text
stringlengths
3
252k
Еділ Лұқпанұлы Оразов (21.5.1956 жыл, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы) – әскери қайраткер, генерал-майор (2005). Әуе қорғанысы күштерінің зенитті-ракеталық командалық училищесін (1978), Мәскеу әскери академиясын(1988) бітірген. 1978 – 85 жылдары бағыттау офицері, взвод, курсанттар батареясының командирі міндеттерін атқарды. '988 – 93 жылдары Энгельс жоғары зенитті-ракеталық командалық училищесінде оқытушы, 1993 – 98 жылдары Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының әскери комиссары, облыстық әскери комиссардың орынбасары, 1998 – 2002 жылдары Маңғыстау облысының және Ақтау қаласының әскери комиссары болды. 2002 жылдың қыркүйек айынан ҚР Қарулы Күштері әскери академиясының (2003 жылдан Ұлттық қорғаныс университеті) бастығы. “На страже независимости”, “Опыт боевого применения войск ПВО в локальных войнах”, т.б. еңбектер жазған. S ## Дереккөздер
Самалдық (лат. Spіnacіa) — алабұталар тұқымдасына жататын бір, екі жылдық шөптесін өсімдік; көкөніс дақылы. Қазақстанның барлық аймақтарында өсетін 2 түрі: жабайы түркістан Самалдығы (S. turkestanіca) және бақша Самалдығы (S. oleraecea) бар. Олардың биіктігі 10 — 60 см, тағамға пайдаланылатын жапырақ дегелегі ерте көктеп, тұқым беретін сабағы кейін шығады. Жапырағы үш бұрышты не жұмыртқа тәрізді. Найза не үзілмелі тозаңданатын гүлдері сыпыртқы гүлшоғырын құрады. Самалдық — қос үйлі, дара жынысты өсімдік. Сәуір — мамыр айларында гүлдеп, жемісі піседі. Жемісі піскен кезде шумақ не домалақ шар тәрізді бөлініп кетеді. Самалдықтың жапырағында йод, кальций, темір тұздары, витаминдер (А, В, С, РР, т.б.), минерал тұздар мол. Топырағы құнарлы жерде жақсы өседі, суыққа төзімді және мол өнім береді. Самалдық тұқымынан өсіріледі. Қазақстанда “Виктория” сорты аудандастырылған. ## Суреттер ## Пайдаланылған cілтемелер
Қаратау кен өңдеу кешені - өндірістік кәсіпорын, «Қазфосфат» ЖШС-нің филиалы. Кәсіпорын 1998 жылы «Қаратау» акционерлік қоғамы негізінде құрылған. Өндірістік негізі – фосфорит кентасын өндіретін және өңдейтін тау-кен комбинаты. Жаңатас қаласында орналасқан. Комбинат 12,5 мың га жерді алып жатыр, құрамына фосфорит кентасының жалпы қоры 418 млн. тонна болатын 3 кеніш кіреді: «Жаңатас» (жылдық қуаты 10,8 млн. т кентас), «Көкжон» (4,7 млн. т), «Көксу» (2 млн. т) кеніштері. Негізгі өнімдері: майда ұнтақталған фосфорит ұны, кесек және ұсақ фосфорит. Комбинаттың жылына 6,5 млн. т тауарлық кентас (оның 4,5 млн. т-сы фосфорит ұнтағы) өңдей алатын қуаты бар. 2600 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын өнімдерінің негізгі тұтынушылары Қазақстанда, Өзбекстанда, Түрікменстанда және Ресейде орналасқан. 2001 жылдан кәсіпорын құрылымына «Қаратау» кен-химия комбинаты қосылған. Жетекшісі –А.В.Рябова. ## Дереккөздер “Тараз энциклопедиясы”
Мұқаш Орынбайұлы Орынбаев (13 қыркүйек 1900, Шыңғыстау, Бұғылы болысы, Семей уезі, Семей облысы, Ресей империясы – 26 ақпан 1938, Алматы, Қазақ КСР) – мемлекет және қоғам қайраткері. ## Өмірбаяны 1900 жылы 13 қыркүйекте Шыңғыстау ауылы, Бұғылы болысы, Семей уезі, Семей облысы (қазіргі Абай облысы, Абай ауданы) кедей малшы Шормықов Беркімбайдың отбасында дүниеге келген. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты-Дүзбембет руынан шыққан. Семейдегі бастауыш орыс мектебін (1914), Зайсан қаласындағы жоғары бастауыш учелищесін 1918, Семейдегі ерлер гимназиясын (1920), Мәскеудегі бүкілресейлік төтенше комитет курсын (1921) бітірген. 1920 – 23 ж. Семей губерниясы атқару комитетінде әр түрлі басшылық қызметтер атқарып, 1924 – 25 ж. Қазақ АКСР-і Ішкі істер халық комиссары болды. 1925 – 27 ж. Ақмола губерниясында атқару комитетінің төрағасы, 1927 – 29 ж. Қазақ АКСР-і жұмысшы-шаруа инспекциясы халық комиссарының орынбасары, 1930 – 33 ж. Қазақ АКСР-і Қаржы халық комиссары, 1933 – 36 ж. Оңтүстік. Қазақстан облысы атқару комитетінің, 1936 – 37 ж. Гурьев (қазіргі Атырау) округтік атқару комитетінің төрағасы болды. Қаржы комиссары болған кезінде ұжымдастыру науқаны салдарынан аштыққа ұшыраған қазақ халқының ауыр хәлін айтып, жоғары үкімет орындарына бірнеше рет хат жолдаған. 1937 ж. саяси қуғынға ұшырап, 1938 ж. атылды. 1957 ж. КСРО Жоғарғы соты әскери алқасының шешімімен ақталды. ## Дереккөздер
Құлназаров Анатөлі 18. 2.1946 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Лениногор қаласы (қазіргі Риддер қаласы)] – спортшы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагог ғылым докторы (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі (1986). Өскемен қаласындағы педагогикалық институтты бітірген (1969). * 1974 – 79 жылдары Өскемен қаласындағы балалар спорт мектебі директорының орынбасары, директоры; 1979 – 85 жылдары Алматы қаласындағы Қажымұқан атындағы Республикалық спорт мектеп-интернаты директорының орынбасары, директоры; 1985 – 87 жылдары Қазақ КСР Оқу министрлігінде бөлім, басқарма бастығы; * 1987 – 97 жылдары Қазақстан Республикасының Жастар ісі, туризм және спорт министрінің 1-орынбасары; * 1997 – 99 жылдары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігіндегі Спорт және дене тәрбиесі комитетінің төрағасы, * 1999 – 2000 жылдары Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің кеңесшісі. * 2000 жылдан Дене тәрбиесі ұлттық ғылыми-тәжірибе орталығының директоры. “Білім жүйесінде футбол клубтарын дамытудың тұжырымдамасы” (1995), “Күш-қуаттық жеңіл атлетика” (2001), “Қазақстан Республикасындағы балалар мен оқушы жастардың дене тәрбиесі бағдарламасы” (2002), т.б. оқу-әдістемелік кітаптар жазған. ## Дереккөздер
Тасарық (1993 жылға дейін – Блинково) — Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл, Тасарық ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Леңгір қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 26 км-дей жерде, Сайрамсу өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Тасарық 1950 жылы құрылған қой өсіретін ұжымшардың орталығы болып келді. Ұжымшар негізінде шаруа қожалықтары құрылған. ## Дереккөздер
Балуанияз (1818, Маңғыстау түбегі — 1856, сонда) — Адай руынан шыққан батыр. 1856 жылы жазда Хиуа әскерлерінің бірнеше адамы қаза табады. Балуанияз батыр серіктерімен бірге қанды шайқас өткен Қараған Босаға деген жерде жерленген. Балуанияздың ерлігі, оның сенімді серігі — Құла аты жөнінде Қалнияз ақын “Балуанияз батыр” дастанында жырлаған. 1992 жылы батырдың бейітіне ескерткіш күмбез орнатылды (авторы К. Демесінұлы) шапқыншылығына Балуанияз қазақтың шағын жасағын (60 шақты адамы бар) бастап қарсы шығады. Осы соғыста Балуанияз, інісі Балтеке бар. ## Дереккөздер
«Қаратау» кен-химия комбинаты — өндірістік кәсіпорын, «Қазфосфат» ЖШС-нің филиалы. Қаратау қаласында орналасқан. 1946 жылы Шолақтау кен-байыту фабрисы болып құрылған кәсіпорын 2001 жылы «Қаратау» кен өңдеу кешені құрылымына енді. Өндірістік негізі – Фосфорит кентасын өндіретін және өңдейтін тау-кен комбинаты. Комбинат құрамына фосфорит кентасының жиынтық қоры 165 млн. т болатын «Ақсай» және «Молодежный» кеніштері, 4 майдалау-сұрыптау және 2 байыту фабрикалары кіреді. Негізгі өнімдері: майда ұнтақталған фосфорит шикізаты, кесек және ұсақ фосфорит. Комбинатта 600 адам жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Сүлейменов Сұлтан Тәшімбайұлы (20.8.1928, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті – 22.6.1996, Алматы) – ғалым, Негізгі ғылыми еңбектерінің бағыты химия өнеркәсібін дамыту, силикаттардың жаңа түрлерін шығару, т.б. мәселелерге арналған. Қазақстан ЖЭС-терінен шығатын көмір қалдықтарын кешенді қайта өңдеу мен құрылыс материалдарын пайдалану саласын кеңейту үшін күл-қождық қалдықтардың қасиеттерін зерттеуді жүйелеумен айналысты, күл-керамикалық материалдарды өнеркәсіптік негізде өңдеудің ғылыми негіздерін жасауға мүмкіндік беретін лабораториялық және теориялық зерттеулер жүргізді. Бұл зерттеулер жылу-энергететикалық шикізаттарды үнемдеуге ықпал етті. Сүлейменов С. Т. – 313 ғылыми еңбектің авторы (оның ішінде 6 монографиясы бар), 90-дай авторлық куәліктің иегері. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Шығармалар * Новые силикатные и органические материалы, А.-А., 1967 (соавт.); * Стекло и стеклокристаллические материалы из горных пород Казахстана, А.-А., 1969; * Электротермические фосфорные шлаки – сырье для производства стеклокристаллических материалов, А.-А., 1976 (соавт). ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ОДАҒЫ – 1917 жылы көктемде Меркіде Тұрар Рысқұловтың жетекшілігімен құрылған қазақ жастарының ұйымы. Одаққа 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың от-жалынынан өткен, саяси сауатты, рев-лық ниеттегі 30-ға тарта қазақ, қырғыз және орыс жастары бірікті. Одақ мүшелері қатарында Қ.Сарымолдаев,Ы.Әсімов, Т.Тоқбаев, С.Абланов, К.Қошмамбетов, М.Жылысбаев, К.Бармақов секілді т.б. жергілікті қазақ жастары болды. Ұйымның саяси басшысы қызметін Т.Рысқұлов атқарды. Ол Әулиеата у-ндегі белгілі большевиктер – Н.И. Чернышев, С.К. Хмелевский, С.А. Федоров – Завадскийлермен тығыз байланыс жасап, олардың көмегімен у-дегі қазақтар арасында рев-лық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ОДАҒЫ ұйымының бағдарламасы мен жарғысы бар, күрес жолы анық саяси ұйым ретінде құрылған-ды. Бағдарлама мен жарғыдан одақ мүшелерінің Ақпан рев-ның сипаты мен мән-мағынасын, әлеуметтік қайшылығын айқын түсіне білгендігі аңғарылады. Орыс отаршылары мен жергілікті үстем тап өкілдерінің халыққа қарсы іс-әрекеттерін сынай келе және қарапайым еңбекші бұхараның мұң-мұқтажын, талап-тілегін қорғайтынын білдіре отырып, одақ мүшелері өздерінің іс-әрекеттерінің басты мақсаты ретінде: «Уақытша үкіметтің жергілікті комитеттері мен орыс кулактарының озбырлығына қарсы күресу» жолын таңдап алғандарын ашық мәлімдейді. Одақ бағдарламасында Ақпан рев-ның әлеуметтік теңсіздікті, ұлттық езгіні жоюға қабілетсіз екендігі, керісінше бұл күндері орыс отаршылдарымен ауыз жаласқан жергілікті үстем тап өкілдерінің өз халқын «бұрынғыдан да бетер езе түскені» айтылған. 1917 ж. елді жайлаған ашаршылықпен күресу үшін ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ОДАҒЫ жанынан азық-түлік к-ті құрылды. Азық-түлік к-ті түрлі жиындар ұйымдастырып, ашаршылыққа ұшыраған жергілікті тұрғындар үшін қаржы, азық-түлік жинастырды. Одақ мүшелері 1917 жылғы қос төңкеріс кезінде өзіндік шыңдалу мектебінен өтіп, кеңес өкіметі жылдарында түрлі билік орындарында қызмет атқарып, ұлттық мүддені қорғауда белсенділік таныта білді. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том
Құмыты (лат. Ceratopogonіdae) — қосқанаттылар отрядының ұзынмұрттылар отряд тармагынын тұқымдасы, қансорғыш жәндіктер. Жер шарында 4 мыңнан астам, ал Қазақстанда 71 түрі белгілі. Інде, үй қа-бырғасында, мал қорада мекендейді. 50—100 жұмыртқа салады, 45—60 күн-де жұмыртқадан ересек насеком шығады. Денесі бас, көкірек, құрсақ бөлімдерінен тұрады. Дене тұрқы 1 — 4 мм, денесінің арқа жағы көтеріңкі, тұмсығы ұзын, қабыршақ жапқан қанаттарында дақтар болады. Құмытылардың омыртқалы жануарлар қанымен, жәндіктердің гемолимфасымен және өсімдік сөлімен қоректенетін түрлері де бар. Аталықтары мен аналықтары ауада ұшып жүріп шағылысады. Ұрықтанған аналықтары жұмыртқа салу үшін адамның және жануарлардың қанымен, ал аталықтары тек өсімдіктердің сөлімен қоректенеді. Аналықтары жетілген жұмыртқаларын суға, ылғалды топыраққа, құмға, т.б. жерлерге салады. Олардың жаз айларында даму мерзімі жеке түрлердің өзгешеліктеріне байланысты 30 — 60 күнге дейін созылады. Құмытылардың жұмыртқалары мен дернәсілдері қыста қыстап шығады, олардың даму мерзімі ұзарады. Сілекейі улы, шаққан жері ісіп, қышиды. Құмытылар үй жануарларындағы вирус қоздыратын ауруларды (жылқының африкалық обасы, қойлардың жұқпалы қызба ауруы — блутан, т.б.), маймылдар мен үй құстарындағы гемоспоридиоз ауруларын таратады. Құмыты шіркей қызба, лейшманиоз ауру-ларын таратады. Күрес шаралары: кемірушілердің індерін жою, ДДТ, гексохлоран шашу. ## Дереккөздер Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Фарида Анваровна Миндубаева (1951 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген) – адам және жануарлар физиологиясы саласының маманы, медицина ғылымдарының докторы (2000), профессор (2004). Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1974, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Осы инcтитутта ассистент, доцент (1975–99) болды. 1999 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады. 90-нан астам ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер Қазақстандық интернет энциклопедиясы:[1](қолжетпейтін сілтеме) * Докторантуралық диссертация
Қаратау жыланбасы (лат. Dracocephalum karataviense) – ерінгүлділер тұқымдасы, жыланбас туысына жататын көп жылдық шала бұта. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 15 – 60 см. * Жіңішке тамырсабағының сырты безді, түкті сабақтар дамиды. * Жапырақтары қандауыр пішінді, ұзындығы 1,5 – 3 см, ені 0,4 – 1,2 см, сағақсыз болады. Жапырақ тақтасы тегіс жиекті, нүкте тәрізді безді дақтары бар, өркенге сағақсыз бекініп қарама-қарсы орналасады. Жапырақ бетін жылтыр сұйықтық жауып тұрады. * Гүл сағағы өте қысқа. Гүліндегі безді түкті тостағанша жапырақшаның ұзындығы 10 – 15 мм, сиякөк түсті. Күлтесінің сырты безді-түкті, қоңыр-қызғылт түсті, оның ұзындығы 18 – 25 мм. Астыңғы ерін құрайтын күлтелері үстіңгісіне қарағанда 1,5 – 2 есе ірі болады. Аталықтарының жіпшесі қысқа, әрі қалың түкті. Аналығының аузы қос тілімді. * Тұқымы арқылы көбейеді. Маусымда гүлдеп, шілдеде жемістері піседі. * Жемісі – құрғақ майда (ұсақ) жаңғақша. ## Өсетін орны мен таралуы Талас Алатауының аласа таулары (Машаттау) мен Қаратау жотасының (Мыңжылқы аймағы) тастақты беткейлерінде және жартастарында ғана кездесетін өсімдік.Қаратау жыланбасы – сирек кездесетін өсімдік, Қаратаудың эндемигі. Жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ## Дереккөздер
ҚАЗАҚ МОҢҒОЛ ХАЛЫҚТАРЫ ДОСТЫҒЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ – Қарасай батыр көшесі мен Сүлейменов көшесімен қиылысында, Жамбыл облыстық кәсіподақтар к-ті үйінің алдында орнатылған тарихи-сәулеткерлік нысан. Жамбыл қаласы мен Моңғолияның Қобдо қалалары туысқан қалалар атанған, 1982 ж. орнатылды. Мүсінші З.Тастеков, архитекторы С.Дембай. Ескерткіш сырты мыспен қапталған бетоннан жасалынған. Ескерткіштің композициясы жылтыр емес граниттен жасалып, дөңгелек тұғырға орнатылған қазақ пен моңғолдың қол алысып қатар тұрған фигуралы композициядан тұрады. Мүсіндердің биікт. 3,5 м. Қазіргі кезде сыртқы мыс қаптамасы алынып қалған. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том
Шонжы минералды суы, Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылының шығысында 25 – 35 км жерде, Кетпен жотасы мен Іле өзеннің аралығында орналасқан. Оны 1970 ж. гидрогеологиялық барлау кезінде Қарадала минералды су көзі деген атпен 300 – 600 м тереңдіктен ұңғымалармен қазып алған. Суы өте арынды, жер бетінен 10 – 60 м, кей жерлерінде 100 м-ге дейін биіктікке шапшыған. Бұрғылау кезіндегі анықталған өнімділігі 16000 m³/тәулік, минералдылығы 0,6 – 1,0 г/л, суының жылылығы 25 – 48°С шамасында. Суының минералдық құрамы: гидрокарбонатты-сульфатты, гидрокарбонатты-хлорлы, гидрокарбонатты-хлорлы-сульфатты кальцийлі, кальцийлі-магнийлі немесе таза гидрокарбонатты натрийлі болып келеді. Шонжы минералды суының химиялық құрамы мен шипалық қасиеті жағынан Сарыағаш минералды суына өте ұқсас. ## Дереккөздер
ҚАЗАҚСТАН ВУЛ ПРОЦЕССОРЗ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ – өндірістік кәсіпорын. Қызметінің негізгі бағыты жүнді алғашқы өңдеу (дайындау, сұрыптау және жуу). Өндірістік қуаты сағатына 1,5 тоннаға дейін жүн өңдеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын үздіксіз жұмыс істеуі үшін жеке жылу қазандығымен, жоғары кернеулі электр желісімен жабдықталған. Дайын өнім Ресейге, Австрияға және Балтық мемлекеттеріне шығарылады. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том
Қазақстан-Ресей біріккен археологиялық экспедициясы – тас дәуірі ескерткіштерін зерттеумен шұғылданатын экспедиция. 1992 ж. Ә.Х. Марғұлан атынд. археология ин-ты мен Ресей Ғылым Академиясы Сібір бөлімшесінің (Новосібір қ.) археология және этнография ин-ты бірлесіп құрған. 2000 ж. әл-Фараби атынд. ҚазҰУ археология және этнография кафедрасымен бірлесіп ғыл. жұмыстар жүргізу туралы келісімге келген. Жетекшісі – акад. А.П. Деревянко. Қазақстан жағынан отряд басшысы – проф. Ж.Қ. Таймағамбетов. Аталмыш экспедиция Қазақстан аумағының көп жерлерінде ғыл. ізденістер жүргізіп, тас дәуірінің 100 шақты ескерткіштерін тапқан. Негізгі жұмыстарын Қаратау өңірінде жүргізген. Мұндағы олардың зерттеген Қараүңгір, Шоқтас пен Қошқорған кешендері бүкіл дүние жүзіне мәлім болып отыр. Экспедиция отрядтары Жамбыл облысының барлық аудандарында барлау жұмыстарын жүргізіп, ежелгі тас дәуірінен неолит заманына дейінгі уақытты қамтитын бірнеше ескерткіштер ашып, зерттеді. 1994 ж. ерте палеолитке жататын Қызылтау тұрағына (Қаратау-Ақкөл жолынан 25 км), ерте голоцен дәуірінің Шахантай-1 (Ақкөл к-нен 2 – 2,5 км оңт.-батыста), Соркөл – 1,2 (Саудакенттен 25 – 26 км шығыста) ескерткіштеріне зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қазақстан-Ресей біріккен археологиялық экспедициясы ғыл. ізденістері ежелгі адам баласы Қаратау өңірін ерте палеолитте мекендегенін айғақтайды. ## Сыртқы сілтемелер ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ БІРІККЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том
Балуан тас — күш сынасу үшін арнайы таңдап алынған тас. Балуан тас көтеру қазақ халқында да болған. Халық арасындағы әңгімелерге қарағанда ертеде Жетісудан Қоянды жәрмеңкесіне баратын керуен жолының бойында “Балуан тас” деп аталып кеткен үлкен тас жатқан. Ұзақ жол жүріп зеріккен жолаушылар осы жерге келгенде ат шалдырып, бойларын жазып, Балуан тасты көтеріп күш сынасады екен. Күш атасы Қажымұқанның қартайған шағында айтқан: “Бір тас бар Қояндыда — Балуан тас, Жасымда он екі ай болдым мұңдас. Сол тастай жұртта қалып мен жатырмын, Қайран күш бір кеткен соң қайта қонбас!” деген өлеңі Қояндыдағы Балуан тасты көтеріп күш сынасу — арнайы спорт түріне айналғандығының айғағы. 1846 жылы поляк ақыны А.Янушкевичте қазақтардың тас көтеріп жаттығатынын, бұл жаттығуда Барақ сұлтанның алдына жан салмайтын алапат күш иесі екендігін таңдана жазады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде Таусоғар(Ер Төстік), Тау көтерген Толағай, т.б. кейіпкерлердің болуы да Балуан тас көтерумен қазақтар ежелден айналысқанын көрсетеді. ## Дереккөздер
ШОНКИНИТ (АҚШ-тағы Шонкин өзені атымен аталған) – сілтілі габброидтарға жататын интрузиялық тау жынысы. Ол ортоклаз (35 – 40%) бен моноклиндік пироксен-авгит (60 – 65%), эгирин-авгиттен тұрады. Қосымша минералдарына: биотит, оливин, сілтілі амфибол, плагиоклаз, нефелин, содалит, ал акцессор минералдарына: апатит, магнетит, сфен жатады. Бітімі шомбал, құрылымы орта, ірі түйірлі. Шонкинит басқа да сілтілі плутониттермен бірге кездесіп, штоктар, лополиттер, сақина тәрізді денелер құрайды. Шонкинит массивтері Орталық және Оңтүстік Қазақстанда бар. ## Дереккөздер
Орынбай Бертағыұлы (1813, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Көлдей елі, Дауқара ауылы – 1891, Аягөз) – айтыскер ақын, жырау, әнші, сазгер. Әкесі Байқожа, арғы атасы Бертағы ақын, жыршы болған. Ол. ел ішінде Қарауыл Орынбай ақын деген атпен мәлім. 13-14 жасынан өлең шығарған. Шығармаларында өз дәуіріндегі әлеум. мәселелерге үн қосып, болыс, аға сұлтан сайлауындағы әділетсіздікті әшкереледі. Жырларында билік басына қалталылардың келіп жатқанын ашық айтты (“Бір жан жоқ болыстыққа талас емес”), бақ-дәулеттің өткіншілігін жырлады (“Тұлпар бар ма тұяғы майрылмаған”, “Өлген соң бай мен жарлы мал демейді”, т.б.). Сондай-ақ “Адамның жаратылуы туралы”, “Қырық парыз”, “Бұл дәурен тұрар ма екен сіздерге ұдай”, “Жүз жұлдыз” атты толғаулары діни танымда жырланған. О-дың “Жазы биге”, “Шоң биге айтқаны”, “Алсай Құрақбайға айтқаны” секілді арнаулары бар. Ол Ш.Уәлиханов өмірден қайтқанда көңіл айтып, өлең шығарған (“Уа, Шыңғыс, Зейнеп ханым көтер басты”). Ол. өз тұсында Жанақ, Балта, Шөже, Тоғжан, Серәліқожа, Арыстанбай, Шортанбай, Сақау, Қожабек, Кемпірбай, Тезекбай, Өтеулі, Дана, Байкөкше, Нұркей, Ақан Сері, Құлтума, т.б. ақындармен айтысқан. Поляк саяхатшысы А.Янушкевич О-дың Жанақ ақынмен Аягөзде өткен айтысын таңданыспен суреттесе (1846), тегеурінді дарын иесін Шал ақын “ақындардың төресі” атаған. “Орынбай ақынның Ерден батырды мақтаған сөзі” Ы.Алтынсарин құрастырған “Киргизская хрестоматия” (1879) оқулығында жарияланды. Ш.Уәлиханов “Қазақ халықтық поэзиясының түрлері жөнінде” деген зерттеуінде ақын өлеңдерінің құрылымын, жүйесін талдады. В.В. Радлов (1870), Я.Я. Лютш (1888), С.Сейфуллин (1931), С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, т. б. зерттеушілер жоғары бағалап, шығармаларын жинап, жариялаған. Ақынның тағы басқа әлі баспа бетін көрмеген («Абайділдаға», «Төрде отырған төрелер», «Тұрлыбекке», «Түбекпен кездескенде», т. б.) өлең-толғаулары Ұлттық кітапхана қорында сақтаулы.Орынбай ақын Өзбекстан, Иран елдерінде діни сопылық білім алған және Шоқан Уәлихановтың Сырымбет қыстауында Шыңғыс және Айғанымның отбасыларының кеңесшісі болған.Орынбай ақынның ұрпақтары қазіргі Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылында тұрып жатыр. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы, 7том 9 болім
