text
stringlengths
3
252k
Тұрғын халық есебі, халық есебі – * қайсыбір аумақтағы тұрғындардың саны туралы деректер жинау; * халық туралы мәліметтер алудың нақты түрі. Мәліметтер жинаудың жиілігі мен сипатына қарай бір жолғы және ағымдағы тұрғын халық есебі түрлеріне бөлінеді. Бір жолғы тұрғын халық есебі – негізінен белгілі бір елді мекенде немесе ауданда белгілі бір уақытта тұратын адамдардың саны туралы мәліметтерді бір рет жинау. Халық санағынан өзгешелігі: мұнда есеп оңайлатылған ережелер бойынша жүргізіледі, тек тұрғындардың жалпы саны туралы мәліметтер ғана жиналады, кейде жасы мен жынысы бойынша бөліп көрсетіледі. Бұл орайда тұрғын халық есебі адамдарға міндетті түрде сұрау салу жолымен емес, көбінесе тұрғындардың белгілі бір тізімдері немесе басқа да құжаттар бойынша жүргізіледі, яғни заңды халық ескеріледі, сөйтіп бір жолғы тұрғын халық есебінің растығы тиісті құжаттардың толықтығы мен дәлдігіне тікелей байланысты болады. Халық есебінің осы бір жолғы түрі қазіргі кезеңде негізінен тұрғындардың жалпы санын бағалау үшін қолданылады. Ағымдағы тұрғын халық есебі – халықтың қазіргі санын, оның барлық өзгеріп отыратын оқиғаларын (туу, өлу, келу, кету) тіркеу негізінде бағалауға арналған белгілі бір аумақ тұрғындарының белгілі бір тізімдерін жүргізу. Көбінесе экономикалық сипаттамаларды тіркеумен байланысты болып келеді. Кейбір елдерде халықтың тізілімдері немесе автоматтандырылған картотекалар түрінде болады. Мұндай жолмен халықтың құрамы туралы егжей-тегжейлі мәлімет алу мүмкін болмайтындықтан ағымдағы тұрғын халық есебінде тұрақты халық санағын жүргізу қажет болады. Кейде демографиялық оқиғалардың ағымдағы есебін де тұрғын халық есебінің осы ағымдағы түріне жатқызады, оның деректері бойынша халық санағы кезінде жиналған мәліметтер халықтың саны мен құрамының ағымдағы есебі түрінде қаралады. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
София Шәкірқызы Баймақанова (22.12.1929 жылы туған, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Кеңес ауылы) – медицина ғылым докторы (1993), профессор (1982). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1953, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетті) бітірген. Семей медицина институтында (1957–1961, қазіргі Семей мемлекеттік медицина академиясы) оқытушы,министрлігінің Онкология және радиология ғылым-зертханалық институтында аға ғылым қызметкер, бөлім меңгерушісі (1961–1983) қызметтерін атқарды. 1983 жылдан Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі. Баймақанованың ғылыми-зертхана еңбектерінің негізгі бағыты – мойын мен ас қорыту мүшелерінде кездесетін қатерлі ісіктің эпидемиологиясы және алдын алу жолдарын іздестіруге, емдеу әдістерін жетілдіру мәселесіне арналған. Баймақанова 170-тен астам ғылым еңбектің, оның ішінде 3 монографияның («Гидрохирургическая анатомия общей сонной артерии», 1988; «Ушная рефлексотерапия», 1996; т.б.) авторы. ## Дереккөздер
Мардан — ежелгі қорым. Түркістан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылынаннан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде. 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының обаларды зерттеуші тобы (жетек. Б.Нұрмұханбетов) ашқан. Қорым батыстан шығысқа тізбектеле созылған кішігірім 15 обадан тұрады. Әрбір тізбекте 2-ден 5-ке дейін үйінді бар. Тізбектегі үйінділер аралары өте жақын ұзынша төбешік пішіндес болып келеді. Жекелеген қабір шұңқырлары олардың қосылған жерлерінде әрең байқалатын ойыстарымен және жоғарғы қабатындағы ұсақ төбешіктерімен ерекшеленеді. Қорым үстіндегі ескерткіштер құмдауыт төбешікке тұрғызылған пахсалық қабірлер негізінде жасалған. Бұлар ішкі жағы “ванна” секілді тік бұрышты келеді. Барлық обаларда мәйіттер басы оңтүстік, оңтүстік-шығысқа бағыттала жатқызылып, қыш ыдыстар, тұрмыс бұйымдары, әшекейлер мен тұмарлар бірге қойылған. Қыш ыдыстар барлық обаларда кездеседі. Олардан өзге бірнеше көзе, темір пышақ, моншақ, жүзік, тұмар ретінде пайдаланған түрлі хайуанаттар тістері мен сүйектері, қоладан құйылған тау ешкілерінің мүсіндері табылған. Обалардың бірінен ортасында төрт бұрышты тесігі бар 7 монет шықты. Олардың көпшілігі б.з.б. 118 жылы, қалғандары б.з.б. 73-47 жылдары құйылған. Табылған заттарға қарағанда Мардан қорымына б.з.б. 1 ғасырдан б.з. 2 ғасырына дейінгі аралықта өмір сүрген адамдар жерленген. Олар отырықшы болып, жер өңдеумен және мал өсірумен шұғылданған. Заттай мәдениетіне ғұндардың ықпалы байқалады. ## Сілтемелер
Рахманқұл Қамшыбаев Алтынбекұлы (17.11.1937 жылы туған, Жамбыл облысы Тараз қаласы) – экономика ғылымдарының докторы (1990), профессор (1994). Қазақстан Республикасының Жоғары мектеп ғылыми академиясының академигі (1996). Мәскеу экономика-статистика институтын бітірген (1961). Қазақстан ғылым академиясының Экономика институтында кіші, аға ғылым қызметкер, Қазақстан экономика және жоспарлау институтында бөлім бастығы, директор (1961–89), Алматы саясаттану және басқару институтында проректор (1991–92), Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты директорының орынбасары (1992–94), Қазақ мемлекеті басқару академиясында (қазіргі Қазақ экономика университеті) «Халықаралық экономикалық қатынастар» оқуғылым кешенінің директоры (1994–2000) қызметтерін атқарды. 2000 жылдан осы университетте кафедра меңгерушісі, профессор 190-нан астам ғылым жарияланымның, 5 монографияның авторы. ## Дереккөздер: Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
Наурызым қарағай шұраты – Торғай қолатында жатқан қарағайлы өңірінде Қостанай облысы Наурызым ауданы жерінде орналасқан. Шұрат батыстан шығысқа қарай 30 км-ге созылған, енді жері 12 км-дей. Солтүстігінде суы тұзды Жарман кені, оңтүстігінде тұщы сулы Үлкен Ақсуат кені жатыр. Топырағы құмдауыт қызыл қоңыр. Онда қарағай шоқтары аралас орманды дала белдеміне тән өсімдіктер өседі. Наурызым қарағай шұраты Наурызым қорығы аумағына кіреді. ## Сілтемелер * Қазақстан географиясы * Кен орындар * Қостанай ## Дереккөздер
Қылышбай Омаров (1907 ж.туған, Отырар ауданы) – Социалистік Еңбек Ері (23.7.1948). 1929 – 41 ж. Шәуілдір ауданының Талапты ұжымшарында шопан, 1941 – 44 ж. Қызыл Армия қатарында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1944 – 57 ж. Талапты ұжымшарында, 1957 – 66 ж. Арыс және Талапты кеңшарында аға шопан болып істеді. ## Дереккөздер
Некрополь -(грек. nekros – өлі, polіs – қала), көне және жаңа дәуірлердегі бейіттерге байланысты айтылады. Екі мағынада қолданылады: 1) адамдар жерленген обалар мен қабір топтары, яғни жалпы зират, қорымдар; 2) отырықшы-қалалық орталықтар төңірегіндегі неғұрлым үлкен зираттар. Некрополь атауына сай келетін зираттар Қара теңіз жағалауларындағы антикалық замандағы грек қалаларының маңында, ерте темір дәуіріндегі және ортағасырлық қала мәдениеті өркендеген өлкелерде көп зерттелген. Ғылыми ақпараттық мөлшері мен құндылығы бойынша, көне ескерткіштердің аса маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Қазақстанның батысында Шопан-ата сияқты үлкен Некропольдер, Оңтүстік Қазақстан өңірінде, Сырдың орта ағысындағы қалалық орталықтар төңірегінде шоғырланған көптеген ірі Некропольдер белгілі. Түркістан төңірегінде Сидақ, Шаға, тағы басқа Некропольдер бар, Арыс өзенінің алқабында аса ірі Бөріжар Некрополі орналасқан. Кейде атақты тарихи тұлғалардың қабірі айналасында қалыптасады да, осы адамның атымен аталады. Мәселен, Арыстан баб, Гауһар ана Некропольдері. Түркістан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Е.Смағұлов) кешенді зерттеулер барысында Қожа Ахмет Иасауи кесенесі маңында 3 м тереңдікте жатқан көне Некрополь бар екенін, оның алғашқы Иасы қонысының кезінде қалыптасқанын анықтады. Некропольдерді зерттеу барысында жерлеу құрылыстарының түрлері, жерлеу ғұрпының ерекшеліктері, заттық, рухани мәдениетке байланысты ғылыми құндылығы жоғары мол деректер алынады. Қазіргі күнде қалалық орталықтар міндетті түрде оның маңындағы Некропельдермен байланыстыра отырып зерттеледі. Некропольдер қала мәдениеті мен қалаларды қоныстанудың ерекшеліктерін де көрсетіп бере алады. ## Әдебиет * Ремпель Л.И., Нек-рополь древнего Тараза, Л., 1957; * Смагулов Е.А., К реконструкции погребального обряда Южного Казахстана раннесредневековой эпохи * Новые исследования по археологии Казахстана, А., 2004 ## Дереккөздер
Жанқұтты Ботантайұлы, Жақсы Жанқұтты (1810, Қарағанды облысы Шет ауданы Аюлы тауының баурайы — 1873, Сауд Арабиясы, Мекке) — шешен, би. ## Өмірбаяны Бала кезінде ауыл молдасынан оқып, мұсылманша сауатын ашады. Кейін әкесі Жанқұттыны Қарқаралы қаласындағы медресеге оқуға береді (1824). Медресені бітіргеннен кейін ел ішіндегі әр түрлі билік, әкімшілік жұмыстарына араласады. Жанқұтты өз заманының әділ биі, от ауызды, орақ тілді шешені Шабанбай бидің батасын алып, тәлім-тәрбиесін көрген. Ол Жанқұттыға былай деп бата берген екен: “Аллаға жағам десең — азанды бол, Ағайынға жағам десең — қазанды бол, халқыңа жағам десең — әділ бол, Судай таза бол, Жердей берік бол, Өмірің ұзақ болсын, Аймағың суат болсын, Сөзің халқыңа қуат болсын!”. Құнанбай, Алшынбай, Құсбек төре сияқты ел жақсыларымен қарым-қатынаста болған Жанқұтты бала Абайдың болашағын болжап, бата берген. Қажылыққа екі рет барған (1850, 1873). Соңғы барғанда Құнанбайдың келесі жылы барайық деген сөзіне: “Келер жылға қарар едім, ажал қарамайды ғой” деп жүріп кетеді. Сол сапарында Меккеде қайтыс болған. Жақсы Жанқұттыты атанған шешен, бидің кейінгі ұрпаққа өсиет етіп қалдырған, үлгі боларлық нақыл сөздері мол. Жанқұттының алғаш жұртқа танылуы Жамантаймен жауаптасуы. Қарқаралыға аға сұлтан болып сайланған Жамантай төре елдің игі жақсыларын жинапты. Жер көріп, танысын деген ниетпен Ботантай Жанқұттыны ертіп келеді, мұны көрген Жамантай: “Бұл қатын-қалаш, бала-шағаның өсек айтатын жері емес, алқалы топтың бас қосатын мәжілісі емес пе, мына бала кім?” депті. Сонда Жанқұттыты: “ұафу етіңіз, кеше келгенде бір үйге қонақ болып дәм ішіп едік, бір ақсақал “еті арық екен” деп тыжырынып отырды, бүгін мені көріп сіз тыжырынып отырсыз! Сонда бұл қалай? Адам алжыса астан шошиды, төре алжыса жастан шошиды деген осы ма? Болмаса, “асыл тастан шығады, ақыл жастан шығады” деген аталы сөзді аттап кеткеніңіз қай сасқандығыңыз?” депті. Жамантай қасындағылардың бірі: “Сөзін қара, болайын деп тұрған бала екен!” дегенде, Жамантай төре: “Болайын деп емес, болып тұрған, төрт құбыласы тең түсіп толып тұрған жас екен, бұдан былай біздің округтің ішіндегі дауға қатысты мәселені осы шешетін болсын”, деп шешім шығарыпты. Жалпы, Жанқұттының айтқан сөздерінен үш түрлі бағыт байқалады: 1) халыққа қамқор болу, сыртқы дұшпандарынан қорғану үшін жасаған іс-әрекеттері; 2) ел бірлігін сақтау, ру арасындағы даулы мәселелерді шешу барысында әділ қазылық жасау; 3) ұрпаққа ұлағатты сөз қалдыру, жастарды тәрбиелеуге айрықша мән беріп, көңіл бөлуі. Жанқұтты туралы деректер Қ.Жұмалиевтің “XVІІІ— XІX ғасырлардағы қазақ әдебиеті” (1967), Б.Адамбаевтың “Халық даналығы” (1984), “Ел аузынан” (1990) еңбектерінде келтірілген. ## Жанқұтты Ботантайұлы туралы әңгіме Жанқұтты он жеті жасында әкесінің айтуымен Сары елінің беделді биі Шабанбайға бата алуға барады. Жанқұттының жасын сұрап білгеннен кейін: - Шырағым, дүниеде не адал, әлемде не мықты? - деп сұрайды. Сонда Жанқұтты: - Адал болсаң, судай бол,Су арамды кетіреді.Мықты болсаң жердей бол,Жер жаһанды көтереді, - - Адал болсаң, судай бол,Су арамды кетіреді.Мықты болсаң жердей бол,Жер жаһанды көтереді, - деген екен. Жауабына риза болған Шабанбай би бала Жанқүұттыны бірнеше күн қонақ етіп, кетерінде: Аллаңа жағам десең, азанды бол,Ағайынға жағам десең, қазанды бол,Халқыңа жағам десең, өділ бол.Судай таза бол,Жердей берік бол,Өмірің ұзақ болсын,Сөзің халқыңа куат болсын! - Аллаңа жағам десең, азанды бол,Ағайынға жағам десең, қазанды бол,Халқыңа жағам десең, өділ бол.Судай таза бол,Жердей берік бол,Өмірің ұзақ болсын,Сөзің халқыңа куат болсын! - деп батасын беріп аттандырған екен. Жанқұттының өскен ортасы қасиетті Сарыарқаның өнегелі де, тәрбиелі елі болған. Талай өнерпаз, білімдар, парасатты, әруақты ата-бабалар ғұмыр кешкен сол бір аймақтан Қаз дауысты Қазыбек, Шортанбай жырау Қараменде, Сеңкібай, Шабанбай, Жидебай, Жалаңбас, Боранбай тәрізді ділмар шешен билер, не бір батырлар шыққан ғой. Міне, осындай өнегелі халық арасынан тәлім алған Жанқұтты да осал болмаған. Атақты жырау Шортанбай Кенесары ханның ақылгөй ақыны болса, Жанқұтты оның батыр сарбазы оң жағында отыратын кеңесші бас биі екен. Сол бір ұлт-азаттық қозғалыстың жорық, шайқасына талай қатысып ел азаттығы үшін, үрім-бұтақ болашағы үшін күрескен азамат Жанқұтты бидің бұл саладағы атқарған қызметі, билік, кесім, шешендік сөздері кезінде хатқа түспеген. Ауызша айтылып жүрген нұсқалары ұмытыла бастаған. Кезінде Шабанбай биден бата алған Жанқұтты шешен жайлы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мынадай дерек жазып қалдырған "Құлжаннан Айдабол, Амантай, Дәріпсөлі, Маман, Шуаш. Шуаштан, Ботантай, Айбада, Ботантайдан Жанқұтты. Бұл Жанқұтты Мұса, Секербай заманында ауызға ілігіп, көзге түскен қазақ жақсыларының касқа маңдайы болған. Бірі ескі заң, бірі - жаңа заң, Бұл Жанқұтты жаңа заңды көрген жок, ескі заңды қажыға барып қалып, басына тас орнаттырып, тасына жаздырған: "Қазақ, Арғын, Сарым руынан Жанқұтты Ботантайұлы. Мекке мен Мединені көрмеген кісі анадан тудым, жалған дүниенің жүзіне келмедім десе де болар", депті. Онан бұрын әулиелерді зиярат қыла Алатау, Қаратауға барған. Үйсін Төле бидің қасында отырып, билік айтып, төре берген төбесін көремін деп барғанда, АлатауҚаратаудың пәлен қалай, түген қалай деп сұрағандарына айтқан: "Тобықты Құнанбай шыңның басынан шыққан қайнар бұлақ, қыпшақ Ыбырай қажымас қара болат, Мұса қабыршағы колға тұрмас жылмағай қара балық, Шыңғыс төре мұсылманға суық, орысқа жуық". Бұл сөздерді Көктіңұлы Сапақтың бел баласы Иманберді датқаға сөйлеген. Тобықты Құнанбай, қыпшақ Ыбырай, Төртуыл Мұса осы үшеуі қазақтың маңдайына нағып сыйып жүргеніне айран-асырмын, деген Жанқұтты".Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын тынымсыз жинап, артына ұлан-асыр мұра қалдырған Мәшһүр Жүсіптен келтіріліп отырған бұл үзіндіден ең алдымен Жанқұтты бидің шыққан тегі, арғы ата-бабалары туралы мәлімет алсақ, екіншіден оның қасиетті Меккеге бір емес, екі рет барып Қажы аталғанын, Құнанбай, Ыбырай, Мұса және Шоқанның атасы Шыңғысқа берген жоғары батасын аңғарамыз. ## Жанқұтты Ботантайұлы туралы әңгіме Бірде Жанқұтты шешен аға сұлтан Құнанбайдың үйінде отырғанда оған Абай келіп сәлем береді. Ол кезде Абайдың жас, үйленбеген шағы екен. Абайдың тапқырлығын, өлең шығаратындығын естіп жүрген шешен би аланы қасына отырғызып оған бірнеше сұрақ қояды: - Шырағым, дүние неге сүйенеді? Абай: - Дүние үмітке сүйенеді. Жанқұтты: - Көздің көрмесі бола ма? Абай: - Көз қабағын көрмейді. Жанқұтты: - Шам жарығының түспесі бола ма? Абай: - Шам жарығы түбіне түспейді. Жанқұтты: - Болат пышақтың кеспесі бола ма? Абай: - Болат пышақ өз сабын өзі кеспейді. Жанқұтты: - Тамағына тартпайтын махлұқат бола ма? Абай: - Өз тамағына тартпайтын махлұқат болмайды. Абай жауабына риза болған шешен оған өлең түрінде жауап беруін сұрапты. Сонда Абай: — Сіз сұңқар самғай ұшқан қиядағы,Талпынған мен балапан үядағы.Өрнекті өлең сөзбен жауап берсем,Дүниенің жалғыз үміт тиянағы.Көз көруі жетпейді қабағына,Шам жарығы түспейді табанына,Өз сабын болат пышақ өзі кеспес,Мақлұкат тарпай қоймас тамағына, — Сіз сұңқар самғай ұшқан қиядағы,Талпынған мен балапан үядағы.Өрнекті өлең сөзбен жауап берсем,Дүниенің жалғыз үміт тиянағы.Көз көруі жетпейді қабағына,Шам жарығы түспейді табанына,Өз сабын болат пышақ өзі кеспес,Мақлұкат тарпай қоймас тамағына, — депті. Ет желініп, қымыз ішілгеннен кейін Абай: - Ата, сізден сұрақ сүрауға бола ма? — дейді.- Е, шырағым, сұрай ғой, — депті Жанқұтты.- Ата, арзан не, қымбат не,дауасыз не? - депті Абай. Жанқұтты:- Шырағым, арзан — өтірік, қымбат — шындық, дауасыз — кәрілік емес пе? Жанарың отты екен — ақындығың, маңдайың жазық екен — ойлылығың шығар, халкыңның қалаулы азаматы бол! — деп батасын беріпті. ## Жанқұтты Ботантайұлы туралы әңгіме Бірде Құнанбай, Алшынбай, Мұса үшеуі бірігіп, ел арасында даулы мәселелер көбейіп кетті, барымта жиі қайталанатын болды деген себепті желеу етіп, ел жинап, мәслихат өткізбек болады. Дуанбасылар шақыртқан соң халық жиылады. Халықтың бас-аяғы түгел жиналып болғанымен дуанбасылар келе қоймайды. Шілденің аптап ыстығында халық бірнеше күн тосып қалады. Ел арасынан реніш сөздер шыға бастайды. Соны сезген Жанқұтты шешен халықты дуанбасылар келмейтін болды деп таратып жіберіп, өзі үшеуінің алдынан шығады. Алшынбай тұрып: - Е, Жанқұтты, халық, жиналды ма? - депті.- Халық жиналмақ түгіл жиылыс бітіп қойды. Сіздер кешікеннен кейін сырқаттанып қалды ма - деп, жиылыста қаралатын төрт мәселенің біріне өзім билік айтып, үшеуін үшеуіңізге қалдырып, кейін бір кезі келгенде айтар деп халықты таратып жібердім, - депті Жанқұтты.- Оның да дұрыс болтан екен, бізге қайсысын қалдырдың? - депті Алшынбай. Сонда Жанқұтты тұрып:- Мұсажан, астық дауын саған қалдырдым, Алшеке, тақыр жердің билігін саған қалдырдым, Құнанбай актобық аттың билігін саған қалдырдым, - деген екен. ## Жанқұтты Ботантайұлы туралы әңгіме Шешеннің қартайған шағында ел арасында даулы мәселе болып, соны шешу үшін билік айтуға жастар арасынан адам шыға қоймайды. Соған қынжылған Жанқұтты би: - Қарағайға қарсы бұтақ біткенше, еменге иір бұтақ бітсейші, бір атадан алты жаман туғанша, алты атадан бір жақсы тусайшы, елге тұлға болатын, - деген нақыл сөз айтыпты. Жанқұттының жыр үлгісінде айтқан накылдары: Бір сөз айтсаң жақсыға,Аталы сөзге тоқтайды.Бір сөз айтсаң жаманға,Өмірінде ұқпайды.Надандықтың белгісі,Өзін-өзі мақтайды.Көкірегі соқырға,Өмірде таң атпайды.Шешеннің сөзі дария,Қап түбінде жатпайды. Бір сөз айтсаң жақсыға,Аталы сөзге тоқтайды.Бір сөз айтсаң жаманға,Өмірінде ұқпайды.Надандықтың белгісі,Өзін-өзі мақтайды.Көкірегі соқырға,Өмірде таң атпайды.Шешеннің сөзі дария,Қап түбінде жатпайды. Тон бітпеске тон бітсе,Қағуменен тоздырады.Жаман болса алғаны.Ер жігітті аздырады.Жақсыменен сөйлессең,Құмарыңды қандырады.Жаманменен сөйлессең,Көңіліңді қалдырады.Кез болсаңыз суайтқа,Өтірік айтып нандырады.Өсекшімен сөйлессең,Ұрмай-соқпай талдырады.Жолдас болсаң сараңмен,Жол үстінде қалдырадыЖаман болса достарың,Өзін жауға алдырады. Тон бітпеске тон бітсе,Қағуменен тоздырады.Жаман болса алғаны.Ер жігітті аздырады.Жақсыменен сөйлессең,Құмарыңды қандырады.Жаманменен сөйлессең,Көңіліңді қалдырады.Кез болсаңыз суайтқа,Өтірік айтып нандырады.Өсекшімен сөйлессең,Ұрмай-соқпай талдырады.Жолдас болсаң сараңмен,Жол үстінде қалдырадыЖаман болса достарың,Өзін жауға алдырады. Жаман болса - жақын жау,Шайпау болса - қатын жау,Шабан болса - атың жау,Тартыншақ болса - түйең жау,Тебеген болса - биең жау.Күнде келсе - күйеу жау,Жымысқы болса - жиен жау,Тіл алмаса - ұлың жау,Арсыз болса - қызың жау. Жаман болса - жақын жау,Шайпау болса - қатын жау,Шабан болса - атың жау,Тартыншақ болса - түйең жау,Тебеген болса - биең жау.Күнде келсе - күйеу жау,Жымысқы болса - жиен жау,Тіл алмаса - ұлың жау,Арсыз болса - қызың жау. Әйелің жақсы болса -қонағың мен үйіңнің тұрағы,Балаң жақсы болса -екі көздің шамшырағы.Атың шабан болса -бұл жалғанның азабы,Әйелің жаман болса -дүниенің дозағы.Балаң жаман болса -көрінгеннің мазағы. Әйелің жақсы болса -қонағың мен үйіңнің тұрағы,Балаң жақсы болса -екі көздің шамшырағы.Атың шабан болса -бұл жалғанның азабы,Әйелің жаман болса -дүниенің дозағы.Балаң жаман болса -көрінгеннің мазағы. қонағың мен үйіңнің тұрағы, екі көздің шамшырағы. бұл жалғанның азабы, дүниенің дозағы. көрінгеннің мазағы. ## Жанқұтты Ботантайұлы туралы әңгіме - Не жетім? - деген сұраққа Жанқұтты:Ел қонбаса жер жетім.Құс қонбаса көл жетімКемпірі жоқ шал жетім,Иесі жоқ мал жетім,Соқыр болса көз жетім,Тындалмаған сөз жетім,Тыңдаушысыз дана жетім,Ата-анасыз бала жетім,Қағазсыз қалам жетімАқылсыз адам жетім, - Ел қонбаса жер жетім.Құс қонбаса көл жетімКемпірі жоқ шал жетім,Иесі жоқ мал жетім,Соқыр болса көз жетім,Тындалмаған сөз жетім,Тыңдаушысыз дана жетім,Ата-анасыз бала жетім,Қағазсыз қалам жетімАқылсыз адам жетім, - деп термелеген екен. Жанкұтты шешеннің осындай ақыл, нақыл, шешен сөзі үшін оны ел құрметтеп "Ақылшы ата", "Жақсы Жанқұтты" деп кеткен. Жанқұтты 63 жасында қайтыс болған. Шешен жөнінде академик Қ. Жұмалиев өзінің "XVIII-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті" деген еңбегінде және зерттеуші ақын Жеңіс Қашқынов бірқатар деректеме мақалалар жазды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Жаппасбай Нұрсейітов (1923, Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария ауданы) – 14.4. 1997) – жауынгер, Кеңес Одағының Батыры (10.1.1944). 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Киев, Харьков қалаларын, Румыния, Венгрияны жаудан азат етуге қатысты. 1944 жылы жерлестері ақша жинап, оның атындағы сүңгуір кеме жасатады. Қазір бұл кеменің қалдықтары Ресейдің Мурманск қаласындағы Солтүстік флоттың әскери-теңіз музейінде сақтаулы. Соғыстан кейін Өзбекстан, Тәжікстанда әртүрлі қызметтер атқарып, еңбек демалысына шығады. 1995 жылы 28 сәуірде «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы беріледі. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Тұрғын халықтарды зерттеу институты, Хажеттепе жанындағы (Nьfus Etьtlerі Enstіtьsь, Hacettepe Unіversіtіsі) ғылыми-оқу мекемесі. 1967 жылы Анкарада (Түркия) құрылған. Ғылым қызметінің бағыттары – бала туу, отбасын жоспарлау, көші-қон және урбанизация мәселелерін зерделеу. Институт тұрғын халық жөніндегі мамандар даярлайды, демограф білімдерді насихаттайды, түрік ғалымдарының тұрғын халық саласындағы ғылыми-зерттеулерін үйлестіреді. Тоқсан сайын рефератты- библиографиялық бюллетень шығарады. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Абрам Маркович Черкасский (20.7.1886, Киев қаласының маңы — 17.8.1968, Алматы) — кескіндемеші, Қазақ КСР-інің халық суретшісі (1963). Киевтің көркемсурет училищесін (1901 — 09, А.А. Мурашко, Н.К. Пимоненкодан), 1917 жылы Санкт-Петербург Көркемсурет академиясын (Н.Н. Дубовскийден, т.б. тәлім алған) бітірген. 1937 — 1940 жылдары Қарағанды қаласында, ал 1940 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы қаласында тұрып, көркем шығармашылық жұмыспен айналысты. Ол қазақтың кең даласын, әсіресе, Алматы қаласының және оның айнала төңірегін, сұлу табиғатын лирикалық сезіммен бейнелеуге ден қойды. ## Пейзаждық шығармалары Пейзаждық шығармалары қатарында “Қайыңдар” (1943), “Айлы соната”, “Алып қарағаштар” (1944), “Кеш. Бәйтеректер” (1945), ”Қысқы Алматы” (1951), “Алатау бөктерінде” (1953), “Сырдария” (1954), “Қарағаштар” (1955), “Соңғы қар” (1957), “Қыс. Шуақты күн” (1958), “Талтүс”, “Қыс көрінісі” (1959), “Гүлге оранған мамыр” (1960), “Көктем”, “Күз көрінісі” (1962), т.б. майлы бояумен кенепке салынған көптеген картиналары бар. Черкасский ғылым, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің портреттік галереясын (“Жазушы С.Мұқановтың портреті”, 1942, 1952; “Жазушы М.Әуезовтің портреті”, 1943, 1962; “Қазақ КСР-інің халық артисі Қ.Қуанышбаевтың портреті”, 1943; “Абай Құнанбаевтың портреті”, 1945, 1949; “Жамбыл Жабаев пен Дина Нұрпейісова”, 1946; “Академик Қ.И. Сәтбаевтың портреті”, 1948; “Жамбылдың портреті”, 1950, 1955; “Қазақ КСР-інің халық артисі Қ.Бадыровтың Отелло рөліндегі портреті”, 1953; “Суретші Г.Ысмайылованың портреті”, 1961; т.б.) жасаумен республиканың бейнелеу өнерінің өркендеуіне елеулі үлес қосты. Оның этюд, натюрморт, портрет, жанрлық картиналары ҚР Мемл. өнер мұражайы қорында сақтаулы. Пед. қызметін 1918 жылдан (1935 жылдан проф.) бастады. Алматы көркемсурет училищесінде ұзақ жылдар бойы дәріс беріп, ұлттық бейнелеу өнері шеберлерін даярлауда көп еңбек етті. Шәкірттері: М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Қ.Телжанов, К.Шаяхметов, Г.Ысмайылова, т.б. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған. Өзінің оқытушылық қызметі туралы ол былай жауап берді: «Маған мүлде үйрету керек, маған үйрету де пайдалы, сонымен қатар студенттерге керек».Черкасский 1945 жылы екі еңбегін: «Абай портреті» (кенеп, майлы бояу), «Абай Құнанбаев» (кенеп, майлы бояу, Абайдың Семейдегі мемл. қорық-музейінің қоры) жазды. Черкасский шығармалары бояуының шынайы үйлесімділігімен, бейнелерінің байсалдылығымен және кейіпкер келбетін дәл беруімен құнды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Юнаков Олег Сәулетші Йозеф Каракис — Алмаз. Юнаков Олег Сәулетші Йозеф Каракис — Алмаз.
