text
stringlengths 3
252k
|
---|
ДҰРЫСҰЛЫ Сейіл (1892, қазіргі Сырдария ауданы Ақболтай ауылы – 26.10.1939, Ташкент) – ағартушы, ақын. Әкесі ескіше оқыған, дін жолындағы адам. Дұрысұлы 6 жасында ауыл молдасынан, кейін Мырзабай ахунның медресесінде оқыған. 12 – 13 жасында елге танымал «ақын бала» атанды. Ол Бұхарада дін оқуын жалғастырды. 18 жасында 1910 жылы Бұхара облысы Тақтакөпір ауданында мектепте дәріс берді. 1916 жылы Қазалы уезінде ұстаз, 1920 – 1925 ж. Шымкент (Оңтүстік Қазақстан) облысының бірқатар аудандарында мектеп директоры, 1932 ж. жабылып қалған Хан мектебін қайта қолға алып, 1937 жылға дейін басшы болды. Кейін Шымкент облысы Пахтаарал ауданының оқу бөлімін басқарған. |
Сиякөк (лат. Linaria) – бақажапырақ тұқымдасына жататын бір не көпжылдық өсімдіктер. Дүние жүзінің солтүстік бөлігінде, негізінен Кавказ бен Орталық Азияда өсетін 150-дей түрі бар. Қазақстанда 21 түрі кездеседі. Жиі кездесетіні — кәдімгі сиякөк. Ол республиканың солтүстік аймақтарында, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарының далалы алқаптарында, тоғайлардың арасында, шалғындар мен тау баурайларында өседі. Биікт. 30 — 70 см. Тамыры төсемелі, сабағы тік, жоғ. жағы бұтақты, сыртында аздаған түгі болады. Жапырақтары ұзын, қандауыр тәрізді, кезектесе орналасады. Сары гүлдері ұзын шашақты гүлшоғырына топтасқан. Маусым — тамыз айларында гүлдеп, шілде — тамызда жеміс салады. Жемісі — қорапша. Тұқымы жалпақ, эллипс тәрізді, түсі қара. Сиякөктің құрамында линарин, пектолинарин глюкозидтері, азот бар. Кәдімгі сиякөк — дәрілік өсімдік. Ол негізінен іш жүргізетін және геморройға қарсы әсер ететін, сондай-ақ әр түрлі тері ауруларын емдейтін дәрі ретінде қолданылады. Сиякөктің 1 түрі — бор сиякөгі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
*
*
*
*
## Пайдаланылған cілтемелер |
«АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ 1887 ЖЫЛҒЫ ЕСКЕРТКІШ КІТАБЫ», құрастырушысы — облыстық статистика к-тінің хатшысы И.Козлов. Кітап 1887 ж. Омбы қ-нда жарық көрген. Кітаптың «Күнтізбе — мекенжай және географиялық-статистикалық мәліметтер» бөлімі ерекше қызығушылық тудырады. Бұл бөлімде Солт. Қазақстан өңірінің барлық елді мекендері және көшпелі тұрғындары туралы мәлімет берілген. Қосымшасында қазақ болыстары туралы анықтама, сондай-ақ шіркеулер, мұғалімдер саны көрсетілген мектептер жайында нақты деректер келтіріледі.
## Дереккөздер
С. Пресняков |
Тілеухан Жұмаханов (15.5.1956, Қызылорда облысы Арал ауданында Ұялы – 6.4.2006, Алматы) – жазушы, аудармашы.
## Өмірбаяны
ҚазҰУ-ды бітірген (1978). 1978 – 79 жылдарында Қазалы ауданында орта мектепте мұғалім, 1979 – 81 жылдарында Қазақ теледидарында редактор, 1981 – 88 жылдарында “Қазақстан әйелдері” журналында аға редактор, бөлім меңгерушісі, 1988 – 93 жылдарында “Қазақ энциклопедиясы” бас редакциясында аға редактор, 1993 – 97 ж. “Жалын” журналы бас редакторының орынбасары, 1997 – 2003 жылдарында “Қазақ энциклопедиясы” бас редакторының бірінші орынбасары, 2003 – 06 жылдарында “Адамар” баспасының директоры қызметтерін атқарған.
## Шығармалары
* Алғашқы әңгімесі “Қыстың соңғы түні” 1985 жылы “Жалын” журналында жарық көрген.
Бірнеше көркем әдеби, ғылым-танымдық кітаптардың, оның ішінде:
* “Қазақстан балалар энциклопедиясының” 1 – 3 томдарының авторы.
* Үнді жазушысы Ананта Муртидің “Самскара”, жапон жазушысы Коба Абэнің “Құм арасындағы әйел” повесть-романдарын, тағы басқалар шығармаларды қазақ тіліне аударған.
* Көптомдық “Қазақстан ұлттық энциклопедиясы”ның 1 – 4 томдарын
* “Қазақстан Республикасы”
* “Қазақстан Республикасы. 10 жыл шежіресі”
* “Қорқыт Ата”
* “Түркістан”
* “Қазақ мәдениеті”
* “Қазақ әдебиеті”
* “Қазақстан тарихы”
* “Жеріңнің аты – еліңнің хаты” энциклопедия анықтамалықтарын шығаруға жетекшілік еткен.
* Қасым хан. Тарихи баян, Аст., 2004.
## Марапаттары
“Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл” медалімен марапатталған (2001).
## Дереккөздер
## Сілтеме
* Қазақстан балалар энциклопедиясы.(қолжетпейтін сілтеме) |
Жүнісов Бақыт Ғазизұлы (1939 жылы туған, бұрынғы Көкшетау облысы Қызылағаш ауылы) – ғалым,
* экономикалық ғылыми доктор (1999),
* проффессор (1993).
* Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері (2001).
* Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1970).
* Қорғалжын ауданы Абай атындағы кеңшарда телімдік механик,
* Целиноград ауыл шаруашылығы институтында партия комитетінің хатшысы (1978 – 80),
* сырттай оқыту бөлімінде проректор (1980 – 85),
* осы институттың Көкшетау бөлімшесінде директор (1985 – 90),
* Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының ректоры (1991) қызметтерін атқарған.
Жүнісов 4 оқулықпен, 100-ден аса ғылыми мақаланың авторы.
## Дереккөздер |
Интернационалист-жауынгерлер ескерткіші, Тараз қаласындағы Жеңіс бульварында орнатылған. Архитекторлары Б.Мұсаев, С.Дембай, Н.Баекеев. 1998 жылы кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 10 жылдығына және Вьетнам, Сирия, Египет соғыстарына қатысушылардың құрметіне тұрғызылған. Кең ауқымды биік (7 м) параллелипед және үш аласа тумбалар бульвардың осіне жағалай қойылған. Ескерткіш қарақоңыр гранитпен, бұрыш қуысы – ақ мәрмәрмен қапталған да, жоғарғы жағына сталактиттер үйілген. Ескерткіштің алдыңғы бетіне: «Олар бейбіт күннің жарақатынан мерт болды, тағдырлары бөтен соғыста таусылды. Жастардың кінәсі неде еді? Айтыңызшы, не кінәсі бар бұлардың?» деген сөздер бар. Мемориалдық үш тумбаның беттерінде мерт болғандардың аты-жөндері ойып жазылған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Жамбыл облысы(қолжетпейтін сілтеме)
* Шаңтөбе(қолжетпейтін сілтеме)
* Ақтау(қолжетпейтін сілтеме)
* Жамбыл облысы Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. |
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ МЕН МӘДЕНИ ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫ — мәдени мекеме. Басты міндеттері: мәдени бұқаралық іс-шаралар жасау, ауыл мәдени мекемелеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету. Мәдени-демалыс пен халық шығармашылығында танымал және озат тәжірибелерді үйретуі, фестивальдарға, байқауларға қатысу, инновациялы жобалар мен бағдарламаларды қолдау, жастар және балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыру. АОХШМДО байқауларда жеңіп шыққан ұжымдар мен жекелеген өнерпаздарға «Халықтық» атағын тағайындайды. Облыста 55 ұжым осы атақтың иегері. Бірнеше жылдар бойы өңірде облысы халық шығарм. байқауы өткізіліп тұрады.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
Пекин трактаты — 1860 жылы Англия мен Францияның Қытайға күшпен таңған келісім шарты. Цин үкіметі 2-апиын соғысында жеңілгені жөнінде 1858 жылы Англия және Франциямен қол қойған әділетсіз Тяньцзин келісімін мойындаудан бас тартып, оның талаптарын бекітпеуге тырысты. Қытай Тяньцзинге келетін барлық теңіз жолдарын мықтап бекітуді, әсіресе әскери жағын нығайтуды қолға алды. Шетелдіктермен алдағы уақытта соғыс бола қалса жеңе алмайтынына көзі толық жетпеген Қытай императоры Тяньцзиньшартын жеңілдету жолдарын дипломат. жолмен іздестірді. Бірақ Қытай өкіметінің бұл әрекеттері нәтиже бермей, ақыры тағы да соғыс ашқан ағылшын-француз әскерлерінен жеңілді. 1860 жылы 24 қазанда Бейжіңде ағылшын-қытай, француз-қытай келісімдеріне қол қойылып, Тяньцзин келісіміндегі талаптарға сәйкес келетін құжаттар қабылданды. Пекин трактаты бойынша Цинь үкіметі шетелдік елшіліктердің тұрақты жұмыс істеуіне, Тяньцзин қаласын шетелдік саудаға ашық деп жариялауға, қытайларды өз елдеріне арзан жұмыс күші ретінде әкетулеріне рұқсат беруге мәжбүр болды. Сондай-ақ құжатта Сянганға жақын орналасқан Цзюлун аралын Англияның иемденуіне және француз миссионерлерінің барлық Қытай провинцияларында жерді кепілдікке немесе сатып алуға, өз қалауынша құрылыстар салуына рұқсат берілген баптар көрсетілді. Ресей де осы қолайлы сәтті пайдаланып, 2 қарашада Қытаймен жаңа келісімге қол қойды. 1858 жылғы Айгунь келісімінің шарттарын толық бекітіп, Амур өзені бойындағы шекараны және Амур мен Уссуридің қосылар тұстарынан шығысқа қарай жүретін шекаралық иеліктерді бекітіп, Қиыр Шығыстағы аумақтық талаптарын шешіп алды. Бұл әділетсіз келісімшарт Қытайды бұдан кейін де шетелдіктермен басқа да ауыр келісімдерді мойындауына, сөйтіп, еріксіз жартылай отар елге айналуына жол ашты.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том |
Жүсіпбеков Кәрім Шаймұратұлы (1939 жылы туған) – қайраткер.
* Қазақстан оқу-ағарту ісінің үздігі.
* Алматы қаласындағы Жоғары партия мектебін бітірген (1972).
* Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Конюхов ауданы Киров ұжымшарында жұмысшы болып бастаған.
* Азаматтық қорғаныс штабының бастығы (1963 – 64),
* Көкшетау ауданы комсомол комитетінің 2-хатшысы, 1-хатшысы (1964 – 68),
* Рузаев ауданындағы Шарық кеңшарында партия комитетінің хатшысы (1972 – 76),
* Ленинград ауданы партия комитетінің хатшысы, 2-хатшысы (1976 – 86),
* Чистополь ауданы халық депутаттары кеңесінің төрағасы (1986 – 92),
* Көкшетау ауданы әкімшілігінің басшысы (1992 – 94),
* Көкшетау облысы еңбекпен қамту басқармасының бастығы (1994 – 97) қызметтерін атқарған.
* 1997 жылдан зейнеткерлік демалыста.
Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендері, медальдармен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Қалыбай Дүрманов (25 қаңтар 1941 жылы туған, Жалағаш ауданы, Ақарық ауылы) – ғалым, медицина ғылымының докторы (1987), профессор. Алматы мемлекеттік медицина институтын (ҚазҰМУ) бітірген (1967). 1967 – 1970 ж. Қызылорда облысы ауруханасында хирург, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1977 жылдан Алматы мемлекеттік медицина институтында қызметте. Ғылыми еңбектері тері мен еріннің қатерлі және қатерлі ісік алды ауруларын, созылмалы остеомиелит ауруын лазер сәулесімен емдеуге арналған. 115 ғылыми еңбектің авторы.
## Дереккөздер |
Жүсіпбеков Хамза (1900, Қарағанды облысы Нұра ауданы – 1938, Алматы) – мемлекет қайраткері, аудармашы. 1920 – 22 жылдары Омбы, Ақмола губернияларында, Көкшетау уезінде жауапты қызметтер атқарған. 1922 – 26 жылдары БК(б)П Ақмола, Бөкей губерниялық комитеттерінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, 1927 – 32 жылы БК(б)П Қазақ өлкелік комитетті бақылау комиссиясының алқа мүшесі және жауапты хатшысы, 1933 – 36 жылдары Қазақстан кәсіподақтар кеңесінің төрағасы, Қазақ АКСР әділет халық комиссары, коммуналдық шаруашылық халық комиссарының орынбасары, 1936 – 37 жылдары Марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институтының қазақ бөлімшесінде аудармашы, Қазақ мемлекеттің көркем әдебиет баспасының директоры қызметтерін атқарған. 1935 – 36 жылдары Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі болды. 1925 – 37 жылдары мерзімдік баспасөзде әдеби сын мақалалары, әңгімелері, очерктері жарияланған. “Қарсақбай” атты кітабы жарық көрді (1928), Н.Островскийдің “Құрыш қалай шынықты” романың қазақ тіліне аударған (1935). Жүсіпбеков 1937 жылы күзде “халық жауы” деген жалған айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілді. Алматы қаласы маңындағы “Жаңалық” ауылындағы қорымға жерленген.
* 1920 – 22 жылы Омбы, Ақмола губернияларында, Көкшетау уезінде жауапты қызметтер атқарған.
* 1922 – 26 жылы БК(б)П Ақмола, Бөкей губерниялық комитеттерінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы,
* 1927 – 32 жылы БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті бақылау комиссиясының алқа мүшесі және жауапты хатшысы,
* 1933 – 36 жылы Қазақстан кәсіподақтар кеңесінің төрағасы, Қазақ АКСР әділет халық комиссары, коммуналдық шаруашылық халық комиссарының орынбасары,
* 1936 – 37 жылы Марксизм-ленинизм ғылыми-зертханалық институтының қазақ бөлімшесінде аудармашы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының директоры қызметтерін атқарған.
* 1935 – 36 жылы Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі болды.
* 1925 – 37 жылы мерзімдік баспасөзде әдеби мақалалары, әңгімелері, очерктері жарияланған. «Қарсақбай» атты кітабы жарық көрді (1928), Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романын қазақ тіліне аударған (1935). Жүсіпбеков 1937 жылы күзде «халық жауы» деген жалған айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілді.
Алматы қаласы маңындағы «Жаңалық» ауылындағы қорымға жерленген.
## Сілтемелер
* Қарағанды облысы
* Нұра ауданы
* Алматы
* Марксизм
## Дереккөздер |
Ақмырза (2007 ж. дейін — Тимофеевка) — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы ауыл, Ақмырза ауылдық округі орталығы. Іргесі 1896 жылы қаланды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ерейментау қаласының батысында 52 км-дей жерде, Ақмырза өзенінің сол жағалауында орналасқан.
