text
stringlengths 3
252k
|
---|
Балталы — Орта жүз құрамындағы Найман тайпасының руы.
## Бөлінетін тармақтары
* Мардан
* Бегіс
* Құли
* Арғымақ
* Қаншегір
## Алқаптары
Тарихи деректерде, аңыздарда бағаналы-балталы қатар айтылады. Ерте заманнан Сарыарқа, Ұлытау, Кішітау, Мыстауы, Жезтау, Жауыр деген жерлерді мекендеген. “Қозы Көрпеш” жырындағы Қозы батыр бағаналы-балталының бірлігі жолында күрескен.
## Ұраны мен таңбасы
Ұраны — Едіге!, Қаптағай!; таңбасы — Балта.
## Тұлғалар
* Едіге Танашұлы
* Орынбай Бертағыұлы
* Төребай Есқожаұлы
* Молдахмет Дабылұлы
* Қазанғап Байболұлы
* Мұрат Абдуламитұлы Әбенов
## Дереккөздер |
Ағатай батыр (туған, өлген жылы белгісіз) — Тәуке ханның Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен бүтіндігін сақтау жолындағы саясатын белсенді қолдаған қайраткер. Алшын тайпасының Байұлы тармағының Беріш руының Жайық аймағынан шыққан. Тарих беттеріне сүйенсек, XVI ғасырда өмір сүрген. 1836 — 38 жылдардағы отаршылдыққа қарсы Алшын көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлының арғы атасы. Сарайшық қаласын жаулау барысында ерлігімен көзге түсіп, кейінен есімі Беріш руының ұранына айналған. Оның саналы ғұмыры Еділ қалмақтарымен соғыста өтті. Ресей бодандығын қабылдаған қалмақтардың Кіші жүзге шабуылы 18 ғасырдың 1-ширегінде күшейе түсті. Ресей билеушілері қалмақ ханы Аюке жасақтарының күшімен қазақ хандығын әлсіретуді көздесе, қалмақтар Ресейге арқа сүйеп, Кіші жүз қазақтарын өзіне тәуелді еткісі келді. Ұзақ жылдар бойы олар Еділдегі қалмақ хандығының жерін шығысқа қарай ұлғайту ниетінен бас тартпады. Түстіктегі Хиуа хандығы да Кіші жүз жерін Ресеймен бөлісер оңтайлы жағдайды күтіп отырған. 18 ғасырдың 1-ширегінде көрші елдердің басқыншылық ниетін жақсы түсінген Тәуке хан Түркістан қаласы маңына 80 мың жасақ ұстады. Осы әскери күштің құрамында Ағатай батырдың 10 мыңға жуық қолы болды. Қанжығалы Бөгенбайдың әкесі Ақша батырдың қол астындағы сегіз қолбасшының бірі болған. Ағатай батырдың Түркебай, Айболат, Қуат, Атабас, Боқай, Жәнібек, Серікпен есімді ұлдары болған.
## Дереккөздер |
Мұсаұлы Жағыпар (1928, бұрынғы Көкшетау облысы Айыртау ауданы Мәдениет ауылы– 2005, Көкшетау қаласы) – ғалым, филология ғылымдарының кандидаты (1970), доцент (1972). ҚазКСР халыққа білім беру ісінің үздігі (1978). Абай атындағы ҚазҰПУ-ды бітірген. 1954 – 59 жылдары Петропавл мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институтында оқытушы болып жұмыс істеді. 1959 – 61 жылдары Петропавл телестудиясының журналисі, 1961 – 62 жылдары «Көкшетау правдасы» газетінің қызметкері, 1962 – 82 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары, декан, сырттай оқу бөлімінің проректоры қызметтерін атқарған. Мұсаұлы 80-нен аса ғылыми-әдістемелік мақалалар жариялаған. Қазақ тілтану, түркология, ономастика, қазақ жазуының тарихы мәселелерін зерттеген. «Құрмет белгісі» орденімен, «Тың жерлерді игеруге қатысқаны үшін», «Еңбек ардагері», «Жеңіске 60-жыл» медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Қымбат Мұстафина (1945 жылы туған, Біржан сал ауданы Құдықағаш ауылы) — қоғам қайраткері, өңірді дамытуға елеулі еңбек сіңірген. Новосибир сауда институтын бітірген (1969). Целиноград облысы сауда басқармасы бастығының 1-орынбасары, Көкшетау облысы сауда басқармасының бастығы (1985) қызметтерін атқарды. Осы кезеңдерде Көкшетау облысы сауда басқармасы республика бойынша 7 рет 1-орынды жеңіп алды да, Құрмет туы осы басқармада мәңгілікке қалдырылды.
Көкшетау қаласында республикалық «Озық тәжірибе мектебі» ұйымдастырылды. Көкшетау қаласында тұңғыш рет «Ынтымақ» сауда-коммерциялық фирмасын ашты (1992). Көкшетау облысы әкімінің орынбасары (1997), Көкшетау қалалық маслихатының соңғы екі шақырылымының депутаты, соңғы шақырылған мәслихаттың хатшысы (2006) болып сайланды. «Құрмет» орденімен (2003), «Тың жерді иегруге қатысқаны үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конституциясының 10 жылдығы», «Астана қаласының 10 жылдығы», «Сауда ісінің үздігі» медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Ағаш аяқ — екі аяққа таңып алып, жерден едәуір биік көтеріліп жүруге, билеуге болатын ұзын сырық, қада, бақан.
Қалаған мөлшерде ұзартуға, қысқартуға болады. Ерте замандардан белгілі. Еуропа, Азия, Африканың кейбір елдерінің тұрғындары батпақты жерлерден Ағаш аяққа мініп өтетін болған. Кейін сауық-сайран құралына айналған. 20 ғасыр басындағы Қазақстан жәрмеңкелерінде (Қарқаралы, Атбасар) ағаш аяқпен билейтін атақты өнерпаздар шыққан. Қазақ той-мерекелерінде ағаш аяқпен билеп, жарысып ойын көрсету салты әлі де бар.
## Тағы қараңыз
* Ағашаяқ
## Дереккөздер |
Ағаш ат — Қазақстанның оңтүстік-батыс өңірлерінде, қарақалпақтарда қайтыс болған кісіні салып көтеретін табыт. Ғалымдар мұны ежелгі көшпенділердің — сақ, ғұн, түркі, қыпшақ т.б. тайпалардың қайтыс болған адам о дүниеге ат мініп барады деген наныммен атымен жерлеу ғұрпының өзгерген түрі деп пайымдайды зерттеушілер. Қазақтың: “Сөйлеп қал тіршілікте қызыл тілім, жаны жоқ ағаш атқа мінбей тұрып” — деген мәтелі осы салттан шыққан.
## Дереккөздер
* Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Шонай – Қарқаралы орманды-таулы алабының оңтүстігіндегі тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерінде. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр. Ені 5 км.
## Жер бедері, геологиялық құрылымы
Ең биік жері 1001 м. Кейінгі карбон–пермь гранитоидтарынан және оларды көмкерген элювийлі-делювийлі шөгінділерден түзілген.
## Өсімдігі
Қиыршықтасты қызыл қоңыр топырағында сұлыбас, боз, шілік, т.б. өседі.
## Дереккөздер |
Мұсатай күйші (1901 – 1977, Зеренді ауданы Қызылқайнар ауылы) – ақын, этнограф. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Бар ғұмырын халық ауыз әдебиетінің шығармаларын жинауға арнаған. Осы мақсатпен Атбасарға, Қалқұтанға және басқа да жерлерге жиі барып тұрған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Тәттімбет Қазанғапұлы |
“Ақан сері — Ақтоты” — опера (Автор С.Мұхамеджанов, либрет. авторы Ғабит Мүсірепов, режиссер Б.Омаров, дирижері В.Рутгер, суретші Г.Исмайылова).
Беташар қойылымы 23.1.1982 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ академиялық Опера және балет театрында өтті. Алғашқы қойылымында басты партияларды Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Х.Қалиламбекова мен К.Мыржықбаев орындады.
“Ақан сері —Ақтоқты” — лирика-психологиялық туынды. Оған 19 ғасырда өмір сүрген әнші-композитор Ақан Сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылық жолы арқау болған. Операны айшықтай түсетін нақты белгілер — шығарманың өн бойына ұласып жатқан сұлу саз, ұлттық құнарлы тіл және сюжеттегі лирикалық арқаудың шымырлығы. Драмалық екі желі қатар өрбіп отырады. Олар —Ақан мен Ақтоқтының сүйіспеншілік сезімі, Ақанның Науан қазіретпен айқасы. Осыдан келіп операда бір-біріне қайшы образдардың екі тобы туындаған. Ақан мен Ақтоқтының лирикалық бейнелері барынша жақсы ашылған. Олардың партиялары вокальдық тынысының кеңдігімен, поэтикалық асқақтығымен, әуезділігімен ерекшеленеді. Халықтық ән өнері мен кәсіпқой шығармашылықтың терең астасып жатқанын аңғару қиын емес. Мұхаметжанов музыкасының Ақан әндерімен әуен-ырғақ жағынан тамырласып, сері шығармашылығының ішкі құпиясын дөп басуы операның көркемдік құнын асқақтата түседі. Бас қаһарман характерінің сан қырлылығымен ерекшеленеді. Вокальдық партиялар мен оркестрлік топтың интонациялық ауқымында Ақанның жан дүниесі жарқын көрінген. Қомақты жеке нөмірлерде — кіріспедегі әнде, 1-актының монологында, 2-актідегі Ариоза мен балладада, 3-актідегі арияда тағы басқа көріністерде Ақан сері образы жан-жақты ашылады. Операның лирикалық бағыты Ақтоқтының музыкалық бейнесін тереңдете түседі. Жанды образ сәт сайын биіктеп іштей дамып, бірте-бірте толысып, көрнекті тұлғаға айналады. Мөлдір сезімнен ұшқан атқан махаббат қоғамдық-әлеуметтік мәнге ие болады. Соңы ерлік драмасымен аяқталады. Операда хордың да өзіндік орны бар. Халықтық музыка(ән-күй) дәстүрінің айшықты беттерін толықтыратын бұл опера композитор Мұхамеджановтың классикалық еңбегі.
## Дереккөздер |
АҒАШАЯҚ СЕРІ (шын аты-жөні Назаролла Жүндібайұлы; 1818, бұрынғы Семей губерниясы, Өскемен уезді, Делбегетей болысы, Сапақ ауылы — 1898, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Саттық қыстағы) – әнші, ақын, желаяқ-өнерпаз, сал-сері, балуан, батыр. Найман ішінде Матай руының Құдас бұтағынан шыққан.
Жастайынан қолына домбыра ұстап, өлең айтқан, серілік құрған. 18 жасында әнші, ақын, сері, балуан деген атаққа ие болды. Екі бақанмен аттылы адаммен жарысқа түсуі оны ел ішінде АҒАШАЯҚ атандырады. АҒАШАЯҚ алақанымен аузын қақпақылдай отырып, түрлі аң-құстың әуеніне салған, осыған қоса бет-әлпетін құбылтып, неше алуан күлдіргі ойындар көрсеткен. “Беташар”, “Билерге”, “Баласы Жүндібайдың атым Назар” т.б. мысқыл өлеңдерінде әділетсіз атқамінерлерді шенесе, “Атандым өзім Назар Ағашаяқ”, “Жарқылдадым жас күнде”, “Кәрілік” секілді өлеңдерінде көңіл күйін, өмірден көріп-түйгенін тақпақ, нақыл сөздер арқылы білдіреді. Оның “Қара жорға”, “Ау, жаным, Жәнікей-ау”, “Сары өзен” әндері ел ішіне кең тараған. АҒАШАЯҚ өлеңдері Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтының қолазбалар орталығында сақтаулы.
## Дереккөздер
* Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Ерғали Сиябекұлы Оразымбетов (1943 жылы 10 қазанда ОҚО Түркістан ауданы Шорнақта - 2016 жылы 25 қазанда ОҚО) — қазақстандық театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1998). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық театр фестивальдерінің жүлдегері.
## Толығырақ
* Ерғали Сиябекұлы 1943 жылы 10 қазанда ОҚО Түркістан ауданы Шорнақта дүниеге келген.
* Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
* 1972 - 1979 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы қазақ және орыс драма театрының режиссері.
* Ленинградтағы Ленсовет атындағы театрда тәлiмгерлiктен өттi.
* 1979 - 1981 жылдары Санкт-Петербург қаласындағы Ленсовет атындағы мемлекеттік академия драма театры құрамында жұмыс істеді.
* 1981 - 1988 жылдары Жамбыл облыстық қазақ драма театрында
* 1988 - 2001 жылдары Қызылорда облыстық драма театрының бас режиссері
* 2001 - 2004 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі әрі директоры болып қызмет атқарды.
* Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры.
* 2016 жылы 25 қазанда дүниеден өткен.
## Шығармашылығы
Ол Қызылорда облысы драма театры сахнасында жергілікті қаламгерлердің (Иран-Ғайыптың, “Күшігінен таланған”, 1988; “Тоғызыншы вал”, “Желжуан немесе мен байымнан қорықпаймын, соңғы екеуі де 1991; “Батқан кеменің бейбақтары”, 1993; “Мен ішпеген у бар ма?”, 1997; І.Найманбаев, “Айттым бітті!” және І.Сүйенішев, “Әлі бойдақпысың?”, екеуі де 1989; Ә.Ақпанбетов, “Түнгі көбелек”, А.Хангелдин, “Керемет”, [[екеуі де 1998]]) шығармаларын қою арқылы өмірдің өзекті мәселелерін көтеріп, өзіне тән реж. өнер бағытын айқындады. Сондай-ақ ұлттық, дүниежүз. классика, осы заманғы қазақ жазушыларының, аударма драматург. туындылар бойынша да спектакльдер қойып, өзі де драматургия жанрында (“Арманым, әнім іңкәрім”, А.Кіребаевпен бірге, 1990; “Қиял-ғажайып театр”, 1999) қалам тартты. Режиссер балаларға арналған бірқатар спектакльдерді сахнаға шығарды. Қойған спектакльдері айшықты көркемдік-сахналық, композиция-құрылымдық тұтастығымен және реж. ізденімпаздыққа толы тапқыр шешімімен ерекшеленді. Оның қойған Б.Брехттің “Кавказдың бор шеңбері” (1996, 2001) спектаклі таңдаулы көркемдік шешімі үшін 2001 жылы Халықаралық “Сорос – Қазақстан” қоры байқауының жүлдесіне ие болды.
## Марапаттары
* Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
* 1998 жылы "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атақтары берілді.
* Тұрар Рысқұлов атындағы халықаралық сыйлығының иегері
* "Алтын жұлдыз" медалі
* "Еңбек ардагері" медалі
* 2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
* Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры
* Көптеген республикалық және халықаралық театр фестивальдерінің жүлдегері.
## Дереккөздер |
Мұсайынов Шәймерден (1897, Астрахан ауданы Новочеркасское ауылы– 1978) – шопан, Социалистiк Еңбек Ері (1948). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Соғысқа дейін қой фермасының бригадирі болып жұмыс істеген. Әскер қатарынан оралған соң туған ауылында аға шопан болып, өте жоғары еңбек көрсеткіштеріне қол жеткізген. 1958 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Николай Шамсутдинович Кабиров (25.2.1931 ж. т., Башқортостан, Уфа қ.) – инженер-механик, облыстың құрметті азаматы. Қазақ химия-технология институтын (1965), Алматы жоғары партия мектебін (1981) бітірген. Еңбек жолын «Ащысайполиметалл» комбинатында бастаған. 1956 – 1999 жылдары Кентау қаласындағы «Ащысайполиметалл» комбинатында слесарь, Кентау қалалық комсомол комитетінің 1-хатшысы, халықтық бақылау комиетінің төрағасы, қалалық партия комитетінің 1-хатшысы, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Шарапат» қайырымдылық қорының президенті, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Еңбек Қызыл Ту (1976), «Халықтар дос¬тығы» (1981), «Октябрь революциясы» (1986), «Құрмет белгісі» (2001) ордендерімен марапатталған.Ғ. Талас
## Сілтемелер |
Төңкеріс — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Көкөніс, сүт өндіретін кеңшардың бөлімшесі болған. Оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.
## Инфрақұрылымы
Негізгі мектеп, дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
## Дереккөздер |
Қуат Маратұлы Баймырзаев (4 тамыз 1965, Алматы облысы Жамбыл ауданы Бірлік ауылы) – география ғылым докторы (2001). ҚазМУ-ды (1989, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1996) бітірген. Осы университет ректорының көмекшісі, проректоры (1991–2000), декан (2001), 2002 жылдан Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры болды. «Экономико-географические проблемы рационального природопользования в Центрально-Казахстанском регионе» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Баймырзаев 50-ден астам ғыл. еңбектің авторы.
## Шығармалары
Платежи и пользование природными ресурсами, А., 1997; Экономический механизм природопользования, А., 2001.
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.republika.kz/?p=9412(қолжетпейтін сілтеме)
* http://biografia.kz/famous/2307/photo/1408 Мұрағатталған 17 қыркүйектің 2011 жылы.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
Балташылық — ағаш ұсталығы кәсібі. Онымен айналысатын адамды балташы не ағаш ұстасы дейді. Ол құрылыс, ауыл шаруашылығы, үй шаруасы, т.б. салалардағы ағашқа қатысты жұмыстардың бәрін атқара береді.
## Дереккөздер |
Төңкеріс — Алматы облысы Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Талғар қаласынан солтүстікке қарай 22 км-дей жерде, Іле аңғарының жазық бөлігінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1932-1996 жылдары сүт өндіруге маманданған П.Томаровский атындағы кеңшардың бөлімшесі болған. Оның негізінде Төңкерісте шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Аралбай Ордабаев (17.11. 1949, Сырдария ауданы, Абай кеңшары – 26.8.1998, Қызылорда қаласы) – суретші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі (1990). Алматы көркемурет училищесін бітірген (1973). 1973 – 98 жылдары Қызылорда суретшілер Одағы шеберханасында қызмет істеді. Ордабаев қазақ бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңба қалдырды. Туындылары облыс, республика музейлерінде сақталған.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Төңкеріс — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Арайлы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақмол ауылынан солтүстікке қарай 26 км-дей жерде, Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1961 – 1995 жылдары астық өсіретін “Рассвет” кеңшары бөлімшесінің орталығы болған. Оның негізінде Төңкерісте шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауыл арқылы Астана – Атбасар автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Төңкеріс — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Долин ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2013 жылға дейін Төңкеріс ауылдық округінің орталығы болды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Теректі ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде, Жайықтың сол жағалық аңғарында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 951 адам (468 ер адам және 483 әйел адам) болса, 2009 жылы 656 адамды (329 ер адам және 327 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1957-1997 жылдары “Долинский” астық кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде 1996 жылдан Төңкерісте және округке қарасты Алебастр, Қоныссай, Шөптікөл ауылдарында 2 серіктестік пен 12 шаруа қожалығы жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Шайхы Жантілеуов (1898, бұрынғы Орал облысындағы Ілбішін уезінде – 1938) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1919 жылы Орал қаласындағы мұғалімдер семинариясын бітірген. 1919 – 26 жылдары Жымпиты уездік ревалюциялық комитеті ақпарат-нұсқаулық бөлімінің меңгерушісі, еңбек комитетінің төрағасы, уездік атқару комитетінің төрағасы, “Қызыл Ту” газетінің редакторы, Орал губерниясының комитеті үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, губерниялық жер басқармасының меңгерушісі болды. 1926 – 33 ж. Сырдария губерниялық жер басқармасының меңгерушісі, Қызылорда, Алматы қалаларында ауыл шаруашылығын тресінің директоры, Алматы округін атқару комитетті төрағасының орынбасары, Риддер комбинат директорының орынбасары, 1933 жылдың мамыр айынан 1935 жылдың шілдесіне дейін Қазақ АКСР-і халық ағарту халық комиссарының орынбасары, 1935 жылдың наурыз айына дейін коммуналдық шаруашылық халық комиссарының 1-орынбасары, Алматы облысы Шу ауданында атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1938 жылда ату жазасына кесілген. 1958 жылда шілде айында ақталды.
