text
stringlengths
3
252k
Қуанғали Жұмәліұлы Ихаров (12.10.1923 жылы туған, Ресей, Астрахан қаласы) – қазақ халқынан шыққан тұңғыш сүңгуір кеме капитаны, КСРО Әскери-теңіз флотының 1-дәрежелі капитаны болған. Баку қаласындағы теңізшілер техникумын (1941), Ленинградтағы Жоғары әскери-теңіз училищесін (1946), Владивостоктағы командирлер курсын (1949) тамамдаған. Ұлы Отан соғысына теңіз жаяу әскерлері сапында 1941 жылдың қыркүйегінде Севастополь түбінде араласты. Новороссийск, Тамань, Керчь, Туапсе Армавир, Темрюк қалалары маңайындағы ұрыстарға қатысқан. Заполярьені азат етуге қатысты. Соғысты Берлинде аяқтап, 1945 жылы 24 маусымда Қызыл Алаңда өткен Жеңіс шеруіне қатынасты. Соғыстан кейінгі жылдары Тынық мұхитта “Щука” сүңгуір қайығында, алысқа жүзетін “АТ-312” танкерінде капитан болды. Астрахан теңізшілер училищесінде, Калининград Әскери-теңіз училищесінде, Атырау теңізшілер мектебінде дәріс берді. Майдандағы ерлігі мен бейбіт өмірдегі жетістіктері үшін Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз, “Даңқ” ордендерімен, 18 медальмен марапатталған. 1984 жылдан құрметті демалыста. ## Дереккөздер
Данагүл (шамамен 1720 – 1790) – Төле бидің келіні. Әкесінің есімі – Алакөз. Ұлы жүз құрамындағы дулат тайпасының сиқым тармағынан шыққан. Данагүл жастайынан өте ақылды, ізетті болып өседі. Төле би Данагүл дің ізеттілігін, ақылдылығын байқап, қолына келін қып түсіреді. Данагүл би ауылына келін боп түсісімен ақылдылығы, тапқырлығы арқылы ел аузына ілігеді. Бірде Төле би Мойынқұмдағы елдің дау-дамайын шешіп, ауылына қарай төтесінен жол жүремін деп, жолай бір топ қарақшының қолына түседі. Сонда Төле би: «Әй, сендерге керегі мал ма, жан ба, жан керек десеңдер қинамаңдар, тез өлтіріңдер, мал керек десеңдер, алдарыңа айдатып әкелдірейін, бізді босатыңдар» дейді. Қарақшылар: «Бізге мал керек» дейді. Сонда Төле би: «Менде мал көп, бай адаммын. Бірақ сендер сенбейсіңдер. Сондықтан біреуің менің атыма мініңдер, киімімді киіңдер, мен хат жазып берейін» дейді. Хатты былай жазады: «Кенже ұлыма құда түстім. Соған 40 құнан атан, 20 бура, 8 ақбас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Бұған қоса оң босағамда тығулы алтынымды, сол босағамдағы күмісімді қоса беріңдер». Қарақшылар екі жігітті бөліп шығарып, олар би ауылына жетеді де, осы хатты тапсырады. Ауыл адамдары бидің бұл хатын түсіне алмай, қатты дал болады. Сонда Данагүл былай дейді: «Жоқ, би атам 40 қарақшының қолына түскен екен. 40 құнан атан дегені 40 мықты жігіт, 20 бура дегені 20 палуан, 8 ақбас атан дегені 8 ақсақал кісі, ал атаған алтыны мен күмісі баласы және келіні – мына мен ғой. Қой, тез жетіп, би атамды құтқарайық». Сөйтіп, Данагүл дің ақылымен хатта көрсетілген малды екі қарақшының өзіне айдатып, олардың соңынан 40 жігіт, 20 палуан, 8 ақсақал, әрі Төле бидің баласы және келіні Данагүл көрінбестен қоса еріп отырады. Осылайша, бұлар Төле би мен оның серігін күшпен босатып алады. Қарақшылардың өздерін байлап-матап тастайды. Алайда, Төле би ботадай боздап, зар илеген қарақшыларға кешірім жасап, оларды адал еңбек етуге шақырады. Қарақшыларды өз ауылына әкеліп, түйесін, жылқысын бақтырады, егін еккізеді, сөйтіп, түзу жолға салады. Осы оқиғадан соң Данагүл дің атағы елге жайылған. ## Дереккөздер
Сәлкен Дәуленұлы Дәуленов (10 қазан 1907 жыл, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы - 29 ақпан, 1984 жыл, Алматы) – қоғам және мемлекет қайраткері. ## Өмірбаяны * Еңбек жолын Ақтөбе облысындағы Алты-Қарасу болысында бақташы болып бастады. * 1925 жылдың қыркүйегінен Ақтөбе қаласындағы балалар коммунасының тәрбиеленушісі. * 1927 жылдың қарашасынан - Ақтөбе округтік комсомол комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі. * 1928 жылдың қыркүйегінен - Ташкент қаласындағы Ортаазиялық мемлекеттік универститеті жанындағы жұмысшы факультетінің студенті. * 1931 жылдан - Ортаазиялық жоспарлау-экономикалық институтының студенті, оны 1933 жылы бітіріп шықты. * 1933 жылғы желтоқсаннан Тәжік АКСР-і Жырғатал ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары * 1934 жылғы тамыздан - Қазақ АКСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жоспарлау бөлімінің бастығы. * 1936 жылғы қарашадан - Алматы қаласы Ленин аудандық партия комитетінің екінші, бірінші хатшысы * 1937 жылғы желтоқсаннан - Алматы қалалық партия комитетінің үшінші хатшысы. * 1938 жылдың ақпанынан - Қазақстан Коммунистік партиясының үшінші, екінші хатшысы болды * 1939 жылдың қазанынан - Башқұрт АКСР-і Абзелил ауданы Янгель астық кеңшарының директоры. * 1944 жылдың маусымынан - Талдықорған облыстық жер басқармасының бастығы. * 1945 жылдың сәуірінен - Түркістан облысы еңбекші депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы * 1951 жылдың ақпанынан - Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі жанындағы Су шаруашылығы бас басқармасының бастығы * 1953 жылғы мамыр-қараша аралығында - Қазақ КСР ауыл шаруашылығы және дайындау министрлігінің бас басқармасының бастығы. * 1953 жылдың қарашасынан - Қазақ КСР жоғары тұтыну тауарлары өнеркәсібі министрінің орынбасары. * 1954 жылдың тамызынан - Қазақ КСР су шаруашылығы министрі. * 1957 жылдың шілдесінен - Қазақ КСР ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары. * 1960 жылғы қыркүйектен - Семей облысы партия комитетінің 1-хатшысы. * 1961 жылдың қаңтары 1962 жылдың қыркүйегі - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. * 1963 жылдың ақпанынан - Жамбыл облысы жоспарлау комитетінің төрағасы. * 1966 жылдың ақпанынан Қазақ КСР мемлекеттік жоспарлау комитетінің аумақтық жоспарлау бөлімінің бастығы. * 1975 жылдың сәуірінен - ордақтық дәрежедегі зейнеткер. * 1961 – 1963 жылдары КОКП ОК-нің мүшесі және КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаты. ## Марапаттары * 3 рет Еңбек Қызыл Ту * 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Өзен мұнай-газ кен орны — Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан оңтүстікке қарай 12 км, Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде. Аймақтық геология-геофизикалық жұмыстар 1953–1956 жылдары жүргізілді. Терең бұрғылау жұмыстары 1960 жылы басталып, 1962 жылы кен орны ашылды. ## Геологиялық құрылымы Кен орны жергілікті (локалды) көтерілім және күмбездер (Негізгі және Ортанғы, Хумурунск, Ақсай, Солтүстік-батыс, Шығыс Парсумурунск және Парсумурунск, Шығыс және Батыс Қарамандыбас) қатарымен күрделіленген батыс, солтүстік-батыс созылымның ірі брахиантиклиналдық қатпарына жатады. Жоғарғы бор (сеноман сатысы), төмгі бор (альбтік, аптық сатылары) және неоком, төменгі және ортаңғы юралық (келловейлік, баттық, байостық, аалендік сатылары) түзілімдердің өнеркәсіптік өнімділігі анықталған. ## Жатыс сипаты Өнімді қабат 1500 м-ге жетеді. Бор кешенінде таужынысы 12 газды, юра қабатында 13 газды және мұнай-газды горизонтқа бөлінеді. Өнімді горизонттардың басым бөлігі көп қабатты. Тұтқыш типі бойынша шоғырлар әр түрлі (көбінесе қабатты, дөңесті). Коллекторлары кеуекті, литолитті тұрғыдан құмтастар мен алевролиттерден құралған. Газды горизонттардың ашық кеуектілігі 26,8-30,6%, өткізгіштігі 0,2-0,4 мкм2. Өнімді горизонттардың жабыны қалыңдығы 2-60 м болатын саздардан тұрады. ## Қанығу сипаты Мұнайға қанығу коэффициенті 0,53-0,73, газға қанығу коэффиценті 0,5-0,6. Бастапқы қабат қысымы 11,2-19,35 МПа, температурасы 57-84°С, тығыздығы 0,844 – 0,874 г/см3. ## Құрамы Мұнай құрамындағы күкірт 0,16-2%, парафин 16-22,6%, шайыр 8-20%-ды құрайды. Еріген газ құрамы бойынша ортаңғы юра шоғыры ауыр көмірсутектерден (40-49%) тұрады, азот және көмірқышқыл газ бар. Газ телпектерінің бос газ құрамы әдетте ауыр, этанқұрамды және ауыр көмірсутектер көп мөлшерде кездеседі.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — кеңестік және қазақстандық саясаткер, мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Республикасының бірінші президенті (1991–2019) және Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының соңғы басшысы (1989–1991). 2010 жылдан бері 2023 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті — Елбасы ресми мәртебесіне ие болды. Бұрын Назарбаев Қазақстан Конституциялық Кеңесінің мүшесі (2019–2023), Нұр Отан ХДП төрағасы (2007–2022), Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы (1995–2021), Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы (1991–2022) лауазымдарының иесі болған. Қазақстан тәуелсіздігіне және өзінің президенттігіне дейін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы (1984–1989), КОКП ОК мүшесі (1986–1991), КОКП ОК Саяси бюро мүшесі (1990–1991), Қазақстан КП ОК хатшысы (1974–1984), Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы (1989–1991), КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10–11-шақырылымының Солтүстік Қазақстан облысынан депутаты (1979–1989), КСРО халық депутаты (1989–1991), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990), Қазақ КСР президенті (1990–1991). Назарбаевтың президенттігін саясаттанушылар және бақылаушылар жеке басына табынуы бар, авторитарлық, непотистік диктатура етіп сипаттайды. ## Өмірбаяны ### Еңбек жолының бастауы Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысының Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Әбіш (1903–1971) пен Әлжанның (1910–1977) отбасында дүниеге келді. 1957 жылы Қаскелең қаласында Абай атындағы қазақ орта мектебін бітірді. Теміртаудағы металлургиялық комбинат құрылысына бүкіл одақтан комсомолдарды жинап жатқанын естіп, Нұрсұлтан Назарбаев металлург болуға бел буды. 1958 жылдың алғашқы екі айында Қарағанды облысында Теміртау қаласынан 15 км жердегі Токаревка ауылында жатақханада тұрды. Украинаның Днепроджерсинск қаласындағы Днепр металлургиялық зауытындағы №22 Кәсіптік-техникалық училищеде оқып, 1960 жылы тәмамдады. 1960 жылы Теміртау қаласында «Казметаллургстрой» трестінің құрылыс басқармасына жұмысшы болып орналасты. 1960 жылы 3 шілдеде Қазақстан және Орталық Азиядағы алғашқы домна пеші іске қосылды, Назарбаев алғашқы қазақстандық шойын қайнатуға қатысты. Содан кейін Қарағанды металлургиялық комбинатында құю машинасының шойыншысы, домна пештің горновойы, домна цехтың диспетчері, газшысы, аға газшысы болып істеді. 1967 жылы Қарағанды металлургиялық комбинатындағы Жоғарғы техникалық оқу орнын бітірді. 1969 және 1973 жылдары Теміртау қаласында партиялық комсомолдық қызмет атқарды. 1973–1978 жылдары Қарағанды металлургиялық комбинаты партия комитетінің хатшысы болды. Турасын айтқанда Назарбаев кәсіпорында комбинат директорынан кейінгі екінші тұлға еді. Бұл жерде 30 мың адам жұмыс істейтін. Назарбаев естеліктерінде менмен амбициясының болмағанын, басқарушы лауазымдарға құмар болмағанын айтады, бірақ жас күнінен әрқашан да бірінші болу керек деген дағды қалыптасқан. Осы кезеңде ол басшы ретінде цех басшылары мен министрлерге дейін қарым-қатынас жасау тәжірибесін жинақтады. 1978–1979 жылдары партияның Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, екінші хатшысы болды. 1979 жылы Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің хатшысы болып тағайындалды. 1984–1989 жылдары Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы, ал 44 жасында одақ республикалары арасындағы ең жас басшы атанды. 1986 жылғы желтоқсанда республика астанасы Алматы қаласында ереуіл басталды. Оған Қазақстан компартиясы ОК бірінші хатшысының қызметіне Дінмұхамед Қонаевтың орнына бұрын-соңды Қазақстанда тұрмаған Геннадий Колбин сайланғаны түрткі болды. Жастар ереуілі аяусыз жаншылды, оқиға қатысушылары қудаланды, тек 1989–1991 жылдары ғана қайта қаралды. 1989–1991 жылдары Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы. 1989–1992 жылдары КСРО халықтық депутаты. Сол уақытта 1990 жылғы ақпан-сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің төрағасы. 1990 жылғы 14 шілде мен 1991 жылғы 23 тамыз аралығында КОКП ОК Саясибюро мүшесі. КОКП Орталық ревизиялық комиссиясының мүшесі (1981–1986). КОКП ОК мүшесі (1986–1991). ### Президент сайлануы, 1990 жылдар 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ КСР президенті лауазымы құрылып, оған Нұрсұлтан Назарбаев лайық деп табылды. 1991 жылғы жазда Михаил Горбачёв пен Борис Ельцин жаңа одақтық келісімшартқа қол қою барысында Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер одағы үкіметінің төрағасы лауазымын иеленетін болды, алайда ТЖМК Тамыз бүлігі бұған кедергі келтірді. Назарбаев КСРО-ны конфедерацияға айналдыруды қолдады. 28 тамызда Қазақстан КП ОК пленумында президент Назарбаев КОКП-дан шығатыны туралы мәлімдеді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бір ғана үміткердің қатысуымен Қазақ КСР-інің тұңғыш бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Нәтижесінде Назарбаев сайлаушылардың 98,7%-ын дауысын иеленді. 10 желтоқсанда Қазақ КСР атауы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылдады, ал Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болды. 5 күн өткен соң осы статусымен КСРО-ның тарағанын растайтын ТМД мақсаттары мен принциптерінің Алма-Ата декларациясына қол қойылды. 1995 жылғы 29 сәуірде өткен референдум нәтижесінде Назарбаевтың президенттік өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылғы 10 қаңтарда Назарбаев 79,78% дауыспен президент болып сайланды. ### 2000–2010 жылдар 2005 жылғы 4 желтоқсанда өткен сайлауда Назарбаев Қазақстан президенті болып қайта сайланды, сайлауда 91,15% дауыс жинады. 2010 жылғы 15 маусымда Елбасы – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті мәртебесі ресми бекітілді. 2010 жылғы 23 желтоқсанда Өскеменде өткен форумда ел президентінің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс айтылды, ол үшін жалпыреспубликалық референдум өткізу керек еді. Ұсыныс білдірушілердің бірі – Олжас Сүлейменов болатын. Көп ұзамай 2011 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Республика парламентінің Қазақстан Республикасы Конституциясына қазіргі президенті өкілеттігін 2020 жылғы жалпыхалықтық сайлауға дейін ұзарту бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумға салу туралы ұсынысынан бас тартты. Бірақ қол жинау тоқтаған жоқ, сөйтіп 2011 жылғы 13 қаңтарда осы бастаманы қолдап 5 миллион 16 мың қол жиналды. 2011 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Парламенті Конституцияға түзету енгізуді бірауыздан қабылдады. 31 қаңтарда Қазақстан Конституциялық кеңесі сайлауды референдумға ауыстыру туралы заңды конституцияға сай емес деп тапты. Сол күні халыққа жолдауында президент Конституциялық кеңестің шешімін қолдап, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді ұсынды. 3 сәуірде мерзімінен бұрын өткен сайлауда 2016 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды. Орталық сайлау комиссиясының соңғы есебі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев 95,5% дауыс жинады. Конституция бойынша бір тұлға екі реттен артық қатарынан сайлауға қатыса алмайды, бірақ бұл шектеудің Қазақстан Республикасының тұңғыш президентіне қатысы жоқ. 2015 жылғы наурызда Назарбаев 2015 жылғы 26 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасының мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлауына қатысуға үміткер ретінде тіркелді. Сайлауда 97,75% дауыс жинады. ### Қызметін доғаруы 2019 жылғы 19 наурызда 2019 жылғы 20 наурыздан бастап президенттік өкілеттігін өз қалауымен өткізетін қаулы қабылдады. Халыққа үндеуінде Назарбаев: – деп жариялады. Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша президент өкілеттігі Парламент сенаты төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа беріледі, ол 20 наурызда Қазақстан парламенті қос палатасының біріккен отырысында ант берді. Бұдан кейін Назарбаев елдің Қауіпсіздік кеңесі төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі және «Нұр Отан» партиясының төрағасы лауазамын сақтап қалды. Сонымен қатар Тұңғыш президент қоры аясында қоғамдық қызметпен айналысуды жалғастырды. 2019 жылы қор «Ел үміті» және «Қамқорлық» жастарды қолдау жобаларын жүзеге асыра бастады. Біріншісі – өзгерістерді басқару бойынша жас менеджерлерді дайындауға бағытталған. Бағдарлама аясында қатысушылар әлемнің озық университеттері мен компанияларында білім алуға мүмкіндік алды, сондай-ақ олардың тәлімгері ретінде әрекет ететін үкімет, отандық және халықаралық сарапшылармен тікелей байланыс орната алады. «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша ауруханаларда оңалту орталықтары, мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылып, жылына 5 мыңға жуық балаға тегін кешендік оңалту жүргізеді. 2020 жылғы маусым-шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен ауырды. Коронавирус пандемиясы тұсында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз біргеміз!» ұлттық акциясы бастама алды, оның аясында 2,3 миллион азаматқа көмек көрсетілді: мұқтаж отбасыларға азық-түлік, медицина қызметкерлеріне еріктілер көмегі беріліп, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына қашықтан оқытуға компьютер алынды. 2021 жылғы 28 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы өкілеттегін өткізді. Оны Н.Назарбаев 1995 жылдан басқарған еді, жалпықазақстандық социумға барлық этноәлеуметтік топтарды біріктіруді жалғастыру қажеттігін алға тартты. Назарбаевқа «Ассамблеяның құрметті төрағасы» атағы берілді. 2021 жылғы сәуірде Назарбаевтың бастамасымен «Елбасы жылуы» ауқымды қайырымдылық акциясы басталды. Акция барысында Нұрсұлтан Назарбаев және «Дегдар» қайырымдылық қоры тұрмысы нашар, көпбалалы, ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған, Ұлы Отоан соғысының ардагері бар отбасыларға көмек көрсетеді. 681 мұқтаж отбасының әрқайсысына салмағы 132 кг тауар берілді. ### Елбасы лауазымы және басқа да мәртебелерінен айырылуы 2023 жылғы қаңтарда Назарбаев отставкасынан бері иелеген «құрметті сенатор» лауазымынан айырылған. Келесі күні Парламенттің екі палатасының шешімі бойынша «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» өз күшін мүлдем жоғалтты. Нәтижесінде экс-президент пен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылуды тоқтатты, пәтер мен мемлекеттік саяжай жеке меншікке берілмей, қажетті қызмет көрсетумен, жеке күзетпен, жүргізушілері бар жеке автокөлікпен, ел бойынша тегін жол жүрумен, медициналық қызмет көрсетумен және санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етілуі тоқтатылды. Парламент төрағасы Мәулен Әшімбаев осы өзгерістердің себебін «2022 жылғы конституциялық референдумның нәтижесі, «халықтың шешімі» деп айтып кеткен. Алайда басқа дереккөздер оның себебін 2022 жылғы «Қаңтар оқиғасын» атаған. Назарбаевтың бірнеше мәртебесінен айырылуына қарамастан оның бірнеше артықшылықтары да қалған еді, мысалы ол президент кезіндегі істері үшін жауап бермейді, оған мемлекет есебінен қызмет көрсету және күзет беру қарастырылған, және т.б.. 2023 жылғы 1 маусымнан бері Назарбаевты қорғайтын мемлекеттік күзет өз қызметін тоқтатты. ## Отбасылық жағдайы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші әйелі Сара Қонақай (1941 жылы туған) — инженер-экономист. Халықаралық Бөбек қорының негізін қалаушы және президенті, SOS Қазақстанның балалар ауылдары қорының президенті, тұңғыш бірінші ханым. Нұрсұлтан мен Сара Назарбаевтардың некесінен үш қыз туған. * Үлкен қызы Дариға Назарбаева (1963 жылы туған) — Мәжілістің III (2004–2007), V (2012–2015), VII (2021–2022) және Сенаттың VI сайланым депутаты, Парламенттің төрағасы (2019–2020), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының директоры (2007 жылдан бастап), Асар партиясының төрайымы (2003–2006), «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ және Астана Опера кеңесінің төрайымы. Бірінші күйеуі (некеде 1983–2007, ажырасқан) Рахат Әлиев (1962–2015) — Аустриядағы (2002–2005, 9 ақпан 2007–26 мамыр 2007), Македониядағы, Хорватиядағы, Сербиядағы, Черногориядағы және Словениядағы елші (2002–2005), Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. Екінші күйеуі (2013 жылдан бастап) Қайрат Қаматайұлы Шәріпбаев (1963 жылы туған) — «ҚазТрансГаз» (2014–2015, 2020–2022), «QazaqGaz» (2020–2022), Қазақстан темір жолы (2005–2006) бас директоры.Үлкен ұлы Нұрәлі Рахатұлы Әлиев (1985 жылы туған) — «Еуропа плюс Казахстан» (2007 жылдан бастап), «Транстелеком» (2023 жылдан бастап) және «Нұрбанк» АҚ (қараша–желтоқсан 2008) Директорлар кеңесінің төрағасы, альпинизм федерациясының (2017 жылдан бастап), «Hit TV» арнасының (2006–2007) және «Қант орталығының» (2004–2006) президенті. Байлығы 220 000 000$ бағаланған. Әйелі (2003 жылдан бастап) Аида Берікқызы Әлиева (Берік Имашевтың қызы) (1984) — Arte Di Casa жиһаз компаниясына иелік етеді және бірнеше адамдармен бірге «Janum» қоғамдық бірлестігін құрды. Балалары: Лаура (2003), Алаң (2005), Амира және Әнуар.