text
stringlengths 3
252k
|
---|
Шәкен Ниязбеков ауылы (2021 жылға дейін – Бесжылдық) — Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық округінің құрамында.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Аса ауылының шығысында 15 км жерде, құрғақ қоңыржай-жылы агроклиматтық белдемде орналасқан. Топырағында жусан, баялыш, күйреуік, бетеге, бидайық, т.б. астық тұқымдас шөптер өседі.
## Халқы
Бесжылдықта шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Ауыл маңы табиғаты
Ақтөбе қалашығы - ауылдан 0,5 км жерде.Машахай төбесі - ауылдан 5 км жерде орналақан, биіктігі 5 м, төбесі қазіргі кезде бейіт.
## Дереккөздер |
Аққайнар (1993 жылға дейін — Прудки) — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Аққайнар ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде, Самсы өзенінің оң жағалауында орналасқан. Іле Алатауы мен Жетіжол жотасының түйіскен жеріндегі тау етегінің қуаң агроклиматтық белдемінде жатыр.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Аққайнарда орта мектеп, клуб, медпункт т.б. мекемелер бар. Аққайнар тұрғындары аудан орталығымен және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Мысықтабан (лат. Antennaria) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, кейде шала бұта түрі де кездеседі.
## Таралуы мен өсетін жері
Дүние жүзінде 50 (кейбір деректерде 100) түрі белгілі. Қазақстанда құмды жерлерде, шалғындарда, тоғайлар мен орманның ашық жерлерінде өсетін 1 түрі – Қосүйлі мысықтабан ( Antennarіa dіoіca).
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 3-30 см.
* Төсемелі тамырынан бірнеше жіңішке бұтақтар өсіп шығады.
* Гүлі жетілетін сабағы дара болады.
* Жапырағы қалақ тәрізді, жапырағының да, сабағының да сыртын ақ түсті түк жапқан.
* Гүлі қос жынысты, түтікше пішінді себетте орналасқан. Гүлшоғыры – шашақ.
* Мамыр – шілдеде гүлдеп, маусым –тамыз айларында жеміс салады.
* Тұқымы ұсақ, сырты жылтыр, айдаршасы болады. Мысықтабан – дәрілік өсімдік.
## Дереккөздер |
Үлкен Бақтыбай – Мұғалжар тауының орта тұсындағы тау.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы жерінде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 657 м, салыстырмалы биіктігі 200-220 м. Тау Мұғалжардың ең биік жері саналады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 12 км-ге созылған, енді жері 7 км-ге жетеді.
## Геологиялық құрылымы
Жер қыртысы кембрийге дейінгі және палеозойлық кварцит, тақтатас, гнейс және граниттен түзілген. Оның бетін девон мен көмір кезеңдерінің құмтасы мен әктасты шөгінділері жапқан. Үлкен Бақтыбай тұсында мыс, молибден, вольфрам, т.б. кен байлықтары шоғырланған. Олардың кейбіреулері өндірілуде.
## Жер бедері
Таудың шығыс беткейі тіктеу келген. Бұл бөлігіндегі бұлақтардан Қауылжыр (Кәуілжір) өзені бастау алады. Солтүстік етегінде Жем қаласы, шығысында Біршоғыр темір жол станциясы орналасқан.
## Өсімдігі
Етегіндегі қиыршықтасты сұр, сортаңды сұр топырағында бұта аралас жусан, боз, бетеге, сұлыбас, тауаралық шатқалдарда көктерек, тал, мойыл ағаштары өскен.
## Дереккөздер |
Бескөл — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Бескөл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласының шығысында 10 км-дей жерде, Ақтоғай-Достық темір жолы бойында орналасқан. Алакөл көлінің оңтүстік-батысындағы сұр топырақты қоңыржай құрғақ агроклиматтық белдемде жатыр.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Ауылда шаруа қожалықтары, мекемелер мен кәсіпорындар жұмыс істейді. Орта мектеп, бала бақша, дәрігерлік пункт, т.б. бар. Ауыл тұрғындары Үшарал қаласымен және т.б. елді мекендермен автомобиль жолы және темір жолмен қатынасады.
## Дереккөздер |
Бес кітап, Тора, Таурат — Інжілдің бір бөлігі болып табылатын Көне Өсиеттің алғашқы бес кітабының аты. Бес кітапты еврейлер Тора (яғни, “нұсқау”, “ғаламға жетекші”), мұсылмандар Таурат деп атайды. Оған “Жаратылыстың басталуы”, “Шығу”, “Левит”, “Сандар”, “Екінші заңдастыру” кітаптары (бөлімдері) жатады. Бес кітапты Мұса кітабы деп те атайды, ол осыдан 3300 жылдан астам бұрын, Синай тауында Мұса пайғамбарға уахи келгенде түсірілген кітап болып есептеледі. Зерттеуші ғалымдардың (Ж. Астрюк) болжауынша, Бес кітап б.з.б. 444 ж. шамасында біржола құрастырылып болған. Еврейлердің дәстүрінде Тора деп кең мағынада Бес кітаптың өзін (Танах) және оған түсініктемелерді (Мишна, Талмуд) атайды. Бес кітап жаратылыс туралы, Адам Ата мен Хауа Ана, топан су, көне еврейлердің патриархтары (Ибрагим, Жақып, Ысқақ, Жүсіп, т.б.) жайында әңгімелейді. Сол сияқты онда еврейлердің тарихына қатысты көптеген оқиғалармен қоса (көбінесе, Мұса төңірегінде) яхуди дініне қатысты заңдар мен рәсімдер жазылған. Бес кітаптың негізгі идеясы — жалғыз ғана Құдайға (Яхве, Иегова) сыйынып, дін жолымен жүріп-тұру, еврейлерді Құдай таңдаған халық ретінде уағыздау. Таурат ислам мойындайтын төрт қасиетті кітаптың біреуі ретінде шариғат заңдарының, мұсылмандық дүниетанымның қалыптасуына едәуір ықпал еткен.
## Дереккөздер |
Ақ қайран (лат. Leucіsсus іdus) — Қауырсын қанаттылар класының Тұқытәрізділер отрядының Тұқылар тұқымдасына жататын тұщы су балығы. Қазақстанда кең тараған.
Дене тұрқы 60 – 70 см-ге жуық, салмағы 2,5 – 4 кг-ға жетеді. 4 – 6 жасында жыныстық жағынан толысып, наурыз – сәуір айларында тасқа, су өсімдіктеріне уылдырық (114 мыңға дейін) шашады. Шабақтары 3 – 4 жылда толысады. Жәндіктермен, ұлулармен және су өсімдіктерімен қоректенеді.
Европадағы Рейн өзенінен бастап Шығыс сібірдегі Колымаға дейінгі өзен-көлдерде кездеседі. Ақ қайран – кәсіптік маңызы бар балық. Еті дәмді, азықтық сапасы жоғары. Онда 19%-ке дейін белок бар. Түсі ақ, аздап сарғыштау, кейде қызғылтым болады, қылқан сүйегі көп. Аққайранды тұздайды, ыстап келтіреді, одан консерві дайындайды. Сонымен бірге, оны қуыруға, асуға, қақтан кептіруге, сондай-ақ одан бәліш үшін начинка (фарш) жасауға болады. Қолға үйретілген сәндік түрі тоғандарда өсіріледі, спорттық мақсатпен де ауланады.
## Дереккөздер |
Үлкен Борсық — Арал теңізінің солтүстік-батыс жағасынан Ақтөбе облысының Шалқар қаласына дейінгі аралықты қамтитын құмды алқап.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерінде.
## Жер бедері
Ұзындығы 200 км-ден астам, ені 25-30 км (теңіз жағалауында 80 км-ге дейін кеңейеді). Ауданы 3300 км2. Мұғалжар тауы мен Шағырай үстіртіне жалғасқан батыс бөлігі ойдым-ойдым шағын көлдер мен сортаңдар тізбегінен тұрады. Құм жағалауларында қыстаулар (Ойық, Итжеміс, Ақши, Шұқыр, т.б.), қоныстар (Қабырғайтау, Сарыбұлақ, т.б.) және құдықтар (Қосшыңырау, Аққұдық, т.б.) жиі кездеседі. Жер бедері төбелі-белесті, өсімдікпен бекіген құмды жазық. Жер асты суы 1 — 25 м тереңдіктен шығады.
## Геологиялық қүрылымы
Негізінен палеоген тау жыныстарының үгілуінен қалыптасқан, тек солтүстік-батыс бөлігі ғана жас аллювий шөгінділерінен түзілген.
## Климаты
Қысы қатаң, жазы ыстық; қаңтардың орташа температурасы –12 — 15 С, шілдеде 25 — 26 С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 — 150 мм.
## Өсімдігі
Қоңыр топырақта жусан, жүзгін, шеңгел, изен, сексеуіл, т.б. өседі. Мал жайылымы.
## Дереккөздер |
Бесқала — Қоңырат, Ходжейлі, Шымбай, Нөкіс және Төрткүл қалаларының 18 — 19 ғасырлардағы жиынтық атауы. Бесқала атауын негізінен Кіші жүз қазақтары қолданған. Олар әр жылы Бесқалаға керуен шығарып, базарда сатқан малының ақшасына астық, киім-кешек, т.б. бұйымдар мен заттар алып қайтатын. Бесқала атауына ие болған қалалар қазір Қарақалпақстан Республикасы құрамында.
## Дереккөздер |
Шылаң (лат. Potamogeton) – өзі аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық су өсімдіктері. Жер шарында кең тараған, 100-ге жуық түрі белгілі.
Қазақстанның барлық су айдындарында (тұрып қалған суларда, ағысы баяу тұщы суларда немесе тұзды суларда) кездесетін 21 түрі бар. Бұлардың көпшілігі су астында, 2,5 – 3 м тереңдікте тоғай құрып өседі, кейде жоғары жапырақтары су бетінде қалқып жүреді. Гүлдері ұсақ, қос жынысты, масақ гүлшоғырына топталған, негізінен су астында дамиды; протогиниялы (гүл аналықтары аталықтарынан бұрын пісіп жетіледі). Көбінесе желмен, кейбір түрлері сумен тозаңданады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі жаңғақша немесе сүйекше тәрізді. Шылаңдардың барлық түрі – тұщы су флорасының негізгі құраушылары. Су түбіндегі шылаңдар түзген тоғайларға көптеген балық түрлері уылдырығын шашып, майшабақтары тіршілік етеді. Кейбір түрлері ондатрдың, кәмшаттың және су құстарының қорегі болып табылады. Кейде шылаңдардың ну тоғайы кеме қатынасына кедергі жасайды.
## Дереккөздер |
Үлкен Бергіел мұздығы, Үлкен Берел мұздығы – Алтайдағы Қатын жотасының (шығыс жағының) оңтүстік беткейінде, Ақ Берел өзенінің бастауында орналасқан. Алтайдың ең биік жері — Мұзтау шыңына көршілес жатыр.
## Аумағы
Ауданы 10,3 км2 (моренасымен қоса 12,2 км2), ұзындығы 10,4 м, мұзының көлемі 0,89 км3. Ең биік жері 4505 м (Мұзтаудың шығыс жағы). Мұздық тілі 2050 м-ге дейін төмендейді, қар жиегі 3100 метрден өтеді. Мұзқар алаңы 5,6 км2.
## Дереккөздер |
Үлкен Бөкен — Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл, Үлкен Бөкен ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан шығысқа қарай 26 км жерде, Үлкен Бөкен өзенінің жағасында, сайлы-жыралы келген дала белдемінде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1932 жылы асыл тұқымды мал өсіретін “Шегелек” кеңшары негізінде қаланған. 1936 жылы мұнда ауылдық кәсіптік-техникалық мектеп ашылды. 1996 жылы кеңшар таратылып, оның негізінде “Шегелек”, “Мекен” шаруа қожалықтары құрылды. Округ аумағында Ақтас, Жалсары, Тентек ауылдары орналасқан. Олар арқылы Көкпекті — Өскемен автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Шылапшын– металдан жасалынған ыдыс. Кейде леген, жам деп те аталады. Сыйымдығы 3 – 8 л. Ернеуі қайырылған, түбі тегіс. Оны кір жууға, қолға су құюға, тағы басқа мақсаттарға пайдаланады.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы, 9 т. |
Бесқарағай — Павлодар облысы Аққулы ауданындағы ауыл, Қызылағаш ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Аққулы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км-дей жерде, Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1930 жылы қаланған. Бұрынғы “Бесқарағай” асыл тұқымды кеңшары негізінде ауылда шаруа (фермер) қожалықтары құрылған.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаториялық пункт, т.б. мәдени-ағарту мекемелері бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Үлкен Бөкен – Ертіс алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Абай облысы Көкпекті ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 184 км. Су жиналатын алабы 3450 км².
## Бастауы
Қалба жотасындағы Талды тауының оңтүстік беткейінен басталып, Үлгілі ауылы тұсында Бұқтырма бөгеніне құяды.
## Гидрологиясы
Басты салалары — Ақтасты, Бөкімбай, Жомба, Кіші Бөкен. Өзен атырабы қыратты (биіктігі 700 — 1000 м), аңғары мен арнасы шатқалды. Жауын-шашын, ішінара ыза суынан толығады. Суы жазда тұщы. Ағысы жыл бойы тартылмайды. Жылдық орташа су ағымы Сүлеймен ауылы тұсында 8,64 м³/с. Суы Ақтоған, Дәулет, т.б. каналдар арқылы егін, шабындық суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Жолан Төлеұлы' – батыр, Төле бидің баласы.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
Жолан қазақ жерлерін жоңғарлардан азат ету кезіндегі бірқатар шайқастарға қатысқан. Екі рет Жоңғар қонтайшыларының қолында аманатта болып, ғұмырының 14 жылын сонда өткізген. Жолан көршілес қырғыз халқымен арадағы даулы мәселелерді шешуге ат салысып, мәмлегерлік қызмет те атқарған. 1758 жылы Цин империясына Хангелді батырдың інісі Пұсырман би мен Меңнияз би, Жолан батыр бастап үшеуі қытай еліне елшілікке барған. Бұлардың осы сапарын сол заманның салт-дәстүрі бойынша италияндық суретші Джузеппе Кастильони салыпты. Бұл жайында «Мәдени Мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Алматы «Дайк-Пресс» баспасынан 2005 жылы жарық көрген «Қазақстан Тарихы туралы Қытай деректемелері» атты кітаптың ІІ-ІІІ томында берілген. Ол кітапта: - "Міне биыл Төле бидің жасы 93-ке келді, Хангелді болса, ол да 70 жасқа толған, сондықтан олар өздері ұзақ жол жүре алмайды. Осыны ескере отырып, біз, Әбілпейіз хан, Төле би, Хангелді және Сасық би ақылдаса келіп, Төле бидің ұлы Жолдан мен Хангелдінің аталас бауыры Босұрманды /мұсылман, пұсырман/ елші етіп жіберіп, біздің атамыздан патшамен дидарласып келсін деген шешімге келдік. Олар өздерімен бірге патшаға беретін сыйлық ретіндегі 3 бөлік ат (Үш үйір атты мңзеп отыр) пен амбанға (Губернатор) беретін сыйлық ретіндегі 1 бөлік атты апармақ" - деп жазылған.
Тарихта алып аждаһа атанған Қытай мемлекетiнiң басшысымен осындай келiсiмге келу, әлбетте, оңай шаруа болмағаны анық. Бiрақ Жолан мұның үдесiнен шыққан. Осы ерлiгiнiң өзi-ақ, оның есiмiн қазақ тарихының бетiне алтын әрiптермен жазуға жеткiлiктi. Бұл сапардағы әңгiмелер мен түзiлген келiсiм-шарттар тұтас бiр кiтапқа арқау боларлық дүние. Міне, Жолан Төлеұлы осындай тұлға болған.
Ал парижден табылған құнды суреттің фотокөшірмесін қазақ топырағына әкелген профессор Меруерт Әбусейітова болса, тарихын салыстыра зерттеп, 1758 жылы Жоңғар хандығы талқандалғаннан кейін Цин императорына елшілікке барған Жолан Төлеұлы бастаған Пұсырман би мен Меңнияз қожа екенін анықтаған профессор Сейітқали Мәдуанов. Фотокөшірмені жасаған суретші Асейн Жұмабеков, ал жоба жетекшісі айтулы өнер шебері Ерболат Төлепбай. Сол секілді, ұлттық тарихқа қосылған дүниені елге жеткізіп, игілікке жарату ісін ұйымдастырған азамат Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жоланның тікелей ұрпағы Мүсілімбай Дайырбеков екенін де айта кетуіміз керек. Жолан батырдың Баба, Жәнібек, Байгел, Жақабай, Жайылмас, Оратан, Бостан есімді ұлдары болғандығы белгілі. 1906 жылы Сайрамсу бойына келімсектердің қоныстаныуына қарсы шыққан Досалы би Жоланның тікелей ұрпағы. Жоланның бәйбішесі Данагүл де ақылы дария дана әйел болған. Ол туралы ел аузында көп әңгімелер сақталған.
Атақты Төле би: «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды, деген. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды? Ердің бақытын кетіретін де әйел, ерге бақыт әперетін де әйел». Осындай ой құшағында жүрген Төле биге Түрікмен елінен елші келіп:─ Бір жылдан бері бітпей жатқан дауымыз бар еді, соған билік жасаңыз, – деп шақырады. Жер шалғай болса да Төле би Түрікмен еліне барып, дауласқан екі жақты татуластырып қайтады.Аттары болдырып, шөлдеп-шөліркеп келе жатқан жолаушылардың алдынан бір топ атты қыз-келіншек көрінеді. Ол топтың ішінде Данагүл дейтін кедейдің қызы да бар еді. Жалғыз көк шолақ атына мініп, байдың қыздарымен тойдан қайтқан беті еді деседі.─ Әй, қыздар, тоқтаңыздар, аттарыңыздың басын тартыңыздар. Жоғарыдан бір қатар аттылар келе жатыр, алдынан кесе-көлденең өтпейік, үлкен кісілер болса батасын алып, алғысына бөленейік. Атты кісілер алдымыздан кесіп өтсін. Сонан соң жүрсек те ауылымызға жетерміз, – дейді Данагүл.Қызыл-жасыл киген қыздар жол кеспей иіріліп тұрып қалды. Топ алдындағы Төле би мұны алыстан көріп, байқап келе жатады. Қыздардың алдарынан өтіп, ұзап кеткен соң, қасындағы жолдастарының біреуіне:─ Анау алдымызды кеспей кейіндеп қалған қыздарды шақырып келші,- депті. Ол шауып барып, қыздарды шақырып келді. Жақындай бергенде Данагүл атынан түсіп жаяулап:─ Қыздар, бәріңіз де аттан түсіңіздер. Жаяу барып сәлем берелік. Үлкен кісіларге атпен тасыраңдап жетіп барып сәлем бергеніміз ұят – дейді. Барлық қыз аттан түсті. Жаяу жүріп келіп, бәрі басын иіп, сәлем берді. Төле би:─ Қарақтарым, өркендерің өссін, бақытты болыңдар қай ауылдың баласысыңдар,- дейді қуанып.─ Сыйқым ауылының баласы едік.─ Сендер алыстан бізді көріп, тосып тұрдыңдар. Әлдеқашан өтіп кететін уақыттарың болып еді. Не себептен тостыңдар соны айтыңдар?Қыздар жауап таба алмай Данагүлге қарады. Ол:─ Аталар, біз сіздерді алыстан көріп, араларында ер бастаған батыр бар шығар, сол ерге ақыл айтқан ақсақалы бар шығар. Үлкен кісілердің батасын алалық, жақсыны көрмек үшін, көрмеген аталарымыз болса көрелік. Аты-жөнін білейік деп тосып тұрдық, – дейді.─ Қарағым, сенің атың кім? -дейді Төле би.─ Атым Данагүл, ата.─ Әкеңнің аты кім?─ Әкемнің аты Алакөз. ─ Жақсы, шырақтарым, өркендерің өссін, құдай тілеулеріңді берсін. Жарайды енді, аттарыңа мініңдер, – деп Төле би батасын беріп жүріп кетті.─ Тарт Сыйқым ауылына,-дейді былай шыға бере жолдастарына. Сыйқым ауылына жақындап келгенде бір серігін шаптырды.─ Бар Алакөзге, ауқатты адам ба екен, нашар адам ба екен? Қандай адам екен? Хал-жайын біліп, біз жеткенше қайта орал.Орта жастағы әйел шапқыншыға шидің ішінен бір тостаған айран ұсынды. Шөлдеп келген адам айранды тұшына жұтып, басын көтере бергенде, үйге ұзын бойлы отыз бес-қырықтың ар жақ, бері жағындағы жігіт ағасы кіріп келді.─ Ассалаумагалейкум!─ Уағалейкумсалам! Иә, Алакөз деген сіз боласыз ба?─ Мен боламын.─ Үйіңе мейман келеді. Төле биді білесіз бе?─ Ойбай білмегенде ше? Оныңыз не дегеніңіз? Төкеңді кім білмейді. Ол кісіні бүкіл қазақ түгілі өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түркімен түгел біледі емес пе?Шапқыншы қайта шауып кетті. Алакөз де атына мінді. Келін сәлем беріп, Төле биді серіктерімен үйіне әкеп түсіреді. Алаша киіз жетпегенге қамыс төседі. Үй кісіге толды. Жалғыз сиырының айранына суды қосып жіберіп шалап жасап, бір-бір тостағыннан сусын ұсынды. Біреулерді жүгіртіп, байлардың үйінен самауыр, қарызға нан алдырды. Ауыл хабарланып, жиналып қалды.«Ой, Алакөздің үйіне Төле би келіп түсті. Қасында бір топ жолдасы бар», деген хабар байға да жетті. Домаланып ол да келді. Келіп, «О, Төке» деп сәлем беріп шұрылдасып жатыр.─ Төке, біздің үйге неге түспедіңіз? Мынау балаңызды ұялтқаныңыз қалай?─ Халқым үшін, кедейлерді есіме алмасам, онда әділет бола ма? Байға жақ боп кедейдің ақысын жібермесем, онда жұрт әділетті деп айтар ма еді!? Мейірімім түсіп мына Алакөздің үйіне қонақ болғым келді. Ал енді бәрің бірдей ағайынсыңдар ғой, құрметтерің болса істей беріңдер.Мал сойылып, ауыл адамдарының бірсыпырасы жиналып, әңгіме тындап, Төкеңмен бірге отырды.Табаққа бата беріп болғаннан кейін жерде Төле би басты қасқалап пышақпен кесті де, бір ұртын өзі аузына салды. Бір құлағы мен таңдайын алып:─ Қарағым, Данагүл, келші өз қолымнан ұсынайын. Құлақ пен таңдай бергенім, айттырмай біліп, өсиетімді жұртқа жайып жүретін балам бол, міне, – деп ұсынды. Данагүл келіп еңкейіп, қолына алып:─ Рахмет ата. Айтқаныңыз қабыл болсын, – дейді басын иіп.Жолаушылар қонақ болып жатты. Таң атты. Шай ішіп отырғанда Төле би: ─ Оу жігіттер, мына Алакөз мырзамен құда болғым келіп отыр. Данагүл балама мейірімім түсті. Бұйрық болса, бала етіп алсам деп отырмын. Мен де кедей адаммын. Алакөз де кедей адам. Қоралап айдап беретін малым жоқ. Сондықтан мұныкі менікі, менікі мұныкі. Екеумізге екі бала ортақ. Ниетім қалыс. Қабыл көрсең, Алакөз қарағым, тапқанымыз екі баланыкі, – дейді. Алакөз әйелі екеуі орнынан ұшып түрегеп жылап қоя берді.─ Би аға, бүйтіп дүниеге келіп, бізге бала бітіп, ол баламызға сіз секілді адамның мейірі түсіп, үйімізге келіп құда болады. Би аға өле-өлгенше баламыз сіздікі. Ерлі-байлы екеуміздің мал-жанымыз да осы баланың жолында. Сіз бізді елегеніңізге, осынша мейірманшылықпен бізге мейіріңіздің түскеніне ризамын.─ Ал ендеше олай болса, мінеки, балам Бәйдібектің батасы болсын, әумин. Қолынды жәй: «Ақылды, абыройлы, мейірлі, рақымды, кішіпейіл, киелі, айтқаны әділ, тілегі қабыл, өмір-жасы ұзақ, халқына қадірлі, жұртына сүйкімді, әке-шеше, туыс-туғанына жағымды, арты үбірлі-шүбірлі, алды қоқырлы, нәсіпті болсін. Аллауәкпар!» – деп бата береді.Арада ай өтпей Төле би Данагүлді ауылына келін етіп түсірді. Келіні өзінің ойынан шығып, күткендегідей болды.─ Балам, Данагүлім, өзімнің ұлым қандай болса, сондай болып жүре бер. Атаға көрінбей қашып кетуді қой. Ол ескірген әдет. Мен болсам, халық үшін жүрген адаммын. Көбінесе түзде жүремін. Үйдің, ауыл-абаның, бәрінің ақылшысы өзің бол, шырағым. Шаруаны да өзің басқар. Тізгін-шылбырды қолыңа ал – деп келінін қызындай көріп, титтей нәрсе болса, ақылдасып отыратын болады. Бір жақтан жолаушылап келсе үлкен кісідей келініне көрген-білгенін айтып, сұрақ қоя сынап, ауылдағы шаруаның жайын әңгімелетіп, үнсіз тындап отырады екен.Көп ұзамай-ақ келіні ел аузына ілікті.─ О, Төле би тегін кісі емес қой. Келінді тауып алды. Шүкірлік, келіні ауыл-аймақ, ағайын-ата туғанға түгел ақыл беруге жарайды, – десті жұрт.Төкең сыртта алты алашқа билік айтса, келіні ауылдағы ағайын-туғанға билік етті.
