text
stringlengths 3
252k
|
---|
Қаражал – Қосмұрын тауларының шығысындағы шоқылы тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентінің оңтүстік-батысында 3 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 827 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 14 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км шамасында.
## Жер бедері
Шығыс беткейі тіктеу, солтүстік-батысқа қарай тізбектелген шоқылар аласарып, жазыққа ұласады. Салыстырмалы биіктігі 75 – 80 м.
## Геологиялық құрылымы
Девон жүйесінің ортаңғы және төменгі бөлімінің жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Сортаңдау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, боз, сұлыбас, бұталар өседі. Етегіндегі бұлақтардың маңы мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
Бұланды — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Макинка ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1886-1990 жылдары қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Степняк қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км, қайыңды-қарағайлы орман шетінде орналасқан.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, кафе, дәрігерлік пункт бар. Сонымен бірге Бұланды орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік басқармасы орналасқан. Ең жақын темір жол стансасы – Макинка (15 км).
## Дереккөздер |
Қарадиірмен, Қарадермен – Шығыс Қаратау жотасының батыс бөлігіндегі тау.
## Географиялық орны
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Жармыш ауылының батысында 13 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 316 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5-3 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Беткейлері уақытша ағатын сулардың шаюынан эрозиялық процестерге ұшыраған. Солтүстігінде Солтүстік Ақтау, батысында Батыс Қаратау, оңтүстік-батысында Қарақыз-Қоғақыз жоталары орналасқан.
## Өсімдігі
Сортаңды сұрғылт қоңыр, сұр топырағында эфемерлі сұр жусан, күйреуік, баялыш, бұйырғын, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Александр Потапов Семенович (1910, Горький қаласы , Ресей – 1961, сонда) – соғыс және еңбек ардагері. «Даңқ» орденінің толық иегері. Соғыс алдында Түркістан стансасына көшіп келген. Осы жерден 1942 жылдары армияға шақырылған. 276-Темрюк атқыштар дивизиясының 871-атқыштар полкінің 76-ММ зеңбірегінің нысана көздеушісі, кейін командирі болып, Оңтүстік-батыс, Солтүстік Кавказ, 1- және 4-Украин майдандарында шайқасты. Соғыстан кейін өзінің туған қаласы Горькийге оралып, машина жасау зауытында еңбек етті.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Қаражал – Бұғылы тауларының оңтүстігіндегі шоқы.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы Қарамыс ауылының солтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан. Шерубайнұра өзенінің аңғарында. Абсолюттік биіктігі 1016 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 7 км-ге созылып жатыр, енді жері 4,5-5 км шамасында.
## Жер бедері
Беткейі тіктеу, өзен аңғары, сай-жыралармен тілімденген. Оңтүстік-шығыс беткейінен Қарақамыс өзенінің салалары бастау алады. Батысында Қосшоқы, солтүстік-шығысында Қарсақпай, оңтүстігінде Күшік таулары орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Ортаңғы және жоғарғы тас көмір кезеңінің гранитоидты жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Ашық қоңыр топырақ жамылғысында тобылғы, қараған, жусан, селеу, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Қараеспе – Шалқартеңіз алабындағы құрғақ арна.
## Географиялық орны
Ұлытау облысының Ұлытау ауданы жерімен ағады. Арыс көлінің солтүстігінде. Ұзындығы 90 км, су жиналатын алабы 992 км2. Арнасымен көктемде 7 – 10 күндей ағын болады.
## Бастауы
Бастауын Шолақнұра (339 м) тауынан алып, Теріскенеспе өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Арнасы тік жарлы. Қар, жаңбыр суларымен толығады. Аңғары мал жайылымы.
## Дереккөздер |
Бұланды таңы — қоғамдық-саяси газет. Редакциясы Макинск қаласында орналасқан (С. Сейфуллин көшесі, 29-үй). 2007 жылдың 22-маусымынан бастап қазақ тілінде, аптасына 1 рет шығады. Редакторы Т. Дүйсенбай.
## Әдебиеттер
* «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том |
Бақайқұрт (ағылш. Paronуchіa contagіosa, орыс. Копытная гниль) — қой мен ешкінің тұяғының мүйіз қабығын шірітіп түсіретін жұқпалы ауру.
Ол барлық елдерде, әсіресе, ылғалды аймақтарда кең таралған. Бақайқұрт тудырғыш микроб топырақта 1—2 ай, ауру немесе ауырып жазылған малдың бақайшығында 3 жылға дейін сақталады. Бақайқұрт ауру малдан, ауру мал жүрген жайылымнан, суаттардан, қорадағы қидан жұғады.
Ауру, көбінесе, көктемде, жауын-шашыны көп жаз айларының басында және күзде байқалады. Ауруды сыртқы клиникалық белгілеріне қарап және бактериялық зерттеулермен анықтайды. Бақайқұртпен ауырған мал аяғын баса алмай ақсайды, жүре алмай жатып қалады, тұяғы ісінеді, бақайшықтың арасы іріңдеп, сасық иіс шығады, тұяқтың мүйізді қабаты түседі.
Бақайқұрттан емдегенде ауырған қойларды бөліп алып, аяқтарын жуып, ірің кеулеген жерлерін формалиннің немесе тотияйынның 10% ерітіндісі құйылған астаушаға 1—2 мин түсіріп алады, левомицин, синтомицин, биомицин сияқты антибиотиктер қосылған майлы дәрі жағады. Жалпы бақайқұртты болдырмау үшін малды құрғақ таза жерде ұстап, формалиннің 10%-тік ерітіндісімен дезинфекциялап тұрған абзал.
## Дереккөздер |
Біржанов Еркін Омарұлы (1942, бұрынғы Көкшетау облысы Чкалов ауданы Талдыкөл ауылы – 2008, Көкшетау қаласы) — әнші (баритон). ҚазКСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1982). Көркемөнерпаздар үйірмесінің белсенді мүшесі болған. 1961 — 96 жылдары Чкалов ауданында жүргізуші, 1997 жылдан облыстық филормонияда әнші болып еңбек еткен. Қала және облыс көлеміндегі барлық мерекелік шараларға қатысқан. Ол көптеген қазақ, украин халық әндерін және шет ел классиктерінің шығармаларын орындаған. Концерттік бағдарламалармен Қазақстанның барлық облыстарында және шет елдерде (Венгрия, Югославия, Болгария) болған. Бірнеше алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталған.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том |
Тоқсанбай – қола дәуірінің қонысы. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы. Тұрыш ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 120 км жерде орналасқан. 1996–1999 жылдары Батыс Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі З.Самашев) зерттеген.
Сақталған орнының ұзындығы 70 м, ені 20–30 м ұзынша төбешік. Қоныс табиғи күштер әсерінен бүлінген. Зерттеу жұмыстары нәтижесінде қалыңдығы 3 м үш мәдени қабат аршылды. Радиокөміртекті сараптама мәліметтеріне қарағанда, адамдар Тоқсанбайды б.з.б. 4-мыңжылдық пен 3-мыңжылдықтар аралығында мекендеген. Қоныстан барлығының көлемі біркелкі бірнеше дөңгелек баспаналар аршылған. Іргетасына қырынан жалпақ тақта тастар қойылса, жоғарғы жағына тастар көлденеңінен өрілген. Төбесі ағашпен жабылған, үй еденін аршыған кезде бірнеше ошақ орындары анықталды.
Археологиялық зерттеулер барысында қоныстан керамикалық және тас бұйымдар көптеп жинастырылды. Алынған материалдардың бір бөлігін шақпақ тас, яшма, кварциттен жасалған қару-жарақтар мен еңбек құралдары (жебе мен сүңгі ұштары, бұрғы, қырғыш, қашау, т.б.), сүйектен жасалған бұйымдар мен мыстан дайындалған бірнеше зат (пышақ, әшекейлер, тескіш) құрайды. Жиналған материалдарға қарағанда, Тоқсанбай тұрғындары аңшылықпен қоса бақташылықпен де айналысқан.
## Дереккөздер: |
Нұрмақов Аман Жамелұлы (13 наурыз 1942 жылы туған, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы ] – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1989), профессор (1991).
* Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген (1965).
* 1967 жылдан Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) профессор, кафедра меңгерушісі (1995 жылдан) болып жұмыс істейді.
## Ғылыми еңбектері
* Негізгі ғылыми еңбектері хирургия мәселелеріне арналған. Ол жаңа жергілікті жансыздандырғыш дәріні (ринокаин) тәжірибелік жолмен зерттеп, алғаш рет хирургия саласында қолданды. Өт қуығында тас байлану ауруын анықтау жолдарын ұсынып, оны емдеу тәсілдерін жетілдірді. Нұрмақовтың басшылығымен нашақор адамдарда іріңді жараның даму барысының ерекшеліктері зерттеліп, бірінші болып оларды емдеу үшін адам плацентасын қолданды. Алғаш рет шығыс медицинасындағы тәсілді хирургиялық операциядан соң пайда болатын асқынулардың алдын алуға және оны емдеуге қолданды.
* Нұрмақов 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы, 3 патенттің және 5 өнертапқыштық ұсыныстардың иегері.
## Шығармашылығы
* Хирургические болезни, А., 2001
* Өт қуығында тас пайда болу ауруы, А., 2003
* Хирургиялық аурулардың симптомдары мен синдромдары, А., 2004
## Дереккөздер |
Біржан сал ескерткіші — Степняк қаласының шетіндегі ақын Біржан салдың зиратына қойылған ескерткіш. Мемлекеттік маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне кіреді.
