text
stringlengths
3
252k
Мүткенов — Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Мүткенов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде, Ертіс өзенінің сол жағасында. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланған. 1931-96 жылдары сүт бағытындағы кеңшардың орталығы болып келді. Кеңшар негізінде 1996 жылы Мүткеновте және окрутегі Әбжан, Жаңатап, Жаңабет, Естай, Шоқпар ауылдарында сүт және сүт тағамдарын өндірумен айналысатын бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл Кеңес Одағының батыры С. Мүткеновтің есімімен аталады. ## Дереккөздер
Молда Досмағанбет (1883, қазіргі Алматы облысы Қаратал ауданы – 1910, сонда) – айтыс ақыны. Ұлы жүздің Жалайыр руынан. Жастайынан арабша оқып, сауат ашқан, әншілігімен де көзге түскен, жыр дүлділі Жамбылмен айтысқан. Айтыс 1907 ж. Іленің солтүстігіндегі Арқарлы тауын мекендеген Көбісбай үйінде өткен; қ. “Жамбыл мен Досмағанбеттің айтысы”. Ұ. Доспанбетов ## Дереккөздер
Шырақшы – әулиелердің мазарын қорғап, зияратшыларға қызмет көрсетуші адам. Шырақшы көбінесе әулиенің ұрпағы болып кесене, мазардың маңында тұрады. Ол жергілікті жердің тарихына, әулиенің халыққа сіңірген еңбегі мен өміріне байланысты деректерді, аңыз әңгімелерді жетік білетін, діни сауаты бар, зиярат жасаушылардың діни-ғұрыптық ғи-бадаттарына жөн сілтейтін, көмектесетін адам болады. Шырақшы архитеткура, тарихи, мәдени құндылыққа жататын нысанның сақталуына ғана қызмет жасап қоймай, рухани сабақтастықты сақтаушы, киелі мекеннің халық жадында жаңғырып, ұрпақтар жалғастығының үзілмеуіне себепші болып табылады. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы, 9 т.
Хальмахера (Halmahera), Джайлоло (Djaіlolo) — Молукк топаралындағы ең ірі арал. Индонезия құрамында. Ауданы 18 мың шаршы километр. Арал орталық бөлігінен жан-жағына қарай 4 түбекке тілімделген. Жер бедері жанартаулық, шыңдары тегістелген аласа таулардан қалыптасқан. Ең биік жері 1635 метр (әрекетті Гамкуноро жанартауы). Климаты экваторлық, ылғалды. Теңіз жағалауындағы айлық орташа температура 25 — 28С. Жылдық жауын-шашын мөлшелері 2000 — 3000 милиметр. Мәңгі жасыл тропиктік орман өседі. Тропиктік егін шаруашылық, кокос пальмасының плантациясы өсіріледі; дәмдеуіштік өсімдіктер мен бағалы ағаш түрлерін экспортқа шығарады. Негізгі порты — Джайлоло қаласы.
Омарбай Малқаров (3.12. 1908, Жамбыл облысы, Шу ауданы – 1993) – жазушы. ҚазПИ-дің жанындағы жұмысшы факультетін (рабфакты) бітірген. Содан кейін Алматыдағы мемлекеттік екі жылдық мұғалімдер институтында оқыған. 1938 жылы КСРО Ғылым академиясының Алматыдағы филиалында жұмыс істеген. 1937 жылдан өлең жаза бастаған. 1938 жылдың аяғында Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облысы ақын-жазушыларының жұмысын басқару мақсатында тұрақты өкіл болып барған. Ол бұл жұмыста 15 жыл бойы, сондай-ақ облысы «Оңтүстік Қазақстан» газетінде 10 жылдан аса қызмет атқарған. ## Шығармалары: * Өлеңдер, Алматы, 1954; * Оңтүстік жырлары. Өлеңдер мен поэмалар, Алматы, 1966; * Мен ат үстіндемін. Өлеңдер, Алматы, 1971; * Оңтүстік аспаны. Өлеңдер, поэмалар, Алматы, 1978; * Қайнар. Өлеңдер мен дастандар, Алматы, 1980. ## Сілтемелер
Жансейт күмбезі — қыпшақ мемлекеттік бірлестігі кезеңінде (13 ғасыр) тұрғызылған төрт бұрышты зәулім күмбез. Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Бозтұмсық ауылының орталығына таяу, Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан. Күмбездің іргесін құмайт қалың таспен қалап, үстіңгі жағын күйдірген кірпіштен өрген. Кіретін есігі сол кездегі дәстүр бойынша оңтүстік-батысқа қаратылған. Маңдай алды қирап біткен. Жақсы сақталғаны — үш қабырғасы. Солтүстік пен оңтүстік қабырғасының ұзындығы 9,8 метр, шығыс пен батыс қабырғасының ұзындығы 8,35 метр. Қабырғалардың сақталған биікт. 2,5 метрден 3,5 метрге дейін. Маңдай жақ қалауының қалыңдығы 3,5 метр, қалғаны 2,7 метр. Мазардың күмбезі құлап, ортасына түскен. Күмбездің түрі қандай болғаны белгісіз. Оның іргесінде шашылып жатқан көк шыны бедерлер ғана бар. Жансейт күбезінің теріскейінен 10 метр жерде ежелгі дәуірде кірпіш күйдірген екі пештің орны жатыр. Оны қазып көргенде ішінен күйдірген кірпіш, ғаныштың және бетін көк шынымен көмкерген жұқа кірпіштердің сынықтары табылды. ## Дереккөздер
Бекболат Меркемелиденов (1891, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1963, Ерейментау станциясы) – халық ақыны. * Бала кезінен бастап оқуды үйреніп, Шығыс классиктерінің шығармаларына, фольклорына қызығушылық танытты. * Меркемелиденов қазіргі Ерейментау ауданы аумағында өткен 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліске белсенді түрде қатысты. * 1923 жылы Петропавлдегі мұғалімдер курсында білім алды. * 1924 – 56 жылдары Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарының мектептерінде сабақ берді. Бозбала шағынан бастап айтыстарға қатысып, өлең жазып, терме шығарды. Меркемелиденов облыстық айтысты ұйымдастыруға мұрындық болып (1944), онда жергілікті айтыс ақындары Есіл ауданының ақыны Байқошқаровпен, Еңбекшілдер ауданының ақындары (қазіргі Ерейментау ауданы) Қ.Төрегелдинов және А.Әлжановпен айтысты. Республика ақындар мәжілісінде (1961) өзінің арнау-өлеңін оқып, сөз сөйледі. Бұл арнау-өлең «Ақындар жыры» (1963) жинағына енді. «Ереймен» атты өлеңі «Пернедегі термелер» (1965) жинағында жарияланды. ## Дереккөздер
Галина Әбіләкімқызы Молдакәрімова 1956 жылы 1 шілдеде Алматы облысының Қапшағайқаласында туған. Қазақ. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін бітірген (1979), оркестр әртісі, оқытушы, концерттік орындаушы.«Қобыз әуендері» (1999), «Қобыз үйрену мектебі» (2004)әдістемелік оқу құралдарының; «Қобызға арналған шығармалар» (2008) пьесалар жинағының авторы. 1974 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының студенті. 1979 жылдан - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке орындаушы аспапшысы. 1992 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы қобыз және баян кафедрасының доценті міндетін атқарушы, 1993 жылдан - доценті.1998 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы қобыз және баян кафедрасының профессоры. ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1981). ҚР Халық әртісі (1991). Тұрмыс құрған. Жұбайы - Қосбасаров Базархан Әбуұлы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясыныңпрофессоры. Қызы - Молдакәрімова Гауһар Базарханқызы. ## Дереккөздер
Керімбек Жантұров (1929, Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылы – 1969, сонда) – Cоциалистік Еңбек Ері (28.3.1948). 1942 – 47 жылдары Победа ауыл шаруашылық(ғы) артелінде жұмысшы, 1947 – 54 жылдары ұжымшардың егіс бригадасының жетекшісі, 1954 – 66 жылдары Т.Рысқұлов МТС-нда механизатор, Победа ұжымшарында шофер болып істеді. ## Сілтемелер
Айбалташы — айбалтамен соғысу әдісін жетік меңгерген жауынгер. Орта ғасырларда мұндай жауынгерлерден тұтас әскери қосындар — айбалташылар жасақтары құрылған. Мұндай жасақтар қоян-қолтық ұрыс кезінде шайқасқа араласқан. Айбалташы сарай, орда күзетінде де тұрған. Көшпелі халықтардың көне бейнелеу өнерінде айбалтамен қаруланған, осы қарумен соғысып жатқан жауынгерлер бейнелері жиі ұшырасады. ## Дереккөздер
Жұматай Мамбеков – жылқышы, Социалистік Еңбек Ері (23.07.1948). 1892 жылы Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Бозбұтақ ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1929 жылға дейін мал бақты. * 1929–1959 жылдары Коммуна ұжымшарында аға жылқышы, Қаратау орман шаруашылығында жұмысшы, кейін Куйбышев атындағы кеңшарда шопан болып қой бақты. * 1964 жылдан Коммуна совхозында бақташы болды:Сырдария бойындағы жерлер мен Қызылқұмнан жылқы жайылымын таңдай біліп, әрі ұқыпты пайдаланды;көптеген сәйгүлік өсіріп, құлындар өсіру және үйірге қосуда үздік табыстар көрсетті; * Сырдария бойындағы жерлер мен Қызылқұмнан жылқы жайылымын таңдай біліп, әрі ұқыпты пайдаланды; * көптеген сәйгүлік өсіріп, құлындар өсіру және үйірге қосуда үздік табыстар көрсетті; * Аға жылқышы Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары ел шаруашылығын қалпына келтіруге лайықты үлес қосқан. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (23.07.1948) ## Дереккөздер
Ысық – қазақ халқының құрамындағы тайпа. Шежіре деректеріне қарағанда, Кіші жүздегі байұлы бірлестігіне кіретін бақсиықтан өрбиді. Ысықтан ақсары (асан, кілеш), сарыбай (тоғыншы) рулары тарайды. Таңбасына қарап кейбір этнограф ғалымдар ысықтың ертедегі тарихын Жетісуды мекендеген Ұлы жүз тайпаларымен байланыстырады. Шежіре деректері бойынша есентемір, шеркеш және ысық руларының бәрі байұлы бірлестігіне кіреді. Соған қарамастан көптеген ғалымдар олардың өзара туыстығына күмәнмен қарайды. Дегенмен, олардың бақан сияқты таңбалары (масқарлардікі де) бір-біріне өте ұқсас болып келеді. Сол себепті этнологтар (В.Востров, т.б.) бұл бірлестіктерді Орта жүздегі найман тайпасымен тығыз байланыстырып, негізгі ұйтқысы наймандар болуы ықтимал деген пайымдау жасайды. Ысықтың келесі бір дөңгелек таңбасы дулаттардың таңбасымен үйлеседі. Ілкі замандардағы дерек көздерінің тапшылығынан Ысықтың әуел бастағы тарихы мардымсыз зерттелген. Ысықтар туралы алғашқы мәліметтерді М.Тевкелев жазбаларынан кездестіруге болады. Кейінірек Ларионов рапортында, А.Левшин еңбегінде де кездеседі. Бұл мағлұматтарға қарағанда, ысық рулары Қазақстанның батыс аймағында мал шамамен айналысқан. Ұраны – Бәйтерек, таңбасы – бақан, жарты үшбұрыш, дөңгелек. ## Тұлғалар ## Пайдаланылған cілтемелер
Шырға – құсты қолға үйреткенде, аңға түсуге баулығанда қолданылатын тұлып. Ол түлкі, қарсақ, қоян, тағы басқа түз аңдарының терілерінен жасалынады. Құсбегілер Шырғаны сол түз тағысының бейнесіндей етіп, терісіне жүн, шөп кептеп, басына құлақ орнатады. Оған шыжым бау тағады да атпен немесе жаяулап тартады. Құс соған түсіп, жаттығады. Уақыт өте аяғы шідерленген тірі аңдарға да құсты түсіріп баптайды. Мұндай аңдарды тірі шырға деп атайды. Шырғаның тұлып, кеп, далбай сияқты түрлері бар. Тәжірибесіз балапанға алдыратын құс қанаты, түлкі құйрығы, қоян терісі секілді түрін далбай дейді. Аң-құстың терілерін бітеу сойып, ішіне шөп, сабан тыққан түрін кеп деп атайды. Шырғаны кейде құсты қолға түсіру үшін де пайдаланады. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы, 9 т.
Мелешенко Евгений Васильевич (1981 жылы туған, Көкшетау қаласы) – кедергілі жолмен жүгіруден халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Қазақстан Республикасының, Дүниежүзілік универсиаданың (2002, Пекин, Қытай) чемпионы (барьермен 400 м-лік жүгіруден 48,46 с-та келіп – ҚР рекордын жаңартты). Афиныда өткен олимпия ойындарына қатысқан (2004). ## Дереккөздер «Ақмола облысы» энциклопедиясы
Молда Мұхаммед Шариф (1468/71 Сайрам –1563/66, Бесарық, Жаркент маңы) – Шығыс Түркістанның діни қайраткері, “Тәзкира ий Боғрахан” атты шығарманың авторы. Самарқанд медресесінде білім алған ол Қашқарияға барып, онда увайсийа аталатын сопылар қауымын ұйымдастырып, жетекшілік еткен. Кейін Хазірет ұлы Қожа атанған. Оның жолын ұстаушылардың арасында Шағатай әулетінен шыққан моғол ханы Әбд ар-Рашид те болды. Ол Молда Мұхаммед Шарифты өзінің діни ұстазы санады. Авторы белгісіз «Тәзкирауылыий Ходжа Мұхаммед Шариф» («Қожа Мұхаммед Шарифтің өмір жолы») атты шығармада Абд ар-Рашидтың өміріне қатысты мәліметтер кездеседі. ## Сілтемелер
Айғақ – республикалық газет, 1996 жылдан шығады. Республиканың барлық облыстарына тарайды. Газет жанынан «Айғақ – Оңтүстік», «Айғақ-ТВ», «Айғақ – Махаббат», «Айғақ – 18 мың ғалам» сияқты басылымдар жарық көріп келеді. Басылымның басшысы Дулат Назарбекұлы Әбіш ҚР Президенті жанындағы Бұқаралық ақпарат-құралдары жөніндегі кеңестің, Қазақстан Журналистер Конгресі атқару комитетінің мүшесі, «Медиа-Юг» қорының президенті, Ұлттық баспасөз клубының вице-президенті. Басылымды дамыту стратегиясын дұрыс таңдау, редакция ұжымының кәсіби шеберліктері, материалдардың тәуелсіз және объективті сипатта жариялануы, Қазақстанда демократияның даму принциптерін ұстануы – «Айғақ» газетінің ақпарат тарату кеңістігіндегі орнын белгілеп, демократиялық бағыттағы басылымдардың біріне айналуына мүмкіндік туғызды. Газет Қазақстан Журналистер Одағының Саттар Ерубаев, Тұрар Рысқұлов атындағы сыйлықтарының, Қазақстан Журналистер Академиясының «Алтын Жұлдыз» сыйлығының лауреаты. Ал газет басшысы Қазақстан Республикасының 10 жылдығына байланысты Президент Н.Назарбаевтың арнайы алғыс хатымен марапатталған. Газет журналистері жыл сайын өткізілетін Еуразиялық Медиа-форум, Қазақстан Журналистер Конгресінің, сонымен қатар, ОБСЕ, «Интерньюс», «Әділ сөз» сияқты мемлекеттік емес ұйымдардың түрлі семинар-тренингтеріне қатысып тұрады. Газет редакциясының өз баспаханасы бар, Ұлттық баспасөз клубы жұмыс істейді. Газет редакциясы Шымкент қаласында орналасқан. ## Сілтемелер
Айгене — Түркістан облысы Созақ ауданы, Таукент кенттік әкімдігі құрамында болған ауыл, 2015 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шолаққорған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 177 адам (86 ер адам және 91 әйел адам) болса, 2009 жылы 151 адамды (83 ер адам және 68 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Шәкір Қапбасов Қоңырханұлы (1960 жылы туған) – физика-математика ғылым доктор (1996). Мәскеу жоғары техика училищесін бітірген (1983). Қарағанды мемлекеттік университетінде Мұрағатталған 14 маусымның 2011 жылы. аға инженер, «Гипроуглегормаш» институтында аға инженер (1983–84), Қазақстан ғылым академиясының Химия-металлургия институтында кіші ғылым қызметкер (1984–88), Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1995–96) қызметтерін атқарды. 1997 жылдан профессор 90-ға жуық ғылым жарияланым мен 1 монографияның авторы. ## Дереккөздер: Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