Әбдіғаппар Нұртазаев (1930 жылы туған Жаңақорған ауданы, «Бірлік» кеңшары) – ауыл шаруашылық қызметкері, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген агрономы (1961). Шымкент ауыл шаруашылық техникумын бітірген (1948). 1948 – 63 жылдары Жаңақорған МТС-нда телімдік агроном, аға агроном, 1952 – 57 жылдары «Политотдел» ұжымшарының төрағасы, МТС-нда телімдік агроном, 1957 – 63 жылдары «Бірлік» кеңшарының бас агрономы, 1963 – 76 жылдары «Талап», «Задарья» кеңшарларының директоры, 1976 – 77 жылдары «Бесарық» плотинасының бастығы, 1979 жылдан «Задарья» кеңшарының аға агрономы. Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы ордендерімен, медальдармен марапатталған. Қоңырат тайпасы Көтенші руынан шыққан. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
"Отбасы банк" Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (2020 жылдың 20 желтоқсанына дейін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ деп аталды) – акционерлік қоғам, екінші деңгейдегі банк. 2003 жылы құрылған. Банктің жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысады. Банктің негізгі мақсаты – екінші деңгейдегі банктерден ипотекa несие алу кезінде бастапқы жарналарды төлеу үшін жеткілікті қаражаты жоқ, бірақ жеткілікті тұрақты табысы бар азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қарыз алуын қаржыландыру мақсатымен жеке жинақ қаражатын қорландыру негізінде тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімге қаржыландыру. Жарғылық капиталы 1,5 млрд. теңге. 2003 жылдың 29 қыркүйегінен бері 1,05 мың салымшы тартылды. Банк тартқан тұрғын үй құрылысы жинақ қаражаты бойынша жалпы келісімшарт сомасы 900 млн. теңгеге жуық. 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша банктің 26 бөлімшесі, 14 облыстық және 3 қалалық филиалы, 15 қызмет көрсету орталығы мен 7 қызмет көрсету нүктесі бар. ## Көрсететін қызметтері 2017 жылдың қыркүйегінде «Баспана.kz» жылжымайтын мүлік порталы іске қосылды. 2017 жылдың мамырында QR-кодтың көмегімен төлем жасау тәсілі қол жетімді болды. 2018 жылдың шілдесінде банк жаңа қызмет түрі - бейне консультация қызметін іске қосты. ## Тарихы Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі – Қазақстандағы халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту іс-шараларына кредит берудің сапалы жаңа жүйесі. Қазақстан – бірінші кезекте табысы орташа және орташадан төмен халыққа арналған осы жүйенің ұстанымдары мен талаптарын іске асыруды бастаған ТМД аумағындағы бірінші ел. 2000жылы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» заңы Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін енгізудің негізін қалады. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі №364 қаулысының негізінде тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру мен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту тиімділігін көтеру және жетілдіру мақсатында жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы құрылды. Банктің Құрылтайшысы және Акционері – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. Банк алғаш рет «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім жасады. 200419 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа» атты жолдауында мемлекеттің тұрғын үй құрылысы саласындағы жаңа саясаты баяндалды, оған сәйкес халықтың басым бөлігіне баспана қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысының мәселелерін кешенді шешу үшін Президент 2004 жылғы 11 маусымда №1388 «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарғы шығарды. ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы №715 қаулысымен 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-III ҚР заңы арқылы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізілді, оған сәйкес салық салынатын табыстан шегерілімдерге ҚР резиденті – жеке тұлғалар тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен ҚР аумағында тұрғын үй салу немесе сатып алуға, жөндеуге алған тұрғын үй заемдары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сома жатқызылды. Аймақтық құрылымды дамыту: 3 филиал, 4 өкілдік, 1 ЕКБ. 2005 Банктің тарифтік бағдарламалары бойынша алғашқы аралық тұрғын үй заемын беру. Сәуірде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» заңына мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылатын тұрғын үй құрылыс жинақтарының сомасын 60-тан 200 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейту туралы өзгеріс енгізілді. Жаңа «25/75 (мемлекеттік)», «25/75», «50/50 А, «50/50 Б», «50/50 В» тарифтік бағдарламаларын енгізу. 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Банктің алғашқы заемын беру. Қазанда Банк «Экспо жылжымайтын мүлік» көрмесі аясында «Жылжымайтын мүлік нарығында жаңашыл идеяларды көтергені үшін» номинациясымен марапатталды. Банктің №254 банктік және банктер жүзеге асыратын басқа да операцияларды ұлттық әрі шетелдік валютада жүргізуге арналған және клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметпен айналысуға арналған лицензияларды алуы. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның «В», «К» және «Р» санаттары бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ мүшелігіне қабылдануы. «Қазақстан халық банкі» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім жасау. Аймақтық құрылымды дамыту: 11 филиал, 2 ЕКБ. 2006 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ алғаш рет Банктің шығынсыз қызметі көрсеткішіне қол жеткізді. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен «Қазпошта» АҚ арасындағы қосымша Агенттік келісімге қол қою. Келісім аясында «Қазпошта» АҚ пошталық байланыстың облыстық филиалдары мен аудандық тораптарында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ атынан шарттар жасау бойынша агенттік қызметтер көрсетеді. Банк жаңа «Жеңiл» кредит беру бағдарламасын енгізді. Банк клиенттеріне тарифтік бағдарламалар бойынша алғашқы негізгі тұрғын үй заемын беру. Аймақтық құрылымды дамыту: 15 филиал. 20072005-2007 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Банктің алғашқы негізгі тұрғын үй заемын беру. Қазақстан Республикасының Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің Банкке қаржылық агенттік мәртебесін беруі, ол Банкке мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға қатысу құқығын береді. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның қазақстандық банктерден бірінші болып ISO 9001:2000 сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификатын алуы. «ҚР-дағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» ҚР заңына өзгертурлер мен толықтырулардың енгізілуі, олардың аясында: - «25/75» жинақ схемасының күші жойылды; - тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушыларға алдын ала заем алу мүмкіндігі берілді. «ҚР-дағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» ҚР заңына өзгертулердің күшіне енуіне сәйкес жаңа «Бастау», «Өркен», «Кемел», «Болашақ» тарифтік бағдарламаларын енгізу. «Қазақстан ипотекалық кредиттерді кепілдендіру қоры» АҚ-мен Бас келісімді қайта жасау. Банктің 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы операторларының бірі болып белгіленуі. «Цесна Банк» АҚ-мен агенттік қызметтер көрсету туралы шарттың жасалуы. Банктің жаңа қызмет – алдын ала тұрғын үй заемын енгізуі. Банктің тарифтік бағдарламалары бойынша алғашқы алдын ала тұрғын үй заемын беру. Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінің Банкке ұлттық валютадағы депозиттер бойынша «Baа2» ұзақ мерзімді рейтингін, ұлттық валютадағы депозиттер бойынша «Prime-2» қысқа мерзімді рейтингін, Банктің қаржылық тұрақтылығының (BFSR) Е+ рейтингін беруі. Барлық рейтингілер бойынша болжам – «тұрақты». Аймақтық құрылымды дамыту: 16 филиал. 2008 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында алғашқы заемды беру. Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінің Банк рейтингілерін растауы. Аймақтық құрылымды дамыту: 17 филиал. 2009 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың басталуы. Банк клиенттерінің заемдарын қайта құрылымдау бағдарламасын іске қосу. Moody’s рейтинг агенттігінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша Банктің кредит рейтингін Baa3/P-3 деңгейінде растауы. 20 тамыздан бастап Банктің жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ. «Русский регистр» сертификаттау қауымдастығының Банктегі Сапа менеджменті жүйесін қолдаудың ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сәйкес әрекет етуі мен дамуын растауы. Банктің Теңестірілген көрсеткіштер жүйесін енгізуді бастауы. Аймақтық құрылымды дамыту: 18 филиал. 2010 Жыл ішінде:- Банктің 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасын (2008-2010 МБ) іске асыруға қатысуы;- Банктің 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы-көш» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысуы;- Банктің 2010-2014 жылдарға арналған ҚР құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын жасауды дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысуы;- Банктің «Самұрық-Қазына» ЖҚ» АҚ-ның жалдамалы тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға қатысуы;- Банктің тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу және іске асыру бойынша жеке салушылармен ынтымақтастығы. Банктің 2008-2010 МБ іске асыру аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен кредиттік шартқа қол қоюы. Сапа менеджменті жүйесі сертификатының ISO 9001:2008 стандартына сәйкес болуын растау. Moody’s рейтинг агенттігінің Банктің ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингілерін Ba1/ Not prime деңгейінде белгілеуі. Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын іске асыру аясында жергілікті атқарушы органдармен ниеттер туралы келісімдерге қол қоюдың басталуы. Банк клиенттері үшін кредит беру талаптарын жақсарту. Банктің ұйымдастырушылық құрылымын қайта құру. Алматы қаласында Банктің Қызмет көрсету орталықтарын ашу. Банктегі тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін (KPI) әзірлеу мен енгізу жұмысының басталуы. ТҚЖ қатысушыларының 200 мың адамдық санына қол жеткізу. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ заемшыларына берілген заемдарды қайта құрылымдау бойынша іс-шаралар жоспарының қолданылу мерзімін ұзарту. 2010-2014 жылдарға арналған ҚР-дағы құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын жасауды дамыту бағдарламасын іске асыру аясында жергілікті атқарушы органдармен және Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігімен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою. 100 млрд. теңге Банк активтеріне қол жеткізу. Аймақтық құрылымды дамыту: Қазақстан бойынша 18 филиал және Алматы қаласында 3 Қызмет көрсету орталығы. 2011 ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы №295 қаулысын орындау үшін Банк акцияларының топтамасын иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беру. 2011 жылғы 13 сәуірден бастап Банктің жалғыз акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті. ҚР Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №136 Жарғысын орындау үшін ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 23 қазандағы №1224 қаулысына сай Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігіне заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ акцияларының топтамасын иелену және пайдалану құқығы берілді. 2011 жылғы 23 қарашадан бастап Банктің жалғыз акционері – ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі. 2012 Жыл ішінде: - Банктің 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуы; - Банктің «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуы. Сертификаттау, рейтингілер: Ва1/ Not prime деңгейінде ұлттық валютадағы депозиттер бойынша Банктің Moody’s ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингілерінің расталуы. Сапа менеджменті жүйесі сертификатының ISO 9001:2008 стандартына сәйкестігінің расталуы. Марапаттар мен жетістіктер: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ негізгі көрсеткіштері жүйесін диагностикалау нәтижелері бойынша «Эрнст энд Янг» компаниясының банк қызметкерлерінің күшімен енгізілген жүйені пысықтау деңгейіне жоғары баға беруі. Банкке «2011 жылдың үздік жылдық есептері» РА Эксперт конкурсы шеңберінде «Қаржы секторындағы үздік жылдық есеп» аталымында номинант дипломының тапсырылуы. Банк өнімдері: Негізгі қарыздың 50%-ын өтеуді кейінге қалдыру көзделетін «Жеңіл-2» жаңа кредиттік өнімінің енгізілуі. Алдын ала және аралық тұрғын үй заемдары бойынша, соның ішінде 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын, республикалық бюджет қаражаттары есебінен «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасы аясында берілетін заемдар бойынша комиссиялар мөлшері мен сыйақы мөлшерлемелерінің төмендетілуі. Банк өнімін өткізу жүйесі: Ақтөбе, Өскемен, Астана, Қарағанды, Екібастұз қалаларында клиенттерге қызмет көрсететін 5 орталықтың ашылуы. Банктің аумақтық бөлімшелерінің үй-жайларында алғашқы 35 төлем терминалдарының пайдалануға берілуі. Банк Акционерлері: 28.03.13ж. бастап «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығының Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігіне берілуі. ## Банк туралы Банк лицензияларыҚазақстан Республикасы Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 20 тамыздағы №254/1 банктер ұлттық және шетелдік валютада жүзеге асыратын банктік және басқа да операцияларды жүргізу лицензиясы;Қазақстан Республикасы Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің 2005 жылғы 26 қарашадағы № 0402100283 клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметпен айналысу лицензиясы.Корпоративтік басқаруОның көмегімен акционерлердің құқықтары іске асырылатын, корпоративтік басқару саласындағы заңнама талаптарының және ішкі құжаттардың сақталуын бақылау, Банктің және оның органдары қызметінің сапасын арттыру қамтамасыз етілетін Банктің Жалғыз акционерінің және оның Директорлар кеңесін қоса алғанда, Банк басшылығының, сондай-ақ басқа мүдделі тұлғалардың арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі.Банк рейтингі2012 жылы «Эрнст энд Янг» компаниясы жүргізген диагностиканың нәтижесі бойынша Банк қызметкерлерінің өз күшімен енгізген көрсеткіштер жүйесі талқылануының жоғарғы дәрежесін белгіледі. Ағымдағы жағдайға сәйкес Moody`s рейтингтiк агенттігінің қорытындысы бойынша Банкке мынадай рейтингтер тiркелдi: ұлттық валютадағы депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтинг– Ba1 (тұрақты); ұлттық валютадағы депозиттер бойынша қысқа мерзімді рейтинг – Not prime (тұрақты); қаржылық тұрақтылық рейтингі – E+ (тұрақты).Банк басшылығыБанк Басқармасы Банктің ағымдағы қызметіне басшылық жасауды іске асыратын атқару органы болып табылады, Банктің Директорлар кеңесі сайлайтын Басқарма Төрағасынан және оның орынбасарларынан, сондай-ақ Басқарушы директорлардан тұрады. Банктің құрылымыБанктің құрамына Алматы қ. Орталық аппарат және 17 өңірлік филиалдар кіреді.Статистика 2014 жылдағы Банк қызметінің негізгі көрсеткіштері ## Банктің миссиясы Қазақстандық отбасыларды жеке баспанамен қамтамасыз ету және Отанға деген сезімді нығайту ## Банктің стратегиялық көрінісі 2023 жылы – тұрақты, жоғары технологиялы, клиентке бағдарланған әлеуметтік маңызы бар, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қағидаларын іске асыратын, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына белсенді түрде қатысатын, халықтың кең ауқымын баспанамен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысын дамытуға қолдау көрсететін банк. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том * Отбасы банк. Вся информация о банке Отбасы банк * http://www.hcsbk.kz/6888 Мұрағатталған 10 наурыздың 2014 жылы. Мұрағатталған 10 наурыздың 2014 жылы.
