text
stringlengths 3
252k
|
---|
Ботайтөбе — ежелгі қаланың орны. Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылының солтүстік-батыс жағындағы Қоғам қыстағынан 2 км, ежелгі Алтынтөбе қаласы орнынан оңтүстік-батысқа қарай 1,5 км жерде. 1969 — 1970 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген. Сыртқы көрінісі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан (ұзындығы 50 м, ені 30 м, биікт. 4,2 м, төбесінің көлемі 30х15 м) жұмыртқа тәрізді шоқы. Қаланың орталық қорғанына жүргізілген қазба жұмыстары барысында, төменгі және жоғары мәдени қабаттарынан тұрақжайлар орны ашылды. Алынған қыш ыдыстардың жасалу тәсілдері мен пішімдеріне қарағанда, қала тіршілігі бір-біріне жақын екі кезеңге жататындығы анықталды. Астыңғы мәдени қабаттан алынған ыдыстар Ботайтөбенің көрші жатқан Қостөбе, Шаушыққұмтөбе сияқты 4 — 6 ғасырларда болғанын көрсетсе, үстіңгі мәдени қабаттан алынған көзелер ежелгі Көкмардан қаласы жұртымен (7 — 8 ғасырлар) мезгілдес екеніне дәлел бола алады.
## Сілтемелер
1. «spisok pamyatnikov-kaz.»
## Дереккөздер |
Үлкен Алматы мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздық. Үлкен Алматы өзенінің бастауында, Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 15 км жерде. Мұздықты 1916 жылы өлкетанушы В.Д. Городецкий ашқан.
## Аумағы
Бұл алапта 49 мұздық бар. Олардың жалпы ауданы 39,5 км2, ашық тілі 15,5 км2. Мұздық алабындағы биік шың — Жас гвардия шыңы (4400 м). Мұздықтың орташа мұзқар сызығы 3830 м, ол төменде 3600 м биіктікте бітеді. Мұздықтан төмен жатқан моренаның жалпы аумағы 8,0 км2, соңғы жылдарда мұздықтың ауданы қысқаруда. Жыл сайын Үлкен Алматы өзеніне 30,0 млн м3 су береді.
## Дереккөздер |
Станислав Ильич Мордвинцев (18.12.1934, Тәжікстан, Душанбе ) – Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі (1978 жылы).
* 1958 жылы Мәскеу архитектура институтын бітірген.
* “Қарағандыгорсельпроект” институтында бас архитектор, Қазақстан архитекторлар одағының Қарағанды бөлімшесінің төрағасы қызметінде болды.
Мордвинцев жобасы бойынша Қарағанды қаласында облыстық кәсіподақ кеңесінің үйі (1960), “Степной” экспериментті ықшамауданы, “Майбұлақ” профилакторийі (1982), т.б. салынды.
* “Қарағанды қалалық-селолық жобалау” (1989 жылдан “Қарағанды азаматтық құрылыс жобалау”) институтында жұмыс істеп, “Гүлдер”, “Орбита” ықшамаудандарының жобасын жасауға қатысты.
## Марапаттары
Қарағанды қаласының жаңа жобасын сызып, құрылысты салуға қатысқаны үшін ҚазКСР-і Мемлекеттік сыйлығын алды.
## Дереккөздер |
Үлкен Алматы Станицасы — 19 ғасырдың ортасында салынған әскери қоныс. Сібір казак әскерлерінің 6 — 9 полктерінің казактары Верный әскери қамалы маңында 1855 ж. шілдеде қоныс теуіп станицаның іргесін қалады. Келесі жылдары станицаға Тобыл мен Томск губернияларынан көшкен казактар мен шаруалар келді. 1860 ж. станица тұрғындарының саны өсіп, жер аумағы ұлғайды. Соған байланысты станицаның оңтүстік жағы Үлкен Алматы Станицасы, солтүстік Кіші Алматы станицасы болып екіге бөлінді. 1867 ж. Жетісу казак әскерлері құрылғаннан кейін Үлкен Алматы Станицасында қамал салынды, оның станица атаманы, жиналысы, соты болды; бұлар тікелей Жетісу генерал-губернаторына бағынды. Үлкен Алматы Станицасы 1917 ж. Верный қаласының құрамына кірді.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Елді мекендер:
* Мортық – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл.
* Мортық – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Мортық – астық тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. |
Бостандық көтерілісі — Кеңес үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы 1929 жылы 27–30 қыркүйекте Сырдария округінің Бостандық ауданында (қазір Өзбекстан аумағында) орын алған жергілікті халықтың наразылық қимылдары. Кеңес үкіметінің астық даярлау науқанында ауыр салықтар салуы, басшылардың зорлық-зомбылығы аудандағы қазақтарды, өзбектерді, қырғыздарды ашуландырды. 1929 жылы 27 қыркүйекте Піскем ауылында ашынған халық ауылдық кеңес төрағасы Т.Дадабаевтың үйіне басып кіріп, оны өлтіреді. Бостандық көтерілісін ұйымдастыруда Т.Мұсабай мен Ө.Майлыбай белсенділік танытты. Олар 1929 жылы тамызда Шатқал алқабында жасырынып жүрген басмашылар тобының басшысы И.Чаныбекпен астыртын байланыс орнатады. Өз кезегінде Чаныбек көтерілісшілерге қолдау көрсетті. Көтеріліске 500-дей адам қатысты. Әлеуметтік құрамы жөнінен бұлардың көбісі орташалар мен кедейлер болатын. Бостандық көтерілісіне аудандағы 19 елді мекеннің 12-сі қатысты. Көтерілісшілер аудан орталығы Ходжикентті қарсылықсыз алғанымен, жазалаушы отрядтың келе жатқанын естіп шегінуге мәжбүр болды. Олар Шымған демалыс үйін тонап, ондағы 27 000 сом қаражатты бөліп алды. Жазалаушы отрядпен алғашқы қақтығыста көтерілісшілер жағынан 8 адам өліп, 20-ға тарта адам тұтқынға алынды. Бричмолла қыстағы түбінде болған шайқаста көтерілісшілерге Чаныбековтің басмашылар тобы көмекке келді. Шайқас екі сағатқа созылды. Көтерілісшілерден 50-ге тарта адам қаза тапты. Аман қалған көтерілісшілер И. Чаныбековпен бірге Көксу бағытына қашып, жасырынды. Алайда көтеріліске қатысушылар ОГПУ-дің тынбай іздестіруінің нәтижесінде көп кешікпей түгелдей тұтқындалды. 1930 жылы 2 қаңтарда өткен Қазақ өлкелік партия комитетінің жабық бюро мәжілісінде Ф.И. Голощекин Бостандық көтерілісіне “бандиттік”, “контрреволюциялық” деген сипаттама берді. Көтерілісшілер қатаң жазаланды. ОГПУ “үштігінің” шешімімен 1930–1933 жылдары көтеріліске қатысқан 2 адам ату жазасына кесілді, 36 адам 10 жылға дейінгі мерзімге еңбекпен түзету лагеріне жіберілді, 7 адам 5 жылға дейінгі мерзімге жер аударылды.
## Дереккөздер |
Мореналық жер бедері – мұздықтар әсерінен пайда болған аккумуляттық жер бедері. Жазықтағы Мореналық жер бедері бірнеше түрге ажыратылады: төбелі ойыстық жер бедері (аралығында көлшіктер жиі кездесетін, ретсіз топталған белестер), мореналық жазық (негізінен моренадан түзілген тегістік), шеткі мореналық қырқалар жер бедері (аралығы аңғар тәріздес ойыспен, кішігірім өзен-көлмен бөлінген, қатар жатқан және көбіне доғаша иілген қырқалар тобы), друмлиндік жер бедері (бұрынғы мұздықтардың жылжу бағытына қарай созылған, аса биік емес сопақша төбелер шоғыры). Таулы өлкеге жағалық морена, шеткі морена қыр-қасы, сондай-ақ ретсіз топталған төбелі-ойысты мореналық жер бедері тән.
## Дереккөздер |
Бертельс Евгений Эдуардович (25.12.1890, Ресей, Санкт-Петербург — 7.10.1957, Мәскеу) — шығыстанушы. КСРО Ғылым Академиясының (1939), Иран Ғылым Академиясының (1944), Дамаскідегі Араб Ғылым Академиясының (1955) корреспондент мүшесі. Өзбекстанның және Тәжікстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Санкт-Петербург университетін бітірген (1920). КСРО Ғылым Академиясының Азия музейінде (қазіргі Шығыстану институты) өмірінің ақырғы күніне дейін қызмет атқарды. Мәскеу, Санкт-Петербург, Ташкент университтерінде дәріс оқыды. Бертельстің парсы, тәжік және түркі халықтары әдебиеті тарихы жөнінде 315-тен астам ғылыми және ғылыми-көпшілікке арналған еңбектері мен аудармалары жарық көрген. Шығыс классиктері Фирдоуси, Низами, Жәми, Науаи, Мақтымқұлы, т.б. шығармаларын зерттеді. Кеңес ирантануында мәтіндерді зерттеу мектебінің, софылықтану бағытының негіздерін салды. “Низами” монографиясы үшін Бертельске КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1948) берілді. Бертельс көне мұраларды зерттеумен қатар, оларды түпнұсқадан орыс тіліне аударды.. Әуезов Ленинградта оқып жүргенде Бертельстің лекцияларына қатысып, дәріс алған. Кейін сонда, Мәскеуде, соғыс жылдары Бертельс эвакуациямен Ташкентте болғанда талай рет жолығып, сұхбаттасқан, пікір алысқан, ой бөліскен.
## Дереккөздер |
Алматы Технология және Бизнес Институты — Алматы технология институтының жанынан 1996 ж. құрылған мемлекеттік емес жоғары оқу орны. Институттың күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде 1,5 мыңнан астам студент: нан, макорон өнімдері мен тәтті тағамдар технологиясы, ашыту өндірістері технолгиясы мен шарап жасау, ет және ет өнімдері технологиясы, сүт және сүт өнімдері технологиясы, тамақтандыру технологиясы және оны ұйымдастыру, тігін бұйымдары технологиясы, тігін бұйымдарын құрастыру, дизайн бойынша мамандандыру, құқық және экономика негіздері, маркетинг және коммерция, қаржы және несие (банк ісі, салық және салық салу, мемлекеттік бюджет), “бухгалтерлік есеп және аудит”, “тамақ өндірісі кәсіпорындарының экономика мен менеджменті”, “халықаралық экономика қатынастар (сыртқы экономика қатынас, халықараралық валюта, ақша-финанс қатынасы)”, “әлеуметтік мәдени сервис және туризм”, “тамақ өнімдерін стандарттау және сертификаттау”, “кеден ісі” мамандықтары бойынша білім алады (1998). Оқу ғимараты, компьютер сыныптары, лаборатриялар, тігін шеберханалары, кітапхана, дәмхана, спорт залы бар. Студенттердің оқу және өндірістік практикасы оқу-тәжірибе шаруашылықтарында, акционерлік қоғамдар мен корпорацияларда өткізіледі.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алабота – Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша ауданының шығысында, Ертіс алабында орналасқан тұйық, тұзды көл.
## Гидрографикасы
Аумағы 22,4 км2. Су жиналатын алабы 2270 км2. Алаботаға оңтүстігінен Жарық, Жаңасу өзендері құяды. Батыс, солтүстік және шығыс жағалауы жарлы, оңтүстік батпақты, қамысты келеді. Қарашада суы қатып, сәуірдің 2-онкүндігінде мұзы ериді.
## Кәсіптік маңызы
Көлден алабұға, шортан, табан балық ауланады.
## Дереккөздер |
Москалёвка — Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы ауыл, Москалёв ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әулиекөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 54 км-дей жерде, Торғай жазығының орталық бөлігінде.
## Халқы
1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1468 адам (742 ер адам және 726 әйел адам) болса, 2009 жылы 825 адамды (411 ер адам және 414 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1910 жылы Украинадан әскери қызметтен босаған солдаттардың (“москали”) көшіп келуіне байланысты қаланған. 1930 жылы өзімен аттас ет бағытындағы ірі қара мал кеңшарының орталығына айналды. 1997 жылдан мұнда кеңшар негізінде ЖШС құрылды.
## Дереккөздер |
Алматы Халықаралық Журналистика Институты — жоғары білім беретін мемлекеттік емес оқу орны. АХЖИ 1992 жылдың тамыз айында ашылған. Оқу сырттай және күндізгі бөлімдерде жүргізіледі. Халықаралық журналистика, дипломат. қызмет және аудармашы мамандықтары бойынша жоғары білімді кадрлар даярланады. Оқу мерзімі — 4 жыл.
Араб, түрік, парсы, корей, қытай, жапон, ағылшын тілдері тереңдетіле оқытылады. Студенттер республиканың белгілі бұқаралық ақпарат мекемелерінде, баспаларда, шетел елшіліктерінде, өкілдіктері мен мәдени орталықтарында өндірістік тәжірибеден өтеді.
Институттың Қазақстан бойынша Талдықорған, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент және Орал қалаларында бөлімшелері бар. Түркия, Иран және Оңтүстік Корея білім орталықтарымен жасалған арнайы келісім шарттар бойынша өзара студенттер алмасу тәжірибеге енгізілген. Институтта компьютерлік оқу орталығы жұмыс істейді. Онда оқулықтар мен әдістемелік құралдар басылып шығарылады. Институттың ғылыми-хабаршысы журналы, “Қазақ үні” газеті шығарылады. Институт бойынша 25 оқытушы дәріс береді. Оның 11-і профессор, ғылым докторы болса, 17-сі ғылым кандидаттары, доцент және аға оқытушылар. Инстутта жалпы саны 500-ден астам студенттер оқиды.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Жамаладдин Босақов (15 мамыр 1918, Алматы облысы Жаркент — 12 наурыз 1987, Алматы) — жазушы.
* ҚазМУ-ді бітірген (1960).
* 1951 — 1987 жылдары “Жазушы” баспасында ұйғыр әдебиеті бөлімін басқарды.
## Шығармалары
* Алғашқы әңгімелері “Достық” жинағына (1952) кірді.
* “Халық жыршысы” атты тұңғыш кітабы 1957 жылы жарық көрген.
* “Таң самалы” (1969)
* “Жалын” (1971) повестері
* “Мұғалімдер” романы (1975)
* “Дүрбелең” роман-дилогиясы (1964, қазақ тілінде 1983)
* “Біздің Сулихи” шығармалар жинағы (1982) — автордың қарымды еңбегінің нәтижелері.
Босақов шығармаларында Қазақстандағы ұжымдастыру кезеңі, ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігі, адамгершілік мәселелері көрініс тапқан.
* “Қайнам” (1967)
* “Назугум” (1980) пьесалары Республикалық ұйғыр театры сахнасында қойылды.
М.С. Бубенов, Т.З. Семушкин, И.Т. Мамякин, А.Қадыри, Ю.П. Герман шығармаларын ұйғыр тіліне тәржімалады. Босақов шығармалары қазақ, орыс, өзбек, башқұрт тілдеріне аударылды.
## Дереккөздер |
Борукаев Рамазан Асланбекович (24.1.1899, Ресей, Солтүстік Осетия, Правобережный ауданы Зильга ауылы — 9.7.1967, Алматы) — ғалым, геол.-минерал. ғылымдарының докторы (1954), профессор (1958), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1954), Қазақстанның еңбегін сіңірген ғыл. қайраткері (1958). Ленинград тау-кен институтын бітірген (1931). 1931 — 38 жылдары Бозшакөл геологиялық бөлімінің бастығы, Қазақ геологиялық тресінің бас инженері, бастығы, КСРО ғылым академиясының Қазақстан филиалындағы геология секторының меңгерушісі, геология-география бөлімінің бастығы (1938 — 1940), 1941 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар институтында директордың орынбасары, директор (1964 — 67) болды. Қ.Сәтбаевтың жақын әріптесі әрі көмекшісі болған. Борукаевтың негізгі ғыл.-зерт. жұмыстарының бағыты Қазақстан палеозой эрасының тау жыныстарының стратиграфиясын, тектоникасын, палеогеографиясын және кен орындарын зерттеуге арналған. Ол Бозшакөл мыс-молибден кенін ашты. Оның басшылығымен хлорит, фосфорит, полиметалл және бірнеше көмір кені ашылды, сумен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Борукаев Қазақстанның әр түрлі масштабтағы геологиялық картасының авторы және редакторы. Лениндік (1958), Қазақстан Мемлекеттік (1982) сыйлықтарының лауреаты. Қызыл Жұлдыз орденімен және медальдермен марапатталған.
## Шығармалары
1. "Допалеозой и нижний палеозой северо-востока Центрального Казахстана", Сары-Арка, М., 1955.;
## Сілтемелер
1. «Борукаев Рамазан Асланбекович»
2. «Борукаев Рамазан Асланбекович»(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Шебір — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы ауыл, Шебір ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы Шетпе ауылынан солтүстікке қарай 92 км-дей жерде, Қызылқұм құмды алқабының шығысында, сайлы-жыралы келген шөлді белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1973—1996 жылдары қаракөл қойын өсіретін “Тұщықұдық” кеңшары бөлімшесінің орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылы шаруа қожалықтары құрылды.
## Сыртқы сілтемелер
* Шебір ауылының тынысы Мұрағатталған 8 ақпанның 2015 жылы.
* Маңғыстау облысының Шебір ауылында мәдениет үйі ашылды Мұрағатталған 8 ақпанның 2015 жылы.
## Дереккөздер |
Борыққамыс немесе Қант қамысы (лат. Saccharum) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы.
Тропиктік және субтропиктік аймақтарда өсетін 12 түрі белгілі.
Оның мәдени түрі лат. S. offіcіnarum Оңтүстік-Шығыс Азиядан тараған. Биіктігі 6 м-ге дейін, сабағының жуандығы 5 см-дей болады. Жапырағы ұзын, жалпақ, сабаққа кезектесіп орналасады. Борыққамыс қалемше арқылы көбейеді. Жылына 3 – 5 рет орылады. Оның сабағында 16 – 18% сахароза болады. Борыққамыста қант, спирт, т.б. өндіруге, малға жем ретінде пайдаланады.
Қазақстанда оның бір түрі – Жабайы борыққамыс (лат. S. spontaneum) Сырдарияның тоғайлы алқаптарында, кейде тау етегінде, өзен жиегінде, егінжайда, арық жиектерінде кездеседі. Биіктігі 2 м-дей, сабағы қатты, бірақ өзегі борпылдақ, жапырағы жіңішке, ұзын болады. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Мамыр – шілде айларында гүлдейді. Сабағында 2 – 4% сахароза болады. Жабайы Б-ты балғын кезінде мал сүйсініп жейді, сүрлемге салуға болады. Сабағынан ши тоқиды, жапырағынан арқан еседі, ширатып қапшық жасайды. Оның өңдеуден кейінгі қалдығын құрылыс материалдарын дайындауға және отын ретінде пайдаланады.
## Дереккөздер |
Шегелек – Зайсан көлi алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Абай облысының Көкпекті ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 51 км, су жиналатын алабы 560 км2.
## Бастауы
Қалба жотасының оңтүстік беткейінен бастау алып, Көкпекті ауылынан 4 км шығыста Көкпекті өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары жоғарғы бөлігінде тар, терең шатқалды, төменде Көкпекті өзені аңғарымен тұтасып кетеді. Арнасы ирелең. Негізінен қар сулары, аздап жаңбыр, жер асты суымен толығады. Сәуір — мамыр айларында тасып, жазда басылады. Суының минералдылығы көктемде 50 — 200 мг/л-ден сабасына түскен кезеңде 200 — 300 мг/л-ге дейін өзгереді. Көп жылдық орташа су ағымы Шегелек ауылы тұсында 1,23 м3/с.
## Дереккөздер |
Шеген аула — мал қамайтын қарапайым орын. Ол бұрынғы кезде құрылыс материалдары жоқ немесе тапшы жерлерде шөп қалдықтарынан, сабаннан салынған. Іргесі қаланғаннан кейін қабырғасын балшық, сабан, шөп араластыра отырып өреді. Шеген аула ауылда негізінде күз, қыс айларында малға ықтасын болу, мал топтарын бір-бірінен ажыратып ұстау, жемшөп беру үшін пайдаланылған. Оның кеңдігі мал санына байланысты болған.
## Дереккөздер |
Шегендік — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректеріне қарағанда Орта жүз арғын тайпасының мейрамынан тарайды. Одан Қақсал атасы тараған. 19 ғасырдың бас кезінде Павлодар уезіндегі Қызылтау, Ақбестау және Ақкөл аймағын мекендеп, Атбасар уезіндегі Есіл мен Жабай өзен аралығында көшіп-қонып жүрген. Мал өсіріп, пішен шапқан, аздап егіншілікпен де айналысқан. Ұраны — Ақжол, таңбасы — қос дөңгелек.
## Тұлғалар
* Мұзафар Әлімбаев
## Дереккөздер |
Шегу қаған (т. ж. б. — 630) — Батыс түрік қағанатының билеушісі (612 — 630).
