text
stringlengths 3
252k
|
---|
Александр Павлович Мин (1915, Ресей, Владивосток қаласы – 9.7.1944, Ковель қаласы) – жауынгер, Кеңес Одағының Батыры (24.3.1945). Соғысқа дейін Арал | Арал (қала)|Аралндағы бастауыш корей мектебінде мұғалім болып істеді. 1941 жылы мамыр айында Қызыл Армия қатарына шақырылды. Рязань жаяу әскер училищесін бітірген соң, Батыс, Орталық, 1-Украина және 1-Белоруссия майдандарында жаумен шайқасты. Атқыштар взводын, ротасын, батальонын басқарды. Капитан Миннің батальоны Волынь облысының елді мекендерін жаудан азат етуде ерекше көзге түсті. Ковель қаласы түбінде ауыр жараланып, қаза тапты.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Яков Данилович Михайлюк (1919, қазіргі Әйтеке би кенті) – Кеңес Одағының Батыры (1944). 1938 – 39 жылдары Қазалы стансасындағы фабрика – зауыттық училищесін (қазіргі 5-кәсіптік мектеп) паровоз машинисі мамандығы бойынша бітірген. Соғысқа дейін Қазалы локомотив депосында жұмыс істеген. Соғыс басталысымен авиация мектебінде оқиды. Мәскеу түбіндегі, Сталинград, Курс, Орел, Берлиндегі әуе ұрыстарына қатысып, жеке өзі жаудың 26 ұшағын атып түсіреді. Соғыстан кейін мамандығы бойынша жұмыс істеді. Өзінің жауынгерлік жолы жайлы «Мен – Сұңқар шабуылға шықтым» атты кітап жазған. Ол оқыған 5-кәсіптік мектептің алдындағы көшеге аты берілген. 17 жауынгерлік орден, медальдармен марапатталған.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Төлеген Дәуітбаев (1893, Жалағаш ауданы Еңбек ауылы – 1978, Қызылорда қаласы) – қоғам қайраткері.
Жетіру тайпасы Керейіт руынан шыққан.
Шымкенттегі мұғалімдер даярлайтын дайындық курсын (1916), инспекторлар даярлайтын арнайы курстары (1917) бітірген. 1920 – 1926 ж. мектепте мұғалім, директор, 1927 – 1930 ж. Қазалы ауданы атқару комитетінде жауапты хатшы, төрағаның орынбасары, 1930 – 1933 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында ұжымшарлар одағының төрағасы, 1937 – 1939 ж. Қызылорда облысы атқару комитетінің жер бөлімінде сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1940 – 1943 ж. Сұлутөбе механикалық училищесінің директоры, Сырдария ауданы жер бөлімінің меңгерушісі, 1943 – 1952 ж. Қазалы ауданы атқару комитетінің төрағасы, 1952 – 1955 ж. облыс шаруашылық мекемесінде, облыс қамсыздандыру бөлімінде (1955 – 1959) басшылық қызметте болды. Кейінгі жылдары Сырдария ауданының Киров шаруашылығын басқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үш дүркін депутат болды. |
Нұғыман Молыбаев (1906, Қазалы ауданы – 11.9.1975, Қармақшы ауылы) – ақын, жырау. Ауылдық мектепте арабша оқып, сауатын ашқан. 14 жасынан «бала жырау» атанған. 1943 – 47 жылдары Н.Бекежанов басқарған өнер бригадасы құрамында болды. Өлеңдері әр түрлі жинақтарда, мерзімді баспасөздерде жарияланған. Аудандық, облыстық, республиклық ақындар айтысына қатысқан. Балқы Базарға арнаған бірнеше өлеңдері бар. Молыбаевтың шығармалары «Қазақтың қазіргі халық поэзиясы» (1973), «Халық поэзиясы және бүгінгі өмір» (1976), «Ақын-жыраулар» (1979), «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы» кітаптарына енген. Ол Б.Өтепов, М.Жүсіпов, К.Алдоңғаров, Ж.Аралбаевтармен (1943, 1969) айтысқа түскен. Бірнеше Сыр елі жырауларының мақамдарын дыбыс таспасына түсірген. Молыбаев ел аузындағы халқымыздың әдеби мұрасын жинауға көп үлес қосты.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Арзулла Молжігітұлы (1929, Шиелі ауданы Керделі ауылы – 2002, Н. Бекежанов атынд. ауыл) – жырау. Н. Бекежановтың шәкірті, оның мұрасын насихаттап дәстүрін жалғастырушы. 1948 жылдан ауыл мектебінде мұғалім. 1955 жылы мәдениет саласына ауысып, клуб меңгерушісі, мәдениет үйінің әдіскері, үйірме жетекшісі қызметтерін атқарған. 1988 жылдан Н. Бекежанов мұражайында қор сақтаушы қызметінде болды. Арзулла ақындығымен қоса домбыра жасаудың да шебері болған. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында өткен дүниежүзілік Лорд конференциясында «Иман Жүсіпке хат» дастанын орындап, тыңдаушыларына Нартайдың сырнайға қосып шырқайтын сазын жеткізді. Ол ІІІ, V, VІІ облыстық ақындар айтысына қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Жақау Дәуренбеков (21. 10.1946 жылы туған, Арал ауданы, Сарбасат ауылы) – жазушы, журналист.
* ҚР Баспасөз және полиграф ісінің қайраткері (2005). ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1971).
* Алғашқы «Бөгенауыл балалары» атты кітабы 1970 жылы жарық көрген.
* 1971 – 1980 жылдары жастар газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі,
* 1980 – 1993 жылдары «Өнер» баспасында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары,
* 1994 жылдан «Ана тілі» баспасының директоры.
## Шығармалары
Дәуренбековтің «28 комсомол билеті» (1978), «Күн ұясы» (1984), «Ауылым – алтын бесігім» (1985), «Бір нәзік сәуле» (1989), «Айтыңыз құтты болсын» (1993), «Менің елім – Қазақстан» (2001) атты кітаптары жарық көрген. Жазушының «Күн ұясы», «Саяқ» повестері «Жалын» журналының жастар мен балаларға арналған сыйлығына ие болды. «Баспасөз үздігі» белгісімен марапатталған.
## Жетістіктері
* Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы болған (2002-2007 жж.).
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, «Баспасөз үздігі» белгісімен марапатталған.
* Бірнеше дүркін Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
## Діни көзқарасы
Діни көзқарасы - мұсылман.
## Хоббиі
Хоббиі - сурет салу.
## Сүйіп оқитын әдебиеті
Сүйіп оқитын әдебиеті - мемуарлар.
## Отбасы
Үйленген. Жұбайы - Рақымбекова Шұға, мұғалім. Ұлы -Дәуренбеков Бабыр (1973 жылы туған ); қыздары – Дәуренбекова Жанар (1975 жылы туған ), Дәуренбекова Жұлдыз (1979 жылы туған ).
## Дереккөздер |
Ұлтабар құрты (Haemonchosіs) — күйіс қайыратын малдардың құрт ауруы. Қоздырғышы Haemonchus туысына жататын нематодтар. Қойдың ұлтабарын зақымдап, қанын азайтып, денесіне көптеген ісік түсіреді. Ұлтабарда құрт (гемонх) жүздеп, мыңдап, кейде киіз сияқты ұйысып, ұлтабардың ішкі қабығын түгелдей жауып кетеді. Ұлтабар құрты қыл сияқты жіңішке, ұзындығы 2 — 3 см болады. Еркегінің құйрық жағы жалпақ, ұрғашыларының басы мен құйрығы сүйрік келеді. Шағылысқаннан кейін ұрғашысы сопақ, іші ұрыққа толы жұмыртқа салады. Жұмыртқалар нәжіс арқылы сыртқа шығып, дамудың үшінші сатысында инвазиялық дернәсілдерге ауысады. Олардың екі қабат қабығы болады, сондықтан ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді келеді. Дернәсілдер шөптің сабағымен жыланша өрмелеп, суда жақсы жүзетіндіктен, көбіне су, шөп арқылы жұғады. Ауырған мал арықтап, көзге көрінетін қабықтары (көз, мұрын, ауыз) бозарады. Тамағының астынан ісік пайда болып, қызуы көтеріледі. Қші біресе өтіп, біресе қатады, нәжісі кейде қанға боялады. Ұлтабар құртымен ауырған малды сойғанда ішек-қарын, бауыр, бүйрек солып, семіп қалғаны байқалады.
## Емі
Фенотиазин және оның тұзды қоспасы, тиабендазол, бубулин дәрілері қолданылады. Аурудың алдын алу үшін қойдың азығын, жайылымын жақсартып, арнайы дегельминтизация жасайды. Жазда малдың жайылымын 3 — 4 күн сайын алмастырып, Ұлтабар құрты болған жайылымға 3 — 4 айдан кейін ғана жаюға болады. Батпақты, сазды жерге бағуға және ластанған су ішкізуге болмайды.
## Тағы қараңыз
* Биология
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 9 том. |
Орал реалдық әскери училищесі – арнаулы әскери оқу орны. 1832 жылы Орал казактарының балаларын оқыту үшін ашылған.
Училищеде пәндер 1 жыл дайындық, 5 жыл жалпы және 3 жылдық арнайы курстарға бөліп оқытылды. Онда әскери пәндермен қоса дін, орыс тілі мен әдебиеті, неміс және француз тілдері, математика, жаратылыстану ғылымдары, география, тарих, статистика, заңтану, сурет және сызу сабақтары берілді. 1840 жылдан жоғарғы сынып құрамында 1 жылдық артиллериялық және инженерлік бөлімдер болды. 1854 жылдан арнаулы артиллериялық, инженерлік училищелерге және әскери академияға оқуға түсуге дайындайтын қосымша сынып ашылды. Бұл оқу орнын 20 ғасырдың басында 18 қазақ баласы бітіріп шықты. Олардың арасында кейіннен жолдамамен Санкт-Петербургтегі Императорлық әскери-медициналық академияны бітірген Н.Ипмағамбетов, Д.Күсепқалиев, Х.Досмұхамедов және Ж.Досмұхамедов болды. Училище Кеңес өкіметінің орнауына орай 1918 жылы жабылды.
## Дереккөздер |
Ханша — ханның әйелі. Шыңғыс хан империясы ыдырағаннан кейін пайда болған мемлекеттерде хандардың әйелдері ғана Ханша аталды. Түркі-моңғол ұлыстарында кейде Ханшалар мемлекеттік істерге де араласып отырды. Әсіресе, хан көтеру кезінде өз ұлдарының таққа отыруы үшін түрлі әрекеттер жасады. Елге беделді ақсүйектерді өз жағына тартып, ұлдарын хан етіп тағайындауға үгіттеді. Құрылтайға өз өкілдерін жіберіп, қайтыс болған хан өсиетінің орындалуын қадағалауға ұмтылды. Шыңғыс хан әулетінің тарихына қатысты дерек көздерінде ханның (мысалы: Күйік ханның) әйелдері (Оғыл-Қаймыш, Төлі-гәйхан) есімдеріне Ханша сөзі қосылып айтылады. Кейінгі орта ғасырларда Ханшаны ел құрметтеп ханым деп атады. Бұл сөздің бастапқы мән-мағынасы қазіргі таңда елеулі өзгерістерге ұшыраған. |
ДӘУІТБАЕВА Сара Төлегенқызы (15.9.1933 жылы туған, Қазалы ауданы) – дәрігер. Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері. КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Алматы медицина институтын (ҚазҰМУ) бітірген (1958). 1958 – 1962 ж. Қызылорда қалалық балалар емханасының дәрігері. 1962 – 1991 ж. Қызылорда медицина училищесінің директоры. Дәуітбаева облыстық қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, 7 рет қалалық кеңеске депутат болып сайланған. «Құрмет белгісі» ордені және медальдармен марапатталған. |
Жомарт Байзақұлы Момынбаев (21.7.1972, Жалағаш кенті) – кәсіпкер.
Байұлы тайпасының Алтын руының Мәметек бөлімінен шыққан.
Республикалық медициналық училищені (1990), Алматы мемлекеттік медицина институтын (ҚазҰМУ, 1996), Мәскеудегі Еңбек және Әлеуметтік қорғау академиясын (2000) бітірген. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. (2002). 1996 – 2001 жылдары «VERTEX» АҚ-ның менеджері, 2001 – 02 жылдары «Қазақмыс» корпорациясы Корпоративтік сақтандыру компаниясы» ЖАҚ басқармасының төрағасы, 2002 жылдан бері «VERTEX» АҚ-ның Вице-президенті. Мұнай-газ жабдығы өндірісіне, азаматтық құрылысқа, тауар-материалдық құндылықтармен жабдықтауға, жаңа жобаларға жалпы басшылық жасаған.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты ғылыми мекеме. Бұрынғы Ұлттық ғылым академиясының Шығыстану секторы және Ұйғыртану институты негізінде 1996 жылы 11 қарашада құрылған. Шығыстану институты ғалым Р.Б.Сүлейменов есімімен аталады. Институттың негізгі қызметінің бағыты – Қазақстанның шығыс елдерімен тарихи, мәдени, әлеуметтік-экономикалық және саяси қарым-қатынасы бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу. Институт ғылыми-талдау баяндамаларын, нұсқаулар, мемлекетті мекемелер үшін баяндама-хаттар дайындайды. Үкімет мекемелері мен халықаралық ұйымдарға консалтингтік қызмет көрсетеді. Ол Түркия, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Ресей, Франция, Жапония, Египет, Иран, Моңғолия, Голландия, Үндістан, Корея, Италия, Германия және т.б. елдердің 30-дан астам ғылыми орталықтарымен шығармаларына байланыс жасайды.
Институтта арабтану, ирантану, түркітану секторларынан тұратын Орта және Таяу Шығыс елдері; Орталық Азия, үндітану, моңғолтану секторларынан тұратын Орталық және Оңтүстік Азия; қытайтану, жапонтану, корейтану секторларынан тұратын Азия-Тынық мұхит аймақтары; халықаралық қатынастарды кешенді зерттеу, т.б. бөлімдер мен қытайтану, ұйғыртану орталықтары бар. Онда Қазақстанық шығыстану: саяси-экономикалық және мәдени байланыстар, Түркі халықтарының рухани таным жүйесіндегі ұйғырлардың мәдениеті мен тарихы, Қазақстан мен Орта Азияның мәдениеті мен тарихы жағдайындағы Шығыс және Батыс Еуропа жазба мәлімет көздері, Қазақстан және Шығыс шет елдерінің саяси және әлеуметтік мәдени мәселелері, тіл, Қазақстандағы дін саясаты, қазақтардың ғарыш туралы танымы, Қазақстандағы мемлекет және ислам (тарихи шолу), Түркі сөздігінің фоно-морфо-лексика-семантикалық құрылымы: саралану мәселелері, т.б. көлемді тақырыптарда ғылыми-сарапшылық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Институт ұжымында 14 ғылым докторы, 28 ғылым кандидаты қызмет істейді. Институт Қазақстанның жоғары оқу орындарына оқулықтар мен оқу-әдістемеліктерін, “Мәдени мұра” бағдарламасы бойынша “Түрік, араб, парсы, қытай, моңғол әдебиеттеріндегі Қазақстан тарихы” атты 21 томдық жинақ шығарды. 40-қа жуық шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланыс орнатқан. 2004 ж. институт жанынан ЮНЕСКО-ның “Ғылым және руханилық” кафедрасы ашылды. Институт ғалымдарымен бірнеше ғылыми, ғылыми-көпшілік конференциялар, кездесулер өткізіліп тұрады.
## Еңбектер
Соңғы жылдары төмендегідей еңбектер жарық көрді: «Қазіргі заманғы Шыңжаң және оның қазақ-қытай қатынастарында алатын орны», Өтеміш қажының «Шыңғыснамесі», Қожа Ахмет Йасауидің «Хикметтері» қазақ және орыс тілдерінде, «Орта Азия мен Қазақстанды шетелдік зерттеушілер», «Арғы ата-баба есімдері (Көне түркі ономастикасының шығу тегі мен ерекшеліктері)», «XІV–XІX ғасырлардағы Шығыс Түркістан, Орта Азия және Қазақстан тарихы жайында Қытай деректері мен материалдары», «XV–XVІІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орталық Азия: тарих, саясат, дипломатия» ; халықар. конференциялар материалдары: «Жібек жолы және Қазақстан», «Қазақстандық моңғолтанудың өзекті мәселелері: өткені, бүгіні мен келешегі», «Посткеңестік Шығыс елдеріндегі мемлекет және қоғам: тарих, қазіргі заман, болашақ», «Қазақстан – Үндістан: ежелгі заман, орта ғасырлар және қазіргі заман», «Ислам: тарих және қазіргі заман» ; ұлттық орта мектептерге арналған оқулықтар мен оқу құралдары.
## Дереккөздер: |
Сәрсенбек Әлиакпарұлы Монтаев (15.12.1959 жылы, Шиелі ауданы Ы.Жақаев атындағы ауыл) – ғалым, техника ғылымдарының докторы. (1997 ж.), профессор (1999 ж.), ҚР ұлттық инженерлік академиясының академигі.(2001 ж.). Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын бітірген (1983 ж.). Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтында (қазіргі Қызылорда университеті) оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканының орынбасары, факультет деканы (1991–2005 жж.) қызметтерін атқарды. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық унивенситетінде факультет деканы (2005–2013 жж.), ғылыми-зерттеу институтының директоры (2013–2020 жж.) болды. 2020 жылдан аталмыш университеттің индустриалдық-технологиялық институтының директоры.Негізгі ғылыми бағыты – Қазақстанның табиғи және техногендік шикізатын өңдеу негізінде көп функционалды композиттік материалдарды алудың ресурс және энергия үнемдейтін технологияларын жасау; «Жасыл құрылыс» және ғимараттар мен құрылыстардың энергия тиімділігін арттыру бойынша технол. шешімдерді әзірлеу. Монтаев 5 инновациялық жобаға ғылыми жетекшілік етті. Хирш Индексі – 15-ке тең. Стэнфорд университетінің (АҚШ) сарапшыларының бағалауы бойынша әлемдегі беделді ғалымдардың 2% рейтингіне (Words Тор 2% Scientists) енген. 130-дан астам ғылыми еңбектері,оның ішінде Scopus және Web of Science деректер базасындағы 20-дан астам мақала, 3 монографиясы жарық көрген. 8 авторлық куәлік пен 10 өнертабыс патенті бар. 5 ғылым кандидатын, 3 РһD дайындады.
## Дереккөздер |
Павел Васильевич Волобуев (1.1.1923, Қостанай облысы Таран ауданы Евгеньевка а.) – тарихшы, КСРО Ғылыми Академияның акад. (1990ж.). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1950ж.). Дайындау халкомының өкілі, Қостанай облысы қазіргі Әулиекөл ауданы атқару кызметі төрағасының орынбасары; КСРО Ғылыми Академияның Тарих инсттутында аға ғылыми қызметкер (1955 жылдан), көп томды «КСРО тарихы» басылымын әзірлеу секторының меңгерушісі (1966 жылдан), осы институттың директоры (1969–1974ж.) қызметтерін атқарды. 1974 ж. КСРО Ғылыми Академияның жаратылыстану және техниқалық институтына аға ғылыми қызметкер болды. Оның 200-ден астам ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты Ресей тарихының экон.және саяси-әлеум. мәселелерін зерттеуге арналған. В-тің еңбектері ағылшын, испан, неміс, фин және т.б. тілдерге аударылып, жарық көрген. Ол кезінде Қостанай педогогиқалық институтымен тығыз ғыл. байланыс жасап тұрды.