*
*
*
*
*
Төле бидің қырық қарақшыға тап болуы!!!!!!
─ Қайсы жолмен жүрсек екен? Бір жол бар шөл жағалап кетеді. Ол төте жол. Қызылқұмды кесіп ел жағалап он күн жүргенше, шөлмен кетсек ауылға төрт-бес күнде барамыз. Осының қайсысымен жүреміз? – дейді жолдасы.─ О, батырым, қарын ашпай тамақ тәтті болмайды. Жолаушы жүрмей, ер қадірлі болмайды. Қиыншылық көріп, қарның ашпай ас қадірін білмейсің. Жаяушылық көрмесең ат қадірің білмейсің. Ел жағалап жүрміз ғой. Салт аттылымыз, сабау қамшылымыз. Төтелеп тартып, шөлмен жүріп көрелік. Азар болса, үш-төрт күн далаға түнерміз немесе малшыға түнерміз. Малшы кезекпесе аңшыға түнерміз. Тәуекел, шөлмен төте тарталық,-дейді би.Екеуі шөлмен тартты. Елден шығып, екі қонып, үш қонып келе жатты. Бұлар келе жатқан шөлді қырық қарақшының жайлап жүрген кезі еді. Олар кезіккенді тонап, елден мал ұрлап, ешкімге маза бермей жүрген қарақшылар.Үшінші күні Төле би жолдасы екеуі қырық қарақшыға тап болды. Бас салып, сөз сөйлеуге мұрша бермей, қолға түсіреді. Олар қолға түскен адамның Төле би екенін білген жоқ. Атын тартып алып, киімін тонап, екеуін шөлге тастайтын болды. Төкен өзінің кім екенің айтпады.─ Әй, жігіттер, сендер бәріңде батырсыңдар. Сендерге мал керек пе, жан керек пе? Жан керек болса бір шал мен бір жігітті өлтіріңдер де ат-тонын алындар. Ал, енді, мал керек болса, мен бір қора мал берейін. Екеумізді босатыңдар.─ Бізге, әрине, мал керек. Біз осы шөлде не үшін жүрміз? Мал үшін жүрміз. Қара басың қалқиып малды қайтып бересің? – дейді.─ Менің малым көп бай адаммын. Жүз түйем, жүз жылқым бар, қатын, бала-шағам бар. Жасым алпыстан асты. Маған жанымнан мал артық па? Өлсем артымда қалмай ма? Оның ебін өзім айтайын. Ақылыңа сыйса тыңда. Мен ауылыма хат жазайын. Кенже ұлыма құда түсіп біреудің кызын әпермек болдым. Соған қырық құнан атан, жиырма бура, сегіз ақ бас атаным бар еді. Соны берсін. Оң босағамда көмген алтыным, сол босағамда күмісім бар еді. Өзімнен басқа адам білмеуші еді, – деп Төле би қарақшының басшысына қарады.─ Алтын қадірлі ме, күміс қадірлі ме?─ Ой, алтын қадірлі. Алтыныңыз болса алтыныңызды жіберсін деңіз, – деді қарақшының басшысы.─ Онда оң босағамдағы алтынымды тұтас берсін. Дүниені жинағанда қайтемін, жанымнан садақа. Біреуің менің атыма мініңдер. Аттың тілі жоқ қой. Атыма мініп хатымды алып барсаңдар, осы малды айдап жібереді, – деп хат жазып, атын, шапанын беріп, екі қарақшыны жұмсап, өздері құдықтың басындағы қарақшылардың шайласында қалды.Екі қарақшы Төле бидің ауылына келді.─ Тосқауыл деген кісі осы қағазды беріп жіберді. Кенже ұлына қыз айттырған екен, мына малды берсін дейді.─ Бұл қалай? Төкең өз қолымен жазыпты және атын мінгізіп, шапанын кигізіп жіберіпті. Төкеңде мұндай мал жоқ, бұл не? – деп таң қалысты жұрт. Біреу оны айтты, біреуі мұны айтты. Құда болған шығар, осы малды тауып берер деп елге сенген болар, – десті. Ойласып келіп, мал жинамақ болып жұртқа салмақ болды. Сонда Данагүл:─ Сіздер түсінбей отырсыздар. Атам қырық қарақшының қолына тұтқын болып түскен екен. Қырық құнан атан берсін дегені – қырық мықты жауынгер жігіт берсін дегені, жиырма палуан берсін дегені – сегіз ақсақал берсін дегені. Оң босағадағы алтыны мен едім, сол босағадағы күмісі баласы еді. Атам мені артық көруші еді. Жұмбағымды шешер деп ойлаған екен. Алтынымды түгел берсін дегені мені алып келсін дегені, – дейді ой толғап.Отырғандардың барлығы Данагүлдің даналығына таң қалысты.─ Жарайды, мал береміз, – деп екі қарақшыны бір-екі күн қонақ етті. Үшінші күні малды жинап, екеуінің көзіне көрсетіп, жолға шықты. Екі қарақшы жол бастап келеді.Бірнеше күн жол жүріп құмның шетіне іліккен соң Данагүл:─ Ал енді жақындап қалдық қой. Сіздер алдымен барып, хабарын айта беріңіздер, – деді. Алпыс жігіт, сегіз ақсақал соңдарынан жарысып ілесіп келе жатқан еді. Ойларында дәнеңе жоқ екі қарақшы оза шауып, шайлаға барды:─ Біз бардық, айтқаны рас екен. Малды берді. Бай шал екен. Екі-үш малшысы айдап келеді. Біз хабар айтқалы бұрын жеттік.Қарақшылар қуанып, жайма-шуақ болып, аттарын қоя беріп жайғаса жатты. Бәрінің басында «мал келе жатыр, олжаға қарық болдық» деген ой.Күн батысымен қалың қол сау етіп құдықтың басында қанен-қаперсіз жатқан қарақшыларды тырп еткізбей қоршап алды. Қырқын да матап байлады. Сондан соң Төле би бәріне арнап сөз сөйледі.─ Ғұмыр біреу, кезек екеу деген. Сендерге өлім керек пе, өмір керек пе? Кешегі күні тұтқынға мен түсіп едім, бүгін сендер түстіндер. Дүние кезек деген осы болады. Маған сендердің аттарыңның керекгі жоқ. Бес-алты күн сендермен дос болып қалып едім. Тілімді алсаңдар әлі де болса, ақылымды айтып ара түсейін. Бәріңнің елге пайдаларың жоқ, жарлының жалғызын тартып ап жылатасыңдар.Айдалада не қатын жоқ, не балаң жоқ қаңғып өмір сүресіңдер. Зорлық түбі қорлық деген. Жетім мен жесірге, жалғыз-жарымға жасаған қорлықтарың бүгін мойындарыңа түсіп отыр. Жазықсыз өлген жандардың қаны үшін сендерді қырып жіберсек, шамамыз жетеді. Оны біліп тұрсындар.Менің атым Төле би. Жәбір шеккен жанға болысып, оны азаптан құтқаруға асығамын. Әлі де болмаса мен сендерге болысайын. Тілімді алсаңдар өлтіртпеймін. Сендер бұл кәсіпті қойыңдар. Тәубаға келіңдер. Мына менімен бірге жүріндер. Қатының жоғына қатын, малың жоғына мал, үйің жоғына үй алып беремін. Халықпен бірге өмір сүріп, адал кәсіп істеңдер. Таза адал еңбек істеңдер, қарындарың тояды, біреуді жылатып тартап алғаның берекесі болмайды. Менің айтар ақылым осы. Осы екі жолдың қайсысын таңдайсындар?Қарақшының басшысы:─ Айналайын ағатай, айтқаныңыздың бәрі рас. Онан қашқан, мұнан қашқан қырық руданбыз. Қанша уақыт болды ел тонап, малды алдық. Керуенді де тонадық. Ішкен тамағымыз болмаса, ешқайсысы жұққан жоқ. Жырымыз жырланды, Төке, енді сырымызды айталық, – дейді.Біздің әкеміз қарақшы болған жоқ, шешеміз зұлым болған жоқ. Әрқайсымыз әр елден келген адамбыз. Біреудің істеп қойған күнәсін би кешірмей, басына өлім жазасын тудырған соң, қашып шықты. Енді біреу әкемізді құл, шешемізді күң етіп ұстаған соң, сол қорлыққа шыдамадық. Біздің де адамшылық, жігіттік арымыз бар. Әділетін айтатұғын жан болмады. Біздің әкеміз де, бабамыз да сіз екенсіз. Айтқаныңызды істелік.Басшыларының сөзін қоштап бәрі шу ете қалды. Төле би толқи сөйлейді.─ Балаларым, мен жекжатыма барып, қайтып келе жатыр едім. Он күндік жолмен жүргенше, бес күндік шөлмен жүрейік деп сендерге шарапатым тиді. Мен бір жетім емес, қырық жетімді ажалдан құтқарып, адам қатарына қосып отырмын. Соған ризамын.Төле би қырығын да ауылына алып келді. Біреуі қой бақты, біреуі түйе бақты. Әркім қолдан келген ісін істеді. Бәріне әйел алып берді. Ешкімге тигізген жоқ. Қырында өсіп-өнді. Жұрт оларға «қырық ағайынды» деген ат қойды. Бастарына мал бітті, жан да бітті.
## Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы Егемен.кз |
Шолаққорған – ортағасырлық қалашық.
Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан), 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1983 жылы Шымкент педагогикалық институтының археологиялық отряды (жетекшісі Н.П. Подушкин) зерттеген. Қала қирандысы төрт бұрышты биіктігі 15 м-ге жуық, шығыстан батысқа қарай 160 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 60 м-ге созылған үсті тегіс төбе. Сырты саз дуалмен қоршалған. Тіршілік еткен мерзімі үстінен жиналған қыш ыдыстардың сынықтарына қарап қаланың 13 – 16 ғасырлар аралығында өмір сүргені анықталды. Өкінішке орай Қаратаудың терістігімен өтетін Керуен жолының мықты бекінісі болған қаланың үстіне қазіргі кезде үйлер салынып кеткен.
## Дереккөздер |
Шолақов Ержан (1818 – 1905) – қоғам қайраткері. Орынбор кадет корпусында оқыған, генерал Перовскийдің Хиуаға жорығына қатысқан, офицерлік атағы болды. Көп жылдар бұрынғы Орал облысы Қарашығанақ болысын басқарған ол қызметі үшін бірнеше орденмен және атаулы сыйлықтармен марапатталған. 1900 жылы орыс демократ-жазушысы В.Г. Короленко Шолақовтың үйінде қонақта болған. Короленко оны өз еңбектерінде зиялы әрі зерделі реформатор деп бағалаған.
## Дереккөздер
* «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Бесқасқа — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Алшын тайпасының байұлы тармағының Беріш руынан тарайды.
Бесқасқа — жеке ру басының атына байланысты ата емес, ерлікпен аты шыққан бес адамның ұрпақтарына ортақ атау.
## Дереккөздер |
Құралай Ертісқызы Байзақова (13 қаңтар, 1958 жылы туған Алматы қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (2003), профессор (2005).
## Өмірбаяны
* ҚазМУ-ды (1980, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1983) бітірген соң осы университетте
* доцент (1992)
* кафедра меңгерушісі (2000–2005),
* декан (2005–2009),
* профессор қызметтерін атқарады.
## Ғылыми еңбектері
* «Эволюция конституционной доктрины голлизма: политические и внешнеполитические аспекты» деген тақырыпта докторлық диссертатция қорғады.
* 150-ден аса ғылыми еңбектің, 11 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Шолақов Пангерей (15.9. 1927, Орал облысы Жәнібек ауданы Жасқайрат ауылы – 5.8.1991, Алматы) – ғалым, техника ғылымының докторы (1971), профессор (1971). Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1983). Қазақ тау-кен және металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1953). 1953 – 1971 жылдары сонда аспирант, аға оқытушы, доцент, 1971 – 1987 жылдары кен байлықтарын өндіру және кешенді механикаландыру кафедрасының профессоры қызметтерін атқарған. 1987 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы архитектуралық-құрылыс институтында (қазіргі Қазақ Бас архитектуралық-құрылыс академия) кафедра меңгерушісі болды. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты кенді ашық әдіспен қазу технологиясына және кеніш ауасын тазарту мәселелеріне арналған. Ол Қазақстанда терм. ұңғыманы бұрғылау қондырғысын алғаш ұсынған және тау жыныстары қабатын терм. қазу арқылы бұзу әдісін ғылыми тұрғыдан негіздеген. Шолақовтың зерттеулері нәтижесінде Қазақстанда кеніш ауасын тазартудың жаңа техникалық жобасы жасалды. Ол 150-ден астам ғылыми еңбектің (оның ішінде 2 монография) және 2 өнертабыстың авторы. Шолақов Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
## Шығармашылығы
* Термическое бурение горных пород, Куйбышев, 1958 (соавт)
* Теория и практика обеспыливания атмосферы карьеров, М., 1973
* Рекультивация земель при открытой разработке месторождений полезных ископаемых Казахской ССР, А.-А., 1983 (соавт.).
## Дереккөздер: |
Аққойлы — қазақ халқының құрамындағы ру.
Шежіре бойынша Ұлы жүздегі Дулат тайпасынан таратылады. Аққойлы шежіресінің таратылуында бірізділік жоқ. Анығы — Дулат тайпасының Сиқым тармағынан бастау алатыны. Бір деректе Сиқымнан Жәнібек (Қарақойлы), Әлібек (Аққойлы) тарайды да, Әлібектен — Есбол, Ескелді, Қара (Аққойлы), Жәнібектен — Бабасейіт, Байсейіт, Құлансейіт, Тоқсейіт (Қарақойлы) бөлінеді. Тағы бір дерек Қарақойлыға Борас, Тоғатай, Буасты жатқызады. Мұндай ұлыстар Әзірбайжан халқының құрамында да сақталған. Ерте орта ғасырларда оғыз-түрікмен тайпалары Сыр, Үргеніш, Әмудария жағалауын қоныстанып жүргенде солардың құрамында Қызылбас жеріне, одан әрі Тебриз, Баку маңына дейін жетсе керек. Аңыз бұл әулетті 14-15 ғасырда Тигр өзенінің жоғарғы сағасын мекендеген көшпелі түрік-оғыз тайпалары бірлестігі (қ. Аққойлы мемлекеті) билеушілермен туыстастырады. Қазақ шежіресі бойынша Аққойлыдан Ілебай, Сарлыбай, Қаржау, Қайқы, Төле және Болат тарайды.
## Сілтемелер
* Қазақ Энциклопедиясы |
Бесоба — 13—14 ғасырлардан қалған күмбездер кешенінің орны. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Бозтұмсық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 км жерде.
Күйдірген кірпіштен жасаған оншақты күмбездің іргесі бар. Олардың алдыңғы беті, үстіңгі күмбезі көк бедерлі кірпіш қатарымен өрнектелген. Бедерлі кірпіш сынықтары бұзылған тамның іргесінде осы күнге дейін кездеседі. Бесоба күмбездері тегіс қирап, үйінді обаға айналған.
## Дереккөздер |
Бесоба — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Бесоба ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан батысқа қарай 73 км-дей жерде, Байқожа өзенінің сол жағалауында, бұта аралас бетеге және қау өскен тастақты қуаң далада орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1930 жылы қаланған. Мал шаруашылығымен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтары құрылған.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, кітапхана, клуб, аурухана, жұмыс істейді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Мырзабек Исполұлы Бәйкенов (1955 жылы туған) – химия ғылымдарының докторы (1999), профессор (2003).
## Өмірбаяны
* Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1979).
* Қазақстан Ғылыми Академиясының Органикалық синтез және көмір химиясы институтындаинженер, кіші ғылыми қызметкер (1983–1985)аға ғылыми қызметкер (1985–1995)зертхана меңгерушісі болды (1996–1999).
* инженер, кіші ғылыми қызметкер (1983–1985)
* аға ғылыми қызметкер (1985–1995)
* зертхана меңгерушісі болды (1996–1999).
* 2000 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
## Ғылыми еңбектері
* 1997 жылы «Каталитическая гидрогенезация угля и высоковязкой нефти» деген тақырыпта докторлық диссертатциясын қорғады.
* 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
## Дереккөздер |
Шылбыр – Сыр алабындағы өзен Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласы мәслихатына қарасты аумақта. Ұзындығы 51 км, су жиналатын алабы 220 км². Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінен басталып, Түркістан каналына құяды, суы мол жылдары Аяқкөлге құйған. Арнасы бұралаң, аңғары тоғайлы, қамысты. Қар, жер асты суымен толығады. Суының лайлылығы 400 – 800 г/м3. Көп жылдық орташа су ағымы Қарабұлақ өзеңі сағасынан 3 км төменде 0,45 м³/с.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы, 9 т. |
Бопай ханым (шамамен 1690 – 31 мамыр 1780, Батыс Қазақстан облысы Елек өзені бойы) — Әбілқайыр ханның зайыбы, ел басқару ісіне араласқан асқан сұлу, өте ақылды, ержүрек қайраткер, аузы сөзі дуалы мәмілегер.
