text
stringlengths 3
252k
|
---|
Қарахан көшесі - Тараз қаласының көне Атшабар, қазіргі Достық орталық алаңы арқылы өтетін Төле би көшесімен шектеседі. Кеңес дәуірі кезінде А.Н. Радищев атымен аталды. Орталық Азияның ежелгі қалаларындағы көшелерге тән доғаша иіліп, әйгілі Қарахан кесенесінің алдын орап өтіп, қайтадан Төле би көшесіне түседі. Қаланың орталық базарына жақын бұл көшеде өзбек орта мектебі, облысы әлеум. қамсыздандыру басқармасы, қалалық қаржы бөлімі, сақтандыру агенттігі, салық қызметінің құрылымдық бөлімшелері, т.б. мемлекет мекемелер мен коммерциялық, қоғамдық ұйымдар ғимараттары, көп қабатты тұрғын үйлер, автомобиль тұрақтары орналасқан.
## Дереккөздер
“Тараз энциклопедиясы” |
Орақты Әлшағырұлы (шамамен 1420 – 1501 жылдары өмір сүрген) – батыр.
Ұлы жүздің жалайыр руынан шыққан. Керей мен Жәнібек хандардың тұстасы. 1465 жылы шаңырақ көтерген Қазақ хандығының нығаюына үлкен үлес қосып, ойрат басқыншыларына қарсы шайқастарда ерлік көрсеткен. Ол туралы Сүйінбай, Бақтыбай, т.б. ақындар толғаулар айтса, халық ақыны І.Жапсарбаев “Орақты батыр” атты дастан, жазушы О.Исмаилов повесть жазды. 1995 ж. Орақты Әлшағырұлының 575 жылдығы аталып өтіп, Балқаш ауданындағы Жиделі ауылында оған ақ мәрмәрдан ескерткіш белгі орнатылды. Батыр жерленген шоқы бұрыннан “Орақты төбе” деп аталады.
Ұрпақтары Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Талдықорған қаласындағы бір көшеге батыр есімі берілген.
## Дереккөздер |
Жұмабекова Айгүл Қазкенқызы (24.05.1967 жылы туған, Ақмола облысы) – филология ғылымдарының докторы (2002), профессор(2005). ҚазМУ-ды (1989, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазПИ-де (1995, қазіргі ҚазҰПУ) аспирант, аға оқытушы, доцент (1995–98), докторант (1998–2001), профессор (2002) кафедра меңгерушісі (2002–07) қызметтерін атқарды. 2007 жылдан кафедра меңгерушісі. «Қазақ және орыс тілдері лексикасының жүйелі ұйымдастырылуы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Жұмабекованың 90-нан астам жарияланымы, оның ішінде 1 монографиясы бар.
## Дереккөздер |
Макаров Виктор Иванович (1913 жылы туған, Өзбекстан Республикасы, Самарқанд қаласы) – қоғам қайраткері. 1959–62 жылдары Облылстық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1938 жылдан КОКП мүшесі, КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебін бітірген. КОКП ОК-нде сектор меңгерушісі, Шымкент қорғасын зауыты партия ұйымының хатшысы болды. 1962 жылы 13 қыркүйекте басқа жұмысқа ауыстырылды.
## Сілтемелер
## Тағы қараңыз
* Макаров Андрей |
Құндақ (Футляр) — шойын ағатын астаушаның суытқышы мен қаңкасын ыстық шойын мен қождың әсерінен сақтап тұруға арналған, отқа төзімді сылақ пен тығыздалған қабаттардан тұратын, домна пешінің құрылғысы.
## Дереккөздер |
Байбаламшылдық — этикалық ұғым, адамның мінез-құлқындағы ұнамсыз сипат. Болмашы нәрсеге ашулану, істің мән-жайын білмей ұрыс-керіс, жанжал шығару — Байбаламшылдықтың белгісі. Байбаламшылдық — кез келген нәрсеге күдікпен қарап, әуре-сарсаңдыққа салынатын, күйгелектікті, ұшқалақтықты аңғартатын жағымсыз қылық. Адамның отбасынан, өз ортасынан алған тәрбиесінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Байбаламшылдықтан өзін-өзі тәрбиелеу арқылы арылуға болады.
## Дереккөздер |
Төреғожин Зейнолла Сейітжанұлы (1899 жылы, Атбасар уезі, Қызылкөк болысы – 1938 жылы Ақмола облысы) — қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны, партия қызметкері. Ақмола уездік атқару комитетінің төрағасы. Облыс және республика аумағында партия, шаруашылық, кеңес жұмыстарында болған. Атбасар 2-жылдық педагогика курсын, 4 айлық қызыл мұғалімдер курсын (1920), Мәскеу қаласындағы сауда академиясын (1929) бітірген.
## Өмірбаяны
* Атбасардағы 2 сыныпты орыс-қазақ училищесін (1919), мұғалімдер курсын (1920), Мәскеудегі сауда академиясын (1929) бітірген.
* 1921 ж. Ақмола мен Көкшетау өңіріндегі кулактар көтерілісін басуға Атбасар коммунистік отряды құрамында қатысқан.
* 1921 – 1922 жылы Атбасар уездік партия комитетінің хатшысы, нұсқаушы, ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, азық-түлік жөніндегі комиссардың орынбасары болды.
* Уездік азық-түлік комиссарының орынбасары (1922)
* 1922 – 1924 (1923?) жылы Ақмола губерниясы жер бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ақтөбе уездік атқару комитетінің төрағасы болды.
* 1924 – 1927 жылы Ақмола губерниясы кәсіподақ кеңесі төрағасының орынбасары, губерниясы сыртқы сауда бөлімінің меңгерушісі, өлкелік мемлекеттік банк кеңсесі басқарушысының орынбасары (Қызылжарда, Қызылорда қаласында) болды.
* 1927 – 1928 жылы Мәскеуде БОАК (ҚАКСР?) төралқасындағы Қазақстанның өкілетті өкілі болды.
* 1930 жылдан Қазақ жабдықтау халық комиссариаты бөлімінде бастық, алқа мүшесі, Қазақ мемлекеттік сауда басқармасының төрағасы қызметін атқарған.
* 1931 ж. осы комиссариатта ауыл шаруашылық секторының меңгерушісі.
* 1931 – 1935 жылы Алматы облысы Іле ауданындағы қой кеңшарының директоры, босқындарды орналастыру жөніндегі Қазақ АКСР-і ХКК комиссиясының мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы Павлодар ауданының қой кеңшарының директоры, Ақтөбе қой өсіру тресінің директоры болды.
* 1936 – 1937 жылы Қазақ КСР-інің кеңшарлар халық комиссарының орынбасары қызметтерін атқарды.
* 1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырады.
* 1957 жылы мамырда ақталды.
## Сілтеме |
Ырысты Елібайқызы (т.-ө. ж. б.) – 19 ғ-дың 2-жартысында өмір сүрген, Кіші жүздің Шөмекей руынан шыққан ақын қыз.
Атақты қарақалпақ ақыны Әжнияз Қосыбайұлымен (1824 – 78), ауылдасы Оңғар жырау Дырқайұлымен (1859 – 1902) айтыстары ел арасына кеңінен тараған. Ы. Сыр бойының белгілі он алты ақынымен (Ешнияз, Садық, Әзілкеш Шымырұлы, Оңғар, Қарасақал Ерімбет, Жүсіп, Базар жырау Оңдасұлы, Шегебай, Сайын, Құлназар, Қалмағамбет, Есенжол, Есімтай, Аманжол, Кеншімбай, Сәрсенбай) жұмбақ түрінде айтысқан. Айтыс соңында 16 ақынға қайтарған жауабында Ы. теңіне қосыла алмай арманда өткен аянышты халін айтып, мұңын шағады. Оның жырлары “Әжнияздың қазақ қызы Ырыстымен айтысқаны” (1960), “Айтыс” (2-т., 1965) жинақтарында жарық көрген.
## Дереккөздер |
ШОҢҚАЙМА – көбіне қыз-келіншектер киетін аяқ киім түрі. Ол түсті былғарыдан тігіліп, биік өкшелі, қонышты болып келеді. Өкшесінің биіктігі 10 см-ге дейін жетеді. Шоңқайманы қазақ шеберлері өкшенің артқы жағын тайқылап, қонышын тізеден аспайтындай етіп тіккен. Табанын қатты ұлтаннан жасап, сіресін аласа, тұмсығын үшкірлеу еткен. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы қыз-келіншектердің сәнді етігі саналған Шоңқайманың қоншына басқа түсті былғары таңдап алынып, оған күдеріден ою бастырылған, өкшесін “көк сауырлап“, тұмсығын сыздықтап, зер жіптермен кестелеп әшекейлеген. Шоңқайманы жас жігіттер де киген. Оларға арналған Шоңқайма етік қайқиған, өкшесі аласа, қонышы тізеге таман екі жағынан жармаланып тігілген. Шоңқайма қазіргі фабрикаларда тігілетін сәнді етіктермен ауыстырылды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Киіз етік Мұрағатталған 4 ақпанның 2015 жылы. |
Досыбай Айтбайұлы Шерімқұлов (24.8.1948 жылдары туған, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы) – экономист. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты (1990) жəне Қазақстан Компартиясының XVІ, XVІІ съездерінің делегаты.
## Білімі
1965 жылы Жамбыл атындағы орта мектепті, 1970 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.
## Өмірбаяны
* 1970 – 1973 жылдары Отырар ауданындағы Қожатоғай кеңшарында еңбекақы жөнінде экономист жұмысын атқарды.
* 1973 – 1975 жылдары Қызылқұм ауданы комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды.
* 1975 – 1976 жылдары облысы комсомол комитетінің екінші хатшысы жұмысын атқарды.
* 1976 – 1981 жылдары облысы партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Леңгір ауданы партия комитетінің екінші хатшысы болды.
* 1981 – 1983 жылдары Леңгір ауданы атқару комитетінің төрағасы жұмысын атқарды.
* 1983 – 1985 жылдары облысы партия комитетінің ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі бөлімінің меңгерушісі болды.
* 1985 – 1991 жылдары Созақ ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы жұмысын атқарды.
* 1991 – 1994 ж – ауданы атқару комитетінің төрағасы болды.
* 1994 – 1996 жылдары облысы мемлекеттңк сауда инспекциясының бастығы жұмысын атқарды.
* 1996 – 2001 жылдары облысы экология басқармасында, облысы мемлекеттік сақтандыру мекемелерінде басшы қызметтінде болды.
* 2001 – 2004 жылдары облыстық еңбек және халықты әлеуметтік жағынан қорғау департаменті бастығының орынбасары, облыстық халықты жұмыспен қамту басқармасының бастығы болды.
* 2005 жылдың қаңтарынан бастап облыс әкімшілігінің бастығының орынбасары болып қызмет атқарады.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Мойылды – Шалқартеңіз алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Жарқайың, Қостанай облысы Амангелді аудандарының жерімен ағады. Ұзындығы 91 км, су жиналатын алабы 2360 км2.
## Бастауы
Мойылды Қызылтал ауылынан солтүстік-шығыста 16 км жерден басталып, Нарөлген елді мекені тұсында Үлкен Дәмді өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары кең (3 – 5 км), жайылмасы жоғары жағында тар (15 – 20 м), орта тұсында 1 – 3 км-ге жетеді. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады; жазда қарасуларға бөлініп, суының минералдығы артады. Басты саласы – Жыланды (38 км). Жылдық орташа су ағымы Бүйректал ауылы тұсында 1,06 м/с. Бүйректал ауылы тұсындағы бөгеннен (590 мың м3) шабындық суландырылады.
## Дереккөздер |
Накшбендия, Нақшбандийа тариқаты (түрікше, некшбендия) – сопылық бауырластық. Бұл бағыт 14 ғ-да Накшбенди диуаналық қауымы қалыптасқаннан кейін шықты. Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген халықтар арасында таралған сопылықтың басты бағыттарының бірі. Накшбендия ілімі алғашында халықты осы дүниенің игілігін пайдалануға, білімді игеруге және адал еңбек етуге шақырды. Накшбендия ағымының негізін қалаған Баһауддин Накшбенди (1319–89) өлгеннен кейін, діни қауымды қожа Ахрари (14–15 ғ.) және оның ізбасарлары басқарды. Олар білімге қарсы шығып, сарыуайымшылдықты, өмірден безушілікті уағыздады. Олардың пікірінше, адам өмірінің түпкі мақсаты–құдайға сиыну, онымен рухани жағынан тоғысу. Осы мақсатқа жету үшін адам сыртқы дүниеден безіп, өзімен-өзі болып, мистикалық ойнау, өзінің ішкі дүниесін талдаумен шұғылдану, құдай жолына түсіп, аскеттік өмірге берілуі керек. Адамды адам қанауға негізделген таптық қоғамды өзгерту үшін жүргізілетін күрестен бұқараның назарын басқа жаққа аудару – Накшбендия ілімінің реакциялық мәні осында.
## Тарихы
Негізін қалаған Баһау әд-Дин Нақшбанд. Олар өзінің рухани силсиласын бір жағынан Әбу Бәкрге, екінші жағынан Әли Әбу Талибке әкеп тірейді. Нақшбандийа тариқатының бұл шежіресі аз-захаб силсила (“алтын тізбек”) деп аталады да, Пайғамбармен рухани жағынан да, бауырластық жағынан да бірлікті танытады. 15 ғ-дан бастапНақшбандийа тариқаты бірте-бірте Каир мен Босниядан Ганьсу мен Суматраға дейін, Еділ бойы мен Солт. Кавказдан Үндістанның оңтүстігі мен Хиджазға дейінгі ұлан байтақ жерлерге ықпал еткен, ең көп тараған діни бауырластық болды. Нақшбандийа тариқатынан бірнеше қуатты үрім-бұтақтар тарап, кейін өз аймақтарында жеке бауырластықтарға айналды. Орта Азияда Ала әд-Дин Аттар (1400 ж .ө.) мен Қожа Мұхаммед Парса қожа (1345 – 1420) Нақшбандийа тариқатын біріктіру, оның ықпалын күшейту ісінде аса маңызды қызмет атқарды. Өзінің әлеум. негізі жағынан қалалық болып табылатын, сауда және кәсіпкерлік ұйымдармен тығыз байланысты бауырластық көшпелі түркі тайпаларына да ықпал ете бастады. Қожа Ахрардың тұсында Нақшбандийа тариқатының саяси және экон. ықпалы өзінің ең жоғ. шарықтау шегіне жетті. Оның ісін 1515 ж. бауырластық басшысы болған “ұлы билеуші” Ахмет Қасани қожа жалғастырып, Бұхараның діни ақсүйектері Шайбани әулеті мен Аштархан әулеті тұсында қуатты саяси билікке ие болды. Олардың ісін Джуйбар шейхтары (16 ғ-дың ортасы 17-дың аяғы) одан әрі жалғастырды. Бауырластық Мауераннахрда, сондай-ақ қырғыздар мен қазақтар арасында кең таралды. Нақшбандийа тариқаты 18 ғ-дан 20 ғ-дың 20-жылдарына дейін Орта Азия мен Еділ бойына жетті. Үндістан Нақшбандийа тариқатының алғашқы қауымын Кашмирде 16 ғ-дың ортасында Баба Уәли шейх ұйымдастырды. Бауырластықтың белсенді қызметі Делиде Нақшбандийа тариқаты ханакасының негізін салған Бакибиллах қожаның (1563 – 1603), әсіресе Ахмет Сирхинди Шейхтің (1564 – 1624) есімдерімен байланысты. Ахмет Сирхинди сопылыққа 1598 ж. Бакибиллахтың уағызымен келді де, он жыл өткен соң Нақшбандийа тариқатының жеке накшбандийа-муджаддидийа деген жеке тармағының негізін қалады. Абдоллах Симауи молда (1490 ж.ө.)Стамбұлда Нақшбандийа тариқаты теккесінің (бауырластық) негізін қалады. Оның орнына Бұхарадан шейх – Ахмет келіп, Анатолия мен Румелиде бауырластықты таратып, Стамбұлда (Фатих ауд-нда) өз теккесінің негізін қалады. Бұл ұйым 1925 ж. бауырластық тарағанша қызмет атқарды. 1630 ж. шамасында Йемен мен Хиджазға Нақшбандийа тариқаты – муджаддидтер келіп, оның мүшелері әрі қарай Мысырға жетті. Үнді бауырластықтарының екінші толқыны қожа Мұхаммед Масума (1669 ж. ө.) және оның шәкірті Мұхаммед Мұрат әл-Бұхаридің (1729 ж. ө.) қызметіне байланысты. Ол Хиджазда, Мысырда, Сирияда және Түркияда насихат жүргізді. Ол өлгеннен кейін Стамбұлда мурадия теккесінің ірге тасы қаланып, үнді тармағының орталығына айналды. Хұсайн-Баба Зукичтің күш салуымен бұл тармақ Боснияға жетті, ал Мұхаммед-Мұраттың Сирияда шыққан мирасқорлары Нақшбандийа тариқаты ықпалын Палестинаға жайып, онда бірнеше зауийа құрылды. Соның ішінде 17 ғ-дың басынан 1973 жылға дейін қызмет атқарған Иерусалимдегі зауийа-ий узбакийашілер де бар.
## Нақшбандийа тариқатының таралуы
Муджаддидшілердің 19 ғ-дың басынан Иракқа, Сирияға және Күрдістанға тарауы Сүлеймен әулетінен шыққан мәула Халид әл-Бағдадидің (1776 – 1827) қызметімен байланысты. Ол Үндістанға барып, Делиде Аддоллах шейхтің (1809) үйірмесіне қосылды. 1811 ж. отанына қайтып оралып, халидийа тармағын ұйымдастырды, бұл тармақ 19 ғ-да Түркияда, араб елдерінде және Күрдістанда бауырластықтың синониміне айналды. Бұл тармақтың улам арасындағы ықпалы зор болды. Нақшбандийа тариқатының бұл тармағы Хиджаз арқылы Индонезияға (1840), Малайзияға, Цейлонға,Калимантанға, Мозамбикке дейін жетті. Солтүстік Түркиядан Кавказға тарағанНақшбандийа тариқаты Шәміл бастаған қозғалысқа идеол. негіз болды.