## Дереккөздер |
Шыңғыс Антиклинорий — Қазақстанның Шыңғыс, Тарбағатай тауларын құрайтын каледондық құрылым. Ұзындығы 700 км, ені 139 км. Жапсарлас герциндік Ертіс-Зайсан (солтүстік-шығыста) және Жоңғар-Балқаш (оңтүстік-батыста) мегасинклинорийлік құрылымдардан терең жарылымдар арқылы бөлінген. Өзегі рифей мен төменгі палеозойдың қалың (25 км), күшті қатпарланған эвгеосинклиналдық жанартаулы-шөгінді қат-қабаттарынан, қанаттары мен синклинорийлік белдемдері солтүстік-батыс бағытта баяу қатпарланған жоғары ордовик-девонның орогендік жанартаулық және молассалық формацияларынан қалыптасқан.
Геосинклиналдық қатпарлары жоғары девон-төменгі карбонның терригендік-карбонатты шөгінділерінің герциндік қатпарлануына шалынған. Антиклинорий бойында каледондық және герциндік интрузиялар тараған. Солтустік-батысқа созылған терең жарылымдармен тілінген бірнеше дербес антиклинорийлер (Ақбастау, Шыңғыс) мен синклинорийлерге (Абыралы, Шонай) бөлінеді. Мұнда мыс, алтын, марганец кендері кездеседі.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы, 9 т. |
“Үй артында қолағаш” — ұлттық ойын. Жазық жерде өткізіледі. Ойынға қатысушылар өзара қолдарынан ұстасып, шеңбер жасап тұрады. Ал “қасқыр” атанған ойыншы шеңберді бұзып араларына кіруі тиіс. Ол “Үй артында қолағаш, жел бау тарттым есік аш” деп айтады да, ойыншылар арасына кіруге әрекеттенеді. Ойынға қатысушылар қасқырды кіргізбейді. Сол кезде ол бір ойыншының арқасынан белбеумен ұрады да, оны тастай салып қашады. Арқасына белбеу тиген ойыншы оны қуып жетіп белбеумен ұруы тиіс, “Қасқыр” одан қашып құтылып, ойыншы орнына тұра алмаса сол күйінде қала береді. Егер ойыншы қасқырға жете алмаса, оның орнына қасқыр міндетін атқарады. Қуғыншыға жеткізбей кеткен ойыншылар жеңіске жетеді. Бұл ойынның басқа түрлері де кездеседі. Ойын жасөспірімдерді ептілікке, қырағылыққа баулиды.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Мұсабаев Қадырхан Қамзеұлы (1943 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Теректі ауылы) – физика-математика ғылымдарының кандидаты (1981), профессор әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды (1966), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1966 – 83 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, 1983 – 2008 жылдары декан болып жұмыс істеген. Ғылыми еңбектері кванттық механика, физиканың методологиясы мен тарихы, философия мәселелеріне арналған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Ақбақай — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл, Ақбақай ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Мойынқұм ауылынан солтүстікке қарай 96 км-дей жерде, Желтаудың оңтүстік-батыс беткейінде орналасқан. Жақын темір жол станциясы - Қияқты (137 км).
## Тарихы
Іргесі 1977 жылы алтын кенінің ашылуына байланысты қаланған.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Ақбақайда кеніш, кен байыту фабрикасы жұмыс істейді, дәрігерлік пункт, орта мектеп бар. Тұрғындары аудан орталығымен, елді мекендермен көлік жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.
Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ.
Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.
Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншектері, әжелер шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ, т.б. әкеледі. Бұдан кейін 2 – 3 жасар балаларды жарыстырып, озғандарына бәйге береді. Балаларға өлең, жыр, тақпақ, жаңылтпаш айтқызады. Той тарқарда әжелер тойдан немерелеріне сарқыт деп қалталарына тәтті, бауырсақ, құрт-ірімшік салып алады. Тұсау кескен әйелге көйлек немесе аяқ киім сыйлайды.
## Тұсаукесер тойының салт-дәстүрлері
### Тұсаукесер күнін белгілеп, қонақтарды шақыру
Сәби "тәй-тәйлап" жүре бастағанда өткізіледі. Алдымен, тұсаукесер күні белгіленіп, арнайы қонақтар шақырылады. Бұл күні кейбір ауқатты адамдар көкпар да тартқызып, арты думанды тойға да ұласып кетуі ғажап емес.
### Көпшілік арасында баланың тұсауын кесетін адамды таңдап алу
Жиналған көпшілік арасынан көбінесе жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске епті қасиеттерімен көзге түсетін қағілез, пысық адам таңдалып алынып, нәрестенің тұсаукесерін соған тапсырады. Тұсау кескен адамға сәбидің тұсауына байланыстығ, арнайы "тұсаукесер" сыйлығы беріледі.
### Кең дала, таза ауада жайылған дастархан жанына қазық қағып, аяғы тұсалған баланы арқандап қою
Тұсаукесер салты алдында жиналғандар кең дала, таза ауаға шығып, үсті түрлі тәтті дәмге толы бала-шағаға арналған дастархан жанына қазық қағып, аяғы тұсалған баланы арқандап қояды.
### Балаларды жаяу жарысқа жіберу
Тойдың негізгі жанкүйерлері - балалар алыстан жаяу жарысқа жіберіледі, қай озып келгені арқанды қиып, барлық дастархандағы дәмге ие болады, оған арнайы сыйлық беріледі.
### Баланың тұсауын кесу
Бұдан соң "Жүйрік бол!", "Шауып кет!" т.б. тілектер айта отырып, екі қолынан екі адам жетектеген баланың тұсауын таңдалып алынған адам ала жіппен кесіп жібереді. Тұсауы кесілген соң, сәбиді екі адам ортаға алып шығып тез-тез жүргізеді. Осы кезде "Тұсаукесер" жыры шырқалады.
## Дереккөздер |
Мұқышев Темірхан Қаппасұлы (1957 жылы туған) – қоғам қызметкері. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Әскери борышын өтеп келгеннен кейін, ет комбинатының шұжық жасау цехында жұмыс істеген. Кейін 10 жыл бойы «Красная заря» ұжымшарында мал дәрігері болып еңбек етті. Қазіргі уақытта «Бастау» ЖШС болып өзгертілген «Красная заря» ұжымшарының төрағасы. ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен, «Құрмет» орденімен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Төр – жасы үлкен адамдар, сыйлы қонақтар отырғызылатын қастерлі орын. Қазақ үйге кірген мейманды “төрлетіңіз”, “төрге шығыңыз” деп қарсы алады. Көрпе төсеп, жастық қойып, төрге отырғызып құрмет көрсетеді. “Есіктен кіріп, төр менікі деме”, “Төрдегі күлсе, есіктегі жымияды” деген мақал-мәтелдер төрдің мән-мағынасын айқын аңғартады. Төр көне түркі тілінен шыққан.
## Дереккөздер |
Камал Сәруәрұлы Ормантаев (11.9.1936 жылы туған, Қармақшы ауданы Октябрь ауылы) – хирург, медицина ғылыми доктор (1971), профессор (1972), ҚазақстанҰлттық ғылым академиясының академиясы(1994), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1981). Алматы мемлекеттік медицина институтын (ҚазҰМУ) бітірген (1959). 1963 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінде ассистент, кафедра меңгерушісі; 1980 – 85 және 1993 – 2001 жылдары Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры болды. Негізгі ғылыми еңбектері балалар хирургиясына арналған. Ормантаев балалардың бассүйегі мен миы зақымданғанда қолданылатын емдеу әдістерін жетілдіріп, оның патогенезін анықтауда кешенді зерттеулер жүргізді; бассүйек пен миға жасалатын операцияның бес жаңа әдісін тәжірибеге енгізді. Химиялық жолмен болатын өңеш күйігін зерттеп және оны емдеудің алты жаңа әдісін анықтады, сондай-ақ іріңді перитонит пен жедел гематогенді остеомиелит болған жағдайда іріңді іш қуысынан түтік арқылы шығарудың бірнеше тәсілін ұсынды. Ол Қазақстанда педиаторлардың, балалар хирургтарының, анестезиолог-реаниматологтарының, ортопед-травматологтарының ғылыми мектебінің негізін қалады. 40-тан астам авторлық куәлігі және 1 патенті бар. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын (1999), жыл дәрігері номинациясы бойынша «Алтын адам» (2000; 2001) сыйлығын алған.«Парасат» орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
“Шыңғыснама” – Хорезм тарихшысы Өтеміс қажының түркі тілінде жазған тарихи шығармасы. Шығарма шамамен 16 ғ-дың орта кезінде жазылған. Жошы әулеті тарихы баяндалады. Қолжазбаның жалғыз данасы Өзбекстан ҒА-сында сақтаулы. Еңбек жартылай сақталып, Тоқтамыс хан туралы айтылатын жылдармен тәмамдалған. Алғысөзіне қарағанда, автор “Шыңғыснаманы” өзі өмір сүрген кезеңге дейін жеткізбек ниетте болған. Шығарманың Қыпшақ даласындағы Жошы әулетінің билік құрған кезеңін баяндайтын тарауы негізінен аңыз, әңгіме тұрғысында сипатталады. Дегенмен, көптеген тарихи мәліметтер нақты деректерге сүйеніп жазылған. Автор географиядан едәуір хабардар болып, өзі Хорезмнен Еділге дейін, одан әрі Каспий бойымен оңт-ке саяхат жасаған. В.В. Бартольд осы қолжазбаны зерттей келіп, оның біржақтылық бағытын атап көрсетеді. Өйткені ол Шайбани әулеті билеушілеріне көбірек тоқталып, олардың басқа әулеттерден артықшылықтарын баса көрсетіп отырады. Соған қарамастан “Шыңғыснама” Оңтүстік және Батыс Қазақстанның 13 – 14 ғ-лардағы тарихы жазылған құнды еңбек. Утемиш-хаджи, “Чингиз-наме”, А., 1992.
## Дереккөздер |
Мұсабаев Өмірсерік Қайыржанұлы (1947 жылы туған, бұрынғы Еркіншілік ауданы Благодатное ауылы) – облыстық мәслихаттың хатшысы (2008). Алматы халық ш. институтын бітірген (1978). 1963 – 65 жылдары Ерейментау ауданы Фрунзе кеңшарында ағаш жонғыш болып жұмыс істеген. 1965 – 70 жылдары техникумда оқыған және Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеген. 1970 – 75 жылдары Ерейментау ауданы атқару комитетінде нұсқаушы, ауданы комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі, ауданы партия комитетінде нұсқаушы, 1975 жылдары Ерейментау ауданы Қазақстан кеңшарында партия ұйымының хатшысы, 1982 жылы осы ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1-орынбасары, 1992 жылы Ерейментау ауданы әкімшілігі басшысының 1-орынбасары, 1995 – 2008 жылдары Ерейментау және Сандықтау аудандарының әкімі қызметтерін атқарған. «Құрмет» орденімен (2002), «Ең-бектегі ерлігі үшін» және т.б. мерекелік медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Ақбала Жанғабылов (1896 жыл, туған қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қараөзек — 1945 жыл, Отырар ауданы, Көлқұдық) — күйші, домбырашы.
1915—16 жылдардағы аласапыран кезде “Кертолғау” күйін шығарған. Әлзақ домбырашыны ұстаз тұтқан. 1932 жылғы ашаршылықта азып-тозып, көшіп-ауған халықтың қиыншылығын көріп, “Ай, қиын болды-ау!” күйін шығарған. Кейін бұл күй “Ақиын” аталып кеткен. Өзі сарып болып ауырып жатқанда үйде ойнап жүрген қызы отқа құлап кетеді. Кемтар болып қалған сәбиіне арнап “Ұлмекен” күйін шығарған. Сондай-ақ Ақбаланың “ Ықылас”, “Айжанның жүрісі”, “Шаңқобыз” тағы басқа күйлері бар.
## Дереккөздер |
Мұқышев Бекболат Бапанұлы (1940 жылы туған, Сілеті ауданы Бестөбе кенті) – заңгер. КСРО және ҚР ІІМ-нің еңбегін сіңірген қызметкері. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды, КСРО ІІМ-нің академиясын бітірген. Милиция ген.-майоры (1995). Еңбек жолын 1958 жылы шахтер болып бастаған. «Бестөбе» кен орнында электровоз жүргізушісі болған. Бестөбе кенттік милиция бөлімінде шұғыл іздестіру бөлімінің қызметкері, аға қызметкері (1964 – 70), Қорғалжын ауданы Ішкі істер бөлімінде (АІІБ) қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы (1970 – 74), Шортанды АІІБ бастығының орынбасары, бастығы (1974 – 80), академия тыңдаушысы (1980 – 82), Целиноград облыстық атқару комитеті ІІБ қылмысты іздестіру бөлімі бастығының орынбасары, бастығы (1982 – 85), Торғай облыстық атқару комитеті ІІБ-ның бастығының орынбасары (1985 – 88), Орал облыстық атқару комитеті ІІБ бастығының орынбасары (1988 – 92), Батыс Қазақстан облыстық ІІБ-ның бастығы (1992 – 97) қызметтерін атқарған. 1997 жылдан зейнеткерлік демалыста. 2002 жылдан «Қорғау» жинақтаушы зейнетақы қорының Ақмола облысы және Астана қаласы бойынша филиалының директоры. ҚР Ішкі істер әскері және Ішкі істер органдары ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары. 13 медальмен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Ортақшыл — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Ортақшыл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде, Сырдарияның оң жағалық аңғарында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1328 адам (681 ер адам және 647 әйел адам) болса, 2009 жылы 981 адамды (527 ер адам және 454 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1943 жылы Сырдария ұжымшары негізінде қаланған. 1975-1997 жылдары қаракөл қойын өсіретін “Телікөл” кеңшары бөлімшесінің орталығы болған. Кеңшар негізінде 1997 жылы Ортақшылда өзімен аттас ӨК құрылды.
## Дереккөздер |
Ақарал — Жамбыл облысының Меркі ауданындағы ауыл, Ақарал ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Меркі ауылының оңтүстік-шығысында 7 км-дей жерде, жусан, еркек шөп аралас өскен шөлейтті белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Колхоздастыру кезінде 1929 жылы артель болып ұйымдасты. 1932 жылы "Краснооктярь" колхозы болып құрылды. 1958 жылы "Сұрат" колхозына біріктіріліп, "Киров" колхозы атанды. 1962 жылы "Краснооктябрь" "Кировтан" бөлініп, Қызылша кеңшарының 3-бөлімшесі болып құрылды. Бұл ауыл қызылша тұқымын өсірумен айналысты. 1969 жылы "Краснооктябрь" жүзім кеңшары болып қайта құрылды.
## Инфрақұрылымы
Ақаралда бұрынғы шаруашылық негізінде ұйымдасқан өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. Орта мектеп, емхана, клуб тағы басқа мекемелер бар. Ақарал арқылы Тараз — Қордай көлік жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Шыңғыстай — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан шығысқа қарай 21 км-дей жерде, Сарымсақты жотасының баурайында, Бұқтырма өзенінің сол жағасындағы қайыңды-қарағайлы орман арасында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі XIX ғасырдың аяғында қаланған. 1968-96 жылдары бұғы өсіретін кеңшар бөлімшесінің орталығы болған. Оның негізінде шаруа қожалықтары құрылды. Шыңғыстайдағы алғашқы мектеп ғимараты 1905 жылы салынған. Онда Сұлтанмахмұт Торайғыров ұстаздық етіп, өзінің әйгілі “Кедей” поэмасын осында жазған.
## Көрікті жерлері
Осында ауылдың тумасы жазушы Оралхан Бөкейдің мұражай-үйі орналасқан.
## Танымал тұлғалары
* Оралхан Бөкей - жазушы.
## Тағы қараңыз
* Аустрия жолы
## Дереккөздер |
Қазақ Ұлттық Университетінің Археологиялық Экспедициясы - ортағасырлық қалалар мен мекендерге зерттеу жұмысын жүргізуші экспедициясы 1974 жылы ҚазМУ-дағы (қазіргі ҚазҰУ) тарих факультетінің археология және этнология кафедрасы құрған. Экспедиция отрядтары Қазақстанның оңтүстік аймағында, соның ішінде Шу–Талас өңірі ортағасырлық қалалары мен мекендерінде археологиялық зерттеу жұмыстарымен айналысты. Негізгі базасы Шу ауданы Баласағұн ауылының төңірегіндегі ортағасырлық Ақтөбе қаласының (6–13 ғасырлар) маңында орналасқан. Мұнда жыл сайын ҚазҰУ тарих факультетінің студенттері жаз айларында археологиялық практика өткізеді. Қазақ Ұлттық Университетінің Археологиялық Экспедициясы Шу–Талас тарихи географиялық ауданында орналасқан 403 ортағасырлық қалалар мен мекендердің 240-ының тарихи-топографиялық құрылымдарын зерттеп әрі толықтырып, 35 ескерткіште қазба жұмыстарын жүргізген. Аталмыш экспедицияның ғылыми еңбектерінде ортағасырлық керуен жолдарының бағыттары,қалалардың баламалануы, мекендер құрылымы, жылыту және суландыру жүйелері, қалалардан жинастырылған шаруашылық ыдыстар ерекшеліктері және де Шу–Талас өңірлеріндегі қала мәдениеті мен өркениетінің іргелес аймақтармен байланысы анықталған.
## Пайдаланған әдебиетттер |
Мұқышев Шәкен Шәйкенұлы (1936 жылы туған, Сілеті ауданы Ақсу ауылы) – кенші, Социалистiк Еңбек Ері (1971). Еңбек жолын жылқы сарайында ат айдаушы болып бастады (1952). Ұзақ жылдар «Жолымбет» руднигінің «Южная» шахтасында еңбек етті. «Құрметті кенші» атағының иегері, КСРО орден, медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Иман Орымбетов (туған жері белгісіз – 6.9.1930, Қазалы ауданы «Иман» жерінде) – Асан көтерілісінің басшысы. Діни сауатты әрі ахун ұрпағы болғандықтан ел арасында Иман мақсым атанған. 1930 жылы тамыз айында Қазалы ауданы қазақтарының Кеңес өкіметінің күштеп ұжымдастыру саясатына жаппай қарсылығына қатысты. Сол жылы 2 қыркүйекте «Қаншагүл» деген жерде өткен жиында көтерілісшілер Орымбетовты хан сайлады. Оның орынбасары ретінде (тергеу құжаттарында оны екінші хан деген) Иімбетұлы Әбдіхалық сайланды. Осы екеуінің бастауымен 1930 жылы 2 – 4 қыркүйекте «Қаншүңгілде» болған ұрысқа Орымбетов өзі басшылық етті. Қамшы, қарапайым таяқ және шоқпарлармен қаруланған көтерілісшілер жазалаушы әскерге қарсылық көрсете алмады. 40 адаммен бірге Орымбетов та қаза тапты. «Иман» қорымында жерленген.