## Басқаруы
Ашина әулетінен шыққан Істемі ханның ұрпағы. Шығу тегі: Істемі хан — Қара Шор Түрік — Янг Соух хан — Шегу қаған Қара Шұрын Түрік Ұлы қаған болып тұрған жылдары Шегу ханның иелігі — Ташкент аймағы болды, ал жайлауы Талас өзеннің оңтүстік жақ бетіндегі Мыңбұлақ деген жерде орналасты. 604 жылы бес тайпалы дулу ұлысының бектері Таман ханды құрылтайсыз таққа отырғызғанда, бес тайпалы Нушеби ұлысының бектері оған бағынудан бас тартып, Шегу ханды хан көтерді. Шегу ханның иелігі Нушибилер жерінде болатын. Батыс Түрік қағанатындағы дағдарысты одан әрі шиеленістіру үшін Қытай императоры Шегуй ханға қолдау көрсетті. Таман хан әлі жас болғандықтан, бүкіл елдегі саяси жағдайға бақылау орната алмады. Қағандықтың әрбір ұлысының билеушілері Қытаймен жеке қатынастар орнатып, елшіліктер жібере бастады. Император Шегуй ханның елшілігіне ақ қауырсынды бамбуктен жасалған жебе беріп, оны қаған ретінде мойындайтынын білдірді. Бірақ бұл жебе жолда Таман ханның қолына түсті. Бұл оқиға Шегуй ханды Таман ханға қарсы ашық соғыс жариялауға түрткі болды. 612 жылы Шегуй хан Таман хан әскерін талқандап, өзін шығысқа қарай қуды. Осы жылы өткен Құрылтайда Шегуй хан Тон Жабғу хан деген атпен Батыс Түрік қағандығының тағына отырды. Тон Жабғу хан билікке келісімен елдегі ресми билік ішкі жағдайларға толық бақылау орнатты. Қағандықтың жағдайы жақсара бастады. 619 жылы Жоңғариядағы телес билеушілері Тон Жабғудың билігін өз еріктерімен қабылдады. Билеушінің ордасы Ташкенттің солт-ндегі көгалды кең алқапта орналасты. Ол осы жерде Византия мен Қытайдан келген елшілерді қа-былдады. Шегуй хан тұсында Батыс Түрік қағандығының саяси экон. жағдайы жақсарды. Қағандық батыста өз шекарасын кеңейтіп, 627 — 630 жылы грузин, армян, парсы әскерлерін талқандады. Бірақ Шығыс Түрік қағандығының құлауына байланысты ол Кавказға ұлы Бөрі шадты қалдырып, өзі шұғыл түрде ордасына оралды. Ш. х. билеген кезең Батыс Түрік қағандығының ең күшейген тұсы болды. Оның ордасына шет елдерден көп елшілер келді. 627 — 30 жылы Ордаға келген елшілер арасында үнді уағыздаушысы Прабхакармитра, қытайлық будда дінін уағыздаушы Сюань-Цзан, т.б. болды. Шегуй хан қастандықпен өлтіріліп, әкесінің ағасы Хюлюг Сібір хан таққа отырды. Дегенмен, кейбір әдебиеттер мен оқулықтарда Тон Жабғу хан мен Шегуй хан есімдері екі адамға қатысты айтылады. Оларда Тон Жабғу хан Шегуй ханның туған інісі делінеді.
## Сілтемелер
## Тағы қараңыз |
Оңал Шегебаев (25.5.1947, Түркістан облысы Төле би ауданы Жаңаұйым ауылы — 21.11.1997, Алматы) — ғалым, биология ғылымдарының докторы (1992), профессор (1992). Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының академигі (1997).
Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ аграрлық университеті) бітірген (1969). 1969 — 1972 жылы қазіргі Түркістан облысы мемлекеттік сұрыптау стансында кіші, аға ғылым қызметкер, аға агроном болды. 1972 — 1995 ж. В.Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылым-зерттеу институтында аспирант, кіші және аға ғылым қызметкер, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, биотехнология бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1996—1997 жылы А.И. Бараев атындағы, Астық шаруашылығы институтының директоры болды.
Шегебаевтың негізгі ғылым еңбектері астық дақылдарының генетикасы мен биотехнологиясына және оларды сұрыптау жұмыстарына арналған. Оның қатысуымен 34-тен астам ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен гибридтері алынды. Шегебаев 130-дан аса ғылым еңбектің, оның ішінде 18 авторлық куәліктің авторы.«
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Генетико-биотехнологические аспекты экологической селекции пшеницы в Казахстане |
Шеген құдық — жер асты суларын пайдалануға арналған гидротехникалық құрылыс.
Жер бетіне жақын жатқан таза, тұщы суды кішігірім елді мекендерді, мал фермаларын, дала қостарын, т.б. ауыз сумен қамтамасыз ету үшін құдық қазылады. Топырағы бос жерден қазылған құдық қабырғасына қамыс, қоға, қияқ, тал, ағаш, тас, бетон қалайды. Құдыққа су мол жиналу және қыста қатпау үшін құдықтың түбі кең етіп қазылады, аузынан қауғалық қалдырып бекітеді. Шеген құдықтың тереңдігі топырақтың сулы қабатына байланысты. Құдық суы ластанбау үшін ернеуіне қалқа жасалады.
Қазған кезде жер бетінен бастап түбіне дейін сексеуілмен өрілетін құдықты "шегенді" құдық деген. "Шегенді" құдықтың тереңдігі 20-50 метрге дейін жеткен. Сексеуіл жүз жылға дейін шірімейтін болған.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Шегендеу |
Шегір — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша Ұлы жүз дулат тайпасының жанысынан тарайды. Шын аты — Өтей. Шегірден Амантай, Маңлай, Әлібек, Дүкен, Серке, Айт, Қарқара, Жиенқұл, Байсақал ұрпақтары өрбиді. Н.Аристовтың жазбаларына қарағанда Шегірден тараған ұрпақ 19 ғ-дың 2-жартысында Шымкент уездінің Леңгір, Сарыағаш, Түркістан елді мекендерінде, Ташкент уездінің Бостандық, Шыршық деген жерлерінде жартылай отырықшы болып, бау-бақша егу мен мал өсіруді кәсіп еткен. 20 ғасырдың бас кезіндегі межелеуден кейін басым бөлігі қазіргі Төле би ауданы жеріне қарай ығысқан. Біраз аталары Өзбекстанда тұрады. Ұраны — Бақтияр, Жаныс, Төле; таңбасы — үшкіл.«
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Шежіре - Шегір Мұрағатталған 28 наурыздың 2016 жылы. |
Шегір би (туған және өлген жылдары белгісіз) — XIX ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген би. Орта жүз найман ішіндегі бағаналы руының Ақтаз тармағынан.
Әділдігі мен дуалы ауыз шешендігі үшін бағаналының төрт босағасының бірі атанып, елді ауыз бірлікке, татулыққа шақырған. Жасы үлкен билердің өзі күрделі мәселенің төрелігін Шегір биге айтқызатын болған. Батырлар ұрысқа аттанарда арнайы келіп, Шегір биден бата алған. Шегір би әділдігі мен дуалы ауыз шешендігі үшін Найман Бағаналының төрт босағасының бірі атанған.
Руы — Бағаналынын Ақтаз бұтағы.
Елді ауыз бірлікке, татулыққа шақырған. Жасы үлкенбилердің өзі күрделі мәселенің төрелігін Ш. б-ге айтқызатын болған.
Шегір бидің: «Қасиетті Кәдіраға, Ұлытаудың күн сүйген шығысын сізге, батыс бетін Бабыр көкеме, теріскейін Сандыбай ағама, өзіме оңтүстік-шығысын еншіге бөлдім» дегені, сондай-ақ «Ұлытау жерін құдай жаратты, бөлуін Шегір болді» деген сез ел жадында сақталып қалған.
Ұлытауда «төрт босаға» деген ұғым бар. «Төрт босаға» дегеніміз – төрт би. Олар – аға сұлтан болған Ерденнің әкесі Сандыбай, Қадір би, Шегір би, Бабыр би. Төртеуі Ұлытаудың төрт бұрышын күзетіп, ел ішін әділдікпен билеген. Ел іші болған соң, жер дауы, жесір дауы, барымта дегендей, дау-дамай болмай тұрмайды, әрине. Ілуде бір сондай дау қуған жандардың аяғы Ұлытауға іліксе, қуғыншы келген тұста отырған бидің ауылы алдынан ақ үй тіктіріп, қой сойып қарсы алатын бопты.
Жата-жастанған қонақтың көңілі әбден жайланды-ау деген күні төрт би түгелімен «Ассалаумағалейкүм!» деп есіктен кіріп келеді екен. Атақты төрт бидің бәрі алдына сау етіп кіріп келіп, керек жерінде түйінді мәселенің төрелігін айтқан соң, дау қуып келушілер айтар сөзін айта алмай абдырап, «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дескен осы екен ғой деп, қайта өздері ат-тон айыбын төлеп құтылатын болыпты.
Бабыр би – соқыр адамның көзін ашатын емші, көріпкел болған, сүйегі Түркістанда, Әзірет Сұлтан кесенесінің ішіне жерленген. Әйелдер босана алмай қиналғанда, Бабыр би бір Аллаға жалбарынып, қамшысын жоғары қарай сілтеп қалғанда, іште жатқан бала шар етіп жарық дүние есігін ашатын болыпты, дейді ел ішіндегі аңыз. Профессор Камал Смайылов – осы атақты Бабыр бидің ұрпағы. Қадір би мен Шегір бидің сүйегі Кішітауда жатыр.
Ұлытау өңiрiн мекендеген қалың бағаналы найманның төрт босағасы – төрт тiрегiнiң бiрi – Шегiр би жөнінде қазақ этнотарихының бiлгiрi Ақселеу Сейдiмбек «Балталы, Бағаналы ел аман бол» атты шежiре кiтабында былай деп жазады: «Билiктi Қадiр биге жүктеген екен, алайда ол ағайынның көңiлiне қарап, өздерiң бөле берсеңдершi» дептi.
Сонда Шегiр отырып: «Екi Кеңгiрдi Сары Сарғалдақ пен Жырық алсын (мұнысы Сарыкеңгiр мен Қаракеңгiрдi Ерден мен Қадiр би алсын дегенi), екi Жездiнi Ибеске мен Жұртшы алсын (мұнысы Үлкен Жездi мен Бала Жездiнi Бабыр елi қоныстансын дегенi), Ырғайлы өзенi мен Байқоңыр өзенiн Ақтазға берiңдер (мұнысы өзiн айтқаны)», – дептi. Сонда Қадiр би: «Оу, Бозжорға-ау (Шегiрдi осылай атайды екен), мұның не?» – дейдi. Бұған Шегiр: «Қалағаныңды өзiң ал, тастағаныңды iнiңе бер», – деп жауап берiптi. Осымен бiтiмге келiп, келiсiммен тарқасып едi», – дейдi.
Осы билiктен кейiн: «Ұлытауды жаратуын Құдай жаратқанмен, бөлуiн Шегiр бөлген» – деген сөз қалған.
Алаштың аяулы ақыны Кәкімбек Салықов бір өлеңінде:
«Сандыбай мен Кәдір,Шегір, Бабырды,Еске салып тауқарайды сабырлы.Төрт босаға –төрткүл дүние елестеп,Бола түсті бүкілаймақ қадірлі» дейді.
Кәкімбек ақынның осы өлеңіне күйші-композитор, толғаушы Шәміл Әбілтай кезінде ән де жазған. Не десек те, аңызға айналған Бағаналының «төрт босағасы» – ынтымақ пен ауыз біршіліктің, татулықтың ғажап үлгісі.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* АЛАШТЫҢ АЛТЫН БОСАҒАСЫ(қолжетпейтін сілтеме) |
Шеген — Қостанай облысы Жангелді ауданындағы ауыл, Шеген ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Торғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жерде, Торғай өзенінің оң жағалауында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 902 адам (462 ер адам және 440 әйел адам) болса, 2009 жылы 657 адамды (338 ер адам және 319 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1997 жылға дейін “Станса” ауылы деп аталды. Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұйымдастыруға байланысты ұжымшар орталық есебінде қаланған. 1960 жылы ұжымшар таратылып, оның негізінде құрылған “Торғай” қой кеңшарының ортылығына айналды. 20 ғасырдың 90-жылдарының орта кезінен кейін кеңшар негізінде бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Ишимское — Ақмола облысы Жақсы ауданындағы ауыл, Есіл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жақсы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 57 км-дей жерде, Есіл өзенінің оң жағасында, бетеге, селеу, көде, айрауық өскен қызғылт қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1957 жылдан “Ишимский” астық кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан ауылда “Есіл” серіктестігі және бірнеше шаруа қожалықтары ұйымдасқан.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, клуб, кітапхана т.б. тұрмыс қажетін өтейтін мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Қоңырат Алпамыс батыр (б.з.б. 110 — 50) — шүршіттермен соғыста ерекше ерлік көрсеткен қолбасы. Тайчу (Тайшық хан), ғұн мемлекетін бір жола жою мақсатында көшпелілер еліне бірнеше дүркін ауыр қол аттандырады. Алғашқы 5000 адамдық қолды Ли-Лин деген қолбасы басқарып келіп, ғұн әскерлерінің қоршауына түсіп, қырғынға ұшырайды. Бұдан кейін Тайчу Ли Гуан Лиге 160 мың, Гунь-Сунға 10 мың, Хан Юеге 40 мың әскер беріп, барлығы — 210 мың әскер, б.з.б. 97 ж. өкірек (ғұн) ордасына қарсы жорыққа шығарды. Алпамыс батыр қолы бірнеше аптаға созылған жойқын шайқаста шүршіт әскерлерін ойсырата жеңеді. Юй-шы Да-Фу қолбасы, ханзада Ман-Тхун және Цио Ген бастаған 140 мың атты әскерін б.з.б. 90 ж. ғұн ордасын шабуға қайта аттандырады. Бұларды Құлеке шаньюй қарсы алып, бір-біріне қосылуға мүмкіндік бермей талқандайды. Осындай жойқын соғыстардың бірінде Алпамыс батырдың жау қолына түсуі жыр-дастанға айналып, біздің дәуірімізге жетті. қ. “Алпамыс батыр”.
## Дереккөздер |
Алматы Эстрада-Цирк Өнері Колледжі — эстрада-цирк өнерінің республикалық студия-шеберханасы. 1965 ж. Қазақконцерттің жанынан Г.Ғалиева ұйымдастырған. Әуелі эстрада-цирк студиясы деген атпен жұмыс істеді. 1995 жылдан Ж.Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері колледжі. Эстрада және цирк артистерін даярлайды. Оқу мерзімі 2 жыл. 9 бөлім бар: актерлік, мәнерлеп оқу, қуыршақ, цирк, хореография, вокаль мен хор, эстрадалық вокальдық, эстрадалық аспаптық және халық аспаптық. Колледжде кезінде Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, кейін Н.Шәріпова, Б.Жылысбаев, К.Кенжетаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, З.Қойшыбаева, Л.Кесоглы, Б.Омаров, Р.Рымбаева, Б.Преображенский т.б. дәріс берді. Колледж түлектері “Гүлдер” ансамблі (1969), Қазақ циркі (1970), “Фройндшафт” неміс ансамблі (1975), “Гәкку” (1978), “Шертер” (1977), т.б. өнер ұжымдарын ұйымдастырды. Қазақ өнерінің белгілі қайраткерлері Ж.Кәрменов (марқұм), Қ.Байбосынов, С.Шүкіров, С.Қабиғожина, Н.Есқалиева, С.Жанпейісова, Б.Сәмединова, А.Нұрмағамбетова, Балтабек және Раиса Жұмағұловтар осы колледждің түлектері.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алып Арслан, сондай-ақ Мұхаммед ибн Дәуіт (араб.: ألب أرسلان, толық аты — Зийаддин уә Әдуд ад-Даула уә Тадж әл-Міллә Әбу Шужа Мұхаммед Алып Арслан ибн Дәуіт 20 қаңтар 1030 – 15 желтоқсан 1072) — Селжүк мемлекетінің билеушісі, сұлтан, қолбасшысы. Билік басына келгеннен бастап (1063 жылдан) астанасын Үзкенттен Самарқанға көшірген (1040–1063). Қарахан әулетіне қарсы жорықтар жасаған. Гүржістанды, Әзірбайжанды, Арменияны, Орта Азияны жаулап алу үшін жорықтар жасаған. Әмудария жағасындағы Термез бен Балх қалалары үшін шайқастар жүргізді. Хутталян, Чаганиан иеліктеріне шапқыншылық жасады (1064–1065). Алып-Арсланның әскері Сауран, Жентке (Сыр бойы) дейін жетті. 1071 жылы 26 тамызда Византия императоры Роман ІV Диогеннің әскерін Шығыс Түркиядағы Ван көлі маңында тізе бүктіріп, Византияның Кіші Азиядағы жерлерін басып алды. Мұнда кейіннен Коний сұлтандығы құрылды. Оның тұсында мелекетті уәзір Низам әл-Мүлк басқарды.
1072 жылы Бұхар ханы Шамсимүлікке қарсы жорық жасады. Нәтижесінде салжұқ жасағы ойсырай жеңіліп, Алып-Арслан қаза тапты.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Алптекин Айса Иүсүп (1901, Қашғар, Иенигисар қышлағы — 17.12.1995, Стамбұл) — саясатшы, мемлекет қайраткері. Қашғар аймағындағы Хажы Маһдум, Рузи Ахун Халфетим медіреселерін бітірген (1925). Қытай мемлекетінің Әндіжандағы (Өзбекстан) консулдығында кеңесші (1926 — 32), Шыңжаңда “Шығыс Түркістан отаншылдары қоғамын” құрушылардың бірі (1932). Шығыс Түркістан өлкелік үкіметінің мүшесі (1944), бас хатшысы (1947 — 48) болды. Қытай, Ресей мемлекеттері тарапынан түрікшілдік көзқарастары үшін қуғындалып, Түркияға қоныс аударды (1953 — 65). Мұнда әріптестерімен бірге “Шығыс Түркістан көшпенділері қоғамын” құрды (1960). Қоғамның төрағасы Мәмәтимин Буғра өлген соң, осы қоғамның басшылығына сайланды (1965).
Шығыс Түркістан мәдениеті, өркениеті және т.б. кешенді мәселелердің шешімін табу үшін Америка, Германия, Франция, Швеция, Пәкстан, Египет т.б. елдердің басшыларымен байланыс орнатып, жалпы түркі рухани дүниесі мәселелерінің әлемдік деңгейде қаралуына үлес қосты.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Нұралыұлы Есім хан (1739/44—27.3.1797) — Кіші жүз ханы (17.9.1795 — 27.3.1797), Нұралы ханның үлкен баласы, Ерәлі ханның мұрагері, Әбілқайыр ханның немересі. Шешесі Орта жүз ханы Күшік ханның қызы.
## Өмірбаяны
Алғашында Кіші жүз құрамындағы байұлы тайпасының бір руын басқарған. 1796 жылы күзде Орынбор генерал-губернаторы С.К. Вязмитиновтың қолдауымен хан болып сайланды. Есім іс жүзінде Орынбор шекарасына дейінгі Жайық өңірінің далалық жерін қоныстанған жетірудың бір бөлігі мен байұлының кейбір руларына ғана билік жүргізді. Есімді хан сайлауға байбақты руының старшыны, батыр Сырым Датұлы мен оны жақтаушы Кіші жүздің басқа да старшындары қарсылық білдіреді. Бұған себеп: 1788 жылы Есім Сырым батырды Ерәлі ханға ұстап беріп, ол бір жыл қамауда болады. 1794 жылы Сырымның үзеңгілес серігі, есентемір руының старшыны Мыңбай қамауға алынғаннан кейін Сырым батыр бастаған старшындар тобының Есімге қарсы наразылығы күшейе түседі. 1799 жылы 27 наурызда Есім кердері Тілеп Қорбасұлы, шекті Үтеғұл, кете Қосбаймырза, шөмекей Баймырза, алаша Шолақ, т.б. старшындардың қолынан қаза табады. Ханның туған-туыстары Жайықтың арғы жағына қашып, Орал қаласын паналайды. Есім қалмақ бекінісіне қарама-қарсы Орал қаласы маңындағы далада жерленген. Есімнің әйелінен 9 ұлы болған.
## Дереккөздер |
Алпауыт — аса ірі жер иесі. Алпауыт сөзінің түбірі — “алып”. Қазақ даласында Алпауыт атауы аса зор көлемдегі жерге иелік, елге шексіз билік жүргізілген 18-19 ғ-да пайда болды. Жалаири Қосымұлы “Жами-ат-тауарих” кітабында Алпауытты тілмаш, еларалық келісімдерге жүретін елші түрінде көрсетеді. Алпауыт - қазақы ортада қолында мыңғырған малы мен билігі бар, атақты бай адам. Лауазымы жағынан көбінесе сұлтан, рубасы, би, тіпті, батыр да болуы мүмкін. Дәстүрлі түсінікте алпауыт адамның физиологиялық сәйкестілігіне де ерекше мән беріледі. Яғни алпауыт адам - әрі байлық пен биліктің иесі, әрі тұлғалы қарулы адам. Бұл атау - «алып» және «абыт» сөздерінің кіріге бірігуінен қалыптасқан сөз. Зор денелі, күшті, ауқатты, әрі билік саласында ерекше ықпалды тұлға деген мағынаны да білдіреді.
## Дереккөздер |
Есім хан кесенесі — Түркістан қаласында XVII ғасырдан сақталған архитектуралық ескерткіш. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің батыс мұнарасынан оңтүстікке қарай 12 м жерде орналасқан. Кесене Қазақ хандығының билеушісі Есім ханның қабірінің басына тұрғызылған.
## Сипаттмасы
Кесене қирап, бұзылған қалпында ғана жеткен. Ол XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында қираса керек. Кесене күйдірілген кірпіштен төртбұрышты (9х9 м) етіліп өрілген. Негізгі қасбеті портал түрінде болып келеді. Қасбеттері жылтыр қалақтаспен геометриялық ою-өрнектер түрінде әшекейленген. Оңтүстік-шығыс жағында кесенеге кіретін есік бар. Сақталған қабырғасының енінің 1,2 м болуы да биік күмбезді көтеруге шыдайтындығын көрсетеді. Еденіне төртбұрышты күйдірілген кірпіш төселген.
## Тарихы
1958 жылы алғышқы зерттеу жұмыстары жүргізілді.
1982 жылы Қазақ КСР-нің тарихи және мәдени маңызы бар ескерткіштер тізіміне енді.
1980 жылдары жартылай қалпына келтірілген.
200 жылы кесененің сақталған бөлігі қайта жөнделді.
## Әдебиет
* Проскурин А. Н. Мавзолей Есим-хана. Свод памятников истории и культуры Казахстана, А., 1994;
* Смагулов Е. Григорьев Ф., Итемов А. Очерки но истории и археологии средневекового Туркестана, А., 1999. |
Шевченко шығанағы – Солтүстік Арал теңізінде (Кіші Аралда).
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Арал ауданы аумағында. Шығанақтың оңтүстігінде Көкарал, солтүстігінде Шұбартарауыз түбектері жатыр.
## Сипаты
Дөңгелек пішінді шығанақтың ұзындығы мен ені де 30 км-дей, теңізге шығар жеріндегі ені 7 км. Ең терең жері 14 м. Жағалауын қойнаулар мен лагуналар тілімдеген. Батысы мен солтүстік жағалаулары жарлауытты, кемерленген жардың биіктігі 120 м-ден асады. Жағасы палеогеннің құмтасты, саздақты шөгінділерінен түзілген. Кезінде (1985 жылға дейін) батыс жағалауында бірнеше аралдар (Кендірлі, Бұйырғынды, т.б.) болған. Теңізі суының тартылуына байланысты олардың барлығы жағалаумен бірігіп кеткен.
## Дереккөздер |
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ағылш. International university of information technology) — 2009 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтің және Carnegie Mellon ақпараттық технологиялар университетінің ынтымақтастығымен салынған.