## Өмірбаяны
Бопай Адай руынан - батыр Табынайдың үлкен ұлы Сүйіндіктің қызы. Бопай Кенесары көтерілісіне катысуды халық арасында жалықпай - талмай үндеумен жүрген, кейін өзінің 6 ұлыменбірге талай жорыққа қатысқан, 600 адамдық жасаққа қолбасшы болған әйгілі ержүрек анамыз (апамыз) Бопай. Бопай күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық казактарының, орыс бодандығындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін және бұл күрделі мәселелерді уақытша болса да, Ресей империясына бодан болу арқылы шешуге тырысқандығын терең ұғынған. Сондықтан да Әбілқайырдың осы бағыттағы саяси қадамдарына қолдау көрсеткен. Ол ханымның 1731 жылы 22 қарашада орыс патшайымы Анна Иоанновнаға, 1748 жылы 5 қазанда Елизавета Петровнаға, әр уақытта Орынбор әкімшілігінің басшыларына жазған хаттарынан айқын көрінеді.
Күйеуінің қазасынан кейін де Бопай өзінің ұстанған бағытынан таймайды. Әбілқайыр саясатының өз жалғасын табуы баласы Нұралының әке орнын басуына байланысты екендігін терең ұғынған Бопай батыл әрі ойлап-пішілген қадамдар жасайды. Орта жүз бен Кіші жүздің беделді билері мен батырларының Нұралыны хан көтеруге келісімін алғаннан кейін ғана, Бопай патшайым Елизавета Петровнаға, келесі күні бригадалық генерал А.И. Тевкелев пен Орынбор губернаторы И. Неплюевке қисынды өтініш хаттар жолдайды. Осы хаттарды жеткізу үшін аталмыш екі жүздің 8 беделді биі Орынборға, одан кейін Санкт-Петербургке аттанады. Нұралыны “қырғыз-қайсақ ханы” етіп бекіту туралы Елизавета Петровнаның 1749 жылғы 2 мамырдағы жарлығы, онда Бопай ханымның хатына да сілтеме жасалуы, канцлер А.П. Бестужев-Рюминнің Бопайға арнайы хат жазып, патшайым атынан сыйлық жолдауы ханым саясатының жеңісі еді. Бопай Әбілқайыр әулетінің дәрежесі мен беделін көтеруге ұмтыла отырып, орынсыз қантөгістің болмауын, ел іргесінің сөгілмеуін қалады. Сол үшін де ол күйеуінің кегін алуға “аттандатпай”, Барақ сұлтанды жазалауды орыс әкімшілігі арқылы заңдастырып алуға тырысты. Қоғам дамуының негізгі көзі тыныштық өмір екендігін, тірлігін ат үстінде өткізген халықтың болашағы бұлдырлығын ұғынған ханым орыс әкімшілігін Елек өзені бойында қала салдыртуға да үгіттейді. Қазақ-жоңғар қатынастарына тигізген әсері, Қайып хан мен Нұралы ханды бітістіруге бағытталған әрекеттері Бопайдың ел бірлігін қамтамасыз етуге тырысқан мәмілегерлік ниетін аңғартады. Бопай орыс-қазақ қатынастарындағы және сол кездегі қазақ қоғамындағы шешімін таппай жүрген кейбір мәселелерді талқылау үшін Орынбор әкімшілігінің басшыларымен кездесіп, келіссөз жүргізгісі келеді. 1740 жылы Санкт-Петербургке ресми сапармен барып, Анна Иоановнаға жолығу ниеті де болған. Бопайдың зеректігі мен тапқырлығы жөнінде ағылшын суретшісі Дж. Кэстльдің, Әбілқайыр ордасында болған орыс шенеуніктерінің жазбаларында біршама деректер келтіріледі. Тарихи құжаттармен жақсы таныс А.И. Левшин 19 ғасырдың 30-жылдарында:
деп жазды. Б. Елекке құятын Жосалы өз-нің жоғарғы жағындағы қорымда жерленген.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Аққулы — Павлодар облысының Аққулы ауданындағы ауыл, аудан және Аққулы ауылдық округі орталығы. 1999 жылға дейін “Лебяжье”, 2018 жылға дейін "Аққу" деп аталды.
## Географиялық орны
Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, облыс орталығы – Павлодар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 122 км-дей жерде, Ертіс өзенінің оң жағалауында, Павлодар — Семей автомобиль жолының бойында орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1744 жылы қаланды. 1939 жылдан аудан орталығы.
## Инфрақұрылымы
Ауылда орта мектеп, аудандық газет баспаханасы, балабақша, аурухана, емхана бар.
## Халқы
## Дереккөздер |
АҚҚУ— би. Алғаш А.Жұбановтың “Би күйінің” әуенімен Б.Аюханов қойған.
Би жеке немесе тұтас композицияның бір көрінісі ретінде де орындалады. Негізгі мазмұны — күй ырғағына сай аққу құстың қанат қағысын, ұшар қимылын бейнелейді.
## Дереккөздер |
Бесоба қорымы — б.з.б. 6 — 4 ғасырлардан сақталған ғұрыптық жерлеу орындары. Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Хлебодаровское ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 3,5 км жерде.
1973, 1974, 1976 жыдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшілері М. Қадырбаев, Ж. Құрманқұлов) зерттеген. Қорым шығыстан батысқа қарай тізбектеле, топырақтан үйілген 12 обадан тұрады. Олардың диаметрі 16 — 48 метр, биіктігі 0,3 — 3 метр. Үйінді астында балшықтан, ағаштан салынған төртбұрышты және дөңгелек қабір болғаны анықталды. Іші тегістеліп сыланған. Мәйіттердің басы бір жаққа қаратылып (батысқа қаратылғаны басым), шалқасынан жерленген. Әр қабір ішінде 1 — 4 адам қаңқасы бар. Олардың қасынан аттың жүгені (темір ауыздық, аң бейнесі салынған тоғалар, т.б.), тартпасы, киім әшекейлері, қорамсақ пен темір ақинақтар, ағаш, қыш ыдыстар, сырға, моншақтар табылған. Аса беделді әскербасы (9-оба) үлкен оба астындағы қабірге және абыз әйел (3-оба) диаметрі 6 метр, тереңдігі 0,6 метр шұңқыр ішіне жеке-жеке жерленген. Бұлардың жандарынан алынған заттары да ерекше. Әскербасының қорамсағында қоладан жасалған 94 жебе ұшы, белінде балдағы алтынмен апталған темір ақинақ, асатаяқ және мойнында алтын алқасы бар. Абыз әйел мойнына алтын моншақтар, алқа, киімінің өңіріне жартышар пішінді жапсырмалар тағылған. Белбеуіне ілдірілген қалталарға жасыл, көк, сары, ақ түсті минерал ұнтақтары, охра кесектері, жеке қалтаға қола айна салынған. Аяқ жағында жыртқыш аңның басын бейнелейтін үш аяқты тас тостаған бар. Оң жағында айналасына жылқы сүйектері қойылған төртбұрышты жер ошақ. Қабір үстін шатыр тәрізді етіп ұзын бөренелермен жапқан. Бесоба қорымының материалдары б.з.б. 6 — 4 ғасырлар аралығында Елек өзені бойын мекендеген сармат тайпаларының материалдық және рухани мәдениетінің, әлеуметтік құрлысының куәлары болып табылады.
## Сыртқы сілтемелер
2. Бесоба қорымы (doc.) Мұрағатталған 28 қарашаның 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Үлкен Бұғыты – Іле Алатауының қиыр шығысында оқшау жатқан аласа тау.
## Географиялық орны
Алматы облысы Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандары жерінде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1816 м. Солтүстік-батысында 10 км жерде Кіші (Бала) Бұғыты, батысында (20 км жерде) Сөгеті таулары орналасқан. Тау оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 18 км-ге созылған, енді жері 10 км.
## Геологиялық құрылымы
Үлкен Бұғыты тауы карбонның және плейстоценнің, құмтас, мергель, конгломерат тау жыныстарынан түзілген.
## Климаты
Климаты аридтік, қысы суық, жазы ыстық. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –9 -10С, шілдеде 21-230С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшемі 300 — 350 мм.
## Өсімдігі
Шөлейтке тән қиыршықтасты сұр, бозғылт сұр топырақ қалыптасқан. Жусан, баялыш, теріскен, көкпек басым өседі. Кезінде Үлкен Бұғытыны тау ешкілері мекендеген. Көктем және жаз айларында жайылым ретінде пайдаланылады. Баурайында Бұғылы, Алтыншек, т.б. қыстаулар орналасқан.
## Дереккөздер |
Аққұдық — Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы ауыл, Алабота ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Тайынша қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 72 км-дей жерде, Алабота көлінің оңтүстік-батысында 12 км жерде, Жарық пен Жандысу өзендерінің су айрығында, Есіл жазығындағы селеу аралас әртүрлі шөп өскен қара топырақты дала белдемінде орналасқан. Жақын теміржол стансасы - Золоторунное (12 км жерде).
## Тарихы
Іргесі алғаш 1929 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1932 жылдан “Алабота” астық кеңшарының орталығы болды.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1415 адам (704 ер адам және 711 әйел адам) болса, 2009 жылы 1112 адамды (549 ер адам және 563 әйел адам) құрады.
## Инфрақұрылымы
Аққұдықта тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорны, орта мектеп, клуб, аурухана бар. Бұрынғы кеңшар негізінде кооператив шаруашылығы (фермер) қожалықтары ұйымдастырылған. Аққұдық арқылы Көкшетау - Омбы автомобиль жолы өтеді. Тұрғындары елді мекендермен ауыларалық жолдар арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Аққұм – Орал алды үстіртінің оңтүстігіндегі құмды алқап.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Темір ауданы, Темір өзенінің сол жағалауында, теңіз деңгейінен 200-220 м биіктікте орналасқан.
## Жер бедері, өсімдігі
Ұзындығы 23 км, ені 6 км. Аққұмның жер бедері төбешікті келеді. Құм беткейлері жусан (шағыр), қияқ, қау, көде, бетеге, жүзгін т.б. шөптермен бекіген ызалы суы жақын жатқан ойлауытты жерлерінде қамыс, тал шоғырлары өседі. Мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
Науалы — Абай облысы Үржар ауданындағы ауыл, Науалы ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үржар ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 14 км жерде, Қусақ өзенінің сол жағасында орналасқан.
## Тарихы
Іргесі шамамен 1912 жылы қаланған. 1930 жылы Науалыда “Жаңатұрмыс” ұжымшары ұйымдастырылды. 1946-96 жылдары 5 бөлімшеден тұратын Ленин атындағы ұжымшардың орталығы болып келді. Оның негізінде Науалыда және округтегі Малақ ауылында ЖШС-тер жұмыс істейді. Ауыл арқылы мемлекеттік маңызы бар Астана – Үржар – Шәуешек (Қытай) автомобиль магистралі өтеді.
## Дереккөздер |
Мырзағұл Шыманов (1847, қазіргі Ақтөбе облысы Шалқар ауданы – 1908, Орынбор) – белгілі би, саяси қайраткер. 1872 – 79 жылы Ырғыз уездіндегі Аралши болысын басқарды. Елге сыйлы азамат ретінде 1878 жылы қазақ зиялыларының депутациясы құрамында Санкт-Петербург пен Мәскеуге барып, Александр ІІ патша тарапынан Станислав ленталы күміс медальмен марапатталған. 1879 – 87 жылы тілеу руының аға биі, 1891, 1898 жылы екі рет Шеңгелді болыстығына болыс болып сайланған. Ағарту ісіне үлкен көңіл бөліп, Шалқар қаласында 2 сыныптық орыс-қазақ мектебін аштырған. 1882 жылы маусымда өткен Орал, Торғай, Закаспий облысы болыстары мен билерінің құрылтайында патша үкіметінің жер саясатын ашық сынады. Отаршылдарға жер бермеу үшін күрескені себепті 1891 жылы 15 қаңтарда болыстықтан босатылып, 6 айға Орынбор түрмесіне қамалды. Дегенмен, көп ұзамай босатылып, Орынбор – Ташкент темір жолын салуға қатысқаны үшін Орынбор әкімшілігінен мақтау грамотасын алды. 1903 жылы Арал теңізі мен Мұғалжар тауының аралығында орналасқан Біршоғыр, Шалқар станциясында болған қазақ руларының бас көтеруін басқарды. 800 адам қатысқан бас көтеру 2 жылға созылып, 1905 жылғы революцияға ұласты. 1905 жылы қолға түскен Шыманов 14 жасар баласы Өтеғұл екеуі ғұмыр бойы түрмеде отыру жазасына кесілді. 1908 ж. Орынбор түрмесінде түрме жендеттері қолынан қаза тапқан. Сүйегі Орынбордағы мұсылмандар зиратында. Туған жері – Шалқар қаласындағы орталық көшеде ескерткіші бар. Көше атауы берілген. Шымановтың ел-жұртына жасаған қызметі жергілікті ақын Сарышолақ Боранбайұлы шығармаларында суреттеледі. Оның өмірі, заманы жайлы ғылыми-практикалық конференция өткізілді, Шалқар қаласында граниттен ескерткіш мүсін қойылды, көшеге аты берілді, "Қызыл жұлдыз" елдімекені "Мырзағұл" ауылы болып аталды.
## Сілтемелер
[[Байдосов З., Үш ғасыр перзенттері, Ақтөбе, 1997. |
Мінбер (араб.: منبر) :
* Құран немесе құтпа (уағыз) оқығанда мешіт имамы шығып уағыз оқитын орын. Мінбер мешіттің басты белгілерінің бірі болып табылады. Михрабқа таяу орналасады. Мінберді ағаштан, тастан кейде кірпіштен тұрғызады.
* Жоғары оқу орындары мен мәжіліс өтетін жерлерде жұрт алдына шығып сөйлеушілер үшін жасалған арнайы орын. Мінбер төрт бұрышты немесе дөңгелек тәріздес келеді. Жалпы биікт. 50 см-ден 160 см-ге дейін жетеді.
## Дереккөздер |
Зайсан қатпарлы жүйесі - Қазақстанның шығысындағы герциндік қатпарланумен байланысты дамыған ірі геотектоникалық құрылым. Ол Шыңғыс –Тарбағатай мен Алтай – Саян каледондық қатпарлы жүйелерінің аралығында, солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай Ақүлбі – Шығыс Алтай, Кенді Алтай, Ертіс, Қалбы, Шар, Жарма – Сауыр құрылымдық белдемдерін түзе орналасқан. Зайсан қатпарлы жүйесінде прекембрийдің қатты метаморфталған түзілімдері Керей мен Шар антиклинорийлерінде кездеседі. Алей, Синюшин және Ревнюшин антиклинальдарының ядросы төменгі палеозойдың әр түрлі сатыда метаморфталған альбит-эпидот-хлоритті және кварц-альбит-хлоритті жіктастарынан құралған. Ішінара ордовик-силур, силур жыныстары да кездеседі. Девонның жанартаутекті қабаттары Ақүлбі – Шығыс Алтай синклинорийімен Кенді Алтай белдемінде басым таралса, Қалба, Ертіс, Шар, Жарма – Сауыр белдемдерінде шөгінді түзілімдер басым. Ерте таскөмір кезеңінің жыныстары терригенді, жанартаутекті-шөгінді түрлерімен сипатталады, ал ортаңғы, жоғарғы таскөмір мен пермдік түзілімдер мульдалар құрап, көбінесе, көмірлі молласоидты кешендерден тұрады. Интрузивті магматизм соңғы герциндік гранит формациясында кеңінен дамыған. Тектоникалық құрылымы жағынан Зайсан қатпарлы жүйесі гетерогендік негізде дамыған типтік геосинклинальдік құрылымға жатады. Зайсан қатпарлы жүйесі маңызды металлогендік аймақтың бірі. Мұнда полиметалл (Ридер – Сокол, Тишин, Лениногор), темір (Марқакөл), алтын, әктас, т.б. кендері кездеседі.
## Дереккөздер |
Зайып Ақыпұлы - (1878, Қытай, Алтай өңірі – 1939, Гималай тауындағы Нақша деген жерде) – қытай қазақтары арасынан шыққан қоғам қайраткері, Абақ керейдің жәнтекей руының тәйжісі. 1935 жылы тамыз айында Баркөлдегі жергілікті өкімет органының басшысы Шэн Ши Сайдің озбыр әрекетіне қарсы шығады. Қытай әскерлері наразылық білдірген қазақтар көтерілісін қарудың күшімен басып тастады. Оларға төтеп бере алмаған Зайып тәйжі 1936 жылы тамыз айында 5 мың адамды бастап, Гансуге қарай көшеді. 1937 жылы қыркүйекте қытай әскерлерінің шабуылынан бас сауғалаған 233 отбасы, 1165 адам Гансудың Уркин-Иырка қаласын келіп паналайды. 1938 жылы шілдеде Зайып тәйжі Қытайдың солтүстік-батыс ауданының билеушісі генерал Ма Буфаңнан қазақтардың Уркин-Иырка, Доламан, Соха және Сур өңірлерін қоныстануына рұқсат алады. Бірақ бұл жерде де дүнген әскерлері тарапынан қысымшылық көріп, мал-мүлкі талан-таражға түскен қазақтарды бастап Зайып 1939 жылы Кунлун тауын асып, Тибетке өтуге мәжбүр болады. Гималай тауының қатаң ауа-райы әлсіреткен қазақтар соңынан қуған жаумен 2 күн бойы кескілескен шайқас жүргізеді. Зайып тәйжі ауылы тағы да қаша көшіп, 20 күннен соң Тибеттегі Нақша деген жерге келіп, жергілікті билеуші Лыхасадан пана сұрайды. Бұл жерден де қолдау таппаған қазақтар Үндістанға бет алады. Соңына түскен таңғыт әскерлерінен қашып, Гималайдың шың-құзы мен биік шатқалдары арқылы өткен қазақ көші жол-жөнекей түрлі дертке шалдығып, мал-жаны шығынға ұшырайды. Көшке бас-көз болуды Елісқан мен баласы Оспанға тапсырып, Зайып тәйжі жолда ыс ауруынан көз жұмады. Зайыптың ұрпақтары қазір Түркияда тұрады.
## Дереккөздер |
Нағара нығара, накар – жорық дабылы. Дабылдың үлкен түрінің парсы тіліндегі атауы. Батырларға әскербасылық дәрежемен бірге лауазымына қарай үлкенді-кішілі нағара тапсырылған. Үлкен нағаралар қолбасшының жанында болады да, кішіректерін батырлар, әскербасылар ердің алдыңғы жағына ілген. нағарамен соғыс кезінде әр түрлі дыбыстық белгілер берілген. Жекпе-жекке шақырғанда нағараның батырлардың бәріне түсінікті арнаулы, шартты қағысы болған. Сол арқылы екі жақ бірін-бірі сөзсіз түсінген.
## Сілтемелер
* Соғыс
* Жорық
* Дабыл
## Дереккөздер |
Жерұйық (2018 жылға дейін — Нағарашы) — Жетісу облысы Панфилов ауданы, Талды ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жаркент қаласынан солтүстікке қарай 3 км-дей, округ орталығы – Талды ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км-дей жерде, Өсек өзені жағалауындағы шөлейт белдемде орналасқан.
## Халқы
Нағарашыда 1997 жылы бері бірнеше шаруа қожалығы құрылды.
## Дереккөздер |
Нағашы немесе нағашы жұрт — туыстық атау. Шешесінің төркіні балаларына нағашы болады. Әже төркіні немересіне түп нағашы делінеді.
Қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша нағашы мен жиен арасындағы қарым-қатынастың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар бірін-бірі күндемейді, араларында бақталастық, қызғаныш болмайды, өзара әзілдесіп қалжыңдасады. “Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды” деп, жиендерін барынша еркелетеді. “Балалығың ұстаса нағашыңа бар” деген мәтел соны меңзейді. Дәстүрлі қазақ қоғамында нағашының жиенге қарағанда жолы үлкен болады. “Нағашы-мен күрескен жиен жығылады” деген мәтел бар.
Нағаш жұрттың «сыншыл» дейтін үш жұрттың ішіндегі ең сыйлысы осылар. Олар жиенін әрқашан еркелетіп, сұрағанын беріп отырған. Тек туған нағашысы ғана емес, сол рудың барлығы да жиенге нағашы деп аталады. Нағашының жолы үлкен. Нағашы жиеінін күндемейді, керісінше, оның азаматтығы мен ізгі істеріне сүйініп, мақтанып, мақтап отырады. Нағашылық жасқа қарамайды. Кейде жиен нағашыдан үлкен болуы да мүмкін. Нағашы жұрттың еркек-әйелдерін жиендері «нағашы апа», «нағашы жеңге», «нағашы қарындас», «нағашы іні», «нағашы аға», «нағашы әже» деп атайды. Жиен – қыздан туған бала. Нағашы ауылы үшін еркек, аса қадірлі. Ол нағашыларынан үш рет қалаған нәрсесін алуға құқылы. Оған ұрсуға, сөзін кектеуге болмайды. Жиеншар – жиеннен туған бала. Ол да әкесі сияқты жиендік ғұрыпты жалғастырады. Бөле – апалы-сіңілілі қыздардың балалары бір-біріне «бөле» болады. Бір-бірімен өте тату болады.
## Сілтемелер
* Дәстүр
* Қарым-қатынас
* Тарих
## Дереккөздер |
Әбу-Жәлел пір (17 ғасырдың соңы – 18 ғасырдың 1- ші жартысы) – ғұлама. Руы – керейт. 1726 жылы Ордабасыдағы Құрылтайда біріккен қазақ қолының пірі, рухани көсемі болып сайланған.