## Дереккөздер |
Орынбай Қарымбайұлы (1880, Жалағаш ауданы Таң ауылы – 1931, сонда) – ақын.
Шығыс сюжетімен жазылған дастан, хикаяларымен қатар өлеңдерін де кеңес үкіметі шенеуніктерінің оғаш мінездерін сынға алды. Ақынға кеңес үкіметіне қарсы теріс пікір тудырды деген айып тағылып, ОГПУ үштігі қаулысының негізінде атылды. Қазақстан Президентінің жарлығымен 1993 жылы ақталған. Ақынның «Сиқырдың сыры» атты терме-толғауы мен «Қос байбатша» хикаясы (1910) сақталған.
## Дереккөздер |
Мұқышев Қойшыбай (1917, қазіргі Атбасар ауданы Қаратоғай ауылы) – еңбек ардагері,Социалистiк Еңбек Ері (1966). Сандықтау МТС-інде трактор жүргізушісі (1935 – 45), 3-Атбасар автобазасында көлік жүргізуші болып еңбек еткен (1946).
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Мұқышев Телман Шәріпұлы (1938 жылы туған, бұрынғы Көкшетау ауданы Күсеп ауылы) – қоғам қайраткері. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (1962), Алматы Жоғары партия мектебін (1975) бітірген. Зеренді орта мектебінде мұғалім (1962 – 63), осы мектептің өндірістік оқыту ісінің меңгерушісі (1963 – 68), 8 жылдық мектептің оқу ісінің меңгерушісі (1968 – 69), Қазақстан КП Зеренді ауданы партия комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі (1971 – 73) болып жұмыс істеген. 1975 жылдың шілде айынан Уәлиханов ауданы атқару комитетінің төрағасы, Чистополь ауданы партия комитетінің 2-хатшысы, Көкшетау облыстық атқару комитеті Білім беру басқармасының бастығы, 1990 жылдан Көкшетау облыстық Халыққа білім беру басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. «Ерен еңбегі үшін», «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл»,«Үздік еңбегі үшін» медальдарымен мараптталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Тазабек Пұсырманұлы (1800, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарқара өңірі – 1871, Верный қаласы) — батыр, би. Албан тайпасының Сары руының жәнібек атасынан шыққан. Жетісу өлкесін Жоңғар басқыншыларынан азат етуге қатысқан Пұсырман бидің ұлы. 1846 жылы генерал Вишневскийдің басқаруымен Лепсіде өткен Ұлы жүз қазақтарының құрылтайына қатысып, Ресеймен арадағы саяси қатынас туралы құжатқа мөрін басқан. Батыс Сібір әскери корпусының Жетісу бөлімшесінде қызмет етіп, 1859 жылы 19 қыркүйекте прапорщик шеніне ұсынылған, кейін подпоручик шеніне ие болған. Оңтүстік-шығыс шекараны қорғау ісіне қызмет етіп, “Ерлігі үшін” күміс медалімен марапатталған. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын түсінген Тазабек Пұсырманұлы қол жинап, Саурық батырмен бірге ұлт-азаттық көтеріліске қатысты. Ағайын арасындағы алауыздық пен қару-жарақтың жетімсіздігінен көтерілісшілер қырғынға ұшырады. Ресейдің жазалаушы отрядының қудалауынан кейін Тазабектің қарауындағы ел-жұртымен Қытайдағы дербес мемлекеттік құрылым – Іле сұлтандығынан баспана сұрады. Ресей мемлекетімен дүрдараз Іле сұлтаны Әлихан Ибрагимұлы Тазабектің ел-жұртымен көшіп келуіне келісім берді. Сөйтіп, 1 000 үйлі түтін Қытайдың Іле алабындағы Тоғызтарау деген жерге келіп қоныстанды. Бүлікшілер бастығы Тазабекті ұстап беру жөніндегі Ресейдің үзілді-кесілді талабын орындаудан Іле сұлтандығы бас тартты. Осыны желеу еткен генерал-губернатор Г.А. Колпаковский бастаған орыс әскерлері 1871 жылы көктемде Іле өңірін басып алады. Олар Тазабекті тұтқындап, Верный қаласының түрмесінде өлтіреді. М.Әуезовтің “Қилы заман” романындағы Әубәкір Солтанбекұлы, 1916 жылы Қарқара (Албан) көтерілісіне қатысқан атақты Жақыпберді батыр Тазабектің немерелері.
## Дереккөздер |
Шыңғыстау көтерілісі – Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыстау ауданындағы (қазіргі Абай ауданы) кеңес үкіметінің әкімшілік саясатына қарсы 1931 ж. ақпан айындағы халық толқулары. Көтерілісті Медеуов Сәнияз және Торайғыров Емілжан басқарған. Оған барлығы 200-ден астам адам қатысқан. Көтерілісшілер халықты кеңес өкіметін құлатуға шақырды. Олар көрші Қу және Абыралы ауданымен байланыс орнатпақ болды. Бірақ Қызыл Армияның тұрақты бөлімдері бұған кедергі жасады, көтеріліс кең таралып үлгермей жатып-ақ ақпан айында күшпен басылды. 189 адам тұтқындалды. Олардың ішінен ОГПУ-дің Ерекше үштігінің 1931 ж. 15 мамыр айындағы шешімімен 47 адам ату жазасына кесілді, 105 адам еңбекпен түзеу лагеріне жөнелтілді. Қазақстанның өз ішіндегі аудандарға 3 – 10 жылға 13 адам жер аударылды, шартты түрде 23 адам сотталды; қ. Ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысы.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы, 9 т. |
Орынбайқала, Қарақалпаққала – 19 ғасырдың басында салынған Орынбай сарайының қираған орны. Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 270 км жерде. 1946 – 1948 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С.П. Толстов) зерттеген. Орынбайқала мұнаралы биік дуал және ормен қоршалған, өз уақытында мықты бекініс болған. Бекініс маңында суармалы егіншілікпен шұғылданған және жартылай отырықшылыққа көшкен қазақтар мен қарақалпақтардың мекендері орналасқан.
## Дереккөздер |
Пәзілбек Орынбасарұлы (1936 жылы туған, Бесарық ауылы, Жаңақорған ауданы) – еңбек ардагері, «Құрметті темір жолшы» (1991), темір жол генерал-майоры. Темір жол саласында 1957 жылдан бері еңбек етіп келеді. 1965 жылдан Байқоңырда темір жол дистанциясы бастығының байланыс жөніндегі бірінші орынбасары, Қызылорда темір жол бөлімшесінің жолаушылар тасымалдау бөлімінің бастығы, 1993–97 жылдары Қызылорда темір жол бөлімшесінің бастығы, 1997 жылдан Алматы темір жол бөлімшесінің жолаушылар тасымалдау бөлімі бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарады.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Шыңғыстау-Тарбағатай қатпарлы жүйесі – алғашқы палеозойда тұрақтанған каледондық құрылым.
## Геологиялық құрылымы
Жүйе солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған құрылымдар жиынтығынан тұрады. Ол батысында Орталық Қазақстан терең жарылымы арқылы Көкшетау-Тянь-Шань жүйесінің Майқайың және Баянауыл құрылымдарымен тоғысса, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде герциндік Жоңғар-Балқаш қатпарлы жүйесіне жататын Шыңғыс маңы құрылымдық-формациялық белдемімен жапсарласқан.
## Сипаты
Жүйенің солтүстігінен Ертіс маңы ойысы көмкерсе, Тарбағатай жоталарынан тұратын оңтүстік-шығыс бөлігі Қытаймен жалғасқан. Жүйе Шыңғыс терең жарылымы арқылы екі бөлікке бөлінген. Бұл жарылымның оңтүстік-батыс бөлігінде Ақшатау және Абыралы (Майбұлақ) құрылымдық-формациялық белдемдері оқшауланса, ал солтүстік-шығыс бөлігінде Ханшыңғыс және Арқалық құрылымдық-формациялық белдемдері жатыр. Жарылымның шығыс бетінде Батыс Тарбағатай белдемі орналасқан.
## Дереккөздер |
Ақбала мен Боздақ — салт айтысының үлгісі, өлі мен тірінің айтысы. Авторы туралы еш дерек жоқ. Алғаш ел аузынан жазып алып, бастырған В. Радлов. Он бір буынды қара өлең үлгісімен келетін айтыс, бірін-бірі сүйген екі жас — Ақбала мен Боздақтың алма кезек жауаптасуынан тұрады. Айтыс мазмұны екі ғашықтың бас қосқанын біліп қойған қыз әкесінің “қызымды бермеймін” деп үдере көшуінен басталады. Олар алыс көшіп кеткен соң, Боздақты әкесі бұрынғы айттырған қайнына жібереді. Жігіт қайтып Ақбаланың жеріне келсе, ол қайтыс болыпты. Айтыс Ақбала мен Боздақтың, өлі мен тірінің жауаптасуына құрылған. Айтыста әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, екі жастың бір-біріне сүйіспеншілігі көркем көрініс тапқан. Айтыс “Түркі халықтары әдебиетінің нұсқаларында” (ІІ-том. С.Петербург, 1870 жылы, бастырған В.Радлов), 1923 жылы “Темірқазық” журналының 2-3 санында (109-115 беттер), М., 1965 жылы, “Айтыс” жинағының 1-томында, “Қазақ халық әдебиеті” көптомдығының 13-томында (33-37 беттер) жарияланған. Соңғы жинаққа да В.Радловтың нұсқасынан алынып берілген.
## Дереккөздер:
Қазақ энциклопедиясы I том |
ТАЗА ҚАНДЫ ЖЫЛҚЫ ТҰҚЫМЫ, басқа жылқы тұқымдарының қанын араластырмай, өте ұзақ уақыт бойы (10 ұрпақтан жоғары) іріктеу, жұптау және жас малдарды арнайы бағытта тәрбиелеу барысында алынады. Тұқым неғұрлым көне болып, бір ғана табиғи климаттық ортада, бір бағытта тәрбиеленсе, оның өзіне ғана тән қасиеттері тұрақты сақталып және ерекшеліктерін ұрпағына жалғастыру қабілеті артады. Таза қандылық – мұралау беріктігінің ең жоғары дәрежесі, оны өсу жағдайынан қол үзіп қарауға болмайды. Өскен ортасы, бағу жағдайы өзгерген кезде таза қанды тұқым қуалау қасиеттері күрт нашарлап кетеді. Таза қанды жылқы тұқымына негізінен ағылшын және араб жылқыларының тұқымдары жатады. Ағылшындық жылқы тұқымы 17 ғасырдың соңы – 18 ғасырдың басында жергілікті тұқымды шығыс (варвария, түрік, араб және түркімен) және еуропалық (неополитан және испан) тұқымдармен шағылыстыру жолымен шығарылды. Тек таза тұқымдық әдіспен жетілдірілді. Ағылшын Таза қанды жылқы тұқымы 300 жылдан астам уақыт бойы басқа тұқымның қаны араластырылмай жеке өсірілді. Қріктеу, тәрбиелеу жұмыстарының барлығы шабыс қарқындылығын арттыруға ғана бағытталуының нәтижесінде аса жүйрік, спорттық мүсіндегі және дене бітімі ерекше сомдалған, тұқым қуалау беріктігі шегіне жете шыңдалған тұқымға айналды. Ұзақ уақыт бойы басқа тұқымдардың қанын араластырмай өсірілген арабтардың Таза қанды жылқы тұқымы көбіне ат спортында пайдаланылады. Түсі жирен, сұр, қара, т.б. болады. Шоқтығының биікт. 161 – 162 см, тұлғасының қиғаш ұзындығы 160 – 163 см, кеуде орамы 182 – 186 см. Ат жарыстарында 1200 м-ді – 1 мин. 07,4 секундта, 2400 м-ді 2 мин. 23 сек-та, 3200 м-ді 3 мин. 19 секундта өтіп, рекордтар жасаған. Таза қанды жылқы тұқымы АҚШ пен Еуропада көптеп таралған.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том |
Ақ балта — ақ түсті болаттан (ақ алмастан) соғылған балта. Бұл атау халық ауыз әдебиетінде жиі кездеседі. Басы ақ алмастан соғылып, сабы ақ күміспен қапталған сәнді айбалталарды да ақ балта деп атаған. Қазақ айбалтасының мұндай үлгілері мұражай қорларында сақтаулы тұр. Қазақша айбалта, балта.
## Дереккөздер |
Рахметқажы Ескендірұлы Берсімбаев (8 наурыз 1947 жылы, Ресей, Алтай Республикасы, Қосағаш ауданы, Жазатыр ауылында туған) – биология ғылымының докторы (1986 жылы), профессор (1989 жылы), Қазақстан Ғылым Академияның академигі (2003 жылы).
Новосібір мемлекеттік университетін бітірген (1969 жылы). 1975–95 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, декан болды. 1995 жылдан Жалпы генетика және цитология институтының директоры, Еуразия ұлттық университетінің Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2012 жылы. проректоры. Берсімбаевтың негізгі ғылыми еңбектері жануарлар мен өсімдіктер геномының функционалдық құбылыстары заңдылығының молекулалық механизмдерін, гендік реттеуіш жүйелерді клеткалық және тіндік деңгейде зерттеуге арналған. Генетикалық тұрақсыздықтың, өсімдіктер генетикасының арнайы мәселелерін зерттеп, ген активтілігінің каскадтық жолмен реттелуін дәлелдеді. Дрозофила шыбынындағы мутацияның генетикалық тұрақсыздығын анықтады. Геномның клеткалық және молекулалық реттелу механизмін зерттеді. 1983–84 жылдары Лондон қаласындағы Ұлттық медицина ғылымы институтында, Ганновердегі медицина ғылыми-зерттеу ортасында (1988 жылы; 1991 жылы); Гейдельбергтегі Еуропалық молекула-биологиялық лабораториясында (1988 жылы) және Астон университетінде (1994 жылы) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. VI-інші және VIII-інші халықаралық генетикалық конгрестерде проблемалық ғылыми баяндамалар жасады (Пекин, 1998 жылы; Сеул, 1999 жылы).
## Сыртқы сілтемелер
* "Академик Рахметқажы Берсімбай Доха қаласында (Катар) өткен Халықаралық конференцияда баяндама жасады"(қолжетпейтін сілтеме).
* "Академик Рахметқажы Берсімбай екi ай бойы Жапонияның ғылыми орталығы мен оқу орындарында өзінің зерттеулерін ұсынбақ"(қолжетпейтін сілтеме).
* "Рахметқажы Берсімбай: «Университеттерді аккредитациядан өткізу білім сапасын арттыратын басты құрал»"(қолжетпейтін сілтеме).
* "Академик Рахметқажы Берсімбай жоғары импакт-факторлы рейтингті журналдардағы ғылыми жарияланымы үшін сыйақыға ұсынылды"(қолжетпейтін сілтеме).
* "Академик Рахметқажы Берсімбайдың ғылыми зерттеу нәтижелері «Amino Up Chemical Co., LTD» (Жапония) компаниясының қызығушылығын тудырды"(қолжетпейтін сілтеме).
* "Академик Рахметқажы Берсімбайға Жапонияның Ұлттық биомедициналық инновация институтының Осака Құрметті арнайы шақырылған профессоры ат"(қолжетпейтін сілтеме).
## Дереккөздер |
Азия дауысы — Азияның музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың жыл сайын Алматыда өтетін халықаралық байқауы.
## Жеңімпаздары
1990 жылы Медеу мұз айдынының кешенінде өтті. Бас жүлдені Өзбекстаннан келген “Карс” тобы жеңіп алды.
Содан бері Женева Круз (Филиппин, 1991жылы), Шахназ Сүймер (Түркия, 1992жылы), Сара (Моңғолия, 1993 жылы), Соябей (Түркия, 1994жылы), Барт Бисли (АҚШ, 1995 жылы), Бауыржан Исаев (Қазақстан, 1996 жылы), “АВ-3” (Индонезиялық топ, 1997 жылы) сияқты өнерпаздар мен өнер ұжымдары бас жүлдені иеленді. 1993 жылы “Азия даусы” ФИДОФ-тың (Халықаралық фестивальдар ұйымдастыру федерациясы) мүшелігіне қабылданды. 1994 жылы Канн (Франция) қаласында өткен әлемдік шоу-бизнесте арнаулы жүлдеге ие болды.
1996 жылдан бастап “ Азия даусы” байқауы аясында Қазақстан әндерінің байқауы тұрақты өтеді. Оған арналған “Алтын домбыра” жүлдесін алғашқы жылы М.Жүнісова мен Н.Есқалиева, 1997 жылы Р.Рымбаева мен М.Жүнісова жеңіп алды.
1997 жылы “ Азия даусы ” халықаралық “Интернет-сервер” ақпарат арнасына қосылды. “ Азия даусы” конкурсының бас жүлде, алтын, күміс және қола бәйгесіне қоса Алматы қаласының мэрі, демеушілер тағайындаған әртүрлі ынталандыру сыйлықтары бар. Бірінші конкурстан бастап “ Азия даусының” шақыруымен Патрисия Каас,Пупо, Тото Кутуньо, Джимми Саммервиль, Митхун Чакраборти, Сонер Ариджа, А.Пугачева, Ф.Киркоров, В.Леонтьев, “Бони-М”, “Хаддуэй” топтары сияқты әлемдік эстрада майталмандары Медеу мұз айдыны сахнасында конкурстан тыс өнер көрсетті.
1996 жылы “Азия даусына” бес құрлықтың өкілі қатысты.
1997 жылғы конкурстың ашылу салтанатында Еуроазиялық фестивальдар ассоциациясының ұйғарымымен ғарыштағы бір жарық жұлдызға “ Азия даусы ” аты берілгені жайлы Швейцариядан жіберілген регистр конкурс директорына тапсырылды.
1998 жылғы тоғызыншы конкурсқа әлемнің төрт бұрышынан өтініш білдіргендерден таңдап алынған 20 елдің 21 өнерпазы қатысты. Бас жүлдені Италиядан келген Лука Сене жеңіп алды.
1998 жылғы конкурс қорытындысында ФИДОФ-тың халықаралық өнер фестивальдерін кәсіби жоғары дәрежеде насихаттағаны үшін журналистерге жыл сайын берілетін арнайы белгісі “ Азия даусының” баспасөз хатшысы Ф.Бегенбаеваға тапсырылды.
## Дереккөздер |
Шыңғыстау-Тарбағатай мыс колчедан-полиметалл белдеуі – Шығыс Қазақстан облысындағы (ішінара Павлодар облысында) металл кендері шоғырланған алқап. Белдеу Шыңғыс-Балқаш және Жарма терең жарылымдары белдемдерімен шектелген ірі мегантиклинорийінде орналасқан.
