text
stringlengths
3
252k
Әзімхан Еcқараев (1937 жылы туған, Мақтаарал ауданы) – Cоциалистік Еңбек Ері (1.3.1965). 1952 – 56 жылдары Мақтаарал ауданының Қызылқұм МТС-нда тракторшы, 1956 – 67 жылдары аудандық мақта өсірушілер бригадасының тракторшысы, 1967 жылдан бригадирі болып істеді. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1970). 2 рет Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. ## Сілтемелер
Берікқара - ежелгі кеніш орны. Қарағанды облысы Қарқаралы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 75 — 80 км жерде. Негізгі пайдалы қазбалары мыс, күміс және қорғасын болған. ## Тарихы Берікқара кен орнындағы мыс кенін б.з.б. 2-мыңжылдықтағы қола дәуірінің андронов мәдениетін жасаған тайпалар игере бастаған. Кейін (б.з.б. 1-мыңжылдықта) ерте темір дәуірінің Орталық Қазақстандағы тасмола мәдениетін жасаған тайпалар Берікқара мыс кендерін металлургиялық өндіріске тұрақты пайдаланған. Кен қазу жұмыстарының көне іздері кейінгі кезге дейін жақсы сақталып, 19 ғасырдың басында терең ұра-шұңқырлар түрінде қалған белгілері бойынша қайта ашылды. Берікқара Орталық Қазақстан көне кен орындарын (қола, ерте темір дәуірлері) біріктіретін 7 негізгі орталықтың ішіндегі Өспен-Қарқаралы орталығына қарайды. 19 ғасырдың басында бұл жердегі көптеген кен орындарын С. Попов деген көпес иеленген. Берікқарада 1858-1859 жылдары Николаев (Богослов) мыс қорыту зауыты салынып, ол 1877 жылға дейін тұрақты жұмыс істеген. Кентас, негізінен, Берікқара және осы маңайдағы Сәмембет, Кеншоқы сияқты кеніштерден әкелініп қорытылды. Отын Қызылтау көмір кенішінен (қазіргі Баянауыл ауданындағы Қызылтау) тасылды. Зауытта 17-60 тотыққан мысы бар кендермен қатар көп мөлшерде күміс, қорғасын өндірілді. ## Дереккөздер
Мырзабек Байжанұлы (1870–1945) — қазіргі Отырар ауданында дүниеге келген ақын, жырау. Ташкент, Шымкент, Бұхара, Ақтөбе, Қызылорда қалаларында болып, Мәделі, Молда Мұса, Майлықожа, Нұралы, Нартай, т.б. ақын, жыраулармен кездескен, біразымен өнер жарысына түскен. Шығыстың аңыз-хикаяларын жатқа білген. Ауылдағы бай-манаптардың әділетсіздігін бетіне басып, уытты жырымен әжуалаған («Батан байға», «Әкімгереймен айтыс», т.б.). Қызыл жыраудың «Насихат жыр», «Әмзе қисса», «Аудан басшыларына хат», «Құмырсқа мен шегіртке», «Ешкі сауда», т.б. шығармалары ҚР ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасы мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы. ## Дереккөздер
Жаңаөзен оқиғасы — 1989 жылы маусым айында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында болған жергілікті халықтың бас көтеруі. Бұл әлеуметтік кикілжіңнің шығуына басқа республикалардан келіп жұмыс істейтіндердің жергілікті халықтың дәстүрлерімен, мүддесімен санаспай, дөрекілік көрсетуі себеп болды. Дүмпу жергілікті тұрғындар мен Кавказдан қоныс аударғандар арасындағы кикілжіңнен басталып, арты қақтығысқа ұласты. Қақтығыс құқық қорғау органдарының араласуымен басылды. Сырттан келгендердің көпшілігі қаладан кетуге мәжбүр болды. Бұл оқиғаның астарында жылдар бойы қордаланып, дұрыс шешімін таппаған тұрғын үй, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезек, жастар арасындағы жұмыссыздық сияқты әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ, мұнай мен газ өндірісін Мәскеудегі орталықтан басқаратын одақтық министрліктердің, әміршіл-әкімшіл жүйенің жергілікті тұрғындар арасынан кадрлар даярламай, жұмыс күштерін республикадан тыс жерлерден әкеліп, жергілікті халықтың мүддесін ескермей жүргізген сыңаржақ саясаты жатты. Солақай саясат нәтижесінде бірсыпыра артықшылыктарға ие болған Кавказдық ұлт-өкілдері мен қазақтар арасында әуелі төбелестен басталған араздық түнде үлкен толқуға ұласты. Ішкі істер бөлімі үйі қоршауға алынды. 17 маусым күні жағдай тіпті өршіп кетті. Қаладағы милиция қызметкерлері “Макаров” пистолеттерімен қаруландырылды. 18 маусымда үкімет қосымша арнайы ішкі істер әскерін шақыруға мәжбүр болды. Жедел түрде 250 арнаулы үйретілген әскер, 193 ішкі істер қызметкерлсрі келіп жетті. Олар АК автоматымен, 1 КС карабинімен, пистолетпен, “Черемуха" гранаттарымен, қалқан, дулығалармен қаруланған еді. 21 сағ. 40 минутта Қазақ КСР-і ішкі істер министрінің орынбасары генерал Зайцев қазақтарға қарсы оқ атуға бұйрық берді. 46 “Черемуха", 400 әскери автомат, 26 пистолет оғы атылды. Халық ішінен жараланғандар болды, бірақ қайтпаған халық тас, темір таяқшалармен қаруланып қарсы шабуылға шықты. Әскер кавказдықтарды қорғауына алып, қаладан шығарып әкетті. Қалада шұғыл түрде коменданттық сағат орнады. Жаңаөзендегі оқиғадан хабарлы Құлсары, Шетпе, Жетібай, Маңғыстау, Ералы жұмысшы кенттері мен Ақтау қаласында да бас көтеру болып жатты. Құлсарыдан Атыраудан поезбен көмекке келе жатқан қазақ жасақшылар тобы орта жолдан ұсталып кері қайтарылды. Жетібайдағы көтерілгендер арнаулы десант әскерінің күшімен қару қолданып таратылды. 19 маусымда Жаңаөзен қалалык партия комитеті үйі күн ұзаққа көтерілісшілер коршауында тұрды. Халық қала шетінде пикет үйлер тігіп бір топ жастар әскерге қарсы аңшы мылтығымен оқ атуға әрекеттенді. Бұларға қарсы карабиннен 4 рет оқ атылды. Шарасы таусылған үкімет Алматыдан жазушылар Ә.Нұрпейісовты, Ә.Кекілбаевты, Ә.Әлімжановты, академик З.Қабдоловты алдырып, халықпен сөйлесуге жіберді. Жағдай осыдан кейін ғана сабасына түсе бастады. Жаңаөзендіктердің қаладағы кавказдық ұлт өкілдерін мүлдем алып кету туралы тілектері орындалды. Оқиға кезінде екі жақтан да адам өлімі болды. Оқиғаның ізін суытпай Нұрпейсов “Литературная газета”, Кекілбаев "Қазақ әдебиетінде” оқиғаның себеп салдарын ашқан мақалалар жариялады. Үкімет Жаңаөзен қаласы тұрғындарын толық жұмыспен қамтып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған арнаулы қаулы қабылдады. ## Тағы қараңыз * Жаңаөзен оқиғасы (2011 жыл) ## Дереккөздер
Қызылкөл атаулары: Елді мекендер: * Қызылкөл – Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы ауыл. * Қызылкөл – Түркістан облысы Созақ ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Қызылкөл (көл, Ақтөбе облысы) * Қызылкөл (көл, Ақмола облысы) * Қызылкөл ауылдық округі * Қызылкөл су құбыры * Қызылкөл орамы (Астана)
Ер Бөлек — дастан. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының тұрғыны, ауыз әдебиетін жинаушы Сағынғали Бекболатов жырлаған дастанда Маңғыстау өңірінен шыққан Ер Бөлек пен Дәуіт батыр бастаған қазақ сарбаздарының қалмақтарға қарсы ерлік күресі баяндалады. Шығарма 11 буынды қара өлең және 7 — 8 буынды жыр үлгісімен аралас жазылған. Дастанның қолжазбасы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы. ## Дереккөздер
Нарынбай – бекініс орны. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыөзек өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Бекіністі 1936 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Нарынбай бекінісі төрт бұрышты, көлемі 240х240 м, айнала биіктігі 1,5 м, ені 20 м топырақ дуалмен қоршалған. Бекіністің әр бұрышында және ортасында мұнара орындары бар. Бекініс қақпасының екі жағында қарауылхана қызметін атқарған мұнара болған. Зерттеу барысында табылған табақшалардың, көзелердің, құмыралардың жасалу тәсілі мен үлгісіне қарағанда, бекіністі адамдар 9 – 12 ғасырларда мекен еткен. ## Дереккөздер
Мәдина Есмалайқызы Ералиева (2 тамыз 1954, Қызылорда облысы Қазалы ауданы — 27 қараша 2000, Қызылорда облысының Майлыбас қиылысы маңындағы Арал-Ташкент тас жолында жол апатынан қайтыс болды) — кеңестік және қазақ эстрадасының халық әншісі, мұғалім. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі (1990), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (1991). ## Өмірбаяны * Әлімұлы тайпасының Төртқара руынан. * 1974 жылы Қызылорда қаласындағы "Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищесінің" музыка бөлімін бітірген. * 1978 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін бітірген. * 1978 — 1984 ж.Әдебиет және өнер институтында қызмет істеді. * 1985 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы облысы филармониясының жетекші әншісі болды. Нәзік те сыршыл үн, өзіндік мәнерімен халықтың сүйікті әншісіне айналды. Оның орындауындағы “Ай-қарагөз”, “Ақбаян”, “Жылқы ішінде ала жүр”, т.б. көптеген халық әндері мен “Кіресің жиі түсіме” (Қ.Құрманәлиев), “Сағым жылдар” (Б.Байкенжеев, М.Дәукенова) сияқты қазіргі қазақ композиторларының әндері Ералиеваның өзіне ғана тән әншілік мәнерімен, өзіндік орындау ерекшелігімен, нақыш-бояуымен халық жадында қалды. Ералиева халқымыздың ұлттық ән өнерін насихаттауға елеулі үлес қосты. ## Жанұясы: * Әкесі - Ерәлі Есмалай. Тарих пәнінің оқытушысы болып, біраз жылдар ұстаздық еткен. * Анасы - Ыбырайқызы Дариға, 1932 жылы дүниеге келген. Тігіншілік өнерімен айналысқан кісі. * Мәдина 8 сыныпта оқып жүрген сәтінде, анасы өкпе ауруынан көз жұмған болатын. * Жалғыз сіңілісі - Ералиева Сағира (1962 ж.) * 1981 жылы режиссер - Атабаев Болатпен отау құрып, 1982 жылы өмірге Әрсен атты тұңғыш, әрі жалғыз баланы әкелген. ## Марапаттары: * Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің лауреаты. * Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі. * Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі. ## Еске алу кеші: * 2014 жылы 27 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Үлкен залында эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваның 60 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді. Бұл туралы Ұлттық кітапхананың баспасөз қызметі хабарлады. «2014 жылғы 27 мамырда сағат 15.00-де Үлкен залда эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваның 60 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Көркемөнер бөлімінің жанынан құрылған «Інжу-маржан» клубының аясында өткізілуде. Іс-шара аясында Мәдина Ералиеваның өмірі мен шығармашылығы туралы «Қазақтық Агаяны» кітап-иллюстрациялық көрмесі ұйымдастырылады », - деді ақпарат көзі.Кешке туыстары мен достары, танымал қазақстандық суретшілер, Алматы кітапханаларының қызметкерлері мен оқырмандары қатысты. ## Дереккөздер:
СУАЙРЫҚ – жер беті және атмосфералық жауын-шашын ағындарын екі беткейге бөлетін Жер бетіндегі шартты сызық. Суайрық негізгі немесе құрлықтық, бірінші реттік (шектес өзендер жүйелері арасындағы) және екінші реттік немесе бүйірлік (негізгі өзеннің шектес тармақтары арасындағы) болып бөлінеді. Кейде шектес өзендер жүйесін бөлетін аумақты – суайрықтық кеңістікті де суайрық деп атайды. Әр түрлі бағытта жылжитын жер асты сулары ағындарын бөлетін жер асты суларының суайрықты да болады. Таулы аймақтарда суайрық тау жоталарының сызығымен сәйкес келіп, жер бедерінде айқын көрінеді. Жазықтарда суайрық сызығының көрінісі көмескілеу. Негізгі немесе құрлықтық суайрық бірінші дәрежедегі немесе қапталдық суайрық (өзеннің негізгі салалары арасында) деп бөлінеді. Тынықмұхиттық және атлантмұхиттық алаптарды бөлуші биіктік Жердің бас суайрықты деп аталады. ## Пайдаланған сілтемелер
## Университет тарихы Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті – Қазақстан мен Египет Араб респуликасы арасындағы ортақ келісіммен іргетасы 1993 жылы қаланған жоғары білім ордасы. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылы Мысыр еліне сапарында Египет Араб Республикасының Президетімен кездесуінде Қазақстанда ислами жоғары оқу орнын ашуға байланысты шешім қабылдады. Алматыда ислами ЖОО-ның кешенін салу үшін арнайы жер қарастырылып, 6 гектар жер бөлінді. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі бұл батыл шешім ел бірлігі мен болашағына жасалған нақты қадам болды. 1993 жылы 16 маусымда ҚР Президенті Н.Назарбаев пен ЕАР Уақыфтар министрі Мұхамед әл-Махжубтың университет қалашығының алғашқы тасын қалау рәсімі өтті. Іргетасы қаланған бастама 2000 жылы, сол кездегі Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі мырзаның Египетке сапары барысында мемлекеттің ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізу нәтижесінде қолға алынып, алғашқы студенттерді қабылдау шаралары жүргізіліп, бір жылдан кейін 1 қыркүйекте алғашқы дәріс беріле бастады. Қос мемлекет басшыларының келісімі ҚР Парламентінде ратификацияланып, 2003 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарғысымен күшіне енді. Қамқорлар алқасымен университет жарғысы бекітіліп, ЖОО-ның басшылығын тағайындау бойынша ректор ЕАР-ның азаматы, проректор ҚР-ның азаматы болуы шарт етілді. Алқа келісімінің шешімімен университеттің алғашқы ректоры болып академик, профессор Махмұд Фахми Хижази, проректоры филология ғылымдарының докторы, профессор Шәмшәдин Тұрсынұлы Керім тағайындалды. ҚР-ның заңдары мен екі ел үкіметтерінің университетке байланысты келісімі және өз жарғысы негізінде жұмыс атқара бастаған университетке басшылық жасау мен оның екі жақты қызметін үйлестіруші Қамқорлар кеңесі құрылды. Қамқорлар кеңесінің 2014 жылғы кезекті басқосуы шешімімен Нұр-Мүбарак университетінің ректорлығына Әл-Азһар университетінің профессоры, доктор Жуда Абдулғани Басюни тағайындалды. Докторлық диссертацияны Ханафи фиқһы бойынша қорғаған Ж.А.Басюни Әл-Азһардың "Шариғат және заң" факультетіндегі Фиқһ кафедрасының меңгерушісі және факультет деканы қызметтерін атқарған. Шариғат саласы ғалымының есімі өз елінде ғана емес, халықаралық деңгейдегі ислами ғылым орталарына танымал.Қамқорлар кеңесі Университеттің алғашқы құрылған сәтінен бастап, оқу орнының базасының күшейіп мемлекеттік лицензия алуы, исламтану мамандығының «5В050600–Исламтану» шифрымен мемлекеттік классификатор тізіміне еніп, грант бөліне бастауы, бакалавриатпен қатар магистратура, докторантура бөлімдерінің ашылып, мемлекеттік грант белгіленуі, ғылыми-зерттеу орталығын ұйымдастырудағы доктор, профессор Шәмшәдин Тұрсынұлы Керім мырзаның біліктілігін бағалай отырып, проректорлық қызметін үшінші мәрте қайта тағайындады. ## Қамқорлар кеңесі Қамқорлар кеңесі – екі елдің лауазымды тұлғаларынан құрылған университеттің ең жоғарғы басқару органы. ҚР тарапынан: * ҚР Мәдениет және спорт министрі – тең төраға; * ҚР Білім және ғылым министрі – мүше; * ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти – мүше; * Алматы қаласының әкімі – мүше; * ҚР Сыртқы істер Вице-министрі – мүше; * ҚР-ның ЕАР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі – мүше; * ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы – мүше; * Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры – мүше; * Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ректоры – мүше; ЕАР тарапынан: * ЕАР-ның Уақыфтар министрі – тең төраға; * ЕАР-ның мүфтиі – мүше; * Әл-Әзһар университетінің ректоры – мүше; * Әл-Әзһардың өкілі – мүше; * Каир университетінің ректоры – мүше; * ЕАР- ның ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі – мүше; * ЕАР Уақыфтар министрінің қарауына орай үш көрнекті қоғам қайраткерлері – мүшелер. ## Университет басшылығы ### Ректор – Профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад әл-Жинди. Аты-жөні: Мухаммед әш-Шаххат әл-Жинди Лауазымы мен жұмысы: ислам шариғаты профессоры, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры,  Алматы, Қазақстан. Тәжірибесі мен қызметі: * Әл-Әзхардағы Ислам зерттеу академиясының мүшесі, Мысыр Уақыптар министрлігі Ислам істері жөніндегі Жоғарғы кеңестің бұрынғы хатшысы. * Республиканың президенті әкімшілігі жанындағы Мамандандырылған ұлттық кеңестердің мүшесі. * 2013 ж. Египет Конституциясын әзірлеу жөніндегі комитеттің мүшесі. * Хелуан университеті Заң факультетінің бұрынғы деканы. * Халықаралық ислам университеті Заң факультетінің бұрынғы деканы. Исламабад, Пәкістан. * Египет университеттерінің Жоғарғы Кеңесінің профессорларды жоғарылату комиссиясының мүшесі. * Оның исламдық заң ғылымдары мен салыстырмалы құқық бойынша көптеген кітаптары бар. Олардың арасында магистрлік диссертация: Халықаралық құқық пен ислам шариғатындағы халықаралық дауларды шешудің бейбіт құралдары. Докторлық диссертация: Халықаралық құқық пен исламдық құқық саласындағы экономикалық даму ережелері. Бұдан өзге 25-ке тарта жарық көрген кітаптардың авторы, сонымен қатар ағылшын тілінде Отбасы құқығы атты кітабы бар, ағылшын тіліндегі аудармалары мен ғылыми еңбектері де жарық көрді. ### Проректоры – Исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев. Еңбек жолы • 2006-2018 жж – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің исламтану кафедрасында аға оқытушы. • 2016-2017 жж – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығында бас маман. •  2016-2018 жж – Діни экстремизмге қарсы орталығының директоры • 2018 жылдан бастап «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры. Еңбек тәжірибесі 2013-2014 жж – Каир қаласындағы Жоғарғы Исламтану институтында білім жетілдіріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Шет елдік, отандық ғылыми-практикалық конференция жинақтарында 30 астам мақалалар жарық көрді. Еліміздегі исламтанушылар мен имамдардың біліктілігін арттыру курстары мен семинарларында лекциялар оқылды. ## Университет миссиясы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің миссиясы – жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау, гуманитарлық және педагогикалық бағытта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, қоғамның ғылыми және діни-рухани әлеуетін көтеру Осы орайда университет ұлттық және халықаралық еңбек нарықтарында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие дін және тіл мамандарын қалыптастыру, білім беру және ғылымды дамыту арқылы елімізде және Орта Азияда діни тұрақтылық пен діннің дұрыс бағытта дамуына үлес қосу және қоғамның дамуында сапалы жаңа нәтижеге қол жеткізу секілді ұлық мақсатты алдына қояды. ## Оқытушылық-профессорлық құрамы ## Факультеттер мен кафедралар ### Ислам ілімдері факультеті * Исламтану кафедрасы * Дінтану кафедрасы Тілдер және гуманитарлық пәндер факультеті * Жалпыуниверситеттік гум-қ пәнд.кафедрасы * Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы ### Исламтану кафедрасы Нұр-Мүбарак ЕИМУ ашылған 2001 жылы құрылды. Алғашқы уақытта исламтанушыларды даярлаған факультет құрамында. Бүгінде исламтану жəне дінтану кафедралары бар. Оқытушылар саны: Жалпы оқытушы – 47: Магистр – 20; PhD доктор – 18; Ғылым кандидаттары – 1; Қауымдастырылған профессор– 3; Профессор – 3 Исламтану кафедрасы 2001 жылдан бері жоғары білімді исламтанушыларды дайындап келеді. 2001-2012 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып шариғат ғылымдарының докторы (PhD) Ато ас-Сынбати, 2013-2014 жылдары Шариғат ғылымдарының докторы (PhD) Атыия Фатхи Мұхаммед Əли əл-Фиқи қызмет етті. 2014-2017 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін негізгі ислам білімдері ғылымының докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Шамшат Амангелдіқызы Əділбаева атқарды. 2017 жылдан бастап кафедра меңгерушісі – исламтану ғылымы бойынша доктор (PhD) Нұрлан Сайлауұлы Анарбаев. Алғашқы курстан араб тілі оқытылып, екінші курстан бастап араб тілінде Мысырдың əл-Əзһар университетінің ақида, фиқһ, хадис жəне тəпсір салаларының доктор, профессорлары дəріс береді. Сондай-ақ, отандық доктор, профессорлар: – Ислам құқық негіздері; – Құрандағы мораль мəселелері; – Отбасы ғылымхалы; – Ислам теологиясы; – Құран ілімі; – Хадис ілімі; – Хадисшілердің əдістері жəне т.б. пəндер бойынша дəріс береді. ### Дінтану кафедрасы Дінтану бөлімі 2011 ж. дейін университетіміздің «Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер» кафедрасының құрамында жұмыс жасап келді. Оқытушылар саны: 22. Оның 2 ғылым докторы, 3 – профессор, 3 ғылым кандидаты – доцент, 6 PhD, 7 магистр – аға оқытушы, 4 магистр – оқытушы. Дінтану кафедрасының миссиясы – Зайырлы мемлекет принциптері мен діни құндылықтарды үйлестіретін, дін мен қоғам қатынастары саласында терең білімге ие бәсекеге қабілетті мамандар әзірлеу. Кафедраның дербес ашылған жылы: 2011 жыл. 2011-2014 жж. – «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі, теология ғылымдарының PhD докторы Әділбаев Алау Шайқымұлы; 2014-2020 жж. – «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Ержан Қалмахан Сейтұлы. 2020-2021 жж. «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі PhD доктор, қауымдастырылған профессор м.а Жұмашова Жұлдыз Аманбайқызы. 2021-2022 жж. «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі PhD доктор, доц.м.а. Дүйсенбаева Альбина Курахбаевна. 2022 ж. тамыз айынан бастап филос.ғ.к., доц.м.а. Рыскиева Айымжан Әбуқызы. ### Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы 2001 жылдан 2018 жылға дейін «Араб тілі және әдебиеті кафедрасы», 2018 және 2022 жылдар аралығында «Араб және ағылшын тілдер кафедрасы» деп аталды. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап «Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы» болып өзгертілді. Оқытушылар саны: 27. Оның ішінде 1 ғылым докторы, 13 PhD доктор, 1 ғылым кандидаты, 9 аға оқытушы, 3 магистр. Академиялық және мәдениетаралық кәсіби қарым-қатынас саласында екі шетел тілін, атап айтқанда араб және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, кәсіби білімін, білігін бүгінгі аударма ісі және шетел филологиясы саласында тиімді қолдана алатын, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, теория мен тәжірибеден терең білімі бар маман даярлау. 