## Халқы
Орта мектеп, кітапхана, клуб, дәрігерлік пункт, наубайхана, диірмен, дүкендер бар. Ауылдан 3 км жерде Астана — Павлодар — Өскемен автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы — Ерейментау (65 км).
## Дереккөздер |
Шарықты – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы тау. Аудан орталығы – Ерейментау қаласының солтүстік-батысында 7 – 8 км, Шарықты өзенінен шығысқа қарай 3 – 4 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 392 м. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 6,5 – 7 км-ге, ені 1,5 – 2 км-ге созыла орналасқан. Төбесі төбешіктермен тілімделген. Беткейі көлбеуленген.
## Геологиялық құрылымы
Делювийлі-пролювийлі шөгінділерден түзілген девон жыныстарымен жабылған.
## Өсімдігі
Қара қоңыр топырағында қараған, сұлыбас, қаулы өсімдіктері өскен.
## Дереккөздер |
Жүсіпов Мереке Ертайұлы - 1970 жылы 26 наурызда Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Красный Яр ауылында туған. Қазақ.Әкесі - Жүсіпов Ертай Ахметжанұлы, (1937 жылы туған), зейнеткер. Анасы - Жүсіпова Балқия Мәдиқызы (1946 ж.т.), зейнеткер.Қазақ дене шынықтыру институтын (1993), дене шынықтыру оқытушысы, жаттықтырушы; «Фемида» Қарағанды заңгерлік академиясын (2001) бітірген, заңгер.
* 1987-1992 жылдары - бокстан КСРО құрама командасының мүшесі.
* 1989 жылдан - КСРО Қорғаныс министрлігі жанындағы спорттық армия клубының спорт жөніндегі нұсқаушысы.
* 1991 жылдан - бокстан КСРО құрама командасының спортшы-нұсқаушысы.
* 1992 жылдан - Көкшетау облыстық әкімшілігінің туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының бокстан спортшы-нұсқаушысы.
* 1993 жылдан - ҚР ұлттық штаттық құрама командасының спортшынұқсаушысы, ҚР Қорғаныс министрлігінің ОӘСК спорттық ротасының спортшысы.
* 1995 жылдан - ҚР Еңбек, дене тәрбиесі жәнө спорт министрлігі «Қазбасспортжабдықтау» MM спортсмены-нұсқаушысы, ҚР Қорғаныс министрлігі ӘОСК спорттық ротасының спортсмені. 1998 жылдан - «Ақбиік» ЖШС (Көкшетау қ.) менеджері.
* 2000 жылдан - ҚР ІІМ облыстық «Динамо» ұйымы төрағасының бірінші орынбасары міндетін атқарушы, төрағаның бірінші орынбасары.
* 2001 жылдан - Ақмола облыстық ІІБ Кадрлық жұмыстар басқармасы бастығының орынбасары.
* 2003 жылдан - ҚР ТЖ жөніндегі агенттігі Көкшетау техникалық институтының сырттай оқу факультетінің аға оқытушы-әдіскері.
* 2004 жылдан - ҚР ТЖ жөніндегі Көкшетау техникалық институтының әкімінде (резервінде) болды.
* 2005 жылдан бері - ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының әскери және физикалық дайындық кафедрасының бастығы. КСРО Кубогының (1987), КСРО Чемпионатының (Қазан), КСРО халықтарының X Спартакиадасының (Минск, 1991) күмісжүлдегері; халықаралық жарыс чемпионы (Шымкент), ТМД Чемпионатының (Тамбов), ТМД Кубогының күміс жүлдегері (Иваново, 1992); халықаралық жарыс чемпионы (Екатеринбург), кикбоксингтен ТМД чемпионы (1993); Алматы қаласындағы, Финляндиядағы халықаралық жарыстардың чемпионы (1989); КСРО чемпионатының (Луцк) және КСРО Кубогының (Ақмешіт, 1990) қола жүлдегері. Бокстан халықаралық кластағы спорт шебері (1991). «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 3-ші дәрежедегі, «Қайсар» 2-ші дәрежедегі медальдарымен, «Қазақстан бокстың дамытқаны үшін» ҚР Бокс федерациясының алтын медалімен (2008), «ҚР ІІМ-дегі үздік қызметі үшін» төс белгісімен; ҚР ІІМ және ҚР ТЖМ құрмет грамоталарымен марапатталған.
Әскери атағы - ішкі қызмет майоры.Діни көзқарасы - «Барлық дінге дұрыс көзқарастамын».Хоббиі - футбол, шахмат.Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи көркем әдебиет.
Үйленген. Жұбайы - Мұқанова Самал Зейнілқабиденқызы(1981 жылы туған), «ГНПФ» АҚ филиалының бас маманы. Қызы -Айсұлу (1993 жылы туған); ұлдары - Дидар (2002 жылы туған), Аңсар(2008 жылы туған).
## Дереккөздер |
Ақсай — Ақмола облысы Есіл ауданындағы ауыл, Ақсай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Есіл қаласынан оңтүстікке қарай 2 км-дей жерде. Іргесі 1954 жылы қаланды.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, дәрігерлік пункт, кітапхана, кафе, наубайхана, 4 дүкен, 18 шаруа қожалығы бар. Ауыл жанынан республикалық маңызы бар Астана — Санкт-Петербург автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Кеңшілік Ағытайұлы Мырзабеков (6 маусым 1946; Жәнібек Тархан ауылы, Жангелді ауданы, Қостанай облысы – 30 қаңтар 1989, Алматы) – ақын. ҚазМУ-дың журналистика факултетін бітірген (1976). 1966 – 1989 жылы Қостанай облысы “Коммунизм таңы” (қазіргі “Қостанай таңы”), “Лениншіл Жас” (қазіргі “Жас Алаш”), Алматы облысы “Жетісу”, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде, “Жазушы” баспасында, “Мәдениет және тұрмыс” (қазіргі “Парасат”) журналында қызмет атқарды. Ақынның алғашқы жинағы “Іңкәр дүние” 1972 жылы баспадан шықты. Оның “Сәруар” (1980), “Революция перзенттері” (1980), “Қасиетті қас қағым” (1985), “Дәуір – дастан” (1988), “Ауыл мен астана” (1994) атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Ақын өлеңдерінде туған жерге деген сүйіспеншілік пен өмірге іңкәрлік, лирика сан түрлі толғаныстар басым. “Балалық шақ балладалары” атты жыр жинағы зерттеушілер тарапынан жоғары бағаланды (1987). Ол Е.Евтушенконың “Менің шешем және нейтрон бомбасы”, “Фуку” атты поэмаларын қазақ тіліне аударды (1989). Сондай-ақ ақынның “Іңкәр дүние” (1990), “Бір мысқал” (1996), “Жолға салдым көшімді (2002), “Менің мұңым – махаббат” (2003) атты жыр жинақтары мен “Тың туралы толғау” (1987) секілді мақалалар, очерктер жинағы бар. Мырзабеков жайында “Қайран Кеңшілік!” атты естелік кітап жарыққа шықты (1996).
2006 жылы Алматы қаласында Кеңшілік Мырзабековтың құрметіне көшенің аты берілген.
## Дереккөздер
* Кеңшілік Мырзабековке арналған сайт Мұрағатталған 28 қарашаның 2020 жылы.
## Дереккөздер |
Шаханов Төлеу, Т.Иргайлин.(25.12.1942, Ақмола облысы, Еркіншілік ауданы Бестөбе кеніші - 25.4.1994) -ақын, жазушы, аудармашы. ҚазҰУ-ды бітірген (1963). Аудандағы "Знамя", "Еңбек туы" газеттерінде корректор, аудармашы, әдеби Қызметкер болып қызмет істеген. Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан"), "Ленинская смена","Семиречье", "Қазақ әдебиеті", "Жалын" баспаларында редактор, "Қазақфильм" киностудиясында алқа мүшесі болып қызмет атқарған. Фантастика жанрында қазақ тілінде "Көгілдір мұнаралар" (повестер мен әңгімелер), "Жоғалған жауһар" (повесть) атты кітаптары жарық көрді. К.Әзірбаевтың, Н.Ахметбектің, Д.Қанатбаевтың өлеңдері мен поэмаларын орыс тіліне аударған. Ол аударған венгр жазушысы Крянгенің "Өжет әтеш", М.Светловтың "Мальчик-Кибальчиш" спектакльдері республикалық балалар қуыршақ театры сахнасында қойылып жүр. "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған.
## Шығырмалары
Бәйге. Өлеңдер. 1966;Шуақты күн. Өлеңдер. А., 1968; Білесің бе, бұларды? Өлеңдер. А., 1972; Қос шапқыншы. Өлеңдер мен поэма.1974.
## Дереккөздер
бас әріп |
Жыланды — Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Весёлов ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1915 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Балкашино ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде, Жыланды өзенінің оң жақ аңғарында орналасқан.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, медициналық пункт, тойхана, дүкендер бар. 8 шаруа қожалығы жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Шаханов Асанхан Андақұлұлы (1964 жылы туған, Қызылорда қаласы) – ғалым, экономика ғылымының докторы (2001), профессор Жамбыл гидромелиоративтіr-құрылыс институтының Қызылорда бөлімшесін (1986), Мәскеу мемлекеттік агроинжинерлік университетінің аспирантурасын (1995) бітірген. Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтында ғылыми қызметкер, оқытушы (1991 – 92); Қызылорда мемлекеттік университетінде аға ғылыми қызметкер, механика факультетінің деканы (2002 – 04), Агроинж. институтының директоры (2004 – 06). 2007 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ғылыми істер жөніндегі проректоры. Біріккен халықаралық ірі жобаларды жасауға қатысады.
## Дереккөздер |
Іңкәрдария — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Іңкәрдария ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Тереңөзек ауылынан оңтүстікке қарай 55 км жерде, Тораңғылсай өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1096 адам (588 ер адам және 508 әйел адам) болса, 2009 жылы 1059 адамды (561 ер адам және 498 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Ауыл 1963–1996 жылдары қаракөл қойын өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде ЖШС жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Ақсораң – Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ерейментау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км жерде орналасқан тау.
## Жер бедері
Абсолюттік биктігі 586 м. Тау оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр.
## Геологиялық құрылымы
Палеогеннің тау жыныстарынан түзілген. Беткейі көлбеу келген, көп тілімденген.
## Өсімдігі
Шалғынды сортаңдау топырағында бидайық, қара бас, шалғын аралас әртүрлі шөптесін өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Скибин мен Трошин елшілігі —Ресейдің 1694 жылы Тобольскіден қазақ ордасына жіберген елшілігі. 1691 жылы Тәуке ханның Сібір әкімшілігіне жіберген Келдей бастаған елшіліктің адамдары Тобольскіде, 1692 ж. Сібір әкімш-нің Тәуке ханға жіберген Андрей Неприасов бастаған елшілігі Түркістанда кепілдікте болды. 1693 ж. қазан айында Тәуке хан Келдейді босату мақсатымен Тобольскіге Толыбай Аталықовты жіберді. Тобольскіге келген бұл елшілікке жауап ретінде Келдей мен оның адамдарын Сібір әкімшілігін босатып, олармен бірге Феодор Скибин мен Микайл Трошин бастаған елшілікті аттандырды. Бұл елшілікке Түркістанда кепілдікте отырған Неприасов елшілігінің адамдарын босатып алып қайту және саяси келіссөздер жүргізу жүктелді. Алайда Тәуке хан патшалық Ресейдің бұл елшілігін де кепілдікке ұстауды жөн санап, кері қайтуларына рұқсат етпеді. Неприасов кепілдікте ұсталып отырған кезінде қайтыс болуына байланысты Скибин мен Трошин Бұхар әмірлігіне қашып барды. Ол жерден 1697 ж. Тобольскіге оралды. Скибин мен Трошин оралған соң Сібір әкімшіліктеріне қазақ ордасы жайлы жазба мәліметтерін тапсырды. Онда қазақ ордасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және қалалар туралы мол материал бар.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Юрий Петрович Галишников (10.6.1939 ж.т., Ресей, Красноярск өлкесі, Минусинск қ.) – тех. ғылым доктыры (1980), проф. (1988). Томск политех. институтын бітірген (1961). Қарағанды политех. институтында оқытушы (1967–1972, қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті), декан (1983), Павлодар индустрия институтының ректоры (1984–87), 1988 жылдан Челябинск политех. институтында профессор қызметтерін атқарады. Оның ғылым жұмысының бағыты – магниттік гидродинамика әдістемесінің мәселелері.ИПЦ «Учебная техника» — лауреат Международной выставки-ярмарки «WORLDDIDAC–2000 RUSSIA, УЧЕБНАЯ ТЕХНИКА–2000», выставки-ярмарки на совещании проректоров вузов России в Московском государственном институте стали и сплавов (2004), Всероссийского форума «Образовательная среда–2005», VIII Межрегиональной специализированной выставки «Образование от А до Я», «Российского образовательного форума–2006».
## Дереккөздер |
Жібек жолы (2007 ж. дейін — Александровка) — Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауыл, Жібек жолы ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Аршалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 45 км, Астана қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде, Есіл өзенінің жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
2 орта мектеп, кітапхана, клуб, дәрігерлік амбулатория, дәріхана, қонақ үй кешені, ТЖО, монша, дүкендер, кафе, жылы-жай шаруашылығы, қалбыр (консерві) цехы, 3 наубайхана, жанармай стансасы бар. Ауыл арқылы республикалық маңызы бар Алматы – Қостанай автомобиль жолы, 5 км жерден Қарағанды – Петропавл темір жол желісі өтеді. Ең жақын темір жол стансасы – Бабатай (15 км).
## Дереккөздер |
Ақсу – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы өзен. Ұзындығы 82 км, су жиналатын алабы 1220 км2.
## Бастауы
Бастауын Жарлыкөл көлінен алып, Алтайсор көліне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары аз тілімденген. Арнасының ені кей жерлерде 200-400 м, жағасының биіктігі 1-1,8 м. Ағысы баяу, су деңгейі көктемде 10-15 күндей көтеріледі. Ақсу кентінде өзен бойына 3 бөген салынған. Өзен суы егіс, мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ақсу (2004 ж. дейін – Советское) — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл, Ақсу ауылдық әкімдігі орталығы. Іргесі 1961 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Степняк қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 109 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, дүкендер бар.
## Дереккөздер |
Зағи Әбақова (1879 – 1970) – еңбек ардагері, шопан. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қорғалжын ауданы Сталин ұжымшарының Жөкей бөлімшесінде бір отар қойды шығынсыз бағып-күткен. Еңбектегі жетістіктері үшін Еңбек Қызыл Ту, 2-дәрежелі ]]Отан соғысы]] ордендерімен марапатталған. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Қышабас, сурепка (лат. Barbarea) – орамжапырақ тұқымдасына жататын екі не көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда орманды шалғындар мен егістік жерлерде, өзендер мен көл жағалауларында, кейде тау беткейлерінде өсетін 4 түрі бар. Соның ішінде жиі кездесетіні – кәдімгі қышабас (B. vulgarіs). Оның биіктігі 30 – 70 сантиметр, төм. жапырағы лира тәрізді, 2 – 4-тен топтанып өседі, жоғарғылары тұтас болады. Сары түсті гүлдері шашақ гүлдеріне топталған. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – қос жақтаулы, төртқырлы бұршаққын. Тұқымының құрамындағы 25 – 36%-дай шала кепкен май әсерінен бұл өсімдік улы болып келеді. Оны үй жануарлары мен құстар жемейді. Кавказда кей түрлерінің жапырағы салат ретінде дастарқан мәзіріне кіреді. Шірнелі өсімдік, гүлімен жібек маталарды сары түске бояйды.
## Дереккөздер |
Шәкеев Көкен (1924, Целиноград ауданы Сарыадыр ауылы – 2000, Красный Яр ауылы) – Қазақстанның халық ақыны (1987), Қазақстанның ақын және жыршылар қоғамының президенті (1990), көптеген республикалық айтыстардың жүлдегері. 2-дүниежүзлік соғыстың ардагері. 13 жасынан лирикалық және поэтикалық шығармашылықпен айналысып, айтыстарға қатысқан. Жергілікті Көкшетау ақындарының мектебін басқарды. Медальдармен марапатталған. «Қабанбай батыр» және «Бөгембай батыр» эпосын айтып, таратушы, насихаттаушы, сақтаушы.
## Дереккөздер |
Шәкеев Ұзақбай Тастанбекұлы (1953 жылы туған) – қызметкер. «Қаражон» ЖШС-нің директоры (1991). Тұқым өсіруші агрономнан шаруашылықтық бастығына дейінгі еңбек жолынан өткен. Кәсіпорынның материалдық-техника базасын нығайтуға, әлеуметтік жағдайына, жастармен жұмыс, спортты дамытуға, қайырымдылық көмек көрсетуге, ауылды көгалдандыру мен тазалау жұмыстарына көп көңіл бөледі. Осы жылдар ішінде құрылыс цехы, 40 трактор мен автомобильдерге арналған жылы тұрақ, бір бөлмелі 10 пәтер, монша салынып, қолдануға берілген. «Құрмет» орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шаяхметов Рақымжан Омарұлы (1916, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы) – партия және қоғам қайраткері. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан.Алматы малдәрігерлік институтын бітірген (1939). Семей, Павлодар облыстарында малдәрігері болып жұмыс жасаған (1939 – 1942). Павлодар, Қызылорда, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында партия жұмыстарында (1947 – 64), Целиноград облысы атқару комитетінің төрағасы (1965 – 80) қызметтерін атқарған. Октябрь Революциясы, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Ірге – үйдің не құрылыстың сыртқы қабырғасының төменгі бөлігі. Ол граниттен, құм тастан, тығыз бетоннан, т.б. дымқыл тартпайтын, су өткізбейтін материалдардан жасалады. Қазақ халқы киіз үй шеңберінің төменгі бөлігін І. деп атайды. Сондай-ақ үйдің артқы жағын да І. деп атаған. Суықта І-ге ши, “ірге“ киіз тұтса, аптап ыстықта туырлық етегін белдеу арқанға қыстырып, түріп қойған. Дәстүрлі қазақ қоғамында үйге І-ден кірген жыланның басына ақ құйып, кері шығарып жіберген. Қазақтың отбасылық-неке ғұрпында әмеңгерлік бойынша қайтыс болған күйеуінің туыстарына барғысы келмей, бас еркін сұраған әйелді ақсақалдар “іргеден шығару“ салтымен шығарып салған. Мұндай жағдайда әйел күйеуінің мүлкінен үлес алмайды, тек өзімен келген жасауын ғана алады.
==Пайдаланылған cілтемелер==Б. Хинаят
## |
Іңкәрқала – ежелгі елді мекен орны. Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 225 км жерде. 1958 ж. Хорезм археолиялық-этнографиялық экспедицияның (жетекшісі С.П.Толстов) зерттеген. Қаланың сыртқы көрінісі тік төртбұрышты, айналдыра биіктігі 1,5–1,7 м келетін дуалмен қоршалған. Дарбазасы оңтүстік жағындағы дуалдың ортасына салынған. Қазба барысында табылған көзелердің сынықтарына қарағанда, қала тұрғындары б.з.б. 1 ғасырдада өмір сүрген Олар суғармалы егін шаруашылығымен және мал өсірумен айналысқан.
## Дереккөздер |
Скиф плитасы (скиф тайпасының атымен аталған) — берік шөгінді тыспен қапталған, байкалдық, кей жерде герциндік негіздегі платформалы аймақ. Скиф плитасының жер бедерінде жазықтар (Солтүстік Кавказ, далалы Қырым) басым. Іргетасы қатпарларға жиналған тақтатасты-әктасты қатқабатта, тысы юралық, бор, палеогендік (құмтас, құм, әктас, әксаз, саз) теңіздік шөгінді қатқабаттарында, сонымен қатар неогендік және антропогендік құрлықтық түзілімдерде шоғырланған. Скиф плитасы солтүстігінде Шығыс Еуропа платформасымен, оңтүстігінде Таулы Қырым, Керчь түбегімен, Солтүстік Кавказ қатпарлы құрылымдарымен шектелген.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Қандөз (1997 жылға дейін — Түркістан) — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Қандөз ауылдық округі орталығы. 1997 жылға дейін "Түркістан" деп аталып келген.
## Халқы
Тұрғыны 1149 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434047100.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 88 км жерде, бұйырғын, тасбұйырғын, күйреуік, т.б. сораң шөптер өскен Сыр бойының қуаң жазығында орналасқан.
## Тарихы
1964 – 97 жылдары қаракөл қойын өсіретін Түркістан кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде Қандөзде және округке қарасты Қалғансыр, Қашқанкөл ауылдарында шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Қазақтың тұңғыш елшісі Нәзір Төреқұловтың туған жері.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Ирбис Болун Жабғы Хан (Төлестегін, Сы-Жабғу хан, Шили) – 631 – 633 жылы Батыс Түрік қағанатының төртінші ханы, Ашина әулетінің өкілі, Істеми ханның ұрпағы. Шығу тегі: Істеми хан-Қара Шор Түрік-Янч Саух хан-Тон Жабғу-Ирбис Болун Жабғы хан. Түрік қағанатындағы 630 жылы Нушиби тайпаларының көтерілісі нәтижесінде, билікке төңкеріс арқылы келген Сібір хан Алтай тауы жағына қарай қашады да, көтерілістің жетекшілерінің бірі – Нишу таққа Тон Жабғы ханның мұрагері Төлестегінді 631 жылы отырғызады. Төлестегін жаңа титул – И. Б. Ж. х. деген атқа ие болады. Жаңа хан күдікшіл, секемшіл, ешкімге сенбейтін менмен және өркөкірек болғандықтан оны халық «Сы Жабғы хан» – «Қиянатшыл хан» деп атайды. Деректерде Ирбис Болун Жабғы ханның бір ғана соғысы туралы айтылады. Ол қағанаттың шығыстағы шекарасын қалпына келтіру үшін сеяньто тайпаларына жасаған жорығы жеңіліспен аяқталады. Ханның мінезіне шыдамаған Нишу ордадан қашып кетеді. Жергілікті бектер арасында хан ешқандай қолдау таппайды. 633 жылы Ирбис Болтун Жабғы хан азғантай ғана әскерімен орданы тастап, Құндыз бен Балх жағына қашып кетеді. Сол жылы Балх қағанатын қоршайды, бірақ алғашқы шайқастың бірінде-ақ қаза табады. Нушиби тайпаларының бектері Қарашардан Нишуды шақырып, 633 жылы батыс Түрік қағанатының тағына отырғызады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* ВЕЛИКИЙ ТЮРКСКИЙ КАГАНАТ
* Древние тюрки Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. |
Іргелі — Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл, Іргелі ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан шығысқа қарай 12 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1996 жылға дейін “Прямой путь” деп аталған. 1959-1997 жылдары Қазақ машина сынау станциясының ғылыми-зерттеу институты тәжірибе шаруашылығының орталығы болды. Оның негізінде Іргеліде және округке қарасты Кемертоған және Көксай ауылдарында бірнеше өндірістік кооперативтері және 800-ден астам жеке шаруашылықтар жұмыс істейді. Іргелі арқылы Алматы – Шымкент автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Желтау – Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі қырат.
## Географиялық орны
Қарағанды, Павлодар облыстарының шекарасында ендік бағытта жатқан ұзындығы 25-30 км, ені 5-8 км. Абсолюттік биіктігі 940 м.
## Геологиялық құрылымы
Төменгі девонның эффузивтерінен (пирокласт, құмтас, конгломерат) түзілген.
## Жер бедері
Сай-жыралармен қатты тілімденген оңтүстік беткейі көлбеу. Солтүстік кішігірім көлдерге тіреледі. Таудың батыс жағынан Қарқаралы — Баянауыл автомобиль жолы өтеді.
## Өсімдігі
Беткейлерінде бетеге, селеу, сай-жыраларда қараған, итмұрын, тобылғы өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Іргетас, фундамент (лат. fundamentum – негіз) — ғимараттың немесе құрылыстың түсірілген салмақты жердің негізгі қабатына беретін ғимараттың немесе құрылыстың жер не су астындағы бөлігі, ғимараттың топыраққа түсіретін салмағын көтеріп тұратын жер асты немесе су астындағы бөлігі.
Әдетте іргетас темір-бетоннан, бетоннан жасалып, таспалы (қабырға және тіреу астына); тақта түрінде тұтас; иілгіш және қатты; монолитті және құрама болып ажыратылады. Іргетас түрі құрылыс алаңының геол. және гидрогеол. жағдайларына байланысты таңдалады.
## Дереккөздер |
Мырзакент – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы кент, аудан және Мырзакент кенттік әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы – Түркістан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 403 км жерде орналасқан, Достық (Мырзашөл) каналының бойында.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1910 жылы Мырзашөлді суландырумен айналысқан орыс жер қазушаларының қонысы болып қаланған. Әр жылдары Гавриленко, Славянский, Славянка ауылы деп аталған. 1930–97 жылдары Мақтаарал ауданының орталығы болып келді. 1958–90 жылдары жібек құртын өсіру питомнигі құрылып, жібек шаруашылығы дамып, піллә өндірілді. 1967–93 жылдары Славянка кенті болып аталды. Кентте ірі мақта өңдеуші кәсіпорындар, «Мырзакент» АҚ, ауыл шаруашылығы энергетика, құрылыс мекемелері жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
6 орта мектеп, 1 гимназия, 1 президенттік лингвистикалық мектеп, 36 бала бақша, мәдениет үйі, кітапхана, «Сырдария» университеті, Мырзакент көпсалалы колледжі, емхана, кинотеатр, стадион бар.
## Дереккөздер |
Диевка, Мырзакөл — Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы ауыл, Диев ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әулиекөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 52 км жерде, өзімен аттас көлдің шығысында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 2079 адам болса, 2009 жылы 2018 адамды құрады.
## Тарихы
Ауыл 2001 жылға дейін Диевка деп аталып келген. Іргесі 1942 жылы қаланған. 1942-1996 жылаоы өзімен аттас астық өсіретін кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Мырзакөлде және округке қарасты Қоскөл, Үшқарасу ауылдарында бірнеше ЖШС-тер мен шаруа қожалықтары құрылған.
## Дереккөздер |
Шегеда Василий Иванович (1929 жылы туған,Егіндікөл ауданы Заречное ауылы) – еңбек ардагері, механизатор. Социалистік Еңбек Ері (1971). Көкшетау ауыл шаруашылығын механикаландыру мектебін бітірген (1952). 1953 жылдан Октябрь кеңшарында трактор-комбайн жүгізушісі болып жұмыс жасаған. Орден, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
"Желтоқсан" — қоғамдық-саяси ұйым. 1989 жылдың жазында құрылған. ұйымның мақсаты 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқандарды ақтау, көтеріліске әділ саяси баға беру болды. Ұйым өкілдері 1989 жылдың 16 желтоқсанында Алматыдағы 4 жоғары оқу орнында, одан соң 12 қаңтарда Алматы мақта-мата комбинатының мәдениет сарайында жұртшылықпен кездесулер өткізді. 1990 жылы 10 қаңтарда ұйым өкілдері Қазақстан Компартиясы Орталық Коммитетінің 1-хатшысы Н.Назарбаевтың қабылдауында болды. Осыдан соң “Желтоқсан” ұйымы ашық түрде жұмыс істей бастады. 1990 жылы қаңтарда өткен жиналыста ұйым төрағасы болып Х.Қожа-Ахмет сайланды. 1990 жылы 29 — 30 маусым аралығында Қазақстанның 6 облысы мен Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан қоғамдық ұйымдарының 80 өкілі қатысқан съезде “Желтоқсан” ұлттық-демократиялық партия болып жарияланды. Сол жылы күзден “Желтоқсан” газеті шығарылды (1990 — 95 ж. аралығында газеттің 16 саны жарық көрді). 1991 ж. 29 қаңтарда Алматыда “Желтоқсан” партиясының 2-съезі өтті. 1992 жылы 27 қазанда “Желтоқсан” адам құқығы мен бостандығын қорғау коммитеті болып қайта тіркеуден өтті. 1994 жылы “Желтоқсан” коммитеті жабылып, “Желтоксан” саяси ұйым ретінде өз жұмысын тоқтатты.
## Дереккөздер |
Шерстнев Анатолий Иванович (1936 жылы туған, Ресей, Омбы қаласы) – спортшы, шаңғы спортынан Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы. Қазақстан спортының құрметті қызметкері. Шәкірттері: И. Шерстнев, С. Мусинов, И. Зубрилина, С. Дешевых КСРО, Азия біріншілігінің чемпиондары.
## Дереккөздер |
Қара Абдал – Сырдария маңындағы (Сығанақ қаласының батыс жағы) жердің орта ғасырдағы атауы. Орта Азиялық тарихшы Фазлаллах бен Рузбехан әл-Исфаһани деректемесі бойынша, Қара Абдал 16 ғасырдың басында «қазақтардың қысқы қоныстарының орталығы» болған. Оңтүстік Қазақстан аймағы, оның ішінде Қара Абдал орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық өмірінде зор рөл атқарған. Мұнда қазақтардың отырықшы-егіншілік және қала мәдениеті өріс алған, бекіністер салынған. Қазақтар Сырдария маңын Ортүстік Қазақстан далаларынан, өзге де аймақтардан келіп қыстаған. Жорық кезінде Мұхаммед Шайбани хан Қара Абдал аймағына дейін жеткен (Рузбехан).
