлік Төлінің өз атауы бар: түйе төлі – бота, жылқы төлі – құлын, сиыр төлі – бұзау, қой төлі – қозы, ешкі төлі – лақ деп аталады. Түйе, бие, сиыр, әдетте жалқы Төл, қой орта есеппен 1 – 2 қозы, ешкі жылына екі рет 3 – 4 лақ туады. Сүтқоректі жануарлардың Төлінің ең маңызды өсіп-жетілу мерзімі – олардың өсу қарқыны барынша жоғары болатын сүт ему кезеңі. туғаннан кейін алғашқы 2 – 3 аптада Төлдер тек қана ене сүтімен қоректенеді. Ірі қара (сиыр, жылқы, түйе)
Төлдері алғашқы 6 айда туған кездегі салмағын орта есеппен 5 – 6 есе арттыратын болса, ұсақ малдардың (қой, ешкі) Төлдері бұл деңгейге 4 – 4,5 айда, енелерінен ажыратылғанға дейін жетеді. Осыдан кейінгі кезеңде олардың өсу қарқыны төмендеп, бағылу-азықтандырылу жағдайлары талапқа сай бола тұрса да 1 жасқа дейін салмағын 2 есеге ғана арттырады. Бір жасқа дейінгі, әсіресе, сүт ему кезеңінде Төлдерді күту-азықтандыру жұмыстарын мұқият атқару мал басын өз төлі есебінен көбейту жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып, шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік береді. Төлдерді азықтандыруда кеткен кемшіліктер олардың өсіп-жетілуін тежейді немесе мүлдем орнына келмейтін өзгерістердің жүруіне әкеліп соғады (қ. Жылқы өсіру; Қой шаруашылығы; Мал шаруашылығы; Сиыр өсіру; Түйе шаруашылығы).
Түлік түрлері мен олардың өнімділік бағыттары Төлдерді күтіп-бағу әдістерін айқындауда шешуші фактор болып табылады. Мысалы, сүтті, сүтті-етті бағыттағы мүйізді ірі қара бұзаулары – енелерінен бөлек, ал етті бағыттағылар – енелерімен бірге бағылады. Қымыз, шұбат өндіруші шаруашылықтарда құлындар мен боталар алғашқы айларда енелерімен бірге бағылса, сүт сауу маусымында белгілі мерзімге енелерінен ажыратылып, желіге байланады. Төлдерге қора мен суатқа жақын жерлерден жақсы жайылым қалдырылып, олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауы қатаң қадағаланады. Төлдерді бөлек бағу оларды құнарлы азықтармен (майдаланған сұлы, арпа, ақуызды-витаминді, минералды қоспалар) қосымша қоректенуге қолайлы жағдайлар туғызады. Олардың өміршеңдігі, ересек кездегі өнімділік-тұқымдық қасиеттері шығу тегі мен бағылу-азықтандырылу жағдайларына тікелей байланысты болады. Түлік түрі мен басты өнімділік ерекшеліктеріне орай Төлдер туғаннан кейін 1,5 жылға дейін сұрыпталып, пайдалану бағыты (асыл тұқымдық, шаруашылықтық) айқындалады. Өсімге қалдыруға жарамсыз Төлдерді жайып, қоң жинаған соң немесе бордақылаудан кейін сояды.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том. |
Жапар Шәріпов (28.7.1928 жылында туған, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Балықшы ауылы) – еңбек ардагері. Шымкент мұғалімдер институтын бітірген (1947). 1948 – 1949 жылдары Байзақ аудандағы А.Суханбаев атындағы орта мектептің оқытушысы, 1949 – 1952 жылдары Түлкібас ауданындағы Балықшы орта мектебінің директоры, 1952 – 1957 жылдары Жамбыл қаласындағы орта мектептің директоры, 1957 – 1963 жылдары Шолақтау (қазіргі Қаратау қаласы) поселкесінде облыстағы тұңғыш мектеп-интернаттың құрылысын жүргізді, әрі мектеп директоры болды. 1964 – 1976 жылдары Қаратау қаласылық партия комитетінің екінші хатшысы, 1977 – 1989 ж. Халық депутаттары Кеңесінің Қаратау атқару комитетінің төрағасы, 1989 – 1996 жылдары Қаратау қаласы төлем орталығының директоры, 1996 жылы Қаратау қаласы мен Талас ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланған, медальдармен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының Мақтау грамоталарымен марапатталған. «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі».
## Сілтемелер |
Ханзада — ханның ұлдары. Бұл термин хандық құрып отырған отбасы иесінің ұлдарына қолданылды. Ханзада сөзінің түпкі мағынасы олардың ханмен тікелей туыстық байланысын, яғни тегі (заты) хан екендігін білдіреді.
Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекеттерде Шыңғыс хан ұрпақтарынан туған ханның ұлдары ғана Ханзада деп есептелді. Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін оның мұрагер төрт ұлының балалары (жалпы саны 40 — 45 шақты) мен олардан тараған ұрпақ Ханзадалар мен хандардың рубасыларын, яғни “алтын ұрық” өкілдерін құрады. Ханзадалар мемлекеттегі маңызды мәселелерді шешуге ат салысты. Соғыстарда қол бастады, бірқатары өз иеліктеріндегі елді басқарды. 14 ғасырдан бастап кейбір әулет (Жошы, Шағатай) мүшелері тарихи дерек көздерінде сұлтан деп аталына бастады. Дәстүрлі қазақ қоғамында сұлтан лауазымын иемденген адамдар төре әлеуметтік тобын құраған. Олар 20 ғасырға дейін ақсүйек, яғни “қара халыққа” билік жүргізуші әулет өкілдері ретінде саналып келді. Бірде-бір қазақ жүзіне кірмей, жоғарғы сословиелік топ құрды. |
Қоқан бектеріне қарсы шу бойы қазақтарының көтерілісі - 1858 жылы болған көтеріліс. Бұл көтеріліске белсене қатысып, жетекшілік етіп көзге түскендердің арасында Амангелді Серікбайұлы, Бөлтірік Әлменұлы, Жаужүрек Қойшыұлы, т.б. болды. Көтеріліс өзінің жалғасын басқа өңірлерден де тапты. Өкінішке орай, Қоқан әскерін толық қуып шығуға мүмкіншілік болмаған. Дегенмен, бұдан былайғы жерде жаудың біржолата сағы сынып, 1864 – 1865 жылдары аралығында қазақ жерінен түгелдей қуылды. Амангелді мен Жаужүрек батырлардың жерленген жері Шу аудан«Мойынқұм» елді мекенінің шығыс жағындағы Шу өзенінің бойы. Ағайындарының ұйғарымымен батырлардың басына күмбез тұрғызылған. Бөлтірік Әлменұлының кесенесі Талас ауданында.
## Дереккөздер
“Тараз энциклопедиясы” |
Жандіденов Мәжит Мұрзамсейітұлы (1947 жылы туған, Қарағанды облысы Ульянов ауданы Колхозное ауылы) – әскери қайраткер, отставкадағы генерал-майор
* ҚР ҰҚК органында жауапты бөлімде, басшылық қызметте (1972 – 94),
* Көкшетау облысы бойынша ҰҚК басқарма бастығы қызметін (1994 – 97) атқарды.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін облысы бойынша ҰҚК департаментінің ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары болды. Орден және медальдармен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Жаниев Қаппас (1920, Түйе шөккен ауданы – 1976, Ерейментау кеңшары) – еңбек ардагері, жылқышы. Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.
* Социалистік еңбек ері.
* Қарағандыдағы «Торғай» кенішінде шахтер (1936 – 45).
* Ерейментау ауданындағы С. Киров атындағы кеңшарда жылқышы, жылқы фермасының бригадирі (1945 – 66).
* КСРО кәсіподақтары ХІХ съезіне делегат болған (1968).
Медальдармен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Жапсарлық кендер — балқыған магманың шөгінді жыныстармен жанасқан шебінде түзілетін кен орындары. Жапсарлық кендер түзілу тегіне қарай жапсарлық-метаморфтық және жапсарлық-метасоматоз кендер болып екіге бөлінеді. Магма жер қыртысының жоғарғы қабаттарына көтерілген кезде көп мөлшерде жылу, ұшпа қосындылар (су буы, фтор, бор, хлор, көмірқышқыл газ, т.б.) мен ауыр металдарды бөліп шығарады. Олар тау жыныстарымен араласып құрамын өзгертеді, жаңа минералдар мен кентастар түзеді. Апсарлық кендер тобына альбититті, грейзенді және скарнді кендер жатады. Альбититті және грейзенді кендер 1 — 4 км тереңдікте, 650 — 300ӘС температурада, қышқылды және сілтілі гипабиссалдық интрузивті массивтердің сыртқы бөлігінде өтетін сілтілі метасоматоз жағдайында түзіледі. Скарнды кен орындары 0,5 — 2 км тереңдікте, 900 — 250ӘС температурада кальцийлі және магнийлі метасоматоз жүретін қышқылды және орта қышқылды гранитоид жапсарында түзіледі. Альбититтермен тантал, ниобий, торий, уран, сирек жер элементтері, цирконий кен орындары, грейзендермен вольфрамит, касситерит, молибден, бериллий (Ақшатау, Қараоба, Шығыс Қоңырат, Жәнет, т.б.); скарндермен темір, мыс, қорғасын, мырыш (Соколов-Сарыбай, Саян, Шатыркөл, Қызылеспе, т.б.) кендері байланысты.