Ортаншы ұлы Айсұлтан Назарбаев (1990–2020) — Рахат (2006), Қайрат (2007), Астана (2011), Сұңқар футбол клубтарында (2012) ойнаған. Әйелі (2013–2020, ажырасқан) Әлима Қайратқызы Боранбаева (Қайрат Боранбаевтың қызы) (1993 жылы туған) — Лондондағы Courtauld Institute of Art өнер институтының түлегі. Балалары Сұлтан (2010) мен Амели (2016).Қызы Венера Рахатқызы Әлиева (2000 жылы туған) — SCI CDG Garden House компаниясының 99,99% иелік етеді. 11 жасында қазақ-орыс-неміс «Байқоңыр» фильмінде шопанның қызы ретінде эпизодтық рөлді сомдаған. Күйеуі (2018 жылдан бастап) Дален Шайжүнісов (1995) (Жақия Шайжүнісовтің немересі). * Үлкен ұлы Нұрәлі Рахатұлы Әлиев (1985 жылы туған) — «Еуропа плюс Казахстан» (2007 жылдан бастап), «Транстелеком» (2023 жылдан бастап) және «Нұрбанк» АҚ (қараша–желтоқсан 2008) Директорлар кеңесінің төрағасы, альпинизм федерациясының (2017 жылдан бастап), «Hit TV» арнасының (2006–2007) және «Қант орталығының» (2004–2006) президенті. Байлығы 220 000 000$ бағаланған. Әйелі (2003 жылдан бастап) Аида Берікқызы Әлиева (Берік Имашевтың қызы) (1984) — Arte Di Casa жиһаз компаниясына иелік етеді және бірнеше адамдармен бірге «Janum» қоғамдық бірлестігін құрды. Балалары: Лаура (2003), Алаң (2005), Амира және Әнуар. * Ортаншы ұлы Айсұлтан Назарбаев (1990–2020) — Рахат (2006), Қайрат (2007), Астана (2011), Сұңқар футбол клубтарында (2012) ойнаған. Әйелі (2013–2020, ажырасқан) Әлима Қайратқызы Боранбаева (Қайрат Боранбаевтың қызы) (1993 жылы туған) — Лондондағы Courtauld Institute of Art өнер институтының түлегі. Балалары Сұлтан (2010) мен Амели (2016). * Қызы Венера Рахатқызы Әлиева (2000 жылы туған) — SCI CDG Garden House компаниясының 99,99% иелік етеді. 11 жасында қазақ-орыс-неміс «Байқоңыр» фильмінде шопанның қызы ретінде эпизодтық рөлді сомдаған. Күйеуі (2018 жылдан бастап) Дален Шайжүнісов (1995) (Жақия Шайжүнісовтің немересі). * Ортаншы қызы Динара Құлыбаева (1967 жылы туған) — Нұрсұлтан Назарбаев білім қорының (қазіргі NNEF) директоры, Қазақстан-Британ техникалық университетінің директорлар кеңесінің төрағасы. Күйеуі (1990 жылдан бастап) Тимур Құлыбаев (1966 жылы туған) — Қазақстан темір жолы, «Самұрық-Энерго» (2009–2011), Қазатомөнеркәсіп (2008–2012), ҚазМұнайГаз (2006–2007, 2009–2012), KEGOC (2006–2007, 2008–2011) Директорлар кеңесінің төрағасы. Екеуінің байлығы жеке-жеке 5 000 000 000$ бағаланып, Құлыбаевтардың байлығы 10 000 000 000$ бағаланды.Балалары — Алтай Асқар (1990), Дениза Асқар (2004), Нәби Назарбаев (2008), Алишия Асқар (2010). * Балалары — Алтай Асқар (1990), Дениза Асқар (2004), Нәби Назарбаев (2008), Алишия Асқар (2010). * Кіші қызы Әлия Назарбаева (1980 жылы туған) — «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары кеңесінің төрағасы (2021 жылдан бастап), Қоршаған ортаны қорғау ұйымдары қауымдастығы президиумының төрағасы (2017–2022). Бірінші күйеуі (некеде 1998–2001) Айдар Асқарұлы Ақаев (1976–2020) Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың баласы. Екінші күйеуі (2002–?) Данияр Пернебекұлы Хасенов (1979 жылы туған) — Қазақстан темір жолы Басқарма мүшесі. «LOKOMOTIV» Астана футбол клубында ойнаған. Үшінші күйеуі (некеде 2015–2023) Димаш Ғабитұлы Досанов (Сәбит Досановтың жиені) (1981 жылы туған) — «Қазақстан-Қытай құбыры» (2014-2016), ҚазТрансОйл (2016–2022) бас директоры.Балалары — Тиара Назарбаева (2007), Алсара Хасенова (2011), Алдияр (2016) және Айлана (2018). * Балалары — Тиара Назарбаева (2007), Алсара Хасенова (2011), Алдияр (2016) және Айлана (2018). Азаттық радиосы сияқты оппозициялық дереккөздердің болжауынша Назарбаевтың бейресми әйелі (1996–?) Гүлнар Оразқызы Рақышева (1970 жылы туған) — «ФИРМА ШАРМ», «Sergio group», «Мой сервис» компанияларының иесі. Болжау бойынша бұл некеден екі қыз туылған (туылған жылдары 2000-жылдардың басы), бірақ Гүлнар Оразқызы 2004 жылы Испанияға көшкеннен кейін қыздарының аты-жөнін өзгертіп тастаған. Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Тілектесқызы (Құрманбаева) Исабаева (29 қазан 1980) — Мисс Қазақстан 1999, «Астана Балет» театрының және «Қазақ ұлттық хореография академиясының» Арт-директоры. «Астана Балет» пен «Almaty Theatre» театрларының құрылтайшысы.2-некеден: * Үлкен ұлы Тауман Нұрсұлтанұлы (2005). * Кіші ұлы Байкен Нұрсұлтанұлы Нұрсұлтан (2008). Ресми мәлімет бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев жастайынан он екі атасына дейінгі шежірені жатқа білетін: Әбіш, Назарбай, Еділ, Кембаба, Мырзатай, Айдар, Көшек, Қарасай, Алтынай, Есқожа, Малды-Ыстық, Шапырашты, Жалманбет, Бәйдібек. Нұрсұлтанның сегізінші атасы Қарасай батыр болған, 1640–1680 жылдары жоңғарлармен шайқаста көптеген ерлік көрсеткен. Нұрсұлтанның атасы Назарбай би болған, Қазақстанның Орталық мұрағатындағы құжат бойынша 1880 жылдары дәулетті адам. Сонымен қатар Назарбаев бала күнінен анасының да жеті атасын жақсы білген: Әлжан (1910–1977), Бұхарбай (Бұқа), Жатқанбай, Кенебай, Олжабай, Ізбасар, Жолай, Тығыр, Жалмамбет, Жаныс, Дулат. 1991 жылы жарық көрген «Без правых и левых» еңбегінде Нұрсұлтан Назарбаев былай деп жазады: Ауыл шаруашылығымен айналысатын Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келді. Ұлы жүздің Шапырашты руынан шыққан. Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі Әбіш 1903 жылы Алатау баурайында Назарбайдың отбасында туылған. Әбіш Назарбаев 1971 жылы көз жұмды. Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қасық аулында молданың отбасында дүниеге келген, ол да 1977 жылы дүниеден озды. Анасы Дулат руының ішінде Жаныс елінен, одан Бесқалмақтан тарайды. * Бауыры — Сатыбалды Назарбаев (1947–1981). * Бауыры — Болат Назарбаев (1953–2023) * Қарындасы — Әнипа Назарбаева (1950). ## Саяси көзқарасы ### Сыртқы саясат Назарбаевтың президент ретінде қабылдаған бастамаларының бірі – Семей ядролық полигонын жауып, ізінше әлемде 4-орын алатын ядролық қару арсеналынан бас тартты. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшарттар мен институттардың белсенді қатысушысына айналды. 1990 жылдары президент Қазақстанның сыртқы саясатының көпвекторлы қырын жариялады, яғни халықаралық істерде маңызды роль атқаратын кез келген мемлекетпен достық қарым-қатынасты дамыту. Президенттік жылдарында Қазақстан 130 елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Аймақтық интеграция аясында Назарбаев бұрынғы КСРО мемлекеттерінің экономикалық-сауда қарым-қатынасын жандандыруға күш салды, Еуразия экономикалық одағының экономикалық маңызын алға тартты. Қазақстан халықаралық ұйымдардың қызметіне белсене араласты. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға, 2011 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті. Шанхай ынтымақтастық ұйымының жұмысына бірінші күннен-ақ белсене кірісті, ал 2010–2011 жылдары оған төрағалық етті. 2016 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017–2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі боп тағайындалды. 2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаев қоры Astana Club халықаралық пікірталас алаңын ұйымдастырды, мұнда жыл сайын әлемдік және еуразиялық аймаққа ықпал ететін жаһандық тенденциялар мен түйткілдердің шешімін талдау мақсатында саяси қайраткерлер, дипломаттар және АҚШ, Ресей, Қытай, Еуропа, Таяу Шығыс және Азия елдерінің аналитикалық орталықтарының сарапшылары жиналады.. 1987 жылы Назарбаев Қарабақ қақтығысы, 2014 жылғы Украина дағдарысы, Сирия бойынша Астана процесі және басқа да халықаралық қақтығыстар тұсында бейбіт бітімші ретінде әрекет етті.. 2011 жылы Назарбаев жаңа G-Global коммуникациялық алаңын құруды ұсынды, себебі оның ойынша G-20 және G-8 форматы әлемдік антикризистік жоспарды шешпеді. G-Global идеясы мынада, әлемдік мәселелердің тағдырын мейлінше көп ел мен планета азаматтарының қатысуымен демократиялық принциптер негізінде өткізген абзал. Осы мақсатта мемлекет көшбасшылары мен сарапшылар және олардың жауаптарын қамтитын мәселелерді талқылау үшін интернетте халықаралық ақпараттық-коммуникациялық платформа құрылды. 2017 жылы Астанада 112 мемлекеттің қатысуымен баламал энергетика тақырыбына арналған Бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесі өтті. Көрме аяқталған соң оның орнына «Астана» халықаралық қаржы орталығы ашылды. ### Әлеуметтік-экономикалық даму КСРО құлаған соң 4 жылдың ішінде Қазақстанның өнеркәсіптік өндірісі екі есе қысқарды, ауылшаруашылығы 30 пайызға қысқарды, көптеген ірі кәсіпорындар жабылды. Қазақстанды басқарған жылдары ел экономикасының көлемі (ЖІӨ) 15 есе өсті, халықтың табысы доллармен есептегенде 9 есеге артты, кедейлік 10 есеге яғни 90 пайызға азайды. 2018 жылы жалпы өнеркәсіптік көлемде өңдеу секторы 40 пайыздан асты. Қазақстанда баспанамен қамту көлемі жылына 10 миллион квадрат метрден асып түсті, бір адамды баспанамен қамту 21,8 м квадратқа өсті. 1997 жылы президент «Қазақстан-2030» даму стратегиясын жасақтады. Оның басты мақсаттарының бірі – шетелдік инвестиция мен ішкі қордың үлесі жоғары болатын ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсім. Президенттің басшылығымен Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылды. 1993–2006 жылдары Қазақстан 51,2 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартты (Орталық Азиядағы инвестицяның 80%-дан астамы). Макроэкономикалық тұрақтылықты қамту мақсатында елдің мұнайдан түскен табысының жартысын жинау есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылды. Назарбаев астананы Алма-ата қаласынан Астанаға көшіруді қолдады. 1995 жылғы 15 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» қаулы қабылдады, оған сәйкес жоғарғы және орталық билік органдарын Ақмола қаласына көшіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. 1997 жылғы 10 желтоқсанда Ақмола Қазақстан астанасы болып бекітілді, ал 1998 жылғы 6 мамырда қаланың атауы Астана деп өзгертілді, 2019 жылы Нұр-Сұлтан деп аталды. Түлектер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таза сөйлеуі үшін білім саласында үш тұғырлы тіл қағидасы жарияланды. 1993 жылы президент «Болашақ» білім беру бағдарламасын ашты, оның аясында мектеп түлектері конкурс бойынша мемлекеттік стипендиямен шетелге оқуға жіберілді. Бағдарлама бойынша 15 мың маман дайындалды. 2010 жылы президенттің бастамасымен Назарбаев университеті және Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. Денсаулық сақтау саласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне біртіндеп өту жүзеге асырылды. Бұл халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ынтымақтас жауапкершілігіне негізделді. 2010 жылы президенттің қаулысымен Қазақстан Республикасының үдемелі индустиралды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Экономиканың шикізат секторын дамыту арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін әртараптандыру және арттыру, табысты арттыру арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында құрылды. 2012 жылғы желтоқсанда дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатында Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы жасақталды. 2008 жылы басталған жаһандық экономикалық дағдарысқа қарсы Назарбаев «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын ұсынды. Дағдарысқа қарсы бағдарлама шаралары 5 негізгі бағытқа шоғырланды: қаржы секторын тұрақтандыру; жылжымайтын мүлік нарығындағы түйткілдерді шешу; шағын және орта бизнеске қолдау көрсету; агроөнеркәсіп кешенін ынталандыру; индустриалды және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның басты міндеттерінің бірі – халықты әлеуметтік қорғау, атап айтқанда инфляцияны ырықтандыру және негізгі азық-түлік бағасын ұстап тұру, бюджеттік қызметкерлердің еңбек ақысын көтеру, халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобы: зейнеткерлер, мүгедектер, жетімдерге жас бойынша зейнетақыны, мүгедектік бойынша жәрдемақыны, асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақыны көтеру арқылы әлеуметтік қамқорлықты жақсарту. ### Партиясы КСРО күйрегенге дейін КОКП мүшесі болды. 1999 жылғы президенттік сайлауға дайындық тұсында Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттікке үміткерлігін қолдайтын қоғамдық штаб құрылды. 1999 жылғы 19 қаңтарда президент инаугурациясы кезінде штаб отырысында соның базасында саяси партия құру туралы шешім қабылданды, 12 ақпанда «Нұр Отан» республикалық саяси партиясы тіркелді. 1-съезде партияға Қазақстан халықтар бірлігі партиясы, Қазақстан демократиялық партиясы, Қазақстан либералды қозғалысы және «Қазақстан-2030» қозғалысы қосылды. 2007 жылы Конституцияға енгізілген түзетулерге байланысты Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының төрағасы лауазымына ресми бекітілді. ## Атақ-даңқы және наградалары Қазақстанның мемлекеттік наградалары: * Халық қаһарманы, айрықша ерекшелігі белгісі «Алтын жұлдыз» ордені және «Отан» ордені (2019 жыл 20 наурыз) – Тәуелсіз Қазақстанды орнатудағы тарихи үлесі, экономикалық және әлеуметтік және гуманитарлық дамытудағы, қазақстандық қоғамды топтастырудағы аса үздік еңбегі үшін. * Қазақстан Еңбек ері «Алтын жұлдыз» орденімен (2019 жыл 20 наурыз) КСРО мемлекеттік наградалары: * Октябрь революциясы ордені * Тыңайған жерлерді игергені үшін» медалі * «КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл» мерейтойлық медалі * «Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл» медалі (1970) * Еңбек Қызыл ту ордені (1972) * «Құрмет белгісі» ордені (1972) 2010 жылғы 12 мамырда Қазақстан парламентінің төменгі палатасы – Мәжіліс депутаттары Назарбаевқа Елбасы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті статусын беретін заң жобасына түзетулерді қарауға бірауыздан қабылдады. 2012 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті өз статусы бойынша Халық қаһарманы атағының иегері деген норма қабылданды. 2019 жылғы 30 мамырда «Құрметті сенатор» төсбелгісі берілді. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қазақстан Республикасының демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде конституциялық-құқықтық негізде қалыптастыруға, сондай-ақ отандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына қосқан айрықша үлесі үшін» берілді. 2021 жылы 28 сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясының құрметті төрағасы статусы берілді. ## Мәдениет Нұрсұлтан Назарбаеатың өмір жолы «Елбасы жолы» киноэпопеясында баяндалды. Киноэпопеяның алғашқы төрт фильмі – «Балалық шағымның аспаны» (2011), «Отты өзен» (2013), «Темір тау» (2013), «Тығырықтан жол тапқан» (2014) болашақ президенттің балалық шағы, жасөспірім және жастық шағын баяндайды. Қазақстандық режиссер Рүстем Әбдірәшов түсірді. Назарбаевтың бала күнгі ролін жас актер Елжас Әлпиев сомдады, жастық шағын Нұрлан Әлімжанов сомдады. Әжесінің ролін Бибігүл Төлегенова, анасын Наталья Орынбасарова, әкесін Нұржұман Ықтымбаев ойнады. Қазақстан тарихы мен тұтас посткеңестік кеңістіктегі бетбұрысты кезең тура келген 90 жылдарды қамтитын эпопеяның қорытынды фильмі «Жұлдыздар тоғысқанда» деп аталды. Оның түсіріліміне ресейлік режиссер Сергей Снежкин шақыртылды. Аталған режиссердің күрделі тарихи сериалдарды қою тәжірибесі мол. «Жұлдыздар тоғысқанда» картинасындағы басты ролді Берік Айтжанов сомдады. 2011 жылы қыркүйекте НТВ телеарнасында режиссер Александр Моховтың «Ельцин. Тамыздың үш күні» фильмі жарыққа шықты. 2011 жылы қарашада Астанадағы Бейбітшілік сарайында Еркін Жуасбектің Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай президенттің Қазақстан тәуелсіздігін алу мен бекіту кезеңіндегі ролі туралы «Терең тамырлар» драмасының тұсауы кесілді. 2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстандағы тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру. Орталық Азиядағы ең ірі екі театр «Астана опера» және «Астана балеттен» басқа Қазақстан астанасында Назарбаевтың бастамасымен Қазақ ұлттық хореография академиясы ашылды. 2017 жылы президент рухани құндылықтарды сақтап қалу мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізін қалады. Қазақ тілін әлемдік кеңістікке интеграциялау үшін біртіндеп латын әліпбиіне ауысу жоспарланды. «Қазақстанның киелі географиясы» жобасының нысандары елдегі туризмді дамыту орталықтарына айналды. Тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану, филология бойынша 100 заманауи оқулық қазақ тіліне аударылды. 2018 жылы Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді, содан кейін қаланы жаңарту мен дамыту жұмыстары басталып кетті. Түркістан – қазақ хандығының көне астанасы және «түркі әлемінің рухани астанасы» ретінде белгілі. Түркістан облысын құру туралы қаулысына қол қоятын күні Назарбаев жиналыста ұлттық компаниялар мен ірі бизнес өкілдерін қала құрылысына белсене қатысуға шақырды. 2021 жылы Назарбаев Түркістанда жаңа салынған нысандар – әуежай, керуен-сарай және басқа да нысандарды аралап көрді. Түркістан жылдар бойы мұндай қайта жаңғыруды бастан өткермегенін айтты. 2020 жылы Назарбаевтың бастамасымен Нұр-Сұлтанда аумағы 22 мың метр квадрат болатын Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры құрылды. Журналистермен сұхбатында ол астананы көшіргелі бері қалада жаңадан үлкен қазақ драмтеатрын тұрғызуды армандағанын жеткізді. 2020–2021 жылдары эксклюзив сұхбаттар негізінде көпсериялы деректі фильм «Штрихи к портрету» циклі жарық көрді. Фильм Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қайраткерлігіне арналған. 2021 жылы Назарбаевтың өмірі туралы «Қазақ: алтын адамның тарихы» деректі фильмі жарыққа шықты. Режиссері Оливер Стоун және Игорь Лопатёнок. ## Негізгі жұмыстары * «Қазақстан жолы» * «Қазақстанның болат профилі» * «Оң және солсыз» * «Ресурстарды үнемдеу стратегиясы және нарыққа көшу» * «Кремлёвский тупик» * «Қазақстанды егемен мемлекет ретінде қалыптастыру және дамыту стратегиясы» * «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» * «XXI ғасыр қарсаңында» * «Н. Назарбаев. Еуразиялық одақ: идеялар, тәжірибе, перспективалар. 1994-1997» * «Тарих толқынында» * «Әлемнің эпицентрі» * «Еуразия жүрегінде» * «Тәуелсіздік дәуірі» (2017) * «Менің өмірім: Бодандықтан - бостандыққа» ### Мақалалар * «Шебер сақтық» * «Қазақстан экономикасы: шындық және жаңару перспективалары» * «Еңбек бөлімін бөлу мәселелері» * «Кәсіподақтардың әсері: тәжірибесі мен мәселелері» * «Жағдай жаңа, ал» тежегіштер «ескі» * «Арал теңізінің мәселелері және оларды шешу жолдары» * «Terra Incognita кейінгі тоталитарлық демократия» * «Императорлық одақтан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына» * «Экономикалық интеграция - ақылға қонымды балама жоқ» * «Ұлтаралық бірлік және экономикалық эгемендік - бұл біздің жетістігіміздің басты және сенімді қолдаушысы» * «Біздің нұсқауларымыз - бұл біріктіру, әлеуметтік прогресс, әлеуметтік әріптестік» * «Қиын онжылдық» * «Нарықтық реформаларды жеделдету және экономикалық дағдарысты еңсеру шаралары туралы» * «Еуразиялық кеңістік: интеграциялық әлеует және оны жүзеге асыру» және т.б. ## Сыни пікірлер * Нұрсұлтан Назарбаевқа бірнеше құқық қорғаушы ұйымдар адам құқығының бұзылуы бойынша айып таққан, The Guardian-ның пікірінше басқаша ойлайтындарды тұншықтырды және авторитарлы режимді басқарды. Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін өткізілген Назарбаев кезіндегі сайлауларды Батыс еркін және әділетті сайлау деп есептемеді. * Бұрынғы Кеңес Одағы елдері арасында биліктегі мерзімі бойынша ұзақ отырудан рекорд орнатты. 1989 жылдан 2019 жылға дейін Республиканың бірінші тұлғасы ретінде болды. * Өз мемлекетінде шексіз билігі бар 1,1 млрд $ байлығымен планетаның ең бақуатты және шексіз билік рейтингінде 10-орын алды. Бұл тізімді Handelsblatt басылымы құрастырған болатын. * Президенттің отбасында екі миллиардер бар (екінші қызы Кулибаева Динараның байлығы — 3,1 млрд доллар және екінші күйеу баласы Кулибаев Тимур — 3,1 млрд $ 2017 жылғы қарашадағы жағдай бойынша) және бірнеше миллионерлер (бірінші қызы Дариға Назарбаева — 593 млн $ , немересі Нурали Алиевта — 200 млн $ ), бұрынғы күйеу баласы Рахат Алиев, інісі Болат Назарбаев. Назарбаевтар кланының жағдайы $7 млрд-қа бағаланады. ## Қосымша ақпарат ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі Мұрағатталған 29 қыркүйектің 2011 жылы. * Қазақстан Республикасы Президентінің ресми торабы Мұрағатталған 18 сәуірдің 2007 жылы. * «Менің Президентім» атты жастар жобасы Мұрағатталған 12 қыркүйектің 2019 жылы.