Carnegie Mellon университеті алгоритмдер, компьютер желісі, үлестірімді есептеулер, бағдарламалау тілдері, робот техникасы, компьютерлік лингвистика, бағдарламалармен қамтамасыз ету бойынша мамандар даярлаудан әлемде жетекші орын алады. Осындай университет ашудың мақсаты Қазақстан ақпараттық технологиялар саласындағы, әлемге әйгілі мамандар әзірлеп шығару.
Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің ұйымдастырушылары «Зерде» Акционерлік Қоғамы мен Халықаралық Бизнес Университеті(UIB). Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің алғашқы ректоры - Шыныбеков Дамир Абдухалиевич болды. Оқу мерзімі - 4 жыл. Қазақ-ағылшын және орыс-ағылшын тілдерінде оқытылады. Университет Акционерлік Қоғам болғанымен студенттерді қабылдағанда Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесіне қарайды.
## Кездесулер
Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті студенттеріне арналған әлемге әйгілі IT - мамандарымен кездесулер өткізіледі сонын ішінде: Гил Таран Carnegie Mellon профессоры және iCarnegie директоры, Raja Sooriamurthi - Carnegie Mellon профессоры, Сарсенов Сакен Сейтжаппарович - байланыс және ақпараттар министрі т.б.
Жыл сайын университет тек өз оқушыларына ғана емес және де мектеп оқушыларына арналған кездесулер мен қосымшалар дайындайды. Әр жылдың жазында университет абитуриенттер мен мектеп оқушыларына арналған Ағылшын тілінен қосымшалар ұйымдастырады, және тестілеу өткізеді.
Университет жыл сайын өзінің үздік студенттерін Германия, Польша, Малайзия мен АҚШ-на практикаға және оқуға жібереді.
Университет көптеген халықаралық сайыстарға қатысып жүлделік орындарын алады. Және де университеттің өзінде де сайыстар өткізіледі, 2011 жылдың наурыз айында Қазақстан мектеп оқушыларына арналған олимпиада өткізілді. Тағы да Университет қабырғасында бүкіл Қазақстан азаматтарына арналған HackDay акциясы өткізілді.
### Кафедралар
Менеджмент және қоғамдық пәндер кафедрасы2009 жылы Халықаралық ақпараттық технология университеті құрамында «Менеджмент және қоғамдық пәндер» кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедра Халықаралық ақпараттық технология университетының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.Кафедра миссиясы – қазіргі күнгі білім, хабардарлық және тәжірибелік дағдысы бар жоғары білікті мамандарды – менеджерлерді дайындау; мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында, бизнес және кәсіпкерлікте, ғылым және білім саласында сәтті кәсіпқойлық қызметті іске асыруда олардың нақты бәсекелестік дағдысын қалыптастыру.Кафедра «Менеджмент» мамандық бойынша бакалавр дайындайды.
### Ақпараттық технологиялар кафедрасы
Ақпараттық технологиялар кафедрасында 29 дәрісшілер және оқытушылар жұмыс істейді. Олардың ішінде
* 3 - ғылым докторы, профессоры;
* 13 - ғылым кандидаты;
* 3 - Ph.D;
* 5 - магистр.
Кафедрада жаңа компьютерлік техникамен жабдықталған және бағдарламалармен қамтамасыз етілген лабараториялық кабинеттер, интерактивті тақтамен жабдықталған лекция залдары бар.
### Тілдер кафедрасы
Студенттер санының өсуіне байланысты 2010 жылы қыркүйек айында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде Тілдер кафедрасы құрылды. Ол мемлекет ішінде және одан тыс елдерде кәсіби қауымдастыққа табысты қосылуға әзір болашақ мамандарды дайындау мақсатындағы техникалық білімді гуманитаризациялауға бағытталған.Кафедра ХАТУ-дың бакалавриат және магистратура бағдарламаларының студенттеріне «Қазақ тілі», «Кәсіби қазақ тілі», «Іскери қазақ тілі», «Орыс тілі», «Кәсіби орыс тілі», «Іскери орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Кәсіби ағылшын тілі», «Іскери ағылшын тілі» пәндерін оқытуды қамтамасыз етеді.Қызмет барысында кафедра оқытушылары оқытудың негізгі қатысымдық және интерактивтік ұстанымдарын, оның үйренушіге бағытталуын, Қазақстанның үш тілділік саясатын іске асыруды, оқу мен тәрбие үрдістерін ұштастыруды басшылыққа алады. Тәрбие жұмысында кафедра студенттердің көшбасшылық қасиеттерін, сыни және шығармашылық ойлауды дамытуды, топтасып жұмыс істеу, мәселелерді шешу дағдысын қалыптастырады. Тіл пәндерін оқу, әдетте, студенттердің: « Инновациялық АТ өнімдерінің жәрмеңкесі», «Уақыт кемесі: Қазақстан 2030», «Заманымыздың кумирлері», «Шежіре», «Болашақ ұйім», «Фильмдерді қазақша дыбыстау» т.с. с. ең табысты өздік жұмыс жобаларын университетішілік презентацияларда көрсетумен аяқталады.Оқытудың кредиттік технологиясына өту шеңберінде кафедра мүшелері СОӨЖ және СӨЖ өткізудің түрлерін кеңейтіп, ұйымдастыру әдістерін жетілдіру, оқу үрдісін белсендіру жолында тынбай еңбектеніп, жылына 2 рет әр семестр аяғында өткізілетін «Техникалық ЖОО тілдерді оқытудың көкейкесті мәселелері» атты семинарда өздерінің әдістемелік шеберліктерін ұштайды.Кафедрада 19 оқытушы жұмыс істейді. Олардың 3-і – қазақ тілін, 2-і – орыс тілін, 14-і – ағылшын тілін оқытады. 1 оқытушы – филология ғылымдарының докторы, 10 оқытушы – филология ғылымдарының кандидаты.
### Бүгінгі тарихы
*
*
*
*
*
### Серiктестер
АТ – Университетінің құрылтайшылары «Ұлтық инфрокоммуникациялық холдинг «Зерде »» АҚ және Халқаралық бизнес Университеті (UIB) болып табылады. Биылғы жылы жоғары оқу орны тек Қазақстандық студенттерді қабылдайды. Түлектердің бәсекеге қабілеттілігін жоғары білімі деңгейін, сапалы дайындықтарын iCarnegie ЖОО серіктестігі қамтамасыз етеді, Carnegie Mellon университетінің құрлымдық бөлімшесі болып табылатын (SEI) – ғылыми – зерттеу орталығы өнеркәсіп өндірісін бағдарламалық қамтамасыз етуде екі онжылдық бойы жетекші орын алып келуде. Сонымен қатар Carnegie Mellon өзінің оқыту бағдарламаларын халқаралық нарыққа сәтті бейімдеу және енгізуде, әлемдік ЖОО топ-парақшыларына кіруде. 1900 жылы негізігі қаланған ЖОО Times Higher Education Supplement баспасы рейтингінің мәліметі бойынша әлемнің үздік жиырма ЖОО кіреді. Carnegie Mellon Университетінің да серіктестерінің қатарына Google, Intel және Microsoft сияқты АТ компаниялар кіреді. Міне осындай байсалды АТ-білім беру Қазақстанға енді. Алматыға іс сапарымен (18-20 шілдеде 2009) Carnegie Mellon Университетінің профессоры Гил Таран iCarnegie президенті келді. Халқаралық ақпаратық технология университетінде басшылармен бір қатар кездесулер өткізді сонымен қатар талапкерлермен кездесті. «Қазақстан мемлекет мүшелерімен кездестік Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірі Жансеит Түймебаев, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы (ары қарай – АИС РК) Қуанышбек Есекеев, Ұлттық инфоркамуникациялық «Зерде»холдингінің басшысы Адильбек Сарсенов. Біз байқадық мемлекетін бас жетекшелері проеке мүдделі екенің және қаржыландыруға дайын екенің, сондықтан сондықтан біз оның жарқын болашағына сендік.» - дейді Таран мырза. Қазақстандық үлгілі қызықтырады өйткені сіздің мемлекет өңір бойынша жетекші және де АТ-білім беру бойынша көсем болуға тырысатыны. Мемлекет амбициоздық жобаларды қолдады, қаржыланды бізге бұл жақсы әсер қалдырды, және де университет құрлысына жұмыс істеп жатқан кәсібқой командасыда.
### Университеттiң әрiптестерi
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Мамандықтар
Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті келесі мамандықтар бойынша оқытады:
Және
* IT-менеджменті
* IT-финансы
* Электрондық журналистика
## Студенттік өмір
*
*
*
## iCarnegie Курстары
Кафедра қызметкерлері – ақпараттық технологиялар саласы бойынша үздік оқытушылар, әлемдегі ең үздік оқыту бағдарламасын өңдеп шығарған Американдық Carnegie Mellon университетінде тәжірибеден өткен.
* SSD1: Introduction to information system / Ақпараттық технологияларға кіріспе / web-қосымшаны, тестер. web-қосымшаны өңдеуші
* SSD2: Introduction to computer systems / Компьютерлік технологияларға кіріспе / Техникалық қолдау бойынша маман
* SSD3: Object-oriented programming and design / Объектіге бағытталған дизайн және бағдарламалар / Кіші Java-өңдеуші
* SSD4: User-centered design and testing / Қолданушыға бағыталған дизайн және тестілеу / Интерфейстерді жобалаушы дизайнер
* SSD5: Data structures and algorithms / Мәлеметтердің алгоритімі және құрылымы / C++ өңдеуші, web сайттарды өңдеуші
* SSD6: System-level programming / Жүйелік бағдарламалар / Жүйелік бағдарламашы
* SSD7: Database systems / Мәліметтердің жүйелік базасы / Мәліметтер базасын өңдеуші, мәліметтер базасының дизайнері, электрондық коммерцияның шешімін өңдеуші
* SSD8: Networks and distributed computing / Желілер және таратылған есептеулер / Желілік қосымшыларды өңдеуші, жүйелік талдаушы.
* SSD9: Software specification, test and maintenance / Бағдарламалық қамтамасыз ету ерекшелігі, тексеру және қолдау / Аға өңдеуші
* SSD10: Software projects organization and management. / Бағдарламалық қамтамасыз ету, жобасын өңдеуді ұйымдастыру және басқару / Жоба жетекшісі, өңдеу, жобын басқарушы
Оқыту ең үздік әдістемемен ғана жүргізілмейді, сонымен қатар заманауи оқыту әдістері де қолданылады. Кафедрада соңғы үлгідегі компьютерлік техникамен және бағдарламалармен жабдықталған төрт зертханалық сынып, интерактивті тақтамен жабдықталған екі лекция залы бар. Сондай-ақ кафедрада студенттер мен оқытушылар жұмыс істейтін екі ғылыми-зерттеу лаборотория ұйымдастырылған. Осы лабороторияларда бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары шоғырланған. Студенттерге лабороторияда жұмыс істеу өз мүмкіндіктерін байқауға және алған білімдерін қолдануға, АТ бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
## Университет әнұраны жайлы
ХАТУ-дың әнұраны:
Сөзі:
## Дереккөздер |
Шебершөп (лат. Brachypodium) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның далалық және таулы аймақтарындағы орман, бұталар арасында, шалғындарда өсетін 2 түрі (салалы шебершөп және орман шебершөбі) бар. Олардың биіктігі 50 — 120 см, сабағы тік, буындары қысқа түкті, бұдыр. Жапырақтары жалпақ, ашық жасыл түсті, ені 5 — 10 мм. Гүлшоғыры масақ кейде шашақ тәрізді. Масағы қысқа сабағында бір-бірден орналасады, 6 — 20 гүлді. Масақ қабыршағы әр түрлі, көп жүйкелі. Аналық аузы қауырсынды, отырыңқы. Маусым — тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Дәнегі созылыңқы. Шебершөп — бағалы мал-азықтық шөп, бұлардың шабындықтары 1 гектардан 35 центенрден астам құнарлы шөп береді.
## Дереккөздер |
Ақжақай ойысы — Түрікменстан Республикасындағы Қарақұм шөлінің солтүстік-батысында жатқан тектоникалық ойыс. Ұзындығы 50 км, ені 6 км-ге жуық. Салыстырмалы тереңдігі 200 м. Ақжақай ойысының табаны теңіз деңгейінен 81 м төменде жатыр (Азия құрлығындағы тереңдігі жағынан 3 орында). Оны алғаш рет 1935 ж. орыс географы Э.М.Мурзаев (1908 ж.т.) зерттеген.
## Сілтемелер
* Қазақ Энциклопедиясы |
Ақжар — Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы ауыл, Тарбағатай ауданының және Ақжар ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Өскемен қаласының оңтүстік-батысында 410 км, Зайсан қазаншұңқырының батыс беткейінде, Қандысу өзенінің бойында орналасқан. Жақын теміржол станциясы – Жаңғызтөбе (302 км).
## Тарихы
Ақжардың іргесі 1922 жылы қаланған. 1928-97 жылдары Тарбағатай ауданының, “Ақжар” қой кеңшарының орталығы болды.
## Инфрақұрылымы
Орта мектептер, ауруханалар, санитарлық-эпидемиялық станция, дәріханалар, спорт мектебі т.б. мекемелер бар. Тұрғындары облыс орталығымен және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақжар (1993 жылға дейін – Степное) — Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл, Ақжар ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде, өлең, қоңырбас шөп аралас өскен қызғылтқоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. Ауылда ауыл шаруашылық өнімдері, көкөніс өндіретін шаруашылық жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Қонақ үйі, мектеп-интернат, кітапхана, перзентхана т.б. мекемелер бар. Ақжар ауылының үстін басып Ташкент — Шымкент автомобиль жолы өтеді. Тұрғындары елді мекендермен ауыларалық жолдар арқылы қатынасады.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жалаңтөс батыр ауылы — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Қарашеңгел ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Әйтеке би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-дей жерде, Сырдария жайылмасының қамыс, құрақ басым өскен шалғын топырақты шөлдік белдемінде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1112 адам (552 ер адам және 560 әйел адам) болса, 2009 жылы 1050 адамды (527 ер адам және 523 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1973—1997 жылдары күріш өсіретін “Қызылту” кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Жалаңтөс батыр ауылы ауылында 7 шаруа қожалығы құрылған.
## Инфрақұрылымы
Ауылда орта мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Ақжар — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Ақжар ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Үшарал қаласының оңтүстік-батысында 59 км-дей жерде, Шынжылы өзенінің оң жағалауында орналасқан. Жетісу Алатауының солтүстік сілемдерінің тау етегіндегі қуаң агроклиматтық белдемде жатыр.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Елді мекенде мектеп, клуб, медпункт т.б. мәдени мекемелер бар. Тұрғындары Үшарал қаласымен, елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті — Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1997 ж. Алматы энергетика институтының (1975) негізінде құрылған. 2010 жылдың 1 маусымынан бастап университет статусын иемденді.Орта Азия энергетика мен телекоммуникация мамандарын даярлайтын бірден-бір маманданған жоғары оқу орны болып табылады. Университеттің күндізгі және сырттай оқытатын бөлімдерінде 22 мамандық бойынша 3000-нан астам студент оқиды (1997). Сонымен қатар ЖОО студенттері мен қызметкерлеріне арналған 3 жатақхана бар. Өскемен филиалы, 3 мектеп-лицей және Қазақстанның 8 аймағындағы 32 салалық мамандыққа бейімдейтін сынып осы институт құрамына енеді.
Дәріс оқитын профессорлар мен оқытушылардың 60%-інің ғылым докторы немесе ғылым кандидаты атағы бар (1997). Институт ең жаңа оқу жабдықтарымен жарақтандырылған. 1977 — 97 жылдар аралығында институтта 1400-ден астам инженерлер, ғылыми қызметкер, өндіріс ұйымдастырушылары мен басшылары даярланды.
## Тарихы
1960 жылы Қазақстанда Қазақ Политехникалық институтында (қазіргі Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ) инженер-энергетиктерді дайындау басталды. Ол 1966 ж. инженер-электриктердің және инженер-жылу энергетиктердің бірінші түлектерін шығарды. 1975 ж. Қазақстан КП ОК және КСР Министрлер Кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақ Политехникалық инситутының энергетикалық факультеті базасында Алматы энергетика институтын құру туралы КСРО Министрлер Кеңесі мен СОКП ОК шешімі қабылданды. Бұл мамандықтардың кең саласы бойынша және үлкен көлемде инженер-энергетиктерге мұқтаж Екібастұз отын-энергетика кешенінің, қуатты жылу электр станциялары құрылысының, жоғары кернеуде электр таратудың бірегей желілерінің қарқынды дамуы болып табылады. Алматы энергетика институтының бірінші ректоры болып техника ғылымының докторы, профессор - Болотов Альберт Васильевич сайланды, ол осы институтты он жыл басқарды. Бұл жылдары институт Республиканың жетекші ЖОО-ларының бірі және КСРО-да энергетикалық ЖОО-ның үшіншісі болды (Мәскеу және Ивановск энергетикалық институттарынан кейін). 1994 ж. институт ректоры қызметіне техника ғылымдарының докторы, профессор Трофимов Герман Геннадьевич тағайындалды. 1989 ж. Алматы энергетика институты Қазақстанда бірінші рет КСРО Мембілім Мемлекеттік Инспекциясы комиссиясымен аттестатталды. Осылайша, АЭИ-де мамандар дайындаудың жоғары деңгейі Одақтық деңгейде ресми танылды. Бұл институттың жас басшылығы мен оқытушылар ұжымының үлкен жетістігі болды. 1996 ж. мамыр айында Қазақстан Үкіметі Қаулысымен жоғары оқу мекемелерінің көлемді қайта құруы жүргізілді: Республика облыстарында осы өңірдегі жоғары оқу орындарын біріктіру жолымен өңірлік университеттер құрылды. Алматы энергетика институты Қазақ ұлттық техникалық университетіне «Энергетика мен Телекоммуникацияның Оқу-ғылыми кешені» (ЭжТ ОҒК) құрылымдық бөлімше сапасында қосылды.1997 жылдың мамыр айында «ЭжТ ОҒК» Алматы энергетика және байланыс институты болып қайта құрылды және коммерциялық емес акционерлік қоғамы статусына ие болды. Жаңа институттың ректоры болып Даукеев Ғұмарбек Жүсіпбекович сайланды. 2010 ж. 1 маусымында Алматы энергетика және байланыс институты магистранттар мен PhD-докторанттарын дайындау құқы мен университет статусын алды және оның жаңа атауы – «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (АЭжБУ) болды. 2010 ж. 1 маусымында Алматы энергетика және байланыс институты магистранттар мен PhD-докторанттарын дайындау құқы мен университет статусын алды және оның жаңа атауы – «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (АЭжБУ) болды.
## Бүгінгі күндегі АЭжБУ жағдайы
Бүгінгі күнде АЭжБУ - энергетика, ақпараттық технологиялар, автоматика, радиоэлектроника және телекоммуникация саласында тек Қазақстанда ғана емес барлық Орта Азия елдерінде мамандар даярлау бойынша жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі. АЭжБУ сапа менеджмент жүйесі жоғары кәсіптік білім кадрларын даярлау бойынша білім беруге қатысты ИСО 9001:2008 стандартына сәйкес деп танылды. «IQ Net» Халықаралық қауымдастығының әріптесі – «Рускиий регистр» сертификаты бойынша Қауымдастық сәйкестік сертификатын берді. Мұндай сертификат әлемнің 33 еліне жарамды болып табылады. Университет 2011 ж. кезекті мемлекеттік аттестаттаудан ойдағыдай өтті.
## Университеттің құрылымы
Университетті басқару құрылымы: оқу-әдістемелік бөлімі, қаржы-әкімшілік бөлімі, халықаралық байланыс бөлімі, ғылыми-зерттеу секторы, маркетинг және кәсіби бағдарлау орталығы, ақпаратты-техникалық қамтамасыз ету орталығы, алты факультет: «Электр энергетика факультеті», «Жылу энергетика факультеті», «Радиотехника және байланыс факультеті», «Ақпараттық технологиялар факультеті», «Сырттай оқу және мамандарды қайта дарлау факультеті», «Жоғары оқу орнына дейінгі даярлық факультеті», жиырма үш кафедра, алты тақырыптық ғылыми-зерттеу зертханалары және үш ғылыми-қолданбалы орталық. Университеттің материалды базасы: 3 оқу ғимараты, ғылыми зертхана ғимараты, 0,7 млн. бірліктен астам кітап қоры бар кітапхана, 411 орынды 8 оқу залы, оқу залымен арнайы жабдықталған электронды кітапхана, 1245 төсек-орынды 3 студенттер жатақханасы, 3 асхана мен 3 буфет, акт залы, би залы бар жастар орталығы, екі спорт залы, күрес залы, жаттығу залы және т.б. Мини-футболға, волейболға, баскетболға арналған ашық спорт және гимнастика алаңы бар. Оқу барысында 1000-нан астам компьютерлер пайдаланылады, оның ішінде 600-ге жуық компьютердің Интернетке қатынау мүмкіндігі бар.