## Дереккөздер |
Үлкен Каньон (ағылш. Grand Canyon; Колорадо Үлкен Каньоны) — АҚШ-тың Колорадо үстіртіндегі Колорадо өзенінің аңғары. Дүние жүзіндегі ең терең өзен аңғарларының бірі. Әктас, құмтас және тақтатастан тұрады. Ұзындығы 446 км, тереңдігі 1600 м, ені үстірт үсті бойында 8 — 25 км, түбіне қарай 1 км-дей (жеке бөліктерінде 120 м) болады. Каньон шегінде Колорадо өзен ағысының жылдамдығы 25 км/с. Жер бедерінің өзіндік пішіндері кездеседі (“мұнара”, “қамал”, т.б.), тау жыныстары жалаңаштанған. Үлкен Каньонда Гранд-Каньон ұлттық саябағы құрылған.
## Геология
Үлкен аңғар – планетаның ең ерекше геологиялық ерекшеліктерінің бірі, сондықтан ол өте жақсы зерттелген. Онда сіз Жердің төрт геологиялық дәуіріне қатысты геологиялық, биологиялық және археологиялық материалдың үңгірлерге және тастарға із қалдырғанын көре аласыз. Шарын топырақ эрозиясының үздік үлгісі. Басында бұл жер жай ғана далалық жер болған. Бірақ 65 млн жыл бұрын Колорадо үстірті қозғалып, 5-6 млн жыл бұрын Колорадо өзені өз жолындағы тасты, жерді қиратып, жерде үлкен із қалдыра отырып, Үлкен Аңғардың пайда болуының басты себепкері болды. Бұл аңғар күннен күнге өсіп келеді. Себебі, топырақ эрозиясы әлі болып жатыр. Колорадо өзені бүл аңғарда қызыл түске боялады. Себебі, жердегі тас, құм, шаң сумен араласып, суға қызыл енеді.
## Табиғат
### Флора
Мұнда 100 ден аса өсімдік пен ағаштың түрі бар. Оның тең жартысы Қызыл кітапқа да еңген. Мұнда өте сирек кездесетін сары қарағайлар, кактустер, емендер, талдар және т.б бар.
### Фауна
Сонымен қатар, мұнда сүтқоректінің 34 түрі, кеміргіштердің 18 түрі және жарқанаттың 8 түрі бар. Мысалы, мұнда сүтқоректілер класындағы қарақұйрықты бұғылары тіршілік етеді.
## Адамның зертегені
«Grand Canyon Skywalk» – аңғардың дәл үстінде тұрған арнайы платформа. Ол «Grand Canyon West» атты әуежайдан 3 шақырым жерде орналасқан.
Американдық үндістер бұл жерлерді мыңдаған жылдар бұрын мекен еткен. Бұған айқын дәлел, жартастардағы әдемі қашап салынған суреттер.
Үлкен аңғар 1540 жылы испандық Гарсия Лопес де Карденас бастаған бір топ солдатпен ашылған. Шын мәнісінде, олар алтын іздеген.
1776 жылы екі дін қызметкері бір топ солдатты Санта-фе дан Калифорнияға жеткізген кезде, солдаттар алтын тапқан деген аңыз адамдардың аузында қалып қойды.
## Ұшақ апаттары
Өткен ғасырдың 40–50 жылдарында аңғар үстімен ұшақ арқылы өту рұқсат болған. Сол кезде ұшақ командирлері туристтерге аңғарды түгел немесе жақыннан көруге берді. Бірақ өкінішке орай, 1956 жылы маусымда Тrans World Airlines авиакомпаниясының Lockheed Constellation және United Airlines авиакомпаниясына тиесілі DC-7 ұшақтары апатқа ұшырап, 128 адам аңғардың түбінде қайтыс болды.
Сонымен қатар, тағы бір апат 1986 жылы Үлкен аңғарда болды. Сол жылдан бастап, Үлкен аңғар үстінен өтетін авиарейстар жабылды.
## Қызықты фактілер
* Үлкен аңғарды жылына 4 млн адам тамашалайды.
* 2013 жылы Николас Валленда ешқандай белдеуді қолданбай, жартасты өтіп шықты.
* Туристердің арасында Колорадо өзенін жай ғана қайықпен өтетіндер саны күннен күнге артып келуде. |
Төле, Толи, Толуй (1186/1190 немесе шам. 1193 - 1232) – түркі-моңғол ханзадасы, Шыңғыс ханның 4-ұлы. Шешесі Бөрте – қоңырат тайпасынан шыққан. Төле жас кезінен бастап үнемі әкесінің жанында болып, моңғолдардың негізгі жорықтарының бәріне дерлік қатысқан. Кейіннен Шыңғыс хан өзі билеген аймақтарды Бөртеден туған 4-ұлына бөліп бергенде, Төлеге қарашаңырақ иесі – кенже бала ретінде моңғол үстірті мен түркі-моңғолдардың негізгі әскер күші мұраға қалдырылған. Әкесі қайтыс болғаннан кейін ол тақ мұрагері – ағасы Үгедейге бағынды және мемлекеттегі аса беделді адамдардың бірі ретінде елдің ішкі-сыртқы саясатында үлкен рөл атқарды.
Негізгі әскер күшін өз қолында шоғырландырған ол моңғолдардың 1235 – 1242 ж. Қытайға, Шығыс Еуропаға, Иранға жасаған жорықтарына белсене араласып, көмекке балаларын жіберіп отырды. Жазба деректерге қарағанда Төле ағалары Шағатай хан мен Үгедейден бұрын қайтыс болған. Балаларының ішіндегі тарихта қалғандары Батудың көмегімен Шыңғыс хан империясының билеушісі болған Мөңке, Қытайды жаулап алып, Юань әулетінің негізін қалаған Құбылай хан және Иран мен Иракты жаулап алған Хулагу хан.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том. |
Камчалдар – Камчатка жарты аралының 18 ғасырдағы тұрғылықты халқы, Камчатканың Анадырь өз. алқабын және Охот т. жағалауын қоныстанған, орыс тілінде сөйлейтін жергілікті халықтарды атау үшін қолданылған термин. Камчалдар – орыстанған ительмендер, чувандар, коряктар. Олар – 18 – 19 ғасырларда Камчаткаға қоныс аударылған орыс-казак шаруаларының тұрғылықты халықтарымен араласып кеткен ұрпақтары. Антропол. жағынан камчалдар моңғол нәсілі мен еуропа нәсілдің араласуынан қалыптасқан өтпелі топқа жатады. Христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Камчалдар орыс тілінің жергілікті диалектісінде сөйлейді. Негізгі кәсіптері – балық аулау, аңшылықпен қоса егін, мал шаруашылығы Көлік ретінде жол қатынасына жылқы мен ит (шана) пайдаланады. К-дың киімі мен ұлттық тағамында, тұрмыс-тіршілігінде орыс халқымен қоса, ежелгі жергілікті тұрғындардың да материалдық мәдениеті сезіледі. Қазан төңкерісіне дейін камчалдар орыс көпестері қанап келген. Қазіргі кезде камчалдар ұжымдық ш-пен айналысады.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том |
Қазақстан да өсімдіктердің 6 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы – саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы – қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы – жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердің 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін – эндемиктер. Бұлардың ішіндегі ең ерекше 12 монотипті туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердің басым бөлігі 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсімдіктердің қалдықтары Оңтүстік Балқаш Мұрағатталған 27 қазанның 2011 жылы. өңірі мен Бұрынтауда жоғарғы ордовиктік қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрізділерге жататын Akdalophyton caradockі пен қырықбуынға жататын – Sarіtuma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тіршілік еткен.
Республикамыздың қазіргі флорасы эоцендік субтропиктік (36 – 58 млн. жыл бұрын), олигоцендік орманды-мезофильдік (26 – 35 млн. жыл), неогендік ежелгі жерортатеңіздік таулы-ксерофиттік, субтропиктік-ксерофитті бұталық және миоцен-плиоцендік алғашқы далалық (13 – 25 млн. жыл), плейстоцендік (2 млн. жыл) флоралардың негізінде қалыптасқан.
Өсімдіктердің
жерінде таралуы, түрлер мен эндемиктердің топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлі. Республиканың осыншама бай өсімдіктер дүниесі түрлердің биологиялық, экологиялық, эволюциялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлібірлестіктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.
Қазақстанның жазық бөлігі орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдеріне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ – республика жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр, 54Әс.е-тен жоғары Көкшетау мен Петропавл қалаларының маңында орналасқан. Орман түзуші түрлер: жылауық қайың, талдың бірнеше түрлері, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл белдемнің шалғындық және далалық телімдерінде алуан түрлі шөптесін өсімдіктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететін қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлінеді: 1) оңтүстік ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемі – сұр ормандық топырақта қайыңды-теректі, теректі ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемі – қайыңды-теректі шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлі және астық тұқымдасты шөптесін өсімдікті далалық экожүйелер таралған.
Далалық аймақ еліміздің жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аумағы 110,2 млн. га, батыстан (Еділ-Жайық өзендері аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктері) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-і – эндемиктер. Негізгі басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам.
Далалық аймақ 3 белдемге бөлінеді:
* қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала;кәдімгі және оңт. қара топырақтағы алуан түрлі шөптесін – бозды белдем;
* қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ белдем–күңгірт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелі-бозды дала;
* шөлейт құрғақ, қоңыржай ыстық белдем – ашық қара қоңыр топырақтағы жусанды-бозды дала.
Шөлді аймақ – жалпы аумағы 124,6 млн. га. Өзіне тән өсімдік жамылғысы алуан түрлі, 2500 – 2800 түр бар, олардың ішінде 200 – 215 түрі – эндемиктер.