## Дереккөздер |
Ханшаболған – Торғай алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы және Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігі жерімен ағады.
## Бастауы
Төрткіл (360 м) тауының етегіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзіледі. Есентұр қыстауының тұсында Сарыторғай өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 55 километр, 7 саласы бар, олардың ірілері: Қияқсай, Тоғайрық, Жылқыбай. Жағасының көпшілік бөлігі тік жарлы, аңғары кең. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толығады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында жекеленген қарасуларға бөлініп кетеді. Өзен алабында жайылымдық және шабындық жерлер, қыстаулар (Алтынбек, Есентұр) бар.
## Дереккөздер |
Сейтнәби Мұқашев (1.1. 1930, Жалағаш ауданы, «Бұқарбай батыр» ауылы – еңбек ардагері. Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген (1952). Алғашқы ұстаздық жолын Гурьев (Атырау) облысы, Бақсай ауданы Жаманқала орта мектебінде бастаған. 1952 – 62 жылдары Жалағаш ауданы Ленин атындағы орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі, аудандық комсомол комитетінің хатшысы, аудандық газет редакторының орынбасары, аупарткомның ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болған. 1962 – 64 Қармақшы ауаткомы төрағасының орынбасары, 1964 – 67 жылдары Жалағаш ауд, Жамбыл атындағы ұжымшардың төрағасы, 1968 – 78 жылдары Жалағаш ауаткомының, 1978 – 82 жылдары Тереңөзек ауаткомының төрағасы. 1982 – 85 жылдары Аққұм кеңшарының директоры қызметтерін атқарды. Облыстық кеңестің депутаты болып сайланған. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, Халықтар достығы орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Нәзира Әбенқызы Айтхожина (27.5.1951 , Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы) – биология ғылымының докторы (1992), профессор (1997). Мәскеу мемлекеттік университетінің биология факультетін бітірген (1972). Қазақстан ғылым академиясының Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметпен айналысады. Айтхожина полигенді антибиотик розеофунгиннің микроб және жануарлар жасушаларына әсер ету тетігі екенін дәлелдеді. Айтхожинаның кейінгі еңбектері жеміс-жидек өсімдіктеріне зиянды микросаңырауқұлақтарды молекулярлық-биологиялық тұрғыдан зерттеуге және диагностикалық экспресс-әдістерді жасауға арналған.
## Ішкі сілтемелер
* Биология
* вирусология
* Микробиология
## Дереккөздер |
Мұқан (Мықан) Балтекейұлы (1873, қазіргі Сарысу ауылы (кей деректе Телікөл ауылы, Шиелі ауданы), Ұлытау ауданы, Қарағанды облысы – 1916, Ташкент) – айтыс ақыны. Ауыл молдасынан хат танып, Бұхарадағы Көкілташ медресесінде білім алған. Оның өсиет үлгісіндегі жырлары адамгершілік парасатқа, ұстамдылыққа шақырды. «Ақ сұңқар орнына, Қарға қонып жай алды. Парамен болыс болғандар, Білмейді халықты аяуды» деп кезеңінің кеселін ауыр сынға алды. Ол өлеңдерін шығыстық ғазал үлгісінде жазды. «Ажалмен құтылмайсың қашқаныңмен» деп ақын дүниенің баянсыздығын сопылық поэзия үлгісінде өрнектеді. Оның Нұралымен айтысы, Кете Жүсіп пен Қаңлы Жүсіптің айтысына арналған аралық сөзі сақталған. Ақынның «Есенқабыл, Есенбақ батырға» толғауы эпика жанрындағы құнды дүние. Мұқан мұрасын А.Тоқмағанбетов, Ә.Қоңыратбаев, М.Жармұхамедов, Ж.Әлмашұлы секілді ғалымдар зерттеді.
## Дереккөздер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Моншақты асар – көне қоныс орны. Қармақшы ауданында Сырдария өзені бойында орналасқан. Жетіасар өңіріндегі қалалық қоныстардың бірі. Қаңлы мемлекеті кезеңіндегі қала мәдениеті ескерткіштеріне жатады. Екі-үш қабатты төбе. Ескерткіш қалдықтарының биіктігі 8 м, 18 га жерді алып жатыр. Бекінісі ирек жоспарлы. Б. з. д. 7 ғ – б. з. 8 ғ. аралығын қамтиды. Бірнеше мәдени қабаттардан тұрады. Моншақты асар асар арнайы жан-жақты зерттелмеген. Археологтар С.П. Толстов (1947, 1966) және Л.М. Левина (1970 – 1990) археологиялық зерттеулер нәтижесінде Жетіасар өңірінің мәдени-тарихи өміріне байланысты ішінара ғылыми тұрғыдан пікір айтқан.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Сейсен Мұқтарұлы (22.07. 1946, Жаңақорған ауданы Жетітөбе елді мекені – 1999, Алматы) – ақын, өнер зерттеуші. ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1969). Еңбек жолын 1965 жылы «Жазушы» баспасында түзетушіліктен бастаған. 1971 – 82 жылдары Қазақ Совет экнциклопедиясында аға ғылыми редактор. 1982 – 86 жылдары «Өнер» баспасында редакция меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1992 – 95 жылдары «Жалын» баспасында аға редактор, ҚР Мемлекеттік Орталық мұрағатында ғылыми басылымдар бөлімін басқарды. «Жалын» баспасының тапсырмасымен «Кәмпеске» атты тарихи-анықтамалық кітабы жарық көрген. Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи атындағы Қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы болып қызмет атқарды. Алғашқы өлеңдер жинағы «Бүлдіршін» деген атпен 1967 жылы жарық көрген. «Құм кескен керуен» (1971), «Саптағы сарбаз» (1974), «Тағы бір көктем» (1978), «Нұр тағысы» (1982) өлеңдер жинақтары жарық көрді. Оның «500 сұраққа жауап» атты өнертану, зерттеу кітабы (1990), «Шоқан және өнер» атты ғылыми публицистикалық кітабы және халық суретшісі К.Телжанов туралы тарихи-библиографиялық «Атамекен» атты повесі (1985) баспадан шықты. 1990 жылы жазған «Күн желкен» немесе «Қорқыт ата дастаны», «Қорқыттануға баспалдақ» атты ғылыми-зерттеу еңбегі «Қорқыт ата» энциклопедиялық жинағына (1989) енгізілді. 2001 жылы «Қара шаңырақ» атты лирикалық кітабы жарық көрді.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
«Дидар» фольклорлық-этнографиялық ансамблі – халық шығармашылығын насихаттайтын вокалды-аспапты ұжым. 2000 жылы құрылған. Алғашқы құрамы «хореография және ырғақ» мамандығында оқитын студенттер мен оқытушылардан тұратын бишілер тобы және музыка-педагогика факультетінің ұлт аспаптар ансамблінің өнерпаздарынан тұрды. Қазір ансамбльде 15 биші және 21 музыкант (әнші, домбырашы, қобызшы, саз сырнайшы, даңғырашы, т. б.) өнер көрсетеді. Ансамбльдің репертуары, негізінен халық әндері мен күйлері, ұлттық, халықтық билерден тұрады. Ансамбль 2000 жылы Түркияда, Орал қаласында, 2001 жылы Өскеменде, 2002 жылы Таразда, 2002 жылы Астанада, 2004 жылы Киевте, Астанада өткен халықаралық байқаулар мен фестивальдарға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алған. Ансамбльде халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері Қ. Жәлімбетов, Ш. Бейімбетова, С. Аққұлова, С. Абылаев, Р. Ахметов, А. Шағдатов, А. Ноғайбаева, Г. Мырзабаева, Ж. Юлдашова, Б. Әбсатова, А. Жеңсікбаева, Н. Усманова, А. Қартабаева, С. Әбенова еңбек етеді. |
Жол төсемесі – автомобильдердің жолдың үстімен жыл бойы үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін грунт үстіне салынатын көп қабатты төсеме. Қазіргі кездегі автомобиль жолдарының жол төсемесі үш не одан да көп қабаттан тұрады. Олар түрлі материалдардан (асфальт-бетондар, өңделген және өңделмеген шағыл және қиыршық тастар, қождар, түрлі құмтас қоспалары, өндіріс қалдықтары, т.б.) салынады. Жол төсемесінің басты қабаттары – жамылғы және негіз болып бөлінеді. Жамылғы – жол төсемесінің ең беткі қабаты. Жамылғы берік, ұсақ кедір-бұдырлы (автомобиль дөңгелегімен үйкелісті қамтамасыз ету үшін), бірақ тегіс болуы керек. Ол, сондай-ақ, жоғары температурада пластикалық деформаланбайтын, жарылмайтын, барынша су өткізбейтін болуы қажет. Жамылғының құрамына кейде қосымша қабаттар кіреді. Мысалы, қорғаныс қабаты, тозу қабаты, т.б. Негіз – жол төсемесінің берік бөлігі. Негіз өз алдына бірнеше қабаттан тұруы мүмкін. Оның біртұтас қабаттары созылмайтын, байланыспаған қабаттары ығыспайтын болып келеді. Негіздің жоғарғы қабаттарын төменгі қабатындағылармен салыстырғанда беріктігі жоғары материалдардан салады. Ол материалдар аязға төзімді, су өткізбейтін болуы керек. Негіздің қосымша қабаттары – табиғи-климаттық және топырақтық-гидрологиялық жағдайлары қолайсыз жол бөліктеріндегі негіз бен грунт арасында орналастырылады. Негіздің қосымша қабаттары негіз және жамылғымен бірге жол құрылымының аязға төзімділігін, тез құрғауын қамтамасыз етіп, жол төсемесіне жұмсалатын қымбат материалдарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
## Сілтеме |
Барабы жазығы — Батыс Сібір ойпатында, Обь және Ертіс өзендерінің аралығында жатқан аллювийлі жазық. Ресей Федерациясының Новосибирск және Омбы облыстарының аумағында орналасқан. Ол оңтүстігінде Құлынды даласымен, ал солтүстігінде Васюган жазығымен жалғасады. Тектоникалық жағынан герциндік іргетасының тереңд. 3000 м болатын Ертіс синеклизасына сәйкес келеді. Түпкі жыныстар қалыңдығы 100 м болатын аллювийлік-флювиогляциалдық құмды-сазды жыныстармен жабылған. Жер бедері тегіс, оңтүстігіндегі ойпаңдарда тұщы және тұзды көлдер (Чаны, Уба, Сартлан, т.б.), батпақты-сортаң жерлер, шалғынды жайылмалар бар. Абсолют биіктіктері 110 — 150 м. Климаты тым континенттік. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –19 — 20°С, шілдеде 18 — 19,5°С, кейде 40°С-қа дейін жоғарылайды. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 370 — 500 мм, қардың қалыңд. 30 — 50 см. Барабы жазығының орманды даласы — Батыс Сібір ойпатындағы ауыл шаруашылығы дамыған аудан. Мұнда шабындықтар құнарландырылып, дәнді және техникалық дақылдар егіледі. Жазықтың 300 мың га батпақты жері құрғатылған.
## Дереккөздер |
Жұбатқан Мұратбаев (10.05.1939, Қармақшы ауданы Тұрмағанбет ауылы – 30.9. 2002, Алматы) – жазушы, малдәрігерлік ғылымдарының кандидаты, Қарақалпақстанға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері. Самарқан қаласындағы ауыл шаруашылық институтының малдәрігерлік факультетін бітірген (1961). Бұхар облысының Тамды ауданындағы Шеңгелді малдәрігерлік бөлімінде меңгеруші, 1963 жылы Қарақалпақстан Республикасының «Октябрьдің 40 жылдығы» атындағы совхозда бас мал дәрігері, кейін осы сала бойынша басшы қызмет атқарған. Мұратбаевтың шығармалары 1980 жылдардың басынан қарақалпақ, қазақ, тілдерінде жариялана бастады. Оның «Жесір», «Таң жұлдыздары», «Шынар», «Парасат», «Темірқазық», «Шежіренің шыбығы», т.б. кітаптары жарық көрген. 1990 жылдан қазақ басылымдарында «Шындықты шаң баспайды», «Тәуке ханның бас әзіреті», «Қарабура әулие қайда жерленді», 1998 жылы қарақалпақ тілінде Әйтеке би жайлы «Айыр тілді, әділ үнді адам», 1999 жылы Жалаңтөс баһадүр туралы жазған «Тұран баһадүрі» еңбектері, қазақ тілінде Қарақалпақстанның Нүкіс қаласында оның атында көше бар. Алтай батырға арналған «Алаштың жұлдызы» атты екі томдық кітабы жарық көрген.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Адай биі — қазақтың ұлттық биі.
Негізінен қыздардың орындауына арналған. Би ішекті музыкалық оркестр не жеке домбыра сүйемелімен бастан аяқ жылдам ырғақта (Құрманғазының “Адай” күйінің желісімен) биленеді. Бір бөлімді, музыка өлшемі 2/4. 1968 жылы Мәскеуде өткен би мектептерінің Бүкілодақтық байқауында “Адай” биін (қоюшы — Ш.Б. Жиенқұлова) қазақ бишілері тұңғыш рет орындады.
## Дереккөздер |
Самыркештер, самырсындар (лат. Nucifraga caryocatactes) — торғайтәрізділер отрядының қарға тұқымдасына жататын құстар туысы. Қазақстанның оңтүстік-шығысында (Алтайдан Тянь-Шаньға дейін) таудағы қылқан жапырақты орман алқаптарын мекендейді. Дене тұрқы 35 см-дей, салм. 160 — 180 г. Қауырсыны ақ дақты, күңгірт қоңыр, тұмсығы қара, ұзын, құйрығы қысқа болады. Самырсын құс — отырықшы құс. Орманның қалың жеріндегі ағаш басына ұялайды, түсі теңбіл 2 — 7 жұмыртқа салады да, оны мекиені мен қоразы 20 күндей кезектесіп басып, балапан шығарады. Самырсын құс — пайдалы құс, негізінен самырсын қарағайы мен шырша бүрінің дәнін жейді. Ол дәнді жемдік қор ретінде топырақ арасына көміп қояды, ал бұл орман өрттері болған жағдайларда ағаштардың қайта өсуіне жағдай туғызады.
## Суреттер
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
“Адайдың жеті қайқысы” — 19 ғасырдың 2- жартысы мен 20 ғасырдың бас кезінде Маңқыстау түбегінде өмір сүрген халық өнерпаздары, сал-серілер.
Олар: Өскенбай (күйші-домбырашы, әнші әрі жыршы), Тұрсын (әнші әрі күйші-домбырашы), Әділ (әнші әрі жыршы), Досат, Жылгелді, Тәстемір және Шолтаман (бәрі де әнші болған). Осы жеті өнерпаз жұбын жазбай бірге жүріп,Маңқыстау, Хиуа мен Хорезм аймағын, Жем мен Жайық бойын аралап, өнер көрсеткен. Ешкімге бас имей, өздерін тәкаппар (қайқайып) ұстағандықтан ел ішінде “адайдың жеті қайқысы” атанып кеткен. Бұлардың ішінде Өскенбай шығармалары көбірек сақталған. Сонымен қатар Әділдің екі-үш әннен тұратын бір циклді “Жайма қоңыр” атты музыкалық шығармасы, Досаттың “Досат”, Жылгелдінің “Құнан нар”, Тәстемірдің “Маңқыстау”, Тұрсынның “Оймауыт”, Шолтаманның “Дәлейлім” (“Тал кеме”) дейтін әндері халық арасына кең тараған. “Адайдың жеті қайқысы.” әндерін біздің заманымызға Қ. Қонаршиев, И. Жұмабаев, Қ. Қалмағанбетов, Қ. Нұраханов сынды әншілер жеткізген. Кезінде “Адайдың жеті қайқысының” орындауында “Досат”, “Құнан нар” және “Оймауыт” әнін А.В. Затаевич нотаға түсіріп, “Қазақ халқының 1000 әні” (Орынбор, 1925) жинағында жариялаған.
“Адайдың жеті қайқысы” аталған сал-серілерден жеткен әндерді маңқыстаулық әншілер Қ. Домбаев, К. Тасболатов және І. Шыртанов өз нақыш-өрнегімен орындады.
## Дереккөздер |
Жәнекешов Бисен — ақын, Батыс Қазақстан облысында Кеңес үкіметін орнату жолындағы күреске белсене қатысушы. 1918 жылдан РК(б)Пмүшесі. 1916 ж. Уфа діни медресесін бітіріп, ауылда мұғалімболды. Қазан революциясынан кейін жергілікті жерде Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысты.1918 ж. Қазақтың 1-ұлттықатты әскер полкына өз еркіменқосылды. Қазақ өлкелік соғыскомиссариатының саяси комиссары. 1919 ж. Қазақтың 1-үлгілі атты әскер полкінің сапында Азғыр, Нарын, Күйгенкөл, Шоңай, Қаракөл, Сайқын маңында ақ гвардияшылардың тұрақты әскери бөлімдерін талқандауға қатысты.Бөкей ордасы ауданың бір ауылы Жәнекешов есімімен аталады. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында танымал журналистер үшін Жәнекешов атындағы арнаулы жүлде тағайындалған.
## Дереккөздер |
Зұлпыхар Мұсаханов (ақпан, 1988) – қызметкер. Еңбек жолын 1933 – 38 жылдары аудандық комсомол комитетінің хатшысы болып бастады. 1940 – 46 жылдары Жаңақорған МТС-нің саяси бөлімінің жетекшісі, МТС директоры, аудандық партия комитетінің 2-хатшысы қызметтерін атқарды. 1957 – 62 жылдары Жаңақорған аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1962 – 66 жылдары Қармақшы, Шиелі аудандарының ауыл шаруашылық басқармасының бастығы және аудандық атқару комитетінің төрағасының орынбасары болды. Мұсаханов «Қазақ КСР-не еңбегі сіңген ауыл шаруашылығы шебері» деген құрметті атағын алып, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
ӘЛІМБАЙСАЙ 1 – ерте темір дәуірі қорымы. Талас ст-нан шығысқа қарай 7,5 км қашықтықта, Қырғыз Алатауы жотасында орналасқан. 1988 ж. Жетісу археол. экспедициясының отряды (жетек. Р.Б. Исмагилов) ашқан. Қорымда 80-ге жуық дөңгелене таспен қоршалған қабірлер бар. Қоршаудың ортасы топырақ үйінділерінен тұрады. |
Хиуа хандығының Қазақстанға шапқыншылығы — Хиуа хандығының Сырдарияның төменгі сағасы, Арал маңы мен Үстіртті мекендеген Кіші жүз қазақтарын жаулап алу мақсатында ұйымдастырған жорықтары. 19 ғасырдың басынан бастап Хиуа хандығы қазақ жеріне жорық жасауын күшейте түсті. Хиуа ханы Мұхаммед Рахым тұсында (1806 — 25) хандықтың шекарасы Сырдарияның төменгі саласы мен Арал теңізі маңындағы қазақ қоныстарына жақындады. Хиуа бектері осы жерлерде қорғаныс бекіністерін салып, оны қазақ даласының ішкі жағына қарай кіре түсу үшін алдыңғы шеп ретінде пайдалануға тырысты. 1835 жылы Қуаңдария сыртындағы Құртөбе деген жерге хиуалықтар бекініс салып, онда 200-ге жуық әскер ұстады. Сырдарияның сол жақ беткейіне Қожанияз (осы бекіністі салуға басшылық еткен Хиуа бегінің атымен аталған) бекінісі, одан кейін Жаңақала деген бекіністі қамал салынды. Хиуа ханының қазынасы үшін қазақтардан зекет, ұшыр секілді әр түрлі алым-салықтар жинау мақсатымен Жем өзеніне дейін Кіші жүз жеріне осы бекіністерден әскери жасақтар жіберілді. Хиуа хандары Кіші жүз аумағын өз қол астына қарату мақсатында қазақ сұлтандарын пайдаланды. Оларға хан атағын сыйлаған жарлықтар беріп, қару-жарақ және әскери көмек көрсетті. Қазақ рулары бағынудан бас тартқан кезде Хиуа бектерінің жасақтары бағынбаған ауылдарды шауып, тонап отырды. Мысалы, 1847 жылы наурызда Уәйіс-Нияз бектің жасағы Сыр бойына қоныстанған қазақтардың 1400-ге жуық үйін ойрандады. Сол жылдың тамыз айында Хиуаның 1500 адамдық жасағы Сырдың оң жағасына өтіп, мұндағы қазақ ауылдарына шабуыл жасады. Бұл шапқыншылықта бір мыңнан аса үй талқандалып, тоналды. 1847 жылы тамыздан 1848 жылғы наурызға дейінгі уақыт ішінде Хиуа нөкерлері жүздеген қазақ ауылдарын шауып, 500-дей адамды өлтірді, көптеген адамды тұтқынға алды. Мұндай шапқыншылықтар қазақ руларының хиуалықтарға деген өшпенділігін күшейтті. Бұл шабуылдар Хиуа хандығы Ресей протекторатына айналғаннан кейін тоқтады.
## Сілтемелер |
Шоқан Қазбайұлы Әлімбаев (6.6.1941, Жамбыл облысы Асы темір жол бекеті - 1990) - фантаст-жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1965). "Спорт" газетінде әдеби қызметкер, "Жазушы" баспасында редактор, аға редактор, "Қазақфильм" киностудиясында сценарийлық алқа мүшесі қызметтерін атқарған. Алғашқы әңгімесі 1964 жылы "Простор", "Жұлдыз" журналдарында жарияланған. Әлімбаев фантастикалық әңгіме, повесть, романдардың авторы. Жазушының шығармалары орыс, қырғыз, украин, әзірбайжан тілдеріне аударылған.
## Шығармалары:
* Даналық альфасы. Повесть. А., 1967;
* Даналық формуласы. Роман. А., 1982.
## Дереккөздер |
ӘЛІМБАЕВ Рахманбай (1913, Қордай ауданы Киров кеңшары – 1994, Тараз) – ғалым-агроном. 1939 – 42 ж. Красногор ауданы атқару к-ті төрағасының орынбасары, 1942 – 44 ж. Қызыл Армия қатарында болды. 1944 – 79 ж. Красногор, Меркі, Қордай, Шу аудандарында ауданы атқару к-ті төрағасының орынбасары, ұжымшар төрағасы, кеңшар директоры болып істеді. Осы жылдарда аудандардың шаруашылықтарының табысын арттырып, олардың жан-жақты дамуына үлкен үлес қосты. Ленин, Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған. |
Надежда Николаевна Самышина (30.9.1903, Баку — 21.3.1994, Алматы) — әнші (лирикалы-колоратуралық сопрано), Қазақ КСР-інің халық әртісі (1947). 1930 жылы Баку консерваториясын (профессор Н.И. Сперанскийдің класы бойынша) бітірді. Алғашқы еңбек жолын аталмыш консерваторияда оқып жүрген жылдары (1928 — 30) ассистент болудан бастаған. Ол 1932 — 38 жылдан Ресей қалаларының (қазіргі Самара, Иваново, Ярославль, Пермь, Саратов) опера және балет театры құрамында, ал 1938 жылдан Алматыда Қазақтың мемлекеттік академемиясында опера және балет театрында (1938 — 57) соло-әнші болып қызмет етті. Осы театр сахнасында қойылған орыс және батыс Еуропа композиторлардың классик. операларында негізгі кейіпкерлердің сахналық бітім-болмысын өзіне тән әсем лирик. даусымен әдемі кестеледі. Осындай опералық партиялар қатарында Антонина (Д.Б. Кабалевский “Тарастың отбасы”), Маро (З.П. Палиашвили “Даиси”), Татьяна (П.И. Чайковский “Евгений Онегин”), Антонида, Людмила (М.И. Глинка “Иван Сусанин” және “Руслан мен Людмила”), Қарлы ханым (Н.А. Римский-Корсаковтың осы аттас операсы), Маргарита (Ш.Гуно “Фауст”), Лакме, Чио-Чио-сан (Л.Делибтің және Дж.Пуччинидің осы аттас опералары), Дездемона, Джильда, Виолетта (Дж.Верди “Отелло”, “Риголетто” мен “Травиата”), т.б. бар. 1948 жылдан Алматы музыка училищесінде, ал 1952 — 64 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында пед. қызметпен (1960 жылдан доцент) шұғылданды. Шәкірттері — А.Байқадамова, Б.Төлегенова, Н.Нүсіпжан, Н.Шәріпова, В.И. Финогенова, Н.Д. Юмашева, т.б. “Құрмет белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Ұлтарақ — аяқ киім ішінен табанға салынатын төсеніш. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлтарақ киізден жасалынған. Ол табаннан суық өткізбейді, аяқты терлетпейді. Қазақ шеберлері Ұлтарақты етікке салмай тұрып, оның алдыңғы жағын, яғни жол бағытына қараған басын бойлата тілген. Бұл аяқ киім иесінің “жолын ашу” үшін жасалынған тәмсіл.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 9 том. |
Мұратбаев ескерткіші – монументті өнер туындысы. 1975 жылы Қызылорда қаласында Қазақстан мен Орта Азиядағы жастар қозғалысының көрнекті қайраткері Ғ. Мұратбаевқа орнатылған. 2002 жылы маусым айында 100 жылдығына орай қайта өңделіп, темір жол вокзалы алдындағы алаңға ауыстырылды. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 5 м. Мүсіннің биіктігі – 2,5 м, тұғырдың биіктігі – 1,85 м. Тұғыры бетоннан жасалып, оның сырты ақ мрамор плиталармен қапталған. Авторлары: сәулетшілер: Сапарғалиев, Ускова.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Мұстафа Шоқай ескерткіші – монументті өнер туындысы 1991 жылы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында (қазіргі М. Шоқай ауылы) Алаш қозғалысы көрнекті қайраткері. М.Шоқайға орнатылды. Ескерткіш гипстен құйылып, сырты мыс қаңылтырмен қапталған. Биіктігі – 2,5 м, тұғырының биіктігі 2 м.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Жұмахан Сүлейменұлы Мұстафаев (11.2.1950, Жаңақорған ауданы, Ынтымақ ауылы) – ғалым, топырақтану ғылымдарының докторы. (1992), профессор. Жамбыл су-құрылыс институтының гидромелиорациялық факультетін бітірген (1972). 1972 жылдан осы институттың топырақтану және егіншілік кафедрасында кіші ғылыми қызметкер, аспирант, оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектерінің бағыты топырақ мелиорациясы, ауыл шаруашылық дақылдарынан өнім алудың техникасын алдын-ала жобалау, суарудың әдісін жетілдіру, тұзданған жерлерді игерудің теориялық негізі және ауыл шаруашылығындағы суармалы жерлердің экологиясын жақсарту тақырыбына арналған. В. Докучаев атындағы медальмен марапатталған. 150-ден астам ғылыми еңбек пен 3 кітаптың авторы.
## Дереккөздер
## Cілтемелер
* мелиорация
* гидромелиорация
* В. Докучаев |
Балдырған Мұстафаева (1939 жылы, Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Қараөзек ауылы) – 2006 жылы, Сырдария ауданы – еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (19.02.1981 ж.). 15 жасынан еңбекке араласқан. 1960 – 1962 жылдары Қызылорда қаласындағы картон комбинатында жұмыс істеп, 1962 – 1970 жылдары "Қазақстанның 50 жылдығы", 1970 – 1988 жылдары «Шіркейлі» кеңшарларында күріш звеноларында жетекшісі, 1989 – 1990 жылдары жүгері звеносының жетекшісі болды. Еңбек Қызыл Ту (1974 ж.), Ленин (1976 ж., 1981 ж.) ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған. Есімі Қазақстанның «Алтын кітабына» жазылған.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Алексей Николаевич Харузин (12 наурыз 1864, Таллин – 8 мамыр 1932, Мәскеу) – этнограф ғалым, археолог әрі антрополог.
## Өмірбаяны
* Мәскеу университетің физика-математика факультетін бітірген (1889).
* 1892 жылы Дерпт университетінде зоология магистрі дәрежесін алған.
## Ғылыми жұмыстары
Студент кезден-ақ Кавказ, Қырым, Босфор, Бөкей Ордасына шыққан ғылыми экспедицияларға қатысқан. Ресейдің түрлі халықтарының, соның ішінде қазақтардың антропологиясы мен палеоантропологиясын, этнографиясын ден қоя зерттеген.
* 1887–1988 жылы Бөкей даласына барған сапары Харузинге қазақ халқының этнографиясы мен антропологиясы бойынша мол деректер берді. Бөкей ордасындағы қазақтардың рулық және қоғамдық жағдайларына, отбасы қатынастарына, сот өндірісіне және сот құрылымдарына, діни көзқарастарына, ән-жырларына, ойын-сауықтарына, тұрмыстық ерекшеліктеріне кең орын берді.
Бұл саладағы оның негізгі еңбектері:
* «Бөкей Ордасының қорғандары»
* «Бөкей Ордасының картасы жөніндегі ескертпелер»
* «Дала очеркі», сондай-ақ
* «Бөкей Ордасының қазақтары» монографиясы, тағы басқа.
## Дереккөздер |
ӘЛІМБАЙСАЙ 2 – ерте темір дәуір қорымы. Талас ст-нан шығысқа қарай 8 км. қашықта, Қырғыз Алатауы жоталарына барып қосылатын дөңесте орналасқан. 1988 ж. Жетісу археол. экспед-ның отряды (жетек. Р.Б. Исмагилов) ашқан. Қорым 19 қорғаннан тұрады. Осы қорғандардың екеуі топырақ пен тастың үйіндісінен тұрғызылған. Қалғандары таспен дөңгелене қоршалған. Кейбір қорғандардың топырақ үйінділері тегістеліп, тек тас қоршаулары ғана қалған. Қорғандардың диам. 3 м-ден 1 см-ге дейін ауытқиды. Топырақ үйінділерінің қазіргі кездегі ең биігі 0,7 м. |
Тасжаңғақ (Aflatunіa) – раушангүл тұқымдасына жататын бұта немесе аласа ағаш. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Көксу өзенінің бойында кездесетін 1 түрі – кәдімгі тасжаңғақ (А. ulmіfolіa) бар. Ол тау беткейлері мен жырғаларда, шырша және жалпақ жапырақты ормандар арасында (1500 – 2500 м биіктікте) өседі. Биіктігі 3 – 5 м, тарбиған бұтақтары мен көптеген бұтақшалары бар. Қабығы сұрғылт, сұрғылт-қоңыр түсті. Жапырақтары қысқа сағақты, дөңгелек пішінді, ұзындығы 2 – 4 (6) см, жиегі ара тісті тілімделген, өркенге кезектесіп орналасады. Тостағанша жапырақшаларының түтігі цилиндр тәрізді (ұзындығы 3 – 5 мм). Күлтесі қызғылт түсті, оның ұзындығы 6 – 10 мм. Тұқымымен және вегетативті жолмен көбейеді. Сәуір айында гүлдеп, маусым – шілдеде жеміс салады. Жемісі – қызыл түсті, домалақ сүйекше. Жетісу (Жоңғар)Алатауынан жиналған тұқымынан Алматыда 1957 жылдан бастап өсіріледі.
Кәдімгі Тасжаңғақ – сәндік өсімдік, оны шабдалы мен бадамның телітушісі ретінде де пайдалануға болады. Өте сирек кездесетін реликт түр ретінде қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Kәдімгі тасжаңғақ
* Шегіршінжапырақ тасжаңғақ |
«Мұхаббатнаме» – жазба ескерткіш. Еңбек 1353 жылы Сыр бойында жазылған, авторы Хорезми. Туынды 473 бәйіттен (946 тармақ) тұрады: 156 бәйіті (312 тармақ) парсыша, 317 бәйіті (634 тармағы) қыпшақ-оғыз тілдерінде. Біздің заманымызға «Мұхаббатнаменің» екі нұсқасы жеткен: бірі – араб (1508 – 09), екіншісі – ұйғыр (1432) жазуымен жазылған. Екеуінің де түпнұсқасы Лондондағы Британ музейінде сақтаулы. Сонымен қатар 1971 жылы Стамбұл кітапханасынан арабша екі көшірмесі табылды. Бұл көшірмелер жырдың толық нұсқасы емес, жеке үзінділері ғана. Дағстанды В.В. Бартольд (1924), А.Н Самойлович (1928), Ә.Нәжіп, т.б. ғалымдар зерттеп, А.М. Щербак орыс тіліне аударды. «Мұхаббатнаме» 1954 жылы орыс тілінде (Т.Жололов), 1985 жылы қазақ тілінде (А.Қыраубайқызы) басылды. Дастанда Хожа бек атына дәріптеу, мадақ сөздері айтылғанымен, тұтастай махаббат тақырыбын жырлауға арналған хаттар жинағы деуге болады. Еңбекте бүгінге дейін құнын жоя қоймаған философиялық, эстетикалық ойлар көп кездеседі. Жырда сопылық поэзияға тән – жар, отқа ұмтылған көбелек, теңіз бен тамшы, бұлбұл т.б. астарлы мәні бар ұғымдар кездеседі. «Пақырлықта азға қанағат ете білсең, Сонда өзіңе шаһ һәм әмірсің» немесе «Өтті өмір құмарлықпен өзіңе, қанша жүзбек адам дария ішінде» секілді сопылық таным аясындағы ой-түйіндердің молдығы шығарманың орта ғасырдағы түркі жазба жәдігерліктері арасында шоқтығы биік еңбек екендігін танытады.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Барақ Жанұзақұлы (шамамен 1696, кейбір деректерде 1722, қазіргі Қостанай облысы Жангелді ауданы Алдияр ауылы — өлген жылы белгісіз, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы) — батыр. Әкесі Жанұзақ Қарабалуан есімімен мәшһүр болған түйе балуан. Барақ Жанұзақұлы 1740—1758 жылдары қазақ жерін қалмақ басқыншыларынан азат ету жолындағы шайқастарға қатысқан. Батырлығымен қатар емшілік, көрегендік қасиеттерімен де халыққа кең танылған. 1996 жылы Қостанай өңірі Барақ Жанұзақұлының үш жүз жылдық мерейтойын атап өтіп, батырдың ұрпақтары басына ескерткіш күмбез орнатты.
* Барақ Жанұзақұлы (Қарабалуанұлы) - батыр (1700-1793). Емельян Пугачев бастаған шаруалар соғысына, одан кейін Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысына қатысып, батырлығымен аты шыққан. Оны халық қара күштің иесі деп таныған. Барақ Қарабалуанұлы Дәуітбай Жәнібекұлымен қатар Абылай ханның қосынында болып, ханның сенімін ақтаған. Барақ батыр көріпкел, сәуегей болжаушы, емшілік-тәуіптік қасиеті де болған екен. Оған тәуіпшілік шешесі Жасқаннан берілген. Барақ батырдың кесенесі Сарыкөл ауданынан 10 км жерде жатыр.
## Дереккөздер |
Ойсаз бұлақтары – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстігіндегі, Текеліден солтүстік-шығысқа қарай 22 км жердегі, Ойсаз өзенінің аңғарындағы бұлақтар тобы.
## Химиялық құрамы
Суы тұщы, минералды 0,15 – 0,5 г/л. Химиялық құрамы негізінен гидрокарбонатты, сульфатты натрийлі. Су құрамында кремний қышқылы (70 – 85 мг/л), фтор (10 – 15 мг/л), күкіртсутек (2 – 25 мг/л), радон бар. Су температурасы жазда 30 – 35°С, қыста –20 – 25°С болады. Әр бұлақтың тәуліктік су өнімі 15 – 30 м3.
## Шипалық қасиеттері
Ойсаз бұлақтары суының құрамы мен шипалық қасиеттері жағынан Алмаарасан шипалы бұлақтарына өте ұқсас.
## Қосымша мәлімет
* Қазақстанның көрікті жерлері
## Дереккөздер |
Абай Ахметқалиұлы Айтмұхамбетов (5.12.1943 , Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Бурабай ауылы) – физика-математика ғылымының докторы (1992), профессор (1998), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1995). ҚазМУ-дың (1969, қазіргі ҚазҰУ) физика-математика факультетін және аспирантурасын (1975) бітірген. Оқытушы, доцент, физика-математика факультетінің деканы (1969–87), Қызылорда педагогика институтының ректоры (1987–92) қызметтерін атқарды. 1992 жылдан Көкшетау университетінің ректоры. Айтмұхамбетовтың 150-ге жуық ғылыми мақаласы мен 3 монографиясы (шет ел басылымдарында) және 70 ғылыми еңбегі жарық көрген.
## Сыртқы сілтемелер
* Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Мұрағатталған 17 мамырдың 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Толымбек Әлімбекұлы (18.3. 1954, Жуалы ауданы Шақпақ ата ауылы) – сатирик, Қазақстан жазушылар одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген (1974). 1974 – 89 ж. Жамбыл ауданы «Шұғыла – Радуга», облысы «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол»), газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі. Қордай ауданы «Коммунизм жолы – Путь к коммунизму» (қазіргі «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк») газеті редакциясында редактор, «Ара-Шмель» сатиралық журналында бөлім меңгерушісі, Қазақ теледидарында бас редактор қызметін атқарды. «Қарлығаш», «Алтыбақан», «Күлеміз-ау», «Тамаша», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «О, несі-ей?», «Когда солнце смеется» секілді жинақтарға сатиралық өлең-әңгімелері енген. Р.Белецкийден, Ф.Буляковтан, М.Задорновтан тәржімаланған комедиялары М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында қойылды. 1997 ж. «Ләм-мим» деп аталатын әңгімелер жинағы жарық көрді. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
## Дереккөздер |
Кәукей — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Қызылқұм ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік–батысқа қарай 95 км-дей жерде, Сырдарияның ежелгі арнасы – Қуаңдарияның төменгі ағысында, Бозкөл шығанағының оңтүстік жағалауындағы қамыс, құрақ өскен сортаң топырақты шөлді белдемде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1500 адам (758 ер адам және 742 әйел адам) болса, 2009 жылы 1220 адамды (619 ер адам және 601 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1963 – 97 жылдары қаракөл қой шаруашылығымен айналысатын Қызылқұм кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан Кәукейде “Бозкөл” ЖШС-гі және 18 шаруа қожалығы ұйымдастырылды.