Үлгі:İslam
## Дереккөздер |
Тәждин Садықұлы Қодаров (1917, Ақжарма ауылы – 6.2.2006, Сырдария ауданы Ақжарма ауылы) – дәрігер. Қызылорда медицина училищесін бітірген (1945). Әкесі Садық Қодарұлы (1860 – 1937) елге танымал діни емші болған. Қодаров ескіше білім алған. 1937 – 41 жылы Қармақшы ауданында жүргізуші болып істейді. 1941 – 45 жылы 2-дүниежүзілік соғыста Москва, Ленинград қалаларын қорғау ұрыстарына қатысады. 1945 – 85 жыды дәрігерлік қызмет атқарды. Түрлі шөптерден дәрі жасап, ауруларды емдеген. 1990 жылдары Ақжарма ауданындағы мешітте имам болып, жұртшылықты имандылыққа баулыған. КСРО және Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық саласының үздігі» белгісін иеленген. 1 – 2-дәрежелі «Даңқ», Қызыл жұлдыз ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің және облыс Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау |
Үлгі:Infobox disease
Фасциолез - бауыр фасциоласы әсерінен туындайтын, ішектік құрт ауруы.Бауырқұрт(Fascіolosіs) — төрт түлік малдың құрт ауруы. Ауруды сорғыш құрттар (фасциола гепатика және фасциола гигантика) қоздырады. Олардың пішіні жалпақ, ұзындығы 20 - 30 мм, ені 8 - 10 мм болады. Ауру, көбінесе, саз-батпақты жерде, өзен-көл жағасында жайылған малда кездеседі. Ауырған малдың нәжісімен ылғалды жерге түскен құрт жұмыртқалайды, одан шыққан дернәсіл судағы ұлуларға немесе су жағасындағы шөптерге жабысады. Мұны мал шөппен қоса жесе не сумен бірге жұтса, бауырқұрт ауруына шалдығады. Малдың ас қорыту жүйесіне түскен құрт, оның ішегін, бауырын жаралап, өт жолдарына жиналады. Ауру мал арықтайды. Көзі мен аузының кілегей қабықшалары сарғылт тартады. Тамағында, төсінде, буындарында ісік пайда болып, іші кебеді, тышқақтайды. Ауру малды емдеу үшін ацемидофен дәрісінің 10%-тік ерітіндісі, сондай-ақ, дертил, гексихол, төрт хлорлы көміртек, битионол дәрілері қолданылады. Аурудың алдын алу үшін мал жайылымына құрғақ жерлерді таңдап, малды ағынды сумен суғару керек. Бауырқұрттан өлген малдың бауырын жерге көміп залалсыздандырады.
## Дереккөздер |
Ырыс – дәстүрлі қазақ дүниетанымындағы материалдық игіліктің қасиеті мен киесін айғақтайтын ұғым. Халық санасында адамға бақ қонудың көрінісі – мал-жанның көбеюі, абырой-беделдің артуы, атқарған ісінің берекесі кіріп, еңбегі жануы Ы. дару арқылы жүзеге асатын құбылыс. Дәстүрлі қазақ дүниетанымы көпшіліктің Ы-ы артып, молшылыққа кенелуінің шарты береке-бірлігін күшейтумен байланысты, ал жеке тұлғаға Ы. даруы оның адамгершілік қасиеттерінің дамуымен байланысты деп білген. Бұл ұғым атадан балаға берілу арқылы ғасырлар бойы жалғасын тауып отырды. Ы. әулиелердің, Қыдыр, Ілиястың батасымен даруы мүмкін, сондықтан үлкенге құрмет көрсету, халық игілігіне, молшылығына қызмет жасау әр ер-азаматтың басты мақсаты. “Елде болса, ерінге тиер” деген мақалда Ы. дарудың шарты – жеке бастың ғана пайдасын ойлаған тоғышарлықтан гөрі, ел мүддесін көздеген көпшілдік екені көрінеді.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Қалдаров Махмұтқали (03.11.1933 жыл, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті – 18.11.2008 жыл, Тараз қаласы) – ғалым, геология-минералогия ғыл. докторы (1995 ж.), профессор (1995 ж.).
Орта Азия (Ташкент) мемлекеттік университетін (1955 ж.), Түрікменстан ҒА Геология ин-ты аспирантурасын (1964 ж.) бітірген.
1955 – 58 жылдары Солтүстік Қарақұм аймағындағы Заунгуз (Түрікменстан) гидрогеология партиясында қызмет істеді. 1961 – 64 жылдары Түрікменстан Ғылым Академиясының Шөлдер және геология институтында ғылыми қызмет атқарды. 1965 – 72 жылдары Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтында кафедра меңгерушісі, 1972 – 75 жылдары осы институттың гидромелиорация факульттінің деканы, «Су жүйелерін пайдалану» кафедрасының доценті, 1994 жылдан Тараз мемлекеттік университетінің профессоры болған.ҚР Жоғарғы Аттестациялық комиссиясында эксперттік кеңес мүшесі. 120-дан аса ғылыми еңбектің, 4 монографияның, 3 оқулықтың авторы.
Негізгі еңбектері Солтүстік Қарақұмда тұщы су көздерін ашуға, Зеравшан дариясының шөгінділерін табуға (оған «Қалдар топырақтары» деген ат берілген), Арал бассейнінің экологиялық жағдайын, Қызылқұм аймағының жерасты суларын зерттеуге, Сырдария өңірін гидрогеологиялық аудандарға бөлуге, Тараз қаласы жерасты суларының химия өнеркәсіптер салдарынан ластану мәселелерін анықтауға арналған.
## Дереккөздер |
Мир Мұхаммед Амин-Бұхари – тарихшы. Аштархан әулетінен шыққан хандарға қызмет етті. Тәжік тілінде ұбайдолла ханға (1702 – 11 жылдары) арнап “ұбайдолланаме” деп аталатын тарихи шығарма жазды. Шығарма 80 тараудан тұрады. Автор еңбегі ұбайдолла ханды дәріптеу, мадақтауға арналғанымен, шығармада ханның қателіктері мен әлсіз тұстары да көрсетілген. Онда мемлекеттің құлдырауына әкелген сарай жанжалдары, өзбек тайпалары мен жергілікті билеушілер арасындағы қақтығыс, сәтсіз әскери жорықтар, халық наразылығы, ханның қастандықпен өлтіріліп, жаппай тәртіпсіздіктің орын алуы жайлы да баяндалады. Шығарманың соңында автор Мауераннахрдағы кейбір ғұламалар, сопылар, шайырлар туралы мәліметтер берген. Қазақ жеріндегі жоңғар шапқыншылығы, қазақтардың Ташкентке ығысуы жайлы да деректер бар. Шығарма орыс тіліне аударылған. “ұбайдолланаменің” қолжазбалары Санкт-Петербургте, Қазанда, Ташкентте, Душанбеде сақтаулы. Оның “Мұхит әт-тауарих” атты шығармасы бар.
## Сілтемелер
* Аштархан әулеті
* Санкт-Петербург
* Ташкент
## Дереккөздер |
Нұрмағамбеттің сағанатамы – қабір басына тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші; Маңғыстау ескерткіштерінің бір түрі.
## Тарихы
20 ғасырдың бас кезінде Жем өзенінің (орта ағысы) сол жағасындағы Асанқожа қорымында шаршы жобамен тұрғызылған.
## Сипаттамасы
Төбесі ашық, алдыңғы және артқы қабырғалары көтеріңкі қаланған, төрт бұрышында бағана тіреу пішінінде орнатқан төрт құлағы бар. Құрылыс ісіне пайдаланылған ақ сары тасты қырнап тартымды оймышпен өрнектеу, әр түрлі майлы бояулармен безендіру ескерткішке салтанатты сипат беріп тұр. Көп қолданылған жасыл көк бояу тастың ақ сары түсімен үндестік тапқан. Сағанатам қабырғасын жалпақ пилястра және тайыз ойынды қуыс жүйесімен бөлшектеп әшекейлеу ескерткіштің композициясын қомақтандыра түскен.
Нұрмағамбеттің сағанатамын нақыштау әдісі белгілі халық ұстасы Дүйсен Қаражүсіпұлының қолтаңбасын аңғартады.
## Дереккөздер |
Тәржіман Түркі, “Китаб мажму таржуман туркий уа ажамий уа мағолий уа фарсий” – түркі, араб, моңғол және парсы тілдерінің түсіндірме сөздігі.
Екі бөлімнен құралған: 1-бөлім түрікше-арабша (1 – 62-бет), 2-бөлімі моңғолша-парсыша және арабша-моңғолша сөздік (63 – 76-бет). Сөздік Мысыр мен Шам елдерін билеген Мәмлүк мемлекеті қыпшақтарының сөйлеу тілін арабтарға үйрету мақсатында жазылған. Авторы, жазылған уақыты мен қай өлкеде жазылғандығы белгісіз, шамамен 1245 не 1343 жылы дүниеге келген еңбек. Алғаш қолжазбаны голланд ғалымы, шығыстанушы М.Т. Хаутсма бастырып, неміс тіліне аударған, тілдік талдаулар жасаған (Лейден, 1894). Түпнұсқада түркі тілдерінің бірнеше диалектілері ажыратылып көрсетілген, салыстырмалы материалдар мысалға келтірілген. Автор екі тілді айрықша атап көрсетеді: бірі – “таза түркі тілі” немесе “түркі-қыпшақ тілі”, екіншісі – “түрікмен тілі”. Мұны ол “қоспа тіл, араб-парсы сөздері көп араласқан тіл” деп арагідік мысалдар келтіріп отырады.
Бұл ескерткіш орыс тілінде де жарияланған. Жадыхаттың мазмұны 4 бөлімнен құралған: 1) 41 тарауға бөлінген, өзара семантик. тақырыптар бойынша топталған сөздердің тізімі (есім сөздер); 2) етістіктер; 3) етістіктердің жіктелуі; 4) қосымшалар. Соңғы үш бөлімнің материалдары аз, мардымсыз. Бірінші бөлімде адамдар туралы ер (ер адам), тіші (әйел), қырғыл (ересек адам), йійіт (жігіт), олан, оғлан (жас жігіт), қазақ (басы бос, өз еркімен жүрген адам), т.бет сөздер кездеседі. Зерттеушілер ескерткіштегі қазақ сөзінің қазіргі ұғыммен тарихи-семантик. тұрғыдан байланысы болуы мүмкін деген пікір айтады.
## Дереккөздер |
Қарабас – Ақмола облысы Қорғалжын ауднының оңтүстік-шығысында орналасқан эллипс тәрізді шоқы. Абсолюттік биіктігі 415 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 1,5 км-ге созылған, енді жері 1 км. Солтүстік-шығыс беткейінен басқа жерлері көлбеу. Плиоцен кезеңінің тау жыныстарынан түзілген. Жер қыртысын көлді-аллювийлі шөгінділер жапқан. Карбонатты қоңыр топырақты сортаң далада ксерофитті түрлі шөпті-бетегелі-селеулі өсімдіктер өскен.
## Сілтемелер |
Қарабас – Шу өзенінің орта ағысындағы Сарқырама мен Қараөзек тармақтары аралығындағы төбе. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Құмөзек ауылының оңтүстік-шығысында 20 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 329 м. Беткейі тіктеу, пішіні дөңгелек тәрізді келген. Аллювийлі шөгінділерден тұрады. Жайылмалық шалғынды-батпақты топырағында шөл өсімдіктері өседі. Солтүстік-шығысында Қырыққазық қыстауы орналасқан.
## Дереккөздер |
Ысқақ немесе Исхақ (араб.: إسحاق) — ислам пайғамбары, Ибраһимның баласы. Құранда Ибраһимға Аллаһтың рақымы түсіп, қартайған шағында оның дінге берік, кіршіксіз өмірі үшін ұл сыйлағандығы айтылады. Ұлының дүниеге келетінін қарапайым жолаушылар болып келіп, оның қонақжай дастарқанынан дәм татқан періштелер хабарлайды.
Аллаһтың Ибраһимға «зейінді ұл» сыйлағаны, ал бұдан соң ол түсінде Аллаһтың ұлын кұрбандыққа шалуын талап етіп, аян бергендігі айтылады.
Ибраһим мұны орындауға дайын болатын. Бірақ, Аллаһ Тағала пендесінің адалдығына көзі жеткен соң райынан қайтады. Аллаһ өз үмбетін осылай сынаған еді.
## Дереккөздер |
Әлдихан Қалдыбаев (1939 жыл 3 қазан Жамбыл облысы Шу ауданы «Кербұлақ» - 10 қараша 2015 жыл) - балалар жазушысы.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын 1963 жылы Қызылорда облысының Арал ауданындағы Бөген орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімі болып бастаған. 1965 жылдан Жамбыл облыстық телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі комитетінде редактор, облыстық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер, Жамбыл облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды. 1976—1995 жылдары облыстық «Еңбек туы» (кейін «Ақ жол») газеті редакторының орынбасары, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтары облыстық ұйымдарының төрағасы болған. Қазір зейнеткер.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған
* «Көк дөңгелек» (1962),
* «Қос тентек» (1964),
* «Су тасушы Әшірбек» (1969),
* «Байнаш солдат» (1969),
* «Шаншар атай» (1970),
* «Мишка — менің досым» (1973),
* «Өзен жағасында» (1975),
* «Солдат болу оңай ма?» (1975),
* «Менің ағам — солдат» (1980),
* «Көк дөңгелек» (1985),
* «Автобус аялдамасы» (1990) кітаптарының авторы.
* 1999 жылы «Ата» деген атпен таңдамалы шығармалары,
* 2002 жылы «Мен — апамның баласымын» атты романы,
* 2004 жылы екі томдық таңдамалы шығармалары,
* 2008 — 2009 жылдары төрт томдық шығармалары,
* 2009 жылы «Көңіл көмбесі» атты кітабы жарық көрген.
Жазушының бірқатар туындылары орыс, белорус, армян, түрікмен, татар тілдеріне аударылған.
«Шаншар атай» деп аталатын комедиясы 1980 жылы Жамбыл облыстық драма театрында койылып, балалар мен жастарға арналған спектакльдердің бүкілодақтық байқау-конкурсында бірінші орынға ие болды. «Қайран Ынтықбай ағай-ай» комедиясы қазақ телевизиясының алтын қорына енген. “Сәлім-Сәлима” атты драмасы еліміз театрларының бірнешеуінде қойылған. 2009 жылы Түркістан сазды-драма театрында «Әкімнің туған күні» атты трагикомедия қойылған.
“Құрмет” ордерінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
## Дереккөздер |
Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменов (1 қазан 1941 жыл, Семей) — кеңестік және қазақстандық дипломат, мемлекет қайраткері, Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі.
## Өмірбаян
Қарағанды политехникалық институтын бітірген (1967).
* 1959 – 1969 жылдар Қарағанды металлургия комбинатында (ҚМК) жұмысшы, цех шебері, комсомол комитетінің хатшысы болып істеді.
* 1971 – 1977 жылдар Теміртау қалалық атқару комитетінде,
* 1977 – 1980 жылдар КСРО Сыртқы істер министірлігінің (СҚМ) Дипломатия академиясының тыңдаушысы,
* 1980 – 1981 жылдар КСРО СҚМ-нің Орта Шығыс елдері бөлімінің бірінші хатшысы,
* 1981 – 1985 жылдар Ауғанстандағы КСРО Бас өкілдігінің Мазари-Шариф қаласындағы консулы,
* 1985 – 1988 жылдар КСРО СҚМ-нің Орта Шығыс елдері бөлімінің кеңесшісі,
* 1988 – 1991 жылдар Ирандағы КСРО елшілігінің кеңесшісі,
* 1991 – 1994 жылдар ҚР Сыртқы істер министрі.
* 1994 жылдан елшілік қызметте болды. 1994 – 1996 жылдар Қазақстанның АҚШ-тағы, 1996 – 2001 жылдар Венгриядағы, 2001 – 2003 жылдар Бельгиядағы, 2003 жылы мамыр – шілде аралығында Люксембург, Голландиядағы, 2003 – 2005 жылдар Польшадағы төтенше және өкілетті елшісі.
* Сүлейменов 2003 жылда Қазақстанның Солтүстік Атлантика шарты ұйымындағы өкілдігінде атқарушы басшы қызметінде болды.
* 2005 жылдан ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы дипломатия институтының директоры.
## Марапаттары
“Құрмет белгісі” (1976), Ауғанстанның “Даңқ” (1984), “Құрмет” (2001) ордендерімен, “ҚР дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері” құрметті атағымен және бірнеше медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Зульфия, толық аты-жөні Зульфия Исраилова (14.3.1915, Өзбекстан, Ташкент қаласы – 1996, сонда) – Өзбекстанның халық ақыны (1965), Социалистік Еңбек Ері (1984).
Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1935). 1938 – 50 жылдары республикалық көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, 1950 – 52 жылдары “Узбекистон хотин-кизлари” (қазіргі “Саодат”) журналының бөлім меңгерушісі, 1953 – 85 жылдары бас редакторы қызметтерін атқарған. Шығармалары 1930 жылдан жариялана бастады. Алғашқы өлеңдер жинағы “Өмір беттері” 1932 жылы жарық көрді. “Қыздар жыры” (1939), “Айрылысқан күндерде” (1944), “Хулкар” (1947), “Таңды жырлаймын” (1950), “Құрбылармен сырласу” (1953), “Жаныма жақын жандар” (1958), “Таңдамалы шығармалар” (1959), “Лирикалар” (1965), “Ойлар” (1965), “Бастау” (1969), “Менің көктемім” (1971), “Кездесу” (1972), “Өмір жолдары” (1974, КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1976), “Мазалайды махаббат” (1981), т.б. кітаптарында өзбек халқының салт-дәстүрі, қол жеткен табыстары, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігі жырланады. Зульфия Өзбекстанның Мемлекеттік сыйлығы (1969), Джавахарлал Неру атындағы сыйлық (1968) лауреаты. Көптеген шығармалары бірнеше шет ел тілдеріне аударылған. Шығармалары қазақ тілінде “Өлеңдер” деген атпен (1960) жеке кітап болып шықты.
