text
stringlengths 3
252k
|
---|
Розақұл Сатыбалдиевич Халмурадов (өз. Халмуродов Рўзақул Сотиболдиевич) 1941 жылы 1 мамырда Түркістан облысы Сайрамауданы Манкент ауылында туған. Өзбек.Ташкент мемлекеттік университетін (1968) география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша; Ташкент ауыл шаруашылық институтының агрономия факультетін (1982), ғалым-агроном мамандығы бойынша; Алматы жоғары партия мектебін (1986) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.Қазақ, өзбек және орыс тілдерін біледі.Діни көзқарасы - ислам, екі рет қажылық сапарға барған.Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Демократиялық, бай, гүлденуші мемлекетке айналады».Хоббиі - гүл өсіру.Сүйіп оқитын әдебиеті - заң шығару саласындағы әдебиеттер, Құран, хадисы-сахихтер.Үйленген. Жұбайы - Халмурадова Савриай. 6 баласы;немерелері, шеберелері бар.
* 1958 жылдан - ОҚО Сайрам ауданы Манкент ауылында ужымшар жұмысшысы.
* 1959 жылдан - Ташкент мемлекеттік университетінің студенті .
* 1959-1960 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1963 жылдан - Шымкент облысы Ақала ауылындағы 8-жылдық «Қызыл жұлдыз» мектебінің мұғалімі .
* 1965 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Сайрам аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі , бірінші хатшысы, екінші хатшысы.
* 1971-1973 жылдары - Шымкент облысы Сайрам аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерущісі.
* 1977 жылдан - Шымкент облысы партия комитеті партиялық жұмысты ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, бірінші хатшының көмекшісі, партиялық жұмысты ұйымдастыру
бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
* 1985 жылдан - Шымкент облысы Түркістан аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы.
* 1989 жылдан - Шымкент облысы облыстық партия комитетінің хатшысы.
* 1991 жылдан - Шымкент облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық коммуналдық меншік басқармасының бастығы.
* 1992 жылдан - ОҚО Сайрам ауданының әкімі.
* 1993 жылдан - ОҚО әкімінің орынбасары.
* 2002 жылдан - ОҚО Тәртіптік кеңесінің төрағасы.
* 2005 жылдан - ҚР Мемлекеттік аймақтық қызмет істері жөніндегі басқармасының бастығы, ОҚО Тәртіптік кеңесінің төрағасы.
* 2007 жылдан бері - ҚР Парламент Мәжілісі 4-шақырылымының Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынған депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.
«Достлик» ҚР өзбектері қоғамдық бірлестігі республикалық бірлесітігінің президенті (2003 жылдан); ҚР президентігіне үміткер Н.Ә. Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшесі (2005). «Құрмет белгісі» (1971), II дәрежелі «Достық» (2001), I дәрежелі «Достық» (2008) ордендерімен; «Ерен еңбегі үшін» (1981), «Ерлік еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне», «Еңбек Ері» (1974), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; ҚазКСРЖоғары кеңесі Құрмет грамотасымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Бормойнақ, Бөрімойнақ, Бөріойнақ – Арал теңізінің шығысында, Арал қарақұмының оңтүстігіндегі төрткілді қырат.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы жерінде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 217 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 37 км-ге созылған, енді жері 15 км. Қыраттың үстіртті беті тегіс, шеткі беткейлері жарқабақты, сай-жыралармен тілімденген.
## Геологиялық құрылымы, өсімдігі
Жоғары бор кезеңінің құмынан, алевролиттен, кварцит пен саздан түзілген. Топырағы сортаңдау, сұр. Жусанды-сортаңды шөптер өседі.
## Дереккөздер |
Шұра салу, шұрай – малды жуасыту үшін қолданылатын әдіс. Ол жылқыны тағалау, жас биені саууға үйрету, асауды бастықтыру үшін қолданылады. Шұра салу малдың ерніне тұзақпен, қамшы бүлдіргісімен немесе жікішке шылбырмен бұрау салу арқылы жүргізіледі.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Мәтібұлақ (1993 жылға дейін — Рославль) — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Мәтібұлақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 133 км жерде.
## Халқы
## Тарихы
1954-1996 жылдары қой өсіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде Мәтібұлақта және округтегі Таңбалытас (Горный), Еспе, Жайлау, Жартас, Қарабастау, Қызылтаң, Шилібастау ауылдарында “Мәтібұлақ”, “Жартас” ЖШС-тері және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Абдипаттах Абдазимов (1942 жылы Сайрам ауданы Сайрам ауылы) – инженер, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1990).
Ташкент инженер-механикалық институтын бітірген (1966). 1966 – 69 жылдары бұрынғы Ленин атындағы ұжымшарда (қазіргі Қожа Ахмет Ясауи өндірістік кооперативі) бас инженер, ұжымшар төрағасы болып істеді. 1969 – 89 жылдары аралығында бірнеше рет аудан және облыс кеңестерге депутат болып сайланды. Қазіргі уақытта Қожа Ахмет Ясауи өндірістік кооперативінде бригадир болып жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Ақпарат билігі — ақпарат құралдарының қоғамда атқаратын рөлі. Ақпарат құралдары хабарларды халық арасында таратады, қоғамдық пікір қалыптастырып, саяси жұмыстар жүргізуге және тағы сондай сияқты мүмкіндік береді. Солардың арқасында қоғамда тұрақтылық, ынтымақтастық ахуал орнығады немесе тұрақсыз жағдай қалыптасады. Ақпарат құралдарының адамдарға тигізетін ықпалын ескере келе, әдетте, оны заң шығарушы, атқарушы, сот билігімен қатар қойып, “төртінші өкімет” деп те атайды. КСРО кезінде ақпарат құралдары тікелей мемлекеттің бақылауында болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін шын мәнінде сөз бостандығы беріліп, демократиялық жүйе қалыптасып, ақпарат құралдарын бұрынғыдай қатаң бақылау үрдістен шығып қалды.
## Дереккөздер |
Мерке Ғибадатханасы – орта ғасыр түркілерінің мәдени ғұрыптық кешені.
Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке ауылынан оңтүстікке қарай 38 км жерде, өзі аттас өзен бастауындағы биік тау шоқысында орналасқан. 1985 жылы А.П. Печерский мен Э.А. Новгородова, 1987 жылы Ш.Уәлиханов атындағы ТАЭИ-ның археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Досымбаева, Ю.Мотов), 1991 жылы Ә.Марғұлан атындағы АИ-ның Мерке археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Досымбаева) зерттеген.
Нәтижесінде ерте қола дәуірінің ескерткіштері:
* кешенді обалар,
* жартас суреттері,
* тас мүсіндері,
* жазулы тақталар анықталып,
* Аралтөбе,
* Қашқасу,
* Сандық,
* Ұлысай,
* Шайсандық сайларында орналасқан мемориалдық кешендер құрылымының әр алуан түрлері зерттелді.
Ғибадатхананың жалпы ауданы 250 м2-ден астам. Мүсіндер орталықта немесе тік бұрышты жапсар-жайларда, төбелердің шығыс жағында диаметрі 6 – 14 м, биіктігі 0,5 – 1,5 м-ге дейін орнатылған. Ғибадатханаға тән ескерткіштер еркек және әйел тас мүсіндерінен тұрады. Сонымен қатар төбе орталығында үш немесе төрт тас мүсін қойылғаны байқалады. 24 төбеде бір мүсіннен болған, оның 13-і әйелдікі екендігі анықталды. Еркектер мен әйелдер тас мүсіндерінің қолдарын қарын тұсында бүгіп ұстағаны бір-біріне ұқсас. Міндетті түрдегі ерекше белгі қос қолдап ұстаған, түбі жайпақ, куб тәрізді ыдыс. Әйелдердің тас мүсіндері әсемдігімен ерекшеленеді. Ер адам тас мүсіндерінде кейде мұрт көрсетілген, екі мүсінде тақияға ұқсас бас киім анық көрінеді. Тас мүсіндердің барлық түрлеріне тән иконограф. стильдік ортақ белгі – кеңсірігі жоқ тік мұрын сызығына жалғасып кететін қас нұсқаларының сопақша болып берілуі. Бұл ғибадатханаға тән ескерткіштер екенін көрсетеді.
## Дереккөздер |
Ұялы съезі — 1828 ж. Глянск қамалына жақын Ұялы мекенінде өткен жалпыхалықтық мәслихат.
Оған Орынбор шекара комиссиясының төрағасы Г.Ф. Генс қатысып, 1827 ж. Ішкі Орданы шарпыған жұтқа байланысты өрбіген дүрбелең уақиғаның — халықтың Жәңгір ханға алғашқы наразылығының себеп-салдарын анықтауды мақсат етті. Жиын, дау-дамай, айтыс-тартыспен басталған Ұялы съезі бір аптаға созылды. Онда Бөкей Ордасының белгілі старшындары Шеркеш Жақсыбайұлы, Жаналы Саңғырықұлы, Науша Қаржауұлы, т.б. Жәңгір ханға алым-салық көбейткені, тым орысшылдығы, қара халық мүддесімен санаспайтындығы туралы ауыр айып тақты. Олардың қолдаушысы Қайыпқали Есімов Орынбордың Ордоносгаус түрмесінде отырғандықтан жиынға қатыса алмады. Әйтсе де Шөке Нұралыханұлы, Шыңғали Орманұлы сияқты сұлтандар сөйлеушілерге астыртын дем беріп, Жәңгірді сүріндіруге тырысып бақты. Съезде Жайық және Ішкі шептегі казак-орыстардың қазақтарға жасаған зорлық-зомбылығы да ашық айтылды. Генс жиынға бүлікшіл старшындардың мысын басып, хан құзыретіне мүлтіксіз бағындыру үшін келген болатын. Бірақ жиын барысында хан астамшылығына ашынған топты ықтырып, ықтиярға көндіру оңайға түспесіне көзі жетіп, әкімшілік-мәмілегерлік саясат ұстануға мәжбүр болды. Ең алдымен ханның құзыреттілігін шектеу мақсатымен Хан кеңесі атты өкілетті орган құрып, оған байұлының әр руынан 12 би мүше болды, сондай-ақ сұлтандар да тартылды. Мысалы, Шөке хан кеңесінің төрағасы, Мүшеғали (Шыңғалидың інісі) бас хатшы ретінде бекітілді. Бөкей Ордасы тұрғындарының казак-орыс шептерімен даулы істерін шешу үшін хан депутаттығы құрылды. Осылайша жергілікті орталық билік екіге бөлініп, ел басқару ісінен шеттеп қалған рубасылары лауазымды қызметке ие болды. Жәңгірдің өзі мәмілеге келіп, өзара түсіністікке жүгінген соң старшындар да көп қарсыласпай, ханға адал қызмет етуге ант берді. Осы жиында ханды жақтаушылар арасында Исатай Тайманұлы да бар еді. Генс оны Ішкі Орданы билеу ісіне сіңірген еңбегі үшін шекара комиссиясының мадақ қағазымен марапаттады. Ұялы съезіне қатысушы старшындардың талабымен Генс Қайыпқали сұлтанды қамаудан босатуға ықпал етті.
## Дереккөздер |
Шұрық – мал жайылымдық шұрат жер. Алматы облысы Көксу ауданы, Кербұлақ аудандары малшыларының күзгі және көктемгі мал жайылымы. Алғабас ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 100 км жерде.
Негізінен шөлге төзімді изен, жүзгін, жусан, бетеге, теріскен, ақселеу, ебелек, сай-жыраларда бидайық, қарабас өседі. Топырағы бозғылт сұр әрі құмайтты. Осыған байланысты көктемгі қар суынан, жазда-күзде жауған жаңбырдан жер беті оңай бұзылады. Жауыннан кейін сай, ор-шұңқырлар пайда болады. Осындай ерекшелігіне байланысты аты да “Шұрық” деп аталған. 1921 – 1922 ж. Қазақстанда жүргізілген аграрлық реформа тұсында осы шұрықта болған оқиға туралы жазушы К.Тоқаевтың “Шұрық шұратында” деген деректі әңгімесі бар.
## Дереккөздер |
Насихат , саяси насихат (латынның propaganda – тарату) – қандай да бір идеялар мен ілімдерді, теориялық білімдерді көпшілік арасында тарату, түсіндіру формасы. Алғаш рет Рим папасы Александр VІІ (1655 – 67) арнаулы құжатта пайдаланған. 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары Насихат теориясының негізі қаланды. Неміс философы В.Меде сыртқы ықпалда болатын адам психикасын зерттеу принциптерін тұжырымдаса, америкалық зерттеушілер Д.Ликас пен С.Бритт аудиторияға әсер ету және тиісті сезімдер мен реакцияларды ынталандыру амалдарын жүйеледі. Насихат қоғамда белгілі бір көңіл-күйлерді қалыптастыруға және азаматтардың санасында қайсыбір құндылықтар мен түсініктерді бекітуге бағытталған қызмет болып табылады. Оның мақсаты – билік иесінің, саяси топтың, қозғалыстың мақсат-мұраттарына неғұрлым көп халықты ұйытып сендіру, соңынан ерту. Саяси Насихат түрлеріне қайсыбір саяси доктринаны, дінді, ұлттық идеяларды, белгілі бір топ мүдделерін немесе ғаламдық құндылықтарды насихаттау жатады. Ол белгілі бір маңызы бар саяси әрекеттерді (сайлау, қарсылық және ынтымақтастық шаралары, мемлекетаралық келіссөздер, т.б.) идеялық жағынан қолдау үшін пайдаланылады. Саяси Насихаттың тиімділігі қоғамдық сананың жай-күйіне, Насихат субъектісінің қабілеті мен мүмкіндіктеріне, сондай-ақ ақпарат беру құралдарына байланысты. Әдетте демократиялық мемлекеттерде Насихат ұғымының орнына жұртшылықпен байланыс, паблик рилейшнс (publіc relatіons) секілді ұғымдар қолданылады; қысқаша Үгіт.
## Сілтемелер
* Демократия
* С.Бритт
* В.Меде
## Дереккөздер |
Баз қаған (7 ғасыр) — тоғыз оғыздар билеушісі.Шығыс Түрік қағаны Білге Құтылықтың (682 — 91) тұсында билік құрған. Бұл жайында Күлтегін ескерткішінде “Оң жақта оған табғаш халқы жау болды, сол жақта Баз қаған бастаған тоғыз-оғыз халқы жау болды” деп жазылған. Құтылық (Елтеріс) қаған тоғыз оғыздарды талқандап, Баз қағанды өлтірді. Жауға да лайықты құрмет көрсету рәсімімен оның кескіні бейнеленген балбал тас Күлтегіннің басына апарып қойылған.
## Дереккөздер |
Ақсай — Батыс Қазақстан облысындағы қала, Бөрлі ауданының орталығы, темір жол стансасы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Орал қаласынан шығысқа қарай 108 км-дей жерде, бетеге мен селеу өскен қоңырқызғылт топырақты, құрғақ дала белдемінде, Шыңғырлау өзенінің солтүстік далалық өңірінде орналасқан.
## Халқы
* 33,6 мың адам (2014).
* 38,3 мың адам (2015).
### Тарихы
Іргесі 1936 жылы Орал - Илецк темір жолын салуына байланысты қаланған. Басында “Қазақстан” болып аталып, бұл кент 1967 жылы қала мәртебесін алып, аты Ақсай болып өзгертілді. 1965 жылдан бастап Бөрлі ауданының орталығы.Қарашығанақ кені игеріле басталуы қала дамуына жаңа қарқын берді. 1980 жылдар бойы Герман Демократиялық Республикасы мен Чехословакиядан құрылысшылар келіп, Қарашығанақта газ өндірісіне қажетті қондырғылар салды. Ақсай да шет қалмай, бірнеше шағын аудан, мектеп, балабақша, ойын-сауық орталықтары салынды.
## Кәсіпорындары
Ақсай қаласында машина-трактор жөндеу, темір-құйматас бұйымдарын жасау зауыттары, автобаза, астық қабылдау пункті, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, темір жол көлігі кәсіпорындары, нан зауыты, элеватор жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектептер, кітапханалар, аурухана, кинотеатр бар. Қалада 6 орта мектеп бар. Тұрғындар облыс орталығымен, жақын аудандармен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Ақсай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны орналасқан.
## Дереккөздер |
Ұялышалқар – Нұра алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы жерінде орналасқан. Көл Ұялы ауылының шығысында 2 км жерде, теңіз деңгейінен 328,2 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Ауданы 16,1 км 2 (кей жылдары 17,6 км 2). Ұзындығы 5,9 км, ең енді жері 5,4 км. Жағалау сызығы 19,4 км. Солтүстік және батыс жағалары биік, жарлы, оңтүстік және шығыс жағалары түйетайлы, жайпақ. Түбі құмды, кей жерлері батпақты. Ұялышалқарды Нұра өзені жарып ағып өтеді. Сондықтан оның суының деңгейі көбінесе Нұра өзеніне байланысты. Көл негізінен көктемгі қар және жерасты суларымен толығады. Суы тұщы, ауыз су ретінде және мал суаруға пайдаланылады.
## Өсімдігі, жануарлары
Жағалауының таяз жерлерінде қамыс өскен. Көлде алабұға, мөңке, аққайран, шортан, шабақ, қарабалық мекендейді. Көптеген су құстары ұя салады.
## Дереккөздер |
Насихат Сүгірұлы [1889, Нарын құмы Мыңтөбе ауылы (қазіргі Атырау облысы Құрманғазы ауданы) – 1937] – ақын. Өз бетінше сауат ашқан, өлең-толғауларын ауызша шығарған. Жастайынан Шәлгез (Шалкиіз), Махамбет, Мұрат, Қашаған, Сәттіғұл, Сүгір жырларын жаттап өскен. Нұрым ақыннан өнеге алып, 15 – 16 жасынан айтыскерлігімен елге танылған. Патшаның 1916 жылғы маусым жарлығына сәйкес майдан жұмысына алынып, 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Румыния, Австрия аумағында болған ақынның “Айдады патша жыраққа” (1916) атты дастаны осы тұста жазылған. Азапты сапарды бастан өткерген ақынның дүниеге деген әлеум. көзқарасы мен танымы осыдан кейін өзгеше сипат алды. 1929 жылы қудалауға ұшырап, 1930 жылдың бас кезінде Астраханның Азауыл жеріндегі туыстарына барып бой тасалады. 1930 жылы 22 ақпанда ақын жазықсыз жазаланып, алғаш Астрахан, кейін Атырау түрмесіне қамалған. Абақтыда ол “Еділ, Жайық – екі су” атты толғауын шығарды, өлең кеңестік түрме жағдайын сипаттаған алғашқы шығармалардың бірі еді. Тұтқыннан босап, 1932 – 37 жылы Мыңтөбедегі Қызыл ту ұжымшарында еңбек етті, 1937 жылы қайта тұтқындалып, сол жылдың 22 қарашасында ату жазасына кесілді. Насихаттың “Ел құрсауы – ер жігіт”, “Танысу”, “Дүние, шіркін, жел қайық”, “Телегей жатқан теңізден”, “Жүйрікті көпке мақтама”, “Мен қиядан ұшқан қырғимын”, “Ұяда жатып талпынған”, “Тұмарланған тұлпар ат”, “Шалқыған көлге қу қонар”, “Ауылға келгенде”, “Қазіргі заман түрі”, т.б. терме, толғаулары бар. Ол өлеңдерінде ел қамын ойлаған азаматтар ісін өнеге етіп, ақиқат пен жалғандық жайлы жырлайды. Өткенге көз жіберіп, келешекке сеніммен қарауға, қайсарлыққа, жігерлілікке үндейді. Насихаттың өлең, толғаулары “Алқаласа әлеумет” (1991), “Қапаста жазылған хаттар” (1992), “Қазақ поэзиясының антологиясы” (1993) “Жыр – дастан” жинақтарында жарияланған. Шығарма: Еділ , Жайық – екі су, А., 2001.
## Сілтемелер
* Астрахан
* Румыния
* Австрия
## Дереккөздер |
Қосөзен өркениеті немесе Месопотамия өркениеті (б.з.б. 3000 – 331) – әлемдегі ең көне өркениеттердің бірі.
Тигр мен Евфрат өзенінің аралығындағы (Қосөзен) халықтардың мемлекет құру, мәдениет және әлеуметтік қатынастар жүйесінде қол жеткізген, өзге әлемдік мәдениет және қауымдастықтармен ықпалдастық барысында пісіп жетілген рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы. Оңтүстік Қосөзен бойын алғаш шумер мен аккад тайпалары мекендеген. Осы екі топ Қосөзеннің оңтүстік жақ аймағындағы халықтың негізін құрды және адамзаттың ең ежелгі мәдени орталықтарының бірін негіздеді. Шумерліктер мен аккадтықтардың жерлері Вавилон арқылы шектесіп, түйісіп жатқан. Мұның бәрі Қосөзеннің басқа қалаларына қарағанда Вавилонға біршама артықшылықтар беріп, ерекшелендіріп тұрды. Хаммурапи (б.з.б. 1792 – 1750) тұсында бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығы құрылды. Ол елде бірыңғай тәртіп пен басқару жүйесін орнату үшін заңдар жинағын жасаттырып, оны қара тас бағанаға жаздырды. Ол тасты археологтар 1902 жылы тауып, зерттеген. Елдегі тәртіп пен тыныштық заң бойынша қадағаланды, адамдардың міндеттері белгіленді. Заңның іске асып отыруын патшаның өзі тікелей бақылауына алды. Аймақ, қала әкімдерінен заңның дұрыс орындалуын талап етіп отырды.