Оксидтер немесе Тотықтар — химиялық элементтердің оттекпен түзетін қосылыстары. Тотықтардың құрамы элементтердің валенттілігіне қарай әр түрлі болады. Тотығатын элементтің валенттілігі тұрақты болса, оттекпен бір ғана тотық түзеді де оны тотық деп атайды. Мысалы, калий тотығы (К2О), кальций тотығы (СаО), т.б. Элементтің валенттілігі ауыспалы болса, онда ол бірнеше тотық түзеді. Оның жоғары валенттісін тотық деп, ал төмен валенттісін шала тотық дейді. Мыс., темір тотығы (Fe2O3), темір шала тотығы (FeO), т.б. Тотықтар химиялық қасиеттері бойынша тұз түзетін (Na2O, MgO, Al2O3, Fe2O3, CaO, т.б.) және тұз түзбейтін немесе индифференттік (N2O, CO, NO, H2O) деп бөлінеді. Тұз түзетін тотықтар негіздік, қышқылдық немесе ангидридтер және амфотерлі (екідайлы) болып бөлінеді. Негіздік оксидтер (Lі2O, CaO, FeO, MgO, т.б.) сумен тікелей немесе жанама жолмен әрекеттесіп, негіз [(LіOH, Ca(OH)2, Fe(OH)2, Mg(OH)2)] түзеді. Қышқылдық оксидтер (SO3, P2O5, NO2, N2O5, SіO2, т.б.) сумен тікелей немесе жанама жолмен әрекеттесіп, қышқыл (H2SO4, H3PO4, HNO2, HNO3, H2SіO3, т.б.) түзеді. Амфотерлі (екідайлы) оксидтер (ZnO, SnO, PbO, SnO2, PbO2, Al2O3, Cr2O3, Fe2O3, Sb2O3, т.б.) қышқылдар, қышқылдық оксидтер және негіздер, негіздік оксидтермен тұз түзеді (қ. Тұз). Бұлардан басқа асқын Тотықтар (пероксидтер: Na2O2, BaO2, CaO2, т.б.) да болады. Тотықтардың көбі су (Н2О), көмірқышқыл газы (СО2), кремнезем (SіO2), түрінде табиғатта жеке күйінде кездеседі. Тотықтар жай заттарды оттекпен тікелей әрекеттестіру, күрделі заттардың жануы, оттекті қосылыстарды қыздырып айыру, т.б. жолдармен алынады. Кейбір табиғи Тотықтар минерал күйінде кездесіп, өзіне сәйкес металдар (темір, қалайы, т.б.) алуда негізгі шикізат болып табылады. Тотықтар техникада мыс., сөндірілмеген әк (СаО) құрылыс жұмыстарында, NO2, SO2 азот, күкірт қышқылдарын өндіруде, т.б. кеңінен қолданылады. ## Оксидтердің жіктелуі Оксидтер үшке бөлінеді: * қышқылдық - Р2О5→Н3РО4; SО3→H2SО4; * негіздік - Na2О→NaОH; СаО→Са(ОН)2. * екідайлы (амфотерлі) - кышқылдар да, негіздер де сәйкес келеді, мысалы, H2ZnО2← ZnO→Zn(OH)2 Бейметалдардың оксидтері - қышқылдық оксидтер, ал белсенді металдардың оксидтері - негіздік болып келеді. Егер металл айнымалы валенттілік көрсетсе, оның төменгі валенттілігіне сәйкес оксиді - негіздік, аралық валенттілігіне сәйкесі - екідайлы, ал жоғары валенттілігіне сәйкесі қышқылдық оксид болады. ## Оксидтердің аталуы Кейбір оксидтер үшін қарапайым (үйреншікті) атаулары бар, олар ертеден қолданылып келеді. АІ2О3 - глинозем, SiО2 - кремнезем. ## Оксидтердің алынуы Оксидтердің алынуының екі үлкен тәсілі бар. Жай және күрделі заттарды жағу аркылыбейметалдарды:C+O2=CO2S+O2=SO2 C+O2=CO2S+O2=SO2 металдарды: 2Cu+O2=CuO2Mg+O2=MgO 2Cu+O2=CuO2Mg+O2=MgO күрделі заттарды: CH4+2O2=CO2+2H2O2H2S+3O2=2H2O+2SO2 CH4+2O2=CO2+2H2O2H2S+3O2=2H2O+2SO2 Ерімейтін негіздер, тұздар, қышқылдарды айыру аркылы2Fe(OH)3→Fe2O3+3H2OCaCO3→CaO+CO2H2SiO3→H2O+SiO2 2Fe(OH)3→Fe2O3+3H2OCaCO3→CaO+CO2H2SiO3→H2O+SiO2 Оксидтерді әрі карай тотыктыру аркылы2SO2+O2=2SO34FeO+O2=2Fe2O3 2SO2+O2=2SO34FeO+O2=2Fe2O3 ## Оксидтердің физикалық қасиеттері Оксидтер үш агрегаттық күйде болады: мысалы, CuO, CaO, Fe2O3, P2O5 - қатты заттар;CO2, SO2, NO2 - газдар;H2O, N2O3(t<0) - сұйық. CuO, CaO, Fe2O3, P2O5 - қатты заттар;CO2, SO2, NO2 - газдар;H2O, N2O3(t<0) - сұйық. Оксидтердің түстері де әр түрлі: Ғе2О3 - қызыл-қоңыр, CuO - кара, Сr2O3 - жасыл, ZnO, MgO - ақ, МnO2 - кою қоңыр, SnO - кою көк түсті, т.б. Иістері де әр алуан түрлі болып келеді.SО2, SО3, NО2, Р2О5 - тұншықтырғыш иісті.CO, NO, СО2 - иіссіз. ## Оксидтердің химиялық қасиеттері Оксидтердің касиеттері олардың, қандай элементтердің оксидтері екендігімен анықталады. ### Қышқылдық оксидтердің қасиеттері Кейбір қышқылдық оксидтер сумен әрекеттесіп қышқылдар түзеді: Р2O5+ЗН2O=2Н3РO4;SO2+H2O=H2SO3;СO2+Н2O=Н2СO3 Р2O5+ЗН2O=2Н3РO4;SO2+H2O=H2SO3;СO2+Н2O=Н2СO3 Мысалы, күлгін лакмус ерітіндісі тамызылған суға көмірқышқыл газын жіберсек, оның түсі күлгіннен біртіндеп қызыл түске өзгереді. Нәтижесінде әлсіз, тұрақсыз көмір қышқылы түзіледі. қышқылдық оксид + су = қышқыл қышқылдық оксид + су = қышқыл Қышкылдық оксидтер негіздік оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді CO2+CaO=CaCO3P2O5=2Na3PO4 CO2+CaO=CaCO3P2O5=2Na3PO4 қышқылдық оксид + негіздік оксид = тұз қышқылдық оксид + негіздік оксид = тұз Қышқылдық оксидтер сілтілермен әрекеттесіп тұз және су береді SO3+2NaOH=Na2+H2OCr3+Ca(OH)2=CaCrO4+H2O SO3+2NaOH=Na2+H2OCr3+Ca(OH)2=CaCrO4+H2O қышқылдық оксид + сілті = тұз + су қышқылдық оксид + сілті = тұз + су ### Негіздік оксидтердің қасиеттері Белсенді металдардың оксидтері сумен әрекеттесіп сілті түзеді Na2O+H2O=2NaOHCaO+H2O=Ca(OH)2 Na2O+H2O=2NaOHCaO+H2O=Ca(OH)2 Осы реакциялардың ішінен екіншісін тәжірибе жасап көрсек, яғни сөндірілмеген әкке су құйып, үстіне бір тамшы фенолфталеин тамызсақ, оның түсі таңкурай түске өзгереді, ол әрине сілтінің ерітіндісі түзілгендігіне дәлел болады. белсенді металл оксиді + су = сілті белсенді металл оксиді + су = сілті Негіздік оксидтер қышқылдармен әрекеттесіп тұз және су түзеді CaO+2HCl=CaCl2+H2OCuO+H2SO4+H2O CaO+2HCl=CaCl2+H2OCuO+H2SO4+H2O негіздік оксид + қышқыл = тұз + су негіздік оксид + қышқыл = тұз + су ### Екідайлы оксидтердің қасиеттері Олар негізінен қатты күйде кездеседі. * Қышқылдармен әрекеттескенде негіздік оксидтің қасиетін көрсетеді: ZnO+2HCl=ZnCl2+Н2O * Сілтілермен әрекеттескенде қышқылдық оксидтің қасиетін көрсетеді. Түзілген тұздың формуласын жазу үшін оксид формуласына ойша бір молекула су қосып, сәйкес қышқылдың формуласын шығарып аламыз. (ZnО+H2О=H2ZnО) әрі қарай қышқыл мен негіз әрекеттескен сияқты болады. Олардың қолданылу аясы өте кең: ZnО+2NaОH=Na2ZnО2+H2О cy + тұз = сілті + екідайлы оксид ## Оксидтердің қолдануы * CO2 - тамақ өнеркәсібінде (копсытқыш ретінде); өрт сөндіруде; газдалған сусындар өндірісінде * CaO - сөндірілмеген әк, құрылыста * ZnO - мырыш бояуларын алуда * Н2О - негізгі әмбебап еріткіш * Сr2O3 - жасыл бояу алуда * SiO2 - шыны өндірісінде ## Дереккөздер
Мүфтият – мұсылман қауымдары бар аймақтарда шариат жолын ұстауға басшылық жасайтын мекеме. Қазақстандағы Мүфтият Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының басқарушы органы болып табылады. ## Дереккөздер
Хасан Мамұтов (1922 жылы туған, Төле би ауданы Георгиевка ауылы) – соғыс және еңбек ардагері. Кеңес Одағының Батыры (3.6.1944). 1942 жылы Қызыл Армия қатарына алынды. Әуелі 336-атқыштар полкінің, кейіннен Қызыл тулы гвардияшы 120-дивизияның құрамында пулеметші болып, Сталинград түбіндегі шайқастағы, Днепр үшін және Берлинді алу ұрыстарына қатысты. Днепрден өту кезіндегі ұрыста (1943 жылдың күзі), Рогачев қаласын жаудан азат ету кезінде асқан батылдық пен ерлік көрсетті. Соғыстан кейін Мамұтов Шымкент қорғасын зауытында еңбек етеді. Ленин, Октябрь Революциясы, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. Рогачев қаласының құрметті азаматы. Туған ауданындағы мектепке есімі берілген. ## Сілтемелер
Молдахасан Мирабаев (т.-өлген жылы белгісіз) – 19 ғ-да өмір сүрген ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Қызылжар қ-нда туған. Өмірі туралы нақты деректер сақталмаған. М. 1870 ж. “Көроғлы”, “ұауазхан” жырларын халық аузынан жазып алып, “Хикаят Көроғлы сұлтан”, “Хикаят ұауазхан” деген атпен Қазан қ-нда бірнеше рет (1885, 1890, 1895, 1902, 1906, 1915) бастырып шығарған. ## Дереккөздер
Самоалықтар — Тынық мұхиттың оңт. бөлігінде орналасқан Самоа мемлекетінің негізгі халқы. Самоалықтар полинезиялық халықтар тобына жатады, Самоа тілінде сөйлейді. Еур-тар келгенге дейін алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген. Терімшілікпен және балық аулаумен шұғылданады. 1914 жылдан Бат. Самоа деп аталады. Самоаның жалпы халқының саны — 177,714 мың (2004) адам болса, оның 92,6%-ы Самоалықтар(156,5 мың адам). Ал қалған халықтардың үлес салмағы аз, еуронезиялықтар (еур-тармен жергілікті халықтың аралас некесінен) — 7%, еур-тар 0,4%. Самоа тілі ағылшын тілімен қатар мемл. тіл ретінде қолданылады. Дінге сенушілердің көбі христиандар: протестанттар — 70%, католиктер — 20%. ## Пайдаланылған cілтемелер
Николай Шамсутдинович Кабиров (25.2.1931 ж. т., Башқортостан, Уфа қ.) – инженер-механик, облыстың құрметті азаматы. Қазақ химия-технология институтын (1965), Алматы жоғары партия мектебін (1981) бітірген. Еңбек жолын «Ащысайполиметалл» комбинатында бастаған. 1956 –1999 жылдары Кентау қаласындағы «Ащысайполиметалл» комбинатында слесарь, Кентау қалалық комсомол комитетінің 1-хатшысы, халықтық бақылау комитетінің төрағасы, қалалық партия комитетінің 1-хатшысы, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Шарапат» қайырымдылық қорының президенті, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. «Еңбек Қызыл Ту» (1976), «Халықтар достығы» (1981), «Октябрь революциясы» (1986), «Құрмет белгісі» (2001) ордендерімен марапатталған.Ғ. Талас ## Сілтемелер
Шырғалжың, эстрагон жусаны, тархун (лат. Artemisia dracunculus) – астралылар тұқымдасы, жусан туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық өңіріндегі шалғынды, далалық өңірлерде өседі. Биіктігі 40 – 150 см, тамыр сабағы сүректенген. Дара немесе бірнеше тік сабақты, аз бұтақтанады, тықыр, оның өзіне тән исі болады. Жапырағы таспа не қандауыр пішінді, жиектері бүтін. Гүлі ақшыл, сарғыш жасыл түсті, гүлшоғыры — себет. Шілде — тамызда гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – дәнек. Шырғалжың – дәрілік өсімдік. Жапырағының құрамында 15%-дай каротин болады. Оны көкөніс тұздағанда, консерві жасау үшін, сондай-ақ дәм-татымдық өсімдік ретінде пайдаланады. Дәмдеуіш көкөніс ретінде пайдаланылатын көп жылдық шөптесін өсімдік. Тағамға жапырақтары қолданылады. Моңғолия мен Оңтүстік Сібірден тараған. Қазір Франция мен Жерорта теңізі маңындағы елдерде өсіріледі. Құрамында эфир майлары, С дәрумені, минералдық және тұтқырлы заттардың болуымен ерекшеленеді. Көптеген соустарға қосады. ## Дереккөздер
Айбасов Бірмұхамед (1895 жылы, Ақмола облысы Атбасар уезді Ұлытау болысында — 28.02.1938, Алматы) — қоғам қайраткері. Ұлытау болысында 30 жылдан астам фельдшер болған Айбас Байтабыновтың (1862 — 1937 жылдары өмір сүрген) отбасында туған. Ауыл шаруашылық училищесін (Омбы, 1917 жылы), Қызыл профессура институтын (Мәскеу, 1933) бітірген. “Бірлік” мәдени-ағарту ұйымы басқармасының хатшысы болды. “Айқап”, “Қазақ” басылымдарында өлеңдері мен мақалалары жарияланған. И. С. Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романын қазақшаға аударған. Ақмола уезді қазақ комитетінің және “Жас қазақ” ұйымының белсенді мүшесі. 20-жылдары Ақмола облысы жер басқармасының бастығы, Семей губернаторы “Қосшы” одағының төрағасы (1925 — 28), Қазақ ауыл шаруашылық кооперация одағы мал шаруашылық бөлімінің бастығы, өлкелік кооперация техникумының директоры (1928 — 31). Байларды тәркілеуде, қазақ шаруаларын ұжымдастырудағы асыра сілтеушілікке қарсы шыққандығы үшін қуғынға ұшырады. 1933 жылы И.В. Сталиннің атына жазылған “алтаудың хаты” авторларының бірі. Өмірінің соңғы жылдары Түрген қой кеңшары саяси бөлімінің (Алматы облысы) бастығы (1933 — 35 жылдары), Қазақ партия баспасының редакторы (1935 — 37 жылдары) болды. Саяси қуғын-сүргіннің құрбаны. КСРО Жоғары Сотының әскери алқасының 28.02.1958 жылы шешімімен ақталған. ## Дереккөздер
Молдахмет Дабылұлы (1892, қазіргі Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылы – 1946, сонда) – ақын. Орта жүз Найман тайпасының Балталы руынан. Ауыл молдасынан хат танып, әкесі Дабыл, шешесі Ақсұлудың (Қарасақал Ерімбеттің қарындасы) өнерінен үлгі-өнеге алып, 14 жасында «бала жырау», «жас шайыр» атанған. Даңмұрын ақынның шәкірті болған. "Көрұғлы" дастанының бір­неше саласын жатқа айтқан. Дабылұлы Сыр бойы ақындарының жыр, толғауларын домбыраға қосып жырлаған. *1917 ж. Шәкейсал Дәруішқызының жұмбақ айтысына қатысқан. * 1944 - 45 ж. Т.Үркімбаевпен айтысқан. Дабылұлы "Қашқансу - туған жерім", "Дана ақын Даңмұрын", "Нартай ақынға", "Шаһнаманы оқығанда", т.б. өлеңдерін, "Шыбық қыз", "Сарғасқа атты Келмембет" дастандарын жазған. * 1945 ж. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапаттал­ған. * 1993 ж. Қызылорда облысы Қармақшы ауданында ақынның 100 жылдық мерейтойы аталып өтіп, аудандағы көшенің біріне Дабылұлы есімі берілді. Жасында Сыр бойы әнші-жыршыларының орындаушылық дәстүрінен үйреніп, «Қыз Жібек», «Алпамыс» жырлары мен «Көрұғлы», «Мұңлық – Зарлық», «Су патшасы Сүлеймен», «Ақтам сахаба», «Жүсіп – Зылиха», «Дариға – Мәді» секілді шығыстың қисса-дастандарын өзіндік мәнермен орындаған. Ол Жиенбай сазы мен Тасбергеннің «маңырамасы», Молдахметтің «боздамасы», әуелеген Нартай әні, Нұртуған мектебінің әуендері, тербелісті Сәрсенбай мақамы, т.б. термелік әуендердің халық арасына кеңінен таралуына ықпал етті. Молдахметтің лирикалық, дидактикалық өлеңдерімен қатар дастандары («Сарғасқа атты Келмембет», «Қазақтың қасиетті шаңырағы», «Бекен аға», «Жастық шабыты»), айтыстары («Молдахмет пен Машарап», «Молдахмет пен Тұрымбет») сақталған. Молдахметтің ақындық мұрасы ғалым Е.Ысмайыловтың жетекшілігімен жазылып алынған. Қармақшы ауданы мәдениет үйіне есімі берілген (1992). ## Дереккөздер
Елена Васильевна Мейтина (1926, Атбасар ауданы Мариновка ауылы) – еңбек ардагері. Социалистiк Еңбек Ері (1971). Еңбек жолын сауыншы болып бастаған (1943). 1962 жылдан Макинск ауданы Капитоновка ауылында шошқа бағушы болған. ҚазКСР Жоғары Кеңесі 10-шақырылымының депутаты. КСРО орден, медальдарының иегері. ## Дереккөздер «Ақмола облысы» энциклопедиясы
«Жанубий Қозоғистон» газеті – 1991 жылы 5 сәуірден бері шығып келе жатқан өзбек тілді басылым. 1999 жылға дейін «Дўстлик байроғи» болып келді. Өзбек халқының тарихы мен салт-дәстүрі жайлы жазады, Қазақстан Президенті мен Үкіметінің саясатын насихаттайды. Газет ҚР Конституциясын, «Қазақстан – 2030» бағдарламасын өзбек тілінде жариялаған. Өңірдегі өзбек тілді ақындардың жинағын қазақ тілінде басып шығаруда. Бас редакторы Ф.Қаратаев. Газет аптасына 2 рет шығады. ## Сілтемелер
Ибн Нажиб Бакран, Мұхаммед (12 ғасыр 2-жартысы – 13 ғасырдың 1-жартысы) – парсы географы, тарихшы. Ол Хорезмшаhы Мұхаммед ІІ Алла ад-Динге Әлем картасын жасап (1208), оған «Жаhаннама» (Әлем кітабы) атты трактат жазған. Бұл шығармада автор Орта Азия мен Қазақстан географиясы және тарихы жайлы құнды мәліметтер келтіреді. Сонымен қатарда шығармада қарлұқтар, оғыздар, қаңлы, қимақ, хазарлар туралы қызықты мағлұматтар баяндалып, Шу мен Талас өңіріндегі Баласағұн, Барсқан, Құлан, Меркі қалалары жайлы деректер берілген. ## Шығармалар Мұхаммед ибн Наджиб Бакран, Джахан-наме, М., 1960. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * Қысқаша дереклер Мұрағатталған 11 наурыздың 2016 жылы.