Түсіпбеков Сапар (28.8.1936 ж.т., Павлодар облысы Баянауыл ауданы) – медицина ғылымының докторы (1984), профессор (1985). Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1960, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Мұрағатталған 15 маусымның 2011 жылы.) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар институтында ауруды рентгенмен анықтау лабораториясында аға ғылым қызметкер, меңгеруші (1960–67) болды. 1967 жылдан Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру инстиутында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 1982 ж. «Комплексное рентгенологическое исследование поджелудочной железы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми еңбектері рентгенология мәселелеріне арналған. Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан. ## Дереккөздер * Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Жұмабеков Жүнісбек (07.01.1927, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай а. – 04.04.1980, Алматы қ.) – тарих ғылымдарының докторы (1971). Албан тайпасы Қыстық руынан шыққан. Алматы заң институтын (1949) бітірген. 1949–55 ж. осы институтта оқытушы, кафедра меңгерушісі, Семей малдәрігерлік институтында (1955–58), 1958 ж. Қазақ физкультура институтында (қазіргі Қазақ спорт және туризм академиясы) кафедра меңгерушісі, Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің қоғамдық ғылымдар бөлімін басқарды (1966–67). ҚазПИ-дің (1974–80, қазіргі ҚазҰПУ) ректоры болды. «Руководство КОКП вовлечением трудового крестьянства Казахстана в строительство социализма (1926–1932 г.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Ырғыз көтерілісі (1916) – Ресей үкіметінің 25 маусым жарлығына қарсы халық қозғалысы. Жарлыққа сай Ырғыз, Торғай уездерінен 20 мыңдай адамды майдан жұмыстарына алу жоспарланды. Жарлыққа наразылық білдірген халық Амангелдіні қолдап, 147 ауылда арнайы штабтар құрды. Тәуіп болысындағы штабты Әйменбет Шобан, Кенжеғара штабын Айжарқын Қанайұлы, Аманкөл штабын Қалтай Қатшин, Бақсайыс штабын Тайшым Орысұлы, Жұмағазы Жүрген басқарды. Ырғыз көтерілісіне қатысушылар жасақ басшыларына “хан” атағын берді. Ырғыз оязының сегіз болысында жалпы саны 20 мыңға тарта қол жасақталды. Көтерілісшілерге қарсы Қазан әскери округінің бастығы ген. Сандецкийдің сұрауымен Шалқар, Ақтөбе, Орск бағытынан жақсы қаруланған жазалаушы әскери құрамалар аттандырылды. Шалқардан келген әскер Аманкөл, Тәуіп, Кенжеғара болыстарындағы, Ақтөбе, Орскіден келген әскер Белқопа, Бақсайыс, Темірастау, Талдық, Қызылжар болыстарындағы көтерілісшілерді талқандауға кірісті. Жазалаушы әскерлер көтерілісшілерді екі жақтан қыспаққа алып, оларды жеңілуге мәжбүр етеді. Көтерілісшілердің бірқатар басшылары жазалаушылар қолынан қаза тапты. ## Пайдаланылған cілтемелер
Қаратау қауы (лат. Stipa karataviensis) – астық тұқымдасының қау туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 20 – 30 см. * Сабағы жалаң тек буын асты ғана түктенген. * Жапырақтары жіңішке қылша сияқты бұралған. * Гүлшоғырының ұзындығы 6 – 8 см, жіңішке. Масақ қабыршақтарының ұзындығы 22 – 31 мм. Төмен гүл қабыршағы 8 – 9 мм, 5 түкті жолағы бар. Қылтанағы 8 – 9 см, имек келген, жоғары жағында 3 – 4 мм, түгі бар. * Тұқымынан көбейеді. Мамыр – шілдеде жемістері піседі. * Жемісі – дәнек. Гүл қылтанағы арқылы өсімдік дәнегі топыраққа бекиді. ## Өсетін орны мен таралуы Батыс Тянь-Шань мен Қаратау жотасының (Түркістан облысы) Шу-Іле тауларының тасты, тастақты беткейлерінде өседі.Қаратау қауы – жемістенуі алдында жақсы мал азықтық шөп.Қаратау қауы – сирек кездесетін өсімдік, жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ## Дереккөздер
Дипломатиялық құжат 1994 жылы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Ресей Федерациясы президенттері және Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі премьер-министрінің қатысуымен қабылданды. Құжатқа сәйкес Қазақстан ядролық қаруды таратпау туралы шартқа мүше елдер тарапынан тиісті қауіпсіздік кепілдіктерін алды. Меморандумда шартқа мүше елдердің Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, егемендігі мен қазіргі шекарасын құрметтейтіндігі, оның аумақтық тұтастығына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы күшпен қауіп туғызбау және олардың ешқандай қару-жарағы Қазақстан Республикасына қарсы, өзін-өзі қорғау мақсатында немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына сәйкес келетіндерінен басқа, ешқашан қолданылмайтындығы ашық айтылды. Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа мүше елдер Қазақстан Республикасының өз егемендігіне тән құқықтарын жүзеге асыруын жеке мүдделеріне бағындыруға және осындай жолмен өзіне кез-келген түрдегі артықшылықты қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық еріксіз көндіруден тартынатын міндеттемесін қуаттайтындықтарын білдірді. Қазақстан Республикасының ядролық қару қолданылатын агрессия қаупінің нысаны болған жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің шапшаң іс-қимылдарына қол жеткізетініне кепілдік алды. Осы міндеттемелерге қатысты мәселеге қозғау салатын жағдай туа қалса шартқа мүше елдер өзара кеңесетіні жария етілді. Меморандум қол қойылған сәттен бастап күшіне енді. ## Сілтемелер * Қазақстан Республикасы * Америка Құрама Штаттары * Ресей Федерациясы * Ирландия * Ұлыбритания * Біріккен Ұлттар Ұйымы * ядролық қару ## Дереккөздер
ЫРҒЫЗИТ – Арал теңізінің солт. өңірінде, Жаманшы метеориттік кратерінен табылған импактиттер тобына жататын, кремнеземге бай, тектиттерге ұқсас жанартаутекті шыны құрамды тау жынысы. Түйіршік мөлш. 1 мм-ден төмен тау жыныстары микроырғызиттер деп аталады. Жаманшы құрылымын алғаш орыс ғалымдары В.А. Вахромеев пен А.А. Яншин ашқан (1939). Соңынан әр жылдары В.В. Пилья, П.В. Флоренский, т.б. зерттеген. Кратер метеориттердің палеозой деңгейіндегі тау жыныстарына соғылып, оларды балқыту нәтижесінде бұдан 10 мың жыл бұрын пайда болған. Ы. Муонг-Нонг сериясына ұқсас жаманшиттер тобына жатады. Ы. – лапилитке ұқсас қара түсті, ірілігі 7 см тамшы және ұсақ шар тәріздес денелер. Олардың құрамында лешательерит, коэсит, стишовит, магнетит, шпинелидтер, плагиоклаз, муллиттер кездеседі. Хим. құрамы қышқыл тау жыныстарына ұқсас. Айырмашылығы – Ы. магний оксидіне бай. Ы. – сирек кездесетін тау жынысы. ## Пайдаланылған cілтемелер
Қорам минералды су бұлақтары,Іле Алатауының солтүстік беткейінде, Алматы қаласының шығысында 110 км жерде Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылы тұсында. Бұлақтардың тәуліетік өнімі 470 м3. Суының температурасырасы 17 – 20 градус, минералдары 2,9 – 3,4 г/л, химиялық құрамы хлорлы-натрийлі (70% экв), сульфатты-кальцийлі (30% экв), сілтілі (pH 7,3 – 8,4) келеді. Ең өнімді бұлақ көзінен (тәуліктік өнімі 300 м3) қазылған ұңғымадан су 2 метр биіктікке шапшып шығады. Қорам суының 1 литрінде 5 мкг күшәла (мышьяк) мен молибден, 2 мкг мыс, 75 мкг титан, 2,5 – 5 мг фтор мен бром, 0,5 – 2 мг стронций бар. Қорам минералды су бұлақтары ішек-қарын, бауыр, өт жүретін жолдардың, орталық қозғалыс жүйелерінің ауруларына шипалы. ## Дереккөздер
Жәлел Қизатұлы Қизатов (9.10.1920, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Қарағай ауылы – 25.4.1999, Қызылорда қаласы) – еңбек және соғыс ардагері, қоғам қайраткері. Уақ руынан шыққан. Кеңес Одағының Батыры (15.1.1944). 1940 жылы ауыл шаруашылығы техникумын бітірген соң, Қызыл Армия қатарына шақырылады. 1942 жылы кіші лейтенанттар курсын бітірген Қизатов 154-гвардиялық артиллерия полктың взвод командирі болды. Соғыс жылдары жоғары артиллерия мектебін бітіреді. 2-дүниежүзілік соғысқа бастан-аяқ қатысқан. Ол Одесса, Қырым, Сталинград, Белоруссия майдандарында, фашистермен күресті, батыр – қалалар Одесса, Керч, Сталинградты қорғауға, Украина, Белоруссия, Польшаны фашистерден азат етуге қатысты, Германия жерінде соғысты. 1944 жылы Днепр өзені үшін болған шайқаста көрсеткен асқан ерлігі үшін аға лейтенант Қизатовқа Кеңес Одағының Батыры атағы . Соғысты майор дәрежесінде аяқтады Соғыстан соң Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірді. 1947 – 50 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы атқару комитетінің төрағасы, 1952 – 57 жылы Булаев ауданы атқару комитетінің төрағасы, 1957 – 63 жылы Таман дивизиясы атындағы кеңшардың директоры, 1963 – 68 жылы Қарақоға элеваторының директоры болды. 1968 – 87 жылы Қызылорда облыстық астық өнімдері басқармасының бастығы, 1988 – 97 жылы облыстық табиғатты қорғау қоғамы төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды. Ол облыс экономикасын дамытуға, әсіресе ауыл шаруашылығы мен өңдеуші өнеркәсіп саласына елеулі үлес қосты. Оның белсенді қатысуымен Қызылорда астық өнімдері комбинаты Жалағаш және Шиелі элеваторының құрылысы іске асырылды. Арал экологиялық апат аймағының мәселелерін жалпы мемлекеттік деңгейге көтерді. Арал өңіріндегі экол. апаттан зардап шеккендерді әлеум. қорғау мәселесі бойынша заңды жетілдірушілердің бірі болды. Жеңіс парадына екі рет қатысты. Ол бірнеше өлең, повестер, поэмалар мен әңгімелер жазған. Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланған. 2 рет Ленин орденімен, Октябрь революциясы, 1,2-дәрежелі Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Қаратау маралтамыры (лат. Rhaponticum karatavicum) – астралылар тұқымдасы, маралтамыр (маралшөп тамыры) туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 5 – 10 см-дей. * Тамырсабағы өте жуан. * Киіздей қалың әрі жұмсақ түктер қаптаған сабағында жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары қалың түкті болғандықтан бозғылт түсті. Жапырақ тақтасының жиектері салаланып терең ойықталған. Сабағының тамырға таяу жеріне орналасқан жапырақтары ұзын сағақты, сабақ ұшына жоғарылаған сайын сағақтары қысқарады. * Гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Себеттің сыртындағы орама жапырақтары шар тәрізді (дөңгелек), түксіз, ені 2 – 2,5 см. Күлтесі қызғылт түсті, ұзындығы 2 – 2,2 см. * Тұқымынан көбейеді. Маусымда гүлдеп, шілдеде жемістері піседі. * Жемісі – сарғыш, құрғақ тұқымша, оның ұзындығы 6 мм, ені 1,5 – 2 мм. Тұқымшасында үлпек ақ айдаршасы болады, ол тұқымның желмен ұшып таралуына мүмкіндік береді. ## Өсетін орны мен таралуы Қаратау жотасының және Мыңжылқы сайының тастақты, қорымтасты жерлері мен жартастардың жарықшақ сызаттарында өседі. Теңіз деңгейінен 1300 – 1500 м биіктіктегі таудың ұсақ тасты беткейлерінде кездеседі. Қаратау маралтамыры – сәндік өсімдік. Өте сирек кездесетіндіктен қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ## Дереккөздер
Найман хандығы, Найман ұлысы – 1125 - 1211 жылдары Қазақстанның шығысы, Алтай, Моңғолия аумағында өмір сүрген көшпелі мемлекет. Найман тайпасы Ляо империясы құлдырағаннан кейін құрған. Негізгі аумағы Ертістен Орхонға дейінгі Алтай мен Хинган таулы өлкесін қамтыды. ## Найман мемлекетінің пайда болуы Батысында Ертіс өзеніІ бойындағы қаңлылар, солтүстігінде қырғыздар, шығысында Орхон, Селенга бойын алып жатқан керей, меркіттермен және оңт-нде Ұйғыр, Ся жұртымен іргелес тұрды. Жазба деректер бойынша алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Найман мемлекеті 12 ғасырдың аяғында билік еткен Инанш Білге Бұқа хан тұсында нығайды. Ұлы Жібек жолында орналасқан. Найман мемлекетінің көрші елдермен саяси, сауда байланыстары жақсарды. Рашид әд-Дин “Наймандардың хандары қадірлі, қуатты, олардың халқының саны көп, әскері де қуатты болды” деп жазды. Найман мемлекетінің хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Белгілі тайпа билеушілері, батыр, қолбасшылары хан кеңесінің құрамына кірді. Хан ұлыс жасағының бас қолбасшысы болды. Ұлыста іс қағаздары жүргізіліп, хан жарлықтары хатқа түсіріліп, оған ханның төрт бұрышты алтын мөрі (таңба) басылған. 12 ғасырдың аяғынан бастап Найман мемлекетінің хандары “Бұйрық”, “Күшлік” деп аталды. Инаныш Білге өлген соң, оның екі ұлы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып, Найман мемлекетін екіге бөлді. Екі иелікке бөлінген ұлыстың әрқайсысы өз алдына дербес әрекет етіп, өзара қырқысты. Бұл ішкі саяси дағдарыс Шыңғыс хан әскери күшінің артуымен тұстас келді. Шыңғыс хан және керейлер ханы Тоғрыл (Уаң хан) бастаған қол 1199 жылы Бұйрық ханның, 1204 жылы Таян ханның ұлысын басып алды. Олардың Жамұқа бастаған тайпалар одағының күшімен бірігіп, моңғолдарға қарсы тұрмақ болған әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Жетісу жеріне келіп, Найман мемлекетін саяси-әлеум. жағынан қайта күшейтуге тырысқан Таян ханның ұлы Күшлік ханды Шыңғыс ханның Жебе бастаған қолы өлтірді. ## Найман мемлекетінің ыдырауы Осылайша Найман мемлекетітолығымен күйреп, тарих тұғырынан тайды. Найман мемлекеті жұртының бір бөлігі моңғолдарға бағынышты болып, ата мекенінде қалып қойса (Ертіс, Зайсан, Марқакөл), қалғандары оңт. батысқа (Жетісу, Сарыарқа, Сыр бойына) қарай ойысты. Олар осы аймақтағы ұлыстар мен халықтардың құрамына енді (қ. Наймандар). Найман мемлекетінің тұрғындары негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Кейбір деректерде наймандардың Орхон, Ертіс өзенінің бойында арпа-бидай егіп келгені туралы мәлімет кездеседі. Найман мемлекеті Орта Азия шығысындағы көшпелілердің ең өркениеттісі болды. Орхоннан Алтай, Іле, Жетісу, Ұлытауға дейінгі кең өлкеде Ақбалық, Шамбалық, Қаялық (Қойлық), Бесбалық, Найман Сум қатарлы қалалар салды. “Тамғалы тас” ескерткіші олардың жазу мәдениеті болғандығын дәлелдейді. Олар ежелгі ұйғыр жазуын қолданған. ## Найман хандығының билеушілері * Инанш хан (Инанш Бұқа); шамамен 1143-1180), Гумилев бойынша Джон хан; * Эният хан (1180-90) * Көксеу-Сабрах * Наркеш Даян * Таян хан (Бай Бұқа немесе Тайбұқа), Инанш ханның ұлы; шамамен 1190-1204; * Даян хан * Бұйрық хан, Таян ханның ағасы; шамамен 1190-1202 немесе 1206; * Күшлік, Таян ханның ұлы; 1204-1211, 1218 ## Дереккөздер
Абылай хан алаңы — Көкшетау тауының етегінде орналасқан табиғаттың бірегей ескерткіші. Оның басты ерекшелігі — қайталанбас микроклиматы (күн сәулесінің ұзақтылығы, биологиялық белсенді ультракүлгін сәулелердің мол түсуі). «Абылай хан алаңы» аталатын табиғи көрінісі тамаша жерде ашылған мұражайдың аумағы 288 шаршы метрді құрайды. Онда қазақ ханы Абылайдың Ресей, Қытай, Бұхара хандықтарының елшілерін қабылдауы көрініс тапқан. Ұлы ханның қолбасшылығымен болған жорықта тарихта «Шаңды жорық» деген атаумен қалған оқиға барысы мұражайдың бір қабырғасына толығымен безендірілген. Ал дәл ортада Ұлы мемлекет қайраткерінің қолбасшылығымен сап түзеген сарбаздардың бейнесі негізінде «Әскери кеңес» атты мүсіндік композиция сомдалған. Осы мүсіндік композицияны айнала орнатылған бағаналарда хан Абылайға қатысты деректер топтамасы жазылған. Бұл шараның да Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Қазақ хандығы дәуірінің тарихи жәдігерлерін сақтап қалу, қазақ тарихын көпшілікке таныту және туризмді дамыту мақсатында атқарылғанын атап өту керек. ## Сыртқы сілтеме Абылай хан – ерлік пен елдіктің символы ## Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"
Мүбәрәк Орынбеков (12.3.1946 ж. т., Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Амангелді а.) – әскери қайраткер, генерал-майор (1995). Кемерово Әскери байланыс уч-щесін (1967), Әскери байланыс академиясын (1975, 1983) бітірген. 1967 – 71 ж. жеке байланыс полкында взвод командирі, 1975 – 81 ж. жеке байланыс батальон командирінің орынбасары, батальон командирі болды. 1988 – 92 ж. Азаматтық қорғаныс к-ті жоғары офицерлер курсының оқытушысы, аға оқытушысы, курс бастығының орынбасары, бастығы, 1992 – 97 ж. басқару пункті бөлімінің бастығы, ҚР Қорғаныс мин-нде байланыс бөлімінің бастығы – байланыс штабы бастығының көмекшісі; байланыс әскерлерінің бастығы – Бас штабтың байланыс басқармасының бастығы, 1997 – 2002 ж. ҚР ІК Бас штабында байланыс департаментінің бастығы – байланыс әскерлерінің бастығы қызметтерін атқарды. 2002 жылдан Ұлыбританияда әскери атташе. Көптеген медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Карл Молдахметұлы Байпақов (17 қараша 1940 жылы, Алматы облысы Талғар қаласы - 23 қараша 2018 жылы) – тарих ғылым докторы (19]]), профессор (1995), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003) және ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998). Ленинград (1964, қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археологиялық және этнологиялық институтында кіші (1966–1971), аға ғылым қызметкер (1971–1973), бөлім меңгерушісі (1973–1988), археологиялық ортаның жетекшісі (1988–1991), институт директорының орынбасары (1991) қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Археологияқ институтының директоры. Албан тайпасының Құсық руынан шыққан. «Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың ортағасырлық қала мәдениеті (VІ–ХVІІІ ғасырлар)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақстанның ортағасырлық қалалары тарихын, қала мен дала арасындағы өзара байланысты зерттеп, ғылымда жаңа бағытты дамытты. Байпақов бірнеше халықар. конференцияларға қатысты (Дрезден, 1984; Вашингтон, 1986; Токио, 1988; Париж, 1992; Пекин, 1992). ЮНЕСКО ұйымдастырған «Жібек жолы» халықаралық экспедициясына Қазақстан тарапынан жетекшілік етті (1991). ЮНЕСКО-ның Орт. Азия тарихымен айналысатын Халықар. ғылыми комитетті мен «Ұлы Жібек жолы» Қазақстан ұлттық комитетінің мүшесі. Байпақов 22 монография, 200-ден астам ғылыми мақаланың авторы. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1986). «Парасат» орденімен марапатталған. ## Шығармалары * Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья, А.-А., 1986; * По следам древних городов Казахстана (Отрарский оазис), А.-А., 1990; * Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан, А., 1992; * История древнего Казахстана, А., 1994; * Средневековые города Казахстана на Великом Шёлковом пути, А., 1998; * Туркестан – очаг цивилизации, А., 2000. ## Сыртқы сілтемелер * http://www.aef.kz/kz/aef2011/speakers/58776/(қолжетпейтін сілтеме) * http://www.egemen.kz/22497.html Мұрағатталған 31 желтоқсанның 2010 жылы. * http://www.shymkent.gov.kz/kaz/news/detail/2443(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Қазақ – түрік есеп-экономика колледжі – Тараз қаласындағы орта кәсіптік білім беретін мемлекеттік оқу орны. 1993 ж. статистика техникумы базасы негізінде ашылған. Директоры – Невзат Бекар. Оқу орны экономика саласы бойынша мамандар даярлайды. Оқу мемлекеттік, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Ұстаздар ұжымы қазақ және түрік халықтарының салт-дәстүрін, мәдениетін оқушылардың игеруіне баса назар аударады. Колледж оқушылары республикалық және облыстық көлемінде өткізіліп жатқан мәдени іс-шараларға, түрлі байқауларға белсене қатысады. 2001 ж. колледждің 2 курс студенті А.Иманғалиев «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды теледидар ойынының жеңімпазы атанды. ## Дереккөздер
Ырғызқұм – Мұғалжар тауының шығысындағы Ырғыз өзенінің сол жағалауын алып жатқан төбешікті құм. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы жерінде. ## Жер бедері Оңтүстіктен солтүстікке қарай 21 км-ге созылып жатыр. Ені 10 км-ге жетеді. Ауданы 90 км2. Салыстырмалы биіктігі 10 м шамасында. Грунт сулары кездеседі. ## Өсімдігі Еркекшөп, шағыл, жусан өседі. Мал жайылымы. ## Дереккөздер
«Тараз қаласының құрметті азаматтары» – Тараз қаласы мәслихаты шешімімен берілетін құрметті атақ. Әр жылдары бұл атаққа ие болған азаматтар: * Мягкий Владимир Андреевич (1967) * Скрябин Константин Иванович (1967) * Сыздықов Жолшы (1967) * Пазылбаев Жұманәлі (1969) * Сартбаев Қалмұрат (1969) * Ящищина Галина Моисеевна (1973) * Холодов Павел Самуилович (1974) * Федотов Алексей Павлович (1974) * Бекбергенов Махамбет (1974) * Абдуллин Ахмадулла Адиатулович (1974) * Азизов Акрам (1975) * Ардашев Юрий Иванович (1975) * Мурованный Сруль Альтерович (1976) * Ульянов Василий Михайлович (1976) * Прманов Байзақ (1977) * Комратов Әлімхан (1977) * Кондратьев Сергей Иванович (1977) * Туруханова Хадича (1977) * Қалтаев Айтжан (1984) * Щукина Лариса Алексеевна (1988) * Кукуй Михаил Яковлевич (1988) * Достанбаев Шомбал (1988) * Тындыбеков Тұрғымбек (1988) * Гончаров Петр Терентьевич (1988) * Гребенюков Николай Александрович (1989) * Мадбаев Узбек Джолдасович (1989) * Камілжанов Исман (1990) * Овсянников Алексей Семенович (1990) * Темірғалиев Құспан Еспендіұлы (1990) * Асанов Сабырхан (1990) * Қалдаяқов Шәмші (1990) * Сағынтаев Ыдырыс (1991) * Әліпшеев Садуақас (1992) * Байарысов Керімқұл (1992) * Төребеков Тілеуқабыл (1993) * Аққозиев Сейілхан (1994) * Тоқтамысов Сәлімгерей (1994) * Асқаров Асанбай (1996) * Мұхамеджанов Манап Уәхапұлы (1996) * Арыстан Өтеулин (1996) * Қонақбаев Серік Керімбекұлы (1996) * Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1997) * Жүргенов Әбдіқадыр (1998) * Юрченко Борис Петрович (1998) * Қадиялиев Жұмаш (1998) * Досыбиев Өтеулі (1998) * Овсянников Анатолий Семенович (1998) * Әбілдаев Бақытяр (2000) * Темірбеков Тұйғынбек (2001) * Садықбеков Әкім (2001) * Керімбаев Сраил Мырзахметұлы (2001) * Крюков Александр Андреевич (2001) * Насрулла Мубашширхан Ат-Тарази (2002) * Ахметова Лидия Әбілғазықызы (2002) * Зәуірбеков Мұсахан (2002) * Бұзауов Ермаш (2002) * Үшкемпіров Жақсылық (2002) * Аралбаев Жылқыбай (2002) * Үркімбаев Марс Фазылұлы (2002) * Әуесбай Бақбергенұлы (2023) ## Бас жол мәтіні ## Дереккөздер