«АЭжБУ» Ғылыми-зерттеу орталықтары: «Энергияны қайта жаңғырту көздері мен энергия үнемдеудің жаңа технологиялары», «Су технологиялары және су-химиялық режімдер», «Оқу жабдықтары». «АЭжБУ» тақырыптық ғылыми-зерттеу зертханалары: «Отын-энергетика кешені проблемаларын зерттеу», «Энергетикалық мониторинг және экспертиза», «Өнеркәсіптік экология», «Энергия», «Наноэлектроника», «ТП БАЖ», «Ақпараттық технологиялар» студенттік ғылыми-зерттеу зертханасы. Оқу жұмысындағы ынтымақтастық: 1997ж. 15 шілдеде АЭжБУ біріншілердің бірі болып Мәскеу энергетика институтымен бірегей білімдік кеңістікті сақтау мақсатында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Шартпен нақтысында барлық мамандықтар қамтылды. 2008 жылдың науырызында «МЭИ-мен екінші экономикалық білім алу шеңберінде сырттай оқыту бағдарламасын бірлесіп ұйымдастыру туралы» тағы бір шартқа қол қойылды. АЭжБУ студенттері бір уақытта қос диплом: АЭжБУ техникалық білім туралы дипломын және МЭИ экономисі дипломын ала алады. Қазіргі уақытта бірлескен осы бағдарлама бойынша 222 адам оқып жатыр. Бүгінгі күнде АЭжБУ: «Мәскеу энергетика институты» Ұлттық зерттеу университетімен; «Том политехника университеті» МБМ-мен; Новосібір мемлекеттік техникалық университетімен; Саутгемптон университетімен (Ұлыбритания); С.И. Георгиевский ат. Крым мемлекеттік медициналық университетімен және т.б. алыс-жақын шет елдің жоғары оқу орындарымен, ұйымдарымен ынтымақтастық жасайды.2009 ж. Алматы энергетика және байланыс университетінде мұқтаж студенттерге әлеуметтік қолдау көрсетуді, университеттің материалды-техникалық базасын дамытуға жәрдемдесуді, кәсіпорындардың ғылыми-тезникалық мәселелерін шешуді, жас мамандарды жұмысқа орналастыруға көмектесуді нығайту мақсатында «Бітірушілер қауымдастығы» құрылды. Университет Республикадағы энергетика және телекоммуникация саласындағы кәсіпорындардың инженер-техника қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда елеулі рөл атқарады. Энергетик-мамандардың, автоматшылардың, байланысшылардың, электроншылардың біліктілігін арттыру бойынша 39 оқу бағдарламасы жасалды. Келесі ұйымдар мен кәсіпорындар өз қызметкерлерін «АЭжБУ»-де қайта даярлауға және біліктілікті көтеруге жіберіп отырады: «Атырауская ТЭЦ» АҚ,«Акмолинская РЭК» АҚ, «АқтөбеМунайгаз» АҚ, Атырау Мұнай және газ институты, «Атырау Жарык» АҚ, «АлматыЭнергосбыт» ЖШС, «Актобе ТЭЦ» АҚ, «Васильковский горно-обогатительный комбинат» АҚ, «Жамбылские электрические станции» АҚ, «Инфромэнерго» ЖШС, «Жайыктеплоэнерго» АҚ, «Западно-Казахстанская РЭК» АҚ, «Заремский ГОК» АҚ,«Жамбылская ГРЭС» АҚ, «Кооперативный университет «Самрук-Казына» ЧУ, «Казхром» АҚ, «КEGOC» АҚ, «НК КазТемирЖолы» АҚ, «Костанайская теплоэнергетическая компания» АҚ, «КокшетауЭнерго» АҚ, «Кызылординская РЭК» АҚ, «Казцинкэнерго» АҚ, «Мангистауская РЭК» АҚ, «МежрегионЭнергоТранзит» ЖШС, «Caspian Training Group», «Северо-Казахстанская РЭК» АҚ, «СазанКурак» ЖШС, «Соколовско-Сарбайское горно-обогатительное производственное объединение» АҚ, «Энергосистема» ЖШС, «3-Энергоорталык» АҚ,«Фирма «ФИЗТЕХ» ЖШС,«КАТЭК» АҚ, «Центр карьерного роста» ЖШС және т.б. Бүгінгі күнде университетте 5,5 мың студент, соның ішінде 4,5 мыңы күндізгі бөлімде, 12 бакалавриат және 6 магистратура мамандықтары бойынша оқиды. Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-эксперименталды, жобалық және сараптамалық жұмыстар, сонымен қатар кәсіпорындар және ұйымдар тапсырысы бойынша жыл сайын 200 млн. теңгеге қызметтер өткізіліп отырады
Университеттің материалдық базасы
28077,5 м2 – оқу корпустарының ауданы978 м2 – ғылыми-зертханалар ауданы19750 м2 – студенттердің 3 жатақханасының ауданы1245 – жатақханалардағы төсек-орындар саны12 м2 – 1 студентке бөлінген пайдалы оқу ауданы196 – 3 асхана мен 3 буфеттегі отыратын орындар320 мест - акт залы700 м2 - дискозал, брейн-рингке арналған бөлмелері, КТК командалары, дебат клубы, көркемөнерпаздар үйірмесі әртістерінің фонограммалар жазбасы студиясы бар жастар орталығы1432 м2 - екі спортзал, күрес залы, жаттығу залы және т.б.4225 м2 - шағын-футбол, волейбол, баскетбол және гимнастика алаңына арналған ашық спорт алаңы
КІТАПХАНА1686 м2- жалпы ауданы8 оқу залы, соның ішінде 3 жатақхананың әрқайсысында 1 оқу залы, оларда 411 – отыратын орындар0,7 млн. кітап сақтау бірлігі2428 электрондық кітапханадағы оқу-әдістемелік, ғылыми-техникалық және кәсіптік құжаттар300 мерзімдік басылымдар атауы (газеттер мен журналдар)
2010 Ж.КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 1041 – компьютерлердің жалпы саны657 оқу мақсаттары үшін пайдаланылады70 ғылыми мақсаттарда пайдаланылады261 әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылады 716 - желіде609 – Интернет желісінде ФАКУЛЬТЕТТЕРЖЭФ – жылуэнергетика факультетіЭЭФ – электрэнергетика факультетіРжБФ – радиотехника және байланыс факультетіАТФ – ақпараттық технологиялар факультетіСОжМҚДФ – сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультетіИДДФ – институтқа дейінгі дайындық факультеті
АЭЖБУ-ДІҢ БІТІРТУШІ КАФЕДРАЛАРЫ. 1.«Өнекәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау»2. «Электр стансалары, желілері мен жүйелері»3. «Электржетегі және өнеркәсіп қондырғыларын автоматтандыру»4. «Жылуэнергетикалық қондырғылар»5. «Өнеркәсіптік жылуэнергетика» 6. «Инженерлік кибернетика»7. «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару»8. «Автоматты электрбайланысы» 9. «Радиотехника»10. «Телекоммуникациялық жүйелер»11. «Электроника»12. «Компьютерлік технологиялар»13. «Ақпараттық жүйелер»14. «Еңбек және қоршаған ортаны қорғау» 15. Бритиш газ компаниясының қолдауымен Саутгемптон университетімен (Ұлыбритания) бірлесіп құрылған «Би Джи ғылыми табиғатпайдалану методология-сы»
5В071700 – «Жылуэнергетика» төмендегі мамандандырулар бойынша:- жылуэлектр стансалары- су және отын технологиясы - жылутехнология энергетикасы- өнеркәсіптік жылуэнергетика- шағын кәсіпорындар мен ұйымдардың энергия жабдығы және энергия шаруашылығы5В071800 – «Электрэнергетика» төмендегі мамандандырулар бойынша:- электр стансалары- электр жүйелері мен тораптары -релелік қорғаныс және электрэнергетика жүйелерін автоматтандыру- электрмен жабдықтау -дәстүрлі емес және жаңғыртылатын энергия көздері- электрмеханика- электроқшауламалы, кабельдік және конденсаторлық техника- электр технологиялық қондырғылар және жүйелер- электржетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру - жарық техникасы және жарық көздері 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару» төмендегі мамандандырулар бойынша:- басқару жүелерін автоматтандыру және ақпараттандыру- технологиялық процесстерді және өндірісті автоматтандыру5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»5В070300 – Ақпараттық жүйелер төмендегі мамандандырулар бойынша:- отын энергетика кешендеріндегі ақпараттық жүйелер-телекоммуникациялар мен байланыстағы ақпараттық жүйелер5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» төмендегі мамандандырулар бойынша:- ұялы радио жүйелері және телехабар-теледидар, бейнебақылау жүйелері және ғарыштық бақылау жүйесі- байланыстағы экономика және менеджмент - телекоммуникация желілері және коммутациялық жүйелері- көпарналы телекоммуникация жүйелері- электрондық жүйелер және технологиялар5В074600 – «Ғарыш техникасы және технологиялары» төмендегі мамандандырулар бойынша:- ғарыштық байланыс және навигация жүйесі - ұшу аппараттарын автоматты басқару жүйесі 5В060200 – «Информатика»5В073100 – «Өміртіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» төмендегі мамандандырулар бойынша:- өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі - қоршаған ортаны қорғау (экологиялық қауіпсіздік)5В081200 – «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету»5В050600 – «Экономика» төмендегі мамандандырулар бойынша:- байланыс саласындағы экономика - энергетика саласындағы экономика 5В050700 - «Менеджмент» төмендегі мамандандырулар бойынша:- байланыс саласындағы менеджмент- энергетика саласындағы менеджмент
ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ (ПОҚ)914 – АЭжБУ-да жұмыс істейтіндердің жалпы саны400 - штаттағы оқытушылар50 – қосымша жұмыс істейтін оқытушылар50 % - ғылым докторлары және кандидаттары ғылыми дәрежесі, магистрлік академиялық дәрежесі бар.
1997 жылдан бастап 2010 жылға дейін күндізгі бөлімге
28077,5 м2 – оқу корпустарының ауданы978 м2 – ғылыми-зертханалар ауданы19750 м2 – студенттердің 3 жатақханасының ауданы1245 – жатақханалардағы төсек-орындар саны12 м2 – 1 студентке бөлінген пайдалы оқу ауданы196 – 3 асхана мен 3 буфеттегі отыратын орындар320 мест - акт залы700 м2 - дискозал, брейн-рингке арналған бөлмелері, КТК командалары, дебат клубы, көркемөнерпаздар үйірмесі әртістерінің фонограммалар жазбасы студиясы бар жастар орталығы1432 м2 - екі спортзал, күрес залы, жаттығу залы және т.б.4225 м2 - шағын-футбол, волейбол, баскетбол және гимнастика алаңына арналған ашық спорт алаңы
КІТАПХАНА1686 м2- жалпы ауданы8 оқу залы, соның ішінде 3 жатақхананың әрқайсысында 1 оқу залы, оларда 411 – отыратын орындар0,7 млн. кітап сақтау бірлігі2428 электрондық кітапханадағы оқу-әдістемелік, ғылыми-техникалық және кәсіптік құжаттар300 мерзімдік басылымдар атауы (газеттер мен журналдар)
2010 Ж.КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 1041 – компьютерлердің жалпы саны657 оқу мақсаттары үшін пайдаланылады70 ғылыми мақсаттарда пайдаланылады261 әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылады 716 - желіде609 – Интернет желісінде ФАКУЛЬТЕТТЕРЖЭФ – жылуэнергетика факультетіЭЭФ – электрэнергетика факультетіРжБФ – радиотехника және байланыс факультетіАТФ – ақпараттық технологиялар факультетіСОжМҚДФ – сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультетіИДДФ – институтқа дейінгі дайындық факультеті
АЭЖБУ-ДІҢ БІТІРТУШІ КАФЕДРАЛАРЫ. 1.«Өнекәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау»2. «Электр стансалары, желілері мен жүйелері»3. «Электржетегі және өнеркәсіп қондырғыларын автоматтандыру»4. «Жылуэнергетикалық қондырғылар»5. «Өнеркәсіптік жылуэнергетика» 6. «Инженерлік кибернетика»7. «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару»8. «Автоматты электрбайланысы» 9. «Радиотехника»10. «Телекоммуникациялық жүйелер»11. «Электроника»12. «Компьютерлік технологиялар»13. «Ақпараттық жүйелер»14. «Еңбек және қоршаған ортаны қорғау» 15. Бритиш газ компаниясының қолдауымен Саутгемптон университетімен (Ұлыбритания) бірлесіп құрылған «Би Джи ғылыми табиғатпайдалану методология-сы»
5В071700 – «Жылуэнергетика» төмендегі мамандандырулар бойынша:- жылуэлектр стансалары- су және отын технологиясы - жылутехнология энергетикасы- өнеркәсіптік жылуэнергетика- шағын кәсіпорындар мен ұйымдардың энергия жабдығы және энергия шаруашылығы5В071800 – «Электрэнергетика» төмендегі мамандандырулар бойынша:- электр стансалары- электр жүйелері мен тораптары -релелік қорғаныс және электрэнергетика жүйелерін автоматтандыру- электрмен жабдықтау -дәстүрлі емес және жаңғыртылатын энергия көздері- электрмеханика- электроқшауламалы, кабельдік және конденсаторлық техника- электр технологиялық қондырғылар және жүйелер- электржетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру - жарық техникасы және жарық көздері 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару» төмендегі мамандандырулар бойынша:- басқару жүелерін автоматтандыру және ақпараттандыру- технологиялық процесстерді және өндірісті автоматтандыру5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»5В070300 – Ақпараттық жүйелер төмендегі мамандандырулар бойынша:- отын энергетика кешендеріндегі ақпараттық жүйелер-телекоммуникациялар мен байланыстағы ақпараттық жүйелер5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» төмендегі мамандандырулар бойынша:- ұялы радио жүйелері және телехабар-теледидар, бейнебақылау жүйелері және ғарыштық бақылау жүйесі- байланыстағы экономика және менеджмент - телекоммуникация желілері және коммутациялық жүйелері- көпарналы телекоммуникация жүйелері- электрондық жүйелер және технологиялар5В074600 – «Ғарыш техникасы және технологиялары» төмендегі мамандандырулар бойынша:- ғарыштық байланыс және навигация жүйесі - ұшу аппараттарын автоматты басқару жүйесі 5В060200 – «Информатика»5В073100 – «Өміртіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» төмендегі мамандандырулар бойынша:- өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі - қоршаған ортаны қорғау (экологиялық қауіпсіздік)5В081200 – «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету»5В050600 – «Экономика» төмендегі мамандандырулар бойынша:- байланыс саласындағы экономика - энергетика саласындағы экономика 5В050700 - «Менеджмент» төмендегі мамандандырулар бойынша:- байланыс саласындағы менеджмент- энергетика саласындағы менеджмент
МАГИСТРАТУРА БАҒДАРЛАМАЛАРЫ- төмендегі мамандықтар бойынша бір жарым жылдық күндізгі бюджеттік кәсіптік және екі жылдық ғылыми-педагогикалық магистратура :6М070200 – «Автоматтандыру және басқару»6М071700 – «Жылуэнергетика»6М071800 – «Электрэнергетика»6М071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚазақстандық және еуропалық білімнің үйлесуіне, білім беру процесінің сапасын арттыруға жәрдемдесетін халықаралық ынтымақтастықтың жаңа формаларын іздестіру және білім беруді интернационалдау АЭжБУ-дің халықаралық қызметінің дамуының басым бағыты болып табылады. АЭжБУ-дағы Халықаралық ынтымақтастық ғылым саласында Кеңес Одағының ыдырауымен, ал білім беру саласында – тоқсаныншы жылдардың ортасында белсенді түрде дами бастады, бұд кезде ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес және Азия даму банкі (Жапония банкі) есебінен АЭжБУ-дің 13 бітірушісі әртүрлі магистрлік бағдарлама бойынша Азия технологиялық институтына жіберілді. Осы бағдарламаның барлық қатысушылары табысты қорғап шықты және қайтып келгеннен кейін алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білді.Халықаралық ынтымақтастық саласында, халықаралық академиялық алмасуды белсенді ұйымдастыру, магистранттар мен докторларды бірлесіп дайындау саласында Алматы энергетика және байланыс университетінің қызметін оңтайландыру мақсатында 22.10.2007 ж. №80 бұйрық негізінде АЭжБУ-да халықаралық байланыс бөлімі құрылды.Оқу жұмысындағы Ынтымақтастық: Барлық мамандық бойынша бірыңғай білім беру жүйесін сақтау мақсатында 1997 жылдың 15 шілдесінде АЭжБУ алғашқылардың бірі болып Мәскеу энергетикалық институтымен (ТУ) ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды, 2008 жылдың наурыз айында сырттай оқу бөлімі бағдарламасын немесе АЭжБУ студенттерінің екінші экономикалық білім алу бағдарламасын бірлесіп ұйымдастыру бойынша тағы да бір шартқа қол қойылды. АЭжБУ студенттері бір мезгілде екі диплом алады: АЭжБУ-дің техникалық білімі туралы диплом және Мәскеу энергетикалық институтының экономист дипломы. Қазіргі кезде бірлескен бағдарлама бойынша 222 адам білім алуда.2006 жылдың 2 шілдесінен бастап “АЭжБИ” коммерциялық емес АҚ және “Томск политехникалық университеті” жоғары кәсіптік білім беру Мемлекеттік білім мекемесі арасында ынтымақтастық туралы шарт қкүшіне енді:– 2006 жылдан бастап магистрларды бірлесіп дайындау туралы, осының негізінде Алматы қаласындағы ТПУ өкілдерімен әңгімелесуден өткеннен кейін АЭжБУ студенттері магистрлік бағдарлама бойынша Ресей грантын ұтып алу сайысына қатысады. АЭжБУ-дің 15 астам бітірушісі Ресей гранты бойынша ТПУ магистратурасында оқиды. – 2007 жылдан бастап студенттер алмастыру туралы
– Cisco IT Essentials– Cisco CCNA Exp.– Cisco Network Security– FWL– Fundamentals of Java2007 ж. бастап АЭжБУ Microsoft Халықарарлық корпорациясымен (Орталығы-Ирландия) бірлесіп жұмыс істейді, және IT Microsoft Академиясы бола отырып сертификат беретін Windows 2003 басқару бойынша студентер дайындайды. Есеп беру кезеңі ішінде 25 адам сертификат алды.
02.07.02 жылдан бастап АЭжБУ және Абу Райхан Беруни атындағы Ташкент Мемлекеттік техника университеті арасында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде және энергетика мамандарын, басқа мамандарды және өтінім бойынша жоғары білікті ғылыми кадрларды дайындауда АЭжБУ ғалымдары мен оқытушыларына жәрдемдесу туралы шарт қолданылып келеді.
Оқытушылар мен студенттердің Халықаралық конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысуы: АЭжБУ-дің «Internationalization of Higher Education, Trends, Strategies, and Scenarios for the Future» атты бірінші Халықаралық конференцияға қатысуы білімді интернационалдау мәселелерін шешу жолдарын көрсетті. Бұл шараны әртүрлі деңгейдегі және елдердегі кәсіптік білімді шоғырландыру мақсатында 2010 жылдың сәуір айында Мәскеу қаласында Ресей Федерациясы кадрларын дайындаудың ұлттық қоры ұйымдастырды. 2010 жылдың қыркүйегінде И.Э.Сулейменов «Анахарсис» жобасы бойынша халықаралық конференцияға қатысты, бұл конференция В.И. Вернадский атындағы Тавр Ұлттық Университетінде өтті. 2010 жылдың күзінде «Би Джи ғылыми табиғатпайдалану методологиясы» кафедрасының қызметкерлері Илющенко М.А. және Яковлева Л.В Ресей РҒА ұйымдастырған және Мәскеу қаласында өткен «БИОСФЕРАДАҒЫ СЫНАП: ЭКОЛОГИЯ-ГЕОХИМИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР» атты Халықаралық симпозиумда және Зальцбургкте (Австрия) ауылшаруашылық, орман шаруашылығы және қоршаған орта Федералдық Министрлігі өткізген 11 Халықаралық Еуропалық конференцияда мына тақырыптар бойынша баяндама жасады: «Павлодар өнеркәсіптік ауданының солтүстік бөлігінің жер асты суларының сынаппен ластануының математикалық моделі (Қазақстан Республикасы)»; «Қазақстандағы сілтілік-хлор және ацетальдегид өндірісін демеркуризациялау тәжірибесі»; «Сынаппен ластанған су нысандары мен аумағын ремедиация технологиясы үшін бағыттардың ауысуы». АЭжБУ-дің “Ақпараттық технологиялар”факультетінің 4 курс студенті Трунов К. 2010 жылдың желтоқсанында өткен «IT-Планета 2010» ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы студенттер үшін Халықаралық олимпиаданың «1С Бағдарламалау: Кәсіпорын 8» сайысында бірінші орын алды. АЭжБУ-дің студенттері мен оқытушылары «Еуразияның энергетикалық картасы – тәуекелдік балансы және жаңа мүмкіндіктер» атты KazENERGY-дің V форумы шеңберінде 2010 жылдың 4-5 қарашасында өткен «Petrobilim» Халықаралық сайысының инновациялық жобасына қатысты.Г.Т.Мусатаеваның басшылығымен АЭжБУ-дің «AUPET - 1» командасы «Return on Credibility and Knowledge» номинациясы бойынша ең мықты ондықтар қатарына кірді. Біздің қонақтарымыз: Ақпараттық технологиялар, электрэнегетика, жылуэнергетика, жаңғыртылатын энергия көздері, радиотехника, телекоммуникация мамандықтары бойынша білім саласында шетелдік мамандардың сапарлары белсенді түрде ұйымдастырылуда. Соңғы бірнеше жыл ішінде байланысты реттеу және ынтымақтастықты одан әрі жүзеге асыру үшін АЭжБУ-ға келген қонақтар мыналар:– Тревор Тентон –Саутгемптон университетінің профессоры. Мақсаты – Би Джи Ғылыми Табиғатпайдалану Методологиясы кафедрасымен бірлесіп басқару; – Чарлз Банкс – Саутгемптон университетінің профессоры. Мақсаты – бірлескен Халықаралық жобаны үйлестіру;– Деррик Кларк – Саутгемптон университетінің профессоры. Мақсаты – бірлескен Халықаралық жобаны үйлестіру;– Соня Хевен – Саутгемптонс университетінің профессоры. Мақсаты – Би Джи Ғылыми Табиғатпайдалану Методологиясы кафедрасымен бірлесіп басқару; – Алан Ховард – Саутгемптон университетінің профессоры. Мақсаты - бірлескен Халықаралық жобаны үйлестіру;– Сэм Эбельбаум – Пейс университетінің профессоры, АҚШ. Мақсаты – АЭжБУ-мен танысу, білім саласындағы байланысты жақсарту;– Очков В.Ф. - МЭИ-дің т.ғ.д., профессор. Мақсаты– «Энергетиктер үшін ақпараттық технологиялар»тақырыбындағы дәріс;– Тронд Далсвен –«Energy saving» компаниясы, Норвегия. Мақсаты – қызметкерлер мен оқытушыларды энергия үнемдеу технологияларына оқыту;– Марианн Тымовский, Роберт Вербинский –«Protym air system» компаниясы, Польша. Мақсаты – «Жылу сорғылары негізінде жылумен қамту жүйесін жобалау» тақырыбына таныстыру дәрісі;– Люсиль Жириа – Франция және Кенстоф Лоренс елшілігінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша атташе. Келу мақсаты – АЭжБУ-мен танысу, институт профессорларымен және студенттерімен кездесу. – Мадия Камал Нашаруддин Мустафа – профессор, Сити Салбаах Шариф - Тенага энергетика университетінің Орталығының доценті, Малайзия. Мақсаты – энергетика саласында ынтымақтастықты реттеу, наурыз 2010 ж.Халықаралық бірлескен бағдарламалар: АЭжБУ «Энергетика және тұрақты даму саласындағы инженерлер мен экономистерге арналған магистрлік бағдарлама» Темпус білім жобасына қатысады. Бұл жобаға Финляндия, Франция, Гермния, Италия, Ресей және Қазақстанның 11 университеті қатысады. Жоба тұрақты даму мәселелерінің үдемелі мәніне, шикізат қорларын (мұнай, газ және т.б.) пайдалану кезінде кәсіпорынның жауапкершілігіне, экологиялық нормалардың (энергетикалық саясат, өнеркәсіптік қызметті реттеу) сақталу қажеттілігіне, энергетикалық қызмет нарығын жеңілдету және қорларды экспорттаудың жаңа халықаралық нормалары мен тетіктеріне бейімделуге байланысты Ресей мен Қазақстанның энергетикалық және өнеркәсіптік секторларының кәсіпорындары үшін кадрлар дайындау саласында жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған.