## Орнатылған кезеңі
XIX ғасыдың соңы, 1950 жылы қайта қалпына келтірілген, мүсінші Т.С. Досмағамбетов.
## Сипаты
Ескерткіш кешен монументтен, бюсттен және мемориалдық қабырғадан тұрады. 1-нұсқасы 1950 жылы, 2-нұсқасы 1982 жылы, 3-нұсқасы 1994 жылы жасалып, мемориал қойылды. 1994 жылы Қарағанды қаласындағы суретшілер шеберханасында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.Кешен аумағы төртбұрышты бетон тақтайлармен жабылған, төмен ажурлы шарбақпен қоршалған. Қайта жөндеуден кейін бұрынғы обелисктің орнына қызыл граниттен жасалған төртбұрышты блокқа ұлттық киімдегі Біржан салдың қола бюсті орнатылды, оның оң қолы жүрегінің үстінде тұр, ал сол қолында домбырасы бар. Бюст авторы – қазақстандық мүсінші Т.С. Досмағамбетов.Біржан салдың мемориалды кешені – ұлттық жанрда өнер көрсететін көптеген әнші, суырыпсалма музыканттар мен ақындардың құрмет көрсетуге баратын орны.
## Дереккөздер |
Толыбеков Алмас Серғалиұлы (5 Желтоқсан 1938 жылы туған, Алматы қаласы) – медицина ғылымының докторы (1979), профессор (1987).
## Қысқаша өмірбаяны:
1962 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1962–1983 жылдары КСРО Медицина Ғылым академиясының Эксперименттік медицина институтында (Санкт-Петербург) аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер. 1983 жылдан Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) профессор, кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. «Морфогенез и вопросы патогенеза инфекционных процессов вызываемых хламидиями» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Толыбеков микроб тудыратын патологиялық-гистологиялық процестерді зерттеді.
## Дереккөздер: |
Байғара Төбе көне қонысы – 8 – 10 ғасырлардан қалған археологиялық ескерткіш. Жусансай ауданынан батысқа қарай 1 км. қашықтықта, Арыс өзенінің сол жақ жағалауында, шағын бұлақ жағасына жақын жатыр. Алғаш рет 1964 жылы Шымкент педагогикалық институтының Н.П. Подушкин жетекшілігіндегі археологиялық экпедициясы отряды анықтап, барлау жүргізген. Құрылымы жұмыр төбенің етек диаметрі – 50 метр, жоғарғы алаң диаметрі – 35 метр, биіктігі 4 – 4,5 метр. Барлау кезінде керамикадан жасалған тостақ, құмыралар, ыдыс-аяқтар табылған. Олардың беті ирек сызықтармен, т.б. өрнектермен безендірілген. Қарахандықтар дәуіріне тән глазурьлік керамика (пиаланың сынығы) да ұшырасады.
## Сілтеме |
Тынымбай Нұрмағамбетов (10.6.1945 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылы) – жазушы.
Қызылорда педагогика институтын (1968), Мәскеудегі М.Горький атындағы жоғары әдебиет курсын бітірген (1981). Қызылорда облысы радио комитетінде, “Жазушы” баспасында редактор, “Қазақфильм” киностудиясының сценарийлік коллегиясында түрлі қызметтер атқарған. 1996 жылдан “Қазақ елі” газеті редакторының орынбасары.
Алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы “Қауын иісі” деген атпен жарық көрген (орыс тіліндегі нұсқасы үшін М.Горький атындағы Бүкілодақтық жастар сыйлығын алды, 1979). Жазушы прозасында ауыл адамдарының мінез-құлқы, олардың жан дүниесінің қыр-сыры, ұлттық сана психологиясындағы замана тудырған өзгерістер терең суреттеледі. Нұрмағамбетов жеңіл юмордың шебері, бірнеше комедиялық туындылары бар. Ол “Жоғалған көл”, “Кемпірлер үкімі” пьесаларын, “Тырналар ұшып барады” телефильмі сценарийін жазды.
## Шығармашылығы
* Қош бол, ата, А., 1972
* Қарлығаштың ұясы, А., 1975
* Там, где горел очаг, А., 1982
* Молодая гвардия, А., 1984
* Талисман, А., 1984;
* Туған ауыл түтіні, А., 1989
* Таңд., А., 1997
• Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс.
## Дереккөздер |
Қаражалдық, Қаражалық – Құсмұрын алабындағы көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Әулиекөл ауданының солтүстігінде, Первомайское ауылынан батысқа қарай 5 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 208 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 3,9 км2, ұзындығы 2,3 км, енді жері 1,9 км, жағалау бойының ұзындығы 8,1 км. Көл түбіне лай тұнбалар шөккен. Негізінен жер асты және көктемгі қар суларымен толығады. Қарашаның ортасында суы қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде ериді.
## Жағалауы сипаты
Жағалауы жайпақ, онда қамыс, құрақ өскен. Көктем, күз айларында мал суаруға пайдаланылады. Суы жаз айларында тартылып, балшыққа айналады.
## Дереккөздер |
Біргебаев Әбдірахман (1928 – 2005) — еңбек ардагері. Социалитік Еңбек Ері (1981). «Қарлығаш» еңбек фермасында пионерлер ұжымына тәлімгер болып, оның басшылығымен оқушы-пионерлер жаңа туған қозыларды күтіп-баққан. КСРО, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты болып сайланған. КСРО орден, медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, II-том |
Қаражал – Баянауыл тауларының оңтүстігіндегі оқшауланған тау.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ақсан ауылының оңтүстік-батысында 10 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 534 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 2 км.
## Геологиялық құрылымы мен жер бедері
Жер қыртысы силур мен девон кезеңдерінің кристалды порфирит, сиенит, гранитті тақтатастарынан түзілген. Оның бетін делювийлі-пролювийлі шөгінділер жапқан. Жазыққа ұласатын батыс және солтүстік етегінде шағын тұзды көлдер жатыр.
## Өсімдігі
Беткейлерінің және етегінің қиыршықтасты қызғылт қоңыр топырағында қараған шоғырлары аралас бетеге, қау, сұлыбас өскен.
## Дереккөздер |
Бірсуат – Тобыл алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Жітіқара ауданы жерімен ағады. Біраз бөлігі Ресей жерінде. Ұзындығы 100 км, су жиналатын алабы 2210 км².
## Бастауы
Өзен Қазірет ауылының батысындағы аласа қыраттан басталып, Мариинское ауылы тұсында Сынтасты өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Жер асты суымен толығады. Бірсуатқа әрқайсысының ұзындығы 10 км-ден аспайтын 36 сала құяды. Қараша айының басында суы қатып, сәуірдің аяғында ериді. Жайылмасы – шабындық.
## Су реестрінің мәліметтері
Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Ертіс су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — обыл өзені бастауынан Увельк өзенін қоспағанда, Үй өзенінің құйылысына дейін. Өзен саласы — Тобыл, өзен алабы — Ертіс.
Ресей су ресурстары федералды агенттігі дайындаған РФ территориясын сушаруашылығы бойынша аудандастыру жөніндегі геоақпараттық жүйе мәліметтері бойынша:
* Мемлекеттік су реестріндегі су объектісінің коды — 14010500212111200000256
* Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 111200025
* Су алабының коды — 14.01.05.002
* ГЗ томының нөмірі — 11
* ГЗ бойынша шығарылуы — 2
## Сыртқы сілтемелер
* Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология министрлігі Мұрағатталған 26 мамырдың 2015 жылы.
## Дереккөздер |
Сейдін Бизақов (26 қараша 1937 жылы, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сүмбе ауылында туған) – филология ғылымының докторы (2001 жылы). Қазақ Педагогика Институтының (1960 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті) тарих-филология факультетін және Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының аспирантурасын (1972 жылы) бітірді. 1968 жылға дейін Райымбек ауданы, Сүмбе ауылы орта мектебінде оқытушы болды. 1972–75 жылдары Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер, 1975–85 жылдары Қазақ политехника институтының Қаратау бөлімшесінде кафедра меңгерушісі. 1985 жылдан Тіл білімі институтының жетекшісі, 2001 жылдан бас ғылыми қызметкері. Бизақов қазақтың ұлттық тақта ойынын дамытуға ат салысып, «Тоғызқұмалақ әліппесі» оқулығын жазды. Ол туысқан халықтардың тілі, тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүріне арналған бірнеше ғылыми-танымдық кітаптың авторы. Негізгі ғылыми жұмыстары қазақ тілі мәдениеті, әдеби норма, лексикография, этнография мәселелеріне арналған. 300-ге жуық ғылыми еңбегі жарияланған.
## Шығармалары
1. «Тоғызқұмалақ әліппесі», Бизақов С. - Алматы
2. ''Синонимдер сөздігі", Бизақов С. - Алматы : Арыс, 2007. - 640 б. - ISBN 9965-17-465-2 : 750.00 р., 2000.00 р.
3. «Түбі бір түркілер», Бизақов С. - Алматы
4. Көңіл-күй лебіздері. Алматы, 2007.
5. Қазақ тілі қандай тіл? Алматы, 2010.