Сиыр, ірі қара немесе мүйізді ірі қара — сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілетін түрлері бар. Қолға үйретілген сиыр жабайы түрден тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африка құрылықтарында кең тараған. Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады. Асқазаны төрт камералы (месқарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар), соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Жағының жоғарғы жағында күрек тістері болмайды, желіні төрт емшекті. Сиырдың жынысы мен жасына байланысты жас төлін — бұзау, алты айға толғанға дейінгі төлін (еркек, ұрғашысын) — баспақ, бір жастағы төлін (еркек, ұрғашысын) — тайынша, бір жастағы ұрғашысын — қашар, бір жас пен екі жас аралығындағы ұрғашысын — құнажын, екі жас пен үш жас аралығындағысын (еркек, ұрғашысын) — дөнежін, еркегін — бұқа, піштірілген еркегін — өгіз деп атайды. * Сиырлар 5 жасқа дейін өсіп жетіледі, кейбір кеш жетілетінн тұқымдары 6 — 7 жасында өсуін тоқтатады. Ұрғашысы 20 — 35 жыл, бұқасы 15 — 20 жыл тіршілік етеді. * Сүт бағытындағы Сиырдан 9 — 12 жыл жақсы өнім алынады, бұдан кейін олардың тісі қажалып, өнімділігі төмендейді. * Сиырды етке 1,5 — 2 жасында бордақылап немесе жайып семіртіп өткізген жөн. * Асыл тұқымды сиырларды тұқым алу үшін 5 — 10 жыл пайдаланады. * Ұрғашы тайыншалардың жыныстық қабілеті 7 — 10 айлығында, бұқаларда 8 — 10 айлығында жетіледі. * Алайда шағылысқа қашарды 18 — 22, бұқаны 14 — 18 айлығында қосады. * Бұзаулағаннан алғашқы күйлеуіне дейінгі мерзім шамамен үш аптаға созылады, күйті 19 — 22 күнге, буаздығы орта есеппен 285 күнге созылады. * Ұрғашысы әдетте бір бұзау табады, егіз бұзау табатыны сирек (2%-ға жуық). Егіздің ұрғашы сыңарлары көбіне төл беруге қабілетсіз. * Тұқымына байланысты жаңа туған бұзаудың салм. 18 — 45 кг, кейде 60 кг; ұрғашысына қарағанда еркек бұзаудың салм. 1 — 3 кг артық болады. Олардың еті мен майы салыстырмалы түрде аз, ал сүйектері тірі салмағының 30%-ын құрайды. * Ересек Сиырдың салм. 250 — 600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300 — 900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады. Сиырды ет және сүт алу мақсатында өсіріледі. Бұлардың өнімі тұқымының ерекшелігіне, азықтандыру және күтіп бағу дәрежесіне байланысты. Сүтті сиыр тұқымының орташа өнімі жылына 3500 — 400 кг, сүтінің майл. 3,6 — 4%. Бір сауын маусымында 20000 кг сүт беретін (голланд тұқымы) сиырлар бар. Ең жоғары тәуліктік сауым мөлшері 82,2 кг (ярослав тұқымы). Сауылым мерзімі 280 — 320 күнге созылады, суалу кезеңі 1,5 — 2 ай. Тез жетілетін тұқымдардың ең мол сүт беретін кезеңі 4-тумасында. Сиырдың етті тұқымдарының ет өнімділігі жоғары, сүт бағытындағы Сиырларға қарағанда тез семіреді және шығымы жоғары сапалы ет береді. Бордақыланған Сиырлар майды ішкі органдарына, тері астына ғана емес, жұқа қабаттар түрінде ет талшықтарының арасына да (мәрмәр түстес ет) қалыптастырады. Бордақыланған жас малдардың еті өте құнды, дене тіндері және олардың хим. құрамы жасына байланысты өзгеріп отырады. Сойыс шығымы тұқымына байланысты 48 — 70% аралығында. Сиырдың қыстағы басты азығы пішен, сүрлем және құрама жем, ал жазда жайылым шөбі және қосымша азық (сүрлем, құрама жем). Сиырдың сүті бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Сүт және оның өнеркәсіптік қалдықтары а.ш. малдарының төлдерін тамақтандыруда кеңінен пайдаланылады. Ал етінің тамақтық сапасы жоғары, калориясы мол, жеңіл қорытылады және диеталық қасиеті бар. Сойылған Сиырдан алынатын әр түрлі сортты терісінің өнеркәсіптік маңызы зор. Сойылған малдың қалдықтарынан қайта өңдеу арқылы, ет-сүйек, сүйек, қан ұнтақтары, эндокринді препараттар, стеарин, желім, сабын, т.б. алынады. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланады. Қазақстанда сүтті тұқымнан симменталь сиыры, алатау сиыры, әулиеата сиыры, қырдың қызыл сиыры, латыштың қызыл-қоңыр сиыры, т.б.; етті тұқымнан қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл сиыры, герефорд, қалмақ сиыры, т.б. өсіріледі. ## Сиырдың қаңқасы Сиырдың үстіңгі жақсүйегінде күрек және ит тістер болмайды және маңдай тұсынан екі мүйіз өсіп шығады. Омыртқа жотасы мойын омыртқадан, арқа омыртқадан, бел омыртқадан, сегізкөз және құйрық омыртқаларынан құралады. Қаңқаның алдыңғы бөлігі иық белдеуінен, соңғы бөлігі жамбас белдеуінен тұрады. Иық белдеуінің құрылысы күрделі емес. Ол қарға сүйегі бітісіп кеткен жауырыннан және бұғанадан құралады. Сиырда бағана сүйектері болмайды. Сиырда екі алдыңғы және екі артқы аяқтары болады. ## Бұзау Бұзау - мүйізді ірі қара малдың 6-айға дейінгі төлі. Бұзауды жынысына қарай еркек, ұрғашы, ал енесінен туғандағы санына қарай жалқы, егіз деп бөледі. Бұзау бағып-күту өсу кезеңдеріне, жасына, өнім бағытының ерекшеліктеріне сәйкес өсіріледі. Өмірінің алғашқы 7-10 күндігінде бұзауды енесінің уызымен ауыздандырып, сүтін еміздіреді. Сүтті және сүтті-етті тұкымының бұзауын ертерек балауса, пішен, пішендеме, сүрлемді көп жеуге үйретіп, жемді аз беріп өсіреді. Етті бағыттағы тұқымның бұзауын 8 айға дейін енесін еміздіріп өсіреді. Еркек бұзаудың жыныстық қабілеті 6-айлығында жетілетіндіктен, осы жастан бастап еркек және ұрғашы бұзауларды бөлек бағады. Алғашқы 15-20-күндігінде бұзау басы шығыны көбінесе іш ауруы мен өкпенің қабынуынан болады. Одан сақтандыру үшін бұзау ауқымы кең, ауасы таза, құрғақ қорада ұстап, дұрыс азықтандырып, мезгілімен серуендетеді. ## Дереккөздер
Төреарық (1999 жылға дейін – Комсомол) — Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Қарааспан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Темірлан ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 16 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы 1962 жылы құрылған мақта өсіретін “Қарааспан” кеңшарының құрамында болды. Кеңшар негізінде мақта шаруасымен айналысатын шаруа қожалықтары құрылған. ## Дереккөздер
Баум Эдуард Оттонович(1850-1921) — бағбан. Ресейдегі Петровск-Разумовский Егіншілік және орман шаруашылығы академиясын (қазіргі Н.А. Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясы) және Санкт-Петербургтегі егіншілік институтын бітіргеннен кейін 1874 жылы Верный(Алматы) қаласына қоныс ауыстырған. Баум бүкіл ғұмырын Алматыны көгалдандыруға арнады. Қала бағының(қазіргі Орталық мәдениет және демалыс саябағының) негізін қалады, қала сыртында үлкен орман алқабын(қазіргі Баум тоғайы) отырғызуды, көшелерді көгалдандыруды, т.б. ұйымдастырды. Баум қалада бақ шаруашылығын дамытуға, сырттан әкелінген әр түрлі жеміс және сәндік ағаштар мен өсімдіктерді жерсіндіруге үлкен үлес қосты. Баум ұсынысымен қалада бақ шаруашылығы мектебі ашылды. ## Дереккөздер
Зәуірбекұлы Мұсахан (1 қараша 1922, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы Айдарлы ауылы – наурыз 2002 жылы, Тараз қаласы) – қоғам қайраткері. Алматы жоғары партия мектебін бітірген (1959). 1941 жылға дейін Көктерек ауданы атқару к-тінде есепші болып еңбек етті. 1941 – 1944 жылы әскер қатарында болды. 2-дүниежүзінде соғысы майданында екі рет жарақат алды. 1944 – 1946 жылы «Айдарлы» ұжымшарында есепші, 1946 – 1947 жылы Көктерек ауданы жер бөлімінің бастығы, 1947 – 1950 жылы осы ауданында партия к-тінің а.ш. бөлімі меңгерушісі, 1950 – 1960 жылы Шу ауданы партия к-тінде, кәсіподақ ұйымында бөлім меңгерушісі, аудандық атқару к-ті төрағасының орынбасары, Көктерек ауданы атқару к-ті төрағасының орынбасары, 1960 – 1962 ж. Шу ауданы партия к-тінің 1-хатшысы, 1962 – 1966 жылы Қордай ауданы атқару к-тінің төрағасы, 1966 –1984 жылы Жамбыл облысы партия к-тінде бөлім меңгерушісі болған. Тараз қаласы соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы. 1-дәрежелі "Отан соғысы", "Қызыл Жұлдыз", екі рет «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Молдағали Жолдыбаев (1887 жыл;Қарасудағықазіргі Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы – 1938 жыл) — қазақ қоғам қайраткері, педагог, журналист. ## Өмірбаян 6 сыныптық орыс-қазақ мектебін (1900), Орынбор орыс-қазақ мұғалімдер мектебін (1910) бітірген. 1910 – 18 жылдары Жұбанышкөл, Бұлдырты 4 сыныптық бірінші басқыш мектептерінде және Қарасу 6 сыныптық орыс-қазақ мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1913 – 14 жылдары “Айқап” журналында “Қазақтардың қазіргі халі”, “Болашақ”, “Ауылда”, “Құрметті Әлжановқа жауап” мақалалары, 1915 жылы “Қазақ” газетінде “Молдағали Жаңа байбақты” деген бүркеншік есіммен “Бала тәрбиесі”, “Ғалымның надандықтан жеңілуі” мақалалары жарық көрген. 1917 жылы 1-Орал облысы қазақ съезін ұйымдастыруға қатысты. 1917 жылы шілдеде 1-Жалпықазақ съезін өткізуші бюроның атынан Бүкілресейлік құрылтай жиналысы депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды, бірақ сайлау кезінде өтпей қалды. 1918 жылы қаңтарда Қаратөбеде өткен 3-Орал облысы қазақ съезінің делегаты болған. Орал губревкомы төралқасының 1920 жылы 8 шілдедегі қаулысымен Жымпиты уездік ревкомының уақытша құрамына төрағалық етті. Сол жылы жаңадан құрылған РК(б)П Жымпиты уездік комитеттінің алғашқы мүшелерінің бірі болып сайланды және мәдени-ағарту бөлімінің меңгерушісі, уездік комитет жанындағы сауатсыздықты жою комиссиясының төрағасы, лекторлар тобының мүшесі болды. 1921 жылы РК(б)П Жымпиты уездік комитетінің төрағасы, 1921 – 22 жылы Орал губерниясында атқару комитет төрағасының орынбасары, 1922 жылы Орынбордағы Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариатының Ғылым, баспасөз және әдебиет ісін басқаратын академиялық орталығының (Қазақстанның білім ордасы) төрағасы қызметтерін атқарып, өлкедегі ғылым мен білім беру саласын, баспасөз бен әдебиетті дамыту ісіне елеулі үлес қосты. 1923 – 24 жылы “Еңбекші қазақ” газетінің жауапты редакторы міндетін атқарды. Сонымен бір мезгілде Қазақ халық ағарту институтында, Орынбор жұмысшы фронтінде, т.б. оқу орындарында орыс және қазақ әдебиеті тарихынан сабақ берді. 1927 жылы жаңадан шыға бастаған педагогиялық басылым – “Жаңа мектеп” (“Қазақстан мектебі”) журналының алғашқы редакторы болып тағайындалып, Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы әдістемелік кеңестің төрағасы болды. Осы жылдары Т.Шонановпен бірге “Рабочая книга для чтения (1-й год обучения)” оқу құралын (1929, Қызылорда), М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаевпен бірігіп “19 ғасыр мен 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті” оқулығын (Алматы, 1933) және Ә.Қоңыратбаев, М.Қаратаевпен бірігіп 4-сыныпқа арналған “Әдебиет хрестоматиясының” екінші бөлімін (1934, Қызылорда) жазды. 1933 – 37 жылдары БК(б)П ОК жанындағы Марксизм-ленинизм институтының Қазақ бөлімшесінің қызметкері болды. ҚазПИ-де, Алматы журналистер мектебінде фольклордан, 19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихынан дәріс оқыды, доцент ғылым атағына ие болды. Қаламгерлік қызметінің өнбойында өз есімімен және “Ү”, “Сасқан” бүркеншік есімдерімен, “Сын”, “Әдебиет дүниесінде”, “Исатай Тайманұлы”, т.б. мақалалар, “Жол-жөнекей”, “Айрылу”, “Тірілу”, “Бес қашқын” атты әңгіме-новеллалар жазды. 1937 жылы желтоқсанда бұрын Алаш қозғалысына қатысқаны үшін “халық жауы” деген жалған айыппен тұтқынға алынып, 1938 жылы ақпанда ату жазасына кесілді. Алаш қайраткерлерімен бірге ақталған. ## Дереккөздер
Қаратау-cүт - сүт өнімдерін шығаратын өндірістік кәсіпорын, акционерлік қоғам. Бұрынғы Қаратау сүт зауытыты негізінде құрылған (1997). Кәсіпорын күнделікті тұтынылатын пастерленген сүт (тәулігіне 6 т), айран (4 т), қаймақ (2 т), сүзбе, ірімшік, йогурт (3 т), сары май, т.б. сүт өнімдерін әзірлейді. З-т өнімдері Жаңатас, Тараз, Алматы, Қызылорда, Байқоңыр қалаларында сатылады. Кәсіпорында 50 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын жетекшісі – С.Ә. Қойшыбек. ## Дереккөздер “Тараз энциклопедиясы”
Орақбай (1841, Жамбыл облысы Талас бойындағы Түймекент мекені – 1917, Шу ауданы) – ақын. Жасынан ақындығымен елге танылған. Өлеңдерінде замана жайын, өмір мен жастық шақ туралы жырлады. “Бәсеке мал жинауды әдет етті” атты өлеңінде ел арасында кеңінен етек алған ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық, барымта, жесір дауы секілді қиянат істер мен ел басқарғандардың байлық жолында бәсекеге түскен жемқорлық әрекеттері батыл сынаған. 1880 жылы Жиенбай ақынмен айтысқан. Ақын өлеңдері баспасөз беттерінде жарияланған, әдеби мұрасы ҚР ҰҒА Әдебиет және өнер институтында сақтаулы. ## Дереккөздер
Қаратау томағашөбі (лат. Scutellarіa karatavіca) – ерінгүлділер тұқымдасы, томағашөп туысына жататын көп жылдық өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 10 – 30 см. * Тамырсабағы жіңішке, жан-жағына тарамдала жайылған. * Сабағы жайылып өседі, сыртын қалың түк жапқан. * Жапырағының ұзындығы 0,8 – 2 см, ені 0,6 – 2 см. Жапырақ тақтасы жұмыртқа пішіндес, түп жағы (сағаққа бекінген жері) жүрек тәрізді кеңейген, қалың түкті, бозғылт-жасыл түсті. Сағағы қысқа, оның ұзындығы 7 мм, өркенге қарама-қарсы орналасады. * Гүлдері түкті, бір-бірімен өте тығыз орналасқан. Жеке гүлінің ұзындығы 1,5 см, күлтесі сары, астыңғы ерін құрайтын күлтелері ірілеу. Күлтесінің түбі бір-бірімен бірігіп түтікшеге айналған. * Тұқымынан көбейеді. Маусымда гүлдеп маусымның аяғы, шілдеде жемістері піседі. * Жемісі – құрғақ жаңғақша. Қаратау томағашөбі – өте сирек кездесетіндіктен эндемик өсімдік. ## Өсетін орны мен таралуы Қаратау жотасының (Батыс Тянь-Шаньда), әсіресе, Берікқара тауының беткейлерінде ғана өсетін сиреп бара жатқан түр. Жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ## Дереккөздер
Балуан Шолақ ауылы — Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл, Балуан Шолақ ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Төле би ауылынан солтүстікке қарай 14 км-дей жерде, Шу өзенінің аңғарында орналасқан. Жақын темір жол стансасы — Бірлік (27 км). ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1953 жылы қаланған. 1993 жылға дейін қой шаруашылығымен айналысатын Ақтөбе ұжымшарының орталығы болған. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік-фельдшерлік пункт, т.б. мекемелер бар. ## Дереккөздер
Гуля Жәлелқызы Қизатова (5.8.1948 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылы) – филолог, филология ғылымдарының кандидаты (1979). Қызылорда педагогика институтын (1971), ҚазПИ-дің (ҚазҰПУ) аспирантурасын (1978) бітірген. Еңбек жолын 1971 жылы 217 мектепте мұғалім болудан бастаған. Қизатова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде филология факультетінде орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, әлем тілдері факультетінің деканы қызметтерін атқарды. 30-ға жуық ғылыми еңбегі бар. Қизатова «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздік қызметкері» (1992), «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған. ## Дереккөздер
Төребай Есқожаұлы (1844 жылы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы – 1911 жылы, қазіргі Алматы облысы Көксу ауданы Шыбынды тауының маңы) – айтыс ақыны. Аталары Кенесары ханның көтерілісіне қатысып, еліне қайта алмай, Жетісуда тұрақтап қалған, Найман тайпасы ішінде Батысты мекендеген Балталы руының жағалбайлы атасынан тарайды. Жасынан өлең-жырды серік етіп, ақындық жолға түскен Төребай Сарамен, Мәйке қызбен айтысқан. Ш.Уәлиханов Жетісу жерінде қайтыс болғанда оған жоқтау шығарған. Төребай айтыстары көп томдық “Қазақ халық әдебиеті” жинағында (1988 жыл, 9-том) жарияланған. ## Дереккөздер
## Өмірбаяны Шоң Едігеұлы, Шоң би (1754, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1836, сонда) – төбе би, аға сұлтан. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Айдабол бұтағынан шыққан. Шоң Би Едігеұлы (1764-1836)- Орта жүздің атақты биі. Қазақ даласында хандық билікті жою мақсатында 1816 ж. "Төрт ұлы" (Төртуыл) одағын жаңғыртады. Одаққа кірген рулардың билері Ш. б-ді бір ауыздан "Төбе би" деп таниды. 1833 - 1836 жылдары Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған. А.Янушкевич өзінің 1946 ж. Парижде шығарған "Дневники и письма" деген еңбегінде : "Шоң би - үлкен адам болған. Ол халықты ақылмен, әділдікпен басқара білген", - деп жазған. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген. Арғын тайпасының Айдабол руынан шыққан, Абылай хан ордасындағы билер кеңесінің беделді мүшесі Едіге бидің ұлы. Әкесі қайтыс болғаннан кейін билікке келіп, қол астындағы халықты төрелердің билігіне қарсы ұйымдастырды. 18 ғасырдың 2-жартысында құба қалмақтардың беті қайтқаннан кейін Шоң би одан жүз жылдай бұрын өз ата-мекендерінен Орта Азияға қоныс аударуға мәжбүр болған Сүйіндіктен тарайтын Қаржас, Жанболды, Құлболды, Жолболды (Орманшы) ұрпақтарын “Төртуыл” одағына біріктіріп, Баянауыл өңіріне көшіріп әкелді. Бұл істі жүзеге асыруға оған Сәти би, Айдабол руының батыры Олжабай жәрдемдесті. Шоң би “Төртуылға” төбе би болып сайланған соң, төрелерді елден шындап ысырып шығару ісін қолға алды. Хан иемденген жайлауды тартып алу мақсатында бүкіл елін Нұра өзеннің бойына қоныстандырды. Бөкей төре Шоң би жасағына қарсы қол аттандырды. 1817 ж. маусым айында болған бұл шайқаста Шоң би жеңіп шығып, оның халық арасындағы беделі өсе түсті. 1822 ж. патша өкіметі бекіткен ереже бойынша Орта жүзде хандық жойылды. Оның орнына дуандар (округ) құрылып, оны төреден шыққан аға сұлтандар басқарды. Шоң би қарапайым халықтың да ел басқара алатынын дәлелдеп, патша бекіткен жарғыны бұздырып, аға сұлтан атанған тұңғыш би. Шоң би шәкірттерінің ішіндегі ең белгілісі – Шорман Күшікұлы болды. Шоң би жөніндегі жазба деректер Ресей архивтерінде көп кездеседі. Ол жөніндегі халық арасына тараған аңыз-әңгімелер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шежіресінде жан-жақты айтылады. Жазушы І.Исабай осы тақырыпта зерттеулер жүргізіп “Шоң би”, “Серт” атты кітаптар жазды. Павлодар қаласындағы көшелердің біріне Шоң би есімі берілген. Шоңның мәйіті Түркістан қаласына апарып жерленген.Шоң бидің ататегі қазақ шежіресінде былай таратылады. Арғын, оның ішінде Мейрамсопыдан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесек (Болатқожа, Шұбыртпалы, Қамбар). Сүйіндіктен Қаржас, Жанболды, Қүлболды, Жолболды (Орманшы) (бұл төрт ауыл аталарын ел "Төртұлы" (Төртуыл) деп атаған екен). Құлболдыдан Айдабол би, одан Жанқозы, одан Төлебай, одан Едіге би. Едіге биден ағайынды Шоң, Торайғыр билер туған.Айдаболдан Жанқозы, Малқозы,Кенжеқозы, Аққозы, Қарақозы, Бозқозы, Тайкелтір, Қосжетер (Қошетер), Қожагелді аталарын таратады. ## Арық бимен болған оқиға Тоқа ішінде Алтай елінің ұрылары көрші ауылдың малын айдап әкетіпті. Екі ел арасында дау шығыпты. Билік бітімге Атығай Арық би мен Тоқа Шоң би шығыпты. Шоң би ірі денелі насат кісі болса керек те, Арық би кішкене ғана ажарсыз адам екен. Шоң сөз бастапты:-Ар0аның Арық биі сапарың оң болсын! Елің де, өзің де жүдеп шыққан екенсің, сөйле?Сонда Арық би:-Әлей болсын. Аққу құстың төресі, жеке жүріп оттамас. Асыл ердің жақсысы бұралқы сөзді бұттамас. Мен арық болсам, елімнің жоғын жоқтап жүрген болармын. Өлеңді жерде өгіз семіз, ұрылы жерде би семіз деген. Сіздің семіз болатын ретіңіз бар ғой, - депті.Шоң би басқа сөзге келмей, жанындагы жігіттерге қарап:-Мына Арық бидің малын беріңдер, малына қоса жолын беріңдер, - деп билікті көп созбай тындыра салыпты.Елдің айтуына Қарағанды Шоң би дінсіз де, діншіл де болмаған көрінеді. Керек жерінде дәрет алып, намазға да тұрған, дұға да оқыған. Ал, ел ісінің қауырт та көптігінен ол шарттардың бірін де істемеген кездері болған сияқты. Шоң бидің осы мінезін білетін қожа, молдалар оған көбінесе үйір бола бермеген. Ал, үйір болған күнде, оған әрқилы сұрақтар беріп, сүріндірмек те болыпты.Бір жолы оған Сәлі деген молда барып үйінде қонақ болып отырады. Дастарқан үстінде әртүрлі әңгіме сұрақ болатын әдет қой. Әлгі молда биге мынадай сұрақ беріпті, оған Шоң былай жауап беріп отырыпты:-Еркектің бақытты болмағы неден?-Әйелден.-Еркектің бақытсыз болмағы неден?-Әйелден.-Еркектің өрісі неден?-Әйелден.Еркектің көрісі неден?-Әйелден. -Еркектің абыройы неден?-Әйелден.-Еркектің абыройсызы неден?-Әйелден.Сөлі молда сәл сабыр етіпті де, енді мынадай сұрақ беріпті:Акылға кең, тілге шешен Шоң би оның сүрағына лайықты қысқаша бірыңғай жауап беріп отырыпты:-Әйелдің адал болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің надан болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің үй болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің би болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің күң болмағы неден?-Еркектен. -Әйелдің сымбатты болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің қымбатты болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің базарлы болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің ақылды болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің бақылды болмағы неден?-Еркектен.Осы жерге келгенде шамасы Сәлі молданың терме сөзі ада болса керек.-Сізге дауа жоқ екен? - депті.-Сұрағыңызға қарай жауап, өзіңізге де сауап, - депті Шоң би.