Марат Омаров Әбдіұлы (16.4.1959 ж.туған, Созақ ауданы Шолаққорған ауылы) – әнші-композитор. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының. лауреаты (1992), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисті (1995). 1977 – 79 ж. Шымкент облысы филармониясында «Ауылым – әнім» ансамблінің әншісі болды. 1980 – 85 ж. Әл-Фараби атындағы Мәдени-ағарту институтында оқыды. 1986 – 90 ж. Қазақ телевизиясында музыка редактор болды. 1992 ж. «Наурыз» шығарм. қорын, ал 1998 ж. «Балаларды дамыту» қорын ашты. 2001 ж. Астана қаласында Президент оркестрінде және филармонияда қызмет жасады. «Балбөбек» қалалық байқауын ұйымдастырушы. Марат Омаров Әбдіұлы республикалық. «Жігер-87» фестивалі, «Ыстық көл-89», халықар. «Бұқара-90», Шәмші Қалдаяқов атындағы республикалық. байқаудың (1993), «Азия дауысы-95», «Алтын диск-97» (Ыстанбұл), Франциядағы «Достық әндері» фестивалінің (2002), «Каир-2003» (Мысыр) халықар. байқауларының лауреаты. Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі. 2000 ж. Лос-Анжелес қаласында ғы «FІDOF» Әлемдік композиторлар ассоциациясына мүше болып қабылданды. «Анашым», «Әке арманы», «Қыз сыны», «Сыңарым», «Әнші балапан», «Қоштасқым келмейді», «Арман қала – Астана», Мекке-Мәдине», «Наурыз»,туғанб. әндері бар. ## Дереккөздер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғали (1 маусым 1940 жылы Абай облысы, Абай ауданы - 16 ақпан 2010 жылы Астана) — қазақтың әдебиет танушы ғалымы, Филология ғылымының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, қазақ театртанушы және театр сынының негізін қалаушы, жазушы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. ## Жалпы мәліметтер Рымғали Нұрғалиұлы 1 маусым,1940 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Семей, Абай ауданы (Шығыс Қазақстан облысы)да туған. 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы С.М.Киров атындағы ҚМУ)нің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. 1966 жылы осы университеттің асперантурасын, 1972 жылы доктарантурасын бітіріген. ## Еңбек жолы * 1962-1965 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар, Целиноград, Қостанай облыстарындағы тілшісі болып очерктер, әңгімелер жазып, фольклор нұсқаларын жинады. * 1966 -1968 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы сын секциясында кеңесші болған. * 1968-2000 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті де доцент, профессор, факультет деканы. * 1986-1997 жылдары Қазақ Совет Энциклопедиясының Бас редакторы (1986 – 96) қызметтерін атқарған. * 2000 - 2010 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ әдебиеті кафедрасаның меңгерушісі қызыметтерін атқарды. ## Ғылыми еңбектері * 1961 жылы Рымғали Нұрағлиұлының тырнақалды «Сабыр Шәріпов» атты ғылыми еңбегі университет баспасында жарық көрді. * М.Әуезов шығармашылығының алғашқы кезеңдерін, ұлы қаламгердің драматургиясын монографиялық тұрғыдан зерттеген. Қазақтың алғашқы режиссері, көрнекті драматург Ж.Шанин мұрасын жан-жақты танытты, 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті ұжымдық монографиясына (1997) автор болды. «Абай» энциклопедиясының бас редакторы, 11 - сыныпқа арналған Қазақ әдебиеті оқулығының авторларының бірі. «Қазақ ССР. Қысқ энциклопедия», «Ол кім? Бұл не? Шәкірт энциклопедиясы», «Ислам», «Абай», «Философиялық сөздік», «Әлемде талай қызық бар», «Боздақтар. Естеліктер кітабы» сияқты энциклопедиялар мен сериялардың, жобалардың, әдебиет пен өнер, эстетика мен театр мәселелерін сөз ететін көптеген эссе, портрет, шолу, мақалалар циклінің авторы. * Л.Толстойдың «Әзәзіл» повесін, Н.Погодиннің «Салтанат жыры» пьесасын, Ә.Кешоковтың «Соңғы шақырым» драмасын, П.Брагиннің «17 жайлы хикая» повесін, эстон әңгімелерін, бірнеше көркем фильмдерді қазақ тіліне аударды. «Жұмат Шанин» деректі фильмінің сценариін жазған. «Дән» новеллалар жинағы, «Ай қанатты арғымақ» романы әдеби сында жоғары бағаланған. * Оның құрастыруымен, алғы сөз, соңғы сөз және түсініктермен, редакциялауымен Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы,Жүсіпбек Аймауытов,Жұмат Тұрғынбайұлы Шанин,Мұхтар Омарханұлы Әуезов энциклопедиялық сипаттағы томдары,Ілияс Есенберлиннің 10 томдық шығармалар жинағы,Бейсенбай Кенжебаев, Шәкір Әбенов,Қапан Оралұлы Бадыров,Фариза Оңғарсынова,Төлеужан Мұхамеджанұлы Ысмайылов кітаптары басылып шықты. ## Шығармашылығы 50-ден астам кітап, 700-дей ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы. Рымғали Нұрғалиұлының бірқатар еңбектері жарыққа шыққан: * 1968 жылы «Трагедия табиғаты» * 1969 жылы «Талант тағдыры» * 1974 жылы «Артерия», «Сөз өнері», «Қазақ драматургиясы» * 1979 жылы «Әдебиеттің эстетикалық мәні» * 1986 жылы «Дәстүр мен қазіргі әдеби процесс» * 1987 жылы «Қазақ революциялық поэзиясы» және «Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі» * 1989 жылы «Жаңару ағашы» * 1990 жылы «Ертеңгі бәйге. Роман. новеллалар» * 1991 жылы «А. Байтұрсынов» * 1993 жылы «Қазақ энциклопедиясы» * 1999 жылы «Әуезов және Алаш» және «Қазақ әдебиеті. Оқулық» * 2000 жылы «Көркем сөз» * 2002 жылы «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» * 2003 жылы «Әдебиет теориясы. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық-хрестоматия» және т.б. ## Қоғамдық белсенділігі * Рымғали Нұрғалиұлы Қазан, Рига, Душанбе, Бішкек, Тбилиси, Ереван, Баку, Мәскеу, Кишинев қалаларында өткен халықаралық, бүкілодақтық, аймақтық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысып, ғылыми баяндамалар жасаған. Америка, Англия, Франция, Германия, Индия, Венгрия, Иран, Түркия, Монғолия, Қытай, Оңтүстік Корея, Чехия, Словакия елдерінде болып, түрлі жиындарда сөз сөйлеген. * 1968 жылдан Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. * 1991 жылдан Қазақстан Пен-клубының мүшесі. * Ол терминология және ономастика комитетінің, мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі Комитет мүшесі. Бірнеше ғылыми-әдеби басылымның мүшесі болды. ## Мемлекеттік марапаттары * КСРОның «Жоғарғы мектеп үздігі» құрметті белгісі; * 1984 жылы КСРОның «Жоғарғы мектептің еңбек сіңірген қызыметкері» атағы; * 1988 жылы “Қазақ революциялық поэзиясы” трилогиясы үшін Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. * 1998 жылы президент жарлығымен «Қазақстанның ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер» құрметті атағының иегері. * 2001 жылы «Қазақстан тәуелсізідігіне 10 жыл» медалі; * 2003 жылы Ш.Уалиханов атындағы сыйлықтың лауреаты; * 2003 жылы ҚР «Құрмет» грамотасының иегері; * 2004 жылы «Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызыметкері» құрметті атағы; * 2005 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» мен марапаттады. * 2005 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты; * 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі; * РФның «Шолоховқа 100 жыл» медалі; * Шәкәрім атындағы Семей мемлекетік университетінің Құрметті профессоры * Абай ауданының құрметті азаматы. ## Ғылыми атақтары * 1995 жылы Халықаралық ақпараттану академиясының академигі; * 2003 жылы Айматов атындағы халықаралық академисының академигі; * 2003 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі; * Филология ғылымының докторы (құрметті ғылыми атағы); * профессор (атағы).
Тұрғын халықты зорлап көшіру, КСРО-да 1930 – 40 жылы жүргізілген Сталиндік режимнің тұтас халықтарды, сондай-ақ бірқатар ұлттардың өкілдерін ата жұртынан немесе ұйыса мекендеген қонысынан, негізінен Орта Азияға, Қазақстанға және Сібірге кең ауқымда зорлықпен күштеп қоныстандыруы. Алғаш рет 1937 жылы Қиыр Шығыстан 120 мың корей Орта Азия мен Қазақстанға жаппай зорлап көшірілді. Олардың 102 мыңы қазақ жеріне қоныс аударды. 1938 жылы елдің шығыс аудандарында арнайы қоныс аударушылардың саны 997 мыңға жетті. 1939 – 40 жылы КСРО-ға жаңа аумақтар қосып алынуына байланысты Батыс Украинадан, Батыс Беларусьтен, Балтық жағалауы елдерінен ондаған мың адам күштеп көшірілді. Соғыс кезеңінде жауға тілеулес болып, жақтасты деген жалған айып тағылған тұтас халықтар өздерінің тарихи отанынан және ұйыса мекендеген қоныс-жайларынан Сібірге, Қазақстан мен Орта Азияға күштеп көшірілді. Олардың арасында 1 млн-нан астам неміс (негізінен Еділ бойынан), 317 мың шешен, 165 мың қырым татарлары, 84 мың ингуш, 82 мың қалмақ, 64 мың қарашай, 49 мың месхедтік түрік (Грузиядан), 33 мың балқар болды (қ. Депортация). Зорлап көшірілгендердің дені балалар, әйелдер мен қарттар еді. Мәселен, Орта Азия мен Қазақстанға көшірілген адамдардың жалпы санының 78%-ға жуығы балалар мен әйелдер болатын. КСРО ҚҚМ-нің Еңбекпен түзеу лагерьлері бас басқармасы (ГУЛАГ) Еңбек қоныстары бөлімінің деректері бойынша 1953 жылдың басына дейін 2,8 млн. арнайы қоныс аударушы тізімінде тұрған. 1948 жылдың қазан айына дейін олардың әрбір бесіншісі қайтыс болған. Мерзімінен бұрын өлгендердің арасында балалардың саны айтарлықтай көп. Зорлап көшірілген халықтарды ақтау үдерісі 1950 жылдардың 2-жартысында басталды. Бірқатар автономиялы республикалар мен облыстар қалпына келтіріліп, басқа да кейбір шаралар қолданылғанымен, бұл іс ақырына дейін дәйекті жүргізілмеді. Ресейде 1991 жылы 26 сәуірде қабылданған “Қуғындалған халықтарды ақтау туралы” заң шын мәнінде осы халықтарды саяси, әлеум., мәдени және аумақтық ақтауды көздеген алғашқы заңнамалық акт болды. 1992 – 93 жылы оны дамыту үшін басқа да бірқатар құжаттар қабылданды. Алайда КСРО-да ұзақ уақыт бойы үстемдік құрған әміршілдік режимнің ең қылмысты көріністерінің бірі болып табылатын халықтарды зорлап көшірудің зардаптары әлі де күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелердің бірі болып қалып отыр. ## Дереккөздер
Дүйсен Қамысбаев Хайсағалиұлы (1947 жылы туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы) – химия ғылылым доктор (1992), профессор (1994). ҚазМУ-ды Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы. (1970, қазіргі ҚазҰУ Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы.) және аспирантурасын (1973) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Химия интитутында аға инженер, кіші ғылым қызметкер (1974–79), Қазақ химия-технология институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1979–85), ҚазҰУ-да доцент (1985–92) қызметтерін атқарды. 1992 жылдан Шығыс Қазақстан мемлекеті университеттінің ғылым жұмыстар жөніндегі проректоры. 80-ге жуық ғылым жарияланымның авторы. ## Дереккөздер: Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
Нұрғалиев Тұрар Сапарғалиұлы (27.8.1947 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кенті) – әскери қайраткер, авиация генерал-майоры (20.5.1998). Сызрань жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін бітірген (1970). 1970 – 92 ж. Белоруссия әскери округінде, Кеңес әскерлерінің Германиядағы тобында, Қиыр Шығыс әскери округінде, Орта Азия әскери окруктері әскери әуе күштерінде басшылық етті. 1992 – 96 ж. ҚР ІК Батыс әскери округінде және әскери-әуе күштерінде тік ұшақ полкында ұшу жетекшісі, әуе-атыс және тактикалық дайындық бастығы қызметтерін атқарды. 1996 – 2003 ж. Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесінің (қазіргі Т.Бигелдинов атындағы Әуе Қорғанысы күштерінің әскери институты) бастығы болды. Нұралиев Қызыл Жұлдыз, 3-дәрежелі “КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін” ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Нұр тоқай (көк қашан) шайқасы , 1457 жылы Әбілхайыр хан мен ойрат Өзтемір тайшы әскерінің арасында болған. 15-ғасырдың бас кезінде пайда болған ойрат мемлекеттік бірлестігі бірден Моғолстанның шығыс шекараларына шапқыншылық жасай бастады. Ойрат (қалмақ) шонжарларын өз жайылымдарын кеңейтуге мүмкіндік беретін Жетісу ғана емес, Орталық Азиядағы отырықшы аудандар да қызықтырды. 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттар Сыр бойындағы қалаларға шабуыл жасады. Нұр тоқай (көк қашан) шайқасы Әбілхайыр хандығының астанасы – Сығанақ қаласына таяу жердегі жазықта өтті. Нұр тоқай (көк қашан) шайқасында ойраттар толық жеңіске жетіп, Әбілхайыр хан өз әскерінен қалған аздаған қолмен Сығанақ қаласына келіп тығылды. Қарсылыққа кезікпеген қалмақтар Түркістан, Ташкент пен Шахрух қалаларының төңірегін тонауға кірісті. Кетерінде Өзтемір тайшы Әбілхайыр ханмен аса ауыр бітім жасасты. Осы жеңілістен кейін Әбілхайыр хандығынан көшпелі тайпалар бөлініп кетті. ## Сілтемелер * Қазақ энциклопедиясы ## Дереккөздер
Тұрғын халықтың көші-қоны, халықтың көші-қоны – адамдардың (көшіп-қонушылардың) белгілі бір аумақтардың шекарасы арқылы қоныс аударып, тұрғылықты мекенін біржолата немесе азды-көпті ұзақ мерзімге ауыстыруы. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Нұртуған Кенжеғұлұлы (1887, Арал ауданы Аманөткел ауылы Мырзабас мекені – 1930, сонда) – ақын. Әлімұлы тайпасының Шекті руының Жақайым тармағы. Атасы Еспембет суырыпсалма ақын, әкесі Кенжеғұл шебер күйші, анасы Айсұлу шежіреші болған. Сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін медреседе Мұхаммеди молдадан дәріс алған. 13 – 15 жасынан бастап өлең жаза бастаған. Алғашқы эпикалық туындысы – «Едіге» жыры (1910). 1910 – 20 жылдары «Мәулімнияз – Едіге», «Орақ – Мамай», «Қарасай – Қази», «Қобыланды», т.б. ірі эпикалық жырлары қазақ халқының өшпес мұрасына айналды. 1920 жылдан өмірінің соңына дейін нақыл-терме, толғаулар, тарихи дастандар, тұрмыстық жырлар, т.б. жыр үлгілерін жазған. Ақын өмірінің сегіз жылын (1922 – 30) ауыр науқаспен өткізген. Нұртуған шығармашылық сан салалы, қазақ әдебиетінің бірнеше жанрына қомақты үлес қосқан, Оның Исатай – Махамбет туралы «Ақ Кете Шернияз», жоңғар қалмақтарының басқыншылығы жайында «Ақтабан шұбырынды» атты тарихи дастандары, «Адалдыққа не жетсін», «Арғымақ сұлу көрінбес», «Адаспайды ақылды», «Әуелі сөйле, жаппар хақтан», т.б. терме-толғаулары, көптеген хат-өлеңдері бар. Нұртуған Арал өңірінде «Нұртуған мектебі» аталатын дәстүрлі жыршылық, ақындық өнер мектебін қалыптастырды. Ақын мұраларын Ә. Суханберлин, Б. Жүсіпов, А. Сақыпұлы, т.б. ғалымдар зерттеген. ## Шығармашылығы * Өсиет, А., 1989; Кәнеки тілім сөйлеші, 3 кіт., А., 1992 – 94 ## Дереккөздер
Қамысбай қорымы — ескі бейіттер. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 14–15 км жерде орналасқан. Оны алғаш 1951 жылы Қазақстан ғылым академиясының археолог экспедиция (жетекшісі М.Меңдіқұлов) зерттеді. Қамысбай қорымы күмбезді мазарлар, сағана тамдар, құлпытастар мен қойтастардан тұрады. Қорымның ерте архитектура құрылыстары 19 ғасырдың 1-жартысында салынған. Олар қорымның солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр. Қалған ескерткіштер 19 ғасырдың соңы, 20 ғасырдың бас кезімен мерзімделеді. Қамысбай қорымындағы ескерткіштерге салынған өсімдік өркендері мен әр алуан заттардың бейнелері, түрлі бедерлер тас қашау ісінің шеберлігін көрсетеді. Қазіргі таңда Қамысбай қорымы ашық аспан астындағы халық архитектурасының мұражайы ретінде ерекше бағаланады. ## Дереккөздер: Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
ЧЕРКАССК ҚОРҒАНЫСЫ — Азамат соғысы жылдарында Жетісу майданының солтүстік-шығыс шебіндегі, Черкасск ауданында болған шайқас. Ол 1918 ж. маусымнан 1919 ж. қазанның ортасына дейін созылып, негізінен Орт. Ресейден келген қоныс аударушылар (орыс, украин шаруалары) қоныстанған елді мекендерді қамтыды. Қорғаныс орт. Черкасск а. болды (қ. Қазақстан азаматтық қарама-қарсылық жылдарында). “Ақ” пен “қы-зылға” бөлініп, қисапсыз қан төккен бұл шайқасқа көршілес қазақ ауылдарының, осы ауданға көшірілген Лепсі қ-ның тұрғындары да қатысты. 1918 ж. 10 қыркүйекте Черкасск а-на келген Лепсі уездік Кеңесі мәжілісінде Ч. қ. ауданының соғыс кеңесі құрылды. Қорғанысшылар негізінен кедей және орта шаруалар өкілдерінен тұрды. Ч. қ. ауданының ұзындығы 90 км-ден астам, ені 20 — 25 км шамасында болды. Әлбетте, осыншама кең алқапта черкастықтар біртұтас қорғаныс шебін құра алған жоқ. Оған қорғанысшылардың тех. жабдықталуы да, қару-жарағы да жетіспеді. Қорғаныс ауданына кірген ауылдардағы тұрғындардың саны (сырттан келгендерді қосқанда) 40 — 50 мыңға жетті. Ал қолдарына қару алып ақ гвардияшыларға қарсы күрес жүргізген қорғанысшылар саны әр кезде 5 мыңнан 11 мыңға дейін өзгеріп отырды. Қорғанысшылардың ірі гарнизондары Черкасск, Антоновка, Петропавловка және Андреевкада орналасты. Қорғаныс ауданының қарулы күштері Қызыл Армияның тұрақты бөлімдерінен (қорғаныс күштерінің үштен бірі) және әр ауылдың өзіндік қорғаныс жасақтарынан тұрды. Қорғанысшылар қатарында 1918 ж. қыркүйек — қазанда 12 эскадрон болса, 1919 ж. мамырда 19-ға жетті. Олар бірнеше ұлт өкілдерінен құралды. Қазақ дәрігері Ә.Көтібаров қорғаныс ауданындағы әскери лазаретті басқарды. Черкасск қорғанысшылары жау тылындағы ерлік қимылдары арқылы Солт. Жетісудағы ақ казактардың Верный (Алматы) және Ташкентке шабуыл жасамақ болған жоспарларын іске асырмай тастады. Жауынгерлер ақ гвардияшылардың үш шабуылын (1918 ж. қазан — қараша, 1919 ж. қаңтар, 1919 ж. наурыз) тойтарып, жау күштерін үлкен шығынға ұшыратты. Алайда қорғанысшылар жағдайы күннен-күнге нашарлай берді. Жетісу майданындағы Қызыл Армия бөлімдерінің Черкасскіні қорғаушылармен қосылу үшін жасаған шабуылдары сәтсіздікпен аяқталды. Қорғанысшыларға қару-жарақ, оқ-дәрі, азық-түлік жетіспеді. Осыны пайдаланған ақ гвардияшылар 1919 ж. шілдеде кезекті шабуылға шықты. Үш айға созылған соғыстан кейін, 14 қазанда Ч. қ. құлады. Ақ гвардияшылар қорғаныс ауданындағы партизандар мен ауыл тұрғындарын аяусыз жазалады. 1967 ж. қазіргі Алматы облысы, Сарқан ауданындағы Черкасск а-нда Ч. қ-ның музейі ашылды. 1973 ж. 12 шілдеде музейдің жанынан Ч. қ-ның қаҺармандарына арналып ескерткіш-мемориал орнатылды.