## Геологиялық құрылымдары
Шыңғыстың Бас терең жарылымы арқылы Батыс (Батыс Шыңғыс) синклинорийлік (оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Ақбастау-Құсмұрын грабен-синклинорийі, Ақшатау горст-антиклинорийі, Абыралы грабен-синклинорийі) және Шығыс (Шығыс Шыңғыс) антиклинорийлік (оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Шыңғыс горст-антиклинорийі, Шығыс Шыңғыс грабен-синклинорийі, Арқалық горст-антиклинорийі, Түндік-Ащысу грабен-синклинорийі) құрылымдарына бөлінген. Белдеуде мыс-колчедан-полиметалл (кварцты-мырышты-күкірттімыс колчеданды-полиметалды) формация мен мырыш кентастары (кварцты-мырышты-сульфидті формация, алтынды-туынды кварцитті) формациялар кеңінен тараған. Барлық кентасты формациялар терең жарылымдар бойындағы тақта тастықтар мен әр түрлі бағыттардағы жарылымдардың қиылысу орындарында кембрий-ордовиктің жанартаутекті (спилит-диабаз, спилит-кератофир формациялары) тау жыныстарындағы серициттену, хлориттену, кварциттену процестері кең дамыған белдемдерде орналасқан. Құрылымдық белдемділікке эндогендік кен түзілу процесі сәйкес келеді. Белдеудің мырыш-мыс-колчеданды полиметалл кентастары ордовиктің (диорит, гранодиорит) силурдың (гранитоидтар, диориттер, гранодиорит порфирлер) ортаңғы-жоғары карбонның (гранодиориттер), жоғары карбон-төменгі пермьнің (гранодиорит-гранит кешені) интрузияларымен байланысқан.
## Дереккөздер |
«Жауынгерлік epлiгi үшін» медалі — «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік марапаттары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңының негізінде белгіленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты.
## Медаль туралы ереже
Медальмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлері:
* әскери бөлімнің, бөлімшенің жауынгерлік тапсырмаларды ойдағыдай орындауына, сондай-ақ қылмысқа қарсы күресте ықпал еткен ұрыста шебер, белсенді және батыл әрекеттері үшін;
* мемлекеттік шекараны қорғауда көрсеткен ержүректігі үшін;
* қызметін өтеу барысында сіңірген еңбегі үшін беріледі.
## 1-үлгісі
Медаль дөңгелек пішінді, диаметрі 34 мм.
Шеңбердің ортасында сегіз қырлы жұлдыз, жұлдыздың ішінде қару-жарақ таңбалары бейнеленген қалқан орналасқан. Медаль атауы шеңбер бойында жазылған, әріптердің көлемі 3,5х3 мм.
Жұлдыздың сәулелері, қалқан және қару белгілері жалпы шеңберден 1,5 мм жоғары орналасқан.
Медаль жезден жасалған. Медаль жезден жасалған бесбұрышты қалыппен ілмек және сақина арқылы жалғанған. Қалыптың биіктігі — 30,5 мм, ені — 34 мм, жоғарғы және төменгі бөліктерде жақтауы бар.
Қалып қызыл түсті муар таспасымен жабылған және ортасында жасыл түсті жолақ орналасқан.
## 2-үлгісі
Екінші түрі біріншіден қалыптың түрі мен таспаның түсі бойынша ерекшеленеді:
Медаль жезден жасалған ені 34 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты қалыппен ілмек және сақина арқылы жалғанған. Қалып квас түсті муар таспасымен қапталған, оның ортасында ені 4 мм екі көк жолақ орналасқан. Муар таспасының ені 34 мм. Қалыптың артқы жағында медалдің киімге бекітілуіне арналған түйреуіш бар.
Медаль Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
## Галерея
*
## Тағы қараңыз
* Қазақстанның мемлекеттік марапаттары |
Бет перде — театрландырылған ойындар мен күлдіргі рөлдерде, карнавалда, сауық кештерінде өзін танытпау үшін киетін жасанды бет жамылғысы. Ол әр түрлі болып келеді (адамның бет-әлпеті, аңның бейнесі, т.б. түрінде). Бет перделер бағзы замандарда әдет-ғұрыптық салтанаттарға байланысты пайда болған. Кейінірек театрлар мен халықтық ойындарда кеңінен қолданыла бастады (қ. Театрлық маскалар);
Бет перде - Күнге күюден, желқақты болудан және шаң-тозаңнан қорғау үшін бетке жауып жүретін тор перде;
Бет перде - спорт ойындарында (фехтование) бетке киетін қорғаныс-қалқан;
Бет перде - кейбір шығыс халықтарының әдет-ғұрыптары бойынша әйелдер бүркеніп жүретін паранжыны да бет перде дейді. Ойын-сауық пен дене күтімі үшін киетін бет перделер гипстен, қағаз қатырғыдан, матадан, жібек жіптерден жасалса, спорт ойындары үшін жеңіл металдардан істеледі.
## Дереккөздер |
Болат Мәжитұлы Мұқанов (1947 жылы туған) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (2003), Қазақстан Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі (2006).
## Өмірбаяны
* Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1972).
* Щучинск қаласындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институтында аспирант (1974 – 77), кіші, аға ғылыми қызметкер, директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары, директоры
* Орман шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры (2002) қызметтерін атқарған.
## Ғылыми жұмыстары
Қазақстанның агроорман мелиорациясы саласындағы жетекші ғалымдарының бірі.
* 70-тен аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 1 оқулықтың, 1 жинақтың авторы.
## Марапаттары
* Қазақстан Республикасының мақтау қағазы
* А.В. Альбенский атындағы медалі.
## Дереккөздер |
Төребек Османов [3.5.1893, бұрынғы Сырдария губерниясы Перовск (Ақмешіт) (Қызылорда) уезі, Қызылқұм кенті – 4.10.1937] – қазақтан шыққан тұңғыш банк қызметкері.
## Өмірбаяны
Төребек Османов 1893 жылы мамыр айында бұрынғы Сырдария губерниясы Перовск (Ақмешіт) (Қызылорда) уезінің Қызылқұм кентінде орта шаруа отбасында дүниеге келген.
### Оқу жолы
Ақмешіттегі орыс-түзем мектебін (1906), Перовск қалалық училищесін (1910), Ташкент мұғалімдер семинариясын (1914) бітірген.
### Жұмыс жолы
* 1914 – 1916 жылдары Ташкент уезінде мұғалімдікпен қатар банкте несие-сақтық серіктестігінің есепшісі.
* 1916 – 1918 жылдары Мемлекеттік банктің Ташкенттегі кеңсесінде ұсақ несие инспекциясының іс жүргізушісі қызметтерін атқарған.
* 1920 жылдың басынан «Түрхалұлткомқаржыда» ұсақ несие нұсқаушысы, Ақмешіттегі жұмысшылар кооперативінің төрағасы.
* 1920 – 1921 жылдары Еңбек халық комиссариаты жанындағы азық-түлік комиссары.
* 1921 – 1922 жылдары тұтынушылар кооперациясының әрі Қызылорда қалалық «Қосшы» одағының төрағасы.
* 1922 –1925 жылдары Ташкент өлкелік тұтынушылар одағының, Бүкіл қазақтық ауыл шаруашылық одағы басқармасының (әуелі «Қамқор», кейіннен «Қазауыл» одағы) төрағасы.
* 1925 –1927 жылдары КСРО Өнеркәсіптік банкі Қазақ бөлімшесінің басқарушысы.
* 1927 – 1928 жылдары КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ өлкелік кеңсесі басқарушысының орынбасары.
* 1928 – 1930 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық банкі басқармасының төрағасы, Бүкілодақтық ауыл шаруашылық кооперативтік ұжымшарлық банкі Қазақ республикасы кеңсесінің басқарушысы.
* 1930 – 1937 жылдары КСРО Мемлекеттік банкі Қазақ республикасы кеңсесі басқарушысының орынбасары, Мемлекеттік банктің Батыс Қазақстан облысы бөлімшесінің басқарушысы болды.
* 1926 жылдан Бүкілодақтық Халық шаруашылық кеңсесі төралқасының мүшесі болған.
Османов Қазақстанда банк, қаржы-несие ісін дамытуға, банк кадрларын даярлауға белсене атсалысты. Оның бастамасымен Алматыда банк ісі бойынша оқу комбинаты ашылды, осы комбинаттың негізінде 1931 жылы Алматы есеп-несие техникумы құрылды.
## Отбасы
Жұбайы — Османова Фатима (1906 жылы туған). Балалары: ажасы — Айткуль, орташасы — Лаура, кішісі - Зарима. Ағасы Мулдабек (1901 жылы туған), барлаушы-бақылаушы, 1943 жылы фронтта қайтыс болған, Украинаның Сумск облысында жерленген.
## Айып және ату жазасы
1937 жылы жалған жаламен айыпталып, 4 қазан айында ату жазасына кесілді.
### Отбасына қарсы қуғын-сүргін
Төребек Османовтың әйелі Фатима кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 9 жыл айдауды бастан кешті. Кіші қызы Зариманы Алматы қаласында нәресте үйіне, ал Айткүл мен Лаураны Алтай аймағының Солонешенск ауданындағы детдомға жіберілді. Кейін қыздары туған-туысқандарымен бірге тұрды.
## Ақталуы
1958 жылы Төребек Османов және оның отбасы ақталды. Бірақ айып кезінде алынған дүние-мүліктері қайтарылбай, әйелі тек күйеуінің екі - айлық жалақысын алып отырды.
## Османов атында
Қызылорда қаласында тұңғыш қазақ банкирі атында көше аталған.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Қыдыр, Қыдыр ата, Қызыр (араб.: الخضر [Əл-Хидр, Əл-Хизр] — жасыл адам) —
* бір анықтама бойынша, ислам дініндегі пайғамбар. Кейбір дінтанушы ғалымдар оны Ілияс пайғамбар деп жорамалдайды. Құран Кәрімнің Кәһф сүресінде Мұса пайғамбар сапарға шыққан кезде Қыдырға жолыққаны, Алланың оны Мұсаға тағылым үйрету үшін арнайы жібергені жайлы айтылады (66 аят).
* екінші бір анықтама бойынша, мифтік бейне. Түркі халықтары мифологиясында Қыдыр бейнесінің астарынан ислам дініне дейінгі және онан кейінгі кезеңде пайда болған екі діни-фольклорлық дәстүр түсінігі аңғарылады.
Кей халықта ол теңізде сапар шегушілердің қамқоршысы деп есептелсе, үнділер су иесі деп қабылдаған, сондай-ақ өрттен, су тасқынынан, ұрлықтан, жылан шағудан сақтайтын пір деп те есептеледі. Сонымен қатар жыр мәтіндерінде Қыдыр ата мен Қызыр ата, Ілияс есімдері дербес үш тұлға ретінде аталады (“Қызыр ата, қырық шілтен; Қыдыр менен Ілияс; олар да болсын жолдасың” немесе “Қызыр Ілияс жар болып, Қыдыр ата қолдасын”). Осыған байланысты “Қыдыр” мен “Қызыр” (Хадир, Хидр, Хизр) бейнелерінің екі түрлі мифтік бастаудан өрбіп, уақыт өте, есімдерінің сыртқы ұқсастығына және мифтік сәйкестігіне қарай бір бейне ретінде түсіндірілгенін топшылауға болады. Қыдыр көбіне-көп батырлық жырларда аталады, батырлар одан демеу, қолдау күтіп, атын атап шақырады. Қазақ халқының ұғым-түсінігінде Қыдыр сәттілік пен бақ беруші, көбіне иман жүзді қарт түрінде бейнеленіп, өзін көзімен көру сәті түскендерге бақыт сыйлаушы ретінде суреттеледі. Яғни, күнделікті кездесетін адамдардың арасында Қыдыр-ата болуы мүмкін: ол әр түрлі кейіпте (көбіне кедей адам секілді) жүреді. Одан сый алу үшін кез келген адамға, оның әлеуметтік мансап-мәртебесі мен байлығына, киіміне, түр-әлпетіне қарамай, қонақжайлық көрсету керек (өйткені ол Қыдыр болып шығуы мүмкін). “Қырықтың бірі Қыдыр” сөзінің астарынан осындай түсініктен туындаған моральдық факторды көруге болады.
## Қыдыр ата және Ұлыстың ұлы күні
Қазақтар Ұлыс күнді «жыл басы» санайды. Бұл күн – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күн» деп атаған. Григориан күнтүзбесі бойынша ескіше – 9 наурыз, жаңаша 21-нен 22-не қараған түн осы күнге сәйкес келеді. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қызыр түні» түні деп аталады. Қыдыр мұсылман елінде ел аралап жүрген адам бейнелі «әулие», адамға «қамқоршы», «дәулет» беруші. Діни наным бойынша әр бір нәрсенің иесі болады-мыс. Мысалы: «құт», «дәулет», «ырыс». Олар түрлі құс, адам, жәндік бейнесінде ел кезіп жүреді-міс. Солардың бірі Қыдыр.
## Қыдыр атаның сипаттамасы
Қыдыр (Қызыр) ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне сондықтан әр үй Қыдыр атаның жолын күтіп, өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші-сыртын, қора-қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп немесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан.
Осы және осыған ұқсас сөздерді бұдан да басқа қазақ халқының салт-дәстүрлері мен, әдет ғұрыптары жайлы, наурызға байланысты кітаптардан кездестіруге болады.
Ал, Селезнев Г. және Селезнева А. өздерінің "Духи и души в традициях народного ислама в сибири" атты кітаптарында Қыдырға байланысты мынадай мәліметтер келтіреді:Другой яркий образ, представления о котором довольно устойчиво бытуют в деревнях Уленкуль и Черналы это Казыр-ата. Он представлялся в виде существа антропоморфного вида, старика в белой одежде с посохом. Казыр-ата мог появиться во сне и предсказать будущее, а мог явиться путнику и показать правильную дорогу. В то же время имеются сведения о том, что он невидим или предствлен в образе собаки или кошки белого цвета. Его образ двойстве-нен: он и плотен и бесплотен, и видим и невидим. В любом случае это добрый к людям дух или образ. Если кто-то видел белую кошку или собаку или кому-то было видение человека в белом, похожего на Казыр-ата, то это - доброе предзнаменование. Имеются представления, что Казыр-ата является также покровителем домашних животных: коров и лошадей.
Не подлежит никакому сомнению, что прототипом образа Казыр ата, бытующего в по-верьях тарских татар является знаменитый ал-Хадир (ал-Хидр, Хизр/Хезр/Хизыр, Хи-дир/Хызыр, Хиджир, Кидар) - распространенный персонаж устных преданий и мусульманской книжной традиции. Известный в преданиях почти всех мусульманских народов, в тюркоязычной среде он получает титул Ата - отец. В народных рассказах и общемусульманской традиции герой предстает в двойном аспекте - материально-телесном и бестелесно-духовном, сочетает в себе мифическое и событийное, действительное и чудесное. Как духовность - незрим, даритель небесных благ, воплощает плодородие; как телесность - зрим, подлинный человек, смертен, описывается как белобородый старец, путешествующий с посохом из страны в страну. По мнению исследователей, под именем ал-Хадир (Казыр-ата) скрывается сложный образ доисламского мифологического персонажа. Скорее всего, этот персонаж представляет собой собирательный образ природы во всем ее многообразии, выраженный через символику цвета, числа и т.д. (Ислам на территории…, 1999. С. 91-93).
В Средней Азии со святым Хызром повсеместно была связана земледельческая обрядность, а сам герой считался подателем изобилия. Здесь существовал обряд, согласно которому на кучу обмолоченного зерна клался кусок глины, для того, чтобы Хызр (Хыдыр) взглянул на собранное зерно или коснулся его рукой - это должно было увеличить урожай (Басилов В.Н., 1970. С. 22; Снесарев Г.П., 1969. С. 223)
## "Қыдыр" сөзінің мағынасы
Қызыр сөзін қазақшаға аударсақ жасыл адам деген мағына шығады. «Хадар» – арабша "жасыл" деген сөз. «Хадрауат» - "жасыл көкеністер". Бұл кісінің Хыдыр деп аталуына бірнеше дәйектемелер бар. Хыдыр егер бір жерге отырып кейін ол жерден тұрып кеткенде, әлгі отырған жері жап-жасыл боп қалады екен. Екіншіден, ол кісі жасыл киім киіп жүрген екен. Осы себепті жасыл адам яғни, хыдыр деп аталып кеткен екен.
Арабтың "الخضر" - "Əл-Хидр" сөзіндегі "ض" - «дод» әрібінің дыбысталуы қазақ тіліндегі «д» және «з» әріптерінің дыбысталуларына бірдей дəрежеде ұқсас. Осы себепті қазақша бұл сөз кей жерлерде «қыдыр» деп жазылса, басқа бір жерлерде «қызыр» болып дыбысталған күйде жазылады.
www.fandom.com сайтындағы "YENİŞEHİR (Жаңа шаһар) WİKİ" бөлімінде Қыдыр жайлы былай делінген:
Hızır (Arapça: الخضر al Khidr; Yeşil adam), İbrâhimden sonra yaşamış bir peygamber veya veli. Avrupa ve Asya kıtalarına hâkim olan Zülkarneynin askerinin kumandanı ve teyzesinin oğludur. İsminin, Belkâ bin Melkan, künyesinin Ebü'l-Abbâs olduğu ve soyunun Nûh aleyhisselâmın Sam isimli oğluna dayandığı bildirilmiştir. Bazıları da Hızır aleyhisselâmın İsrâiloğullarından olduğunu söylemiştir. Hızır lakabıyla meşhur olmasının sebebi, kuru bir yere oturup kalktığı zaman, oranın yeşerip yemyeşil olmasıdır.
Қазақша аудармасы:
«Хызыр араб сөзі, Жасыл адам деген мағына береді. Хызыр Ибраһим а.с. пайғамбардан кейін өмір сүрген бір пайғамбар немесе уәли. Зулқарнайнның әскербасы әрі бір әпкесінің ұлы болған. Есімі Бәлка ибн Мәлкан болғандығы айтылады. Лақаб аты Әбул Аббас. Нұхтың а.с. ұлы Самның ұрпағына. Кейбіреулер Хызырдың Бәни Исраил қаумынан болғандығын айтады. Хыдыр аталуының себебі егер бір жерге отырып кейін ол жерден тұрып кеткенде, әлгі отырған жері жап-жасыл болады екен.».
Араб клубы сайтында Хыдыр есімі жайлы мынадай мәліметтер берілген:
والخضر هو النبي / إيليا بن ملكان بن عامر بن شالح بن أرفخشد بن سام بن نوح، وسبب تسميته بالخضر قيل لأنه جلس على فروه بيضاء وتحوّل لونها إلى أخضر ، وقيل إنه عندما يصلي تخضر الأرض من حوله ، وقيل لأنه يرتدي ملابس خضراء ، ويُعرف بالنبي / جرجس ..
Қазақша аудармасы:
«Илия ибн Мәлкән ибн Амир ибн Шалих ибн Арфахшад ибн Сам ибн Нух. Оның Хыдыр аталу себебі бір ақ жерге отырса, ол жердің түсі жасылға айналар еді. Намаз оқыған жері де жасыл болатын. Және үстіне жасыл киім киіп жүретін. Оны Жәржәс пайғамбар деп те атайтын».
Харлампий Баранов өзінің "Арабско-русский словарь" сөздігінде: «Хидр – пророк Илья» деген мәлімет берген.
## Қыдырдың ислам деректерінде кездесуі
Мұса пайғамбар мен Хыдырдың (Қыдыр ата) оқиғасы Құран Кәрімде "Кәһф" сүресінің 60-82 аяттарында баяндалған. Бірақ Құран аяттарында Мұса пайғамбар серік болған адамның аты айтылмайды, ол жай ғана "Құлдарымыздың ішіндегі бір пенде" деп аталады.
Мұса пайғамбар ілескен адамның аты Ибн Касирдің "Қисасул әнбия (Пайғамбарлар əңгімелері)" кітабында жазылған қиссадан мəлім болады: "Имам Бұхаридің айтуынша, Убай ибн Каъб Ибн Аббастан мына хадисті келтіреді:
«Бір күні Мұса пайғамбар Бәни Исраил қауымына уағыз айтып тұрғанда, одан: «Адамдардың ең білімдісі кім?» - деп сұрайды. Сонда пайғамбар «Мен» деп жауап береді. «Аллаһ біледі» деп айтпағандығы үшін, Аллаһ тағала Мұса пайғамбарды айыптайды. Оған уахи етіп, Аллаһ былай дейді: «Екі теңіздің қосылған жерінде бір пендем бар, ол сенен білімдірақ». Сонда Мұса: «О Раббым! Оны қалай табамын?» – дейді. Оған: «Себепке балық салып ал, балақты қай жерде жоғалтсаң, оны сол жерден табасың»,-деп жауап қайтарылады» .
Сонымен Мұса жолға шығып, жанына қызметкер ретінде Юшаъ ибн Нун деп аталатын бір жас баланы серік етіп ертіп алады. «Сол уақытта Мұса қызметкеріне: «Екі теңіздің қосылған жеріне жеткенге дейін тоқтамаймын немесе жаяу жүріспен жылдар өткіземін», - деді. Екеуі екі (теңіздің) құйғанына жеткен кезде, балықтарын ұмытты. Сонда (балық) ыршып түсіп теңізден жол алды» Оларда өздерімен бірге алып шыққан қуырылған балық болды. Ал екі теңіздің құйған жері деген — Қызыл теңіздің қос қапталы болатын. Аталмыш мекенге жеткенде Мұса ұйқыға кетті де, Юшаъ ояу отырды. Сол кезде әлгі қуырылған балық тіріліп, себеттен секіріп теңізге түсіп, жүзіп кетеді. Юшаъ бұл жайтты тамашалап отырды. Бірақ, Мұса оянғаннан кейін оған айтуға ұмытып кетеді. Сапарларын одан әрі жалғастырып, «екеуі ілгерілеп барған кезде, Мұса қызметкеріне: «Азығымызды әкелші. Расында бұл сапарымызда шаршадық», - деді. (Юшаъ): «Көрдің бе? Таста дем алғанда балықты ұмытқан екенмін. Маған оны айтуды шайтан ұмыттырды. Ол таңғажайып түрде теңізден жол алды»,-деді. (Мұса): «Міне, іздегеніміз осы», - деп екеуі ізінше қайта қайтты. Сонда екеуі Өз тарапымыздан мархамет беріп, Өз қасымыздан ілім үйреткен пенделерімізден бірін тапты».Екеуі осылай артқа қайтып, Хыдырды кездестірді. Ғұламалардың көпшілігі бұл кісіні пайғамбар болған дейді. «Мұса оган: «Саган үйретілген даналықтан маған да үйретуің үшін саған ерейін бе?» - деді. Ол: «Расында сен менімен бірге (жүруге) шыдай алмайсың. Ішкі сырын толық білмейтін нәрсеге қалай сабыр ете аласың?» - деді. (Мұса): «Аллаһ қаласа, мені сабырлы табасың. Сондай-ақ саган ешбір істе қарсы келмеймін», - деді».
Сонда Хыдыр: «Ал онда маған ілессең, өзім айтпайынша, менен ешнәрсе сұрама»,- деді». Олар осыған келісіп, Мұса Юшаъты елге қайтарып, өздері жолға шығады. «Сөйтіп, екеуі жолға шықты да, кемеге түсіп, (Хыдыр) оны тесе бастады». Ішіне су кірген кеме бата бастады. Кемедегі балықшылар ішке кірген суды сыртқа төгіп, әбігерге түсті. Хыдырдың бұлай істегеніне Мұса таңырқап: «Кемедегілерді суға батыру үшін тестің бе? Рас орынсыз істедіц», - дейді». Хыдыр: «Саған менімен бірге әсте сабыр ете алмайсың демедім бе?» - деді». Сонда Мұса Хыдырға берген уәдесі есіне түсіп: «Ұмытқан нәрсемді есепке алма. Маған ісімде қолайсыздық тудырма», - деді».Мұнан кейін олар бір жағажайға түсіп, біраз жүрген соң Хыдыр ойнап жатқан балалардың қасына келіп, олардың біреуін жығып құлатып, бауыздап өлтіріп тастайды. «Екеуі Жолға түсті. Бір ұл бала кездесіп еді, (Хыдыр) оны өлтірді». Көз алдында кісі өліміне куә болған Мұса шыдап тұра алмай: «Кісі өлтірмеген жазықсыз біреуді өлтірдің бе? Рас, жаман нәрсе істедің», - дейді». Хыдыр тағы да: «Сен менімен бірге жүруге әсте шыдай алмайсың демедім бе?» — деді». Мұса: «Егер бұдан кейін бір нәрсе сұрасам, тіпті мені жолдас қылма. Рас мен тараптан үзірге жеттің»,- деп соңғы уәдесін берді.
Сосын шаршап-шалдығып, қарындары ашып бір ауылға келеді. Бірақ, ол ауылдың адамдары бұларды үйлеріне түсіріп, қонақ қылмайды. Екеуі үйлеріне түсуге сұранса да, қабылдамайды. Сонда олар ауыл сыртына шығады. Қараса бір дуал қаңырап, құлайын деп тұр екен. Хыдыр барып ол дуалды түзетіп қояды. Мұса оның қонақ күтуге жарамаған ауыл адамдарының құлайын деп тұрған дуалын еш ақысыз жөндеп бергеніне таңырқап қалады. Аллаһ Тағала:«Сонда екеуі тағы жүріп, бір ауыл халқына барып, тұрғындарынан тамақ сұрады. Олар екеуін қонақ қылудан бас тартты. Сонда екеуі ол жердегі жығылғалы тұрған тамды көріп, (Хыдыр) оны жөндеді. (Мұса): «Егер қаласаң бұған ақы алар едің», - деді. (Хыдыр): «Міне, осы, мені мен сен екеуміздің арамыздың айрылуы. Ал енді саған сабыр ете алмаған нәрселеріңнің сырын айтайын. Кеме теңізге кәсіп істейтін кембағалдардікі еді. Оны ақаулы еткім келді. Өйткені, арт жақтарында әрбір (жарамды) кемені тартып алатын патша бар еді. Ал баланың мүмін әке-шешесі бар тұғын. Оның әке-шешесін бас тарттыруға, қарсылыққа мәжбүрлеуінен қорықтық. Раббылары оларға оның орнына одан да таза әрі мейірімді бір бала беруін қаладық. Ал енді дуал, бұл қаладағы екі жетім баланыкі болып, оның астында екеуіне тиесілі қазына бар еді. Сондай-ақ әке-шешелері түзу кісі болғандықтан Раббың оларға қазыналарын шығарып алуын қалады. Бұл Раббыңнан бір мархамет еді. Сондай-ақ мұны мен өздігімнен істемедім. Міне, осы сенің сабыр ете алмаған істерің»,- деді», - деп айтқан.
Ибн Аббастың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болғай) тәпсірлеуінше, Хыдыр кемені тескен кезде бір патша жолында кездескен барлық кемелерді тартып алып келе жатқан болатын. Тесілген кемені көрген патша оны керек қылмастан алмай кетеді. Ал Хыдыр өлтірген балаға келсек, Аллаһ Тағала бұл баланың ержеткенде залым, кәпір, ата-анасына жәбір беруші адам болатындығын біліп, оны өлтіруге әмір етті. Сөйтіп бұл баланың орнына мүмін әке-шешесіне ізгі бір бала сыйлады. Енді оның ауыл шетіндегі қаңыраған дуалды түзетіп қойғандығын айтсақ, ол дуалдың астында бір марқұм жақсы кісінің екі баласына тиесілі қазына жатыр еді."
Бұнымен қоса ислами деректерде сенімділік дәрежесі төмен бірақ Қыдыр туралы көзқарастарды көрсететін басқа да хадистер бар. Бұл хадистерде Қыдыр Ілияс пайғамбармен қажылық жасап, Мұхаммед пайғамбардың сахабалары заманында өмір сүреді.
Әл-Хакимнің «Әл-Мустадрак» кітабында Жабирден келесідей хадис келтіріледі: «Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғанда оның барлық сахабалары жиналады. Сол кезде олардың арасына сақалы сұр түсті, дене бітімі мығым бір кісі кіріп келді. Әлгі кісі оларды құшақтап, жылай кетеді. Одан кейін ол сахабаларға қарап, былай дейді: «Шындығында, барлық бәледен жұбату, шығындар мен өлімнің өтеуі Алллаһта. Алладан көмек сұрап, оған ұмтылыңдар! Қайғы-қасірет кезінде оның жанары сендерде, сондықтан өздеріңнің жанарларыңды оған тастаңдар. Расында бәленің құрбаны — жұбаныш таппаған адам!» Сосын ол кетіп қалды. Әбу-Бәкр мен Әли былай деп айтты: «Бұл болған — Қызыр — оған Алланың сәлемі болсын!»»
Әл-Хатыб пен Ибн-Асакир Әлиден хадис жеткізеді. Ол былай депті: «Мен Қағбаны тауап етіп жүргенімде, Қағбаның жабындысына сүйеніп, келесі сөздерді айтып жатқан адамды көрдім: «Уа [біреудің тілегі мен өтінішін] тыңдау сені [басқаларды] тыңдаудан алаңадатпайтын! Уа, саған жүгінетіндердің қажылық етулері ауырлық етпейтін. Өзіңнің кешірімің мен мейіріміңнің лебін бізге сыйлай гөр!». Мен одан сұрадым: «Әй, Алланың құлы! Сөздеріңді қайталашы». Ол менен былай деп сұрады: «Олар саған естілді ме?». Мен: «Иә», дедім. Ол былай деп бастады: «Қолында Қызырдың өзі бар». Демек ол Қызыр болғаны. Сосын ол жалғастырды: «Егер Алланың құлы осы сөздерді намаздан соң айтса, онда Алла оның күнәсі шаң тозаңындай, не жаңбырдағы тамшылар санындай, не ағаш жапырақтарындай болса да, барлығын кешіреді.
Әл-Байхақи өзінің жинағының, «Иман» бөлімінде Әл-Хажжаж ибн-Фарафстың сөзінен хадис келтіреді. Бірде екі ер кісі Абдуллаһ ибн-Омар қасында саудаласып жатқан екен. Олардың біреуі тым көп ант берген болатын. Оның дәл осы әрекеті кезінде олардың қасына бір кісі келіп, алдарына тұрып алыпты. Араларында ант іше беретініне былай депті: «Уа, Алланың құлы, доғар! Алладан қорықсайшы, былай көп ант ете берме. Осыншама ант етсең де, наның көбеймейді. Ант етпей қойсаң, наның азаймайды». Ант еткен кісі әлгі адамға былай деп жауап беріпті: «Өз шаруаларыңмен айналыссайшы». Ол болса, былай депті: «Менің шаруам — осы». Әуелгісі оған үш рет кет десе, ол кісі оған үш рет сол сөздерін қайырыпты. Кетейін деп жатқанда былай деген екен: «Сенімнің белгілерінің бірі сені қорқытып немесе қызықтырып өтірікке көндіргенде, шындықты таңдауың екендігін білгейсің! Істеріңді сөздеріңнен артық етпе!». Сосын ол кетіп қалды. Абдуллаһ ибн-Омар [ант ішкен кісіге] былай деген екен: «Оны қуып жетіп, сөздерін жазып ал!». Ол әлгі кісіге жолығып: «Уа, Алланың құлы! Алла саған мейірім еткей, осы сөздеріңді маған жазып берші!» — депті. Ол осы сөздерін оған жаттағанша қайталап беріпті. Содан соң (ант ішкен кісі) мешітке аяғы кірмейінше жолмен жүре беріпті. Ол былай деген екен: «[Қалай екенін] білмеймін — бірақ жер осы сөздерді айтып, аспан айқара ашылды». Әрі қарай ол Әзірет Қызыр мен Ілиясты көргендей болғандығын айтты.
Өзінің «Муснадында» Харис ибн-Усама иснады Анасқа жететін хадисті келтіріпті. Ол былай айтқан екен: «Алла елшісі Мұхаммед былай деген: «Әзіреті Қызыр — теңізде, ал Әзіреті Ілияс — құрлықта. Әр түн сайын олар Зұлқарнайын салдырған Румда кездеседі. Адамдар және Йажуж бен Мәжуж арасында болады». Әзіреті Қызыр мен Ілияс әр жыл сайын ұмра мен қажылықты өтеп, қасиетті Зәмзәм бұлағынан оларға келесі жылға дейін жететін бір ұртам су ішеді.
Әл-Акили мен Ибн-Асакир Ибн-Аббастан жеткізген хадисті келтіреді. Онда Мұхаммед пайғамбар былай депті: «Әзіреті Қызыр мен Ілияс әр жыл сайын қажылықта кездесіп, бір-бірінің бастарын қырып, келесі сөздерді айтады: «Алланың атымен! Алланың қалағаны! Тек Аллаһ қана жақсылықты береді! Алланың қалағаны! Тек Аллаһ қана жамандықты қайтара алады! Алланың қалағаны! Барлық игіліктер мен нығметтер тек Алладан ғана!»». Ибн-Аббас айтыпты: «Кімде-кім осы сөздерді оянғанда немесе кешке жатарда үш рет айтса, Алла оны оттан, тоналудан, суға батып кетуден, шайтаннан, зұлым патшадан, жылан мен сарышаяннан қорғап қалады».
Ибн-Асакир иснады Мұхаммед ибн-Манкадрға жететін хадис келтіріпті. Ол былай айтып беріпті: «Омар ибн-Әл-Хаттаб жаназа намазын өтейін деп жатқанда бір құпия дауыс артынан оған сыбырлап: «Намаз оқуға асықпа, бізге үлгеруге мұрша бер — Алла саған мейірім етсін!». Омар ибн-Әл-Хаттаб ол кісі қатарға тұрмайынша күтіпті. Омар тәкпір айтып, онымен қоса қалған ер кісілер де айтқан екен. Әлгі дауыс: «Оны қатты жазаласаң, ол қарсы шығады. Ал егер кешірсең, ол сенің мейірімің мен аяушылығыңды күтеді». Омар мен барлық жұрт дауыс қатқан адамға қарады. Мәйітті көмген соң, әлгі адам қабірдегі жерді тегістеп, былай депті: «Ариф» («нұрланған», жоғарғы дәрежелі сопы), салық жинаушы, қазына сақшысы, жазушы немесе күзетші болмасаң да, бақытты екенсің — қабір иесі». Омар ибн-Әл-Хаттаб: «Оны маған әкеліңдер! Оның осы дұғасын қайдан алғанын сұрайық». Бірақ әлгі адам көздерінен ғайып болыпты. Бәрі қарауға кірісіп, оның табаны қалдырған ізі шынтақтың ұзындығына тең екендігін көріпті. Сонда Омар ибн-Әл-Хаттаб айтыпты: «Алламен ант етейін, бұл Мұхаммед пайғамбар айтқан Әзіреті Қызыр болған».
Ибн-Асакир иснады Әл-Аузағи арқылы Макғулиға жететін хадис келтіріпті. Ол болса, Уасиләт ибн-Әл-Аскағидың келесі сөздерді айтқанын естіпті:
«Бірде біз Алла елшісі Мұхаммед пайғамбармен бірге Табукқа жорық жасадық. Біз Жизам өңіріндегі Әл-Хаура деген жерде едік. Бізді қатты шөл қысқан болатын. Бір кезде біз жаңбыр жауған жерге шығып, алдымызда ішінде екі өлексе жатқан жаңбыр суының шалшығы көрінді. Аңдар өлексе етінен жеп болған соң шалшықтан су ішіп жатқан. Біз Мұхаммед пайғамбардан сұрадық: «Уа, Алланың елшісі, мынау өлімтікті аңдар жеген». Ол жауап берді: «Иә, бірақ осы екі мәйіт таза, олар аспан мен жерден жаратылып, оларды еш нәрсе бұза алмайды. Аңдардың (судан болған) несібесі — іштерінде, біздің несібеміз — бізге болмақ».
Түннің үштен бір бөлігі өткенде біз кенеттен мұң мен қайғыға толы дауыстың айғай салғанын естідік: «О құдайым! Мен Мұхаммед пайғамбардың үмбетінен — кешірілген және нығмет жасалған үмбеттен, жауап берушісі бар үмбеттен болуымды нәсіп ете гөр!». Мұхаммед пайғамбар келесідей бұйырды: «Әй Хузайфа мен Анас! Мынау шатқалға барып, бұл не дауыс екенін біліңдер!».
Әлгі жерге шыққанымыз сол еді киімі қардан ақ адамды көрдік. Оның жүзі мен сақалы да ақ түсті еді. Мен [Хузайфа] оның жүзі киімінен ағырақ па, әлде керісінше ме түсінген жоқпын. Ол бізден екі, тіпті үш қарысқа ұзынырақ болатын. Біз онымен сәлемдестік, ол да солай істеді. Сосын ол былай деді: «Қош келдіңдер! Сендер Алла елшісі елшілерісіңдер». Біз иә дедік. Сосын біз: «Алла саған мейірім еткей — сен кімсің?», — деп сұрадық. Ол: «Мен — Ілияс, пайғамбармын. Мен Меккеге жетейін деп жолға шығып, сендердің әскерлеріңді көріп қалдым. Сонда алдында Жебірейіл періште, артында Микаил періште бар періштелердің әскеріндегі бір жауынгер маған: «Бұл адам сенің бауырың, Алла елшісі! Оны қарсы алып, сәлем бер!» — деп айтты. Сендер екеуің қайтып, оған менің сәлемімді жеткізіңдер. Оған менің сендердің әскерлеріңе баруымның қажеті жоқ деп айтыңдар. Түйелер менен шошып, ал мұсылмандар менің бойымнан зәре-құттары қашып кетуден сескенемін. Бұл менің сендер сияқты жаратылмағанымнан. Ол маған келсін деп айтыңдар». Хузайфа мен Анас оның қолын қысып, онымен амандасты.
Сосын Әзіреті Ілияс Анас туралы сұрады: ««Бұл кім?». Хузайфа ибн-Әл-Йаман оның Алла елшісінің сахабасы екендігін айтты. Әзіреті Ілияс оған сәлем берді. Сосын ол былай деді: «Алламен ант етемін, оны бүкіл жерге атақты қылатын аспан олжасына лайықты адамды аспан мекендеушісі Алла елшісі Мұхаммед пайғамбардың сахабасы деп аталады». Хузейфа сұрады: «Сен періштелерді кездестіресің бе?». Ол былай деді: «Мен оларды жолықтырмайтын күн жоқ. Олар маған, ал мен оларға сәлем береміз».