Тұзды көл — суының ащылығы дәмін көргенде білінетін (минералдылығы >1г/кг), сондықтан ауыз суға жарамайтын суқойма. Тұздылығы 25 г/кг-нан жоғары көл (мысалы Елтон, Басқұншақ көлдері, Өлі көл т.б.). ## Дереккөздер
Ихэтуаньдер көтерілісі – 19 ғасырдың аяғында Солтүстік Қытайда болған халық қозғалысы. 19 ғасырдың бас кезінде Қытайда манчжур үстемдігіне қарсы “Ихэтуань” (әділдік пен бейбітшілік жасағы) немесе “Ихэцюань” (әділдік пен бейбітшілік жолында жұмсалған жұдырық – “боксер” сөзі осыдан шыққан) деген діни құпия одақ пайда болды. Алғашқы кезде бұл одақ “Жойылсын Цинь әулеті, Мин әулеті билігін қалпына келтірейік” деген ұранмен әрекет жасады.19 ғасырдың аяқ кезінде бұл одақ шет елдің басқыншылары Қытайды бөлшектеуіне қарсылық ретінде “Циньді қолдайық, шетелдіктерге өлім келсін” деген ұранмен халық бұқарасын көтеріліске шақырды. Ихэтуаньдер көтерілісі 1898 жылы Солтүстік Қытайда басталды. Көтеріліс біртіндеп бүкіл Қытайға тарап, шетелдіктерге зор қауіп төндірді. Ал Цинь үкіметі көтерілісшілерге ешқандай көмек көрсете алмады. Шетелдік державалар Ихэтуаньдер көтерілісін басу үшін Қытайға ашық интервенция бастады. Үкімет көтерілісшілерге көмектесудің орнына, шетелдіктердің жағына шығып, көтерілісті басуға көмектесті. Көтеріліс басып жаншылды. Ақыры 1901 жылы 7 қыркүйекте Цинь үкіметі жеңілгенін мойындап, шетелдіктер ұсынған кемсітушілік келісімшартқа қол қойды. Еуропалықтар бұл көтерілісті “боксерлер көтерілісі”, ал қабылдаған келісім-шартты “боксерлер хаттамасы” деп атады. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Ишимское — Ақмола облысы Жақсы ауданындағы ауыл, Есіл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жақсы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 57 км-дей жерде, Есіл өзенінің оң жағасында, бетеге, селеу, көде, айрауық өскен қызғылт қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1957 жылдан “Ишимский” астық кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан ауылда “Есіл” серіктестігі және бірнеше шаруа қожалықтары ұйымдасқан. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, клуб, кітапхана т.б. тұрмыс қажетін өтейтін мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Мұғалжар металлогения аймағы – Мұғалжар өңірінде кентасты және бейкентасты кендер орналасқан аймақ. Ақтөбе облысы жерінде Орал металлогендік белдеудің оңтүстік жалғасы болып саналады. Соңғы геология-геофизика деректер бойынша байкал қатпарлығы кезінде Орталық Орал терең жарылысы Орал тауын батыс және шығыс бөліктерге бөлген. Кембрийге дейінгі кезеңнен бастап осы бөліктердің әрқайсысы түрліше геотектоникалық режимде дамыған. Оралдың миогеосинклинальдық батыс бөлігі Шығыс Еуропа платформасымен байланысты болып, онымен бірге архей-төменгі протерозойлық іргетас құрады. Оралдың эвгеосинклинальдық шығыс бөлігі байкал, каледон, герцин қатпарлықтарына ұшырады. Бұл қатпарлықтар күшті магматизмнің дамуына және көптеген эндогендік кентастардың қалыптасу процестеріне қолайлы әсерін тигізді. Нәтижесінде Мұғалжардың эвгеосинклинальдық бөлігі батыстан шығысқа қарай синклинорийлік Сакмар, антиклинорийлік Ор-Елек, синклинорийлік Жасыл тасты, антиклинорийлік Шығыс Мұғалжар, синклинорийлік Ырғыз құрылымдық, формацияларына (металлоген. белдемдерге) бөлінді. Аталған белдемдер бір-бірімен терең жарылыстар арқылы ұштасады. Антиклинорийлік және синклинорийлік белдемдерде байқалған алмасулар жер қыртысының жақпарлы-блокты құрылысының тікелей көрсеткіші ретінде танылады. Синклинорийлік белдемдерде қара металдар, мыс, алтын; антиклинорийлік белдемдерде сирек металдар мен алтын кендері басым келеді. Шығыс Мұғалжар белдемінің кембрийге дейінгі метаморфтық кешендерінде кездесетін антофиллит-асбестің, графиттің, мусковиттің, тау хрусталінің кендері амфиболиттік фацияның аймақтық метаморфизмімен байланысады. ## Дереккөздер “Қазақ энциклопедиясы – VI том”
ДАНАЕВ Нарғозы Тұрсынбайұлы(3.9.1948 ж. т., Талас ауданы Майтөбе а.) – ғалым, физ.-матем. ғыл. докт. (1995), проф. (1998). ҚазМУ-ді бітірген (1972). 1972 – 74 ж. КСРО ҒА Сібір бөлімшесі есептеу орталығында зерттеуші стажер, 1974 – 77 ж. аспирант, (1977 – 82) аға инж. 1982 – 95 ж. ҚазМУ-дің аға оқытушысы, доценті. 1995 – 97 ж. және 2000 жылдан ҚазМУ-дің жанындағы Математика және мех. ин-тының директоры. 1997 – 2000 ж. ҚазМУ-дің мех.-математика ф-тінің деканы болды. Негізгі ғыл.-зерт. жұмыстары есептеу математикасына, сондай-ақ, сұйықтық, газ және плазма механикасына арналған. Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты (1994). ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
Әбдуәлі Жақсыбаев (23.1.1933 жылы туған, Түлкібас ауданы Амансай ауылы) – облыстық денсаулық сақтау саласының ардагері. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1956). 1956 – 61 жылдары Сарыағаш ауданы санитарлық-эпидемиологиялық стансасының бас дәрігері. 1962 – 64 жылдары медициналық қызметкерлері кәсіподағының Шымкент облыс(ы) комитетінің төрағасы. 1964 – 87 жылдары облыс(ы) денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі. 1987 – 2000 жылдары Шымкент қаласында туберкулезге қарсы санитарлық шараларды батыл жүзеге асырып, аурулар санын азайтуға қол жеткізген. Облыста медициналық оқу орындарын ашуға мол үлес қосты. 1974 – 86 жылдары аралығында 5 рет халық депутаттары облыс(ы) кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясы облыс(ы) комитетінің мүшесі болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен (1971, 1981), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1966,1983) марапатталған. Шымкент қ-ның (1997), Түлкібас ауданының (2004) құрметті азаматы.. ## Сілтемелер
Естай Ишанов (1906, Қостанай облысы Жітіқара ауданы – 1.9.1944, Польша, Тарнобжег қ.) – Кеңес Одағының батыры (17.10. 1943). Жетіру тайпасының Жағалбайлы руынан шыққан. * 60-армияның 3-гвардиялы Бахмачг жеңіл артиллерия бригадасының 206-полкі құрамында соғысқан. * Днепрдің батысындағы Медвин ауданында болған ұрыс кезінде гвардия кіші сержанты Ишанов жаудың 3 танкісін, қару-жарақ тиеген 7 автомашинасын, батальонға жуық жаяу әскерін жойды. Осы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атанды. * Висла өз-нен өту үшін болған ұрыста ерлікпен қаза тапты. * 2-дәрежелі Отан соғысы * 3-дәрежелі Даңқ * Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Ишкент мешіті – 19 ғасырда салынған архитектуралық ескерткіш. Түркістан облысы, Кентау ауданындағы Ишкент қаласының аумағында орналасқан. Арқалықты аражабыны бар күйдірілген кірпіштен салынған. Батыс қасбетіндегі бір қатарлы айваны (шырақ бөлме) қираған. Шығыс қасбетіндегі тоғыз бағаналы айван периметрі шикі кірпіштен тұрғызылған. Ишкент мешіті төртбұрышты қысқы мешіт залынан тұрады. Оңтүстік-батыс қабырғасының ортасында михраб орны бар. Михрабтың айналасындағы қабырғалар беті тікбұрышты және төртбұрышты жиектермен өрнектелген, ішкі беті жазулармен көмкерілген. Қабырғаның төменгі жағы қырма техникасы бойынша жасалған ою-өрнекпен безендірілген. Едені төртбұрышты күйдірілген кірпіштен төселген. ## Дереккөздер ## Сілтеме * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Дарбаза бірнеше сөздерге мағына береді: Елді мекендер: * Дарбаза – Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл. * Дарбаза – Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. * Дарбаза – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Дарбаза жолы * Дарбаза (киіз үй) * Дарбаза (қақпа) * Дарбаза қонысы * Дарбаза су құбыры
Иштуан қасиетті, Қасиетті Стефан Қ (970 жылы ш. – 15 тамыз 1038) – Мажарстан корольдігінің тұңғыш королі (1000 жылдан). Арпадтар әулетінен шыққан. Елдегі тайпалық бірлестіктерді жойып, оның орнына мемлекетті аймақтық-әкімшілік округтарға – корольдік комитаттарға бөліп, оларды өзі тағайындаған ишпандарға басқартты. Мемлекетті ұстап тұру үшін христиан дінін күшпен енгізді және өз жақтастарына ірі жер иеліктерін берді. 1030 жылы неміс әскерлерінің Венгрияға шабуылын тойтарды. ## Дереккөздер
Мұсахан Әжіқабылов (1923, Түркістан ауданы, Көктөбе ауылы — 1985, Балтакөл ауылы) — шопан, Социалистік Еңбек Ері (1973), ҚазКСР Жоғары Кеңесі депутаты (1976). Балтакөл ауылында аға шопан болып ұзақ жылдар еңбек етіп, сол уақыт көлемінде 12 мыңнан аса төл өсірген. Ленин орденімен марапатталған. Балтакөл ауылында Әжіқабылов атында көше бар. ## Дереккөздер
Замандас – жас мөлшері шамалас, заманы бір, таным-түсініктері жақын жандар дегенді білдіреді. ## Атау мәні мен қарым-қатынас ерекшеліктері Замандас атауы бір кезеңде қатар өмір сүрген адамдар деген ұғымды да қамтиды. Белгілі бір кезеңде, дәуірде өмір сүргендіктен жас шамасында азды-көпті алшақтыққа қарамастан бір-бірін жете танымаса да, туыстық жақындығы болмаса да, өзара бірін-бірі замандас деп жақын тартады. Бұрындары бөтен адамдардың жөн сұраса келе, өзара әзілдесуге көшуін, бір-бірінен сыр тартуы сияқты үрдісті қазақы ортадағы әлеуметтік қатынастың ерекшеліктерінің бірі деуге болады. Мұндай жайтты көшпелі қазақтар, «әзілің жарасса атаңмен ойна» дейтін принцип бойынша, замандастардың арасында болып тұратын және міндетті түрде болуы тиіс құбылыс ретінде түсіндірді. «Қатар-құрбы ішінде замандасқа не жетсін», «Замандасың болмаса тойға барма» деген сөз орамы халық тілінде замандастың әлеуметтік мәнділігінің жоғары екенін көрсетеді. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Словцов И.Я. Путевые заметки, введенные во время поездки в Кокчетавский уезд, Акмолинской области в 1878 году. ЗЗСО ИРГО. Кн.3. Омск, 1881; * Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы: Атамұра, 2010; * ҚР МОМ – материалдарынан; * ОМЭЭ – материалдарынан.
Ишпақай мен Партатуаның Таяу Шығыс еодеріне жорықтары – Қап тауын (Кавказ) асып келген сақтардың мидиялық көтерілісшілермен бірге б.з.б. 647 жылы Ассирияның патшасы Асарходдонға қарсы азаттық соғысына қатысуынан басталған жорық. Бұл соғысқа Ишпақай елінің алдында келген кемерліктер де қатысады. Бұл тегеурінді соққы Асархаддонды әлсіретеді де, ол енді одақтастар арасына жік салуға тырысады. Соғыста қаза тапқан Ишпақайдың ұлы Партатуаны Ассирия патшасы өз қызын беріп, туыстық жолмен сенімді одақтасына айналдырады. Партатуа енді өз туыстары мидиялықтар мен кемерліктер көтерілісін басып тастайды және осы еңбегі үшін қайын атасының келісімімен Мидия мемлекетінің билігін өз қолына алады. Партатуаның ұлы Мәди де Ассирия патшасы, Ашурбанипал (б.з.б. 689 – 633) мүддесін қорғап, өз жасағымен көтерілісшіл кемерліктер мен мидиялықтарды тас-талқан етіп жеңеді. Мәди тек оларды ғана бағындырып қоймай, Жерорта теңізінің бойын жағалап, Мысырға дейін жорық жасайды. Ежелгі гректердің сақтарды көріп, оларды атымен бірге жаратылған адамдарға, яғни кентаврларға теңейтіні де осы кез. Ежелгі еврейлердің сақтар жорығынан зәрелері ұшып, олар туралы діни кітаптарында жазатыны да осы тұс. Мәди сарбаздары бұл жорықтан Ассирияның айбынын асырып, бүкіл Таяу Шығыс халықтарының үрейін ұшырып оралады. Ишпақайға еріп, Қап тауынан әрі асқан ишкуз сақтардың жағдайы Мәди өлген соң күрт нашарлайды. Ақыры олар ата жұртына қайта оралуға шешім қабылдайды. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
Қызылқұм суару жүйесі — Шардара ауданы жерінде. Сырдария өзені мен Шардара даласының батысында, Қызылқұм шөлі аралығында орналасқан. 1967 жылы іске қосылған. Басын Шардара бөгенінен алып солтүстікке қарай Сүткент тұсында батысқа бұрылып Сырдарияға қосылады. Суы реттеуші жүйелер арқылы ағызылған. Қызылқұм суару жүйесі бас каналдан (ұзындығы 97,2 км), су реттеуші автоматтандырылған басқарудан тұрады. Жүйе алабында күріш, мақта өсіріледі. ## Дереккөздер
Иірмекіл – асық ойынының бір түрі. Иірмекілді отырып та ойнайды. Оны сақа ойыны деп те атайды. Алдымен ойыншылар кезекпен сақасын иіріп тастайды. Кімнің сақасы алшы түссе, сол ойынды бастау кезегін алады. Кейде кішкентайларын сақасыз иірісіп те ойнайды. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Заманхат - әдебиеттануға А.Байтұрсынов енгізген термин. “Заманхат” термині жеке адамның тарихи оқиғалар барысындағы қызметі сарапталынып, іс-тәжірибелері замандастары мен келер ұрпаққа аманатталынатын, негізінен, өмірбаяндық оқиғалар қамтылатын әдеби шығармалар жанрын білдіреді. ## Дереккөздер
Шымкент халық циркі – әуесқой цирк ұжымы. 1962 жылы Шымкент қаласындағы бұрынғы Металлургтер мәдениет сарайы жанынан “Достық” деген атпен құрылған. Ұйымдастырушысы әрі көркемдік жетекшісі – Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері А.В. Быков (1962 жылдан), режиссер – П.А. Филатов (1965 жылдан) болды. 1965 жылы ұжымға халық циркі атағы берілді. Шымкент халық циркінің ұжымы кезінде Мәскеу (1963), Алматы, Тараз және Астана қалаларында, сондай-ақ гастрольдік сапармен облыс аудандарын да аралап, өнер көрсеткен. Бүкілодақтық және Республикалық еңбекшілер көркемөнерпаздық шығармасының фестивалінің лауреаты (1977). ## Дереккөздер
Төле Ағабеков (1945 ж. Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылы) – Социалистік Еңбек Ері (1981), механизатор. Дулат тайпасының Жаныс руынан. 1963 ж. кәсіптік-техникалық училищені бітірген. Әлішер Науаи ұжымшарында механизатор, 1965 ж. комбайн жүргізушісі болды. Бүкілодақтық кәсіподақтар ұйымының ХVІ съезіне, Бүкілодақтық ұжымшылар съезіне, Қазақстан компартиясының ХV, ХVІ съездеріне делегат болып қатысады. 1990 – 95 ж. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. 1972 ж. Еңбек Қызыл Ту, 1976 ж. Ленин ордендерімен марапатталды. 1981 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумы Социалистік Еңбек Ері атағын берді. Қазығұрт аудананың Құрметті азаматы. ## Сілтемелер
Мамадияр Дәлдібекұлы Жақып (26.5.1938 жылы туған, Арыс ауданы Байырқұм ауылы) – журналист. ҚазМУ-ды бітірген (1960). 1960 – 61 жылдары «Семей таңы» газетінде еңбек етті. 1961 – 65 жылдары Семей облыс(ы) Комсомол комитетінің хатшысы, 1965 – 71 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Семей облысындағы меншікті тілшісі, 1973 жылдан газеттің ауыл шаруашылық(ғы), өнеркәсіп, партия тұрмысы бөлімдерінің меңгерушісі болды. 1986 – 87 жылдары Алматы облыс(ы) «Жетісу» газетінің редакторы, Желтоқсан оқиғасынан кейін 1987 – 88 жылдары Күрті ауданы «Шұғыла» газетінде корректор, 1988 жылдан «Социалистік Қазақстан», (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет етіп келеді. Ж-тың «Абырой», «Ұстаз» деген кітаптары бар. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1982, 1996, 2005), «Құрмет» орденінің иегері. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының құрметті азаматы. ## Сілтемелер
Гүлзат Бейсенқызы Дәуірбаева (6.12.1967, Шымкент) – әнші (колоратуралық сопрано). Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық әншілер байқауының (1996 жылы), Бернд Вайкель атындағы халықаралық әншілер байқауының (2002 жылы) және Астана қаласында өткен Күләш Байсейітова атындағы әншілердің республикалық конкурсының (2002 жылы) лауреаты. 1985 жылы Алматыдағы Опера және балет театры жанындағы вокальдық хор студиясына оқуға түскен. 1985 – 1993 жылдары осы театрда хор артисі болды. 1993 – 2000 жылдары Құрманғазы атындағы консерваторияның ән факультетін бітірді. 2001 жылдан Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының әншісі. ## Репертуары Вердидің «Реквиемінен» сопрано партиясын, «Тоскасындағы» Тоска, «Богемада» Мими, Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсында Татьяна, «Қарғаның мәткесінде» Лиза, «Иолантада» басты партия, Төлебаевтың «Біржан – Сарасында» Сара, Брусиловскийдің «Ер Тарғынында» Ақжүніс, Ғ.Жұбанованың «Құрманғазы» операсында Әуес, Б.Жұманиязовтың «Махамбетінде» Зылиха партияларын орындап жүр.Гастрольдік сапармен Италия, Венгрия, Ресей қ-ларында өнер көрсетті. Мәскеудің Үлкен театрының шақыруымен «Евгений Онегин» операсындағы Татьяна партиясын орындады (2003 жылы). ## Дереккөздер
Шымқорған – Қызылорда облысы жеріндегі Жаңадария өзені бойында орналасқан бекініс. Оны 1818 – 19 жылдар шамасында қоқандықтар салған. Дуалының биіктігі 8 м. болған бекіністің төрт бұрышында қарауыл мұнаралар орнатылып, айналасы екі қатар ормен және сумен қоршалған. Бекіністе оқ-дәрі, қару-жарақ сақтайтын арнайы орындар жасалынған. Қазір Шымқорғанның орны үйінді төбе болып жатыр. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Аққұм — көне қаланың орны. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Билікөл деген жерде, Ассы өзенінің сол жағалауында 500 м қашықтықта орналасқан. Қала жұртын Қазақстан ҒА археолия экспедициясы Жамбыл облысы археологиялық бөлімшесінің меңгерушісі археолог Г.И.Пацевич (1941) зерттеген. Қазіргі сырт көрінісінің аумағы 50 м, биікт. 5 м шағын төбе. Күрделі қазба жұмыстар жүргізілмеген. Қыштан жасалған құмыралардың сынықшаларына қарағанда қала б.з. 7-11 ғасырларда болған. Жер өңдеумен алғаш айналысқан тұрғындардың қонысы болып табылады. ## Сілтемелер * Қазақ Энциклопедиясы ## Дереккөздер Археологическая карта Казахстана, А.-А., 1960, с. 262.
Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар. Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі: * тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер), * дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік), * үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар), * мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау), * өтірік өлеңдер, т.б. Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б. Түркі халықтарының тұрмыс-салт жыры тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді. Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (Ахмет Байтұрсынұлы), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Бекмұрат Уақатов), т.б. Уахатовтың “Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады. ## Дереккөздер
Маусым жарлығы– “Июнь жарлығы” – Ресей патшасы Николай ІІ-нің 1916 жылы 25 маусымдағы “Бұратана” халықтардың өкілдерін тылдағы жұмысқа алу жөніндегі жарлығы. ## Толығырақ Жарлық Қазақстанның, Орта Азияның, ішінара Сібірдің 19 бен 43 жастың аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас жолдарын салу, майдан өңірі маңайында жолдар салу, т.б.) “реквизициялауды” (“жұмылдыру”, “әскерге шақыру” емес) жоспарлады. Бейнебір малды реквизициялау (өткізу, жеке адамның мүлкін күшпен алу) туралы болып отырған сияқты “реквизиция” сөзі қолданылды. Бас штабтың салғырт салығы бойынша тыл жұмыстарына Қазақстаннан, Орта Азиядан 400 мың адам, оның ішінде қазақтар мекендеген барлық облыстардан 240 мыңға жуық адам алу жоспарланды. Бірінші кезеңде 19 – 31 жас, екінші кезеңде 32 – 43 жас аралығындағы азаматтар алынбақшы болды. Олардың тізімін жасау жергілікті болыс басшыларына жүктелді. Патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындары істі жеделдету үшін болыс, старшын және “құрметті ақсақалдармен” жиналыстар өткізіп, “Маусым жарлығын” бұлжытпай тез орындау керек деген шешім қабылдады. Бұл жергілікті жерде патша өкіметіне қарсы халық наразылығының күрт күшеюіне алып келді. Халық наразылығы күннен-күнге өріс алып, Қазақстандағы он алтыншы жылғы көтеріліске ұласты. ## Сілтемелер * Маусым * Реквизиция * Майдан * Қазақстан ## Дереккөздер <references>
Амантай Дәулетбеков (1917 – 1943) – Кеңес Одағының Батыры. Руы — Уақ. Әскер қатарына шақырылғанға дейін Сарысу ауданында колхозшы болған. 2-дүниежүз. соғысы жылдарында Дон жағалауы мен Волга бойында, Курск доғасында кескілескен шайқастарға қатысты. 1180- артиллериялық полктің жауға қарсы атқылайтын қаруының командирі Дәулетбеков 1943 ж. 9-шілдесінде өзінің теңдесі жоқ ерлігін көрсетті. Жау жағы Дәулетбеков пен оның қаруластарын жойып жіберу үшін 13 рет алға ұмтылып, әрекеттер жасады. Он төртінші шабуылында оқтары таусылған. Дәулетбеков пен оның қарулас достары қолма-қол ұрысқа шықты. Ержүрек жауынгер Дәулетбеков 4 фашисті шаншып өлтіріп, өзі де оққа ұшады. Бар болғаны бір жыл ғана соғысқан Дәулетбеков өз қаруластарымен жаудың 29 танкісін, өздігінен жүретін 13 артиллериялық қаруын істен шығарып, 200-ден астам фашистердің көзін жойды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Д-ке 1943 ж-дың 24 желтоқсанында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. ## Дереккөздер
Тұрмыс қажетін өтеу - халықтың тұрмыс қажетін өтеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету – ұйымдық-құ-қықтық нысандарына қарамастан заңды тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұрмыстық қызмет көрсетумен (жұмыстарды орындаумен) айналысатын кәсіпкер-азаматтардың ҚР Азаматтық кодексіне, “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” ҚР заңына, Қазақстанда халықтың тұрмыстық қажетін өтеу ережелеріне сәйкес жүзеге асыратын қызметі. Бұл ережелер халық үшін жүк тасымалымен, техникалық қызмет көрсетумен, азаматтарға тиесілі көлік құралдарын жөндеумен айналысатын, сондай-ақ ломбардтар мен зат сақтау қоймаларының қызметін, сауда желілерінде сатып алынған бұйымдарды пайдаланудың кепілдікті мерзімінде олардағы ақауларды жою қызметін көрсететін заңды тұлғалар мен кәсіпкер азаматтарға қолданылмайды. Қызметтің бұл салалары арнаулы нормативтік актілермен реттеледі. Жұмыстарды орындаушылар мен қызмет көрсетушілер киім-кешек, бас киім, жиһаз, былғары, металл және басқа бұйымдармен қатар азаматтардың жеке тапсырыстары бойынша тұтынушылардың алдын ала тапсырысы болмай-ақ бұйымдарды жаппай немесе сериялық өндіріс тәртібімен дайындайтын және оларды кейіннен халыққа сататын болса, онда орындаушылардың халықпен қатынасы бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар, кепілдіктер, жауапкершілік шаралары, т.б. “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” ҚР заңында белгіленген тәртіппен реттеледі. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Оразанбай Егеубай (13.12.1935 жылы ҚХР, Тарбағатай аймағы Шағантоғай ауданы Ойқұдық мекенінде дүниеге келген) – жазушы, әдебиет зерттеушісі. Үрімжідегі өлкелік кадрлар мектебін бітірген (1954). 1954 – 1958 жылдары Шыңжаң газетінде, “Іле газетінде” тілші, редактор болған. 1958 – 1980 жылдары “ұлтшыл” деген айып тағылып, еңбекпен түзеу колониясында саяси құқығынан айырылды. 1980 – 1996 жылдары “Іле газетінде” редактор, Үрімжідегі “Мұра” журналының бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Таңжарық Жолдыұлының таңдамалы шығармалар жинағының 2, 3 томдықтарын бастырып шығарған (1985 – 2002). Оразанбайдың киносценарийі бойынша Бейжіңде 5 сериялы “Таңжарық” көркем фильмі түсірілді (1992). 1984–96 жылдар аралығында Қытайдағы қазақтар арасында тараған батырлық жырлар мен ғашықтық дастандарды, тарихи, діни қиссаларды жинап, құрастырды, оннан астам томын (кейбірінде телавтор) баспадан шығарды. Көптеген еңбектері қытай тіліне аударылған. ## Шығармашылығы * «Көктем»; * «Естелік қалдыру» шығармаларымен әдебиет есігін (1954, «Шыңжаң» газеті) ашқан; * «Өмір өткелдері» (әңгіме-повесть, 1982, Үрімші); * «Адам, ат, ит» (повестер, 1991, Үрімші); * «Тау ұлы» (кинороман, 1991, Іле); * «Таңжарық» (бес сериялы көркем телефильм, 1992, Пекин); * «Таңжарық тану» (1995, Іле); * «Қазақ тарихындағы әйгілі адамдар — Таңжарық Жолдыұлы» (2000, Пекин); * «Таңжарық». Таңдамалы шығармалары» (құрастырған, 1985 — 1995, Үрімші); * «Таңжарық ақынның екі томдық толық жинағы» (2001, Үрімші); * «Зерттеу материалдары» (Діндік қиссалар, 1985, Үрімші); * «Қазақ хиссалары — батырлық, тарихи жыр-қисса» (4-т., 1984 — 1987, Пекин); * «Қазақтың ғашықтық жырлары» (3-т., 1982—1996, Үрімші) кітаптары басылып шыққан. * 13 еңбегі қытайшаға тәржімаланған. «Шыңжаң газеті», «Іле газеті», «Мұра» журналы реакциясында редактор, тілші, бөлім бастығы, бас редактордың орынбасары міндетін атқарған. Шыңжаң және Қытайдың мәдениеті мен өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан қайраткер атағын алған (1992). Шыңжаң және Қытай фольклор сыйлықтарының иегері, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. ## Дереккөздер
Шыбыл – * Ұлы жүз шапырашты тайпасынан тарайтын рулар бірлестігі. Шежіре бойынша Шыбылдан ораз, байыс, жәдік, ибақ, сары ұрпақтары тарайды. Басқа бір деректерде одан қарабайыс, сарыбайыс, құлжұдырық, жәдік өрбітілген. Шыбылдардың ерте кездегі мекені Шу, Талас өзендері бойы болған. Әулиеата, Сайрам маңында да тұрған. Кейіннен жоңғар хандығы талқандалып, Жетісу жаудан азат етілгеннен кейін Шыбыл руының көпшілігі қазіргі Алматы облысындағы Қарашеңгел, Ақши, Түрген, т.б. елді мекендердің аумағына көшіп келіп, мал өсіріп, егіншілікпен айналысқан. * Ұлы жүз албан тайпасындағы рулар бірлестігі. Шежіре бойынша одан – қызылбөрік (бөде), қоңырбөрік (өтей), құртқамай (боти), мамай (бойдақ) рулары өрбіген. Кейбір дерек көздерінде Шыбыл қызылбөрік (бөтей), қоңырбөрікке (өтей) бөлінеді. Зерттеушілердің көпшілігі Шыбыл атауын Махмұт Қашқари еңбегіндегі, қытай жазба деректерінде чигил (жікіл) деген көне тайпамен (7 – 12 ғасырлар) байланыстырады. Шапырашты мен албанның ішіндегі Шыбылдардың туыстығын таңбаларына қарап та білуге болады. Кейбір деректерге қарағанда, көне чигил тайпасының орталығы – шапыраштылар мекендеген Тараз қаласына жақын болды, ал өзге тобы албан рулары тіршілік еткен Ыстықкөлдің солтүстік-шығысында еді. Шыбыл жайында Жүсіп Баласағұн, Мақдиси, ас-Самани, Әбу-л-Фида, Шихаб әд-Дин, т.б. ортағасырлық шығармаларда айтылады. ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Әбул-Қасим Махмуд ибн Омар ибн Мұхаммед ибн Омар әл-Хорезми әз-Замахшари атақты мутазила ғалымы, Құран тәпсіршісі, әдебиет білгірі. Һижра бойынша 467 ж. (1074) раджаб айының 27 жұлдызында, бейсенбі күні Замахшар (араб.: زَمَخْشَر‎) қаласында дүниеге келген. Имам әс-Самғани ол туралы айтады: — «Китаб әл-Ансаб»; әс-Самғани ## Сенімдері Әз-Замахшари ақида негіздерінде мутазили, фиқһте ханафи мазһабын ұстанған. Мутазила мазһабын таратумен айналысып, соған арнап кітаптар жазған. Өзін «Әбул-Қасим әл-Мутазили» деп атаған. Ол Құран Кәрімнің аяттарын мутазилиттердің сеніміне сай тәпсірдеуде алдына жан салмай еңбектенген, әлі күнге шейін тілдік талдау жағынан ұқсасы жоқ «әл-Кашшаф» тәпсірін жазған. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Мутазилиттер * Әл-Джахиз
Икрам Адырбекұлы Адырбеков (8 шілде 1950 жыл, Ташкент облысы, «Қызыл әскер» ауылы) — қазақстандық мемлекет қайраткері және дипломат, 1-дәрежелі Төтенше Өкілетті Елші (2000), экономика ғылымдарының докторы (1995). Қоңырат руынан шыққан. Алматы мал дәрігерлік институтын (1972), Қазақстан КСР Ғылым Академиясының Эксперименттік биология институтының аспирантурасын (1976), Менеджмент және маркетинг институтын (1995), Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Мемлекет қызмет академиясын (1999) бітірген. 1972 – 79 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы эксперименттік биология институтының өтілгер-зерттеушісі, аспиранты, кіші ғылыми қызметкері, 1979 – 83 жылы Шымкенттегі «Қаракөл» ғылым-өндірістік бірлестігінің аға ғылым қызметкері, зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1983 – 85 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы парткомының ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, осы облыстың «Бөржар» кеңшарында партком хатшысы, 1985 – 88 жылы «Қаракөл» ғылым-өндірістік бірлестігінде бөлім меңгерушісі, 1988 – 89 жылы «Қазқаракөл» республикалық ғылым-өндірістік бірлестігі төрағасының орынбасары, 1990 – 92 жылы «Қазақжабағықаракөл» республикалық өндірістік-коммерцемиялық концернінің президенті, 1992 – 93 ж. «Қазагросыртқысауда» экономика қауымдастығының бас директоры, 1993 – 96 жылы «Агросауда» мемлекет сыртқы сауда акционерлік компаниясының және «Агросауда» акционерлік қоғамының президенті, 1996 – 97 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары – Бас қаржылық-әкімшілік басқармасының бастығы, 1997 – 2002 жылы Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы, сонымен қатар 1998 – 2004 жылы Қазақстан Республикасының Эстон Республикасындағы, 2002 – 2004 жылы Малайзия еліндегі, сонымен қатар 2003 – 04 жылы Индонезия, Филиппин, Бруней мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2004-2007 жылы Қызылорда облысы әкімі. 2007-2011 жылы Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасы, сондай-ақ Вьетнам Социалистік Республикасы және Корей Халықтық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2011 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретінде тағайындалған. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы. Бірнеше медальдармен, Литва Республикасының «Великого князя Гедеминаса 3 степени» орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
ДЕМБАЙ Салауат (28.8.1952 ж. т., Жуалы ауданы Көлбастау а.) – сәулетші. Қазақ политех. ин-тының (қазіргі Қ.И. Сәтбаев атынд. Қазақ Ұлттық тех. ун-ті) сәулет-құрылыс ф-тін бітірген (1975). 1975 – 76 ж. Алматы қала құрылысы ин-тында, 1976 – 88 ж. Жамбыл облысы қала құрылысы саласында қызмет етіп, Тараз қ-ның бас архитекторы болды. 1988 – 92 ж. Бүкілодақтық «Архитектуралық жобалау» бірлестігі филиалының директоры, 1992 – 96 ж. Жамбыл облысы құрылыс к-тінің төрағасы, облыстың бас архитекторы, 1996 – 99 ж. облыстық тұрғын үй, архитектура және құрылыс департаменті бастығының бірінші орынбасары, 1999 ж. облысытық архитектура және қала құрылысы к-тінің төрағасы, облысытың бас архитекторы. ДӘУТАЕВ облыстағы көптеген архит. құрылыстардың, Тараз қ. гербінің (1997), Астана қ. гербінің (1998), Жамбыл облысы гербінің (1999), Түркістан облысы гербінің авторы. «Дос – Мұқасан» ансамблі құрамында Ленин комсомолы сыйл. лауреаты (1974), КСРО архитекторлары Одағының мүшесі болды. ҚР дизайнерлер Одағының мүшесі. Оның қолынан Жуалы ауданындағы Б.Момышұлы мұражайының, Тараз қ-ндағы үлкен мешіттің жобалары шыққан. Тараз қ-ның кіреберісіне салынған шығыс шаһарларына ұқсас үлкен қақпаның құрылысы да ДӘУТАЕВ жобасымен бой көтерді. Ол Тараз қ-да саяси қуғын-сүргін құрбандарының, Б.Момышұлының, Бәйдібек ескерткіштерінің, Ж.Жабаевтың (Аса а-нда), Т.Рысқұловтың (Құлан а-нда), К.Әзірбаевтың (Кенен а-нда) ескерткіштерінің жобаларын жасады. Талас ауданындағы Көшек батырдың, Алматы облысы Ұзынағаш ауданында Құртқа Сұлтанқожа ұлының кесенелерінің авторы. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
Базарбай Мәмбетұлы Оразбаев (21.11.1912, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Қараүңгір ауылы – 31.7.1981, Алматы) – физика-матемематика ғылымдарының докторы (1962), профессор (1965), Қазақстан Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі (1967). Санкт-Петербург (бұрынғы Ленинград) мемлекеттік университетін бітірген (1935). 1937 – 81 ж. ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ), КСРО Ғылымдар Академиясының Қазақ бөлімшесінің математика және механика секторында ғылыми, педагог, басшылық қызметтер атқарды. Негізгі ғылыми еңбектері алгебра және сандар теориясы мәселелеріне арналған. Базарбай Мәмбетұлы Оразбаев алгебра ғылымы үшін маңызы бар абельдік өрістегі сандардың орналасу заңдылықтарын зерттеді. Зерттеулері әлемдік деңгейге көтерілді. 100-ден астам ғылыми еңбектің, жоғары оқу орындарына арналған қазақ тіліндегі бірнеше оқулықтың авторы. 2 рет “Еңбек Қызыл Ту”, “Құрмет белгісі” ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. ## Сілтемелер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Мейрамкүл Жаппарқызы Жақыпова (1.11.1958 жылы туған, Қазығұрт ауданы Ынталы ауылы) – сауыншы. 1975 – 80 жылдары өзі туып өскен ауылында, 1980 жылдан Коммунизм кеңшарында сауыншы болып еңбек етіп келеді. Аудан(ы) кеңестің депутаты. «Құрмет белгісі» орденімен (1986), медальдармен марапатталған. 1985 – 90 жылдары сүт сауудан облыс жеңімпазы атанған. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1988). ## Сілтемелер
Торғайшөп (лат. Lithospermum) – айлауыктар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдік, бұта немесе жартылай бұта. Қазақстанның далалық аймақтары мен шалғынды жерлерінде, ормандардың арасында 1 түрі – дәрілік Торғайшөп (L. Offіcіnale) өседі. Оның биіктігі 50 – 100 см. Сабағы тегіс, ұш жағынан бұтақталған. Жапырақтары сопақша, эллипс тәрізді, өркенге кезектесіп орналасады. Гүлдері ақ не ақшыл сары түсті, шашақ не шатырша гүлшоғырына топтасқан. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, мамыр – тамыз айларында жеміс салады. Жемісі – жаңғақша, ақ түсті, жылтыр, тегіс. Дәрілік Торғайшөптің тамырында литоспермин (бояғыш зат) бар, тұқымы майға бай, сондықтан оны бояу өндірісінде пайдаланады. Дәрілік өсімдік. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.