6. Сөз нұсқалары және балама атаулар. Алматы, 2008
6. "Қазақ тілі қандай тіл?", Бизақов С. - Алматы: Арыс, 2010.- 429, [3] б. - ISBN 978-601-291-001-8: 860т.00т., 1000 дана.
## Сілтемелер
1. Бизақов жазған мақала
2. Бизақов жазған мақала "Сүйген ісінің семсері еді"
## Дереккөздер |
Бірсуат — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл, Бірсуат ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Степняк қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде, Қойтас өзенінің аңғарындағы Бірсуат көлінің оңтүстік жағасында, селеу аралас әртүрлі шөпті-орманды дала өңірінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1929 жылы ұжымдастыру кезінде қаланған. 1948 жылдан бастап ұжымшар, кейін Бауыржан Момышұлы ет өндіру кеңшарының орталығы болды. Бұрынғы кеңшар негізінде кооператив шаруашылықтар мен шаруа (фермер) қожалықтары құрылған. Тұрғындары облыс орталығы — Көкшетау қаласымен, Степняк, т.б. елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Бірсуат (2007 жылға дейін – Раздольное) — Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауыл, Бірсуат ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Аршалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай 18 км-дей, Астана қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 100 км-дей жерде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1943 жылы қаланған.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, балабақша, кітапхана, мәдениет үйі, фельдшерлік-акушерлік пункт, тұрмыстық қызмет көрсету пункті, сауда кәсіпорындары, асхана бар. 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгерлерге ескерткіш орнатылған. Тұрғындары автомобиль жолы арқылы байланысады. Ауылдан 17 км жерден мемлекеттік маңызы бар Астана — Алматы автомобиль магистралі өтеді. Ең жақын теміржол стансасы – Анар (35 км).
## Дереккөздер |
Бірсуат — Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл, Бірсуат ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Державинск қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 54 км-дей жерде.
## Халқы
Орта мектеп, балабақша, наубайхана бар. Ауылда «Алғашқы тың игерушілер», «Ана» атты ескерткіштер орнатылған.
## Дереккөздер |
Мархабат Байғұт (25 мамыр, 1945 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Пістелі ауылында туған) — жазушы, журналист, аудармашы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2004). «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты (1996). Түркістан облысының Құрметті азаматы (2007). Қазақстанның Құрметті журналисті (2009).
## Толығырақ
Дулат тайпасының Жаныс руынан.ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген.
* Әскери борышын өтеген соң Түлкібас ауданының «Шамшырақ» газетінде, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде көп жылдар бойы әдеби қызметкер, мәдениет, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болды, облыстық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарды.
* 1985 – 2001 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының облыстық бөлімшесінің жетекшісі, облыс әкімшілігі аппаратында ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, облыстың тіл басқармасының бастығы (1993 – 97). Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің, облыстық басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
* 2001 жылдан басқарма бастығы. «Шілде», «Сырбұлақ», «Интернаттың баласы», «Нәуірзек», «Қорғансыз жүрек», «Дауыстың түсі», «Машаттағы махаббат», «Серт пен сенім», «Ақпандағы мысықтар», тағы басқа кітаптары жарық көрді. Шығармалары орыс, украин, өзбек, түрік, қарақалпақ, саха тілдеріне аударылған. Ол В.Шукшиннің, Ю.Покальчуктің, Ш.Айтматовтың шығармаларын, У.Ирвингтің Мұхаммед пайғамбар туралы кітабын аударған.
* Республикалық «Жалын» баспасы белгілеген сыйлықтың екі дүркін, «Қазақ әдебиеті» газеті сыйлығының үш дүркін иегері.
* 1996 жылы «Құрмет ордені»
* 1996 жылы «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты
* 2004 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді
* 2007 жылы «Ерекше қызыметі үшін» медалі
* 2007 жылы Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрмет грамотасы
* 2007 жылы Түркістан облысының Құрметті азаматы (құрметті атағы берілді).
* 2009 жылы Қазақстанның Құрметті журналисті
* 2010 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік степендиясының иегері
* 2014 жылы президент жарлығымен мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен марапатталды.
* 2021 жылы президент жарлығымен мемлекеттік марапаты «Барыс ордені» мен марапатталды.
## Діни көзқарасы
Діни көзқарасы - мұсылман. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу».
## Хоббиі
Хоббиі - оқу, табиғат, жазу.Жапон, ағылшын жазушыларының шығармаларын сүйіп оқыды.
## Сүйіп оқитын әдебиеті
Сүйіп оқитын әдебиеті – повестер, романдар, әңгімелер. Жапон, ағылшын жазушыларының шығармаларын сүйіп оқыды.
## Үй жағдайы
Үйленген. Жұбайы - Байғұтова Қыздаркүл (1949 жылы туған),зейнеткер. Қызы - Ақлима Мархабатқызы (1969 жылы туған); ұлдары - Баубек Мархабатұлы(1971-1999); Нұрлан Мархабатұлы(1974 жылы туған), Дулат (1977 жылы туған).
## Дереккөздер |
Толымбеков Манат Жақсыбергенұлы (1957 жылы туған) – техника ғылымының докторы (2003).
## Қысқаша өмірбаяны:
1981 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы Жоғары техникум оқу орнын бітірген.1981–1984 жылдары «Черметавтоматика» Акционерлік қоғамында инжинер. 1984–1988 жылдары Донецк политехника институтында аспирант. 1988–2001 жылдары Украина, Химия-металлургия институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, лаборатория, бөлім меңгерушісі болған. 2001 жылдан институт директоры қызметін атқарады.
## Еңбектері:
«Фазовые равновесия в высокоосновных шлаковых системах и разработка рациональных технологических процессов металлургической переработки маргенцового сырья Казахстана» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 160-тан астам ғылыми жарияланым мен 4 монографияның авторы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2001).
## Дереккөздер: |
Дмитрий Николаевич Цой (1941 жылы туған, Өзбекстан, Ташкент облысы Орта Шыршық ауданы, «Киров» кеңшары) – техника ғылымдарының докторы (1994).
Мәскеу жоғары техникалық училищесін (1964) және Мәскеу автомеханика институтының аспирантурасын (1969) бітірген. 1970–79 жылдар аралығында Ресейдің Тольятти политехникалық институтында аға оқытушы, доцент болды. 1979 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық техника университетінде педагогикалық қызметпен (доцент) айналысты.
«Теория штамповки деталей в условиях плоского напряженного состояния из анизотропных материалов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
60 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 оқу құралының авторы.
## Дереккөздер |
Қаражан – Солтүстік Балқаш алабындағы Қусақ өзенінің саласы.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы, Ақтоғай ауданындары жерімен ағатын өзен. Ұзындығы 58 км, су жиналатын алкабы 480 км2.
## Бастауы
Қоңыртемірші тауының солтүстік-шығысынан басталып, Татан ауылы тұсында Қусақ өзеніне құяды.
## Гидрографикасы
Арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суымен қоректенеді. Ағын көктемде 10-12 күндей болады, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Жылдық орташа су шығыны 0,06 м3/сек. Жайылмасы — шабындық.
## Дереккөздер |
Иманәлі Оспанұлы Байдәулет (1948 жылы туған, Арыс қаласы) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (2003), Москва медицина институтын бітірген (1972). 1972 – 1973 жылдары облыстық ауруханада интерн-дәрігер. 1973 – 1975 жылы Алматы қаласындағы әскери бөлімде медицина пунктінің бастығы, 1975 – 1976 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында стажер-ізденуші. 1976 – 1977 жылдары облыстық ауруханада дәрігер ординатор, 1977 – 1984 жылдары бас дәрігердің орынбасары. 1984 – 1988 жылдары облыстық аурухананың неврология бөлімшесінің меңгерушісі. 1988 жылдан Шымкент қаласы «Фосфор» медицина-санаторлық бөлімінде бас дәрігер, 1989 – 1992 жылдары қалалық аймақтық медицина бірлестігінің бас директоры, 1992 – 1993 жылдары облыс әкімінің денсаулық сақтау жөніндегі орынбасары. 1993 – 1996 жылдары «Фосфор» медицина санаторлық бөлімінің бас дәрігері болды. 1997 – 2003 жылдан Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі клиника директоры. 70-тен аса ғылыми еңбектің авторы. Облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен (1999), Қақазстан Республикасының «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2001), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», Қақазстан Республикасының «Білім саласының құрметті қызметкері» (2001) медальдарымен марапатталған.
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Мұрағатталған 15 желтоқсанның 2012 жылы.
## Дереккөздер |
Қаражар – Батыс Үстірт кемерінің Солтүстік-батысындағы төбе. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Қызылсу ауылының шығысында 73 км жерде орналасқан. Абсолюттік Биіктігі 283 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км шамасында. Беткейі жайпақ, сай-жыралармен тілімденген. Батысында Ащыболды, оңтүстігінде Болды құдықтары орналасқан. Гипс пен әктастың шайылуынан карстық құбылыс кең тараған. Сортаңды сұрғылт қоңыр топырағында шөл өсімдіктері өседі.
## Сілтемелер |
Толысбаев Божбанбай (26 Қазан 1935 жылы туған, Жамбыл облысы Сарысу ауданы) – биология ғылымының докторы (1988), профессор (1990). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2005).
## Қысқаша өмірбаяны:
1953 жылы Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.1958–1960 жылдары Жамбыл облысы Сарысу ауданында бас мал дәрігері. 1963 жылдан Алматы зоотехника-малдәрігерлік ассистент, доцент.1988–1997 жылдары кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарады.