“Тотынама” – хикаяттар жинағы. Үнді және Орталық Азия халықтарына ежелден мәлім. Әлемдік әдебиетте “Тотынаманың” 85 нұсқасы бар, оның 20-ға жуығы Ресей архивтерінде сақтаулы. “Тотынама” сюжеті қазақ арасына парсы әдебиеті арқылы еніп, кең тараған. Хикаяттың бір үлгісі 1892 ж. Қазан қаласында татар тілінде жарық көрген. Көтерген тақырыбы – әйел мекерлігі, олардың түрлі қулық-сұмдықтары туралы оқиғалар. “Тотынама” – циклдену процесінен өткен шығарма, сюжет тұтастығы екі тотының басты кейіпкері Хұжастені жеңіл мінезден сақтап қалу әрекеті негізінде көрініс тапқан. “Тотынамада” бірде 52, бірде 70 түннен тұратын хикаяттар баяндалады. Оның халықтық және авторлық нұсқалары бар. Хикаяттың санскрит тіліндегі “Шукасаптати” деп аталатын үлгісін В.И. Кальянова (1960), “Тотынама” атты З.Нахшаби жасаған авторлық нұсқасын Е.Э. Бертельс (1979, 1982) орыс тіліне аударған. Орыс тіліндегі алғашқы нұсқа Ғ.Сармурзиннің тәржімалауымен 1970 ж. “Тотының тоқсан тарауы” деген атпен, соңғы үлгі Ә. және Т.Қоңыратбаевтардың аударуымен 1991, 2005 ж. “Тотынама” деген атаумен қазақ тілінде шыққан. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.
Оймауыт — Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы ауыл, Жаңажол ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан ортығы – Қарауылкелді ауылынан оңтүстікке қарай 210 км жерде, Шерғала қырқасының оңтүстік-батысында қуаң далада орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1102 адам (576 ер адам және 526 әйел адам) болса, 2009 жылы 723 адамды (387 ер адам және 336 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1963 жылы осы өңірде қой шаруашылығын дамытуға байланысты қаланған. 1963 –1996 жылдары өзімен аттас кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Оймауытта және округке қарасты Бесбай, Дияр, Миялы, Шөптікөл ауылдарында ЖШС пен бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Мұратбек Қарабаев (15.7. 1952 , Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қошқарата ауылы) – биолог ғылым доктор (1994). Қазан мемлекеттік университеттін (1974), Ресей ҒА Ботаника институтының аспирантурасын (1977) бітірген. ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) оқытушы (1978–80), Қазақстан ғылым академиясының Ботаника ин-тында аға ғыл. қызметкер (1980–84), Молек. биология және биохимия институты директорының орынбасары (1984–95), Қазақстан Республика Биотехнология ұлттық орт-нда ғылым жетекші, Бас директордың 1-орынбасары (1995–98) қызметтерін атқарған. 1998 жылдан Халықар. бидай мен жүгеріні жақсарту орт-ның (СИММИТ – Мексика) Қазақстан Республикасындағы өкілі. «Культивируемые клетки пшеницы и кукурузы: физиологические и биотехнологические аспекты» тақырыбында докторская диссертация қорғады. 240-тан астам ғылыми жарияланымның авторы, 10 авторлық куәліктің иегері. «Парасат» орденімен марапатталған (1998). ## Дереккөздер: Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
Жаныс баба кесенесі – сәулет өнері ескерткіші. Сайрам ауданының Қарамұрт ауылында. Дулат тайпасынан шыққан шешен, талантты қолбасшы және ел басқарған көсем Жаныс бабаның басына арнап 2004 жылы тұрғызылды (сәулетшілер тобының жетекшісі А.Әзімбаев). «Жаныс бабаның ақжал арыстандары болған» деген ел аузындағы аңызға сәйкес, кесененің кіре берісіне қоладан құйылған айбатты қос арыстан бейнесі орнатылған. Кесененің табанынан ұшар басына дейінгі биіктігі – 27 м, шаңырақтағы күмбезінің шеңбері – 9 м. Кесененің пештағы Жаныс баба тәу еткен Тәңіртаудың шыңдары тәріздес үшкілденіп безендірілген. Қас бетінде «Жаныс баба» деген жазу және таңбасы бар. Кесененің ішкі жағы сегіз қырлы (сегіз қанатты) болып салынған. Бұл Жаныс бабаның сегіз баласының болғанын меңзейді және әр қанатта сол аталардың шежіресі жазылып бекітілген.. ## Сілтемелер
Мейірманов Әнуарбек Мұқатұлы (1947 жылы туған, Ақмола қаласы) – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1982), профессор (1984). Новосібір мемлекеттік университетін бітірген (1970). 1973 жылы аспирантураны бітірген соң, сол университетте ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, 1982 – 84 жылдары КСРО ҒА Гидродинамика институтында жетекші ғылыми қызметкер болған. Ғыл. еңбектері фазалық өткізгіштерді матем. модельдеу мәселелеріне арналған. Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург, т.б. қалалардағы, сонымен қатар шет елдердің (Италия, Испания, Германия, Франция, т.б.) жоғары оқу орындарында дәрістер оқыды. Мейірманов еңбектері ағылшын тіліне аударылған. ## Дереккөздер «Ақмола облысы» энциклопедиясы
Шырғанақ — Алматы облысы Кеген ауданындағы ауыл, Шырғанақ ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Кеген ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде, Кеген өзенінің сол саласы – Шырғанақ өзенінің аңғарында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1920-30 жылдары осы өңірде ауыл шаруашылық артельдерін құру кезінде қаланған. 1929-96 жылдары сүт өндірумен айналысатын ұжымшар, кейіннен “Кеген” кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Шырғанақта және округтегі Кеңсу, Кіші Қарқара, Көкпияз, Қызылжар, Талды ауылдарында “Балауса”, “Аршалы”, “Маяк”, “Мұрат”, “Сәрсенбек” шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов (1904—1989 жж.) — қоғам қайраткері, тілші-ғалым, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы (1954 жыл наурыз – 1955 жыл наурыз). Нұртас Оңдасынов Шалғай аудандарда мұғалімдер даярлайтын курстар, училище, облыс орталықтарында Мұғалімдер институтын ашып, Орталық Комитеттің саясатының жүзеге асуына күш салады. Қазақстан Орталық Комитетінің бюро мүшесі ретінде ол мәдениет мәселелеріне жауапты болды. Н.Оңдасынов соғыс жылдарының ауыртпалығына қарамай Абайдың 95 және 100 жылдық мерейтойын аса биік дәрежеде атап өту жөнінде Үкімет қаулысын шығарып, комиссияның төрағасы өзі болып өткізген. Қыздар педагогикалық институты, Ұлттық консерватория, Дене шынықтыру институты, Политехникалық, технологиялық институттар ашу және медицина, шет тілдер институттарына көптеген жаңа факультеттер қосу сол кісінің тұсында істелінген істер. Қоңырат тайпасының Жетімдер руынан. Опера және балет театры құрылысының жедел аяқталуын тікелей бақылап, облыстарда театрлардың ашылып, филармония, ән-би ансамбльдерінің ұйымдасуына да ұйытқы болған. КСРО Ғылым академиясының дербес құрылуына бірден-бір атсалысқан адам. Соғыстың жүріп жатқанына қарамай жаңа ғимараттың салынуына қаражат қарастырып, оның іргесі қаланғанда ырымдап: "Қазақ ғылымы күмістей таза болсын" деп, күміс ақша шашқаны мәлім. Осы Ғылым академиясының басына Қаныш Сәтбаевтың келуіне де себепші осы кісі. Қ.Сәтбаевтың газетке шыққан мақаласындағы болашақ ғалымның сөз саптасы ұнап, жаңа ойларын білуге, танысуға Мәскеуге шақырады. Кездесіп, сөйлескеннен кейін КСРО Ғылым Академиясының президенті В.Л. Комаровқа алып барып: "Қазақтың Ғылым Академиясының болашақ президенті..." — деп, бірден таныстырады. 1942 жылдың басында Кенді Алтай, Лениногорға іссапарға келген Оңдасынов білімді, байсалды Дінмұхамед Қонаевты кездестіреді. Кейіннен Алматыға келіп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Скворцовпен ақылдасып, өзіне орынбасарлыққа шақырттырады. Қонаев он жыл бойы Оңдасыновтың орынбасары болады. Нұртас Дәндібайүлы 1954-1955 жылдары Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының төрағасы, сосын Гурьев (Атырау) облыстық атқару комитетінің төрағасы және осы облыстың партия ұйымын басқарды. "Жауапты қызметте жүріп, шығармашылықтан қол үзбейтін. Араб, парсы тілдеріне жүйрік еді. 1962 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін шығармашылықпен шындап айналысқан. 1969 жылы "Арабша-қазақша түсіндірме сөздігі", 1974 жылы "Парсыша-қазақша түсіндірме сөздігі" жарық көріп, қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленді" — дейді Д.А.Қонаев өзінің "Өтті дәурен осылай" кітабында. Алматыдағы Абай ескерткішінің авторы Хакімжан Наурызбаевты да Қостанайға барған іссапарында байқап, Алматыға алып келіп, оқытып, ат бағушыдан қазақтың тұңғыш мүсіншісін жасаған осы кісі. ## Дереккөздер
Әл-Мәлик әл-Муиза-Изз-әд-дін Айбек әт-Түрікмени ад-Жашнакир ас-Салихи (араб:الملك المعز عز الدين أيبك التركماني الجاشنكير الصالحى‎; туған жылы белгісіз — 1257 жылы) — Мысырдың түркі тектес мәмлүктерден шыққан бірінші сұлтаны (1250 — 57 жылдары). Хорезм шахы Жалаладдин Шыңғыс хан ұрпақтарынан күйрей жеңілген (1231 жылы) соң Таяу Шығыс елдеріне қашып барған. 1240 жылы Мысырдағы сарай төңкерісіне қатысып, жаңа сұлтан әл-Мәлік ас-Салықтың сеніміне кірді. Сарай айналасындағы мәмлүктерді күшейтіп, ас-Салықтан кейінгі сұлтан Тұраншахтан тақты тартып алды (1250 жылы). Билікке ие болған соң үкімет билігіне араласқан (ішінде мемлект армиясының Бас қолбасшысы Бейбарыс бар) біраз мәмлүктерді Мысырдан Сирияға қашуға мәжбүр етеді. Бұл әрекет Мысырға қарсы Айюби әулетінің күресін күшейтті. Осыны пайдаланған мәмлүк Әли Айбектің әйелі Шаджар әд-Дүрді қастандық жасаушылардың қатарына тартып, соның қолымен сұлтанды өлтіріп, таққа отырған. ## Дереккөздер: Қазақ энциклопедиясы I том
Ышбара Хан, Ышпара, – Батыс Түрік қағаны; қ. Ашина Хэлу. Ышбара хан (Халлығ, Хэлу) – 651 – 69 жылы Батыс Түрік қағанатының оныншы және соңғы ханы, Ашина әулетінің өкілі, Істемі ханның ұрпағы. Шығу тегі мынадай: Істемі хан – Қара Шор Түрік – Янг Саух хан – Бага шад – Бөрі шад – Халлығ. Оның шын есімі белгісіз, тарихта Халлығ деген лақап атпен қалады. Халлығ Батыс Түрік қағанатының саяси тарихында 640-шы жылдардан бастап көріне бастайды. Нушиби тайпалары 641 жылы Ирбис Шегуй ханды билікке отырғызғанда, оған қарсылық білдіргендер дулулардың басшысы болған Үкі шадтың маңына топтасады. Солардың ішінде Халлығ есімі алғаш кездеседі. Үкі шадты Ирбис Шегуй хан қуып жіберген соң, Халлығ дулу тайпаларының жетекшісіне айналады, бірақ та 648 жылы Ирбис Шегуй ханның қысымына төтеп бере алмай, қашуға мәжбүр болады. 651 жылы Халлығ өзін Ышбара хан деп жариялап, Ирбис Шегуй ханның ордасын басып алады да, ханды өз қолымен өлтіреді. Билікке келісімен ол қағанаттағы ең ықпалды екі тайпа: Нушибилер мен дулулар көсемдерінің құқығын танып, оларға лауазымдар береді. Талас өзенінің оңтүстік жағалауындағы Мыңбұлақ деген жерде өзіне арнап бекіністі қала салдыртады. Ішкі саясаттағы ең ірі жеңіс, ол – Нушибилер мен дулулардың ымыраға келуі болды. Батыс Түрік қағанатындағы ішкі бірлік, оның көршісі Қытайға ұнамады. Император Ышбара Халлығты «басты жау» деп есептеп, 70 мыңдық әскерді 652 жылы қағанатқа жібереді. Бірақ императордың бұл әскери жорығы күткендегідей нәтиже бермейді. Дәл осы жылы Ышбара хан Мерв қаласының билеушісі (марзбаны) Махый Суридың қағанатқа қарсы жасаған жорығын Әмудың арғы бетінде тоқтатып, өзін өлтіреді. 655 жылы Ышбара хан Мәуереннахрдағы саяси мәселелерді қағанат пайдасына шешіп, әскерінің негізгі бөлігін Іле бойына әкеледі. Өйткені, Қытай әскері екінші жорыққа дайындалып жатқан болатын. 656 жылы қағанат жеріне басып кірген қытай әскеріне Ышбара хан қарсы аттанады. Алғашқы шайқаста Ышбара хан әскері ірі жеңіліске ұшырайды. Тек қана 200-дей бектер мен тархандар қолға түседі. Жау әскері Ышбара х-ды оңтүстік жағынан қоршауға алу үшін атты әскерін Талас өңіріне аттандырады. 657 ж. қытай әскерлері ханның негізгі ордасына жақындап келеді. Іле бойында Ышбара хан жеңіліске ұшырап, Шуға дейін шегінеді. Шу өзенінің бойындағы ұрыста Ышбара хан әскері толық жеңіледі, бірақ хан аз ғана әскерімен қоршаудан шығып, оңт-ке қарай шегінеді. Ташкент билеушісі оларды алдап қолға түсіреді де, қытайларға береді. Осылайша, Батыс Түрік қағанатының соңғы ханы қол-аяғы байланып, императорға жеткізіледі. Император оны өлтірмей, түрмеге қамайды. Ышбара хан түрмеде 659 ж. қамығу мен қапастан қайтыс болады. Соңғы ханынан айырылған Батыс Түрік қағанаты құлайды да,оның жерінде Қытайға тәуелді иеліктер құрылады. Ол иеліктерді Қытай билігін мойындаған Ашина әулетінің өкілдері басқарады. ## Сілтемелер
«Қарабек батыр» – батырлық жыр. Жырдың екі нұсқасы бар. Шығыс Сібір татары Мәулікей Юмашев (1834–1910) жырды алғаш рет Омбы аймағы, Мұқыр өзенінің бойында тұрған Әлжан Шоқаманұлынан жазып алып, Қазан қаласында «Қисса-и-Қарабек» деген атпен кітап етіп шығарған (1882). Кітаптың ішкі мұқабасында «Қарабек пен Қараман қиссасы» деп көрсетілген. Жырдың бұл нұсқасы – 1825 жолдан тұрады. 2-нұсқасын 1940 жылы фольклорлық экспедиция мүшесі Марат Ахметов Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғыны, жыршы Жаңаберген Бітімбайұлынан жазып алған. Бұл нұсқа – 7500 жолдан тұрады. Екі нұсқаның негізгі мазмұны бір болғанымен, өлең құрылысы мен көлемінде көптеген өзгешеліктер бар. Әлжан нұсқасы толық болса, Жаңаберген нұсқасының соңы бітпеген. Алғашқы нұсқада оқиға Қарабектің қалмақ ханы Қараманға қарсы аттануымен басталса, екінші нұсқа – бас кейіпкердің әкесі Кәдірхан деген ханның Алладан бала тілеуімен басталып, Қарабектің балалық шағы тәптіштеліп баяндалады. Бірінші нұсқада Қарабек өзіне опасыздық жасаған қарындасын аяусыз жазаласа, екінші нұсқада – кешірім жасайды. Жырдың екі нұсқасының да тілі көркем, тартымды. Шығарма қара өлең және жыр үлгісіне құрылған, бірнеше тарихи оқиғаларда және батырлық жырларда кездесетін қартайған шақта перзент сүйген ата-ана, қорғаушы пірлер сияқты тұрақты сюжеттерді қамтиды. Мәулікей жазып алған Әлжан нұсқасы «Батырлар жырының» 1951 жылы (2-том), 1961 жылы (2-том) жинақтарында және «Ақсауыт» жинағында (1977, 2-кіт.) басылған. Жырдың екі нұсқасы да ҚР Ұлттық ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы. ## Дереккөздер