Лидия Демьяновна Чернышева (23 мамыр, 1912, Бердянск, Запорожье облысы — 23 қыркүйек, 1975, Ақмешіт) — украиналық хореограф, биші, Қазақ КСР-нің (1957) және КСРО-ның (1967) халық әртісі. ## Өмірбаяны * 1929 жылы Ленинград хореография училищесін бітіргеннен кейін Харьков қаласындағы музыкалы комедия театрында балет бишісі және хореограф қызметін атқарды. * 1936 жылы Черниговтегі тұңғыш ән-би ансамблін ұйымдастыруға ат салысты. * 1938 — 1939 жылдары УКСР-дің Мемлекеттік ән-би ансамблінің режиссер-хореографы, * 1939 — 1941 жылдары Донецк филармониясы ән-би ансамблінің көркемдік жағын басқарды. * Ұлы Отан соғысы жылдары (1941—1945) Оңтүстік, Закавказье, 1-Украин майданының ән-би ансамбльдеріне басшылық етті. * 1955 — 1970 жылдары Қазақ ән-би ансамблінің директоры әрі көркемдік жетекшісі болып, қазақтың кәсіби хореография өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Ол қойған «Алатау бөктерінде», «Саяхатта», «Аққу қыздар», «Су тасушы қыз» және тағы басқа вокалдық-хореография композициялары қазақ би өнерінің жетістігіне айналды. ## Марапаттары * Ленин ордені * Қазақстан халық әртісі * КСРО халық әртісі * II дәрежелі Отан соғысы ордені * Еңбек Қызыл Туы ордені * Халықтар Достығы ордені * Құрмет Белгісі ордені * Қызыл жұлдыз ордені * Украинаның еңбек сіңірген әртісі ## Дереккөздер
Орман Пірімбетұлы Нұрхабаев (1914, қазіргі Сырдария ауданы – 6.6.1998, сонда) – журналист. Алматы жоғары партия мектебін бітірген (1933). 1943 – 51 жылдары Сырдария, Шиелі ауданы газеттерінде редактор, 1951 – 67 жылдары облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінде, 1967 – 74 жылдары Қызылорда қаласындағы облыстық баспахананың директоры қызметтерін атқарған. «Құрмет белгісі» ордені, медальдармен марапатталған. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Мақсұт Нұрылдаев (1927, Жалағаш ауданы Мақпалкөл (қазіргі Темірбек Жүргенов) ауылы – 24.11.2004, сонда) – еңбек ардагері. Қазақстанның ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қайраткері (1971). Қызылорда ауыл шаруашылық техникумын (1947), Шымкент партия-кеңес мектебін (1961) бітірген. 1941 – 45 жылдары «Еңбекші» ұжымшарында есепші, 1948 – 50 жылдары Қаракеткен МТС-нда агроном қызметтерін атқарған. 1952 – 57 жылдары «Ленин» ұжымшарында агроном әрі бастауыш партия ұйымының хатшысы болды. 1961 – 77, 1981 – 87 жылдары «Жаңаталап» кеңшарында бас агроном, ауылдық кеңестің төрағасы, агроном қызметтерін атқарған. 1977 – 81 жылдары «Коммунизм» кеңшарының директоры болды. «Ленин» орденімен (1971) марапатталған. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Темірғали Нұрекенов (1858 – 1919) — ұлты қазақ Ресей империясының саясаткері, қоғам қайраткері, Мемлекет Думаның II-шақырылымының депутаты. Руы — Уақ. Семей облысы Павлодар уезінің Сейтен болысын басқарған. 1905 жылы Қарқаралы, Павлодар уезі қазақтарының атынан Ішкі істер министрлігіне наразылық білдіріп, петиция жазуға қатысқан. Петицияны қазақ тілінен орыс тіліне аударған. 1907 жылы Мемлекет Думаның II-шақырылымына Семей облысынан депутат болып сайланып, Мұсылман фракциясы, Конституциялық-Демократиялық Партия мен Сібір группасының мүшесі болған. ## Дереккөздер
Амангелді Қанаев Төкешұлы (1941 жылы туған, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы) – техика ғылым доктор (1996), профессор (1997). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қамбар бұтағынан шыққан. Қарағанды политех институттын (1963, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техика университетті) бітірген. Қарағанды металлургия институттында ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, проректор (1964–97) болды. 1997 жылдан Еуразия ұлттық ун-тінде профессор қызметін атқарады. «Физические и технологические основы термомеханического упрочения низкоуглеродистой стали» тақырыбында докторская диссертация қорғады. 90-нан астам ғылым жарияланымның авторы. ## Дереккөздер: Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
Дүйсен Егенұлы Нұрымов (20.12.1935 жылы,Қызылорда облысы Шиелі ауданы – 23.07.2020 жылы, Қызылорда қаласы) – ғалым, ауыл шаруашылық ғылыми доктор(1995 ж.). Ташкент қаласындағы ауыл шаруашылық институтын (1958 ж.), Қазақ егін шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасы (1962 ж.) бітірген. Шиелі ауданының бірқатар шаруашылықтарында бас агроном (1958–1962 жж.), Қазақ күріш ғылыми - зерттеу институтында бөлім бастығы (1962– 1992 жж.), Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтында (қазіргі Қызылорда университеті) кафедра меңгерушісі, профессор (1993–2014 жж.),Қызылорда «Болашақ» университетінде профессор (2014–2019 жж.) болды. Негізгі ғылыми еңбектері Арал өңірі жағдайында мал азығы дақылдарын өсіру технологиясы, оның сапасын арттыру мен бақылауға арналған. Жүгерінің «Қазақстандық 587 ТВ» буданын шығаруға үлес қосқан. 1993 жылдан Алматы қаласындағы Мал шаруашылық мен малдәрігерлік ғылыми-өндірістік орталық жанындағы диссертациялық кеңес мүшесі болған. Нұрымов 80-нен астам ғылыми еңбек, оның ішінде 4 монография, 3 оқулық, 50 әдістемелік жазған.5 ғылым кандидатын дайындаған. КСРО халық шаруашылық көрмесінің күміс медалімен марапатталған (1990 ж.). ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Әшімхан Қанаев Тоқтасынұлы (3.1.1959 жылы туған, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылы) – биология ғылым доктор (2002). ҚазМУ-ды (1981, қазіргі ҚазҰУ Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы.) бітірген. Микробиология және вирусология институтында аға лаборант, аспирант, кіші ғылым қызметкер, ғылым қызметкер (1981–91), Халықаралық қазақ-түрік университетінде доцент, кафедра меңгерушісі (1991–94), ҚазҰУ-да доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1995–2003), Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Біліктілікті арттыру институтының директоры, кафедра меңгерушісі (2003–04), Экотехнология және табиғат мониторингі ғылым-зертеу институтының директоры (2004–07) қызметтерін атқарды. 2007 жылдан ҚазҰУ-да профессор, кафедра меңгерушісі. «Техногенді экожүйелердің микробиоценоз жағдайын бағалау және олардың ерекшеліктері» тақырыбында докторская диссертациясын қорғады. 120-дан астам ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер: Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
Нұртуған мектебі – шығармашылық өнер ордасы. 1910 жылдар шамасында Нұртуған Кенжеғұлұлы негізін қалаған. Ол ел аралап, өлеңдерін табанда шығарумен айналысып жүрген дарынды жас ақындарды үйіне жинаған. Оларға 10 тармақтан тұратын қатаң талап қойылады. Ақынның 4 дастаны мен ондаған өлеңдерін жатқа айтатын алғашқы шәкірттерінің бірі – Бақытжан Жұбаназарұлы (1927 жылы 28 жасында өлді) болды. Одан басқа Жаңаберген, Дәріғұл, Еңсепбай, Көпжасар, Құлжан, Смағұл, Әбілхан, Кәрібоз, Жәмет, т.б. болды. Жәмет Сайымұлы Нұртуған мұраларын жеті күн жырлап, мектептің алтын босағасын 60-шы жылдарға дейін ұстап келген. Осы дәстүрлі мектептің жолын ұстанған ақын-жыраулар Арал, Қазалы аудандары, Ақтөбе облысы, Қарақалпақ жерлерінде көп кездеседі. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Түбек Есенқұлов -(1780, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Үшбиік т. ж. бекеті – 1870, Жалғызтал қыстағы) – айтыс ақыны. Найман ішінде сыбан руынан шыққан. Жастайынан ақындық талантымен танылған. Сыбаннан шыққан он алты ақынға бас болып, арқалы ақын Жанақ Сағындықұлымен айтысқан. 1830 жылы Түбек Керекуде апалы-сіңлілі Жәкежан, Айымжан деген қыздармен үш күн бойы айтысып, жеңіске жеткен. М.Әуезов бұл айтысқа ерекше тоқталып, жоғары баға берген. Поляк зерттеушісі А.Янушкевич 1848 жылы Семейде болған кезінде Т. ақынмен кездесіп, “Қырғыз даласынан жазылған хаттар мен күнделіктер” атты кітабында ақын талантына сүйсініп, ол туралы тебірене жазған. Құлмамбет ақынмен атақты Тезек төренің үйінде 1863 жылы сөз сайыстырып, жеңіске жетуі Түбектің даңқын Жетісу өлкесіне мәшїүр еткен. Сондай-ақ Түбектің Қарқабат, Орынбай, Сабырбай, Қосан, Бақтыбай, т.б. жыр жүйріктерімен сөз қағысулары белгілі. Түбектің ақындық өнері жас Абай шығарм-на да әсер еткен, Абай айтыскер ақынды ұстаз тұтқан. Бұл туралы Әуезов “Абай жолы” эпопеясының 1-кітабында жазған. Түбекті жыр алыбы Жамбыл да ұстазы санап, 1863 жылы онымен жүздесіп, ерекше әсер алғандығын естеліктерінде айтып кеткен. Түбектің ақындығын В.В. Радлов, Ы.Алтынсарин жоғары бағалап, оның Жанақпен айтысын өздері құрастырған жинаққа енгізген. Халық ақыны Қ.Алтынбаев “Қалбатау” кітабында (1997) Түбек өмірі мен шығармашылығы жайлы зерттеу мақаласын жариялаған. ## Дереккөздер
Нұрғожин Сармантай Қабдөшұлы (4.12.1948 жылы туған, Ақмола облысы Сандықтау ауданы) – әскери қайраткер, авиация генерал-майоры (15.5.1996). Иркутск жоғары авиация-технология училищесін (1969), Киев жоғары әскери авиация-инжинер училищесін (1979) бітірген. 1969 – 75 жылдары авиация жеке байланыс батальоны командирінің орынбасары, эскадрильяда авиация технигі болды. 1979 – 91 жылдары Орта Азия әскери округінде, КСРО ІК Әскери-әуе күштері қолбасшысының қарамағында басшы қызметтер атқарған. 1991 – 99 жылдары Қазақстанға қайтып әскери-әуе күштерінде әр түрлі қызметтер атқарды. 1999 – 2000 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігінде қару-жарақ департаментінің бастығы болды. 2000 жылдан ҚР ІК Орталық әскери округі қолбасшысының қару-жарақ бойынша орынбасары – авиацияның бас инженері – қару-жарақ басқармасының бастығы. Нұрғожин 3-дәрежелі “КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін” орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Мейірман Нүрекеев (24.10.1946, Шиелі кенті – 1997, Алматы қаласы) – артист. Мәскеудегі Шепкин атындағы жоғары театр училищесін бітірген (1971). Еңбек жолын Арқалық қаласындағы драма театрда артист болып бастаған. 1987 жылға дейін қазақ радиотеледидарында, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік Балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек еткен. 1987 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академия драма театрының актері болды. Нүрекеев Тымақбай (Ғ.Мүсірепов «Амангелді»), Лорио (Ф. Эрве «Түлкі бикеш»), журналист (А.Жағанова «Беймаза әйел»), Маңғас (Т.Ахтанов «Жоғалған дос»), Мақсым (Саид Ахмад «Күйеу»), Кәдірбек (Ә.Тәжібаев «Махаббат»), Ескермес (Қ.Мырзалиев «Түрт, сайтаным, түрт»), т.б. сахналық бейнелерді сомдады. «Қазақфильм» кино студиясында бірнеше киноларға түскен. Нүрекеевтің есімі «Тамаша» ойын-сауық отауында ойнаған рөлдерімен жұрт есінде қалған. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Жасақшы — жасақ құрамындағы жауынгер. Ежелгі түркі мемлекеттерінде басқа елге жорық жасар алдында астында аты, қолында қаруы бар ер жігіт жасаққа қатысуға ерікті болған. Бірақ жасақ заңы бойынша ол қашан жаудан олжа (ат-тон, қару-жарақ) түсіргенше санда бар, санатта жоқ болып есептелген. Жаудан түскен олжадан үлес алуға құқы болмаған. Бір жауын өлтіргеннен кейін ғана барып санатқа ілінген. Кейін жасақтың басқа түрлерінің мүшелерін де жасақшы деп атайтын болған. ## Сілтеме Қазақ энциклопедиясы
Қызылқия (1997 жылға дейін – Новостройка) — Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл, Қазығұрт ауданы әкімінің 1997 жылғы № 749 шешімі негізінде құрылған Қызылқия ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан оңтүстікке қарай 18 км жерде, Келес өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Ауыл 1994 жылға дейін "Новостройка" (Жаңашаруа) аталды. 1957-97 жылдары қой өсіретін Энгельс атындағы ұжымшардың орталығы болып келді. Оның негізінде Қызылқияда ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Тұрғысын — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы ауыл, Тұрғысын ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Алтай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км жерде, Бұқтырма өзенінің оң жағасында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1957 жылы бұрынғы ұжымшар негізінде құрылған Қазақ КСР-і Мемагроөнеркәсібіне қарасты ара өсірумен айналысатын кеңшардың ортлығына айналды. Кеңшар негізінде Тұрғысында ЖШС жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Озёрки — Абай облысы Жаңасемей ауданындағы ауыл, Озёрки ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Семей қаласынан шығысқа қарай 18 км жерде, Ертіс өзенінің оң жағасында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1959 жылы Семей қаласын көкөніс, сүт тағамдарымен қамтамасыз ету мақсатында арнайы кеңшар ұйымдастыруға байланысты қаланған. 1997 жылдан бастап кеңшар негізінде сүтті ірі қара мал және көкөніс өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Ақсай (2024 жылға дейін — Междуреченское) — Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл, Ақсай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Өтеген батыр ауылынан батысқа қарай 25 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы 1954 — 97 жылдары Қаскелең (қазіргі Қарасай ауданы) ауданындағы кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде 1996 — 97 жылдары Междуреченскоеде және округке қарасты Екпінді, Жауғашты ауылдарында “Тауарлы сүт фермасы”, Қаскелең Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі, “Бекон” серіктестігі және 38 шаруа қожалығы құрылды. ## Дереккөздер
Нұржанқорған — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Арыс ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсукенттен солтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде. ## Тарихы Іргесі 20 ғасырдың басында қаланған. 1929–30 жылдары бірнеше ұсақ ұжымшарлар құрылып, үлкен ұжымшарға біріктірілді. 1965 жылдан Ә. Науаи атындағы кеңшардың “Ленинизм” бөлімшесі болып келді. 1991–96 жылдары “Арыс” ұжымшарының орталығы болды. Оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. ## Халқы ## Дереккөздер
Есенжанов Хамза Ихсанұлы (25.12.1908, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы — 5.12.1974, Алматы) — жазушы. Байұлы тайпасының Байбақты руынан шыққан. * Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын (1928), * Алматы мемлекеттік университетін (бұрынғы ҚазПИ) бітірген (1933), * Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік өнертану институтының аспирантурасында оқыған (1934 — 1936). * Қазақстан жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы (1932 — 1933), * КСРО ғылым академиясы Қазақ филиалында әдебиет пен фольклор секторының меңгерушісі (1936 — 1937) қызметтерін атқарған. * 1937 жылдан Қазақ мемлекеттік филармониясының, кейін Қазақ опера және балет театрының директоры қызметін атқара жүріп, ҚазПИ-де орыс әдебиеті тарихынан сабақ береді. * 20 ғасырдың 30-жылдары республикалық басылымдарда “Үлеңтінің жағасында”, “Қызыл құмақ”, “Күшке — күш” сияқты әңгімелері мен “Жер шарында” атты пьесасы жарияланды. * 1938 жылы жалған саяси айып тағылып, 20 жылға жуық уақыт сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын тартты. Елге оралған соң, 1956 жылдан өнімді шығармалық еңбек жолын бастады. ## Шығармашылығы Жазушының басты шығармасы — “Ақ Жайық” трилогиясы (1-кіт., 1957; 2-кіт., 1959; 3-кіт., 1965) Батыс Қазақстандағы тұтас бір кезеңнің оқиғаларына арналған. Автор отарлық езгіден қиналған халық бостандығы мен бақыты үшін күрескен ерлердің жиынтық бейнелерін (Хакім, Әлібек, Әділбек, Мүнариа, Шолпан, Нұрым) жасаумен қатар, нақты тарихта болған адамдардың (Дмитриев, Әйтиев, Қаратаев, Белан, т.б.) өмір жолын шебер суреттеді. 1963 жылы трилогияның заңды жалғасы болып табылатын “Көп жыл өткен соң”, ал 1970 жылы “Ағайынды Жүнісовтер” романдарын жазды. Соңғы екі кітапта жаңа өмір құрған елдің сан қырлы тұрмыс-тіршілігі мен әділет үшін күресі, адамның азамат ретінде қалыптасуы бейнеленген. “Ақ Жайық” трилогиясы мен “Көп жыл өткен соң” роман-дилогиясы 5 кітаптан тұратын тұтас эпопея іспетті. Есенжанов өмірінің соңғы жылдары “Қарт қазақ”, “Жайын ілерде”, “Жар”, т.б. әңгіме, очерк, әдеби-сын мақалалар жазды. 1978 — 1981 жылдары жазушының 6 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Есенжанов — М.Шолоховтың “Тынық Дон” романының 1-және 4-кітаптарын, И.С. Тургеневтің “Рудин”, И.П. Шуховтың “Үшпенділік” романдарын, А.С. Пушкиннің “Дубровский” повесін, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударды. Сонымен қатар бастауыш, орта мектептер үшін оқулықтар жазды. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1967). ## Дереккөздер
Рахым Алмабекұлы Оразалиев (8.12.1935 ж.т., Алматы облысы Қарасай ауданы Каменка ауылы) – ғалым, биология ғылымдарының докторы (1989), профессор (1996), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (1996). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1998). Қазақ аграрлық университетін бітірген (1960). 1960 – 66 ж. Алматы облысының Алакөл, Қарасай аудандары шаруашылықтарында агроном, 1970 жылдан В.Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, басшылық қызметтер атқарып келеді (директор, 1995 – 2003). Рахым Алмабекұлы Оразалиев бидайдың бірнеше сорттары мен түрлерінің негізгі биологиялық заңдылықтарын, гибридті бидайдың генетикасы мен физиологиясын зерттеп, қазақстандық агроэкотиптің бірнеше сорттарының биологиялық және селекциялық модельдерін жасаған. Генетика, физиология, биохимия, биотехнология, молекулалық биология саласында жасаған іргелі және қолданбалы зерттеулерінің арқасында дәнді дақылдар сорттарының модельдері мен критерийлері, принциптері негізделген. Оразалиевтің жетекшілігімен (шәкірттерімен бірлесіп) дәнді дақылдардың 110 сорты шығарылды, оның 40 сорты аудандастырылып, Мемлекеттік селекциялық көрсеткіштер реестріне енгізілген. 620 ғылыми жұмыстың, оның ішінде 12 монографияның авторы. 10 алгоритм мен патенттің, 40 авторлық куәліктің иегері. “Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
* Қызыл әскер – Кеңес өкіметінің әскери құрылымы. Елді мекендер: * Қызыләскер – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. * Қызыләскер – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Сам ауылының бұрынғы атауы. * Қызыләскер – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы ауыл. * Қызыләскер – Түркістан облысы Келес ауданындағы Лесбек батыр ауылының бұрынғы атауы.
Нұржау — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы ауыл, Нұржау ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. Еділдің тармағы - Қиғаш өзенінің жағасында орналасқан. ## Тарихы Ауыл 1974 – 97 жылдары етті мал өсіретін “Октябрьский” кеңшарының орталығы болған. ## Халқы * 2065 адам (2021); * 2065 адам (2009); * 2034 адам (1999). ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * Нұржау орта мектебі * «Гаухар» бөбекжай-балабақшасы * Нұржау ауылдық мәдениет үйі ## Ауыл суреттері ## Ауыл көшелері * Әлмұжаз Сәтеков көшесі * Әнуар Исмахов көшесі * Бақтығұл Құспанов көшесі * Ғаділбек Нұртазин көшесі * Ғапар Боранқұлов көшесі * Жәлел Нығметов көшесі * Жұмекен Нәжімеденов көшесі * Мұғал Наурызбаев көшесі * Мұзафар Хұсаев көшесі * Мүсіреп Әспембетов көшесі * Нұрарал көшесі * Нұрғали Сағындықов көшесі * Сейткали Самиев көшесі * Серікбай ата көшесі * Смағұл Көшекбаев көшесі * Стамғазы Ақботин көшесі * Ілияс Есенберлин көшесі ## Дереккөздер
Нұржекеұлы Бексұлтан (22.2.1941 жылы т., Жетісу облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылы) – жазушы. ## Өмірбаяны Суан руынан шыққан. * ҚазМУ-ды бітірген (1965). * 1965 – 1992 жылдары Талдықорған облысы Панфилов ауданында ұстаздық етіп, комсомол жұмыстарымен айналысты. * “Жалын” журналының бөлім меңгерушісі * “Жұлдыз” журналының бөлім меңгерушісі * “Жалын” баспасы бас редакторының орынбасары, бас редакторы (1976 – 1986) * “Парасат” журналының бас редакторы (1989 – 1992) қызметтерін атқарған. * 1992 жылдан “Жалын” баспасының директоры. ## Шығармашылығы * “Жау жағадан алғанда” (1993) романына өмірде болған адамдардың (К.Қожагелдиев, Ж.Ауғанбаев, М.Қожамияров, Ю.Қадыров) бастан кешкен оқиғалары арқау етілген, ұжымдастыру мен ашаршылық секілді халық басынан өткен нәубет жайы шынайы көрсетілген. * “Ойұшқын” (2002) жинағына Әсет, Сара, Төребай секілді әнші-ақындар, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынтай батырлар жайлы эсселері топтастырылған. * “Өнер құдіреті” еңбегінде (2003) К.Байсейітова, Ж.Омарова, М.Төлебаев, Д.Рақышев, т.б. талант иелері туралы танымдық мақалалары жинақталып берілген. * Күй толғақ, А., 1972 * Күтумен өткен ғұмыр, А., 1974 * В ожидании, А., 1985 * Бір өкініш, бір үміт, А., 1985 * Шығ. жин. 2 т., А., 1993 * Бейтаныс әйелдің құпиясы, А., 2002. ## Марапаттары * “Құрмет” ордені (2000) * бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Серік Оңғарбаев Әнуарұлы (29.11.1954 ж.туған, Шымкент қаласында ) – дзюдо және самбо күресінен КСРО-ның спорт шебері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Дзюдо күресінен олимпиада дәрежесіндегі төреші. Азия кеңесінің директоры. Б.Донбай, М.Қыпшақбаев, И.Баглаев секілді көптеген халықар. дәрежедегі спорт шеберлерін тәрбиелеген. Дене тәрбиесі мен спортқа қосқан үлесі үшін құрмет белгісімен марапатталған. Қазіргі кезде облыстық туризм және спорт департаментінің бастығы. ## Дереккөздер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Алданыш Арыстанғалиұлы Нұрымов (24.2.1941 жылы туған, Арал ауданы Сексеуіл станциясы) – ғалым, экономика ғылыми кандидат (1973), доцент, Халықаралық Еуразия экономикалық академиясының корреспондент-мүшесі, Салық қызметінің ІІ дәрежелі мемлекеттік кеңесшісі. Мәскеу темір жол институтының инженер-экономилық факултетін (1965), аспирантурасын (1973) бітірген. 1965 – 69 жылдары Жамбыл станциясының нормалаушысы, аға инженер-экономисі, Жамбыл темір жол бөлімшесінің бастығы болып істеді. 1973 – 83 жылдары Жамбыл технологиялық институтында кафедра меңгерушісі, факултет деканы, партком хатшысы, 1983 – 87 жылдары Жамбыл облысы партия комитетінің өнеркәсіп-көлік бөлімінің меңгерушісі, 1987 – 89 жылдары облыс атком төрағасының орынбасары, 1989–90 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің әлеуметтік-экономилық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1990 – 91 жылдары Президент аппараты аймақтық реферетурасының меңгерушісі, 1991 – 95 жылдары ҚР Қаржы министрінің Бас салық инспекциясы бастығының орынбасары, 1996 жылдан Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын Есеп комитетінің мүшесі. 80-нен астам ғылыми еңбектері, солардың ішінде орыс тілінде: «Хозрасчет в локомотивном депо», «Анализ хозяйственной деятельности», «Бухгалтерский учет в крестьянских хозяйствах» атты кітаптары жарық көрген.Алданыш Арыстанғалиұлында үш қыз, бір ұл өсірді. Балаларының ішінен Гүлдара Алданышқызы Нұрымова 1999 жылы "Мейірім" медициналық орталығы" мекемесін ашып,Тараз қаласында бірегей ең мықты медициналық орталық болып саналады. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Дүйсенбай Нысанбаев (1890,Шиелі ауданы – 6.3.1975, Ташкент қаласы) қоғам және мемлекет қайраткері. Қалалық үш сыныптық училищені бітіріп (1915), Ташкентте орыс-қазақ училищесінде мұғалім болды. 1917 – 19 жылдары Түркістан өлкелік халық комиссариатында жауапты қызметкер, Ташкенттегі төтенше тергеу комиссиясының мүшесі болып, денсаулық сақтау халық комиссариатында басшы қызметтер атқарды. 1919 – 21 жылдары Түркістан уездік атқару комитетінің төрағасы, әскери-рев. комитетінің төрағасы болды. 1922 – 23 жылдары Ташкент уездік оқу бөлімін басқарды. 1923 – 26 жылдары Қырғыз (қазақ) АКСР-інде басқарма бастығы. 1926 жылдан Қызылорда, Алматы, Түркістан, Ташкент қалаларында шаруашылық жұмыстарында болды. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Жұмабай Әбілов(1954, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бірлік ауылы – 2007,Жаңақорған ауданы) – филология ғылымның докторы (2001).ҚазМУ-ды (1981, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Еңбек жолын Жаңақорған ауданы мәдениет бөлімінде бастап, «Жаңақорған тынысы» газетінде жауапты хатшы болды (1983–1992). Жаңақорған ауданы «Қазақ тілі» қоғамын басқарды (1992–1994). 1994 жылы Халықаралық қазaқ-түрік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Әбілевтің «Қазақ комедиясы» (2000), «Жазба комедиясының даму ерекшелігі» (2001), «Қ.Мұхамеджанов драматургиясы» (2004) атты монографиялары жарық көрген. ## Сыртқы сілтемелер * [1](қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Сәттібек Оңғарбаев (27.12. 1949 ж.туған, Ордабасы ауданы Боралдай ауылы ) – заңгер, 3-сыныпты мемлекет әділет кеңесшісі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. 1974 жылы Свердлов заң институтын бітірген. 1974–79 жылдары Дзержинск ауданы прокуратурасында тергеуші. 1979–84 жылдары Талдықорған облысы прокуратурасының тергеу бөлімінің прокуроры, Андреев, Қаратал ауданының прокуроры, 1984–86 жылдары Қазақстан КП Талдықорған облысы комитетінің әкімшілік бөлімінің нұсқаушысы. 1986–93 жылдары Талдықорған облысы прокурорының орынбасары. 1993–94 жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сот қаулыларының заңдылығын қадағалау жөніндегі басқарма бастығы. 1994–96 жылдары Талдықорған, Шығыс Қазақстан облысының прокуроры. 1996–2001 жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары, 2001–2002 жылдары Алматы облысының прокуроры. 2002 жылдан Алматы қаласының прокуроры. «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарына 10 жыл» белгілерімен марапатталған. ## Дереккөздер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" [[
Тұрлан батыр, Асау-Тұрлан (1807 – 1856) – батыр, би, шешен. Атырау облысындағы Қызылқоға – Тайсойған өңіріне танымал тұлға. Шеркеш руының Қойыс атасынан шыққан. Асау бидің жалғыз ұлы болғандықтан халық Асау-Тұрлан деп те атаған. Бүкіл өмірі отарлау саясатына қарсы күреспен өтті. Махамбетпен пікірлес, үзеңгілес болған. Есет Көтібарұлы көтерілісі кезінде қызу қимылдайды. Іштерінде жүрген жансыздың хабарлауымен патша жазалаушы жасағының қолына түсіп, Орынбор түрмесінде қаза тапқан. Туған жері Қызылқоға, Сарыкөлге әкеліп жерлеген. ## Дереккөздер
ШЫМКЕНТМҰНАЙОРГСИНТЕЗ – мұнай өңдеу зауыты (АҚ). 1984 ж. құрылған. Жылына 6 млн. т мұнай өңдейді. Зауыт Құмкөл кенішінің күкірті аз мұнай қоспасын өңдейді және технология жағынан Транссібір мұнай құбырымен жалғастырылған. Құбыр желісінің тармағы Құмкөл кенішінен Шымкентке жақын маңдағы (Қарақойын) ұлтаралық мұнай құбырына қосылады. Зауыт классик. сумен өңдеу тәсілімен (дистиляция, каталитик. риформинг, сумен тазалау) жұмыс істейді, мазутты вакуумдық тәсілмен айдау, баяу кокстеу қондырғылары, газды фракциялаушы қондырғы бар, каталитик. крекинг салынуда. З-т А-76 автобензинін, авиакеросин, дизельдік отын, қа-зандыққа арналған отын (мазут), сұйытылған газ шығарады. З-т өнімдері негізінен Оңт. өлкедегі 4 облысқа, Өзбекстан мен Қырғызстанға өткізіледі. 2000 ж. ШМОС акцияларының 88%-ын “Харрикейн Хайдрокарбонз ЛТД” халықаралық энергетика корпорациясы (Канада) сатып алды. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы, 9 т.
Нұрила (Нүрила) Әбенқызы (1894, Алматы облысы Қаскелең ауданы Кемертоған ауылы – 1921, сонда) – айтыскер ақын. Дулат тайпасының Жаныс руынан. Нұрила 1918 жылы бір жиындағы айтыста Бармақ, Арғынбай, Мақыш ақындарды қатар жеңіп, Жетісу өңіріне кеңінен танылған. Келесі жылы аталған ақындармен қоса Үмбетәлі, Саяділ, Шүкітай, Оспан, т.б. он бір ақынмен кезек айтысып, жүлде алған. Бұл айтысқа Жамбыл төрелік айтып, Нұриланың ақындығын жоғары бағалаған. Кейін Үмбетәлімен сүре айтысында сөз сынасқан, бұл сөз сайысы “Айтыс” жинағына енген (1965). Ақынның “Жаңа таң” атты жыры ел аузында сақталған. ## Сілтеме * Айтыс ## Дереккөздер
Тағыбайбұлақ қонысы – көне дәуір ескерткіші. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау тауының солтүстік-шығыс беткейіндегі Тайшық қыстағынан шығысқа қарай 1 км жерде орналасқан. 1974 жылы Орталық Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі М.Қадырбаев) зерттеді. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай бір-бірінен 4 – 10 м қашықтықта тізбектеле орналасқан 6 үйден тұрады. Ауданы 88 – 375 м2, тікбұрыш пішіндес бұл үйлердің жер бетінде анық көрінетін іргелері ірі тастастардан тұрғызылған. Зерттеу нәтижесінде үй толығымен қазылып, оның құрылымдық ерекшеліктері мен тұрғындар тұтынған заттардың сипатына байланысты құнды деректер алынды. Үй ортасынан салынған жіңішке қабырға арқылы ауданы 180 м2 оңтүстік-батыс және ауданы 150 м2 солтүстік-шығыс бөлмелерге бөлінген, негізгі есік сырттан жапсырыла салынған тас дәліз түрінде оңтүстік ұзын қабырғадан шығарылған. Бұлардан бөлек, солтүстік-шығыс бөлменің сыртынан жапсарласа салынған қосымша құрылыс анықталды. Жер бетінен 0,4 м төмендегі үй еденінде үш ошақтың, сондай-ақ солтүстіктегі қосымша бөлмеде тағы да 1 ошақтың қалдығы ашылды. Таспен өрнектелген, аумақтары 1 – 1,50,5 – 2 м бұл ошақтар қалың күл қабатына толы, оны аршу барысында шала жанған көптеген мал сүйектері, қыш сынықтары шыққан. Әдеттегі қыш сынықтарынан басқа, көне тау-кен, металлургия, тері өңдеу, тоқымашылық, т.б. шаруашылық салаларынан хабар беретін еңбек құралдары көптеп табылды. Атап айтқанда, металды балқыту және оны құю барысында пайдаланылатын тас тигелдердің үлкен, кіші түрлерінің сынықтары, кентасты қопарып алу мен үгітуде қолданылатын ұрғыштар, сыналар, шлак кесектері, көптеген кетпендер, кескіш, қырғыш, ұршық басы сияқты құралдар қонысты мекендеген адамдардың өмір-тіршілігін ғылыми тұрғыдан пайымдауға нақты мүмкіндіктер береді. 145 ыдыстан қалған қыш сынықтары тұрғындардың негізінен бүйірі шығыңқы, мойны қысқа, түбі дөңес, қалың қабырғалы көзелерді кеңінен пайдаланғанын көрсетті. Ыдыс ернеуінің көптүрлілігі (домаланған, сыртқа не ішке қарай қиылған, “жағалы”, қалыңдатылған ернеулер), иық тұстағы жапсырылған белдеулер, геометриялық оюлардың жоғалуы, “маржандар”, шұңқыршалар сияқты оюлардың көбеюі құмыра өндірісінің орта, соңғы қола кезеңдеріндегі стандарттық дәстүрлерден нақты басқа күйге ауысқанын айғақтайды. Алғашқы зерттеулерде Тағыбайбұлақ қонысы соңғы қола кезеңіне жатқызылса, қазіргі деректерге сүйенген жаңа пайымдаулар барысында ескерткіштің сақ дәуіріне неғұрлым жақын екендігі анықталып, ол қола мен ерте темір дәуірлерінің арасындағы өтпелі сатымен мерзімделді (біздің заманымыздан 8 – 7 ғасырлар). Қоныс тұрғындарының тұрмысында тау-кен, металлургия саласының аса маңызды орын алған, тіпті көне кеншілердің мекені болуы мүмкін. Төңірегінде көне дәуір ескерткіштерінің аса үлкен шоғырлары болуымен қатар, Жосалы көлі маңайында көне тұрғындар кен алған орындардың да кездесуі осы ұйғарымды растайды. ## Дереккөздер
Қараадыр – Ақмола облысы Ақкөл ауданының оңтүстігіндегі тау. Ақкөл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км жерде, Талқара өзенінің сол жағалауында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 384 м. Ұзындығы мен ені 1-2 км шамасында. Аласа келген тау жер бедерінен онша байқалмайды. Өзенге қараған батыс беткейі тіктеу келген. Шығыс және оңтүстік беткейлері батпақты. ## Геологиялық құрылымы Аллювийлі және элювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан жоғарғы девонның интрузивтерінен түзілген. ## Өсімдігі Жайылманың шалғынды және даланың сортаңдау келген топырағында қызыл қау аралас астық тұқымдас шөптесіндер өскен. ## Дереккөздер
Айыр – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы тау сілемдері. Қарасор көлінен (солтүстік бағытында) 10-15 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Ұзындығы 50 км, ені 10 км, абсолюттік биіктігі 871 м (Жосалы). Девон жыныстарынан тұрады. ## Өсімдігі Күңгірт қарақоңыр топырағында тобылғы, аласа қараған, бетеге, сұлыбас, жусан т.б. өседі. ## Дереккөздер
Вокзал маңайының құрылыстары – Тараз қ-ндағы тарихи-сәулеткерлік кешен. Кешен құрылыстары 1920 – 29 ж. Жетісу темір жолын салғанда қалыптасты. Негізгі жоспарлы орт. – вокзал алаңы, оның композициялық ортасы 2-қабатты вокзал үйі (1950) болды. Осы кезге дейін сақталып келген құрылыс кешеніне т. ж. қызмет үйлері мен Балуан Шолақ көшесі бойындағы тұрғын үйлер (ғ7, 8, 9, 10, 11, 13), су мұнарасы жатады. Станса маңайындағы ғимараттардың архитектурасы 20 ғ-дың 20-жылдарындағы т. ж. аудандарының құрылысына тән кірпіштік стиль. Ауруханалық кешен сақталмады (1997 ж. қиратылды). Қызмет корпусы (қазіргі т. ж. ішкі істер бөлімі) вокзал алаңының батыс жағында орналасқан. Бір қабатты үлкен үйдің кіре беріс жағы кірпіштен қаланып әктелген. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
Ералхан Әлмаханұлы Әбішев (24.1.1961 жылы туған, Шардара ауданы, Көксу ауылы) – әнші. Орта мектепті Келес ауданындағы «Бірлік» кеңшарында бітірген. 1978 жылы Алматы музыка училищесінің, ал 1984–1989 жылдары Құрманғазы атындағы консерваторияның ән бөлімінде оқыды. Одан соң Шымкент мәдениет институтында эстрада оркестрінің дирижері мамандығы бойынша білімін жетілдірді. Осы жылдар аралығында «Дос-Мұқасан», «Алматы Варьетесі», «Гүлдер» және «Алтын дән» ансамбльдерінде әнші болып өнер көрсетті. 1991–1997 жылдары Білім министрлігінің Республикалық мәдениет үйінде бас дирижер, көркемдік жетекшісі әрі директоры болып қызмет етті. 1995–2003 жылдары «Тамаша» ойын-сауық отауында әнші, бұдан кейін «Күлкі керуені» әзіл-сықақ театрының әншісі әрі продюсері болды. 2003 жылдан бастап Әбішев өзінің жеке бағдарламасын жасап, көптеген байқауларға қатысты. Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты (1985), сол жылы Бүкілодақтық студент-жастар конкурсының жеңімпазы болды. 1990 жылы Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде өткен студент жастар өнерінің фестивалінде, 1993 жылы Түркияда халық музыкасы мен билерінің фестивалінде лауреат атанды. ## Дереккөздер
Артық Есқожаев (1890, Сарыағаш ауданы Жартөбе ауылы – 1965) – Cоциалистік Еңбек ері (1948), шопан. 1937 – 63 жылдары «Дарбаза», «Сырдария» кеңшарларында шопан, аға шопан болды. 1947 жылы 100 саулықтан 124, келесі жылы 147 қозы алып, қаракөл елтірісінің 85%-ын бірінші сортпен тапсырды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы 1948 жылы 23 шілдедегі Жарлығымен Cоциалистік Еңбек Ері атағын берді. Ол 2 рет Ленин, «Құрмет белгісі» ордендерімен, 3 рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. ## Сілтемелер
Мұғалжар — Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Мұғалжар ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қандыағаш қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 127 км-дей жерде, Үлкен Боқтыбай тауының солтүстік етегінде. Мұғалжарда қиыршық тас ұсататын зауыт, бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді. ## Транспорты Мұғалжар арқылы Орынбор-Ташкент темір жолы өтеді. Елді мекен арқылы Ақтөбе-Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз-Темірбек Жүргенов тас жолы өтеді ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1630 адам (825 ер адам және 805 әйел адам) болса, 2009 жылы 2118 адамды (1096 ер адам және 1022 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Исматуллаев Әбдужәлел, Әбдужәлел Мақсым (1879, Қарақалпақстан, Шымбай ауданы 3-а. – 1930) – 20 ғасырдың 20-жылдарының соңында сол кезде Қазақстан құрамында Қарақалпақстан жерінде Тақтакөпірде тоталитарлық биліктің зорлық-зомбылығына қарсы көтерілісті ұйымдастырушы. Жергілікті молда отбасында тәрбиеленген, Меккеге қажылыққа барған, Шымбай ауданындағы 3-ауылдың тұрғыны. 1920 жылы БК(б)П Шымбай ауданы партия к-тінің қызметкері, 1922 – 23 жылы Қарақалпақ автономиялық облысы ОАК-нің төрағасы болған. 1929 жылы 26 қыркүйекте Андаөткел деген жерде көп адам жиналып, Исматуллаевты өз орталарынан хан сайлап, оған нөкербасылыққа Барлықбай Нұрымовты тағайындады. Исматуллаев осы шағын топты басқарып, 27 қыркүйекте аудан орталығына басып кірді. 4- және 7-қазанда көтерілісшілердің үш тобы талқандалған соң, Исматуллаевқа Шымбай қаласында астыртын әрекет жасаған контрреволюциялық ұйымды ұйымдастырушы ретінде және башмашылар қозғалысының басшысы – Жунайд ханмен байланыс орнатып, әскери көмегіне сүйенгісі келді деген айыптар тағылды. Исматуллаев, сондай-ақ, туған бауыры Әбдікәрім екеуі мешіт ашып, 1928 жылға дейін сонда діни оқулар ұйымдастырғаны үшін де кінәланды. 1929 жылы желтоқсанда тұтқындалды. Қазақстандағы ОГПУ-дің 1930 жылы 10 қазандағы шешімі бойынша, Кеңес өкіметіне қарсы қарулы көтеріліске қатысқаны үшін ату жазасына кесілген. 1992 жылы 6 қаңтарда ақталды. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IV том
Сара Оңғарбаева (1922 – 20.8.2000, Төле би ауданы Зертас ауылы ) – Социалистік еңбек ері (1949). 1948 ж. бидай егіп, мол өнім алды. 1978 ж. зейнетке шықты. Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен 1995 ж. 1941 – 45 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 50 жылдығы мерекелік медалімен марапатталған. ## Дереккөздер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
* Шүршіт өзені — Алакөл алабындағы өзен; * Шүршіт атауы — қытай-маньчжур текті халықтардың қазақтар арасында тараған жалпылама атауы
Естемі қаған (т. ж. б. – 576) — Түрік қағандығының қолбасшысы, Бумын қағанның інісі. Жылнамашылар оны қаған деп атағанымен, Естемі жабғу қызметін атқарған. Яғни қағанатта қағаннан кейінгі екінші адам болған. Көне түрік жазбаларында І. ағасы Бумынмен бірге түркілердің арғы аталарының бірі және олардың тайпалық одақтарының негізін қалаушы ретінде аталады. Ежелгі түркі сына жазуы ескерткіштерінің авторлары Тоныкөк пен Иоллығ тегін І-нің ақылды, жаужүрек болғанын әрі соғыс өнерін жетік білгенін, соның нәтижесінде көп жыл билік құрғанын баса айтады. І. 10 түмен әскерге қолбасшы болып, баһадүр лауазымын алған. 552 – 53 ж. ху елін (соғдыларды), Алтайдың солт-ндегі тайпаларды бағындырған. 554 – 55 ж. жужандарға жорық жасап, оларды Арал т-нен әрі қуып, аз уақыт ішінде Қытайдан Әмударияға дейінгі, Ташкенттен Сырдарияға дейінгі аралықты жаулап алған. 558 ж. Еділдің жағасына, Орал тауына дейін жетті. Дегенмен, Орт. Азияның ішкі аумақтарына қарай жасаған жорықтарында ақ ғұндардан қатты қарсылық көріп, бұл бағытты уақытша тоқтатады. Ақ ғұндарға қарсы саяси одақ құру үшін І. Иран шахы Хұсрау І Ануширванмен келісімге келіп, Мұқан қаған Қытай императоры Ювин-Таймен құдандалы болады. Нәтижесінде 563 – 67 ж. ақ ғұндар мемлекеті талқандалды. І. түріктердің батыстағы он ірі тайпа бірлестігін біріктіргені үшін “Он оқ будун қағаны” атанды, бірақ ресми түрде қаған сайланбаған. Өзара келісім болғанымен Түрік қағандығының Жібек жолының керуен бағыттарына бақылау орнатуы Иран шахына ұнамады. Сондықтан І. Орта Азиядағы өзінің саяси билігін біржолата нығайту үшін, Византияға Маниах бастаған елшілік жіберді. Бірақ бұл елшілік те, одан кейінгі екінші елшілік те Иран шахының тарапынан сәтсіздікке ұшырады. Бұдан кейін І. Иранмен арадағы одақты жойып, Византиямен қарым-қатынасты күшейту үшін Маниах бастаған елшілікті Кавказ арқылы Константинопольге аттандырды. Нәтижесінде екі ел арасында сауда келісімі мен Иранға қарсы әскери одақ құрылды. Византия императоры Юстин ІІ І-ге Земарх бастаған өз елшілігін жіберді. Осыдан кейін І. Иран шахына шабуыл жасап, Журжан қ-н басып алды. Көп ұзамай Соғдиана І-нің қолына өтті. Алайда Византия императорының аварлармен келісімге келгенін естіген І. ұлы Түріксанфпен бірге 571 – 76 ж. Солт. Кавказ бен Қырымға жорық жасады. Осы жорықтың аяғына қарай І. қайтыс болып, орнына баласы Данже таққа отырып, өзін Дарту қаған деп атады. ## Пайдаланылған cілтемелер Әдеб.: Қазақтың көне тарихы, А., 1993; Гумилев Л.Н., Көне түріктер, А., 1994; Қазақстан тарихы, 1-т., А., 1996. З. Қинаятұлы
Ысмайыл Шәменұлы Нышан (1892, Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылы – 1979, Қызылорда қаласы) – Қорқыт күйлерін біздің заманымызға жеткізген қобызшы, абыз. Нышан бір жасында «күйдіргі» (түйнеме) ауруына шалдығып, жасында екі көзінен зағип болып, өмір тауқыметін көп тартқан. Тоғыз жасынан қобыз тартуды үйренген Нышан «Мұсаяз» бейітіне келген қобызшылардан Қорқыт атаның және белгілі бақсы-балгерлер Есақай мен Адасқан, т.б. қобызшылардың күйлерін үйреніп алады. 1975 жылы фольклоршы М. Байділдаев Нышан ойнауында Қорқыт атаның 11 күйін үнтаспаға жазып алған. Қызылорда қаласындағы бір көшеге Нышан есімі берілген.Қобыз күйінің атасы Қорқыт дәстүрін бойына сіңіріп, Ықылас, т.б. күйлерін игерген. Алғаш Н. есімі Сыр бойы өнерпаздары туралы Ә.Қоңыратбаев көрсеткен тізімде аталды (1973). 1975 жылы Нышанның “Ұшардың ұлуы”, “Тарғыл тана”, “Елім-ай, халқым-ай”, “Әуппай”, “Сарын” (1-2 түрі), “Қоңыр”, “Қорқыт”, “Башпай”, “Желмая”, “Байлаулы киіктің зары” күйлері өз орындауында магнитофон таспасына жазылып алынды. Нышан абыздан жазылып алынған бұл күйлер “Елім-ай” (1987) деген атпен Қорқыт шығармалары ретінде жарық көрді. Дұрысында бұл күйлерді Қорқыт дәстүрінен бастау алған Н-ның төл шығармалары деу керек. ## Сілтемелер * Қазақ энциклопедиясы
Ұлболсын Әденова (1939 жылы туған, Арыс ауданында) – медицина ғылымдарының докторы Алматы медицина институтын (1963), Д.И. Ивановский институтының аспирантурасын (1968) бітірген. Вирусология саласының маманы. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтында қызмет атқарды, бес ғылым кандидатын даярлаған. 150 ғылыми еңбегі жарық көрген. ## Сілтеме
Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясы - 1960 жылы Қызылорданың концерттік-эстрада бюросы негізінде ұйымдасты. 1963 ж. Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясы, ал 1965 ж. мемлекеттік облыстық филармониясы (Ш.Қалдаяқов атындындағы) деп аталды. Оның құрамында 7 концерттік ұжым мен музыка лекторийі жұмыс істеді. Көркемдік жетекшісі К.Рахметов, директоры С.Тұрғымбаев (1985 жылдан) болды. Филармонияның шығармашылық ұжымдары гастрольдік сапармен Қазақстанның қалалары мен ауылдық жерлерінде өнер көрсетіп тұрады. ## Дереккөздер
Түйелер (лат. Camelus) – сірітабандылар отряд тармағының түйетәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) — негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), — Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері — Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады. Түйе ежелден шөлді-тұзды аймақтардың табиғат жағдайларына жақсы бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын бірден-бір түлік. Соған қарамастан оларды жазда күніне 2 рет, қыста 1 рет суару қажет, тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады. Түйенің тағы бір биол. ерекшелігі – қыста қолда бағуды, сапалы азықтандыруды және жылы қораны керек етпейді. Бірақ Түйелер жүні қырқылған алғашқы аптада өкпек жел мен жоғары ылғалдылыққа төзімсіз, осы мезгілде олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауын қамтамасыз ету керек. Қос өркешті қазақ Түйелері дене бітімдерінің ерекшеліктері, ірілігі, өнімділігі бойынша 3 тұқымдық типке бөлінеді: оралбөкей, Қызылорда және оңтүстік Қазақстан Түйелері. Орал-бөкей типінің басқаларынан тірілей салмағы мен жүн өнімділігі 5–10 %-ға жоғары болғандықтан, асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдаланылып келеді. Дара және қос өркешті Түйелерді бір-бірімен будандастырудан алынған будандар дене бітімінің беріктігі, ірілігі, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары мен ауыр жұмысқа төзімділігі бойынша таза тұқымды Түйеден айтарлықтай ерекшеленеді. Тірілей салмағы бойынша артықшылығы 20–25 %-ға дейін жетеді. Будандардың үлектерін нар, інгендерін мая деп атайды. Нарлар тек жұмыс күші мен өнім алу үшін пайдаланылып, жұптастыруға жіберілмейді. Маялар әдетте қос өркешті үлектермен шағылыстырылып, аталық тұқымға ұқсас ұрпақ алынады. Түраралық будандастыру тек таза қанды дара және қос өркешті Түйелер пайдаланылғанда ғана жақсы нәтиже беретіндігі, будандардың асыл тұқымды мал ретінде маңыздылығы жоқ екендігі ескерілуі қажет. Түйенің сүті, еті, жүні пайдаланылады. Сүтінен емдік қасиеті бар шұбат, май, сыр, дайындалса, еті тағамға қолданылады, ал жүнінің 85%-ы таза, өте бағалы түбіт. ## Түйе атаулары * Ілөк * Інген * Айыр * Алмас * Аруана * Асау түйе * Атан * Божығай * Босалаң түйе * Босалаң түйе * Бура * Бұзбаша * Бір қырыққан түйе * Дөненше * Жабы түйе * Жайланған түйе * Жасық түйе * Жатаған түйе * Жөңшең * Көшек * Қағылжың түйе * Қайымал інген * Қара тіс * Қоспақ * Құнанша * Мая * Нар * Нартайлақ * Нарша * Сақа түйе * Соқтан * Тайлақ * Тұмса * Тығыршын * Шалағай түйе * Шаңырақ түйе * Шау түйе * Шырынсыз түйе ## Ерекшеліктері Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған, сондықтан бұл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдай төгіп жата береді. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген, сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі — жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері — Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері — Африка өңірі. Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе Монғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені — төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін — «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл- қазы» деп атайды. ## Халық өміріндегі түйенің рөлі Ертеде түйелі көш «сахараның салтанатты» деп аталған. Ежелгі Қытайдан Жерорта теңізіне дейінгі керуен жолының тарихы түйе түлігімен тікелей байланысты. Төрт түліктің бойында болатын жақсы қасиеттердің бәрі түйе малының бойынан табылады. Ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерінде түйеге қатысты теңеу сөздер, даналық нақылдар, мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Бұл ой-тұжырымдар түйенің тіршілік ерекшеліктерін айқын аңғартады. «Түйесі бардың - киесі бар», «Көтерем деп түйедей безбе — салтанатың емес пе? Тебеген деп биеден безбе - қос қанатың емес пе?». Түйе түлігін қастерлен «ұлық» деп те атайды. Түйешіні «ұлық баққан» деп құрметтеп, оған көпшілік жиналған жерде төрдей орын берген. Кейбір аймақтарда түйені «кәуіс» деп атайды. Түйе түлігіне арналған аңыздар бойынша шығарылған күйлер де ел арасына кеңінен таралған. Сүгірдің «Бозінгені», Ықыластың «Желмаясы», Тәттімбеттің «Бозінгені» және т. б. Түйені алғаш жүк тасымалдау мақсатында көш көлігі ретінде үйреткен. Ерте замандардағы ел мен елдің арасындағы сауда-саттық түйелі көш керуендері арқылы жүргізілген. Тарихи деректерде Самарқан саудагерлерінің сапарға Жібек жолы арқылы 30 мың түйемен шыққандығы жазылған. Ертеде қазақ даласында түйесі көп адамдар аз болмаған. Ертеректе Ақтөбе өңіріндегі Сортаңды, Шақытты жерлерін жайлаған Қара деген кісінің 3 мың түйесі болған. ## Түйе қолтұқымдары ### Айыр өркешті түйе Қазақстанда қолға үйретілген айыр өркешті түйенің қолтұқымы көбірек кездеседі. Оны кейбір аймақтарда «айыр түйе», Арал мен Каспий аралығының тұрғындары «түс түйе» деп атайды. Айыр өркешті түйенің жабайы түрі «қаптағай» деп аталады. Айыр өркешті түйенің ұрғашысын - «іңген», еркегін - «бура» дейді. Айыр өркешті түйе ғылыми тілде «бактриан» деп аталады. Оның денесі ірі, салмағы 450-690 килоға дейін жетелі. Қазіргі кезде айыр өркешті түйенің қолға үйретілген үш қолтұқымы бар. Олар - қалмақ, қазақ және монгол қолтұқымдары. Қазақстанда көп өсірілетіні қазақтың айыр өркешті түйесі. Ол құрғақ далалы, шөл-шөлейтті жерлердің табиғи жағдайларына жақсы бейімделген. Аңызақ ыстыққа, үскірік аязға төзімді келеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарында өсіріледі. ### Сыңар өркешті түйе Сыңар өркешті түйені ғылыми тілде «дромадер» дейді. Қазіргі кезде қолда аруана деп аталатын қолтұқымы өсіріледі. Жабайы түрі жойылып кеткен. Оның жалпы аты — «нар». Ұрғашысы — «мая» немесе «аруана», еркегі — «үлек». Сыңар өркешті түйе ыстыққа төзімді, бірақ қатты аязға шыдамайды. Орта Азия мен Қазақстан жерінде ғасырлар бойы халықтық сұрыптау әдісімен өсіріліп келеді. Қазір түйені көлік ретінде пайдаланудан гөрі, еті, қымыраны және шудасы үшін өсіру пайдалы. Мамандардың пікірі бойынша, бір түйенің беретін өнімі 15 қойдың беретін өніміне тең. ## Түйе өнімдері ### Сүті Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер мол. Түйе сүттен шұбат дайындалады (қымыран деп те аталады). Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір шипа, қанды толықтырады. Шұбаттың радиацияға қарсы әсері болатыны да анықталған. ### Шудасы Түйенің шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына және радиация сәулелеріне қарсы ем ретінде пайдаланады. Шудадан бағалы тоқыма бұйымдар жасалады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады. ## Қазақстандағы қазіргі кездегі түйе шаруашылығы Қазір Қазақстанда түйе шаруашылығын дамытуға көптеген игі шаралар қолға алынуда. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Агромеркур» шаруа қожалығында 3 мыңдай түйе өсіріледі. Шаруашылықтағы мыңдай інген сауылып, өнімдері халық қажетін өтеуде. Түйе шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді мол беретін саласы. Қазір кейбір шет елдерде түйе шаруашылығын өркендетуге ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстанда түйе шаруашылығын дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген ғалым — Асылбек Баймұқанұлы. * Түйенің ұрғашылары 3-4 жаста, буралары 5-6 жаста жыныстық жағынан толық жетіледі. Сыңар өркешті түйенің буаздық мерзімі - 1З, айыр өркешті түйенің буаздық мерзімі 14 айға созылады. Түйе екі жылда бір рет боталайды. Ботасы нәзік, ерекше күтімді қажет етеді, күніне 6-7 рет емеді. Бота анасын 18 айдай еміп жетіледі. Түйе 30-35 жыл жасайды. ## Қолға үйрету Түйелер көлік ретінде қолданылып, олардың сүтін, көңін, жүнін және қанын пайдалану үшін қолға үйретілген. Оларды б.з.д. 2000 жылдарға дейін-ақ қолға үйреткен. Дромедар түйелерін б.з.д. 3000 және 2500 жылдары Арабия түбегінде қолға үйретсе, бактриан түйелерін Иранда шамамен б.з.д. 2600 жылдары қолға үйреткен. ## Галерея * * * * * * * * * ## Тағы қараңыз * Ламалар ## Дереккөздер
