text
stringlengths 3
252k
|
---|
Шарбұлақ — Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл, Шарбұлақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан шығысқа қарай 7 км-дей жерде, Мұғалысай өзенінің бойында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1928 жылы ТОЗ, артель, 1930 жылы ұжымшар болып қаланды. 1962-1990 жылдар аралығында Ленин атындағы қой ұжымшарының орталығы болды. Оның негізінде ӨК, шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
## Инфрақұрылымы
Шарбұлақта орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Үлкен Еріксіздер көлі (Great Slave Lake) — Канаданың солтүстік-батысындағы көл. Ауданы 28,6 мың км², ұзындығы 480 км, тереңд. 150 м. Қазаншұңқыры мұздық-тектоникалық жолмен пайда болған. Батыс жағалауы аласа, қылқан жапырақты орман жапқан; шығыс және солтүстік жағалауы төбелі, жалаңаш. Шығыс бөлігінде аралдар көп. Көлге Еріксіздер, Хей, т.б. өзендер құйып, Маккензи өззені ағып шығады. Қазан айының аяғында қатып, маусым айында мұзы кетеді. Кеме жүзеді. Балық ауланады. Порттары — Форт-Резольюшен, Йеллоунайф.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Мүйізгек (Vagіnіtіs) - малдың жұқпалы ауруы. Ауырған малдың қынабы қабынып қызарады, іші бөртіп кетеді. Ол әр түрлі жарақаттардан және төлдеу кезінде зақымданудан, жатырдың төмен түсу салдарынан өршиді. Мүйізгектің жатыр қабырғасының кілегейлі қабығының қабынуы (V. catarrhalіs) және қынабының ішкі жағында үлкендігі жүгері немесе бұршақ дәніндей бірнеше бүртік түрінде өршитін түрі (V.granulosa) және мөлшері тарыдай сансыз ұсақ бөртпелер шығарып, іріңді су шұбыртатын созылмалы түрі (V.іnfectіosa) кездеседі. Соңғысын трихомоноз, вибриоздан ажырата білу керек. Мүйізгек ауруы негізінен мал шағылысқанда жұғады. Ауру 1 – 10 күнде білінеді, 2 – 4 аптаға созылады. Емі: жыныс мүшесін 1%-дық ас тұзы ерітіндісімен, асқынып кетсе риванол (1:1000), лизол (1 – 2%), марганец қышқыл калий (тотяйын) (0,2%) ерітінділерімен жуады. Мал тұратын орындарда ветеринарлық-сан. ережелерді сақтап, қораны зарарсыздандырады, карантин қойылады. Дәстүрлі қазақ ветеринариясында Мүйізгектің түйіршікті түрін оташылықпен емдеген: бөрткенді өткір бізбен түйреп, сылғы кездікпен тіліп, қатқылдау мүйіз тәрізді түйірді алып тастаған.
## Дереккөздер |
Үлкен Жарма — Есіл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Борки ауылы жанында орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 10,71 км2, ұзындығы 4,5 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойы ұзындығы 12,8 км. Ең терең жері 1,98 м, суының көлемі 14,8 млн м3. Су жиналатын алабы 101,0 км2. Бұрынғы Қамысты өзені аңғарының бір бөлігін қамтиды.
## Сипаты
Су жиналатын алабының 40%-н егістік алқабы алып жатыр. Көлдің түбі тегіс, саз балшықты. Тұнбасының қалыңдығы 0,1-0,5 м. Судың минералдылығы 1,0-5,0 г/л. Суы ащы. Көл бетінің 63%-ын қамыс, құрақ жапқан. Мал суарып, қамыс дайындау үшін пайдаланылады. 1957 жылдан бастап мұнда қамыс зауыты жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Есімов Ақан (1900 жылы туған, Біржан сал ауданы) – озат жұмысшы. Еңбек жолын «Қазақ-алтын» кеніштерінде бастаған. 1935 жылы Степняк қаласындағы стахановшылар қозғалысы жетекшілерінің бірі болған. Ол бір мезгілде екі бірдей дәнекерлеуші станогында жұмыс істеп, белгіленген жоспарды екі-үш есе асыра орындаған. 1937 жылы механикалық-жөндеу зауытының директоры, қалалық Халық депутаттары кеңесінің төралқасына мүше болып сайланады. 1938 жылы 1-шақырылған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланады. «Бірінші бесжылдық» төсбелгісімен, құрмет грамоталарымен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Ефименко Федор Лазаревич (1910, Украина, Полтава облысы Орживицкий ауданы Плехово ауылы) – еңбек ардагері. Социалистік еңбек ері (1957). Қазақстанға 1954 жылы тың игеру кезінде келген. Есіл ауданы Москва кеңшарында механизатор, 1957 жылдан Жарқайың ауданы Баранкөл кеңшары төрағасының шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Алмас Кішкенбаев (1 шілде 1985, Қызылорда) — әнші. Республикада алғаш өткен «SuperStar KZ» 2004 жылғы байқауының жеңімпазы. Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Қызылорда музыкалық колледжін бітірген (2004). Қазір Алматыдағы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының эстрадалық бөлімінде оқиды. 5–6 жасында облыстық «Әнші Балапан» байқауында жеңіп шығып, Ақдәулетова класына оқуға алынды. 1995 жылы Францияның Париж, Мате қалаларында Нұртуған жыраудың «Кәнекей тілім сөйлеші» термесін орындаған. Сол жылы Павлодар қаласында өткен «Айналайын» фестиваліне қатысып, ашылу салтанатында арнау ән орындады. |
Үлкен Жезді – Сарысу алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Жезді өзенінің оң саласы. Ұзындығы 108 км, су жиналатын алабы 1610 км2.
## Бастауы
Ұлытаудың оңтүстігіндегі бұлақтардан басталып, Қарабұлақ елді мекені тұсында Жезді өзенінің сағасынан 91 км жерде Бала Жезді өзенімен қосылып, Жезді өзенін құрайды.
## Гидрологиясы
Аңғарының ені 2 — 3 км, жағасы тік жарлы. Жауын-шашын, аздап жер асты суымен толығады. Жазда иірімдерге, қарасуларға бөлініп қалады. Негізгі салалары: Күнкүйген, Үлкенсай, Қарабұлақ, Сағымсай, Нарсай. Орташа жылдық су ағымы Қарабұлақ ауылының тұсында 0,81 м3/с. Суы ауданның түрлі шаруашылық қажеттеріне, халықты сумен қамтамасыз етуге, мал және жер суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Мүйізгүл (лат. Halenia) – көкгүлдер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның шалғынды жерлері мен өзен жағалауларында кездесетін 2 түрі бар. Олардың биікт. 15 – 45 (60) см. Сабағы тықыр, төрт қырлы, түп жағы бұтақты. Қандауыр тәрізді жапырақтарының ұзындығы 1 – 3 см., ені 5 – 10 мм-дей. Жасылдау, ақшыл сары, гүлдері төрт буынды ұзын гүл сағағындағы жапырақ қойнауларында жетіледі. Олар шатырша гүл шоғырына топталған. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – бір ұялы, қос жақтаулы қауашақ.
## Дереккөздер |
Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова (23 желтоқсан 1943 жылы туған, Ақмола облысы, Астрахан ауданы Астраханка ауылы) – прозаик, драматург, қоғам қайраткері. КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1972).
* М. Горький атындағы Мәскеу әдебиет институтын бітірген (1974).
* Орта мектепте мұғалім, Астрахан ауданы комсомол комитетінде нұсқаушы (1961 – 1964).
* 1965 жылдан «Қазақстан», «Жалын» баспасында редактор.
* 1976 – 1987 жылы ҚазКСР мемлекеттік кино, «Жаңа фильм» журналында бас редактор, Қазақстан КП ОК-нде жауапты қызметкер.
* 1988 жылдан «Қазақ» журналының бас редакторы.
* 1990 жылдардың басында Қазақстан көші-қон және демография агенттігін басқарды.
* Қазақстанның халық депутаты болып сайланған
## Шығармашылығы
Шығармашылық жолын 1961 жылы бастады.
* «Амина, волки и конец света» (1967)
* «Аккоян – белая гончая» (1970)
* «Шалунья» (1972)
* «Перешагнувшие порог» (1982)
* «Неугомонная женщина» (1985) кітаптары жарық көрді.
* «Муслима» кинофильмінің сценарийін жазған.
Әңгімелері қазақ, неміс тілдеріне аударылған. Пьесалары Қазақстан, Өзбекстан театрларында қойылды.
## Дереккөздер |
Жабай-Покровка – Атбасар ауданында орналасқан зират (б.з.б. 2 мыңжылдық, қола дәуірі); Жабай өзенінің сол жақ жағалауында, Покровка ауылының маңында. Қазу жұмыстарын Г.Здановичтің жетекшілігімен 1973 – 75 жылы Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізді. Тас плиталармен жабылған ескі зираттан 10 ересек және 170 балалардың қаңқасы, 215 қыш құмыра, қоладан жасалған әшекей бұйымдар табылды. Ескерткіш Андрон тарихи табыну қауымдастығының Алакөл-Абашев табыну типіне жатады.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Шардара — Түркістан облысы Шардара ауданындағы ауыл, Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шардара қаласынан солтүстікке қарай 7 км-дей жерде, Сырдария өзені мен Қызылқұм каналы аралығында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1957-96 жылдары «Қаракөл» ғылыми-өндірістік бірлестігінің Шардара кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде ӨК, ЖШС, шаруа қожалықтары құрылды.
## Инфрақұрылымы
Ауылда орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Рысбек Мырзашұлы Мырзашев (1932, Ақмола облысы – 1987, Шымкент қаласы) – қоғам қайраткері.
Алматы ауыл шаруашылығы институты мен КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірген.
1985–1987 жылдары Шымкент облысы партия комитетінің бірінші хатшысы,
1960 жылдан КОКП мүшесі. Ақмола облысының комсомол органдарында, еңбекшілер депутаттары ауданы кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Есіл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеді.
1977–1982 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің екінші хатшысы,
1982–1985 жылдары халық депутаттары Павлодар облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды. Социалистік Еңбек Ері, Шымкент қаласының құрметті азаматы.
## Сілтемелер |
Мүйізжапырақ (Ceratophyllum) - мүйізжапырақ тұқымдасына жататын көп жылдық су өсімдігі.Ол бір жылға дейінгі түрде басқа түрлеріне тең мейірімді суда болып табылады. Бұл жасыл, қайшыл су расты, шаралардан түзетілген және азотты қамтылған абили кездеседі. Бұл ботаникалық мүйізшілердің кеңесінен болған кезде көптеген су құнында оны күлденіп, аквариумда көтергендері көп. Мүйізжапырақ жиналғанда, ол кенеттен болымдардан құрылады, осы анархиялық болымдар көптеген тапқырлармен жұмыс істейді. Біреуі оны қыстағанда, мүйіздің мұрмайтын бөлігі бар болып табылады. Бұл арқылы, мүйіздің кескіндігіне, үлгіге, дене топтың аралық құрамына және ағзаның құрылымына тәуелді. Ал, үнемі жиі өзараға қатысты болымдар арасында байланысты жоғары дауысты жағдайда, олар жиі кенеттен сапарланады. Бұл өзара әсерімен айырылған болса да, мүйіздің бәсекеге, ағза өсуіне әсері болады. Қазақстанда барлық өңірлерге тараған 5 түрі бар. Олар өзен аңғарларында, суы тұщы өзен, көл жағалауларында өседі. Биіктігі 0,5 – 1,5 м-дей, тамыры болмайды, су бетінде қалқып жүреді. Сабағы көп бунақты, жіңішке бұтақты келеді. Жапырағы таспа пішінді, бірнеше бөлік болып тілімденген, шоқталып орналасады. Гүлі өте ұсақ, оның ақшыл немесе жасылдау келген гүл серігі болады. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Жемісі – бір сүйекті жаңғақша. Мүйізжапырақтар қалың өссе, су қоймаларын ластайды, олармен негізінен балықтар мен құстар қоректенеді.
## Дереккөздер |
Нұркей (туған-өлген жылы белгісіз) – 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында өмір сүрген ақын. Өмірі мен шығармалары жайлы деректер сақталмаған. Атығай Нұркей деген атпен белгілі ақынның замана ағымы, жастық пен қарттық жайлы өлеңдері, сөз қағысулары Қазақстан ҰҒА Орталық ғылым кітапхана қорында сақтаулы. Нұркейдің Орынбай ақынмен сөз сайысы “Қазақ халық әдебиеті” көптомдығының айтыстар топтамасында жарияланған (1988, 8-т.).
## Сілтемелер
* Ақын
* Айтыс |
Циньлин тау жотасы — Куньлунь тау жүйесінің шығысындағы жота, Янцзы және Сары өзендерінің суайрығы.Координаталар : 33°57′48″ с. ш. 107°37′05″ в. д.
Ұзындығы 1000 км-дей, ең биік жері 3666 м (Тайбайшань тауы). Негізінен әктас және мезозойдың метаморфтық тақтатастарынан түзілген. Батыс бөлігі біртұтас монолитті жота, шығысы төрт жотаға тарамдалған. Солт. беткейін қоңыржай белдеудің қуаң даласы, оңт-н субтропиктік аралас орман алып жатыр. Тайбайшань, Фопин-Юэба, т.б. резерваттар бар.
## Ciлтемелер :
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, XVIII том |
Ибрагим Әбілғазыұлы Онаев (19 мамыр 1913 ж., Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 24 тамыз 1994 ж., Алматы) – металлург ғалым, технология ғылылымының докторы (1968), профессор (1969), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі (1972).
## Өмірбаяны
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
Қазақ кен-металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1941). Қарсақпай мыс қорыту зауытында жұмыс істеген (1941 – 44). 1944 – 74 ж. Металлургия және кен байыту институтында аспирант, ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, директордың орынбасары (1965 – 74), 1974 – 94 ж. ҚазҰТУ-да кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Негізгі ғылыи еңбектері түсті металлургия шикізаттарын өңдеудің жаңа тәсілдерін жетілдіруге арналған. Орталық Қазақстандағы мыс кендерінен өндірілген кентастар мен концентраттарды балқыту процесін кешенді түрде жетілдіру ісін жүргізген. Түсті металлургия саласындағы штейнді-қожды жүйелердің физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеді. Металл-шлак және штейн-қож-газдық фаза жүйесіндегі металдардың таралу заңдылықтарын ашқан. Мысты және полиметалдық материалдарды шашыранды күйде циклондық (кивцэттік) балқытудың ерекше технологиясын жасаған авторлардың бірі. Онаев 300-ге жуық ғылыми еңбектің, 28 өнертабыстың авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
## Шығармалары
* Әлемнің тұңғыш металы, А., 1977.
* Физико-химические свойства сплавов цветной металлургии, А., 1972; Циклонная плавка, А., 1974.
* Современные технологические процессы в металлургии меди и никеля, А., 1984.
* Восстановление сульфидов, А., 1988.
## Сілтемелер
* Ғалымдар
* Металлургия
## Дереккөздер |
Аманжол Жазыұлы Жазин (1943 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Новопокровка ауылы) – қоғам және мемлекет қайраткері. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (1970), Жоғары партия мектебін (1985) бітірген. 1961 жылы Ерейментау стансасындағы тепловоз депосында машинистің көмекшісі, Қазақстан ҒА химия және металлургия институтында лаборант, Астрахан ауыл шаруашылығы механикаландыру училищесінде шебер, оқытушы (1962 – 66), «Целиноэнергоремонт» кәсіпорнында инженер (1966 – 75), Атбасар ауданы партия комитетінің хатшысы, Астрахан атқару партия комитетінің төрағасы, Теңіз ауданы партия комитетінің 1-хатшысы (1975 – 88), облысы экономика және сауда басқармасының орынбасары (1988 – 97), облысы тәртіпке шақыру Кеңесінің төрағасы (1997 – 2003), облыс мәслихатының хатшысы (2003 – 07) қызметтерін атқарды. 2007 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Құрмет» ордені және медальдармен марапатталған.
## Хоббиі
Хоббиі - оқу.
## Сүйіп оқитын әдебиеті
Сүйіп оқитын әдебиеті - классика.
## Отбасы
Үйленген. Жүбайы -Жазина София Ғазизқызы (1946 жылы туған). Ұлдары - Жазин Қаһарман (1968 жылы туған), Жазин Айдар (1973 жылы туған); қызы - Шорманова (Жазина) Әсел (1982 жылы туған).
## Пайдаланылған cілтемелер |
Шардара – бекіністі мекен. Шардара қаласының оңтүстік-батысынан 2 км жерде. Зерттеу жұмыстарын 1950 ж. А.Н. Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген. Ол – аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 240 м, батыстан шығысқа қарай 310 м, биікт. 1 – 3 м тік бұрышты алаң. Батыс жағында ауданы 140×120 м, биіктігі 15 м қорғанның қалдығы сақталған. Қорған іргесінен 15 м жерде ені 8 м, тереңд. 1 м ор қазылған. Оның екі жағы дуалмен қоршалған. Қазбадан табылған заттарға қарағанда Шардара 1 – 12 ғасырлардағы мекен орны болған.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Қанға-Баба қорымы, Қаңғы-баба, Ханға-баба - көне бейіт орны. Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласынан шығысқа қарай 30 км жерде Түпқараған ауданында орналасқан.
Қорымды 1973 жылы Қазақтың тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының экспедиция жетекшісі М.Меңдіқұлов толық зерттеген. Бұл кешен үш бөліктен тұрады. Алғашқы екеуі түрікмен және қазақ ескерткіштерінен, соңғысы бірыңғай түрікмендік кішкене құлпытастардан жасалған. Оларға көбінесе қылыш бейнесі мен Құран аяттары қашап салынған. Қазақ құлпытастарында түрікмен құлпытастарына қарағанда нақыш көбірек, олар ою-өрнек, геометриялық тұрпаттарымен өзгешеленеді. Қанға-Баба қорымында төрт бұрышты көне түрікмен мешіті сақталған. Бірнеше бөлмелерден және арнайы дұға ететін үлкен бөлмеден тұрған. Төбесі күмбезделіп жабылғанға ұқсайды. Қабырғалары жалпақ тастармен көтерілген.