Қатысушы- елдер өкілдерінің қорытынды кеңесі Алматы қаласында 2011 жылдың 15 желтоқсаны күні өткізілетіндігі анықталды, мұнда жоба бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері көрсетіледі. АЭжБУ өкілдері 2009 жылдың мамыр айындағы “ШЫҰ мемлекеттері- мүшелерінің білім жүйелерінің өзара іс қимыл жасау инфрақұрылымдарын қалыптастыру” атты Халықаралық конференцияға қатысты және АЭжБУ ШЫҰ (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы) Университетінің бірлескен білім бағдарламасының қатысушысы болды. Білім, ғылым және технология саласында шоғырлану процестерін дамыту, жастардың сапалы да заманауи білім алу мүмкіндіктерін кеңейту, ал оқытушылар мен ғалымдардың ғылым саласында байланыс орнатуын дамыту ШЫҰУ –дің негізгі мақсаты болып табылады.АЭжБУ ШЫҰ мемлекеттері- мүшелері, сондай-ақ бақылаушы-елдердегі (Моңғолия, Үндістан, Иран, Пәкстан ) жұмыс істеп жатқан университеттер желісі ретінде қызмет жасауы тиіс.АЭжБУ ШЫҰ Университетін құрайтын басқа ЖОО–ның арасында Қазақстанның базалық ЖОО болып табылады, энергетика саласында ұлттық үйлестіруші- ЖОО болып табылады. Осы бағдарламаны іске асыру үшін төменде көрсетілген тармақтарға қол қойылды: - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Университетін құру бойынша Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Фдерациясы мен Тәжікстан Республикасы жоомен бірлесіп жұмыс істеу туралы Меморандум;- “Энергетика бағыты бойынша магистрлік бағдарламаларды іске асыру туралы “ Мәскеу энергетика институты мен Новосибирск Мемлекеттік Техникалық Университеті арасында жасалған екі жақты шарт.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми сайты |
Ақжарма (1997 жылға дейін — Ильич) — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Ақжарма ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Тереңөзек ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км жерде, Ақжарма каналы жағалауында, шөл белдемінде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1957 жылы ұсақ артельдер негізінде ұйымдасқан Ленин атындағы ұжымшар орталығы ретінде қаланды. Ауылда күріш ақтайтын 4 цех, ұн тартатын диірмен, макарон цехы жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, ауылдық емхана, мәдениет үйі, кітапхана, монша, мешіт бар.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2830 адам (1469 ер адам және 1361 әйел адам) болса, 2009 жылы 2545 адамды (1340 ер адам және 1205 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақжар — Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ауыл, Ақжар ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жосалы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 55 км жерде, құмдақ шөлді белдемде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1929-31 жылдары №8 артель ретінде құрылды. 1935 жылы МТС, 1950 жылы «Қазақстанның 30 жылдығы» атындағы ұжымшар, одан кейін «Сталин» ұжымшары болды. 1957 жылы ұжымшар күріш өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығына айналды. 1997 жылы кеңшар негізінде ауылда өндірістік серіктестік құрылды.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2436 адам (1309 ер адам және 1127 әйел адам) болса, 2009 жылы 2231 адамды (1197 ер адам және 1034 әйел адам) құрады.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, балалар бақшасы, учаскелік аурухана, күріш ақтайтын диірмендер жұмыс істейді .Сонымен қатар ауылдық мешіт салынған. Ауыл толық таза сумен қамтамасыз етілген.
## Дереккөздер |
Ақжелең — домбыра күйлерінде қалыптасқан музыкалық жанр.
Қазақстанның батыс өңірінде әрбір орындаушы өзін күйшілік санатқа кіргізу үшін алпыс екі Ақжелеңді түгел тарту шарт болған. Бұл өзіндік орындаушылық мектеп сияқты. Сондықтан ел арасында “Алпыс екі Ақжелең”, “Алпыс екі салалы Ақжелең” немесе “Алпыс екі тамырлы Ақжелең” дейді. Алпыс екі Ақжелеңді Қаратас-Аймағамбет, Үсен-төре, Айжарық, Молдағали, Тілекеш, Боғда, Рах, Айша, Емберген, Қазаңғап сияқты күйшілер түгел орындаған. Ұзақ, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Еспай сияқты ұлы күйші-композиторларымыз осы дәстүрді жалғастырып өз Ақжелеңдерін шығарған. Қазанғап 62 Ақжелеңнің ең бірінші күйі “Күй шақырғышқа” “сірке қондырып” яғни мәнерлеп, байытып орындап, Әзірберген хан ұйымдастырған күйшілер сайысында бас жүлдеге ие болған.
## Дереккөздер |
Бұқат Қанапияұлы (1897, Қытай, Шығыс Түркістанның Алтай аймағы — 1941, Үрімжі) — қоғам қайраткері.
Шыңжаңдағы “Абақия” мектебін бітірген. 1933 жылы сәуірден бастап Сарсүмбе ауданының әкімі болған. Қытай билеушісі Уй Жыңго және Махыиң бастаған дүнген басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. 1939 жылы 11 сәуірде Шэн Ши Сай өкіметі Бұқатты тұтқынға алады. Бірақ көтерілісшілердің талабы бойынша, ол Алтай аймағының генерал-губернаторы болып тағайындалады. Алтай қазақтарының көтерілісінен кейін Бұқат қайта ұсталып, Үрімжідегі абақтыда азапталып өлтіріледі.
## Дереккөздер |
Жеке қаулы — мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдар мен олардың басшыларының назарын белгілі бір істі қарау кезінде анықталған заңның бұзылу дерегіне,қылмыс жасауға себепші болған жағдайларға аудару үшін соттың шығарған қаулысы. Жеке қаулыны сот оған жеткілікті негіз болған кезде кеңесу бөлмесінде қабылдайды. Сот жеке қаулыны алдын ала тергеу жүргізу кезінде немесе істі төменгі сот қараған кезде жіберілген, азаматтардың құқықтарының және заңның басқа да талаптарының бұзылуы байқалған кезде шығаруы мүмкін. Кейбір ұйымдар мен еңбек ұжымдарындағы жекелеген азаматтардың өндірістегі немесе тұрмыстағы теріс мінез-құлқына, қызметтік, азаматтық борышын бұзып жүргендігіне де сот жеке қаулы арқылы назар аудара алады. Сондай-ақ, қылмыстың жолын кесуге немесе қылмысты ашуға жәрдемдескен азаматтың азаматтық борышын өтеу кезінде көрсеткен жоғары саналылығы мен ерлігі туралы еңбек ұжымдары мен ұйымдарға ол туралы жеткізу керек болғанда сот жеке қаулы алады. Жеке қаулы бойынша бір ай мерзімнен кешіктірмей қажетті шаралар қабылдануы және оның нәтижелері туралы сот орнына хабарлануы тиіс.
## Дереккөздер |
Бұлдырты – Жайық алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданындағы Ақсуат ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1 км жерде.
## Бастауы
Былқылдаған және Жосалы бұлақтарының қосылған жерінен Бұлдырты аталады, оңтүстікте Жалтыркөл көліне құяды. Ұзындығы 195 км, су жиналатын алабы 4660 км2. Жалпы ұзындығы 258 км болатын 8 саласы бар. Басты салалары: Шилі, Тамды, Жымпиты. Жылдық орташа су ағыны 1,6 м3/с (Абай ауылы тұсында).
## Гидрологиясы
Бастауынан Қарағаш ауылына дейін өзен аңғары өте жатаған беткейлі келеді (биіктігі 20 м-ге дейін). Кей жерлерде оның екі жағасын бойлай құм төбелер созылып жатады. Бұлдырты өзенінің алабында жалпы су көлемі 0,85 млн. м3 болатын 6 тоған салынған. Суы шабындықтарды суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Бұқтырма – Ертістің оң саласы.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай, Алтай аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 336 км, су жиналатын алабы 12 660 км2. Сағасындағы жылдық орташа су ағыны 214 м3/с.
## Бастауы
Оңтүстік Алтай жоталарындағы мұздықтардан бастау алып, Ертістегі Бұқтырма бөгеніне құяды.
## Гидрологиясы
Өзен аңғарының беткейлері тік жар, терең шатқалды, аңғарының ені 5 — 6 км, тар жері 0,3 — 0,4 км. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Көктемде, жазда тасиды. Мұзқұрсау қарашаның 2-жартысында қалыптасып, әдетте 80-200 күнге созылады. Мұздың қалыңдығы 50-80 см болады. Суы өте жұмсақ әрі тұщы (100-250 мг/л). Өзен арнасымен ағаш тасымалданады, салалары егін суаруға пайдаланылады. Ағысының күштілігіне байланысты Бұқтырма атанған.
## Салалары
Басты салалары: Ақбұлақ, Сарымсақты, Ақ Берел, Черновая, Язовая, Бобровка, Черневая, Хамир, Тұрғысын, Коробиха
## Флора мен фаунасы
Тұнық суында қарауыз, таймен бар.
## Дереккөздер |
Ақжонасұлы Ер Кеңес — “Қырымның қырық батыры” эпостық жырының жеке батырлар туралы топтамасына енген жыр. 7-8 буынды жыр үлгісімен шығарылған толық күйіндегі нұсқасын 1942 жылы Бозтай Жақыпбаев Мұрын жыраудан жазып алып, қағазға түсірген.
Эпостық сарындағы батырлық жырда Ноғайлының ханы Ақжонастың қартайғанша бір перзентке зар болып, Бұхара маңындағы Арыстан шері әулиенің басына түнегеннен кейін Кеңес есімді ұлдың дүниеге келгені, оның есейген соң елін сыртқы жаудан қорғап, қалмақ Қарахан елін басып алуы, өзі жорықта жүргенде елін Бағлан таз деген қалмақ ханының шауып алып, халықты езгіге салғаны, одан Кеңестің өш алып, Қарлығаш сұлуға үйленуі қызғылықты баяндалады. Жырда елін, туған жерін сүйген қас батыр Кеңес бейнесі көзсіз ерлік белгісіндей елес береді. Бас қаһарманды суреттеуде әсірелеу тәсілі басым болғанымен Ер Кеңес бейнесі жас ұрпақты отаншылдыққа, ұлтын сүюге тәрбиелейді. “ Ақжонасұлы Ер Кеңес ” жыры Батырлар жырының 2-томында (1961), “Ақсауыт” жинағының 2-томында (1977), “Қазақ халық әдебиеті” көп томдығының 12-томында (1990) жарияланды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Қазақ Энциклопедиясы |
«Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма. Жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер мінезін даралап көрсеткен. Спандияр Көбеев екі рет Ленин орденімен марапатталған.1913 жылы Қазанда басылған жазушының «Қалың мал» романы қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш көлемді прозалық туынды болып саналады. Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнеленумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген.
## Дереккөздер |
Ақжүзгін, ақ қабық жүзгін (лат. Calligonum leucocladum) – тарандар тұқымдасына, жүзгін туысына жататын эндемик өсімдік.
Қазақстанда Каспий, Арал теңіздері жағалауларында, Атырау, Қостанай, Семей, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары, Қызылқұмның шөлді аймақтарында, Балқаш-Алакөл ойысында кездеседі. Биіктігі 1,5-2 м. Көп жылдық бұтақтарының қабығы ақ түсті, жас бұтақтары түзу де, қисық та болып бунақтанып өседі. Жапырағы жіңішке, таспа тәрізді, ұзындығы 2-4 мм келеді. Гүлдері өте ұсақ (ұзындығы 4 мм) және ол жапырақ қолтығында орналасқан.
Көкек — мамыр айында гүлдеп, мамыр — маусымда жеміс береді. Тұқымы арқылы көбейеді. Жемісі – сопақ, қатты қабықты жаңғақ тәріздес. Ақжүзгіннің пісіп қатпаған жемісіне ашқылтым шырын жиналады. Ол шырын аз да болса адамның шөлін басады. Сондықтан Ақжүзгінді кейде “қандым” деп атайды. Піскен жеміс құрамында 8%-ке дейін илік заттар болады. Гүлінен аралар бал жинайды. Тері илеуге, сондай-ақ бояуыш зат, отын, жемшөп ретінде пайдаланады. Қой мен түйе сүйсініп жейді. Бұталарынан алынатын фенол препараты медицинада қолданылады. Сусымалы құмда, қарға тосқауыл ретінде шөл, шөлейт жерлерде арнайы өсіріледі..
## Дереккөздер |
Бұлақты — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Бескөл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласының шығысында 9 км-дей жерде. Алакөл көлінің батысында, қуаң агроклиматтық белдемде орналасқан. Топырағы шалғынды-сазды және құмдауытты.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1993 жылға дейін Обуховка деп аталған. Елді мекенде балық аулаумен айналысатын бірнеше шағын кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Тұрғындары басқа ауылдармен автомобиль және темір жол арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Жаңақұрылыс — Алматы облысы Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылынан солтүстікке қарай 2 км жерде, Қарасу өзенінің жағалауындағы жусан аралас астық тұқымдас шөптесін өскен қоңыр, сұр қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1956 жылы Ұзынағаш сүт өндіретін кеңшарын құру негізінде қаланды. 1997 жылдан кеңшар негізінде 'Жаңақұрылыста серіктестік және бірнеше шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
## Инфрақұрылымы
Орталау мектеп, клуб, фельдшельдік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Жекешат тас мүсіні — орта ғасырлардан сақталған ескерткіш. Ұлытау өңіріндегі Қараторғай өзенінің бір саласы Бозай өзенінің Жекешат сайында орналасқан. 1946 — 50 жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Марғұлан) зерттеген. Мерзімі жағынан 14 ғасырға жатады. Мүсіннің басты ерекшелігі — оның бұрынғы түркі дәуіріндегі салт-жоралғыдан басқаша, жаңа тарихи кезеңнің дәстүрімен қойылуында. Мүсін кішігірім тас обаның түркі кезеңіндегідей шығыс жағында емес, солтүстік-батысына орнатылған. Беті де солтүстік-батысқа қарайды. Қызғылт қоңырқай түсті құмайт тастан жонылған. Биіктігі 110 см, ені 26 — 30 см, қалыңдығы 20 см. Мүсінші басына сәукеле киген, жаңа түскен жас келіншектің сұлу бейнесін кескіндеген. Сәукеленің осы мүсін таста келтірілген жеңіл түрін халық арасында желек деп атайды. Төбесі биік, басы шошақталған, арты әйелдің арқасына төгіліп тұратын мұндай желек үлгілері қазақ этнографиясының көптеген деректерінде жақсы сақталған.Жекешат тас мүсіні сипаты бойынша Орталық Қазақстан өңіріндегі тастан мүсін жасау дәстүрінің ең ақырғы кезеңіне жатады. 6 ғасырдан бастап тамыры арғы дәуірлерге баратын түркілердің тас мүсін өнері, кейінгі қыпшақ заманына қарай ислам діні тарапынан тыйым салынып, соңынан жойылып кеткен. 16 ғасырдан қазақ арасында тас мүсін орнына моланың солтүстік-батыс жағына қойылатын, бетіне арабша жазу түсірілген құлпытастар кеңінен тарады. Сондықтан Жекешат тас мүсіні ежелгі көне дәстүрдің жойылар алдындағы соңғы бой көрсетуінің бір үлгісі болып табылады.
## Дереккөздер |
Егесшілдік— адам мінезіндегі немесе әлеуметтік топтардың іс-әрекетіндегі жағымсыз сипат, олардың белгілі бір мәселе бойынша басқалармен түсінісіп, келісімге келудің орнына, ерегіс, тайталас, текетірес жолына түсуі. Егесшілдік — байсалдылыққа қарама-қарсы ұғым. Әркімнің өз мүддесін жөнсіз жоғары қоюымен сипатталады. Жас ұрпақ тәрбиесінде бала мінезіндегі егесшілдік белгілерін жою үшін оны мәселенің байыбына барып, парасатты шешім қабылдауға дағдыландырады.
## Дереккөздер:
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы |
Егеу — металдың жұқа қабатын жануға арналған көпжүзді (көптісті) металл кесетін аспап. Егеудің білік пішінде жасалған жұмыстық бөлігінде материал кесетін кертіктер жасалынады. Білігінің 1 см ұзындығына келетін кертіктер санына қарай егеу ірі тісті егеу (4,5 — 12 кертік), ұсақ тісті егеу (13 — 26) және ұлпа тісті егеу (42 — 80) болып ажыратылады. Ірі тісті егеу рашпиль, ал ұсақ тісті егеу надфиль деп аталады. егеу көлденең қимасының пішініне сәйкес жалпақ, үш қырлы, шаршы, айшық және жұмыр болып бөлінеді. Егеу жоғары көміртекті аспаптық болаттан жасалынып, беттік жасытудан өткізіледі. Олар слесарлық жұмыстарда, араның тісін қайрауға, т.б., сондай-ақ, металл емес материалдарды өңдеуге (мысалы, рашпильмен ағаш, былғары өңделеді) қолданылады.
## Дереккөздер:
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы |
Жаңалық — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл, Жаңалық ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 47 км жерде, Басқан өзенінің жағалауында, бұта, ши аралас селеу, боз, жусан теріскен басым өскен сұр, шалғынды сұр топырақты қуаң шөлейт белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1962 жылы “Басқан” қой өсіру кеңшарын құруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Жаңалықта шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Тарихи дерек
Жаңалық - 20 ғасырдың 30-40 - жылдары сталиндік саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз атылған адамдар жерленген азалы жер (Алматы қаласынан Іле станциясы арқылы Талдықорғанға қарай өтетін ескі жолдың бойы (қазіргі Жаңалық ауылы орналасқан жер)). 1937-1938 жылдары сталиндік жазықсыз жазалауға ұшырап, НКВД-ның жер асты қапастарында атылған мыңдаған адамдардың мәйіті түн қараңғысында осында тасып жеткізілген. Бұл қорымға жұмысшы, шаруа, малшы, әскерилер мен дін қызметкерлері, жазушылар мен әртістер, дәрігерлер мен ғалымдар, мемлекет қайраткерлері, тіпті оқушы жастар мен егде тартқан адамдар да жерленген. Олардың арасында қазақ халқының арасынан шыққан саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері бар деп есептеледі. Сондай-ақ, мұнда жерленгендер арасында орыс, еврей, грузин, украин, корей, молдаван, ұйғыр және т.б. ұлттың өкілдері бар. Бұл жерден Ресей мен ТМД-да, Аустрияда, Болгарияда, Кореяда, Польшада, Иранда, Венгрияда, Сирияда, Голландияда, Францияда, Финляндияда, Германияда, Израильде, Қытайда, Түркияда, Чехияда туғандарға да топырақ бұйырған.
## Дереккөздер |
Солтүстік қазақстан облыстық филармониясы, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік облыстық филармониясы – концерттік мекеме, 1965 жылы құрылды. Петропавл қаласындағы мәдениет сарайының концерттік-эстрада бюросы негізінде ұйымдастырылды. Филармония халық музыкасын, классикалық және осы заманғы музыка өнерін насихаттауға мол үлес қосты. Көп жылдар филармония құрамындағы ұлттық ұжымды М.Иманқұлова басқарды, директоры Э.Горин болды. Филармония құрамында «Қос алқа» атты қазақ эстрадалық ансамблі, музыкалық лекторий және эстрадалық топтар жұмыс істеді. Солтүстік Қазақстан обылыстық филормонияның қарамағында халық аспаптары, джаз, эстрадалық музыка оркестрлері және «Әдемі-ау» ансамблі, жеке әншілер тобы жемісті еңбек етіп келеді.
## Дереккөздер |
Баймағамбет Мырзаханұлы (1865-1925), Абайдың досы, ертегіші. Ескене ішіндегі Жуантаяқ руынан. Атасы Тұғанбай - Өскенбай бидің шабарманы - жауына жұмсайтын, қорықпайтын, еркөкірек жігіт болған. Туған әкесі Мырзахан ер көңілді, пысықтығы арқасында Құнанбайдың қасында жүрген. Баймағамбет Абайдың өмір бойы сенімді серігі боп, оның аузынан естіп-білгенінің барлығын халыққа таратып, насихаттауда үлкен еңбек сіңірген. Абай «Баймағамбетке» деп, әйелінін атынан әзіл өлең шығарған. Жастайынан сөзге жүйрік, сырға берік, зерделі, жертанығыш Баймағамбет «Абай ертекшісі» деген атаққа лайық болды. Әуезов Баймағамбетті өз көзімен көріп, ертегі-әңгімелерін тыңдаған. Абай, Құнанбай әулеті жөнінде құнды деректер естіген. «Біздің бағымызға, менің бағыма ертекші Баймағамбет ұзақ өмір сүрді. Жасымда оны көп көрдім, тындадым. Бір ғажабы - Абай аузынан естігендерін ұмытпаған еді. Соның бәрі маған ауадай сіңіп, көңіліме ұйыды» деп жазды ұлы суреткер. «Абай жолы» эпопеясында Баймағамбет бейнесі аса шебер, жылы юмормен суреттелген.
## Дереккөздер |
Бұлан — Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл, Бұлан ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жымпиты ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде, Шідерті өзенінің сол жағалауында орналасқан. Құрғақ қоңыржай агроклиматтық белдемде жатыр. Онда бетеге, боз, селеу, көде, т.б. шөптесіндер өседі.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 825 адам (414 ер адам және 411 әйел адам) болса, 2009 жылы 624 адамды (290 ер адам және 334 әйел адам) құрады.
Бұланда өндірістік кооператив пен шағын шаруа (фермер) қожалықтары жұмыс істейді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Бұланай Көлбайұлы (1747, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сайқан тауы — 1845, сонда) — палуан.
Шыққан тегі Орта жүз құрамындағы Найман тайпасының Қаракерей руы.