Шөлді аймақ 5 белдемге ажыратылады:
* солтүстік далалы жердегі құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер – аумағы 40 млн. га., немесе еліміздің жер аумағының 14,7%-ы. Өсімдік жамылғысы астық-тұқымдасты – жартылай бұталы (боз, еркекшөпті-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы (жүзгін-раң-шағыржусан-еркекшөпті) шөлдер тарайды;
* орталық (солтүстік тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер – аумағы 51,2 млн. га, немесе республика жерінің 18,9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изенді), сексеуілді, бұталы (қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғысы дамыған;
* оңтүстіктегі өте құрғақ, ыстық шөлдер – аумағы 30,3 млн. га, немесе Қазақстанның 11,1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты – жартылай бұталы (сұр-жусанды, эфемерлі), ал дөң және тізбектелген аллювийлі – эолды құмдарда бұталы-сексеуілді-эфемероидты (сексеуіл-қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғылары тән;
* тау етегіндегі құрғақ, өте ыстық шөлдер – аумағы 3,2 млн. га немесе Қазақстанның 1,2%-ы. Негізінен эфемероидты ірі шөптесін-жартылай бұталы өсімдіктер өседі;
* тау етегіндегі өте құрғақ шөлдер – аумағы 11,6 млн. га, немесе республиканың 4,3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттік бұталы өсімдік жамылғысы тән.
Қазақстан аумағы 18,6 млн. га, яғни республика жерінің 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4 – 5 биіктік белдеулі биік таулар ғана. Таулы экожүйелердің флорасын 3400 – 3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның ішінде 540 – 570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165 – 170 эндемик түрлер бар. Олардың ішінде, шыршалы (шренктік шырша, сібірлік шырша); май қарағайлы, самырсынды (сібірлік самырсын, сібірлік майқарағай); қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрікті (кәдімгі өрік), қайыңды-теректі (түкті қайың, көк терек) – жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөріқарақаттың (зеректің), аршаның, қылшаның, бетегенің, сарыкүйік қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы – пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі. Мұнда жем-шөптік өсімдіктердің 700-ден астам түрі, дәрілік өсімдіктердің 400-ге жуық, әсемдік-безендірушілік 700 – 800, ширнелік (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсімдіктер түрлері бар.
## Дереккөздер |
Хан көтеру, хан сайлау — хандықты басқаратын адамды хан сайлау рәсімі. Түркі-моңғол халықтарындағы ұлысты билеушіні таққа отырғызу, яғни Хан көтеру ерте орта ғасырдан бастау алады. Хан көтеру рәсімі Джованни Плано Карпини, Рашид әд-Дин, Жуайни, И.Шильтбергер, тағы басқа ортағасырлық авторлардың еңбектерінде жан-жақты баяндалған. Көне моңғол мемлекетінде Хан көтеру құрылтайда атқарылғанымен, таққа кімнің отыратындығын ханзадалар алдын ала шешіп алған. Құрылтайды басқарып отырған рудың ең жасы үлкені немесе мемлекетте уақытша билік жүргізіп отырған ханзада шақырылды. Оның уақыты алдын ала жаушылар арқылы ұлыстарға хабарланды. Айтылған мерзімде, көрсетілген жерге елдің түкпір-түкпірлерінен ханзадалар, жақын туыстар, нойондар мен әмірлер, мемлекетке тәуелді патшалар мен билеушілер өз қызметшілерімен келіп орналасады. Бірнеше аптаға созылған құрылтайда Хан көтеру рәсімі арнайы шатырда атқарылды. Жұлдызшылар белгілеген қолайлы күні құрылтайға қатысушылар Хан көтеру рәсімін жүргізген. Қатысушылар дәстүр бойынша бас киімдерін, белбеуін шешкен. Белбеулерін иықтарына салып тұрған. Хан әулетінің ең үлкен екі мүшесі үміткерді қолынан ұстап таққа отырғызған. Одан кейін жаңадан сайланған ханға ханзадалар ант берген. Ол біткеннен кейін ақ киізге отырғызылған. Шильтбергер Жошы ұлысындағы Хан көтеруді былай деп баяндайды: “ақ киізге отырғызады да, үш рет көтереді. Содан кейін оны шатырды айналдыра алып жүреді де, қолына алтын қылыш береді; осыдан кейін ол дәстүр бойынша ант беруі тиіс”. Рашид әд-Диннің айтуы бойынша қа-тысушылардың барлығы тоғыз рет (Жуайни жазбасында үш рет) тізелерін бүгіп жаңа ханның есімін атаған. Бұдан кейін олар ханға ант беріп, шатырдан шығарда Күнге қарап үш рет тағзым еткен. Хан көтеру аяқталғаннан кейін бірнеше күн той болған. Хан көтеру дәстүрі қазақ халқында 20 ғасырдың бас кезіне дейін сақталған. А.И. Левшин қазақтардағы Хан көтеруді өз еңбегінде былай дейді: “Таққа үміткер сұлтандар мен ақсүйектердің көпшілігінің келісімін алған соң, хандықтағы ең беделді сұлтандар мен билер оны жұқа ақ киізге отырғызған, киіз шетінен ұстап үш рет көтеріп, бірнеше рет “Хан! Хан! Хан!” деп айқайлаған”. Ақ киіз дала шөбіне тиер-тиместе көпшілік оны аспанға қайта-қайта көтеріп түсірген. Содан кейін жиналған жұртшылық хан отырған тақ есебіндегі киізді “хан талапай” жасап осы тарихи оқиғаға қа-тысуының куәсі әрі тәбәрік ретінде бөліп-бөліп алған. Кейін той басталып, ол бірнеше күнге жалғасқан. Хан көтеруге келген көпшілік мұнда бірнеше күн тыныққан, сондай-ақ беделді қайраткерлер мемл. маңызды істерді ақылдасқан. Жаңа ханға ел ішіндегі жайттарды мәлімдеген. Қазақ сахарасы Ресейге өткеннен кейін патша үкіметі Хан көтеруді тоқтатып, хандық жүйені жойды. Бұл дәстүрлі қазақ қоғамындағы билік жүйесіне нұқсан келтірді, отарлық езгіні күшейтіп, ұлт-азаттық көтерілістердің тууына себепші болды; Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. |
Жантасов Амангелді Теміржанұлы (1955 жылы туған, Көкшетау қаласы) – әскери қайраткер, запастағы полковник.
* 1975 жылы Новосібір әскери-саяси Жоғарғы уч-щесіне оқуға түскен.
* 1979 жылы Кеңес Армиясы қатарында, Ауғанстан жерінде арнайы барлау басқармасында рота командирінің орынбасары (1981 – 83),
* Одесса әскери округіндегі десант бөлімінде әскери қызметін өтеді (1983 – 89),
* ҚР әскери комиссариатында (1990 – 97),
* 1997 жылдан 78-танк дивизиясы командирінің орынбасары болып тағайындалды.
ҚР Шығыс әскери округі командирінің орынбасары, 1-армиялық корпус командирінің орынбасары. «Қызыл Жұлдыз» ордені, медальдармен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Төңкеріс баяу балқитын саз кен орны - Шортанды ауданында орналасқан. Барлау жұмыстар 1962 – 1966 ж. жүргізілген. 1975 жылдан Астана керамикика комбинаты игеріп келеді. Кен орны Орталық, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс және Жаңа телімдерден тұрады. Аумағы 15 км². Геологиялық құрылысында тас көмір, мезозой, неоген және төрттік кезеңнің шөгінділер бар. Пайдалы қазбалары мору (үгілу) қабатында шоғырланған. Өнімді қабаттың қалыңд. 0,5 – 25,0 м. Хим. құрамы, керамик. қасеиттері бойынша балшық үш маркаға бөлінеді. Сан.-техн. фаянстар, әртүрлі әшекей тақта тастар, қышқылға төзімді бұйымдар жасау үшін қолданылады.
## Дереккөздер |
Сора (итал. Sora) — Италиядағы коммуна, Лацио әкімшілік аймағына қарасты Фрозиноне провинциясында орналасқан.
Қаланың тұрақты тұрғындарының саны 26 434 адамды құрайды (2008). Халық тығыздығы 368 адам/км². Алып жатқан жер аумағы 72 км² шамасында. Пошта индексі — 3039.
## Демографиясы
## Коммуна әкімшілігі
* Телефоны: 7 768 281
* Электронды поштасы: [email protected]
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми сайты (итал.)
* Ұлттық статистика институты (итал.) |
Төлебай (1793-1852 жылдар) – Абылай ханның қол астына жиналған батырлардың бірі. Шамамен жас жағынан Қабанбай батырдан мүшел жас кіші. Найман тайпасының Садыр руынан шыққан. Жасынан жаугершілік жорықтарға қатысып, 2 жыл қалмақ тұтқынында болған. Кейіннен мыңбасы атанып, жекпе-жекке соғыстарда аты шықты. Ұрпақтары Алматы облысы Ақсу ауданының Көкжиде ауылында тұрады. Сауыты мен қылышы сақталған, сүйегі осы өңірде Керегетас жотасына жерленген.
## Дереккөздер |
Мырзахан Төлебаев – Алаш қозғалысы қайраткері. 1916 ж. патша жарлығымен тыл жұмысына алынған Жетісудың қазақ жігіттерін майданға бастап барып, тілмаштық қызмет атқарған. Ағартушылық-демократиялық бағыттағы қазақ жастарының “Еркін дала” қауымының мүшелігіне кірген.