## Этимологиясы
Бұл қаңлы этнонимінің негізінде жасалған этнотопоним болып табылады. Әбілғазының «Түрік шежіресінде» қаңлы этнонимінің пайда болуы баяндалады. Шежіре бойынша, Оғыз хан татарларға шабуыл жасап, жеңіске жетеді. Хан әскерінің қолына көп олжа түседі, бірақ ол дүниенің бәрін тиеп, арта кететін арба жетпеді. Әскердің ішінде ат көлігін жасап бере алатын шебер болыпты. Арба жасап, барлық олжан тиеп, жолға шығады. Жолда арбаның қаңқ-қаңқ еткен дыбыс шығарғанын адамдар естіп, арбаға «қаңқ» деген атау береді, ал оны жасаған шеберді «қаңқлы» деп атап кетеді. Бүкіл қаңлы елі осы адамның балаларынан таралған екен.
Сондай-ақ қаңлы этнонимінің этимологиясы жөнінде қазақ тіл білімінде Ә.Қайдаров, Т.Жанұзақов, Ә.Әбдірахманов сияқты академиктер өз еңбектерінде айта кеткен. Ә.Қайдаров қаңлы түбірі Қаң өзенінен шыққан және -лы жұрнағы жалғанып, «Қаң өзенін мекендеушілері» немесе «өзенді ел» деген ұғымды ұсынады. Ал Т.Жанұзақов этоним екі бөліктен, яғни бірінші бөлігі қан (ган) өзен дегенді білдірсе, екінші бөлігі -лы жұрнағы көпше мағынаға ие дейді. Сөйтіп, қаңлы этнонимі «өзен жағасында тұратын тайпа» немесе «өзеншілер» деп санайды (Т.Джанузаков, 62). Ә.Әбдірахманов та «сөз түбірі қан – кан Сібір халықтарының тілінде «өзен» деген мағынада кең тараған сөзбен түбірлес болса керек, тек кейінірек оғлы – лы сөз жұрнағы қосылған, қаңлы этнонимінің алғашқы мағынасы қан оғлы яғни «өзен, су бойындағы адамдар, рулар» дегенді білдірген де, кейін бұл атау фонетикалық өзгерістерден кейін қаңлы түріне көшкен» деп қорытады (А.Әбдірахманов, 1979, 52).
## Дереккөздер |
Бауэр Ембергенұлы Алтынбеков (17.3.1931 жыл, Алматы қаласы) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1976), профессор (1980), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003).
## Өмірбаяны
* Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген (1958).
* Қазақ еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері (1958–1971)
* Ақтөбе медицина институтында жалпы гигиена кафедрасының меңгерушісі (1971–1974).
* Қазақ еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтының директоры (1974–90)
* Қарағанды мемлекеттік медицина институтының (1990–1995) кафедра меңгерушісі.
* 1995 жылдан Шымкент медицина институтының кәсіби аурулар мен жалпы гигиена кафедраларының меңгерушісі болды.
## Еңбектері
Негізгі еңбектері еңбек гигиенасы мен адам физиологиясы, эргономика, кәсіби патология, әлеуметтік гигиена мәселелеріне арналған.
* Семей ядролық полигонының және антропогендік экологияның сол аймаққа тигізіп отырған зардаптарын да зерттеген.
* Ол еңбек гигиенасымен шұғылданушылардың қазақстандық мектебінің негізін қалады.
## Марапаттары
«Құрмет Белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Мүйізтас– жапсарлы-метаморфты тау жынысы. Мүйізтастың құрамы нәзік түйірлі, жасырын кристалды, агрегаттары тығыз, кейде порфиробласты келеді. Текстурасы теңбіл, жолақты. Мүйізтас құрамына әр түрлі минералдар: кварц, слюда, дала шпаты, анартас, андалузит, силлиманит, кордиерит, кейде амфибол, пироксен, тағы басқа кіреді. Мүйізтастың түсі сұр, қара, тағы басқа болады. Пайда болу жағдайлары мен құрамындағы өзгелерден басым келетін минералдарына қарай Мүйізтастардың биотитті, андалузитті, кордиеритті, амфибол-пироксенді, тағы басқакөптеген түрлері кездеседі. Түрлі құрамды интрузиялардың құмтастарға, аргилиттерге, жанартаутекті-кесекті жыныстарға, мергельдерге, доломиттерге әсер етуінен Мүйізтас 2 – 3 км-дей тереңдікте мол тараған. Қазақстанның барлық аймақтарындағы интрузиялар төңірегінде Мүйізтас кеңінен дамыған. Әк-силикатты Мүйізтастарда мырыш пен қорғасынның, мыстың бай кентастары кездеседі. Мүйізтас құрылыста пайдалынылады.
## Дереккөздер |
Жакудин Қайролла Жакудинұлы (1940 жылы туған, Ерейментау ауданы – 1994) – ішкі істер қызметкері. Ерейментау ауданы Ішкі істер бөлімінің бастығы (1985). КСРО ІІМ-не қарасты Алматы Жоғары мектебін бітірген (1961). Ерейментау қаласы, Благодатное ауылында бөлімше инспекторы, Ерейментау ауданы милиция бөлімінде бөлім бастығының орынбасары, Атбасар ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы (1979) болды. Медальдармен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Шардара — Түркістан облысындағы қала (1968 жылдан), Шардара ауданының орталығы.
## Географиялық орны
Облыс ортасы – Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 279 км-дей жерде, Сырдария өзенінің оң жағын ала, Шардара бөгенінің солтүстік жағасында орналасқан. Қаланың аумағы 21,24 мың км2.
## Халқы
* 25 579 мың адам (2003);
* 30 922 мың адам (2013);
* 29 269 мың адам. Гендерлік құрамы: әйелдер (14 040), еркектер (15 229) (2020)
## Тарихы
«Шардара» – көне парсы тілінен аударғанда «Төрт қақпа» дегенді білдіреді. Шардара қаласының аумағында 8 ғасырда егіншілігі, қолөнері, мәдениеті дамыған отырықшы тұрғыны бар үш қала-қамал болған: Бірінші Ақтөбе, Екінші Ақтөбе, Жаушықұмтөбе. 1959-68 жылдары "Сырдария" кенті аталып келді. Қала Мелдеби, Қызылжар, Абай, Төменгі тоғай, Өтеғұл мөлтек аудандарынан тұрады.
## Кәсіпорындары
Шардарада «Шардара су электр станциясы» ААҚ, «Шардара мақта» АҚ, «Қазақстан мақтасы» корпорациясының филиалы, «Мырзакент» АҚ, «Шардаранан» АҚ, құрылыс материалдар комбинаты, «Шардара су-жылу жүйелері» ЖШС, «Будан» ЖШС, «Талапты» ӨК, «Шардарабалық», орман шаруашылығы, Шардара мемлекеттік қазыналық балық өсіру кәсіпорны, «Автосервис» орталығы, асфальт зауыты, т. б. кәсіпорындар қала экономикасын көтеруде.
## Инфрақұрылымы
Шардарада орталығы емхана, туберкулезге қарсы диспансер, санитарлық-эпидемиологиялық стансасысы жұмыс істейді. Білім беру, мәдениет саласы бойынша кәсіптік-техникалық мектеп, жалпы білім беретін, музыкалық, спорт мектептері, мәдениет үйі, орталығы кітапхана, «Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар» мемориалдық ескерткіші бар.
## Дереккөздер |
Қартбай Бекемұлы Бержанов ( 20 желтоқсан 1924жылы, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Сайқұдық ауылында дүниеге келген - 23 ақпан 1975жылы, Алматы қаласында қайтыс болды) — ғалым, педагогика ғылымының докторы (1965 жылы), профессор (1967 жылы). Қазақ Педагогикалық Инститтутты (1947 жылы, қазіргі Қазақ Ұлтық Педагогика Университеті) және аспирантурасын (1950 жылы) бітірген. Осы институтта оқытушы, доцент (1947 — 55 жылдары),Алматы обкомында бөлім меңгерушісі (1955–57 жылдары), Қазақ Қыздар Педагогикалық институтының проректоры, кафедра меңгерушісі (1957–61 жылдары), ҚазПИ-де доцент (1961–67 жылдары), ҚазМУ-да (1967–75 жылдары, қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1965 жылы «Халық ағартудағы орыс-қазақ ынтымағы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап қазақ тілінде тұңғыш “Педагогика тарихы” оқулығын жазған. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы оқу-ағарту ісіне және кеңес дәуіріндегі (1917—41 жылдары) Қазақстан мұғалімдерінің қоғамдық, мәдени-ағартушылық қызметін зерттеген.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы", 2 том |
Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі.
Айтыс 1871 ж. қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Ешкіөлмес тауының баурайында Тоғызқұмалақ мекенінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 ж. Қазанда “Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Кейін Зайсаннан 2-нұсқасы табылып, “Біржан сал мен ақын Сараның айтысқаны” деген атпен Қазанда жеке кітап болып басылды. Айтыстың алғашқы нұсқасы — 969 жол, 2-нұсқасы — 1080 жол. Әріп Тәңірбергенов жазған тағы бір нұсқасы 1907 ж. жарық көрді. 1918 жылға дейін бұл үлгілер сегіз рет, Кеңес өкіметі тұсында он бір рет жарияланды. Сөйтіп, ел ішіне жазбаша да, ауызекі де таралып келді. Айтыстың жарық көруіне, таралуына, өңделіп сарапталуына Сара, Жүсіпбек қожа, Әріп ақын елеулі үлес қосқан.
Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті де әлеум. тақырып етіп көтереді. Екі ақын өздері тұрған екі өңірдің жақсы-жайсаңдарын кезекпе-кезек сараптай отырып, олардың сан алуан адамгершілік қасиеттері мен келеңсіз іс-әрекеттерін жайып салып, оларға халық талабына сай келетіндей баға беріп отырады. Сонау қияндағы Сарыарқадан Сараны жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал ә дегеннен амандасу рәсімінің өзін бойында дос тұрмақ дұшпан кемітер бір міні жоқ сұлудың, шебер ақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. Бірақ білімді де ақылды қыз Хауа анаға Адам атаның өзі келгенін “Хиссас-ул-Әнбиядан” оқып білгенін дәлел етіп ұсынады. Мұндай жауапты күтпеген Біржан қатты тосылса да, сөз кезегін әрі қарай жалғастыра береді. Қос жүйрік бұдан әрі жалпы ақындық өнер, адам бойындағы сан алуан қасиеттер, ел дәстүрі, байлық, салтанат, ел басшыларының іс-әрекеттері секілді мәселелерді сөздеріне арқау етеді. Айтыс алғашында рулық бағыт алса да, кейін дәстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі өнер сайысына, көркем де кестелі сөз жарысына айналады, қазақ қоғамындағы әлеум. қарым-қатынастың адам өміріне әсері, тұрмыстың мән-мазмұны философиялық ой-толғамдармен қосыла өріліп, өз нақышын тауып жатады. Айтыста халқымыздың әдептілік пен әсемдік туралы пікірлері, эстет. талғам-талаптары кең көрініс тапқан. Осының бәрі Біржан мен Сара айтысының 19 ғасырдағы қазақ халқының болмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады. Біржан мен Сара айтысы атақты екі ақынның арасындағы сөз айтысы ғана болмай, айтыс өнеріндегі көркемдік қуаты, тіл бейнелілігі жағынан ерекше эстет. талғам биігінен көрінген айтыстың үздік үлгісі ретінде қазақ ауыз әдебиетінің тарихынан ерекше орын алады. Айтыс негізіндегі Қажым Жұмалиевтің либреттосы бойынша 1946 ж. М. Төлебаев “Біржан — Сара” операсын жазды.
## Дереккөздер |
Солтүстік Арал теңізі, Кіші Арал – Арал теңізінің шағын солтүстік бөлігі, бұрынғы Көкарал түбегі мен Берг бұғазы (мойнағы) арқылы (Көкарал бөгеті арқылы) бөлінген. Жер аумағы 0,9 мың км2.
## Сипаты
Кіші Аралдың Шевченко, Сарышығанақ, Бутаков атты шығанақтары бар. Теңіздің солтүстік-батыс бөлігінде Шұбартарауыз солтүстігінде Көктырнақ түбектері орналасқан. Көкарал жағалауы құмдақты, орталық бөлігіндегі абсолюттік биіктігі 161 м. Бөгеттің деңгейі 40 м. болған жағдайда бөгеттің орталық бөлігі мен Шевченко шығанағындағы су көлемі 21 км3 -ге дейін жетеді де Бутаков пен Сарышығанақ шығанақтарында су мүлдем болмайды. Сондықтан, Кіші Арал теңізінің су деңгейін 42 м-ге жеткізу көзделіп отыр. Сонда судың көлемі 27 м3 жетеді. Толық мәнді экология-экономикалық жұмыс істеу үшін Кіші Аралдың су көлемі 34 км3 -ден кем болмауы керек. Ол үшін келешекте Көкарал бөгетінің екінші, үшінші кезеңдерін салу көзделіп отыр.
## Дереккөздер |
Ақтау — Қарағанды облысы Теміртау қаласына қарасты кент.
## Географиялық орны
Теміртау қаласынан солтүстікке қарай 18 км-дей, Қарағанды қаласынан 57 км-дей жерде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1950 жылы Орталық Қазақстан өнеркәсібін құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге байланысты қаланған. 1972 жылы кентке айналған.
## Халқы
## Кәсіпорындары
Ақтауда «Қарағандыцемент» өндірістік бірлестігі, асбоцемент бұйымдарын жасау (КЗАЦИ) және құрылыс жабдықтарын шығару зауыттары, автокөлік кәсіпорыны жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Индустрия техникумы, кәсіптік техникалық училище, 2 орта мектеп, мәдениет үйі, кинотеатр, спорт сарайы, стадион, жүзу бассейні, балалар мен жасөспірімдер мектебі, медициналық-санитарлық бөлім, емхана бар. Ақтау Қарағанды-Астана темір жолы, Петровка —Токаревка — Теміртау автомобиль жолы өтеді. Елді мекендермен ауыларалық жолдар арқылы байланысады.
## Дереккөздер |
Ақтау — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы ауыл, Ақтау ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Атасу өзенінің бойында, Ақтау тауының етегінде, аудан орталығы Жаңаарқа кентінен оңтүстік-батысқа қарай 103 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 1033 адам (528 ер адам және 505 әйел адам) болса, 2009 жылы 638 адамды (323 ер адам және 315 әйел адам) құрады.
## Тарихы, шаруашылығы
Іргесі 1938 жылы қаланған. Округ аумағында 20 ғ-дың 40-жылдарында Түгіскен, Атасу, Жаңаталап, Киров, Алғабас ұжымшарлары ұйымдастырылған. Кеңшар негізінде 32 шаруа қожалығы құрылған. 1964 жылдан «Ақтау» кеңшарының және ауылдық кеңестің орталығы. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — қой шаруашылығы болды. Жерінің жалпы ауданы — 479,78 мың га.
## Инфрақұрылымы
Округ елді мекендерінде (Айшырақ, Райыс, Қарашоқы, Қылыш) 1 орта мектеп, 2 бастауыш мектеп, дәрігерлік амбулатория, клуб, кітапхана, АТС және телехабар тарату мұнарасы т.б. мәдени-тұрмыстык мекемелері бар. Басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Қаражал теміржол бекеті 70 км жерде.
## Дереккөздер |
Тағай Қансейітов (10.5. 1950 жылы туған, Түркістан облысы Төле би ауданы Аққұм ауылы) – ауыл шаруашылық ғылым докторы (2004). Самарқанд ауыл шаруашылық институтын бітірген (1973). Атырау облысы Махамбет ауданы «Новобогат» кеңшарында зоотехник (1973–75), Қазақ қаракөл шаруашылығын ғылым-зерттеу институтында зоотехник, ғылым қызметкер (1975–94) болды. 1994 жылдан қазіргі Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық ғылым-өндірістік ортасында жетекші ғылым қызметкер. «Научные основы и практические приемы создания стад каракулево-курдючных овец окраски сур бронзовой расцветки» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Негізгі ғылым еңбектері өзіндік түсімен ерекшеленетін қойдың жаңа тұқымын анықтап, өндіріске енгізуге арналған. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын лауреаты (2005).
## Дереккөздер: |
“ШОЛПАН” – Түркістан АКСР-і ОАК-нің білім, әдебиет, шаруашылық, саяси журналы. Тұңғыш саны 1922 жылы қазанда жарыққа шықты. Оның “Оқу бөлімі”, “Түркістандағы халық ағарту ісі” деген бөлімдерінде оқу-ағарту, бала тәрбиесі мәселелері, алғашқы кеңестік еңбек мектебінің мазмұны, оқу бағдарламасы, сабақ жүргізу әдістемесі, орыс мектептерінің оқыту тәжірибелері таныстырылып, бұл жөніндегі маңызды пікір-ұсыныстар жарияланды. Журналда көптеген ғылыми маңызды мақалалар жарық көрді. Бірақ оның жеке мақалаларында буржуазиялық-ұлтшылдық қате тұжырымдарға жол берілген деп есептеліп, осыған байланысты журнал 8 саны шыққаннан кейін 1923 жылдың мамыр айында жабылды.
## Дереккөздер |
Нұркен-1 қорымы – көне дәуір ескерткіші.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Нұркен ауылының аумағында, Жарлы өзенінің оң жағалауында орналасқан.