Б.з.б. 604 – 562 жылдары билік еткен Навуходоносор патшаның кезінде Вавилон ең әсем қала ретінде бүкіл әлемге әйгілі болды. Атақты “'Аспалы бақ”, Иштар құдайдың құрметіне арналған алып қақпа, Мардук құдайдың ғибадатханасы осы кезеңдерде дүниеге келді. Ғибадатхананың мұнарасына байланысты “Вавилон аласапыраны” деген аңыз (миф) тараған. Аспалы бақ ежелгі дүниедегі әлемнің жеті кереметінің бірі. Вавилондықтар ақыл-ойының тамаша жетістігі болып саналған бұл бақ қаланың сәулеті мен даңқын асқақтата түсті. Адамзаттың ең ежелгі мәдени орталықтарының бірі де осы – Қосөзен аралығы. Көптеген елдердегі сияқты Қосөзенде алғашқы әдеби жанрдағы шығармалар діни сипатта дүниеге келді. Солардың бірі әйгілі “Гильгамеш туралы дастан”. Дастан бейнелі де көркем сөздермен жырланған. Сол себепті, ол бүгінгі таңға дейін әлем әдебиетінің тамаша туындыларының бірі ретінде оқылып келеді. Дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі Қосөзенде қалыптасты. Оны дүниеге келтірген шумерліктер. Олардың алғашқы жазуы сурет арқылы жазу болды. Біртіндеп суретті толық салудың орнына әр нәрсенің ерекше белгілерін салу арқылы жазу қалыптасты. Бұл жазу жүйесі сына жазуы деп аталды. Сына жазу мен аккад тілі бүкіл Таяу Шығыста халықар. қарым-қатынас құралы дәрежесіне жеткен. Археологтар сына жазу жүйесін зерттей отырып, ежелгі әдеби шығармаларды, заңдарды, жылнамаларды оқыды. Шумерліктер жазуын кейіннен бүкіл қосөзендіктер үйреніп, Урарту, Сирия, Финикия елдерінде осы шумерліктер негіздеген жазуды пайдаланды. Оларды кейіннен гректер де үйренді. Шумерлік жазу әр түрлі өзгерістерге түсе отырып, бүгінге дейін жеткен. Жазушы О.Сүлейменов “Аз и Я” атты еңбегінде шумер жазуына кеңінен тоқталған.
Вавилондық астрономдар египеттіктерді едәуір басып озып, аспан денелерін, яғни басқа планеталарды және қозғалмайтын жұлдыздарды бақылап зерттеуде үлкен табысқа ие болды; олар Күннің, Айдың айналасын және тұтылудың қайталану заңдылықтарын есептеп шығарды. Олардың барлық ғылылыми білімдері мен ізденістері бақсылық, балгерлікпен байланысты болды. Оқымысты абыздар математикамен де айналысты. 60 санын олар киелі деп есептеді. Олардың ізімен біз күні бүгінге дейін сағатты 60 минутқа, шеңберді 360 градусқа бөлеміз. Ашшурбанипал кітапханасы мен Ашшурбанипал сарайынан табылған “Өліп бара жатқан ұрғашы арыстан” – дүниежүзүлік маңызы бар өнер туындысы. Кітапхананы Ассирияның білімді патшаларының бірі – Ашшурбанипал жасатқан. Ол Вавилонның, басқа да ежелгі шығыс елдерінің кітаптарын жинатқызды. Олардың ішінде әдеби шығармалармен бірге жұлдызнамалық, медициналық кітаптар болған. Ассириялық ақындардың өлеңдері мен жырлары, патшалардың жылнамалары күні бүгінге дейін сақталған. Бай да салтанатты сарайлар патшаны дәріптеу мен ассириялықтардың әскери күшін көрсету үшін салынды.
Б.з.б. 6 – 4 ғасырларда Қосөзен аралығы Ахемен әулетіне қарады. Мемлекетті шаһиншаһтар басқарып, Месопотамия өркениеті онан әрі дамыды. Б.з.б. 330 жылы А.Македонский шапқыншылығы салдарынан Месопотамия өркениеті жетекші рөлінен айрылып, грек-македон өркениетінің ықпалына түсе бастады. Дегенмен адамзат тарихындағы алғаш жетілген әлеуметтік қоғамдар мен мемлекеттер Қосөзен бойында қалыптасып, жалпыадамзаттық өркениеттің тамаша ошағына айналды.
## Сыртқы сілтемелер
* Malimetter.kz Месопотамия Өркениеті реферат (қазақша)
## Дереккөздер |
ШОҚЫ – аласа таулы өлке бедерінің пішіндері. Жазық жерлердегі дөң, оқшауланған биік төбелер де кейде шоқы аталады. Байкал сырты мен Қиыр Шығыста төбесі жұмыр таулар, Қырымдағы, Кавказдағы, Камчатка және Курил аралдарындағы биік жанартаулар конусы шоқылар қатарына жатады. Мысалы, Ключи шоқысы, Авача шоқысы. Қазақстанда – конус пішінді, қатты тау жыныстарынан тұратын төбенің аты. Әсіресе Сарыарқада (Қазақтың ұсақ шоқылығы) кеңінен таралған (Ақшоқы, Қарашоқы, Қушоқы т.б.).
## Дереккөздер
* «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Жоламан — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл, Жоламан ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан батысқа қарай 34 км-дей жерде, Малайсары жотасының оңтүстік етегіндегі жусан, селеу, боз өскен таудың сұр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1961 жылы Жоламан қой өсіру кеңшарының құрылуына байланысты қаланған. Оның негізінде Жоламанда 1997 жылдан серіктестіктер мен шаруа (фермер) қожалықтары құрылған.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Шүйіншөп, валериана (лат. Valeriana) — ұшқаттар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, шала бұта, бұта. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және салқын аймақтарында өсетін 200-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 9 түрі бар. Бұлардың биіктігі 2 м-дей, сабағы тік өседі. Тамырсабағының жуандығы 2 см, оны жіп тәрізді ақ немесе қоңыр түсті тамырлары шырмап жатады. Тамырсабағы мен тамырының ерекше иісі болады. Жапырақтары қауырсынды салаланған, тегіс жиекті, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері майда, ақшыл қызыл түсті, қос жынысты, хош иісті. Олар ірі шоқпарбас гүлшоғырына топталған. Маусым–тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі — сопақша-жұмыртқа тәрізді тұқымша, оның 10 – 12 сәулелі айдаршасы болады. Шүйіншөптің тамыры мен тамырсабағын дәрі ретінде пайдаланады, тамырынан эфир майы, валериан, сірке және құмырсқа қышқылдары, қант, илік заттар алынады. Шүйіншөптен жасалған дәрілер ұйқы қашқанда, жүйке жүйесі, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы бұзылғанда тыныштандыру үшін қолданылады. Қазақстанда Шүйіншөптің Іле Алатауында 16 т, Күнгей Алатауында 0,3 т жылдық қоры анықталған.
Көпшілігінің тамырлары жуан, сабағының буындары — түйнектелген шөл 'өсімдігі. Эфир майы бар. Дәрі шығады. Түрінің саны — 200.
Дәрілік шүйгіншөптің тамыры мен тамыр сабағының құрамында эфир майы, валериана, сірке және құмырсқа қышқылдары; бұлардан басқа: валерин, хатинин дейтін алкалоидтері де бар. Түйіншөптің жабайы түрі де, екпе түрі де болады. Түйіншөп жетілген кезде жерді плугпен жыртып, тамырын қазып алады да, оны суық сумен жуып, 40° жылы жерге кептіріп, жинап алады. Мұның медицинада зор мәні бар. Түйіншөптің қолданылатын жері: ауырған жерге, кояншыққа (эпилепсия), ұйқысыздыққа шалдыққанда, жүректің соғуына және т.б. Оның спиртке немесе эфирге ерітіп алынған препараты ауруға қарай 15—30 тамшыдан суға тамызып, күніне 2—3 реттен колданады.
## Дереккөздер
* Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев |
Қалық Абдоллаев (28 маусым 1942 жылы Төле би ауданы Қасқасу ауылы) – қоғам қайраткері. Экономика ғылым кандидаты, ҚР Инженер академиясының академигі, Ташкент политехтикалық институтын (1963), Мәскеудегі СОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын (1985), КСРО Министр Кеңесі жанындағы халық шаруашылық академиясын (1987) бітірген.
1963 – 69 ж. «Южказэнерго» аудандық басқармасында инженер, аға инженер, аға мастер, басқарма бастығының орынбасары, бастығы болды.
1969 – 74 ж. Қазақ КСР Энергетик министрі біріккен диспетчерлік басқармасы жүйесі қызметінің бастығы.
1974 – 82 ж. «Южказэнерго» аудандық басқармасының бас инженері, меңгерушісі.
1982 – 86 ж. Қазақ КСР энергетика және электрлендіру министрінің бірінші орынбасары.
1986 – 91 ж. Қазақ КСР Министр Кеңесі төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары – Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетітінің төрағасы.
1991 – 92 ж. Қазақ КСР Мемлекет экономика комитетінің төрағасы, Қазақ КСР Премьер-министрінің орынбасары, Ұлттық агенттіктің шетелдік инвестиция бойынша төрағасы.
1992 – 95 ж. «Атакент» іскерлік байланыс орталығы АҚ басқармасының президенті, төрағасы.
1995 – 99 ж. ТМД елдерімен ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы.
1999 – 2000 ж. ҚР Президентінің кеңесшісі.
2000 – 02 ж. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.
2002 жылдан «Атакент» іскерлік байланыс орталығы АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған..
## Сілтемелер |
Ақсақал — ауыл-аймақтың жасы егде тартқан құрметті адамы.
Өзінің өмірлік тәлім-тәжірибесін, халықтық игі дәстүрлер мен салт-сананы үйретуші, үлгі-өнеге көрсетуші. Әрқашан аталы сөз айтып, туыстықты, бірлікті, елдікті сақтау жолындағы уағызшы. Ақсақал тек отбасының емес, барша ауылдың тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылығына басшылық жасап, ізгі ықпалын тигізеді. Жастарды білімге, ізеттілікке, еңбекке баулумен бірге ауыл арасының кикілжіңдері мен қақтығыстарына да бітуажа сөз айтып, табыстырып, қауыштырып отырады. Бірақ мұндай кезде айтқан бітім сөздеріне қарап, оларды билермен шатастыруға болмайды. Билер мен ақсақалдар арасындағы айырмашылық елеулі (қ. Билер). Ақсақал айтқан аталы сөз ешқашан аяққа басылмаған. Аталы сөзден аттаған — жүгенсіздік, тәрбиесіздік деп есептеледі. Ақсақалдармен шаруашылық, экономикалық, тәрбие т.б. мәселелері жөнінде реті келгенде ресми басшылар да ақылдасып отырады.
## Дереккөздер |
Абдурахман Халмурзаев (1899, Түркістан ауданы Жүйнек қыстағы) – Социал Еңбек Ері (23.7.1948). 1929 – 1941 жылдары Коммуна ұжымшарында бригадир, 1941 – 1953 жылдары мал фермаларының меңгерушісі, басқарма төрағасының орынбасары, 1953 – 1965жылдары ұжымшарда қызметкер болып істеді.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
АҚСАҚ — музыкалық ырғақ. Түріктің дәстүрлі музыкалық мәдениетінде қалыптасқан екі-үш бөлікті (2+3 немесе 3+2 түріндегі) ырғақты ұялардың әрқилы үндесе келуі. Ақсақтың бірнеше үлгісі бар. Түрік музыкасының дамыған ырғақтық құрылысында жиі кездеседі және күрделі, аралас өлшемде де болады. Ол түріктің халықтық музыка негізіне алынатын поэтикалық шығармалардың ұйқассыздығы, ерекше икемділігі, музыка екпінін ырғақтан ырғаққа ауыстыра қоюға бейім бапшылдығына байланысты. Ақсақты И.Стравинский өз шығармаларында көп қолданған. Еуропада кейде “бұлғар ырғағы” деген атпен де белгілі. |
Борғұй— түркі халықтарының үрлемелі көне музыкалық аспабы. Борғұй туралы дерек Махмұт Қашқаридың “Диуани лұғат-и ат-түрк” кітабында кездеседі.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Ақсақалдар кеңесі — сан-алуан мәселелерді талқылап, ұйғарымға келетін, ресми орындарға ұсыныс беретін көпшілікті басқарудың биресми қоғамдық түрі. Ақсақалдар кеңесінің тарихы көне дәуірден басталады. Қазақ елінде тарихи рөл атқарған “Хан кеңесі”, “Билер кеңесі” де өз бастауын осы ақсақалдар кеңесінен алады, бірақ айырмашылығы елеулі. “Хан кеңесі” мен “Билер кеңесі” аса шұғыл, ел басына қатер туған шақтарда болмаса, басқа кезде келісім бойынша белгіленген мерзімде өткізіліп отырған. Ақсақалдар кеңесі ауыл-аймақтың тұрмыстық, шаруашылық қажеттеріне орай кез келген уақытта өткізіле берген.Көне деректерге қарағанда ақсақалдар кеңесінің екі түрі анық көрінеді. Олар — “Ру ақсақалдарының кеңесі” мен “Тайпа ақсақалдарының кеңесі”. Бұл кеңестер ру мен рудың, тайпа мен тайпаның арасындағы шаруашылық, тұрмыстық және мәдени байланыстар мен сауда қарым-қатынасы мәселелерін, жер-су меншіктерінде ұшырасып жататын даулы жағдайларды қолдарынан келгенінше бейбіт жағдайда шешуге мұрындық болған.Биресми түрде құрылған “Ақсақалдар кеңестері” кейбір аймақтар мен ұжымдарда әлі күнге дейін сақталған. Олар көбінесе тәртіп, тәрбие мәселелерімен шұғылданады, шаруашылық жөнінде өз ұсыныстарын айтады.
## Дереккөздер |
Халықтар достығы — Түркістан облысы Жетісай ауданы, Абай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жетісай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 35 км жерде, Шардара бөгенінің оңтүстігінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1957 жылы құрылған Киров атындағы жеміс-жүзім кеңшарының бөлімшесі болды. Оның негізінде ӨК, шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Мәшһүр Жүсіп Мұражайы — тарихи-мәдени мекеме. Іргетасы 1980 ж. қаланған. Павлодар облысы Баянауыл ауданы “Жаңажол” ауылының іргесіндегі Ескелді биігіне — ақын жерленген жердің жанына салынған. Мұражайда Мәшһүр Жүсіп тұтынған бұйымдар мен киімдер, суреттері, басқа да заттары сақтаулы. Ақын өмірінен алуан түрлі деректер беретін материалдар мен қолжазбаларының көшірмелері, әр жылдары жарық көрген кітаптары бар.
## Дереккөздер |
Бордақылау — малды сапалы ет пен майды көп алу үшін сояр алдында жемге байлап қолдан семірту. Бордақылау мерзімінің ұзақтығы түліктің түріне, малдың жасына, бастапқы салмағы мен қоңдылығына байланысты. Ересек ірі қараны, негізінен жасы жетіп жарамсыз деп табылған сиырды Бордақылау бастапқы күйіне қарай 2 — 3 айға созылады. Бордақылау кезеңінде сиыр тәулігіне 800 — 1000 г үстеме салмақ қосып тірілей салм. 18 — 20%, сойыс салм. 40%-ке артады, етінің сапасы да жақсарады. 12 —14 айлық тайыншаларды Бордақылау 3 — 4 айға созылады. Бордақылау маусымында жас малдың салмағы 1,5 есе, еті мен майы 2 есе, етінің калориясы 3 есе артады. Етке өткізетін еркек бұзауларды өсіру мен Бордақылау процестерін толассыз өзара ұштастыру арқылы Бордақылау соңында тайыншаның салмағын 12 — 13 айлығында 380 — 400 кг-ға, 16 — 18 айлығында 450 — 500 кг-ға жеткізуге болады. Бордақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, ірі қара тәулігіне кемінде 1 кг салмақ қосады. Шошқа жасына қарай ет немесе май алу үшін бордақыланады. Шошқа етін өндіру үшін салмақ 25 — 30 кг 3 айлық торайларды 6,5 — 7,5 айлығында 100 — 120 кг-ға жеткенге дейін бордақылайды. Бордақылау қой өсіруде де жиі қолданылады. Қозыны 4,5 — 5 айлығынан бастап салм. 40 — 60 кг-ға жеткенше бордақылайды. Биязы жүнді қойдың қозысын 8 — 8,5 айлығына, биязылау және қылшық жүнді тегене құйрықты қойлардың қозысын 7 — 7,5 айлығына дейін, етке соятын саулық, қошқар, ісектерді басында жайылымда семіртіп, кейін 1 — 1,5 ай қолда жемдеп бордақылайды. Арнайы қой Бордақылау кешендерінде қозы Бордақылау 4 — 4,5 айлығынан 13 — 14 айлығына дейін жүргізіліп, салм. 55 — 65 кг-ға жеткізіледі, алдын ала (1,5 — 2 ай бұрын) қырыққаннан кейін етке өткізіледі. Соғымға белгіленген сақа жылқыны қысқа мерзімде жедел, қоңы орташаларын 35 — 45 күн, қоңы төмендерін 50 — 60 күн бордақылайды. Бұл кезде жылқы тәулігіне орта есеппен 1 — 1,5 кг үстеме салмақ қосады. Мал Бордақылаудың тиімділігін арттыру үшін түліктің барлық түрлеріне ортақ өсіп-даму заңдылықтары басшылыққа алыну керек. Жас малды бордақылағанда алғашқы кезде оның салмағы ет пен сүйегінің толысуына байланысты жүреді де, үстеме салмаққа азық аз жұмсалады, ал одан кейінгі салмақтың артуы (өсуі) денедегі майдың түзілуіне байланысты болғандықтан, азық шығыны көп жұмсалады. Мысалы, еркек бұзауға тәулігіне орта есеппен 1 кг салмақ қосу үшін 6 — 9 айлығында 7 — 7,5 кг, 9 — 12 айлығында 8 — 9 кг, 12 — 15 айлығында 9 — 10 кг, ал 15 — 18 айлығында 10,5 — 11,5 кг азық өлшемі жұмсалады. Дені сау мал ғана тез қоң алып семіреді. Сондықтан Бордақылауға қойылған мал бақылауда болуы қажет. Бордақылайтын табын құрамындағы малдың тұқымы, жасы, жынысы, салмағы, қоңы бірдей болғаны дұрыс.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
## Дереккөздер
* Мал бордақылау кешені ашылды | «Қазақстан» РТРК АҚ [1](қолжетпейтін сілтеме)
* Мал бордақылау сапасына асер ететын фокторлар [2] Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. |
Боранқұл — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орналасуы
Аудан орталығы — Бейнеу кентінен солтүстік-батысқа қарай 108 км жерде, Каспий маңы ойпатындағы Қарақұмның оңтүстік-шығысында шөлді белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1948 жылы осы маңда мұнай кенін іздеуге байланысты қаланған. Алғашында “Опорный” деп аталған. Бұрынғы “Қарақұм” қой кеңшары негізінде өндірістік шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары құрылған.
## Инфрақұрылымы
Ауылда тұрмыс қажетін өтеу мекемесі, үш орта мектеп, аурухана бар. Боранқұл арқылы Орта Азия — Орынбор газ құбыры, Өзен — Самара мұнай құбыры және Қоңырат — Құлсары су құбырлары өтеді.
## Ауыл шаруашылығы
Ауылда 27 шаруа қожалықтары бар. Ауыл аумағындағы шаруа қожалықтары мен жеке үй шаруашылықтарында 898 бас сиыр, 17454 бас қой, ешкі, 421 бас жылқы, 1918 бас түйе бар.