Сосын бізге Мұхаммед пайғамбар келді. Ол бізбен бірге алға шатқалға кіргенше қозғалып, оның жүзі жарықпен нұрланды. Әзіреті Ілиястың жүзінен бір жарық шыққан екен, ал оның киімі күн сияқты жарқырап тұрды. Алла елшісі былай деді: «Тыныш!». Біз Мұхаммед пайғамбарға бес қарысқа жақындадық. Мұхаммед пайғамбар Әзіреті Ілиясты ұзақ құшақтады. Сосын олар отырды. Кенет біз түйедей дәу құсқа ұқсаған бір ақ түсті жаратылысты көрдік. Ол пайғамбардың айналасында қанаттарын сермеп э, айналып жүріп, онымен біздің арамызда орнықты.
Содан кейін Мұхаммед пайғамбар бізге қарай [құздан] шықты да, былай деді: «Уа Хузайфа! Уа Анас! Бері келіңдер!» Біз жақындап, алдымызда жасыл түсті дастарқанды көрдік. Мен бұндай керемет дастарқанды бұдан бұрын көрген емеспін. Сосын дастарқанның жасыл түсін ақ түс баурап, біздің беттеріміз бен киімдеріміз жасыл түске оранды. Бұдан соң дастарқан үстінде күтпеген жерден: нан, анар, банандар, жүзім, құрма мен бұршақ пайда болды. Сосын Әзіреті Ілияс былай деді: «Алланың атымен жеңдер». [Анас пен Хузайфа] сұрады: «Уа Алланың елшісі! Бұл жердің тамағы ма?». Ол былай деді: «Жоқ бұл менің қырық түн мен күнге жететін тамағым. Маған оны періштелер әкеледі. Қазір тура сол қырық түн мен күннің біткен кезі. Бұл тамақ Алла: « «Бол!», — дегенде, ол пайда болатын заттардың бірі.
Біз сұрадық: «Сен қайдан келе жатырсың?». Әзіреті Ілияс жауап берді: «Румия елі жағынан. Мен мұсылмандар арасынан болған бір халықпен соғысып жатқан періштелер әскерінде болдым». Біз сұрадық: «Сен келеген жерге дейін қанша уақыт жүру керек?». Ол жауап берді: «Төрт ай. Мен ол жерден он күн бұрын кетіп қалдым. Мен Меккеге дейін жеткім келеді. Мен ол жерде жылына бір рет маған келесі Меккеге келуіме дейін бір жыл бойына жететін суды ішемін».
Біз одан сұрадық: «Ең күшті шайқастар қайда өтіп жатыр?». Ол былай деді: «Шамда (Сирия мен Ливан), Иерусалимде, Мағриб пен Йеменде. Мұхаммед пайғамбардың мен баспаған кіші және үлкен мешіті жоқ».
Біз одан сұрадық: «Сен Әзіреті Қызырмен қашан кездескен едің?». Ол жауап берді: «Бір жыл бұрын біз Меккеде қажылық кен кездестік. Ол маған: «Сен менен бұрын Мұхаммед пайғамбармен кездесесің. Оған менен сәлем айт деді». Ол Мұхаммед пайғамбарды құшақтап, жылап жіберді. Сосын біз оның қолын қысып, оны құшақтадық. Ол қайтадан жылады, біз де жыладық.
Біз ол бір ауыр салмақ сияқты аспанға көтерілгенше қарап тұрдық. Біз Мұхаммед пайғамбарға: «Уа Алла елшісі! Біз кереметті көрдік. Ол аспанға түсіп кеткендей болды!». Пайғамбар жауап берді: «Ол періште қанаттарының арасында ол оны қалаған жеріне дейін жеткізгенше болады».[10]
## Қыдыр атаны шариғи көзқараспен сараптау
Халық арасындағы Қыдыр ата жайлы аңыз-əңгімелерді зерделесе, ол байырғы заманнан бері өмір сүріп келе жатқан ұлы әулиелер қатарынан екендігін, жан мен тән сыйлаушы, мәңгі өмір сүретін секілді екендігін аңғарса болады. Енді осы нәрселердің исламға қаншалықты жақын екендігін зерттеп көрелік.
Қыдыр атаның есімі пайғамбарлардың қатарынан кездеседі. Мұса пайғамбар мен Хыдырдың қиссасы Құран Кәрімде келген атақты қиссалардың бірі. Құран аяттарына сүйенер болсақ, Хыдыр өздігінен іс атқармаған. Әрі Аллаһ тағаланың ең білімді пенделерінен. Жақсы іс атқарушы болып та есептеледі. Дегенмен әулие, көріпкел, жан мен тән сыйлаушы секілді сипаттары жоқ.
«Əулие» араб тіліндегі «уәли» сөзінің көпше түрі. «Уәли» қазақ тілінде "дос", ал «әулие» "достар" деген мағына береді. Жалғыз адамға әулие сөзінің өзін қолдану қате болып есептеледі. Себебі ол көптік мағынадағы сөз.
Көріпкелдікке тоқталар болсақ, Ислам дінінің наным, сенімі бойынша болашақты Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Пайғамбарлар да білген емес.
Сонымен бірге жан мен тәнді сыйлаушы Аллаһ болып есептеледі. Құран аяттарына жүгінер болсақ Хыдырға яғни, Қыдыр атаға байланысты бұл сипаттар жоққа шығарылатын секілді.
Наурыз түндерінде Қыдыр ата «үйлерді аралайды», «батасын береді» деген сөздерге тоқталар болсақ, наурыз әлі күнге дейін жалғасып келуде, демек Қыдыр ата әлі күнге дейін аралап келе жатыр деген сөз.
Сондай-ақ кейбір тәпсір және тарих кітаптарында Хыдыр тірі деген пікір айтылады. Негізінде бұл өрескел қате түсінік. Бұған дәлел Абдуллаһ ибн Омар риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз бірде құптан намазын оқып болған соң сахабаларға бұрылып: «Мына түндеріңді көріп тұрсыңдар ма?» - деп сұраған. Олар: «Иә», - дейді. Сонда Пайғамбарымыз: «Жүз жылдан кейін жер бетінде қазір тірі болған ешкім қалмайды», - деген (Хадисті Бұхари және Муслим риуаят еткен). Сонымен бірге Кувейттің Филикия деген аралында Хыдырдың (Қыдыр ата) қабірі бар деген мағлұматтар бар. Бұл мағлұмат араб тіліндегі уикипедияда жарияланған. Және араб клубы сайтында Хыдырдың қабірінің суреті берілген. Сурет Яхия әл-Рабиғанның (мин әййәми заман) кітабынан алынған. Аталмыш мәліметтерге де сүйенер болсақ, Хыдыр дүние салған.
Hızır aleyhisselâm, Allahü teâlânın sevgili kullarındandı. Doğdu, büyüdü ve vefât etti.
Қазақша аудармасы: "Хызыр алейһисселам Аллаһ тағаланың сүйікті құлдарынан. Ол дүниеге келді, өсті, үлкейді және дүние салды."
Халық арасында тағы айта кететін бір жәйт, «Қыдыр ата» мен «Қадыр түнін» шатастыратындар кездеседі. Көпшілігі дерлік десек артық кетпеспіз. Қыдыр ата мен Қадыр түні екеуі екі бөлек нәрсе. Қыдыр түні рамазан айында яғни оразада болатын түн. Рамазан айының соңғы он тақ түндерінің бірі Қадыр түні. Ғалымдардың көпшілігі рамазан айының 27-ші түні «қадыр түн» деген пікірлер айтқан. Қадыр түні Қыдыр ата келеді деген де қауесеттер бар. Бұл да негізсіз пікірлер. Қадыр түнінде кімнің келетіндігі, яғни, жер бетіне Қыдыр атаның емес періштелірдің түсетіндігі жайында аяттар бар. Аллаһ тағала Құранда былай дейді:«Негізінде Құранды Қадыр түнінде түсірдік. (Мұхаммед) Қадыр түнінің не екендігін білесің бе? Қадыр түні мың айдан хайырлы. Періштелер мен Жәбірейіл періште ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін (Жер бетіне) түседі. Ол бейбітшілік кеші (болған қадыр түні) таң рауандағанға дейін жалғасады».
Құран аяттары мен хадистерге жүгінсек, Қыдыр атаның тірі, әлі күнге дейін үйлерді аралап жүргендігіне дәлелдер жоқ. Тек қана қауесеттер, аңыздар, халық аузындағы сөздер. Қорыта келе Құран Кәрімдегі Мұса мен Хыдырдың арасындағы оқиғаға қарар болсақ, Аллаһ тағала ізгі, иманды ата-аналардың салауаттылығына өзі тікелей араласып отыр. Оларға бейқайыр ұлдың орнына ізгі перзент сыйлады, балаларына арналған қазынаның сақталуын кепілдіге алды, кембағал балықшыларды да кемесіз қалмауында қарастырды. Демек, Аллаһ тағала әр бір істен хабардар, әрі бұл істі Хыдырға (Қыдыр атаға) жүктеген. Хыдырдың иелік еткен ілімене келсек – бұл оған Аллаһ тағала дарытқан ғайып ілім. Ал, ғайып ілімдер тек пайғамбарларға ғана Аллаһ тағала тарапына беріледі.Қыдыр атаға байланысты ақиқат ғұламалардың айтуынша оның пайғамбарлар қатарынан, Аллаһтың ілімді пенделерінен болғандығы. Ал халқымыздың аузында жүрген аңыздардың шындыққа жанасар жері еш жоқ.
Кім білер, Қыдыр ата жайлы қиссалар біздің елге жетіп келемін дегенше жергілікті шамандық наным-сенімдермен араласып, ақыр соңы көріпкел, әулиеге айналған болуы әбден мүмкін.
## Дереккөздер |
Мусханов Жамул Вахитович (1958 жылы туған, Сандықтау ауданы Речное ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты «Сандықтау» ЖШС-нің директоры. Шешен-Ингуш университетін және Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Сандықтау ауданы мемлекеттік «Балкашин» асыл тұқымды зауытының аға экономисі, директоры (1983 – 99) болған. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы
] |
Мусинов Руслан Владимирович (1976 жылы туған, Көкшетау қаласы) – спортшы, бокстан халықар. дәрежедегі спорт шебері (1995), Қазақстан чемпионы (1997 – 99), Шығыс Азия ойындарының (2001), Әлем кубогінің (2002) күміс жүлдегері.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Ырғыз Жәрмеңкесі, Ырғыз қ-нда 1870 ж. 19 қарашада ашылған. Жылына екі рет: маусым және қыркүйек айларында өткізіліп тұрды. Ы. ж-не Ресейдің Орынбор, Мәскеу, Нижегород қалаларынан, қазақ даласынан, Бұхарадан ауқатты байлар мен саудагерлер өз тауарларын әкеліп тұрды. Жәрмеңкенің өткізілуіне байланысты уезд аумағында сауда орындарының көбейтілуіне көңіл бөлінді. 1893 ж. 75 жайма дүкен жұмыс істесе, 1904 ж. оның саны 221-ге жетіп, бірнеше тұрақты сауда орындары пайда болды. Жәрмеңкеге Ресейден мақта-мата өнімдері, қант, алтын және күміс ақшалар әкелінді. Айырбас саудасында ортақ құн баламасы ретінде қой қолданылды. 1909 ж. өткізілген жәрмеңкеде жылқының 50 сомға, ірі қара малдың 35 сомға, қойдың 6 сомға, ешкінің 5 сомға, түйенің 50 сомға сатылғаны тіркелген. Сауда айналымының 60 мың сомын жүн, 62 мың сомын ұн, 256 мың сомын маталар, 23 мың сомын Бұхара кілемдері саудасы құраған. Сонымен бірге жергілікті тұрғындар балық пен аң терілерін де саудаға шығарған. 1909 ж. 12 мың пұт балық сатылған. Сол жылы сатылған күзен, сутышқан, борсық, түлкі, жалпы аң терілер құны 34 мың 600 сомға жетті.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Ермек Серікбайұлы Баймышев (1940 жыл, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Дорофеевка ауылы) – медицина ғылымдарының докторы, профессор (1991).
* Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1964, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) және аспирантурасын (1969) бітірген.
* Бурабай ст-ндағы т. ж. ауруханасында хирург (1964–1966)
* Шортанды ауданы орталық клиникалық ауруханасында бөлім меңгерушісі (1973–1977)
* Қарағанды мемлекеттік медицина институтында қызметкер (1977–1997)
* 1997 жылдан ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі болып еңбек етеді.
* 126 ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Сейдулла Оспанов (17.10. 1918 жылы туған, Сырдария ауданы) – қызметкер. Қазақстан ОК-нің мүшесі. Қызылорда темір жол техникумын бітірген (1939). 1941 – 47 жылдары Қызылорда облысы кеңес ұйымдарында кадр бөлімі меңгерушісі, комсомол комитетінің хатшысы, партия комитетінің ұйымдастыру-нұсқау бөлімінің меңгерушісі, 1947 – 53 жылдары Қармақшы 1953 – 57 жылдары Жаңақорған, Шиелі аудандарының 1-хатшысы қызметтерін атқарған. 1957 – 59 жылдары Қызылорда облысы партия к-тінің 1-хатшысы, 1959 – 62 жылдары облысы атқару комитетінің төрағасы, 1963 – 79 жылдары Түркістан облысында әр түрлі қызметтерде болды. Оспанов Қазақстан Жоғарғы кеңесіне бірнеше рет депутат болып сайланған. Ленин, үш мәрте «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Сейфолла Оспан - 1938 жылы 15 желтоқсанда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Қаз-МУ-дің филология факультеті журналистика бөлімін бітірген. Қызылорда паровоз депосында (1956 — 1957) жұмысшы, Алматыдағы «N»75 құрылыс тресінде» (1957 — 1958) моторист болып істеген. 1958-1997 жж. «Жазушы», «Рауан», «Қазақстан» баспаларында корректор, редактор, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, «Қазақфильмде» аудармашы әрі редактор, «Ара-Шмель» журналында бөлім меңгерушісі, халықаралық «Түркістан» газетінде меншікті тілші қызметтерін атқарған.
## Шығармашылығы
1961 жылы жарық көрген «Жас дәурен» атты ұжымдық жинақтап бастау алған шығармашылығы кейін балаларға арналған «Қалақай», «Балақойған», «Жалбыз» атты жыр жинақтарымен қоса «Жазғы жауын», «Бақытқа хат», «Құндыздым, менің жүлдыздым», «Ар мен ән», «Жанарымда жан сырым», «Көңіл сәулесі», «Самала» т.б. жыр жинақтарында жалғасып тапқан. 2004 жылы «Алдымнан атқан ақ таңым», «Қанағат» атты таңдамалылары «Сырдария кітапханасы» сериясымен 2009 жылы «Қанағат», «Тағзым», «Жалбыз» сияқты үш томдық жыр жинақтары жарық көрген. Және осы «Сыр дария кітапханасына» Қалтай Мүхамеджанның бес томдығын, Әбірәш Жәмішев, Әбдікәрім Ахметов, Қанапия Дәрібаев, Мүхамеджан Қаратаевтың кітаптарын құрастырып шығарған. Балалар сахнасына лайықтал өлеңмен «Мұңлық-Зарлық», «Асан-Үсен», «Аяз би» атты пьесалар жазған.Шығыстың ұлы шайырларының бірі Әбдрахман Жәмидің бәйіттерін, А.Тверскойдың Назым Хикмет өмірден жазған «Босфор үстіндегі ән» хикаятын, В.Биянкийдің «Қай құстың тұмсығы жақсы», Нагаевтің «Тайгадағы айқас», З.Аксаковтың «Алқызыл гүл» шығармаларын, А.Бартоның, түрікмен ақыны Тәңірқұлиевтың, Ә.Фирдаусидің, Ә. Рудакидің, Насыр Хүсыраудың, әзірбайжан ақыны Нәсимидің бірқатар жырларын аударған. Бұған қоса орыс классиктері А.Пушкин, М.Лермонтов, түрік ақыны Назым Хикмет, өзбек ақыны Ғафур Ғүлам, балкар ақыны Қайсын Кулиев, тәжік ақыны Момын Каноатовтың және венгр, ангола ақындарының топтамалары мен жекелеген шығармаларын қазақша сөйлеткен. Өз жырлары орыс, украин, қырғыз т.б. тілдерде жарық көрген. Кино саласында 60-тан астам фильм аударып, оның ішінде Ә.Фирдоусидің өлеңмен жазылған «Шаһнамасы» желісімен түсірілген «Рүстем-Сүһрап» (бір бөлімді), «Сияуыш туралы аңыз» (екі бөлімді), фильмдердің өлеңдерін, сондай-ақ қырғыздың «Айчурек» операсы либреттосын қазақшалаған. Сонымен қатар бір томдық «Қалтай қалжың дарын» құрастырып, оның алғы-соңғы сөздерін жазған. Қазақ әдебиеті мен өнерінің тарландары жайлы мақалалар жинағы «Білім» баспасынан «Қанаты қырқылған қырандар» (2008), «Бала болмай, дана болып туғандар» ( 2009) деген атпен екі том боп жарық көрген.Қазақстан Журналистер одағының Ахмет Байтұрсынов атындағы жүлдесінің иегері, Бұқар жырау және Асқар Тоқмағамбетов атындағы жыр мүшәйраларының бас жүлдегері. Райымбек батыр атындағы мүшәйраның жүлдегері.Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хаты» мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің, «Құрмет» орденінің иегері. Қызылорда облысының Жалаңаш, Сырдария аудандарының Құрметті азаматы.
## Дереккөздер |
Мусина Ермек Есләмбекқызы (1966 жылы туған, Зеренді ауданы Зеренді ауылы) – экономист. Свердлов халық шаруашылық институтын бітірген (1987). Зеренді ауылындағы «Агроөнеркәсіпэнерго» кәсіпорнында экономист (1987 – 89), Көкшетау облыстық статистика басқармасының өнеркәсіп статистикасы бөлімінде экономист (1989 – 92), Көкшетау облыстық статистика және талдау басқармасының макроэкономика көрсеткіштер бөлімінде жетекші экономист, қаржы статистикасы бөлімінің басшысы (1992 – 97), Ақмола қаласындағы Ақмола статистикалық басқармасының қаржы, баға және баланстық жұмыстар бөлімінің Бас маманы (1998), Астана қаласындағы Статистика Басқармасында бөлім бастығы, Көкшетау қаласындағы облыстық Статистика басқармасында бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары (1999 – 2008) қызметтерін атқарған. 2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін облыстық Статистика департаментінің бастығы.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Күләш Жазықбайқызы Бертаева (1 сәуір 1962 жылы, Алматы қаласында туған) – экономика ғылымының докторы (2006 жылы). Алматы Мемлекеттік Ауыл Шаруашылық институтын (1983 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Аграрлық университетті) бітірген. Алматы халық шаруашылығы институтының (1997 жылы, қазіргі Қазақ экономика университеті) аспирантурасын, докторантурасын (2005 жылы) бітірген. 2005–06 жылдары Қазақ экономика университетінде доцент, кафедра меңгерушісі, профессор, 2006 жылдан Қазақ Ұлттық Педагогика Университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Бертаева 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том |
Таза өнім – кәсіпорын (фирма) ұжымы жаңадан жасалған құнды көрсететін құндық көрсеткіш; тұтынылмаған өндіріс құрал-жабдығының жалпы өнімі (оның бір бөлігі). Ол материалдық өндірістің барлық салалары бойынша сомасы өндірілген ұлттық табысты құрайды. Ол құны бойынша қажетті және қосымша құнды қамтиды. Қажетті өнімге негізінен жалақы сомасы (әлеуметтік мұқтаждарға аударымды қоса), қосымша өнімге пайда сомасы сай келеді. Таза өнім жалпы (тауарлық) өнім мен жұмсалған материалдық шығынның айырмасы арқылы немесе жалақы мен еңбекақының басқа да түрлерінің, пайданың және таза табыстың басқа да элементтерінің сомасы ретінде есептеледі. Есеп ағымдағы және салғастырмалы бағамен орындалады. Кәсіпорын өндірген өнімнің барлық номенклатурасы (сұрыпталымы) бойынша нормативтер негізінде есептелген Таза өнім нормативтік болып, ал оның құрамында өтемпұлдық аударымда ескерілетін болса, шартты Таза өнім деп аталады.
## Дереккөздер |
Жанайдар Баймырзаұлы Мусин (1936, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қараөткел ауылы – 1991, Көкшетау қаласы) – жазушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1976).
## Еңбек жолы
* Көкшетау педагогикалық училищесін (1955) бітірген.
* Киров атындағы ҚазМУ-ды (1960) бітірген.
* 1960 – 65 жылдары «Көкшетау правдасы», «Тың өлкесі» газеттерінде әдеби қызметкер
* 1965 – 71 жылдары Қостанай және Талдықорған облыстық газеттерінде редактордың орынбасары
* 1971 – 89 жылдары облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің редакторы
* 1989 – 90 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы Көкшетау облыстық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.
## Шығармашылығы
Мусин журналистік қызметін көркем шығармашылықпен табысты ұштастыра білді. Оның қаламынан
* «Үміт» (1972)
* «Тың нұры» (1974)
* «Жер шоқтығы Көкшетау» (1989) әңгімелер мен очерктер жинақтары
* «Ақ алаң» (1977)
* «Туған үйдің түтіні» (1983) романдары дүниеге келді.
## Марапаттары
* «Құрмет белгісі» ордені
* медальдармен марапатталған.
* КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1978).
## Есте сақтау
Облыс орталығындағы қазақ педагогикалық колледжіне Мусин есімі берілген.
## Дереккөздер |
Жәдік әулеті – Жәдік сұлтаннан тараған әулет. Ол қазақ хандығының негізін салушылардың бірі – Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы. В.В. Вельяминов – Зернов 1864 жылы өзінің “Исследование о Касимовских царях и царевичах” атты еңбегінде Жауық (Джаук) есімін Жәдік (Джадик) деп оқу керектігін, өйткені Жәдік пен басқа да деректерде келтірілетін Йадық есімінің бір адам екенін жазған. Жәдік Өсек сұлтанның туған бауыры еді. Жәдік пен оның ұрпақтары жөніндегі негізгі деректерді Қадырғали Жалайыр (17 ғасырда) келтіреді. Ол былай деп жазады: “Қасым хан өмір сүрген кезде Жәдік хан да өмір сүрді, оны Жыланды төбеде болған шайқаста Шығым мырзаның ұлдарының біреуі өлтірді. Оның бейіті Үргеніштегі Бақырған атада. Жәдік ханның әйелдері мен ұлдары көп болды, ұлдарының ішіндегі ең белгілілері – Тоғым хан, Бөкей сұлтан, Шығай хан, Мәлік сұлтан. Соңғыларының анасы Абайхан бегім болды. Тоғым ханның ұлдары Тоғыз сары деп аталады. Тоғым хан Мәліктің ұлы Бәшібек сұлтанмен, барлық Тоғыз Сары бірге Жаға атаның шегінде қаза тапты. Жәдік әулетінде 37 белгілі сұлтан болды”. В.В. Бартольдтың айтуынша Тоғым ханмен бірге болған бұл 37 сұлтан Моғолстан ханы Рашидпен 1537 – 38 жылдары болған шайқаста қаза тапқан. Бартольдтың деректерін белгілі ирантанушы О.Ф. Акимушкин де растайды.
Қазақтың атақты билеушілері:
* Тәуекел хан,
* Есім хан,
* Тәуке хан,
* Абылай хан,
тағы басқалар Жәдік әулетінен шыққан. Олар Жәдіктің кейін қазақ ханы ретінде таққа отырған ұлы – Шығайдың ұрпақтары болатын. Жәдіктің Қыдырғали бек атаған 4 ұлынан басқа Йанги (Жаңа) Баһадүр-сұлтан атты ұлы да белгілі. Ол жөнінде Хафиз Таныштың “Шараф-наме-ий” еңбегінде баяндалады.
## Дереккөздер |
Ақкөл Нәбиұлы Отарбаев (1.4.1946 жылы туған, Қармақшы ауданы, қазіргі Ақтөбе ауылы) – баспагер-журналист, зооинженер. ҚазМУ-дің (ҚазҰУ) журналистика факултетін (1969), Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1986) бітірген. 1971 – 97 жылдары «Қайнар» баспасында редактор, аға редактор, жетекші редактор, шығармашылық топ басшысының орынбасары, бас редактордың орынбасары, 1997 – 2000 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық академиясының (кейін ҚР ұлттық академиясы агрардық зерттеулер орталығы) «Бастау» ғылыми-баспа орталығы директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2000 жылдан осы орталықтың директоры, ҚР ауыл шаруашылық министрдігінің қазақ және орыс тілдеріндегі екі ғылыми-теориялық журналының, сондай-ақ, ауыл өміріне арналған әлеумекттік-экономикалық, қоғамдық-саяси ғылыми-практикалық «Жазира» журналының бас редакторы. Орыс тілінен қазақ тіліне 17 кітап аударған. «Сыр маржаны», «Ақ дастарқан», көпшілікке арналған ғылым «Селекция сырлары» атты кітаптардың авторы.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Тәшетов Жолымбет Тәшетұлы (1937 жылы туған, бұрынғы Ақмола ауданы Шнет ауылы) – ауыл шаруашылық қызметкері. Целиноград ауыл шаруашылық институтын бітірген. «Шалқар» кеңшарының №2-бөлімшесінде зоотехник (1955 – 62), Целиноград ауданы М. Мәметова атындағы кеңшарда бас зоотехник (1962 – 69), Шалқар кеңшарында бас зоотехник (1969 – 71), кеңшар директоры (1972 – 96) болып қызметтер атқарған. Ұзақ жылғы ерен еңбегі үшін 2 мәрте «Құрмет Белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендері, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Минералдану – жер қыртысындағы түрлі ерітінділер, газ эманациялары, балқыған магма арқылы кентасты және бейкентасты минералдардың әкеліну, тұну және жаралу процесі. Күрделі минералдық кешендердің пайда болуы жер қойнауындағы физикалық - химиялық ортаның жай-күйіне байланысты. Түрлі металдар мен олардың минералдарының басты, қосалқы кендері бойынша сипатталатын металлогендық белдеулер мен аймақтар сияқты орасан зор аудандардың жалпы металлогендық ерекшеліктері Минералдану типі деп аталады. Кеңес ғалымы Ю.А. Билибин (1901 – 1952 жылдары) бұл түсінікті мынадай түрлерге бөлді: шығысазиялық, батысеуропалық және оралдық. Шығысазиялық типте (Тынықмұхиттық металлогендық белдеудің сыртқы белдемінде) басты орынды Sn, W, Au алады. Бұл типке Pb, Zn, Mo, Fe, As, Sb сияқты металдардың Минералданулары жатады. Батысеуропалық типте (Жерортатеңіздік металлогендық белдеулердің сыртқы белдемінде) жетекші орын Zn, Pb, Ag, Ba, F, Ca үлесіне тиеді. Оралдық типте (металогендық белдеудің ішкі белдемінде) Cu, Fe, Mo, Cr металдары басты орын алады. Бұл типте Ti, Au, Ag, As, Hg, Al, S, P Минералданулары жиі байқалады.
## Сілтемелер
* Магма
* Белдеу
* Кентас
## Дереккөздер |
Тәштитов Қайсар (5.10. 1904, қазіргі Ақмола облысы Қорғалжын ауданы – 25.2.1938, Алматы) – Қазақстан жастар қозғалысының жетекшісі. Петропавлдағы орыс-қазақ мектебін (1920), губернаторлық партия-кеңес мектебін (1924), Мәскеудегі Свердлов атындағы коммунистік университетті (1930) бітірген. 1919 – 1930 жылы жұмысшы, курсант, оқытушы, комсомол қызметкері, Ақмола, Ақтөбе губернаторлық комсомол комитеттерінде бөлім меңгерушісі, 1-хатшы болды. 1930 – 1931 жылдары БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің Қызылорда округтік партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі, Қарсақпай аудан партия комитетінің хатшысы, 1931 – 1933 жылдары Қазақ АКСР-і Халық ағарту комиссарының орынбасары, Қазалы ауданы партия к-тінің хатшысы, 1933 – 1937 жылдары Қазақстан комсомолының 1-хатшысы қызметтерін атқарды. 1937 жылы қазан айында “халық жауы” ретінде тұтқындалып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. КСРО Жоғарғы соты әскери алқасының 1957 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен ақталды.
## Дереккөздер |
Валерий Очиров Николаевич (1951 жылы туған, Арал ауданы Сульфат кенті) – Кеңес Одағының Батыры (1985), подполковник. Мәскеудегі әскери-саяси академияны (1985) бітірген. Элистадағы орта мектепті бітіргеннен кейін слесарь болып жұмыс істеді. Кеңес Одағының Қарулы күштерінде қызмет етіп, 1970 жылы Сызрань жоғары әскери авиационадық училищесіне түседі. Училищені бітірген соң Москва және Прибалтика әскери округтерінде қызмет еткен, кейін Ауған соғысына қатысқан.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Сейітқұл Оспанов (1955-2003) - 30 наурызда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келді. 1977 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді. «Жалын», «Мектеп» баспаларында, «Пионер», «Зерде», «Парасат» журналдарында, «Жетісу» газетінде жұмыс істеді. 1994 — 2003 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратында аударма секторын басқарды. «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясында қызмет етті.«Бәйге», «Ащы қауын, тәтті қауын», «Күн көтерілген шақ» атты жыр жинақтары мен «Ағаш ат», «Бақытты үй», «Самый сладкий день», «Құлдар көтерілісі» атты проза кітаптарының авторы.
## Дереккөздер |
Үйбидайық (лат. Lolium) – астық тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында тау беткейлерінде, жазық жерлерде, егістік арасында, жол жиегінде, елді мекендер маңында өсетін 5 түрі бар. Бұлардың биіктігі 20 — 80 см, сабақтары тік, кейде иіле өседі. Жапырақтары жіңішке таспа тәрізді, тықыр не бұдырлы. Гүлшоғыры қос қатар масақ. Көпгүлді масағы бүйірінен қысыңқы, масақ қылтаны қатты, ұзынша келген, жүйкелі болады. Төменгі гүлқылтаны жарғақ, оның үш жағы үлпек тәрізді. Мамыр — шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Көбірек маңызы бар түрлері:
* малазықтық көпгүлді үйбидайық (latin multіflorum);
* бағалы мал азығы және көгалдық шөп — көпжылдық үйбидайық (latin perenne);
* арамшөп — иран үйбидайығы (latin persіcum).
Үйбидайықтың кейбір түрлері қолдан өсіріледі. Үйбидайықтың дәнінде улы алкалоид-темулин шығаратын Stromantіnіa temulenta саңырауқұлағы дамиды. Сондықтан үйбидайықтан алынған астық пен мал азығын жеген адам мен үй жануарлары уланады. Үйбидайықтің арамшөптік түрлерінен арылу үшін егістікке себілетін тұқымды тазартып, сүдігерді ерте жырту керек.
## Дереккөздер |
Тезекбай Шоқтыбайұлы (1827 – 1912, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы) – ақын.
Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан.
Заманында Тезекбай ақынды жеңген адам болмаған деседі. Атақты Кемпірбай, Жәмішбай, аға сұлтан Құнанбайдың ақыны Балтаны, тағы басқа белгілі ақындардың тізесін бүктірген, Шөжені айтыста сүріндірген де осы Тезекбай ақын болса керек. Арғында мен тұрғанда кім сөйлейді, ... Аяғымды басамын қырынырақ, Менің Тезекбай ақын болғаным бұдан бұрынырақ. Кімдер Тезек ақындай болмайын деп ойламайды, Әркімге Тезек ақындай болуға қиынырақ – деген Тезекбай Бірде Жүсіп деген кісі Тезекеңнің ауылының үстінен өтіп бара жатып, Тезекбай ақынның «үйге түс» дегеніне қарамай кетіп қалады. Сонда Тезекбай ақын: Жүсіпжан, кімге жолдас бұл дүние боқ, Желкеге таяп тұр ғой ажалды оқ. Үйге түс, асықпа сен, дәм татып кет, Келгенше енді айналып кім бар, кім жоқ, – дейді. Бір-екі күннен кейін Жүсіп Тезекбай ақынның сөзін есіне алып үйіне келсе, Тезекбай ақын ол дүниеге жүріп кетіпті.
## Дереккөздер |
Телжанов Темірболат Мұхаметжанұлы (1898, Омбы – 1938, Ленинград) – қоғам қайраткері. 1929 жылы Ленинград политехника институтын бітірген. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Омбыдағы жастар қозғалысына белсене араласты. 1919 – 1921 жылдан Омбыда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Смағұл Сәдуақасов, Ғаббас Тоғжановпен бірге РК(б)П Сібір бюросының қырғызауытатар бөлімінде қызмет атқарды. Өлкелік “Кедей сөзі” газетінің редакторы болды. Онда газет жұмысына белгілі қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевты тартты, 1921 – 1924 жылы Сибревкомдағы Қазақ АКСР-інің өкілі ретінде Сібір өлкесі мен Қазақстанның шекарасын межелеуге қатысты. Ақмола губкомында қызмет атқарды, Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі ретінде Орынборда шығарылған “Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетін ұйымдастырушылардың бірі болды. 1924 – 1929 жылы Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) политехникалық институтта оқыды және бір мезгілде осы қаладағы көркемөнер техникумында саяси экономикадан сабақ берді. 1931 – 1937 жылы Ленинградтағы шығыстану ин-тында доцент, Мәскеудегі халық шаруашылығы ин-тында директордың көмекшісі, марксизм-ленинизм университеті директорының орынбасары болды. Ленинградта тұрған жылдарында жергілікті қазақтар бірлестігінің төрағасы ретінде Қазақстаннан оқуға келген жастарға пәтер жағынан және материалдық көмек көрсетуді ұйымдастырды. 1937 жылы 4 қарашада Алашорда қозғалысына қатысқан деген айыппен Ленинградта тұтқындалып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. 1958 жылы 13 маусымда Ленинград әскери округі әскери трибуналының шешімімен толық ақталды.
## Дереккөздер |
Муллагалеев Юнус Юнусович (1941 жылдарыт., Челябинск облысы Пласт қаласы) – Ақкөл ауданындағы Урюпинка балалар үйінің директоры (1999). Челябинск мемлекеттік ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтын бітірген. 1956 жылы Челябинск облысы Уэльский астық кеңшарында жұмысшы, 1970 жылы ауданы арнайы шаруашылықтың инженер-механигі, 1973 жылы Ақкөл ауданы партия комитетінде нұсқаушы, өнеркәсіп және транспорт бөлімінің меңгерушісі болды. 1976 жылы Жоғары партия мектебінде оқыды. 1978 жылы Ақкөл ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1981 жылы ауданы халықтық бақылау комитетінің, 1988 жылы Ақкөл қалалық халық депутаттары кеңесінің төрағасы, 1989 жылы Ақкөл ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Мурзин Айдар Хамзаұлы (1941 жылы туған, Зеренді ауданы) – қоғам қайраткері. Еңбек жолын 1959 жылы Зеренді кеңшарында жұмысшы болып бастады. Шымкент технология институтын бітірген (1967). 1962 – 76 жылдары Нан өнімдерін шығаратын комбинаттың инженері, бас инженері, 1976 – 78 жылдары Көкшетау қ. Нан өнімдері комбинатының директоры, 1985 – 87 жылдары қалалық атқару комитетінің төрағасы, 1987 – 90 жылдары қалалық партия комитетінің 1-хатшысы, Щучинск қалалық кеңесінің төрағасы, 1992 – 96 жылдары Көкшетау қаласының әкімі, 1996 – 97 жылдары Көкшетау облысы әкімінің орынбасары, 1997 – 2001 жылдары Бурабай ауданында шаруашылық басшысы, 2001 – 05 жылдары Көкшетау қ. әкімінің орынбасары, 2006 – 08 жылдары Рудный қаласындағы кірпіш шығаратын «Тоғай-группа» ЖШС зауытының директоры қызметтерін атқарды.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Ақ балдақ, көк балдақ — қылыш, семсерлердің халық ауыз әдебиетінде кездесетін атауы. Семсер-қылыштардың қолға ұсталатын балдағы, қарудың маңызды бөлігі болғандықтан, оның атауы қарудың өз атауы ретінде де қолданылады. Дұшпан қаруының жүзіне қарсы тұру үшін, семсер қылыштардың балдағы да болаттан жасалған. Соғылған болаттың түсіне қатысты оның атауына “ақ” (көк) сөзі қосылып ақ балдақ (көк балдақ) сөздері қылыштың синонимына айналған (қазақша ақ алмас).
## Дереккөздер:
Қазақ энциклопедиясы I том |
Мурзин Ашот Хамзаұлы (1936 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы) – агроном. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1959). Зеренді ауданы ауыл шаруашылығы инспекциясында агроном, тұқым өсіруші (1959 – 60), БЛКЖО-ның ХХХ-жылдығы атындағы ұжымшарда, Зеренді кеңшарының бөлімшесінде, Пухальский кеңшарының бөлімшесінде агроном (1961 – 63), Рузаев ауданы Парижская коммуна кеңшарында, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лавровский кеңшарында аға агроном (1963 – 68), директоры (1968 – 77), Рузаев ауданы атқару комитеті ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы (1977 – 80), Есіл ауданы халық депутаттары кеңесінің төрағасы (1980 – 87) қызметтерін атқарған. Еңбек Қызыл Ту (1971), «Құрмет белгісі» (1976) ордендерімен, екі медальмен, ҚазКСР Жоғары Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Мәскеу — Ақмола облысы Есіл ауданындағы ауыл, Мәскеу ауылдық округі орталығы. Негізі 1954 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Есіл қаласынан батысқа қарай 23 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, сауда орталығы, асхана, 2 кафе жұмыс істейді. Мәскеуден 23 км жерден республикалық маңызы бар Екатеринбург – Алматы автомобиль жолы өтеді. Жақын темір жол станциясы – Ковыльное (3 км). Ауыл жанынан Жаныспай өзені ағып өтеді.
## Дереккөздер |
Шырағдан — шырақ (май шам) орнатылатын тұғыр. Ол бір ұялы немесе бірнеше шырақ қоятындай етіп, тармақталып металдан жасалынады. Шырағдан нұсқалары археология қазба жұмыстары кезінде көптеген ортағасырлық Қазақстан қалаларынан (Отырар, Тараз, Талғар, тағы басқа) табылған.
## Дереккөздер |
Мортық — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Жаңаесіл ауылдық округі құрамындағы ауыл. Негізі 1828 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақмол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
Ауылда орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, клуб, блок-модуль жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Темірастау – Нұра алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Қорғалжын ауданының солтүстіінде Қорғалжын ауылынан солтүстікке қарай 20 км, Ащыкөл көлінің оңтүстік-шығысында теңіз деңгейінен 322 м биіктікте орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 5 км2 (құрғақшылық жылдары 4,3 км2), ұзындығы 2,6 км, енді жері 2,2 км. Жағалау бойының ұзындығы 7,9 км. Су жиналатын алабы 94,2 км2. Жағалауы жазық. Түбі лайлы. Қар және жер асты суымен толығады. Құрғақшылық жылдары кеуіп қалады. Жағалауында қамыс өскен. Суы тұзды, мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Шырақ – бөлмені, ашық алаңдарды және жекелеген заттарды жарықтандырып тұратын май шам. Ол ілкі замандардан бері қолданылып келеді. Оны ортағасырлық қалалардың қазба жұрттарынан көптеп табылған сан алуан түрлі шырағдандар қалдықтары да айғақтайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында әулие адамдардың моласында, қасиетті жерлерде шырақ жағу дәстүрі әлі күнге дейін сақталған. Киелі орындарда шырақ жағушыны қазақтар шырақшы деп атайды. Қазіргі уақытта шырақ көбіне адам қайтыс болғанда жағылады. Қазақтарда қайтыс болған адам жерленген күннен бастап жетісіне дейін міндетті түрде 40 дана шырақ жағу керек деген жоралғы-ырым бар. Кей өңірлерде (Зайсан, Алтай) жерленген күні мен жетісінің алдыңғы күні жеті шырақтан жағу дәстүрі қалыптасқан. Басқа бір аймақтарда (Райымбек, тағы басқа) 40 күнге дейін шырақ жағу ғұрпы сақталған. Шырақты дүниеден өткен адамның туыстары жағады. Ескі сенім бойынша о дүниелік болған адамның рухы отқа айналады да, арулаған орыннан ұшып кейінгі шырақ жағушы жақындарына қонады, яки адам рухы мәңгі, бір түрінен екіншісіне трансформацияланады, бөлініп ұшқан жан өзгелерге дариды деген сан алуан діни, дүниетанымдық көзқарастардың араласуынан туындаған. Шырақ жағу ғұрпы зорастризм ілімінің сарқыншағы болып табылады.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы, 9 т. |
Темірбаев Серікбай Біләлұлы (1961 жылы туған, Көкшетау қаласы) – шахматшы, гроссмейстер (1994), КСРО спорт шебері (1986). Бапкері – В.Смоквин. Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, Азия чемпионы (1993) және күміс жүлдегері (1995), 1992 – 2004 ж. олимпиадаға қатысқан. Әлемдік шахмат олимпиадасында (1992, Манила, филиппиндер) 3-орынды иеленді, көптеген халықар. турнирлердің жүлдегері. Көкшетау қаласында Т. атындағы шахмат мектебі ашылған. ҚР шахмат федерациясының вице-президенті, бапкерлер төралқасының төрағасы.
## Дереккөздер |
Үйдене бөгені — Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы жерінде, Сауыр жотасының етегінде орналасқан. Зайсан ауданы шаруашылықтарының 13 мың га-дан астам егістік жерлерін суару үшін Үйдене өзеннің бойына салынған. Электр қуатын өндіретін шағын қондырғысы бар. Бөген 1966 жылы іске қосылды.
## Гидрологиялық сипаты
Ауданы 4 км2 шамасында. Ұзындығы 4,4 км, енді жері 3,8 км, орташа тереңдігі 19,3 м, ең терең жері 63,5 м, жағасының ұзындығы 21,2 км. Шарасына толатын су мөлшері 75,5 млн. м3 (1982 ж. — 38, 1983 ж. — 30 млн. м3 болды). Су жиналатын алабы 634 км2. Бөген мен Үйдене өзенінің суына негізделіп, осында 1967 жылы Үйдене суару жүйесі салынды. Жүйе басталар жерінде өзеннен секундына 55 м3 су алады. Жалпы ұзындығы 200,2 км, оның ішінде бас каналы 21,4 км. Негізінен шөл егістігі және бақша суарылады.
## Дереккөздер |
Минералдар парагенезисі (грек. раrа – қатар, жанында, қосақталу, genesіs – жаралу, пайда болу) – минералдардың жер қыртысында қосақталып кездесуі. Минералдар парагенезисі терминін 1849 жылы неміс минерологы И.Брейтгаупт (1791 – 1873 жылдары) енгізген. 1920 жылы Ресей ғалымы В.И. Вернадский дамытты. Минералдар парагенезисі ортаның химиялық даму тарихы, минералдар түзілуінің физикалық - химиялық және термодинамикалық жағдайларына байланысты анықталады. ұқсас жағдайда пайда болған минералдар парагенетикалық қатар құрайды. Оларға магмалық тау жыныстары, пегматиттер, кимберлиттер, гидротермальды кендік желілер, түсті металдар кендерінің оксид белдемі жатады. Минералдар парагенезисін зерттеу арқылы тау жыныстарындағы минералдар түзілу процесінің дамуын, кен орындарында кейбір минералдың үнемі кездесіп отыратын себебін анықтауға болады. Кенді Алтай, Сарыарқа, Оңтүстік Қазақстан аймақтарындағы түсті, қара, сирек металдар кендерінде жүргізілген зерттеулер Минералдар парагенезисін анықтап, кен түзілуі жөнінде деректер алуға мүмкіндік берді.
## Сілтемелер
* Кен
* Алтай
* Сарыарқа
## Дереккөздер |
Темірбаев Айдархан Әбдірахманұлы (1928 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Орталық ауылы) – партия-кеңес қызметкері, тілші. ҚазМУ-ді бітірген. Зеренді ауданы «Социалистік жол» газетінде жауапты хатшы, редактор (1949 – 61), Қызылту ауданы партия комитетінде хатшы, Қызылту аумақтық ауыл шаруашылығы өнімдерін даярлау басқармасында нұсқаушы, Қызылту ауданы «Жаңаауыл» кеңшарында парторг (1961 – 63), осы ауданы «Красное знамя» және «Қызылту» газеттерінде редактор (1963 – 64). Қызылту ауданы партия комитетінде хатшы (1967 – 71) Көкшетау ауданы кәсіподақ ұйымының төрағасы. 1976 ж. Көкшетау облысы партия комитеті аппаратында қызмет атқарды. 1991ж. Көкшетау облысы халық депутаттары кеңесінің іс меңгерушісі. Қаз.КСР Жоғарғы Кеңесінің депутатының көмекшісі (1993– 94). 3 мәрте «Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Үйездеу — ыстық күндері жылқының, қойдың, т.б. жануарлардың шыбыннан, бөгелектен, сонадан қорғанып, тұмсықтарын бір-бірінің көлеңкесіне жасырып, топтанып тұруы.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Теңге жапырақта шық шөп өзі аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық жәндікқоректі өсімдіктер. Биіктігі 7 – 25 см. Төселе өсетін немесе түйнекті тамырсабағы болады. Жапырақтары тамыр түбіндегі себетте орналасады. Жапырақтардың шетін және жоғарығы жағын қызыл безді басы бар түктер жауып жатады. Осы бездер жабысқақ сұйық тамшылар бөліп шығарады. Түктер жапыраққа қонған жәндіктерді жауып қалады да, өздерінен бөлінген шырышпен бүркейді. Бұл кезде жапырақ қақ ортасынан екіге бүктетіліп, жәндікті ұстап тұрады. Өсімдіктің құрамынан бөлінген асқорыту ферментінің әсерінен жәндік қорытылып болғаннан кейін жапырақ қайтадан жазылып, бұрынғы түріне келеді. Гүлдері ұсақ ақ түсті, олар шашақ немесе сыпыртқы гүлшоғырына топтанған. Тұқым жолымен көбейеді. Шілде айында гүлдеп, тамыз айында жеміс береді. Жемісі – бірұялы қорапша. Өсімдік шымтезекті батпақтарда өседі. Теңге жапырақта шық шөп – өте сирек кездесетін өсімдік болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер |
Темірбеков Зарап Мұсаұлы (1906, Көкшетау облысы Ақан болысы – 1938, Алматы) – қоғам қайраткері, журналист. 1923 – 25 ж. Петропавл педагогика техникумында, 1931 ж. Мәскеудегі коммунистік журналистер институтында оқыды. 1925 – 29 ж. Петропавл, Ақтөбе, Жетісу губерниясының комсомол комитеттерінде қызмет атқарды. 1930 ж. «Еңбекші қазақ» («Егеменді Қазақстан») газетіне партия бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 1931 – 34 ж. Атбасар, Ақмола ауданы партия комитеттерінде, облысы «Ленин туы» газетінде қызмет істеді. 1934 – 35 ж. Қарағанды облысы комсомол комитетінің хатшысы, 1935 – 1937 ж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің редакторы. Өмірінің соңғы кезінде Қазақстан К(б)П ОК-нде бөлім меңгерушісі болып қызмет жасады. Т. «Жаңа өмір», «Жанталас» шығармаларымен қатар Н. Островскийдің «Как закалялась сталь» романын қазақ тіліне аударған. 1937 ж. репрессияға ұшырап, 1938 ж. атылған. 1958 ж. толық ақталды.
## Дереккөздер |
Темірбеков Жәмшит (1935 жылы туған, бұрынғы Көкшетау ауданы «Октябрьдің 40 жылдығы» кеңшары) – ғалым, вирусолог, эпидемиолог, медицина ғылымының докторы (1984). Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1959). Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулары ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі болып қызмет атқарған (1959 – 78). Негізгі ғылыми жұмыстарының бағыты вирусология және эпидемиологиялық аурулардың табиғи ошағын анықтауға арналған. Республикада жұқпалы аурулардың алдын алу, емдеу әдістеріне Темірбеков ашқан жаңалықтар септігін тигізген.
## Дереккөздер |
Темірбай Алмас Қажыбайұлы (1979 жылы 22 қаңтарда туған, бұрынғы Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, Ортақ (Ақмола облысы) ауылы) – ақын, жазушы, журналист, өлкетанушы, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері».
## Өмірбаян
Қазақстан Жазушылар одағының Ақмола облыстық филиалының директоры. Қазақстан Жазушылар одағының (2001), Қазақстан Журналистер одағының (2005) мүшесі. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін (2000), Көкшетау университетінің саясаттану факультетін (2004) бітірген. Еңбек жолын 16 жасында бастаған ол облыстық «Көкшетау» газетінде тілші (1995 – 1998), аудандық «Бурабай» газетінде редактордың орынбасары (1998 – 1999), қалалық «Көкшетау» газетінде шолушы (1999 – 2003), республикалық «Алаш үні» газетінде бас редактордың орынбасары, кейін бас редакторы (2003 – 2006), облыстық «Арқа ажары» газетінде мәдениет және руxаният бөлімінің меңгерушісі (2006 – 2008) болып қызмет атқарған. 2008 жылдан Ақмола облыстық «Көкшетау» журналының бас редакторы. Алмас Темірбай 30 шақты облыстық, республикалық, xалықаралық поэзия байқауларының, мүшәйралардың жеңімпазы, жүлдегері. Халықаралық «Шабыт» жастар шығармашылығы фестивалінің екі мәрте лауреаты және Гран-При жүлдесінің иегері. Қазақстан Жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты. (2008), Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік сыйлығы лауреаты. "ҚР Тұңғыш Президенті қоры" сыйлығының тұңғыш лауреаты (2009). ҚР Президенті стипендиясының 3 мәрте иегері. Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреты. (2019). Қазақтың көрнекті ақыны Жүрсін Ерман ұйымдастырған республикалық «Бір өлең – бір әлем» мүшәйрасына екі рет қатысып, ақпан айында І орынды иеленсе, қазан айында Бас жүлдені қанжығасына байлап, жеңіл автокөлікті жеңіп алған (2008).
Топтама өлеңдері «Қазақстан жас ақындар антологиясы», «Қос ішек», «Зеренді көктемі», «Жас толқын», «Сыр-сандықты ашып қара», «Ел жүрегіндегі Ес-аға», «Жыр өзегі ─ елдік, тіл, рух» және т.б. ұжымдық жыр жинақтарға жарық көрген.
«Аллажар», «Жұмақ жұрт», «Автопортрет», «Мың бір мұң», «Жекебатыр» атты өлең кітаптарының авторы. Алмас Темірбайдың өлеңіне жазылған әндер бүгінде Қазақстан эстрада жұлдыздарының орындауында айтылып жүр.
Рабиндранат Тагор, Жалаладдин Руми, Сергей Есенин, Канапьянов Баxытжан және қырғыз ақыны Калыбеков Нурлан өлеңдерін қазақ тіліне аударған.
## Жарық көрген кітаптары
Топтама өлеңдері «Қазақстан жас ақындар антологиясы», «Қос ішек», «Зеренді көктемі», «Жас толқын», «Сыр-сандықты ашып қара», «Ел жүрегіндегі Ес-аға», «Жыр өзегі ─ елдік, тіл, рух», «Көкшетау жас ақындар антологиясы», үздік ақындардың 10 томдық «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының антологиясында және т.б. ұжымдық жыр жинақтарға жарық көрген. Ол туралы мәліметтер «Қазақ әдебиеті энциклопедиясына», «Ақмола облысының энциклопедиясына» енген.
«Аллажар», «Жұмақ жұрт», «Автопортрет», «Мың бір мұң», «Жекебатыр» атты өлең кітаптарының авторы. Бірнеше өлеңі ҚР Білім және Ғылым министрлігі бекіткен орта мектептер бағдарламасына енген, мектеп оқулықтарында жарық көрген.
## Ақынның әлеуметтік парақшалары
* Facebook Алмас Темірбайдың жеке парақшасы
* Instagram Алмас Темірбайдың жеке парақшасы
* Вконтакте «Ақын Алмас Темірбайдың фан-клубы» тобы
* Вконтакте Алмас Темірбайдың жеке парақшасы |
Шынқожа — Абай облысы Аягөз ауданындағы ауыл, Нарын ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аягөз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 км жерде, Аягөз өзенінің сол саласы Нарын өзенінің жағасында орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1912 жылы пошта бекеті ретінде қаланған. Атауы қалмақ басқыншыларына қарсы күрес батырларының бірі – Шынқожаның есімімен аталған. Шыңқожа ауылы шаруашылығын ұйымдастыру кезінде ұжымшар және ауылдық кеңестің, 1963 жылы "Нарын" қой кеңшарының орталығы болды. 90-жылдардың 2-жартысынан бастап кеңшар негізінде Шыңқожада және округтегі Ай, Қарауыл, Төленді ауылдарында шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл арқылы Алматы – Семей автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Теңіз-Қорғалжын көмір бассейні — кен орны. Астана қаласынан 120 км жерде орналасқан. Аумағы 400 км². Кен орны туралы алғашқы мәліметтер 1879 ж. алынды. XІX ғ. аяғында «Перфильев, Рибен и др.» компаниясы, Қырғыз таукен қоғамы игере бастады. Негізгі геологиялық барлау жұмыстары 1947 – 51, 1982 – 84 жүргізілді.
Құрылымы жағынан бассейн ірі Шідерті синклинарийіне жатады.
Пайдалы көмір Сарыадыр және Қосмұрын кен орындарында шоғырланған (5 – 18 м). «Надежный» көмір қабаты бассейндегі ең қуатты қабат болып табылады. Көмірі кокстеуге келмейді. Бассейн көмірінің күлділігі жоғары (20 – 40%), қиын байытылатын энергетикалық шикізат.
Көмір қоры 2684 млн. т, оның ішінде баланстық көмір 591 млн. т, оның 82 млн. т көмірі Сарыадыр кен орнына қарасты. Т-Теңіз-Қорғалжын көмір бассейні игеруге қолайлы жағдайда сақталған.
## Дереккөздер |
ТАЗАРТПАЛАП ҚАЗУ – ашық немесе жер асты жұмыстарында тазарту үңгу беттерінен пайдалы қазбаларды айырып алуға байланысты жүргізілетін жұмыстар жиынтығы. Тазартпалап қазу жұмыстарына кен массивінен пайдалы қазбаларды жарылыссыз және жарылыс жасау тәсілдерімен бөлу, қопарылған кентастарды тасымалдайтын құрылғыға тиеу, тасымалдау және қазба құрал-жабдықтарын ауыстыру, кен қазу ісінде бекітпе орнату, тазалап қазу кезіндегі тау қысымын бақылау жұмыстары жатады. Пайдалы қазылымдарды массивтен жарылыссыз бөліп алу тәсілі әдетте көмір кен орындарын, тақтатас, саз және басқа да қатты емес пайдалы қазбаларды жер асты тәсілімен қазу кезінде оларды уатқыш балғалар, комбайндар, жоңғылардың көмегімен конвейерлерге тиеу арқылы жүзеге асырылады. Ал ашық түрде қазғанда біршөмішті, көпшөміштік экскаваторлар, драглайндар арқылы орындалып, конвейерге, темір жол вагондарына және өздігінен түсіргіш автомобильдерге тиеледі. Пайдалы қазбаларды массивтен жарылыс жасау арқылы бөліп алу шпурлар мен ұңғымаларды бағанды немесе қол бұрғылау машиналарымен, пневмоұрғыштармен, бытыралы немесе арқандық соққы арқылы бұрғылау станоктарымен бұрғылау, содан кейін оларды жарылғыш заттармен оқтап, жару арқылы жүргізіледі. Үңгу бетінің орналасуы мен кенді қопарудың тәсілін анықтау үшін кеншоғырлардың қалыңдығы мен жатыс пішіні, кен орнының құлау бұрышы, кеннің құндылығы мен қасиеттері, аралас жыныстардың қасиеттері, кен мен аралас жыныстардың беріктігі, қазылған кеңістікті қалпында сақтау жұмысының бағасы анықталады. Қопару барысында пайда болған шойтастарды екінші рет ұсату бастырмалы немесе шпурлы оқтамның, тоқпақтың, уатқыш балғаның көмегімен орындалады.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том |
Өмірбай Жүздібайұлы (1786, қазіргі Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Ақшығанақ елді мекені – 1866, Қарақұмдағы Жырық елді мекені) – би әрі шешен.
Кіші жүздің Құрақ Тама руынан шыққан. Ел билігіне ерте араласқан. Байқадам батырды өткір сөзімен Кенесарының жазасынан құтқарып алған. Ел аузында Өмірбай айтты деген ұтымды да ойнақты сөздер, түрлі әңгімелер мол сақталған.
Жалағаш кенті орталығында бір көше берілген.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.