## Зерттелуі, сипаты
1978 – 79 жылдары ҚарМУ археологиялық экспедициясында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Заттай деректерді қола және пасталы моншақтар, 1,5 айналымды, алтын жалатылған қола алқа, екіжүзді қола пышақ, жалпы саны 30 шақты ыдыстан қалған қыш сынықтары құрайды. Қышқа штрихталған үшбұрыштар, бұрыштап түсірген шұңқыршалар, иректер, меандр түріндегі оюлар салынған. Өрнекті түсірудегі негізгі техникалық әдістер – тарақ штамппен басу және ойып түсіру. Бір ыдыстың түбіне көне дәуірдің танымал өрнегі – қас таңбасы (свастика) айқын түсірілген. Қазақстанның байырғы тұрғындары – андрондықтарда болған бұл таңба “мәңгілік”, “мәңгі қозғалыс” ұғымын берген. Қорым қышының өрнектегі және ыдыс жасаудағы ерекшеліктерінен андрон қауымдастығының екі мәдениетінің, яғни нұра-федоров, атасу-алакөл мәдениеттерінің аралас белгілері байқалады. Қорым б.з.б. 14 ғ-дан қалған деп есептеледі.
## Дереккөздер |
Шардара даласы – Сырдария өзеннің сол жағасын бойлай Шардара бөгенінен Көксарай аулына дейін солтүстікке қарай бойлық бағытта 175 км-ге созылып жатқан өңір, ені 50 км-ге дейін.
## Географиялық орны
Түркістан облысының Шардара, Отырар аудандары, Арыс қалалық әкімдігі аумағы жерінде.
## Жер бедері, климаты
Жер беті тегіс, биіктігі 200 м-дей; құмды, сазды аллювийлік шөгінділерден түзілген. Жер асты суы ащылау, 15 м тереңдікте кездеседі. Климаты тым континенттік. Қаңтарда орташа жылдық температура –4°C, шілдеде 29°C. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 мм.
## Топырағы мен өсімдігі
Топырағы солтүстігінде қоңыр, оңтүстігінде сұр, сортаңды. Эфемерлер, жусан, жыңғыл, жүзгін, баялыш, күйреуік, т.б. өседі. Суармалы жерлері мақта, күріш егуге өте қолайлы.
## Дереккөздер |
Ақтау —
* қылмыс уақиғасы айқындалмаған, сотталушының әрекетінде қылмысты құрайтын нышандар болмаған немесе оның қылмыс істеуге қатысқандығы дәлелденбеген кезде шығарылатын сот үкімі. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының арнаулы тармақтарында көзделген негіздерге сүйене отырып, ізге түсу органдары айыпталушыны (сезіктіні) кінәсіз деп тани алады. Ақтау үкімінің сипаттамалы-дәлелді және қорытынды бөлігіне қатысты талаптар осы Кодекстің 381, 382-баптарында көзделген;
* кең мағынасында алғанда азаматтың нұқсан келтірілген абырой-беделін, адал атын, әділеттілікті қалпына келтіру., Мысалы, 1993 ж. 14 сәуірде Қазақстан Республикасының
“Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы” заңы шықты. Оның 1-бөлімінің (“Жалпы ережелер”) 1-бабында “адамды сот тәртібінде немесе заңмен белгіленген басқа тәртіпте саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп тану, оның бұзылған құқыларын қалпына келтіру, ол шеккен моральдық немесе материалдық залалдың орнын толтыру ақтау деп ұғылады” делінген. Сондай-ақ заңда ақтауға жататын адамдар санаты және ақтаудың тәртібі мен нәтижелері көзделген.
## Дереккөздер |
“Шығыс кеші” – әр түрлі ойын-сауық кештерінің (әдеби, этнографиялық, музыкалық, т.б. тақырыптағы мәдени-ағарту кештері) жиынтық атауы.
Оның тарихы 1911 жылдан басталады. Мұндай “Шығыс кештері” Ресейдің түркі жастары шоғырланған қалаларында оқыған қазақ, татар және орыс жастарының қатысуымен өткізіліп отырған әрі олар жаңа мәдени-ағартушылық мақсатты көздеген. Ойын-сауық бағдарламасы мәдени-ағарту тақырыбындағы баяндамалардан, шағын пьесалардан, тұрмыс-салт ойын-сауықтарынан, ән-билерден және күйлерден құралды. Көрермендерді түркі халықтарының тұрмыс-салтымен, жалпы әлеуметтік-рухани, мәдени өмірімен таныстырып отыру осы секілді кештердің негізгі мақсат-мұратына айналды. Мысалы, 1914 ж. Семей қаласында Абай Құнанбаевтың қайтыс болғанына 10 жыл толуына арналған әдеби, этнографиялық-музыка кеші болды. Бұдан кейін осында Біржан – Сара айтысының ықшамдалған сахналық нұсқасы (1915) қойылды. Бұл сияқты әр алуан ойын-сауық кештері Қостанайда, Ақмешітте (қазіргі Қызылорда), Ақмолада (қазіргі Астана, 1911 – 1912), Атбасарда (1915), Ташкентте, Орынборда (1922), т.б. қалаларда өткізіліп, оған кезінде І.Бекбергенов, Қ.Жандарбеков, І.Жансүгіров, Т.Жомартбаев, Ә.Қашаубаев, Н.Құлжанова, М.Малдыбаев, С.Мұқанов, Қ.Сәтбаев, т.б. сынды болашақ ғылым, ағарту және әдебиет пен өнер қайраткерлері қатысты. “Шығыс кеші” Қазақстанда театр өнерінің туып, қалыптасуы мен дамуына игі әсер етті.
## Дереккөздер |
«Шардара Мақта» акционерлік қоғамы – мақта тазалау зауыты, Шардара ауданы Достық аулында орналасқан. Зауыт 1998 ж. құрылған, ауданда өсірілетін мақтаны өңдеуден өткізеді, мақта талшығын өндіріп шет елдерге шығарады. Өндірістік қуаты – жылына 30000 т. Зауытта 208 адам жұмыс істейді.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Ілияс Қабылов (18 қазан 1904, Жалағаш ауданы Мәдениет ауылы – 26 ақпан 1938, Алматы) – мемлекет және қоғам қайраткері.
* Әке-шешесі 1911 жылдан бастап Ақмешіт (қазіргі Қызылорда), Әулиеата, Ташкент қалаларында тұрған.
* 1918 – 22 жылдары Ташкент еңбек коммунасында орталау білім алған.
* Кейін Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін (1925), Қызыл профессура институтын (1933) бітірген.
* 1925 – 28 жылдары Ташкенттегі Орта Азия коммунистік университетінде философия және құқықтанудан оқытушы
* 1928 – 30 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитетінің баспа жөніндегі сектор меңгерушісі, мәдениет және насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары
* 1931 – 33 жылдары Шығыс еңбекшілері коммунистік университеті философия кафедрасының меңгерушісі болды.
* 1934 – 37 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, ҚазПИ (ҚазҰПУ) философия кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
* Қазақ АКСР-і Кеңестерінің 9-съезіне (1935) қатынасып, Атқару комитетінің мүшелігіне сайланған.
Көрнекті публицист, әдеби сыншы, философ ретінде «Еңбекші қазақ», «Советская степь», «Казахстанская правда» газеттерінде мақалалар жариялаған.
1937 жылы жалн жаламен айыпталып қамалған. Кейін, ату жазасына кесілген. 1998 жылы 15 мамырда толық ақталды.
## Дереккөздер |
Шардара су электр станциясы, Октябрьдің 50 жылдығы атында – республикадағы су электр станцияларының бірі. Сырдария өзеннің орта ағысында орналасқан. 1-агрегаты 1965 жылдың мамырында, 2-агрегаты желтоқсанда, ал соңғы 4-агрегаты 1966 жылдың маусымында пайдалануға берілген. Қуаты 100 МВт. Станция қазіргі талаптарға сай дәрежеде автоматтандырылған және телемеханикамен басқарылады. 1965 – 1975 ж. жоспардағы 3 млн. 442 мың квтҺсағ электр энергиясы өндірілді. Шардара гидроэнергетикалық кешені (Шардара су электр станциясы мен Шардара бөгені) Қызылқұм өңірінде ауыл шаруашылықғы өндірісін жедел қарқынмен өркендетуге мүмкіндік берді.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Мүйіз ұқсату – сән және қолданбалы өнердің кең тараған түрі. Мүйізден жасалған ежелгі зергерлік бұйымдар сақ, ғұн, үйсін кезеңдерінен көп кезігеді. Мүйіз ұқсату кейінгі түрік дәуірінде де жоғары сатыға көтерілді. Мүйіз сүйекке қарағанда жонуға, июге және қалыпқа салуға, кесуге, шегелеуге қолайлы болғандықтан одан түрлі ожау, құты, шақша, семсер, пышақ, біз саптары, ердің қасы, қамшының сабы, үйдің жасауы, тағы басқа әшекей бұйымдар өрнектеліп жасалды. Мүйіз ұқсатудың негізгі әдісі қыздыру немесе қайнатып балқыту. Мүйіз ұқсатуға сиырдың, серкенің, таутекенің, құлжаның мүйіздері және жылқының тұяғы қолайлы. 6 – 8 ғасырларда сүйек пен мүйізді нақты пішініне немесе ою-өрнек үлгісіне келтіріп, үй-іші жиһаздарын (асадал, жүкаяқ, кебеже), тұтыну заттарын (аяқ, қасық, ожау), аңшылық жабдықтарды (балмақ, томаға, тұғыр) көркемдеу кең етек алды. Кейінгі кездері мүйіз бен сүйектен жасалатын арнайы зергерлік бұйымдарды арнайы шеберханаларда өндіру ісі кең қанат жайды.
## Дереккөздер |
Феликс Ембергенұлы Алтынбеков - (4.12.1938 ж., Түркістан облысы Шымкент қаласы) – техника ғылым докторы (1987), профессор (1990). Қазақ химия-технология институтын (1962, қазіргі Оңтүстік Қазақстан Мемлекттік Университеті) және аспирантурасын (1968) бітірген соң осы институтта ассистент, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент (1962–1987), Оңтүстік Қазақстан технология университетінде кафедра меңгерушісі (1989–1998), 1998 жылдан осы университетте профессор болып жұмыс істейді. Алтынбеков 184 ғылыми еңбектің, 2 монографияның авторы.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* iLike: Энциклопедия: АЛТЫНБЕКОВ Феликс Ембергенұлы Мұрағатталған 23 желтоқсанның 2011 жылы. |
Ақтау теңіз сауда айлағы, Ақтау порты — Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағасындағы халықаралық жүк тасымалы жүйесінде аса маңызды орын алатын республикалық мемлекеттік кәсіпорын.
Бүгінгі таңда порт DP World компаниясының серіктесі, Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКМ) қатысушысы,Теңіз порттары мен айлақтардың халықаралық қауымдастығы (ТПАХҚ) мүшесі, “Қазақстан темір жолы” компаниясының тобының мүшесі.
## Орналасуы және негізгі бағыттары
Азия және Еуропаның көптеген елдерінің су мен құрлық, темір жол, әуе жолдарының тоғысар торабында орналасқан. Ақтау қаласындағы бұл айлақтан кемелер Каспий теңізі арқылы Астраханға, одан Еділ-Дон каналы арқылы Қара теңізге, одан әрі Жерорта теңізіне, мұхиттарға шыға алады. Ақтау айлағынан шығатын теңіз жолдарының екеуі Иранның солтүстік айлақтарына, біреуі Бакуға жүк жеткізеді. Ақтауға келіп түскен жүк темір жол, автомобиль жолдары арқылы өз елімізге, Сібірге, Шығыс елдеріне тарайды. Қазақстан шетелдерге шикізат, әсіресе мұнай өнімдерін жөнелтсе, республикаға шеттен сан алуан жабдықтар мен тауарлар тасылады.
## Көрсеткіштері
1996 ж. Ақтау айлағы 275 мың т құрғақ жүк, 100 мың т шикі мұнай жөнелтті. Қазір 1998 жылына 300 мың т құрғақ жүк, 1,2 мың т шикі мұнай тасылды. Ал оның толық қуаты 700 мың т құрғақ жүк, 6 млн т шикі мұнай. Айлақты жүк өңдеудің озық технол-сымен толық қамтамасыз етудің, кемелердің айлақтағы еркін қозғалысына жағдай жасаудың, жағаға автомобиль, темір жол желілерін тартудың кең тынысты, келелі шаралары жасалған.
## Тарихы
Ақтау портының тарихы Маңғышлақтағы уран өнеркәсібі мен мұнай кенорындарының өнімін тасымалдау қажеттілігі туындаған 1963 жылдан басталады. Порт құрылысы басты және қосымша толқын тосқыларын және төрт құрғақ жүк айлағын салудан басталды.
1969-1986 жылдары төрт мұнай құю айлағы мен паром кешені салынды. Ақтау порты арқылы өтетін тасымалдардың басым көпшілігін мұнай тасымалы құрады – 80 жылдардың басында жылына 7 млн тоннаға дейін жетсе, құрғақ жүктердің тасымалы жылына небәрі 300 мың тоннадан аспады.
КСРО ыдырағаннан кейін Ақтау теңіз порты Каспий бассейніндегі мемлекеттерді өзара байланыстыратын маңызды көлік торабына айналып, тәуелсіз Қазақстанның халық-шаруашылық кешенін дамытуда стратегиялық маңызға ие болды.
1999 жылы Ақтау теңіз порты толық қайта құрастырудан өтті, бұл уақыт порт тарихында шешуші кезеңге айналды. Ақтау портын қайта құрастыруды аяқтау салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев қатысты.
Бүгінде Ақтау халықаралық теңіз сауда порты – шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке және кері қарай жылына 12 ай және тәулігіне 24 сағат жүк тасымалын қамтамасыз ететін заманауи көп мақсатты терминал. Оның бірнеше көліктік дәліздің қиылысында орналасуы мемлекеттің дауында стратегиялық маңызға ие. Порт қуаттылығын арттыру Қазақстанның әлемдік стратегиялық бағдарламалар шеңберінде халықаралық жүк айналымына қызмет көрсету процесінің белсенді қатысушысы болуына мүмкіндік береді.
2015 жыл жүктерді Азиядан Еуропаға және Таяу Шығыс елдеріне кедергісіз транзиттік тасымалдауға мүмкіндік беретін мультимодальды көліктік дәлізді құру бойынша жаһандық мемлекеттік жобаның бастауы болды.
## Суреттемесі
* Навигациясы:жыл бойғы, қыс мезгілінде қатпайды
* Жұмыс кестесі:тәулігіне 24 сағат
* Айлақтар саны - 11
* Бір мезгілде өңделетін кемелер саны - 9
* Ашық алаңшалар аумағы - 79700 м2
* Жабық транзиттік қойма аумағы - 2000 м2
* Жүк номенклатурасы:мұнай, металл, астық және теміржол паромдарымен тасымалданатын жүктер
* Жүктерді ауыстырып тиеу бойынша қуаттылығы - 17, 7 млн. тонн.
Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында бірнеше халықаралық көлік дәлізінің қиылысында орналасқан және түрлі құрғақ жүктерді, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдауға арналған.
## Дереккөздер |
* Торайғыр (тау)
* Торайғыр (асу)
* Торайғыр (көл) |
Шолпанкебіс (лат. Cypripedium) — сүйсіндер тұқымдасына жататын тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай аймақтарында кездесетін 50-ге жуық түрі бар. Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарындағы қылқанды, жалпақ жапырақты және аралас ормандардың, бұталардың, ылғалы мол шалғындардың арасында өсетін 3 түрі:
* Ірі гүлді шолпанкебіс (Cyprіpedіum macranthon);
* Кәдімгі шолпанкебіс (Cyprіpedіum calceolus);
* Секпіл шолпанкебіс (Cyprіpedіum guttatum).
Бұлардың биіктігі 15 – 50 см. Тамырсабағы топыраққа төселіп, көлбей өседі. Сабағын түгелдей безді қысқа түктер қаптайды, сабағының түбінде қоңырқай түсті, жарғақты қынабы болады. Жапырақтарының пішіні эллипс, қандауыр тәрізді, сағағы болмайды, кезектесіп сабақты орай отырмалы бекінеді. Жапырақ тақтасының жиегін сирек түктер басқан.
Ірі гүлдері сабақ ұшына 1 – 2-ден жеке орналасады. 4 күлте жапырақшасының ұзындығы 3 – 10 см, екі шеңбер бойына орналасады (тостағаншасы болмайды). Сыртқы шеңбердегі екі күлтесі күрең қызыл, үстінде ақ, күлгін дақтары бар, ішкі күлтесінің түп жағы ұзын түкті. Күлтесінің біреуі басқаларынан ерекше ерін түзіп, жиегі ішке қарай қусырылып кебіске ұқсайды, өсімдіктің аты осыған байланысты қойылған. Аталығы екеу, жіпшесі аналықтың мойнымен тұтасып бірігіп кеткен. Аналығының жатыны 3 ұялы, ұзындығы 10 мм.
Тұқымнан және вегетативті көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – қауашақ, піскенде тігінен қақырап ашылады. Бір қауашақта 3 – 4 млн-дай ұсақ тұқымы болады. Шолпанкебістің 3 түрі де өте сирек кездесетін өсімдіктер, таралу аймағы жылдан жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Дереккөздер |
Дәмеш Шахабаев (1905, Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылы – 1995, Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылы) – Социалистік Еңбек Ері (1958).
Еңбек жолын шопан болып бастаған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1955, 1959).
## Дереккөздер |
Торайғыр – Іле Алатауының шығыс сілемі – Торайғыр тауындағы асу.
## Географиялық орны
Алматы облысы Райымбек ауданы жерінде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 1976 м. Асу арқылы Алматы – Нарынқол автомобильдік жолы өтеді. Асудың баурайында бұлақ, қыстаулар бар.