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Шенет – Нұра алабындағы ағынсыз көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Целиноград ауданының орталығы бөлігінде, Нұра өзенінің сол жақ жағалауында, Астана қаласының оңтүстік-батысында 65 км жерде, теңіз деңгейінен 334,8 м биіктікте орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 5,7 км2, ұзындығы 4,7 км, енді жері 1,5 км. Жағалау бойының ұзындығы 3,7 км. Су жиналатын алабы 593 км2. Жағалауы көлбеу келген, түбі тұнбалы. Жағасында қамыс, құрақ өскен. Қар, жер асты суларымен толығады. Суы тұщы. Мал суаруға пайдаланылады. |
Ирбис Шегуи Хан – Батыс Түрік қағанатының тоғызыншы ханы (641 – 51), Ашина әулетінің өкілі, Істеми ханның ұрпағы. Шығу тегі: Істеми хан – Ел Кулуч шад Ирбис Шеуги ханИрбис Шегуи ханды 641 жылы Нушиби тайпаларының бектері Ирбис Ышбар Жабғы хан өлтіргеннен кейін таққа әкеледі. Жаңа хан 642 – 645 жылы дулу тайпаларын басқарған Үкі шадпен күрес жүргізіп, оны Тохарстанға кетуге мәжбүр етеді. Қытай императоры Нушибилер сайлаған ханды мойындап, елшіліктер жібереді: 646 жылы Ирбис Шегуи хан Қытайменен одағын нығайту үшін өзіне Тан әулетінің ханшайымын сұратады. Император одақ үшін Ирбис Шегуи ханнан қағанат құрамындағы бес қаланы: Кусаны, Хотанды, Қашғарды, Жаркентті және Цунлинді сұратады. Хан бұған келіспегендіктен екі арадағы одақ бұзылып, қатынас салқындайды. Мұндай жағдайды дулу тайпасының бектері пайдаланып, Ашиналық Халығты басшы етеді де, ашық қарсылық білдіреді. Алғашында Халығ жеңіліске ұшыраса да, күресін тоқтатпайды. Ақыры 651 жылы жаз айларының бірінде хан ордасын басып алып, Ирбис Шегуи ханды өз қолымен өлтіреді де, өзін Ышбара хан деп жариялайды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Тюрок каганы Мұрағатталған 2 маусымның 2011 жылы.
* Turcs occidentals Мұрағатталған 25 қаңтардың 2012 жылы.
* СИНХРОНИСТИЧЕСКАЯ ТАБЛИЦА |
Сарбас Ақтаев - 1934 жылы 30 қыркүйекте Көкшетау облысының Көкшетау ауданындағы Жылымды ауылында дүниеге келген.. Орта мектепті бітіргеннен кейін аудандық " Колхоз жолы" газетінде жауапты хатшы болып қызмет атқарған.1957 жылы Қарағанды педагогика институтын бітіріп, сегіз жылдық мектепте бір жылдай ұстаздық еткен. 1958 жылы Көкшетау облыстық газетінің редакциясына қызметке ауысқан ол одан бері баспасөз саласында үзбей еңбек етіп келеді. Республикалық саяси сықақ журналы "Ара-Шмель" редакциясында фельетоншы, Алматы облыстық "Жетісу" газетінде бірқатар жыл редактордың орынбасары, бірінші орынбасары, он жеті жыл бойы "Егемен Қазақстан" газеті редакторының орынбасары, "Халық кеңесі" газетінің Бас редакторы, "Ақиқат" журналының Бас редакторы болып қызмет еткен. Қазір "Ақиқат" журналының бөлім редакторы.Әдебиеттегі алғашқы қадамын өлеңмен бастаған ол әдебиеттің әр саласына атсалысып келеді. Ш. Уәлиханов атындағы университеттің Құрметті профессоры.
## Аудармалары
Оның аударуында Сетон Томпсон мен М. А. Шолоховтың әңгімелері, В.А. Обручевтың "Жұмбақ жер", Н.И. Ановтың "Ән қанаты" , А.Джапар-Заденің "Отаныңа орал", А. Камьюдің "Оба" және "Бөгде", М. А. Булгаковтың "Ақ гвардия" және "Майталман шебер мен Маргарита" романдары мен Р. Фраерманның "Түз тағысы Динго" повесі, Мамин-Сибиряктің әңгімелер мен повестер жинағы, т.б. жинақталып, жеке-жеке кітап болып шыққан.
## Жетістіктері
Екі мәрте "Құрмет белгісі" орденімен және медальдармен екі мәрте Қазақ КСР Құрмет Грамотасымен марапатталған. Бірнеше мәрте Қазақстан Журналситер одағы сыйлығына ие болған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, "Парасат" орденінің және "Баспасөз үздігі" атағының иегері.
## Шығармалары
Тұңғыш кітап. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1965; Дала туралы толғау. Очерктер. А., "Қайнар", 1971; Қапшағай хикаясы. Повесть А., "Жазушы", 1973; Бұлар бірінші болып еді. Очерктер. А., "Қазақстан" , 1975 жыл; Абылай хан. Тарихи очерк. А., "Алаш", 1992; Ханзаданың қасіреті. Хикаялар. А., "Жібек жолы", 1999; Оқ жетпес. Өлеңдер. А., "Жібек жолы", 2001; Қазақ ханымдары. Тарихи эсселер.А., "Ана тілі", 2001; Алтын қалам. Эсселер. А., "Жібек жолы", 2004; Шарапатты шаңырақ. Деректі очерк. 2004; Ақ боз ат. Хикаяттар. А., "Балауса", 2009
Дереккөздер |
Ақтайлақ – Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы тұзды тұйық көл. Өркендеу ауылының батысында, 16 км жерде орналасқан, теңіз деңгейінен 307 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Ұзындығы 7,9 км, ені 2,3 км. Тереңдігі 2 м-ге жуық. Аумағы 12,4 км2 (1974 және 1960 жылдары - 21,6 км2). Су жиналатын алабы 58,9 км2. Еріген қар, жер асты суымен толысады. Жағалауы батпақты. Көлге Қарасу өзені құяды. 2008 жылы Ақтайлақ көлі Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы аумағына енгізілді. Көктем айында көл жағалауына қаз, үйрек, қоқиқаздар ұя салады.
## Дереккөздер |
Ақсуат – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы өзен. Ұзындығы 25 км, су жиналатын алабы 480 км2. Жылдық орташа су ағымы 6,6 млн. м3.
## Бастауы
Бастауын Домбыралы тауынан алып, Итемген көліне құяды.
## Гидрологиясы
Өзен аңғары мен су жиналатын алабы карбонатты қара топырақтан тұрады. Жағалауының кейбір бөлігінде қайың ормандары кездеседі. Жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Жалғызқарағай ауылында тұсында бойына бөген салынған (көлемі 155 мың м3). Суы шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Шерьязданов Рүстем Шериязданұлы (1935 жылы туған, Рузаев ауданы Сарыбұлақ ауылы) – қоғам қайраткері. ҚазҰУ-ды (1959), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1975) бітірген. 1959 – 62 ж. облысы жоспарлау комиссиясының аға экономисі, қаржыландыру және бақылау бөлімінің бастығы, 1962 – 68 ж. облысы атқару комитеті қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1968 – 73 ж. Көкшетау облысы атқару комитеті жоспарлау комиссиясының төрағасы, 1975 – 80 ж. Бурабай ауданы халық депутаттары кеңесінің төрағасы, 1980 – 85 ж. Көкшетау ауданы партия комитетінің 1-хатшысы, 1985 – 86 ж. Щучинск қалалық партия комитетінің 1-хатшысы, 1986 – 91 ж. Көкшетау облысы халықтық бақылау комитетінің төрағасы, 1991 – 93 ж. Көкшетау облысы халық депутаттары кеңесі төрағасының орынбасары, 1993 – 97 ж. ҚР мемлекеттік Қаржылық бақылау комитетінің Көкшетау облысы бойынша басқармасының бастығы, 2002 жылдан Көкшетау қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы. Аудан, облысы халық депутаттары кеңесінің депутаты болып сайланған. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Арқалық – Шаған тауының батысында орналасқан тау.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Кербұлақ және Көксу аудандарының шекарасында. Абсолюттік биіктігі 1411 м.
## Жер бедері
Тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған. Беткейлері көлбеу, сай-жыра, өзен аңғарларымен тілімденген. Солтүстік және шығыс бөктерінен Быжы, оңтүстік-батысынан Қылқамыс өзендері ағып өтеді. Барлық беткейінде көне тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр.
## Өсімдігі
Таудың баурайындағы карбонатты қызғылт сұр топырағында жусан, боз, селеу, қылқұрт, қозықұлақ өседі.
## Дереккөздер |
Іркібай – ортағасырлық қала. Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан көне қала орны Шірік-Рабаттан 13 км жерде. Қала орнын 1946, 1958 ж. Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедиция (жетекшісі С.П.Толстов) зерттеген. Бұл жерде орналасқан бірнеше тұрақты мекендердің, үйжайлардың жобалары байқалады. Қазба барысында қымбат тастан көз қойылған алтын сырға, мыс теңгелер және көзелердің сынықшалары жинастырылған. Бұл заттарға қарағанда, Іркібай тұрғындары 12–14 ғасырларда өмір сүрген. Олар егіншілікпен және мал өсірумен айналысқан.
## Дереккөздер |
Майкүбі артезиан алабы, Сарыарқаның солтүстік-шығысында, Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Майкүбі қоңыр көмір алабына сәйкес келеді. Ауданы 1 мың км²-дей грабен-синклинорийден орын алған. Алаптың жер асты суы қалыңдығы 300 м-дей келген триас пен юра шөгінділерінде. Суының минералдығы 1,5 – 1,8 г/л, құрамы хлоридті натрийлі, ұңғымалардың су шығымы 10 л/с-ке дейін жетеді.
## Дереккөздер |
Ақталтақ – Ақмола облысы Зеренді ауданындағы тау. Елікті тауының солтүстік-батысында, Қопа көлінің батыс жағында орналасқан.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Шилі – Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы ауыл.
* Шилі – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы ауыл.
* Шилі – Қостанай облысы Науырзым ауданындағы ауыл.
* Шилі – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Шилі – Обаған өзені алабындағы көл.
* Шилі – Сілеті өзенінің оң жақ саласы. |
Шишалқар – Нұра алабындағы ағынсыз көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Қорғалжын ауданының шығысында, Кеңбидайық ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км жерде, теңіз деңгейінен 328 м биіктікте орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 15,8 км2, жағалау бойының ұзындығы 5,8 км. Су жиналатын алабы 171 км2. Жағалауы көлбеу, түбі тұнбалы. Қар, жер асты суларымен толығады. Суы мол жылдары Жыландышалқар көлімен бірігіп кетеді. Суы тұщы, ауыз суға пайдаланылады.
## Өсімдігі, жануарлары
Жағасында қамыс, құрақ өскен. Көлде мөңке, нәлім, алабұға, шортан, аққайран, торта, тағыда басқа балықтар тіршілік етеді. Құстар ұя салады.
## Дереккөздер |
Бардин Иван Павлович (13.11.1883, Саратов губерниясы Широкий Уступ селосы — 7.1. 1960, Мәскеу) — ғалым, КСРО ғылым академиясының академигі (1932).
* Киев политехникалық институтын бітірген (1910).
* 1929 — 1936 жылдары Кузнецк металлургия комбинатын салу жұмысын басқарды.
* 1937 — 1939 жылдары Қара металлургия халкоматында басшы қызметтер атқарды.
* 1939 — 1944 жылдары КСРО ғылым академиясының Металлургия институтының директоры
* 1944 жылдан Орталық қара металлургия ғылыми-зерттеу институтының (1960 жылдан Бардиннің есімімен аталады) директоры, КСРО ғылым академиясының вице-президенті (1942) болды.
* Ұлы Отан соғысы жылдары Орал мен Қазақстанның экономикалық ресурстарын Отан қорғау мүддесіне пайдалану жөніндегі мемл. комиссияның төрағасы болды.
## Еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері металлургия мәселелеріне арналған. Ол қуатты әрі толық механикаландырылған жаңа металлургия зауытының жобасын, сондай-ақ мейлінше жетілдірілген металлургиялық агрегаттар жасау, оттектің қатысуымен өтетін процестерді жеделдету, оттек әсерімен металлургиялық шикізаттардың жаңа түрлерін жан-жақты пайдалану жөнінде іргелі зерттеулер жүргізді.
## Марапаттары
* Социалистік Еңбек Ері (1945).
* Лениндік сыйлық (1958)
* КСРО мемлекеттік сыйлығы (1942, 1949) лауреаты.
* 7 рет Ленин орденімен және медальдермен марапатталған.
## Дереккөздер
## Шығармалары
* Избр. тр., М., 1963 — 68, т. 1 — 2. |
Іргешөп(Spergularіa) – қалампыр тұқымдасына жататын бір немесе екі жылдық шөптесін өсімдік. Дүние жүзіндегі сортаңды топырақты аймақтарында өсетін 30-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық жазықты жерлерінде өсетін 4 түрі бар. Олардың биікт. 5 – 20 см. Сабақтары бұтақтанған, сыртын безді түк басқан. Жапырақтарының пішіні жартылай цилиндр тәрізді, оларды ортасына дейін өсетін үшбұрышты бөбешік жапырақтары орап жатады. Тостағанша, күлте жапырақшаларының саны бесеу. Гүлі қызғылт не ақ түсті, қос жынысты. Аталығының саны 2 – 5, аналық мойны – үшеу. Ұсақ гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Мамыр айынан бастап, қыркүйекке дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – үш жақтаулы қорапша. Тұқымы қанатсыз кейде қанаты болады.
## Пайдаланылған cілтемелер
Б. Қасенова |
Скоморохтар — орта ғасырда өмір сүрген орыс кезбе актерлері.
Олар шетінен әнші, биші, музыкашы болумен бірге драмалық және сөз аралас музыкалық шығармалардың орындаушысы да кейде авторы да болған. Скоморохтар өнері 11 ғ-дың ортасына таяу (мысалы, Киевтегі София соборының фрескаларындағы суреттер, 1037) пайда болып, 15 — 17 ғасырларда шырқау биікке көтерілді. Ал 18 ғасырда бірте-бірте жойыла бастаған Скоморохтар өнерінің кейбір дәстүрлері балаған мен қуыршақ театрларында бой көрсетті. Скоморохтар репертуарынан әлеуметтік сатиралар, драмалық көріністер мен күлдіргі өлеңдер орын алды. Бұлар негізінен музыкалық аспаптардың (бубен, волынка, домра) сүйемелімен орындалған. Көшеде, алаңда өнер көрсеткен скоморохтар көрермендермен тікелей қарым-қатынаста болып, оларды өздерінің ойын-сауығына тартып отырды. 16 — 17 ғасырларда “топ” құрған скоморохтардың саны 70 — 100 адамға дейін жетті.
Шіркеу мен әкімшілік орындары оларды қуғынға ұшыратты. 1648 және 1657 ж. Скоморохтар сауығына тыйым салу туралы арнайы жарлықтар жарияланды. Скоморохтар сауығы қазақтың қу-қушікештеріне, қырғыздың қуудулдарына, өзбектің қызықшыларына және тәжіктің масқарампаздарына жақын болды.
## Дереккөздер |
Шабай батыр, Шабай Қонысұлы (1768, Маңғыстау, Сам өңірі – 1846, Маңғыстау, Итібай құдығы) — батыр.
## Өмірбаяны
Қазақ арасындағы ең ірі Алшын тайпасының Адай руының Құнанорыс бөлімінен шыққан. Әкесі Қоныс, аталары Мыңбай, Лабақтар да батыр болған.
Шабай батыр Орал казактарымен, Еділ қалмақтарымен, Хиуа жасақтарымен және түрікмендермен болған шайқастарда ерлігімен көзге түскен. Өшіккен жау бір күні көп әскермен келіп, Шабай батыр ауылын өзі жоқта шапқан. 78 жастағы батыр жаман хабарды естіп, жігіттерімен Итібай құдығы деген жерде жауды қуып жетіп, мал мен жанды түгел қайтарады, алайда өзі қаза тауып, осы жерге (Маңғыстау мен Қарақалпақстан шекарасы) жерленеді.