Үргеніште оқыған, Мекке мен Мединеге қажылыққа барған, ислам дінінің қағидаларын жетік білген. Халықты имандылық жолында тәрбиелеуге, мешіттер ашқызып, қазақ арасында мұсылманшылықты дамытуға көп үлес қосқан. Әбу-Жәлел пірдің кеңесімен Абылай Сарғалдақ қожаны Арқаға, Шақшақ Жәнібекті, әкелі-балалы Кәши және Азына қожаларды Торғайға, тағы басқаларын қоныстандырған.
Әбу-Жәлел пір 1731 – 1732 жылдары М.Тевкелев елшілігінен кейін Ресейге қосылуға келіспей, Әбілқайыр ханға қарсы шыққан топ басшыларының бірі болды.
## Дереккөздер |
Жаңатұрмыс — Алматы облысы Қарасай ауданы, Райымбек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-дей жерде, Іле Алатауының солтүстік етегіндегі тарақшөп, бидайық, бұта шоғырлары аралас әр түрлі астық тұқымдасты шөптер басым өскен тау етегінің қара, қара қоңыр топырақты белдемінде орналасқан.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Жаңатұрмыста серіктестіктер, шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Жаңатұрмыс — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл, Жаңатұрмыс ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Құлан ауылынан шығысқа қарай 26 км жерде, нарғия, жусан, т.б. шөптер өскен бозғылт қоңыр топырақты далалық белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1930 жылы “’’’Жаңатұрмыс’’’” қой өсіретін ұжымшар ретінде қаланған. Оның негізінде Жаңатұрмыста 1997 жылдан өндірістік кооператив, шаруашылық серіктестігі мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Орта және бастауыш мектеп, кітапхана, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт пен фельдшерлік пункт бар. Тұрғындары аудан орталығымен және көрші мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Асқар Шауқатұлы Алтаев (30.1.1956, Алматы қаласы) – тарих ғылымының докторы (1996), профессор (2000), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері ([2003]). ҚазМУ-дың тарих факультеттін (1978), қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазҰПУ-дың жалпы тарих кафедрасының меңгерушісі (1999–2008) болған. 2008 жылдан тарих факультетінің деканы.
«1970–1980 жылдардағы Қазақстан өнеркәсібі жұмысшыларының әлеуметтік жағынан дамуы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми жұмысының бағыты – Қазақстан және Орталық Азия тұрғындарының тарихи демографиясы мен этномәдениетінің дамуы, әлеуметтік тарихтың актуалды мәселелері.Алтаевтың 65 ғылыми еңбегі жарық көрді.
## Дереккөздер
"Қазақ энциклопедиясы" |
Жаңатілек — Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауыл, Жаңатілек ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 47 км-дей жерде, Желтау тауының солтүстік-батыс етегінде, Ащысу өзенінің оң жағалауындағы құрғақ дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1959 жылы тың жерді игеруге байланысты қаланды. 1996 жылға дейін “Октябрьдің 40 жылдығы” атындағы қой кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылды.
## Инфрақұрылымы
Бахыт Хайдаров атындағы жалпы білім беретін мектеп, Жаңатілек ауылдық мәдениет үйі, ауылдық кітапхана, мешіт, байланыс бөлімі, Beeline, Kcell, Activ, Tele2, Altel байланыстары құрылған, фельдшерлік-акушерлік пункт, жоғары жылдамдықтағы интернет желісі, тойхана, мал сою алаңы, 7 азық түлік дүкені, 2 футбол алаңы, балалар ойын алаңы бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Жаңатұрмыс — Ақмола облысының Астрахан ауданындағы ауыл, Қызылжар ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Астраханка солтүстікке қарай 35 км жерде, Боқсық өзенінің жағалауындағы бетеге, боз, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен карбонатты қызғылт қоңыр, қара топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1957 жылы осы маңда “Қызылжар” астық өсіру кеңшарын құруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Жаңатұрмыста 1 серіктестік және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Нүкетай Мышбаева (9 наурыз 1936 жылы Алматы облысы Райымбек ауданында туған) – актриса, әнші (меццо-сопрано). Қазақстанның халық артисі (1991). Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1976). Парасат орденінің иегері (2010). Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
## Жалпы мәліметтер
1959 ж. Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Алматы мемлекеттік консерваториясы) актерлік факултетін бітірген. 1960 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы. Айсұлу (Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов, “Беу, қыздар-ай” ), Айбала (Ә.Тәжібаев, “Той боларда” ), Марфуға ( Қ.Мұхамеджанов, “Құдағи келіпті” ), т.б. рөлдерді орындап, өнер жолын комедия бейнелерді жасаудан бастаған жас актриса Әлиман (Ш.Айтматов, “Ана-Жер ана” ), Майра (Ә.Тәжібаев, “Майра” ) рөлдерін орындап, өзінің драммалық, трагедиялық, әншілік қасиеттерімен көпшілікке танылды. Ақбала (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер” ), Меңсұлу (Ш.Құсайынов, “Алдар көсе” ), Жүзтайлақ, Қарлығаш, Ақбала (М.Әуезов, “Түнгі сарын”, “Абай”, “Қаракөз” ), Бекей (Айтматов, “Ақ кеме” ), ұалия (Т.Ахтанов, “Күтпеген кездесу” ), Ажар ( С.Жүнісов, “Ажар мен ажал” ), Хатшы әйел, өрқия ( А.Сүлейменов, “Төрт тақта – жайнамаз”, “Қыздай жесір – штат қысқарту” ), т.б. рөлдері Нүкетай Мышбаеваның ғана емес, қазақ ұлттық сахна өнерінің өсіп-ілгерілеу жолындағы елеулі кезеңдер. 1976 жылдан киноға түскен, көп бөлімді “Қымызхана” телеспектаклінде Теңгетай рөлін, сондай-ақ халық әндері мен осы заман композиторлары әндерінің орындаушысы ретінде танымал.
## Марапаттары
* "Қазақ КСРның еңбек сіңірген артисі"
* 1991 жылы "Қазақстанның Халық әртісі" құрметті атақтары берілді.
* 2004 жылы ҚР мемлекеттік степендиясының иегері.
* 2010 жылы ҚР президентнің жарлығымен "Парасат" орденімен марапатталды.
* 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" меджальімен марапатталды.
* 2016 жылы ҚР тұңғыш президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
## Дереккөздер |
Шолақсор – Ертіс алабындағы ағынсыз көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысының Ерейментау, Павлодар облысының Ақтоғай аудандары жерінде. Сілеті мен Шідерті өзендері аралығында. Теңіз деңгейінен биіктігі 65,6 м.
## Гидрографикасы
Ауданы 28,26 км2, ұзындығы 7,9 км, ең енді жері 4,6 км. Жағалауы түйетайлы, сортаң. Оңтүстік-батысына Тенеке өзені құяды. Қар суымен толығады. Суы тұзды. Қараша айының соңында қатып, сәуірдің соңында мұзы түседі. Алабы – жайылым.
## Дереккөздер |
ДӨҢБЕТ, цимболена (Сymbolaena) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда Қаратау мен Батыс Тянь-Шаньның тасты, тастақты беткейлерінде өсетін 1 түрі – ұзынжапырақты Д. (С. longіfolіa) бар. Биіктігі 1 – 15 (20) см. Сабақтары жеке, жатаған, жоғарғы жағы бұтақты, сыртын қалың түк басқан. Жапырақтары ұзын, түкті. Күлтелері жіпше тәрізді. Аналық мойны күлте түтікшелеріне тең, екі бөлікті. Жатыны домалақ. Орталық бөлігіндегі гүлдері қос жынысты, ақ, қызғылт түсті. Гүлсебеттері 5 – 12 гүлден домалақ шоғыр құрайды. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, мамыр – шілдеде жемістенеді. Тұқымы ұсақ.
## Дереккөздер
Қазақ энцыклопедиясы |
Шамс әд-Дин Әбу Абдаллах Мұхаммед әл-Мұқаддаси әл-Мұқаддаси (шамамен 946/47, Иерусалим — 1000) — араб географы, саяхатшы. Көптеген мұсылман елдеріне саяхат жасап, “Ахсан ат-Тақасим фи марифат әл-Ақалим” (“Ықылымдарды білудің тиімді жолдары”) атты шығарма жазған. Онда түрлі елдердің географиялық климат жағдайы, әкімшілік бөлінуі, пайдалы қазбалары, сауда қатынасы, шаруашылығы, халқының әдет-ғұрыпы, тілі, діні, тайпалық құрамы жөнінде мәліметтер бар. Оның еңбегінде Оңтүстік Қазақстан қалалары, олар арқылы өтетін керуен жолдары, оғыздар мен қимақтар туралы, әсіресе, Түркістан өңіріндегі Сауран қаласының қимақ-тайпаларымен шекаралас жатқаны жөніндегі мәлімет құнды дерек болып табылады. Бұл шығарманы 1877 ж. голланд ғалымы де Гуе бастырып шығарған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Иерусалим
* География
* Саяхат |
Зонд бұғазы — Индонезиядағы Суматра мен Ява аралдарын бөліп тұрған бұғаз.
Ява теңізін Үнді мұхитымен жалғастырады. Бұғаздың ені оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 105 км-ден 22 км-ге дейін кішірейеді. Осы бағытта тереңдігі де 1000 м-ден 50 – 60 м-ге дейін азаяды. Фарватерінің ең саяз жері 28 м-дей. Бұғаз төрттік кезеңде жер қыртысының жарылу нәтижесінде пайда болған. Зонд бұғазы осы күнге дейін жанартаулар ықпалында. Бұғаз аралдарының бірінде Кракатау жанартауы орналасқан. Зонд бұғазы Үнді мұхитынан Индонезия теңіздері мен Тынық мұхитқа өтетін аса маңызды теңіз жолы болып саналады.
## Тағы қараңыз
* Зонд аралдары |
Байкенов Гүлжан Ғаусылқызы (1963 жылы туған) – химия ғылымдарының докторы (2004).
ҚазМУ-ды (1986, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қарағанды мемлекеттік университетінде ғылым, аға ғылыми қызметкер (1981–2003), 2004 жылы Органикалық синтез және көмір химиясы институтында, жетекші ғылыми қызметкер болды, ал 2005 жылдан Қазақстан–Ресей университеті проректорының кеңесшісі болып жұмыс істейді.
2003 жылы «Синтез, строение и свойства новых полуфункциональных интрил-ацетилен-, фосфор-и серусодержащих производных некоторых алколоидов и их синтетических аналогов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Байкенов 60-тан астам ғылыми еңбектің авторы.
## Дереккөздер |
Тұнба тұзды көлдер - түбіне кристалл тұз қабаты шөгетін су қоймалары. Мұндай көлдер суының тұздығы 50‰-ден артық болады. Жазда тұзға қаныққан судың булану мөлшерінің артуынан және қыста су температурасының төмендеуіне байланысты тұздың ерігіштік қасиеті баяулап, тұну процесі тез өтеді. Тұнба тұзды көлдердің көпшілігі (Басқұншақ, Эльтон, т.б.) – тұз кен орындары.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том |
Құныпия Қожахметұлы Алпысбаев (4.8.1949 , ҚХР, Баяндай ауылы) – филология ғылымдарының докторы (2000), профессор (2001). ҚазМУ-ды (1974, қазіргі ҚазҰУ) бітірді.
Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.
ҚазМУ кәсіподақ комитеті төрағасының (1974–1975), дайындық бөлімі деканының орынбасары (1987–1989), сырттай оқытатын филология факультетінің деканы (1993–1994) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі. 1999 жылы «Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма: таным мен көркемдік» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 100-ден аса ғылыми-зерттеу еңбегі, отандық және шет ел баспаларында (Түркия, Қытай) 15 кітабы мен кітапшалары жарық көрген. Көптеген сын-зерттеу мақалалары жарияланған. Оның бірқатары шетелдерде (Түркияда, Қытайда) басылған.
## Шығармалары:
С. Сейфуллин, Б. Майлин, I.Жансүгіров творчестволары бойынша методикалық нұсқау. А., 1985; Қазіргі қазақ лирикалық поэмасы. Оқу құралы. А., 1989; Қазақ әдебиеті. Көмекші оқу құралы. А., 1992; Поэма және сюжет. А., 1992; Көркем шығарманы талдау жолдары. А., 1995; Мұхтар Әуезов шығармашыл ығын дағы өнер мен өнерпаз тұлғасы. А., 1997; Тарих және жазушы. А., 1998; Беу, туған жер. А., 1999; Тарихи шығарма: таным және көркемдік. 1999; Мүқағали өрнегі. 2001; Қазақ аудармасының теориясы мен тәжірибесі. А., 2001; Қазақ әдебиеті. - Күйтің: Іле халық баспасы (ҚХР, ШҰАР), 2002; Қазақ әдебиеті. Оқулық. А., 2002; Көркем мәтінді талдау әдістері. А., 2004; Қазақ әдебиеті. Әдістемелік нұсқау А., 2003; Қазақ әдебиеті. Оқулық. А., 2006; Қазақ әдебиеті. Әдістемелік нұсқау. А., 2006; Поэзия парасаты. А., 2006; Ой орамдары. А., 2006; Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма: таным және көркемдік. А., 2008; Қазақ әдебиеті. Он екі жылдық мектептің қазақ тілінде оқитын алтыншы сыныбына арналған байқау оқулығы. А., 2008; Қазақ әдебиеті. Он екі жылдық мектептің орыс тілінде оқитын алтыншы сыныбына арналған байқау оқулығы. А., 2008; Қазақ әдебиеті. Он екі жылдық мектептің қазақ тілінде оқитын алтыншы сыныбына арналған байқау оқулығы бойынша әдістемелік нұсқау. А., 2008; Қазақ әдебиеті. Он екі жылдық мектеп-тің орыс тілінде оқитын алтыншы сыныбы на арналған байқау оқулығы бойынша әдістемелік нұсқау. А., 2008.
## Сыртқы сілтемелер
* Құныпия Қожахметұлы Алпысбаев Мұрағатталған 19 қазанның 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Тұндырма - дәрілік өсімдік шикізаттарынан спиртпен экстрациялау арқылы алынатын сұйық дәрілік сорындылар. Тұндырманың дәмі, иісі, бояуы оны дайындауда қолданылатын дәрілік өсімдік шикізаттарға (ДӨШ) ұқсас болады. ДӨШ-тің бір түрінен дайындалған сорындыны қарапайым, ал бірнеше түрінен алынған сорындыны – күрделі тұндырма деп атайды. Тұндырмаларды дайындау үшін кептірілген өсімдік материалдарын, ал кей кезде жас өсімдік шикізаттарын қолданады. Әсері күшті емес құрғақ стандартты шикізаттан тұндырманы 1:5 не 1:10 қатысында дайындайды. ДӨШ-тен әр түрлі тұндырмаларды дайындағанда, еріткіш ретінде этил спиртінің әр түрлі концентрациясын қолданады. Мысалы, меңдуана, бөріқарақат, шайқурай, т.б. тұндырманы дайындағанда 70%-дық, кейде 40%-дық спирт экстрагент ретінде қолданылады. Тұндырманы мацерация, турбоэкстрациялы мацерация экстракт айналымы, бөлшекті мацерация, перколяция, қою және құрғақ еріткі-концентраттарды еріту әдістерімен алады. Тұндырманы 8С-тан төмен темп-рада бірнеше тәулік тұндырып, сүзіп тазалайды. Әсер етуші заттар тұндырманың мөлшерін, этанол концентрациясын, тығыздығын, құрғақ қалдықты анықтайды. Егер әсер етуші заттардың мөлшері жоғары болса, тұндырманы нормасына дейін сұйылтып, стандарттайды. Алынған тұндырмаларды түрлі шыны ыдыстарда қаттап, рәсімдеп, жарық түспейтін салқын жерде (12 – 15С) сақтайды. Тұндырмалар емдік тәжірибелерде жеке препарат ретінде ішке және сыртқа, сондай-ақ микстура, тамшылар, жағылмалар, пластырлар құрамына енгізіліп отырады.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 8 том |
Шолақтау фосфорит кен орны – Жамбыл облысы Қаратау қаласынан оңтүстікке 4 км, Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 90 км жерде орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Мұндағы фосфорит кені 5 км-ге созылып, тік немесе аударылып жатыр. Фосфорит кені төменгі кембрийдің шолақтау свитасында орналасқан.
## Жатыс сипаты
Фосфоритті қат-қабат төменнен жоғары қарай төрт шоғырға жіктеледі:
* кремнийлі шоғыр, құрамында 7-8 м фосфат-карбонат қабатшалары бар Р2О5-тің мөлшері 2,5-6% болып келетін күңгірт сұр, қара түсті шомбал немесе жұқа тақталанған қабат;
* төменгі фосфоритті шоғыр, құрамында Р2О5 22-23%, орташа қалыңдығы 2,85 м, күңгірт сұр түсті шомбал немесе қалың тақталанған қабат;
* фосфат-кремнийлі шоғыр, Р2О5 14%, орташа қалыңдығы 3,4 м, ашық сұр немесе сарғыш түсті, сарғыш түсті, тығыз майда түйірлі фосфатталған шақпақтас пен кремнийлі фосфориттен тұрады;
* басты фосфорит шоғыры, Р2О5-тің мөлшері 28,6%, қалыңдығы 4-20 м, фосфоритті конгломерат пен жоғары сапалы фосфориттен түзілген. Бұл шоғырдың түсі сұр және күңгірт сұр шомбал, кейде қалың тақталы тау жыныстарынан тұрады. Кеннің қоры А+В+С1 категориялары бойынша 38 млн. т.
## Дереккөздер |
Шолақсай — Қостанай облысы Науырзым ауданындағы ауыл, Шолақсай ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қарамеңді ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 65 км-дей жерде, Бошай тауының солтүстік етегінде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1901 жылы қаланған. 1975 жылы ауыл астық өсіретін «Шолақсай» кеңшарының орталығына айналды. 1996 жылы кеңшар негізінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылды..
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1791 адам (874 ер адам және 917 әйел адам) болса, 2009 жылы 1780 адамды (861 ер адам, 919 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Айдар Парқұлұлы Әбуов (19.7.1960 жылы туған, Мақтаарал ауданы) – ғалым, философ, ғылылым докторы (1997), профессор Жаратылыстану ғылымдар Академиясының академигі. Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1982). Еңбек жолын Жетісай ауданында мұғалімдіктен бастаған (1982). Сырдария педагогикалық институтында оқытушы (1984), Мәскеу халық шаруашылық институтында ізденуші-зерттеуші (1986). 1987– 1990 жылы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің аспиранты. 1991 – 1999 жылдары Қожа Ахмет Иасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті кәсіподақ комитетінің төрағасы, университеттің вице президенті, кеңесші қызметтерін атқарды. 1999 – 2003 жылдары философия кафедрасының меңгерушісі, түркология институтының , халықаралық қатынастар факультетінің деканы. 60-тан аса еңбектердің авторы және 4 монография, оқулықтар жазды.
## Сыртқы сілтемелер
* [1]
* [2](қолжетпейтін сілтеме)
* [3] Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Шолақтау – төменгі палеолит дәуірінің шелль-ашель кезеңіне жататын қоныс. Жамбыл облысы Қаратау қаласының оңтүстігінен 5 км жерде орналасқан. 1958 жылы Қазақстан ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының палеолит экспедициясы (жетекшісі І.Алпысбаев) зерттеген. Шолақтаудан қара малта тастан жасалған өзектас, үшкіртас, тілікше, тас жаңқалары, қол шапқылар, т.б. тас құралдары табылды. Олардың сыртқы құрылысы, пайдаланған тасы және жасалу тәсілдері әлемдік деңгейдегі Еуразия ерте палеолит ескерткіштерімен үндеседі. Шолақтау қонысының материалдары Қазақстан жері плейстоцен кезеңінде алғашқы адамдар тіршілік еткен аймақтардың бірі болғандығын дәлелдейді.
## Дереккөздер: |
Жексенбек Әлмұхамбетов(1 маусым 1928 жыл, Жамбыл облысы, Тараз) — қазақ геологика-минералдық ғылымның докторы (1975), профессор (1984). Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1951). 1951–1952 жылы Орта Азия тресінің геологикалық партиясын басқарды.
Қазақстан Ғылым Академиясының Геология ғылымдар институтында инженер, кіші ғылым қызметкер (1956–1960), лаборатория меңгерушісі (1961–1982) болды.
1982 жылдан Қазақ политехногикалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық технологикалық университеті) кафедра меңгерушісі (1982–1992), профессор (1992).
Ғылыми еңбектері геофизикалық әдістер кешені арқылы жердің терең қабаттарының құрылымын зерттеуге арналған. Әлмұхамбетов республикада тұңғыш рет электрмагниттік зондтау әдісімен Қазақстан жер қойнауындағы ірі кенді тораптарды зерттеді.
Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлау лауреаты (1978).
Еңбегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, КСРО Геология министрлігінің «Жер қойнауын барлаудың үздігі» белгісімен, «Қазақстан Республикасының жер қойнауын құрметті барлаушысы» атағымен марапатталған. .
2012 жылдың 15 тамызында 84 жасында ұзаққа созылған науқастан кейін Қазақстан геология ғылымының жарқын өкілінің өмірі қысқартылды.
Басылымдардың жалпы саны: 130-дан астам; оның ішінде 5 монография. |
Шолақтерек – ағынсыз көл.
## Географилық орны
Абай облысының Абай ауданындағы Қасқабұлақ ауылынан оңтүстік-шығыста 10 км жерде.
## Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен биіктігі 405,3 м. Ауданы 15,3 км2, ұзындығы 9,0 км, ең енді жері 2,6 км, жағалауының ұзындығы 30,5 км. Қасқабұлақкөлімен бір қазаншұңқырда, су көлемі 24,9 млн. м3. Көлге оңтүстік-шығысынан көктемде ғана кішігірім ағын сулар құяды. Негізінен қар суымен толығады. Суы сорлы. Қуаңшылық жылдары суы тартылып, тұздылығы өседі. Суы мол жылдары солтүстік-батысында жатқан Тұзкөл, Қасқабұлақкөлімен бірігеді. Алабы жайылым.
## Дереккөздер |
Тәушен Әбуова (1932, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы – 15.8. 2004, Шымкент қаласы) – айтыскер ақын. Аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып қызмет атқарды. Айтыс өнеріне кештеу араласса да, оны дамытуға, халық арасында насихаттауға сүбелі үлес қосты. Ол айтыстарында өскен жерін, туған елін, қасиетті халқын, оның болашағын жырлады. 1985 – 1990 жылдары Тәушен Әбуова бірнеше айтыстарға қатысты. Халық ақындары қызылордалық Манап Көкеновпен, көкшетаулық Көкен Шәкеевпен, Қырғызстанның халық ақыны Әмірәлі Айтаевпен, тағы басқа суырып салма ақындармен сөз сайысына түсіп, облыстық, республикалық, халықаралық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, жүлдегері болды, республикалық телесайыстың бас жүлдесін жеңіп алды. Ол Мәдениет министірлігінің 1- ші дәрежелі екі дипломымен марапатталған, «Достық» орденінің иегері. Айтыскер ақын туралы екі деректі фильм түсірілді, екі кітап шығарылды.
## Тәушен Әбуова туралы Фильм
1989 — «Тәушен» режиссері: Қ.Умаров. Жанр: «Деректі фильм» Өндіріс: “Қазақтелефильм” |
Солтүстік Қоңырат вольфрам-молибден кен орны - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында орналасқан.
Кен орны 1942-1946, 1949-1954, 1960-1964 жылдары барланған.
## Геологиялық құрылымы
Кентас кендері Қоңырат массивінің биотитті граниттерінде және жоғары девон (D3) мен төмен карбонның (С1) шөгінді-метаморфтық, эффузия-туфогендік тау жыныстарының жапсарында дамыған кварц желілерінде, грейзендерде, грейзенденген граниттерінде орналасқан.
## Жатыс сипаты, минералдары
Қалыңдығы 0,5-0,9 метрдей 60-қа жуық ірі кварц желілері мен грейзендер бір-біріне қатарласа, салалана орналасқан 6 белдемге шоғырланған. Кентастың басты минералдары: вольфрамит, молибденит, висмутин, шеелит, т.б. Шашыранды химиялық элементтеріне селен, теллур, рений, скандий жатады. Тереңдігі 15-40 метр болатын тотығу белдемдерінде повеллит, бисмутит, бисмит, т.б. кездеседі. Кентасы жеңіл байытылады. Қоры жағынан шағын кендерге жатқызылады.
## Дереккөздер |
Жолбарыс Жылқайдарұлы (1671-1761) - би, батыр. ұлы жүз құрамындағы Жалайыр руының Күшік тармағынан шыққан. "Ақтабан шұбырыңды, Алқакөл сұлама" жылдары Іле мен Қаратал өзенінің аралығыңаағы жоңғарларға қарсы шайқастарға қатысқан. Кейін Жетісу жері жаудан тазартылған соң, босқан елді атамекеніне қайтаруға үлес қосқан. Ел аузындағы аңыздарда, Жолбарыс денесіне жау қаруын дарытпаған батыр әрі қара қылды қақ жарған би ретінде сипатталады. Бейіті Үштөбе қаласына жақын Қалпе ауылының күншығыс жағындағы үлкен қорымда. 1996 ж. бидің ұрпақтары онда үлкен кесене тұрғызып, құлпытас орнатты.
## Дереккөздер |
әл-ОМАРИ, Шикабад-Дин Ахмед Якья ибн Фадаллах (1301, Дамаск – 1349, сонда) – ортағасырлық араб әдебиетшісі, энциклопедист-ғалым. Халиф Омардың ұрпағы.
Мәлүлік сұлтаны ан-Насыр тұсында мемлекеттік хатшы міндетін атқарды. Ол «Масалик әл-абсар фи мамалик әл-алиар» (Қалалардың иеліктері туралы шолу) деп аталатын тарихи энциклопедиялық шығарма жазды. Шығармада авторға мәлім мемлекеттер суреттелген. Онда моңғол шапқыншылығының Орта Азия, Еділ бойы мен Кавказ тағдыры үшін тигізген зардаптары да баяндалған. Дешті Қыпшақтың қалалары мен сауда жолдары, қыпшақтардың орналасуы жайлы мәліметтер еңбекте едәуір көрініс тапқан. Сонымен қатар ерте орта ғасыр дәуіріндегі түргеш, қарлұқ, оғыз, кимек тайпалары жайлы сипаттамалар берілген. әл-ОМАРИ Тараз қаласының орналасқан жерін градус арқылы белгілеп, оны 6-ықылымға жатқызған.
## Дереккөздер |
Бестамақ — Ақтөбе облысы Алға ауданындағы ауыл, Бестамақ ауылдық округі орталығы, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Алға қаласынан солтүстікке қарай 16 км жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2343 адам (1116 ер адам және 1227 әйел адам) болса, 2009 жылы 3332 адамды (1634 ер адам және 1698 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1905 жылы қаланған. Ауылда бұрынғы “Алға” құс кеңшары негізінде “Аққұс” акционерлік қоғамы жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаториялық пункт бар. Бестамақ арқылы Алға - Ақтөбе автомобиль жолы және темір жол өтеді.
## Галерея
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Жолбарыс би Жылқайдарұлы (1671–1761) — би, батыр. Ұлы жүз құрамындағы Жалайыр тайпасының Күшік тармағынан шыққан. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдары Іле мен Қаратал өзендерінің аралығындағы жоңғарлармен болған шайқастарға қатысқан. Кейін қазақ жері жаудан тазартылған соң, босқын елді атамекеніне қайтаруға да үлес қосқан. Ел аузындағы аңыздарда, Жолбарыс би денесіне жау қаруын дарытпаған батыр, әрі ертеңгі күнді болжай алатын сәуегей, қара қылды қақ жарған би ретінде сипатталады. Бейіті Алматы облысы Үштөбе қалсына жақын Кәлпе ауылының күншығыс жағындағы үлкен қорымда. 1996 жылы бидің ұрпақтары онда үлкен кесене тұрғызып, құлпытас орнатты. Журналист-жазушы О.Исмайылұлының “Шұбар ата”, “Жолбарыс” атты кітаптарында, Қ.Қарамановтың “Қаратал – күндіз күміс, түнде алтын” кітабында Жолбарыс би туралы деректер бар.
## Дереккөздер |
Есенбай Әшімәліұлы Әлпейісов (1952 жылы туған, Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы) – техника ғылымның докторы (1997).
* Қазақ политехнологикалық институтын (1974, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген.
* 1974–1976 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтының автоматика және электроника лабораториясында инженер
* 1976–1979 жылы зауытта инженер, аға электрик
* 1979 жылдан Тараз жеңіл және тамақ өнеркәсібі технолологиялық институтында ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды.
* 2008 жылдан - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті аттестаттау және аккредиттеу басқармасының бастығы
Әлпейісовтің 34 ғылыми еңбегі жарық көрген. 3 авторлық куәлігі бар.
## Дереккөздер |
Батыс Желдер ағысы — оңтүстік жарты шардағы 40° және 55° орта ендік аралығында үнемі батыстан соғатын желдің әсерінен қалыптасқан суық теңіз ағысы. Оны антарктидалық циркумполярлық (полюсті айналушы) ағыс деп те атайды. Ол Атлант, Үнді, Тынық мұхит суларын кесіп өтіп, 1000 — 1300 км ендікте, тереңдігі 1 — 5 км-ге дейінгі су массасын сағатына 3,5 км жылдамдықпен қозғалысқа келтіреді. Өте терең бойлауына байланысты мұхит түбіндегі жоталар әсерінен ағыс солт-ке қарай бірнеше тармақтарға бөлінеді. Олар: Перу, Бенгал және Батыс Австралия суық ағыстары. Батыс Желдер ағысынының әсерінен Атлант, Үнді және Тынық мұхит сулары Антарктида жағалауындағы мұхит суымен араласа алмайтындықтан, олардағы судың температурасы мен тұздылығында үлкен айырмашылық бар. Ағыстың өн бойында мұз сеңдері мен мұзтаулар жыл бойы қалқып жүреді.
## Сілтеме
* Қазақ энциклопедиясы |
Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзен алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, солтүстігнде Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр.
## Географиялық зерттелу тарихы
Еуропа мен Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың көпшілігі (керуен жолдары, елшілік көштері, т.б.)ежелгі заманнан-ақ қазіргі Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен. Осыған байланысты Қазақстанның кейбір табиғи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгілі болған. Мысалы, Геродот (б.з.б. 5 ғ.) Каспий теңізінің шығысында шексіз жазық өңір жатқандығын және оны массагеттердің мекендейтіндігін баяндаған. Птолемей (б.з. 2 ғ.) өз еңбектерінде Жайық (Dаіх), Жем (Rhymmus) және Сырдария (Jаxаrtеs) өзендері туралы мәліметтер келтірген.
* 9 – 10 ғасырларда араб ғалымдары Арал теңізіне толық сипаттама беріп, картаға түсірді және гректердің Әмудария мен Сырдария өзендері Каспий теңізіне құяды деген топшылауын теріске шығарып, Арал теңізіне құятынын анықтаған. Арабтардың сол кездегі деректерінде Жайық, Жем, Сағыз өзендері аталған. 13 ғасырда Моңғолияға Италия саяхатшысы Джованни Плано Карпини және фламанд саяхатшысы Виллем Рубрук бастап барған елшілер өздері жүрген Қазақстан аумағындағы шөл, шөлейт аймақтардың қысқаша сипаттамасын берген. Олар өздерінің жеке бақылаулары негізінде Каспий теңізінің тұйық алап екендігі туралы маңызды геогр. мағлұматтарды жаңартып толықтырған және Алакөл, Балқаш көлдері, Тарбағатай, Жетісу Алатауы (Еренқабырға) жайында алғашқы деректер келтірген.
* 15 – 17 ғасырлардағы Қазақстан туралы географиялық мәліметтер Ресей әдебиеттерінде жинақтала бастаған. Бұл мәліметтер Мәскеу мемлекетін және оған іргелес аумақтарды бейнелеген “Большой чертеж” (“Үлкен сызба”) картасында жүйеленген. 1627 ж. шыққан “Книга большого чертежа” (“Үлкен сызба кітабы”) атты еңбекте қазіргі республиканың батыс, оңтүстік және орталық бөліктерінің біршама жерлеріне нақтылы сипаттама берілген. 17 ғасырларда Қазақ ордасына және Орта Азия хандықтары жеріне жасалған орыс саяхатшыларының зерттеулері жиілей түскен. Олардың Жайық өз. сыртындағы дала туралы мәліметтері жинақталып, “Чертеж всей земли безводной и малопроходной каменной степи” (“Бүкіл жері сусыз, өтуге қиын тастақты дала сызбасы”) деген атпен жарық көрген (1697). Бұл туынды С.Ремезов жазған “Чертежная книга Сибири” (“Сібірдің сызба кітабы”) атты орыстың тұңғыш геогр. атласы құрамына енген. Мұнда Қазақстан аумағының көпшілік бөлігі қамтылған. 18 ғ-дыҢ 30-жылдарынан 19 ғ-дың 60-жылдарына дейін созылған Ресейдің Қазақстанды отарлау үрдісі оның аумағының геогр. зерттелуінің сипаты мен барысына әсерін тигізбей қоймады. Бұл кезеңде жаңа қосылған аумақтарда орыс мемлекеті билігін орнату және нығайту мақсатына сай көптеген арнаулы әскери және ғыл. экспедициялар ұйымдастырылды.
Ертіс өзені бойында бекіністер салуға және Жоңғар хандығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнауына байланысты Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанды тұңғыш топографиялық картаға түсіру ісі жүргізілді. Сонымен қатар Қазақстанның батысында, Каспий мен Арал теңіздері жағалауында, Сарысу, Шу өзендерінің алаптарында картаға қарапайым түсірулер іске асырылды. Бұл түсірулердің нәтижесінде, бір жағынан, Қазақстанның жеке өңірлерінің тұңғыш ірі масштабты карталары жасалса, екінші жағынан, табиғат ерекшеліктері туралы ғылыми мәліметтер жиналды. Қазақстан географиясы туралы алғашқы ғыл. еңбек П.И. Рычковтың 1762 ж. шыққан “Топография Оренбургская” (“Орынбор топографиясы”) атты кітабы болды. Қазақстанның геогр. зерттелу тарихында 1768 – 74 жылдардағы акад. экспедициялар ерекше орын алды. Ресейдің Ғылым және көркемөнер академиясының академиктері мен адъюнктері Қазақстанның Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы бөлігін, Маңғыстау түбегін, Ырғыз бен Торғай өзендерінің алабын, Есіл даласын, Ертіс маңы ойпатын, Кенді Алтайды және Қалба жотасын зерттеді.
* 1820–21 жылдары экспедициялық зерттеулер нәтижесінде “Естественная история Оренбургского края” (“Орынбор өлкесінің табиғат тарихы”) атты 3 томдық еңбек жарияланды. Оның 1-бөлімінде Бат. Қазақстанның табиғат жағдайларына жалпы сипаттама берілді.
* 19 ғ-дың 1-жартысында қазіргі Қазақстан аумағын зерттеуші экспедициялардың саны артты. 1827 жылдан 1872 жылға дейінгі аралықта Г.С. Карелин өлкені картаға түсірумен бірге әр түрлі аймақтардың (Каспий теңізі жағалауы, Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы тауларының) жануарлар мен өсімдіктер дүниесінен коллекциялар жинады. Атақты неміс ғалымы А.Гумбольдт өзінің Алтайға жасаған саяхаты (1829) нәтижесінде “Центральная Азия” (“Орталық Азия”) деген көлемді еңбегін шығарды. 19 ғ-дың 30-жылдарына дейін Қазақстан туралы жиналған географиялық деректер А.И. Левшиннің “Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей” (“Қырғыз-қазақ не қырғыз-қайсақ ордасы мен даласының сипаттамасы”) деген кітабында (1832) қорытындыланды. Бұл кітап Қазақстанның жері туралы берілген алғашқы толық географилық сипаттама болды.
* 1840–50 жылдар аралығында Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстан өңірлеріне Ресей ботанигі Л.И. Шренк саяхат жасады. Ол Жетісу Алатауына, Балқаш–Алакөл ойысының шығыс бөлігіне физикалық-географиялық сипаттама берді. 19 ғасырдың орта шенінде Арал (А.И. Бутаков) және Каспий (К.М. Бэр, Н.А. Ивашинцов) теңіздері жан-жақты зерттелді.
1857 ж. Арал-Каспий атырабына императорлық Санкт-Петербург Ғылым Академиясы ұйымдастырған экспедицияға И.Г. Борщов пен Н.А. Северцов қатысты. Экспедиция жұмыстарының қорытынды деректерінің маңызы өте зор болды. Экспедиция жүмысының нәтижесінде Батыс Қазақстанның жер беті, геологиялық құрылысы, климаты, флорасы және фаунасы туралы нақты деректер кеңейді. Борщов “Материалы для ботанической географии Арало-Каспийского края” (“Арал-Каспий өлкесінің ботаникалық географиясына арналған деректер”) деген классикалық монографиясында Батыс Қазақстанды ландшафтылық-географиялық облыстарға бөлді.
* 1856–57 жылдары П.П. Семенов (Семенов-Тян-Шанский) Тянь-Шань тауына өзінің әйгілі саяхатын жасады. Ол бұл сапарындағы зерттеу қорытындысында таулы өлкенің орографиясына (таулы жер бедері) жаңаша сипаттама беріп, тұңғыш рет биік тау ландшафтын анықтады. П.П. Семеновтың бұл сапарда ашқан аса маңызды жаңалықтарының бірі – Орта Азиядан тау мұздықтарының табылуы. Ғалымның осы жолғы еңбегі Орта Азия мен Қазақстанның Тянь-Шань сияқты таулы өлкелерін жан-жақты зерттеудің ғылым негізін жасағандығы болды.
* 19 ғ-дың 50–60-жылдарында Жетісу Алатауы мен Іле өңірін қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов зерттеді. Жетісу және Тянь-Шаньның табиғатына ғылыми сипаттама берді. Балқаш көлі мен Алакөлдің пайда болу және қалыптасу тарихының өте ұқсастығын дәлелдеді. Жетісу Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шань тауын жануарлардың таралуына қарай биік таулық белдеулерге бөлді. Сонымен бірге осы зерттелген өңірлердің маршруттық және жалпы шолулық карталарын жасады. 19 ғ-дың алғашқы жартысында кен байлықтарын іздеуге байланысты физикалық -географиялық сипаттағы бірқатар жаңа деректер алынды. Әсіресе, Орталық Қазақстан мен Тарбағатай тауының және Маңғыстау түбегінің геологиялық құрылысы, орографиясы туралы нақтылы деректер жиналды.
* 19 ғ-дың 60-жылдарында Ресейдің Қазақстанды отарлаудың тарихи үрдісі аяқталды. Соған орай кен байлықтары пайдалануға, темір жолдың салынуына және егістік жер қорының кеңеюіне көп көңіл бөліне бастады. Жалпы географиялық зерттеулермен бірге арнаулы геология, топырақтану, ботаника, гидрология, т.б. салалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1865–79 ж. аралығында А.Татаринов Оңтүстік Қазақстаннан Леңгір, Келтемашат, Боралдай, т.б. қоңыр көмір кен орындарын ашты. Бұрын Маңғыстау түбегінен көмір кенінің ашылуына байланысты мұнда одан әрі барлау жұмыстары жүргізілді. Қазан төңкерісіне дейін Маңғыстау түбегін зерттеу жұмыстарының ең көрнектісі – Н.И. Андрусовтың “Мангышлак” (“Маңғыстау”) атты еңбегі. Мұнда автор түбектің тектоникасы, стратиграфиясы туралы белгілі болған барлық деректерді тұжырымдады.
* 1865–79 жылдары И.В. Мушкетов пен Г.Д. Романовский Арал маңын, Қаратауды, Тянь-Шаньның солтүстігін, Балқаштың оңтүстігін, Тарбағатайды зерттеп, Түркістан аймағының алғашқы геологиялық картасын (1881) жасады. Онда бүкіл Оңтүстік Қазақстан өңірі камтылды. И.В. Мушкетов Орта Азияның физикалық географиясы мен геологиясына арналған “Туркестан” (“Түркістан”) еңбегін жазды (1886–1906). Ол сонымен бірге 1887 ж. Верныйдағы (қазіргі Алматы) зілзаланың себебін және зардаптарын зерттеді. 19 ғасырдың 90-жылдарында Сібір темір жолын салуға байланысты Солтүстік Қазақстанда көрнекті геолог К.И. Богдановичтің жалпы басшылығымен бірнеше экспедициялық зерттеу жүргізілді. Осының нәтижесінде Солтүстік және Орталық Қазақстанның геологиялық құрылысының негізгі сипаты анықталып, бірнеше көмір кен орындары (Екібастұз, т.б.) ашылды. А.Н. Замятин, Н.Н. Тихонович және С.И. Мироновтың зерттеулері нәтижесінде Ембі мұнайлы өңірінің стратиграфиясы мен тектоникасының жалпы сұлбасы жасалды, мұнайдың жер асты тұз күмбездерімен байланыстылығы анықталды.
Қоныстандыру басқармасының Н.Г. Кассин, А.А. Козырев, П.В. Матвеев басқарған экспедициялары Қазақстанның бірқатар аудандарының жер асты сулары туралы тұңғыш мәліметтер берді. Геология, топырақ тану, ботаника, т.б. экспедициялар өз жүмыстарына қосымша Қазақстанның жер бедері және оның ерекшеліктерінің жалпы сипаттамасы туралы зерттеулер жүргізді. Мысалы, Мушкетов өзінің геологиялық зерттеулерінің нәтижесінде Тянь-Шаньның қазіргі жер бедерінің қалыптасу заңдылықтарын ашты және орогр. құрылысының негізгі белгілерін анықтады. Оның Арал Қарақұмында жүргізген бақылаулары Қазақстан мен Орта Азиядағы қуаң өңірлер жер бетінің өзгеруіне эолдық факторлардың күшті әсер тигізгенін дәлелдеді. Д.Л. Иванов Батыс Тянь-Шаньнның ірі масштабты гипсометриялық картасын жасады. М.В. Баярунас Маңғыстаудың оңтүстігіне жүргізген геологиялық зерттеулері кезінде қосымша геоморфологиялық бақылаулар жүргізіп, Қарақия, Қауынды, т.б. тұйық ойыстарға жан-жақты географилық сипаттама берді. Санаулы ғана арнаулы геоморфологиялық зерттеу жұмыстарының ішінде Л.С. Бергтің еңбегі ерекше. Ол алғашқы болып Солтүстік Арал шөлдерінің жер бедері пішіндеріне геоморфологиялық сипаттама берді.
* 19 ғ-дың 70-жылдарынан Қазақстан аумағында метеорологиялық бақылаулар жүргізілді, бірақ мұнда метеорологиялық станциялардың саны өте аз болды және аумақ бойынша орналасуы біркелкі болмады.