-"Әйелден, әйелден", "еркектен, еркектен", - дей бересіз. Түсіндіріп, таратып айтпайсыз ба, бүл бір-бір ауыз сөзіңізге кім түсінеді? Мәселенкі "жақсы мынадай болады" деп оған дәлел келтірмейсіз бе? - депті молда. Сонда Шоң би:Ей, молдеке, - депті. - "Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын" дегендей, ол сұрақтарыңызға жеке-жеке тоқталып, дәлелдер келтіріп, ұзақ-сонар әңгіме ете берсем, таң атып, күн шықпайды. Ел жататын уақыт болды, жатпайсыз ба, таңғы нәсіп тәңірден деген. Мен ертелеп жол жүруім керек, солай молдеке, әзірше сол қысқа жауапты қанағат етіп аттана тұрасыз да.Төрелер қазақ руларын өзара бөліп алып билеген. Ал төресі жоқ рудың қоғамдық істерге араласуға, белгілі бір қоғамдық мәселе жайында өз шешімін, пікірін айтуға құқы бола бермеген. Бұл кара халықты үстем тапқа кіріптар етіп ұстаудың бірден-бір жолы еді. Сондыктан да ондай рулардың билері хан тұқымынан төре сұрап жүрген. Мысалы Ахмет Байтұрсынов Қаракесек руының Шор деген биінің 1748 жылы "еліме хан қоямын" деп Барақтан 14 жасар Бөкей деген баласын сұрап әкелгенін айтады.Ресей үкіметінің Орта жүз қазақтары үшін 1822 жылы шығарған жарлығы бойынша Қарқаралыда тұңғыш ашылған (1824 жылы) сыртқы округқа Қаракесектің әр руын - Шаншарды Тама төре, Алтайды Түгім төре, Шордан тараған үш тармақтың әркайсысын Тәуке, Әбілғазы, Батыр төрелер, Әлтеке- Сарымды, Ғазы төре, Әлтөбетті Әбілмәмбет төре, Қарсен Керейді Құдайменді төре, Қояншы Тағайды Шаңқай төре, Тобықтыны Бірелі төре, Бура найманды Әли төре, Керейді Жәңгір (Бөкейдің немересі) төре басқарып келген екен. ...Айдаболдың Едігесі дүние салған кезде қазақ елінің ішкі әлеуметтік- саяси жағдайы осындай еді. Ал әкесінің билік таяғы қолына тиген Шоң мұндай әділетсіздікке немкұрайды қарай алмады. Ол бірден ел арасынан төрелерді қуу саясатын ұстанды. Бұған көнгісі келмеген төрелер халықты оған қарсы қою мақсатында Шоң жөнінде неше түрлі лақап-өсек таратты. Шоң өз кезегінде халықтан айрылып қалмау үшін ата-баба дәстурін жаңыртуға дейін барды.1730 жылы құба қалмақтың беті қайтқаннан кейін сонау Орта Азиядан Арқаға карай қоныс аударуға бел байлағанда елдің басын қосып, күш жинау үшін Қаржас биі Сәти, Айдабол батыры Олжабай, Сүйіндіктен тараған Қаржас, Құлболды, Жанболды, Орманшы ұрпақтары "Төртұлы" деген одаққа косылып (басқа рулар да кірген) Жоңғар басқыншылығы тегеурінінен жүз жыл бұрын тастап кетуге мөжбүр болған Баянауыл өңіріне кайтып келеді.Міне, Шоңның төрелермен шайқаста күш алу үшін, яғни халықты төңірегінен шығармау үшін жаңғыртқан "Төртұлы" одағы осы еді. Ата дәстүрі қайта бас көтеріп, халық Шоңды "Төртұлыға" төбе би қылып сайлап алғаннан кейін төрелерді елден енді шындап қуа бастайды...Шоң балашағасымен қыруар ауыл болып барып, Бөкейдің жылдағы жаулауы Нұра бойын түгел алып алады. Енді Бөкей атқа қонады. Төрт жүздей Қаракесек жігітгерін сойыл-шоқпармен қаруландырып Нұраға карай жібереді. Мақсат белгілі - Шоңды жайлаудан қуып шығу. Осы тұста Жаңа- батыр баласы Жанақ ақынның (1768-1850) халықты хан қолына беруге шақырған өлеңі еске түседі.Бөкей сұмдық бастады,Қаракесек, Қуандық,Ел ішіне от тастады. Жақынын жау деп таныпты.Қаракесек бауырмен,Біз де карап жатпайық,Араны отыр ашқалы...Жинайык барша халықты,Қаракесек, Қуандық, Егізім деп жүргендер,Сүйіндікке жауықты. Сүйіндік жау деп шауыпты.Ыкыласы олардың, Қамданайы, Шоң аға,Төрелерге ауыпты. Келетін жау қауіпті.Ханның жайлауын басып алу жайлы қимылға барған Шоң да, Жанақ айтқандай, камсыз болмайтын... Халық аузында калған Шоң мен Бөкейдің Нұра соғысы 1817 жылдың маусым айында болады. Сойыл-шоқпар соғылады, бас жарылып, көз шығады, адам майып болады... Сонда да бұл соғыста Шоң жеңіп, халық алдында мәртебесі көтеріліп қалады.Сөйтіп Шоң қарапайым қазақтың да ел басқара алатынын дәлелдеп, патша бекіткен жарғыны бұздырып, аға сұлтан болған тұңғыш би. Содан кейін Шоң салған ізбен Шорманның Мұсасының, Өскенбайдың Құнанбайының, Жайнақтың Ыбырайының, Зілқараның Мұсатының, Естенестің Есенейінің әр кезде әр округқа аға сұлтан болып сайланғаны тарихтан белгілі.Торайғыр мен Шоң ағайынды кісілер екен. Бірде екеуі катты араздасып калады да, ағасына өкпелген Шоң Бағаналы (Құлнияз) Бабырға көшеді. Татуластырмақ болып басу айтқан ел жақсыларының сөзін тыңдамайды.Шоңның көші жаңа ғана шығып бара жатқанда, қозысын суға кұлатқан сол ауылдың бір қозышы баласы кездескен біреуден "ана топ кімдер, ана көш кімнің көші" деп сұрайды. Әлгі кісі мән-жайды түсіндіреді. "Анау елден кетіп бара жатқан Шоңның көші, мыналар соңынан ере алмай, киып кете алмай тұрған туғандары дейді. Осыны естіген бала таймен шапқылап отырып, көштің алдын орайды да көш бастап бара жатқан Шоңға сәлем береді.- Ассалаумагалейкум, ата, жол болсын. Қайда көшіп барасыз? - дейді. Қасқая қарап, аталап, сәлем берген баланы елеп, Шоң тоқтап жөнін айтады. Сонда бала: - Е, мұнан барсан барасын, Батан алы Бабырға. Өзіне жейтін бас болса, Сыбағаңа тартылар. Бір сындырғы қабырға, Ат пен жігітің сай болса,Барымтасына жарарсың. Қызың сұлу, тазың алғыр болса, Бозбаласына жағарсың. Ел көшкенде, сен түндігңе қарарсың. Мұндағы Торайғыр, Шоң деген, Аттан бір айырылып қаларсың, - дейді.Шоң ойланып тұрып қалады. "Не істейміз?" - деп соңына ерген ел жақсыларынан сұрайды.-Е, не істеуші ек, алға тартамыз да. Елдің бүкіл жақсысы мен жайсаңы жалынтанда тоқтамағанда, енді бір қаршадай бала айтты деп жолдан қайту ұят емес пе? - дейді.-Жоқ, олар осы баланын сөзін тауып айтса қайда қалыпты. Мен кімнен жеңілсем, соны мойындаймын, көштің бетін елге бұрыңдар, - деп Шоң райдан қайтқандығын білдірген көрінеді.-Алда, ерім-ай, енді қайтсін. Дұрыс-ақ-ау. Шоңның шоңдығын танытар мінез ғой бұл, - депті қасындағы кісілер.Нұрбай батыр сөзге де шебер адам екен. Бір күні біраз мал жоғалып, түн қатып іздеп жүріп, таңертең ерте жұрт тұрмай бір ауылға келеді. Қотанның шетінде тұрган бір адамға келсе Шоң екен. Амандасқаннан кейін, Шоң:-Уа, кімсің? - дейді.-Кереймін, - дейді Нұрбай.-Керей болсаң атың кім?-Атым Нұрбай.-Нұрбай қарақшы сен бе едің?-Сіздің ел қандай кісіні қарақшы дейтінін қайдан білейін, біздің ел қотанның шетінде калқайып жалғыз тұрғанды қарақшы дейтін еді, - дейді Нұрбай батыр.-Жол болсын, неғып жүрсің? - дейді Шоң.-Он бес шамалы жылқы алдырып, соны іздеп жүрмін.-Сенің атын Нұрбай болса, бүгін алдырған жылқың он бес болса, ертең отыз болар, - дейді Шоң.-Бәрекелді өзім де сізді анығын айтар деп едім. Әділін айттыңыз, - дейді Нұрбай.-Қалжыңға түсінбейсің бе, - дейді Шоң.Нұрбай:-"Ұлы би қалжың болмас, әділ би мылжың болмас" деген сөз бар. Әділ би болсаң малымды қайтар.Шоң би олардың малын қайтарып береді. ## Дереккөздер ## Өмірбаяны Шоң Едігеұлы, Шоң би (1754, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1836, сонда) – төбе би, аға сұлтан. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Айдабол бұтағынан шыққан. Шоң Би Едігеұлы (1764-1836)- Орта жүздің атақты биі. Қазақ даласында хандық билікті жою мақсатында 1816 ж. "Төрт ұлы" (Төртуыл) одағын жаңғыртады. Одаққа кірген рулардың билері Ш. б-ді бір ауыздан "Төбе би" деп таниды. 1833 - 1836 жылдары Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған. А.Янушкевич өзінің 1946 ж. Парижде шығарған "Дневники и письма" деген еңбегінде : "Шоң би - үлкен адам болған. Ол халықты ақылмен, әділдікпен басқара білген", - деп жазған. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген. Арғын тайпасының Айдабол руынан шыққан, Абылай хан ордасындағы билер кеңесінің беделді мүшесі Едіге бидің ұлы. Әкесі қайтыс болғаннан кейін билікке келіп, қол астындағы халықты төрелердің билігіне қарсы ұйымдастырды. 18 ғасырдың 2-жартысында құба қалмақтардың беті қайтқаннан кейін Шоң би одан жүз жылдай бұрын өз ата-мекендерінен Орта Азияға қоныс аударуға мәжбүр болған Сүйіндіктен тарайтын Қаржас, Жанболды, Құлболды, Жолболды (Орманшы) ұрпақтарын “Төртуыл” одағына біріктіріп, Баянауыл өңіріне көшіріп әкелді. Бұл істі жүзеге асыруға оған Сәти би, Айдабол руының батыры Олжабай жәрдемдесті. Шоң би “Төртуылға” төбе би болып сайланған соң, төрелерді елден шындап ысырып шығару ісін қолға алды. Хан иемденген жайлауды тартып алу мақсатында бүкіл елін Нұра өзеннің бойына қоныстандырды. Бөкей төре Шоң би жасағына қарсы қол аттандырды. 1817 ж. маусым айында болған бұл шайқаста Шоң би жеңіп шығып, оның халық арасындағы беделі өсе түсті. 1822 ж. патша өкіметі бекіткен ереже бойынша Орта жүзде хандық жойылды. Оның орнына дуандар (округ) құрылып, оны төреден шыққан аға сұлтандар басқарды. Шоң би қарапайым халықтың да ел басқара алатынын дәлелдеп, патша бекіткен жарғыны бұздырып, аға сұлтан атанған тұңғыш би. Шоң би шәкірттерінің ішіндегі ең белгілісі – Шорман Күшікұлы болды. Шоң би жөніндегі жазба деректер Ресей архивтерінде көп кездеседі. Ол жөніндегі халық арасына тараған аңыз-әңгімелер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шежіресінде жан-жақты айтылады. Жазушы І.Исабай осы тақырыпта зерттеулер жүргізіп “Шоң би”, “Серт” атты кітаптар жазды. Павлодар қаласындағы көшелердің біріне Шоң би есімі берілген. Шоңның мәйіті Түркістан қаласына апарып жерленген.Шоң бидің ататегі қазақ шежіресінде былай таратылады. Арғын, оның ішінде Мейрамсопыдан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесек (Болатқожа, Шұбыртпалы, Қамбар). Сүйіндіктен Қаржас, Жанболды, Қүлболды, Жолболды (Орманшы) (бұл төрт ауыл аталарын ел "Төртұлы" (Төртуыл) деп атаған екен). Құлболдыдан Айдабол би, одан Жанқозы, одан Төлебай, одан Едіге би. Едіге биден ағайынды Шоң, Торайғыр билер туған.Айдаболдан Жанқозы, Малқозы,Кенжеқозы, Аққозы, Қарақозы, Бозқозы, Тайкелтір, Қосжетер (Қошетер), Қожагелді аталарын таратады. ## Арық бимен болған оқиға Тоқа ішінде Алтай елінің ұрылары көрші ауылдың малын айдап әкетіпті. Екі ел арасында дау шығыпты. Билік бітімге Атығай Арық би мен Тоқа Шоң би шығыпты. Шоң би ірі денелі насат кісі болса керек те, Арық би кішкене ғана ажарсыз адам екен. Шоң сөз бастапты:-Ар0аның Арық биі сапарың оң болсын! Елің де, өзің де жүдеп шыққан екенсің, сөйле?Сонда Арық би:-Әлей болсын. Аққу құстың төресі, жеке жүріп оттамас. Асыл ердің жақсысы бұралқы сөзді бұттамас. Мен арық болсам, елімнің жоғын жоқтап жүрген болармын. Өлеңді жерде өгіз семіз, ұрылы жерде би семіз деген. Сіздің семіз болатын ретіңіз бар ғой, - депті.Шоң би басқа сөзге келмей, жанындагы жігіттерге қарап:-Мына Арық бидің малын беріңдер, малына қоса жолын беріңдер, - деп билікті көп созбай тындыра салыпты.Елдің айтуына Қарағанды Шоң би дінсіз де, діншіл де болмаған көрінеді. Керек жерінде дәрет алып, намазға да тұрған, дұға да оқыған. Ал, ел ісінің қауырт та көптігінен ол шарттардың бірін де істемеген кездері болған сияқты. Шоң бидің осы мінезін білетін қожа, молдалар оған көбінесе үйір бола бермеген. Ал, үйір болған күнде, оған әрқилы сұрақтар беріп, сүріндірмек те болыпты.Бір жолы оған Сәлі деген молда барып үйінде қонақ болып отырады. Дастарқан үстінде әртүрлі әңгіме сұрақ болатын әдет қой. Әлгі молда биге мынадай сұрақ беріпті, оған Шоң былай жауап беріп отырыпты:-Еркектің бақытты болмағы неден?-Әйелден.-Еркектің бақытсыз болмағы неден?-Әйелден.-Еркектің өрісі неден?-Әйелден.Еркектің көрісі неден?-Әйелден. -Еркектің абыройы неден?-Әйелден.-Еркектің абыройсызы неден?-Әйелден.Сөлі молда сәл сабыр етіпті де, енді мынадай сұрақ беріпті:Акылға кең, тілге шешен Шоң би оның сүрағына лайықты қысқаша бірыңғай жауап беріп отырыпты:-Әйелдің адал болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің надан болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің үй болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің би болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің күң болмағы неден?-Еркектен. -Әйелдің сымбатты болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің қымбатты болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің базарлы болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің ақылды болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің бақылды болмағы неден?-Еркектен.Осы жерге келгенде шамасы Сәлі молданың терме сөзі ада болса керек.-Сізге дауа жоқ екен? - депті.-Сұрағыңызға қарай жауап, өзіңізге де сауап, - депті Шоң би.-"Әйелден, әйелден", "еркектен, еркектен", - дей бересіз. Түсіндіріп, таратып айтпайсыз ба, бүл бір-бір ауыз сөзіңізге кім түсінеді? Мәселенкі "жақсы мынадай болады" деп оған дәлел келтірмейсіз бе? - депті молда. Сонда Шоң би:Ей, молдеке, - депті. - "Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын" дегендей, ол сұрақтарыңызға жеке-жеке тоқталып, дәлелдер келтіріп, ұзақ-сонар әңгіме ете берсем, таң атып, күн шықпайды. Ел жататын уақыт болды, жатпайсыз ба, таңғы нәсіп тәңірден деген. Мен ертелеп жол жүруім керек, солай молдеке, әзірше сол қысқа жауапты қанағат етіп аттана тұрасыз да.Төрелер қазақ руларын өзара бөліп алып билеген. Ал төресі жоқ рудың қоғамдық істерге араласуға, белгілі бір қоғамдық мәселе жайында өз шешімін, пікірін айтуға құқы бола бермеген. Бұл кара халықты үстем тапқа кіріптар етіп ұстаудың бірден-бір жолы еді. Сондыктан да ондай рулардың билері хан тұқымынан төре сұрап жүрген. Мысалы Ахмет Байтұрсынов Қаракесек руының Шор деген биінің 1748 жылы "еліме хан қоямын" деп Барақтан 14 жасар Бөкей деген баласын сұрап әкелгенін айтады.Ресей үкіметінің Орта жүз қазақтары үшін 1822 жылы шығарған жарлығы бойынша Қарқаралыда тұңғыш ашылған (1824 жылы) сыртқы округқа Қаракесектің әр руын - Шаншарды Тама төре, Алтайды Түгім төре, Шордан тараған үш тармақтың әркайсысын Тәуке, Әбілғазы, Батыр төрелер, Әлтеке- Сарымды, Ғазы төре, Әлтөбетті Әбілмәмбет төре, Қарсен Керейді Құдайменді төре, Қояншы Тағайды Шаңқай төре, Тобықтыны Бірелі төре, Бура найманды Әли төре, Керейді Жәңгір (Бөкейдің немересі) төре басқарып келген екен. ...Айдаболдың Едігесі дүние салған кезде қазақ елінің ішкі әлеуметтік- саяси жағдайы осындай еді. Ал әкесінің билік таяғы қолына тиген Шоң мұндай әділетсіздікке немкұрайды қарай алмады. Ол бірден ел арасынан төрелерді қуу саясатын ұстанды. Бұған көнгісі келмеген төрелер халықты оған қарсы қою мақсатында Шоң жөнінде неше түрлі лақап-өсек таратты. Шоң өз кезегінде халықтан айрылып қалмау үшін ата-баба дәстурін жаңыртуға дейін барды.1730 жылы құба қалмақтың беті қайтқаннан кейін сонау Орта Азиядан Арқаға карай қоныс аударуға бел байлағанда елдің басын қосып, күш жинау үшін Қаржас биі Сәти, Айдабол батыры Олжабай, Сүйіндіктен тараған Қаржас, Құлболды, Жанболды, Орманшы ұрпақтары "Төртұлы" деген одаққа косылып (басқа рулар да кірген) Жоңғар басқыншылығы тегеурінінен жүз жыл бұрын тастап кетуге мөжбүр болған Баянауыл өңіріне кайтып келеді.Міне, Шоңның төрелермен шайқаста күш алу үшін, яғни халықты төңірегінен шығармау үшін жаңғыртқан "Төртұлы" одағы осы еді. Ата дәстүрі қайта бас көтеріп, халық Шоңды "Төртұлыға" төбе би қылып сайлап алғаннан кейін төрелерді елден енді шындап қуа бастайды...Шоң балашағасымен қыруар ауыл болып барып, Бөкейдің жылдағы жаулауы Нұра бойын түгел алып алады. Енді Бөкей атқа қонады. Төрт жүздей Қаракесек жігітгерін сойыл-шоқпармен қаруландырып Нұраға карай жібереді. Мақсат белгілі - Шоңды жайлаудан қуып шығу. Осы тұста Жаңа- батыр баласы Жанақ ақынның (1768-1850) халықты хан қолына беруге шақырған өлеңі еске түседі.Бөкей сұмдық бастады,Қаракесек, Қуандық,Ел ішіне от тастады. Жақынын жау деп таныпты.Қаракесек бауырмен,Біз де карап жатпайық,Араны отыр ашқалы...Жинайык барша халықты,Қаракесек, Қуандық, Егізім деп жүргендер,Сүйіндікке жауықты. Сүйіндік жау деп шауыпты.Ыкыласы олардың, Қамданайы, Шоң аға,Төрелерге ауыпты. Келетін жау қауіпті.Ханның жайлауын басып алу жайлы қимылға барған Шоң да, Жанақ айтқандай, камсыз болмайтын... Халық аузында калған Шоң мен Бөкейдің Нұра соғысы 1817 жылдың маусым айында болады. Сойыл-шоқпар соғылады, бас жарылып, көз шығады, адам майып болады... Сонда да бұл соғыста Шоң жеңіп, халық алдында мәртебесі көтеріліп қалады.Сөйтіп Шоң қарапайым қазақтың да ел басқара алатынын дәлелдеп, патша бекіткен жарғыны бұздырып, аға сұлтан болған тұңғыш би. Содан кейін Шоң салған ізбен Шорманның Мұсасының, Өскенбайдың Құнанбайының, Жайнақтың Ыбырайының, Зілқараның Мұсатының, Естенестің Есенейінің әр кезде әр округқа аға сұлтан болып сайланғаны тарихтан белгілі.Торайғыр мен Шоң ағайынды кісілер екен. Бірде екеуі катты араздасып калады да, ағасына өкпелген Шоң Бағаналы (Құлнияз) Бабырға көшеді. Татуластырмақ болып басу айтқан ел жақсыларының сөзін тыңдамайды.Шоңның көші жаңа ғана шығып бара жатқанда, қозысын суға кұлатқан сол ауылдың бір қозышы баласы кездескен біреуден "ана топ кімдер, ана көш кімнің көші" деп сұрайды. Әлгі кісі мән-жайды түсіндіреді. "Анау елден кетіп бара жатқан Шоңның көші, мыналар соңынан ере алмай, киып кете алмай тұрған туғандары дейді. Осыны естіген бала таймен шапқылап отырып, көштің алдын орайды да көш бастап бара жатқан Шоңға сәлем береді.- Ассалаумагалейкум, ата, жол болсын. Қайда көшіп барасыз? - дейді. Қасқая қарап, аталап, сәлем берген баланы елеп, Шоң тоқтап жөнін айтады. Сонда бала: - Е, мұнан барсан барасын, Батан алы Бабырға. Өзіне жейтін бас болса, Сыбағаңа тартылар. Бір сындырғы қабырға, Ат пен жігітің сай болса,Барымтасына жарарсың. Қызың сұлу, тазың алғыр болса, Бозбаласына жағарсың. Ел көшкенде, сен түндігңе қарарсың. Мұндағы Торайғыр, Шоң деген, Аттан бір айырылып қаларсың, - дейді.Шоң ойланып тұрып қалады. "Не істейміз?" - деп соңына ерген ел жақсыларынан сұрайды.-Е, не істеуші ек, алға тартамыз да. Елдің бүкіл жақсысы мен жайсаңы жалынтанда тоқтамағанда, енді бір қаршадай бала айтты деп жолдан қайту ұят емес пе? - дейді.-Жоқ, олар осы баланын сөзін тауып айтса қайда қалыпты. Мен кімнен жеңілсем, соны мойындаймын, көштің бетін елге бұрыңдар, - деп Шоң райдан қайтқандығын білдірген көрінеді.-Алда, ерім-ай, енді қайтсін. Дұрыс-ақ-ау. Шоңның шоңдығын танытар мінез ғой бұл, - депті қасындағы кісілер.Нұрбай батыр сөзге де шебер адам екен. Бір күні біраз мал жоғалып, түн қатып іздеп жүріп, таңертең ерте жұрт тұрмай бір ауылға келеді. Қотанның шетінде тұрган бір адамға келсе Шоң екен. Амандасқаннан кейін, Шоң:-Уа, кімсің? - дейді.-Кереймін, - дейді Нұрбай.-Керей болсаң атың кім?-Атым Нұрбай.-Нұрбай қарақшы сен бе едің?-Сіздің ел қандай кісіні қарақшы дейтінін қайдан білейін, біздің ел қотанның шетінде калқайып жалғыз тұрғанды қарақшы дейтін еді, - дейді Нұрбай батыр.-Жол болсын, неғып жүрсің? - дейді Шоң.-Он бес шамалы жылқы алдырып, соны іздеп жүрмін.-Сенің атын Нұрбай болса, бүгін алдырған жылқың он бес болса, ертең отыз болар, - дейді Шоң.-Бәрекелді өзім де сізді анығын айтар деп едім. Әділін айттыңыз, - дейді Нұрбай.-Қалжыңға түсінбейсің бе, - дейді Шоң.Нұрбай:-"Ұлы би қалжың болмас, әділ би мылжың болмас" деген сөз бар. Әділ би болсаң малымды қайтар.Шоң би олардың малын қайтарып береді. ## Дереккөздер
"Южный Казахстан" – облыстық газет. Алғашқы сандары Қазақстан Коммунистік Партиясының Шымкент облысында және қалалық комитеттері мен халық депутаттары облыстық кеңесінің органы ретінде “Смычка” деген атпен 1925 ж. 1 мамырдан 1930 жылға дейін жарық көрді. Кейіннен “Правда степи” (1930 – 1932), “Правда Южного Казахстана” (1932 – 62) деп аталды. 1962 жылдан қазіргі атауымен шығып келеді. Газетте негізінен өлкенің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы, ұлттық саясат мәселелері қозғалады. 1975 ж. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. 1979 ж. жиырма басылым ішінен іріктеліп, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің “Кеңес баспасөзі” бөліміне қойылған. "Южный Казахстан" қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан әкімдігінің газеті ретінде ”Шаңырақ”, “Молодежка”, “Южанка” секілді қосымшаларымен аптасына үш рет шығады. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз Оңтүстік Қазақстан (газет) ## Сілтеме * Ресми торбеті
Орақжеміс(Drepanocaryum) – еріндігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Шу – Іле, Қаратау, Батыс Тянь-Шань тауларындағы тасты, қиыршық тасты тау беткейлерінде, жартастардың көлеңкелі жерлерінде, ағаштар мен бұталар арасында өсетін 1 түрі – северцов Орақжемісі бар. Биіктігі 5 – 50 см. Сабақтары тік, жіңішке, сыртын түк жапқан. Жапырақтары жұмыртқа немесе жүрекше тәрізді, жиектері ара тісті. Жапырақ қолтығында жартылай шатырша гүлшоғыры орналасқан. Жартылай шатыршада 3 – 8-ге дейін көк, күлгін гүлдері бар. Гүлшоғыры түгелдей қалың түкті, қысқа түктері тікірейіп тұрады. Тостағанша, күлте жапырақшалары түтік тәрізді. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, мамыр – шілдеде жеміс салады. Жемісі – қара түсті, сырты жылтыр жаңғақша. ## Дереккөздер
Абылай хан ескерткіші — Көкшетау қаласында орнатылған. 1999 жылы Абай көшесі Орталық алаңда, облыс әкімшілігінің ғимаратына қарама-қарсы салынған. Ескерткішті сомдаған мүсінші — Ю.Баймұқашев, архитектор — Т.Жұмағалиев. Үстіне шапан жамылған, басына биік бөрік киген, кеудесінде хан мөрі ілінген бейне түрінде кескінделген. Қас бетінде : «Абылай 1711 — 1781 ханға мәңгі риза халықтан» деген жазуы ойылып жазылған. Ескерткіш биіктігі — 5 м, тұғыры — 14 м қоладан құйылған. ## Суреттер ## Сыртқы сілтеме Абылай хан ескерткіші ## Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"
