text
stringlengths 3
252k
|
---|
Ажы, Ажі — Ерейментау ауданындағы ауыл. Қойтас ауылдықдық округі құрамында. Аудан орталығы — Ерейментау қаласынан шығысқа қарай 69 км жерде, Өлеңті өзенінің оң жағында орналасқан. Тұрғыны 0,43 мың адам (2008). Ауылда бастауыш мектеп, клуб бар. Ауылдан 18 км жерден Астана — Павлодар автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол станциясы — Өлеңті (29 км).
## Сыртқы сілтеме
* Ауылдың Географиялық параметрлері Мұрағатталған 17 шілденің 2011 жылы.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
Василий Григорьевич Воинов (1941 жылы туған, ҚХР) – физика-математика ғылымдарының докторы (1989), профессор (1996).
* Том мемлекеттік университетін бітірген (1963 ж.).
* Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика институтында инженер, кіші, аға ғылыми қызметкер
* Физика-техника институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі
* ҚР Білім және ғылым министрлігінің теориялық және қолданбалы матемематика институтында бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
* 110 ғылым жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Зұлқия Оспанбайқызы (1881, Ақмола облысы, Көкшетау қаласының маңы – 1919, сонда) – ақын.
Жастайынан жоқшылық, кедейшілік көріп өскен. Ел билеуші шонжарлардың әділетсіз қылықтары мен жүгенсіздігі, қарапайым халықтың ауыр тұрмыс-тіршілігі Зұлқия Оспанбайқызы өлеңдерінің басты тақырыбы болды. Есейе келе қарт адамға өз ықтиярынсыз күшпен ұзатылған Зұлқия Оспанбайқызының жас басына еркіндік алу үшін болысқа жазған арыз өлеңі халық арасына кең тарайды. Ақынның нақты өмірбаяны туралы деректер аз, шығармалары да толық сақталмай, санаулы өлеңдері ғана там-тұмдап жеткен.
## Сілтемелер
* «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том |
Мойынқұм – Бетпақдаланың солтүстігінде жатқан құмды алқап.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Ұлытау ауданы жерінде, Сарысу өзенінің орта ағысының сол жағалауында орналасқан.
### Жер бедері
Абсалюттік биіктігі 200 – 260 м. Батыстан шығысқа қарай 100 км-ге созылып жатыр, ені 25 км-ге жетеді. Ауданы 1670 км². Солтүстік-шығыс бөлігінде төбешікті қырқа құмдардың биіктігі 5 – 10 м, кей жерлерінде ол 15 – 20 м-ге дейін барады.
Өсімдігі
Теріскен аралас еркекшөп, жүзгін, қоянсүйек, құмсағыз, қаңбақ, құмаршық өседі, аздап сексеуіл де бар. Тұщы жер асты сулары, құм алабының шет жағында 1 – 2 м тереңдікте кездеседі. Мойынқұм – қысқы мал жайылымы.
## Дереккөздер |
ҚАПАҒАН ХАН (Мочжо, Мочур) – 693 – 716 ж. Екінші Шығыс Түрік қағанатының екінші ханы, 693 ж. ағасы Құтлық қайтыс болғаннан кейін, 27 жасында таққа отырады. Қапаған хан өзін ірі мемл. қайраткері, дарынды қолбасшы және шебер саясаткер ретінде көрсетті. Ол билікке келген кезде түріктер толығымен Таң империясының үстемдігінен босамаған болатын. Қапаған хан ағасының саясатын жалғастырып, түркі тайпаларын азат ету мен күшті түрік мемлекетін құру үшін күрес жүргізеді. Оның кеңесшісі Тоныкөк болды. 694 – 698 ж. Қапаған хан Таң әскерін бірнеше рет жеңеді және Қытайға тонаушылық жорықтар ұйымдастырады. Қағанат жерін кеңейту үшін хан өзінің немере інілері Могилян мен Күлтегінді батысқа қарай жібереді. Олар 701 ж. Жетісуды, Шу бойындағы тайпаларды бағындырады. Орта Азиядағы Таң әскерін талқандап, Могилян кейін оралады. 703 ж. Таң императоры Шығыс Түрік қағанатын мойындап, келісімге келеді. Бірақта 706 ж. Қытай әскерлерінің Орта Азиядағы түркі тайпаларына жорық жасауы, Қапаған ханды Қытайға жорық жасатады. ІІ Шығыс Түрік қағанаты бірте-бірте күшейе бастайды. Екінші Түрік қағанатын жоюды күшпен жүзеге асыра алмаған Таң әулеті, енді дипломатияға көшеді. Қ. х-ға қарсы солтүстіктен – қырғыздар, батыстан – түргештер, оңтүстіктен – қытайлар одағы құрылады. Қапаған хан Тоныкөктің кеңесімен қарсыластарын жеке-жеке талқандайды. Бұл соғыстар Қапаған ханды тек қолбасшы ғана емес, сонымен бірге ірі саясаткер ретінде көрсетеді. 712 ж. 120 мыңдық қытай әскері талқандалып, қолбасшылары қолға түсіріледі. Осылайша, Қапаған хан тұсында Екінші Түрік қағанаты өзінің ең шырқау шегіне жетеді. Түркі тілдес тайпалар біріктіріледі, көршілер бағындырылады, Таң әулеті қағанатты мойындауға мәжбүр болады. Таң әулеті қағанатты жеңудің дұрыс жолы деп, тайпалар арасында іріткі салу саясатына көшеді. Нәтижесінде 708 – 714 ж. қарлұқтар, татаптар, қидандар көтеріліске шығады. Оларды ұйғырлар, Жетісудағы түріктер, Гоби, Иншань, Алтайдағы билеушілер қостайды. Көтерілістер күшпен басылады. 716 ж. 50 жасында Қапаған хан көтерілісшілер қолынан қаза табады. Қапаған ханның ерліктері мен жарқын істері жазба деректермен бірге, түркі жазуларында да сақталған. Білге қаған мен Күлтегінге арналған жазба ескерткіштерде оның Түрік қағанаты үшін жүргізген соғыстары мен жорықтары баяндалады.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том |
Қапал батыр (1513, қазіргі Түркістан облысы Леңгір өңірі – 1606, Алматы облысы Ескелді ауданы Қоңыр ауылы) – батыр, би, Есім ханның тұсында өмір сүрген ел билеген ұлыс би, бектерінің бірі.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
Жетісу мен Сыр бойындағы ұрыстарда қалмақтарға қарсы шайқасып, Есім ханның түменбасы болған. Ш.Уәлиханов өзінің “О киргиз-кайсацких могилах (молах) и древностях вообще” деген еңбегінде Қозы Көрпеш бейітінің маңында көптеген молалардың барын айта келе: “К числу их принадлежит могила Капал батыра, давшая названия речки и укреплению” деп көрсеткен. Ал “Материалы для статистики Туркестанского края под редакцией М.С. Саева, Вып. 1, Сиб. 1872” деген кітапта “Род жаныс, отделение капал” деген деректер келтірілген. Міне, осы мәліметтерге сүйенген белгілі тарихшы-ғалым, академик М.Қозыбаев “егер руының атын көпшілікке белгілі адамның есімінің құрметіне қойса, сол кейіпкер елдің ірі қайраткері болғаны. Демек, Қапал батыр тарихи тұлға, батыр, бір елге есімін берген ұлы баба, ел атауы аталған” деген тұжырымдама жасаған.
Қазіргі кезде Қапал батырдың есімімен Алматы облысындағы кент, белгілі шипажай, өзен, Тараз қаласындағы көше мен канал және Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы ауыл, Шымкент қаласындағы үлкен даңғыл аталады. Алматы – Өскемен автомобильдық жолының “Қапаларасан” санаторийіне бұрылған жерінде Қапал батырға бюст, Шымкент қаласының ортасында үлкен ескерткіш орнатылған. 2002 ж. Қоңыр ауылындағы зиратының басына үлкен кесене тұрғызылды.
## Дереккөздер |
Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов (12 мамыр 1949, Новосібір, РКФСР) – әскери қайраткер, генерал-полковник (2002) Халық қаһарманы.
## Дереккөздер
## Жетістіктер
1-дәрежелі “Даңқ” орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том |
Қосағаш — Павлодар облысы Ертіс ауданы, Панфилов ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2019 жылға дейін таратылған "Қосағаш ауылдық округі" орталығы болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ертіс ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 44 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланған. 20 ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты ұжымшар мен ауылдық кеңестің орталығы болды. 1997 жылы кеңшар негізінде сүт бағытындағы мал және астық өндірумен айналысатын шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
ҚАПАЛ КӨШЕСІ – Тараз қаласындағы ертеден келе жатқан әрі үлкен көшелердің бірі. Тараз қ-ндағы ең ежелгі қоныстар Қапал көшесі бойында болған. Қапал Ұлы жүздегі ру аты. Оның негізін қалаған Қапал батыр деген дерек бар. Кеңес дәуірінде бұл қоныс көшеге айналып, марксизм-ленинизмнің негізін қалаушы К. Маркстің есімі беріледі. Егемендік алған соң көшеге тарихи атауы қайтарылды.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том |
Шора батыр (тат. Чура Наррәң углы, Чура батыр, қырым. Çora batır) – аңыз, ертегі үлгісіндегі қаһармандық жыр кейіпкері. Шора батыр жөніндегі жыр Румыния, Түркия, Қырым, Қазан татарлары, ноғайлар, қарақалпақтар, башқұрттар, чуваштар, қырғыздар арасында да кең тараған.
Қазақтар арасында «Шора Батыр» жыры Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан аймағында айтылған. Қазақ нұсқаларының мазмұны алуан түрлі: батыс нұсқаларының тарихилық сипаты басым болса, оңтүстіктегі нұсқалар көркемдігімен ерекшеленеді. «Шора Батыр» Арал маңында да жырланған, бұл үлгілер оңтүстік жырларына көбірек ұқсайды. Батыс Қазақстандағы нұсқаларда бас қаһарман мерт болса, оңтүстіктегі нұсқалар бақытты финалмен бітеді.
Жырда қарт Нәріктің баласыздығы, басынан өткен қиыншылықтары, Шораның ғажайып туылуы, ер жетуі, өзі жоқта ата-анасына зорлық қылған Әлі биді кездейсоқ өлтіруі, соның себебінен Қазан қаласына кетуі; Қазанға келген басқыншы жаумен соғысуы, ерліктері айтылады. Бұл оқиғалық желі «Шора Батырдың» барлық нұсқаларында кездеседі. Кейбір нұсқаларда Шораның олжаға келген жау қызынан туған өз ұлымен соғысқаны баяндалады. Шығармадағы оқиғалар мен кейіпкерлердің көбінің тарихи негіздері бар.
Бас қаһарманның тарихи түп тұлғасы – орыс жылнамаларында аты кездесетін Чура (Чюра) Нарикович деген кісі. Ол Қазан қаласын орыс басқыншыларынан қорғауда көп ерлік көрсеткен. Қазан хандығы үшін болған саяси күресте белсенді қызмет атқарып, ішкі саяси ахуалы шиеленісті күйде тұрған хандықтың жағдайын жақсартуға, бейбітшілік орнатуға үлкен еңбек сіңірген.
«Шора Батыр» жырының жариялану, зерттелу тарихы 19 ғасырдың орта кезінен басталды. Қазақ даласына жер аударылған поляк қайраткері Б.Зелесский Мырзақай деген кісіден жазып алған нұсқаны 1857 ж. поляк тілінде жариялады. 1884 ж. Мұхамбетнәжіп Әлиакбарұлы Қазан қаласында «Шора Батырдың» бір нұсқасын кітап етіп шығарған. 1895 ж. Ә.Диваев Майлықожа ақыннан жазып алған прозалық нұсқаны орыс тілінде бастырған. М.Әлиакбарұлы нұсқасын редакциялаған Төрткүл болысының қарақалпағы Ермұхамед Нығметуллин үлгісін Ә.Диваев бастырады (1917, 1920, 1922). Кеңес дәуірінде бұл нұсқа С.Сейфуллин, С.Мұқановтар тарапынан өңделіп жарияланды. «Шора Батыр» жөнінде ең алғаш ғылыми пікір айтқан Ш.Уәлиханов болды. «Шора Батыр» жырының Кеңес дәуіріндегі зерттелу тарихы екі кезеңнен тұрады: 1947 жылғы Қазақстан КП ОК-інің ұлттық мұраларға қарсы бағытталған қаулыларына дейінгі және 70 жылдардан кейінгі зерттелу кезеңдері. «Шора Батыр» туралы П.А. Фалев, Мұқтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, А.С. Орловтар зерттесе, екінші кезеңде Р.Бердібай тың ғылыми әдістеме тұрғысынан қарастырды. Ғалым Ә.Оспанұлы мен әдебиет сыншысы Т.Тоқбергенов те «Шора Батырдың» қайта зерттелуіне үлес қосты.
1998 ж. жыр бойынша екі кандидат диссертациясы қорғалды. «Шора Батыр» Оңтүстік Қазақстанда ерте кезден жырланған. Тарихи негізі Қырым және Қазан хандықтары мен Орыс мемлекеті арасындағы оқиғаларда жатқан жырды Оңтүстік Қазақстан өлкесіне 16 ғасырдың орта тұсында Еділ бойынан Түркістан, Сығанақ қалалары төңірегіне қоныс аударған қоңырат тайпаларының үлкен бір бөлігі алып келген деуге негіз бар. Бұл этникалық топ қазіргі қарақалпақтар мен қазақтар құрамындағы қоңырат тайпаларының қомақты бөлігін құрайды. «Шора Батырдың» қарақалпақтардағы және Оңтүстік Қазақстандағы нұсқаларының өте ұқсас болуының басты себебі осында. 19 ғасырдың соңында Қаратау атырабына қоныс тепкен тама руының «Шора Батырдың» бұл өлкеде көп айтылуына үлкен ықпалы болған.
Тама руының өкілдері Шораны өз бабалары деп есептейді. Оңтүстік өңірінде жырды Майкөт, Құлыншақ ақындар жырлаған, Молда Мұса жыр желісін өз өңдеуі бойынша хатқа түсірген. Орысша да, ескіше де сауатты ақын көне басылымдар негізінде Шораның өз ұлымен соғысу оқиғасын дамыта жырлап, жырға 2-бөлім етіп қосқан, бірақ ол аяқталмай қалған. Осы нұсқаның алғашқы бөлімі қолжазба түрінде оңтүстік өлкесінде кең тараған. Майкөт Сандыбайұлы жырлаған үлгі де хатқа түсіп, Ә.Диваев тарапынан орысшаға аударылған. Ол Мәскеу мемлекеттік музейінде сақтаулы тұр. Аударманың түпнұсқасы қайда екенін белгісіз. Бірақ Жетісу өлкесінде тараған қолжазба нұсқалардың осы түпнұсқадан негіз алғаны байқалады.
Қырғыздар арасында жырланған жыр түрлері де Майкөт пен Құлыншақ ақындар айтқан нұсқалардан бастау алған. Майлықожаның қара сөз түрінде айтқан үлгісінің негізі Құлыншақ нұсқасында жатуы мүмкін. «Шора Батырдың» Құлыншақтан үйреніп, Жамбыл да жырлаған. «Шора Батырдың» оңтүстіктегі нұсқалары көп өзгеріске түскен. Оларға осы өлкеге жақсы таныс жер-су, кісі есімдері көп енгізілген. Сондай-ақ жыр оңтүстікте бұрыннан айтылып келе жатқан «Алпамыс батыр» эпосымен өзара ықпалдасуға (контаминация) түскен.
Шора батыр, Шора батыр Ер шора Кіші жүз Жетіру тайпасынан Тама руынан. Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Жамбыл облысы және Түркістан облыстарында Шора батырдың тікелей ұрпақтары бар.
## Дереккөздер |
Нұртаза Ақжанұлы Алтаев (3.6.1943 , Атырау облысы, Мақат ауданы, Сағыз станциясы) – тарих ғылымының докторы (1998). ҚазМУ-ды (1966, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Атырау қаласындағы кәсіптіктехникалық училище директорының орынбасары, Қызылқоға ауданы партия комитетінде нұсқаушы (1966–76), Ақтөбе педагогикалық институтында оқытушы, Саяси ағарту үйінің меңгерушісі (1976–90), Ақтөбе медицина институтында тарих кафедрасында (1990–91) қызметтер атқарған. 1998 жылдан Қазақ мемлекеттік басқару академиясында әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының меңгерушісі. «Формирования рабочих кадров промышленности Казахстана в 1950–1975-е жж.» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Алтаев 70 ғылыми жарияланымның авторы.
## Сыртқы сілтемелер
* Қазақ мемлекеттік басқару академиясында(қолжетпейтін сілтеме)
* ҚазҰУ-ның ресми сайты Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Талшын Мұқадесқызы Үкібасова(қолжетпейтін сілтеме) - 1995 жылы 5 қарашада Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапай ауылында дүниеге келген.
* 1978 жылы Ақтөбе медицина институтын бітірген
* 1978–85 жылдары Орал қаласындағы ауруханада, Чапаев (қазіргі Ақжайық) аудандық ауруханасында дәрігер-ординатор, бөлім меңгерушісі, аудан бас дәрігердің орынбасары
* 1989 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясы) ассистент, доцент қызметтерін атқарды
* 1997 жылы медицина ғылым докторы, «Система мать пациента плод в условиях воздействия соединений хрома» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады
* 2002 жылы профессор
Қазіргі кезде кафедра меңгерушісі. 220-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монография мен 8 оқулықтың авторы.
## Дереккөздер
elgazeti.kz(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер: |
Нұрмақов Кәмел Құрманғалиұлы (25.12.1926 жылы туған, Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауылы) – құрылысшы инженер, ҚазКСР-іне еңбек сіңірген құрылысшы (1979). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) инженерлік құрылыс институтын тәмамдаған соң (1955) Алматыдағы “Казместпромстройда” прораб (1955 – 56), “Казгорстройпроект” Мемлекет жобалау институтында инженер-конструктор (1956 – 59), бас инженер қызметтерін атқарды. 1971 – 85 жылдары “Алма-Атагипрогор” Мемлекеттік жобалау институтының директоры. Нұрмақов Алматыдағы “Жетісу” мейманханасы, Байланыс үйі, М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының ескі және жаңа ғимараттары, “Медеу” мұз айдыны, Ә.Қастеев атындағы Сурет галереясы, т.б.-лардың жобаларын жасауға қатысты. Нұрмақов Алматыдағы Республика алаңындағы ғимараттар жобасын жасады. КСРО Министрлік Кеңесінің (1979), КСРО Мемлекеттік (1982) сыйлығын алған.
## Сілтемелер
* Өнертану
* Медеу |
Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоты мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңды тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке, мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын, серіктес (жарнапұлға негізделген серіктестік), акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын – серіктестіктер, қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорындар, консорциумдар, биржалар, коммерциялық банктер құрудың тиімділігі айқындала бастады.
## Аралас кәсіпорын
Аралас кәсіпорын– меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын, оның қызметі бірлескен қызметті жүзеге асырушы серіктестердің үлеспұлдық жарналарына негізделген. Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны – меншігінде немесе шаруашылықтың қарамағында жер, сондай-ақ, басқа да мүлік бар және өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімін өндіруші, ауыл шаруашылығы өндірісіне қызмет көрсетуші заңды тұлға.Ауыл шаруашылығында шаруашылықты жүргізу нысандары – акционерлік қоғамдар, түрлі тұрпаттағы серіктестіктер, кооперативтері, ұжымдық шаруашылықтар, кеңшарлар, өнеркәсіптің, көлік, басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылықаралық, қосалқы шаруашылықтары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, т.б.
### Бірлескен кәсіпорын
Бірлескен кәсіпорын – екі не одан көп елдің заңды тұлға құқықтары бар құрылтайшыларының (фирмаларының, компанияларының, т.б.) мүлкін біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын. Олардың нақты нысандары: өндірістік кәсіпорындар, сауда фирмалары, енгізбелік, сервистік және басқа ұйымдар. Ынтымақтастықтың мұндай нысандары ел экономикасына шет ел капиталын тартуға, қолда бар резервтерді тезірек пайдалануға, қажетті өнімді шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді, білімді, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін, басқару стилі мен әдістерін алмасуға, нарықтық қатынастар мен сыртқы рынокты игеруге жәрдемдеседі. Оның жарғылық қоры серіктестердің салымы есебінен құралып, шаруашылық қызметтен алынған пайда есебінен, қажет болған жағдайда қосымша салым немесе қарыз қаражаты есебінен толықтырылуы мүмкін. Бірлескен кәсіпорынның бас директоры (басқарма төрағасы) құрылтайшы мемлекеттің азаматы, не шет ел азаматы болуы мүмкін. Қызметкерлерді жалдау, жұмысқа алу, жұмыстан шығару, еңбек ақы төлеу мәселелерін кәсіпорынның өзі шешеді. Оның әкімшілік кәсіподақпен ұжымдық шарт жасасуға міндетті.