## Дереккөздер |
Мүкжидек (Oxycoccus) – қаражидектер тұқымдасына жататын мәңгі жасыл бұта. Қазақстанда батпақты жерлерде өсетін 2 түрі: кәдімгі (төрткүлте) Мүкжидек (Oxycoccus quadrіpetalus) және ұсақжемісті Мүкжидек (Oxycoccus mіcrocarpus) бар. Оның жіп тәрізді жіңішке тармақтарының ұзындығы 75 – 80 см-дей, жапырақтары майда, сопақша немесе дөңгелек, қалың шырынды болады. Қызғылт түсті гүлдері (саны 2 – 4) шатырша гүлшоғырын құрайды. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – шырынды, қышқыл дәмі бар жидек. Ол алғашқыда ақ болады да, кейін қызарады. Жемісінің құрамында лимон, қант, пектин заттары, минерал тұздар, С витамині бар. Жемісі жеуге жарамды және медицинада пайдаланылады.
## Мүкжидек квасы
Мүкжидекті жуып, жентектен, оған су құйып қайнатады да сүзеді. Сонан соң алынған тұнбаға қант қосып қайтадан қайнатады да, суытады, (тұнба шамалы жылу үшін). Содан кейін ашытқы салып, араластырып, бір тәулік қояды. Шөлмекке немесе банкаға құйыл, салқын жерде сақтайды. 2—3 күннен кейін квас әзір болады. 800 г мүк жидегіне: 350—400 г құмшекер, 40 г ашытқы керек.
## Дереккөздер |
Торайғыр – Іле Алатауының шығыс сілеміндегі тау.
## Географиялық орны
Шарын және Шілік өзендерінің су айырығында. Ең биік жері – Қарағайлы тауы (2469 м). Батыстан шығысқа қарай 42 км-ге созылған, ені 10 – 12 км. Солтүстігінде Сөгеті аңғары, оңтүстігінде Жалаңаш аңғары орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Силур мен девонның құм тастарынан және палеозойдың эффузиялық шөгінді жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Баурайында жусан, бетеге, көде, беткейлерінде арпабас, бидайық, өзен аңғарында жабайы алма ағашы, көктерек, итмұрын, т.б. өседі. Торайғыр етегінде қыстаулар (Көртоғай, Көлбастау, Торыайғыр, т.б.) мен қоныстар орналасқан. Шығысында өзімен аттас асу (Торайғыр (асу)) бар. Ол арқылы Алматы – Нарынқол автомобильдік жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Торайғыр — Ертіс алабындағы көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысының Баянауыл ауданы Баянауыл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км жерде, Ақбет тауының етегінде орналасқан.
## Аумағы
Ауданы 0,88 км2, ұзындығы 1,8 км, ені 0,6 км. Орташа тереңдігі 3,1 м. Суын оңтүстігінде таулы (абсолюттік биіктігі 800-1000 м), солтүстігінде ұсақ шоқылы (салыстырмалы биіктігі 15-50 м) алаптан жинайды.
## Жер бедері
Көл тектоникалық ойыста пайда болған, жағасы жақпартасты, тік. Суында мөңке, алабұға, т.б. балықтар кездеседі. Көл – осы өңірде туып-өскен қазақтың белгілі ақыны С.Торайғыровтың есіміне байланысты жерлердің бірі. Ақын бейіті осы көлдің маңында.
*
*
## Дереккөздер |
КЕНЕБАЙ Жұмаш Айтжұманұлы (Жұмаш Көкбөрі) – Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері. Өлеңмен жазылған «Аягөз» атты тарихи романның, «Аққу-жүрек», «Бастау», «Қарлығаш», т.б. жыр жинақтарының, 1990 жылы Алманияның Мүнхен қаласындағы «Азаттық» радиосынан бір сағаттық радиоинсценировка ретінде эфирден таратылған 1986 жылғы әйгілі Желтоқсан көтерілісі туралы елімізде тұңғыш рет жазылған (Хасен Оралтай басқарып тұрған жылдары «Азаттық» радиосынан жыл сайын эфирге беріліп тұрды) «Зобалаң» дастанының авторы, дарынды ақын. Барша түріктілдестердің ортақ ұлы тұлғалары туралы, әрқайсысы 30 минуттан тұратын «Түрік даналары» атты 40-қа жуық телебағдарламаның және «Алаш» арыстарының бүгінгі ұрпақтары туралы «Тұлпардың тұяғы», «Дара тұлғалар», «Абай тойынан кейінгі ойлар» атты тізбекті телебағдарламалардың (1992-1999 жылдары өзі осы «Қазақстан» және «Алатау» телеарналарында бас редактор қызметін де атқарған) авторы әрі жүргізушсі болған - белгілі тележурналист. Швецияның Стокгольм қаласынан жарық көріп тұрған «Орталық Азия» (құрылтайшыларының бірі - өзбек халқының дарынды ақыны, саяси күрескер, бүгінде шетелде қуғында жүрген Мұхаммед Салық) атты саяси журнал бас редакторының Кіндік Азия бойынша орынбасары (1995-1997ж.), еліміздегі тұңғыш саяси тәуелсіз басылым «Азат» газеті (1990-1991ж) бас редакторының орынбасары, 1991-1994 жылдары жарық көріп тұрған тәуелсіз саяси басылым «Алашорда» газетінің бас редакторы, «Жас Түркістан» журналы редакция алқасының мүшесі, Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының басқарма мүшесі, Саяси тәуелсіз «Жұма-таймс» газетінің құрылтайшы шығарушысы сияқты толып жатқан қоғамдық қызметтер атқарған әлі де атқарып жүрген - белгілі қоғам қайраткері. 500-ге жуық саяси және ұлттық құндылықтар жөніндегі мақалалардың, кітаптардың авторы – публицист, қарымды журналист.
Кенебай Ж.А. 1950 жылы 5 маусымда Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек өңірі Шағантоғай ауданының Қарабура деген жерінде дүниеге келген. Сонда төрт сыныптық білім алғаннан кейін 1962 жылы ата-анасымен бірге (1932 жылы осы арадан Семейдегі «Алашорда» үкіметіне белсене ат салысқан оның Садық Кенебайұлы атасы ұлы ақын, туған жиені Шәкәрім Құдайбердіұлының қызылдар тарапынан азаппен өлтірілгенінен кейін саяси қуғынға түсіп, сол кездегі кеңестік қырғынға байланысты арғы бетке өткені белгіл) атамекені Семей облысы Аягөз ауданына қарасты Ақшатау ауылына көшіп келіп, оқуын ары қарай жалғастырып, «Ақшатау» орта мектебін 1968 жылы бітірген сол мектептің тұңғыш түлектерінің бірі. Әуелгі еңбек жолын сол кездегі «Ақшатау» кеңшарында шопан әкесі Айтжұман Садықұлына аға шопан көмекшісі, Аягөз аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, Аягөз аудандық «Алға» газетінде тілші (1968-1970 ж.) қызметтерін атқарады.
1970-1972 жылдары Ресейдің Свердлов облысында әскер қатарында болып келгеннен кейін қазіргі Қазақтың әл-Фараби атындағы (бұрынғы С.М.Киров атындағы) Ұлттық университетінің Журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны бітіріп шығады. Республикалық «Қайнар», республикалық «Білім» қоғамының редакциясында, «Жалын» баспаларында, сондай-ақ, әр жылдары Қазақ радиосы мен телевизиясында редактордан бас редакторлыққа дейінгі қызметтерді атқарады. 1991-1994 жылдары марқұм, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов басшысы болған әуелінде Алматы қалалық атқару комитеті, кейін Алматы қалалық әкімшілігінде қоғамдық -саяси ұйымдармен жұмыс істеу бөлімінде, 2000-2003 жылдары Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында мемлекеттік жауапты қызметтер атқарады. 1994 -1998 жылдары Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің журналистика факультеті марқұм профессор Марат Барманқұлов жетекшілік ететін телевизия кафедрасында журналистика шеберлігін арттыру жөнінде студенттерге дәрістер оқиды. Публицист Жұмаш Кенебай туралы осы университет тележурналистері әр жылдары оның жеке шығармашылығы жөнінде диссертациялар қорғайды, оның тележурналистикалық шеберлігі туралы ізденгіш ғалымдар ғылыми кандидаттық атақтар қорғайды. Ж.Кенебайдың өлеңдері бастауыш мектептердің 2-сыныбында, орыс тілді орта мектептің 10-шы сыныбында, Жоғары оқу орындарының психология оқулықтарында пән ретінде және мемлекеттік емтихан ретінде қазірге дейін кеңінен оқытылуда. Оның саналы ғұмыры ұлтының жоғын жоқтаумен айшықталады. 1991-1994 жылдары Алматы қаласы әкімшілігінде қызметте жүріп, Алматы қаласы төңірегіне босып келген қазақ жастарына баспана беруге көмектесуде, қалада алғаш құрыла бастаған қоғамдық-саяси ұйымдардың жұмыстарын үйлестіруде, 2000-2003 жылдары ҚР «Тіл туралы» заңының орындалуына байланысты Алматы қаласында тіркелген 20-ға жуық Электронды Бұқаралық Ақпарат Құралдарын құқықтық жауапкершілікке тартып, көпшілігіне айыппұлдар төлетіп, әсіресе телеарналардың қазақша сөйлеуіне өзіндік үлес қосқаны белгілі. Ол қазақ ұлтының ұлттық құндылықтарын жоқтауда, Мемлекеттік тілдің мәртебесі үшін күресте әлі күнге дейін ат үстінен түскен емес.
Жұмаш Кенебай - бүгіндері белгілі саясаткер Ғалымжан Жақиянов төрағасы болып есептелетін «Азаматтық қоғам» қоғамдық қорының жанындағы «Таным» пікірсайыс клубының, «tanym. tv» сайтының және осы аттас интенет-радионың жетекшісі ретінде, басқа да толып жатқан саяси және қоғамдық, шығармашылық жұмыстар атқаруда.
Ж.А. Кенебай -үйлі-баранды: әйелі Шолпан Әбдікәрімқызы Алматы қалалық «Ардагерлер» үйінде жауапты қызметте, ұлдары: Болатқазы Жұмашұлы – жоғары білімді заңгер, Еркебұлан Жұмашұлы – тележурналист, қызы Арайлым Жұмашқызы – Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ техникалық ұлттық университетін бітірген жоғары білімді инженер. Сондай-ақ ол: Толғанай, Томирис, Атилла, Руслан ,Зере(соңғылары-жиені) сияқты немерелердің атасы.
## Сілтемелер
* tanym. tv
* Аягөз
* Айтжұман Садықұлы
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Мұрағатталған 2 шілденің 2013 жылы.
## Дереккөздер |
Мәлік Файзоллаұлы Баймұхамедов (6.3.1945 жылы туған., Алматы қаласы) – техникалық ғылым докторы (1996),Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (1999).
## Өмірбаяны
Қарағанды политехникалық институтын (1968, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) және Мәскеу энергет. институтының аспирантурасын (1974) бітірген. Қарағанды политехникалық институтында (1974), Павлодар индустрия институтында доцент (1975), Алжирде (1979–1980), Рудный индустриалдық институтында декан (1981–1987), Қостанай мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1987) және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры қызметтерін атқарады (1992–2006).
## Еңбектері
«Разработка моделей, методов и средств построения адаптивной технологии компьютерного обучения» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты – компьютерлік жүйеге лайықталған модель, әдістеме мен құрал технологиясын жасау мәселесі.
## Дереккөздер |
Ақтеке Қоңырұлы (т. ж. белгісіз — 1940, ҚХР, Алтай) – Алтайдағы ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі.
Керей тайпасының Абақ-Керей тармағының Қарақас руынан шыққан.
## Өмірбаян
1940 ж. ақпанда Қытайдағы Алтай аймағының Көктоғай ауданы Қазақтарын Шыңжан өлкесіндегі Шэн Ши Сай үстемдігіне қарсы көтерді. Қару-жарақты жаудан тартып алып, ықпалды жасақ құрды. Қытай әскерлерімен қақтығыста Қарағайты деген жерде жараланып, қайтыс болды. Ақтеке бастаған бұл күрес 1945 жылы Алтай халқының жеңісіне ұласты.
## Дереккөздер |
Нұрхан Ахметбеков (1903, Қостанай облысы Жангелді ауданы Жаркешу ауылы — 16.10.1964, Торғай ауылы) — Қазақстанның халық ақыны (1963).
Арғын тайпасының Шақшақ руынан шыққан.
* Торғай өңірінде алғашқы ауданаралық театр құрып, оның тұңғыш директоры болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында жалынды жырларымен халықтың жігерін жандырып, жеңіске деген үмітін оятты.
* 1946 — 1950 жылы Торғайдағы Амангелді Иманов мұражайының директоры
* 1951 — 1955 жылы Торғай ауылдық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
## Айтыстары
* 1943 жылы қараша айында Қостанайда өткен облысы айтыста Сәт Есенбаевпен, сол жылдың аяғында Алматыда болған республикалық айтыста Молдахмет Тырбиевпен, 1945 жылдың ақырында Майташ Смағұловамен, 1957 жылы Есенбаевпен екінші рет айтысқан. Бұл айтыстары “Қостанай ақындарының айтысы” (1958), “Айтыс” (3 — 1., 1966) жинақтарында жарияланды.
## Шығармалары
* Ахметбеков классикалық шығыс үлгілерінің желісіне орайластырып бірнеше дастан шығарған.
“Мың бір түн” ертегісінің оқиғасына байланыстырып
* “Қамарлы заман”
* “Албан Жұпар ханым” (1939 — 1940)
өткен кезеңдердегі тарихи оқиғалар сюжетіне
* “Есім сері” (1929)
* “Қарға” (1938) дастандарын жазды.
* “Күләндам” (1934) дастанында 1932 — 1933 жылдардағы қазақ, даласын жайлаған алапат аштық тұңғыш рет шынайы көрсетілді.
* Ақынның ұзақ жылдар талмай жырлаған сүйікті кейіпкері — Амангелді батыр бейнесі. “Үрпек соғысы” (1944) өлеңі кейін “Амангелді” дастанына ұласты. “Жасауыл қырғыны” дастаны оқырмандардың жоғары бағасына ие болып, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды (1951).
## Күйлері
* Ахметбековтың өзі шығарған “Күй басы”
* “Июнь толқыны”
* “Жеңіс” сынды күйлері де бар.
* Қостанай облысы Торғай аудандық мәдениет үйіне, орта мектепке, көшеге Ахметбеков есімі берілген.
## Баспадан шыққан еңбектері
* Жасауыл қырғыны. Поэма. А., ҚМ КӨБ, 1951;
* Тосын толғау. Поэмалары., ҚМ КӨБ, 1958;
* Аманкелді. Поэма. А., ҚМ КӨБ, 1962.
## Дереккөздер |
Нұркен-2 қорымы – көне дәуірлер ескерткіші.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Нұркен ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жерде, Қарқаралы – Жаңатоған автожолының сол жағында орналасқан.
## Сипаты
Ерте темір дәуірі мен ортағасырлық обаларды біріктіреді. Аумағында, сондай-ақ 19 ғасыр мазарлары орналасқан. Ерте сақ кезеңінің екі үлкен обасы алыстан көзге түсетіндіктен, халық арасында “Қособа” деген атпен де белгілі. 2001 – 02 жыдары А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Сарыарқа экспедициясы (жетек. А.Бейсенов) бір топ обаны зерттеді. Қорымдағы ескерткіштердің ең үлкені болып 1-ші (диаметрі 40 м, биіктігі 4 м) және 2-ші (диаметрі 57 м, биіктігі 6 м) обалар саналады. Бұл обалардан күрделі архитектура және стратиграфиялық ерекшеліктер анықталған. Үйінді құрылысы кезінде 2 обада да балшық кірпіштен қаланды, жерлеу камералары үлкен тас тақталардан құрастырылған шаршы жәшік (1-оба) және үлкен тастардан лай араластыра, киіз үй бейнесінде қалап шығарған аса ірі қабірхана түрінде (2-оба). 2 обада да жерлеу камерасынан оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған ұзын “дәліздер” (“дромос”) тартылған. Барынша тоналған обалардан қыш ыдыс үлгілері, тас дәнүккіштер табылды. 2-оба жанынан табылған, көне ирандық ахеменид нақышында жасалған бірегей қола қапсырмада адамдар бейнеленіп, әлдебір көне сюжет берілген. Орталық Қазақстан аумағындағы тасмола мәдениетінің әзірше зерттелген ең үлкен обалары болып отырған 1, 2-обалар б.з.б. 7 – 6 ғ-лар деп мерзімделеді. Қорым құрамында 2 “мұртты” оба бар, екеуінің де “мұрттары” қатты бүлінген. Мұның біреуінен (б.з.б. 5 ғ.) ер адам мен әйел жұптасып жерленген үлкен тас жәшік ашылды. Екінші “мұртты” обадағы лақатты қабірден ер адам қаңқасы және қыштан жасалған бір ұршық басы табылды (шартты мерзімі – б.з. 1-мыңжылдығының 1-жартысы). Келесі бір топ обалардың қорғантас кезеңіне жататыны анықталды (б.з.б. 3 – 1 ғасырлар). Қорым құрамындағы ортағасырлық обалардан кезеңіне жататын жерлеулер ашылды (6 – 9 ғасырлар).
## Дереккөздер |
Хайруллина Ғайни (27.3. 1914, қазіргі Атырау облысы Құрманғазы ауданы — 22.12.1967, Алматы) — актриса, режиссер, Қазақ КСР-інің халық арт. (1958).