## Еңбектері:
Негізгі ғылыми еңбектері өсімдік физиологиясына арналған. 120-дан астам ғылыми жарияланым мен 4 монографияның авторы. 2 патенттің, 3 авторлық куәліктің иегері.
## Дереккөздер: |
Жетітөбе қорымы — ескерткіш туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғ. аяғына жатады және сол кезеңдерде шығыс тізбектегі «патша» обаларының біреуі.
## Географиялық орны
Қорым Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 шақырым жерде, Қаратау жотасының солтүстік баурайындағы тау алды белдеуінде орналасқан.
## Сипаттамасы
«Жетітөбе қорымы» ерте темір дәуірі археологиялық ескерткішінде қазба жұмыстары кезінде табылған алтыннан жасалған бұйым сынықтары, сақ дәуіріндегі металл өңдеудің жоғарғы дәрежеде дамығандығын көрсетеді. Тиграхауда сақтары Жетісу, Тянь-Шань таулары, Сырдарияның орта ағысын мекендеген. Жетісу алқабы олардың жиі қоныстанған орталығы болған. Шошақ бөрікті сақтар осы күнгі Ташкент аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген.
Отырықшы мал шаруашылығымен сақтардың аз ғана бөлігі айналысты. Негізінен Оңтүстік Қазақстанда Талас, Шу өзендерінің бойларында дамыды. Сақтар сондай-ақ егіншілікпен айналысты. Сақ заманында кен ісі мен руда шикізатын өңдеу өткен дәуірмен салыстырғанда едәуір ілгеріледі. Одақты сақ көсемдерінің кеңесі сайлаған патшалар биледі.Тайпа көсемдерін тайпа мүшелері сайлады. Сақ қоғамында мүлік теңсіздігі таптың айырмашылықтарға ұласа бастайтын деңгейге жетті. «Жетітөбе қорымы» – соның бірден-бір дәлелі. «Патшалар қорымы» саналатын обаларда сақ билеушілері жерленгендігі олардың алтынмен апталған киімдерінен белгілі болып отыр.
## Дереккөздер |
Мархабат Томанов (5 ақпан 1932 жыл, Қызылорда облысы Қармақшы ауылы – 1988 жыл, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1977), профессор (1979).
## Қысқаша өмірбаяны:
* 1954 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
* 1957–1961 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында ғылыми қызметкер.
* 1961–1964 жылдары Гурьев педогогика институтында (қазіргі Атырау мемлекеттік университеті) ғылыми қызметкер.
* 1964 жылдан ҚазҰУ-да доцент, кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
## Еңбектері:
Томановтың негізгі еңбектері
* 'көне түркі жазба ескерткіштері
* қазақ тілі грамматикасы тарихы
* синтаксис
* стилистика.
* Жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
## Жетістіктері:
200-ден аса қазақ тілінде және ежелгі түрік ескерткіштерінің тілінде жазылған қазақша және орысша ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы.
Ғылыми әдеби шығармалары үшін Жалпы Одақтың конкурс дипломымен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталды. КСРО ҒА ОЛЯ жанындағы түркология комитеті кеңесінің мүшесі (1979 ж.).
2004 жылы профессор М.Т. Томанов жаңа буынға оқулықтар жазған ерен еңбегі үшін А. Байтұрсынов медалімен марапатталды.
## Дереккөздер |
Жетімдер — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүз құрамындағы қоңырат тайпасының көтенші бұтағынан таратылады. Ел аузындағы аңыз бойынша, Жетімдер деп әуелде әкесіз өскен Сұркиік деген жетім баладан тараған Сары, Жаппас, Құба, Тебей ұрпақтары ғана аталған. Кейін бұл атау сапар тобына біріккен руластарына да ауысқан. Сары Жетімдер, 19 ғ-дағы қазақ тарихшыларының жазуына қарағанда, көне қарлұқтардың саржетім руының бір сілемі. Бұл этноним арғын тайпасының құрамына — саржетім, жалайырға — жетімек, алшынға — саржетім, тамаға — жетімсары түрінде енген. Қоңыратқа жататын Жетімдердің сапар тобындағы Қатаған аталығы да, С.Жүсіпұлының жазуынша, кезінде Ноғай ұлысында болған осы аттас байырғы тайпадан жеткен. Қатаған тайпасы 16 — 17 ғ-лардағы әр түрлі аласапырандардан ыдырап, нәубетке ұшырап, аман қалғаны өзбек, қазақ, қырғыз, қарақалпақ құрамына сіңген. Сондай-ақ, Сары Жетімдер тобындағы Ырсымбет, Жәдік аталары қарақалпақтың қытай руы құрамында да бір-біріне туыс қауымдар ретінде белгілі. Осы деректер бір жағынан Жетімдер руының түрлі кезеңдерді басынан өткізе жүріп қалыптасқан бірлестік екенін де байқатады. Ұраны — Алатау, таңбасы — босаға.
## Тұлғалар
* Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов
* Әшірбек Төребайұлы Сығай
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Самен Цой (10.11.1921, Ресей, Приморье өлкесі, Партизанск қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1966), профессор (1968).
Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1948, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Ресейдің Хакас автономиялық облысынндағы Абакан қаласының отын өнеркәсібі тресінде бас инженер (1948–1950), Қазақстан ғылым академиясының Тау-кен ісі институтында кіші ғылыми қызметкер, зертхана және сектор меңгерушісі (1950–1981). 1981 жылдан Қазақ политехникалық институтында профессор қызметін атқарған.
«Исследование шахтных вентиляционных сетей и управление их параметрами» деген тақырыпта докторлық диссестация қорғады. Оның негізгі ғылыми еңбектері мен өнертабыстары шахталар мен рудниктерді жобалаудың автоматтық жүйелерін және өндірістік процестерді басқару мәселелеріне арналған. 28 өнертабыстың авторы.
## Дереккөздер |
Сырлыбек Байжанов (1912 жылы туған, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы) – Социалистік еңбек ері (1.8.1959). Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтында оқыған (1940), оқытушылықпен айналысты. 1940 – 1946 жылдары Қызыл Армия қатарында 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1946 – 1960 жылдары Түркістан станциясында паровоз депосы бастығының орынбасары, Қазақ теміржолы Арыс бөлімшесінің бас инженері, Қазақ теміржолы бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Арыс станциясында поездарды құрастырудың жүйелі әдісін өндіріске енгізді. |
Қаражар – Толағай құмының оңтүстік-батысындағы оқшау төбе. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылының оңтүстік-батысында 28 км жерде орналасқан. Жем өзенінің аңғарында. Абсолюттік Биіктігі 85 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 3 км-ге созылған, енді жері 2 км шамасында. Беткейі жайпақталып жазыққа ұласады. Солтүстігінде Ащылықұдық қонысы, шығысында Сасыққұдық, оңтүстігінде Алтынтаққан (Алтынтапқан) бұлағы, батысында Есембай қонысы орналасқан. Сортаң, қоңыр топырақ жамылғысында жусан, ши, өлең, жантақ, т.б. өсімдіктер өседі.
## Сілтемелер |
Бақанаттар — ежелгі әдет-ғұрып, кәде. Қалыңдықты көруге барған күйеу жігіттің алдына қыздың жеңгелері бақанды көлденең тастап, жолын бөгейді. Қазақ ырымында бақанды аттамайды, өйткені, ол шаңырақты көтеруге арналған қасиетті құрал болып есептеледі. Сондықтан күйеу жігіт “бақанаттар” кәдесін береді. Сонда ғана жеңгелері бақанды жерден алып, жол ашады.
Бұл ғұрыпты кіші тойда, яғни күйеу есік аша келгенде жасайды. Күйеу баланың келетінін білген жеңгелер киіз үй есігінің алдына бақан тастайды, бақанды аттауға болмайтынын жақсы білетін күйеу жігіт жеңгелеріне бақанаттар кәдесін беріп, бақанды алдыртып, сонан соң ғана «бисмиллә» деп табалдырықты аттайды.
## Дереккөздер |
Поярков Федор Владимирович (1851 — 1910) — этнограф және антрополог, Мәскеу университетін бітірген. 1879 ж. Жетісуға әскери қызметке жіберілді. Көп кешікпей одан босап, дәрігерлік қызметке ауысты. Өмірінің көбін Верный (Алматы) қаласында өткізді. “Восточное обозрение”, “Степной край” газеттеріне ғылыми-зерттеу және танымдық мақалалар жариялап тұрды. Көп жылдар бойы дүнгендер арасында антропологиялық зерттеулер жүргізді. 1883 ж. оның қазақ, ұйғыр, дүнгендердің этнографиясы мен антропологиясы жайлы тұңғыш кітабы жарық көрді. 1885 ж. Жетісуда алғаш христиан бейіті мен жазулары бар тастарды тапты, 1894 ж. В.В. Бартольдтың ғылыми экспедициясына көмектесті. Қазақтың ауыз әдебиетінен материалдар жинады.Шығармалары: Краткие этнографические заметки о туземцах бывшего Кульджинского района, Омбы, 1883 (соавт.); Киргизские легенды, сказки и верования // Памятная книжка и адрес-календарь Семиреченской области на 1900 год, Верный, 1899; Последний эпизод дунганского восстания, Верный, 1901.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Арыс – Сырдарияның оң жақ саласы.