Сәрсенбай Есімов (1929 жылы туған, Қызылқұм ауданы Ұзынқұдық ауылы) – еңбек ардагері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген мал шаруашылығы қызметкері. Одақтық дәрежедегі дербес зейнеткер, партия, шаруашылық саласында басшы қызметтер атқарды. 1944 – 63 жылдары Қызылқұм, Киров аудандарының шаруашылықтарында зоотехник, директор болып жұмыс істеді. 1963 – 90 жылдары Өзбек КСР Жызақ облысының Фариш ауданында аудандық партия комитетінің 1-хатшысы болды. Осы аралықта Өзбек КСР-іне еңбегі сіңген мал шаруашылығы қызметкері атағын алды. Ленин, «Октябрь Революциясы», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің лауреаты. ## Сілтемелер
Шүршіт – қытай-маньчжур текті халықтардың қазақтар арасында тараған жалпылама атауы. Кейінгі орта ғасырлардан бастап, 19 ғасырдың соңына дейін кеңінен қолданылған. Қазақтар тілі шүлдірлеп тұрған қытайлықтарды көріп, Шүршіт деп атаған. Кейбір деректер бойынша бойларының қысқалығына байланысты шыққан. Кейіннен қытай атауы Шүршіт сөзін ығыстырып шығарды; ## Тағы қараңыз Қытайлар ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Шымкент уезі – 1867 жылы 11 шілдеде жарияланған “Жетісу, Сырдария облыстарын басқару жөніндегі уақытша ережеге” сәйкес Түркістан генерал-губернаторлығына қарайтын Сырдария облысының құрамында ұйымдастырылған әкімшілік-аумақтық бөлік. Шымкент уезі оңтүстігінде Ташкент уезімен шектесіп, солтүстік жағынан Шу өзенін кесіп өткен. 19 ғ-дың басында уезд құрамындағы 28 болыста 540 ауыл болды. 1908 ж. уезді 250794 қазақ, 11 мың орыс, 41350 өзбек мекендеді. 19 ғ-дың аяғында Шымкент уезінің тұрғындары мал шаруашылығымен қатар Арыс, Сырдария, Келес, Шаян, Бөген, Арыстанды өзендерінің бойына дәнді дақыл, бау-бақша егіп, отырықшы өмір сүрген. 1916 ж. уездің Георгиевка саудасында цемент заты, тағы басқа өндіріс орындары жұмыс істей бастады. 1928 ж. жаңа әкімш.-аумақтық аудандастыру шаралары жүзеге асырылуына байланысты Шымкент уезі жойылды. ## Дереккөздер
Шүршіт – Алакөл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы және Абай облысы Мақаншы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 57 км. ## Бастауы Қытай жерінде Барлық жотасының батыс беткейлерінен бастау алып, Ұзынбұлақ ауылына (Мақаншы ауданы) 4 км-дей жетпей тартылып қалады. ## Гидрологиясы Суы Алакөл маңында көптеген бұлақ, тұмалар ретінде жер бетіне қайта шығады. Аңғары жоғарғы ағысында (Қытайда) тар шатқалды, орталық ағысында жарлы, төменгі ағысында айқын байқалмайды. Жауын-шашын суымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы шекара тұсында 0,10 м³/с. ## Дереккөздер
Жотабай Әділбеков (1886, Созақ ауданы Созақ ауылы – 1972, сонда) – Социалистік Еңбек Ері (23.7.1948). 1931 – 1938 жылы «Заготскот» құрылымдық шаруашылығында малшы, 1938 – 1957 жылы Қайнар ұжымшарында жылқышы, Созақ кеңшарында малшы болды. 1960 жылы зейнет демалысына шықты. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. ## Cілтеме
Бессаусақ қарашағыр немесе Қара Ажырақ (→Қара Ажырық) (лат. Cynodon dactylon) – астық тұқымдасының қарашағыр туысына жататын өсімдік. Төселе жайылып өсетін ұзын тамыр сабақты көп жылдық өсімдік. ## Ботаникалық сипаты Сабағы тік, биіктігі 8 – 50 см, жер астындағы жатаған өркені шым түзеді. Жапырағы қандауыр пішіндес, түкті немесе тықыр. Гүлшоғыры 3 – 7 масақты шоғырланған бұтақша. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйекте тұқымы піседі. Қара Ажырақ – суғармалы егістіктің арамшөбі. Күрес шаралары: ауыспалы егіс жерді сыдыра жырту, күзде терең айдау. Алаңдарды шымдандыру үшін егіледі. ## Таралуы Қарашағырдың тропиктік, субтропиктік және қоңыржай климаттық белдеулерде өсетін 10-ға жуық түрі өседі. Қазақстанда бессаусақ қарашағыр көп тараған. Шөптесін өскен тау беткейлерінде, шалғындарда, өзен жайылымдарында, тыңайған егіндіктерде, жол бойында өседі және бау-бақша мен егістік жерлерде арамшөп ретінде кездеседі. ## Шаруашылықтағы қолданысы * Жайылымдарда малдың құнарлы азығы. * Көгалдандыру, аэродромдар мен спорт алаңдарына шым төсеу үшін қолданылады. * Топырақ эрозиясымен күресуде пайдаланылатын ең басты өсімдік. ## Дереккөздер
Тұрлықожа Жансеркеұлы (1863 – 1917, Алматы облысы Райымбек ауданы Сүмбе ауылы) – болыс, Қарқара көтерілісі басшыларының бірі. Тегі албан руы, айт тармағының сүйіндік атасынан шыққан. 4 сайлау мерзімінде 12 жыл бойы (1904 – 1916) айт руының болысы болған. Жаркент уезінің 4-учаскелік келісім сотының 1916 жылы 26 шілдедегі 820-қаулысында Тұрлықожа туралы төмендегідей мәлімет берілген: “53 жаста, қазақ, айт болысынан, заңды некеде туған, кәсібі – малшылық, мұсылман, бай, 1-дәрежелі шапан, үлкен алтын медальмен марапатталған”. 1916 жылы 7 шілдеде Тұрлықожа Жаркент уезді, Нарынқол – Шарын бөлімшесінің приставы Подворковтан майданға тыл жұмысына адам беру жөнінде тапсырма алды. 10 шілде күні Қабан – Қарағай жайлауындағы Ұзақ батырдың үйінде болған игі жақсылардың жиынына қатысқан ол патша жарлығына қарсы шығып, қарулы көтеріліс ұйымдастыру туралы келісімге қосылды. 11 шілдеде Қарқара жайлауындағы Айттөбеде болған ереуілде айрықша белсенділігімен көзге түскен оны шілденің аяғында алғашқы 16 адаммен бірге Қарақол түрмесіне қамап, “аса қауіпті қылмыскер” ретінде ату жазасына кесті. 12 тамыздың түнінде Қарақол түрмесіндегі тұтқындарға қарулы әскер кенеттен оқ жаудырды. 138 адам қаза болған қолдан ұйымдастырылған жаппай қырғыннан Әубәкір Солтанбекұлы, Біләл Разақұлы және Тұрлықожа аман құтылды. 1917 жылдың күзінде қытай қалмақтары мен қазақтар арасындағы жылқы дауына байланысты Құлжа қаласындағы тиісті орындарға барып, мәселенің оң шешілуіне ықпал жасаған Тұрлықожа елге келісімен науқастанып, бір аптаның ішінде қайтыс болды. Сүйегі Сүмбе өзенінің бойындағы әкесі Жансеркенің жанына қойылды. Ел ішінде “қалмақтар үзеңгісіне у жағып жіберіп, қазасы содан болған” деген әңгіме бар. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Итаяқов Көтібар (шамамен 1825, Қызылорда облысы, Құлеке қорғаны маңы – 1906, сонда) — би. Кіші жүз құрамындағы Жаппас тайпасының Жылкелді руынан тарайтын Мойнақ аталығынан. 1870–1880 жылы Царская болысында болыс болған. 1885–1895 жылы “Сарқырама” арығының ақсақалы болып бекітіліп, Перовск қаласының маңына егін егіп, бау-бақша салу ісіне араласады. Көтібар би турасында аңыз-әңгімелер көп тараған. Бейіті Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы Шіркейлі ауылы маңында, Итаяқов жерленген жерге қойылған мұнара биіктігі 10 метр, екі көлденең шеңбері 4 метр. Ішіне кіріп шығатын ашық қуыс есігі бар, шала күйдірілген саз кірпіштен салынған. Бұл мұнара 1982 жылдан жергілікті ескерткіштерді қорғау қоғамының қарамағында. ## Дереккөздер
Итбаев Ережеп (1885-1936) - Алаш қозғалысының қайраткері, өз заманының көзі ашық азаматы, қазақ халқының күрескер, талантты ұлдарының бірі. Қараби руынан шыққан. ## Өмірбаяны Жасында Омбыда гимназияда оқыған. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, кейін Томск университетіне оқуға түседі. Онда қандай мамандықта оқығаны белгісіз. Оның үстіне, оқуын аяқтамай университеттен шығып кеткен. Итбаев Ережеп университеттен шыққанмен, білімге деген ынтасын жоғалтпай ізденеді. Оқығанын көкірегіне тоқи білетін азамат өзі ізденіп, өмірден мол білім жинайды. Орыс тілін жақсы меңгереді. Соның арқасында әлеуметтік жұмыстарға араласады. 1897-1898 жылдары Қарқаралы, Кереку уездерінің жер мәселесін зерттеуге шыққан экспедицияның құрамында болады. 1900-1917 жылдар арасында Қарқаралы уезі бастығының кеңсесінде, Ақмола округтік сотында аудармашы болады. Орыс тіліне жетік азамат аудармашы бола жүріп патша үкіметінің отаршыл саясатының сырын және жергілікті патша ұлықтарының пиғылын жақсы түсінсе керек, 1917 жылы өз еркімен жұмыстан кетеді. Оның не мақсатпен жұмыстан кеткенін үкімет жұмысынан босай салысымен, Алаш орда қозғалысына қатысуынан білуге болады. Халыктың басын қосып, Алаш туы астына топтастыру үшін 1917 жылы сәуір-мамыр айларында Ақмола облысында тұратын қазақтардың съезін ұйымдастырады, бүл съезді өзі басқарады. Ұлттың бірлігі, болашағы үшін күресуге бел бұған Итбаев Ережеп Алаш орданың Ақмола облыстық комитетінде белсенді қызметтер атқарды. Тыңғылықты да тиянақты жұмыстары арқылы халық алдында, Алаш орда үкіметі алдында өзінің адал ниетін, берік ұстанымын танытады. Бүкіл ресейлік құрылтай жиналысына Алаш партиясының Омбы қалалық ұйымынан ұсынылады. Ол қашан да өзіне жүктелген міндетті адал орындап отырды. Томск қаласында 1917 жылы қазанның 8-15 күндері аралығында жалпы-сібірлік съезд өткенде Итбаев Ережеп Ә.Бөкейхан, М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов, С.Досжановтармен бірге қазақ халқының өкілі болып қатысады. Сол жолы Сібір кеңесінің құрамына қабылданады. 1917 жылы желтоқсанның 5-13 күндері аралығында Орынборда жалпықазақ съезіне қатысып, Алаш автономиясының халық кеңесіне кандидат болып сайланады.Итбаев Ережептің кейінгі өмірі туралы дерек жоқ. ## Дереккөздер
Мұғалжар ескерткіштері – палеолит дәуірінен сақталған тұрақтар кешені. Ақтөбе облысындағы Мұғалжар тауларының батыс беткейінде, Жем өзенінің жоғарғы ағысында шоғырланған. 1999 – 2001 ж. Қазақстан – Ресей біріккен археолог. экспед. (жетек. А.П. Деревянко) зерттеген. Жалпы саны 30 шақты ескерткіштерді тұрақ және тұрақ шеберханалар деп бөлуге болады. Тас құралдары қатты, орташа және әлсіз дефляцияға ұшыраған топтарға жіктеледі. Мұндай құралдар ақшыл сұр және қызғылт түсті ірі түйіршікті кварцты құмтастардан дайындалған. Ежелгі адамдар қолымен жасалған тас құралдардың жалпы саны 6 мыңға жуық. Олар түрлі өзектастардан, қырғыштардан, тас жаңқалары мен тіліктерінен, т.б. тұрады. Мұғалжар тауларында шикізаттың мол кездесуі ежелгі адамдарға түрлі еңбек құралдарын жасауына, ал плейстоцендегі табиғи жағдайлар түз аңдарын көп аулауына мол мүмкіндік туғызды. Мұғалжар ескерткішінде ашель заманына тән шапқылар, тасбақа пішіндес өзектастар, қырғыштар жиі кездеседі. Бұл Мұғалжар ескерткішінің басқа өңірдегі палеолиттік кешендерден өзгеше екендігін көрсетеді. Сондай-ақ олардың Қаратау, Маңғыстау мен Сарыарқа өңірлеріндегі палеолиттік ескерткіштермен техника және типология жағынан аз да болса байланысы бар екендігі аңғарылады. Әсіресе мұндағы Мұғалжар 3 – 6 ескерткіштерінен алынған, ашель дәуірінен бастап кейінгі палеолитке дейінгі аралықты қамтитын тас құралдар Қазақстандағы палеолиттік ескерткіштердің хронологиясын, кезеңдестірілуін және корреляциясын анықтауда негізгі мағлұмат көздерінің бірі болып табылады. ## Дереккөздер “Қазақ энциклопедиясы – VI том”
Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин (1947 жылы 13 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Диқан ауылында туған) — ақын, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан жазушылар одағының төрағасы. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2002). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998). Алматы облысының құрметті азаматы. ## Толығырақ * Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин 1947 жылы 13 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Диқан ауылында дүниеге келген. Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. * 1965 жылы ол мектепті күміс медальмен бітірді. * 1965 - 1970 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университеті)нің филология факультетін бітірген. * 1970 жылы ол еңбек жолын "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер болып істеді. * 1972-1984 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық коллегиясында редактор, аға редактор, бас редактор қызметтерін атқарды. * 1984-1986 жылдарда Республикалық қуыршақ театрының директоры болды. * 1986 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының I съезінде Одақ Басқармасының бірінші секретары болып сайланды. * 1986 жылы өткен КСРО театр қайраткерлері Одағының I съезінде Басқарма құрамына енді. * 1990 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі XII шақырылуының депутаты болды (Ұлт саясаты, мәдениет пен тілді дамыту жөніндегі Комитет Төрағасының орынбасары қызметін атқарды). * 1991 жылдарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жоғарғы Палатасында ғылым, білім және мәдениет Комитеті төрағасының орынбасары. * 1993-1996 жылдар аралығында "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. * 1996 жылы Қазақстан Жазушыларының XI съезінде Одақ Басқармасының Бірінші секретары болып сайланды. * 2002 жылы Қазақстан жазушыларының XII съезінде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болып қайта сайланды. * Қазіргі Республикадағы Жазушылар Ұйымын басқарады. ## Шығармашылығы * Нұрлан Оразалин қаламынан ондаған көркем дүниелер туды. Ер жылдарда "Беймаза көңіл", "Көктем көші", "Жетінші құрлық", "Азаматқа аманат", "Қүралайдың салқыны", "Ғасырмен қоштасу", "Сырнайлы шақ" атты жыр жинақтары мен "Азаматтық айдыны" атты көркем публицистикалық-эссе толғаулар кітабы жарық көрді. Сондай-ақ Нұрлан Оразалиннің қаламынан туған "Шырақжанған тун", "Тас киіктер", "Аққүс туралы аңыз" ("Бойтүмар"), "Қарымта", "Қилы заман", (М.Әуезовтың аттас шығармасының ізімен жазылған), "Бастықтың бір күні", "Қарақазан ғасыр", "Көктемнің соңғы кеші" тәрізді драмалық шығармалары көп жылдар бойы Қазақстан театрларында табыспен жүріп, теле-радио спектакльдерінің арқауына айналды. * Нұрлан Оразалин орыс жазушысы Г.Свиридовтың "Жанкешті сапар" романын, үнді классигі Р.Тагордың "Пошта", қалмақдраматургі А.Балақаевтың" Ана жүрегі", әзірбайжан драматургі Р.Гейдардың "Бір ендіктің тынысы", неміс драматургы Х.Каллаудың "Зәйтүн толы қүмыра", белорус драматургы А.Петрашкевичтің "Дабыл" пьесаларын қазақшаға аударды. * "Шырақ жанған тун", "Аққүс туралы аңыз" пьесалары орыс, қырғыз тілдеріне аударылып, өлеңдері орыс, украин, болгар, түрік, молдаван, қырғыз, өзбек тілдеріне тәржімаланды. * Ақынның "Шырақ жанған түн", "Аққүс туралы аңыз" пьесалары орыс, украин, молдаван, қырғыз, өзбек тілдеріне тәржімаланды. Нұрлан Оразалин еліміздің саяси, мәдени, өміріне қоян-қолтықараласып келеді. Стамбүл қаласындағы Еуразия Қорының түрақты мүшесі, Қор қасынан шығатын "ДА" ("Диалог Авразия") журналының алқа мүшесі. Ол, сондай-ақ, Мәскеу қаласындағы Жазушылар Үйымдарының Халықаралық Қауымдастығы төрағасының орынбасары, Халықаралық Әдеби Қордың теңтөрағасы, Орта Азия халықтары Мәдени Ассамблеясының Вице-Президенті. * Нұрлан үшін "Қараңғы түн де", "Аруақтарға мекен болған көк аспан да", "Кеудесін қысқан Дәуірдің қасіретті толғағы да", бәрі-бәрі "Жүрегін жұлқыған Тәңір сөзіндей" елестейді. Ақын үшін оқшау ескі обалар кешегі "ғұндар мен сақтардан қалып қойған оқылмаған кітаптай" көрінеді". Г.Свиридовтың "Жанкешті сапар" романын, Р.Тагор, А.Балақаев, Р.Гейдар, Х.Каллау, А.Петрашкевич пьесаларын қазақ тіліне аударған."Зеленая огонь" өлеңдері орыс тілінде жарық көрді. Шығармалары "француз", "ағылшын", "қытай", "түрік", "болғар", "өзбек", "қырғыз", "украин" т.б. тілдерге аударылған. ## Марапаттары * 2017 - ІІІ дәрежелі Барыс ордені * 2010 - Парасат ордені * 2005 - Құрмет ордені * 2002 - "Ғасырмен қоштасу" өлендер жинағы үшін, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы берілді. * 1998 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді. * Алматы қаласының құрметті азаматы * Алматы облысының құрметті азаматы * ҚР көптеген мерекелік медалдарымен және президенттің алғыс хаттарымен марапатталған. * 2022 - І дәрежелі Барыс ордені ## Дереккөздер
Ерсін Жайлауов (26.7.1977 жылы туған, Шымкент қаласы) – боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Жаттықтырушысы Н.Сафиуллин. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. ТМД елдері спартакиадасының чемпионы (Санкт-Петербург, 1995). Ізгі ниет ойындарының жеңімпазы (1998, Нью-Йорк, АҚШ). Гран-При халықар. турнирінің күміс жүлдегері (1998, Чехия). Әлемге әйгілі Мұхаммед Әли құрметіне арналған 1-халықар. турнирдің чемпионы (1997, Луисвиль, АҚШ). Ол Бүкіл дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша интерконтинент чемпионы атанып, Еуропа бокс ұйымының (EBU) рейтингіне кірген тұңғыш қазақстандық боксшы. ## Сілтемелер
Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылы — Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ауыл, Дауылкөл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жосалы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 45 км-дей жерде, Қурайлы каналының аңғарында орналасқан. Ауыл жерін түгелімен Тұран ойпаты алып жатыр. Оңтүстігінде Қызылқұмның төбелі құмдары орналасқан. ## Климаты Климаты тым континентті, қысы біршама суық, жазы ыстық әрі қуаң, аңызақты келеді. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы -9-13 С, шілдеде +27+29 С. Жауын- шашынның орташа жылдық мөлшері- 100-150 мм. ## Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі Топырағы солтүстікте сұр, құмайтты сұр, тақыр және тақыр тәріздес топырақ. Орталық бөлігінде құмайтты сұр, бозғылт сұр. Сырдария аңғары мен жайылмасында шалғынды топырақ және шалғынды- батпақты топырақ қалыптасқан. Оларда боз жусан, еркекшөп, баялыш, бұйырғын, тасбұйырғын, көкпек ши, қара сексеуіл, сарсазан, қамыс, құрақ, қаратал, жиде, жыңғыл, шеңгел т.б өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, борсық, құм қояны, құстардан қаз, үйрек, қырғауыл, көкқұтан, т.б мекендейді. Балыққа бай. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2347 адам (1205 ер адам және 1142 әйел адам) болса, 2009 жылы 2240 адамды (1138 ер адам және 11102 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1928 жылы «Талап», «Алға», «Екпін», «Ұмтыл», «Жұлдыз» атты серіктестіктер негізінде құрылған. 1930 жылы ұжымшар, 1933 жылы жерді бірігіп өңдейтін серіктестік (ТОЗ) құрылды. 1937-1938 жылы іріленіп, ұжымшар болып қайта құрылды. 1957 жылы ұжымшар күріш өсіретін кеңшар болып өзгертілді. 1997 жылдан «Тұрмағамбет» ӨК болып аталады. Онда ұн тартатын, күріш ақтайтын цехтар мен диірмендер жұмыс істейді. Ауылдан белгілі ақындар Ешнияз сал, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет, Шораяқтың Омары, Жиенбай жырау, т.б. шыққан. ## Дереккөздер