Шоңай Қожамқұлұлы немесе Ер Шоңай, Матай Шоңай батыр (1700-1760) — атақты батыр, әйгілі қолбасшы. Орта жүз Найман тайпасының Матай руынан. Аңырақай шайқасында асқан ерлік көрсетті. Шоңай Жастай жетім қалып Бөрібай батырдың тәрбиесінде болған. Жоңғарлармен болған алғашқы ұрыстарда Матай қолын басқарды. Кейіннен Найман жасағын басқарған Қабанбайдың оң қолы болды. Шоңайдың бірінші әйелінен Назар, Нартайлақ, екінші әйелінен Елшібай, Атан есімді ұлдар тараған. Назар мен Нартайлақ жоңғарлармен шайқаста шамамен 1750/55 ж. мерт болып, Шоңай екі ұлының сүйегін қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданы Қарашілік ауылы маңына өз қолымен жерлеген. Ол жер қазір «Қос батыр» деп аталады. ## Шоңай батырға берілген жер аты Алматы облысы Ақсу ауданының орталығы Жансүгіров кентінде және Талдықорған қаласында Шоңай батырдың атында көше бар. ## Дереккөздер
Қорық — Абай облысы Аягөз ауданындағы ауыл, Малкелді ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Аягөз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 246 км жерде. ## Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдарының басында ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға сәйкес қаланды. 1961 жылы тың жерлерді игеру кезінде осы ұжымшар негізінде ұйымдастырылған Шұбартау ауданының Алғабас қой өсіретін кеңшарының орталығына айналды. 1997 жылдан кейін кеңшар негізінде қой мен жылқы өсіретін бірнеше шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. ## Дереккөздер
Ырсай — Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы ауыл, Ырсай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жітіқара қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде, Тобыл өзенің сол жағалаулық аңғарында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 962 адам (485 ер адам және 477 әйел адам) болса, 2009 жылы 706 адамды (345 ер адам және 361 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1943 жылы астық өсірумен айналысатын кеңшар құруға байланысты қаланған. 1996 жылы кеңшар негізінде “Ырсай” ЖШС құрылды. ## Дереккөздер
Баутин балық комбинаты — Каспий теңізінен балық пен итбалық (тюлень) аулайтын және өңдейтін кәсіпорын. 1942 жылы құрылған. Шикізатпен Баутин балық аулау базасы қамтамасыз етіп келді. 1997 жылдан Қазақбалықфлоттың құрамында, Алматыдағы Азия бизнес консалтинг ашық акционерлік қоғамы басқаруға алған. Комбинат бойынша 1999 жылы 7282 тонна балық өңделді, 990 тонна тоңазытылған килька, 1130 тонна балық ұны шығарылды. ## Дереккөздер
Тасбекіре (Scaphіrhynchіnae) – бекіре тұқымдасына жататын балықтар. Құмдауытты және майда тасты қайраңдар мен өзектерді мекендейді. Дене пішіні лайлы ағысты суда тіршілік етуге бейімделген: басы күрек тәрізді жалпақ, көздері кішкентай, оның есесіне сезім мүшесінің қызметін атқаратын ұзын мұрттары жақсы дамыған. Ерекше сауыт құрайтын қырлы сүйектері денесін механикалық жарақаттанудан сақтайды. Тасбекірелерді 2 туысқа жіктейді: америка Тасбекіресі және ортаазиялық Тасбекірелер. Соңғысының Арал теңізі бассейнінде тіршілік ететін 3 түрі кездеседі. Үлкен әмудария Тасбекіресі (Pseudoscaphіrhynchus kaufmannі), денесінің ұзынғы 58 см, салм. 760 г-нан 2,5 кг-ға дейін. Кіші әмудария Тасбекіресінің (P. hermannі) ұзындығы 30 см-дей. Үшінші түрі – сырдария тасбекіресі. Орта Азия Тасбекірелері 5 – 7 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (15 мыңға дейін) су темпиратурасы 14 – 16 oС-қа жеткенде, наурыз – сәуірде өзен арнасындағы қиыршық құмды және майда тасты қайраңдарға салады. Су түбіндегі майда омыртқасыздармен (хирономидтердің, жылғалықтардың, біркүндіктердің дернәсілдері) және балықтардың уылдырығымен қоректенеді. Бұл 3 түрде қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер
[[File:Conic sections with plane.svg|right|250px|thumb|Коникалық қималар түрі: * Парабола * Шеңбер және эллипс * Гипербола Коника (конустық қима) — айналу конусының (бетінің) төбесі арқылы өтпейтін жазықтықтармен қиылысу сызықтары. Қиюшы жазықтық конус жасаушыларының екеуіне параллель болса, қиылысу сызығы — гипербола, біреуіне параллель болса — парабола, ал ешқайсысына параллель болмаса — эллипс болады. Кониканы салу үшін бес параметр керек. Техникада кездесетін есептерде Кониканың екі нүктесі, осы нүктелердегі жанамалары және инженерлік дискриминанты белгілі болады. Конустық қима– дөңгелек тік конусты оның төбесі арқылы өтпейтін жазықтықпен қиып өткенде шығатын сызық. Конустық қима үш түрлі болады: * қиюшы жазықтық конустың барлық жасаушыларын, оның бір қуысындағы нүктелерде қиып өтеді; қиылысу сызығы тұйық овал сызық (эллипс) болады. Егер қиюшы жазықтық конустың осіне перпендикуляр болса, онда эллипстің дербес жағдайы шығады; * қиюшы жазықтық конусты жанаушы жазықтықтарының біреуіне параллель болса, онда тұйықталмаған қисық сызық (парабола) шығады; * қиюшы жазықтық конустың екі қуысын да қиып өтсе, қиюшы сызық гипербола болады. Аналитикалық геометрия тұрғысынан Конустық қима жіктелмейтін екінші ретті сызықтар болып табылады. Конустық қиманың симметрия центрі болса (яғни эллипс немесе гипербола болса), оның теңдеуі координаттар басын центрге ауыстыру арқылы мынадай түрге келтіріледі: b11x2+2b12xy+b22y2=b33.Мұндай (орталық Конустық қима деп аталатын) Конустық қима үшін координаттар осінің бағыты ретінде, яғни негізгі бағыт етіп, Конустық қиманың бас осін (симметрия остерін) таңдап алсақ, олардың теңдеуін қарапайым түрге келтіруге болады: Ax2+By2=C. (1)Егер А, В және С-ның таңбалары бірдей болса, онда (1) теңдеу эллипсті, ал А мен В-ның таңбалары әр түрлі болса, онда ол гиперболаны анықтайды. Парабола теңдеуін (1) түрге келтіруге болмайды. Координаттар осьтерін таңдап алу арқылы оның теңдеуін мынадай түрде жазуға болады: y2=2px.Конустық қималар Ежелгі Грекия математиктеріне белгілі болған (мысалы, б.з.б. 4 ғ., Менехм). Бұл қисық сызықтардың қасиеті толық баяндалған шығармалардың бірі – Аполлоний Пергскийдің (б.з.б. 200 ж.ш.) “Конустық қималары”. Конустық қималар теориясы 17 ғасырда жасалған жаңа геометриялық тәсілдерге байланысты дамыды. Координаттар жүйесін таңдап алудан кейін, Конустық қималардың теңдеуі мынадай түрге келтіріледі: y2=2px+x2 (p және  – тұрақты шамалар). Егер p0 болса, онда ол =0 болғанда параболаны, ал <0 болғанда эллипсті, ал >0 болғанда гиперболаны анықтайды. Конустық қималар эллипстік тісті доғалықтарда, прожектор қондырғыларында (параболалық айналарда) қолданылады. Күн жүйесіндегі планеталар эллипс, ал кометалар парабола мен гипербола бойынша қозғалады. ## Тағы қараңыз * Конус * Конустылық * Конустәрізділік * Геометрия * Коноид * Эллипс * Гипербола * Парабола ## Дереккөздер
Шоңайна (лат. Arctium) – астралылар тұқымдасына жататын екі жылдық ірі жапырақты өсімдік. Негізінен Еуразияның қоңыржай белдеулерінде 10 түрі кездеседі. Қазақстанның барлық өңірінде өсетін 2 түрі бар. Әсіресе киіз Шоңайна (Arctіum tomentosum) жиі кездеседі. Биіктігі 60 – 150 см, ұршық тәрізді тамырсабағы болады. Бұл өсімдіктің бірінші жылы тамыры мен дегелек жапырақтары шығып, ал келесі жылы сабағы жапырақтары мен себет гүлшоғыры жетіледі. Сабағы түзу де жуан, бұтақты. Жапырағы жұмыртқа пішіндес, бүтін жиекті, ірі, ұзындығы 20 – 50 см, ені 10 – 30 см, сағағы ұзын, ақ түкті. Гүлі қос жынысты (бір гүлде аталық пен аналық болса), оралып түтікшеге айналған, күлтесі қызғылт күлгін түсті, себеті шар тәрізді гүлшоғырын құрайды. Шілде – тамызда гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – дәнек, ол піскен кезде қорапшасы сынғыш болатындықтан, жақындап кеткен адамның киіміне, мал түгіне жабысады.Тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен. Шоңайнаның тамырында инулин, эфир майы, сұйық майы, органик. қышқылдар, илік заттар; дәнінде глюкозидтер және аскорбин қышқылы бар. Халық медицинасында несеп жүргізетін және тер шығаратын дәрі ретінде, бауыр және бүйрек тастарын, подаграны, безеуді, сары ауруды, гастритті емдеу үшін қолданылады. Шоңайна – шірнелі өсімдік. ## Дереккөздер
Қорықтық – шопандар тағамы. Шілденің аптабында мал жайып, далада жүрген шопан түскі асқа осы Қорықтықты қорек еткен. Ол үшін күн төбеге көтеріліп, әбден шыжыған шақта 3 – 4 саулықты (немесе ешкіні) көнекке сауып алады. Содан соң іріктелген ыстық малта тастарды жуып, көнектегі сүтке салады. Қатты қызған тастар сүтті лезде қайнатады. Тастарды алып тастап, уыздай тәтті, қоймалжың сүтті қанжылым күйінде ішеді. Қоректік сапасы жоғары Қорықтық кешке дейін қарын ашырмайды. ## Пайдаланған әдебиетттер
Балх — Солтүстік Ауғанстандағы қазіргі Вазирабад (Балх) қаласының жанындағы көне қала. Ежелгі Балх Қытай мен Қашқар, Орта Азия мен Түркістан, Иран мен Үндістан, Таяу Шығыс елдерін жалғастырған Ұлы Жібек жолдары торабына салынып, ірі мәдени-экономикалық орталыққа айналған. Б.з.б. 250 — 130 жылдары шамасында Бактрия мемлекетінің, б.з.б. 1 ғасырдың соңы — б.з. 3 ғасырының басында Кушан патшалығының астанасы болды. Жазба деректер бойынша, Балх ислам діні пайда болып, Орта Азияға тарағанға дейінгі кезеңнің өзінде-ақ кемеліне келген ірі қала болған. 7 ғасырдағы арабтар жорығы кезінде қираған Балх 725 жылы қалпына келтіріле бастады. Сафари, Самани және Ғазнеуи әулеттері билік еткен тұста да (11—12 ғасырлар) қайтадан өркендеп, ең ірі саяси, мәдени және сауда орталықтарының бірі ретінде әлемдік деңгейге көтерілді. 1221 жылы көктемде қаланы Шыңғыс хан әскері басып алды. Бұл жөнінде ибн әл-Асир “қала өз еркімен беріліп, Шыңғыс хан кешірім етіп қиратпаған” деп көрсетсе, Ала әд-Дин Ата Мәлік Жуайни “моңғол ханы өз уәдесінде тұрмай, қаланы тас-талқан еткен” дейді. 1262 жылы қаланы өз көзімен көрген Марко Поло оның бұрын үлкен әрі әдемі қала болғанын, қазір де “әдемі сарайлары мен тамаша мәрмәр ғимараттары бар” ірі қала екенін жазған. 14 ғасырдың 40 — 50-жылдары Балхты Хусейн Әмірге шартты бағынған Илшигидайдың немересі Камил Шейһ хан басқарды. Осы жылдары басталған қайта қалпына келтіру жұмыстары 1368 жылы түгелге дерлік аяқталды. Қала 16 — 17 ғасырларда айтарлықтай дамыды, әсіресе, Шайбани, Аштархан әулеті үстемдік құрған тұста гүлдене түсті. Бұл кезде Балхта бірқатар архитектуралық ескерткіштер бой көтеріп, тамаша бақтар мен гүлзарлар салынды, суландыру ісі дамыды. Балх 16 ғасырдың 2-жартысынан бастап, 19 ғасырдың ортасына дейін Бұхар әмірі мирасқорының ордасы болды. ## Дереккөздер
Нақшбанд Баһай әд-Дин Мұхаммед б. Бурханэд - Дин Мұхаммедәл - Бухари (1318- 1389)-нақшбандийа тариқатының негізін қалаушы. Ходжйи бузург және Шах-и Нақшбанд сияқты XIV ғ-дағы ортаазиялық сопылық дәстүрдің ірі өкілі. Сопылық бауырластықтың нақшбандийа атауы оның кәсібіне (нақшбанд - нақыштаушы) байланысты шыққан. Нақшбанд Каср-и Хиндуван ауылында тәжік қолөнершісінің отбасында дүниеге келген. Оның әкесі тоқымашы әрі нақыштаушы зергер болған. Нақшбанд тағдырында сопылармен тығыз байланысы бар атасы негізгі рөл атқарды. Немересінің мистикаға қызығушылығын оятқан да сол. Нақшбандтың алғашқы ұстазы шейх Мұхаммед Баба-йи Симаси. Ол қайтыс боларының алдында (1340 ж.ө.) өзінің халифасы Әмір Саййид Кулалға (1370 ж.ө.) Нақшбандты өзіне шәкірттікке алуды,ходжаған дәруіштерінің қауымына қосып,олардың мистикалық жолының тәртібін үйретуді өсиет етеді.Жазбаларда Нақшбанд байлыққа қырықтаған, қанағатшыл тақуа адам, сол жолды уағыздаушы ретінде насихатталады. Дүние салғаннан кейін Нақшбанд біртіндеп әулие және Аллаһтың сөзін жеткізуші, қасиетті деп танысып, халықтың жебеушісі деп саналған.Нақшбанд жүйелі дәстүрге еніп, оның жеке басына сиынып, құрмет тұту рәсімі ретінде Орта Азия мен оған көршілес елдерге кеңінен таралды. Ал оның зиратының басына 1544 ж. Шибани Абд әл-Азиз-хан салдырған кесене тәуап ететін қасиетті орынға айналды. Оның басына үш рет барған адам Мекке мен Мединеге «қажыға барғанмен бірдей» деп саналған. Нақшбанд қырық күн ораза,дәруіштік, қайыршылық, көпшілік алдында музыкамен, ән мен би билеп сауық құру,айғайлап зікір салу секілді нағыз мистикаға бастайтын салт-дәстүрлерді және жасанды, жалған Аллашылдықты мойындамай,оларға қарсы шықты. Оның басты талаптары -рухани тазалық, сұғанақгыққа алдыр-мау, бақ-дәулетке қызықтау, билеушіл ермен ешқандай қарым-қатынаска түспеу және қатаң сопылық тұрмыс-тіршілік өткізу.Сопылық Пайғамбардың (с.а.у.) оның тілекшілерінің суннасын қатаң ұстанып,шариғаттың барлық шарттарын бұлжытпай орындауға шақырды. Н. жазбаша еңбектер қалдырмаған. ## Дереккөздер
Орақ – Мамай – ноғайлы жырларының бір үлгісі. Онға жуық нұсқасы бар. Алғаш жырды А.В. Васильев Ақтөбе өңірінен жазып алған (1905), толық нұсқасы 1908 ж. Қазанда жарық көрді. Жеке үзінділері 20 ғасырдың 40-жылдары түрлі оқулықтарға енген. Нұртуған жыраудың нұсқасында Орақ пен Мамай батырлардың тама руының байы Толағаймен күресі суреттеледі. Жырдың Мұрын жырау жырлаған үлгісі “Батырлар жыры” (1989, 5-том.), Н.Кенжеғұлұлы нұсқасы “Қанеки, тілім, сөйлеші” (1992, 1-кітап) атты жинақтарда жарық көрді. Жырдың генеологиялық сипаты басым, негізгі кейіпкерлері Мұсаханның Қараүлек деген бәйбішесінен туған Орақ, Мамай батырлар. Қозан деген қалмақ ханы бала Орақ пен Мамайды ойнап жүрген жерінен тұтқындап алып кетеді. Қозанды шабуға келген Хиуа ханы Бозоғланның өзі қолға түсіп қалады. Қозанның Қарахан есімді қызы зынданға тамақ, киім, шам апарып, тұтқындарға көмектесіп тұрады. Қозан хан Орақ, Мамай, Бозоғландарды босатып жібергенмен, олар қалмақты қайта шабуға уағдаласады. Одан әрі жыр мазмұны Мұсаханның балаларын іздеу оқиғасына жалғасады. 40 батыр жолай еліне қайтып келе жатқан Орақ пен Мамайға кездеседі. Орақ батыр қалмақ елін шабады. Оның беліне айдаһар оралып, соңында Қозан мен Өгіз ханды өлтіріп, еліне аман-есен оралады. Жырда кездесетін қарлығаштың зынданда балапандауы жақсылықтың символы саналса, Берен шайыр мен Мамайдың айтысы – этнографиялық дәстүр көрінісі. Жырдың кейбір нұсқалары бойынша Орақтан Қарасай, Қази деген батырлар туған, ал Мамайдан ұрпақ болмаған. “Орақ – Мамай” жырын В.М. Жирмунский, Ә.Қоңыратбаев, І.Жұмалиев, т.б. ғалымдар зерттеген. ## Дереккөздер
Қоғалыкөл (1997 жылға дейін — Октябрь) — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Қоғалыкөл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңөзек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде, сарсазан, қамыс, құрақ, т.б. шөптесін өскен Сырдария аңғарының бозғылт сұр, шалғынды сұр топырақты шөлдік белдемінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2771 адам (1400 ер адам және 1371 әйел адам) болса, 2009 жылы 2774 адамды (1409 ер адам және 1365 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1952 жылы мұндағы шағын 4 ұжымшар бірігіп Сталин атындағы ұжымшар аталды. Қоғалыкөл ауданы осы ұжымшардың, 1957-1972 жылдары «Октябрь» ұжымшарының, 1972-1995 жылдары күріш өсіретін Жамбыл атындағы кеңшардың орталығы болды. 1991 жылға дейін «Октябрь» деп аталған. Кеңшар негізінде 1994 жылы 9 шаруа қожалығы құрылды. 2000 жылы олар «Қоғалыкөл» ЖШС-іне және 3 шаруа қожалығына бірікті. Ауыл маңында ежелгі Қыштөбе, Жент, Жетімасар, Асанас, т.б. қалалардың орны сақталған. Сонымен қатар, 18 ғ-да салынған Құлболды ишан мазары, Бәлтік мешіті бар. ## Дереккөздер
Түсіпбекова Майда Масхапқызы (1949 ж.т.) – медицина ғылымының докторы (1998), профессор (1999). Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1973, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Мұрағатталған 15 маусымның 2011 жылы.) бітірген. №1 Теміртау қалалық ауруханасында дәрігер (1973–74), Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында аға лаборант, ассистент, доцент, профессор (1974–2000) болды. 2001 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. 1997 ж. «Сравнительная патология почек плодов и новорожденных при осложненной беременности у женщин Центрального Казахстана» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 170-тен астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы. ## Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Қаратөбе – Қырғыз Алатауының қиыр батыс сілемдерінің бірінде, Қырғызстан мен Қазақстан республикалары шекарасында орналасқан асу. ## Географиялық орны Жамбыл облысының Жамбыл және Байзақ аудандары шекарасында. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1948 м. Асудан сәуір – қыркүйек айлары аралығында өтуге болады. Солтүстік беткейінен Қайыңды өзені бастау алады. ## Дереккөздер
Ырсалы Кәсіпұлы, Ерсары (туған жылы белгісіз – 15 қараша 1837, Тастөбе) — қазақ батыры, Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің белді мүшелерінің бірі. Ы.Шөрекұлының Исатай-Махамбет дастанында оның атын Ерсары деп көрсеткен. 1837 жылы 21 тамызда Балқы би және Төлеген, Айғани старшындар Исатайды жақтағаны үшін Ырсалының ауылын шауып, адамдарын мертіктіреді. Исатай мен Жәңгір ханның арасын бітістіруге үміттеніп жүрген Орал казак-орыс әскерлерінің атаманы Покатилов осы уақиғаны естігенде “енді бітім болмайды” деп өкінген. Ырсалы Тастөбе соғысында қаза тапты. Осы хақында Махамбет “Исатай батыр жөнелді-ау, Жөнелмей батыр неғылсын: Ерсары мен Қалдыбай, ажал оғы тап келіп, Екі арыстан тең өлді-ау” деген. Ырсалының Есәлі, Сатыбалды, Байдәулет деген бауырлары да көтерілісшілерді жақтаған. ## Дереккөздер
Қаратөбекел – Қазақстандағы ертедегі бекініс орны. Байзақ ауданы Жетібай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде. 1936 ж. Жетісу археолгия экспедициясы (жетекш. А.Н. Бернштам) зерттеген. Бекініс тік төртбұрыш етіп дуалдармен қоршалған. Солтүстік бөлігінде қамал (цитадель) салынған. Қалаға кіретін қақпа оңтүстік жағындағы дуалдың ортасынан жасалған. ## Дереккөздер “Тараз энциклопедиясы”
“Төре бітік” жазуы – қыпшақ-армян жазба ескерткіші. Ескерткіш төрелер (заңдар) жинағы мен іс жүргізу кодекстерінен құралған, 1519 – 1689 жылдар аралығында жазылған. ## Құрамы Түркілердің құқықтық тарихында маңызды рөл атқарған “Төре бітік” жазуы 3 бөлімнен тұрады: * кіріспе, * зайырлы заңдар, * іс жүргізуге байланысты баптар. ## Сипаттама Жинақтағы баптардың басым бөлігі армян заңдарына ұқсамайды, олардың бәрі дерлік қыпшақ өміріне байланысты жазылған, демек оларды қыпшақтардың өздері құрастырған. Ескерткіш жалпы 125 баптан, ал іс жүргізу кодексі 99 баптан тұрады, қыпшақ өмірінің құқықтық ерекшеліктеріне байланысты 25 жаңа бап енгізілген. ## Мазмұны “Төре бітік” жазуы өз заманындағы қыпшақтар өмірінде маңызды орын алған әлеуметтік, шаруашылық, саяси, әкімшілік, отбасы, сауда-саттық, қылмыстық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы саналады. Онда қылмыскерлерге жаза қолдануға байланысты нормалар мен қазіргі қазақ тілінде қолданыста жоқ көптеген заңи терминдер орын алған. Мысалы: төреші, жарғышы (судья), жақсылар алқасы (присяжные заседатели), төре (заң, құқықтық норма, жеке және заңи тұлғалардың құқығы), т.б. Ескерткіште төреліктің антқа негізделе жүргізілетіндігі, ант ішудің қалай өтетіндігі жазылған. Отбасы мен оның мүшелерінің қарым-қатынасына байланысты, мұрагерлікке қатысты нормалардың 78-бабында: “Егер ұл-қыз ата-анасын тыңдағысы келмесе, олардың дұрыс тәрбиесіне жеңілтектікпен қараса, ондай балаларды қарғыс атқан деу керек. Ол үшін Тәңірінің бұйрығы былай: ондай ата-ана сондай ұл-қызын қуып жібере алады” деп жазылған. Ескерткіште мағынасы түсініксіз баптар да кездеседі. ## Сілтеме
Шоңайнақ (лат. Carduelis cannabina синонимы лат. Acanthic cannabina) — құнақ тұқымдасына жататын сайрағыш құс. Алдында Acanthis туысына қосылған. Қазақстанда Тянь-Шань, Сауыр, Алтай тауларында, Жайық өзенінің жағалауларында, республиканың солтүстік шекаралық жерлерінде кездеседі. Дене тұрқы 13,5 см-дей, салмағы 19 – 22 г. Аталығының маңдайы, төсі – шымқай қызыл, жабыны – қоңырқай түсті, бауыры мен қапталы – ақ. Аналығында қызыл түс болмайды. Жыл құсы. Наурызда ұшып келіп, қалың бұталар арасына, ағаш бұтақтарына ұя салады. Ондағы 4 – 5 жұмыртқаны, тек аналығы 13 – 14 күндей басып, балапан шығарады. Балапандарын аталығы мен аналығы бірлесіп қоректендіреді, олар 13 – 15 күндей ұяда болады. Жылына 2 рет балапан өргізеді. Өсімдіктердің тұқымымен қоректенеді. Қазан айында қыстау үшін Еуропаның оңтүстігіне, Кіші Азия түбегіне ұшып кетеді. Шоңайнақ қолға тез үйренеді, оның әдемі үні үшін үйде жиі ұсталады. ## Дереккөздер
Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов (1904—1989 жж.) — қоғам қайраткері, тілші-ғалым, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы (1954 жыл наурыз – 1955 жыл наурыз). Нұртас Оңдасынов Шалғай аудандарда мұғалімдер даярлайтын курстар, училище, облыс орталықтарында Мұғалімдер институтын ашып, Орталық Комитеттің саясатының жүзеге асуына күш салады. Қазақстан Орталық Комитетінің бюро мүшесі ретінде ол мәдениет мәселелеріне жауапты болды. Н.Оңдасынов соғыс жылдарының ауыртпалығына қарамай Абайдың 95 және 100 жылдық мерейтойын аса биік дәрежеде атап өту жөнінде Үкімет қаулысын шығарып, комиссияның төрағасы өзі болып өткізген. Қыздар педагогикалық институты, Ұлттық консерватория, Дене шынықтыру институты, Политехникалық, технологиялық институттар ашу және медицина, шет тілдер институттарына көптеген жаңа факультеттер қосу сол кісінің тұсында істелінген істер. Қоңырат тайпасының Жетімдер руынан. Опера және балет театры құрылысының жедел аяқталуын тікелей бақылап, облыстарда театрлардың ашылып, филармония, ән-би ансамбльдерінің ұйымдасуына да ұйытқы болған. КСРО Ғылым академиясының дербес құрылуына бірден-бір атсалысқан адам. Соғыстың жүріп жатқанына қарамай жаңа ғимараттың салынуына қаражат қарастырып, оның іргесі қаланғанда ырымдап: "Қазақ ғылымы күмістей таза болсын" деп, күміс ақша шашқаны мәлім. Осы Ғылым академиясының басына Қаныш Сәтбаевтың келуіне де себепші осы кісі. Қ.Сәтбаевтың газетке шыққан мақаласындағы болашақ ғалымның сөз саптасы ұнап, жаңа ойларын білуге, танысуға Мәскеуге шақырады. Кездесіп, сөйлескеннен кейін КСРО Ғылым Академиясының президенті В.Л. Комаровқа алып барып: "Қазақтың Ғылым Академиясының болашақ президенті..." — деп, бірден таныстырады. 1942 жылдың басында Кенді Алтай, Лениногорға іссапарға келген Оңдасынов білімді, байсалды Дінмұхамед Қонаевты кездестіреді. Кейіннен Алматыға келіп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Скворцовпен ақылдасып, өзіне орынбасарлыққа шақырттырады. Қонаев он жыл бойы Оңдасыновтың орынбасары болады. Нұртас Дәндібайүлы 1954-1955 жылдары Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының төрағасы, сосын Гурьев (Атырау) облыстық атқару комитетінің төрағасы және осы облыстың партия ұйымын басқарды. "Жауапты қызметте жүріп, шығармашылықтан қол үзбейтін. Араб, парсы тілдеріне жүйрік еді. 1962 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін шығармашылықпен шындап айналысқан. 1969 жылы "Арабша-қазақша түсіндірме сөздігі", 1974 жылы "Парсыша-қазақша түсіндірме сөздігі" жарық көріп, қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленді" — дейді Д.А.Қонаев өзінің "Өтті дәурен осылай" кітабында. Алматыдағы Абай ескерткішінің авторы Хакімжан Наурызбаевты да Қостанайға барған іссапарында байқап, Алматыға алып келіп, оқытып, ат бағушыдан қазақтың тұңғыш мүсіншісін жасаған осы кісі. ## Дереккөздер
Бехбудий Махмудқожа (10.03.1874, Өзбекстан, Самарқан қаласы — 25.03.1919, Қаршы қаласы) — Түркістандағы жәдидтік қозғалыс жетекшілерінің бірі, өзбек драматургі, журналист, қоғам қайраткері. Самарқан медресесін бітірген (1884). * 1900 ж. Мысыр мен Түркияға саяхат жасады. * 1903 ж. Қазан мен Уфа (Уфі) қалаларында болып, ондағы жәдит мектептерінің жұмысымен танысты. * 1904 ж. Самарқан қаласында жәдиттік мектеп ашты. Жәдит мектептеріне арнап “Қысқаша жалпы география”, “Ислам тарихы” оқулықтарын, “Түркістан, Бұхара және Хиуа картасын” бастырып шығарды. Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтарын бірлікке шақырған мақалалар жариялады. “Ресей мұсылмандары одағы” ұйымының бағдарламасын қолдады. * 1908 ж. Самарқан қаласында тегін қызмет көрсететін кітапхана ашты. * 1911 ж. “Падаркуш” (“Әке өлтіруші”) атты пьеса жазды. * 1914—15 ж. “Айна” журналын шығарды. * 1917 ж. сәуірде Ташкент қаласында өткен Түркістан мұсылмандарының 1-съезіне қатысты. Осы жылы 28 қарашада өткен Түркістан мұсылмандарының 4-съезінде Түркістан автономиясы үкіметінің құрамына сайланды. Бехбудий 1919 ж. қаңтарда Бакуге сапарға аттанып бара жатқанда Бұхара әмірі Бектерінің қолына түсіп, тұтқындалды. Бехбудий Қаршы қаласында азапталынып өлтірілді. ## Дереккөздер
Қайнар – Қорағаты алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Меркі ауданы жерімен ағып өтеді. ## Гидрологиясы Ұзындығы 58 км, су жиналатын алабы 187 км2. Қырғыз Алатауының солтүстік беткейімен басталып, Қорағаты өзеніне оң жағынан құяды. Ірі саласы – Молалы (ұзындығы 21 км). Жоғарғы ағысы тар шатқалмен ағады, орта және төменгі ағысында жазыққа шығып аңғары кеңейеді. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Көктем айларында тасиды. Өзен аңғары жайылым. Суымен Меркі ауданының егістігі суғарылады. ## Дереккөздер
Жылқы (лат. Equus ferus caballus) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (E. caballus) шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі. ## Қолға үйрету тарихы Қазба қалдықтары жылқының б.з.б. 7000 ж. бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебра, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқысы жабайы жылқыға жатады, одан басқа оған керқұлан (немесе Пржевальский жылқысы) және қазір жойылып кеткен Тарпаң жатады. Соңғысы 19 ғ. дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір, Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Моңғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жықылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен. ### Қазақстандағы тарихы Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б. 4-3-мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б.з.б. 2-мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді. Арийлер кезеңі Арийлер жылқыны ерекше құрметтеген. Ғалымдар арийлерде жылқының үш түрлі тұқымы болғанын анықтады: тауда жүруге ыңғайлы аласа жылқы, ұзақ жүруге ыңғайлы шыдамды қазанат және қазіргі Түрікменстанның ақалтеке жылқысының арғы тегі саналатын ұшқыр тұлпар. Әсіресе, арийлер арасында ұшқыр тұлпарлар қатты қадірленген. Әлемде алғаш рет екі доңғалақты арбаны ойлап тапқан арийлер оған ұшқыр тұлпарларын қос-қостан жегіп алып, сары далада сағымша жүйткіген. Қазақстан аумағында арийлер қалдырған құнды мәдениет ескерткіштері өте көп. Олардың көпшілігі – жартастарға салынған суреттер. Суреттерден арийлердің дүниені қалай түсінгені, қандай рәсімдік билерді билегені, қалай аң аулағаны, қандай мал баққаны, екі доңғалақты арбалары, абыздар мен батырлар туралы түсініктері, т.б. туралы толық мағлұмат алуға болады. Сақтар кезеңі Ал сақтар Алтайдан Дунай өзеніне дейінгі кең байтақ аймақта үйір-үйір жылқы өсіріп, ат құлағында ойнауды өнер дәрежесіне көтерген. Сақтардың балалары мен әйелдеріне дейін ат үстінде соғысу тәсілдерін жас кезінен жетік меңгеріп, көрген жұрттың зәресін ұшырған. Олардың қанқұйлы жорықтарынан соң, Еуропада, Кіші Азияда, Жерорта теңізінің бойында, Мысырда атпен бірге жаратылған кентаврлар туралы аңыз тараған. Ежелгі грек мифологиясындағы жауынгер әйелдер – амазонкалар туралы аңыздар да осы сақ әйелдерінің бейнесінен алынған деген пікір бар. Қалай болған да, жылқыға салт мінуді қас өнерге айналдырып, оны әскери әдіс-тәсілдермен шебер ұштастыра білген сақтар өз заманының ең қуатты еліне айналған. Олар өздерінің жаңа жерлерді жаулап алуына, тіршілікке қажетті байлықтарға кенелуіне жағдай жасаған жылқы баласын аса қатты құрметтеп, жан серігі санаған. “Олар аттарына да мыстан кеудені жауып тұратын сауыт кигізеді, – деп жазады ежелгі грек тарихшысы Геродот, – ал жүгендерін, шылбырын алтынмен әшекейлейді” Сақтардың патшалары, қолбасшылары мен батырларының тек өздерінің бас киімдеріне ғана емес, мінген аттарының төбесіне де лауазымдық белгі – жыға таққаны туралы деректер бар. Олардың қайтыс болған хандарды, ханзадаларды, батырларды т.б. жерлегенде, оның жан серігі болған атын жанына бірге қою ғұрпы да “иесіне аты о дүние де серік болады” деген сенімнен пайда болған. ## Биологиясы ### Өмір мерзімі және кезеңдері Түріне, күтімі және өсу айналасына байланысты қазіргі үй жылқысы орташада 25-30 жыл жасайды. Кей кезде, кейбір жануарлар жасы 40-тан асады. Жазу деректеріне сай ең көп 19 ғ. Ескі Билли деген ат 62 жыл өмір сүрген. Қазіргі заманда, Шуга Пафф деген пони 2007 ж. 56 жаста өліп Гиннесс рекордтар кітабына енген. Жылқы төлдерін былай бөледі: * құлын (биенің жас төлі), * жабағы (6 айдан асқан құлын), * тай (1 жастан асқаны) деп атайды. Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды: * құнажын байтал (2 жастан асқаны), * дөнежін шығар (3 жастағы байтал), * дөнежін байтал (3 жастан асқаны), * бесті бие (4 жастан асқаны), * қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие), * кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие), * жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды. Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары: * құнан айғыр (2 жастан асқаны), * дөнен айғыр (3 жастағысы), * сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны), * бесті айғыр (5 жастағысы), * сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б. ### Сипаттамасы Жылқының басы созылған арықтау келеді; көздері үлкен өткір, танаулары кең, сүйір құлақтары ширақ қимылды үлкен не орташа көлемді (басының жартысынан да кішірек) болады. Жалы ұзын салбыраған, мойны ұзын бұлшық етті, денесі жұмырланған болады; құйрығы түбірінен басталатын ұзын қылдардан тұрады; түсі әралуан келеді. Аяқтары биік сымбатты, жуандығы орташа болады; 1-ші және 5-ші саусағы мүлдем болмайды, 2-ші және 4-ші саусақтары рудиментті түрде ғана қалыптасқан; тұяғы ең қатты дамыған ортаңғы саусақтың басын ғана қаптайды (сондықтан дененің бүкіл салмағы соған келеді). Асқазаны қарапайым болады, өт қабы жоқ, бүйені қатты дамыған. Миі біршама кішкентай, және қатпарлы үлкен ми сыңарлары мишықты қаптамайды. Алайда ақыл қабілеті едәуір жоғары болады.Сезу қабілеттерінен естуі ең жақсы дамыған, содан кейін көруі, сосын иіс сезуі. Шоқтығына дейінгі биіктігі 50 – 185 см, салмағы 60 – 1500 кг болады. Жылқылар әдетте бір айғыр бастайтын бірнеше биеден тұратын үйірге жиналады. Көбінесе жазық далада тұрады; ерекше сипаттары - үлкен жылдамдық пен сақтылық. Дене бітімі Дене бітімінің атаулары (сурет бойынша):1. Көз ауданы [область глазницы – regio orbitalis]; 2. Қабақшұңқыры [надбровная ямка]; 3. Маңдай [лобная область – regio frontalis]; 4. Кекiл [чолка (челка) – cirrus capitis]; 5. Төбе [теменная обл. – regio parietalis]; 6. Шүйде, қарақұс [затылок – regio occipitalis]; 7. Желке [выйная сухожилия – ligamentum nucha]; 8. Жал [грива – juba]; 9. Мойын [шея – cervix collum]; 10. Шоқтық [холка (загривок) – regio interscapularis]; 11. Арқа [спина – dorsum]; 12. Белдеме [поясница – reg.lumbalis]; 13. Сербек [маклок – tuber coxae]; 14. Шорта [крестцово-позвоночная обл. – reg.lumbo-sacra-iliaca]; 15. Сауыр [круп – pelvis]; 16. Ашқұрсақ [подвздох – reg. iliaca]; 17. Құйымшақ [крестец – reg. sacralis]; 18. Құйрық түбi [репица – radix cirri caudac]; 19. Құйрық аламайы [промежность – reg. perinealis]; 20. Қоң (қоң ет) [ягодица – gluteus]; 21. Сайлық [мускулярный желоб бедра – sulcus musculi membri pelvini proprii]; 22. Санның қоң етi [двухглавая и четырехглавая мышц бедра – m.m. biceps et quadriceps brachii]; 23. Асықты жiлiк [кости голени – берцовые кости – ogga cruris]; 24. Толарсақ [скакательный сустав (заплюска) – articulatio tarsi]; 25. Тiлерсек, қылта[голенотаранный сустав – articulatio tarsocruralis]; 26. Шап ет [надколенная складка – musculi inguinalis]; 27. Ұма (еркек малда) [мошонка – scrotum]; желiн (ұрғашы малда) [вымя – uberis]; 28. Қарын [брюхо – reg.abdominalis]; 29. Қабырға (қарын мен қабырғаны қосып қаптал дейдi) [ребра – costae]; 30. Үзеңгiлiк, тебiнгiлiк [сердечная обл. – reg.cardiaca]; 31. Шынтақтың айдарбасы [локтевой бугор – tuber olecrani]; 32. Жiлiншiк [предплечье – antebrachi]; 33. Тебен сүйек [ру-диментарные грифельные костипясти (II, IV)-os metacarpalis secundum et quartum]; 33. Қолаңса [пальцевые мякиши в конце грифельных костей]; 34. Тұяқ [копыто – ungula]; 35. Шаша [щетки – cirrus pedis]; 36. Шiдерлiк [венчик – reg.os.coronalis]; 37. Тұсарлық [путо – reg.ossis compedale seu(немесе) metacarpaphalangaea]; 38. Жiлiншiк [пясть – ossa metacarpalia]; 39. Тiзе [запятный сустав – articulatio carpi]; 40. Қар жiлiк(кәрi жiлiк) [лучевая кость – radius]; 41. Тоқпақ жiлiк (тоқпан жiлiк) [обл. плечевой кости – reg.humeri]; 42. Төс (төс қасқасы) [предгруднная обл. – reg.presternalis]; 43. Топшы [плечево-лопаточный сустав – articulatio humeri]; 44. Қолдың (жауырынның ойынды етi) [мышц грудных стенок (или лопатки) – m.m.membri ithoracici proprii]; 45. Алқым [reg.subhyoidea]; 46. Күре қобысы [яремная желоб шей – sulcus jugularis]; 47. Сағақ [подчелюстная обл. – reg.submandibularis]; 48. Ұрт [шечная обл. – reg.buccalis]; 49. Жақ ет [обл.жевательной мышц – reg.massoterica]; 50. Салпы ерiн [нижняя губа – labium mandibulare]; 51. Ерiн(үстiңгi ерiн) [верхняя губа – labium maxillare]; 52. Танау (танау қыры) [переносица – reg.nasalis]; 53. Тұмсық [морда – reg.naris]; 54. Сүрiншек [proc.xiphoidea]; 55. Қазантолмас [передний брюш-ной отдел – epigastrium]; 56. Аш бүйiр, аш құрсақ [голодная ямка – fossa paralumbalis]; 57. Жаңбырлық [межреберные ямки – sulcus intercostalis]; 58. Құрсақ [reg. abdominalis]; 59. Сербек [маклок (наружной бугор) – tuber coxae]; 60. Шүйде [затылочная обл. – reg. occipitalis]; 61. Самай [височная обл. – reg. temphoralis]; 62. Көмекей [гортанная обл. – reg. laryngea]; 63. Ауыз [рот – reg. oralis]; 64. Кiндiк [пупочная обл. – reg. umblicalis].Жылқының жаңбырлығы – жылқы санының көн етіндегі бұлшық арасындағы білеуленіп тұрған қобылы, сызық; жылқының кісегесі – жылқы қарнының майлы бөлігі; жылқының сайлығы – жылқы қолының үстіндегі екі тарам болып келетін сызық. Түсі Жылқы түсі қылаң, баран, ала боп бөлінеді. * Қылаңға ақбоз, боз, бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, құла жирен, шабдар, көк, сұр, құлагер, қызыл, нарқызыл, т.б. жылқылар; * баранға торы, қара, қаракөк, қарасұр, қоңыр, жирен, күрең, т.б. жылқылар жатады; * алаға сарыала, сұрала, көкала, керала, қарала, қоңырала, күреңала, т.б. жылқылар жатады. Алыстан қарағанда жылқының денесіндегі бозғыл түктер басым болса, ол қылаң жылқы деп аталады. Қошқыл түстер көбірек болса, баранға жатады. Ерекше кездесетін түстер болады. Мысалы, шұбар, бозшұбар, көкшұбар, қарашұбар, т.б. жылқылар. Будандары қашыр, қарта қашыр (лошак), құланоид (құлан мен жылқы буданы), зеброид (зебр мен жылқы буданы) деп аталады. Қоректенуі Жылқы шөпті жануарларға жатады. Жайылымда ол тәулігіне 25-тен 100 кг дейін шөп жейді. Жасына және тірі салмағына байланысты жылқы орта есеппен жазда тәулігіне 30-60 литр су және қыста 20-25 литр су ішеді. Жылқыны сіңіру үшін 4-5 акр жер керек, 2 га. Жылқы азығы негізінен сұлы мен шөптен тұрады, бірақ соңғысы кейде сабанмен алмастырылады. Бірнеше рет сұлы мен сұлы басқа да дәнді жеммен алмастыруға тырысты, бірақ мұндай әрекеттердің барлығы табысқа жете алмады. Тек Италияда, Испанияда және Португалияда, әсіресе Шығыста арпа сұлы, жылқы жемі сияқты ерекше. Көбеюі және дамуы Жылқыларда жүктілік шамамен 335-340 күн (11 ай) созылады. Әдетте бие бір, екі құлын сирек туады. Құлындар әдетте биеге қарағанда 2-7 күн кейінірек пайда болады. Құлын ашуланып туады және бірнеше минуттан кейін тұрып жүре алады; ол 4-6 ай бойы сүт тістері пайда болады, сүт кескіштерден орташа жұп туғаннан кейін 8-14 күннен кейін, 2-3 аптадан кейін өтеді; туғаннан кейін 5-6 айдан кейін сыртқы кесіледі. Орташа кескіштер шамамен 2 ½ жыл, келесі шамамен 3½, шеткі 4½, олармен бірге кескіштер де кесіледі; одан әрі жас кескішпен, төменгі жақпен, кескіштердің ішкі жұпымен анықталады, олар 5-6 жастағы, орташадан 7 жылға, сыртынан 8 жылға жуылады; содан кейін сол ретпен жоғарғы жақ кескіште шұңқырлар жуылады, ал 11-12 жастан бастап шұңқырлар барлық кескіштерде жоғалады, жас әр түрлі болады. 3 жылы жылқы көбеюге қабілетті болады. ## Түрлері Жылқы жүк жылқысы (Владимир жылқысы, Першерон жылқысы, т.б.), мініс жылқысы (араб жылқысы, ақалтеке, т.б.), жазық дала жылқысы (Дон жылқысы, Буденный жылқысы, Қостанай жылқысы, моңғол жылқысы, қазақ жылқысы, т.б.), тау жылқысы (кабардин, қарабақ, қырғыз, алтай жылқылары, т.б.), солтүстік дала жылқысы (витский, эстон, якут жылқылары, т.б.) болып ажыратылады. Дүние жүзінде жылқының 250-дей түрі бар. Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі (қ. Жылқы өсіру). ### Қазақстандағы жылқы қолтұқымдары Қазақстанның жылқы өсіретін асыл тұқымды шаруашылықтарында жылқының 20-ға жуық қолтұқымы өсіріледі. Қазақы жылқы Қазақстанда ерте кездерден бастап, өсіріп келе жатқан қолтұқымның бірі - қазақы жылқы. Оның негізгі тобын - «жабы» деп атайды. Бұл қолтұқым көлік малы ретінде және еті, сүті үшін де өсіріледі. Дене бітімі шымыр, қатаң ауа райына төзімді. Жыл бойы жайылымда, жемшөп талғамайды, тез қоңданады, салт мінуге ыңғайлы.Ең байырғы тұқымы нашар қазақы жылқы - жабы. Оның шоқтығына дейінгі биіктігі - шамамен 145 см, тұрқы - 150 см, салмағы - 460-470 кг. Жайылымда семіртілсе, одан 230-250 кг таза ет алынады.Жабы жылқылары Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола аймақтарында өсіріледі. Адай жылқысы Қазақстанның батыс аймақтарында ертеден өсіріп келе жатқан қолтұқымы – адай жылқысы. Жергілікті халық «дала көркі» деп ерекше дәріптейді. Оны салт мініс көлігі ретінде пайдаланады. Көшім жылқысы Көшім жылқысы да халықтық сұрыптау нәтижесінде Батыс Қазақстан аймағында шығарылған. Жергілікті биелерді басқа асыл тұқымды айғырлармен жұптастыру арқылы алынған қолтұқым. Қостанай жылқысы Қостанай және Ресейдің Челябі аймақтарында өсіріледі. 1951 жылы өз алдына жеке қолтұқым ретінде бекітілген. Жергілікті қазақы жылқылардың биелерін асыл тұқымды қалмақ, дән, орлов жылқыларының айғырларымен жұптастыру арқылы шығарылды. Бұл қолтұқым тебінге төзімсіз. Қазақстанның батыс өңірінде соңғы жылдары жылқының - мувалжар қолтұқымы шығарылды. Ол негізінен етті және сүтті бағытта өсіріледі. Биелері жылына 3000 литрдей сүт береді. Қазақстанда жоғарыда аталған қолтұқымдардан басқа жон, желғор, қарабайыр, буденный, түрікменнің ахалтекесі жылқылары өсіріледі. Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті, шипалы қымызы үшін де өсіреді. ## Жылқы өнімдері ### Қымыз Қымыздың 3 мың жылдық тарихы бар. Қымыз - халқымыздың кәделі әрі киелі сусыны. Қымыздың 40-қа жуық түрі дайындайды, оны дайындау тәсілдері де түрліше. Мысалы, уыз қымыз, бал қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз, жуас қымыз, қысырақ қымыз, шырғанақ қымыз және басқа да түрлері бар. Қымыздың шипалық қасиетіне шет елдер де көңіл бөле бастады. Халқымыздың ұлттық мерекесінің бірі «қымызмұрындық» деп аталады. ### Ет өнімдері Жылқы етінен өндірілетін өнімдер: жал, жая, қарта және шұжық. Жал - желке шайы, жая - екі жамбастың сырты, яғни сауыр еті. Қазы - қабырғаның майлы сүбе еті. Қарта - тік ішектің майлы бөлігі. Шұжық - туралған ет пен май тығылып, илектен жасалған тағам. ## Қазақ халқындағы жылқы маңызы Қазақ халқының дүниетанымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және мәдени жүйе қалыптасқан. Қазақтар адам мен оның жан серігі атына біртұтас әлем ретінде қарағанын. Адамның азамат қатарына қосылуының өзін “ат жалын тартып мінді” деп бейнелейді қазақ халқы. Жас баланың алғаш атқа отырғанын атап өту рәсімі – тоқым қағар тойынан бастап, адамның бұл өмірден өткенінің белгісі ат тұлдауға дейінгі бүкіл пәнилік тіршілікті жылқымен байланыстырған. Сыйлы қонаққа ат мінгізу, күйеу жігіттің қалыңдық алуына алғаш барғанда ат байлауы, ұрыс кезінде жау қоршауында қалған қолбасшыға ат сүйек беріп құтқару, т.б. дәстүрлер жылқының қазақ халқының шаруашылығында ғана емес, әлеуметтік өмірінде де үлкен мәнге ие болғанын білдіреді. Қазақ халқы жылқыны, ең алдымен, ел қорғаны ердің жан серігі деп дәріптеген. Ұлттық мифологиядағы иесі қысылғанда тіл бітіп, ақыл айтатын тұлпарлар (мысалы, “Ер Төстік”, “Алтын сақа”, т.б. ертегілерде), батырлық жырлардағы Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқа аты, бергі заман батырлары Исатайдың Ақтабаны, Амангелдінің Шалқасқасы иелерімен бірге жыр-аңызға айналып, ел құрметіне бөленген. Қазақ халқының әскери жорыққа төзімді жылқы тұқымдарын көптеп өсіретіні туралы деректер Ресей және Еуропа зерттеушілері Н. Бахметьевтің (1870), С. Вогактың (1873), А. Гердердің (1875), А. Вилькинстің, т.б. еңбектерінде жазылып қалған. Қазақ даласында өсірілген жықлылар 1-ші, және 2-ші дүниежүзілік соғыс майдандарына көп алынған. Екіншіден, қазақ халқы жылқыны спорттық ойын-сауықтарда (қ. Аламан бәйге, Бәйге, Құнан бәйге, Жорға жарыс, Көкпар, Аударыспақ, Ат омырауластыру, Ат үстінен тартыс, Қыз қуу, Салма ілу, Күміс ілу, т.б.) азаматтың мерейін асыратын, сал-серілік пен сәнділіктің шырайын келтіретін текті жануар деп есептеген. “Жылқы сәндік үшін, түйе байлық үшін” деген мақалдың мәні осыны мегзейді. Қазақ халқының алыс қашықтыққа шабатын аламан бәйгелер ұйымдастыратыны туралы орыс саяхатшылары тамсана жазады. Мысалы, А. Вилькинистің 1885 ж. “Журнал коневодства и коннозаводства” басылымында жарық көрген “Заметки о лошадях Туркестана” деп аталатын мақаласында мынадай пікір айтылады: “Орта Азия халықтарының ішінде атты алысқа шабуға машықтыратын қазақтар мен түрікмендер 25-тен 40 верстке (1 верст – 800 м) дейін ат шабысын ұйымдастырған. Ал Әулиеата қазақтары қашықтығы 100 версттік бәйге ұйымдастырып отырған”. Осы мақалада тағы бір қызғылықты пікір бар: “...Ташкент пен Орынбор арасына қосарға бір ат алып, 18 күнде барып қайтқан. Дәстүрлі қазақ қоғамында жүйрік жылқы тек иесінің ғана емес, бүкіл рудың, аймақтың мәртебесін өсірген. Олар туралы әндер мен күйлер шығарылып, есімдері халық жадында ұзақ сақталған. Жылқы тұқымын асылдандырудың, сәйгүлік болар жылқыны тай күнінен ажырата білудің, ат баптаудың қыры мен сырын жетік білетін мамандарды халық арасында атбегілер немесе атбаздар деп атаған (қ. Атбегілік). Үшіншіден, дәстүрлі қазақ қоғамында байлық мөлшері тек жылқымен ғана өлшенген. Жылқысының саны 5000-нан асатындар ғана бай санатына жатқызылған. Халықтың жылқы малына қатысты ерекше ықыласы, кең байтақ жайылымдардың болуы, жылқының қыста тебініп өзі жайыла алатындығы, т.б. факторлар қазақ даласында бұл түліктің көп өсірілуіне себеп болған. 1880 ж. Австрия-Венгрияда 3,5 млн., Германияда 3,3 млн., Францияда 3,0 млн. Ж. болса, 1879 ж. Қазақстанның бір ғана Орынбор облысында 1,8 млн. жылқы болған. 20 ғ-дың басындағы нәубеттерден кейін 1920 ж. Қазақстанда 8 млн-нан астам Ж. қалғандығы туралы ресми дерек бар. Шын мәнінде, ұлттық байлық саналған осыншама Ж. Кеңес үкіметінің солақай саясаты салдарынан 20 ғ-дың 30-жылдары қырғынға ұшыраған (қ. Ашаршылық). Қазақ халқы жылқы малын 3 топқа бөлген. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп әлпештеп, ерекше күтімге алған. Ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны да ерекше бағалаған. Ал еті мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабы деп аталған. ## Жылқының түсіне байланысты атаулар * Ақжол сары - жылқының бүкіл денесі ақшыл, сары. ал құйрығы мен жалы - сары немесе ақ түсті. * Ала - денесі, жалы, құйрығы мен аяғының едәуір бөлігін қоса ала-ала болып келеді. * Боз - қартая келе, түгі ағарудан барып жылқы бозғылт тартады. Туылғанда жирен, торы, қара болады. * Бурыл - жалпы денесінің түгі қара, торы, жирен т.б. түстес болып денесінің жалы мен құйрығының едәуір жері ақ болады. * Жирен - денесі, жалы, өқйрығы мен аяқтары жирен түсті. Боз, қоңыр және қызыл жирен деп бөлінеді. * Қара - бүкіл денесі, жалы, құйрығы мен аяқтары - қара. * Қарагер - қара түсті жылқыдан айырмасы: қарагердің танауы мен көзінің айналасы қара қошқыл болып келеді. * Қара күрең - денесі, жалы, құйрығы мен аяқтары қарв күрең. Әдетте, жалы мен құйрығы қара қошқыл болып келеді. * Құла - құла сұр жылқыдан айырмасы: құла жылқының төменгі жағы қара емес, теңбіл-теңбіл. * Құласұр - басы мен денесі сарғылт, тпырақ түстес қызғылтым, ал жалы, құйрығы мен аяқтары - қара. * Сұр - денесі сұр түсті, басы, жалы, құйрығы мен аяғының төменгі жағы қара. * Торы - басы мен денесі құбылып тұратын қызыл қоңыр, жалы, құйрығы мен аяқтары қара. * Шабдар - денесі, аяқтары күрең, ал жалы мен құрығы сұрғылт. * Шұбар - денесінің өн бойында қара немесе қара күрең теңбілдер болады. ## Тағы қараңыз * Жылқы аурулары * Ат * Жылқы шаруашылығы ## Дереккөздер
