text
stringlengths
3
252k
Қараағаш – Мешітқұм құмының оңтүстік-шығысындағы құмды алқап. ## Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Жиекқұм ауылының оңтүстігінде 25 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Ең биік жері 11 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-ге созылған, енді жері 5 км шамасында. Грунт суы 1 – 2 м тереңдікте. Солтүстігінде Қияңды қыстауы, шығысында Қашар, Құрман қыстаулары, оңтүстігінде Қарабұдыр құмы мен Ащықақ соры, батысында Қызыл құмы орналасқан. ## Өсімдігі Құм төбешіктерінде жусан, құмаршық, құмсағыз, қияқ, бетеге, арпабас, сүттіген, т. б. өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Бестөбе — Қостанай облысы Қамысты ауданындағы ауыл, Бестөбе ауылдық әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Қамысты ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде, Торғай үстіртінің солтүстік-батысындағы ұсақ төбелі бетегелі-селеулі дала белдемінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1127 адам (548 ер адам және 579 әйел адам) болса, 2009 жылы 841 адамды (409 ер адам және 432 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1930 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. Кейін оның негізінде асыл тұқымды мал кеңшары қалыптасты. Мектеп, клуб, аурухана, машина–трактор жөндеу шеберханасы бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Әлімқұл Бүркітбаев (16 наурыз 1942, Шу ауданы — 24 тамыз 2003, Алматы) — Қазақстандық спортшы, ғалым, жазушы. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Сары Үйсін руынан шыққан. Балалар үйінде тәрбиеленген. Бішкек дене тәрбиесі институтын, Пекин университетінің шығыс медицинасы факультетін бітірген. Бокстан Қырғызстанның бес дүркін чемпионы. Спорт тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, профессор атағына ие болды. Жамбыл облысының спорт комитеті төрағасының орынбасары, ҚКСР Оқу министрінің көмекшісі, Абай атындағы педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ол Қажымұқан туралы деректі кітап пен ғылыми зерттеулердің, «Мұғалім», «Қазақтың ат спорты», «Жетімек» сынды басылымдардың авторы. ## Дереккөздер
ЛАММ Яков Эширович (16.1. 1929 ж.т., Украина, Днепропетровск қаласы) – медицина ғылымының докторы (1973), профессор (1973). ## Өмірбаяны ЛАММ Яков Эширович 1950 ж. Днепропетровск медицина институтын бітірген. Қарағанды облыстық ауруханасында дәрігер-хирург, бөлімше меңгерушісі (1950–55, 1958–60), Қарағанды мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медецина академиясы) ординатор (1956–58), ассистент (1960–71) қызметтерін атқарды. 1971 жылдан доцент, профессор 1971 ж. «Резекция легких при туберкулезе в свете функциональных и обменных нарушений» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. ## Еңбектері Ламмның негізгі ғылыми еңбектері өкпе хирургиясына арналған. Туберкулез, өкпенің іріңдеп қабынуы, кәсіби, жүрек-қантамыр жүйесі ауруларын хирургиялық жолмен емдеу тәсілдерін ұсынды. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Бестөбе — Ақмола облысы Степногорск қалалық әкімдігіне бағынышты кент, Бестөбе кенттік әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Степногорск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 85 км-дей жерде, құрғақ далалық белдемде орналасқан. Жақын темір жол станциясы — Ақсу (93 км). ## Халқы ## Тарихы Іргесі Бестөбе алтын кеніне байланысты қаланған (1931). 1940 жылдан кент. ## Кәсіпорындары Бестөбедегі негізгі кәсіпшілік — алтын өндіру. Елді мекенде Степногорск ішпек зауытының цехы, кеніш жабдықтарын жөндеу кәсіпорны, автобаза жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Орта мектептер, мәдениет үйі, аурухана, т.б. бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Қараағаш – Қызылтас және Қотыртас тауларының аралығындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының солтүстік-шығысында 40 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1077 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8,5-9 км-ге созылып жатыр, енді жері 6 км шамасында. ## Жер бедері Көлбеу беткейі бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Силур жүйесінің жоғарғы бөлімі жыныстарынан түзілген. Солтүстік беткейінде таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. ## Өсімдігі Таудың бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, селеу, бетеге, қараған және т.б. бұталар өседі. Етегі жайылымдық ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Әшір Бүркітбаев (1906, Талас ауданы – 28.2.1938, Алматы) – Қазақстандағы жастар қозғалысының қайраткері. Жастай жетім қалып, Ташкент балалар үйінде тәрбиеленген. 1925 ж. Ташкентте фабрика-зауыт училищесін бітіріп, Қарсақпай зауытында токарь болып істеді (1925 – 27). 1927 ж. қараша айынан бастап Қазақстан өлкелік комсомол комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1929 – 32 ж. 1-хатшысы, 1933 ж. Риддер қалалық партия комитетінің хатшысы болды. 1934 ж. Орал – Қазақстан өнеркәсіптік академиясын бітірген соң, Қазақстандағы тұңғыш тех. жоғары оқу орны – Қазақ кен-металлургия институтын ұйымдастыруға басшылық жасады және оның алғашқы ректоры болды. Саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесілді. ## Дереккөздер
Жел қайық— керулі желкендерге әсер ететін жел күшімен қозғалатын қайық. Ертеде жел күші ортасы күйдіріліп не қашап ойылған тұтас жуан бөренеден (жалғыз ағашты), кейде екі ағаштан қосарланып (қос ағашты) жасалған. 10 ғасырда 40 — 60 шақты адам сиятын жел қайықтар болды. Теңіз жағалауын мекендеген халықтардың сауда-саттықпен шұғылдануы жел қайықты жетілдіре түсуге ықпал жасады. Қазіргі жел қайық, көбінесе, су алаптарында, өзендерде, көлдерде серуендеу және жаттығу немесе спорттық мақсаттарда пайдаланылады. ## Тағы қараңыз * Желкенді кеме * Желкенді спорт ## Дереккөздер
Қарсы құда– туыстық атау. Егер екі әулет өзара келісіп бір жағы қыз беріп, екінші жақтан келін түсірсе Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы., онда олар бір-біріне қарсы құда болады. Мұндай жағдайда қалыңмал(қолжетпейтін сілтеме) төленбей, құдалар той-думанмен шектелген. Кейде өзара сыйластығы берік отбасылар да қарсы құда болып отырған. Қарсы құда болу ертеде көбіне тұрмысы төмен отбасылар арасында жиірек кездескен. ## Сыртқы сілтемелер * Келін түсіру Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. * Қалыңмал(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер: OS7
Тұрар — Алматы облысы Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қаскелең қаласынан солтүстікке қарай 32 км жерде, Шамалған өзенінің жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1961-1997 жылдары көкөніс-сүт өндіретін кеңшардың бөлімшесі болды. Оның негізінде Тұрарда шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Тұрсынбай Ертісбайұлы (1707, Есіл өзен бойы – 1801, қазіргі Ресейдің Челябинск облысы Итиль ауданы) – жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерлік көрсеткенбатыр, қолбасшы. Орта жүз батыры Ертісбайдың отбасында дүниеге келген. Тұрсынбайдың атасы Артық 17 ғасырда батыр әрі әулие атанған. Тұрсынбай 9 жасында ата-анасынан айрылып, жетім қалғанына қарамастан отбасы шаңырағын күйзелтпей, інілері Есілбай мен Толыбайға қамқорлық көрсеткен. Өзі Түркістан түбіндегі “Қарнақ” медресесінде білім алды. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдары інілері Есілбай мен Толыбай жау қолынан қаза тапты. Тұрсынбай жасақ құрып, жоңғарлармен күресте ерлігімен көзге түсті. Оның ерлігін ақын Дәстем Қарабасұлы жырға қосқан. 1750 – 81 жылдары қазақ әскерлеріне басшылық жасап, Абылай ханның сенімді қолбасшысы ретінде танылды. Сол тарихи кезеңде шиеленіскен қазақ-башқұрт қарым-қатынасын реттеуге елеулі үлес қосты. Бұқар жырау, Үмбетей, Тәтіқара, Жанкісі, т.б. жыраулардың мұраларында Тұрсынбай дың ерлік істері жайлы көптеген мәліметтер бар. ## Өмірбаяны Тұрсынбай Ертісбайұлы - 1700 – барыс жылы көрші Ресейге қарасты қазіргі Түмен облысындағы Есіл ауданының жерінде дүниеге келіп, 1801 жылы сол Ресейге қарасты Челябі облысындағы Иткөл ауданындағы өзінің соңғы мекенінде 101 (жүз бір) жасқа келіп, ауырып дүниеден өтіпті. Руы - Керей-Ашамайлы-Балта. Тұрсынбайдың өзі қазіргі Ресей жерінде туып, Ресей жерінде дүниеден өткенімен Керей елінің мекені Қазақстанның Солтүстік аймағы екендігі белгілі. Қожаберген жырау «Елім-ай» аттты дастанында: Мекендеп Тобыл, Ертіс екі арасын, Қазақтың күйге бөлеп ен даласын. Сауықшыл Орта жүздің Керейі едік, Үш жүздің жат көрмеген еш баласын. – дейді. Ал енді ол өзінің «Ата тек» дастанында ол былай дейді: Атанған бабам Ғали- «Ашамайлы» , Өсірген мыңдап тайлақ құлын-тайды. Сібірге ұрпақтары қоныстанып, Ел болып, ерте кезден қанат жайды. Шалқар көл, ну орманды Сібір жері, Сібірді мекен еткен Керей елі. Егін сап, күн көрудің қамын ойлап, Бас қосып, кеңес құрған би мен бегі. Міне осы шумақтардан қазақ елі сонау көне заманнан қазіргі Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның орманды даласын мекен еткендігіне көз жеткіземіз. ХVІІ ғасырдың соңында Сібір хандығы ыдыраған кезде қазақ жерлерінің көпшілігі Ресей меншігіне өтті. Міне содан бері талай жылдар өтсе де, халықтың тарихи санасында Сібірдің орманды даласы қа­лып қойған. Басына қауіп төнгенде ата-анасын, ата-қонысын, туған жерін іздейтін бала сияқты, кешегі ел басына күн туып, ауыртпашылық көрген ХХ ғасырдың 30-жылдары қазақтың көп­шілігі Ресейде қалған Сібір жерінен пана тапты. Көпшілігі осы күнге дейін сол жерді мекендеп жатыр. ## Батыр туралы деректер Тұрсынбай батыр жөніндегі алғашқы деректі бізге жеткізген Сегіз сері бабамыз. Сегіз сері (Мұхамед Қанапия) Шақшақұлы тек әнші, күйші, ақын болып қана қоймай, өз елінің тарихын жақсы біліп, шежіресін қағазға түсіріп кеткен адам. Одан кейін тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембаев батыр туралы ғылыми зерттеу кітабын шығарып, оқырманға жеткізді. Дегенмен баспасөз бетінде, анықтамалық әдебиетте, тарихи шығармаларда Тұрсынбай жөнінде мәлімет аз. Тұрсынбай батыр кім? Ол қандай дәуірде өмір сүрген адам? Халқының бостандығы мен тәуелсіздігін сақтау жолында ол қандай ерлік жасады? Одан ұрпақ қалды ма? Қалса олардың тағдыры қалай болды? Батыр қорғаған жер, қаны тамған ел бүгінде қандай халде? Міне, осы сауалдар ғылымда әлі шешімін таппаған. Алдағы уақытта зерттеу жүргізіліп, батырдың ерлігі мен қайраткерлік істері ұрпаққа үлгі болары анық. ## Батыр Тұрсынбай Тұрсынбайдың әкесі Ертісбайдан 14 баласы болыпты. (Барлыбай, Ерденбай, Жарқынбай, Тұрсынбай, Тынымбай, Туғанбай, Түменбай, Тіней, Өнербай, Наурызбай, Меңдіқара, Дәуқара, Шүйіншәлі, Игілік.) Ертісбайдың он төрт ұлы да жауынгер болғандығы мәлім. Соның ішінде ең батыры Тұрсынбай екен. Батыр деген атақты ол 17 жасында иеленеді. Ауылдың ер-азаматтары соғысқа кеткенде, бір топ қалмақ келіп, жылқыға тиеді. Олар адамдарды тұтқындамақшы болады. Сонда кәрілерді, жас бала жігіттерді аттарға мінгізіп, қару асындырып, сол топты өзі бастап, 17 жасар Тұрсынбай үстіне сауыт киіп, қару – жарақ асынып, қара айғырға мініп, жауды қуып жетіп, ұран салып, зырылдауық тартып, жылқы-түйені елге қайырыпты. Ол сонда өзіне жабылмақ болған қалмақтарды асқан шапшаңдықпен бір – біріне қоспай, найзалап, аттан түсіріп үлгіріпті. Жекпе-жекте өздерін шыдатпаған соң, қалмақтардың тірі қалғандары зорға қашып құтылыпты. Содан бастап Тұрсынбайдың батыр атағы шығыпты. 1719 жылы жазда Әз Тәуке ханның асында шұбар аты бәйгеден келген жас жігіт Тұрсынбай Қырғыздан, Қоқан, Хиуа, Бұхар хандықтарынан келген балуандармен күресіп, бәрін жығады. Сөйтіп, жеті балуанды жыққан Тұрсынбайға үш жүздің игі жақсылары «түйе балуан» атағын береді. Тұрсынбайдың қандай батыр екенін Қожаберген жыраудың «Елім-ай» жыр-дастанының бірінші бөліміндегі мына шумақтардан-ақ аңғаруға болады: Үш биден, менен бата алған, Түйе балуан атанған. Балта керей Тұрсынбай, Асқан батыр қатардан. Шыққан тегін сұрасаң, Ертісбай сардар баласы. Жаста болса, ол шаһыбоз, Қазақтың үлкен панасы. Ақылы артық өзгеден, Үш жүздің озық данасы. Бағалаған ерлігін, Орта жүздің баласы. Дұшпан шошыр айбатты, Көп батырдан қайратты. Қалмақ тигенін естісе, Дей бер жауды жайратты. Сондай ерлер аттанса, Жоңғардың құрыр шарасы. Ішкерілей енуге, Келе қоймас шамасы. Тұрсынбайдың ерлігін әділ бағалап, оның көзі тірі кезінде Қожаберген, Дәстем сал, Бұқар, Тәтіқара, Үмбетей, Жанкісі (Керей), Көтеш, Жанақ (үлкен), Шал, Салғара ақындар өлеңдер, дастандар шығарған екен. Алайда ол шығармалар біздің кезеңге келіп жеткен жоқ. ## Тұсынбай батыр ұрпақтары Тұрсынбайдың 17 баласы болыпты.(Айбек, Байбек, Бердібек, Бетжан, Бекмұхаммед, Ермұхаммед, Жанмұхаммед, Ташмұхаммед, Ахмет, Махмет, Әйкен, Бәйтен, Жайкен, Баймен, Таукен, Кешубай, Келден). Тұрсынбай батырдың балаларының ішіндегі ең мықтысы Кешубай екен. Ол әрі батыр, әрі жан-жақты, үлкен қолөнерші кісі болыпты. Кешубай Құдайберді Атығай Құлсары Бөріұлы әулие – батырдың Назиха есімді қызына үйленіпті. Ол үш ұлды болыпты (Әлібай, Тәжібай, Сәлімбай). Кешубайға әкесі Тұрсынбай енші бергенде, Тобыл өзені бойындағы Ұялысай деген жерді беріпті. Кеңес үкіметі жылдары бұл ауыл Киров атындағы колхоздың, кейіннен 60-жылдары Қаратал кеңшарының құрамына енді. Ирелеңдей аққан Тобыл өзені Ұялысай тұсында буырқанып келіп, ауылдан алыстап кетеді. Талының жуандығы білектей, жуасы жанға дауа, шөбі шүйгін, шиесі мен бүлдіргені балаларды мәз еткен қазақтың құтты қонысы талай марғасқаларды дүниеге әкелді. Кешубай ауылын халық «Батыр ауылы» деп, өз ағасы Уәли ханмен ренжісіп, бөлек кетіп, Кешубайға келіп паналаған Бақтыбай төре Абылай ханұлының ауылын «Төре ауылы» деп атаған екен. ## Қолбасшы Кей шежіреде 1755 – доңыз жылы жазда Алакөлдің жағасында хан, сұлтан, уәзірлер, шоралар, билер, бектер, батырлар бас қосқан құрылтайда Бөгенбай батырдың ұсынысы бойынша Тұрсынбай батырды боз биенің сүтіне шомылдырып, онан соң үстіне шымқай ақ киім кигізіп, көкірегіне құран ұстатып, ақ киізге отырғызып көтеріп, Ордабасы етіп сайлайды. Енді бір шежіреде Тұрсынбай сардарды 1758 – барыс жылы жазда Шығыс Түркістанды жаудан (жоңғар басқыншыларынан) тазартқан соң, аталмыш аймақтағы Сайранкөлдің жағасында жеңіс тойынан кейін құрылтай ашып, сонда үш жүздің әскерін басқаратын ордабасы етіп сайлапты. Шығыс Түркістан жерінде Тұрфан асуы үшін болған 1758 жылдың күзіндегі соңғы шайқаста қазақ әскерін Тұрсынбай батыр басқарыпты. Сол үлкен ұрыста Тұрсынбайдың жақсы қолбасшы екенін сол кездегі ақын – жыраулар жырға қосыпты. 1771 жылы жазда Еділ бойынан шығыстағы жұртына қоныс аудару мақсатымен көшкен қалмақ шапқыншыларын талқандау кезінде де қазақ әскерін Тұрсынбай басқарыпты. Сонымен қатар, Тұрсынбай басқарған қазақ әскері Қырғыз манаптары әскерін талқандауда ерекше ерлігімен көзге түсіпті. Қырғыз әскерінің масқара боп жеңілуі «Жайыл қырғыны» деген атақ алған екен. Ол жайында Бұқар жырау дастан шығарып, онда Тұрсынбайдың батырлығын ерекше жырлапты. Ол дастан қазақ тілінде жарық көрген жоқ. Кеңес дәуірінде орыс орта мектептеріне арналған 9-сыныптың «Қазақ әдебиеті хрестоматиясында» Бұхар жыраудың Тұрсынбай батыр туралы дастанынан орыс тілінде үзінділер берілді. Ордабасы сайлар кезінде Тұрсынбайға көрсетілген зор құрмет оның алдындағы Бөгенбай батырға да, одан бұрынғы Батыр ақын Қожабергенге де көрсетіліпті. Әйтсе де, қазақтың ескі, яғни, Қазан төңкерісіне дейінгі тарихынан мағлұматы жоқ біреулер жоғарыдағы халық құрметін ханды сайлағанда ғана көрсетіледі деп қате түсінеді екен. Шындығында аталмыш зор құрмет ханды, бас уәзірді, төбе биді, шораны, әскербасыны сайларда көрсетілетінін естен шығармауымыз керек. Ол турасында белгілі драматург-жазушы Нәбиден Әбутәлиев өзінің 1995 жылы «Жеті жарғы» баспасынан жарық көрген «Ордабасы Қожаберген» атты монографиялық еңбегінде тайға таңба басқандай етіп, анық жазды. ## Қосымша мәліметтер Балта Керей ішінде Қарасары аймағына жататын оның ұрпақтары бүгінде сол Тобыл бойын мекендеп отыр. Тұрсынбай батырдың бүгінгі ұрпақтарының өтініші бойынша 2010 жылдың тамыз айында Меңдіқара аудандық әкімшілігі Боровской селосындағы үлкен бір көшеге Тұрсынбайдың атын берді. Әкімшілік алдындағы алаңға бабамыздың ескеркіші қойылды. ## Дереккөздер
Тұран плитасы, Тұран тақтасы – Қазақстанның батыс өңірінен орталық бөлігіне дейін және Орталық Азияны қамтып жатқан ірі тектоникалық құрылым. Тұран плитасына Қазақстан жерінде Тұран ойпаты, Үстірт, Маңғыстау және Бозащы түбектері, Арал маңы, Оңтүстік Торғай өңірі және Орталық Азияның (Өзбекстан мен Түрікменстанның кей аймақтары және Ауғанстанның солтүстік) біраз құрылымдары кіреді. Батысы Каспий тенізімен, шығысы Сарыарқа және Тянь-Шань қатпарлы өлкелерімен, оңтүстік Торғай ойысы арқылы Батыс Сібір плитасымен шектесетін 2 млн. км2 аймақты алып жатыр. Тұран плитасы табанының құрылысы өте күрделі, көлденең қимасы үш түрлі құрылымдық қабаттан тұрады: * қатпарлы іргетас; * аралық қабат; * платформалық тыс. ## Қатпарлы іргетас Қатпарлы іргетас немесе кристалдық іргетас қабаты қарқынды қатпарланған және алуан түрлі интруз. массивтерді кіріктіретін кембрийге дейінгі және палеозойлық жарылымдардан құралған. Тұран плитасының шығыс бөлігіндегі қатпарлы іргетас каледондық, ал батыс бөлігі герциндік қатпарлыққа жатқызылады. Олар бір-бірінен терең жаралым арқылы оқшауланған. Қатпарлы іргетас жаралымдары әр түрлі құрамдағы шөгінді-жанартаутекті тау жыныстарынан құралып, қалыңд. 8 км-ге жетеді. Іргетас жаралымдарының беткі жазықтығының тереңдігі әр түрлі, тек Қаратау мен Бұрқантау, Тамдытау, Құлжықтау, Сұлтануиз-Даг жоталары және Маңғыстау мен Туарқыр белдерінде ғана жер бетіне шыққан. ## Аралық қабат Аралық қабат іргетас бетін анық байқалатын бұрыштық үйлесімсіздік арқылы көмкерген. Бұл қабат плитаның солтүстігіндегі кейбір өңірлерде жер бетінде қалған аймақтарда терең ұңғыма арқылы ашылады (Шу-Сарысу өңірінде). Каледондық қатпарлықтағы аралық қабат төм. девон мен төмен триас (D1–T1) жаралымдарынан құралса, герциндік қатпарлыққа тәні төмен пермь мен жоғары триас (P1–T3) түзілімдерін біріктіреді. Бұл қабаттың қалыңдығы кең ауқымда өзгереді: каледондық іргетас өңірінде 14,5 км-ге жетсе (Шу-Сарысу ойысы), герциндік өңірде 11 км-ге дейін барады (Маңғыстау түбегі мен Копетдаг алды). Қабаттың тау жыныстары құрамы әр түрлі. Шөгінділердің мөлшері жанартаутекті тау жыныстарына қарағанда басымырақ болып келеді. Герциндік қатпарлық өңіріндегі пермь-триас түзілімдері Тұран плитасындағы негізгі мұнайлы-газды кешендер болып табылады. ## Платформалық тыс Платформалық тыс қабаты аралық қабат түзілімдерін үйлесімсіз көмкерген. Бұл қабаттың түзілімдері мүлде деформацияға ұшырамай, көлбеу (1 – 5) орналасқан. Платформалық тыс қабатының көлденең қимасы 5 түрлі кешеннен тұрады: төмен юра, ортаңғы және жоғары юра, бор мен төмен миоцен, ортаңғы миоцен мен жоғ. плиоцен, жоғары плиоцен мен антропоген. Алғашқы үшеуі мұнайлы-газды. Төменгі юра кешені аймақтық ойыстарда қалыңдығы 1000 м болатын түсі сұрғылт құмды-сазды шөгінділерден құралған; ортаңғы және жоғарғы юра кешені таяз теңіз жағдайында, сирек құрылықтық жағдайда түзілген шөгінді тау жыныстарынан құралады. Онда терригендік түзілімдер көбірек болады. Қалыңдығы 2000 м-ден аспайды. Бор мен төменгі миоцен кешені қимасында құрлықтық-теңіздік түзілімдер молынан ұшырасып, ең көп тараған терригендік және карбонатты шөгінділермен қатар тұзды, гипсті, фосфоритті, әксазды, глауконитті, т.б. тау жыныстары кездеседі. Тұран плитасының шығыс жиегінің олигоцен мен төмен миоцен түзілімдерінде базальт, андезит және олардың туфтары шоғырланған. Кешен қалыңдығы 2000 – 2500 м аралығында өзгереді; ортаңғы миоцен мен жоғарғы плиоцен кешені Тұран плитасының батыс бөлігінде кең таралып, теңіз түбінде түзілген қалыңдығы 200 – 1000 м терригендік және карбонатты шөгінділерден құралады. Жоғары плиоцен мен антропоген кешені Тұран плитасының батысы мен солтүстігінде теңіздік және құрылықтық жағдайларда түзілген құмдардан, малтатастардан, саздардан, құмайттардан құ-ралса, шығ-нда аллювийлік, эолдық шөгінділерден құралады. Қалыңдығы ондаған м-ден жүздеген м аралығында болады (тек Копедаг алды ойысында 1 – 3 км). Каспий тенізінен Гиссар жоталарына дейін созылып жатқан Тұран плитасы Бұхара терең жарылымымен теңдей екіге бөлінеді. Оның солтүстік-шығыс бөлігі каледондық және ерте герциндік қатпарлықпен сипатталса, оңтүстік-батыс бөлігі кеш герциндік іргетаспен сипатталады. Тұран плитасының негізгі пайдалы қазбаларына мұнай мен газ кен орындары жатады. Қаратау жоталарының кембрийлік түзілімдерінде ванадий және фосфорит ірі кен орындары бар. ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
Нұрахметов Немеребай [25.9.1938 жылы туған, Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы) Ескелді ауданы Жетісу ауылы] – ғалым, химия ғылым докторы (1986), профессор (1987), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1995). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1962). 1962 – 95 ж. ҚазҰУ-де ғылыми-зертхана жұмыстарымен айналысып, басшылық қызметтер атқарды. 1991 – 97 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясының президенті, 1997 жылдан бері ҚазҰУ-де кафедра меңгерушісі. Негізгі ғылыми-зерттеулерінің бағыты анорганикалық қышқылдардың органика негіздермен әрекеттесуі және оның қосылыстарының (амидқышқылдарының) физика-химиясына арналған. Сондай-ақ 2 монография, 17 оқулық, 35 оқу құралы, 14 авторлық куәлік және 400-ден астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы. Нұрахметов Немеребай 31 томдық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер жасауға қатысқаны үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (2001). ## Дереккөздер ## Сілтеме [1] Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы. ҚазҰУ