1938 ж. Ленинградтың (Санкт-Петербург) Мемл. сахна өнері техникумының (кейіннен Театр, музыка және кинематография ин-ты) қазақ студиясын, ал 1956 ж. Мәскеу қаласындағы Мемл. театр өнері ин-тының реж-лік ф-тін бітірген.
1938 — 1961 ж. Шымкент облысы қазақ драма театрында актриса, реж. және бас реж., сондай-ақ 1947 — 1949 ж. Жамбыл облысы қазақ драма театрының көркемдік жағын басқарды. Бұл театрларда ұлттық драматургиядан М.Әуезовтің “Қара қыпшақ Қобыланды” мен “Қарагөз”, С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов”, М.Ақынжановтың “Ыбырай Алтынсарин”, Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқты”, сонымен қатар классик. туындылардан К.Гольдонидың “Екі мырзаға бір қызметкер”, О. де Бальзактың “Өгей шеше”, Н.В. Гогольдің “Ревизор”, А.Н. Островскийдің “Жазықсыз жапа шеккендер”, т.б. драматургтардың пьесаларын қойып, өзі Қарлыға, Жүзтайлақ, Назым (Әуезов, “Қара қыпшақ Қобыланды”, “Түнгі сарын” және “Сын сағатта”), Шаблова, Кручинина (Островский, “Кешіккен махаббат” пен “Жазықсыз жапа шеккендер”), леди Микфорд (Ф.Шиллер, “Зұлымдық пен махаббат”), т.б. рөлдерді орындады. Шымкент облысы қазақ драма театрында классик. шығармаларды қоюда көп еңбек сіңірді. Көбіне орындайтын кейіпкерлерінің лерінің мінез кереғарлығын, драм. бояуын баса көрсетуге ұмтылу, оның актерлік өнеріне тән сипат болатын. 1961 — 1964 ж. Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театрының (қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры) бас режиссері болды. 1964 жылдан Алматы мемл. өнер ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) пед. қызметпен шұғылданды.
“Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Онбасы – түркі халықтарында орта ғасырларда қолданылған әскери лауазым; жасақтағы он сарбаздың басшысы. Дәрежесіне қарай Онбасыға байрақ тапсырылған. Онбасы жүзбасыға бағынған.
## Уақытша ереже
1868 жылғы Ресей империясының қазақтарға арналған “Уақытша ережесі” бойынша әр ауылда 10 үйден бір адам Онбасы сайланды.
## Сілтемелер
* Ондық
* Жүзбасы
* Әскери лауазым
## Дереккөздер |
Торэмен, Або хан, Абруй (т. ж. б. – 587) – Батыс Түрік қағандығының негізін қалаған билеуші (584 – 603). Бірінші Шығыс Түрік қағандығында 554 – 572 ж. билік құрған Муган ханның (Муюй Кигин) ұлы. Ол әкесінен кейін билікке келген Шаболио Ниегу қағанға мойынсұнудан бас тартып, қағандықтың батыс өңіріне билік етуге ұмтылады. 584 жылдан Алтайдың батыс өңірінде билік құрып, өз иелігін Әмудария өз-не дейін жеткізді. Алайда бұл өңірдегі тайпалар Торэменнің билігін бірден мойындай қоймай, оған қарсы күрес жүргізді. 584 ж. Әмудария өңіріндегі жергілікті тайпа көсемі Чулохэу Торэменді тұтқынға түсіріп, Бұхарда қорлықпен өлтірді.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том. |
Тосап – тәтті тағам. Әр түрлі жеміс-жидектен жасалады. Алма, алмұрт, қарақат, қара өрік, құлпынай, қызанақ, сәбіз, таңқурай, тәтті шие, т.б. іріктеп алынып, суық сумен жуылып, қант қосып қайнатылады.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том. |
Садық Кенебайұлы (туған және қайтқан жылы белгісіз) – Семей облысы Аягөз ауданына қарасты Ақшатау ауылының Қалғұты елді мекенінде дүниеге келген, ауқатты отбасында тәрбие алған өз заманының көкірегі ояу, көзі ашық азаматы болған.
Ол 1917 жылы Семей қаласында құрылған «Алаш» партиясы, «Алашорда» өкіметінің құрылуына өз дәрежесінде атсалысқан тұлға. Оның үстіне өзінің туған ұлы әпкесі Күңкенің немересі Шәкәрім қажы Құдайбердіұлының нағашысы ретінде «Алаш» көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, т.б. ұлы тұлғалармен аралас-құралас болғаны турасында да көптеген деректер бар. 1920 жылы Семейді Кеңес басқыншылары қайта басып алғанда жоғарыдағы «Алаш» көсемдері Аягөз маңындағы Ақшатау ауылын, оның ішінде Қалғұтыдағы Садық Кенебайұлы үйін уақытша паналағандары туралы мәліметтер де ел арасында айтылып жүр.
Осы «Алаш» серкелерінің ақыл-кеңесімен Садық Кенебайұлы ағайындары Мұсабай, Мұсағилармен бірлесіп, бұл өңірдегі тұңғыш мектепті XX ғасырдың 20-шы жылдарында ағаштан қиып, сыртын әктеп осы Қалғұтыда салады. Оны жұрт күні бүгінге дейін сыртының ақтығынан ба екен әйтеуір жартылай қазақша, жартылай орысша «Ақ школ» деп атап кеткен. Тіпті, жұрт күні бүгінге дейін Қалғұтыны осылай «Ақ школ» деп атап жүр.
Садық Кенебайұлы бас болып салған осы «Ақ школдан» алғаш білім алғандар қатарында қазақтың белгілі азаматтары көптеп саналады. Солардың ішінде дарынды жазушы Асқар Лекеров, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Кешірім Бозтаев, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, экономика ғылымдарының докторы, профессор Зада Қарғажанов және т.б. осы Садық Кенебайұлы салдырған «Ақ школдың» түлектері.
Садық Кенебайұлы – Аягөзде Кеңес өкіметінің орнауына көзі жұмылғанша қарсы болып өткен адам. 1918 -1932 жылдар аралығында кеңес өкіметіне қарсы қарулы көтерілісті басқарғандардың бірі. Атақты «Қарауыл» көтерілісінде, Шұбартаудағы көтерілісте, кеңестік насихатты жүргізуші қызыл керуендерді аластауда табандылық танытқан. Сергеопольдағы қызылдар абақтысына екі рет қамалған, екеуінде де амалын тауып, азаттыққа шыққан, сол үшін қызылдардан талай рет қан төгіп кек қайтарған осы Садық Кенебайұлы. Бұл жөнінде Садық Кенбайұлының тікелей ұрпағы ақын Жұмаш Айтжұманұлы Кенебай өзінің «Аягөз» атты өлеңмен жазылған тарихи романында егжей-тегжейлі баяндайды.
1932 жылы Садық Кенебайұлы қазіргі Ақшатау ауылының бірінші фермасы тұрған жердегі сегіз қанат ақ үйінің бір сабақ жібіне де тиіспестен отбасымен Қытайға бет алады. Жолда қызыл әскерлер шабуылына ұшырап, соғысып отырып, арғы бетке өтіп кетеді. Бұл жолда талай ет жақын туысы қызылдар оғына ұшады.
1942-1945 жылдары Қытайдан атамекеніне сан рет жасырын жолмен қатынап тұрады. 1943 жылы санына оқ тиіп, Алматыдағы әскери госпитальда ем алады. Осы жолы қызылдармен байланыс орнатып, Сталин тарапынан ұйымдастырылатын Шығыс Түркістанды азат ету көтерілісіне бір кісідей қатысатын болып, оларға уәде берген көрінеді. Қызылдардан қару-жарақ, қаржы көмектерін де алған көрінеді. Кейін, ол ниетінен айнып, қызылдар тарапынан құпия жағдайда ауыр жарақат алып, Шығыс Түркістанның Шағантоғай деген жерінде көз жұмады. С.Кенебайұлының зираты қазір сол Қарабура өзенінің жағасында тұр
## Сілтемелер
* Алаш
* Күңке
* Ахмет Байтұрсынұлы
## Дереккөздер |
Мүктікөл – Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы ауыл, Мүктікөл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жітіқара қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 50 км-дей жерде, Орал алды үстіртінің етегінде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 947 адам (480 ер адам және 467 әйел адам) болса, 2009 жылы 427 адамды (227 ер адам және 200 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1900 жылдың бас кезінде қаланған. 1932 – 54 жылдары өзімен аттас астық өндіретін ұжымшар орталығы, 1954 – 96 жылдары кеңшар орталығы болып келді. 1996 жылдан кеңшар негізінде мұнда 56 шаруа қожалығы құрылды.
## Дереккөздер |
Мырзахметов Абай Естайұлы (1962 – 97, қазіргі Астана қаласы) – агроном. Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1985). Бурабай ауданы Александровка ауылында агроном болып жұмыс істеген. 1990 жылы «Авер» кешенінің негізін қалаған. 1992 жылдан «Тұмар» өндірістік комбинатының Бас директоры болды. Көкшетау университетіне Мырзахметов есімі берілген.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Орынбор ғылыми архив комиссиясы – ғылыми құжаттық мекеме. 1887 жылы желтоқсан айында 25 адамнан тұратын Орынбор ғылым архив комиссиясы құрылды. Комиссияның басты мақсаты – архив iстерiн ретке келтiру, Орынбор өлкесiнiң тарихын зерттеу, археологиялық және этнографиялық материалдар жинау болды. Алғашқы жылы қазақтардың тарихы жөнiндегi құжаттар, көршi мемлекеттермен сауда және қарым-қатынастары туралы құжаттар жинақталды. Жергiлiктi өлкетанушылармен бiрге комиссияның жұмысына В.В.Бартольд, Санкт-Петербург археология институтының директоры Н.В.Покровский, академик В.В.Радлов құрметтi мүшелер ретiнде қатысты. А.Балғымбаев, А.Байтұрсынов, М.Ф.Кәрiмов, М.З.Рамеев, М.Ф.Сүлейменов, т.б. қазақ, татар және башқұрт зиялылары комиссия жұмысына белсене араласты. Орынбор ғылым архив комиссиясы Қазақстанда 18–19 ғасырларда Қазақстанды Ресейдiң отарлау тарихы жөнiнде көптеген деректер жиналды. И.А.Кастаньенiң «Қазақ даласы мен Орынбор өлкесiнiң көне ескерткiштерi» деген еңбегiнде Қазақстан тарихы жөнiнде алуан түрлi деректемелiк материалға жүйеленген шолу берiлдi. Комиссияның «Труды» атты өз баспасөз органы қызмет iстедi. 1894–1917 жылдарда бұл басылымның 34 саны жарық көрдi. Орынбор ғылым архив комиссиясы Қазан төңкерiсiне дейiн жұмыс iстедi..
## Дереккөздер
## Қара
* Ұ.Т.Ахметова Ғ.Б.Балғымбаев және Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясы |
Берекет Омаров (1932, Арал ауданы Райым ауылы – 1984, сонда) – жырау. Қазалы малдәрігерлік даярлау курсын бітірген соң (1948) қызметке араласады. Өмірінің соңына дейін Қызылжар, Райым ауылдарында төрағалық қызмет атқарған. Омаров көнекөз жыраулар Әбілда, Дәріғұл, Жәметтерден дәріс алған. Дәстүрлі саз өнерін жалғастырушы, сол ақын-жырауларды бүгінгі ұрпаққа жеткізуші. Ол Нұртуғанның «Қарасай – Қази», «Едіге», «Тағаймұрат» жырымен қоса 100-ге тарта термелерін, Нұрмағамбет, Еспембет, Смағұл ақындардың терме-толғау, айтыс өлеңдерін білген. Аудан, облыс ақындар айтысына қатысып, өнер додасында «дүлдүл жырау» атанған.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Серғазы Қабиұлы Баймұхаметов (23.4.1936 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе бекеті) – тау-кен инженері, техника ғылымдарының докторы (1990), ҚР Инженерлік академиясының академигі (1996).
Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан.
Қазақ кен-металлургия институтын (1958, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. «Қарағандыкөмір» комбинатының шахталарында кен шебері, телім бастығы, бас инженер, шахта директоры болып жұмыс істеді.«Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің директоры, бас инженер (1979–1992), «Көмір» мемлекеттік холдинг компаниясында лауазымды қызметтер (1992–1994) атқарған. 1996 жылдан «Испат Кармет» АҚ көмір департаментінің техникалық директоры.
«Разработка способов управления вентиляцией и газовыделением в шахтах для обеспечения безопасных условия интенсивной добычи угля» деген тақырыпта докторлық диссератция қорғады.
Баймұхаметов 90-ға жуық ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның («Прогрессивные технологии выемки пожароопасности пластов с кремотогным проветриванием», 1989; «Предупреждение самонагревания и тушение эндогенных пожаров в выработанным пространстве», 1991) авторы; 78 авторлық куәлігі бар.
КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1973). Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту және «Достық» (Ресей) ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шаһизада Шанасурова (26.4.1966 ж. т., Арыс қаласы) – эстрада әншісі. Республика «Жігер-84» фестивалінің, алғаш өткізілген Ш.Қалдаяқов атындағы байқаудың (1993), «Жас қанат-93» байқауының, Халықаралық «Шоу-Транзит-93» (Новосібір қаласы) өнер байқауларының лауреаты. Сондай-ақ «Азия дауысы-96» байқауының дипломанты. 1983 ж. Арыстағы теміржолшылардың Мәдениет үйінде әнші бола жүріп бүкілодақтық және республика «Жігер» фестивальдеріне қатысып көзге түседі. 1985 ж. Алматы қаласындағы республика эстрада училищесін бітіріп, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысы филармонияларында жұмыс істеді. 1995 ж. республика «Гүлдер» ансамблінің әншісі. Ш. Қ.Мәлібековтың «Аққу арман», «Арман шағалам», Ш.Қалдаяқовтың «Қайдасың», «Ана туралы жыр», Г.Дәукенованың «Өмірлік әнім болшы», Ә.Бейсеуовтың «Ғашықпын өмір мен саған», т.б. көптеген эстрадалық әндерін орындап жүр. «Аққу арман», «Достар үшін», «Аяулым» атты бірнеше альбомдары шыққан.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Күңке Ағанасқызы (туған және қайтқан жылы белгісіз) – бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданы Ақшатау ауылы «Қалғұты» елді мекенінде дүниеге келген. Күңке Ағанасқызы – Сыбанның Жаңгөбегінен тараған. Ағанастан – Медет және осы Күңке туған. Медеттен – Кенебай, Садық, Айтжұман, Жұмаш,.. ( ол ақын Жұмаш Кенебайдың ұлы әпкесі) деп кете береді.
Тобықтылар мен Сыбандар ежелден тағдыр талайын бірге бөлісіп, бір-бірінің ыстығы мен суығына бірдей төзіп дегендей, қыз алып, қыз беріскен құдандалы елдер. Еңлік-Кебекті айтпағанның өзінде Абай ғашық болған Сыбанның ақын қызы Қуандық өз алдына бөлек әңгіме. Сонымен сол өңірдегі ай десе аузы, күн десе көзі бар Күңкедей ару қызын ата-анасы Ағанас пен Айсаман шешесі Аягөздің маңындағы Ақшатаудың Қалғұтысында сол заманның белгілі тұлғасы Құнанбай Өскенбайұлына ұзатып, ұлан-асыр той болғаны жөнінде күні бүгінге дейін ел арасында неше түрлі аңыз бар.
Сөйтіп, Кұңке сұлу Құнанбайдың бәйбішесі болады. Күңкеден туған Құдайберді, оның тұңғышы, данышпан ақын Абайдың інісі Шәкәрім – қазақтың маңдайына біткен ұлы ойшылы, ақыны екені әмбеге аян. Күңкенің - өз заманында аса беделді, аузы дуалы, төңірегіне сыйлы адам болғаны турасында да әңгіме аз емес. Бір өкініштісі, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов өзінің ұлы шығармасы «Абай жолында» Күңке туралы бір жақты, ескішіл, кертартпа адам ретінде қысқа ғана мәліметтер бергенінде болып тұр. Қолымызда Күңке туралы тарихи деректердің тым аз екені де рас. Құнанбайдай айбары асқан, ел басқарған ірі тұлғаның үнемі бәйбішесі Күңкемен ақылдаспай, ешқандай мәселені шешпейтінінің өзінен көп нәрсені аңғаруға болатын сияқты.
## Сілтемелер
* Абай жолы
* Шәкәрім Құдайбердіұлы
## Дереккөздер |
Толқын құмы – Шалқарнұра тауының солтүстігінде, Торғай өзеннің орта ағысында жатқан құмды массив. Қостанай облысының Торғай ауданы жерінде орналасқан. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Торғай өзенін бойлай 66 км-ге созылып жатыр, ені 21 км шамасында. Ауданы 820 км². Барханды-төбешікті құмдардың салыстырмалы биікт. 2 –10 м. Көпшілік жерін арна тәрізді сортаңды ойыстар тілімдеген. Грунт сулары 2 – 5 м тереңдікте (минералд. 1,5 – 5 г/л) жатыр. Құм төбелерде еркекшөп, боз, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымы. Құмды өңірінде қыстаулар (Қарақұдық, Түйемойнақ, т.б.) мен елді мекендер (Жыңғылды, Қарғалы, т.б.) орналасқан.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том. |
Нұрқатов Айқын (9.9. 1928, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданы Шұқыркөл ауылы – 16.4.1965, Алматы) – жазушы, сыншы, әдебиет зерттеушісі.
ҚазПИ-дың филология факультетін (1950), аспирантурасын (1954) бітірген. Еңбек жолын 1950 жылы “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналында сын бөлімінің меңгерушісі болып бастап, 1957 жылдан өмірінің соңына дейін Әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. Әдеби зерттеулерінде сөз өнерінің көкейтесті мәселелерін, әдеби үрдіс пен әдебиеттер байланысын жан-жақты қарастырды, Абай, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Т.Шевченко, И.Байзақов, Х.Ерғалиев, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Т.Жароков, Ғ.Орманов, т.б. қаламгерлер шығармасын сан қырынан талдады. “Абайдың ақындық дәстүрі” атты монографиясында Нұрқатов ақын шәкірттерін Абай дәстүрін жалғастырушылар және Абай үрдісін көркемдік-пішіндік тұрғыдан жалғаушылар деп екі топқа бөліп қарады. Нұрқатов зерттеулеріне логик. ой жүйелілігі, пікір айқындығы, тұжырымның дәйектілігі тән, оның еңбектерінде қоғамдық ой-пікір мен көркемдік эстетика талап ұштасқан.
## Шығармалары
* М.Әуезовтың творчест-восы, А., 1956 (1965)
* С.Мұқановтың өмірі мен творчествосы, А., 1956
* Идея және образ, А., 1962
* Сын века, А., 1965
* Жалғасқан дәстүр, А., 1980
## Дереккөздер |
Тотағай, Татағай, Ботағай, Бытығай – ортағасырлық қаланың орны. Ақмола облысы Қорғалжын көлінен 30 км жерде, Нұра өзенінің сол жағалауында орналасқан. Алғаш 18 ғасыдың басында кенші-инженер П.И. Шангинмен топограф Г.И. Спасский тауып, картаға түсірген. 20 ғасырдың 70-жылдары Ә.МарғұланТотағай туралы мәлімдеме жасаған. Спасский: “Қорғалжын көліне жақын жерде Тотағай қаласының қираған орны бар. Ондағы ғимараттар ежелгі сән-салтанатын сақтаған. Сол маңда басқа да ежелгі ескерткіштер көп” – деп жазған. Қаланың орны Қорғалжын ауылының астында қалған.
Ауылдың солтүстік-шығыс шетіндегі Тотағайға қатысты кішігірім төбешікке 2000 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің археологиялық отряды қазба жүргізді. Қазба барысында аумағы 30 м, биктігі 1 – 1,2 м төбенің астында болған дөңгелек құрылыс шықты. Бөлмелері қабырғаның ішкі жағын жағалай орналасқан құрылыс тастан қаланған. Бірақ кішкене көлемдегі бөлмелердің бастапқы жобасы сақталмаған. Бөлмелердің ішінде күнделікті тұрмыстық қажетке қолданатын құрылыс қалдықтары (ошақ, сыпа, ташнау) болмағанына қарап, бұл ғұрыптық мақсатта салынған ғимараттың орны деген қорытынды жасалды. Қазбадан шыққан ортағасырлық үлгідегі күйдірілген кірпіштің бетіне арғын руының түйіскен екі дөңгелектен тұратын таңбасы тырнап салынған. Ескерткіштің уақытын анықтайтын осыдан басқа зат табылған жоқ. Құрылыстың солт. шетінде 11 – 12 ғасырлардың кесенесі болған. Кесене 19 ғасырға дейін тұрған. Кейіннен жергілікті адамдар бұзып, кірпішін пайдаланған. Оның жобасы мен суретін алғаш Спасский, кейін Ш.Уәлиханов қағазға түсірген. Бұл кесене осы өңірді билеген қыпшақ ақсүйектерінің бірінің басына тұрғызылған ескерткіш болса керек.
## Дереккөздер |
Шығыс клубы – мұсылман зиялыларының қоғамдық бірлестігі. 1907 ж. 1 желтоқсанда Қазан қаласында мұсылман зиялыларының ресми бірлестігі ретінде құрылды. Шығыс клубы өз мүшелері мен қонақтар үшін түрлі музыкалық және әдеби кештер, сахналық қойылымдар, халық шерулері мен ойындарын ұйымдастырып, бұл шараларға дәрістер оқу үшін түрлі ғылым салалары бойынша мамандарды шақырды. Шығыс клубы мұсылман зиялы қауымының нағыз рухани бірлесу орталығына айналды. Шығыс клубы жанында орыс-мұсылман кітапханасы, музыкалық аспаптар оркестрі жұмыс істеді. 20 ғасырдың бас кезінде императорлық Қазан университетінде, Қазан малдәрігерлік институты мен Қазан мұғалімдер семинариясында оқыған қазақ жастары Шығыс клубы жұмысына белсене қатысты, халық университеті деңгейінде өткізілетін кештерде қазақ әндері де орындалды. Қазан университетінде оқыған қазақ зиялысы, кейін Алашорда қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің бірі болған заңгер У.Танашев клубтың белсенді мүшесі болып, Шығыс клубының басты органы – “Ақылдастар кеңесі” құрамына сайланды, Қазан мұсылмандары саяси қозғалысы басшыларының бірі болды. Шығыс клубы жұмысына қатысқан мұсылман жастары Ресей мұсылман студенттері Құрылтайын шақыру идеясын қызу қолдап, осы мақсатта 1913 ж. 14 сәуірде Хадиша Ямашеваның үйінде кеш өткізілді. Кешке Қазан университетінде оқитын қазақ жастары Б.Мәметов, И.Қашқынбаев, Ш.Бекмұхамедов, А.Имамбаев, т.б. мұсылман жастары қатысып, көпшілік дауыспен Имамбаев Бүкілресейлік мұсылман студенттері Құрылтайына делегат болып сайланды. Шығыс клубы жұмысында шыңдалған қазақ студенттері кейін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері болды. Олардың арасында Мәметов, Танашев Алашорда үкіметі құрамына кірсе, Қашқынбаев халықтық кеңеске үміткер болды.
## Пайдаланатын әдебиет
Кенжетаев Б.А., Казанские учебные заведения и процесс формирования казахской интеллигенции в середине 19 – начала 20 вв., Казань, 1998.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Нұрлы — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Масақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 98 км-дей, округ орталығы – Қазтай Ұлтарақов ауылынан 18 км-дей жерде.
## Тарихы
1962-1997 жылдары 24-партсъезд атындағы кеңшар бөлімшесі болды. Оның негізінде 1997 жылдан Нұрлыда бірнеше шаруа қожалығы құрылды.
## Дереккөздер |
Кеңес Омаров (10.1.1936, Арал ауданы Аманөткел ауылы – 23.5.1996, Тараз қаласы) – танымал спортшы, боксшы, белгілі бапкер. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1968). Еңбек жолын Арал, Қызылорда қалаларында «Еңбек резервтері» спорт қоғамында бастаған. Кейін Шымкент, Тараз қалаларында жалғастырды. Бокстан 57 кг салмақта Өзбек КСР-нің төрт дүркін, Қазақ КСР-нің бір дүркін чемпионы болды. 1958 жылы КСРО халықтарының 1-спартакиадасына қатысқан. Қазақстанда бокс спортының дамуына зор үлес қосты. Жаттықтырушы ретінде С.Қонақбаев, А.Тшанов, М.Жақсыбаев, Е.Тілеуов, Ф.Цой, В.Присяжнюк, Ю.Цхай, т.б. боксшыларды халықаалық. үлкен рингге алып шықты. 56 халықаралық дәрежедегі және КСРО-ның спорт шеберлерін дайындаған. Тараз қаласындағы Спорт сарайына Омаровтың есімі берілген.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Ернияз Омаров (1932 жылы туған, Сырдария ауданы А.Тоқмағамбетов ауылы) – дәрігер, медицина ғылым кандидат (1974). Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері. Қызылорда медицина училищесін (1950), Алматы мемлекеттік медицина институтын (ҚазҰМУ), 1958 бітірген. 1950 – 52 жылдары Тереңөзек (қазіргі Сырдария) ауданының Арысқұм, Қарақұм мал жайлауында фельдшер болып жұмыс істеген. 1958 – 61 жылдары Қызылорда қаласында жедел жәрдем бөлімінде әрі кезекші дәрігер хирургия бөлімінде дәрігер-хирург болған. 1961 – 67 жылдары қалалық денсаулық сақтау бөлімінің, 1982 – 94 жылдары облыс денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазір облыс медицина қызметкерлері ардагерлер кеңесін және «Шапағат» қоғамдық қайырымдылық қорын басқарады. 64-тан астам ғылым еңбектің, 3 кітаптың авторы. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» ордендері және медальдармен марапатталған.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Хайду, Хайду хан, Қайду хан (1235 — 1301) — Үгедей ұлысының билеушісі (1269 — 1301). Үгедей ханның немересі, Қашидың ұлы. Хайду әкесінен ерте қалып, Қарақорымдағы Ұлы ханның ордасында тәрбиеленген. Арық-Бұға мен Құбылай хандар арасындағы билік үшін күресте біріншісінің жағында болды. 1264 ж. Арық-бұға қайтыс болғаннан кейін Хайду Құбылай ханға бағынудан бас тартқан. Шағатай ұлысының шығысындағы Жетісуға бекініп, ұлыстағы соғыстарға белсене қатынасты. 1265 — 1269 ж. ол қолбасшылық қабілеті мен дипломат. шеберлігі арқасында Үгедей ұлысын қалпына келтірді және Шыңғыс хан ұрпақтары ішіндегі өте ықпалды тұлғалардың біріне айналды. Хайду 1269 ж. көктемде болған Талас құрылтайын шақырушылардың бірі болды. Құрылтайдағы саяси мәселелерде Хайду мен шағатайлық Барақ ортақ мәмілеге келіп, Мауераннахрдың үштен бірі Хайду-дың иелігіне өтті. Осы құрылтайдан кейін ол дербес билеушіге айналды. 30 жылдан аса уақыт бойы ол Юань империясы мен Алтын Орда арасында жеке мемлекет құрып, Үгедей мен Шағатай ұрпақтарын біріктіруге тырысты. Соғыста жүріп, аурудан қайтыс болды. Денесі Шу мен Іле өзендері аралығындағы Шивлык атты биік тауда жерленген. Хайду-дың ұрпақтары өте көп. Рашид әд-Дин оның ұлдарының санын 40 немесе 24 деп айтатындар бар дей келе, тоғыз ұлының есімдерін келтіреді. Хайду құрған мемлекетке Шығыс Түркістанның бір бөлігі, Жетісу, қазіргі Қырғызстан мен Өзбекстан аумақтарының бір бөлігі енді. Ол түркі-моңғолдық салт-дәстүрден безініп, қытайлана бастаған Құбылай мен оның мұрагерлеріне қарсы бітіспес күрес жүргізді. Осы әрекеті арқылы ол көптеген түркі-моңғол ақсүйектерінің қолдауына ие болды. Орнына баласы Шапар таққа отырғанымен, көп ұзамай Хайду құрған мемлекет ыдырап кетті.
## Сілтемелер:
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Мырзахметов Естай (1927, Бурабай ауданы Жарқайың ауылы– 2008, Көкшетау қаласы) – жазушы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1973), Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2001). әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген (1954). «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша меншікті тілшісі (1954 – 66), «Көкшетау правдасы» газеті редакторының орынбасары (1966 – 68) болып қызмет істеді. Мырзахметов алғашқы очеркін мектеп қабырғасында жүргенде жазып, ол «Пионер» журналында басылған (1949, шілде). Ауыр науқасқа шалдығып, төсек тартып жатса да Мырзахметов «Он бес жыл өткен соң», «Медет» романдарын, «Хайроштың аманаты», «Қара жолдың бойында» повестерін, 100-ге тарта әңгімелер мен новеллалар жазды. Мырзахметов аудармамен де айналысты, оның тәржімалауымен ұлы даниялық жазушы Мартин Андерсен Ненсенің «Жаннета» романы, Ханс Кристьян Андерсеннің «Сандық-самолет» ертегілер жинағы, татар жазушысы Шәміл Умановтың «Торғай даласында» атты повестер мен әңгімелер жинағы, Юрий Корольковтың «Кио Ку Мицу» шығармасы қазақ тілінде жарық көрді. Мырзахметов публицист ретінде де кеңінен танымал, ол Ақан серінің, Біржан салдың, Балуан Шолақтың, Үкілі Ыбырайдың, т.б. өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеу очерктерін жазды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» белгісімен марапатталған.
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Сапарбек Сұлтанұлы Беркетов (16 тамыз 1933 жылы, Алматы облысы Іле ауданында туған) – техника ғылымдарының кандидаты (1976 жылы).
Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген (1959 жылы). 1959 жылы «Майкаинзолото» комбинатында инженер, 1961 жылы Павлодар алюминий зауытында, 1977–88 жылдары Павлодар химия зауытында директор, 1988–91 жылдары «Космофарм» концернінің директоры, 1991 жылдан «Орлан» АҚ-ның директоры, президенті (1995 жылы) қызметтерін атқарған. КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1978 жылы).
## Дереккөздер |
Хайдар бен Әли Хусайни Рази (шамамен 1583 — ө. ж. б.) — ортағасырлық тарихшы. Ол парсы тілінде жазылған 5 тараудан тұратын жалпы тарихты қамтыған шығарманың авторы. Қамтылған тараулары: араб әлемі, Иран әлемі, Орт. және Шығыс Азия, Еуропа мен Үндістан. Автордың өзі жайлы дерек өте аз. Ол: “1618 — 1619 ж. осы шығармамды аяқтарда 35 жаста едім”, — деп жазған. Еңбекке ешқандай ат қойылмаған әрі ешкімге арналмаған. Осыған қарап кейбір зерттеушілер автордың қандай да болмасын тәуелділікке мойынсұнбағанын көрсетіп, мұның өзі орта ғасырдағы шығыс адамының барынша батылдығы деп тұжырымдайды. Иран ғалымы Исмаил хан Афшардың пікірінше, ол бір топ ғұламалар жазған, пайғамбардың қайтыс болған күнінен бастап 1588 — 1589 жылдарға дейінгі оқиғаларды қамтитын “Тарих-и Алфидің” 3 томын Акбардың тапсыруымен көшіріп алған. Еңбек автордың атынан баяндалып, оның заманына дейінгі оқиғаларды жан-жақты қамтуына қарағанда, ешқандай жазба деректі пайдаланбағаны аңғарылады деп пайымдайды В.В. Бартольд. Шығарманың бірнеше нұсқасы бар. Соның біреуі Санкт-Петербургтегі Салтыков-Щедрин атынд. көпшілік кітапханада сақтаулы.
## Сілтемелер:
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Қаржаубай Омарұлы (12.11.1946, Сырдария ауданы Айдарлы ауылы - 19.01.2009) – жазушы. ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факултетін бітірген (1969). 1969 – 81 жылдары Алматы облысы «Жетісу» газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі, 1981 – 96 жылдары «Жалын» және «Балауса» баспасында жетекші редактор, редакция меңгерушісі, 1997 – 99 жылдары «Қазақ елі» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 2000 жылы ҚР Жоғары аттестациясы комиссиясында жетекші ғылыми редактор, 2001 – 03 жылдары «Ақ желкен» журналының бөлім меңгерушісі, 2003 жылдан «Асыл сөз» газетінің бас редакторы. Алғашқы өлеңдері 1964 жылы жарияланған. Омарұлының «Қармақ туралы хикая» (1975), «Көп балалы үй» (1988), «Әке» (1988) таңдамалы повестері мен әңгімелері, «Айлы түнгі ән» (1977), «Бозбала мен бойжеткен» (1984) атты жинақтары жарық көрген. «Қоңыраулы бесік» (1976), «Әке» (1981), «Бала-балапандар» (1987) повестері үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығармалар бәйгесінің үш рет жүлдегері атанды. «Ақтөс» прозалық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының халықар. «Алаш» сыйлығын алды (1999). «Мүбәрәк Түркістан» поэмасы үшін 2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдығыналық байланысты түріктің KATEV халықаралық қоры мен Түркістан қаласы әкімшілік жарияланған өлең бәйгесінде екінші жүлдеге ие болды. 'Қазақстан Журналистер одағы' сыйлығын алған.
## Дереккөздер |
Нәби (араб.: نبي; араб тілінен – Құдай аянын жеткізуші) – пайғамбар, Алланың бұйрығын адамдарға жеткізуші, өздеріне кітап пен шариғат берілмей, бір расулға (яғни Алланың елшісіне) берілген кітап пен шариатқа амал қылуға бұйырылған пайғамбарлар. Нәбилердің ешқайсысы расул бола алмайды, бірақ расулдардың әрбірі Нәби бола алады. Құран Кәрімде Мұхаммедтің(ғ.с.) расул (елші) деген есімімен бірге ең негізгі сипаттарының бірі ретінде Нәби атауы қолданылады.
## Сілтемелер
* Құран Кәрім
* Мұхаммед
* Расул
## Дереккөздер |
Шолтыров Шауқат Махмұтұлы (15.2.1914, қазіргі Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылы – 7.11.1982, Алматы) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылым кандидаты (1952), Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылым академиясының академигі (1976), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1974). Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1935), Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының аспирантурасын бітірген (1935 – 1939). Қазақ ауыл шаруашылығы институтында доцент (1939 – 1940, 1946 – 1953), кафедра меңгерушісі, факультет деканы, ректордың ғылым жөніндегі орынбасары (1953 – 1957), Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының бас ғылыми хатшысы (1957 – 1961), Қазақстан ауыл шаруашылығы мининистрлігінің ғылым жөніндегі бас басқармасының бастығы (1961 – 1976 жылдары) қызметтерін атқарған. Шолтыровтың ғылыми еңбектері негізінен топырақ тану, егіншілік және агрохимия мәселелеріне арналған. Ол Қазақстанның шөлейт аймақтарындағы сортаң жерлерді зерттеумен, мелиорациялау және игеру мәселелерімен шұғылданды. Оның тікелей қатысуымен республикада бірнеше ауыл шаруашылығы ғылыми-зертеу институттары құрылды. 2 рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, 2 рет “Құрмет белгісі”, “Қазан революциясы” ордендерімен марапатталған.
## Шығармашылығы
* Справочник агронома, А.-А., 1975;
* Особенности солонцов полупустынной зоны Казахстана и приемы их мелиорации. А.-А., 1976.
## Дереккөздер: |
Мүлікті тәркілеу – қылмыс жасағаны, әкімшілік немесе азаматтық құқықты бұзғаны үшін қолданылатын қосымша жаза ретінде кінәлі адамның меншігіндегі мүлікті немесе оның бір бөлігін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп, өтеусіз, қайтарымсыз алу.
Мүлікті тәркілеу пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыс үшін белгіленеді де, заңда көзделген жағдайларда ғана тағайындалады. Тәркілеуге сотталған адамның жеке өзіне тиісті мүлкі немесе сот үкім шығарған сәтте оның ортақ бірлескен меншіктегі үлесі болып табылатын мүлік қана жатады. Қылмыстық атқару заңына сәйкес сотталған адамға немесе оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік тәркіленбейді.
## Дереккөздер |
Қалила Нематұлы Омаров (4.5.1957 жылы туған, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті) – кинорежиссер-оператор. Қазақстан Киноматографистер одағының мүшесі 1992. Қазақстан Жастар одағы (1992) және Халықаралық Жамбыл атындағы (1996) сыйлықтардың иегері.
## Өмірбаяны
Қалила Омаров 1957 жылы 4 мамыр күні Қызылорда облысы Жаңақорған қыстағында дүниеге келген. Әке-шешесі Нематулла мен Хадишаның он баласының ішіндегі ең тұнғышы. Шыққан руы қожа.
1-2 сыныпты Жаңақорған қыстағындағы №163 мектепте, 3 сыныпты Төменарық станциясындағы Романов мектебінде, 4-10 сыныпты Жаңақорғандағы №51 М.Қаратаев атындағы қазақ орта мектебінде оқыған.
1975-1977 жылдары Совет Армиясында қызмет етті.
1978 жылы Ленинград (Санкт-Петербург) мәдени-ағарту училищесінің кино-фото факультетіне оқуға түсті. 1982 жылы күйші-сазгер Құрманғазы туралы түсірген «Кісен ашқан» қысқаметражды фильмі «Ақ түндер-82» кинофестивалінде бас бәйгені жеңіп алған.
Н. Крупская атындағы Ленинград мемлекеттік мәдениет институтының кино-фото факультетінде оқып жүрген Қ.Омаров отбасының қиындығына орай елге оралуға мәжбүр болды.
1985 – 87 жылдары Жаңақорған ауданы мәдениет үйінде жұмыс істеп, Әмір Мажитовтың "Бір үзім нан" спектаклінде Иван Хлебниковтың рөлін сомдайды. 1986 жылы Республикалық "ТЕАТР КӨКТЕМІ" фестивалінде бұл спекталь бас жүлдені жеңіп алды.
1987 жылдан «Қазақтелефильм» студиясында режиссер, 1998 жылы «Aлатау» ұлттық телеарнасының бас режиссері, кейіннен ҚР Президенті «Телерадио-кешенінің» режиссері болды.
1999-2003 жылдары «Хабар» агенттігінде дубляж режиссері.
2006-2010 жылдары Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында режиссер болып жұмыс істеген.
## Қалила Омаровтың мақалы
Шыңы жоқ тау болса да,Шыны жоқ дау болмайды.
## Сыйлықтары
* Қазақстан жастар сыйлығының лауреаты (1992).
* Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (1996).
* ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің ІІ-ші дәрежелі «Қайсар» ордені (1997).
* Қазақстанның Еңбек Сіңірген Қайраткері (2009).
* «Бауыржан Момышұлы» құрмет белгісі (2010).
### Режиссёрлік жұмыстары
* 1981 — «Кісен ашқан» М.Горьки атындағы ғалымдар үйінің Альфа студиясы, скульптор Жаубасар Қалиев (Қарағанды)
Жанры: «Деректі фильм»
2. 1989 — «Тәушен» Тәушен Әбуова
Жанры: «Деректі фильм» Өндіріс: “Қазақтелефильм”
3. 1990 — «Атамекен» Мәриям Хакімжанова Атамекен
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
4. 1990 — «Замана-шеру» Рысбек Ахметов
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
5. 1990 — «Мағжан» Мағжан Жұмабаев
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
6. 1991 — «Барып қайт, балам ауылға» Мұстафа Өзтүрiк
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
7. 1991 — «Мұхаммед Салық мырзаның өмірі мен өлімі» Мұхамед-Салық Бабажанов
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
8. 1992 — «Нәубет»
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
9. 1993 — «Міржақыптың оралуы» Міржақып Дулатұлы
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
10. 1994 — «Дәулет-Палуан» Тұрлыханов Дәулет Болатұлы
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
11. 1994 — «Алаш туралы сөз» Алашорда
Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
12. 1994 — «Махаббат қызық мол жылдар» Әзілхан Нұршайықов
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
13. 1994 — «Жамбыл: Адамзаттың ұлы жыршысы» Жамбыл Жабаев
Жанры:“Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
14. 1996 — «Кісен ашқан» (Документальный) совместно с Б.Гафу (Каирбековым) Құрманғазы Сағырбайұлы Қазақтың ұлы күйші-композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: ТРК Президента РК
15. 2003 — «Дүкенбай жолы» Дүкенбай Досжан
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: Калила и Компания
16. 2004 — «Философ Нысанбаев» Нысанбаев Әбдімәлік
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Телекомпания Мир”
17. 2004 — «Жакия»
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: 'KalilaFilm.kz'
18. 2004—2005 — «Мұнай тамшысындағы тағдырлар», 3 сериядан тұрады Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҚазМұнайГаз
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: Дизайн студия ДосАрт
19. 2005 — «Қадырдың жұлдыз»
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: 'KalilaFilm.kz'
20. 2005 — «Танкер Астана»
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: Дизайн студия ДосАрт
21. 2005 — «Нарында туған нар жігіт»
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: 'KalilaFilm.kz'
22. 2005 — «Атыраудың әуе қақпасы»
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс Дизайн студия ДосАрт
23. 2005 — «Әлеуметке-әділет, заңға — құрмет»
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: 'KalilaFilm.kz'
24. 2006 — «Ахмет Жұбанов» Ахмет Жұбанов
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
25. 2006 — «Ислам религия предков» Ислам
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: Хан-Тенгри
26. 2007 — «Мұхаммед Хайдар Дулати» Мұхаммед Хайдар Дулати
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
27. 2008 — «Музыка моей души»
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: 'KalilaFilm.kz'
28. 2008 — «„Жолдасбек Адаев“ (Энциклопедия тарланы)»
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: KalilaFilm.kz'
29. 2008 — 2012 «Әмір Мәжитов - Жаңакорғанан» Әмір Мәжитов
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: KalilaFilm.kz'
30. 2009 — «Алашорда» Алаш Орда
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
31. 2009 — «Қазақ мұнайының атасы — Сафи Өтебаев» Сафи Өтебайұлы Өтебаев
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: alilaFilm.kz' и "Нефтяник" общественный фонд. им.Н.Марабаев
32. 2009 — «Память — К Столетию Мажита Касенова»
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: KalilaFilm.kz'
33. 2009 — «Оржановтар әулеті»
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: KalilaFilm.kz' и "Нефтяник" общественный фонд. им.Н.Марабаев
34. 2010 — «Қазақтың Бауыржаны» «Легендарный Бауыржан» Момышұлы Бауыржан
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы 'KalilaFilm.kz'
35. 2010 — «Первопроходец» Орынбай Бердығожин
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: KalilaFilm.kz' и "Нефтяник" общественный фонд. им.Н.Марабаев
36. 2010 — «Сарагүл. Өмір толқындары»
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: KalilaFilm.kz'
37. 2011 — «Есберген Әбітаев. “Энергетик”»
Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: KalilaFilm.kz'
38. 2011 — «Ызғарбек Бектүрсынов»
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: KalilaFilm.kz'
39. 2011 — «Кодекс Куманикус - һәм қарапайым қазақтың қағидалары» Кодекс Куманикус
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: KalilaFilm.kz'
40. 2013 — “ҚазақТүрікМұнай” (фильм)
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: KalilaFilm.kz'
41. 2013 — “Чокин Шафик” (фильм) “Чокин Шафик”
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: KalilaFilm.kz'
42. 2013 — “Темірбек Жүргенов” (фильм) “Темірбек Жүргенов”
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: KalilaFilm.kz'
43. 2014 — ”Әшірбек Сығай - СЫН САРДАРЫ” (фильм) “Әшірбек Төребайұлы Сығай”
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
45. 2015 — “Майлықожа” (фильм) “Майлықожа Сұлтанқожаұлы”
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
## Продюсер
44. 2015 — “Хан Кенесары” (фильм) “Кенесары хан”
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: KalilaFilm.kz'
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торабы Мұрағатталған 1 тамыздың 2015 жылы. |
Нұрлыбек Баймұратов (1887, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы — 1969, сонда) — ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939).
Найман тайпасының Бура руының Кенжалы бөлімінен шыққан.Ауыл мектебінен ескіше сауат ашқан. Орыс көпестерінде жұмыс істей жүріп, орыс тілін үйренген. Шығармалары 1924 жылдан мерзімді баспасөзде жариялана бастады. Осы жылы “Қала сұлуы” дастанын жазған. Ел аузында сақталған ауыз әдебиеті үлгілерін насихаттаумен қатар ол халық ақындары И. Байзақов (1922), Н. Бекежанов (1939), М. Жапақов (1943), Т. Көбдіковтермен (1949) айтысты. Нұрлыбектің соғыс жылдарында жазған қаһармандық рухтағы өлеңдері, Төлеген Тоқтаровқа арнаған “Ер Төлеген” (1945), азамат соғысы тақырыбына бағытталған “Қанды жорық” (1962) дастандары халық арасына кең тараған. Ақын жырлары “Пернедегі термелер” (1965), “Айтыс” (1965) жинақтарында, сондай-ақ “Өлеңдер” (1957), “Қазына” (1982) атты жеке кітаптарында жарық көрді.
## Шығармалары
* Ер Төлеген. Дастан. А., ҚМ КӨБ, 1945;
* Өлеңдері мен дастандары. А., ҚМ КӨБ, 1957;
* Қанды жорық. Дастан. А., ҚМ КӨБ, 1962;
* Қазына. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1982.
## Сілтемелер
* Айтыс
* Ақын
## Дереккөздер |
Хазар Мамонты (Mammuthus chosarіcus) — піл тұқымдасының жойылған түрі. Плейстоцен дәуірінде тіршілік еткен. Еуразияда бұл жануаралар рисс заманында (ғасырында) әлемдік мұз басудан кейін пайда болған. Хазар Мамонты-ның бас сүйегі биік, алдынан артқы жағына қарай қысыңқы. Маңдайы тар, ойыс келеді. Желке тұсы жазық, желке дөңесі білінбейді. Негізінен ағаш жапырақтарымен қоректенген. Пілдермен салыстырғанда, Хазар Мамонты-ның ұзын денесіне Қарағанда, аяқтары қысқа болған. Сүйек қаңқалары алғаш рет Хазар фаунасының тұнба қабаттарынан табылған, аты осыған байланысты қойылған. Көптеген палеозоолог-ғалымдардың пікірі бойынша Трогонтерий мамонты (Mammuthus trogontherіі) да осы Хазар Мамонты-на жатады. Хазар Мамонты-ның сүйектері Қызылорда, Маңғыстау аймақтарының жерінен табылған.
## Сілтемелер:
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Абыл Тілеуұлы (1777, Маңғыстау — 1864, Маңғыстау, Қаратөбе) — халық арасында кең танылған ақын. Әкесінің есімі — Тілеу, атасының есімі — Өтембет.
## Өмірбаяны
Абыл Тілеуұлы - 18 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген бұрынғы ақын-жыраулардың дәстүрін жалғастырушылардың бірі, суырыпсалма-ақын. Ол Маңғыстауда туып-өсіп, бүкіл Атырау аймағына танылған ақын. Әкесі Тілеудің тұрмысы төмен болған. Адай руының Келімберді бөлімінен шыққан.
Абыл Атырау аймағын, қарақалпақ, түрікмен елдерін аралап, өзі тұтас ақындармен өнер сайыстырған.
## Шығармасы
Бұрын әдебиетте Абылдың «Арғымақ атта сын болмас», «Ескерту» дейтін толғаулары ғана мәлім болатын. Ғалым Қ.Сыдиықов 1965 жылы оның өмір жолын, тағы екі-үш толғауын Сәттіғұл ақыннан жазып алған. Абылдың табылған жырлар түгел дерлік 1967 жылы «Қазақ әдебиеті хрестоматиясында», 1972 жылы «Ақберен» жинағында басылып шықты. Одан басқа Абылдың өлең, толғаулары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1957), “Өсиет-нама” (1982), “19-ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985), “Бес ғасыр жырлайды”, “Жыр-дария” (1995) жинақтарында жарияланған.
Абылдың көп өлеңдері ұмытылған. Бізге жеткені оның өмірінің соңғы кезеңіндегі шығарған арнау ретіндегі толғаулар мен бірлі-жарым нақыл сөз, термелері ғана. Осы бар азды-көпті шығармаларына қарағанда, Абыл өз заманындағы әдебиетке айтарлықтай үлес қосқан талант иесі екенін байқаймыз.
Абылды өзінен кейінгі көп ақындар жақсы білген, өздеріне ұстаз тұтқан. Мұрат, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Сәттіғұл сияқты бір топ ақындар легі Абылдың талантына бас иген. Ақын жырлары Қарақалпақстан, Түрікменстан, Иран, Ауғанстан, Түркия елдеріндегі қазақтар арасында да кеңінен мәлім болған. Маңғыстауда өмір сүрген түрікмен шайыры Хатаммен және Есет, Махамбет, Шернияз, Есенбақ сияқты айтулы қазақ ақын-жыраулармен достық қарым-қатынаста болып, ниеттес жүрген. Оның өлеңдері негізінен ауызша таралған. Алғаш баспа бетін көрген толғау - 1924 жылы басылып шыққан «Арғымақ атта сын болмас» атты өлеңі.
Шығармаларының негізгі арқауы—адамгершілік пен елдік, ерлікті дәріптеу (“Сексеннің біз де келдік жетеуіне”, “Отырған қарсы алдымда Қанымайым”, “Қар жауар күн-түн оның қабағынан”). Абыл Хиуа ханы Аллақұл өктемдігіне қарсы бұқара ызасын бейнелеп, ел қорғаған ерлерді жыр еткен (“Сүйінқараны жоқтау”, “Құлбарақ батырға”). “Арғымақ атта сын болмас”, “Естірту”, “Кәрілік” т. б. терме, толғаулары - өмір сырын бейнелейтін көркем ақыл, нақыл, насихатқа құрылған өнегелі, өсиет сөздер. «Сексеннің бізде келдік жетеуіне», «Отырған қарсы алдымда Қанымайым», «Қар жауар күн-түн оның қабағынан» атты шығармаларында хан-сұлтандардың теріс қылығын әшкерелеу, ел қамын жеу, ізгілік, адамгершілік мәселелері сөз болады.
Өмірінің соңғы кезінде Баймағамбет, Қайыпалды сұлтандармен кездесіп, бетпе-бет айтқан батыл сөздеріне қарағанда, ол шындықты айтудан тайынбаған, хан алдында қасқайып тұрып, оның мінін көрсетуге батылы жеткен ақын.
Абыл Тілеуұлы - айтыстың да шебері. Бізге «Балдай қызбен айтысы», «Сушы қызбен сөз жарыстыруы», «Нұрымды сынауы», «Шерниязбен кездесуі» деген айтыстары жетіп отыр.
Абыл - шешендікте алдына жан салмаған, тәжірбиесі мол, көп жасап, сан-саналы өлең шығарып өткен саңлақ ақындардың бірі. Ол - өз дәуірінің елеулі мәселелеріне үн қосып, Сыпыра жырау негізін салған “Қырымның қырық батыры” сияқты батырлық дастандарды дамыта жырлаған.
## Дереккөздер |
Мырзахметов Кәмәли Мырзахметұлы (1918, Көкшетау уезі, Базарбек ауылы– 2004) – қоғам қайраткері. 1938 – 45 жылы Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді. Солтүстік-батыс, 2-Белорусь, 1-, 2-Украин майдандарының құрамында Орша, Могилев, Витебск, Бердичев қалалары бағытындағы «Багратион», т.б. әскери операцияларға, Польша, Венгрия, Австрия жерлерін жаудан азат ету үшін жүргізілген шайқастарға қатысқан. Жеңісті Чехословак жерінде қарсы алды. Еңбекшілдер ауданы атқару комитетінің төрағасы (1946 – 49), Қазақстан КП ОК жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы (1949 – 51), Қызылту ауданы партия комитетінің 2-хатшысы (1951 – 53), Қызылту ауданы атқару комитетінің төрағасы (1953 – 61), Көкшетау облысы кәсіподақтар кеңесінің төрағасы (1961 – 73), Көкшетау облысы атқару комитетінде бөлім меңгерушісі (1973 – 78), мұрағат бөлімінің меңгерушісі (1978 – 85) қызметтерін атқарды. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде «Қызыл жұлдыз», 1-дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Венаны алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталса, бейбіт өмірде Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен және көптеген Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстан КП 10-съезінің, КСРО кәсіподақтарының 14 – 15-съездерінің делегаты.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Нәби би, Най би, Ними (туған жылы белгісіз – біздің заманымыздан бұрын 50 жылы өлген) – Үйсін мемлекетінің күнбиі (біздің заманымыздан бұрын 63 – 50, кей деректерде 60 – 53). Елжау бидің немересі, Жөнші бидің ғұн әйелінен туған. Жөнші би өлерінде Нәби би әлі жас болғандықтан билікті туысы Оңғай биге берген. Оңғай би өлген соң, үйсін ақсүйектері Нәби биді күнби сайлаған. Ол елінде қатаң саясат жүргізді. Біздің заманымыздан бұрын 50 жылы Янғуй бидің қолынан қаза тапты. Осы уақыттан бастап, Үйсін мемлекетінде ұлы және кіші күнбилікке бөлінген кейінгі әулеттердің билігі орнады.
## Сілтемелер
* Би
* Ғұн
* Үйсін
## Дереккөздер |
Мырзаханова Маржан Нұркенқызы (1968 жылы туған, Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы) – медицина ғылымдарының кандидаты (1999), доцент (2006). Семей мемлекеттік медициналық институтын (1994), Алматыдағы Адам және жануарлар физиологиясы институтының аспирантурасын (1999) бітірген. Қарағандыдағы «Фемида» заң академиясының Көкшетау филиалында оқытушы, доцент (2000 – 04), Көкшетау мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (2004 – 06) болып жұмыс істеген. 2006 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті. 1 монографияның, 12 ғылыми-әдістемелік құралдың, 30 ғылыми мақаланың авторы.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Нұрмағамбет Сағынайұлы (1848, Ақмола облысы Ақсу кеніші – 26.12.1925, сонда, Қарабұлақ өңірі) – қазақ меценаты. Халық арасында “Паң Нұрмағамбет” атанған. Асыл тұқымды жылқы шаруашылығымен айналысқан ірі бай, саятшы, ұлттық этнографияны жаңғыртушы.
Нұрмағамбет 1891 жылы Ресейдің болашақ патшасы Николай ІІ Омбы қаласына келгенде, оның құрметіне ұйымдастырылған көрмеге жақсы жабдықталған ақ киіз үй тігіп, 1000 жылқыны сыйға тартқан. 20 ғасырдың басында бұл киіз үй Нижний Новгородта өткен Бүкілресейлік көрмеге, Париж қаласындағы көрмелерге қойылған. Қазір Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы. 1898 жылы ол Дала өлкесінде жылқы өсіруді үлгілі дамытқаны үшін патшадан күміс, кейіннен алтын медаль мен алтын сағат алған. Нұрмағамбет 4 рет қажылыққа барған. 1908 жылы Меккеге қажылық сапарға барғанда Шам (Дамаск) шаһарынан қазақ елінен қажылыққа келушілер үшін арнайы үй сатып алған. Ол имандылықты насихаттап, ауылында ағаштан мешіт тұрғызған. Нұрмағамбеттің үш жүздің басын қосып, әкесі Сағынайдың жылында берген асы айрықша мол, салтанатты болуымен тарихта қалған. Осы аста Ақан серінің атақты Құлагері мерт болған. Нұрмағамбет Алаш көсемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов басқарған ұлт ісіне қаржылай көмек көрсеткен. Ол жайлы Ш.Уәлихановтың еңбектерінде, С.Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешу” романында айтылады. 1995 ж. оның қабірінің басына күмбезді кесене тұрғызылды.
## Дереккөздер |
Заң актісі - белгілі бір құқықтық салдар туғызатын, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған жазбаша ресми құжат (заң, жарлық, қаулы, т.б.). Заң актісі Нормативтік актілерге (яғни құқық нормаларын мазмұндайтын, қоғамдағы қарым-қатынастардың белгілі бір аясын реттейтін заң актісіне) және арналған субъектілерінде ғана құқықтық салдар туғызатын нормаланбаған заң актісі-не бөлінеді.
## Дереккөздер |
Жақыпбеков Амангелді Бәйкенұлы (1939 – 2006) – қайраткер. Мәдениет қайраткері. Боровской орман техникумын (1960), Абай атындағы КазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ-ды, 1968), Жоғары партия мектебін (1974) бітірген. 1963 жылдан комсомол жұмыстарында, Көкшетау облысы партия комитетінде бөлім меңгерушісі (1974 – 83), Көкшетау облысы мәдениет үйінің бастығы (1983 – 88), облысы партия комитетінің бөлім меңгерушісі, аппарат жетекшісі, Көкшетау облысы әкімшілік басшысының орынбасары, облысы тіл басқармасының бастығы, Алматы құқық және нарық академиясы бөлімшесінің (1988 – 2003), мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры (2003 – 06). «Құрмет белгісі» ордені, медальдармен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Асқар Байжігітұлы Можанов (13 маусым 1973(19730613), Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы С.Өтепов ауылы) – кикбоксшы, еңбек сіңірген спорт шебері (1995).
Алғашқы бапкері Виктор Николаевич Лелекин.
КСРО чемпионы (Новокузнецк, 1991), Еуропа чемпионы (Грекия, Кавала, 1992; Финляндия, Хельсинки, 1994), кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы (Франция, Гавр, 1992, Бішкек, 1997), әлем чемпионы (Дания, Одензе, 1993; Украина, Киев, 1995). 1992 – 95 ж. Азия құрлығының чемпионы атанды.
## Дереккөздер |
'“Абылай хан” — тарихи жыр. Жырға Абылай ханның балалық, жастық шағы мен ел билеген кезі арқау болған. Авторы белгісіз. Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында тұратын қазақтар арасында кең тараған. Жыр Абылайдың балалық шағынан басталып, ер жету, қол бастау, ел билеу жолын көркем баяндап шығады. Абылай хан билеген тұстағы қазақ хандығының дәуірлеу тарихы шынайы айшықтармен нанымды суреттеліп, соңы Абылай хан өлімімен аяқталады. Бұл жырдың Абылай туралы мазмұн, сюжет жағынан ұқсас өзге нұсқалардан айырмашылығы — мұнда ханның ата-тегі жырдың кіріспе бөлімінде тәптіштеп айтылып, басты кейіпкер — Сабалақ (Әбілмансұр) Төле биден кетіп, Темірбай деген байға бала болып, оның батасын алған соң қалмаққа қарсы соғысқа аттанады. “Абылай хан” жырының шыңжаңдық бұл нұсқасы әдеби көркем тілмен жазылған, шытырман оқиғаларға толы, оқырманды тез баурап алады. Жырда сөз болатын оқиғалар мен адамдар нақтылы өмірде болған жайлар мен тарихи тұлғалар. Шығарма алғаш рет Шыңжаң тұрғыны Шерияздан Сұлтанбайұлынан жазып алынып, тұңғыш рет Қытайдың “Ұлттар” баспасынан жарық көрген 4-томдықта (1985), одан кейін “Абылай хан” атты кітапта (А., 1993), “Қазақ халық әдебиеті” көптомдығының 1-томында (1995) жарияланған.
## Дереккөздер |
Сейітжан Жақыпов (1921 жыл, Жақсы ауданы, Қима ауылы – 2005 жыл, Астана қаласы) – қоғам қайраткері.
## Өмірбаяны
* Еңбек жолын 1940 жылы Есіл ауданы партия комитетінде техникалық хатшы болып бастаған.
* Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Майданда 29-жаяу әскер дивизиясы құрамында соғысқа қатысты. Бөлімше командирі, полк комсомол ұйымының хатшысы болды. Ресей мен Белоруссия қалаларын жаудан азат ету ұрыстарына қатысты. Сталинград майданында ауыр жарақат алды. Соғысты Кенигсберг қаласын азат етумен аяқтады. Майор дәрежесінде әскери міндетін 1946 жылға дейін атқарды.
* Әскерден оралған соң Есіл ауданы комсомол комитетінің 1-хатшысына сайланды. 30 жылдан астам уақыт партия ұйымдарында: бөлім меңгерушісі, ауданы партия комитетінде хатшы
* Атбасар мен Қима аудандарында кеңшар директоры қызметтерін атқарды.
* 1981 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты. аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалығына сайланды.
## Марапаттары
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
* Жақсы ауданындағы көшеге есімі берілген.
## Дереккөздер |
Шығыс Қазақстан археологиялық ескерткіштері – Қазақстанның шығыс өңірінде көне дәуірлерден сақталған археологиялық ескерткіштердің тобы.
Негізінен қазіргі Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы жәдігерлерді біріктіреді. Түрлі тарихи дәуірлерді қамтитын, көлемі бойынша Қазақстандағы аса үлкен топтардың бірін құрайтын, саны жағынан мыңдап саналатын ескерткіштерді зерттеу 19 ғасырда басталды. Оған белгілі ғалымдар: Г.И. Спасский, А.В. Адрианов, Н.Я. Коншин, В.В. Радлов, С.С. Черников, С.Аманжолов, А.Аманжолов, С.С. Сорокин, А.А. Крылова, Х.Алпысбаев, А.Г. Медоев, Ф.Х. Арсланова, С.Ақынжанов, З.Самашев, Ю.И. Трифонов, Ж.Таймағамбетов, А.А. Чариков, А.С. Ермолаева, Ә.Төлеубаев, Г.Г. Петенева, т.б. ат салысты. Тас дәуірі ескерткіштері арасында ең көне уақытқа жататын нысан ретінде Күршім ауданындағы ерте палеолиттік (ашель кезеңі) Қозыбай тұрағы белгілі. Бұдан кейінгі, яғни мустье кезеңіне қарасты ескерткіштерден Қанай (ерте қабаты), Нарым, Бөдене-1 тұрақтары ашылған. Свинчатка, Пещеры, Қанай (жоғарғы қабаты), Новоникольское, Хайрюзовка, Шульбинка тұрақтары кейінгі палеолитке тән құралдардың маңызды тобын берді. Тас дәуірінің ең соңғы сатысы болып табылатын неолит кезеңіне жататын көрнекті ескерткіштерден тас құралдармен қатар, қыш ыдыс үлгілері көптеп табылған Усть-Нарым, Малокрасноярка тұрақтары жақсы белгілі (біздің заманымыздан 3-мыңжылдық). Қола дәуірінде өлке тұрғындарының экономикасы мен қоғамы күрт дамыды, ескерткіштердің таралу аумағы анағұрлым кеңіп, адам тіршілігіне қолайлы, ұрымтал, нулы-сулы алқаптарда көлемді қоныс-мекендер мен қорым-зираттар пайда болды. Ғалымдардың пікірінше, көне экономиканың шұғыл көтерілуіне тікелей әсер еткен факторлардың арасында мал шаруашылық мен егіншілікке қолайлы алқаптардың болуы ғана емес, әсіресе, бұл өлкелерде мысалы, қалайы, алтын, қорғасын, темір сияқты металл кендерінің аса зор қорларының орналасуы маңызды орын алды. Мұны археологиялық барлау-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ашылған ондаған көне кен орындары нақты дәлелдеп отыр. Қола дәуірінің андронов тарихи-мәдени қауымдастығына жататын федоров мәдениеті ескерткіштерінің өте үлкен тобы анықталған. Қанай ауылы маңынан зерттелген қоныс, зират пен ғұрыптық орынның аса құнды деректері ғылымның алтын қорына енді. Зевакино зираты құрамында 500-ден астам нысан бар аса көрнекті ескерткіш. Трушниково, Малокрасноярка қоныстарынан алынған бірегей материалдар осы өлке ғана емес, жалпы Қазақстанның соңғы қола кезеңіне қатысты құндылықтарға айналды. Қола мен ерте темір дәуірлерінің арасын алып жатқан өтпелі кезең ескерткішіне жататын Измайловка зиратынан қызықты әрі бірегей мәліметтер алынды. Ерте темір дәуірінде өлкені мекендеген сақ тайпаларының жүздеген ескерткіштері анықталып отыр. Тас, топырақтан үйілген обалары бар сақ қорымдары Ертіс пен оның салаларының алқаптарында, Қалба-Нарымның теріскей және күнгей беткейлерінде, Шыңғыстау мен Тарбағатайдың жоталарында, Шілікті алқабында жиі кездеседі. Бұл дәуір тұрғындарының мәдениетін зерттеуші ғалымдар оны 3 кезеңге бөліп қарастырады: майемер (біздің заманымыздан 7 – 6 ғасырлар), берел (б.з.б. 5 – 4 ғасырлар) және Құлажорға (б.з.б. 3 – 1 ғасырлар) кезеңдері. Атап айтқанда, зерттеу деректері Шілікті және Берел сияқты сақ обаларынан алынып отырған соны материалдармен кеңінен толықтырылды. Орта ғасырлар дәуірінің жәдігерлері арасында Түрік қағандығы кезеңінің жерлеу орындары мен көптеген тас мүсіндері, әсіресе, Ертіс бойында көптеп саналатын қимақ (кимек) обалары, қыпшақ заманының жәдігерлері белгілі. Ескерткіштердің айрықша түріне өлкеде кеңінен тараған тастағы таңбалар, яғни петроглифтер жатады. Көне замандардан бастап орта ғасырларға дейінгі уақытты қамтитын петроглифтердің бірнеше мың үлгісі сақталған. Шығыс Қазақстан археологиялық ескерткіштерін ашып-зерттеу жұмыстары нәтижесінде Қазақстанның, Кіндік Азияның, тіпті бүкіл далалық Еуразияның көне және ортағасырлық тарихы мен мәдениетіне тікелей қатысы бар құнды деректердің өте көлемді тобы жинақталған.
## Дереккөздер |
Он екі мұқам (араб. “тұрақ”)– шығыс халықтарының музыка мәдениетіне тән көркемдік жүйе. Ол поэзиямен, әсіресе, көлемді дастандармен тығыз байланысты. Қазақ жыршылары да бұл сөзді мақам, яғни тұрақ (лад) мағынасында қолданған. Көп бөлімді Он екі мұқам баяндау тәсілінде өрбиді. Әл-Фараби, ибн Сина, Әбдірахман Жәми, т.б. еңбектерінде Он екі мұқам туралы мәліметтер кездеседі. Олардың атаулары: үшшақ, науа, бүсәлік, раст, хұсейни, хиджаз, рахауи, заңғұла, ирак, исфаған, зирафганд, бұзрук. Мұның басым көпшілігі минорлы ладтар. Арасында диатоникалық (үшшақ, науа), хроматикалық құрылымдар да (ирак, исфаған, бұзрук) кездеседі. Хроматизм көбіне 4, 6, 7 басқыштар арасында пайда болады. 12 мұқам өзбек, ұйғыр, түрікмен, әзірбайжан, армян, тәжік халықтарының мәдениетінде кездеседі.
## Сілтемелер
* Музыка мәдениеті
* Ұйғыр мәдениеті
* Өзбек мәдениеті
## Дереккөздер |
Шығыс Қазақстан Белогор кен байыту комбинаты – түсті металлургия кәсіпорны; қ. “Қазақмыс”.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Сыдық Абыланов (1845, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Кеңес а. — 1938, Шымкент) — мемлекет қайраткері, журналист, драматург.
## Өмірбаяны
* Еңбек жолын өз ауылында медресе ашып, бала оқытудан бастаған.
* 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан.
* Т. Рысқұлов ұйымдастырған Қырғыз (қазақ) жастарының революциялық одағының белсенді мүшесі болды.
* Қазан төңкерісін (1917) қолдап, Әулиеата уезінің алғашқы оқу халық комиссары болды.
* 1923 — 24 жылдары Әулиеатада өзі ашқан алғашқы оқу коммунасын басқарды.
* 1924 — 38 жылдары Ташкентте, Қарақалпақстанда, Ақтөбе мен Петропавловскіде, Қызылордада басшы партия және оқу-ағарту саласында басшы қызметтер атқарды.
* 1933 — 38 жылдары республикалық радио комитеті төрағасының орынбасары болды.
* Абыланов “халық жауы” деген жаламен ұсталып, Шымкентте атылды (1938).
* КСРО Жоғарғы сотының әскери алқасының 1958 жылғы 29 маусымдағы шешімімен ақталған.
## Оқу комиссары ретіндегі қызметі
Абыланов жаңа мектептер ашып, жаппай сауат ашуды жолға қойды.
## Журналистикада
“Еңбекші Қазақ” және басқа да газеттерге оқу-тәрбие, тарихи-этнографиялық мәселелері жөнінде мақалалар жазды.
## Драматургияда
Қазақ театрының қалыптасуына да көп еңбек сіңірді. Оның:
* “1916 жыл”
* “Екіталай” т.б. пьесалары бойынша қойылған спектаклдер (режиссер Ж. Шанин) Қызылордада ашылған қазақ драма театрының репертуарын жаңа жанрлармен байытты.
## Дереккөздер |
Балпанақ — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, ғылыми жіктелімдегі атауы — ассүттіген.
## Дереккөздер |
Базылбек Түменұлы Берқалиев (1927 жылы, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылында туған) – техника ғылымдарының докторы (1991 жылы), профессор (1992 жылы).
Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген (1951 жылы). '951–62 жылдары кен орындарында, өндіріс саласына, 1966–81 жылдары Қарағанды Политехникалық институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті), 1992–97 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясында қызметтер атқарған. Берқалиевтың 190-ға жуық ғылыми еңбегі бар.
## Дереккөздер |
Шәкіров Біржан Сәруарұлы (5 Қыркүйек 1953 жылы туған, Түркістан облысы Шымкент қаласы) — ғалым, техника ғылымының докторы (1994), профессор (1995).
## Қысқаша өмірбаяны:
* 1975 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген.
* 1975 — 1978 жылдары “Қазгипрофосфор” ғылыми-зерттек институтында ғылыми қызметкер.
* 1978 — 1993 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында аспирант, аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, докторант,
* 1993 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік унтверситетінде кафедра меңгерушісі.
## Еңбектері:
216 ғылыми мақаланың, 2 монографияның, 1 оқулықтың, 3 әдістемелік құралдың, 15 өнертабыс пен патенттің авторы. Қазақстан комсомолы сыйлығының иегері (1986), Табиғи және техногендік қайталанбас шикізатты өңдеудің инновациялық технологиясын жасағаны және ұйымдастырғаны үшін Қазақстан мемлекеттік сыйлығын алған (2005).
## Дереккөздер: |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.