## Дереккөздер |
Балқаш-Шоқпар көтерілісі—Кеңес өкіметінің жаппай күштеп ұжымдастыру, байларды тап ретінде жою, зорлап астық пен ет дайындау саясатына қарсы Алматы облысының Балқаш, Шоқпар аудандарында 1930-шы жылдың сәуір айында болған халықтың наразылық қимылдары. 1-ші сәуірде Балқаш ауданының ғ1 ауылында Бұзарбай Бұланбай, Сатбай Итемген, Әсет Диханбай, Бектай Сәмбет, ғ2 ауылында Көшербай Құрамыс, ал Шоқпар ауданының ғ2 ауылында Әбдібек Нұрабай, Тілеуқұл Сарықбай, т.б. белсенді азаматтар Кеңес өкіметінің жүгенсіздігін айыптайтын жиналыстар ұйымдастырып, халықты көтеріліске шақырды. Көтеріліс 2 сәуірде Балқаш ауданының ғ2 ауылында басталды. Ашынған халық аудан атқару комитетінің егін егу науқанын ұйымдастыруға жіберген өкілін тұтқынға алды. 4–5-ші сәуірде Шоқпар ауданының ғ2 ауыл тұрғындары бой көтерді. 6-шы сәуірде Балқаш ауданының ғ1, 2, 3, 10 аудандарының көтерілісшілері аудан орталығы Ақкөлге басып кірді. Көтерілісшілер Аңшылар одағының дүкенін бұзып, ондағы қаруларды үлестіріп алды. Жергілікті өкімет адамдарын тұтқындап, мемлекеттік мекемелерді талқандады, байларды жер аудару туралы көшпелі сот қағаздарын өртеді. 7-ші сәуірде Әбдібек Нұрабайдың басшылығымен өткен жиналыста көтерілісшілер өздеріне көрші аудандардың тұрғындарын тарту туралы шешім қабылдады. Бірақ Алматыдан арнайы жазалаушы отрядтың жедел келіп жетуі көтерілістің одан әрі өрістеуіне мүмкіндік бермеді. Мемлекттік комиссияны басқарып келген ҚазАКСР-і ОАК-нің төрағасы Е. Ерназар Ақкөлде 200 адам қатысқан жиналыс өткізді. Онда көтеріліс басшыларын ұстап беру, тоналған мүліктер мен қаруларды тапсыру талап етілді. Осыдан кейін жазалаушы отряд көтерілісшілерді жаппай тұтқындай бастады. 27 сәуірге дейін Балқаш ауданы бойынша 25 адам тұтқынға алынды. Олардың арасында көтеріліс басшыларының бірі К.Құрамысов та болды. Шоқпар ауданының көтерілісшілерінің бір тобы Іле өзенінің Балқашқа құяр тұсындағы “Желтораңғы” аралына барып тығылды. Жүрдек екі катермен келіп жеткен жазалаушылар оларды да қолға түсірді. 57 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың 30-ын 1930-шы жылы 30-шы мамырда ОГПУ “үштігі” ату жазасына кесті. 20 көтерілісші 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімдер бойынша абақтыға жабылды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Балқаш-Шоқпар |
## Сілтемелер
* Химиялық элементтер
* Қоспалар
* Шикізат
## Сыртқы сілтемелер
Мыс өнеркәсібінің қысқаша сипаттамасы Мұрағатталған 16 тамыздың 2016 жылы.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Химиялық элементтер
* Қоспалар
* Шикізат
## Сыртқы сілтемелер
Мыс өнеркәсібінің қысқаша сипаттамасы Мұрағатталған 16 тамыздың 2016 жылы.
## Дереккөздер |
## Әбдірахман Молданазарұлы Омбаев
Әбдірахман Молданазарұлы Омбаев (1.1.1949 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Қара-Қоңыр елді мекені, Ақтам ауылы) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1991), профессор (1994), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1996). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университетін) бітірген (1971). 1971 – 2002 ж. Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (Шымкент қаласы) аға лаборанттан бастап, директорлық қызметтерді атқарды (1994 – 2002). 2002 жылдан Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылық ғылыми-өндірістік орталығының (Шымкент қаласында) директоры.
## Шығармашылық мұрасы
Омбаевтың негізгі ғылыми еңбегі қаракөл қойы тұқымдарының жаңа зертханалық типтерін шығарып, олардың гендік қорын сақтауға арналған. Ол қаракөл қойы қозысының ұрықтық кезеңінен өсіп-жетілу кезеңіне дейінгі аралықта болатын биологиялық заңдылықтарды анықтап, қаракөлше елтірісін өндіру технологиясын зерттеді. Оның басшылығымен ақ түсті қаракөлше өндіру тәсілі тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, оған сипаттама берілді. Қаракөл шаруашылығында алғашқылардың бірі болып қозыларды енесінен ерте бөлу технологиясын зерттеді, түрлі-түсті және әр типтегі қаракөл елтірісінің сорттылығындағы қаракөл қошқарларының әсерін зерттеп, ғылыми деректер алды. Омбаев шамшырақ түсті қарақалпақ сұр қозыларының әлімтау (1995), күміс түсті бұхар сұрының байырқұм (1996), қола түсті сұрхандария сұрының тартоғай (1997), қара қаракөл қойының созақ зертханалық типтерінің авторы. Кетпен құйрықты атырау қой тұқымының (1998), көк қаракөл қойының темір (1995), сырдария (1997), қара қаракөл қойының төлдегіш қожатоғай (1997) типтерін шығаруға қатысты. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (2005). Омбаевтың еңбектері: Қаракөлше елтірісін өндіру технологиясы, А., 2003; Селекционно-генетические аспекты развития смушковых пород овец в Казахстане. Сборник “Научное наследие П.Н. Кулешова и современное развитие зоотехнической науки и практики животноводства”, М., 2005, с. 147 – 151.
Әбдірахман Омбаев (1.1. 1949 ж.туған, Отырар ауданы Қара Қоңыр ауылы ) – ғалым, ауыл шаруашылық ғылым. докторы (1991), профессоры. (1994). Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Алматы зоотехникалық.-малдәрігерлік институтын бітірген (1971). 1971 – 73 ж. Қазақ қаракөл шаруашылық ғылым-зерттеу институтында аға лаборант, 1973 – 76 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық мал шаруашылық ғылым-зерттеу институтының аспиранты. 1976 – 92 ж. Қазақ қаракөл шаруашылық ғылым-зерттеу институтында ғылым. қызметкер, директорының ғылым. жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1992 – 94 ж. Созақ ауданының әкімі, ал 1994 жылдан Қазақ қаракөл шаруашылық ғылым-зерттеу институтының директоры. 1982 – 84 ж. Германия ғалымдарымен бірге, қаракөл қойын сауу технологиясын жақсартуға үлес қосты. Қаракөл өнімдерін өндіру бағытында жүргізген зерттеулер барысында 120-дан астам ғылым. еңбектер жазды. Қаракөл шаруашылығындағы ғылым жетістіктерді дүниежүзілік деңгейге шығару бағытында 1977 – 80 ж. Мемлекеттік жобаның бас инженері, қаракөл өндіруді дамыту және елтірі сапасын арттыратын илеу әдісін жетілдіру жұмыстарын жүргізуге қатысты ғылым-зерттеу жолында ашқан жаңалықтары КСРО халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің дипломымен марапатталған.
## Дереккөздер
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы, 7 том 6 бөлім
## Әбдірахман Молданазарұлы Омбаев
Әбдірахман Молданазарұлы Омбаев (1.1.1949 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Қара-Қоңыр елді мекені, Ақтам ауылы) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1991), профессор (1994), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1996). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университетін) бітірген (1971). 1971 – 2002 ж. Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (Шымкент қаласы) аға лаборанттан бастап, директорлық қызметтерді атқарды (1994 – 2002). 2002 жылдан Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылық ғылыми-өндірістік орталығының (Шымкент қаласында) директоры.
## Шығармашылық мұрасы
Омбаевтың негізгі ғылыми еңбегі қаракөл қойы тұқымдарының жаңа зертханалық типтерін шығарып, олардың гендік қорын сақтауға арналған. Ол қаракөл қойы қозысының ұрықтық кезеңінен өсіп-жетілу кезеңіне дейінгі аралықта болатын биологиялық заңдылықтарды анықтап, қаракөлше елтірісін өндіру технологиясын зерттеді. Оның басшылығымен ақ түсті қаракөлше өндіру тәсілі тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, оған сипаттама берілді. Қаракөл шаруашылығында алғашқылардың бірі болып қозыларды енесінен ерте бөлу технологиясын зерттеді, түрлі-түсті және әр типтегі қаракөл елтірісінің сорттылығындағы қаракөл қошқарларының әсерін зерттеп, ғылыми деректер алды. Омбаев шамшырақ түсті қарақалпақ сұр қозыларының әлімтау (1995), күміс түсті бұхар сұрының байырқұм (1996), қола түсті сұрхандария сұрының тартоғай (1997), қара қаракөл қойының созақ зертханалық типтерінің авторы. Кетпен құйрықты атырау қой тұқымының (1998), көк қаракөл қойының темір (1995), сырдария (1997), қара қаракөл қойының төлдегіш қожатоғай (1997) типтерін шығаруға қатысты. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (2005). Омбаевтың еңбектері: Қаракөлше елтірісін өндіру технологиясы, А., 2003; Селекционно-генетические аспекты развития смушковых пород овец в Казахстане. Сборник “Научное наследие П.Н. Кулешова и современное развитие зоотехнической науки и практики животноводства”, М., 2005, с. 147 – 151.
Әбдірахман Омбаев (1.1. 1949 ж.туған, Отырар ауданы Қара Қоңыр ауылы ) – ғалым, ауыл шаруашылық ғылым. докторы (1991), профессоры. (1994). Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Алматы зоотехникалық.-малдәрігерлік институтын бітірген (1971). 1971 – 73 ж. Қазақ қаракөл шаруашылық ғылым-зерттеу институтында аға лаборант, 1973 – 76 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық мал шаруашылық ғылым-зерттеу институтының аспиранты. 1976 – 92 ж. Қазақ қаракөл шаруашылық ғылым-зерттеу институтында ғылым. қызметкер, директорының ғылым. жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1992 – 94 ж. Созақ ауданының әкімі, ал 1994 жылдан Қазақ қаракөл шаруашылық ғылым-зерттеу институтының директоры. 1982 – 84 ж. Германия ғалымдарымен бірге, қаракөл қойын сауу технологиясын жақсартуға үлес қосты. Қаракөл өнімдерін өндіру бағытында жүргізген зерттеулер барысында 120-дан астам ғылым. еңбектер жазды. Қаракөл шаруашылығындағы ғылым жетістіктерді дүниежүзілік деңгейге шығару бағытында 1977 – 80 ж. Мемлекеттік жобаның бас инженері, қаракөл өндіруді дамыту және елтірі сапасын арттыратын илеу әдісін жетілдіру жұмыстарын жүргізуге қатысты ғылым-зерттеу жолында ашқан жаңалықтары КСРО халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің дипломымен марапатталған.
## Дереккөздер
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы, 7 том 6 бөлім |
Боранқұл Көшмағамбетұлы (1928 ж.т., Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Мұңлы-Қулы ауылы) — күйші-домбырашы.
Жетіру тайпасының Тама руынан шыққан.
1948 — 93 ж Жамбыл облысы Сарысу, Талас аудандарында ұстаз болған.Ол Арқаның күйшілік дәстүрінде “Ана жүрегі”, “Ақ кесене”, “Арнау”, “Боздақтар”, “Батыр”, “Жолайырық”, “Жан сыры”, “Желтоқсан”, “Кербез аққу”, “Қайран елім, қазағым”, “Қоштасу”, “Құлагер”, “Майданнан хат”, “Толғау”, “Ұстаз”, “Ықылас туралы толғау” сияқты қырыққа тарта күй шығарған.
Боранқұлдың күйлері Қазақ радиосының қорында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Шоқыр (Acіpenser stellatus) – бекіре тұқымдасына жататын балық.
Негізінен Қара, Азов теңіздерінде тіршілік етеді. Қазақстанда Каспий теңізінде, оған құйылатын Жайық өзенде таралған. Дене пішіні жебе сияқты созылған. Тұмсығы ұзын (ол басының ұзындығының 60%-дайын алады), мұртшасы қысқа. Арқасы бүйір сүйектеріне дейін қара, бауыры ақшыл түсті. Балықтың ұзындығы 160 см, салмағы 14 кг-дай. Ұзындығы 220 см, салмағы 68 кг-ға дейін болатын түрлері бар. Көктем мен күзде, сәуір айынан бастап, тамызға дейін уылдырық (475 мың, диаметрі 3 мм-дей) шашады. Уылдырық шашып болған ересек балықтар мен шабақтары теңізге ойысады да, мұнда қорек іздеп, қоныс аударып отырады. Майда шабақтары зоопланктонмен, ал ересектері ұсақ балықтармен және моллюскалармен қоректенеді. Кәсіптік мәні бар аса бағалы балық. Ауланатын бекіре балықтарының ішінде 1-орында. Еті, уылдырығы – дәмді тағам, торсылдағынан желім дайындалады. Бекіре, сүрік, пілмай балықтарымен будандастырылған будандары бар.
## Шоқыр еті
Шоқырды Каспий, Арал — Қара теңіздердің бассейлдерінен аулайды; оның еті қортпа мен бекіренің еттеріне қарағанда анағұрлым хош иісті және нәзік болып келеді.
## Дереккөздер |
Насыбайгүл (Ocіmum) – еріндігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық хош иісті шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда Іле, Күнгей Алатауларында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шань тауларында өсетін 1 түрі – камфорлы Насыбайгүл(O. basіlіcum) бар. Оның биіктігі 20 – 60 см. Төрт қырлы сабағының сыртын түк басқан. Жапырақтары жұмыртқа не сопақша эллипс тәрізді, түбіне қарай сына сияқты қысыңқы келеді, жиектері тісті, аздаған түктері бар. Гүлдері ақ не ақшыл күлгін түсті, тостағанша жапырақшаларынан ұзын болады. Күлтелері қос ерінді (төменгі еріні бүтін, тегіс, жоғарғы еріні 4 бөлікке бөлінген), аталықтары – 4. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – жаңғақ, қара-қоңыр түсті, сырты жылтыр. Хош иісті өсімдік болғандықтан парфюмерияда және сабын қайнатуға, тағамға салуға пайдаланылады.
## Сілтемелер
* Түк
* Іле
* Күнгей Алатау
## Дереккөздер |
Шоқысу артезиан алабы – Арал теңізінің солтүстігінде құмтасты қабатта қалыптасқан жер асты суы бар құрылым. Ол теңіз жағалауынан солтүстік бағытта Кіші Борсық құмының шығыс жағында орналасқан Шоқысу темір жол стансасы арқылы 100 км-ге созылған. Ені 25 – 30 км. Алаптың батысы кең тектоникалық жарылыммен шектеліп, ал шығысы Арал антиклиналдық белдеміне тіреледі. Шоқысу артезиан алабында Кіші Борсық құмына сіңген атмосфералық жауын-шашын суымен қоректенетін бірнеше арынды су қабаттары бар. Мұндағы тұщы, аздаған ашқылтым (оңтүстік бағытта) сулы қабат жоғарғы палеоген (эоцен-олигоцен) шөгінділерінде пайда болған. Қабаттың жалпы қалыңдығы 40 – 70 м, тереңдігі 100 – 230 м. Қабаттағы су арынды, ұңғымадан алынған су жер бетінен 2 – 6 м биіктікке көтеріледі.
## Дереккөздер
* «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Мегалиттік құрылыстар (грек. meгa — үлкен, литос — тас) — аса үлкен тастардан жасалған көне дәуір ескерткіштерінің ғылымдағы жалпы атауы. Неолит дәуірінде б.з.б. 4-мыңжылдықта пайда болып әсіресе Батыс Еуропаның Атлант мұхиты жағалауларына жақын өлкелерінде кең тараған. Жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Тігінен орнатылған үлкен тастарды менгирлер, ал бір немесе бірнеше концентрлі шеңберлер түрінде орналасқан менгирлер тобын кромлех деп атайды. Кең тараған түріне дольмендер жатады. Үлкен тастардан салынған жер астындағы немесе биік оба астындағы қабірханаларды әсіресе дәлізді қабірханаларды мегалиттік құрылыстардың тұрақты түріне жатқызады. Сондай-ақ бұл атауды үлкен тас жәшіктерге (циста), бекіністер, ғимараттар мен үйлердің кейбір түрлеріне байланысты да жалпылама қолдану кездеседі. Негізгі ескерткіштері қызметі жағынан ғұрыптық және ұжымдық жерлеу дәстүрлеріне байланысты қолданылған. Мегалиттік құрылыстарды Австралиядан басқа әлемнің барлық елдерінде бар деп айтуға болады. Алғашқы үлгілері Батыс Еуропада — Испанияда, Португалияда пайда болып, Франция, Солтүстік Германия, Скандинавия, Британия, тағыда басқа. Еуропа елдерінде кеңінен тараған. ұалымдардың пікірінше, мегалиттік құрылыстар түрлі мәдениеттер ауқымында, бірақ өзара ұқсас әлдеқандай діни сенімдердің ықпалымен және бір деңгейлес әлеуметтік, географиялық алғышарттар бар ортада қалыптасқан. Сонымен бірге, бұларды алғаш өмірге әкелген идеялардың өзі мәдени байланыстар барысында бір өлкеден екінші өлкелерге ауысып отыруы мүмкін. Осыған байланысты ғалымдардың бір тобы Мегалиттік құрылыстар Жерорта теңізі маңынан бастау алған деп санайды.
## Дереккөздер |
Загряжский Григорий Семенович - (1838, Ресей, бұрынғы Смоленск губерниясы – өлген жылы белгісіз) – Ресей табиғаттану, антропология және этнография әуесқойлары қоғамының Түркістан бөлімшесін ұйымдастыруға атсалысқан орыс этнографы. 1867 жылдан бастап капитан шенінде Верныйда, Ташкентте әскери қызмет атқарған. Тоқмақта, Перовскіде уезд бастығы болды. Қазақ халқының әдет-ғұрып заңы, этнографиясы, материалдық және рухани мәдениетіне қатысты деректер жинап, бірнеше мақалалар жазған. Шығармалары: “Юридический обычай киргизов”, “О различных родах состояний и о правах им присвоенных”, “Материалы для статистики Туркестанского края”, “Ежегодник”, в. 4, 1876; “О народном суде у кочевого населения Туркестанского края по обычному праву”, сонда; “О направлении торговых путей в Туркестанском крае”, сонда, в. 2, 1873; “Киргизские очерки” (Аш или тризма по умершим), “Туркестанские ведомости”, 1873, §1; “Очерки Перовского уезда”, сонда, 1872, §29; “Быт кочевого населения долины Чу и Сыр-Дарьи”, сонда, 1875, §25; “Кара-Киргизы”]], сонда, 1874, §41 – 42.
## Дереккөздер |
Шүлбі бөгені — Шығыс Қазақстан облысы Ұлан, Шемонаиха аудандары мен Абай облысы Жаңасемей, Бородулиха аудандарының аумақтарында орналасқан. Ертіс өзені өзеніндегі Бұқтырма және Шүлбі СЭС-тері аралығындағы қапталдық салаларды маусымдық режимде реттеу үшін 1989 жылы салынған. Жоғарғы Ертіс бөгендері каскадындағы соңғы, үшінші бөген. Шүлбі бөгенінде Үлбі және Үбі өзендерінің суы жиналады, оған Бұқтырма бөгенінен шыққан су қосылып, көктемде Ертіс жайылмасын суландыру үшін пайдаланылады. 1989 жылы бірінші кезекті бөлігі пайдалануға берілді.
## Гидрологиялық режімі мен сипаты
Бөгеннің ұзындығы 72 км, су айдыны 255 км², көлемі 2390 млн. м³, пайдалы көлемі 1470 млн. м³, орташа тереңдегі 9 м, ең терең жері Ертіс өзені арнасы табанында – 30 м. Бөген табаны Ертістің 3,5 км-лік кең аңғарында жатыр. Сонымен қатар, сол маңда Ертіске құятын Қызылсу, Үбі өзендері және бірнеше ұсақ ағын сулардың жайылмаларын да басып қалған. Негізінен жайылым, шабындық, орман және тоғайлар алып жатқан жалпы ауданы 22,8 мың га жерді су басқан. Су режимі толық реттелген, жыл бойы 240 м деңгейінде ұсталады, бірақ сәуір – мамыр айларында, Ертіс жайылмасын су бастыру кезінде 13 – 20 күн ішінде 8 м-ге төмендейді. Жобадағы екінші кезекті бөлігі Бұқтырма бөгеніне дейінгі аралық салалық суларды көп жылдық реттеуге арналған және бөгенді кешенді пайдалануға мүмкіндік береді.
Су қойманың су басқан аймағында Қарашат қорған кешені табылды.
## Дереккөздер |
Боранбай би Қалқаманұлы (Бибабам)(1704 — 1802) — қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы соғысына қатысқан батыр, белгілі би, Абылай хан ордасында бас би болған. Найман тайпасы Қаракерей руы Мұрын-Байыс бұтағынан шыққан.
Оның көсемдігі мен шешендігі жайлы ел жадында:
немесе
деген сияқты көптеген өлең-жырлар қалған.
## Өмірбаяны
Жас кезінде Түркістанда ескіше оқыған. Тарихи-әдеби деректерде Боранбай мен Қаракерей Қабанбай есімдері қатар жүреді. Ол қазақ хандығының тәуелсіздігі мен ел бірлігі жолында Абылай хан жүргізген саясатты жүзеге асыру ісіне үлкен үлес қосқан. В.В. Вельяминов-Зерновтың еңбектерінде, Кіші жүздің қаза тапқан ханы Әбілқайырдың орнына таққа оның ұлы Нұралыны отырғызуға мұрындық болып, Орынборға барып қайтқан 8 бидің бірі осы Боранбай екені айтылады. Кезінде арғын-найман арасындағы жер дауының әділ шешілуіне ықпал еткен. Боранбай биді Бұқар жырау, Көкбай ақын жырға қосқан.