1917 ж. 21 – 28 шілдеде Орынборда өткен жалпы қазақ съезіне Жетісу облысынан делегат болып, осы жиында Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды. 1918 ж. 26 наурызда Төлебаев Верныйда өткен Жетісу мұсылман солдаттары мен жұмысшыларының жиналысында большевиктердің тұтқынындағы жергілікті Алашорда қайраткерлері – О.Әлжанов, Ы.Жайнақов пен С.Сабатаевты сотқа дейін облыс мұсылман ұйымдарының кепілдігімен босату жөнінде сөз сөйлеген. Өзі Алашорданың Қапал уездік кеңесіне мүше болып, жергілікті Алаш милициясын жасақтауға ат салысты.
1918 – 1920 ж. Азамат соғысынан титықтаған қазақтарға көмек көрсету үшін Қапал к-тін құрған. 1919 ж. 27 ақпанда “большевиктермен байланысы бар” деген желеумен оны Колчак өкіметі тұтқынға алғанда М.Тынышбаев араша түскен. 1913 ж. Верный қаласында Романовтар әулетінің 300 жылдығына орай Жетісу облысының ауыл шаруашылық көрмесінде жергілікті қазақтардың салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін (фотограф Лейбин) экспозициялық бөлім, кейін көрме туралы фотоальбом құрастырған, бұл альбом әлі күнге дейін сақтаулы.
## Дереккөздер |
Жантеміров Әбіл (1920, Жыланды – 1983, Сандықтау ауданы Балкашино ауылы) – соғыс және еңбек ардагері. Екінші дүниежүзілік соғысында батальон командирі болған. 1941 жылдан Калинин және Украинаны азат ету ұрыстарына қатысқан. Соғыстан кейін Балкашино ауданында ұжымшарды басқарған, ауданы «Азаматтық қорғаныс» бөлімшесін құрған. Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Қарауылкелді (2006 жылға дейін - Байғанин) — Ақтөбе облысының оңтүстік-батысындағы ірі аудан - Байғанин ауданының (1965 жылдан) және Қарауылкелді ауылдық округі орталығы. Бастапқыда "Адай уезі" кейінірек Ақтөбе облысына енген.
## Географиялық орны
Ақтөбе қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 246 км-дей жерде, Жарлы өзенінің бойында, Қарауылкелді темір жол станцияның жанында орналасқан.
## Тұлғалары
Сонымен қатар бұл өлкеде қазаққа аты шыққан тұлға, ақын - Ақтан Керейұлы дүниеге келген.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 8212 адам (4167 ер адам және 4045 әйел адам) болса, 2009 жылы 7862 адамды (3924 ер адам және 3938 әйел адам) құраған.
## Тарихы
Іргесі 20 ғасырдың 40-жылдарының бас кезінде Атырау - Орск мұнай құбырының құрылысына байланысты қаланған.
## Инфрақұрылымы
Байғанинде оқу-тәрбие, мәдени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелері, кірпіш зауыты бар.
## Ауыл суреттері
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Камышинка — Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы ауыл, Вавилон ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шемонаиха қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 13 км жерде, Үлбі өзенінің жағасында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланды. 1926 жылы Ленин атындағы сүт өндіретін ұжымшар орталығына айналды. 1997 жылы оның негізінде “Камышное”, “Центральное”, т.б. шаруа қожалықтары құрылды.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, дәрігерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Төреғожин Зейнолла Сейітжанұлы (1899 жылы, Атбасар уезі, Қызылкөк болысы – 1938 жылы Ақмола облысы) — қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны, партия қызметкері. Ақмола уездік атқару комитетінің төрағасы. Облыс және республика аумағында партия, шаруашылық, кеңес жұмыстарында болған. Атбасар 2-жылдық педагогика курсын, 4 айлық қызыл мұғалімдер курсын (1920), Мәскеу қаласындағы сауда академиясын (1929) бітірген.
## Өмірбаяны
* Атбасардағы 2 сыныпты орыс-қазақ училищесін (1919), мұғалімдер курсын (1920), Мәскеудегі сауда академиясын (1929) бітірген.
* 1921 ж. Ақмола мен Көкшетау өңіріндегі кулактар көтерілісін басуға Атбасар коммунистік отряды құрамында қатысқан.
* 1921 – 1922 жылы Атбасар уездік партия комитетінің хатшысы, нұсқаушы, ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, азық-түлік жөніндегі комиссардың орынбасары болды.
* Уездік азық-түлік комиссарының орынбасары (1922)
* 1922 – 1924 (1923?) жылы Ақмола губерниясы жер бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ақтөбе уездік атқару комитетінің төрағасы болды.
* 1924 – 1927 жылы Ақмола губерниясы кәсіподақ кеңесі төрағасының орынбасары, губерниясы сыртқы сауда бөлімінің меңгерушісі, өлкелік мемлекеттік банк кеңсесі басқарушысының орынбасары (Қызылжарда, Қызылорда қаласында) болды.
* 1927 – 1928 жылы Мәскеуде БОАК (ҚАКСР?) төралқасындағы Қазақстанның өкілетті өкілі болды.
* 1930 жылдан Қазақ жабдықтау халық комиссариаты бөлімінде бастық, алқа мүшесі, Қазақ мемлекеттік сауда басқармасының төрағасы қызметін атқарған.
* 1931 ж. осы комиссариатта ауыл шаруашылық секторының меңгерушісі.
* 1931 – 1935 жылы Алматы облысы Іле ауданындағы қой кеңшарының директоры, босқындарды орналастыру жөніндегі Қазақ АКСР-і ХКК комиссиясының мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы Павлодар ауданының қой кеңшарының директоры, Ақтөбе қой өсіру тресінің директоры болды.
* 1936 – 1937 жылы Қазақ КСР-інің кеңшарлар халық комиссарының орынбасары қызметтерін атқарды.
* 1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырады.
* 1957 жылы мамырда ақталды.
## Сілтеме |
Бұзаубас сораң немесе Сораңшөп (лат. Salіcornіa) – Қызылқұйрық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Жер жүзінде 30 түрі бар. Қазақстанда 1 түрі - Еуропа бізбелдігі немесе Бізбелдік кездеседі.
## Түрлері
Тропиктік және субтропиктік белдеулердің жылы аймақтарында кездесетін 60 түрі белгілі.
Жиі кездесетін түрлері:
* Salicornia virginica
* Salicornia europaea
* Salicornia bigelovii
* Salicornia perennis
* Salicornia ramosissima
* Salicornia maritima
* Salicornia brachiata
Қазақстанда теңіз, көл жағалауларында, сор, сортаңды жерлерде өсетін 1 түрі – қызыл бұзаубас сораң (лат. S. europae) бар. Биікт. 5 – 30 см. Негізінен тік өсетін, көбінесе қызғылт түсті сабағынан, жалаң, көп буынды бұтақтары шығады. Жапырақтары өте ұсақ. Гүлдері қос жынысты, үштен бірігіп, сабағының етті ұлпаларынан жетіліп, олар масақша гүлшоғырын құрайды. Маусым – тамызда гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – домалақ. Дәрілік өсімдік. Күзде, қыста Бұзаубас сораңды түйе мен қой сүйсініп жейді.
## Дереккөздер |
Шөладыр – Шу-Іле тауларының солттүстік-батыс тізбегін құрайтын аласа шоқылы, адырлы өңір.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 1000 м, салыстырмалы биіктігі 300 – 400 м-ге жетеді. Шөладыр массиві ендік бағытқа сәйкес 30 – 40 км-ге созылып жатыр. Негізінен девонның граниттерінен түзілген. Беткейлері денудацияға ұшыраған, аңғарлары, сай-жыралармен тілімденген. Оның табанын құрғақ қиыршық тасты үгінділер толтырған. Жусан өседі. Мал жайылымы.
## Дереккөздер |
Әбділақ Нұрлақұлы Халила (15 сәуір, 1949 жылы туған, Түркістан облысы Түркістан ауданы Бабайқорған ауылы) – биология ғылымдарының докторы (1995), профессор (1999). Халықаралық экология академиясының академигі (2004). Қазақстан жаратылыстану ғылым академиясының корр. мүшесі.
## Өмірбаяны
* Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.