2001-2007 жж аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін PhD доктор Махмуд Фуад; 2007-2008 жж аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін PhD доктор Махмуд Абдул Хафиз; 2008-2013 жж аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін PhD доктор Абд ар-Рахман Саад Хасан Мұхаммед Хижази; 2014-2018 жж аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін  оқытушы Нүсіпбаев Еркебұлан Бақытұлы атқарды; 2018-2021 жж    аралығында кафедра меңгерушісі қызметін PhD доктор Манабаев Багдат Маханович атқарды; 2021 жылдың қараша айынан бастап Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасын PhD доктор Жумашова Жұлдыз Аманбайқызы басқарып келеді. ### Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасы Ашылған жылы: 2001 жыл Кафедраны филология ғылымдарының кандидаты Ш.Қалиева (2001-2003), PhD доктор А.Әділбаев (2003-2007), философия ғылымдарының кандидаты Б.Қ.Бейсенов (2007-2008), педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ш.Б.Бәйнеш (2008-2018 ) басқарған. 2018 жылдан 1 маусымынан бастып кафедра меңгерушісі болып филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Д.А. Қапасова тағайындалды. Кафедра оқытушылары гуманитарлық пәндерді оқытудың сапасын жетілдіру мақсатында қазақ және орыс тілі, тарих және ақпараттық коммуникативтік технологиялар пәндерінің өзекті мәселелеріне арналған оқу-әдістемелік семинар-тренинг, біліктілікті жетілдіру курстарын ұйымдастырып өткізіп, сонымен қатар халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, ғылыми жобаларға қатысып, өз біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады. Оқытушылар саны: 21. Кафедрада 9 ғылым кандидаты, PhD 3, аға оқытушы 9. ## Мамандықтар Университеттің білім беру бағдарламалары ҚР Білім және Ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес жасалынады. Университет 13 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды. Бакалавриат бөлімінде: * Исламтану(4 жылдық) – қазақ, ағылшын, орыс бөлімдері; * Исламтану(3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін; * Дінтану (4 жылдық) – қазақ бөлімі; * Дінтану (3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін; * Дінтану (2-3 жылдық) – қазақ бөлімі, екінші жоғары білім; * Теология (4 жылдық) – қазақ бөлімі; * Теология (3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін; * Теология (2-3 жылдық) – қазақ бөлімі, екінші жоғары білім; Магистратура бөлімінде: * Исламтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт; * Дінтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт. Докторантура бөлімінде: * Исламтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт; * Дінтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт. Аталған мамандықтар бойынша қос елдің ұстаздары дәріс береді. Алғашқы кезеңде араб әдебиетінің мамандары, педагогика, теология ғылымдарының докторлары сабақ берсе, бүгінде шариғаттың сан-саласын қамтитын ақида, фиқһ ғалымдарының дәрістеріне басымдық берілуде. Еліміздің дінтану, исламтану, гуманитарлық пәндер саласының ғалымдармен қоса Египет тарапынан ақида, фиқх, Құран ілімі бойынша докторлық дәрежедегі ғалымдар ұстаздық етеді. 2011 жылы «исламтану» мамандығының мемлекеттік стандарты бекітіленген соң, грант бөліне бастады. 2011 жылы 100 грант, 2012 жылы 100 грант, ал 2013 жылдан бастап 150 орын мемлекет тарапынан болашақ имамдарды әзрілеуге қолдау көрсетілуде. Ал магистратура 2008 жылдан бастап университеттегі барлық мамандықтарға, 2012 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыспен докторантура ашылды. ## Лицензиясы 2010 жылдың 29 қыркүйегінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім аясында білім беру қызметін жүргізу құқығы бойынша мерзімі шектеусіз №0137466 мемлекеттік лицензия берілді. ## Контингент ### Қабылданған студенттер саны ## Бөлінген гранттар саны ### Мемлекеттік гранттар саны ## Ғылым және инновация департаменті Ғылым және инновация департаменті – Нұр-Мүбарак университетін еліміздегі исламтану және дінтану салаларындағы жетекші ғылыми орталық ретінде қалыптастыру және осы салалардағы халықаралық академиялық қауымдастықпен ынтымақтастықты нығайту арқылы университет оқытушы-профессорлық құрамының ғылыми әлеуетін көтеру мақсатында 2020 жылы құрылды.  Ғылым және инновация департаментінің директоры PhD, доцент Ықтияр Молдатөреұлы Палтөре. Атқаратын жұмыстары: – НМУ ғалымдарына ҚР БҒМ ҒК тарапынан жарияланған фундаменталды ғылыми зерттеу жобалары мен қоғам сұранысынан туындаған қолданбалы зерттеу жұмыстарына жан-жақты қатысуына әдістемелік, техникалық қолдау көрсету; – Исламтану және дінтану салаларындағы басым ғылыми бағыттардың дамуын ынталандыру мақсатында жүйелі ғылыми-методологиялық семинарлар ұйымдастыру; – Араб-Мұсылман әлемі және Түркия елдеріндегі исламтанулық және дінтанулық мектептер мен ғылыми орталықтармен ғана емес, сонымен қатар батыстық (американдық, еуропалық) исламтану институттарымен академиялық байланыс құру; – Университеттің ғылыми жұмысына сыртқы спонсорлық қорлар мен қаржылық қолдауды тарту; – Студенттер, магистранттар және докторанттардың университеттің ғылыми өміріне белсенді қатысуын түрлі жолдармен ынталандыру. – Университет ғалымдарының исламтану және дінтану салаларымен қатар, әлеуметтік ғылымдардың басқа да салаларындағы пәнаралық ғылыми жобаларды дамытуға, ұйымдастыруға қолдау көрсету. ## Академиялық мәселелер департаменті Академиялық мәселелер департаментінің негізгі мақсаты -  білім беру үрдісін жетілдіру, сапалы білім беру  үшін оқу- әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, оқу әдістері мен оның белсенді үлгілерін, бүгінгі күнгі білім беру және ақпараттық-байланыс технологияларын меңгеру, жинақтау және тәжірибеге енгізу; - Білім  беру үдерісінде  оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу-әдістемеліктермен қамтамасыз ету; - Мамандықтардың  білім беру бағдарламаларын Болон үдерісінің талаптарына сәйкес жобалауды ұйымдастыру; - Оқытушы-профессорлар құрамы  әзірлеген оқу-әдістемелік материалдар мен білім бағдарламаларының мазмұнына сараптама жасау жұмыстарын  ұйымдастыру  және өткізу; - Университеттің перспективалық  даму жоспарын дайындауға ұсыныс беру; - Оқу құжаттарын мемлекеттік және университеттік нормативтік базамен сәйкестендіру және бекітілген нормаларды сақтауды қадағалау; - Оқу үдерісінің  көрсеткіштеріне  жүйелі түрде  талдау  жасау. Академиялық мәселелер департаментінің директоры - Махмет Мұратхан. ## Ғылыми кеңес Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Ғылыми кеңесі кеңесу-мәжілістік орган болып табылады. Университет Ғылыми кеңесінің қызметі жариялылық пен өз құзырындағы мәселелерді ұжымдық талқылау қағидаларына сүйенеді. Ғылыми кеңестің құзыреті: * университет құрылымын бекітеді; * университет қызметін реттейтін нормативтік актілерді қабылдау және оларға өзгерту мен толықтырулар енгізеді; * университеттің даму стратегиясы мен тұжырымдамасын белгілейді; * университеттің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, халықаралық, қаржы, әкімшілік-шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды; * оқытудың барлық сапасы мен формаларының оқу жоспарларын бекітеді; * оқулықтар, оқу құралдары және оқу-әдістемелік құралдарды шығаруды қарастырады және ұсыныс жасайды; * студенттерді ақылы бөлімнен білім беру грантына және экстернат формасында білім алуға ауыстыру туралы шешімдер қабылдайды; * доцент және профессор ғылыми атағын беруге ұсынады; * университет қызметкерлері мен шығармашылық ұжымын мемлекеттік, үкіметтік сыйлықтарға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарастырады; * университеттің алқалық шешімді қажет ететін ағымдағы басқа да мәселелерін қарастырады. ## Ғылыми-зерттеу орталығы ### Әбу Ханифа атындағы ғылыми-зерттеу орталығы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Қазақстандағы ислами жоғары білім беретін жалғыз оқу орны ғана емес, ислами ғылыми білім беру орталығына айналып келеді. 2011 жылдың 7-желтоқсанында университет ректорының бұйрығымен (№ 662 бұйрық) Әбу Ханифа атындағы ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Орталық Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті қызметінің негізгі бағыттары бойынша кешенді зерттеулердің орындалуын қамтамасыз етуші, сондай-ақ оқу орнының ғылыми-зерттеу, баспа жұмыстарын үйлестіретін және ұйымдастыратын құрамды бір бөлігі болып табылады. Орталықтың негізгі мақсаты: - Республикадағы исламтану бағытында қызмет жасап жатқан діни оқу мекемелерін ханафилік мектептің тәлім-тәрбиесін насихаттайтын кітаптар, әдебиеттер оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттермен толыққанды қамтамасыз етуге көмектесу; - Ханафи мазһабы шеңберінде қазақстандық дін ғалымдарының еңбектерін анықтау әрі жинау; Ислам өркениетінің дамуына өзіндік үлесін қосқан қазақ дін ғұламаларының шығармашылығын зерттеу, олардың мұраларын кеңінен насихаттау; - Ханафи мазһабына қатысты қолжазбаларды жинақтап, тарихи-классикалық шығармаларды аударып, жариялаумен қатар заман талаптарына сай шығарылған заманауи фиқһ ғалымдарының еңбектерін де ғылыми қолданысқа түсіру; - Шет тілдердердегі ислам құндылықтарына насихаттайтын ғылыми, ағартушылық көпшілікке арналған кітаптарды, діни оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын іріктеп, аудару, сөздіктер құрастыру; - Оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми жұмысқа деген белсенділігін арттыру, ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық бағдарламалар мен гранттық байқауларға қатыстыру арқылы университетті біртұтас ғылыми-инновациялық кешенге айналдыру; - Студенттер мен жас мамандардың ғылыми потенциалын дамыту, сондай-ақ олардың арасынан неғұрлым қабілетті және дарындыларын университеттің ғылыми-инновациялық жұмыстарына тарту. Орталықтың директоры: Шәмшәдин Тұрсынұлы Керім ## Ғылыми жұмыстар Ғылыми жұмыс жоспарлары ҚР Білім және ғылым министрлігінің, университеттің нормативтік актілері мен құжаттары негізінде жасалады. «Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер» кафедрасы «Білім беру арқылы оқыту мен тәрбиелеу бірлігі ұстанымын жүзеге асыру», «Араб тілі және әдебиеті» кафедрасы «Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салыстырмалы тіл білімі», «Әдебиет теориясы, риторика», «Шетел тілдерін оқыту әдістемесі» атты ғылыми тақырыптар ауқымында және де «Дінтану», «Исламтану» кафедралары ханафи мазһабы аясында жұмыс жасайды. ## Халықаралық ынтымақтастық Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті – Қазақстандағы ислам дінінің  білімі мен ғылымының туын көтеріп, іргетасын  қалаушы жоғары білім ордасы. 20 жылдық тарихында жаңадан бой көтеріп, әлемдегі әріптес ЖОО-мен иық тіресетін жағдайға қол жеткізді. Соның бір айғағы Халықаралық  дәрежеде институттармен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып, маман даярлап, ұстаздардың біліктілігін арттыруда өзара үндестік табуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірге  шет елдік оқу орындарымен тығыз байланыста. Шет елде білім алушы қазақстандық студенттерді қадағалаумен қатар әріптес ЖОО-мен қарым-қатынасты үнемі пысықтап келеді. Академиялық алмасулар мен өзара студенттерді оқыту мен машықтандыру мақсатында ынтымақтастық келісімшарттары мен меморандумдар аясында ТМД елдері мен алыс шетелдердің жетекші ЖОО-мен ұзақмерзімді байланыс орнатылған. Нәтижесінде, магистратура, докторантура тәлімгерлеріне қосымша Түркия, Ресей, Малайзияның белді университеттерінен ғалымдар келіп дәріс оқиды. Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша іріктелген 500 жоғары оқу орындарының санатындағы Каир университетінің профессорлары жыл сайын арнайы шақырылып, магистр-докторанттарға екі апталық лекция-семинар өткізеді. Бір ЖОО және 4 алыс шетелдегі ғылыми және ғылыми білім беру орталықтарымен келісім жасалғандықтан, соңғы 3 жылда Нұр-Мүбарак университетіне 11 ғалым арнайы шақырылып дәрістер өткізді. Университет Египеттің әл-Азһар, әл-Хелуан, Түркияның Стамбул, Мармара, Селжұқ, Неджеттин Эрбакан университеттерімен, Қырғызстан ислам университеті, Мәскеу ислам институтымен өзара әрекет пен ынтымақтастық жөнінде келісімшартқа қол қойды. Ал Малайзияның Ұлттық Сұлтан Зайнал Абидин университеті мен Қазан қаласындағы Ресей ислам институттарымен екіжақты меморандумдарға қол қойды. 9 ұлттың өкілі оқитын Нұр-Мүбарак университеті ТМД бойынша ғана емес, Орталық Азиядағы ислам ғылымын тереңдетіп оқытып, зерттеуші бірегей ЖОО-на айналды. Әрине бұл бүгінгі есеппен 13 жыл десек те, негізгі тарих тамыры сан ғасырлық тереңдікте жатыр. Өйткені әу бастан Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабын ұстанған ата-бабаларымыз ислам өркениетін дамытып, бай мұра қалыптастырып қана қоймай, сонау араб елдеріндегі кітапханаларда өз қолтаңбаларын қалдырған. Міне көне қолжазбаларды зерттеп, атажұрттың игілігіне қолдану Нұр-Мүбарак университеті ғалымдарыныің жоспарлы межелерінің бірі. ## Нұр-Мүбарак мешіті ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік аттестациялауының барлық талаптарына сай келген университеттің өз мешіті бар. Мешіт 2001 жылы ресми ашылды. Мешіттің жалпы көлемі 1233,9 шаршы метр. Мешіттің бірінші қабатында ерлер 700 адам намаз оқи алады. Екінші қабатында әйелдергеде арналған жеке намаз оқитын орын 300 адамға арналған. Мешіттің бір мұнара бір күмбезі бар. Мешіттің екінші қабатында сынып бөлмелері және бірінші қабатта арнайы имамдар бөлмесі бар. Сонымен мешіттің жалпы сиымдылығы 1000 орынға жетіп отыр. Нұр-Мүбарак мешіті – студенттерге шариғи уағыз-насихат айтқызу бойынша тәжірибелік тұрғыдан шыңдаумен шектелмейді. Белгілі діни қайраткерлермен кездесулер ұйымдастырып, аптаның жұма күндері және қасиетті айлар мен Құрбан айт, Ораза кезінде жалпы жұртшылыққа есігін айқара ашады. ## Университет кітапханасы Университеттің кітапханасы оқулықтар  және  электрондық  кітаптар жинақталған, оқырмандар мен  кітапхана қызметкерлеріне жұмыс жасауларына қолайлы жағдай жасалынған. Университет кітапханасы құрамына оқу залдары, абонементтік бөлім, электрондық кітапхана, жатақхана кітапханасы және арнайы қор кіреді. Университет кітапханасы бүгінгі таңда университеттің жетекші құрылымдық бөлімі ретінде оқу – тәрбие үрдістерін қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші білім орталығы болып саналады. Бүгінгі нарықтық заман талабына сай біздің кітапхана да өз қадірінше оқырман қауымға қызмет жасап келеді. Кітапханада 118515 дана кітап қоры бар оқу залы жұмыс істейді. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің кітапханасы оқулықтар  және  электрондық  кітаптар жинақталған, оқырмандар мен  кітапхана қызметкерлеріне жұмыс жасауларына қолайлы жағдай жасалған орын болып  табылады. Заман талабына сай оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету, кітапханаларға берілген жаңа технологияларды кітапхана жұмысында кеңінен қолданып, кітапханалардың бүгінгі қоғамның қажетті ақпарат орталығы екендігін дәлелдеп, беделін көтеру кітапхананың негізгі мақсаты болып табылады. Сондай-ақ, ақпарат көздерін, әмбебап құжаттардың толық жинағын  оқырмандарға әлемдік, ұлттық, мәдени, рухани құндылықтарды насихаттай отырып, оларды қолжетімді ету жолында жұмыс жасау негізгі міндеттердің бірі. Университет кітапханасы құрамына  оқу залдары, абонементтік  бөлім, электрондық кітапхана, жатақхана кітапханасы  және арнайы қор кіреді. Университет кітапханасы бүгінгі таңда университеттің жетекші құрылымдық бөлімі ретінде оқу – тәрбие үрдістерін қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші білім орталығы болып саналады. Бүгінгі нарықтық заман талабына сай біздің кітапхана да өз қадірінше оқырман қауымға қызмет жасап келеді.  Кітапхана қызыметін дамыту, стандартқа сай кітапханалық жүйе құру мақсатында, жақында «КАБИС» -(автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық бағдарламасы) электрондық каталог іске қосылды. Бұл бағдарлама кітапхана қорын жабдықтау мен өңдеу процесін жүйелеуге, электронды каталогтарының мәліметтер базаларын құруға және олармен ақпаратты іздеуін қамтамасыздандыруға арналған. Университет кітапханасының  кітапхана қорын араб және қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, көркем әдебиет, мерзімді басылымдар, ақпарат тасмалдаушы көздер, компакт дискілер, электронды оқулықтар құрайды. Сонымен қатар кітапхана қоры  «Қазақстан Республикасы Жоғарғы  оқу орындарының қауымдастығы», «М.Әуезов ат. Әдебиет және өнер институты», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген Әлемнің алдынғы қатарлы 100 жаңа оқулығы, «Ұлттық аударма» бюросынан шығарылған оқулықтармен ,Университет баспасынан шыққан ұстаздардың  еңбектері , жыл сайын өтетін  «Исламтану және  араб тілі  мәселелері» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарымен толықтырылуда. ## Университет жатақханасы Университетте 2014 жылдан бастап пайдалануға берілген 610 орындық жатақхана бар. Бірінші кезекте 1-курс студенттері жатақханамен толықтай қамтамасыз етіледі. Қалған курстарға әлеуметтік жағдайына байланысты беріледі. ## Университет жетістіктері ### 2018-2022 жж. аралығындағы оқу үдерісіндегі жетістіктер: * Ұлттық рейтингте ТОП-20 университет қатарына кірді. * Ұлттық рейтингте В033-Дінтану және Теология (Исламтану, Дінтану) І орын. * 2022 жылға арналған талапкерлерді қабылдау бойынша олимпиада ұйымдастырылды. * Сұранысқа сай ихсан ілімі, ислам экономикасы, дерадикализация мәселелері, исламдағы рационалды ой-сана, т.б. жаңа пәндер қосылды. ## Дереккөздер
Алтай Абылайұлы Тілеубердин 1949 жылы 2 қазанда Алматы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Тілеубердин Абылай, марқұм. Анасы - Тәшенова Шәмсия Тимурқызы, марқұм. Алматы халық шаруашылығы институтының есеп-экономикалық факультетін бітірген (1971), инженер-экономист.КОКП мүшесі (1991 жылға дейін). 1971 жылдың тамыз айынан - ҚазКСР Орталық статистикалық басқармасы Алматы қалалық есептік-машинастансасының инженері . 1971 жылдың қараша айынан -Кеңес Әскерінің қатарында қызметте (Қиыр Шығыс әскериокругі). 1972 жылдан - ҚазКСР Мемжоспар комитетінде экономист, 1974 жылдан - жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа әдістерін ендіру бөлімінде бас инженер. 1975 жылдан - ҚазКСР Мемжоспар комитетіндебасқаруды және экономикалық басқару әдістерін жетілдіру бөлімінің бас маманы. 1978 жылдан - ҚазКСР Мемжоспар комитетінің басқаруды және экономикалық басқаруәдістерін жетілдіру бөлімінің астыңғы бөлімнің бастығы. 1981 жылдың наурыз айынан - ҚазКСР Мемжоспар комитетінің халық шаруашылығын жоспарлаудың жиынтық бөлімінің астыңғы бөлімнің бастығы. 1981 жылдың шілде айынан - Қазақстан Компартиясы ОК экономикалық бөлімініңнұсқаушысы. 1986 жылдан - Қазақстан КомпартиясыАлматы обкомының экономикалық бөлімінің меңгерушісі. 1988 жылдан - Қазақстан Компартиясы Алматы обкомыныңәлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі. 1989 жылдан - ҚазКСР Министрлер Кеңесі төрағасының көмекшісі.1991 жылдың қаңтар айынан - ҚазКСР Министрлер Кабинеті төрағасының көмекшісі. 1991 жылдың шілде айынан - ҚазКСР Президенті Аппаратының және МинистрлерКабинетінің Нарықтық экономика тобының кеңес берушісі.1991 жылдың қазанынан - ҚазКСР вице-президентініңкеңесшісі. 1992 жылдан - ҚР вице-президентінің кеңесшісі.1993 жылдан - ҚР Президентінің кеңесшісі. 1994 жылдыңмаусым айынан - ҚР Президенті Хатшылығының меңгерушісі. 1994 жылдың қазан айынан - ҚР экономика министрі.Сонымен бір уақытта 1994 жылдың желтоқсан айынан -Еуропа қайта Құру және даму банкінің Қазақстаннан өкілі -басқарушысы. 1995 жылдың ақпан айынан - Халықаралыққайта Құру және даму банкі басқарушысының ҚР бойынша орынбасары. 1995 жылдың қараша айынан - ҚРПрезидентінің кеңесшісі . 1998 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі. 1999 жылдан - ҚР Табиғимонополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағынбизнеске қолдау керсету жөніндегі агенттігінің төрағасы.2000 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі.2007 жылдан бері - «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша ҚРПарламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты,Аграрлық мәселер комитетінің мүшесі.«Құрмет» орденімен (1999), 6 мерейтой медальмен (1998-2008) марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген туризм нұсқаушысы. Әскери атағы - запастағы полковник. Діни көзқарасы - «Діндар емеспін, тағдырға сенемін, тәңіршілдікке бейіммін». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Барлық кумирлерім уақыт көкжиегінен ауып, ғайып болды». Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақ халқының және Қазақстанның дербес мемлекет ретінде гулденетініңе сенемін». Хоббиі - әрқилы бағыттағы әдебиеттерді оқу, табиғат аясында жеке, кебінесе аңшы мылтығын алып жүріп серуендеу. Инструменталдық музыка, бард әнінің классикасы (Б. Окуджава, Ю. Визбор, В. Кунин, Б. Вахнюк, Н. Матвеева, А. Якушева, Е. Клячкин, тағы басқа); аңшылық, бильярд, преферанс. Сүйіп оқитын әдебиеті - «Түрлі бағыттағы - орыс және француз классикасынан жақсы детективтер мен поэзия,әсіресе күміс ғасыр авторлары». Үйленген. Жұбайы - Бидасбекова Дина Қалыққызы (1949 жылы туған). Ұлы - Арсен; қызы - Әйгерім. Немерелері -Сабина (2003 жылы туған), Сауат (2008 жылы туған). ## Cілтемелер "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" ## Дереккөздер