## Әңгіме
Боранбайдың Мәмбет дейтін, өзі ерке өскен тентек інісі болады. Ол әрбір топ-жиын сайын ұрыс, жанжал шығарып, оның айып-бодауын ағасы төлеп жүреді екен. Бір елдің тойына барар алдында ол інісін шақырып алып: «Сен осы жолы жанжал шығармай тыныш жүр. Мен той тарқаған соң саған ат мінгізіп, шапан жабамын» дейді. мәмбет мақұл деп ағасына уәде береді. Той жанжалсыз өтеді. Мәмбет сыйлы, сыпайы қонақ боп тыныш жүреді. Той тарқайды. Мәмбет ағасына келіп:
- Көке, айтқаныңызды орындадым, ат, шапанымды бер! – дейді. Боранбай:
- Мен саған ат та, шапан да бердім емес пе? – дейді.
- Қайдағы? Қашан?
- Сен түсін. Егер мен саған той алдында ескертпесем, сен тағы жанжал шығарып, елді дүрліктірер едің. Айып төлеп, тағы да шығынданар едің. Ат, шапаның жаныңда қалды емес пе? Бұл менің бергенім емес немене?! – депті. Сонда інісі: «Қап, мұндай айлаңды білгенде көнбес едім. Талай қызыл кеңірдектер кетті-ау бекерге!» - деп, басындағы тымағын жерге бір-ақ ұрыпты.
## Дереккөздер |
Насыр І, Насыр ибн Ахмед (туған-өлген жылы белгісіз) – Самани әулетінің билеушісі (864 – 97).
* 875 жылы Аббас әулетінің билеушісі әл-Мутамид (870 – 92) Насыр І-ні сол уақытта Самани мемлекетінің құрамындағы Самарқанд уәлаятының әмірі етіп тағайындаған.
* Насыр Ібүкіл Мауераннахрды билеп, өз аты жазылған күміс теңгелер (диркем) соқтырған.
* Насыр І Оңтүстік Қазақстанды мекендеген түркі тайпаларын бағындырып, сауда жолдарын өз бақылауына алу үшін Шауғарға (қазіргі Түркістан) жорық ұйымдастырды. Бұхара әкімі етіп өз інісі Исмаил Саманиды (874 – 907) қойды. Алайда ағайындылар арасында араздық туып, өзара соғысты.
* 888 жылы Насыр І жеңілгеннен кейін, бүкіл Мауреаннахрға Исмаил үстемдік етті.
* Насыр І бұрынғыша Самарқанд билеушісі атанғанымен, іс жүзінде оның қолында ешқандай билік болған жоқ.
## Сілтемелер
* Исмаил
* Самарқанд
* Мауреаннахр
## Дереккөздер |
Ақкөл — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарайтын ауыл, Ақкөл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Екібастұз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 80 км-дей жерде Шідерті өзенінің сол жақ жағасында орналасқан. Жанынан Екібастұз - Ақтоғай автомобиль жолы өтеді.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1935 жылы “Ақкөл” қой кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. 1997 жылға дейін кеңшар және ауылдық кеңестің орталығы болып келді. Кейін шаруа (фермер) қожалықтары құрылып, кеңес ауылдық әкімшілік округінің орталығына айналды. Ақкөлде машина-трактор жөндеу шеберханасы, орта мектеп, клуб, учаскелік аурухана бар.
## Дереккөздер |
«Әдебиет майданы», журнал. Әдеби-бұқаралық, қоғамдық-саяси басылым ретінде 1932-39 ж. шықты. Қазақ жазушыларының көркем шығармалары, ауыз әдебиетінің үлгілері, әдеби-сын туындылары, публицистика, очерктер жиі жарияланды. Басылымның қалыптасуына С. Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров, С. Мұқановтар көп еңбек сіңірді. Әуезов үзбей мақала жазып, журналдың көркемдік сапасын арттыруға мол ықпал етті. «Әуезұлының сөзі» (1933, №1), «Абай ақындығының айналасы» (1934, №11), «Абайдың мәдени ізденулері» (1937, N»7), «Қалмақаннан не тілер едік» (1937, № 9), «Ардақты Жәке» (1938, № 5), «Жұмбақ туралы» (1938, № 10) деген мақалаларын жариялады.
## Дереккөздер |
Шолақай — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы ауыл, Шолақай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жаркент қаласынан оңтүстікке қарай 10 км-дей жерде, Өсек (Үсек) өзенінің жағалауындағы қамыс, құрақ, бозжусан, т.б. шөптесін өскен қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1966-1997 жылдары жүгері өсіретін “Бірлік” ұжымшарының орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылы Шолақайда және округке қарасты Диқанқайрат, Жиделі ауылдарында “Бірлік” ӨК және шаруа қожалықтары құрылған.
## Дереккөздер |
Қатыршат Шапағатұлы Шүленбаев (5.3.1937, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 21.6.1998, Алматы) – философ ғалым, философия ғылымдарының докторы (1986), профессор (1987). Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген (1959). 1972 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында философия кафедрасының меңгерушісі болды. 1970 – 1980 ж. ғылыми жұмысының негізгі бағыты – ғылыми атеизм және тарихи материализм мәселелері. 1991 жылдан бастап тәуелсіз Қазақстандағы дінтану мектебінің қалыптасып, дамуына елеулі еңбек сіңірді.
## Дереккөздер |
Балқаштың солтүстік аймағын зерттеу — Қазақстанның археология ғылымындағы кешенді ізденістердің бір түрі. 1940 жылдан Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев, А.Г. Медоев, Ж. Құрманқұлов, т.б. ғалымдар негізін қалаған. Өлкеде қола дәуірінен бастап игерілген, қазір де кеңінен белгілі пайдалы қазбаларға бай аса ірі кен орталықтары бар. Археологиялық ескерткіштердің негізгі топтары кен орындарынан алысырақ, солтүстікте жатқан Беғазы, Қызыларай сияқты таулы-нулы өңірлерде. Көлдің солтүстік-шығысынан бастап Шыңғыстау жоталарына, Бақанас өзенінің аңғарына дейінгі аралықта қола, ерте темір дәуірлерінің 30-дан астам (Тесіктас, Қотанемел, Жалғызтау, т.б.) зираттары ашылды. Мұнда Андрон және Тасмола мәдениеттеріне қатысты құнды деректер табылды. Қола дәуіріне жататын Қотанемел-1 зиратының 15-қоршауынан көптеген заттай деректермен қоса, жас балаларымен бірге жерленген әйел мүрдесі табылған, оның біреуі 2—3 айлық нәресте. Осында жас нәрестесін бауырына баса қойылған әйел жанында қойдың мойын сүйегінің табылуы қазақ әдет-ғұрыптарының түп-тамырының сонау көне замандардан бастау алатынына нақтылы дәлел бола алады. Ғалымдардың пікірінше, бұл — кейінгі қазақ заманына дейін жеткен “қалжа” дәстүрінің айғағы. Ертедегі қазақтар бала не ана қайтыс болғанда “қалжа” сүйекті қабірге бірге көметін болған. Алынған қола бұйымдардың химиялық құрамын зерттеу жергілікті тайпалардың металлургия өндірісімен көне дәуірлерден бастап-ақ айналысқанын, бұл саланың осы өлкелердегі кен орындарының (Саяқ тобы) негізінде дамығанын көрсетеді. Сонымен қатар Қазақстанның басқа да аймақтарының ежелгі тайпалары Саяқтың мыс рудасының қорытпаларын жергілікті білгір кеншілер мен ұста-құюшылардан көптеп алып отырған.
## Әдебиеттану
* Қ а д ы р б а е в М. К., Археологические раскопки в Северном Прибалхашье. Поиски и раскопки в Казахстане, А.-А., 1972;
* с о н ы к і, Курганы Котанэмеля. Первобытная археология Сибири, М., 1976
## Сыртқы сілтемелер
* http://kk.wikipedia.org/wiki/Сарыарқа
* http://library.ksu.kz/download/DBases/Ecology_of_the_CK/Files/Muhamedzanov.pdf Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
* http://www.madenimura.kz/books/DocLib/История/Margulan%205%20t/Margulan%205%20t.pdf(қолжетпейтін сілтеме)
* http://www.alashainasy.kz/society/21080/(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Шүлен тарату, шүлен тарту – дәстүрлі қазақ қоғамына жәрдем мен қамқорлық түрі. Бұл діни парыз, уәжіп, садақа, құдайы немесе зекет те емес, ол тегін таратылатын дүние-мүлік. Шүлен таратуды қазақ байлары тарапынан кедейлерге көрсетілетін жомарттық пен мырзалық деуге болады. Күз түсіп, мал саны көбейгенде ауқатты, дәулетті азаматтар алыс-жақын жерлердегі адамдарға тегін мал, ақша, бұйым, тамақ үлестірген. Шүлен таратушылар бұл рәсімді пайда үшін емес, көптің алғысын, сауабын алу үшін, сондай-ақ кедей-кепшікке қол ұшын беру мақсатында атқарып отырған. Шүлен тарату халық арасындағы күрделі қатынастарды реттейтін әлеуметтік институттың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Үдегейлер (өзд. атауы — удээ, удэхэ) — халық, Ресей Федерациясының Приморье, Хабаровск өлкелерінде (Уссури, Хунгари, Анюй өзен алабында) тұрады. Жалпы саны 1,8 мың адам (2000).
## Тілі
Антропологиялық жағынан үлкен моңғол пішіндес расаның солтүстік азиялық тобына жатады. Алтай тілдеріндегі тұңғыс-маньчжур тобына жататын удэгей тілінде сөйлейді. Анюй, бикин, иман, хор, хунгарий, т.б. диалектілері ертеректе болғанымен, қазіргі таңда ұлттық тілін, салт-дәстүрлерін жоғалта бастаған. Үдэгей тілі – жазуы жоқ тіл; Кеңестік тіл жүйесін қалыптастыру кезінде кириллица графикасы негізінде жасалған жазу таралмай қалды. Удэгей тілінде диалектикалық бөліну жоқ.
## Діні
Христиан діні үдэгейлер арасында белең алып келе жатқанымен, кейбір дәстүрлі діни көзқарастар (әруаққа сену, аю культі, бақсылық, т.б.) сақталған.
## Тарихы
Үдэгейлерде ежелгі корей, бохай, түркі, тұңғыс, манжұр тайпаларының элементтері бар. 4-6 ғасырларда Жапон теңізінің жағалау аумақтарын алып жатқан жеті тайпадан тұратын Вудзи одағы құрылғаны белгілі. 7 ғасырда көші-қон процесінде араласқан халықтар Бохай мемлекетін құрады, оның бір бөлігі үдэгелер мекендеген аумақтарды алып жатты. Одан кейінгі тарихта Үдэге халқы немесе тайпасы бір мемлекеті жоқ аңшылар мен балықшылар ретінде айтылады.Үдэгелер өз тарихында нанайлар және эвенктермен байланыста болды, ең жақын байланыстар орочтармен болды. Орыс зерттеушілері 19 ғасырдың аяғына дейін үдэге мен орочтарды ажыратпай, бір халық деп есептеді. 1860 жылы үдэгелер Уссури өлкесін қосып алғаннан кейін Ресей мемлекетінің құрамына енді. 1960-70 ж. Үдэгейлердің анюй, хунгарий т.б. этнографиялық топтары болды.
## Кәсібі
Үдэгейлердің дәстүрлі шаруашылығы аңшылық пен балықшылық. Кейбір оңтүстік өңірлердегі топтар егіншілікпен де айналысады. 1860 ж. үдэгейлер Ресей құрамына өтті. Оларда ұзақ уақытқа дейін патриархалды дәстүрлер сақталды.
Дәстүрлі баспаналары ағаштан тұрғызылады. Қыста төбесі екі жағына қарай шатырмен жабылған жартылай жертөледе, жазда шалаш, чумда тұрады.
## Мәдениеті
Үдэгейлердің өзіндік фольклоры сақталған. Үдэге мәдениетінде табиғат рухтарына арналған жырлар мен дұғалар көп. Үдегелер де өз сезімдерін өлең, жыр арқылы жеткізеді. Жазбаша тілі болмаған Үдэгейлер ғасырлар бойы орман рухтары туралы ауыздан-ауызға тараған.
Киімдерін, негізінен, аң терісінен тігеді. Үдэгелердің дәстүрлі киімі – матадан тігілген, оң жағынан бекітілетін кимоно үлгісіндегі шапан. Ерлердің халаты тізеге дейін жетті, әйелдердікі ұзағырақ болды. Олар қыста аң терісінен тігілген күрте, қолғап, пішіні дөңгелекше келген бас киім киген.Әйелдердің киімдері ерлерге қарағанда моншақтармен және тиындармен безендірілген. Шапанның жеңі, етегі, етегі түрлі кестелермен безендірілген. Ерлер мен әйелдер шаштарын екі өріммен өрді, қыздар оларды моншақтар мен монеталармен қосымша безендірді.
## Қазақстандағы үдэгейлер
Қазақстанның үдэгей диаспорасы санының жалпы динамикасы мынадай:
* 7 (1970 ж.),
* 33 (1979 ж.),
* 19 (1989 ж.),
* 47 (1999 ж.)
* 2 (2009 ж.) адам.
## Дереккөздер |
Шоқышев Ғабдулхак Ысқақұлы (15.10.1957 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Шілікті аулылы) – әскери қайраткер, генерал-майор (2005). Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін бітірген (1978). 1978 – 98 жылдары Курчатов қаласындағы әскери бөлімде әр түрлі басшылық лауазымдарда болды. 1998 – 2000 жылдары Өскемен қаласындағы ішкі әскерлер командирінің орынбасары, 2001 – 03 жылдары ҚР ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары – штаб бастығы, 2003 – 04 жылдары ішкі әскерлер қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары, 2004 – 06 жылдары Қарағанды қаласында ішкі әскерлер құрамасының командирі қызметтерін атқарды. 2006 жылдан Алматы қаласындағы ішкі әскерлер құрамасын басқарады. Көптеген медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
* «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Боранбаев Қанай (1896, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қастек ауылы — 15.1.1938, Ресей, Магадан) — 20 ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының бірі, заңгер. Верный ерлер гимназиясында оқыған. Оны бітірген соң, белгілі қоғам қайраткері Б. Сырттановтың тікелей қолдауымен Варшава университетінің заң факультетіне түскен. Оның 3 курсын бітірген соң, белгісіз себептермен оқудан шығып кеткен. 1918 — 19 ж ол Ташкент қаласында Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі жанынан құрылған Жетісу облысы төтенше комиссарының көмекшісі, 1919 — 21 ж өлкелік партия к-тінің хатшысы әрі Түркістан майданы 3-дивизиясы ревтрибуналының мүшесі, 1921 — 23 ж облыстық төтенше комиссияның тергеу бөлімінің меңгерушісі, 1924 ж Жетісу облысының прокуроры болды. Осы жылдары төтенше өкіл ретінде Қытай еліне бірнеше рет барып, ауа көшкен қазақтарды елге қайтару ісімен айналысқан. 1924 ж 27 қарашасында юстиция халық комиссары және республика прокуроры лауазымына тағайындалады. Боранбаев жаңа қызметінде сот-тергеуші, прокуратура органдарының жұмыстарын уақыт талабына сай ұйымдастырып, мәселелердің коллегиалды жолмен шешілуіне назар аударады. Комиссариаттың ішкі жұмыс тәртібі туралы ережені бекітіп, әр қызметкердің міндетін айқындайтын нұсқамалар әзірлейді. Комиссариаттың құрамына қазақтың іскер, білімді заңгер-мамандарын тарту бағытын батыл ұстанып, ұлттық кадрларды тәрбиелеуге көңіл бөлді. Кейін Орал қаласының прокуроры қызметін атқарған. 1926 — 28 ж ауыл шаруашылығы банкінің бастығы. Өмірінің соңғы жылдарында Қырғызстан, Өзбекстан республикаларында әр түрлі жұмыс істеген. 1933 ж “Қызыл Чарвадор” кеңшарында (Өзбекстан) директор болып тұрған кезінде “троцкийшіл, ұлтшыл, контрреволюцияшыл” деген саяси айыппен сотталып, Магаданға жер аударылған. 1938 ж 15 қаңтарда лагерьде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгені үшін НКВД-ның үш адамнан құрылған соты оны ату жазасына кескен. Боранбаев 1963 ж 3 қыркүйекте Өзбек КСР Жоғары сотының ұйғарымымен толық ақталды.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Боранбаев Әнуар (1948 жылдың 1 наурызы Қостанай облысы Амангелді ауданында туған — 1999 жылдың 14 желтоқсаны Алматыда қайтыс болған) — актер, Қазақстанның халық артисі (1998).
## Өмірбаяны
Алматы консерваториясын бітірген (1970).
Ұзақ жылдар бойы Қазақ академиялық драма театрының актері болды.
"Актер үшін қашан да рөл жасау, рөл дауысы шықса, одан артық қуаныш жоқ" деген сөздер Әнуар Боранбаевтың көрермендеріне арналған алғыс сөздер.
Аңғарымпаз, ойы жүйрік, өресі кең, тілге шешен, үні әсем, еңбекке икемді. Қоғамдық жұмыстарға да өз үлесін қосқан актерлердің бірі болған.
Қазақ газетіндегі сұхбатының соңын: «Құрметтерін білдірген азаматтарға, өнеріме көрсеткен ықыластары үшін үлкен ризашылығымды айтқым келеді» деген ілтипат сөздермен аяқтаған.
## Театрдағы және фильмдегі рөлдері
Алғашқы ойнаған рөлдері — М.Әуезовтің “Түнгі сарынындағы” мұғалім Сапа мен Ә.Әбішевтің “Белгісіз батырындағы” Жандос. Боранбаевтың актерлік шеберлігінің қалыптасуына М.Әуезов пьесалары бойынша қойылған спектакльдерде ойнаған рөлдері ерекше ықпал етті. Олардың ішінде “Қарагөздегі” Сырым, “Айман — Шолпандағы” Арыстан, “Қарақыпшақ Қобыландыдағы” Бірсімбай, “Еңлік — Кебектегі” Кембай, ұлы жазушы аударған У. Шекспирдің “Асауға тұсауындағы” Люченцио рөлдері — актердің үлкен шығармашылық жемісі. Сондай-ақ, Еламан (Ә. Нұрпейісовтің “Қан мен терінде”), Жәкен (Қ. Мұхамеджановтың “Біз періште емеспізінде”), Момын шал (Ш. Айтматовтың “Ақ кемесінде”), Бөгембай (Т. Ахтановтың “Антында”), Майсалбек (Айтматовтың “Ана — Жер-Анасында”), Тергеуші (Әуезовтің “Қилы заманында”), Полковник (С. Ахмадтың “Келіндер көтерілісінде”), Незнамов (А.Н. Островскийдің “Жазықсыз айыптыларында”), т.б. бейнелері — актердің сахналық табыстары болып табылады.
Боранбаев кинофильмдерге түсіп, ірі экрандық бейнелерді де сомдады. Мысалы, Тастан (“Гауһартаста”), Қойшы (“Біздің үй көгілдір таулар ортасында”), Рысқұлов (“Түрксібте”), т.б.
## Фильмографиясы
* 1974 - Қанатсыз фронт - Бейсембаев
* 1975 - Дала гүрсілі - Таңатаров
* 1975 - Гауһартас - Тастан
* 1977 - Тел өскен ұл - Көкеш
* 1977 - Фронт шебінің арғы жағындағы фронт - Бейсембаев
* 1980 - Мінезі қиын балалар - Сағымбеков
* 1981 - Ақырғы аманат - Қасымов
* 1981 - Жаудың тылындағы фронт - Бейсембаев
* 1982 - Мен сіздің туысыңызбын - Ораз Рахметов
* 1985 - Біздің үй көгілдір таулар ортасында - қойшы
* 1986 - Сену және білу - Асан
* 1986 - Түрксіб - Рысқұлов
* 1990 - Созақтан шыққан Гамлет әлде Мамайя Кэро - эпизод
* 1991 - Жансебіл - эпизод
## Дереккөздер |
Балқұдық — Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы ауыл, Азғыр ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 260 км жерде боз, бетеге, селеу өскен шөлейтті белде орналасқан. Бұрынғы кеңшар негізінде “Балқұдық” акционерлік қоғамы жұмыс істейді.Тұрғындары аудан орталығымен және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Халқы
1989 жылы елді мекенде 1997 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 2094 адам (1027 ер адам және 1067 әйел адам) болса, 2009 жылы 1899 адамды (920 ер адам және 979 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1371 адамды (717 ер адам және 654 әйел адам) құрады.
## Әлеуметтік және мәдени нысандары
* Балқұдық орта мектебі — 1928 жылы ашылған. 1957 жылы 7 жылдық, 1958 жылы 8 жылдық, 1965 жылы орта мектеп болды.
* "Бүлдіршін" бөбекжай - балабақшасы
* Балқұдық ауылдық клубы
## Діни ұйымдар
* Балқұдық ауылдық мешіті
## Ауыл көшелері
* Абай көшесі
* Абылай хан көшесі
* Алма Оразбаева көшесі
* Нығмет Әбдірахманов көшесі
* Бауыржан Момышұлы көшесі
* Бейбітшілік көшесі
* Бірлік көшесі
* Жамбыл Жабаев көшесі
* Жеңіс көшесі
* Исатай Тайманов көшесі
* Махамбет Өтемісұлы көшесі
* Мәншүк Мәметова көшесі
* Мұхтар Әуезов көшесі
* Сәкен Сейфуллин көшесі
* Төле би көшесі
## Дереккөздер |
Мегар мектебі — философиялық бағыт.