## Географиялық орны
Түркістан облысындағы өзен. Ұзындығы - 378 км, алабының ауданы - 14900 км2.
## Бастауы
Ақсу-Жабағылы қорығына жақын Шақпақ бұлағынан (Қаратау мен Талас Алатауының аралығында) бастау алып, Түркістан облысы, Отырар ауданының Талапты ауылы маңында Сырдария өзеніне құяды.
## Салалары
Басты салалары: Ақсу, Бадам, Қабылсай, Жабағылы, Боралдай.
## Гидрологиясы
Жоғарғы ағысы терең таулы аңғармен, орта және төмен ағыстарында жазықпен ағады. Төмен ағысының жайылмасы - 1,5-2,0 км, арнасы - 40-50 м шамасында болады. Алабында 11 шағын бөген және 3 СЭС салынған. Негізінен көктемгі еріген қар және жаңбыр суымен толығады. Жылдық орташа су ағынының мөлшері 40,2 м³/с-ке (Арыс темір жол бекетінің тұсында) жетеді. Егістік, бау-бақша, шабындық суаруға пайдаланады.
Арыс өзенінен тікелей 37 канал бастау алады. Ең ірісі - Арыс-Түркістан каналы (су ағынының мөлшері — 13,4 м³/с). Өзен суы тұщы, минералдылығы - 200-400 мг/л- ге (құйылысында) дейін өзгереді.
## Атау тарихы
## Дереккөздер |
Қаражар — Наурызым қорығының оңтүстік бөлігіндегі тұйық көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Науырзым ауданы Сарышығанақ ауылының шығысында 3 км жерде орналасқан. Обаған өзенінің алабында. Теңіз деңгейінен 124 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 3,6 км 2, ұзындығы 2,5 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 7,5 км. Көл көктемгі қар, жауын-шашын суларымен толысады. Қуаң жылдары алабы тартылады.
## Жағалау сипаты
Құмнан түзілген жағалауы ашық, жайпақ. Кейбір бөліктерінде қамыс, құрақ өскен.Жағалауы шабындық және мал жайылымы ретінде пайдаланылады. |
Бақалы — Жетісу облысы Сарқан ауданындағы ауыл, Бақалы ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарқан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 55 км-дей жерде, Лепсі өзені салаларының бірінде орналасқан. Құрғақ агроклиматтық белдемде жатқан ауылдың төңірегінде бұта аралас боз, бетеге сияқты шөптер өседі.
## Халқы
## Тарихы
Бұрынғы Бақалы кеңшары негізінде ауылда шаруа және фермерлік қожалықтар жұмыс істеген.
## Инфрақұрылымы
Ауылда орта мектеп, клуб, дәрігерлік пункт бар. Тұрғындары Сарқан қаласымен және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Қаражеміс (лат. Rhamnus) – өзімен аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық бұталар немесе аласа ағаштар.
Дүние жүзінде кең тараған. Еуразия мен Солтүстік Американың, сондай-ақ Солтүстік Африканың қоңыржай аймақтарында кездесетін 140-қа жуық түрі белгілі. Қазақстанда 4 түрі бар. Бұлар негізінен Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарының жерінде және Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларында таралған. Жиі кездесетін түрі – ішдәрі қаражеміс (R. cathartica). Биіктігі 2 – 8 м-дей бұта, ағаш қабығы бұдырлы, қара жұмыртқа пішінді жапырағының ұзындығы 3 – 5 см, ені 1,5 – 3 см-дей, сабаққа кезектесіп орналасады. Майда гүлі сары немесе жасыл түсті. Ұсақ жәндіктермен (ара, сона) кейде өздігінен тозаңданады. Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Жемісі – сүйекті (2 – 4) жылтыр қара, тұқымы сопақша, оның ұзындығы 5 мм-дей. Қаражемістің жапырағынан бояу, жемісінен дәрі, қабығынан илік заттар алынады. Гүлінен аралар бал жинайды.
## Дереккөздер |
Батырлық, қаһармандық – дәстүрлі қазақ қоғамында болған ерекше әлеуметтік топ – батырларға тән қасиеттер мен өмір салты. Қазақ батырларының өзіндік қоғамдық қызметі, басқа қоғамдық топтармен ара-қатынасын реттейтін этикасы, т.б. ерекшеліктері болған. 1) Тек әскери кәсіппен айналысу. Батырлар елді басқыншылардан құтқаруды, жау қолынан қаза тапқан ата-баба кегін қайтаруды өмірлік мақсат тұтынған; 2) Батырлар әулетінде туған бала жастайынан әскери кәсіппен айналысуға міндетті болды. Тұқым қуалаған батырлар «шынжырлы тұқым» деп аталған. Мұндай батырларды бала кезінен әскери өнерге баулып, он үш – он бес жасынан-ақ шайқастарға қатыстырған. Көшпелі түркі халықтарының жазба және ауыз әдебиетінің деректерінде алғаш ерлік көрсеткен батырға лақап ат қойылатыны айтылады(Ерасылдың - Қабанбай, Дарабоз; Әбілмансұрдың - Абылай; Еспембеттің - Адақ аталуы, Ағыбай]] батырдың есіміне Ақжолтай атының қосылуы – сол көне дәстүрдің жалғасы. Әскери әулеттен болғандықтан батырлар алғашқы ерлік жолын көбіне соғыста өлген әкесінің, туысының кегін алудан бастаған. Әке кегін қумау батыр үшін ұят. Артында ұл болмаса, кек алу қызына да міндет болған. Батырлар ата кегін қууды кең ұғымда, жалпы халықтың, елдің кегін қуу мағынасында да түсінген. 3) Көшпелі халықтарда хандар, әміршілер, ел билеушілер батырлар әулетінен шыққан, осы қоғамдық топтың өкілі болған. Шыңғыс хан, Әмір Темір, Едіге, Мамай, Абылай, Кенесары, т.б. батыр болған және батырлар әулетінен шыққан. Олар өздерінің жұрттан асқан ерлігінің арқасында билеушілік дәрежеге көтерілген. 4) Батырлар меншік иелері болған. Олардың меншігіне қалалар, елді мекендер, ұлыстар, аймақтар қараған. Бірақ батырлардың бәрі бірдей байлық иесі болмағанын да айта кету керек. 5) Батырлардың өздеріне тән жауынгерлік этикасы, адамгершілік ережесі, діни ырымдары мен салттары болған. Жауынгерлер қару-жарағын, киімдерін өз руларының, өз әулеттерінің тотемдік бейнелерімен әшекейледі. Батырлардың, жалпы аруақты адамдардың киесіне сену халық жадында әлі күнге сақталып келеді. Батырлардың қаруы өзіне арналып соғылып, түрлі магиялық ырымдар жасалып, кететін уақытты анықтауға киелі сандарды қолданған. Мысалы, қырық ұстаға соқтыру, қырық күн кептіру, қырық түрлі сұйыққа суару, т.б. Ата кәсіп ұрпаққа жалғасатындықтан, батырлар әулетінің қару-жарағы атадан балаға мұра болып, егер мұрагері қалмаса, батыр өлгенде қаруын бірге жерлеген. Үлкен айқастар әрқашан жекпе-жекпен басталатындықтан, жекпе-жекке шығу батырлардың басты міндеттерінің бірі саналған. Жауынгердің шын мәніндегі батыр атануы осы жекпе-жекте жеңіске жетуден басталды.
## Дереккөздер |
Ақбас, дала зығыры (Calatella) — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 16 түрі кездеседі. Оның 4 түрі: жартас Ақбасы, Тянь-шань Ақбасы, истод Ақбасы, Вегел Ақбасы эндемиктер болып табылады. Ақбас еліміздің Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Сарыарқа өңірлеріндегі, Ақтөбе және Атырау облыстарындағы тасты шатқалдарда, бұта, ағаш арасында, тау жайылымында, өзен бойларында өседі. Биіктігі 20-70 см, кейде 120 см-дей болады. Сабағы тік, жоғары жағы бұтақты болып келеді. Оған ұзынша жапырақтары біркелкі кезектесе орналасады. Гүлі қызғылт, көкшіл-сары түсті. Гүл шоғыры 6-60-қа дейін, кейде 100 гүлден топтасады. Шілде — қыркүйек айларында гүлдейді. Тұқымы біркелкі, сопақша. Ақбастың кейбір түрлері бау-бақшада сәндік үшін де өсіріледі.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том |
Бақанас — Іле өзенінің құрғап қалған ескі арнасы. Бақанас ауылының солтүстік тұсынан басталады. 80 км-ден соң Шет Бақанас, Орта Бақанас және Нарын тармақтарына бөлінеді. Ұзындығы 300 км-дей бұл тармақтар Іле өзенінің ескі атырауын құрайды. Арнаның ені 150 — 600 м, табанын құм аралас қиыршық тастар түзеді. Құмды-сазды жағаларының кей тұсы 5 м-ге жететін тік жар болып келеді. Жағалауын бойлай жыңғыл, шеңгел және тораңғы, шоқ, сексеуіл өседі.
## Дереккөздер |
Түзелбай Байжанов (17.1. 1939 жылы туған, Түлкібас ауданы) – тіл білімі маманы, филология ғылымдарының докторы (1993), профессор Шымкент педагогика институтын бітірген (1962). Арқалық педагогика институтының орыс тілі кафедрасының меңгерушісі болды. Қазір Жамбыл педагогика институтында оқытушы. «Қазақ тіліндегі әскери лексиканың тарихы» деген тақырыпты докторлық диссертация қорғады (1993). Әскери лексиканың этимологиясы сөздігін құрастырумен айналысып жүр. Бірнеше ғылыми еңбектердің авторы.