* 1898 – 99 жылдары Берг, П.Г. Игнатьев және В.Д. Елпатьевский Орыс Географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің тапсырмасымен Солтүстік және Орталық Қазақстанның ірі көлдеріне зерттеу жүргізді. 1899 – 1902 ж. аралығында Берг Арал теңізінің гидрологиясын зерттеді. Нәтижесінде Арал теңізі туралы бұрынғы түсініктер түбірімен өзгертілді. Бұрын бүкіл Тұран ойпатын жауып, шығыста Балқаш көліне дейін созылып жатқан біртұтас Арал – Каспий алабы болды деген ұғым теріске шығарылды. Өз зерттеулерінің нәтижесін Берг “Аральское море” (“Арал теңізі”) монографиясында (1908) қорытындылады. Бұл еңбек өз деректерінің нақтылығымен, ғыл. қорытындыларының маңыздылығымен бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Осыдан кейінгі жылдары Берг Балқаш көлін жан-жақты зерттеді.
* 20 ғасырдың басында қазіргі Қазақстан жерінде топырақтану зерттеулері етек жайды. Қоныстандыру басқармасы ұйымдастырған экспедицияларға топырақ зерттеушілер С.С. Неуструев, Л.И. Прасолов, А.И. Безсонов, т.б. басшылық етті. Қазақстанның өсімдігін зерттеуге ботаник және географ А.Н. Краснов үлкен еңбек сіңірді. Оның экспедициясы Алтайды, Каспий ойпатын, Шу-Іле тауларын, Іле өзен алабын, Іле Алатауын қамтыды. Ол алғашқылардың бірі болып Тұран шөлін жіктеп, онда шөлдің саздақты, құмайтты, тастақты, сортаң түрлерінің бар екендігін анықтады. Геоботаникалық зерттеулердің ішінде В.В. Сапожников Тянь-Шаньда, Жетісу Алатауында, Алтайда ботаникалық және географиялық зерттеулер жүргізді. Ол бұл тау жүйелеріндегі өсімдіктердің таралуының бірқатар заңдылықтарын ашты. В.М. Савич Батыс Қазақстанда жүргізген геоботаникалық зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, шөл және дала белдемінің ауыспалы сипатта екендігі туралы пікір айтты. 1908 жылғы Торғай экспедициясынан бастап И.М. Крашенинников 30 жыл бойы Қазақстанды геоботан. тұрғыдан зерттеді. Ол өз еңбектерінде, әсіресе, өсімдік ассоциациясының жер бедерімен және топырақпен өзара қатынасын терең талдады.
* 19 ғ-дың соңы – 20 ғ-дың басында Қазақстан фаунасы(қолжетпейтін сілтеме) н зерттеуге көңіл бөліне бастады. Ірі зоологиялық зерттеулерді Арал – Каспий экспедициялары жүргізді. Жаратылыс зерттеушілердің Петербург қоғамы өлкенің жаратылыс тарихын анықтау мақсатында экспедиция ұйымдастырды және Каспий мен Арал теңіздерінің фаунасын зерттеуде бай материал жинақтады. Экспедицияның ихтиологиялық коллекциясын зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, К.Ф. Кесслер жаңа геологиялық уақытта Каспий мен Арал теңіздері арасында болған байланыстылық туралы пікірге алғашқылардың бірі болып өз күмәнін айтты. Северцовтың, А.М. Никольскийдің зерттеулері географиялық тұрғыда жүргізілуімен ерекшеленеді. Северцов “Вертикальное и горизонтальное распределение туркестанских животных” (“Түркістан жануарларының таулы және жазық өңірде таралуы”) деген күрделі еңбегінде (1873) Орта Азияны географиялық аудандастырудың негізін қалады (Оңтүстік Қазақстанды қоса).
Қазақстанның орнитофаунасын алғаш талдап зерттеушілер: Н.А. Зарудный, П.П. Сушкин, В.Н. Бостанжогло. Бұл ғалымдар өздерінің тікелей бақылаулары мен бұрынғы мәліметтерді пайдаланып Қазақстан аумағында кұстардың геогр. таралуын жете түсіндірді. Сондай-ақ, олардың еңбектерінде Қазақстанның жазық бөлігін аудандастыру мәселесі қамтылған. Северцов, Краснов, Берг, Неуструев, Крашенинниковтың еңбектерінде табиғат кешендерінің әр түрлі құраушылары аралығындағы байланыстылық талданып, физикалық-географиялық заңдылық тұжырымдалып, табиғи аудандастыру мәселелері көтерілді. Қазақстан аумағының қазіргі физикалық-географиялық бөлінуінің негізі Бергтің “Опыт разделения Сибири и Туркестана на ландшафтные и морфологические области” (“Сібір мен Түркістанды ландшафтық және морфологиялық аймақтарға бөлу тәжірибесі”) мақаласында (1913) қаланды. Осы жұмысында Берг нақтылы деректер негізінде Қазақстан аумағын ландшафтылық белдемге және морфологиялық облыстарға бөлді. Бергтің аудандастыру туралы еңбегінің Қазақстан аумағы үшін қазірге дейін ғыл. маңызы күшті.
Қазақстан жерінің кеңестік дәуірде зерттелуі Қазақстанның өндіргіш күштерін соц. негізде дамыту мәселелерімен тікелей байланыстырылды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы табиғи қорлардың зерттелуімен ұштастырылды. Әрбір ірі құрылысқа байланысты географиялық ортаның элементтері – жер қойнауы, топырақ қабаттары, су қорлары, климаты, т.б. зерттеле басталды. Кен байлықтарын табу және оларды игеру мақсатында геологиялық барлау кеңінен етек алды. Топырақ және өсімдік түрлерін зерттеу экспедицияларының жұмысы жандандырылды. Жаңа қалалар мен елді мекендердің пайда болуына және одан әрі дамуына байланысты Қазақстанның көпшілік бөлігінің климаттық жағдайы зерттелді, су қорларын іздеу жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Дегенмен, республика жерінің географиялық зерттелу барысы әр кезеңде әр түрлі болды. Бұл жағдай ең алдымен республикадағы табиғи ресурстардың игерілу қарқынына, ғылыми мекемелердің жұмыс көлеміне байланысты болды.
Осы шаралардың барлығын жүзеге асыру үшін Қазақстан аумағы геогр. жағынан жан-жақты зерттеле бастады. Зерттеу, әсіресе, 20 ғасырдың 20-жылдарының ортасында елімізде халық шаруашылығын қайта құру және соцоллогиялық экономиканың негізін қалау кезеңінде кең өріс алды. Жеке облыс аумағын жүйелі және жан-жақты зерттейтін ғылыми экспедициялар ұйымдастырыла бастады.
Минералдық шикізат Мұрағатталған 11 қыркүйектің 2011 жылы. тардың кеңінен іздестіріле барлануына байланысты Қазақстан жерін зерттеуші институттардың, геологиялық партиялардың және трестердің (Сібір , Орталық геологиялық институттың Сібір бөлімі, Алтай полиметалл, Атбасар полиметалл және Қазақ геологиялық барлау трестері, Ауыр өнеркәсіп халкомының Қазақ геология-гидрогеология басқармасы, т.б.) саны көбейе түсті. 1926 ж. КСРО ҒА жанында құрылған одақтас және автономиялы республикаларды зерттеуші арнаулы комитет Қазақстанның жер қойнауын зерттеу жұмысын қолға алды. 1933 жылы Қазақ гидрометеорология басқармасы ұйымдастырылды. 1932 жылы КСРО ҒА-нда Қазақстанның өндіргіш күштерін зерттеуге арналған конференция өтті. Бұл жағдай республикада жүргізілген көптеген зерттеу жұмыстарының бастамасы болды. Сол жылы КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы құрылды (1939 ж. КСРО ғылым академиясының бөлімшесіне айналды).
Геологиялық зерттеулердің басты мақсаты' – еліміздің өнеркәсібіне аса қажет кен орындарын табу және оларды барлау болды. Бұл бағытта В.К. Котульский (Алтайда), В.П. Нехорошев, Н.Н. Горностаев, А.К. Мейстер (Шығ. Қазақстанда), М.П. Русаков, Н.Г. Кассин, Д.С. Коржинский (Орталық Қазақстанда). Замятин (Жем алабында), т.б. еңбек етті. Кен орындарының өнеркәсіптік маңызын анықтай түсу үшін Әулиеата уезінде, Мұғалжарда, Қызылқұмда (И.П. Герасимов, П.К. Чихачев), Солтүстік-Шығыс Қазақстанда (А.А. Козырев), Орталық Қазақстанда (Қ.Сәтбаев) геологиялық зерттеулер іске асырылды. Геоморфологиялық байқаулар Үстіртте (Н.Л. Благовидов), Каспий ойпатында (Герасимов) жүргізілді. Н.А. Копыловтың 1927 ж. шыққан “Материалы по гипсометрии Казахстана” (“Қазақстан гипсометриясы бойынша деректер”) кітабында Қазақстан геоморфологиясы туралы алғашқы маңызды мағлұматтар берілді.
Оңтүстік Қазақстан облыстарының климатын зерттеуде Түркістан метеорологиялық институты елеулі үлес қосты. Түркістан (1924) және Қазақстанның (1925) климаттық жағдайлары туралы еңбектер жарық көрді. Республика аумағын климаттық аудандастыру алғашқы қадамы [1927 ж. шыққан М.Д. Пономарев пен В.Н. Барсуктың “Климатический очерк Казахстана” (“Қазақстанның климаттық очеркі”) еңбегі] жасалды.
Қазақстандағы алғашқы гидрологиялық кешенді зерттеу жұмысы ретінде М.М. Давыдовтың (1925) және Б.X. Шлегельдің (1926) еңбектерін атауға болады. Бұлар Оңтүстік Қазақстан өңірінің су шаруашылығы жағдайын сипаттады. КСРО ғылым академиясының басшылығымен Қазақстан гидрографиясының жоспарлы зерттелуі жолға қойылды, осы мақсатпен республиканың батыс бөлігіне бірнеше экспедициялар шықты. Бұлардың материалы бойынша 1928 ж. П.Н. Лебедевтің “Краткий гидрографический очерк Казахстана” (“Қазақстанның қысқаша гидрографиялық очеркі”) және “Гидрометеорологический очерк Казахстана” (“Қазақстанның гидрометеорологиялық очеркі”) еңбектерін баспадан шығарды. Шу, Талас, Сырдария өзендерінің төм. ағысындағы көлдер зерттелді.
КСРО Географиялық коғамының Верный және Түркістан бөлімдері Кіші және Үлкен Алматы өзендерімен өтетін лай тасқындардың себебін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра бастады. Қоныстандыруға және жер қорын есепке алуға байланысты Қазақстан өңірлерінің топырағын зерттеу кең өріс алды. Республика аумағы топырақ жамылғысының алғашқы сипаттамаларын Р.И. Аболин (1922), К.Д. Глинка (1923) және Л.И. Прасолов (1925) берді. Олардың жұмыстарында топырақ-өсімдік белдемдерінің сұлбасы жасалып жіктелді. Қостанай (В.И. Баранов), Орал (И.И. Фелимонов, И.В. Ларин), Ақтөбе (М.И. Рожанец) және Жетісу (А.Мухли) облыстарының аумағына экспедициялар шықты. КСРО ғылым академиясының экспедициялары құрамында Герасимов Үстірттің, Неуструев Каспий ойпатының топырақ жамылғысын зерттеді. Әсіресе, Герасимовтың еңбектерінде (1928–30) бұл өңірлердің топырақ қабаттарының қалыптасу жағдайлары және бұған байланысты өңірді физикалық-географиялық аудандастыру жөнінде құнды деректер берілді.
Геоботаникалық зерттеулердің де өзіндік қолданбалық мақсаты белгіленді. Бұлардың алдына жайылымды, шабындықты және жыртуға жарамды жерді анықтау әрі оларға сипаттама беру міндеті қойылды. Алғашқы жылдары геоботан. жұмыстың көпшілігі Батыс Қазақстанда жүргізілді (И.В. Ларин). КСРО ғылым академиясының қазақстандық экспедициясы құрамындағы топырақ-ботаника отряды бұл өңірдің өсімдігін зерттеуге елеулі үлес қосты. Республиканың Жер Халкомы Семей және Павлодар облыстарына экспедициялар жіберді. Бұл саладағы зерттеудің алғашқы жиынтық қорытындыларын (1923–25) Крашенинников жариялады. Ол өз еңбегінде өсімдік жамылғысы географиясын түсіндіруге генетик. принципті пайдалануды және физ-геогр. аудандастырудың алғашқы сұлбасын ұсынды. Осы кезеңде республика фаунасын зерттеуде Д.Н. Кашкаров, В.Н. Шнитников, Б.С. Виноградов, т.б. елеулі үлес қосты.
Өндірісті тиімді де дұрыс орналастырудың маңыздылығы экономиканы қайта құру жоспарын жасау кезінде айқындала түсті. Алғашқы бесжылдық (1929–32) жоспарларында Қазақстанда өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының барлық салаларының техникалық базаларын жасау қарастырылды; ол үшін республикадағы геогр. зерттеулерді кеңінен және жан-жақты жүргізу керек болды. Бұл кезеңде (1928–40) экспедициялық зерттеулер кең етек алды. Республикада тұрақты ғылыми-зерттеу мекемелерінің және жергілікті ғылыми кадрлардың көбеюінің нәтижесінде Қазақстан жерінде тұрақты бақылаулар жүргізу жолға қойылды. Геологиялық барлау жұмыстары түсті және сирек металдар, көмір, т.б. кен байлықтарының қоры жөнінен Кеңес Одағы бойынша Қазақстанды жетекші орындардың біріне шығарды. Алтайдың, Орталық Қазақстанның кентастық кен орындарын және Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Арал маңы, Мұғалжар тауы, т.б. өңірлердің геологиялық құрылысын зерттеу қарқынды түрде жүргізілді.
Климаттық және гидрологиялық жұмыстар метеорол. және гидрометеорол. ст-лардың көбеюіне негізделе жүргізілді. Су қорларын зерттеу өрістеді. Өндіріс қажеттерін өтеу және салынуға тиісті гидротех. құрылыстардың геогр. жағдайларын анықтау үшін кейбір жеке алаптарға кешенді зерттеулер жүргізілді. Бұлардың нәтижесінде И.И. Фелимоновтың Жайық-Көшім каналы, Орт. Қазақстанды суландыру перспективасы, Б.К. Терлецкийдің Балқаш-Алакөл алабы жөнінде, Солтүстік және Орталық Қазақстан туралы “КСРО су қорларының анықтамасы” жинағының 13-томы, т.б. еңбектері жарық көрді. Арал теңізі мен Балқаш көлін жаңадан зерттеу басталды. Іле Алатауына Н.Н. Пальгов гляциологиялық бақылаулар жүргізді.
* 2-дүниежүз. соғыс жылдарында (1941–45) жалпы геогр. зерттеулер біршама қысқарды, негізінен майдан мен тыл мұқтажын өтеу ғана ескерілді.
КСРО ғылым академиясының Географиялық институтының көпшілік қызметкерлері Алматыға көшіріліп, Топырақ тану және Ботаника институттарымен және басқа жергілікті ғалымдармен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығын өркендетудің қорларын табу және зерттеумен шұғылданды. Дәл геоморфологиялық карталар жасалды, су және топырақ жамылғысының қорлары түбегейлі зерттелді. Солардың нәтижесінде жерді тиімді пайдалануға нақты ұсыныстар берілді. Республика алғашқы рет табиғи мал азығының қоры бойынша аудандастырылды (Л.Г. Соболев), геоморфология бойынша (И.П. Герасимов), агроклиматологиядан (П.Н. Колосков) ірі қорытындылар шығарылды, топырақты зерттеудің геохимиялық тәсілі жасалды (М.А. Глазовская), су ш. қажетін өтеуге катысты табиғат жағдайларының бірнеше карталары (Б.А. Федорович, С.Л. Кушев) құрастырылды. Бұл материалдарды қорытындылай келе А.А. Григорьев өзінің Қазақстан табиғаты туралы очерктерін жариялады. Осы жылдары КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің Геогр. секторын белгілі ғалым Н.Н. Баранский басқарды. Ол республика экономикасын мамандандыруды жетілдіре түсу мақсатында Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлді. Соғыстан кейінгі жылдары (1945 жылдан бастап) Қазақстандағы геогр. зерттеулерге баса көңіл бөлінді. Халық ш-н қалпына келтіру және одан әрі дамыту үшін табиғи ресурстарды көптеп табу және оларды шұғыл шаруашылыққа пайдалану керек болды. 1946 ж. ҚазКСР ҒА құрылды. Оның кұрамында бірнеше экспедициялар ұйымдастырылып, Арал теңізіндегі Барсакелмес аралының, Балқаш көлінің оңтүстігіндегі шөлдің, Жетісудың геогр. жағдайлары зерттелді. Республика аумағын физикалық-географиялық аудандастырудың алғашқы сұлбасы құрастырылды (Н.Г. Рыбин, 1948). Бұрынғы жүргізілген зерттеу материалдары негізінде республика табиғатының басты кешендеріне тұжырымды сипаттама берілген “Қазақстанның физика-географиялық очерктері” (1952) жарыққа шықты.
Қазақ КСР ғылым академиясының Географиялық институты Қазақстан табиғатын зерттеуді одан әрі жалғастыра берді, “Қазақстан. Физика-географиялық сипаттама” (1950) жинақ кітабын шығарды. КСРО ғылым академиясының өндіргіш күштерді зерттеу кеңесі игерілуге тиісті жаңа аудандарда кешенді экспедициялық зерттеулер ұйымдастырды. Осы мақсатпен Торғайдың шикізат қоры, Солтүстік және Орталық Қазақстанның минералдық шикізат, гидроэнергетикалық және ормандық қорларын зерттеді. Тянь-Шаньда биік таулық физикалық-географиялық станциясы құрылды. Республика жерін геоморфологиялық зерттеу, әсіресе геоморфологиялық картаға түсіру ісі өрістеді. Жер қойнауын зерттеу тәсілдерінің бірі – геологиялық картаға түсіру жалпы зерттеу процестерінің құрамына енгізілді. Сөйтіп геоморфологиялық карта табиғи аудандастыру мен ландшафтын зерттеудің негізіне айналды.
Суландыру, орман алқаптарын отырғызу, тың және тыңайған жерді игеру шараларына байланысты республиканың жеке аудандарының микроклиматы және жылу балансы зерттелді. Аңызақ жел, атмосфералық қуаңшылық, жел эрозиясы, топырақ борау, топырақ бетінің тоңдануы сияқты құбылыстар және климаттың өзгеру заңдылықтары зерттелді. Осы зерттеулердің деректері негізінде “Қазақстан климаты” (1959) атты жинақ шықты.
Гидрологиялық зерттеулердің ішінде республика көлдерінің жете тексерілгенін аңғаруға болады. Бұл жұмысты кейіннен КСРО ғылым академиясының Көлтану институты айналған көлтану лабораториясы мен Қазақ КСР ғылым академиясының географиялық секторының қызметкерлері бірлесе жүргізді. Зерттеу жиынтығын А.В. Шнитников қорытындылады. Көлдердің физикалық-географиялық жағдайымен қоса олардың гидробиол. және экон. жақтары да зерттелді. Көлдердің жалпы кадастры құрастырылды. Жер беті суы қорларын зерттеу нәтижелері тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты біршама толықтырылды. Бірнеше ірі гидрологиялық кешендік зерттеулер жүзеге асырылды және бұлардың деректері “Ресурсы поверхностных вод районов освоения целинных и залежных земель” (“Тың және тыңайған жерді өңірлерінің беткі ағын қоры”), “Ресурсы поверхностных вод СССР” (“КСРО жер беті ағынының қоры”) жинақтарына енгізілді.
Топырақ Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. жамылғысын зерттеген әр саланың ғылыми және өндірістік мекемелердің қорытындылары көп томдық “Почвы Казахской ССР” (“Қазақ КСР-інің топырағы”) басылымында және бірнеше жалпы шолулық карталарда жарияланды. Геоботаникалық және зоогеографиялық зерттеулердің жиынтық деректері жарық көрді. КСРО ғылым академиясының аэротәсілдер лабораториясы Солтүстік Қазақстанның табиғи жағдайын зерттеудің аэротәсілін белгіледі. Экономикалық география саласында Қазақстанның табиғатын, халқын, экономикасын және мәдениетін бейнелейтін кешендік еңбектер (И.Т. Тәжиев, М.Ш. Ярмұхамедов, К.Б. Ахмедова, т.б.), өндіргіш күштерді тиімді орналастыруға, экономикалық аудандастыруға және экономикалық аудандарды мамандандыруға, аумақтық-өндірістік кешендердің қалыптасу мәселелеріне, еңбек және табиғи қорларға баға беруге арналған жұмыстар (В.А. Адамчук, Б.Я. Двоскин, Е.Н. Гладышева, С.Әбдірахманов, т.б.) жарық көрді. Республика жерін жан-жақты зерттеу нәтижесінде Қазақстанның және оның жеке аймақтарының кешендік атластары құрастырылды. Тың өлкесінің, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірнеше ландшафтылық карталары шықты. Ландшафтылық зерттеулердің кеңінен етек алуына ландшафт танушы ғалымдардың бүкілодақтық 6-кеңесінің (1963) Алматыда өтуі әсер етті. Арал маңы мен Жезқазған өңірінің, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау облыстарыньщ ландшафтылық жағдайы зерттелді ( География және География институты)..