Б. з. д. 4 ғасырда ежелгі Грекияда құрылған. Негізін қалаған — Сократтың шәкірті, Мегардан шыққан Евклид. Сократ қайтыс болғаннан кейін Мегар мектебінің өкілдері Парменидтің мәңгі және өзгермейтін біртұтастық (болмыс) жөніндегі ілімін Сократ этикасы мен теологиясының жоғары ұғымы — мейірімділікпен біріктірмек болды. Евклид дүниеде бір ғана ізгілік бар, ол — өз-өзіне барабар және өзгермейді, сондай-ақ ол ақиқат, ақыл, құдай есімімен белгілі деп санады. Мегар мектебінің өкілдері элейлік Зенонның және софистердің дәстүрін жалғастыра отырып, философиямен шұғылданудың негізгі тәсілі ретінде диалектика мен эристиканы кеңінен пайдаланды. Кейіннен мегарлықтар (Стилпон, т.б.) өздерінің этикалық көзқарасы жағынан киниктерге жақын болды. Стилпонның шәкірті китиондық Зенон Мегар мектебін киник және стоик мектептеріне қосып, қайта құрады.
Философия тарихында Мегар мектебі логиканың дамуына айтарлықтай үлес қосты.
## Дереккөздер |
Борана— орта ғасырларда салынған мұнара.
Шу өңірінің оңтүстік-шығысындағы Қырғыз Алатауының беткейіне 10 — 12 ғасырларда азан шақыру үшін (кейбір деректерде керуен жолының бойындағы белгі ретінде) салынған. Биіктігі 40 — 50 м. Борана туралы Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарих-и Рашиди” атты еңбегінде айтылған. Шығыстанушылар Н.Ф. Петровский, В.В. Бартольд өз еңбектерінде мұнара сол жердегі ортағасырлық Борана қаласымен байланысты екендігін жазған. Ол Жетісу аймағындағы түркілердің ислам дініне өткен кезеңінде салынып, жақсы сақталған. 1970 ж қайта қалпына келтірілген. Мұнара күйдірілген кірпіштен қаланып, бірнеше бөліктерге бөлінген, өн-бойы өрнектермен безендірілген. Іргесінен бастап жоғары қарай тарылта әрі шырша тәрізді етіп өрілген. Бұл тәсіл — архитектуралық шеберліктің айғағы. Орта ғасырдан бастап жанына мешіт, медресе салынып, Жамал Қарши (13 ғ.) жазғандай, олар бірыңғай архит. жарасымдылық тапқан. |
Ақкөл (бұрынғы аты ст.Ганюшкино) — Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы ауыл (1974-2003 жж. кент), Ақкөл ауылдық округінің орталығы және теміржол стансасы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 км жерде, құмдақ топырақты шөл белдемінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1974 жылы Атырау — Астрахан теміржолын салуға байланысты қаланған.Ақкөл ауылының тарихы негізінен теміржол торабының бойында орналасқан Ганюшкин стансасымен тығыз байланысты. Станса құрылысы басталғанға дейін осы аумақты айнала бірнеше көлдер болған, сол себепті сол көлдердің бірінің атауы берілген.
## Әлеуметтік және мәдени нысандары
Ақкөл жалпы орта мектебі, Дәулеткерей балалар музыка мектебінің филиалы, ауылдық дәрігерлік емхана, Ақкөл ауылдық мәдениет үйі, кітапхана, пошта және байланыс торабының бөлімі жұмыс істейді.
### Мектептер
* Ақкөл орта мектебі — 1970 жылы Ақтөбе-Гурьев-Ганюшкин-Астрахан темір жолының пайдалануға берілуіне байланысты ашылды. Ғимарат типтік жобамен 560 оқушыға арнап салынған. 1971 жылы Қазақстан темір жолының №493 мектебі, 1977 жылы Батыс Қазақстан темір жолының №81 мектебі, 1998 жылы Батыс Қазақстан темір жолының №10 мектебі, 2001 жылы 10 қаңтардан Ақкөл орта мектебі, 2021 жылы 13 қаңтардан «Ақкөл жалпы орта мектебі» КММ деп аталады.
## Діни мекемелері
* Ақкөл ауылдық мешіті — 2022 жылы қазан айында ашылды. 250 орындық заманауи үлгіде салынған мешітте Құран оқу залы, намаз оқуға арналған залдар, имамдар бөлмесі бар.
## Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік
29 шаруа қожалығы, 129 жеке кәсіпкер жұмыс жасайды. 2 мейрамхана, 1 кафе-бар, 29 дүкен, 1 қонақ үйі, 1 шаштараз халыққа қызмет көрсетсетуде. Бұрынғы ұжымшар орнына жеке шаруашылықтар мен шаруа (фермер) қожалықтары құрылған.
## Өндіріс орындары
1 керамикалық кірпіш зауыты әр түрлі тас өнімдерін өндірсе, 1 зауыт керамзит өндірумен айналысады. Сонымен қатар 8 теміржол мекемесі-Ганюшкин станциясы, Ганюшкин жол дистанциясы бөлімшесі, Ганюшкин айналым депосы, Ганюшкин электрмен жабдықтау бөлімшесі, әскериленген күзет бөлімі. Транстелеком, Атырау сигнализация және байланыс дистанциясы филиалының Ганюшкин бөлімшесі, вагон жөндеу, тексеру мекемелері және «Интергаз Азия» АҚ-ның Ақкөл желілік өндірістік басқармасы, ауданға теміржол көлігімен тасымалданып әкелінетін, шығарылатын жүктерді түсіруге,тиеуге арналған 5 теміржол тұйықтары, 2 мұнай өнімдерін құю өңдеу терминалдары, әр бағыттағы 3 өндірістік база, 2 су тазалап беру ғимараты, 1 орталық жылу беру қазандығы жұмыс жасайды. 1 шекара қызметін тексеріп өткізу бекеті, 2 полиция бөлімшесі, учаскелік 8 қызметкер және желілік көліктегі ішкі істер бөлімшесі, құқық қорғау қызметкерлері, өрт сөндіру поезы жұмыс атқарады. Ақкөл аудандағы ең ірі темір жол бекеті, сондай-ақ облыстағы маңызды елді мекендердің бірі. Мұнда темір жол көліктерінің шекаралық бақылауы жүргізіледі.
## Елді мекендегі көшелер
* Абай көшесі
* Амангелді Иманов көшесі
* Арқалық көшесі
* Әбу Сәрсенбаев көшесі
* Әлия Молдағұлова көшесі
* Әліби Жангелдин көшесі
* Дина Нұрпейісова көшесі
* Дінмұхамед Қонаев көшесі
* Жамбыл Жабаев көшесі
* Жұмекен Нәжімеденов көшесі
* Исатай көшесі
* Қаныш Сәтбаев көшесі
* Құлес Тәкешов көшесі
* Құрманғазы көшесі
* Махамбет көшесі
* Мәншүк Мәметова көшесі
* Мұқағали Мақатаев көшесі
* Мұхтар Әуезов көшесі
* Рақымжан Қошқарбаев көшесі
* Сайпеден Құспанов көшесі
* Сәкен Сейфуллин көшесі
* Сұлтан Бейбарыс көшесі
* Төлесін Әлиев көшесі
* Шәмші Қалдаяқов көшесі
* Шоқан Уәлиханов көшесі
* Ыбырай Алтынсарин көшесі
## Дереккөздер
## Бейнетаспалар
1. https://yandex.kz/video/preview/?filmId=2525505316337247342&from=tabbar&reqid=1624463346601264-943351240062181344200118-production-app-host-vla-video-yp46&suggest_reqid=160518136159302045434153043303423&text=%D1%81%D1%82+%D0%93%D0%B0%D0%BD%D1%8E%D1%88%D0%BA%D0%B8%D0%BD%D0%BE |
Әдебиет пен өнер онкүндігі (Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі онкүндіктері), мәдени-көркем шара. Қазақ әдебиеті мен өнерінің 1-онкүндігі 1936 ж. 17-27 мамыр аралығында Мәскеу қаласында өтті. Онкүндік қазақ әдебиеті мен енерін әлемдік деңгейге көтерген және барлық рухани қуаты мен болмысын танытқан тарихи оқиға болды. Мәскеу сахнасында «Қыз Жібек» пен «Жалбыр» опералары қойылды. ҚазЦИК атындағы (1944 жыдцан бастап Құрманғазы атындағы) ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен халық әндері мен билері, күйлер орындалды. Қазақ жазушыларының әңгіме, өлеңдері, пьесалары орыс тіліне аударылды. Әуезовтің «Татьянаның қырдағы әні» әңгімесі ықшамдалып, «Я, казахскую песню пою» деген атпен «Известия» газетінің 1936 жылғы 23 мамыр күнгі санында Вс. Ивановтың аударуымен жарияланды. Онкүндікке Ж. Жабаев, К. Әзірбаев, Ғ. Қалмағанбетүлы, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Әуезов, С. Мүқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Тоғжанов, Т. Жароков, А. Тоқмағамбетов, Ә. Тәжібаев қатысты. Әуезов «Қазақтың халық музыкасы мен театры» («Қазақ әдебиеті», 1936, 5 мамыр), «Ең дана заңды, ең жас мемлекет» («Социалды Қазақстан», 1936, 18 маусым), «Культура возрожденной страны» («Советское искусство», 1936, 11 мамыр), «Казахская музыка» («Известия», 1936, 21 мамыр) атты мақалаларында онкүндіктің маңызы мен оның өту деңгейіне, ұйымдастырылу барысына жоғары баға берді. Қазақ әдебиетінің Мәскеудегі 2-онкүндігі 1949 ж. 10-19 мамырда етті. Осы мәдени шараға орай С. Мұқановтың «Ботагөз», Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты», Ғ. Мұстафиннің «Шығанақ» романдары орыс тіліне аударылды. Ал Әуезовтің «Абай» романының 1-2-кітабы Л. Соболевтің аударуымен «Советский писатель» және «Молодая гвардия» баспаларынан бір жылда қатар жарық көрді. Ұлы жазушы КСРО Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінде және Мәскеу мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған әдеби кештерде сөз сөйледі. «Игілікті сапар» («Қазақ әдебиеті», 1949, 10 мамыр), «Онкүндіктен кейін» («Театр», 1949, № 7), «Ең зор бақыт» («Литературная газета», 1949, 24 желтоқсан) атты мақалаларында Әуезов өзінің осы әдеби онкүндіктен алған әсері мен түйген пікірлерін жазды. «Культура и жизнь» газетінде (1949 ж. 31 мамыр) жарияланған «Тамаша туынды» атты мақалада Әуезовтің «Абай» романына аса жоғары баға берілді. Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі 3-онкүндігі 1958 ж. 12-21 желтоқсан күндері өтті. Бұл онкүндік - қазақ әдебиеті мен мәдениетінің әлемдік деңгейде көтерілгендігін дәлелдейді. Оған Қазақстанның жетекші өнер шаңырақтары мен мәдениет, ғылым қайраткерлері қатысты. Мәскеу қаласының әр түрлі театрларының сахнасында, Абай атындағы академиялық опера және балет театры М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» (либреттосы Қ. Жүмалиевтікі), А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» (либреттосы М. Әуезовтікі), Б. В. Асафьевтің «Бақшасарай фонтаны», қазақ драма театры Әуезовтің «Еңлік-Кебек», Ғ. Мусіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» («Ақын трагедиясы» деген атпен), Ә. Төжібаевтің «Жалғыз ағаш орман емес», орыс драма театры - Н. Ановтың «Мүрагерлер», Окулевичтің «Джордано Бруно», А. Николаеваның «Жолдағы шайқас» спектакльдерін көрсетті. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы Л. Соболевтің жетекшілігімен Мәскеу мемлекеттік әдебиет баспасынан жарық көрді. Бұл басылымға 1959 ж. Лениндік сыйлық берілді. Жазушы Мәскеу мемлекеттік университетінде, М. Горький атындағы Элем әдебиеті институтында, кітапханалар мен зауыт-фабрикаларда өткен кездесулерде сөз сөйледі. Онкүндік туралы «Үзілмес достық өреніміз» («Социалистік Қазақстан», 1958 ж. 12 желтоқсан), «Шабыт шалқары» («Литературная газета», 1959 ж. 23 желтоқсан), «Гүлденген бақта» («Правда», 1958 ж. 12 желтоқсан), «Отан, халық, партия» («Знамя», 1959 ж. №1), «Шығарма шаттығы» («Советский союз», 1959, N9 1) атты мақалалар жарияланды. Әуезов 1936 және 1958 жылғы әдебиет пен өнердің Мәскеуде өткен онкүндіктерін салыстыра келіп:
«Бұл оқиға біздің халқымыз, біздің мөдениетіміз өзінің алтын ғасырын басынан кешіріп отыр деп айтуға толық мүмкіндік береді»
деп жоғары бағалады.
## Дереккөздер |
Ақкөл — төменгі палеолит дәуіріндегі адамдар тұрағы. Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 км жерде орналасқан. Алғаш 1961 ж. археолог Х.А.Алпысбаев тапқан. 200 м2 келетін аумақтан тас құралдар жиналды. Олардың көпшілігі өте көне пішінде және қатты бүлінген. Осы жерден: екі жағы өңделген шапқылар, унифастар, балта, пышақ, шақпақ тас т.б. табылды. Ақкөл қонысы тас дәуірінің Ашель мәдениетіне жатады.
## Сілтемелер
Қазақ Энциклопедиясы |
Бесағаш — Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл, Бесағаш ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Талғар қаласының батысында 15 км-дей жерде, Қотырбұлақ өзенінің жағалауында.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1953 жылы қаланған. Алғашында “Луч Востока” ұжымшарының орталығы — Дзержинское ауылы болып аталып келді.
## Инфрақұрылымы
Бесағашта тұрмыс қажетін өтейтін мекемелер, орта мектептер, мәдениет үйі, кітапхана, клуб, емхана бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Бесағаш — Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Бесағаш ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Аса ауылының оңтүстік-шығысында 37 км-дей жерде.
## Халқы
Ауыл құрғақ қоңыржай-ыстық агроклиматтық белдемде жатыр. Топырағында баялыш, күйреуік, т.б. астық тұқымдас шөптер өседі. Бесағашта шаруа қожалықтары, өндіріс кооперативтері жұмыс істейді. Орта мектеп, клуб, дәрігерлік-амбулаториялық пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Тарихы
ХҮІІІ-ғасырда Ахмет атты ірі ноғай байы мол дәулетімен атағы шыққан саудагер болған. Ол Қытай, Орта Азия, Қазақстан елдерімен сауда істерін жүргізіп отырған. Ал оның баласы Сәбит 1748 жылы Қазан қаласынан 300 шақырымдай жердегі Бугульма қаласында дүниеге келген. Сәбит Қазан қаласында ер жетіп, әскери жоғары білім алады. Офицер шеніне ие болғаннан кейін лауазымды қызметте жүргенде орыс патшасы халықтың көңілінен шықпайтын әділетсіз жарлық шығарады. Ал ол жарлыққа татар-ноғай халқы мен әскери шендегі татарлар қарсы көтеріліске шығады. Бұл толқуды басу Сәбит Ахметұлына тапсырылып, бүйрық берілген. Ал Сәбит патшаның бүйрығын орындаудан бас тартады. Өз халқыма, өз ұлтыма қару көтере алмаймын, өз ұлтымның ұл-қыздарын қыруға қолым бармайды деп бүйрықты орындаудан бас тартқаннан кейін Сәбит әскери қызметтен шеттетіледі. Бұл 1773-1775 жылдардағы Дон казагы Емельян Пугачевтің көшбасшылығымен ұйыдастырылған көтеріліс кезеңі екенін архив құжаттары көрсетіп отыр. ІІ Екатерина басқарған Патшалық Ресейдің билігіне Еділ-Кама бойындағы халықтармен бірге, Кіші және Орта жүз қазақтарының қарсылық білдіргенін тарихтан жақсы білеміз. Дәл осы оқиға Сәбит Ахметұлының өмірін күрт өзгертті. Императрица ІІ Екатерина саясатының салқыны оның бағытын басқа арнаға бұрылуына мәжбүр етті. Сәбит енді әке жолын қуып сауда ісімен айнылыса бастайды. Сауда жасап жүріп Қазақстанға келеді де мұндағы әкесінің сенімді досы болған Балпық бидің ерекше ықыласына бөленеді. Алматы жеріне келіп қоныстанып, шапырашты руынан шыққан қызға үйленеді. Одан кейін Әулиеата өңіріне келіп қазіргі Басағаштың негізін қалайды. Бұл жерді Сәбиттің 18 киллограмм алтынға сатып алғандығы айтылады. Мұнда Сәбитті және оның ұрпақтарырын қазақ-қырғыздар «Байноғайлар» деп атап кетеді. Сәбит ноғай ұлтының өкілі болатын. Сол кездегі Патшалық Ресейдің солақай саясатының бірі ретінде ноғай халқына қарсы жүргізілген саясатты атауға болады. Ноғай ұлтын құжаттарға жазылдырмай, көрсетілмеуі, Патшалық Ресейдің ноғайларды ұлт ретінде жою саясатының ендігі бір көрінісі етін. Сәбиттің 4 ұл, 4 қызының ішіндегі ең атақтысы, Байзақ батырдың досы Ескендір бай болатын. Оның мұнда мешіт, медресе, мектеп салдырғаны белгілі. Оның асқан байлығы туралы деректер жетерлік.
Ескендірдің байлығын сынамақ болған орыс көпесі Седовқа ол қағаз ақшамен бір самаурын шай қайнатып бергендігі және тағы да басқа мәліметтер ауызша деректерде айтылады. Ташкент қаласындағы «Бесағаш» базарын Сәбит пен Ескендір салдырғандығын да растауға болады. Ескендір байдың Тараздағы сауда керуені жүрген көше Кеңес үкіметі тұсында Бесағаш деп аталған. Бүгінгі күні де сол көшенің біраз бөлігі Бесағаш деген атауын сақтаған.Сонымен, қазақ жеріне келген Сәбит пен оның серіктері қазіргі Бесағаштың негізін қалайды. Осыдан бастап Бесағаш ноғайларының тарихы басталады. Кеңес дәуірінде ноғай ұлтын паспортқа яғни жеке басты растайтын құжаттарға жазбауына байланысты Бесағаштағы ноғайлардың жартысы татар, енді бір бөлігі қазақ деп ұлттарын көрсетіп жаздыртқан.Бесағаш ноғайлары.
Кеңес үкіметі тұсында мұндағы ноғайларды татармен шатастырып, татар деп атағандар да болды. Бұл ноғай мен татарды бір ұлт деп қате ойлаған ойдан туындаса керек. Жамбыл облысының "Тілдерді дамыту басқармасының" қолдауымен 2007 жылы жарық көрген «Жамбыл облысының топонимикалық атауларының анықтамалығында» Бесағаш ауылына берілген сипаттамада «ноғайлардың келіп қоныстануымен ауыл Бесағаш деп аталған» - деген тұжырым жасалған.
## Кеңес дәуірінде
Ауыл атауы бұрынырақта "Ильич" атанған Бесағаш ауылында тәжірбие станциясы болған, онда жаңа сұрыпты дақылдар шығару үшін жүгері, бидай, алма, жүзім, қызанақ сияқты дақылдарға зерттеулер жүргізілген.
## Дереккөздер |
Насыр Хосрау Әбу Муин әл-Кубадияни әл-Марвази [1004, Кубадиян қыстағы, Балхы маңы – 1072(1088), Бадахшан] – тәжік-парсы ақыны, философ, діни қайраткер. Жасынан сарай маңында қызмет етіп, философияны, математиканы оқыған. Ақындығымен көзге түскен, қасида, махаббат лирикаларын жазған. 1046 – 52 жылы қасына кіші інісін, қызметшісін алып, Египетке саяхат жасап, нәтижесінде “Сапарнама” кітабын жазып шықты. Оның әйгілі сапары Меккеден бастау алып, Иран, Араб, Африка елдерін қамтыды. Тілі жеңіл, мазмұны жинақы прозалық туынды “Сирия, Траполис және Бейрут”, “Мысыр қаласын суреттеу”, т.б. тараулардан тұрады. Саяхатшы қиын кедергілерден алғырлығы, шешендігі арқасында құтылып отырған. Саяхаттан оралған соң сарай маңындағылармен сыйыспай, туған жері Балхтан қуылып, өмірінің соңғы кезеңін Бадахшан (Памир) өңіріндегі Юмган қыстағында өткізген. Ол діни-философия трактаттарында (“Зад әл-Мусафирин”, “Хан әл-ихван”, “Ваджхи дин”), 12 мың бәйіттен тұратын “Ровшанайинаме” (“Білім туралы кітап”) поэмасында өзінің діни көзқарасын жан-жақты тұжырымдады. Ал қасида мен махаббат лирикаларында адалдық, достық, ғашықтықты жырлап, ақындық шеберлігін танытты, дидактика жанрын дамытуға зор үлес қосты.Әдебиеттер: Бертельс Е.Э., Насир-и Хосрав и исмаилизм, М., 1959; его же, Избр. тр., М., 1960; Күмісбаев Ө., Терең тамырлар, А., 1995.
## Сілтемелер
* Кубадиян
* Ровшанайинаме
* Сапарнама
## Дереккөздер |
Үлкен Аралтөбе – Алакөл көлінің орта бөлігіндегі арал.