Орал-Алтай тілдері – тіл білімінің орал (фин, угор, самоди) және алтай (түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур, жапон, корей) тобы тілдерінің шығу тегін зерттейтін саласы. Ф.Страленберг Орал-Алтай тілдерінің шығу тегі бір деген тұжырым ұсынып, бұл тіл білімінде “Орал – Алтай теориясы” деп аталды. 18 ғасырда пайда болған бұл теорияны қолдаушы ғалымдар (В.Шотт, Ф.Видеман, М.А. Кастрен, О.Бетлингк, Г.Винклер, В.Томсен, М.Рясянен, Д.Фокош – Фукус, Дж.Киекбаев, Б.Базылхан, т.б.) Орал-Алтай тілдерінің кейбір фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ұқсастықтарын ескере отырып, бұл тілдердің шығу тегі бір деп тұжырымдап, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс топтарына бөледі. Орал-Алтай тілдерінің теориясына қарсы ғалымдар (В.Котвич, Дж.Клоусон, А.М. Щербак, т.б.) бұл топ тілдерінде кездесетін түбір сөздердің ұқсастығын, кейбір грамматикалық тұлғалардың сәйкестігін осы тілдердің ұзақ уақыт өзара тарихи қарым-қатынаста болуының нәтижесі деп есептейді. Орал-Алтай тілдерінің туыстық ортақтығын қолдайтын ғалым Б.Базылханның пікірінше, бұл тілдерде әуелі жалпылық ортақ элемент (“V”, “CV” типті түбір морфема) қалыптасты да, эволюциялық даму барысында жекелік элементтер (дыбыстар, сөздер, морфологиялық, синтаксистік өзгеше тұлғалар) пайда болды. Орал-Алтай тілдері эволюциялық дамудың “ым тіл дәуірін”, “келте сөз дәуірін”, “күрделі сөз дәуірін” бастан кешіріп, қазіргі дербес тілдер деңгейіне жетті. “Ым тіл дәуірінің” басты сипаты бұл тілде сөйлескен адамдардың өзара қарым-қатынасында қазіргі бір, екі буынды түбір сөздердің, яғни алғашқы сөздік қордың болмауымен айқындалады. Тек “V”, “CV” тұлғасында дыбыстау арқылы, оған бас изеу, қол бұлғау секілді дене қозғалысын сәйкестендіру негізінде түсініскен. “V”, “CV” тұлғасындағы тіл дыбысының саны 140-тай деп көрсетеді ғалым. Бұл екі түрлі тіл дыбысы Орал-Алтай тілдерінде қазірге дейін сөз басында сақталған, оларды “түбір морфема” деп атап, Орал-Алтай тілдерінің “алғашқы ортақ түбір элементі” деуге болады. “Келте сөз дәуірінде” бір, екі буынды түбір сөздер туындап, алғашқы сөздік қор жасалды. Мұндай сөздер жұрнақ-жалғаусыз, келте сөйлем түрінде қолданылды. “Күрделі сөз дәуірі” – Орал-Алтай тілдерінің дербес тілдерге толық жіктеліп, “бір-бірінен алыстаған дәуір” ретінде тұжырымдалады. Орал-Алтай тілдерінің туыстығы әлі де зерттей түсуді қажет етеді. ## Дереккөздер
Пілтан Мамыров (1929, Сарыағаш ауданы Қызыл әскер кеңшары – 2000) – Социалистік Еңбек Ері (1948). 1954 жылы Алматы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1946 жылы Қызыл әскер кеңшарында мақташылар звеносын басқарды. 1955–64 жылдары осы кеңшарда, Ғ.Мұратбаев атындағы мақта кеңшарының бөлімшесінде аға агроном, 1966 жылдан аға агроном-энтомолог болды. Мақтадан жоғары өнім алды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылы 28 наурыздағы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. ## Сілтемелер
Диқан баба — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 19 ғасырдың 2-жартысында қаланып, Фронтовое деп аталған. 20 ғасырдың 50-жылдарында Социализм, Калинин ұжымшарлары ұйымдастырылып, 1958 жылы олар «Красный восток» мақта ұжымшарына бірігеді. 2001 жылдан Социализм, Калинин ауылдары біріктіріліп қазір Диқан баба аталады. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Дмитрий Степанович Ковешников (26.10.1918, Ресей, Орынбор облысы, Матвеев ауданы, Емельяновка селосы - 17.12.1998, Мәскеу қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, генерал-лейтенант. Балалық шағы, еңбек жолы Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Көлбастау (Евгеньевка) ауылында өтті. Ұлы Отан соғысы жылдары 1339-атқыштар полкінде штаб бастығы, майор қызметтерін атқарды. Новороссийск қаласын (Ресей, Краснодар өлкесі) азат ету үшін болған ұрыста ол өзінің талантты әрі тәжірибелі командир екенін көрсетті. Одан кейін Керчь түбегінде плацдарм алатын десанттық ірі операцияға қатысты. 1943 жылы 1 қарашаға қараған түні 1339-полктің 318-атқыштар дивизиясы құрамында Керчь бұғазынан өтіп, Эльтиген ауданында жауға тұтқиылдан шабуыл жасады. Жау бекініс бөгеттерінен өткен десантшылар маңызды биіктікті алып, плацдармда бекінді. 1 қарашада таң алдында жау десантшыларға қарсы танкімен күшейтілген 2 жаяу әскер дивизиясының бөлімдерін жіберді. Полк командирі десантшылардың 2-тобында қалғандықтан, Ковешников басшылықты өз қолына алды. Қырымғабарар бекіністі алу кезінде көрсеткен ерлігіне байланысты оған КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.11.1943). Соғыстан кейін Кеңес әскері катарында қызметін жалғастырған. Мәскеу Әскери академиясын бітірді (1952). 1978 жылы запасқа шыққан. Ленин, 2 рет Қызыл Ту, 3-дәрежелі Суворов, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз», 3-дәрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Биография * Памятник
Абдолла Мамытбаев (1914–1943) – ауыл шаруашылығының маманы. Бірінші сайланған Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1937). Бұрынғы Келес ауданындағы Ошақты МТС-інде директор болып қызмет атқарған. ## Дереккөздер
Айбек (шын аты-жөні — Мұса Ташмұхамедов; 10.1.1905, Ташкент, — 1.7.1968, сонда) — өзбек жазушысы, әдебиет зерттеуші, аудармашы, қоғам қайраткері. Өзбекстанның Халық жазушысы (1965 жылы), Өзбекстан Ғылым Академиясының академигі (1943). Ленинград халық шаруашық институтында оқыған (1927 — 29 жылдары), Орта Азия мемлекеттер университетін бітірген (1930 жылы). 1943 — 59 жылдары педагогикадық қызметпен шұғылданды. “Шарқ юлдузи”, “Өзбек тілі мен әдебиеті” журналының бас редакторы, Өзбекстан Ғылым Академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы болды. Тұңғыш өлеңдер жинағы “Сезім” 1926 жылы жарық көрді. “Киелі қан” (1940 жылы), “Науаи” (1945 жылы; КСРО Мемлекет сыйлығы, 1946 жылы), “Алтын алқаптың желі” (1950 жылы), “Күн сөнбейді” (1958 жылы), “Ұлы жол” (1967 жылы) романдары, “Жарық іздеу жолы” (1956 жылы), “Әлішердің балалық шағы” (1974 жылы) повестері жарияланды. “Жүрек сырнайы” (1929 жылы), “Поэмалар” (1949 жылы), “Күн туралы ән” (1965 жылы), “Отты жылдар” (1965 жылы), “Жүрек әні” (1966 жылы), “Науаи” (1968 жылы) т. б. поэзиялық жинақтары жарық көрді. Өзбек, қазақ халықтарының туысқандық ынтымағына арналған “Бақтығұл мен Сағындық” (1933 жылы) поэмасы бар. “Киелі қан”, “Науаи” романдары, “Балалық шақ” повесі қазақ тіліне аударылған. 2 рет Ленин орденімен марапатталған. ## Дереккөздер: Қазақ энциклопедиясы I том
Нарбота Әбдірахманұлы (т. ж. б. – 1798/99) – Қоқан билеушісі. Нарбота Әбдірахманұлы Ферғана ойпатында су каналдарын салдырып, егістік жердің көлемін арттырды. Қалаларды көркейтті, сауда-саттық пен кәсіпкерлікті дамытты. Орталық Азия мен Ресей арасында сауда қарым-қатынасының орнауына түрткі болды. 36 жыл билік құрды. Нарбота Әбдірахманұлының мұрагерлері Әлім мен Омардың тұсында қоқандықтар Оңтүстік Қазақстанға билік жүргізді. ## Дереккөздер
Нарбас қорымы – көне дәуір ескерткіші. Орталық Қазақстан облысы Қарқаралы ауданы Кен ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде, Қызылкеніш өзенінің сол жағалауында. Ә.Марғұлан, Л.Ф. Семенов зерттеген. Барлығы 40-қа жуық ескерткіштен тұрады. Сыртқы бейнесі бойынша орта қола кезеңіне жатуы мүмкін деп пайымдалатын диам. 3 – 9 м, биіктігі 0,2 – 0,5 м топырақ обалар, Беғазы-Дәндібай мәдениетінің тас жәшіктері, сондай-ақ ерте темір дәуірінің тас үйінділі, диаметрі 4 – 12 м, биіктігі 0,1 – 0,5 м обалары бар. Ескерткіштердің негізгі бөлігін үлкен тас тақталардан құралған, шаршы пішінді, аумағы 1-21,22,3 м болатын Беғазы-Дәндібай дәуірінің жәшіктері құрайды. Олардың кейбіреуінің айналасында тас қоршаулардың белгілері байқалады. 1953 жылы Қарағанды облысы тарихи-өлкетану музейінің экспедиция (жетек. Л.Ф. Семенов) 4 жәшікті зерттеген. Бір жәшіктен басын батысқа бағыттап жатқызған адам қаңқасы табылды. Заттай деректерден тарақ штамппен басылған оюлары бар қыш ыдыс үлгілері табылды. ## Сілтемелер * Қорымдар * Мәдениет * Қола дәуірі * Ботай ## Дереккөздер
Айбике (туған,өлген,жылдары белгісіз) — Абылай ханның жау тылындағы барлаушыларының басшысы. Қоластына бірнеше барлаушы ұстаған және ұзақ жылдар “қолға түскен тұтқын күң” түрінде хан ордасында күтуші болған. Зайыбы — белгілі Бұланбай батыр. Тарбағатай мен Алтайдағы, Емілдегі жаудың күшін және олардың орналасқан жері туралы Абылай хан, Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай бастаған қазақ елінің басшыларына құпия хабар жеткізіп тұрған. Айбике алғыр ойлы, ержүрек, қаз болған. Қалмақ тілін жетік білген. Тарбағатай мен Алтай тауы өңірінде, Зайсан, Марқакөл алабында күндіз де, түнде де, тұманды, боранды күндерде де адаспай жүре беретін “жер шолғыштығымен” аты шыққан. Жоңғар хандығы құлағаннан кейін 1757 — 58 жылы шамасында ата мекеніне оралған. ## Дереккөздер
Мелдекөл – Ырғыз алабындағы көл. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданының қиыр шығысында, Қарашоқат ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 80 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Жауын-шашынға байланысты күрделі пішінді көлдің ауданы 19,8 км2-ден 25,0 км2-ге ұлғаяды. Ұзындығы 14 км, ені 3 км. Су жиналатын алабы 2920 км2. Жағалауы шығанақтармен тілімделген. Көлдің солтүстік-батысы сортаңды. Суы тұзды. Көлге көктемде Жабысай өзені құяды. Солтүстігінде Соркөл көлі, солтүстік-батысында Тентексор соры жатыр. ## Дереккөздер
Гүлзада Рахманбердіқызы Ізбасарова (15.1.1946 ж. т., Қырғызстан Республикасы, Талас қ.) – денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы, медицина ғылымдарының кандидаты (2001), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1995). Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина универститеті) бітірген (1969). 1969 – 82 ж. 1-Алматы қалалық клиниккалық ауруханада хирург, анестезиология және реанимация бөлімінің дәрігері, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болды. 1982 жылдан ҚР Денсаулық сақтау минтсьрлігі 4-Бас басқармасының Орталық клиникалық ауруханасында бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарды. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – халыққа көрсетілетін медициналық жәрдемді ұйымдастыру. Ізбасарова тәжірибеде диагностика жасау мен емдеудің жаңа озық әдістерін ұсынды. Ізбасарованың тікелей басшылығымен диагностика жасау мен емдеудің жаңа әдістерінің медициналық және экономикалық тиімділігін анықтау жөнінде аналитикалық жұмыстар ұйымдастырылды. Ізбасароваға “Нарық жағдайында аса пайдалы жаңа технологияны жасау және енгізу негізінде медицигалық жәрдем көрсету жүйесін реформалаудың және жетілдірудің моделі” еңбектер топтамасы бойынша Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді (2005). “Құрмет” орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
ДӘРІБАЕВ Самал (22.4.1971 жылы туған, Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылы) – педагог, филология ғылымының кандидаты (2002). Қазақ ұлт¬тық университетінің филология факультетін бітірген (1993). Еңбек жолын Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты А.Қыраубаева атындағы гуманитарлық қазақ мәдениеті мектеп-лицейі¬нен бастайды. 1995 – 1998 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясында, Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, №162 қазақ орта мектебінде және ҚазҰПУ-де оқытушылық қызметтер атқарды. 1998 – 2002 ж. Алматы қаласындағы №167 мектептің директоры болып қызмет істеді. Қазір Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің кафедрасында қызмет етеді. «Қазақстан Республикасының жыл мұғалімі» байқауының бас жүлдегері, ҚР «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Асабай Мамытұлы Мамытов (1912 жыл, Отырар ауданы Шардара ауылы - 1993) – ғалым, заңгер, заң ғылымдарының докторы (1965), профессор (1972). Алматы Кеңес құрылысы институтын бітірген (1937). 1937–43 жылдары Алматы облысы сотының мүшесі, төрағасы, Алматы облысы партия комитетінің екінші хатшысы, 1943–45 жылдары Қазақ КСР прокуроры, 1945–56 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Соты төрағасының орынбасары болды. 1956 жылы ғылыми-педагогикалық жұмысқа жіберілді. 1956–70 жылдары Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің аға оқытушысы, доценті. 1970 жылдан кафедра меңгерушісі болған. «Советтік қылмыстық право», «Қылмысты іздестіру құқығы», т.б. оқулықтардың, 100-ден астам ғыл. еңбектердің авторы. ## Дереккөздер