## Дереккөздер |
Лаврентий Иванович Цой (19.4. 1916, Ресей, Приморье өлкесі Хасан ауданы Сидими станциясы) – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген зоотехнигі (1967).
Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын бітірген (1944, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті). Қазақстан ғылым академиясының Эксперименттік биологиялық институтында кіші ғылыми қызметкер, Ақтөбе мал шаруашылық станциясында аға ғылыми қызметкер (1944–1948), республиканың қой шаруашылығында зоотехник (1948–195]), Шымкент мемл. ауыл шаруашылық тәжірибе станциясында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1953–1960), Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында доцент (1960–1973), кафедра меңгерушісі (1973–1986).
1971 жылы «Южноказахский меринос (методы совершенствования новой породы в условиях Чимкентской области КазССР)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми еңбектері қой селекциясы және оны өсіру мәселелеріне арналған. Цой оңтүстік қазақ мериносын шығарушылардың (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1970) бірі. Қой будандастыру әдістерін жетілдірген.
## Дереккөздер |
Сейіткерім Бимырзаев (5 қараша 1942 жылы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Кеңес ауылы туған) – физика-математика ғылымының докторы (1998 жылы). Қазақ Мемлекеттік Университеттің (1969, қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті) физика факультетін бітірген соң Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және ҚазМУ-да ұстаздық етті. Соңғы жылдары ҚР Ұлттық ядролық физика орталығында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. «Электростатистикалық фокустанушы жүйелердің корпускулдық оптикасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Бимырзаев 78 ғылыми еңбектің авторы.
## Дереккөздер |
Елді мекен:
* Қаражиде – Жетісу облысы Қаратал ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Қаражиде – Кіші Арал теңізінің оңтүстік-батысындағы төбе. |
Ақбастау сын тастары — қола дәуірінің ғұрыптық мақсатта пайдаланылған тас ескерткіштері. Қарағанды облысы Ақбастау өзенінің сол жағалауында орналасқан. 1950 жылы Орталық Қазақстан комплексті археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х.Марғұлан) ашқан. Қазба жұмыстары жүргізілмеген. Ақбастау сын тастары жергілікті граниттан төрт қырлы, ұзынша етіп дайындалып, жерге тігінен көміліп қойылған. Жоғарғы ұштары жарты шеңбер үлгісімен дөңес көлбеу түрінде шығарылған. Бұл техникалық әдіске қарағанда ескерткіштер қола дәуірінің соңғы кезеңіне жатады. Әсіресе Орталық Қазақстан өңірінде көптеп кездесетін мұндай ескерткіштер қола дәуіріндегі көне тайпалардың жиналып, ата-баба рухына табынатын, Күн, Көк тәңіріне жалбарынып, құрбандық шалу салтанатын өткізетін, аса құрметтеп-қастерлеген тұрақты ғұрыптық орындары болған. |
Ақ берен —
* мылтықтың ауыз әдебиетінде кездесетін ежелгі атауы. Берен сөзі тілімізде “асыл болат” деген мағынаны білдіреді. Ескі мылтықтың оқпандары жарылмас үшін асыл болаттан соғылған. Берен болаттан соғылғанын мылтықтың оқпанындағы алмастың түріне тән өзіндік өрнегінен айырады. Сонымен бірге әр асыл болат түрінің өзіндік түсі, реңкі болады: яғни ақ, (көк), қызыл түсті болаттар бар. Түсіне сәйкес бұл асыл болаттар ақ алмас, қызыл алмас деп аталған. Оқпандары ақ алмастан, берен болаттан соғылған мылтықтарды болаттың түсіне қатысты “ Ақ берен” деп атайды.
* қылыш, семсердің бір атауы. Ауыз әдебиетінде ақ алмастан соғылған қылыш, семсер кейде “Ақ берен” аталады.
## Дереккөздер |
Ақбешім— орта ғасырдағы қала орны. Қырғызстанның Тоқмақ қаласынан 8 км оңтүстікке қарай, Шу алқабында орналасқан. 1950 жылы археолог Л.Р. Қызласов, 1959 жылы П.Н. Кожемяко зерттеген. Қала екі бөліктен тұрады. 1-сі (60х60 м) патша сарайы. Ол 8 м биіктікте орналасқан. Шахристаны 400х600 м. Қаланы қоршаған қамал бойында 10 мұнара орны байқалады. Үш қақпасы бар. 2-бөлігі 870х900 м қамалмен қоршалған. 1953 — 57 жылдары қаланың негізгі бөліктерінен оңтүстікке қарай бір-бірінен 250 м қашықтықта орналасқан екі будда ғибадатханасы (7 ғ. соңы мен 8 ғ. басы) табылды. Қала сырты 11 км болып келген бекініспен қоршалған. Ішінде диаметрі 20-30 м, биікт. 2 м үй орындары бар. Қабырғалары саз балшық пен шикі қыштан соғылып, нақышты өрнек, мүсіндермен безендірілген. Зерттеу барысында табылған заттай деректер Ақбешім қаласының 5-12 ғ-лардағы өркениет орталығы болғанын көрсетеді. Ғалымдар орта ғасырдағы араб-парсы деректеріне және археологиялық материалдарға сүйене отырып, Ақбешім көне заманда болған Суяб қаласының орны болуы мүмкін деген пікір айтады.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том |
Зияда – Шаһмұрат – араб аңызының сюжеті негізінде жазылған қисса. Авторы – Жақып Бижігітұлы. 1912 жылы Қазанда Б.Л. Домбровский баспасында жеке кітап болып жарық көрген. Дастанда Мысыр патшасы Заданың ШаҺмұрат атты жалғыз ұлы, Хорлы, Ғайын деген екі қызының бастан кешкен хикаясы баяндалады. Патша “Қыздарым кімді сүйсе, соған барсын”, – деп, құда түсуге келген хан мен бекзадаларды қайтарып отырған. Бірде Хорлы түсінде Бағдат патшасының баласы Зиядаға ғашық болып ауырады. Мұны сезген әкесі Зияданы іздеуге ШаҺмұратты Бағдатқа жібереді. Бағдатқа келген ШаҺмұрат Зияданың да түсінде Хорлыға ғашық болып, сүйгенін іздеп кеткенін біледі де, сапарын әрі қарай жалғастырады. Ақыры көп мехнат шегіп, перінің қызы Нұржамалдың көмегімен Зияданы тауып, қарындасы Хорлыға қосады, өзі Нұржамалға үйленеді. Сөйтіп, бәрі де мұратына жетеді. “Зияда-Шаһмұрат” дастаны авторының басқа да шығармасы болуы мүмкін. Ол Қазандағы Б.Л. Домбровский баспасының иесіне жазған ескертпе өлеңінде (1884) “Қожа Қапан”, “ТаҺир”, “Нұрғұзарын” атты үш дастан жібергенін айтады. Олардың жарық көргені туралы нақты дерек жоқ.
## Дереккөздер |
Қара Жусан (лат. Artemisia fragrans) – астралылар тұқымдасы, жусан туысына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда Каспий маңының құмдарында, Мұғалжар, Торғай, Ұлытау, Зайсан, Балқаш – Алакөл ойысында өседі. БИІКТІГІ 25 – 30 (45) см. Сабақтары көп бұтақты, түкті. Жапырағы ұсақ, олар екі рет қанатша тілімденген. Гүлдері қос жынысты. Күлтесі сары түсті. Маусым – қыркүйекте гүлдейді. Қара Жусанның құрамында шырышты және шайырлы заттар, каротин, С витамині, эфир майы мен аздаған алкалоидтар бар. Тамырында илік заттар, инулин және эфир майы болады. Қара Жусанның емдік қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болған. Шөбі мен тамырының тұнбалары тәбет ашады, асқазан, ішек бездерінің қызметін күшейтеді, жүйке жүйесін тыныштандырады. Сондай-ақ оның тер шығаратын, ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Демікпеге шалдыққан адамға Қара Жусанның сабағы мен жапырағының түтінін иіскетеді. Қытай медицинасында бүйрекке тас байланғанда Қара Жусан шөбінің қайнатындысынан ванна жасайды. Қара Жусан – мал азықтық өсімдік.
## Сілтемелер |
Баянауыл, Баянауыл – өңір. Павлодар облысында орналасқан. Мұнда 1833 – 1868 жылы Баянауыл сыртқы округі құрылды. Үлкен жәрмеңкелер өткізіліп тұрды. Табиғаты аса сұлу жер, тауындағы қарағайлы орманында қайың, қандыағаш, мойыл, т.б. аралас келеді. Орман ішінде бүлдірген, жидек, таңқурай, қарақат, саңырауқұлақ өседі. Жануарлардан: қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, ормандарда – ақтиін, елік, құстардан: бүркіт, бөдене, дуадақ, тырна, өзендер мен көл бойларында – қаз бен үйрек, қызғыш, т.б. мекендейді. Жасыбай көлінің жағасында демалыс орындары, «Баянауыл» туристік базасы, Қаныш Сәтбаев мұражайы бар. 1988 жылы Баянауылдың табиғатын қорғау мақсатында Баянауыл ұлттық табиғи саябағы ұйымдастырылды. 1994 жылы саябақ құрамына «Қызылтау» зоологиялық қорықшасы қосылды. Баянауыл тауларының етегінде көптеген бұлақтар, суы мөлдір көлдер (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр) бар. Саябақта 20-дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тастағы жазулар мен таңбалар, үңгірлер («Әулиетас», «Драверт», «Құмыра», т.б.) бар. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар («Найзатас», «Жұмбақтас», «Көгершін», «Атбасы», т.б.) саябақ табиғатына ерекше көрік береді. Саябақта өсімдіктердің 400-ден астам түрі, омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі, сүтқоректілердің 40-тан аса түрлері, құстардың 50-ден астам, балықтың 8 түрі кездеседі.