## Географиялық орны
Абай (Үржар ауданы) және Жетісу (Алакөл ауданы) облыстарының шекарасында орналасқан.
## Жер бедері
Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8 — 9 км-ге созылып жатыр, ені 5,7 км. Ауданы 26,5 км², абсолюттік биіктігі 439 м. Жер бедері негізінен жазық. Палеозой, орта девон, жоғары карбондық тау жыныстарының үстін борпылдақ шөгінділер жапқан. Шөлге тән өсімдіктер өседі. Үлкен Аралтөбенің оңтүстік-шығысында 1,5 км жерде Кішкене Аралтөбе аралы жатыр.
## Дереккөздер |
Железнодорожное — Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауыл, Октябрь ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарасу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 63 км-жей жерде, Тімтуір өзенінің сол жағасында, қызыл қоңыр топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1697 адам (822 ер адам және 875 әйел адам) болса, 2009 жылы 1708 адамды (837 ер адам және 871 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі тың жерлерді игеру кезінде “Железнодорожный” астық кеңшарын құруға байланысты қаланған. 1996 жылдан оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Железнодорожноеде орта мектеп, клуб, аурухана, астық қоймасы, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Боран — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы ауыл, Боран ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 72 км-дей жерде, Қалжыр өзенінің Қара Ертіске құяр сағасында орналасқан.
## Халқы
1995 жылға дейін “Боран” қой кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде өндіріс кооперативтері, шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауылда мектеп, аурухана бар. Тұрғындары аудан орталығымен және т.б. елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Бес ата — қазақ халқының құрамындағы рулар бірлестігі. Шежіре бойынша, Орта жүздегі қоңырат тайпасынан тарайды. Бес ата бірлестігіне саңғыл, божбан, маңғытай және жетімдер рулары мен Сары, Сапар аталары енеді. Ұраны — Алатау, таңбасы — босаға.
## Дереккөздер |
Шолақаңқаты – Жайық алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысының Сырым, Теректі аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 64 км, су жиналатын алабы 1090 км2.
## Бастауы
Каспий ойпатының шығысындағы белесті жазықтардан бастау алып, Шалқар ауылы тұсында Шалқар көлiне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары 0,3 – 2,0 км, жатық беткейлі, сай-жыралармен тілімделген. Жайылмасы үзік-үзік, бірде сол, бірде оң жағада, ені 50 м-ге дейін жетеді. Кейде онда құрғақ ескі арналар мен көлдер кездеседі. Арнасының тереңдігі 6 – 10 м, жағасы тік жарлы. Сағасы қамысты. Өзенге Ерсарыөзек, т.б. ағындысы шағын жылғалар құяды. Көп жылдық орташа су ағымы 1,26 м3/с. Өзенде екі бөген бар. Суы шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Бесарық — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Бесарық ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Тереңөзек кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 56 км жерде, Жаңадария каналының жағалауында, шөлді белдемде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2137 адам (1131 ер адам және 1006 әйел адам) болса, 2009 жылы 2258 адамды (1155 ер адам және 1103 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1948 жылы ескі «Тораңғылсай» арнасы бойында қаланды. 1950 жылы шағын ұжымшарлар біріктіріліп Жамбыл атындағы ұжымшар болып аталды. 1973-1994 жылдары КСРО-ның 50 жылдығы атындағы кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде бірнеше өндірістік шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.
## Дереккөздер |
Қамбар Ерқожаұлы Медетов (1901, қазіргі Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы - 1938, Солтүстік Қиыр Шығыс) -күйші.
1929 ж. Орынбордағы заң курсын бітірді.
1924 - 34 ж. аралығында заң және сауда орындарында қызмет етті. 1835 - 36 ж. Қазақ филармониясында әкімшілік қызметкер, директордың орынбасары болды.
Домбырашылық өнерді әкесі Ерқожа Қаратаевтан (әнші-күйші болған) үйренді. Ел арасынан дарынды күйшілерді (Н.Бөкейханов, Л.Мұхитов, М.Жаппасбаев, Ж.Айпақов, т.б.) қазақтың халық аспаптар оркестрінің құрамына тартып, оны толықтырып, жақсартуға ат салысты. Медетовтің репертуарында "Жошы-хан", "Боғда", "Шалқыма", "Алтынай", "Арынғазы", "Ел айырылған", "Қарасай" т.б. күйлері бар. Оның орындауында "Ақсақ құлан", "Қара жорға" күйлері пластинкаға жазылып алынды. А.В. Затаевич күйінің орындаушылық шеберлігін жоғары бағалады.
## Дереккөздер |
Бесатар — конструктор С.И. Мосин (1849 — 1902) жүйесі бойынша жасалған (1891) 7,62 мм калибрлі винтовка. Оқсауытына 5 патрон салынатындықтан, бесатар аталып кеткен. Оқ жүретін оқпанының ішкі қабырғасы бұрандалы-қазнақты бұл қару аз ғана өзгерістерге ұшырай отырып, Ресей және Кеңес армияларында 60 жылдан астам уақыт бойы қолданылды. Бесатардың 1891–1930 ж. үлгісінің салмағы найзасымен 4,5 кг, минутына 10 — 12 оқ ата алады, нысаналық қашықтығы 2000 м. 1907 ж. Бесатар винтовканы негізге ала отырып, карабин жасалды.
## Дереккөздер |
1943 жылы құрылды. Соғысқа дейінгі кезеңде Солтүстік Қазақстан облысын электр қуатымен ұсақ электр ст-лары жабдықтап тұрды. 1943 жылы 1-ЖЭО-ның алғашқы кезегі пайдалануға берілді. Мұнда үш қазандық, қуаты 9,5 мың кВт болатын екі турбина құрастырылды. Соғыстан кейінгі жылдары екі энергопойыз әкелінді, олардың бірінің қуаты 5 мың кВт, екіншісі 1 мың кВт. 1958 жылы Омбы – Петропавл электр тарату желісі (110 кВт) іске қосылды. 1959 – 61 жылы Петропавл тарату желісі бөлімшесі толық электрлендірілді. 1961 жылы 2-ЖЭО пайдалануға берілді, оның электр қуаты 380 мың кВт, жылу қуаты 859 Гкал/сағ. Омбы – Петропавл – Қорған жоғары кернеулі электр тарату желісі тартылғаннан кейін Солтүстік Қазақстан энергия жүйесі Орал және Сібір торабында бірыңғай жұмыс істей бастады. Петропавл қаласы жылумен жабдықталу мүмкіндігін алды. Облыста кеңшарлар мен ұжымшарларды, аудан орт-тарын, а. ш. бағытындағы тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімде ұзындығы 21 мың км электр желісі тартылып, 5 мыңға жуық трансформаторлық шағын станциялар салынды. 1999 жылдан 2-ЖЭО, облыс электр торабы жеке меншіктегі “Акцесс-энерго” компаниясының қарамағында. |
'Мадияр Испандияров (ақпанның 16-cы 1948 ж. туған, Қызылорда облысы Шиелі ауданы) – бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1997). Халықаралық дәрежедегі АІВА төрешісі (1998). Алматыдағы Қазақ дене тәрбиесі институтын бітірген (1972). Еңбек жолын 1972 жылы Қазақ химия-технологиялық институтының дене тәрбиесі кафедрасында оқытушы болып бастап, кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 1991 жылы «Ауыр салмақтағы боксшылар даярлаудың ерекшеліктері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты атағына ие болды. 1992 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Ұлттық спорт түрлері және жекпе-жектер кафедрасының меңгерушісі болды. «Қазақстан Ресубликасының тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен марапатталған. Облыстың бокстан олимпиада резервін даярлайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің директоры.
## Сілтеме
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Медеу — Абай облысы Абай ауданындағы ауыл, Медеу ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Қарауыл ауылының солтүстік-батысында 25 км жерде, Қараадыр тауының солтүстігінде, тау алды жазығында орналасқан.
## Тарихы
Ауыл 1976—1996 жылдары қой өсіретін Ж.Молдағалиев атындағы кеңшардың орталығы болып келген. Оның негізінде Медеуде мал шаруашылығымен айналысатын бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
НҰРА БОЙЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШТЕР, Нұра кезеңі, Федоров мәдениетінің Нұра нұсқасы – қола дәуірі ескерткіштерінің үлкен бір тобы, археологиялық мәдениет (б.з.б. 16 – 13 ғасырлар). Қазақстан және КСРО археологиялық ғылымының дамуы барысында әуелі ескерткіштер тобы, кейін мерзімдік жеке кезең ретінде белгіленді. Қазір мәдени нұсқа деңгейінде айтылады.
Ә.Марғұлан, Ә.Оразбаев, К.Ақышев, М.Қадырбаев, Ж.Құрманқұлов, В.В. Евдокимов, Г.Б. Зданович, В.В. Варфоломеев, В.Г. Ломан, А.Бейсенов, И.А. Кукушкин, т.б. зерттеді. Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің аса маңызды, ғылымға көптеген деректер берген көрнекті тобын біріктіреді. Ескерткіштердің ең көп шоғырланған жері – Орталық Қазақстан. Шығыс Қазақстанға да тараған. Алғашқы жәдігерлерді ашу жұмыстары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының 1946 – 60 жылдардағы далалық ізденістері барысында (Ә.Марғұлан, т.б.) орындалды. Орталық Қазақстан облысы Нұра өзенінің жоғарғы ағысындағы алқаптарда (Шерубай-Нұра, Талды-Нұра, Байқожа өзендері) алғаш зерттелгендіктен Нұра бойындағы ескеркіштер деп аталып, 1960 жылдары қола дәуірінің Қазақстанға тән Нұра кезеңі, сондай-ақ осыдан кейін келетін атасу кезеңі туралы ұғым қалыптасты. Олар Андрон мәдениетінің Федоров және Алакөл кезеңдерімен сәйкес келеді деп пайымдалды. Осылайша Нұра және Атасу кезеңдері Федоров, Алакөл кезеңдері атауларының жергілікті ерекшеліктерді көрсететін Қазақстандық баламасы ретінде ғылымға енді. Мұның сол кездегі ғылым дамуында зор маңызы болды. Жаңа деректер көптеп жинақтала келе, 1980 – 90 жылдары қола дәуірі туралы біршама үлкен толықтырулар мен талдаулар жасалды. Мұның нәтижесінде Андрон мәдениеті қайта қаралып, ол бұдан былай мәдениет емес, ірі тарихи-мәдени қауымдастық, ал Федоров, Алакөл кезеңдері жеке-жеке екі мәдениет деп аталды, сондай-ақ бұл екеуі екі бөлек этникалық топқа жатуы мүмкін деген мәселе көтерілді. Осыған байланысты Қазақстандағы Нұра, Атасу кезеңдері туралы жаңа көзқарастарды қалыптастыру қажеттігі туындады. Орталық Қазақстандағы Нұра типтес ескерткіштерге таза Федоровтық белгілер, ал атасу типтес ескерткіштерге Федоровтық-Алакөлдік аралас белгілер тән екендігі, сондай-ақ бұл аймақта таза алакөлдік ескерткіштер де бар екендігі қазір дау тудырмайды. Археология ғылымында кезеңдеу мен мәдениетке бөлудің аса зор әдістік-әдістемелік мәні бар екенін ескере отырып, жаңа деректер мен көзқарастарды бүгінгі ғылым деңгейінде қорытар болсақ, пайымдаулардың ең оңтайлысы – Нұра мәдениетін, дәлірек айтсақ, Федоров мәдениетінің Орталық Қазақстандағы Нұра нұсқасын бөліп шығару болмақ. Аймақта Алакөл мәдениетінің ескерткіштері бар, ал атасу типтес жәдігерлер аталмыш симбиоздық сипатқа ие.
Нұра нұсқасының маңызды ескерткіштеріне мыналар жатады: қорымдар – Әкімбек, Ақмола, Айшырақ, Алпамса, Ақсу-Аюлы 2, Бұғылы 1, Балықты, Ботақара, Бурабай, Бұрлық 1, Мыржық 1, Ортау 2, Саңғыру 2, Тасырбай 2, Шойындыкөл; қоныстар (қабаттарында Нұра материалдары бар қоныстар) – Атасу 1, Бескөл 4, Екпін 1, 2, 3, Майоровка, Энтузиаст 2, Усть-Кенетай. Нұра ескерткіштерін басқалардан жіктеуде жерлеу құрылыстары мен жерлеу ғұрпындағы, керамикадағы, кейбір бұйым түрлеріндегі ерекшеліктерді дұрыс айырудың әдістемелік маңызы зор. Жерлеу ғұрпындағы айырмашылықтың бірі мәйітті өртеп жерлеу тәсілінің жиі кездесуі еді (сонымен қатар өртемей жерлеу де бар). Бұндай жағдайда көбіне қабірге өртелген мүрденің күлі салынған түйіншек қойылған. Онымен бірге саны 10-ға дейін қыш ыдыс қойылады, ал қола заттар неғұрлым сиректеу кездеседі. Кейде қабір қабырғаларын бөренелермен қаптайды да, оған от қояды. Қабір қабырғаларын таспен өру де жиі кездеседі, мұндай жерлеу камерасын “циста” деп атайды. Қабір үстіне аласа топырақ үйінді жасалып, ол тас тақталармен қоршалады. Нұра дәстүрінің бір ерекшелігі – қоршау көбіне жалпағынан жатқызылған тақталардан құралады (алакөлдіктерде олар тігінен орнатылады). Жерлеу құрылыстарында әдеттегі шағын қоршаулармен қатар, аса ірі, тіпті үйіндісінің диаметрі 100 метр, биіктігі 3 метр, биіктігі 1 метр тас тақталардан құралған үлкен қоршауы бар оба түріндегі ескерткіштер пайда болады. Көп мөлшердегі адам күшімен тұрғызылатын бұндай ескерткіштер қоғамда билеушілер тобының бөлініп шыққанын дәлелдейді. Зерттелген нысандар арасында ірі обаларға Ақсу-Аюлы 2, Айшырақ, Ортау 2 жатады. Зерттеушілер пікірінше, Нұра дәстүрінде отқа табыну үрдісі алакөлдіктерге қарағанда көбірек байқалады. Бұл тек кремация әдісі мен жерлеу құрылыстарына от қоюдан ғана емес, қабір төңірегі мен оның жабындысында байқалатын алау орындарынан, қабір ішіндегі ағаш көмірі түйіршіктері мен күлден, қыш ыдыс өрнегінде қас таңбаның (қас таңба – свастика, бұл От пен Күн тәңірлерінің көне рәмізі) жиі қолданылуынан байқалады. Нұралықтарға тән бұйымдар ішінен қоладан құйылған әйел әшекейлерінің кейбірін ерекше атау қажет. Мұның біреуі – жіңішке түтікшеден ие отырып жасалған, үшкірлеу келген бір шеті кеңейтілген екінші шетінің ішіне кіріп тұратын шеңбер түріндегі сырға. Жиі кездесетін екінші түрге білезіктер жатады. Олардың шеттеріне бірнеше айналыммен жасалған, мүйізге ұқсас конустар перпендикуляр түрде бекітілген. Көне нұралықтардың шаруашылығының негізгі бағыты бақташылық болған, егіншілік қосалқы деңгейде тұрған. Металлургия кеңінен өрістеп, тері, ағаш, сүйек өңдеу, қыш ыдыс жасау жақсы дамыған. Тілі жағынан нұралықтарды ғалымдардың негізгі бөлігі үндіиран тобына жатқызады, сондай-ақ фин-угор, байырғы түркі диалектеріне жатқызатын пікірлер де бар. Қалыптасқан аймағы туралы бірыңғай пікір жоқ, бірақ зерттеушілердің көбі нұра нұсқасын да, жалпы Федоров мәдениетін де Қазақстан аумағында дүниеге келген төлтума мәдениет деп санайды. Қазақстан аумағынан бастау алған мәдениет біртіндеп Батыс Сібір, Оңтүстік Орал, Орта Азия өлкелеріне тараған. |
Шолақбұлақсор – Ертіс алабындағы ағынсыз көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты аумақта. Теңіз деңгейінен 104,0 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Ауданы 10,6 км2, ұзындығы 9,5 км, ең енді жері 2,5 км, жағалауының ұзындығы 36,4 км. Приозерное ауылынан солтүстікте 5 км жерде жатыр. Көл қазаншұңқырының жағалауы жатық, сортаңды. Наурыздың соңы – сәуірдің басында деңгейі көтеріліп, жазда төмендеп, сорға айналады. Қарашаның 2-жартысында қатып, сәуірдің соңғы онкүндігінде мұзы түседі. Алабы жайылым.
## Дереккөздер |
Үлкен Арлан (лат. Canіs Major) — аспандағы танымал шоқжұлдыздардың бірі.
Қазіргі белгілі 88 шоқжұлдыздың, Птолемей анықтаған 48 шоқжұлдыздың қатарында. Үлкен Арлан шоқжұлдызынің, сондай-ақ жерде көрінетін тұрақты жұлдыздардың ең жарық жұлдызы — Сүмбіле болып, ол 1,46 көрінерлік жұлдыздық шамада жарқырап көрінеді. (Әрине, ғаламшарларды қоссақ айды айтпағанда Шолпан жұлдызы ең жарық көрінетін жұлдыз есептеледі.) Сүмбіле сондай-ақ әйгілі Қысқы аспан үшбұрышының да бір бұрыш нүктесі есептеледі.
Үлкен Арлан шоқжұлдызындағы негізгі жұлдыз — Сүмбіле жерден қарағандағы ең жарық жұлдыз ғана емес, жерге өте жақын тұрақты жұлдыз болып та табылады, ол жерге 8.6 жарық жылы қашықтықта орналасқан. Оның грекше мағынасы "өрттей ыстық" болып, Жерорта теңізі айналасында ол негізінен жазғы ыстық көтерілетін мезгілде аспанға көтерілетіндігіне қатысты. Ол кезді ежелгі Гректер "Ит күні" деп атаған, өйткені тек құтырған ит қана осындай ыстықта далада қаңғырып жүре алады деп, бұл жұлдызды "ит жұлдызы" атаған. "Тазы" сөзі осыдан шыққан.
## Шоқжұлдыз туралы аңыз
Әрине, бұл атау тек ит қана жүре алатын ыстыққа ғана қатысты емес, онда тағы тарихи мифологиялық сенім негізі де бар. Тазының әу бастағы аты Лелап (Laelaps – Λαῖλαψ) делінеді. Лелап ұстамаған аңы қалмаған, ешбір аң қашып құтыла алмайтын тазы болған.
Әңгіме былай өрбиді:
Кефал (Cephalus) от құдайы Гефест мен Афина қаласын салушы Кекропстің (Cecrops) қызы Герсадан (Herse)туған ұл. Ол бүкіл грекке танымал аңшы, өз әйелі Прокриданы (Procris) өте жақсы көрген екен. Прокрида Афина патшасы Эрехтейдің (Erechtheus) қызы болатын.
Бақытқа қарсы, бұл көңілді отбасыға үшінші жақ килігеді, ол Таңсәрі құдайы Аурора (римше Аурора, грекшесі: Эос) Кефал аздырып көңіл қосады да, одан астыртын үш ұл туады. Сонда да Кефал өз әйелін сағына берген соң Аурора оның Прокриданың қасына қайтуып баруына жол қояды, бірақ олардың отбасына қарғыс айтады. Таңсәрі құдайы Аурора Кефалдың келбетін өзгертіп, оған өз әйелінің адалдығын тексеруді бұйырады. Сонымен сандырақ арқылы сандырақты тексеру сөзсіз сандырақ туғызады, Прокрида келбетін өзгерткен өз күйеуіне ақыры көңілін аударады. Сол кезде күйеуі Кефал қайта өз қалпына келеді де, ұялған әйелі Прокрида орманға қашып кетеді. Ол сонда аңшылар құдайы Артемиданың ілесушісі болады. Артемида оған мүлтіксіз тиетін найза мен ешбір аңды құтқармайтын тазы (Лелап (Laelaps) береді.
Қатты өкінген Кефал өз әйелін орманнан табады және екеуі өткенді ұмытысып, қайтадан бақытты тұрмыс кешіре бастайды. Ол әйелінің найзасын алып, тазы Лелапты ертіп, орманда ғашықтық әндер айтып аң аулаумен болады. Оның әнінің мағынасын түсінбеген бір Афиналық Прокридаға барып күейі Кефал орманда періштелермен сайран салып жүр деп өсек жеткізеді. Шын екен деп сеніп қалған Прокрида орманға жүгіріп барғанда күйеуі аң екен деп оған найза лақтырады. Сөйтіп Прокрида тіл тартпай өледі.
Әйелін оқыс өлтіргеніне қатты қапаланған Кефал Афинадан кетіп, жеті қабат қақпасы бар Фивы (Thebes) қаласына келеді. Онда ол Амфитрионға көмектесіп ешкім ұстай алмайтын қу түлкі Теуместі (Tevmess) ұстамақшы болады. Ол түлкі Теңіз құдайы Посейдон Фивылықтарды жазалау үшін жіберген түлкі екен. Ол ай сайын олардың бір ұл баласын жеп кетіп отырыпты. Кефал түлкіге әйелінің ешбір аң қашып құтыла алмайтын аң иті Лелапты (Laelaps) жібереді. Ал, оның алдындағы түлкі ешбір аң иті ұстауы мүлде мүмкін емес түлкі болатын. Бұл парадокске басы қатқан Зевс екі хайуанды олар қуалай-қаша бастағанда Теуместі тасқа айналдырып жіберіпті, ал Лелапты аспанға көтеріп шоқжұлдызға айналдырыпты. Үлкен Арлан шоқжұлдызы осылай пайда болыпты.