Жаңаауыл — Түркістан облысы Жетісай ауданы, Жаңаауыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жетісай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км жерде. ## Халқы ## Тарихы 1951 жылы құрылған 22-партсъезд атындағы мақта ұжымшарының құрамында болып, 1989 жылға дейін "Тельман" аталып келді. Ұжымшар негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Ауылда орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, клуб, кітапхана, т.б. мекемелер жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Ізбасты (т.-ө. ж. б.) – би, Орта жүз қыпшақ ішіндегі қарабалық атасынан. Қыпшақта, оның ішінде қарабалық елінің жер дауы, барымтасы І. бисіз шешілмеген. І. алғыр әрі тапқыр би болған. І-ның жетпіс бес жасында әйелі қайтыс болып, Шолтай деген бидің жиырма жасар қызына қалың мал төлеп үйленеді. Сондағы 75 жастағы І. бимен 20 жастағы Көбе қыздың айтысы деген қызықты жырды осы кезге дейін ел аңыз қылып айтады, бірақ хатқа түспеген. ## Пайдаланылған cілтемелер
Жадыра Дәрібаева - 1948 жылы 4 қыркүйекте Қызылорда облысының Сырдария ауданы орталығында дүниеге келген. * 1964 жылы сондағы орыс мектебінің 8-сыныбын, * 1968 жылы Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы Қыздар педагогикалық училищесін бітірген. * Одан кейін бірер жыл Қызылорда қалалық комсомол комитетінде істеген. * 1968—1970 жылдары Қызылорда пединститутының филология факультетінде (сырттай), * 1970 — 1978 жылдары Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының көркем аударма бөлімінде оқыған. * 1978-1991 жылдары Мәскеудегі А.В.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтында (ГИТИС) қазақ актерлер бөлімінде дәріс берген. * 1982—1990 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында секретариат меңгерушісі, * 1991 — 1992]жылдары «Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі болған. Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған Мемлекеттік Әнұраны мәтіні авторларының бірі. 1996 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. ## Шығармалары * Гүлжайна. Өлеңдер. А., «Жалын», 1979; * Мейір. Өлеңдер. А., «Жалын», 1988; * Біздің жақтың ас пайы. Өлеңдер. 1998; * Қасиеттілік шырағы. Өлеңдер. А., «Балалар әдебиеті», 2007. ## Дереккөздер
Тофалар (өз атауы – то­фа, то­па, ты­фа, ка­ра­га­с) — Ресейдің Шығыс Сібірдегі байырғы түркі тілдес халқы.Қазан төңкерісіне дейінгі орыс жазба деректерінде карагас (қарақаз) деген атпен мәлім болған Тофалардың саны – бір мыңдай ғана адам. Шығу төркіні, тілі мен ұлттық салт-дәстүрі, мәдениеті жағынан Тофалар тува – төджиндерге жақын. Антропологиялық жағынан Тофалар моңғолоид нәсілінің солтүстік-шығыс тармағына жатады. ## Таралуы Отырықшы өмір салтына көшкеннен кейін Кеңес өкіметі орнаған 70 жыл ішінде тофалар араласып, қазіргі Иркутск облысының Нижнеудинск ауданы аумағындағы Алыгджер, Нерха және Жоғарғы Гутара ауылдарында тұрады.1920 жылдары Қарағас жергілікті кеңесі құрылып, 1934 жылы Тофалар Ұлттық кеңесі болып қайта құрылды. 1939 жылы тофалар ұлттық ауданы ұйымдастырылды, оның әкімшілік-мәдени орталығы Алыггер кенті болды. Аудан 1951 жылға дейін созылды, оның орнына РСФСР Иркутск облысының төменгі Вудин ауданына кірген екі ауылдық кеңес (Тофалар, оның ішінде Алыггер мен Нерху және жоғарғы Гутарский) құрылды. 1990 жылдары ауылдық кеңестер ауылдық әкімшіліктерге, ал 1999 жылы Нержа дербес ауыл әкімшілігіне айналды. Қазіргі уақытта Тофалар елді мекендерінде үш ауылдық әкімшілік бар: Тофалар (Алыгжер ауылы), Нерхин (Нерха ауылы) және Верхнегутар (Жоғарғы Гутара ауылы). ## Халқы Тофалар - Ресейдегі ең саны аз халық. 1851 жылы Ю.П.Штубендорф дерегі бойынша 543 адамды құрады. Ол сондай-ақ, бір кездері олардың саны әлдеқайда көп болып, бірнеше мың адамға жеткенін, бірақ олардың арасында өршіп тұрған шешектің кесірінен олардың саны айтарлықтай азайғанын мәлімдеді. Л.В.Мельникованың 1675-1930 жылдар аралығындағы мәліметтері халық санының тұрақтылығын көрсетеді – орташа есеппен 400-ге жуық адам болды. Тофалар санының көбеюі ХХ ғасырдың 50-жылдарынан байқала бастады. Осылайша, 1959 жылғы халық санағы олардың санын 586 адам, 1970 жылғы халық санағы – 763, 1979 жылғы – 763, 1989 жылғы – 731 және 2002 жылғы – 723 адам деп белгіледі. Тофалар санының өсу динамикасы келесідей: * 1979 жылы - 476 адам, * 1985 жылы - 596, * 1989 жылы - 636, * 1993 жылы - 649, * 1994 жылы - 620, * 1995 жылы - 697, * 1996 жылы – 633, * 1997 жылы – 631, * 1998 жылы – 731, * 2002 жылғы халық санағы бойынша 723 оның басым көпшілігі – 681 адам – ауыл тұрғындары, * 2010 жылы олардың саны 762 болған. ## Тілі Олар алтай тілдер отбасының түркі тобындағы тофалар тілінде сөйлейді. Қазіргі таңда тофалардың 55,5 пайызы орыс тілін ана тілі деп санайды. Тофалар тілінің әліпбиі мен жазуы 1989 ж. ғана қабылданды. Тофалар тіліндегі 9 дауысты дыбыс қысқа және созылыңқы түрінде дыбысталады. 30 дауыссыз дыбыс фонеманың да кейбір нұсқасы бар. Қосымша арнайы әріптеріне ө, ү, і, қ, ғ, ң, ї жатады. Лексикасында моңғол, орыс тілдерінің әсері мол. Орыс тілі кең тараған. Оқу-ағарту, іс қағаздары орыс тілінде жүргізіледі. Тофалар тілі тұрмыста ғана қолданылады. Тек 1990 жылдан Тофалар тілі бастауыш сыныпта қосымша пән ретінде оқытыла бастады. ## Діні Тофалар 18 – 19 ғасырларда Ресей өкіметі тарапынан зорлап шоқындырылған, православие дінін ұстанады. Дегенмен тофалардың бірқатары оған қосымша жергілікті наным-сенімді ұстанады. ## Тарихы Қарағаздардың (тофалар) шығу тегі туралы мәселе күрделі және әлі де ашық күйінде қалып отыр. Бұл Саяндарда және Оңтүстік Сібірдің іргелес аумағында көптеген ғасырлар бойы болған ұзақ этникалық процесс. XIII ғасырда моңғол топтары Саянға да еніп, олар жергілікті түркі тілдес ортаға тез сіңісіп кеткенімен, соған қарамастан жергілікті этностардың қалыптасуына әсер еткені сөзсіз. С.И. Вайнштейн мен Н.Бичурин, мысалы, қарағаздардың жалпы түркі тілі бар жеке этнос болып қалыптасуы тек XIX ғасырда ғана аяқталды деп есептеді.Қарағаздар 1757 жылдан кейін, Жоңғарияның құлауымен Туваны Қытайдың Маньчжур (Дайчин) әулеті жаулап алған соң, солтүстік-шығыс тувалық-тоджиндерден бөлініп шықты деген болжам бар. Одан кейін олардың едәуір бөлігі Ресей мемлекетінің территориясында, Шығыс Саян тауындағы көшпелілер лагерінде қалды, олар Қарағас деп аталды. Тувалық-тоджандықтар мен қарағастардың арасындағы отбасылық және ұзақ мерзімді мәдени-тарихи байланыс екі ғасырға жуық үзілді. 1914 жылы Никифор Владимирович Овчинников жинаған зерттеу деректеріне қарағанда, қарағаздар Енисей және Иркутск губернияларының отырықшы елді мекендерінің оңтүстігінде Кизир, Қазыр, Тұманшет, Тагулу өзендерінің бойында, Бирюса, Уда, Кан, Гутара, Ии, Зима және Ока өзені алабының сол жағында болған.20-ғасырдың басына қарай қарағаздар (тофалар) қазір өздері тұратын аумақты дерлік алып жатты. ## Кәсібі Тофалардың өмір салты көшпелі немесе жартылай көшпелі болды. Олар Шығыс Саян аумағы арқылы аңшылықпен және бұғы шаруашылығымен айналысты. Қыста бірнеше отбасы жазық далаға көшсе, жазда тауға көтерілді. Олар бұғы мүгіне бай жерді (бұғы жаюға) іздеді. Тамақ таусылғанша лагерь 2-3 апта бір жерде болды. Содан кейін олар жаңа жер іздеді. Бұғыларды тек мамыр айының басында болған төлдеу кезінде ғана қасында ұстады. Ұрғашылары төлдеген соң сауыла бастады. Жазда бұғышылар табындарын климаты қолайлы, азық-түліктері мол тауға апарып, қыста өзен аңғарларына түсетін. Тофалардың өмірінде аңшылықтың маңызы зор болды. Олар терісі бағалы аңдарды: тиін, бұлғын, түлкі, қарақұйрықты аулады. Қараторғай, қырмызы, кекілік те атылды. Аңшылықтың негізгі объектісі ірі жануарлар болды (аюлар, бұлан, елік, бұғы).Бағалы аңдарды аулау қыркүйекте басталып, қардың пайда болуымен аяқталды. Ол үшін олар шағын топтар (2-4 адам) құрып, бұғыларға мініп, олжа іздеген. Ірі аңдарды жыл бойы аулады. Сонымен қатар олар балық аулау және терушілікпен айналысқан. Әйелдер сарана, жабайы сарымсақ, жеуге жарамды тамырларды жинады. Олар қыста кептірілді. Сондай-ақ олар саңырауқұлақтарды, жидектер мен қарағай жаңғақтарын жинады. Қолөнерден - ұсталық өнер, ағаш өңдеу, мүйізге, қайың қабығына ою, теріні өңдеу, кесте тігу, зергерлік бұйымдар өндірісі дамыған. ## Өмір салты Рулық өмірдің кейбір ерекшеліктері сақталған, соның ішінде олардың саны жағынан ерекшеленетін сегіз рулық топтардың біріне жататындығы. ХХ ғасырдың басына дейін "нен" ұрпақтары туралы естелік сақталды, олардың мүшелері ортақ мифтік ата-бабадан шыққан. Рулармен қатар аталық тектес бір атадан тарайтын туысқан топтары білдіретін әке аттары болған. Соңғы онжылдықтарда ұлттық аралас отбасылар көптеп құрылуда. Отбасы шағын болды, өйткені үйленгеннен кейін ұлы жеке үйге бөлініп бөлек тұрған, оған ата мен келін арасындағы діни тыйымдар түрткі болып, бірге тұруда бірқатар қиындықтар туғызған. Тек қайын атасының әйелі қайтыс болса, ұлымен киіз үйге көшіп, келінімен бірге тұруға шешім қабылдады, өйткені тайгада әйелсіз шаруашылық жүргізу мүмкін емес.Отағасы ер адам болып саналды, ал үй мен отбасында бүкіл үй шаруашылығын әйел басқарды. Ол отты жағуға, су әкелуге, бұғыларға күтім жасап, киім тігіп, тамақ пісіруі керек еді. Тофалар өздерінің ауызекі дәстүрінде ән, ертегі, аңыз, мақал-мәтелдерді сақтап қалды. Алайда кеңестік кезеңдегі тофалардың ұлттық өмірін ұйымдастырудың әкімшілік формалары (отырықшы өмірге көшу, балаларды интернатта отбасынан және дәстүрлі шаруашылықтан бөлек тәрбиелеу, тофалар тілінде оқытуды тоқтату, т.б.) дәстүрлі мәдениет пен тұрмысты сақтау үшін жағымсыз салдарларға әкелді. Қазіргі уақытта жаңа билік діни сенім бостандығына жол беріп, шамандықтың қайта жандануына жол беріп отыр. Ескі нағыз бақсылар баяғыда өлген, жаңалары әлі жоқ. Көптеген дәстүрлі әдет-ғұрыптар мен әдет-ғұрыптар ұмытылып, олардың орнына орыстардың дәстүрлері келді, мысалы, үйлену және жерлеу рәсімдері. Отырықшы өмірге көшкенге дейін тофалардың негізгі баспанасы жазда қайың қабығының жолақтарымен жабылған, ал суық ауа райының басталуымен (көктемге дейін) бұланнан терісінен тігілген конустық шатыр (чум) болды. Отырықшы өмірге көшкеннен кейін ауылдарда ағаш үйлер салынды. Дәстүрлі тофалар киімдері (ерлер, әйелдер және балалар) айтарлықтай айырмашылықтарға ие болмады. Қысқы киімдері бұлан, маралдың терісінен жасалған. Ішінен түкпен тігілген тон дәстүрлі қысқы киім ретінде қызмет етті. Жазғы сырт киімнің ең көп тараған түрі киік терісінен немесе елік ровдугасынан тігілген халат болды. Әйелдердің қысқы бас киімі – бұғы терісінен тігілген, сыртқы жүні бар бас киім, жазда матадан тігілген шарф. Жазда көптеген ер адамдар матадан тігілген, төменгі жеңдері тарылтылған шекпен киді. Соңғы онжылдықтарда дәстүрлі киім біртіндеп қолданыстан шығып қалды. Олар негізінен жануарлардың – бұғы, бұлан, елік, мускус, сондай-ақ аю, қоян, тиін, аң құстарының пісірілген етін тұтынған. Бұғы сүтін қайнатып ішетін, көбіне шайға қосатын. Негізгі тағам ыстық сумен араластырылған қара бидай ұнынан жасалған шелпектер болды. ## Дереккөздер
Мамырқұс (лат. Actitis hypoleucos) – татреңтәрізділер отрядының балшықшылар тобына жататын құс. Оның қошқыл түзу тұмсығы, сұрғылт аяқтары өзге балшықшылардан қысқауылы. Құйрығы қара түсті. Жерде жүргенде құйрығын селтеңдетіп, басын төмен салып, ізет білдіргендей болып жүреді, сондықтан мамырқұс тобына жататын құстарды ізетшіл құстар деп атайды. Мамырқұстың дене тұрқы шағын, салмағы 40–50 г. Суқоймалар жағалауында, ылғалды-батпақты жерлерде кездеседі. Мамырқұс – жыл құсы. Көктемде мамыр айының алғашқы жартысында ұшып келетіндіктен, құстың аты мамырқұс аталған. Қоразы өзен жағалауына жақын жерден таяз шұңқыр қазады, оған мекиені жұмыртқалайды (сепкілді 4 жұмыртқа салады). Жұмыртқаны қоразы мен мекиені кезектесіп шайқап, 21–22 күнде балапан басып шығарады. Оңтүстік Қазақстан аймағында мамырқұстарды қазанның басында да кездестіруге болады. Негізгі қорегі – суда және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер мен солардың дернәсілдері. Мамырқұс суда жақсы жүзіп, сүңги алады. ## Дереккөздер
Қарағанды мемлекеттік шахта жобалау институты – ғылыми-зерттеу мекемесі. 1941 жылдан «Қарағандыкөмір» тресі жобалау бюросының «Қарағанды шахта жобалау» конторы, 1951 жылдан қазіргі атымен аталады. Институт Қарағанды, Екібастұз көмір бассейні кәсіпорындарының және Қазақ КСР-і мен Орта Азия республикаларындағы кен орындарының бас жобалаушысы болды. Жаңа көмір шахталары мен разрездердің кешенді жобаларын, жаңа кен қабаттарын аршып, әзірлеу жобаларын, көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының тапсырысы бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргізеді; жобаланатын нысандар үшін инженер-геолог іздестірулер мен топографиялық түсірулерді іске асырады, құрылыс барысын қадағалады. институттың жобалары бойынша Қарағанды, Павлодар, Астана облыстарында шахталар, разрездер, ірі өнеркәсіп орны, кеңшарлар, машина-трактор ст-лары салынды. Институт Қазақстанның, Орта Азияның көмір кәсіпорындарын жобалау жөнінде үлкен жұмыс көлемін, оның ішінде Төм. Іле, Шептікөл, Шұбаркөл кен орындарының жобаларын жасады. ## Дереккөздер
Мезгілсор – Есіл өзені бассейніндегі көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Бурабай ауданының жерімен ағады. Қызылағаш ауылынан солтүстікке қарай 15 км жерде, теңіз деңгейінен 220 м биіктікте орналасқан. ## Гидрографикасы Аумығы 6,1 км2, ұзындығы 3,3 км, ені 2,8 км, жағалау бойының ұзындығы 9,1 км. Жалпы су жиналатын алабы 113,0 км2. Түбі тегіс, лайлы тұнба түзілген. Суы 185 күндей мұз құсауында жатады. Қар және грунт суымен толығады. Суы тұзды. Мал суғару үшін пайдаланылады.