## Жер бедері
Республика аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер үлесіне тиеді, қалған бөлігі – ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Оңтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарға негізінен теңіз деңгейінен 200 – 300 м ғана биік келген жазық жер бедері тән. Оңтүстік-шығысы биіктігі 5000 – 6000 метрлік таулы өңір болып келген. Яғни, республиканың топографиялық жер бедері оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа және шығыстан батысқа қарай аласарады. Сонымен бірге, Қазақстан жерінде Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі сынды тұйық сулы алаптар, терең ойыстар мен құрғақ арналар баршылық. Қазақстанның ең биік жері – Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол республиканың оңтүстік-шығыс бөлігін қамтитын Тянь-Шань тау жүйесінде. Каспий теңізінің шығыс жағалауында құрлықтық бөлігінің ең ойыс жері, теңіз деңгейінен 132 м төмен жатқан Қарақия (Қаракие) ойысы орналасқан..
Толығырақ мақала:Қазақстанның жер бедері
## Геологиялық құрылымы
Толығырақ мақала:Қазақстанның геологиялық құрылымы
## Климаты
Толығырақ мақала:Қазақстан климаты
## Атмосфера айналымы
Толығырақ мақала:Қазақстанның атмосферасы
## Жануарлары
Толығырақ мақала:Қазақстан жануарлары әлемі
## Өсімдіктері
Толығырақ мақала:Қазақстан өсімдіктері
## Сыртқы сілтемелер
* Kazreferat.ru Қазақстан табиғаты реферат(қолжетпейтін сілтеме) (қазақша)
## Дереккөздер |
Неке сарайы — Алматыдағы неке қиюға арналған ғимарат, жергілікті маңызы бар сәулет ескерткіші.
1971 жылы Алматы қаласында (архитектор — М. Меңдіқұлов, А. А. Леппик, инжинер — Н. Оразымбетов) салынған. Композиция құрылымына бірінің үстіне бірі орнатылған сақина іспетті 3 шеңбер қабат алынған. Ортаңғы шеңбер қабат (диаметірі 34 м) радиусын бойлай екі қатар бағаналар тізбегі тартылған. Еңселі кең вестибюльден көтерілетін салтанат басқышы 2-қабаттағы некелесу залына апарады. 2-қабаттағы бөлмелер тұтас айналма галареямен жалғасқан. Ғимарат интерьерінің әсемделуі мен шеңберлі керегесінен дәстүрлі қазақ киіз үйіне ұқсас ұлттық нақыш көрінеді. Оның қабырғасын тұтастай шынымен қаптау, айналдыра өрнекті күнқағар шілтер ұстау ғимаратқа әсем сипат берген. Құрылыс ісінде мәрмәр, гранит, габбро, емен қолданылған.
## Дереккөздер |
Наурызбаев Михаил Қасымұлы (21.5.1942 жылы туған, Алматы) – ғалым, техникалық ғылым докторы (1992), профессор (1992), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (2000). Қазақстан Мемлекеттік Университеттің (қазіргі Қазақстан Ұлттық Университет) химия факультетін бітірген (1965). 1965 – 88 жылдары Қазақстан Ұлттық Университетінде ғылыми-зертеу жұмыстарымен айналысты, басшылық қызметтер атқарды. Қазақ химия-технологиялық интернатының ректоры (1988 – 91) болды. 1993 жылдан Қазақстан Ұлттық Университінің кафедра меңгерушісі және осы интернаттың жанынан өзі ұйымдастырған Зерттеулер мен сараптаулардың физика-химиялық әдістері орталығының ғылыми жетекшісі (1994, 1995 – 2000 жылы химия факультетінің деканы). Негізгі ғылыми-зерттеулерінің бағыты таза металдар мен құймалар алу технологиясына арналған. Қазақстанда жаңа ғылыми бағыт – таза металдар алу мақсатында көп компонентті жүйелерде жүретін электрхимиялық процестерді басқару және осы мақсатта гидрометаллургия мен гальванотехника технологияларын жетілдіру жүйесін ұйымдастырды. Қазақстанның әлемдік жоғары технологиялық өнімдер нарығы – тұрақты изотоптар нарығына шығуын қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық және ақпараттық-талдау жұмыстарының кешенін жасағаны үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (2005). 5 монография, 60-тан астам авторлық куәлік пен патенттің авторы. “Еңбектегі ерлігі үшін” (1984) медалімен марапатталған.
## Сілтемелер
* Патент
* Тұлғалар
* Қазақстан Республикасы
## Дереккөздер
1 |
БҰРАЛҚЫҰЛЫ Керімбай (1862 ж.т. – 1924, Әулиеата уезі, Билікөл болысы) – қоғам қайраткері, Қойгелді батырдың ұрпағы. Дулат тайпасының Шымыр руынан шыққан.
Ұзақ жылғы болыстық қызметінде К. елді сауда-саттыққа, кәсіпшілікке бағыттаған. Тұз өндіретін, балық аулайтын шағын кәсіпорындар ашқан. К. ел аузында ағартушылық қызметімен аты қалған болыс. Ол мешіт салдырып, орыс-бұратана мектебін ашады (1888). Қазақ балалары үшін алғаш интернат ұйымдастырады. Ол кейін Аса интернаты (1912) болып, қазір Тараз қ-ндағы Керімбай атындағы №12 мектепке айналды. 1912 ж. Ташкент қ-нда өзі жиыстырған қазақ шежіресін бастырып шығарды. К. күйші-сазгерлігімен, ақындығымен де аты шыққан. К. 1918 – 20 ж. ашаршылықта Т.Рысқұловпен тығыз байланыс жасап, оның аштыққа қарсы күресіне үлкен қолдау көрсетті. Өз қаржысы мен малына Тараз қ-нан аштарды тамақтандыратын бірнеше асхана ашты.
## Дереккөздер |
Надеждинка — Қостанай облысы Қостанай ауданындағы ауыл, Надеждин ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Тобыл қаласынан солтүстікке қарай 63 км-дей жерде, Тобыл өзенінің сол жағасында.
## Халқы
1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1925 адам (948 ер адам және 977 әйел адам) болса, 2009 жылы 1388 адамды (655 ер адам және 733 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланды. 1954-95 жылдары астық өндірумен айналысатын кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Надеждинкада және округтегі Майалап ауылында 1996 жылдан бері бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Басыр Хабижанов (8 қыркүйек 1930, Атырау облысы Индер ауданы, Қазақстан — 24 қаңтар 1982, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы) — медицина ғылымдарының докторы (1973), профессор (1975).
## Өмірбаяны
Алматы мемлекеттік медицина институтын (1953, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген.
Семей мемлекеттік медицина институтында (1956—1976, Семей мемлекеттік медицина академиясы) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор (1976—1980) қызметтерін атқарған.
1972 жылы «Изучение гетеротрансплантации костной ткани плодов консервированной различными методами в эксперименте и клинике» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 50-ге жуық ғылыми жарияланымның авторы. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.
## Марапаттары
* «Еңбек Қызыл Ту» ордені.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* О Б. Х. Хабижанов туралы Семей қаласының Мемлекеттiк Медицина Университетi сайтында Мұрағатталған 24 тамыздың 2011 жылы. |
Бестас – Балқаш көлінінің оңтүстігіндегі жал құм.
## Географиялық орны мен жер бедері
Жетісу облысы Қаратал ауданы жерінде, Қаратал өзені мен Шет (Бақанастың құрғақ арнасы) аралығында батыстан шығысқа қарай 110–115 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 80–90 км-ге созылған. Оңтүстігі Сарыесікатырау құмына жалғасады. Құмды алқаптың абсолюттік биіктігі солтүстікке қарай кеми береді. Құм жалдың биіктігі 3–20 м, солтүстік-шығысы жарқабақты, оңтүстік-батыс беткейі көлбеу келеді. Жер асты суы 5–20 м тереңдікте.
## Өсімдігі
Сексеуіл, еркекшөп, теріскен, жусан өскен. Солтүстігіндегі ойпаң жерлерінде бұта, жыңғыл, көл маңына таман қамыс өседі. Бестас құмы — қысқы мал жайылымы.
## Дереккөздер |
Бестам (1997 жылға дейін — Ленино) — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Бестам ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстікке қарай 3 км жерде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1573 адам (796 ер адам және 777 әйел адам) болса, 2009 жылы 1788 адамды (908 ер адам және 880 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Ауыл 1997 жылға дейін "Ленино" деп аталған. Іргесі 20 ғасырдың 20 жылдары аты шыққан ұжымдастыру кезінде қаланды. 1928-1996 жылдары күріш өсіретін Ленин атындағы ұжымшар бөлімшесінің орталығы болған. Бөлімше негізінде Бестам ауылында 24 шаруа қожалығы жұмыс істеді.
## Дереккөздер |
“Бестас”, “бесмін” — тастан жасалған, баспалдақ пішіндес ескерткіштердің ерекше түрі. Батыс Қазақстанның Маңғыстау, Үстірт, Ембі аңғары аймағында кең тараған. “Бестастар” құрылымы жағынан қабір үстіне қойылатын “үштас” ескерткіштердің, сондай-ақ, баспалдақты тұғырға орнатылатын “қойтастардың” жетілдірілген түрі болып табылады. “Бестастың” жоғарғы параллелепипедтері төменгілеріне қарағанда әлдеқайда жақсы өңделген. Олардың үстіне әр түрлі (көбінесе бояулы) бедерлі өрнектер салынады. Өрнексіз пирамида немесе сан қырлы етіп қашалған өте күрделі, көрнекті ескерткіштер түріндегі айрықша нұсқалары да кездеседі. Бұл тұрғыдан Үстірттегі Қамысбай, Сисем ата, Асан қожа қорымдарындағы “Бестастар” айтарлықтай назар аударарлық.
## Дереккөздер |
Жарымес — адамның бұрынғы білімі мен тәжірибесі жоғалып, дүние тану қабілетінің жаңа мәліметтерді қабылдай алмайтындай нашарлауы. Жарыместік жүйке жүйесінің әр түрлі ауруларының (олигофрения, шизофрения, қояншық, жарақат, т.б.) салдарынан болады. Жарыместікке шалдыққан адамның ең алдымен ақыл-ой қабілеті кемиді, ұмытшақ болады, сезімталдығы нашарлап, мінез-құлқы өзгереді. Жарымес адам сылбыр болады, еш нәрсеге қызықпайды, еліктемейді, ашуланшақ, жылағыш келеді. Жарыместіктің уланудан, мидағы ісік әсерінен, кейде аса кәріліктен болатын (қ. Алжу) түрлері де бар.
## Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы |
Некрасов мұздығы – Жетісу Алатауының солтүстік сілеміндегі аңғарлық мұздық.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Сарқан ауданындағы, Тентек өзенінің саласы Қалмақсай өзенінің бастауында жатыр. Мұздық 1957 жылы “Некрасов мұздығы” деп аталды.
## Жер бедері, аумағы
Абсолюттік биіктігі 3870 м. Жалпы ұзындығы 9 км, аумағы 10,9 км2. Мұздық батыс, орталық (кең аумақты), солтүстік-шығыс (ұзынша, жіңішке) камераларға бөлінеді.
## Дереккөздер |
Ермек Әбілдаев (28.2.1948 жылы туған., Бәйдібек ауданы Шаян ауылы) – әнші (тенор). Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген артисі (1995).
* 1965 жылы Алматы эстрада-цирк өнері колледжінің әншілер даярлайтын бөлімін бітірген.
* «Қазақконцертте» бірнеше жыл әнші болып шеберлігін шыңдады.
* 1980 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияны профессор Б.Жылысбаевтың класы бойынша бітіріп шықты.
* Сол жылы «Отырар сазы» оркестріне қабылданып, белді әншілерінің бірі болды.
Көрнекті композитор-дирижер Н.Тілендиевтің басқаруымен өткен көптеген концерттерге, фестивальдерге қатысып, бірнеше халықаралық байқаулардың лауреаты атанды. Солтүстік Кореяда өткен «Сәуір-94» атты дүниежүзілік фестивальде «Отырар сазы» оркестріне қосылып ән шырқап, көптеген мемлекеттерден келген әншілердің арасынан бірінші жүлдені жеңіп алды.
Әншілік шығармашылығына 25 жыл толуына арналған жеке есеп беру концерті табысты өтті.
Ермектің орындауында халық әндері «Ақ қурай», «Қызыл бидай», орыстың «Калинкасы», Естайдың «Құсни-Қорланы», М.Маңғытаевтың «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» романсы, Н.Тілендиевтің «Алатау», «Сарыжайлау», «Өз елім», «Біздің ағай тамаша», тағы басқа шығармалар бар.
Қазақ радиосына жаздырған халық әндері, классикалық, камералық ән-романстары мол.
## Дереккөздер |
Қапшағай бөгені — Іле өзені бойында, Алматы облысы Қонаев қалалық әкімдігі аумағы және Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары жерін қамтиды. Қапшағай су электр станциясына байланысты салынған. Қапшағай бөгенінің суға толтырылуы 1970 жылы басталды.
## Гидрологиялық сипаты
Ауданы 1847 км², ұзындығы 187 км, енді жері 23 км, орташа тереңдігі 15 м, ең терең жері 46 м. Шарасының жоспарлы сыйымдылығы 28 км³. Су жиналатын алабы 113 мың км², жағасының ұзындығы 430 км. Бөгеннің солтүстік жағасы құмды-малтатасты, едәуір бөлігі биік және тік жарлы, оңтүстік жағасы аласа, жайпақ, құмды, саздақты келеді. Бөгенде балықтың 26 түрі (ақмарқа, мөңке, тұқы, табан балық, т.б.) кездеседі, олардың ішінде 16 түрінің кәсіптік маңызы бар. Жылына 2 мың тоннадай балық ауланады. Бөген суымен 450 мың га-дан астам жер суғарылады. Онда күріш, бақша дақылдары егіледі. Сонымен бірге шабындық және жайылым суландырылады, Қонаев қаласының кәсіпорындары пайдаланады.
## Галерея
*
*
*
## Дереккөздер
* Қапшағай қаласының порталы Мұрағатталған 24 шілденің 2012 жылы. |
Базылхан Бұхатұлы (9 мамыр 1932 жылы туған, Моңғолия, Баян-Өлгей аймағы, Ақкөл ауылы) – ғалым, филология ғылымдарының докторы (1993), профессор (1995)
## Өмірбаяны
* Моңғолия мемлекеттік университетін бітірген (1960).
* 1960 жылдан Моңғолия ғылым академиясының ғылыми қызметкері.
* 1993 жылдан Қазақстан ғылым академиясының ғылыми қызметкері.
## Ғылыми жұмыстары
Базылхан Бұхатұлының “Моңғол қазақтарының тілі және оның кейбір алтай тілдеріне қатысы” докторлық диссертациясы — алтай шоғырындағы тілдердің (түркі, моңғол, тұңғыс-манжұр, жапон, корей) генеалогиялық тегін анықтаудағы жаңа қадам әрі алтайтану ғылымына қосылған елеулі еңбек ретінде бағаланды. Ол түркі-моңғол, қазақ-моңғол тілдерінің қатынасын диахрондық, синхрондық лингвистика негізінде зерттеп, шығу тегінің бірлігін дәлелдеді. Моңғолиядағы қазақтардың тарихына, тіліне, ауыз әдебиетіне, әдет-ғұрпына қатысты деректер жинап, Баян-Өлгей аймағыында Моңғол Ғылым Академиясының қазақ бөлімшесін ашуға ат салысты.
## Шығармашылығы
* Монгольские заимствования в Баян-Улгийском говоре казахского языка, А.-А., 1967;
* Краткая сравнительная историческая грамматика монгольского и казахского языков, У.-Б., 1973;
* Көне түркі ескерткіштері тілінің сөз құрылымы, У.-Б., 1984;
* Қазіргі қазақ және моңғол тілінің грамматикасынан қысқаша салыстырмалы белгілеулер, У.
## Дереккөздер |
Тұралау (лат. stagno - тұралатамын және лат. inflatio-Желбуаз — мемлекет экономикасының өндірістегі, саудадағы және экономиканың басқа да салаларындағы тоқырауымен және инфляциялық үдерістердің бір мезгілде өршуімен сипатталатын жай-күйі.
Экономиканың құлдырауымен (рецессиямен) қосамжарланады, қоғамның ресурстары әлеуеттік (мүмкіндікті) деңгейден төмен деңгейде пайдаланылатын жоғары инфляцияға ұшырайды. Тұралауға тән дағдарысты құбылыстар мен баға өсуінің ұштасуы шындығында нарықтық экономикаға тән сипат емес. Керісінше, дағдарыс кезінде әдетте не баға өсуінің баяулауы, не оның мүлде құлдырауы байқалған.
## Дереккөздер |
Қордай желі, Жетіжол мен Кіндіктас жоталары аралығындағы Қордай асуынан соғады. Солтүстіктен суық ауа массасының тау аңғарына енуінен пайда болады. Асудың орналасуына байланысты күшті желдің 93%-ы солтүстік-шығыстан соғады. Әр айда 2 – 4 күн, кей жылдары 10 – 15 күнге созылатын желді бұрқасын борайды. Мұзбел ауданындағы (бұрынғы Қордай кенті) метеостанса маңында ақпандағы желдің орташа жылдамдығы 7 м/с-қа жетеді. Бұл айда орта есеппен 8 күн күшті (15 м/с, онан да артық) жел соғады. Көктемдегі және жаздағы желдің жылдамдығы 5 – 7 м/с. Кейбір деректер бойынша Қордай желінің ең жоғарғы жылдамдығы жазда 28 м/с-қа, көктем және күзде 34, қыста 40 м/с-қа жетеді. Бір жыл ішінде орта есеппен 55 күн күшті жел соғатыны анықталған.
## Дереккөздер |
Тұран мұнайлы-газды аймағы - Қазақстанның батыс және орталық бөлігін қамтитын мұнайлы-газды алап.
## Геологиялық құрылымы
Шартты түрде Тұран тақтасы аталатын геологиялық құрылымға сәйкес келеді. Алқап Маңғыстау-Бозащы, Оңтүстік Маңғыстау, Орталық Каспий, Солтүстік Үстірт, Орталық Арал, Оңтүстік Торғай мұнайлы-газды аймақтары мен Шу-Сарысу газды-гелийлі аймағын біріктіреді. Өнімді түзілімдер Солтүстік Үстірт өңірінде ортаңғы және жоғарғы юра мен палеогенде, Бозащыда юра мен төмен борда, Оңтүстік Маңғыстау өңірінде триаста, юраның барлық үш бөлімінде, борда, палеогенде, Оңтүстік Торғайда юрада, төменгі борда шоғырланған. Шу-Сарысу ойысында мұнай кен орындары кездеспейді, газ төмен карбон мен төмен пермь шөгінділерінде ұшырасады.
## Көмірсутек шикізаты мол кен орындары
Аймақтағы мұнайлы-газды аймақтардың ішіндегі көмірсутек шикізат қоры мол кен орындар:
* Оңтүстік Маңғыстау (Өзен, Жетібай, Теңге кен орындары), Маңғыстау-Бозащы (Қаламқас, Қаражанбас), Оңтүстік Торғайда (Құмкөл кен орны). Бұлардан басқа Оңтүстік Маңғыстау аймағында: Айрантақыр, Аққар, Ақсаз, Ақсу-Кендірлі, Ақтас, Алатөбе, Асар, Атамбай-Сарытөбе, Ащыағар, Бектұрлы, Бұрмашы, Доңға, Еспелісай, т.б.;
* Маңғыстау-Бозащыда: Арман, Арыстан, Бозащы, Жалғызтөбе, Комсомол, Қарақұдық, Қаратұрын, Қолтық, Шағырлы-Шөмішті;
* Оңтүстік Торғай ауқымында: Ақсай, Ақшабұлақ, Арыс, Арысқұм, Ащысай, Қоныс, Қызылқия, Майбұлақ, Нұралы;
* Орталық Аралда: Базой, Қызылой;
* Шу-Сарысу аймағында: Айрақты, Амангелді, Анабай, Батыс Опақ, Бектас, Құмырлы, Малдыбай, Орталық, Придорожное, Үшарал-Кемпіртөбе, Үшарал кен орындары бар.