Жалғызтөбе — Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2024 жылы таратылды. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ақжар ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 31 км жерде, Маңырақ жотасының батысында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Итемшек гидраденит – тері бездерінің іріңді қабынуы. Негізінен, қолтықтағы, кейде шап, тері бездері ауырады. Тері бездерінде – иісті сұйық зат қалыптасып, қалыпты жағдайда тері бездері өз сөлдерін бір деңгейде шығарып отырады. Ал осы сөлдердің дұрыс бөлінбей теріде қалуы – организмнің улануына әкеледі. Итемшек, көбінесе, тершең адамдарда кездеседі. Тердің сыртқа шықпай, организмде жиналуы, көбінесе, ауадағы шаң-тозаңдардың теріге жабысып, түтік көздерін бітеуінен болады. Итемшек кезінде қолтық астында әр жерден түйін пайда болып, ол біртіндеп ұлғайып, иттің емшегіндей болғандықтан, халық оны “ Итемшек ” деп атаған. Итемшектің клиникалық белгілері: қолтық астында әр жерден түйін пайда болады, оны қолмен басқанда ауырсынып білінеді. Біраз уақыт өткен соң түйіннің ортасы босап, сол жерге ірің жиналады. Кей жағдайда осы ірің өз бетінше жарылып, қабынған жерден қанды-іріңді сұйық шығып, науқас біраз жеңілденіп қалады. Бұл – уақытша құбылыс. Егер сұйықтың ағуы тоқтап, жиналған жағдайда дерт одан әрі асқынуы мүмкін. Түйіннің көлемі ұлғайып ісінеді, тері қызарып, адамның дене темп-расы (38 – 40С-қа) көтеріліп, қалтырайды, бұл организмнің улануына әкелуі де мүмкін. Итемшекті консервативті және хирургиялық жолмен емдейді. Итемшектің серозды, инфильтративті, серозды-инфильтративті кездерінде дәрі-дәрмек (антибиотиктер, сульфамид дәрілері, түйін шыққан жерді шайып, жылы компресс қою) беріледі, ал ауру асқынып, іріңдеп кеткен кезде хирургиялық операция жасалады. Итемшек тен сақтанудың ең негізгі жолы – әрбір адамның жеке басының тазалығын сақтау, салауатты өмір сүру. ## Сілтемелер “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 – том
Оразалы батыр ауылы — Жамбыл облысы, Шу ауданындағы ауыл, Ақсу ауылдық округінің құрамында. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Төле би ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 63 км жерде, Шу өзенінің сол аңғарының шөлді белдемінде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1998 жылға дейін "Жданов" деп аталып келді. Ауыл 1950 – 97 жылдары қой өсіретін ұжымшардың бөлімшесі болған. Оның негізінде Оразалы батыр ауылында шаруа қожалықтары құрылды. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. ## Дереккөздер
Қызылқұм арқары (лат. Ovis ammon severtzovi) — қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аша тұяқты аң. Құлжасының дене тұрқы 130 см-дей, шоқтығының биіктігі 80 см, салммағы 70–125 кг. Негізгі қорегі – астық тұқымдастар (бетеге, қау, бидайық, т.б.), күрделігүлділер (жусан, көбенқұйрық, т.б.) және әр түрлі шөптесін өсімдіктер (таспа, қазжуа). Жыныстық жағынан 2 жасында жетіледі. Қазанның аяғы желтоқсанның басында күйлеп, сәуір–мамырда аналығы жалқы (кейде екі) қозықа табады. Қызылқұм арқары – өте сирек кездесетін аң. Қазақстанда 20 ғасырдың ортасына дейін Сырдария мен Қуаңдария өзендерінің сағаларының аралығын мекендеген. Қазір Қазақстанда Қызылқұм арқары кездеспейді. Қызылқұм арқары қорғауға алынып, «Жойылып кету қаупі бар жабайы жануарлар мен өсімдіктерді сату туралы халықаралық конвенциясына» және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Статус I-ші санат. Мүмкін, Қазақстанда жойылған түрше, бірақ Өзбекстанда оның саны біртіндеп қалпына келуде. Халықаралық табиғат қорғау Одағының, Қазақстанның, Өзбекстанның Қызыл кітаптарына енгізілген. ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Қазақстан фаунасындағы арқардың 5 түршесінің бірі. ## Таралуы Тамдытау, Нұратау, Ақтау, Малғызартауда және Түркестан тауының солтүстік етегінде мекендейді. Қазақстанда бұл арқар жоқ. Бірақ Нұрытау мен Ақитаудан біздің республика территориясына Қарақтау мен Қойтасқа енеді. ## Мекендейтін жерлері Қызылқұм арқары-тау жануары Нұратауда теңіз деңгейінен 2169 м дейін кездесе, ал Қызылқұм қыраттарында – 992 м дейін мекендейді. Қазірде бұл аудандарда таулардың орта және жоғарғы белдеулерінде кездесе береді. ## Саны XX-ғасырдың ортасына Қазақстанда Северцов арқары жойылып кетті. 1959 жылы Актау мен Нұратауда тек бірнеше жүзі ғана қалды. 1960 жылы Нұраты қорықшасын ұйымдастырғанынан кейін оның саны көбейе түсті. Өткен ғасырдың 60-90-шы жылдарында Өзбекстанда 800-ден 2500-ге дейін арқар саналса, оның 550-1200-дей; Нұраты қорығында болды, ал 2006 жылы қорықта 1500-дай бұл жануарлар тіршілік етті. ## Негізгі шектеуші факторлар Браконьерлердің заңсыз аулауы, тау жайылымдарынан үй малдарының ығыстыруы. ## Биологиялық ерекшеліктері Көктемде көбіне арпабас, қоңырбас, қияқ сияқты эфемерлершы қоректенсе, басқа маусымдарда көптылдық өсімдіктермен (дәнді дақымды шөптер, жүсан, көде, бидайық және т.б.) азықтанады. Жаздың ыстық күндерінде тастар қуысындағы көлеңкелерде, бұталар арасында тынығады. Жайылуға кешке шығады. Нұратауда күйлеуі қазан айының аяғымен желтоқсанның басында өтеді. Сәуір-мамырда төлдейді. 5 айдай буаз болады. 1-2 қозы туады. Жыныстық жағынан өмірінің екінші жылында жетіледі. ## Қолда өсіру Мәлімет жоқ. ## Қабылданған қорғау шаралары «Жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлерімен халықаралық сауда жасау Конвенциясының» 2-ші Қосымшасына енген. Өзбекстанда Нұраты қорығында қорғалады. ## Қорғауды керек ететін шаралары Мекендейтін жерлерінде арқары қорғауды күшейту және Ақтауда осы өте сирек кездесетін бағалы жануарды қорғау үшін қорық ұйымдастыру қажет. Қызылқұм арқарын қолда өсіруді де қолға алу керек. ## Зерттеу үшін ұсыныстар Қазақстан территориясына кіру мәліметтерін жинастыру керек. ## Дереккөздер
Әже ата кесенесі - архитектуралық ескерткіш. Созақ ауданында. Шикі кірпіштен қаланып, сыртына сылақ жүргізілген. Сегіз қырлы қабырғаға конус тәріздес биік мұнара орналасқан. Күмбезде үш қатар болып келетін, арақашықтықтары бірдей қырланған ағаштар бар. Ішке кіретін есігі кесененің оңтүстік бөлігінде. Кесененің ортасында шикі кірпіштен қаланған қабыртас тұр. ## Дереккөздер
Өзген, Үзген, Үзгент (қыр. Өзгөн, өзб. Узган) — көне қала. Қазіргі Қырғыз Республикасының Ош облысындағы аудан орталығы, Қарадария өзеннің оң жағалауында орналасқан. Ежелгі заман мен орта ғасырларда Ферғана мен Шығыс Түркістан арасындағы керуен жолындағы ірі қала болды. Өзгеннің негізі б.з.б. II - I ғасырларда Кушан патшалығы кезінде қаланған. Ферғана аймағын X ғасырдың соңында түркі билеушілері — ілектер немесе Қарахан әулетінің өкілдері басып алды. Сол кездегі жазба деректерінде Өзген бастапқыда бүкіл Мауераннахрдың, кейіннен жергілікті билеушілердің ордасы ретінде жиі еске алынады. Өзген қарахандардың батыс бөлігінің астанасы болды, мұнда шақалар (теңге) шығарылды. 1141 жылдан бастап қарақытайлар Ферғана мен оған жапсарлас аудандарды өзіне бағындырғанымен, бұрынғы әулеттердің билігі мен қалыптасқан қарым-қатынастарына өзгерістер енгізген жоқ. XII ғасырдың 2-жартысында Үзгент билеушілері күшейіп, Самарқандты жаулап алды. Бірақ кейіннен әлсіреп, 1212 ж. Хорезмге бағынды, моңғол шапқыншылығынан кейін Шағатай ұлысының құрамына кірді. Мөңке хан Үзгентті қарлұқтардың билеушісі Арслан ханға берген. Жуайнидің жазуынша Үзгентте қарақытай гурханының қазынасы сақталған. Үзгентте XII ғасырдан XIV ғасырға дейінгі аралыққа тән көптеген мазарлар мен жекелеген архитектуралық ғимараттар да сақталған. Ол үш мазар мен бір мұнарадан құралған. Мазарлар қатарласа орналасқан. Ортаңғысы XI ғасырда салынған, шаршы пішінді (8,5х8,5), порталдары бұзылған. Қабырғаларының іші әр түрлі өсімдіктердің суреттері мен геометриялық пішіндермен өрнектелген. Солтүстік жағындағысы 1153 ж. салынып, Қарахан әулетінің бір өкілі жерленген. Мұның да пішіні шаршы (7,5х7,5), күмбезді. Оңтүстіктегі мазарға да жергілікті хандардың бірінің сүйегі қойылған. Бұл мазар 1186 ж. салынған. Халық арасында мазарларға жерленген хандар жөнінде болжам сипатты аңыздар сақталған. Оның біреуі бойынша мұнда әулие Бұрхан әд-Дин Қылыш әке-шешесімен және екі ағайынды ілек-хандар — Ілек пен Санжар Мазилер жерленген. Мазарлардан 100 м-дей жерде мұнара орналасқан (XII ғасырда салынған, биіктігі 28 м-дей). Өзген Әмір Темірдің билігі кезінде де саяси өмірдің, қолөнер мен сауданың орталығы болды. XIX ғасырдың бас кезінде Қоқан хандығының құрамына кірген соң өз маңызын түпкілікті жоғалтты. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Өзген Мұрағатталған 2 мамырдың 2008 жылы. (орыс.)
Итжеккен – Ресей империясында қылмыс жасағандар және саяси қылмыс жасады деп айыпталғандар жазасын өтейтін қиыр терістіктегі аймақтың қазақ тілінде қалыптасқан атауы. Жергілікті тұрғындардың шанаға ит жегетініне байланысты шыққан; қ. Каторга. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Тәңірберген Жайлыбаев (1899, Атырау облысы Маңғыстау ауданы – 1966, сонда) – Cоциалистік Еңбек Ері (8.6.1957). 1918 – 20 жылдары Қызыл Армия қатарында болды. 1920 – 30 жылдары теміржолшы, ауданы ұжымшар одағының нұсқаушысы. 1930 – 61 жылдары Мақтаарал ауданындағы Прогресс, Дехкан және Коммунизм ұжымшарының төрағасы, 1962 – 63 жылдары Коммунизм ұжымшарында меңгеруші, 1963 – 66 жылдары Атырау облыс(ы) Маңғыстау ауданында агроном болып қызмет істеді. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Сілтемелер
Итжығыс – қазақша күресте екі палуанның бірін-бірі жеңе алмай, қатар жығылғанын, жекпе-жектің тең аяқталғанын білдіретін термин. Бұрын қазақша күресте белдесу бір жағының жеңгеніне дейін өткізілетін болған. Қазіргі күрес спортында палуандар белдесуді тең аяқтаса, оларға екі-екіден айып ұпайы беріледі. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Озмыш Тегін (т. ж. б. – 744) – Шығыс Түрік қағанатының қағаны. 734 жылы Білге қаған қайтыс болғаннан кейін Шығыс Түрік қағандығында тақ таласы басталады. Білге қағанның туысы Озмыш Тегін таққа отыра салысымен мемлекет құрамындағы қарлұқ, басмыл және ұйғыр тайпалық бірлестіктері оған қарсы шықты. 744 ж. қарлұқ, басмыл және ұйғырлардың біріккен күшінің қысымымен Озмыш Тегін биліктен кетіп, өлтірілді. ## Ішкі сілтемелер * Шығыс Түрік қағанаты * Ұйғыр тайпасы * Қарлұқ қағанаты ## Дереккөздер * Кляшторный С.Г., Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии, М., 1964; * Гумилев Л.Н., Этногенез и биосфера Земли, Л., 1990.С. Сыздықов ## Тағы қараңыз
Гүлшара– ортағасырлық қалашық орны. Мойынқұм ауданы Ынталы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 14 км жерде, Шу өзенінің ескі арнасының оң жағасында. Гүлшараны 1989 ж. ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) археологиялық экспедициясы (жетек. М. Елеуов) ашқан. Қалашық шахристан мен ішкі қамалдан (цитадельден) тұрады. Шахристан бұрыштары әлемнің әр тарапынан бағытталған, трапеция пішіндес төбе. Оның аумағы 130×100–120 м, биіктігі 2–2,5 м. Батыс және шығыс жағының орта тұсында екі жағынан мұнарасы бар кіреберіс жері болғандығы анықталды. Ішкі қамал аумағы 45×50 м, биіктігі 4 м төбе. Ол шахристанның орталық бөлігіне орналасқан. Шахристанның оңтүстік-батыс бұрышынан 15 м шығысқа қарай аумағы 2×3 м тікқазба (шурф) түсіріліп, қалыңдығы 1,3 м мәдени қабат аршылған. Тікқазбадан құм, құмыра, тагора, табақша және өзге де қыш ыдыстар сынықтары алынды. Бұлардың бәрі сырланбаған ыдыстар болып табылады. Материалдарға қарап, Гүлшара қалашығын тұрғындар 8 – 12 ғасырларда мекендегені, олар егін егумен және мал өсірумен шұғылданған деп тұжырым жасауға болады. ## Дереккөздер
Ителмендер («итәнмән» - «осында тұратын») – Ресейдің Камчаткатүбегінің байырғы халықтарының бірі. 2002 жылғы халық санағы бойынша ителмендер саны 3474 адамды құрайды. Қазіргі уақытта олар негізінен Тигиль ауданының Ковран, Тигил, Палана, Хайрюзово ауылдарында орналасқан. ## Этнонимі Ительмендер — Итәмән немесе Итенмен деген халықтың этнонимінің орысша бейімделуі, орысша дыбысталған өзіндік атауы. Аудармаларда әртүрлі ұқсас мағыналар бар: «бар болған адам», «осында өмір сүретін». XIX ғасырда этноним аймақтың солтүстік-батысында тұратын халықтың бір бөлігі арасында ғана тіркелген. Бірлікті сезіне отырып ителмендер өздерін руының, қауымының немесе елді мекенінің атымен атаған: кшаагжи, кыхчерен, чупагжу, бурин, лингурин, кулес. Орыс отаршылдары өлкедегі барлық халықтарды қамчадал деп атады. ## Этногенезі Ительмен этникалық мәдениетінің тарихи тағдырында бірнеше генетикалық жолдары бар. Біріншіден, ол Солтүстік-Шығыс Сібірдің палео-азиялық халықтарының көпшілігіне тән бірқатар ортақ элементтерді қамтиды (шаруашылық қызметінің негізгі түрлері, тұрғын үй және шаруашылық құрылыстарының кейбір түрлері, ішінара көлік және қысқы киімдер. Типологиялық жағынан ұқсас негізгі әлеуметтік институттар). Екіншіден, мәдени байланыстардың бағыты мен қарқындылығы көршілес халықтар мәдениетінің өзара әрекеттесуіне немесе олардың біреуінің екінші бірінің мәдени элементтерінің бейімделуіне әкелді. Ительмен мәдениетінің Айнулармен мұндай байланыстары археологиялық материалдар негізінде де, жазба деректер негізінде де орнатылған. Алғашқы байланыстар, интеграциялық сипатта болса, кейінгілері этномәдени өзара әрекеттесу (алмасу, неке байланыстары, материалдық және рухани мәдениет саласындағы өзара әсер ету) сипатта болды.Этномәдени байланыстың тағы бір бағытын алеуттерден байқауға болады. Оның үстіне бұл жерде тұрғын үй, киім-кешек, тоқу техникасы, ою-өрнек, т.б. дан байқалатын генетикалық аспект (ортақ формация) де, тарихи кейінгі мәдени байланыстар да маңызды. Ең тұрақты байланыстар ительмендер мен олардың солтүстіктегі көршілері коряктар арасында бірге тұрған жерлерде болды. Бұл антропологиялық түрде жазылған - коряктар мен ительмендер арктикалық нәсілдің материктік популяциялар тобында чукчалар мен эскимостарға қарсы тұрады, бұл тіл саласында да байқалады. Ительмендер негізгі біріктіруші рөлді атқарған сияқты. Үшіншіден, бұл XVIII ғасырдың аяғында басталған орыстармен қарым-қатынас және олардың мәдениетінің синкретизация бағытында түбегейлі өзгеруіне әкелді, бірақ жеткілікті қарқынды некелік байланыстары бар, ительмендерден этномәдени жағынан ерекшеленетін және орыстарға қарай ұмтылатын камчадалдардың саналы этникалық тобы пайда болды. ## Сырт келбеті Антропология мамандары ительмендерді солтүстік моңғолоидтардың бір түрі болып табылатын шағын арктикалық нәсілге жатқызады. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, ительмендердің гендері солтүстік америкалық навахо үндістерімен және аляскалық тлингитпен бірдей. Ең көрнекті белгілердің ішінде мыналарды атап өтуге болады: * қысқа бой және қара тері; * күңгірттенген моңғолоидтық көз пішіні; * ерлерде жұқа түктер; * үлкен еріндері бар үлкен ауыз; * көрнекті бет сүйектері; * жіңішке саусақтар. ## Тілдері Тілі - ителмен тілі (ескіше атауы – камчадал тілі). Ол дәстүрлі түрде палеоазиаттық тілдердің чукча-коряк тобына жатады, бірақ бұл топтың тілдерімен генетикалық байланыстар жоқ, тілдік жағынан олар ертеде шығыс, оңтүстік, батыс топтары болған. Қазіргі уақытта батыс тілі мен оның диалектілері сақталған: напан, седанкин,сопочнов, хайрюзов. Көптеген ительмендер үшін орыс тілі ана тілі болып табылады. 1932 жылы латын графикасы негізінде ителмендік әліпби жасалды. ХХ ғасырдың соңында ителмен тілінің жандануы басталады. 1988 жылы Оңтүстік диалект негізінде ительмен алфавиті мен оқулықтары жасалды. ## Діні Дәстүрлі нанымдар — анимизм, тотемизм, фетишизм. Жердің алғашқы ата — бабасы және жаратушысы Қарғалар-Кутха болып саналды. Әлем мәңгілік, жалпақ, рухтар мекендеген деп саналды. Теңіз иесі Митг ерекше құрметке ие, ол негізгі азық — түлік өнімін-балықты берді, оның құрметіне қараша айында "тазарту" (нусакум) атты ителмендік мереке өтеді. Фетишизм пұт түріндегі амулет киюден көрінді. Бақсыларда (көбінесе әйелдерде) ғұрыптық киімдер, дауылпаздар және басқа да атрибуттар болмаған. Қазіргі ительмендер христиан дінінің православие тармағын ұстанады, христиандандыру 18 ғасырдың екінші ширегінде басталды. ## Тарихы XVII-XVIII ғасырдың соңындағы ителмендердің саны туралы ең дәлелді мәліметтерді Б.О.Долгих берді. Ол 1697 жылы ителмендердің саны 12680 адам, ал 1738 жылы 8448 адам болған деген қорытындыға келген. Олардың санының азаюының негізгі себептері патшалықтың отаршылдық саясаты және ительмендердің орыстармен ассимиляциялану процесі кезінде шетелден әкелінген жұқпалы аурулар (шешек, «горячка» және т.б.) болды. Ғалымдар оларды «орыс үндістері» деп атайды. Оның үстіне олар «кино» емес, нағыз үндістер. Олардың әлі күнге дейін Аляскада тұратын тлинкит үндістерімен жақын туыстық тамыры бар екені дәлелденді. Ительмендердің тағы бір танымал үнді тайпасы Навахомен көп ұқсастықтары бар. 17 ғасырдың аяғында Ительмендер Камчатка түбегінің орталық бөлігін алып жатты. Олардың қонысының батыс жағалауындағы солтүстік шекарасы Тігіл өзені, шығысында Ука өзені болды. Оңтүстікте Ительмен қоныстары түбектің ең шетіне дейін созылып жатты. Камчатканың Ресей мемлекетіне енуімен Ительмен аумақтық топтарының көпшілігі орыстармен қарқынды байланыстар аймағында болды. Казактармен әскери қақтығыстар, тайпа аралық жаулық, індеттер нәтижесінде олардың саны тез азайып кетті. Халықтың ішкі бытыраңқылығы, жергілікті өзіндік сананың басым болуы ассимиляциялық процестерге ықпал етті. 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап ассимиляция процесі бұрынғыдан да жеделдеді, әсіресе Камчатка өзенінің аңғарында қатты болды. Түбектің батыс жағалауындағы ительмендердің ассимиляциясы баяу болды. 19 ғасырдың ортасына қарай олар өздерінің ана тілін және дәстүрлі мәдениеттің көптеген элементтерін сақтап қалды. Ительмендердің қалыптасуы өте кең аумаққа тән кезбе аңшы-балықшылардың мезолит мәдениетімен байланысты. Бұл мәдениеттің бастауы Шығыс Моңғолияның аймақтарынан бастау алады, одан кейін ол Шығыс Сібір мен солтүстік-шығыс Азияның едәуір бөлігіне тарады. Ерте неолитте солтүстік-шығыс Азияда жергілікті аймақтық мәдениеттер қалыптаса бастайды. Солардың бірі – Тарин Камчатканың орталық және оңтүстік бөлігін қамтыды. Зерттеушілердің көпшілігі ежелгі ительмендер оның тасымалдаушылары болды деп санайды. Бірақ жергілікті ительмендердің басқа да генетикалық шығу тегі бар. Ительмендердің көптеген мәдени ерекшеліктері басқа табиғи-географиялық ортада өз іздерін қалдырған, оларды Амур өлкесінің, Приморьенің және Солтүстік Американың халықтарымен туыстас етеді. Саны аз болғандықтан, ительмендердің дербес автономиясы жоқ, 1950 жылдары колхоздардың бірігуіне байланысты ительмендерді қоныстандыру басталды. Сопочное, Морошечное, Утхолок тұрғындары Ковранға, Аманино, Напана, Седанка Оседлой тұрғындары Тигилге көшті. ## Кәсібі Ительмендер негізінен әдеттегі балықшылар болды. Балық шаруашылығының негізгі объектілері – балықтың албырт түрлері. Балық аулаудың әдістері мен құралдары дәстүрлі болды - аулар, торлар т.