* Алматы облысында мал дәрігері (1972–1975)
* Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында аспирант, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1975–1986)
* Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтында (1986–1991)
* Қазақ ұлттық аграрлық университеті) қызметкер
* Халықаралық қазақ-түрік университетінде доцент, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары, университет президентінің кеңесшісі (1991–1999) болды. 1999 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
## Ғылыми еңбектері
* 180-нен астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
“Ведомости Парламента Республики Казахстан” – қабылданған құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде жариялайтын ресми басылым. Алғашқы нөмірі қазақ тілінде “Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Ұлы Советінің Ведомостары”, орыс тілінде “Ведомости Верховного Совета Казахской Советской Социалистической Республики” деген атпен 1938 жылы 20 қарашада жарық көрді. 1958 жылғы 7 санынан бастап “Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Жоғарғы Советі мен Үкіметінің Ведомостілері” – “Ведомости Верховного Совета и Правительства Казахской Советской Социалистической Республики” деген атаумен қазақша және орысша мәтіндері біріктірілді. Бұл “заңдарды және басқа актілерді жариялау мәселесін тәртіпке келтіру және олардың заңды күшіне енуінің мерзімін анықтау мақсатынан” туды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы 1960 жылы 29 наурызда “Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Жоғарғы Советі мен Үкіметінің Ведомостары туралы” қаулы қабылдап, бұл басылым 1960 жылдың 1 сәуірінен бастап қазақша және орысша үш тарау болып, он күнде бір рет, кейін аптасына бір рет шығарылатын болды. 1967 ж. 14 наурызда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы “Қазақ Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Жоғарғы Советі мен Үкіметі Ведомостарының” атын өзгерту туралы” қаулы қабылдап, оны “Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Жоғарғы Советінің Ведомостары” деп атады. Ол осы атауымен 1991 жылға дейін шығып тұрды. Еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты 1991 жылы 51-нөмірінен бастап “Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ведомостары”, 1992 жылдан бастап “Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы” болып шыға бастады. Тұрақты негізде жұмыс істейтін қос палаталы парламенттің құрылуына байланысты 1996 жылдың 1-нөмірінен бастап “Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы” деп аталды. Онда негізінен Парламент қабылдап, Президент қол қоятын Қазақстан Республикасының конституцясының заңдары, Қазақстан Республикасының Кодекстері мен Заңдары, Парламенттің және оның Палаталары – Сенат пен Мәжілістің қаулылары жарияланады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* қазақ
* орыс
* Қазақ Советтік Социалистік Республикасының
* Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
* Парламент
* Президент
* Қазақстан Республикасының конституцясының
* Сенат
* Мәжілістің |
Жаңадала — Ақмола облысы Жарқайың ауданы, Жаңадала ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1972 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Державинск қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Тасты-Талды ауылының жанында орналасқандықтан әлеуметтік инфрақұрылымның барлығы дерлік Тасты-Талды ауылында. Жаңадала арқылы Целинная темір жолы Жезқазған – Петропавл автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Камышенка – Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл, Подборный ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км жерде, дала белдемінде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1954 жылы А.С. Пушкин атындағы шошқа кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. 1997 жылы кеңшар негізінде “Камышное”, “Құрылысшы” және “Подборное” ЖШС-тері, 4 шаруа қожалықтары, машина-трактор жөндеу шеберханасы ұйымдасты.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт бар. Ауыл арқылы Семей-Рубцовск (Ресей) автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Жаңа Жайнақ (2007 ж. дейін — Новостройка) — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Нұресіл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақмол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде, Есілдің сол жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, мәдениет үйі, фельдшер-акушерлік пункт, дүкен бар.
## Дереккөздер |
Әбдуәлі Шупақов (1908, Арыс ауданы Көктөбе аулы – 19.8. 1996) – соғыс және еңбек ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген зейнеткері.
Еңбек жолын 1930 ж. Шұбар МТС-інде бастаған. Одан кейін Арыс аудандық комсомол комитетінде, Арыс, Қызылқұм аудандарында жер бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 1941 – 1946 ж. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Елге оралған соң Алматыдағы екі жылдық партия мектебін бітірген (1950). 1950 – 1955 ж. Арыс және Киров аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1955 – 1970 ж. ұжымшар төрағасы, партия комитетінің хатшысы болып еңбек етті. Мақтадан мол өнім алып, ұжымшар экономикасын көтеруге елеулі үлес қосты.
Арыс ауданындағы ол басқарған Киров ұжымшары республиканың «Алтын кітабына» жазылған.
Еңбек Қызыл Ту (1957), «Құрмет белгісі» (1966) ордендерімен, бүкілодақтық ауыл шаруашалығы жетістіктері көрмесінің алтын медалімен марапатталған.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Шу-Сарысу уран провинциясы – Қазақстан аумағындағы ірі уран кен орындарының бірі. Мұнда 19 кен орны шоғырланған. Созақ ауданы жеріндегі уранның кенденуі мезозой, кайнозой түзілімдерінде жатыр. 1957 жылдан игеріле бастаған. Қазақстандағы уран кентастарын іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізетін «Волковгеология» кәсіпорынның барлау жұмыстары нәтижесінде уран кені қоры жағынан дүние жүзінде алдыңғы орындардың біріне шығып отыр. Провинциядағы ірі кен орындары: Мыңқұдық, Ыңқай, Буденновское, Мойынқұм, Қанжуған, т.б. Қыземшек (бұрынғы Степное) кентінде бірнеше геологиялық экспедициялық партиялар және Қазақстандағы уран өндіретін ірі шахта басқару мекемесі бар. Таукент кентінде уран өндірумен айналысатын ірі кен өндіру және өңдеуші кәсіпорындар жұмыс істейді.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Жаңажол — Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Торғай ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1957 жылы қаланды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ерейментау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Мектеп пен мектеп іші аралық балабақша, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункті бар. 2011 жылы жаңа Мешіт ашылды. Ең жақын темір жол стансасы – Ерейментау (20 км).
## Дереккөздер |
Сорғы бекеті – сорғылық агрегаттар, құбырлар, т.б. қосымша құрылғылар мен арнайы жабдықтардан және бұлар орналасқан ғимараттардан тұратын құрылыс. Сорғы бекетінің жер үстілік, жартылай жер астылық және жер астылық, сондай-ақ жүзбелі түрлері (баржа не понтонның үстіне орнатылған) бар.Сорғы бекетін адам басқарады не автоматты түрде басқарылады. Сорғы бекеті суландыру жүйесінде суды жоғары шығару немесе құрғатылатын жерден суды сарқу, кеме қатынасы арнасына су жіберу, мұнай тасымалдау, т.б. мақсаттар үшін пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Шұбарсу — Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл, Шұбарсу ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Темірлан ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 17 км жерде.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 2002 жылы саяжай аумағында құрылған.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, дәрігерлік пункт, пошта, байланыс торабы жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
* Жаңажол — Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауыл.
* Жаңажол — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы ауыл.
* Жаңажол — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл.
* Жаңажол — Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы ауыл.
* Жаңажол — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл.
* Жаңажол — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы ауыл.
* Жаңажол — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл.
* Жаңажол — Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл.
* Жаңажол — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл.
* Жаңажол — Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл.
* Жаңажол — Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл.
* Жаңажол — Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл.
* Жаңажол — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Жаңажол — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы ауыл.
* Жаңажол — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы ауыл. |
Қарабауыр (2019 жылға дейін — Жаңа Қарабауыр) — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Абылайхан ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1952 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Щучинск қаласынан солтүстікке қарай 27 км-дей, Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 227 км жерде орналасқан.
## Халқы
Абылайхан атындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорнының бөлімшелері, мектеп, фельдшер-акушерлік пункт бар.
## Дереккөздер |
Жаңа Қалқұтан — Ақмола облысы Астрахан ауданындағы ауыл, Острогор ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Астраханка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 43 км-дей, облыс орталығы – Көкшетау қаласынан оңтүстікке қарай 196 км-дей, Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 138 км-дей жерде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1903 жылы қаланған.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, фельдшер-акушерлік пункт, сауда орындары бар. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қаза тапқан жауынгерлерге ескерткіш орнатылған. Жақын жерден Алматы – Екатеринбург автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы – Қалқұтан (25 км).
## Дереккөздер |
Ханттар, хантэлер — Ресей Федерациясындағы халық. Об, Ертіс өзендері алаптарында, Ханты — Манси мен Ямало-Ненец, Томь облысы аумақтарында тұрады. Солтүстік, оңтүстік және шығыс болып 3 этнографиялық топқа бөлінеді. Жалпы саны 29 мың адам (2002).
## Тілі
Антропологиялық жағынан оралдық өтпелі нәсілге жатады. Финн-угор тобындағы ханты тілінде сөйлейді. Жазуы кириллицаға негізделген. Тілі мен шығу тегі жағынан мансилар мен венгрлерге жақын.Ханты тілінің жазуы КСРО-да тілдік жүйені құру кезеңінде құрылды: алдымен латын графикасы негізінде (1930) болып, содан кейін 1937 жылы орыс (кириллица) графикалық негізіне ауыстырылды. Ханты тілінің екі негізгі диалектісі бар: батыс және шығыс, олар өз кезегінде сөйленістерге бөлінеді.
## Діні
17 — 18 ғасырлардан бастап православие дінін қабылдаған. Бірақ ұзақ уақыттарға дейін дәстүрлі наным-сенімдері (бақсылық, ата-баба аруағына табыну, хайуанаттар культі) сақталып келді.Көптеген басқа халықтар сияқты, хантылар да христиандандыруға мәжбүр болды. Оның алдында діни нанымдарды анимизм, шаманизм болды. Әсіресе күшті христиандандыру оңтүстік этникалық топқа әсер етті, өйткені олар орыс қоныстанушыларының ықпалында болды. Солтүстік және шығыс Ханты әлі күнге дейін бастапқы наным жүйесін ұстанады.
## Тарихы
Солтүстік Хантылар ненец, шығыс Хантылар селькуп, оңтүстік Хантылар орыс пен татар секілді халықтардың мәдени ықпалына түскен. Қазіргі таңда ассимиляцияға ұшырап, ұлттық мәдениетін жоғалта бастаған. Өз тілдеріндегі халық атауы “адам” деген мағына береді. Ғалымдардың пікірінше Хантылар этносының қалыптасуы біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта басталған. Мұнда Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстаннан келген угор тайпалары жергілікті тұрғындармен араласып, Хантылардың этнографиялық негізін қалыптастырған. Орыс деректерінде Хантылар 11 ғасырда югра, 14 ғасырда остяк атауымен белгілі.
## Кәсібі
Хантылардың негізгі кәсібі – балық аулау, аңшылық, мал шаруашылығы. Балық шаруашылығы белгілі бір топтың локализациясына байланысты аздап ерекшеленеді. Солтүстік топтарға ит өсіру, бұғы өсіру, балық аулау кеңінен дамыған. Оңтүстік аймақтарда мал шаруашылығы, көкөніс өсіру, егіншілік кеңінен таралған.Хантылардың дәстүрлі қолөнер түрлері: сүйекке, ағашқа ою-өрнек жасау, қайың қабығынан жасалған бұйымдарды өндіру, шөптен, қамыстан, шыбықтардан тоқу, ұсталық қолөнер жұмыстары. Оңтүстік хантылар тоқымашылықпен айналысқан.
Жартылай отырықшы өмір салтына байланысты хантылар үйлердің 2 түрінде мекен етті: тұрақты және уақытша баспаналар. Қысқы киіз үйлер тұрақты болды, басқа маусымдарда жеңіл тасымалданатын киіз үйлер пайдаланылды. Олар әртүрлі пішінде жасалған: конустық, жарты шар тәрізді, көпбұрышты т.б.. Ең қарапайым баспана конустық пішінді чум болды.
## Мәдениеті
Хантылар құрамындағы тайпаның бірі ата-бабасын аюдан жаралған деп есептейді. Соған орай Хантыларда аюға арналған мейрам өткізіледі. Батырлық әңгімелерге, аңыздарға, әндерге негізделген бай фольклоры сақталған.
Хантылар киім жасау үшін негізінен жануарлардың (бұғы, ит, жабайы аң) терісін пайдаланды. Оңтүстік аймақтарда зығыр мен кендір өсірілді, олардан тоқыма, көйлек, шалбар тігілді. Әйелдер жағалары жиырылған, тік кесілген көйлектер киді. Солтүстік хантылары тоқымашылықты білмеген, олар киімнің ең көне түрі балық терісінен өңделген киімдерді киді. Олар аяқтарына жылы тоқылған жүн шұлықтар киіп, сыртынан бұғы немесе ит терісінен жасалған етік (унты) киді.
Хантылықтардың негізгі тағамы жабайы аңдар мен бұғы еті болған. Етті қайнатып, пісіріп, кептіріп, тұздап, шикі жеген. Орыстармен араласқаннан кейін хантылар арасында нан жеу дәстүрі тарады. Олар нанды әртүрлі тәсілдермен, оны уылдырықпен, бұғы қанымен де пісіреді. Деликатес тағамы – балық майымен дәмделген, жидектермен араласқан қызыл балық филесі.
## Қазақстандағы хантылар
Қазақстанның ханты диаспорасы санының жалпы динамикасы мынадай:
* 35 (1970 ж.),
* 49 (1979 ж.),
* 53 (1989 ж.),
* 24 (1999 ж.),
* 429 (2009 ж.) адам.
## Дереккөздер |
Қабыл Жанқойұлы Халманов (1 мамыр 1945 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қазақстан станциясы) – техника ғылымдарының докторы (1991), профессор (1993).
## Өмірбаяны
* ҚазМУ-ды (1967, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
* Қазақстан ғылым академиясының Қолданбалы математика институтында аға зертханашы (1967–1969)
* Қарағанды политехникалық институтында аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1974–1995)
* Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қолданбалы математика институтында директор (1995–2003) болды.
* 2003 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
## Ғылыми еңбектері
* 130-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Үлкенқақпақ – Іле алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Алматы облысының Райымбек ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 61 км, су жиналатын алабы 570 км2.
## Бастауы
Теріскей Алатауының солтүстік беткейіндегі бұлақтан басталып, Қақпақ елді мекені тұсында Текес өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары сағасынан 5 км-ге дейін таулық сипатта; ені 50-100 м. Жоғары бөлігінде жайылма жоқ, төменде 25-30 м. Арнасы 6-8 м. Қар, мұздық, жер асты суымен толығады. Орташа жылдық су ағымы 2,0 м3/с.
## Дереккөздер |
Шөл белдемі – құрлықтың шөл ландшафтысы басым қалыптасқан табиғи белдемі. Негізінен Солттүсттік жарты шардағы қоңыржай белдеуде және Оңттүсттік жарты шардағы тропиктік және субтропиктік белдеулерде таралған. Климатының аридтілігімен сипатталады. Жер бедері таулы қыратты, ұсақ шоқылы, ежелгі өзен аңғарларымен және тұйықталған көл ойыстарымен тілімделген жазық келеді. Жер бедерінің эолдық (жел әрекетінен пайда болған) пішіндері кең тараған. Шөл белдемі жер беті ағын суына кедей; Шөл белдемін жарып ағатын ірі өзендер (Сырдария, Әмудария, Ніл, Хуанхэ, т.б.) онша көп емес. Көлдерінің көбі кеуіп сорға айналады, ірі көлдерінің (Лобнор, Чад, Эйр) аумағы үнемі өзгеріп отырады. Грунт сулары көбіне минералды. Топырақ қабаттары нашар қалыптасқан, құрамында органик. заттар аз, ерігіш тұздар көп. Өсімдік жамылғысы өте кедей: сексеуіл, жусан, кактус, т.б. өседі. Жануарлар дүниесінде Шөл белдемінің табиғи жағдайына әбден бейімделген түрлер ғана кездеседі; кемірушілер және бауырымен жорғалаушылардың түрлері басым. Шөл белдемінің Қазақстан жеріндегі солт. шегі 47 – 48° с. е. аралығымен өтіп, Каспий жағасынан Тарбағатай етегіне дейін 2800 км-ге созылған, ені 500 – 700 км. Жалпы ауданы 1,1 млн. км² немесе республика жерінің 40,4%-ын қамтиды. Солттүстігінде шөлейт белдеміне, оңтүстігінде биік тау белдеулеріне жалғасады. Белдемге Каспий ойпатының оңтүстік, Маңғыстау түбегі, Үстірт, Солтүстік Арал өңірі, Бетпақдала, Сырдария ойпаты, Қызылқұм, Мойынқұм, Балқаш төңірегі жатады. Іленің, Алакөлдің, Зайсанның тауаралық қазаншұңқырларын қамтиды. Климаты тым континенттік, аса қуаң. Қаңтардың орташа температурасы батысынан шығысына қарай –5°С-тан –15°С-қа дейін, оңтүстіктен солттүстікке қарай –4°С-тан –16°С-қа дейін төмендейді. Қар жамылғысының қалыңдығы 10 – 20 см, 2 – 4 ай жатады. Жазы қапырық, ыстықтық әрі ұзаққа созылады. Шілденің орташа температурасы солт-нде 24 – 26°С, оңттүстігінде 30 – 40°С, құм беті 70°С-қа жетеді. Қуаңшылық құбылысы жиі қайталанып тұрады. Жылдық жауын-шашын мөлшісі 80 – 20 мм шамасында, булану мөлшері бұл шамадан 10 – 12 есе асып түседі. Белдем жер беті ағын суына кедей. Ірі Жайық, Жем, Сырдария, Талас, Шу, Іле, Сарысу, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендері шөл өңірінен ағып өтеді. Жер асты су қоры мол. Ірі артезиан алаптары – Каспий, Қызылқұм, Үстірт, Маңғыстау, Бетпақдала, Сырдария, Оңтүстік, Шу – Сарысу. Жер бедері қырқалы-белесті, кейде шағыл құмды, құрғақ терең ойысты және арналы келеді, тақыр, сор жерлер де кездеседі. Көпшілік жерінде тұрақты топырақ қабаты қалыптаспаған, негізінен қоңыр, сұрғылт қоңыр топырақты. Қуаңшылыққа төзімді өсімдік түрлері өседі, эфемерлер басым. Жерінің бедеріне, су сіңіргіштігіне, топырақ жыныстарының ерекшеліктеріне қарай Қазақстан Шөл белдемі тастақты, сазды, құмды және сортаңды болып келеді. Жануарлардан қасқыр, құм қосаяғы, түлкі, сарышұнақ, ақбөкен, жайран, бауырымен жорғалаушылардың алуан түрі (улы жылан, қарақұрт, т.б.), құстардан – қырғауыл, шіл,қызғыш, бүркіт, т.б. мекендейді. Шөл белдемі жер асты суын кеңінен пайдалану нәтижесінде жайылымды мал ш-на пайдаланылады.
## Дереккөздер
* «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том |
Үлкен Көлтабан – Жайық алабындағы көлтабан.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы жерінде.
## Гидрографикасы
Ұзындығы 45 км, ені 12 км-ге жетеді. Ауданы 280 км2. Саздақты ойысқа көктемдегі қар суы және Батыс Дүре өзенінің суы жиналады. Грунт сулары 3 — 5 м тереңдікте кездеседі. Көлтабан шабындыққа, жайылымға пайдаланылады; қ. Дүре жайылмасы.
## Дереккөздер |
Үлкенкөл, Үлкен бөрілі — Тобыл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Қарабалық ауданы жерінде орналасқан.
## Гидрографикасы
Ауданы 14,5 км2, ұзындығы 6,3 км, енді жері 3,3 км. Жаға сызығы 17,4 км. Орташа тереңдігі 1,4 м.
## Жағалау сипаты
Көл жағалауында түйетайлы, далалық және шалғын шөп өседі. Көл түбі құмайтты-лайлы. Жағасының батыс бөлігі жарлауытты. Солтүстік, оңтүстік жағалауында құрақ қамыс өседі. Суының минералдылығы жоғары, тек мал суаруға жарайды. Жағалауында Бөрілі ауылы орналасқан.
## Дереккөздер |
Сормойылды – Ертіс алабындағы көлдер тобы.
## Географиялық орны
Абай облысы Бесқарағай ауданы жерінде, теңіз деңгейінен 160 м биіктікте, Қоянбай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Ауданы 12,72 км2, ұзындығы 7,0 км, енді жері 2,5 км. Жағалау сызығы 44,2 км. Сортаңды жағасы жайпақ. Көбіне қар суымен толығады. Көктемдегі қар, жауын-шашын суымен көлдер бірігіп, аумағы 2 – 2,5 есеге ұлғаяды. Суы тұзды. Су тапшы жылдары тартылып қалады.