Кефал кейін Амфитрионмен бірге телебоямилықтарға қарсы соғысқа қатысып, жеңіске жетуге үлкен ерлік көрсетеді. Соғыстағы ерлігі үшін оған бір арал сыйға беріліп, ол арал "Кефалиния" (Κεφαλλονιά,Kefalonia,ағыл: Cephalonia) деп аталыпты. Кефалиния аралы күні бүгінге дейін солай аталады. Ол өзі де сол аралда қартаяды. Кефал сондай-ақ батырлығына айласы сай Итака патшасы, Лаэрттің ұлы Одиссейдің арғы атасы есептеледі.
Бұл ертегінің тағы бір нұсқасы былай айтылады:
Таңсәрі құдайы Аурора(Aurora, грекше Эос) жас аңшы Кефалға ғашық болып қалып, түрлі амалды түгел қолданса да оның көңілін бұра алмайды. Кефал өзінің жас әйелі Прокридагы әрқашан бұл періштеден артық көреді. Соңында Аурора қатты қапаланып, былай дейді: «Жоғал, ұятсыз екі аяқты пенде! Өз әйеліңе арқандала бер! Бірақ бір күні оны көргенде қатты өкінетін боласың» дейді.
Кефал үйіне келген соң бұрынғыдай әйелімен бақытты тұрмыс кешіре береді. Оның әйелі аңшылар құдайы Артемиданы (Artemis) қатты құрметтейді. Артемиде оған аң аулағанда қолданатын тазы Лелап пен бір найза береді. Прокрида тазы мен найзаны Кефалға береді. Оның тазысы әлемдегі ең тез қуатын тазы екен. Ол орманда әлемдегі ең тез қашатын түлкінің соңына түсіп енді жете бергенде екеуі де бірдей тасқа айналып кетеді. Өйткені бұл ең тез екі хайуанды жаратушы Құдайлар олардың бірінің жеңіліс табуын қаламаған екен. Ал, Артемида берген найзаның жамандық, сор әкелетіні жазымыш екен. Әдетте Кефал аң аулап шаршағанда көлеңкеге келіп желге терін құрғатады екен. Кейде ол көлеңкеде отырып: "кел, үлбіреген Аурора, жұмсақ самал періштесі, менің денемдегі терді құрғат" дейді екен. Мұны естіген әлдекім оны Аурорамен сөйлесіп отыр деп түсініп, Прокридаға өсек жеткізеді. Прокрида шын деп сеніп қалады да, екінші күні астыртын Кефалға білдірмей ілесіп шығып, Кефал демалатын жердің мағына жасырынады. Кефал аң аулап шаршағанда тағы да көлеңкеге барып, Аурораны шақырады. Мұны естіген Прокрида ауыр күрсінеді. Оның күрсінген дауысын естіген Кефал оны аң деп ойлайды да найзасын лақтырады. Найза еш мүлт кетпей Прокридаға қадалады. Ол жүгіріп барып Прокриданы құшақтайды. Өлім алдында көзін зорға ашқаш Прокрида: "өтінемін, егер мені шын сүйген болсаң, менің соңғы тілегімді орындашы, ешқашан мынау сұрқия самалмен үйленбеші" дейді. Сөйтіп ол Кефалдың құшағында жан тапсырады.
## Арғаспан денелері
Арғаспан денелері (Deep sky object, DSO)— астрономиялық арнаулы атау. Ол аспанда күн жүйесі (ғаламшар, коммета, серік жұлдыз) және тұрақты жұлдыздардан тысқары аспан денелері. Андромеда Галактикасы (М31), Аңшы шоқжұлдызындағы М42 тұмандығы қатарлыларды айтпағанда олар көзге түсе бермейді. Арғыаспан денелеріне Үйіржұлдыз, Тұмандықтар, Галактикалар, Қосаржұлдыздар жатады.
Тазыда өте жарық арғаспан денесі жоқ. Тек Тазының оңтүстігіндегі 4градус жерде M41(NGC2287)атты үйіржұлдыз бар, ол 4.6 шамадағы Тарқақ үйіржұлдыз есептеледі. Ол жер шарынан 2300 жарық жылы қашықтыққа орналасқан. Онда айқын түрде көк түс, сары түс және қоңыр түс байқалады.
Үлкен Арлан ергежейлі галактикасы кейін байқалған, Құс жолын айналып қозғалатын ергежейлі галактика болуы мүмкін делінеді. ол туралы таласты пікірлер әлі бар.
## Үлкен Арлан ергежейлі галактикасы
Үлкен Арлан ергежейлі галактикасы (The Canis Major Dwarf Galaxy (CMa Dwarf), немесе Canis Major Overdensity (CMa Overdensity)) — миллиардтаған тұрақты жұлдыздардан құралған, бірақ Алып қызыл жұлдыздар негізгі санды ұстайтын галактика. Ол соншылық тәртіпті, жинақы галактика еместігі байқалады. Дегенмен Құс жолы жүйесіне жақын, Күн жүйесінен тек 25 000 жарық жылы қашықтыққа орналасқан. Ал, Құс жолы жүйесі өзегінен 42 000 жарық жылы қашықтықта қозғалады. Оның пішіні негізінен эллипис болып, ондағы тұрақты жұлдыз саны құс жолына ұқсайтын Мерген ергежейлі сфероидалды галактикасына қарайлас.
Бұл галактиканы 2003 жылы Франция, Италия, Англия, Австралия астрономдарының ұйымдасқан халықаралық тобы байқады. Құс жолын үш рет айналған Бұғы шоқжұлдызы (Monoceros) алқасына талдау жасаған ғалымдар осы галактиканы ашады. Жерге ең жақын галактика болса да, Құс жолы табағының артына жайласып, қою тұрақты жұлдыздар, газдықтар, жұлдыз аралық шаң-тозаңдар қымтап тұрғандықтан байқалуы қиындаған. Сосын көлемінің шағындығы да кеш байқалуына себеп болыпты.
Оны байқаған астрономдар 2MASS сандық шамаларына анализ және анықтау жасап, инфрақызыл сәуленің газдар мен тозаңдар жағынан жұтылмайтынына негізделіп байқаған екен. Осы техникаға сүйеніп, ғалымдар Тазыдағы М тұрақты жұлдыздары арасындағы осы галактиканың құрылымын айқындады: ол біршама кең және доғалау пішінде болып келеді.
Ғалымдардың мөлшерлеуінше, Үлкен Арлан ергежейлі галактикасы Құс жолының жойқын тартылыс күшінде сүйреленуде. Оның негізгі бөлігі тіпті галактикадан ажырап кеткен көрінеді. Тартылыс күшінің жеміруінен ондағы тұрақты жұлдыздар Құс жолын айналатын тұрақты жұлдыздар ағынына айналған көрінеді. Демек, оның құрылымы күрделі, ішкі-сыртқы қайшылығы (Әуелгі ерекшелігі мен Құс жолының тартылысы ортасындағы қайшылық) асқынған.
Үлкен Арлан ергежейлі галактикасына байланысы бар Шар тәрізді үйіржұлдыздар NGC 1851、NGC 1904、NGC 2298 және NGC 2808 қатарлылар. Олардың бәрі Құс жолы жағынан тартылыс күші жеміруіне ұшыраған қалдықтар. NGC 1261 да жақын орналасқан Үйіржұлдыз есептеледі, бірақ оның жылдамдығының өзгеше болғандықтан, бұл үйіржұлдызға тән емес делінуде.
Үлкен Арлан ергежейлі галактикасында Тарқақ үйіржұлдыздар да бар. Олар Dol 25 және H18 қатарлылар. Бәлкім АM2 де қамтылуы мүмкін. Бұл тарқақ үйіржұлдыздар ергежейлі галактика тартылыс күшінің жойқын әсерінде ергежейлі галактика табағындағы материялар тұрақты жұлдыздар жасай бастайды.
Үлкен Арлан ергежейлі галактикасына жүргізілген зерттеулер галактиканың өз жолы бойындағы, өз өсіп жетілуіндегі жолыққан ұсақ галактикаларды жұтып алатыны туралы пікірді растады. Кезекте Құс жолы өз басымдығына сай аталған галактиканы ұсақ серік галактика ретінде галактика табағының бетінде айналдыруда.
Yazan Momany қатарлы кісілер 2MASS сандық шамасына талдау жасап, ергежейлі галактиканың мәніне күдікпен қарады. Бұл деректер бойынша Үлкен Арлан шоқжұлдызының жоғары тығыздыққа ие аймағы галактика табағының бұлтиып шыққан өңірі екен. Дегенмен, Үлкен арланның жоғары тығыздық өңіріне қатысты мәселелер әлі де шешілмеген таласты тақырып есептеледі.
## Негізгі жұлдыздар
## Дереккөздер |
Медеу Пұсырманұлы (1850, қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданы — 1908, Алматы) — қоғам қайраткері. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының есқожа руынан. Әкесі Пұсырман Жетісу өңірінде патшалық Ресей үстемдігінің орнауына қарсылық танытқан және қоқандықтарға қарсы күресте Сұраншы батырмен тізе қосқан. Верный уездінің Кіші Алматы болыстығына қарасты 3-ауылда тұрған Медеу 1898 ж. билік орындарының рұқсатымен Кіші Алматы аңғарында (қазіргі Алматы қаласындағы “Медеу” қонақ үйі орналасқан жер) ағаш үй салдырады. Ол белгілі архитектор А.П. Зенковпен жақсы қарым-қатынаста болды. А.П.Зенков Медеудің қала ортасында салынған (қазір Масанчи және Бөгенбай көшелерінің қиылысында) ағаш үйінің жобасын сызып береді. 1900 — 1907 ж. діни ағарту саласында жұмыс жасайды. 1906 ж. Медеу Меккеге қажылыққа барды. Қаланы көгалдандыруға белсене атсалысып, түрлі қайырымдылық істерге қатысқан Медеу 58 жасында қайтыс болған. Қабірі Алматы маңындағы “Бірінші май” тоғанының ірге тұсында.
## Дереккөздер |
Үлкен артезиан алабы (Great Artesіan Basіn) — Австралия құрлығындағы аса ірі артезиан алабы. Аумағы бойынша дүние жүзінде Батыс Сібір артезиан алабынан кейінгі екінші орында (1736 мың км²). Орталық ойпаттың көпшілік бөлігін қамтиды. Солтүстігінде Карпентария шығанағының жағалауынан, оңтүстігінде Дарлинг өзенінің орта ағысына дейін 2200 км-ге созылған. Ені оңтүстік бөлігінде 1800 км-ге жетеді. Ежелгі платформаның синеклизасында орналасқан иін палеозойдан неогенге дейінгі шөгінді жыныстар қабатымен толған. Қалыңдығы орталық бөлігінде 3000 метрден асады. Жер асты суы негізінен мезозой құмтастары қабатына шоғырланған. Алап Үлкен Суайрық жотасының батыс беткейіне түсетін жауын-шашын суымен толығады. Жер асты суы үлкен тереңдікте (2000 м-ге дейін) жайласқан. Австралиядағы артезиан құ-дықтарының ең көбі осы алапта. Олардан түрлі дәрежеде минералданған жылы, тіпті ыстық су шығады. Ең ыстық су (110 С) Квинсленд штатындағы Сиринглейт ұңғымасында байқалған. Алаптың жер асты суының пайдалануға болатын қоры жылына 1772 мың м3. Оның жартысына жуығы (872 мың м3) тұщы судың үлесіне тиеді. Суы егіске, мал суғаруға және тех. мақсатта кеңінен пайдаланылады.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Шолақеспе – Еспе алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 30 км.
## Бастауы
Ұрыңқай тауының оңтүстік беткейінен басталып, Үйтас қонысында тартылып қалады.
## Гидрологиясы
Жоғарғы ағысында арнасы жайдақ. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толығады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында жекелеген қарасуларға бөлініп кетеді. Мал суаруға пайдаланылады, алабында жайылымдық жер бар.
## Дереккөздер |
Бесбалық, Бишбалық, Бэитиң — орта ғасырлардағы көне түркі қаласы. Орны қазіргі Қытайдағы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Жемсары ауданының солтүстігінде 12 км жерде. Қытай деректері бойынша, қала негізі ғұн-үйсін заманында қаланған. Ол кезде Жинманчэң (Жем, Жемсары) қаласы батыс түркі жабғұсы Ашина Хэлудің ордасы болып тұрған кезде Кэханфутчэң, яғни, Қағанбуд немесе Қағанбоғда қаласы деп аталған.
* 702 жылдан бұл өңірге бақылау орнатқан Таң империясы қаланы Бэитиң (Солтүстік Орда) деп те атаған. Бесбалық атауы алғаш рет Күлтегін ескерткішінде кездеседі.
* Қала 8 ғасырға дейін алдымен басмылдардың, онан кейін қарлұқтардың ордасы болды.
* 720 ж. Білге қаған бастаған шығыс түркілер өзіне қаратты,
* 760 ж. тибеттіктер уақытша жаулап алды.
* 840 жылдан кейін Бесбалық Моңғол даласынан қоныс аударған ұйғырлар құрған Идиқұт хандығының жазғы ордасы ретінде бірнеше ғасыр көркейіп, гүлденді.
* Қаланың орнын 20 ғасырдың басында Жапонияның Отани экспедициясы, ағылшын археологы А. Стейн және 1928, 1979 — 87 ж. Қытай археологтары зерттеді.
Қала орны ұзынша төртбұрышты, ішкі қамал мен сыртқы қорғаннан тұрады. Сыртқы қорғанның ұзындығы 4596 м, ішкі қамалдың ұзындығы 3003 м, биіктігі 2 — 5 м. Қорған мен қамал сыртын айналдыра қорғаныс орлары қазылған. Қазба жұмыстары кезінде қала жұртынан қыш және фарфор ыдыстардың сынығы, мыс теңге, қола айна, кірпіш-жапқыштар, т.б. көптеген тұрмыстық-сәндік бұйымдар мен еңбек құралдары табылды. Қорған ішінде қираған жұқанасы ғана қалған сарай-ғимараттардың, будда ғибадатханаларының болғаны анықталды. Қала батысынан 2 км жерде Идиқұт мемлекетінің хан әулеті салдырған будда ғибадатханасы жақсы сақталған, оның аумағы 70,5-43,8 м. Орталық сарай мен үңгір-ғибадатханаларда түрлі мүсіндер қойылған, қабырғаларына діни мазмұндағы суреттер мен ұйғыр, қытай тілінде жазулар шекілген.
Бесбалық Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейін де Шағатай ұрпақтарының билігінде ұзақ уақыт болып, 14 ғасырдың соңында Әмір Темірдің шығысқа жорықтары кезінде қирады. 15 — 16 ғасырларда Бесбалық Моғолстан патшалығының бір аймағы ретінде жиі аталады. Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағының аса ұрымтал тұсына орналасқан, Қытай, Қазақстан, Моңғолия және Шығыс Түркістанды бір-бірімен байланыстырған ежелгі Бесбалық өзінің бай салтанатымен мың жарым жылдай өмір сүріп, түркі халықтарының саяси тарихы мен мәдени өмірінде елеулі рөл атқарды.
## Дереккөздер |
Үлкен Ашанохы обалары — Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кіші және Үлкен Дихан ауылдарына таяу жердегі обалар тобы. Оны 1956 ж. Жетісу археологиялық экспедиция (жетекшісі Е.И. Агеева) зерттеп, 31 жерден 260-қа жуық обаларды картаға түсірген. Обалардың аумағы әр түрлі: 6 — 10 м, 7 — 12 м, 8 — 16 м, биіктігі 0,3 — 1,1 м, 0,2 — 0,8 м. Обаларға арнаулы қазба жүргізілмегендіктен, тұрғындарының қай мезгілде өмір сүргендігі толық анықталмаған. "Үлкен Ашанохы обаларын" ғалымдар шамамен б.з.б. 3 — 1 ғасырларда өмір сүрген үйсіндердің мекені деп жорамалдайды.
## Сілтемелер:
* Бесоба
* Аралтөбе
* оба
## Дереккөздер |
Шолаққайрақты – Торғай алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Хромтау және Әйтеке би аудандары жерімен ағады.
## Бастауы
Мұғалжар тауының солтүстік-шығысындағы бұлақтан басталып, Ұлғайсын ауылынан 10 км-дей төменде Ырғыз өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 75 км, су жиналатын алабы 765 км2. Алабы ұсақ төбелі. Аңғары жоғарғы ағысында айқын емес, төменгі ені 0,5 – 1,0 км, беткейлерінің биіктігі 15 – 30 м-ге жетеді. Жайылмасы жоғарғы бөлігінде және кейбір тар шатқалды бөліктерінде қалыптаспаған, төменгі ағысында көбінесе бір жақты, ені 50 – 300 м-ден 500 м-ге дейін жетеді. Арнасы жоғарғы ағысында сай-жыра сипатты, тек ортаңғы ағысынан бастап өзендік сипатқа келеді, ені 20 – 25 м-ден сағасына қарай 30 – 50 м-ге жетеді. Көктемде 14 – 16 күндей тасиды. Суының минералд. көктемгі кездегі 200 – 600 мг/л-ден жазға қарай 2,0 – 3,5 г/л-ге дейін өседі. Көп жылдық орташа су ағымы 0,28 м3/с. Мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Боралдай — Алматы облысы Іле ауданындағы кент, Боралдай кенттік әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Өтеген батыр кентінің оңтүстік-батысында 20 км-дей жерде, қоңыр және боз топырақты қоңыржай қуаң агроклиматтық белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1929 жылы Түрксіб темір жолы салынуына байланысты қаланды.
## Кәсіпорындары
Боралдайда қант зауыты, кірпіш зауыты, табиғи тастарды өңдеу цехы, тұрмыс қажетін өтеу комбинат, көлік, т.б. өндіріс кооперативтері мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль және темір жолдарымен қатынасады.
## Дереккөздер |
Үлкен Аюлы көлі (Great Bear Lake) — Канаданың солтүстік-батысында 119 м биіктікте орналасқан көл. Ауданы 30,2 мың км², ұзындығы 280 км, тереңдігі 137 метрге дейін. Көл қазаншұңқыры мұздық-тектоникалық жолмен пайда болған. Үлкен Аюлы өзені арқылы Маккензи өзенімен жалғасқан. Суы өте мөлдір. Қазан — мамыр айлары аралығында мұз құрсанып жатады. Жағалауы биік жартасты, құзды, күшті тілімделген; қылқан жапырақты орман өседі. Кеме жүзеді. Балық ауланады. Порттары — Порт-Радий, Форт-Франклин.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Боралдай — Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы ауыл, Боралдай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 42 км жерде, Боралдай өзенінің қоңыр, қызыл қоңыр топырағында жусан селеу, көде, айрауық, т.б. шөптер өскен сол жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Шаруашылығы, инфрақұрылымы
1994 жылдан ауыл шаруашылығы бағытындағы “Боралдай” акционерлік қоғамы жұмыс істейді. Орта мектеп, клуб, кітапхана, бөлімшелік аурухана бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Шығыс халықтары өнері музейі – өнер туындыларын сақтайтын мәдени орын. Ол 1918 жылы Мәскеу қаласында негізі қаланып, 1925 жылға дейін Азия өнері (Ars Asіatіca), ал 1962 жылға дейін Шығыс халықтары мәдениеті мұражайы деп аталған. Шығыс халықтары өнері музейі қорының бірқатар экспонаттары бұрынғы Луниндер үйінде (1823, археолог Д.И. Жилярди) орналасқан. Мұражай қорында Орта Азия, Қазақстан, Кавказ бен Закавказье, Ежелгі Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия, Иран, Түркия, Үндістан, араб елдері, сондай-ақ тропик. Африка, тағы басқа елдер өнерінің ежелгі дәуірден осы заманға дейінгі туындылары жинақталған. 1969 жылы оның экспонаты 24 мыңнан асты. Шығыс халықтары өнері музейі ғылыми-зерттеу институттары сияқты археология және этногрграфия экспедициялар, конференциялар ұйымдастырады, ғылыми жұмыстар жүргізіп, өнер туындылары бойынша жолсілтемелер мен каталогтар, ғылыми баяндамалар мен хабарламалар жинағын шығару ісімен де айналысады.