## Инфрақұрылымы
Орта, бастауыш мектептер, кітапхана, мәдениет үйі, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Ғафур Мұхамеджанов (01.07.1924 жылы, Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылы –03.03.2007 жылы, Қызылорда қаласы) – соғыс ардагері, қызметкер. Алматы жоғары партия мектебін (1951 ж.), Қызылорда педагогикалық институтын (1959 ж.) бітірген. 1941–1942 жылдары бастауыш мектепте мұғалім болып істеген, 1943–1945 жылдары 2-дүниежүзілік соғысына қатысқан. 1945–1970 жылдары Шиелі ауданы комсомол комитетінің хатшысы, ауаткомның бөлім меңгерушісі, ауатком төрағасының орынбасары, төрағасы, тораптық партком хатшысы, Шиелі аупарткомның бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1970–1975 жылдары Жаңақорған аупарткомының 1-хатшысы, 1975–1985 жылдары Қызылорда обкомының әкімшілік және сауда-қаржы органдары бөлімінің меңгерушісі, облатком төрағасының 1-ші орынбасары болды. Обком мүшесі, аудандық, облыстық кеңестердің депутаты болып сайланған. 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен, ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен және медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.Есімімен Шиелі кентіндегі бір мектеп (2014 ж.), Жаңақорған ауданында және Қызылорда қаласында (2022 ж.) көшелер аталған.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Жолымбет Бортоғашұлы - (шамамен 16 ғасырдың басы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы – 17 ғасырдың ортасы) – батыр. Кіші жүз құрамындағы байұлының бір тармағы тана руынан шыққан. Кейбір әдебиеттерде Жолымбет батыр есімі ағасы Жиембет жыраумен қатар айтылады. Ел арасында “алшын Жолымбет” атанған. Есім ханның Ташкент, Бұхара, Самарқан қалаларына жасаған жорықтарына қатысқан бас батырлардың бірі. Қ.Есенберлиннің “Жанталас” романында “Кіші жүздің таңдаулы қолын басқарған” Жолымбет батырдың да есімі аталып өтеді.
## Сілтеме |
Сатыбалды Аймағанов, Аймұхамедов (1882, Біржан сал ауданы — 1962) — халық ақыны, жырау.
## Өмірбаяны
Арғын арасындағы Қаңлы руынан шыққан.
* Халықтың ауыз шығармашылығын жинап және оны таратушы, дастандар шығарушы, додалы айтыстарға қатысқан. Белгілі дастандары:«Айсары-Шорман»«Таттыбай мен екі батыр»«Азамат ерлер».
* «Айсары-Шорман»
* «Таттыбай мен екі батыр»
* «Азамат ерлер».
* 1946 ж. Тіл және әдебиет институты ұйымдастырған Ақмола облысы бойынша экспедиция мүшелеріне Аймағанов «Айсары-Шорман» дастанын орындап берді.
* Шығарманының толық мәтіні М.Әуезов атындағы ҚР ҰҒА Әдебиет институты қорында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Ұлтаралық банк — түрлі елдерде, түрлі аяларда, түрлі валюталармен операциялар жасайтын әмбебап тұрпаттағы халықаралық қаржы-несие кешені. Ұлтаралық банк өнеркәсіптік монополиялармен біте қайнасуы арқасында несие капиталдары мен көрсетілетін несие-қаржы қызметінің әлемдік нарығын экономикалық бөлісуге нақты қатысады.
## Несие
Ұлтаралық банкінің несие капиталдарының әлемдік нарығын монополияландыруы оның орталықтандырылған басшылықтың, бас мекеменің бірыңғай стратегиясы мен тактикасы арқасында өзінен ірілігі төмендеу банкілерге өктемдігін жүргізуіне мүмкіндік береді. Қарызгерлердің несие капиталдарының әлемдік нарығына қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі әрі сараланған. Бұл нарықтағы негізгі қарызгерлер — ұлтаралық корпорациялар, үкіметтер, халықаралық валюта-несие және қаржы ұйымдары. Ұлтаралық банк халықаралық операциялардың негізгі көлемін шоғырландырып отырған әлемдік қаржы орталықтарына ден қоюда. Ұлтаралық банкінің заңи қатынастар тұрғысынан дербестігі жоқ шетелдік бөлімшелері өздерінің міндеттемелері бойынша толық жауапкершілік жүктелетін құрылтайшы-банкілердің құрамдас бөліктері болып табылады. Шетелдік желіні қалыптастырудың қаржылық әдісі Ұлтаралық банкінің шетелдік несие-қаржы компанияларының капиталын бақылауына мүмкіндік береді. Толық бақыланатын компанияның меншікті жарғысы, капиталы және өзінің фирмалық жеке атауы болады, теңгерімді құрылтайшыдан бөлек жүргізеді.Алайда бүкіл пайданы өзінің құрылтайшысына аударуға міндетті. Сыртқы саудаға емес, басым түрде капитал айырбасына қызмет көрсету Ұлтаралық банк теңгерімінің актив жақтарына да, пассив жақтарына да әсерін тигізеді.
## Депозит
Депозиттердің елеулі үлесі несие капиталының жалпы қорын Ұлтаралық банкінің өзінің шегінде қайта бөлу есебінен депозиттердің едәуір үлесі құралады, бұл шектің ауқымы кейіннен банкінің өз ішінде тарыла түседі. Ұлтаралық банк стратегиясы сыртқы сауда айырбасы арқылы қосымша құнды іске асыруға қызмет көрсетумен тұйықталмайды, қайта несиелендіруді Ұлтаралық банк капиталының айналымының барлық сатыларымен байланыстырады. Ұлтаралық банкінің ұлғая түскен белсенділігінің негізгі бағыттарының бірі — эмиссиялық-құрылтайшылық және делдалдық іс. Ұлтаралық банк халықаралық биржа саудасының аса ірі орталықтарында — Нью-Йоркте, Лондонда, Токиода операциялар жүргізеді; ұлтаралық корпорациялар, үкіметтер, мемлекетаралық ұйымдар, халықаралық банкілердің өздері үшін ірі мөлшердегі қарызхаттарды (заемдарды) шығарып, орналастыру мақсатымен Ұлтаралық банкінің халықаралық эмиссиялық консорциумдарға, бірқатар банктердің бірлестіктеріне енуі кеңінен таралған. Ұлтаралық банкінің инвестиц. стратегиясына алуан түрлі эмиссиялық-делдалдық операциялар жатады: олар халықаралық қарызхаттар шығару, өз есебінен немесе клиенттердің тапсыруымен бағалы қағаздармен сауда жасау, инвесторларға ақыл-кеңес беру, бағалы қағаздар бағамының қозғалысындағы ұзақ үрдістерді зерттеу. Зейнетақы қорлары мен басқа да қорларды сенімгерлікпен басқару операциялары Ұлтаралық банк үшін халық топтарының табысына жол ашады, бөлшек сауда қызметтерін көрсету нарығындағы қызметін жандандырады.
## Тағы қараңыз
* Экономика
## Дереккөздер |
Серікхан Абдоллаұлы Байтілен (1.1.1944 жылы туған, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылы) – тарих ғылым докторы (2000). профессор (1999). Жамбыл технол. институтын (1967) және Алматы жоғары партия мектебін (1977) бітірген. Жамбыл астық комб-тында цех бастығы, қалалық, облысы комсомол комитеті хатшысы, облыс партия комитеті жанындағы Ағарту үйінің меңгерушісі, Қаратау қ-лық партия к-тінің 2-хатшысы, Тараз мемл. университетінде кафедра меңгерушісі және профессор, осы университеттегі «Ежелгі Тараз» ғылыми-зертханалық ортаның меңгерушісі қызметтерін (1967–99) атқарады. «Кеңес өкіметінің Қазақстандағы аграрлық саясаты: экстенсивті бағыт және тұралау (1965–1990 жылы)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.alashainasy.kz/last_dates/16996/(қолжетпейтін сілтеме)
* http://thenews.kz/2010/11/22/620280.html Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* http://qogam.kz/sen-tugan-kun/1-kantar/(қолжетпейтін сілтеме)
* http://old.kaztrk.kz/news/policy/newsdetial.php?ELEMENT_ID=6937 Мұрағатталған 10 наурыздың 2016 жылы.
* http://old.kaztrk.kz/news/policy/newsdetial.php?month=05&year=2010&ELEMENT_ID=6937 Мұрағатталған 10 наурыздың 2016 жылы.
* http://www.tarmpi.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=63&Itemid=90&lang=kz(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Жараспай — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Жараспай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Нұра кентінен оңтүстік-батысқа қарай 55 км жерде, бетеге, сұлыбас өскен карбонатты қоңыр топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1930 жылы қаланған. 1934 жылдан “Октябрьдің 17 жылдығы” атындағы кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан серіктестік және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Жарасбайда орта мектеп, клуб, кітапхана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Мұхаммед әл-Женди (туған-өлген жылы белгісіз) – діни ғұлама. Жент қаласында дүниеге келген. Тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты әулетімен қазіргі Түркия жеріне қоныс аударған. Түрік зерттеушісі Садр әд-Дин Мұхаммед бин Исхақ әл Кунауидің «Иғджаз әл-байан фи шарх бағд асрар умм әл-Куран» («Құранның кей құпия тұстарына жасалған түсіндірмесін мазмұндау») атты еңбегін автордың көзі тірісінде көшіріп шыққан. Құранның беташар сүресіне («Құран анасы» деп аталатын әл-Фатиха сүресі) арналған әл-Кунауи тәпсірі ойының айқындығымен, сөйлемдерінің ықшамдығымен, дәйектемелерінің дәлдігімен ерекшеленді. Мұхаммед әл-Женди көшірмесі Ташкенттің Қолжазба институты қорында сақтаулы.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Рахман Алшанов (13.9.1947 ж.т., Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы) – экономика ғылыми доктор (1992), Қазақстан Республикасының Инж. академиясының академигі (2000). ҚазМУ-ды бітірген (1974). Осы университеттің философо-экономикалық факультетінде аға оқытушы, доцент, аға ғылыми қызметкер, декан (1974–1988), Республика мәдениет қызметкерлері біліктілігін жетілдіру инcтитутының ректоры (1988–1992), Қазақстан мәдениет қызметкерлерінің шығармашылы0 ортасының төрағасы (1991–94), Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылм Академиясының Сыртқы экономика байланыстар орталық директорының орынбасары (1992–93), «Тұран » университетінің ректоры (1992), ал 1999 жылдан Қазақстан білім беру мекемелері ассоциациясының президенті қызметтерін атқарады.
## Шығармалары
Алшановтың 39 ғылыми еңбегі, оның ішінде бірқатар кітаптары («Диалектика экономических противоречий и диалектические циклы экономического развития», «Теория противоречий и проблемы ее развития») жарық көрген.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Рахман АЛШАНОВ, президент Ассоциации вузов РК
* Biografia.kz - Государство - Образование - Алшанов Рахман Мұрағатталған 8 маусымның 2011 жылы. |
Әлия Ғафурқызы Мұхамеджанова (17.06.1963, Шиелі кенті) – ғалым, экономика ғылымдарының докторы.(1998 ж.). ҚазМУ-ды (ҚазҰУ) бітірген (1985 ж.). 1985–1991 жылдары Қызылорда педаогикалық институтының(Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті) саяси экономия кафедрасында оқытушысы, ҚазМУ-дың аспиранты, 1991 жылы «Парасат-Самэкс» фирмасының ғылыми кеңесшісі, 1992 жылы Қазақ КСР ҒА Экономика институтында ғылыми қызметкер, 1993–2004 жылдары Қызылорда мемлекеттік университетінде экономика пәндер кафедрасының аға оқытушысы, менеджмент, бизнес және нарықтық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, экономика факультетінің деканы, осы университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры. 2004 –2008 жылдары Біліктілікті көтеру және ақпараттық технологиялар институтын басқарып, Қызылорда облысы әкімдігінде жауапты қызметтер атқарған. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару академиясының мемлекеттік басқаруды жаңғырту орталығының басшысы, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру, мемлекеттік және жергілікті басқару институттарының директоры, мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің директоры, оқу ісі жөніндегі вице-ректоры, «Нұр Отан» ХДП Жоғары партия мектебі директорының орынбасары, Мемлекеттік басқару академиясының ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-ректоры (2008–2022 жж.) болған.Қазір жеке білім беру-консалтингтік компаниясын басқарады.2004 жылы Сорос қоры – Қазақстан «Ауылдық округтер әкімдерінің кәсіпкерлермен ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру» жобасы бойынша грантын ұтып алды. Оқыту үдерісіне сапа менджменті жүйесін енгізу мәселелерімен, оқыту үдерісін несие технологиясы бойынша ұйымдастырумен шұғылданады, «Этникалық қатынастарды басқаруды оқыту» жобасына қатысқан, АҚШ-тың Экономикалық білім беру жөніндегі Ұлттық Кеңесінің грантын жеңіп алған. Халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері. Вена дипломатиялық академиясында (Австрия) білім беру менеджменті бойынша тағылымдамадан өткен.60 ғылыми еңбегі, соның ішінде 1 монографиясы, 5 оқу құралы жарық көрді.
## Дереккөздер
## Cілтемелер
* Экономика
* Парасат-Самэкс
* Сорос |
Ойсылқара, Сармырза – Ор алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Хромтау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 113 км, су жиналатын алабы 1900 км2.
## Бастауы
Хромтау қаласының батысындағы бұлақтардан басталып, Қопа ауылының тұсында Ор өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Суы тұщы. Әрқайсысының ұзындығы 10 км шамасында 15 саласы бар. Жайылмасы шабындыққа пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Бекентай Мүсәпіров (1910, қазіргі Қарағанды облысы Қу болысы (қазіргі Қарқаралы ауданы) – 26.7.1961, Қызылорда қаласы) – мемлекет және қоғам қайраткері.
## Өмірбаяны
* Мәскеудегі Жоғары партия мектебін бітірген (1951).
* Еңбек жолын Павлодар облысындағы Учлеспромхозда және тақтай кесетін зауытта жұмысшы болып бастаған.
* 1930–34 жылдары жұмысшылар факультетінде оқыған.
* 1935 – 36 жылдары Алматыда Халық шаруашылығының санағының аудандық нұсқаушыларын даярлайтын курста оқыды.
* 1936 – 42 жылдары Семей облыстық Белағаш ауданы Халық шаруашылығы санағы мекемесінің нұсқаушысы
* Қызылорда облыстық халық шаруашылығы санағының бастығы болып істеді.
* 1942 – 46, 1947 – 48, 1951 – 54 жылдары еңбекшілер депутаттарының Қызылорда облысы Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары
* 1946 – 47 жылдары Жалағаш ауданы атқару комитетінің төрағасы
* 1954 – 60 жылдары Арал, 1960 – 61 жылдары Қазалы ауданы партия комитеттерінің 1-хатшысы қызметтерін атқарды.
## Марапаттары
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Ұлтаралық Қаржы-Өнеркәсіптік Топтары— қатысушылары арасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің құзыретіндегі, аталмыш мемлекеттердің аумағында оқшауланған бөлімшелері бар, не олардың аумағында күрделі жұмсалымды жүзеге асыратын заңды тұлғалардан құралатын қаржы-өнеркәсіптік топтар. Ұлтаралық Қаржы-Өнеркәсіптік Топтары құрылған жағдайда үкіметаралық келісім негізінде оларға мемлекетаралық (халықараралық) қаржы-несие топтары мәртебесі беріледі. Мемлекетаралық қаржы-несие топтарын құрудың, таратудың, олардың қызметінің ерекшеліктері аталмыш келісімдерде белгіленеді. Мемлекетаралық қаржы-несие топтарына қатысушылар үшін ұлттық режим өзара қарым-қатынас негізінде үкіметаралық келісімдерде белгіленеді. Оларға ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен және шарттармен осы қаржы-несие топтарының қызметі шеңберінде шекарадан өткізілетін тауарлар бойынша кеден жеңілдіктері берілуі мүмкін.
## Тағы қараңыз
* Экономика
* Саясат
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 9 том. |
Бақытжан Хасанов (21 желтоқсан 1937 жылы туған, Атырау облысы Индер ауданы Қаңбақты ауылы) – филология ғылымдарының докторы (1994).
## Өмірбаяны
* ҚазМУ-ды (1960, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
* Осы оқу орнында жұмыс істеді.
* Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтында қызмет атқарған.
* Қазақ КСР-і Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитетінде еңбек етті.
* «Мектеп» баспасында қызметтер атқарды.
* 1993 жылдан бастап Тілдік даму стратегиясы зерттеу орталықтарының директоры болды.
## Ғылыми еңбектері
* 170-тен астам ғылыми жарияланым мен 8 монографияның авторы.'
## Дереккөздер |
Хан патшалығы (қыт. 漢朝, кейде Хан империясы) — Қытайдағы Хан әулеті құрған мемлекет (бзд. 206 ж — бз. 220 ж)
Хан патшалығы құрылған кезден бастап өзінің қарулы күзеті бар “күшті үйлердің” жер иеліктері пайда болды. Хан патшалығында ірі сауда орт-тары (Лоян, Чэнди, Хандан, Линцзы) күшейіп, тауар-ақша қатынастары, сыртқы және ішкі сауда дамыды. У-ди патшалық еткен кезде (бзд. 140 — 87 жылы) қалпына келтірілген және өзгеріске ұшыраған конфуциандық ілім үстем ресми идеология болып танылып, монархиялық биліктің тірегіне айналды. Хан билеушілері көршілес халықтарға қарсы ұзаққа созылған басқыншылық соғыстар жүргізді. Жоңғария мен Шығыс Түркістан арқылы батысқа қарай Еуропа мен Таяу Шығыс елдеріне дейін жететін “Ұлы Жібек жолы” ашылды. Вьет мемлекеті — Намвиет — Аулак (қазіргі Гуандунь провинциясы, Гуан-си-Чжань автономия ауданы мен Үндіқытай түбегінің солтүстік), қазіргі Чжэцзян мен Фуцзян провинцияларының оңтүстік бөлігі, Корей мемлекеті — Чосон (Чаосянь) жаулап алынды. Дегенмен, ұзаққа созылған соғыстар және ішкі тақ тартыстары салдарынан Хан патшалығында халықтың тұрмысы нашарлап, әлеуметтік қарама-қайшылықтар шиеленісе түсті.
Тақты басып алған Ван Ман (9 —23 жылы билік етті) жерге жеке меншікті жоюға әрекеттеніп, құл сатып алуға, сатуға тыйым салды, басқа да реформалар жүргізді. Алайда оның реформалары елдегі саяси жағдайды тұрақтандыра алмады. Көп ұзамай шаруалардың, әскерлер мен құлдардың жаппай көтерілістері басталды.
25 жылы көтерілісшілер ел астанасы — Чаньань қаласын басып алғаннан кейін алғашқы Хан патшалығы жойылды. Көтерілісшілермен күрестің барысында жергілікті ақсүйектер Лю Сю бастаған жаңа — Кейінгі немесе Шығыс Хан әулетінің (25 — 200) негізін қалады.
27 жылдың соңында “Қызыл қастылар” көтерілісі басып жанышталды, тек 37 жылы ғана Лю Сюға “күшті үйлерге” сүйене отырып, елді біріктірудің сәті түсті. Шығыс Хан әулетінің алғашқы билеушілері шаруаларға жеңілдіктер жасап, салық көлемін азайтты. Батыстағы елдермен “Ұлы Жібек жолы” және оңт-тегі теңіз жолы арқылы экономикалық және мәдени қарым-қатынастар қайта жанданды. Елдегі жағдай тұрақтанып, мемлекет нығайғаннан кейін Хан әулеті сыртқы жаулап алу соғыстарын жалғастырды. Әскери қимылдар қолбасшы Бань Чаоның белсенді дипломаттық әрекеттерімен қатар жүргізілді. Хан мемлекетіне Жоңғария мен Шығыс Түркістандағы біраз иеліктер тәуелділікке түсті. Алайда Бань Чаоның өлімінен кейін империяға тәуелді жерлер оған қарсы көтерілді.