## Ұрпақтары
Шабай батырдың балалары Сүгір мен Есен де батыр болған. Ұрпақтары Бердәулет (1842–1915) және Жоламан (1855–1926) батырлар көне Үргеніш қаласының базарында жергілікті билеуші Әлімқұл ханды атып өлтірген. Осы тақырыпқа ақындар жырлар мен толғаулар арнаған. Шабай батыр мен оның ұрпақтарын Қалнияз Шопықұлы жырға қосқан.
## Дереккөздер |
Шиятый Евгений Иванович (1938 жылы туған, Украина, Харьков облысы, Купинск ауданы, Купянск-Узловой с.) – ғалым-агроном, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1981). Черкасск облысындағы Уман ауыл шаруашылық институтын бітірген (1960). Запорожье облысы кеңшарларында агроном (1960 – 61), Павлодар облысында топырақты эрозиядан қорғау тәжірибе станциясында ғылыми қызметкер (1961– 63). 1963 жылдан Бүкілодақтық Жер шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми жұмыстарының бағыты – топырақты эрозиядан қорғаудың ғылыми негіздері мен шараларына арналған. 2 өнертапқыштық куәліктің авторы.
## Дереккөздер |
Қара Жүргенұлы (шамамен 1858, «Қарақ» бойы, Қаракөл – Қуаңдария облысы – 17.9. 1937, Қармақшы ауданы Қара уылтөбе деген жер) – қоғам қайраткері, ел ішінде беделді болған кісі. 1898 – 1901 жылдары Қаракөл – Қуаңдария болысын басқарған. Ресей патшасы әскеріне 350 түйе бермей, 1904 жылы Ырғыз түрмесіне қамалған. 1928 жылы қыркүйек айында ірі байлар қатарына жатқызылып, 1929 жылы 15 қазанда мал-мүлкі тәркіленіп, Қарқаралыға жер аударылған. Қармақшы түрмесіне қамалып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болады. Қараның балалары діни және орысша білім алған. Балалары Қосжан, Досжан діни білім алса, ал Темірбегі (Жүргенов) орысша оқып, кейін Қазақ мемлекетінің көрнекті қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді. Досжан Қараұлы Қарақұм көтерілісі басшыларының бірі болды. Қара 1990 жылы ақталған.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Шөлдала — Жамбыл облысы Тараз қаласындағы ықшам аудан. 2012 жылға дейін Жамбыл ауданы, Құмшағал ауылдық округінің құрамында болған.
## Географиялық орны
Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай, бозжусан, баялыш, күйреуік, тағы басқа шөптесін өскен сұр, сортаң сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан.
## Халқы
Тұрғыны:
* 1,3 мың адам (2006);
* 3,1 мың адам (2009).
## Тарихы
Іргесі 1929 жылы қаланған. 1997 жылға дейін “Пригородный” көкөніс-сүтті кеңшарының бөлімшесі болып келді. Оның негізінде Шөлдалада “Қиыршықтас” АҚ және шаруа қожалықтары құрылды.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
## Атау тарихы
1929 жылға дейін "Қызыладыр" ауылы деп аталған. Теміржол бекетінің маңында жұмысшылардың жартылай казармалары болған. Ауыз су тапшы, су алу үшін Аса өзеніне бару керек болған. Бекет атының аталуы туралы мәселе қойылғанда бұл жерде су тапшылығына байланысты темір жол бекеті мен ауыл "Шөлдала" ауылы деп аталған.
## Дереккөздер |
Атамекен (2024 жылға дейін — Пенжім) — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы ауыл, Атамекен ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жаркент қаласынан шығысқа қарай 18 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1950-1997 жылдары Калинин атындағы жүгері өсіретін ұжымшардың орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Пенжімде және округтегі Ават, Төменгі Пенжім, Қорғас ауылдарында ӨК, ЖШС және бірнеше шаруа қожалығы құрылды. Ауыл арқылы республикалық дәрежедегі Жаркент — Қорғас автомобиль магистралі өтеді.
## Дереккөздер |
Алма Жолдасқызы Терлікбаева (8 маусым 1953 жылы туған, Алматы қаласы) – техника ғылымдарының кандидаты (1987).
* Мәскеу болат және қорытпа институтын бітірген (1976).
* 1976 – 1994 ж. Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында инжинер, аға ғылыми қызметкер (1976–1994)
* 1994 – 2001 ж. Қазақстан Республикасының Минералдық шикізаты кешенді пайдалану ғылыми орталығында бас ғылыми хатшының орынбасары, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім бастығы (1994–2001) болды.
* 2001 жылдан бас директордың орынбасары қызметін атқарады.
«Разработка научных основ и технологии утилизации ванадиевых катализаторов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
80-ге жуық ғылыми жарияланымның авторы.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2001).
## Дереккөздер |
Тәкен Әлімқұлов (Тәңірберген) (22.11.1918, Созақ ауданы, Бабата ауылы – 13.4.1987, Алматы) – ақын, жазушы, әдебиет сыншысы.
Төлеңгіт руынан шыққан. Басқа деректер бойынша Ысты руынан шыққан.
Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген (1953). 1936 – 1945 жылдары Шымкент қорғасын зауытында, Донецк облысында жұмыс істеді. 1945 – 1974 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметтерін атқарды. 1974 жылдан өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмыспен айналысты. Шығармалары 1945 жылдан жариялана бастады. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сапар» 1950 жылы жарық көрді. «Жазғы жаңбыр» (1964), «Қаратау өрнектері», «Туған ауылда» (1968), «Боз жорға» (1969), «Күрең өзен» (1971), «Кертолғау» (1973, 1990), «Шежірелі сахара» (1976), «Көкек айы» (1982) атты әңгімелер мен повестер жинағы, «Ақ боз ат» (1962, орыс тілінде 1968), «Тұлпардың тағдыры» (1975), «Ел мен жер» (1978), «Замана екпіні» (1982) романдары шықты. Жазушы шығармаларының негізгі тақырыбы ауыл тіршілігі, адам тағдыры, өнер қайраткерлерінің өмірі. Абай Құнанбаев туралы «Жұмбақ жан» (1978) атты зерттеу еңбегін жазды. «Өткен мен қазіргі» (1958), «Көк қаршыға» (1972), «Бар өмір алда» (1974), «Сырлы наз» (1984) кітаптары орыс тілінде жарық көрді. М.Ю. Лермонтовтың «Измаил бей» поэмасын (1951), П.Павленконың«Бақыт» (1950), Г.Николаеваның «Орақ үстінде» (1952) романдарын, Э.Сент-Экзюперидің «Кішкентай шаһзада» ертегісін, сондай-ақ А.С. Пушкиннің, В.В. Маяковскийдің, Г.Низамидің өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Халықтар достығы орденімен марапатталған.
Тәкен Әлімқұлов Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген (1953). 1936 - 41 жылдары Шымкент қорғасын зауытында жұмыс істеи жүріп, мақалалар жаза бастаған. 1941 - 45 жылдары Донецк облысында жұмыс істеген. 1945 - 49 жылдары "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жауапты хатшы,"Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газетінде бөлім меңгерушісі. 1956 - 74 жылдары КСРО және Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1974 жылдан шығармашылық жұмыста болған. Шығармалары 1945 жылдан жариялана бастаған. Алғашкы өлеңдер жинағы "Сапар" 1950 жылы жарық көрген. "Өткен мен қазіргі" (1958), "Ақбоз ат" (1968), "Көк қаршыға" (1972), "Бар өмір алда" (1974), "Сырлы наз" (1984) кітаптары орыс тілінде жарық көрген. Орыс қаламгерлері М.Ю.Лермонтовтың "Измаил бей" поэмасын (1951), П.Павленконың "Бақыт" (1950), Г.Николаеваның "Орақ үстінде" (1952) романдарын, француз жазушысы Э.Сент-Экзюперидің "Кішкентай шаһизада" ертегісін, сондайақ орыс ақындары А.С. Пушкиннің, В.В.Маяковскийдің, Әзірбайжан ақын Низамидің өлеңдерін қазақ тіліне аударған. "Халықтар достығы" орденімен марапатталған(1978).
## Шығармалар
* Сапар. Өлеңдер.1950;
* Жемісті жолда. Әдеби-сын макалалар.1958;
* Ак боз ат. Роман.1962;
* Жазғы жаңбырлар. Өлендер.1962;
* Жазғы жаңбыр. Өлендер.1964;
* Сей- тек сарыны. Повесть.1966;
* Туған ауылда. Әңгімелер.1968;
* Бозжорға. Өлеңдер. 1969;
* Күрең өзен. Повесть және әңгімелер.1971;
* Жұмбақ жан. Абай туралы деректі хикая.1972;
* Кертолғау. Повесть және әңгімелер.1973;
* Вся жизнь впереди. Повесть және әңгімелер.1974;
* Тұлпарлар тағдыры. Роман. Повестер мен әңгімелер.1975;
* Шежірелі сахара. Повестер мен әңгімелер.1976;
* Жұмбақ жан. Зерттеу.1978;
* Ел мен жер. Роман.1978;
* Қаратау өрнектері. Өлеңдер мен поэмалар.1980;
* Көкек айы. Әңгімелер мен повестер.1982.
* Замана екпіні. Роман.1982.
## Дереккөздер |
Ақтас (2004 ж. дейін – Трудовое) — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Еңбекшілдер ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1970 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Степняк қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде, Атансор көлінің солтүстігінде орналасқан.
## Халқы
## Кәсіпорындары
Ақтаста «Кеңащы Агрофирмасы», «Еңбек-Нан» ЖШС-тері, Еңбекшілдер т.ж. ст. мен «Өркен Атансор» ЖШС цехы, «Кенащы А.Ф» ЖШС-нің наубайханасы бар. Ауыл арқылы Көкшетау — Уәлиханов автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Шабантегі Үсен Шәуенұлы (1887, қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданы — 17.4.1989, сонда, Жиенбет ауылы) — халық емшісі, көріпкел, әулие.
Ұлы жүз ішіндегі дулаттың шымыр тармағынан шыққан. Әкесі Шәуен ел ішінде палуандығымен, суырып салма ақындығымен белгілі болған. Анасы Қыздарбек емшілікпен айналысқан. Шабантегі атбегілігімен, көріпкелдігімен, үлкен сынықшы, емшілігімен аты шықты. Тамыр ұстап, түрлі шөптерден дәрі-дәрмек жасаған, көріпкел құмалақшы болған. Мал арасындағы небір ауруларды да емдеген. Ел арасындағы әңгімелерге қарағанда 1932—33 жылдардағы ашаршылықты алдын ала болжап, ауылдастарын аман алып қалған. Оған қоса күйші әрі суырып салма ақындығы да болған. Шабантегінің сынықшылығы ұлдары Серікбай мен Әлпиге, қыздары Жұмай мен Айдынға қонған. Зиратының басына күмбезді кесене тұрғызылып, оған ел барып зиярат етеді.
## Сілтемелер
* Жиенбет
* Шәуен би
* Жұмай (көл)
## Дереккөздер |
Шабанбай Қалқаманұлы (1754, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы — 1839, сонда) — би, Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан.
Қаракесектің немересі Майқы, Майқының немересі Өтеміс. Шабанбай сол Өтемістің немерелерінің бірі Қалқаманның баласы. Замандастарының бағалауынша Шабанбай аса қарапайым, мейірімді адам болған. Зерек, зерделі, көкірегі қазына, ақылға бай, ойы терең, толғауы кең, топшылауы жүйрік, алғыр да тапқыр әділ би атанған. Зираты қазіргі Шет ауданының Кеншоқы өңірінде (қазірігі Нұра), Ақтоғай — Қарағанды тас жолының 103 км тұсында, өзен жағасында орналасқан. Ақтоғай ауданында Шабанбай би ауылы бар. Ата-тегі Арғын - Қаракесек, одан берегіректе Майқы, оның бір немересі Өтеміс, Өтемістен бірер атадан соң Шабанбайдың әкесі Қалқаман ұрпақтары таралады.
Шабандай би Сарыарқаның Қараменде (1707-1797), Сеңкібай (1709-1786), Жидебай (1726-1826), Боранбай (1709-1801), Жанғұтты (1810-1873) сияқты атақты айтулы би-шешендерімен замандас, қатарлас, пікірлес, қызметтес, ағайын-жекжат боп араласып жүрген.
Ел жадында Шабанбай би айтыпты дейтін жүйелі шешендік билік сөздер көп. Соның бірсыпырасын 1993 жылдың жаз айында Сеңкібай бидің Қарқаралы ауданында өткен ұлан-асыр асында кездескен ақсақалдар айтқан деректердің кейбіреуіне келейік:
## Қасқырмен болған оқиға
Бір жолы Шабанбай би Қарқаралы еліндегі бір жесір дауына билік айтып, қайтарында Талды өзенінің бойында отырған бір байдың үйіне қоныпты. Түнде байдың қорасына қасқыр түсіп, екі қойын жеп кетеді. Таңертең тұрған бай:
- Шабанбайға сені би, қасиетті әулие, оның жүрген жеріне ешбір пәле жуымайды деуші еді ел. Құтсыз қонақ болдың. Сен үйіме қонған түні қорама қасқыр түсіп екі қойымнан айырылдым, - депті. Сонда Шабанбай би:-Е, е, байеке, қапа болмаңыз, қасқыр да кетпес ұзаққа, ол да түсер тұзаққа, ізіне түсіп біреуің шығыңдаршы қыр жаққа, - депті де аттанып жүріп кетіпті. Шабанбайды аттандырған соң бай жалшысын ертіп ауылының сыртындағы қырқаға карай шықса, анадай жерде бір топ қарағанның түбінде әлгі қасқыр жатады. Қараса, аңшының кақпанына түсіпті, әбден тойған қасқыр, кақпанмен алыса-алыса қарағанға шырмалып қыңсылап қалжырап қапты. Екеуі аттан түсіп, қасқырды соғып терісін алып қайтады. Үйіне келген соң әлгі бай:- Япырым-ай, мынау Шабанбай тегін адам емес екен ғой. Нала болмаңыз, қасқыр кетпес ұзаққа, ол, да түсер тұзаққа деп еді, айтқаны айнымай келгенін қарашы! - деп жағасын ұстапты.
## Шабанбайдың батасы
Жанқұттының әкесі Ботанбай бай ауылының бір ақсақалына:
-Мына баламды Шабанбай шешенге ертіп барып, батасын алып қайт. Сойысқа деп мына тайды босағасына байла, - деп бір тай жетектетіп жіберіпті. Ол ақсақал Жанқұттыны 2-3 жолдасымен ертіп жолға шығыпты, олар кештетіп, бір ауыл сыртындағы желі басына барыпты. Бие саудырып жүрген сұңғақ бойлы кісіге сәлем беріп, жөн сұрайды:- Шабанбай бидің ауылы осы ма?- Иә, осы.- Ол кісі ауылда ма екен?- Ауылда.- Үйі қайсы?- Анау тұрған боз үй.
Ақсақал жігіттерді ертіп, үй алдындағы кермеге барып аттарын байлайды. Үйге кіріп жайғасады. Дастарқан жайылады, сары қымыз сапырылады. Әне-міне дегенде әлгі желі басында жүрген кісі де келеді. Жігіттер бір-біріне сыбырлап:
- Мына келген желі басында бізге жөн айтқан кісі ғой, - деседі. Оны Шабекең естіп кояды да:- Иә, іздеп келген Шабанбайың мен боламын, кәне, шаруаларыңды айта отырыңдар...- Шабеке, кешіріңіз, - дейді, жігіттерді ертіп келген қария, - сізді танымай қалдық. Осы ауылдың жылқышысы шығар деп едік.
Сонда Шабанбай би:
- Иә, өз үйімде елеусіз жылқышымын. Өзге елде елеулі бір кісімін, - деп бір қояды. Келесі бір сөзінде дәу зерен қымызды дем алмай сіміріп тастапты да:- Құлша істеп, бише ішу керек, - дейді. Мұнысы: конақтарына сый көрсетіп, қымызды тартынбай ала отырыңдар дегені екен. Сол жолы Шабанбай шешен әңгіменің дүкенін қыздырып, не бір асыл сөздердің тиегін ағытып, Жанқұтты шәкіртіне ықыласымен ақ батасын беріпті дейді.
Сондағы Шабанбай шешеннің өзінің болашақ ізбасар шәкірті Жанқұттыға берген батасы мынау екен:
- Аллаға жағамын десең, азанды бол, Халыққа жағам десең, қазанды бол, Судай таза бол, Жердей көтерімді бол, - деп бата берген екен.
Жанқұтты мен оның қасына еріп барған өзі тұстас жастар бұл батаны қомсыныңқырап кайтыпты. Ауылына келген соң батаны естіген ел жақсысы Ботанбай қатты риза болып: "Қабыл болсын, әумин!" - депті.Ботанбай батаның мәнін өзінше тұспалдап, бағалаған екен. Біздіңше оның мәні мынандай болса керек:
- Аллаға жағу дегені - мұсылмандықты берік ұстау: намаз, оразаны қате етпеу, исламның бес парызын калт жібермей орындап отыру, имандылық, инабаттылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.
Халыққа жағу үшін қазанды болу дегені - кеңпейілділік, қайырымдылық, байға да, кедейге де, ұлыққа да, кішікке де, үлкенге де, кішіге де арнаулы конаққа таныс емес, ауылдасқа да, жолаушыға да, ғарыпке де, жетім мен жесірге де есік ашық, төрі жазық, дастарқаны жаюлы, асы әзір болу.Су тазартпайтын лас жоқ. Судан таза зат жоқ.Жер көтермейтін ауырлық жоқ. Тауды да, тасты да, өзенді де, көлді де, теңізді де мүхитты да, орманды да көтеріп тұратын - Жер. Адал да, арам да, өлі де, тірі де, данышпан да, ақымақ та, ақылды да, арамза да, мансапқорлар мен баққұмарлар да, өтірікші - өсекші де, алаяқ саудагер де, маскүнемдер мен нашақорлар да, зинақорлар мен жезөкшелер де, ұрылар мен қарақшылар да, арсыздықпен байып жүрген жылпостар да, он сегіз мың ғалам жердің мойнында. Соның бәріне қисайып жаткан жер жоқ. Шабанбай бидің аузының дуалы екендігін Жанқұттыға түгелдей қабыл болуынан байқауға болады. Шынымен қабыл болып, Жақсы Жанқұтты атанды. Жақсы атануы халыққа жаққандығы. Аллаға жаққандығы - қажылыққа екінші рет барып, Мекке-Мединеде, пайғамбарымыз Мұхаммедтің жанында бақилық болғаны.
Шабанбай би аз сөйлеп көп ұғындыратын адам болыпты, аса даулы мәселелерді талкылап шешерде Шабекең деу отырады екен. Билер дауласып, әркайсысы өз үкімін біреуі келісіп, біреуі келіспей әркім өз билігін жактап отырғанда Шабанбай өз билігін бір-ақ ауыз сөзбен жеткізеді, осыған келіседі екен.Шабанбай бидің ұзақ жылдар билік құрған, шешімдер; бәсі осындай болыпты. Жидебай батырдың:
- Шаппай жүйрік болған Шабаным ^ .Сөйлемей шешен болған Шабаным, -
деуі осыдан болса керек. Шабекеңді кейінгі ұрпақ әулие тұтып, осы уақытқа дейін, медет тілеп түнеп жүреді.Шабанбайдың өзінен туған бес баласы: Байша батыр, Бияш, Тойғұл молда, Қожа - бәрі де өз заманында бай болған. Шабанбай беріп, бөлек шығарғанда Балапан деген баласына берген еншісін маңайындағы замандастары азсынып: "Шабеке, неге аздау бердіңіз?" - деп сұрайды. Сонда Шабекең:
"Ол үйдегі келінім көгені мен желісін өзі бөктере келген, өлі-ақ көрерсіңдер", - депті.
Осы келіні Ұмсынгүл кейінде Қарабәйбіше атанған дөулетті келін, қасиетті адам болыпты. Балапан мен Ұмсынгүлдің дөулеті дарынан артық болмаса кем болмаған. Осы Қарабәйбіше әулие адам ретінде сақталған.Шабекең ұрпағының көбірек тұрған жері - Ақтоғай ауданы "Қаратал" совхозы. Қазір Ә. Бөкейханов атындағы ұжымдық Ақтоғай аудандық Кеңесі 1992 жылғы мамыр айында мақұлдай отырып, осы кеңшардың орталығын Шабанбай ауылы деп атау жөнінде шешім қабылдады.
Шабекеңнің ниеті дұрыс адам. Ұрпағы өсіп-өнген. Толықтар бойынша казір Шабекеңнің өз кіндігінен тарап, жеке түтін түтетіп отырған ер балалар отбасы 160-тан асады. Олар Тоқырауын аудандарында, Қарағанды, Жезқазған, Балқашта өмір сүріп, әр салада еңбек етіп жүр."Жақсы атаның шапағаты баласына" деген Шабекеңнің ХІХ ғасырдың аяқ көзі мен XX ғасырдың бас кезінде өмір сүрген ұрпақтарының ішінде 27 жыл (9 сайлау) үзбей болыс болған Шоңбай осы Шабанбай әулетінен, Шабекең ұрпағынан Бекпенбеттің Ахметжаны 1905 жылы қазаққа сайлау құқын беруді талап етіп, Ресей патшасына Қарқаралы дуанынан жіберілген 42 өкілдің бірі болған. Сол себеп болып қазақ халқы сайлауға дауыс беру құқын алады. Сөйтіп, бірінші Мемлекеттік думага Ә. Бөкейханов депутат болып сайланғанда, ол үшін Семей губерниясының дауыс берген 274 сайлаушы елубасылардың біреуі тағы да Шабекеңнің бесінші ұрпағы Емесбек Байсеркин болған. Шабекең ұрпақтарының бірі Садуақас Әбділдин 20-25 жасында Әлихан Бөкейхановпен, Әлімхан Ермековпен сырлас - пікірлес, ниеттес болған адам. 1922 жылдың қазан айында Тоқырауын бойындағы Желтауда Ә.Бөкейханов тұтқынға алынады. Сонда Әлиханмен соңғы рет қош айтысып қалған азғантай зиялылардың бірі сол кезде 28 жастағы осы Сәдуақас Әбділдин болған.Шабанбай би 85 жасында дүниеден кайтқан. Зираты Шет ауданының "Кеңшоқы" совхозының жерінде, Ақтоғай - Қарағанды тас жолының 103-ші шақырымы тұсында, күнбатыста, өзен жағасында тұр. Бұл өзенді Ә. Бөкейханов өзінің 1905 жылы жазған шежіресінде Жарас өзені деп көрсетіпті.
## Дереккөздер |
Ақтасты – Есілдің сол саласы.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Аршалы ауданы жерінен ағады. Ұзындығы 31 км.
## Гидрологиясы
Бастауын ұсақ шоқылардағы бұлақтардан алып, оңтүстік-батыстан солтстік-шығысқа қарай делювийлі-пролювийлі аккумулиятты жазықпен ағады, Аршалы кентінен төменде (4 км) Есіл өзеніне құяды. Аңғары аз тілімденген. Қар және жер асты суларымен толысады. Сәуір айының алғашқы онкүндігінде тасиды. Жаз айларында құрғап, қарасуларға бөлініп қалады.
## Топырағы, өсімдігі
Жоғарғы ағысындағы топырағы күңгірт қоңыр, төменгі ағысында оңтүстіктің карбонатты қара топырағы қалыптасқан. Бетегелі-сұлыбасты өсімдіктер басым. Суын мал суғаруға пайдаланады.
## Дереккөздер |
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.
## Себептері
Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді.
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.
Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.
## Көтеріліс хронологиясы
17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.
Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.
Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.
## Куәгерлердің естеліктері
## Тарихи маңызы
Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.
## Желтоқсан көтерілісі туралы
### Кино:
* "Аллажар", Желтоқсан көтерілісінің бар көрінісін Қаллдыбай Әбеновтың осы фильмінде керемет баяндалады.
Қаллдыбай Әбенов
1988-89 жылы фильмді бастағанда «маған ешкім кедергі жасамағанда, әлі де болса көптеген ақиқатты жарыққа шығарар ма едім?» деп ойлаймын кейде. Алаңда, алаңнан тыс жерлерде 2000-нан астам шейіт болған жастарымыздың денелерін толық еркіндігіміз болғанда, бәлкім, біз табар ма едік. Ақиқаттың көбі оқиғадан кейін-ақ жойылды. Мен фильмді Желтоқсан оқиғасына қатысқан, түрменің азабын шегіп келген уыздай жастарымыздың айтқан әңгімелері, бойынша түсірдім. Қазақтың ұл-қыздарын шырылдата сабап жатқан жерлерін өздерінің айтуларымен жасадым. Толқуды да оқиғаның бел ортасында болған балалардың әңгімесінен алдым.
### Әндер:
* Желтоқсан оқиғасына арналған екі ән кең танымал болды: «Желтоқсан желі», «Қарабауыр қасқалдақ».
### Әдеби шығармалар
Айқараңғысы - Тұрысбек Сәукетаевтың 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жайлы романы .
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Желтоқсан эпопеясы (Жалғасы. Басы өткен санда) ДҮРБЕЛЕҢ Мұрағатталған 27 қарашаның 2016 жылы.
* Желтоқсан эпопеясы (Басы. Жалғасы келесi сандарда) Мұрағатталған 27 қарашаның 2016 жылы.
* Арнайы комиссия құрылса. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТI Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА Мұрағатталған 27 қарашаның 2016 жылы.
* Қазақ зиялыларының ашық хаты
* Желтоқсанға - 25 жыл
* Қайсар қызы сен қазақтың!
* Қайраттың хаты Мұрағатталған 31 желтоқсанның 2010 жылы. |
Желтораңғы — Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл, Желтораңғы ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 95 км-дей жерде, Іле жайылмасының әр түрлі астық тұқымдас шөптер өскен қамысты-құрақты сұр, бозғылт қоңыр құмдақ топырақты шөлейт жазықта орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1961 жылы етті қой кеңшарын құруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан серіктестіктер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Желтораңғыда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Шабатұлы Мәмбетбай (1864, қазіргі Ақмола облысы Атбасар ауданы — 1916, Қарағанды облысы Жезді кенті) — Орталық Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі. 1916 жылғы Маусым жарлығына қарсы бүкіл ел көтерілгенде Қарсақпай, Байқоңыр, Жезқазған жұмысшыларынан, Қарақойын, Қашырлы бойындағы елдерден жиылған жасақты бастап, Амангелді Иманов қолына қосылды. Шабатұлы жасағы патша әскерлерінің Атбасардан шыққан жазалаушы тобына Қаражарда, Қыпшақ өзені бойында соққы берді. Бірақ күші басым жауға төтеп бере алмай, Терісаққан бойында бірнеше жолдастарымен бірге ерлікпен қаза тапты.
## Дереккөздер |
Шойындыкөл — Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл, Шойындыкөл ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Державинск қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 98 км-дей жерде, Шойындыкөл көлінің солтүстік-батыс жағасында орналасқан.
## Халқы
## Инфақұрылымы
Орта мектеп, В.И. Ленин ескерткіші (1971 жылы орнатылған) және ғарышты игерушілерге арналған «Союз–Апполон» (1984 жылы орнатылған) ескерткіші бар. Республикалық маңыздағы Петропавл – Жезқазған автомобиль жолдарының созымдылығы – 35 км.
## Дереккөздер |
Қаракеткен — Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл, темір жол стансасы, Қаракеткен ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жалағаш кентінен солтүстік-батысқа қарай 21 км жерде, Сырдария өзенінің оң аңғарында, қамыс, құрақ, ши басым, сораң шөптесіндер өскен өзен аңғарының шалғынды сұр топырақты жерінде орналасқан. Жері жазық төбелі, шөлді аймақ.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1335 адам (680 ер адам және 655 әйел адам) болса, 2009 жылы 1265 адамды (657 ер адам және 608 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1905 жылы Ташкент – Орынбор темір жол магистралін салуға байланысты қаланған. 1943 – 96 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Жалағаш» кеңшарының орталығы болған.
Қаракеткен деп аталу себебі көне көз қариялардың айтуы бойынша осы жол салынып жатқанда оның Шығыс жақ бетіндегі «Қалияр шүңейіті» деген жерге ірі қара сиырдың суға кетуімен байланыстырады. Сол кездерден бастап «Қаракеткен бекеті» деп аталған.1931 жылы Қаракеткенде машина –трактор станциясы құрылды. МТС 1946 жылы Жалағашқа көшіріледі.
1932-1933 жылдары Қаракеткен темір жол станциясының Оңтүстік бетіне Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектеп салынады.
Каракеткенің атын төңірекке танымал еткен «Игілік» балық колхозы. Ол 1928 жылы ұйымдастырылған артельдің бірі болатын. Теміржолға жақын екенін ескеріп 1930 жылы «Игілік» балық колхозы болып құрылады. Балықшылар балықты Қаракеткен аумағындағы «Майкөл», «Кіндіккөл», «Үйсінкөлі», «Түйе кеткен» сияқты көлдерден аулап отырған. Соғыс жылдары колхоз барлығы 13 мың тоннадан астам сапалы балық аулап, Отан қорғау қорына жөнелткен.1964-1965 жылдары колхоздың аты халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Құрмет тақтасына жазылды.1965 жылы Балық шаруашылығы Министрлігінің ауыспалы Қызыл Туына ие болады. «Сырдария» Қараөзек суының азайып, көлдерінің құрғауына байланысты Министрлер Кеңесінің 1967 жылғы 16-қазандағы қаулысымен «Игілік» балық колхозы таратылды.
1941 жылы Ұлы Отан Соғысының басталуына орай Ақтөбе облысынан мал шаруашылығы көшіп келеді. 1943 жылы «Жалағаш» совхозы ашылады. 1958 жылы совхозда қой саны 42 мыңға жетеді. Совхоз үкіметке сапалы қаракөл терісін, ет, жүн өткізіп жоғары жетістіктерге жетеді. Осы жылдары ауылда 45 орын балабақша салынады. 1989 жылы үш қабатты мектеп үйі пайдалануға беріледі. Екі қабатты шаруашылық кенсесі іске қосылады.1991-1993 жылдары совхоз таратылып жекешелендіруге көшеді.
## Инфраструктурасы
Қазіргі кезде ауылда халыққа қызмет көрсетіп тұрған 1 орта мектеп, 15 орындық аурухана, клуб ,145 нүктелік байланыс бөлімі, «Фариза», «Жанжаз» , «Ақбосаға» жеке сауда орындары, теміржол торабы бар. 2007 жылы мешіт үйі салынды.
## Дереккөздер |
Шоқаев Ғабдулла (1823, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Өрнек ауылы – 1956, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы) – өлкенің ең алғашқы мұғалімдерінің бірі. 1895 – 1912 ж. медреседе, гимназияда оқыған. 1912 ж. жергілікті тұрғындардың қаражатына медресе салып, онда 60 шәкіртті тәрбиелеп, құранды және басқа да пәндерді оқытып үйреткен. 1956 жылға дейін Қызыләскер, Ленин және Преснов ауданында мұғалім болып қызмет жасады. Ленин орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қаракөз, Арал қаракөзі (Abramіs safa aralensіs) – тұқы тұқымдасына жататын балық. Қаракөз Қара, Каспий, Арал теңіздерінің су алаптарында таралған. Ал, Қаракөз түртармағы – Арал теңізінің су алабында – Сырдария мен оның көлдерінде тіршілік етеді. Ұзындығы 28 см, салмағы 420 г-дай. Пішіні тыранға ұқсас, одан айырмашылығы – қабыршағы үлкен, құйрықасты (аналь) қанаты ұзындау болады. 7 – 8 жыл өмір сүреді. Жыныстық жағынан 3 жасында жетіледі. Уылдырығын (көлеміне қарай 2,2 – 33,5 мыңдай) су температурасы 12 – 16°С-қа жеткенде өзен арнасының құмды-тасты, құмды-сазды, сазды жерлеріне шашады. Қорегі – бүйірімен жүзушілер, бақалшақты шаяндар, қосжақтаулы моллюскілер, мизидтер, әр түрлі дернәсілдер, детриттер (өлекселер). Арал Қаракөзі Арал теңізінің экологиялық жағдайына байланысты саны кеміп келеді. Бұрын еті жақсы бағаланатын, кейінгі кезде ол майдаланып, кәсіптік маңызын жоғалтқан.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Ақтасты — Ақмола облысы Аршалы ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Аршалы кентінен оңтүстікке қарай 10 км, Астана қаласынан 80 км жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1932 жылы қаланды.
## Инфрақұрылымы
Мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушнрлік пункт, пошта бөлімшесі бар. Ауыл аумағында «Ақтасты — Агро» ЖШС және астық, көкөніс өсірумен айналысатын 4 шаруа қожалығы орналасқан. Ауылдың жанынан (5 км) мемлекеттік маңызы бар Алматы — Қостанай автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол бекеті 12 км жерде.
## Дереккөздер |
Терсек мәдениеті – энеолит дәуірінің соңғы кезеңдерінде Қостанай облысы Торғай өңірін мекендеген тайпалардың мәдениеті (б.з.б. 3-мыңжылдықтың ортасы – 2-мыңжылдықтың басы). Алғаш рет 1940–50 ж. А.А.Формозов зерттеулерінде «терсек тұрақтары», «терсек-қарағай мәдениеті» жайлы айтылады. Бұл мәдениеттің неғұрлым толығырақ мінездемесі 1980–90 ж. С.Қалиева, В.Н.Логвин зерттеулері барысында қалыптасты.
1980 жылдардың ортасына қарай белгілі болған 30-ға жуық ескерткіштің ішінде біршама жақсы зерттелгендері Соленое озеро-1, Дүзбай-2, Дүзбай-3, Бестамақ, Құмкешу-1, Қожай-1, Қайыңды-3, Евгеньевка-2, Тоқанай-2 сияқты тұрақтардан алынған деректер. Қазбаларда табылған жануарлар сүйектерінің арасында, әсіресе, жылқы сүйектері көп. Ғалымдардың пайымдауынша, Терсек мәдениеті тайпалары ертеден қалыптасқан аңшылық-терімшілікпен қатар, малшылықты меңгерген; оның ішінде, әсіресе, жылқы түлігін көп өсірген болуы мүмкін. Терсек мәдениетінің қола дәуірінің андрон мәдениетіне тигізген ықпалы тереңірек зерттелмеген.
## Дереккөздер |
Жұмағали Әбуұлы (6.4.1945 жылы туған) – филология ғылымының докторы (1998), профессор (1999). Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің еңбек сіңірген қызметкері (2004), Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері (2006). Қызылорда педагогикалық институтының шет ел тілдері факультетін (1970, қазіргі Қызылорда мемлекеттік унверситеті) және Калифорния университетінің докторантурасын (1994) бітіргеннен кейін осы институтта оқытушы, кафедра меңгерушісі, шет ел тілдері факультетінің деканы қызметтерін атқарды. Әбуұлы Қазақстандағы тілдік саясат мәселелері бойынша шет ел университтерінде дәріс берді. 1989 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының шет елдермен байланыс жөніндегі вице-президенті болды. Әбуұлы «ҚР-дағы тілдік саясат» тұжырымдамасының (1996), Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған «Тілдер туралы» заңының жобасын әзірлеушілердің бірі. Лингвистика бойынша ЮНЕСКО-ның үйлестіру комитетінің мүшесі (1999–2000). 2000 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінің қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы. 100-ден аса ғылыми еңбектің авторы. Жұмағали «Құрмет» орденімен (2005) марапатталған.
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Мұрағатталған 9 наурыздың 2011 жылы.
* [2]
* [3](қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Ақтөбе – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы тау. Ақкөл қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 31 км, Домбыралы тауынан шығысқа қарай 12 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттiк биіктігі 436 м. Беткейі көлбеу, аз тілімденген. Ұзындығы 1,5 км, ені 1,0 км.
## Өсімдігі
Баурайындағы сортаңдау топырағында қамыс, әртүрлі шөптесіндер өскен.
## Дереккөздер |
Шошқалы — Ақмола облысының Біржан сал ауданы, Баймырза ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Степняк қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 47 км-дей жерде, Шошқалы көлінің солтүстік-шығысында орналасқан.
## Халқы
Мектеп, медицина пункт бар. Ауылдан 10 км жерден республикалық маңыздағы Астана – Бурабай автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол станциясы – Макинск (50 км).
## Дереккөздер |
ШОТТАР КОРРЕСПОНДЕНЦИЯСЫ – шаруашылық операцияларды тіркеу кезінде талдамалы шоттар арасында туындайтын ақпараттық байланыс; операцияларды екі қайтара жазу‚ бухгалтерлік шоттарды жүргізу тәсілі. Ол операцияның бір шамада екі шотта жазылуынан көрініс табады: бір шоттың дебетінде және екінші шоттың кредитінде жазылады. Мұндай жазбада екі жақты өзара байланыс пайда болады‚ оны Шоттар корреспонденциясы деп атайды. Шоттар корреспонденциясы бухгалтерлік есеп нысандарының арасындағы ақпараттық байланысты және шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы құқықтық қатынастарды қатар көрсетеді әрі хронологиялық немесе ұдайы жазбалар түсіру арқылы көрініс табады.
## Дереккөздер |
Мырзабат Сардобасы – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Гүлстан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде, Мырзашөл даласында орналасқан (Өзбекстан).
Ғимарат табанының диаметрі шамамен 12 м, жалпы биіктігі 8 м. Байырғы керуен жолдары бойында орналасқан күмбезді құдық. Мырзабат Сардобасы шөл далада су сақтау, ыстық күнде құдықтағы судың жылымауы үшін тұрғызылған. Сырт пішіні киіз үйге ұқсас. Ғимарат күйдірілген қызыл кірпіштен тұрғызылған. Бүйірінде күмбезге кіріп-шығуы және іші бір қалыпты салқын болып тұруы үшін бірнеше ойықтар жасалған. Ойықтардың маңдайшалары доғаланып өрілген. Құдық қабырғасы берік шегенделген.
Мырзашөлде Мырзабат Сардобасы секілді басқа да күмбезді құдықтар бар (Якка Сардобасы, 6 – 9 ғасырлар). Бұл ғимараттар сол дәуірде және кейінгі кезде де көшпелі халықтарға, жолаушылар мен керуендерге ауыз су және бағыт-бағдар, демалыс орны қызметін атқарған.
## Дереккөздер |
Қой (лат. Ovis aries) — қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал.
Қой неолит дәуірінде қолға үйретіле бастаған жабайы қойлардан (арқар және муфлон) шыққан.
Дүние жүзінің 170-тен аса елінде 650-дей қой тұқымдары мен тұқымдық топтары бар. Қойдың дене ұзындығы 60 – 110 сантиметр, шоқтығының биіктігі 55 – 100 сантиметр. 12 – 15 жыл тіршілік етеді. 5 – 7 айлығында жетіледі, 15 – 18 айында ғана күйекке жіберіледі. Саулықтарының буаздық мерзімі 145 – 155 тәулікке созылады. Көпшілігі жалқы, кейде егіз туады.Отар – бірге бағып- күтуге арналған қой тобы. Бір отардағы қой саны жасына, жынысына, басқа да ерекшіліктеріне байланысты алты жүз бен мыңның арасында болады. Үлкен фермаларда, шаруашылықтарда қойларды саулық, тұсақ, тоқты, ісек, қошқарлар отарына бөледі. Биязы жүнді және асыл тұқымды қозыларды үш жарым төр айларында, қылшық жүнді үш төрт айлығында бөліп, отар құрады. Еркек және ұрғашы тоқтылардан бөлек отар жасалынады. Жас төлдерден құралған отарларды бөлек жақсы жайылымдарға жаяды, жеммен үстеп қорректендіреді. Отарлар бір- бірімен араластырылмайды, үш төрт адамнан құралған малшылар (шопандар) бағып күтеді.Қозылар 1,5 айлығында отармен бірге бағылады, 3 – 4 айлығында енесінен айырып, еркек және ұрғашы қозыны жеке отарға бөледі. Қ-ды жасына қарай қозы, марқа қозы, тоқты, ісек, тағыда басқа деп атайды; төлдеген қойлар – саулық, 1 жыл төлдемеген қойлар – қысыр, бірнеше жыл төлдемегендерін – ту қой деп атайды.
Қошқарлар мен саулықтардың орташа тірідей салм. 70 – 140 килограмм; 50 – 70 килограмм тартады. Олардан тиісінше 10 – 15; 4 – 8 килограмм (биязы жүнділерінен) 7 – 10; 3 – 6 килограмм (биязылау жүнділерінен); 4 – 6; 2 – 4 килограмм (ұяң және қылшық жүнділерінен) жүн қырқылады. Қазақстан қой өсірілетін қой тұқымдары: қазақтың етті-биязылау жүнді қойы, қазақтың оңтүстік мериносы, қазақтың арқар-мериносы, қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы, қазақтың биязылау ұзын жүнді қойы, қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы, ақжайық қойы, ақсеңгір қойы, алтай қойы, еділбай қойы, дегерес қойы, кавказ қойы, цигай қойы, қаракөл қойы; тұқымдық топтары – қарғалы қойы, сараджа қойы. қойдың жаңа типтерін шығару жұмысында линкольн қойы, ромни-марш қойының тұқымдары пайдаланылады.
Үй қойларының ата-тегінің үш түрлі атауы бар. Олар муфлон, арқар (немесе аргал) және жабайы қыр қойлары болып табылады. Олардың ертеде қолға үйретілгендерінен үй қойларының түрлері пайда болған.Жабайы қойдың көз алды мен бақайының аралықтары безді келіп, басы құйқалы, жазық маңдайлы болады. Қошқарлары иір мүйізді, ірі, қылшық түкті, дөңгелек құйрықты, сида, ұзын сирақты. Олардың қысқы қоректері ағаш қабықтары мен көк шырпылар және құрғақ шөптер. Басқа түліктерге қарағанда, қой қолға үйретуге өте қолайлы келген.Жабайы қой тұқымдарын адам баласы көптеген уақыт алып, бағып-қағып қолға үйретті, үй қойы етіп, жерсіндірді, ауа райына көндіктіріп, дағдыландырды, содан қой түлігі атанды.Қолға үйренген үй қойларының да тұқымдары әр түрлі болып келеді. Солардың бірі — қазақы қой.Қазақы қойлар бертін келе тұқымдарына қарай, өскен жеріне, тұқымына, өсімталдығына, түр-түсіне, жүніне, құйрық, бас, құлақ, бітістеріне, жасына, мінез-әдеттеріне, тағы басқадай ерекшеліктеріне байланысты аталған. Мысалы: шаруалар қойды жасына қарай: үлкен (сақа) қошқар, азбан, ісек, дөнен қой, құнан қой, саулық, тұсақ, тоқты, марқа қозы деп атаса, жынысына қарай; еркек қой, ұрғашы қой, (тоқтышақ), еркек тоқты, ұрғашы тоқты, еркек марқа, ұрғашы марқа, еркек қозы, ұрғашы қозы, т. б. деп атайды.
## Генетикасы
Диплоидті жасушаларда түрлі қошқарлардың хромосомалары әртүрлі. Бұл сан (2n) 52-ден (қарлы қойда) 58-ге дейін (уриден) .Кейде хромосомалардың саны бір түрдің өкілдерінен, тіпті бір адамнан да ерекшеленуі мүмкін. Ішкі қойлардың әдетте 54 хромосомасы бар, бірақ хромосома саны 50-ден 53-ке дейін болатын жасушалар жиі кездеседі, сонымен қатар, 52-хромосомалық адам басым болған отбасылардың тұқымдары бар .Хромосомалар санынан айырмашылығы бар тұқымдардың өкілдері межеленген және өмір сүретін және жемісті ұрпақ әкеле алады . Муфлон диапазондары (2n = 54) мен уриден (2n = 58) қиылысатын Эльбрус тауларында гибридті шыққан адамдар тобы бар. Хромосомалардың саны 54-ден 58-ге дейін .
## Таралуы
Жабайы қойлар батыс, орталық және солтүстік-шығыс Азия да, сондай-ақ Солтүстік Америка ның батысында орналасқан. Еуропада олар Балқан түбегінде тұрды, бірақ шамамен 3 мың жыл бұрын қайтыс болды. Кейбір Жерорта теңізі аралдарында орналасқан муфлон топтарының шыққан жері, олардың нақты жабайы қошқарлар немесе жаңа жабайы аңдар болса да, дау-дамай болып табылады. Көптеген қойлар таулы аудандарда тұрады, бірақ шөл далада өмір сүретіндер де бар, мысалы, кейбір бордақылау популяциясы.
## Қойға қойылатын атаулар
Күй жайына, төлдеу уақытына, жынысына, жасына, сауылуына, желін, емшек бітісіне, дене бітіміне, шағылысу мерзіміне, мінезіне және жүн бітісіне байланысты болып келеді.
## Түсініктемелер
Қой шаруашылығы әлемнің көп елдерінде байырғы заманнан кең тараған кәсіптердің бірі.
## Дереккөздер |
Ақшоқы – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы тау. Ерейментау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 85 км, Торғай ауылынан 60 км, Алакөл көлінен оңтүстік-батысқа қарай 7-7,5 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттiк биіктігі 391 м. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай ұзындығы 3,5-4,5 км, ені 3 км. Беткейі көлбеу, солт. және шығыс бөлігінде көктем мезгілінде суға толатын сай-жыралар көп.
## Геологиялық құрылымы
Элювиальді-делювиальді шөгінділерінен түзілген протерозой жыныстары жапқан.
## Өсімдігі
Қара қоңыр топырағында астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Шопанұлы Дүйсен (1888, Ақмола облысы, Калин ауданы Терсаққан ауылы – 1969) – белгілі қоғам қайраткері. 18 жасқа дейін тамаша етікші болып, аяқ киімді тапсырыс бойынша тіккен. Бұл туралы Ақмола губерниясында дүкендер жүйесінің басшысы Платов деген көпес естіп, оны өзіне жұмысқа шақырып, бір дүкеніне меңгеруші етіп тағайындайды. Қоғамның белгілі өкілдерімен тығыз қарым-қатынас оны жергілікті революционерлермен байланысқа алып келді. Олардың ішінде Ә. Майкөтов, Түлкібай, Мұқаш Машкеев (кейіннен «Социалистік Қазақстан» газетінің қызыметкері), О. Мазгутов (ген. Дутовты тұтқындауға қатысқан), О. Қуандықов, тағыда басқа бар. 1922 – 32 ж. Атбасар тұтынушылар қоғамының төрағасы болады. Ұжымдастыру кезеңінде Ш. өзінің дүкені орналасқан үлкен үйін, 40 өгіз, жылқы, сиыр мен қойларын ұжымшарға берген. 1932 ж. оның достары мен мүдделестерін тұтқындай бастағанда ол Ташкентке кетуге мәжбүр болады. 1937 ж. Солтүстік Қазақстан облысына келеді. Зейнетке шыққанан кейін «Шежіре» құрастыруға қаты-сады. Жергілікті және республикалық газеттерде Ш-ның материалдары жарияланып отырған.
## Дереккөздер |
Шөптікөл – Нұра алабындағы көл.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Нұра ауданының солтүстік бөлігінде, Нұра кентінен солтүстікке қарай 9 км-дей жерде орналасқан.
## Гидрологиясы
Ауданы 6,4 км2, ұзындығы 3,4 км, ендірек бөлігі 2,7 км. Жағалауының ұзындығы 9,3 км, су жиналатын алабының ауданы 175 км2 (90%-ы жыртылған). Шөптікөл суының біраз бөлігі көктемде арнайы қазылған канал арқылы шағын Оршабай көліне жіберіледі. Көлге Бикеш өзені құяды.
## Өсімдігі
Көл қазаншұңқырында өлеңшөп, бидайық, бетеге өседі.
## Дереккөздер |
Ақылбай (2005 жылға дейін – Дорофеевка) — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Абылайхан ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1780 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Щучинск қаласынан солтүстік-батысқа қарай 17 км, Астана қаласынан 251 км жерде, Кіші Шабақты көлінің батысында орналасқан.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, кітапхана, кафе, дәрігерлік амбулатория, асхана, наубайхана, байланыс және пошта бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді. 2-дүниежүзілік соғыстың құрбандарына ескерткіш орнатылған.
## Дереккөздер |
Ақшакөл — Жарқайың ауданындағы көл. Үшқарасу а-нан оңт.-шығысқа қарай 10 — 11 км жерде орналасқан. Алабының топырағы күңгірт қоңыр. Көлдің жағалауында астық егісі, қайың шоқтары және шалғындық жерлер жеткілікті. Көлде биікт. 2 — 2,5 м-ге жететін қамыс өскен. Қамысы құрылысқа пайдаланылады. Суы қарашаның соңында қатып, сәуірде мұзынан арылады. Суы тұщы, кәсіпшілік маңызы бар. Көлде оңғақ, мөңке, шортан балықтар тіршілік етеді. Үйрек, қаз, аққу, тырна, т.б. жыл құстары мекен етіп ұя салады. |
АҚЫЛБЕКОВ Берік Секербайұлы (1963 ж.т., Біржан сал ауданы, Степняк қ.) — ғалым-агроном, экономист. Көкшетау а.ш. ин-тын (1991), Көкшетау экономика және менеджмент ин-тын (2006) бітірген. Еңбек жолын 1981 ж. Степняк қ-ндағы автокөлік кәсіпорнында жүк түсіруші болып бастаған. Еңбекшілдер ауданы «Госкопсельхозтехника» көлік кәсіпорнында көлік жүргізушісі (1984 — 92), Көкшетау облысы бойынша «Сеймар» консорциумының директоры (1992 — 94), «Әліби К» компаниясының директоры (1994 — 97), «Әліби ЛТД» ЖШС-тің бас директоры (1997 — 2003) қызметтерін атқарған. 2003 жылдан «Көкшетау Энерго» ЖШС-тің вице-президенті, 2004 жылдан бас директоры қызметін атқарып келеді.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
Мырзатай — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл, Мырзатай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 км жерде.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1939 жылы қаланған. Мырзатай ауылы 1964 жылдан Жамбыл құс фабрикасының ет бағытындағы (құс еті) орталығы болды. 1975 жылы Қазақ КСР құс өндірісі комитетінің ұйғарымымен өз алдына ("Индейководческая") түйетауық өсіретін шаруашылық болып құрылып, 1997 жылға дейін жұмыс істеді. Оның негізінде 1997 жылдан Мырзатайда ӨК, ЖШС және шаруа қожалықтары құрылған.
## Атау тарихы
"Мырзатай" деген атаудың шығу тарихы мынадай: Осы ауылда 9 ағайындылар өмір сүрген. Солардың бесеуі осы ауылда қалып еңбек еткен. Қалғаны бұл ауылдан көшіп кеткен. Мырзатай деген кісі сол ауылда қалғандардың бірі, шаруа, кедей адам болған екен. Ол кісі ауылдағы кедейлердің басын қосып, оларды еңбекшілікке шақырып, белсенділік танытып, соларға ауыл кеңесшісі болады. Сол уақыттан бастап сырттан келгендер бұл ауылды "Мырзатай шалдың ауылы" деп атап кеткен.
## Дереккөздер |
АҚШАСОР — Зеренді ауданындағы тұзды көл. Қылшақты өз-нің оң жағалауында, Көкшетау қ-ның шығысында орналасқан.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
Шутаева Зура Құлмырзақызы (1937 жылы туған, Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылы) – қоғам қайраткері, комсомол, партия, кеңес қызметкері. Көкшетау қаласының Құрметті азаматы. Еңбек жолын Көкшетау ауданы халық сотының хатшысы болып бастаған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын бітірген. 1959 – 61 ж. Шағалалы орта мектебінде мұғалім, 1961 – 70 ж. Көкшетау облысы комсомол комитетінің хатшысы, 2-хатшысы, 1970 – 71 ж. облысы партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы, 1971 – 82 ж. Көкшетау қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1982 – 91 ж. облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1991 жылдан Көкшетау облысы Әйелдер кеңесінің төрайымы, 1998 жылдан Көкшетау қаласы әкімі жанындағы Отбасы және әйелдер мәселелері жөніндегі кеңестің төрайымы. «Құрмет Белгісі» орденімен, үш медальмен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазіргі таңда зейнетте.
## Дереккөздер |
Шабдалы (лат. Persіca – парсы) — раушангүлділер тұқымдасына жататын жеміс ағашы. Ауа райы жылы аймақтарда (Оңт. Еуропа, АҚШ, Жапония, Қытай, Түркия, Орта Азия). Шабдалының мәдени сұрыптары кәдімгі Шабдалыдан таралған. Кәдімгі Шабдалының биіктігі 6 – 8 м, жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлі қос жынысты, түсі қызғылт, сары немесе ақшылдау. Ол 2–3 жылдан бастап 15–20 жылға дейін жеміс береді.
Жемісі етжеңді, ішінде сүйегі бар, қышқылтым, шырыны тәтті, құрамында қант, органик. қышқылдар, А, С витаминдері көп. Тұқымында болатын Шабдалы майынан тамақтық заттар мен дәрі жасалады. Әр Шабдалы ағашынан 20 – 120 кг жеміс алынады. Жемісі жастай және кептірілген күйінде (компот, тосап, тәтті сусын, т. б.) пайдаланылады. Өнімді мол алу үшін топырақты құнарландыру, уақытымен суғару және қажетсіз бұтақтарын кесіп, сиретіп отыру керек. Оның өсіп тұрған жерінде арамшөптер болмауы қажет.
ТМД-да, Орта Азия республикаларында, Закавказьеде, Қырымда, Дағыстанда, Молдовада, Солтүстік Кавказдың Қара теңіз жағалауында және Қазақстанның оңтүстік облыстарында будандастырылған 50-ден астам сорты өсіріледі. Шабдалының жемісінде 80 – 90 % су, 6 – 14 % қант (оның 5 – 10 %-ы сахароза), 0,5 – 1,2 % пектин заттары, 9,4 – 20 мг % С витамині, 0,6 – 1,0 мг каротин, ал тұқымында 20 – 60%-ға дейін май қышқылдары және эфир майы болады. Жемісі жастай, кептірілген күйінде (компот, варенье, тәтті сусын, т. б.) пайдаланылады. Шабдалы тұқымынан және бадам, алша, өрікпен ұластыру әдісімен көбейтіледі. Өнімді мол алу үшін жыл сайын бұтақтарын шарпып, сиретіп отыру қажет.
## Өсімдік туралы
Шабдалы – раушангүлдер тұқымдасы, бадам тобына жататын өсімдік. Шабдалының отаны нақты белгісіз. Көпке дейін шабдалының отаны Иран деп есептеліп келген, бірақ жабайы түрі Қытайда табылғаннан кейін, зерттеушілер шабдалының отаны – Қытай деген тұжырымға келді. Қазіргі кезде шабдалыны субтропикалық және жылы қоңыржай климаттардың көп жерлерінде өсіреді. Еуропаға шабдалы Парсы елі арқылы келген. Жеміс өсіруден Еуропада шабдалы, алма мен алмұрттан кейін үшінші орында тұр. Шабдалы өсіруден АҚШ бірінші орындағы мемлекет. Қазіргі кезде шабдалының 3000-ға жуық сұрыпы бар. Шабдалының екі түрі бар: біріншісінің қабығы түкті, екіншісінікі – тегіс. Ағаштың биіктігі 6 м. Жапырақтары сопақша келген ұзын. Жапырақтары гүлдеп болғаннан кейін шығады. Гүлі қызғылт-күлгін, мәдени түрлерінде ақ, қызыл, ала түстілері де бар. Күлтелері жәй және гүлпарлы болып келеді. Жемісі шар пішінді, бүйірінде сызығы бар. Алдында жасыл түсті болады да, соңынан қызғылт-сары түске айналады. Жемісінің өзіне тән хош иісі болады. Жемісінің ортасында ірілеу сүйегі болады. Сүйегінің беті бұдырлау, қоңыр. Жеміс беру кезеңі мамырдан қазанға дейін созылады. Ерте пісетін сұрыптарына қарағанда, кеш пісетіндері хош иісті, дәмдірек және дәрумендері көп болады. Жемісінің салмағы 50 грамнан 500 грамға дейін жетеді. Шабдалы 40-50 жылға дейін өмір сүреді, бірақ ауруға шалдыққыш, сондықтан ертерек өліп қалады. Көбінесе 15-30 жылға дейін ғана өмір сүреді.
Шабдалы – жарықсүйгіш өсімдік, көлеңкелі жерде жемістері кішірейіп, дәмсіз болады. Шабдалы тұқымнан және вегативті тәсілмен — қалемшелеу, ұластыру арқылы көбейеді. Шабдалыны отырғызған кейін 3-5 жылдан соң жеміс бере бастайды. Әр ағаш 30 кг — 100 кг-ға дейін жеміс бере алады.
## Қолданылуы
Шабдалы ағашының жемісі пайдалы әрі тәтті. Шабдалы қантқа, органикалық қышқылдарға, ферменттерге, өзектерге, илік, азотты және пектинді заттарға, С, В1, Р, РР дәрумендеріне, каротинге, флавоноидтарға, сонымен қатар минералды заттар мен микроэлементтерге бай. Әсіресе, Қырым шабдалысында В2, өзбек шабдалысында Е дәрумені көп болады. Фармацевтикада пектиндер мен эфир майын алу үшін қолданылады. Шабдалы жемісін асқазан аурулары, жүрек ауруы, қан аздық кезінде жеу өте пайдалы.
Шабдалыдан тосап, компот, джем жасайды. Шабдалы сүйектерінен «персико» деп аталатын ликер жасайды.
Шабдалының 5 түрі:
* кәдімгі шабдалы (P. vulgaris),
* гансун шабдалысы (Р. kansuensis),
* Давид шабдалысы (Р. Dawidiana),
* Потанин шабдалысы (Р. Potanini),
* ғажайып шабдалы тараған (Р. mira).
## Шабдалы туралы тақпақ
Шабдалының қасынаОтырғызба мойылды,Қас жауы сол,Өсірмес.Сайла басқа орынды.Жұдырықтай шабдалы Елестетер алманы.Сырты түкті жеміс бұл,Бас бармақтай бар дәні.
## Тағы қараңыз
* Орта Азия
* Еуропа
* Витаминдер
* Алма
* Алмұрт
## Дереккөздер
## Әдебиет
* Қ 74 Құлжабаева Г. Ә.; «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. — Алматы, 2011. — 16 б; ISBN 978-601-7237-31-8
## Сілтемелер
* Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы. |
Пеньково — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы ауыл, Рощин ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Бескөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 19 км-дей жерде.
## Тарихы
Іргесі 1923 жылы қаланған. 1930 жылы ұжымшар болып құрылды. Шағын екі ұжымшар бірігіп, 1953 жылы астық өсіретін кеңшар болып ұйымдасты. Кеңшар негізінде Пеньковода сары май, шұжық жасайтын цехтар және мал азығын дайындайтын шағын цех жұмыс істейді. Пеньково арқылы Петропавл — Омбы автомобиль магистралі өтеді.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1048 адам (519 ер адам және 529 әйел адам) болса, 2009 жылы 958 адамды (462 ер адам және 496 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шуваев Василий Тихонович (1923, Сандықтау ауданы Михайловка ауылы) – ғалым-зоотехник, ветеринария ғылымының докторы (1972), профессор (1973).
Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтын бітірген (1951). 1960 жылға дейін Омбы ветеринар институтының ассистенті, 1960 – 78 ж. Ақмола ауыл шаруашылық институтында қызмет еткен: доцент, кафедра меңгерушісі, 1978 жылдан Днепропетровск ауыл шаруашылық институтында кафедра меңгерушісі.
Негізгі ғылыми жұмыстары – қой шаруашылығын дамыту әдістеріне арналған. 3 монографияның авторы. КСРО орден, медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Айгүл Хамитқызы Әбушахманова (1951 жылы туған) – медицина ғылымдарының докторы (2003).
Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын (1975, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. 1976–1991 жылы Қарағанды мемлкеттік медицина институтында ассистент, ғылыми қызметкер, 1991–2003 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар орталығының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 2003 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында қалыпты физиологиялық кафедрасының доценті. 50 ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
* Первомаевка (Оңтүстік Қазақстан облысы)
* Первомаевка (Ақмола облысы) |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.