## Дереккөздер |
Қаражидек (Vaccіnіum) – қаражидектер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдікьер тегі.
Қазақстанның таулы, орманды және далалы аймақтарында өсетін 3 (итбүлдірген, көкжидекті Қаражидек және қаражидек) түрі бар. Бұлардың Биіктігі 15 – 40 см-дей. Ашық жасыл түсті бұтақты өсімдіктер. Ұсақ та сопақша келген жасыл түсті жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлдері қос жынысты, қызғылт жасыл түсті, шар тәрізді болады. Мамыр – маусымда гүлдеп, қыркүйекте жемісі піседі. Жемісі – жұмыр келген қышқылдау дәмі бар қара жидек (миуа). Қаражидек миуасының құрамында 87% су, 7% қант (оның 1%-дайы сахароза, 2%-глюкоза, 4%-дай фруктоза) болады. Ал жапырақтарында илік заттар, арбутин, гидрохинон, С витамині, түрлі спирттер мен органикалық қышқылдар және эфир майы бар. Емдік мақсатта Қаражидектің миуасы мен жапырағын пайдаланады. Қаражидек миуасының тұнбасымен асқазан мен ішек қабынуын, іштің қатуын, бүйрек пен қуыққа тас байлануын, радикулит пен ревматизмді емдейді. Франция лабораториясында жасалған тәжірибелер Қаражидек миуасының адам көзінің көру қабілетін арттыра алатынын анықтаған. Қаражидек жапырақтарының тұнбасы асқазан сөліндегі қышқылды көбейтеді, қан тоқтатады, несеп жүргізеді, сондай-ақ диабетке шалдыққан адам қаны мен несебінің құрамындағы қантты азайтады.
## Өсімдік туралы
Қаражидек – аршагүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық бұталы өсімдік. Биіктігі 10-50 см аралығында болады. Құнарлы және жарығы мол жерлерде жақсы өседі. Тік сабақты, жапырақтары жұмыртқа пішіндес сопақтау, жиектері аратісті. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Гүлдері жасыл-күлгін түсті, қысқа гүлсағақта орналасқан. Хош иісті. Гүлдерінің хош иісі жеміс-жидектерді тозаңдандыратын жәндіктерді, әсіресе, араларды өзіне тартады, сондықтан қаражидекті бал өсімдігі деуге болады. Жемісі шар тәріздес домалақ, диаметрі 5-8 мм, қара және көкшіл қара түсті болып келеді.
## Қолданылуы
Қаражидек құрамында су, ақуыз, көмірсулар, органикалық қышқылдар, калий, натрий, кальций, магний, фосфор, темір, мыс, марганец, кобальт, никель, В1, В6, РР, С дәрумендері, фитонцидтер, өзектер, илікті, пектинді заттар бар.Қаражидектің адам ағзасы үшін пайдасы өте көп. Қаражидектің қаншалықты пайдалы екенін көрсету үшін, мына қызықты деректі келтіруге болады: қаражидек міндетті түрде ғарышкерлердің ас мәзіріне қосылады. Кептірілген күйінде де барлық пайдалы заттарын бойында сақтайтын қаражидектің жапырағы құрамында органикалық қышқылдар, С дәрумені, илік заттар, эфир майы бар. Сондықтан жапырақтарынан жасалған қайнатпаның антисептикалық қасиеті жоғары болады. Диабет ауруы бар адамдарға қаражидек жапырақтарының қайнатпасы және жидегі аса пайдалы. Қаражидек жеген адамның көз тамырының қан айналымы жақсарады. Асқазан қабыну ауруларына, қан аздыққа, жұқпалы іш ауруларына, түрлі инфекцияларға қарсы, бүйрек тасын шығаруға қаражидектің пайдасы өте көп. Қаражидектің жапырақтарын бұқтырып, шайдың орнына ішеді. Сонымен қатар қаражидектен тосап, қайнатпа, шырын алады. Түрлі кондитерлік өнімдерге қосады.
## Қаражидек туралы тақпақ
Қаражидек қап-қара,
Дәмі қышқыл, жеп қара.
Бұтағында тікен бар,
Епті терер тек қана.
## Қаражидек киселі
Жидекті іріктеп, тазартады, жуады да, елекпен үгеді. Кастрюльге 21/2 стакан ыстық су құйып, құмшекер қосып араластырады. Алынған сиропты қайнатады, содан соң картоп ұнын қосып, тағы бір рет қайнатады. Ыстық кисельге жидек пюресін салып, жақсылап араластырады.
## Сілтемелер
* Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
## Дереккөздер
Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жидектер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8 |
Ақбике — есімі аңызға айналған ел анасы. Тәуке ханның замандасы, қаптағай Шаппа бидің кіші әйелі.
Найман тайпасы Матай руынан шыққан.
Шаппа бидің бәйбішесінен Таңат, Қойлыбай, Олжабай, Шоқа, Құлболды деген бес ұлы, Ақбикеден Лақа деген бір ұлы болған. Лақа тұқымы шешесінің атымен Ақбике атанды. Ақбике үлкенге құрмет, кішіге ізеттілігімен, ақыл-парасатымен жұрт аузына ілінген. Шаппа биді өз тұсындағы Төле, Қазбек, Әйтеке, Әнет-баба, Төбет би, қырғыз Тиес, қарақалпақ Сасық, Қу дауысты Құттыбай, жағалбайлы Шеген, керейіт Мәті, Қаражігіт билермен бірге “Жеті жарғы” заңын шығарысқан деген де аңыз сақталған. “Жеті жарғыны” жазуға үш ғана би емес, 7 би, кейде 9 би қатысқан делінеді. Тіпті қолжазба күйінде таратылып, қонысы шалғай би, шешендерден толықтырулар алдырған. Ақбике Қытайдан, Ресейден, Қызылбас елінен келген мәртебелі елшіліктерді қарсы алу салтанаттарына, ханның қабылдауларына қатысып отырған деп те айтылады.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том |
Қаражыланды – Ұлытау және Арғанаты тауларының аралығындағы оқшауланған шоқылы тау.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Сарлық ауылының солтүстік-шығысында 18 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 586 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км шамасында. Беткейлері тіктеу, пішіні дөңгелек тәрізді келген. Солтүстігінде Құлан, шығысында Борлы, оңтүстігінде Қаратал, батысында Қазыбек қыстаулары орналасқан.
## Өсімдігі
Қоңыр топырақ жамылғысында қылқан селеу, бетеге, жусан, тобылғы, т.б. өсімдіктер мен бұталар өседі. Етегінен өзімен аттас өзен бастау алады.
## Дереккөздер |
Қаражыланды, Жетіқыз – Қараторғай алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 32 км.
## Бастауы
Бастауын Ұлытау тауларының батысындағы бұлақтардан алып, Сарыторғай өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Арнасы ашық және жайпақ. Орта ағысының оң жағалық аңғарында қорымтастар кездеседі. Одан төменде шағын тұщы көл орналасқан. Қар және жер асты суларымен толығады. Жаз айларында ағыны тоқтап қарасуларға бөлініп қалады.
## Дереккөздер |
Закирьянов Кали (1932 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы) – мемлекет және қоғам қайраткері, тарих ғылым кандидаты. Институт бітіргеннен кейін Көкшетау, Жезқазған облыстарында комсомол, партия ұйымдарында жұмыс жасады. 1986 жылдан Қазақстан Баспа ісі, полиграфия және кітап сату мемлекеттік комитетінің, республикалық баспа ісі мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 3 мәрте «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Василий Яковлевис Працев (1916 жылдары туған, Ресей, Кантемир ауданы Воронеж облысы Новомарковка с.) – Социалистік Еңбек Ері (20.5.1949).
20 ғасырдың 30-жылдары Шымкент облысының (қазіргі Түркістан облысы) Георгиевка (Төле би ауданы) ауданының «Победа» ұжымшарына көшіп келген. Осы жерден майданға аттанған. Соғыстан қайтқан соң «Победа» ұжымшарында қызмет етті. 1948 жылдары оның звеносы жоғары сапалы өнім алғаны үшін Мемлекеттік жоғары марапаттауға ие болды.
«Ерлігі үшін», «1941 – 45 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және «1941 – 45 жылдары Ұлы Отан соғысының жеңісіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
«Пульс Сайрама»– аудандық газет. 1963 жылдары «Знамя труда» газеті таратылғаннан кейін өз алдына басылым болып шыға бастады. 2000 жылдан бері Г.Әсетова басқарады. 2002 жылдары газет тілшісі Н.Жамбеков «Ауданның үздік журналисі» атағын жеңіп алса, басылым «Әйел басқаратын ең үздік БАҚ мекемесі» атағын және «Ауыл – 2003» облысы байқауында екінші орын алды.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Заречное — Ақмола облысы Есіл ауданындағы ауыл, Заречный ауылдық округі орталығы. Іргесі 1954 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Есіл қаласынан солтүстікке қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, балабақша, клуб, дәрігерлік амбулатория, пошта бөлімшесі, кітапхана, асхана, наубайхана және бірнеше жекеменшік дүкендер бар. «Заречный» ЖШС (тұрғындардың 95%-ы осы ЖШС-те жұмыс істейді) орналасқан. Ең жақын темір жол стансасы – Сұрған (32 км).