Дәріғұл Өмірқұлұлы (1908 жыл, Арал ауданы Құмбазар ауылы – 20.4.1956 жыл, Арал ауданы Құмбазар ауылы) – жырау. Ескіше хат танып, сауатын ашқан. Өнерге жасынан жақын ол домбыра тартып, қисса-дастандарды жаттап өскен. Рахметұлы Сұлтан мен Нұртуғанның шәкірті атанып, кейіннен ақынның туындылары «Мәулімнияз-Едіге», «Қобыланды», «Тағаймұрат» жырларын үйреніп, еркін жырлайтын жырау атанған. 1941 жылы жазықсыз сотталып, 14 жыл Ақтөбе, Магадан қалаларында айдауда болды. Сол жылдары * «Қошқарбайға» * «Жеткіншегім» * «Ауылының көрініп тұр қарасы», т.б. әндерін шығарған. ## Дереккөздер
Айғақ — қылмыстық немесе азаматтық істі дұрыс шешу үшін маңызды, заңды жолмен алынған мән-жайлар туралы нақты деректер. Айғақтар “тікелей” және “жанама” болып бөлінеді. Айғақтардың әр түрінің ерекшеліктерін ескере отырып, оларды жинаудың, анықтау мен тексерудің қағидалары заңмен белгіленген. Дәстүрлі сот билігінде: айғақ — маңызды іс жүргізу нышандарының бірі. Айғақ берушіні сот кез келген тараптан шақыра алады. Болған қылмыстық іс-әрекет туралы көрген-білген дерегін бұлжытпай айтып беру әрбір мұсылманның парызы саналған. Күштеу, мәжбүрлеу арқылы айғақ тартуға тыйым салынған. Жалған айғақ берушілер жазаланған. Мысалы, дәстүрлі сот билігі бойынша зинақорлық жасады деп айып тағылған кезде 4 куәгердің 3-еуі — шын, 4-іншісі өтірік айғақ болса, онда бәрі бірдей жазаланады. Басқа қылмыстық іс-әрекеттерді анықтауда екі айғақ беруші жеткілікті саналған. Тегі таза, өзі әділ, мінезі байсалды адамның берген айғағы, сондай-ақ естігенін айтушының емес, көзімен көрушінің айғағығы жоғары бағаланған. ## Дереккөздер: Қазақ энциклопедиясы I том
Ырсай Дилбарханова (1952 жылы 2 ақпанда туған, Шардара ауданы) – ғалым, биология ғылымының докторы (1998), профессор (2000). Қыздар педагогикалық институтын бітірген (1974). 1976 – 1990 ж. Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясында ғылыми қызметкер, 1990 – 1992 ж. Алматы мемлекеттік медициналық институтының биохимия кафедрасының меңгерушісі. 1992 – 1996 ж. Түркістан университетінің медицина факультетінің биохимия кафедрасының доценті, кафедра меңгерушісі. 1996 – 1998 ж. Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықараралық қазақ-түрік университетінің докторантурасында оқыды. 1999 жылдан бері халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау институтының медицина факультетінде теориялық пәндер кафедрасының меңгерушісі. 60-тан астам ғылыми еңбегі жарияланған. «Белоктар, белоктар биосинтезі, молекулалық генетиканың негіздері», «Ферменттер» оқулықтары шыққан. ## Дереккөздер
Әзизхан Маниязов (1898 жылы туған, Түркістан ауданы Ұранғай ауылы) – Социалистік Еңбек Ері (17.5.1951). 1927–38 жылдары Түркістан ауданында ұжымшарда мақта өсірушілер бригадасының бригадирі, 1938–65 жылдары көпжылдық шөп өсіретін шаруашылықтың звено жетекшісі болып істеді. 1965 жылы зейнет демалысына шықты. ## Сілтемелер
Наркескен – қылыштың бір түрі. Асыл металдан екі жүзді етіп жасалады. Сабын сүйектен немесе мүйізден әзірлеп, алтынмен немесе күміспен әшекейлейді, асыл тастар орнатады. ## Сілтемелер * Тарих * Сабын сүйек * Әшекелеу * Әрлеу * Сырлау ## Дереккөздер
Қарабидайық, Жангелді, Бидайық – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Бесшоқы, Жуанқоңыр тауларынан алып, Ақшатау кентінің батысында 10 км жерде тартылып қалады. ## Гидрологиясы Ұзындығы 80 км, су жиналатын алабы 1600 км2. Арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 0,20 – 0,30 м2/с. Жайылмасы – шабындық, суымен егін суғарылады. ## Дереккөздер
Аллаярбек Айдосов (5 мамыр 1937 ж. Түлкібас ауданы Жаныс-Қапал ауылы (қазіргі Шарафкент))– техника ғылым доктары (2003). Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін (1959), Өзбекстан Ғылым академиясы Механика институтының аспирантурасын (1962) бітірген. 1966 – 88 ж. қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетінде, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде, Қазақ ұлттық техникалық университетінде педагогтік қызметтер атқарды. 1989 – 99 ж. Қазақ КСР Табиғатты қорғау комитеті жанынан ашылған «Қазэкология» ғылым-өндірістік және ақпараттық орталығында бөлім меңгерушісі болып, Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнының экологиялық жағдайын, жалпы батыс өңірінің экологиялық жағдайын зерттеумен шұғылданды. 2000 жылдан Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясының қоршаған ортаны қорғау кафедрасының меңгерушісі. Ауа райын математикалық модель арқылы болжау туралы және ауа райының түріне байланысты зиянды заттардың таралуы жайында 10 монография, 200-ден астам ғылыми және әдістемелік мақала жазған. монографиялары:1. Теоретические основы прогнозирования природных процессов и экологической обстановки окружающей среды. Книга 3. Теоретические основы прогнозирования атмосферных процессов, экологической обстановки окружающей среды и построение геоэкологической карты на примере КНГКМ. - А., Қазақ университеті, 2000. (монография).–219 с. (в соавторстве).2. Модельная оценка экологической обстановки окружающей среды при аварийных ситуациях.- Алматы, 2010 (монография). – 414 с. (в соавторстве).3. Модели экологической обстановки окружающей среды при реальных атмосферных процессах. - Алматы, 2010 (монография). – 368 с. (в соавторстве). ## Сілтемелер
Бәкен Жаңабаев (1939 жылы туған, Сайрам ауданы) – ғалым, химиялық ғылымының докторы, – профессор(ы), ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі. Қазақ химиялық-технол. институтын бітірген. 1961 жылы аға лаборант, инженер, ҚР ҰҒА табиғи тұздар және мұнай химиясы институтының кіші ғыл. қызметкері, 1964 жылы Қазақ химия-технол. институтында ассистент, 1971 жылы аға оқытушы, 1972 жылы кафедра меңгерушісі, 1976 жылы зертхана меңгерушісі, 1980 жылы ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, 1989 жылы кафедра меңгерушісі болды. 1991 жылы Қ.А. Иасауи атынд. Халықар. қазақ-түрік ун-тінде ғыл. жұмыс жөніндегі проректор, 1993 ж. вице-президент, 1997 жылы Шымкент қ-ндағы химия-технол. ин-тында ректор кеңесшісі, химия кафедрасының меңгерушісі болып істеді. 135 еңбегі жарияланған, оның біреуі монография, бесеуі оқу құралы. «КСРО Жоғары мектебінің үздігі» белгісімен, Қазақ КСР және КСРО Жоғары оқу орны мин-нің дипломымен марапатталған. ## Сілтемелер
Айғыз – Абай облысы Аягөз ауданындағы өзен. Ұзындығы 81 км, су жинау алабының ауданы 865 км2. Көпжылдық орташа су шығыны 0,3 м3/сек. ## Бастауы Шыңғыстауындағы Ақшатау жотасының оңтүстігінде баурайынан басталып, Аягөз өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Өзен тік беткейлі, тар терең шатқалмен ағып, жазыққа шыққан соң ағысы баяуланады. Бұл тұста аңғарының ені 100-150 метрге кеңейеді. Айғыздың суы атмосфералық жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Көктемде тасиды, суы егін және мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Нарғызгүл , георгин (лат. Dahlia) – астралылар тұқымдасына жататын баданалы, көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Оңтүстік Америкада өсетін 15 түрі белгілі. Қазақстанда қолдан өсіріледі. Гүл шорығында будандастырылған (негізінен құбылмалы нарғызгүлден алынған) 8 мыңнан астам сорты пайдаланылады. Биіктігі 20 – 200 см-дей, тамыры жуан, түйнекті болады, сабағының іші қуыс. Қауырсынды жапырақтарының шеті тілімденген, олар сабаққа қарама-қарсы орналасады. Гүлдерінің түсі алуан түрлі, гүлшоғыры – себет (оның диам. 35 см-дей). Нарғызгүлдер – жарық пен жылу сүйгіш өсімдіктер, құнарлы топырақты қажет етеді. Нарғызгүлдерді тұқымынан өсіру, бадана ұяларын бөліп алу жолымен қалемшелерінен көбейтеді. Өсімдіктің гүлшоғыры ірі болу үшін отырғызар алдында 2 – 3 мықты өркенді қалдырып, әлсіз өркендерді кесіп тастайды. Қыста жақсы сақтау үшін баданаларын суық түскенге дейін қазып алады. Кептірілген баданаларды құрғақ, қараңғы қоймаларда (температурасы 4 – 5С) сақтайды. ## Өсімдік туралы Нарғызгүл – тамыртүйнекті, көпжылдық бақша өсімдігі. Отаны – Мексика және Колумбияның таулы аймақтары. Табиғатта нарғызгүлдің 24-ке жуық түрі болса, бүгінде гүлпаз мамандардың сұрыптауы нәтижесінде 15 мыңға жуық түрі қолданысқа енген. Нарғызгүлдің гүлі себет секілді, мол гүлдейтін өсімдік. Биіктігі 20-200 см аралығында болады. Түріне қарай бір түбі 10-25 данаға дейін гүл жарады. Тамыртүйнекті нарғызгүлдердің гүлдеу уақыты шілде айының соңынан бастап, күздің ортасына дейін жалғасады. Мол гүл жаруы үшін гүлдеп кеткен гүлдерінің басын қырқып отыру керек. Гүлдерінің көлемі үлкен, бойы биік болғандықтан, көбіне оны гүлзардың ортасына егеді. Нарғызгүлді қырқып алып, суға салып қойса, оншақты күнге дейін өңін жоғалтпайды. Осы ерекшелігіне орай оны гүлдестелер жасауға қолданады. ## Күтімі Кез-келген түрі ашық күн астында өскенді ұнатады. Тамыртүйнегі қысқы суыққа шыдамайтындықтан, қыркүйек айының соңына таман қазып алып, қағазға орап, жертөледе сақтайды. Сәуір айының екінші жартысында тұрақты орнына егіп, күтім жасау қажет. Биік түрлерінің сабағын байластырып қоймаса үлкен гүлінің салмағына шыдамай майысып немесе сынып кетуі мүмкін. ## Көбейтілуі Тамыртүйнегін бөлу арқылы көбейту ең оңай жолы болып табылады. Жас сабақтарын қалемшелеу және тұқымы арқылы да көбейтуге болады. Нарғызгүл – тамыртүйнекті, көпжылдық бақша өсімдігі. Отаны – Мексика, Колумбия.Табиғатта 24 түрі кездессе, гүлзарларда 15-ға жуық түрі қолданыста. Бойының биіктігі20-250см. Гүлдеу уақыты шілде айының соңынан күздің ортасына дейін жалғасады.Мол гүл жару үшін гүлдеп кеткен гүлдерінің басын қырқып отыру керек. Нарғызгүлдің гүлсидамын қырқып алып суға салып қойсаоншақты күнге дейін өңін жоғалтпайды. Сондықтанда оны гүлкестелер жасауға қолданылады. Кез келген түрі ашық күн астында өскенді ұнатады. Тамыртүйнегіқысқы суыққа шыдамайтындықтан қыркүйекайының соңына таман қазып алады.Тамыртүйнегін бөлу, жас сабақтарын қалемшелеу және тұқымы арқылы көбейтеді. ## Нарғызгүл туралы тақпақ Маусымда жарғанмен гүлдерін, Ол бірден керемет болмайды. Жетіліп, көбейіп күнбе-күн, Күз түсе құлпырып, жайнайды. ## Сілтемелер * Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы. ## Дереккөздер "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
Тохалар, тоқарлар (грекше және араб жазбаларында – тохар, үндіше – тукхара, қытайда – ту-ху-ло, тибет жазбаларында – тхогар) – 1) б.з.д. 2 ғ. – б.з. 1-мыңжылдықтағы Орта Азиядағы Бактрияның тұрғын халқы. Бұлардың есімімен б.з. 1-мыңжылдықта Бактрия Тохарстан аталған (13 ғ-ға дейін). Тохалар кейбір Шығыс Иран тайпаларымен бірге б.з.б. 140 – 129 ж. Грек-Бактрия патшалығын құлатып, бес аймаққа (тайпаға немесе иеліктерге) бөлініп тұрды. Б.з.б. 1 ғ-дың соңында Тохалар сол аймақтың бірінің көсемі Кушанның басшылығымен Кушан патшалығын құрды. Сол кезден бастап Тохалар иран тобы тілінде (Шығыс ирандық) сөйлеп, грек әліпбиін пайдаланған. Тохалар тілі б.з. 1-мыңжылдықтың соңына дейін сақталған. Кейбір ғалымдардың зерттеулерінде Тохалар Орта Азия тәжіктерінің түп атасы. Олар Орталық Азияның солтүстік-шығысынан Бактрияға қоныс аударған. Бірақ көптеген ғалымдар Тохалар мен юсчжаларды бір тайпа санап, оларды ғұндар Шығыс Түркістаннан Орта Азияға (б.з.д. 165 – 140 ж. ш.) ығыстырған деген пікірде. Кейде ғалымдар юечжаларды тохалардың арғы тегі санап, олар Орта Азияға келген соң иран тілін үйренді деген тұжырым жасайды. Тохалар – юсчжалар массагеттердің тармағы болуы да мүмкін. 2) «Тохар» тілінде сөйлеген халықтың тұспал атауы. Бұл халықтың өмір сүруі жайлы дерек Шығыс Түркістаннан 19 ғасырдың соңы – 20 ғасырдың басында табылған 6–7 ғасырларда жазылған будда жазбасындағы деректен анықталып отыр. Т. әуелде (б.з.д. 3–2 ғ.) Шығыс Еуропада Қара Тохалар жағалауында өмір сүрген болу керек. Б.з. 1-мыңжылдықта Орталық Азияға қоныстанған. Алайда бұл қоныс аударудың дәл мерзімі анықталған жоқ. ## Дереккөздер
ДӘУЛЕТБАЕВ Көшербай (10.3.1948 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет ауылы) – мал шаруашылығының маманы, мал дәрігерлік кеден қызметінің генерал-лейтененті. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (1998). Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің Кұрметті профессоры (2014), Әлеуметтік ғылымдар академиясының Құрметті академигі. Қазалы ауыл шаруашылық техникумын (1969), Алматы зоотехникалық – малдәрігерлік институтын (ҚазҰАУ) бітірген (1975). 1975 – 1982 ж. Алматы қаласының аудандық атқару комитетінде инспектор, 1982 – 1985 ж. Алматы қалалық ветеренария станциясының бастығы - Алматы қаласының ветеринарлық-санитарлық Бас дәрігері, 1985 – 1991 ж. Алматы қалалық атқару комитетінде ветеринария бөлімінің меңгерушісі, 1991-1992 жылдары Қазақ ССР Қаржы министрлігінің Қызметтік ғимараттарды эксплуатациялау және шаруашылық қызмет көрсету басқармасының бастығы болды. 1992 – 1999 ж. ҚР Шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринарды бақылау бас басқармасының бастығы, 1999 – 2000 ж. ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің ветеринарды бақылау комитетінің төрағасының орынбасары болып істеді. 2000 - 2010 жылдары Қазақстан Республикасының Президент Аппараты мен Министрлері кабинетінің «ПЭО» «ХОЗУ» ЖАҚ-ның баспахана директоры, сауда базасының бастығы, кеңесші қізметін атқарып зейнеткерлікке шықты. Шығ.: "Государственный ветеринарный надзор на границе и транспорте Республики Казахстан", Алматы, 1997. "Ұрпағың ұялтпасын", Алматы, 2004. Үлгі:КНЭ ## Литература * Үлгі:Из КНЭ
Ізғұтты Мұхамеджанұлы (1830, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарғыба өзеннің бойы – 1887, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Ақшоқы қыстағы) – батыр, ел билеушісі. Абайдың әкесі Құнанбайдың асырап алған інісі. Шын аты – Бақтыбай. Найман ішінде Қаракерейдің мұрын руының Тоқабай тармағынан. Құнанбайдың туған қарындасы Тайбала осы Тоқабай ішіндегі Нұран деген байдың баласы Мұхамеджанға (Сақау) ұзатылған. Бірнеше жылдан кейін апасын іздеп барған Құнанбайға Тайбаладан туған он жасар шамасындағы жиені Бақтыбайды аманат ретінде береді. Бақтыбай Шыңғыстауға барған жылы жазда Абай туып, соған байланысты Құнанбай Бақтыбайдың есімін Ізғұтты деп өзгертеді, арнайы той жасап, өзіне әрі бала, әрі өкіл іні етеді. Ізғұтты жастайынан батыр тұлғалы, ақылды, жұрт қамқоры болып өседі, ел билігіне араласып, үлкен беделге ие болады. 1875 жылы Құнанбай Меккеге қажылық парызын өтеу үшін Ізғұттыны бірге ертіп барған. Осы сапарда Ізғұтты Құнанбайдың ең сенімді серігі ретінде танылып, “Кіші қажы” атағын алып қайтты. Құнанбай Меккеде бірнеше ай бөгеліп, Тәкие (қонақ үй) салдырған кезде көп көмек көрсетеді. Денесі Ақшоқыдағы Құнанбай зиратына жерленген. М.Әуезовтің “Абай жолы” роман-эпопеясында І. негізгі кейіпкерлердің бірі ретінде суреттеледі. ## Дереккөздер