## Сілтемелер
* «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том |
Орақбай Зубаиров (1941 жылы тұған, Жамбыл ауданы, Бірлесу ауылы) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор (1986), Халықаралық экология және табиғатты пайдалану академиясы академигі.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
1966 жылы Мәскеу гидромелиорация институтын бітірген. 1966 – 1969 жылы құрылыста прораб, зауытта бас инженер, 1969 – 1986 жылы Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтында аға ғылыми қызметкер, доцент, профессор қызметтерін атқаруда.Екі ғылым кандидатын тәрбиелеп шығарған. 100-ден аса ғылыми еңбектері, соның ішінде 2 монографиясы жарық көрген.
## Шығармалары
* Методические рекомендации о полном сельскохозяйственном использовании сточных вод в условиях юга Казахстана, М., 1984
* Орошение сточными водами в Казахстане, А., 1994.
## Сыртқы сілтемелер
* Гидротехника және мелиорация кафедрасы(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Нақыштау сөзі инкрустация, интарсия сөздеріне синоним болып келеді.
## Сілтемелер
* Синоним
* Қазақ тілі
* Әдеби сөз
## Дереккөздер |
Ахмет немесе Ахмат, Еуропада Ahmed bin Küchük атымен белгілі (Urdu;Persian;Араб тілі: احمد خان بن کوچک) (туған жылы белгісіз — 6.1.1481) — Ұлы Орда ханы (1459 — 1481). Кіші Мұхаммед ханның ұлы.
Ахмет — Бату хан құрған ұлы мемл-тің тұтастығын сақтап, оның ыдырауына жол бермеуге, орыс кінәздіктерін бағынышта ұстауға көп күш салған. 1460 жылы Алтын Ордаға тәуелділіктен құтылуға ұмтылып, салық төлеуден бас тартқан Мәскеу кінәздігіне жорық жасады. Дешті Қыпшақтағы “көшпелі өзбектер” мемл-нің соңғы ханы Шейх Хайдарды Ноғай мырзалары мен Сібір хандығының көмегіне сүйене отырып талқандады. 1471 жылы Литва кінәздігінің Керей есімді елшісін қабылдап, Иван ІІІ-ке қарсы одақ құрады. 1472 жылы Ахмет ханның әскері Мәскеудің Алексин қақпасына жетіп, қаланы өртеді. 1477 жылы Мәскеумен одақтасқан Қырым хандығын жеңіп, оның тағына Жәнібек ханды отырғызды. 1480 жылы қазан айында Ахмет ханның әскері Ока өзенінің сағасы Уграға келіп тоқтады. А. хан алғашында өзеннің қатқан кезінде мұздан өтіп, шабуыл жасауға әзірленгенімен, қараша айының ортасында әскерін кері қайтарады. Осы оқиғадан кейін Мәскеу Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындамады. Ахмет хан Сібір ханы Ибақпен соғыста ұрыс даласында қаза тапты. Оның ұлдары хан тағына отырғанымен, Алтын Орданың құлдырауын тоқтата алмады.
## Дереккөздер |
Шоңөрікті – Күнгей Алатаудың шығыс бөлігіндегі асу.
## Географиялық орны
Қазақстан (Алматы облысы) мен Қырғызстан шекарасында.
## Жер бедері
Биіктігі 3888 м. Күнгей Алатаудың солтүстік беткейіндегі Шілік өзеннің саласы – Үлкен Өрікті өзенінің аңғарымен жүретін соқпақ жол арқылы оңтүстік беткейіндегі Шоңөрікті өзенінің бастауына асады; одан әрі соқпақ Ыстықкөл жағалауына барады. Асудың батысында Бұрғансу, шығысында Ортаөрікті асулары жатыр.
## Дереккөздер |
Аша (2007 жылға дейін – Максим Горький) — Түркістан облысы Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылының оңтүстік-батыс іргесінде.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1952–96 жылдары мақта өсіретін ұжымшардың бөлімшесі болды. Мақта, жеміс-жидек, астық өндіретін шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Аша ауылы арқылы Орынбор-Ташкент темір жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Сайлаубай Омарұлы Байсанов (1950 жылы туған) – техника ғылымдарының докторы (2002), профессор (2003).
* Мәскеу болат және қорытпа институтын бітірген (1974). Химия-металлургия институтында инженер, кіші, аға ғылым қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1974–1993) болды. [1994 жылдан институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарады. «Закономерности фазовых равновесий в металлургических системах и разработка на их основы эффективных технологий выплавки ферросплавов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Байсанов 200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның («Становление и развитие маргенцовой отрасли Казахстана», 2002; «Освоение технологии электротермической выплавки ферросиликоалюминия», 2000; «Производство ферросиликоалюминия», 2003) авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлық лауреаты (2001).
* 1979 жылдан - Химия металлургия институтының кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, 1985жылдан –металлургиялық балқымалар зертханасының меңгерушісі. 1994 жылдан бері - Ж. Әбішев атындағы Химия металлургия институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары. Диссертациялық кеңес мүшесі (2003 жылдан). «ҚС МШКО ҰО» ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі, Республикалық мақсаттық ғылыми-техникалық бағдарламалардың қара металлургия проблемалары женіндегі сараптау комисиясының төрағасы ( 1993 - 1998 ,1999 - 2003 , 2004 -200ГП)
* Ғылым, техника және білім саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының ( 2001 ) , академик Е.А. Бекетов атындағы Минералдық ресурстар академиясы сыйлығының (2007) лауреаты.
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.avestnik.kz/?p=9533
* http://www.kazpravda.kz/rus/nauka/iz_nauchnih_laboratorij_na_mirovoj_rinok.html(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Бағлан Жиенәліұлы Қарашолақов (10.9.1949 жылы туыл5ан, Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылы) – Меркі ауданының әкімі.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітірген (1979). 1968 – 79 жылы Жамбыл атында5ы кеңшарда құрылысшы, 1979 – 84 жылдары Фурманов ауылындағы жылжымалы механикаландырылған колоннаның бас инженері, бастығы, 1984 – 85 жылы Мойынқұм аудан атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1985 – 92 жылдары Қуанышбаев атынд. кеңшардың директоры, 1992 – 95 жылдары Мойынқұм аудан әкімшілігінің басшысы, 1995 – 97 жылы аудан әкімі, 1997 –2001 жылы Жамбыл облысы тәртіп сақтау кеңесінің төрағасы, 2001 жылы сәуірден Меркі аудан әкімі. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.
## Дереккөздер
“Тараз энциклопедиясы” |
Бағыбек Құндақбайұлы (1926 жылы 10 қазанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Сұлутөбе қыстағы) - театртанушы, педагог, өнертану ғылымдарының докторы (1996), профессор (1989). Ресей Табиғаттану академиясы Еуразия өнертану бөлімшесінің академигі (1996).
## Өмірбаян
1955 жылы Ташкенттің А.Н.Островский атындағы театр-көркемсурет институтының театртану факультетін бітірген.
1955 —1956 жылдары Қазақстанның балалар мен жасөспірімдер театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, 1956—1958 жылдары Жамбыл қаласындағы республикалық мәдени-ағарту училищесінде өнер тарихының оқытушысы болған. 1958 жылдан М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет етіп келеді. Қазір осы институттың бөлім меңгерушісі. Мәскеудегі А.В.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтының аспирантурасын (1963) бітірген. Өнертану ғылымының докторы, профессор.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ресей жаратылыстану академиясының «Евразия зерттеу» бөлімшесінің академигі, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері, «Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
М.Кәрімнің «Айгүл елінде», Б.Жәкиевтің «Ертең жаңа жыл», «Бәрі де ойыннан шықты», И.Экренің «Сау басыма — сақина», «Майор Тоот және басқалар», Лев Устиновтың «Таза жүрек» пьесаларын қазақ тіліне аударған.
Қазақша, орысша мәдениет пен өнер терминологиялық сөздігінің жетекшісі әрі авторларының бірі. ІІІ томдық «Қазақ өнерінің тарихы», монографиясының театр бөлімін жазған.
## Шығармалары
* Қазақтың академиялық драма театрында қырық жыл. (К.Нүрпейісовпен бірге). А., «Жазушы», 1966;
* Режиссер және спектакль. А., «Жазушы», 1971;
* Қызылорда театрында 25 жыл. А., «Жазушы», 1976;
* Путь театра. А., «Жазушы», 1976;
* Уақыт және театр. А., «Өнер», 1981;
* Бел белестер. А., «Өнер», 1987;
* Мұхтар Әуезов және театр. А., «Ғылым», 1997;
* Заман және театр. А., «Өнер», 2001;
* Театр туралы толғаныстар. А., «Өнер», 2006;
* Қазақ театры ның тарихы. («Тұңғыш талпыныс», «Алғашқы адым», «Театр туған да», «Театр шежіресі») тарау лары. А., «Ғылым», I том. 1975, ІІ том. («Бүгінгі күн тақырыбы театр сахнасында», «Комедиялық спектакпьдер», «Эпостық спектакльдер», «Тарихи революциялық спектакльдер», «Қорытынды», «Репертуар» тараулары. 1978). ;
* Алты томдық «История Советского драматического театра». М., 1966-1971;
* Жиырма-отызыншы жылдардағы Қазақ әдебиеті. А., «Ғылым», 1997;
* Он томдық «Қазақ әдебиеті тарихының 7-8-9 томдары». А., «Қазақпарат», 2004-2005;
* Шернияз. А., «Өнер», 1990; Восхождения. А., «Жалын», 1977.
## Дереккөздер |
Бауырмалдық — адам бойындағы туысқандық, ағайыншылық қарым-қатынасқа адалдықты білдіретін ұғым. Бауырмалдық - туыс адамдардың арасындағы жақсы көру сезімін, бір-біріне деген мейірімділігін, жанашырлығын, қамқорлығын білдіретін құнды қасиет. Сондай-ақ, бауырмалдық тек туыстық негізде ғана көрінетін қасиет емес, ол кісінің адамгершілік, имандылық қасиеттерін айқындайтын мінез-құлықтың жағымды белгісі. Өзгені бауырына тарта білу, әр адамды жақын санап, қамқорлық көрсету сияқты ізгілік белгілері адамдар арасындағы өзара сыйластықты, бірін-бірі құрметтеу, жақын тұту сезімдерін қалыптастырады. Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөлмей, кез-келген жағдайда оларға көмектесуге дайын тұру, қол ұшын беру қасиеті де бауырмалдықтың белгісі болып табылады (қ. Бауырластық). Бауырмалдықтың салдары адамның не халықтың өзіне зиянды болмас үшін ол тәуелсіздік, ұлттық мүдде, ұлттық намыс сияқты ұлы құндылықтармен астаса көрініс табуы керек.
## Дереккөздер |
Шопан ата – қой түлігі мен шопанның пірі. Зерттеушілердің пікірінше шамамен 13 – 14 ғасырларда өмір сүрген және Қожа Ахмет Иасауи тариқатының басшыларының бірі болған. Жалпы ислам дүниесінде әрбір кәсіптің киелілігін, абыройлығын әйгілеп, ол кәсіптердің бастауында тұрған рухани ұстаз, қасиетті пірге құрмет көрсету дәстүрі бар. Сондай-ақ дәстүрлі қазақ мұсылмандығында да қазақтың ата кәсібі малшылыққа байланысты пір тұтылатын қасиетті есімдер бар. Солардың бірі Шопан ата Ол Иасауи тариқаты дәстүрінің ұстазы ретінде тарихи тұлға болса да халық жадында шопандық кәсіптің пірі ретінде аңыздық тұлға болып сақталды. Халық арасында Шопан ата туралы аңыз әңгімелер көптеп таралып, қой түлігінің қасиеттерін дәріптеген және сол кәсіптің иесі пірден қолдау, желеп-жебеу тілеп, мұсылмандық дәстүрмен рухани жалғастыққа ұмтылған.
## Дереккөздер |
Қарахан мемлекеті (парсы: ایلک خانیان — Ilak-Khānīyān) (942–1212) — Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекет.
Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекеті Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген.
Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955 жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадыр ханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астанасы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң, Қарахан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан ханға көшті. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Испиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұхараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне соққы берді. Қарахан хандығы ұзақ соғыстардан кейін 1004–1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті XI-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді:
Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Баласағұнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды.
Мәуеренахр жерлері — Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқан болды.
Қарахан мемлекетінде жоғарғы өкімет билігі хаканның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Қарахан феодалдық қоғамының үстем тап өкілдеріне хаканның ұрпақтары тегіндер, ілек хандар, бектер, нәменгерлер, нөкерлер жатқан. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болған. Уәзір жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі болып саналды. Хан сарайы, оның басты ордасы мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болып есептелді. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Мемлекет бірнеше үлестерге бөлінді. Олардың бастылары: Тараз, Испиджаб, Баласағұн. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта, ал оны иеленуші араб терминімен муқта немесе иқтадар (парсы термині) деп аталған. Қарахандардағы жер иеленудің тағы бір көп тараған түрі әскери — үлестік жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілген. Қарахан феодалдық қоғамында шаруаларды қанаудың бір түрі — жалға үлестік жер беру орын алған. Араб-парсы деректерінде үлестік жер алған шаруалар мұзарлар немесе барзұгар деп аталған. Үлескер жерден алынған өнімнің денін салық түрінде мемлекетке және жер иелеріне төлеп отырған. Шаруаларды қанаудың екінші бір түрі — коммендация жер иелігі. Оның мәні: әлсіз адам өзінің жер телімін күштінің қамқорлығына береді, ол күшті адам әлсіз адамды басқалардан қорғауға тиіс.
Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарын мекендеген қарахандықтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығында жылқы өсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген түркі тайпалары отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі, ірі қара өсірді. Отырықшы, жартылай отырықшы түрік тайпаларының біразы егіншілікпен де айналысты. Олар тары және басқа да дәнді дақылдар өсірді, отырықшылар қала мәдениетімен араласып, қала халқын толықтырды. Қалаларда қолөнер кәсібі, әсіресе көзешілік кеңінен дамыды. Олар аңшылықпен де айналысқан. Сондай-ақ Сырдария, Іле мен, Шу, Талас өзендерінен балық аулау айтарлықтай рөл атқарды.
XI ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті соғыстармен және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. XII ғасырдың 30-шы жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның оңтүстігін шығыстан келген кидандар жаулап алды. |
Недзвецкий Владимир Ефимович (1856, Могилев губернаторы – 1918,Верный қаласы) – өлкетанушы, Жетісу облысы мұражайының негізін қалаушы. 1882 жылы Қазан университетінің заң факультетін бітірген. Студент кезінде саяси қозғалысқа қатысқаны үшін ішкі Ресейден Сібірге жер аударылып, 1882 – 84 жылы Омбыдағы Батыс Сібір Бас басқармасында қызмет атқарды. Г.Колпаковскийдің кеңесімен 1884 жылы Жетісу облысына ауысып, сонда тұрақтап қалған. 1884 – 1901 жылы Жетісу облысы басқармасында және Верный уездінің бітімші сотында қызмет атқарып, 1901 – 18 жылы облыстың статистикалық кенестің хатшысы болды. Недзвецкий өлке тарихы мен мәдени өмірінен құнды деректер жинаған. Әсіресе оның “Жетісу облысының 1905 жылғы естелік кітапшасы және адрес-календары” атты еңбегі сол кездегі өлкенің қоғамдық-мәдени өмірі, әлеуметтік, экономикалық тұрмысы жайында мол мағлұмат береді. Недзвецкийдің басшылығымен 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалысына қатысушылардың қару-жарақтары Жетісу облысы мұражайына алынды.Жетісуда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ол патша әкімшілігінің шенеунігі ретінде қызметтен шеттетілді. Іле Алатауында ғана өсетін, өте сирек кездесетін кекіренің және алманың (Недзвецкий алмасы) бір түрі Недзвецкий есімімен аталады.
## Сілтемелер
* Жетісу
* Недзвецкий алмасы
* Верный
## Дереккөздер |
Құлтансор – Нұра алабындағы тұйық көл.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде, Есенгелді ауылынан батысқа қарай 22 км, теңіз деңгейінен 416 м биіктікте орналасқан.
## Гидрографикасы
Ауданы 14,1 км2 (көктемде 16,0 км2-ге ұлғаяды), ұзындығы 5,7 км, ендірек жері 3 км. Жағалау сызығының ұзындығы 33,5 км, орташа тереңдігі 0,4 м (ең терең жері 1 м). Су жиналатын алабы 134 км2. Суы тұзды. Қарашаның аяғында мұз қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. Негізінен көктемгі қар суымен толығады.
## Жағалау сипаты
Жағалауы екі террасадан, жиі тілімденген түбектер мен шығанақтардан тұрады. Көлде 8 арал бар, түбі тегіс, лай. Жағалауында бетеге, жусан, қараған, жыңғыл өседі. Көлде аққу, қаз, үйрек, т.б. құстар ұя салады. Кейінгі жылдары көл суы тартылып, таязданып келеді. Жауын-шашын аз жылдары құрғап қалады немесе шалшық суға айналады.
## Дереккөздер |
Бағлан Қамзақызы Жұмабекова (1955 жылы т.) – медицина ғылымдарының докторы (2004), профессор (2005).