Хаджиев Әнуар (12.12.1957 жылы туған, Қытай халық республикасы, Құлжа қаласы) – заң ғылымдарының докторы (2006). ҚазМУ Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы.-ды (1983, қазіргі ҚазҰУ Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы.) және аспирантурасын (1987) бітірген. Қазақстан Ғылым академиясының Философия және Құқықтану институтында кіші аға-ғылым қызметкер (1984–1992), Қазақстан Республикасы Конституциялық сотында аға кеңесші (1992–1994), Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясында ғалым-хатшы, декан (1994–2000), ҚазҰУ-да деканның орынбасары, аға ғылым қызметкер (2000–2004) болды. 2006 жылдан ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. 2005 ж. «Проблемы теории земельного права Республики Казахстан в условиях становления и развития рыночных отношений» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылымижарияланымның авторы.Жерге жеке меншік, нарықтық қатынастар жағдайында жерге жеке меншікті қорғау, экол. құқық мәселелері бойынша көптеген заң жобаларын жасауға ат салысқан. ## Дереккөздер
Қараағаш – Шыңғыстау жотасының солтүстік-батысындағы тау. ## Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Көкбай ауылының батысында 32 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1074 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 9 км шамасында созылған, енді жері 4 км-ге жуық. ## Жер бедері Беткейлері тіктеу келген, өзен, сай-жыралармен тілімденген. Тау бөктеріндегі бұлақтардан Қарасу, Қарлыбұлақ өзендері бастау алады. Солтүстігінде Ханшыңғыс жотасы, батысында Пішентай, оңтүстігінде Қызылоба таулары орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Төменгі және орта палеогеннің жанартаутекті шөгінділерінен, тақтатас, конгломерат, т.б. тау жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Тауалдының қоңыр, бозғылт қоңыр топырағында жусан, бетеге аралас бұталар, терек, қарағаш, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Серік Минаварұлы Бүркітбаев(7.9.1957 ж. т., Меркі а.) – ғалым, физик-математик ғылыми доктор Халықаралық оптоэлектроника қоғамының толық мүшесі (АҚШ). Мәскеу инженер-физика институтын бітірген (1980). 1984 – 93 ж. Қазақстан ҒА лабораторияның ғылыми қызметкері; лаборатория меңгерушісі, 1993 – 94 ж. «Радиотехникалықзауыт» АҚ-ның директоры, 1994 – 95 ж. «Казинформтелеком» АҚ-ның президенті, 1995 – 96 ж. «Кателко» президенті, 1996 – 98 ж. «Қазақтелеком» президенті, 1999 – 2001 ҚР Көлік, телекоммуникация және туризм (кейіннен Көлік және коммуникация) министрі, 2001 жылдан «Қазақтелеком» президенті. ## Дереккөздер
Опытное поле — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы ауыл, Опытное поле ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Глубокое кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 32 км жерде, Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1956 жылы қаланған. 1974 жылы ВАСХНИЛ-дің бал арасы шекарасы, 1962 жылы КСРО ҒА Сібір бөлімшесінің Цитология және генетика институты ұйымдастырылды. 1997 жылдан Опытное поледе шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ең жақын темір жол станциясы – Защита (12 км). ## Дереккөздер
Мырза Тұрсынзаде (2.5. 1911, Тәжікстан, Регар ауданы Қаратаг ауылы – 24.9.1977, Душанбе) – тәжік жазушысы, қоғам қайраткері. Тәжікстанның халық ақыны (1961), Cоциалистік Еңбек Ері (1967). Алғашқы туындыларын 1930 жылдан жаза бастаған. “Жеңіс туы” атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1932 жылы шыққан. “Үкім” пьесасы (1935), “Ел күні” (1936), “Күз бен көктем” (1937) поэмалары, “Жырлар” атты жинағы (1939) жарияланған. Тұрсын-Заде поэзиясына өзгеше мәнер, асқақ пафос, патриоттық әуен тән. “Отан үшін” (1941, А.Дехотимен бірге), “Отан ұлы” (1942) поэмаларында 2-дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығын, соғыс жылдарындағы халықтар достығын жырлады. Соғыстан кейінгі дәуір ақын шығармашылық үшін ерекше өрлеу кезеңі болды. “Мәскеуден келген қалыңдық” поэмасы (1945), “Үндістан қиссасы” (1947 – 48, КСРО Мемлекеттік сыйл., 1948), “Мен азат Шығыстанмын” (1950) атты өлеңдер топтамасы, “Хасан – арбакеш” (1954), “Азия дауысы” (1956, екеуі де Лениндік сыйл., 1960), “Мәңгі шұғыла” (1957), “Қымбаттым менің” (1960), т.б. поэмалары жарық көрген. Ол “Азаматтық лирика туралы ойлар” (1954), “Әдебиет пен өмір” (1959), т.б. бірнеше әдеби-сын еңбектерін жариялаған. Тұрсын-Заде шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне аударылған. Қазақ тілінде “Үндістан қиссасы” (1950), “Өлеңдер мен поэма” (1972) атты жеке кітаптары шыққан. Тұрсын-Заде Тәжікстанның Рудаки атындағы Мемлекеттік сыйл-ның (1963) және Үндістанның Дж.Неру атынд. ұлттық сыйл-ның иегері, 2 – 9-сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Дүниежүзілік Бейбітшілік кеңесі төралқасының мүшесі болған. 4 мәрте Ленин орденімен және көптеген орден-медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Жақыпбек Алтаев (21.4.1948, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы) – философия ғылымының докторы (1997), проф. (1998). Ташкент мемлекеттік университетiнiң философия және экономика факультетiн бiтiрген (1972). 1972–1976 ж. Шымкент педагогикалық институтының философия кафедрасының оқытушысы. 1980–1985 ж. Қазақ көлiк және коммуникация академиясы (бұрынғы Алматы транспорт және көлік инженерлері институты) философия кафедрасының аға оқытушысы, доцент. 1985 жылы ҚазҰУ-да философия және саясаттану факультетiнде философия және әлеуметтік таным методологиясы кафедрасының меңгерушiсi болды. «Қазақ философиясының қалыптасуы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Алтаев қазақ философиясы, мәдениет тарихы мен теориясы мәселелерiн зерттеумен шұғылданады. 50-ден астам ғылыми мақалалары, 2 монография, 4 оқулық, бес оқу құралы жарық көрген. Студенттерге, магистранттар мен аспиранттарға «философиялық антропология», «құқық философиясы», «Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мұралары», «Ислам философиясы», «мәдениет тарихы мен теориясы» атты арнайы курстар жүргiзiп келедi. 1993 жылы Иран Ислам Республикасының Тегеран университетінде халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, баяндама жасады. ## Ғылыми дәрежесі профессор, философия ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия кафедрасының профессоры, Әл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығының директоры. ## Еңбек тәжірибесі мен марапаттаулары 2011 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің “Үздік оқытушы” грантының иегері. 2008 ж. Қазығұрт ауданының “Құрметті азаматы”. 2008 ж. Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін ҚР Білім және Ғылым министрлігінің медалімен марапатталды. 2018 ж. Фарабитану ғылымына қосқан үлесі үшін“ Әл-Фараби” алтын медалі берілді. ## Қысқаша ғылыми қызметі Ж.Алтаев 7 монографиялық зерттеудің, 15-тен аса оқулық пен оқу құралдарының авторы, ғылыми еңбектерінің жалпы саны 300-ден астам. 2018 ж. 7 томдық шығармалар жинағы «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрді.Ж.Алтаевтың жетекшілігімен 30 ғылым кандидаты, 4 ғылым докторы, 5 (PhD) философия докторы, қазіргі уақытта 2 (PhD) докторантқа ғылыми жетекші. ## Ғылыми бағыттары Қазақ философиясы, Фарабитану, Ислам философиясы, философия тарихы. ## Оқитын пәндері “Қазақ философиясы”, “Әл-Фараби және қазіргі заман”, “Ғылым тарихы мен философиясы”, “Орта ғасыр классикалық ислам философиясы”. ## Шығармашылығы * Қазақ философиясының тарихына кіріспе, А., 1994; * Қазақ даласының ойшылдары IX - XII ғғ., (телавтор), А., 1995; * Қазақ философиясы, А., 1996; * Философия және мәдениеттану, А., 1998; * Қазақ халқының рухани мұралары, А., 1998; * Философия тарихы, А., 1998; * Основы философии, А., 2001; * Философия, оқулық, А., 2004. * “Әл-Фараби және Ислам философиясы” Алматы, «Қазақ университеті» 2012, 162 б. * “Ислам философиясы” Алматы, «Эверо» 2014, 500 б. * “Ортағасыр Классикалық Ислам философиясы” Алматы, 2016, 343 б. * “Философия тарихы ” Алматы, «Қазақ университеті» 2017, 337 б. * Көптомдық шығармалар жинағы (1-7 том) Алматы, «Қазақ университеті» 2017. ## Сыртқы сілтемелер * Алтаев Жакипбек Алтаевич Мұрағатталған 17 қарашаның 2016 жылы. * статья Ж.Алтаева "Интеллект, освященный духом" Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. * статья Ж.Алтаева "Смотрясь в него, как в зеркало" Мұрағатталған 14 маусымның 2008 жылы. * University of Tehran (қолжетпейтін сілтеме) * Ташкентский государственный университет * философиялық антропология ## Дереккөздер
Бесшадыпыт — Батыс Түрік қағанатындағы ондық негізде оң қанатқа топтасқан аумақтық-тайпалық бірлестіктің атауы. Деректер бойынша, 648 ж. Бесшадыпыттың құрамына Азғыр, Қашу, Барсхан, Азғыр-Низук, Кашу-Чубон тайпалары енген. Бесшадыпыттар, негізінен, Шу өзенінің батысы мен солтүстігіндегі жерлерді қоныстанған. ## Дереккөздер
Әбділхамит Қуанұлы Нарымбетов Әбділхамит Қуанұлы (1.1.1928 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы) – ғалым, филология ғылымының доктары (1974), профессоры (1995). ## Өмірбаяны Орал педагогикалық институтын (1948), Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын (1951) бітірген, 1951 – 95 ж. аталған институтта ғылыми қызмет атқарған. Әбділхамит Қуанұлы Нарымбетов еңбектері қазақ әдебиеті тарихы, қазақ поэмасы, әдеби өмір шежіресі, қазақ әдебиетінің библиографиясына арналған. Әбділхамит Қуанұлы Нарымбетов “Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі” (1960), “Қазақ совет әдебиетінің тарихы” (1971), “Көп ұлтты совет әдебиетінің тарихы” (1974), “40 – 50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті” (1998), т.б. ұжымдық жинақтар мен “Қазақ совет әдебиеті” атты библиогр. еңбектің (5 т., 1970 – 2001), “Елеукенов Ш.Р.” (2004, телавтор), “Махамбеттану” (2004, телеавтор) атты библиографиялық көрсеткіштердің, “Қазақстан Жазушылар одағына 60 жыл” (1994), “Әдеби өмір шежіресі” (2002 – 05) атты кітаптардың авторы. Ол Ғ.Мүсіреповтің 5 томдық (1972 – 76), С.Сейфуллиннің 5 томдық (1986 – 88) шығармалар жинақтарын баспаға дайындаған. ## Шығармалары Шығармалыры: * Қазақ совет поэмасы, А., 1977; * Қазіргі қазақ поэмасы, А., 1982; * Уақыт шындығы – көркемдік кепілі, А., 1989; * Қалижан Бекхожин, А., 1993; * 70 – 80 жылдардағы қазақ поэмасы, А., 1999; * Зейнолла Қабдолұлы Қабдолов, А., 2002. ## Сілтемелер * Әдебиет * Философия * Ғылым * Сатпаев ## Дереккөздер
Құмшық ата мешіті — 10-12 ғасырларда салынған жер асты археологиялық ескерткіш. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 1 км-ге жуық жерде, ашық далада орналасқан. Сопылардың діни рәсімдер өткізуіне арналған. Құмшық Ата мешіті екі бөлмелі, ұзынша келген (10 м-ге жуық) ені тар дәлізді, шыға берісінде есігі бар үңгір құрылыс. Шаршы шикі кірпіштерден қаланған. Түкпірдегі мекен-жай көлемі 2х2 м-ге жуық, биіктігі 1,6 м, төбесі шатырлы күмбезбен көмкерілген. Оған іргелес диаметрі 2,5 м және биіктігі 2 м-дей дөңгелек пошымды үй күмбезделіп жабылған. Дәлізі иірлі келген, негізгі құрылыс күйдірілген кірпіштен қаланған, күмбезбен көмкерілген. Төбенің орта деңгейінен құдық тәріздес, диаметрі 1 м-дей, дәлізге жарық түсетін ойық жасалған. Жер асты мешітке кіретін есік қирап қалғандықтан, баспалдақтың сатылары анықталмаған. Мешіт пен дәліздің қабырғасы шаршы пішінді күйдірілген кірпіштен өрілген. Бөлме қабырғаларында шырағдан қоюға арналған шағын қуыстар бар. Құрылыстың ішкі құрылымы сыланбаған. Жер асты мешіті 10 - 12 ғасырларда өмір сүрген әулие Құмшық Ата атымен байланысты айтылады. Зерттеулер Құмшык Ата мешіті 12 ғасырдан бастап халық жиналып, діни уағыздар рәсімі өтетін орын болғанын растайды. Құмшық Ата мешітін 1973-1974 ж. Қазақ КСР мәдениет министрі мен Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтының экспедициясы (жетек. Т.Н. Сенигова) зерттеді. 1985 ж. жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2003 ж. Құмшық Ата мешіті қалпына келтіріліп, мемлекет қарауына алынған. ## Дереккөздер
Қоржын(Экономика) 1) жекелеген фирма, сала және макроэкономика деңгейінде белгілі бір күнгі тауарлар тапсырысының жиынтығы; 2) сұранымды және дайындаушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып жасалатын, өнімді жеткізу шарттарын жасасу үшін негіз болып табылатын тауарлардың түр-түрі бойынша сұрыпталымдық жоспар; 3) заңды не жеке тұлға иеленетін түрлі бағалы қағаздар; 4) экономика субъектінің байлығын құрайтын активтер жиынтығы. Қоржын экономиканың барлық аяларында қолданылады және фирма, ұйым, кәсіпорын қызметінің ауқымы, экономика келешегі, рыноктағы орны, т.б. туралы пайымдауға мүмкіндік береді. ## Дереккөздер
Батыс Қазақстан ескерткіштері - Қазақстанның батыс бөлігінде сақталған бірегей сәулет-құрылыс ескерткіштерінің қалыптасқан жалпылама атауы. Арал - Каспий аймағына жолы түскен ортағасырлық авторлар (Ахмед ибн Фадлан, 922; Гильом де Рубрук, XIII ғ-дың ортасы, Ибн Баттута, 1333; Антоний Дженкинсон, 1556 - 60, т.б.) оғыз-қыпшақ бейіттеріндегі ескерткіштерге ерте кезден-ақ назар аударған. Сол кезден бастап бұл аймақта әр түрлі зерттеулер үздіксіз жүргізіліп келді. XIX ғасырдың 50-жылдары Маңғыстаудың архитектура ескерткіштерінің үлгілерін Т.Г. Шевченко мен Б. Ф. Залесский қағазға түсірді. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Е.Р. Шнейдерстің құлпытастарды жасау өнері туралы “Қазақ оюлары” (1927) атты очеркі жарияланды. Арнайы ғылыми зерттеулерді қазақ архитекторлары Т.К. Бәсенов (1947) және М.М. Меңдіқұлов (1953, 1956) жүргізді. XX ғ-дың 70-жылдары Меңдіқұлов өз зерттеулерін жалғастырып, “Батыс Қазақстанның архитектуралық ескерткіштері” (1987) атты кітабын жариялады. 1978-90 жылдары Қазақстанның Мәдениет министрлігінің, Тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының, тарих, археология және этнография институтының экспедициялары (жетекшісі С. Әжіғалиев) зерттеген. Батыс Қазақстан Ескерткіштері хронологиялық тұрғыдан үш негізгі кезеңге жатады: 1. Ортағасырлық оғыз-қыпшақ кезеңінің ескерткіштері (Шопан ата, Сұлтан апа, Шақпақ ата, Қараман ата, Балғасын); 2. Кейінгі ортағасырлық кезең (XV - XVIII ғ-лар) ескерткіштері (Қанғы баба, Кентті баба, Үштам, Масат ата, Сисем ата, Абат-Байтақ, Қарасақал, Асан қожа, т.б.); 3. Жаңа дәуір (XVIII — XIX ғ-лар) ескерткіштері (Қарашық, Қызылсу, Сағындық, Бейсембай, Алып ана, Дауымшар, Тайлан, Дәуіт ата, Сейіт бабай, Алтын, Қарабас әулие, Хан бейіті, т.б.). Ал географиялық орналасуы жағынан Батыс Қазақстан ескерткіштерін Маңғыстау ескерткіштері, Үстірт ескерткіштері, Доңызтау ескерткіштері, Жем бойы ескерткіштері, Атырау ескерткіштері, Қобда ескерткіштері, Арал өңірі ескерткіштері деп жеті жергілікті топқа бөлуге болады. ## Дереккөздер
Наурызбай алтын-күміс кен орны – Қарағанды облысы Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 70 км жердегі кен орны. Кен орнын геолог В.Г. Буров ашқан (1955). ## Геологиялық құрылымы Құрылымдық жағынан Балқаш-Іле жанартаутекті-плутонтекті белдемінің Тоқырау сегментінде орналасқан. Кенді алаңның құрылымына таскөмір-пермь жасындағы қарқара, керегетас және арқарлы свиталарының орта-қышқыл құрамды жанартаутекті түзілімдері қатысады. Онда әр түрлі туынды кварциттер кеңінен тараған. ## Жатыс сипаты, құрамы Кен орнының екі бөлігі (Шығыс және Батыс) созылуы бойынша 50-100 м тереңдікте сүйірленетін изометрлі және линза пішінді кен денелерін құрайды. Кен алтын-күмісті, антимониттің мөлшері жоғары. Алтынның күміске қатынасы 1:20. Кеннің құрамы пирит (5 – 10%), антимонит (5 – 40%), колорадоит, сомтума алтын және теллур, пираргирит, реальгар, галенит, халькопирит, тинантит, күңгірт кен, буланжерит, т.б.; бейкентастар кварц, гидрослюда, пирофиллит, рутилдан тұрады. Кенді минералдар кварциттерде майда сеппе түрінде және желішектер түрінде тараған. Алтынның сынамасы жоғары (950-ден жоғары); мөлшері 0,1 – 100 г/т, кейде одан да жоғары, орташасы 15 г/т. Кен құрамында сүрме (1%-дан жоғары), күшәла (10%-ға дейін), теллур (1%-ға дейін), сынап (0,4%-ға дейін), висмут, мыс, қорғасын, мырыш, молибден бар. Кен орны консервацияда (сақтауда) тұр. ## Дереккөздер
Қараағаш – Қандарақ жотасының солтүстігіндегі жота. ## Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы Лепсі ауылының оңтүстік-батысында 21 км жерде орналасқан. Тентек және оның сол саласының суайрығында. ## Жер бедері Жота теңіз деңгейінен 2850 – 3000 м биіктікте. Солтүстік беткейі көлбеуленіп, тауаралық аңғарға ұласады. Жотаның түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Оңтүстік бөлігі тік құз-жартасты келген. ## Өсімдігі Тауалдының қара, қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында көктерек, қайың, арша, т.б. өседі. ## Дереккөздер
“БІЛІМ АРЫНАС” — әдеби, саяси-әлеуметтік журнал. 1946 — 47 ж. Құлжа қ-нда (Қытай) ай сайын қазақ тілінде шығып тұрған. “Б. а.” Шыңжаңдағы қазақтардың саяси-әлеум. өмірінің келелі мәселелерін қозғап, ұлттық мәдениет пен әдебиетті өркендету, білім беру ісіне көп көңіл бөлді. 1948 ж. “Одақ” журналының шығуына байланысты жабылды. ## Дереккөздер
Батыс Қазақстан Облыстық Архиві - тарихи құжаттар сақталған арнаулы мекеме. 1923 жылдан ұйымдастырылған. Алғашқы кезде губернаторлық, 1928 жылдан округтік архив, 1931 жылдан Қазақ АКСР-і Орталық архивінің Орал бөлімшесі, 1932 жылдан Орал (Батыс Қазақстан) облыстық мемлекеттік архиві деп аталды. Құжаттарының мерзімі 1917 жылдан басталады. Тарихи деректер кешені Жайық өңірінің тарихы, азамат соғысы, 1921 - 22, 1932 - 33 жылдардағы ашаршылық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер, Ұлы Отан соғысы кезіндегі облыс тынысы, тың және тыңайған жерлерді игеру, халық шаруашылығының дамуы, тағы басқа құнды мағлұматтар береді. Архив қорында 520 мыңнан астам іс сақталған. Ғылыми-анықтамалық жүйесі тізбелерден, арнаулы шолулардан, каталогтардан, қорлардың қысқаша анықтамаларынан тұрады. Батыс Қазақстан облыстық архиві облыстағы 2 бөлімшесі мен 11 аудандық архивтерге ғылыми-әдістемелік басшылық жасайды. ## Дереккөздер
Тұрар Рысқұлов — Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл, Рысқұлов ауылдық округі құрамында. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Меркі ауылының солтүстігінде 8 км-дей, ауылдық округ орталығы -Интернациональное ауылынан 3 км-дей жерде, Қызтоғансай өзенінің жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1959-1997 жылдары жеміс-жидек өсіретін “Мерке” кеңшарының бөлімшесі болып келді. Оның негізінде Тұрар Рысқұлов ауылында шаруа қожалықтары құрылды. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшерлік пункт, кітапхана бар. Ауылдың тарихи атауы "Қызтуған", кейін Жданов атанған. ## Дереккөздер
Қараағаш – Балқаш көлінің батыс бөлігіндегі түбек. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал темір жол айрығының шығысында орналасқан. ## Сипаты Ең биік жері 380 м шамасында. Жер бедеріне төрттік кезеңінің ойпатты денудациялық жазығы тән. Онда құмдауытты төбелер кездеседі. Жер беті батыстан шығысқа қарай еңістенген. Солтүстік-батысында Ақкірме шығанағы, солтүстігінде Тайсойған, солтүстік-шығысында Ортаарал, Аяқарал аралдары орналасқан. ## Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, күйреуік, баялыш, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Қуаныш Шадыбайұлы Нұрғазиев (1962 жылы туған, Қызылорда қаласы) – дәрігер-маммолог, медицина ғылыми доктор (2003). Алматы мемлекеттік медицина институтын (ҚазҰМУ) бітірген (1985). 1985 – 89 жылдары Алматы қалалық онкология диспансерінде дәрігер. 1989 – 91 жылдары КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің Н. И. Петров атындағы онкология ғылыми-зерттеу институтының ординатурасында оқыған. 1992 – 96 жылдары «Шипагер» жеке маммология орталығында дәрігер-маммолог, 1996 – 2001 жыдлдары өзі ұйымдастырған «Салауат» жеке маммология орталығын басқарды. 2001 – 02 жылдары Атырау облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы, 2002 жылдан Алматы аймақтық онкология диспансерінде дәрігер-консультант, «Салауат» жеке маммология орталығының бас дәрігері, «Маммология» журналы бас редакторының орынбасары. Нұрғазиев 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 1 монография, 2 жаңалық, 2 әдістемелік нұсқау бар. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Желқом – ат арқасындағы жауырға тимес үшін жасалынған ішкілік-тоқымдардың атауы. Қазақта жауыр аттың арқасы одан ары асқынбай, жазылуы үшін жел тиіп тұратындай етіп қомдау (яғни ерттеу) деген мағына береді. Осыған байланысты жараны қажамас үшін жасалынған ішкілік-тоқымдарды жалпылай желқом деп атайды. ## Жасау тәсілдері Желқом жасаудың бірнеше тәсілдері бар. * Соның бірі ойма жасау, яғни ішкілік, ішпектің дәл жауырға келетін тұсынан ойып қою тәсілі. Осылайша ойылған тесіктен жел кеулеп, жара беті қажалмағандықтан жауыр жазылып кетуіне мүмкіндік туғызады. * Келесі тәсіл аттың қыр арқасы жауыр болғанда «желқом ер» арқылы ерттеу болып табылады. Желқом ер жасау үшін ердің екі қасына ортасынан бүктелген ішкіліктерді бекітіп тастайды. Сонымен қатар, қажет болса тоқымды да екі бөлек етіп жасап, орталарын бүлдіргімен қосады. Мұндай ермен ерттелген малдың арқасын жел қағып, жауыр жарасының тез жазылуына мүмкіндік туады. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Мұқанов С. Халық мұрасы. Алматы: Қазақстан, 1974; * Бабалықұлы Ж. Ер тоқым. Ер қанаты. Жинақ. Құраст.: Ж. Аупбаев. Алматы: Қайнар, 1987. 259-278 бб.; * Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнерi. Алматы: Қазақстан, 1995; * Базарбеков Ә. Қазақ тіліндегі ат әбзелдеріне байланысты атаулар. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы (проф. Б.Әбілқасымовтың 70 жылдық мерейтойына арналған ХҒТК материалдары) Алматы, 2001. 266-269-бб.; * ҚР МОМ – материалдарынан; * ОМЭЭ – материалдарынан.