Орта жүздің ел басылары Қызылжарда өтетін Көкиірім съезі кезінде өнер көрсету үшін палуандар жинайды. Жәнібек Бердәулетұлы 20 балуанның арасынан Бұланайды таңдап алады. Зайсаннан 250 км жердегі Көкпектіге жақындағанда, Бұланай мінген ат болдырып, палуанды түйеге мінгізіп жеткізеді. Сол жиында 18 жасар Бұланай түйе палуан атанып, бас бәйгеге түйе, 15 арғымақ, 50 уақ мал алып қайтады. Абылай хан елшілігінің құрамында Пекинге барған Бұланай император сарайының алдындағы тастан қашалған қос арыстанның бірін жылжытып, өзінің жойқын күш иесі екенін қытайларға да танытады. 1997 ж. Зайсанда Бұланайға арнап ас берілді.
## Дереккөздер |
Төмендегі Сырдария өңірі – Арал теңізінің шығыс жағалауын, Сырдарияның атырауы мен төменгі ағысын, сол жағалық аңғарын және Қызылқұмға дейінгі құмды шөлді алып жатқан жазық. Төмендегі Сырдария өңірі негізінен Сырдария өзенінің көне атырау бөлігін қамтиды. Көне атырауды жауып жатқан аллювийлік шөгінді қабатының қалыңдығы 80 м-ге жетеді. Өңірдің топырақ жамылғысын жалды құмдар, сазды жазықтар және тақырлар құрайды. Өсімдік жамылғысы кедей.
## Сілтеме |
Ақкиізтоғай — Атырау облысының Жылыой ауданындағы ауыл, Ақкиізтоғай ауылдық округі орталығы.
## Орналасуы
Аудан орталығы – Құлсары қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде,Жем өзенінің жағалауында орналасқан. Жақын теміржол стансасы — Құлсары (42 км жерде), тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Тарихы
Кіші жүздің биі болған Қожаназар Жанайұлының асын бергенде Жем өзені бойында мың ағаш үй тігіліп, „Кіші жүздің ханы Айшуақтың жүретін жолына мініп келген арбасы тұрған жерден арнайы тігілген үйге дейін ақ киіз төселген екен. Сол алқап кейін Ақкиізтоғай аталған“ деп тарихшылар жазған.
## Халқы
1989 жылы елді мекенде 1210 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 1379 адам (735 ер адам және 644 әйел адам) болса, 2009 жылы 2232 адамды (1138 ер адам және 1094 әйел адам) құрады.
Ал 2021 жылы 1454 адамды (751 ер адам және 703 әйел адам) құрады.
## Әлеуметтік және мәдени нысандары
* №10 Амангелді атындағы орта мектеп — 1928 жылы 4 кластық бастауыш мектеп болып ашылды, 1938 жылы 7- жылдық мектепке айналды. Ал 1962-1963 оқу жылынан бастап 11 жылдық мектеп болды. 1975 жылы екі қабатты мектеп үйі, ал 1976 жылы интернат пайдалануға берілді. 1996-1997 жылдары интернат жабылды.
* «Ақбөбек» бөбекжай бақшасы
* Дәрігерлік пункт
* №2 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі — 2017 жылы ашылды.
## Шаруа қожалықтары, кәсіпкерлік
Бұрынғы кеңшар негізінде ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін “Жаңа таң” АҚ жұмыс істейді.
## Діни ұйымдар қызметі
* Есенгелді Нұршайұлы мешіті — Мешіт құрлысы 2004 жылы басталып 2005 жылы аяқталды. Құрлысты жүргізген «Жылыоймұнайгаз» және «Жаңа-Таң» ЖШС. Бір күмбезі бар. Ерлер және әйелдер намаз оқитын бөлмелері бар.
## Ауыл көшелері
* Айжарық Көшербайұлы көшесі
* Ақберен көшесі
* Ғани Мұратбаев көшесі
* Жаңа таң көшесі
* Жәңгір хан көшесі
* Қойшыбай Боқанов көшесі
* Меңдекеш Сатыбалдиев көшесі
* Молхат көшесі
* Мөңке би көшесі
* Мұқағали Мақатаев көшесі
* Сүйінбай Аронұлы көшесі
* Сыпыра жырау көшесі
* Сырбай Мәуленов көшесі
* Түркеш көшесі
* Тілекқабыл Жанаев көшесі
* Шалкиіз Тіленшіұлы көшесі
* Шафиық Ізбасов көшесі
* Ілияс Жансүгіров көшесі
## Ауыл суреттері
## Дереккөздер |
Зонд аралдары (зунд немесе сунд – Ява аралының батысындағы тайпаның атауы) — Малайя (Индонезия) топаралының негізгі бөлігі саналатын бір топ аралдар.Үлкен Зонд аралдары (Суматра, Ява, Калимантан, Целебес) мен Кіші Зонд аралдарына (ірілері Бали аралы, Ломбок, Сумбава, Сумба, Флорес, Тимор) бөлінеді. Соңғысына кейде Тимор мен Жаңа Гвинея арасындағы бір топ аралдарды да кіргізеді.
Ауданы – 1,4 млн. км2-ге жуық. Жер бедері, негізінен, таулы келген. Жанартаулық процестер дамыған. Аралдардың өн бойында ылғалды тропиктік орман, оңтүстік аралдарда муссондық ормандар қалыптасқан. Зонд аралдарында Индонезия, Малайзия, Бруней, Шығыс Тимор елдері орналасқан.
## Дереккөздер |
Арғын Арынұлы Сүлейменов (15.10.1916, Павлодар облысы, Май ауданы Қызылқұрама кеңшары – 13.6.1998, Алматы) – хирург-онколог, медицина ғылымдарының докторы (1966), профессор (1967), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1964). Қазақ медицина институтын бітірген (1940). 1951 – 1973 жылдары сол институтта факультеттік хирургия кафедрасының ассистенті, доценті, оқу ісі жөніндегі проректор, 1972 – 1982 жылдары. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры, 1982 – 1986 жылдары бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, Қазақ Кеңес энциклопедиясының медицина редакциясы редколегиясының төрағасы болды. Негізгі ғылыми еңбектері онкология және радиология мәселелеріне арналған. Ол өңеш және өкпе қатерлі ісіктері мен сүйекте жаңадан пайда болған қатерсіз ісікті емдеу жолдарын жетілдірді. Сәулемен жарақаттану кезіндегі өзгерістерге радиацияның қолайсыз әсерлерін анықтап, соған байланысты емдеу тәсілдерін табуға ат салысты. Сәуле ауруы жағдайында қан ауыстыру арқылы емдеу жолын ұсынды. 200-дей ғылыми еңбектері, оның ішінде 11 монографиясы жарық көрді. Оның басшылығымен 11 докторлық және 12 кандидаттық диссертациялар қорғалды.
## Шығармалары:
* Лечение травматического шока условиях лучевой болезни замещением крови, А.-А., 1968;
* Лечение доброкачественных новообразований кости, А.-А., 1977.
* "Замещение крови в комплексном лечении комбинированного лучевого поражения" / А. А. Сулейменов. - Алма-Ата : Казахстан, 1968. - 170 с. - Б. ц.
* "Опыт рентгенографического изучения резорбционной функции лимфатической системы" : Автореферат дис. на соискание ученой степени кандидата медицинских наук / Ин-т клинич. и эксперим. хирургии Акад. наук Казах. ССР. - Алма-Ата : [б. и.], 1953. - 15 с.; 20 см.
## Әдебиет
* «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том |
Жекпе-жек
* Жеке батырлар шайқасы. Ежелгі және орта ғасырларда ұрыс алдында қарсыластар шеп құрып тұрып, екі жақтан ортаға бір-бірден батыр шығарған. Шарт бойынша олар аты-жөндерін сұрасып, қалай соғысу тәсіліне (атыспақ, алысбақ, жұлысбақ, қылыштасу, найзаласу, т.б.) алдын ала келісіп алған және кімнің батыры жеңілсе, соның әскері тізе бүгетін болған. Жекпе-жек шайқастары қазақ халқының қаhармандық эпостарында (“Қобыланды”, “Алпамыс”, “Ер Тарғын”, т.б.) зор шабытпен жырланған;
* адамның күшін, шеберлігін, әдіс-айласын сынайтын бәсеке. Ежелгі гректердің олимпия ойындарының бағдарламасында (күресу, жұдырықтасу), басқа да халықтардың ұлттық ойындарында кездеседі.Жекпе-жек қазіргі спорт жарыстарында (күрестің барлық түрі, бокс) межелі салмақ категориясы бойынша (фехтованиеден басқасы) өткізіледі.
* Жекпе-жек, полиция, қауіпсіздік, кеден комитеттері арасында кең тараған әскери жекпе-жектің түрі. Ол қарусыз және қарумен ж.-жек өткізу түрлері болып бөлінеді. XX ғасырдың 80-ші жылдары Шығыс ж.-жектерімен жастардың жаппай айналысуы байқалды, бұл қарулы күштерге де құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ықпал жасамай қалған жоқ. Респ-лық "Д" ерікті спорт қоғамының мамандары қазақ, самбо, дзюдо күрестері, каратэ, бокс сияқты жекпе-жек түрлерінің әдіс-айлаларын саралап ойлап тапқан спорт түрін "жекпе-жек" деп атады. Бұрын да бір рет солай болған еді. XX ғасырдың 30-шы жылдарында күрестің білікті мамандары В.Ощепков, А.Харлампиев, Е. Чумаков және т.б. кең- байтақ КСРО халықтарының ұлттық күрес түрлерінен самбоны (қарусыз қорғану) ойлап шығарған еді. Ақыры 1938 жылы КСРО-ның дене тәрбиесі және спорт комитеті самбо күресін жаңа спорт түрі деп жариялады. 1984 ж. жекпе-жек ҰҚК-ті (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) милиция басқармасы қызметкерлерінің арасында сынақтан өтіп жақсы баға алды. 1997 ж. Р. Абдалимов және жаттықтырушылардың бір тобы жекпе-жектің ережесін жасап шығарды. Сол 1997 ж. Респ. жекпе-жек бірлестігі құрылды, оның тұңғыш төрағасы болып Ішкі істер кызметінің генерал-майоры Б.Сәрсеков сайланды. Жыл сайын МВД және МҚК (мемлекеттік қауіпсіздік комитеті) қызметкерлері арасында ч-ттар өтіп тұрады. |
Батыр руы - қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Ұлы жүздегі Сіргелі тайпасынан Бораш, Кеңірдек, Тұрымбет рулары таратылып, соның Борашынан Батыр руы тармақталады. Батырдан Есболат, Ескене, Есназар аталары бөлінеді. Батыр руының атауы парсы деректері мен қытай жылнамаларында да кездеседі. Ұраны - Тоғанас. Таңбасы - Сірге.
## Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы |
Темір кентастары – темір металын бөліп алу экономикалық жағынан тиімді саналатын табиғи минералдық түзілімдер. Темір кентастары минералдық құрамы, темірінің мөлшері, пайдалы және зиянды қоспалары, түзілу жағдайлары, өндірістік қасиеттері жағынан әр түрлі болып келеді. 300-дей минералдарының ішінде кентас құрайтындары: магнетит, гематит, магномагнетит, мартит, гетит, гидрогетит, сидерит, сидероплезит, шамозит, тюрингит, липидокрокит, титаномагнетит. Өндірістік кентастардағы темір мөлшері 16 – 70% аралығында. Пайдалы қоспаларына Nі, Co, Mn, W, Mo, Cr, V тағы басқа; зиянды қоспаларына S, P, Sn, Pb, As, Cu, тағы басқа жатқызуға болады. Темір кентастары бай (Fe50%), орташа (Fe30 – 50%), жұтаң (Fe25%) болып бөлінеді. Магматогендік, экзогендік және метаморфогендік процестерге байланысты қалыптасқан кендерді магниттік, сеперациялық, гравитациялық әдістермен өндіреді.Магмотогендік тип магмалық, жапсарлық-метасоматикалық (скарндық), гидротермалдық болып жіктеледі (Соколов, Сарыбай кендері). Экзогендік типтегі шөгінді кендер теңізге, көлге, өзен маңайына көшіріліп әкелінген тау жыныстарынан немесе хим. тұнбалардан түзіледі (Кривой Рог, Курск магнит аномалиясының кендері). Метаморфогендік типтің кендері шөгінді, жанартаутекті тау жыныстарының жоғары темп-ра мен қысым жағдайында күшті өзгеруінен және минералдардың өзара ауысуынан қалыптасады. Темір кентастарынан негізінен шойын, болат, ферроқорытпа балқытылады. Қазақстандағы темір кентастарының басты белдемдері: Атасу, Қостанай, Қарсақбай, Жуантөбе.
## Пайдаланылған әдебиет
* Қазақ энциклопедиясы, 8 том |
Егемқұл Тасанбаев (23.2. 1917 ж. т., Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Молбұлақ а.) – қоғам қайраткері, Соц. Еңбек Ері (1957). Еңбек жолын ауданы газет баспаханасында әріп теруші болып бастаған. 1937 – 38 ж. Алматыдағы қазақ журналистика ин-тының дайындық бөлімшесінде оқиды. 1938 – 40 ж. әскер қатарына алынып, кеңес-фин соғысына қатысты. 1940 ж. елге оралып, ауданы газетте қызмет істеді, ауданы партия к-тінде нұсқаушы болып жүргенде соғыс басталып, әскерге қайта алынды. Ташкенттегі әскери-саяси оқу орнын бітіріп, жүзінші қазақ ұлттық атқыштар бригадасында саяси жетекші болды. Соғыстан кейін Шымкент облысы партия к-тінде нұсқаушы (1948), бірінші хатшының көмекшісі(1950), Иличьев ауданы партия к-тінде 2-хатшы (1951) болды. Мәскеудегі КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітіріп (1955), Жетісай, Мақтаарал, Киров ауданы партия к-ттерінің 1-хатшысы болып қызмет істеді. 1963 – 71 ж. Өзбек КСР-і Сырдария облысы атқару к-тінің төрағасы, облысы партия к-тінің 1-хатшысы, 1971 – 75 ж. Өзбек КСР-і кеңшарлар (совхоздар) министрі, 1975 – 77 ж. КСРО Жер суландыру және су ш. мин-нің жанындағы Орта Азия күріш кеңшарлары құрылысы бас басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Т. “Өзбекстанның а. ш-на еңб. сің. қайраткері”. Ленин, Октябрь революциясы, 2 Еңбек Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Жетісай, Қазығұрт аудандарының құрметті азаматы.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық әдебиеті, 8 том |
Шығыс Тянь-Шань жоталары – Тянь-Шань тауларының Орта Азиядағы бөлігі. Батыстан шығысқа қарай ұзындығы 1250 км. Солтүстігінде Жоңғар жазығымен, солтүстік-батысында Жетісу Алатауымен, батысында Орта Тянь-Шаньмен, оңтүстігінде Тарим қазаншұңқырымен, батысында Хамий ойысы арқылы Бэйшань тау жоталарымен шектеседі. Шығыс Тянь-Шань жоталары ендік бағытта параллель жатқан екі тау жоталары тобынан тұрады. Солтүстік бөлігіне Борохоро, Ирен-Хабырға (биіктігі 5500 м-ге дейін), Санжи-Мұзтау, оңтүстігіне Халықтау (биіктігі 6811 м), Көктекетау (4287 м), Борохотан жоталары кіреді. Тұрфан қазаншұңқырларынан шығысқа қарай Богдошань (Богдо-Ола тауы, 5445 м), Барқұлтаг, Мэчин-Ула, Қарлұқтаг, тағы басқа солтүстік жоталар (4925 м-ге дейін), биіктігі орташа Құрықтаг және Қызылтаг (2809 м-ге дейін) оңтүстік тау жоталары жатыр. Шығыс Тянь-Шань жоталары палеозой және кембрийге дейін шөгінді, метаморфтық және атпа жыныстарынан (тақтатас, әктас, мәрмәр, гранит) түзілген. Климаты тым континенттік, орташа температура қаңтарда –10қ – 20қС, шілдеде 20 – 30қС. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 – 350 мм, қазаншұңқырларда 100 мм. Өзендері қысқа, басқа өзен алаптарына қосылмайды. Ірі көлдері – Бақырашкөл, Сайрам-Нұр. Негізінен шөл, шөлейт және дала өңіріне тән өсімдіктер кездеседі; биік таулы өңірлерде қылқан жапырақты орман және альпі шалғыны өседі. Ақ бөкен, қара құйрық, құлан, қызыл қасқыр, марал, таутеке, арқар, қабан, аю, барыс, құстардың көптеген түрлері мекендейді; қаласы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы районы.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы, 9т |
Тұз көлі (түр. Tuz Gölü) — Түркияның Анадолы таулы үстіртіндегі тұзды көл. Деңгейінің биіктігі 899 м, ауданы 1,6 мың км2 (көктемде 2,5 мың км2-ге жетеді), орташа тереңдігі 2 м. Тұздылығы 340‰. Тұз жаз маусымында қалыңд. 0,2 – 2 м-лік тұз қабыршықтарына айналады. Тұз өндіріледі.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том |
Еділ-Жайық — эпостық жыр. Шығармада екі батыр — Еділ мен Жайықтың бірін-бірі түсінде көруі, бірге сапарға аттануы, жолда жыртқыш аңдармен кездесуі, жезтырнақ, Қара дәу сынды қаскөй күштермен арпалысы, т.б. сипатталады. Бұлар — жырдың көне ертегілік нұсқасынан ауысқан белгілер. Бейбіт елді жауламақ болған Қара дәудің көзін жою үшін бірлескен күрес, белгілі бір қауым атынан жасалған әрекет жырға эпостық сипат қосқан. Ел қорғаны батырлардың, адамға дұшпан күштердің мінездемесі эпикалық әсірелеу дәстүрінде берілген. Еділ жезтырнақтарға қарсы соғыс ашқанда қарапайым халық жәрдемге келеді. Жайық пен Қара дәудің айқасы әділдік пен зұлымдықтың майданы іспетті. Қара дәудің кескіні қорқынышты болып суреттеледі. (“Аузынан шыққан ақ көбік, аспанда көшкен бұлттай, Қара дәудің қабағы, қараңғы түнек ымырттай, танауынан шыққан дем, Сібірден соққан суықтай...”), Қара дәуді өлтіріп, оның тұтқынында зарыққан Ақтұйғынды босатуы Жайықтың асқан ерлігі ретінде суреттеледі, Еділ мен Жайықтың бейнесі халықтың азат, бақытты өмір туралы мәңгілік арманымен үндеседі. Жыр Орт. ғыл. кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы тұр.
## Дереккөздер:
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы |
Ақмолда Байзақұлы (1824 - 1873) — батыр, би.
Әулиеата (Тараз) өңірі қазақтарының Қоқан хандығына қарсы азаттық көтерілісі басшыларының бірі.
Ұлы жүз Дулат руының Шымыр атасынан. Атасы Мәмбет батыр Абылай ханмен дос болған. Әкесі Байзақ датқа Кенесарыны қолдаған. Өзі бас батыр атанған. Әкесі екеуі де Қоқан езгісіне қарсы ауық-ауық көтеріліс ұйымдастырып отырған. 1858 ж. Ташкент бегі Мырзахмед басқарған алым-салық жинаушыларға қарсы қазақтар мен қырғыздардың көтерілісінен кейін (1864 ж.) 75 жастағы Байзақ датқа тұтқынға алынады, Ақмолда өзіне қарасты елді Шымкент маңына көшіріп кел деген парманашы Нұрмұхамедтің талабын орындаудан бас тартқан. Верныйға келіп полковник Черняевпен байланыс жасайды. 1864 ж. маусымда өз сарбаздарымен Әулиеатадағы орыс армиясына қосылып, Шымкентті қоқандықтардан азат ету соғысына қатысты.
## Дереккөздер |
Ақ Мұстафа қорымы — қола, ерте темір дәуірлерінен және орта ғасырлардан сақталған ескерткіші. Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан.
1976 — 1981 жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшілері М.Қ.Қадырбаев, Ж.Құрманқұлов) зерттеген. 107 бейіт бар. Тігінен қадалған жақпар тастармен көмкерген 89 қоршау сақталған. Пішімі шеңбер, дөңгелек, төртбұрышты. Зерттелген 40 қабірдің бәрі бұрын тоналған. Адам сүйектері шашылып қалған. Сақталған сүйектерге қарағанда олар тізелері бүгіліп, қырымен, басын батысқа қаратып жерленген. Бас жағына қыш ыдыс қойылған. Асқа сойып, өлікке бағышталған қой мен жылқы, кейбір жерде сиыр мүшелері қабір ішіне немесе оның батыс жағына қойылған. Ақ Мұстафа қорымынан геометриялық өрнегі бар көзе, 5 қабыршақ бойтұмар, мыс моншақ, білезіктер, сыртын алтынмен қаптаған құйма салпыншақтар, жебе ұштары табылды. Атасу кезеңінен кейін келетін Нұра кезеңіне тән қоршаулы төртбұрышты обалардың қабырғалары жалпақ тастардан қаланған. Сыртқы қоршау көлемі 5,6х5,6 метр, ортасындағы қоршау көлемі 2,8х2,9 метр. Оның ішіндегі терең қабір қабырғалары да жалпақ тастардан өрілген (циста). Ортасына өртелген кісі сүйектері үйілген. Қабір ішінен мыс моншақ, қоладан иіп, сыртын алтынмен қаптаған 2 дөңгелек сырға табылды. Ер-тұрманымен көмілетін атқа арналған қоршау қорымның шығыс жағында бөлек орналасқан. Қоршау дөңгелек пішінді, шығысында ұзындығы 2 метр, жоғары жағы ат тұмсығындай етіп үшкірлеген сымтас қойылған. Оның айналасында қабір ішінен лахат жасап кісі жерлеген орта ғасыр молалары да бар.