## Дереккөздер |
Ес-аймақ— Семей қаласында 1920 жылы мәдени-ағартушылық мақсатта құрылған драмалық труппа. Ресми түрде “Қырғыз (қазақ) мәдени ағарту үйірмесі” деп аталған. Оған Қазақ өлкелік саяси-ағарту бас комитетінің театр бөлімшесі басшылық еткен. “Ес - аймақты” қаладағы түрлі мекемелердің қызметкерлері, мұғалімдер, педагогика техникумның жоғары курсында оқитын студент жастар ұйымдастырған. Труппа сахна өнеріне бейім дарынды жастардың, әнші-күйшілердің, басқа да өнерпаздардың басын қосып, Қазақстандағы театр өнерінің, драматургия жанрының жандануына елеулі ықпал етті. Труппаның көркемдік жетекшісі және алғашқы ұйымдастырушысы Сейіт Тоқымбаев болды. Ол қайтыс болған соң, жетекшілік және режиссерлік жұмыстарын Уәли Тұрлыбеков жүргізген. Труппа құрамында 30-ға жуық адам болған. Олар: Қ.Құлғарин, Ж.Сәлменов, Ә.Жаулықбаев, О.Бейсенов, И.Сақатаев, С.Арықова, Ә.Бейсенбаев, А.Шикібаев, С.Әмзин, А.Әуезов, Т.Оспанов, т.б. қызметкерлер және Ғ.Төребаев, Д.Есенжолов, Л.Әшкеев, К.Махмұдов, Махмұдова, Г.Тәуекелова сияқты мұғалімдер. Олардың ішінен Төребаев, Әшкеев, Есенжолов кейін кәсіби театрға ауысып, актер, режиссер болып қызмет атқарды. Қазақ өнерінің көрнекті өкілдері Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, Ж.Шанин, Қ.Байжанов, Ж.Елебеков, М.Ержанов алғашқы өнер сапарларын осы труппадан бастаған. М.Әуезов пен Ж.Аймауытов труппа жұмысына белсене араласып, режиссер тұжырымдамалар мен сахналық шешімдерді қадағалап отырған. Труппаның репертуарынан Әуезовтің “Ел ағасы”, “Бәйбіше — тоқал”, “Еңлік — Кебек”, “Қаракөз”, Аймауытовтың “Жебір болыс”, “Қанапия — Шәрбану”, “Шернияз”, Шаниннің “Арқалық батыр”, Қ.Кемеңгерұлының “Алтын сақина”, С.Сейфуллиннің “Бақыт жолында”, “Қызыл сұңқарлар”, Б.Майлиннің “Бетім-ау, құдағи”, т.б. сол уақытта жарық көрген пьесалар орын алған. Сонымен бірге труппа баспа бетінде жарық көрмеген көптеген пьесаларды да қойып отырған. Спектакльдер мен ойын-сауықтар жұмысшылар ортасында, қаладағы түрлі клубтарда, орыс театрының сахнасында өткізілген. “Ес - аймақ” түрлі сипаттағы ойын-сауық кештерін ұйымдастыру арқылы жергілікті халықтың сауатын ашып, білім дәрежесін көтеруге елеулі ықпал етті. Труппа 1923 жылдың соңында “Губерниялық қазақ труппасы” болып қайта құрылып, ұлттық мемлекеттік театр ашылғанға дейін (1925) жұмыс істеді.
## Дереккөздер |
Яков Аронович Лазарис (23.2.1904, Украина, Полтава облысы, Коврай селосы – 14.3.1991, Қарағанды қаласы) – патофизиолог, медицина ғылымдарының докторы (1939), профессор (1940).
## Өмірбаяны
* Харьков мемлекеттік медицина институтын бітірген (1927).
* Одесса (1927–29), Днепропетровск пен Мәскеу (1941–43) және Горький (1943–51, қазіргі Нижний Новгород) қалаларындағы медицина оқу орындарында ғылыми-педагикалаық қызметпен (ассистент, 1929; доцент, 1935; профессор, 1940) айналысқан.
* Қарағанды мемлекеттік медицина институтында (1951–86, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) кафедра меңгерушісі қызметін атқарған;
* 1986–87 ж. осы институтта ғылыми кеңесші болды.
## Еңбектері
Лазаристің ғылыми еңбектері углеводтық алмасудың жүйесі мен патологиясына, өкпенің қабынуына, диабет пен токсикологияға арналған. 200-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның (мысалы, «Роль гипофиза в регуляции углеводного обмена», 1941; «Отек легких», 1962; «Легочное кровообращение», 1963; «Нарушение кислотно-щелочного гомеостаза», 1973; т.б.) авторы.
## Марапаттары
Ленин орденімен (1966) және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Базына — жақын адамдардың бір-біріне асқан сыпайылықпен, көңіл аулаған сыңаймен көңілін жықпастай етіп өз ойын, тілегін жеткізуі. Бірақ бұл қолқа салу емес. Жастардың жеңгелеріне еркелеген әзілі де, құрдастар арасындағы жеңіл қалжың да Базынаға жатады. Мұндай сөз көңілге дақ салмайды, ешкімді ренжітпейді.
## Дереккөздер |
Орловка, Қараой — Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы ауыл, Орлов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шарбақты ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 км жерде, Құлынды даласының орталық өңірінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесін 1908 жылы Украинадан келген шаруалар бұрынғы Қараой қонысының негізінде қалаған. 1929–1996 жылдары етті ірі қара мал өсіретін ұжымшар орталығы болды. 1996 жылдан ұжымшар негізінде шаруа қожалықтары құрылған.
## Дереккөздер |
Досымжан Сахуұлы Бержанов (4 қаңтар 1950 жылы туған, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Құланды ауылы) – техика ғылымдарының докторы (1996), профессор (1997).
* Қазақ химия-технология институтын бітірген (1973).
* 1973–81 жылдары Жамбыл «Химпром» өндірістік бірлестігінде ауысым бастығы, цехтың аға шебері, технологы, фосфор секторының жетекшісі, цех бастығы
* 1981 жылы Шымкент «Фосфор» өндірістік бірлестігінде аға шебер, Қазақ химия-технология институтының аға ғылыми қызметкері
* 1981–92 жылы Жамбыл «Химпром» өндірістік бірлестігінде ауысым, бөлімше бастығы, жетекші инженер-технолог, бас инженердің орынбасары, 1992–96 жылдары «Нодфос» өндіріс бірлестігінің бас инженері
* 1996–99 жылдары «Химпром» АҚ-ның бас инженері, «Қазфосфор» ААҚ-ның вице-президенті, «Нодфос» АҚ-ның президенті.
* «Научное обоснование, разработка и внедрение ресурсосберегающих и малоотходных технологий в фосфорном производстве» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
* 1999 жылдан «Химпром» АҚ-ның бас инженері
3 монография, 40-тан астам ғылыми мақаланың авторы, 15 авторлық куәліктер мен патенттердің иегері.
## Дереккөздер |
Қордай көтерілісі, 1931 жылы Қордай ауданында (қазіргі Жамбыл облысы) Кеңес өкіметінің ұжымдастыру саясатына қарсы ұйымдастырылған. Оған 200-дей адам қатысқан. Көтерілісшілер аудан партия комитетінің астық дайындау жөніндегі уәкілі З.Айтековты атып өлтірген. Көтеріліс күшпен басылған соң, басшылары Ырғайты тауында жасырынып жүрген басқа шаруаларға барып қосылды. Көтерілісшілердің бұл топтары Қызыл Армияның тұрақты бөлімдерімен және коммунистік отрядтармен бірнеше рет қарулы қақтығыстарға барған. Көтерілісшілер кеңес әскерлерінің тегеурінді шабуылдарынан кейін қолға түсіп, кейін кеңестік қуғын-сүргінге ұшырады.
## Дереккөздер |
Бестерек петроглифтері — қола дәуірінің ескерткіштері. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Бестерек ауылының жанындағы Қалба тауы жотасында, Тоқсабай, Қошанай, Түлеке, Қамысты Қарымсақ, т.б. қоныстар мен елді мекендер маңында тасқа қашап және сызу әдісімен салынған суреттер. Ерте темір дәуіріне жататын Бестерек 1 петроглифтер тобы Бестерек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10-12 км, бұрынғы Медведка кенішінде орналасқан, Бестерек 2 петроглифтер тобы Бестерек ауылынан оңтүстік-шығысқа және солтүстік-шығысқа қарай 1-10 км жерінде орналасқан. Адамдар мен аңдардың бейнелері көлемді әрі сол кезеңдерде кең тараған геометриялық төртбұрышты, қос үшбұрышты кейіпте салынған. Көпшілігі қола дәуірінің әр түрлі кезеңдерін (б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасы — б.з.б. 1-мыңжылдықтың басы) қамтитын бұл петроглифтерді 1970 — 80 ж. Қазақстанның Ғылым Академиясының экспедициясы (жетекшісі З. Самашев) зерттеген.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі |
Надёжка — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл, Ноғайбай би ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Булаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1067 адам (505 ер адам және 563 әйел адам) болса, 2009 жылы 807 адамды (392 ер адам және 415 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1907 жылы Ресейден жер аударылған шаруалар қалаған. 1926 жылы “Коммуна” артелі құрылды. Ауыл 1957-96 жылы астық өндіретін кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде Надежкада 1996 жылы округ орталығы құрылды.
## Дереккөздер |
Қоржын — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы ауыл, Аққозы ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қаратөбе ауылынан оңтүстікке қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1234 адам (614 ер адам және 620 әйел адам) болса, 2009 жылы 737 адамды (368 ер адам және 369 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1931-1997 жылдары қаракөл қойын өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қоржында және округке қарасты Аққозы, Бесоба, Қосбаз ауылдарында 17 шаруа қожалығы құрылған.
## Дереккөздер |
Берел кезеңі – ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениетінің екінші сатысы (б.з.б. 5–4 ғасырлар).
Бұл кезең ескерткіштерін В.В.Радлов, кейінірек С.С.Сорокин, М.Қадырбаев, З.Самашев, т.б. зерттеді. Ескерткіштер Батыс Алтай сілемдерінде, сондай-ақ Зайсан ойпаты мен Ертіс бойы далаларына дейін тараған. Кезеңнің басты ерекшелігі: ескерткіштердің мол және мәдени белгілерінің бірыңғайлығында. Жоғары Бұқтырма бойындағы таулы өңір ескерткіштері Таулы Алтайдың Пазырық мәдениетіне жақын. Мұнда алғашқы Майемер кезеңінен (б.з.б. 7–6 ғасырлар) белгілі тас үйінділі обалар кеңінен тараған. Адам мүрделерін ағаш қима үлгісіндегі қабірге аттарымен бірге жерлеген. Берел кезеңі осындағы Үлкен Берел обасы атымен байланысты. Кіші обалары қарапайым, оларға 3–4 қатар жіңішке бөренелерден қаланған шағын қималар жатады. Зайсан ойпаты мен Ертіс далаларындағы обалардың таулы өңір ескерткіштерінен өзгешелігі, үйінділері жартылай топырақ араластыра салынған, ағаш қима мен ат мүрделері өте сирек, көбіне шұңқыр қабірлер кездеседі. Бұл жерден қоладан құйылған үш қанатты жебелер мен кішірек айналар, қола және темір қанжарлар мен балталар табылды. Сондай-ақ металдан, киіз бен теріден жасалған сәндік бұйымдар кезеңнің мәдени сипатын аша түседі де, кезеңнің соңына қарай қоланы темірден жасалған заттар ығыстырып шығарады. Шығыс Қазақстанда Берел кезеңін Құлажорға кезеңі алмастырады (б.з.б. 3–1 ғасырлар).
Ескерткіштердің бұл түрі Шығыс Алтайдың кеңінен мәлім Пазырық обаларынан ерекше айқын көрінеді. Олар Таулы Алтайдың басқа жерлерінде де, соның ішінде Шығыс Қазақстан аумағында да тараған. Олардың ішінде ең маңыздысы Берел қорымы болып табылады; мұның атымен шартты түрде тұтас бір тарихи кезең аталған.Үлкен Берел обасы үстірттің шетінен көтеріліп, Бұқтырма жайылмасы үстінде асқақтап тұр. Оның үйіндісін тұрғызуға кемінде 1000 м3 шамасында ірі тас қажет болғандығы есептеліп шығармлған. Тас үйіндісінің биіктігі 5 м және диаметрі 30 метр; бірақ оның бастапқы диаметрі 20 м болып, биіктігі 9 метрге жеткен. Лақат жерден барынша тереңдете қазылған: оңтүстік жартысы 7 метрге, ал солтүстік жартысы 5,5—5,7 метрге дейін жетеді.Шұңқырдың оңтүстік жағының қабырғасы тақтаймен тіреле қапталған. Шұңқырдың бұрыш-бұрышына ағаш бөренелерден салынып, қайың қабығымен жабылған ауыр төбесін ұстап тұру үшін жалпақ тастардан тіреуіш бағандар тұрғызылған. Лақаттың еденінде қарағайдың жуан (диаметрі бір метрден астам) діңгегінен қақ жарып, қашап жасалған астау-саркофаг жатыр. Саркофагтың сырты қайың қабығымен қапталған, ал астаудың қақпағы канаттары жазулы ғажайып құстардың төрт қола мүсіншелері салынып безендірілген.
Шұңқырдың солтүстік жартысында жерлеу үшін өлтірілген он алты аттың сүйектері жатыр. Он жетіншісі астау-саркофагтын жанында. Өлтірілген аттар қабық төсеніш үстіне белгілі бір тәртіппен — әр қатарға төрт аттан төрт қатар етіп орналастырылған да, үстінен бірнеше қабат жалпақ қабықтармен жабылған. Аттардын, үстерінде әр түрлі қабықтармен әшекейлеген ер-тұрман қалдықтары мен темір ауыздықтары және жапырақша алтынмен қапталған мүсінді ағаш қаптармалары бар қайыс жүгендер сақталған.
## Үлкен Берел
Үлкен Берел обасының ағаштан, алтыннан және қайың қабығынан жасалған көптеген әшекейлерінің арасында заттардың негізгі екі түрі: бейнелей салынған андардың немесе олардың дене мүшелерінің мүсіндері (мысық тұқымдас жыртқыштар, таутекелер, арқарлар, бұлан, зооморфтық бейнелер) мен геометриялық және өсімдік өрнектерімен безендірілген бұйымдар ерекше көрінеді.Үлкен Берел обасына, шамасы, тайпа көсемі немесе ру ақсақалы жерленген болуы керек. Оның моласы байлығымен және салтанаттылығымен ерекшеленеді, бірақ жерлеу ғұрпының қауымның көптеген қатардағы мүшелерін жерлеу салтынан айырмашылығы жоқ.Қарапайым жерлеу құрылыстары өздерінің көсемдерінің молаларын кішірейтілген түрде қайталайды. Олардың ішінде ағаш астау-саркофаг болтан жоқ, орнына 3—4 қатар бөренелерден қаланған аласа кима тана болды. Көптеген дағдылы қабірлерде солтүстік жатындагы биіктеу басқыштарға аттарды көму ғұрпы да сақталған. Мысалы, сол Берел қорымының 2-обасында бес ат, ал үшінші обасында — үш ат көмілген. Иелерін аттарымен қосып жерлеу Шығыс Қазақстанның басқа таулы аудандарында да белгілі.Мұнда б. з. б. V—IV ғасырларда Ертіс бойы мен Зайсан ойдымындағы далалық көршілерінен әжептеуір өзгеше этникалық тайпалар тобы қалыптасты. Бұқтырманың жоғарғы бойының ескерткіштері — ареалы Алтай және Тува аумақтарын қамтыған, пазырық үлгісіндегі мәдениеттің етене бөлігі.Шығыс Қазақстанның таулы аудандарының ежелгі тұрғындары көп уақытқа дейін берелдік жерлеу ғұрпының дәстүрлерін сақтап келді. Шамамен б. з. б. III ғасырдың басында бір жерлерде атты қоса көмудің тоқтатылғанын айтпағанда, қалған салттар біздің заманымыздың шегіне дейін жеткен болуы керек.Берел кезеңінің мәдениеті ерекшеліктерінің бірі — жайпақ түпті қыш ыдыстыңтаралуы. Ол негізінен екі түрлі: мойны қусырылып жасалған және кейде тік болып келетін құмыралар мен жатаған көзелер. Кейбір ыдыстар кертілген жапсырмалы белдіктермен, таға тәрізді білікпен көмкерілген, тесіктермен әшекейленген. Құмыралардың бірінде қоңыр минералды бояу- мен ангобтын үстіне салынған көркем сурет бар, кейбір ыдыстар ашық- қызыл түске боялған.Ертіс пен Зайсан көлі жағалауының ежелгі тұрғындарынын жерлеу ғұрпы басқаша болды. Мұнда оба үйінділері малтатас араласқан топырақтан тұрғызылды, қабірлерде аттар көмілмеген және ағаш қималар жоқ. Усть-Буконь мен Усть-Бұктырмада ағашпен жапқан төбені ұстап тұру үшін жер шұңкырлардың екі жағы кертпеш жар етіп қазылған. V—IV ғасырларға тән заттар — құрсауының шетінде сабы бар немесе сырт жағында кішкене ілмесі бар шағын қола айналар. Қола қанжарлар азайып, олардың орнына темір қанжарлар шығады. Қанжарлар сабының ұшы түзу не сынған қайрақ түрінде болып келеді, олар грифондардың қарама-қарсы тұрған бастарымен безендіріледі, ал олардың сабы қанат немесе көбелек тәрізді болып жасалады. Соғыс жебелерінің үштары бұрынғыша қоладан құйылып жасалынады және олардың тұрақты екі түрі: қысқа сапты үш қалақты немесе қаңды басы қырланып, төмен карай созыла кертілген ұңғылы болды.Ағаш пен сүйектен, алтын мен коладан, былғарыдан, аңтерісінен және киізден жасалған колданбалы өнер ескерткіштері өте көркем. Орталық сюжетінің бағыты андар шайқасы, жануарлардың серпінді бейнелері бола бастаган «аң» стиліндегі өнер гүлденген шағына жетеді.Берел кезеңінің аяқ кезіне таман барлық жерде қоланы темір ығыстырып шығарады. Қола ауыздықтарының орнына шығыршықты темір ауыздықтар шығады; қысқа акинак-семсерлер мен пышақтар да темірден жасалады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
Берел қорымы |
Наурызбай Қасымұлы (1822, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Кекілік тауы, Майтөбе мекені) – батыр. Абылай ханның немересі, Кенесарының туған інісі. 1837–1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысында ерекше ерлігімен көзге түскен. Наурызбай Кенесарының тапсырмасымен көтеріліске қарсы жергілікті басшыларды бағындыру, салық жинау, барлау, әскерді қару-жарақ және азық-түлікпен қамтамасыз ету, дипломаттық, т.б. қызметтер атқарған. Ресей отаршылары мен Қоқан ханының озбырлықтарына қарсы соғыстардың барлығына қатысқан. 1841 жылы Кенесары хан болып сайланғанда хан кеңесінің мүшесі болған. Соғыста тапқыр, ұрыста батыл Наурызбайдың сөзге шешен, әнші-күйшілігімен, жауырыны жерге тимеген палуандығымен аты шыққан, бүркіт, қаршыға, лашын ұстап, құсбегілікпен айналысқан. Наурызбай 1847 жылы тұтқынға түскен ағасы Кенесарының қасына өз еркімен барып, қырғыз манаптарының қолынан қаза тапты. Оның көркем бейнесі Нысанбай ақынның “Кенесары – Наурызбай” дастанында, М.Әуезовтің “Хан Кене” пьесасында сомдалған.
## Тағы қараңыз
* Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
* Кенесары Қасымұлы
* Қазақ хандығы
* Абылай хан
* Қоқан
## Дереккөздер |
Ермахан Нұрахметов (9.05.1947 жылы туған, Түркістан облысы Түркістан ауданы Нұртас ауылы – 17.05.2019 жылы қайтыс болған, Астана қаласы) – ғалым,филология ғылымдарының докторы (2005 ж.), профессор. Қазақстанның педагогикалық ғылымдар академиясының академигі. Қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін) бітірген (1968 ж.). Қызылорда педагогикалық институтында (қазіргі Қызылорда университеті) оқытушы (1968–1972 жж.), аспирант (1972–1975 жж.), аға оқытушы (1976 ж), кафедра меңгерушісі (1976–1986 жж., 1999–2012 жж.), факультет деканы (1986–1996 жж.), проректор (1996–1999 жж.), профессор (2012–2013 жж.), Халықаралық қазақ-түрік университетінде профессор (2013–2015 жж.), Еуразия ұлттық университетінде профессор (2015–2019 жж.) болды. Нұрахметов 10.02.05 – роман тілдері мамандығы бойынша Қазақстандағы тұңғыш ғылым докторы, ЮНЕСКО-ның «ЛИНГВАУНИ» жобасын үйлестіру комитетінің мүшесі, Орталық Азия бойынша координаторы, Қызылорда облысындағы француз тілі мамандары ассоциациясының төрағасы. Қазақстан – Франция мәдени байланысы комитеттінің, Ресей мен Қазақстан лингвистик-оқу әдістемелік бірлестіктерінің, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіндегі докторлық диссертация қорғайтын ғылыми кеңестің мүшесі. 70-тен астам оқу-әдістемелік және ғылыми еңбек жазған.
"ҚР Білім беру ісінің үздігі (1993", "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2003 ж.), «ҚР-ның ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2007 ж.), «Ы.Алтынсарин» (2012 ж.) төсбелгілерімен марапатталған. |
Әбілахат Ысмағұлұлы Есбаев (25.11.1925, Қостанай облысы Амангелді ауданы — 10.5. 1976, Алматы) — композитор. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1951 — 53 жылдары Алматы консерваториясының композиторлық факультетінде оқыды. 1953 жылдан Қазақ радиосында музыкалық редактор болды. Әбілахат негізінен, ән жанрында (ән, романс, хор, баллада) шығармалар жазды. Ең алғашқы туындысы — “Туған ел” әні (1942). Оның “Маржан қыз”, “Жастар мерекесі”, “Шофер келді қырманға”, “Әлі есімде”, “Жайық қызы”, “Қыз қуу”, “Жылқышы”, “Ортеке”, “Ұстазым”, “Бейбітшілік сақталады”, “Аққуым”, “Ақ сәуле”, “Қайдасыңдар, достарым”, “Орамал”, “Сағыныш екен бала кез”, т.б. әндері халық арасына кең тараған. Сондай-ақ, С.Адамбековтің “Күн мен көлеңке”, Ә.Тәжібаевтің “Той боларда”, Қ.Аманжоловтың “Досымның үйленуі” спектакльдеріне және И.Байзақовтың “Ақбөпе” поэмасы бойынша қойылған радиоқойылымға музыка жазды.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.