«Азалы кітап – книга скорби» – 20 ғасырдағы жаппай жазалау жылдары саяси айыппен атылғандар тізімі жарияланған кітаптардың жалпы атауы. Қазақстанның «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік к-тінің мәліметтері негізінде Алматыда жүйелеп шығарып келеді. 1996 жылы бірінші жинақ шықты. Онда Жамбыл облысында туып-өскен репрессия құрбандары Д.Әділов, Қ.Сарымолдаев, Ахмедия Сарымолдаев (1901 – 15.11.1937), т.б. жайында деректер бар. 1998 жылы басылымның екінші кітабы жарық көрді. Оның тұтас бір бөлімі Жамбыл облысына арналған. «Атылғандар тізімі. 1930 – 1950 жылы саяси репрессиялар құрбандары. «Жамбыл облысы» деп аталатын бұл бөлімде 950 боздақтың аты-жөні тіркелген. Ішінде белгілі алаш қайраткері Әбубәкір Алдияров та бар. Мирзоян (Тараз) қаласында т.ж. ауруханасының бас дәрігері болып істеп жүргенінде ұсталып, 1938 жылы 27 қаңтарда ату жазасына кесілген. 1930 жылы 15 наурызда Жуалы ауданы тұтынушылар одағының күзетшісі Степан Сероус атуға кесіліпті, Талас ауданының жеке шаруалары Қарақожа Ханқожаев, Махамбет Керімбаев, Әбди, Жарықбас, Нәдірбай Сатыбалдиевтер мен Әлімжан Базаров 1930 жылы 8 сәуірде атылған. Сол жылғы 25 мамырда Сарысу, Мойынқұм аудандарынан 25 адамға атылсын деген үкім шығарылған. Ішінде әйгілі әнші, композитор Сапалай Исатаев (1891 – 25.5. 1930) бар. Онымен бір күнде Сарысу ауданынан Әділбек, Карл Әбезов, Қиянбек Әділбеков, Сағынай Байқадамов, Шуан Жанбеков, Байдулла Жанділбаев, Алтынбек Жақсынбаев, Сүлеймен Жақыпов, Манап Исабеков, Құсайын Тұржанов, Бұлқындық Есжанов, Жантөре Иманов, Мұстафа Қарғашев, Аманжол Күйеков, Дәуітәлі Құшбанов, Елебай, Өксікбай Наурызбаевтар, Қуаныш Несіпбаев, Сарбас Танеев, Жалабас Тұржанов, Алтынқожа Өтеповтер, ал Мойынқұм ауданынан Құрман Шараев, Болысбек Балқыбеков, Омар Дулатов атылды. 1930 жылы 30 желтоқсанда Меркі ауданында тұратын байырғы мұғалім, алаш қайраткері, Д.Фурмановтың «Бүліншілігінде» дұшпан ретінде суреттелген Қарабай Әділбеков ату жазасына кесілді. Жазаның жоғары түрі онымен бірге Сарысу ауданының әкелі-балалы шаруалары Жаңабеков Бекмолда мен Бекмолдаев Шалтайға берілген. Саяси қуғынға ұшыратылғандардың негізгі бөлігі 1937 және 1938 жылдары ату жазасына кесілген. Кітапта келтірілген толық емес деректерге қарағанда Жамбыл облысында 1937 жылы 300-ге жуық адам, 1938 жылы 530 адам атылған. Ату жазасына кесілгендердің ішінде БК(б)П Мирзоян аупарткомының хатшысы С.Баймаханов, мәдениет және насихат бөлімінің меңгерушісі Н.Ақшабаев, ауданы халық ағарту бөлімінің меңгерушісі С.Айтқожин, Красногор ауданы халық ағарту бөлімінің басшысы Ж.Нұрымбетов, Шу балалар үйінің директоры Х.Күдербеков, мұғалімдер С.Бейсенов, Д.Жантүгелов, Красногор ауданы атқару к-тінің төрағасы Д.Кеженов, Сарысу ауаткомының төрағасы Қ.Тәжібаев, осы ауданының прокуроры М.Елеусінов, Талас ауданы прокуроры Т.Мұсаев, Сарысу ауданы денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі К.Исабеков, молдалар С.Сыдықов, И.Молдияров, Қ.Тұрсынқожаев, т.б. азаматтар болды. ## Дереккөздер: Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
Самса (қыр. самса, өзб. somsa) — ет қосылып, ұннан пісірілетін тағам. Тандырға піскен самса, қаусырма Самса, өкпе-бауыр қосып пісірген Самса сияқты түрлері бар. Тандыр Самсаны әзірлеу үшін ұннан тығыз етіп қамыр илейді. Оған тиісінше майдалап туралған қой еті, сарымсақ, қара бұрыш, тұз, құйрық май қосады. Осыларды дөңгелек күлше қылып қамырға орап, бір бетіне суық су бүркеді де тандырдың ыстық бүйіріне жапсырады. Піскен Самсаны тандырдан алысымен бетіне май жағады. ## Самса тарихы Бұрын самсаның ішіне алдын ала құырылған ет салып даярлайтын. Қазір ұсақ туралған етке күріш, картоп та қосып пісіреді. Самса пісіру үшін ашымаған немесе ашыған қамырды бетіне ұн себілгентабадан алып, үстін астына қаратып, төңкеріп жабады. Бәтірді де қарыма сияқты ыстықтай сары май қосып жегенде, өте жұғымды. Аты парсы тіліне سنبوساگ sanbosag жоғары шығады. Әр түрлі тілдердегі атаулардың нұсқалары: ирандық سمبوسه немесе парсы: سنبوسه‎ sanbusé, ағылшын samosa (səˈmoʊsə) немесе samoosa, шығ.-пандж. ਸਮੋਸਾ, smosa, хинди समोसा, урду: Үлгі:Nastaliq‎, араб.: سمبوسك‎ sambūsak немесе sambusaj, баңлаша সিঙাড়া , ассамдық sing-ra, Үлгі:Lang-or, ивр. סמבוסק‎ sambusak, гудж. સુમૉસ‌ sumosa, каннада ಸಮೋಸಾ samosa, Үлгі:Lang-ml, маратхи सामोसा, там. சமோசா, Үлгі:Lang-te, урду: سموسه‎, қыр. самса sɑmsɑ́;, өзб. 'somsa' sɒmsa, ұйғ. سامسا sɑmsɑ́, самса, түр. samsa böreği, түрікм. somsa, Үлгі:Lang-so, тәж. самбӯса, непал. समोसा, бирм. စမူဆာ sʰəmùzà, мальгаштық [sam͡bosḁ], португалдық chamuça. ## Галерея * * * * * * ## Дереккөздер
Айғыз — Абай облысының Аягөз ауданындағы ауыл, Айғыз ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аягөз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 74 км-дей жерде, Аягөздің саласы Айғыз өзенінің маңында, Аягөз-Баршатас көлік жолының қиылысқан тұсында, шөлейт зонада орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1928 жылы қаланды. 1961 жылдан Калинин атындағы қой кеңшарының орталығы болған. Кейін оның негізінде шаруа (фермер) қожалықтары құрылды. Айғызда машина-трактор жөндеу шеберханасы, аурухана, орта мектеп бар. ## Дереккөздер
Әли әл-Исфиджаби - (туған, өлген жылдары белгісіз) — Оңтүстік Қазақстандағы көне Сайрам (Исфиджаб) қаласында туған оқымысты. Әли-Әл-Исфиджаби туралы мәлімет өте аз. Толық аты-жөні Әли Ибн Мухаммад әл-Исфиджаби. Мухаммад — әкесінің аты. Іли бин Мұхаммед әл-Исфиджаби жайлы дерек ХІІ ғасырда өмір сүрген Орта Азиялық - Әбу Омардың (1190 ж.қ.б.)«Фатауа әл-Уаттабина» («Уаттабидің бәтуасы») деген еңбегінде бар.Мұсылман діні ғылымының (фиһқ) қыр-сырын егжей-тегжейлі баяндайтын бұл еңбекте автор осы сала бойынша өзіне дейін жазылған, өзі үйреніп үлгі тұтқан зиялылардың бірқатарын атап кетіпті. Солардың арасында Сайрамнан шыққан Әли бин Мұхаммед Әл-Исфиджабидің де есімін кездеседі. Соған қарағанда сайрамдық оқымысты да әл-Уаттаби секілді мұсылман заңы білгірлерінің бірі болса керек. Бірақ, бір өкініштісі, әл-Уаттаби оның өмірі мен қызметі һәм шығармашылығы жайлы ештеңе де айтпаған. Жерлесіміздің мұрасы дін ғылымына қатысты болса оны біздіңше әлем кітапханаларының қолжазба қорларынан іздей берген жөн. Өйткені ұрпақтарына ол туралы айтылған немесе жазылған бір жол болса да аса қымбат. ## Дереккөздер
Самсы — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Самсы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 23 км жерде, Самсы өзені жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1930-1997 жылдары қой өсіретін “Қастек” кеңшарының бөлімшесі болды. Самсыда және округке қарасты Қопа, Тарғап ауылдарында ЖШС жұмыс істейді. Ауыл 1916 жылы Жетісу өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыстың орталығы болған. Қозғалыс Самсы көтерілісі (Ботбай көтерілісі) деген атпен белгілі. Самсының маңында Сәмен батырға ескерткіш орнатылған. ## Дереккөздер
Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов (16.1. 1956 жылы туған, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Амансай ауылы) – қоғам қайраткері. Жамбыл педагогика институтын (1977), Алматы халық ш. институтын (1986) бітірген. Қаңлы руынан шыққан. * 1977 – 78 жылы Жуалы ауданында мектеп мұғалімі * 1978 – 81 жылы Жуалы ауданы комсомол к-тінде нұсқаушы, бірінші хатшы * 1981 – 87 жылы Жамбыл облысы комсомол к-тінің хатшысы * 1987 – 88 жылы Мойынқұм ауданы партия к-тінің хатшысы * 1988 – 91 жылы Мойынқұм ауданы агроөнеркәсіп бірлестігінің жетекші маманы * 1991 – 92 жылы облысы агроөнеркәсіп кешенінің бөлім бастығы * 1992 – 93 жылы облыс әкімшіліктің сыртқы экономика байланыс бөлімінің бастығы, агроөнеркәсіп салаларын дамыту бөлімінің кеңесшісі * 1993 – 94 жылы «Тараз» сыртқы экономика ассоциациясы бас директорының орынбасары * 1994 – 97 жылы «Арнабол» ЖШС директоры * 1997 – 99 жылы облысы халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы қызметтерін атқарды * 1999 -2004 жылы Сарысу ауданының әкімі * 2004 жылдан кейін Жуалы ауданының әкімі, Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы, Жамбыл облыстық дін істері жөніндегі басқарманың басшысы. ## Дереккөздер
Айғыз Көшімбайқызы (1876 жылы, Шығыс Қазақстан облысы Аякөз аудандағы Сарыбұйрат ауылы — 1918 жылы, бұрынғы Сергиополь (қазіргі Мамырсу)) — Азамат соғысының қаһарманы. Серигиопольдегі (Аякөз) қазақ эскадронын қарусыздандыруға және қорғаныс күндері окопқа тамақ жеткізуге көмектесіп, жаралыларды емдейтін пункт ұйымдастырған. 1918 жылы 11 наурызда Уақытша үкіметтің жергілікті органын (приставты) құлатуға қатысты. С.Ғаббасовпен бірге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Колчак әскері қаланы уақытша басып алған кезде жау қолынан қаза тапты. ## Ол туралы Ол туралы «Голос Семиречья» газетінің 1919 ж. 8 тамызда жарық көрген санында былай делінген: «Сергиопольдегі қорғаныс күндері қазақ әйелі Айғыз окопқа шай, тамақ тасып, жараланғандарға көмек көрсеткен. Ол митингілерде сөйлеп, опасыздарды әшкереледі. Алашордашылар мен байлар оны жауға ұстап берген Айғыздыды казарма маңында жендеттер көп уақыт жәбірлейді. Оның мұрнын, құлағын, емшегін кесіп алып, көзін шұқып шығарған, қол- аяғын шауып тастаған». Айғыз қаһармандығы мен өмірі туралы алғаш қағазға түсіріп, көпке паш еткен – Қалмұқан Исабаев, Әуелі хабар жазылды, одан кейін мақала, одан кейін очерк, артынан роман жазады. «Айқыз» романы 1967 жылы «Жазушы» баспасынан, 1989 «Жалын» баспасынан жарық көреді. Аягөз қаласында көше, мектеп, Айғыз Көшкінбаеваның есімімен аталады. 2017 жылы ескерткіш орнатылған. ## Дереккөздер
ДӘУЛЕТҰЛЫ Абдолла (1.5. 1931 жылы туған, Шиелі ауданы, Бәйгеқұм кенті) – ұстаз, партия қызметкері. Қызылорда педогикалық институтының тарих факультетін бітірген (1952). 1952–1955 ж. Ташкентте Абай атындағы 28-қазақ орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, 1955–56 ж. Шиеліде орта мектепте мұғалім, Шиелі ауданы халық ағарту бөлімінде инспектор қызметін атқарған. 1957–1963 ж. Шиелі аупарткомында насихатшы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, 1963–1965 ж. облысы партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы, 1965–1966 жылы облыс саяси-ағарту үйі меңгерушісінің орынбасары, 1967–1978 ж. обкомның насихат және үгіт бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, 1979–1982 ж. партиялық ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1982–91 ж. облыс халықтық бақылау комитетінің төрағасы. «Өмір өрнектері» (2000), «Ыбырай тағылымдары» (2002), «Мәуелі әулет» (2003) атты естелік кітаптарын жазған. А.Тәжутовтың «Куманы, половцы, кипчаки, казахи», М. Аджидің «Кипчаки. История Великой степи и древних тюрков» атты тарихи кітаптарын аударған. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Қазақ халқының антропологиялық сипаттамасы - морфофизиология ерекшеліктеріне байланысты зерттеліп, анықталған мәліметтер жиынтығы. Қазақ халқының алғашқы антропологиялық сипаттамалары 18 ғасырда Қазақстан жерінде болған миссионерлер мен саяхатшылардың жазбаларында берілген. Бет-әлпет ерекшеліктеріне қатысты кездейсоқ физиологиялық анықтамаларға сүйеніп, кейбір батыс ғалымдары 19 ғасырдан бастап қазақтарды бірде еуропатектеске жатқызса, бірде моңғолтектестермен аралас (метистік) раса өкілдері деп сипаттаған. Тек 20 ғасырдың басындағы антропологиялық жүйелеуде қазақты аралас нәсіл деп атаған және оған тұрандық тип деген терминологиялық атау берген. Қазақтар арасында арнайы алғаш рет антропологиялық зерттеу жүргізген Ресей зоологы А.Н.Харузин. Автор сол кездегі зерттеу бағдарламасына сүйеніп, қазақты кавказдықтар мен моңғолтектестердің араласуынан пайда болған халық деп пайымдаған. Автордың пікірі бойынша бұл антропологиялық араласу Қазақстан жерінен тыс өңірде болған. Бұдан кейін қазақ халқының соматологиялық сипаттамасына арнайы анықтамалар берген А.И.Ярхо. Ол 1930 жылдың басында Алтай өңіріндегі 15-тен астам түркі халықтарын (арасында қазақтар да бар) арнайы зерттеп, оларға жаңа антропологиялық жүйелердің атауларын енгізді. Ол қазақтарды оңтүстік сібірлік, не болмаса алтайлық тип деп атаған. Қазақтарды кейбір зерттеушілер тұрантектес расаның негізгі өкілі деп тұжырымдайды. Қазір антропологиялық жүйелеуде мамандар тұрантектестер (оңтүстік сібірлік) өкілдерін үш топқа бөледі: алтайлық (өкілі хақастар), тяньшандық (өкілі қырғыздар) және қазақстандық (өкілі қазақтар). Алтай нұсқасының (хақастардың) физиологиялық анықтамасында моңғолтектестік белгілер басым. Бұған керісінше қазақстандық нұсқа (қазақтар) құрамында еуропатектестік құраушылары көбірек. Ал қырғыздар осы екі нұсқаның аралығынан орын алады. Алтайлықтардың арасында 90%-дан жоғары моңғолоидтік белгілер кезедессе, қырғыздарда 80-85%, ал қазақтардың арасында 50% моңғолоидтік белгілер бар. Өзбектерде 30-40%. Қазақ халқына осы тұрғыдан берілген нақтылы антропологиялық анықтамалар соңғы 35–40 жыл бойы қазақтар арасында кешенді жүргізілген антропологиялық зерттеулердің нәтижелерінен алынған. Қазақтардың негізгі морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін бірнеше топқа бөлуге болады. Соматологиялық сипаттамасы екі жүйеден тұрады. Олар бас пен бет әлпеттің құрылымдары (антропометрия мен антропоскопия) және дене құрылымының анықтамалары. Арнайы антропологиялық зерттеулер қазақтардың бойларының биіктігі орташа, дене тепе-теңдігі мезоморфтық, бас пішімі брахикефалия (жұмыр басты), маңдайы сәл кеңірек, беті жалпақ және мұрны биік, үстіңгі ернінің биіктігі орта деңгейде болып келетінін көрсетті. Бұл антропологиялық сипаттамалар бойынша қазақтарды аймақтар мен субэтникалық топтарға шартты жүйелеп, өзара салыстыратын болсақ, олардың ешбір статистикалық әдістемелер бойынша бір-бірінен ажыратылмайтындығы анықталады. Сондай-ақ қазақтардың тіс морфологиясының құрылымы жағынан да одонтологиялық сипаттамасы біркелкі. Еуразия аумағындағы түркі тектес халықтардың одонтологиясына байланысты зерттеулер қазақтарға ең жақын халық қырғыздар, содан кейін алтайлықтар мен ноғайлар екенін көрсетеді. Ал қолтаңбалық ерекшеліктер бойынша дерматоглификалық сипаттама қазақтар аралас тұрантектес расаның қазақстандық нұсқасына жататындығын айқындай түседі. Қазақстан антропологтарының қазақтар арасында қан жүйелері түріне жүргізген зерттеулеріне сәйкес, сан жағынан көп анықталған қан жүйелері қатарына ABO, MN және Rh топтары жатады. Қазақстанның кейбір аймақтарында өмір сүріп жатқан қазақтар арасында тұңғыш рет MNSs, Kell, Fy, Kіdd, P сияқты қан жүйелері мәлім болды. Зерттеу барысында көптеген қан жүйелерінің генотиптік топтау арқылы қазақтарды кешенді түрде еуразия тұрғындарымен салыстырғанда қазақтар арасында нақтылы ABO, MN, Rh қан жүйелерінің географиялық және субэтникалық таралу шарттары анықталды. Осының барлығы қазақ популяциясы аралас раса тобына жататындығынан туып отырған заңды құбылыс. Қазақтардың бас сүйегіне (краниологиясына) байланысты негізгі өлшемдері бойынша алынған сипаттамаларға қарағанда олардың басы жұмыр (брахикрания), төбесінің биіктігі орташа, бет сүйегі өте жалпақ, оның жазықтық кескіні орта деңгейде сүйір, көз ұяларының биіктігі мен кеңдігі орташа, ал мұрын сүйек бұрышы көтеріңкі болып келеді. Осы және бас сүйектің басқа да морфологиялық сипаттамалары бойынша қазақтар аралас тұрантектес раса өкілінің қатарына жатады әрі оның шеңберінде қазақстандық нұсқаны құрайды. Қазақ халқының төл тарихы қола дәуірден, яғни 4 мың жыл бұрын басталғаны аян. Жоғарыда келтірілген антропологиялық сипаттамалар қазақтардың тұрақты қалыптасқан морфофизиология ерекшелікке ие, этноантропологиялық бірлік пен тұтастыққа ие болған, сонымен қатар Еуразия кеңістігі халықтары арасында өзіне тән антропологиялық және этномәдени даму сатыларынан өткен дара өркениеті бар халық болғанын дәлелдейді. ## Дереккөздер
