text
stringlengths 3
252k
|
---|
Пернебай Дүйсенбин 1943 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында туған. 1960 жылы мектеп бітірісімен еңбекке араласып,совхозда құрылысшы болды. Ол мектепте оқып жүрген жылдары тырнақалды туындыларын-өлеңдерін, әңгімелерін аудандық, облыстық газеттерде жариялады. 1958 жылы оның салған суреттері Москвадан шығатын «Пионерская правда», Алматыдан шығатын «Дружные ребята» газеттерінде жарияланып, көпке танылды. Оның 1995 жылы Жеңістің 50 жылдық мерейлі мерекесіне орай салған «Қос Қыран. Бауыржан мен Панфилов» картинасы Жуалы ауданындағы Б.Момышұлы мұражайына қойылған.
П.Дүйсенбин 1962 жылы әл – Фараби (бұрынғы Киров) атындағы ҚазМУ-дың филология факультетіне түсті. 1964-1967 жылдары Украинада әскери борышын өтеді. 1967-1969 жылдары университетке қайта оралып, журналистика факультетін бітірді. Университетте оқып жүрген жылдары оның қазақ өнері, бейнелеу өнері, әлемдік деңгейдегі ұлы тұлғалардың еңбектері туралы көптеген мақалалары мен эсселері,танымдық, публицистикалық туындылары республикалық басылымдарда молынан жарияланды. Олардың қатарында Леонардо да Винчи, Сикейрос, Рылов, Коненков, Сарьян, Левитан, Орал Таңсықбаев, Шара Жиенқұлова, Айша Ғалымбаева, т.б. болды.
Ол 1969 жылы туған ауылы Жайылмаға оралып, Ленин атындағы орта мектепке жұмысқа орналасты. 1969-1973 жылдары қазақ тілі мен әдебиеті, сурет пәндерінің мұғалімі болды. 1973-1987 жылдары мектеп директорының орынбасары, 1987-1993 жылдары мектеп директоры болды. 1993-1997 жылдары мектеп психологы болып жұмыс істеді.Жазушы 1997-1998 жылдары газет тілшісі, 1998-2004 жылдары «Қаратау кеншісі – Горняк Каратау» газетінің редакторы және ақпарат бюросының бастығы, 2004-2007 жылдары Сарысу аудандық мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарды.
П.Дүйсенбиннің1979 жылы «Жұлдыздар неге жылайды?» деген лирикалық повесі «Жалын» журналында жарияланды. 1990 жылы КСРО, 1994 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. «Жұмбақ жұлдыз», «Кішкентай генералдар», «Ән салыңызшы, Әке», «Елгезек ертегілер елінде», «Тектінің тұяғы еді» атты кітаптардың авторы. 2003 жылы тарихи – танымдық «Шежірелі Сарысу», 2007 жылы «Үркердей болып көшкен жұрт...», 2008 жылы «Сарысунама» атты тарихи-деректік томдарын шығарды. Ол Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО ОК мен республикалық «Жалын» баспасы бірлесіп өткізген жабық бәйгесінің 1979,1980,1981,1986 жылдардағы лауреаты. 1994 жылғы республикалық «Балауса» баспасының, 1996 жылғы «Парасат» журналының лауреаты. 2013 жылы Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің II жүлдесін, Жамбыл облыстық «Үздік журналист» конкурсының І жүлдесін иеленді. 2015 жылы «Есен-сау жүріңізші, асыл Ата» атты повесіне Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің Бас жүлдесі (Гран-при) берілді. 2013 жылы Қазақ Ұлттық кітапханасында 70 жылдық мерейтойына орай «Сан қырлы суреткер» атты арнайы көрме өткізілді. 2020 жылы Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты болды.
П.Дүйсенбин 1965 жылы «Жеңістің ХХ жылдығы» жауынгерлік мерекелік медальмен, Чехословакия армиясының «Красный вояк» жауынгерлік төсбелігісімен, ұстаздық қызметі үшін 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен, 2001 жылы Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, 2014 жылы «Мәслихаттың XX жылдығы», 2016 жылы "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы", 2018 жылы "Астананың 20 жылдығы", "Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін", "Сарысу ауданына - 90 жыл", "Жаңатас - 50 жыл", «Ерен еңбегі үшін» медалімен 2021 жылы, республикалық «Ер намысы» қоғамдық бірлестігінің «Ұлы Дала Батыры» орденімен, республикалық «Спорт жұлдыздары» журналы мен Қазақ Спорт және Туризм академиясының т.б. мерекелік медальдарымен марапатталған. 2023 жылы республикалық «Үздік.KZ» энциклопедиялық кітабының «Абырой» төсбелгісімен марапатталған.
2007 жылы тарихи-танымдық, деректік, шежірелік, әдеби «Үркердей болып көшкен жұрт» атты үлкен кітабы жарық көрді. 2008 жылы тарихи, танымдық, деректік «Сарысунама» көлемді еңбегі жарияланды. Сол жылы «Шежірелі Сарысу» деректі фильмін дайындап, оның авторы әрі продюссері болды. Сарысу ауданының гербісінің авторы. 2018 жылы Сарысу ауданының 90 жылдығына арналған деректі фильмді дайындады. Пернебай Дүйсенбин 1999-2007 жылдары Сарысу аудандық мәслихатының екі мәрте депутаты болып сайланған. Сарысу ауданының Құрметті азаматы (2001ж).
## Шығармалары
* 1978 "Жұлдыздар неге жылайды?" повесі жазылды.
* 1978 "Аяқталмаған аңыз немесе Алдар көсе туралы хикаяның жалғасы" повесі жазылды.
* 1978 "Сол бір ертегі..." повесі жазылды.
* 1979 "Кішкентай генералдар повесі Қазақ ССР Баспа, полиграфия, кітап саудасы комитеті, Қазақстан ЛКЖО ОК, Қазақстан Жазушылар одағы және "Жалын" баспасы бірігіп ұйымдастырған республикалық жабық конкурста үшінші орынды иеленді.
* 1980 «Біз, Төлепбек атай, самолет командирі және Пальма» повесі үшін жоғарыдағы аталған республикалық жабық конкурстың ынталандыру сыйлығын иеленді.
* 1981 «Сары Сөмке және оның достары» атты ертегі-повесі жоғарыда аталған республикалық жабық конкурстың үшінші бәйгесін иеленді.
* 1983 «Саят» атты көлемді повесі дүниеге келді.
* 1986 «Қайсар Қара Қарындаш туралы хикая» повесть-ертегісі республикалық «Жалын» баспасы өткізген жабық конкурста екінші орынды жеңіп алды.
* 1988 «Дәурен мен Эвриробтың бастан кешкендері» атты повесі жазылды.
* 1994 Республикалық «Балауса» баспасы ұйымдастырған жабық конкурста «Ойынпаз ойыншықтар отауында немесе Дәуреннің ойыншықтары» повесть-ертегісі екінші орынды жеңіп алды.
* 1999 «Ән салыңызшы, Әке» повесі жарық көрді.
* 2013 Халықаралық "Дарабоз" бәйгесінде "Нұрстан мен Аққанаттың бастан кешкендері" атты романтикалық повесть-ертегі екінші орынды иеленді.
* 2013 "Кәусар бұлақ" жинағының 7-томына "Дарабозда" 2-бәйге алған повесті орыс тілінде "Приключение Нурстана и Акканата" деген атпен "Чистый родник" жинағында басылды.
* 2015 Халықаралық "Дарабоз" бәйгесінде "Есен-сау жүріңізші, Асыл ата!" повесі Бас бәйге - Гран-приді жеңіп алды. Сол жылы "Дәуір" баспасынан жеке кітап болып басылды.
* 2016 "Зертөбе" атты повесі жарыққа шықты.
* 2019 "Жұмбақ жұлдыз сәулесі (1-том), Бал дәуреннің бұлтсыз аспаны" (2-том) жарыққа шықты.
* 2021 "Ей, Жезкиік, дүние-ай!" (3-том) жарияланды.
* 2020 "Нұрстан мен Аққанаттың бастан кешкендері" ертегі кітабы шықты.
* 2020 "Тараз мұралары" сериясымен "Алтын мүйізді киік" атты повестері мен әңгімелері жарыққа шықты. (103-том)
* 2023 "Сұлулық сазы" (4-том) жарық көрді.
## Драмасы
* 1972 жылы "Алпамыс батыр" драмасы жазылды2015 жылы "Ескендір" драмасы (Абай поэмасы) жазылып, сахналанды.2022 жылы "Ахмет Байтұрсынов" драмасы жарияланды.
* 1972 жылы "Алпамыс батыр" драмасы жазылды
* 2015 жылы "Ескендір" драмасы (Абай поэмасы) жазылып, сахналанды.
* 2022 жылы "Ахмет Байтұрсынов" драмасы жарияланды.
## Деректік-шежірелік туындылары
* 2003 Сарысу ауданының құрылуының 75 жылдығына орай «Шежірелі Сарысу» (592 бет) атты деректік үлкен кітабы «Сенім» баспасынан жарық көрді. Мерекелік төсбелгінің авторы болды.
* 2007 Алматыдағы «Литер М» баспасынан тарихи, танымдық, деректік, шежірелік, әдеби «Үркердей болып көшкен жұрт» (1024 бет) атты үлкен кітабы жарық көрді.
* 2008 Алматыдағы « Литер М» баспасынан ауданның 80 жылдығына байланысты «Сарысунама» (544 бет) атты тарихи, танымдық, деректік, суретті үлкен кітабы жарық көрді.
* 2015 "Шеркешнама" (1216 бет) тарихи-танымдық, деректік, шежірелік том "Литера М" баспасынан жарық көрді.
* 2019 "Жаңатас дастаны" тарихтық-танымдық кітабы шықты.
* 2021 "Қазыналы Қаратау" тарихи-танымдық еңбегі жарық көрді.
* 2022 "Шығырай баба, Орақ әулие" кітабы жарияланды.
* 2022 "Сарысунама" кітабы өңделіп, қайта шығарылды.
## Дереккөздер |
Федор Ермолаевич Чирва (23.4.1918, Украина, Чернигов қаласы – 1985, Шымкент қаласы) – жазушы. Ұзақ жылдар бойы облыстық «Южный Казахстан» газеті редакциясында қызмет істеді.Театрдың суретші, жобалаушы, бетоншы, жүк тиеуші, радио мен газет тілшісі болып істеген.
## Шығармалар
Алғашқы кітабы «Намыс» деген атпен Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан шықты (1954). «Заря над степью», «Совесть», «Путь через ночь», «Утром небо голубое», «Черный идол», «Поезда туда не идут», «Хорошая погода на завтра» кітаптары бар. «Қызыл жұлдыз» орденімен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
## Дереккөздер |
Ақмешіт әулие — ескі қамалдың орны, қасиетті жер.Ұлытау облысы Ұлытау тауының биік шоқысында орналасқан. 1946 жылы академик Ә.Х.Марғұлан зерттеген. Тік төртбұрышты жобамен салынған, көлемі 42х42 м. Іргесінің қалыңдығы 30-40 см, граниттен қаланған. Жанында тас обалар бар. Алғашқы кезде табынатын орын болған. Кейінірек төңірегіне атақты адамдарды жерлей бастаған. Зерттеулер Ақмешіт әулие көшпелі халық мекенінің орны екенін дәлелдеді.
## Дереккөздер |
Әтіркүл Жұмабайқызы Дүйсекенова (1940 жылы туған, Жуалы ауданы Ынтымақ ауылы) – театр артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1986).
## Өмірбаяны
* 1958 ж. орта мектепті бітіргеннен бастап облыстық драма театрында актриса болып еңбек етіп келеді.
## Рольдері
* Гогольдің «Ревизорында» Мария Антоновна
* М.Шолоховтың «Тынық Донында» Ильинична
* М.Әуезовтің «Еңлік Кебегінде» Еңлік
* «Қаракөзінде» Қаракөз, «Айман-Шолпанында» Айман
* Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Баян
* т.б. 70-ке жуық рөлдерде ойнап, өзінің талант қуатын көрсетті.
Оның сахнадағы оттылығы, жігерлілігі, сергектігі көрерменді ерекше қызықтыратын. Дүйсекенова жан-жақты талғампаз өнер иесі. Өзінің сахнада сәнді жүре білуімен, ішкі мәдениеті арқылы әсем көрініс сыйлайтын даралығымен, қимыл мен сөз мәнерін қиыннан қиыстыратын тапқырлығымен таңдандыра білген табиғи талант.
## Дереккөздер |
Николай Григорьевич Чунтонов [22.5.1925, Шымкент қаласы (кейбір деректерде Қазан қаласы) – 17.6.1977, Мәскеу] – соғыс және еңбек ардагері. Кеңес Одағының Батыры (10.1.1944).
Шымкент қаласында зауытта жұмыс істеген. Жаяу әскер училещесінде оқыған. Украинаны азат ету барысында көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін батыр атағына ұсынылған. Хабаровск артиллереялік училещесін бітірді (1945). 1955 ж. аға лейтенант Чунтонов запасқа шықты. Құрылыс институтын бітіріп,Мәскеу қаласының Ленин ауданында бас архитектор болып қызмет атқарды. Ленин,Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қорғалжын қақтығысы - 1916-шы жылы Ақмола оязында болған ұлт-азаттық қозғалыс. 1916-шы жылы 7-ші шілдеден 5-ші қыркүйекке дейін созылған. Қорғалжын көлі төңірегі Ақмола облысындағы көтерілісшілердің ең көп шоғырланған аймағы болды. Бұл көтерілісшілерді патша әскері қатал жазалады (Ақмола көтерілісі). Нәтижесінде көтерілісшілердің көпшілік бөлігі патша өкіметіне бағынып, солдатқа адам беруге мәжбүр болды. Бағынғысы келмегендері Торғай уезіндегі Амангелді басқарған көтерілісшілерге барып қосылды.
## Дереккөздер |
Ақмешіттің ойрандалуы — Ресей империясы, Орынбор губерниясының әскери губернаторы (1833 — 42 және 1851 — 57) В.А. Перовский бастаған отрядтың Ақмешіт бекінісін (қазіргі Қызылорда қаласы) басып алуы. Ресейдің Орта Азиядағы саясатын дербес жүргізуге құқылы Перовский Қоқан хандығының бекінісі болып тұрған Ақмешітке 1853 жылы 2 шілдеде келіп жетті. Оның отрядында 2850 жауынгер, көптеген зеңбіректер т.б. қару-жарақтар болды. Генерал бекіністің Түркістанмен,Ташкентпен, Бұхарамен, Хиуамен, жергілікті мекендермен қатынас жолдарына қатаң бақылау орнатып, барлаушы топтар жіберді. Ақмешітке 400-ден астам сарбаз, зеңбіректер, қару-жарақ қоймасы болды. Жасақтарын жүзбасылар Бекбай, Құлбай, Қаңлыбай деген қазақтар мен Лепес есімді қарақалпақ басқарды. Тыңғылықты әзірліктен кейін 28 шілдеде генерал шешуші шайқас бастады. Оған қазақ сұлтандары Елекей (Ермұхамед) мен Мұхамеджан Баймұхамедовтің қарулы күштері де қосылды. Қорғанды алу кезінде 230 ақмешіттік қаза тауып, 77-і (35-і жаралы күйінде) тұтқынға түсті. Ақмешіттің ойрандалуы Ресей империясының Орта Азияны одан әрі отарлауына жол ашты. Ақмешіт генералдың құрметіне Перовск форты болып аталды (31.8.1853).
## Дереккөздер |
Шабыңдық бетеге (лат. Festuca pratensis) – астық тұқымдасының бетеге туысына көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50 – 130 см, сабағы тік, жапырағының ұзын 30 – 40 см, ені 3 – 6 мм. Ұзын 15 см, масағы 4 – 10 жасыл не күлгін түсті гүлді. Маусым – шілдеде гүлдейді. Тобыл-Есіл атырабында, Көкшетау, Зайсан, Мойынқұм, Түркістан маңы, Алтай, Жоңғар Алатауы, Қаратау, Батыс Тянь-Шаньда ылғалды шабындықтарда, өзен бойында, қайыңды орманда өседі. Шығыс бойлық – құнды жемшөп. Көктемде ерте көктейді, құрғақшылыққа төзімсіз, су басқанға, суыққа шыдамды. Жеке өзін еккенде гектарынан 50 ц пішен, 160 – 180 ц көк шөп түседі, 100 кг пішенінде 60,2 азық өлшемі, 4,2 кг қорытылатын протеин, көк шөбінде 22,3 азық өлшемі, 2 кг қорытылатын протеин болады. Мал жайылғаннан кейін және шашқаннан кейін тез көктейді.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Ишанбазар мешіті — сәулет өнері ескерткіші. Мешітті 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Мәді Қарының бабасы, Бұхара қаласында 30 жылдан аса діни сабақ алып, ишан деген құрметті атты иеленген Егемберді салдырған. Мұнда алғашқы кезден-ақ заманына лайық діни, қоғамдық, мәдени іс шаралар ұйымдастырылған. Апта сайын жұрт базарға жиналған. Мерекелерде күрес, бәйге сияқты ұлттық ойындар тамашаланған. Ескерткіштің «Ишанбазар мешіті» аталуының себебі осында. Кейінірек жергілікті рудың атымен «Аққойлы медресесі» делінді. Кезінде халық ақыны Нұралы Нысанбайұлы шәкірт шағында осы медреседе дәріс алғандықтан, «Аққойлы мешіті» біраз уақыт «Ақын мешіті» атанды. Ишанбазар тарихи-сәулет ескерткішінің ұзындығы – 34, ені – 20, биіктігі – 18 м. Қабырғаларын қалауға тік бұрышты, күйдірілген шаршы кірпіштер қолданылған. Он төрт күмбезден тұратын ғимарат Иран, Орта Азия сәулет өнері үлгісімен салынған «Жәми» мешіттеріне ұқсайды. Мұнда жұма, айт намаздары оқылатын болған. 20 ғасырдың 40-жылдары орталық күмбез басындағы күміс айшықты біреулер алып кеткен соң үлкен күмбез опырылып түскен. Қасбеттегі күмбездер тобы да жапырылған, бүйір тұстағы күмбездер ішінара бөлінген. Құрылыстың дәл ортасындағы бес күмбезді қысқы залдың бітімі – тең шаршы. Күмбездердің астыңғы жағынан сегіз қырлы арықшалар оймышталған. Ішкі қабырғалары тік бұрышты жіңішке сызықтармен шаршыланып, белдеушелермен, өсімдік тәрізді өрнектермен безендірілген. Сәулет өнерінің бұл туындысын зерттеушілер қатарында ғалым Г.М. Камалова, жазушы З.Қыстаубайұлы бар. Ұжымдастыру кезеңінде кірпіштері тоналды, қараусыз қалған ғимарат кейіннен тауық қораға, шошқа қораға, тыңайтқыш қоймасына айналды. Талапайқа түскен өнер туындысын қалпына келтіру ісін алғашқылардың бірі болып ауыл мұғалімі К.Елтайұлы қолға алды. Әуесқой өлкетанушы өз шәкірттерімен, олардың ата-аналарымен күш біріктіріп, ғимаратты сым шарбақпен қоршап, іші-сыртын тазалап, келушілер қызыға тамашалайтын орынға айналдырды. Ишанбазар мешітінің ғимаратын қайта қалпына келтіру қажеттігі жөніндегі мақалалар 1968 жылдан бастап әр түрлі басылымдарда жарық көре бастады. Бөген аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ж.Қожабаев, халық депутаттары аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы С.Әлібеков, аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі Т.Балабеков, аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі С.Әубәкіров, т.б. азаматтардың қолдауымен 1986 жылы мешіт құрылысын қайта қалпына келтірудің жобасы жасалып, жергілікті бюджеттен 1 миллион 272 мың сом бөлінді. Түркістан қайта жаңғырту шеберханасының телім бастығы Б.Ташқараев бастаған топ жөндеу жұмысына 1989 жылы кірісті. Шымкент қаласындағы кәсіпкер Мұсаев Шүкірәт Ергешұлы 2001 жылы өз қаржысына Хорезм қаласынан ұсталар мен кірпіш алдырып, біршама игілікті іс тындырды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы ғ171 қаулысымен республикалық бюджеттен Ишанбазар мешіті ғимаратын толық жөндеуге 16 млн. теңге бөлінді. Қалпына келтіру жұмыстарын Ә.Халилаев бастаған топ жүргізді.
## Дереккөздер |
Теңдібай Солдатбайұлы Көшеров (7.4.1944 жылы туған, Қызылорда қаласы) – ғалым-физик, профессор. КСРО және Қаз КСР-і білім беру ісінің үздігі.
Қызылорда педагогика институтын бітірген (1967). 1967 – 91 жылдары институт комсомол комитетінің хатшысы, доцент, физика-математика факультеті деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі, 1991 – 96 жылдары Қызылорда гуманитарлық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, 1996 – 98 жылдары университеттің физика кафедрасының меңгерушісі, 1998 – 2000 жылдары ҚМУ-дың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, 2000 – 01 жылдары Қазақ білім академиясының академик-хатшысы, кәсіби білім беру институтының директоры қызметтерін атқарған. 2001 жылдан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыңпрофессоры. Негізгі ғылыми еңбектерінің бағыты қатты денелердің физикалық дамуы – қышқыл беттеріндегі [гетерогендік процестердің радиация физикасының болашағына арналған. Көшеров 100-ден аса ғылыми еңбек жазған.
## Дереккөздер |
Шағансай – Талас алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Созақ ауданы жерімен ағады.Ұзындығы 53 км, су жиналатын алабы 601 км2.
## Бастауы
Қаратаудың солтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Мойынқұм құмының оңтүстігіне жетпей тартылып қалады.
## Гидрологиясы
Жоғары бөлігі тау аралығында тар шатқалмен ағады, төменде кеңейеді. Негізінен қар суымен толығады. Көктемде тасып, жазда иірімдерге бөлініп қалады. Орташа су ағымы жазыққа шыққан тұсында 0,16 м3/с, лайлылығы 200 — 400 г/м3. Суы мал суаруға пайдаланылады, алабы — жайылым.
## Дереккөздер |
Қанатбек Шағатаев (1967 жылы туған, Кентау қаласы) – боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Алғашқы бапкерлері К.Нәдірқұлов және Қ.Мырзақұлов, кейіннен Н.Сафиуллиннің жетекшілігімен жаттыққан. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік унверситетін бітірген (1993). Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы (1991, Мәскеу), Әлем кубогінің күміс жүлдегері (1994, Бангкок, Тайланд), 12-Азия ойындарының жеңімпазы (1994, Хиросима, Жапония), Азия чемпионы (1994, Тегеран, Иран). Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
## Дереккөздер |
Бақыт Қалсапарқызы Шадаева (1970 жылы 12 қаңтарда Түркістан облысы Мақтаарал ауданында туған) — эстрада әншісі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2005). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (1997). Мақтаарал ауданының құрметті азаматы
## Жалпы мәліметтер
Алматы эстрада студиясын бітірген (1989). Өнердегі жолы 1988 жылы басталды. «Жас жігер» байқауына қатысқан жас әнші лауреат атанды. Студияны бітірген соң мемлекеттік «Гүлдер» ансамбліне жолдама алды. Осы жылдары ол бірнеше халықараралық, республика конкурстарға қатысып көзге түсті. «Юрмала-89», «Жас қанат» (1994) конкурстарында дипломмен марапатталды. Мальта Республикасында өткен «Мальта әуендері» ән байқауында лауреат болып, таңдаулы шетел әншісі атанды. Ол Қазақстан және шетел композиторларының әндерін, сондай-ақ халық әндерін де орындайды. Шадаева шырқаған «Аңса жаным», «Жауын», «Алматым – сұлу астанам», «Достарым», «Өмір – арман» әндері кеңінен танымал. Әнші Қытай, Германия, Франция, Италия, Ресей, Түркия және басқа елдерде өнер көрсетті. 1994 ж. «Сазген» этнографиялық ансамблімен бірге таяу және алыс шетелдер жұртшылығы алдында ән шырқады.
## Марапаттары
* 1997 жылы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты
* 2001 жылы «Азия дауысы» конкурсының жеңімпазы
* 2005 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріқұрметті атағы берілді.
* Түркістан облысы Мақтаарал ауданының құрметті азаматы. |
Ақсүйек – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы өзен. Ұзындығы 70 км, алабының ауданы 621 км2
## Бастауы
Шу- Іле суайрығындағы Айтау жотасынан басталып, Қошқарбай сорына жетпей жерге сіңеді.
## Гидрологиясы
Ерте көктемде (наурыз айында) тасиды. Жазда қарасуларға бөлініп қалады. Суы көрмек, тек мал суаруға жарамды.
## Дереккөздер |
“Ақмола” — Ақмола облысына арналған энциклопедиялық басылым. “Қазақ энциклопедиясының” Бас редакциясы әзірлеген. 1995 ж. “Атамұра” баспасынан орыс тілінде жарық көрді.
Республика Президенті Н. Назарбаевтың алғы сөзімен ашылды. Көлемі — 43,6 б. т., таралымы — 100 мың дана. Басылым түрлі-түсті суреттермен, деректі құжаттармен безендірілген.
Кітап шартты түрде үш бөлімнен құрастырылған. Оның алғашқы бөлімі облыс табиғаты мен табиғи ресурстары, халқы, экон-сы, архит-сы, білім беру ісі, ғылым және ғылыми мекемелері, денсаулық сақтау ісі, физкультура және спорт, әдебиеті мен өнері, шетелдермен экономик. және мәдени байланыстары туралы жан-жақты мағлұматтар береді. Екінші бөлімге Ақмола қаласы мен облыс құрамына енетін барлық аудандар бойынша өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық мекемелері, селолар мен поселкелер, жоғары және арнаулы білім беретін оқу орындары туралы материалдар топтастырылған. Ал соңғы бөлім алфавиттік есімнамаға арналған. Мұнда Абылай ханнан бастап Ақмола топырағында бұрын-соңды өмір сүріп, қызмет атқарған көрнекті мемлекеттік қайраткерлері, батыр-билер, ақын-жазушылар, әнші-композиторлар, ғалымдар мен өнер адамдары, 2-дүниежүзі соғыс қаһармандары мен еңбек ерлерінің өмірімен таныстырады.
## Дереккөздер |
Ақсүйек — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл (2013 жылға дейін кент), Ақсүйек ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Мойынқұм ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 128 км-дей жерде, Алматы-Қарағанды автомобиль жолының Ақсүйек өзенімен қиылысқан тұсында, шөлді белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1959 жылы осы маңда уран кен орнын игеруге байланысты қаланған. Жақын темір жол стансасы - Бурылбайтал (65 км жерде).
## Инфрақұрылымы
Кентте орта мектеп, клуб, кітапхана, дәріхана бар.
## Дереккөздер |
Ақмола — қола дәуірінен сақталған зираттар тобы.
Павлодар облысы Ақсу қаласынан оңтүтік-шығысқа қарай 7,5 км жерде Ақсу өзенінің солтүстік жағасында орналасқан. Барлығы топырақ үйілген 46 зират. Зерттелген 24 обадан 43 қыш ыдыс, оюлы қола алқалар, жарты шарлы, шеңбері тесік дөңгелек қола және төртбұрышты сүйек қапсырмалар, қола пышақтар мен инелер, алтын әшекейлер табылды. Олардың Андронов мәдениетінің Нұра кезеңіне қатысты екені анықталды. Ақмола қышы — Нұра кезеңінің ерекшеліктеріне сәйкес түбі тегіс, бүйірі біркелкі шығарылған ыдыстар, ішінара “банка” үлгісімен жасалған көзелер. Ленталық техникамен жасалып, ашық отқа күйдірілген қыштың құрамында дресва, шамот секілді арнайы құрғатқыш қоспалар бар. Ақмола зиратының жерлеу ғұрпы, құрылымдық сипаты Андронов мәдениетіне қатысты басқа ескерткіштермен салыстырғанда өзгешелеу. Олар қоршаусыз, топырақтан үйілген, мәйіттер орта деңгейінде ағаш жабуы бар арнаулы кертпіштерге қойылған қарапайым топырақ қабірлер. Ақмола зираттары заттай дерегі жағынан Орталық Солтүстігі Қазақстан жәдігерлеріне жақын, ал жерлеу ғұрпы (құрылымдық) Шығыс Қазақстан өлкесіне ұқсас. Бұл ескерткіштер Қазақстанды мекендеген ежелгі тайпалардың қоныстану ерекшеліктерін, олардың әртүрлі деңгейдегі байланыстарын және өзара мәдени ықпалдарын көрсетеді.
## Дереккөздер |
“Ақтабан шұбырынды жырлары” — 18 ғасырдағы жоңғар басқыншылығына орай туған тарихи жырлар. ҚР ҒА қолжазбалар қорында олардың бірнеше нұсқалары сақталған.
* “Ақтабан шұбырынды жайында ақын Топыштың сөзі”. 1958 ж. М.Мағауин мен Ә. Кекілбаев Шымкент облысы Түркістан жерінен жазып алған. Айтушысы — Ә.Байтұрсынұлы;
* Н. Кенжеғұлұлының “Шұбырынды ақтабан” атты төлтума поэмасы. 1940 жылы Арал эскпедициясы кезінде С. Ахметов жазып алған. Көлемі 1400 жолға жуық 7-8 буынды жыр өлшемімен өрнектелген бұл дастанын Кенжеғұлұлы 1923 ж. жазған. “Мәуірт күнім туғанда”, “Алғашқы тіршілік”, “Түрік туралы аңыз”, “Қазақтың бөлінуі”, “Шұбырып босқан қиындық туралы”, “Қазақтың елдікке бірігуі”, “Шаруалар мен байғұстардың көрінуі”, “Орыстың Сырға келуі”, “Байғұстардың оянуы мен патшаның тақтан құлауы” секілді тараулардан құралатын дастанның қамтыған оқиғаларының ауқымы кең;
* Арал өңірін мекендеген Жәмет жырау нұсқасы. Жыр 1945 ж. алғаш хатқа түсірілген, айтушысы — белгісіз. Көлемі шағын. “Ақтабан шұбырынды жырлары” атауымен топталған бұл шығармалардың барлығы да ҚР ҒА Орталық ғыл. кітапханасының қолжазбалар қорында сақтаулы (№ 144, 505 папка). Жинаушылары мен зерттеушілері — Б. Омаров, Ә. Суханбердин, Ә. Оспанов, Н. Мамажанұлы, Ә. Қоңыратбаев т.б.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 |
Қазақстанның халық ақыны - қазақ поэзиясын дамытуға зор еңбек сіңірген және елдің қоғамдық өміріне белсене араласқан ақындарға берілетін құрметті атақ. 1948 жылы белгіленген. Бұл атақты республикада алғаш алған ақындар:
* Т.Көбдіков (1954),
* К.Әзірбаев (1961),
* Қ.Жапсарбаев (1961),
* Ү.Кәрібаев (1961),
* Ғ.Игенсартов (1962),
* Н.Ахметбеков (1963), т.б. 1999 жылдан бастап бұл атақты беру тоқтатылған.
## Дереккөздер |
Ақсүйек — қоғамдағы әлеуметтік топ. Дәстүр бойынша “қара халыққа” үстемдік етуші таңдаулы әулеттердің өкілдері Ақсүйек саналған.
Ақсүйектердің бұқарадан бөлек айрықша құқықтары мен артықшылықтары болған. Мемлекеттік билік Ақсүйектер қолына берілген. Өркениет жемісін де солар пайдаланған. Қазақтар “текті”, “бекзат”, “бек” лауазымын иеленген кісілерді асыл Ақсүйек деп құрмет тұтқан. Қазақ тарихында Шыңғыс ханның ұрпақтары — хан, сұлтандар Ақсүйек саналып келді. Олар төре аталып, халықтың ерекше ілтипатына бөленді. Патшалық Ресей өкіметі Ақсүйектердің ықпалын шектеді, ал Кеңестік дәуірде Ақсүйек әулетінің өкілдері саяси қуғынға ұшырап, жапа шекті. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы Ақсүйек ұғымы әлеуметтану ғылымындағы “аристократия”, “элита” ұғымдарына жақын келеді.
Ақсүйектер — Аристократ сөзінің қазақы мағынада айтылуы. Қазақта "сүйек" адам тегінің асыл, не қарапайым болуының символ сөзі ретінде қолданылған. Әдетте тегің кім дегенді кейде "сүйегің қайсы ел" деп те айтатыны бар. Қазақтың дәстүрлі сөздерінде "ақсүйек", "қарасүйек", "сарсүйек" деген сөздер кездеседі. Қара сүйек бұл қарапайым адамдар. Сары сүйек деген бұл құдандалы байланысты көрсетеді. Ал, Ақсүйек деген арғы атасынан қаракөктің тұқымы дегенді білдіреді. Қазақта Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тараған Төрелер сондай Ақсүйектер ретінде Қазақ хандығы кезінде елді билеу құқын өз қолына алған болатын. Ақсүйектер қара қазақпен араласуда белгілі шек қойды. Мысалы өздерін пайғамбардан тарататын Сейіттер әулеті әртүрлі әлеуметтік жіктерден қыз алғанымен, өз қыздарын басқаларға бере бермеген. Өйткені сейіт қызынан туған бала, ата-тегіне қарамай, Мұхаммед пайғамбар әулеті сейіттердің барлық құқығы мен артықшылығына ие болып отырған. Сейіт болу қурметі қымбат бағаланғаны, олардың өз қатарына өзгені жолатпауға тырысқаны соңшалық, XVIII–XIX ғасырларда тіпті Шыңғыс тұқымына жатпайтын Түркістан билеушілерінің кейбірі өз ұрпақтарының дәрежелері мен құрметті теңеулеріне «сейіт» деген жоғары атақты қосу үшін Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар әулетінен зорлықпен қыз алып отырған деп жазады тарихшы Т.И.Султанов.
Қожалар кейбір жорамал бойынша, Мұхаммед пайғамбардың ең жақын серіктері, төрт әулие халифтің (Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли) оның Мухаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың қызы Фатимадантуған балаларынан басқа) ұрпақтары деп саналатын адамдарға берілген. Тағы бір болжамда олар ортаазиялық қосөзен Әмудария мен Сырдария аралығы (Мәуереннахр) мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алған (VIII ғасыр) алғашқы арабтардың ұрпағы деп аталады (толығырақ қ. Қожа; Сейіт).Әлеуметтік пирамиданың үстіңгі қабаттарына шығып, әртүрлі артықшылықтармен пайдаланған. Сонымен, қазақ қоғамының жоғары әлеуметтік жігі болған Шыңғысхан нәсіліне жататын төрелер, оның ішінде хан, сұлтандардың араб нәсілді сейіттер мен қожалардың сауатты білімді болғаны олардың арасында оқымысты адамдардың көп шыққаны жазба деректерден, ауызша тараған әпсаналардан айқын байқалады.
М.Михайлов келтірген дерегі бойынша аксүйектер, оқып және жаза білген сауатты жоғары топ деп саналған. Сондай-ақ, ақсүйектер жолын жалғастырушы балаларының сауатын ашу мақсатында алдымен молдадан дәріс алған.Ақсүйектердің саяси, әлеуметтік құқығында артықшылықтар болды. Айталық, әдет-ғұрып құқығында ақсүйектердің артықшылықтары арнайы белгіленді: қожаны өлтіргені үшін 3000 қой, ал төрені, сұлтанды өлтіргені үшін 7000 қой құн төленді, ал ханның құны қарапайым жеті қазақтың құнына тең болды. Негізгі уәж хан жеті рудың немесе жеті ру тармағының әміршісі екендігі.
Ақсүйектер өкілдері қазақтың XVIII ғасырға дейін олар қазақ қоғамында хандық билікті иеленіп, қоғамдық-саяси өміріне үстемдік етті. XIX ғасырдың 1-жартысында қазақ жерін патшалық Ресейдің отарлауына байланысты хандық билік жойылып ақсүйектер ұрпақтары қалың бұқарамен етене араласып кетті.
Қазақтың хандық билігі ақырласып, рулық жүйесі сақталса да бұрынғы сипатынан өзгергені себепті қазір Ақсүйек ретінде бағалау сезімі негізінен жоғалды. Ол тек тарихи сананың бұрынғы бір нұсқасы ретінде ғана айтылады.
## Дереккөздер |
Ақмола, Жетісу, Семей, Орал және Торғай облысы қазақтары өкілдерінің кеңесі — Ресей патшасының бұратана (қазақ, өзбек, қырғыз т. б.) халықтардың 19-43 жастағы азаматтарын майдан тылының қара жұмысына алу туралы жарлығынан (25.06.1916) туындаған мәселелерді талқылаған кеңес. “Қазақ” газетіне топтасқан зиялылардың бастамасымен 1916 жылы 7 тамызда, Орынборға шақырылды. Стихиялы түрде басталған қарсылық әрекеттерге көзқарасты айқындап, қантөгісті болдырмау үшін ел ішіндегі жағдай жалпықазақтық жиында талқылануы қажет деп есептеген Ә. Бөкейханов 7 шілдеде Кеңес өткізуді сұрап, Торғай генерал - губерниясына жеделхат жолдады. Кеңес Бөкейхановтың төрағалығымен (хатшылары М. Дулатов, О. Алмасов) өтті. Кеңеске қатысушылар патша жарлығының алдын-ала жарияланбай, тосыннан берілгенін, оған халықтың дайын еместігін, жергілікті әкімдердің қиянатын атап көрсетті. Әр елге шыққан әскерді қайтару, халық өкілдерінің кеңесін өткізіп, мән-жайды түсіндіру, қазақ жігіттерін қара жұмысқа жіберуді мүмкіндігінше кешеуілдету, бұған дейін алынғандар мен олардың отбасыларына мемлекеттік тарапынан жеңілдіктер жасау жолдарын қарастыру қажет деп шешті. Ресей үкіметіне 17 тармаққа негізделген талап-тілектерін ұсынды.
## Дереккөздер |
Шығырлықұмды – Ойыл алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Темір ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 71 км, су жиналатын алабы 1300 км2.
## Бастауы
Бородиновка ауылының оңтүстігіндегі бұлақтардан басталып, Сарытоғай елді мекенінен жоғары Ойыл өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары орта, төменгі бөлігінде кең. Батыс жағасы тік жарлы, шығысы көбіне жайпақ. Жауын-шашын, аздап жер асты суымен толығады. Шағын бірнеше саласы бар. Алабы – жайылым, жайылмасы – шабындық.
## Дереккөздер |
Ақтай кесенесі — Сарысу өзенінің төменгі жағында, Телікөлдің маңайында, Жезқазған — Қызылорда автомобиль жолынан 40 км жерде 1928 жылы күйдірілген кірпіштен салынған сәулет ескерткіші.
Кесененің композициясы 19 ғасырдағы Сарысу бойындағы сәулет ғимараттары сияқты бір-біріне жалғастыра салынған күмбезді екі бөлме түрінде. Екі бөлік те шаршы жобада, үлкені көрхана, екі белдеу түрінде қаланған және әр белдеу кемерлене шығарылған. Ортасында маңдайшасын әшекейлеген кіретін ойығы бар кіші бөлік екі деңгейде салынған. Төменгі деңгей көрханаға баратын жол есепті, жоғарғы деңгей зияратхана. Күмбез параболик. пішінде, үлкен күмбез цилиндрлік барабанның үстіне орнатылған, оның жоғарғы жағында кірпіш арасына бірге қаланған екі қатар ағаш ұштары көрінеді. Осы өңірге тән ескерткіштерде кездесетін бұл ағаштардың мәні әзір анық емес. Кесененің қас беті әртүрлі мәнерлі қалаумен және әртүрлі дәрежеде күйдірілген кірпішпен ромб түрінде әшекейленген. Шаршы тағаннан шеңбер пішіндегі күмбезге көшу кесене бұрыштарын кеміте қалау арқылы жүзеге асырылған және осы деңгейде көрхананың бұрыштары шығыңқы тік шаршы қалаумен байланған, ал әр бетінің орта тұсына арка тектес қуыс жасалған. Кіші бөліктің кіре беріс төменгі деңгейі таға тектес етіліп, дөңестеліп жабылған. Кіре берістің сол жағында қабырға арасына кесене төбесіне, одан әрі кіші күмбез астындағы зияратханаға апаратын баспалдақ орнатылған. Бөлмелер әктелмеген.
## Дереккөздер |
Ғали Бақытжанұлы Қайыров (1946 жылы туған, Атырау қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996).
Уфа мұнай инcтитутын бітірген (1972). Маңғыстау гидрогеол., Қарақия мұнай барлау экспед-нда, «Маңғыстаумұнай» өндірістік бірлестігінде, Маңғыстау барлау-бұрғылау басқармасында, «Маңғыстаумұнайгазбарлау» кешенді экспед-нда жұмысшыдан бас инженер, басшыға дейінгі еңбек жолынан өтті (1960–1988). «Атыраумұнайгазгеология» өндірістік бірлестігінде бас директор (1988–1995), «Мұнайгаз» мемлекеттік холдинг компаниясы тех. бас басқармасының бастығы (1995–1997) болды. 1997 жылдан «Мұнай» ғылыми-өндірістік орталығында вице-президент, «ҚазТрансОйл» компаниясында департамент бастығы қызметін атқарады. 80-нен астам ғыл. жарияланым мен 3 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Әуезхан Сейтмағамбетұлы Күлімбетов (4.5.1964, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті) – стоматолог-ғалым, медицина ғылымдарының кандидаты (1999).
Алматы мемлекеттік медицина институты (Қазақ ұлттық медицина университеті) стоматология факультетін бітірген (1986). 1986 – 88 жылдары Ақтөбе облысында стоматология емханасында тіс дәрігері, 1989 – 2001 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында комсомол комитетінің хатшысы, ассисент, ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет жасады. 2001 жылдан AS – DENT стоматологиялық клиникасында директор.
Негізгі ғылыми жұмысы тіс ауруларын емдеуге арналған. Ол Арал маңында тұратын тұрғындардың ағзасына тіс протезіне қолданылатын металл қорытпаларының тигізетін әсерін зерттеді. Күлімбетов – Қазақстанда кандидаттық жұмысын (стоматология саласында) қазақ тілінде қорғаған тұңғыш ғалым. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі белгісімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Күйікқала – көне қала орны. Жаңадария мен Қуаңдария өзендерінің аралығында, Жанкент қаласынан 18 – 20 км жерде орналасқан. Күйікқала археологиялық ескерткіштер қатарына жатады. 1946 жылы С.П.Толстов басқарған Хорезм экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізген.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Юлдуз Абдоллақызы Хайырова (20 ақпан 1925 жылы туған, Ресей, Саратов облысы Лопатинский ауданы – 2004 жыл, Қарағанды қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1971), профессор (1972).
## Өмірбаяны
* Алматы мемлекеттік медицина институтын (1950, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген.
* Қарағанды облысы дәрігерлік дене шынықтыру диспансерінің бас дәрігері (1950–1953);
* 1953 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина институтында (Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
* 80-нен астам ғыл. жарияланым мен 6 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Шымтопырақ– өсімдік қалдықтары, тамыры, өркендері тұтасып өскен топырақтың беткі қабаты. Топырақтың бұл түрі күн сәулесі жеткілікті және жауын-шашын мол түсетін аймақтарда түзіледі. Мысалы, далалық аймақтың тың және тыңайған жерлері, сай-сала, су жайылатын шабындықтар мен жайылымдар, батпақты жерлер, көп жылдық шөп егілетін егіс алқаптары, тағы басқа шымтопырақтың құрамында органикалық заттар мол болады. Түзілу процесінің ерекшелігіне байланысты шымтопырақ. бірнеше топқа бөлінеді. Шымды-карбонатты шымтопырақтың шірінді қабаты 10 – 15 см, кейде 30 – 40 см, қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты және аралас жапырақты орман белдемінде карбонатты тау жыныстарынан (әктас, бор, доломит, т.б.) түзіледі. Шымды-күлгін шымтопырақ. шым түзілу және күлгіндену процесі нәтижесінде пайда болады. Шірінді қабатының қалыңдығы әр түрлі. Ол ауа райы қоңыржай белдемнің орманды аймақтарында кездеседі. Шымды-литогенді Шымтопырақ шым түзілу процесі күшті, топырақ түзетін тау жыныстары мол тайгалы орман белдемінде түзіледі. Шірінді қабатының қалыңд. 30 – 40 см. Шымтопырақ қысқа түренді соқамен жыртылады.
## Cілтемелер
Қазақ энциклопедиясы, 9 т. |
Сабырбай Қырықбайұлы (15.12.1947 жылы туған., Ордабасы ауданы Темірлан ауылы) – ғалым, ауыл шаруашылық ғылымының докторы (1997), профессор, Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтытын бітірген (1972). 1972–98 жылдары осы институтта қызмет атқарды. 1998 жылдан Қазақ Ұлттық аграрлық унститутінің малдәрігерлік-санитарлық сараптау және гигиена кафедрасында профессор. Қырықбайұлы жоғары оқу орындары үшін алғаш қазақ тілінде шыққан 3 оқулықтың авторы. Қазақстанда «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша мамандар даярлауға арналған мемлекеттік стандарттық, үлгі оқу жоспарын, негізгі пәндердің үлгі оқу бағдарламасын жасауға жетекшілік еткен. 100-ден астам ғылыми-әдістемелік мақалалары, 6 ғылыми нормативтік құжаттары, 2 монографиясы жарық көрген және бірнеше авторлық куәлігі бар.
## Сілтемелер |
Ақтамберді мазары — 18 ғ. архитектуралық ескерткіш.
Ақтамберді мазары Шығыс Қазақстан облысы Жүрекадыр п. шетінде Шыңғыстау тауында белгілі батыр, жырау Ақтамбердіге арнап тұрғызылған. Ескерткіш солтүстік шығыс және оңтүстік жақтарын қалмақпен соғыста шейіт болған Ақтамберді сарбаздарының бейіті тағама қоршап жатқан шағын дөңестің басында тұр. Алғашқы жобада 7,7 м х 6,3 м тікбұрышты көлемде кесек тасты балшықпен бекітіп салынған. Ол негізінен бұзылған соң 90-шы жылдарда жаңартылған.
## Дереккөздер |
Шымшуыр(фр. pincette) - қысқыш.
Операцияда, тіс емдеуде, протез салуда керекті ұсақ, (ине, бор, пульпэкстратор сияқты) заттарды қысып ұстауға арналған аспап. Шымшуыр - әр түрлі заттарды қысып ұстауға арналған құрал.
Ұсталар ұстайтын шымшуырдың негізгі бөліктері - басы, білігі, сабы. Оның басы жалпақ темірді қысып ұстауға қолайлы етіп жасалады. Басы мен сабына орнатылған білік (темір) шымшуырдың ашылып жабылуын қамтамасыз етеді. Оттан шоқ алуға арналған шымшуыр жұқа темірден жасалады. Ұзын темірді дәл ортасынан иіп бүктеп, иінге жақын жерінен сақина кигізеді. Ол серпінді темірді жазылып кетпейтіндей етіп ұстап тұрады. Шымшуырды іліп қою үшін оның бүгілген жеріне темір шығыршық өткізеді. Зергердің шағын шымшуыры- ұсақ металл түйіршіктерін, т.б. заттарды қысып ұстауға қолайлы, темірден соғылған серпімді аспап. Дәнекерлеген кезде зергерлер шымшуырмен жіңішке металл сымды иіп, бүршікті қажет орнына орналастырады.Шымшуырмен тарыдан да ұсақ металл түйірлерін оп-оңай қысып ұстауға болады.
## Дереккөздер |
ТАЗАБАҒИЯБ МӘДЕНИЕТІ – Аралдың оңтүстігіндегі Әмудария сағасын мекендеген тайпалардың қола дәуіріндегі мәдениеті (біздің заманымыздан 2-мыңжылдықтың ортасы – біздің заманымыздан 1-мыңжылдық). 1938 жылы Хорезм археологиялық экспедициясы (жетекшісі С.П. Толстов) зерттеу барысында алғашқы ескерткіштері ашылды. Қоныстары мен зираттарын Толстов, М.А. Итина, т.б. зерттеді. Ангка-5, Кават-3, Кокча-15, Кокча-16 қоныстарында жүргізілген қазбалар тұрғындардың үй салу дәстүрлерін, мекенжайларының таралу топографиясын анықтауға мүмкіндік берді. Халқы ескі арналардың алқаптарында су бойларына таяу жерлерге қоныстанған. Үйлердің орташа ауданы 100 м2, жеркепе түрінде салынған. Жер үстіндегі екі қанатты шатырлары бөлменің ортасындағы ірі бағаналарға тірелген. Оңтүстік Қазақстан, Орта Азия тұрғындарының осы күнге дейін сақталып отырған кейбір үй салу дәстүріндегі ерекшеліктері Тазабағияб мәдениеті қоныстарынан байқалады. Мәселен, Кокча-15, Кокча-16 қоныстарындағы үйлерді айван, сөре сияқты элементтермен толықтырған. Мұндағы төртбұрыш пішіндес, аласа қабырғалары ағаштан тұрғызылып, қамыспен өріліп, балшықпен салынған үйлердің есігі оңтүстік кейде шығыс жақтан шығарылған. Үйдің кіре беріс алдындағы дөңгелек айваны есікпен ені жіңішкелеу келген ұзынша дәліз арқылы жалғасады. Адамдар тынығатын сөре іргелерді бойлай салынған, олардың жалпақтығы 2,5 – 20 см. Кокча-3 зиратынан барлығы 100-ден астам қабірдің 74-і қазылған. Біздің заманымыздан 1-мыңжылдықтың 2-жартысына қарай Тазабағияб мәдениеті дамуы тоқтап, тайпалары басқа археологиялық мәдениеттің, яғни басқа этностық топтың құрамына кірді. Тазабағияб мәдениет тайпалары мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан. Суару жүйелері мен егістік орындары қоныстар маңына орналасқан. Заттай деректердің негізгі тобын қыш ыдыстар құрайды, көптеген шаруашылық-тұрмыстық бұйымдар, түрлі әшекейлер табылған. Мәдениеттің даму жолдары, әсіресе, оның қалыптасуы мен шығу тегінің ерекшеліктері Еуразияның далалық қола мәдениеттерін зерттеудегі өзекті, күрделі мәселелерге жатады. Тазабағияб тайпаларының материалдық мәдениеті бірнеше өлкелік және мәдени ағымдардың бір арнаға тоғысуын көрсететін құбылыс. Қыш ыдыс, қола білезік, т.б. түрлі бұйымдардың сипатына қарағанда тұрғындары бұл алқаптарға солтүстіктен келіп қоныстанған. Ең алдымен Орталық Қазақстанның андрон және беғазы-дәндібай мәдениеттерінің аса үлкен ықпалы бар. Батыс Қазақстанға тән Қима мәдениетінің нышандары араласқан. Оңтүстіктен, Орта Азия мәдениеттерінен келген ықпалдар да бой көрсетеді. Бұлардың ішінде андрон мен беғазылық желі шешуші болғандықтан, ғалымдар Тазабағияб мәдениетінің негізін қалаған тайпалар Ақшадарияның оңтүстік сағасындағы алқаптарға біздің заманымыздан 15 – 14 ғасырларда солтүстіктен келіп қоныстанған деген пікірді ұстанады. А.И. Тереножкин, Ю.А. Заднепровский, Н.Г. Горбунова, А.Асқаров сияқты ғалымдар Тазабағияб мәдениетін үлкен андрон мәдениетінің жергілікті ерекшеліктерді бойына сіңірген ортаазиялық бір нұсқасы деп санады.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 8 том |
Ақмола облыстық мемлекеттік архиві — Ақмола облысының тарихына байланысты құжаттарды мемлекет сақтауға алған арнаулы мекеме. 1924 жылы қазан айында Ақмола уездік архиві болып құрылып, 1928 жылы округтік, 1932 жылы Ақмола ауданы 1939 жылы бастап Ақмола облыстық мемлекеттік архиві (1960 — 93 ж. Целиноград облыстық мемлекеттік архиві) аталды. Архивте облыстық, уездік, аудандық, болыстық ревкомдар мен Кеңестердің атқару к-ттерінің қызметін айғақтайтын 1917 жылдан бергі тарихи құжаттар жинақталған. Облыс жеріндегі кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық халық ағарту, заң қорғау, денсаулық сақтау және мәдени ағарту орындарының жұмысын айғақтайтын құнды деректер сақталады. Тың өлкесі (1960 — 65) кезіндегі бүкіл Солтүстік Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін сипаттайтын қорлар кешені бар. Архивтегі сақталған құжат саны 325 мыңға жуық (1998).
## Сыртқы сілтеме
* МҰРАҒАТТЫҚ ІС Мұрағатталған 8 маусымның 2011 жылы.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
Ақтан Ақайұлы (шамамен 1770, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Арықбалық ауылына қарасты Түлкіқашқан қонысы – 1854, Ақтөбе облысы) — халық батыры. Әлімұлы тайпасының Қаракесек бөлімінен. Жанқожа батырдың үзеңгілес серігі, оның Хиуа, Қоқан бекіністеріне жасаған жорықтарына қатысқан. 1842 жылдың қазан айында Хиуа хандығының Сыр бойы қазақтарынан ұшыр, зекет жинауға қойылған наибы Бабажан сарттың көне Жанкент шаһарының маңындағы бекінісі Бесқаланы аларда ерлік көрсеткен. Ақтан батыр бастаған қазақ сарбаздары қамалды қоршауға алып, Бабажанды қолға түсіріп, Жанқожа батырдың үкімімен жазалаған. Ақтан батырдың бейіті Ақтөбе облысы Берсүгір бекетінің батысына қарай 30–35 км қашықтықтағы Тебенсай деген жерде. Бұрынғы Арықбалық елді мекеніне Ақтан есімі берілген.
## Дереккөздер |
Ақтан Керейұлы (1850 , қазіргі Ақтөбе облысы Байғанин ауданы — 1912, сонда, Шибұлақ мекені) — ақын. Байұлы тайпасы Адай руының Жеменей бөлімінен шыққан.
Атасы Абдолла ел аузында аңыз болып қалған айтулы атбегі. Ақтан Абыл, Нұрым, Марабай дәстүрімен өлеңді қолма-қол шығарған. Ол Орынбор, Жайық, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Маңғыстау алқабындағы елдерді аралап, ақын, жырлаулармен кездесіп, жиын-тойларда той бастап, жыр толғайды. Нұрым, Қашаған, Қоспақ, Жаскілең, Нұрпейіс сияқты ақын, жыраулармен бір жүріп, өнер таратады.
Шығармалары — өмір мәні туралы филос., ақыл-нақылдық терме, толғаулар (“ Аяғына қан түссе”, “Біріншіден не жаман” т.б.), тұрмыс-салт тақырыбындағы жырлар (“Той бастар”, “Бата”). Ақтан адамгершілік пен адалдықты (“Біразырақ сөйлейін”, “Замана жайында”,“Тыңдасаңыз сөзімді”, “Қайыспас бұлан нар едім”) өз шығармаларына арқау етіп, ел мүддесі үшін күрескен батырларды (“Ерлік жыры”) жырлаған. “Қырымның қырық батыры” аталатын ерлік дастандардың бірқатары Атырау, Қарақалпақ аймағына Ақтан арқылы тараған. Қашаған, Нұрпейіс сынды ақындар бұл жырларды Ақтаннан үйренген. Ақтан жырлары ойнақы, ойлы да отты бейнелі сөздерге бай. Қазақстан, Орта Азия өңірлеріндегі жыршы, термешілер ақын жырларын “Ақтан сазы” дейтін өзіндік әуенмен орындайды.
Оның өлең, толғаулары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), Ақберен”(1972), “Өсиет-нама” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1985 — 1989), “Жыр-Дария” (1995), “Абыл, Нұрым, Ақтаным” (1997) жинақтарында жарық көрген.
## Дереккөздер |
Қырық Қыз – көне тарихи, табиғи ескерткіш. Ескерткіш Қазығұрт аймағында екеу. Көп замандардан бері табиғаттың өзі жаратқан киелі ескерткіш болып саналады. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, бұрынғы жаугершілік заманда жау шапқыншылары елден тысқары Қарабау суына шомылып, алаңсыз серуендеп жатқан 40 қызды көріп, соңдарынан қуса керек. Сонда қыздар құдайға «Елімді, жерімді жауға таптатқанша, мына жауды да, бізді де тасқа айналдыр!» деп жалбарынған екен дейді. Қыздардың тілегі қабыл болып, жау әскері қара тасқа айналады. Ол жер қазір Қаратас деп аталады. Ал қыздар әсемдене тізілген қайталанбас ескерткішке айналған деседі. Бұл ескерткіш тасмүсіндер Тұрбат ауылының солтүстік-шығысындағы Аққұм өзенінің бастау алар жерінде. Ауылдан 5–6 шақырым жердегі сарқырама жардың қасында. «Қырық қыз» деп аталатын екінші тас мүсіндер Өгем қойнауына түсе беріс жерде – Қазығұрт тауының Шығыс мүйісінің («Орда қонған») оңтүстік-шығысында 4–5 шақырымдай қашықтықта. Етегінде Өгем өз. ағып жатқан Өгем қойнауына түсе беріс жер күрт ылдилап кететін бұралаң жолға айналады. Тас мүсіндер осы мүйістердің бірінде. Аңыз бойынша бұл тасқа айналған қырық қыздың бейнесі. Мұнда да жаугершілік заманы тілге тиек етіледі. Бір ерекшелік – осы тас мүсіндер маңында алшақтау тұрған жеке тас-мүсін бар. Оны жұрт «Күйеу тас» деп атайды. Осыған қарағанда бұл жолы қыздар күйеу жігітті ертіп барып, Қазығұртқа сыйынып келе жатқан болса керек. Олар көз ұшында көрініп тұрған етектегі ауылға жете алмай, тас мүсінге айналған. Ел осы араны қасиетті орынға санап, қастерлеп жүреді.
## Сілтемелер
## Тағы қараңыз
* Жиен жырау |
Халиф, халифа (араб.: خليفة — наменгер, орынбасар) — мұсылман қауымындағы ең жоғарғы атақ (дәреже) түрі. Әр кезде бұл сөздің мағынасы әр түрлі болып сараланды:
* ) Алла елшісінің (сау) орнын басушы, мұсылман қауымының басшысы. Құран Кәрімде адамды Алланың жер бетіндегі әміршісі, Құдайды танып, оған жақындаудың мүмкіндігіне ие жаратылыс деп біледі. Мұсылман қауымына Әбу Бәкір басшылыққа сайланғаннан кейін Халифа терминдік мәнге ие болды. Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың ең жақын, алғашқы төрт халифасын (Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли) сүнниттер “әулие халифалар” деп таныды. Олардың өмірі мен ісі мұсылманға үлгі-өнеге болып саналды.
* ) Cопылықта бауырластықтың негізін салушыға немесе тармақ басшысының тікелей ізбасарларына берілетін атақ. Олар бауырластықтың рухани ұстазы болуымен қатар, силсилиа сабақтастығын жалғастырушы, тариқат басшысымен, сол арқылы пайғамбармен жалғастықтағы адам болып саналды.
## Тарихы
Халифат сөзі халифтің атағы деген мағынамен қатар, Мұхаммедтен кейінгі оның «халифтерінің» (наменгер) басшылығымен жаулаушы арабтар құрған мемлекет деген мағынаны да білдіреді. Батыс тарихнамаларында Араб халифаты өмір сүрген жылдарды (630 — 1258 жылдар), сондай-ақ кейінгі ислам мәдениетінің гүлденген ғасырларын «Исламның алтын ғасыры» деп атайды.
Халиф белгілі бір шешім, үкім шығарарда және умма мүдделерін шешуде шариат заңдарына бағынады. Сондай-ақ Халифат жүйесінде биліктің мұрамен берілуі қарастырылмайды, керісінше байа (ант) — халифті таңдау әдісі болып табылады.
Умәйя және Аббас әулеттері үшін халиф – билеушінің бойына рухани және зайырлы билікті біріктіретін, сонымен қатар мұрагерлік жолмен берілетін атақ (титул). Мәмлүктер сұлтандығында халиф зайырлы билікті сұлтанға жүктеп, тек рухани көсем болып табылатын.
## Халифтер әулеті
Халифтердің көбісі исламның сунниттік бағытын ұстанған. Сүнниттер Мұхаммедтің Аллаһтың қалауымен пайғамбар болғандығына сенеді, сондықтан Мұхаммед өзінің қасиетті қызметін мұра етіп ешбір ізбасарына қалдыра алмайтындығын айтады.
### Умәйя әулеті
### Аббас әулеті
### Фатима әулеті
### Османлылар
Ұлы Османлы Мемлекеті ыдыратылуы 1924 жылы халифтердің үзілмейтін тізбегінің жалғасуын тоқтатты.
### Хиджаз
Османлы Империясының құлауынан кейін Мекке шерифі Хусейн ибн Әли әл-Хашими бір жыл халиф болды.
## Халифке қойылатын талаптар
* Сунниттердің пайымдауы бойынша мұсылман қоғамының кез-келген мүшесі нәсіліне, ұлтына, әлеуметтік не басқа да жағдайларына қарамастан халиф бола алады. Тұлға мемлекеттік басқару жөніндегі сұрақтарды жақсы меңгерген болуы тиіс. Сунниттер халифті таңдау үшін қоғамда ашық сайлау жүргізу жеткілікті деп есептеген.
* Шииттердің халифат жөніндегі көз-қарастары бөлек. Олардың пайымдауынша Құдай мұсылман қоғамының рухани және зайырлы билігі имамат қолында. Шииттер Мұхаммед пайғамбардың немере ағасы және қызы Фатиманың жұбайы Әли ибн Әбу Талибтің ұрпақтарын заңды имамдар деп мойындайды. Осылайшы олар сунниттер әділетті төрт халифаның қатарына қосатын Әлидің өзінен басқа барлық сунниттік халифтерді бұл тізімге кіргізбейді.Фатимидтер хилафаты (909—1171) ислам тарихында ең танымал шииттік халифат болған. Мароккодағы Идрисидтер (789—921) және Ирандағы Сефевидтер (1502—1736) сияқты әулеттер де халиф титулына үміткер болған.
* Харижиліктер мұсылман қауымының еркімен шектеліп, таңдалған басшыны халиф деп атаған
## Дереккөздер |
Шақпақ — Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы ауыл, Алғабас ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан солтүстікке қарай 22 км жерде, Арыстанды өзенінің оң жағалауында, әйгілі Арыстанды-Қарабас желінің өтінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1950 жылдары Шымкент қорғасын зауытының қосалқы шаруашылығы болды. 1954 жылдан «Алғабас» қой кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде көкөніс, бау-бақша өсіретін шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
## Инфрақұрылымы
Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, клуб, кітапхана жұмыс істейді. Ауылдың оңтүстік-батысындағы төбеде Шақпақ әулие кесенесі бар. Кесенені 1990 жылы ауылдан шыққан халық емшісі Шолпан өз қаржысына тұрғызған.
## Дереккөздер |
Жамалбек Шәймерденұлы Шәймерденов (4 қаңтар 1928 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы – 17 сәуір 1998 жыл, Алматы) – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, еңбек ардагері.
## Өмірбаяны
* 1945 жылы аудан орталығындағы Жамбыл атындағы орта мектепті бітірген.
* Сол жылы Алматы ауыл шаруашылық институтының "Агрономия" факультетіне түсіп, оны 1950 жылы "ғалым-агроном" мамандығы бойынша бітіріп шықты.
* Қазақ КСР Ауылшаруашылығы министрлігінің жолдамасымен 1952 жылы Жамбыл облысы Луговой ауданының В.И.Ленин атындағы қой завод совхозының бас агрономы қызметіне келген, 1952-1956 жылдары сол совхоз-заводтың директоры.
* 1956-1958 жылдары Шу ауданының "Далақайнар" астық совхозының бас агрономы.
* 1958-1959 жылдары Шу аудандық ауылшаруашылығы инспекциясының төрағасы болып қызметтер атқарған.
* 1959‑1962 жылдары Қазақ КСР компартиясы Жамбыл облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.
* 1962‑1963 жылдары Мерке аудандық колхоз‑совхоз өндірістік басқармасын басқарған.
* Қазақ КСР коммунистік партия Орталық комитетінің шешімімен 1963‑1964 жылдары Шымкент облыстық компартия комитетінің екінші хатшысы болып сайланған.
* 1964‑1983 жылдары Шымкент облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған..
* 1983 жылдан бастап 1990 жылға дейін Қазақстан Республикасының Халықтық бақылау комитетінің бірінші орынбасары болып, сол қызметтен Одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты.
* 1963‑1990 жылдарда Қазақ КСР компартиясы комитетінің кұрамының мүшесі болды, Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Жоғары Советінің VII‑VШ‑ІХ‑Х шақырылымының депутаты болды.
* КСРО Коммунистік партиясының ХХІ, ХХII, ХХIII, ХХІV, ХХV, ХХVІ, ХХVII съездерінің делегаты болып сайланды .
## Игі істері мен жетістіктері
Ж.Шәймерденов жұмыс істеген 20 жылда астық өндіру көлемі 20 еседен аса, мақта 1,35 есе, көкөніс пен жүзім 2,5 есе, жеміс‑жидек 3 есе өсті. Колхоздар мен совхоздардың негізгі өндірістік қоры осы мерзім ішінде 892,7 миллион сомға артты. Әр сиырдан сүт сауу 965 килограмға, етке өткізілген ірі қараның орташа тірідей салмағы 120 килограмға өсті. Тек Х бесжылдықтың тұсында ғана облыста 1 млрд. 153 млн. сомның құрылыс‑монтаж жұмысы атқарылды. Осы уақытта 2 млн. 227 шаршы метрден астам тұрғын үй, көптеген жаңа мектеп, аурухана, балабақшалар салынды.
Ж.Шәймерденов облыс атқару комитетінің төрағасы қызметінде жүрген кезде «Фосфор» бірлестігі, Шымкент, Састөбе цемент зауыттары, Кентау эксковаторжәне трансформатор зауыттары, Шымкент мақта‑мата комбинаты, Шымкент шина және шина жөндеу зауыттары бой көтерді. Бұл Оңтүстік Қазақстан экономикасының, әсіресе өнеркәсібінің гүлдену кезеңі болды.
Жергілікті өнеркәсіп қолөнер бұйымдары өндірісінен халық шаруашылығының дербес, қуатты саласы деңгейіне көтерілді. «Восход» фабрикасы республика жеңіл өнеркәсібінің флагманына айналды. «Эластик» фабрикасы да құлашын кеңге жайды. Кондитерлік фабрика іске қосылып өндіріс орындары көбейе берді. Қалаларда, аудандарда көптеген мектептер, ауруханалар, жол тораптары, мәдениет ошақтары салынды. Облыс орталығында Жұмат Шанин атындағы драма театры ашылып, үлкен орталық сауда үйі бой көтерді. "Шымкент‑Ташкент" бағыындағы жаңа автожолы сол уақытта іске қосылды.
## Отбасы
Жамалбек Шәймерденовтің атасы Нарбек (1847-1935) ел билігіне араласқан, өзі шешен, болыс болған көрнекті тұлға. Нарбек бидің жаз жайлауы - Қаратаудағы Көлбай сазы, Мыңбұлақ сиияқты шұрайлы жерлер болған. Қыстауы - Сыр бойындағы Шәуілдір, Қызылдың құмы. Жиі жайлаған қонысы - Шошқакөл деп аталатын жерлер екен.Нарбек бидің ұлдары Петербор қаласында оқыған. Алты баласы мұсылманша сауат ашса, үлкендері Жорабек, Қамбарбек пен кенжесі Сәбденбек орысша оқыған көзі ашық азаматтар болған. Петерборда олар Жорабек Нарбековский, Камбарбек Нарбековский, Сабденбек Нарбековский болып кетеді (поляк оқытушысы берген қойыртпақ фамилия).
* Шәймерден Нарбекұлы – бидің төртінші ұлы. Ұжымдастыру жылдарында белсенді қызмет еткен еңбекқор болған. 1930-1935 жылдары қазіргі Сайрам ауданының Тастақ деген жерінде (ескі аты Тассай) Сталин атындағы ұжымшардың басқарма бастығы болып қызмет істеген.
* Жамалбек Шәймерденовтің анасы Балкүл - ақылды, ұстамды, сөзге өткір, көпке басу айтатын, ел тыңдайтын беделді кісі болған. 29 жасында бес баламен жесір қалады. Отағасы фәниден өткенде балалары Әмірше – 12-де, Әнуарбек – 7-де, Жамалбек ‑ 5-те, Әли – 3-те, Әмзебек – 1 жаста қалған.Ж.Шәймерденовтың жұбайы Әлипа Шаймерденова - тарих және қазақ тілі пәндерінен сабақ беріп, мектеп оқушыларын тәрбиелеу саласында еңбек сіңірген тәжірибелі педагог болған, білім беру саласының ардагері. "Білім" ("Знание") қоғамының төрайымы болып қызмет еткен (Шымкент). Жамалбек Шәймерденов жұбайы Әлипамен бірге бес перзент тәрбиелеп өсірді.Үлкен ұлы - Сержан Жамалбекұлы Шәймерденов, Алматы Архитектура және құрылыс институтын үздік бітірген, Қазақстан Республикасының белгілі сәулетшісі, «АлматыГипрострой» институтының бас сәулетшісі, Қазақстан Республикасы сәулетшілер қоғамының президенті, Шығыс елдері Архитектура қоғамының вице‑президенті болып ұзақ жылдар жемісті қызмет атқарды. Оның қолынан шыққан сәулет өнерінің көркем туындылары - әсем көше, алаң, саяжол, ғимараттар - қазіргі уақытта Алматы қаласы мен барлық дерлік облыс орталықтарында, Түркістан, Кентау қалаларының әсем келбетін құрайттын көріністтен өз орнын тапқан.Кіші ұлы Серік Жамалбекұлы Шәймерденов - Алматы архитектура және құрылыс институтының студенті.Үлкен қызы Меңсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова - Қазақ химия-технологиялық институтының аспиранты (ҚазХТИ), «Союзгипрорис» (г. Шымкент) ГЗИ ғылыми қызметкері, "Кітап" қоғамының төрайымы болған (Алматы қ.).Екі қызы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласында қызмет етеді. Меңдіғаным Жамалбекқызы Шәймерденова – тарих ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған тарих пәні оқулықтарының, оқу құралдарының авторы. Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласының ҚХА ғылыми-сараптамалық топ мүшесі; Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар Кеңесінің мүшесі. Республикалық Достық үйінде жастар ісі бойынша сарапшы (Алматы қ.). Алматы қаласындағы Дін ісі жөніндегі «Үйрену және талдау орталығы» Басқармасы қарауындағы діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу бойынша ақпараттық топ мүшесі .Нұрсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова – филология ғылымдарының докторы, Астана қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының профессоры, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің құрметті профессоры; көптеген ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың, орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтардың, монографиялар, сөздіктер мен балаларға арналған ертегілердің авторы.
* Ж.Шәймерденовтың жұбайы Әлипа Шаймерденова - тарих және қазақ тілі пәндерінен сабақ беріп, мектеп оқушыларын тәрбиелеу саласында еңбек сіңірген тәжірибелі педагог болған, білім беру саласының ардагері. "Білім" ("Знание") қоғамының төрайымы болып қызмет еткен (Шымкент). Жамалбек Шәймерденов жұбайы Әлипамен бірге бес перзент тәрбиелеп өсірді.Үлкен ұлы - Сержан Жамалбекұлы Шәймерденов, Алматы Архитектура және құрылыс институтын үздік бітірген, Қазақстан Республикасының белгілі сәулетшісі, «АлматыГипрострой» институтының бас сәулетшісі, Қазақстан Республикасы сәулетшілер қоғамының президенті, Шығыс елдері Архитектура қоғамының вице‑президенті болып ұзақ жылдар жемісті қызмет атқарды. Оның қолынан шыққан сәулет өнерінің көркем туындылары - әсем көше, алаң, саяжол, ғимараттар - қазіргі уақытта Алматы қаласы мен барлық дерлік облыс орталықтарында, Түркістан, Кентау қалаларының әсем келбетін құрайттын көріністтен өз орнын тапқан.Кіші ұлы Серік Жамалбекұлы Шәймерденов - Алматы архитектура және құрылыс институтының студенті.Үлкен қызы Меңсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова - Қазақ химия-технологиялық институтының аспиранты (ҚазХТИ), «Союзгипрорис» (г. Шымкент) ГЗИ ғылыми қызметкері, "Кітап" қоғамының төрайымы болған (Алматы қ.).Екі қызы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласында қызмет етеді. Меңдіғаным Жамалбекқызы Шәймерденова – тарих ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған тарих пәні оқулықтарының, оқу құралдарының авторы. Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласының ҚХА ғылыми-сараптамалық топ мүшесі; Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар Кеңесінің мүшесі. Республикалық Достық үйінде жастар ісі бойынша сарапшы (Алматы қ.). Алматы қаласындағы Дін ісі жөніндегі «Үйрену және талдау орталығы» Басқармасы қарауындағы діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу бойынша ақпараттық топ мүшесі .Нұрсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова – филология ғылымдарының докторы, Астана қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының профессоры, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің құрметті профессоры; көптеген ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың, орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтардың, монографиялар, сөздіктер мен балаларға арналған ертегілердің авторы.
* Үлкен ұлы - Сержан Жамалбекұлы Шәймерденов, Алматы Архитектура және құрылыс институтын үздік бітірген, Қазақстан Республикасының белгілі сәулетшісі, «АлматыГипрострой» институтының бас сәулетшісі, Қазақстан Республикасы сәулетшілер қоғамының президенті, Шығыс елдері Архитектура қоғамының вице‑президенті болып ұзақ жылдар жемісті қызмет атқарды. Оның қолынан шыққан сәулет өнерінің көркем туындылары - әсем көше, алаң, саяжол, ғимараттар - қазіргі уақытта Алматы қаласы мен барлық дерлік облыс орталықтарында, Түркістан, Кентау қалаларының әсем келбетін құрайттын көріністтен өз орнын тапқан.
* Кіші ұлы Серік Жамалбекұлы Шәймерденов - Алматы архитектура және құрылыс институтының студенті.Үлкен қызы Меңсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова - Қазақ химия-технологиялық институтының аспиранты (ҚазХТИ), «Союзгипрорис» (г. Шымкент) ГЗИ ғылыми қызметкері, "Кітап" қоғамының төрайымы болған (Алматы қ.).Екі қызы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласында қызмет етеді. Меңдіғаным Жамалбекқызы Шәймерденова – тарих ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған тарих пәні оқулықтарының, оқу құралдарының авторы. Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласының ҚХА ғылыми-сараптамалық топ мүшесі; Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар Кеңесінің мүшесі. Республикалық Достық үйінде жастар ісі бойынша сарапшы (Алматы қ.). Алматы қаласындағы Дін ісі жөніндегі «Үйрену және талдау орталығы» Басқармасы қарауындағы діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу бойынша ақпараттық топ мүшесі .Нұрсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова – филология ғылымдарының докторы, Астана қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының профессоры, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің құрметті профессоры; көптеген ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың, орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтардың, монографиялар, сөздіктер мен балаларға арналған ертегілердің авторы.
* Үлкен қызы Меңсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова - Қазақ химия-технологиялық институтының аспиранты (ҚазХТИ), «Союзгипрорис» (г. Шымкент) ГЗИ ғылыми қызметкері, "Кітап" қоғамының төрайымы болған (Алматы қ.).
* Екі қызы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласында қызмет етеді. Меңдіғаным Жамалбекқызы Шәймерденова – тарих ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған тарих пәні оқулықтарының, оқу құралдарының авторы. Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласының ҚХА ғылыми-сараптамалық топ мүшесі; Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар Кеңесінің мүшесі. Республикалық Достық үйінде жастар ісі бойынша сарапшы (Алматы қ.). Алматы қаласындағы Дін ісі жөніндегі «Үйрену және талдау орталығы» Басқармасы қарауындағы діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу бойынша ақпараттық топ мүшесі .
* Нұрсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова – филология ғылымдарының докторы, Астана қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының профессоры, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің құрметті профессоры; көптеген ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың, орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтардың, монографиялар, сөздіктер мен балаларға арналған ертегілердің авторы.
## Марапаттары
Елге, партияға cіңірген еңбектері үшін марапатталды:
* 1978 жылы Қазақ Социалистік Республикасы Жоғары Советінің Құрмет грамотасы
* 1967,1971, 1974, 1976, 1978 жылдары бес рет «Еңбек Қызыл Ту» ордені
* 1980 жылы "Халықтар достығы" ордені
* 1982 жылы В.И.Ленин ордені
* "Құрмет белгісі" ордені
* одақтық дәрежедегі медальдар
* КСРО‑ның Халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің 15 алтын медалінің иегері.
## Естеліктер
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов "Асыл аға, текті азамат" атты кітапта мынадай естелік айтады:
.
Қоғам қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің (1963-1975) хатшысы болған Бижамал Рамазанқызы "Қайраткер" деген естелік мақаласында:
..
Есенғали Раушанов - ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты өзінің "Жайсаң қазақ" деген естелігінде:
, - деген ықыласын білдіреді..
Дүйсенкүл Бопова - халық депутаттары Шымкент облыстық кеңесі атқару комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары өзінің "Кешегідей көз алдымда" атты естелік мақаласында:
, деп Жамалбек Шәймерденовтің ел ағасы болған кезін жоғары бағалайды[15]..
## Жамалбек Шәймерденовтің есімі берілген жерлер
* Шымкент қаласындағы көшеге Жамалбек Шәймерденовтің есімі берілген
* 1964-1983 жылдары тұрған үйінде (бұрынғы Н.Нариманов атындағы көшесі, 1, қазір - А.Асқаров атындағы көше) - Ж.Шәймерденовтің тұрғаны туралы мәрмәр тақта орнатылған
* Оңтүстік-Қазақстан облысы Еңбек және соғыс ардагерлері кеңесінің шешімімен Жамалбек Шәймерденовтің есімімен аталған көшеде қайраткердің 80-жылдығына орай ескерткіш орнатылған.
* Туған жері - Шәуілдір ауылындағы орталық саябақта ескерткіш орнатылған.
## Дереккөздер |
Ұлжалғас Шайханов (1947, Мақтаарал ауданы Еркіншілік ұжымшары – 1997, Алғабас ұжымшары) – КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты. Еңбекке ерте араласып, мақта теруде ерекше көзге түсті. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Әзімхан Шақабаев (1.2. 1927, Мақтарал ауданы) – еңбек ардагері. КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты (1962).
Еңбек жолын 1941 жылдан Киров ауданындағы Шымқорған кеңшарында шопан болып бастады. Қазақ КСР мал шаруашылығына еңбегі сіңген қайраткер атағына ие болды, СОКП ХХІІ съезінің делегаты.
Қазіргі уақытта Өзбекстан Республикасында тұрады.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Темірхан Едіресұлы Хакімжанов (1936 жылы туған, Алматы облысы Ақсу ауданы) – техника ғылым докторы (1991), профессор (1992). Қазақтау-кен және металлургия институтын (1960, қазіргі Қазақ ұлттық техника университеті) және аспирантурасын (1968) бітірген. «Қарағанды көмір» комтында (1960– 1965), Қазақ ұлттық техника университетінде (1968–1976), Қазақстан ғылым академиясының Кен ісі итында (1976–1979) директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, лаборатория меңгерушісі, 1997 жылдан бастап ғылым қызметкер болды. 130-дан астам ғылым жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Шақпақ баба (1993 жылға дейін – Высокое) — Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл, Шақпақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылынан шығысқа қарай 18 км жерде, Боралдай, Кіші Ақсу тауларының аралығында, Арыс өзенінің басталар жерінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 19 ғасырдың аяғында қаланған. 1961 жылдан «Путь Ильича» ұжымшарының орталығы болып, Высокое аталып келді. Оның негізінде тері илейтін, май шығаратын, алма кептіретін цехтар жұмыс істеді.
## Инфрақұрылымы
Мәдениет үйі, «Жас ұлан» балалар үрмелі аспаптар оркестрі, 2 мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, кітапхана бар. Ауылдан филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасы мұсылмандар діни басқармасының Бас мүфтиі Ә.Дербісәлі шыққан.
## Дереккөздер |
Жәкен Құсайынұлы Есенғартов (1951 жыл, бұрынғы Вишневский ауданы, Константиновка ауылы) — қоғам қызметкері. Механизаторлар курсын бітірген (1967). 1968 жылы механизатор, 1971 – 73 жылы Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1976 – 83 жылы Константиновка кеңшарында комсомол ұйымының хатшысы, 1983 – 90 жылы Константиновка аудандық халық депутаттары кеңесінің төрағасы, 1990 – 97 жылы сол кеңшарда аға заңгер қызметтерін атқарды. Қазір Константиновка ауылының әкімі. Медальдармен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Шақпақты – палеолит дәуірінің мустьер кезеңіне жататын аңшы тайпалардың мекені.
Шымкент облысы, Алғабас аулында, Арыстанды өзенінің оң жағасында. 1959 жылы КСРО ғылым академиясының палеолит отряды (жетекшісі Қ.Алпысбаев) зерттеген. Жүргізілген барлау жұмыстары кезінде сан түрлі шақпақ тастар, өзек тастар (нуклеус), диск тәрізді өзек тастар мен құралдар, үшкір тас пен қырғыш, кескіш және өзге де құралдардың сынық бөлшектері табылған. Жасалуы мен ерекшеліктеріне қарағанда Шақпақтыны мекендеген байырғы адамдар мустье кезеңінде өмір сүрген. Олар аң аулап, терімшілікпен айналысқан.
## Дереккөздер |
Күмісқорған – қоқандықтар қорғаны. Қоқандықтар мен хиуалықтар шекарасында 1818 жылы салынған. Күмісқорған қалдығы Сырдария ауданының Ақжарма мен Шаған ауылының шекарасындағы «Шіркейлі» каналының жағасында сақталған. Кезінде қабырғалары биік, төрт бұрышты, айналасында қарауыл мұнаралары болған. Мұнда зеңбіректері бар қарулы әскер тұрды. Күмісқорған Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) пен Қуаңдария арасында қазақ ауылдарына билік жүргізу мақсатында салынған. Қорғанда орналасқан қоқан ханының өкілдері елден құшыр, зекет жинап және әрбір отбасынан 1,5 теңге күміс ақша салық алып отырды. Қорғанның Күмісқорған аталуы туралы түрлі аңыз әңгімелер сақталған. Соның бірі зорлықпен келген Күміс атты қазақ қызының қазақ ауылдарына астыртын көмектесуіне байланысты сол қыз есімімен аталған деседі. Бұқарбай, Тоғанас, Түлкібай батырлар 19 ғасырда Күмісқорғанды шапқан. 1852 жылдың 8 тамызында орыс армиясының полковнигі И.Ф.Бларамберг Күмісқорғанды басып алды. Оған қазақтар да көмектескен. Бұл жөнінде И.Ф.Бларамбергтің «Естеліктер» атты кітабында жан-жақты айтылады.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Көкшетау филармониясы, Ақмола облыстық филармониясы – 1965 жылы Көкшетау облыстық филармониясы болып құрылған. 1999 жылы 27 тамызда Ақмола облыстық филармониясы болып аталды.
Филармония құрамында кіші симфониялық оркестр (көркемдік жетекшісі В.М. Кулинич, құрамы – 29 адам), қазақ ұлт аспаптар оркестрі (көркемдік жетекшісі және дирижер Т.Базаров, құрамы – 34 адам), сондай-ақ “Айнакөл” ансамблі, “Приз” және “Панорама” эстрада ансамблі, орыс халық аспаптар ансамблі, музыкалық лекторий жұмыс істейді. Филармонияда Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Ш.Дүкенбаева, Б.Мәкенова, Е.Біржанов, т.б. өнер көрсетеді.
## Дереккөздер |
Ғизатулла Хаймолдаұлы Халидуллин (30 қараша 1947 жылы туған, Атырау облысы Балықшы ауданы) – тарих ғылымдарының докторы (2003), профессор (2007). Қазақстан Республикасының Қоғамдық ғылымдар академиясының толық мүшесі (1994).
## Өмірбаяны
* Гурьев педагогика институтын (1970, қазіргі Атырау мемлекеттік университеті) бітірген.
* тарих, археология және этнология институтының аспирантурасын (1985) бітірген.
* Қазақ КСР-і ғылым академиясының тарих, археология және этнология институтында бөлім меңгерушісі (1978–1993)
* Қазақ мемлекеттік заң академиясында доцент, деканның орынбасары, проректор (1994–1998)
* Қазақ академиялық университетінде проректор (1998–2004) қызметтерін атқарды.
* 2004 жылдан ҚазҰПУ-да профессор, кафедра меңгерушісі.
## Ғылыми еңбектері
* «Қазақ шаруаларына қатысты кеңес үкіметінің Қазақстандағы аграрлық саясаты 1917–1940 жж.» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
* 70-тен астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Сайлаубек Шалқаров (1946 ж. т.) – ғалым, медициналық ғылым докторы (1993). Еңбек жолын 1964 ж. Созақ ауданында фельдшерлік жұмыстан бастаған. 1965 – 1968 ж. әскер қатарында болды. Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген (1975). 1975 – 1988 ж. осы институтта ассистент, доцент. 1989 – 1991 ж. Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі. 1991 – 1994 ж. Қ.А. Иасауи атындағы Халықараралық қазақ-түрік университетінің деканы. 1995 жылдан ішкі аурулар кафедрасында профессор, Түркістан медициналық колледжінің директоры. 130-дан аса ғылыми еңбегі жарық көрген. Оның ішінде 12 оқу құралы бар. Негізгі еңбектерінде адамның ішкі мүшелерінің ауруы және оны емдеу жолдары мен әдістерін қамтыған. Шалқаров 1997 жылдан Кіндік Азия мемлекетінің медициналық қауымдастығының вице-президенті.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Болатбек Бимендіұлы Баймаханов (3 қыркүйек, 1962 жыл, Қызылорда) - Медицина ғылымдарының докторы (2001), профессор (2006).
## Өмірбаяны
* Алматы медицина институтының емдеу факультетін (1986) хирург мамандығы бойынша бітірген.
* Т. Рысқүлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика факультетін (2006) экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
* 1986 жылдан - Қызылорда облыстық ауруханасының дәрігер-хирургі
* 1987 жылдан - эндоскопист-дәрігері.
* 1990 жылдан - А.Н. Сызғанов атындағы Клиникалық және сынақтық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері
* 1991 жылдан -хирургия бөлімінің ғылыми қызметкері
* 1995 жылдан - хирургия бөлімінің аға ғылыми қызметкері (Алматы қ.).
* 2000 жылдан - Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.
* 2002 жылдан - Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы.
* 2003 жылдан - «А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығы» РМКК директоры
* 2007 жылдан бөлім меңгерушісі (Алматы қ.).
* 2008 жылдың шілдесінен бері - Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы.
## Марапаттары
* «Құрмет» ордені (2006)
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалі
* «Астанаға 10 жыл» медалі
* «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі
## Отбасы
* Қыздары - Баймаханова Гүлнара Болатбекқызы, Баймаханова Айман Болатбекқызы;
* ұлы - Баймаханов Жасұлан Болатбекұлы.
## Дереккөздер |
Есенжолова Сағила Әбдірахманқызы - Социалистік Еңбек Ері (1981) – еңбек ардагері, сауыншы.
## Өмірбаяны мен өмір жолдары
1942 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданы Киров (қазіргі Көктал кенті) ауылында дүниеге келген.Еңбекке ерте анасының жанында жүріп араласқан. 13 жастағы бойжеткеннің меншігінде 15 сиыр болды. Сол таңнан бала кездегі сауыншы болу арманы орындалады.
* 1959 – 1977 жылы сауыншы болды.
* 1977 жылдан сырттай зооветеринарлық техникумын аяқтағаннан кейін, мал шаруашылығының (сүт фермасында) бригадирі болады. Басты назарды селекцияға бөледі.
## Жетістіктері
* Қазақстан Компартиясы Целиноград обкомының бюро мүшесі
* Республиканың Жоғарғы Кеңесінің депутаты
* Қазақстан Компартиясының XV съезінің делегаты
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі депутаты
## Наградалары
* Екі рет Ленин ордені
* "Еңбек Қызыл Ту" ордені
* Социалистік Еңбек Ері (1981)
* «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі
* «Еңбек ардагері» медалі
* «Қазақ КСР ауыл шаруашылығының еңбек сіңген қызметкері» атағы
## Дереккөздер
* ЕҢБЕГІМЕН ЕР АТАНҒАН Мұрағатталған 20 желтоқсанның 2016 жылы. |
Қыстаубаев Захардин (10.9.1948 жылы туған, Түркістан облысы Бөген ауданы Қажымұқан ауылы) - жазушы.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
* ҚазҰУ-ды бітірген (1973).
* 1967 - 1974 жылдары Бөген, Сайрам ауданы газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы,
* 1974 - 1977 жылдары облысы "Оңтүстік Қазақстан" газетінде аудармашы, тілші, хатшының орынбасары,
* 1977 - 1982 жылдары Төле би ауданы "Путь Илича", Кентау қаласы "Кентау правдасы" - "Кентауская правда" газеттерінде,
* 1982 - 1987 жылдары "Жалын", "Жазушы" баспаларында қызметкер,
* 1987 жылдан Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекттік комитетінде редактор, Қазақстан Жоғары Кеңесінде, "Игілікбанкте" қызметкер. "Жеті жарғы" баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. Бүгінде "Өркениет" баспасы ЖШС-нің директоры. Алғашқы әңгімелері
* 1969 жылы жариялана бастаған. "Бәйтеректер"(1978), "Жүректегі жүзік" (1987), "Алматының ақ жауыны" (1991), "Сүйріктің махаббаты" (1998) әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрген.
## Шығармалары:
* Ақ түн, Алматы, 1972
* Бәйтеректер, Алматы, 1977
* Жүректегі жүзік, Алматы, 1987
* Алматының ақ жауыны, Алматы, 1991
* Сүйріктің махаббаты, Алматы, 1998
## Дереккөздер |
Қаған — хандардың ханы, бас хан деген ұғымды білдіреді — ерте түрік мемлекеттерінің басшысы. Түрік, батыс және шығыс түрік, Түргеш, Қимақ секілді қағандықтарды басқарған. Ол жоғарғы билеуші, әскербасы болды. Оған белгілі бір тайпа өкілдері сайланған. Қағандықтағы жоғары лауазымдарға қаған өз туыстарын тағайындап, соларға арқа сүйеп отырған. Олар қағандыққа қарасты тайпаларды билеп төстеді және өз үлестеріне тиісті әскерді басқарды. Қаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық етті. Соғыс ашу немесе бітімге келу, шетелдік елшілерді қабылдау, құрылтай жиналысын шақыру, ру басшыларын тағайындау, алым-салықты қадағалау, т.б. Істермен айналысты.
## Дереккөздер |
Ақтай, Ақтайсай — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы ауыл, Қаракөл ауылдық округі орталығы. Іргесі 1931 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан шығысқа қарай 35 км жерде, бетеге мен селеу өсетін қоңырқызыл және сортаң топырақты далалық белдемде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 980 адам (498 ер адам және 482 әйел адам) болса, 2009 жылы 723 адамды (367 ер адам және 356 әйел адам) құрады.Ауылда машина жөндеу шеберханасы, орта мектеп, кітапхана, аурухана, клуб, сауда және тұрмыс қажетін өтеу комбинаты бар.
## Дереккөздер |
Хақназар хан (башқ. Аҡнаҙар хан, орыс. Акназар царь, Окназар царь, 1509 - 1580) — Қазақ Ордасында (1538—1580жж.) билік құрған ханы. Қасым ханның Ханық сұлтан ханымнан туған баласы. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
## Билігі
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.
## Өзгерістер
Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс, солтүстік және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «анттастық шарт» жасасты. Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды.XVI ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығын да нығайта түсті.
## Дереккөздер |
Жанат Нығметқызы Шалқарова (1953 жылы туған) – ғалым, медициналық ғылым докторы (1997). Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген (1976). 1976 – 1977 жылдары Алматы орталық ауруханасында хирург-дәрігер. 1977 – 1992 жылдары Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институтында кіші, жетекші ғылым қызметкері. 1992 – 1998 жылдары Халықаралық қазақ-түрік университетінің биохимия, кейіннен теориялық пәндер кафедрасының меңгерушісі. 1998 жылдан Кентау, Түркістан қалаларындағы медициналық факультеті деканының орынбасары, 2003 жылдан декан. Жүрек, қан тамырлары ауруларын зерттеу жүйесінде биохимиялық себептерінің патогенезін анықтаушы маман.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Беташар жыры — келін түсіру тойында айтылатын ғұрыптық жырлардың бір түрі. “Беташар” ғұрпын, негізінен, жыршы-жыраулар мен ақындар, өлеңшілер атқарады. Өйткені ол өзіндік сазды әуені бар өлеңмен орындалады. Беташар екі түрлі мақсатты көздейді, оның бірі — келіннің бетін ашып елге таныстыру болса, екіншісі — түскен елін келінге таныстыру. Осыған орай, беташушы әрбір өлең шумағы аяқталған сайын қолындағы қамшының немесе домбыраның ұшымен ақ желекті көтеріп келіннің бетін жұртқа ашып көрсетіп отырады, келін де өз тарапынан ілтипат танытып, оң тізесін бүге сәлем етіп тұрады. Дәстүрлі “Беташарлар”:
Айтқызбай көңілін тап келін — сияқты дәстүрлі жолдармен басталып, инабатты, ибалы жақсы келін болуға үндейтін өсиеттермен, дәстүрлі қоғамның отбасылық қарым-қатынас тән әдеп негіздерін тәптіштеумен жалғасады. Одан әрі келінге жаңа жұрты ата-енесінен басталып рет-ретімен таныстырылады:
Қайын атаға бір сәлем, — деп әрқайсысына сәлем еткізіп, көрімдік сұралады. Мұндайда жеңіл әзіл, шымшыма мысқыл да араласып отырады. “Беташар” соңы келінге тату-тәтті, балалы-шағалы бақытты ғұмыр тілеумен аяқталады. Ақын-жыршылар “Беташар” мәтінін өздерінше түрлендіріп, жаңа әуенмен құлпырта айтады. Мұндай кезде келін түсірген ауыл адамдарының аттары аталып, жөндері түгелденіп, тыңдаушыларды ерекше әсерге бөлейді. Кейде “Беташарды” ақындарға арнайы жаздырып алып айту үрдісі де бар. Бұл дәстүр кейінгі жазба әдебиеттен де жарасымды жалғасын тауып келеді. Кеңес дәуірі кезінде көне салт ретінде ұмытыла бастаған “Беташар” ғұрпы соңғы кезеңде жаңаша жанданып, үйлену салтының қатарына берік орныға бастады.
## Дереккөздер |
Хақаиқ әл-умур (оқиғалар шындығы) — Мир Абд әл-Кәрім ибн Исмаил — Бухаридың парсы тілінде жазған тарихи шығармасы. Абд әл-Кәрім 1804 — 1815 ж. Бұхардың Ресейдегі елшісі Мир Ала әд-Диннің Санкт-Петербург, Мәскеу, Астраханға жасаған сапарында бірге болған. Бұқардың тағы бір елшісі 1807 ж. Ресей арқылы Стамбұлға сапар шеккенде Абд әл-Кәрім оның хатшысы міндетін атқарған. Хақаиқ әл-умур — Орт. Азияның 1747 — 1818 жылдардағы тарихынан мағлұмат беретін құнды еңбек.
## Сілтемелер:
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Хақ — айтылған ойдың шындыққа сәйкес келуін білдіретін ұғым. Хақ ұғымымен қатар шындыққа сәйкестікті ойдың шын мәні мағынасындағы сидк терминімен де анықтайды. Бұл екі термин синоним болғанымен, сидк ой топшылау, пікірін білдіру сипатында қолданылады. Құдайдың негізгі мәні Хақ деп біледі және көркем есімдерінің бірі “Хақиқат” деп таниды. Ибн Арабидің сопылық ілімді баяндауында болмыстың абс. бірлігі мағынасында әл-хақ термині қолданылып, жаратылған әлем, сан алуан әлем мағынасындағы әл-халк терминімен салыстырыла отырып анықталады.
## Сілтемелер:
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Шалсай – төменгі палеолиттің аяқ кезінде өмір сүрген аңшы тайпалардың қонысы. Созақ ауданы Баба ата кентінің оңтүстік-батысынан 8 км жерде, Шалсай сайында. Зерттеу жұмысын 1959 жылы КСРО Геология миннистрінің Қаратау геологиялық экспедициясы (жетекшісі Б.А. Волчков), КСРО ғылым академиясының Тарих, археологиялық және этнография институтының Қаратау палеолит отряды (жетекшісі Қ.Алпысбаев) жүргізген. Қазбадан табылған тас пышақ, өзек тас, жаңқа сынықтары, тағы басқа заттар Шалсайдың мустьер кезеңінің қонысы екенін дәлелдейді.
## Сілтемелер
* Шабақты
* Неолит
* Мезолит
## Дереккөздер |
Мәриям Хакімжанова (16 қараша 1906, қазіргі Қостанай облысы Қостанай ауданы Қобыланды а. — 1995, Алматы) — ақын, ҚР-ның халық жазушысы (1986).
* Абай атынд. ҚазПИ жанынан ашылған жұмысшылар ф-тін бітірген (1934).
* “Әйел теңдігі” журналында әдеби қызметкер (1929 — 1932), жауапты хатшы (1932),
* Орынбор облысы Адамовка ауданы “Екпінді” газетінде бөлім меңгерушісі (1936 — 1937),
* Қазақстан Жазушылар одағында халық ақындары бөлімінің меңгерушісі (1938 — 1944),
* Тіл және әдебиет ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1945 — 1947),
* Респ. кітап палатасында (1947 — 1951),
* “Жаңа өмір” журналында (1951 — 1956),
* Қазақстан мемл. көркем әдебиет баспасында аға редактор (1956 — 1958) қызметтерін атқарды.
## Шығармалары
* Тұңғыш өлеңі “Женотдельге” 1929 ж. “Әйелдер теңдігі” журналында жарияланды.
* Алғашқы жинағы “Жеңешем өлеңдері” 1935 ж. жарық көрді.
* Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмірі мен Отан соғысындағы ерлігін жырлаған “Мәншүк” поэмасы (1945, орыс тілінде 1947),
* “Ана махаббаты” (1953, таңдамалы),
* “ Ана көктемі” (1963),
* “Гүл туралы аңыз” (1970), т.б. 30-ға тарта өлең, поэмалары,
* балаларға арналған “Бөбегім менің — өлеңім менің” (1959),
* “Ана мейірімі” (1964) жыр жинақтары басылды.
Хакімжанова Мәриям өз жырларында Отан, өмір, бейбітшілік туралы үлкен азаматтық ой толғайды. Ол балалар жазушысы Т.Диктің “Отты бұлақ” повесін, қырғыз ақындары А.Тоқамбаевтың, Т.Сатылғановтың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Хакімжанова Мәриям-ның өлеңдері шет ел тілдеріне аударылған.
## Марапаттары
* Еңбек Қызыл Ту
* 2 рет “Құрмет белгісі” ордендерімен
* бірнеше медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шолпан — Абай облысы Үржар ауданындағы ауыл, Шолпан ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Үржар ауылынан батысқа қарай 80 км жерде, Сасықкөлге Тарбағатай жотасына келіп құятын Қарақол өзенінің сол жақ сағасында орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде ауыл шаруашылықты ұйымдастыруға сәйкес құрылған ұжымшардың орталығы есебінде қаланды. 1966 жылы ұжымшар негізінде “Шолпан” қой кеңшарының және онымен аттас ауылдық кеңестің орталығына айналды. 1996 жылы кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Ақтаңдақ (пигментті дақтар) — теріде туа болады, сондай-ақ организм қызметіндегі әр түрлі ауытқуларға байланысты немесе сыртқы факторлардың (күюден, үсуден кейін) ықпалынан да болуы мүмкін.
Әр түрлі ақтаңдақ бүйрек безі ауырған кезде (қола ауруы), организмге никотин қышқылы, сондай-ақ витаминдердің В тобы (неллагрф күрт жекелей қалған жағдайда да пайда болады.
Ақтаңдақ пайда болуының бір түрі хлоазма деп аталатын — формасы әрқилы болып келетін сарғылт-қоңыр дақтар; әдетте олар маңдай, мұрын, жақ, мойында симметриялы түрде орналасады. Хлоазманың пайда болуы ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуына (негізінен аналық бездердің), бауыр, ішекқарын жолдары органдарының ауруына, қанның азаюына, жөнді тамақтанбауға, ішек құрттарына және т. б. байланысты. Ақтаңдақ әйелдерде, көбінесе, екі қабат кезде пайда болып, босанғаннан кейін кейде кетпейқалып қояды.
Бет жағы құрғақ қабыршақтанып тұратын сарғылт-қоңыр дақтардың шынтақ пен тізе айналасында шығуы тарамда А витаминінің жетіспеушілігінен болуы да мүмкін. Кейбір адамдарда мұндай дақтар мен теңбілдер белдіктің, әйелдердің көкірекшесінің (лифчик) қатты қысуынан да пайда болады. Теріге жайылған қара-сұрғылт теңбіл (өндірістік ақтаңдақ) фенолмен жұмыс істеген кезде, сондай-ақ кейбір көмірқышқыл буларымендем алғанда немесе құрамында күшәла бар препараттарды ішкенде пайда болуы ықтимал. Кейбір адамдардың терісі ультракүлгін сәулелерге өте сезімтал келеді де, көктемгі күннің әсерінен оларда пигменттік дақтар — секплідер пайда болады. Сыртқы факторлардың әсерінен пайда болған ақтаңдақ біраз уақыт өткен соң кетуі мүмкін.
## Емі
Ақтаңдақты тұрғылықты жерде дәрігерлік — косметологиялық мекемелерде емдейді. Үй жағдайында лақтың түсін аздап кетіру үшін теріні простоквашамен, ащы айранмен немесе сутегі тотығының 3 проценттік ерітіндісімен сүртуге болады. Хлоазма пайда болған кезде жазғы уақытта теріні қияр, қарақат шырынымен, асхана сірке суына салынған желкек тамырының тұнбасымен сүргеді. Ақтаңдықтың көзге айқын көрініп тұруынМелан, Ахромин, Молочай сияқты арнайы кремдермен басуға болады. Крем жағардың алдында бетті жуу немесе бет терісін лосьонмен тазалау керек. Кремді дақтың үстіне ғана жағады. Бір-екі сағаттап кейін кремніңқалдығын сулы мақтамен сүртін тастаған жөн. Жуынудың қажеті жоқ. Жылтыратып тұратын кремдерді күндіз жағуға болмайды, өйткені күн сәулесінің әсерінен, бұл кремдер кейбір адамдардың терісін қаттытітіркендіріп және ақтаңдақты күшейтіп жіберуі ықтимал. Үй жағдайында жаратын дәрі-дәрмекті адамдардың өздері дайындалала алады. Ол үшін бір қасық лимон шырыны мен асқа пайдаланатын сірке суынараластырып, оған 2 шай қасық қайнаған су қосады. Мұндай қоспамен бетті күн сайын сүртіп тұру керек. Сондай-ақ бетті кесілген лимонмен, қиярмен, кефирмен, ашыған айранмен сүртіп, сонан соң жуады да, опа жағады. Ақтаңдақты толық кетіру үнемі мүмкін бола бермейді, дегенмен бір-екі ай бойы дәрі-дәрмекті үзбей жағып жүру айтарлықтай әсер етеді.
Күн сәулесіне әсерінен ақтаңдақ көбейіп кететіндіктен көктем және жаз айларында теріні қорғау үшін арнайы кремдерді пайдалануға кеңес беріледі..
## Дереккөздер |
Хакім (араб.: حكيم) — әр түрлі ғылымды меңгерген, сол ілімімен адамға ізгі қызмет қылуды мақсат еткен ғұлама.
Орта ғасырларда «хакім» атауы даулы мәселені шешуші тәуелсіз төреші мағынасында қолданылды. Абайдың отыз сегізінші қара сөзінде хакім ұғымын жан-жақты талдағандықтан, қазақ Философиясында хакім ізгілікті ғұлама адамның сипаты ретінде анықталады. Абай адам бойындағы ізгі қасиеттер — әділеттілік, шапағаттылық, ғылымды сүю болса, бұлар алдымен пайғамбарларға әулиелерге, хакімдерге және кәміл мұсылмандарға тән деп біледі. Құдайға құл болуды және ізгі қасиеттерді өз бойынан табуды пайғамбарлар өзгелерге үйретсе, солардың ішінде әулие мен Хакімге тән қасиеттердің өзіндік ерекшеліктері мен ортақтығы бар. Мәселен, әулиелер хаққа ғашықтықпен бұл дүниелік мақсаттан баз кешіп, ақиреттік мақсатты көздесе, хакім ғылымның бұл дүниедегі пайдасына көп көңіл бөлді. Бұл екеуі де адалдықты, ғылымды, мейірім шапағатты сүйетіндіктен, адамзатқа қызмет жасауда өз нәпсілерін пида қылып, шындықты тауып, осыдан ләззаттанады. Хакім ақиқатқа ізденіспен, ой-пікірмен жетсе, әулие сенімінің бекемдігімен, иман қуатының кәмелеттігімен жетеді, сондықтан Абай «Әрбір ғалым — хакім емес, әрбір хакім — ғалым» — деп түйіндейді. Абай түсінігінде хакім мұсылман сенімінде болсын, өзге дін өкілі болса да адамға қызмет етуді мақсат етіп еңбектенетіндігімен өнегелі.
## Дереккөздер |
Есләмханов Сембек (1921 – 1990, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы С.Мұқанов ауылы) – партия-кеңес қызметкері, финн және 2-дүниежүзілік соғыстарына қатысқан. Алматы Жоғары партия мектебін (1953), Абай атындағы ҚазҰПУ-ды бітірген. Еңбек жолын 1939 жылы бастауыш мектептің мұғалімі болып бастаған. 1940 жылы Кеңес армиясы қатарына алынып, соғысқа соңғы күндеріне дейін қатысқан. Армия қатарынан босатылғаннан кейін Көкшетау облысы комсомол комитетінің 2-хатшысы, Қазақстан КП Красноармейский ауданы комитетінің 2-хатшысы (1953 – 55), Көкшетау кітапханашылар техникумының басшысы (1955 – 58), облысы «Білім» қоғамының жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 1963 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін Алматы құрылыс техникумының сырттай оқу бөлімі бойынша директорының орынбасары болды. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Хакимов Шамиль Рафакович (25.10.1957 ж. т., Ресей, Челябинск қ.) — әскери қайраткер, ген.-майор (2003). Алматы жалпы әскери командалық уч-щесін (1977, экстернмен), Қазақ политех. ин-тын (Қазақ ҰТУ) (1981), тыл және көлік академиясын (1993) бітірген. 1982 — 1992 ж. Орта Азия әскери окр-нде оқу взводының командирі, әскери автомобиль инспекциясында инспектор, аға инспектор, жол депосы батальонының командирі болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қорғаныс мин-нің қару-жарақ басқармасында жауапты қызметкер, ҚР Қарулы Күштерінің әскери автомобиль инспекциясының бастығы (1992 — 1997), әскери полиция басқармасының бастығы (1997 — 1998), әскери полиция Бас басқармасының бастығы (1998 — 2004) қызметтерін атқарды. 2004 ж. запасқа шығарылды. Х. 2-дәрежелі “Айбын” орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
## Сілтемелер:
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Күнтуар Ерназарұлы (шамамен 1730–1810) — би. Сырдарияның төменгі ағысы бойында туып-өскен. Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бөлімінен шыққан.
Атасы Тәтімбет Бұлғақұлы 1733 жылы қаңтар айында Әбілқайыр ханның Ресей империясына жіберген Ерәлі хан бастап барған елшілік құрамында болған. Әкесі Ерназар би ел бірлігін, тыныштығын сақтауға көп атсалысқан. Күнтуар би жөнінде ел аузында сақталған әңгімелер көп. Оның батырлығымен де даңқы шықты. Ру, тайпалар арасындағы жер, жесір дауына Күнтуар екі жаққа тиімді кесім айтқан. Қазақ пен қарақалпақ арасындағы жер дауын ұтымды сөздермен шешкені халық арасында әлі күнге дейін айтылады. Күнтуар би есімін Сыр бойының Б.Базар, Ш.Бектасұлы, Б.Құлымбайұлы, Т.Ізтілеуов секілді ақындары шығармаларында атап өткен.
## Шежіре
Күнтуар – Ерназар – Тәттімбет – Былғақ – Құттығай – Қожас – Қаратамыр – Бозғұл – Шөмекей
## Дереккөздер |
Әмір Қанапияұлы Қанапин (31 желтоқсан 1913 жыл, Алпыс Үйқұтық ауылы Обаған ауданы Қостанай облысы – 21 қаңтар 1988 жыл, Алматы) – мемлекет және партия қайраткері, тарих ғылымдарының докторы (1966), профессор (1968), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері. 1956 – 1962 жылдар аралығында Қазақ КСР Мәдениет министрі қызметін атқарған.
Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1938). «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде жауапты редактор, Қарағанды облысы партия комитетінде хатшы, Қазақстан ЛКЖО (комсомол) Орталық комитетінде 1-хатшы (1945 – 1951), Алматы облысы партия комитетінің 1-хатшысы (1951 – 1954), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында (1954 – 1955) проректор, Семей облысы партия комитетінің хатшысы (1955 – 1956), Қазақ КСР-і Мәдениет министрі (1956 – 1962), қазіргі Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде кафедра меңгерушісі (1962 – 1966) қызметтерін атқарған.
1966 жылы «Развитие культуры в Казахстане на современном этапе» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені, «Құрмет Белгісі» орденімен, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер:
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы |
Ескендіров Қайролла Ғазизұлы (1940 жылы туған, бұрынғы Көкшетау ауданы Биіктесін ауылы) – ҚР Парламент Сенатының депутаты (1995 – 2002). КСРО ІІМ-не қарасты Омбы Жоғары милиция мектебін, КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымиымдар академиясын бітірген. Бұрынғы Көкшетау облысы Ішкі істер органдарында, прокуратурада, партия ұйымдарында жұмыс істеген. ҚР Жоғарғы Соты Кеңесінің мүшесі. «Құрмет» орденімен, «Тың игеруге қатысқаны үшін», «Еңбек ардагері», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Бүркіт Баймұқанов (13.10.1930 жылы туған, бұрынғы 12-ауылы, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданы) – педогокиа ғылымымдарының докторы (1992),профессор (1993). ҚазПИ-ді (1953, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Атырау педогогикалық институтында оқытушы (1953–1961), кафедра меңгерушісі (1961–1965), ҚазМУ-да (1965–1971, қазіргі ҚазҰУ) доцент қызметтерін атқарды. 1988 жылдан ҚазПИ-де доцент, профессор Баймұқанов бірнеше оқу құралдарының («Математика есептерін шығаруға үйрету», 1983; «Алгебра», 7-сынып, 1994) авторы.
## Дереккөздер |
Ескендіров Қайыржан Ескендірұлы (1929 жылы туған, Бұланды ауданы Мат ауылы) – еңбек ардагері. Социалистік еңбек ері (1973). Еңбек жолын 1942 жылы малшы болып бастаған. Амангелді ұжымшарында мал бағушы, 1959 жылдан тракторлы-егістік жұмыстары бригадасының бригадирі болған. КСРО орден, медальдармен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Кәлимолла Халиқов (24 маусым 1938 жыл, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала қаласы – 18 қазан 2007, Алматы қаласы) – заң ғылымдарының докторы (1998), профессор (1997). ҚР Гуманитарлық (1998) және әлеуметтік (1999) ғылымдар академиясының академигі.
## Өмірбаяны
* ҚазМУ-ды (1965, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
* Қазақстан ғылым академиясының философия және құқық институтында аспирант, кіші ғылым қызметкер (1966–1970)
* ҚазМУ-да оқытушы, деканның орынбасары, декан, оқу ісі жөніндегі проректор, 1-проректор (1970–1996)
* Қазақ гуманитарлық заң институтында 1-проректор, ректор (1996–2000) болды.
* 2001 жылдан ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі қызметін атқарған.
## Ғылыми еңбектері
* «Проблемы судебной власти в Республике Казахстан (теоретические и уголовно-процессуальные исследования)» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
* 280-нен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 10 монографияның, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
## Марапаттары
«Құрмет» орденімен (2005) марапатталған.
## Дереккөздер |
Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университеті, РКФСР БОАК декреті бойынша 1921 ж. 21 сәуірде Мәскеу қаласында ашылған. Шығыс республикалары мен халықтары үшін кеңес қызметкерлерін дайындау мақсатында құрылған. ШЕКУ кейіннен БК(б)П ОК-нің қарамағында болды. Онда негізінен жергілікті ұлт өкілдері білім алды. Кейіннен бөлімшелері Ташкент, Баку, Иркутск қалаларында ашылды. Оқу бағдарламасы жалпы білім беру сипатында, оқу мерзімі 3 жыл болды. Негізгі бөлімшелерінде партия, комсомол, кәсіподақ қозғалысы қызметкерлері дайындалды. Университетте ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, Шығыстағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді зерттейтін ассоциация құрылды. 20 ғасырдың 30-жылдарының аяғында ұлттық республикаларда жоғары оқу орындары ашыла бастағаны себепті өз жұмысын тоқтатты. Бұл оқу орнында басқа шығыс халықтарының өкілдерімен бірге көптеген қазақ азаматтары білім алды.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Омар Хан, Омар Нарботаұлы немесе Сейіт Мұхаммед Омар хан (1787, Қоқан – 1822, Қоқан) — Қоқан хандығының ханы (1809–1822). Әлім ханнан кейін билікке келді. Әйелі — өзбек әдебиетінің классигі Мохларойим Надира.
Оның тұсында қоқандықтардың Оңтүстік Қазақстанға басқыншылық саясаты күшейе түсті. Ташкенттің солтүстігінде жатқан бірқатар қалалар мен бекіністерге жорық жасап, 1813 жылы Қарнақ, 1814 жылы Түркістан қалаларын басып алды. Әсіресе Түркістан қаласын алуға үлкен мән беріп, осыдан бастап өзін «әмір әл-муслимин» – «мұсылмандардың әміршісі» деп атауға бұйрық берді және мұсылмандардың халифы саналатын түрік сұлтанына Түркістанды бағындырғаны жөнінде хат жазып, Ыстанбұлға арнайы елшілік жіберді. Қоқан – Бұхар арасындағы бақталастықты пайдаланған Түркістанның билеушісі Тоқай төре Бұхар хандығын паналап, сондағы қазақтардан қол жинады. Бірақ Түркістанды қайтармақ болған әрекеттері сәтсіз болды. 1821 жылы қоқандықтарға қарсы Тентек төре бастаған қазақтардың көтерілісі болды. Бұл жолы Омар Сайрам, Шымкент қалаларын басып алды. Тентек төре баж салығы мен зекет төлеп тұруға келісім беруге мәжбүр болды. Ал кейбір қазақ төрелері оған өз еріктерімен бағынды. Омар хан солтүстік-батыста Қармақшы, шығыста Іле өзеніне дейінгі жерге Ақмешіт, Күмісқорған, Жаңақорған, Жөлек, Жаманқорған, Әулиеата, Ақсу, т.б. бекіністер салды. Мұндай бекініс қамалдар Талас, Шу өзендері бойындағы қырғыздар жеріне де салынды. Оның тұсында Қоқанның ресми жылнамасы – Умарнама және Шахнама-ий Умар-хани жазылды. Ол көптеген мешіт-медреселер салдырды, Әмір деген бүркеншек атпен парсы және түркі тілдерінде өлеңдер жинағын қалдырды.
Ш.Уәлиханов Қоқан хандары Омар ханнан бастап өздеріне «сейіт» деген сөзді қосып айтатын болған деп көрсетті.
## Дереккөздер |
Шақырық — Түркістан облысы Созақ ауданы, Созақ ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2017 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шолаққорған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 75 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1959 жылы құрылған «Қаракөл» ғылыми-өндірістік бірлестігінің қаракөл қойын өсіретін «Созақ» кеңшарының бөлімшесі болып келді. Оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
## Инфрақұрылымы
Мектеп, дәрігерлік пункт, тағы басқа мекемелер жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Цинкит — тотықтар класына жататын минерал.
## Химикалық формуласы:
* ZnO
## Изоморфты қоспалары:
* Mn (9%-ға дейін MnO),
* Fe (1,5%-ға дейін FeO).
## Физикалық қасиеттер
Гексагоналдық сингонияда кристалданады. Құрылымы вюртцют минералына ұқсас. Ұсақ түйірлі тығыз, түйіршікті, тақта тәрізді агрегаттар түрінде кездеседі. Түсі қызғылт сарыдан қою қызылға дейін өзгереді. Призма бағытында жіктілігі жетілген, алмасша жылтыр, қатт. Моос шкаласы бойынша 4 — 5, тығызд. 5,6 — 5,7 г/см3, мортты. Қышқылдарда еріп, сілті әсерінен ыдырайды. Скарн типті кендерде франклинит және виллемитпен бірге кездеседі. Қорғасын-мырышты кендерде сфалерит бойынша псевдоморфоздар түзеді.
## Қолдану
Кей жерлерде мырыш кентастарының құраушыларының құрамына енеді. Шығыс және Оңт. Қазақстанның полиметалды кен орындарында ұшырасады. Қрі мөлдір кристалдары әшекейлеу материалы ретінде қолданылады.
## Ciлтемелер :
"Қазақ Энциклопедиясы", 18 том |
Ақтас — Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы кент, Ақтас кенттік әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ұлытау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 81 км-дей жерде. Ең жақын темір жол бекеті — Жезқазған (135 км жерде).
## Тарихы
Іргесі 1957 жылы қаланған.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 163 адам (83 ер адам және 80 әйел адам) болса, 2009 жылы 161 адамды (87 ер адам және 74 әйел адам) құрады.
Кентте пьезооптикалық шикізат пен желілі кварцты барлайтын және өндіретін ірі кешенді геологиялық барлау партиясы, наубайхана, дәрігерлік пункт, 8 жылдық мектеп, клуб, кітапхана бар.
## Дереккөздер |
Есмағанбет Мұсатай Ғалымұлы (1952 жылы туған, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Рузаев ауданы Шұқыркөл ауылы) – өлкетанушы, фольклортанушы ғалым, физикалық-математикалық ғылым кандидаты. (1985), Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1973). Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент (1989), ҚарМПИ, ҚЭУ, ММТУ-нде декан (1999 – 2007) болып жұмыс істеген. 150-ге тарта ғылыми-танымдық жұмыстардың, оның ішінде 7 оқулықтың, 2 монографияның авторы.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Маралды (2023 жылға дейін — Мысок) — Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Ақсораң ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Балкашино ауылынан солтүстік-батысқа қарай 32 км-дей жеде, Құмдыкөл көлінің оңтүстік-батыс жағасында орналасқан.
## Халқы
Негізгі шаруашылық субъектісі – «Маралды орман шаруашылығы» мемлекеттік кәсіпорны.
## Дереккөздер |
Үлкен Бұрылтау гипс кен орны - Жамбыл облысы Тараз қаласынан батысқа қарай 40 км, Аса темір жолы станциясынан оңтүстік-батыста 16 км жерде орналасқан. Оны 1904 жылы Ресей геологы В.Н. Вебер ашып, 1953-1989 жылдары Қазақстан геологтары С.Н. Кагнер, С.С. Бекетов, В.Н. Остапенко зерттеген.
## Геологиялық құрылымы
Кен орны көлбеу қанатты ендік бағытта созылып жатқан Үлкен Бурылтау көтерілімінде орналасқан. Құрылым қанаттары флексура және сандық тәрізді қатпарлармен күрделіленген. Визе дәуірінде пайда болған кентасты қатқабат Үлкен Бурылтау көтерілімінің солтүстік беткейін бойлай 18-25 км-ге созылған сульфатты-карбонатты тау жыныстарынан тұрады.
## Жатыс сипаты
Құлау бұрышы оңтүстік-батысқа қарай 3-12°. Кен орнында 5 телім барланып, ондағы гипс кенінің 4 қабаттан құралғандығы анықталған. Ол қабаттар қалыңдығы 0,2-1,3 м болатын әктасты және сазды тақтатасты қатшалармен бөлінген. Қиманың терең қабаттарында гипстің ангидридке айналғандығы байқалады. Гипсі ұсақ кристалды, ақ түсті, тығыз. Оның кентастағы мөлшері 92%-ға жетеді. Қоры А+В+С категориясы бойынша 50,4 млн. т. 1961 жылдан кен орнын “Жамбылгипс” ӨК игеруде.
## Дереккөздер |
Ақтас қыстағы — 17-19 ғ-лардағы мекен-жайлар. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының оңтүстік-батысында 5-6 км жерде, Сырдарияның оң жағалауында орналасқан.
1970 ж. археолог С.Жолдасбаев зерттеген. Қыстақ ортасында қызыл кірпіштен бір күмбезді мешіт салынған. Солтүстік-батысында қорым бар. Одан 100 м жерде кірпіш күйдірген ошақ орны байқалады. Қазба жұмысы кезінде екі үйдің орны ашылды. Саз балшықтан соғылған. Қора жайлары тұрғын үйлерге жалғас салынған. Әріректе 20-дан астам тұрақ-жайдың төбе болып жатқан орындары байқалады. Қыстақ тұрғындары мал және егін шаруашылығымен айналысқан. Түрлі темір бұйымдар, табақшалар, кетпен сынықтары т. б. табылды.
## Дереккөздер |
Тұрпалар (Vіmba) – тұқытәрізділердің бір туысы. Солтүстік, Балтық, Қара, Азов және Каспий теніздерінің су алаптарын мекендейді.
Туыста өзі аттас жалғыз түрі (V. vіmba) бар. Денесінің ұзындығы 50 см, салмағы 9 кг-дай. Тұрқы тырандарға ұқсас, айырмашылығы аналь қанаты қысқа (15 – 22 тарамдалған талшықтары бар) болады, арқа қанатына қабыршақпен жалғасқан, аузы төмен қарай қараған. Арқасы көгілдір сұр түсті, бауыры күмістей ақ, кеуде, құрсақ және аналь қанаттары солғын сары. Уылдырық шашар алдында түсі айқындалады: арқа қанаттары қоңыр түске боялып, құрсағының орта бөлігі, құрсақ және аналь қанаттары қызғылт тартып, аталықтарының басында (желбезек қақпақтарына жақын) және қабыршақтарының жиегінде “інжу бөртпелер” пайда болады. Жыныстық жағынан 3 – 5 жаста жетіледі. Уылдырығын (25 – 112 мыңдай) бөліп-бөліп сәуір – маусым айларында (тереңдігі 0,5 – 0,8 м) майда тасты жүйектерге шашады. Шабағы майда омыртқасыздармен, ересек балықтар моллюскалар, құрттар және әр түрлі су түбіндегі шаянтәрізділермен қоректенеді. Тұрпалар – кәсіптік маңызы бар балықтар. Ареалында бірнеше түртармақтары анықталған. Каспий тенізінің қазақстандық бөлігінде бір түртармағы – каспий тұрпасы (V. vіmba persa) кездеседі, оның саны аз болғандықтан, кәсіптік маңызы төмен.
## Дереккөздер
“Қазақ энцклопедиясы – VI том” |
"'ҮЙҒАРАҚ – ерте темір дәуірінің қорымы (б.з.б. 7–5 ғ-лар). Қызылорда облысы, Төменгі Сыр бойына жататын Шығыс Арал өңіріндегі Үйғарақ қыратында орналасқан.
С.П.Толстов басқарған Хорезм археологиялық экспедицисының далалық ізденістері барысында ашылып, осы экспедицияның мүшесі О.А.Вишневская мұнда 1960жылы қазба жұмыстарын жүргізді. Планиграфиялық ерекшеліктері бойынша мұндағы барлығы 80-ге тарта оба негізінен үш топқа бөліне орналасқаны анықталды:
* шығыс (30 шамалы нысан)
* орталық (27 нысан)
* батыс (21 нысан) топтар.
70 ескерткіш қазылып, деректері ғылыми сарапқа түскен. Жерлеу құрылыстары – диаметрі 10–40 м, биіктігі 0,3–2 м болатын дөңгелек пішіндес топырақ обалар. Қазбалар барысында обалар жерлеу тәсілі бойынша бірнеше түрге ажыратылған. Мүрделер дәстүрлі шұңқыр қабірлерде жерленген обалар саны жағынан негізгі топты құрайды, ал басқаларында қайтыс болғандарды қабір қазбай, жерге қойып, үстінен оба тұрғызған. Қабірге жерлеген жағдайдың өзінде ішінара кремация тәсілі қолданылғаны байқалды, мысалы, барлығы 7 обаның қабірінде арнайы өртелген мүрде қалдықтары кездескен. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайының кейбір қыры қабірлердің өлшемінен көрінеді: 30-ға жуық обадан неғұрлым үлкен қабірлер (өлшемдері 2,7×2,3 – 4,5×3,7 метр, тереңдігі 1–2 метр) ашылса, 13 обадан шағын қабірлер (1,75×1,4 – 3×1,63 метр, тереңдігі 0,62–1,35 метр) кездескен. Қабір ағаш бөрене кесінділерімен жабылып, оның үстіне және қабір айналасына дөңгеленте қамыс, ұсақ бұта қабатын төсеген. Қайтыс болғандарды қабір еденіне басын күнбатысқа бере, созылыңқы түрде арқасымен қойған.
Сирек кездесетін салттың түрі: кейбір қабірде қабырға бойларымен жіңішке орлар қазылып, мұның нәтижесінде мүрде топырақ «үстелге» жатқызылған сияқты әсер береді. Сондай-ақ кейде еден бұрыштарында шағын шұңқыршалар анықталған, бірақ ағаш қалдықтары жоқ болуы себепті, бұлар нақты діңгек орнату үшін емес, әлдеқандай дәстүр құрметіне жасалған болу керек. Мүрделер қабірсіз, жерге қойылған обалар негізінен шығыс топта көбірек.
Мұндағы қазбалар барысы жерлеудің келесі тәртібін анықтауға мүмкіндік береді: арнайы тегістелген жерге шағын діңгектер орнату арқылы қабырғалары бұтақ, қамыспен тоқылған, дөңгелек, сопақ не тікбұрыш пішіндес аласа жеңіл құрылыс тұрғызылып, оның ортасында, қамыс төсеніште мүрде жерленген, соңынан барып үстіне оба үйілген. Кейде мұндай ағаш құрылысқа оба үю алдында от қойылғаны байқалған. Кейбір пайымдаулар бойынша жерлеудің осы тәсілі қайтыс болған адамның ерекше әлеуметтік дәрежесіне байланысты болуы мүмкін. Мыс., абыз әйелдердікі деп танылған обалар ең алдымен осы шығыс топта көп кездеседі. Қола асатаяқтың ұштығы, жыртқыш құстың басымен әсемделген, балта жүзі қондырылған найза сияқты биліктің нышаны ретінде саналатын айрықша бұйымдар табылған 25 обадағы мүрде де аталмыш тәсілмен жерленген.
Үйғарақ қорымын зерттеу барысында көптеп табылған заттай деректердің арасында қоладан құйылған ауыздық, сулық, таға сияқты ат әбзелдері, қару-жарақтан садақ жебелері, қола және темір қанжарлар, темір семсерлер, тағы басқаларымен ерекшеленеді. Әшекей бұйымдарынан түсті тастардан мұқият жасалған моншақтар, қола білезіктер мен сырғалар кездеседі. Абыздар қолданған тас құрбандық ыдыстары, сондай-ақ қола айналар заттық деректің арнайы түрлеріне жатады. Көптеген бұйымдардан «хайуанаттық нақыштың» үрдістері байқалады. Қыш ыдыс біршама аз, қолдан иленген жергілікті қыштың негізгі түріне сирек жағдайда қолдығы бар, түбі жайпақ, көбіне беті жылтыратылған алмұрт пішіндес көзелер жатады. Сиректеу кездесетін аяқ-табақтардың, бірен-саран тік бүйірлі көзелерден басқа, құмырашы дөңгелегінде жасалған, сырттан әкелінген ыдыстар бар.
Зерттелген жерлеу ғұрпының, мол жинақталған заттай деректердің берген мәліметтері бойынша Арал маңы сақтары қалдырған Үйғарақ қорымы ғылымда өте маңызды жәдігерлер қатарында саналады. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, қорымда осы өңірді мекендеген сақтардың дамудың айтарлықтай жоғары деңгейінде тұрған бір ірі тайпасының адамдары жерленген.
Тұрғындардың экономикалық өмірінде мал шаруашылығы, қолөнер, басқадай салалармен қатар, металлургия мен металл өңдеу ісінің жоғары болғаны көзге түседі. Ғылыми пайымдаулар бойынша бұл өңірдің сақ дәуіріндегі мәдениеті осы жергілікті ортада мұның алдындағы қола дәуірі мәдениетінің негізінде қалыптасқан.
Сыртқы байланыстардан ғалымдар Батыс, Орталық Қазақстан, Ертіс, Жетісу өңірлерімен, сондай-ақ көне Орта Азиямен екі арадағы маңызды қарым-қатынастарды атап көрсетті. Сонымен қатар қорымның деректері Қазақстанның батыс өлкелерінің мәдениетіне етене жақын тұруы тек түрлі байланыстармен ғана шектелмеуі мүмкін. Осы төңіректе сөз қозғағандар батыс өлкелермен екі арадағы жақындықты ертеректе осы екі аумақта орын алған этникалық-мәдени үдерістердің біртектілігімен түсіндіреді. Мұндай жалпылама сипаттағы пікірге неғұрлым нақты және өткір форма берген авторлардан Төменгі Сыр, Арал маңының сақ дәуіріндегі тұрғындары мен Батыс өлкелердің савромат бірлестігінің тайпалары бір этномәдени қауымға жатқан деген И.В.Пьянков болжамын атауға болады. Кезінде нақты қолдау таппағанымен, бұл пікірдің өміршеңдігі анықталып келеді. Қазақтың Кіші жүзінің Еділ-Жайық бойынан Төменгі Сыр, Арал, тіпті одан әрі оңтүстікке созыла орналасу тәртібі сонау көне замандардан басталған болуы керек.
## Дереккөздер |
Ақтас мешіті – Қызылорда облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген киелі нысан ескерткіші.
## Орналасқан жері
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық бекетінен оңтүстікке қарай 6 км жерде, Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан.
## Кезеңі
1884 жылы салынған. Авторы белгісіз. Мешіттің тұрған маңында қазақтардың XVI-XIX ғасырлардағы тұрақты мекен жайлары болғанға ұқсайды.
## Тарихи деректер
Бұл ғимарат "Ақтас" деген атпен белгілі және Айқожа ишанның өтініші бойынша осылай аталды. Оның да кесенесі осы мешітке жақын орналасқан. Мешітті белгісіз сәулетші Сырдарияның оң жағалауының биік жеріне тұрғызған (халықта Самарқандтан шақырылған шебер туралы әңгіме айтылады). Төбешіктің етегінде бұлақ бар, сол бұлақ суының емдік қасиеті бар деп есептеледі."Ақтас" мешіті – Сырдария жағалауындағы жалғыз күмбезді мешіт. Халық арасында оны ертеден осы өңірдегі ең биік діни құрылыс деп санайды, сондықтан да күмбездің биігіне шығып, Қожа Ахмет Ясауи мен Арыстан бабаның кесенелерін көруге болады дейді. Осы мешіт пайда болғаннан бастап, Меккеге жыл сайын қажылыққа барар алдында адамдардың жиналатын киелі орнына айналды.Өткен ғасырдың 90-жылдары "Ақтас" мешіті төзімділігімен ерекшеленетін "түркістандық кірпішті" қолдана отырып, қайта жаңартылды.
## Сипаттмасы
Ғимарат тікбұрышты күйдірілген кірпіштерден (6,5х13х26 см, 10 қатар + 10 жым = 0,77 м) тұрғызылған. Пішіні төрт бұрышты етіп салынған күмбезді мешіттің еденінен күмбезіне дейінгі биіктігі 19,15 м. Қасбеті шығыс жақта. Мешіт күмбезіне 4 қырлы, 2 қабатты мойындық арқылы көтерілуге болады. Қабырғалары сәндік өрнектермен әшекейленген. Кіре беріс жағында 3 биік, сәнді аркасы бар, ортаңғы аркадан мешітке кіретін есік жасалған. Солтүстік және оңтүстік жақтағы қабырғасына әшекейлі терезелер орнатылған; солтүстіктегі терезенің астыңғы жағында қосымша бір есік бар.Мешіттің михрабы батыс жақтағы қабырғаның орта тұсында орналасқан. Солтүстік іргесіне жүргізілген қазба жұмысы барысында төрт бұрышты шағын бөлмелердің іргесі ашылды. Осыған қарағанда мешіт жанында медресе болған секілді.1982 жылы Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған.
## Дереккөздер |
Лалиев Геннадий Казбекович (30 қазан 1979, Оңтүстік Осетия, Цхинвали қаласы) – қазақстандық палуан, еркін күрес шебері. 1999 жылға дейін Ресейдің атынан сынға түсіп, сол жылы Қазақстан азаматтығын алды.
Бапкері Т.С. Сайханов.
## Жетістіктері
* Азия чемпионатының қола жүлдегері (1998, Ташкент, Өзбекстан).
* Олимпиялық іріктеу турнирінде алтын (1999, Минск, Белорусь Республикасы), күміс жүлдегер (1999, Лейпциг, Германия).
* Жазғы Олимпиада ойындарында 4-орын (2000, Сидней, Австралия),
* Әлем чемпионатының қола (2003, Нью-Йорк, АҚШ),
* Жазғы Олимпиада ойындарының күміс (2004, Афины, Грекия) жүлдегері.
## Марапаттары
«Құрмет» орденімен марапатталған (2004).
Еркін күрестен халықар. дәрежедегі спорт шебері (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (2004).
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* http://ossetians.com/rus/news.php?newsid=493 |
Есмұханов Маташ Есмұханұлы (1929, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Сатай ауылы) – ғалым, қоғам қайраткері. Омбы қазақ педагогикалық училищесін (1951), Абай атындағы ҚазПИ-ді (1957) бітірген. 1951 – 57 жылы мектепте ұстаз, 1957 – 62 жылы Өскемен қаласындағы жоғары оқу орындарында оқытушы, аға оқытушы, 1962 – 71 жылы Қыздар педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, 1971 – 74 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың доценті, 1974–79 жылы Қазақ КСР Оқу-ағарту минститунің Орта және жоғары білім беретін оқу орындар басқармасының және бөлім бастығы, 1989 жылы Куба Республикасының Жоғары педагогикалық институтының кеңесшісі, 1986 жылы Талдықорған педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін атқарған. Ал 1986 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, профессор 80-нен аса ғылыми еңбектің авторы.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Балташ Молдабайұлы Тұрсымбаев (24 қазан 1946 — 14 тамыз 2022) — қазақстандық саясаткер.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасының Қарауыл руының Жаулыбай Барғана бөлімінен шыққан. Омбы ауыл шаруашылық институтын бітірген (1969).
## Мансабы
* 1969 жылдан Солтүстік Қазақстан облысында зоотехник, бас зоотехник, Преснов аудандық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды;
* 1975-80 жылдары сонда “Жамбыл” кеңшарының директоры;
* 1980-83 жылдары Бишікөл аудандық партия комитетінің 2-хатшысы;
* 1983-1986 жылдары Целинный аудандық партия комитетінің 1-хатшысы;
* 1986-89 жылы Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитетінің төрағасы;
* 1989-1990 жылдары Қазақ КСР-і Мемлекеттік агрокешен комитетінің төрағасы болды;
* 1990-91 жылдары ауыл шаруашылық, азық-түлік және экология жөніндегі Қазақ КСР-і мемлекеттік кеңесшісі;
* 1991-1992 жылдары Қазақ КСР-і премьер-министрінің орынбасары;
* 1992-1993 жылдары Ауыл шаруашылық министрі;
* 1993-1995 жылдары Қостанай облысы әкімі;
* 1995-1996 жылдары ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
* 1996-98 жылдары елші;
* 1998-99 жылдары ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметтерін атқарған;
* 1999 жылдан жеке кәсіпкерлікпен айналысты.
## Марапаттары
«Құрмет белгісі» ордені (1980), «Құрмет» ордені (2001) медальдарымен марапатталған. «Бостандық» сыйлығының лауреаты (2004).
## Отбасы
Үйленген. Жұбайы — Тұрсымбаева Күләш Сәрсенбекқызы. Ұлы және қызы бар.
## Сілтеме
* «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия // Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, VIII том |
Ғазиз Қанапиянов Серғазыұлы (6.10.1944, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл кенті – 29.6.2008, Алматы қаласы) – медицина ғылым доктор (1996), профессор (2008). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Семей мемлекеттік медицина институтын (1969, қазіргі Семей мемлекеттік медицина академиясы(қолжетпейтін сілтеме)) және Қазақ онкология және радиология институтының аспирантурасын (1973) бітірген. Семей мемлекеттік медицина институтында ассистент (1969–73) болды. 1973 жылдан Қазақ онкология және радиология ғылым-зерттеу институтында кіші, аға ғылым қызметкер, радиологиялық кеңестің төрағасы (1973–2003), 2003 жылдан өмірінің соңына дейін институтында директорының ғылым жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. «Функциональное состояние гепатобилиарной системы и эндокринно-иммунологические изменения у больных раком молочной железы» тақырыбында докторская диссертациясын қорғаған. 160-тан астам ғыл. жарияланымның, 3 монографияның авторы. 5 өнертабыс пен патенттің, 8 рационализаторлық ұсыныстың иегері.
## Дереккөздер:
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы |
Ләтіп ата – 10–11 ғасырларда өмір сүрген діни қайраткер. Халық Баба Машуарат – «атақты ата» атап кеткен Ләтіп атаның шын есімі – Маулана Мутарулла Сайрами. Сайрам қаласында дүниеге келген энциклопедист ғалым, ишан Хазірет Байзауидің шәкірті болған. Тафсир (тәпсір), фақх, тариқаттарды жетік біліп, таухит, фикһ, ақаид (акида), риторика және астрономия бойынша дәріс берген. Ғұмырының 39 жылын ғылымға арнаған. Сұлтан Мәлік елдің дінбасы ретінде оны қатты құрметтеді. Тарихи әңгімелерде Ләтіп ата қартайған шағында ел патшасын дін жолына тартып, Аллаға құлшылыққа, тақуалық жолға түсуіне ықпал еткендігі айтылады. Ләтіп ата бейіті Сайрам қаласындағы орталық мешіттің солтүстік жағында.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы
## Сілтемелер |
Бесқарағай (2007 жылға дейін – Большая Владимировка) — ауыл, Абай облысы Бесқарағай ауданы және Бесқарағай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Семей қаласынан солтүстік-батысқа қарай 70 км-дей жерде, Балапан жонының оңтүстігіндегі жазық өңірде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 19 ғасырдың орта кезінде құнарлы жерлерге жаппай қоныстандыру кезінде қаланды. Үлкен Владимировкада 1959 жылы құрылған 16-кәсіптік-техникалық мектеп, 1963 жылы қаланған асыл тұқымды мемлекеттік стансасы, Семей асбест-цемент зауытының және Бесқарағай ауданы тұтыну қоғамының қосалқы шаруашылықтары, т.б. мекемелер болған. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты олардың басым бөлігі жекешелендіріліп, 20-дан астам шаруа қожалықтары мен “Айтмолдин және К”, “Дорожники” ЖШС-теріне біріктірілді.
## Инфрақұрылымы
Ауылда орта, балалар спорт мектебі, кәсіптік-тех. мектеп, 2 кітапхана, мәдениет үйі, ауданы аурухана, емхана, туберкулезге қарсы диспансер, санитарлық-эпидемиологиялық стансасы, дәріхана, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Ауыл арқылы Өскемен — Семей — Павлодар автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Есіл темір жол стансасы – 1-санатты телімдік станса. Қостанай, Астана және Арқалық бағыттарына қызмет көрсетеді. Ақмола – Қарталы жаңа темір жолын салуға байланысты 1939 жылы зерттеу жұмыстары аяқталды. 1939 жылы 8-мамырда Алматыдан келген 500 комсомол жастар мен жақын жердегі Бірлік, Рассвет, Игілік елді мекендерінің жұмысшылары Есіл – Қарталы темір жол стансаның құрылысын бастады. Қазіргі кезде Есіл темір жылы торабында 12 мекеме бірлесіп жұмыс істейді: депо, техникалық қызмет көрсету пункті, жол машина станса, т.б. Олар Есіл станса арқылы өтетін темір жол көліктерінің еш кедергісіз, тоқтаусыз өтуін қамтамасыз етеді.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Шығыс Жағабұлақ мұнай кен орны – Ақтөбе облысы Темір ауданындағы кен орны. Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 840 км жерде орналасқан. Құрылым геологиялық-геофизикалық әдіспен анықталып, 1989 жылы бұрғыланған. Кен орны 1991 жылы ашылды.
## Қанығу сипаты
* Кен қабатының орташа тиімді қалыңдығы 23,4 м
* Мұнайының қанығу коэффициенті 0,65 – 0,75
* Бастапқы қабаттық қысым 45,1 МПа
* Температурасы 87°С
* Мұнайдың тәуліктік шығымы (7 мм-лік штуцерде) 25 – 105 м3 шамасында
## Құрамы, тығыздығы
* Мұнайы жеңіл, тығыздығы 8,38 г/см3
* Күкіртсутек 2,3%
* Көмірқышқыл газ 1,4%
## Дереккөздер |
Шығыс Жота – Камчатка түбегінің шығыс бөлігіндегі тау жүйесі. Батыс беткейлері тік, шығыс беткейлері көлбеу келген соңғы көтерілімде көтерілген жекеленген жоталардан тұрады. Ұзындығы 600 км, ені 60 км. Шығыс жотаның оңтүстігіндегі Ганальский жотасы (биіктігі 2277 м) протерозой және төмендегі палеозойдың гнейс, кристалды тақтатастары, мезо-кайнозойдың гранит және эффузияларынан түзілген массив болып есептеледі. Шығыс жотаның кайнозой қатпарлығында көтерілген негізгі бөлігі – Шығыс камчатка антиклинорийі жоғарғы бор шөгінділері мен жанартаулық жыныстардан (базальт, туф) құралған. Валагинский және Тумрок жоталарының қиылысқан жерін шығыс камчатка жанартаулық белдемі (Кизимен жанартауы, 2485 м) кесіп өтеді. Кумроч жотасында Шиш жанартауы (2346 м) орналасқан. Беткейлерін жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты орман жапқан.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Левченко Петр Иванович (1895 жылы Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келген – 1958 жылы сонда көз жұмды) – Социалистік Еңбек Ері (28.3.1948). 1919–21 жылы Қызыл Армия қатарында болды. 1930–53 жылы Түлкібас ауданындағы Победа ұжымшарында егіс бригадасын басқарды.
## Сілтемелер |
Кәмен Қанапин (10.8.1940 жылы туған, Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылту ауылы) – ауыл шаруашылық ғылым доктор (1991), профессор (1995). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қояншы-тағай бұтағынан шыққан. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1997). Алматы зоотехика-малдәрігерлік институтын (1964, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Бетпақдала қой шаруашылық тәжірибе станциянда кіші ғылым қызметкер, бас зоотехник, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары (1964–73), Моңғолия ауыл шаруашылық министрлігінде қой малын дамыту жөнінде кеңесші (1973–75), Қазақ қой шаруашылық ғылым-зертеу технология институтында аға ғылым қызметкер, бөлім меңгерушісі (1975–2004) болды. 2004 жылдан селекциялық генетика орталығының бастығы қызметін атқарады. Қанапиннің жетекшілігімен құйрықты қойдың екі тұқымы және бір тұқымдық сүлесі шығарылды. 150-ден астам ғылым жарияланымның, 2 монографияның авторы.
## Дереккөздер: |
Әсия Қанатбаева Бәкішқызы (1.12.1940, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1985), профессор (1990). Профилактикалық медицина академиясының академигі (1996). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі (1983, 2000). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1964, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті Мұрағатталған 14 тамыздың 2008 жылы.) бітірген. Қазақ педиатрия ғылым-зертеу институтында кіші, аға ғылым қызметкер, бөлім меңгерушісі (1965–85), КСРО Мед. ғылым академиясының Педиатрия институтында стажер-зерттеуші (1966–71) болды. 1985 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. «Клинико-патогенетическая оценка рецидивирующей гематурии у детей» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Негізгі ғылым еңбектерінің бағыты – бүйрек қансырауы мәселелері мен еміне арналған. Халықаралық Нефрологтар қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Нефрологтар қауымдастығының төрайымы (2005). 250-ден аса ғылыми жарияланымның, 6 оқу құралының, монографиялардың авторы.
## Дереккөздер |
Шығыс Жота – Камчатка түбегінің шығыс бөлігіндегі тау жүйесі. Батыс беткейлері тік, шығыс беткейлері көлбеу келген соңғы көтерілімде көтерілген жекеленген жоталардан тұрады. Ұзындығы 600 км, ені 60 км. Шығыс жотаның оңтүстігіндегі Ганальский жотасы (биіктігі 2277 м) протерозой және төмендегі палеозойдың гнейс, кристалды тақтатастары, мезо-кайнозойдың гранит және эффузияларынан түзілген массив болып есептеледі. Шығыс жотаның кайнозой қатпарлығында көтерілген негізгі бөлігі – Шығыс камчатка антиклинорийі жоғарғы бор шөгінділері мен жанартаулық жыныстардан (базальт, туф) құралған. Валагинский және Тумрок жоталарының қиылысқан жерін шығыс камчатка жанартаулық белдемі (Кизимен жанартауы, 2485 м) кесіп өтеді. Кумроч жотасында Шиш жанартауы (2346 м) орналасқан. Беткейлерін жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты орман жапқан.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Үлкен Диқан — Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Кіші Диқан ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шонжы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 109 км, округ орталығы Кіші Диқан ауылынан шығысқа қарай 6 км жерде, Кетпен (Ұзынқара) жотасының солтүстік беткейінен бастау алатын Сұнатсай өзенінің жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1930-1996 жылдары аралығында қой өсірумен айналысатын “Октябрь” ұжымшары бөлімшесі болды. Ұжымшар негізінде Үлкен Диқанда 1996 жылдан шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.
## Дереккөздер |
Асқар Кіребайұлы (1946 жылы туған, Жалағаш ауданы Аламесек (қазіргі Есет батыр ауылы) – ақын.
ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1980). Еңбек жолын 1964 жылы бастап, Сырдария ауданында «Сырдария» газетінде корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болған. 1980 жылдан Қызылорда облысы «Ленин жолы» («Сыр Бойы») газетінде әдеби қызметкер, Жаңақорған, Шиелі аудандары бойынша меншікті тілші, бөлім меңгерушісі, Жалағаш ауданы «Жаңадария», Сырдария ауданы «Сырдария», республиканың «Кәсіпкер», «Қарашаңырақ» газеттерінде бас редактор, «Ауыл», «Заман – Қазақстан» газеттерінде меншікті тілші, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ драма театрында директор қызметтерін атқарған.
1975 жылы жас ақындардың «Көктем тынысы» атты жыр жинағына өлеңдері енген. Алғашқы кітабы «Сыршыл көңіл» деген атпен 1978 жылы жарық көрді. 1987 жылы балаларға арналған «Алғашқы бәйге», 1992 жылы «Іңкәрдария» өлеңдер жинағы жарық көрді. «Сыр өңірінің қара шаңырағы» театр тарихы туралы, «Өркенді өнер» атты прозалық шығармалары мен «Аламесек» өлеңдерінің толық жинағы шықты. Қызылорда облысы драма театрында «Арманым. Әнім. Іңкәрім» поэт. қойылымы, 2005 жылы «Махаббат пен Ғадауат» атты драмалық спектаклі сахналанған.
## Дереккөздер |
Қанаттас - көне зираттар орны. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 60 км, Нұртай өзенінің аңғарында орналасқан. Қанаттаста 1957 жылы Орталық Қазақстан археология экспедиция (жетекшісі Ә.Х.Марғұлан) қазба жұмыстарын жүргізген. Зират оңтүстіктен солтүстікке қарай 100 м, батыстан шығысқа қарай 60 м алаңды алып жатыр. Қанаттаста 22 қоршау, 2 «мұртты» оба, бір мазар орналасқан. 14 тас қоршау қола дәуіріне жатады. 13 ескерткіште қазба жұмыстары жүргізілген. Тас қоршаулар тік бұрышты, төрт бұрышты және дөңгелек болып келеді. Қоршаулар негізінен пішіні төрт бұрышты гранит тақтатастардан қаланған. Мүрде көбіне тас жәшікке салынған. Қазба барысында қыш ыдыстар, садақ ұштары, сүйектен жасалған бұйымдар алынған. Басқа екі «мұртты» обада мәйіттер шұңқырларға жерленген. Олардың жанынан қыш ыдыстар, қозғалмалы темір айылбасы бар күміс тілікшелі белбеу, полихромдық тәсілмен безендірілген алтын тәж (диадема), түрлі моншақтар табылған. Алынған материалдар бұл обалардың б. з. 4–5 ғасырларына жататындығын дәлелдейді.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.