## Дереккөздер |
Калән мұнарасы - Орталық Азия архитектурасының көрнекті ескерткіштерінің бірі, Бұхарадағы (Өзбекстан) мұнара мен мешіттің атауы. Калән мұнарасы (1127) алғаш Қарахан әулетінен шыққан Арслан ханның әмірімен 12 ғасырда тұрғызылды. Бұл көркемдігі жағынан өте сұлу жасалған мұнара – ағаштан салынған (қасында үлкен мешіті бар, 12 ғасыр) алып кешеннің бір бөлігі. Кейін ағаш мұнара құлап, жанындағы мешітті басып қалған. Оның орнынан шақпақ кірпіштен, ғаныш лаймен ұстастырып қаланған қазіргі мұнараның өте берік болу жағы қарастырылған. Биіктігі 60 м мұнараның 10 м-дейін жер астына жіберілген. Мұнараның сырты айналдыра тегістелген қалақ кірпіштермен көмкеріліп, нақышты жазуы бар түрлі түсті плиткалармен өрнекті белдеу жүргізілген. Мұнара жанындағы Калән мешіті өзінің аумақтылығымен (130-80 м), ауласындағы күмбездер галереясының нақыштылығымен көз тартады. Калән мұнарасы мен мешіт Мір Араб медресесімен (1536) қосылып Бұхара қаласының орталық ансамблін құрайды.“КАЛЕВАЛА” (Kalevala) – карел-финн халқының эпосы. Балтық жағалауындағы финн тайпаларында пайда болып, кейінірек карел халқына тараған. “Калән” бірнеше жырлардан тұрады. Алғаш зерттеп, оның тұтас жыр екендігін анықтаған және біріктіріп (1835 жылы, 32 жыр; 1859 жылы, 50 жыр) бастырған Э.Ленрот (1802 – 1844) болды. “Күлән” эпосында халыққа гүл, егін егуді үйреткен ақылды Вяйнямейнен, шебер ұста Ильмеринен, ер жүрек батыр Лемминкяйнен, өз қожасы көрсеткен азапқа төзбей, күш жұмсауға көшкен Куллерволар арқылы карел-финн халқының тарихы мен салт-санасы, арман-мүддесі бейнеленді. “Калән” орыс, ағылшын, неміс, француз, швед, жапон, т.б. халықтардың тіліне аударылған.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том |
Шұбыртпалы соғыс – табиғи кедергілерді, тау жоталарын пайдаланып, жағалай соғыс жүргізу әдісі.
## Дереккөздер |
Тұғыр ат - жұмыс аты.
Мініске, жегуге төзімді жылқы. Әдетте мұндай жылқы жуас болады, онша жүйрік емес. Тұғырды қазақтың жабысынан жиі кездестіреді. Тұғыр ат тез қоң жинайды, ерекше күтім таңдамайды, ауа райына көнбісті келеді.
## Дереккөздер |
Батырбасы - жауынгерлік өнерді жетік меңгерген кәсіби әскерилерден, батырлардан құралған ерекше әскери бөліктің әскербасы. Қазақ қоғамында бұл лауазымга соғыс барысын, жағдайын сараптап, талдау жасап, тиянақты шешім қабылдай білетін, соғыс ісін жете меңгерген тәжірибелі батыр тағайындалған.
## Дереккөздер |
Батыр Хайрхан, Хайрхан (Батыр төбешігі) — киелі жер. Моңғолияның бұрынғы “Шар сум”, қазіргі Қобда аймағының орталығынан 7 км жердегі жалғыз төбе. Биіктігі теңіз деңгейінен 1200 м, аумағы 3 км. Төбешіктің әрбір тасына суреттер салынған. Ертедегі түркілер бұл төбенің басында құрбан шалған деген аңыз бар. XVII-XIX ғасырларда Моңғолияда Будда діні кеңінен таралып, ламалар Хайрхан төбешігіне табынып, киелілік рәсімін жасайтын болған. 1911 жылы Манжу-Цин империясының 220 жылға созылған отарлық езгісіне қарсы моңғолдардың ұлт-азаттық қозғалысы өріс алады. Нийслэл Хүреден (астанадан) басталған бұл күрес 1912 жылы шілдеде Қобда қаласында азат ету жолында болған қанкешті ұрысқа ұласады. Ұрыс Хайрхан маңында моңғолдардың жеңісімен аяқталады. Осы жеңістен кейін халық бұл төбешікті “Батыр Хайрхан” деп атап кеткен. 1937-38 жылдары “халық жауы” атанып, қаралы тізімге іліккен моңғолдардың діни адамдары мен қазақтар Қобдаға айдалып, “Батыр Хайрхан” киелі төбесінің түбінде сотсыз атылып, көмілген. Осы оқиғаға орай халық арасында Батыр Хайрхан төбешігінің құмды өңірі қыбырлап жатады деген аңыз тараған. 1937 жылы қазан айында Қобда түрмесін бұзып шыққан қазақтардың ең ұзағаны осы төбешіктің түбіне жетіп мерт болған.
## Сыртқы сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Ыдырыс Тілеубергенов (2.9.1920 ж. т., Түркістан ауд. Құшата аулы) – соғыс және еңбек ардагері. Облыстың құрметті азаматы (2002). Құшата, Түркістан, Сайрам балалар үйлерінде тәрбиеленген. Тараз қаласындағы педагогикалық техникумды бітірген (1939). 1939 – 1946 ж. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1947 – 1970 ж. Кентау қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық партия комитеттінің хатшысы, облыстық атқару комитеті мұрағат бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. Еңбек Қызыл Ту (1971), Ленин (1974), «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби, Исмаил бин Хаммад әл Жауһари Әбу Наср әл-Фараби (940, Отырар – 1002, Отырар) – ғалым, ақын.
Нағашысы Исхақ әл-Фараби оны Бағдадқа алдырып, белгілі араб ғалымдары Әбу Әли әл-Фариси мен Әбу Саид ас-Сирафидің дәрістерін тыңдатады. Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби Хижазға сапар шегіп, жергілікті бәдәуилердің тіл ерекшеліктерін меңгеріп, болашақ еңбектеріне қажетті білім жинаған. Одан Хорасанға қайтып, Нишапур мен Рейдің арасындағы Дамиғанда тұрған. Дамиғанда Әбу Әли әл-Хусайн Әлимен танысып, одан каллиграфия ілімін үйренеді. Белгілі ортағасырлық ғұлама ас-Са алиби Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби жазуының ерекше әдемілігіне тоқтала келіп, “оның жазуын аббастық халифаның уәзірі әрі каллиграфы Әбу Абдолла бин Мұқланың жазуынан айыру қиын” деп жазған.
Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби ғылымда “ас-Сихах” атты еңбегімен белгілі. Еңбектің толық атауы: “Тәж әл-луғат уа сихах әл-арабийа” (“Тіл тәжі және араб тілінің дұрыс сөздері”). Бұл еңбек – 40 мың түбірді біріктірген араб тілінің классикалық түсіндірме сөздігі.
Сөздік араб тілі ғана емес, әдебиеті жөнінде де аса бай мағлұмат береді. Сөздіктің үлгілері Лондон, Берлин, Булан, Каир, Калькутта, Лейден, Махачкала, Париж, Санкт-Петербург, Ташкент, Тебриз, Эскуриал, т.б. қалалар мұражайлары мен кітапханаларының қолжазба қорларында сақтаулы. Алғаш рет “ас-Сихах” Сауд Арабиясының королі Фахд бин Әбд әл-Азиз Әл Саудтың алғысөзімен 1956 жылы Каирде жарық көрді. Кейін Бейрутте 1979, 1984, 1990 жылы үш рет қайталанып басылды. Исмаил әл-Жауһари әл-Фарабидің бұл шығармасы бүгінде 6 томнан тұрады. Исмаил әл-Жауһари әл-Фарабиді бұдан басқа “Аруд әл-урқати”, “Муқаддимат фи-н-наху” трактаттарының авторы. “Муқаддимат фи-н-наху” атты еңбектері бар. “Аруд әл-урқатидың” (“Аруд”) қолжазбасы 1991 жылы Түркияның Стамбұл қаласындағы Атыф Ефенди кітапханасынан табылған. Қолжазбаны түрік ғалымы Нихад Четин тауып, “Ислам энциклопедиясында” “Аруд” атты мақала жариялады. Алайда, қолжазбаны жариялауға үлгермеген. Шәкірті Мұхаммад Сади Чугенлі 1994 жылы Ерзурум қаласында Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби осы еңбегіне алғысөз жазып, қолжазбаны жарыққа шығарды. Он ғасыр бойы тағдыры белгісіз болып келген бұл шығарма толық сақталып жеткен өлең теориясы жөнінде жазылған трактаттардың ең көне нұсқасының бірі.Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби ғылым еңбектерімен қатар поэзиялық шығармалар да жазған.
## Дереккөздер |
Едігер (жазба деректерде Едигер, Етегер, Ядкар, Жадигер, Йадигар, туған жылы белгісіз — 1563) — Тайбұға әулетінен шыққан Сібір (Ескер) жұртының 1552-1563 жылдардағы билеушісі. Мұхаммед (Махмет) Тайбұғаның немересі, Қасым мырзаның ұлы, Бек-Болаттың ағасы.
## Өмірбаяны
Орыс жылнамалары бойынша Едігер әкесінің өлімінен кейін інісі Бек-Болатпен бірге билік құрған. Едігер туралы алғашқы жазба деректер XVI ғасырдың ортасынан бастап кездеседі. 1555 жылдың қаңтар айында Қашлықтан Мәскеуге елшілік аттандырған. Сібір елшілері Мәскеуге ноғай елшілерімен қатар жеткен. Елшілер ІV Иванды Қазан (1552) және Астраханды (1554) бағындыруымен құттықтап, жыл сайын төленетін алым-салықтың мөлшерін бекіткен (адам басынан 1 тиін және бұлғын терісі). Тайбұғалық мырза елшілерінің мәлімдеуінше, Сібірдегі ересек ер адамның («қара халықтың») саны 30 700 құраған. IV Иван Сібірді «қол астына алып», алым-салық жинауға келісімін берді. Шығыс дәстүрі бойынша елшілер тиін және бұлғын терілерін сыйға тартты. Патриарх (Никонов) жылнамасына сәйкес орыс патшасы Сібірге елші және даруға (салық жинаушы) Дмитрий Шепейцын-Куровты аттандырған. Тайбұғалықтардың сепаратисттік әрекеттері Сібір жерінің «шибан ханзадасының» шабуылына ұшырауына алып келді. Бұл ақпаратты Мәскеуге 1557 жылдың қарашасында қайтқан орыс елшісі жеткізген. «Шибан ханзадасының» шабуылын сылтауратып, Едігер 700 бұлғын терісін жинап үлгерген (алым-салықты Едігердің елшісі Баянда мырза апарған). IV Иван Баянда мырзаны түрмеге отырғызып, сібір билеушісіне татар мырзалары Дәулетқожа мен Сабан Резановтарды аттандырып, істі аяғына дейін жеткізуді талап етті. Едігер 1558 жылдың қыркүйегінде Мәскеуге 1169 бұлғын терісін жіберіп (1000 - алым-салық ретінде, 100 - даруғаға, 69 - тиін терісінің орнына), орыс патшасының бодандығын қабылдаған. Жаңа келісім бойынша төленетін алым-салықтың мөлшері 1000 бұлғын терісіне теңелген. Едігердің бұл қадамға баруы Үлкен Ноғай Ордасының билеушісі Исмаилдың IV Иванның қол астына өтуі түрткі болды. Едігердің орыс патшасының қол астына өтуі Шибан әулеті өкілдерінің наразылығын тудырды. 1555-1563 жылдары Мәскеуде Едігердің, Мұртаза хан мен оның үлкен ұлы Ахмет-Керейдің елшілері келіссөздер жүргізген. Тайбұғалықтар Исмаил бидің, ал шибандықтар Шейх-Мамай ұрпақтарының қолдауына ие болған. Орыс әскерінің көмегіне үміт артқан Едігердің жоспары іске аспады. Сібір жұрты Орыс патшалығынан алшақ орналасқан еді. 1636 жылы жарық көрген Савва Есиповтың жылнамасына сәйкес Көшім әскерінің жойқын соққысының нәтижесінде Едігер мен Бек-Болат тұтқынға түсіп, өлім жазасына кесілген. Сібір тағын Көшім иеленген. Алайда орыс патшасының ноғай биі Исмаилге жазған хатында (1563 жылдың 22 қыркүйегі) жаңа сібір билеушісі ретінде Мұртаза ханның үлкен ұлы Ахмет-Керей сұлтан аталып өтті. Едігер мен Бек-Болаттың өлімінен кейін Ескер (Сібір) жұртындағы тайбұғалық әулеттің билігі аяқталды. Сейтек 1585 немесе 1586 жылы Ескерді басып алып, қысқа мерзімге тайбұғалықтардың билігін орнатқан.
## Әдебиет
* Матвеев А.В., Татауров С.Ф. Сибирское ханство: военно-политические аспекты истории. Казань: Фэн АН РТ, 2012. 260 с.
* Полное собрание русских летописей. Т.13. Первая половина. Летописный сборник, именуемый Патриаршею или Никоновской летописью. СПб.: Типография Н.Ю.Скороходова, 1904. 303 с.
* Посольские книги по связям России с Ногайской Ордой. 1551-1561 гг. Публикация текста / Сост. Д.А.Мустафина, В.В.Трепавлов. Казань: Татарское книжное издательство, 2006. 391 с.
* Посольские книги по связям России с Ногайской Ордой. 1561-1566 гг. Публикация текста / [сост. Д. А. Мустафина ; авт.предисл. В. В. Трепавлов]. - Казань : Татар. кн. изд-во, 2018. - 231 с., илл.
* Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2. |
Батырхан Жанғазы Тюрин (туған-өлген жылы белгісіз) - Хиуа хандығына қарсы 1855 - 56 жылдардағы қарақалпақтар көтерілісіне қатысқан қазақтардың басшысы.
1856 жылы көтерілісшілердің қолдауымен Қоңырат руының билеушісі болды. Көтерілісті ұйымдастырған Ерназар Алагөз бимен бірге Зарлықты қарақалпақтардың ханы етіп көтеруге қатысты. Сырдария өзені бойындағы қазақтарды қарақалпақтар көтерілісін қолдауға шақырып, Елеке сұлтанға хат жолдады. Хиуа ханы Сейд Мұхаммед қарақалпақтар көтерілісін басқаннан кейін Зарлық ханның інісі Серғазы бастаған топпен Сырдарияның оң жағалауына өтіп кетті. Одан кейінгі тағдыры белгісіз.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* «Казахстан». Национальная энциклопедия, 1 том . Человек с книгой. Статьи и публикации Мұрағатталған 10 қаңтардың 2017 жылы. |
Батыс Гат немесе Сахьядри - Үндістан түбегінің батысындағы тау жотасы. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 1800 км-ге созылған. Ең биік жері - Анаймуди тауы (2698 м). Батыс Гат жотасы, негізінен гнейс пен базальттан түзілген. Батыс беткейі Араб түбегіне біртіндеп сатылап түседі, ал шығыс беткейі көлбеу еңістеніп Декан таулы үстіртіне жалғасады. Климаты субэкваторлық-муссондық. Батыс беткейіне жылына 2000 — 5000 мм, шығыс бөлігіне 600 — 700 мм жауын-шашын түседі. Жылдық орташа ауа температурасы 32°С, кей жерінде 40°С-қа дейін жетеді. Батыс Гат тауын муссондық ормандар алып жатыр, мұнда пілдер көптеп кездеседі. Ормандардан тазартылған жерлерде күріш, мақта, кокос пальмасы, қант құрағы, темекі өсіріледі.
## Дереккөздер |
Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады.
Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.
Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді.
Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец және кейбір қазақ ғалымдары Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.
Батырлық жырлар — ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр.
Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді. Қазақ эпосын пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынұлы зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Марғұлан ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе, кейіннен Қоңыратбаев эпосты он салаға бөледі.
## Тарихы
Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:
“Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.
Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (Қорқыт Ата кітабы, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).
Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.).
Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеум. жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты.
## Мазмұны мен құрылымы
Байырғы көне эпостың дәстүрі негізінде пайда болған Б. ж. бірқатар архаикалық белгілерін сақтап та қалды. Солардың бірі — батырдың болашақ жарын іздеп шығуы және осы сапарда кейбір қиыншылықтарды жеңуі. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырларындағы батырдың алғашқы жорықтары осымен байланысты. Алайда, бұл жорықтың мәні біршама бәсеңдеп, жырдың түпқазығы батырдың елі-жұртын азат етуге аттанған сапарларына ауысқан. Мысалы, “Қобыланды” жырындағы Құртқа — батырға ат таңдап, болашақта қандай қиындық боларын алдын ала болжап отыратын көреген адам. Қарлыға Қобыландымен бірдей дәрежеде ерлік көрсетіп, батырлардан асып түспесе, кем түспейді. Әйтсе де, әйелеркі (матриархат) дәуірімен байланысты орын алған белсенді әйел қаһармандардың қызметі кейінгі Батырлық жырларда біршама шектелген. Әйелдер отбасы, үй-ішінің ғана көркі болып қалған. Қолына қару алып, ерлермен бірге жүретін, болмаса аға-інілерін үйлендіріп, олардың орнына өзі кек алатын әйел қаһармандар мұнда жоққа тән.
Батырдың жеңілмейтіндігі және оған зақым келмейтіндігі де — эпикалық дәстүр. Қаһарманның өліп-тірілуі, “атса мылтық өтпейді, шапса қылыш кеспейді” сияқты ажалсыздық, батырға деген шексіз идеалдық түсінік, әрине, жалпы мифтерден бастау алатын “мәдени ілкі қаһарман” (Е.М. Мелетинский термині) ұғымымен төркіндес. Фольклордың өзге жанрларына қарағанда, Батырлық жырлардың көтерер жүгі анағұрлым үлкен.
Халық тарихында орын алған, не орын алуға тиіс оқиғалар мейлінше жинақталып, әрі іріленіп суреттелумен бірге, олардың ел-жұрт, мемлекет тағдырындағы шешуші мәніне де көңіл бөлінеді. Елді біріктірген, немесе ынтымағын ыдыратқан оқиғалар саяси-әлеум. түп-тамырымен бірге ашылып көрсетіледі. Осының бәрінің бел ортасында халықтың аңсары ауған, әсіре мадақталған, мұраттас қаһарманы жүреді. Оның іс-әрекетінде қара басының қамынан мейлінше жоғары елдік, халықтық мүдде қашан да бірінші кезекте тұрады. Сондықтан болар, жырлардағы үлкенді-кішілі оқиғалардың бәрі де сол қаһарманның іс-әрекеті мен түсінігі арқылы тізбектеліп өтіп жатады. Сол арқылы халық іс жүзінде тарихи оқиғалар мен қоғамдық-әлеум. жағдайларға өз көзқарасын білдіреді. Сөйтіп, қаһармандық эпос тарихтағы оқиғалардың халықтық тұрғыдан бейнеленген, оның халық санасындағы көркем тілмен баяндалған шежіресі қызметін атқарады. Батырлық жырлардың ғасырлар бойы қалыптасқан көркемдік дәстүрі бар. Оны жыр құрылымынан да, оқиғалардың орналасу ретінен де, кейіпкердің бастан-аяқ атқарған ісіндегі бірыңғай тектестіктен де көреміз.
Қазақ қаһармандық эпосының әрқайсысын жалпылама белгілеріне қарай жинақтар болсақ, ең алдымен, олардың сюжеттік құрылымындағы ұқсастықтарды инвариант (қайталанатын мотивтің жалпы тобы мен рет тәртібі) түрінде төмендегіше жіктеуге болады.
Батырға тән балалық шақ және кейіпкердің үйленуі (батырларға лайық құдалық):
* 1) суреттеу, орта (тайпа, ата-ана, ел-жұрт) туралы сөз;
* 2) кейіпкердің ғажайып жаратылысы;
* 3) батырға тән балалық шақ;
* 4) алғашқы ерлік;
* 5) қалыңдық туралы хабар (қалыңдығын іздеу);
* 6) қалыңдықпен сынға түсу, белдесу (немесе күйеу жігіттер арасындағы бәсеке);
* 7) жеңіс және кейіпкердің қалыңдығымен оралуы.
Батырларға тән ерліктер:
* 1) жаудың шабуылы туралы хабар;
* 2) жорыққа аттану;
* 3) батырлардың белдесуі (кейде жорық сәтсіз болып, батыр тұтқынға түседі);
* 4) жекпе-жек және кейіпкердің жеңісі;
* 5) жеңіспен елге оралу.
Жаудан (құлдан, бақталастан) елін (тайпаны, қалыңдықты, туған-туысты, елін) азат ету:
* 1) қалыңдық туралы немесе туған-туыстың тұтқынға түскені (қорлық көргені) жөнінде хабар (түс көру, белгі берілуі);
* 2) дұшпанның, бәсекелестің немесе құлдың кейіпкердің қалыңдығына үйленуді ниет етуі;
* 3) қалыңдықпен жасырын кездесу немесе қалыңдығының тойына бөтен адамның кейпінде келу;
* 4) кейіпкердің күрес (жарыс) үстінде танылуы;
* 5) туған жерге оралу, бәсекелестерді, құлдарды жазалау;
* 6) той.
Бұл жіктелуден байқалатын жағдай — бірқатар батырлық жырларда осы үш сюжеттің бәрі де бір-бірімен осы қиюласқан рет тәртібімен толық көрінетіндігі. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Қарабек” жырларында осы үш сюжет тұтас қамтылады. Ал атақты Мұрын жырау жырлаған “Қырымның қырық батыры” сияқты жыр тізбегі негізінен І және ІІ сюжеттерден тұрады. “Дотан”, “Құбығұл”, “Құламерген”, “Жоямерген”, т.б. көне эпостар, жоғарыда айтқанымыздай, үйлену, үй-ішін қорғау оқиғаларына құрылатындықтан, олар І сюжеттің төңірегіне топталады.
Екі не одан да көп сюжеттердің кіруі (контаминация) Батырлық жырлардың қалыптасуы үшін айрықша қызмет атқарған. Көптеген эпостарда әрбір жеке сюжет өз алдына дербес жырланатындығын да, бір жырда бір-бірімен жалғасып, тұтас баяндалатынын да байқаймыз. Оның үстіне, жеке сюжеттің кеңістік (мекендік) бойынша құрылымы бірдей болып шығады: батырдың мекені — жау елі — батырдың мекені. Жау елінде қаза таппаған батыр өзге елде дүниеге, малға, патшалыққа қызықпай қайтып келеді. Батырлық жырлардың оқиғасына жыршы мен жырау да, тыңдаушы көпшілік те болған шындық деп қарайды.
Эпостың оқиғасы “Баяғы заманда”, “Бұрынғы өткен заманда”, “Ноғайлы заманында” деп көрсетіледі. Бұл батырлар өмір сүрген айрықша бір дәуір, тыңдаушылар мерзіміне ұқсамайтын, елдің бірлігі мен берекесі мол кезең деп түсіндіріледі. Міне, осындай дәуірде өмір сүріп, “ішкенге мас, жегенге тоқ” жүріп жатқан елдің тыныштығын бұзатын жаулар қалмақ, ындыс немесе қызылбас болады. Жыр оқиғасына қозғау салатын да, батырдың үйден шығып, жорыққа аттануына себепші болатын да — осы қалыпты өмірдің бұзылуы. Батыр — бұзылған жағдайды қалпына келтіруші тұлға. Ол жауды жеңіп, әділеттілікті асқақтатып, алғашқы мамыражай дәуірді қайта орнатады. Оқиға өзінің басталған жерінде аяқталады. Жай ғана емес, тоймен аяқталады. Себебі, халық ұғымында жамандықты жақсылық, жауыздықты қайырымдылық, зорлықты әділдік жеңу—батырдың ерлігімен болатын іс. Ол кезең — айрықша қаһармандық дәуір, батырлар заманы. Той — сол жақсылық атаулының жеңіс мейрамы.