Азаттық — Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл, Рысқұлов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылынан батысқа қарай 2 км-дей жерде, Арыс, Жыланды өзендерінің суайрығындағы тауаралық аңғарда орналасқан. Азаттық ауылы ежелгі Ұлы Жібек жолының бойында, Түркібасы Ата төбесінің (биікт. 1008 м) маңында қоныстанған. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 19 ғасырда қаланған. 1927 – 29 жылдары «Байналминал» артелі, 1951 жылдан «Азаттық» ұжымшары болып аталады. Оның негізінде сүт өндіретін шаруа қожалықтары, серіктестіктер және өнеркәсіптертер құрылды. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, дәрігерлік амбулатория бар. ## Дереккөздер
Есен Демесінов(15.4.1938 ж. т., Жуалы ауданы Қайрат а.) – милиция генерал-майоры. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Қарағанды жоғары милиция мектебін (1961) және Мәскеудегі Ішкі істер академиясының жоғарғы курсын бітірген. 1961 – 68 ж. еңбек жолын Жуалы және Қордай аудандарында милицияның оперативті өкілі, тергеушісі болып бастаған. 1968 – 84 ж. Қаратау қ-лық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары және бастығы, Жамбыл облысы ішкі істер басқармасының оперативті бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 1984 – 97 ж. Қызылорда облысы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, осы басқарманың бастығы болды. 1997 ж. зейнет демалысына шықты. «Құрмет белгісі» орденімен, алты медальмен, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен, «КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері», «Қазақ КСР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» белгілерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Торғай һәм Ырғыз уезі халқына үндеу, тыл жұмысына адам алу туралы 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығына қарсылық көрсетпеуді үгіттеген. Ол “Қазақ” газеті бетінде 1916 ж. желтоқсанда Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатов, С.Қадырбаев және М.Тұнғашин атынан жарияланды. Үндеуде патша жарлығына қарсылық көрсету жазалаушы отрядтың шығуына алып келетіндігін, оның өз кезегінде халықты күйзеліске түсіріп, адам шығынына ұшырататындығын түсіндіру басты мақсат етіліп қойылды. Үндеуді жолдаушылар өздерінің пікірлері дұрыс екендігін дәлелдеу мақсатында патша жарлығына қарсылық көрсеткен Сырдария облысындағы Жизақ қаласында 20 мыңнан астам тұрғын оққа ұшқандығын мысалға келтірді. Сондай-ақ онда көршілес уездерден тыл жұмысына алынғандардың соғыс майданында аман-есен қызмет етіп жатқандығы мәлімделді. ## Слтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.
Облыстық медицина орталығы – медициналық қызмет көрсету мекемесі. Орталық Қызылорда қаласында 83,9 мың км² жерді қамтып, 15,5 га аумақта орналасқан. София (Болғария) жобалау институтының архитекторлары жасаған жобасымен, «Казахболгарстрой» мекемесі 1992 жылы салып бастаған. Оның құрамында 6 диагностикалық аурухана, 2 клиникалық кеңес беру бөлімі (ересектер мен балаларға арналған), ұйымдастыру, тексеру бөлімі, рентген сәулесімен анықтау және компьютерлік тамография бөлімі, т.б. жұмыс істейді. Орталықта 660 төсектік 1200-ге дейін қабылдау бөлімі, 250 орындық пансионат, емхана қызметкерлеріне арналған 400 баспана, 50 орынды балалар бақшасы, т.б. бар. Емхана құрылысына қажетті қаржы 1992 жылдың 25 наурызындағы ҚР Министрлер кабинетінің «Арал өңірінде тұратын тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайын жақсарту шаралары туралы» 280-қаулысы мен 1995 жылғы 25 қаңтарындағы «Қызылорда қаласындағы көпсалалы аурухана құрылысына қаржы бөлу туралы» 78-қаулылары негізінде бөлінді. 1998 жылы 18 желтоқсанда Облыстық медицина орталығы ашылып, құрылысы 2001 жылы бітті. Жыл сайын аурухананың емдеу бөлімдерінде 24 – 25 мыңға жуық науқас емделіп, 8 – 9 мың адамға консультативтік көмек көрсетіледі. Орталықта 135 жоғарғы білімді (оның 78-і жоғары санатты) дәрігер, 355 медбикелер қызмет істеуде. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Шыбыртқы – көлік айдау құралы. Ол үш-төрт таспадан өте қарапайым етіп өріледі де, ұзын сабына бекітіледі. Қолдануына қарай (жазықтыларды жазалау, мал бағу, т.б.) таспалары көбеюі, сабы ұзаруы немесе қысқаруы мүмкін. Оның ұшына қарай бірте-бірте жіңішкеретін таспасы, қысқа саптылары, қайыстан өрілген түрлері де кездеседі. Бұл сөздің қысқаша түсінігі — мал айдауға арналған ұзын қамшы. «Қазтай қолына тобылғы сапты, бүлдіргі таққан шыбыртқысын алған» (3. Ақышев, Бұршақ.). ## Дереккөздер ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Шыбынды – Нұра алабындағы ағынсыз көл. ## Географиялық орны Қарағанды облысының Осакаров ауданында Алғабас ауылынан солтүстік-батыста 18 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 474,6 м биіктікте. ## Аумағы Ауданы 36,0 км2, ұзындығы 8,7 км, ең енді жері 5,4 км, су жиналатын алабы 617 км2 (80%-ы жыртылған). ## Гидрографикасы Көл қазаншұңқыры ұсақ шоқылар аралығындағы ойыста. Жағалауы жайпақ. Көл айдынын құрақ басқан. Жауын-шашын суымен толығады. Суы тұзды. Көлдетіп суару үшін бөгет жасалған. Барлық сарқынды суы реттелген. ## Өсімдігі, жануарлары Жағалауында құрақ, қоға, қамыс, өлеңшөп өседі. Көптеген құстар ұя салады. Көлде суда жүзетін құстардың ұдайы өсіп-өну алаңы құрылған, мұнда олардың аулануына тыйым салынған. ## Дереккөздер
Ешкі (лат. Capra hircus) — мүйіз қуыстылар тұқымдасына жататын жұп тұяқты, күйіс қайыратын жануар. Үй ешкілерінің бастапқы тегіне ешкілердің жабайы екі түрі (безоар ешкісі, иір мүйізді ешкі), сондай-ақ жойылып кеткен C. prіsca түрі жатады. Ешкі – қолға алғаш үйретілген жануарлардың бірі. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкінің сүтті (мегрель, заане, орыс ешкілері), жүндес (ангор ешкісі), түбітті (придон, орынбор, башқұрт ешкілері), сүтті-етті жүндес (өзбек, қазақ-қырғыз, кавказ, бурят-моңғол ешкілері) тұқымдары бар. Ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді. Ешкі бір – екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Текесі 60 – 65 кг-ға дейін, ешкісі 40 – 60 килограмға дейін тартады. Жемденген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май алынады. Сүтті ешкілер жылына 450 – 550 кг, кейбір шаруашылықтарда 1 т-ға дейін сүт береді. Сүтінің майлылығы 3,8 – 4,5%. Жүндес тұқымды ешкі қылшығының ұзындығы 15 – 18 см болады. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз – қыркүйек айларында қырқады. Текесінен 4 – 6 кг, ешкісінен 3 – 5 кг қыл алынады. Түбітті ешкіден 0,2 – 0,5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Ешкі терісінен сафиян, шевро сияқты бағалы былғары жасалады. ## Ешкілер ## Дереккөздер
Батыс Сібір мұнай-газ алабы - Ресей Федерациясының Түмен, Томск, Новосибирск, Омбы облыстары мен Краснояр өлкесінде орналасқан. Дүние жүзіндегі аса ірі мұнайлы-газды аймақтарға жатады. Аумағы 1,6 млн. км². Барлау және өндірістік игеру XX ғасырдың 50-60 жылдары басталды. Мұнда мұнай мен газ Оралдан Енисейге, Мұзды мұхиттан Сарыарқаға және Алтай тауларына дейінгі аралықты алып жатқан Батыс Сібір платформасы бетіндегі шөгінділерде кездеседі. Ол платформаның герцинидтерден, каледонидтерден, байкалидтерден құралған іргетасы юра кезеңінен антропоген кезеңіне дейінгі платформалық қабат жыныстарымен жабылған (қалыңдығы 1 - 8 км). Бұлардың ішінде мұнай мен газ шоғырланған жыныстар - юра мен бор кезеңдерінің құмтастары мен алевролиттері. Қалыңдығы 1-45 м болатын мұнайлы, газды қабаттар 1500 - 3000 м тереңдікте кездеседі. Бұл аймақта барлығы 250-дей мұнай-газ кендері ашылған. Ең ірілері: Самотлор, Сургут, Уренгой, Ямбург, т.б.
Жұбай Дәуітбаев (1893 жылы туған, Созақ ауданы Сызған ауылы) – Социалистік Еңбек Ері (23 шілде 1948 жылы). 1920 – 1957 жылдары коммуна мүшесі, Қазмолдақ ұжымшарының шопаны, аға шопаны, 1957 – 1960 жылдары Сызған кеңшарында аға шопан болды. 1960 жылы зейнет демалысына шықты. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
Торғай ісі – ашаршылыққа ұшыраған елге көмек ұйымдастырған ұлт зиялылары айыпталған тергеу-сот ісі (1922 – 1926). Ел шаруашылығын күйзелткен Азамат соғысы, “әскери коммунизм” саясаты 1921 жылғы құрғақшылыққа ұласты. Қазақ ауылы жұтқа ұшырап, мал саны күрт құлдырады. Қазақстанның бес губерниясы (Ақтөбе, Қостанай, Бөкей, Орал, Орынбор) және Адай уезі ашаршылыққа ұшыраған өлкелер қатарына жатқызылды. Кеңес өкіметі мен халықаралық ұйымдар тарапынан көрсетілген көмек шалғайдағы қазақ ауылдарына жетпеді. Аштық қырғынынан жұртын аман алып шығуды көздеген зиялы қауым “қазақты қазаққа жәрдем беруге кірістіруіміз керек” (М.Дулатов) деп шешті. Осы мақсатпен 1922 жылдың жазында Семей губерниясында Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Дулатов, Ғ.Тоғжанов, Х.Ғаббасовтың жетекшілігімен уәкілдер елге шығып, халықтан жылу жинады. Жиналған 15 мың бас ірі қара малдың жартысына жуығын (7 мың) Аймауытов Қарқаралыдан бастап айдап Торғай уезіне жеткізеді де, ашыққан елге таратып береді. Артынша малдың бір бөлігі байлар мен байшыкештерге, орташаларға үлестірілді. Көп ұзамай тиісті құжаттар жасалынбаған деген айыппен Аймауытов бастаған зиялылар тобының үстінен қылмысты іс қозғалды. Үш жылға созылған тергеу шараларынан кейін 1926 ж. наурызда Қызылордада Торғай ісі бойынша РКФСР Жоғарғы соты Қазақ бөлімшесінің ашық сот мәжілісі болып өтті. Сотты ұйымдастырушылар аштыққа ұшыраған қазақтарға жәрдемдесуде ресми орындардың көрсеткен құлықсыздығы мен дәрменсіздігін жасыруға тырысып, ұлттық салт-дәстүрлерді ескішілдіктің сарқыншағы етіп көрсетуге ұмтылды. “Еңбекші қазақ” газеті 15 – 26 наурыз аралығында “Астанадағы сот” айдарымен сот мәжілісінен үздіксіз хабар беріп тұрды. Сотқа 37 адам тартылды. Сот (төрағасы – Н.Арықова, мүшелері – Н.Ашамаев, С.Бекбатыров) Қ.Бәйменов, А.Жүсіпов, Қ.Қарпықов, Ш.Құлжановтарды түрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Алайда Қазақ АКСР-і ОАК-нің (төрағасы – Ж.Мыңбаев) араша түсумен оларға кешірім жасалды. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.
Жапан мұз белдемелері — құрлықтағы табиғи белдемдердің қиыр солтүстіктегі және қиыр оңтүстіктегі аймақтары. Солтүстікте — Арктикада, арктикалық белдеу шегінде, Атлант мұхиты маңындағы ылғалды аймақтың көбін (Элсмир аралынан Гренландия, Шпицберген, Франц-Иосиф Жері аралдары арқылы Жаңа Жерге дейін) байтақ мұз айдыны (жалпы ауданы 2 млн. км2 -ден астам) алып жатыр (қ. Арктика Жапан мұз белдемелеріне оңтүстікте Антарктида құрлығы және оған жақын аралдар кіреді (қ. Антарктида). ## Дереккөздер
Кеңесбек Мыңжасарұлы ДЕМЕШ (28.9.1957 ж.т., Талас ауданы Ерназар а.) – қоғам қарйтакері. Қазіргі әл-Фараби атынд.Қазақ ұлттық ун-тінің журналистика ф-тін (1979), Абай атынд. Алматы ун-тінің заң ф-тін (1999) бітірген. 1979 – 81 ж. Алматы облысы Қаратал аудандық «Путь к коммунизму» газетінің тілші, 1981 – 85 ж. КазТАГ-тың одақтық және шетелдік ақпараттар Бас редакциясында редактор, 1985 – 86 ж. Қазақстан ЛКЖО ОК насихат және үгіт бөлімінің баспасөз секторының меңгерушісі, 1986 – 90 ж. Алматы қ. партия к-тінің идеология бөлімінде лектор, нұсқаушы, 1990 – 91 ж. Қазақстан КП ОК-нде нұсқаушы, 1991 – 92 ж.Президент Аппаратында және Министрлер Кабинетінде референт, 1992 – 95 ж. Алматы қ. атқару к-тінде баспасөз және ақпарат бөлімінің, қ-лық әкімшіліктің баспасөзбен байланыс бөлімінің меңгерушісі, әкімшіліктің тілдер жөніндегі басқармасының бастығы, 1995 – 96 ж. Алматы қ-лық ұлт саясаты к-тінің төрағасы, 1996 – 99 ж. ҚР Парламенті Сенатының баспасөз хатшысы, 1999 жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. «Беркут-медия» ЖШС директоры, «Дала мен қала» и «Страна и Мир» республикалық газетінінің редакциялық алқасының төрағасы, "председателем редакционного совета республиканских газет , Алматиы облысы әкімінің кеңесшісі. «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері», «Қазақстан Республикасының спорт қайраткері», Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ТАСС сыйлығыынң лауреаты. «Құрмет» орденімен, төрт медальмен марапатталған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * ДЕМЕШ КЕҢЕСБЕК МЫҢЖАСАРҰЛЫ
Торғауыт сауыт – бұрынғы батырлар киген сауыттың бір түрі. Моңғол тайпасы торғауыттың атымен аталып кеткен. Көшпелі түркі, моңғол халықтарында кең тараған. Моңғолдар арасында 12 – 15 ғасырларда кең қолданыста болған. Торғауыт, қалмақ тайпаларымен соғысқан қазақ батырлары да осы сауытты киген. Торғауыт сауыт қалың, тұтас тері таспаларды бір-біріне қайыс баумен байланыстыру арқылы жасалады. Кейде Торғауыт сауытта тері және металл таспалар аралас немесе екі түрлі металл қолданылады. Әр түрлі металл түрлі түске боялып, оюланып әшекейленген терілер қолданылатындықтан сыртқы түрі әдемі болып келеді. Сыртқы формасы жағынан Торғауыт сауыт қысқа жеңді, ұзын етекті “бешпент пішіндес” болып жасалады. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.
Хантағы, Қантағы — Түркістан облысы Кентау қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Хантағы ауылдық әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Кентау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей жерде, Қаратаудың оңтүстік беткейіндегі Қарашық (Хантағы), Біресек өзенінің сағасында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Ұжымдастыру жылдары Қызылқорған, Алмалық ұжымшарлары және каучук алатын өсімдік өсірумен айналысатын Каучуконс кеңшары құрылған. Мырғалымсай қорғасын мырыш кенінің қорына байланысты Хантағы кен байыту фабрикасы 1935-1965 жылдары Шымкенттегі қорғасын зауытын шикізатпен қамтамасыз етті. 1979 жылдан кент болған. ## Инфрақұрылымы Хантағыда 2 орта мектеп, емхана, ӨК, «Тұлпар» ЖШС, шаруа қожалықтары жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Жалғызтам қонысы – 15 ғасырдан сақталған қоныс орны. Түркістанның батысында, Сауран қаласының оңтүстіу-батысында 4 – 5 км жерде. Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, 20 ғасырдың 30–40 жылдары қоныстың керегелері көрініп тұрған. Төңірегінде ешбір құрылыс болмағандықтан «Жалғызтам» аталып кеткен. Археологиялық зерттеу жұмысы жүргізілген кезде қоныстың сыртқы көрінісі ортасы шұңқыр төртбұрышты жол болып жатқан. Қоныстың жалпы ауданы 45x50 м. Қазба жұмысы шығыс жағындағы дуалдың бойымен жүргізілген. Жұмыстың нәтижесі 4 бөлме ашты. Олар тұрғын үйлердің шығыс және батыс жағындағы дуалдың бойын жағалай ішкі жағынан салынғандығын дәлелдеді. Бөлмелердің ауд. әр түрлі: 2,5x3,5; 5x2;5,5x3,5 м. №3 бөлменің ішінен, есіктің кіре беріс оң жағындағы бұрышта тандыр ошағы бар. Ошақтың іші оюлап өрнектелген. Шығыс жағындағы қабырғаның екі жерінен ойық жасалған, біреуі шырақ тұратын, оған дәлел үстіңгі жағында жалынның ізі сақталған және осы жерден еден үстінен сынған шырақ табылған. Ал екінші ойық тұрмысқа қажетті ұсақ-түйек құрал-сайман қоятын орын болған. Мұндай көріністер қазақ қыстауларындағы тұрақжайларда жиі кездеседі. №3 бөлменің ішінен бір жерден астық сақтайтын ұра ашылған, оның іші лаймен сыланып күйдірілген (астықтың шірімеуі үшін). Ал екінші жерден қоқыс салатын ұра аршылып ішінен түрлі қыш ыдыстардың сынықтары, малдың сүйектері алынған. Бөлмелердің солтүстік батыс жағына, яғни алдына жүргізілген зерттеу жұмысы тұрғын үйлердің алдындағы жаздың күні пайдаланатын екі ошақтың орнын ашқан. Ал қоныстың дәл ортасына жүргізілген зерттеу жұмысы ешбір құрылыстың салынбағандығын, жер табанында малдың тапталған қиы жатқандығы анықталған. Бұл көріністен Ж. қ. тұрғындарының мал өсірумен де айналысқандарын байқатады.Зерттеу жұмысының барысында Ж. қ-ның сыртқы дуалының астыңғы жағының қалыңд. 1,5 м болса, ол биіктеген сайын 0,80 м-ге дейін жұқарып отырған. Ал бөлмелердің қабырғалары осы сыртқы дуалға тіреп салынған, қалыңдықтары 0,50x0,80 м. Қоныстан бүтін, жартылай сынық, сырланған, сыры жоқ қыш ыдыстар, сүйектен, темірден жасалған тұрмыс бұйымдары көптеп табылған. Қыш ыдыстардың түрі, салынған ою-өрнектері Сауран, Созақ, Түркістан қалаларынан алынған ыдыстармен ұқсас. Әсіресе, ыдыс түбіндегі кейбір таңбалар қазақтардың керей, қыпшақ, қоңырат тайпаларының таңбаларымен ұқсастығын бірден байқауға болады. Олар Түркістан, Сауран қ-ларымен тығыз қарым-қатынас жасаған ## Дереккөздер
Дербісек — Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл, Дербісек ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы 1959–1994 жылдары мақта өсірумен айналысатын Ленин ұжымшарының орталығы болды. 1992 жылға дейін "Тоболино" ауылы аталып келген. Ауылда «Көктөбе», «Айнабек», «Аққұм» өндірістік кооперативтері мен шаруа қожалықтары құрылған. Мектептер, аурухана, тұрмыстық қызмет көрсету цехы, клуб, тағы басқа мекемелер бар. ## Дереккөздер
Торий кентастары– құрамында өндірісте бөліп алу экономикалық жағынан тиімді болатындай мөлшерде торийі бар минералды шикізаттар. Жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі торийдің кларкы 1,210–3%. Торийдің өз минералдары мен торийлі минералдардың жалпы саны 120-ға жуық. Оның ішінде өндіріс үшін маңыздылары: монацит, торит, ураноторит, ферриторит, торогуммит, торианит, ураноторианит, эвксенит, браннерит, уранинит, бреггерит, пирохлор, т.б. Жеке торий кен орындары кездеспейді, Th кешенді полиметалл кентастарынан (Nb, Ta, Zr, U, радиоактивті жер элементтерімен бірге, т.б.) бөліп алады. Торий кентастарының кендері магмалық, мигматиттік, пегматиттік, карбонатиттік, пневматолиттік-гидротермалдық, элювийлік, құрлықтық-шөгінділік, теңіздік-шөгінділік, көмілген қорымдық, метаморфогендік болып бөлінеді. Торий кентастарының басты көзі – теңіз жағалауының шөгінділері. Олардың мөлшері үлкен, ұзындығы жүздеген км-ге, ені бірнеше км-ге созылған болып келеді. Бұлар Торий кентастарының 20%-ын құрап,7 – 9,2% торийі бар қоры 4 млн. т-ға жетеді. Торий кентастарының екінші маңызды түрі – жұмырланған кварц сынықтарынан тұратын көне конгломераттар. Кентасты конгломераттар архей дәуірінде пайда болған тау жыныстары арасында қабаттар түзеді. Торий кентастарын өндірістік типтерге бөлу кезінде: карбонатиттерге – 40%, желілі кен орындарына – 31%, сілтілі интрузияларға – 4%, кварцты конгломераттарға – 4% және басқаларына – 2% үлестен келеді. Торий кентастары магн сепарация, флотац. әдістермен байытылып, ТїО2 концентраты алынады. Торий өндіруде аллювийлік, теңіз жағалық шашылымдардағы моноцитті құмдардың маңызы зор. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы, 8 том.