Қоржын там – сәулет өнері ескерткіші. Қостанай облысы Амангелді ауданы Амангелді ауылының оңтүстігінде ескі қорымда орналасқан. Ел арасында “Сатыбалды ишан тамы” кейде “Файзолла ишан тамы” деп аталады. Қоржын там-ға өңірге белгілі Сатыбалды ишан (1826 ж. т.), оның баласы Файзолла ишан (1882 – 1959) және Омар Тепекұлы (1871 – 1932) жерленген. Қоржын тамды 1899 ж. Сатыбалды ишанның баласы Мырза ишан салдырған. Кесене екі бөлмелі, қос күмбезді құрылыс. Шикі кірпіштен қаланып, іші, сырты күйдірілген кірпішпен қапталған. Құбыла жағына екі және бүйірдегі қос қаптал қабырғаларына төрт доғал таяз қуыс түсіріліп сәнделген. Шығыс жағында төбеге шығаратын баспалдағы бар. Күмбездерінің аумағы әр түрлі, олар тақта кірпіштен өріліп, басына ай кескіні орнатылған. Адамдардың зираттары сағана түрінде орналастырылған. Кесененің аумағы 10,5x5,5 м, биіктігі 6,88 метр Қоржын тамға 1980 жылы Қазақ КСР Мәдениет министірлігі экспедиция (жетекші Ж.А. Шәйкен) зерттеу жұмыстарын жүргізген. 1983 жылы мемлекет қарауына алынды. Кесенеге 1991 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. ## Дереккөздер (Ж. Шәйкен)
“Біржан — Сара” — М.Төлебаевтың операсы. Либреттосын Қажым Жұмалиев жазған. Премьерасы 1946 жылы 7 қазанда Қазақ опера және балет театрында (Алматы) өтті. 1949 ж. 2-, 3-рет өңделіп, 1957 ж. қайта қойылды. Алғашқы қойылымындағы басты партияларды Ә. Үмбетбаев (Біржанды), К. Байсейітова (Сараны) орындады. Реж. Қ.Жандарбеков, дирижері Г.Столяров, суретшісі А. Ненашев болды. “Біржан — Сара” көп актілі лирикалық-драмалық опера. Оның негізіне 19 ғ-да өмір сүрген ақын, әнші-композитор Біржан салдың өмірі мен оның Сара ақынмен айтысы алынған. Либреттоға ақын өмірі жайлы деректер және Біржан мен Сара айтысындағы сюжеттік оқиғалар арқау болған. Операның драматургиялық желісінде Біржан мен Сараның махаббатын көрсететін лирикалық бағыт пен Біржан мен Жанбота болыстың арасындағы күресті көрсететін (бұл Біржанның әйгілі “Жанбота” әнінен алынған) әлеум. бағыт қатар жүріп отырады. Біржан салдың шығармаларындағы еркіндік, намыс, адамгершілік мәселелері бас кейіпкердің прототипіне де, операның бүкіл тақырыптық бағытына да негіз болған. Біржан бейнесі әншінің өз әндері (“Айтбай”, “Жанбота”, “Біржан сал”, “Адасқақ”, т.б.) және М. Төлебаевтың музыкасы арқылы ашылған. Опера ұлттық бояуы қанық, әсерлі лирикалық көріністерге, айшықты мелодияға толы. Операда ұлттық музыкалық формалар (әдет-ғұрыптық фольклор “жар-жар”, сыңсу, жоқтау, әсіресе, ақындар айтысы) өте әдемі әрі орынды қолданылған. 4 актілі опера қақтығысқа толы қарама-қайшы көріністерге (1-актідегі бас кейіпкердің нәзік ғашықтық дуэтіне айналатын әдемі айтыс кенеттен Біржан мен Жанботаның қақтығысы көрінісіне ауысып кетеді. 3-актідегі салтанатты той қарама-қарсы екі жақтың жаңа дауымен үзіліп қалады) құрылған. Опера 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігінде көрсетілген. “Біржан — Сара” — рухы жағынан қазақтың халықтық эпостарына жақын, шын мәніндегі романтикалық шығарма” деп жазды белгілі музыка зерттеуші В. Виноградов. 1949 жылы операға КСРО Мемлекеттік сыйлық берілді. Айшықты ұлттық бояуы қанық шығарма қазақ опера өнерінің классикалық туындысы болып табылады. 1959 жылы бұл туынды Башқұрт опера және балет театрында (Уфа қаласы) қойылды. ## Дереккөздер
Бірлік — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл, Бірлік ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Мойынқұм ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 60 км жерде, Мойынқұм құмының шығысындағы өте қуаң, қоңыржай ыстық агроклиматтық белдемде, Шу өзенінің аңғарындағы тоғайлар және астық тұқымдас әр түрлі шөптер өскен жерде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1957-1997 жылдары аралығында қаракөл қойын өсіретін «Көктерек» кеңшары ретінде қаланды. Оның негізінде Бірлікте шаруа қожалықтары мен бірнеше ӨК-тер жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар. Ауыл арқылы Тараз – Қарағанды автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер
Ақсейіттөбе — көне қала орны. Түркістан облысы Отырар ауданы Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасында орналасқан. Қаланы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.М.Байпақов) зерттеген. Сыртқы көрінісі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан (ұзындығы 90 м, көлденеңі 40 м, биіктігі 5,5 м) жұмыртқа тәрізді шоқы. Төбесінде аумағы 18 м келетін орталық қорғанның сұлбасы сақталған. Қазба жұмысы жүргізілмеген. Жинастырылған көзе сынықтары Ақсейіт төбе тұрғындарының б. з. 4-6 ғасырында өмір сүргенін көрсетеді. ## Дереккөздер
Тәкенов Әбу Сақтағанұлы (20.2.1930, Ақтөбе облысы Темір қаласы – 17.8.1997, Алматы) – ғалым, тарих ғылымының докторы (1987), проффессор (1989). Әлімұлы тайпасының Қаракесек руынан шыққан. 1953 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін бітіріп, 1958 жылға дейін Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі, директор қызметтерін атқарды. 1959 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқытушы болып, көрнекті ғалым Е.Бекмахановтың жетекшілігімен Азамат соғысы тұсындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірін зерттеумен шұғылданды. 1964 – 92 жылы университеттің Қазақстан тарихы кафедрасында аға оқытушы, доцент, профессор қызметтерін атқарды. 1993 жылы осы университетте деректану және мұрағаттану кафедрасының ашылуына ұйтқы болды және оның меңгерушісі болып еңбек етті. М.Тынышбаев, Т.Шонайұлы, М.Шоқай, С.Аспандияров, С.Қожанов секілді қайраткерлердің мұраларын жариялауға алғашқылардың бірі болып ден қойды. ## Сілтемелер
Жұмабеков Әбдуахан Әбдірашұлы (1951 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Бағыс а.) – ауыл шаруашылығының ғылым докторы (1994), профессор (2000), Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығының ғылым академиясының академигі. 1972 ж. Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітіріп, осы оқу орнында кіші, жетекші ғылым қызметкері, су шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтында аға инженер, жетекші қызметкер, лаборатория, бөлім меңгерушісі (1974–94), Жамбыл облысының әкімшілігінің ғылыми өндірістік орталығының төрағасының 1-орынбасары (1994–98), орталықтың төрағасы (1998–2000) қызметтерін атқарды. 2000 жылдан Тараз мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі. 90-нан астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 2 монографиясы жарық көрген. == Дереккөздер== * Қазақ энциклопедиясы
Серіков Төлеуіш(21.2.1948 жылы туған, Атырау облысы Құрманғазы ауданы) – химия ғылымдарының докторы (1996), профессор (1994). Атырау педагогикалық институтын (1969, қазіргі [[Атырау мемллекеттік университеті|Атырау мемллекеттік университетіті) және ҚазҰПУ-ды (1999), [[Мәскеу химиялық синтездеу институты|Мәскеу химиялық синтездеу институтының аспирантурасын (1975) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Мұнай институтында инжинер, кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1969–84), Атырау мемлекеттік университетінде аға оқытушы, декан (1984–94), ректор (1994–96), ҚР Парламенті Сенатының депутаты (1996–98) қызметтерін атқарды. 1998 жылдан Атырау мұнай және газ институтының ректоры.
НАСЫБУЛЛИНА Халида Садыққызы (25.3.1919, Семей, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы. Аягөз ауданы Сергиополь (қазіргі Мамырсу) ауылында – 15.5.2004, Алматы қ.) – патофизиолог, медициналық ғылыми докторы (1967), проффесор (1970), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1961). Алматы мемлекеттік медициналық институттын (1941, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университет-ті) бітірген. 1941–2003 ж. осы институтта аспирант, ассистент, доцент, проффесор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. «Патогенез реакций организма при операции замещения крови (исследование донорской крови с цитратсодержащими консервантами») тақырыбында доктор диссерттация қорғаған. Ол кенет естен тану қасіретін қан құю арқылы емдеу мәселесімен айналысты, гипотензия (жүріс-тұрыстың азаюы), қантты диабет, ішкілікке салыну мен одан улану секілді дерттердің қансырау барысына тигізетін әсерін анықтады. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
« БІРЛІК » – ауыл шаруашылық кәсіпорын, өндірістік кооперативі. Жуалы ауданында орналасқан. 1997 ж. құрылған. Облыстағы ірі ауыл шаруашылық құрылымдардың бірі болып табылады. Кооператив астық дақылдарын, картоп, қант қызылшасын өндіреді, сиыр, қой өсіреді. Шаруашылықта 604 адам жұмыс істейді. Жылдық жиынтық өнім құны 70 млн. тенгеге жуық. Жетекшісі А.Н. Охрименко. ## Дереккөздер
Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев (27.5.1956, Алматы облысы Іле ауданы Жаңаарна ауылы) – қызметкер. 1980 жыл ҚазМУ-дің (қазіргі ҚазҰУ-дың механика-математика факултетін (1980), Қазақ мемлекеттік Басқару Академиясының экономикалық жоспарлау факултетін (1994) бітірген. Еңбек жолын Алматы облысы Талғар қаласындағы СПТУ-20 училищесінде өндірістік оқыту бөлімінің шебері болып бастады. Ұлы жүзден шыққан. 1982 – 85 жылдары Алматы қаласы, обыстық комсомол комитетінің жастар ісі секторының жетекшісі, 1985 – 86 жылдары Қазақстан ЛКСМ ОК-нің жауапты ұйымдастырушысы, 1986 – 89 жылдары Қазақстан ЛКСМ ОК-нің жастарға білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1992 – 93 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 1-орынбасары, 1993 – 94 жылдары Совет ауданы әкімі, 1994 – 96 жылдары өнеркәсіптік-қаржылық «Глоба-Казахстан» корпорациясының президенті болды. 1996 – 99 жылдары Қызылорда облысы әкімінің 1-орынбасары, 1999 – 2004 жылдары облыс әкімі, 2004 – 05 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2005 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің Алматы қаласындағы арнайы өкілі. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Болат Хабижанов (8.12.1939 жылы туған, Атырау облысы Индер ауданы) – медицина ғылымдарының докторы (1982), профессор (1993), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1982). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1962, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1963 жылдан Қазақ педиатрия ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылым орталығы) кіші, аға ғылым қызметкер, 1978 жылдан бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1981 жылы «Лекарственная аллергия у детей больных ревматизмом (клиника, диагностика, прогнозирование, профилактика)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері ревматология мәселелеріне арналған. 180-нен астам ғылыми жарияланымның авторы. 7 өнер-табыстық патенті бар. ## Дереккөздер
Желқума— ағыс бағытымен соққан желдің әрекетіне сәйкес туындайтын су деңгейінің төмендеуі. Әдетте, өзендердің көлге, теңізге құяр сағасында байқалады. ## Дереккөздер
Қорқаулар (лат. Hyaenidae) – сүтқоректілер класы, жыртқыштар отрядының бір тұқымдасы. Сырт пішіні қасқырға ұқсас жыртқыш, артқы аяқтары қысқарақ, алдыңғы аяқтары ұзын, сондықтан денесінің алдыңғы жағы биік. Қорқау қасқырдың 3 туысқа жататын 4 түрі Африка, Оңтүстік-Батыс Азияда, Орталық Азия мен Кавказ бойында шөл, шөлейт, тоғайы сирек жерлерде кездеседі. Денесінің ұзындығы 55 – 165 сантиметр, құйрығының ұзындығы 20 – 33 сантиметр, салмағы 10 – 80 килограмм. Басы үлкен, мойны жуан, құлақтары үлкен, жұмырланып тұрады. Мойнының үстіңгі жағында, иық тұсында қылшықты жалы бар. Тістері өте өткір. Тілінде де қатты мүйізді өскіндері бар. өлпанының (жүнінің) түсі қара қоңыр, кей түрінде жолағы немесе дақтары болады. Қорқау қасқыр жеке, кейде жұп құрып немесе топтанып тіршілік етеді. Қорегін түнде аулайды, көбіне өлексемен қоректенеді. Жылына 1 рет күшіктейді. Буаздық мерзімі 90 – 110 күн, көбінесе 2 – 4 (сирек 6), әлжуаз, соқыр күшік табады. Зоологиялық бақтарда 25 жылдай тіршілік етеді. Қорқау қасқырдың 1 түрі мен 1 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер
Темір обасы – ерте темір дәуірінің ескерткіші (б.з.б. 5–4 ғ.). Ресей, Челябі облысының қиыр оңтүстігінде, Новотемир және Березиновка кенттерінің арасында, Зингей көлінің маңындағы төбе басында орналасқан. Обаға 1980 ж. Г.Б.Зданович, М.Қ.Хабдулина алғаш зерттеу жүргізген. Ескерткіштің бұзылмай тұрғандағы диаметрі 26 м, биіктігі 2,5 м. Зерттеу барысында обаның топырақ үйіндісі астындағы күрделі құрылымдық сипаты анықталып, көптеген құнды деректер алынды. Үйіндінің ортасынан оңтүстікке қарай орналасқан жерлеу камерасы қабырғаларының ұзындығы 3–5 м бесбұрышты үлкен шұңқыр. Оның үшкір бұрышы оңтүстікке қаратылып, осы тұстан ұзындығы 2,5, ені 1,5 м дромос-дәліз шығарылған. Қабырғалары тік қабірхананың тереңдігі 0,6 м, ауданы 24 м2. Оның іші-сыртын алып жатқан ұзындығы 2–4 м-ге жететін көптеген ағаш бөренелердің орналасу тәртібін, қабірхана еденіндегі тіреу-діңгектер салынған шұңқырларды, т.б. ерекшеліктерді зерттеу нәтижесінде қабір үстіндегі үлкен ағаш құрылыстың ерекшеліктері анықталды. Бұл бойынша әуелі шұңқырдан шыққан топырақ пен арнайы дайындалған әк балшықты араластырып жасалған қоспадан қабірхананы айналдыра биіктігі 1 м шамасында аласа, мығым жал тұрғызылған. Бұл жал үлкен ағаш құрылыстың астын ұстап тұратын негіз қызметін атқарған. Қабірді толығынан жауып тұрған биіктігі 4 м, қабырғалары бөренеден қималап өрілген жетібұрышты пирамида тәріздес құрылыстың төбесін шұңқыр еденіне орнатылған 7 жуан діңгек көтеріп тұрған. Зерттеушілер мұндай ірі құрылыс тек бір адамға ғана арналмаған, керісінше, жоғарғы әлеуметтік сатыда тұрған туыстық-әулеттік бір топтың мүддесіне қызмет жасаған деп пайымдайды. Мұны обаның үлкен көлемі ғана емес, қабірден табылған 4–5 адамның мүрдесі, олардың айналасындағы көп мөлшердегі бұйым түрлері де дәлелдей түседі. Зерттеу барысында табылған 276 қола, темір, сүйек жебелер (4 қорамсақтан алынған), сондай-ақ 2 мыс қазан, найза ұшы, айна, 4 пышақ, көптеген білезік, моншақ, қапсырмалар ерте темір дәуірінде осы өлкені мекендеген сақ-сармат тайпалары Мұрағатталған 18 сәуірдің 2012 жылы. ның заттық мәдениетінен маңызды деректер береді. ## Дереккөздер * Қазақстан ұлттық энциклопедиясы ## Сыртқы сілтемелер: Темір дәуірінің обалары Сақ-сармат тайпалары Мұрағатталған 18 сәуірдің 2012 жылы.