Әбу Бәкр, Әбу Бәкр ас-Сидиқ Абдулла (араб: عبد الله بن أبي قحافة عثمان بن كعب التيمي القرشي أبو بكر الصديق; – Абдаллаһ ибн Әби Кахафа Усман ибн Әмір ибн Амур әл-Құрашиа ат-Тамики (573 – 636) — Мұхаммед пайғамбардың (с. ғ. с.) ізбасары, мұсылмандардың алғашқы халифы. Алланың елшісін, Құранды ақиқат деп алғаш мойындаған кісілердің бірі. Кейбір мұсылман дереккөздерінде ол ислам дінін Мұхаммедтен кейін қабылдаған бірінші ер адам деп беріледі. Пайғамбардың дін жолындағы ғазауат соғыстарында бірге болған. 631 жылы мұсылмандардың Мединеден Меккеге барған 1-ші қажылық сапарына басшылық еткен. 632 жылы Мұхаммед пайғамбар (с. ғ. с.) қайтыс болғаннан кейін, Әбу Бәкір Мекке мен Медине мұсылмандары қауымының басшысы болды. Бұл кезде ислам ықпалы Батыс Арабия аумағымен шектелетін. Әбу Бәкір бәдәуи тайпаларын бір тудың астына жинап, мұсылмандықты бүкіл Араб жеріне таратты, Сирия мен Иракқа жеткізді. Исламды қабылдаған тұңғыш қажылық сапарында Әбу Бәкір өз қаржысының жарымынан көбін (50 мың динардың 35 мыңын) кедейлерге, құлдарды азат етуге, дін жолындағы соғыс құралдарын алуға жұмсаған. Ол азат еткен құлдардың ішінде алғашқы азаншы Билал Хабаш бар еді. Әбу Бәкір жинаған пайғамбар хадистері ішінен ғұламалар 142-сін алған. Пайғамбар қазасы оны қатты уайымға түсіреді. Ақыры сол уайым өтіп, халифтық таққа отырғанына 2 жыл 7 ай болғанда дүниеден қайтқан. ## Әбу Бәкір Әбу Бәкір Мұхаммед пайғамбардан бірнеше жас кіші. Әкесінің аты Осман болғанмен Әбу Кухафа деген атпен танымал еді. Анасының есімі – бүкіл жақсылықтардың анасы дейтін мағынаға саятын Үммул-Хайр, жұбайының есімі – Үмму Румман, одан бұрын Асма бинт Умейске үйленген еді. Әбу Бәкір үш қыз бен үш ұлдың әкесі болды. ### Исламға дейінгі өмірі Ислам дінінің Мұхаммед пайғамбардан кейінгі ең ардақты тұлғасы – Әбу Бәкір. Ол Ислам діні жолында жанын да, малын да пида етуімен, туралық, шынайылығымен басқаларға жарқын үлгі болды. Бүкіл ғұмыры биязылық, жомарттық, жанкештілік тәрізді адамдық асыл қасиет өрнектеріне толы.Әбу Бәкір әлемге Ислам шуағы төгілмей тұрып та сол қараңғылық дәуірдің өзінде жан дүниесі нұрға толы еді. Ешқашан жансыз, қимылсыз, ақылсыз, өзге түгіл өзіне де пайдасы не зияны жоқ дәрменсіз, мешеу пұттарға бас иіп табынбаған. Ішімдік пен құмар сияқты жәһилия дәуірінің әдеттеріне мойын бұрмаған, туа біткен асыл рухты болатын. Ол Меккеде бай әрі беделді, көпшілікке сыйлы кісі еді. Құрайыштың түп шежіресі мен тарихын жетік білетін. Ел дау-дамайға әділдік іздегенде соның төрелігіне жүгінетін. Әбу Бәкір Сыддық саудамен айналысатын, сауда-саттықта еш қулық жасамайтын. Айтқан сөзіне берік, кедей-кепшікке жәрдем етуді жақсы көретін. Сауда барысында көптеген елді-мекендерді көрген, ішкі мәдениеті жоғары, қырағы қырандай байқағыш ол өз дәуірінің адамдық құндылықтардан жұрдай болып рухани тығырыққа тірелгенін айқын сезе білді. Адамзатты бұл қорқынышты қараңғылықтан жарыққа алып шығар бір құтқарушының келуін зарыға күтті. Әрине, ол тұста Әбу Бәкір сияқты зерде көзі ашық, көкірегі ояу хазірет Ибраһимнен қалған Тәухид дініне сенген ханифтер де бұл нұрға ынтызар болатын. ### Мұсылман болуы Көңілі тыншымай сан-саққа кетіп ізденіс үстінде жүрген Әбу Бәкірдің мұсылман болуына мына жағдайлар себепші болды: 1. Сол дәуірдің атақты шайыры Қус ибн Сайда үнемі Указ алаңында хұтба жасап, Хақ Пайғамбардың келуінің жақын екендігін ескертетін. 2. Сирия сапарында Мұхаммед пайғамбардың поп Бахирамен кездесуіне куәлік етуі, Йемендегі поп Настураның жақында бір пайғамбардың келетінін хабарлауы, өзінің көрген түсі: түсінде Меккеге толықсыған айдың шуағын төгіп, сәулесінің үйіне енгенін көріп, Тәурат пен Інжілді жақсы білетін дін адамдарына жорытады. Олар соңғы Пайғамбардың Меккеден шығатынын және Әбу Бәкірдің Соған еретінін айтады. Исламға кіруіне себеп болған оқиға 3. Мұхаммедпен бала кезден дос болып, оны жақсы тануының да айрықша маңызы бар. Әбу Бәкір сауда сапарымен Йеменде жүргенде, Мекке халқы Мұхаммедке пайғамбарлықтың келгендігі туралы хабарды естіп, толқу үстінде болатын. Өз кітаптарынан жаңа пайғамбардың келетінін оқыса да, кейбір яһудилер мен христиандардың өздеріне де бұл хабар тосын естіліп аң-таң болып жатса, мүшріктер: ”Ішіміздегі ешкімі жоқ жетімекке пайғамбарлық қалай келмек? Пайғамбарлық келер болса руымыздың ішіндегі беделді біреуге келуі керек емес пе еді?”– деп бұлқан-талқан боп, алатайдай бүлінеді. Олар, әсіресе, Пайғамбардың өздері “тәңір” дептабынған пұттарының еш дәрменсіз екендігін айтқанын көңілдеріне қондыра алмай, оған наразылық танытып, қарсылық көрсетумен болды. Йеменде жүрген Әбу Бәкір бұл соңғы жаңалықтан мүлдем хабарсыз еді. Меккеге оралған кезде, оны Әбу Жәһил, Ұтба ибн Муайт сияқты қаланың бетке ұстарлары ортаға алады. Олар Әбу Бәкірдің Мұхаммедке жақын дос екенін жақсы білетін. Әбу Бәкір болмағанда, олар Пайғамбардың әрекетіне әлдеқашан тосқауыл қоймақшы еді. Әбу Бәкір оларға: – Жайшылық па? Жаңалық бар ма? Мен жоқ кезде әлде бір нәрсе болды ма? – деді. – Иә, маңызды жаңалық бар. Ел ішінде үлкен бүлік шықты. Әбу Тәліптің жетімегі аталарымыздың дініне тіл тигізіп, өзіне пайғамбарлық келгенін айтуда, – деп тегіс жамырасты. – Бұны өзі айтты ма? – Иә, өзі айтуда және біздің табынатын пұттарымызға үнемі тіл тигізуде. – Егер бұны өзі айтқан болса, онда оныкі – рас! Әбу Бәкір бұл хабарды оның өз аузынан естігісі келіп, сол бетте Пайғамбарымыздың үйіне бет алды. ## Дереккөздер ## Тағыда қараңыз * Әбу-Жәлел пір * Әбу Бәкқр әл-Кахир Журжани * Әбу Ибраһим Исхақ Әл-Фараби * Әбу Исхақ Әл-Истахри
Сыпабек Тілеулов (1925 ж. туған, Төле би ауданы, Қазақстан аулына) – еңбек ардагері. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты (1957). Еңбек жолын 16 жасында бастаған. Зейнеткерлікке шыққанға дейін облыс көлемінде басшылық қызметтерде болды. Ленин орденінің иегері (1947). ## Cілтемелер "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
Беріктас — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Беріктас ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылынан батысқа қарай 66 км жерде, Дегерес тауының солтүстік баурайында орналасқан. Бұта аралас көде, бетеге, жусан өскен құрғақ агроклиматтық белдемде жатыр. ## Халқы Беріктаста шаруа (фермер) қожалықтары, өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. Тұрғындары басқа ауылдармен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Сейдуалы Тілеуқүлов (4.3. 1932 жылы туған, Қазығұрт ауданы Шарапхана ауылы) – ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1984). Ташкент мемлекеттік университетін бітірген (1956). 1956 – 1998 ж. Ташкенттегі Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық институтта оқытушы, тарих факультетінде декан, кафедра меңгерушісі болды. «Өзбекстанды суландыру тарихы», «Түркістандағы ұлт-азаттық күрестің тарихы» атты ғылыми кітаптар жазған. ## Дереккөздер
Нарынбай (кей деректерде Орынбай) Жанжігітұлы (туған-өлген жылы белгісіз) – 1812 – 1814 жылдары орыс-француз соғысына қатысқан қазақ жауынгері. Нарынбай 1812 жылы Орынбор губернаторында құрылған 1-тептяр полкіне қатардағы жауынгер ретінде алынған. Лейпциг пен Глогау қалаларына жасалған шабуылдар мен Эрфурт, Веймар мен Ганау, Майндағы Франкфурт қалалары түбінде болған ұрыстарда ерлігімен көзге түскен. Кейін Кобленц, Мангейм, Франциядағы Нанси, Сен Диезье қалаларын азат ету шайқастарына қатысқан. Көрсеткен ерлігі үшін Георгий кресі орденінің барлық дәрежесімен марапатталған. 1814 жылы 14 наурызда император Александр І-нің бұйрығы бойынша Парижге кірген құрметті жеңімпаздардың қатарында болды;Қазақтардың 1812 – 1814 жылдары орыс-француз соғысына қатысуы. ## Сілтемелер * Веймар * Азат * Париж ## Дереккөздер
Уанас күмбезі – 18 ғасырдың ескерткіші. Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылынан солтүстікке қарай 80 км жерде, Бетпақдаланың оңтүстігіндегі оны кесіп өтетін жолдардың бірінің бойында, сондықтан шөлді зерттеушілер К.Мыңбаев пен басқалардың еңбектерінде ол әлденеше рет сөз болады. Оның тұрғызылған уақыты беймәлім, бірақ аңызда оны 18 ғасырдың аяғында өмір сүрген қазақ руларының бірінің басшысы Уанас есімімен байланыстырады. Құрылыстың композициясы Оңтүстік Қазақстанның ескерткіштеріне зор ықпал еткен Орта Азияның құрылыстарына мүлде ұқсамайды. Сондықтан ол көшпенділердің мемориалдық сәулетшілігінің мысалы ретінде ерекше назар аудартады. Күмбездің көлемді-кеңістік композициясы мұнараға ұқсас зор көлемнен және оған солтүстік-батыс жағынан жанастыра салынған қоршаудан тұрады. Мұнара ірі шикі кірпіштен (40×17×10 см) тұрғызылған және пішінді сопақтау. Жанастыра салынған қоршау (12,80×14,6 м) құлап қалған, бірақ оның бұрыштарынан төбешіктер, мұнаралардың қалдықтары байқалады. Құрылыстың архитектурасы толығымен Қазақстанның мемориалдық сәулетшілігінің қалыптасқан бірде-бір түріне жатпайды, дегенмен оның «төртқұлақ» және «мұнара» секілді әрідегі аналогтары бар. Осы күнге дейін аздаған қазақ мұнаралары Сырдарияның төменгі сағасынан ғана табылған. Уанас Күмбезі қазақтың мұнараға ұқсас мемориалдық сәулетшілігі жөніндегі түсінікті едәуір кеңейте түседі. ## Дереккөздер
Меркіттер– ежелгі түркі тайпасы. Орта жүз Керейдің ішіндегі бір ру. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, “Меркіттер” атауы Мэргэд (Мерген – түбір сөзі де, “д” – тунгус-моңғолша көптік жалғауы) ұғымынан шыққан. Өйткені Меркіттер “құралайды көзден атқан” хас мергендер болған. Рашид ад-Диннің айтуынша, Меркіттер ерте орта ғасырда мемлекет құрған. Олар 9 – 10 ғасырларда “Цзубу” одағына қарайтын 18 тайпа құрамында қидан билігінде болған. Байкөлден (Байкал) Селенга өзенңнің орта бойы Орхонға дейін, Бүрэн жотасы, Хан тауы, Қасқа бүркіт жотасы, Ноян, Дэлгэрхан жотасын мекендеген. Үш меркіт одағы (Мэә-Ли-Зи) 11 – 12 ғасырларда ерте мемлекеттік құрылым (ұлыс) деңгейіне көтерілді. Ұлысты Тудур Билге Чигин басқарып тұрған шақта әскері үш топқа бөлінген. Тоқтыбектің (Тоқтабек) тұсында өзіндік орда гвардиясы болғаны жайлы дерек бар. Меркіттер көрші наймандармен тату-тәтті өмір сүрді. Керейттер (керейлер) Меркіттерді төрт дүркін шапқан. Шыңғыс хан бастаған боржигендер тарих сөресіне шыққан тұста оларға ең әуелі қарсылық көрсеткен Меркіттер болды. Олар 1178 жылы Тэмужиннің (Шыңғыс хан) жаңа түскен келіншегі қоңырат қызы Бөртені қолға түсірді. 1179 жылы Шыңғыс хан Меркіттер ордасына тұтқиылдан шабуыл жасады. Бұл тарихта Бугур-Кегер шайқасы деп аталды. Осы шайқастан кейін Меркіттер Орталық Азиядан ығыстырыла бастады. Тоқтыбек бастаған Меркіттер 1205 жылға дейін моңғолдарға қарсылық көрсетіп, қазіргі Солтүстік Қазақстан жеріне шегінді. 1218 жылы меркіттерді қуып барған Шыңғыс ханның ұлы Жошы Ырғыз өзені бойында қыпшақтармен соғысып, Хорезм шаһ әскерлерімен кездесті. Меркіттердің көпшілігі қырылып, аман қалғандары Шыңғыс ханға бағынды. Қазіргі кезде Орта жүз керей тайпасының құрамында меркіт руы бар. ## Дереккөздер
Беркінбай Тілешов (1934, Түлкібас ауданы, Алғабас ауылы – 1986, Қазығұрт ауданы, Рабат ауылы) – шаруашылық басшысы. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1975). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1956). 1956 – 1970 жылдары Жетісай, Шардара, Қызылқұм аудандарында мал дәрігерлік станциясының бастығы, Қазығұрт ауданы мал дәрігерлік станциясының бастығы, ауданның ауыл шаруашылықғы басқармасының орынбасары, аудандық атқару комитетті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 1973 жылдан өмірінің соңына дейін «Күйік» асыл тұқымды қой зауытының директоры болып істеді. Бірнеше орден, медаль, Құрмет грамоталарының иегері. ## Дереккөздер
Әлкен Усманов (1904, Шаян ауданы – 1961, Жетісай ауданы) – Социал Еңбек Ері (8.6. 1957). 1928 – 1949 ж. Өзбекстандағы Жангелді кеңшарында жұмысшылар комитеттінің төрағасы, партия бюросының хатшысы, директордың орынбасары, директор, 1941 – 1951 ж. Ильич ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болды. 1951 – 1961 ж. Амангелді атындағы ұжымшар басқармасының төрағасы қызметін атқарды. КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты (1958). ## Cілтемелер "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
Нарын, Арсалаң, Арасан – Аягөз алабындағы өзендер. ## Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы аумағымен ағады. ## Бастауы Өзен Тарбағатай жотасының солтүстік-батысындағы Ақтас тауының етегіндегі бұлақтардан басталып, Аягөз ауылы тұсында Аягөз өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 83 км, су жиналатын алабы 933 км2. Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жылдық орташа су ағымы 0,7 м3/с. Жайылмасы – шабындық. ## Дереккөздер
Ұзын ата — Түркістан облысы Шардара ауданындағы ауыл, Ұзыната ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шардара қаласынан солтүстікке қарай 45 км-дей жерде, Қызылқұм каналының бойында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесін 1955 жылы қалаған. 1969–1996 жылдар аралығында Комсомол күріш кеңшарының орталығы болып, "Комсомольское" ауылы аталып келді. Кеңшар негізінде «Жайсаң», «Комсомол» мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары, т.б. күріш, мақта, мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, мешіт, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт жұмыс істейді. Ауылдан 8 км жерде орта ғасыр ескерткіштерінің бірі – Ұзын ата мазары бар. ## Дереккөздер
Шахарбек Усманов (1.2. 1937 ж. т., Самарқан облысы Заамин ауданы, Өзбекстан) – еңбек ардагері. Ташкент мақта-мата институттын бітірген (1962). Мамандығы – инженер-технолог. Еңбек жолын Славян мақта зауытында ауысым мастері болып бастады, одан соң өндіріс бастығы болды. 1964 ж. Түркістан мақта зауытына ауысып, цех бастығы болып тағайындалды. 1965 ж. Түркістан ауданы комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды, 1966 ж. республика комсомолы Орталық комитетінде жауапты қызмет атқарды. 1966 жылдан бастап тікелей өндіріске ауысты. Шымкент мақта зауытының, Түркістан мақта зауытының директоры болып тағайындалды. Ол басқарған 16 жыл ішінде зауыт ұжымы республика, одақ көлеміндегі алдыңғы саптағы кәсіпорындар қатарынан көрінді. 1985 жылдан республикалық «Каззаготхлопкопром» өнеркәсіптік бірлестігінің бастығы, ал 1994 ж. кәсіпорын «Каззаготхлопкопром» өндіріс бірлестігі болып қайта құрылуына орай бас директор болып тағайындалды. 1994 ж. «Мақта» акционерлік компаниясы құрылуына байланысты осы компанияның президенті болып тағайындалды, бұл қызметті 1996 жылдың желтоқсан айына дейін атқарды. 1996 жылдан «Шымкент мақта» акционерлік қоғамының президенті. «Құрмет белгісі» орденінің иегері. Республиканың еңбек сіңірген қызметкері. Түркістан қаласының құрметті азаматы (1997). ## Cілтемелер "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
Ұзын Төбе көне қонысы – 6 – 8 ғасырлардан қалған археологиялық ескерткіш. Ордабасы ауданы Шұбар ауданының батыс шетінде, Арыс өзеннің сол жақ жағалауында, Қайнарбұлақтың Арысқа құяр сағасында жатыр. Алғаш рет 1964 ж. Шымкент педагогикалық институттының Н.П. Подушкин жетекшілік еткен археологиялық экспедициясы анықтап, барлау жүргізген, 1980 ж. А.Н. Подушкин жетекшілік еткен аталмыш экспедиция қайта зерттеген. Көне қоныс алаңның өлшемі 120×140×140, биіктігі 4 – 6 м, сүйір бұрышы түстік-шығысқа қараған. Алаңның солтүстік-батысында төрт бұрыштанған цитадельдің диаметрі 40×40, биіктігі 6 м. Цитадельдің үстіңгі нобайында биіктігі 1 – 1,2 м жал құраған қорғанның қалдығы бар. Ортада төртбұрышты ғимараттың ізі аңғарылады. Алаңның шығыс бөлігіндегі жұмыртөбенің аумағы 6 – 7 м. Цитадельге оңтүстік-батыстан ұштасатын алаң 0,1 га шамасында. Ескерткіштің батыс және солтүстік етегінен арық қазылып, шығыс бөлігінде жер жыртылып, біраз нәрсе жойылып кеткен. Алаңның жоғарғы қабатындағы мәдени тіршілік іздері ескі молалардың астында қалған. Барлау барысында табылған материалдар: қолөнер туындылары – суарылмаған керамикадан жасалған ірі ыдыстардың қалдықтары. Ұзын Төбе көне қонысын К.Байпақов 16 ғасырдағы ортағасырлық жазба ескерткіштерде аты аталған Яганкент (Иаканкент) деп шамалайды. Көне қоныс егжей-тегжейлі зерттелген жоқ. ## Сілтемелер "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
Есімше — етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. Ол түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”, “-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған өткен шақ мәнін қосады: “жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”, “мен барғанмын”. Сондықтан ол бұрынғы өткен шақтың көрсеткіші қызметін атқарады. Ал “-атын, -етін”, “йтын, йтін” жұрнағы қимылдың келешекте жасалу мәнін білдіреді: “істелетін жұмыс”, “ол ертең келетін сияқты”. Сөйлемдегі мағынасына қарай өткен шақ мәнінде де қолданылады: “ол бұрын бізге жиі келетін”. Келесі “-ар, -ер”, “-р”, “-с” жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы да, жасалмауы да мүмкін екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”, “келер күн”, т.б. Осымен байланысты бұл жұрнақ тілде болжамды келер шақ қызметінде қалыптасқан: “ол бүгін-ертең келер”. Сондай-ақ, “-мақ, -мек”, “-пақ”, “-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы: “кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”. Есімшенің осы мағынасына байланысты ол тілде мақсатты келер шақ көрсеткіші болып қалыптасқан: “Ол ел сенімін ақтамақ”. Есімшенің басқа етістіктерден өзіндік ерекшелігі бар. Ол заттық белгі білдіріп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: “Айтылған сөз — атылған оқ”. Осындағы “айтылған” — сөздің анықтауышы, “атылған” — оқтың анықтауышы. Есімше анықтауыш қызметінде заттың қимылын оның бір белгісі ретінде көрсетеді. Есімшеден болған анықтауыш заттың тұрақты белгісін емес, тұрақсыз белгісін білдіреді. Есімше өте жиі заттық мәнде қолданылатын сөздерге жатады. Есімше заттанғанда, ол зат есімнің жалғауларын қабылдайды: “көргеніңді айт, келгендерді қарсы ал”, т.б. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том
Ұзын ата мазары – Түркістан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші. ## Орналасқан жері Түркістан облысы Шардара ауданы. ## Сипаты Мазар порталды-күмбезді құрылыстар қатарына жатады. Күйдірілген шаршы пішіндес кірпіштен қаланған. Күмбезі 8 қырлы барабанға орналастырылған. Мазардың шығыс бөлігінде жоғары шығатын баспалдақ, ал батыс бөлігінде шағын бөлме бар. Кіре берісі П әрпі тәріздес болып көркемделіп, есіктің үсті сүйірленіп келген аркамен әшекейленген. Порталдың төменгі жағында араб харіпімен 778 х. жылы (1377) қайтыс болған Дүрманның ұлы Шермұхаммед Халім жерленгені жайлы жазылған. Мазардың ортасында ұзын 5 м болатын сағана (қабіртас) жатыр. Осыған қарап, жергілікті тұрғындар Ұзын ата мазары деп атап кеткен болуы керек. ## Дереккөздер
Тұзащы — Нұра алабындағы ащы көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Қорғалжын ауданы жерінде, Қорқылдақ ауылынан батысқа қарай 120 км жерде. ## Гидрографикасы Көл теңіз деңгейінен 331,8 м биіктікте жатыр. Ауданы 12,4 км2, ұзындығы 5,5 км, ені 4 км-ге жуық. Жағалау сызығының ұзындығы 16,5 км. Су жиналатын алабының аумағы 68,8 км2. Жағалауы саздақты жазық. Суы мол жылдары оңтүстігінде жатқан Қарасор көлімен бірігіп кетеді, құрғақ жылдары сор шалшыққа айналады. Жағалауы-шабындық және жайылым. ## Дереккөздер
Нарынбай Жанкөбекұлы (Нарынбай би; 17 ғасыр бас кезі, қазіргі Түркістан облысы – 18 ғасыр соңы, Ташкент қаласының маңы) – Қазақ халқының атақты биі, аға батыры, қоғам қайраткері. Нарынбай халыққа өте беделді, от ауызды, орақ тілді, шешен болған. Найман тайпасы Қаракерей руы Сыбан бөлімінен шыққан. Тәуке хан тұсында сыртқы жауға қарсы шайқаста ерлігімен көзге түскен. Осы батырлығы үшін сол кездері Қазақ хандығына қараған Ташкенттің он екі қақпасының біріне бек болып тағайындалған. Ел-жұртына қамқор, жетім-жесірге жанашыр би халық арасында «Нар дауысты Нарынбай би» атанған. Соңғы уақытқа дейін Ташкентте Нарынбай қақпасы сақталғандығы айтылады. Ел аузында Нарынбай туралы “Құраманы ел қылған, Қақты жерді көл қылған. Жақынындай бөгдені, Баласымен тең қылған” деген сөз сақталған. Нарынбайдың ұлы Қу дауысты Құттыбай би Тәуке ханның билер кеңесінің құрамына еніп, мемлекет басқару ісіне араласқан, Қытайға барған тұңғыш қазақ елшілерінің бірі. Оның баласы Байқара би, одан кейін Ақтайлақ би қазақ тарихындағы белгілі тұлғалар болса, одан әрі Кеңесбай – Жарқынбай– Жұмахан билер кеңес заманына дейін билік құрған. Нарынбай бастаған билер әулетінің қазақ тарихындағы орнын Мұхамеджан Тынышбаев жоғары бағалаған, қазақ ақыны Дулат Бабатайұлы жырға қосқан. Әдебиеттер: Тынышбаев М., Материалы к истории Киргиз-казахского народа, Ташкент, 1925; Хасенов Ә., Қазақ халқының бес мың жылдық баяны, Алматы, 1998 жылы; Атасы асыл сөздің Ақтайлақ би,Алматы, 1999; Бабатайұлы Д., Шығармалары мен тағылымы, Алматы, 2003 .