Қорықша – жануарлардың, өсімдіктердің жеке түрлері, су, орман, жер нысандары қорғалатын және табиғи ресурстары шектеулі түрде пайдаланылатын аумақ. Ол мемлекеттің табиғи қорық қорының бір немесе бірнеше нысандарын сақтауға және толықтыруға арналады. Қорықша жерінде шаруашылық жұмыстары шектеулі түрде жүргізіледі. Қорықшаның қорықтан айырмашылығы онда бүкіл табиғат кешені емес, оның тек белгілі бір бөлігі ғана қорғалады. Мыс., Қапшағай аңшылық қорық ш-нда дәрі-дәрмектік шөптерді жинауға тыйым салынғанымен, аң аулауға рұқсат етіледі. Олар зоология, ботаника, гидрология, геология, геоморфология, гидрогеология, топырақты, ландшафты және кешенді, жергілікті және респ. мәндегі Қорықша болып бөлінеді. Онда белгіленген тәртіппен ғылыми, мәдени-ағарту, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. ## Қорықшалардың ерекшелігі Қорықшалардың ерекшелігі - мұнда табиғат нысандарының тек жеке бөліктерін шаруашылыққа шектеп, белгілі бір мерзімде және қорғауға алынған нысандарға зиян келтірмейтін мөлшерде ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Қазақстанда қазіргі уақытта жалпы ауданы 4600 мың га 80 қорықша бар. Олар қорғалатын нысандарына байланысты геологиялық, ботаникалық, хайуанаттар қорықшалары т.б. деп бөлінеді. ## Геологиялық қорықшалар Геологиялық қорықшалар ерекше, сирек кездесетін геологиялық түзілістері мен жер бедерінің пішіндері бар ландшафтыларды қамтиды. ## Ботаникалық қорықшалар Ботаникалық қорықшалар өсімдік жамылғысының ерекшелігіне қарай әр зонаның ландшафтыларында орналасқан. Мұнда флораны сақтау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. ## Хайуанаттар қорықшалары Хайуанаттар қорықшалары жабайы жануарлар мен құстардың миграциясы жолдарында орналасқан табиғат кешендерін қамтиды, мұнда фаунаны толығымен қорғау қолға алынған. Қорықшалармен қатар, қоршаған ортаның жай-күйіне қатысты ғылыми жұмыстар жүргізілетін биосфералық қорықтар, резерваттар ұйымдастыруға болады. Елімізде болашақта оларды ұйымдастыру жоспарланған. ## Қазақстандағы маңызды мемлекеттік қорықшалар Қазақстандағы маңызды мемлекеттік қорықшалар қатарына Алматы, Зеренді, Рахман бұлағы, Балқаш маңы қорықшалары жатады. * Алматы мемлекеттік қорықшасы Алматы облысының оңтүстік- шығысында орналасқан, ауданы- 724 мың га. Іле Алатауының 2000-4000 м биіктіктегі шығыс бөлігін алып жатыр. Мұнда субальпілік шалғынды орта және биік таулы ландшафтылар басым, шыршалы ормандарды қамтиды. Өзен бойларында ұсақ жапырақты қайыңды-көктеректі ормандар, тал мен жиденің бұталы шоқтары, әр түрлі шөпті шалғындар өседі. Жануарлар дүниесінен: сілеусін, қоңыр аю, қасқыр, түлкі, елік, арқар, таутекелер бар. * Зеренді мемлекеттік қорықшасы Ақмола облысында орналасқан, ауданы 34,5 мың га. Аумағының ерекшелігі- оқшау орналасқан гранитті таңғажайып шоқырлардың, жалдар мен бұйраттардың болуы. Қалың қарағайлы орман алқаптары шалғындармен кезектесіп отырады. Қорықша аумағында табиғаты тамаша, байлыққа бай Зеренді көлі бар. Мұнда әр түрлі тұяқты және бағалы терілі аңдар ( елік, борсық,қоян, тиін, т.б.) және жабайы құстар (саңырау құр, қырғауыл) тіршілік етеді. * Рахман бұлағы қорықшасы Шығыс Қазақстан облысының Катон Қарағай ауданы жерінде, ауданы- 109 га. Қорықша Алтайдың орталық бөлігінде орналасқан. Оның құрамында бал қарағай мен самырсыннан тұратын Алтай тауының тайгалық ландшафтылары енеді. Әсіресе 1738 м биіктікте тау арасында орналасқан Рахман көлі тамаша табиғатымен таңдандырады. Көлден Арасан өзені ағып шығады. Сәл төменірек тау беткейінен сарқырап құлап ағатын көптеген бұлақтары бар. Сондай тау аңғарларының бірінде кремнийлі минералды суы бар Рахман бұлағы орналасқан. Ыстық судың температурасы 40 градусқа дейін жетеді және олар гранит-тақтасты жыныстардан ағып шығады. * Балқаш маңы қорықшасы Алматы облысында орналасқан, ауданы 200 мың га. Мұнда ұсақ төбелі құмды ландшафтылар басым. Негізгі өсімдік жамылғысын жүзгін мен құм қарағанынан тұратын бұталы шоқтармен Іленің атырауында өсетін ақ сексеуіл құрайды. Өзен салаларында жайылма тоғайлары, қияқты-қамысты шоқтар өскен. Тұяқты, бағалы терілі аңдармен су құстары қорғауға алынған. Әсіресе қабандарды, қарақұйрық ондатр мен жетісу қырғауылын қорғау маңызды орын алып отыр ## Дереккөздер
Сағидолла Ізбасарұлы Байрақымов (1936 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Көксу ауданы Мұқыр ауылы) – ауыл шаруашық ғылым докторы (1996), профессор (]]2002]]). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашығы институтын (1960, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Бұрынғы Талдықорған (қазіргі Алматы) облысында Көксу ауданы (1960–1961), Қазақстан Ғылыми Академиясының Ботаника институтында (1961–1965), Қазақтың өсімдік қорғау ғылыми-зертханалық институтында (1965–1980), Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында (1980–1985), 1996 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өндірістік-ғылыми және педогогикалық қызметте, Қазақ егіншілік ғылыми-зертханалық институтында бөлім меңгерушісі (1997–2002) қызметтерін атқарды. 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер
Тазкира-и Муким Хани (“Муким ханның ғұмырнамасы”) — тарихи шығарма. Аштархан әулеті кезіндегі Балх хандығының тарихына (1601 – 1702) арналған. Авторы – Мұхаммед Юсуф Мунши. Ол өз еңбегін Балх тағына 1697 жылы Аштархан әулетінен шыққан Мұхаммед Муким хан келген кезде бастап, 1704 жылдан кейін аяқтаған. “Тазкира-и Муким хани” кіріспе мен үш тараудан тұрады. Кіріспеде түркі-моңғол халықтарының аңыздағы түп ата-анасы Алан-гүл (Алан-гао) мен Түмен хан туралы және Шыңғыс ханның Мауераннахрды, Балх пен Бадахшанды жаулап алу тарихы қысқаша берілген. 1-тарауда Орталық Азияның Шайбани әулеті кезіндегі саяси тарихы қысқа баяндалған. 2-тарауда Балх пен Бұхар хандығының 18 ғасырға дейінгі саяси, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық тарихы, рухани және мәдени өмірі толық сипатталған. 3-тарау 1702 – 04 жылдар аралығындағы тарихи оқиғаларға арналған. “Тазкира-и Муким хани” Орталық Азия тарихынан құнды мағлұматтар беретін деректердің бірі. Еңбекте Балх пен Бұхардың Үндістан, Иран, Түркия, Қашқар және т.б. елдермен саяси қарым-қатынастары туралы мәліметтер бар. Онда Балх ханы Абд әл-Мүмин мен түрік сұлтаны Мұрат ҚҚҚ (1574 – 95), Үндістандағы моғол билеушісі Аурангзеб пен Сұбханқұл хан, т.б. билеушілердің арасында жазылған хаттардың көшірмесі берілген. 17 ғасырдың 2-жартысындағы Хиуа мен Бұхар қарым-қатынастары туралы деректердің ішінде Әбілғазының және оның ұрпақтарының Бұхара мен Самарқандқа жасаған үздіксіз жорықтары туралы мәліметтер бар. Бұл тонаушылық жорықтар ақырында Хорезмдегі Шайбани әулетінің билігі құлап, онда 1688 жылдан бастап Қоңырат әулеті билігінің орнауына әкелді. Балхпен оның маңайындағы жерлерді мекендеген түркі тілдес тайпалар арлат, қоңырат, түркмен, алшын, қатаған, сарай, қалмақ, қып-шақ, найман, құрама, т.б. туралы құнды мағлұматтар бар. Сондай-ақ қазақ пен бұхаралық билеушілердің, Оңт. Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық орталықтары мен Ташкент үшін болған күрестері туралы мәліметтер назар аударарлық. “Тазкира-и Мукин хани” жан-жақты зерттеліп, бірнеше шет тілге аударылған. 1956 жылы профессор А.А. Семенов толық зерттеу жұмысы мен аудармасын жариялады. ## Сілтемелер * Мухаммед Юсуф Мунши, Муким-ханская история, (Пер. с тадж., пред., прим. и указ. проф. А.А. Семенова) Таш., 1956; Ахмедов Б.А., Историко-географическая литература Средней Азия 16 – 18 вв, Таш., 1985; соныкі, Тарихидан сабоклар, Таш., 1994. Т. Төлебаев * Юдин В.П., Анонимное тюркоязычное сочинение второй половины ХVҚ в. из Восточного Туркестана “Тазкира-йи Ходжа Мухаммад Шариф”// Вопросы истории и культуры уйгуров, А., 1987; Абусеитова М.Х., Баранова Ю.Г., Письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии ХҚҚ – ХVҚҚ вв., А., 2001. Ж. Төлебаева * Салахетдинова М.А., Мухаммед-Садык Кашгарии. Тазкира-и Ходжахан // Хрестоматия по средневековой истории Кыргызстана (ХҚҚҚ – ХVҚҚҚвв), Бишкек, 1996; Абусеитова М.Х., Баранова Ю.Г., Письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии ХҚҚ – ХVҚҚҚ вв., А., 2001. К. Шайхыслам * "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
Қайнар — Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы ауыл, Сарыбұлақ ауылдық округі құрамында. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қордай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 55 км жерде, Шу өзенінің оң жағалауында, бұта аралас сұр жусан, баялыш, күйреуік өскен сұр, сортаңды сұр топырақты тау алды жазығында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1997 жылға дейін Благовещенка деп аталған. 1964 – 97 жылдар аралығында қызылша өсіретін «Көкқайнар» кеңшарының орталығы болып келген. Оның негізінде 1997 жылдан өндірістік кооператив және шаруа қожалықтары құрылды. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана бар. ## Дереккөздер
Князь Ибрагимұлы Мирзоев (1947 жылы 1 мамырда, Арменияда, Масис ауд. Рейханлы ауылында дүниеге келген) – филолология ғылымдарының докторы (1987), профессор (1989). Ереван мемлекеттік университетін (1970) және аспирантурасын (1973) бітірген. Ереван мемлекеттік университетінде деканның орынбасары (1975–80), кафедра меңгерушісі (1980–90), ҚазПИ-де (қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) профессор, кафедра меңгерушісі (1990–99), проректор (1999–2004) қызметтерін атқарды. 2004 жылдан университет жанындағы Әлем тілдері орталығының меңгерушісі. «Күрд әдебиетінің халықаралық байланысы» атты тақырыпта докторантуралық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері өзіндік қолтаңбасы бар шығыс әдебиетінің көркемдік ерекшелігіне, поэтикасының өзекті мәселелері мен салыстырмалы әдебиеттану ғылымын зерттеуге арналған. [250|250-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 10 монографияның авторы. «Құрмет» орденімен марапатталған (1998). ## Дереккөздер ## Сілтемелер Қазақстан Республикасының курдтар ассоциациясының президенті: [1]
Абылайша – Ақмола облысы Ерейментау ауданының оңтүстік-шығысындағы көл. Ерейментау қаласынан 17 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Жағалауы жайпақ, тілімденген, көл табанында тұнба шөккен. Еріген қар және грунт суларымен толығады. Көлдің аумағы 25 га. Ихтиофаунасының негізін мөңке балық құрайды. ## Дереккөздер
«Жас Алаш» — жастарға арналған ең байырғы және беделді республикалық басылым. Алғашқы саны 1921 жылы 22 наурызда Ташкент қаласында жарық көрді. Ұйымдастырушысы әрі тұңғыш редакторы Ғ.Мұратбаев, жауапты хатшысы І.Жансүгіров болды. Сол кездегі қаржы тапшылығына, т.б. себептерге байланысты басылым “Жас қайрат” (1925), “Өртең”, “Жас қазақ” (1923) газеттері және осы аттас журнал түрінде шығып тұрды. Газеттің жабылып қалмауын ойлаған С.Сәдуақасов. А.Байтұрсынұлы, Б.Майлин, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ж.Аймауытовтар "Еңбекші қазақтың" бір бетін “Лениншіл жас” деген атпен де шығарған. Газет 1927 жылы 22 қыркүйектен “Лениншіл жас” деген атпен шыға бастады. Бұл басылым қай кезде де қазақ жастарының азамат болып қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді. Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін газетке “Жас алаш” атауы қайтарылды. 2000 жылы ұлттық баспасөз клубы, Қазақстан баспасөз клубы, “Алтын жұлдыз” орталығымен бірігіп өткізген дәстүрлі “Алтын жұлдыз” бәйгесінде “Жас Алаш” жылдың ең үздік газеті атанып, “Алтын жұлдыз” белгісімен, газеттің бас редакторы Нұртөре Жүсіп мемлекеттік тіл мен ұлттық дәстүрді дамытуға сіңірген еңбегі үшін жылдың таңдаулы “Алтын адам” сыйлығымен марапатталды. “Студент”, “Руханият”, “Алдаспан”, “Мыңнан бір мезет”, “Ақ отау”, т.б. қосымшалары бар. Жалпыұлттық қазақ басылымы. О баста негізінен жастарға бағдарланғанымен, «Жас Алаш» — үлкен-кіші үзбей оқитын дәстүрлі әрі жаңаша басылым. Сонымен бірге ол — Қазақстандағы белгілі де беделді журналистика кадрларын тәрбиелеп шығарған ұстахана іспетті. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің, журналистикасы мен публицистикасының небір майталмандары жұмыстарын алғаш рет осы қарашаңырақтан бастаған. Бүгін де бұл басылымнан тұрмыс-тіршілігіміздің сан-саласын қамтыған өткір де өзекті дүниелерді оқуға болады. «Жас Алашта» күнделікті жаңалықтармен қатар, саясат пен экономика, әдебиет пен мәдениет, өндіріс пен экология, қылмыс және заң, қаржы және басқару жүйесі, маркетинг пен менеджмент, білім беру мен денсаулық сақтау, өнер мен өзге де тақырыптарды қамтыған мақалалар тұрақты жарияланады. «Студент», «Ырғақ», «Мыңнан бір мезет», «Отбасы» атты қосымшалары бар. Еліміздің түкпір-түкпірінен келетін оқырман хаттары «Мақатаев-22» бетінде жарияланатын болса, әр саланың қайраткер тұлғалары мен сарапшы мамандардың сұхбаты «Ашық әңгіме», «Екеуара әңгіме» айдарларымен беріліп тұрды. «Жас Алаштың» өзіне тән ең бірінші сипаты — оның өткірлігі мен турашылдығы, жаңашылдығы мен тапқырлығы. Ақпаратты мейлінше объективті беруі және мәселелерге жаңаша көзқараспен келіп, терең сараптауы «Жас Алашты» ақпараттық кеңістіктегі беделді басылымға айналдырып, кәсіби газет деңгейіне көтерді. «Әлеуметтік технологиялар орталығы» жүргізген маркетингтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, «Жас Алаш» — 15 жастағы жасөспірімдерден бастап, алпыстан асқан ақсақалдарға дейінгі аралықтағылардың сұранысына ие, беделді әрі жаңашыл басылым. Басылымның негізгі оқырмандары — жоғары білімді азаматтар, жоғары оқу орындарының студенттері, әр деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен қарапайым ауыл тұрғындары. ## Марапаттары «Жас Алаш» әртүрлі қоғамдық және халықаралық ұйымдар тарапынан берілетін сый-сияпат, мақтау-марапаттан да кенде емес. 2000 жылғы «Алтын жұлдыз» байқауында «Қазақстандағы ең үздік газет» атанды. 2004 жылы «Жыл таңдауын» жеңіп алды. Үш жыл қатарынан «Жас Алаштың» тілшілері «Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты» атанды. Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы журналистика және саяси публицистика саласы бойынша берілетін алғашқы сыйлық та «Жас Алашқа» бұйырды. Беделді рейтинг агенттіктері жүргізетін зерттеулер нәтижесінде «Жас Алаш» қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдарды қоса есептегенде, объективті ақпарат тарататын беделді басылымдардың алғашқы үштігіне кірді. Газеттің сайты — дербес интернет басылым. Басылым бетінде жарық көрген мақалалар интернетте де жарияланады. Сонымен қатар жедел жаңалықтар мен онлайн қызметі енгізілген. Қазіргі таңда газеттің интернет нұсқасында мақалалар толық жарияланбайды. Материалдардың рейтингін анықтауға да мүмкіндік туып отыр. Ауылдық жерлер мен шағын қалаларда «Жас Алашты» қолдан-қолға алып оқу дағдыға айналған. Газеттің бір нөмірін кемінде 150 мың адам оқиды. Ал жарты жылдағы оқырман саны 8 миллионнан асты. ## Таратылуы Жазылым бойынша — 87 % Бөлшек саудада— 13 % Ұжымдық жазылуда — 9 % Жеке жазылуда — 78 % VІP-таратылуы — 3,4 % (Президент әкімшілігі, Үкімет және Парламент, амақтардағы ірі өнеркәсіп орындары, отандық және шетелдік ірі компаниялар, елшіліктер, телерадио және баспа ұйымдары). Газет жазылу және бөлшек сауда жолымен тарайды. Газетті тарататындар: «Қазпошта», «Евразия-пресс», «Эврика-пресс», «Kazpress», «Жастар-2005», «Ернур-пресс», «Туран-пресс», «Төле би-пресс» және тағы басқалар. «Жас Алашты» Қазақстандағы барлық газет-журнал дүңгіршектерінен сатып алуға болыды. Басылымның құрылтайшысы — «Жас Алаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Есепке қойылғандығы жөніндегі куәлікті Қазақстанның ақпарат министрлігі берген, № 4361-г. 31.10.2003 жыл. Газет Алматы қаласында басылады, республиканың түкпір-түкпіріне тарайды. Аптасына екі рет — сейсенбі және бейсенбі күндері шығады. Форматы — А2, көлемі — 6 бет. Апталық таралымы — 140 000. «Жас Алаштың» күні бүгінге дейін 15 мыңнан астам нөмірі жарыққа шықты, яғни басылым осыншама рет оқырманымен жүздесті ## Сыртқы сілтемелер * Ресми торабы Мұрағатталған 10 наурыздың 2008 жылы. ## Дереккөздер
Әбіш Жандыбайұлы Құнанқараұлы (қазіргі Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Мыйбұлақ ауылының тумасы) — 19 ғасырда өмір сүрген сәулетші. Баршақұм өңірінде туып өскен. Атасы Құнанқара танымал сәулетші болған. Құнанқараұлы тұрғызған “Тіркеспе” атты қызыл кірпіштен өрілген тұрғын-жайлар қазақ сәулет өнерінде кең тараған. Мұнда тұрғын-жайдың қонақ үйі, жатын бөлмесі, ас үйі, шоланы, сондай-ақ жатақ үйі мен астық қоймасы, отын-суға арналған қора-қопсысы бір-бірімен жалғасып салынады. 19 ғасырда салынып, Ұлытау, Қарағанды, Арқа өңіріне кең танылған Қалманбай үйін Құнанқараұлы тұрғызған. Құнанқараұлы мазар тұрғызу ісінде Орта Азия сәулет өнерінде сирек кездесетін сегіз қырлы негіз бен көк күмбезді құрылымды алғаш қолданған сәулетшілердің бірі. Ол Сарысу өзені бойындағы Рахметолла, Жетіқоңырдағы Байсақал мен Ерубай, Сарыкеңгір өзені бойындағы Мөлдір бәйбіше мен Жұмабек мазарларын салған. ## Дереккөздер
Құлпытас – бейітке қойылатын тас белгі. Ұғым-түсініктері мен салт-дәстүрлеріне қарай дүние жүзі халықтарында құлпытастың көптеген түрлері кездеседі. * Ежелгі Шумер, Мысыр, Этрустар заманында құлпытастар адам мүсіні түрінде жасалынды. Құлпытасқа адам бейнесін қашап, мәйітпен бірге қою дәстүрі ғұн заманы, түрік қағандығы, қыпшақ, түргеш дәуірлерінде кең жайылды. * Құлпытастардың шығу тегі, рәміздік мән-мағынасы туралы ғылымда нақты тұжырым қалыптаспаған. Қалай болғанда да, қазіргі қазақ даласындағы құлпытастардың арғы тарихы сақтар мен ежелгі түркілердің тас мүсіндерімен, сондай-ақ көне түркілер жазуы қашалған бітіктастармен байланысты екендігі анық. Қазақ даласындағы құлпытастардың даму эволюциясы Батыс және Оңтүстік Қазақстанда сақталған құлпытастардан көрінеді. * Құлпытастарды әрлеу, нақыштау, бедерлеу ісі сол кезеңде өмір сүрген халықтың қолөнері мен мемориалдық үрдісінің, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен дүниетанымының белгісі іспетті. Мысалы, түркі жерінде ислам дінінің бел алуына орай бейнелі құлпытастар орнына өрнекті көктастар қойылатын болды. Ислам дінінде қабір басына белгі қоюға рұқсат етілгенімен, аса үлкен құлпытас қойып, оған адамның, малдың немесе әлдебір заттың суретін бейнелеуге тыйым салынуына байланысты құлпытастарға арабша Құран сүрелері мен аяттар жазу өнері етек алды. Түркістандағы Иасауиге қойылған құлпытас, сондай-ақ сонда жерленген қазақ халқының атақты хандары мен қайраткерлерінің басына қойылған құлпытастарда осы үрдіс сақталған. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Майтөбе – Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл. * Майтөбе – Жамбыл облысы Талас ауданындағы ауыл. * Майтөбе – Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл. * Майтөбе – Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы темір жол бекеті. * Майтөбе – Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Майтөбе – Көксу алабындағы өзен. * Майтөбе – Қастек жотасының солтүстік сілемінде орналасқан тау. * Майтөбе – Ұлытау тауларының оңтүстігінде орналасқан тау. * Майтөбе – ежелгі бекініс орны. * Майтөбе – жер асты су кен орны.