Ілияс Нұркенов (1905, қазіргі Сырдария ауданы Амангелді ауылы – 1944) – жауынгер ақын. ## Өмірбаяны * Ауылдық мектептен сауатын ашып, кейін Қызылорда сауда техникумын бітірген. * Түркістан, Тереңөзек (қазіргі Сырдария), Жалағаш аудандарының сауда орындарында басшы қызметтер атқарған. ## Шығармалары 2-дүниежүзілік соғыста оқ пен оттың арасында жүріп, туған-туысқа, туған жерге, елге деген ыстық ықылас, асыл арманын білдіретін өлеңдер: * «Қоштасу» * «Аттану» * «Түс» * «Балаларыма хат», т.б. жазған. Нұркеновтің * «Мәди дихан» * «Ағайша» * «Туған жер» атты дастандары бар. ## Дереккөздер
Алматы облыстық ғылыми-техникалық кітапхана-мәдени мекеме. 1976 жылы құрылды. Ол облыс аумағында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдарды ғылыми-техникалық кітаптармен қамтамасыз етеді. Библиографиялық және хабарламалық қызмет көрсетеді. Сондай-ақ облыстағы ғылыми-техникалық кітапханалар жүйесіне әдістемелік басшылық жасайды. ## Дереккөздер "Қазақ энциклопедиясы"
Түркістан мемлекеттік университеті – жоғарғы оқу орны. 1920 ж. В.И.Ленин қол қойған РКФСР Халық комиссарлары кеңесінің декретімен ашылған. 1923 ж. Орта Азия мемлекеттік университеті болып қайта құрылған. Бұл оқу орнында 1920–30 жж. көптеген қазақ азаматтары жоғары білім алып, кейіннен мемлекет және қоғам қайраткерлері болып шықты. ## Дереккөздер
Тұғынбай Кешімбайұлы (1804 – 1862) – батыр, датқауылы Орта жүз ішінде қыпшақ тайпасынан шыққан. 1821 жылы Сырдария өңірі қазақтарының Қоқан хандығына қарсы көтерілісіне қатысып, онда белсенділігімен көзге түсті. Қоқандықтар көтерілістің саябырсыған сәтін пайдаланып Тұғынбайдың ауылына тұтқиылдан басып кіреді. Тұғынбайдың әйелі Малбике 3 жасар баласы мен 5 жасар қайнысын алып жазалаушылардан қашып құтылады. Осы оқиғадан соң баласы Баймырза (Құтпан) жоғалып, кейіннен Ақмола өңірінен табылады. Баймырза баласы Иманжүсіп қазақтың белгілі ақыны атанды. Қоқан билеушілері Тұғынбайды өз жағына тарту үшін оны Түркістан маңындағы Шілік (қазіргі Шәуілдір) өңіріне датқа етіп тағайындады. Ол датқалық қызметі барысында қарамағындағы халықтың мүддесін қорғауды бәрінен жоғары қойды. Соған орай Тұғынбайдың есімі әділ әрі қамқоршы датқа ретінде Түркістан қаласы төңірегінде танымал болған. 1862 жылы Ташкент құсбегі Қанағатпен бірге Қоқан ханы Құдиярға қарсы 4 мың қол жинап, көтеріліске шықты. Алайда бұл көтеріліс аяусыз басылды, ал қолға түскен Тұғынбай датқа Шыршық өзені бойында азапталып өлтірілді. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Тасарал аралы – Балқаш көлінің солтүстік-батыс бөлігіндегі арал. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында орналасқан. ## Жер бедері Ауданы 30 км2. Абсолюттік биіктігі 375 м. Су деңгейінен 35 м көтеріңкі жатыр. Сәл белесті денудацыялық жазықта тік жарлар кездеседі (биіктігі 3 – 17 м). Жағалық бөлігі террасалы белесті. ## Геологиялық құрылымы Палеозойдың силур жүйесінің тығыздалған жыныстарынан түзілген. ## Климаты Климаты тым континентті. Қысы суық, қары аз, қаңтардың орташа температурасы –14 oС. Жазы ыстық, құрғақ, шілденің орташа температурасы 25 oС. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 150 мм. ## Өсімдігі Қалыпты бозғылт қоңыр, шөлдік сортаң топырақтар тараған. Жусан, селеу, көкшұнақ бетеге, бұйырғын, тасбұйырғын өседі. Арал Кенесары мен Ағыбай батырдың сарбаздары дем алатын орын болған. ## Дереккөздер
Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоник. қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орт. бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері жоғ. палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан, қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Тек қана Торғай қолаты мен республиканың солт.-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары, ал оңт.-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатты. Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі Мұрағатталған 8 қыркүйектің 2013 жылы. мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңт.-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкінулері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан, соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық материалдар ұшырайды. * Республиканың шығысында Алтай тау жүйесі (Оңт. Алтай мен Кенді Алтай ғана Қазақстан жерінде) созылған. Алтай жер бедерінің құрылысы сатылы келеді; жұмыр жоталары мен тау массивтерінен сеңгір жалдары және тік шыңдары оқшаулана жеке-дара тұрады. Жүйенің орташа биікт. 2500 – 3500 м, биік жері Мұзтау – 4506 м. Бұл шың бейне бір жүйелік торап сынды: одан солт.-батысқа және оңт-ке қарай Алтайдың ірі жоталары тарайды. Алтайдың жағасы – Қалба жотасы Ертістің сол жағалауында жатыр. Алтайдан Зайсан ойысымен бөлінген Тарбағатай тауының Қазақстан жеріне тек батыс бөлігі кіреді, ал шығыс жартысы Қытай аумағында. Бұл жотаның ұзындығы 300 км-дей, орташа биікт. 2000 – 2200 м, ең биік жері 2992 м. * Тарбағатайдың шығыстағы жалғасы Сауыр жотасы (3816 м). Тарбағатай жотасы Алакөл ойысы арқылы Қазақстанның оңт.-шығыс бөлігіндегі ірі тау жүйелерінің бірі – Жетісу (Жоңғар) Алатауына ұласады. Ұзындығы 450 км, ені 100 – 250 км. Көксу аңғары тау жүйесін 2 жотаға (Солт. және Оңт. Жетісу жоталары) бөледі. Солт. Жетісу жотасының орт. бөлігінде бүкіл тау жүйесінің ең биік жері – Бесбақан шыңы (4464 м) бар. Тау батысқа қарай біртіндеп аласарып, Баянжүрек, Қойтас, т.б. жоталарға тарамдалып кетеді. Оңт. Жетісу жотасы негізінен ірі Тоқсанбай, Мұзтау, Бежінтау, Тышқантау жоталарынан құралады. Жетісу Алатауының басты ерекшеліктері – мұнда терең аңғарлар мен шатқалдар көп, шыңдары үшкір, сеңгір келеді, көпшілік бөлігін мұз басқан. Жетісу Алатауы оңт-нде Іле ойысымен шектеседі. Ойыстың батыс бөлігі Қараой үстіртін қамтиды. * Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Тянь-Шань жүйесіне жататын көп жылдық қар мен мұздықтар басқан аса ірі тау жоталары жатыр. Осындағы Хантәңірі шыңынан батысқа және солт-ке қарай Солт. және Орт. Тянь-Шаньннің жоталары тарайды. Хантәңірі шыңы – бүкіл Тянь-Шаньдағы мұзданудың негізгі торабы. Қазақстанның оңт.-шығыс бөлігіне сонымен қатар Теріскей Алатау жотасының шығыс сілемдері, Күнгей Алатаудың шығыс бөлігінің солт. беткейі және Кетпен (Ұзынқара) жотасы кіреді. Солт. Тянь-Шаньннің ірі әрі биік тау жотасы – Іле Алатауы; ұзындығы 350 км, ең биік жері – Талғар шыңы 4951 м. Жотаның солт. беткейі тік сатылы, жалдары үшкір келеді. Беткейлері терең шатқалдармен және аңғарлармен тілімделген. Іле Алатауы – сейсмик. өңір және мұнда ірі мұздану ошақтары (393 мұздық) көп. Шығысында Шарын шатқалымен шектеліп, батысында Кіндіктас тауына ұласады да, одан солт.-батыста аласа таулы, төбешікті Шу-Іле таулары жалғасады. Қазақстанның оңт-не Қырғыз Алатауының солт. беткейі, ішінара Талас Алатауы, сонымен қатар Қаратау жотасы кіреді. Алдыңғы екеуінің дені Қырғызстанда орналасқан. * Ұсақ шоқылы Сарыарқа өз алдына жеке геоморфологилық облыс. Ең биік жері – Қызыларай тауындағы Ақсораң шыңы (1565 м). Таулық жер бедеріне осындағы Көкшетау, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы таулары және Шыңғыстау жотасы жатады. Сарыарқаның оңт.-батысы оқшауланған аласа таулы, қырқалы келген кең аумақты шөлді Бетпақдала үстірті орналасқан. Бат. Қазақстандағы Мұғалжар тауы Орал тау жүйесінің тікелей жалғасы саналады және оңт-нде біртіндеп жекелеген қырқалар мен шоқыларға бөлініп кетеді. Маңғыстау таулары аралары ойыстармен бөліне қатар жатқан 3 жотадан тұрады. Ең биік жері Қаратау жотасында – 556 м. Көршілес Үстірт өңірі Маңғыстаудан Қарынжарық ойысымен бөлінген, шығысында Арал т-не дейінгі өңірді қамтиды. Ендік және бойлық бағытта 800 км-дей кең аймақтағы Маңғыстау түбегі мен жазық Үстірт ағын судың тым тапшылығына байланысты нағыз шөлге айналған. Каспий маңы ойпаты теңіздің солт-ндегі Жалпы Сыртқа дейінгі ені 500 км-ден астам кең өңірді алып жатыр. Ойпат жер бедеріне құм төбелер, шағын көл қазаншұңқырлары, саздақты тегіс шағын жазықтар және бор шөгінділері толған күмбез тәрізді қыраттар бір-бірімен алмасып отырады. Негізінен жазық келген Тұран ойпатының тек солт. бөлігі ғана Қазақстанға енген. Балқаш – Алакөл ойысы құмды (Тауқұм, Сарыесікатырау, Мойынқұм, т.б.) шөл боп келеді. Сонымен қатар, бұл өңірде саздақты жазықтар да кеңінен таралған. Шу өз-нен оңт. жақтағы өңірді Мойынқұм алып жатыр. Бат. Сібір жазығының оңт. етегі Қазақстанның солт-нде Сарыарқаға ұштасады (Солт. Қазақстан жазығы). Жазықтың Қазақстан жеріндегі орташа биікт. 150 – 200 м және Ертіс жазығы мен Есіл жазығынан тұрады.. Орал тауы мен Сарыарқаның аралығында ені 300 км-дей қырқалы Торғай үстірті жатыр. Орта бөлігін ұзына бойы құрғақ арналы шағын өзен және ұсақ қалдық көлдерге бай Торғай қолаты алады. Қолат беті негізінен тегіс, төрткілді келеді. ## Дереккөздер
Жел өрнегі — көп жылдық бақылаулар нәтижесінде белгілі бір аймақтағы желдің басым бағытын көрнекі түрде көрсететін векторлық диаграмма. Әдетте, айлық, маусымдық және жылдық болып бөлінеді. Диаграмманың ортасынан түрлі бағытқа қарай тарайтын сәуле-сызық жүргізіледі. Сәуле-сызықтың ұзындығы желдің қайталану мөлшеріне пропорционал келеді. Әр кесіндінің ұштары түзу сызықтармен қосылады. Кейде, арнаулы жел өрнегі жасалады, мыс., сәуле-сызық бойына желмен бірге ауаның температурасы (термиялық жел өрнегі), жауын-шашын мөлшері түсіріледі. Жел өрнегі, әдетте, көп жылдық деректер негізінде айлық, маусымдық немесе жылдық кезеңге арналып жасалады. Шеңбер ортасындағы нүктеден, көкжиектің негізгі тұстарына шашырай бағытталған сәулелерден тұрады. Сәулелердің ұзындығы берілген бағытта соғатын желдердің қайталану жиілігіне пропорционал болады. Сәулелердің ұштары түзу сызықтармен қосылады. ## Дереккөздер
Нәдір шаһ Афшар (әз. Nadir şah, парсы: نادر شاه‎ — Nâdir Šâh; Нәдір-құлы хан есімімен де танымал, әз. Nadirqulu xan, парсы: نادر قلی بیگ‎ — Nâdir Qoli Beyg және Тахмасп-құлы хан) (22. 10.1688, Хорасан – 20.6.1747, Фатхабад) – Иран шаһы (1736—1747). Афшар атты түркі тайпасынан шыққан. Жергілікті билеушіге қызмет етіп, өз адамдарынан жеке жасақ құрды. ## Түріктерге қарсы соғыс 1726 жылы Сефеви әулетінің өкілі шах Тахмасп ІІ-нің ауған әскерлерімен соғысына өз жасағымен қатысты. Бірте-бірте әскери билікті қолына алған ол Иран әскерінде реформалар жүргізіп, ауған әскерін бірнеше рет ауыр жеңіліске ұшыратты. Сөйтіп, Тахмасп ІІ-ні Иран тағына қайта отырғызды. Осыдан кейін Әзірбайжан мен Иранның көпшілік аумағын басып алған Осман империясына қарсы соғыс бастады. Хорасанда көтеріліс басталып, Надир шах Афшар көтерілісті басуға аттанғанда түріктерге қарсы шабуылды Тахмасп ІІ жалғастырды. Ауыр жеңіліске ұшыраған Тахмасп ІІ түріктердің шарттарына мойын ұсынып, бітім сұрауға мәжбүр болды. Бұл жөнінде хабардар болған Надир шах Афшар Тахмасп ІІ-ні биліктен тайдырып, орнына оның кіші ұлы Аббас ІІІ-ні отырғызды (1732). Надир шах Афшар түріктерге қарсы соғысты жеңіспен аяқтап, Иранды азат етті. Надир шах Афшар Ресейді Каспий теңізінің жағалауындағы аумақтарды Иранға қайтарып беруге мәжбүр етті. 1736 жылы жас билеуші Аббас ІІІ-ні тақтан түсіріп, өзін Иран шаһы деп жариялады. ## Таққа келуі Таққа отырғаннан кейін күшті флот жасақтап, арабтарды жеңді де, Бахрейн мен Оманды бағындырды. 1738 жылы ол ауған қаласы — Қандағарға басып кірді. 1739 жылы ақпанда Солтүстік Үндістандағы Моғол әулетінің иеліктеріне шабуыл жасап, Делиді басып алды. Үндістаннан тонаған байлыққа Надир шах парсы теңіз флотын салдырды. Бахрейн аралын арабтардан қайтарды. Жорықтан мол олжамен оралған Надир шах Афшардың әскері көп ұзамай Бұхар мен Хиуа хандықтарын бағындырды. Оның империясы ежелгі Парсы патшалығының көлеміне дейінгі дәрежеге жетті. Надир шах Афшар Иран шииттерінің арасында сүнниттік бағытты орнықтыруға әрекеттенді. 1743 жылы Осман империясына қарсы қайтадан соғыс қимылдарын бастады. Ереван қаласының түбінде түрік әскері талқандалып, 1746 жылы Иран мен Осман империясының арасында бітім жасалды. Надир шах Афшар құрған империяда шектеусіз қатал билікке негізделген тәртіп орнады. Надир шах Ирандардың ақша соғу жүйесін өзгертіп, "надери" деп аталатын күміс тиындар соқтырды. Ол салықтан түскен ақшаның көбін соғыс шараларына жұмсады. Осыдан кейін елде көптеп көтерілістер орын ала бастады. Бірақ Надир шах көтерілістерді аяусыз басып отырды. Ол Әмір Темір сияқты өлген адамдардың бастарына мұнаралар тұрғызған. Надир шах Афшардың озбырлығы, алым-салықтың өсуі халықтың жиі-жиі бас көтеруіне әкеп соқты. Бұл көтерілістерге кейбір аймақ билеушілері де қосылды. Ақыры Надир шах Афшар ақсүйектер тобы ұйымдастырған қастандықтың құрбаны болды. Нәдір шаһ Афшар – 1688–1747 жылдар аралығында өмір сүрген, Иранды билеген шах. Хорасанның Дерегез деген жерінде дүниеге келген. Оны Надир-кули бек деп те атаған. 736–1747 жылдар аралығында Афшаридтер әулетінің негізін қалады. 1730 жылдың көктемінде түріктерге қарсы соғыс ашып, осыған дейін жоғалтқан біраз территориясын қайтарып алды. Надир шахтың жаулап алушылық соғыстарының нәтижесінде Армения, Әзірбайжан, Грузия, Белуджстан, Хиуа және Бұхар хандықтары провинция ретінде бірігіп, үлкен империя құрылды. Надир ресми түрде 1736 жылдың 8 наурызында Иранның шахы ретінде таққа отырды. Надир шах 1747 жылы Хорасанның Хабушан деген жерінде қайтыс болды. Оның мазары төбенің басында орналасқан. ## Дерекөздер 1100 қызықты деректер. ## Сілтемелер * Тарих * Шайқас * Қастандық * Тәуелсіздік * Ұлт-азаттық қозғалыс * Моңғол империясы ## Дереккөздер
Макензи — Канаданың солтүстік-батысындағы тау жүйесі. Солтүстік Америкадағы Шығыс Кордильера белдеуінің бөлігі. Солтүстігінденде Пил, оңтүстігінде Саут-Наханни өзендерімен шектеседі. Ұзындығы 700 км, ені 250 км. Биіктігі 2469 м (Сэр-Джеймс-Мак-Брайен тауы). Шөгінді жыныстардан түзілген. Мұз дәуірінің іздері сақталған, беткейлеріне шыршалы, сирек орман, тау тундрасы өскен. Мұнда Наханни ұлттық саябағы (1972 ж. іргесі қаланған, ауданы 476,5 мың га) ұйымдастырылған. Шотланд көпесі А.Макензидің (1764 — 1820) құрметіне аталған. ## Дереккөздер
Соналыкөл – Қалдығайты өзені алабындағы көл. ## Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы Соналы ауылынан солтүстікке қарай 2 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 4,1 км2. Көктемгі қар суымен көл айдыны ұлғайып (16,4 км2-ге дейін), жаз айларында суы тартылып, батпаққа айналады. Жағалауы жайпақ, батысындағы Орман құмына шектесетін кемері жарқабақты. Қарашада қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзы ериді. Алабы – жайылым. Жағалауында қамыс, құрақ өседі. ## Дереккөздер
Залеман Карл Германович (9.1.1850, Эстония, Таллин – 13.12.1916, Ресей, Санкт-Петербург) – орыс зерттеушісі, түркітанушы, шығыстанушы, 1882 жылдан орыс археология қоғамының мүшесі, Санкт-Петербург ғылым академиясының академигі (1895). 1871 жылы Петербург университетінің шығыс тілдері факультетін (араб, парсы, түркі-татар бөлімі) бітірген. 1890 жылдан өмірінің соңына дейін Санкт-Петербург ғылым академиясының Азия музейінің директоры болды. Залеманның негізгі еңбектері парсы филологиясын, пехлеви, соғда тілдерінің лексикографиясын, осетин, шугнан және ягноб тілдерін зерттеуге арналған. ## Залеман еңбектері * “Хакім ата туралы аңыз” (1898) * “Жаңа парсы тілінің қысқаша грамматикасы” (1890, В.А. Жуковскиймен бірге) * “Кодекс куманикус” (1910), * “Манихей этюдтері” (1908 – 12), т.б. еңбектер жазды. Інжілдің кейбір тарауларын татар тіліне (1882, 1886) аударды. Оның еңбектерінің қазіргі түркі тілдері мен қазақ тілі тарихын зерттеуге көмегі мол. ## Дереккөздер
Тұрғызба — Атырау облысы Жылыой ауданындағы ауыл, Жем ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Құлсары қаласынан солтүстік-батысқа қарай 12 км жерде, Жем өзенінің сол жағасында орналасқан. ## Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты қаланып, ұжым мен ауылдық кеңестің орталығы болды. 1963 жылы осы маңдағы ұсақ ұжымшарлар негізінде “Ембі”(Жем) қаракөл қой кеңшары құрылды. 1996 жылдан кеңшар негізінде Тұрғызбада шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Алғашқыда кішігірім мекен болған бұл жерге кейін үйлер көптеп салынып, үлкен колхоз орталығына айналған ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2483 адам (1285 ер адам және 1198 әйел адам) болса, 2009 жылы 2892 адамды (1472 ер адам және 1420 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3397 адамды (1741 ер адам және 1656 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * №4 М.Әуезов атындағы орта мектеп — 1957 жылы Сталин атындағы сегіз жылдық мектеп, 1961 жылы мектепке М.Әуезов аты берілді. 1967 жылдан орта мектеп болып жұмыс жасап келеді. * «Балауса» бөбекжай бақшасы * Дәрігерлік амбулатория * Жем балалар-жасөспірімдер спорт мектебі — 2021 жылы ашылды. Екі қабаттан тұратын кешеннің аумағы 4000 шаршы метр. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені күрес, бокс, футбол, воллейбол, баскетбол, үстел теннисі залдарымен қамтылған. Оған қоса сыртқы футбол, баскетбол алаңдары қарастырылған. * Тұрғызба мәдениет үйі — 2024 жылы 1 наурыз күні ашылды. Мәдениет үйінің бірінші қабатында 200 орындық концерттік зал, киім бөлмесі, 16 орындық асхана және касса, жуынатын бөлме бар. Ал екінші қабатта қызметтік кабинеттер, үйірме және оқытушы бөлмелері, 12 орындық оқу залы бар кітапхана, 4 орындық медиатека, кітап сақтау бөлмелері қарастырылған. ## Кәсіпкерлік Ауыл тұрғындарының аз бөлігі ғана ауыл шаруашылығмен күн көреді. Көпшілігі жақын маңда орналасқан ТШО компаниясында қызмет атқарады. ## Діни ұйымдар қызметі * Тұрғызба ауылдық мешіті — 2002 жылы салынған. 50 адамға арналған. Жалпы көлемі 72 шаршы метр. Ғимараттың бас мұнарасының биіктігі 11 метр. ## Ауыл көшелері * Азаттық көшесі * Айранкөл көшесі * Айтқұл Жолдыбаев көшесі * Атырау көшесі * Ахмет Жұбанов көшесі * Әбілқайыр хан көшесі * Бауыржан Момышұлы көшесі * Бәйтерек көшесі * Бейбітшілік көшесі * Бимырза көшесі * Боран Нысанбаев көшесі * Бөкен би көшесі * Бұхар жырау көшесі * Ғабдол Сланов көшесі * Ғабиден Мұстафин көшесі * Дәулеталы көшесі * Дінмұхамед Қонаев көшесі * Жаңабай батыр көшесі * Жастар көшесі * Желтоқсан көшесі * Жеңіс көшесі * Қайнар көшесі * Қанжыға көшесі * Қияқ көшесі * Қызыл ту көшесі * Қызылжар көшесі * Қызылқала көшесі * Құмтоғай көшесі * Махамбет Өтемісұлы көшесі * Мақаш би көшесі * Мәші көшесі * Халел Досмұхамедов көшесі * Хиуаз Доспанова көшесі ## Ауыл суреттері ## Дереккөздер
Тасаттық – көпшілік жиылып атқаратын діни рәсім. Тасаттықта көпшілік қауым болып жиналып, құрбандық шалып, сауабын аруақтарға бағыштап, құран оқылып, құдайдан жаңбыр жаууын тілеп ниет қылады. Тасаттыққа жиналған қауым діни рәсімдерді атқарумен қатар жиынның соңын мереке сауыққа айналдырады.Осындай шамандық мифологияда көктен жаңбыр тілеп жаудыратын сакралды салттар түркі халықтарында, оның ішінде қазақ халқында әлі күнге дейін өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Тасаттық сөзі араб тілінде құрбандық деген мағынаны білдіреді. ## Дереккөздер
Бесік керту - отпен аластау ғұрыптарының түрі. Бесік керту баланы бесікке алғаш бөлердің алдында атқарылады. Сондай-ақ бала ұйықтамай, тынышсыздана беретін болса да бесік керту ғұрпы жасалынады. Әдетте бұл ғұрыпты баланың әжесі қыздырылған темірмен бесіктің бала жатар тұсын, арқалығын және басын қари отырып: «Алас, алас, а, құдайым, тіл-көзден сақтай гөр! Тфә, тфә» - деген аластау, қорғау магиясында қолданылатын сөздерді айтады. Мұнысы бесіктегі балаға жын-шайтан жоламасын дегенді ырымдағаны. Сондай-ақ бесікті отпен аластаудың төмендегідей бесікті сырықтау деп аталатын түрі бар. Күндіз болсын, түнде болсын бесікке баланы саларда, металл немесе қыш ыдысқа салынған адыраспан, aршa, қаражусан т.б. хош иісті өсімдіктердің бірін түтетіп, қас күштерді қуып, бесікті тазалайды. Кейде сіріңке шағып, отпен аластап, зиянкестерден қорғану шараларын жасайды. Аластау кезінде, ыдысты немесе тұтанған отты бесіктің бас-аяғын тегіс айналдыра: Алас, алас, баладан алас Бәледен қалас, Иесі келді, пәлесі көш! Бәле-жаладан сақта, Көзі қызыл болмасын, Көті қызыл болмасын - деген сөздер айтылады. Немесе: Алас, алас, алас! Әр пәлеңнен қалас! Көзі жаманның көзінен алас! Тілі жаманның тілінен алас! Уы жаманның уынан алас! Қырық қабырғасынан алас, Отыз омыртқасынан алас! Алас, алас, алас! Қыла гөр алла мың пәлеңнен қалас!сондай-ақ: Алас, алас, аласы Келді міне, баласы. Көш, көш бәлесі Келді міне иесі.деп бесікті аластап шығып, онан соң барып баланы бөлеуге кіріседі. Баланы тіл-көз тиюден сақтандыру мақсатында темір мен оттың қорғаушы күші бар деген ежелгі ұғымға байланысты бесікті, шүмекті қыздырылған қысқашпен қарып зиянкес күштерден аластайды. Сондай-ақ отқа «сырық тұз» қыздырылып, бесікті осы тұзбен ысқылайды. Бала бесікте жатқанда шошымау үшін жастығының астына нан, сарымойын пышақ жастайды, бесік басына үкі, қасқырдың тұяғын қадайды. Балаға тұмар тағады. Бала шоши берсе, ішінде суы баржа ыдысты баланың басынан жоғары ұстап, суға балқыған қорғасын құйып жібереді. Бұл ырымды қорықтық деп атайды. Ыдыстың түбіндегі қорғасынның сұлбасы бір жануарға, затқа ұқсас болып тұнады. Хайуандарға ұқсаса, содан шошынғандыгын анықтап, ем-дем жасайды. Кейде сәбидің маңдайына қазанның түбінен алып, қара күйе жағып та қояды. Бесікте жатқан баланы емізудің де өзіндік әдістері бар. Мойны бір жағына қисық болмасын деп, баланы екі жағынан кезек-кезек емізеді; бесіктің арқалығына қолтығын сүйеп, тізерлеп отырып емізеді; баланы қараңғыда емізбейді, емізер алдында шам жағуы шарт.Қазақстанның кей жерлеріне ертеде “бесік кертпе құда” болып, қыз бен ұлды бесіктегі кезінен атастыру салты да болған. Мұндайда ұлдың ата-анасы қыздың бесігін кертіп, теңге тағып, жол-жоралғы жасаған. ## Дереккөздер
Әбілқадыр Ібенұлы Нұрмағанбетов (1932 жылы туған, Жаңақорған ауданы Бірлік ауылы) – қоғамдық қызметкер. 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі (генерал-майор), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген заңгері, КСРО прокуратурасының құрметті қызметкері. Алматы мемлекеттік заң университетін (1955), Шымкент педагогикалық институтын (1963), Свердловск қаласындағы КСРО Министрлік Кеңесіне қарасты Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (МҚК) бір жылдық курсын бітірген. 1956 – 62 жылдары Шымкент (Түркістан облысы). Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті басқармасының тергеушісі, аға тергеушісі, тергеу бөлімінің бастығы, 1962 – 66 жылдары Қазақстан Компартиясы Оңтүстік Қазақстан өлкелік комитетінде әкімшілік сауда бөлімдерінің нұсқаушысы, жалпы бөлімнің меңгерушісі болды. 1966 – 73 жылдары Шымкент облысы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті басқармасының аға оперативтік өкілі, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің әкімшілік бөлімінің нұсқаушысы, 1973 – 77 жылдары Маңғыстау облысының прокуроры, 1977 – 85 жылдары Алматы облысының прокуроры, 1985 – 94 жылдары Талдықорған облысының прокуроры қызметтерін атқарды. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Назаров Әкімжан (1891 – 1976) – облыс аумағында ұжымшар құрылысын ұйымдастырушы, Республикалық дәрежедегі зейнеткер. Еңбек жолын 1906 ж жалдамалы жұмысшы болып бастаған. 1919 ж партизан отрядын құрған. 1921 – 23 ж ауылдық кеңестің төрағасы, 1923 ж ауыл шаруашылық артелін ұйымдастырушы, 1961 жылға дейін артелдің, кейіннен «Красный флаг» ұжымшарының төрағасы болған. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Назаровтың басшылығымен ұжымшар тұрғындары танк колоннасын құруға қаражат жинау жөнінде бастама көтерген. Назаров жеке өзі 116 мың сом ақша қосқаны үшін Сталиннің алғысын алған. 1962 ж зейнеткерлік демалыста жүріп жайылымдарда жылқы өсіретін телімдер ұйымдастырды. Өсірілген жылқы малының саны үш жылдың ішінде үш есеге өсіп, мемлекетке өткізілді. Қызыл Жұлдыз, Ленин ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер «Ақмола облысы» энциклопедиясы
Жел өтіндегі аралдар — Вест-Үндістан аймағында орналасқан, жанартаулар әрекетінен пайда болған топаралдар. Кіші Антиль аралдарының шығыс бөлігін алып жатыр. Жалпы аумағы 6 мың км²-ге жуық. Халқының саны 1 млн-нан асады. ## Ірі аралдары * Гваделупа * Мартиника * Доминика * Сент-Люсия * Сент-Винсент * Антигуа Олар Ұлыбритания, Франция және Нидерланд мемлекеттерінің қарамағында. Жер бедері, негізінен, таулы. Ең биік жері Гваделупа аралында (1489 м). Аралдарда жанартаулық процестер дамыған. Климаты тропиктік. Адам әрекетінен табиғи өсімдіктер түгелімен дерлік жойылған. Олардың орнын қант құрағы, цитрусты өсімдіктер, мақта, какао, банан алқаптары алмастырған. Басты қалалары: Фор-де-Франс (Мартиника аралында), Бас-Тер (Гваделупа аралында).