## Сілтемелер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торбеті |
Шүрегей – кәдімгі немесе өзен үйректеріне жататын бірнеше түрдің жалпы атауы. Қазақстанда 9 түрі:
* Барылдауық үйрек (Anas platyrhynchos)
* Боз үйрек (Anas strepera)
* Бізқұйрық үйрек (Anas acuta)
* Даурықпа шүрегей (Anas querquedula)
* Жалпақтұмсық үйрек (Anas clypeata)
* Қырылдақ шүрегей (Anas formosa)
* Мәрмәр шүрегей (Marmaronetta angustirostris)
* Сарыайдар үйрек (Anas penelope)
* Ысылдақ шүрегей (Anas crecca)
Бұлар әр түрлі су қоймаларында – өзен-көлде, батпақты жерлерде, теңіз шығанақтарында тіршілік етеді. Бұлардың көпшілігінің қанатында айрықша жарқырауық белгісі (айна) болады. Шүрегейлер сүңги алмайды, тек денесінің алдыңғы бөлігін суға батырады. Судан немесе жер бетінен ұшу үшін екпіндетіп жүгірместен, тік көтеріледі. Көбінесе тізбектеліп не топталып, шапшаң ұшады. Өсімдіктермен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Шүрегей әуесқойлық тұрғыда ауланады. |
Шыжым — құс аяғына тағылатын баудың бір түрі. Ол басқа балақбау, шолақ аяқ, тобыршақпен бірге бүркітті қолға үйретуге және көтеріп алып жүруге, тұғырға отырғызғанда байлап қоюға жәрдемін тигізеді. Таспадан ширатылған немесе жіңішкелеп тілген қайыс, есілген қылдан жасалынатын. Шыжымның ұзындығы он шақты құлашқа дейін барады. Құсбегі үшін шыжымның міндеті көп: құсты арқандағандай етіп ұстайды, жаңадан үйретілген құстың қашып кетпеуіне мүмкіндік туғызады, шырғаны орайды, өзі құз-жартастар ұшына шығуға қолданады, тағы басқа істерге пайдаланады.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы, 9 т. |
Медеу бөгеті — тасқынға тосқауыл мақсатында жасалған ғимарат; Алматы қаласынан оңтүстік бағытта 15 км, Іле Алатауының Медеу шатқалында (теңіз деңгейінен 1750 м биіктікте).
Алматы қаласының ішімен ағып өтетін Кіші Алматы мен Үлкен Алматы өзендерінде ауық-ауық тасқындар болып тұрады. Мұндай лай тасқындары 1888, 1889, 1918 ж. қайталанды. 1921 ж. 8-шілдедегі лай тасқыны қалаға жалпы көлемі 1,5 млн. м3 тас пен құм-топырақ алып келіп, қалаға зор нұқсан келтірді. Бұдан кейін де бірнеше рет тасқын қайталанды. Осындай қауіпті тасқындырдан Алматы қаласынан қорғаудың кешенді жобасын жасаумен “Гидропроект” институты айналысты. Дүниежүзілік тәжірибеде теңдесі жоқ, лай-тас ағынынан қорғайтын үлкен көлемдегі инжинерлі ғимарат жобасы кеңінен талқыланды. КСРО ҰА-ның президиумы 1966 ж. Медеу шатқалын бөгеу жобасын бекітті. Сол жылдың 21 қазанында жобаны іске асыру мақсатында 1-қопарылыс, 1967 ж. 14 сәуірде 2-қопарылыс жасалды. Оған жалпы салмағы 8723 т қопарғыш заттар жұмсалды. Қопарылыс нәтижесінде көлемі 5 млн. м3 тау жыныстары шатқалға бағытталып құлатылып, биікт. 107 м, ені 400 м-дей (6,2 млн. м3 су сиятын) бөгет жасалды. Бөгет 1972 ж. пайдалануға берілді. Медеу бөгеті Алматы қаласын 1973 ж. 15 шілдедегі өте қауіпті тасқыннан қорғап қалды. Тасқыннан кейін бөгет беріктігін арттыра түсу және бастапқы жобалық мөлшердегі сыйымдылығын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Соның нәтижесінде 1974 ж. бөгеттің биіктігі 125 метрге, ал табанының жалпақтығы шамамен 600 метрге, жалпы көлемі 6 млн. м3-ден астам тасқынға тосқауыл болатын дәрежеге қайта келтірілді. 1980 ж. бөгеттің биіктігі 150 метрге, ені 800 метрге, сыйымдылығы 12,6 млн. м3-ге дейін жеткізілді. Медеу бөгетін салу мәселесіне академик Н.В. Мельников, профессор Г.И. Покровский, техника ғылымының докторлары М.М. Докучаев, Г.П. Демидюк, тағыда басқа ғалымдар қатысып, басшылық жасады. Медеу бөгетін жасауда пайдаланылған қопарылыс өзіне дейін дүниежүзілік тәжірибеде бұрын-соңды іске асырылмаған, бейбіт мақсаттағы ең ірі қопарылыс болды.
## Дереккөздер |
Боралдай – Арыс өзенінің оң саласы.
## Географиялық орны
Түркістан облысының Бәйдібек, Ордабасы аудандарымен ағып өтеді. Ұзындығы 130 км, су жинайтын алабының аумағы 1760 км2.
## Бастауы
Қаратаудағы Ақшоқы, Арқарлы, Боралдай тауларынан басталып Ордабасы ауданындағы Шұбар ауылының маңында Арыс өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Жоғары ағысы тау шатқалымен өтеді, аңғарында жабайы жеміс ағаштары (алма, долана, жабайы жүзім, т.б.) басым. Арыс өзеніне құятын тұсында аңғары кеңейіп, ені 1 - 4 км-ге жетеді. Қар, жаңбыр және жер асты суларымен толығады. Боралдай ауылы тұсындағы жылдық орташа су ағыны 10,5 м3/с. Суы тұщы. Минералдылығы 0,2—0,4 г/л. Жергілікті тұрғындар Боралдайдың суын егін, бау-бақша суаруға, ауыз суға пайдаланады. Өзеннен тікелей 10-нан астам ирригациялық каналдар тартылған.
## Атау сыры
Боралдай атауына байланысты нұсқалар:
* Боралдай - қалмақ тілінде "лай су" деген мағынаны білдіреді. Тау суы тасыған жолындағы жер қыртысын қопара ағады.
Боралдайдың боры бар,Даңғараған жолы бар.Боралдайға бармаған,Адамдардың соры бар.
* Боралдай - моңғол әскерінің батыры Бұрындаймен байланысты. 1236 жылы Бұрындай әскері қыстап шыққан.
* Боралдай - қалмақ тілінде "буурулда" сөзі жусан (өсімдік) деген ұғымды бреді. Демек, "Боралдай" дегеніміз - "жусанды, жусан көп өсетін жер", ал, тыва тілінде (түркі тілі тобына жататын) "боралдыр" сөзі "күлгін" түсті, түрік тілінде "бурулдай" сөзі "күлгін түсті құс" деген мағынан білдіреді.
## Дереккөздер |
Боралдай – Қаратау жотасының оңтүстік-шығысындағы тау сілемі.
## Географиялық орны
Жамбыл, Түкістан облыстарында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1813 м (Бөкейтау). Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 70 км-ге созылған, ендірек жері батысында 25-30 км, оңтүстік-шығысында 5-7 км.
## Жер бедері
Таудың бедері тегістеу келген. Талас пен Арыс өзендерінің суайрығындағы беткейлері тіктеу, жарқабақты. Боралдайдың баурайынан Боралдай, Қиыршықты өзендері бастау алады.
## Геологиялық құрылымы
Тау карбонның әктасты, гранитоидті және интрузивті жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Етегі сұр және қоңыр топырақты, эфемерлі-бұталы биік шөптер басым. Беткейлері мен шатқалдарында Түркістан аршасы, Согдиана шетені, алша, пісте, сонымен қатар жеміс ағаштары шоғырлана өседі. Боралдайда Ақсу-Жабағылы қорығының Қарабастау палеонтологиялық учаскесі орналасқан.
## Дереккөздер |
Шүрек Құдайқұлұлы (18 ғасырда өмір сүрген) – би, қоғам қайраткері. Орта жүз Найман ішінде Бура руының Өмірлік тармағынан. Павлодар облысы Екібастұз ауданы аумағында өмір сүрген. Әкесі Құдайқұл белгілі би, байлығы мен беделіне орай «Дүт» атанған. Шүрек те жастайынан от ауызды, орақ тілді шешен әрі бай болып, жылқысы 300 қосқа(түмен бас) жеткен.
## Өмірбаяны
Жазба деректер бойынша 1738 ж. Ор қаласы маңында Кіші жүз ханы Әбілқайырмен бірге Орынбор генерал-губернаторының қабылдауында болып, Ресей патшасына ант беру құжатына қол қойған. Осы жиын алдында Шүрек Ресей елшісі В.Н. Татищевке: “Хан Тәтіш мырзаға бара ма, жоқ Тәтіш мырза ханға келе ме?” деп батыл сауал қойғанда сөзден жеңілген елші Әбілқайыр ханның шатырына өзі барып сәлем берген. Шүрек білгір дипломат ретінде де танылып, 1756 ж. Қытаймен арада бітім жасау үшін Абылай ханның атынан Құлжа қаласына барды. Осы сапарында Қытай билеушісіне қазақтар атынан 90 торы ала атты сыйға тартқан. Қытай билеушісі ризашылық белгісі ретінде Шүрекке бұзау терісіне жазылған грамота тапсырды. Туып-өскен жері Екібастұз маңында “Шүрек соры” дейтін көл бар. Шүрек туралы деректер Ә.Кекілбаевтың “Елең-алаң” романында баяндалады.
## Пайдаланатын әдебиет
* Алтынбаев І., Қалбатау, Алматы, 1997;
* Атасы асыл сөздің Ақтайлақ би, Алматы, 1999.
## Сілтемелер
* "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Мысыққұйрық (лат. Polypogon) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік.
## Өсетін жері, түрлері
Қазақстанның сортаңды-шөлді жерлерінде, өзен, көл және жылғалардың жағалауында өсетін 3 түрі: Жасық мысыққұйрық (Polypogon demіssus), Теңіз мысыққұйрық (Polypogon marіtіmus) және Монпель мысыққұйрық (Polypogon monspelіensіs) бар.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 3-40, кейде 60 см-ге жетеді.
* Бұтақталған сабағы болады.
* Жапырағы қандауыр пішінді.
* Гүлі қос жынысты, олар масақ гүлшоғырына топтанған.
* Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Мысыққұйрықты ерте көктемде мал жақсы жейді.
## Дереккөздер |
Ақ күйе — аморфты кремний қос тотығы (SіO2), майда дисперсті ұнтақ зат. Оның табиғи түрі — диатомит тау жынысы. Ақ күйе кристалдық кремний қос тотығына (SіO2) қарағанда табиғатта аз кездеседі. Ақ күйе кремний қышқылын күйдірген кезде алынады. Оған балқытқыш қышқыл ғана әсер ете алады: SіO2+4HF=SіF4+2H2O.Бұл реакция тек кремний қос тотығына тән. Ақ күйе резина толтырғышы ретінде пайдаланылады.
## Сілтемелер
* Қазақ Энциклопедиясы |
Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге арналып жазылған.
Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды. Хаттың авторлары — жазушы Ғабит Мүсірепов (1902—1985), Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин (1903—1938), Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков (1904—1954) пен Мұташ Дәулетқалиев (1904 — 1982), Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев (1906 — өлген жылы белгісіз) қуғынға ұшыратылды. Хаттың жазылуына Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев түрткі болған. Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады.
## Дереккөздер |
Шыжың жайылмасы, Шежін жайылмасы – Каспий маңы ойпатының солтүстігіндегі ойысты жер.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Тасқала, Ақжайық аудандарының шығысында Дүре, оңтүстігінде Балықты жайылмасына ұласады.
## Жер бедері
Аумағы шамамен 2000 км2-ге жуық. Саз балшықты теңіз шөгінділерінен түзілген. Жер бедері тегіс. Жалпы Сырттан келетін шыжыңның өзендері арқылы жайылып, маусым айының басында ғана тартылады. Шалғын шөп, бидайық, еркек шөп, тағы басқа өседі. Шыжың жайылмасы – шабындық саналады.
## Дереккөздер |
Шыжың (Шежін) өзендері – Еділ мен Жайық аралығындағы өзендер.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы жерімен ағады.
## Гидрологиясы
Бірінші Шыжың өзенінің ұзындығы 76 км, су жиналатын алабы 822 км2. Жалпы Сырт қыратынан басталады. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Орташа су ағымы 1,76 м³/с. Суы шабындықтарды суландыруға пайдаланылады. Екінші Шыжың өзенінің ұзындығы 82 км, су жиналатын алабы 1360 км2. Көкше тауынан басталып, Бірқазан көліне 6 км-дей жетпей тартылып қалады. Жағасы жазық, аңғары құмайт. Жауын-шашын және жер асты суымен толығады. Әрқайсысының ұзындығы 10 км-ден аспайтын 5 саласы бар. Желтоқсанның басында қатып, тамыздың бас кезінде мұзы түседі. Өзен суын елді мекендер пайдаланады.
## Дереккөздер |
Мысқыл өлең– ащы кекесінді бүкпей, ашық, тура айтатын, әзілінен әшкерелеуі, әсірелеп шенеуі басым өлең түрі.
Торайғыров Сұлтанмахмұт “Сымбатты сұлуға” атты өлеңінде:
дейді. Өлеңде бастан-аяқ өткір мысқыл, сайқымазақ және күлдіргі кекесін араласып келіп отырады.
## Сілтемелер
* Қазақ әдебиеті
* Мысқыл
* Өлең
## Дереккөздер |
Мысықоты, күнгелді (лат. Trollіus) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер.
## Өсетін жері мен таралуы
Қазақстанда қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты және альпі, субальпі шалғындарында өсетін 3 түрі: Жоңғар мысықоты(Trollius dschungarіcus), Алтай мысықоты (Trollius altaіcus) және Азия мысықоты (Trollius asіatіcus) бар.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 5 – 80 см, кейде 1 м-ге дейін жетеді.
* Сабағы тік өседі.
* Жапырағы саусақ салалы тілімденген.
* Гүлі ірі, қос жынысты, сары немесе сарғылт-қызыл түсті болады.
* Қосарланған гүлсерігі бар, ол көп тостағаншалардан (5-20) тұрады. Шырынды күлте жапырақтары да көп. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жеміс салады.
* Жемісі жапырақ тәрізді, қара түсті тұқымы домалақ болады. Мысықоттың гүлдері әдемі болғандықтан, оны әсемдік үшін де өсіреді.
## Дереккөздер |
Ілияс Бораганский (22.4.1852, Қырым, Бақшасарай — ө.ж.б.) — Санкт-Петербургте мұсылман баспаханасын ұйымдастырушы.
Бораганский жас кезінде Түркияға барып, Стамбұлда жеті жыл (1867 — 74) баспа ісімен шұғылданды. 1822 ж Санкт-Петербургте мұсылман баспаханасын ашуға рұқсат алып, орыс, араб, түрік тілдерінде кітап басып шығаруға кірісті. Онымен қоса Бораганский 1898 — 1908 ж Санкт-Петербург университетінің Шығыс тілдері факультетінде түрік тілінен дәріс оқыды. Бораганский есімі қазақ мәдениеті тарихымен де тығыз байланысты. Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын 1909 ж Бораганский баспасы жарыққа шығарған. Содан төрт жыл бұрын (1905) бұл баспа Ш.Уәлихановтың ел аузынан жазып алған жырларын жариялаған болатын. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, Бораганский 1920 ж Башқортостанға көшіп келіп, барлық баспа құралдарын Стерлитамак баспаханасына өткізді де, өзі сол баспахананың басқарушысы болды.
## Дереккөздер
http://pushkinlibrary.kz/docs/Boraganskii.pdfhttps://ru.krymr.com/a/27687027.htmlhttps://avdet.org/ru/2019/02/22/ilyas-boraganskij-krymskotatarskij-prosvetitel/https://kaztag.kz/ru/news/v-biblioteke-imeni-abaya-v-semee-poyavilis-unikalnye-trudy-abaeveda-kayuma-mukhamedkhanova |
Ақкіс (лат. Mustela erminea) – сусарлар тұқымдасының сусарлар туысына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.
Қазақстанның солтүстіктегі орманды-далалы аймақтарында, оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы тауларында кездеседі. Қоныс таңдамайды. Ол өзен-көл бойында, бұталы ағаш арасында, сай-салаларда, тау бөктерлерінде жиі ұшырайды. Дене тұрқы 16 – 30 см, құйрығының ұзындығы 6 – 12 см, салм. 120 – 370 г. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыры ақ түсті болса, қыста денесінің жүні аппақ келеді. Өзіне ұқсас ақ қалақтан айырмашылығы – құйрығының ұшы қара болады. А. негізінен тоқалтістермен, су тышқандарымен, бақа, кесіртке, балық, ондатрлармен және сондай-ақ ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Азығын аулауға көбіне түнде шығады. Ақпан – мамырда ұйығып, 9 айдан соң 8 – 9-дан күшіктейді. А. жылына екі рет – көктем мен күзде түлейді. Терісі бағалы болғандықтан ауланады. Зиянды кеміргіштермен қоректенгендіктен ауыл және орман шаруашылығына да едәуір пайдасын тигізеді.
## Галерея
*
*
*
## Дереккөздер |
Айгүл Нариманқызы Үлкенбаева (23.1.1962 жылы туған, Атырау облысы Исатай ауданы Чапаев аулы) — күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1998).
Алматы қаласындағы музыка училищесін (1981, педагогы Т.Бәділов), одан кейін Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) халық аспаптары факультетін (1986, профессор А.Т. Жайымовтың жетекшілігімен) бітірген. 1989 — 1991 жылдары осы консерваторияның ассистентура-стажировкасынан өтті.
Шығармашылық еңбек жолын оқып жүрген кезінен Қазақтың акад. халық аспаптар оркестрі құрамында (1979 — 1989) домбырашы болумен бастаған Үлкенбаева соло-орындаушыға дейінгі үздік кәсіптік-шеберлік биігіне көтерілді. Оның күйшілік-орындаушылық репертуарынан халық күйлері (“Ақсақ құлан”, “Ел айрылған”, т.б.), қазақтың халық композиторлары (Дәулеткерей, Дина Нұрпейісова, Қазанғап, Құрманғазы, Махамбет, сондай-ақ маңғыстаулық күйшілер: Есбай, Есір, Құлшар, Өскенбай, т.б.), осы заманғы композиторлар (мыс., Н.Тілендиевтің “Аққуы”, А.Жайымовтың “Күй анасы” мен “Шалқымасы”) шығармалары мен орыс, шет ел классикалық туындылары мол орын алған.
2002 ж. - "Құлағыңнан кетпесін" атты жеке шығармашылық кеші Алматы қ. Республика сарайында;
2012 ж. - "Айгүл - күйге бар әлем тамсанады..." атты жеке шығармашылық кеші Алматы қ. Абай атын. Опера және балет театрында;
2013 ж. - "Айгүл - күйге бар әлем тамсанады..." атты жеке шығармашылық кеші Астана қ. "Қазақстан" орталық концерт залында өтті.
1993 жылдан Қазақ ұлттық консерваториясында (2002 жылдан доцент) және 2006 жылдан “Айгүл Үлкенбаеваның мектеп-студиясында” (өзі ұйымдастырған) ұстаздық қызметпен айналысады.
Үлкенбаеваның орындауындағы күйлер "Күй - ана" аудио-кассета (2000 ж),"Құлағыңнан кетпесін" топтамалық 2 дискі (2002 ж) және "Құлағыңнан кетпесін" бейне-кассета (2003 ж) ,"Ақ Шолпан", "Ирең" дискілері (2008 ж), "Күй ғұмыр" атты кітап Сардар баспасы (2011 ж), "Айгүл - күйге бар әлем тамсанады..." атты дискі (джаз - рок тобының қостауымен) (2013 ж) жарық көрді.
## Дереккөздер |
Мысты құмтастар мен тақтатастар-шөгінді қабаттар арасындағы тұнбалы-диагенездік мыс кендерінің шоғырлары. Олар платформалық құрылымдардың шеттерінде немесе қатпарлы аймақтардың бөктерлері мен қатпар арасындағы ойыстарда және аридтік климат белдемдерінде пайда болады. Құм, құмайт, сазды жыныстармен қатар бірен-саран жұқа мергель, әктас, доломит шоғырлары мысты қабаттармен қабаттаса кездеседі. Мысты шөгінділер теңіздің таяз жағалауларында, өзен-көлді атыраптарда шөгеді. Кен денелері пласт, линза түрінде кездесіп, кең аймаққа тараған бірнеше қабатты жыныс жүйелерін түзеді, сондықтан бұл кендерді стратиформдық кендер деп атайды. Кенді қабаттар магмалық және тектоник. құрылымдармен байланыссыз тарайды. Кентас минералдары биогендік көміртекпен, сульфидтік күкіртпен байланысты өсімдік қалдықтарымен сыбайлас түзіледі. Мыс кентастары көбінесе халькозин, борнит, халькопирит, пирит минералдарының сеппелерінен, ковеллин мен өңсіз кентастардың сирек қоспаларынан тұрады. Бұлардан басқа қорғасын, мырыш, кобальт, никель, күміс, рений сульфид|сульфидтері де кездеседі. Көне теңіздер мен қолтық шөгінділердің таяз жағалауларында мыс минералдары тұнады. Мұндай белдемдік алмасулар төменнен жоғары қарай да байқалады. Мысты құмтастар мен тақтатастардың негізгі қорлары протерозой (Олекма-Витим аймағы, Оңүстік Африка), девон (Қазақстан, Минуса), жоғарғы палеозой (Атбасар, Жезқазған, Орал,Донбасс),триас (АҚШ), палеоген (Боливия) қабаттарында шоғырланған.
## Сілтемелер
* Химиялық элементтер
* Қоспалар
* Шикізат
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.