## Дереккөздер |
Шұбартарауыз – Арал теңізінің солтүстігіндегі түбек.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Арал ауданы жерінде.
## Сипаты
Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылған, енді жері 20 км-ге жетеді; құрлықпен жалғасқан жері 3 км шамасында. Абсолюттік биіктігі 181 м. Батыс жағасын Жиделі, шығысын Бутаков шығанағы шайып жатыр. Беті жазық. Палеогеннің құмсаздақты жыныстарынан түзілген. Түбектің оңтүстік жағалауы жарқабақты, террасалы, солтүстігі көлбеу.
## Дереккөздер |
Түсіпқалиев Балаш (1944 ж.т., Алматы облысы) – медицина ғылымының докторы (2001), профессор (2002). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1969, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті Мұрағатталған 15 маусымның 2011 жылы.) бітірген. 1975 жылдан Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2000 ж. «Формирование здоровья матери и ребенка в условиях реальной санитарно-гигиенической ситуации Западного региона Казахстана» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Бірнеше ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер
*
* ↑ Қазақстан ұлттық энциклопедиясы |
Үлкен Қарақамыс — Есіл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы жерінде, Қарақамыс ауылынан оңтүстікке қарай 6 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Су айдынының аумағы 6,8 км2, су мол жылдары 10,5 км2-ге дейін ұлғаяды. Ұзындығы 4,6 км, ені 4,1 км. Жағалауының ұзындығы 20,4 км, ең терең жері 2,8 м. Су жиналатын алабы түгелімен дерлік жыртылған. Көл түбіндегі тұнбаның қалыңдығы 0,5 - 0,7 м. Суы сәл ащылау, көктемде жұмсарады, жаздың соңына қарай суы кермек татиды.
## Жағалау сипаты
Қазаншұңқырда жатқан көлдің жағалауы аласа, түбі тегіс, сазды. Жағалауында қатты сабақты өсімдіктер өскен. Қамыс, құрақ, шалғын, қияқ өскен. Құстардың келу, кету кезінде, әсіресе, күзде мұнда мыңдаған сұр, ақбас қаздар, сұр тырна, т.б. сулы-сазды жерді мекендейтін құстар көп болады.
## Дереккөздер |
Сәрсен Шүйішбаев (21.9. 1937 ж. туған, Қазығұрт ауданы) – ғалым, физикалық-математикалық ғылым докторы (1994). Ташкент қалсындағы Орта Азия мемлекеттік университетін (1961), Өзбекстан Ғылым Академиясының аспирантурасын бітірген (1964). Ұзақ жылдар Өзбекстан Ғылым Академиясы Кибернетика институтында кіші ғылым қызметкер болып істеді. Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы Жоғары аттестациялық комиссиясының мүшесі, математикалық ғылым еңбектерді сараптау комиссиясының мүшесі. 100-ден астам ғылым еңбектері Ресей, Америка, Германия, Швейцария, Австралия елдерінде жарияланған. Ағылшын, орыс, қазақ, өзбек тілдерін еркін меңгерген.
## Дереккөздер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Үлкен Қаратал — Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, Қаратал ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Зайсан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км, округ орталығы Қаратал ауылынан 5 км жерде, Бозайғырқұм құмының шетінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1957-96 жылдары қой өсіруге маманданған “Қаратал” кеңшары бөлімшесінің орталығы болып келді. Оның негізінде Үлкен Қараталда шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Үлкен Қалқан – Жетісу Алатауындағы, Алтынемел жотасының қиыр оңтүстік-батысындағы тау.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы жерінде, Іле өзенінің оң жағасында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1281 м, ұзындығы 15 км, енді жері 10 км. Батысында, 10 км жерде Кіші Қалқан тауы (956 м) орналасқан. Үлкен Қалқанның баурайында Сексеуілді қонысы, Ақтөбе, Шақаман қыстаулары жайғасқан.
## Геологиялық құрылымы
Жер қыртысы палеозойдың қатпарлы шөгінділерінен (гранит, базальт, андезит, т.б.) түзілген.
## Өсімдігі
Тау баурайында сұр, бозғылт сұр топырақ қалыптасқан. Іле өзеніне қараған тіктеу беткейлерінде жусан, көкпек, сұлыбас, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Шұбар — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл, Шұбар ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан солтүстік-шығысқа карай 81 км-дей жерде, Алтынемел және Қоянды тауларының аралығында, Кескентерек өзенінің жағалауында, бұта аралас бетеге, қау, қылқан боз, т.б. шөптесін өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты тауаралық құрғақ белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1996 жылға дейін "Чкалов" деп аталған. 1964-97 жылдары сүт өндіретін "Аралтөбе" кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылы Шұбарда және округке қарасты Аралтөбе, Онжас ауылдарында өндірістік кооператив және шаруа қожалықтары құрылды.
## Инфрақұрылымы
Орта, орталау, бастауыш мектеп, кітапхана, клуб, фельдшерлік-акушерлік және дәрігерлік пункттер бар. Шұбар арқылы республикалық дәрежедегі Сарыөзек-Жаркент-Қорғас автомобильдік магистралі өтеді.
## Дереккөздер |
Соркөл – Жем алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Астаусалды тауынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км жерде.
## Гидрографикасы
Ауданы 13,3 км2, су жиналатын алабы 1020 км2.
## Жағалау сипаты
Жағасы тік жарлы. Жағалауы сай-жыралы, қатты тілімделген. Батыс жағасы жайпақталып, тақырға ұласады. Суы ащы. Көл жағалауында қыстау бар. Алабы – жайылым.
## Дереккөздер |
Шүйнеккөл – Сырдария алабындағы тұйық көл.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Сауран ауданы Ескі Иқан ауылынан оңтүстікке қарай 13 км жерде, теңіз деңгейінен 189,5 м биіктікте орналасқан.
## Гидрографикасы
Ауданы 3,62 км2, ұзындығы 5,9 км, ені 1,1 км. Жағалық сызығының ұзын 19,2 км. Жағалауы жайпақ, батпақты, сор келген. Оңтүстік-батысында Шошқакөл батпағы орналасқан. Көктемде Көкқиясай өзені құйып, су деңгейі көтеріледі. Шүйнеккөл суы кермек, бірақ мал суаруға жарамды.
## Дереккөздер |
Боранбек Шүкірбеков (10.11.1930 жылы туған, Арыс қаласы) – қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашалығына еңбек сіңірген қайраткер (1981). Социалистік Еңбек Ері (1986). Қазақстан Республикасының айрықша зейнеткері (1995). Облыстың құрметті азаматы.
Еңбек жолын шопан болып бастаған. 1945 – 1961 жылдары Арыс ауданы Задария кеңшарында аға шопан, автодүкен меңгерушісі, 1961 – 1971 жылдары Шымкент ет комбинаты Арыс бөлімшесінің меңгерушісі, 1972 – 1973 жылдары Бөген аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1973 – 1985 жылдары Задария мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытының директоры, 1985 – 1995 жылдары облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы және агроөнеркәсіптік комитет төрағасының бірінші орынбасары, Шымкент мемлекеттік ауыл шаруашылығы тәжірибе сттансасының директоры, ғылым өндірістік бірлестігінің бас директоры қызметтерін атқарды.
Еңбек Қызыл Ту (1976), Ленин (1982, 1986) ордендерімен марапатталған. Тың және тыңайған жерлерді игерудің 20, 30, 40, 50 жылдық медальдарының толық иегері. КСРО Орталығы сайлау комиссиясының мүшесі (1983). КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты (1984 – 89). ҚР премьер-министрі сыйлығының лауреаты (1991).
## Дереккөздер |
Шұбарсор – Нұра өзенінiң алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы жерінде, Жарсуат көлінің шығысында 2 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Ауданы 22,3 км2, су жиналатын алабы 98,8 км2. Көлдің қазаншұңқыры Нұра өзенінің жайылмасында жатыр. Батыс жағалауы батпақты, шығысы сортаңды. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Көлді Нұра өзенi жарып ағады. Көктемгі қар суымен деңгейі көтеріліп, маңайындағы көлдермен қосылып кетеді. Жағалауында қоға, қамыс өседі.