«Жас Азамат» газеті - Петропавлда жарияланып тұрған алашшыл қазақ жастарының тұңғыш газеті. 1918 жылы 30 шілдеде 1-саны шыққан. Бізге белгілі 22-нөмірі 1919 жылы 8 ақпанда жарық көрген. Газетті шығарушы - «Алаш» серіктігі. Басылымның шығу тарихына келсек, 1918 жылы сәуірде Омбыда I жастар сиезі шақырылып, осында бүкіл қазақтың жастар ұйымы «Бірлік» ұйымының негізінде «Жас Азамат» ұйымы болып қайта құрылды. Оның төрағасы - М.Мырзаұлы, басқарма мүшелері - С.Садуақасұлы, М.Сейітұлы, Г.Досымбекқызы, Ә.Байділдаұлы. ұйым аттас газеттің редакторы - Қ.Кемеңгерұлы. «Жас Азаматтың» 1-11 -нөмірлерінің редакторы - осы Қошке. Ал 12-16 нөмірлерінің редакторы - Біләл Малдыбайұлы. 17-22-санының редакторы - қайтадан Қ.Кемеңгерұлы. Газет Алаш козғалысының тынысы ретінде елдік істі хаттауға, түсіндіруге, байыптауға көп жігер жұмсаған. Мұнда Қ.Кемеңгерұлы, С.Садуақасұлы, А.Жантәліұлы, М.Әуезов, Б.Серкебайұлы, Х.Ибраһимұлы т.б. айрықша бүркеншік атпен жазған авторлардың мақалалары жарияланған. Әр нөмірінде Алаш қозғалысының барысынан хабар беріп отырған. ## Дереккөздер
Бесіктас, тас жәшік — көне дәуірлерден сақталған қабірлердің бір түрі. Қола дәуірінің Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің, сондай-ақ, сақ дәуірінің Тасмола мәдениетінің ескерткіштерінде (б.з.б. 2 — 1-мыңжылдықтар). Оңтүстік Орал, Батыс Сібір жерлерінде көптеп кездеседі. Қазақстанда ежелгі қабірлердің бұл түрін Ә.Марғұлан, Ақышев|К.Ақышев, Ә.Оразбаев, М. Қадырбаев, С. Черников, т.б. зерттеген. Қабірлердің қабырғалары тігінен қойылған төрт ірі тас плиталардан жасалады. Беті бір, кейде екі плитамен жабылады. Мүрделер қола дәуірінде бүгілген қалпында бүйірімен қойылса, сақ дәуірінде шалқасынан батыс, солтүстік-батысқа қаратылып жерленген. Қабір ішіне әр түрлі тағам құйылған қыш ыдыстар, қару-жарақ, әшекей бұйымдар мүрдемен бірге қойылған. Андрон мәдениетіне жататын қабірлер, көбінесе, таяз қазылған, сырты дөңгелек қоршаумен қоршалған Беғазы — Дәндібай мәдениетіне жататын үлкен обаларда қабірлер терең, ал қарапайым қорымдарда жер бетіне тақау орналасқан. Тасмола мәдениетінің ескерткіштерінде мұндай қабірлер тас үйіндінің астында, едәуір терең, қола дәуіріне қарағанда қарапайым жасалған. Бесіктас қабірлерінің осындай сипатта болуының өзі археолгиялық ескерткіштердің мерзімдік және мәдени ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. ## Әдебиеттер 1. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М., "Древняя культура Центрального Казахстана", А.-А., 1966; 2. Маргулан А.Х., "Беғазы – Дандыбаевская культура Центрального Казахстана", А.-А., 1979. ## Дереккөздер
Жаңқадамов Бижанғали Әбілқасұлы (23.12.1890, бұрынғы Орал облысы, Лбищенск уезі, Қалдығайты болысы, 10-а. — 02.12.1937, Орал қаласы) — Алашқозғалысының қайраткері. 1912 жылы Орал әскери-реалдық училищесін бітіріп, 1913 жылы Қазан ветеринария институтына оқуға түседі. Онда ол 3 жыл оқып, Ресей империясының 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы бойынша майданға қара жұмысқа алынады. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін еліне оралған соң ол Жымпиты уездік жер басқару мекемесінің төрағасы қызметін атқарып, саяси-әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Алашорда жанындағы уездік жер басқармасының төрағасы, Орал облысы земство мүшелерінің бірі болады. Жалған саяси айыппен тұтқындалғанға (1937 ж.) дейін Батыс Қазақстан облысы Қазталовка ауданы жер бөлімі мекемесінде аға мал дәрігері болып қызмет істеген. 1937 жылғы 25 қарашадағы НКВД-ның Батыс Қазақстан облысы басқармасы үштігінің Жаңқадамовты ату жазасына кесу туралы үкімі шығып, 1937 жылы 2 желтоқсанда Жаңқадамов атылған. 1992 жылы 16 қыркүйекте толық ақталды. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Соналы – Нұра алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақмола облысы Қорғалжын және Қарағанды облысы Нұра аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 106 км, су алабы 334 км2. ## Бастауы Өзен бастауын Қазығұрт, Амантау, Ырғай тауларының беткейіндегі бұлақтардан алып, Соналы елді мекенінен 10 км-дей төменде Құланөтпес өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жазда өзен иірімдерге бөлініп қалады. Сағасының тұсындағы жылдық орташа су ағымы 0,32 м3/с-ке тең. ## Дереккөздер
Наурызшешек тұқымдасы, қысқаша Примула тұқымдасы. ## Тектері * Androsace – тасшыгүл * Bryocarpum – * Cortusa – еменжапырақ * Dionysia – * Dodecatheon – * Hottonia – * Kaufmannia semenovii – Семенов лөңкесі * Omphalogramma – * Pomatosace – * Primula – наурызшешек (наурызгүл, қозыгүл), аюқұлақ * Soldanella – * Stimpsonia – * Anagallis – көзгүл * Ardisiandra – * Asterolinon – * Badula – * Samolus – * Coris – * Cyclamen – цикламен * Glaux – етжапырақ * Lysimachia – талқурай (қызат) * Pelletiera – * Trientalis – жылқышөп ## Дереккөздер
Бесік тойы (өзб. бешик тўйи; түр. beşik toyu немесе beşik töreni) – нәрестені алғаш бесікке бөлеуге байланысты жасалатын ғұрыптық салтанат. Баланың кіндігі түсіп, кіндік жарасы жазылысымен бесікке салады. Бесік тойы, негізінен, тұңғыш балаға жасалынады. Одан кейінгі балаларға “бесікке салу” кәдесі ғана атқарылады. Бесіктің жасауын баланың нағашылары дайындайды және олар ана мен балаға киім-кешек әкеледі. Осы әкелінген дүние мен бесікті көрсету мақсатында ауылдың ұрпақ өсірген қадірменді әжелері, әйелдер шақырылады. Мал сойылады, бата беріледі. Тойдың соңына қарай жасы үлкен әже бесіктің жабдығын даярлап, шашуға әкелінген тәттіні, күміс теңгені түбек салатын тесік астына қолын тосқан әйелдерге үлестіреді де, бесікті отпен аластап, бесікке ыстық көсеумен кертпе түсіріп (көз тимес үшін) баланы бөлейді. Сонан соң бесіктің үстіне жеті не тоғыз нәрсе жабады. Әрбір жабылатын нәрсенің өзіндік мәні бар. Мысалы: көк шапан жабу – бала ержеткенде халықшыл болсын, дастарқан жабу — бай болсын, т.б. ырымды білдірген. Баланы бесікке салған әйелге көйлек кигізіп, қалғандарына білезік, сақина үлестіреді. ## Дереккөздер
Рахметолла Насыров (22.4. 1948 ж.т., Атырау облысы Исатай ауданы. Ақарал аймағында) — химия ғылымының докторы (1993), профессор (2000). Гурьев педагогигалық институтын (1969, қазіргі Атырау мемлекеттік университеті) және КСРО Ғылым Академиясының Органикалық қосылыстар институтының аспирантурасын (1973) бітірген. Қазақстанның әр түрлі ғылыми және жоғары оқу орындарында жұмыс істеді. Арқалық педагогигалық институттында оқытушы (1979–1987), Қазақстан Ғылым Академиясының Мұнай химиясы және табиғи тұздар институтында лаборатория меңгерушісі (1987–1996), Астрахан мемлекеттік техникалық университетінде (1997–1998) профессор, Атырау мұнай және институтында (1998–2003) кафедра меңгерушісі болды. 2003 жылдан Атырау мемлекеттік унивеститетінде профессор қызметін атқарады. «Мұнай химиясы және табиғи байлықтарды тиімді пайдалану бағыттары» тақырыбында доктор диссертациясын қорғады. 250-ден астам ғылыми жарияланым мен 7 монографияның авторы.
Амантай Бiртанов (7.3.1945 жыл, Талас ауданы «Ойық» кеңшары - 07.12.2011) – дәрігер, қоғам қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1996). Қолданбалы экология, тіршілік қауіпсіздігі және тұрақтылығы академиясының академигі (1996). ## Өмірбаяны * Ысты руынан шыққан. * Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1970). * 1970–75 жылдары Алматы қаласындағы балалар ауруханасында хирург * 1975 – 80 жылдары Жамбыл облысындағы 2-балалар емханасының бас дәрігері. * 1980 жылы қайта ашылған Алматы облысының ана мен балаға арналған республикалық «Көктем» санаториясының Бас дәрігері. Республикада алғаш рет диспансерлік тіркеуде тұратын науқастарды жыл сайын «Космон» автоматты жүйесі арқылы тексерістен өткізіп тұруды енгізді. * 1991 жылдан Алматы қалалық Жедел жәрдем клиникалық ауруханасының бас дәрігері. Бiртановтың басшылығымен Алматыда тұңғыш (ТМД елдері бойынша) ақпараттық-кеңестік токсикология орталығы құрылды. Бұл орталық телефакс, радиобайланыс, компьютерлік және электрон поштасымен, «Интернет» желісімен жабдықталып, ғылыми-медициналық ақпараттық оқыту мекемесіне айналдырылды. ## Жетістіктері * Бiртанов 1993 жылы АҚШ-тың Тусон қаласында өзара түсіністік меморандумына қол қоюға қатысты. Соның нәтижесінде «Тусон – Алматы» әріптестік бағдарламасы жұмыс істейді. * Бiртанов АҚШ-тағы Денсаулықты басқару жөніндегі университет бағдарламалары ассосациясының мүшесі * Алматы қалалық әкімшілігі алқасының мүшесі * Алматы қаласы Мәслихатының депутаты болып қайта сайланды (2003). ## Марапаттары * КСРО «Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен марапатталған. * Жамбыл облысының құрметті азаматы. * Талас ауданының құрметті азаматы. * «Ойық» ауылының құрметті азаматы. ## Дереккөздер
Оразгүл Нұрмағанбетова (17.4.1923, Қызылорда қаласы – 2003, Алматы) – әдебиет зерттеуші, фольклортанушы-ғалым, филолология ғылыми доктор (1993). ҚазПИ-ді (ҚазҰПУ) бітірген (1943). 1944 жылы Қазақстан Республикасы Халық ағарту комитетінде, 1945 – 1992 жылдары КСРО Ғылым Академиясы Қазақ бөлімшесінде, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аспирант (1945), жоғары ғылыми қызметкер (1957), 1961 – 1975 жылдары директордың орынбасары, бөлім меңгерушісі (1975), 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қызмет істеді. Ғалымның негізгі еңбектері фольклортанудағы өзекті мәселе – ұлттық эпикалық дәстүрді зерттеуге арналған. Ол көптеген ғылыми-танымдық мақалалардың, бірнеше монография мен оқу құралдарының авторы. Нұрмағанбетованың «Совет көп ұлтты әдебиет тарихы», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1960, 1964, 1968) атты кітаптары бар. ## Дереккөздер
Субальпілік белдеу – биік таулардағы альпілік белдеуден төмен, шалғынды орман белдеуінен жоғары орналасқан табиғи белдеу. Белдеудің қандай биіктікте орналасуы географиялық ендікке, беткей экспозициясына және климатының континенттілігіне байланысты. * Субальпілік белдеу Альпі тау жүйесі мен Кавказ тауының батысында 1700 – 2300 м, Гималайдың оңтүстік беткейлерінде 3200 – 4000 м, Алтайда 2000 – 2400 м, Іле Алатауы мен Жетісу Алатауында 2400 – 3200 м биіктікте орналасқан. Климаты континенттік, қысы суық, ұзақ (7 – 8 айға созылады); қаңтар айының орташа температурасы – 20 – 22С. Жазы салқын, қысқа (2 – 3 ай), шілденің орташа температурасы 5 – 8С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 700 – 800 мм. * Нивальді, альпілік белдеулерден келетін еріген қар және мұздық суларының әсерінен субальпілік белдеудің ылғалдылығы жоғары болады. Қардың қалыңдығы 1 м-ге жетеді, жиі қар көшкіні болып тұрады. Субальпілік белдеуде субальпілік шалғын, аласа бұталар мен сирек ормандар; тау шалғындық қара топырағында бетеге, қазтабан, сұлыбас, арша, қараған өседі. Тау ешкісі, марал, қар барыстары, тундра ақ кекілігі, тағы басқа мекендейді. Қазақстан тауларындағы Субальпілік белдеулер мал жайылымы мен шабындық ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Тас Әулие, Әулие тас – киелі орын. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Таскескен а-нан 8 км жерде Қарақол өз-нің жағасында орналасқан. Тас дәуірінің тарихи-мәдени ескерткіші. Биіктігі 60 – 70 м, алды тік, доғал жартастағы алты қанат киіз үй көлеміндей үңгір. Үңгірдің ішкі қабырғасында қашалған таутеке суреттері, түпкі іргесінде төсек тәрізді жалпақ тас, от жағатын орын, мөлдір тұмалы бұлақ көзі болған. Тас Әулиеге зиярат етіп келушілер кіре берісіндегі долана ағашына ырымдап шүберек байлап, ішіндегі қол жетер биіктегі кертіктерге тиын қалдырып түнеген. Осы маңнан өткен сауда керуендері аялдап, ем ретінде суын ішіп, мінәжат қылған. Тас Әулие үңгірі 1976 ж. Таскескен су қоймасын салу барысында арнайы шешімімен қопарылды. Қазірде тек орны ғана қалған. Үңгірді көзімен көрген музыкатанушы Ж.Шәкерім баспасөз беттерінде бірнеше зерттеу мақалаларын жазған. ## Дереккөздер
Теңесбаев Қайырлы Данабекұлы (15.12.1953 ж.туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Рославль ауылы) – тарих ғылымының докторы (2007). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері. ҚазМУ-ды (1982, қазіргі ҚазҰУ Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы.) бітірген. Алматы облысында мектеп-интернатта меңгеруші (1990–91), Түркістан мемлекеттік университетінде оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент, деканның орынбасары, декан (1991–2008) болды. 2008 жылдан ҚазҰПУ-да доцент қызметін атқарады. «Қазақстандағы әкімшілік территориялық реформалар тарихы (1946–1991 жж.)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 30-дан астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы. ## Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедиясы ## Сыртқы сілтемелер: Қазақ ұлттық университеті Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы. Қазақ ұлттық педогогикалық университеті
Елжан Амантайұлы Бiртанов (18.10.1971 жыл, Тараз) – Қазақстан денсаулық сақтау минстрі (25.01.2017 жылдан бастап), дәрігер, токсиколог, медицина ғылымдарының кандидаты (1998). ## Өмірбаяны Ұлы жүздің Ысты тайпасының Ойық руынан шыққан. * 1994 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ Ұлттық Медицина Университеті) бітірген соң, Алматы қалалық Жедел жәрдем ауруханасының токсикология бөлімінде дәрігер-реаниматолог болды. * 1994 ж. АҚШ-тағы Аризона штатының Токсикология орталығында клиникалық токсикологиядан іс-тәжірибесін жетілдіру мақсатында 4 айлық стажировкадан өтті. * 1996 жылдан Қазақстандағы ақпараттық-кеңес Токсикология орталығын басқарады. Орталық Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының химиялық қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаға енді. * 1998 жылдан Қазақ ұлттық медицина универститетінің кезек күттірмейтін медициналық кафедрасында ассистент. * 2000 жылдан Дәрігерлер білімін жетілдіру институтында «Клиникалық токсикология» курсының жетекшісі. ## Жетістіктері * Тусон, Де-Моин (АҚШ), Эрфурт (Германия), Рио-де-Жанейро (Бразилия), Копенгаген (Дания) және Мәскеуде токсикология және улануды бақылау мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияларда баяндама жасады. * Еуропа клиникалық токсикология ассоциациясының мүшесі (1997 жылдан). ## Дереккөздер Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті
Химия өнеркәсібі — ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені. ## Химия және мұнай-химия өнеркәсібі Іштей химия және мұнай-химия өнеркәсібі болып бөлінеді. 1. Химия өнеркәсібіне жататын салалар: * кен-химия (фосфорит, апатит, калий тұзын өндіру және байыту, күкірт т.б.), * негізгі химия (анорганикалық қышқылдар, минералдық тұздар, сілтілер, жасанды тыңайтқыштар, хлор, аммиак өндірісі), * жасанды және синтетикалық талшықтар, синтетикалық шайырлар және пластмассалар, сыр-бояу өнеркәсібі (әк, литопон, сыр, эмаль, нитроэмаль т.б. өндіру), * химиялық тездеткіштер (реактивтер) және ерекше таза заттар, синтетикалық бояғыштар, фотохимия, тұрмыстық химия, химия-фармацевтика. 2. Мұнай-химия өнеркәсібіне жататын салалар: * синтетикалық каучук, * негізгі органикалық синтез өнімдерін өндіру, * резина-асбест өнеркәсібі жатады. ## Химия өнеркәсібінің құрамы мен рөлі Химия өнеркәсібі ел шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Ғылыми-техникалық прогресті іске асыра отырып, машина жасау және электрэнергетикамен қатар, химия өнеркәсібі соңғы технологиялық циклдің саласы болып табылады. Шикізат пен қалдықтарды кешенді түрде өңдеуге үлкен мүмкіндіктер тудырады. Химиялық технологиялар мен материалдарды шаруашылықтың барлық салаларында кең қолдануды химияландыру деп атайды. Химия өнеркәсібі қорларды өңдеп қана қоймайды. Ол табиғатта жоқ, қасиеттері алдын ала бегіленген мүлдем басқа материалдар жасап шығарады. Әртүрлі химиялық заттар, соның ішінде қымбат әрі тапшы табиғаттағы баламаларды алмастыра алатын конструкциялық материалдарды шығарады. Мысалы, машина жасауда кейбір химиялық материалдар қымбат металды алмастырады. Шикізат базасы кең: мұнай, табиғи газ, минералды тұздар, фосфориттер, күкірт, гипс, ауа, су, ағаш, өндіріс қалдықтары, көмір, металлургия, мұнай өңдеу өнеркәсіптерімен құрамдастырылады. Халықты тауармен қамтиды. Жер бетіндегі бар тіршілікті қорғайды. ## Химияның салааралық байланыстары * Ауылшаруашылығы * Энергетика * Машина жасау * Құрылыс * Көлік * Жеңіл өнеркәсіп * Металлургия ## Химия өнеркәсібі географиясы Қазақстанда пайдалы қазбалар: фосфорит, күкірт, тұз, әктас және басқа да шикізат өндірісімен айналысатын тау-кен химиясы дамыған. Фосфорит кені Жамбыл (Қаратау) және Ақтөбе (Шилісай) облыстарында өңделеді. Күкірт түсті металдар кені құрамында, Көкшетауға жақын Алексеев кен орнында кездеседі. Ас тұзы Арал, Балқаш жағалауында, Шу өзені бойында, Қалқаманда, Тобылжанда, Павлодар облысында бар. Калий тұзы Атырау облысындағы Индер көлінде өндіріледі. Химия өнеркәсібінің ерекшелігі табиғатта кездеспейтін жасанды заттар шығаратындағы мысалы, пластмасса, сондай-ақ тау химиясы шикізатының негізінде жұмыс істейтіндігі. Ақтөбе алабының фосфориттері қышқыл топыраққа бірден ендіруге болатындығымен ерекшеленеді. Қазақстанның химия өнеркәсібінде негізгі химия басым. Оның шикізат көздеріне фосфорит, ас және калий тұздары, күкірт колчеданы, көмір, табиғи газ металлургия газдары кокс газдары жатады. Фосфор тыңайтқыштары өнеркәсібі материал қажеттілігінің төмендігіне байланысты шикізат көздерімен байланыспай, тұтынушыға негізделген. Фосфориттерді Қаратау мен Жаңатаста өндіріп, тыңайтқыштарды Таразда - Жамбыл фосфор зауыты мен минералды тыңайтқыштарын фосфориттер мен күкірт қышқылынан алады. Азот тыңайтқыштарын өндіретін кәсіпорындар пайдаланылған шикізат түріне байланысты (кокс, кокс газы, табиғи газ) көмір өндіру орындарында орналасады. Павлодап "Каустик" зауыты каустик содасы, хлор және синтетикалық тұз қышқылын шығарудан көшбасшы. Химия өнеркәсібінің кең қолданылатын өнімнің бірі - күкірт қышқылы. Күкірт қышқылын алу үшін күкірт пен су қажет. Күкірт гипс, күкіртті газ және түсті металл кеңдері құрамында кездеседі. Күкірт қышқылды өнеркәсіп, негізінен, күкірт қышқылын ең көп тұтыну орындарында орналасады. Күкірт қышқылын: * ауыр және түсті металдар қорытатын металлургия орталықтарында (Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Риддер); * уран өндіру орталықтарында (Степногорск); * фосфор тыңайтқыштары өндірісі орталықтарында (Тараз) өндіреді. Арал мен Павлодарда жергілікті шикізат негізінде ас тұзын өндіру кәсіпорындары жұмыс істейді. Қазақстан химия өнеркәсібінің маңызды саласы - полимерлі материалдар өнеркәсібі. Саланың шикізат базасын ілеспе мұнай және табиғи газ, мұнай өңдеудегі көмірсутектер, көмір құрайды. Синтетикалық шайыр мен пластмассалар өндірісі ірі шикізат қорына ие аудандарда шоғырланған. Маңғыстау облысының орталығы Ақтауда синтетикалық шайыр және пластмасса шығаратын зауыт жұмыс істейді. Пластмасса бұйымдарын шығаратын аса ірі зауыттар Атырау, Алматы және Астана қалаларында орналасқан. Негізінен, синтетикалық каучук өндірісі табиғи газ бен мұнай, мұнай өңдеу мен көмір өндіру аудандарында орналасады. Мысалы, Теміртау қаласындағы Қарағанды синтетикалық каучук зауыты. ## Химия өнеркәсібінің салалық құрылымы Осыған орай химия өнеркәсібінің салалық құрылымы 4 топқа бөлінеді, олар: * кен-химия өнеркәсібі (шикізат — фосфорит, ас және калий тұздарын, күкірт, т.б. өндіру, байыту және оларды бастапқы өңдеу) * негізгі химия өнеркәсібі (минералдық тыңайтқыштар, қышқылдар, сілтілер т.б. өндіру) * полимерлік материалдар өнеркәсібі (синтетикалық шайырлар мен пластмассалар, химиялық талшықтар, синтетикалық каучук, синтетикалық бояғыштар өндіру); * тұтыну қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім (фармацевтикалық дәрі-дәрмек, жуғыш заттар, фотохимия, парфюмериялық-косметикалық тауарлар) өндіру. Химия өнеркәсібінің құрамында барлығы 200-ден астам кішігірім сала мен өндіріс бар, ал оның өнімдерінің түр-түрінің атауы 1 млн-ға жетіп отыр. ## Тарихы Химия өнеркәсібі саласы дүние жүзінде тұңғыш рет Германияда 19 ғасырдың аяғында дүниеге келді. 20 ғасырдың 50 — 70-жылдардың басы химия өнеркәсібінің дәуірлеген “алтын ғасыры” болды. Бұл кезеңде мұнай-газ шикізатын пайдаланушы өндірістің өркендеуімен байланысты осы сала әлемде неғұрлым жоғары қарқынмен дамыды. Әлемнің өңдеуші өнеркәсібінде химияның үлесі 20 ғасырдың 2-жартысында 8 — 9%-дан 12 — 15%-ға дейін өсті. Қазіргі кезде химия өнеркәсібі әлемді негізгі 4 аймаққа бөліп тұр. Олар — АҚШ, Батыс Еуропа, ТМД елдері, Жапония. Мұнда кенішті химия, минералдық тыңайтқыштар, негізгі химия өнімдерін, әсіресе, органикалық синтез өндіру, полимерлік материалдар шығару ерекше орын алады. 20 ғасырдың 90-жылдарының ортасында химия өнеркәсібінің әлемде өндірілген химия өнімдерінің 20%-ы АҚШ-тың үлесіне тиіп, экспорттық өнімнің 24%-ын құрады. Батыс Еуропаның барлық елдері химия өнімінің 24%-ын, Жапония 15%-ын берді. Бірақ 90-жылдардың аяғында АҚШ пен Жапонияда химия өнімін өндіру төмендеп, біріншілік Батыс Еуропа елдеріне ауысты (Химия өнеркәсібінің 40%-ы). Қазіргі кезде Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері синтетикалық және жартылай синтетикалық бұйымдар өндіруге мамандануда. 21 ғасырдың бас кезінде химиялық шикізат және негізгі химияның аса маңызды өнімдерін — күкірт қышқылын, минералдық тыңайтқыштар өндіру іс жүзінде тұрақталды, ал синтетикалық каучук өндіру қарқыны баяулады. Мұның себебі, өнім бірлігіне жұмсалатын көптеген химикаттар шығынының азаюына байланысты технологиялық үдерістердің жетілдірілуінде. Сонымен бірге қалған полимерлік материалдарды, ең алдымен синтетикалық шайырлар, пластмассалар, химиялық талшықтар өндіру жедел қарқынмен дамып отыр. Кеңес өкіметі химия өнеркәсібін жедел дамытуға айрықша мән берді. 