### Венчурлық кәсіпорын
Венчурлық кәсіпорын – ғылыми-зерттеулермен, инженерлік талдамалармен, жаңалықтар ашумен және енгізумен, соның ішінде ірі фирмалардың тапсырыстары және мемлекеттік қосалқы келісім-шарттар бойынша жаңа енгізілімдер жасаумен айналысатын шағын кәсіпорын. Еншілес кәсіпорын – заңды тұлға құқығы бар, бірақ акцияларының пакеті не жарғылық қоры басқа кәсіпорынның қолында болатын кәсіпорын. Жалгерлік кәсіпорын – кәсіпкерлік қызметті жалға алынған мүліктік кешен негізінде жүзеге асыратын шаруашылық бірлік]]. Жалгерлік кәсіпорын тіркелген сәттен бастап заңды ұйым құқығына ие болады. Ол жалға берушіге жалға алынған мүліктің құнынан есептелетін пайыз немесе тұрақты сома түрінде жалгерлік төлем төлейді. Салықтар мен бюджетке басқа да төлемдер төленгеннен кейін шаруашылық қызметтен алынған пайданы дербес иемденеді. Жекеше кәсіпорын – азамат, соның ішінде шет ел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға құрған кәсіпорын. Оның жеке кәсіпкерліктен айырмашылығы сол: мұнда заңды тұлға белгілері болады. Оны меншік иесі басқарады не ол уәкілдік берген органдар басқарады. Меншік иесі жекеше кәсіпорынның басқарушысы болуға құқылы немесе басқару үшін басқа біреуді тағайындауы, оны келісім-шарт бойынша жалдауы мүмкін. Жарғылық қорды құра отырып, меншік иесі мүлікті немесе қаражатты кәсіпорынға береді және оны басқару органдарының өкілеттіктерін шектеу жолымен бақылауға құқылы. Ол таза пайдадан өз пайдасына аударым(дивиденд) мөлшерін дербес белгілей алады. Коммерциялық кәсіпорын – заңды тұлға құқығы берілген, өзін-өзі қаржыландыру жағдайында коммерциялық қызметпен айналысатын және барынша көп пайда алуды көздейтін оқшауландырылған дербес шаруашылық бірлігі. Концессиялық кәсіпорын – мемлекетке немесе муниципалитетке тиесілі табиғат байлықтарын, кәсіпорындар мен басқа шаруашылық субъектілерін жекеше кәсіпкерлерге немесе шетелдік фирмаларға белгілі бір мерзімге пайдалануға беру туралы шарт негізінде құрылған кәсіпорын. Корпоративтік кәсіпорын – меншігі үлеспұлдарға бөлінген тәуелсіз заңды субъектілер ретінде өмір сүретін кәсіпорын. Кәсіпкерлік қызметтің корпоративтік нысаны басым нысан болып табылады және ірі бірлестіктер құрудың, халықаралық сауданы дамытудың қазіргі беталысына сай келеді. Негізгі артықшылықтары – шектеулі жауапкершілік және қосымша капитал тартуға үлкен мүмкіндігінің барлығы. Көлік кәсіпорыны – жеке және заңды тұлғаларға негізгі қызмет түрі ретінде көлік қызметін көрсететін заңды тұлға.
Муниципалдық кәсіпорын – мүлкі жергілікті бюджет қаражаты есебінен құралатын кәсіпорын. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншігінде болады. Тікелей шет елден қаржыландырылатын кәсіпорын – бейрезидент бірліктердің бақылауындағы кәсіпорын, бейрезидент-корпорациялардың филиалдары, шет мемлекеттердің немесе бейрезидент бірліктер топтарының бақылауындағы корпорациялар, белгілі бір экономикалық аумақта ұзақ мерзімде жұмыс істейтін бейрезидент кәсіпорындардың бейкорпоративтік бөлімшелері.
### Унитарлық кәсіпорын
Унитарлық кәсіпорын – өзіне бекітілген мүлікті меншіктенуге құқығы жоқ коммерциялық ұйым. Ол мемлекеттік және муниципалдық (жергілікті) кәсіпорын болуы мүмкін, осыған орай оның мүлкі мемлекеттік немесе муниципалдық меншікте болады, бұл мүлік оған шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқықтары негізінде тиесілі болады. Шаруашылықты жүргізу құқықтары негізінде құрылған унитарлық кәсіпорынды өкімет немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы құрады. Оның жарғысын осы орган бекітеді, жарғылық қорының (шаруашылық серіктестіктердегідей немесе акционерлік қоғамдардағыдай жарғылық капитал емес) мөлшерін айқындап, жасақтайды. Унитарлық кәсіпорынның басшысын мемлекеттік немесе муниципалдық орган тағайындайды және ол осы органға есеп беріп тұрады. Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Егер унитарлық кәсіпорын мүлкі оралымды басқару құқығы негізінде құралса, онда ол қазыналық кәсіпорын болып табылады. Унитарлық кәсіпорын өзінің қарамағындағы мүлікті дербес иеленеді, пайдаланады, билейді, бірақ бұл орайда мүлікті меншіктенуші кәсіпорынға тиесілі мүліктің сақталуын бақылайды. Ол мүлікті меншіктенушінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
### Ұжымдық кәсіпорын
Ұжымдық кәсіпорын – мемлекеттік кәсіпорынды құнын төлеп алған жағдайда немесе мүлікті еңбек ұжымы заңды жолмен сатып алған жағдайда құрылатын шаруашылық бірлік. Мұнда меншік ұжымдық сипатта болады және мүлік қызметкерлердің салымдарына бөлінеді. Қызметкер салымының құрамына оның мемлекеттік немесе жалгерлік кәсіпорынның мүлкіне салған сомасы мен оның ұжымдық кәсіпорын құрылып, жұмысын бастағаннан кейінгі мүліктің көбеюіне қосқан үлесі кіреді. Салымға еңбек ұжымы мен кәсіпорын бағынатын орган арасындағы келісімде жұмыс нәтижелерін басшылыққа ала отырып айқындалатын мөлшерде пайыз есептеліп төленеді. Кәсіпорын таратылған жағдайда бюджетпен, банктермен және басқа несиегерлермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктен қызметкерге оның үлесі (салымның құны мен табыстың бөлігі) төленеді. Шағын кәсіпорын – жұмысшылар саны мен шаруашылық айналымы(өнеркәсіпте өнім көлемі, саудада тауар айналымының көлемі) белгілі бір мөлшерлік өлшеммен шектелетін жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорын. Оларға өнеркәсіп пен құрылыста жұмысшылардың саны көп дегенде 200 адамға, ғылымда 100 адамға, басқа өндірістік салаларда 25 адамға, бөлшек саудада 15 адамға дейін жететін кәсіпорындар жатады. Шетелдік кәсіпорын – жарғылық қоры түгелімен шетелдік қаржылардан құралған кәсіпорын (ұйым). Ірі кәсіпорын – сала өндірісінің жалпы көлемінің көп үлесін өндіретін не жұмысшылардың немесе акцияларды иеленушілердің саны жөнінен, өткізу көлемі, активтердің немесе пайданың мөлшері жөнінен ірі деп саналатын, не осы екі белгіге де ие кәсіпорын.
## Дереккөздер: |
Зұлмат (арабша саңылаусыз, қараңғы әлем) – түрлі табиғи апаттар (зілзала, топан су, өрт, жұт) мен төтенше саяси-әлеуметтік қиыншылықтарды білдіретін ұғым. Қазақ халқының тарихындағы Жоңғар шапқыншылығы, 1931 – 33 жылғы ашаршылық, 1937 – 38 жылғы жаппай саяси қуғын-сүргін, т.б. оқиғалар зұлмат жылдар деп аталады.
## Сілтемелер
* «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том |
Тәспі Тәсбих (арабша – Алланы, пайғамбарды мадақтау, мойындау, кешірім сұрау) – Алланы дәріптеу, сыйыну, пайғамбарға мадақ айту дұғаларын оқығанда қолданатын моншақтар тізбесі. Мұсылмандар Т-сі 33-тен үшке бөліп тізген 99 тастан немесе 33 тастан тұруы мүмкін. Кейде 999 тасқа дейін тас тізілген тәспі қолданылады. Белгілі бір мөлшерде қайталанатын дұғаларды жаңылмай оқу, Құран аяттарын қайталап оқып жаттау үшін пайдаланылады. Тәспі тастан, шыныдан, өсімдік дәнегінен, ағаштан, металдан, т.б. жасалады. Тәспі тастары әр түрлі әшекеймен немесе Алланың 99 көркем есімдерін жазып әсемделеді. 33 тастың өзара біріккен жерін ажырататын ерекше пішіндегі тас болады, оны “қожасы” деп атайды. Негізгі біріккен жерінде “Бисмилласы” деп аталатын әшекейлі, шашақты үлкен тас орнатылады. Тәспі орнына саусақ буындарын санау арқылы 33 сан мөлшерін есептеуге болады.
## Сілтемелер |
Тараздың 2000 жылдық мерейтойы – Ежелгі Тараз шаһары негізінің қалануына 2000 жыл толуына байланысты мемлекет тарапынан ұйымдастырылған мерекелік шаралар. Тараз қаласында 2002 жылдың 25 – 26 қыркүйек күндері өтті.
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, Қазақстанның ең ежелгі қаласы Тараздың 2000 жылдығын мерекелеу туралы дүниежүзілік құзырлы ұйым – ЮНЕСКО арнайы қаулы қабылдағалы Республика үкіметі мен облыстық әкімі дайындық шараларына қызу кірісіп кетті. Осы мерекені өткізу үшін республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді. Тойды халықаралық дәрежеде өткізуге әзірлік барысын тексеру үшін мемлекеттік хатшы Ә.Кекілбаев, Премьер-министрдің орынбасары И.Н. Тасмағамбетов облысымызға келіп, жағдаймен танысып қайтты. Тараз қаласында жолды тегістеу, көшелерде түнде электр жарығын жандыру, бітпеген бес тұрғын үйдің құрылысын аяқтау, Жастар сарайын салу, Орталық стадионды, «Дельфин» жүзу бассейнін, «Баласағұн» концерт залын, облыстық драма театр ғимаратын қазіргі заманғы технологияға сәйкес қайта күрделі жөндеу, №18 және №50 мектептердің аумағын ұлғайту, басқа да шаралар қызу қолға алынды. Мерейтой аудандар көркемөнерпаздарының фестивалін өткізуден басталды. Барлық аудандардың ең таңдаулы көркемөнерпаздары облыстың орталығы – Тараз қаласында өз өнерлерін көрсетті. Әсіресе, облыстық драма театрында өткен халықаралық ақындар айтысы Тараз тарихын жыр өрнегімен әспеттегенін айту керек. Бұл айтыстың қазылар алқасын облысымыздың құрметті азаматы, жазушы-драматург Әкім Тарази басқарса, сондай-ақ, алқа құрамында Оразақын Асқар, Көпен Әмірбек, Ұлықбек Есдәулет, Мархабат Байғұтов, Елен Әлімжан, композитор Балнұр Қыдырбек, Өзбекстан мен Қырғызстан республикаларының көрнекті ақындары болды. Бұл айтыстың қазылар алқасын облысымыздың құрметті азаматы, жазушы-драматург Әкім Тарази басқарса, сондай-ақ, алқа құрамында Оразақын Асқар, Көпен Әмірбек, Ұлықбек Есдәулет, Мархабат Байғұтов, Елен Әлімжан, композитор Балнұр Қыдырбек, Өзбекстан мен Қырғызстан республикаларының көрнекті ақындары болды. Бұл айтыста 12 жұп ақын сөз сайысына түсті. Алғашқы турдан 12 ақын – Айнұр Тұрсынбаева, Карима Оралова, Ермек Жұматаев, Шырынбек Қойлыбаев, Күміс Сәрсенбаева, Ақмарал Леубаева, Аманжол Әлтаев, Шорабек Айдаров, Балғынбек Имашев, Ербол Қамбатыров, Алтынкүл Қа-сымбекова, Айбек Қалиев ақтық айқасқа жолдама алды. Шешуші айтыста жамбылдық ақын Шырынбек Қойлыбаев бас бәйгені – «Жигули» автомашинасын жеңіп алса, Айнұр Тұрсынбаева мен Ермек Жұматаев бірінші орынды бөлісті. Екінші орынға астаналық айтыскер Аманжол Әлтаев ие болды. Үшінші орынға шымкенттік ақындар Карима Оралова мен Ақмарал Леубаева шықты. Сол сияқты Тараздың 2000 жылдық мерейтойы құрметіне жазба ақындардың мүшәйрасы да өткізілді. Бас бәйге ешкімге берілген жоқ. Тең ұпай жинаған алматылық ақындар Рафаэль Ниязбек пен Маралтай Райымбекұлы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды тараздық Сәнтөре Пірманов пен оралман Қайыпназар Шотбасов иеленді. Үшінші орынды астаналық Өтепберген Ақыпбекұлы мен тараздық ақын Жанат Төленді бөлісті.
Мерейтой алдында басталған телеайтыс қорытындысы да шығарылды. Бұл айтыста бірінші орынды оңтүстік қазақстандық Маржан Есжанова иеленді. Тараз шаһарының 2000 жылдығы аясында бірқатар қаламгерлердің (Ә.Кекілбаев, А.Әбдуәлиев, И.Жеменей, М.Мырзахметұлы, Б.Әбілдаұлы, К.Байбосынов, Т.Қожакеев, К.Рыспаев, К.Сәттібайұлы, т.б.) еңбектері жеке кітап болып басылды. Фотоальбом жарық көрді, «Тараз. Жамбыл облысы» энциклопедиясын дайындау қолға алынды.
Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойы қарсаңында Тектұрмас әулие кесенесі ашылды. Той алдында облыс қылқалам шеберлері туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге Қазақстан Суретшілер одағының Таразда тұрып, еңбек етіп жатқан В.Я. Санталов, Н.Рахымжанов, Б. Шерімов, Б.А. Ткаченко, Р.Сапаралиева, Т.Көшербаев сияқты мүшелерінің әр түрлі жанрдағы 200-ден астам еңбектері – суреттер, мүсіндер, қолөнер бұйымдары қойылды. 2000 жылдық мерейтойға байланысты М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Тараз: мыңжылдықтар және өркениет сұхбаты» деген тақырып бойынша халықаралық ғыл.-теориялық конференция өткізілді. Конференцияда ЮНЕСКО Бас хатшысының мәдениет жөніндегі орынбасары Мунир Бушинакидің құттықтауы оқылды. Конференцияға Білім және ғылым министрі Ш.К. Беркімбаева, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі М.А. Құл-Мұхаммед, Ұлттық Ғылым академиясының президенті С.Ж. Дәукеев, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ә.Б. Дербісәлі, Үндістан Республикасының Қазақстандағы төтенше және толық өкілетті елшісі Видиа Сагар Верма, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және толық өкілетті елшісі Нұртаза Сафари, Алматыдағы «Нұр-Мүбәрәк» ислам университетінің ректоры Махмуд Хиджази, франциялық проф., Қазақстан Президентінің «Бейбітшілік және рухани келісім үшін» сыйлығының иегері Фишлер Альберт, Қытай, Бельгия, Италия, АҚШ, Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің ғалымдары қатысып, Тараз тарихына қатысты көптеген деректерді жариялады. Әлбетте, бұл халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда той иелері – қазақстандық ғалымдар жасаған баяндамалардың шоқтығы биік болды. Конференция материалдары жеке жинақ болып жарық көрді.
Мерекелік негізгі іс-шаралары қыркүйектің 25 – 26 күндері өткізілді. Қыркүйектің 25-і күні облыс әкімі С.Ә. Үмбетов мерейтойға алыс және жақын шет елдерден және Астана мен Алматыдан келген қазақстандық журналистер үшін баспасөз конференциясын өткізді. Сол күні «Тараз-2000» естелік пошта маркілерінің тұсаукесері болды.
Тойға келген құрметті қонақтар Жамбыл Жабайұлының, Бауыржан Момышұлының, Дулат Мұхаммед Хайдар мырзаның, саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының ескерткіштеріне, Даңқ обелискіне гүл дестелер қойды. Олар ежелгі қаланың мерейтойына байланысты салынған, қайта жабдықталған нысандармен – Айша бибі, Бабажы қатын, Қарахан, Шамансұр кесенелерімен, Қали Жүніс моншасымен, облыстық тарихи өлкетану мұражайымен, қайта жабдықталған теміржол вокзалымен, «Дельфин» жүзу бассейінмен танысты.
Мерейтойға келген мәртебелі қонақтар арасында ҚР Президентінің жұбайы, «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, оның орынбасары Өмірбек Бәйгелді, сенаторлар Әбіш Кекілбаев, Жандар Кәрібаев, Парламент мәжілісінің депутаттары – жазушы Шерхан Мұртаза, Серік Әбдірахманов, Қазақстан Халықтары ассамблеясы төрағасының орынбасары Павел Атрушкевич, республика Білім және ғылым министрі Шәмша Беркімбаева, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, көршілес Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері Шалбай Құлмаханов, Болат Жылқышиев, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, Қырғызстанның халық депутаты, Талас облыстық кеңесінің төрағасы Бақыт Құрманбаев, Халық Қаһармандары Қасым Қайсенов, Әзірбайжан Мәмбетов, қазақстандық тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, халық жазушысы Тұманбай Молдағалиев, халық артистері Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, атақты биші Шұғыла Сапарғалиқызы және басқа да көптеген ғылым, әдебиет, өнер және спорт қайраткерлері болды.
Қала және барлық аудандардың көркемөнерпаздары ірі мәдениет сарайларында, Б.Момышұлы және С.Сейфуллин, сондай-ақ әл-Фараби және С.Сейфуллин көшелерінің қиылыстарында, офицерлер үйі маңында, №18 мектептің алдында, қалалық сот ғимараты жанында, Ш.Уәлиханов атындағы демалыс орталығы алдында, Т.Рысқұлов, Қ.Рысқұлбеков және «Жеңіс» саябақтарында, былғары комбинаты алдындағы гүлзарда және стадиондарда концерт көрсетті.
Тойға жиналғандар қыркүйектің 26-сы күні қала сыртындағы Б.Момышұлы атындағы атшабарда өткен ұлттық ат спорты ойындарын тамашалады. Тараз қаласының орталық алаңында Бәйдібек баба ескерткіші салтанатпен ашылды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Нaзарбаев Орталық алаңға келіп, ескерткішке жабылған жамылғыны түсірді. Бәйдібек бабаның ескерткіші ашылған соң Президент Н.Ә.Назарбаев сөз сөйледі. Қыркүйектің 26-күнгі кешкісін 12600 көрермен жайғасқан Орталық стадионда Тараз қаласының 2000 жылдық тарихын бейнелейтін театрландырылған қойылым көрсетілді. Бұл қойылымды Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің серіктерімен және облыс әкімі С.Ә.Үмбетовпен бірге көрді. Барабандар дабыл қаққан мезгілде стадионның төрт қақпасы бірден ашылып, алаңға 1200 адам салтанатпен аяқ басты. Шығыс жақ мінбердегі 1700 адамның қолдарындағы түрлі-түсті жамылғылардан «Тараз-2000» деген жазу желбірей көрінді. Ту ұстаушылар – ақ киімді 640 адам шыққанда Тараз аспанын «Сарыарқа» күйі кернеп кетті. Бұл театрландырылған көріністерде Тараз қаласының 2000 жылдық тарихы ішінде болған аса ірі оқиғалар театр тілімен бейнеленді. Бұл қойылымның сценариін жамбылдық драматургтер Бақтияр Әбілдаұлы мен Елен Әлімжан жазды. Бас режиссер республикамыздың халық артісі Есмұхан Обаев болды.
Театрландырылған қойылым аяқтала бере Тараз аспанына зымырандар атылып, түрлі-түсті отшашулар мерекелік түнді құлпыртып жіберді. Бұдан соң Қазақстанның және облысымыздың өнер шеберлері концерт берді. Тойдың меймандары мен тараздықтар қазақ өнерінің мақтанышы Нұрғиса Тілендиев атындағы ұлттық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің, өзбек халқының әйгілі «Ялла» ансамблінің, талай мәртебелі халықаралық конкурстардың лауреаты, профессор, скрипкашы Марат Бейсенғалиевтің, би өнерінде теңдессіз Шұғыла Сапарғалиқызының, қырғыздың айтулы әншісі Саламат Садықованың, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаттары Сәуле Жанпейісова мен Ержан Қосбармақовтың, белгілі әншілер Нұрлан Өнербаевтың, Рамазан Стамғазиевтің, Бағдат Сәмединованың, Тараз топырағынан түлеп ұшқан, бұл күндері Алматы мен Астанада еңбек ететін Дүйсенбек Өмірәлиевтің, Досымжан Таңатаровтың, Құрмаш Махановтың, Гауһар Қаспақованың, Қайнар Жұманбаевтың, Тахмина Әшімбекованың және басқа да жұлдыздардың өнерін тамашалады.
Ат спорты ойындары Б.Момышұлы атындағы атшабарда қыркүйектің 27-күні жалғасса, қыркүйектің 30-ы мен қазан айының 4-і күндері аралығында «Дельфин» жүзу бассейнінде әйелдер командасы арасында су добынан халықаралық турнир өткізілді. Ал қазан айының 1 – 5 күндері М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дің спорт кешенінде бокстан халықаралық жарыс болды.
Дүниежүзілік деңгейде өткізілген Тараз мерейтойы, тұңғыш Президентіміз Ә.Н. Назарбаев айтқандай, ең ежелгі қаламыз қазақ тарихының алтын діңгегі екендігін, тамырлары тым тереңде жатқандығын танытты.
## Дереккөздер |
Мойынқұм — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл, аудан және Мойынқұм ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы – Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 192 км жерде, Шу өзенінің сол жағалауында.
## Халқы
## Тарихы
1992 жылға дейін Фурмановка деп аталған. 1957-97 жылы қаракөл қойын өсіретін кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде Мойынқұмда 1997 жылдан “Мойынқұм” ӨК және 23 шағын кәсіпорын, жүзден астам шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
## Инфрақұрылымы
Ауылда бірнеше оқу-ағарту, мәдени және денсаулық сақтау мекемелері орналасқан. Жақын темір жол станциясы – Хантау (100 км).
## Дереккөздер |
ҚАРАЖАНОВ Қуанышбек Сүлейменұлы (27.2.1947 ж.т., Талас ауданы) – ғалым, тарих ғыл. докт. (1991), проф. (1992). Қазақ ұлттық ун-тінің тарих ф-тін бітірген (1973). 1973 – 82 ж. Қазақ ұлттық тех. ин-тында оқытушы, 1982 жылдан Қазақ ұлттық ун-тінде, 1982 – 91 ж. осы ун-ттің доценті, 1992 – 2001 ж.Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ф-тінің деканы (1991 – 93), 2001 жылдан Деректану және тарихнама кафедрасының меңгерушісі. Ертіс – Қарағанды каналының тарихын, 1946 – 80 ж. Қазақстан а. ш-ы тарихын зерттеп, отандық тарих ғылымының дамуына қомақты үлесін қосты. Оның атсалысуымен «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихының құжаттары» (1998), «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихының хрестоматиясы» (2002), «Қазақстан тарихы» атты оқу құралы (2001) жарық көрді. Сондай-ақ, оның жетекшілік етуімен М.Вяткиннің «Батыр Сырым», М.Иваниннің «Шыңғыс хан мен Темірлан тұсындағы әскери өнер» атты еңбектері қайта жарияланды. Ол 50-ден астам ғыл. мақалалардың авторы. Оның мақалаларының басым көпшілігі Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне, кеңестік ұжымдастыру мен қуғын-сүргін зардаптарына, тың және тыңайған жерлерді игерудің жетістіктері мен зардаптарына арналған. Сонымен қатар қазақтардың жоңғар шапқыншылығына күресте ерекше ерлігімен көзге түскен Саңырық батыр жайында зерттеу жүргізді.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том |
Байбек Ақшаұлы(1601, қазіргі Өзбекстан Республикасы Науаи облысы Нұрата аудыны — 1676, сонда) — би, Әйтеке бидің әкесі. Алшын тайпасынан тарайтын Төртқара руынан шыққан.