Желбөгет — жел әрекетінен туындайтын су деңгейінің көтерілуі. Әдетте өзендердің теңізге, көлге құяр сағасында байқалады. ## Дереккөздер
Тұзды – Өлеңті алабындағы тұзды көл. ## Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында, Базартөбе ауылынан солтүстік шығысқа қарай 40 км жерде. ## Гидрографикасы Аумағы 22,0 км2, ұзындығы 15 км, ені 1,4 км, жағалау сызығының ұзындығы 28 км. Көл жағалауы жазық, оңтүстік-шығысы сор. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Солтүстігіне шағын Жыланды өзені құяды. Жаз айларында бірнеше шағын көлшіктерге бөлініп қалады, кейде түбіне дейін құрғайды. Су мол жылдары айналасындағы көлдермен бірігіп кетеді. Алабы – шабындық. ## Дереккөздер
Қапал – Қызылжар тауларының шығысындағы шоқылы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Киік ауылының солтүстік-батысында 5 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 963 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 8 – 9 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 – 5 км шамасында. ## Жер бедері, геологиясы Солтүстік беткейі тіктеу, оңтүстігіне қарай көлбеуленіп жазыққа ұласады. Төменгі тас көмір кезеңі жыныстарынан түзілген. Гранитті, жалаңаш жақпартасты келеді. ## Өсімдігі Сай-жыраларындағы құнарсыз топырағында селеу, бетеге, көкпек] жусан, бұталар өседі. Беткейі мал жайылымы. ## Дереккөздер
Үкаша ата мазары – шамамен 6-7 ғасырларда өмір сүрген, Мұхаммед (саллаллаһу ғаләйһи уа салләм) пайғамбарға замандас болған ислам дінінің өкілі – Үкаша ата кесенесі, сәулет өнері ескерткіші. ## Географиялық орны Қаратаудың күнгей бетінде, Өгіз тау шатқалы маңындағы қыратта, Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 42 км жерде. ## Сипаты Кесененің жалпы ұзындығы 16 м, ені 5 м, биіктігі 3,5 – 4 м. Ғимараттың батыс жағында, диаметрі 3,5 – 4 м, биіктігі 4 – 4,5 м болатын шірімейтін қаңылтырдан күмбез тұрғызылған. Негізгі құрылысы тау тастарынан тік төртбұрышты етіп қаланып, сырты ақ және сұр түсті цемент қоспасына қиыршық тас араластырылып сыланған. Кесененің ішіндегі мазардың биіктігі 160 – 170 см, ені 150 см, ұзындығы 12 м-ге жуық (ұзындығының ұзын болуы - Үкаша атаның басын шапқанда, басы 12 метр жерге дейін домалап барған, содан кейін қаны аяқ астына жатпасын деп, қанымен бірге жерлеген). Кесененің батыс жағында 200 м жерде Үкаша ата құдығы бар. ## Үкаша ата құдығы Аңыз бойынша, Үкаша ата сахаба Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың сенімді серігі әрі күзетшісі болған. Жергілікті тұрғындар “Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жауырынының астындағы мөрді сүйгеннен кейін Үкаша сахабаның денесіне атса – оқ, шапса – қылыш өтпеген” дейтін ертегіге бергісіз әңгімені ғасырдан-ғасырға жалғап, айтып келеді. Аңызға жүгінсек, қайсыбір мысық пиғылды, іштарлық танытқан дұшпандары қапияда бас салып, Үкаша атаны қапы қалдырып, бақиға аттандырған көрінеді. Таң намазында басы сәждеге енді барғанда дұшпанның қылышының соққысынан жерге салбырап түскен сахабаның мүбәрәк басы ешкімге ұстатпай, құдыққа түсіп кетеді. Ал, құдық болса, жерасты жолдары арқылы, сонау Меккедегі зәмзәм бұлағымен жалғасады дейді, айтушылар. Себебі, құрбан болған сахабаның басы, сол балбұлақтан табылып, пайғамбардың қабірінің аяқ жағына жерленіпті-міс. Бұл – Үкаша атаның «Иә, Алла, менің басым пайғамбарымның аяғында жатса екен!» деген арман-тілегінің орындалғаны болса керек. ## Галерея * * * * ## Дереккөздер
Нарын-Бақанас – Іле алабындағы құрғақ арна. Алматы облысы Балқаш ауданы жерінде, Іле өзеңінің ескі арнасы. Ұзындығы 276 км. Төменгі бөлігі (65 км) Балқаш көлінің суына толған. Арнасы тік жарлы, биіктігі 1 – 10 м, ені 150 – 200 м, кей жерінде 1000 м-ге жетеді. Аңғарында сексеуіл, тораңғы, су басқан бөлігінде қамыс, құрақ өседі. ## Сілтемелер * Балқаш * Алматы * Іле ## Дереккөздер
Ет асату — дәстүрлі қазақ қоғамындағы кәде. Дастарқандағы ет желініп болған соң қонақтардың үлкені бас табақтағы еттен жасы кішілерге асатады. Кәде бойынша, етті ұсынған адамның өз қолынан асау керек. Кейде асатылатын ет бөлек ыдысқа салынып та беріледі. Ет асату жасы үлкендердің кішілерге жасаған құрметі болып есептеледі. Үлкен аталары мен қайнағаларының бас табағынан дәм татарда келіндер иіліп тағзым етеді. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том
Жандосов Оразәлі Кәкімұлы (1904, Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылы — 28.02.1938) — алғашқы қазақ геологтарының бірі. Жандосов Ораз Қыйқымұлының інісі. Верный ерлер гимназиясының 4 сыныбын бітірген. * 1924 — 1925 жылы Мәскеудегі жоғарғы кооперативтік курстарда оқыған. * 1933 жылы Мәскеу геология барлау институтын бітірді. * 1923 — 1924 жылы Алматы уездік комсомол комитетінің хатшысы, * 1925 — 1926 жылы Қазақ ауыл шаруашылық кооперациясының бөлім бастығы, * 1926 — 1929 жылы Ақтөбе губерниясы атқару комитетінің төрағасының орынбасары, губ. жоспарлау басқармасының төрағасы, * 1933 — 1934 жылы Семей қаласындағы “Қазсирекметаллбарлау” тресінде бастықтың орынбасары, бастығы болды. * 1935 — 36 ж. Қаскелен геологиялық барлау партиясының бастығы, * 1936 — 1937 жылы Текелі кен басқару мекемесінің директоры қызметін атқарды. * 1937 жылы тұтқынға алынып, арандатушы деген айып тағылып. * 1938 жылы ату жазасына кесілген. Жандосов Қазақстанда тау-кен өндірісін және түсті металл кен орындарын игеру жұмыстарын ұйымдастыруға елеулі үлес қосты. ## Дереккөздер
Үлгілі — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл, Үлгілі ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан батысқа қарай 2 км жерде, боз жусан, баялыш, күйреуік басым өскен шалғынды, сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1937 жылы осы жерде алғаш "Киров" атындағы колхоз құрылып, халқы егіншілікпен айналысқан. Отырықшылыққа әбден машықтанған осы жердің тұрғындары кейіннен мал өнімін беруде, егін жинауда бірінші қатардан көрініп, өзге ауылдарға үлгі көрсете бастайды. Содан халқы ауылдарына "Үлгілі ауыл" деген айдар тағып, ел аузында осылай аталып келеді. Ал, ауылдан "Киров" атауының алынып тастаған уақыты белгісіз. 1983-1997 жылдары қызылша тұқымын өсіретін кеңшардың ортасы болып келді. Оның негізінде Үлгіліде 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Тұзды (2004 жылға дейін — Новостройка) — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл, Тұзды ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ботақара кентінен батысқа қарай 31 км жерде, Тұзды бөгенінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1956-1996 жылдары көкөніс, сүт өндіретін “Тұзды” кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде Тұздыда және округке қарасты Бірінші Мамыр, Ескі Тұзды ауылдарындарында шаруа қожалықтары жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Балқаш–Алакөл ойысы – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы ірі тектоникалық құрылым. ## Географиялық орны Негізінен Абай, Алматы және Жетісу облыстарының аумағында орналасқан. Солтүстігінде Сарыарқамен, шығысында Тарбағатай жотасымен, оңтүстігінде Жетісу (Жоңғар) және Іле Алатауларымен, батысында Желтау, Айтау тауларымен шектелген. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Ойыс Балқаш және Алакөл ойыстарына бөлінеді. Жалпы ұзындығы 800 км. Ені Балқаш көлінің тұсында 300 км, Сасықкөл маңында 100 км. Ойыс табаны қатпарланған палеозой шөгінділерінен, магмалық және интрузиялық жыныстардан түзілген. Оларды бор, палеоген, неоген және төрттік кезеңдердің континенттік борпылдақ жыныстары жапқан. Ойыстың көпшілік аумағын абсолюттік биіктігі 342 — 600 м Сарыесікатырау, Лөкқұм (Лекқұм), Тауқұм сияқты төрттік кезеңнің құм алқаптары алып жатыр. ## Климаты Климаты тым континенттік. Қысы қатаң, аязды. Қаңтар айының орташа температурасы (-12 -14°С), бұрқасынды әрі үскірік аязды күндер (-30 -35°С) жиі болып тұрады. Жазы ыстық, аңызақ әрі құрғақ. Шілде айының орташа температурасы 22 — 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 120 — 200 мм шамасында. ## Су жүйесі Ойысты қоршап жатқан таулардан бастау алатын Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз, Үржар, Қатынсу, Еміл, Ырғайты, Жаманты, Тентек өзендері ойыстың табанындағы Балқашқа, Алакөлге, Сасықкөлге, Жалаңашкөлге құяды. Балқаш көліне құятын судың үштен екісінен астамы Іле өзенінің үлесіне тиеді. 3 — 10 м тереңдіктегі (кейде 100 м, Тауқұмда) жер асты суы көбіне тұщы келеді. Алакөл артезиан алабында арынды су қоры мол. ## Өсімдігі Ойыста сексеуіл, жусан, бұта, сораң, өзен аңғарларын бойлай тал, тораңғы, жиде және құрақ, қамыс бидайық, астық тұқымдас өсімдіктер өседі. Өзен аңғарлары мен құм төбелер — қысқы мал жайылымы, тау бөктеріндегі жазық — суармалы егістік ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Үлкен Келес каналы – Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп жүзеге асырған су жүйесі. 1979 жылы құрылысы басталып, 1984 жылы алғашқы бөлігі пайдалануға беріле бастады. ## Гидрологиялық сипаты Жалпы ұзындығы 96 км-ге созылған каналдың құрылыс жұмыстары 1988 жылы аяқталды. Оның 40 км Қазығұрт, 25 км Сарыағаш аудандарының, 31 км Өзбекстан Республикасының территориясын суландырады. Су көзі Бостандық ауданындағы Шарбақ су қоймасы. Канал секундына 52 текше м-ге дейін су өткізуге жобаланса, іс жүзінде 35 текше м су алады. Мұндағы 16 су бөлгіш каналдар мен латоктар және жер асты су құбырлары (жабық су жүйелері) арқылы Қазығұрт ауданында 9294 га жер суғарылады. Оның 3162 га Қақпақ, 5495 га Қызылқия, 457 га Шарбұлақ, 180 га Қазығұрт ауыл әкімшіліктерінің жерін суландырады. Үлкен Келес каналына «Оңтүстік су шаруашылығы» республика мемлекеттік кәсіпорнының «Захкелес» филиалы иелік етсе, ондағы су бөлгіш каналдар мен жабық су жүйелеріне осы кәсіпорынның «Қазығұрт» филиалы басшылық жасайды. ## Дереккөздер
Тұздыбастау — Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл, Тұздыбастау ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Талғар қаласынан батысқа қарай 15 км жерде, Іле Алатауының солтүстік баурайында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1996 жылға дейін “Калинин” деп аталған. 1929 – 1997 жылдары көкөніс, сүт өндіретін ұжымшардың орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылы Тұздыбастауда ЖШС, ӨК және бірнеше шаруа қожалығы құрылды. ## Дереккөздер
‎ Тұзды бөгені — Ертіс-Қарағанды каналы жүйесіндегі жасанды су айдыны. 1954 жылы Қарағанды облысы Молодёжный ауданына (Осакаров ауданы) қарасты Тұзды кеңшарының жерін суландыру үшін жасалған. ## Гидрологиялық сипаты Су айдынының ауданы 5,9 км², көлемі 10 млн. м³, ұзындығы 5,75 км, енді жері 2 км, тереңдігі 4,5 м. Бөгенде мөңке, алабұға, т.б. балықтар бар. ## Дереккөздер
Өзен алабы — жер беті және жер асты арқылы (топырақ және тау жыныстар қабаттары арқылы) жалпы су ағындары жеке өзенге немесе өзен жүйелеріне келіп қосылатын, өзенге су жиналатын жер бетінің белгілі бір аймағы. ## Толығырақ Өзен алабы: * ағынды; * тұйық. Кейде “су жиналатын алап” деп те аталады. Әрбір өзен алабы жер беті және жер асты (топырақ, таужыныстар қабаттары) арқылы су жиналатын алаптарға бөлінеді. Әрбір өзеннің су жиналу алабы басқа өзеннен суайырық арқылы бөлінеді. Өзен алабы өзінің ауданы, биіктік белдемі мен таралуы, орташа биіктігі, ені, еңістігі арқылы сипатталады. Өзен алабы ағынды және тұйық болып ажыратылады. Басқа өзен жүйесімен, мұхиттармен байланыспайтын өзен алабы тұйық алапқа жатады (Каспий, Арал теңіздеріне құятын өзендер). Өзен алабының пішіні, мөлшері, географиялық орны, жер бедері геологиялық құрылысына байланысты әр түрлі болып келеді. Ең ірі өзен алабы Оңтүстік Америкадағы Амазон алабы (ауданы 7,2 млн. км²). Қазақстандағы ірі өзендердің өзен алабының ауданы Ертісте 1643 мың км², Сырдарияда – 462 мың км², Жайықта – 237 мың км², Іле өзенінде 140 мың км². ## Өзен алабының су беру мүмкіндігі Өзен алабының су беру мүмкіндігі (Водоотдача речного бассейна) — белгілі бір уақыттағы өзен алабының су беру көлемі. Ол — алқаптағы жиналған судың белгілі уақытта жерге сіңгеннен кейінгі қалған айырмасына тең болады (тәуліктік, онкүндік және т.б. болып бөлінеді). ## Өзен алабы Өзен алабының ұзындығы (км) — өзеннің сағасынан алаптың ең шалғай нүктесіне дейіңгі түзу қашықтық. ## Тағы қараңыз * Өзен; * Өзен аңғары; * Өзен жүйесі; * Өзен бастауы; * Өзен сағасы; * Өзен еңістігі; * Өзен желісі; * Өзен жүйесі; * Өзен иректілігі; * Өзен ирелеңі; * Өзен көлігі; * Өзен суының тартылуы; * Өзен эрозиясы; * Өзендердің бөлінуі; * Өзендердің қоректенуі; * Өзенді ілестіру; * Өзеннің бас жары; * Өзен жайылмасы; * Өзен аралығы. ## Дереккөздер
Ергенеқон— дастан; ғұндар мемлекеттік бірлестігі ыдырап, көк түріктердің алғашқы мемлекеті — Түрік қағанаты салтанат құрған (552 — 745) кезеңге дейінгі 450 жыл ішінде болған түрлі оқиғаларды қамтитын, түркі халықтарының ата тегін тарихи деректер бойынша жыр еткен ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі. “Ергенеқон” дастаны толық күйінде сақталмаған, тек жекелеген үзінділері мен жалпы сюжеттік желісі ғана бізге мәлім. “Ергенеқон” дастанына алғаш назар аударғандар Түркияның түркітанушы ғалымдары — М.Ф. Күпрулу (1896 — 1966), Атсыз Нихал (1905 — 1975) болды. Түрік зерттеушілері “Ергенеқон” дастанына қатысты бірқатар деректерді заманымыздан бұрынғы 1 ғасырда өмір сүрген Қытай тарихшысы Сыма Цянның “Цянь хань Шу” (“Бірінші хан дәуірінің тарихы”) атты кітабынан алғанын, сондай-ақ, ежелгі грек тарихшылары Полиэн, Ктезий, Геродот (заманымыздан бұрынғы 490/80 — 425) жазбаларынан тапқанын айтады. Көне түркі жазба әдебиетінің сюжеттік желісіне енген кейбір тарихи оқиғалар, аңыз-әфсаналар “Ергенек” дастанында ұшырасып қалады. Дастан мазмұны бойынша: баяғы өткен заманда Көк түріктердің елін Иль деген хан басқарыпты. Бұл кезде түркі елі аса қуатты екен. Олардың жебесі жетпеген жер, әскері алмаған ел қалмапты. Бұлардың “даңқы жер жарып, беделі асқар таулардан асып тұрған заманда” көрші отырған бір елдің әміршісі оларға зұлымдық ойлап, түркілерге қарсы соғыс жариялайды. Қан майдан шайқас енді ғана қызып келе жатқан сәтте жау әскері дереу шегініп, қаша жөнеледі. Бұл олардың айла-тәсілі еді. Түркі әскері соңына түсіп, қуып кетеді. Алайда өздеріне қолайлы жерге жеткенде жау жағы жалт бұрылып, қарсы шабуылға шығады. Қапылыста жау қоршауына түскен түркі әскері жеңіліп қалады. Жау оларды қырып-жойып, тірі қалғандарын тұтқындап әкетеді. Иль ханның балалары өте көп еді. Бәрі соғыста қаза табады. Тек кенжесі Қаян ғана тірі қалады. Иль ханның Тоғуз деген жиені де соғыста аман қалып, жауға тұтқын болған екен. Бір күні Қаян мен Тоғуз әйелдерімен бірге тұтқыннан қашып шығып, өздерінің баяғы ескі жұртына келеді. Олар мұнда жайылып жүрген төрт түлік малды көреді де, әрқайсысынан бір-бір жұптан ғана алып, алыс жолға аттанады. Қаян мен Тоғуздың ендігі арманы — артынан келген жау іздеп таба алмайтын, шөбі шүйгін жайылымы бар, жанға жайлы жерұйық мекен табу еді. Бұлар талай күндер, айлар, жылдар бойы сарылып жер кезеді. Ешбір жер ұнамайды. “Бірі шөпсіз, бірі сусыз, бірі күнсіз” болып шыға береді. Түркілер ақыры айналасын аса биік көгілдір таулар қоршаған, сарқырап ағып жатқан асау өзендері бар жерге тап болады. Сол үлкен дарияның бір жағы — жеміс ағаштары жайқалып тұрған бау-бақша, екінші жағы — шүйгін шөбінен түйе көрінбейтін кең жазира жайлау екен. Бұл жұмақ тектес жерді “Ергенеқон” деп атапты. Ергенеқон жері түркілерге құтты қоныс болыпты. Қаянның баласы Қаяттан тарағандар қаяттар, ал Тоғуздың баласы Түрілгеннен түркештер тайпасы өмірге келіпті. Бұлардан тараған ұрпақтар өсіп-өніп, төрт жүз жыл ішінде тұтас бір халыққа айналыпты. Түркілердің малы да төрт жүз жыл ішінде көбейіп, Ергенеқон жеріне сыймай кетіпті. Бір күні Ергенеқон елінің әміршісі, кемеңгері, алып батыры Бөрте Шене (бөрі) қарамағындағы халықты жинап алып, оларға қарап үндеу сөз айтады: “Уа, қасиетті Көк Бөрі ананың ержүрек оғландары мен әулеті! Менің айтар сөзімді пайымда, жақсылап ұғып ал! Біздің ата-бабаларымызға қадым замандардан бері осы Ергенеқон жері құтты мекен болған. Арада көп жылдар өтті. Көк Тәңірі бізді қолдап, өстік, өндік, көбейдік. Бұл үшін киелі Ергенеқон жеріне бәріміз бас иіп, тағзым етейік. Әйтсе де біздің ұлы бабалар зираты жатқан қасиетті атамекеніміз анау заңғар таулардың арғы жағында екенін ұмытпайық. Бір кезде бізге қорған болған асқар таулардың қоршауынан амалдап шығайық. Енді аттың басын ата жұртқа қарай бұрайық. Табғаштарды жерімізден қуып шығарайық. Сөйтіп, кек қайтарайық, жер қайтарайық!” — дейді. “Ергенеқон” дастанында Бөрте Шене сөзін күллі халық қалай қолдап-қолпаштағаны, алыс сапарға әзірлік, биік таулардан көштің шыға алмай тұйыққа тірелгені, сонда бір темірші ұстаның жетпіс түйе терісінен үлкен көрік жасағаны, сол арқылы темір тау бөктеріне көмір жағып, ақыры тауды ерітіп салынған жолмен керуеннің өткені, туған жерге жеткені, төрт жүз жылдан кейін табғаштардан кек қайтарғаны, “Түрік қағанаты” атты мемлекет құрғаны жырланады. “Ергенеқон” дастанының қысқаша сюжеттік желісі осындай болып келеді. Ә.Марғұлан бұл дастанда айтылатын дәуір оқиғаларының тарихи шындығы жайында: “Біздің заманымыздан үш ғасыр бұрын — Қытай өкіметі ғұндарға қарсы жойқын соғыс ашып, алты жүз жыл өткенде оларды қиратып бітірген. Бостандықты жақсы көретін ғұндар Алтай тауының, Жетісудың төңірегіне жиналып, суармалы егін егіп, тау-кен жұмысымен шұғылданады. Темір, мыс, алтын шығарады..., 350 жыл өткен соң ғұндардың қалғандары жаңадан көтеріліп, 6 ғ-дың орта кезінде Түрік қағанатын құрады. Түріктердің бұрынғы аталары Күнбатыс теңізінің жоғарғы жағында тұратын. Олар ғұндардың бір ұлы тайпасы еді”, — деп жазады (Марғұлан Ә., Ежелгі жыр, аңыздар, А., 1985, 7 — 8-беттер). Бізге қытай, иран, грек тарихшылары арқылы жеткен аңыз бойынша, ғұндар өз жауларынан жеңіліп, халқы түгел дерлік қырылып, жалғыз бір бала аман қалыпты. Жау әскері оны өлтірмей, шөбі шүйгін бір көл жағасына тастап кетіпті. Баланы Көркем көл (Ыстық көл) маңайында жүрген бір бөрі асырайды. Аңшылар соңынан түсе берген соң, әлгі бөрі баланы алып, Алтай тауына қарай кетіп қалады. Бөрінің баланы асырап алған жері Ергенеқон деп аталады. Марғұлан түріктердің ата тегі туралы әфсананы жалғастыра түседі: “Ең таңсығы Ергенеқон алабы, жан-жағын биік таулар қоршап алған кең алқап, қандай жау болса да таудан асып түсе алмайтын мықты бекініс, іші толған байлық, шөбі, суы орасан көп. Бөрінің қаншығы осы арада бекініп, баладан он ұл көтереді. Соның бірі ғұн ұрпағы — Ашина. Түрік қағанатын бірінші рет басқарған ғұн ұрпағы Шене (бөрі) — ақылды, кемеңгер, ойшыл кісі болған, Тоныкөкке ұқсас. ҙзінің ерекшелігін білдіру үшін ордасының қақпасына бөрі басты сурет салынған ту байлатып қойған”. “Ергенеқон” дастанындағы кемеңгер Бөрте Шененің халыққа арнау сөз айту дәстүрі кейінірек Түрік қағанаты тұсында өмірге келген “Күлтегін” жырында өз жалғасын тапты. Ежелгі түркі ауыз әдебиетінің мұндай дәстүрі араға сан ғасырлар салып барып жазба әдебиетте жалғаса түскенін “Қорқыт ата кітабынан” да көреміз. Мәселен, елді жау шауып, оны қорғау үшін хан сарайына оғыз батырлары жиналып жатқан сәтте Қорқыт атаның айтатын ұзақ монологы бар. Ол: “Тыңдаңыз, хан ием, кімдер келген екен”, — деп басталады. Кейін Асан Қайғы (15 ғ.) да өзінің желмаясына мініп алып, халқына “қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған жерұйық” іздейді. Сөйтіп, “Ергенеқон” дастанына өзек болған идея — халыққа құтты қоныс, жерұйық, бақытты өмір іздеу сарыны араға сан ғасырлар салып барып, Асан Қайғы жырау-толғауларында қайталанады. “Ергенеқон” дастанындағы әфсаналарда да, Асан Қайғы жайындағы аңыздарда да жерұйыққа үш талап қойылады. Олар: малға қолайлы, шөбі шүйгін жер, жау әскері бармайтын қоныс, адамы жүзге келмей өлмейтін мекен. “Ергенеқон” дастаны — түркі халықтарының шығу тегін, түрлі тайпалық топтарға бірігуін, көне кәсібін, өмір сүру салтын аңыз-әфсаналар мен жекелеген тарихи деректер бойынша жыр еткен, бізге толық күйінде жетпеген ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі саналады. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау
Ет-сүйек ұны — белоктық-минералды мал азығы. Ет комбинаттары мен утильзауыттарда тамаққа жарамсыз еттен, бекон (қақталған шошқа еті) және консерві кәсіпорындарының қалдықтарынан, теңіз аңшылық флотилияларында теңіз хайуанаттарының ұшаларынан дайындалады. Ет-сүйек ұнының құрамында ұнды жасауға пайдаланған шикізатқа байланысты 30 — 50% протеин, аз мөлшерде май, кальций және фосфор болады. Ет-сүйек ұнының сапасын жоғарылатып, құрамындағы майдың тотықпауы үшін оған антиоксиданттар қосады. Ет-сүйек ұнын, негізінен, шошқа, құс, мамық жүнді аңдарға азыққа және құрама жемге қосып береді. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том
Өзен аңғары – негізінен өзендердің эрозиялық әрекеттерінің нәтижесінде пайда болатын жер бедерінің созылмалы пішіні; жер бетінің ғасырлар бойы аққан судың эрозиялық әрекетінен жуылып-шайылуы арқылы қалыптасқан, ұзына бойы иректеле созылған, бастауынан сағасына дейін түбі еңіс болып келетін, қазіргі кезде ағын арнасы бар бедердің терең теріс пішіні. Оның қалыптасуы климаттық, эрозиялық, мұздық, тектоникалық процестер мен карстық (оқпалық) құрылыстарға тікелей байланысты. Өзен аңғарының элементтеріне оның табаны, тальвегі (фарватері), арнасы, жайылмасы, террасалары және аңғардың беткейлері мен жарқабағы (кемері) жатады. Олардың көбі (әсіресе ірі аңғарлар) тектоникалық элементтермен байланысты (құрылымдық немесе тектоникалық аңғарлар). Өзен аңғарларының көлденең қимасының пішіні олардың даму кезеңіне, геологиялық құрылысына байланысты. Олар: қысаң, шат, шатқал, астау, У-тәрізді, трапеция тәрізді, анық білінбейтін және т.б. болып бөлінеді. Аңғарлардың бастапқы түрі — қолаттар, сайлар, өзектер, жыралар. Өзен аңғарлары арна, жайылма, жайылма үсті террасалар және түпкі жағалар, саға маңында кейде атыраулар немесе ысырынды конустар секілді морфологиялық элементтерден тұрады. Тектоникалық құрылымдар мен тау жоталарының созылымына қатысты бойлық өзен аңғарлары ажыратылады. Геологиялық құрылымының типіне байланысты бойлық аңғарлардың арасында синклиндік, антиклиндік, моноклиндік, лықсымалық және грабендік аңғарлар болып бөлінеді. Көлденең аңғарлар қаттылығы әр түрлі тау жыныстарын кесіп өтіп, кескінінде және планында морфологиялық бейнесін өзгертеді, яғни аңғардың жіңішке бөлікшелері кеңейген бөлікшелерімен алмасып отырады. Өзен аңғарларының конфигурациясы мен динамикасына жаңа тектоникалық қозғалыстар әсер етеді (әсіресе таулы аймақтарда). Көлденең қимасының сипатына қарай аңғарлар төмендегідей типтерге бөлінеді: * саңылау – терең, әрі тар аңғар; таулы аудандарда кездеседі; * каньон – құлама беткейлі терең аңғар, әдетте табаны тар, таудан шыға берісте немесе таулы өңірде кездеседі; * шатқал – терең жартасты тау аңғары, әдетте беткейлері шығыңқы келіп, төменгі тұсындағы құламасы ұлғая түседі; * трапецияға ұқсас – көбіне жазық келетін шығыңқы немесе түзу көлбеу пішінді кең аңғар; * астау тәрізді – беткейлері ойыс, баурайы біртіндеп көлбеу пішінге айналады. Жазықтағы өзендердің аңғарын шабындық ретінде және әртүрлі аңғар шабын дақылдарын өсіруге пайдаланады. ## Тағы қараңыз * Өзен; * Өзен алабы; * Өзен жүйесі; * Өзен бастауы; * Өзен сағасы; * Өзен еңістігі; * Өзен желісі; * Өзен жүйесі; * Өзен иректілігі; * Өзен ирелеңі; * Өзен көлігі; * Өзен суының тартылуы; * Өзен эрозиясы; * Өзендердің бөлінуі; * Өзендердің қоректенуі; * Өзенді ілестіру; * Өзеннің бас жары; * Өзен жайылмасы; * Өзен аралығы. ## Дереккөздер
Тұзкөл — Іле алабындағы көл. ## Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданы жеріндегі Кеген өзенінің сол жағалауында, Қарасаз ауылынан шығысқа қарай 12 – 14 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 1951 м биіктікте жатыр. ## Аумағы Аумағы 6,6 км2, ұзындығы 5,7 км, енді жері 2,1 км, жағалауының ұзындығы 16,6 км, тереңд. 0,3 м, жауын-шашын мол жылдары және көктем мен күз айларында деңгейі 0,5 – 0,6 м-ге дейін көтеріліп, аумағы 8,5 км2-ге дейін ұлғаяды. ## Жер бедері, гидрографикасы Жағалауы жайпақ, батпақты, суы ащы. Көктемде және қыста мал суаруға болады. Шығыс жағалауының батпақты-сазды жерінде қамыс, құрақ қалың өскен. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Жағалауы жайылым. ## Дереккөздер
Тұзкөл — Талас өзені алабындағы көл. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Талас, Сарысу аудандары жерінде, Қарашеңгел ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2,5 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы, сипаты Аумағы 11,8 км2, су жиналатын алабы 1056 км2. Жағалауы жазық, солтүстік-батыс жағалауы жарлы, биіктігі 1,6 – 2,5 м. Көктал өзені көлді жарып ағып Ащыкөлмен жалғасады. Суы мол жылдары Аса өзенінің суы кемерінен асып, Тұзкөлге құяды. Көлден балық ауланады. Алабының 70%-ы жыртылған, жағалауы – шабындық. ## Дереккөздер
Етікші — аяқ киім тігетін ісмер. Етікшіге қажет шикізаттар: қайыс, көн, былғары, ұлтан, тоз, жіп, киіз, таспа, тарамыс, желім, жарғақ, мата, т.б. Құрал-саймандары: әр түрлі біздер, түрпі, бақа бас темір, балға, шеге, тістеуік, рант салғыш, тетір пышақ, т.б. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том
Тұзкөл жер асты су алқабы, Қарағанды облысындағы Сарысу өзенінің аңғарында, Қаражал қаласынан солтүстікке қарай 60 км жерде орналасқан. Қаражал қаласы мен Жәйрем кенішін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген барлау жұмыстары барысында жер асты суларының қалыңд. 4 – 6 м-дей антропогендік қиыршық құмдарда, жер бетінен 1,5 – 5 м тереңдікте жатқандығы анықталды. Ұңғымалардан алынған су ағымы 2 – 17,5 л/с. Суы тұщы, минералд. 0,2 – 1 г/л, химиялық құрамы гидрокарбонатты-натрийлі және магнийлі. Барланған тәуліктік қоры 25,3 мың м3, пайдаланылатын мөлш. 14,3 мың м3. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Тұзөнген — Тобыл алабындағы көл. ## Географиялық орны Қостанай облысы Фёдоров ауданында орналасқан. Костычевка ауылынан солтүстік-шығыста 3 км, теңіз деңгейінен 194,0 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 10,6 км2, ұзындығы 3,6 км, ені 3,6 км. Су жиналатын алабы 42,5 км2. Жауын-шашын суымен толығады. ## Жағалау сипаты Шығыс жағасы тік жарлы, батыс және солтүстік-батысы түйетайлы. Суы таяз жағалауында қамыс өседі. Алабы – жайылым. ## Дереккөздер
Өзен - Жайық өңірі – Елтон көлі (Ресей) мен Жем үстірті аралығындағы құмды-шөлейтті атырап. Абсолюттік биіктігі солтүстігінде 50 м-ден оңтүстіктегі Каспий теңізінің жағалауында 0 м-ге дейін төмендейді. Төрттік кезеңде (антропогенде) аумақты 2 рет Каспий теңізінің суы басқан (Баку және Хвалын трансгрессиясы). Өңірдің үстімен Сарыөзен, Қараөзен, Көшім, Ащыөзек, Өлеңті, Бұлдырты, т.б. өзендер ағады. Мұнда көлтабандар және көлдер (Шалқар, Жақсыбай, Ақжар, Сарышығанақ, Жалтыркөл), ойпаңдар басымырақ келеді. Топырақ жамылғысының негізін бозғылт қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ құрайды және көпшілік жағдайда сортаңдау келеді. Өсімдік жамылғысы бетеге, селеу, жусан, т.б. құралған, негізінен жайылымдыққа пайдаланылады. Аумағының 20%-ға жуық жеріне егін егіледі. ## Дереккөздер
Беріш, медицинада — тері астында қатып қалған ісік, өлі ет, шор. Өлі ет — организмнің, бір мүшенің немесе тіннің, клетканың бір бөлігінің жансызданып шіруі. Жарақаттанудан (үсу, күю), жүйкенің жаншылауынан, уланудан, туберкулез, мерез, т.б. жұқпалы аурулар салдарынан, бүйректің қабынуынан, сондай-ақ, гангрена, инфаркт аурулары кезінде де өлі ет пайда болады (қ. Гангрена, Миокард инфарктісі). Өлі еттенген мүшелердің тіндері мен клеткаларының қан айналысы, жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, клетка аралық заттары өзгереді. Мұның салдарынан қоректік заттардың келуі азайып, тіршілік әрекеті кемиді. Сөйтіп, тін клеткаларының ядросы мен цитоплазмасы бүрісіп кішірейеді. Өлі ет, көбінесе, ұзаққа созылған аурудан әлсіреген адамдарда жиі кездеседі. Өлі еттенген тінге хирургиялық операция жасайды, науқасқа антибиотиктер, организмді әлдендіретін витамині көп тағамдар береді. ## Дереккөздер
Үлгілі — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде, Келес, Ұялысай, Суықбұлақ өзендерінің сағасында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1963 жылы құрылған “Коммунизм” қой кеңшарының бөлімшесі болып келді. Оның негізінде ӨК, шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. ## Инфрақұрылымы Үлгіліде орта мектеп, клуб, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. ## Дереккөздер
Тұйық - орта ғасырдағы бірнеше кен орындары. Алматы облысы Райымбек ауданы Тұйық ауылының оңтүстік және солтүстік жағында орналасқан. Мұнда археолог П.Ф. Семенов зерттеу жұмыстарын жүргізген. Тұйықтан IX ғасырдың аяқ шенінде жасалған құрал-жабдықтар, мыс, қорғасын балқытқан пештер табылған. Елді мекендері толық зерттелмеген. ## Дереккөздер
Тұздықақ, Ащықақ – Нарын құмының солтүстік-батысындағы сор. ## Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында орналасқан. ## Жер бедері Сор солтүстік-батыстан шығысқа, оңтүстік-шығысқа қарай доғаша иіліп созылып жатыр. Ұзындығы 110 – 120 км, орташа ені 15 км, солтүстік-батысында 35 км-ге дейін жетеді. Ойыстау келген сор теңіз деңгейінен 8 м төмен жатыр. Көктемдегі қар суының еріп, осы ойысқа шоғырлануынан пайда болған. Түбінде жұқа тұз қабаты түзілген. Тұзды балшықтың құрамы сульфатты-хлоридті, тұнбасының жалпы минералдары 5 – 10 г/л. ## Өсімдігі Жер бедеріне сорға, тұзға төзімді өсімдіктер тән. Олар: ақсора, тұзбұршақ, қаңбақ, сораң, қарабарақ, т.б. Шеткі бөліктерінде наурызгүл, сарысазан, шағыр, қарасексеуіл, қаражусан, т.б. өсімдік түрлері өседі. ## Дереккөздер
Тұйық - классикалық түркі тілдес поэзияда кездесетін өлең өрнегі. Арзудың “ромал-и-мусаддас-и максур” дейтін өлшемімен жазылған. Ұйқасы а-а-б-а, кейде а-а-а-а, арагідік а-б-с-б болып келеді. Тұйық түркі тілдес халықтардың фольклорында кездеседі. Тұйық үлгісінде жазылған алғашқы өлең бізге Бурханеддин Сиваси арқылы жеткен. Ә.Науаи 15 ғасырда жазылған “Өлшемдер салмағы” аталатын еңбегінде тұйық жайына тоқталады. Лутфи, Бабыр, Әлішер Науаи өлеңдерінде тұйық үлгісінің көркемдік тұрғыдан жетілгендігі байқалады. Өзбек поэзиясында омонимдік ұйқасы бар және редифі қайталанып келетін төрттармақты өлеңді тұйық дейді. Қазіргі түркі халықтарында тұйықты түрліше атайды, әзербайжандар баяты, түрікмендер ляля, түріктер мани дейді. Өзбек шайыры Мәулен Мұхаммед Ахли (15 ғасыр) тұйық үлгісімен екі поэма жазған. ## Дереккөздер
Шұқыркөл — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл, Шұқыркөл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 км жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 828 адам (422 ер адам және 406 әйел адам) болса, 2009 жылы 459 адамды (239 ер адам және 221 әйел адам) құрады. ## Тарихы Ауыл 1976-1996 жылдары Көкшетау облысы Рузаев ауданының мамандандырылған шаруашылық бірлестігінің орталығы болған. Бірлестік негізінде Шұқыркөлде “Андағұл” ЖШС-і құрылды. ## Дереккөздер
Тұз күмбездері - тұз тектоникасы әсерінен платформалардың ірі ойыстары мен бөктерлік ойпаңдарында қалыптасатын құрылым. Тұз күмбездері тұз массаларының жоғары қарай “ағуы” нәтижесінде қалыптасқан тұзды массив (шток) және дөң тәрізді көтерілген беткі тау жыныстары құрылымынан тұрады. Олардың дөңгелек және сопақша келген түрлері болады. Ауданы 1 км2-ден 100 км2-ге дейін, биіктігі 100 м-ден бірнеше км-ге, ал тұз бетіндегі тау жыныстарының еңістігі 10-тан 60 – 70-қа дейін жетеді. Басты түрлері: * сақталған (жабық) тұз күмбездерінде тұз ядросы беткі тау жыныстары кешенін тесіп өтпейді; * бұзылған тұз күмбездеріндегі беткі тау жыныстарын тұз ядросы тесіп өтеді; * шайылған тұз күмбездері тұз массасының өсуінен немесе аймақтық жер қыртысы көтеріліп, эрозияға ұшырауынан пайда болады; * таяз Тұз күмбездерінде беткі тау жыныстары жұқа (1500 м-дей) болып келеді. Сақталған тұз күмбездері ембілік, украиналық және солтүстік америкалық болып бөлінеді. Қазақстанның Каспий маңы синеклизасы өңіріндегі тұз күмбездері сақталған типке жатады. ## Дереккөздер
Жітіқара хризотил-асбест кен орны - Қостанай облысындағы Жітіқара қаласының маңында орналасқан. Кен орны 1916 жылы ашылған. Барлау жұмыстары 1930-1966 жылдары жүргізіліп, 1961 жылы өндіріске берілді. ## Геологиялық құрылымы Кен протерозойдың гнейстері мен графитті кварциттері арасында орналасқан ультрамафит массивімен ұштасқан. ## Жатыс сипаты Кен алаңында 5 асбесті кен денесі оқшауланған, олардың өлшемдері 80-400х3500 м-дей болады, тереңдіктері 600-800 метрге дейін жетеді. Оның ішінде “Негізгі” деп аталатын ең үлкен асбесті қабатта (ұзындығы 3200 м, қалыңдығы 150 – 180 м ) кен қорының 85%-ке жуығы шоғырланған. Өндірістік кентастағы асбест талшықтарының мөлшері 3,54 – 5,62%-тей. Көлденең талшықты хризотил-асбестен тұратын кен қорының 93%-і қысқа талшықты, 7%-і – ұзын талшықты асбест. Өндірілген асбестің 80%-і асбоцемент бұйымдарын жасауға пайдаланылады, сондай-ақ энергетикада, химия, целлюлоза-қағаз өндірістерінде қолданылады. Кен орнын “Қостанайасбест” акционерлік қоғамының Жітіқара асбест комбинаты игеруде. Жітіқара хризотил-асбест кен орнының қоры жағынан ірі кендер қатарына жатады. ## Дереккөздер
Жаңаталап — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, бұрынғы Жаңаталап ауылдық округі орталығы. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Тұран ауданындағы тұрғын үй массиві. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсукенттен батысқа қарай 28 км жерде, Бадам өзенінің сол жағалауындағы бұта аралас баялыш, көде, айрауық өскен сұр, қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. ## Халқы Тұрғыны: * 1,8 мың адам (1999); * 5,0 мың адам (2009). ## Тарихы Іргесі 1950 жылы көкөніс пен бау-бақша өсіруге маманданған кеңшар құруға байланысты қаланды. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, аурухана, мәдениет үйі, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Балқаш кенді ауданы - Қазақстанның Сарыарқадағы аса маңызды, көп металды кенді аймақтарының бірі. Ол Балқаш көлінің солтүстік және солтүстік-батыс жағында, негізінен, мыс пен сирек металдар шоғырланған үлкен өңірді алып жатыр. ## Геологиялық құрылымы Кенді ауданда каледон тектогенезінде басталып, негізінен герцин тектогенезінде қалыптасқан күрделі тектоникалық құрылымдар, палеозой эрасында (девон-карбон) түзілген шөгінді және жанартау текті қышқыл жыныстар, геологиялық жасы мен құрамы әр түрлі интрузиялар (гранодиорит, гранит) шоғырланған. Молибденді мыс кендері — көне жанартаулар орнында қалыптасқан жоғары карбон гранодиориттерінде, сирек металдар — пермь граниттерінде, ал кейбір мыс, полиметалл, темір кендері — скарндерде кездеседі. ## Аймақтың кен орындары Аймақта жүздеген үлкенді-кішілі кен орындары бар, олардың бастылары: Қоңырат, Қарабас, Борлы, Соқырқой (Сu, Мо), Саяқ]], Тесіктас, Қараоба (сирек металдар), Қаратас (Сu, Мо, Fe), Көкбозой, Гүлшат (полиметалл), т.б. Бұл кендер әр түрлі генетикалық типке жатады. Кен орындарының біразы ғана игерілген, олар Орталық Қазақстанның түсті металлургия өндірісін минералды шикізатпен қамтамасыз етеді, қалғандары түрлі дәрежеде барлану, зерттелу сатысында немесе экономикалық себептермен игерілуі кейінге қалдырылған. ## Дереккөздер
Тұйық алап - тұйық аймақтардағы көл немесе өзен алаптары. Тұйық алапқа құрлықтың ішкі бөлігіндегі, әсіресе шөл, шөлейт өңірлердегі көл алаптары жатады. Мысалы, Арал-Каспий алабындағы Сырдария мен Әмудария, Балқаш-Алакөл алабындағы Іле, Қаратал, Лепсі, Аякөз, Үржар өзендері. ## Дереккөздер
‎ Шұқырой бөгені — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы табиғи арналық бөген. 1940 жылы ежелгі арналық қазаншұңқыр бойына бөгет салынуына байланысты пайда болған. ## Гидрологиялық смпаты Бөгенде көктемде және суы мол жылдары ғана толық деңгейлі су жиналады. Ұзындығы 1,8 – 2 км, ені 12 – 18 метрге жетеді. Бөгет тұсындағы тереңдегі 6 – 7 м. Суын жергілікті шаруашылықтар пайдаланады. ## Дереккөздер
Шұқырсай — Түркістан облысы Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Тұйықсу шыңы – Іле Алатауындағы шың. Абсолюттік биіктігі 4220 м. ## Жер бедері Күшті бүлініске ұшыраған граниттерден түзілген. Солтүстік беткейінде өзімен аттас аңғарлық мұздық (Тұйықсу мұздығы) жатыр. Оңтүстігінде Тұйықсу асуы орналасқан. Шыңның төмен етегіндегі Мыңжылқы тауаралық аңғарынан Кіші Алматы өзені бастау алады. ## Дереккөздер
Тұйықсу мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Кіші Алматы өзенінің бастауында, оншақты глетчерден тұратын мұздықтар (Молодежный, Туристер мұздығы, Маяковский, т.б.) мен асулар (З.Космодемьянская, Орджоникидзе, Маяковский, Партизан, т.б.) қоршап жатыр. ## Жер бедері Пішіні таға тәріздес келген мұздық оңтүстіктен солтүстікке қарай 3,5 км-ге созылған, енді жері 1,5 км-ге жетеді, төменгі бөлігінде жіңішкеріп (мұздық тілі) 0,3 – 0,5 км ғана болады. Ашық жатқан бөлігінің ауданы 3,1 км2. Соңғы он жыл ішінде орташа қар сызығы 3040 м биіктіктен өткен. Мұздықтың көлемі 150 млн. м3. 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап аумағы жылына орта есеппен 10 м-ге шегініп келеді. Кішірею нәтижесінде соңғы морена мен мұздық тілі аралығында еріген мұздан жаз айларында шағын көлшіктер пайда болады. Мұздықтың еріген суы төмен Мыңжылқы аңғарына жиналып, Кіші Алматы өзенінің бастауын құрайды. ## Дереккөздер
Шұнақ – Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты темір жолы стансасынан батысқа қарай 35 км жерде орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр, ені 10 – 12 км, абсолюттік биіктігі 1111 м. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Сай, шатқалдармен тілімделген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Бұлақтар (Тасбұлақ, Үйбұлақ) бар. Алтыуайт, Боялысай өзендері бастау алады. Девон жүйесінің төмендегі және орта бөлімдері жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, боз, бұта өскен. Жайылымдыққа және қыстауға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Тұқылар (Cyprіnіdae) – тұқытәрізділер отрядының бір тұқымдасы. Тұщы суда тіршілік етеді, араларында өткінші түрлері де кездеседі. Жер шарында кең тараған (тек Оңтүстік Америка мен Мадагаскарда кездеспейді), 19 ғасырдың аяғында Австралияда жерсіндірілген. 270 туысы, 1500-дан астам түрі белгілі. Қазақстанның барлық су айдындарында кездесетін 33 туысы, 90-ға жуық түрі бар. Уылдырығын негізінен су түбіндегі шөпке шашады, араларында тасқа немесе құмға шашатындары да кездеседі. Тұқылар – кәсіптік маңызы бар балықтар (қаракөз, сазан, тыран, оңғақ, шемей, т.б.). Сондай-ақ балық тоғандарында жақсы өсіріледі және жерсіндіруге бейім келеді (тұқы, табан, ақ амур, дөңмаңдай, т.б.). Қазақстанда күтім, шортантәрізді ақмарқа, арал қаязы, түркістан қаязы, шу сүйрік аққанаты, көкбас – өте сирек кездесетін балықтар, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Тұщы су балықтары ТМД теңіздері мен өзен-көлдерінде 120 түрі белгілі. Уылдырығын өсімдіктерге, топыраққа, суға шашады. Тұқы балықтар, (қаракөз, табан, сазан, оңғақ балық т.б.) кәсіпшілік балықтар түрі болса, тұқы, мөңке, дөңмаңдай көбейту мен жерсіңдіру балықтары. ## Дереккөздер