б. сонымен қатар қалақайдың жіптерінен жасалған әртүрлі ілгектер мен торлар қолданылған. Болашақта пайдалану үшін балық кептірілген күйінде (юкола) жиналды, арнайы шұңқырларда ашытылады, ал қысқы балық мұздатылған. Балық, негізінен албырт, сәуірден қарашаға дейін ауланған. Маңызды рөлді теңіз терісі мен аңшылық кәсіп атқарды. Олар итбалықтарды, аюларды, жабайы қойлар мен бұғыларды, терісі бағалы аңдарды аулаған. 18 ғасырда оңтүстік ительмендер уланған жебелермен киттерді ауласа, шығыс жағалаудағылар каландар мен итбалықтарды аулаған. Тері саудасының өнімдері өз шаруашылығында (ет-азық-түлікке, май-тұрғын үйлерді жарықтандыруға, тері-аяқ киім, киім-кешек, ыдыс жасауға арналған) қолданылып, коряктармен бұғы терісі, ет және сіңірге айырбасталды. Балық аулау мен аңшылық ерлердің кәсібі болды, бірақ әйелдер балықты өңдеумен және жинаумен айналысты. Торды, әдетте, егде жастағы ер адамдар тоқыды. Ительмен әйелдері кеңінен дамыған терушілікпен айналысты. Жеуге жарамды өсімдіктердің алуан түрлері (балдырған, Күреңот, сарана, шеломайник, кемчига, жабайы сарымсақ және т.б.), жидектер, емдік шөптер, балқарағай жаңғағы жиналды. Жиналған өнімдер қыста кептірілген, ысталған күйінде сақталды. Өсімдіктерден әйелдер төсеніштер, сөмкелер, керек-жарақтарды сақтауға арналған себеттер жасады. Құрал-саймандар тастан, сүйектен және ағаштан жасалды, гарпундардың пышақтары мен ұштарын жасау үшін тау хрусталі қолданылды. Палуба тәрізді бат қайықтары - көлік құралы ретінде қызмет атқарды. Ительмендердің Камчатканың орыс халқымен тығыз байланысы олардың арасында жаңа кәсіптердің таралуына ықпал етті. 19 ғасырдың 2-жартысында барлық Ительмен ауылдарында картоп пен көкөніс егетін бақшалар, ірі қара мен жылқы пайда болды. Қазіргі уақытта ительмендердің жұмыспен қамту құрылымында жаңа кәсіптер басым: мал шаруашылығы, құрылыс, өнеркәсіптік балық өңдеу, ительмендердің бір бөлігі халыққа білім беру жүйесінде, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. ## Өмір салты Камчаткада орыстар пайда болғанға дейін Ительмендер толық патриархатта өмір сүрді, бірақ әйелдерді құрметтейтін және тыңдайтын. Отағасы екінші әйел алғысы келсе, біріншісінің рұқсатын алуы керек еді. Ительмендердің отбасылық әдет-ғұрыптары да ерекше. Тіпті ежелгі уақытта қалыңдықтың үйінде күйеу жігітті тексеру әдеті болған. Мұндай "тексеру" үй жұмысын қамтыды. Жас жігіт сүйіктісінің үйінде қызметші лауазымына орналасты. Көбінесе жігіт бірнеше жыл жұмыс істеуге мәжбүр болды, және бұл сүйіктісінің некеге келісетініне кепілдік бермеді. Бірақ некеге дейін физикалық жақындыққа тыйым салынбаған. ### Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Ительмендердің дәстүрлі қоныстары, отбасылық қауымдастықтарға (тойондарға) сәйкес келетін, қандас туыстық және ортақ балық аулау орындарымен байланысты. Жазда отбасылар биік қадалы платформада пирамида тәрізді жеке үйшіктерде тұрды. Кейінірек үйшіктер шаруашылық ретінде пайдаланыла бастады. Балық аулауда олар жеңіл қаңқалы бір қабатты және пирамида тәрізді құрылыстарда өмір сүріп, XVIII ғасырдың аяғында олардың орнына орыс үйшіктері келді. ### Дәстүрлі киімдері Ерлер де, әйелдер де қысқы киімдер ретінде тонды пайдаланды. Ительмендер ит, теңіз жануарлары мен құстардың терісінен тігілген жабық үлбірлі киімдер киген. Әйелдер комбинезондар - кең шалбармен біріктірілген жейделер, ерлер - кухлянка және биік түкті етікке тігілген үлбір шалбар киді. Әйелдер материалды өңдеумен, киім-кешек пен аяқ киім тігумен айналысты. ### Дәстүрлі тағамдары Ительмендердің диетасының негізі лосось балығы болды. Ұлттық тағам - юкола: 6 бөлікке кесілген кептірілген лосось. Уылдырықты ағаш қабығымен кептіріп, олар қыс бойы онымен және юколамен қоректенді. Ительмендердің сүйікті тағамы - арнайы шұңқырларда немесе бөшкелерде ашытылған балық бастары. Камчатканың басқа халықтарынан айырмашылығы, ительмендер балықты термиялық өңдеуден өткізді. Көбінесе балық отқа пісіріліп, ысталған. Орыстардан балықты ыстаудың және тұздаудың, картопты, ұн өнімдерін, сорпаларды, сүтті шайды пісірудің әртүрлі әдістерін алған. Камчаткаға тұз бен ұн жеткізудің қиындығынан балықты тұздау, нанды тұтыну шектелді. ### Фольклоры Ительмен фольклоры орыс тіліндегі аңыздармен (XVIII ғ.) және ХХ ғасырда ительмен тілінде жазылған ертегілермен ұсынылған. Ительмен фольклорының негізгі кейіпкері - Солтүстік-Шығыс аборигендер мен Солтүстік американдық үндістердің рухани мәдениетінде байқалған Кутх немесе қарға. Ительмен мифологиясында ол Камчатканы құрушы демиург ретінде көрінеді. Аңыз жанры ительмен фольклорына онша тән емес. Тек Тылвала туралы айтуға болады. Ол жергілікті мықты адам, батыр, және ол ешкімге шабуыл жасамайды, бірақ оған шабуыл жасағысы келетіндердің бәрін үнемі жеңеді.Тигиль өзендерінің жоғарғы ағысында (Камчатканың Охот жағалауы) "Тылвала шоқысы" орналасқан. ## Сілтеме * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Ителмендер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Ителмендер ## Дереккөздер
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы (9 шілде 1882, қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы – 15 мамыр 1939, сонда) – ақын, аудармашы. Әлімұлы тайпасының Кете руының Құлыс тармағы. Алғаш Алдашбай ахуннан сауат ашқан. Бұхара қаласында әуелі “Мир Араб” (1896 – 1899), кейін Көкілташ медреселерінде (1896 – 1905) оқыған. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген. “Көкілташ” медресесінде тәжік жазушысы Садриддин Айнимен достасып, қабырға газетін бірге шығарысқан. Өзі медреседе оқи жүріп қарақалпақ елінде бала оқытқан. Осы тұста “Шәкірттерге”, “Ұстаз ұсынысы”, “Шөлмек” өлеңдерін жазған. 1905 – 1925 жылы ауыл мектебінде мұғалім, 1936 – 1937 жылы Қазақстан Халық ағарту комиссариатында ғылыми қызметкер болған. Ақын алғашқыда өз ауылындағы Қожабай, Алдашбай, Ораз, Қалжан ахундардың, яғни сол кезеңдердегі білімге аса бай, елді ауызына қаратқан шешен, бала оқытқан ишандардың алдынан мұсылманша білім алып, өзінің өте зеректігін ұстаздары алдында ерте танытады. Аса алғыр баланың бойындағы ерекше талантты байқаған ұстаздары оны сол кездегі Таяу, Орта, Шығыс және Орта Азия елдерінің ұлық тұтатын, XVI ғасырдан білім ордасы саналатын Бұхарадағы әйгілі оқу орны – “Мир Араб” медресесіне оқуға аттандырады. Ол 1899 жылдан бастап сондағы “Көкелташ” медресесінде оқиды.Белгілі мәдениет қайраткері, Тәжік Ғылым Академиясының алғашқы президенті, академик жазушы Садриддин Сайдмұратұлы Айни да (1878-1954) осы жылдары “Көкелташ” медресесінің шәкірті болғаны анық. Тұрмағамбет пен Садриддин осында танысып, дос болып , осы медресені бірге тәмәмдаған, бір-бірін ұлық тұтып, үлкен сыйластықта болғаны мәлім.Тұрмағамбет ақын осы медресе қабырғасынан білім ала жүріп, оның бай кітапханасынан Шығыстың ежелгі мол мәдени, әдеби мұраларын еркін аударып оқи білген. Ол арабтың классикалық дүниесі “Мың бір түнін”, үндінің “Тотынамасын”, парсының “Шаһнамасын”, Шығыстың жеті жұлдызы саналатын ақындар шоғырының шығармаларымен толық танысқан.1937 жылы “Халық жауы” ретінде жалған жазамен сотталады. 1939 жылы жазасының жалған екені анықталып түрмеден шығады. Осы жылдары ақын ана дүниеге ерте аттанып кетеді. Тұрмағамбеттің өлімі әдебиет әлеміне орыны толмас өкініш болып қалды. ## Шығармашылығы Тұңғыш мысал өлеңін (“Қара қоңыз”) 14 жасында, алғашқы дастанын (“Мәрді диқан”) 18 жасында жазған. Нәзиралық дәстүрмен шығыстық сюжеттер негізінде оннан астам дастан (“Данышпан қарт”, “Тұтқын қыз”, “Рауа бану”, т.б.) жазған. ### Шығармалары Білім-ғылымды: * “Балаларыма” * “Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын” * “Ұлдарыма” * “Абайды оқығанда” Адамдық пен ізгілікті: * “Адамдық іс” * “Жақсы мен жаман” * “Қабанға қарсы ұмтылма ер дегенге” * “Толымды жігіт”, т.б. насихаттау болды. ### Өлеңдері * “Назым” * “Сөз берсем “жөндеймін” деп бұзасыңдар” * “Әр елдің бар бұлбұлы” * “Жоқ, – деме, – маза өлеңде” * “Жырыңды жаз жөрмелеп” * “Хазіреті Омардың хикаясы” * “Пендесін Алла жеткерер” * “Бұйрық” * “Жыл келді” * “Сыр бойы” * “Үш ғасыр жырлайды” (1965) * “Бес ғасыр жырлайды” (1985) * “Қасиетті Қармақшым” (2003) * “Ғасырлар толқыны” (2004) ### Жырлары * “Атаңның әуелінде белінде едің” * “Адам” ### Айтыстары Ол жазбаша айтыстың дамуына өзіндік үлесін қоса отырып, Сыр бойындағы жазба айтыс мектебін қалыптастырушылардың бірі болды. * “Тұрмағамбет пен Ермұраттың айтысы” діни айтыс * “Тұрмағамбет пен Жүрсіннің айтысы” хат айтыс * “Тұрмағамбет пен Әбдікәрімнің айтысы” хат айтыс * “Тұрмағамбет пен Шәді төренің айтысы” жұмбақ айтыс * “Көкқұтан мен шымшық” мысал айтыс Тұрмағамбет бастаған ақындар тобы халықтық игі үрдістердің бірі – топтық өнер жарысын қалыптастырды. “Алты ақынның өмір туралы айтысында” поэтикалық пікір жарысы философиялық сұхбат түріне жалғасса, Шәді төремен жұмбақ айтысында адамның жас ерекшеліктері табиғаттың түрлі құбылыстарына, жан-жануарлардың қасиеттеріне теңестіріледі. Тұрмағамбет ақындарға аралық сөз айтып, бітістіруші би-шешеннің рөлін де атқарған. Омар мен Таубайдың Жүсібіне, Омар мен Нұрмаханға, Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіпке, Кете Жүсіп пен Даңмұрынға арнаған аралық сөздері Тұрмағамбет ақынның адамгершілік ұстанымын дәйектейді. Тұрмағамбеттің “Құрбанғалиға”, “Құлжан биге” атты сатиралық эпиграммасынан сарказм байқалады. Ақын 1936 жылы Фердоусидің “Шаһнамасын” қазақ тіліне еркін аударма жасады (40 мың жол). Бұл шығарманы Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Темірбек Жүргенов, т.б. зерттеушілер жоғары бағалаған. Туындының “Рүстем–Дастан” аталатын бөлімі 1961 жылы, “Шаxнамауылы Рүстем – Дастан” деген атпен толықтырылған нұсқасы 2004 жылы жарық көрген. Өлеңдері “Үш ғасыр жырлайды” (1965), “Бес ғасыр жырлайды” (1985), “Қасиетті Қармақшым” (2003), “Ғасырлар толқыны” (2004) жинақтарына енген. Зерттеуші Байділдаев Тұрмағамбеттің ел аузында жүрген жырларын, тапқырлық сөздерін жинастырып, “Назым” деген атпен 1972, 1982 жылдары жарыққа шығарды. Өтеген Күмісбаев Тұрмағамбеттің “Рүстем–Дастанын” жүйелі түрде қарастырып, парсы тіліндегі “Шаһнамамен” салыстыра зерделеді (“Т.Изтлеуов и его Рустем – Дастан”). Ұ.Жанбершиева ғылыми-зерттеу еңбегінде ақын шығармаларының жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып, поэтикалық сөз жүйесін саралады (“Т.Ізтілеуовтің поэтикалық творчествосы”). Ақын қолжазбалары ҚР ҰҒА Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы. ## Тұрмағамбет туралы естелік 1981 жылы ақынның 100 жылдығына Бүкілодақтық «Мелодия» дыбыс жазу фирмасында Т. Ізтілеуовтың Ақмырза Тұяқбаевтың өз домбырасының сүйемелдеуімен орындаған үздік шығармалары (Нақыл термелері) мен «Рауа бану» поэмасының жазбасы қосылған альбомы шықты (1882-1939) және Ақмырза Тұяқбаевтың өз домбырасының сүйемелдеуімен орындаған үздік шығармалары (Нақыл термелер). 2007 жылы 2 қарашада қуғын-сүргінге ұшыраған ақынның туғанынан 125 жыл өтуіне орай Алматы қаласында Наурызбай батыр мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы саябақта (бұрынғы Дзержинский мен Калинин) бұрынғы КГБ ғимаратына қарсы жағында қоладан ескерткіш орнатылды. 2009 жылы «Қазақфильм» киностудиясының ақын әрі аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуов туралы режиссер, сценарист - Жаңабек Жетіруов түсірген «Тұрмағамбет» деректі фильмі жарыққа шықты. ## Сілтемелер “«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том“«Тұрмағамбет Ізтілеуұлы»: Шығармалары / Баспа директоры: Есенғали Раушанов - Алматы «Жазушы» Бас редакциясы, 2007 ISBN 9965-21-513-8, I том
Мұғалжар желі– Мұғалжар тауы атырабындағы дауылды жел. Мұғалжар желінің әсері Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Ақтөбе облысында жерінің оңтүстігінде байқалады. Жел осы өңірге солтүстік-батыс және батыстан келетін циклонға Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағалауындағы ойпат ауасының сорылып тартылуынан және өте кең аймақтағы орография элементтердің әсерінен кейде күшті дауылға айналады. Шығыс, оңтүстік-шығыс бағытта соғатын желдің жылдамдығы 20 – 30 м/с, кейде 50 м/с-қа жетеді. Мұндай жел жылына 30 шақты рет қайталанады. Көбіне Қазақстан жеріне Сібір антициклоны (қаңтар – наурыз және қараша – желтоқсан айларында) қарлы боран әкеледі, ал көктемде жауын-шашынның көбірек түсуіне әсер етеді. ## Дереккөздер “Қазақ энциклопедиясы – VI том”
Шүрілдектер (лат. Charadrius) – татреңтәрізділер отрядының бір туысы. Бұл құстардың дене тұрқы 15 – 25 см, мойны, аяғы қысқа, тұмсығы түзу, аса ұзын болмайды. Арқасы сұрғылт немесе саз түстес, бауыры ақ, кейбіреуінің жемсауында көлденең орналасқан жирен жолағы болады. Қанаты үшкір. Жерде жақсы жүгіреді. Жер шарында кең тараған (Антарктикада ғана кездеспейді), 23 түрі бар. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 7 түрі: * қарғылы шүрілдек (Charadrius hiaticula) * шаушүрілдек (Charadrius dubius) * жуантұмсық шүрілдек (Charadrius leschenaultii) * келтетұмсық шүрілдек (Charadrius mongolus) * сарысағақ шүрілдек (Charadrius asiaticus) * шығыс шүрілдегі (Charadrius veredus) * теңіз шүрілдегі (Charadrius alexandrinus) Жиі кездесетін шау шүрілдектің дене тұрқы 18 см-дей, салм. 30 – 40 г. Тұмсығы қысқа, аяғы да онша ұзын емес. Арқасы қоңыр сұр, бауыры – ақ, басы, мойны және жемсауы – қара ала. Жер бауырлай ұшады, шапшаң жүгіреді, малта тастардың арасынан оларды байқау оңай емес. Ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Жыл құсы. Қазақстанға наурыздың ортасында ұшып келіп, жерді шұңқырлап, төсенішсіз ұя жасайды. Ондағы 4 ала жұмыртқаны ата-енесі кезек басып, 24 – 26 күнде балапан шығарады. Жылына 2 рет жұмыртқалайды. Қыркүйектің аяғында қыстау үшін Африка мен Азияның оңтүстігіне ұшып кетеді. ## Галерея ## Видео ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том ## Дереккөздер
Ит жүгірту – аңшылық және саятшылықта арнайы баулыған иттерді аңға қосу. ## Ит қосу - өнер Ит қосу аң аулаудың байырғы әдісі, әрі ертеден келе жатқан өнер ретінде белгілі. Қазақ даласында ит жүгіртумен көбiнесе салдар мен серiлер, ауқатты, дәулетті адамдар айналысты. Сонымен қатар оны кәсiп, күнкөрiс арқауы еткендер де болған.Адам аңшылықта иттің иісшілдігін, жүйріктігін, күшін, аңшылығын пайдаланады. Иттерді аңға өзіндік ерекшеліктеріне байланысты баулиды. Қазақта аңға өте шапшаң, әрі ұшқырлығына байланысты көбінесе тазы иттер үйретілген. Аңға баулыған тазы иттердің иіс сезгіштігі сезімтал, құлағы сақ және ұшқыр жүйрік болып қалыптасады. Тазыны күшік кезінен таңдап алып, ұсақ аңдарға салып ауыздандырып, із кесуге баулыған. Бүркіт баулығандай оны да әртүрлі әрекеттерге машықтандырады. Алдымен бұйрыққа бойсұнатын етіп жаттықтыру, «жат, тұр, отыр, кір, шық, жүгір ұста, алып кел, әкет, кейін тұр, таста, есікті аш, жап, қақшы, әне! міне!» деген сөздерді ұғынуға және соған орай әрекеттенуге тәрбиелейді. ## Үйрету әдістері мен тәсілдері Тазыға жасынан шикі тамақ бермей, тек пісірген тағамдар береді. Піскен тамаққа үйренген ит ұстаған аңды өлтіргеннен кейін жемей тастап қояды, тіміскілеп, жаман-жұтық нәрселерді жемей, таза болып үйренеді. Иіс сезгіштігі де артады. Итті кез келген адам емес, тек бір адам ғана баулиды. Жаңа туған күшік көзін ашып, бауы-рын көтергеннен кейін көрінген нәрсені ұстап, домалатып ойнағыш келеді. Сол бастан алдына тышқан, сарышұнақ өлтіріп, тастап қойса, ырылдап талауға үйренеді. Өскен соң алдымен жетекке баулып, айтаққа дағдыланады. Жетекке үйренген иттер тартынбай, не озып кетпей, қатарласып жүріп отырады. Кейін бірте-бірте тірі нәрсені ұстауға үйретеді. Итті бау аштырып үйреткенде тірі қоянның аяғын байлап, айтақтап ұстатады. Осыдан кейін итті дәл осы тәсілмен түлкіге салады. Алғашқы бауашуы сәтті болған ит келесіде тайсалмай тап береді. Ит түлкі ұстап үйренген соң аңшыға көп жеңілдік туады.Түлкі ұстауға дағдыланған итті көрінген аңды қуалатпай, тек түлкіге ғана салған. Үйретуі келіспесе тазы ит жыртқышқа айналып қой-қозыларға дейін тамақтап кетеді. Иттің бөлек мінезін дер кезінде байқап, тектеп отыру керек.Аңға шыққанда тазы аң iзiн шалып, үркiтiп бередi. Әбден төселген кәнігі ит түлкіні қара жерді басып кеткен ізінің иісінен біліп, қуып жүріп ұстап алады. Ит түлкіні өлтірген соң, аңшыны тосып отырады. Иесі өте ұзап кеткен жағдайда алдынан қайта шығып, ұстаған түлкісіне бастап барады. Түлкі өлтіріп үйренген ит қасқырға да шабуылдайды. Иесі иттердi қасқырға жібергеннен кейін оның артынан қиқулып, дем берiп отырады. Азулы тазылар қасқырды қуып жетіп, оны аңшының өзі немесе өзге иттер келгенше бөгеп тұрады. Тазы ит екеулегенде ғана қасқырға күші жетеді. ## Баптау, қорғау Жүгіретін итті де бәйге атындай баптайды. Өйткені ит семірсе жүгіре алмайды, арықтаса әлсіреп шаршағыш болып, аңға зауқы соқпайды. Иттің бабын қабырғасын сипап, санын тұтамдап ұстап біледі. Шабыттанып ширығуына да қарайды. Тамақты нәрлі-нәрсізіне қарай өлшеммен беру керек. Иттің қоясы түспесе бабына келмейді. Егер екі-үш күнге дейін ит қоясын тастамаса, жұмыртқадай ешкі майына адамның шашын қатырып жұтқызады. Сонда, қоясы тез түседі.Үнемі жүгірткен ит табаны тозып, алдыңғы тұяқтары мұқалып тасырқайды. Ондай кезде иттің аяқтарына жұмсақ былғарыдан, бақайларын қыспайтын, қолқылдамайтын етіп дөңгелек бас, шолақ қоныш етік кигізіледі. Ит етікпен жүгіргенге де үйреніп алады. Бауы шешіліп кетсе, тоқтай қалып, аттан түсіп, бауын байлап бергенше тосып тұрады.Иттің табанын қорғаудың ендігі бір әдісі – самырсынның жабыспақ шайырын сәл қыздырып, табанына жағып, онан соң құмға бастырып, бірнеше рет қайталап қабыршақ жасайды. Бұл бір күн жүгіргенге жарайды. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Полферов Я.Я. Охота в Тургайской области. Оренбург, 1896; * Слудский А.А. Азиятская борзая таза и охота с ней. Алматы, 1939; * Қанарбаева Б. Қазақтың наным-сенімдері. Алматы: Қағанат-ҚС, 1999; * Хинаятұлы Б. Қазақтардың төрт түлікке байланысты ырым, жосын-жоралғы, әдет-ғұрыптары. Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері: өткендегісі мен бүгіні. Алматы: Ғылым, 2001. 173-190-бб.; * ҚР МОМ – материалдарынан; * ОМЭЭ – материалдарынан.
Иттабан тұқымдасы (лат. Frankeniaceae) – бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары, Арал теңізі маңы, Балқаш-Алакөл ойысындағы далалық сортаңды жерлерде кездеседі. Иттабан тұқымдасының гүлдері қос жынысты, тостағанша жапырақшалары 4 – 7 тісті, бірігіп келген. Күлтесі (4 – 7) бірікпеген, күлгін, қою қызыл, ашық қызыл, сирек ақ түсті келеді. Аталығы 4 – 6, ал аналығы – біреу. Жемісі – бір ұялы қорапша. Иттабан тұқымдасының бір туысы – иттабан (Frankenіa), оның 5 түрі бар. Соның ішінде көп кездесетіні – иттабан сораң (F. pulverulenta). Биіктігі 10 – 30 см, тамыры жіңішке. Сабағы бұтақталып келген, сыртын ақ түк жапқан. Жапырағы сопақша, ұызндығы 2 – 7 мм, ені 1 – 2,5 мм, төрт-төрттен топтанып орналасқан. Қызғылт түсті гүлі бір-бірден жапырақ қолтығына не бұтақшаларының ашаланған жеріне орналасқан. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – қауашақ. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Алтынбек Абдуллаев (1932 ж. Шардара ауданы Аманкелді ауылы) – Социалистік Еңбек Ері (1966), мақташы. 1955 жылдан Чапаев атындағы мақта кеңшарында механизатор, ал 1963 жылдан звено жетекшісі болды. Ол облыста ең арзан мақта өндіріп, жоғары көрсеткіштерге жетті. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы 1966 ж. 30 сәуірдегі Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағын берді. Мақта егісін кешенді механикаландырып, оған агротехниканың жаңа әдістерін енгізді. Қазір құрметті демалыста. ## Сілтемелер
Тұрманбет Пұсырманұлы (туған-өлген жылы белгісіз) – би. Ағартушы, ел билеуші М.Бекмұхамбетовтың атасы. Кіші жүздегі шеркеш руының қойыс атасынан шыққан. Пугачев бастаған шаруалар соғысын қолдап, патша әскеріне қарсы соғысқан. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа белсене араласып, оның алғашқы және соңғы кезеңінде Сырымды қолдады. Хандық өкіметтің орнына құрылған жаңа құрылым – Байұлы Бас Ордасына бас ағаман (старшина) болып сайланды. Қозғалыстың орта шенінде Сырыммен келіспеушілігін танытты. Негізінен отаршылдықтан құтылуды жақтады. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том