1 бесжылдық кезеңінде (1929 — 32) химия өнеркәсібінің қазіргі салаларын (синтетикалық аммиак және оны азотты тыңайтқыштарға қайта өңдеу, органикалық шала өнімдер, күрделі анилин бояғыштар, синтетикалық каучук, пластмассалар, жасанды талшық, шина өнеркәсібін) дамытуға материалдық-техникалық негіз жасалды. 30 — 40-жылдары қазіргі заманғы қуатты химия өнеркәсібі пайда болды. Соғыстан кейінгі жылдары мұнай-газ шикізатынан синтетикалық этил спиртін өндіру игерілді. Органикалық синтез заттарын өндіруде мұнай-химиялық шикізатының үлес салмағы басым болды. КСРО минералды тыңайтқыштар өндіру жөнінен әлемде 1-орынға, аммиак пен күкірт қышқылын өндіру жөнінен 2-орынға (АҚШ-тан кейін) шықты. Қазақстанда химия өнеркәсібі жеке сала ретінде алғашқы бесжылдықтар кезінде қалыптасты. Кеңестік дәуірге дейінгі кезеңде Қазақстанда Шымкент дермене (сантонин) зауыты (1883), сабын қайнататын, желім қайнататын ұсақ кәсіпорындар жұмыс істеді. 1930 — 40 жылы Ақтөбе химиялық комбинат, “Аралсульфат” комбинат, ірі фосфорит кені — “Қаратау” комбинат, Қарағанды синтетикалық каучук, Қостанай синтетикалық талшық зауыттары салынды. 1950 — 60 жылдары Қазақстанда осы заманғы химиялық индустрияның негізі қаланды. Жамбыл суперфосфат, Гурьев химиялық зауыттары, Шымкент гидролиз және фосфор тұздары зауыттары, Ақтөбе ферроқорытпа, Шымкент газ-бензин зауыттары іске қосылды. Қазақстан анорганикалық және органикалық тектегі пайдалы қазынды кеніштеріне бай. Олар химия өнімінің алуан түрлерін алу үшін шикізат көзі болып табылады. Сала үшін 1992 — 94, 1998 жылдар неғұрлым дағдарысты кезең болды. 1999 жылдан 2004 жылға дейін химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі айтарлықтай өсті. 2005 жылы химия өнеркәсібі орындары 54,3 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Қазіргі кезде “Қазфосфат” ЖШС-нің бөлімшесі республикада химия өнімін өндіруші аса ірі кәсіпорын болып табылады, ол 2005 ж. 83,4 мың т өнім шығарды, мұның өзі 1995 жылғыдан 1,7 есе, ал 2000 жылғымен салыстырғанда 5,4 есе көп. 90-жылдардың ортасынан бастап елде илеуіштер, хромды ангидрид, хром тотығын өндіру қолға алынды. 2005 жылы олардың көлемі 1995 жылғы деңгейден 1,8 — 2,4 есе асты. 1995 — 2005 жылы республиканың 5 мұнай-химия кәсіпорны қызметін қалпына келтірді. Бұл кәсіпорындар таяу шет елдердің өнімдеріне ұқсас полистирол, полипропилен, резина-техникалық бұйымдар, шина өнімдерін шығарады. 2003 жылы Ақтау пластмасса зауытында өндіріс жолға қойылды. 2005 жылы пластмассадан құбырлар мен шлангалар өндіру 2000 жылғымен салыстырғанда 12,9 есе көбейді. 2005 жылы “Интеркомшина” АҚ камералар, резина бұйымдарын, шиналар шығару өндірісін іске қосты. Резина-техникалық бұйымдар шығаратын “Сараньрезинотехника” ААҚ мен “Қарағандырезинотехника” ЖШС кәсіпорындары тапсырыскерлермен тікелей шарттар бойынша тұрақты жұмыс істеп келеді. Қазақстан химиясының құрылымында полимерлік химияға қарағанда негізгі химияның үлесі басым. Еліміздің негізгі химиясы қышқыл, химиялық қосылыстар, фосфор мен минералдық тыңайтқыштар өндіреді. Химия-фармацевтика өнеркәсібі, негізінен алғанда жаңадан құрылып, басқа салаларға қарағанда жылдам дамуда. Ең үлкен “Химфарм” зауыты Шымкентте орналасқан. Ол Қазақстандағы дәрі-дәрмектің 3/5 бөлігін шығарады. Алматы, Қаскелең, Семей және Павлодарда ірі кәсіпорындар жұмыс істейді. Полимерлер алынатын шикізатқа мұнай өнімдері, табиғи және ілеспе газ жатады. Ақтау зауыты полистирол, Атырау зауыты полиэтилен мен полипропилен шығарады. Резеңке бұйымдары өндірісінің негізгі орталықтары — Саран (металлургия үшін конвеер таспаларын шығару) және Шымкент (автомобиль мен а. ш. техникасы үшін шина жасау). Фосфоритті Қаратау мен Жаңатаста өндіріп ұсақтайды да Таразда фосфор тыңайтқышын шығарады. Азот өндірісі Ақтау мен Теміртауда; күкірт қышқылы ауыр металдардың металлургияның орталықтарында (Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Риддер); уран алатын орталықтарда (Степногор, Ақтау), фосфатты тыңайтқыштар өндірісі орталықтарында (Тараз) шығарады. Хром қосылыстары зауыты Ақтөбеде орналасқан. Оның өнімдерін негізгі тұтынушылар — түсті металлургия, тері илеу және лак-бояу өнеркәсібі, ал шет елдерде АҚШ-тың, Ресейдің, Ұлыбританияның кәсіпорындары. ## Дереккөздер
Нұрбатыров Қанапия Ақпанұлы (4.12.1950 жылы туған, Астана) – ғалым, технология ғылым докторы (1997), профессор (1999). Целиноград инжинер-құрылыс институтын (қазіргі Еуразия ұлттық университеті) бітірген (1972). 1972 – 78 жылы аталған инситутта оқытушы, 1978 жылдан Алматы құрылыс материалдары ғылыми-зертерттеулер және жобалау институтында ғылыми қызметкер, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, бас директоры (2003 жылдан). Негізгі ғылыми еңбектері керамика технология мәселелеріне арналған. Нұрбатыровтың тікелей қатысуымен күл керамикасын кептірудің тиімділігі жоғары технология негіздері жасалды. Күл керамикасын кептірудің жаңа әдісі 1988 ж. Ақсу қаласында (Павлодар облысы) күл-керамикф зауытын іске қосқанда қолданыс тапты. Нұрбатыров Қазақстанда әлемдік практикада ең алғаш ойлап табылған жаңа керамик. “золокерам” материалдарының технологиясын жасаушы негізгі авторлардың бірі ретінде ҚР Мемлекет сыйлығын алған (2003). 100-ден аса ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың авторы. ## Дереккөздер
Жаңқадамов Бижанғали Әбілқасұлы (23.12.1890, бұрынғы Орал облысы, Лбищенск уезі, Қалдығайты болысы, 10-а. — 02.12.1937, Орал қаласы) — Алашқозғалысының қайраткері. 1912 жылы Орал әскери-реалдық училищесін бітіріп, 1913 жылы Қазан ветеринария институтына оқуға түседі. Онда ол 3 жыл оқып, Ресей империясының 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы бойынша майданға қара жұмысқа алынады. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін еліне оралған соң ол Жымпиты уездік жер басқару мекемесінің төрағасы қызметін атқарып, саяси-әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Алашорда жанындағы уездік жер басқармасының төрағасы, Орал облысы земство мүшелерінің бірі болады. Жалған саяси айыппен тұтқындалғанға (1937 ж.) дейін Батыс Қазақстан облысы Қазталовка ауданы жер бөлімі мекемесінде аға мал дәрігері болып қызмет істеген. 1937 жылғы 25 қарашадағы НКВД-ның Батыс Қазақстан облысы басқармасы үштігінің Жаңқадамовты ату жазасына кесу туралы үкімі шығып, 1937 жылы 2 желтоқсанда Жаңқадамов атылған. 1992 жылы 16 қыркүйекте толық ақталды. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Оразақ (шамамен 1700–1780) — қарақалпақ батыры, әрі биі. Оразақ қарақалпақ халқының жеке ел болып қалыптасуында, көршілес қазақ, өзбек және Ресеймен қарым-қатынас жасауда көрнекті рөл атқарған. Әбілқайыр ханмен бір мезгілде Ресейге бодан болуды қалап, орыс елшісі М.Тевкелев арқылы келіссөз жүргізген. 1731 жылы қараша айында Ресей патшасына жазған хатында “Мен қарақалпақ старшинасы Оразақ батыр қолымды қойып, мөрімді бастым”, - дейді. 1731 жылы 9 желтоқсанда Қарақалпақ ордасынан Қайыпхан және бас мүфти Мұрат шейх бастаған елшілер М.Тевкелевпен сөйлесуге жіберілді. Ол 1732 жылы 10 ақпанда М.Тевкелевке Хиуа ханымен ұрыс жүргізіп жатқанын хабарлап, одан көмектесуін сұраған. 1741 жылы поручик Гладышев Сыр бойындағы “Адам-ата” маңында Қарақалпақтың үш белгілі биімен кездескенін және соның бірі Оразақ екенін естелігінде жазған. Ал ағылшын саудагері Гок 1742 жылдың 1 тамызында Оразақ батырдың көмегіне сүйеніп, қамқорлығын көргенін айтады. ## Тағы қараңыз * Оразақ (ауыл) ## Дереккөздер
Хайруллин Гриф Тимурғазитұлы (1.10.1937 жылы туған, Башқортостан, Дюртюлин ауданы) – педагогика ғылымының докторы (1992), профессор (1994). Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (1995). Татарстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі. Өзбекстан Республикасы Оқу-ағарту ісінің үздігі. Бирск мемлекеттік педагогика институтын (1960) және Тула педагогика институтының аспирантурасын (1966) бітірген. Ангрене қаласында (Өзбекстан) мектепте мұғалім, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директор; Педагогика институдында кафедра меңгерушісі, декан (1966–1976), Алматы қаласындағы мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директор, мектеп-аралық оқу өндіріс комбинатының директоры, аудандық оқу бөлімінде инспектор (1976–1986) болды. 1986 жылдан ҚазҰПУ-да аға оқытушы, декан, доцент, профессор қызметтерін атқарды. «Теория и практика становления и развития межшкольных УПК» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер * Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Зәуірбекова Бәтима (29.8. 1946 жылы туған, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылы) – гобеленші, сәндік-қолданбалы өнер иесі. Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі. Алматы көркемсурет училищесін, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Бәтиманың жас кезінен-ақ сурет өнерін таңдауына ауыл-аймаққа атағы шыққан ісмер анасы Бибіханның әсері мол болған. Ал, гобелен өнеріне жол сілтеген ұстазы – Қ. Тыныбеков. «Астық жинау», «Мелодия» сияқты алғашқы туындылары өткен ғасырдың 70-ші жылдары Мәскеудегі көрмеде көрсетіліп, жоғары бағаға ие болды. Бұл туындыларынан тіршілік тынысы айшық бояулар арқылы көрсетіліп, күнделікті тұрмыс көрінісі, дүниенің жарасымдылығы жан-жақты байқалыс танытты. Гобелен – кілемдердің бояуларының қанықтығы мен тазалығы автордың жан-дүниесінің нәзіктігін, өмірге деген шыншыл көзқарасы мен махаббатын білдіріп тұрады. Сан түрлі құбылыстарды әсерлеуге құрылған гобелендерді тоқумен қатар сурет өнерін жете меңгерген Зәуірбекова «Әйгерім» атты еңбегінде түр-түстерді мейлінше құбылтып көрсетсе, «Құнарлылық» деп аталатын суретінде өмірдің сәнін келтіретін әйел-ананы аса жоғары дәріптейді. Шығармашылық ой-қиялын шарықтау шегіне жеткізе отырып дүниеге келтірген «Дала мадоннасы» атты еңбегінде көркемдік көріністерді жинақтап көрсетудің ең жоғары үлгісін байқатады. Зәуірбекова көптеген отандық, халықаралық көрмелерге үзбей қатысып аталған еңбектерінен тыс «Көктем», «Жер-ана», «Кешкі Алматы», «Қазақстан кемпірқосағы», «Астық мерекесі», «Береке», «Жас Абай», «Бақыт құстары», «Күй», «Сазгер» сияқты аса ірі, кең ауқымды шығармалары арқылы жоғары бағаланып, сыйлықтар мен лауреаттық атақтарды иеленіп келеді. Оның суреткерлік өнері, тамаша туындылары жайлы шығарылған альбом-кітапта (авт. Ш.Тоқтабаева), Түркияда шығарылған каталогта (1999), «Мелодия» атты деректі фильмде кеңінен сөз болған. Зәуірбекова қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін өзі таңдаған сара өнер гобелен арқылы кеңінен танытып келе жатқан жаңашыл суреткер, шеберлік пен шынайы талант иесі. ## Дереккөздер
Имре Над (7.6.1892, Капошвар – 16.6.1958, Будапешт) – Венгрияның мемлекеттік қайраткері. Шаруа отбасында дүниеге келіп, мектеп бітірген соң, негізінен а. ш. саласында еңбектенді ## Коммунист Бірінші дүниежүзүлік соғыс кезінде әскер қатарына шақырылып, шығыс майданға жіберілді. Орыстарға тұтқынға түсіп, Ресейдегі лагерьлерде болды. Азамат соғысы жылдары коммунистерге қосылып, Қызыл Әскер қатарында соғысты. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін еліне оралды. Надь Емре 1929 жылы ауыл шаруашылығы институтының қызметкері ретінде Мәскеуге келіп, 1944 жылға дейін жұмыс істеді. 1944 жылы Венгрияға қайта оралып, соғыстан кейінгі жаңа үкіметті құруға белсене араласты. 1944 – 48 жылдар аралығында әр түрлі министрлікте қызмет атқарды. 1949 жылы Надь Емре орташа шаруаларды табанды қолдағаны үшін коммунистік үкіметтің құрамнан шығарылады. 1953 – 55 ж. премьер-министр қызметін атқарды, бірақ тәуелсіз саясат жүргізгендіктен бұл қызметтен де шеттетілді. ## Көтеріліс басшысы 1956 жылы Қазан оқиғаларынан соң Надь Емре КСРО-ға қарсы күштердің басшысына айналып, Венгрия үкіметінің премьер-министрі болды. Сәтсіз аяқталған көтерілістің соңғы күні ол батыс державаларынан кеңес әскерлерінің басып кіруіне қарсы жәрдем беруді сұрады. Көтерілістен соң Румынияға қашуға мәжбүр болды. Румын өкімет орындары оны Венгрияға қайтарып берді. Надь Емре сотталып, соңынан атылды. Надь Емре 1989 жылы Венгрияның Жоғарғы Сотының шешімімен толық ақталды. ## Дереккөздер
Нұрберген Қалышұлы мазары – Маңғыстаудағы сәулет өнері ескерткіші. Сенек ауданының маңындағы қорымда 1900 жылы белгілі халық ұстасы Дүтбай Жандәулетұлы тұрғызған. Ескерткіш шаршы пішінді (5,5*5,5 м), жалпы биіктігі 8,5 м. Сыртқы композициясы текшеленген төменгі бөліктен, цилиндр пошымды барабаннан және дулыға тәрізді күмбезден құрастырылған. Аталған бөлшектері шебер үйлескендіктен мазар монументті мүсінге ұқсаған. Құрылыс материалы арамен кесуге, шотпен шабуға қолайлы жергілікті жұмсақ тас. Ескерткіштің алдыңғы және артқы бетінің қабырғалары көтеріңкі, жоғарғы жағы парапет сияқты. Бүйір қабырғалары төмендеу, күмбезді жиектей қаланған. Парапеттің сыртқы беті жазық ойынды қуыстар және тапал пилястралар жүйесімен бөлініп, әр түрлі бояулармен нақышталған. Мазарды айналдыра қара бояумен тартқан басқұр (фриз), ұшып бара жатқан құсты бейнелеген өрнектер қаралы қаза символын меңзейді. Мазардың ішкі көрінісі бұған керісінше, гөрхана ұнамды жиһаздалған жаңа отауды елестетеді. Бөлме ортасына сағана орнатылған. Қызыл, сары, көк-жасыл түсті бояулар кесене ішін ғажайып реңге бөлейді. Ескерткіш мемлекет қорғауға алынған. ## Дереккөздер
Ермек Жұмабеков (05.02.1945 ж.т., Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы а.) – биология ғылымдарының докторы (1995), профессор (1987). ҚР Инженер академиясының корреспондент мүшесі (2003). ## Өмірбаяны * Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. * Қазақстан ғылым академиясының Ботаника институтында лаборант (1968–69) * КСРО ҒА Жалпы генетика және цитология институтында аспирант (1969–71), кіші, аға ғылыми қызметкері, лаборатория меңгерушісі (1974–82) * Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтында ассистент, доцент, декан, ректор қызметтерін атқарды (1982–96). * Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай істері жөніндегі бас инспектор (1998–99) * Алматы қорығының директоры (1999–2000) * Қазақ ұлттық аграрлық университетінде профессор (2001–03) * Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жалпы генетика және цитология институтының директоры (2003–06) қызметтерін атқарды. 2006 жылдан осы институтта лаборатория меңгерушісі. ## Ғылыми еңбектер * 70-тен астам ғылыми мақаласы жарық көрді. ## Дереккөздер
Серік Есентайұлы Нұрмұратов (5.10.1958 жылы туған, Жалағаш қыстағы) – ғалым, философия ғылымдарының докторы (2000 ж.), профессор (2005 ж.). Байұлы тайпасының Алтын руының Мәметек бөлімінен шыққан. ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) философия факультетін (1981 ж.), бітірген. 1981 – 1985 жылдары Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтында оқыған. Қазақ КСР ҒА-ның философия және құқық ин-тында (1988–1999 жж.), философия, саясаттану және дінтану ин-тында бөлім бастығы (2000–2012 жж.), осы ин-т директорының орынбасары (2012–2021 жж.) қызметтерін атқарған. 2021 жылдан Философия, саясаттану және дінтану ин-тында философия орт-ның директоры. Ғылыми еңбектерінің негізгі тақырыптары: дін мәселесі, этностың саяси және мәдени өмірі, шығыстық дүниетаным. Оның «Ұлттық болмыс пен ұлттық сана» (1996) атты кітабында қазақ этносының тарихтағы және қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-философиялық, психологиялық мәселелері зерделенген. «Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік-философиялық талдау» (2000) аттыогиялық еңбегінде құндылықтар адам үшін маңызды құбылыстар ретінде қарастырылып, рухани байлық көздері ашып көрсетіледі.200-ден астам ғыл. және ғыл. көпшілік еңбектің, оның ішіңде 16 жеке және ұжымдық монографияның авторы. 20 басылымның ғыл. редакторы. 10 докторант пен аспирантқа жетекшілік еткен. Бірнеше медальмен, төсбелгімен марапатталған. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Қызылкесік (Қызылкесек) — Абай облысы Ақсуат ауданындағы ауыл, Қызылкесік ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсуат ауылынан солтүстік-батысқа қарай 110 км жерде, Тарбағатай тауының батысында. ## Тарихы Іргесі XX ғасырдың 30-жылдарының басында ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға сәйкес қаланды. 1963 жылға дейін өзімен аттас ұжымшар мен ауылдық кеңестің орталығы болды. Одан кейін тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты құрылған “Ленин жолы” қой шаруашылығына бейімделген кеңшардың орталығына айналды. 1996 жылдан мұнда кеңшар негізінде қой өсірумен айналысатын бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Дихан Қамзабекұлы (19 маусым 1966(19660619), Жиынбай ауылы, Түлкібас ауданы, Түркістан облысы) – филолог, әдебиет тарихшысы, алаштанушы, филология ғылымдарының докторы (2003), профессор (2004), ҚР ҰҒА академигі. «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры. ## Өмірбаяны 1966 ж. 19 маусымда қазіргі Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Жиынбай ауылында дүниеге келген. 1990 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша бітірген. «Әдеби-тарихи процесс: ағымдар, концепциялар (ағартушылық кезең)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 500-ден астам ғылыми және танымдық жарияланымның авторы. ## Еңбек өтілі 1990 - 1996 - ҚР ҰҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, Алматы қаласы; 1996 - 2000 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі; 2000 - 2002 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері; 2001 - 2004 - Қазақ ұлттық музыка академиясы (қазіргі ҚазҰӨУ) тіл және әдебиет кафедрасының меңгерушісі; 2004 - 2005 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Гуманитарлық институтының директоры; 2005 - 2006 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры; 2006 - 2008 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры; 2008 - 2010 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Оқу-әдістемелік жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры; 2010 - 2012 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді стратегиялық дамыту жөніндегі проректоры; 2012 - 2022 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры; 2022 - 2023 - Егемен Қазақстан республикалық газетінің бас директоры; 2023 - қ.у. - «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры (ішіне «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Теңге монитор», «Ұйғыр авази», «Үркер», «Ақжелкен», «Балдырған», «Ұлан», «Дружные ребята» басылымдары кіреді). ## Қоғамдық қызмет * Үш мәрте ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау жөніндегі Лингвистикалық комиссияның мүшесі (2005, 2011, 2015). * Қазақстан Республикасы Премьер-министрі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның мүшесі; * Әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның мүшесі; * Республикалық Ономастика комиссиясының мүшесі; * Астана қаласы Ономастика комиссиясының мүшесі; * Қазақстан халқы Кіші ассамблеясының мүшесі. ## Шығармашылығы «Смағұл Сәдуақасұлы» (1996), «Руханият» (1997), «Алаш және әдебиет» (2002), «Пайым» (2004), «Алаштың рухани тұғыры» (2008), «Түркістан алқасы» (2011), «Жәдитшілдік және Алаш: түсіндірме сөздік» (2012), «Алаш — темірқазық», «Жұрт», «Ой алаңы» атты монографиялардың, «Ағартушылық және әдебиет» (2003) оқу құралының, Жүсіпбек Аймауытовтың 5 томдығын, Смағұл Сәдуақасұлының 3 томдығын (2009), Қошке Кемеңгерұлы таңдамалы шығармаларының, Қошке Кемеңгерұлының 3 томдығының авторы. С.Садуақасұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Ж. Аймауытұлы, Х. Болғанбай, С.Ғылмани т.б. академиялық мұрасын жариялады. «Қазақтың Қошкесі», «Астана туралы бата», «Көздің қарашығындай» деректі фильмдерінің сценарийін жазған. 450-ге жуық журнал мен газет мақалаларының, 150-ден астам теле-радио материалдарының авторы. ## Марапаттары * 1994 - ҚР Президенті стипендиясының иегері; * 1996 - Қазақстан журналистер одағының Сұлтанбек Қожанұлы атындағы сыйлығының иегері; * 2000 - «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері (Ғылым аталымы); * 2005 - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы төс белгісі; * 2005 - «Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі» мерейтойлық медалі; * 2005 - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хаты; * 2011 - Шыңғыс Айтматов атындағы академияның академигі (Қырғызстан); * 2009 - ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды; * 2018 - ҚР Президентінің Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды; * 2022 - ҚР Президентінің Жарлығымен III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. ## Дереккөздер
Мамырбек Алтыбаев (2.1.1940 ж., Түркістан облысы. Төле би ауданы Қызылжалау ауылы) – техника ғылым докторы (1990), профессор (1992). Қазақ химия-технология институтын (1961, қазіргі Оңтүстік Қазақстан Мемлекттік Университеті) мен Иваново химия-технология институтының аспирантурасын (1965) бітірген. Қазақ химия-технология институтында оқытушы, аға оқытушы, аға ғылыми қызметкер, доцент, кафедра меңгерушісі, ал 1999 жылдан Оңтүстік Қазақстан Мемлекттік Университетінде проф. қызметтерін атқарады. Мамырбек Алтыбаев 139 ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 монографияның, 9 өнертабыстық патентінің авторы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * iLike: Энциклопедия: АЛТЫБАЕВ Мамырбек Мұрағатталған 23 желтоқсанның 2011 жылы.