184 — 204 жылы болып өткен шаруалардың қуатты “Сары орамалдылар” көтерілісінен кейін Шығыс Хан әулетінің билігі құлдырап кетті. Көтерілісші шаруалармен күрес барысында әскерді басқарған жергілікті билеушілер орталық үкіметтен іс жүзінде тәуелсіздікке қол жеткізді. Олар 220 жылы Шығыс Хан империясын жойып, оның орнына Саньго мемлекетін (220 — 280 жылы) құрды. Хан мемлекетінің батыстағы негізгі жауы ғұндар болды. Бзд. 2 — 1 ғ-ларда Ғұндардың қауіпті болғаны сонша Хан мемлекетінің олардан қорғану үшін Қытай қорғанын салуға мәжбүр болды. Көшпелілермен соғыста жеңіске жете алмайтынын түсінген Хан билеушілері ғұндарды бір-біріне айдап салуға тырысты. Көп ұзамай бұл саясат өз жемісін беріп, көшпелілер өзара соғысты. Ғұн мемлекеті ыдырап, бір бөлігі батысқа ауып кетті де, қалғандары Хан мемлекетініңне бағынды.
## Хань әулеті
Хань әулеті — Қытайды біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылдан біздің заманымыздың 220 жылына дейін билеген императорлық әулет. Батыс немесе Ерте (Үлкен) Хань (біздің заманымыздан бұрынғы 206 — біздің заманымыздың 25 жылы) және Шығыс немесе Кейінгі (Кіші) Хань (біздің заманымыздың 25 — 220 жылы) болып бөлінеді. Қытай тарихнамасында Ван Ман билеген уақыт (біздің заманымыздың 9 — 23 жылы) пен одан кейінгі Лю Сюань билік еткен екі жыл ерекше кезең болып көрсетіледі және бұл жағдайда Батыс Хань әулеті біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылдан біздің заманымыздың 8 ғасырына дейін биледі деп есептеледі. Әулеттің негізін салушы — Лю Бан елді біріктіріп, орталықтанған күшті империя құрды. Алайда оның туыстары мен жақтастарына көлемді жер иеліктерін бөліп беру саясаты елдің жікке бөлінуіне алғышарт жасады. Өз әскері, қаржысы мен әкімшілігі болған дербес иеліктер орталыққа қарсы тұрған патшалықтарға айналды. Орталық өкімет император Цзин-Ди (біздің заманымыздан бұрынғы 156 — 141 жылы), әсіресе, У-ди (біздің заманымыздан бұрынғы 140 — 87 жылы) патшалық еткен кезде нығая түсті.
Хань әулетінің ресми идеологиясы конфуцийшілдік болды. Хань әулеті солтүстік пен солттүстік-батыста ғұндарға, батыста цян тайпаларына, Шығыс пен солтүстік-шығыста Кореяға, оңтүстік пен оңтүстік-батыста ухуаньдар мен сяньбилерге қарсы жаулап алушылық соғыстар жүргізіп, империя шекараларын елеулі ұлғайтты. Хань әулеті кезінде Орталық Азия мемлекеттерімен және Үндістанмен сауда және мәдени байланыстар орнатылды. Батыс Хань шаруалардың “Қызыл қастылар” және “Жасыл орман тұрғындары” (117 — 27 жылы) көтерілістерінің нәтижесінде құлады. Шығыс Хань шаруалардың ірі “Сары орамалдылар” көтерілісі (184 — 204) мен әскери ақсүйек топтардың күресінің барысында құлады.
## Дереккөздер |
Мүсірәлі Жәдікұлы, Әжіқожа Мүсірәлі сопы әзиз, (17 ғасырдың екінші жартысы – 18 ғасырдың басы) – Үш жүздің пірі, діни қайраткер, әулие. Керейт руынан шыққан діндар, сопылығы мен тақуалығына орай Әжіқожа, ал оның ұрпақтары керейт қожа аталып кеткен. 1680 жылы Күлтөбеде Тәукені хан сайлағаннан кейін қазақ билері Мүсірәліні үш жүзге ортақ пір етіп жариялайды. Есіміне сопы әзиз атағы қосылады. Мүсірәлі қазақ халқының әдет-жосындарының жиынтығы "Жеті жарғыны" әзірлеуге қатысты деген деректер кездеседі. Мүсірәлінің 6 баласының бірі Қосымқожа да, оның ұлы Әбужәлел де пір болған.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Досбол би (1994 жылға дейін — Ақтоған) — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Ақтоған ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1051 адам (556 ер адам және 495 әйел адам) болса, 2009 жылы 1094 адамды (579 ер адам және 515 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Ауыл 1975-1996 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Телікөл» кеңшары бөлімшесінің орталығы болған. Бөлімше негізінде Досболда шаруа қожалықтары жұмыс істеді.
## Дереккөздер |
Әли Мүсілімұлы Мүсілімов (19 мамыр, 1941 жыл, Қызылорда облысы Сырдария ауданы — 15 мамыр,2004 жыл, Қызылорда қаласы) — педагог ғалым. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998 ж.). Педагогика ғылымдарының докторы (2004 ж.), профессор, академик. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері. КСРО және Қазақ КСРнің Халық ағарту ісінің үздігі. Қызылорда облысының құрметті азаматы.
## Толығырақ
* Әли Мүсілімұлы 1941 жылы 19 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданында Асқар Тоқмағамбетов ауылында дүниеге келген.
* 1959 жылы Қызылорда ауыл шаруашылық техникумын бітірген.
* 1965 жылы (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген.
* 1965 – 1970 жылдары 105-мектепте мұғалім, директордың орынбасары, директор болды.
* 1970 – 1982 жылдары әуелі Қызылорда қаласы, кейін облыстық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарды.
* 1982 - 2001 жылдары облыстық оқу бөлімін (кейін облыстық білім департаментін) басқарды.
* 2001 - 2004 жылдары Қызылорда мемлекеттік университетінде сабақ береді.Қызылорда қаласындағы №101 орта мектепке есімі беріліп, мектептің алдына бюсті қойылған (2017 ж.).
## Ғылыми шығармашылығы
* Әли Мүсілімұлы заман талабына сай, жаңашыл, өзіне де, әріптестеріне де қатаң талап қоя білетін, адамгершілігі жоғары принципшіл жан еді. Сонымен бірге қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Облыстық әкімият мүшесі, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарды. Бірнеше мәрте облыстық мәслихат депутаты болып сайланды. Бүкілодақтық және республикалық мұғалімдер съезінің делегаты болып, мазмұнды баяндамалар жасады. 1995 жылы Анкарада өткен білім саласы қызметкерлерінің халықаралық съезіне қатысты.
* Оның қаламынан 8 монография, 12 оқу құралы және 140-тан астам ғылыми-әдістемелік мақалалар жарық көрді. Ол еңбектері әлі күнге маңызын жойған жоқ, оқыту үдерісінде кеңінен қолданылып келеді. Сондай-ақ, ол Педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі. Ағарту саласындағы ұзақ жылғы тәжірибесін қорытындылап, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» іспеттес, кейінгі жас ұстаздарға өзінің педагогикалық ой-тұжырымдарын мұра етіп қалдырды.
* Республикада бірінші болып облыстық мұғалімдер газеті «Сыр мектебін» ашты. Ұзақ жылдар республикалық «Қазақстан мектебі» журналының ақылдастар алқасының мүшесі болды.
## Ғылыми атағы
* Педагогика ғылымдарының докторы
* Педагогика профессоры
* ҚР Педагогика ғылымдары академиясының академигі (2004 ж.)
## Марапаттары
* 1998 - ҚР тұңғыш президентінің жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.
* 1998 - ҚР тұңғыш естелік "Астана" медалі
* 1992 - Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі
* 1986 - Еңбек Қызыл Ту ордені және Құрмет Белгісі орденімен марапатталған
* 1970 - "Еңбектегі ерлігі үшін" медалі
* 1988 - Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі
* КСРО халық ағарту ісінің озық қызметкері
* 1982 - КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі
* 2001 - Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері
* ҚР Білім беру ісінің үздігі |
Алмас Есжанұлы Мүсірбаев (1907, қазіргі Қармақшы ауданы, 8-ауыл – 11.2.1941) – қоғам қайраткері. 1924 – 26 жылдары Қазалыдағы 1-дәрежелі мектепте, 1926 – 27 жылы Орынбордағы жұмысшы факультетінде оқыған. 1926 – 27 жылдары БЛКЖО Қармақшы, Қазалы ауданы комитеттерінде хатшы, 1929 – 31 жылдары БЛКЖО Қызылорда округтік, Семей қалалық комитеттерінде басшы қызметтерде болды. 1931 – 35 жылдары БК б)П Шығыс Қазақстан облыстық комитетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, Баянауыл, Қу ауданы комитеттерінің 1-хатшысы, 1935 – 38 жылдары БК б)П ҚазАКСР өлкелік комитетінің нұсқаушысы, Түркістан ауданы комитетінің 2-хатшысы. Денсаулығының күрт нашарлауына байланысты 1938 жылдың аяғында туған жеріне оралып, өмірінің ақырына дейін БК(б)П Қармақшы ауданы комитетінде хатшы болып қызмет атқарды. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Тасжарған (Saxіfraga) – тасжарғандар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар), Күнгей, Іле Алатауларының альпілік, субальпілік белдеулерінде, өзен, бұлақ, тұма жағалауларында, жартастар мен тастақты беткейлерде өсетін 10 түрі бар, ең жиі кездесетіндері – батпақ тасжарғаны (S. hіrculus) мен нүктелі Тасжарған (S. punctata).
Тамырсабағы жерге көлбей төселіп, топыраққа жайылып өседі. Сабағы тік, топтанып не жеке-жеке дамиды. Топтанып өскен сабақтары шым түзеді. Сабағында безді және жай түктері бар. Дамымай қалған жапырақтарының шырынды, қалың сағақтарымен жабылған түйнекті-бүршік түзетін жер асты өркендері болады. Жапырақ тақтасы тегіс жиекті, араларында тілімделгендері де (3-ке, 5-ке, т.б.) кездеседі. Олардың пішіндері қандауыр, ромб, бүйрек, жүрек, т.б. тәрізді. Гүлдері 4 – 8-ден топтанып қалқанша, 2 – 7-ден – сыпыртқы не масақ гүлшоғырын түзеді. Олар сабақ ұшында жетіледі не 2 – 3-тен жеке орналасады. Жеке гүлінде бір-бірімен тұтасып, кіріккен 5 тостағанша, ақ, жасыл, ашық сары, қызғылт, сарғыш қызыл түсті 5 күлтесі, 10 аталығы, жатыны 2 ұялы аналығы болады.
Көпшілік түрлерінде протандрия (гүл аталықтарының аналықтарынан ертерек пісіп жетілуі) байқалады; көп жағдайда жәндіктер арқылы, кейбір түрі өздігінен тозаңданады. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – көп тұқымды, қос мүйізді қауашақ. Тасжарғандардың көпшілік түрін бау-бақшалар мен үйде сәндік үшін өсіреді.
## Табиғатта таралуы.
Республикамыздың Көкшетау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Талдықорған, Алматы облыстарының қарағайлы ормандары арасында, сазды, батпақты жерлерде, жартылай далалы – орманды алқаптарда өседі.Дәрілік шикізат ретінде күзде немесе ерте көктемде өсімдіктің тамыры қазап алынып, кептіріледі. Кептірілген тамырдың өткір өткір иісі және өте ащы дәмі болады.
## Химиялық құрамы
Өсімдік тамырының құрамында дубильдік заттар, эфир майлары, сапониндер, смолалар, ащы заттар, камедь және басқа да заттар бар.
## Қолданылуы
Мал дәрігерлігі практикасында тасжарғанның тамыры қақырық түсіретін, зәр жүргізетін, асқазан – ішек жұмысын реттейтін, нерв жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде қолданылады. Өсімдік тамырының суданашар еруіне байланысты, оның көбінесе спирттік тұнбасы пайданылады. Тұнба жасау үшін 50 грамм майдаланып, туралған тамыр 70 градустық 150 мл этил спиртінде 7 – 10 күн бойы ашытылады. Сөйтіп суға араластырып бұзау мен құлынға – 3 – 8 мл, қозыға – 2 – 3 мл, қойға – 3 – 5 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі.
## Дереккөздер
Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Мүйізді шөңгебас — "Қайнар", 1988. — Б. 240. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5. |
Досмұрат Қызылбиұлы Айтқұлов (8.2.1958 , Түркістан облысы, Төле би ауданы, Көксаяқ ауылы) – инженер, техника ғылымдарының докторы (2002), профессор (2004), Халықаралық инженерлер (2006) және ҚР Ұлттық инженерлерлік (2008) академияларының мүшесі.
Қазақ химия-технология институтын бітірген (1982). Осы институтта кафедра инженері, ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент, декан (1983–97), «Балқаш» білім консорциумының атқарушы директоры (2003), «БГТИ» АҚ ректоры (2003–09), «ОҚТМИ» АҚ ректоры (2009) қызметтерін атқарады.
Ғылыми жұмысының бағыты – түсті металдардың тотықты, сульфидті және хлоридті қосылыстарының күрделі жүйелері бойынша физика-химия зерттеулер жүргізу. Айтқұлов 150-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 14 авторлық куәлік, 3 монография, 2 оқу құралының («Өзін бақылауға арналған физикалық химиядан сұрақтар мен есептер жинағы», Шымкент, 2003; «Охрана труда. Безопасность жизнедеятельности», Қарағанды, 2008) авторы.
## Шығармалары:
* Физико-химические основы и технология переработки бедных шлаков цветной металлургии хлоридной продувкой (1996);
* Физико-химические закономерности получения и хлорирования оксохлоридов цветных металлов (2003);
* Физико-химические закономерности хлоридовозгонки меди, цинка и свинца из поликомпонентных оксидных, сульфидных и оксидно-сульфидных систем (2004).
## Сыртқы сілтемелер
* Айткулов Досмурат Кызылбиевич Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. (орысша)
## Дереккөздер |
Жолымбет — Ақмола облысы Шортанды ауданындағы кент, Жолымбет кенттік әкімдігі орталығы. Іргесі 1932 жылы алтын кенішінің ашылуына байланысты қаланған. 1940 жылдан кент.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шортанды кентінен шығысқа қарай 49 км-дей жерде, Ащылыайрық өзенінің оң жағасында орналасқан.
## Халқы
## Кәсіпорындары
«Қазақалтын» кен байыту комбинатының басқармасы, алтын өндіретін кеніш, кен байыту фабрикасы, техникалық қызмет көрсету стансасы және тігін фабрикасы жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
3 бала бақша, 2 орта мектеп, 1 мектеп-интернат, музыка мектебі, мәдениет үйі, 3 кітапхана, аурухана, кинотеатр, тұрмыстық қызмет үйі, 5 спорт залы, 1 асхана, 20-дан астам сауда мекемелері бар.Екінші дүниежүзілік соғыстың құрбандарына ескерткіш орнатылған. Тұрғындары Астана, Көкшетау, Степногорск қалаларымен, Шортанды кентімен, т.б. елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Оразхан Аймақов (1941 жылы туған, Қостанай облысы Жангелді ауданы Торғай ауылы) — ғалым, химия ғылымдарының докторы (2002), профессор, Халықаралық педагогика ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі.
## Өмірбаяны
* Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген (1963).
* Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау бөлімшесінде кафедра меңгерушісі (1983–1987)
* Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1990 — 1996), доцент (1998 — 2002).
* Мәскеу қаласындағы А.Н.Несмянов атындағы РАН ИНЭОС-тың аға ғылыми қызметкері (1996–1998). 2003 жылдан кафедра меңгерушісі.
## Ғылыми еңбектері
* 220-дай ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 20 кітап, бірнеше әдістемелік оқу құралдары жарық көрген.
* 5 авторлық куәлік пен 3 патенттің иегері.
## Жетістіктері
«Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын иеленді (2006).
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтеме
* Салалық кластер баспалдағы Егемен Қазақстан газеті(қолжетпейтін сілтеме) |
Ұлт Мәселесі — ұлттардың, этникалық топтардың, халықтардың арасындағы саяси, экономикалық, аумақтық, құқықтық, идеологиялық және мәдени қатынастардың жиынтығы. Ұлт Мәселес негізінен ұлттардың дербестікке ұмтылуымен, ұлттық санасының өсуімен және олардың әлемдік экономикалық, ғылыми-техикалық, мәдени даму үрдісіне араласуға ұмтылысымен байланысты туындайды. Ұлт Мәселесі ұлт өмірі мен ұлт қозғалысының жандануы, ұлттық езгінің қандай түріне болсын қарсылық ұлттық мемлекет құру, т.б. мәселелерді қамтып, әлемдік нарыққа, саяси, экономикалық өмірге белсене араласумен сипатталады.
## Тағы қараңыз
* Ұлт
##
“Қазақ Энциклопедиясы”, 9 том. |
Тұраш Ыбыраев (20.5.1929, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Шұбартау ауылы – 7.11.1991, Алматы) – актер, радио және телережиссері, Қазақ КСР-інің халық артисі (1989).
Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан. 1954 ж. Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының қазақ студиясын (профессор И.М. Раевский, Н.Д. Ковшов пен В.А. Вронскаяның жетекшілігімен) бітіргеннен кейін Қазақтың мемлекеттік академия драма театры құрамында актер болды. 1960 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ радиосы мен телевизиясында, “Қазақтелефильм” студиясында қызмет етіп, “Сенім”, “Құрманғазы”, “Ақ автомобиль”, “Жаз да аяқталып келеді” телефильмдерін, 2 бөлімді “Еңлік – Кебек” пен “Беу, қыздар-ай” фильм-спектаклін, 50-ден астам деректі телефильм түсірген. Ыбыраевтың есімі кезінде Қазақстанның құрметті Алтын кітабына жазылды.
## Дереккөздер |
Ахун Азаматұлы Мырзабай (шамамен 1833, қазіргі Жалағаш ауданы, Сырдарияның сол жағалауы – 1916) – діндар ғұлама, әулие, емші.
Жетіру тайпасы Керейіт руынан шыққан.
Ауылда мұсылманша сауат ашып, Бұхарадағы Көкілташ медресесін бітірген (1854). Біраз жылдар Бируни қаласының маңындағы Тақтакөпір деген жерде ұстаздық құрған. Елге оралғаннан кейін мешіт ұстап, шәкірт тәрбиелеген. Өзімен тұстас белгілі кісілерге арнап төрттаған жырлар шығарған.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Арыстан Жантөрин (туған жылы белгісіз — 8 шілде 1855, Елек өзенінің бойы, Суықсу деген жер) — Әбілқайыр ханның шөбересі, Айшуақтың немересі, Жантөре ханның баласы, Ресейдің отаршылдық саясатына көмектескен сұлтан.
* Кіші жүзде хандық билік жойылып (1824), Кіші жүз жері үш территориялық аймаққа (Батыс, Орталық, Шығыс) бөлінгеннен кейін Жантөрин 1841 — 1855 жылы Орталық аймақты биледі.
* 1836 — 1838 жылғы Кіші жүз қазақтары ұлт-азаттық көтерілісі жетекшілерінің бірі Махамбет Өтемісұлы 1841 жылы ақталғаннан кейін Жантөриннің бақылауында болады.