Аталары Ораз, Сейітқұл қажылар, әкесі Ақша, туысы Жалаңтөс есімдері Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтарға аян, беделді тұлғалар болған. Байбек Ақшаұлы Мир-Араб медресесін бітірген. Ходжент билеушісі Шығай ханның ордасында хатшылық қызмет атқарған. 1626 жылы Жалаңтөс баһадүр Самарқан әмірі болғаннан кейін, Байбек Ақшаұлы оның иелігіндегі елге келіп, Қызбибі тауының өңіріндегі елдің басын қосып, диқаншылыққа жұмылдырады. Сонымен қатар мал шаруашылығын өркендетуге де айрықша көңіл бөліп, Жалаңтөстің сарбаздарын жүйрік ат, күшті түйе көлігімен, азық-түлікпен үздіксіз жабдықтап отырады. Кейбір деректер бойынша, Байбек Ақшаұлы би жылқы мен түйенің тұқымын асылдандыру жұмысын ұйымдастырған. Ол өзінің қоластындағы және көршілес аудандардағы отырықшы, жартылай отырықшы және көшпелі қазақ, өзбек, тәжік,қарақалпақтардың ынтымағын жарастыруға көп күш жұмсаған. Қазақтарды ұлттық сана-сезімді, ата дәстүрді берік ұстауға тәрбиелеген. Халық Байбек Ақшаұлының әділ билігіне риза болып, оны "төрелі би, төре би" деп атаған.
## Дереккөздер |
Қосағаш — Алтай Республикасындағы (Ресей) ауыл, Қосағаш ауданының орталығы. Республика орталығы — Таулы Алтай (орыс. Горно-Алтайск) қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 530 км. Негізінен, қой мен марал ш-тары дамыған. Егіннен тары, сұлы, бидай өсіріледі. Ауыл арқылы мемл. маңызы бар Таулы Алтай қаласынан Моңғолияға қарай автомобиль жолы (Шүй трактысы) өтеді. Тұрғын халқының басым бөлігі қазақтар.
## Дереккөздер |
Жұмағалиева Фатиха – медицина ғылымдарының докторы (1971), профессор (1972). Ташкент медицина институтын (1940) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Физиол. институтында кіші, аға ғылым қызметкері, лаборатория меңгерушісі (1951–83) болған. Негізгі ғылыми еңбектері фармакология мәселелерін зерттеуге арналған. Маймен реакцияға түсетін, жүрек етін сергітетін өсімдік препараттарын, Бунге киікотының сұйық сығындысын, хош иісті алаботаны, т.б. күнделікті емдеу практикасына енгізген. Құрамында фламаноид, эфир майлары бар өсімдіктерге зерттеу жүргіген. 70-тен аса ғылыми мақаланың авторы. 1 авторлық куәлігі бар.
## Дереккөздер |
Мир-Саид Бахром кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші.
Шамамен 10 – 11 ғасыларда тұрғызылған. Өзбекстан Республикасы, Бұхара облысы Кермине маңында орналасқан. Ішкі аумағы 4,4*4,4 шаршы метр. Күйдірілген кірпіштен (21*21*2,5 см) қаланған қабырғалардан күмбезге өтер жері көрінбейтін белдеу арқылы көмкерілген. Ішкі қабырғаларының бұрыштары үшбұрыш тәріздес және қабырғаның орта бөлігі төртбұрыш тәріздес ойықшалармен безендірілген. Әр ойықтың тұсында қабырғадан шығып тұратын, бірақ біржола бөлініп кетпеген үшбұрышты және жалпақ (төртбұрышты) колонналар орналасқан. Кіреберіс есіктің айналасы күйдірілген кірпіштен өрілген сырты төртбұрыш, іші үшкірлене жасалынған аркадан тұрады. Оның бәрі П әрпі тәріздес көркем белдеумен көмкерілген. Кесене құрылысы мен көлеміне қарай портальды - күмбезді кесене түріне жатады.
Кесененің портал қасбетінің ерекше ерекшелігі бар. Әдетте, пештактың ені алдыңғы қабырғаның еніне тең немесе ені кішірек, содан кейін олар әдетте жазықтықтан шығып тұрады. Мир-Сейд Бахрам кесенесінде Оңтүстік портал қабырғасы таяз кіреберістің арқасында қалған қабырғаларға қарағанда қалың ғана емес, сонымен қатар басқа қасбеттерге қарағанда ұзағырақ: ол ғимараттың жалпы көлемінен екі жағынан 40 сантиметрге шығып, сол жағынан алдамшы әсер қалдырады.ол өзінің нақты өлшемдерінен кеңірек. Осылайша, пештактың декоративті-сахналық мақсаты, оның нақты архитектураны жасыратын иллюзиялық архитектуралық Маска ретіндегі рөлі мұнда ерекше көрнекі болады
## Дереккөздер |
Сам ескерткіштері — қазіргі Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының Қарақалпақстанмен шекаралас Сам өңіріне шоғырланған архитектуралық ескерткіштер тобы.
## Тарихы
Сам, В.В. Бартольдтың жазуынша, ежелгі қала орны болуы ықтимал. Бұл өңірдегі сәулет өнері ескерткіштері жайында В.Г. Григорьев пен А.И. Левшин де өз еңбектерінде ішінара тоқталды.
Сам өңірін Орталық Азиядан Шығыс Еуропаға баратын керуен жолы (16 ғасырда “ноғайлы жолы” атанған), Арал мен Каспий теңіздері аралығымен өтетін байырғы жолдар басып өткен. Бұл өңірде сәулет өнері ескерткіштерінің мол шоғырлануына осы керуен жолдары да себепкер болды.
## Сипаттамасы
Сам ескерткіштері шағын қала орындары мен бекіністер (Көптам, Шерқала, Мәслихаттөбе, т.б.), сағанатамдар мен құлпытастар, мазарлар мен қорымдар (Дауымшар, Қарасақал, Көп шейіт, т.б.), тас құдықтар болып келеді. Бұл ескерткіштердің құрылыс композициясы, қалап тұрғызу үлгісі Маңғыстау ескерткіштеріне ұқсас.
## Дереккөздер |
Тәтиұлы Ораз (1856, бұрынғы Торғай облысы Ырғыз уезі, Қабырға болысы – 1917) – би, болыс. 19 ғ-дың 80 – 90-жылдарында екі дүркін Қабырға өңірінде болыстыққа сайланған. Алаш партиясының 1-съезінде елдегі алауыздықты жою және отарлау саясатына қарсы жұмылу қажеттігін ұсынған. Осы съезде Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне делегат болып сайланған.
## Сілтемелер |
Әбжаппар Абайұлы Аблақов (20.11.1928, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Жамбыл ауылы) – филология ғылымының докторы (1988), профессор (1991), Қазақ КСР-і (1986) және КСРО (1987) Халық ағарту ісінің үздігі. ҚазПИ-дің (1961, қазіргі ҚазҰПУ) қазақ тілі мен әдебиеті және тарих факультетін әрі аспирантурасын (1964) бітірген. Қызылорда педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, қазақ тілі және қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (1964–88) болды. 1988 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті) қазақ тілі мен әдебиеті, одан кейін қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. «Қазақ тіліндегі меңгеріле байланысқан сөз тіркестері (тарихи-салыстырмалы негізде)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Аблақов 150-ге тарта ғылыми-зерттеу еңбектің авторы.
## Ішкі сілтемелер
* Қазақ КСР әнұраны
* Қазақ КСР елтаңбасы
## Сыртқы сілтемелер
* Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің ресми сайты Мұрағатталған 6 қазанның 2011 жылы.
## Дереккөздер |
«Қаракемпір» мемориалды кешені – қастерлі орын. Меркі ауданындағы Алматы – Ташкент автотрассасының бойында, Қостоған және Андас батыр (Нововоскресеновка) ауылдарының ортасындағы биік төбеде, бұрыннан бар қорымның қасына орналасқан. 1993 ж. құрылысы аяқталған (1,2 м). Ұлттық киім киіп, ағаш бұтағына сүйеніп тұрған қартаң әйел. А. Қоразбаевтың «Қара кемпір» әнінің желісімен жасалған соғыстан ұлдарының қайтуын күткен қарт ананың скульптуралық бейнесі. Ескерткіштің жалпы биікт. 2,8 м. Төбенің етегінен ескерткішке баратын сатылы жолдың басында жазуы бар мәрмәр тас тұр.
## Дереккөздер |
Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер түрі.
Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері, би қимыл-қозғалыстары мен би шараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірде өмір талабынан туды. Келе-келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде (Грекия, Рим, Мысыр, Қытай, Үндістан) билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті. Би музыкамен тығыз байланысты. Көптеген халықтың билері ұрмалы музыкалық аспаптардың ырғақты үнімен орындалады.
Би хореографиясы жинақы образдар арқылы болмысты бейнелеп, адамның ішкі жан дүниесін көрсетеді. Экономикалық, әлеуметтік, тарихи географиялық, т.б. факторлардың әсерімен де әр халықтың өзіне ғана тән би дәстүрлері, өзіндік хореография тілі, пластикалық бейнелілігі, қимыл-әрекетті музыкамен байланыстыру тәсілдері пайда болды. Солардың негізінде бал билері мен кәсіби сахна биі қалыптаса бастады. Кәсіби өнерде би жоғары деңгейге көтеріліп, ғылыми жүйеленді. Мысалы, Еуропа классикалық биі, Азия мен Африка халықтарының билері сияқты түрлері қалыптасты. Шығыс елдерінің билері бет-пішіннің нәзік құбылуы және қол қимылы секілді дәстүрлі ишараларымен ерекшеленеді.
Би — қазақтың халық фольклорының көне түрлерінің бірі. Ол туралы Қазақстан жерінде сақталған тастағы суреттер, тарихи деректер, орыс саяхатшылары, тарихшылары, ғалымдарының этнографиялық жазбалары сыр шертеді.
* 1934 ж. Қазақ музыкалық театры (қазіргі Опера және балет театры) құрылғаннан кейін сахналық билерді шығару қызу қолға алынды. Музыкалық, опералық спектакльдердегі алғашқы сахналық билерде ұлттық ойындар, салт-дәстүр элементтері Орта Азия және Қазақстан халықтары билері мен классикалық бидің стильдік қимыл-әдістері қолданылды.
* Бұл билер 1936 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде қойылған спектакльдерде,
* 1930 — 40 ж. Алматыда болған халық шығармашылығының Бүкілқазақстандық слеттерінде көрсетіліп, үлкен табысқа ие болды.
* 20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап ұлттық балетмейстерлер қазақтың фольклорлық билерін, оның нағыз ұлттық қимыл-ерекшеліктерін зерттей бастады. Өңделген фольклорлық билер алғашқы сахналық билермен біріге, қазіргі заманғы қазақ билерінің негізін құрды. Оларды Классикалық би ансамблі, Ән-би ансамблі, “Гүлдер” эстрадалық жастар ансамблі, “Сазген” фольклорлық этнографиялық ансамблі, “Алтынай” мемлекеттік халық биі ансамблі, т.б. орындады. Сондай-ақ, би өнері көркемөнерпаздар ұжымдарының репертуарынан да кеңінен орын алды.
* 20 ғасырдың 60-жылдарынан жазып алына бастаған халықтық-фольклорлық билер мен оның шығу тегі ғыл. тұрғыда зерттелді. Солардың негізінде ұлттық хореографтар жаңа шығармалар тудырып, би өнерінің жан-жақты дамуына үлес қосты. Кәсіби бишілерді Алматы жоғары би өнері мектебі даярлайды.
## Би түрлері
### Акробаттық би
### Балет
* романтикалық
* классикалық
* қазіргі заманғы
### Бальные танцы
* Бальный танецЕуропалық бағытбаяу вальстанговендік вальсфокстротквикстеп (жылдам фокстрот)Латиноамеракандық бағытсамбача-ча-чарумбапасодобльджайв
* Еуропалық бағытбаяу вальстанговендік вальсфокстротквикстеп (жылдам фокстрот)
* баяу вальс
* танго
* вендік вальс
* фокстрот
* квикстеп (жылдам фокстрот)
* Латиноамеракандық бағытсамбача-ча-чарумбапасодобльджайв
* самба
* ча-ча-ча
* румба
* пасодобль
* джайв
### Хастл
* Хастл
### Ежелгі би түрлері
* Ежелгі би түрлерімазуркаменуэтполонез
* мазурка
* менуэт
* полонез
### Латын Америка би түрлері
* Аргентингалық танго, Еуропа тангосынан өзгеше Танго.
* Латын биісамбарумбабачатамеренгемамбосальсазукламбадакумбиятангофламенкокапоэйрапачангаболеро
* самба
* румба
* бачата
* меренге
* мамбо
* сальса
* зук
* ламбада
* кумбия
* танго
* фламенко
* капоэйра
* пачанга
* болеро
### Қазақ ұлттық би түрлері
* Ұлттық биҚамажайҚара жорға
* Қамажай
* Қара жорға
### Свинг
* Свингбуги-вугиЛинди ХопБальбоаЧарльстонДжайвРок-н-РоллСвинг Восточного Побережья (East Coast Swing)Свинг Западного Побережья (West Coast Swing)Современный Джайв (Modern Jive)
* буги-вуги
* Линди Хоп
* Бальбоа
* Чарльстон
* Джайв
* Рок-н-Ролл
* Свинг Восточного Побережья (East Coast Swing)
* Свинг Западного Побережья (West Coast Swing)
* Современный Джайв (Modern Jive)
### Ритуальдық би
* Ритуальдық биСамаКечак
* Сама
* Кечак
### Қазіргі заман билері (XX ғасыр басы-ортасы)
* еркін бимузыкалық қозғалыс
* музыкалық қозғалыс
* модерн биіджаз-модерн
* джаз-модерн
* контемпорари (contemporary)
* буто
### Қазіргі заман билері (XX соңы— XXI ғасыр басы)
* Клубн биіЭлектро дэнс (Тектоник)Industrial DanceWackingElectrobitHouseTranceStrip-danceGo-Go (Клуб биі)ХаккаДжампстайлШаффлСквэр данс
* Электро дэнс (Тектоник)
* Industrial Dance
* Wacking
* Electrobit
* House
* Trance
* Strip-dance
* Go-Go (Клуб биі)
* Хакка
* Джампстайл
* Шаффл
* Сквэр данс
* Далалық биHip-HopLA-StyleNewStyleБрейкингПоппингC-walkКрампЛокинг
* Hip-HopLA-StyleNewStyleБрейкингПоппингC-walkКрампЛокинг
* LA-Style
* NewStyle
* Брейкинг
* ПоппингC-walk
* C-walk
* Крамп
* Локинг
## Би жайлы кинолар
* Танец-вспышка (Flash-dance, 1983 ж.)
* Только в танцзале (Strictly in the ballroom, 1992 ж.)
* Грязные танцы (Dirty dancing, 1987 ж.)
* Грязные танцы 2 или Гаванские ночи (2004 ж.)
* Грязные танцы (сериал)
* Давайте потанцуем (Shall We Dance, 2005 ж.)
* Танцуй со мной (Dance with me, 1998 ж.)
* Лапочка (Honey, 2003 ж.)
* Стриптиз (Strip-tease, 1996 ж.)
* Шоу герлз (Show girls, 1995 ж.)
* Последний танец (One Last Dance, 2003 ж.)
* Танцевальная машина (Dancing Machine, 1990 ж.)
* Добейся успеха (Bring It On, 2000 ж.)
* Кордебалет (A Chorus Line, 1985 ж.)
* Бал (Le Bal, 1983 ж.)
* Уроки танго (The Tango Lesson, 1997 ж.)
* Макарена (Macarena, 1998 ж.)
* Танго-бар (Tango Bar, 1988 ж.)
* Шаг вперед (Step Up)
* Шаг вперед 2 (Step Up 2. The Streets)
* Шаг вперёд 3D (Step up 3D, 2010)
* Плакса
* Лихорадка субботнего вечера (Saturdaynight Feaver, 1977 ж.)
* Дансер (The Dancer)
* Билли Эллиот (Billy Elliot, 2000 ж.)
* Дворовые Танцы (Stomp the Yard)
* Как она двигается(How She Mooved)
* Сделай шаг(Make It Happen 2009 ж.)
* Держи ритм (Take the Lead 2006 ж.)
* Австралийское танго (1992 ж.)
* Зимний вечер в Гаграх
* Еще одна история о Золушке
* Пусть все получится
* В ритме танго
* Фламенко (Flamenco, 1995 ж.)
* Авансцена - 1,2 (Centerstage)
* Время танцевать
* За мной последний танец (Save the last dance, 2001)
* Королева сальсы (Die Salsa Prinzessin, 2001)
* Уличные танцы (Street Dance, 2010)
* Мулен Руж (Moulin Rouge, 2001)
* Бурлеск (Burlesque, 2010) черный лебедь
* За мной последний танец
## Дереккөздер |
Қарақожа мешіті – діни ғимарат.
Мешіт XIXғ. соңы мен XX ғ. басында, Талас–Шу аймағында қалыптасқан діни-рухани сәулет нысандарына тән дәстүрлі үлгіге байланыстырылып тұрғызылған. Бұл мешіт Қара Қожаның бастамасы бойынша 1909 жылы тұрғызылған, кейіннен Қарақожаның аты берілген, ол 16,9х16,26м көлемде төрт бұрышты формада жоспарланып тұрғызылған.Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылында, Талас өзенінің оң жағалауында. Ғимарат 27см х 13см х 5см, 25см х 14см х 6см, 26см х 12см х 6см, 25см х 25см х 4см көлемді сазды лайдан күйдіріп құйылған қызыл кірпіштен тұрғызылған. Себебі ғимараттың негізгі құрылымына еур. қалыптағы кірпіш үлгісі қаланған да, қабырғаның күмбезге ұласар тұсына және күмбездердің өрілуіне көне шығыс қалпындағы кірпіштер пайдаланылған. Сылағына ғаныш ерітіндісі қосылған. Ғимарат күмбезді – галерея типті құрылыс тобына жатады. Тоғыз күмбезбен көмкерілген ескерткіштің оңт.-батыс құбыла жағындағы біреуі басқалардан тұрқы биік бас күмбез кенересімен мойындыққа табан тіреген. Мойындықтың шығыс жағында мешіт ішіне жарық түсетін терезе ойығы және михрап қуыстары бар. Қарақожа мешітінің Бұхара және Самарқан мешіттеріндегі сәулет өнері үлгісінде салынғанымен өтпелі доға тәрізді галерея құрылымынан өзіндік ерекшелігі байқалады.
## Мешітті зерттеу
Алғашқы рет ескерткішті 1945 жылы Г.И.Пацевичтің басшылығымен ЭРУДА зерттеген. Кейіннен 1949 жылы Л.М.Ремпел бастаған Жамбыл облыстық музей экспедициясы зерттеді. 1975-1980 жылдары «Қазжобажаңғырту» сәулетшілері, 2000 жылы – НИПИ ПМК мамандары зерттеген.
## Жөндеу жұмыстары
80-ші жылдар соңына таман біртіндеп күмбез мүжіле бастаған, парапетті қабырғаларында көптеген жарықшақтар пайда болған. 1985-1989 жылдары жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқсыз қалған. Толық қайта жөндеу жұмыстары 2003-2004 жылдары жүргізілді.
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.drevniytaraz.kz/install/index.php?option=com_content&view=article&id=107:2015-06-23-09-32-49&catid=38:2010-02-28-16-21-42&Itemid=2(қолжетпейтін сілтеме)
* http://www.madenimura.kz/kk/culture-legacy/region/zambyl_oblast/memorial/karakoja Мұрағатталған 12 қыркүйектің 2016 жылы.
* http://www.info-tses.kz/news/islam-d-n-n-tarat-1179-an-1241-ulieler/(қолжетпейтін сілтеме) |
Жол қоры – елдегі жалпыға бірдей пайдаланудағы автомобиль жолдарын күтіп ұстаумен, жөндеумен, жаңғыртумен, салумен байланысты шығындарды қаржыландыруға, жол қызметтерін көрсету нысандарын, жол-құрылыс материалдары мен құралымдарын, машиналарын, механизмдерін өндіретін кәсіпорындарды салуға, жабдықтар сатып алуға, жалпы салалық сипаттағы ғылыми-техникалық жұмыстарды жүргізуге, жол шенін басқаруға, т.б. арналған мақсатты қаражаттар жиынтығы. Республикалық жол қоры және жергілікті жол қоры болып бөлінеді. Олар отынға, көлік құралдарын сатып алуға салынатын салық, транзиттік салық, автомобиль жолдарын пайдаланушылар қаражатынан аударым, автомобиль көлігін пайдаланудан түсетін табыстан аударым және басқа көздер есебінен құралады.
## Сілтеме |
Зұлпықар – басы немесе басының ұшы екіге айырылып соғылған қылыш түрі. «Зұлпықар» (араб. «Зул фикар» – «жасын» деген сөз) – Әзірет Әлінiң (Мұхаммед пайғамбардың немере інісі, әрі күйеу баласы, төртінші әділ халиф Әлі ибн Әбу Тәлібтің) аты аңызға айналған қасиеттi екi басты семсерінің атауы.
## Тарихи деректер
Тарихи деректер бойынша, зұлпықар Мұхаммед пайғамбардың қолына жаңа діннің жауларымен соғыста, 624 жылы болған Бадр шайқасында әскери олжа ретінде түскен екен. Бұл семсер Мунабба ибн Хаджжадж деген адамның семсері болған. Зұлпықар семсер Мұхаммед пайғамбардың мұсылмандар басшысы билігінің белгісі ретінде мифологизациялану процесінен өтіп, исламның басты киелі символдарының біріне айналады. Сондықтан семсердің шығу тегі туралы деректер мифке, аңызға айналып кеткен. Мұсылман дәстүрінде Пайғамбардың қолында бұл қылыш керемет магиялық күшке ие болған деп саналады. Аңыздардың бірінде оны алғашқыда Адам ата ұстанған деп айтылады. Мұсылмандар, ислам дінін қабылдған қазақтар да, зұлпықарды аспаннан түскен төрт киелі қылыштың бірі санайды.
### Семсердің ұранға айналуы
627 жылдың наурызында болған мұсылмандардың ислам жауларымен үшінші шайқасында («Ордың бойындағы шайқас» деп аталған шайқаста) жаудың алып денелі атақты жауынгері Амр ибн Абд Вуддқа қарсы жекпе-жекке шыққан жас жігіт Әліге Мұхаммед пайғамбар жеңіс тілеп, дұға оқып, осы зұлпықар семсерін береді. Жас жігіт жекпе-жекте қарсыласын жеңіп, оны семсермен шауып өлтіреді. Мұны көрген Мұхаммед пайғамбар: «Ла фета илла Али, ла сейфе илла Зулфикар» («Әліден асқан батыр жоқ, Зұлпықардан асқан семсер жоқ!») – деп таңдана айқайлап жіберген деседі. Кейін бұл сөз нақылға айналып, мұсылман жауынгерлерінің ұраны болып кетті, мұсылман халықтарының қаружасаушы шеберлері бұл нақыл сөзді семсер, қылыштардың жүзіне жазды. Әзірет Әлінің қолында болғанда, оның Ислам үшін жасаған басқа да даңқты ерліктерімен бірге бұл зұлпықар семсер де ұлы әскери даңққа ие болды. Зұлпықар мұсылман мәдениетінде, мұсылман өнерінде Исламның басты қаһарманы – Әзірет Әлі бейнесінің негізгі атрибуттарының біріне айналды. Шығыс бейнелеу өнерiнде Әзірет Әлі әрқашан қолында осы зұлпықармен бейнеленедi.
### Өтпелі кезеңдері
Зұлпықар семсердің кейінгі тарихы белгісіз, бұлыңғыр болып кеткен. Кейбір деректер бойынша семсер кейін Әзірет Әлінің баласы Хусәйннің қолына өтеді. 680 жылы Кербела қонысының маңындағы соңғы шайқасында бұл семсер Хусәйннің қолында болған. Хусәйннің өлімінен соң семсер сүннит халифтерінің меншігіне көшкен. Кейін Аббасидтер халифтарының киелі реликвияларының жинағымен бірге семсер Осман империясы сұлтандарының қолына өтіп, қазір Стамбулдағы Топқапы сарайдың мұражайынды, Мұхаммед пайғамбар және оның серіктері ұстаған «Мүбарак қылыштардың» құрамында сақтаулы деп саналады. Бірақ Топқапы сарайында сақтаулы Мұхаммед пайғамбар ұстанған семсерлердің ішінде зұлпықар жоқ. Ондағы Әзірет Әлінің семсері деп аталатын семсер де зұлпықар емес. Бұл киелі қарулардың ішіндегі жалғыз зұлпықар үлгісіндегі семсер «Хазреті Османның семсері» деп көрсетілген. Бұл семсердің бір ерекшелігі оның жүзінің бетінде де басының ұшы екіге бөлініп жасалған зұлпықар семсер бейнеленген. Хазреті Османның семсерінің бетіне салынған суреттегі семсер Әзірет Әлі ұстаған зұлпықардың бейнесі болуы әбден мүмкін.
Әзірет Әлінің зұлпықары да осындай басы түзу, екі жүзді, ұшы екіге бөлінген семсер болған. Ислам дінінің таралуы кезеңінде араб елдерінде басы екі ұшты семсерлерді жасау дәстүрі кең таралған. Араб елдерінде мұндай семсерлер кейін ХIV-ХVI ғасырларға дейін жасалып келді. Осы кезеңге жататын мамлюктер семсерлерінің осындай үлгілері Топкапы сарайының қарулар залында экспозицияда да тұр. Жүзі жалпақ келген семсерлердің ұшын екі жіңішке ұзын ұштарға бөлу арқылы шеберлер семсермен түйрегенде оның ұшының адам денесіне сұғылуын жеңілдетті және жылдамдатты. Семсердің екі ұшымен бірден екі жара салынуы адам өміріне өте қауіпті болды. Сондықтан бұл жақсы ойланып, соғыс тәжіріибесінде тексеріліп қолданылған шешім болатын. Мұсылман халықтарының жазба, ауызша деректері, музейлік және иконографиялық материалдар зұлпықар семсерлердің соғыста нәтижелі қолданылғанын көрсетеді.
### Үлгілерінің пайда болуы
Кейін орта ғасырлардың аяғы мен жаңа заманның басында көшпелі түркі халықтары тудырған қайқы қылыштың бүкіл әлемде қолданысқа енуімен, зұлпықар басы екі ұшты қылыш ретінде түсініле бастайды. Зұлпықарды қасиеттеу және оған елiктеу барысында Шығыста басының ұшы екі айырылатын зұлпықар типтес қылыш түрi жасала бастады да, оны да «зұлпықар» деп атады. Алғашқы зұлпықар қылыштар дәстүр бойынша зұлпықар семсерлер сияқты басының ұшы екіге бөлініп жасалды. Ал ХV-ХVI ғасырлардан бастап Шығыста зұлпықар қылыштың екi үлгісі пайда болды: бірінші үлгісінде зұлпықар семсердей қылыштың ұшы көлденеңінен екіге бөлініп соғылса, екінші үлгісінде қылыштың басы тігінен бойынша екiге айырылып жасалды. Яғни зұлпықар қылыштың басты белгілік ерекшелігі – оның басының, не ұшының екеу болуы. Шығыс өнер ескерткіштерінде Әзірет Әлінің қолында зұлпықар қылыштың осы екі типі де бейнелене береді. XVII-XIX ғасырларда зұлпықар қылыш Шығыс жауынгерлері қолданған қылыштардың ерекше түріне айналды. Зұлпықар қылыштар Шығыста өте жоғары бағаланған, мұсылман дәстүрінде бұл қылыштар магиялық күшке ие болады деп санайды. Зұлпықар қылыштар ХVIII-ХIХ ғғ. Үндістанда, Иранда, Түркияда, Кавказда (Дағыстанда) жасалды. Әр халықтардың қару жасау дәстүріне сәйкес зұлпықарлардың бастары түзу немесе қайқы, жүздері мен сырты түзу немесе толқынды болып түрліше соғылды. Саптары әр халықтың өзіне тән семсер, қылыштардың сабының пішінімен жасалды.
## Зұлпықарды қазақ батырларының қолдануы және мәні
Бүкіл Шығыста өте жоғары бағаланған зұлпықар қылыштарды қазақтың хан-батырлары да ұстаған. Фольклорлық деректерде құлпықар қылыштар қазақ жауынгерлерінің қаруы ретінде жиі айтылады. Сонымен бірге, қазақтың дәстүрлі мәдениетіне Ислам дiнiмен енген бұл киелі қылыштың атауы – зұлпықар сөзі қазақ ауыз әдебиетінде асыл қылыштың эпитетіне, теңеуіне де айналған. Орта ғасырларда мұсылман халықтарында «Зұлпықар» жауынгерлік ерліктің және батырлықтың символы болды. Оның бейнесі әскери туларда, жауынгерлердің молаларына салынды. Аңызға айналған атақты семсердің аты мұсылман халықтарында ер адамның кең қолданылатын есіміне де айналды. Жауынгер, батыр болсын деп Зұлпықар есімін ер балаға қазақтар да қойған.
Қазақстанның Ұлттық мұрағат қорында қазақтар ұстаған, бiрақ индиялық шеберлер жасаған бір зұлпықар қылыш бар (суретте). Жалпы ұзындығы 93 см, басының ұзындығы 81 см, ені 3 см. Басы екі жүзді, қайқылығы орташа, жүздері толқынды болып жасалған, басының екі бетінің ортасынан ені 1,1 см ойық өтеді, ұшы төрт қырланған екі ұшқа бөлінген. Қылыш басының екі беті алтын қақтау әдісімен мұсылман өсімдік өрнегімен – «ислими» өрнегімен әшекейленген. Сабы сүйектен жасалған екі беттіктен құралған, жетесіне мыс қаңылтырдан оралған екі түтікше шегелермен бекітілген. Сабының қыры жетесіне дәнекерленген темір пластинамен көмкеріліп, алтын қақталып әшекейленген. Сабының ұшы гүл формалы темір түбекпен қапталған. Балдағы крест формалы, көлденең бастарының ұшы сопақ шар түрінде жасалған, беттері алтын қақтау әдісі арқылы көгеріс өрнекпен көркемделген.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Ақсауыт. Батырлар жыры. Екi томдық. Т.2. Алматы: Жазушы, 1977;
* Ислам. Энциклопедический словарь. М.: Наука, 1991;
* Мифы народов мира. Энциклопедия в двух томах. Т.1. М.: Советская энциклопедия, 1991;
* Потрашков С.В. Иллюстрированный военно-исторический словарь. М.: Эксмо, 2007;
* Эгертон Эря. Индийское и восточное оружие. От державы Маурьев до империй Великих Моголов. М.: ЗАО Центрполиграф, 2007;
* Hilmi Aydin. Hirka-i Saadet Dairegi ve Mukaddes Emanetler. Istanbul: Kavnak kitapligi, 2007;
* Ахметжан К.С. Этнография традиционного вооружения казахов. Научный редактор и автор предисловия Нурсан Алимбай. Алматы: Алматыкітап, 2007;
* Акрам А.И. Рыцарь пустыни. Халид ибн ал-Валид. Крушение империй. Пер. с англ. СПб.: Диля, 2009;
* ҚР МОМ – материалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан. |
«Оңтүстік Қазақстан Облысының Құрметті Азаматы» – облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешімі бойынша берілетін құрметті атақ.
2001 жылдан бастап беріліп келе жатқан бұл атаққа ие болған азаматтар:
* Асқаров Асанбай Асқарұлы (2001),
* Сергей Александрович Терещенко (2001),
* Айша Абдуллина (2002),
* Жұрынов Мұрат Жұрынұлы (2002),
* Махаматрасул Исақов (2002),
* Ливенцов Василий Андреевич (2002),
* Төлепбек Әбдіұлы Назарбеков (2002),
* Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы (2002),
* Әділ Сасбұқаев (2002),
* Ыдырыс Тілеубергенов (2002),
* Нығмет Төлендиев (2002),
* Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков (2002),
* Құлахмет Дүйсенбекұлы Халменов (2002),
* Бопова Дүйсенкүл (2003),
* Николай Кабиров (2003),
* Валентин Иванович Немченко (2003),
* Амалбек Қозыбақұлы Тшанов (2003).
## Дереккөздер |
Мойынсыз Асан (16 ғасырда өмір сүрген) – бек, батыр, қолбасшы. 15 ғасырдың соңы мен 16 ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығы мен Мауереннахр билеушілерінің арасында Түркістан аймағы үшін болған соғыс барысында көзге түскен. Мойынсыз Хасан – Қасым ханның (1511 – 1518) әскерін басқарып, Мұхаммед Шайбанидің қазақтарға жасаған соңғы жорығы (1509 ж., 21 сәуір – 1510 ж. 12 наурыз) кезінде қолбасшылық шеберлігімен көзге түсті.
Шыққан тегі Найман тайпасының Балталы руының Арғымақ тармағынан.
Мұхаммед Шайбани Сығанақ төңірегіне жетіп, өз ордасын Көк-Қашанға орналастырды да, ұлы Темір мен жиені Ұбайдолла сұлтан бастаған жасақты ілгері жіберді. Олар өлытау маңында Қасым ханның ордасын шапты. Алайда бірнеше күннен кейін Қасым хан өз ордасына орнығып алған өзбектерге Мойынсыз Хасан бастаған шағын қосын аттандырды. Күші басым жаудан Мойынсыз Хасанның әскері басым түсті. Қасым хан оларды өкшелей қуып, қыстың соңында (1510) Самарқанға қайтып оралуға мәжбүр етті. Осы соғыстан кейін қазақтар Сыр өңіріндегі көптеген қалаларды қайтарып алды.
## Сілтемелер
* Мұхаммед Шайбани
* Қасым хан
* Қазақ хандығы
## Сыртқы сілтемелер
* [1]
## Дереккөздер |
Балхаш Ғалиұлы Тыныбаев (11.7.1947 ж.т.,Абай облысы Үржар ауданы Ақжар а.) – медицина ғылымдарының докторы (2006).
## Өмірбаяны
Алматы мемлекеттік медицина институтын (1973, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Атырау қаласында дәрігер, емхана меңгерушісі, қалалық эпидстационардың бас дәрігері (1973–80), Алматы облысы ауруханасында дәрігер (1982–88), Атырау мед. колледжінде дәрігер-оқытушы, бөлім меңгерушісі (1983–88). Атырау педагогикалық институтында аға оқытушы (1988–2000), Атырау мемлекеттік университетінде Мұрағатталған 19 ақпанның 2012 жылы. Азаматтық қорғаныс штабының бастығы қызметін атқарды (2000–08).
## Ғылыми еңбектері
«Каспий жағалауының солтүстік шығысындағы мұнай-газ кеніштерін игерудің қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулық сапасына әсерлерін кешенді гигиеналық-экологиялық бағалау» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
## Дереккөздер
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы |
Намыс — адамның жан дүниесі мен отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Өзін-өзі танудан бастау алған адамның рухани ізденісі оның қоршаған ортасын меңгеруіне ұласады. Намыстың адамның адамдық келбетін айқындайтын асыл қасиеттердің бірі. Адам өз бойындағы ең асыл құндылық ар қазынасы екенін танып білсе, оны қорғау, ұлғайту қамымен ғылым, білім іздеп еңбектенсе, ол шын мәніндегі арлы адам болатыны күмәнсіз.
## Намыстың тағы бір көрінісі
Намыстың тағы бір көрінісі – қоғамдағы өз орнын белгілегеннен кейінгі қауым алдындағы өзінің адамдық борышы, халқына еңбек ету бағытындағы адамның отансүйгіштік сезімі. Бұл оның ұлттық құндылықтарын түйсінуінен, туған халқымен етенелігін сезініп, оның рухани мұраларына деген риясыз ықыласынан және туған елін қорғауға ұмтылысынан байқалады. Сондай-ақ отбасының мұң-мұқтажын қамтамасыз ету және оны қорғаумен байланысты намыс тағы да көрініс береді. Адам өзі қымбат деп білген нәрсесін неғұрлым қастерлеп, құрметтесе және оған сүйіспеншілік сезіммен қараса – бұл намыстың белгісі.
Демек, намыс адамға тән асыл ізгі махаббат сезімімен тығыз байланысты. Махаббат намыстың сезімдік қайнары болса, намыс махаббаттың құндылықтық мәні, әрекеттік қыры. намыс адамның жігерін жанып, ерлік пен тәуекелге жетелейтін, табандылығын арттырып, қажыр-қайрат беретін қуат. Баянсыз нәрселер үшін бәсекеге түсу намыстың белгісі емес. Ал адам қадір-қасиеті мәлім нәрселерді сыртқы жаудан қорғаумен қатар, ішкі жаудан яғни адамның өз бойындағы ішкі кеселдерінен қорғауының да маңызы зор және бұған өте көп күш-қайратын жұмсауға тура келеді.
Намыс деңгейі адамның өз бойындағы нәпсіқұмарлық, қиянатшылдықпен күресінен де көрінеді. Себебі жоғарыда аталған құндылықтарға сыртқы дұшпанның жаулығынан гөрі адамның рухани азғындауымен ұштас қандай да бір қадірлі нәрсенің қасиетін жоятын нәпсіқұмарлықтың жаулығы басым.
## Намыс туралы басқа көзқарастар
Моральдік сананың кең таралған ұғымдарының бірі. Ар сияқты, бұл да әдептік санатқа жатады, жеке адамның өзінің қоғамдағы мәртебесін тұтынуынан және қоғам тарапынан оның мойындалуына ұмтылысын көрсетеді. Намыстың өлшемдері қоғам алға басқан сайын тарихи өзгерістерге ұшырап тұрады. Жеке адамның намысы оның өзінің басының абыройын сақтауға тырысуымен байланысты. Ұжымның немесе қоғамның намысы жеке адамдардан құралған топтың әлеуметтік жағдайларымен және мүмкіндіктерімен қозғалады. Намыстың ең басты ерекшелігі оның асқақтығында, қасиеттілігінде. Сондықтан адамдар бар мүмкіндіктермен оны қорғауға тырысады. |
Кәсіпшілік – күнелтіс көзі ретінде қол өнерімен немесе басқа бір майдагерлік кәсіппен айналысу. Кейде кәсіпорындардың белгілі бір нысанын да “кәсіпшілік” деп атайды. Ондай кәсіпшілік түрлері:кен қазу кәсіпшілігі (мұнай кәсіпшілігі, темір кентасын өндіру кәсіпшілігі, алтын іздеу кәсіпшілігі, т.б.), терімшілік, аңшылық(аң аулау, құс аулау кәсіпшілігі), теңіз кәсіпшілігі (итбалық аулау, кит аулау кәсіпшілігі), ұсақ қолөнері кәсіпшілігі (қыш-құмыра жасау, т.б.). Дәстүрлі қазақ қоғамында қолөнері кәсіпшілігі жақсы дамыған. Шебер ісмерлер үй тұрмысына қажетті ер-тоқым, жүген, құйысқан, өмілдірік, қамшы, т.б. ат-арба әбзелдерін, кереге, уық жону, шаңырақ соғу, жіп иіру, тері илеу, өрмек тоқу, бау-шу ызу, киіз, текемет, туырлық басу, ши орау, т.б. мүліктер жасау, сақина, жүзік, білезік, сырға, қапсырма, ілгек сияқты алтын, күмістен шекілген әшекей бұйымдар жасау кәсіпшілігімен айналысқан. Мұндай кәсіпшілікті ұлттық ісмерлер күні бүгінге дейін жалғастырып келеді. Қазіргі Қазақстанда мұнай, алтын өндіру сияқты өнеркәсіптік негіздегі кен кәсіпшілігі жедел қарқынмен дамып, ел экономикасын көтеруде маңызды рөл атқаруд |
Ысқақ Құлыншақұлы(1880, қазіргі Түркістан облысы Созақ ауданы Жартытөбе а. – 1919, сонда) – айтыс ақыны. Әкесі Құлыншақ ақынның жолын қуып, көптеген ақындармен айтысқа түскен, терме, жыр айтқан. Өлеңді домбыраға, қылқобызға қосып айтатын өнерпаз болған. Оның 1906 ж. Әулиеата жерінде ошақты руынан шыққан ақын қыз Қадишамен айтысы 1942 ж. шыққан “Айтыс” жинағында, “Айтыс” кітабының 1-томында (1965) басылды.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Жанайдаров Мейрам (1846, бұрынғы Атбасар уезі, Терісаққан болылсы – 1921) – этнограф. Мұсылманша, орысша білім алып, Атбасар уезі бастығының көмекшісі болған. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Мәжік бөлімінен шыққан. «Мың бір түнді» өлеңмен жырлап, 1895 жылы «Дала уалаяты» газетінің бірнеше санына бастырған. Кейін болыс болып, ұзақ жыл ел билеу ісіне араласқан. Қазақ халқының мәдениетін зерттеумен айналысып, Ресейде өткен этнограф көрмелерге қатысқан. Қазақ киіз үйін, зергерлік бұйымдар мен киім-кешегін, ер-тұрманын, қару-жарағын, ит жүгіртіп, құс салған, ат жарыстырған салт-дәстүрін насихаттаумен шұғылымиданып, ірі мұражайларға тегін экспонаттар өткізген. Өзінің ата қонысы Терісаққан өзені бойынан еуропалық үлгіде қызыл кірпіштен екі қабатты үй салдырған. Жанайдаров қазақ киіз үйінің құрылысына өзіндік жаңалық енгізіп, жылжымалы терезелер орнаттырған. Осы киіз үй Ресей патшасы қазақ сахарасын аралауға келген сапарының құрметіне және Романовтар әулетінің таққа отыруының үш жүз жылдығының құрметіне арналған Омбы қаласында өткізілген көрмелерге (1868, 1891, 1913) жәдігер ретінде тігілген. Оның 1876 жылы шығыстанушылардың халықар. 3-конгресінің көрмесіне арнап, Санкт-Петербургке жіберген терезелі киіз үйінің бір нұсқасы қазір Ресейдің мемлекеттік этнография мұражайында сақтаулы. Жанайдаров жылқы тұқымын асылдандыруға қосқан үлесі үшін 8 рет Батыс Сібір әскери ген.-губернаторының жүлдесіне ие болып, 1891 жылғы көрмедегі ат жарысында бірінші жүлдені Николай ІІ-нің өз қолынан алған. Жанайдаров егде тартқан шағында қажылық парызын өтеп қайтқан. Жанайдаровтың «Үш дос» поэмасы, Мүслима қызбен айтысы, бірқатар өлеңдері орталық ғылым кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы. Қазақ шежіресін жинап, кітап етіп бастыру туралы мәселе қозғаған мақаласы 1912 жылы «Айқап» журналында жарияланып, «Мың бір түннің хикаясы» аталатын дастаны кейін екі рет (1986, 1994) жарық көрді. Путешествие государя Николая ІІ на Восток, СПб., 1897; Маргулан А.Х., Казахское народное прикладное искусство, А.-А., 1986; Дала уалаятының газеті (1888 – 1902), А., 1994.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Хиуа хандығы (өзб. Xiva xonligi) — 1511-1920 жылдар аралығында Орталық Азияда өмір сүрген мемлекет. Өзбек ханы Елбарыстың басшылығымен, Шайбани әулетінен бөліну негізінде құрылды.