Тұқым дәрілеу - себілетін (отырғызылатын) материалды ішкі және сыртқы өсімдік ауруларынан, егістікке себілген тұқымды және көктеп шыққан өскінді топырақ зиянкестері мен ауру таратушы микроорганизмдерден қорғау үшін химикалық заттармен зарарсыздандыру. Жүйелі тұқым дәрілеу кезінде бірқатар зиянкестер мен ауру қоздырғыштары жойылады. Тұқым дәрілеу сонымен қатар тұқымның өнгіштігін, көктеп шығуын тездетеді. Тұқым дәрілеу құрғақ, жартылай құрғақ, сулы, ылғалды болып бөлінеді. Құрғақ тұқым дәрілеуде ұнтақ түріндегі Пестицидтермен дәрілейді. Жартылай құрғақ тұқым дәрілеуде тұқым пестицидтің судағы ерітіндісімен өңделеді (1 т тұқымға 20 – 30 л дәрі бүркіп, дәрі бойына сіңгенше бетін жауып қояды). Сулы тұқым дәрілеуде ұнтақтың сулы ерітіндісін бүркіп шашады да, бұқтырғаннан кейін кептіреді. Ылғалды тұқым дәрілеуде тұқымдық дәнді дәрілеуші машиналарда сұйық дәрілермен өңдейді. Ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымы себілгенге дейін әр түрлі мерзімде дәріленеді. Ең тиімдісі тұқымды себерден, көшетті отырғызардан 2 – 3 ай бұрын немесе одан да ертерек дәрілеу. Тұқым дәрілеу үшін тұрғын жайлар мен мал қораларынан, ішуге жарамды су көздерінен 200 м қашықтықта болатын ашық немесе төбесі жабылған алаңқай алынады. Тұқым дәрілеумен айналысатын жұмысшыларға арнайы киім беріліп, олар қауіпсіздік техникасын сақтауы керек. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Шұңғыма, мұхит шұңғымасы, тереңсулы шұңғымалар – мұхит шарасының тереңдегі 5000 метрден астам ұзынша әрі жіңішке келген ойыңқы бөлігі. Шұңғыма ұзындығы бірнеше мың км-ге, ені – ондаған және жүздеген км-ге жетеді. Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең шұңғыма – Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы (тереңдегі 11022 м). Тереңдігі 7 км-ден асатын Тынық мұхитында 12, Атлант мұхитында 3 шұңғыма бар. Әдетте, шұңғыма аралдар доғасының мұхиттық жағына орналасады, мысалы, Алеут, Курил-Камчатка, Филиппин шұңғымалары және құрлық жағалауларының су асты жоталарының баурайымен ұзына бойына созылады (құр-лық пен мұхит аралығындағы өтпелі аймақта), мысалы, Анд тауларының батыс баурайындағы Перу және Чили шұңғымалары. Геологиялық тұрғыдан қазіргі геосинклиналдық құрылымдарды құрайды. Әдетте шұңғыма жоғарғы сейсмикалық және жанартаулық аумақтарымен ерекшелінеді. Шұңғыма табаны тегіс, шөгінді жыныстар (борпылдақ шөгінділер жабындысының қалыңдығы 2 – 3 км-ге жетеді) жапқан, беткейі тіктеу 5. Өзіне тән эндемик фаунасы таралған. ## Дереккөздер
Балқаш маңы қорықшасы – сирек кездесетін, әрі жойылып бара жатқан жануарларды қорғау мақсатында Алматы облысының Балқаш ауданында 1967 жылы құрылған мемлекеттік зоологиялық қорықша. ## Жер бедері Жер көлемі 503 мың га. Іле өзенінің атырауы мен Тауқұм шөлінің дөңесті алқабындағы тоғайлы қамысты, шалғынды, сортаңды, құмды алқаптарды қамтиды. Қорықша жерінде жидемен аралас өскен тораңғы тоғайы, ақ және қара сексеуіл, бұйырғын, жүзгін бұталары өседі. Қорықшаның жер бедері жануарлар үшін өте қолайлы. ## Фаунасы Су құстарының 200-ден астам, балықтың 30-ға жуық түрі бар. Сүтқоректілерден — қабан, ондатра, сабаншы, құстардан қырғауыл, т.б., бауырымен жорғалаушылардан — шұбар батбат кесіртке, т.б. кездеседі. Балқаш қорықшасындағы бірқатар аң-құстар (қарақұйрық, шұбар күзен, аққұйрықты субүркіт, ақбас үйрек, бүркіт, сұңқұлдақ аққу, жалбағай] т.б.) мен өсімдіктер (Мейер шоқгүлі, тауқұм сасыры, т.б.) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ## Дереккөздер
Найля Сафиқызы Үмбеталина (1945 ж. т., Шымкент) – ғалым, медикалық ғылым докторы (1996), профессор (1996). ҚарМИ-ді бітірген (1968). 1968 – 1970 ж. Қарағанды медициналық институтында терапия факультетінің зерттеушісі, 1970 – 1973 ж. Мәскеудегі дәрігерлер ғылым-зерттеуші университетінде аспирант, 1973 – 1983 ж. ҚазММИ-да ассистент, 1983 – 1996 ж. шығыс терапиялық бөлімінде доцент, 1996 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында госпитальдік терапия кафедрасының меңгерушісі. 80 ғыл. еңбегі, 1 монографиясы, 8 әдістемелік жұмысы бар. ## Cілтемелер "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
Насыр Фазылов (1929 ж. т., Түркістан ауданы) – жазушы. Ташкент қаласындағы Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1954). Бұдан соң «Гүлхан», «Шарх юлдузи» журналдарында, «Еш гвардия» және Ғ.Ғұлам атындағы баспаларда қызмет атқарған. Алғашқы кітабы 1959 ж. жарық көрді. «Ағыстар», «Робинзондар», «Құс қанатымен», «Қархат», «Көркем иірімдері», «Дидар», «Бір-ақ атар тәпенше», т.б. кітаптары бар. «Ұстаздың аясында» атты кітабы үшін Өзбекстан Мемлекеттік сыйлығын алған. Халықараралық «Алаш», «Ел құрметі» сыйлықтарының иегері. Аудармамен көп шұғылданған. Қазақ жазушыларының отыздан астам кітабын өзбек тіліне аударды. ## Cілтемелер "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
Шұңқыр – Қырғыз Алатауының батыс бөлігіндегі асу. ## Географиялық орны (Қазақстан) (Жамбыл облысы) және Қырғызстан шекарасында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 3085 м. Құлан ауылынан шыққан жол Шұңқыр өзенінің бастауы арқылы таудың оңтүстік беткейінен асып, Талас өзені бойындағы Өзгеріс, Шатбазар елді мекендеріне тіреледі. ## Дереккөздер
Еру жылуы — заттың бір молі ерігенде бөлінетін не сіңірілетін жылу мөлшері. Еру жылуы заттың агрегаттық күйіне тәуелді. Газдар, мыс, аммиак, хлорсутек, т.б. ерігенде жылу бөлінеді. Ал қатты заттар ерігенде кристалдық торды бұзу үшін энергия жұмсалып, сырттан жылу сіңіріледі (эндотермиялық процесс). Кристалдық тордан үзіліп шыққан бөлшектер еріткішпен әрекеттескенде жылу бөлінеді (экзотермиялық процесс). Ерігенде жылу сіңірілсе Еру жылуының мәні теріс, ал бөлінсе оң болады. Еру жылуын калориметрия әдісімен анықтайды. ## Дереккөздер
Дәркембай (Дәркенбай) Шоқпарұлы (23.5.1946, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылы. – 20.5.2006, Алматы; Ақши ауылдың маңындағы Ошақбайда жерленді) – қолөнер шебері, педагог, этнодизайншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998). Шапырашты руынан шыққан. ## Мәдениет саласындағы қызметі Қолөнер шебері, ұстаның отбасында дүниеге келген. Жастайынан ұсталық өнерге әуес болып өсті. 1972 жылы ҚазПИ-дің (ҚазҰПУ) көркемсурет-графика ф-тін бітірген. 1972 – 82 жылы Алматы қаласындағы Республикалық қолөнер мұражайында, “Қазреставрация” бірлестігінде бас суретші-реставратор ретінде қызмет атқарды. Шоқпарұлы қазақтың ұлттық қолөнері бұйым-заттарын қайта жаңғыртып, осы заманға орай сәнді етіп жасауда көп ізденіп, нәтижесінде ағаш, сүйек, металл, тері, жүн, киіз, мата, ши, қамыс, тас, қыш, шыны, т.б. материалдардан неше түрлі сәнді қолөнері бұйымдарын (мысалы, сандық, 1972; жан торсық, 1975; қымыз ыдыс-аяқтары, 1983; ер-тұрман, 1985) жасады.Шебердің қолынан туған әдемі бұйым-заттар (алқа, білезік, шолпы, т.б.) халықтың ежелден келе жатқан қолданбалы өнер туындыларының озық үлгілерін қайта тірілтті. Шоқпарұлы халықтың музыкалық аспаптарын (дабыл, 1975; шертер, 1978; дауылпаз, 1979; домбыра, 1982) жасауда да өзінің эстетикалық талғампаздығын танытумен бірге нағыз ұсталық өнердің ісмері екенін дәлелдеді. Шоқпарұлының есімі Алматы облысында тұрғызылған бірқатар ескерткіштердің (мысалы, А.Розыбақиев, 1977, Еңбекшіқазақ ауданы; Құланаян Құлмамбет, 1998, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы; Мұхтар Әуезов, 2000, Есік қаласы; т.б.) авторы ретінде де белгілі. 1981 жылы Алматы қаласында ашылған халық музыка аспаптары мұражайының бұйымдарын жинау мен толықтыру жұмысына да белсене ат салысты. Шоқпарұлының қолымен жасалған әр алуан музыкалық аспаптар кезінде “Адырна”, “Алтынай”, “Сазген”, т.б. ансамбльдерде кеңінен пайдаланылды. Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы, доцент, профессор, металл мен ағашты көркемдеп өңдеу кафедрасының меңгерушісі болып, педагогикалық қызметпен де айналысқан. Ол 1996 жылы туған ауылында “Асыл” атты қолөнер шеберхана-мектебін (оның қорында 5 мыңға жуық экспонат бар) ұйымдастырды. Шоқпарұлы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлықтың лауреаты (1982). ## Шығармашылығы Шоқпарұлы халықтың қолданбалы өнері, оның шығу тегі мен атаулары, этнографиясына байланысты мерзімді басылымдарда көптеген ғылыми-танымдық мақалалар, сондай-ақ кітаптар мен әдістемелік-оқу құралдарын (“Өрім өру”, 1994; “Домбыра жасау”, 1996; “Бесікке бөлеу – бабалар дәстүрі”, 2001, т.б.) жазды.Д ## Дереккөздер
Әлібек Файзоллаұлы – журналист, жазушы. Қазіргі ҚазҰТУ-ды бітірген (1977). «Байжансай» кенішінде кен мастері, учаске бастығы болып жұмыс істеді. 1980 ж. кеніштің кәсіподақ комитетті төрағалығына, 1985 ж. халық депутаттары кенттік кеңесінің төрағалығына сайланды. 1987 – 1992 ж. «Кітап жаршысы» газетінің редакторы, «Ұлан» газеті бас редакторының орынбасары, 1992 – 1996 ж. Шымкент қалалық және облыстық әкімшілігінің жауапты қызметкері, 1996 – 1998 ж. «Фемида» журналы бас редакторының орынбасары, «Қазақстан заңдары» (қазіргі «Заң») журналының бас редакторы қызметін атқарды. 2002 жылдан «Заң» газеті және «Заң» журналы бас редакторының бірінші орынбасары. «Қатыбезер», «Екі алма», «Ескі сурет», «Көрші үйдің жарығы», «Бақыт туралы сөз», «Ең ұзақ түн» атты прозалық кітаптардың авторы. «Тастанды» атты драмалық туындысы Ж.Шанин атындағы облыстық сазды-драма театрында сахналанды. ## Дереккөздер
Сергей Пантелеевич Филиппенко (1913, Ресей, Төменгі Волга өлкесі, Фитино селосы – 1958, Түлкібас ауданы) – Социалистік Еңбек Ері (28.3.1948). 1931 – 41 ж. Арыс және Түлкібас ауданы "Сельхозснаб" бөлімшесінің меңгерушісі, ұшымшар төрағасы, Түлкібас ауданы еңбекшілер Кеңесі атқару комитетті төрағасының орынбасары. 1941 – 1945 ж. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1946 – 1958 ж. аудандық ұжымшарларда басқарма төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды. Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Cілтемелер "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
“ЖОҚТАУ” кинофильмі – “Қазақфильм” киностудиясы түсірген (1989 – 1990 жылдары) жеті бөлімнен тұратын толықметражды деректі фильм. Сценарий авторлары С.Әзимов пен Ю.Резников, режисер С.Әзимов. Операторлары – Б.Әлімбаев, В.Парфенов. Фильмге Арал апаты мен сол аймақта ғұмыр кешіп жатқан адамдар өмірі арқау болған. Жер мен ел мұңы ортақ сарынға айналып, Арал апаты ондағы адамдар тағдырымен көркемдік тұрғыдан шеңдестіріле, шебер ұштастырылған. Фильмнің лейтмотиві ретінде кішкентай баланы жерлеу оқиғасы алынған. Бала тағдыры Арал-ана тағдырымен бір жіпке байланғаны фильм идеясынан анық байқалады. Екеуі де (теңіз де, бала да) – экология апаттың құрбаны. Бұған құрғақта қайырлап қалған кемелер қосылып, теңіз айдынының қаншалықты тарылғанын көрерменнің көз алдына елестетіп өтеді. Сөйтіп, апат құрбандарын – бір кездегі кең айдынды теңізді, ондағы шалқыған өмірді, күні кеше жүгіріп жүрген баланы жоқтау – бәрі бір жоқтауға ұласып, фильмдегі өзекті ойға айналған. Арал өңірі тұрғындарымен жүргізілген сұхбатта көпшіліктің көзқарасы, пікірі, таным-талғамы ашылып, қалыптасқан жағдайға олардың көзімен баға беріледі. Сол арқылы фильмнің көрерменге жеткізетін түпкі ойы, діттеген мақсаты айқындала түседі. Ол – Арал теңізі жаны ашымастық пен жауапсыздықтың құрбаны болғандығын нақты деректер мен құжаттарға сүйеніп және нақтылы адамдар образдары арқылы ашып көрсету. Фильмге режисер О.Әбішевтің Арал туралы фильмінің кадрлары пайдаланылған. Фильм “Қазақстандық кино келбеті” байқауының бас жүлдесін жеңіп алды (1991). Сондай-ақ, Францияда, т. б. шет елдерде көрсетіліп, жоғары бағаға ие болды. ## Сілтеме Қазақ энциклопедиясы
Шоқсары (лат. Bupleurum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатаулары, Тарбағатай, Қарқаралы, Семейдің қарағайлы ормандарында кездеседі. Шоқсарының қылқан жапырақты орманның шетінде, ашық жерлерінде, бұталардың арасында, өзен жағасында, таудың альпі, субальпі белдеулерінің тастақты беткейлерінде өсетін 7 түрі (сары шоқсары, үшсәулелі шоқсары, көпжүйкелі шоқсары, көпгүлді шоқсары, Крылов шоқсарысы, Тянь-Шань шоқсарысы және ұзын шоқсары) бар. Олардың биіктігі 10 – 120 см. Тамыр жүйесі – кіндік, тамырсабақты түрлері де кездеседі. Тамырсабақтан бірнеше сабақтары дамиды. Сабағы жұмыр, көп қырлы, тік өсіп, ұшына жақындағанда бұтақтанып жан-жағына жайылады. Жапырақтары түксіз (жылтыр), көкшіл сұр түсті, тақтасы тегіс жиекті, пішіндері сабаққа орналасуына қарай алуан түрлі. Гүлдері ұсақ, онда 5 тостағанша жапырақша, сары, күрең қызыл, қоңыр түсті, жиектері ішке қарай сәл бүгілген 5 күлте, 5 аталық, жатыны 2 ұялы 1 аналық болады. Гүлдері шатырша гүлшоғырына топталған. Әр шатыры 3 – 16 сәулелі. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – көп қырлы, ұзындығы 3 – 5 мм жаңғақша. Сары шоқсары – дәрілік өсімдік. ## Дереккөздер
Әбдірахман Молданазарұлы Омбаев (01.01.1949 ж.т., Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қара-Қоңыр елді мекені, Ақтам ауылы) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1991), профессор (1994), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1996). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген (1971). 1971 – 2002 ж. Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (Шымкент қаласы) аға лаборанттан бастап, директорлық қызметтерді атқарды (1994 – 2002). 2002 жылдан Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылық ғылыми-өндірістік орталығының (Шымкент қаласында) директоры. ## Шығармашылық мұрасы Омбаевтың негізгі ғылыми еңбегі қаракөл қойы тұқымдарының жаңа зертханалық типтерін шығарып, олардың гендік қорын сақтауға арналған. Ол қаракөл қойы қозысының ұрықтық кезеңінен өсіп-жетілу кезеңіне дейінгі аралықта болатын биологиялық заңдылықтарды анықтап, қаракөлше елтірісін өндіру технологиясын зерттеді. Оның басшылығымен ақ түсті қаракөлше өндіру тәсілі тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, оған сипаттама берілді. Қаракөл шаруашылығында алғашқылардың бірі болып қозыларды енесінен ерте бөлу технологиясын зерттеді, түрлі-түсті және әр типтегі қаракөл елтірісінің сорттылығындағы қаракөл қошқарларының әсерін зерттеп, ғылыми деректер алды. Омбаев шамшырақ түсті қарақалпақ сұр қозыларының әлімтау (1995), күміс түсті бұхар сұрының байырқұм (1996), қола түсті сұрхандария сұрының тартоғай (1997), қара қаракөл қойының созақ зертханалық типтерінің авторы. Кетпен құйрықты атырау қой тұқымының (1998), көк қаракөл қойының темір (1995), сырдария (1997), қара қаракөл қойының төлдегіш қожатоғай (1997) типтерін шығаруға қатысты. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (2005). Омбаевтың еңбектері: Қаракөлше елтірісін өндіру технологиясы, А., 2003; Селекционно-генетические аспекты развития смушковых пород овец в Казахстане. Сборник “Научное наследие П.Н. Кулешова и современное развитие зоотехнической науки и практики животноводства”, М., 2005, с. 147 – 151. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Фирдоуси — Түркістан облысы Мақтаарал ауданы, Жаңажол ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Мырзакент кентінен оңтүстік-батысқа қарай 2 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1938 жылы қаланып «Искра» артелі, кейіннен ұжымшарға айналды. 1970 жылы ірілендірілген «Новый путь» мақта кеңшарының бөлімшесі болып келді. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Ақкөз Батыр Қосанұлы (1859 — 1921) — 1916 жылғы Меркі (Әулие-Ата уезі) қазақтары ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі. Ұлы жүз Дулаттың Ботбай руынан (Қарағай болысы). Бұзау аулынан шығып, Меркі, Құлан өңірінің 7 болыс елін көтеріліске бастады. Орынбасары болып Досмайыл батыр, хатшы және діни басшысы болып Өмірзақ молда сайланды. 1916 жылы 29-30 тамыз күндері найза, шоқпар, айбалта,сойылмен қаруланған 1500-2000 сарбаз Меркіге шабуыл жасады. Ташкенттен Әулие-Ата — Пішкек арасындағы көтерілісті басу үшін жіберілген жазалаушы отряд оларды қырғынға ұшыратты. Меркіде жазалаушылардың үлкен әскери лагері орналасты. Көтерілісшілер Меркіден Пішкекке, Әулие-Атаға тартылған телефон сымдарын қиып, бағаналарын қиратты. Қыркүйек айының ақырында көтерілісшілер жеңіліс тапты. Ақкөз батырды ұстап, Әулие-Атаға әкеп түрмеге жапты. Абақтыдан қазан төңкерісінен кейін босап шықты. 1919 жылы Новотроицк (қазіргі Төле би ауданы) базарында орыс отаршылдарының бұзақылары өлімші етіп сабап, сегіз қабырғасын сындырды. Ақкөз батыр екі жыл төсек тартып көз жұмды. ## Дереккөздер * Қазақ Энциклопедиясы
Жоқтау ән – жоқтау жырлары айтылатын мұңды әуені, 7 – 8 буынды өлең шумағынан тұрады. Жоқтау үлгісінде айтылатын Жамбылдың “Алғадайы”, Кенен Әзірбаевтың “Базар-Назары” – ежелгі халықтық жоқтаулардың үлгісімен жасалған туындылар. А.Қоразбаевтың “Сағындым Кенен атамды”, Қ.Құрманғалиевтің “Шәмші аға”, т.б. әндер Жоқтау әнінің қазіргі заманғы қазақ музыкасында да жаңаша мазмұнда дами түскенінің көрінісі іспетті. ## Сілтеме Қазақ энциклопедиясы
Алим Хакимов (12.5.1919 жылы туған, бұрынғы Бостандық ауданы) – соғыс және еңбек ардагері. Кеңес Одағының Батыры (27.2.1945). Ұлты – тәжік. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Әскери училищені бітіріп, Қызыл тулы, Суворов орденді 143-Конотоп – Коростенск атқыштар дивизиясының батальон командирі болды. 1945 жылы 15 қаңтарда Варшава түбіндегі Стара деревнясында майор Х-тың батальоны жаудың қорғаныс шебін бұзып, Висла өзеннен бірінші болып өтті. Жауынгерлер 12 сағат бойы жаудың 15 қарсы шабуылына тойтарыс беріп, оларды үлкен шығынға ұшыратты. 1950 жылы запасқа шықты. Ташкент қаласында жауапты қызметтер атқарды. Ленин, 2 Қызыл Ту, Александр Невский, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. ## Cілтемелер "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
Жоқтау күйлер – қайтыс болған адамдарға, жер-су, қимас доспен қоштасу тақырыбына арналған музыкалық шығармалар; күй жанрының бір түрі. Домбыра, қобыз, сыбызғы, т.б. аспаптарда орындалады. Жоқтау күйлернің байырғы үлгілері ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің мазмұнымен сабақтас келеді. Мысалы, “Жетім қыз” күйіндегі қыздың ағасын, “Қалипа-Қалыш” күйіндегі Дәлбек батырдың сүйген қызы Қалышты жоқтауы. Жоқтау күйлернің қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетіндегі күй жанрының бір түрі ретінде қалыптасуына 1723 – 1729 жылдардағы жоңғар шапқыншылығы, “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” кезеңі үлкен әсер етті. Жоқтау күйлер, негізінен, қоштасу, сыңсу, естірту, көңіл айту, жұбату, т.б. әдет-ғұрыптық ән-әуендер стилімен сабақтас. Ертедегі жоқтау күйлер қобыз бен сыбызғыда орындалса, 18 ғасырдан бастап, көбінесе, домбырада тартылған. Дәулеткерейдің “Салық өлгені” (1871), Салауаткерейдің “Салауат күйі” домбырада, ал аңызға айналған Қорқыт ата күйлері, Ықыластың “Ерден күйі” қобызда орындалатын жоқтау күйлернің үздік үлгілері болып саналады. 19 ғасырдағы Сейтектің “Заман-ай” мен “Он алтыншы жылы”, Байсеркенің “Баламның өліміне” күйі, Қазанғаптың “Жұртта қалғаны”, сондай-ақ халық күйлері – “Сарыөзен”, “Жетім”, “Бозінген”, т.б. жоқтау күйлерне жатады. Жоқтау күйлер қайғылы сарында болғанымен, олардың отансүйгіштік рухы басым, оптимистік әуені мол. ## Сілтеме Қазақ энциклопедиясы