Мәт – Боқсық өзенінің оң саласы. ## Географиялық орны Ақмола облысы Бұланды ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Карамышевка ауылының шығысына қарай 3 км жерден бастау алады. Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 200 км жерде Боқсық өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 29 км. Жалпы ұзындығы 16 км болатын 7 ұсақ салалары бар. Суайрығының жер бедері көлбеулі аккумулятті-денудациялық жазық. Аңғары нашар байқалады, жайылмасы жоқ. Жазда қарасуларға бөлініп қалады. ## Өсімдігі Карбонатты қара топырағында қызыл қаулы-бетеге аралас әр түрлі шөптесін өсімдіктер өседі. Жақын жерлердегі шаруашылықтарды суғаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қарабура – Талас Алатауы жотасындағы асу. ## Географиялық орны Қырғызстан жерінде орналасқан. ## Жер бедері Биіктігі 3415 м. Жотаның солтүстігіндегі Талас өзенінің саласы Қарабура бастауынан, оңтүстік беткейіндегі Шатқал өзенінің саласы Қарақаспақ бастауына соқпақ жол асады. Туристердің Батыс Тәңір тауындағы маршруттарының көбі осы асу арқылы өтеді. ## Дереккөздер
Нарқайсарлар тұқымдасы (лат. Verbenaceae) – еріндігүлділер қатарына жататын ағаш, жартылай бұта, кейде шөптесін өсімдіктер. Дүние жүзінде 100-ден аса туысы, 3 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның оңтүстігі мен батысындағы орманды және далалы аймақтарда ылғалды жерлерде өсетін 1 туысы (нарқайсар), 2 түрі бар. Жиі кездесетіні – дәрілік нарқайсар (V. offіcіnalіs). Оның биікт. 30 – 70 см. Сабағы тік, жапырақтары қарама-қарсы шоқтана орналасқан. Аталығы 4 (5), аналығы бір кейде екі жеміс жапырақшасынан тұрады. Ұсақ көгілдір, ақшыл көк түсті гүлдері ұзынша, жіңішке масақ гүлшоғырына топталып өседі. Мамыр –маусым айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – жаңғақша. Құрамында улы вербеналин, сондай-ақ аденозин және алкалоидтар, дәнінде глюкозид бар. Халық медицинасында безгек, бас ауруларын емдеуге пайдаланады. Қияр тұздағанда тамырын ерекше дәм беру үшін қолданады. ## Дереккөздер
Прокофий Васильевич Какурин (1911, Жамбыл облысы Георгиевка ауданы Георгиевка а. – 1957,Леңгір ауданы) – Социалистік Еңбек Ері (28.3.1948). 1937 – 1939 жылдары «Вольная степь» ұжымшар басқармасының төрағасы, 1939 – 1957 жылдары Леңгір МТС-ның директоры қызметтерін атқарды. ## Сілтемелер
Төбе – археологияда ежелгі қоныстар мен ортағасырлық қалалардың, елді мекендердің орындарында қалыптасқан жасанды биіктік. Басқаша айтқанда адам тіршілігінің әсерінен қалыптасқан мәдени қабаттар үйіндісі. Ондай төбелер үйлердің жарамсыз бөлігін бұзып, орнын тегістеп, үстіне жаңа үй тұрғызудың бірнеше дүркін қайталануы барысында қалыптасқан. Сыртқы пішіні мен өзіндік ерекшеліктеріне қарай жергілікті жұрт төбелерге әр түрлі ат беруі мүмкін. Қазіргі елді мекендерге жақын маңнан жиі кездесетін Ақтөбе, Қаратөбе, Алтынтөбе, Күлтөбе, Төрткүлтөбе, Жуантөбе деп келетін көптеген төбелер бір кездегі мекендердің орындары. Олардың биіктігі ол жерді адам баласы қанша уақыт мекен еткеніне қарай 1 м-ден 20 м-ге дейін болып келеді. Мысалы, Отырартөбенің биіктігі 18 м-ден астам. Осындай төбелердің көпшілігі жазба деректерден аттары таныс қалалардың қираған орындары екендігі анықталған. Мысалы, Иасы қаласының орны – Күлтөбе, Қарашық қаласының орны – Төрткүлтөбе, ежелгі Сауранның орны – Қаратөбе екендігі анықталған. Ел ішінде жерлеу ескерткіштерін де төбе деп атау жиі кездеседі. Мысалы, Жетітөбе, Мыңтөбе, Бестөбе, т.б. Мұндай Төбелер сақ, үйсін, түркі дәуірлерінің қорымдары болады. Бұл Төбелер археол. ескерткіш ретінде сақталып, әлі қазба жұмыстары жүргізілмеген төбелерді тегістеуге, оның үстінен жол жасауға мемлекет тарапынан тыйым салынған. ## Дереккөздер
Әмірсейіт Әлиев (1930 жылы туған, Бәйдібек ауданында) – журналист.Ысты руынан шыққан. ҚазМУ-ды бітірген (1951). «Оңтүстік Қазақстан» газетінде тілші, кейіннен бөлім меңгерушісі болып бастады. 1955 жылдан облыстық партия комитетінде баспасөз жөніндегі нұсқаушы, КОКП ОК жанындағы жоғарғы партия мектебін бітіріп, Оңтүстік Қазақстан өлкелік партия комитеті лекторлар тобының жетекшісі, идеология бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 1964 жылдан өлкелік радио хабарларын тарату басқармасының бастығы. 1970 жылдан «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакторы болып тағайындалып, 1992 жылға дейін 22 жыл үздіксіз қызмет атқарып, зейнетке шыққан. ## Сілтеме
Манкент — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Манкент ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан шығысқа қарай 1 км жерде, Ақсу өзенінің оң жағалауында. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдары Түркістан-Сібір темір жолын салуға байланысты қаланды. 1958–96 жылы сүт өндіретін «Манкент» ұжымшарының орталығы болған. Оның негізінде Маркентте «Манкент ауылмаш» АҚ, 4 ЖШС және 3 ӨК, бірнеше жүз шаруа қожалықтары құрылды. Манкентте 8–12 ғасырларда Шахар, Төрткүлтөбе, Үшқорған деген тарихи жерлер болған. ## Дереккөздер
Айдарлы бозторғай (лат. Galerida cristata) – бозторғай тұқымдасына жататын, салмағы 45 – 55 грамм құс. Басқа торғайлардан айырмашылығының бірі – төбесінде айдары болады. Оның арқасы сұрғылт сары, бауыры ақшыл, жемсауы тарғыл. Ол далалық және шөл аймақтарды мекендейді. Қазақстанда Маңғыстау, Арал теңізінің солтүстік, Сырдария мен Шу бойы, Жетісу, т.б. жерлерде кездеседі. Біздің республикамызда ол – тұрғылықты құс. Бірақ жазда солт. аудандарды мекендейтіндері қысқа қарай оңт-ке ауады. Айдарлы бозторғай ел қоныстарын, жол бойын және жайылымдар мен құдықтар маңын мекендеп, өсімдігі сирек жерлерге ұялайды, 5 – 6 жұмыртқа салады. ## Дереккөздер
Сәтбай Жаңабаев (1944 жылы туған, Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылы) – белгілі шопан. 1959 – 63 жылы шаруашылықта шопан болды. 1963 – 66 жылдары Польша жерінде әскери борышын өтеді. 1966 жылдан туған ауылында шопан болып еңбек етуде. 1966 – 71 жылдары әр 100 саулықтан 130 – 140-тан төл алса, 1986 ж. 186-ға дейін төл алды. 1979 жылы аудан, 1987 жылы облыс Кеңестің депутаты болып сайланды. Бірінші және екінші дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен (1976 – 82) марапатталған. Қазақ КСР мемлекеттік сыйлық лауреаты. ## Сілтемелер
Манкент – шипалы сумен емдейтін климатологиялық санаторий. Сайрам ауданында Манкент темір жол станциясынан 6 км жерде. Теңіз деңгейінен 606 м биіктікте орналасқан. Санаторий құрылысы 1923 жылы басталып, 1926 жылы пайдалануға (1 ғимарат, 20 палата, 2 зал) берілген. Қазіргі таңда санаторийдің 10 тұрғын ғимараты мен 10 жазғы уақытта пайдаланылатын кешені бар. Санаторий жыл бойы қызмет көрсетеді, бір мерзімде 500 адам қабылдай алады. Мұндағы сульфатты хлорлы натрий аралас жылы су (39,5С) ас қорыту, жүйке жүйесі, сүйек-бұлшық ет жүйесі және гинекологиялық ауруларды емдеу үшін пайдаланылады. ## Дереккөздер
Шыршалы орман, шыршалы тоғай – шырша өсетін мәңгі жасыл қылқан жапырақты орман алқабы. Шыршалы орманда биіктігі 40 – 45 м, диаметрі 1,5 – 2 м-дей болатын шыршалар кездеседі. Шыршалы орман ылғалы мол, қоңыр салқын белдеуде өседі. Терістік белдеулерде орман түзуші негізгі ағаш – шырша. Жер шарында шыршаның 40-қа жуық, ал ТМД елдерінде 8 түрі белгілі. Шыршалы ормандар Жоңғар мен Іле Алатауларында, Талас шатқалында, Ферғана жоталарында және Тянь-Шань тауларының (Тянь-Шань шыршасы) биіктігі орташа белдеулерінде тұтас тараған. Қазақстанның таулы беткейлерінде шыршалы орман көбінесе аз көлемде және жеке күйінде өссе, біраз жерлерде көктерек, қайың, өрік, Тянь-Шань талымен, тағы басқа аралас кездеседі. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы, 9 т.
Шорабек Айдаров (1955 жылы туған, Талас ауданы Ойық ауылы) – айтыс ақыны. Ақындығымен жастайынан көзге түсіп, кейін айтыс өнерінде өзіндік ерекшелігімен танылды. Қазіргі уақытта өзінен кейінгі жастарды айтыс өнерінің қыр-сырына баулып, қазақ халқының дәстүрлі айтыс түрлерін дамытуға үлес қосып келеді. Ілияс Жансүгіровтің 100 жылдық, Мұқағали Мақатаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған респ. айтыстардың жеңімпазы. Ысты руынан шыққан. ## Дереккөздер: Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
Әбілда Аймақ (13 сәуір 1954 жылы - 14 маусым 2015 жылы Ордабасы ауданы Қ.Мұңайтбасов атындағы ауыл) – ақын..Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, Ордабасы ауданының құрметті азаматы. Дулат тайпасының Жаныс руынан.Қ.Иасауи атындағы Шымкент педагогикалық институтының филологиялық факультеттін тәмамдаған (1990). 1972 – 81 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, 1981 – 90 жылдары Шымкенттегі «Шымкентқұрылыс» тресіне қарасты мекемеде тас қалаушы, 1990 – 93 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы облыс бөлімшесінде түрлі қызметтер атқарған. 1993 жылдан осы бөлімшенің директоры. Жырлары 1972 жылдан баспасөзде жарияланып келеді. 1984 жылы жас ақындардың «Қарлығаш» атты дәстүрлі жыр жинағына бір топ өлеңдері енді. 2015 жылы 14 маусымда аяқ астынан дүниеден озды. ## шығармалары «Мерейлі мекен», «Мүшәйра – 92», "Қарлығашқа", "Түркістан", "Сарыағашым-сырлы өлкем", ұжымдық жинақтарына өлеңдері енген. Ақынның «Ләйлә», «Домалақ ана кесенесі», «Жүрегімде махаббат», «Алтын бесік», «Түркістан», «Жақсығұл мерген», «Билік биігінде», «Ақ жол» атты кітаптары жарық көрген. 1993 жылы Алматыда өткен ақындар мүшәйрасы жабық конкурсының бас жүлдегері. Халықаралық Физули атындағы сыйлықтың, Қ.Қазиев атындағы сыйлықтың иегері. ## Дереккөздер
Екейбай Қашағанов (27.8. 1920, Қордай ауданы, Иірсу ауылы – 10.12.1985, Алматы) – қоғам және мемлекет қайраткері. Экономика ғылымдарының кандидаты (1972). Дулат тайпасының Жаныс руынан. Алматы педагогика техникумын, Қазақстан КП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1948), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1958) бітірген.1939 жылы қазан айында әскерге алынып, 2-дүниежүзілік соғысқа қатысады, одан 1946 жылы оралады. 1948 – 55 жылдары Луговой ауданы партия комитетінің бөлім меңгерушісі, 2- және 1-хатшы болып істейді, Жамбыл облысы партия комитетінде бөлім меңгерушісі, хатшы қызметін атқарады, 1962 – 1964 жылдары Оңтүстік Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшысы, 1964 – 1980 жылдары Семей обкомының 2-хатшысы, облыстық атқару комитетінің төрағасы болады. Семейде Абай мен М.Әуезовке, Достоевский мен Ш.Уәлихановқа ескерткіш орнатуға, Абай, Достоевский, М.Әуезов мұражайларын ұйымдастырып, қыстауларын қалпына келтіруге, Семей қаласының ортасында Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрын салдыруға күш-қайратын жұмсаған. Қазақ КСР Мемл. сыйлығының иегері, 3 рет Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі, Халықтар Достығы, І-және ІІ-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз ордендерімен, 6 рет «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Әр жылдары КСРО ХШЖК-нің бір алтын, үш күміс, 2 қола медалін жеңіп алған. Қордай ауданының Кенен ауылындағы орта мектепке Қашағановтың есімі берілген. ## Дереккөздер
Нұрмахан Камалов (1927 ж. т., Түркістан ауд. Қызыл Ту кенті) – Социалистік Еңбек Ері (30.3.1971). 1939 – 1948 жылдары Қызыл ту ұжымшарында жұмыс істеді. 1948 жылдан Кентау полиметалл комбинатында бұрғылаушы, бригадир. Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне депутат болып сайланған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Сілтемелер
Төбеқұдық қорымы – дәстүрлі діни ескерткіштер тобы (18 – 20 ғ-лар). Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Таушық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан. Бұрыс көпбұрышты пішінді, ауданы 04 га, оңтүстік-шығыстан солтүстк-батысқа қарай созылып жатыр. Төбеқұдық қорымы қаласында 162 ескерткіш, оның ішінде батыс және оңтүстік шетте орналасқан 7 шағын қойтас бар. Жасалу көркемдігі айрықша бұл ескерткіштердің басқалардан өзгешелігі – қабірлер көлденең қойылған қойтастардан қаланып, ал оған жалғастырыла құлпытастар тұрғызылмаған. Құмдық әктасты біртұтас блоктардан қашалған қойтастар, басқа қорымдардағы осындай шағын қойтастармен салыстырғанда, көлемі жағынан едәуір үлкен. Жалпақ төсектастарға немесе тікелей жерге орнатылған қойтастар іргетас түрінде жасалған төменгі бөлік пен жоғарғы бөлік (ұшар басы) болып екіге бөлінеді. Іргетастардың 2,3 сатылы аласа тұғырлары, сәнделген қырлары, ширатылған жіп тәрізді белдеулері мен қуыс жиектері бар. Қойтастардың бәрі дерлік төмен қарай тарыла түскен, көлденең қимасында жартылай шеңберлі ұшар басы болады. Араб әрпімен жазылған жазулар, әдетте қойтастардың батыс жақ кесігіне орналастырылған. ## Дереккөздер
Нарманбет Орманбетұлы (1859, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Нарманбет атындағы ауыл Саға жері – 1918) – ақын. ## Өмірбаяны Алдымен діни мектепте, кейін Қарқаралыдағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебінде оқыған. Араб, парсы, орыс тілдерін жетік біліп, әдебиетімен таныс болған. 12 – 13 жасынан өлең шығара бастаған. Жастайынан ел басқару ісіне араласқан. 1917 – 18 ж. Қарқаралы қаласында уездік сот қызметінде болды. Нарманбет Орманбетұлы өлеңдерінің негізгі тақырыбы – оқу-білім, адамгершілік, ел тәуелсіздігі. Ол өмір құбылыстарын саралай келе, шындықты көркем бейнелеуге, оны философиялық ой-тұжырымдармен түйіндеуге ұмтылған (“Қасірет деген бір тау бар”, “Балалық күй”, “Шал қайғысы”). Нарманбет Орманбетұлы отаршылдыққа қарсы “Оян, қазақ!” деп ұран тастап, 1905 жылғы дума сайлауында “Талап етер күн туды, кел ұйқыдан тұрайық” (“Сахараға қарасақ”) деп сөз бастаған. Ол орыс отаршылдығын, ел басындағы қасіретті, азаттыққа қол жеткізуді жырлаған (“Аждаһаның аузында”, “Ұран”, т.б.). Патшаның тақтан құлауын қуана қарсы алып, “Тілекті берген күн” атты өлеңін шығарса, оның “Айшаға”, “Жамалға”, “Дауысың қалай асыл” атты өлеңдері махаббат, жастық тақырыбына арналған.Нарманбет 1918 жылы Қарқаралыда совдептің уездік судьясы болып қызмет істеп жүргенде ауырып қайтыс болған. Абай дәстүріндегі Нарманбет сол кездің өзінде белгілі ақын, әрі шешен болған. Абай үлгісінде көптеген өлеңдер, нақыл өлеңдер, нақыл сөздер жазып шығарған. Ақын шығармаларының таңдаулы үлгілері 1939 жылы жеке жинақ болып және 1939-1944 жылдардағы хрестоматияларда жарияланған. ## Шығармалары Шығармалары: "Нарманбеттің өлеңдері"], А., 1939; Нарманбет Орманбетұлы. Шығармалары, Қарағанды, 1998. Халыққа тарихи таңдау заманы туғанда, дұрыс жол сілтеуге тырысты ## Сілтемелер * Отаршылдық * Өлең * Патриот * Әдебиет ## Дереккөздер
Шыршашөп (Hypopitys) – өзі аттас тұқымдасқа жататын хлорофилсіз, сапрофитті қоректенетін көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның таулы аудандарындағы қарағайлы, қылқан жапырақты, аралас ормандардағы көлеңкелі жерлерде өсетін 1 түрі – кәдімгі шыршашөп (Н. monotropa) бар. Оның биіктігі 10 – 25(35) см. Тамырлары ұя тәрізді тамыршалардан тұрады. Сабағы етжеңді, қабыршақ тәрізді жапырақтар жауып тұрады. Гүлі қоңырау пішінді, қос жынысты, саны 3 – 8, сабақтың ұшында шашақтанып, төмен қарай салбырап тұрады. Жеміс бергенде жоғары қарай көтеріліп тікейеді. Аталығының саны 6 – 12, аналығы 1 – 6 ұялы. Гүл жапырақтары кірпік тәрізді, қылтанақты, хлорофилсіз, ақшыл, кепкеннен кейін қараяды. Күлтелері бос жатады, сары түсті. Шілде айында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі – көп тұқымды қорапша. ## Дереккөздер