Астанасы бастапқы кезде Вазир мен Үргеніш қалалары болды. 16 ғасырдың 70-жылдары астана Хиуа қаласына көшірілді. Елбарыс хан билік еткен 1512 — 16 жылдары Хиуа хандығы ұлыстарға бөлініп, оларды ханның туыстары басқарды. Алғашқы кезде құрамына Хорезм, көшпелі түрікмендердің Маңғыстаудағы Дихистан мен Үзбой бойындағы аумақтары мен Хорасанның солтүстік бөлігі енді. Елбарыс қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде Хиуа хандығында Сұлтан Қажы хан (1516), Құсайын Құли хан (1517), Суфие хан (1517 — 22), Бужақа хан (1523 — 26), Аванем хан (1527 — 38), Әли хан (1538 — 47), Ақатай хан (1547 — 56), Жүніс хан (1556 — 57), Досты хан (1557 — 58), Қажы Мұхаммед хан (1559 — 1602) билік жүргізді. Осы билеушілер кезінде Хиуа хандығы өзара тақ тартысынан көз ашпады. Бұхар хандығымен де соғыс жүргізді. 1537, 1593, 1595 жылдары Бұхар хандығы Хиуа хандығына жойқын жорықтар жасап, қысқа мерзімге болса да өзіне бағындырды. 17 ғасырдың бас кезінде билік еткен Араб Мұхаммед ханның тұсында Хиуа хандығы күшейіп, сыртқы жауларына, қалмақтардың шапқыншылығына тойтарыс берді. 1740 жылы хандықты Иран билеушісі Надир шах Афшар басып алды. Бірақ ол қайтыс болғаннан кейін хандық қайтадан өз тәуелсіздігін алды. Хиуа хандығындағы өзара тартыс бұдан кейін қайта жалғасты. Өзара билікке таласқан Хиуа шонжарлары билікке кейде қазақ сұлтандарын да шақырды (қ. Қайып). Бұл күресте қоңырат тайпасының билеушісі Ишан Мұхаммедәлі жеңіп шығып, жаңа Хиуа — Қоңырат әулетінің негізі қаланды. (1763). Бұл әулет алғашында өздері тағайындаған хандар арқылы билік жүргізді, ал 19 ғасырдың бас кезінде өз тайпаластары Елтүзерді (1804 — 06) таққа отырғызды. Қоңырат әулетінің ірі өкілі Мұхаммед Рахым хан болды (1806 — 25). Ол Хиуа хандығын бір орталыққа біріктірді. Жоғарғы кеңес құрып, салық реформасын жүзеге асырды, мемлекеттік кірісті ұлғайтты, көршілес ұсақ иеліктерді (Арал маңы, қарақалпақтар, т.б.) бағындырды. Бұл орталық үкіметтің нығайып, күшейген кезеңі болды. 1714 — 17 жылы Петр І патша Хиуаға А.Бекович-Черкасский басқарған экспедиция аттандырды (қ. Хиуа экспедициясы). 19 ғасырдың бас кезінде Хиуа хандығы Арал маңы мен Үстіртті мекендеген Кіші жүз қазақтарына шабуыл жасауды үдетті (қ. Хиуа хандығының Қазақстанға шапқыншылығы). Орталық Азия үшін күресте Ұлыбританиямен бәсекелескен Ресей үкіметі 1839 — 40 жылы В.А. Перовскийдің басшылығымен Хиуа хандығына қарсы әскери шабуыл ұйымдастырды. Кіші жүзді билеген кейбір қазақ билеушілерінің көмегіне қарамастан Ресей империясының бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Бірақ Орталық Азияға біржолата орнығуды көздеген Ресей отаршылдары Хиуа хандығына үнемі әскери және экономикалық қысым жасап отырды. Ақыры 1873 жылы К.П. Кауфман бастаған Ресей әскерлері Хиуаны басып алды. 1873 жылы келісім бойынша Хиуа хандығы Әмударияның оң жағалауындағы жерлерден бас тартты, егемендігінен айрылып, Ресей протекторатына айналды. Хиуа хандығының тұрғын халқы — өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қазақтар суармалы егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысты. Экспортқа мақта, кептірілген жеміс, мал терісі мен жүн шығарылды. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін көп ұзамай кеңес үкіметінің қысымымен 1920 жылы 2 ақпанда Хиуа хандығы құлап, оның орнына Хорезм Халық Кеңес Республикасы құрылды. 1924 — 25 жылы кеңес үкіметі орталық Азия республикаларының шекараларын межелеген кезде көпшілік бөлігі Өзбекстанның құрамына, қалған бөлігі Түрікменстанның құрамына енгізілді.
## Дереккөздер |
Мирхонд Мұхаммед ибн Хавандшах (1433 жылы, Балх – 24.2.(22.6.)1498, Герат) – парсы тарихшысы. Гераттағы Темір әулеттері сарайында қызмет еткен, Әлішер Науаидың әдеби үйірмесінің мүшесі. “Пайғамбарлар, патшалар мен халифтардың өмірбаяндары жөніндегі тазалық бағы” атты 7 томдық еңбегімен танылған. Мирхонд шығармалары еуропалық зерттеушілер үшін Иран мен Орта Азияның тарихы жөніндегі бірден-бір дерек ретінде ұзақ уақыт бойы қызмет етті. Әсіресе 6-томның кейбір бөліктері мен бүкіл 7-томның (1522 жылға дейінгі оқиғаларды Мирхондтың немересі Хондемир толықтырған) құндылығы жоғары. Өйткені ондағы оқиғалар сол тұстағы адамдардың баяндауы негізінде жазылған. Қалған томдары бөгде зерттеулер мен шығармалар негізінде ешбір өңдеусіз құрастырылған. Бірақ шығармалардың көпшілігі біздің заманға дейін жетпеген. Мирхонд еңбектері Шығыста литографиялық әдіспен бірнеше рет басылды. Еуропада кейбір бөлімдері ғана аударылып, жарық көрді. Мирхонд шығармаларының толық тізімі А.Е. Крымскийдің 1917 жылы Мәскеуде жарық көрген “Персияның, оның әдебиеті мен дәруін теософиясының тарихы” (3-том) атты кітабында келтірілген.
## Сілтемелер
* Мәскеу
* Пайғамбар
* Еуропа
## Дереккөздер |
Мейрам — Орта жүздегі арғын тайпасының құрамындағы бес рудан құралған бірлестік. Бес мейрам деп те аталады. Оған қуандық, сүйіндік, бегендік, (Қозған) шегендік (Қақсал), қаракесек (Болатқожа) рулары кіреді. Мейрам рулары Ақмола, Атбасар, Қарағанды, Павлодар аймағында көп қоныстанған. Бұл бесеуіне қаракесектің маңында топтасқан шұбыртпалы және қамбар рулары да жатады. Таңбасы арғынның көз таңбасы , ұраны “Ақжол”.
## Дереккөздер |
Ақбұлақ (2007 жылға дейін - Мичурино) — Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауыл, Ақбұлақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Аршалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай 15 км, Астана қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 85 км жерде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1932 жылы қаланған.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Балалар бақшасы, орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, клуб, кітапхана, сауда орталығы, асхана, дүкендер, кешенді тұрмыстық қызмет көрсететін қабылдау пункті бар. Мичуринодан 13 км жерден Астана – Қарағанды автомобиль жолы өтеді. Жақын темір жол станциясы – Аршалы (15 км).
## Дереккөздер |
Қанаш Қамзин (2023 жылға дейін – Жолқұдық) — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты Қанаш Қамзин ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Ақсу қаласынан солтүстікке қарай 40 км-дей жерде, Ертіс өзенінің сол жағасында, Ертіс маңы жазығының орталық бөлігіндегі қызғылт қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1932 жылы көкөніс-сүт өндіру бағытындағы кеңшарды ұйымдастыруға байланысты қаланған. Кейіннен оған Қанаш Қамзиннің есімі берілді. 1996 жылдан кеңшар негізінде өндірістік кооператив пен шаруа (фермер) қожалықтары құрылды.
## Инфрақұрылымы
Қ. Қамзин атындағы орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Қарақоңыз – Шу алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жамбыл облысы Қордай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 52 км, су жиналатын алабы 652 км2.
## Бастауы
Қарақоңыз Жетіжол және Қастек жоталарынан алып, Сортөбе ауылы тұсында Шу өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары жоғарғы бөлігінде тар, төменде кеңейеді, беткейі тік келген. Қар және жер асты суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Қаракемер ауылы тұсында 2,65 м3/сек. Өзеннің Ешкілі, Үлкен Ешкілі, т.б. салалары бар. Ауданның егістігін суарады. Кен алабында Қарақоңыз қорықшасы атты мемлекеттік қорықша орналасқан.
## Дереккөздер |
Тәттібай Дүйсебаев — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Шақпақ ауылдық округінің құрамында.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 11 км-дей, округ орталығы – Шақпақата ауылынан 4 км жердегі Шақпақ асуының етегінде, Алатаудың солтүстік жағалауында көк майсалы, сулы да нулы жерге қоныстанған. Кеңестік дәуірде "Амангелді" болып аталған. Ауыл тұрғындары ауылдың атын осы ауылдан шыққан генерал Тәттібай Дүйсебаевтың есімін беруге шешім қабылдады. Бұл ұсыныс 1997 жылы республика деңгейінде заңды шешімін тапқан.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1996 жылға дейін "Калинин" ауылы аталған. 1966-96 жылдары картоп өсіретін облысы ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының бөлімшесі болған. Бөлімше негізінде Тәттібайда 1996 жылы шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
## Ауыл маңы табиғаты
Шегірқамал - ауылдың оңтүстігінде, шамамен 10-11 шақырым жерде, Жоғарғы Алатаудың Жуалы асуының Көктал және Көкше жоталарының арасындағы аңғардағы қамал. Бұл қамалды Жоңғар шапқыншылығы кезінде Жаныстан тарайтын Шегір руының Итаяқ батыры тастан салдырып, сол жерден тауға қарсы садақ тарттырған деседі. Бекіністің күштілігі сонша, қалмақтар шабуыл жасаса да, оны ала алмайды. Содан бұл жер "Шегірқамал" атанып кеткен.
"Ақпан батыр" атты тарихи дастанда қамал туралы жақсы баяндалған.
Бір күні Шегірдің жасақтары әр тұстан қарауыл қойып түнгі ұйқыға кеткенде Жылқыбай атты қарауыл сатқындық жасап "Бала құлан" сайында жатқан қалмақты бастап келеді. Күзетшінің бұл сатқындығы Шегірлерді қатты қырғынға ұшыратады. Бұл оқиға кезінде Шегірдің атақты батыры Ақпан жорықта болады. Келген соң жаудан кек алуға серт беріп, қаза тапқан жасақтардың басына оба орнатады.
## Дереккөздер |
Құныкер — кісі қолынан өлген адамның жақын туыстары. Ол өз туысының қанын би алдында талап етуге, құнын алуға құқылы болған.
## Дереккөздер |
Қарақыстақ – Шу өзені алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 61 км, су жиналатын алабы 738 км2.
## Бастауы
Қырғыз Алатауының солтүстігінен басталып. Рахым Сабденов ауылы тұсында Қорағаты өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Тау ішіндегі аңғары тар шатқалды, жазыққа шыққанда үш тармаққа бөлініп аңғары кеңейеді. Көп жылдық қар, маусымдық жауын-шашын суларымен толығады. Жайылмасы шабындық ретінде, суы егін, бау-бақша суаруға пайдаланылады. Қарақыстақ өзені бойында 1984 жылы су сыйымдылығы 6,8 млн. м3 болатын өзімен аттас Қарақыстақ бөгені салынған.
## Дереккөздер |
Мойынтоғай 1, 2 – тас, топырақ үйінділерінен тұратын обалар. Алматы облысыШонжа ауылынан Алматы қаласына қарай 20 – 24 км жердегі Сарытоғай сайын басып өтетін тас жолдың оң жағында. 1956 жылы Жетісу археологиялық экспедиция (жетекшісі Е.И. Агеева) зерттеген. Қазіргі орнында обалар солтүстік-шығыстан оңт.-батысқа қарай тізбектеле орналасқан. Диам. 3 – 10 м, биікт. 0,1 – 0,7 м. М.-1-де 25 оба бар. Оның 13-і аршылды. Мойынтоғай-2-дегі 81 обаның 10 обасы зерттелді. Олардың диам. 3 – 20 м, биікт. 0,1 – 1,5 м. Кейбір обалардың төм. жағы таспен қаланған. Төрт бұрышты етіп қазылған қабірлерде жерленген адамдар шалқасынан жатқызылып, басы солт.-батысқа қаратылған. Табылған заттарға (қыш ыдыстар, темір пышақ, қоладан жасалған әшекей заттар, тас пен әйнектен жасалған моншақтар) қарағанда, Мойынтоғай-1, 2-ні тұрғындар б.з.б. 4 ғ. мен б.з-дың 1 ғ-ы аралығында мекен еткен. Олар егін егіп, мал өсірумен шұғылданған.
## Сілтемелер
* Алматы облысы
* Сарытоғай
## Сыртқы сілтемелер
* [1]
## Дереккөздер |
Нұрманбет – қола және ерте темір дәуірлерінің ескерткіші. Павлодар облысы Екібастұз ауданында, Шідерті өзенінің жағалауында орналасқан. Қола және ерте темір дәуірлеріне жататын бірнеше топтан тұрады.
Орталық Қазақстан археология экспедициясының барлау жұмыстары барысында 1950 жылдың аяғы мен 1960 жылдың басында зерттелді. Нұрманбет қола дәуірі зиратында тігінен орнатылған тас тақталардан жасалған, дөңгелек, тікбұрыш пішінді 44 қоршау бар. 1959 жылы Орталық Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі Ә.Оразбаев) барлығы 11 қоршауды қазды. Мүрделер ірі тас жәшіктерде қол-аяғы сәл бүгіліп, бастары оңтүстік-батысқа бағыттала, бүйіріне жатқызыла жерленген. Сонымен қатар, аз мөлшерде кездескен шұңқыр қабірлерде мәйітті өртеп жерлеу тәсілі де қолданылған. Заттай деректер ішінде қыш ыдыстар, қола пышақтар, жануарлар тістерінен жасалған алқалар бар. Зират орта қола кезеңіне жатады (б.з.б. 15 –13 ғасырлар). Нұрманбет 1, 2, 4 деп ажыратылған топтар ерте темір дәуірінің тасты-топырақты обаларынан тұрады. Бұларды 1962 жылы М.Қадырбаев зерттеді. Қазылған обалар тасмола мәдениетінің бірінші (Нұрманбет-4) және екінші кезеңіне (Нұрманбет-1, 2) жатады әрі осыған сәйкес б.з.б. 7 – 6, 5 – 4 ғасырлар мерзімделеді. Нұрманбет-4 тобында 4 оба қазылған. Мұндағы 1-оба неғұрлым құнды деректерді берді. Сопақтау келген оба үйіндісінің диаметрі солтүстіктен оңтүстікке қарай 7,2 м, батыстан шығысқа қарай 7,5 м. Аумағы 2,2*1,1 м, тереңдігі 1 м шұңқыр қабір солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталған. Қабірден жауынгердің қаңқасы табылды. Ол қоладан құйылған тікбұрышты қапсырмалары бар құранды белдік, ұзындығы 32 см қола қанжар, ұзындығы 23 см қола пышақ тағынған күйде жерленген. Сол қолының жанына үшқанатты қола ұштығы бар 3 садақ жебесі салынған. Тасмола мәдениетінің деректерінде осы заттар Нұрманбет қанжары, Нұрманбет белдігі деген атаумен сипатталады. Нұрманбет-1, 2 топтарында он шақты шағын тасты-топырақты оба қазылды. Табылған заттай деректер қатарында қола, сүйек бұйымдар, тас құрбандық ыдыс, т.б. бар. Бір нысан (Нұрманбет-2 тобы, 4-оба) “мұртты обаға” жатады.
## Дереккөздер |
## Мерғали Қадылбеков
Мерғали Қадылбеков (1907, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаманқыстау ауылы – 27.2.1938, Алматы қ.) – ғалым, алғашқы қазақ геолог-инж-нің бірі.
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.Мәскеу тау-кен ин-тын (1928) бітірген. 1928–30 ж. Оңтүстік Қазақстан, Қаратау өңіріне және Қырғызстан жеріне геол. барлау жасаған экспед-ның бастығы болды. 1930 ж. Шымкент қорғасын з-тына қажетті шикізат қорын іздеу мақсатында Қаратау, Іле және Жетісу Алатауындағы Ащысай, Қарасай, Хантағы, Байжансай, Қастек, Қаскелең, Ұзынсу, Шынасылсай, т.б. кен орындарының зерттелуіне жетекшілік етті. «Қазақполиметалл» тресін ұйымдастырушылардың қатарында болды. Орт. Қазақстан жерінен қорғасын, мырыш, мыс, т.б. аса бағалы полиметалл кендерін тапты. Қарағайлы және Қайрақты түсті металл (Қарағанды облысы), Текелі қорғасын-мырыш (Алматы облысы) кен орындарын ашты. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қ. маңындағы Мырғалымсай қорғасын-мырыш-барит кен орны Қ. есімімен аталған. Оның қазақ тілінде жазған ғыл.-зерт. еңбектері баспасөз беттерінде жарияланып тұрды. Тех. кітаптарды қазақшаға аударуды ғыл. жолға қою мәселесін көтеріп, геол. мен тау-кен ісі жөнінде терминологиялық сөздік жасады. Текелі кен басқармасының бас инж. қызметін атқарып жүргенде 1937 ж. 30 мамырда тұтқындалып, Кеңес өкіметіне қарсы ұлтшыл ұйымның мүшесі деген жалған айыппен сотталып, ату жазасына кесілді. КСРО Жоғ. соты Әскери алқасының шешімімен 1960 ж. 11 маусымда ақталды.
## Сыртқы сілтемелер
Мұхит
## Дереккөздер
## Мерғали Қадылбеков
Мерғали Қадылбеков (1907, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаманқыстау ауылы – 27.2.1938, Алматы қ.) – ғалым, алғашқы қазақ геолог-инж-нің бірі.
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.Мәскеу тау-кен ин-тын (1928) бітірген. 1928–30 ж. Оңтүстік Қазақстан, Қаратау өңіріне және Қырғызстан жеріне геол. барлау жасаған экспед-ның бастығы болды. 1930 ж. Шымкент қорғасын з-тына қажетті шикізат қорын іздеу мақсатында Қаратау, Іле және Жетісу Алатауындағы Ащысай, Қарасай, Хантағы, Байжансай, Қастек, Қаскелең, Ұзынсу, Шынасылсай, т.б. кен орындарының зерттелуіне жетекшілік етті. «Қазақполиметалл» тресін ұйымдастырушылардың қатарында болды. Орт. Қазақстан жерінен қорғасын, мырыш, мыс, т.б. аса бағалы полиметалл кендерін тапты. Қарағайлы және Қайрақты түсті металл (Қарағанды облысы), Текелі қорғасын-мырыш (Алматы облысы) кен орындарын ашты. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қ. маңындағы Мырғалымсай қорғасын-мырыш-барит кен орны Қ. есімімен аталған. Оның қазақ тілінде жазған ғыл.-зерт. еңбектері баспасөз беттерінде жарияланып тұрды. Тех. кітаптарды қазақшаға аударуды ғыл. жолға қою мәселесін көтеріп, геол. мен тау-кен ісі жөнінде терминологиялық сөздік жасады. Текелі кен басқармасының бас инж. қызметін атқарып жүргенде 1937 ж. 30 мамырда тұтқындалып, Кеңес өкіметіне қарсы ұлтшыл ұйымның мүшесі деген жалған айыппен сотталып, ату жазасына кесілді. КСРО Жоғ. соты Әскери алқасының шешімімен 1960 ж. 11 маусымда ақталды.
## Сыртқы сілтемелер
Мұхит
## Дереккөздер |
Қарақыстақ бөгені — Қарақыстақ өзені алабында, Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы жерінде орналасқан. Бөген 1984 жылы салынды.
## Гидрологиялық сипаты
Суының жалпы сыйымдылығы 6,8 млн. м³. Бөген арқылы Тұрар Рысқұлов ауданы шаруашылықтарының егістігін суарады және шабындықтарды суландырады.
## Дереккөздер |
Тәттібай Есімбекұлы (туған-өлген жылы белгісіз) – 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысқан батыр,қол бастаған қолбасшылардың біреуі.
Орта жүз найман ішінде матай руынан. Ол кейіннен ру атауы болып кеткен
## Өмірбаян
Тәттібай Абылай ханмен замандас. Ел аузындағы аңызға қарағанда Тәттібай жоңғар басқыншылығына қарсы соғысқа 12 жасында қатысып, ерекше ерлік көрсеткен. Бұл ерлігі Сара Тастанбекқызының “Қош бол, елім” атты өлеңінде бейнеленеді. Тәттібайдың үш ұлы – Түйте, Қаңтарбай, Қарынбайдан тараған ұрпақтары негізінен Алматы облысы Көксу, Қаратал аудандарында тұрады.
## Сілтемелер |
Ойма жазу – көне жазу үлгілерінің бірі. Құлпытастар мен ыдыс-аяққа, әшекей бұйымдарға, металл айналарға, тиындарға, т.б. заттарға қашап жазылады. Көне түркі жазба ескерткіштері ойма жазу үлгісінде жазылып, қазіргі күнге жеткен.
## Ішкі сілтемелер
* Енисей жазба ескерткіштері
* Есік жазба ескерткіштері
* Орхон жазба ескерткіштері
* Талас жазба ескерткіштері
## Сыртқы сілтемелер
* Көне жазба ескерткіштері Мұрағатталған 22 қазанның 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Шымкент қалалық орыс драма театры (2018 жылға дейін "Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры" деп аталды) – Шымкент қаласындағы өнер ордаларының бірі.
## Тарихы
Алғашқы театр маусымы 1929 жылдың 1 қарашасында ашылған. Осылайша Сырдария өңірінің көрермендік басқармасы халықты театр өнеріне баулу арқылы Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының рухани мүдделерін қамтамасыз етуді ұйғарды. Театрдың алғашқы бас режиссері әрі көркемдік жетекшісі – М. Раздолин болды, ұйымдастыру жұмыстары В. Б. Сибиринге жүктелді.
1944 жылдың 8 мамырында "Облыстық орыс драма театрын құру жайында" қаулы қабылданды. Театр труппасы бөлініп, іс жүзінде дара қазақ театры құрылды. Алайда ресми түрде театр 1967 жылы 15 қарашада Шымкент облысы мәдениет басқармасының бұйрығымен рәсімделді. Қазақ және орыс театрының директоры Берещук, ал көркемдік жетекшісі Насонов болды.
Театр 1949 жылы Орал қаласына көшіп, кейін музыкалық комедия театры ретінде Шымкентке қайта оралды. Осылайша 1958 жылы театр қайта құрылды. 17 қыркүйекте қалада театрдың ғимаратын салу жобасын бекіту жайында шешім қабылдады (Құрылыс жұмыстары 1965 жылдың наурыз айында басталып, 1967 жылдың қазан айында аяқталды. 2000-жылдары театр ғимараты қайта қалпына келтіріліп, сыртқы түрі жаңарды).
1959 жылы 2 қаңтарда театр труппасы өзінің тұңғыш шымылдығын А.Е. Корнейчуктың “Жұлдыздар неге жымыңдайды?” атты спектаклімен ашты. 1968 жылдың қаңтарынан өз алдына жеке, дербес театр болып бөлініп шықты. Театрдың шығармашылық жағынан өсіп-өркендеуіне актерлер И.Е. Болотова, И.М. Фрейдин, А.И. Пащенко, Л.И. Книжникова, С.М. Догмарова, В.Н. Матвеев, О.А. Величко; режиссер Ю.И. Книжников, суретші Ф.А. Черноголова (1978 жылдан), т.б. елеулі үлес қосты. Театр ұжымы осы заман тақырыбын игеруге көп көңіл бөлді, осыған орай театр репертуарынан 20 ғасыр жазушыларының (А.И. Абдуллин, А.А. Дударев, М.А. Галин, А.А. Каплер, О.Ш. Иоселиани, В.С. Розов, Х. Вуолийоки) драмалық шығармалары мол орын алған. Театрдың шығармашылық ұжымы Қазақстанның облыс орталықтарымен қатар Ресей қалаларында да (Магнитогорск, Миасс, Златоуст, Орск) гастрольдік сапармен өнер көрсетті.
## Қойылымдары
Театр әр жылдары шығармашылық өрлеу кезеңін де, тоқырау кезеңін де бастан кешті. Театр танымалдығы ең әуелі бас режиссердің М. Раздолин) есіміне байланысты болса, К. Медведев, В. Ванченко, И. Дубровский, П. Догмаров, О. Белинский, Ю. Книжников, С. Абдиев, А. Мельников, И. Вербицкий режиссерлік еткен кездері алуан түрлі биіктерді бағындыра білді. Театрдың репертуарына республика орталығындағы театрлардың өзі қызыға қарайды. Оның ішінде қазіргі заманғы танымал драматург Г. Гориннің "Забыть Герострата!" және "...Чума на оба ваши дома" деп аталатын қойылымдары бар. Театр репертуарындағы классикалық шығармалардың орны бір бөлек. А. Островскийдің "На всякого мудреца довольно простоты", Н.В. Гогольдің "Ревизоры", М. Әуезовтің "Көксерегі", Ш. Айтматовтың "Шыңғыс ханның ақ бұлты" М. Кәрімнің "Ай тұтылған түн", А. Цагарелидің "Ханымы" секілді белгілі пьесалармен қатар алыс шетелдік авторлар – Р. Кунидің "Слишком женатый таксист", Р. Нэштің "Продавец дождя", Дж. Стейнбектің "Люди и мыши", Г. Фигейредоның "Эзоп" сияқты туындыларын сахналады.
## Жетістіктері
Театр ұжымы Байқоңыр қаласының тұрғындарымен жақсы қарым-қатынас орнатып, ондаған жылдар бойы сол қалаға гастрольге шығып келеді. 2005 жылы Ресей тарабының шақыруымен Псков, Великие Луки, Новгород, Мәскеу қалаларына барып өнер көрсетті. Театрдың еңбегі ескерусіз қалған жоқ, шығармашылық ұжым бірнеше мәрте фестивальдер мен түрлі байқаулардың жеңімпазы атанды. 2008 жылы Бішкекте өткен халықаралық фестивальде қойылған "Шыңғысханның ақ бұлты" қазылар алқасына да, көрермендерге де қатты ұнады, Ш. Айтматов мұрасының үздік көркемдік көрінісі және үздік әйел рөліне арналған номинациялар осы спектакль өнерпаздарына берілді.
Театр "Масленица", "Славян жазуы мен мәдениеті күні", "Играй, гармонь!", "Казахсткая Романсиада", "Наурыз" секілді облыстық және қалалық мерекелерге жыл сайын белсенді түрде қатысып келеді. Мектептермен де тығыз байланыс орнатқан театрдың репертуарында балаларға арналған оннан астам ертегілер бар.
Театр жанында көптеген жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан "Балаганчик" студиясы Шымкенттің талантты жастары актерлік және режиссерлік тәжірибелерін ұштай алады. Осы студияның түлегі Антон Митнев Алматыдағы М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрына қабылданды.
Театрдың қазіргі жетекшілігі де лайықты марапатталып келеді. Бас режиссер Игорь Вербицкий "үздік режиссура" номинациясынан өзге облыс әкімінің ұлтаралық келісім мен достық және бейбітшілік саласындағы жасампаздық еңбегі үшін "Бауырмал" сыйлығына ие болды. Театр директоры Наталья Шевченко "Қазақстандағы театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін" күміс белгісінің иегері (2012 жылғы мәліметтер).
## Дереккөздер
## Театр сайты
http://www.teatr.com.kz/ |
Мұратбек Рахметбайұлы Қасенов (1941 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауылы) – ғалым, экономика ғылым докторы (1993), профессор 1967 жылы Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын, 1972 жылы аспирантурасын бітірген. Қазақ су шаруашық институтында аға ғылым қызметкер, Жамбыл гидромелиор.-құрылыс институтында аға, жетекші ғылым қызметкер, кафедра меңгерушісі қызметтерінде болған. Қазір М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде профессор. 160 ғылыми еңбектің, оның ішінде 6 монографияның авторы.
## Дереккөздер
“Тараз энциклопедиясы” |
“ҚОРҚЫТ АТА” энциклопедиялық жинақ. 1999 ж. Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы шығарған. Негізінен 5 бөлімнен тұратын бұл күрделі еңбекке Қорқыт ата туралы ел аузында сақталған аңыздар мен күйлер, әфсаналар, ата мұрасын зерттеу, әулиенің әдебиет пен өнердегі бейнесі мәселелеріне арналған отандық және шетел ғалымдарының мақалалары топтастырылған. Бұл материалдарда Қорқыт Атаның әлем тарихы мен философиясындағы орны, оның ұлы мұрасының көркемдік ерекшеліктері мен мазмұны, тілдік, түрлік айшықтары, тарихи белгілер мен жәдігерлік деректер хақында жан-жақты мағлұмат беріліп, талдау жасалады. “Қорқыт Ата кітабының” Дрезден кітапханасында (Германия) сақталған толық нұсқасының фотокөшірмесі, орыс және қазақ тілдеріндегі аудармаларының таңдаулы үлгілері берілген. Кітап соңында Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин бастаған қазақ ақындарының осы тақырыптағы толғау, поэмалары, дастандары жинақталған. Қорқыт Ата өміріне байланысты оқиғалар шежіресі мен әдебиеттер тізімі келтірілген.
## Дереккөздер
Аблаев Бауыржан |
Гауһар Маратқызы Қаспақова (3 мамыр 1978 жылы туған, Меркі ауданы) – қазақстандық әнші. Ысты руынан шыққан.
Орта мектептен кейін Тараз қаласындағы мәдениет және өнер колледжін, Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы Театр және кино институтын бітірген. Қаспақованың әншілік жолы 1996 жылы басталды. Ш.Қалдаяқов атындағы халықараралық «Менің Қазақстаным» ән байқауында озып шығып, «Алтын қанат» аталатын бірінші жүлдені жеңіп алды. 1998 жылы Азия құрлығының музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың халықаралық байқауы – «Азия дауысының» дипломанты болды. Келесі жылы өткен «Ыстықкөл» халықараралық ән байқауында 1-орын алды. 2000 жылы Жастар Одағы сыйлығының ең жас лауреаты атанды.
Қаспақованың репертуарында қазақтың халық әндерімен қатар орыс, түрік, қытай, қырғыз тіліндегі әндер бар. Ол, әсіресе, «Алғашқы көктем», «Құс жолы», Әсеттің «Хисмет», қырғыз халқының «Жамғыр», сондай-ақ «Мен сені ойлайтынмын», «Сүйеді екенмін» әндерін шебер орындайды.
## Дереккөздер |
Мойынты – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 167 км, су жиналатын алабы 3640 км².
## Бастауы
Мойынты Қызылтас тауларының оңтүстік етегіндегі бұлақтардан басталып, Мойынты – Шу темір жол бойындағы Қаражыңғыл темір жол айырмасы маңында 10 – 12 км-ден соң тартылып қалады.
## Гидрологиясы
Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Өзенжол, Арқарлы, Қызылжар тауларының етегіндегі бұлақтардан басталатын кішігірім 26 саласы бар. Арнасы көктемде ғана суға толады. Көп жылдық орташа су ағымы Киік темір жол станция тұсында 0,27 м/с. Алабы – жайылым. Мойынты бойында Мойынты және Киікті темір жол станциялары бар.
## Дереккөздер |
Сазды бұлақ (2018 жылға дейін — Минское) — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Қарасай ауылдық округі құрамындағы ауыл. Негізі 1954 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақкөл қаласынан шығысқа қарай 88 км жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, мәдениет үйі, кітапхана бар. Минское арқылы Ақкөл – Сілеті автомобиль жолы өтеді. Жақын темір жол станциясы – Сілеті (13 км).
## Дереккөздер |
ҚАРАНОҒАЙ-ШАЛА ОҚИҒАСЫ – 1922 ж. соңында Шу бойында орын алып, халық санасына терең із қалдырған оқиға. Қыстауына оралған көшпелі ел-жұртқа көрсетілген озбырлық пен оның ауыздықталуы арқау болған Қараноғай-Шала оқиғасы халық арасында Байсейіт-Мұқыш әңгімесі деп те айтылады. Оқиға былай өріс алған. Қазақ халқының екі кеңестік автономияға бөлініп, терістігі – Қазақ АКСР-іне, оңт-гі – Түркістан АКСР-іне қарап тұрған кезі. Шу өз-нің алқабын қыстап, Сарыарқаны жайлайтын бірнеше болыс көшпелі жұртшылықтың көңіл-күйі әкімш. жағынан Түркістан Республикасы қарамағына өтіп алуды ресмилендіру жағына ойысқан. Соған байланысты, 1922 ж. күзде белгілі қайраткер Дінше Әділов (ел ішінде оны Мұқыш деп атайды) ауыл балаларын Ташкент оқу орындарына әкеп орналастырады да, Түркістан Республика басшылығына ел тілегін жеткізеді. Оған ауыл-ауылда тұрғындар жиындарын өткізіп, тиісті өтініш тұжырымдалған қаулы-қарарлар шығартып әкелу үшін Сырдария облыстық атқару к-тінен арнайы мандат беріледі. Соған сәйкес ол Шуды қыстап отырған ауылдарды аралап, елдің ерік-жігерін білдірген жиналыстарға қатыса бастайды. Осы кезде Қараноғай деген біреудің көрші ауылдарды Кеңес өкіметі атынан әбігерге салған жүгенсіз де озбыр істері естіледі. Жан-жақтан Д.Әділовке жаушы да жіберіледі, билік өкілі ретінде адамдар одан және оның ел ішінде беделі зор ағасы Байсейіт Әділовтен араша сұрайды. Ұзамай, Қараноғай аталып жүрген адамның Ақмола уездік атком мүшесі Ғалым Әбубәкіров екені белгілі болады. 1918 ж. С.Сейфуллин, Б.Әділовпен қатар алғашқы Ақмола совдепіне енген большевик. Ол 1922 ж. күзінде көрші Қарқаралы уезімен екі арадағы барымташылыққа байланысты туған дауларды реттейтін комиссияның Ақмола жағынан тағайындалған төрағасы ретінде іссапарға шығады да, оны тиянақтамай, қарамағындағы 8 милиционерімен бірге, салық жинау желеуімен, Ақтау, Ортау болыстарын аралайды. Шала Жолдасбеков деген жамағайынын көмекшісі етіп алады, милиция қатарын ел ішіндегі жылқы ұрыларымен толықтырады. Шу өңірін қыстап қалады да, зорлық-зомбылығын үдетеді. Халықты талан-таражға түсірген, қыз-келіншекті басыну, ар-намысты аяққа таптау бейбастақтықтарына жол берген бұл өкімет өкілінің қылықтары елдің ашу-ызасын тудырады. Жергілікті биліктің, ауданы милицияның өкілдері қатысқан халық кеңесінің шешіміне сәйкес, Байсейіт Қараноғай мен Шаланы тұтқынға алуды жүзеге асырады, ал Мұқыш оларды өлім жазасына кескен халық үкімінің орындалуын ұйымдастырады. Ғ.Әбубәкіров жиған жасақ тарқатылады, ал қару-жарағы және тұтқындалған бір тобы Әулиеатадан Шу бойына арнайы келген қылмыс іздестіру бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылады. Қараноғай-Шала оқиғасы жайында Ақмола және Әулиеата уездік аткомдарына баянхат жолданады. Д.ӘділовӘулиеата мен Ташкентте оқиға жайында және Шуды қыстайтын болыстардың әкімш. бағынысын шешуді сұраған халық жиналыстарының қаулылары негізінде арнайы баяндама жасайды. Тиісті комиссия құрамына еніп, көшпелі ел-жұртты жаңа жер-суға қоныстандыру ісімен шұғылданады. Қ-Ш. о., оның шарықтау шегі – қорланған қарапайым халықтың ар-намысына ара түсіп, басбұзарларды кесімді әрекеттерімен тыйған Байсейіт пен Мұқыш ерлігі аңызға айналады, жыр туады. Алайда жоғарғы ресми билік буындарындағылар оларға Қараноғай-Шала оқиғасын кешіре қоймайды: 1923 ж. Қазатком (Орынбор) Түркаткомнан (Ташкент) Әділовтерді ұстап беруді жеделхатпен сұрайды, 1924 ж. Қазақ АКСР-і Бас милиция басқармасы (Орынбор) «Әділовтердің салық жинауға кедергі келтіргені», яғни Қараноғай-Шала оқиғасы жайында материал жинайды. Қазақ жерлерінің бірігіп, өкіметтің жаңа астанаға (Қызылорда) көшуіне байланысты аз уақыт тыншығанымен, ұзамай қудалау қайта басталады. 1927 ж. Б.Әділов тұтқынға алынады. Іс Әділет халкоматында қаралып, ұзамай оны кепілдікке шығару мүмкін деп табылады. 1928 ж. өткізілген тәркілеу науқанына байланысты Қараноғай-Шала оқиғасына жаңа саяси мән беріледі. 1928 ж. желтоқсанда, «тәркілеуге қарсылық білдірген» Әділовтерді тұтқынға алу үшін ГПУ-дің қарулы жасағы жұмсалады. Б.Әділов оққа ұшып, Д.Әділов тұтқындалады. Содан әйгілі «Алаш ісі» қозғалады. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, т.б. алаш зиялылары қызметінің «контрреволюциялық» сипатын қоюлата түсу мақсатында іске қиыстырылған «Әділовтің бандасы» деп аталатын жасанды саяси қылмыстық топты ойлап табуға 1922 жылғы Қараноғай-Шала оқиғасы қолайлы сылтау болды. Оқиғаға қатысқан Байсейіт-Мұқыш серіктері (барлығы 16 адам) түгел қамалып, Мәскеуде тергелді. 1930 ж. Д.Әділов (Ж.Аймауытов, А.Юсупов, Ә.Байділдинмен бірге) атылды, өзгелері түрлі мерзімге кесу жолымен жазаланды. Бәрі де 1988 ж. 4 қарашада Қазақ КСР Жоғ. Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ұйғарымымен ақталды.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том |
Бахманяр Әбу-л-Хасан ибн Мәрзбан (т.ж.б. - 1066) — ортағасырлық Әзірбайжан философы. Әбу Әли ибн Синаның шәкірті. “Метафизика” (Мабәд ат-Табиат”), “Жанды заттардың иерархиясы” (“Мәратиб әл-Моуджудат”) атты филос. еңбектері Аристотельдің ілімдеріне негізделген. Материясыз форма, формасыз материя болмайды, сондай-ақ, материя мәні жағынан рухани дүниеге тәуелді деп санайды. Оның пікірінше, философияны игеру - адамның адамгершілік тұрғыдан жетілуінің және рахатқа бөленуінің бірден-бір жолы болып табылады. “Білім кітабы” (“Китаб ат-Тахсил”), “Сұлулық пен Бахыт” (“әл-Бехджат уә Саадат”) деген еңбектері логика мен этика мәселелеріне арналған. Бахманяр адамның өзін-өзі игере білуін және оның бойындағы ұстамдылық пен батылдық қасиеттерді данышпандықтың көрінісі ретінде бағалайды. Ол ислам дінінің қағидаларын дәлелдеуге Аристотель мен жаңаплатоншылдар жүйелерін пайдаланды.
## Сыртқы сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Тілектес Уахитұлы Мейрамов (1948 жылы 5 мамырда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылында туған) — актер, театр педагогы, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1996). Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1982). Құрмет орденінің иегері.
## Толығырақ
* Тілектес Уахитұлы 1948 жылы 5 мамырда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылында дүниеге келген. Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан..
* 1967 - 1971 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік өнер институты) актерлік бөлімін Қазақ КСР халық артисі, профессор Асқар Тоқпанов және КСРО халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекованың жетекшілігімен бітірген.
* 2011 жылы Қырғыз Мемлекеттік Б. Бейшеналиев атындағы Өнер Институтының «Режиссура» мамандығын сырттай оқыды.
* 1973 - 1983 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жанындағы студияда оқытушы.
* 1983 - 2007 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, профессоры болды.
* 2007 жылдан Қазақ ұлттық өнер университетінің «Актер өнері және режиссура» кафедрасының профессоры.
## Еңбек жолы
* 1971 - 1989 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, Профком төрағасы, бірінші партияның хатшысы қызметтерін атқарды. Осы жылдар аралығында 100-ден аса рөлдерді сахналады.
* 1989 - 1990 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің Театр бөлімінің жетекшісі болды.
* 2001 - 2007 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі болды. Осы ұжымға жетекшілік еткен жылдары театр ұжымы екі дүркін «Гран-При» иегері, Қазан қаласында өткен Халықаралық «Түрксой» фестивалінде жоғары бағаға ие болды. Осы жылдары театр ғимараты күрделі жөндеуден өтті.
* 2007 - 2011 жылдары Астана қаласы Жастар театрының көркемдік жетекшісі болды.
* 2011 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
* Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: Ұлттық драматургия негізінде қойылған спектакльдерде Қозы (алғашқы рөлі), Байғара (Мүсірепов, “Қозы Көрпеш — Баян сұлуы”, “Амангелді”), Ознобин (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”), Жұмат, Мәлік (А.Сүлейменов, “Жетінші палата”, “Қыздай жесір — штат қысқарту”), Еркін, Ақан (А.Жағанова, “Беймаза әйел”, “Жан алқымда”), Жәңгір (Н.Әбутәлиев, “Өттің дүние”), Шыңғыс хан (Иранғайыптың осы аттас спектаклінде), Қалдан шерен (Ә.Кекілбаев, “Абылай хан”), сонымен қатар шетел драматургтерінің аударма шығармаларында бірқатар басты рөлдерді орындап, өзінің жоғары сахналық мәдениетімен, эстетикалық талғампаздығымен, актерлік ізденімпаздығымен ерекшеленді.
* Театр және кинодағы актерлік шеберлігімен бірге әдеби-шығармашылық жұмыстармен де айналысады. Атап айтар болсақ: Р.Отарбаевпен бірге «Ақырзаман», «Дүниеғайып» пьесаларын жазды, А. Гельман «Наедине со всеми», Н. Абдуллоева «Двое», И. Вовнянко «Смерть стриптизера» пьесаларын қазақшаға аударса, І. Есенберлин «Ғашықтар», Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ түн»; «Абай жолы» романдарын телеарналарға инсценоровкалар жасады.
* Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты», Р. Сейсенбаевтың «Фронтовые песни», У. Шекспир, А. Грибоедовтардың шығармашылығынан әр жылдары моно спектакльдерде ойнады және сахналады.
* Бірнеше Халықаралық және Республикалық театрлар фестивалінде қазылар мүшесі болды.
## Марапаттары
* 1982 жылы Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі (құрметті атағы) берілді.
* 1996 жылы Қазақстанның халық әртісі (құрметті атағы) берілді.
* Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі.
* Құрмет ордені мен марапатталған.
* 2015 жылы Қазақстанның "Еңбек ардагері" медалімен марапатталған.
* педагог - профессор.
## Шәкірттері
* Тілектес Мейрамовтың шәкірттері көп. Солардың ішінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагимов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Данагүл Темірсұлтанова, Бекжан Тұрыс, Меруерт Түсіпбаева, Ғани Құлжанов, Нұркен Өтеуілов, Кеңес Нұрланов, Жұмағали Маханов және т.б көптеген өнер иелері бар.
## Отбасы
* Үйлеген. Жары актриса, педагог - профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жұмагүл Мейрамова.
## Дереккөздер |
Әлжан ана — Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл, Қасық ауылдық округі орталығы. 2017 жылы ауылдың Қасық атауы Әлжан ана болып өзгертілді.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қордай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде, боз жусан, баялыш, күйреуік, т.б. эфемерлі өсімдіктер өскен сұр, бозғылт сұр топырақты тау алдының төбелі-жонды келген қоңыржай қуаң агроклиматты белдемінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1965-1997 жылдары өндірістік кооператив және 20-дан астам шаруа қожалықтары құрылды.
## Инфрақұрылымы
Орта және орталау мектеп, клуб, кітапхана, отбасылық дәрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар.
## Дереккөздер |
Мейірман Уалиолла Төлендіұлы (17.5.1946 жылы туған, Алматы облысы Қаратал ауданы Фрунзе ауылы) — ғалым, ғылым докторы (1991), проффесор (1996), Қазақстан Республикасы ӨҰА-ның академик (2003).
Қазақ Ауыл шаруашылық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университін) бітірген (1969). Қазақ Ауыл шаруашылық институтында (1969 — 74), Қазақ мал азығын өндіру және жайылым ғылыми-зертханалық институтында (1974 — 91), Қазақ ауыл шаруашылық ҰА-нда (1991 — 93), Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зертханалық институтында (1993 — 2000), Қазақ егіншілік ғылыми-зертханалық институтында (2000 — 2003), Қазақ ұлттық аграрлық университінде (2003 — 2004) ғылыми-зертханалық жұмыстарымен айналысты және басшылық қызметтер атқарды. 2004 жылдан Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында қызмет етеді. Негізгі ғылыми жұмыстары жоңышқа мен майлы дақылдардың селекциясын және тұқым шаруашылығын зерттеуге бағытталған. Жоңышқа дақылы селекциясының теориясын негіздерін жасап, осы дақылдың жаңа сорттары — Қапшағай-80, Дархан-90, Жайнақ, түйе жоңышқаның Аркас, Сарайшық және күріштің Аружан сорттарын шығарған
90-нан астам ғылыми еңбектің авторы.
## Дереккөздер |
Қараой жазығы – Жамбыл облысы Қордай және Алматы облысы Жамбыл аудандары жерінде орналасқан жазық.
## Жер бедері
Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Оңтүстігінде Құлжабасы тауы арқылы Қопа жазығымен шектеседі. Ұзындығы 45 – 50 км, енді жері 18 – 20 км, теңіз деңгейінен 1050 – 1080 м биіктікте.
## Геологиялық құрылымы
Жер қыртысы пермьнің эффузиялық және ордовиктің шөгінділерінен түзілген.
## Өсімдігі
Жазықтық сұр, сортаңды сұр топырағында сұр жусан, бұйырғын, баялыш, т.б. эфемероидті шөптесіндер өскен жазықтың батысындағы Қопалысай және Жыңғылды өзендері аңғарлары мал жайылымы саналады.
## Дереккөздер |
Ысмайыл ата күмбезі — сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы Тұрбат а-нда орналасқан. Ы. а. к-нің құрылысы (15 ғ-да) күйдірілген кірпіштен өрілген, сырты сыланбаған. 3 жағынан төрт бұрышты бөлмелер — сағаналар жапсарласа салынған. Дулыға пішіндес аркалы порталының биікт. 5,56 м, есік қуысы төрт бұрышты, тереңд. 1,8 м. Маңдайшасында ғаныш ерітіндісімен араб тілінде жазылған сөздер бар. Ескерткіш қос қабатты күмбезбен жабылған; ішінен араб өрнегіндегі сылақ ізі байқалады.
## Дереккөздер |
Қасымбек Ысаұлы (туған-өлген жылы белгісіз) – датқа, шешен. 19 ғасырдың 1-жартысында Талас, Ақсу өңірін қоныстанған сиқым руын билеген датқа. Оның жер дауы, жесір дауы, барымта және Қоқан хандығының басқыншылық, озбырлықаласызомбылығына қарсы ел қамын қызғыштай қорғап айтқан кесімді, шешімді биліктері ел арасына жайылып кеткен. Қасымбек сол атыраптағы Сапақ датқа, Досай, Көлбай, Қалбыр, Қожатай, Мақұлбек, Ескендір, Керімбай, Төлебай батыр сияқты би-шешендермен тығыз байланыс жасап жүріп, ел тағдыры, оның жарқын болашағы, бірлік, ынтымағы үшін мол қызмет еткен, беделді би болған.
## Дереккөздер |
Қарасаз (1993 жылға дейін – Петровка)— Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Қарасаз ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 км-дей жерде, бұта аралас бетеге, қау, сұлыбас басым өскен қоңыр топырақты төбелі-жонды келген тау аңғарында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1993 жылы дейін "Петровка" деп аталып келген. 1961 – 97 жылдары картоп өсіретін Карл Маркс атындағы кеңшардың орталығы болып келген. Оның негізінде Қарасазда 1997 жылдан өндірістік кооператив және 40-тан астам шаруа қожалықтары құрылды.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшірлік-акушерлік пункт орналасқан.
Теріс өзенінің күнгей бетіндегі саздауыт келген алқап бұрын Қарасаз аталған. Өткен ғасырдың бас кезінде Украинадан жер іздеп жөңкеіле көшкен шаруалардың бір бөлігі осында келіп үй сала бастаған. Жылдар өте елді мекеннің көлемі ұлғайып, поселкіге айналды. Ауылды переселендер өздерінің көшбасшысы Петровтың атынан атайды. 1993 жылы ауыл тұрғындарының бастамасымен тарихи атауы қайтарылған.
## Ауыл маңы табиғаты
Бәйгелді бұлақ - ауылдың батыс жағындағы бұлақ. Ілгеріде Бәйгелді есімді ықпалды кісі осы бұлақтың басында қоныстанып отырған деседі.
Жұмаділ бұлақ - ауылдың күн батысы жағында ағып жатқан бұлақ. Ол Жұмаділ деген елге танымал кісінің осында қоныстанып отыруына байланысты аталған.
Ұры бұлақ - ауылдан екі шақырым жерде ағып жатқан бұлақ. Ілгеріде бір атақты ұры осы бұлақтыан су ішіп тынығып жатқан жерінен қолға түсіпті. Сондықтан, бұлақ осылай атылп кетіпті.
Қызыл дала - ауылдың солтүстік-батыс жағындағы кең алқап. Оның солтүстігінде Жетітөбе орналасқан. Бұл алқап мамыр туа қызғалдаққа бөленіп, алыстан қып-қызыл болып алаулап көрінеді. "Қызыл дала" деп аталуы содан.
## Дереккөздер |
Мисақ, әлмисақ, әлімсақ – адам мен Алла арасындағы алғашқы ант; бүкіл адам баласы рухтарының бұл дүниелік тіршілігінен бұрын рухтар әлемінде Алланың құдіретін танып, оған қайтып келетіні туралы ант беру оқиғасы. Құран Кәрімнің Ағраф сүресінің 172-аятында “Әлмисақ” уәдесі туралы айтылған (“Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?” – (дегенде) олар: “Әрине куәміз” деген. Қиямет күні: “Бұдан хабарымыз жоқ демеңдер”). Дәстүрлі қазақ қоғамындағы “Қашаннан бері мұсылмансың?” деген сұраққа “Әлімсақтан бері мұсылманмын” деп жауап беру салты осыған негізделген. Қожа Ахмет Иасауи хикметінде (“Әуелден “Аласта би раббикум” деді құдай, “Қалу бела” деп аруақтар қылды әуез”) Мисақты адамның міндеті мен жауапкершілігінің бастауы – адамның Құдайға құлшылық етуінің мәні деп біледі. Бұл дүниенің байлығына, атақ - даңқына қол жеткізсе де, адам баласының жүрегі тыншымайтынының басты себебі осы Мисақтағы антқа байланысты. Сондықтан да адам бұл дүниелік ғиззат - құрметке қанағаттанбай, рухтар әлемінде көрген хақиқатты қалап, тынымсыз ізденіспен өтеді деген түсінік бар. Шәкерім Құдайбердіұлының “Жарға ғашық болғаныма таңданатын түк те жоқ. Жер жаралмай тұрғанында менде асықтың нұры бар” деп өзінің Хаққа деген махаббатының бастауы ретінде Мисақ оқиғасын меңзеуі осыдан. Рабғузи “Қиссас-ул-Әнбия” (16 ғасыр) кітабында бүкіл адамзат рухы Мисақта бір бөлігі пәни дүниені қалап – кәпір, тағы біреулері пейішті қалап – мұсылман, аз ғана бөлігі хақ дидарын қалаған – ғашықтар болып ажыратылғанын, адамдардың өз тағдырларын өздері таңдағанын аңыз түрінде баяндайды.
## Сілтемелер
* Құран
* Рабғузи
* Алла
## Дереккөздер |
Қорқыт Ата ескерткіші — сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 18 км жерде, Қорқыт станциясыныңның түбінде (1980).
Авторлары — Б.Ә. Ыбыраев, С.И. Исатаев. Қорқыт Ата ескерткіші темірбетоннан жасалған биіктігі 8 м, 4 тік стелладан тұрады. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін де меңзейді. Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда айтылғандай, Қорқыт ата мазарында соққан желге үн қосатын қобыз қойылған. Қорқыт Ата ескерткішінің ішкі жағы мәңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт атаның киелі желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін ишаралайтын “Түйе табан” өрнегімен безендірілген. Әрбір стеланың үшкілдене біткен төбесі күмбезге ұқсатылып, ерекше сәулеткерлік композициялық шешім тапқан. 1997 ж. ескерткішті қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Амфитеатр, қонақ үйі, т.б. нысандардан тұратын тұтас архитектуралық ансамбль жасалып, мемориалдық кешенге айналды. 2000 ж. кешен жанынан мұражай ашылды. Оның қорында 700-ге жуық экспонат сақталуда. Мұражай экспозициясында Қорқыт өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәліметтер беретін материалдар қамтылған. Бұл ескерткіш кешен күллі түркі халықтарына ортақ қасиетті зиярат орындарының бірі болып саналады.
## Дереккөздер |
Салиқа Оңғарбаева (5 маусым 1899ж., Алматы облысы Ақсу ауданы – 29 желтоқсан 1958 ж., қазіргі Алматы облысы Кербұлақ ауданы Алтынемел ауылы) – мал өсіруші-жаңашыл.
## Жетістіктері
Оңғарбаева жылына әр қазақы сиырдан 3591 л сүт сауды. 1936 ж. Бүкілодақтық стахановшы-малшылар мәжілісіне қатысты. Оңғарбаева Солтүстік Кавказ сауыншыларын кеңестік жарысқа шақырып, Қазақстан делегациясы құрамында Солтүстік Кавказға барып, шарт жасасты. КСРО Конституциясы текстін әзірлеу жөніндегі редакция комиссияның мүшесі болды. Алғаш Еңбек Қызыл Ту орденін алған шығыс әйелдерінің бірі және “Құрмет белгісі” орденімен, медальдармен марапатталған. Алматы облысы Кербұлақ ауданы Алтынемел ауылында мектеп, көше Оңғарбаева есімімен аталады.
## Еңбек жолы
Қаратал ауданы “Көк арық” артелінде (1921 – 1931), қазіргі Кербұлақ ауданы Алтынемел ауылында сауыншы (1932 – 1936), ферма меңгерушісі (1937 – 1998), ұжымшар директорының орынбасары (1939 – 1951) болды, ұжымшардағы сүт лабораториясын басқарды. (1951 – 1953).
## Сілтемелер
* Қызыл Ту
* Алтынемел жотасы
* Стахановшылар
## Дереккөздер |
Мойын – Шор жазба ескерткіші – көне түркі жазба жәдігерлігі. 795 ж. жазылған ескерткішті проф. Г.И. Рамстедт 1909 ж. Солт. Моңғолиядан (Селенга өз. мен Шинэ-усу к. аймағынан) тапқан, мәтінін неміс тіліндегі аудармасымен бірге 1913 ж. жариялаған. Еңбек 1959 ж. С.Е. Маловтың аударуымен орыс тілінде жарық көрді. Ескерткіш “Селенга тасы” деп те аталады, онда 39 жолдық жазу бар. Жазу түрік тіліне де аударылды (Н.Оркун, 1936). Мойын шор Тұрфан (тоғыз оғыз) мемлекетінің ханы болған, Түркі қағанының соңғы билеушісі Озмыш тегінді жеңген. Мәтінде жалқы есімдермен (жер-су, адам аттарымен) қатар ел, тайпа атаулары да жиі кездеседі (ұйғыр, тоғыз оғуз, үш қарлұқ, сегіз оғуз, тоғыз татар, тардуш, телес, чик, қырғыз, басмыл, түргеш, табғаш, түрік, соғды). Шығарма оғуз тайпасының өкілі атынан баяндалған. Ол “мен тоғыз оғузды жинап біріктірдім” дейді де, басынан өткен соғыс оқиғаларын, жеңістерін баяндайды. “Селенга тасы” жәдігерлігінде қыпшақтар туралы мәліметтердің кездесуі оның құндылығын арттыра түседі. Әдеб.: Малов С.Е., Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизии, М. – Л., 1959; Құрышжанұлы Ә., Ескі түркі жазба ескерткіштері, А., 2001.
Ә.Оралханқызы
## Дереккөздер |
Метельский Дмитрий Савельевич (1921, Украина, Хмельницкий облысы Антонинский ауданы Федоровка ауылы) – механизатаор, Социалистiк Еңбек Ері (1967). Еңбек жолын 1938 жылы Егіндікөл ауданының «Октябрьге 12 жыл» ауыл шаруашылығы артелінде жұмысшы болып бастады. Осы ауданның Победа кеңшарында трактор бригадасының бригадирі болды. Польшаның «Путь Мелитары» күміс крестімен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Қосaрaл — Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданынындағы ауыл, Жетікөл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Aудан орталығы – Жымпиты ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде, Бұлдырты өзенінің жағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 993 адам (473 ер адам және 520 әйел адам) болса, 2009 жылы 922 адамды (479 ер адам және 443 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1969-1997 жылдары “Жетікөл” қой өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Қосaрaлда және округке қарасты Ақоба, Жетікөл, Қарақұдық ауылдарында ӨК және 23 шаруа қожалығы құрылған.
## Дереккөздер |
## Өмірбаяны
Мекайыл (Мекеш) Абайұлы (1884 — 1931) — Абайдың Әйгерімнен туған баласы. Жас кезінде мұсылманша, орысша сауат ашқан. Мекайыл ағасы Тұрағұл ауылымен бірге Ақшоқы маңындағы Тышқан деген жерді мекендеген. Абай өлеңдерін түгелдей дерлік жатқа білген. Домбыра тартып, ән айтып, әкесі Абайдың мұрасын насихаттады. Мекайылдың Абай туралы әңгімелерін Мұхтар Әуезов жас шағында көп естіген. 1917 жылы патша өкіметі құлағаннан кейін, Алаш партиясы жетекшілерінің ықпалымен жастардың “Талап” атты мәдени-ағарту ұйымын құрып, төрағасы болды. Осы ұйым арқылы Бүкілресейлік Құрылтай жиылысына сайлау науқанында Алаш партиясын қолдау үшін халық арасында үгіт-насихат жүргізді, Семейде “Абай” журналын шығаруға қаржылай демеушілік жасады. Елде Кеңес өкіметі түпкілікті орнағаннан кейін қуғын-сүргінге ұшырап, 1931 жылы тобықты руының 70 адамымен бірге атылып кеткен. Мекайылдың ұзайыр, ұалишер есімді екі ұлы болған. Екеуі де 2-дүниежүзілік соғыстан оралған жоқ.
## Дереккөздер |
Жүзбай Қасымбеков (22.4. 1947 жылы туған, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Алғабас ауылы) – ғалым, өнертапқыш (1982), технология ғылымының докторы (2003). Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітірген (1970). Осы институттың «Мелиоративтік және құрылыс машиналары» кафедрасында мұғалім болып жұмыс істеген. 1972 – 2001 жылдары аралығында Қазақ су шаруашылығы ғылым-зертттеу институтында кіші, аға ғылым қызметкер, «Жайылымдарды суландыру» бөлімінің, «Механикаландыру» лаб-ның меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2002 жылдан – ин-т директорының ғыл. жұмыстары бойынша орынбасары. Негізгі ғыл. жұмыстары жайылымдарды суландыру, сумен қамтамасыз ету құрылымдарын тиімді пайдалану, гидротехнология процестерді механикаландыруға арналған. Су тарту мен құдықтарды тазалауға байланысты гидроциклондық әдістерді технологиялық тұрғыдан дамытып, түбегейлі зерттеді. Жасаған технологиялары мен қондырғылары КСРО-ның, Қазақстанның көптеген өндіріс орындарында, ауыл шаруашылығында қолданыс тапты. 145 ғылым еңбектің авторы, оның ішінде 1 монографиясы (1999) бар. 40-тан аса өнертабыс иесі. Халықар. көрмелердің 3 күміс, 1 қола медальдарымен марапатталды.
## Дереккөздер
“Тараз энциклопедиясы” |
Тынымова Клавдия Зәкірқызы (18.4.1920 ж.т., Атырау облысы Құрманғазы ауданы) – медицина ғылымының докторы (1973), профессор (1973). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1942, қазіргі Қазақ Ұлттық Медицина Университеті) бітірген. Осы оқу орнында ординатор, ассистент (1942–53), Қарағанды мемлекеттік медицина институтында (1953–87, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1970 ж. «Возрастные изменения сердечно-сосудистой системы и показателей обмена веществ у практически здоровых жителей Центрального Казахстана» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми еңбектері геронтология және гериатрия мәселелеріне арналған.
## Дереккөздер |
Өрел — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы ауыл, Өрел ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы Катонқарағай ауылынан шығысқа қарай 59 км жерде, Бұқтырма өзенінің сол жағасында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1959 жылы қой өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы негізінде қаланған. 1996 жылы кеңшар таратылып, оның орнына шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы — Қазақстанда астық саудасын ұйымдастыруымен айналысатын мемлекеттік корпорация. 1995 жылы құрылған.
## Тарихы
Мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу және агроөнеркәсіп кешеніне жаңа несие және төлем механизмдерін дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1995 жылғы 21 наурыздағы № 309 қаулысымен Мемлекеттік азық-түлік келісім шарт корпорациясы құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 ақпандағы № 260 қаулысына сәйкес, мемлекеттік ресурстарға астық және одан өңделген өнімдерді сатып алу жүйесін жетілдіру мақсатында Мемлекеттік азық-түлік келісім шарт корпорациясы оның жарғылық капиталына жүз пайыз мемлекеттің қатысуымен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысымен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» акционерлік қоғамының акциялар пакеттерін иелену мен пайдалану құқығы «ҚазАгро» Холдингі» АҚ-қа берілген болатын.
2007 жылғы 5 шілдеде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» акционерлік қоғамына «Ұлттық компания» мәртебесі берілді.
2020 жылғы 12 маусымда «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ акцияларының 100% пакеті «ҚазАгро» Холдингі» акционерлік қоғамынан республикалық меншікке (ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне) тапсырылды. 2020 жылғы 12 маусымдағы № 7 қабылдау-тапсыру актісі негізінде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілді («Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 326 қаулысы).
## Функциялары
Азық-түлік корпорациясы бірқатар функцияларды жүзеге асырады:
* ауыл шаруашылығы өндірушілерін жүйелі қолдау;
* ішкі астық нарығын қорғау және тұрақтандыру;
* азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді қатысу;
* АӨК субъектілерін қаржылық қолдау шараларын іске асыру;
* астықты сақтау жөніндегі коммерциялық қызметтер;
* астықты экспорттау.
## Корпорация серіктестері
* Қытай мемлекеттік компаниялары COFCO және Sinopharm;
* Иранның “GTC” үкіметтік сауда корпорациясы;
* Тәжікстанның мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі;
* жеке шетелдік компаниялар.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы I том |
Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков (2 тамыз 1952 жыл, Шу) - Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы , саясаттанушы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасының Қаракесек руының Шұбыртпалы бөлімінен шыққан.
* Білімі жоғары, математика пәнінің мұғалімі, экономист.
* Еңбек жолын 1969 жылы Шу қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте бастады.
* 1974 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының математика факультетін, 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау-экономикалық факультетін, 1990 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген.
* 1973-1976 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты комсомол комитеті хатшысының орынбасары, кейіннен хатшысы болып істеді.
* 1976-1983 жылдары Фрунзе аудандық, Алматы қалалық және облыстық комсомол комитеттерінің хатшысы, республика комсомолы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
* 1983-1990 жылдары Алматы облыстық және Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде еңбек етті.
* 1990 жылдан – Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппараты, кейіннен Мемлекет басшысының Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі.
* 1996 жылдың наурызынан – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің меңгерушісі, ал кейіннен бастығы қызметін атқаруда.
## Марапаттары
М.Б.Қасымбеков 100-ден астам ғылыми мақалалар жариялаған, ол 25-ке тарта кітаптардың авторы, телавторы және құрастырушысы болып табылады.
* Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері
* «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені
* ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені
* «Құрмет» ордені
* 7 медальмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қосбас (лат. Phalaris, Digraphis) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзен, көл жағалауында, ылғалды жерлерде қамысты қосбас (D. arundіnacea) өседі. Оның биіктігі 50 – 200 сантиметр, ұзын, тамырсабағы жатаған. Сабағы жалаң, тықыр. Жапырақ қынабы да жалаң, кейде төменгі жағы бұдыр, тілшесінің ұзындығы 6 мм-дей. Жапырақтарының ені 15 мм, ұзынша келеді. Сыпыртқы гүлшоғырының ұзындығы 8 – 20 см, масағында қос жынысты жалғыз гүлі бар. Маусым – тамыз айларында гүлдейді.
## Дереккөздер |
Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов (15.10.1911, қазіргі Ақмола облысы Еңбекшілер ауданы Шоқытас ауылы – 29.11.1966, Алматы) – әдебиет зерттеуші, филология ғылымының докторы (1957), профессор (1958), ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1958). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан.
* 1926-1930 жылдары Көкшетау мен Қызылжардағы (Петропавл) балалар үйінде оқып, тәрбиеленген
* ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) филология факультетін бітірген (1934).
* 1934 – 1935 жылдары ұлт мәдениеті ин-тында кіші ғылыми қызметкер,
* 1935 – 1938 жылдары “Коммунист” журналының жауапты хатшысы,
* 1939 – 1944 жылдары ҚР ғылым академиясының Тіл және әдебиет ин-тында ғыл. қызметкер,
* 1944 – 1951 жылдары әл-Фараби атынд. Қазақ мемл. ун-тінде оқытушы, профессор.
* 1956 – 1966 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
## Шығармашылығы
Алғашқы ғылыми мақалалары мен өлеңдер жинағы 20 ғ-дың 30-жылдары жарық көрді. Ысмайылов әдеби-сын мақалаларымен қатар қазақ әдебиетінің тарихы жөніндегі “Қазақ әдебиетінің хрестоматиясы”, “Қазақ совет әдебиеті”, “Әдебиет теориясы мәселелері”, “Абайдың ақындығы туралы”, “XX ғасырдағы қазақ әдебиеті” атты ғылыми еңбектердің авторы. Ысмайылов Абайдың, Жамбылдың толық шығармаларының бірқатар академ. басылымдарын құрастыруға қатысты және олардың редакциясын басқарды.
* «Тұлпар жыры» (1933 ж)
* «Жігер» (1934 ж)
* «Жаз еркесі» (1936 ж) секілді жыр жинақтары жарыққа шықты.
* "Ақындар", Алматы, 1956.
* "Ақындық өмір", Алматы, 1965.
## Ғылыми жұмыстары
1943 жылы «ХХ ғасырдың басындағы қазақтың демократиялық әдебиеті» деген тақырыпта филология ғылымдарының кандидаттығына диссертация қорғайды.
* 1957 жылы «Қазіргі ақындардың шығармашылығындағы ұлттық дәстүр» деген тақырыпта («Ақындар» монограпиясының негізінде) докторлық диссертация қорғайды.
* Е.Ысмайылов Қалижан Бекхожинмен бірігіп 1941 жылы Кенесары, Наурызбай және олардың батырлары жайындағы жыр-дастандар мен аңыз-әңгімелер жинағын баспаға әзірлеген. Алғы сөзі мен түсініктемесін жазған. Көлемі 30 баспа табақ (ҚазКСР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасы, қолжазба қоры, №1328 бума). Қазақ ертегілерін жинау, жүйелеу, жариялау және зерттеу істеріне белсене араласқан.
* 1940 жылы «Әдебиет теориясының мәселелері» дейтін оқу құралын жариялады.
* Сәкен, Қасым, Тайыр, Жұмағали поэзиясы жөніндегі зерттеулерінде және «Сын мен шығарма» (1960), «Жаңа белеске» (1962), «Әдебиет жайлы ойлар» (1968) атты еңбектерінде сыншылық, ғалымдық қабілеттерін көрсете білген.
* Есмағамбет Ысмайылов Абайтану іліміне де атсалысқан. Мысалы, «Абайдың поэтикасы», «Абайдың өлең өрнектері» (бұл екеуін З.Шашкинмен бірлесіп жазған), «Абайдың ақындық шеберлігі», «Абай өлеңдерінің сұлулық, әуезділік ерекшеліктері» сияқты мақалаларында Абайдығ поэтикасына қатысты біраз жайдың бетін ашады.
* Кеңес үкіметінің солақай саясатының тырнағына да іліккен Есағаң А.Фадеевтің 1947 жылы маусым айында КСРО Жазушылар одағының ІХ пленумында жасаған баяндамасының «Сынның ұлт мәселесі төңірегіндегі қателіктері» деген бөлімінде Есмағамбет Ысмайыловтың «Қазақ совет әдебиеті» атты оқулығы қатты сынға алынды, ауыр сөздер айтылды. Кейін осы ұшқары шешімнің салдарынан ғалым ағамыз 25 жылға лагерге айдалып, тек Сталин өлгеннен кейін ғана ақталып шықты.
## Марапаттары
* “Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Әнуарбек Молдабеков (20 мамыр 1938 жыл, Алматы облысы Іле ауданы – 9 тамыз 1985 жыл, Алматы) — қазақ өнерінің аса ірі тұлғасы, көрнекті театр және киноактері, Қазақстанның халық артисі (1976), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1967).
## Өмірбаяны
Алматы облысының, Іле ауданына қарасты Комсомол совхозында 1938 жылы туған. Әке-шешесі Андрей деп ат қойған. Бірақ кейіннен жұрт Әнуарбек, одан кейін Әнуар деп атап кетті. Жастайынан өнерге бейім болған ол әнші болуды армандады. Дегенмен кейіннен өмір ағысы оны актерлікке алып келді.
1956 ж. консерваторияның драма бөліміне түскен. Алайда ол жерде бір оқытушының көңілге қонбайтын бір әрекетін бетіне басқаны үшін оқудан шығып қалған. Оған жасымаған Әнуар Әзірбайжан Мәмбетов «Жаңа студия ашып жатыр екен» дегенді естіп, сонда барған. 1958 ж. түсіп, екі жылда бітіріп шығады.
Әнуардың сахнадағы алғашқы өмірі Қарағандыда басталды. Сонда жүріп өзімен бірге оқыған дарынды актриса Баян Имашеваға үйленді. Екі қыз, бір ұл сүйді. Сол Қарағандыда жүріп-ақ көптеген рөлдерді сомдады.
1964 ж. Алматыға оралып, М. Әуезов театрына жары Баян екеуі орналасты. Ірі талант иесінің қалған өмірі осы Алматыда жалғасты.
## Шығармашылығы мен марапаттары
Сахнада Әзірбайжан Мәмбетов, кинода Шәкен Айманов секілді ірі тұлғалар Әнуарды өздеріне жақын тұтты. Табиғи талант екенін тани білді. Оның есімі халық арасында 1965 ж. «Ән қанатында» фильмінен кейін таныла бастады. Жалпы, кинодағы ақын Мұсаның (Иса Байзақов) рөлінде ойнауға көптеген актерлер шақырылды. Алайда ол орынға С. Сейфуллин атындағы Қарағанды театрының әлі кеңінен таныла қоймаған актері Әнуар Молдабеков таңдап алынды. Алғашқы роль - алғашқы жеңіс. Мұсаның бейнесі ерекше сәтті шықты. Осы үшін Әнуар аға Молдабеков Қазақ ҚСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол осы Мұсаны алғаш ойнағанынан-ақ өзінің алысқа баратынын, талай шыңға шығатынын танытты.
1970 ж. Республиканың еңбек сіңірген артисі, артынан халық артисі деген атаққа да қол жеткізді. Бірақ бұл жерде Әнуардың сахна мен кинода жүріп алған атақтарына тіреліп тұрған ештеңе жоқ, халық оны «Ән қанатындағы» Мұса арқылы, «Қан мен Тердегі» - Еламан, «Қыз Жібектегі» - Шеге арқылы кеңінен білді. Тіпті «Қыз Жібек» фильмінен кейін оны біраз уақыт халық Әнуар деудің орнына Шеге деп атап жүргені де белгілі.
Одан басқа А. Чеховтың «Ваня ағайындағы» бас кейіпкер Иван Войницкий ролін ойнаған. Бұл спектакль Мәскеуде де үлкен жетістікке жетті, жылы лебіздер айтылды.
## Фильмдері
* «Қыз Жібек»
* «Қан мен тер»
* «Ән қанатында»
* «Өтелмеген парыз»
* «Әпкем менің Люся» (1985)
## Қызық жайттар
* «Қыз Жібек» фильмінде Әнуарға алдымен Төлегеннің, сосын Бекежанның ролін берген. Кейін Шегеге лайық актер табылмаған соң, ақынжанды, жаны нәзік Әнуарды сол рольге бекіткен. Сол Шегенің роліне дайындалып жүріп, домбыра үйренемін деп төрт домбыраны шаққан көрінеді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Cілтесең – семсер, қорғансаң – қалқан болған... |
Бекмұрат Ералыұлы Тыныштықбаев (5.2.1959 жылы т., Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шіркейлі ауылы) – техника ғылымдарының докторы (2000), профессор, ҚР Ұлттық инженерия академиясының корреспондент мүшесі (2001).
## Өмірбаяны
* Мәскеу ауыл шаруашылық өндірісі инженерлері институтын бітірген (1981).
* Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтының (қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) Қызылорда бөлімшесінде оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1981–1996)
* Қызылорда мемлекеттік университетінде декан (1996–98);
* 1998 жылдан Қызылорда инженерлік-экономикалық институтының ректоры қызметін атқарады.
## Ғылыми еңбектері
* «Оптимальное проектирование ресурсосберегающих производственных процессов заготовки стебельчатых кормов в условиях Приаралья Казахстана» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
* 40-тан астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Жайсаңбек Молдағалиев (14 сәуір 1935, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Жаңасу а. – 22 маусым 1986, Алматы) – жазушы.
* ҚазМУ-ды бітірген (1959).
* 1959 – 85 ж. “Қазақ әдебиеті” газетінде әдеби қызметкер
* “Жұлдыз” журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі
* “Жазушы” баспасында аға редактор
* Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор
* Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметтерін атқарған.
## Шығармалары
* “Жүрек қазынасы” атты алғашқы повесі 1962 ж. жарық көрді.
Ел-жер тарихын, замандастарының шынайы өмірін баяндаған
* “Жаз ерке” (1965)
* “Айналайын атыңнан” (1972)
* “Самал” (1972)
* “Ел суреттері” (1976), т.б. повесть, әңгімелер жинағы шықты.
* “Екі дос” (1979)
* “Торғай толғауы” (3 кітап) атты шығармаларында 2-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы халықтың өмірі, қайсарлығы суреттелген.
* “Алғашқы қоңырау” (1978)
* “Таза бұлақ” (1984) романдары Ы.Алтынсариннің өміріне арналған.
Л.Толстойдың, И.Буниннің әңгімелерін қазақ тіліне тәржімалаған. М. шығармалары бірнеше тілдерге аударылды.
## Дереккөздер |
Мекран таулары, Макран — Иран таулы қыратының Иран және Пәкстан жеріндегі оңтүстік-шығыс тармағы. Ормуз бұғазынан батысқа қарай доға тәрізденіп 1150 километрге созылып жатыр. Мекран таулары көлденең ойыстармен және тар шатқалдармен бөлінген қатар жатқан жоталардан (биіктік 1000 — 2000 метр) тұрады. Ең биік жері Маран тауы (3277 метр). Негізінен әктастан және құмтастан, ойыстары мен тау алды мергель, тақтатас және флиштен түзілген. Жер сілкіну жиі болып тұрады. Тау алдында балшықты жанартаулар кездеседі. Батысы және солтүстік-батысы шөл және шөлейтті. Негізінен шөлдік өсімдік, шығысында таулық саванна, солтүстік-шығыс бөлігінде орман көп. Өзен аңғарларын бойлай жалпақ жапырақты орман мен құрма пальмасының шоқ тоғайы өседі.
## Дереккөздер |
Мақтаарал газеті - аудандық газет. 1931 жылы Әділбай Омаровтың басқаруымен «Мақташылар үні» атауымен шыққан. Кейіннен «Социалистік Мақтаарал» аталып, 1950 жылы Ильич аудандық газеті ретінде «Мақташы» – «Хлопкороб» болып шыға бастады. 1954–58 жылы ғалым, жазушы Көбей Сейдеханов редактор болды. 1962 жылғы аумақтық басқару жүйесіндегі өзгерістерге байланысты біршама үзілістен кейін 1965 жылы Мақтаарал ауданы құрылғалы бері қазіргі атауымен шығып келеді.
## Сілтемелер
## Тағы қараңыз
* Мақтаарал ауданы |
Жансебілдік — адам бойындағы ерекше төзімділікті білдіретін этикалық ұғым. Өмірдің қиындығы мен ауыртпалығын жеңетін басқа амал таппағанда, адам оған еріксіз төзуге мәжбүр болады. Жансебілдік қасиет адам бойындағы ерік-жігерге, сондай-ақ, оның табиғи мінез-құлық ерекшелігіне (флегматик) тығыз байланысты.
Жансебілдік— адам мінезінің, ерік-жігерінің итжандылық, көнбестілік, төзімділік қасиеттері. Қазақ халқы бірнеше ғасыр бойы үстемдік еткен өктемшіл жүйе мен өзге халықтың ықпалында болып, отаршылдық саясатқа көнбістілікпен шыдап келді. Әр алуан қысым жасауға, кемсітушілікке шыдап бақты. Әілеуметтік өмірдің заңы мен қағидасы сондай екен деген сенімде болды. Жансебілдік қаншалықты ұнамды әрі жағымды мінез қасиеті болғанымен, сырт тараптан әділетсіздік пен қысым көрсетілген жағдайға қарсы серпіліс туғызатыны табиғи және әлеуметтік факторлар болып табылады. "Өтірік қанша жансебіл болса да, өсіп өркендейтін тек шындық қана" деп сол шындық күресінің ұранын көтерді. Жансебілдік мінездің ерекше қасиеті ретінде ерік-жігер деп аталатын психикалық үрдістермен тығыз байланысты түрде дамиды. Осы орайда "Ерік — мінез жотасы" деген мәтел қалыптасқан. Жансебілдік мінез бен ерікті әрекеттің қасиеті ретінде адамда туа пайда болатын жоғары жүйке қызметінің типтерін білдіретін темпераменттің флегматик түрімен төркіндес екенін атап көрсету орынды болмақ.
## Дереккөздер |
Тото Мазартайұлы (1314 – 1355) – Юань әулеті тұсындағы белгілі қоғам қайраткері, меркіт руынан шыққан қытай тарихшысы. Жасынан әкесінің ағасы Баянның қолында өскен. 15 жасынан ханзадаға хатшы болған. 1328 – 1330 ж. дарухуаш, уәзір міндеттерін атқарды. 1331 ж. кеңесшілер мүшесінің құрамына кірді. 1340 ж. патша жарлығы бойынша Ван Джиебан, Арулармен бірігіп Баянды биліктен тайдырды. 1341 ж. императордың уәзірі болып тағайындалды. Қол астындағы қызметкерлерді арнайы байқаумен алу жүйесін қалпына келтіреді. Сунь, Ляу және Джин патшалықтары тарихын жазуға ат салысып, “тарлан уәзір” атанды. 1352 ж. “Қы-зыл орамалдылар” көтерілісін басып, қырғынға ұшыратты. 1354 ж. соғыста жеңілгендіктен орнынан алынып, Уннаньға айдалды. Қарсыластары у беріп өлтірген.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том. |
Қаныбек Жанболатов (1898, Қызылқұм ауданы Шәуілдір ауылы) – Cоциалистік Еңбек Ері (1.12. 1949). 1928 – 44 ж. ұжымшарда шопан, 1944 – 65 жылдары Қызылқұм ауданы Сүткент кеңшарында аға шопан болып істеді. 1965 жылдан зейнет демалысында. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.
Қоңырат тайпасының Құлшығаш руынан шыққан.
## Дереккөздер |
Тотонактар – Мексикада (Веракрус штатының солтүстігіндегі Пуэбла таулы аудандарында және Идальгоның шығысында) тұратын жергілікті үндіс халқы. Саны 175 мың адам (1995). Үлкен моңғол нәсілінің америкалық тобына жатады. Пенути тіл шоғырының тотонак тобының тотонак немесе натимоло тілінде сөйлейді. Сондай-ақ испан тілі де кең тараған. Діні – католицизм. Ертеректе Тотонактар Мексиканың Атлант мұхиты жағалауын мекендеген. Олар б.з. 2-мыңжылдықтың басында Веракрус штатындағы тахина мәдениетін жасаушылар болған. 14 ғасырдан бастап ацтектердің қол астында болып, алым төлеп тұрған. 16 ғасыпдың басында испандықтар бағындырған. Мәдениеті Орталық Америка үндістерінің мәдениетіне ұқсас. Дәстүрлі кәсібі – егіншілік (жүгері, соя, асқабақ, чиле бұрышы, жағалауда – банан, қант құрағы, ваниль, ананас). Омарташылықпен де айналысады, құс, шошқа өсіреді. Әйелдері дәрілік шөптер жинайды, еркектері себеттер және балық аулайтын аулар тоқиды.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том. |
“Орал” – газет.
1907 жылдың 4 қаңтар – 27 сәуір аралығында Орынборда татар тілінде жарық көрген. Барлығы 31 саны шықты. Редакторы Хусайн Ямашев болды. Газет большевиктік бағыт ұстанып, әлеуметтік-саяси мәселелерді көтерді. Ресей өкіметіне “Ашық хат” жариялады. Онда қазақ еңбекшілерінің атамекенінен көшіріліп, құнарлы жерлерінен айырылып жатқанын жазып, Екінші Мемлекеттік Думадан жер мәселесін әділ шешуді талап етті.
## Дереккөздер |
Молбұлақ — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2012 жылы Қазығұрт ауылының құрамына енгізілген.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қазығұрт ауылының солтүстігімен іргелес орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1600 адам (809 ер адам және 791 әйел адам) болса, 2009 жылы 2097 адамды (1055 ер адам және 1042 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1962–96 жылдары қой өсіретін ұжымшардың бөлімшесі болып келді. Оның негізінде ӨК және шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Мақталы — Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл, Мақталы ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жетісай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 21 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
1957–97 жылы Киров ауданындағы мақта өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Мақталыда және округтегі Алтынсарин, Жайлаукөл, Жаңадала, Қазыбек би, Жібек жолы, Мұратбаев, Алмалы, Чехов, т.б. ұсақ ауылдарда жеке шаруа қожалықтары құрылған.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Молдажан Жадайұлы (1879, Ақмола облысы Еңбекшілдер немесе Егіндікөл ауданы – 1958, сонда) – халық ақыны. Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. 1916 жылы патша жарлығына наразылығын білдіріп, Ерейментау өңірінде болған көтеріліске қатысқан. “1916 жыл оқиғасы” поэмасында осы ұлт-азаттық көтеріліс шынайы суреттелген. Оның “Бөгембай батыр”, “Сабалақ”, “Олжабай батыр” дастандары қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресіне арналған. Молдажан шығармалары ҚР ҰұА орталық ғылыми кітапханасының қорында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Қарабауыр – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты аумақтағы қыстау. Шідерті кентінен оңтүстікке қарай 15 км, Құтаяқсор көлінің оңтүстік-батысында 10 км жерде орналасқан. Қыстаудың көтеріңкі келген батыс және оңтүстік-батысында салыстырмалы биіктігі 60 м болатын аласа тау бар. Тау баурайында құрғақ далаға тән бұта шоғырлары аралас бетеге, боз, селеу, т.б. шөптесіндер өседі. Қарабауыр аумағы арқылы жоғары кернеулі электр желісі өтеді.
## Сілтемелер |
Спақұл Малдыбеков (10.12.1928, Ордабасы ауданы Ақбұлақ ауылы) – ауыл шаруашылығының маманы. Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің депутаты. 20 жылдай Қызылқұм, Келес және Жетісай аудандарының ауданы партия комитеттеріне басшылық жасады. Созақ ауданында қаракөл қой шаруашылығытарын ұйымдастырып, оны өрге бастыруға көп үлес қосты. «Республикаға еңбегі сіңген ауыл шаруашылығы қызметкері», Созақ, Сарыағаш, Жетісай аудандарының құрметті азаматы. Ленин, 3 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, 8 медальмен марапатталған.
## Сілтемелер |
Зұлыстар (зұлулар, өз атауы — амазулу) — банту халықтарының құрамындағы халық, Оңтүстік Африка Республикасының ең үлкен халқы. Саны 10,4 миллион адам (2001, бағалау), оның ішінде Квазулу-Наталь провинциясында 7,6 миллион адам. Олар сондай-ақ Лесотоның солтүстігінде (270 мың адам), Зимбабведе (140 мың адам), Малавиде (116 мың адам)тұрады.
## Тілі
Зулу тілі банту отбасының нгуни тобына жатады.
## Діні
Сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі нанымдар, бір бөлігі христиан-африка назареттік баптисттік шіркеуінің жақтаушылары.
## Тарихы
Археологтардың айтуынша, зұлулар және бірқатар туысқан тайпалар Африканың оңтүстік аймақтарында біздің заманымыздың бірінші ғасырдың басында пайда болған.1800 жылдардың басында олар көбінесе мал бағумен шұғылданған шағын ғана тайпа болды. Алайда Шақа есімді көсем өздерінің жерлерін басып алған бурларға (голландтық келімсектер) қарсы соғысу үшін қуатты армияны басқарды. 1879 жылы зулустар бурлар мен британдықтардың бірлескен күшіне төтеп бере алмай, жеңіліске ұшырады.
## Кәсібі
Дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (құмай, тары, жүгері, бұршақ және бау-бақша өсімдіктері) және жартылай көшпелі мал шаруашылығы (ірі қара, ешкі, қой). Аңшылық, мал шаруашылығы – ерлердің кәсібі (ер балалар ешкі, жасөспірімдер қой, жігіттер ірі қара), егіншілікпен әйелдер айналысады. Қолөнерден ерлер (тері илеу және ұсталық, ағаш және сүйек ою), әйелдер – қыш, тоқымашылықпен айналысады.Зұлулар қазір тау-кен жұмысшылары мен қалалардың қара тұрғындарының көпшілігін құрайды.
## Өмір салты
XIX ғасырда туыстық немесе көршілес қауымдардың қоныстары (10-нан 1000-ға дейін) рулар одағының құрамына біріктірілген қауымдастықтар болды. Неке неолокалдық. Қалыңмал малмен төленеді (лобола).Сиқырлық, бақсылық, ата-баба рухына және табиғатқа сену (токолош), көсемнің ғұрыптық күшіне сену сақталған. Инквала рәсімі жыл сайын өткізіледі.Бай фольклор сақталған, қазіргі әдебиет дамыды, халық музыкасы мен би өнері, қолданбалы өнер (әсіресе моншақ тоқу және өңдеу) дамып келеді.
Дәстүрлі тұрғын үйлері – қамыстан тоқылған, терілермен жабылған жарты шар тәрізді қаңқалы үйшік. Отырықшы өмірге көшуімен олар жалпақ төбесі бар төртбұрышты ағаш үйлер сала бастады.
Дәстүрлі киімдері - былғарыдан денені жауып тұратын белдіктер мен алжапқыштар, білек пен балтырда жабайы жануарлардың құйрықтарын таңған. Жауынгерлер мен қолбасшылар (инкоси) шөптер мен балауыздан жасалған бас сақинасы бар арнайы шаш үлгісін киген. Дәстүрлі киімдер еуропалық киімдерге ауыстырылды.
Дәстүрлі тағамдары - көкөністер мен сүт өнімдері, дәнді дақылдар, құмай мен жүгеріден жасалған бұқтырылған, көкөністермен дәмделген бәліштер. Етті – мерекелік және ғұрыптық тағам ретінде пайдаланады.
## Дереккөздер |
Еркінбай Әкімқұлұлы (4.9.1937 жылы туған, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы) – жазушы.
* ҚазМУ-ды бітірген (1959).
* «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі.
* Алматы қаласының партия комитетінде нұсқаушы.
* «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі.
* Қазақ радиосында аға редактор.
* «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі, редактор болып істеген.
==Аудармалары
* Поляк жазушысы Януш Корчактың «Қайта оралған балалық» повесін қазақшаға аударды.
## Шығармалары:
* 1983 – 1989 жылдары «Ты – мой светлый мир», «Дневник девушки» деген екі кітабы орыс тілінде жарық көрген.
* Қарақозы Әбділдаев. Очерк. А., 1969;
* Қазақтың жас ақындарының творчествосы. Әдеби-сын мақалалары. А., 1972;
* Даңқым - дәуірім. Очерктер. А., 1974;
* Қош бол, альбом. Әңгімелер мен повестер. А., 1976;
* Жанарым - жарық дүнием (орыс тілінде). Повестер. А., 1983;
* Қыз күнделігі. Повестер. А., 1985;
* Жанарым - жарық дүнием (орыс тілінде). Повестер. А., 2001;
* Таңдамалы шығармалары, 2 томдық. А., 2003.
## Дереккөздер |
Ай – Абай облысы Аягөз ауданындағы өзен. Ұзындығы 152 км, су жинау алабының ауданы 3090 км2.
## Бастауы
Тарбағатай жотасының Ақшәулі тауынан басталады. Таудан жазыққа шыққан өзен суы сорғу мен булануға шығындалып, сарқылады, тек аса суы мол жылдары ғана Сасықкөлге құяды.
## Гидрологиясы
Суы минералдылығы (0,570 г/л-ден 2,0 г/л-ге дейін). Минералы химиялық құрамы жағынан гидрокарбонат класының кальций тобына жатады. Өзен жайылмасына қалың шабындық өседі. Ол мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.