### Қазақтың Батырлық жырларына негіз болған екі түрлі эпикалық (қаһармандық) дәуір
* 1) жеке рулар (тайпалар) дәуірі. Мәселен, “Алпамыс” жырында — қоңырат, “Қобыланды” эпосында — қыпшақ заманы;
* 2) ноғайлы дәуірі.
Жеке рулар дәуірі жыр тізбегіне (циклына) енбейтін дара тұрған эпостық жырға тән әрі ондай жыр көбіне жоғарыда көрсетілген инварианттың үш сюжетін де қамтиды. Батырлардың жорығын бірнеше рет қайталау, оқиғасын өмірбаяндық жолмен құру арқылы мұндай эпос өзі суреттеп отырған дәуірді мейлінше мол бейнелейді. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырларында сюжеттердің толықтығын былай қойғанда әлеум. орта, жағдай, ел тіршілігі, біршама нақтылы баяндалады. Ал ноғайлы дәуірі қазақ эпосының тізбекті топтама жыр үлгілерінде көрініс береді. Бұларға қаһарманның дүниеге келуін, балалық шағын, үйлену тарихын толық баяндау тән емес. Бір жырдан кейін бір жыр тізбектеліп, қайта-қайта бір ізбен, бірыңғай өмірбаяндық жолмен баяндалып отырса іш пыстыратын қайталаушылыққа әкеліп соқтырған болар еді.
“Қырымның қырық батыры” сияқты орасан зор тізбекті жырды жырлаған атақты Мұрын жырау бұл өзгешелікті өте терең түсінген. Сондықтан да, ол әр батырға тән жеке сюжеттерді (көбіне ІІ және ІІІ сюжеттер) іштей барынша ширықтыра отырып, бірер оқиға болса да, оларға бірегейлік қасиет дарытып жырлаған.
Батырлық жырлардың құрылымына қатысты осындай ерекшеліктер олардың мезгіл мен мекендік және тізбектік сипатымен тығыз байланысты. Батырлық жырлардың өлең құрылысы, негізінен, табан астында өлең жолдарын суырып салып айтуда, әсіресе, қимыл-қозғалысты, түрлі динамикалық оқиғаларды баяндауда ойнақы, оңтайлы, еркін көсілуге мүмкіндік беретін жеті-сегіз буынды жыр өлшемі.
## Батырлар жырын зерттеу
Қазақ халқының Батырлық жырлары туралы алғаш зерттеулер жазып, жарыққа шығарған ғалымдар Уәлиханов, Радлов, Потанин, И.Н.Березин, Диваев, Т., Беляев, И. Мелиоранский, Г. Саблуков, Н.Н. Ильминский, Ж. Шайхисламов т.б. болды.
Олар жалпы эпостық жырлардың ерекшеліктері, оның ішінде “Едіге”, “Тоқтамыс” эпостар туралы алғашқы ғылыми пікірлер айтты. “Алпамыс”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, “Қозы Көрпеш—Баян сұлу” эпостарын Қазан, Уфа қалаларынан жарыққа шығарды. Бұлардың ізденістерін Әлихан Бөкейханов, Байтұрсынов, Халил Досмұхамедов жалғастырды. “Ер Тарғын”, “Қобыланды”, “Едіге”, “Батыр Бекет”, “Ер Сайын” жырлары алғаш рет осы ғалымдардың еңбектерінде талданды.
XX ғасырда Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Марғұлан, Қ.Жұмалиев, Е. Ысмайлов, Б. Кенжебаев, Мәлік Ғабдуллин, Н.С. Смирнова, т.б. ғалымдар қазақ эпосының халықтық сипаты, идеясы, көркемдігі туралы зерттеулер жазып, қазір көпшілікке таралып кеткен батырлық жырларды жариялады.
1950—1960 жылдары тұңғыш рет эпостың ғыл. мәтінін жариялау жұмысы жүзеге асты, сөйтіп “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” (1959), “Қамбар батыр” (1959), “Алпамыс батыр” (1961), “Қыз Жібек” (1963) жырларының академиялық басылымдары жарық көрді. Осы кезеңдерде батырлық жырлардың төңірегінде идеологиялық айтыстар да өрбіді.
XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап қазақ батырлық жырларын жаңа қырынан зерттеуге Қоңыратбаев Тұрсынбек Кәкішұлы, Бердібаев Рахманқұл , Сыдықов Тұрсынбек Сейітжаппарұлы, Садырбаев Сейіт Кенжеғұлұлы, Сыдиықов Қабиболла Қалиасқарұлы, Қасқабасов Сейіт, Нұрмағамбетов Орынғали, Ыбыраев Шәкір т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. Олардың еңбектерінде Батырлық жырлардың жанрлық ерекшеліктері, варианттары, құрылымы, поэтикасы, тұтастануы, типологиясы, генезисі жан-жақты қарастырылды.
### Әдебиет пен өнерде
Батырлық жырлардың әдебиетке, ұлттық кәсіби өнер жанрларының қалыптасуына әсері ерекше болды. Мәселен, батырлық эпостар сюжетінің негізінде Жамбыл Жабаев “Сұраншы”, “Өтеген” жырларын шығарған. Драматургия саласында “Қарақыпшақ Қобыланды” (Әуезов), “Арқалық батыр” (Ж. Шанин), т.б. пьесалар жазылып, “Ер Тарғын” (Е. Брусиловский), “Алпамыс батыр” (Е. Рахмадиев) опералары қосылды, “Батыр Баян” кинофильмі түсірілді.
## Батырлар жыры
### Батырлар жырының тізімі
* Едіге
* Тоқтамыс
* Алпамыс
* Қобыланды
* Ер Тарғын
* Қозы Көрпеш — Баян сұлу
* Батыр Бекет
* Ер Сайын
### Жарық көрген кітаптар
* "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" (1959)
* "Қамбар батыр" (1959)
* "Алпамыс батыр" (1961)
* "Қыз Жібек" (1963)
## Әдебиеттану
* Маргулан А., "О характере и исторической обусловленности казахского эпоса", "Известия казахского филиала АН СССР. Серия историческая", 1946, №2, с.75–80;
* Ғабдуллин М., Сыдықов Т., "Қазақ халқының батырлық жыры", Алматы, 1972;
* Короглы Х.Г., "Огузский героический эпос", Москва, 1976;
* Бердібаев Р., "Қазақ эпосы", Алматы, 1982;
* Мелетинский Е.М., "Введение в историческую поэтику эпоса и романа", Москва, 1986;
* Ыбыраев Ш., "Эпос әлемі", Алматы, 1993.
## Дереккөздер |
Шұға – Ертіс алабындағы ағынсыз көл.
## Географиялық орны
Абай облысының Жаңасемей ауданы аумағында. Теңіз деңгейінен 235,5 м биіктікте.
## Аумағы
Ауданы 11,2 км2, ұзындығы 5,2 км, ең енді жері 3,6 км, су жиналатын алабы 311 км2.
## Жер бедері
Көл қазаншұңқыры Шаған өзені алабындағы үстіртте. Солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс жағалары тілімделген, кей жерлерінде шайылған. Көлде 6 құм қайыры, 6 бұғаз бар. Жағалауын боз жусан, изен жайлаған, сирек ши кездеседі. Су айдыны өсімдіктерден таза. Түбі лайлы, қалыңдығы 0,4 м. Жауын-шашын суымен толығады. Көктемде деңгейі көтеріліп, жаз-күз айларында сабасына түседі. Құрғақ жылдары кеуіп, сорға айналады. Суы тұзды. Қарашаның соңында қатып, сәуірдің 2-жартысында мұзы түседі. Алабы – жайылым.
## Дереккөздер |
“Шұғыла” – Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Жазушылар одағының қазақ тілінде жарық көретін әдеби журналы. 1953 ж. Шәуешек қаласында алғашқы 2 саны жарық көрді. Одан кейінгі сандары Үрімжіде шығып келеді. Алғашқы санын шығарушылар А.Жүнісұлы, Ж.Жүнісұлы, І.Бақайұлы. Журналдың аты 1953 жылдан қазірге дейін “Шыңжаң әдебиет – искусствосы”, “Шұғыла”, “Шыңжаң әдебиет көркем өнері”,“Шыңжаң әдебиеті”, қайтадан “Шұғыла” болып бес рет өзгерді. 1953 – 1965 ж. төте жазу мен араб әрпінде, 1965 – 1975 ж. жартылай латын әрпінде, 1976 – 1981 ж. тұтас латын әрпінде, 1982 жылдан қазірге дейін төте жазумен (араб әрпімен) жарық көріп келеді. Қазірге дейін 420 саны жарық көрді. Алғашқы саны – 4 баспа табақ болса, қазіргісі – 8 баспа табақ болып шығады.
## Дереккөздер |
Ақ найза, , ақсүңгі — жебесі асыл болаттан, алмастан соғылған найза. Жебелері үшкір, төрт, алты, сегіз қырлы болып келеді. Батырлардың қаруы ретінде Ақ найза эпостық жырларда жиі айтылады.
## Дереккөздер |
Ақнайман Жаман батыр, Жаман батыр — Абылай хан ордасына жақын жүрген батырлардың бірі. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардың серігі, Найман тайпасының Қаракерей руының Ақнайман бұтағынан өрбіген.
Сарысу, Шорға, Алқабек-Білезік, Шаған, Сарыбелдегі шайқастарға қатысқан. Барлық шайқаста Ақнайман қолына ағалық еткен. Абылай ханның қазақ елін біріктіріп қуатты мемлекетке айналдыру саясатын қолдаған. Қабанбай, Шонай, Барақ, Есет батырлармен бірге Жоңғар жеріндегі (1750 — 1755) шайқастарға, Цин империясының жаулау жорықтарына қарсы ұрыстарға (1757 — 1758) қатысты.
## Дереккөздер |
* Қызыл әскер – Кеңес өкіметінің әскери құрылымы.
Елді мекендер:
* Қызыләскер – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Қызыләскер – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Сам ауылының бұрынғы атауы.
* Қызыләскер – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы ауыл.
* Қызыләскер – Түркістан облысы Келес ауданындағы Лесбек батыр ауылының бұрынғы атауы. |
Епонешникова Эра Ивановна (15 мамыр 1927, Қызылорда қаласы — 8.5.1977, Алматы) — әнші, Қазақстанның халық артисы (1966; 1960 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген арт.).
* 1945 жылы Алматы музыка училищесінде оқыған.
* 1952 жылы Алматы консерваториясының вокальдық факультетін бітірген.
* 1950 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ опера және балет театрының әншісі болды. Қазақ және орыс труппаларында қатар қызмет істеп, екі тілде жүретін спектакльдерге қатысқан. Тембрі жұмсақ қоңыр ұн мен кең тынысты дауыста орындалатын опералық бейнелерге терең бойлап, олардың ішкі дүниесін, жан сезімін шынайы ашып көрсетуде Епонешникованың әншілігі мен актерлік дарыны ерекше байқалды. Ол Мариям, Қамқа (Е.Г. Брусиловскийдің “Дударайы” мен “Қыз Жібегінде”), Аналық (М. Төлебаевтың ”Біржан — Сарасында”) партияларында әншілік-артистік қабілетімен дараланды. 1951 жылы Бухарест қаласында өткен Жастар мен студенттердің дүниежүзлік фестиваліне, 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан.
## Марапаттары
* Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдермен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шұқырбұлақ — Түркістан облысы Түлкібас ауданы, Рысқұлов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1951 жылы құрылған сүт өндіретін ұжымшардың бөлімшесі болды. Оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, дәрігерлік пункт, клуб, т.б. мекемелер бар.
## Дереккөздер |
## Захан Ескендіров
Захан Ескендіров (1918 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы – қоғам қайраткері. Еңбекшілер депутаттары Оңтүстік Қазақстан облыс(ы) Кеңесі атқару комитетінің төрағасы (1958 – 62). Қазақ педагогика институттын және Алматы қаласындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1937 – 43 жылдары инспектор, аға инспектор, Алматы қаласының Халық ағарту комиссариаты саяси ағарту мекемелері басқармасының бастығы, 1944 – 47 жылдары Қазақстан Жастар одағы Оңтүстік Қазақстан облыс(ы) комитетінің бірінші хатшысы, 1947 – 58 жылдары облыстық Фрунзе, Ильич аудан комитеттерінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды.
## Сілтемелер
## Захан Ескендіров
Захан Ескендіров (1918 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы – қоғам қайраткері. Еңбекшілер депутаттары Оңтүстік Қазақстан облыс(ы) Кеңесі атқару комитетінің төрағасы (1958 – 62). Қазақ педагогика институттын және Алматы қаласындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1937 – 43 жылдары инспектор, аға инспектор, Алматы қаласының Халық ағарту комиссариаты саяси ағарту мекемелері басқармасының бастығы, 1944 – 47 жылдары Қазақстан Жастар одағы Оңтүстік Қазақстан облыс(ы) комитетінің бірінші хатшысы, 1947 – 58 жылдары облыстық Фрунзе, Ильич аудан комитеттерінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды.
## Сілтемелер |
Мырзахан Сәрсенбаев (1913, Отырар ауданының Көкмардан аулы – 2.10.1995, Шымкент) – ғалым, техникалық ғылымының докторы, профессор. (1970). Қазақстан Республи-касының оқу-ағарту ісінің үздігі, соғыс ардагері. Қазақ тау-кен және металлургия институтын бітірген (1940). Шымкент қорғасын зауытында инженерлік ауысым бастығы. 1941 – 45 жылдары майданда болып, Белоруссияны, Польшаны, Шығыс Пруссияны, Чехословакия мен Берлинді неміс фашистерінен азат етуге қатысады. 1946 – 84 ж. Шымкент педагогикалық. институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, факультет деканы және ректордың оқу ісі мен ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, ректор қызметін атқарады. 1, 2-дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Халық ағарту саласындағы еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Бірнеше ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы. Шымкент қаласының құрметті азаматы (1994).
## Сілтеме
Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы |
Ералиев ісі — 1928 ж. қараша айында бұрынғы Адай округінің басшы қызметкерлері мен қатардағы еңбек адамдарының үстінен қозғалған қылмыстық іс.
1920 жылдары кеңес өкіметінің жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін, өлкенің табиғи-экономикалық ерекшеліктерін ескермей, таптық саясат негізінде жүргізген саяси-әлеуметтік шаралары Маңғыстау өлкесінің жергілікті халқының наразылығын туғызады. Осыған байланысты әр түрлі себеппен орнынан алынған бұрынғы Адай уезі ревкомының төрағасы Тобанияз Әлниязовтың және т.б. кеңес өкіметіне қарсы әрекет етуде деген адамдардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы керек еді. Осы істің орайы тек 1928 ж. 2 қарашада іс-сапар кезінде округтік атқару комитеті төрағасының орынбасары Шабден Ералиевтің кемеден із-түзсіз жоғалып кетуіне байланысты туды. “Бұрынғы Адай округінің байларының, саудагерлерінің, баяғы патша өкіметінің қызметкерлері мен кеңес қызметкерлерінің контрреволюциялық ұйымы туралы” деген атпен қылмыстық істер кодексінің 58-бабының 2-тармағы бойынша қозғалған осы іс бойынша 70 адам тұтқынға алынды. 1930 ж. 9 қазанда ОГПУ үштігінің үкімімен 61 адам сотталды (9 адам тергеу кезінде түрмеде өлген). Жауапқа тартылғандардың ішінде Әлниязов, С.Жұбаев, Б.Қилыбаев, О.Көбеев, Қ.Қожықов сияқты елге белгілі адамдар, Ш.Үсенбаев, Қ.Құлшаров сияқты жергілікті басшы қызметкерлер, 11 коммунист болды.
Бір жылдан кейін денесі теңізден табылған Ералиев қастандықпен өлтірілген деген медициналық сараптау қорытындысының негізсіз екенін КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясы 1958 жылғы 8 наурызда анықтап, сотталғандардың қимылында қылмыстық құрам болмағандығын дәлелдеді. Кезінде атылып кеткен Әлниязов, Жұбаев және т.б. ісі Қазақ КСР Жоғарғы сотының 8.2.1962 ж. және 26.4.1990 ж. шешімдерімен тоқтатылып, өздері ақталды.
Алайда “Ералиев ісі” Маңғыстаудағы халық наразылығына тежеу бола алмады. Күштеп ұжымдастыру мен 1931—32 ж. ашаршылық қаупіне байланысты бұл іс Адай көтерілісіне ұласып кетті.
Кезінде Ералиев есімі берілген аудан мен ауыл аты 90-жылдары өзгертіліп, Қарақия ауданы (орт. Құрық) деп аталды.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* 1928 жылғы партия-кеңес қызметкерлерін тұтқындау толқыны |
Нұролла Cәрсенбаев (5.12. 1920, Отырар ауданы. Шәуілдір ауылы – 2001) – ғалым, философия ғылымының докторы (1966), профессор. (1967). Алматы тау-кен металлургия институтын (1940), СОКП ОК жанындағы партия мектебін (1948), қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын бітірген (1953). «Қазақстан коммунисі» журналының бас редакторы, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде философия-экономика факультетінің деканы, кафедра меңгерушісі болып істеді. 1986 жылдан ҚазМУ-дың жанындағы оқытушылардың білімін арттыру фкультетінің философия кафедрасының меңгерушісі болды. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты – тарихи материализм мәселелері, этика, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің қалыптасуы мен дамуы. Шығармалар: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, А., 1958; Обычаи и традиции в развитии, А.-А., 1974.
## Сілтеме
Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы |
Цивчинский Николай Владимирович (13.12.1905, Санкт-Петербург қ. — 24.2. 1985, Алматы) — суретші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1947). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Оның ақынға арналған «Абай» атты суретті кілемінің (1956, ширатпа жіп, жүн, тоқыма, Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі меншігінде) бояуы қанық. Бұл гобеленге ақын шығармаларындағы насихат, өсиет тақырыбы арқау болған.
* 1927 ж. Межгорье қаласындағы Украин технология, керамика және шыны институтын бітірген.
* 1937 жылдан Алматы қаласында тұрып, осындағы кілем-гобелен шеберханасында (1937 — 41, 1945 — 65) суретші болды. Цивчинский — “Көктем”, “Абай” (1956) атты алғашқы қазақстандық кілем гобелендерінің авторы.
Монументті-сәндік өнер саласында Цивчинский кезінде
* Өскемен қаласындағы металлургтер (1957),
* Балқаш қаласындағы құрылысшылардың Мәдениет сарайын (1959),
* Алматы қаласындағы “Шолпан” (1961) кафесін безендірді.
Ол өзінің таңдаулы шығармаларын суретші М.Кенбаевпен бірге жасады:
* Алматы қаласының “Алматы” мейрамханасындағы “Көкпар”,
* “Қобыланды” (1963),
“Алматы” мейманханасының алғы бетіндегі “Еңлік — Кебек” (1965),
* “Айнабұлақ” кафесіндегі (1966) мозаикалар,
* “Қазақстан” дүкеніне арналған “Қазақ халқының кәсіптері”сграффитосы (1972),
* Модельдер үйіндегі “Қазақ халқының ұлттық киімі” қабырға өрнегі мен “Қалыңдықты киіндіру” витражы (1969),
* Неке сарайындағы (1971),
* Тараз қаласының “Восток” мейрамханасындағы “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” қабырға өрнегі, т.б.
## Дереккөздер |
Қызылжар — Петропавл қаласының кең қолданылып жүрген қазақша атауы.
## Елді мекендер
### Ақмола облысы
* Қызылжар — Целиноград ауданындағы ауыл.
### Ақтөбе облысы
* Қызылжар — Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты болған ауыл, 2018 жылы таратылды.
* Қызылжар — Қобда ауданындағы ауыл.
* Қызылжар — Мәртөк ауданындағы ауыл.
### Алматы облысы
* Қызылжар — Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл.
* Қызылжар — Кеген ауданындағы ауыл.
### Атырау облысы
* Қызылжар — Индер ауданындағы ауыл.
* Қызылжар — Махамбет ауданында болған ауыл. 2014 жылы таратылған.
### Батыс Қазақстан облысы
* Қызылжар — Ақжайық ауданындағы ауыл.
* Қызылжар — Теректі ауданындағы ауыл.
### Жамбыл облысы
* Қызылжар — Талас ауданындағы Көшек батыр ауылының 1999 жылға дейінгі атауы.
### Жетісу облысы
* Қызылжар — Ақсу ауданындағы ауыл.
* Қызылжар — Кербұлақ ауданындағы ауыл.
* Қызылжар — Қаратал ауданындағы ауыл.
### Қарағанды облысы
* Қызылжар — Бұқар жырау ауданындағы ауыл.
### Қостанай облысы
* Қызылжар — Бейімбет Майлин ауданындағы ауыл.
### Қызылорда облысы
* Қызылжар — Арал ауданындағы ауыл.
### Түркістан облысы
* Қызылжар — Бәйдібек ауданындағы ауыл.
* Қызылжар — Ордабасы ауданындағы ауыл.
* Қызылжар — Сайрам ауданы, Жаңаталап ауылдық округіндегі ауыл.
* Қызылжар — Сайрам ауданы, Құтарал ауылдық округіндегі ауыл.
* Қызылжар — Сарыағаш ауданындағы ауыл.
### Павлодар облысы
* Қызылжар — Ертіс ауданындағы ауыл.
* Қызылжар — Ақсу қалалық әкімдігі құрамындағы ауыл.
### Ұлытау облысы
* Қызылжар — Жаңаарқа ауданындағы кент.
## Футбол клубы
* Қызылжар — Петропавл қаласының атынан ойнайтын Қазақстандағы футбол клубы. |
Абай — Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл, аудан орталығы (05.06.2018).
## Географиялық орны
Облыс орталығы – Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 224 км-дей, Келес өзенінің оң жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі Ишанбазар жәрмеңкесі негізінде 19 ғасырдың аяғында қаланды. 1934-60 жылдары Абай – базар деп аталған. 1939-93 жылдары Келес ауданының орталығы болды. Абай ауылында ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін көп салалы өнеркәсіп, 6 орта мектеп, мәдениет үйі, емхана, нан зауыты, т.б. мекемелер жұмыс істейді. Ауыл қазір даму үстінде. Жаңа жеке кәсіпорындар ашылып жатыр. Бұл жерлер тұруға қолайлы болғандықтан, адамдар саны күннен күнге артып келеді.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.