## Дереккөздер |
Үлкен қатпарлы доға — Сарыарқадағы иіні батысқа қараған доға пішінді ең сыртқы ірі каледондық құрылым. Алғаш сипаттаған Е.Д. Шлыгиннің түсіндіруі бойынша бұл құрылым Солтүстік Тянь-Шаньнан басталып, Қаратау, Ұлытау, Көкшетау антиклинорийлер тізбегі арқылы Ерейментау антиклинорийімен жалғасқан. Ол сырт жағынан Батыс Сібір және Торғай ойпаңдарымен көмкерілген. Үлкен қатпарлы доғаның ішкі тарамы болып саналатын Шу-Іле антиклинорийі оңтүстік-батысын алып жатыр. Үлкен қатпарлы доғасының ішінде каледон қатпарлығымен толық бекімеген екінші доға орналасады да, екеуінің де ішкі бетінде герциндік кіші қатпарлы доғалардан құралған Жоңғар-Балқаш геосинклиналдық жүйесі орналасқан. Каледон және герцин белдемдерінің жапсары өте күрделі. Бұлар көбінесе бір-бірімен қисық шалысқан және доға пішінді иіндесе жалғасқан терең жарылымдар арқылы шектеседі. Жарылыстар әсерінен осы шектеу бойынша девонның шеткі жанартаулық белдеуі және жанартау тектес қабаттардан түзілген доғалы белдем өтеді. Үлкен қатпарлы доғаның қатпарлы қатарының бағыты өз пішініне сай үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, Оңтүстік-шығыс тарамдарында қатпарлар солтүстік, солтүстік-батыс, Ұлытауда бойлық, Көкшетау антиклинорийінде ендікке таяу бағытта созылған. Антиклинорийлердің өзегінде күшті метаморфтануға ұшыраған кембрийге дейінгі гнейс-амфиболитті, жасыл түсті жанартаутекті және кристалдық тақтатасты қат-қабаттары жер бетіне шыққан. Қанаттарында анық шалыс орналасқан кембрийдің қалың базальтты-кремнийлі және терригенді-карбонатты геосинклиналдық формациялары бар. Доғаның ішкі жиегіндегі антиклинорийлерге параллель жатқан Сілеті, Шығыс Көкшетау, Қалмақкөл, Көң синклинорийлері баяу қатпарланған жоғ. кембрий-ордовиктің андезит-базальтты, терригендік тау жыныстарынан қалыптасқан. Үлкен қатпарлы доғаның бойын қуалай рифей мен төм. палеозойдың ультранегізді және негізді интрузиялары кездеседі. Ордовик кезеңінде доға ішіне көлемді диорит-гранодиорит массивтері кептелген, ал ішкі қанатында девон кезеңінің граниттік батолит интрузиялары тараған. Үлкен қатпарлы доғаның ішкі толық бекімеген иінінде каледон қатпарлықтарын шалыс жапқан Теңіз, Жезқазған, Шу ойыстары орналасқан. Олар девон жүйесінің қызыл түсті молассасымен, фамен — төм. карбонның сұр түсті терригенді-карбонатты теңіз шөгінділерімен және жоғ. палеозойдың әр түсті континенттік тау жыныстарымен толған. Бұл қат-қабаттар баяу қатпарланған орогендік кешенге жатады.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том |
Шығыс моншасы — Түркістан қаласындағы архитектура ескерткіш. Жартылай жер астына салынған көп күмбезді құрылыс, күйдірілген шаршы кірпіштен қаланған. Қасбеттерінің сәндік әшекейлері жоқ, қабырғалары кірпіштен қаланған. Көлемі жағынан әр қилы 9 бөлмеден тұрады, олардың атқаратын өзіндік қызметі мен салыну уақыты жағынан ерекшелігі бар. Үйдің ішкі бөлігі құрамында: «балқы» күмбезімен жабылған моншаға кіре беріс бөлме, басты жуынатын зал – ортасында 8 қырлы тапшаны бар 8 қырлы зал, ыстық және салқын суағарлары бар залдар, т.б. орналасқан. Ыстық залда сылауға (массажға) арналған кең тапшан бар. Су суағарлар арқылы келеді. Моншаның іш жағы сыланған. Тапшандар мен едендері 1,5×0,8 м көлемдегі мәрмәр қалақтастан жасалған. Құрылымы дәстүрлі Oрта Aзиялық тәсілдегі қақпа үстіндегі күмбездерін, «балқы» күмбездерін, қорапты жабындыларды бейнелейді. Түтін жүретін көмейі мен жылытатын құрылым еден астына орналасқан. Оттықтан шығатын жылу басты залдың 8 қырлы тапшаны астына орналасқан күмбезді дөңгелек көмейге ағылып келеді де, осы жерден шеңбер секілді арналар жүйесі арқылы басқа бөлмелерге тарайды. Арналарда жылудың таралуын тез қамтамасыз ететін құдықтар бар. Кір су едендердің еңкіш төсемелеріне жиналып, сыртқа ағып кетеді. 1979 жылы ескерткіш қалпына келтірілді.
## Дереккөздер |
Әлдебек Абызұлы (1705-1709 жылдар шамасында туған, өлген жылы белгісіз) Абылай хан заманында өмір сүрген атақты шешен. Оның әкесі соқыр Абыз Қаракерей тайпасының көріпкел әулие, ақылшы көсемі болыпты. Абыз бастаған іс оңына айнала берген. Соқыр Абыз емдеген ауру-кесел құлан-таза жазылып кеткен.
Сол Абыз әулиеден бата аламын деп, Жәнібек батыр және одан баска да көптеген батыр, шешен-билер барған. Бата алғандардың бәрінің де жолы болған. Атақты жазушы Мұхтар Әуезов өзінің тұңғыш пьесасы "Еңлік- Кебекті" Соқыр Абыздан бастайтыны көрермендерге белгілі.
Сол Абыз биден туған Әлдебек те кезінде осал кісі болмапты. Әлдебек шешен айтты деген өткір уытты, кесімді-шешімді шешен сөздер кезінде хатқа түспеген. Оның ел аузынан жазып алынған кейбір нұсқалары ғана бізге жетіп отыр.
Атақты Абылай хан жасы алпыстан асқанда қарамағындағы би, болыс, ақсақалдарды ордасына шақыртыпты. Ондағы мақсаты өзінің қалмақ әйелінен туған бал асы Қасым төрені орнына хан сайлатпақ еді. Шақырғандар бәрі уақтысында келгенде, Қаракерей жағының басты адамдары оның ішінде Абыздың баласы Әлдебек те кешігіп барады. Қасым төре тәкаппар, қатал мінезді адам екен. Жасы әкесімен катар Әлдебектін көзі қыли, аяғы ақсақтығын кемітіп:
- Ауыздыға сөз бермей, аттылыға жол бермей отырған, мына бір соқыр кім еді?! - депті. Сонда Әлдебек шешен бұл сөзге шыдай алмай:Менің атым Әлдебек, Сөйлер сөзім өлі де көп. Жан-жағыңа қарашы, Хан бір адам, қара көп. Хан сайласақ, Қасым-ау, Орта жүздің ішінде, Сендей-сендей кісі көп. Атаң Абылай шақырды, "Хан сайла деп Қасымды". Уа, сайламаймын Қасымды, Болмай жатып басынды.- деп, камшысын бүктеп, тізесіне басып жан-жағына қарапты. Қасым төре одан сайын түтігіпті:- Осындай киқар сөзіңді қоймасаң, саган садақтың бір жебесі дарысын - көрермін әлі күшіңді, - деп тепсініпті.Бұл екеуін ұшықтырмайын деп, Қанжығалы батыр, әрі шешен, Айтбай сөзге араласыпты:
- Уа, Қасым, не қыласың соқырға,Соқыр бекер сөйлеп отыр маТілді налай бумақпыз.Осындай жиын-топырда?Нағашың қалмақ болғанда,
Әкең сенің сарт еді.Мұны елден жасырма.Жасырып кайда барасың,Басынып сен құтырма! -
Құс жастыкта шынтактап жатқан Қасым басын көтеріп алыпты да: - Жаңа соқыр ақсақтан пәлеге қалып еқ, енді мына бір басына темір телпек киген тазың кім еді? - деп Айтбай шешеннің жалтыр басына мін таға сөйлепті. Оған Айтбай былай деп жауап қайтарыпты.
Руым Ақжал болғанда,Байкелтірдің баласы,Атым Айтбай батырмын.Өз бетіммен келгем жоқ,Әкең Абылай шақырды,"Хан сайла деп Қасымды".Сайлауға келіп жатырмын,Ел қорғаны батырға.Келмей жатып ақырдың.Қамалын бұзып қанша рет,Жылқысын алып сонша рет,Қалмаққа тізе батырдым.Бізден кек алғың келді ме,Нағашы қалмақ көпірің!
- Ақ орданыц ішінде отырып мені бір емес екі рет "қалмақ" дедің деп Қасым төре Айтбай батырға қылышын ала ұмтылғанда, көпшілік оны жібермей ұстап қалады "Қойындар" деп араға ақсақалдар түсіп, оларды қойғызады.Ертеңінде Абылай жиналған халқын ордаға шақырып:- Уа, жұртым, не дейсіңдер? - деп көпшілікке сөз бергенде, алдымен Айтбай шешен ортаға шығыпты:
- Уа, Абылай хан ием,Бақытты туған адамның,Артықта бол ар талабы.Сайламаймын хандыққа,Қасым деген балаңды.Хан болғанмен айырмас,Жақсы менен жаманды.Шешіп төре бере алмас,Ад ал менен харамды.Сен сүйіп қатын қылғанмен,Арғы заты арамды!
Қанша айтқанмен "Ханда қырық кісінін ақылы бар" демекші Абылай бұл сөзге онша шамданбайды. Мәжілісті одан әрмен жалғастыра беріпті.- Тағы кім сөйлейді? - дегенде, енді Әлдебек шешен, қамшысын бүктеген күйі алға шығыпты:
- Уа, Абылай, хан ием,Хан соқыр болса,Халқы қор болады.Қара соқыр болса,Акылы мол болады.Инабатты кісіден,Хан сайласақ,Көпке тиіп пайдасы,Әділеті зор болар.Тәкаппар кежір адамнан,Хан сайласақ тақсыр-ау,Қаһарын шашып халыққа,Айдаһардай сор болады.Қарауыл қойсак тырнадан,Қиқу бастан кетер ме?Түсінбеске айтқан зар,Құлағынан өтер ме?Қолқалама Қасымды,Болмай жатып басынды.Сынбасын сағың бекерге,Көп сөйлетіп қайтесің,Осы айтқаным бекер ме.
Әлдебек шешен осылай дегенде, өзге би, шешен, байлар, батырлар Айтбай мен Әлдебекті қуаттап, Қасымды хандыққа сайламай қояды. Абылайдың орнына сол жолы хан болып, онын үлкен баласы Уәли сайланып кетеді .
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.