## Өмірбаяны
* Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген (1978).
* Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкері (1979–81, Алматы қ.)
* Қазақстан ғылым академиясының Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкері, ассистент, доцент (1984–99) қызметтерін атқарды.
* 1999 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында кәсіби аурулар курсының меңгерушісі.
## Еңбектері
* 105 ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Мойылды – балшықпен емдейтін бальнеологиялық санаторий. Павлодар облысы Мойылды көшесінің жағалауында, теңіз деңгейінен 135 м биіктікте орналасқан. Алматы темір жолының Павлодар станциясынан 17 км (автобус қатынайды) қашықтықта. 1922 жылы ашылған. 350 орны бар (2004). Жыл бойы жұмыс істейді. Климаты континенттік, яғни жазы ыстық, қысы суық. Қаңтар айының орташа температурасы –18С , ал шілдеде 21С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 мм шамасында. Ем ретінде әлсіз сульфитті минералдығы жоғары (1 л суда 250 г минерал, ал рН көрсеткіші 7,4) шөгінді балшық, Мойылды көшесінен алынатын ащы тұзды рапа (сульфат-хлорид, натрий-магний аралас) ванна (былау) ретінде пайдаланылады, минералды суын ішеді. Санаторий сүйек-бұлшық ет (артритті, полиартритті, артрозті, остеохондрозды, радикулитті, т.б.), жүйке жүйесі (невралгия, неврит, невропатия, т.б.), ерлердің жыныс органдарының (простатит, т.б.) және гинекология (созылмалы метроэндометрит, бедеулік, т.б.) ауруларын емдеуге арналған. Сондай-ақ, функционалдық диагностика қою, физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру және стоматол. кабинеттер бар.Ж. Абылаев
## Сілтемелер
* Павлодар
* Санаторий
## Дереккөздер |
Түсіпбектегі Махабат Рымқұлұлы (5.1.1931 ж.т., Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы а.) – техника ғылымының докторы (1991), профессор (1994). Халықаралық техника кибернетика академиясының корресподент мүшесі (1992). Алматы тау-кен және металлургия институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) оқып, Мәскеу жоғары техника училищесін бітірген (1955). Новосибирск қаласындағы №92 зауытта инженер-конструктор (1955–57); 1957 жылдан Алматы қаласында Халық шаруалар кеңесінде инженер, «Металлист» зауытында бас инженер, Қазақ жергілікті өнеркәсіп ғылыми зерттеу институтында директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университетінде) инженер, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі болды (1964–96). Негізгі ғылыми-зертеулері машина жасау саласындағы автоматтандыру мәселелеріне арналған. ҚР Мемлекетік сыйлық лауреаты(қолжетпейтін сілтеме) (2001).
## Дереккөздер
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы |
Су бүргелері, дафния (Daphnіa) – бұтақмұртты шаянтәрізділер туысы. Тұщы су айдындарында планктонды тіршілік етеді. Дүние жүзінде 26 түрі, Қазақстанда 4 түрі aнықталған. Денесі мөлдір, жұқа карапакс қабатты, ұзындығы 1 – 3 мм. Aнтеннулары қысқа, аналықтарында тұрақты, ал аталықтарында қозғалмалы болады. Ұзын, екі бұтақты антеннулары арқылы секіріп қозғалады (аты осыған байланысты қойылған). Су бүргелерінің басқа бұтақмұртты шаяндардан гетерогониялық даму жолдары арқылы ерекшеленеді. Аналықтары партеногенетикалық жолмен жаздың басында, ал аталықтары күзде жетіледі. Су бүргелеріне цикломорфоз (тіршілігінің жыл мезгіліне қарай өзгеруі) тән. Мысалы, бас пішінінің домалақ болуы – төмен температураға, сүйір болуы – жоғары температураға байланысты. Су бүргелерімен омыртқасыздар, балық шабақтары қоректенеді.
## Дереккөздер |
Усмадияр Мақанов (1939 жылы туған, Сарыағаш ауданы) – ғалым, химия ғылымдарының докторы (1987), профессор (1989). Ташкент политехникалық институтын бітірген (1958). 1963–64 жылдары Бішкек, Алматы кәсіпорындарында инженер-технолог болып қызмет атқарды. 1964–67 жылдары аспирантурада оқыды. 1969 жылы ҚазПТИ-дың жалпы химия кафедрасында аға оқытушы, доцент болған. Ал 1976 жылы жалпы химия кафедрасының меңгерушісі болды. 1981–83 жылы еңбек жолын Мәскеу мемлекеттік университетінде жалғастырған. 110-нан астам ғылыми және 4 авторлық еңбектері бар.
## Сілтемелер |
Байбарақ Құдайқұлұлы (шамамен 18 ғасырдың басы) — батыр. Кіші жүздің алаша руынан. Ел арасындағы аңыздарға қарағанда Байбарақ Құдайқұлұлы қалмақтардың бір шапқыншылығы кезінде қолға түсіп, жастайынан тұтқындықты басынан өткізген. Кейін қалмақтарға қарсы жорықтарұйымдастыруға қатысқан. Қалмақ батырын жекпе-жек шайқаста жеңіп, есімі Алаша руының ұранына айналған.
## Дереккөздер |
Тұрар Мұратбекұлы Лаумулин (24.3.1932 ж.т., Алматы қаласы) – тау кен инжинері-геологы, геологиялық-минералдар ғылымының докторы (1979), профессор (1992). ҚР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1957, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының геология ғылымдар институтында аға лаборант, инжинер, кіші., аға ғылым қызметкер, ғалым-хатшы (1957–69), институттың ғылым жөніндегі директорының орынбасары (1971–74), аға ғылым қызметкер, лаборатория меңгерушісі, институт директорының орынбасары (1975–87) болып жұмыс істеді, 1997 жылдан бас ғылым қызметкер. «Структурно-генетические условия формирования редкометального орудения Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
## Еңбектері
Лаумулиннің ғылыми еңбектері кентас өрісінің құрылымын зерттеу және аймақтық металлогения мәселелеріне арналған. 160-тан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 10 монографияның авторы.
## Пайдаланылан әдебиеттер
Қазақ энциклопедиясы |
Тәржіма Шаһнама – Фердоуси “Шаһнамасының” түркіше аудармасы. Аударған – Хұсейін Хасан Мұхаммед әл-Хорезми. Ол сұлтан Чемнің жұмсауымен Мысырға барып, онда “Шаһнаманы” аударған, еңбекті Кансух Гури сұлтанға тарту еткен. Аударманың қолжазбасы 1511 жылдың наурыз айында Каирде жазылып біткен. Поляк түркітанушысы А.Зайончковский “Тәржіма Шаһнама” 1965 ж. Варшавада бастырып шығарған. Бұл басылған нұсқада араб әліпбиімен жазылған “Шаһнаманың” фотокөшірмесі және мәтіннің латынша транскрипциясы бар. Зерттеуші Ә.Құрышжанұлы еңбек жайында “Ескерткіш ескі осман тілінің тарихы үшін аса бағалы мұра бола тұра, көне қыпшақ тілі мен Алтын Орда, Хорезм халықтарының мәдени тарихы үшін де маңызы аз емес” дейді. Қолжазба Түркиядағы Топқапы сарайында сақтаулы.
## Сілтемелер |
Самарқаулық— адам бойындағы жігерсіздікті білдіретін ұғым. Іс-әрекетке ынтасыздық, қайратсыздық Самарқаулықтың белгілері болып табылады. Самарқаулыққа салынған адамның көңіл-күйіндегі өзгерістер, ішкі қалауы сыртқа анық, ашық білінбейді, оған қайғы мен қуаныш та әсер етпеуі мүмкін. Мұндай құлықсыз күйге жалқаулыққа бой алдырған, көпшілікпен араласпайтын адам ұшырайды. Самарқаулықтан арылу үшін адам өз ерік-жігерін жинап, мақсатты түрде әрекеттенуі қажет.
## Пайдаланылған cілтемелер
==== |
Шибөрі, шүйбөрі немесе африкалық ит (лат. Canis aureus) – ит тұқымдасына жататын жыртқыш сүт қоректі.
Дене тұрқы 71 – 82 см, бойы 45 – 50 см, құйрығының ұзындығы 22 – 23 см, салмағы 7 – 13 кг, пішіні қасқырға ұқсас, бірақ одан екі есе кіші, түсі жирен сұрғылт. Орталық Африкадан бастап Орта Шығыс, Еуропаның оңтүстік-шығысында таралған. Кавказ, кейде Молдавияда, Орта Азияда, Сырдарияның орта тұсынан (Арыс өзені]] құятын сағадан) оңтүстікке қарай кездеседі. Шиебөрі өзен, көл бойындағы тоғайлы, қамысты жерді мекендейді, кейде шөлде, тау бауырында, ел мекеніне жақын жерде де кездеседі. Жемін (қоян көжегі, тышқан, кесіртке, жылан, бақа, жәндіктер, жануар өлексесі, әр түрлі жеміс, қарбыз, қауын, т.б.) аулауға ымыртта шығады, кейде күндіз де қорек іздейді. Қаңтардың ортасынан ақпанның аяғына дейін ұйығады, 60 – 62 күн көтеріп 4 – 6, кейде 8 күшік туады. Жыныстық жағынан қаншығы бір жасында, қабыланы екі жасында жетіледі. Кәсіптік маңызы онша емес, аң, құс шаруашылығына зиян келтіретін жерде ауланады.
## Мінез-құлықтары
Шибөрілер үйірлер деп аталатын топтарда өмір сүреді. Бір үйір ата-аналар жұбы мен олардың балаларынан тұрады. Олар бірге тұрып, бірге шабуылға шығады. Отбасы, әдетте, күндіз үңгірлерде немесе ағаш бұтақтарының арасында жапырақтардың астында жасырынып жатып, түнде қорек іздеп шығады. Шибөрілердің ата-анасы бірге күшіктерін өсіруге қатысады.
## Шибөрінің түрлері
Шибөрілердің үш түрі бар, олар: алтын шибөрі, қара жонды шибөрі және кәдімгі шибөрі.
## Дереккөздер |
Қос – уақытша баспана. Ол шөп шабу, егін салу, егін жинау, мал бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жиюы оңай болғандықтан көбіне шаруашылық жұмыстарына пайдаланылады. Қос екі керегенің басын қосу немесе бірнеше сырғауыл, бақан, сырық басын біріктіріп байлау арқылы жасалады. Дәстүрлі мал шаруашылығында қышылардың қысқы Қос үш қанат керегеден тігілген. Ортасында от жағатын орны, төбесінде түндігі болған. Жорыққа, алыс сапарға, аңға шыққанда, көші-қон кезінде тігілген.
## Дереккөздер |
Тайбағар Тұрланұлы (1827, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қазыбек бек темір жол станциясы – 1881, сонда) – би, Ұлы жүз шапырашты руының әжіке тармағынан шыққан. Ақын, әншілердің қамқоршысы болған.
Ол өзінің сыралғы досы, атақты әнші Дәуренсал Құдабайұлына араша түсіп, бар малын құн өтеміне төлеу арқылы өлім жазасынан аман алып қалғаны ұшін ел ішінде “мырза” атанған. Тайбағардың шешендігі мен әділеттілігін Сүйінбай жоғары бағалаған. Ол Тезек төремен айтысында: “…менің бауырым – Тұрланның жалғыз ұлы, Мықты болсаң жеңіп көр Тайбағарды” деуі Тайбағардың шешен адам болғанын білдіреді. Аягөзде өткен құн дауында Қанай батырды өлім жазасынан алып қалған.
## Дереккөздер |
Недзвецкий алмасы (malus nіedzwetzkyana) – раушангүл тұқымдасының алма туысына жататын ағаш. Қаратауда, Талас Алатауының сілемдерінде кездеседі. Биіктігі 5 – 8 м. Бұтақ шоғыры тармақталып өскен, ағаш діңінің түсі қоңыр не қызыл. Жапырақтары эллипс тәрізді, саусақ салалы тілімденген, шеті ара тісті иректелген. Гүлдері қанық қошқыл қызыл түсті. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі қанық қызыл түсті, етті, шырынды, тәтті. Недзвецкий алмасы– өте сирек кездесетін өсімдік болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Сілтемелер
* Недзвецкий Владимир Ефимович
* Өсімдіктер
* Алматы
## Дереккөздер |
Серік Қалиев (16 тамыз 1961 жыл, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Амангелді ауылы - 27 сәуір 2023 жыл) — айтыс ақыны.
1978—1983 жылдары жоғары оқу орнында (ЖГМҚИ) оқыған. 1983-1995 жылдары облыстық, республикалық ақындар айтыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Өлеңдері 1987 жылы жас ақындардың «Қарлығаш» ұжымдық жинағына («Жалын» ) енген.
## Шығармалары
* Отыз тістен шыққан сөз. Тараз, «Щит», 1998;
* Ақ моншақ. Тараз. «Щит», 1998;
* Жұлдыз сезім. Тараз. «Салық тәртібі», 1998;
* Өлеңдер мен әңгімелер. А., «Атамұра», 1999;
* Егіздің сыңары. А., «Толғанай», 2000;
* Ашық хат. А., «Нұрлы әлем», 2003.
* Болашаққа хат. Жүздесу. Алматы. "Таугуль-Принт" 2014;
## Дереккөздер |
Шопан ата қорымы – тарихи-этнографиялық мәдени ескерткіш. Батыс Қазақстан жеріндегі көне сәулет өнеріне (12 – 20 ғасырлардың басы) жатады. Қазіргі Маңғыстау облысындағы Сенек ауылының солтүстік-шығысынан 25 км жерде орналасқан. Қорым, аңыз бойынша Қожа Ахмет Иасауидің шәкірті Шопан ата салдырған мешіті төңірегіне жайғасқан. Шопан ата қорымы жергілікті халықтың ертедегі салт-дәстүрін, жерлеу рәсімін танытатын діни архитектуралық құрылыс түрінде салынған. Ол алып жатқан жер көлемі мен ескерткіштерінің саны жағынан (2 мыңнан астам) Арал – Каспий өңіріндегі ең ірі қорымның бірі әрі қазақ және түрікмен қорымы деп нақты межеленіп, екіге бөлінген. Оның дәл ортасындағы әк тастан қашалып жасалған мешіт бірнеше бөлмеден тұрады. Мешіт ауласында “қасиетті” тұт ағашы өскен және жуынып-шайынатын тас суат бар. Қорымның солтүстік-шығысында құжыралар, михрабтар мен намаз оқып, демалатын негізгі жайлар, ал шығыс бөлігінде көптеген сағанатам, күмбезді кесене, құлпытас, қойтас пен сандықтастар орналасқан. Мұндағы ескерткіштер архитектуралық және әшекей-өрнектік шешімі жағынан сан түрлі: олар әктас, құмтастан қашалып жасалған. Ірі құрылыстардың ішінде ерекше көзге түсетіні – сағана тамдар. Олардың кіре берісі кесенелер секілді оңтүстікке қарайды. Шопан ата қорымын М.Меңдіқұлов басқарған архитектуралық экспедициясы (1952), Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігі (1977 – 78) және Республика ескерткіштерді қорғау қоғамының (1982) экспедициясы зерттеген.
## Дереккөздер |
Қоңырқожа Қожықов (1880, Ақмешіт – 1938, Алматы) – қоғам қайраткері, ағартушы, ғалым.
Қорасан қожа руынан шыққан. Қазақ-орыс мектебін, Ташкент мұғалімдер семинариясын бітірген (1900). Сырдария губерниясында мектеп инспекторы, қазақ-орыс училищесінің меңгерушісі, Түркістан, Перовск, Әндіжан қалаларындағы мектептерде оқытушы болды. 1912 жылы Орынборда жазған «Әліппе» оқулығы және Шәді Жәңгірұлы мен Қалиасқар Қасымовпен бірігіп шығарған «Русие патшалығында Романов нәсілінен хукимранлик қылған патшалардың тарихлары» (орысшасы – «Историческая поэма царствования Дома Романовых на киргизском языке») атты дастаны жарық көрді. Патша өкіметінің 1907 жылғы 3 маусымдағы жарлығына сәйкес қазақтар мен Түркістан өлкесінің өзге де жергілікті халықтарының Мемлекеттік Дума жұмысынан шеттетілуін нағыз әділетсіздік деп бағалап, ол жарлықтың күшін жою жолында ұйымдастырылған іс-шараларға қатысты, 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Ферғана өңіріндегі қазақтардың мүддесін қорғайтын «Көшпенді» атты ұйым құрып, оған жетекшілік етті. 1917 жылы тамызда өткен Түркістан өлкесі қазақтарының съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Осы автономияның Уақытша кеңесінің мүшесі болып сайланды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі кезеңде М.Шоқай секілді қайраткерлермен астыртын байланыста болды. 1922 жылы Әулиеатада уездік жер басқармасында істеді. Жетісу өңіріне жиі экспедицияға шығып, көне қорғандар мен ескерткіштерді зерттеумен айналысты. Орхон жазуы, Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Келіншектас, Ақтас мазарлары туралы ғыл. еңбектер жариялады. Араб, парсы, шағатай тілдерін жете меңгерген ол осы тілдердегі тарихи және әдеби шығармаларды қазақшаға аударды. 1936 жылы Қазақ КСР-інің мемлекеттік көпшілік кітапханасына (ҚР Ұлттық кітапханасы) Сүлеймен Бақырғанидің «Хикмет Хазірет Сұлтан әл-ғарифин» атты қолжазба кітабын тапсырды. 1935 – 36 жылы жарық көрген екі томдық «Қазақтың өткендегі тарихы туралы деректер мен материалдар» атты жинақты құрастырушылардың бірі. 1938 жылы халық жауы ретінде тұтқындалып, ату жазасына кесілді. 1957 жылы 23 желтоқсанда ақталды.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау |
Жұмағазин Жаңабай Дербесінұлы (01.01.1955 ж.т., Ақтөбе облысы Қобда ауданы Көк а.) – медицина ғылымдарының докторы (1996). Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (1982, қазіргі Батыс Қазақстан мед. академиясы) бітірген. Ақтөбе қаласында дәрігер (1982–88), Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының ординаторы, ассистенті (1989–96) болды. 1996 жылдан кафедра меңгерушісі. Қуыққа операция жасау туралы өнертабыстық ұсынысы тәжірибеге (1994) енгізілген. 41 жарияланымы бар.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Тәркі дүние – адамның бұл дүниелік қызықтардан бас тарту ниеті. Тәркі дүниенің басты себебі ақиқат әлем бар деген сенім және ақиқат әлемге ынтызарлықпен бұл дүниедегі өткінші игіліктерге қанағаттанбау. Тәркі дүние ниеті адамның белгілі бір рухани дәрежені иеленуімен үйлесімде жүзеге асырыла бастаса, оған ниет еткен адам қоғаммен санаса отырып, шын мәніндегі ақиқатқа ғашықтықтан ішкі ізденіспен дүниеден бас тартуы мүмкін. Ал, егер ақиқат мақсатсыз, тек Тәркі дүниенің сыртқы формасын ғана қабылдап, өзін қоғамнан оқшаулап, тақуа ретінде көрсету үшін ғана дүниені тәркі етушілерді ғалымдар көбінесе сөккен. Исламдағы Тәркі дүние дүниеден безу емес, қоғам мүшесі ретінде өмір сүре отырып, дүниеге жүректі байламау деп білген.
## Сілтемелер |
Ысқақ баб, Исхақ ат-Түрік (т.-ө.ж.б.) - «Насабнама» нұсқаларындағы деректерге қарағанда, Қожа Ахмет Иасауидің он үшінші атасы; Түркістан жеріне алғаш ислам дінінің мубаййдийа ағымын әкелушілердің бірі. «Насабнама» нұсқаларындағы шежірелерге қарағанда, Ысқақ баб Мұхаммед ибн ал-Ханафия әулетінен шыққан. Бірақ ан-Наубахтидің «Шиалар» кітабы мен ибн ан-Надимнің (X ғ.) «ал-Фихрист» атты кітабындағы деректерге қарағанда, ол Али ибн Абу Талибтің әйелі, пайғамбарымыздың қызы Фатимадан туған ұлы әл-Хүсайын эулетінен шыққан. VIII ғ-дың бірінші жартысында Хорасанда болған шиалар көтерілісін бастаушы Иахийа ибн Зайдтың ұлы. Ысқақ баб туралы Мхұаммед ибн әл-Ханафия әулетінен шыққан деген аңыз бен шежіренің пайда болуы Ысқақ бабтың ұстанған қайсанийамубаййдийа ағымына байланысты. Өйткені қайсанийлер деп алғашында Мүхаммед ибн әл-Ханафия имаматын жақтаушыларды айтқан. Ысқақ бабтың өзі де рухани жағынан өзін Мүхаммед ибн әл-Ханафия ұрпағымын деп есептеген.
## Дереккөздер |
Бауыршы — ханның сарайындағы бас аспаз. Көне жазбаларда бағурчи “аспаз” деген мағынаны білдіретін сөз. Түркі тілдеріндегі бағыр, бауыр(ет мағынасында) деген сөзге “шы” жұрнағын жалғау арқылы жасалса керек. Кейбір ғалымдардың пікірінше, бауыршы сөзінің мәні түркі-моңғол халықтарындағы басқа бір қызмет атауы - бәкавулмен (қ. Бақауыл) төркіндес. Наймандар, кейбір басқа да тайпалар бауыршы мен бақауылдың орнына құнсат, құнджат (қысат, қычат) атауын қолданған. Бауыршы ханның асханасында тағам әзірлеуге немесе оны хан дастарқанына әкелуге басшылық еткен. Ханға қастандық жасалмас үшін бауыршы қызметіне аса сенімді адамдар тағайындалған. Бас аспаз қызметін Шыңғыс ханның өзі қаған лауазымын қабылдағаннан кейін тағайындаған. Кейін ол бауыршы аталып кеткен. Бауыршы қызметі Шыңғыс хан империясында, кейіннен түркі-моңғол мемлекеттерінде кең тарады.
## Дереккөздер |
Самар — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы ауыл, Самар ауданы мен Самар ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы Лайлы өзенінің жағасында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1906-10 жылдары қаланып, алғашқы атауы Самар губерниясынан қоныс аударғандарға байланысты "Самарка" деп аталып, кейін 1964 жылы "Самарское" деп өзгертілді. 1928–1930 және 1935–1997 жылдары таратылған Самар ауданының орталығы болған. 1997 жылға дейін сүт өндіретін ұжымшардың орталығы болып, ұжымшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда машина-трактор жөндеу шеберханасы, байланыс бөлімшесі, дүкендер жұмыс істейді. 2022 жылдан қайта құрылған Самар ауданының орталығы.
## Инфрақұрылымы
Кәсіптік-техникалық мектеп, 3 орта мектеп, мәдениет үйі, балалар бақшасы, аудандық маңызы бар аурухана, автовокзал, т.б. бар.
## Дереккөздер |
Мақпал үңгірі – Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы үңгір.
## Сипаты
Әктасты қабатта пайда болған. Өгем өзенінің жоғарғы ағысындағы Мақпал шатқалының орта тұсында. Үңгір аузы арка тәрізді, биіктігі 3 м, ені 4 м, ұзындығы 25 м. Қабырғалары үнемі дымқылданып тұрады. Табаны сазды. Төбесіне мүк өседі. Мақпал үңгірі толық зерттелмеген. Туристік маңызы бар.
## Дереккөздер |
Махаметжан Абдуллаев (20.12.1936 жылы туған, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кетпен ауылы) — ғалым, ауыл шаруашылық ғылымының докторы (1994). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірген. 1967-1969 ж. Қазақтың мал өсіру ҒЗИ-ның Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығында инженер-механик, 1969-1983 ж. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде жаңа технология бөлімінің ғылыми қызметкері, 1983 жылдан қой өсіру технологиясы бөлімінің меңгерушісі. 90-нан аса ғылыми еңбегі, соның ішінде 3 монографиясы жарияланған. Негізгі жұмыстары қой шаруашылығындағы технол. үдерістерді кешенді түрде механикаландырудың теориялық және практикалық мәселелеріне арналған. Бірнеше медальмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Орақша(Spіrorhynchus) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Қазақстанның құмды, далалы аймақтары мен шөлді жерлерінде өсетін бір түрі – құмды орақша (S. sabulosus) бар. Оның биіктігі 15 – 40 см. Сабағы түбінен бұтақталған, тықыр болады. Отырыңқы жапырақтары кезектесіп орналасқан, шеттері ойық келеді. Гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Күлте жапырақшалары ақ түсті, онда күлгін түске боялған жүйкелері анық көрінеді. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – бұршаққын, оның орақ не спираль тәрізді иілген тұмсығы болады. Сыртын тегіс, аздаған түк жапқан.
## Дереккөздер |
Шоғыр ақмамық (лат. Puccinellia diffusa) – астық тұқымдасының ақмамық туысына көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 30 –60 см, түсі сұр жасыл, тамыры селдір, шым түзеді. Сабағы түксіз, беті тегіс, тік өседі, жіңішке түп жағы бадана тәрізді толықтау, солғын жапырақты. Сабақ жапырақтары қысқа, жіңішке, жалпақ не сәл ширақты, беті бұдырлы, ені 0,8 – 1,3 мм. Жылтыр, жасыл не күлгін түсті сыпыртқысы шашыраңқы, ұзын 10 – 20 см, 4 – 8 гүлді, ұзын 5 – 6 мм дара-дара масақты, мамыр – маусымда гүлдейді. Орта Азияда, Балқаш-Алакөл атырабында, Түркістан маңында, Іле Алатауында, Шу – Іле тауында, Қаратауда таралған.
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Адыр — Ақмола облысы Атбасар ауданы, Мариновка ауылдық округi құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Атбасар қаласынан шығысқа қарай 48 км, Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 250 км жерде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1939 жылы қаланған.
## Халқы
Ауылда элеватор, орта мектеп, дәрігерлік пункт, дүкендер, кітапхана бар. 2-дүниежүзілік соғыстың құрбандарына арналып ескерткіш орнатылған. Ауыл жанынан Алматы — Астана — Қостанай — Екатеринбург темір жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Жұмағали Задан Тасқалиұлы (12.04.1936 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданың Ноғайбай ауылында) – филология ғылымдарының докторы(2000), профессор(2000). ҚазПИ-ді (1961, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Қарағанды педагогикалық институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік университетті) аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1965–95). 1996 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде доцент, профессор қызметін атқарады. 100-ден астам ғылыми жарияланымның, 5 монографияның авторы.
## Шығармалар
Өршіл гуманизм өнегесі, 1977; Дауылды жылдар шежіресі, 1987; Қоркыт ата кітабы, 1987; Қазақ эпосы, 1987, Шындық және көркем әдебиет, 1993; Уақыт және әдебиет, 1999.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Құндыкөл — Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауыл, Құндыкөл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 43 км-дей жерде, шоқылы құрғақ дала белдемінде орналасқан. Ауыл 1996 жылға дейін "Алексеевка" деп аталды.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1957 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру науқанына сәйкес “Алексеевский” қой кеңшарының құрылуы негізінде қаланды. 1997 жылдан кеңшар негізінде бірнеше шаруа қожалықтары құрылған. Олар қой мен басқа да мал бастарын өсірумен айналысады. Құндыкөлде машина-трактор жөндеу шеберханасы, т.б. әлеуметтік-ағарту мекемелері жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Оңалбек ата кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Шекті руынан шыққан әулие Оңалбек атаның құрметіне тұрғызылған.
## Құрылысы
Сыртқы және ішкі жағынан қарағанда күмбезді-діңгекті құрылыс жобасы (9,5х10 м және 5,5х6 м) шаршыланып келеді; жалпы биіктігі 8,8 м. Кесене қабырғасы қалың, үш өлшемді кірпішпен (6х15х32 см, 6х22х32 см және 6х27х27 см) қаланған. Оңалбек ата кесенесі шамамен 17 – 18 ғасырларда қабырғалары сапалы күйдірілген кірпішпен өрілген далалық сәулет өнерінің таңдаулы үлгілерінің бірінен саналады.
## Сілтемелер
* Кесенелер
* Күмбездер
* Оңалбек ата
## Дереккөздер |
Мұрат Тұрарұлы Лаумулин (7 қаңтар 1959, Алматы — 11 шілде 2023) — тарих ғылым кандидат (1990), саясаттану ғылым докторы (2003), доцент. ҚазМУ-ды (1982, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң осы университетте оқытушы (1982–85), Қазақстан ғылым академиясының тарих, археология және этнология институтында ғылыми қызметкер (1985–87), КСРО ғылым академиясының тарих институтында аспирант (1987–90), ҚР Ұлттық ғылым академиясының тарих және этнология институты (1990–93) мен Шығыстану институтында аға ғылыми қызметкер, Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтында жетекші ғылым қызметкер (1992–97), институт директорының орынбасары (2002–03). Германиядағы ҚР Елшілігінде кеңесші (1998–2002) болды. 2003 жылдан «Инвестициялар тиімділігін зерттеу агенттігі» ЖШС-де аналитикалық ортаның жетекшісінің орынбасары қызметін атқарады. «Индустриальное развитие Казахстана в освещении зарубежной историографии (1945–1985 жж.)» деген тақырыпта кандидаттық және «Геополитика в Центральной Азии и безопасность Республики Казахстан» деген тақырыпта доктолық диссертация қорғады.
## Дереккөздер |
Мирный — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл (бұрынғы кент), Мирный ауылдық әкімдігі орталығы..
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Мойынқұм ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 84 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Кеңес үкіметі кезінде мұнда уран кенін өндіріп келген құпия қала болған. Мирныйда 21 геологиялық - барлау экспедициясы орналасқан.
## Дереккөздер |
Тасбөгет бөгеті — Қызылорда қалалық әкімдігі аумағында, Тасбөгет кентінің жанында орналасқан. Сырдария өзенінің арнасына салынған. Құрылысы 1946 жылы басталып, 1956 жылы аяқталды.
## Гидрологиялық сипаты
Бөгеттің су өткізгіштігі 1750 м³/с. Тасбөгет бөгетінен су алатын Сол жағалық каналдың су өткізгіштігі 226 м³/с. Оң жағалық каналдікі 110 м³/с, жалпы көлемі 2096 м³/с. Апатты деңгейі 129,37 м, қалыпты тірек тұратын деңгейі 128,80 м.Бөгет суы төменгі арынды типке жатады. Сол жағалық алқапта 89,6 мың га, Оң жағалық алқапта 8,7 мың га жер суарылады.
## Дереккөздер |
Бекарыс Шойбеков (14.4. 1976 жылы туған, Отырар ауданы) – айтыскер ақын.Шойбеков – айтыскер ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері . Ол 1976 жылдың 14-сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Отырар ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсіп оны 1997 жылы оқуын тәмәмдайды. Еңбек жолын 1999-2003 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы университетінде аударма орталығында аудармашы болып бастайды. 2003-2006 жылдары Халықаралық қатынастар бөлімінің басшылығына тағайындалады. 2006-2009 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Түркология ҒЗИ-ның ғылыми қызметкері болса, 2009-2015 жылдары «Өнер мектебі» МКҚК-ның директоры болып қызмет етті. 2015 жылдан бастап Түркістан қаласы әкімдігінің Білім бөлімінің басшылығында. Бекарыс Ақсақалұлы Жамбылдың 150 жылдығына арналған халықараралық айтыстың, Қабанбай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыстың, Шымкент қаласында өткен республика Наурыз айтысы, Н.Оңдасыновтың 100 жылдығына арналған республика айтыстарының бас жүлдегері атанған елімізге аты мәшһүр айтыскер ақын. Бекарыс Ақсақалұлы 2001 жылы ҚР «Тәуелсіздігіне 10 жыл», 2011 жылы «ҚР Тәуелсідігіне 20 жыл» мерекелік медалдарымен, 2012 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ол Отырар ауданы мен Түркістан қаласының «Құрметті азаматы», ҚР Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Дарын»сыйлығының иегері.
## Өмірбаяны
* Халықаралық қазақ-түрік университетін (1997), осы университеттің магистратурасын (1999), аспирантурасын (2002) бітірген.
* 1988 жылдан облыстық, аймақтық, республикалық, халықаралық айтыстарға қатысып келеді.
* Дүниежүзілік жас түрік жазушылары одағының Қазақстандағы өкілі.
* Қазір Халықаралық қазақ-түрік университетінің Халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы.
## Жетістіктері
* Жамбылдың 150 жылдығына арналған халықараралық айтыс
* Қабанбай батырдың 300 жылдығына арналған республика айтыс
* Ташкент және Түркістан қалаларында өткен Түркістанның 1500 жылдығына арналған халықараралық айтыстар
* «Ұлытау үні» фестивалі
* 2004 ж. Шымкент қаласында өткен республика Наурыз айтысы
* Н.Оңдасыновтың 100 жылдығына арналған республика айтыстың бас жүлдегері.
## Марапаттары
* «Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі
* Отырар ауданының құрметті азаматы
* Оңтүстік Қазақстан облысының 2004 жылғы ең үздік ақыны.
## Дереккөздер |
Азутау – Марқакөл көлінің оңтүстігін бойлай орналасқан Оңтүстік Алтайдағы жота. Ұзындығы 44 км, ені 22 км, ең биік жері 2384 м.
## Геологиялық құрылымы
Төменгі және орта девонның қышқыл шөгінділерінен, жоғарғы девонның габродиориті мен пермь граниттерінен түзілген.
## Жер бедері
Азутау күмбез тәрізді, төбесінен су айрығы айқын байқалатын жота. Тік құлама болып келген солтүстік беткейі Марқакөл көліне тіреліп жатыр.
## Климаты
Климаты континентті, қысы қатаң да қарлы (қаңтар айының орташа температурасы — 26о С), жазы қоңыржай ылғалды (шілде айының орташа температурасы 16о С). Жылдық жауын-шашын мөлшері 600-700 мм.
## Өсімдігі
Жота Марқакөл қорығының құрамына енеді. Солтүстік беткейінің шалғынды дала белдеуінде (1450 — 1600 м) әр түрлі астық тұқымдасты шалғындар, оңтүстік беткейінде далалық бетегелі-шалғынды шөптер өседі. Таулы-тайгалы белдеуде (1450 — 1900 м) балқарағайлы тоғайлар басым. Белдеудің солтүстік беткейінің жоғарғы бөлігін самырсынды және теректі тоғай қамтып жатыр. Өзен аңғарларында шыршалы тоғайлар кездеседі. Субальпілі белдеу (1900 — 2000 м) биік шалғынды шөптермен және альпілік шалғындармен көмкерілген. Азутауда дәрілік өсімдіктер (алтын тамыр, марал тамыры) көп өседі.
## Дереккөздер |
Ысқақбай Марал (1938 жылы туған, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сұлутөр ауылы) – сыншы, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1998).
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
## Білімі
* ҚазМУ-дың филологиялық факультетін бітірген (1965).
## Еңбек жолы
* 1964 – 71 ж. Алматы облысының Жамбыл ауданында мұғалім, оқу бөлімінің меңгерушісі, мектеп директоры қызметтерін атқарған.
* 1971 – 1973 ж. “Қазақ Совет энциклопедиясының” Бас редакциясында,
* 1973 – 1976 ж. Қазақ КСР-і Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-тінде редактор
* 1976 – 1977 ж. “Қазақ кітап” бірлестігінде бас редактор болып істеген.
* 1977 – 1984 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-де жауапты қызмет атқарды.
* 1984 ж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметіне сайланып
* 1985 – 86 ж. Мектеп” баспасында
* 1986 – 1988 ж. “Жазушы” баспасында директор,
* 1991 – 1997 ж. ҚР-ның Авторлық құқық жөніндегі мемлекеттік агенттігінің төрағасы
* 1997 жылдан “Қазақстан авторлары қоғамы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып істейді.
## Шығармалары
“Сұлутөрдің бөктері” (1975), “Ұят туралы аңыз” (1980), “Начало лето” (1982), “Жойқын төбе” (1984), “Мои соседи” (1985), “Көңіл жұбанышы” (1988), “Пенде ғұмыр” (1991), “Шығарма шырайы – шындық” (1994), “Ғашық боп көрмеген келіншек” (1996) деп аталатын прозалық, “Мүйізді Өтеген” (1999), “Баба ұраны” (2003) атты сыни, зерттеу кітаптары жарық көрген. Сонымен қатар “Женщина, не влюблявшаяся ни разу, разу” (2004), “Аударма”, “Жаныс” (шежіре кітап) (2004), т.б. кітаптардың авторы. 2006 ж. бес томдық шығармалар жинағы шықты. Концептуалды ойлы прозаның өкілі ретінде белгілі. Шығармалары сюжеттік тосындығымен, символға, аллегорияға бейімділігімен ерекшеленеді. Оның шығармалары бойынша “Қырық қыздың ауылы”, “Қияндағы қыстау” секілді телеқойылымдар, “Тамшы” көркем фильмі жасалған. 4 кітабы орыс тіліне аударылып, жекелеген туындылары беларусь, қырғыз, мари, якут, т.б. тілдерге тәржімаланған.
## Марапаттары
Құрмет орденімен, “Еңбектегі ерлігі үшін”, “Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл” медальдарымен, Құрмет грамотасымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Хисымов Жүсіп (13.8.1938 жылы туған, Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай ауылы) — журналист, Қазақстан дене тәрбиесіне еңбегі сіңген қайраткері (1988). Қазақстанның еңбегі сіңген жаттықтырушысы (1990), ҚР дойбы федерациясының президенті (2000). Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері (2004). Журналистер одағының мүшесі (1980), халықаралық спорт журналистері қауымдастығының (AҚPS) мүшесі. ҚазМУ-ды бітірген (1982). Республикалық “Теміржолшы” (1958 — 63), “Жас алаш” (1967 — 68), Атырау облысы “Коммунистік еңбек” (1969 — 70) газеттерінде әдеби қызметкер, Атырау облысы “Қайрат” ерікті спорт қоғамында бапкер (1970 — 72), Балықшы ауданы “Қайрат” ерікті спорт қоғамының төрағасы (1972 — 79), республикалық “Спорт” газетінде әдеби қызметкер (1980 — 91) және бөлім меңгерушісі (1991 — 96), Қазақ радиосында аға редактор (1996 — 99), “Спорт” газетінің Батыс өңіріндегі меншікті тілшісі (2000 — 03) және бас редактордың бірінші орынбасары (2003 — 05) қызметтерін атқарған. Шахмат есептерін құрастырудан өткен халықаралық байқаудың жүлдегері (1963), дойбыдан ұлттық дәрежедегі төреші (1969), шахматтан ұлттық дәрежедегі төреші (1970). С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (1997).
Шығармалары "От Монтевидео до Сеула и Токио" (2002), "Кубок мира по футболу" (2003), "Алтын тұғыр" (2004), "Саңлақтар" (2005)
## Сілтемелер |
Бечуандар (өздік атауы — тсвана чуана) — Ботсвананың банту тобына кіретін байырғы халқы. Лимпопо өзенінің жоғарғы ағысы бойын және Оңтүстік Африка Республикасын, Оңтүстік Родезиямен шекаралас жерлерде қоныстанған. Саны — 3,9 млн. Ботсванада —830 мың, ЮАР-да — 316 мың, Зимбабведе — 25 мың адам тұрады (1997). Зәңгі расасына жатады. Суто, тсонга топтарына жақын. Сетсвана (сечуана), ағылшын тілдерінде сөйлейді. Жазуы латын графикасына негізделген. Халқының 62%-і христиан дінін ұстанады. Пұтқа табынушылық та сақталған. 15—16 ғасырларда Оңтүстік Африкаға қоныс аударған бантулар оның түпкі тұрғындары — бушмендерді ығыстырып, кейін бечуан, тсван тайпаларының негізін құрап, суто (нгуни) тайпалық құрылымына кірген. Ал 19 ғасырда тсван, бечуан халқы болып қалыптасты. Дәстүрлі кәсіптері — егін, мал шаруашылығы (сиыр өсіру), аң аулау. Тайпаларға бөліну, жерді қауымдасып пайдалану дәстүрі сақталған. Төбесі шөппен жабылған, сұлбасы жеңіл ағаштан жасалып балшықпен сыланған дөңгелек үйлерде тұрады. Ұлттық киімдері: мықындарына белбеу тағып, оған алжапқыш байлайды. Көбіне сүт, жеміс-жидек, ет тағамдарын пайдаланады. Ойып өрнек салу, ши тоқу, аң терілерін илеп төсеніш жасау сияқты қолөнері, әдеби-музыкалық фольклоры жақсы дамыған.
## Дереккөздер |
Бешпент — киіп жүруге жеңіл тыс киім, келте шапан. Оны кейде бешмет деп те атайды. Шұға, мауыты тәрізді матадан тігіліп, астар мен екі араға жұқалап жүн, мақта салынып, сырылады. Бешпенттің тік жағалы, қайырма жағалы түрлері бар. Қынама белі 2 — 3 түймемен қаусырылады.
## Дереккөздер |
Шойтөбе – ортағасырлық қалашық. Түркістан облысы Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 8 км жерде орналасқан. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н.Бернштам), 1986 жылы Тарих, археология және этнология институтының экспедициясы (жетекшісі К.Байпақов) зерттеген. Жобасы тік бұрышты ескерткіштің ауданы 360×200 м, биіктігі 3 м, солтүстік-батыс бұрышында орналасқан цитадельдің орны сопақша төбе түрінде тұр. Оның диаметрі 200 м, биіктігі 12 м. Қалашықты қоршаған қорғаныс қабырғасы мен оның бойында болған мұнаралардың орындары 1,5 м биіктікте сақталған. Қабырғаның сыртында орналасқан рабаттың (қорған) аумағы 25 га жерді алып жатыр. Қазба кезінде табылған заттар бұл жерде адамдар б.з. алғашқы ғасырынан мекендей бастағанын көрсетеді.
## Дереккөздер: |
ҚАЛИҰЛЫ Сұлтан (1.5.1943 ж.т., Жамбыл ауданы Сеңгірбай а.) – ақын.Қазақстан Жазушылар Одағының, Журналистер Одағының мүшесі.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
Жамбыл қаласында Абай атынд. пед. уч-щені (1961), қазіргі әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-тін (1967) бітірген. Шу, Жамбыл ауданы орта мектептің мұғалімі, 1967 – 73 ж.Қазақ радиосының музыка, балалар редакцияларында редактор, аға редактор, 1979 – 91 ж. респ. «Балдырған» журналында жауапты хатшы. 1991 ж. респ. «Ұлан» газетінің бас редакторы. Қалиұлы балалар поэзиясы, сатира жанрында еңбек етеді. «Сыныққа сылтау» (1967), «Өлеңдер» (1968), «Дүрбі» (1970), «Қасиетті тақия» (1972), «Сәлем саған, мектебім» (1975), «Кішкентай астрономдар» (1977), «Теміртесер» (1979), «Бақыт деген не?» (1980), «Мен мектепке барамын» (1982), «Әйт, шу, тұлпарым» (1986), «Қандай болып өсемін» (1994) өлең жинақтары жарыққа шықса, «Салам, сага, мектебім» қырғыз тілінде (1983), «Скачи, мой аргамак» кітабы орыс тілінде (1989) жарық көрген. Бұлардан өзге «Төлебай Әжімов» (1973), «Баспалдақ» (1984) прозалық жинақтары да бар. С.Маршак, С.Михалков,Р.Гамзатов, Р.Киплинг, Бақытжан Момышұлы, Я.Колас, А.Барто, Я.Бжелва, А.Ж. Родари, Я.Аким,Б.Заходер, Қ.Мұхаммади, Қ.Тәңірқұлиев, Б.Асанәлиев, Т.Самудинов, А.Рахмад,Ш.Биккол, т.б. шығармаларын қазақшаға аударды.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том |
Жұмағалиев Таумыш (1918 жылы туған, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіқара ауылы) – геология-минералдар ғылымдарының кандидаты (1955). Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген (1945). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы (1967). Атырау өңіріндегі мұнай-газ өндірісін ұйымдастырушылардың бірі. Ескене кәсіпшілігінің бас геологы (1945–47), Мұнай инcтитутында ғылым қызметкері, лаборатория меңгерушісі, директордың орынбасары (1947–68), Батыс Қазақстан геология басқармасының бастығы (1968–72), Геология барлау институтының директоры (1972–85) қызметтерін атқарды. 140-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 монографияның авторы. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлылығының (1976) лауреаты. Халықтар достығы орденімен марапатталған.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Зуха батыр, Зауха Сәбитұлы (1869 жыл не 1867 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Кендірлік ауылы -1929) - Алаш қайраткері, діни ғұлама, батыр. Керей тайпасы Абақ руының Ителі бөлімінен шыққан.
Зуқа батыр Сәбитұлы – ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ел-жерімен бөтен жұрттың бодандық езгісінде қалып қойған қазақтарды аумалы-төкпелі заманның алуан түрлі апатынан қорғап, басшысыз, биліксіз, қорғансыз, қарусыз халқын жан-жағынан талап, тонап, басымшылық көрсетіп қанаған үстем өкіметтің өктемдігінен қызғыштай қорып, қажет кезінде қарсы тұрып, әлеуметтік теңсіздіктермен өмірінің соңына дейін бел шешпей, аттан түспей аяусыз күрескен қайраткер, қолбасшы тұлға, қайсар батыр.
Тарихи деректерге сүйенсек, XX ғасырдың 20-жылдарының аяқ шеніне келгенде Алтай өңірінің қоғамдық жағдайы тіпті де асқына түсті. 1928 жылы жазда Алтайдың дау иыңы (қосымша қорғаныс елшісі) болып Ви Жыңго дейтін біреу келді. Ол келе сала Алтай халқына қанды шеңгелін салды. Халықты қан қақсатты. Әскери күшпен озбырлық жүргізіп, алман-салықты шектен тыс ауырлатып, елді ерекше қатты күйзелтті. Ви Жыңгоның бұл зұлымдығына шыдамай қарсы күрескендердің бірі – Зуха Сәбитұлы болды.
Әкесі Сәбит Қазан мен Бұхарада білім алған оқымысты адам болған. Зұқа да әкесінің жолын қуып, 1883 жылдан бастап Сауырдағы Жеңісхан төренің ауылында екі жыл ауыл мектебінде мұғалім болады, кейін Өр Алтайға, Қара Ертіс бойына қоныс аударады. 1904 – 1905 жылдары Меккеге қажылыққа барып қайтады. Алтайдағы қытай ұлықтары мен кейбір билерден қысым көрген адамдар Зұқадан пана іздеп, оның маңына топтасады. Мұны Алтайды билеген Мәми бейсі жергілікті әкімшімшілік үстемдігіне қарсы пайдалануды көздеп, Зұқаға әскери жасақ құруға көмектеседі. 1921 жылы Кеңес өкіметінің қызыл әскерлерінен жеңіліп, Қытай асқан ақ гвардия генералы Бакич бастаған топ Ертіс бойына жетіп, ондағы халыққа лаң салған кезде Зұқа жасағы Бакич әскерлерін Өрмегейті асуынан асырып, Моңғолияға дейін ығыстырып тастайды. Кейін осы қарулы жасақ Сарсүмбе мен Өр Алтай арасында жергілікті әкімшіліктің қарулы жасақтарына қарсы тұрып, жергілікті қазақтарды қытай ұлықтарының қыспағынан қорғауға күш салды. 1928 жылы күзде жергілікті әкімшілік өкілдері 200 әскермен түн ортасында Зұқа ауылын басып кіреді. Қытай әскерлерінің қолынан қапыда Зұқа батыр мен оның серіктерінен 28 адам қаза табады. Қытай ұлығы “өкіметке қарсы шыққандардың көретіні осы” деп жергілікті қазақтарды үрейлендіру мақсатымен Сарсүмбе қаласындағы көпірге Зұқа батырдың басын іліп қояды. Батырдың ерлігін құрметтейтін халық кейін оны Белқұдыққа жерлеп, басына үлкен қорған тұрғызды.
## Өмірбаяны
1866 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданының Кендірлік деген жерінде дүниеге келген. Зуқаның әкесі шығыс өңіріне аса танымал – Сәбит молла. Арғы атасы Нұрмұхаммед абыз. Сәбитті жеті жасында Үпі қаласындағы Уәлдан хазіретке жетектеп апарып аманат етеді. Ол он тоғыз жыл оқып, Бұқара, Қазан, Самарқанды аралайды. Сәбит жиырма бес жасқа толғанда оның ақыл-ойына дән ыразы, пәтуа-пайымына тәнті болған хазірет Уәлдан немере қызы Бәтиманы жары етіп, ақ батасын беріп, ақ жолын тілеп, аса таяғын қолына ұстатып: «Мынау сырлы таяқ, жеті пірдің қолынан өткен, шаршағанға дем болады, ауруға ем болады, жаныңнан тастама», – деп атамекеніне аттандырыпты. Сәбит Марқакөл, Маңыраққа мол біліммен оралды. Туған топырағы Қалба тауындай қормал, жүзген көлі Жайсаң көліндей жайсаң азамат болыпты. Ол атасы Нұрмұхаммед құсап Құдайдың құдыретімен қыранша қалықтап ұшып, аспан-көкті шарлап, Абылай ханның ақ туын жебеп аңызға айналмаса да халқына қалтқысыз қызмет қылады. Ел үмітін ақтар, ертеңгі жер иесі жас ұрпақтың жадына білім нұрын төгеді. Ел-жұртына әспеттеліп, әйдік мәртебе Дамолда атанды. Ласты, Тасты, Буыршын, Тарбағатайға төрт бірдей медресе ашып, бар ғұмырын бала оқытуға сарп етеді. Осы мешіт-медреселерде бес жүзден астам бала оқып, қара танып, діни білім алса керек. Жас Зуқа да қаршадайынан мол діни білімді әкеден, сондай-ақ, осы өлкеге дін тарату үшін жіберілген Мұхаммед Мумин ишаннан сабақ алады.
Жасынан зерек, қимыл-қарымы бөлек, қабылеті ерекше, діни білімі зор, шариғатқа жүйрік, хат біліп, қара таныған, есеп-шотқа жүйрік, алғыр бала Зуқа ел көзіне ерте түседі. Енді ғана жетіліп, ат жалын тартып мініп, ел ісіне араласа бастаған шағында Майқапшағайда әкесі қайтыс болып, тағдырдың тауқыметін тартады. Төрт баламен жесір қалған ана, бұғанасы қатпаған інілерінің ендігі өмір-тағдыры өзіне тікелей тәуелді екенін түсінеді. Қалбадағы болыс болмақ және әмеңгерлікке үміткер ағайыны оларды қасына көшіріп әкеледі. Зуқа байдың жылқысын баға жүріп, жетім мен жесірге, кедей мен кепшікке бай-төрелердің батқан тырнағын ерте сезінеді. Кеше өзі табынып өскен ел ағаларының атақ-даңқ, шен-шекпенге таласын көргенде олардың ит жыртыс тірлігінен түңіліп кетеді. Әлсіздерге әлімжеттік көрсеткендерге қарсы келіп, ылғи да жоқ-жітіктердің жанынан табылады. Әлдекімнен зорлық, қорлық көріп тауаны шағылғандар жас та болса қара бұқараның қамын жеп жүрген бозжігіт Зуқаға келіп, арыз-арманын айтып, шағымданатындар саны молаяды. Ал Зуқа болса, оларға шамасы келгенше қол ұшын беріп, көмектесуге тырысып бағады. Сонымен қатар Зуқаның тез арада ес жиып, ел ісіне араласуына іргесі тиіп тұрған, төбеге шықса төбесі көрінетін Жидебай жерінен, Шыңғыс тау баурайынан қалықтай ұшып, қағып алғаны ауыздан ауызға лезде тарап, құйма құлаққа құйыла кететін, зейіндінің жадында жатталып қалатын, ұйқыдағыны оятып, ояуды сергітіп, көзі ашықты серпілткен Абай өлеңдері еді деуге әбден болады. Кейінгі көз көргендердің айтуында, Зуқа әлдебір мәселеге шешім айтарда Құран аяттары, Пайғамбар хадистерімен қатар Абай өлеңдерін қатарластыра атап өтеді екен. Осының барлығы Зуқаның халықшыл болып қалыптасуына әсер етсе керек. Ондай көкірегі ояу, көреген «бұзық» ақ патша ұлықтары мен өзара шен үшін итше ырылдасқан ел басшыларына ұнамайды. Осындай заман зардабына төзбеген Зуқа өзіне қарасты және тілеулес ағайын-жұртты ертіп, Сайқыннан орыстың бодандығынан аулақ Сауырға барып қоныстанады. Бұнда да қой үстіне бозторғай жұмыртқалап тұрмағаны белгілі. Сөйтсе де, ата-баба жолымен шәкірт тәрбиелеп, бала оқытып, айналасына ғылым-білім нәрін құя жүріп, әділдікке жетсем деп ойлайды.
Діни білімі мол, шешен тілді, шариғатқа жүйрік, атақты дамолла Сәбиттің мирасқары Зуқаны сол аймақтың ең үлкен лауазым иесі, Әбілпейіс хан баласы Көгедайдың немересі Жеңісхан гүң өзіне шақырып, медресе молласы етіп тағайындап, кейін дау-шарға да араластырып отырады. Зуқа молла алдына келген «айыптыға» үкім шарапатты шариғат сөзін сөйлеп, біреудің ақысын алып берсе, енді біреудің кеткен есесін қайтарып берді. Бай-шонжарлардың көтензорлық қылып алған алымдарын әшкере етеді. Оның бұл қылығы әлсізді жәбірлеушілерге жақпайды. Осындай қоғамдық теңсіздікке жаны қас Зуқаға мешіт бағып, медресе ұстап, тамағын асырап, бала оқытқан өмірі зая кетіп жатқандай көрінеді. Бес шәкірттің алдында сопы болып сопайып отырған жылдары ерлік жігерін жасытып, қайрат күшін қапаста қамап қалғандай болды. Жасықтығы меңдеп, жалғызсырап, заманы азаматтық арына лайықсыз өтіп жатқандай сезінді. Ол жалғыз күнде шешім қабылдап, моллалықты тастап, елі ішіне көшіп кетеді. Осы күннен бастап ұстаздық емес, жалпы ұлтқа қызмет ету жолына біржола түседі. Осы жолдан өле-өлгенше тайған жоқ.
## Зуқа батыр әдебиет әлемінде
Зуқа батырдың ел қорғап, жерін сырт басқыншылардан азат еткен ерлігі үшін қазіргі қытай билігі де елдің шекарасын кеңейткен белді тұлға ретінде Зуқа батырға іш тарта қарайды. Оның жатқан қорығын жөндеп, басын қарайтуға, басына ескерткіш-белгілер қойып, ас беріп, атақ-даңқын әспеттеуге шек қоймай отыр.Соның басты бір куәсы Зуқа батыр жайлы қытайда соңғы жылдарда екі тарихи роман дүниеге келді. Оның бірі – Батырхан Құсбегиннің «Зуқа батыр» романы болса, екіншісі, қырық бес жыл түрмеде отырған Қажығұмар Шабданұлының «Пана» романы. Сондай-ақ, Зуқа батырдың кейінгі ұрпақтары туралы жазылған Бай-ахмет Жұмабайұлының «Сағыныш» романын да осы қатарға жатқызуға болады. Оның сыртында Зуқа батыр туралы жырланған жыр-толғаулар, айтылған арнау-жоқтау, аңыз-әңгімелер, жазылған хикаяттар да бірнеше кітапқа жүк боларлық. Зуқа батыр туралы Моңғолия, Түркия, АҚШ, сондай-ақ Еуропаның бір шама елдерінде тарихи зерттеулер мен әдеби шығармалар жарық көрген. Ал биылғы жылы Зуқа батырдың 150 жылдығы Еуропаның 11 елінде аталып өтілді. Елімізде осы жолдардың авторының «Зуқа батыр» (1999 ж) поэмасынан басқа көлемді, арнайы көркем шығармалар жарық көрмесе де зерттеу еңбектер, шет елдерде тұратын қазақтар арасынан шыққан қазақтың ұлт-азаттық жолында күрескен көрнекті тұлғалар жайлы бұған дейін айтылмай келген құнды деректердің көзі тәуелсіз ел болуымыздың арқасында енді-енді ашылып көзайым болып жатырмыз. Әрине, бұл елім деген ер жайлы айтылар сөздің алды ғана, көшелі кесек сөздің кезегі келешек еншісінде болса керек.Зуқа батыр туралы әдеби-көркем шығармалардың өзі арнайы зерттеуді талап етеді. Осы тұрғыдан келгенде академик С.Қирабаев айтқандай: «Қазақ халқының рухани мұрасы тек бүгінгі Қазақстан жеріндегі ұлт өкілдері еңбектерімен шектелмейді. Тағдырдың тәлкегімен шет елдерге және бұрынғы КСРО көлеміндегі мемлекеттерге ыдырап кеткен қазақтардың әдебиеті мен мәдениеті де біздің ұлттық байлығымыздың бөлінбес бөлігі». «Қазақ халқы оқшау этнос болып тарих сахнасына шыққаннан бергі кезеңде белгілі тұлғалардың жоқтаусыз қалғаны жоқ деуге болады» (Ақселеу Сейдімбек) дегеніндей Зуқа батыр соңынан айтылған жоқтау-өлеңдер мол. Батырдың тағылымдық болмысын, қадір-қасиетін көркем сөзбен өшпестей өрнектеген осы бір өлең-сөздердің бір парасын парақтап, пайымдар болсақ батырдың өмір сүрген кезеңіндегі қоғамның сиқын, замана ахуалын, халықтың тіршілік-тынысын, арпаласты аласапыран жылдардың ұсқын-кейпін тануға көп мүмкіндік береді. Мәселен, ел басына күн туған заманда Зуқа батырдың ұлы Солтаншәріппен бірге ауа көшіп, Такламакан шөлін кесіп өтіп, Гималай асып, 1979 жыл Түркияда дүние салған, кезінде Зуқа батырдың шабарманы болған әрі ақын Рамазан Бұтақбайұлы жоқтауында:
Көрсеткен аят хадистен,
Терең сөйлеп жарысқан.
Пәту, дәлел беретін,
Ақылға жүйрік данышпан.
………………………………….
Кәпір десе қарысып,
Өле өлгенше алысқан.
Қайратын бабам білген соң,Қарсы болған қу дұшпан.Тізгін бермей жауына,
Ақырып өткен арыстан… – деп толғаса, 1912 жылы Ақ аралдан (Шығыс Қазақстан) көшіп өр Алтайға тұрақтанған ақын Арғынбек Апашбайұлы «Абақтың ардагерлері» атты көлемді толғауында:Сөйлесе қажы Зуқа сөзіқандай,
Толымды қарағанда
көзге маңдай.
Молдалық һәм жомарттық,
адамшылық,
Табылар бір өзінен
ойлағандай.
Пәлен деп айтатұғын
мінезі жоқ,
Бір басына мін тауыпқоймағандай.
Мүбада қолына алып
жұрт ұстаса,
Қай жерге делегат бопсайлағандай.
Бір хикымет бар шығаройлағанда,
Кісі ғой адам қарап тоймағандай… – деп Зуқа батырдың кісілік келбетін, адамгершілігін аша жырлайды. А.Апашбайұлы Зуқа батырдың қайғылы қазасын естігендеАрғынбек аға шайыр
өзім атым,
Дөртуыл сүйегіміз,
найман затым.
Абақтың қажы Зуқа
бұлбұл еді,
Алыстан тілеулес боп
жазған хатым.
Бес қонып үйіңізге
Талдысайда,
Көріп ем ауылыңыздың рахатын… – деп бастап, ұзақ жыр-жоқтау жазып хат жолдайды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* зуқа сәбит ұлы Мұрағатталған 19 ақпанның 2015 жылы.
* Түркістан газеті Мұрағатталған 20 маусымның 2016 жылы. |
Мақсары (мақсыр лат. Carthamnus) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік, майлы дақыл. Негізгі отаны – Эфиопия мен Ауғанстан. Сабағы тік, бұтақты келеді, түксіз, биіктігі 90 см-ге дейін өседі. Жапырақтары сопақша, шеттері тікенектеу болады. Гүл шоғыры – себет, бір өсімдікте 5–6-дан 30–50-ге дейін себет болады. Гүлдері сары немесе қызғылт-сары түтік тәрізді. Тұқымы пісіп-жетілген кезде жерге төгілмейді. 1000 ұрығының салмағы 20–50 г. Мақсары жылу сүйгіш, шөлге өте төзімді. Өсу мерзімі 90–150 күн. Айқас тозаңданады (жәндіктер және жер арқылы), өздігінен тозаңдануы да мүмкін. Топырақ талғамайды. 1 гектарға 6–10 кг тұқымды 5–6 см тереңдікте, жүйек аралығын 45–60 см етіп себеді. Әр гектардан 8 ц-ге дейін өнім алынады. Мақсары тұқымынан 25–35%, дәнінен 46–60% май, гүлінен бояу алынады. Мақсарыдан алынатын май сапасы жағынан күнбағыс майынан кем емес. Тамаққа және маргарин жасау үшін қолданылады. Күнжарасы – құнарлы мал азығы, 10 кг күнжарасында 55 мал азықтық өлшем бар. Ауыл шаруашылығында тыңайтқыш және отын ретінде де қолдануға болады. Мақсары сүрлемге қосылады, тұқымы құстарға жақсы азық болып табылады. Тұқымы пісіп жетілгенде комбайнмен жиналады. Қатты әрі көп тікенекті болып келетіндіктен Мақсарыны кейде егістік алқапқа мал түспес үшін айналдыра 10 — 15 м жерге егіп отырады. Үндістанда, Түркияда, Иранда, Қытайда, Өзбекстанда өседі. Облыстың Қазығұрт, Бәйдібек, Сайрам, Төле би аудандарында өсіріледі.
## Дереккөздер |
Молдағалиев Әлімжан Қайратұлы (1971 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Егіндіағаш ауылы) – Республика киокушинкай каратэ-до Федерациясының президенті, ҚР-ның спорт шебері (2002), Қазақстанның еңбегін сіңірген жаттықтырушысы (2005). Көкшетау университетін бітірген (2000). Қазақстан (1996, Алматы), Азия (2000, 2002, Ақтау) чемпионаттарының жеңімпазы. Жастар арасында үш әлем чемпионын жаттықтырған (Ш.Қасымов, А.Такенов, Д.Мәжитханов). 1995 жылдан Көкшетау қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы-мұғалім, 2003 жылдан Көкшетау қалалық 3-, 4-шақырылған Мәслихатының депутаты. Молдағалиевке «Үздік жаттықтырушы» атағы берілген (2005).
## Дереккөздер
«Ақмола облысы» энциклопедиясы |
Байсейіт Батыр — тарихи жыр. Халық ақыны С.Керімбекұлы жырлаған. Ел аузындағы бұл жыр бұрын еш жерде жарияланбаған. Жырдың негізгі арқауы – қазақ пен қырғыз арасындағы жанжалды тоқтатып, ортақ жауға қарсы бірлесіп күресу. Басты кейіпкер Байсейіт батыр екі халықты татуластыруға бар күш-жігерін салып қазақ, қырғыз батырларын бітімге келтіреді. Жырда Байсейіттің қапылыста қаза табуы, қазақтың Сұраншы, Ағыбай, Сыздық, Сыпатай сынды батырларының қол жинап, жауға қарсы күш біріктіруі әсерлі баяндалады.
Сонымен бірге тарихи деректердің жаңылыс берілуі де кездеседі. «Байсейіт Батыр» жыры 1941 жылы жазылып алынған, өлең құрылысы толық 11 буынды қара өлең үлгісі. Жырдың Т.Байбағышев жырлаған нұсқасы да бар, бірақ онда тарихи шындық мүлдем бұрмаланған. Екі нұсқа да Қазақстан Ғылыми Академиясының Орталық ғылым кітапхана қорында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Қали Жүніс моншасы – Жамбыл облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қала құрылыс және сәулет түріне жататын тарихи нысан.
## Орналасқан жері
Тараз қаласы, Байзақ батыр және Қазыбек би көшелерінің қиылысы.
## Орнатылған кезеңі
XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басы.
## Тарихи дерек, құрылыс сипаты
Монша Әулие-Ата қаласының тұрғыны – алғашқы меценат Қали Жүніс Маюсуповтың қаражаттарына салынған деп саналады. Әңгімелерге сүйенсек, Қали Жүніс Маюсупов өзінің инабаттылығымен, дархандығымен және кішіпейілділігімен аты шыққан ежелгі Тараздың меценат-көпестерінің бірі болған. Ол бұхар шеберлерінің қолмен жасайтын таңғажайып заттары туралы естіп, дәл сондай моншаны өз қаласында да салмақ болды. Монша құрылысы кезінде шығыс орта ғасырлық моншаларының сәулет композицияларының және жылыту жүйелерінің қағидалары пайдаланылған. Моншаның ішкі көрінісі фреска жазбасымен безендірілген. Жазба нақышы – геометриялық.Қаланың көне тарихи орталығында тұрғын үйлердің қоршауында орналасқан монша бір қабатты, төбесінде үлкен әрі көлемді күмбездері бар. Беталды кіре беріс жағы Байзақ батыр көшесіне бағытталған. Күйген кірпіштен ортаазиялық ескі дәстүрлі әдіс қолданылып, тік қабырғалары жабық келіп, төбесіне күмбездер орналастырылған. 1986 жылы қалпына келтірілген монша бұрын ғылыми әдебиетте жазылып көрсетілмей келген. Моншаның бетәлпет жағы кірпіштермен өрнектеліп, қуыс аралықтары жылтыр етіп сыланған.
Монша құрылысы – кіре беріс бөлмеден, вестибюльден, демалатын бөлмеден, жуынатын орыннан, массаж жасалатын бүйірдегі бөлмелерден, жылыту бөлмесінен, ыстық және суық су сақталатын ыдысы бар орындармен байланысатын қуыстардан; ыстық және суық су сақталатын үлкен резервуардан, қабырғаға жапсырыла орналасқан су ысыту қазанынан, ауласында құдығы бар тех. сектордан; жуынатын үш бөлмесі, олардан сыртқа шығып кететін арнайы есігі бар шағын пайдалану секторынан тұратын етіп жоспарланған. Моншаның құрылымы төбені жабудың аспалы – күмбездік әдіс жүйесі арқылы шешілген. Жарық беру мен желдеткіш күмбезде қарама-қарсы орналасқан тесіктер мен үй қабырғаларының арасындағы кішкене қуыстар арқылы жүзеге асырылады. Үй көне дәстүр бойынша еденнің астынан қыздыратын каналдардың қалталары арқылы жылытылады.Құрылыстың жалпы ауданы 450 шаршы метр. Қабырғаларының биіктігі – 3 м, қалыңдығы – 0,8 м. Кейбір бөлмелердің күмбезіне дейінгі биіктігі шамамен 5-6 м-ді құрайды.Ғимарат алғаш рет 1986 жылы реставрацияланған. 2001 жылы Тараздың мерейтойына қарсы Жамбылдық "Казреставрация" мамандары ғимаратты қайта қалпына келтіріп, ол қайтадан бұрынғы келбетті күйіне келді. Құрылыстың күмбездері толығымен қалпына келтірілді. Бүгінгі күні бұл бірегей кешен мұражай нысанына және туристтер үшін өте қызықты орынға айналды.
## Дереккөздер |
Тәркілеу, конфискация (лат. confіscatіo — мүлікті қазынаға тәркілеу) — сотталушының меншігіндегі мүлікті мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде өтеусіз алу. Тәркілеу пайдакүнемдік пиғылда қылмыс жасағандарға қосымша жаза ретінде тағайындалады. Жеке тұтынуға арналған және сотталушының асырауындағы адамға қажетті мүлік тәркіленбейді. Қылмыстық атқару заңнамасына сәйкес күнделікті тіршілікке қажетті (киім, азық-түлік, т.б.) дүниелер Тәркілеуге жатпайды. Тәркілеу сотталушының жеке меншігіне және ортақ меншіктегі үлесіне бағытталады.
## Дереккөздер |
Әбдеш Сәрсенұлы Қалмырзаев (20.5.1939, Сарысу ауданы Саудакент - 2012, Алматы) – қоғам қайраткері, ғалым, философия ғылымдарының докторы (1990), профессор (1991).
Қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін (1961), КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын (1981) бітірген. 1961-85 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан КП ОК-інде үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1985-90 жылдары Көкшетау облысы партия комитетінің хатшысы, 1990-94 жылдары Алматы саясаттану және басқару жоғары мектебінің ректоры, 1994 жылдан «Мысль» журналының бас редакторы. Қалмырзаев «Құрмет белгісі» (1976), «Достық» (1998) ордендерімен және «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Оңғай би, Ун-гуй-ми (туған жылы белгісіз – б.з.д. 60 жылы қайтыс болған) – Үйсін мемлекетінің күнбиі (б.з.б. 93 – 60). Лақап аты “Семіз патша” болған. Оның тұсында бір орталыққа қараған үйсін елі нығайып, шаруашылығы дамыды. Ол жайында “елде Оңғай би дәуіріндегі тыныштық орнасын” деген сөз қалған. Қытай ханшасын алған Оңғай би б.з.б. 71 жылы Хань империясымен одақтасып, ғұндарға қарсы шабуыл жасап, жеңіске жетті.
## Сілтемелер
* Күнби
* Үйсін
* Хань
## Дереккөздер |
Хасан Мирфаизов (1 мамыр, 1917 жыл, Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы) – химия ғылымдарының докторы (1985).
## Өмірбаяны
* Саратов мемлекеттік университетін (1940) бітірген.
* Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтының аспирантурасын (1960) бітірген.
* 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
* Қазақ КСР-і Халық ағарту комиссариаты мекемелерінде, тұрмыстық химия зауытында инженер (1947–57)
* Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтында кіші ғылыми қызметкер (1957–63)
* Қазақ химия-технология институтында (Шымкент) кафедра меңгерушісі (1964) қызметтерін атқарған.
## Дереккөздер |
Құрманбай Алтайұлы Шойынбаев (1952жылы туған, Сайрам ауданы Қызылту ауыл) – әнші. Қазақстан Республикасының халық артисі (1992). 1973 жылында Шымкент қаласындағы әл-Фараби атындағы мәдениет институтын бітіріп, музыка теориясы мен вокал кафедрасында жұмысқа қалады. 1977 жылында Жетісай мәдениет техникумында, 1981 – 1986 жылдарында әл-Фараби атындағы мәдениет институтында ұстаздық қызмет атқарады. 1986 – 1991 жылдарында Құрманғазы атындағы консерваторияны бітіреді. 1972 жылында облысы «Достық» ансамблінің құрамына алынды. 1973 жылнда республика «Саяси әндер» байқауының лауреаты, 1991 жылында 5-республика әншілер байқауының жүлдегері болды, Халықар. Ш.Қалдаяқов атындағы ән-фестивалінің бас жүлдесін алды. М.Әуезов атындағы облысы мемлекеттік университетінің Музыкалық әдістемелік және хор дирижері кафедрасында қызмет етеді.2007 жылдан бері - Шәмші Қалдаяқов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрінің әртісі. қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі (1992). Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Ұлдары - Бекжан (1976 жылы туған), Бауыржан (1986 жылы туған); қызы -Ақерке (1978 жылы туған).
## Дереккөздер |
Қосағал — Қостанай облысы Әулиекөл ауданы, Диев ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әулиекөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 94 км-дей жерде.
## Тарихы
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдары (1928 – 30) ұжымшар мен ауылдық кеңестің орталығы болды. Тың жерлерді игеруге байланысты 1960 жылы астық кеңшарының орталығына айналды. 1997 жылдан кейін кеңшар негізінде мұнда 5 ЖШС, 39 шаруа қожалығы ұйымдастырылды.
## Халқы
1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1364 адам (677 ер адам және 687 әйел адам) болса, 2009 жылы 425 адамды (228 ер адам және 197 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Кен байлықтары. Триас кезеңінде ірі газ кен орындары Алжир Сахарасында, Канаданың арктикалық бөлігінде, ал мұнай шоғырлары Тиман-Печора ойпатында, Вилюй өзені алабында, Австралия мен Аляскада түзілді; Солтүстікүстік Қазақстандағы мору қыртысында каолин саздары қалыптасты. Осы кезеңде қалыптасқан шөгінді уран кендері де экономикалық жағынан үлкен маңызға ие. Мысалы, никель, кобальт, темір және графит кендерінің түзілуіне Орта Сібірдегі трапп формациялары өз әсерін тигізді. Алтын, күміс, қорғасын, мырыш, мыс, қалайы кен орындары Австралияның шығыс жағалауында жиі кездеседі. Көмір жиналу көлемі бойынша юра кезеңі соңғы палеозой мен соңғы бор, палеогеннен кейінгі үшінші орынды иемденеді. Юра түзілімдерінде көмірдің дүниежүзі қорының 16 пайызы шоғырланған. Көмірлі қат-қабаттар әлемнің барлық жерінде кездеседі. Мысалы, Қазақстанның барлық аймақтарында көмір кен орындары бар. Олардың арасынан Майкөбен, Обаған, Шұбаркөл, тағы басқа ірі алаптарды атауға болады. Жер шарының көптеген алқаптарында бұл кезде мұнайлы-газды Сауд Арабиясы (Гхавар мен Мезелидж), Кавказ маңы, Орта Азия, Маңғыстау, Солтүстік Каспий төңірегі, Батыс Сібір, Солтүстік теңіз маңы], газды және газды-конденсатты (Баренцев теңізі) кен орындары түзілді. Жерорта теңізі мен Тынық мұхит қозғалмалы белдеулерінде қалайы, молибден, вольфрам, алтын, күміс және полиметалл кен орындары қалыптасқан. Бор кезеңіндегі құрлық түзілімдерінде көмірдің дүниежүзі қорының 20 пайызынан астамы шоғырланған. Олардың ең ірілеріне Лена, Зырянов, Солтүстік Америка (батысында) көмір алаптары жатады. Біршама ірі боксит кен орындары Торғай ойысында, Енисей бұйратында, Оңтүстік Оралда, Украина қалқанында және Жерорта теңізі алабында (Франция, Грекия, Испания, Түркия, Иран) орналасқан. Оолитті темір кендері Батыс Сібірдің оңтүстік-шығысында көп шоғырланған. Фосфорит қабаттары, өте ірі фосфорит шоғырлары Шығыс Еуропа платформасы аумағынан көп ұшырысады. Сондай-ақ осы кезеңде түзілген жер шарындағы өте ірі фосфорит белдеулерінің бірі Мароккодан Сирияға дейін созылып жатыр. Түрікменстан мен Солтүстік Америка тұз шоғырлары лагуна түзілімдерінен қалыптасты. Жазба бордың ірі қорлары Солтүстік Америка мен Шығыс Еуропа платформаларынан барланған. Батыс Сібірде, Орталық Азияның батысында, Ливияда, Кувейтте, Нигерияда, Габонда, Канада, Мексика шығанағында мұнайлы және газды горизонттар орналасқан. Тынық мұхит белдеуінің полиметалл және алтын кен орындары осындағы қышқылды интрузиялармен байланыста дамыды. Бордың кимберлит түтікшелерінде Оңтүстік Африка мен Үндістанның алмасты кен орындары шоғырланған.
## Дереккөздер |
Ысқақбек Мононұлы (1902, Қашқар аймағы, Ұлықшат ауданы – 27.8.1949) – Қытайдағы Үш аймақ төңкерісі басшыларының бірі, Қытайдағы қырғыздардан шыққан көрнекті саяси-әскери қайраткер, ген.-лейтенант (1946). Бала кезінде Қырғызстанда орта мектепте, әскери мектепте оқыған. 1934 ж. Ұлықшатта қырғыз атты әскерін ұйымдастырып, Қашқар, Атуш және Ұлықшат аудандарының қоғамдық қауіпсіздігін басқарды. Кейіннен әскері таратылып, Ұлықшат ауданы ішкі істер басқармасының бастығы болды. 1937 ж. Мамұт, Ма Хушаньдар қарулы көтеріліс жасаған кезде Ы. өз жасағын құрып, көмекке келген Кеңес Одағы әскерлерімен бірге көтерілісшілерді талқандады. Содан соң Қашқар, Хотан, Ақсу, Тасқорған өңірлерінің шекара қорғанысын басқарды, 1941 ж. Құлжадағы Іле аймақтық “Қазақ-қырғыз мәдениетін дамыту қауымдастығының” төрағасы болды. 1942 ж. өлкелік үкіметтің оны тұтқындамақшы болғанын біліп, жасырын Кеңес Одағына өтіп кетті. 1944 ж. Тасқорған ауданына оралып, жергілікті басшылармен бірлесе отырып “Азаттық ұйымын” және партизандар қосынын ұйымдастырды. 1945 ж. маусымда Гоминьдан әскерлерінің астық тасыған машиналарына шабуыл жасап, көтеріліс бастады. Қарашада әскерімен Қырғызстан жері арқылы Құлжаға барып, ондағы көтерілісшілермен Гоминьданның Айранбақтағы қамалын алуға қатысты және Гоминьданның Құлжаға көмекке келген әскерлеріне шабуыл жасады. 1946 ж. сәуірде Шығыс Түркістан Республикасы Уақытша үкіметінің Ұлттық армиясы құрылғанда 1-атты әскер бөлімінің командирі болып тағайындалып, ген.-майор дәрежесі берілді. Шілде айында уақытша үкіметтің мүшесі болды. Қыркүйек айында Ұлттық армияның Орта бағыттағы соғыс операциясына қолбасшылық жасап, Жың ауданындағы Гоминьданның күшті әскери күшін талқандады. Осы еңбегі үшін ген.-лейтенант дәрежесіне көтеріліп, бес адамдық Ең жоғ. әскери кеңестің мүшесі әрі оңт. бағыттағы ұрыс қимылдарына жауапты болды. 1947 ж. Тасқорған ауданына барып, Тянь-Шаньның оңт-ндегі партизандарды ұйымдастырып, “Ысқақбек ротасын” құрды. Наурыз айында “Азаттық” орденімен марапатталды, маусым айында Ұлттық армияның бас қолбасшысы болып тағайындалды. Үш аймақ үкіметі Шыңжаң өлкелік үкіметімен “Он бір бітімге” қол қойып, өлкелік коалиц. үкімет құрылғанда өлкелік үкіметтің мүшесі, Қорғаныс штабы бастығының орынбасары болды. 1947 ж. ақпанда Алтай аймағында әскерімен Оспан батырға қарсы соғысты. 1948 ж. “Шыңжаңдағы бейбітшілік пен демократияны қорғау одағы” құрылғанда Орт. ұйымдастыру к-тінің мүшесі болып сайланды. 1949 ж. 27 тамызда Қытай Коммунистік партиясы ОК-нің шақыруы бойынша Қытай халықтық саяси кеңесінің мәжілісіне қатысу үшін, Үш аймақ төңкерісі басшыларымен бірге Кеңес Одағы ұшағымен Алматыдан Бейжіңге ұшып, Иркутск қаласынан өтіп Байкал маңына барғанда үшақ тауға соғылып, ішіндегі адамдар қаза тапты. Ы-тің сүйегі Құлжа қаласына әкеліп жерленген.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Мойынқұм – Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құмды алқап.
## Географиялық орны
Балқаш көлінен оңтүстікке қарай орналасқан Құланбасы, Малайсары және Көкшиелі тауларының солтүстік етегіне тіреледі. Солтүстігі Сарыесікатырау құмына, шығысы Жетіжал, батысы Жуанқұм құмдарына ұласады.
## Жер бедері
Абсалюттік биіктігі 460 – 800 м. Іле өзенінен Қараталға дейін 60 – 70 км-ге созылып жатыр, ені 35 км-ге жетеді. Солтүстік және солтүстік-батыс бөлігіндегі қырқа құмдардың биіктігі 20 – 30 м. Оңтүстік бөлігі Шеңгелді және Сарыбұлақ құрғақ арналарымен тілімделген.
## Өсімдігі
Еркекшөп, жусан, т.б. өсімдіктер өседі. Солтүстігінде жер асты сулары 100 м тереңдікте кездеседі. Күзгі, көктемгі мал жайылымы.
## Дереккөздер |
Сопақша торлыбас (Dіctyocephalos attenuatus) – базидиомицеттер класы, гастеромицеттер қатарына жататын саңырауқұлақ. Солтүстік Африка(қолжетпейтін сілтеме) мен Солтүстік Америкадан (Колорадо штаты) табылған. Қазақстанда алғаш рет Сурет:И.Г. Борщов Арал – Каспий аймағындағы шөлді даладан тапқан. Кейіннен Жайық өзеннің төменгі жағалауынан, Маңғыстаудан және Сырдария өзеннің сол жақ жағалауынан табылған. Сопақша торлыбастың жемісті денесі шар, жұмыртқа не цилиндр тәрізді болады. Ұзындығы 27 сантиметрге дейін жетеді, жетілген түрлерінде сүректенген аяқшасы болады. Ұзындығы 24 см-дей, қисық, кейде тік болады, жоғары жағы кеңейген бас бөлімі, ал төменгі жағы тостаған тәріздес. Бас бөлімі шар тәрізді (ұзындығы 3 – 4,5, ені 8 – 9 см), әдетте жиегі ішкі жағына қарай қайырылған. Сыртқы қабаты (экзоперидийі) қалың, тегіс емес, алғашқыда іркілдек болып келеді, кейін қабыршақтанып қатая түседі, кейде әр жерінен пирамида тәрізді өсінділер пайда болады. Бастапқыда саңырауқұлақ ақшыл сары түсті болып, піскен кезде сарғыш қоңыр түске енеді, жағымсыз иісі болады. Жеуге жарамсыз. Сопақша торлыбас – өте сирек кездесетін реликт түр ретінде Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. |
ҚАМШЫБАЕВ Рахманқұл Алтынбекұлы (1937 ж. т., Тараз қ.) – ғалым, экономика ғыл. докт. (1990), проф. (1994), Қазақстан Жоғары мектеп академиясы академигі.
Ысты руынан шыққан.
Мәскеу экон.-статистикалық ин-тын бітірген (1961). 1961 – 89 ж. Қазақстан ҒА экономика ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, Қазақстан экономика және жоспарлау ин-тында бөлім бастығы, директор, 1991 – 92 ж. Алматы саясаттану және басқару ин-тында проректор, 1992 – 94 ж. Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және жоспарлау ин-ты директорының орынбасары болып қызмет атқарған. 1994 жылдан Қазақ мемл. басқару академиясы «Халықаралық экономикалық қатынастар» оқу-ғылыми кешенінің директоры. Медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталған. 190-нан аса ғыл. еңбегі, соның ішінде 5 монографиясы жарық көрген.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том |
Кәсіптік-техникалық білім — кәсіптік-техникалық оқу орындарында және өндірісте оқыту жолымен шаруашылық салалары үшін білікті жұмысшы кадрлар даярлау жүйесі; белгілі бір жұмысшылық кәсіп, мамандық бойынша жұмысты біліктілікпен орындауға мүмкіндік беретін жүйеленген білімдердің, ісмерлік білік пен машық-дағдылардың жиынтығы.
Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру жалпы білім беретін, орташа және орта білім беретін мектептерде, лицейлерде, колледждерде, тікелей өндірісте, оқу өндірістік комбинаттары мен орталықтарда, курстарда жүргізіледі;
## Тағы қараңыз
* Кәсіптік білім
## Дереккөздер |
Әшімхан Тоқтасынұлы Қанаев (3.1.1959 ж. т., Жамбыл ауданы Қаратөбе а.) – ғалым, биология ғылымы докторы (2002). Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1981). 1981 – 91 ж. Микробиология және вирусология институтында аға лаборант, аспирант, кіші ғыл. қызметкер, ғылыми қызметкер, 1991 – 94 ж. Қазақ-түрік университетінде доцент, биология және микробиология кафедра меңгерушісі, 1995 – 2003 ж. Қазақ мемлекеттік университетінде докторант, доцент, микробиология кафедрасының меңгерушісі. 2003 жылдан Қазақ аграрлық ун-тінде Біліктілікті арттыру ин-тының директоры. Негізгі ғыл. еңбектері микробиология және биотехнология мәселелеріне арналған. Металл кентастарынан пайдалы құраушыларды бактериологиялық сілтісіздендіру әдісімен алу технологиясын, Қазақстанның техногендік экожүйесіндегі микробиол. процестердің рөлін, т.б. зерттеді. Осы мәселелерге арналған 2 монографияның және қазақ тіліндегі 3 оқулықтың авторы.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том |
Зұлқарнайын, Зул-қарнайын – Құран Кәрімде айтылатын ұлы патшаның лақап есімі.
Зұлқарнайынның есімі Құран Кәрімде 3 жерде аталады (18-сүре, 83, 86, 94-аяттар). Мұнда Зұлқарнайын әлемнің батысына барып, онда тұратын адамдардың залымдарын жазалап, иманды, игілікті адамдарға жәрдем жасайды. Бұдан кейін күншығысқа барып, онда панасыз, қорғансыз жандарды кездестіреді. Осындай орасан аймаққа билік жүргізген Зұлқарнайын екі таудың арасына келгенде сөзі түсініксіз бір тайпаға кез болады. Олар Зұлқарнайыннан өздерін Иажуж бен Мажуж қауымынан қорғауды өтінеді, сол үшін салық төлеуге әзір екендіктерін білдіреді. Зұлқарнайын екі таудың арасына темір толтырып, ол таулармен теңеліп, деңгейлес болған кезде көрікпен қыздырып, шойын құйып тастайды. Осыдан кейін Иажуж бен Мажуж бұл қорғаннан өте алмайды, оны бұзып өтуге күштері жетпейді. Кейбір ғалымдар бұл қорғанды Дербент қорғаны деп есептейді. Осыған орай, Зұлқарнайынды Иран патшасы Дарий деп санайтындар бар. Зұлқарнайынның әл-Мунзир бин ас-Сама немесе Әбу Қариб әл-Химияри екендігіне байланысты аңыздар да сақталған. Ислам тарихшылары мен әдебиетшілері арасында оны Александр Македонский деп санау белең алған. Бұл пікір кейін аңыз-әңгімелерге айнала келіп, шығыс халықтарының жыр-дастандарына арқау болған. Әсіресе, Науаи мен Низамидің шығармаларында айрықша көрініс тапқан. Дегенмен, ислам тәпсіртанушыларының басым бөлігі Зұлқарнайынды Александр Македонский дегенге келіспейді. Өйткені, Александр Македонскийдің Құран Кәрімде баяндалған Зұлқарнайынға ұқсамайтын көптеген тұстары бар. Зұлқарнайын Қызырдан (ғ.с.) дәріс алған Аллаһның сүйікті құлы. Ал Александр Македонскийдің ұстазы Аристотель екендігі көпшілікке мәлім. Сондықтан Құран Кәрімге түсінік беруші кейбір тәпсіртанушылар Зұлқарнайынды ИбраҺим пайғамбар (ғ.с.) дәуірінде Иеменде өмір сүрген құдіретті бір патша деп есептейді.
## Дереккөздер |
Қосағаш — Абай облысы Аягөз ауданындағы ауыл, Қосағаш ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Аягөз қаласынан батысқа қарай 134 км жерде.
## Тарихы
Іргесі 1928 жылы қаланған. Өзімен аттас ұжымшар мен ауылдық кеңестің орталығы болды. Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты 1962 жылы қой өсіретін кеңшардың орталығына айналды. 1997 жылдан кейін кеңшар негізінде бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Мойнаққарасу – Есіл өзенінің сол жақ саласы.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Атбасар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 47 км.
## Бастауы
Асанқожа көлінен оңтүстік-шығысқа қарай 7 км жерден, Новомариновка ауылының жанынан бастау алады.
## Гидрологиясы
Мойнаққарасудың 6 ұсақ және 1 ірі саласы бар. Су жиналатын алабының жер бедері жонды-белесті-төбелі келген. Қошқыл-қоңыр сортаңданған топырағында бетегелі-боз, бетегелі-сұлыбасты, ал жайылмаларында бетегелі-қаулы шөптесіндер өскен. Су жиналатын алабының жыртылған. Жоғары және орта ағысында аңғары айқын байқалады, жағалауының биіктігі 2 – 5 м. Жоғары ағысында арнасы жазда жеке қарасуларға бөлініп қалады. Өзеннің кейбір жерлерінде топырақтан жасалған бөгеттер бар. Суын жақын жатқан елді мекендер пайдаланады.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.