Қабидолла Тұрғымбаев ауылы (1998 жылға дейін — Шобанкөл) — Қостанай облысы Әулиекөл ауданы, Диев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Әулиекөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 106 км-дей жерде, Шабанкөл көлінің жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1640 адам (822 ер адам және 818 әйел адам) болса, 2009 жылы 482 адамды (232 ер адам және 250 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1996 жылға дейін ауыл Шабанкөл аталды. 1960 – 1996 жылдары асыл тұқымды мал өсіретін кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде Тұрғымбаевта “Шабанкөл” ЖШС және 40-қа жуық шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Жанқожа батыр ауылы (1997 жылға дейін — Жиделі) — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Арықбалық ауылдық округі орталығы. Ауылға қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының (1795-1859) есімі берілген. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 38 км(жолмен) жерде, Сырдария жайылмасының қамыс, құрақ басым өскен шалғынды сортаң топырақты шөлдік белдемінде орналасқан. Облыс орталығынан 430 км, аудан орталығынан 40 км қашықтықта орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1701 адам (868 ер адам және 833 әйел адам) болса, 2009 жылы 1831 адамды (979 ер адам және 852 әйел адам) құрады. ## Инфрақұрылымы Жанқожа батыр ауылындағы 1985 жылы типтік жобада салынған 624 орындық №94 мектепте 338 бала білім алады. Бейімделген жобадағы 75 орындық №24 «Жауқазын» балабақшасы бар. Балабақша жасындағы бала саны 103. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуы 68,0 пайыз (1-6 жастағы бала-171, 3-6 жастағы бала-103).1985 жылы типтік жобада салынған мәдениет Үйі және ауылдық кітапхана бар. Кітапханадағы кітап қоры 21639 дана. Оқу залы 18 орындық.1971 жылы бейімделген жобадағы дәрігерлік амбулатория бар. 2013 жылы дәрігерлік амбулатория құрылысына облыстық бюджеттен 85,1 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.2011 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 5,0 млн. теңгеге спорт алаңының құрылысы салынып, пайдалануға берілді.Жанқожа батыр ауылы «Арал-Сарбұлақ» топтық су торабының желісіне қосылып, халқы ауыз сумен толық қамтылған. Ауылда 10 көше бар, ұзындығы 10,7 км. (Материалдар ауыл әкімі Орынбасаров Қайрақбайдың есебінен)Қазіргі таңда ауылдық емхана пайдалануға берілді. Ауыл мектебі, мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді. Ауыл көшелері асфальттанған. Көшелер жарықтандырылған. ## Дереккөздер
Жасақ, Яса — Шыңғыс хан империясының әскери-құқықтық заңдар жинағы. Шамамен Шыңғыс хан ұлы хан тағына отырғаннан кейін (1206) құрастырылған. Жасақ заңы ежелгі түркі қағандары мен 10 — 12 ғасырларда өмір сүрген түркі ұлыстарының әскер құру тәртібі, ел билеу жүйесі және тұрмыс-салт заңдары негізінде пайда болды және Шыңғыс ханның мұрагерлері оны бұлжытпай орындап отырды. Жасақтың 33 заң тармағы мен Шыңғыс хан айтты деген қосымша сөздер сақталған. Жасақ ережелерінде, негізінен, әскерді ұйымдастыру мен басқару, жауынгерлер мен әскербасылар (нояндар) және хандар арасындағы қарым-қатынас мәселелері, сондай-ақ, әкімшілік-құқықтық ережелер баяндалған. Шыңғыс хан империясы ыдырағаннан кейін құрылған түркі мемлекеттерінде, соның ішінде Қазақ хандығында Жасақ заңы сақталып қалды. 16 — 18 ғасырларда осы заңның негізінде Қазақ хандығында жаңа заңдар жасалынды; Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы. Жеті Жарғы. ## Сілтеме Қазақ энциклопедиясы
Алаштану – Алаш партиясы, Алаш автономиясы және Алаш орда үкіметі деген ұғымдарды қамтитын Алаш қозғалысының тарихнамасы немесе зерттелу жағдайы. Алаштануға арналған алғашқы пікірлер мен зерттеулер 1919–1920 жылдарда мерзімді баспасөз беттерінде жарияланды. Осы мәселе бойынша алғашқы қалам тартушылар көшінің басында Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлы пен қоғам және мемлекет қайраткері, ақын Сәкен Сейфуллин тұрды. 1919 жылы тамызда «Жизнь национальностей» апталығында (Ресей ұлт істері жөніндегі комиссариатының органы) Байтұрсыновтың «Революция және қазақтар» атты мақаласы жарияланды. Онда Алаш қозғалысының бастау көздері, Алаш автономиясын жариялау мен оның үкіметін құрудағы себептер ашып көрсетілді. Алаш орданың құрылуын 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жеңісі әкелген анархияға қарсы тосқауыл болған еді деп бағалады. Мұны Байтұрсынов қазақтар арасында «таптық жіктелудің жоқтығына және жеке меншіктік заттарда белгілі меже болмауына байланысты ... оларға әзірше социалистік қоғамға деген қажеттіліктің жоқтығымен» түсіндірді. Байтұрсыновтың мақаласы жарияланысымен және сол «Жизнь национальностей» апталығында Сейфуллиннің «Манап Шамиль» деген бүркеншік атпен «Қырғыз интеллигенциясы туралы» атты мақаласы жарық көрді. Өз тағдырын, сан қырлы қоғамдық және шығармашылық қызметін социализм мен коммунизм идеяларымен тығыз байланыстырған ақын бұл мақаласында Алаш қозғалысы жалпы алғанда қазақ халқының мақсат-мүддесіне жат құбылыс деген ойдың ұшығын аңғартады. 20-жылдардың басынан Қазақстанның мерзімді баспасөзінде Алаш қозғалысы туралы белгілі бір дәрежеде пікірталас орын алды. Бұл пікірталас «Ш.» деген лақап есімімен жасырынған автордың «Шығыс Киргизиядағы (Қазақстандағы) революциялық қозғалыстың тарихына» («Степная правда», Орынбор, 1922, 26–27 шілде), Ә.Байділдиннің «Шығыс Киргизиядағы революциялық қозғалыс жөнінде», А.Кенжиннің «Киргизиядағы революциялық қозғалыс» атты мақалаларын жатқызуға болады. Байділдин мен Кенжин Алаш орда тарихын біржақты жамандауға қарсы шықты. 1925 жылы Қазақстанды басқаруға Ф.Голощекин келгеннен кейін Алаш қозғалысына қатысқан адамдарды саяси қудалаумен қатар, ол қозғалыстың тарихын бұрмалау да басталды. 1926 жылы 25–30 қарашада өткен БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің ІІ пленумы республикалық партия ұйымдарын «Алаш орда идеологиясына қарсы күресті күшейтуге» шақырды. Жекелеген зерттеушісымақтарға Алаш орданың «контрреволюциялық ұлтшылдық мәнін» әшкерелейтін еңбектер жазуға арнайы тапсырмалар берілді. Осындай тапсырмамен жазылған еңбектің бірі А.К.Бочаговтың 1927 ж. Қызылордада жарық көрген (орыс тілінде) «Алаш орда» атты кітапшасы еді. Автор кейбір дұрыс пікірлер айтқанына қарамастан, жалпы алғанда Алаш орданы жамандап, оның тарихының әр түрлі кезеңдері мен қызметіне әділ баға бере алмады. Арнайы тапсырмамен дайындалған екінші еңбек 1929 ж. Н.Мартыненконың құрастыруымен Қызылордада жарық көрген «Алаш орда» атты құжаттар жинағы еді. Кітап сол кездегі Қазақстан үкіметінің басшысы О.Исаевтың редакциясымен шықты. Жинақтың алғы сөзінде және оған енген құжаттарға берілген құрастырушының түсініктемелерінде комм. идеология мен таптық принцип тұрғысынан Алаш қозғалысы теріс бағаланғанына қарамастан, онда жарияланған деректер Алаш тарихының жекелеген кезеңдері мен оның қызметі туралы нақтылы мәліметтер береді. 1935 ж. БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті жанындағы партия тарихы институтының қызметкерлері С.Брайнин мен Ш.Шафиро «Алаш орда тарихының очерктері» деген кітап жариялады. Авторлар Алаш қозғалысының жетекшілері мен оған қатынасушыларды орыс патшалығы мен Уақытша үкіметтің қолшоқпарлары, қазақ халқының қас жаулары деп бағалап, Алаш ордаға ұлтшыл контрреволюцияның үкіметі деген анықтама берді. Осыған қарамастан кітаптың негізгі мәтініне қосымша ретінде Алаш қозғалысының тарихы жөнінде берілген құжаттар тізбегі ойлы оқырманның осы тарихтан шындыққа сай мәліметтер алуына көмектесті. 1930–1932 ж. әміршіл-әкімшіл жүйе ұйымдастырған сот процестерінің үкімі бойынша бұрынғы Алаш қозғалысы белсенділерінің басым бөлігі сотталды. Одан елге оралғандары «халық жаулары» деген айыппен 1937–1938 ж. атылып кетті. Сол 30-жылдардың ортасынан 80-жылдардың соңына дейін отандық тарихнамада Алаш қозғалысына байланысты зерттеулер жүргізілген жоқ. 20 ғасырдың бас кезіндегі Ресейдегі қоғамдық-саяси өмір тарихы, оның ішінде Алаш қозғалысының да мәселелері жөнінде шет елдерге эмиграцияға кеткен ресейлік, ортаазиялық, қазақстандық және кавказдық халықтардың, сол сияқты шет елдерде өмір сүріп, қызмет істеп жүрген отандастарымыздың еңбектерінде молынан кездеседі (А.Ф.Керенский, М.Шоқай, З.У.Тоған, А.Авторханов, Х.Оралтай, т.б. еңбектерінде). ҚР өз тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылдан кейінгі кезеңде зерттеуге ондаған жылдар тыйым салынған Алаш тақырыбы жөнінде тарихи шындықты қалпына келтіруге бағытталған талпыныстар жасалды. 1989 жылғы шілдеде Қазақстан КП ОК жанындағы партия тарихы институты «Алаш орда: пайда болуының, қызметі мен күйреуінің тарихы» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырды. Пікірталасқа қатысушылардың ойлары көп жағдайда әр қилы болғанына қарамастан, басқосу жаңа тарихи кезеңде бұл тақырыптың бірінші кезекте зерттелуі қажет мәселелерінің басын ашуда оңды рөл атқарды. Алаш қозғалысына жаңа көзқарас қалыптастыруда соны пікірлер айтып, дәлелді тұжырымдар жасауда М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков белсенділік көрсетті. Кейін Алаштану мәселелері жекелеген моногр. зерттеулерге арқау болды. 1994–1995 ж. осы тақырыпқа арналған К.Нұрпейісовтің, Қойгелдиевтің монография еңбектері жарық көрді. ## Ішкі сілтеме * Алаш * Алаш партиясы * Алаш аутономиясы * Алаш қозғалысы ## Сыртқы сілтемелер * Алаш орда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы(қолжетпейтін сілтеме) * "Жас Алаш" республикалық газеті Мұрағатталған 10 наурыздың 2008 жылы. * Алаш тарихи-зерттеу орталығы Мұрағатталған 22 маусымның 2011 жылы. * Ержұман Смайыл. Алаш идеясы және «ЕСЕП» партиясы * Р.К. Нурмагамбетова. Движение Алаш и Алаш-Орда. Историография проблемы. 1920-1990-е жж. XX века. Мұрағатталған 23 ақпанның 2007 жылы. (орысша) * "Жизнь национальностей" Мұрағатталған 19 наурыздың 2011 жылы. (орысша) ## Дереккөздер
Естөре Оразақұлы Оразақов (29 қараша 1909 жыл, қазіргі Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы – 27 шілде 1986 жыл, Алматы) — қазақ ғалым, хирург-ортопед, медицина ғылымдарының докторы (1969), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961). ## Өмірбаяны Қазақ медицина институтын бітірген (1936). 1936 – 1953 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында дәрігер болды. 1953 – 1980 жылдары Қазақ клиникасы және эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, ғылыми консультант болды. ## Жетістіктері және ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері іштен туа біткен ортопедиялық ауруларды емдеу мәселесіне арналған. Естөре Оразақұлы Оразақов республикада балалар ортопедиясының негізін салды. Полиомиелит, жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан, жарақаттанған балаларды сауықтыру жүйесін жасап, гипс орнына “Коллосиликат” қоспасын ұсынды. ## Дереккөздер
Ӏлияс Есенберлин (10 қаңтар, 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласы — 5 қазан, 1983, Алматы) — қазақ жазушысы. ## Еңбек жолы Арғын тайпасы Қуандық руының байдалы бөлімінен шыққан. * 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітіріп, Жезқазған рудниктерінде инженер болады. Ұлы Отан соғысына қатысқан. * 1942-1947 жылдар аралығында Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы, * 1951 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, * 1953-1954 жылдары ҚР Геология министрлігінде аға инспектор, * 1954-1955 жылдары Берсүгір шахта басқармасының (Ақтөбе облысы) бастығы, * 1955-1957 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы, * 1958-1967 жылдары "Қазақфильм" киностудиясының аға редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесі, * 1967-1971 жылдары "Жазушы" баспасының директоры, * 1971-1975 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы болып қызмет атқарады. Атбасар қаласындағы мектепке, Алматыдағы бір көшеге І. Есенберлин есімі берілген. ## Шығармашылығы І.Есенберлин қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі. Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастайды. 1945 жылы «Сұлтан», «Айша» дастандары, «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы (1949), революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған «Большевик туралы поэмасы» (1957), «Біржан сал трагедиясы» (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. «Өзен жағасында» (1960), «Толқиды Есіл» (1965), орыс тілінде жазылған «Адам туралы ән» (1957) атты повестері жарық көрді. «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971), «Алтын құс» (1972), «Жанталас» (1973), тың туралы «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары, «Көшпенділер» трилогиясы (1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983), «Махаббат мейрамы», «Алыстағы аралдар» (1983), «Аққу құстың қуанышы» (1984) романдары, шығармаларының онтомдық жинағы (1984-1990) жарияланды. Есенберлиннің «Маңғыстау майданы», «Аманат» (1978) романдары қазақ әдебиетіндегі сүбелі шығармалары қатарында. Кеңес өкіметі]] жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын "Айқас" романына 1968 жылы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ӏлияс Есенберлиннің орыс тілінде шыққан «Песня о человеке» (1956) романы 1958 жылы қытай тіліне аударылады. "Таудағы тартыс" (1962) пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. М.Ерзинкянмен бірігіп жазған «Құйма» (1961) киносценарийі бойынша түсірілген фильм бүкіл кеңес және венгр, поляк, болгар экрандарында көрсетілді. Ӏлияс Есенберлин прозасы түгел дерлік орыс тіліне аударылды. «Схватка» («Айқас», 1957); «Опасная переправа» («Қатерлі өткел», 1970); «Влюбленные» («Ғашықтар», 1970); «Хан Кене» («Қаһар», 1971); "Заговоренный меч" («Алмас қылыш», 1973); «Отчаяние» («Жанталас», 1974); «Прикрой своим щитом» ("Көлеңкеңмен қорғай жүр", 1976); "Мангистауский фронт" ("Маңғыстау майданы", 1981); «Золотая Орда» («Алтын Орда», 1985) деген атпен Мәскеулік және республикалық баспалардан жарық көрді. Жекелеген шығармалар украин, латыш, литва, өзбек, алтай, башқұрт, қарақалпақ, венгр, поляк, ағылшын, француз, қытай, неміс, араб, испан тілінде жарияланды. Олардың ішінде «Көшпенділер» трилогиясы, «Адам туралы ән», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Айқас» романдары бар. I. Есенберлин қырыққа жуық ән мәтінін жазды. Ол К. Д. Ушинскийдің «Әңгімелері мен ертегілерін» (1945), М. Жулявскийдің Вьетнам өміріне арналған «Қызыл дария» (1956) романын қазақ тіліне аударды. Есенберлин Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. ## Тарихи романдары Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары — «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» атты тарихи романдары. Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады. Жазушылар тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі. Жазушы I. Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV-ХІХ ғ.ғ. тәуелсіздік үшін табанды күресін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адами қатынастарды, олардың әрекеті мен мінез-құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы көрсетеді Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды. "Алмас қылыш" романы — XV ғ. оқиғаларынан аса көп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман-хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда көптеген тарихи оқиғалардың тізбегі басым келуі — жанрлық заңдылық. "Алмас қылыш" романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі — Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген. Романның басты идеясы — қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері. Шығармада басты қаһарман Әбілхайырдың, сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрыңдықтардың, тағы басқа тарихта болған қайраткерлердің бейнелері жасалған. Автор олардың күрделі тұлғаларын бойындағы қайшылықтарын ашып көрсету береді. Мәселен, Әбілхайыр, бір жағынан, айлакер, ақылды айбарлы ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қандықол. Оның жүздеген жылдарға созылып, әріден келе жатқан Шыңғыс ханның үрім-бұтағының озбырлық саясатын жалғастырушы екенін де автор жасырмайды, хан екен деп, орынсыз дәріптемейді. Қалың әлеумет адамдары да романның басты идеясын ашуда елеулі қызмет атқарады. Мәселен, Асан Қайғының Бердібек пен Әбілхайырға айтатын қатал сын сөздері, Әбілхайырдың Керей мен Жәнібек елін шабам деген екпінінің қол астындағыларының қолдамауынан су сепкендей басылуы сияқты көріністер бұған айғақ. Мұнда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Саян, Орақ секілді кейіпкерлер романның идеялық жүгін едәуір көтеріп тұр. Мәселен, Қазтуған мен Қотан ақындардың айтысы арқылы роман бүкіл қазақ даласының тарихи көрінісін, шежіресін береді, халықтың сан ғасырлық өмірін, күрестерін, олардың сыры мен сипатын айтады. Трилогияның "Қаһар" атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді. "Қаһарда" қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян етіледі. Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске ұшырауы, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеттері, сан алуан адам мінездері көрсетіледі. Бір отаршылдан екінші отаршылдың артықтығы жоқ екені, бәрінің көксеген мүддесі қазақ елін бөлшектеп бөліп, әлсіретіп, қансыратып, талан-таражға салу, өз билігін жүргізу екенін жазушы ашып көрсетеді. Мәселен, Қоқан, Хиуа хандықтарына ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының ауыр жағдайы, Ташкенттің құшбегі Бегдербектің жәрдем сұрап барған Есенкелді, Саржанды қасындағы нөкерлерімен бірге опасыздықпен өлтіріп жіберетін суреттер тарихи шындықтарға негізделген. Романда Кенесары бейнесі тарихи толық мазмұнда көркем сомдалған. Автор оның жеке басындағы ерлік пен парасаттың үйлесімін шебер аңғартады. Мысалы, Саржан мен Есенкелдінің құшбегі Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естіп, "Ташкентті шабу керек" деген Қасым төренің кеңесін іштей қабыл көрсе де, соғысқа шығуға ертерек екенін түсініп, жоспарды кейінге қалдырады. Кенесарының Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі де әсерлі. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары — Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың эпизодтары да олардың батырлық бейнесін айқындай отырып, Кенесары тұлғасын толықтыра түседі. Романда Ресей патшалығының өр дәрежелі өкілдері бейнелері де бар. Солардың ішінде, әсіресе, Қараөткелдің ағасұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннің халыққа қаны қас мейірімсіздігі мен мансап үшін арын сататын арамзалық анық таңбаланған. Ол Омбы генерал-губернаторының сеніміне ие болып, билігі мен мансабынан айырылып қалмау үшін елдің бас көтерер адамдарын ұстап береді. Әйелі Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да Қоңырқұлжаның шексіз азғындық өмір сиқын жалаңаштай түседі. Жалпы алғанда, I. Есенберлиннің «Қаһар» романы — қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңінің ішкі сырларын көркем түсінуге көмектесетін елеулі тарихи шығарма. ## Романдары және тарихи сана Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы І. Есенберлиннің қаламынан туған "Айқас", "Ғашықтар", "Қатерлі өткел", "Алтын құс", "Маңғыстау майданы", "Алтын аттар оянады", "Көлеңкеңмен қорғай жүр", "Алыстағы арпалыс", "Аққу құстар қуанышы", "Махаббат мейрамы", т.б. романдары тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, соны серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар еді. Ол — қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде қазақ әдебиетінің тарихында оқшау орны бар тұлға. Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі болып қала бермек. Тарихи тақырып арқылы бүгінгі күнге, қазіргі дәуірге қатысты идеялар айтылатынын естен шығаруға болмайды. Тарихи шығарма сол өткен заманның әлеуметтік-эстетикалық реконструкциясы ғана емес, онда бүгінгі уақыттың да философиялық концепциясы жатады. Тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін айтқан кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты көп мәселелер қамтылатынын ескеру керек. І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу - көркем шығарманың эстетикалық актуальдығын арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция әкелген шығармалар деуге болады. Қазақ тарихының соңғы бірнеше ондаған жылы түн-түнекті, меңіреу күй кешіп, өзге халық тарихының қосағында болғаны кім-кімге де белгілі. Мұның өзі қаншама буын ұрпақтың жандүниесіне әсер етіп, дүниетанымына салқынын тигізді, акыл-парасаты аяқ асты болды. Осы тұрғыдан келгенде жеке жазушының ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің тарихында әлеуметтік терең мәнді туынды болып қалған«Көшпенділер» трилогиясында Шыңғыс әулеті билеп тұрған дәуірлердегі ұлт тарихына тереңдеп еніп қадам жасауы қазақ әдебиеті мен көркемдік әлеміне алғаш рет І. Есенберлин әкелген жаңалық пен батылдық еді. Автордың аса зор зерттеушілік жұмыс жүргізуінің нәтижесінде беймәлім, тың материалды оқырман игілігіне айналдырудың жарқын көрінісі болған «Көшпенділер» трилогиясының кезінде танымдық жағынан да ерекше жүк арқалағаны көпшілікке белгілі. Рас, ғалымның міндетінен гөрі міндеті ауқымды, кеңірек болып келетін жазушы үшін ақпараттық қана қызмет атқаратын материал суреткер жұмысының алғашқы бастамасы ғана. Тың, жаңа дерек, көпшілікке беймәлім материал негізінде қаламгердің ой сүзгісінен өтіп қорытылған оқиғаларға құрылған трилогияда жан-жақты камтылған адамгершілік мәселелері көрініс тауып, өткен дәуір шындығы бүгінгі заман сипатымен сабақтастырыла суреттеледі. Сақтандыру мен ескерту идеясы бой көрсетіледі. Ілияс Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел деңгейде көрінетін бұл эпопеяның алғашқы бөлігі «Көшпенділер» трилогиясы еді. Шығарма кейіпкерлері ретінде негізін тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар. Бұлар — ел есінде сақталып, тарихта қалған өмірде болған тұлғалар. «Көшпенділер» трилогиясы — партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Ол кезде мұндай шығарманы жазбақ тұрмақ, қазақ халқының ертеректе өмір сүрген артында мол мұра қалдырған, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін мерт болған батырлардың, хандардың, шешендердің атын атаудың өзі, олар жөнінде әңгіме қозғаудың өзі қиын еді, қауіпті еді. Ал Ілияс Есенберлин осының бәрін біле тұрып қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсыну жай ерлік қана емес, талантты жазушының саяси жеңісі еді. «Көшпенділер» қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі — коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп берді. Архивтік деректер, халықтық аңыздар, этнографиялық сипаттар негіз болған тарихи эпопеяда автор оларды сол өткен дәуір елесін дәл бейнелеу үшін ғана емес, оған қоса түрлі қағида мен идеялардың, түрлі психология мен мақсат мүдделерінің қандай заман, қандай қоғамдық жүйеде болсын сабақтастық алып жатқан көрінісін беру үшін де пайдалану мақсатын ұстанған. ## Марапаттары * Еңбек Қызыл ту ордені * «Құрмет белгісі» ордені * «За боевые заслуги» * «За оборону Ленинграда» медалі * Қазақ КСР мемлекеттік сыйлықсының жүлдегері, 1968 жыл («Айқас» романы үшін). ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Есенберлин: шығармалары, фотосуреттері Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2007 жылы. * Есенберлин шығармаларын оқу(қолжетпейтін сілтеме) * Malimetter.kz Ілияс Есенберлин реферат (қазақша)
Балдәурен — бұл оқу-педагогикалық және сауықтыру істерін ұйымдастырумен айналысатын, сонымен қатар балалардың Халықаралық және Республикалық мәдени көпшілік, ғылыми-практикалық іс-шараларын өткізетін Республикалық оқу-сауықтыру орталығы. Орталық Бурабай курорты аймағында Щучье көлінің жағасында орналасқан. «Балдәурен» орталығы жыл бойына жұмыс істеп, бір ауысымда 300 бала қабылдай алады. Жаз айларында ауысым 15 күнге, қыс айларында 20 күнге созылады. Орталықтың жалпы аумағы 8,62 га. Пайдалы ауданы 15288 м². Штат кестесі бойынша мұнда 200 қызметкер жұмыс істейді. «Балдәурен» орталығына жолдаманы конкурс бойынша жеңіп алған (мектепаралық, аудандық, облыстық, республикалық, халықар. олимпиадалардың, спорттық жарыстардың, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары, оқу озаттары) 11 — 15 жас аралығындағы оқушылар (5 — 9 сынып) жіберіледі. Орталықта құрылған «Жастар» педагогикалық отряды балаларға есте қаларлықтай қуанышты сәттер сыйлау үшін жұмыстар атқарады. Жыл сайын жолдаманы алу үшін «Қайырымдылық әлеміне есік ашайық» атты акция өткізіліп тұрады, оған балалар үйінде, интернаттарда тәрбиеленіп жатқан және тұрмысы төмен отбасылардың балалары қатысады. ## Тарихы Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 7 қарашадағы №1679 Қаулысы бойынша Республикалық «Балдәурен» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды. 2002 жылдың желтоқсан айында ресми түрде ашылды. ## Филиалдары * "Балдәурен-Қапшағай" филиалы. Мекенжайы: Алматы облысы, Қонаев қаласы. Сайты: kapshagai.baldauren.kz/kk * "Балдәурен-Балқаш" филиалы. Мекенжайы: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы. Сайты: balhash.baldauren.kz/kk * "Балдәурен-Түркістан" филиалы. Мекенжайы: Түркістан облысы, Төле би ауданы, Алатау ауылдық округі, Нысанбек ауылы. Сайты: shymkent.baldauren.kz/kk ## Білім кешені Білім кешені «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы РМҚК мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Білім беру процесін ұйымдастыру ҚР Білім Министрлігі бекіткен оқу бағдарламаларының және жыл сайын жалпы орта білім алуды қамтамасыз ететін мекемелердің үлгілік оқу жоспарының негізінде жүзеге асырылады. Барлық қолданылатын бағдарламалар білім беру стандарттарына және нақты оқу пәні бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне сәйкес келеді. Ауысым бойы оқитын оқушылардың орташа саны 288 адамды құрайды. Сыныптардың толықтырылуы-22 оқушы. Оқушылардың негізгі жасы– V-ІХ сынып оқушылары (11-15 жас). Мектеп 5 күндік оқу аптасы режимінде жұмыс істейді. Мектептегі сабақтар екі ауысымда өтеді. Мектеп ұжымында жоғары педагогикалық білімі бар 18 педагог қызмет атқарады. * «Педагог-модератор» - 1 * «Педагог-сарапшы» – - 3 * «Педагог-зерттеуші» – 14 * Магистр-1 Өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесін дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталған педагогтар: * Ыбырай Алтынсарин атындағы төс белгі иегерлері – 3 * «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкерлері» төсбелгісімен-5 * ҚР Білім министрлігінің Алғыс хатымен және грамотасымен -16 * ҚР Білім министрлігінің құттықтау хаты -1 * ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың мұғалімдер күніне арналған алғыс хатымен -1 «Балдәурен» РОСО Білім кешенінде білім берудің бірқатар ерекшеліктері бар: * сыныптар уақытша балалар бірлестігі болып табылады; * қысқа мерзімді оқу процесі (3 апта); * оқушылардың оқуға дайындығының деңгейі әртүрлі (жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, мамандандырылған сыныптардың балалары); * үй тапсырмасы берілмейді. Білім кешенінде заманауи техникалық құралдармен жабдықталған 17 оқу кабинеті бар.Мектеп сыныптары; * 2 қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті; * 2 орыс тілі мен әдебиеті кабинеті; * 1 ағылшын кабинеті * 1 информатика кабинеті * 2 математика кабинеті; * 1 тарих, география, биология, физика, химия кабинеті. Дене шынықтыру сабақтары спорт залында, бассейінде, ойын залында, спорт алаңдарында өткізіледі.Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері пәндік апталықтар болып табылады, олардың аясында ашық сабақтар, зияткерлік ойындар, ток-шоу, әдеби-музыкалық кештер, дөңгелек үстелдер, дебаттар, өнер, мәдениет, ғылым қайраткерлерімен кездесулер өткізіледі. Әр түрлі іс-шаралар оқушылардың үлкен қызығушылықтарын тудырады, бұл олардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламасына енгізілген мектептің басты міндетін шешу үшін келесі жағдайлар қарастырылған: оқу жоспары жасалған; мектептің әдістемелік қызметінің құрылымы құрылған;мектеп жұмысының тиімді шарттарының бірі – мектепішілік бақылау негізінде мониторинг енгізілді. Жас мұғалімдердің нәтижелі кәсіби қалыптасуына ықпал ету үшін «Жас мұғалім мектебі» ұйымдастырлған;оқу процесіне жаңа білім беру технологияларын енгізу және педагогикалық тәжірибені тарату үшін және практикалық материалдарды ұсыну мақсатында біліктілікті арттыру курстарынан өткен мұғалімдердің шығармашылық топтары жұмыс істейді; тиімді оқытуды дамыту және тәжірибе алмасу үшін қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми бағыттар бойынша шығармашылық топтар жұмыс жасайды. Білім беру кешенінің мұғалімдері сапалы білім беру мақсатында инновациялық технологияларды белсенді пайдаланады. Жыл бойы акт, деңгейлеп саралап оқыту технологиясын, ойын технологияларын қолдана отырып, үнемі ашық сабақтар өткізеді. Жыл сайын мұғалімдер халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға, сайыстарға, семинарларға белсенді қатысып қана қоймай, осы іс-шараларды өткізудің бастамашысы болып та табылады. ## Тәрбие кешені Балалар үшін тақырыптық ауысым жоспарын жасайтын және өткізілуін қаматамасыз ететін орталықтың ең негізгі құрылымдық бөлімдерінің бірі – тәрбие кешені. Тәрбие кешенінің құрылымына келесі бөлімдер кіреді: әдістемеліктермен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі, қосымша білім беру бөлімі және «Жастар» педагогикалық отряды кіреді. Әдістемеліктермен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің қызметі – әдістемелік,ақпараттық-сараптамалық,және көпшіліктік- ұйымдастырушылық секторларының жұмыстарын қамтиды*Осы бөлімнің қызметкерлері ауысымдар бағдарламасын және оның өту жоспарының мазмұнын және қойылған мақсаты мен міндеттерінің орындалу барысының терңдетілген педагогикалық сараптамасын жасайды. Тәрбие кешенінің негізгі жұмыс міндетерінің бірі - уақытша құрылған балалар бірлестіктері жағдайында – жағымды жағдайлар және психологиялых ахуал, шығармашылық атмосфера туғызу, қоғадық өмір құндылықтары : мейрімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу және қоғамдағы әр баланың тұлғалық өсіп жетілуіне әсер ету. Әр жыл сайын ауысым тақырыптары өзгертіліп отырады, бірақ оның мағынасы, негізгі бағыттары біреу: өз тарихын тану, дәстүрін, салтын, тілін, мәдениетін білу және тұлғаның өзіне тән қадыр-қаситтерін қалыптастыру . Балдәуренге келетін балалар өздерінің әлеуметік экономикалық, әтникалық жағдайлары жөнінде өтебай географияны алдыңа тартады. Біздің тарихи үйіміз көпұлтты болып құрылған. Онда жүздеген ұлт өкілдері мен халықтары тұрады. Ол өзінің терезесін әтнографиның жұмбақ әлеміне айқара ашып, балаларды бір-бірімен бауырластырып, өздерінің тарихи тамырларын, аңыздары мен ертегілерін, ұлттық салт - дәстүрлерін білуге шақырады . * 2004-2005 жылдары Балалардың Өсу Акдемиясы және Балалардың Ұлы Жаңалық тарды Ашу Институты (Детская Академия Роста и Детский Институт Великих Открытий )бағдарламалары тәжірибеден өткізілдіп,жүргізілді. Бағдарлама авторлары орталық мамандары Е.Н Виговская және Д.В Лепешев. * 2002 жылдан 2011 жыл аралығында орталық кызметкерлері үлкен ғылыми-әдістемеліктерді жинап, тәжірибеден өткізіп жүйеледі. Басылымдардың жалпы көлемі 850. Балалар демалысын ұйымдастырушы ұстаздар мен олардың басшыларына арналған 29 ақпараттық – әдістемелік жинақ, тәрбие кешенінің қызметкерлері Халықаралық, Республикалық, облыстық, аудандық ғылыми- практикалық конференция және семинар ларға қатысып, орталықтың жұмыс нәтижелерін көрсетті . * Балдәурен РОСО тәрбиелеу жұмысының жүйесі – бұл тәрбиенің адамгершілік қағидаларына сәйкес педагогикалық мақсаты мен міндеттерін белгілеп, жасөспірімдердің қоғамдық маңызды шығармашылық іс-әрекетерін, балалардың өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ететін және олардың талаптарына сай ұйымдастырып басқару. * Жасөспірімдердің қызығушылықтарын және қабілеттіліктерін, рухани және адамгершілік қасиеттерін дамытатын, денсаулықтарын нығайтатын педагогикалық бағдарламаларды құру және жүзеге асыру; * Педагогикалық жинақталған тәжірибені және өзіндік іс-тәжірибені және озық педагогикалық іс-тәжірибелерді ғылыми әдістемеліктерді жалпылау тарату; * Жасөспірімдердің қоғамда заманға сай әлеметтенуіне орталықта әсер ететін жағдайларды жасау; * Жасөспірімнің интеллектуалдық, психофизиологиялық, эмоционалдық, адамгершілік әлемін дамытудың ең тиімді инновациялық педагогикалық технолгияларын модельдеу және тәжірибеден өткізу; * Педагогикалық істің нәтижесін көтеру мақсатында «Балдәурен» тәрбие жұмысының іс-әректін сараптау әдістерін іздестіру және ізгілендіру; * Жасөспірімді кең көлемде табиғи-климаттық жағдайларды және ең тиімді әдіс тәсілдерді пайдаланып сауықтыру дегеніміз-оның күш-жігерін психологиялық ахуалын адамгершілік қасиеттерін дамыту; * Уақытша балалар бірлестіктері жағдайында жұмыс істейтін, педагог кадрларды дайындау және қайта даярлықтан өткізу; Әдістемелік, қарым-қатынастық, ғылымилық, озық іс-тәжірибені меңгеру және өзінің жеке іс –тәжірибесін тарату. Оның жан – дүниесі өмірдің қуанышын қалайтындай, Өз жүрегіңнің жылуын өзгелерге сыйла. Орталықтағы балалардың бас тәлімгерлері – ұйымдастырушы ұстаздар болып табылады. Брақ балалар оларды ерте кездердегідей жетекшілер – деп атайды. Вожатый – дегеніміз - ол өзінің соңынан ергендерді қызықты және танылмаған ғажайып әлемге жетелеп апаратын бастаушы. Ұйымдастырушы – ұстаз жетекші осы сөздің мәні мен мағынасын түсініп көріңіздеші. Ол жеті әріптен құрылған,ал жеті саны қасиетті сан . Ертеден жеті саны қасиеті және киелі деп саналған: Аптада жеті күн, Кемпірқосақтың түсі жеті түрлі, жеті нота, әлемнің жеті кереметі және т.б. Біреулер айтқандай ұйымдастырушы – ұстаз ол мәртебе емес ол жаныңның жақсы күйі, және де онымен келіспеуге болмайды. Түсіндіруге қиын әрине, ертемен 6-дан тұру, кешке түнжарымы ауғанда жату, ал күнімен балалармен көптеген міндеттерді орындау, өзінің білімі мен біліктілігін қамқорлығындағыларға беру осыншама сарқылмайтын күш - қуатты қайдан алады десеңізші. Жыл сайын тәрбиеші жетекшілер (вожатыйлар) тәрбиешілер шеберлік курстарын өтеді. Өздерінің жеке авторлық жобаларын жасайды. Балалардың Өсу Акдемиясы және Балалардың Ұлы Жаңалық тарды Ашу Институты (Детская Академия Роста и Детский Институт Великих Открытий) бағдарламалары бойынша жұмыс жүргізеді. Бағдарлама авторлары орталық мамандары Е.Н. Виговская және Д.В Лепешев. Бұл жұмыстар балалардың ғана емес, сонымен қатар ұйы мдастырушы ұстаздардыңда шығармашылық белсенділіктерін көтереді. Осы жұмыстардың нәтижесін балалардың үйлеріне қайтардағы сөздерінен байқауға болады. Олар кетерде осы жерге қайта келгілері келетіндіктерін және өз ұйымдастырушы ұстадарын сондай қатты жақсы көріп, ұнатып қалғандықтарын айтып, хат жазып хабарласып тұруларын өтінеді, қайтсе де қайта кездесу мүмкіндіктерін қалайтындықтарын айтып, қимай қоштасып жатады. ## Дереккөздер
Жәкен Омаров Қазыбекұлы (19.5.1974 ж. туған, Отырар ауданы Қожатоғай ауылы) – айтыскер ақын, әнші, термеші, композитор. Шымкент педогогикалық мәдениет институтын мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы-педагог мамандығы бойынша бітірген (1995). Шымкент облысы Жастар одағы комитеті мәдениет бөлімінде еңбек жолын бастады. Түркия Республикасы Ыстамбұл қаласындағы ауыл Иасауи атындағы Білім және парасат қоры дін курсын бітірген (1997). Бүгінге дейін осы қордың Алматы қаласында ғы мәдениет бөлімін басқарады. Рухани ұстазы қаласында Сарыбаевтың бапкерлігімен мектеп жасында-ақ республикаға танымал айтыскер ақын атанған О. 1988 – 2001 ж. аралығында өткен К.Омаров, Майлықожа, Қажымұқан, М.Мақатаев мерейтойларына арналған айтыстар, «Студенттер көктемі», «Ұлытау үні» фестивалі, супер-дода,туғанб республикалық. айтыстардың жеңімпазы. республикалық. термешілер байқауының бас жүлдегері. Саз өнері, жазба поэзиясында да өзіндік қолтаңбасы бар О. – көпшілік сүйіп тыңдайтын көп әндердің авторы. О. – «Зікір-Аллаһ, Нұр-Аллаһ» әндерімен қазақ даласына илләһи жанрын (діни әндер) тұңғыш таратушы. ## Дереккөздер
Челюскин мүйісі — Еуразияның ең солтүстік нүктесі (77°43` с.е. және 104°18` ш.б.) және Таймыр түбегінің солт. шеті. 1932 жылдан Полюстік ст. жұмыс істейді. Мүйіс оны алғаш ашқан (1742), Ұлы Солтүстік экспед-на қатысушы С.И. Челюскиннің құрметіне аталған.
Есенбике — 18 ғасырда өмір сүрген Қаратай батырдың қызы, Олжабай батырдың шешесі. Есенбике кішкентайынан Айдабол бидің бәйбішесінен туған кенже ұлы Кенжеқозыға атастырылған. Алайда Кенжеқозы жастай өліп, Есенбике Айдабол бидің бәйбішеден туған екінші ұлы Малқозының баласы Толыбайға (басқа құжаттарда Төлебайға) ұзатылады. Мәшҝүр Жүсіп Көпеевтің дерегі бойынша, Толыбай кедей адам болған. Ал Ә.Марғұланның жазуынша, Толыбай 1723 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде оққа ұшып, Есенбике баласы Олжабайды Қаратай батырдың тәрбиесіне беріпті. Аңыз бойынша, Олжабай батыр ең алғаш рет сол нағашы атасы Қаратай батырдың туын ұстап, ұрысқа кіреді. Ел аузында есімінің сақталуына қарағанда, Есенбике Олжабайдың батыр болып қалыптасуына көп әсерін тигізген. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау
Көпбай Омаров (3.1.1929, Созақ ауданы Сызған ауылы – 1989, Ташкент) – айтыс ақыны.Көпбай Омаровтың 2 ұл, 4 қызы бар.Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы педогогткалық институтын бітірген (1950). Ұстаздық қызметі 1950 жылдан басталып, осы салада үздіксіз 40 жыл еңбек еткен. Берен атындағы орта мектепте өмірінің соңына дейін ұстаздық етті. Бұл мектеп қазір Көпбай Омаров есімімен аталады. 1964 жылы Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының ақындары қатысқан айтыста 1-орын алған. Бұдан кейінде талай айтыстардың жеңімпазы болды. Ол нағыз суырыпсалма ақын әрі асқақ үнді әнші. Тайжан, Нартайдәстүрін жалғастырып, жез сырнайға әсем үнін қосқан Көпбай Омаров музыка аспаптарында шебер ойнайтын. Сүгірдің «Қаратау шертпесі» мен «Бозінген» күйлерін нақышына келтіре орындайтын. Ақын 1989 жылы мамыр айында Өзбекстан мен Қазақстан ақындары арасында өткен айтысқа қатысты. ## Дереккөздер