ШОҢҒАЙ, Шұңғай, Шоңай – Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы ауыл, темір жол стансасы Саратов – Астрахан темір жолының салынуына байланысты 1906 ж. іргесі қаланған. Шоңғай Қазақстанның батысындағы қиыр елді мекені саналады. ## Дереккөздер
Заңдар Қайшылығы - құқықта – ресми түрде қолданылатын екі немесе одан да көп нормативтік актілер (заңдар, жарлықтар, қаулылар, т.б.) мазмұнындағы бір мәселе шешіміне қатысты алшақтық. Заңдар қайшылығы қарастырылып отырған мәселеге қолданылуға тиіс нормативтік актінің лайықтысын таңдап алу арқылы шешіледі. Егер бір орган шығарған актілер арасында алшақтық (қайшылық) ұшырасса, онда ол органның ең кейін шығарған актісі қолданылады. Өйткені мұндай алшақтық (қайшылық) жаңадан акт қабылдау кезінде ескісінің қолданыстан үнемі алынып тастала бермейтіндігінің салдарынан туындауы мүмкін. Жалпы және арнаулы актілер арасында алшақтық (қайшылық) пайда болған кезде, егер кейін алынып тасталмаса, онда жалпы актіге басымдылық беріледі. Ал түрлі органдар қабылдаған актілердегі нормалар мазмұны алшақтыққа (қайшылыққа) ұшыраса, онда жоғары тұрған органның нормасы негізге алынады.Сондай-ақ, әр түрлі мемлекеттердің құқықтық актілерінің арасында да заңдар қайшылығы ұшырасуы ықтимал. Әсіресе, мұндай заңдар қайшылығы құқықтық болмысы азаматтығын алған елдің де заңымен, келген елінің де заңымен айқындалатын шетелдік азаматтарға қатысты пайда болады. Мұндай заңдар қайшылығы нақты әр жағдаятқа байланысты қай елдің заңы қолданылуға тиістілігін айқындайтын қайшылықтық нормалар негізінде шешіледі. ## Дереккөздер
Сағындық Байсалов (1.7.1928 жыл, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы – 1997 жыл, Алматы қаласы) – заң ғылымдарының докторы (1966), профессор (1971), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген заңгері (1972). ## Өмірбаяны * Ташкент заң институтын (1949) бітірген. * КСРО Ғылым Академиясының Мемлекеттік және құқық институтының аспирантурасын (1952) бітірген. * Қазақстан Ғылым Академиясының Философия және құқық секторында аға ғылыми қызметкер * Қоғамдық ғылым бөлімшесінің ғалым-хатшысы (1953–1970) * 1971 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) профессор, кафедра меңгерушісі болып, ұзақ жылдар жұмыс істеді. ## Еңбектері Қазақстанда жер-суды, табиғатты қорғауға байланысты қабылданған заң, қаулы-қарарларды іс жүзіне асыру мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерттеген әрі республикада қолданылған азаматтық, жер-су кодекстерінің жобаларын жасауға қатысқан. Байсалов 70-тен астам ғылыми еңбектің («Право сельско-хозяйственного водопользования в Казахской ССР», 1956; «Водное право КазССР», 1966) авторы. ## Дереккөздер
Бауыржан Момышұлы ауылы (1992 жылға дейін — Бурное) — Жамбыл облысындағы Жуалы ауданының орталығы (1936 жылдан). ## Географиялық орны Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 69 км жерде, Теріс өзенінің (Аса өзенінің саласы) оң жағалауында, солтүстікте Қаратау, батыста Боралдай, оңтүстік-шығыста Талас Алатауының түйіскен жерінде орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1916 жылы Арыс – Әулиеата темір жолын салуға байланысты қаланған. ## Халқы ## Кәсіпорындары Бауыржан Момышұлы ауылында сыра зауыты, баспахана, диірмен, ауыл шаруашылық машиналарын жөндеу және тұрмыс қажетін өтеу шеберханалары, май және нан зауыттары, жүн иіру және жіп тоқу фабрикасы, астық қабылдау пункті, мал емдеу пункті жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Аурухана, емхана, тубдиспансер, дәріхана, санитарлық-эпидемиологиялық станция, мәдениет үйі, стадион, кинотеатр, қонақ үйі, орта мектептер, музыка және спорт мектептері, балабақшалар, т.б. мекемелер бар. Ауыл 1993 жылдан Бауыржан Момышұлы аталады. 1995 жылы Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының мемориалдық ескерткіші мен мұражайы ашылған. Ауыл үстімен Алматы – Ташкент автомобиль жолы өтеді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. * ## Дереккөздер
ШОҢҒАЛ – өзен арнасының қатты тау жыныстары ашылып жатқан немесе дөңбек тастар үйіліп қалған бөлігі. Ондай жерлерде өзен суы тастан тасқа шапшып, буырқанып ағады. Шоңғал әсіресе тау өзендеріне тән. Жазықтарда ежелгі платформаның кристалдық іргетасын құрайтын тау жыныстары ашылып жатқан немесе магмалық тау жыныстары таралған жерлерде кездеседі. ## Дереккөздер
Қазақстан жерінде сүтқоректілердің - 180, құстың - 500, бауырымен жорғалаушылардың - 52, қос мекенділердің - 12, балықтың 104-ке жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар, т.б.) бұдан да көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнан асады. * Қазақстанның солтүстігіндегі орманды дала белдемінде бұлан, елік, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекілік, көл айдындарын су құстары – аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Еділ өзенінің жағалауынан Алтай тауы бөктеріне дейінгі астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйірбас сұр тышқан, кәдімгі сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан – дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседі. Көктемнен күзге дейін бұл жерлерде ақ бөкен үйірлері жайылады, олар қысқа қарай шөлді аймаққа ығысады. * Едәуір бөлігін Жайық өзенінің аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнің батыс бөлігін бұлан, елік жайлаған, мұнда еуропалық қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседі. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қосмекенділерден Жайық, т.б. өзендердің аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседі. Мұнда бұлдырық, сұр кекілік, тырна, бозторғай көп. Далалық белдемнің шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы, ақ қоян, сілеусін, елік, арқар мекендеген. Өсімдік жамылғысы әркелкі шөлейт белдемде саршұнақтар мен қосаяқтың, құм тышқаны мен қоянның бірнеше түрі кездеседі. Мұнда ақ бөкен де, сондай-ақ 20 ғ-дың 40 – 50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетін. Бұл белдемде құстан дуадақ, шіл, қылқұйрық, бозторғай, т.б. бар. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстірт пен Маңғыстау жартастарының арасында кездесетін үстірт арқары жұтаң өсімдіктермен қоректеніп, ащы суды қанағат етеді. Үстіртте ұзын инелі кірпі, қарақұйрық, шөл сілеусіні – қарақал кездеседі. * Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерде кездеспейтін ерекше тұқымдас өкілі – жалманды атап өткен жөн. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы кейбір аудандарда, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында ғана бар. Солүстік Балқаш маңындағы бірнеше жерден ғана тіршілік ететін бес башайлы ергежейлі қосаяқ та ерекше жануар. Мұнда құстан шіл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседі. Оңтүстік Балқаш құмында осы араға ғана тән сексеуіл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тіршілік етеді. Құмайтты шөлде бірқатар кесіртке (жұмырбас, ешкіемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан, т.б.) түрлері, дала тасбақасы тараған. Республиканың қиыр оңтүстігіндегі кейбір жерлерде келес сақталып қалған. Өзен-көл аңғарларындағы орман-тоғайларда елік, жабайы шошқа, құм қояны, қырғауыл, т.б. кездеседі. Балқаш, Сасықкөл, т.б. көлдердің жағалауындағы қалың қамыс арасында бірқазан, жалбағай, ақ құтан, көк құтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынын өте сирек кездесетін, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген реликт шағала қоныстайды. Қазақстанның шығысы мен оңтүстігін қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесі де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сібір таутекесі, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиін, борша тышқан, алтай суыры, құр, шіл, т.б. кездеседі. * Зайсан қазаншұңқырынан оңтүстікке қарай созылып жатқан тауларда [Сауыр, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы] марал, елік, арқар, сібір таутекесі, қоңыр аю, сілеусін, барыс, ұзынқұйрық саршұнақ мекендейді. Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауы мен Талас Алатауында көкшіл суырдың орнына қызыл суыр және өте сирек кездесетін Мензбир суыры жерсіндіріле бастады. Қазақстанның оңтүстік-шығыс тауларында жыртқыш құстардан қозықұмай, тазқара, бүркіт тіршілік етеді. Кең байтақ Қазақстан жерін мекендеген жабайы жануарлардың тәжірибелік маңызы бар: олардың кейбіреулері (ақ бөкен, марал, жабайы шошқа, ондатр, суыр) ауланады, екінші біреулері – өсімдік пен жануар зиянкестері (саршұнақ, тышқан, т.б.) мал мен адам ауруларын таратады. Кемірушілер жазық және таулы жерлерде оба ауруын, тышқан тәрізді, кемірушілер туляремия, лептоспироз, қуқызба ауруларын таратады. Қансорғыш кенелер аталған аурулардың кең етек алуына себепкер болып, малға бірқатар қан-паразиттік аурулар жұқтырады. Жануарлар түрлерінің қазіргі сипаты бірқатар жағдайларға байланысты, олардың аралығында, ең алдымен, жердің аса кең аумақта игерілуі, осыған орай жер суару, не керісінше, көптеген жайма су аңғарларын құрғатып, тех. дақылдар егу нәтижесінде жер бедерінің өзгеруі сияқты жағдайларды атап көрсету керек. Мұның нәтижесінде соңғы 150 – 200 жыл ішінде республика бойынша керқұлан (Пржевальский жылқысы), қабылан, тұран жолбарысы, тоғай бұғысы сияқты түрлері жойылып кетті. Көптеген аса бағалы аң түрлерінің азайғандығы соншалық, тіпті оларға жойылу қаупі төнген. Бұлардың қатарына қарақұйрық, үстірт арқары, арқар, Мензбир суыры, ортаазия өзен құндызы, қарақал жатады. Құстардың ішінде дуадақ, безгелдек, жорға дуадақ, қоқиқаз, орақтұмсық, жылан жегіш қыран, бүркіт, балықшы, кезқұйрықты субүркіт саны тым азайып кетті. Олардың бәрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілді. Сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кітабының” 3-басылымына қорғауға алынған аңдардың 40 түрі, құстың 56 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 10 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, балықтың 16 түрі енгізілді. Қорықтарда көптеген сирек кездесетін жануар түрлері мемлекеттік қорғауға алынды (қ. Ақсу-Жабағылы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Наурызым қорығы, Марқакөл қорығы, Үстірт қорығы). Республикамыздың қазіргі жануарлар дүниесі алуан түрлі, ал оның кең байтақ жерінде бұрын да көптеген жануарлар мекендеген. Мұнда бір кезде құрып кеткен омыртқалылардың 200-ден астам түрі, көне дәуірдегі теңіз жайылмасында тіршілік еткен бауырымен жорғалаушылардың, балықтардың, омыртқасыз жәндіктердің, мәселен, ұлулардың бірнеше жүздеген түрі табылды. ## Дереккөздер
Әуезхан Қодар (12 маусым 1958, Қармақшы ауданы, Абыла ауылы - 9 шілде 2016, Алматы қаласы) – мәдениеттанушы, философия ғылымдарының кандидаты. Байұлы тайпасының Алтын руынан шыққан. ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) заң факультетін бітірген (1982). 1982 – 85 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауаткомының жасөспірімдер жөніндегі комиссияның хатшысы, 1989 – 94 жылы Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем аударма және әдеби байланыстар жөніндегі редакторы бас алқасында орыс бөлімінің меңгерушісі, 1994 жылдан Қазақстан халықтарының мәдениетін қорғау жөніндегі «Алтын ғасыр» қоғамдық бірлестігінің президенті. 1997 – 98 жылы Неміс театр академиясында философия тарихынан дәріс берді. 1999 жылдан «Тамыр» журналының бас редакторы. Қодар «Туған күн», «Ақеділдің анты» пьесаларының (1986), «Қанатты өрнек» (1990), «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» жинағының (1996), «Еске алмау шеңбері» (1998), «Қазақ әдебиетінің тарихына шолу» (1999) кітабының, «Қанағат қағанаты» жинағының (1994) авторы. Қазақ тіліне Е.Замятиннің «Аттила» драмасын, М.Хайдеттер, Х.Гасеттің философиялық еңбектерін, Швиттерстің өлеңдерін, орыс тіліне Абай, Мағжан, Ж.Жақыпбаевтың шығармаларын аударған. Қодар республикалық шығармашылық жастар «Жігер» фестивалінің лауреаты. ## Дереккөздер
Қарахан әулеті заманының өнері - Қарахан мемлекеті кезеңінде тұрғызылған сәулет өнерінің озық үлгілері. 10 – 12 ғасырда Жетісу, Сырдария алқаптарында қала, мешіт, монша, кесене (Айша бибі, Аяққамыр, Алаша жасалған 8 қырлы, жұлдыз гүлді, кілем өрнегі тәрізді нақыштар көптеп пайдаланылды. Орта Азия мен Қазақстанның археология үрдісіндегі ішкі бірлік жалпы ислам дүниесіне ортақ қалалық өркениеттің белгілерімен көзге түседі. 10-ғасырдың басында Қарахан әулетінің негізін қалаушы Сатұқ ислам дінін қабылдады, ал оның ұлы Боғра хан Мұса 960 ж. хан күмбезі, Бабажы қатын кесенесі, Жошы хан күмбезі, т.б.) тас көпір салу ісі өркендеді. Архитектура құрылыстарға күйдірілген қышты пайдалану ғимараттардың композиция типтерін қалыптастыруға, арка, күмбез құралымын (конструкциясын) кеңінен қолдануға, көркемдеу әдістерінің алуан түрін іске асыруға жол ашты. Олардың сыртқы қабырғалары, күмбездері мен күмбезге ұласатын тұстары өрнекті кірпіш өрілімімен нақышталса, ішкі еңселері ғимарат құрылымымен үндес ою-өрнекпен әсемделді. Құрылыстарда қашап, құйып, исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Қала мәдениетінің дамуында ислам дінінің маңызы артты. Мұсылман діні қалаларда қарқынды дамып, орта ғасырлық араб ғалымы әл-Макдиси мешіттердің қалалардағы міндетті құрылыстардың біріне айналғанын айтады. Құйрықтөбе қаласының жұртында жүргізілген қазба жұмыстарында 10 – 13 ғасырларда салынған деп табылған мешіт қазылған. Баласағұн, төмен Сырдария және Тараздағы мұсылман сәулет өнерінің діни құрылыстары неғұрлым кейінгі кезеңге жатады. Мешіт пен мұнара әкімш. биліктің және билік басындағылардың дінге адалдығының нышанын білдірген. Қарахан әулетінің билігі тұсындағы сәулет өнерінің үлгілері Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы моншалардан айқын көрінеді. Шығыс қалаларында моншаның қоғамдық құрылыстар қатарында маңызды орын алғаны мәлім. Археол. зерттеулер қала тұрғындарының өмірінде мәдени-қоғамдық мәні артып, мешіттен кейінгі кісі ең көп баратын орынға айналған моншалардың орындарын анықтады. Сәндік қолданбалы өнер Қарахан әулеті заманының өнері көбінесе, ыдысты өрнектеу, зергерлік және сәулетшілікте айқын көрінді. Үйлерді сәулеттендіру, безендіру құрылыс материалдарымен (сары топырақ, кірпіш, ганч, т.б.) және олардың өңделу технологиясының жетілдірілуімен байланысты болды. Шеберлер тегіс қабырғаны кірпішті қырынан, жалпағынан, тігінен, жалпы қатардан жылжытып қалау арқылы белгілі бір сурет бедерлермен көркем өрілім түзген. Бейнелі қалау осылайша қалыптасты. Қарахан әулеті заманының өнерінде оюлы, жылтыратылған кірпіштер кеңінен қолданылды. Бұл сәулеттік терракотаның бастапқы үлгісі болатын. Халықтық қолөнерге мейлінше жақын ганчқа ойып, әшекейлеу сияқты сәулеттік декордың бұл саласы фактурасының ақ түсімен, күн сәулесі түскенде жарық пен көлеңкенің көркем құбылуын туғызатындықтан кең қолданылды. Бірақ ганч жаңбыр мен желден тез бұзылатындықтан көбіне ғимараттардың ішкі еңсесін әсемдеуге қолданылып, ғимараттың сыртына оюлы терракота пайдаланыла бастады. Қолданбалы өнерде керамика мен терракотаны, оймыштау мен әшекейлеу әдісімен нақыштау одан әрі жалғастырылды. Бедерлеу, кесу, жапсыру, т.б. әдістер арқылы жасалған бояулы қабырға өрнектері мен су құбырлары (Тараз моншасы), ромб не шеңбер түріндегі үлкен әрі анық ою-өрнектермен әсемделген тұтыну заттары, т.б. Қарахан әулеті заманының өнері мұралары орта ғасырдағы қазақ сәулет өнері мен сән және қосалқы өнерінің даму кезеңдерін көрсетеді. ## Дереккөздер
Тәржіман– газет. Алғашқы саны 1883 жылы 10 сәуірде “Тілде, пікірде, істе – бірлік” деген ұранмен Бақшасарай қаласында шықты. Ұйымдастырушы және шығарушы редакторы И.Гаспринский. Бұл барлық ресейлік түркілерге арналған тұңғыш газет еді. Газет пен оның шығарушысы еркіндік пен білімге ұмтылған түркі халықтарының көшбастаушысына айналды. Тәржіман басылымының мақсаты түркі халықтарын азаттық күресте бірлікке және оларды ортақ әдеби тілге көшуге үндеді. Сонымен қатар Орта Азия халықтарының сауатын ашуға ат салысты. Қаржы тапшылығына байланысты 1914 жылы жабылды. ## Сілтемелер
Құлсариев Ертай (1892, Алматы облысы Іле ауданы – 2.3.1958, сонда) – ақын, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаушы. Ауыл молдасынан сауат ашқан. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында өнерпаздардың үгіт бригадасына қосылып, ауыл еңбеккерлерін жеңіске жігерлендірді. Осы кезеңде “Біздің жол”, “Жау өңешін жұлып ал” сияқты патриоттық жырлары мен жұмбақ өлеңдері (“Патефон туралы”, “Трактор туралы”, т.б.) ел ішіне кеңінен тарады. “Көроғлы”, “Қисса-и Жәмшит”, “Мұңлық – Зарлық” секілді Шығыс сюжетіндегі қисса-дастандар мен “Арқалық батыр”, т.б. фольклерлық туындыларды жырлап, халық арасына таратты. “Жаңа заң”, “Амангелді батыр”, “Жеңіс” сынды топтама өлең, толғаулары мерзімді баспасөз беттерінде, “Халық ақындары” жинағында жарияланды (1953). Жеке туындылары, қолжазбалары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академисының Орталық ғылым кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында, Әдебиет және өнер институты Қолжазба орталығында сақталған. Құлсариевтың өмірі мен шығармалары туралы “Ақын-жыраулар” кітабында айтылады (1979). ## Дереккөздер
Нұрмағамбетова Астра Мұңдыққызы (23.12.1975 жылы туған, Қырғызстан, Ыстықкөл облысы Шолпаната қаласы) – ғалым, химия ғылым кандидаты (2001). Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1998). 1998 – 2001 жылы Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтында аспирант, ғылыми қызметкер. Негізгі ғылыми еңбектері Шеннонның ақпараттық энтропиясы мен Больцман үйлестірілуі негізінде өтетін молекураль соқтығысулардың термодинамика және қолданылу аспектілеріне арналған. Осы бағыт бойынша көптеген теория және практика маңызды нәтижелерге қол жеткізіп, жаңа технология әдістер ұсынды. Нұрмағамбетова қатты, сұйық және газ тәріздес күйдегілер үшін ретсіз бөлшектердің бірыңғай теориясын әзірлеп, оны бастапқы алынған мыс пен мыс созбасының технологиясын жетілдіруге және сапасын арттыруға қолданғаны үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алған (2005). 90-нан астам ғылыми еңбектің, 2 монографияның авторы. ## Сілтемелер * Химия
Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші – Алматы қаласындағы Төле би көшесінде саябаққа кіре берісте, 1986 ж. желтоқсан оқиғасының 10 жылдығына орай қойылған (1996). Мүсіншісі – З.Тастеков, арх-лары – Б.Мұсаев, С.Дембай, Н.Баекеев. 1986 ж. желтоқсанда Алматыдағы бас алаң жастардың коммунистік жүйе режимі әміршіл-әкімшіл аппаратына қарсы алғаш үн көтерген орны болды. Осы қозғалысқа қатысқан Алматы архитектура академиясының студенті Қайрат Рысқұлбеков Желтоқсан оқиғаларына қатынасқаны үшін өлім жазасына кесілген болатын. Оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. Оның есімі Тараз қаласындағы мәдениет және демалыс саябағына, Алматы мен Тараз қалаларындағы көшелерге берілді. Ескерткіштің мүсіндік-архит. композициясы әр түрлі биіктікте қиғаш кесіліп, үш сатылы тұғырға орнатылған үш-қырлы призмалар түрінде шешілген. Орталық призманың жылтыр бетінде батырдың кеудеге дейінгі бейнесі сомдалған. Тұғыры – ақ мәрмәрдан,мүсін – шыңдалған мыстан құйып жасалынған. Ескерткіштің жалпы биікт. 10 м. ## Дереккөздер
Қарахан кесенесі - Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишаны Сайд Бакханов қаржыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне еліктеушілік байқалады. Қарахан кесенесі төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Артқы жағында екі мұнарасы бар. Кесененің қас беті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңт-тен солт-ке қаратыла қойылған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы кесененің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған. ## Дереккөздер “Тараз энциклопедиясы”
Шоңқай – Торғай өзенінің тармағы. ## Географиялық орны Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 51 км. ## Бастауы Бастауын Ырғыз өзенінің шағын саласы – Торғай өзенінің орта ағысынан алып (Дүйсембай мешітінің батысында 4 км жерде), Жыңғылдыөзексор көліне құяды. ## Географиялық орны Арнасы құмдақ жыныстардан түзілген. Қар суымен толығады. Кішігірім 15 саласы бар. ## Дереккөздер
Құнарлы қабат,құнарлы свита, құнарлы горизонт — шөгінді жыныс қабаты; құрамында көмір, су, мұнай мен газ, т.б. пайдалы қазындылардың өндірістік мөлшері бар. Әдетте құнарлы қабат деп бейкентасты және жанғыш қазба байлықтары шоғырланған шөгінді, жанартаулы-шөгінді тау жыныстарының әр түрлі құрамды түзілімдерін айтады. Мысалы, Апшерон түбегіндегі саз, құмайт, құм, құмтас, малтатас, сондай-ақ,конгломераттың өзара алмаса орналасқан қабаттарынан құралған плиоцендік шөгінділер құнарлы қабат деп есептелінеді. Бұл шөгінділердің жоғары бөлігі сурахан, сабучин, балахон свиталарынан, ал төменгі бөлігі үстіңгі және астыңғы кирмакин свиталарынан тұрады. 1912 ж. Н.Н. Андрусов балахон сериясы ретінде сипаттаған осы шөгінділерді 1913 ж. М.В. Абрамович құнарлы қабат деп атады. Олардың жер қыртысы түзілімдерінің әр түрлі стратигрлық қабаттарымен (горизонттарымен) байланысты болатындығын 1914 ж. И.М. Губкин дәлелдеді. Қарағанды көмір алабының таскөмір жүйесінің тентек, ащылыайырық, қарағанды, долинка свиталары, [[Қаратау фосфорит алабының төменгі кембрийлік, шолақтау свиталары, Каспий маңы ойысы мұнай-газ кен орындарының ортаңғы таскөмірлік жікқабаты]]ның кашар қабаты (Жаңажол кен орны), юра кезеңінің неоком мен бат жікқабаттары, девон кезеңінің төменгі — ортаңғы таскөмір кезеңінің шөгінді қабаттары құнарлы қабаттар қатарына жатады. ## Дереккөздер
Қарабас – Балқаш көлінің солтүстік-батысындағы шоқылы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты кентінен оңтүстік-батысқа қарай 85 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 664 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 18 км-ге созылып жатыр, енді жері 10 км шамасында. ## Жер бедері Солтүстік-батыс беткейі тіктеу, қалған бөліктері еңістеніп жазыққа ұласады. Солтүстігінде Түбек, шығысында Қарағаштау, оңтүстігінде Мұзбелжон таулары, батысында Сайадамөлді қонысы орналасқан. ## Өсімдігі Сортаң, бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, кермек, бетеге, бұталар өседі. ## Дереккөздер
Ырыскелді (туған-өлген жылы белгісіз) — қазақ батыры, елші. 1733 жылы Ұлы жүз елшілігі құрамында (елшілік екі адамнан құралған – Аралбай батыр мен Ырыскелді) Кіші жүз ханы Әбілқайырға онан әрі Ресейге барып қайтты. Ондағы мақсаттары – Ресей императоры Анна Иоанновнаға жолығып, сол кезде жоңғар хандығына тәуелді болып тұрған Ұлы жүзді сақтап қалу үшін Әбілқайыр арқылы орыстардан көмек алу еді. 1733 жылдың соңында Ұлы жүздің елшілігі мен Әбілқайыр өкілі Тәтімбет батыр Санкт-Петербургке барды. Олар Анна Иоанновнаның қабылдауында болып, Ұлы жүздің көрнекті ел билеушілері – Қодар би, Төле би, Сатай, Хангелді және Бөлек батырлардың қарауындағы ел-жұртымен Ресей азаматтығын қабылдайтындықтарын білдірген хатты табыс етті. 1734 жылы 10 маусымда Анна Иоанновна Ұлы жүздің старшындары мен батырларына және “барлық қырғыз-қазақ халқына” арналған және оларды Ресей құрамына алғандығын білдірген грамотаға қол қойды. Ұлы жүз ханы Ор өз. бойына “ант қабылдауға” арнайы шақырылды. Ресми деректер бойынша Ырыскелді 1738 жылы қыркүйекте Кіші жүздің Ресей азаматтығын қабылдауына байланысты өткен салтанатқа қатысқан. ## Дереккөздер