Желдету оқпаны — жер асты кен қазбалары мен шахталарды таза ауамен қамтамасыз етуге арналып салынған құрылыс. Қауіпсіздік ережесі бойынша шахта оқпандарының саны екеуден кем болмауы шарт. Желдету оқпаны ауа ағысының бағытына қарай екіге бөлінеді: ауа беретін оқпан арқылы жоғарыдан таза ауа жер асты кен қазбаларына беріледі; ауа шығаратын оқпан арқылы лас ауа жоғарыға шығады. Желдету оқпаны кейде адамдарды, тау жыныстарын, бекіту материалдарын көтеріп-түсіруге де пайдаланылады. Арнайы көтеріп түсіруге жабдықталмаған желдету оқпанындағы ауа жылдамдығы 15 м/с-ке дейін жетеді, ал адам тасымалдайтын желдету оқпанындағы ауа жылдамдығы 8 м/с-тан аспауы керек. Желдету оқпаны, негізінен, дөңгелек пішінді, бекітпесіз диаметрі 4 — 7 м. Бекітпесі бетоннан жасалады. Кей жағдайда қимасы — тік бұрыш пішінді. Тік бұрыштарының қабырғасы ағаш бекітпемен бекітіледі. Желдету оқпанының аузында желдетпе арнасымен жалғасатын ойық салынады. Көмекші желдету оқпанында сығылған ауа және су құбырлары, кабель жүргізіледі. ## Дереккөздер
Ершовка — Қостанай облысы Ұзынкөл ауданындағы ауыл, Ершов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынкөл ауылынан батысқа қарай 15 км-дей жерде, Ақкөл көлінің жағасындағы орманды-дала белдемінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1399 адам (715 ер адам және 684 әйел адам) болса, 2009 жылы 1363 адамды (669 ер адам және 694 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 20 ғасырдың басында қаланған. 30-жылдардың басында ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға сәйкес Петр Ефимов деп аталған ұжымшардың орталығы болды. 1957 жылы тың жерлерді игеруге байланысты мұнда ұжымшар негізінде “Ершовский” астық кеңшары, 1997 жылы оның негізінде шаруа (фермер) қожалықтары құрылды. Ершовкада Ұзынкөл орман шаруашылығы, орта мектеп, клуб және дәрігерлік пункт бар. Есіл өзенінен су құбыры тартылған. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Тұқым өсіру шаруашылығы - өсімдік өсірудің сортты тұқымдарды жаппай көбейтумен айналысатын саласы. Тұқым өсіру шаруашылығы селекциямен тығыз байланысты. Тұқым өсіру шаруашылығының негізгі міндеттері: барлық шаруашылықтарды жоғары сапалы аудандастырылған және мол өнім беретін сорттық тұқымдармен үздіксіз қамтамасыз ету; жаңа сорттар тұқымдарын жылдам көбейту және өндіріске енгізу; сорттарды өңдеу, сақтау кезінде әрбір тұқымның өнімдік және егістік сапасын төмендетпей, одан әрі жақсарту; шаруашылықтың барлық буындарында жоғары агротехникалық шараларды пайдалану; сорт алмастыру (аудандастырудан шығарылған сорттардың орнына мол өнімді жаңа сорттар қолдану); сортты тұқымдар өсіргенде сол сорттың тазалығын, биол. және түсімділік қасиетін сақтайтын шаралар қолдану; агротехника көмегімен жоғары сапалы егістікті қамтамасыз ету, тазалау, сорттау, дұрыс сақтау және тасымалдау; тұқым шаруашылығының барлық буындарында еңбек процесін жоғарылату және тұқымның өзіндік құнын төмендету. Жаңа, жоғары өнімді сорттарды көбейту және жылдам өндіріске енгізу (2 – 4 жыл аралығында) өнімділікті жоғарылатудың ең арзан және тиімді құралы. Бірақ шаруашылық жағдайында өсірілген сорттар белгілі бір уақыт өткен соң өзінің сорттық сапасын және өнімділік қасиеттерін төмендетуі мүмкін. Сондықтан тұқым өсіру шаруашылығы жүйесі тұқымды мерзімінде алмастыруды қажет етеді, яғни сорт жаңарту шараларын қолдану қажет. Тұқымның элиталық және суперэлиталық сорттарын ғылыми-зерттеу институттары мен ауыл шаруашылық институттарының тәжірибе және оқу-тәжірибе станцияларында өсіріп, тұқым өсіруге маманданған шаруашылықтарға береді. Содан кейін сорттық тұқымдардың жоғары дәрежелі тұқымын қалыптастыру (Қ – ҚҚҚ) үшін арнайы тұқым өсіру шаруашылығына жіберіледі. Ол жерде тұқымдық сорттарды ең құнарлы жерге егіп, өсіп-жетілуіне қолайлы жағдай жасап, мол өнім алу үшін барлық агротех. шаралар қолданылады. Элита тұқымдарын өсіру тұқым өсіру шаруашылығының алғашқы буындарынан басталады, онда ұрпақ сортқа тән кешенді маңызды белгілерімен және қасиеттерімен бағаланады, жақсы ұрпақ іріктеліп алынып, ал нашары алынып тасталады, сол арқылы сорттың барлық белгілерінің сақталуы қамтамасыз етіледі. Қазақстанда тұқым өсіру шаруашылығы дербес сала ретінде Халком кеңесінің 1921 жылғы “Тұқым шаруашылығы жөніндегі” қаулысымен бекітілді. 1922 жылдан бастап көптеген аймақтық тәжірибе және селекция станциялары, аймақтық, облыс тәжірибе станциялары (Зырян, Қарабалық, Орал, Қарағанды, Алматы) құрылды. Елімізде дәнді және бұршақ дақылдары мен шөп тұқымдары жөніндегі зерттеулермен Қазақ астық шаруашылық ғылым-зерттеу инстытуты, Қазақ егіншілік ғылым-зерттеу институты, Қазақ ұлттық агр. университеті, облыс орталықтарында ауыл шаруашылық институттары, олардың бөлімшелері, облыс ауыл шаруашылық тәжірибе станциялары, ауыл шарушылық колледждері шұғылданады. Шөп тұқымдарын өсіретін 16 тұқым өсіру шаруашылығы бар. Жеміс, көкөніс тұқымдары көбіне шетелдерден әкелінеді.Тұқым өсіру шаруашылығының ғылым-әдістемелік негізі барлық елдерде бірдей. Бірақ, ұйымдастыру негіздері және тұқым шаруашылық жүйесінің құрылым элементтерінің бір-бірінен айырмашылықтары мол. Халықараралық ереже бойынша, әрбір тұқым партиясының сертификаты болуы керек және оларға арнайы этикетка тағылады. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Үлкен Алтай кенді алабы — Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан кенді аймақ. Оның құрамына Кенді Алтай, Оңт. Алтай, Қалба-Нарым, Қандыағаш, Сауыр, Маңырақ, Шығыс Тарбағатай жоталары кіреді. 20 ғасырдың ортасында алқаптың сирек, түсті және асыл металдарының өнеркәсіптік жолмен игерілуі Ертіс өзенінің су ағынын кешенді қолдануға негізделіп жүргізілді. Алқап геол. құрылымы бойынша Қазақстан және Алтай-Саян каледониттері аралығында орналасқан герциндік қатпарлы облысты қамтиды. Оның құрамына 5 ірі кенді белдеулер кіреді: сирек металды Таулы Алтай (Mo, W), полиметалды Кенді Алтай (Pb, Zn, Au, Ag, Cu), сирек металды Қалба-Нарым (Sn, W, Ta, Nb), алтынды Батыс Қалба және алтын мен мыс, сирек металды Жарма-Сауыр. Алқаптың орт. бөлігіндегі Шар-Горностаев терең жарылымды белдемі серпентинденген меланж брекчияларымен, офиолитті біріккен тау жыныстарының будин протрузияларымен, алтын, хромит, сынап, т.б. кенденулермен оқшауланған. Үлкен Алтай кенді алабы солт.-батысында Таулы Алтай құрылымымен шекараласып, оңт.-батысында Қалба-Нарым құрылымымен бірге Ертіс белдемінің ірі терең жарылымында орналасқан. Құрамында Pb, Zn, Cu, Au, Ag, Se, Te, Ta, Bі, Cd, Қn бар кен денелері қат, линза тәрізді пішінге ие. Үлкен Алтай кенді алабы жылу-энергетик. шикізат және жер асты суларымен қатар әр түрлі бейметалл қазбаларының мол қорларынан тұрады. Мыс., алюминий өнеркәсібіне қажет отқа төзімді шикізат, кимберлитті емес алмасты тау жыныстары, фторқұрамды минералдар мен кендер, асбест, тақтатас, т.б. ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы" 9 том
Ермек Бегалыұлы Абасов (16 наурыз 1971 жылы туған) – ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, инженер. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін бітірген. Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. «Шымкент тауар биржасы» мекемесінің президенті.. ## Сілтемелер
Әбділлақ Халиолла (1949 ж. т., Түркістан ауданы Бабайқорған ауыл) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылым докторы (1995), профессор (1999). Халықаралық экология академиясының академигі. Қазақ мемлекеттук аграрлық университеттін бітірген (1972). 1972 – 1975 ж. Алматы облысы Талғар ауданы мал дәрігері, 1975 – 86 ж. Қазақтың малдәрігерлік ғылым-зерттуші институттында аспирант, ғылым қызметкер, аға ғылым қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1986 ж. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институттына ауысты. 1991 ж. Қ.А. Иасауи атындағы Халықараралық қазақ-түрік университеттіне жұмысқа шақырылып, биология кафедрасының доценті, меңгерушісі, деканның орынбасары, университет президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 1999 жылдан Экология кафедрасының меңгерушісі. 100-ден астам ғылым еңбектері, оның ішінде «Токсоплазма экологиясы мен иммунологиясы» атты монографиясы, 17 ғыл. әдістемеліктері мен 5 оқулығы бар. «Иасауи университеті», «Түркістан үні» тәуелсіз газеттерінің редакторы. «Қисық бастықтың қияметі», «Ережесіз ерегіс» атты кітаптардың авторы. ## Cілтемелер "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
* Ауылдар:Шұңқыркөл - Ақмола облысы Атбасар ауданындағы ауылШұңқыркөл - Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауылШұңқыркөл - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы ауыл * Шұңқыркөл - Ақмола облысы Атбасар ауданындағы ауыл * Шұңқыркөл - Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл * Шұңқыркөл - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы ауыл * Көлдер:Шұңқыркөл көлі * Шұңқыркөл көлі
Шұңқыркөл — Ақмола облысы Атбасар ауданында болған ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Атбасар қаласының оңтүстік-батысында 80 км жерде, шағын Шұңқыркөл көлінің оңтүстік жағасында орналасқан. ## Халқы Тұрғыны: * 775 адам (1999); * 304 адам (2009); ## Тарихы Іргесі 1930 жылы қаланған. 1930 – 96 жылдары асыл тұқымды “Атбасар” қой кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде “Шұңқыркөл” ЖШС-і құрылды.
Мәстексай, Мәштексай — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы ауыл, Мәстексай ауылдық округі орталығы, бұрынғы атауы - "Ленинское". ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 33 км жерде, Қараөзен өзенінің сол жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2173 адам (1096 ер адам және 1077 әйел адам) болса, 2009 жылы 1756 адамды (896 ер адам және 860 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1962-1997 жылдары асыл тұқымды “Мәстексай” қой өсіру кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде Мәстексайда және округке қарасты Екпінді, Көккөз, Мұқыр ауылдарында бірнеше шаруа қожалықтары құрылған. ## Атауының тарихы Мәстексай аталуы - ертеде Мәстек деген бай болыпты, сол байдың жылқысы көп болғаны соншалық үйір жылқысы өткен жерден сайдың ізі қалатын болыпты. Бірде байдың інісі қызғаныштан, жылқы бағып жүріп, барлық жылқыны ағасының үйіне қарай айдапты. Қашып құтыла алмайтынын біліп үйір жылқыға тапталып өліпті. Мәстек деген байдың өлген жерінде ауылды екіге бөліп тұрған сай қалыпты. Содан Мәстексай атанған. Ауылдық округ территориясымен Үлкен Өзен (Қараөзен), Мұқыр өзендері ағып өтіп Қамыс-Самар айдындар жүйесіне барып құяды. ## Дереккөздер
Тұлға (ағылш. Person) — пайымдау, мораль, зерде, мендік сана секілді болмыстық қырларын, сондай-ақ әлеуметтік байланыс пен мәдени нормалға қатысты туыстық, мүлік меншігі, заңдық жауапкершілігі қатарлыларды қамтитын, кісілік қабілеттер мен ерекшеліктерге ие жеке адамды сипаттайды. Тұлғалық қасиеттер мен тұлғалық қырлар бір адамның қандай адам болғанын, қандай қасиеттер мен қабілеттер оны сондай адам еткенін, оның түрлі мәдени контекстегі ерекшелігі мен рөлін білдіреді. Тұлғаның екі негізгі ерекшелігі бар, ол ортақтық және даралық. Ортақтық тұлғаны басқа адамдармен бірдей негіз бен мүмкіндікке ие етсе, ал даралық оның ешкімге ұқсамайтын өзіне тән айырықша бөгенайын көрсетеді. ## Философиялық түсінік бойынша Тұлға философиялық тұрғыда адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын, психо-физиология ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының зерттеу нәтижелерінің өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық мағына сыйғызады. ## Психологиялық түсінік бойынша Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады. ### Тұлғааралық қатынас Тұлғааралық қатынас — этнопсихологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т.б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады. ### Тұлғалық белгілер Тұлғалық белгілер — адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы — негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады. ### Тұлғаның бағыттылығы Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары. ### Тұлғаның имплицитті теориясы Тұлғаның имплицитті теориясы - белгілі бір адамның даралық өмір тәжірибесіндегі тұрақты қалыптасқан, типтік жағдайлардағы сыртқы белгілердің негізінде бір-бірімен адамдардың психологиясы мен қылығының үйлесімділігі ретінде түсінігін белгілейтін ғылыми, әлеуметтік-психологиялық ұғым. Тұлғаның имплицитті теориясы— адамдар туралы мағлұматтар жеткіліксіз болған жағдайда, олардың сыртқы пішіні, қылығы және тұлғалық қасиеттеріне байланысты өмірде қалыптасқан тұрақты пікірлер туралы теория. ### Тұлғаның өзін-өзі анықтауы Тұлғаның өзін-өзі анықтауы - адамның өз өмір жолын, мақсаттарын, құндылықтарын, әдептілік нормаларын, болашақ мамандығы мен өмір жағдайларын өзінше таңдауы. Тұлғаның үміттену деңгейі — адам үміттенетін мақсат деңгейі. ## Дереккөздер
Шұңқыркөл (2002 жылға дейін - Богучар) — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл, Құндызды ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Нұра-Осакаровка-Қарағанды автомобиль жолының оңтүстігінде 7 км қашықтықта, облыс орталығы – Қарағандыдан солтүстік-батысқа қарай 93 км-дей, аудан орталығы – Осакаровка кентінің оңтүстік батысында 60 км-дей қашықтықта орналасқан. Ауылдың оңтүстігінде, 4 км жерде Үлкен Құндызды өзені ағып жатыр. Жерінің жалпы ауданы 37,1 мың га. ## Халқы ## Тарихы Бұл мекенді 1907-1912 жылдардағы Столыпин реформасы кезінде Воронеж губерниясының Богучар уезінен көшіп келген қоныстанушылар "Богучар" деп атаған. 1934 жылы «Новая жизнь» артелі болып құрылады, кейін "Молотов", "Октябрьдің 40 жылдығы" ұжымшары, «Құндызды», "А. Асылбеков" атындағы кеңшар атанады. Мамандандырылған шаруашылығы: егін егу және мал шаруашылығы. Округте 33 шаруақожалығы, 1 ЖШС, 1 орта мектеп. ФАП, клуб, мешіт, кітапхана бар. ## Дереккөздер
## Ақпан батыр Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руының Шегір бөлімінен шыққан. Қазақ тарихында батырлық жыр-дастандар мен тарихи аңыз-әңгімелердің ең көп пайда болған дәуіріне XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысы аралығын қамтыған 150 жылдай уақыт жатады. Осы кезеңнің бірінші бөлігі – жоңғарларға қарсы күреспен айрықшаланып, ол кезең өз кезегінде атақты Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Есет, Тайлақ,Саурық және тағы басқа көптеген қолбасшы – батырларды дүниеге келтіргені белгілі. Ал екінші бөлікке жоңғарларға қарсы күрестен кейінгі – Ресей отаршылдығы мен езгісіне, ортаазиялық Қоқан, Бұхар, Хиуа хандықтарының озбырлықтарына, басқыншылықтарына, тонаушылықтарына қарсы болған көтерілістер, ұлт-азаттық қозғалыстар кезеңі жатады.Уақыт жағынан алғанда бұл кезеңге XVIII ғасырдың 70-ші жылдары мен XIX ғасырдың 60-шы жылдары аралығы сай келеді. Осы кезеңде де қазақ халқы өз ортасынан тарихи тұлғалардың, әсіресе батырлардың көп шоғырын тарих төріне шығарады. Саржан, Кенесары, Наурызбай секілді хан-сұлтандар, Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Есет Көтібарұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы секілді батырлар мен билер – осы қиын-қыстау дәуір дүниеге әкелген тұлғалар. Төменде біз сөз еткелі отырған тұлғаның бірі, Жанқожа батырдың қарулас серігі – Ақтан батыр да осы кезең дүниеге келтірген батырлардың қатарына жатады. Ақпан батырдың есімі бүкіл қазақ жұртшылығына беймәлімдеу болғанымен, батырдың өмір сүрген аймағы – Арал, Қаза­лы, Шалқар өңірлеріндегі тұрғындар батыр есімімен жақсы таныс. Батыр есімінің бүкіл қазақ халқына танымал болмауына кешегі кеңестік кезеңдегі үстем идеологияның кері әсері және соған байланысты тұлғаның бойында батырлық қасиеті мен әулиелік қасиеттерінің қатар болуына байланыс­ты оның өмір жолын зерттеуге кеңестік тарихшылардың жүрек­терінің дауаламауы жатса керек.Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Ақтан­ батыр туралы Арал және Қазалы аудандары­ның аудандық газеттерінде жергілікті авторлар: Ш.Айтуғанұлының, М.Сақтағановтың, Б.Алпамысовтың, О.Аяпбергеновтың және тағы басқа авторлардың мақалалары, ел аузынан жинаған тарихи аңыз-әңгімелері, толғаулары мен дастандары жарық көрді. Батыр бабаның аруағына арнап ас беріліп, құран оқылды, бейіті жөнделіп, қайта жаңғыртылады.Ақтан батырдың өнегелі өмірі мен ерлікке толы істерін, халқына сіңірген еңбегі мен жеке басының қасиеттерін қалың оқырманға таныстыра отыра, оның XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстарындағы алар орны мен рөлін көрсетуді жөн көріп отырмыз.Тарихи тұлғаларды өмір сүрген заманы қалыптастырады деген қағиданы ескере отыра, батыр бабамыздың өмір жолын баяндамас бұрын, алдыменен оның заманына, заманының халқына тигізген қиындықтарына тоқтала кетелік.Ақтан батыр өмір сүрген XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың ортасы аралығы – қазақ тарихындағы ең бір ауыр кезеңге жатады. Жоңғарларға қарсы күресте қазақ халқы өзінің ұлт ретіндегі тұтастығын, бостандығын сақтап қалса да, ішкі бірлігі мен саяси тұтастығын әлсіретіп алады. Мұндай жағдайды Ресей жақсы пайдаланып қазақ билеуші топтары арасындағы алауыздықтардың отын одан әрі өршіте түседі. Соның нәтижесінде Тәуке хан тұсындағы қазақ мемлекеттілігі өзінің бір орталықтан басқарылатын жүйесінен айырылып, бір-біріне бағынбайтын дербес хандары бар бірнеше саяси құрылымдарға бөлініп кетеді. XVIII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың ортасына дейінгі Ресейдің саяси, әскери, экономикалық отарлау бағыттарындағы жүргізген саясатының алғашқы кезеңінде Кіші жүз бен Орта жүздегі әлсіз саяси құрылымдар одан әрі бөлшектенеді де, отарлаудың күшеюіне байланысты хандық билік біржолата жойылып жіберіледі, қазақ жерлерін қоршай әскери шептер мен бекіністер салынады, қазақ ру-тайпаларының ең жақсы жерлері тартып алынады және қазақ халқының басына әртүрлі көлемдегі алым-салықтар салынады. «Бірлігі жоқ елдің тірлігі болмайды» дегендей қазақ халқының басындағы осы бір ауыртпалық кезеңді ортаазиялық хандықтар да пайдаланып қалуға тырысады. Қоқан хандығы да осы кезеңде Жетісу өңірін, Шу, Талас өзендері бойын, Сырдың жоғарғы және орта ағысы бойындағы жерлерді бағындырып, ол өңірлерде өз бекіністері мен қамалдарын салады да, жергілікті халықты қанауға кіріседі. Ал Хиуа хандығы болса Сырдың төменгі ағысы бойындағы жерлерге, Арал теңізі бойына және Маңғыстау өңіріне үстемдік жүргізеді. Хиуа ханы да Ресей, Қоқан билеушілері секілді бұл өңірлерде өз бекіністері мен қамалдарын салып, оларда әскери күштерін орналастырады. Өзінің тағайындаған өкілі арқылы жергілікті халықты басып-жаншып ұстап отырады. Сол жылдары осы өңірлердегі қазақ ру-тайпалары қанау мен езгінің ең бір сұмдық түрлерін бастарынан өткереді. Ақтан батырдың туып-өскен өңіріндегі халықтың жағдайы XIX ғасырдың бірінші жартысында осындай болатын.Енді сөзіміз дәлелді болуы үшін бірнеше дерек мәліметтеріне жүгінелік.1812 жылы қыс айында Хиуа ханы Мұхаммедрақым (1806–1825 жылдары хан болған) өзі бастап Сырдария мен Қуандария өзендерінің бойында қыстап жатқан бейбіт елге шабуыл жасайды. Бұл өңірдегі Кіші жүздің шөмекей рулары талан-таражға түсіріліп, 100 мың қойдан, 40 мың түйеден айырылады, 500-дей қыз-келіншек тұтқынға әкетіледі. 1815 жылы Мұхаммедрақым 5000 әскерін тағы да Сырдың төменгі ағысы бойындағы қазақ руларын тонауға аттандырады. Бұл жолы Кіші жүздің шекті рулары жапа шегеді. Хиуа әскері мол олжамен кері оралады. 1816 жылы хиуалықтардың келесі жорығы тағы да осы өңірге бағытталады. Бұл жорықта тек қазақтар жағынан өлгендер саны 2000-нан асады. Міне, осындай шапқыншылықтардан кейін Сыр бойы қазақтарының бір бөлігі Хиуа ханының билігін амалсыздан мойындауға мәжбүр болады.Хиуа ханы жергілікті халықты басқару үшін қазақ хандары әулетінің кейбір өкілдерін өз жағына тартады да, олармен қыз берісіп, қыз алысады. Ал өз билігін мойындай қоймаған сұлтандар арасында алауыздық оттарын өршітіп отырады. 