* Жантөрин Есет Көтібарұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісін басуға да қатысқан. 1853 жылы көтерілісті басуға жазалаушы отрядты бастап шығады. 1855 жылы маусымда үлкен жазалаушы отрядты басқарған Жантөрин көтерілісшілерге қарсы тағы да аттанады. Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісшілермен Жантөриннің жазалаушы отряды Елек өзенінің бойында, Суықсу деген жерде кездеседі. Есет Жантөринге елшілер жіберіп, кері қайтуы туралы ұсыныс жасайды. Арадағы келіссөз нәтижесіз болған соң, көтерілісшілер таңсәріде күтпеген жерден Жантөриннің қосынына шабуыл жасап, сұлтанды бірнеше билеушілермен қоса өлтіреді.
## Дереккөздер |
Әбіқұл Ибрагимов (15.5. 1937 жылы туған, Мойынқұм ауданы Ерназар ауылы) – журналист.
## Өмірбаяны
* Қазақ мемлекет университетінің журналистика факультетін бітірген.
* Еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінде қызмет істеуден бастайды.
* 1958 – 1967 жылы жастар газетінде тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі
* 1967 – 1971 жылы Шу ауданы «Шу өңірі» газетінің редакторы
* 1971 – 1973 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер
* 1973 – 1976 жылы «Жетісу» газетінде бөлім меңгерушісі.
* Алматы облысы радиохабарлар тарату комитетінің Бас редакторы, директоры қызметін атқарды.
* 1985 – 1989 жылы «Қайнар» баспасында редактор болды.
* Ол соңғы жылдары «Қазақ батырлары» атты жекеменшік газетін шығарып келеді. Газет бетінде қазақ халқының өткен және бүгінгі өміріне байланысты өзекті мәселелер көтеріліп отырады.
## Шығармалары
* «Нағыз қайнар»
* «Азамат ажары»
* «Ел шырайы»
* «Ақ пейіл»
* «Наз»
* «Жазым» атты кітаптар жазды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қазақ батырларына(қолжетпейтін сілтеме)
* Өңір шежіресі(қолжетпейтін сілтеме) |
## Географиялық орны
Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі - Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені 30 км, орташабиіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м). Тау Орал тауының жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерімен мүжіліп, аласарған таулардың қатарына жатады.
## Жер бедері мен геологиялық құрылысы
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр.Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфтанған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыарқаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялык, денудациялық процестер әсер еткен.Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы саналады. Ол солтүстіктен оңтүстікке карай биіктей беретін тау тізбегі. Айрық пен Үлкен Боқтыбай тұсында едәуір биік көрінеді. Одан оңтүстікке карай біраз аласарады да, Жамантау тұсында Атжақсы өзенінің жоғарғы ағысында тік жар болып бітеді. Таудың бұл бөлігі порфирит, кварцит, девонның кристалды тақтатасы, әктас, карбон мен пермнің құмтастары сияқты жыныстардан түзілген. Батыс Мұғалжардың биік шыңдары осы жыныстардың ең қатты шөгінділерінен түзілген.Шығыс Мұғалжар батыс бөлігіне қарағанда тұтас көрінбейді, жеке-жеке аласа таулардан тұрады. Және оңтүстікке ұзаған сайын аласарып, қырқа, жалдарға үласады. Бұл Сарыарқаға ұқсас толқынды кырат болып көрінеді. Ол кембрийге дейінгі кристалды тақтатастан, порфириттен, диабаздан, т.б. жанартаулы жыныстардан, силурдың метаморфтанған тақтатасынан түзілген.
## Пайдалы қазбалары
Мұғалжар тауының қойнауы никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металға бай. Кемпірсай өңірінде Хромиттау, Никельтау кен орындары ашылған. Біршоғыр бойында көмір кені бар. Осы маңдағы бор дәуірінің аяғында пайда болған мергельді әктас цемент өндірісіне пайдаланылады. Оңтүстік Мұғалжар құмынан шыны жасалады.
## Климаты
Климаты құрғақ, континенталды, өзімен іргелес Жазықтарға ұқсайды. Дегенмен аласа болғанымен тау жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын 1°-2°С-ка болса да салқындатып тұрады. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм. Жазы ыстық, кейде 38°С -қа дейін көтеріледі. Қысы боранды, аязды, кейде -40°С-қа дейін төмендейді. Мұғалжар тауынан соғатын суық жел бар, кейде ол дауылға ұласады.
## Су қоры
Мұғалжар өңірінің климатының құрғақтылығына ондағы жер беті суларының тапшылығы әсер етеді. Таудан бірқатар өзендер (Жем, Ырғыз, Ор, Тобыл, Талды) ағып шығады. Бірақ олардың көбі су қорын қар суынан жинайды да, жазда тез тартылып қалады. Керісінше, онда жер асты суының мол қоры табылған. Қазір ауыз су есебінде де, шаруашылық үшін де жер асты суы пайдаланылады.
## Табиғат зоналары
### Өсімдіктері мен жануарлары
Мұғалжардың батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі. Мұғалжардың ұсақ шоқылы құрғақ даласында қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда дала мен шөл зоналарына тән өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. Сортаңданған қара қоңыр топырақ жамылғысында бетегелі, үлпілдек селеу, көкпек шығады. Егер Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады.Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан тұрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан тышқаны мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі.
## Дереккөздер
## Географиялық орны
Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі - Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені 30 км, орташабиіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м). Тау Орал тауының жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерімен мүжіліп, аласарған таулардың қатарына жатады.
## Жер бедері мен геологиялық құрылысы
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр.Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфтанған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыарқаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялык, денудациялық процестер әсер еткен.Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы саналады. Ол солтүстіктен оңтүстікке карай биіктей беретін тау тізбегі. Айрық пен Үлкен Боқтыбай тұсында едәуір биік көрінеді. Одан оңтүстікке карай біраз аласарады да, Жамантау тұсында Атжақсы өзенінің жоғарғы ағысында тік жар болып бітеді. Таудың бұл бөлігі порфирит, кварцит, девонның кристалды тақтатасы, әктас, карбон мен пермнің құмтастары сияқты жыныстардан түзілген. Батыс Мұғалжардың биік шыңдары осы жыныстардың ең қатты шөгінділерінен түзілген.Шығыс Мұғалжар батыс бөлігіне қарағанда тұтас көрінбейді, жеке-жеке аласа таулардан тұрады. Және оңтүстікке ұзаған сайын аласарып, қырқа, жалдарға үласады. Бұл Сарыарқаға ұқсас толқынды кырат болып көрінеді. Ол кембрийге дейінгі кристалды тақтатастан, порфириттен, диабаздан, т.б. жанартаулы жыныстардан, силурдың метаморфтанған тақтатасынан түзілген.
## Пайдалы қазбалары
Мұғалжар тауының қойнауы никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металға бай. Кемпірсай өңірінде Хромиттау, Никельтау кен орындары ашылған. Біршоғыр бойында көмір кені бар. Осы маңдағы бор дәуірінің аяғында пайда болған мергельді әктас цемент өндірісіне пайдаланылады. Оңтүстік Мұғалжар құмынан шыны жасалады.
## Климаты
Климаты құрғақ, континенталды, өзімен іргелес Жазықтарға ұқсайды. Дегенмен аласа болғанымен тау жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын 1°-2°С-ка болса да салқындатып тұрады. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм. Жазы ыстық, кейде 38°С -қа дейін көтеріледі. Қысы боранды, аязды, кейде -40°С-қа дейін төмендейді. Мұғалжар тауынан соғатын суық жел бар, кейде ол дауылға ұласады.
## Су қоры
Мұғалжар өңірінің климатының құрғақтылығына ондағы жер беті суларының тапшылығы әсер етеді. Таудан бірқатар өзендер (Жем, Ырғыз, Ор, Тобыл, Талды) ағып шығады. Бірақ олардың көбі су қорын қар суынан жинайды да, жазда тез тартылып қалады. Керісінше, онда жер асты суының мол қоры табылған. Қазір ауыз су есебінде де, шаруашылық үшін де жер асты суы пайдаланылады.
## Табиғат зоналары
### Өсімдіктері мен жануарлары
Мұғалжардың батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі. Мұғалжардың ұсақ шоқылы құрғақ даласында қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда дала мен шөл зоналарына тән өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. Сортаңданған қара қоңыр топырақ жамылғысында бетегелі, үлпілдек селеу, көкпек шығады. Егер Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады.Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан тұрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан тышқаны мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі.
## Дереккөздер |
Мырзабай ахун — Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, Мырзабай ахун ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жалағаш кентінен оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1412 адам (712 ер адам және 700 әйел адам) болса, 2009 жылы 1344 адамды (677 ер адам және 667 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Ауыл 1996 жылға дейін "Қазақстанның 20 жылдығы атындағы" ауыл деп аталған. 1956-1996 жылдары күріш өсіретін «Мәдениет» кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1996-1997 жылдары Мырзабай Ахун ауылында ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Ғийас Әд-Дин Ибн Масуд Жәмшид Әл-Кәши(Ғиасуддин Жәмшид әл Кашани , т.ж.б. – шамамен 1436/37) – математик және астроном, Орталық Азиялық ұлы ғалым. Көлемді 10 – 15 кітап жазған. Арифметика кілті (1427) деген еңбегінде көрсеткіші натурал сан болатын бином формуласын пайдалануға негізделген түбір табу тәсілдері баяндалған;Жәмшид әл Кашани — Ислам кезеңіндегі әйгілі ғалым, математиктердің бірі. Ол астрономия саласына қажетті дәл өлшейтін құралдар ойлап тапты. Еуропалық ғалымдар Ғиасуддиннің математика саласындағы білімі еуропалықтардан жоғары екенін мойындаған. Ғиасуддин Джамшид Кашани қамаридің 824 жылы Ұлықбектің шақыруымен Самарқандқа кетіп, қаладағы обсерватерияны басқарды. Оның математика саласындағы белгілі еңбектеріне "Пи" саның, яғни шеңбер периметрінің радиусына деген қатысты үлкен дәлелдікпен шығаруы жатады. Оның бұл өнертабысына келесі 150 жылға дейін теңелетін өнертабыс болмады.
Ғиасуддин Жәмшид Кашанидің математиматика саласындағы әдістері соншалықта қызықтыратындай болғаннан, үлкен математиктер оларды ұқыпты зерттеген.
Ғиасуддин Жәмшид Кашанидің математика саласында көптеген маңызды еңбектері бар. Олардың бірі "Ресале Мухитие". Ол бұл кітабін қамаридың 827 жылы аяқтаған. Дәл осы уақытта оның бір нұсқасы Мешхедтегі Разави кітабханасында бар. |
Шайым Шайқыұлы Мырзабеков 1909, Аламесек болысының 3 ауылы, (қазіргі Жалағаш ауданы, Сәтбай ауылы) – 9.4. 1980, Жалағаш] – ұстаз, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі (1946). Аламесекте бұратаналарға арналған екі сыныптық орыс-қазақ мектебін, Қызылордадағы мұғалімдер даярлайтын курсты, Ташкент жұмысшы факультетін бітірген. Қазақ педагогикалық институтында (ҚазҰПУ) оқыған (1935). 1922 – 26 жылдары ТОЗ, артель, қосшы ұйымдарында сауатсыздықты жою мақсатында ашылған мектебінде сабақ берді. 1926 – 28 жылдары Өзбекстанның Қасен ауданында жауапты қызмет атқарған, 1931 – 32 жылдары Қармақшы ауаткомында нұсқаушы, кейін Өзбекстанның Митан ауаткомының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, аудандық милиция бөлімінің бастығы болып істеді. Осы тұста ашаршылықтан ауып барған қазақ отбасыларына қол ұшын беріп, көмек көрсетті. 1933 – 35 жылдары Қармақшы аудандық жерге орналастыру бөлімінің жанындағы ұжымшарларға басшы кадрлар даярлайтын мектептің директоры және инспекторы болды. 1935 жылы «Қазқойшаруашылығы» тресінде кадр бөлімін басқарды. 1936 жылы Түркістан облысы Мырғалымсай мектебінде директор, 1938 – 41 жылдары Түркістан қалалық, 1942 – 50 жылдары Түлкібас, Бостандық аудандық оқу бөлімдерінің меңгерушісі, 1950 – 59 жылдары Алматы облысында «Дегерес», «Жанашар», 1959 – 60 жылдары Жалағаш жеті жылдық мектебінің, 1960 – 69 жылдары Шымкент облысындағы Ленгер, «Келте машат» мектептерінде директор қызметтерін атқарды.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Сұлтан Шайымұлы Мырзабеков (17.1.1941, Алматы Түркістан облысы Түркістан қаласы – 13.6.2004, Алматы қалысы) – ғалым, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1986), профессор (1987), Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық институтын (АлматыҚазҰАУ) бітірген (1964). Осы институтта (1967 – 92), ҚР ауыл шаруашылық министрлігінде, Білім министрлігінде (1992 – 96), 1996 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ғылыми-педагогикалық қызметтер атқарған. Негізгі ғылыми бағыты – генетика және мал өсіру, биотехнология. Мырзабеков қазақтың етті-жүнді қойының және қазақтың оңтүстік мериносының мерке тұқымішілік түрін шығаруға қатысты. ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (1995), РФ биология ғылымдарының докторы (1995), Сібір мал шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институтының құрметті профессоры (2003). 160-тан астам ғылыми еңбек жазған.
## Дереккөздер
## Cілтемелер
* Сібір
* Білім министрлігі
* Зоотехника |
Барақ Шүркеұлы, Көкжал Барақ(1702-1772) — жоңғар-қалмақ шапқыншылығына қарсы күресте қол бастаған батырлардың бірі, қолбасшы, аға батыр. Орта жүздің Найман тайпасының Көкжарлы руынан шыққан. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүниеге келген. Көкжал Барақ деген атпен Үш жүзге мәшһүр болған тарихи тұлға.
## Өмірбаян
Ата-анасынан ерте қалған Барақ, нағашыларының қолында тәрбиеленіп, жылқы баққан. Барақ 16 жасында қалмақтың белгілі батырларын жекпе-жекте жеңіп, елінің батасын алған.
Тарих беттеріне үңілсек, Көкжал Барақ батыр туралы аңыз-шежірелер көп. Көкжал Барақ батыр көз ілеспес жылдамдығымен кез келгеннің мысын басатын қайсарлығы үшін Абылай ханның мақтан тұтар батырларының бірі.
## Ерліктері
Көкжал Барақ батыр қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан азат етуші Абылай ханның ақ туы астында болып, жанын шүберекке түйген шайқастарда сан рет қаһармандық ерлік жасағаны үшін Көкжал атанған. Ел аузының айтуынша, Іле бойындағы бір соғыста Көкжал батыр Абылайдың дұшпаны Болдыбекпен жекпе-жекке шығып, оны атынан ұрып түсіріп, Абылайдың алдына әкеліп тізерлетіпті. Сонда Абылай сүйініп: Көкжалым-ай! деп Барақты арқасынан қағыпты, және сол аңыздарға жүгенсек, Көкжал Барақ батырдың көкжелкесінен құйымшағына дейін өскен, ұзындығы екі елі көк қыл жалы болыпты.. Ашуланғанда сол арқасындағы жалы күдірейіп кететін Барақ батырдың есімі қазаққа ғана емес қалмақ пен қытайға да аңыз болып тарапты-мыс.
XVІІІ ғасырда Қазақ елін қанымен, жанымен қорғаған Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Қарасай, Шақшақ Жәнібек батырлармен тізе қосып айдаһардай Қытай мен қаһарлы жоңғар-қалмақ басқыншыларына қарсы ерлік көрсеткен. Қабанбай қолының бір қанатын - көкжарлы сарыжомарт руынан құрылған сарбаздарды бастап шығыстағы Ертістің оң жағалауынан Алтай тауларына қарай кететін кең алқапты тазартуға қатысқан. Боранбай, Кешу, Ботағара, Шынқожа тағы басқа батырлармен бірге Аягөз жазығы, Алакөл жағалауы, Шыңғыстау, Тарбағатай баурайында жоңғарларға қарсы ұрыстарда ерлігімен көзге түскен. Барақ батыр әйгілі Аңырқай, Бұланты, Шыңғыстау, Шаған, Шорға шайқастарын басынан кешірген.
Көптеген тарихшылардың пікірлерінше, бүгінгі Күршім ауданының аймағы ұзақ уақыттар бойы Жоңғар тайпаларының ықпалында болған. Бұны Тарбағатай, Шоян, Долан Хора сияқты өзге де бірқатар рулар растап отыр. Ал Барақ батыр өзінің сарбаздарымен бұл жерді азат еткен. Бұл жорық кезінде Барақ батыр сарбаздарын Ертіс өзені көлегейлеп, қолбасшы оларға өзеннен өтуді бұйырған. Ол уақытта бұл өте мықты күтпеген шешім болған және ол қалыптасқан жағдайды күрт оң бағытқа өзгертуге айтарлықтай ықпал еткен. Содан бері Барақтың жауынгерлері жүзіп өткен аймақ Барақ-өткел аталып кеткен. Оған риза болған Абылай хан сыйлық ретінде батырға Күршім өзенінің оң жақ беткейіндегі жерді сыйға тартқан. Бүгінде Көкжал Барақ қоныстанған аймақ Теректі бұлақ ауылы деп аталады, ал оның тұрғындары осы Көкжал Барақ батырдың тікелей ұрпақтары болып табылады.
Көкжал Барақ батыр 70 жасқа қараған шағында Қазақстанның оңтүстік өңірінде шайқас кезінде қаза болған.
## Барақ батыр дастаны
Барақ батыр— тарихи дастан. Найман ішінде ергенектінің бір тармағы Көкжарлыдан шыққан Барақ батырдың қалмақ шапқыншылығына қарсы соғыстағы ерлік істері жайлы ел аузындағы аңыз, әңгімелер негізінде жазушы, ақын, ауыз әдебиетін жинаушы Бәдел Тұрсынбайұлы 1941 жылы жеке дастан етіп жазған. Шығарма дастан оқиғасы өрбірген Шығыс Қазақстанның Тарбағатай, Күршім, Катонқарағай, Марқакөл аудандарында кеңінен тараған. Жырдың сюжеттік желісі бойынша қалмақ батырлары осы Алтай өңірін жаулап алу мақсатында көп қолмен аттанады. Бұл кезде Қабанбай, Барақ батырлар қырғыздармен арада туындаған мәселені шешуге кетеді де, тұтқиылдан тиіскен қалмақтармен шайқаста Барақтың інісі Барлыбай батыр ерлікпен қаза табады. Елге қайта оралған Қабанбай мен Барақ батырлар қалмақтармен соғысып, Барлыбайдың кегін алады. Жыр қалмақтардың күш жинап, қайта келіп соғысқан кезінде Абылай хан бастаған Қабанбай, Ер Жәнібек, Бөгенбай, Барақ батырлардың қалмақ батырларымен жекпе-жекте басым түсіп, Алтай өңірін жаудан мүлдем тазартумен аяқталады. Дастанның негізгі оқиға желісі Барақ батыр бейнесін жан-жақты ашып көрсетуге құрылған. Қолжазба нұсқасы Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар қорында сақтаулы. Көлемді дастан жеті-сегіз буынды жыр үлгісімен жазылған. Бұрын еш жерде жарияланбаған.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* http://www.inform.kz/kaz/article/2229268 Мұрағатталған 7 желтоқсанның 2011 жылы.
* http://thenews.kz/2009/12/11/193612.html Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. |
Мұрат Бахтиярұлы Мұхамедов(17.6.1957, Шиелі ауданы, Балаби ауылы) – саясаттанушы ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы. (1999), ҚазМУ (ҚазҰУ) бітірген (1986). 1986 – 1998 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, тарих факультетінің деканы, 1998 – 2001 жылдары Қазақ мемлекеттік заң университеті Қызылорда бөлімінің директоры, 2001 жылдан Қызылорда гуманитарлық заң колледжінің директоры. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: Қазақстанның сыртқы саясатын, оның шетелдермен қарым-қатынасын зерттеуге арналған. 40-тан астам ғылыми мақалалары, 10-нан астам оқулықтары мен монографиялары жарық көрген. Саяси және құқықтық білімдер тарихына арналған алғашқы қазақша оқулық авторларының бірі.
## Дереккөздер
## Cілтемелер
* саясаттану
* Қызылорда |
Сүлеймен Таулары – Иран таулы қыратының шығысындағы, Пәкістан жеріндегі тау жүйесі. Ұзындығы 600 км, ені 350 км-дей, орташа биіктігі 2000 – 2500 м. Ең биік жері Обашта-Цукай немесе Тахте-Сулейман (“Сүлейменнің тағы”, 3441 м) шыңы. Тау жоталары негізінен меридиан бағытында орналасқан, батысқа қарай ендік бағыттағы жоталар тармақталады. Оңтүстікке қарай тау жоталары төбесі тегістелген ауқымды таулы үстірттерге айналады. Жоталар аңғарлармен күшті тілімделген. Негізінен әктас пен құмтастан түзілген. Сүлеймен тауларына тропиктік құрғақ климат тән. Таудың батыс беткейі құрғақ шөлейтті, шығыс беткейі Үнді мұхитынан келетін муссондар әсерінен саванна, сирек ормандар белдеміне ауысады. Онда емен, пісте ағаштары, тау басына қарай арша басым өседі.
## Дереккөздер |
Ысқақ Ыбыраев (2001 жылға дейін — Ленино) — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы ауыл, Аютас ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сергеев қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1109 адам (566 ер адам және 543 әйел адам) болса, 2009 жылы 711 адамды (345 ер адам және 366 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1930 жылы Бастау ауылы ретінде құрылған. 1928–29 жылдары мұнда артель, 1930 жылы “Мәдениет”, 1932 жылдан ұжымшар, кеңшар орталығы болды. 1996 жылы кеңшар негізінде бірнеше шаруа қожалықтары ұйымдасты.
## Дереккөздер |
Нақып Кенесарыұлы (1872, Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Қараөзек темір жол стансасы – 1918, сонда) – айтыс ақыны. Ескіше сауатты, ауылда бала оқытып, молда болған. Ақындықты молдалықпен қатар ұстаған. Ол жайында Күдеріқожа материалдарында деректер келтіріледі. Нақыптың тек Қаңлы Жүсіппен айтысы ғана сақталған.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Хадиша Есентұрқызы Мырзалиева (1913, қазіргі Алматы Қызылорда қаласы) – акушер-гинеколог, медицина ғылымдарының докторы (1959), профессор (1960). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1964). Саратов медицина институтын бітірген (1936). 1951 – 59 жылдары Қазақстан Денсаулық сақтау министлігі жанындағы Ана мен баланы қорғау ғылыми-зерттеу институтының директоры, 1959 – 62 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина институтының (АлматыҚазҰМУ) акушерлік-гинекологиялық кафедрасының меңгерушісі болды. 1962 жылдан Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында жұмыс істеді. Мырзалиева екіқабат әйелдердің жұқпалы ауруларын, олардың белгілері мен анықтау жолдарын зерттеген. Жүрегі мен қан тамырлары зақымданған әйелдің құрсақ көтеруі, босануы, сол кезеңдерде көрсетілетін дәрігерлік көмек мәселелерімен шұғылданған. 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 4 монография бар.
## Дереккөздер
## Cілтемелер
* Саратов медицина институты
* Денсаулық сақтау министлігі |
Мәден Мырзахметов (13.1.1929, Жаңақорған ауданы, Қыраш елді мекені – 1992, сонда) – еңбек ардагері. Еңбек жолын ұжымшарда жұмысшы болудан бастады. 1957 жылы «Бірлік» кеңшарында шопан болды. Өзіне бекітілген әр 100 саулықтан 107-ден қозы алып, әр қойдан 2,5 кг-нан жүн қырықты. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1963). Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Ленин орденімен марапатталған.
Қоңырат тайпасы Көтенші руынан шыққан.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
ДОСЖАНОВ Мақсұт Жарылқасынұлы (1955 жылы туған, Қызылорда қаласы) –ғалым, техникалық ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері.
Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтының Қызылорда бөлімшесін (1981), Мәскеу қаласындағы В.В. Куйбышев атындағы инженер-құрылыс институтының аспирантурасын (1990) бітірген. 1981 жылдан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ассистент, оқытушы, декан, проректор қызметтерін атқарып келді. Қазіргі кезде облыс технологиялық паркінің директоры. Ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты құрылыс механикасына арналған. Досжановтың 2 монографиясы, 3 оқу құралы және 50-ден астам ғылыми-әдістемелік мақаласы жарық көрген. «Үздік еңбегі үшін» медалімен марапатталған (1981).
## Дереккөздер |
Қасқыр Наметшаев, Шаһнама (7.11.1917, қазіргі Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылы – 17.5.1998, сонда) – еңбек ардагері. Қазақстанның еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері (1973). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Тұрмағанбет мектебінде сауатын ашып (1926 – 27), Шымкент ауыл шаруашылық кадрларын даярлайтын мектепте оқыған (1953 – 56). 1930 – 33 жылдары Шымкентте, Өзбекстанда әртүрлі жұмыстар атқарған. 1950 – 51 жылдары Қармақшы май зауытының директоры, 1951 – 52 жылдары К. Маркс ұжымшарының төрағасы, 1956 – 57 жылдары сонда партия комитетінің хатшысы, 1957 – 60 жылдары Ленин кеңшарында жұмысшылар комитетінің төрағасы, 1960 – 63 жылдары «Октябрь» кеңшарында директордың орынбасары, 1963 – 80 жылдары Жосалы астық қабылдау кәсіпорнының директоры болды. Наметшаев «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. Есімі Қазақстанның «Алтын кітабына» жазылған (1970). Қармақшы ауданының құрметті азаматы (1997).
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Тасжарғандар тұқымдасы (Saxіfragaceae) – қосжарнақты, бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай және салқын белдемдерінде, Оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдемдері мен тропиктің таулы аймақтарында өсетін 30 туысы, 600-ден астам түрі белгілі.
Қазақстанда 6 туысы, 29 түрі өседі. Тасжарғандар тұқымдасының тамырсабақтары жуан, одан өте көп қосалқы тамырлар шығады. Биікт. 20 см-ден 1,5 м-ге дейін жетеді. Жапырақ тақтасы тегіс жиекті не саусақ тәрізді салаланған жай жапырақтар, өркенге кезектесе орналасады. Биік тауда өсетін түрлерінің жапырақ тақтасының үстіңгі беті ізбес бөледі. Қзбес жапырақ өңінің астында хлорофилі аз не мүлде болмайтын ұсақ клеткалар (гидатод) тобынан бөлінеді. Бұл Тасжарғандар тұқымдасының ерекше бір қасиеті болып саналады. Қрі гүлдері жеке-жеке орналасады, ұсақтары – шашақ, күрделішатырша гүлшоғырына топталған. Гүлдері қос жынысты, дара жыныстылары да бар, екі үйлі, дұрыс және бұрыс гүлділері де кездеседі. Жеке гүлінде 3 – 5 тостағанша жапырақша бар, кей түрінің күлтесі болмайды. Аталығы 3 – 10, аналығы 2 – 5 жемісжапырақшалы. Жемісі – қауашақ. Тұқымдары ұсақ (ұзындығы 0,5 мм), айналасын эндосперм (ұрықтың қоректенуіне қажетті ерекше ұлпа) қоршап жатады.
Тасжарғандар тұқымдасының жапырағында 23%, тамырсабағында 27% илік заттар болады. Жапырағы мен тамырларын тері илеуге былғары өндірісінде қолданады. Бөлмеде сәндік үшін өсіреді. Медицинада бүйректегі тасты түсіретін дәрі жасайды. Осы қасиеті және жартастардың жарықшақтарында өсетіндіктен “тасжарған” деп аталған.
## Дереккөздер |
Әнес Нарымбетов (15.5. 1930, Қазалы ауданы Өркендеу ауылы) – ақын. Қазалы ауданы Өркендеу кеңшарында шаруа отбасында дүниеге келген. Болашақ ақынның балалық шағы соғыс алдындағы аштық-жоқшылық пен соғыс лаңы, соғыстан кейінгі тапшылыққа тұспа-тұс келеді. 1948 жылы қазақ орта мектебін бітіреді. 1956-1986 жж. машина жүргізуші, механик тағы басқа жұмыстар істеген. Дегенмен саналы ғұмырын жыр жазуға арнады. Нарымбетовтың «Қармақ» (1979), «Әупілдек» (1982), «Сапар сазы» (1986), «Қызғыш құс» (1990), «Қарлығаштар» атты жыр жинақтары жарық көрді.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Ұлт меншігіне айналдыру, орыс. национализация) — шаруашылық қызметтің төтенше жағдайы, меншік құқығының жеке иеленушілерден мемлекеттік институттарға көшуі, яғни жеке меншіктегі кәсіпорындардың‚ жердің‚ банкілердің‚ көліктің‚ басқа да құралдардың заңнамалық негізде мемлекет немесе қоғам меншігіне өтуі. Түрлі жолдармен: қайтарусыз экспроприациялау (мәжбүрлеп иеліктен айыру)‚ толық немесе ішінара өтеуін төлеп алу‚ біріктіру барысында ұсақ меншікті қоғамдастыру жолдарымен жүзеге асырылуы, яғни Ұлт меншігіне айналдырудың тәсілдері мен әдістері нақты тарихи жағдайларға қарай алуан түрлі болуы мүмкін. Қандай тарихи дәуірде жүзеге асырылғанына‚ кімнің жүзеге асырғанына және кімнің мүддесіне бола жүзеге асырылғанына қарай түрлі әлеум.-экон. және саяси маңызы бар. Мұның өзі экономикалық тұрғыдан ақталуы да мүмкін: стратегиялық өнім өндіретін жеке меншіктегі ұйым банкротқа ұшыраған жағдайда мемлекет оны дағдарысты жағдайдан алып шығу және оны Ұлт меншігіне айналдыру. (мемлекеттік ұйым ету) міндетін өз мойнына алады. Дүние жүзінің бірқатар елдерінде социализм орнату кезеңінде Ұлт меншігіне айналдырудың күштеу, зорлықшыл әдісі қолданылды. Негізгі өндіріс-құрал-жабдықтарын қоғамдастыру деп жарияланған мұндай Ұлт меншігіне айналдыру. капитализмнен социализмге өту жолындағы бірінші кезектегі іс-шаралар ретінде қарастырылды.
## Күштеп Ұлт меншігіне айналдыру
Ықтималдығын шетелдік инвесторлар ең басты саяси қатерлердің бірі ретінде қарайды. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде (мысалы‚ Ұлыбританияда) Ұлт меншігіне айналдырудың артықшылықтарына мыналар жатқызылады: өнім көлемінің ұлғаюына байланысты туындаған үнем (энергетика сияқты салалар өндірістің елеулі көлемінде тиімді әрекет етеді)‚ күрделі жұмсалым шығыны (ұлт ш-ның кейбір салалары қыруар қаржы шығынын қажет етеді‚ мұны тек мемлекет қана қамтамасыз ете алады)‚ экономиканың жай-күйін бақылау; қоғамдық пайда (өзін-өзі өтей алмайтын салалар жәрдем қаражат есебінен қаржыландырылады). Ұлт меншігіне айналдырудың кемшіліктері — ең алдымен өкіметтің монополиясы‚ мұндай ірі ұйымдар төрешілдіктің шырмауында болады‚ демек‚ ол тиімсіз‚ тұтынушылардың сұранымына‚ пайда алуға икемсіз. Қазіргі заманғы жағдайда Ұлт меншігіне айналдыру. мүмкіндігі көптеген елдердің конституцияларында көрсетілген және олардың көбінде, соның ішінде Еуропаның дамыған капиталистік елдерінде де жүзеге асырылды, әсіресе, 2-дүниежүз. соғыстан кейін кейбір елдерде жер асты ресурстары, ірі банктер, электртехника өнеркәсібі, т.б. ұлт меншігіне айналдырылды. Конституциялық құқықта Ұлт меншігіне айналдырудың міндетті шарттары белгіленеді: ол қоғамдық мүдделер үшін, қоғам мен мемлекеттің мүдделері үшін парламент қабылдаған заңның негізінде жүзеге асырылады; Ұлт меншігіне айналдыру. өтеулі болуға тиіс, оның үстіне бірқатар реттерде алдын ала өтелуге тиіс. Өтелу мөлшері туралы даулы мәселелерді сот шешеді, бірақ ол Ұлт меншігіне айналдырудың өзінің заңдылығын дауға айналдыруға құқылы емес.
Халықар құқықта шетелдіктердің меншігін қоса мемлекеттің жеке меншікті Ұлт меншігіне айналдыруы мемлекеттердің егемендік теңдігі қағидатына негізделген құқығы мойындалады. Қазіргі заманғы халықар. құқық тұрғысынан меншікті, соның ішінде шетелдік азаматтар мен компаниялардың меншігін Ұлт меншігіне айналдыру. құқығы егеменді мемлекеттің даусыз айрықша құқығы болып табылады. Меншік құқығының мазмұны мен сипатын анықтау, меншік құқығын алу, оның ауыстырылуы, оның күшін жою мәселелерін реттеу, демек, меншікті Ұлт меншігіне айналдыру. мемлекеттің құзыретіне кіреді. Осы құқықтарды пайдалану БҰҰ жарғысы 2-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттің ішкі құзыретіне жатады. Мемлекеттің Ұлт меншігіне айналдыру. құқығы БҰҰ БА-ның бірқатар қарарларында, соның ішінде “Табиғи ресурстарға ажырағысыз егемендік” қарарында (1962) қуатталған. Бұл қарарға сәйкес ұлт меншігіне айналдырылған мүлік үшін өтемақы оны жүзеге асырған мемлекеттің қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайда ғана төленеді. Мемлекеттердің көбісі мемлекеттің Ұлт меншігіне айналдыру. құқығын мойындай отырып, оны жүзеге асыру кезінде жеке меншік иелерінің мүдделерін қорғау шараларын қолданады. Мысалы, шетелдіктердің ұлт меншігіне айналдырылған мүлкі үшін тез арада баламалы өтемақысын төлеуді талап ету, шет елдегі ұлт меншігіне айналдырылған мүлікке мемлекеттің құқығын мойындаудан бас тарту, т.б. осындай шараларға жатады.
## Тағы қараңыз
* Саясат
## Дереккөздер |
Санамақ — қазақтың жас балаларға (4 — 7 жас) арналған ұлттық ойыны. Зеректікті, ептілікті пен икемділікті қажет ететін ойындардың қатарына жатады. Сандарды қайталап айтқызу арқылы балаға алғашқы матем. дәріс — санауды үйретеді. Санамақ айтылғанда әр санның атына бір ұқсас сөз қосылып айтылады. Мыс.:
* Бір дегенім не? — Бір дегенім білеу,
* Екі дегенім не?— Екі дегенім егеу,
* Үш дегенім не? — Үш дегенім үшкір,
* Төрт дегенім не? — Төрт дегенім төрткүл.
* Бес дегенім - бесік,
* Алты дегенім - асық,
* Жеті дегенім - желке,
* Сегіз дегенім - серке,
* Тоғыз дегенім - торқа,
* Он дегенім - оймақ,
* Он бір қара жұмбақ
Санамақ ойыны осылайша сұрақ қойып, түрлі сандар мен сөздерді қайталап айтқызу арқылы баланың ойлау қабілетін арттырып, сөздерді анық айтуды үйретеді.Қай халықтың болмасын балалар ойындарын бастауда санамақтар басты рөл атқарады. Өзiнiң ерекше кең таралуымен де, балалар көңiл күйiне әсерлiгiмен де, сандық көлемi жағынан да бұл жанр ойындық балалар фольклорында ерекше маңызды орын алады. Солай бола тұрғанмен де, қазақ балалары арасындағы санамақтарға осы уақытқа дейiн арнайы көңiл аударылған емес. Тек олардың бiрен-саран үлгiлерi ғана «Балдырған», «Ақ желкен», «Ұлан» сияқты газет-журналдарда жарияланып келедi. Тек 1988 жылы басылған қазақ балалар фольклорына арналған «Ақ сандық, көк сандық» атты алғашқы толымды жинақта ғана санамақтар жеке жанрлық түр ретiнде топтастырылып берiлдi.«Санамақ» сөзi орысша «считалки» терминiнiң баламасы болғанмен де, оның тiкелей аудармасы (калька) емес, балалар арасында, үлкендер аузында ертеден қалыптасқан халықтық термин. Өзбектерде «санамалар», түркiмендерде «санавыч», татарларда «санамышлар» болып бiр түбiрде келетiн бұл терминнiң мазмұны жалпы жанрлық түрдiң iшкi мәнiнен туғандығын байқатады. Барша халықтар санамақтарының атқаратын негiзгi қызметi ортақ, ол – ойынды бастауға жетекшi тағайындау және сол ойындағы әр баланың мiндетiн анықтау.Кейбiр сөздерi қарапайым жұмбақ (заумный) болып келетiн көлемi шағын ұйқасты шумақтарға ересектердiң, тiптi, қайсыбiр ғалымдардың да балалардың «бәлдiр-батпағы» деп мұрын шүйiре қарайтындары табылып қалады. Бiр қызығы қазбалай сұрасаңыз олардың барлығы да сол санамақты балалық бал-дәурен шақтарында құшырлана жатқа айтқан болып шығады, қажет болса кейбiр үлгiлерiн айтып та бередi. Санамақты балалар тiлi еркiн шыға бастағаннан (3-5), ойыннан қол үзiп ересек тарта бастағанға дейiнгi (13-15) жас кездерiнде жарыса жаттап, қызыға айтып жүредi. Балалар арасында санамақты көп бiлумен және оны мәнерiне келтiрiп айта бiлетiндiгiмен «беделге» ие болғандары болады. Жас өспiрiмдер арасында осыншалық құрметке ие болған бұл жанрдың тәлiмдiк мәнi де өте зор. Ең алдымен ұйқасты өлеңдер баланың поэзияға құмарлығын арттырып, әдемi сөйлеуге дағдыландырса, санамақты көп жаттауға деген құлшыныс олардың жаттау қабiлеттерiн, танымдық ой өрiсiн дамытады, ал санамақты ырғағымен айта бiлу мәнерлi сөйлеуге үйретсе, санамақ тәртiбiн бұзбай айту баланы сергектiкке, байқампаздыққа, турашылдыққа баулиды. Егер қазақ балалары санамақтарының өлең құрылысын шығу тегi жағынан сараласақ, оның ала-құла екендiгiн байқау қиын емес. Олардың iшiнде мағыналық үйлесiм ескерiле бермейтiн балалардың өз шығармашылығы да, халық шығармашылығының басқа жанрларынан ауысып келген шумақтар да, тiптi басқа халық балаларының репертуарынан (әсiресе, орыс халқынан) репертуарынан ауысқан өлеңдер де кездеседi. Осы алуан түрлi өлеңдердiң iшкi мазмұнынан балалар психологиясының ерекшелiктерi танылады. Егер санамақтар мазмұнына назар аударсақ, олардан қандай да бiр реттiлiктi тану қиын емес. Бұл, әсiресе, сан аралас келетiн санамақтардан айқын көрiнедi. Санамақтың осы ерекшелiгi туралы айта келiп Г.С.Виноградов: «Әдеби шығармалардың қандай түрiнде болмасын сан есiмдер дәл осындағыдай мол ұшыраспайды. Есептiк және реттiк сандар мұнда өзiнше айшықталады және басқа да тiлдiк материалдармен қатар көркем шығарма көлемiнде басқа мәнге ие болады» , – деп атап көрсетедi. Бұл жанрдың санамақ аталу себебi де осы реттiлiкте.Бiрiм – бiрiм,Екiм – екiм......Алтым – алтым,Алты малтам,Алтын балтам,Сары ала қаз–Саңқылдауық.Қырман тауық–Қырқылдауық,Сен кiр сен шық, –деп келетiн ең кең таралған қазақ санамағының сандық ретiне назар аударсақ:Бiрiм – бiр, Екiм – екi, –деп онға дейiн санап келiп:Бiр дегенiм-бiлеу,Екi дегенiм – егеу,Үш дегенiм – үскi,Төрт дегенiм – төсек,..деп жалғастырып кететiн уату-алдарқату жырларындағы өлеңмен сан үйрету тәсiлi еске түседi.Сондай-ақ қазақ санамақтарында негiзiнен жұмбақ сөздердiң (заумные слова) iшiнде ең жиi ұшырасатын қайырмаБiрлан,Чiрлан,Отыз,Қатыз,Отыз –тiркестерi түп-тегiнiң де уату-алдарқату жырларындағы саусақ ойындарында жатқанын байқаймыз. Демек, санамақтардың шығу тегiне балаларға сан үйрету өлеңдерi негiз болған деген тұжырым жасауға әбден болады. Яғни бүлдiршiндер ойын барысындағы өз реттерiн табу үшiн алғашқы кезде ата-аналарынан үйренген сан өлеңдерiн пайдаланған. Олар келе-келе түрлi өзгерiстерге түсiп, балалардың өз шығармашылығымен және тағы басқа жолдармен толығып жеке арна түзген. Санамақтардағы мағынасы түсiнiксiз жұмбақ сөздер де өзгеше назар аударуды қажет етедi. Г.С.Виноградовтың орыс санамақтарына байланысты «Басқа бiрде-бiр жанрда жұмбақ сөздер санамақтардағыдай көл-көсiр, алуан түрлi және шебер пайдаланылған емес», – деген пiкiрi барлық халықтар санамақтарына ортақ. Ғалымдардың пайымдауынша жұмбақ сөздердiң шығу тегi сонау алғашқы қауымдық құрылысқа тiреледi. Ол кезеңде шаруашылықтағы құралдардан бастап, аң-құс, табиғат құбылыстарының көпшiлiгi тура аталмай, шартты атауларға ие болған. Санамақтарда сол дәстүрдiң сарқыны бар. Балалар тiрлiгiнде ол әлi күнге сол дәрежесiнде көрiнiс тауып келедi, – деген ғылыми пайымның дұрыстығын қазақ санамақтарының табиғаты да дәлелдейдi. Сонымен бiрге жұмбақ тiлдiң лексикалық қоры тек символдардан ғана тұрады десек, дұрыс болмаған болар едi. Олардың арасында басқа тiлдерден ауысқан кiрме тiркестер де кезiгедi. «... Қайсыбiр жағдайда кейбiр сөз белгiлi бiр ортада түсiнiксiз, жұмбақ болып көрiнсе келесi бiр балалар ортасында ол дыбыс тiркестерi белгiлi бiр ұғымды беретiн, логикалық жүйесi бар сөз ретiнде танылып, жиi қолданылуы мүмкiн. Поляк, еврей санамақтары поляк, еврей тiлiн бiлетiн ортада ешқашан жұмбақ болып саналмайтыны белгiлi, ал олар орыс балалары санамақтарының құрамына өтiсiмен бiрден жұмбақтық санға ие болады», – деген Г.С.Виноградов байламының көрiнiсiн қазақ санамақтарының құрамынан да байқ ауға болады. Қазақстанның Ресей құрамына қосылғаннан кейiнгi кезеңдегi халықтар жақындастығына байланысты қазақ балаларының репертуарына орыс тiлiндегi санамақтар саны молая түскен. Бұл санамақтардың қала балаларына ешқандай жұмбақтық мәнi болмаса, орыс тұрғындары орыс тiлiн шала бiлетiн ауыл балалары үшiн жұмбақ-санамақ (заумная считалка) ретiнде таралған. Және олар көп дыбыстық өзгерiстерге ұшырап, «күрделi өңдеуге» түскен. Они, Вани,Туфли Вани.Васкаризм.Оңшыл, молшылГологоншыл,Кошкин домВышел вон, – деген сияқты санамақтардан орыс тiлi мен қазақ тiлiнiң артикуляциялық ерекшелiктерi араласып қойыртпақ болып кеткен. Және мұндай санамақтарды балалар жатсынбай, жатырқамай әуестiкпен қолданады. Бұл да бала психикасына тән ерекшелiктердiң бiрi. Санамақтардың лексикалық қоры тек сан есiмдер мен жұмбақ (заумные) сөздердiң молдығымен ғана ерекшеленбейдi. Олардың құрамын зат есiмдер мен қысқа етiстiктi тiркестер толықтырады, ал басқа сөз таптары өте аз ұшырасады. Қазақ санамақтарының көлемi әртүрлi болғанмен, өте ұзақ емес, екi жолдан 12-13 жол мөлшерiнде болып келедi.Санамақтар көп жағдайда реттiк сандармен басталып, дами келе «сен тұр, сен шық», «сен кiр, сен шық» деген тәрiздi белгiлi тiркестермен аяқталады. Санамақтың өлең құрылысындағы сөздер логикалық жүйеге қатаң бағына бермейдi. Оның себебiн ғалымдар балалардың психологиялық ерекшелiктерiнен iздейдi.Санамақтар тiркесiнiң көп нұсқалы (варианты) болып келетiндiгi де бұл жанрдың өзiндiк бiр ерекшелiгi. Қазақ санамақтарының ұйқасы көбiнесе, шұбыртпалы, толымды болып келедi. Балалардың, әсiресе, дыбыс қуалаушылыққа – ассонанс пен аллитерацияға құмарлығы санамақ табиғатынан ерекше байқалады. Санамақтың iшкi жанрлық сарасын анықтауда ғалымдар арасында әлi ортақ пiкiр жоқ. Орыс санамақтарын түбегейлi жинап арнайы бiр кiтап етiп шығарған Г.Виноградов оларды: «считалки-числовки, заумные считалки, считалки-заманки» , – деп жiктесе, М.Н.Мельников «заумные считалки, сюжетные и кумулятивные» деп саралайды. Р.Ф Ягафаров татар санамақтарын «считалки-числовки, сюжетные считалки, заумные считалки» деп бөлсе, А. Сафаров «сюжетные, кумулятивные, заумные», – деп М.Н.Мельников жiктеуiне қосылады.Г.С.Виноградов өз жiктеуiнiң негiзiне санамақтардың сөздiк құрамын (словарный состав) негiз етiп алады. Р.Ф.Ягафаров жiктеуi мазмұндық, тақырыптық принциптi ұстанғанымен негiзiнен Г.С.Виноградов жiктеуiн қайталайды. «Текстердi тап басып тану, салыстыру мен белгiлi бiр топқа жiктеуде әрқашан көптеген қиыншылықтарға кездесемiз. Ол әсiресе, санамақтар мен жұмбақ санамақтар ара жiгiн ажыратуда тiптен күрделене түседi [32, 46 б.], – деп Г.С.Виноградов өз ұстанымдарындағы қиыншылықты да тап басып көрсетедi. Осының салдарынан кейде поэтикалық белгiлерi бiртұтас, бiр сюжетке құрылған ұқсас санамақтар бөлек-бөлек топқа түсiп кетедi. Осы жайды ескере отырып, М.Н.Мельников өз жiктеуiнде композициялық, поэтикалық белгiлердiң тұтастығын нысана етiп алады. Бұл принципте санамақтардың синтаксистiк конструкциялары, лексикалық ерекшелiктерi, сюжеттiк, дыбыстық үйлесiмдерi, композициялық тәсiлдерi толық қамтылады. Сондықтан да оларды өзiндiк поэтикалық белгiлерiне қарай жiктеу жеңiл және жүйелi болып шығады. Бiздiңше, қазақ санамақтарын да осы принциппен жүйелеу тиiмдi болады.Жұмбақ сөздi санамақтар. Жоғарыда айтқанымыздай санамақтар құрамындағы жұмбақ сөздiң шығу тегi көне рулық қоғамдағы түсiнiкте жатқанымен де, балалар репертуарындағы бұл санамақтар негiзiнен дыбыстық-үйлесiм принципіне негiзделген. Яғни дыбыс ұйқасын қуалаған балалар дәстүрлi жұмбақ санамақтардағы жұмбақ сөздердi жөндеп, түрлендiрiп әкеткен және оның сан алуан жаңа нұсқаларын туғызған. Мәселен, қазақ саусақ санау ойынында кезiгетiн «бiрлан, чiрлан, отыс, қатыс, отыс» деп келетiн саусақ аттарының жұмбақ баламасы санамақта былай болып түрленедi:Бiрлан, сырланҚабылан, қатыс,Мiрлан отызСен – тұр,сен – шық. Бiздiңше, мұндағы аздаған дыбыстық өзгерiстердiң өзiн айтпағанда «Қабылан, мiрлан» сөздерi дыбыс қуалаушылықтан туған. Мұндай дыбыс қуалаушылыққа назар аударсақ, жұмбақ санамақтарда аттым, баттым, они-вани; әлдiр-бәлдiр, алдай-балдай; екi-бекi т.б. сияқты бiр дыбысы ғана өзгерiп, қайталанып келiп отыратын сөздердi жиi кезiктiремiз. Мұның өзi жұмбақ сөздердiң балалар репертуарында ұзақ сақталуының басты себебi – олардың психологиялық ерекшелiктерiне байланысты екендiгiн көрсетедi.Жұмбақ сөздi санамақтар, әрине, кiлең мағынасыз сөздерден құралмайды, олардың iшiнде реттiк сан есiмдермен, немесе ұйқас үшiн алынған мағынасы айқын сөздермен араласып келетiндерi де мол. Жалпы алғанда, қазақ санамақтарының бұл түрiнiң көп үлгiлерi әлi жете жиналмаған. Оларды iждаһаттап жинап, әлi де саралай түсу – келешектiң iсi. Сюжеттi санамақтар. Санамақтардың бұл түрiнiң өзегi сан араласып келетiн шағын сюжетке құралады. Композициялық құрылысы жағынан келгенде бұл санамақтар көбiнесе реттiк сан есiмдермен басталып одан әрi драмалық шағын сюжетпен немесе дамытыла баяндалып (повествование) келетiн мәтiнмен өрбидi. Яғни, Бiрiм,Екiм,Тығыл!Бекiн!Мен санайын, Сен бол дайын.Сары шымшық, Тез ұшып шық!түрiнде болып келедi. Сюжеттiк санамақтардың iшiнде:– Қоян қашқын,
– Тоғайға қаштым,– Неге қаштың?– Сенен састым.– Неге састың?– Iзiмдi бастың.– Ендеше қашпа, – Мылтығыңды таста!– Аузыңды жап та,Тез зыт! –деген сияқты сан есiмсiз диалогқа құрылған түрлерi де, немесе:Қағаз, қаламҚолға алам, Елге барамМалшы болам.Сиыр бағам,Ешкi сауам,Отын шабам, Оны жарам,Отын жағам,Он аттаОң жаққа, –деген тәрiздi кейiнiрек пайда болған тәрбиелiк мәнi басым оқиғалы түрлерi де бар.Тiзбектi санамақ (Кумулятивные). Тiзбектi санамақтарда логикалық жағынан үйлесе бермейтiн сөздер тасқыны ұйқасқа бағынып тiзбектеле айтылады. Сөздердi жеке алғанда мағыналары белгiлi болғанмен контексте баяндаушылық мәнге ие болмайды. Ондай тiркестер:Жылқы-мылқы,Ойын-күлкi, Сиыр-миыр,Ешкi-мешкi,Түйе-мүйе,Қой-мой,Торғай-морғай,Қос сөздер осылай,Он атта оң жаққа, –деген тәрiздi қос сөздерден немесе:Бiр,Екi,Үш,Төрт.Бес,Алты,Жетi,Шығып кеттi, –деген сияқты сан есiм тiркестерiнен де құралуы мүмкiн. Санамақтың бұл түрiнде жұмбақ тiркестер де, сюжеттiк баяндаулар да жоқ. Сөздер тек ұйқас үшiн ғана iрiктелiнiп алынады. Мысалы:Бiрiм, екiм,Алма текiм,Сары шымшық,Сартылдауық,Сен тұр, сен шық, –дегенде ешқандай логикалық үйлесiм жоқ, жеке-жеке тiркестердi тек ұйқастық үйлесiм ғана ұстап тұр.Демек, санамақ балалардың ойынға байланысты өлең жырларының iшiндегi ең кең таралған iшкi құрылымы да әр алуан жанрлық түрдiң бiрi. Балалар репертуарында ғасырлар бойы жасап келе жатқан қазақ балалар санамақтары өзiнiң бай мазмұнымен, формалық әр алуандығымен көңiл аударады. Сондықтан да оны молынан жинап, тереңдей зерттеу қажет. Ол балаларға танымдық мағлұмат, тәлiмдiк ғибрат, эстетикалық ләззат силаумен ғана құнды емес, халық тарихының, тұрмыс тiршiлiгiнiң, дүние танымының кезеңдiк ерекшелiктерiнiң бедерiн танытумен де бағалы.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Мәделхан Нәлібаев (15.08. 1933 жыл, Сырдария ауданы Айдарлы ауылы – 11.01.2016 жыл,Қызылорда қаласыныңТасбөгет кенті) – инженер-гидротехник. Қазақстанның еңбек сіңірген гидротехнигі. Ташкент «ТИИИМСХ» ауыл шаруашылық суландыру институтын бітірген (1955 ж.). 1955 – 62 жылдары Шиелі суландыру жүйелері басқармасында жұмыс істеп, кейіннен су құрылыстарын жөндеу бөлімін басқарған. 1962 – 66 жылдары Қызылорда су торабы және каналдар басқармасының бастығы болды. 1966 – 68 жылдары Сырдария су құрылыстарын салу-жөндеу мекемесін ұйымдастырып, Сарысу өзені бойындағы Иір, Қонысбек, Балжарма су тоспаларын (бөгеттерін), Көксу каналын іске қосуға басшылық етті. 1968 – 94 жылдары Сырдария су жүйлері басқармасын басқарды. Нәлібаевтың «Су туралы толғаныс» (2001 ж.), «Су – өмір шежіресі» (2005 ж.), «Шежірелі Сыр бойы» (2010 ж.), «Қилы-қилы замаңдар-ай» (2013 ж.), «Сырдың шежіресі сыр шертеді» (2014 ж.) атты кітаптары жарық көрді. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Сырдария ауд-ның құрметті азаматы.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Марат Шамұратұлы Хасанов (29 қыркүйек 1941 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы) – философия ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990).
## Өмірбаяны
* Мәскеу мемлекеттік университетін (1970) және аспирантурасын (1974) бітірген.
* Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында ассистент (1970–1971)
* ҚазҰУ-да ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1975–1995)
* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік аттестациялық комитеті төрағасының орынбасары (1995–1997)
* Қазақстан Республикасы ғылым министрлігі-ғылым академиясында ғылыми кадрларды аттестациялау департаменті директорының орынбасары (1997-2000)
* ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі (2000–2003)
* Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Бөбек» ұлттық қорының «Адамның дамуы» институтының директоры (2003–2005) қызметтерін атқарды.
* 2005 жылдан ҚазҰУ-да профессор.
* 2001 жылдан «Еуразия» журналының бас редакторы.
## Ғылыми еңбектері
* 1987 жылы «Целое и часть как категории материалистической концепции развития» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
* 80-нен астам ғылыми жарияланымның, 2 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
ДОСМАХАНОВА Бибіраба (1921 жылы туған, қазіргі Сырдария ауданы Айдарлы ауылы) – еңбек ардагері. Қызылорда педагогика институтын бітірген. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Жаңақорған ауданы атқару комитетінде, 1943 – 1947 ж. Қызылорда облысы атқару комитетінде қызмет атқарды, 1947 – 1949 ж. Алматы партия мектебінде тыңдаушы, 1949 – 1950 ж. Жалағаш ауданы партия комитетінің хатшысы, 1950 – 1953 ж. облыс атқару комитетінің төрағасы, 1953 – 1963 ж. Қызылорда қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1963 – 1971 ж. облыс мәдениет басқармасының бастығы, 1971 – 1981 ж. облысы мекемелерде жауапты қызметтер атқарған. Досмаханова бірнеше рет қалалық, облыстық, кеңестің депутаты болып сайланған. ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. |
Хайролла Жамбайұлы Байшағыров (1949 жылы 18 ақпанда бұрынғы Көкшетау, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласында дүниеге келген) – техника ғылымдарының докторы (2000), профессор (2001), Халықаралық Экология және қауіпсіздік ғылым академиясының академигі (2000). ҚазМУ-ды (1972, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қарағанды мемлекеттік университетінде стажер-зерттеуші, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары (1972–2000) қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Көкшетау мемлекеттік университетінде кафедра және лаборатория меңгерушісі. Ғылыми жұмысының негізгі бағыты – композиттер механикасы мәселелері. Оның жетекшілігімен диффузорлы шыны-пластикадан тұратын бірегей желді энергетикалық генератордың тәжірибелік үлгісі жасалды. Байшағыров 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.shet-audany.kz/index.php?lang=kaz&textid=179(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Құрақсу — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Матай ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2013 жылға дейін Құрақсу ауылдық округі орталығы болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жансүгіров ауылынан солтүстік-батысқа қарай 155 км жерде, Ақсу өзенінің оң жағалауында.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1963-1997 жылдары қой өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болып келген. Оның негізінде 1997 жылы Құрақсуда бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Шырын Нарымбаева (1922, Жаңақорған ауданы Қандыарал ауылы – 1983, сонда) – еңбек ардагері. Еңбек жолын Ақүйік аудандық кеңесіне қарасты «Бірлік» ұжымшарында диқан болып бастады. Алғашында бидай егіп, кейіннен мақта және жүгері дақылдарын егумен айналысты. Стахановшылар қозғалысына қатысып, мол өнім алған. Ақүйік аудандық кеңесінің төрайымы болып қызмет атқарған. 1951 – 55 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Неміс ұлттық-мәдени орталығы, («Wіеdergeburt» мәдени орталығы), 1998 жылы 7 қазанында тіркелген. Орталық неміс ұлтының мәдениеті мен тілін қайта өркендету, әлеуметтік қорғау мәселелерімен айналысады. Облыс аумағында 195 таза неміс ұлтының өкілдері тіркелген (2006). Олардың басым бөлігі Қазалы, Шиелі аудандарында тұрады. 1999 – 2001 ж. аралығында Тараз қаласында өткен неміс жастарының халықар. фестивалінде жүлделі 3-орынды иемденді.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.