Хафиз Таныш, Хафиз Таныш Мир Мұхаммед Әл-Бухари (1549/52 – өлген жылы белгісіз) – ақын, жылнамашы-тарихшы. Негізгі даңқын шығарған еңбегі «Шарафнаме-йи шахи» («Шах даңқы туралы кітап»). Еңбек ұйқасқа құрылған проза жанрында парсы тілінде жазылған. Автор осы кітапта шайбанид Абдаллах ханның жорықтарын жаза отырып, Келес өңірін көп суреттейді. Қазығұрт тауы туралы да көптеген сөздер айтады. Тек осы кітапта Шарапхана да өзен деп аталады. Сол өзеннің бойында өткен бір қайғылы оқиғаны айтқанда да Шарапхананы өзен деп көрсетеді. Бір жерінде хан Келес өзенінің Рабат-и Чагат маңындағы тұсына келіп, орда тікті деп көрсеткен. Осы Рабат-и Чагат Келестің қай тұсы екені белгісіз. Хан бұдан кейін Сайрамға аттанған. Соған қарағанда бұл қазіргі Рабат аулы да болуы мүмкін. 1583–85 жылдары Абдолла ІІ-нің сарайында тұрып, Абдолланаме атты еңбек жазған. Онда автор көзімен көрген оқиғаларды ресми деректермен толықтыра отырып, талдау жасайды. ## Дереккөздер
Диқан — Жамбыл облысы Байзақ ауданындығы ауыл, Диқан ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан солтүстікке қарай 12 км жерде, Талас өзенінің сол жағалауында, боз жусан, баялыш, күйреуік, т.б. шөптесін өскен сұр, шалғынды сұр топырақты қуаң агроклиматтық белдемде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Алғашында 1929 жылы "Диқан" колхозы болып ұйымдастырылған. Кейін "Ленин" атындағы колхоз атанған. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссиясының 27.01.1996 жылғы ұйғарымымен ауыл "Диқан" болып қайта аталды.1983–1997 жылдары қант қызылшасының тұқымын өсіретін Киров атындағы кеңшардың бөлімшесі болып келді. Бұрын Диқанда сүйек ұны зауыты істеген. Қазір (1997 жылдан) кеңшар негізінде өндірістік кооператив және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшірлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. ## Дереккөздер
Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев (1936 жылы 29 қаңтарда Түркістан облысы Арыс ауданында туған) — актер, театр қайраткері. Қазақ КСР халық артисі (1976). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1994). Отан, Парасат, Достық және Еңбек Қызыл ту ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының лауреаты. ## Толығырақ Сары Үйсін руынан шыққан. * Сәбит Қоңырбайұлы 1936 жылы 29 қаңтарда Түркістан облысы Арыс ауданында дүниеге келген. * 1955 - 1959 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін бітірген. * 1960 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. ## Сахнадағы негізгі рөлдері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: Алғашында негізінен комедия жанрында, Қ. Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», «Құдағи келіпті», Қ. Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» спектакльдерінде жарқырады. Осы сахнадағы жарты ғасырдан аса шығармашылық өмірінде қазақ және әлем классикасы, қазіргі заман драматургиясынан жүзге тарта сахналық кейіпкер сомдады. Олардың үздіктері қатарында Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуындағы» Жантық, Ә. Тәжібаевтың «Майрасындағы» Дүрбіт, З. Шашкиннің «Жаяу Мұсасындағы» Жаяу Мұса, А. Островскийдің «Жазықсыз айыптылардағы» Муров, Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Исабек, О. Бодықовтың «Дала тұтқынындағы» Достоевский, Т. Ахтановтың «Антындағы» Әбілхайыр хан, Н. Гогольдің «Ревизорындағы» Дуанбасы, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен теріндегі» Сүйеу, Ә. Таразидің «Жолы болғыш жігітіндегі» Асан, Д. Исабековтің «Тыныштық күзетшісіндегі» Демесін, Чеховтың «Сүйікті менің ағатайымындағы» Серебряков, т.б. сияқты біріне-бірі ұқсамайтын кесек кейіпкерлер бар. Көрнекті актердің тәуелсіз Қазақстанның сахна өнерін дамытудағы еңбегі үлкен. Бұл кезеңде ол жасаған күрделі бейнелер қатарында А. Сүлейменовтің «Төрт тақта-жайнамаз» драма-диалогындағы Әбдінәсім шал, Д. Исабековтің «Ескі үйдегі екі кездесуіндегі» Айтөре, Б. Мұқайдың «Өмірзаясындағы» Әли, қырғыз драматургы М. Ғапаровтың «Тұзды шөліндегі» Президент, К. Аширдің «Қабыл – Адам ата перзентіндегі» Ібіліс, М. Байсеркеновтің «Абылайханның ақырғы күндеріндегі» Бұқар жырау, Ф. Буляковтың «Отыз ұлың болғаншасындағы» Абдулла және қырғыз драматургы Б. Жакиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай…» драмасындағы басты кейіпкер Қария сынды бір-біріне ұқсамайтын, жан дүние драматизмі күшті кейіпкерлерін жүрегінде заманның дерті бар әлеуметтік тип деңгейіне көтерді. Халықтық өнер бастауынан қанып ішкен өнерпаз, әнші, сазгердің әндері де халық арасына кең тараған. Және бұл өнері М. Әуезовтің «Абай» трагедиясындағы Мағауия, З. Шашкиннің «Жаяу Мұсасындағы» Мұса, Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-анасындағы» Майсалбек рольдерінде кезең-кезеңімен жарқырай көрінді. ## Марапаттары * Сәбит Қоңырбайұлының ұлттық өнерге сіңірген зор еңбегі бағаланып: * "Қазақ КСРның еңбегі сіңген артисі" * 1976 жылы "Қазақ КСРның Халық артисі" құрметті атақтары берілді. * 1994 жылы "Өзбекстанның еңбек сіңірген артисі" * 1994 жылы президент жарлығымен "Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты" атанды; * КСРОның «Еңбек Қызыл Ту ордені» * 1996 жылы «Парасат ордені» иегері; * 2008 жылы ҚР Ең жоғарғы айрықша белгідегі «Отан ордені» иегері атанды. * 2016 жылы 80 жылдық мерей тойы қңында ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке қабылдауында болып, ұлттық театр өнеріне сіңірген еңбегі үшін І дәрежедегі «Достық ордені» марапатталды. * ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Мәдениет саласының үздігі" құрметті белгісінің иегері. * 2016 жылғы Қазақстан президеентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері. * 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі. ## Дереккөздер
Қызыр пайғамбар мұнарасы (18–19 ғасырлар) – сәулет өнері ескерткіші. Сайрам ауданында орналасқан. Күйдірілген кірпіштен тұрғызылған минарет – Оңтүстік Қазақстанға тән мұнаралы құрылыстар қатарына жатады. Тұрғызылған кездегі биіктігі 10,5 м болса, кейіннен жер сілкінісінің нәтижесінде біраз бөлігі құлаған. Қазіргі кезде құрылыстың сақталған бөлігінің биіктігі 5 м шамасында. Табанының диаметрі 2,9 м. Мұнараның жоғарғы бөлігі өрнектеліп қаланған кірпіштерден және жан-жаққа қаратылып салынған аркалы ойықтардан тұрады. Жоғары шығатын баспалдақ ағаш тіреулер мен ортасындағы кірпіш тірекке бекітілген. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Майя Хажетдинқызы Шығаева (21 қаңтар, 1927 жылы Ресей, Астрахан қаласы — 20.02.2017) – қазақстандық биолог ғалым, Биология ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері. КСРО Өнертапқышы. ## Жалпы мәліммет * Майя Хажетдинқызы Шығаева 21 қаңтар, 1927 жылы Ресей, Астрахан қаласында туған. Ұлты - Қазақ. * 1949 - 1952 жылдары Қазақ медициналық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. * 1952 - 1955 жылдары Қазақ медициналық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті)нің микробиология мамандығы бойынша асперантурасын бітірген. ## Еңбек жолы * 1949-1952 жж. - ҚазССР ҒА микробиология секторының аспиранты * 1952-1956 жж. Микробиология секторы бойынша аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер. * 1956-1962 жж. ҚазССР ҒА микробиология және вирусология институтының ғалым хатшысы. * 1957-1959 жж. аудандық кеңестің депутаты болды. * 1960-1963 жж. «Микроорганизмдердің өзгергіштігі» зертханасының аға ғылыми қызметкері. * 1963 жылдың қазан айынан бастап 1972 жылдың мамыр айына дейін ҚазССР ҒА микробиология және вирусология институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары және «Микроорганизмдердің генетикасы мен селекциясы» зертханасының меңгерушісі. * 1972-2000 жж С.М. Киров атындағы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) микробиология кафедрасының меңгерушісі қызметін. * 1975-1985 жж. аралығында С.М.Киров атындағы ҚазМУ биология факультетінің деканы болып қызмет атқарды. * 2000 жылдан бастап осы уақытқа шейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультеті микробиология кафедрасының құрметті профессоры болып жұмыс істеуде. ## Шығармашылығы Негізгі ғылыми еңбектері жалпы микробиология мәселелеріне арналған. Шығаева Қазақстанда микробиологиялық зерттеулердің жаңа бағыты – микроорганизмдерді антибиотик, мал азықтық препараттар алуда, сондай-ақ нан пісіру және сүт өнеркәсіптерінде пайдалану мәселелерімен; микроорганизмдердің селекциясы мен генетикалық өзгергіштігін және ұлттық сусындардың (қымыз, шұбат) микрофлорасын зерттеумен; жаңа микроб өнімдерін (полисахарид, жоғарғы беттік-белсенді заттар) алумен; мұнаймен ластанған топырақтың биоремедиациялық технологиясын жасаумен және олардың табиғи және техногенді экожүйелердегі жағдайын бақылаумен шұғылданды. 46 автомобильді куәлік пен патенттің иегері. Шығаеваның жетекшілігімен 7 докторы және 41 кандидаттық диссертация қорғалды. 330-дан аса ғылыми еңбектері мен 10 монографиясы жарық көрді. ## Ғылыми еңбектері * Химический мутагенез, Алма-Ата, 1980; * Микрофлора национальных кисломолочных напитков, Алматы, 1983; * Мутагены и комутагены, Алматы, 1994. ## Мемлекеттік марапаттары * Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» Грамотасымен марапатталған. * 1969 жылы «Биология ғылымдарының докторы» ғылыми атағы; * 1970 жылы «В.И.Лениннің туғанына – 100жыл» құрмет белгісі; * 1977 жылы профессор (атағы); * 1977 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің жарлығымен «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері» құрметті атағымен марапатталды. * 1980 жылы КСРО Білім министрлігінің құрмет белгісі; * 1981 жылы КСРОның «Халықтар Достығы» Ордені; * 1986 жылы «Қазақ КСР Алтын кітабына енгізу туралы» құрмет грамотасы; * 1989 жылы «Еңбек ардагері» медалі; * 1995 жылы ҚР тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты; * 1996 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік награды «Парасат ордені» мен марапатталды. * 1997 жылы «Қазақстан білім беру ісінің үздігі» атағы; * 2000 жылы Американың Биография иниститутының «Жыл әйелі» құрметті атағымен ордені; * 2001 жылы «Қазақстан тәуелсізідігне 10 жыл» медалі; * 2004 жылы «Қазақстан ғылымына сіңірген еңбегі үшін» медалі; * 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі; * 2009 жылы Әл-Фараби атындағы алтын медаль иегері.
Аққыр (бұрынғы атауы Көкшоқы) — Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл, Аққыр ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жалағаш кентінен оңтүстік-батысқа қарай 63 км-дей жерде, сексеуіл, селеу, жыңғыл, жантақ өскен шөлді белдемде орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1964 жылы қаракөл қой кеңшары ретінде қаланды. Кеңшар 1997 жылы толық жекешелендіріліп, оның негізінде Аққыр серіктестігі құрылған. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, шағын аурухана, ауыл мешіті бар. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1386 адам (703 ер адам және 683 әйел адам) болса, 2009 жылы 1113 адамды (562 ер адам және 551 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
«Хибат ул-Хақайық», «Ақиқат сыйы» – есімі Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр болған ғұлама ақын Ахмет Жүйнекидің әр түрлі моральдық-этикалық мәселелерді жыр еткен дидактикалық-философиялық мазмұндағы жыр-дастаны. Бұл дастан моральдық-этикалық ұғымдар мен мінез-құлық нормаларының поэзия тілімен айтылған жиынтығы болып келеді. Сол кездегі Шығыстың классикалық әдеби дәстүріне сәйкес автор өз шығармасын Алланы, пайғамбарды және төрт сахабаны мадақтаудан бастайды.«Ақиқат сыйы» дастанындағы ең басты мәселе – оқу мен білім мәселесі. Бұл кезде қыпшақ даласында адамның сана-сезіміне жарық сәуле құятын оқу-білімді, ғылымды көкке көтере мадақтап, білімді адамдарды, ғұлама ғалымдарды құрметтеп жырға қосудың өзі зор азаматтық ерлік іске тең еді. Ақын дастанда барша әлемнің сырын ашатын кілт – көкірек көзі ашық, оқыған, білімді адамдардың қолында деген пікір айтады. Автор ғылым мен ашу-ызаны бір-біріне қарсы қояды. Сөйтіп, ақын ғылым, бақыт жолын өнер-білімнен табады, ал ашу-ызаға тізгін берген кісі қашанда надандыққа, қараңғы түнекке душар болады деген пікірге келеді. Автор дастанның өзге тарауларындағы әдептілік, мейірімділік, жомарттық секілді басқа мәселелерді де осы оқу-білімнің құдіретті күшімен байланыстырып, кез келген түйінді оқу-білім арқылы шешуге әрекет жасайды.«Ақиқат сыйы» дастанында мораль, әдептілік және мінез-құлық мәселелері зор білгірлікпен, жан-жақты, кең көлемде сөз болады. Автор оқушысын әрқашанда әдепті болуға, мағыналы сөйлей білуге, өтірік-өсек айтпауға, сыр сақтай білуге, мылжың болмауға шақырады. Ал әдептіліктің басы тілге сақ болу деп үйретеді.Дастанның келесі тарауында жомарттық пен сараңдық туралы сөз қозғалады. Ақынның ойынша құрметке лайықты адамның бойындағы ең асыл қасиет – жомарттық. Жомарттық тұрған кезде алынбайтын асу жоқ, жылымайтын жүрек жоқ. Ақын ұдайы жомарттық пен сараңдықты бір-біріне қарсы қойып көрсетеді.«Ақиқат сыйы» дастанында сондай-ақ тәкаппар, паң, өр көкірек жандарды жер-жебіріне жеткізе сынайды. Автор оқушысын қарапайым, момын болуға үндейді. Шығармада ақын тәкаппарлықты қарапайымдылыққа қарсы қойып суреттейді. Менмендік, өр көкіректік жақсы адамның табиғатына, мінез-құлқына мүлдем жат, адамды адамгершіліктен жұрдай қылатын қасиет деп көрсетеді. Ал қарапайымдылық – кез келген жанға жарасатын, оның бедел-мәртебесін асыра түсетін киелі қасиет ретінде бейнеленеді.«Ақиқат сыйы» дастанын тіл, әдебиет, тарих ғылымдары тұрғысынан жан-жақты зерттеп, оны басқа тілдерге тәржіма жасаған белгілі түрколог-ғалымдар Нәжіп Асим, Арат Рахмат, Е.Э. Бертельс, С.Е. Малов, Қ.Махмудов, т.б. Ал Ә.Құрышжанов пен Б.Сағындықов дастанды қазақ тіл білімі тұрғысынан зерттеп әрі оның прозалық және поэтикалық аудармаларын жасап шықты. ## Cілтемелер "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
Элдор Магаметұлы Оразбаев (11.10.1940 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шәуілдір селосында дүниеге келген) – кинорежиссер. ## Өмірбаяны 1963 ж. Мәскеу мемлекеттік университетін, 1972 ж. Мәскеу қаласындағы Жоғары режиссерлер курсын бітірді. 1967 жылдан кино өнері саласында қызмет етеді, “Қазақфильм” киностудиясында кинорежиссердің ассистенті болды. Деректі кино мен телевизия саласында да еңбек етіп, “Солдаттың ұлы” (1973, Ш.Айтматовтың шығармасы бойынша) және “Таңдау” (1975) атты қысқа метражды телефильмдерді қойды. 1977 ж. шырғалаң оқиғаға толы Транссібір экспресі (Ереван қаласында 11-Бүкілодақтық кинофестиваль сыйлығының, Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының иегері, 1978) фильмін жарыққа шығарды. ## Дереккөздер
Шайзында Жанәділұлы Жанәділов (1945 жылы туған, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы) – медицина ғылымдарының докторы (1993). ## Өмірбаяны * Ақмола медицина институтын (1969, қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. * КСРО Ғылым Академиясы (Мәскеу) Еңбек гигиенасы ғылыми-зерттеу институтында (1969–72) аспирант * Целиноград мемлекеттік медицина институтында ассистент (1973–74, қазіргі Астана мемлекеттік медицина университеті) * Талдықорған педагогикалық институтында доцент, кафедра меңгерушісі (1974–83) * Алматы мемлекттік медицина институты Шымкент қаласындағы бөлімшесінің доценті (1983–85), кафедра меңгерушісі (1996) болды. * 1997 жылдан Семей мемлекеттік медицина академиясының кафедра меңгерушісі. ## Ғылыми еңбектері Жанәділов 76 ғылыми-зерттеу еңбектің, 5 авторлық куәліктің авторы. ## Дереккөздер
Оғызнама – түркі халықтарының ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде баяндайтын эпостық дастан. Шығарма алғаш ауызша туындап, бертін келе қағазға түсірілген. «Оғызнаманың» екі нұсқасы бар: бірі – көне ұйғыр әрпімен 13 – 14 ғасырларда көшірілген, Париждің Ұлттық кітапханасында сақтаулы. Оның көлемі небәрі 42 бет, әр беті 9 жолдан ғана тұрады. Бұл нұсқаны алғаш В.В. Радлов орыс тіліне аударған. Кейін А.М. Щербак тілдік тұрғыдан зерттеп, ғылыми түсініктерін жаза отырып, қайта аударған, ол қолжазбаны түпнұсқа деп танымай, оның көшірмесі деген пікірге келген. Екіншісі – араб әрпімен жазылған, тарихшы, Хиуа ханы Әбілғазы нұсқасы. Әбілғазыдан мұраға қалған екі еңбек бар, бірі – «Шежіре-и тарахима», («Түрікмен шежіресі, 1661), екіншісі – «Шежіре-и Түрк» («Түркі шежіресі»). Екі шығарма да Оғыз батырдың ерлік жорықтары, ұрпақтарының игілікті істері, оғыз тайпаларының шығу тегі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, т.б. жайлы жазылған. «Оғызнамада» батыр ұйықтап жатқанда шатырына көктен нұр сәулесінің түсуі, сәуле ішінен көкжал қасқыр шығып, оның қалың қолды бастап жүруі, аспаннан түскен сәуледен сұлу қыздың шығуы секілді діни-мифологиялық көріністер орын тепкен. «Оғызнаманы» ақиқат пен аңызға бірдей негізделген шығарма деп қарастыруға болады. Мұнда алғашқы қауымдық құрылыс кезінде, сақтар мен ғұндар дәуірінде, орта ғасырларда орын алған сан қилы тарихи оқиғалар өзара жалғаса мазмұндалған. Оғыз қағанды белгілі бір адам бейнесіне телу, яғни тарихтағы нақты тұлғасын тану мүмкін емес. Бірақ Оғыздың әдеби бейнесі белгілі тарихи тұлғалар іс-әрекетінің жиынтығы деуге негіз бар, себебі дастан тарихи оқиғалар желісі бойынша жазылған. Оғыз қағанның анасы Айқаған бейнесін ғалымдар отбасы қамқоршысы Ұмай-ана бейнесімен байланыста қарайды. Дастандағы мәліметтерді: * Оғыз-түрікмен эпосына негізделген (Оғыз бен оның ұрпақтарының жорықтары туралы аңыздар); * Тарихи негізі бар, бірақ бізге аңыз күйінде жеткен (оғыз тайпаларының көшіп-қонуы, қоғамдық-әлеум. өмірі туралы деректер); * Оғыз елінің көрші тайпалармен, тайпа бірлестіктерімен қарым-қатынасы жайлы аңыздар деген топтарға бөлуге болады. «Оғызнама» – тарихи әрі әдеби ескерткіш. Онда түркі халықтарының көптеген аңыз әңгімелері көрініс тапқан. Оғыз төңірегіндегі Қыпшақбек, Қалаш, Қанғалық, Қаңлы, Қарлық, Сақтаб тәрізді есімдердің қазақ ру-тайпа атауларымен сәйкестігі дастанның қазақ ертегілерімен, эпостық жырларымен этностық жағынан жақындығын айқындай түседі. ## Дереккөздер
Шығай (туған жылы белгісіз – 14.11.1825) – сұлтан, Бөкей Ордасының билеушісі (1815 – 1825). Әбілқайыр ханның немересі, Нұралы ханның баласы. ## Өмірбаяны Ағасы Бөкей қайтыс болғаннан кейін хан тағының мұрагері Жәңгір ержеткенше Бөкей Ордасын (Ішкі Орда) уақытша басқарды. 1816 жылы 24 қазанда Орал қаласында Ресей патшасына ант берді. Шығай билік еткен жылдар халық басына түскен ауыр оқиғалармен қатар келді. 1815–1816 жылдары болған жұттан қазақ ауылдарының малы қырылып қалды, біраз рулар хандықтан кетуді ойлады. Қалмақтар мен Орал казак-орыстары жерге таласып, Ішкі Орда қазақтарына қысым көрсетті. Дегенмен, орыс көпестерімен сыйлас болған Шығай қол астындағы жұртын жұттан аман алып шықты. Билеуші ретінде ол қарауындағы елді қантөгіске ұшыратпай, бейбіт мәмілегерлік жолмен жер дауын шешу ісіне көп еңбек сіңірді. 1819 жылы малы жұтқа ұшыраған қазақ шаруаларына көмектесуді әрі даулы жерлерді қазақтарға алып беруді өтініп, Орынбор губернаторына хат жазды. Қазақтарды отырықшылыққа баулымақ ниетпен 1820 жылы Каспий теңізінің жағасынан ағаштан қиылған еңселі үй салды. 1822 жылы Орынбор шекара комиссиясынан өзін тұрақты хан етіп ресми тағайындауды талап етті. Бірақ Ішкі Ордада оның ағасы Бөкей хандай беделі бола қойған жоқ. 1824 жылы билікті тақтың заңды мирасқоры Жәңгірге беруге мәжбүр болғаннан кейін Шығай ел билеу ісіне араласпай, қалған өмірін тыныш өткізді. ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Ғани Қабылбекұлы Досаев (10.10.1973 ж. т., Жуалы ауданы, Тасбастау а.) – кикбоксшы, Қазақстанның еңб. сің. спорт шебері (1998). Спорттық жолын Б.Ізбасаровтың жетекшілігімен бокстан бастаған. 1992 жылдан бастап З.Насыровтың жетекшілігімен кикбокспен айналысады. * Кикбокстен Еуропа чемпионы (1996, Белград, Югославия) * дүние жүзі чемпионы (1997, Лодзь, Польша) * дүние жүзі Кубогінің иегері (1997, Бухарест, Румыния) * Азия Кубогінің иегері (1997, Бішкек, Қырғызстан) * Еуропа чемпионы (1998, Мюнхен, Германия) болды. * Еліміздің бес дүркін чемпионы. ## Дереккөздер
Досанов Әбдірахман(1904, Тараз қ. – 30.10.1972, Алматы) – заңгер. 1921 ж. теміржол техникумын, Ташкентте ОГПУ-дың дайындық курстарын бітірген. 1921 – 29 ж. ОГПУ-дың Қарағанды облысындағы органдарында қызмет етті. 1937 – 39 ж. Ақтөбе облысы сотының судьясы, Родников ауданы атқару к-тінің хатшысы; 1939 – 40 ж. Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданы партия к-тінің бірінші хатшысы; 1940 – 42 ж. Қазақ КСР Әділет министрінің орынбасары, БК(б)П Алматы обкомының бірінші хатшысы; 1942 – 43 ж. Мәскеудегі Қызыл Армияның жоғары саяси мектебінде оқыды; 1944 – 45 ж. Белорус майданының 34-жеке саперлік-инженерлік бригадасының саяси жетекшісі; 1946 – 58 ж. Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы. Қызыл Ту, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
Айтмағамбет Ойнарбаев (7.11.1935, Қармақшы ауданы Жаңажол ауылы – 15.4.2005, Алматы қаласы) – ғалым, еңбек ардагері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1993). Ташкент Орта Азия политехникалық институтын бітірген (1958). 1958 – 83 жылдары Челекен (Түрікменстан) химия зауытында инженер, цех бастығы, директордың орынбасары, бас инженер, ал 1961 жылдан бас директоры қызметтерін атқарған. Бірнеше жаңашыл ұсыныстары өндіріске енгізіліп, ғылыми еңбектері жеке кітап болып жарық көрген. 1983 – 93 жылдары Қазақстан құрылыс материалдары министрлігіндегі тау-кен экспедициясының бастығы болды. «Құрмет белгісі» (1971), Еңбек Қызыл Ту (1974), «Халықтар достығы» (1981), «Октябрь революциясы» (1991) ордендері және бірнеше медальдармен марапатталған. Түрікменстан мемлекеттік сыйлығын алған (1979). ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
ДОСОВА Райхан (1942 ж.т.) – дәрігер, денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы. Қарағанды мемл. мед. ин-тының емдеу ф-тін бітірген. 1965 ж. Қаратау қ-лық мед.-санитариялық бөлімінің акушер-гинекологі, 1967 – 87 ж. босандыру бөлімінің меңгерушісі, 1987 – 2001 ж. Қаратау қ-лық ауруханасының бас дәрігері. ДОСОВА басқаруымен іскер ұжым, жоғары тәртіптілікке негізделген жұмыс стилі қалыптасты, соның нәтижесінде Қаратау қ-сы мен Талас ауданының тұрғындарына сапалы дәрігерлік көмек көрсетіліп келеді. ДОСОВА негізгі қызметімен қоса қоғамдық жұмыстарды атқару барысында да белсенділік танытып отырады. Ленин, Құрмет Белгісі ордендерімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
Аққыштық — денелердің кернеу (қысым) түсу әсерінен пластикалық түрде немесе тұтқырланып пішінсіздену қасиеті; тұтқырлыққа — кері шама. Тұтқыр денелерде (газдар, сұйықтар) аққыштық құбылысы кез келген кернеу әсерінен байқалады, ал пластикалық қатты денелерде аққыштық белгілі бір шектен асатын үлкен кернеу түскен кезде ғана байқалады. Аққыштық - көлік құралыныңмаңдайға тиетін кедергісін азайтуға қажет қосалқы құрылғы. ## Дереккөздер
«Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы – тарихи архитектуралық кешен. Ақын, ислам дінінің көрнекті жаршысы, «Түркістан пірі» атанған ғұлама Қожа Ахмет Ясауи (Әзірет Сұлтан) құрметіне арнап Әмір Темір салдырған кесене (хакана) негізінде Түркістан қаласында 1991 жылы ашылған. Бүкіл түркі жұртының, мұсылман қауымының қадір тұтатын киелі орны. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құрылысы 14 ғасырдың ақырында салынған. Кесененің тұрғызылғаннан бергі тағдыры қазақ халқының тарихымен тұтасып кеткен. Кесене төңірегіне Жолбарыс хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай хан, Қасым хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б. белгілі адамдар жерленген. 1864 жылы маусымда Кенесары ханның ұлы Сыздық сұлтан қорғап тұрған кесенені Ресей генералы Черняевтің әскерлері зеңбірекпен атқылады. Әзірет Сұлтан мешітінің исламның Қазақстандағы басты орталығы ретіндегі діни қызметіне тосқауыл қоюға ұмтылған кеңестік тоталитаризмнің әрекеттері де ойлаған мақсаттарына жете алмады. 1978 ж. қыркүйекте Қожа Ахмет Ясауи республикалық мұражайы ашылды. 1989 жылы 28-ші тамызда Қазақстан Үкіметі жалпы көлемі 90 га жерді алып жатқан Түркістан қаласының көне ескерткіштер кешені негізінде Әзірет Сұлтан қорық-мұражайын ашу туралы шешім қабылдады. Қорық-мұражай Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен бірге Үлкен қылует (жер асты мешіті, 12 ғасыр), Әулие Құмшық ата қылуеті (12 ғасыр), Сегіз қырлы кесене (14 – 16 ғасырлар), Ұлықбектің қызы, Әбілқайыр ханның зайыбы Рәбия Сұлтан бегім кесенесі (15 ғасыр), Шығыс моншасы (16 – 17 ғасырлар), Есім хан кесенесі (17 ғасыр), т.б. археологиялық, тарихи сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды. Қожа Ахмет Ясауи архитектуралық кешені ЮНЕСКО-ның Қызыл кітабына енгізілді. Ұлы Жібек жолының Алматы – Тараз – Түркістан бөлігінің қайта жаңғыруына сәйкес, Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Үкіметтерінің қамқорлығымен Әзірет Сұлтанның мәдени, материалдық және рухани мұралары қалпына келтірілуде. ## Кесененің фотогалереясы * * * * * * ## Дереккөздер ## Сілтеме * Толығырақ ақпарат Юнеско
Бейсенәлі Қырғызәлиев (1926 жылы туған, Түлкібас ауданы Белбұлақ ауылы) – ұстаз. Сарыағаш ауданының құрметті азаматы. КСРО және Қазақ КСР халыққа білім беру ісінің үздігі. 1948 жылы Семей қаласындағы Республикалық мәдени-ағарту техникумын, 1955 жылы Шымкент мұғалімдер институтын, 1959 жылы Ташкент қаласындағы Низами атындағы педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын 1948 жылы Келес ауданы атқару комитетінің мәдени-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметінен бастаған. Келес ауданы халыққа білім беру бөлімінде инспектор, Чапаев атындағы жеті жылдық мектепте мұғалім, ауданы кәсіподақ к-тінің төрағасы қызметін атқарған. 1990 жылы Қазақ КСР депутаты болып сайланды. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. ## Сілтемелер
Қозықұйрық (Agarіcus) – агарикалар тұқымдасына жататын қалпақты саңырауқұлақ туысының бірі. Қозықұйрық жер шарының барлық жерінде кездеседі, әсіресе, Франция, Америка, Ресейде көп таралған. 60-тан астам түрі белгілі. Қазақстанда Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауында, Солтүстік Қазақстан және Алтайда, органикалық заттарға бай орман, шалғынды жерлерде өседі. Жиі кездесетін түрлері: екі споралы Қозықұйрық (A. bіsporus), кәдімгі Қозықұйрық (A. campester) және далалық Қозықұйрық (A. arvensіs). Бұлардың қалпағы ақ, ақшыл сары немесе қоңыр түсті, сырты ұсақ қабыршақ қабатты жарты шар тәрізді болады. Қалпағының диаметрі 3 – 25 см, оның төмен жағында жұқа жамылғысы орналасқан. Аяқшасы (түбіртегі) түзу, тығыз, кейде бос, қуыс болады; ұзындығы 10 см, диам. 3 – 5 см. Етті, ақ түсті, жемістік денесінің жағымды иісі бар. Қозықұйрық жылыжайда ауа температурасы 11 – 14°С, ылғалд. 80 – 90% болғанда 1,5 – 2 айда пісіп жетіледі. 300 жылдан бері қолдан өсіріледі. Екі споралы Қозықұйрық – жеуге жарамды, оның құрамында 45%-дай белок болады. Қозықұйрықтың 2 түрі (A. meleagrіs және A. xanthoderma) улы саңырауқұлақтың қатарына жатады. ## Дереккөздер
Набат Ойнарова (13.3. 1947 жылы туған, Арал ауданы Құмбазар ауылы) – әнші әрі жыршы. Қазалы ауыл шаруашылық техникумын бітірген (1966). 1966 жылы Арал ауданы мәдениет үйінің жанынан құрылған «Қазанғап» атындағы домбыра оркестрінде Т. Ерғалиев, А. Мәдединов, Т. Қосановтармен бірге жұмыс істеген. 1966 жылы Қазақстан мәдениет министрі Қ.Омаровтың шақыртуымен Алматы эстрадалық студиясы жанындағы Ғ. Құрманғалиевтің әншілер класына алғашқылардың бірі болып қабылданды. Студия қабырғасында Қазақстанда тұңғыш құрылған «Гүлдер» ансамблінің құрамына алынды. Ол Сыр сүлейлері Базар, Нұртуған, Нұрмағамбет, Еспембеттердің терме-толғауларын республика жұртшылығына ғана емес шетел сахнасында да (Германия, Финляндия, Швеция) шырқаған. 1987 жылдан Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясының жанынан ашылған «Халық әні» кафедрасының «жыраулар класына» дәріс береді. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Достық алаңы ансамблі – Жамбыл облысы орталығы Тараз қаласындағы 20-ғ-дың 50-жылдарының соңында құрылысы аяқталған сәулеткерлік кешен. Төле би көшелерінің Абай даңғылына келіп түйілісетін жеріндегі қоғамдық орталық аумақта орналасқан. 19 ғ-дың ортасынан бері бұл жер үлкен базардың орны болған, бірақ ол кезеңнің құрылыстары қазіргі кезде сақталмаған. 20-ғасырда бұзылып алынып тасталған екі православиелік шіркеудің орнына Жамбыл облыстық қазақ драма театры (1965) және қазіргі кезде М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті орналасқан Саяси-ағарту үйі (1974) салынды. Алаң ансамблі 50-жылдары әкімшілік, мәдени-тұрмыстық және оқу орындарының ғимараттарынан құралды (Құрылыстың жобасын жасаушы – Жамбыл облыстық құрылыс пен сәулет өнері жөніндегі бөлім, 1955, авторы К.Рахмати). Алаңның көлемі оның оңтүстік жағындағы Төле би көшесінің бірте-бірте кеңейтіле түсіп, бойына тарихи-өлкелік музейдің, қалалық АХАТ-тың (бұрынғы қалалық партия комитеті) және Байланыс үйінің құрылыстарын салу жүзеге асырылды. Төле би көшесімен қатарласа келетін Сүлейменов көшесі тірелетін алаңның солтүстік кенересі жардың табиғи орналасуына байланысты бірнеше қатар баспалдақтардан тұрады. Батыс жағын аспалы арка арқылы бір-бірімен жалғасқан үш қабатты екі үй (Гидромелиоративтік институт пен Тұрмыс қажетін өтеу үйі) қоршап тұр. Шығыс жағынан драма театрының үйі салынып біткеннен кейін, қала ортасындағы Достық деп аталған алаң көркімен де, сәнділігімен көз тартатын ортаға айналды. Алаңның ансамбліне 2002 ж. орнатылған Бәйдібек бабаның ескерткіші, гүлзарлар, сәндік ағаштар, атқылаған су фонтандары айрықша көрік беріп тұр. ## Дереккөздер
Қора өзені – Қаратал алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жетісу облысының Ескелді ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 90 километр. ## Бастауы Бастауын Жетісу Алатауының мұздықтарынан алады да, Мыңшұңқыр жотасының оңтүстік баурайымен ағып өтіп, Қаратал өзеніне оң жағынан құяды. Өзенге орта ағысында бірнеше шағын салалар қосылады. ## Гидрологиясы Арнасы тік, тар шатқалды. Қар, мұздық суларымен толығады. Бұрқан саласы бойындағы құламасу (сарқырама) түбінде жатқан “Әулиетасты” жергілікті халық қасиетті санайды. Өзенде ұсақ балықтар бар. ## Дереккөздер
Шығанақ – мұхит, теңіз, көлдің құрлыққа сұғына еніп жатқан және негізгі су айдынымен еркін, тұрақты су алмасатын бөлігі. Гидрологиялық және гидрохимиялық режимдері жағынан да шығанақ негізгі су айдынымен тығыз байланысты. Кей жағдайларда климаттың жергілікті ерекшеліктерінің және құрлықтық ағын әсерінен шығанақ суының беткі қабаттарында өзіндік гидрологиялық ерекшелік болуы мүмкін. ## Дүние жүзіндегі ірі шығанақтар * Аляска шығанағы * Бенгал шығанағы * Бискай шығанағы * Үлкен Австралия шығанағы * Гвинея шығанағы Кейде Дүниежүзілік мұхиттың гидрологиялық режимдері жөнінен теңіз саналатын айдындары да шығанақ деп аталады; мысалы, Мексика шығанағы, Гудзон шығанағы, Парсы шығанағы, Калифорния шығанағы. Шығанақ түрлері: қойнау, фьорд, қайыр (лагуна), көлтабан, т.б.
Ақл әл-фаъал — Орта ғасырдағы мұсылман елдері философиясына тән ұғым. Ол — таным белсенділігіне саяды. Бұрынғы өткен ойшылдардың бәрі де ақыл қызметін, оның объективті мәнін, әлем дамуындағы маңызын мистик. тағлымдар аясында дәлелдеуге тырысқаны мәлім. Бұл Әбу Наср әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд т.б. ғұламалар еңбектерінен де көрінеді. Ақл әл-фаъал ұғымы бойынша әлем дамуының (дүниетаным тұрғысынан) қозғаушы күштері жаратқан ие — Аллатағала құдіретінен туындап жатады. Осы әлемдік дүниетаным дара ақылдың дүниеге келуі мен жетілуіне әсер етеді. Әрбір адамның ақылы өз кезегінде әлемдік дүниетаныммен бірлесуге ұмтылады. Осы орайда адамның жеке ақылы үш басқыш, яғни үш кезеңнен өтеді (бұлар өз сипаттарына тән үш түрлі атаумен аталады). Бұлардың бәрі де абсолютті ұғымдар. Осы ұғымдар, яғни әлемнің пайда болуы мен оның негізі туралы түсініктер дүниетанымды құрайды және оны байытады. Жеке ақыл қызметі арқылы толыққан дүниетаным өзге адамдар ақылының дамуына да оңды ықпал жасайды ақл әл-фаъал ұғымында неоплатонизм элементтері бар. ## Сілтемелер * Қазақ Энциклопедиясы
ДОСЫМОВ Сейітқазы (5.5. 1943, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал а. – 1997, Алматы) – жазушы. Шымкент сауда техникумын (1963), Қазақ ұлттық ун-тінің журналистика ф-тін (1969) бітірді. 1969 – 76 ж. «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі. «Директорлар», «Ащы мен тәтті» повестері Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-ттің, Қазақстан комсомол одағының және «Жалын» баспасының бірлесіп ұйымдастырған байқауында бәйгеге ие болған.Лақап аты – С. Күшбаев. ## Дереккөздер
Шығанақ – Шідерті өзені алабындағы көл. ## Географиялық орны Павлодар облысы Ақтоғай ауданы жерінде орналасқан. Теңіз деңгейінен 84,8 м биіктікте. ## Гидрографикасы Ауданы 14,3 км2, ұзындығы 8,7 км, ең енді жері 2,3 км, жағасының ұзындығы 34,4 км. Көлге Шідерті өзенінің аңғарындағы қарасулар құяды, суы мол кезеңдерде қайта ағып шығады. Суы тұзды. Қарашаның басында қатып, сәуірдің соңында мұзы түседі. ## Жағалау сипаты Көл аңғарлық қазаншұңқырда. Жағалауы көбіне жайпақ. Оңтүстік жағалауы батпақты. ## Дереккөздер
Оқшы ата мазары – көне архитектуралық ескерткіш. Қызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты 20 разъезде, Жөлек аулынан 7 км жердегі темір жол торабында орналасқан. ## Тарихи тұлғалар Оқшы ата мазаратында әлі күнге дейін толықтай зерттелмеген тарихи тұлғалар өте көп. Солардың ішінде қазақ халқына танымал 7 тарихи азаматтар: * Оқшы ата * Есабыз ата * Ғайып ата * Асан ата * Кітап ата * Қыш ата * Қабыл ата ### Сипаттамасы Күмбезі, құрылысы жағынан Қарасопы, Асан ата мазарларына ұқсас, бірақ көлемі жағынан шағындау. Мазардың ұзындығы-7,15м, ені-7,10м, маңдайшасының биіктігі-4,80 м, қабырғасының биіктігі- 3,30 м, күмбез биіктігі- 3,35 м. Іргетасы күйдірілген кірпіштен 0,8 метрге тереңдетіліп салынған. Қабырғасының қалыңдығы 1,1-1,2 м шамасында. Соңғы жылдары қайта жөндеуден өткен. Оқшы ата мазарына «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2005 жылы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Кесене басына келген жамағат діни жоралғылар жасауына толық жағдай қарастырылған. Мұнда 200 адамға лайықты ас беру орны, түнеухана және Құран оқып, садақа салу үшін мешіт те орналасқан. Ифрақұрылым жүйелері толығымен қамтылған. ### Тарихы Мазарға жерленген кісінің шын аты – Ибраһим шайхы, лақап аты – Көгентүп, Оқшы ата – кейін ел қойған есімі. Ә.Қоңыратбаевтың көрсетуінше, Оқшы ата – қару, оқ жасаған оғыз батыры. Кезінде бұл аймақта үлкен шаһар болса, мазардың тұрған жері көне қорым. Архитектуралық жәдігер тарихы 9 – 10 ғасырлардан бастау алып, белгі XV – XVI ғасырларда салынса керек. Ал Оқшы ата күмбезіне қатысты аңыз-әпсаналар түрлі заман (оғыз, қалмақ) оқиғаларын қамтиды. Архитектуралық жәдігер туралы мәліметтер В.Каллаур, И.Кастанье, А.Ниязов, Ә.Қоңыратбаев, Т.Қоңыратбаев, т.б. еңбектерінде сақталған. Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени маңызы бар ескерткіштер қатарында.