1819 жылы Шерғазы ханның ұлы Жанғазыны Мұхаммедрақым Сырдың төменгі бойындағы қазақтарға хан етіп бекітеді. Шекті руларының ханы Арынғазы Әбілғазыұлының Хиуа ханына бағынбай, Бұхара ханына іш бұратынына көңілі толмаған Мұхаммедрақым оған қарсы Жанғазыны айдап салады. Өңірді өз уысында ұстап, толық бақылауда қадағалап отыру үшін Сырдың төменгі бойында бірнеше бекіністерді салады. Сол бекіністердің ішіндегі ең белгілісі – Қожанияз бекінісі (Бекініс атауының бірнеше атауы болған: Жанкент, Жанқат, Бесқала және бекіністі басқарған Хиуа бектерінің есімдеріне байланысты өзгеріп отырған) болды. Осылайша, Сыр бойы қазақтарының арасындағы берекесіздікті қоздыра отыра, Хиуа ханы өңірді өз уысында ұстап, жергілікті халықты емін-еркін билеп-төстеуге, аяусыз қанауға мүмкіндіктер алады. Хиуа ханының, оның бектерінің қарапайым халыққа жасаған зорлық-зомбылықтары күшейіп, алатын салық­тары жылдан жылға арта түседі. Міне, осындай жағдайлар жергілікті халықтың ашу-ызасын туғызып, қарулы қарсылықтар көрсетуге, көтерілістер жасауға итермелейді. Осы кездегі халықтың қиын жағдайын түсінген Жанқожа батыр, Ақтан батыр және тағы басқа ел ішінен шыққан батыр тұлғалар атқа қонып, қол жинап Хиуа хандығының езгісіне қарсы шығады.Ақтан батырдың ерлік жолын баяндамас бұрын оның шыққан тегіне тоқталып өтелік. Ол – Кіші жүздегі алты ата Әлім деп аталатын тайпалар бірлестігіндегі Қаракесек тайпасының өкілі болып табылады. Бұл тайпа өз ішінде Есіл және Тобыл (Қазантебер деп те аталады) атты екі қанатқа бөлінеді. Ақтан батыр Есіл атты тайпалық қанаттан өрбиді.Одан әрі шежіреге сүйенсек, Есілден – Үңгіт, Жолай атты бөлімдер таралады да, Үңгіт өз ішінде Табаншы, Естек және Жақау деген үш тайпалық бөлімшеге жіктеліп кетеді.Тайпалық бөлімшеге түпата болған Жақау батыр – Ақтан батырдың төртінші атасы болып келеді. Шежірелік материалдар мен ел арасында кең тараған тарихи аңыз-әңгімелер Жақауды қарақыпшақ Қобыланды батырдың қарындасынан туған жиені және өз заманында әрі би, әрі батыр болған атақты тұлға деседі. Тіпті кейбір шежірелерде оны хан деп те атайды. Бұл жерде Жақау батырдың «хан» титулын иеленуіне байланысты қысқаша түсініктеме беруді жөн көріп отырмыз. Хандық кезеңде хандар ірі шайқастарда көзге түскен, ұрыста шешуші рөл атқарған қолбасшыларға, батырларға сый-сыйапаттар беріп отырған. Қазіргі түсініктер бойынша ол марапаттау болып саналады. Сондай марапаттаудың ең жоғары түріне – хандардың өз тағына көзге түскен батырларды бір мезетке отырғызуы жатқан. Кейіннен сол батырлардың ұрпақтары мақтанышпен өз аталарын хан деп атауды дәстүрге айналдырған. Жақау батырдың да хан болуын осындай жағдайға байланысты туған деп есептейміз.Жақау батырдың бес әйелінен Тыныбек, Жақсылық, Ноғай, Шоңай, Аман, Түмен, Қасаболат, Шой және Малайсары атты тоғыз ұл туып, олар сегіз руға түпата болып саналады. Жақау батырдың үлкені Тыныбектен – Тілес, одан Ақай, Абылай, Атан, Батыр, Сатым және Шөкір есімді аталар тарайды. Ал Ақайдан – Ақтан батыр мен Шортай туылады.Қазақтың батырлық жырларында болашақ батырлардың дүниеге келетінін белгілі бір әулиелер, көріпкелдер немесе арқалы адамдар алдын ала болжап айтатыны белгілі. Ақтан батырдың да дүниеге келерінің алдында есімі бүкіл Қаракесек тайпасының ұранына айналған Ақпан әулие болжай білген екен. Бұл туралы ел аузында мынадай тарихи әңгіме бар: «Ақайдың бәйбішесі – Ақтанның шешесінің төбесінде шырақ жанып жүргенін көрген әруақты Ақпан батыр: «Мына іштегі тегін бала емес. Киелі бала екен, Әулиелік кереметі бір бөлек. Бүкіл Әлімнің намысын қорғайтын батыр болар. Бірақ, мен бұл баланы көре алмаспын. Әруақ қолдасын, менің жолымды берген», – деп батасын берген болатын қартайған шағында. Сөйтіп, мінген атының ерінің үстіндегі боз көпшігін: «Балаға табыс етесіңдер», – деп қалдырған екен. Ақай атамыз осы бала дүниеге келгенде «атасының батасы дарысын» дегенмен азан шақыртып Ақтан деп ат қойыпты. …Сонымен есімі бүкіл Қаракесекке ұран болған әулие Ақпан батырдың батасы дарыған Ақтанға қысылғанда ойнақшып шыға келетін киелі бұлты осы атасынан қоныпты» (Айтуғанұлы Ш. Қаракесек Ақай ұлы Ақтан батыр. Қазалы, 1997, 7 б.)Ақтан батырдың туған жылына келсек, ол жөнінде екі түрлі пікір бар. Арал, Қазалы өңіріндегі шежірешілер мен қариялардың айтуынша ол 1770-ші жылы қазіргі Қызылорда облысы Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылына қарасты «Тілес» арығы бойындағы «Түлкіқашқан» деген жерде дүниеге келіпті. Бұл қазіргі кезде кең тараған пікірге жатады. Ал ақтөбелік өлкетанушылар мен шежірешілер батырды 1785 жылы туған деседі (Шүкіров Қ. Әлім, Ұланақ – сұрасаң руымды Қаракесек… Ақтөбе, 2005 жыл, 43 бет). Бұл пікірді қолдаушылар сан жағынан аз болса да, онда біршама шындыққа сәйкес келетін тұстары бар. Ақтан батырдың туған інісі Шортайдың ұрпағы Жолдасбай Қошқарұлының дерегі бойынша батыр 1785 жылы дүниеге келген (Айтуғанұлы Ш. Қаракесек Ақай ұлы Ақтан батыр. Қазалы, 1997 жыл, 23 бет). Және де Ш.Айтуғанұлы Ақтан батырдың басындағы құлпытаста өлген жылы деп «1876» жылдың көрсетілгенін айтады. (Сонда. 23-б.). «Ақтан батыр» дастанында 1830–1840-шы жылдардағы оқиғаларға қатысты мынадай жолдар айтылады:«Тұлғалы адам екен Ақтан батыр,Қылышы қынабы мен қапталда тұр.Жетіпті ер жасына осы биыл,Елудің есігінен аттап жатыр» (Омаров Ф. Ақтан батыр. Дастан. Мына кітапта: Шүкіров Қ. Әлім,Ұланақ – сұрасаң руымды Қаракесек… Ақтөбе, 2005 жыл, 47 бет). Тағы бір деректе 1860-шы жылдан кейін Жанқожа батырдың кегін қайтарған Төртқара Байқазақ батыр орыс абақтысына қамалғанда Ақтан батыр оны құтқарып алған екен. (Райымбаев К.Кіші жүз, Алшын, Әлім Ұланақтан (Қаракесек) бе­сік­тегі ұлға шейін шежіре, тарих. Қызыл­орда, 2000 жыл, 102 бет). Осы жоғарыда келтірген ауызша дерек мәліметтері Ақтан батыр 1785 жылы туыл­ған деген пікірдің шындықтың ауылына бір табан жақын екендігін дәлелдей түседі. Де­генменде, шындық әлі де болса ақи­қат емес. Сол себепті де Ақтан батыр жө­нінде болашақта жазылатын зерттеулерде бұл мәселе арнайы қарастырылып, оң шеші­мін табады деген ойдамыз. ## Ақпан батыр Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руының Шегір бөлімінен шыққан. Қазақ тарихында батырлық жыр-дастандар мен тарихи аңыз-әңгімелердің ең көп пайда болған дәуіріне XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысы аралығын қамтыған 150 жылдай уақыт жатады. Осы кезеңнің бірінші бөлігі – жоңғарларға қарсы күреспен айрықшаланып, ол кезең өз кезегінде атақты Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Есет, Тайлақ,Саурық және тағы басқа көптеген қолбасшы – батырларды дүниеге келтіргені белгілі. Ал екінші бөлікке жоңғарларға қарсы күрестен кейінгі – Ресей отаршылдығы мен езгісіне, ортаазиялық Қоқан, Бұхар, Хиуа хандықтарының озбырлықтарына, басқыншылықтарына, тонаушылықтарына қарсы болған көтерілістер, ұлт-азаттық қозғалыстар кезеңі жатады.Уақыт жағынан алғанда бұл кезеңге XVIII ғасырдың 70-ші жылдары мен XIX ғасырдың 60-шы жылдары аралығы сай келеді. Осы кезеңде де қазақ халқы өз ортасынан тарихи тұлғалардың, әсіресе батырлардың көп шоғырын тарих төріне шығарады. Саржан, Кенесары, Наурызбай секілді хан-сұлтандар, Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Есет Көтібарұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы секілді батырлар мен билер – осы қиын-қыстау дәуір дүниеге әкелген тұлғалар. Төменде біз сөз еткелі отырған тұлғаның бірі, Жанқожа батырдың қарулас серігі – Ақтан батыр да осы кезең дүниеге келтірген батырлардың қатарына жатады. Ақпан батырдың есімі бүкіл қазақ жұртшылығына беймәлімдеу болғанымен, батырдың өмір сүрген аймағы – Арал, Қаза­лы, Шалқар өңірлеріндегі тұрғындар батыр есімімен жақсы таныс. Батыр есімінің бүкіл қазақ халқына танымал болмауына кешегі кеңестік кезеңдегі үстем идеологияның кері әсері және соған байланысты тұлғаның бойында батырлық қасиеті мен әулиелік қасиеттерінің қатар болуына байланыс­ты оның өмір жолын зерттеуге кеңестік тарихшылардың жүрек­терінің дауаламауы жатса керек.Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Ақтан­ батыр туралы Арал және Қазалы аудандары­ның аудандық газеттерінде жергілікті авторлар: Ш.Айтуғанұлының, М.Сақтағановтың, Б.Алпамысовтың, О.Аяпбергеновтың және тағы басқа авторлардың мақалалары, ел аузынан жинаған тарихи аңыз-әңгімелері, толғаулары мен дастандары жарық көрді. Батыр бабаның аруағына арнап ас беріліп, құран оқылды, бейіті жөнделіп, қайта жаңғыртылады.Ақтан батырдың өнегелі өмірі мен ерлікке толы істерін, халқына сіңірген еңбегі мен жеке басының қасиеттерін қалың оқырманға таныстыра отыра, оның XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстарындағы алар орны мен рөлін көрсетуді жөн көріп отырмыз.Тарихи тұлғаларды өмір сүрген заманы қалыптастырады деген қағиданы ескере отыра, батыр бабамыздың өмір жолын баяндамас бұрын, алдыменен оның заманына, заманының халқына тигізген қиындықтарына тоқтала кетелік.Ақтан батыр өмір сүрген XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың ортасы аралығы – қазақ тарихындағы ең бір ауыр кезеңге жатады. Жоңғарларға қарсы күресте қазақ халқы өзінің ұлт ретіндегі тұтастығын, бостандығын сақтап қалса да, ішкі бірлігі мен саяси тұтастығын әлсіретіп алады. Мұндай жағдайды Ресей жақсы пайдаланып қазақ билеуші топтары арасындағы алауыздықтардың отын одан әрі өршіте түседі. Соның нәтижесінде Тәуке хан тұсындағы қазақ мемлекеттілігі өзінің бір орталықтан басқарылатын жүйесінен айырылып, бір-біріне бағынбайтын дербес хандары бар бірнеше саяси құрылымдарға бөлініп кетеді. XVIII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың ортасына дейінгі Ресейдің саяси, әскери, экономикалық отарлау бағыттарындағы жүргізген саясатының алғашқы кезеңінде Кіші жүз бен Орта жүздегі әлсіз саяси құрылымдар одан әрі бөлшектенеді де, отарлаудың күшеюіне байланысты хандық билік біржолата жойылып жіберіледі, қазақ жерлерін қоршай әскери шептер мен бекіністер салынады, қазақ ру-тайпаларының ең жақсы жерлері тартып алынады және қазақ халқының басына әртүрлі көлемдегі алым-салықтар салынады. «Бірлігі жоқ елдің тірлігі болмайды» дегендей қазақ халқының басындағы осы бір ауыртпалық кезеңді ортаазиялық хандықтар да пайдаланып қалуға тырысады. Қоқан хандығы да осы кезеңде Жетісу өңірін, Шу, Талас өзендері бойын, Сырдың жоғарғы және орта ағысы бойындағы жерлерді бағындырып, ол өңірлерде өз бекіністері мен қамалдарын салады да, жергілікті халықты қанауға кіріседі. Ал Хиуа хандығы болса Сырдың төменгі ағысы бойындағы жерлерге, Арал теңізі бойына және Маңғыстау өңіріне үстемдік жүргізеді. Хиуа ханы да Ресей, Қоқан билеушілері секілді бұл өңірлерде өз бекіністері мен қамалдарын салып, оларда әскери күштерін орналастырады. Өзінің тағайындаған өкілі арқылы жергілікті халықты басып-жаншып ұстап отырады. Сол жылдары осы өңірлердегі қазақ ру-тайпалары қанау мен езгінің ең бір сұмдық түрлерін бастарынан өткереді. Ақтан батырдың туып-өскен өңіріндегі халықтың жағдайы XIX ғасырдың бірінші жартысында осындай болатын.Енді сөзіміз дәлелді болуы үшін бірнеше дерек мәліметтеріне жүгінелік.1812 жылы қыс айында Хиуа ханы Мұхаммедрақым (1806–1825 жылдары хан болған) өзі бастап Сырдария мен Қуандария өзендерінің бойында қыстап жатқан бейбіт елге шабуыл жасайды. Бұл өңірдегі Кіші жүздің шөмекей рулары талан-таражға түсіріліп, 100 мың қойдан, 40 мың түйеден айырылады, 500-дей қыз-келіншек тұтқынға әкетіледі. 1815 жылы Мұхаммедрақым 5000 әскерін тағы да Сырдың төменгі ағысы бойындағы қазақ руларын тонауға аттандырады. Бұл жолы Кіші жүздің шекті рулары жапа шегеді. Хиуа әскері мол олжамен кері оралады. 1816 жылы хиуалықтардың келесі жорығы тағы да осы өңірге бағытталады. Бұл жорықта тек қазақтар жағынан өлгендер саны 2000-нан асады. Міне, осындай шапқыншылықтардан кейін Сыр бойы қазақтарының бір бөлігі Хиуа ханының билігін амалсыздан мойындауға мәжбүр болады.Хиуа ханы жергілікті халықты басқару үшін қазақ хандары әулетінің кейбір өкілдерін өз жағына тартады да, олармен қыз берісіп, қыз алысады. Ал өз билігін мойындай қоймаған сұлтандар арасында алауыздық оттарын өршітіп отырады. 1819 жылы Шерғазы ханның ұлы Жанғазыны Мұхаммедрақым Сырдың төменгі бойындағы қазақтарға хан етіп бекітеді. Шекті руларының ханы Арынғазы Әбілғазыұлының Хиуа ханына бағынбай, Бұхара ханына іш бұратынына көңілі толмаған Мұхаммедрақым оған қарсы Жанғазыны айдап салады. Өңірді өз уысында ұстап, толық бақылауда қадағалап отыру үшін Сырдың төменгі бойында бірнеше бекіністерді салады. Сол бекіністердің ішіндегі ең белгілісі – Қожанияз бекінісі (Бекініс атауының бірнеше атауы болған: Жанкент, Жанқат, Бесқала және бекіністі басқарған Хиуа бектерінің есімдеріне байланысты өзгеріп отырған) болды. Осылайша, Сыр бойы қазақтарының арасындағы берекесіздікті қоздыра отыра, Хиуа ханы өңірді өз уысында ұстап, жергілікті халықты емін-еркін билеп-төстеуге, аяусыз қанауға мүмкіндіктер алады. Хиуа ханының, оның бектерінің қарапайым халыққа жасаған зорлық-зомбылықтары күшейіп, алатын салық­тары жылдан жылға арта түседі. Міне, осындай жағдайлар жергілікті халықтың ашу-ызасын туғызып, қарулы қарсылықтар көрсетуге, көтерілістер жасауға итермелейді. Осы кездегі халықтың қиын жағдайын түсінген Жанқожа батыр, Ақтан батыр және тағы басқа ел ішінен шыққан батыр тұлғалар атқа қонып, қол жинап Хиуа хандығының езгісіне қарсы шығады.Ақтан батырдың ерлік жолын баяндамас бұрын оның шыққан тегіне тоқталып өтелік. Ол – Кіші жүздегі алты ата Әлім деп аталатын тайпалар бірлестігіндегі Қаракесек тайпасының өкілі болып табылады. Бұл тайпа өз ішінде Есіл және Тобыл (Қазантебер деп те аталады) атты екі қанатқа бөлінеді. Ақтан батыр Есіл атты тайпалық қанаттан өрбиді.Одан әрі шежіреге сүйенсек, Есілден – Үңгіт, Жолай атты бөлімдер таралады да, Үңгіт өз ішінде Табаншы, Естек және Жақау деген үш тайпалық бөлімшеге жіктеліп кетеді.Тайпалық бөлімшеге түпата болған Жақау батыр – Ақтан батырдың төртінші атасы болып келеді. Шежірелік материалдар мен ел арасында кең тараған тарихи аңыз-әңгімелер Жақауды қарақыпшақ Қобыланды батырдың қарындасынан туған жиені және өз заманында әрі би, әрі батыр болған атақты тұлға деседі. Тіпті кейбір шежірелерде оны хан деп те атайды. Бұл жерде Жақау батырдың «хан» титулын иеленуіне байланысты қысқаша түсініктеме беруді жөн көріп отырмыз. Хандық кезеңде хандар ірі шайқастарда көзге түскен, ұрыста шешуші рөл атқарған қолбасшыларға, батырларға сый-сыйапаттар беріп отырған. Қазіргі түсініктер бойынша ол марапаттау болып саналады. Сондай марапаттаудың ең жоғары түріне – хандардың өз тағына көзге түскен батырларды бір мезетке отырғызуы жатқан. Кейіннен сол батырлардың ұрпақтары мақтанышпен өз аталарын хан деп атауды дәстүрге айналдырған. Жақау батырдың да хан болуын осындай жағдайға байланысты туған деп есептейміз.Жақау батырдың бес әйелінен Тыныбек, Жақсылық, Ноғай, Шоңай, Аман, Түмен, Қасаболат, Шой және Малайсары атты тоғыз ұл туып, олар сегіз руға түпата болып саналады. Жақау батырдың үлкені Тыныбектен – Тілес, одан Ақай, Абылай, Атан, Батыр, Сатым және Шөкір есімді аталар тарайды. Ал Ақайдан – Ақтан батыр мен Шортай туылады.Қазақтың батырлық жырларында болашақ батырлардың дүниеге келетінін белгілі бір әулиелер, көріпкелдер немесе арқалы адамдар алдын ала болжап айтатыны белгілі. Ақтан батырдың да дүниеге келерінің алдында есімі бүкіл Қаракесек тайпасының ұранына айналған Ақпан әулие болжай білген екен. Бұл туралы ел аузында мынадай тарихи әңгіме бар: «Ақайдың бәйбішесі – Ақтанның шешесінің төбесінде шырақ жанып жүргенін көрген әруақты Ақпан батыр: «Мына іштегі тегін бала емес. Киелі бала екен, Әулиелік кереметі бір бөлек. Бүкіл Әлімнің намысын қорғайтын батыр болар. Бірақ, мен бұл баланы көре алмаспын. Әруақ қолдасын, менің жолымды берген», – деп батасын берген болатын қартайған шағында. Сөйтіп, мінген атының ерінің үстіндегі боз көпшігін: «Балаға табыс етесіңдер», – деп қалдырған екен. Ақай атамыз осы бала дүниеге келгенде «атасының батасы дарысын» дегенмен азан шақыртып Ақтан деп ат қойыпты. …Сонымен есімі бүкіл Қаракесекке ұран болған әулие Ақпан батырдың батасы дарыған Ақтанға қысылғанда ойнақшып шыға келетін киелі бұлты осы атасынан қоныпты» (Айтуғанұлы Ш. Қаракесек Ақай ұлы Ақтан батыр. Қазалы, 1997, 7 б.)Ақтан батырдың туған жылына келсек, ол жөнінде екі түрлі пікір бар. Арал, Қазалы өңіріндегі шежірешілер мен қариялардың айтуынша ол 1770-ші жылы қазіргі Қызылорда облысы Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылына қарасты «Тілес» арығы бойындағы «Түлкіқашқан» деген жерде дүниеге келіпті. Бұл қазіргі кезде кең тараған пікірге жатады. Ал ақтөбелік өлкетанушылар мен шежірешілер батырды 1785 жылы туған деседі (Шүкіров Қ. Әлім, Ұланақ – сұрасаң руымды Қаракесек… Ақтөбе, 2005 жыл, 43 бет). Бұл пікірді қолдаушылар сан жағынан аз болса да, онда біршама шындыққа сәйкес келетін тұстары бар. Ақтан батырдың туған інісі Шортайдың ұрпағы Жолдасбай Қошқарұлының дерегі бойынша батыр 1785 жылы дүниеге келген (Айтуғанұлы Ш. Қаракесек Ақай ұлы Ақтан батыр. Қазалы, 1997 жыл, 23 бет). Және де Ш.Айтуғанұлы Ақтан батырдың басындағы құлпытаста өлген жылы деп «1876» жылдың көрсетілгенін айтады. (Сонда. 23-б.). «Ақтан батыр» дастанында 1830–1840-шы жылдардағы оқиғаларға қатысты мынадай жолдар айтылады:«Тұлғалы адам екен Ақтан батыр,Қылышы қынабы мен қапталда тұр.Жетіпті ер жасына осы биыл,Елудің есігінен аттап жатыр» (Омаров Ф. Ақтан батыр. Дастан. Мына кітапта: Шүкіров Қ. Әлім,Ұланақ – сұрасаң руымды Қаракесек… Ақтөбе, 2005 жыл, 47 бет). Тағы бір деректе 1860-шы жылдан кейін Жанқожа батырдың кегін қайтарған Төртқара Байқазақ батыр орыс абақтысына қамалғанда Ақтан батыр оны құтқарып алған екен. (Райымбаев К.Кіші жүз, Алшын, Әлім Ұланақтан (Қаракесек) бе­сік­тегі ұлға шейін шежіре, тарих. Қызыл­орда, 2000 жыл, 102 бет). Осы жоғарыда келтірген ауызша дерек мәліметтері Ақтан батыр 1785 жылы туыл­ған деген пікірдің шындықтың ауылына бір табан жақын екендігін дәлелдей түседі. Де­генменде, шындық әлі де болса ақи­қат емес. Сол себепті де Ақтан батыр жө­нінде болашақта жазылатын зерттеулерде бұл мәселе арнайы қарастырылып, оң шеші­мін табады деген ойдамыз.
Шұңқыркөл – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы, Тихоокеан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Тайынша қаласынан шығысқа қарай 72 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 787 адам (366 ер адам және 421 әйел адам) болса, 2009 жылы 403 адамды (188 ер адам және 215 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1929-1976 жылдары “Севастопольский” кеңшарының, 1976-1996 жылдары бұрыңғы Көкшетау облысы ет өндіру бағытындағы Чкалов ауданының мамандандырылған шаруашылық бірлестігінің орталығы болды. Бірлестік негізінде “Шұңқыркөл” АҚ мен шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Қопалысай – Шу алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жамбыл облысының Шу және Қордай аудандары, Алматы облысының Жамбыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 90 километр, су жинайтын алабы 1020 км². ## Бастауы Қопалысай Шу-Іле жотасындағы Хантау бұлақтарынан басталып, Аққолтық құдығының (Тауқұм құмында) солтүстік-батысында (12 километр жерде) құмға сіңіп, тартылып қалады. ## Гидрологиясы Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Көп жылдық орташа ағымы 0,2 – 0,3 л/с. Жылдық ағымының негізгі бөлігі (80%) көктемгі қар еру кезінде қалыптасады. Өзен аңғары шабындық, мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер