text
stringlengths 3
252k
|
---|
Айдабол (1,2) — қола және темір дәуіріне сақталған зираттар тобы. Зеренді көлінің (Солтүстік Қазақстан) маңында орналасқан. Шартты түрде “А-1” аталған зираттағы топырақтан үйіліп, сыртынан жалпақ тастармен шеңберлеп қоршалған 16 обаның екеуі зерттелді. Оның бірі ғұрыптық баспана болып шықты. 1-ші оба-қоршаудан (диаметрі 28 м, биіктігі 0,6 м) Андронов мәдениетінің Атасу кезеңіне қатысты қыш ыдыстар, қола моншақтар, қоладан құйылып алтынмен апталған сырғалар т.б. бұйымдар табылды. Шартты түрде “А-2” аталған зираттағы ең үлкен 1-ші обада егде жастағы, қару-жарақты ер адам басы батысқа қаратыла лақаттап жерленген.
Жанына темір ақинақ, 5 қола ұшты жебе, тас қайрақ қойылған. Оған 2-ші обада жерленген әйел адамның туыстық жақындығы болуы мүмкін. Дәл әлгідей жерлеу ғұрпымен қойылған әйел қабірінен қола айна, бояу езетін тас ыдыс (үккіш), сүйектен істеген әдемі шаш түйреуіш, алтыннан құйылған сырғалар және алтын тұмаршалар табылғаны бұл әйелдің де өз қоғамында көрнекті орын алған адам болғанын көрсетеді.
Ал көлемі жағынан алдыңғы 2 обадан анағұрлым кіші, тым қарапайым қаланған 3-ші обадағы топырақ қабірге қойылған мүрденің жанында ешқандай зат жоқ. Бұл көне қоғамдағы мүліктік және әлеуметтік жіктелу болғанын білдіреді. Жерлеу ғұрпы мен заттай деректердің ерекшеліктері А-2 зиратында Орталық және Солтүстік Қазақстанда ерте темір дәуірінде қоныстанған, ғылымда Тасмола мәдениеті деп аталатын ескерткіштер пайда болған кезеңде өмір сүрген адамдардың жерленгенін көрсетеді. Обалардың пайда болған мерзімі біздің заманымыздан бұрын 5-4 ғасырларда.
## Дереккөздер:
Қазақ энциклопедиясы I том |
Айжігіт қалпе кесенесі – сәулет өнерінің ескерткіші. Мойынқұм ауданы Құмөзек елді мекенінен солтүстікке қарай 30 км жерде. 1902 жылы Кемпірбай шебер салған. Айжігіт қалпе – осы өңірге белгілі болған әулие. Жұрт әлі күнге дейін басына түнеп, тәубә етеді. Кесененің Бетпақдалада сирек кездесетін көлемді құрылыс ретінде архитектор маңызы зор. Шикі кірпіштен қос күмбезді етіп тұрғызылған. Солтүстік-шығыс бүйірінен және артқы жағынан екі қоршау салынған. Айжігіт қалпе солтүстік-батыс қоршаудың ішіне жерленген, бұл кесенемен байланыспайды, кіретін жағы да бөлек. Күмбезді ғимараттың өзі екі бөліктен тұрады. Кесенеге соның кішісі арқылы кіреді және осы кіші бөлік әулиеге түнеуге келгендер ас-суын әзірлейтін бүйірдегі қоршаумен жалғастырады. Зиярат етушілер үлкен күмбезді бөлікте түнейді.
## Дереккөздер |
Жаңабазар — Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл, Жаңабазар ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде, Қазығұрт жотасының солтүстік баурайынан бастау алатын Келес өзенінің жағалауындағы бұта аралас бидайық, боз, көде өскен сұр, қоңыр топырақты тауаралық дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1957 жылы осы маңда қой шаруашылығын дамытуға байланысты қаланды. 1997 жылға дейін “Коммунизм” кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Жаңабазарда шаруа қожалықтары мен серіктестіктер жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Ауыл маңында орман-тоғайы бар әсем келген тау шатқалдары орналасқан. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Оңтүстік Алтай жотасы — Алтайдың оңтүстігіндегі таулы жота.
## Географиялық орны
Қазақстан (Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай, Күршім аудандары жерінде) және Ресей Федерациясы (Алтай Республикасы) мен Қытай (Алтай аймағы) шекараларында. Ұзындығы 130 км-дей, орташа биіктігі 3487 м, ең биік жері 3871 м.
## Геологиялық құрылымы
Жота негізінен саздақты тақтатастан түзілген.
## Жер бедері
Беткейлері көбіне тік құлама. Оңтүстік Алтай жотасынан Қара Қобы, Арасан Қобы өзендері бастау алады. Оңтүстік Алтай жотасында жалпы ауданы 116 км² шамасында мұздық бар. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 – 600 мм.
## Өсімдігі
Тауаралық аңғарында және беткейлерінде дала өсімдігі, одан жоғары жапырақты орман, субальпі, альпі шалғыны өседі.
## Дереккөздер |
Қарабұжыр – Сарыжал жотасының солтүстігіндегі шоқылы тау.
## Географиялық орны
Абай облысы Жарма ауданы Бөке ауылының солтүстік-шығысында 15 км жерде орналасқан. Шар өзенінің аңғарында.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 652 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай доға тәрізденіп 5 – 6 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км шамасында. Беткейі кедір-бұдырлы бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Шар бөгені, етегінде көптеген қыстаулар орналасқан.
## Өсімдігі
Қоңыр топырақ жамылғысында далаға тән өсімдіктер өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Айдап сал — ұлттық ойын. Үйде немесе демалыс орындарында ойналады. Ойынға жас ерекшеліктеріне қарамай, көпшілік түгел қатыса алады. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді де, бірінші топ сыртқа шығып кетеді. Ойын жүргізуші сырттағылардың есімдерін үйдегілерге қойып, белгілеп алады. Сырттан кіргендер өз аты қойылған адамды табуы керек. Таба алмағандар айыптары үшін өнер көрсетеді, тапқандар бұл “айыптан” құтылады. Ойынның келесі кезегінде екінші топ сыртқа шығарылады.
## Дереккөздер:
Қазақ энциклопедиясы I том |
Баймағамбет Қанапияұлы Ізтөлин (25.9.1809, Ақмола губерниясы Петропавл уезі. Шәліңке ауылы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) - 12.4.1921, Петропавл) - ақын. 1916 - 1917 жылдары Пресновка мектебінде, "Уазифа" медресесінде оқыған. 1919 жылы Петропавлда уездік ревкомға орналасады. Онда мектептер ашып, мүғалімдер даярлайтын қысқа мерзімді курстар ұйымдастырады. Петропавл қаласында мұсылман бюросы мен қазақ-татар клубында жүмыс істеген. Феодоров ауданы оқу бөлімінің нұсқаушысы болған.
## Шығармашылығы
"Жалғыз жілік", "Ала торпақ" (1913), "Өкпеге жауап", "Жәкі мен Құла ат" (1915), "Соғыс", "Өмірім" (1916), "Айым мен күніме" (1917) өлеңдері жарық көрген. Iзтөлин өзінің "Отарба", "Туғаныма", "Қалқамшырақ" (үшеуі де 1917), "Пысылдақ Омар" (1918), "Күн мен түн" (1919). І-нің "Көк теке", "Маймыл мен түлкі", т.б. мысалдары бар.Ақынның шығармалар жинағы бірнеше рет(1926,1935,1957,1981) басылып шыққан. Кейбір жеке туындылары оқулықтарға енгізілген. С.Мұқанов "Өмір мектебі" трилогиясында І-нің туралы жазған.
* Өмірі мен шығармалары А., 1957;
* Таң сәулесі. Өлеңдер. А., 1981.
## Дереккөздер
## Дереккөздер |
Орал «Зенит» зауыты – қорғаныс және шаруашылық мақсатындағы өнімдер шығаратын кәсіпорын. 1941 жылы салынған. Бастапқы кезде бұл құпия қорғаныс кәсіпорны “231-зауыт”, “38-пошта жәшігі”, 1966 – 1991 жылы “К.Е. Ворошилов атындағы машина жасау зауыты” деп аталды. 1996 жылдан ашық акционерлік қоғам. Зауыт жанында “Зенит” мәдениет сарайы жұмыс істейді. Кәсіпорын 1 дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып, бірнеше мәрте Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болған.
## Дереккөздер |
Кабинеттік жүйе – мектептегі оқу жоспарына сәйкес негізгі пәндер бойынша сабақты арнаулы кабинеттер мен лабораторияларда, шеберханаларда өткізу жүйесі. Кабинеттік жүйемен оқыту жалпы білім беретін орта мектептерде кеңінен қолданылады. Кабинеттер оқу-әдістемелік әдебиеттер, техникалық жабдықтар, үлестірмелі карточкалар, плакаттар, әдебиеттер, карталар, диаграмма, схемалар, т.б. құралдармен жабдықталады. Көрнекті құралдарды қолдана отырып, кабинеттік жүйемен оқыту оқушыларға тиянақты да терең және жүйелі білім беруге мүмкіндік туғызады. Жеке пәндердің мазмұнына сәйкес әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың өз бетімен білімді іздене меңгеруі мен жаттығуын қамтамасыз ететін практикалық жұмыстар жүргізу үшін қажетті құралдар мен аспаптарды, аппараттарды бір орталыққа шоғырландырып пайдалануда кабинеттік жүйе нің маңызы зор.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том |
Кабилдер (араб. кабиль – тайпа) — Алжирдің солтүстігіндегі бербер халқы. Олар негізінен Алжир қаласының шығысындағы Джурджура мен Бабор тауларында тұрады. 2,9 млн адам. (2007, бағалау). Олар сондай-ақ Бельгияда (50 мың адам), Ұлыбританияда (3 мыңнан астам адам) тұрады. Жалпы саны 4 миллион, кейбір деректерде 6 млн. адам.
## Тілі
Кабил этникалық тобы афро-азиялық отбасынан шыққан кабил, бербер тілінде сөйлейді. Екінші және үшінші тіл ретінде көптеген адамдар Алжир араб, француз және ағылшын тілдерінде сөйлейді.Тарихының алғашқы ғасырларында қабилалар тифинаг жазу жүйесін қолданған. 19 ғасырдың басынан бастап Францияның ықпалымен олар латын әліпбиін қолдана бастады. Ол қазіргі бербер латын әліпбиінің негізі болып табылады.
## Діні
Кабилдер ислам дінінің суннит тармағын ұстанады, католиктер бар.
## Тарихы
Кабилдер – Солтүстік Африканың ежелгі тұрғындары. Кабилдердің кейбір бөлігі араб жаулап алушыларымен күресте өз тілі мен мәдениетін сақтап қалған. Кабилдер 19 ғасырда Алжир халқының француз отаршыларына қарсы ұлт-азаттық күресіне белсене қатысқан...
## Кәсібі
Дәстүрлі шаруашылық – бау-бақша (зәйтүн және інжір ағаштарын өсіру) және дәнді дақылдарды өсіру (қатты бидай, арпа), қосалқы кәсіп ретінде мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысады. Қой мен ешкі, сиыр ұстайды. Жердің жетіспеушілігі таулық-кабилдерді қалаларға және шетелдерге (көпестер, шенеуніктер, жұмысшылар, зиялы қауымның бір бөлігі) кетуге мәжбүр етті. Кабилдердің бір бөлігі қазір өнеркәсіпте жұмыс істейді, сондай-ақ, ірі жер иелерінің плантациясында жалданып еңбек етеді.
## Өмір салты
Отбасы үлкен, патриархалды. Тахаррубт - бірнеше отбасының бірлестігі, олардың мүшелері өздерін бір ата-бабадан 4-5-ші ұрпақта пайда болған деп санайды. Бірнеше тахаррубт адрумды құрайды, бірнеше адрумдар — ауылды мекендейтін таддарт тобын құрады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында ауылдардағы жерлер үлкен отбасылардың бөлінбейтін меншігі болып саналды. ХХ ғасырдың ортасынан бастап отбасылық жерлердің бөлінуі жиі кездеседі.
Дәстүрлі ауылдары - бұл бітеу қабырғалары бар, кіреберістері және ауылға кіретін қақпалары бар жақын орналасқан үйлер тобы. Үйлері саз балшықтан, шикі кірпіштен, тастан қаланған шатырсыз болып келеді. Үйлердің шағын аулалары бар. Ауылда әдетте екі көше бар, ішкі көше әйелдерге арналған, сыртқысы ерлерге арналған. Әдетте әр ауыл таудың басында орналасады.
Ер адамдар еуропалық киіммен бірге бурнус, әйелдер иығында қамыты бар көйлектер (хубба, тахуббат) киеді.
## Дереккөздер |
Шырын — Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Бахар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шонжы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей, округ орталығы - Бахар ауылынан 9 км-дей жерде, Қарадала массивінің солтүстік бөлігінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1967-1997 жылдары жеміс-жүзім өсіретін “Шырын” кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1995 жылы Шырында “Ұлы дән” ЖШС-і және “Мұбарак”, “Рүстем” шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Маңғытаев Мыңжасар (23 желтоқсан 1937, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Маяқұм - 7 желтоқсан 2011, Алматы) — композитор, профессор, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық әртісі.
## Өмірбаяны
1965 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын Қ.Қожамияровтың класы бойынша бітірді. Осы жылы еңбек жолын Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің өнер басқармасында аға инспектор болып бастады.
1967-1969 жылдары Қазақстан Композиторлар одағының жауапты хатшысы, 1969-1976 жылдары «Жазушы» баспасы өнер және музыка редакциясының бас редакторы қызметтерін істеді.
Композитор М.Маңғытаев бұдан кейін бірқатар жылдар шығармашылық жұмыста болды. Ал 1988-1991 жылдар аралығында Алматы облыстық музыка қоғамына төрағалық етті.
1991-1993 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы төрағасының бас кеңесшісі, ал 1997 жылы республикалық дәрежеде зейнеткерлікке шыққанға дейін екінші хатшы міндеттерін атқарды.
## Шығармашылығы мен марапаттары
Шығармашылығына ұлттық саздың бояуын тиімді пайдалана білген Мыңжасар Маңғытаев сол үрдіспен «Отырар» операсын, «Қозы мен Баян» балетін, «Арман», «Құлагер» симфониялық поэмаларын, «Шексіз махаббат» ораториясын, «Ақсақ құлан», «Қаратау әуендері» атты хорға арналған поэмаларын, ұлы Абайдың өлеңдері бойынша бірнеше әуен жазды. Оның үш жүзден астам әндері, вокальдық-хор, аспаптық, симфониялық оратория-кантаталары, оркестрлік поэма-сюиталары, кинофильмдер мен спектакльдерге жазған музыкалары заман тынысын, өмір келбетін, дүние сұлулығын жырға қосты.
М.Маңғытаев халқының ән өнеріне сіңірген осындай еңбектері үшін 1998 жылы Қазақстанның халық әртісі атағын алып, 2006 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Маңғытаевтың шығармашылығының жанры әрқилы, ашық әуезділігімен айрықшаланады, оның ұлттық - бояулы мәнеріне вокалдық және халықтық - аспаптық ерекшеліктерді біріктіру тән. Маңғытаевтың мәнері әсіресе, “Қозы мен Баян” балетінде, “Арман”, “Құлагер” симфониялық поэмаларында “Шексіз махаббат” ораториясында, “Ақсақ құлан”, “Жайлауда”, “Қаратау әуендері” сияқты хорға арналған поэмаларында , әндерінде анық із салған. Ұлы Абайдың өлеңіне жазылған “Не іздейсің көңілім”, “Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп”, “Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...” өлеңдеріне ән-романстар жазды. Сазгер жалпы саны үш жүзге таяу ән шығарды. Оның вокалдық-хор, аспаптық, симфониялық оратория-кантаталары, оркестрлік поэма-сюиталары, кинофильмдер мен спектакльдерге жазған шығармалары заман тынысын, өмір шындығын, дүние сұлулығын жырлайды. Ақан серінің “Қараторғай” әніне жазған вариациялары мен “Арман” атты симф. поэмасында, І.Жансүгіровтің “Құлагер” поэмасының желісіне жазған симфониясы мен “До-мажор” симфониясында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ақтолғай” симфониялық сюиталарында халық әуендерін шебер пайдаланған. Ал халық оркестріне арнап жазған “Көктем” поэмасы мен “Концерттік күй”, “Ырғақты”, “Төгілмелі” атты күйлері, төрт бөлімді “Аққудың айрылуы” деген топтамасы оның композиторлық мүмкіндігінің жаңа қырын ашты. “Қаратау әуендері”, “Дала дауысы”, “Жайлауда” хор поэмалары мен хор сюиталары, “Ауыл тойы”, “Елім менің” вокалдық-хореографиялық композициясын тыңдаушы қауым жылы қабылдады. “Ақан сері — Ақтоқты”, “Сталинге хат”, “Неке қияр”, “Біздің үйдің жұлдыздары” спектакльдеріне, “Бәйшешек”, “Көкжиек” кинофильмдері мен Қ.Сәтбаев туралы деректі фильмге, “Қожанасыр сәулетші”, “Әулие есек”, “Үш түлек”, т.б. мультфильмдерге музыка жазды.
## Дереккөздер |
Қашқантеңіз – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы тұйық көл. Балқаш көлінің батыс жағында, Қашқантеңіз шығанағымен ертеде қосылып жатқан.
## Гидрографикасы
Ауданы 18,5 км2 (жауын-шашынға байланысты өзгеріп отырады). Ұзындығы 22,5 км, ені 4,3 км. Тереңдігі 1,4 м. Солтүстік-шығыстан соққан күшті желдің әсерінен тасқын айдаған Балқаш суы кейде Қашқантеңіз көліне құяды. Суы тұзды, жағалауы сортаң батпақты.
## Дереккөздер |
Лев Иванович Кан (1904 ж. т., Ресей, Приморье өлкесі) – Социалистік Еңбек Ері (8.6.1957). 1929 – 1936 жылдары Қиыр Шығыс өлкесінде жер бөлімінде, ұжымшарларда жұмыс істеді. 1937 – 1941 жылдары ұжымшарда, Үштөбе МТС-нда саяси бөлім бастығының орынбасары, 1941 – 1964 ж. Талдықорған облысының «Прогресс», «Заря коммунизма» ұжымшарында басқарма төрағасы, Жетісай ауданында мақта шаруашылығында қызметтер істеді. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты (1959). Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.
## Сілтемелер |
Ләзиза Аймашева (8.3.1932 жылы туған, Қордай ауданы Қаракемер ауылы) – мәдениет қайраткері. Алматы медицина институтын (1955), Абай атындағы ҚазПИ-ді (1968) бітірген.
* 1955 – 59 жылы Қазақ КСР Мин. Кеңесінің ауруханасында дәрігер
* 1959 жылы конкурстық негізде Қазақ Республика телевизиясына дикторлық қызметке ауысты
* 1964 жылы жоғары категориялы диктор
* 1970 жылы жоғары дәрежелі режиссер атақтарына ие болды
* 1971 жылы музыка редакцияның бас режиссері
* 1977 жылы Қазақ теледидарының көркемдік жетекшісі
* 1991 жылы Республика телерадио корпорациясының көркемдік жетекшісі. А-ның шығарм. галереясында қазақ теледидарының «Алтын қорына» енген 2-дүниежүз. соғыстың аяқталуының 20 жылдығына арналған 20 сериялы деректі фильм, «Батырдың Алтын Жұлдызы»; «Маңғышлақ» атты фильмдер бар. Ол кезінде «Көгілдір экран» арқылы беріліп, көрермендер тарапынан жоғары баға алған «Кино туралы әңгіме», «Киносаяхат клубы», «Кино, уақыт, замандас», «Табиғат және біз» сияқты циклдік хабарлардың режиссері болды. 70 – 90 жылы Қазақ теледидарының белгілі болған дикторлары мен жүргізушілері А-дан тәлім алған шәкірттер. А. Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты.
## Дереккөздер:
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы |
Нартай Бекежанов мұражайы - Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер мұражайы – ақынның әдеби мұрасын сақтап, насихаттауға арналған тарихи-мәдени мекеме.
Н.Бекежановтың 100 жылдық мерейтойына орай (1990, тамыз) Ы.Жақаев атындындағы күріш өсіру тарихы музейінің бөлімшесі ретінде ауылдық мәдениет үйінде ашылды. Кейін екі қабатты, төбесі шығыс үлгісінде күмбезделген жаңа мұражай пайдалануға берілді (25.10.1994). Мұражайда барлығы 13483-тен астам экспонат бар, оның 8397-сі негізгі қорда, 5086-сы көмекші қорда сақталды. Мұражай 8 залдан тұрады. Залдарда негізінен ақынның көзі тірі кезінде тұтынған заттары (сырнайы, керуеті, ер-тұрманы, қамшысы, зергерлік бұйымдары, ұлттық киімі, т.б.), үй жабдықтары, құжаттары, баласы Мансұр ақынның қолжазбалары, Нартай бригадасы белді мүшелерінің (М.Әділов, Т.Баяханова, А.Тұяқбаев, Ф.Төлегенова, т.б.) жеке заттары, шәкірттері мен ізбасарлары туралы мәліметтер, Нартай ауылынан шыққан еңбек ардагерлері (Ш.Қазанбаева, Ұ.Алтайбаева, М.Қалдыбаев, Н.Көкиев, Б.Оразов) туралы мағлұматтар жинақталған.
## Дереккөздер |
«Айнұры» – облыстағы татар және башқұрт халықтарының ұлттық-мәдени орталығы. 1995 жылы 25 қарашада құрылған. Орталықтың төрағасы – Ә.Ш.Халиков. «А» мемлекеттік мейрамдар мен қоғамдық-саяси және мәдени іс-шараларды өткізуге, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға белсене қатысады. 1996 жылы қазанда «Баласағұн» концерт залында татар халқының үлттық салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын халыққа таныстыру мақсатында театрландырылған қойылым көрсетті. Жыл сайын Шымкент қ-нда өткізілетін Сабантойға қатысып тұрады. Орталықтың жанында «Ляйсан тамгчылары» деп аталатын көркемөнерпаздар ансамблі бар.
## Дереккөздер:
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы |
Қарабұлақ – Айғырқызыл құмының солтүстігіндегі бұлақ. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құрылыс ауданының солтүстік-шығысында 23 км жерде орналасқан. Ырғыз өзенінің аңғарында. Теңіз деңгейінен 150 – 160 м биіктікте. Солтүстігінде Қызылқұдық бөгені, шығысында Шибұлақ қыстауы, оңтүстігінде Шибұлақ сайы, батысында Бесоба төбесі орналасқан. Мал суаруға пайдаланылады.
## Сілтемелер |
Айдаркөл (өзб. Aydar ko‘li, Айдар кўли; Haydar ko‘li, Ҳайдар кўли) — Өзбекстандағы, Нұрата тауының солтүстігінде орналасқан көл. Ол шығысында Мырзашөлге, солтүстігі мен батысында Қызылқұм шөліне тіреледі. Солтүстік-шығысында Арнасай ойпатымен ұласады. Теңіз деңгейінен 232 м биіктікте жатыр. Жағалауының жер бедері негізінен тегіс келеді. Солтүстігі мен шығысында өсімдігі сирек аласа құм қайраңдары мен құм төбелер кездеседі. Айдаркөл шалшық көлінің беті 20-30 см тұз қатпарымен жабылған. Оның құрамында натрий (19,5%), сульфат (25,6%), хлор (25%) тұздары бар. Топырақ асты суы жер бетіне жақын жатыр. Тұз қатпары сол судың көп болуына байланысты түзілген. Көл Мырзашөлдегі суармалы жерлердің қалдық суларымен толысады. Соған байланысты Айдаркөлдің аумағы құбылып отырады және кейбір жерлері батпаққа айналған. Шалшықты тұз кристалдарын жел ұшырып аймақ атырабы кебірленуде.
## Дереккөздер:
Қазақ энциклопедиясы I том |
Жаңадәуір (2002 жылға дейін – Ворошилов) — Түркістан облысы Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
1957 жылы құрылған Ғ. Мұратбаев атындағы мақта кеңшарының құрамында болып, 1998 жылға дейін «Ворошилов» аталып келді. Кеңшар негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Ауылда орта мектеп, дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
## Дереккөздер |
Қарабұлақ – Кіші Борсық құмының оңтүстік-шығысындағы қыстау. Қызылорда облысы Арал ауданы Жалаңаш ауданының солтүстік-батысында 17 км жерде орналасқан. Батысында Бутаков шығанағы, солтүстігінде Жұмбас, шығысында Қосмұрын, Қушоқы төбелері жатыр. Теңіздің құм басқан сұр, сортаң топырақ жамылғыларында көкпекті, қара жусан, бұйырғын, т.б. шөл өсімдіктері өседі. Қыстау бойында мал суаратын бұлақтар мен құдықтар бар.
## Сілтемелер |
Намаз Ізімбергенов (25 желтоқсан 1937, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы, Ащымұрын-Сарытас ауылы - 3 желтоқсан 2019, Ақтөбе қаласы) — ғалым, медицина ғыл. докт. (1979), профессор (1982), Қазақстан Республикасы Медицина ғылымдары академиясының академигі (1995), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (2004), Қазақстан Республикасы ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері (1998), Халықаралық хирургтер қоғамының мүшесі (1999).
## Өмірбаяны
### Тегі
Ізімбергенов Намаз Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Сарытасқа жақын орналасқан Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы Төбеқұдық жерінде дүниеге келген (1963 жылға дейін Шевченко ауданы аталған, 1972–1992 жылдар аралығында Форт-Шевченко қаласы әкімдігінің аумағы болған, 1992 жылдан бастап ауданның қазіргі атауы белгіленген).
Кіші жүздің Адай руынан тарайды.
Шежіресі: Адай – Келімберді – Мұңал – Бәйімбет – Алдаберді – Райымберді – Текей – Әтембек – Қаратоқа – Көшкін – Мұса – Есеу (атасы) – Ізімберген (әкесі) – Намаз.
### Ата-анасы
Әкесі – Есеуов Ізімберген (1896–1959) – шаруа болған, орта діни білімді, II Дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Соғыс кезінде II дәрежелі мүгедек болды (қолынан айырылды). Колхозда жұмыс істеп, мал шаруашылығымен айналысқан. Исламды діни әдет-ғұрыптарды сақтау ғана емес, сонымен бірге өмір салты ретінде қабылдаған.
Атасы – Есеу діни білімді, халық арасында беделге ие болған, оны құрметпен «Суфий Есеу» деп атаған. Манғыстау облысының Шетпе тұрғылықты жерінен 60–70 км жердегі «Жиенәлі» қоғамдастығында жерленген.
Анасы – Дәмет Жалғасбайқызы (1906–1983) – қарапайым жанұяда дүниеге келген, колхозда жұмыс атқарып, барлық мәселеде өз жұбайын қолдап жүрген.
Намаз отбасында екінші бала болды, ағасы Азан (1933), қарындасы Бибіш (1940), інісі Сәлем (1944).
### Балалық шағы
Намаздың балалық шағы Сарытастан батысқа қарай 12 км жердегі Ащымұрын жерінде өткен, мұнда жазғы мал жайылымы орналасқан болатын. Осы жерлер С.М.Киров атындағы балық аулау колхозына жатқызылған, орталығы Ащымұрын болды.
1945 жылы Намаз тұрғылықты жерінен шамамен 10 км қашықтықта орналасқан Ащымұрын бастауыш мектебіне барды. Оқуға Намаз ерте шығып, мектепке тек сағат 11–12-лерде, ал үйге кеш уақытта қайтып, бірден сабағын оқуға кіріскен. Мүлдем кеш батқанда, оқулықтарымен ошаққа жақын орналасып дайындалған. Киіз үйде тұрғандықтан, шамдар мүлдем болмаған. Есеуовтер отбасында алғашқы шам мектеп бітіргеннен кейін ғана пайда болды. Қыс уақытында мектепке айына үш-төрт рет қана барды. Осыған қарамастан, Намаз жақсы оқып, мектепті мадақтау грамотасымен аяқтаған. Кейін, бір жыл оқуға бармай, ата-анасына шаруашылық жағынан көмектескен.
1950 жылы село кеңесінің хатшысы Шойтасов Еңсеген мектеп бітірген барлық балаларды жинап, оларды Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласы – 70 км шалғайдағы аудан орталығына апарып, оларды С.М.Киров атындағы интернаттың 5-сыныбына орналастырған, онда оқу қазақ тілінде өткізілген. Ол кезде интернат тәрбие мен орта білім берудің нағыз орталығы болған, онда тамақтанумен, киіммен, оқулықтар мен басқа да қажеттіліктермен тегін қамтамасыз еткен. Намаз ата-анасымен жылына бір рет жазғы демалыста ғана көріскен.
Интернатта табандылық таныта отырып оқыған. 1956 жылы интернатты үлгілі аттестатпен бітіріп, онда 7-сынып үшін екі «төрті» (орыс тілі мен география пәндерінен), қалғандары «бес» болған.
Интернаттан кейін Намазды әскери комиссариатқа шақырған, алайда әскери қызмет өткеруге алмаған. Себебі Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы – II дәрежелі мүгедек адамның бірден екі баласын әскери қызмет өткеруге шақыруға заңнамалық тыйым болған. Ол кезде Есеуовтердің үлкен ұлы әскери қызметте еді.
Келесі екі жыл ішінде ағасы Азан әскери қызмет атқарған кезеңде Намаз өз поселкесінде жұмыс атқарды. Алғашқы жылы ол кітапхананың меңгерушісі, екінші жылы село кеңесінің хатшысы Әділханова Жамал партиялық мектепте оқуы кезеңінде оның міндеттерін атқарды. Оның қарамағында әскери комиссариаттың, мектептің және АХАТ-ның жұмысы болды. Алайда, Намаз басқа да табыстарға қол жеткізетініне сенімді болған.
Болашақ кәсібін таңдау барысында Намаз хирург болуға бел байлап, жоспарын ешқашан ауыстырмаған. «Медицинаның барлық салалары қажет,
ал хирургия – бұл нақты әрі мықты пән. Хирургияда нәтижелер бірден көрінеді. Хирургтің жақсы жұмысы – құтқарылған өмір», – деп пайымдаған болатын.
### Студенттік жылдар
1958 жылы ағасы армиядан оралғаннан кейін, Намаз Ақтөбе медицина институтының (қазір Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан медицина университеті, Ақтөбе қаласы) емдеу факультетіне оқуға түскен. Барлық оқуға түсу емтихандарын «өте жақсы» бағамен тапсырып, оған тіпті жоғарылатылған стипендия тағайындалған (жалпыдан 25%-ға жоғары).
Институтта оқудағы үздік көрсеткіштері үшін институттың комсомол комитетіне енгізіліп, коммунистік партияның құрамына алынған, сондай-ақ «достастық сотының» төрағасы болып сайланған.
Соңғы 6-шы курста оны Қазақстанның коммунистік партиясының Ақтөбе облыстық комитетінің денсаулық сақтау бөліміне жұмысқа шақырған. Бұл ретте, оқуды аяқтағаннан кейін, Ленинград қаласында (қазіргі Санкт-Петербург қаласы, РФ) 6 айлық маманданудан өту, сонымен бірге Актюбинск қаласында (қазіргі Ақтөбе қаласы) пәтер беру, ал кейіннен облыстық денсаулық сақтау мекемесінде ғана емес, сонымен бірге Денсаулық сақтау министрлігінде де жұмыс атқару мүмкіндіктері болжамдалған болатын.
1964 жылы (II түлектер) Намаз Ізімбергенұлы институтты қызыл дипломға аяқтап, оған одан әрі жетілу үшін сабақ беруге кафедрада қалу ұсынылған. Алайда 26 жастағы жігіт теориялық білімін аз деп санай отырып, тәжірибе керектігін сезінген, сол себепті педагогикалық қызметпен айналысу жайлы көптеген ұсыныстардан бас тартқан.
Келесі екі жыл (1964–1966) Медицина институтының ректоры Николай Дмитриевич Растопчинның ұсынымы бойынша Ақтөбе облыстық аурухананың хирургия бөлімшесі базасында Ақтөбе медицина институтының госпитальді хирургия кафедрасының хирургия бойынша клиникалық ординатурасында оқудан өткен (қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ МКК).
Ол кезде, госпитальді хирургия кафедрасының жетекшісі (1963–1969) медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, әскери-дала хирургі, травмотолог Георгий Прокопьевич Барсуков болатын. Г.П. Барсуков өзінің шәкірттеріне хирургиялық практикалық жұмыстың іргетасын нығайтты. Оқу кезінде Намаз анестезиолог мамандығын да игереді.
### Жанұясы
1960 жылы институттың 3-курсында оқып жүріп, Намаз Ізімбергенұлы Ақтөбе медицина училищесінің түлегі Тагабергенова Тойбикемен отбасы құрады (1940 жылы туған, Ресейдің Оренбург қаласының тумасы, Кіші жүздің Жағалбайлы руынан).
Кейіннен, жанұяны және балаларды күтіп-қарау сияқты отбасылық міндеттерге қарамастан, Тойбике Ақтөбе медицина институтының кешкі бөлімшесін бітіреді (1965–1972), кейін инфекциялық аурулар кафедрасында клиникалық ординатураны (1972–1974) аяқтайды.
1974 жылы Тойбике Ақтөбе облыстық аурухананың инфекциялық бөлімшесінің дәрігері болып жұмысқа орналасады, кейіннен 34 жыл бойы (1976–2010) зейнеткерлікке шыққанға дейін осы инфекциялық бөлімшені басқарады.
Туыстар мен достардың ортасында Намаз Ізімбергенұлы өзінің қалыптасуында жұбайының қолдауы мен көмегі жайлы бірнеше рет осылай айтқан болатын: «Тойбике сияқты жұбай егер басқа хирургке тұрмысқа шыққанда, міндетті түрде оны Академик етер еді».
Бірлескен некеде 3 бала тәрбиелеп өсірген.
Баласы - Мирсаид, 1-қаңтар 1962 жылы туған, (немерелері Дана, Әліби), 1985 жылы Ақтөбе медицина институтын «қызыл» дипломға бітіріп, кейін КСРО Медицина ғылымдар академиясының Жалпыкеңестік хирургия ғылыми орталығының ординатурасында оқудан өткен (қазіргі кезде академик Б.В.Петровский атындағы Ресейлік хирургия ғылыми орталығы). Хирург бола жүре, Ақтөбе облыстық аурухананың хирургия бөлімшесін басқарған.
Әкесінен үлгі ала отырып, 1998 жылы кандидаттық, ал 2001 жылы докторлық диссертация қорғаған.
Намаз Ізімбергенұлы зейнеткерлікке шыққаннан кейін, 2004–2009 жылдары госпитальді хирургия кафедрасын басқарды.
Әкесінің ісін жалғастыра отырып, Мирсаид Намазұлы Қазақстанда ішекке озондалған ерітінділерді зондтық енгізу әдісін практикаға енгізеді.
2004 жылдан бастап академиктер В.С.Савельев (Мәскеу қаласы) және М.А.Алиевтің (Алматы қаласы) ұсынымдары бойынша Қазақстанда абдоминальді сепсисті диагностикалау және емдеу стандарттарын енгізеді.
2005 жылы клиниканың практикасына перитониттердің жаңа халықаралық сыныптамасы және APACHE II, SAPS ауруымен шалдыққандардың жай-күйінің ауырлығын бағалаудың жаңа шкаласы енгізіледі, осы патологияны емдеуде жаңа тәсілдер әзірленеді, жаңа тұжырымдаманы ескере отырып, кафедра да оны барлық республика ауқымында енгізу мәселесінде жұмыс атқарады.
Намаз және Мирсаид Ізімбергеновтердің бастамасы бойынша 2006 жылы Қазақстанда алғаш рет субординаторлар-интерн хирургтердің оқу бағдарламасына эндовидеохирургия-лапароскопияның ресми циклі енгізіледі, ал 2009 жылы кафедра базасында жүкті және босанған әйелдерге кезек күттірмейтін хирургиялық көмек көрсету бойынша облыстық орталық ұйымдастырылады.
Кафедрада басшылық еткен кезде 2 ғылым кандидатын дайындады.
2010 жыл мен қазіргі уақыт аралығында Астана қаласында «Астана медицина университеті» КеАҚ-да профессор болып жұмыс істейді.
Қызы – Гүлмира, 17-мамыр 1970 жыл – 8-тамыз 2020 жыл (немересі Дилара) сондай-ақ Ақтөбе медицина институтын «қызыл» дипломға бітірген, медицина ғылымдарының кандидаты, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде педагогикалық қызметпен айналысқан.
Қызы – Жанна, 23-ақпан 1978 жылы туған (немерелері Айя, Айзере), К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін экономика факультеті бойынша бітірген, кәсіпкерлік қызметпен айналысады.
## Ғылыми және еңбек жолы
1966 жылы 3 жылға КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің Ленин орденінің Мәскеу жалпыодақтық орталық дәрігерлерді жетілдіру институтының аспирантурасына оқуға түседі (қазіргі кезде Ресейлік үздіксіз кәсіби білім беру медицина академиясы, Мәскеу қаласы). Кейін сол жерде докторантураны аяқтайды (1973-1975).
Медицина ғылымдарының кандидаты (1970), доцент (1977), медицина ғылымдарының докторы (1979, диссертация тақырыбы: «Бауыр мен өт жолдарының хирургиялық патологиясы кезіндегі диагностикалық тактика»), профессор (1982), ҚР Ұлттық ғылымдар академиясының мүшесі-корреспонденті (1994), ҚР Медицина ғылымдары академиясының академигі (1995), Ұлттық ғылымдар академиясының академигі (2004).
1969 жылы аспирантураны аяқтап, ол Ақтөбе медицина институтының госпитальді хирургия кафедрасына ассистент болып жұмысқа орналасады, бұл Намаз Ізімбергенұлының барлық еңбек жолындағы жұмыс орны болады.
1975-1978 жылдары кафедрада доцент болып жұмыс істейді, ал кейіннен 24 жыл бойы (1979-2003) Намаз Ізімбергенұлы госпитальді хирургия кафедрасын басқарады, зейнеткерлікке шыққаннан кейін 2003 жылғы күзден бастап осында профессор болып қалады.
Оның басшылығымен перифериялық ЖОО кафедрасы кезек күттірмейтін хирургия мен перитонит проблемалары бойынша мамандарды даярлау жөніндегі жетекші ғылыми-әдістемелік орталыққа айналады, ол еліміздің медицина ортасында «Н.І.Ізімбергенов академигінің мектебі» ретінде мәлім.
Кафедрада әзірленетін ғылыми проблемалардың бағыттары әртүрлі: бұл гепатобиллиарлы хирургия, анестезиология және интенсивті терапия, лапароскопия, перитонитті және іш қуысы органдарының іріңді-септикалық ауруларын емдеу мәселелері.
Клиникалық практикаға осы зерттеулердің нәтижелерін енгізу ауруға шалдыққандарды емдеуді едәуір жақсартты. Перитонит, ішектен тамақ өтпеу, панкреонекроз, сепсис сияқты аса ауыр аурулар кезінде адам өлімі 3 есеге азайды.
Нәтижесінде, 1990 жылы ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен кафедра базасында Перитонит және кезек күттірмейтін хирургия жөнінде республикалық орталық ұйымдастырылды. Орталықты ұйымдастыру перитонит проблемасын егжей-тегжейлі зерделеу жүргізуге мүмкіндік берді. Кафедра базасында ТМҰ елдері хирургтерінің қатуымен республикалық ғылыми-практикалық конференциялар өткізіле бастады. Ұжымның ғылыми байланыстары кеңейді, жұмыстар жетекші ғылыми ұжымдар – А.Н.Сызганов атындағы хирургия ғылыми орталығы (Алматы қаласы), Н.В.Склифосовский атындағы ҒЗИ (Мәскеу) ұжымдарымен жүргізілді. Ақтөбе медициналық институты базасында хирургия бойынша кандидаттық диссертацияларды қорғау бойынша мамандандырылған кеңес ұйымдастырылды.
Өңірде асқазан-ішек трактісіне, өт жолдарына, ұйқы безінде және т.б. реконструктивті-қалпына келтіру операциялары, ошақты және диффузиялы бауыр аурулары бойынша радикалды операциялар орындала бастады. Практикаға бауырдың II-III сегменттерінің резекциясы, бауырдың циррозы кезінде оны лазерлі тоннельдеу әдістері енгізілді.
Аурухананың жақсы жабдықталуы мен заманауи жоғары тиімді жедел араласудың енгізілуі оны барлық Батыс Қазақстан өңірі үшін емдеу-диагностикалық, консультативтік орталыққа айналдырды.
Бұдан бөлек, 1980-2000 жылдары Н.Ізімбергенов консультант ретінде Маңғыстау және Атырау облыстарының хирургиясын дамытуға айтарлықтай үлес қосты.
Н.Ізімбергеновтың негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары бауырдың өт айдау жолдарының ауруларын емдеуге, кезек күттірмейтін, іріңді хирургияға, перитониттің күрделі формаларын, панкреатитті және т.б. емдеуге, ал соңғы жылдары – хирургиялық ауруларды оперативті емдеу практикасында эндовидеоскопиялық әдістерді қолдануға арналған.
Ол іш қуысы органдары ауруларының және олардың асқынуының профилактикасы мен оны емдеу әдістерін, перитонит және панкреатит кезінде операцияның лапароскопиялық әдістері, операциядан кейінгі кезеңде іш қуысының лапароскопиялы озоносанациясының ерекше тәсілдерін практикаға енгізді. Іш қуысының асқынған іріңді-қабыну аурулары кезінде (перитонит) лапароскопия мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана бастады, оны операцияға ғана емес, сонымен бірге іш қуысын іш жағынан жууға да пайдаланды. Іріңді-септикалық аурулар кезінде ағзаның детоксикациясы үшін адам плацентін қолданудың емдік әсерін зерделеді.
400 астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде монографиялар, дәрігер-хирургтер үшін оқу-әдістемелік құралдар, студенттер үшін оқу құралдары, хирургиялық терминдердің орысша-қазақша сөздігі, туындыларға 19 авторлық куәлігі бар, тәжірибелік хирургияның жаңа өзекті мәселелері бойынша алдын ала патенттері және патенттері бар.
Оның жетекшілігімен 5 докторлық және 27 кандидаттық диссертация қорғалды.
Намаз Ізімбергенұлы емдеу, ғылыми-педагогикалық қызметпен қатар, қомақты қоғамдық жұмыспен айналысқан – 1979 жылдан бастап Ақтөбе облыстық хирургтер қоғамының төрағасы, Республикалық хирургтер ассоциациясы басқармасының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің хирургия бойынша проблемалық комиссиясының мүшесі болды, Ақтөбе медицина институтының жанында диссертациялық кеңесті ұзақ уақыт басқарды, «Вестник хирургии Казахстана», «Синграальная хирургия» (Ресей), «Западно-Казахстанский медицинский журнал» (ҚР, Ақтөбе), «Валеология» (Астана) журналдарының редакциялық кеңесі құрамына кірді. Батыс Қазақстанның облыстарының ғылыми қоғамдары жұмысына белсенді қатысты.
### Жарияланымдары
Монографиялардың, оқу құралдарының, әдістемелік ұсынымдардың, кітаптардың авторы:
1. Лечение острого панкреатита и холецистопанкреатита (методические рекомендации). Актюбинск, 1980. – 18 б. [Л.Н.Фарафоновамен бірге].
2. Диагностика и лечение острого аппендицита (методические рекомендации). Актюбинск, 1981. – 11 б. [М.М.Шаферманмен бірге].
3. Лечение неотложных состояний в хирургической клинике (учебное пособие для субординаторов). Актюбинск, 1981. – 21 б. [К.Ж.Жанабаевпен бірге].
4. Профилактика тромбоэмболических осложнений в раннем после операционном периоде у хирургических больных (методические рекомендации). Актюбинск, 1982. – 21 б. [М.К.Юсубалиевпен, А.К.Мантаевпен бірге].
5. Дифференциальная диагностика острых хирургических заболеваний брюшной полости и острых кишечных инфекций (методические рекомендации). Актюбинск, 1983. – 15 б. [К.Д.Дуйсеновпен бірге].
6. Антибиотики в хирургии (учебное пособие). Актюбинск, 1983. - 15 б. [Р.С.Кузденбаевамен, Л.Н.Фарафоновамен, К.Д.Дуйсеновпен бірге].
7. Диагностика и лечение острых хирургических заболеваний органов брюшной полости (учебное пособие). Актюбинск, 1984. - 87 б. [Л.Н.Фарафоновамен, М.М.Шаферманмен, В.А.Галкинмен бірге].
8. Профилактика осложнении острых хирургических заболевании брюшной полости в условиях сельских регионов Казахстана (методические рекомендации). Актюбинск, 1988. – 10 б. [М.М.Шаферманмен бірге].
9. Открытый живот с управляемой лапаростомией и хирургии перитонита (методические рекомендации). Актюбинск, 1989. – 20 б. [М.М.Шаферманмен бірге].
10. Активные методы лечения местного гнойного перитонита. (методические рекомендации). Актюбинск, 1991. – 10 б. [Н.А.Акатаевпен, К.Ж.Аскангалиевпен бірге].
11. Хирургиялық деонтология. Актюбинск, 1992. - 120 б.
12. Русско-казахский словарь хирургических терминов (учебное пособие). Ақтөбе, 1993. - 65 б. [С.М.Келимбердиевпен бірге].
13. Іш қуысының жедел хирургиялық аурулары. Ақтөбе, 1993. - 210 б.
14. Интубация кишечника: ошибки, осложнения и их профилактика. (методические рекомендации). Актюбинск қаласы, 1993. – 17 б. [М.Н.Изимбергеновпен, М.М.Шаферманмен, Р.Н.Фахрутдиновпен бірге].
15. Регионарная эндолимфатическая антибиотикотерапия в комплексном лечении острого осложненного холецистита (методические рекомендации). Актюбинск. 1993. – 15 б. [Б.С.Жакиевпен бірге].
16. Лазеры в хирургии осложненных форм острого холецистита (методические рекомендации). Актюбинск, 1993. 13 б. [А.К.Мантаевпен бірге].
17. Орысша-қазақша хирургиялық сөздік. Ақтөбе, 1994. - 63 б. [С.М.Келимбердиевпен бірге].
18. Открытый метод лечения перитонита. Алматы: “Гылым”, 1994. - 208 б. [М.А.Алиевпен, М.М.Шаферманмен, Е.И.Бреховпен бірге].
19. Методическое пособие медицинских терминов [для субординаторов хирургов]. Актюбинск, 1994. - 94 б.
20. Оптимизация работы отделения санитарной авиации по оказанию лечебно-консультативной помощи при ОХЗ и травмах органов брюшной полости (методические рекомендации). Актюбинск, 1995. 18 б. [А.К.Каржауовпен бірге].
21. Лапароскопическая аппендэктомия (методические рекомендации). Актюбинск. 1996. – 18 б. [В.И.Котлобовскиймен, С.Ж.Шанбаевпен, Б.И.Баспаевпен, А.Б.Байжаркиновамен бірге].
22. Динамическая оментопанкреатостомия в лечении острого деструктивного панкреатита и панкреатогенного перитонита (методические рекомендации). Алматы, 1996. 10 б. [М.М.Шаферманмен, Н.А.Акатаевпен, Б.Б.Базарбаевпен, А.У.Уразмагамбетовпен бірге].
23. Выбор методов анестезии при многократных программированных лапаросанациях у больных с распространенным перитонитом (методические рекомендации). – Актюбинск, 1997. – 18 б. [К.Ж.Жанабаевпен, Ж.Н.Саркуловамен бірге].
24. Послеоперационный перитонит. Алматы, 1997. - 100 б. [Б.Б.Базарбаевпен бірге].
25. Использование плаценты человека в хирургической клинике в качестве биосорбента (методические рекомендации). – Актюбинск, 1998. – 13 б. [Б.С.Жакиевпен, У.Г.Карсакбаевпен бірге].
26. Оптимизация фракционного плазмафереза в хирургии (методические рекомендации). Актюбинск, 1998. – 8 б. [В.Н.Сабадашпен, У.Г.Карсакбаевпен бірге].
27. Очерки хирургической деонтологии. Алматы, 1999. – 144 б.
28. Практическое пособие по диагностике и лечению острых хирургических заболеваний брюшной полости. (Редактор). Ақтөбе, 2000. - 58 б. [М.Н.Изимбергеновпен, С.М.Келимбердиевпен, Н.А.Акатаевпен, Б.С.Жакиевпен бірге].
29. Активные методы лечения тяжелых форм акушерство-гинекологического перитонита (методические рекомендации). Ақтөбе, 2000. – 21 б. [Т.М.Укыбасовамен, С.Т.Капановпен, Б.Ж.Каримовамен бірге].
30. Тактика оперативных вмешательств на желудочно-кишечном тракте в условиях разлитого перитонита и при высоких кишечных свищах (методические рекомендации). Ақтөбе, 2000. - 10 б. [М.Н.Изимбергеновпен, А.А.Елемесовпен, К.Т.Адайбаевпен бірге].
31. Использование озонированных растворов в экстренной абдоминальной хирургии (методические рекомендации). Ақтөбе, 2000. - 13 б. [М.Н.Изимбергеновпен, Б.Ш.Ескараевпен, А.А.Елемесовпен, К.Т.Адайбаевпен бірге].
32. Экстракорпоральная плацентоплазмосорбция в хирургической клинике (методические рекомендации). Ақтөбе, 2001. – 16 б. [Б.С.Жакиевпен, У.Г.Карсакбаевпен бірге].
33. Лапароскопическая хирургия тубоовариальных воспалительных образований придатков матки и пельвиоперитонита (методические рекомендации). Ақтөбе, 2001г. 22 б. [Т.М.Укыбасовамен, В.И.Котлобовскиймен, А.А.Шангараевамен, Б.Ж.Каримовамен бірге].
34. Биогемосорбция через фрагменты плаценты человека в хирургической клинике (методические рекомендации). Ақтөбе, 2001. - 18 б. [Б.С.Жакиевпен, В.Н.Сабадашпен, У.Г.Карсакбаевпен, Ж.Н.Саркуловамен, К.С.Иманбаевпен бірге].
35. Интраинтестинальная чреззондовая озонотерапия в комплексном лечении разлитого гнойного перитонта (методические рекомендации). Ақтөбе, 2002. - 28 б. [С.Н.Кобландинмен, Н.В.Миронюкпен бірге].
36. Регионарная эндолимфатическая антибиотикотерапия в комплексном лечении гнойно-воспалительных заболеваний органов брюшной полости (методические рекомендации). Ақтөбе, 2002. – 15 б. [Б.C.Жакиевпен бірге].
37. Лечение гнойных ран. Ақтөбе, 2002. - 137 б.
38. Лечение неотложных состояний в хирургической клинике (на казахском языке, учебное пособие). 2002. - 40 б. [К.Ж.Жанабаевпен бірге].
39. Внутрикишечная зондовая озонотерапия в хирургии разлитого гнойного пертонита. Ақтөбе, 2003. - 198 б. [М.Н.Изимбергеновпен, А.А.Елемесовпен, К.С.Абишевпен бірге].
40. Гемоплацентоперфузия в хирургической клинике. Ақтөбе, 2003. – 256 б. [Б.С.Жакиевпен бірге].
41. Методы детоксикационной терапии в хирургической клинике. (Редактор). Ақтөбе, 2003. - 50 б. [М.Н.Изимбергеновпен, С.Ж.Сахиповпен, Б.С.Жакиевпен, В.Н.Сабадашпен, Ж.Н.Саркуловамен бірге].
42. Местное использование плацентарной ткани в лечении гнойных ран (методические рекомендации). Ақтөбе, 2003. – 24 б. [У.Г.Карсакбаевпен, М.А.Садуовпен, Р.И.Изимовамен бірге].
43. Кто может стать хирургом (введение в специальность). Ақтөбе, 2004. - 36 б.
44. Кім хирург бола алады (мамандыққа кіріспе). Ақтөбе, 2004. -38 б.
45. Хирург Мұхтар Әлиев - хирургтің көзімен. Ақтөбе, 2004. - 99 б.
46. Іш куысының жедел хирургиясы. (руководство по хирургии на казахском языке). Ақтөбе, 2006. - 310 б. [М.Н.Изимбергеновпен бірге].
47. Кафедра госпитальной хирургии (история становления и развития с комментариями автора). Ақтөбе, 2012. – 90 б.
48. Очерки по педагогике высшей медицинской школы. Ақтөбе, 2013. – 187 б.
49. О, Тәңірім, бұл мен ғой... Ақтөбе, 2017. – 282 б.
50. Мейірбикелер. Ақтөбе, 2018. – 43 б.
Авторлық куәліктер, патенттер және алдын ала патенттер:
1. Способ лечения острого гнойного перитонита. А.с. СССР №1421317 – 1988 ж. [тең автор М.М.Шаферман]
2. Способ эндолимфатической антибиотикотерапии при осложненном холецистите. Патент РК №1832012 – 1992 ж. [тең автор Б.С.Жакиев]
3. Раствор-консервант крови для лечебного фракционного плазмофереза. Патент РК №20132 – 1996 ж. [тең авторлар В.Н.Сабадаш, Ю.И.Будчанов]
4. Способ защиты клеток крови при гемосорбции. Предпатент РК №31836 – 1999 ж. [тең авторлар Г.Н.Изимбергенова, В.Н.Сабадаш]
5. Способ профилактики осложнений при интубации кишечника через концевую илеостому. Предпатент РК №10385 – 1999 ж. [тең авторлар М.Н.Изимбергенов, З.Б.Бралов]
6. Способ экстракорпоральной детоксикации организма. Предпатент РК №29390 – 1999 ж. [тең авторлар Б.С.Жакиев, К.Г.Карсакбаев, Р.З.Исмагилов]
7. Способ обработки культи червеобразного отростка при лапароскопической аппендэктомии. Предпатент РК №12300 – 2000 ж. [тең авторлар К.К.Жолмухамедов, М.Х.Кузбаков, М.Н.Изимбергенов, М.Н.Жумабаев]
8. Способ лечения эндотоксикоза. Предпатент РК №31086 – 2000 ж. [тең авторлар Б.С.Жактев, В.Н.Сабадаш, К.Ж.Айтуов]
9. Модифицированный способ гемоплацентосорбции. Предпатент РК №32837 – 2000 ж. [тең авторлар Б.С.Жакиев, У.Г.Карсакбаев, К.С.Иманбаев]
10. Способ лечения гнойных заболеваний гениталий. Предпатент РК №30675 – 2000 ж. [тең авторлар С.Т.Капанов, Г.Н.Кисманова]
11. Модифицированный способ гемоплацентосорбции. Предпатент РК №2000/1224 – 2000 ж. [тең авторлар Б.С.Жакиев, У.Г.Карсакбаев, К.С.Иманбаев]
12. Способ перманентной гепаринизации при экстракорпоральной гемоплацентосорбции. Предпатент РК №34038 – 2001 ж. [тең авторлар Б.С.Жакиев, М.К.Джаканов, А.А.Калиев]
13. Способ улучшения заживления кишечных анастомозов лекарственной смесью. Предпатент РК №10747 от 15.11.1999 ж. [тең авторлар М.Н.Изимбергенов, А.А.Елемесов]
14. Способ консервации плацентарной ткани. Предпатент РК №37552 – 2002 ж. [тең авторлар Л.Ж.Райханова, Б.В.Засорин, М.А.Садуов]
15. Способ оценки анестезиологического и операционного риска в хирургии перитонита. Предпатент РК №39441 – 2002 ж. [тең авторлар Ж.Н.Саркулова, М.М.Оразов]
16. Способ комплексного лечения разлитого гнойного перитонита с использованием озонированных растворов. Предпатент РК №14614 – 2003 ж. [тең авторлар М.Н.Изимбергенов, А.А.Елемесов, К.С.Абишев].
17. Способ стимуляции регенерации сухожилии. Предпатент РК №41542 – 2003 ж. [тең авторлар З.А.Идиев, С.Ж.Исаев].
18. Способ коррекции иммунологических нарушений при гнойно-септических заболеваниях. Предпатент РК №16782 – 2004 ж. [тең авторлар М.Н.Изимбергенов, Б.В.Засорин, М.Х.Бигалиев, Е.К.Каратаев]
19. Способ лечения плацентарным перфузатом гнойно-септических заболеваний. Предпатент РК №51017 – 2005 ж. [тең авторлар Б.С.Жакиев, К.С.Иманбаев].
### Марапаттары
* «Құрмет» ордені («Почет», 2015)
* «Еңбек ардагері» медалі («Ветеран труда», 2016)
* «Отличнику здравоохранения» төсбелгісі
* «Высшая школа СССР – за отличные успехи в работе» төсбелгісі
* «Ақтобе қаласының құрметті азаматы» төсбелгісі («Почетный гражданин города Актобе», 2002)
* «Түпқараған ауданының құрметті азаматы» төсбелгісі («Почетный гражданин Тупкараганского района», 2007)
* «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі («За вклад в развитие здравоохранения», 2009)
* «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі («За заслуги в развитии науки Республики Казахстан», 2012)
* «Актобе облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі («За заслуги перед Актюбинской областью», 2017)
* Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары ассоциациясының А.Байтұрсынов атындағы алтын медалі (2017)
* «Евразия» қоғамдық қорының «Алтын скальпель» дипломы және құрмет белгісі (2005)
* «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі («20 лет независимости Республики Казахстан», 2011)
* «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі («25 лет независимости Республики Казахстан», 2016)
* «Ақтау қаласына 50 жыл» мерекелік медалі («50 лет городу Актау», 2013)
* «Ақтобе қаласына 150 жыл» мерекелік медалі («150 лет городу Актобе», 2019)
* «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеттің дамуына қосқан үлесі үшін» медалі («За вклад в развитие Западно-Казахстанского государственного медицинского университета имени Марата Оспанова», 2017)
* «Компания Нұрдәулет Актобе» ЖШС Н.И.Изимбергенов атындағы стипендия бекітті (2000-2005).
### Құрмет атақтары
* Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998)
* Халықаралық хирургтер қоғамының мүшесі (International Society of Surgery, Швейцария, 1999)
* Ақтөбе қаласының құрметті азаматы (2002)
* Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының құрметті азаматы (2007)
* А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығының құрметті профессоры (1997)
* А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрметті профессоры (2016)
* К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің құрметті профессоры (2017)
### Н.І.Ізімбергеновтің өмірі мен шығармашылық жолы туралы мәліметтер
* Справочник: Кто есть кто в Казахстанской науке. Алматы, 1999 жыл, 200-б.
* Энциклопедия Актюбинской области. Ақтөбе, 2002 жыл, 449-450-б.
* Национальная академия наук Республики Казахстан: Энциклопедический справочник. Алматы, 2006 жыл, 174-б.
* Ұлттық энциклопедия – Қазақстан. Алматы, 2007 жыл, 9 том, 648-649 б.
* Энциклопедия: Лучшие люди Казахстана (выпуск II). Алматы, 2010 жыл, 472-б.
* Энциклопедический справочник: «Ақтөбе – құтты мекен». Алматы, 2017 жыл, 247-б.
* Энциклопедия: Золотой фонд ученых медицины Казахстана. Алматы, 2008 жыл, 170-173-б.
## Дереккөздер |
Ізіне түсу (преследование) —толық жою мақсатында шегінуші қарсыласқа жасалған шабуыл. Ізіне түсудің маңыздылығы — атыстық соққы, шегінуші қарсыластың қапталы мен тылына шығудағы әскерлердің екпінді ілгерілеуін және оның топтарын қоршауға алу, бәлшектеу және жою (тұтқынға алу) болып саналады. Ізіне түсу параллельді және майдан шепті болуы мүмкін, әдетте олар үйлесімді жүргізіледі. Ізіне түсу алға жылжудың жоғарғы қарқынына жетуге, қарсыластың қапталы мен тылына шығуға, қолайлы шептерді басып алуға мүмкіндік береді. Майдан-шептік ізіне түсу қарсыластың әскерлерін тұмшалап тежеп, маневр жасау еркіндігінен айырады, қолайсыз жағдайларда жазылып ұрысқа енуге мәжбүр етеді, сәнымен қатар басты күштердің кетуі мен шегінуін қиындатады. Паралельді және майданшепті ізіне түсу үйлсімділігі арқылы ізіне түсуде шешуші нәтижелерге жетеді. Қазіргі: жағдайларда, әскерлердін жоғарғы:
* жылжымалылығы ізіне түсуді қарқынды жүргізуге мүмкіндік береді, ал қуатты, алысқа ататын жою құралдары қарсыласты шегінуші әскерлерін көп шығынғы;
* ұшыратып, олардын шегінулерін қиындатады.
Ізіне түсуді ұйымдастыру жөніндегі маңызды шаралар шабуылға операцияға (ұрысқа) шешім қабылдауда анықталады. Сол себепті басшылық (командир) қандай топтарды жою және қандай шептерге шығу арқылы қарсыласты шегіндіруге болатынын, ізіне түсу кезінде әскерлердің жүрігі өтуіне, олар қандай күштермен қарсылық көрсететінін, қарсылас әскерлерінің шегінуі ықтимал бағыттарды басып алуды, ізіне түсуде негізгі күштерді шоғырлан дыру бағыттарын, кұрмалар мен бөлім дерддн ізіне түсу бағыттарын, алдыңғы жасақтардың, әуе десанты құрамының, тапсырмаларын анықтайды.
Қарсыластың шегінген дігі туралы мәліметтер алғаннан кейн қалыптасқан жағдайға байланысты ізіне түсу шешімдері анықталады. Әдетте, басті күштер шөгінуші қарсыластың негізгі күштерінің қапталы мен тылына төт жолдармен шығуды қамтамасыз ететің бағыттарда шоғырландырылады. Қарсыластың ізіне түсу, әдетте, олардың алдымеі шегінген топтарынан басталып жүргізіледі Қарсыластың шегінуі басталысымен барлық командирлер жоғары басшылық тың бұйрығын күтпей-ақ ізіне түсуді бастайды ізіне түсуді бастаған жеке бөлімдердің (құрама лардың) бастапқы сәттіліктерін артиллерші атыстары, авиация соққылары жән тың күштер қолдап отырады. Шегінуі қарсыласты майданшептен өкшелеу ұші қарсыластың ұрыс ретінің аралықтары қолдана отырып қалқалау бөлімдері жоятын 1 эшелонның күштері ме құралдары қолданылады. Олар қарсыластың басты күштеріне жақындағы олардың шегінулерін кідірте отырығы өздерінің басты күштеріне қарсыласты шегінуіне қатарлас жолға шығу мүмкін дігін қамтамаеыз етеді. ізіне түсуші әскерлерді басты күштері, ең алдымен, танк әскерлі) қарсыластың шегінуіне қатарлас жолы шығысымен батальондар мен бригадалы (полктік) лектерге жинақталады және жоғарғы жылдамдықта қарсыластың басты күштерінін шегіну жолдарын кесі тастайды, оларды басты қорларына ажыратады, бөлшектеп боліп қаптал ме тылдан соққы беріп жоюды толығымеаяқтайды. Қарсыластың шегіну жолындағы жол тораптарын, өткелдерді және т.б. маңызды объектілерді басып алу мақсатында алдыңғы жасақтар жіберіледі, тактикалық әуе десанттары түсіріледі. Тылда қалған қарсыласты жою үшін күштердің жартысы бөлінеді. Қарсылас ізіне түсуден ажыраған және аралық шепте қорғанысқа орналасып алған жағдайда ізіне түсуші өскерлер айналып өту мен қамтуды кеңінен қолдана отырып оларды жеңеді және ізіне түсуді жалғастырады. Артиллерия ізіне түсуші әскерлермен жылжи отыра, өзінің атысымен 1-эшелон құрамаларының атыс қимылдарын қолдайды. Авиация қарсыласты әуеден барлауды жүргізеді, оған аралық шептерде қорғанысты ұтап тұруға мүмкіндік бермейді, оларға қару-жарақ келуін тоқтатады, өздерінің әскерлерін қалқалайды, әуе десанттарының түсуін және олардын қарсыластың тылындағы қимылдарын қамтамасыз етеді. ізіне түсуші әскерлер қарсыластың тыл тереңдігіне ене отырып авиацияның орналасуына жарамды аэродромдарды басып алады, қорларын жояды, олардың шегінуші әскерлермен қосышуына мүмкіндік бермейді, басқармалары мен жабдықтарын құртады.ізіне түсу шегіну бағытындағы көп жолдарды пайдалана отырып ауа-райының барлық жағдайларында барлық күштердің толық, жарақтарымен күні-түні жүргізіледі. Шетел әскерлерінде ізіне түсу шабуылды табысты дамытудың аяқтаушы фазасы болып саналады.
## Дереккөздер |
Қимақ жолы - ортағасырлық керуен жолы. Түрік жолынан Тараз қаласында бөлініп қимақтарға апаратын жол болған. Ортағасырлық араб тарихшысы Тамим ибн Бахр қимақтарға осы жолмен 80 күнде жетуге болатынын айтады. Тараздан солтүстікке бет алған Қимақ жолы Оққұмнан өтіп Қазақұм, Қызылтас және Балта шатқалдары арқылы жүріп Атсырт шатқалына шыққан, онан әрі Мойынқұмнан асып Ұланбел өткеліне барғанда Шу керуен жолын кесіп өтіп, Шудың оң жағасына шыққан. Онан әрі Қызылтұз, Ұзынтау, Ақбастау, Соркөл шатқалы арқылы өтіп Болаттауға барғанда Хан жолына қосылған.
## Дереккөздер
“Тараз энциклопедиясы” |
Айса кесенесі – сәулет өнерінің ескерткіші. Мойынқұм ауданы Құмөзек ауылынан солтүстікке қарай 27 км жерде, 20 ғасырдың басында Кемпірбай деген шебер 18 жасында шешек (қарамық) ауруынан қайтыс болған Айса есімді қыздың құрметіне салған. Кесене шикі кірпіштен бір күмбезді етіліп тұрғызылған. Көлемі 5,22×5,47 м, биіктігі 5,15 м. Кесененің ішкі бөлмесі дөңгелек пішінді. Қабырғаларының төменгі жағы кірпіштермен безендіріле қаланған. Кесененің Бетпақдалада сирек кездесетін көлемді құрылыс ретінде архитектор маңызы зор.
## Дереккөздер:
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы |
Қазақ халық әдебиеті - 1986–1996 жылдары аралығында жарық көрген көп томдық жинақ. «Қазақ халық әдебиетінің» алғашқы алты томы қазақ халқының батырлар жырына, төрт томы қазақ ертегілеріне, екі томы ақындар айтысына, екі томы қазақ ауыз әдебиетіндегі дастандарға арналды. Дастандарға арналған томдарда түсініктеме, сөздік, жер-су аттары, адам аттары, дастан жыршылары: Қуаныш Баймағамбетов, Ерімбет Көлдібекұлы, шайыр Жүсіпбек Шайхысыламұлы туралы деректер бар. Көп томдықтың 15-томы 1995 жылы, 16–17-томдары 1996 жылдары жарық көрді. 15-томға Абылай хан туралы, 17-томға Кенесары, Наурызбай туралы тарихи жырлар, 16-томға қазақ халқының мақал-мәтелдері енді. Жинақты ҚР Ұлттық ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты дайындаған.
## Дереккөздер |
Қарабұлақ – Арқарлы тауларының солтүстік-шығысындағы тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қаражал қалалық әкімдігіне қарасты аумақта, Сарыби мен Қарасай өзендерінің аралығында. Абсолюттік биіктігі 600 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км шамасында.
## Жер бедері
Оңтүстік беткейі тіктеу, солт-не қарай еңістеніп жазыққа ұласады. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Етегінде Итауыз құдығы орналасқан.
## Өсімдігі
Аласа таудың карбонатты қоңыр топырағында жусан, боз, селеу, т.б. далалық өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ) – Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бірі.
1941 жылы құрылған Алматы шет тілдері институты 1993 жылдан Абылай хан атындағы Қазақ мемлекетік әлем тілдері университеті, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік халықараралық қатынастар және әлем тілдері университеті болып өзгерді. 2001 жылдан қазіргі атымен аталады.
## Университет туралы
Университет жоғары оқу орындары мен мектептер үшін шет тілдер оқытушылары мен мұғалімдерін және халықараралық қатынастар саласының мамандарын даярлайды. Дүние жүзінің 17 тілінде дәріс жүргізіледі. Құрамында (күндізгі және сырттай, кешкі, қашықтан оқыту бөлімдерінде) 23 түрлі мамандық иесін даярлайтын 7 факультет бар. Сондай-ақ лингвистикалық колледж, халықаралық туризм менеджментінің колледж-лицейі, білім беру орталықтары, мұғалімдер біліктілігін көтеру институты, төрт ғылыми-зерттеу орталығы және ғылыми-зерттеу институты, диссертациялық кеңестер, магистратура, аспирантура жұмыс істейді. Оқу процесіне және ғылыми-зерттеу жұмыстарына 40 кафедра ұжымы, 500-ден астам оқытушылар құрамы қатысады, оның ішінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының 3 академигі, 48 ғылыми докторы, профессор, 200-ге жуық ғылыми кандидат бар. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания, Испания, Бельгия, Жапония, Корея, Түркия, Қытай, т.б. елдер елшіліктерімен тікелей байланыс орнатылған, шет елдердің 16 университетімен және білім беру орталықтарымен студенттер мен оқытушылар алмасып, жыл сайын тағылымдама өткізу ісі жолға қойылған. Білім берудің жаңа технологиясын енгізуге байланысты 30-дан астам электронды оқулықтар дайындалып, оқу ісіне пайдаланылуда. Интернет-класс пен бірнеше электронды оқу залдары ашылды, 3 компьютерлік класс, 3 оқу-ғылыми лабораториясы бар.
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ 14 беделді Халықаралық ассоциациялардың: Университеттердің Халықаралық ассоциациясы (ЮНЕСКО), Eurasia-Pacific United ассоциациясы, Туризм бойынша үш Халықаралық ассоциацияның (ATLAS, AMFORTH, EURHODIP), франкофондық университеттердің Халықаралық ассоциациялары (AUF), Жоғары мектеп ғылымдары халықаралық академиясы, Халықаралық қатынастар мектептері (МГИМО) ОӘБ ассоциациясы, ММЛУ ассоциациясы, Еуропалық тілдік кеңесінің (ELC) ассоциациясы, ШЫҰ-ына мүше елдердің гуманитарлық университеттері консорциумының, ЕврАзЭС-ке мүше елдердің лингвистикалық университеттері консорциумының, Бельгия EUPRERA (The European Public Relations Education and Research Association) ассоциациясының, The European Association for International Education (EAITE) ассоциациясының мүшесі болып табылады.
Университеттің алты мамандығы AQAS білім беру бағдарламалары Халықаралық Агенттігі білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау жөніндегі халықаралық аккредитациясынан өтті. Халықаралық аккредитация мекеменің сипаты мен ерекшелігін, ол ұсынатын арнайы білімдердің көлемін анықтайды, университеттің дәстүрлері мен құндылықтарын бейнелейді, оның артықшылықтарын белгілейді. ҚазХҚ және ӘТУ үшін аккредитация өзін-өзі реттеу, білім беру сапасын жақсарту, жалпы халыққа түсінікті болу, халықаралық стандарттардың барлық талаптарына сәйкестік құралы болып табылады.
## Факультеттер
Келесідей факультеттер бойынша оқыту жүргізіледі:
* Менеджмент және халықаралық байланыстар факультеті
* Халықаралық қатынастар факультеті
* Аударма факультеті
* Шығыстану факультеті
* Педагогика факультеті
* Роман-герман филологиясы факультеті
* Үздіксіз және қашықтықтан білім алу факультеті
## Ректорлар
Жоғарғы оқу орнының ректоры болып әр кезеңде бұл адамдар жұмыс атқарған:
* 1941 Меликов Ханаахмед Караевич
* 1941 — 1942 Балакаев Маулен Балакаевич
* 1942 — 1943 Сулейменов Бекежан Сулейменович
* 1943 — 1947 Фисенко Варвара Федоровна
* 1947 — 1951 Кузнецов Алексей Иванович
* 1951 — 1956 Пахмурный Павел Михайлович
* 1956 — 1962 Искаков Тулеш Искакович
* 1962 — 1967 Ибраева Ажар Хакимовна
* 1967 — 1976 Жандильдин Нурымбек Жандильдинович
* 1977 — 1978 Аханов Какен Аханович
* 1979 — 1987 Амиров Ракыш Сатович
* 1987 — 1992 Ирмуханов Беймбет Бабиктеевич
* 1992 — 1999 Ахметов Адиль Курманжанович
* 1999 — қазіргі уақытта Құнанбаева Сәлима Сағиқызы
## Пайдаланған әдебиетттер
Университет сайты |
Шытырақ немесе бөріаяқ (лат. Lycopus) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Қазақстанның барлық аймақтарындағы тоғай арасында, өзен, көл, арық жағалауында, орман шетінде, кейде жол бойында өсетін 2 түрі бар. Биік шытырақ (Lycopus exaltatus), оның биіктігі 50 – 100 см, төсемелі жуан тамырсабақты, сабағы тік, төрт қырлы, жапырағы сопақша, қысқа сағақты, гүлі көп, ақ түсті; Еуропа шытырағы (Lycopus europaeus), оның биіктігі 25 – 80 см, жіп тәрізді шырматылған тамырсабағы болады, сабағы жалаңаш, төрт қырлы, жапырағы ұзынша – эллипс тәрізді, гүлі ақшыл сары түсті. Екі түрдің де гүлдері тығыз күлтебас гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – үш қырлы жаңғақша. Шытырақ – суармалы егістіктердің арамшөбі.
## Дереккөздер |
Ілбі, вульпия (лат. Vulpia) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Жерорта теңізі аймағына тараған 23 түрі белгілі. Қазақстанда Солт. және Батыс Тянь-Шаньнің құрғақ жерлеріндегі төм. тау беткейлерінде өсетін 2 түрі: егеуқұйрық ілбі (V. myuros) және иран ілбісі (V. persіca) бар. Олардың биікт. 10 – 40 см, сабағы түзу, жіңішке, кейде иілген, жалаң. Гүлшоғыры масақ тәрізді сыпыртқы. Масағы қысқа немесе ұзынша сабақты, жоғарғысы отырыңқы 4 – 8 гүлді. Масақ қабыршағы екеу, ұзынша, үшкір. Гүлқабыршағы жіңішке, таспа-қандауыр тәрізді, ұзындығы 7 мм, бес жүйкелі, ұшы қылтанды. Аталығы біреу. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. І. – малазықтық шөп.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Қуаныш Айтаханов (14 қараша 1947 ж. Отырар ауданы Шәуілдір ауылы) – ғалым, экономика ғылым кандидаты. Жамбыл қаласындағы мал дәрігерлік техникумын бітірген (1965). Еңбек жолын 1965 ж. Отырар ауданы мал дәрігерлік станциясында мал дәрігері-фельдшері болып бастаған. 1965 – 69 ж. Мәскеу мал дәрігерлік академиясын, Алматы жоғары партия мектебін бітірді. 1970 жылдан Алғабас ауданы ХХІІ партсъезд атындағы кеңшардың бас мал дәрігері болып шаруашылық жұмысына араласа бастады.
1973 ж. қоғамдық-саяси қызметке ауысты. Қазақстан Компартиясы облыс комитеті ұйымдастыру – партия жұмысы бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО облыс комитетінің екінші хатшысы, Қазығұрт ауданы партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. 1977 – 87 ж. Шардара, Қазығұрт аудандарында Халық депутаттары Кеңесі атқару комитеттерінің төрағасы, облыс агроөнеркәсіптік комитеттің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
1988 – 93 ж. Арыс қалалық партия комитетінің хатшысы, Халық депутаттары Арыс қалалық кеңесінің төрағасы, облыс әкімінің орынбасары, ал 1994 – 2003 ж. Созақ, Сайрам аудандарының әкімі болды. 2003 – 05 ж. Отырар ауданының әкімі. парламенті Сенатының депутаты (2005). Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған, «Құрмет белгісі» (1980) және «Құрмет» ордендерімен (2004), «Астана» естелік медалімен (1998) марапатталған.
Қуаныш Айтаханұлы Айтаханов
1947 жылы 14 қарашада Шымкент облысы Отырар ауданының Отырар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ
Әкесі - Момбеков Айтахан, марқұм. Анасы - Момбекова Айжамал, марқұм.
Еңбек Қызыл Ту орденді Мәскеу ветеринарлық академиясын (1970) ветеринар-дәрігер мамандығы бойынша; Алматы жоғары партия мектебін (1981) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.
Экономика ғылымдарының кандидаты (1996). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстанның оңтүстігінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендірудің ерекшеліктері».
«Сайрам жылнамасы» (2000), «Сайрамда бар сансыз баб» (2001), «Отырар жәдігерлері» (2004), «Шежірелі Отырар» (2005), «Тәушен» (2005) кітаптарының авторы. Сондай-ақ 90-нан астам мақалалары, жарияланымдары жарық көрген.
Қазақ және орыс тілдерін біледі.
КОКП мүшесі (1991 жылға дейін), «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2000 жылдан).
1970 жылдан - Шымкент облысы Алғабас ауданының КОКП XXII съезі атындағы кеңшарында бас ветеринар-дәрігер. 1973 жылдан - Шымкент облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, Шымкент облыстық комсомол комитетінің екінші хатшысы. 1975 жылдан - Ленин аудандық партия комитетінің екінші хатшысы. 1977 жылдан -Шардара, Ленин аудандық Халық депутаттары кеңестерінің атқару комитеттерінің төрағасы. 1987 жылдан - Шымкент облыстық аграрлық өнеркәсіп басқарма төрағасының орынбасары. 1988 жылдан - Арыс қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, Шымкент облысы Арыс қалалық кеңесінің төрағасы. 1992 жылдан - ОҚО Арыс ауданының әкімі. 1993 жылдың мамыр айынан -ОҚО әкімінің орынбасары. 1994 жылдан - ОҚО Созақ ауданының әкімі. 1999 жылдан - ОҚО Сайрам ауданының әкімі. 2003 жылдан - ОҚО Отырар ауданының әкімі. 2005 жылдан бері - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің хатшысы.
ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылымының депутаты (1990-1993), ҚР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы бойынша Арыс сайлау округінен ұсынылған, Шымкент облыстық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1973-1990). ТМД қатысушы мемлекеттері Парламентаралық ассамблеясының мүшесі . Ұлыбритания Бірлескен Корольдігі Парламентімен және Солтүстік Ирландия, Жапония Кеңесшілері Палатасымен әріптестік тобының мүшесі. «Құрмет белгісі» (1982), «Құрмет» (2004) ордендерімен: «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» (1984), «Астана» (2000), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.
Әскери атағы - майор.
Діни көзқарасы - дәстүрлі ислам.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемнің дамыған 50 елінің санындағы өркендеген мемлекет».
Хоббиі - кітап оқу, жаяу жүріп серуендеу.
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар.
Үйленген. Жұбайы - Омарова Айман Мағзиқызы (1947 жылы туған). Ұлдары - Ерлан (1974 жылы туған), Нұрлан (1980 жылы туған), Өміржан (1996 жылы туған); қызы - Айгүл (1974 жылы туған).
## Сілтемелер
## Дереккөздер |
Казаков Матвей Федорович (1738, Ресей, Мәскеу қаласы – 7.11.1812, Рязань қаласы) – орыс архитекторы, орыс архитектурасындағы классицизмнің негізін салушылардың бірі. Д.В. Ухтомскийдің архит. мектебінде оқыды (1751 – 60). Тверьде қызмет істеді (1763 – 67). П.Р. Никитиннің басшылығымен қала жоспарын жасауға қатысып, Екатерина ҚҚ-нің Сапар сарайын салды. 1768 – 74 жылы Мәскеудегі Үлкен Кремль сарайының жобасын жасауда В.И. Баженовтың көмекшісі болды. Бұл Казаковтың болашақ шығармашылығының қалыптасуына игі әсер етті. Құрылыстың конструкциялық тиімділігі мен архит. бейнелердің еңселілігі, қала салу ісіндегі кең өрістілік Казаков еңбектерінен табиғи тұтастық тапты. Казаков 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басындағы Мәскеудің архит. келбетін айқындайтын тұрғын үйлерінің түрлерін жасады, ірі ғимараттар салды: Сенат үйі (1776 – 87), Университет (1786 – 93, кейін Д.И. Жилярди қайта салды), Голицин (1796 – 1801) мен Павлов (1802 – 07) ауруханалары, Демидовтың (1789 – 91), Губиннің (1790), Барышниковтың үй-жайлары. Филипп Митрополит (1777 – 88) пен Вознесенскийдің (1790 – 93), Косьма мен Дамианның (1791 – 1803) шіркеулері Казаковтың қолынан шыққан ірі құрылыстар (бәрі Мәскеуде). Оның құрылыс ісіне үлкен ордерлерді енгізуі (Мәскеу Кремлінің Колонналы залы), мүсіндермен безендіруі (Сенат, Университет), монументті кескіндемені кең пайдалануы (Демидов үйінің “Алтындалған бөлмелері”) ғимарат интерьерінің әсем әрі салтанатты болып шығуына әсер етті. 1800 – 04 жылы Мәскеудің бас және “фасадтық” жоспарын, ең басты ғимараттарының архит. альбомын жасады. Казаков Ресей өнері тарихындағы жанрлық сурет туындыларының алғашқы авторларының бірі (“Петров сарайының құрылысы”, 1778, тушь, қаламұш, Мемл. архит. мұражай). Ол Кремль құрылысы экспедициясының жанынан архит. мектеп ұйымдастырды (шәкірттері И.В. Еготов, А.Н. Бакарев, И.Г. Таманский, М.М. Казаков, Р.Р. Казаков, О.И. Бове, т.б.).
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том |
Наршаһи Әбу Бәкір Мүхаммед ибн Жафар әл-Наршаһи (899-959) — Орта азиялық тарихшы, ғалым. Саманилер әмірі Нүх ибн Насырға (943-954) арнап «Бұхара тарихын» араб тілінде жазған. Наршаһи еңбегі — ислам діні Орта Азия мен Қазақстанда, Шығыс Түркістан жерінде қарудың күшімен, зорлықпен таңылғанын, араб басқыншыларының жергілікті халықтың мәдениетін күйзелтіп, ғасырлар бойы қалыптасқан салт-сана, әдет-ғүрпын жойып жіберуін айғақты дәлелдермен баяндайды. Абай «Біразсөз қазақтыңтүбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи туындысын жазу үстінде Наршаһидың еңбегін дерек көзі ретінде пайдаланған. Ақын Қүтайба ибн Муслим туралы арнайы тоқталып, оның Туран мен Хорасан, Шығыс Түркістан жсрінде исламды қарудың күшімен ендіргені, ислам дінінің таралуы, ол діннің жергілікті халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпы мен салт-санасына кері әсері жайлы сыншылдық түрғыдан пікір айтқанда Наршаһидың «Бухара тарихы» кітабына сүйенгені анық байқалады. Абай тілге тиек етіп отырған Құтайба жайлы деректер Наршаһи еңбегінің 3-,12-,13-,19-20-,22-23-тарауларында толық тұрде баяндалған. Абай ислам дінінің қазақтар арасында таралу мерзімін арабтардың Орта Азия мен Шығыс Түркістанды жаулап алу көзеңімен байланыстыра қарастырады. Араб басқыншылары жаулап алған өлке халықтарының тума мәдениетін, дәстурін түншықтырып, жазбалары мен кітапханаларын өртеп отырған. Осындай жауыздық әдістерді қолдану арқылы ғасырлар бойы дамыған, өркендеген мәдениетінен, өткентарихынан, салт-сана, дәстүрінен мүлде қол үздіріп, адам, жер-су, қала, елді мекен аттарына дейін арабша қойдырып, жергілікті халықтарды мәңгүртке айналдырып жіберугежан сала әрекет еткен. Осы тарихи оқиғалармен Наршаһи шығармасы арқылы таныс болған Абай араб басқыншыларының қанқүйлы зұлымдық әрекетіне тоқталғанда: «Ол уақытта жаңа дінге кірген соң… жер-сулардың да, халықтың да бұрынғы аттарын бұзыпты. Сондықтан да болғанға үқсайды. Өйтеуір сонан соң қазақ аталыпты», — деп, араб шапқыншыларының саяси сырын бар айла-шарғысын әшкерелей жазады. Арабтардың миссионерлік саясатының мәнін айқын тұсінген ақын: «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытүрым мейрамы болып, наурыздама қыламыз деп, той-тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстыңұлы кұні» дейді екен. Бұл күнде бұл сөз қүрбан айтына айтылады», — деп, наурыздың орнына ислам діні қүрбан айтын зорлықпен күштеп енгізгенін атап өтеді. Наурызды мерекелеу үш мыңжыл бұрынғы Афрасиаб (Ер Тоңа) заманындағы салт екені, араб миссионерлерінің қуғындап, қолданудан шығарғаны туралы Наршаһидың деректерін Абай өте орынды пайдаланған.
## Тағы қараңыз
* Бұхара тарихы (қолжазба)
## Дереккөздер |
Айтбай (Айтмұхамет) Белгібайұлы (1887, Отырар ауданы Тартоған ауылында туған – 11 қараша 1961, Маяқұм ауылында қайтыс болды) – ақын, жырау. 1901 жылдан Түркістан маңындағы Қарнақта (Атабай ауылы), кейін Бұхара медресесінде оқып, араб, парсы тілдерін үйренген. Ташкент, Түркістан қалаларында, Балтакөл, Ақынтоғай ауылдарында ұстаздық еткен. Молда Мұса, Майлықожа, Мәделі, Шәді Төре, Қызыл жырау, Құлыншақ сияқты ақындармен бірге жүріп, өзі де өлеңдер, дастандар жазды.
Туған жер, таршылық заман туралы «Үш мұңлық», «Қоқаннан қашқан Нарбота», «Тазша бала», «Қызылқұм», «Шәуілдір», «Туған жермен қоштасу», т.б. өлеңдері бар. «Арманда Айтбай» деген көлемді дастаны (1926) әлеуметтік теңсіздік пен сүйіспеншілік мәселесіне арналған. Бұдан басқа «Қажымұқан», «Сейтқасым батыр», «Темірбек батыр» дастандары бар. Мәлике, Жәмилә (1913), Орынбай, Елеусіз, Мақан (1943), Желеу (1955), Көпбай, т.б. ақындармен айтысқан. 1939 ж. Нартаймен бірге ел аралап, өнерін шыңдай түседі. Оның нағыз айтыскерлік өнері соғыс жылдары айқын аңғарылды. 1943 ж. Жамбыл бастаған республикалық ақындар айтысына қатысады. Ол 1958 жылға дейінгі айтыстардың бәріне де белсене араласқан.
## Сілтемелер |
Александр Пахомович Казакевич (21.8.1889, Ресей, Витебск облысы, Чернецово селосы – 12.8.1959, Алматы қаласы) – опера әншісі, Қазақстанның халық артисі (1954; 1947 жылдан Қазақстанның еңбек сің. арт.).
* 1917 жылы Санкт-Петербург универитетінің физика-математика факультететін бітіріп, Санкт-Петербург консерваториясының опера әншілері курсында оқыды.
* 1923–24 жылы Мәскеудегі Зимин опера театрының, 1925 – 30 жылы Новосибирск, Пермь, Свердловск, Самара (Куйбышев) опера театрларының, 1931 – 35 жылы Санкт-Петербург опера және балет театрының әншісі болды.
* 1935 – 59 жылы Алматыда Қазақ опера және балет театрында әнші өнер көрсетті.
Мұнда А.А. Зильбердің “Бекет” операсының премьерасында Осиптің партиясын орындады. Оның репертуарында: Борис, Пимен (М.Н. Мусоргскийдің “Борис Годуновында”), Кончак (А.П. Бородиннің “Князь Игорінде”), Мельник (А.С. Даргомыжскийдің “Су перісінде”), Мефистофель (Ш. Шуноның “Фаустында”), Сторожев (Т.Н. Хренниковтің “Дауылында”), Листницкий (И.Дзержинскийдің “Тынық Донында”), т.б. партиялар болды. Ұлы Отан соғысы жылдары концерттік бригада құрамында болып, майдандағы жауынгерлерге концерт берді.
## Дереккөздер |
Қарабұлақ – Жақсытүкті тауының ортa бөлігінде орналасқан тау.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы Преображенка ауылының оңтүстік-шығысында 14 км жерде.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 584 м. Пішіні конус тәрізді. Ұзындығы мен ені 1 км-дей. Шығыс беткейі батысына қарағанда тіктеу келген, нашар тілімденген.
## Геологиялық құрылымы
Элювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан жоғарғы девонның интрузивті тау жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Шымды, сәл күлгінді қара топырағында қарағай, қарағайлы-қайыңды орман қалыптасқан. Орман ішінде қына мен әр түрлі шалғынды шөптесіндер өскен.
## Дереккөздер |
Талғат Айтбай, Тоғанай (5.5.1954 жылы туған, Жуалы ауданы Қошқарата ауылы) – жазушы, журналист. Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген (1981).
* 1981 – 89 жылы «Қазақстан пионері» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы,
* 1989 – 93 жылы Қазақстан Жазушылар одағында қызметкер, «Әлем» альманағының бас редакторы,
* 1993 – 94 жылы Алматы облысы теледидарында саяси шолушы,
* 1994 – 95 жылы «Халық кеңесі» газетінде бөлім меңгерушісі,
* 1995 – 99 жылы «Арай» журналында бас редактордың орынбасары болды. «Тоғанай Т» ЖШС-тің директоры, балаларға арналған «Жыл – он екі ай» альманағының бас редакторы.
* 1994 жылы «Алматы. 1986 желтоқсан», «Алма-Ата. 1986. Декабрь» топтама кітапты құрастырушы-авторлығы үшін Қазақстан Журналистер одағының сыйлығын алды. Оның аударуында В.Михайловтың «Хроника великого джута» публицист. кітабы «Ұлы жұттың жазбалары» деген атпен жарық көрді. Ол «Нан мен тер», «Ән әлемінің Әбиірбегі» атты сыр-сұхбат кітаптардың, қазақ, орыс тілдерінде шыққан «Мың бір күн, мың бір түн» атты деректі романның, «Жуалы» атты тарихи-танымдық кітап авторларының бірі. А. жазған сценарий негізінде «Бәйтерек», «Жамбыл» деректі фильмдері түсірілген.
Қаңлы руынан шыққан.
## Дереккөздер |
Жаңашілік тұрақтары – мезолит дәуірінен сақталған ескерткіштер. Отырар ауданы Жаңашілік ауылынан бір-бірінен ара қашықтығы 600 – 800 м болатын 3 тұрақ табылған. Ж. т-н Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнология ин-тының Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының тас ғасырымен шұғылданатын отряды (жетекшісі Х.А. Алпысбаев) 1974 жылы зерттеген. Жаңашілік 1, 2, 3-ескерткіштерінде қабыршақтар, тас жаңқалары, тас тілікшелері, өндіріс қалдықтары көптеп кездескен. 3 сегмент және 3 трапеция табылған. Күл, хайуанаттар сүйектері мен құмтас пен кварциттен жасалынған жұмыртастар да ұшырасқанымен, құралдардың көбісі халцедоннан дайындалған. Тас жаңқалары өте көп. Призма тәріздес, призмалық және диск тәріздес нуклеустер де бар. Бұлар көрші жатқан Орта Азия аймақтарынан жиналған нуклеустерге ұқсас. Қырғыштардың бір бөлігі кескіштер рөлін атқарса керек. Ал кескіштердің кейбіреулері пышақ ретінде пайдаланылуы мүмкін. Шағын тас тілікшелері (1,3 – 4 см аралығында) аса ыждағаттылықпен қашалған. Ж. т-н мекендеушілер садақты қолданғандығынде шүбә жоқ. Оны табылған құрал-жабдықтар растап отыр. Құралдардың жаңа түрі де кездеседі. Пышақ тәріздес тас тілікшелері мен сүйірлер, шеті иірімделген тас тілікшелері мен қырғыш-кескіштер, ұзынша трапециялар мен долото секілді бұйымдардың жасалу техникасында кейінгі палеолит дәуірінің әсері бар.
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Казактар немесе козактар (орыс. казаки; укр. козаки) — XIV-XV ғасырларда Украина және оңтүстік Ресей далаларында қалыптасқан әскери топ. Украин казактары - басыбайлы XVII-XIX ғасырларда пайда болған, олар - бүгінгі украин халқының бабалары.
XVIII ғасырдан 1917 жылға дейін Ресей империясында болған әскери әлеуметтік топ. XIV – XVII ғасырларда Еділ-Жайық, Дон, Солтүстік Кавказ далаларында жалданып жұмыс істеген, шекаралық аудандарда әскери қызмет (полиция және күзетші казактар) атқарған ерікті адамдар. “Казак” сөзі түркі тілінен шыққан, өз ортасынан бөлініп шыққан, ерікті адам деген ұғымды білдіреді.
## Тарихы
### XIV-XVI ғасырлар
XIV – XV ғасырларда Алтын Орда ыдырағаннан кейін бөлініп шыққан ұлыстар өзара үздіксіз соғыс жүргізді. Осы соғыстардан жекелеген адамдар Дон, Еділ-Жайық өзендері бойындағы далаларға қашып барып, топтасып өмір сүре бастады. Алғашқы казактар осы адамдар болатын. Олар, негізінен, түркі тектес тайпалардан шыққандар еді. XV – XVI ғасырларда Шығыс Еуропада бір орталыққа бағынған Ресей және Поляк-Литва мемлекеттері құрылып, әлеум. езгі қатты күшейді. Крепостнойлық (басыбайлы) тәуелділіктен қашқан орыс-украин шаруалары жаппай жоғарыдағы Қиян Далаға қаша бастады. Қашқындардың көбейгені сонша, олар енді өздерінің әскери ұйымдарын құруға кірісті. Сөйтіп, XVI ғасырдың бас кезінде Дон, Еділ, Днепр (черкестер), Гребен, Жайық Казактары құрылды. XVI ғасырдың ортасында Запорожье және Терек казактары пайда болды. Казактардың бір бөлігі Ресей және Польша-Литва мемлекеттеріне қалалар мен шекарадағы күзет бекеттерін қорғауға жалданды. Ресей мемлекетіне қызметке тұрғандар есебінен XVI ғасырдың 2-жартысында Сібір казактары жасақталды.
### XVII-XVIII ғасырлар
Украин казактары XVII ғасырдың бас кезінен бастап Польша үкіметі мен католик шіркеуі езгісіне қарсы бас көтерді. Көтеріліс, әсіресе, 1648 – 1654 жылдары Б.Хмельницкий тұсында қатты күшейді. XVIII ғасырдың орта тұсында Украинаның казактар билеген шығыс бөлігі Ресейге қосылды. Казактардың негізгі кәсібі аң аулау, балық аулау, мал шаруашылығы болды. Егіншілік оларда кейін, шамамен XVII ғасырдың 2-жартысында пайда болды. XVI – XVII ғасырларда казактардың негізгі табыс көзі жорықтар кезінде тонаудан түскен табыстар мен үкіметтің шекара күзеті үшін беретін жалақылары болды. XVI ғасырдың аяқ кезінен бастап күшейіп алған Ресей империясы Казактарды ауыздықтау орнына, оларды жаңа жерлерді жаулап алу үшін пайдалана бастады. Патша өкіметі Казактарды жалдау арқылы өздеріне оңтүстікте Қиян Даланы (Дикое поле) және шығыста Сібірді толығымен бағындырды (қ. Ермак). XVII ғасырда Ресей империясы Сібір мен Қиыр шығысты одан әрі игеру үшін Казактардан С.И. Дежнев, В.Д. Полярков, Е.П. Хабаров, т.б. басқарған арнайы экспедициялар ұйымдастырды. Бірте-бірте XVIII ғасырдан бастап казактар Ресейдегі айрықша әскери құрылымға айналды. XIX ғасырдың бас кезінен бастап казактардың жоғарғы тобы (старейшина – ақсақалдар) дворяндармен теңестірілді. XVI – XVII ғасырларда казактардың әскери-әкімшілік, сот, сыртқы саясат жүйелері біршама тәуелсіз саясат жүргізді (рада, круг, т.б.). Бірақ, XVIII ғасырдан бастап патша үкіметі оларды орталыққа толық бағындырды. XVII – XVIII ғасырларда Казактардың орталыққа бағынғысы келмеген бөліктері аса ірі көтерілістер (С.Разин, К.Булавин, Е.Пугачев көтерілістері, т.б.) ұйымдастырды. XVIII ғасырдың бас кезінен бастап казактар әскерлері құрылды. Е.Пугачев көтерілісі талқандалғаннан кейін Жайық казактарның атауы Орал казактары деп өзгертілді, Запорожьедегі казактар қауымдастығы жойылды, барлық Казактар әскерлері Ресейдің әскери мекемелеріне бағындырылды.
### XIX ғасыр
1827 жылдан бастап бүкіл Казактар әскерлерінің атаманы болып тақ мұрагері тағайындалды. XX ғасырдың бас кезінде Ресейде 11 казак әскерлері болды (Дон, Кубань, Терек, Астрахан, Орал, Орынбор, Жетісу, Сібір, Забайкал, Амур, Уссурий). 1917 жылы Енисей казак әскерлері құрылды. Казактар әскерлері Ресейдің Бас штабына бағындырылды. Әрбір казактар әскерлерінің өз наказной (тағайындалған) атаманы болды. Станицалар мен хуторлардағы атамандар жиналыстарда (сход) сайланды. 18-ге толған әрбір казак 20 жыл әскери қызмет атқаруға әрі ол өз бөліміне әскери формасымен, қару-жарағымен, мініс атымен келуге міндетті болды. Казактар Ресейдің барлық соғыстарына белсене араласты және бейбіт уақытта полицейлік қызмет атқарды. Олар, әсіресе, шет аймақтардағы ұлт-азаттық қозғалыстарын басу кезінде ерекше қатыгездіктермен көзге түсті. Қазан төңкерісінен кейін Казактар Кеңес үкіметіне қатты қарсылық көрсетті. Ақ гвардияшылар әскерлері (Л.Корнилов, А.Колчак, А.Деникин, т.б.), негізінен, Казактардан жасақталды. Дегенмен Қызыл Армия қатарында казактар да көп болды. (С.Буденный, Б.Думенко, Ф.Миронов, т.б.) 1920 жылы 25 наурызда Кеңес үкіметі казактардың әскери құрылымдар құруына тыйым салды. Казактар Ресейдің Қазақстанды отарлауында шешуші рөл атқарды. Патша өкіметі қазақ жерін толығымен бағындырып ұстау үшін оның батыс, Солтүстік, Оңтүстік-шығыс шекараларында 4 казак әскерлерін ұстады. Олар: 1591 жылы құрылған Жайық (Орал), 1734 жылы құрылған Орынбор, 1808 жылы құрылған Сібір, 1867 жылы құрылған Жетісу Казактар әскерлері еді. Жайық (Орал) К. әскері 16 ғасырдың аяғында патша үкіметінің Еділ Казактарын талқандап, қуғындауы салдарынан құрылды. Олар 1580 жылы бұрынғы Алтын Орданың, одан Ноғай Ордасының астанасы Сарайшық қаласын талқандады, осы өңірлерге орныға бастады. Михаил Романов билік еткен кезден бастап (1613 – 1645), Жайық казактары Ресей патшасына бағынып, одан жалақы алып тұрды және Кубань мен Қырымға, Хиуа мен Қазақ хандығына жиі-жиі жорық жасап тұрды, башқұрттардың, қалмақтардың, ноғайлардың көтерілістерін басуға белсене араласты. XX ғасырда Жайық казактары Кіші жүздегі көтерілістерді басуда шешуші рөл атқарды. 1917 жылы оның құрамында 174 мыңға жуық әскер болды және оларға Жайық бойындағы аса құнарлы 6,4 млн. десятина жер тиесілі болды. Орынбор Казактар әскерлері Қазақстанның Ресейге қосыла бастауына байланысты құрылды. XIX ғасырдың 2-жартысында Орынбор Казактарының саны 158 мың адамға жетіп, олар Ресейдің Қазақстан мен Орта Азияны басып алуына үлкен еңбек сіңірді. Сібір әскерлері 16 ғасырдың аяғында Ермактың Көшім хандығын талқандауына байланысты пайда болды. XVII – XVIII ғасырларда Казактар Сібірде көптеген бекініс-қамалдар тұрғызып, ішкі өлкелерді бағындыруға кірісті. 1808 жылы Ертіс өз. бойындағы Казактардан Сібір әскерлері құрылып, Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қырғызстанға арнайы экспедициялар жібере бастады. XIX ғасырдың 60-жылдары Сібір әскерлері 12 атты әскер полкі, 3 жаяу әскер батальоны және құрамында 3 батареясы бар атты-артиллерия бригадасынан тұрды. 1867 жылы Сібір әскерлері құрамынан Жетісу Казактар әскерлері бөлініп шықты. Бұл әскер Қытаймен арадағы шекараны күзетті және Орта Азияға жасалған барлық жорықтарға қатынасып отырды. XX ғасырдың бас кезінде оның құрамында 36 мыңнан аса жауынгер болды. Жалпы Қазақ жерінде Казактарға патша үкіметі аса құнарлы өңірлерден 10 млн-нан аса десятина жер бөліп берді. Казактар әскерлері Исатай Тайманұлы бастаған (1836 – 38), Кенесары Қасымұлы бастаған (1837 – 1847), Сырым Датұлы бастаған (1783 – 1797) көтерілістерді және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін басу кезінде империя сойылын соққан қатыгездіктерімен ерекше көзге түсті.
### XX ғасыр
Азамат соғысы жылдарында (1918 – 1920) Қазақстандағы казак әскерлері ақ гвардияшылар жағында шайқасып (Дутов, Анненков, Толстов, т.б. атамандар), жергілікті халықты қанға бөктірді. 1920 – 1922 жылдары қазақ жеріндегі кеңестік органдар үкіметі казактар әскерлерін жою үшін кейбір шараларды жүзеге асыруға кірісті. 1921 жылдың 4 ақпанында Түркістан Республикасы, Жетісу облысы революциялық кеңесі казактар әскерін жойып, 1 млн. десятинадан аса жерді қазақ еңбекшілеріне қайтаруға шешім қабылдады. 1921 жылдың 19 сәуірінде Қазақ АКСР Атқару Комитеті Сібір және Орал казак әскерлерінің жерлерін қазақ еңбекшілеріне қайтарып беруге шешім шығарды. КСРО-ның ыдырауы қарсаңында (1980) казактардың дәстүрлерін, мәдениеті мен тұрмысын жаңғырту жұмыстары басталды. Казактартардың мәдени ұйымдары (әскери құрылымдар жасақтауға тыйым салынған) Қазақстанда пайда болды.
## Қараңыз
* Украиндар/Украин казактар
* Тарас Шевченко
## Дереккөздер |
Мұхамеджан Сейтешұлы Карбаев (1949 жылы туған, Қостанай облысы Демьяновск ауданы Чапаевка ауылы) – қоғам қайраткері. 1990–1991 жылдары халық депутаттары Шымкент облысы атқару комитетінің төрағасы. Қазақ политехникалық институтының Рудный қаласындағы филиалын бітірген (1972). 1970–1985 жылдары «Соколовскрудстрой», «Лисаковскрудстрой», «Алма-Атапромстрой», «Алма-Атаоблтяжстрой», «Алма-Атажилстрой» трестері құрылыс басқармасында тас қалаушы, мастер, прораб, аға прораб, бастық, бас инженер, басқарушы болды. 1985–1988 жылдары Алматы қалалық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1988–1990 жылдары Қазақстан Коммунистік Партиясы Шымкент облыстық комитетінің хатшысы, 1991–1992 жылдары халық депутаттары Шымкент облыстық кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.
## Сілтемелер |
Шытырмақ (Lepіdіum) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір, екі не көп жылдық шөптесін өсімдік, кейде шала бұта. Жер шарында кең тараған, Арктикадан басқа жерде өсетін 150-ден астам түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарындағы сортаңды далаларда, далалық шабындықтарда, сазды сортаңды және ылғалды жерлерде өсетін 20 түрі бар. Гүлдері өте ұсақ, шашақ гүлшоғырына топталған. Күлтелері ақ түсті, кейде олар болмайды. Аталығының саны 2 кейде 4, бір ұялы, мамырдан тамыз айына дейін гүлдеп, жемістенеді, жемісі – бұршаққын. Ең көп тараған түрлері: жалпақ жапырақты шытырмақ (L. latіfolіum), оның биіктігі 30 – 100 см, етжеңді жас жапырақтары салат ретінде тағамға пайдаланылады, тұқымынан бұрыштың иісі шығады, сондықтан оның дәм-татымдық маңызы бар; қоқыр шытырмақ (L. ruderale), оның биіктігі 12 – 30 см, жағымсыз иіс шығарады, кейде оны төсек қандаласына қарсы қолданады; тесікжапырақ шытырмақ (L. perfolіatum), оның биіктігі 6 – 20 см, бұл өсімдік өте улы – оны қой мен сиыр жесе уланады, ал халық медицинасында оның тұнбасын бас ауырғанда ішеді; екпе шытырмақты немесе кресс-салатты (L. satіvum), оның биіктігі 30 – 60 см, көбінесе қолдан өсіреді; Мейер шытырмақ (L. meyerі), оның биіктігі 30 – 40 см, жапырақтары қалың, таспа тәрізді, тұқымынан және вегетативті жолмен көбейеді, маусымда гүлдеп, тамызда жеміс салады. Бұл түр тек Жалпы Сырттың тау сілемдері мен Каспийдің солт-нде ғана кездесетін эндемик, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Сілтемелер
Қызыл кітап, ч. 2, А.-А., 1981. |
Казвини Хамдаллаї Мостауфи (1281 – 1350) – иран тарихшысы, географы. Казвин қаласында дүниеге келген. Хулагу әулеті билігі тұсында сарайдың қаржы саласын басқарған. Казвини – “Тарих-е гозиде” (1340). “Таңдамалы тарих” аталатын шығарманың авторы. Шығармада автор ильхандар мен Иранның жергілікті әулеттерінің тарихы, сол кездегі атақты адамдардың өмірбаяны, Казвин қ. мен уәлаяты жөнінде маңызды мағлұматтар берген. Казвини 1331 – 32 жылы “Зафарнаме” (“Жеңіс кітабы”) аталатын көлемді еңбегін жазды. 1340 жылы Иранның экономикалық тарихы баяндалған “Нұзхат әл-құлуб” (“Жүрек ләззаты”) шығармасын жарыққа шығарды.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том |
Шытырша (лат. Berteroa) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуразияда өсетін 7 – 8 түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарындағы далалық шабындықтарда, қыраттарда, өзен жағалауларында, елді мекендер маңында, жол бойында өсетін 2 түрі бар. Жиі кездесетіні сұр шытырша (В. іncana), оның биіктігі 20 – 60 см, сабағы тармақты, қысқа жұлдыз тәрізді түктермен жабылған. Жапырақтары тұтас, оның ұзындығы 1,5 – 5 см, ені 3 – 20 мм, кезектесіп орналасқан. Гүлдері ақ түсті, олар тығыз шашақ гүлшоғырына топталған. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – эллипс тәрізді бұршаққын. Шытырша – егістіктің арамшөбі.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы, 9 т, |
Қиынасу, Күйікасу – Қаратаудың шығыс сілеміндегі асу.
## Географиялық орны
Жамбыл облысы Жуалы және Түркістан облысы Түлкібас аудандарының түйіскен жерінде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 1200 м. Жонды-қырқалы келген асу өңірінде бұта шоғырлары аралас нарғия, бетеге, қылқан боз, т.б. таудың шөптері өскен. Шақпақ желі соғып тұрады. Асу арқылы Алматы – Тараз – Шымкент автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Досбай Есалыұлы (1838, Бәйдібек ауданы Досан ауылы – 1916, сонда) – би, шешен. Ұлы жүз құрамындағы Ысты тайпасынан шыққан.
1873 жылы болыс болған, кейіннен ел-жұрты би етіп сайлаған. Ел арасындағы дау-жанжалдарды әділдікпен шешіп, халық құрметіне бөленген. 1901 жылы Меккеге қажылыққа барады. Қажылық сапардан оралғаннан кейін той жасап, бұл тойда Зұлпықар, Ергөбек, Алдаберген, Мейірбек ақындар айтысқан.
Досбайдың нақыл сөздері ел арасында сақталған. Олардың ішінде ат бапкерлігі, сыншылдығына қатысты айтқандары да бар.
## Дереккөздер |
Мұхтар Әлиұлы Әлиев – кеңестік қазақ хирургы, медицина ғылымдарының докторы (1974), профессор (1976), Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі (1989), Қазақстан Республикасы Медицина ғылымдары академиясының президенті және негізін қалаушы (1995), Халық қаһарманы (1995), халықаралық хирургтар қауымдастығының мүшесі. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-12-ші шақырылымының депутаты.
## Отбасы
Әкесі - Сәрсембаев Әли (1892-1955), темір жол көлігі жүйесінде жол қараушы болған. Анасы - Сәрсембаева Құндыз (1900-1937).
Үйленген. Жұбайы - Әлиева Минвар Қадышқызы (1941 жылы туған). Ұлы - Рахат Мұхтарұлы Әлиев (1962 жылы туған); қызы - Әлиева Гүлшат Мұхтарқызы (1965 жылы туған).
## Өмірбаяны
Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1957), емдеуші-дәрігер.
Медицина ғылымдарының кандидаты (1966), докторы (1974).
Докторлық диссертациясының тақырыбы:
«Қосылысқан сәулемен зақымданған жағдайдағы күретамыр арқаулығы».
Профессор (1976 жылдан).
ҚазКСР ҒА (1988), Халықаралық шығармашылық академиясының (1992), Халықаралық ақпараттандыру академиясының (1995), Нью-Йорк ғылым академиясының (1996), ГФР Медициналық білім беру академиясының (1996) академигі.ҚР хирургтері ғылыми мектебінің жетекшісі.
Мұхтар Әлиевтің жетекшілігімен 70 докторлық, 83 кандидаттық диссертация қорғалды. Ол 970 ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде 59 монографияның авторы, 155 авторлық куәлігі бар. ҚР мен КСРО патенттері мен алдын ала патенттерінің 151 өнер табысы авторлық куәлігіне иегер. Хирургия ғылыми орталығының 18 қызметкері Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты атанды.
30 ғылыми еңбектер жинағының бас редакторы.
1950 жылдан - Шымкент облысы Тимур ауылы 7 жылдық мектебінің оқытушысы.
1951 жылдан - Алматы мемлекеттік медицина институтының студенті.
1957 жылдан - Шымкентоблысы «Тимур» кеңшарында учаскелік аурухана хирургі және бас дәрігері.
1958 жылдан - Алматы мемлекеттік медицина институтында клиникалық ординатор.
1960 жылдан - Республикалық кпиникалық ауруханасының хирург-дәрігері.
1961 жылдан - Онкология және радиология ҚазҒЗИ кіші ғылыми қызметкері.
1963 жылдан - Алматы екінші қалалық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі; Алматы мемлекеттік медицина институтының аспиранты.
1969 жылдан - Алматы дәрігерлердің білімін жетілдіру институты кафедрасының меңгерушісі, доцент. 1976 жылдан 1980 жылдар аралығында - Алматы мемлекеттік медицина институты хирургия кафедрасының меңгерушісі.
1978 жылдан 1982 жылға дейін - ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас хирургі. 1980 жылдан 1985 жылға дейін Ә.Н. Сызғанов атындағы Клиникалық және эксперименталды ҚазҒЗИ директоры.
1982 жылдан 1987 жылға дейін - ҚазКСР денсаулық сақтау министрі.
1997 жылдан - Ә.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығыныңдиректоры.
2001 жылдан бері - Ә.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының құрметті директоры.
11-ші, 12-ші шақырылған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1983, 1985). Қазақстан Компартиясы XVI, XVII съездерінің делегаты, ҚКП ОК мүшелігіне кандидат (1986). КОКП XXVIII съезінің делегаты (1990). Халық депутаты (1990).
Ә.Н. Сызғанов атындағы хирургия Ғылыми орталығы жанындағы медицина ғылымдарының докторы ғылыми атағын алу үшін ғылыми диссертация қорғау диссертация кеңесінің төрағасы (1988).
«КСРО-Франция» Достық қоғамдастығы Қазақ бөлімінің төрағасы (1978).
Бүкіл одақтық хирургтер қоғамының басқарма мүшесі (1978-1982).
ҚазКСР ҒА төралқасының мүшесі (1988, 1989).
Халықаралық гастроинтестианалды хирургтер клубының (1996), Н.И. Пирогов атындағы хирургтер ассоциациясының (1996) мүшесі. ПБИТС-мен күресу және алдын алу республикалық қоғамдық комитеттің құрметті төрағасы, ұйымдастырушысы (1989). «Қазақстан хирургиясы» (1995), «Клиницист» (1995), «Қазақстан медицина журналы» (1998).ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1988), ҚРМемлекеттік сыйлығының (1999), «Мамандық-Өмір» Халықаралық сыйлықтың (2004), «Платина Тарлан» сыйлықтарының лауреаты (2005). «Абылай хан» алтын медалімен (1998),«XXI ғасырдың 500 негізін салушылар» (Кембридж, Англия, 2001), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін», «Астана» (1998), «XXI ғасырдың 2000 көрнекті интеллектуалдары» медальдарымен; «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» белгісімен (2001) марапатталған.
«Стратегиялық менеджмент үшін» алтын медалі мен лауреат атағын алған (Франция, 2002).
Аптын жұлдыз - айрықша белгісінің табыс етілуімен «Халық Қаһарманы» (1995), «Жыл адамы» (2001),«Әлемнің көрнекті интеллектуалдары», «Медицина облысында көрнекті кәсіби жетістіктері», «Әлем азаматы», «Әлем елшісі», «Көрнекті көшбасшы» (2003) атақтарына ие.
## Марапаттар
* Қазақстанның Халық қаһарманы (1995);
* Отан Ордені (1995);
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы;
* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (екі рет);
* Алматының Құрметті азаматы;
* «Мамандық-өмір» халықаралық сыйлығының лауреаты (2004);
* «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты (2005);
* Абылай ханның Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының Алтын медалі (1998);
* «XXI ғасырдың 500 негізін қалаушылар» алтын медалі (Кембридж, Англия, 2001);
* Медаль «1941-1945 жж.Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін»;
* «Еңбек ардагері» медалі (1987);
* «Астана» медалі (1998);
* «XXI ғасырдың 2000 аса көрнекті зиялылары» медалі;
* «Академик В. Вахидов атындағы Республикалық мамандандырылған хирургия орталығына 30 жыл» мерекелік медалі (Өзбекстан, 2005);
* «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі (2001);
* «Стратегиялық менеджмент үшін» лауреат және алтын медаль (Франция, 2002);
* «Жыл адамы» (2001), «Әлемнің жетекші зияткерлері», «Медицина саласындағы үздік кәсіби жетістіктер», «Әлем азаматы», «Әлем елшісі», «Көрнекті көшбасшы» (2003) атақтары;
* Хирургияның дамуына қосқан зор үлесі үшін құрметті халықаралық диплом дипломанты (2002);
* Балтимор қаласының Құрметті азаматы;
* Кентукки штатының құрметті полковнигі, АҚШ (1988);
* Аудан орталықтарындағы екі көшеге, Жетісай медициналық училищесіне Әлиев есімі берілді;
* Шымкент және Ақтөбе мемлекеттік медицина академияларында Әлиев атындағы шәкіртақы тағайындалған.
Құрмет атақтар:
* Халықаралық хирургтар қауымдастығының мүшесі (1988).
* Балтимор қаласының Құрметті азаматы және Кентукки штатының Құрметті полковнигі, АҚШ (1988).
* Н. И. Пирогова атындағы Хирургтар қауымдастығының мүшесі. (1996).
* Нью-Йорк Ғылым академиясының мүшесі (1996).
* ГФР халықаралық медициналық білім беру академиясының құрметті мүшесі (1998).
* Хирургияны дамытудағы көрнекті үлесі үшін құрметті халықаралық дипломның дипломанты (2002).
## Дереккөздер |
Казем-Бек Мирза Мұхаммед Али (Александр Касимович, 22.7.1802, Иран, Решт, – 12.11.1870, Ресей, Санкт-Петербург) – Әзірбайжан ғалымы, филолог, тарихшы, Ресей Ғалымдар Академиясының корр. мүшесі (1835), филолология ғылым докторы (1869), Қазан шығыстанушылар мектебінің негізін салушы. Әуелде мұсылманша оқыған. Тұңғыш ғылым шығармасын (“Араб тілі грамматикасының тәжірибесі”) 17 жасында араб тілінде жазған. 1831 – 49 жылы Қазан ун-тінде парсы және түрік-татар филологиясының профессор, 1855 жылдан шығыс тілдері факультетінің алғашқы деканы болды. Казем-Бек Мирза Мұхаммед Али Әзірбайжан тілін ғылым тұрғыдан зерттеудің негізін салды. Түркітану, иран мен арабтану ғылымына зор үлес қосты. Ресей Сыртқы істер министрлігінің сұрауы бойынша (1837) Тоқтамыс ханның Ягайлоға түрік тілінде ұйғыр жазуымен жазған хатын оқып, мәнісін ашты (бұл хаттың сыры бұрын түсініксіз болып келген-ді). Ол “Ұйғырлар туралы зерттеулер” деген атпен 1841 жылы жарық көрді. 1839 жылы жарияланған “Түрік-татар тілінің грамматикасы” Қазанда 2 рет басылды. 1851 жылы Санкт-Петербургте ағылшын тілінде басылған “Дербентнаме” және “Императорлық соғыс академиясындағы түрік тілі уақытша курсының оқу құралы” деген тарихи зерттеуі үшін оған үш рет Ресей Ғалымдар Академиясы-ның Демидов атындағы сыйлығы берілді. Казем-Бек Мирза Мұхаммед Али 1859 жылы “Мүритшілдік және Шәміл” деген күрделі шығармасын жариялап, Кавказдағы Шәміл бастаған көтерілісті алғаш зерттеушілердің бірі болды. 1865 жылы “Баб және бабидтер” (Иранда 1844 – 52 жылы болған діни-саяси толқулар туралы) дейтін еңбегін аяқтады. Ол 1867 жылы француз тілінде басылды. Түрік тілдеріне енген орыс сөздерін этногр. тұрғыдан алғаш зерттеуші де Казем-Бек Мирза Мұхаммед Али болды. Казем-Бек Мирза Мұхаммед Алидің шығыстану ғылымына сіңірген еңбегін әділ бағалап, оны Британия корольдігінің Лондондағы Азия қоғамы (1829) және Орыс географиялық қоғамының (1850) толық мүшесі, Копенгагендегі корольдік қоғам мүшесі (1843), Санкт-Петербург археол.-нумизматика қоғамы мен Бостондағы Америка шығыстанушылар қоғамы (1851) корр. мүшесі (1848), Париждегі Азия қоғамы ординар мүшесі (1850) етіп сайлады. Казем-Бек Мирза Мұхаммед Али өзінің зерттеулерін Әзірбайжан, түрік, араб, парсы, орыс, ағылшын, француз тілдерінде жазды. Шығыстану тарихшылары оны “шығыстанудың Ресейдегі атасы” деп атады.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том |
Кеңесхан Ақаев Сәбденұлы (20.6.1945 жылы туған, Талас ауданы Бостандық ауылы) – өндіріс ұйымдастырушысы, кәсіпкер, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі (1999).
Сары Үйсін руынан шыққан.
* Жамбыл технология, жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтын бітірген (1967).
* 1967 –70 жылы Жамбыл қаласындағы былғары зауытында, Қаратау қалалық өнеркәсіп комб-нда ауысым, цех бастығы, директор,
* 1970 – 84 жылы Қаратаудағы «Прогресс» елтірі-тон ф-касының директоры,
* 1985 – 87 жылы Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп мин. «Қазөнеркәсіп» бірлестігінің бас инженері,
* 1987 – 92 жылы Қазақ КСР Тұрмыстық қамтамасыз ету мин. Материалдық-техника өндірістік базасының директоры,
* 1993 – 97 жылы «Қазтұрмысодақ» төрағасы.
* 1997 жылдан «Қызмет» мемлекеттік акционер компаниясының президенті, «Бекжан» ЖШС-нің, «Ырыс» АҚ-ның президенті. «Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Досай Бәйгелұлы (1692 жылы, Бәйдібек ауданы Алғабас ауылы – 1790, сонда) – батыр әрі би, шешен. Ысты руынан шыққан.
Бала кезінен ауыл-аймақ арасындағы кішігірім дау-дамайларды шешіп, тапқырлығымен, шешендігімен көзге түскен. Кейін көптің қалауымен би сайланған. Ел басына күн туған алмағайып кезеңдерде елді жаудан қорғаудың түйіні қиын мәселелерін Төле, Әйтеке, Қазыбек билермен бірге ақылдасып шешкен. Інісі Қосай – жоңғарларға қарсы бірқатар шайқастарды басынан кешкен батыр. Халық арасында Досай би айтқан деген уәжді нақыл сөздер көп сақталған.
## Қосымша
Досай Бәйгелұлы (1692–1790) қазақтың белгілі Қаратаудың күнгей бетіндегі осы күнгі Түркістан облысы Алғабас ауылы орналасқан ауылда туған. Досай ата дәстүрі шешендік өнерді бойына дарытқан, өзі ал жанды, алып тұлғалы батыр, палуан боп ер жеткен. Ысты руынан шыққан.
Бала кезінен Қаратау өңіріндегі хандар, билердің алдын тыңдап, ауыл арасының кішігірім дау-дамайын атақты бірақ өзі шешіп, кесімді тапқыр, шешен сөйлеп жүрген Досай соң, аты әйгілі хандар мен билердің көпшілігімен таныс, кетеді. Ол, әсіресе, Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай батыр, Қазыбек, Есей билермен жиі кездесіп тұрады. Елді жаудан қорғап және кейбір шиеленіскен дауларды сол билермен бірге шешеді.
Қарабас өзенінің басындағы қырғын шайқасты ел былай дейді.
Алаңсыз малын бағып, тойын тойлап тыныш жатқан Қарабас Жетімтау мен Керегетас ығындағы Досай аулына жоңғарлар жіберіп жүріп, ол ауылдың басшылары Досай би мен Қосайдың даты жиынға кеткен хабарын есітіп, бір түнде тұтқиылдан шабуылдайды. Жігіттерін құл, қыздарын тұл етіп, мал-мүлкін ту-талақай шайқаста беріспей соғысқан Досайдың төрт, Қосайдың тоғыз баласын қолға түсіріп, Қарабас өзенінің қайнар көзіне тастайды. Тас тастамайды, көзге тастаған жігітті бұлқынып атқылап сыртқа теуіп шығара берген соң, оның үстін кебежедей таспен атыпты. Сөйтіп жауыздар қайнар бұлақ көзіне бір жігіт, бір тастан тастай береді. Бұлақ көзі бітелуге айналады. Су қан болып ағады. Сол бір жағынан көріп шошынсын деп, жаулар жәбірленген кемпір-шал, қатын-қалаш, бала-шаға демей бұлақ басына түгел жинайды. "Міне, көрдіңдер ме, қарсылық етсеңдер, сендерді де осылай етеміз!" - деп ақырып қамшы үйіреді.
Бұл сойқан Түркістанга кеткен Досай, Қосайға жетеді. Олар сол жиынға қатысқан Төле би, Есей бимен ақылдасады. Қол жинап топ құрады. Бұл әрекет елге жетеді. "Не дейсің, Досай, Қосай Түркістандағы Қабанбай, Бөгенбай, Есей батырларды сан мыңдаған қолымен ертіп шығыпты. "Бұл хабарды есіткен жоңғарлардың берекесі қалмайды. Есей, Досай, Қосай бастаған (анау айтқан сан мындаған қол емес) шағын жасақ Түркістанның шығыс жағындағы Ноғай қорғаннан өтіп, Нұра жотасына, одан Мыңбұлақ сазына жете бергенде, жонғарлардың қарсылығына кездеседі. Сол қақтығыста Есей, Досай қолы жаудың біразын қолға түсіріп, қалғанын түре қуады. Сөйтіп олар жоңғарларды Мыңбұлақ, Бестоғай, Қарабас өзендерінің бойынан, Табақбұлақ, Тасбұлақ, Ноғайбұлақ басынан қуып шығып, Жетімтау, Керегетастан асыра, Баба-ата, Құмкентке жеткенше қуа соғысады. Ақыры жау жағы әлсіреп жеңілген.
Міне, Есей, Досай, Қосай батырлар біздің жерімізді осылай қорғап қалған, - деп Құлбек ақсақал әңгімесін аяқтады. Құлбек Жұмбайұлы Досайдың жұрағаты. 20-50 жылдар арасында Шымкент облысының бұрынғы Шәуілдір ауданында Совет атқару қомитетінің төрағасы. Кейінірек орынбасары болып істеген партия-совет ардагері, көпті көрген, ертедегі тарихты мол білетін шежіре кісі болатын.
Досай би 98 жыл жасаған, артына мол ұрпақ қалдырған өсіп-өнген аталардың бірі. Оның үш әйелінен (бір шежіреде бес әйел дейді) тараған үрім-бұтақтар бүгінде бір тайпа ел. Досай - осы күнгі Шымкент облысының Бәйдібек, Түркістан, Қызылқұм (Шардара), Сайрам аудандарын мекен еткен Жаманбай - Таздар, Асанқараған, Байқараған, Сексен, Есен, Анарбай - орыс, (бәйбішесінен) Бекболат, Сақболат (тоқалынан) тараған елдердің түп атасы.
Халық арасында Досай би айтыпты дейтін тапқыр уәжді шешен сөздер, нақыл, аңыздар аз емес. Соның ел арасынан жазып алынған нұсқалары мыналар:
## Досай би жайлы халық аңыздары
### Досай би жайлы халық аңызы
Досайдың жас кезі екен. Әкесі оны сынамақ болып:
- Балам, патша үлкен бе, дихан үлкен бе? - депті.
Бала кідірместен:
- Әрине, дихан үлкен.
- Қалайша?
Сонда Досай бала:
- Дихан астық бермесе, патша аштан өлмей ме? - деген екен.
Әкесі баласының тапқырлығына риза болып, содан былай қарай соңына ертіп жүретін бопты.
### Досай би жайлы халық аңызы
Досай жігіт кезінде бір байдың үйіне келіп түседі.
- Мына қонаққа нең бар, тамағыңды ас! - деген болады бай бәйбішесіне.
Байдың сөз саптауын бұрыннан білетін әйелі:
- Үйде ет жоқ еді, - дей салады.
Осы кезде Досай әңгімесінің бетін басқа жаққа бұрып:
- Апыр-ай, мынау үйдің ағашын қандай ұста шапты екен, - деп үйдің уық, керегесіне таңырқап қарай береді.
- Е, жігітім, бұл - Түркістандағы Әлкен үйшінің қолынан шыққан үй, - дейді аңқау бай.
- Өзі неше қанат?
- Сегіз қанат?
- Жоқ, байеке, сегіз қанат емес, - дейді Досай өдейі.
- Бұл үйді өз қолымнан шаптырған мына мен ғой, сегіз қанат! - дейді бай да ерегісе түсіп. Сонда Досай:
- Сіз сегіз қанат дейсіз, мен алты қанат деймін. Сенбесеңіз, керегенің басын санай қояйық. Сіз маңдайшадан былай қарай оң жағын санап шы- ғыңыз. Мен сол жағын санайын. Көне, бір, екі, үш, төрт... - дегенде бай керегенің басындағы етті жігіттің көріп қойғанын біліп:
- Түсіндім, түсіндім, сенің аңдып отырғаның анау ет қой. Әй, бәйбіше, аса ғой етіңді, - деген екен.
### Досай би жайлы халық аңызы
Досай Теріскейдегі бір байдың үйіне барады. Ол көп сөз термелей айтып, әңгіменің майын тамыза сөйлеп отырады. Арқа жақтан келген бір қария:
- Апыр-ай, таңдайың тақылдап қалған өзің қандай бала "Руың қай ел? - деп сұрайды. Бұрын талай-талай жуанға ақысы кетіп, «Қай ызасы кеп зығырданы қайнап жүрген бала жігіт осы байдың өткен өзінің мініп келген атын жылқысына қосып алып, кейін іздегенде жаман тайың ұраға құлап, арам өлім қалған" деп бермей қойған-деп:
Досай соның есесін сөзбен қайтармақ болады:
- Тегімді сұрап қайтесіз?
Жылқыңа қосар
Мыңғырған сендей бай емен.
Қышытып тілді
Өзімді сұрап қайтесің?
Кедей де болсам депті. Асқақтап отырған бай не дерін білмей отырып қалыпты. . .
### Досай би жайлы халық аңызы
Дастарқан үстінде Досай шақырған батыр, би қонақтарын жағажай таныстырып жатады. Қараса, өзінің сыртынан өсек айтып жүрген бір әдепсіз "досы да" отыр дейді. Ол қасындағы серігі "Жүр бірге барайық" деп қоя салған соң ілескен көрінеді. Досай оған келгенде:
- Бұл да менің "досым", осындай досың болса, дұшпанның керегі жоқ. Бір өзі он дұшпанға татиды, - депті. Анау қып-кызыл болып, жер шұқи беріпті.
### Досай би жайлы халық аңызы
Адал еңбек етпейтін, адамдар арасында сыпсыңдап өсек таситын мылжың, суайттарды Досай би бетің бар, жүзің бар демей үнемі сынап, бетін қайтарып тастап отырған. Бір күні оның үйіне Баба-ата жақтан құда-жекжаттары келіп қонақ боп отырады. Соның ішінде біреуі одан-бұдан сөз айтып, біреулерді сыртынан даттай береді. Оны жақтырмаған Досай:
- Сынаушының сылдыр сөзі,
Су түбіне кетірер.
Қыздырманың қызыл тілі,
Сүйгеніңнен кетірер.
Біреу сөзін сатады,
Біреу бөзін сатады.
Сөз бергеннің сөзіне ерсең,
Басыңа бейнет болады.
Бөз бергеннін бөзін алсаң,
Киетін көйлек болады, - десе, әлгі сылдыр сөзді жігіт үйден шығып жүре беріпті.
### Досай би жайлы халық аңызы
Досай би баласыз үйді жақтырмайды екен. "Балалы үй базар, баласыз үй мазар" деп, кейбір баласы жоқ ағайындары шақырса бармайды екен. Досайдың қартайған шағында ертеде Ташкент жағына өтіп, сол жақта тұрақтап қалған бір ағайыны оны өдейі арнап қонаққа шақырыпты. Досай би көп жылдан бері көрмеген туысын көрейін деп барады. Төрге шығып отыра бергеннен-ақ, өңкей екі шекесі торсықтай қара домалақ балалар бірінен соң бірі "Ассалаумағалейкум" деп, оның қолын алып жатады. Досай:
- Бұл кімнің балалары? - деп сұраса, әлгі туысы:
- Өзіңіздің жұраттарыңыз ғой, - деп ілгеріде өзіне айтқан мына сөзін есіне түсіреді:
- Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар,
Екі баласы бардың болар-болмас халі бар,
Үш баласы бардың үш рулы елде малы бар.
Төрт баласы бардың төрт күбыласы тең болар,
Бес баласы бардын дес бермейтін жөні бар.
Сегіз баласы бардың сергелдеңге салар көрі бар,
Тоғыз баласы бардын толғандырар жолы бар.
Он баласы бардың орда бұзар қолы бар.
- Япырым-ай, ұмытпаған екенсің, - дейді, Досай.
Осы кезде бәйбіше сөзге араласыпты:
- Сондағы сіздің мынау туысыңа "баласыз үй мазар" деп, кейіген сөзіңіз менің арқама аяздай батгы. Төркініме бардым да бой жетіп отырған сіңлімді әкеп өз қолымнан қостым. Шүкір жаман емеспіз, сол сіздің сөзіңіз қамшы болып, енді жеті бала сүйіп, төбем көкке жетті...
### Досай би жайлы халық аңызы
Досай би қартайып отырып қалған кезінде, оның жеті баласы жиі-жиі келіп, көңілін сұрап, жағдайын біліп тұрады. Бір күні Жаманбай деген үлкен баласы оны сөйлетпек болып, "Көке, не жақсы, не жаман?" деп сұрайды. Сонда ол былай деп термелеген екен:
- Жақсы аттан жақсы туса,
Мінетін пырағың емес пе?
Жаманнан жақсы туса,
Елдің шырағы емес пе?
Жақсыдан жаман туса
Шамшырағың өшкені емес пе?
Елге үлгі айтар ерің болмаса,
Құт-берекең көшкені емес пе...
## Қорытынды
Досай би және ол айтқан тапқыр, ұтқыр шешен сөз бен терме, нақылдарды сол Досайдың ұрпақтары Әбдіқұл Тәжіұлы, Махат Ақтайлақұлы, Тұрлыбек Егізбайұлы, Нарбек Жұмабайұлы, Құлбек Жұмабайұлы, Ыдырыс Битабарұлы т.б. қариялардан жазып алынды.
## Дереккөздер |
Шідер – ат әбзелі. Онымен жылқыны түнде бос қоя бергенде аяғын тұсаулайды. Шідермен аттың алдыңғы екі аяғы мен аттанар жақ артқы аяғы шідерлігінен (кейде одан сәл жоғары жіліншіктің тұсарлығынан) бекітіледі. Шідердің қаңқасы қарапайым. Ортасы 2 – 2,5 қарыс ортаңғы “оқтық” деп аталатын бөлікке үш дана балақ деп аталатын қайыс жалғанады. Шідердің өрме, шынжырлы, қайыс секілді түрлері кездеседі. Өрме шідер оқпаны бас бармақтан кем емес, толығымен қайыстан жұмырланып өріледі де, екіге алдыңғы екі балағы салаланатын тұста өткермеленіп түйіліп екі балаққа жарылады. Бұл бөлікті қылдан түйіп жасалғанын немесе толықтай қылдан түйілгенін түйме шідер, қайыстан өрілгенін өрме шідер деп атайды. Шідердің атқа мінер жақ балағы сәл қысқа болады. Балақ бір қарыстан соң екіге бөлінеді. Оның ортасы кертік тиек (тобылғы, аң мүйізінен жасалады) орнатылған бөлігі алақанға ұласады. Алақан түбінен тұйықталып бекітілген бүлдірге қайыс сілбі делінеді. Алақан мен сілбі бір-біріне бекітілгенде, көлемі ат жіліншігіндей болады. Қазақ халқы ат аяғына шідер салуды “шідерлеу” дейді. Тайға, құнанға салғанда шідер оқтығын түйіп қысқартады, тиегін айналдыра қабаттап өткізеді. Асау үйрету, қашаған атты жақын маңда ұстау үшін шідер жиі пайдаланылады. Дәстүрлі қазақ қоғамында ер балаларды еңбекке баули бастаған кезде шідерге дәрет сындыру ғұрыптық рәсімі атқарылады. Бұл ырым бала еңбекқор, іске бейім болсын деген ниеттен туған. Оны сүндетке отырған, ашамай мінген және үлкендерден “шаруаға ыңғайлы бол” деп бата алған ұлдар атқарған.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы, 9 т. |
Қимақ (Кимек) қағанаты - Шығыс және Орталық Қазақстанда IX ғасырдың ақыры – XI ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет.
Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар VII ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс Түркі қағанатының құрамына кірген.VIII ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. IX ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті. X ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді. X ғасырдың ақырында қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты. XI ғасырда Орталық Азия тайпаларының батысқа қарай ойысуы нәтижесінде қимақтардың орналасу картасы өзгерді. Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (XI ғасыр) осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген.
656 жылы Батыс Түрік қағандығы тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. Гардизидің баяндауынша, қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Шамамен, IX ғасырдың ортасы мен ақырында қимақтар оғыз көсемдеріне қаңғар-печенег тайпалары мекендеген Сырдария алабы мен Арал жағалауларын жаулап алуға белсенді көмек көрсетті. Қимақтар тоғыз оғыз және Енисейдегі Қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, VIII-IX ғасырлардың екінші жартысында Орталығы Ертістен Жоңғар қақпасына дейінгі аймаққа бекініп алды. Сөйтіп, Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды. Қимақ қағанаты туралы алғашқы деректер IX ғасырдың ақыры мен X ғасырдың бас кезіндегі араб тілдеріндегі тарихи геогр. шығармаларда кездеседі. «Түркістан мен түріктер, – деп жазады әл-Якуби (IX ғасыр), – бірнеше халықтар мен мемлекетке бөлінеді, соның ішінде қарлұқтар, тоғыз оғыздар, қимақтар және оғыздар бар. Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет және бірімен-бірі соғысып тұрады». Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иеліктер хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған.
## Қимақ мемлекетінің құрылуы
VIII ғасырдың екінші жартысы — IX ғасырда қаулаған оқиғалар Қимақтардың мемлекеттік ұйымдарының дамуына түрткі болды, бұл оқиғалар барысында қимақ тайпалары Ертістің орта ағысынан Жоңғар қақпасына дейінгі аумақта берік ірге теуіп, батысқа қарай, Оңтүстік Орал мен Сырдария аңғарына дейін ілгерілеп барды.Қимақтарда мемлекет болғаны туралы алғаш рет IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен, IX ғасырдағы тарихшы әрі географ, өз хабарларында кең білімдарлығымен және біршама жоғары дәлдігімен ерекшеленетін әл-Якуби қимақтар мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай дейді: «Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге (мамалик), соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-ғұздар, қимақтар және оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің әр тайпасында жеке мемлекеті бар және олар бір- бірімен соғысып жатады.» Ибн әл-Факихте (X ғ.) қимақтар туралы қызықты мәліметтер бар, ол барлық түріктердің ең күштілері — оғыздардың, тоғыз-ғұздардың және қимақтардың патшалары бар деп жазады. Ал классикалық араб географтары әл-Истахри мен Ибн Хаукаль «түріктердің жерінде (олардың) тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекшеленеді» деп хабарлайды.Қимақ билеушісі едәуір құдіретті болған. IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басында Қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғары атағымен қаған (хақан) деп атала бастады. «Қаған — түріктердің ең басты патшасы. Қаған — хандардың ханы, яғни парсылардың шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың басшысы», — дейді X ғасырдағы орта азиялық ғалым әл-Хорезми. Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған.
Сонымен, қимақ қоғамының тайпадан мемлекеттік құрылымға дейінгі әлеуметтік және саяси дамуына қарай олардың басшылары атақтарында да төменгі сатыдан жоғары сатыға дейін біртіндеп көшу жүріп жатты. Салыстыру тұрғысынан алғанда ертедегі түріктердің шонжарларына мынадай дәреже сатылары: шад, ябғу (үлы шад), кіші қаған, ұлы қаған атақтары тән болған. Көрініп отырғанындай, қимақтар мен ежелгі түрік атақтарының арасында байланыс бары даусыз және олар қимақтар ортасы мен ежелгі түріктердің түпкі отаны арасындағы сабақтастықты көрсетеді.
## Этникалық және тайпалық құрамы
Деректемелерде қимақтардың этникалық және тілі жағынан түріктерге жататындығына тікелей еш күмән келтірілмейді. Керісінше, олар туралы жазғандардың бәрі қимақтардың бір ауыздан негізгі түрік тайпаларының қатарына жатқызған. Жазбаша деректемелерде қимақ этнонимінің уақыты жағынан алғаш рет айтылуы VIII ғасырға жатады. Араб географы Ибн Хордадбехтің (IX ғ.) деректері бойынша саяси және әлеуметтік жағынан маңызды түрік халықтарының тізімінде қимақтар тоғыз-ғүздармен, оғыздармен, печенегтермен, қарлұқтармен, қыпшақтармен, азқишилермен, түргештермен қатар аталады
## Саяси тарихы
Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VII ғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VII ғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656 ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды.
Қағанат сыртқы жаудан қорғану үшін және өз жерін кеңейту үшін көрші елдерге үнемі шапқыншылық жасап отырған. Ондай хабарлар жазба деректерде көптеп кездеседі. Мәселен, оларда қимақтардың 11 ғасырда "тоғыз-ғұздар" жерінің бір бөлігін қол астына қаратқаны айтылса, ал X ғасыр басында тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы-Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алғандығы баяндалады. Сонымен бірге, қимақтар Енисей бойындағы бойындағы қырғыздарға да шабуыл жасап тұрған. Ал Сыр бойындағы оғыздармен бірде тату тұрып, бірде өзара соғысып қалатын кездері де болады. Міне, осындай жағдайлардан бұл тайпалардың тілдік қатынас жағынан да, мәдениеті жағынан да ұқсас тұстары өте көп.
## Жазуы
Қимақтарда жазу болған деп топшылауға дәлел бар. Мұны Әбу Дулафтың мына сөзінен көреміз: «Оларда қамыс өседі, бұл қамыспен олар жазады». Тегі қимақтар қамыс қаламмен жазып, мұнда ежелгі түрік әліппесін пайдаланған болуы керек. Мұны Ертіс бойынан, Тарбағатай тауларынан табылған заттар — мезгілі IX—X ғасырларға қатысты түрік жазулары бар қола айналар да көрсетеді.
## Шаруашылығы
Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық та етек алды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.
## Қимақ мемлекетінің құлауы
X ғасырдың аяғы XI ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Негізінен алғанда, өзін-өзі билеуге және өз мемлекеттілігін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі сипаттағы себеп. Сонымен қатар XI ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар. Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі — 916 жылы Солтүстік Қытайда қидандардың Ляо мемлекетінің кұрылуы болды. Бұл держава жерінің батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпалардың одан әрі ығысуына әкеп соқты. Тайпалардың орасан зор қоныс аударуының жаңғырығы орта ғасырлардағы көптеген деректемелерде: араб-парсы, орыс, армян, венгр, Византия, сирия және т.б. деректемелерінде көрініс тапты. Бұл деректемелерден ең алдымен араб ғалымы әл-Марвазиді (XII г.) атап өткен жөн, онын шығармаларында сол көшу жөнінде мейлінше кұнды ақпарат сақталған, ол тайпалардың қоныс аударуын былайша суреттейді: «Олардың (түріктердің) арасында кұндар деп аталатын бір топ адам бар, олар кытай қағанынан қорқып, Қытай жерінен келді. Олар — несториан сарынындағы христиандар. Өздерінің аймақтарынан олар жайылымның жеткіліксіздігінен кетті. Икинджи ибн Қошқар Хорезмшах солардың (арасынан) шыққан. Олар (құндар) қайлар деп аталатын халықтан теперіш көрді. Бұлар олардан көп те күшті болатын. Бұлар оларды жайылымнан қуды. Сонда құндар шарлар жеріне келіп қоныстанды да, шарлар түрікмендер жеріне көшті. Түрікмендер оғыздардың шығыс жерлеріне көшті, ал оғыздар Армян теңізіне жақын маңайдағы печенеттер жеріне көшіп барды». Бұл арада Армян теңізі деп Қара теңіз айтылады. Демек, бұл көшу Қытайдан Қара теңізге дейінгі халықтарды қамтыды. Бұл мәліметтерге бірқатар ғалымдардың жасаған талдауы қысқаша түрде мынадай көріністі көзге елестетуге мүмкіндік береді: қай және құн тайпалары қимақ-қыпшақ тайпаларының бір тобын Солтүстік-Шығыс Жетісу мен Ертіс өңіріне ығыстырып, Қимақ мемлекетіне соққы береді. Сөйтіп қайлар қыпшақтарды орнынан қозғайды, ал қыпшақтар оғыздарды Сырдария өзенінің аңғарынан, Аралдың батыс өңірі мен Каспийдің солтүстік өңірінен ығыстырып, оларды орыстың оңтүстігіндегі және Қара теңіз өңірі далаларына көшуге мәжбүр етеді.Оғыздардың жерін басып алғаннан кейін қыпшақ хандары едәуір күшейіп, қимақ-қыпшақ және қуман тайпаларьшың бұрынғы қоныстанған негізгі жерінде күш-қуаты жағынан басым болады, ал қимақтар осы оқиғалар барысында саяси үстемдігінен айырьшып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Қимақтар бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен бірге батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.
## Дереккөздер |
Қарабұлақ – Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік-батыс сілемі – Тоқсанбай жотасындағы асу.
## Жер бедері
Биіктігі 3481 м. Асу арқылы Тоқсанбай жотасының солтүстігіндегі Қазан өзенінің саласы Қарабұлақ бастауынан оңтүстік беткейіндегі Орта Өсек өзенінің бастауына соқпақ жол өтеді.
## Дереккөздер |
Нысаналы Әлиев (1950 жылы туған, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Асықата кентi) – химия ғылымның докторы (1998), профессор (1998).
Ысты руынан шыққан.
ҚазМУ-ды (1972, қазіргі ҚазҰУ) бiтiрген. 1972–1988 жылы Қазақ политехногикалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техника университеті) инженер, кiшi, аға ғылыми қызметкер, оқытушы, 1981–1985 жылы Алжирдiң ұлттық жеңiл өнеркәсiп институтында оқытушы, 1988–1994 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінде, Халықаралық қазақ-түрiк университетiнде оқытушы болып қызметтер атқарды. 1995–1998 жылы Қазақ ұлттық техника университетiнде докторант, 1998 жылдан доцент, профессор, 2000 жылдан қаржы-экономика мәселелері жөнiндегi проректоры.
## Дереккөздер |
Анар Жаппарқұлова (1977 жылы туған, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы) — айтыскер ақын. Қожа Ахмет Иасауи атынд. Халықар. қазақ-түрік университетінің филология факультетін бітірген. Ақын С.Ерубаевтың 80, қоғам қайраткері Н.Оңдасыновтың 90, Молда Мұса Байзақұлының 150 жылдығына арналған айтыстарда, Оралхан Бөкейді еске алуға байланысты Өскемен қаласында өткен сайыста және Астана қаласында өткен «Ана тілім – ардағым» атты сайыста, сондай-ақ облыстық, республикалық ақындар айтысында жүлделі орындар алған.
## Дереккөздер |
Мамыт Айтқожаев (1905, Түркістан ауданында туған – 1983 жылы қайтыс болды) – Социалистік Еңбек Ері (23.6.1948). 1929 – 41 ж. ұжымшарда радист, жүргізуші, қойма меңгерушісі болды, партия ұйымын басқарды. 1941 – 45 ж. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1946 жылдан ұжымшарда жылқы фермасын басқарды. Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Асқар Тоқпанов (2024 жылға дейін — Казцик) — Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл, Асқар Тоқпанов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Өтеген батыр ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде, Үлкен Алматы өзенінің сол жағалауындағы көкпек, жусан аралас әр түрлі астық тұқымдас шөптер өскен сұр, сортаң сұр топырақты құрғақ шөлейт белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі ұжымдастыру жылдары (1930 – 35) қаланған. 1965 жылдан “Комсомол” сүт шаруашылығының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары мен серіктестіктер құрылған.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, мешіт, кітапхана, фельдшерлік-дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
«Ақ бидай» – сортталған ұн өндіретін кәсіпорын, ашық акционер қоғам. Тараз қаласында орналасқан. Кәсіпорынның бидай қабылдап, өңдеп, құрғатып, сақтап, сатуға мүмкіндік беретін сыйымд. 152 мың т элеваторы бар. Элеватордың бидай қабылдау өнімд. 175 т/сағ. Диірменнің тәул. өнімд. 185 тонна Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 50 – 60 мың тонна Жетекшісі А.Т. Мүсірәлиев.
## Дереккөздер:
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы |
Нариман Қожаспаев (1935 жылы туған, Жамбыл ауданы) – ғалым, техника ғылым докторы (1995), профессор (1996). Ленинград электротехника институтын бітірген ([[1957). 1958 – 60 жылдары Алматы телеорталығында инженер, 1960 – 63 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясы ядролық физика институтында инженер, жетекші инженер, 1963 – 65 жылдары Қазақ политехника институтында оқытушы, деканның орынбасары, 1965 – 69 жылдары Мәскеу электротех. институтында аспирант, 1969 – 78 жылдары Қазақ политехника институтында доцент, деканның орынбасары, декан қызметтерін атқарды, 1978 жылдан осы институтта кафедра меңгерушісі. 70-тен аса ғылым мақалалары, соның ішінде 3 монографиясы жарық көрген.
## Дереккөздер |
М.А.Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты – Қазақстандағы бірден бір, ТМД елдері мен бүкіл дүние жүзіне танымал молекулалық биология, молекулалық генетика мен биоинженерия бойынша жетекші орталық. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қарамағында. Ботаника институты негізінде 1983 жылы Алматы қаласында құрылған. Институтқа академик М.Ә.Айтхожин есімі берілген.
Негізгі ғылыми бағыттар бойынша жүргізілген зерттеулер қазірдің өзінде мед. мен ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылуда. Белок биосинтезін молекулалық реттеу механизмдері саласында дүние жүзінде теңдесі жоқ нәтижелер алынды. Тұңғыш рет жоғары сатыдағы өсімдіктерде рибонуклеопротеидті бөлшектер – информосомдардың барлық кластары ашылып сипатталды; олардың биогенезі және өсімдіктің эмбриогенезі мен дамуы барысында ақуыздың биосинтездік реттелуге қатысуы зерттелді; белсенді қызмет атқаратын гетерологиялық гибрид (будан) рибосомалар жасалды. Трансляцияларды қоздыру факторлары деңгейінде белоктің биосинтездік реттелуін зерттеу негізінде жануарлар мен өсімдіктер арасындағы елеулі айырмашылықтар анықталды. Қазақстан ғалымдары ашып, жеке зерттеу бағытына айналған өсімдіктекті төменгі молекулалы қоспалар – жоғары сатыдағы өсімдіктер геномы экспрессиясын биореттеуіштерін зерттеу басқа ғыл. мекемелерде дамытылды. Институт ғалымдары Қазақстанда тұңғыш рет жаңа бағыт – адам геномы және тұқым қуалайтын аурулардың молек. механизмдері, адамның популяциялық генетикасы зерттеліп, науқас адамның ДНҚ-ндағы мутациялар мен басқа өзгерістерді тоқтату бойынша біршама оң нәтижелер алынды. Институт ғалымдарының жоғары біліктілігі арқасында палеогеномиканың – археологиялық қазба материалдарының негізінде ДНҚ-ны зерттеудің негізі қаланды. Бұл қазіргі Қазақстан аумағын қоныстанған халықтардың этногенезі мен этн. тарихы мәселелерін зерттеуге мүмкіндік берді. Қазіргі заманғы биология ғылымының жаңа бағыты – компьютерлік генетика мен биоинформатика дамыды, соның нәтижесінде фитопатогенез бен тұқым қуалайтын ауруларға төзімділікті туғызатын ДНҚ тізбектері мен гендер іздестірілді. Қатерлі ісікке қарсы табиғи иммунитеттің реттелуі туралы жаңа түсініктер теория жүзінде және эксперименттік негізде дәлелденді; микробтық және жануартекті ақуызды антигендерге гибридомды технология әдісін қолдану арқылы алынған моноклоналды антиденелер негізінде медицина мен эксперименттік биология қажеттіліктеріне арналған диагностикалық тест жүйелері құрылды. Институтта жасалған биоинженерлік зерттеулерді жүргізу моделі – аса маңызды ауыл шаруашылығы дақылдарының клеткалы түрлерін алу технологиясы бірқатар академиялық институттар мен мекемелерде биотехнология әдістерін қолдануға түрткі болды. Дақыл клеткаларын патогендерге төзімді бидайды сұрыптауға қолдану мүмкіндігі негізделіп, бидай мен жүгерінің генетикалық өзгеруін ұдайы өсірудің тиімді жүйесі құрылған. Алғаш рет бидай мен картоптың іn vіtro клеткалары негізінде құрылған космостық биология мен биотехнология жөнінен бірегей бағдарлама жасалып, оны «Мир» ғарыш кемесінде 1991–2000 жылы ғарышкерлер Т.О.Әубәкіров пен Т.А.Мұсабаев, бірқатар ресейлік экипаждар орындады, ал 2001 жылы жаңа халықаралық ғарыш станциясында Мұсабаев өзінің үшінші сапарында алынған нәтижелерді тағы да тексерді. Институтта өткізілген ірі халықаралық конференциялар мен симпозиумдар, халықаралық алдыңғы қатарлы басылымдарда жарияланған еңбектер, шетелдік патенттер – бұл ғылым ордасы ғылыми жетістіктерінің әлемге танылғандығының куәсі.
## Дереккөздер |
Ақбикеш (т. — ө.ж.б.) – жергілікті қазақ аңыздары бойынша, Қаратаудың солтүстік беткейін мекен еткен алшын руының аяулы қызы. Сыртқы елдің басқыншылары қанды жорық жасап елді шапқанда, Ақбикеш елдің ер-азаматтарымен қатар бостандық соғысына қатынасып, ерлік көрсетумен жау қолында мерт болады. Халық бостандық үшін оққа ұшқан ару қызды ардақтап, оған Қаратаудың биік жотасына Ақбикешке арнап Ақсүмбе мұнарасын тұрғызады.
## Дереккөздер |
Жүзімдік (2017 жылға дейін – Карл Маркс) — Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл, Жүзімдік ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км-дей жерде, Келес өзенінің сол жағалауында.
## Халқы
## Тарихы
1969 жылы құрылған Жүзімдік жеміс-жүзім кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдасқан.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, мәдениет үйі, фельдшер-акушерлік пункт, тағы басқа мекемелер бар.
## Дереккөздер |
Тоқыраев Иманғазы(1899, Жарқайың ауданы, Братолюбовка ауылы) – еңбек ардагері, жылқышы. Социалистік Еңбек Ері (1948). Еңбек жолын 14 жасынан бастаған. Есіл ауданы Өмірлік ұжымшарында, Жарқайың ауданы Баранкөл кеңшарында жылқышы болып жұмыс жасаған. Орден, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Идаят Айтқұлов (7 мамыр 1925 ж. Керегетас ауылы Төле би ауданында туған) – соғыс ардагері. Ташкент әскери училищесін бітірген (1944). Осы жылы 3-Белорус майданында взвод командирі дәрежесінде соғысқа кірген. Литва, Польша мемлекеттерінің жерін жаудан босатуға қатысқан. 1945 ж. Кенигсберг қамалын алу барысында жараланған. Армия қатарынан ІІ топтағы мүгедек болып босатылған.
1951 ж. Шымкентте мұғалімдер институтын бітіріп, жоғары білім алған. 1950 – 86 ж. партия, Кеңес қызметтерінде болды. Екі рет «Отан соғысы» ордендерімен, 14 медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Төле би аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы болып 17 жыл істеді. 2001 ж. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жылдық мерекесіне орай Президенттің «Алғыс хатын» алған. «Құрмет» орденінің иегері (2003). Төле би ауданының құрметті азаматы.
## Сілтемелер |
Мәнтай Жарымбетов (1912 жылы туған, Түлкібас ауданы Алғабас ауылы) – Cоциалистік Еңбек Ері (19.4.1967). 1936 – 42 жылдары бригада есепшісі, 2-Түлкібас ұжымшарының санақшысы болды. 1942 – 43 жылдары Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1943 – 50 жылдары 2-Түлкібас ұжымшарының төрағасы, бухгалтер, 1950 – 64 жылдары «Алғабас» ұжымшарында егіс бригадасының бригадирі, жеміс өсіру звеносының жетекшісі болып, 1964 жылдан егіншілер звеносын басқарды.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
## Сілтемелер |
Қарабұтақ – Өлкейек алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 35 км.
## Бастауы
Бастауын иен даладағы бұлақтардан алып, Өлкейек өзеніне оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Арнасы жоғарғы және төмен ағысында сайлы-жыралы, орта бөлігінде жазық келеді. Қар және жер асты суларымен толығады. Жазда қарасуларға бөлініп қалады. Қарабұтақтың жалпы ұзындығы 65 км болатын 20-дан астам шағын салалары (жылғалары) бар.
## Дереккөздер |
Қазақ халық поэзиясы - қазақ әдебиетінің бір саласы.
Қазақ халқының саяси-әлеуметтік, қоғамдық-тарихи даму сатыларына тән көркемдік-эстетикалық талғам-түйсігін, этикалық және философиялық талап-тұжырымын танытады. Көне дәуірлерден бастау алатын қазақ халық поэзиясы синкретті (ажыратылмас) құбылыс. Сондықтан оның халық ауыз әдебиетімен, музыка мәдениетімен, фольклормен тоғысар арнасы мол. Қазақ халық поэзиясында елдік жолындағы ерлік пен өрлік, рух асқақтығы мен қайсар батырлық, табиғаттың ғажайып үйлесімді көрінісі, ғашықтықтың күйініш-сүйініші, рухани асқақ сезім, адам мейірімі мен дүниетанымы ажырамас тұтастықта көрініс табады. Қазақ халық поэзиясының жанрлық құрамы сан салалы. Дастан, толғау, айтыс, жыр, т.б. бастауын халық шығармасынан алады. Қазақ халық поэзиясын жанрлық, түрлік жағынан Ахмет Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.О.Әуезов, С.Сейфуллин, Б.Кенжебаев, М.Ғабдуллин, Е.С.Ысмайылов, М.С.Сильченко, т.б. ғалымдар ғылыми тұрғыдан жүйеледі. Әуезов қазақ халық өлеңдеріне сыршылдық салт өлеңдер деген анықтама бере отырып, оны туу ретіне қарай үш түрге бөлген:
* жалпақ елдің салтымен байланысқан шерлі өлеңдер;
* дін салты мен ұғымынан туатын өлеңдер;
* қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдері. Ел салтындағы шерлі өлеңдерді мазмұнына қарай: жоқтау, естірту, қоштасу, көңіл айту деп жіктейді.
Қоштасудың өзін іштей тақырыптарға бөледі: а) жермен қоштасу, елмен қоштасу; ә) өмірдің өткен шағымен қоштасу; б) өтіп бара жатқан заманмен қоштасу. Досмұхамедұлы қазақ фольклорының жанрлары мен түрлерін жүйелеп, халық поэзиясының шілдехана, бесік жыры, ғашықтық әдебиет, үйлену тойы жырлары (жар-жар, тойбастар, беташар), қоштасу, көрісу, сәлем, сәлемдеме, жерлеу, мақтау, көңіл айту жырлары, бата мен алғыс, қарғыс, болжам өлеңдер, насихат, зар заман мен толғау, батырлық жырлар, тарихи өлеңдер, тұрмыстық жырлар, жарапазан түрлерін атайды.
Н.Төреқұлов ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдерінің (лирика) жеті саладан тұратынын көрсетеді:
* саяси-әлеуметтік лирика: арнау, мадақтау, тарихи өлеңдер, қара өлеңдер, хат өлең, ән өлең;
* тұрмыс-салт лирикасы: тойбастар, сыңсу, жар-жар, беташар, бесік жыры, қоштасу, жоқтау, естірту, көңіл айту, жұбату;
* еңбек-кәсіп өлеңдер: төрт түлік, егіншілік, саяткерлік және наурыз өлеңдері; # ғақылият өлеңдер: өсиетнаме, алғыс, бата, тілек, мысал өлең, жұмбақ өлеңдер;
* қиял-ғажайып өлеңдер: аңыз өлең, өтірік өлең;
* күлкі-сықақ өлеңдер;
* діни өлеңдер: бақсы сарыны, бәдік, арбау-байлау, жарапазан. Поэзиядағы дәстүр мен жалғастық, тарихи сабақтастық тұрғысынан алғанда лириканың негізі – халық өлеңдерінде.
Бұл ретте халық мәдениетінің, ән-күй өнерінің өкілдері Сегіз сері, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Шашубай, т.б. сал-серілер шығармашылығы қазақ халық поэзиясындағы лириканың тамаша үлгілері болып табылады. Сал-серілер – әншілік өнер мектебін қалыптастыра отырып, халықтық поэзияны көркемдік, тақырыптық, идеялық арнада дамытты. Әнші-ақындар поэзиясы қазақ әдебиетінде ерекше дәстүрлер қалыптастырды. Мыс, Арқадағы Біржан сал, Ақан сері, Батыс Қазақстандағы Мұхит, Сыр бойындағы Нартай дәстүрі соның дәлелі.
Қазақ халық поэзиясы – ұлттық рухани мәдениеттің асыл арнасы, ажырамас бөлігі болғандықтан, дәуір талабына, замана рухына сай жаңарып, жаңғырып отырады. Бұл ретте Жамбыл, Нұрпейіс, Иса, Доскей, Шашубай, Төлеу, Нартай, Естай, Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі, Көшен, Нұрқан, Нұрлыбек, Сәт, Омар, Қалқа сынды халық ақындарының шығармалары халық әдебиеті дәстүрлерін сақтаудағы, жалғастырудағы қазақ халық поэзиясының өміршеңдігін айқындайды. Мұның өзі халық талантының сарқылмас көркемдік қуатын да танытады. Қазақ халық поэзиясының көркемдігі, бейнелілігі қашанда ақындық шеберлікті ұштауда үлкен маңызға ие және қоғамдық-әлеуметтік сипаты, тәлім-тәрбиелік мәні зор. Өлең, жыр түрінде шығарылатын қазақ халық поэзиясы өмір құбылысын, адамның жан әлемін сыршылдықпен, сезімталдықпен көркем, бейнелі түрде жеткізеді.
## Дереккөздер |
Балықтыкөл — Ертіс алабындағы тұйық көл.
## Географиялық орны
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында, Қоянды ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Ауданы 26,5 км2, ұзындығы 6,8 км, ені 6 км, ең терең жері 3,8 м, су жиналатын алабы 565 км2. Солтүстік-батыс және шығыс жағалаулары жайпақ, қалғандары - тік жарлы. Көлдің оңтүстік-шығысында ұзындығы 2,5 км, ені 0,7 км түбек бар. Балықтыкөл қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Көлге солтүстігінен Өзденбай өзені келіп құяды, солтүстік-батыс жағалауынан 2 км жерде Қарасор көліне құятын Талды өзені ағып өтеді. Суының ең жоғары деңгейі - сәуірде, төменгісі - қазан айында байқалады. Қарашада қатып, сәуірде мұзы ериді. Суы тым кермек. Түбі құмдақ, тұнба батпақты.
## Өсімдігі, балықтары
Жағалауында бетеге, көде, жусан, ши, қараған, құрақ өседі. Мөңке және табан балық кездеседі. Жазда көлге құстар ұялайды.
## Дереккөздер |
Қарабұтақ – Қабырға алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Жангелді ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Бастауын Ақжар ауылының солтүстік-батысындағы жонды-белесті өңірдегі бұлақтардан алып, Қабырға өзеніне оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 35 км. Арнасының басым бөлігінің жағалауы жайпақ. Қабырға өзеніне құяр тұсында біршама жарқабақты келеді. Ұзындығы 10 км-ге жетпейтін жалпы ұзындығы 168 км болатын 50-ден астам салалары (жылғалар, бұлақтар) бар. Жылдың барлық мезгілінде арнасында ағын болады. Алабы мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Нұрмаханбет Сәрсенбекұлы Айтуғанов (1947 жылы туған, Сарыағаш ауданы) – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1972). Ғалым-агроном. Еңбек жолын «Қожатоғай» кеңшарында малшы, жұмысшы болып бастаған. 1964 – 67 жылы осы кеңшардың фермасында бухгалтер, 1972 – 91 ж. агроном, аға агроном, бас агроном болып қызмет атқарды. 1991 – 93 жылы аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің төрағасы, аудан әкімінің бірінші орынбасары болды. 1994 жылы Парламент Мәжілісіне депутат болып сайланды. Қазір Алматы облыстық аумақтық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы.
## Дереккөздер |
Төребай Ақбозов Ақжолұлы (10.8.1910, Әулиеата уезі, Ботамаймақ ауылы – 25.8.1973, Тараз қаласы) – қоғам қайраткері.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
Шымкент қаласындағы агрономдар даярлайтын курста оқып шығып, 1931 жылы Алматыдағы а. ш. институтына түсті.
* 1935 – 51 жылы қазіргі Байзақ ауданында агроном, аудыны жер бөлімінің меңгерушісі, МТС директоры,
* 1951 – 56 жылы Шу ауданы атқару к-тінің төрағасы, Жамбыл ауданы партия к-тінің 1-хатшысы,
* 1962 – 65 жылы Талас аймақтық а. ш. басқармасының бастығы,
* 1965 – 71 жылы Жамбыл облысы а. ш. басқармасының бастығы болды.
* 1954 жылы КСРО Жоғ. Кеңесінің, 1963 жылы Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің депутаты болып сайланды. Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер:
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы |
Тәттігүл Досжанова (1910 жылы 1 шілдеде туған, Түркістан қаласы – 2007) – Социалистік Еңбек Ері (1960). Күрделі құрылыс бөлімінде, кеніште және байыту фабрикасында жұмыс істеген. Соғысқа дейінгі бесжылдықтардың екпіндісі, соғыстан кейін коммунистік еңбек екпіндісі болған. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том |
Павел Осипович Кайров (1904, Ресей империясы, Таллин қ. – 8 сәуір 1962, КСРО, Санкт-Петербург қ.) – актер, Қазақстанның халық артісі. (1955; 1947 жылдан Қазақстаның еңбек сіңірген артісі).
## Өмірбаяны
Сахналық өнер жолын Өскеменде көркемөнерпаздар үйірмесіне (1936 жылға дейін) қатысудан бастады.
1936 – 1956 жылдары Республикасы орыс драма театрының (Алматы) актері болды.
## Театр рөлдері
Орыс драма театрында ол көптеген рөлдерде ойнап, өзінің актерлік өнерімен көрермендер сүйіспеншілігіне бөленді. Осы театр сахнасында қойылған спектакльдерге қатысып, Василий Царев (В.П. Катаевтың “Майданнан қайтқан солдатында”), Серьга (Н.Ф. Погодиннің “Қайықшы қызында”), Қараман (М.Әуезовтің “Қарақыпшақ Қобыландысында”), Минутка (Б.Ф. Чирсковтың “Жеңімпаздарында”), Якорев, Гриша, Назар Авдеевич (А.М. Горькийдің “Соңғылар”, “Жауыздар” және “Күннен туғандарында”), Городулин, Боровцев (А.Н. Островскийдің, “Ұлық болсаң – кішік болы” мен “Тұңғиығында”), Труффальдино (К.Гольдонидің “Екі мырзаға бір қызметкерінде”), Годар (О. де Бальзактың “Өгей шешесінде”), Лорд Клинтон (В.Гюгоның “Мария Тюдорында”), т.б. рөлдерді орындады. Киноға да түсіп, Чаусов (“Мазасыз көктемде”, 1956), Кошкин (“Ботагөзде”, 1957), Поздняков (“Теңіз дауылында”, 1958) бейнелерін экранға шығарды.
## Фильмографиясы
* 1956 - Мазасыз көктемде - Павел Чаусов
* 1957 - Ботакөзде - Кошкин
* 1958 - Теңіз дауылында - Поздняков
* 1959 - Ертістің жабайы жағасында - эпизод
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Кайров Павел Осипович |
Толыбай Дәуленұы (1603, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Гүлтөбе елді мекені – 1680) – батыр, қолбасшы. Жоңғар шапқыншыларымен болған ұрыстарға қатысқан. Сонымен қатар әділ би, қызыл тілді шешен, көріпкелдік қасиеті болған. Осы тамаша қасиеттерінің арқасында қазақ халқының, ноғай, башқұрт, сібір татарлары арасында «Толыбай сыншы», «Толыбай әулие» атымен танылған. Толыбайдың ұрпақтары Жамбыл ауданында тұрады.
Керей руынан шыққан.
## Дереккөздер |
Заң жобасы - елдегі заң шығарушы органның қарауы үшін немесе бүкілхалықтық референдумға салу үшін әзірленген заңның қабылдауға ұсынылатын мәтіні. Заң жобасын әзірлеу ісі белгілі бір қоғамдық қарым-қатынастар аясын реттеу немесе мұндай реттеуді өзгерту қажеттігін, қолданыстағы заңдар мен оларды қолданудың тәжірибесін талдауды, жобаны әзірлеу туралы шешім қабылдауды, оның мәтінін жазуды, бастапқы жобаны талқылап өңдеуді, мүдделі органдар мен ұйымдардың бәрімен келісіп алуды, т.б. қамтиды. Заң жобасы әзірленіп біткен соң ол заң шығару бастамасы тәртібімен заң шығарушы органның қарауына немесе бүкілхалықтық референдумға салуға беріледі.
## Дереккөздер |
Ақбұлын – ауыл шаруашылық кәсіпорны, ашық акционер қоғам.
Қордай ауданы Қордай ауылында орналасқан. 1950 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыты – масақты бидайдың элиталық тұқымын өндіру, өнімділігі жоғары тұқым сату және сиырдың Алатау тұқымын өсіру. Сондай-ақ, арпа, көкөніс, мақсары егіледі. Шаруашылықта 485 адам жұмыс істейді. Жетекшісі А.И.Заноха.
## Дереккөздер |
Шідерті артезиан алабы – Шідерті, Өлеңті өзендері алаптарындағы жер асты сулы өңір. Ақмола облысы аумағында. Ауданы 2000 км²-қа жуық. Су девон-карбон мульдаларын құрайтын, жалпы қалыңдығы 50 – 90 м-дей әктас, құмтас, тақтатастардың карстық қуыстары мен жарықшаларында орналасқан. Ол 30 – 50 м-ден (алап шетінде) 130 – 150 м-ге дейінгі (ортасында) тереңдікте кездеседі. Алап өзіне шектесіп жатқан Нияз, Ереймен тауларынан басталатын өзендерден, көктем мен күзде жылғалар мен сайларға жиналатын сулардан қоректенеді. Мұнда бұрғыланған жеке ұңғымалардың тәуліктік өнімі 50 – 850 м3. Сондай-ақ тәуліктік өнімі 12 мың м3 болатын бұлақтар да бар. Суының минералдары 0,5 – 1,6 г/л. Алаптың суы елді мекендерді ауыз суымен қамтамасыз етуге пайдаланылады.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы, 9 т. |
Нұрлан Шералыұлы Айтымбетов (6 мамыр 1955 ж. Мақтаарал ауданы Славянка ауылы) – ғалым, техника ғылымының доктары (1999), профессор (2002). ҚазМУ-ді бітірген (1979). 1979 – 86 ж. «Шымкентшина» өндірістік бірлестігінде инженер, 1986 – 92 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде инженер, бас инженер, «Мұнай және газ технологиясы» кафедрасының кіші ғылым қызметкері, 1992 – 95 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ректордың көмекшісі, 1995 – 2002 ж. Оңтүстік Қазақстан технологикалық университетін сырттай оқыту бөлімінің деканы, 2002 – 03 ж. осы университетің Түркістан орталық бөлімшесінің директоры, 2003 жылдан Халықар. қазақ-түрік университетінің Шымкент институтында проректор. Нұрлан Шералыұлы Айтымбетовтің 50-ден аса ғылыми еңбектер мен әдістемелік құралдардың, 1 монографияның және «Мұнай және газ өңдеудегі катализ» оқулығының авторы. ҚР білім беру ісінің үздігі (2003), Облыс мәслихаттың мақтау қағазымен (1997) марапатталған.
## Сілтемелер |
Толыбай батыр (XVIII ғасыр) – Атығай руынан шыққан батыр. Ескі жырларда былай суреттеледі: Орта жүзден Найман Қабанбай батыр, Арғын Бөгенбай, Жәнібегі, Қошқарбай, Мантай менен Қазыбегі. Толыбай, Тұрсынбай мен Баян батыр, Төлек және Тулақ найман тегі. Қалмақ шапқыншылығының кезінде он алты жасында Толыбай батыр жаудың қалың тобына жападан-жалғыз кеп тиісіп, қорықпай ұрысқа түсіпті. Жас батырдың жорықта жүрген кезінде, екінші бір жақтан кеп тиіскен жау мұның елін шауып, жандарын байлап, малдарын айдап әкетеді. Толыбай батыр астында жер апшысын қуырған ұзын бел торы ат, дұшпанды ізіне түсіп, қуып келе жатады. Жау қарасы көрінбейді, шырқап ұзап кеткен секілді. Күн шыжыған ыстық болса керек. Денесі пысыған батыр, омырауын алдан ескен самалға желпіткен боп, сауытының ілгегін ағытып, көкірегін ашық тастап, қатты ағындап келе жатады. Жаудың аңдып жатқан мергені нысанаға іліп, садақты тартып қалады. Сұм жебе батырдың өңешіне қадалады. Толыбай батыр «аһң деп, қолындағы шашақты найзаны жерге қадап қалғанда, ағып келе жатқан ұзын бел торы ат жұлып әкете алмай, шырқ үйіріліп кетеді. Артынан жігіттері жеткенде, жерге шаншылған найзаны қарсы ұстаған күйі тас мүсінше қатып қалған батырды көреді. Тақымы, қолы қарысып қалған өлі батырды олар аттан зорға түсіріп алады...Батыр өлді, бірақ елінің намысын қорғаған жайлы аңыз қалды, жыр қалды. « Толыбай батыр мерт болған оба» деген жер аты да бар. Ақын А.Нұртазиннің шежіресінде: «Сасықтан Жолдыбайдай батыр өтті, Толыбай жау қолынан қаза шекті. Ұрпағы Толыбайдың Кенже батыр, Алыпты қалмақтардан ескі кекті, кекті » –, деп кектің алынғандығын жазыпты.
## Дереккөздер |
Жаскешу (1993 жылға дейін – Корниловка) — Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл, Жаскешу ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Тұрар Рысқұлов ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде, Арыс өзенінің жағасындағы бұта аралас нарғия шөп, сұлыбас, қоңырбас өскен сұр, қоңыр топырақты тауаралық далалық белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1951 жылы “Қызыл жұлдыз” кеңшарын құруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары мен серіктестіктер жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, учаскелік аурухана, мәдениет үйі, клуб, кітапхана, т.б. мекемелер бар. Ауылды айнала орман өскен, бұлақ, көл бар. Жаскешу арқылы Алматы — Шымкент автомобиль магистралі өтеді.
## Дереккөздер |
Кималь Карычев (1933 ж. т., Отырар ауд.) – ғалым, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1997). Қазақ ауыл шаруашылық институтының аспирантурасын бітірген (1962). 1957 – 1968 жылдары Алматы облысында агроном болып қызмет істеген. 1968 жылдан Қазақ ауыл шаруашылық институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі, Алматы ғылыми өндірістік оқу орнының директоры. 2 ғылым кандидатын дайындаған. 180 ғылыми мақаласы, 2 монографиясы жарияланған.
## Сілтемелер |
Томилов Анатолий Иванович (1949 жылы туған, Ресей, Курган облысы Шумихин ауданы Хохлы селосы) – қызметкер. Қорған машинажасау институтын бітірген. Қорған аспап жасау зауытында инженер, конструктор бюросының бастығы (1970 – 77), Степногорск мойынтірек зауытында шебер, цех бастығы, бас инженердің, директордың орынбасары (1977 – 2003). 2003 жылдан «Степногорск мойынтірек зауыты» АҚ-ның бас директоры. «Құрмет» ордені, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
«Орал механикалық зауыты» – ауыл шаруашылық техникасына қосалқы бөлшек, тұрмыстық электр техникасын шығаратын, металл бұйымдарды ыстық және салқын күйінде қалыптайтын, бейстандарт жабдықтарды жасайтын кәсіпорын. 1933 жылы Орал трактор жөндеу зауыты ретінде құрылған. 1946 жылдан осы атпен аталады. 1993 жылы акционерлік қоғам, 1996 жылы ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Кәсіпорын аумағында темір жол тармағы мен автомобиль жолы тартылған. Құрылған кезден бері зауыттың кәсіби бағдары бірнеше рет өзгерді, бастапқыда кәсіпорында трактор, автомобиль қозғалтқыштары жөнделіп, астық тиегіш машиналар, жел қозғалтқыштары, т.б. шығарылды. 1965 жылы трактор қозғалтқыштарына иінді біліктер мен шатундар шығаруға мамандана бастады. Сонымен қатар электрлі құралдар (су қайнатқыш, үтік, т.б.) жасау қолға алынды. Қазіргі кезде зауытта ірі көлемді бөлшектер қалыптау, ағаштан әр түрлі бұйым (есік, терезе, жиһаз түрлері, т.б.) жасау, пішінді тротуар плиталарын құю кәсібі меңгерілген. Кәсіпорында механика, аспап, көлік, жөндеу-құрылыс цехтары жұмыс істейді. Оларда 300-ге жуық адам еңбек етеді.
## Дереккөздер |
Ақермен — Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл, Ақермен ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Меркі ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде, Аспара өзенінің оң жағалауында, қылқан боз басым астық тұқымдасты шөптесін өскен қызыл қоңыр, сортаңдау қоңыр топырақты тау алдының қоңыржай ылғалды жазығында орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1930 жылы "Овцевод" кеңшары ретінде қаланды. Ақермен - тарихи атау. Ақермен ауылында "Меркі асыл тұқымды мал зауыты" орналасқан. Бұл өңірде Ақермен шөбі мол болғандықтан, ауыл осылай аталған.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Ауылда мәдениет үйі, орта мектеп, фельдшерлік пункт, байланыс бөлімшесі, кітапхана бар.
## Дереккөздер |
Михайловка — Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауыл, Михайлов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Ауданы орталығы – Аршалы кентінің солтүстік-шығысында 19 км-дей жерде, Мойылды өзенінің жағасында.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1898 жылы қаланған. 1929 жылдан “Новый Путь” ұжымшарының, 1961 жылдан “Михайловский” астық кеңшарының орталығы болып келді. Михайловкада “Москалец және К” ұжымдық серіктестік, т.б. бар. Ауыл арқылы Астана — Ерейментау, Қарағанды – Аршалы – Ерейментау автомобиль жолдары өтеді.
## Дереккөздер |
Заң кеңесі - жұртшылыққа заң көмегін көрсету жұмысын ұйымдастыру үшін құрылатын адвокаттар ұжымы. Ол Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңы (1997) негізінде облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар) адвокаттар алқасы төралқасының шешімімен құрылады.
Заң кеңесінің мекен жайын және онда жұмыс істейтін адвокаттардың санын адвокаттар алқасының төралқасы әділет органымен келісе отырып айқындайды. Заң кеңесінің ағымдағы есеп шоты, белгіленген нысандағы мөрі мен мөртабаны болады. Заң кеңесінің қызметі адвокаттар алқасы төралқасына бағынышты. Заң кеңесін меңгеруші басқарады, оның өкілеттігіне заң кеңесі қызметін ұйымдастыру, азаматтармен заң көмегін көрсету туралы келісімдер жасасу, ұйымдармен заң көмегі қызметін көрсету жөнінде шарт жасасу, адвокаттарға жұмыстарды бөліп беру, олардың қызметіне ақы төлеу мөлшерін белгілеу, көрсетілетін заң көмегі қызметтерінің сапасына бақылау жасау жатады.
## Дереккөздер |
Айсара Айтымбетова (9 тамыз 1948 ж. Ленгер ауданы (қазіргі Төле би ауданы) Таулық ауылы)– сауыншы.
Еңбек жолын 1960 ж. Сайрамсу ұжымшарында сауыншы болып бастап, зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек еткен. Осы ерен еңбегі үшін 1960 ж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.
## Дереккөздер |
Балықтыкөл — Есіл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Шортанды ауданының батысындағы Жалтыр темір жолы стансасының солтүстік-шығысында 20 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 18,3 км2. Тереңдігі 1,7-2,3 м. Су жиналатын алабы 478 км2. Жағалары тік, биіктігі 3-4 м, тек солтүстік жағасы жазық. Түбі тұнба балшықты (қалыңдығы 0,1-0,8 м), оңтүстік құмдақ. Көл ағынды, оған 3 жылға құйып, бір өзен ағып шығады. Қар және жер асты суымен толысады. Қарашаның басында қатып, сәуір айында мұзы ериді. Суы тұщы, ауыз су ретінде пайдалануға жарамды. Жағалауындағы қалың қамыс жергілікті шаруашылық қажетіне, ал көл құс өсіруге, балық аулауға пайдаланылады. |
Каледон қатпарлығы – (Caledonіa – Шотландияның лат. атауынан шыққан) – кембрий, ордовик, силур кезеңдерінде пайда болған ірі қатпарлану, тау құру, интрузиялар кептелу процестерінің жинағы. Кей аймақтарда Каледон қаласына төм. және орта девон дәуірлерінің тектоник. қозғалыстарын да қосады. Терминді ғылымға франц. геологы М. Бертран 1887 жылы енгізді. Каледон қатпарлығы төм. (ордовиктің соңы) тектоник. – магмалық дәуірлерге бөлінеді. Каледон межесінде көне платформалар мен мұхит ойыстарынан басқа жер бетінің барлық аймақтарында геосинклинальдың теңіз-аралдық жай үстем болды. Каледон қатпарлығыдүмпуі нәтижесінде геосинклинальдық дамуын анықтап, тұрақты таулы өлкелерге айналған аудандарды каледонидтер деп атайды. Оларға Солтүстік Аппалач, Солтүстік және Шығасыр Гренландия, Грампиан, Салаир-Саян, Наньшань, Катазия, Шығасыр Австралия геосинклинальдары жатады. Каледонидтер көне платформаларды қоршап, мығымдалған жер қыртысының аумағын ұлғайтты. Олармен қатар Каледон қатпарлығы өлкелері басқа жас геосинклиналь белдеулерінде де нығайып көтерілді. Орталық Қазақстан (Көкшетау, Ұлытау, Шыңғыс тауы), Солтүстік Тянь-Шань, Солтүстік Жер аралдары, т.б. Каледон қатпарлығы Кордильера, Богемия, Бретан, Орал, Орталық Тянь-Шань тауларында да байқалады. Бірақ кейіннен өткен герцин, альпі қатпарлықтарының жаңғырту әсерінен оларды жеке бөліп көрсету қиын. Каледон қатпарлығы кемелге жетпей, толық аяқталмай келесі герцин дәуірімен ұштасты. Каледон қатпарлығы көне таулар болғандықтан жатаған келеді.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том |
Шідерті суару жүйесі - Павлодар облысының Ақтоғай ауданы және Екібастұз қалалық әкімдігі аумағы жерінде.
Шідерті, Қарасу, Көкөзек өзендерінің жайылмасын қамтиды. Шабындық суару мақсатында 1975 жылы іске қосылған. Ертіс-Қарағанды каналының суын пайдаланады. Бастауындағы су ағымы 21 м³/с. Каналының ұзындығы 108,7 км. Көлтабандап суаруды реттеу үшін 420 гидротехникалық қондырғы орнатылған. Жайылған судың орташа тереңдігі 0,4 м-ге жетеді. Жүйе негізінде 23,0 мың га шабындық суарылады.
## Дереккөздер |
«Ауыл» — Қостанайда шыққан (1923 ж. 1 қыркүйек) губерниялық газет.
Алғашқы шығарушылары — М. Сералин, Б. Майлин. Газеттің негізгі міндеті ауылды кеңестендіру, шаруаларды өкімет басқару ісіне қатыстыру, жұмысшы-шаруа одағын күшейту, комм. партия саясатын, оның қаулы-қарарларын ауылға жеткізу болды. 1928 — 30 ж. “А.” округтік газет ретінде шықты. Округ ауданға айналған соң, “Колхоз жолында”, 1932 жылдан “Социалды еңбек” болып аталды. Қазақстан ОАК-тінің 1935 ж. 29 шілдедегі қаулысына орай Қостанай облысы құрылғаннан бастап облыстың баспасөз органы ретінде “Сталин жолы” деген атпен шығарылды. 1936 ж. “Большевиктік жол” аталды. Кейін “Коммунизм таңы” деген атпен шығып тұрды. Қазір облысы газет “Қостанай таңы” деп аталады. Алғашқы саны 1923 ж. 1 қыркүйекте жарық көрді. 1931 жылға дейін Қостанай губерниялық, кейінірек округтік партия комитеті мен кеңесінің органы ретінде шықты. Тұңғыш редакторы М. Сералин, жауапты хатшысы Б. Майлин болды. Еңбекшілердің жаңа тұрмыс құру жолындағы күресін, халық мәдениетін көтеру, ұйымдастыру мәселелерін көтерді. Онда Әуезовтің «Еңлік - Кебек» пьесасы туралы рецензия (1930, 27 қаңтар) жарияланды.
## Дереккөздер |
Тонга шұңғымасы - Тынық мұхиттың Тонга аралдар тобының оңтүстік-шығысында.
Самоа аралдарынан 25 о.е-ке дейін 860 км-ге созылып жатыр. Ені 78 км, тереңд. 10887 м (дүниежүзілік мұхиттың Оңтүстік жарты шардағы ең терең жері). Оңтүстігінде Кермадек шұңғымасына ұласады.
## Дереккөздер |
Торғай өзені – Сілеті алабындағы өзен. Кедей өзенінің оң саласы.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Ерейментау ауданының солтүстігімен ағып өтеді.
## Бастауы
Бастауын Одырайтас тауының оңтүстік-батысынан алады.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 32 км. Жалпы ұзындығы 21 км-ді құрайтын 6 сала келіп құяды. Қар суымен толысады.
## Өсімдігі
Жағасындағы қара қоңыр топырағында боз, ақ селеу аралас өсімдіктер өскен. Суы шабындықты суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Сыдық Досметов (1900 – 1979) – Социалистік Еңбек Ері (1949). Сайрам ауданының Сайрам ауылында дүниеге келген. Ұлты – өзбек. 1930 – 1960 жылдары Коммунизм ауыл шаруашылығы артелінде («Сайрам» ӨК) жұмысшы, кейін басқарма бастығының орынбасары, жылқы фермасының меңгерушісі болып істеді. 1961 жылдан зейнеткерлік демалыста болған. Досметов ауылда ұйымдастырылған ауыл шаруашылық артеліне қабылданып, еңбек етті. Ол озық тәжірибелерді терең меңгеріп, жылқы өсіру әдістерін үнемі жетілдіріп отырды, сөйтіп өз ісінің шын шеберіне айналды. Досметов ауылдық, облыстық Кеңес депутаты болып сайланған.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том |
«Ақжол 7» – ауыл шаруашылық кәсіпорны, ЖШС. Байзақ ауданы Аймантөбе ауылында орналасқан. 1999 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыты – бидай, арпа, жүгері, көкөніс өндіру. 2180 га егістік (оның 1003 га-сы суармалы жер), 547 га жайылымдық жері бар. Шаруашылықта 123 адам жұмыс істейді. Жетекшісі О.Момынов.
## Дереккөздер:
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы |
Мұхамбетқасым Қойшыбайұлы Шәкенов (4.5.1942 жылы туған, Сарысу ауданы Жаңаарық ауылы) – қоғам қайраткері. Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын (1964) мал дәрігері мамандығы бойынша бітірген. 1964 – 1965 жылдары Сарысу ауданы «Коммунар» кеңшарында мал дәрігері болды. 1965 – 1973 жылдары Свердлов, Жамбыл аудандарында, Қазақстан ЛКЖО ОК-і және Бүкілодақтық ЛКЖО ОК-і аппараттарында жауапты қызметтер атқарды. 1978 жылы СОКП ОК-нің жанындағы Жоғары партия мектебін сырттай оқып бітірді. 1973 – 1984 жылы Жезқазған облысы комсомол комитетінің 1-хатшысы, Ақтоғай ауданы атқару комитетінің төрағасы, Жаңаарқа ауданының партия комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарды. 1984 – 1993 жылдары Шымкент облысы (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) Қызылқұм (қазіргі Отырар) ауданы партия к-тінің 1-хатшысы және ауданы кеңестің төрағасы, Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау қоғамы орталық кеңесінің төрағасы болып істеді. 1993 – 1995 жылдары ҚР Президенті және Үкіметі аппаратының бөлім меңгерушісі, ҚР Жоғагы Кеңесі аппаратының басшысы болды. 1995 жылдан ҚР Үкіметінің аппаратында бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1996 жылдан ҚР Үкіметінің бас инспекторы болып қызмет істейді. Шәкенов қажырлы еңбегі үшін екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ерен еңбегі үшін», т.б. медальдармен, бірнеше Құрмет грамоталарымен марапатталған. Ол Қазақтың тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау қоғамы ОК-нің құрметті мүшесі.
## Сілтемелер
## Дереккөздер |
Қозүй Жәнібекұлы (1699, Сайрам маңы – 1771, Шу бойы) – жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерлігімен көзге түскен батыр. Ұлы жүздің Ботбай руынан. Жастайынан атқа қонып, қазақ жасақтары қатарында жоңғарлармен күреске қатысқан. 1718 жылы болған шайқаста жоңғарлар қолына түсіп қалады. Жоңғарлар қол-аяғын байлатып, дүре соқтырып, ағаш қалыппен қысқанда да ол тістеніп отырып алған. Сонда жоңғар қонтайшысы: «Қазақтың талай батырын көріп едім, мынандай хас батырын көрмедім, қол-аяғын босатып, зынданға тастаңдар» депті. Содан Қозүй батыр 3 жыл зынданда жатып, жоңғардың бір қызының көмегімен зынданнан қашып шығады. Босанып шығысымен қол жинап Өтеген батырдың сарбаздарына келіп қосылады. Өтеген батырмен үнемі бірге болып, талай көзсіз ерліктер істеген. Жорықтардың бірінде жоңғар ауылын шауып, жоңғар шонжарының қолға түскен үш қызының бірін немере інісі Жаналыға, екіншісін ағасы Амандыққа, үшіншісін туысы Жиембетке қосады. Жасы ұлғайғанда өзімен ілесіп келген Ботбай руының балаларын Іле, Қаскелең, Жиренайғыр өзендерінің бойларына орналастырады. Кейін бұл жерден көшіп, Шу мен Қарабалта өзендері бойына келіп орналасады. Бұл жер әлі күнге дейін «Қозүй батыр қонысы» деп аталады.
## Дереккөздер
“Тараз энциклопедиясы” |
Аманбек Ақайұлы (1947 ж. т., Қазығұрт ауданы Рабат ауылы) – ғалым, биологиялық ғылым доктары. 1983 – 90 ж. Ақсу-Жабағылы қорығында қызмет етті. Бірнеше жыр жинағының авторы.Алдымен сол ауданның Қ. Әбдалиев атындағы мектебінде оқып, кейін Шымкенттегі № 12 мектеп –интернатты бітірген.1965-70 жылдары Алматыда оқып жоғары білім алды. 1983-90 жылдары Түлкібас ауданындағы «Ақсу-жабағылы» қорығында жауапты қызметте болған. Бұданкейін «Қазығұрт» атты қордың төрағасы болды. Қазір «Жібек жолы» халықаралық қорының президенті.Аманбектің бірнеше жыр жинақтары жарық көрген. Оның «Еркеназ, Ғайып Ерен Қырық Шілтен», «Қазығұрт», «Ән арнадым халқыма» деген секілді кітаптары бар. Аманбектің танымал бірнеше әндері бар. Ол облыстық «Үклім- ай» атты өнер сайысында бас жүлдеге ие болған. Ғалым киелі Қазығұрт тауынның тарихын зерттеуге ат салысып жүр.А. Аққайұлы биология ғылымдарының докторы.
## Кітаптары
«Еркеназ»«Ғайып Ерен»«Қырық Шілтен»«Қазығұрт»«Ән арнадым халқыма» |
Асылбек Жасымбеков (4.3.1934 жылы туған, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы (қүжат бойынша Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылы - 2011, Тараз) – ұшқыш, Социалистік еңбек ері (1983).
1953 жылы Орал қаласындағы ұшқыштарды алғашқы даярлықтан өткізетін әскери-авиация мектебіне қабылданып, ЯК-2, ЯК-18 ұшақтарын жүргізуді үйренді. 1957 жылы РКФСР-дің Балашов облысындағы Борисоглебск әскери-авиация уч-щесінде бір жыл МиГ-15 ұшағын жүргізуді үйренді. 1958 жылы «ПВО Москва» құрамында, Клин қаласындағы әскери полкта болады, Як-23 ұшағында жаттығады, кейін Калинин облысының Ржев қаласында 2 жыл осы ұшақпен ұшады. 1960 жылы Алматы азаматтық әуе флоты басқармасына жұмысқа қабылданады. 1969 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Ан-2, ИЛ-14, Ан 24 ұшақтарын жүргізді. «Ерен еңбегі үшін» медалімен (1966), Ленин орденімен (1973) марапатталған.
## Сілтемелер |
Ақалтын — Түркістан облысы Шардара ауданындағы ауыл, Ақшеңгелді ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шардара қаласынан солтүстікке қарай 110 км жерде, Қызылқұм каналының сол жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1978 жылы құрылған «Ақ алтын» мақта кеңшарының орталығы болып келді. 1997 жылдан кеңшар негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
## Инфрақұрылымы
Ауылда мәдениет үйі, орта мектеп, кітапхана, емхана жұмыс істейді. 20 – 25 км жерде Мұрынғарақ тауы маңында «Жылы су» шипалы минерал суы бар.
## Дереккөздер |
Жаушықұм (1993 жылға дейін – Юбилейное) — Түркістан облысы Шардара ауданындағы ауыл, Жаушықұм ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шардара қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалауындағы бұта аралас бұйырғын, жусан, баялыш өскен сортаң құмды, шалғынды бозғылт қоңыр топырақты шөлдік белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1971 жылға дейін «Юбилейный» жүзім кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан Жаушықұмда шаруа қожалықтары мен «Жаушықұм» серіктестігі жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.