Қорағаты — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл, Қорағаты ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Құлан ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1930 жылы Түркістан – Сібір темір жолын салуға байланысты қаланған. Қорағатыда 1997 жылдан шаруа қожалықтары және ЖШС құрылған. ## Дереккөздер
Ақмамық (лат. Puccinellia) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда 15 түрі бар. Олар сортаңды шалғындарда, өзен, арық бойларында, құмды жерлерде, тау бөктерлерінде және оның биік қыраттарында өседі. Ақмамықтың негізгі түрлерінің бірі — Ұзынсабақ ақмамық эндемик өсімдік болып саналады. Балқаш — Алакөл алабында, Шу— Іле тауларында ғана кездеседі. Биіктігі 40-60 см, сабағы тік болады. Жіңішке жапырағы төменгі жағынан топтанып, сояуланып шығып тұрады. Сыпыртқы масақшалары қысыңқы, сары түсті келеді. Мамыр — маусым айларында гүлдейді. Ақмамықтың көп тараған түрі — Үлкен ақмамық негізінен Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарының сортаңды шалғындарында көп кездеседі. Биіктігі 1 м-ге жуық, сабағы жіңішке болады. Сыпыртқы масақшалары 2-8 гүлді қоңыр түсті, қатарланып орналасады. Маусым - шілде айларында гүлдейді. Жемісі — дәнек. Үлкен ақмамық қолдан егуге ыңғайлы шабындық шөптің бірі. Оның 1 га-сынан 8-15 ц пішен орылады. ## Дереккөздер
Шығанақ — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл (бұрынғы кент), Шығанақ ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Мойынқұм ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 121 км-дей жерде, Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауындағы боз жусан, баялыш, күйреуік, т.б. шөптесін өскен, сұр, сортаңды сұр топырақты шөлдік белдемде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1954 жылы қаланған. Ауылда балық аулаумен айналысатын шаруа қожалықтары құрылған. ## Дереккөздер
Торрес бұғазы (ағылш. Torres Straіt) — Жаңа Гвинея мен Кейп-Йорк (Австралия) түбегінің аралығында. Үнді (Арафур т.) және Тынық (Маржанды т.) мұхиттарды жалғастырады. Ұзындығы 74 км, ені 150 – 240 км, фарватеріндегі ең таяз жері 7,4 м. Кеме жүзуіне кедергі келтіретін аралдар, жартастар, су астындағы тау жоталары көп. Күшті толысу ағыстары өтеді. Бұғазды ашқан испан теңізшісі Л.Торрестің құрметіне аталған.
Тәукенов Қасым Аппасұлы (1934 жылы туған, Целиноград ауданы. Киров ауылы) – мемлекет және қоғам қайраткері. Арғын тайпасы Қуандық руы Темеш бөлімінен шыққан. Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтын бітірген (1958). Шалқар кеңшарының директоры, Астрахан ауданы ауыл шаруашылық басқармасының бастығы (1968 – 72), Ерейментау, Атбасар ауданының партия комитеттерінің 1-хатшысы (1973 – 85), Целиноград облысы атқару комитеттерінің төрағасы (1985 – 1989), Қазақстан Компартиясы Көкшетау облысы комитетінің 1- хатшысы (1985 – 1990) болып қызмет жасаған. Ұзақ жылғы ерен еңбегі үшін Ленин, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендері, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Дулатова Дина Исабайқызы (31.1.1931 ж.т., Тараз қ.) – ғалым, тарих ғылымының докторы (1986), проф. (1989). Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінтін бітірген (1954). 1955 – 56 ж. Алматы облысы Нарынқол ауд-ндағы орта мектепте, 1956 – 57 ж. Алматы қ-ндағы орта мектепте жоғары сынып оқушыларына тарих пәнінен сабақ берді. 1957 ж. қазіргі әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-тінің Қазақстан тарихы кафедрасының лаборанты, 1958 – 61 ж. осы ун-ттің аспиранты, 1962 – 70 ж. Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, 1963 ж. белгілі тарихшы – ғалым Е.Б. Бекмахановтың жетекшілігімен «Ш.Уәлихановтың тарихи көзқарастары» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады, 1972 – 77 ж. тарих ф-тінің деканы. Ғылыми жұмыстармен жемісті түрде айналысып, Қазақстан тарихы мен тарихнамасы бойынша бірнеше монография, оқу құралдарын, 100-ден астам ғылыми мақалалар жариялады. Оның 1984 ж. баспадан шыққан «Революцияға дейінгі Қазақстанның тарихнамасы (1861 – 1917 жж.)» атты монографиясы респ. КСРО көлемінде жоғары бағаға ие болды. Осы еңбегі арқылы Дулатова өзін тарих ғыл-ның маңызды, теориялық бір саласы – тарихнама бойынша Қазақстандағы бірден-бір ірі маман екендігін көрсетті. 1988 ж. Қазақстан тарихы кафедрасының, 1993 – 2001 ж. ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі болды. Дулатова ғылыми кадрлар даярлау ісінде де белсенді еңбек етіп келеді. Ун-т және респ. көлеміндегі ғыл. конференцияларға, «дөңгелек столдарға» қатысып, тарих ғылымындағы күрделі мәселелер бойынша жаңа көзқарастар қалыптастыруға қомақты үлес қосуда. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
Рзабек Жолдыұлы Хобдабергенов (9.5.1929 ж. туған, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Алпайсай ауылы) – еңбек ардагері. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты (1967 – 1985), КСРО Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1971), Қазақ КСР-інің еңбегі сіңірген өнертапқышы (1978), Мәскеу қаласындағы М.И. Калинин атындағы Түсті металдар және алтын институтын бітірген (1952). Еңбек жолын Шымкент қорғасын зауытында бастаған. 1952 – 1964 ж. бригадир, смена бастығы, цех бастығы және зауыттың бас металлургы болып жұмыс істеді. 1964 ж. Оңтүстік Қазақстан халық шаруашылығы Кеңесінің техникалық басқармасының бастығы қызметіне жоғарылатылды. 1965 – 1970 ж. Шымкент қорғасын зауытының бас инженері, 1970 – 1985 ж. директоры қызметін атқарды. 1989 жылдан зейнеткер. ## Дереккөздер
«Химфарм» акционерлік қоғамы, алғаш іргесі 1882 ж. қаланған. Дәрі-дәрмек өндіреді. Оның ішінде капсуладағы түйір дәрілер, ампуладағы ерітінділер, сироп, тұнба, май және спирттік ерітінді күйіндегі 24 түрлі фармакологиялық топтар, т.б. жасайды. 860 жұмысшысы бар. ## Сыртқы сілтемелер "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
ДҮЙСЕБАЕВ Тәттібай (1923, Жуалы ауданы Амангелді а. – 1996) –милициягенерал-майоры. 2-ші дүниежүз. соғысында 2-Украин майданындағы 62-гвардиялық атқыштар дивизиясының қатарында неміс басқыншыларымен шайқасты. 1944 – 45 ж. КСРО мемл. қауіпсіздік к-тінің Горький (қазіргі Нижний Новгород) қ-ндағы жоғары мектебінде оқыды. 1946 – 49 ж. Жуалы ауданы қауіпсіздік к-тінде, облысы басқармада қарсы барлау бөлімінде өкілетті уәкіл болып қызмет атқарды. 1949 жылдан Ташкент қ-нда, одан кейін Ашғабадта, кейін Приморье өлкесінің Владивостокқ-нда қауіпсіздік к-тінің қарсы барлау басқармасында өкілетті уәкіл, аға өкілетті уәкіл болып жұмыс істейді. Кейін Түркістан облысы айрықша инспекциясының тергеушісі, басқарма бастығы қызметін атқарады. 1967 – 71 ж. КСРО Ішкі істер министрлігі бөлімінің айрықша істер жөніндегі аға өкілетті уәкілі, Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің қылмысты іздестіру басқармасы 1-бөлімінің бастығы, қылмысты іздестіру басқармасы бастығының орынбасары болды. 1971 – 83 ж. Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы қызметін атқарды. 1983 ж. еңбек демалысына шықты. ДҮЙСЕБАЕВ «Қызыл Жұлдыз» ордені мен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалінің, басқа да 13 орден-медальдің иегері. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
ДӨКЕЙ– ортағасырлық қала орны. Меркі ауданы, Сұрат аулынан 4 км оңтүстікте орналасқан. 1988 ж. ҚазМУ-дің (қазіргі әл-Фараби атындағы. Қазақ Ұлттық ун-ті) археол. экспедициясы (жетекшісі М.Е. Елеуов). Қалашықтың қазіргі орны әлемнің төрт бұрышына бағытталған көл. 45х45 м шаршы төбешік. Ол ені 5 м, биікт. 0,3 – 0,8 м дуалмен қоршалған. Оның кейбір жерлері ені 1 – 1,5 м, биікт. 0,2 – 0,3 м тастан қаланған. Қалашықтың оңт-тен шығатын қақпасының бат. жағында мұнара орны сақталған. Шығатын жерден шығысқа қарай 20 м аралықтан көл. 1×1 м тікқазба (шурф) түсірілген. Одан сырсыз жасалған құман, табақ, құмыра,көзе, т.б. тұрмыстық-шаруашылық ыдыстар сынықтары табылған. Алынған материалдарға қарағанда ДӨКЕЙді 10 – 12 ғ-ларда мекен еткен халық егін егіп, мал өсірумен шұғылданған. ## Дереккөздер
Оразкелді (туған-өлген жылы белгісіз) — қазақ-жоңғар соғысының батыры, елші. 1733–1734 жылдары Ұлы жүз ханы Жолбарыстың елшілері Оразкелді мен Аралбай Кіші жүздегі Ерәлі сұлтанмен бірге Ресейге барып, патшайым Анна Иоанновнаға Ұлы жүздің Төле би, Қодар, Сатай, Хангелді, Бөлек сынды батырларының атынан жазылған хатын тапсырды. 1734 жылы 9 сәуірде Оразкелді мен Аралбай Ресей Сыртқы істер министрлігі коллегиясында қабылдауда болды. Осы жылдың 10 шілдесінде Анна Иоанновна қабылдап, елшілер Ұлы жүздің өкілдері атынан өздерін Ресей бодандығына қабылдауды сұраған. Ол Ташкент, Самарқанд, Бұқара, Хиуа қалалары мен Ресей арасындағы сауда байланысының жандануына атсалысқан. Оразкелді жоңғарлармен шайқастарда қол бастап, ерлігімен көзге түскен айбынды батырлардың бірі болды. ## Дереккөздер
Ибн Хордадбек, Әбу-л-Қасым Ұбайдаллаһ ибн Абдаллаһ ибн Хордадбек (820 – 912/913) – араб географы, тарихшы. Иранда дүниеге келіп, Бағдатта білім алған. Жибал аймағында байланыс және мемлекет хабар жүйесінің бастығы болды. 846/847 жылы «Китаб әл-масалик уә-л мамалик» (Жолдар мен аймақтар туралы кітап) деп аталатын еңбегін жазып, кейін оны қайта өңдеген. Бізге еңбектің тек қысқартылған түрі ғана жетті. Шығармада Қазақстан мен Орта Азиядағы қыпшақтар, қырғыздар, түргештер, қимақтар, оғыздар т.б. тайпалардың орналасуы жөнінде мағлұматтар берілген. Сонымен бірге Шаштан (Ташкент) Испиджабқа (Сайрам), Испиджабтан Таразға, Тараздан Ыстықкөлге дейінгі қалалар мен елді мекендердің ара қашықтықтары фарсақпен (1 фарсақ 6 – 7 км), өлшеніп көрсетілген. И. Х. Құлан мен Меркі қ-н үлкен елді мекен ретінде сипаттайды. ## Шығарламары * Волин С., Сведения арабских источников ІX – XVІ вв. о долине реки Талас * Новые материалы по древней и средневековой истории Казахстана, А.-А., 1960. ## Сыртқы сілтемелер * Ибн Хордадбех. Книга путей и стран. ## Дереккөздер
Нартай Нұртайұлы Дүтбаев (7 қаңтар 1956, Сарыкемер ауылы, Байзақ ауданы, Жамбыл облысы, Қазақ КСР) – мемлекет қайраткері, генерал-лейтенант. ## Өмірбаяны Дулат тайпасының Жаныс руынан. * Қазақ политехникалық институтын (1978), Мәскеу және Минск қалаларындағы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (МҚК) Жоғары курстарын бітірген. * 1981 жылдан мемлекеттік қауіпсіздік органдарында. * 1982 – 1986 ж. Ресейдің Ставрополь өлкелік МҚК басқармасында, * 1986 жылдан Қазақстан МҚК – ҰҚК органдарының аумағы басқармаларында, орталық аппаратында жұмыс істейді. * 1998 – 2001 ж. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – сыртқы барлау қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарды, * 2001 ж. желтоқсан айында ҚР ҰҚК төрағасы болып тағайындалды. * 22 ақпан 2006 — ҰҚК "Арыстан" арнайы жасағы қызметкерлерінің Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатыстылығына байланысты отставкаға кетті * 2006-2008 жылдары — ҚР ҰҚК Академиясының бастығы. * 2008 жылғы 20 ақпаннан бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. * 2008 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды * 2008 жылғы 25 қыркүйектен 2009 жылғы 7 тамызға дейін — "Қазатомөнеркәсіп ұлттық атом компаниясы" АҚ вице — президенті. 2016 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан ҰҚК ҚР ҚК-нің "мемлекеттік құпияларды жария ету" бабымен және "билік пен лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану" бабымен көзделген қылмыстарды жасады деген күдікпен ұсталды. Дутбаев 2018 жылғы 26 қаңтарда үкім шығарған 12 жылдық түрме мерзімі "бұрын тағайындалған жазамен жазаны ішінара қосу" арқылы анықталды — жеті жыл және алты ай түрмеде отырды, оған сол сот 2017 жылғы 24 тамызда "Мемлекеттік құпияларды жария етті" және "қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды"деген айыппен үкім шығарды. Сол кезде, 2017 жылдың тамызында оның күйеу баласы Нұрлан Хасен бес жылға, ал жиені Ерлан Нұртаев үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Дүтбаевтың басшылығымен қазіргі жағдайда шет елдердің арнаулы қызметтерінің барлау әрекеттеріне тосқауыл болуға, сондай-ақ, мемлекетіміздің ұлттық мүдделерін сыртқы және ішкі қауіп-қатерден қорғауға бағытталған оперативтік-қызметтік мәселелерді табысты шешуге мүмкіндік туғызатын ұйымдастыру және шұғыл шаралар жүйесі жасалды. Медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Ақметжан мешіті (1890 ж.) — сәулет өнерінің ескерткіші, күмбезді сарай. Сарысу өзенінің бойында, Айтболаттың Ақшиі деген жерде тұрғызылған. Құрылысына қарағанла мешіт емес, бала оқыту мақсатымен салынған медресе сияқты. Оқу бөлмелері, жатақ жайлар осыны дәлелдейді. Әбіш Құнанқара, Данияр Кәрібайұлы, Сатыбалды т.б. қарапайым қазақ шеберлері балшықтан салған. Үйдің сәулетшілік тұрғыдан мүлтіксіз жасалуы, халық өнеріне негізделген ерекше өрнектері қырдағы қазақ шеберлерінің жан күйінің сезгіштігін, олардың сұлулықты терең түсініп, құрылыс техникасына байланысты қиын мәселелерді шешуге күш салғанын көрсетеді. ## Дереккөздер
Зиямат Османұлы Хұсанов (9.5.1921, Сайрам ауданы, Сайрам ауылы – 18.1.1986, сонда) – соғыс және еңбек ардагері. Кеңес Одағының Батыры (22.2.1944), Болгарияның Халық Батыры (1975), Қазақ КСР және Өзбек КСР-ның еңбек сіңірген мұғалімі. Ұлты – өзбек. Ташкент педагогикалық техникумын бітірген (1940). 1940 жылы қазанда Қызыл Армия қатарына шақырылды. Соғыс басталған жылы Ташкент авиация училещесіне жіберілді. 78-дивизияның 228-гвардиялық атқыштар полкі құрамында соғысып, Курск иініндегі шайқасқа қатысты. Ауыр жараланып, тұтқынға түскен. 1944 жылы тұтқыннан қашып шығып Югославия және Болгариядағы партизан отрядтарында шайқасты. Соғыстан кейін Сайрам ауданында мектепте мұғалім болды. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Болгария үкіметі Хұсановты грамотамен және омырауға тағатын белгімен марапаттаған, Болгарияның құрметті азаматы атағын берген. ## Cілтемелер "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
АҚСУАТ — Мыс дәуірінің қонысы және қола дәуірінің бекініс орны. Қостанай облысындағы Ақсуат көлі жағасында, Ақсуат қыстағына жақын жерде орналасқан. 1945 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің зоология экспедициясы зерттеген. Мыс дәуірінен сақталған қоныс орнынан тастан жасалған жалпақ пышақ тәрізді заттар, найзаның ұштары, көптеген қырғыш, түйреуіш, сына, шақпақ тас, оң өрнекпен безендірілген ыдыс-аяқтың қалдықтары, саз балшықтан жасалған басқа да заттар, қоладан жасалған заттардың сынықтары табылған. Бұлар б.з.б. 3-2 мыңжылдықтарға жатады. Қола дәуірінің бекініс орындарынан әр түрлі әшекейлер, қапсырмалар, жүзіктер, мыс ерітіндісінің қалдықтары, саз балшықтан жасалған ыдыстардың сынықтары табылды.
Ақмешіт — көне бекініс орны. Қазіргі Қызылорда қаласының орнында болған. Бекініс 1817 жылы салынған. А.И.Добросмысловтың дәледеуі бойынша Ақмешіт бекінісін Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекініс жобасы шаршы, әр қабырғасы 110 м, саз балшықтан тұрғызылған. Іргелерінің қалыңдығы 10,5 м, жоғарғы жағы 4,36 м, биіктігі 12 м болған. Қабырғаларының жоғарғы жағында оқ атуға ыңғайлы ойықтар жасалған. Бекініс сыртынан ені 10 м ор қазылған. Ордың алдынан қорғаныс қабырғаларының 2-қатары тұрғызылған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50-ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған. Бекініс орыс әскерлері келген кезден “Перовск форты” болып аталған (қ. Ақмешіттің ойрандалуы). Қазан көтерілісінен кейін Ақмешіт аты қайта берілді. Сырдария облысының уездік орталығына айналды. 1925 жылы оған Қызылорда аты беріліп, 1929 жылға дейін Қазақстанның астанасы болып тұрды. ## Дереккөздер