## Дереккөздер |
Қаракезең – Қандарақ жотасының солтүстік-батысындағы асу.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Сарқан ауданы Шатырбай ауылының оңтүстік-шығысында 41 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 3505 м. Көктем айларында асу бойында қар жатады. Солтүстік бөлігіндегі мұздықтардан Лепсі өзенінің сол салалары бастау алады. Асудан мамыр – қыркүйек айларында салт атпен өтуге болады. Батыс шатқалында Жасылкөл көлі жатыр. Беткейлері тік шатқалды, құзды келген.
## Дереккөздер |
Заречное — Ақмола облысы Зеренді ауданы, Садовый ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1927 жылы қаланды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Зеренді ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде, Шағалалы өзенінің жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Мектеп, медициналық пункт бар. Заречноедан 2 км жерден республикалық маңызы бар Көкшетау – Астана автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы – Көкшетау (20 км).
## Дереккөздер |
Предгорное — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы ауыл, Краснояр ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінен солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде.
## Халқы
## Тарихы
1968 жылы өзімен аттас құс өсіретін кеңшардың, 1982 жылы Глубокое ауданы тұтыну қоғамы қосымша шаруашылығының орталығы болған. Ауылда 1996 жылдан бастап шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Предгорное арқылы Өскемен — Глубокое — Шемонаиха автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Бақауыл — көне әскери термин. Бұл сөздің екі түрлі мағынасы белгілі:
* 1) соғыс кезінде әскердің қару-жарақпен, азық-түлікпен дұрыс жабдықталуын бақылап, соғыстан кейін түскен олжаны дұрыс бөліп-таратумен айналысатын адамның әскери лауазымы. Әскердің әр түменінде өз Бақауылы болған. “Аз асқа бақауыл болма” деген қазақ мақалы Алтын Орда мемлекеті мен Қазақ хандығы заманынан қалған;
* 2) шекара арқылы өтетін тауарларға таңба салатын және оларды жасырын алып өтпеуді қадағалайтын сақшы топ, жасақ. Бұл мағынадағы Бақауыл сөзі Мұхамед Хайдар Дулатидің “Тарих-и Рашиди”, Бабырдың “Зафарнаме” сияқты шығармаларында ұшырасады. Жазба деректер Бақауыл лауазымы Шыңғыс хан заманынан бастап қолданылғанын көрсетеді. Көшпелі халықтардың көне салты бойынша, хан сарайында және басқа да үлкен жиын-тойларда әр ру, тайпа өкілдері өз дәрежесіне қарай отыратын дәстүр болғаны мәлім. Оларға сойылған малдың тиесілі мүшелері әркімнің дәрежесіне лайық тартылған және бұл тәртіп қатаң сақталған. Табақтың, мүшенің дұрыс тартылмауы кейде қонақтар арасында түсінбестік туғызған. Сондықтан, хан сарайындағы құрмет кезінде дастарқанға және басқа да қошемет түрлеріне қатысты салт-дәстүрді жақсы білетін жоғары дәрежелі сарай қызметшісі тағайындалып, оған Бақауыл мансабы берілген. Қонақасы сойылған малдың мүшелерін әркімнің дәрежесіне, жасына, туыстық қатынасына, т.б. сәйкес тарту дәстүрі қазақ халқында осы күнге дейін бар. Бұл мансаптың түркіше аталуы, оның әуелгі мәнінің көне түркілер заманында, тіпті одан да бұрын пайда болғанын аңғартады.
## Дереккөздер |
Заруднев Павел Иванович (1927 жылы т.) – еңбек ардагері. Социялистік Еңбек Ері (1956). 1954 – 59 жылдары Ленинград ауданы Қызылту кеңшарында егістік бригадасының бригадирі болып жұмыс жасаған. Кейін облыстан басқа жаққа көшіп кеткен.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Андрей Пшеничный Петрович (26.6.1914 жылдары туған, Ресей, Воронеж облысы) – соғыс және еңбек ардагері. Кеңес Одағының Батыры (5.11.1944). 1936 – 38 жылдары Қызыл Армияның Әскери теңіз флотында болды. Соғысқа 1942 жылдан қатысты. Солтүстік флоттың барлау отрядының барлаушысы, аға қызыл флотшы. Андрей Пшеничный 1944 жылдары Заполярьені азат ету барысында көрсеткен асқан ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды. Соғыстан кейін кен орындарында қызмет істеп, Шымкент қаласында тұрды. Ленин, 2 мәрте Қызыл Ту, 1, 2-дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Қаракемпір, Қаракемер – Дариялықтақыр жазығының солтүстігіндегі қыратты жазық дала.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Сырдария ауданы жерінде орналасқан. Дала Қызылорда қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 65 км-дей жерде жатыр.
## Жер бедері
Солтүстіктен плейстоцен-бор кезеңдерінен түзілген Саралаң (Сарыалаң) қыратты өңірі және Телікөл көлі аралығында жазық далаға ұласады.
## Дереккөздер |
Пышақтөбе – орта ғасырдың алғашқы кезеңінен сақталған шағын қаланың орны. Отырар ауданындағы Темір станциясының Оңтүстік-батыс жағында 11 км жерде. 1947 жылдары басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі ауылы Н. Бернштам) зерттеу жүргізген. Аумағы батыстан шығысқа қарай 138 м, солтүстіктен оңтүстікке 110 м. Басқа жағына қарағанда батыс жағы аласа, тікбұрышты, биіктігі 7,5 м. Шығыс жағының биіктігі 11,5 м. Алаңның төңірегінде топырақ төмпешіктің ізі бар. 1949 жылдары экспедиция батыс алаңның шығыс жағының орта шенінің үш қабатын қазды. Екінші қабатынан қабырғаға қаланған шикі кірпіш, қыш ыдыстарының сынықтары табылды. Бұған қарағанда қала 6 – 10 ғасырларда болған.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Заураловка — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл, Заурал ауылдық округі орталығы. Іргесі 1910 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Степняк қаласынан оңтүстікке қарай 35 км жерде, Тәттімбет өзенінің жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, дүкендер, пошта бөлімшесі, клуб, АТС бар. Ең жақын темір жол стансасы – Макинск (35 км).
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Республикалық Ұланының Президенттік оркестрі - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздегі Протоколдық, дипломатиялық, Мемлекеттік және басқа да салтанатты іс-шаралардың музыкалық бөлігін қамтамасыз ету мақсатында (заң күші бар: «Республикалық гвардия туралы» 1992 ж.) құрылды. Өзінің шығармашылық жолын Республикалық гвардияның үрмелі аспаптар оркестрі ретінде бастады, қазіргі уақытта Президенттік оркестр әлемдік музыкалық мәдениеттің барлық жанрларын, оның ішінде классикалық, академиялық және осы заманғы композиторлардың музыкалық еңбектерін қамтыған қарымды шығармашылық ұжым болып табылады.
Оркестрдегі Халық ансамблінің құрамына көптеген конкурстардың бас жүлдесін иеленген, М.Нүкеев, А. Ахмадиев, М. Малдыбаев сияқты дарынды домбырашылар енген.
Сонымен бірге талантты өнерпаз А. Ефременко баян аспабы арқылы барлық жанрда өнер көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленіп келеді.
Би ансамблі өз репертуарына көптеген дүниежүзі халықтарының түрлі ұлттық билерін енгізген.
Сонымен қатар оркестрдегі жекелеген әншілер көпұлтты Қазақстанның бай мәдениетін жұртшылыққа кеңінен паш етуде. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері– М. Чалабаев, Ж. Бақтаева, бұған қоса елімізге есімдері кең танылған жастар "Саз отау" дуэтінің өнерпаздары мен А. Балажанова, Д. Таңатаров сияқты әншілер оркестрдің беделін биіктетуде.
2003 жылдан бастап Президент оркестрі көпшілікке өзінің шығармашылық кештерін ұйымдастырып келеді.
Ірі өнер ұжымы республикамыз бен жаңа елорда өміріндегі айтулы мәдени іс-шараларға белсене атсалысып келеді.
Президент оркестріне бірегей күйші, музыка саласының білгірі Рүстем Бейсенұлы Күлшебаев басшылық жасайды. |
Тайбай (2007 ж. дейін — Звенигородка) — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы ауыл, Тайбай ауылдық округі орталығы. Іргесі 1897 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ерейментау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, балабақша, балалар шығармашылық үйі, мәдениет үйі, амбулатория, кітапхана, әмбебап дүкен, т.б. бар. Ауыл арқылы Ерейментау – Еркіншілік – Ақсуат автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Алексей Васильевич Черекаев (29.3.1932, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Мәстексай ауылы) – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1972). Ресейдің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1967). Социалистік Еңбек Ері (1971).
Мәскеу ветеринария академиясын бітірген (1955). Батыс Қазақстан облысы Чапаев (1955–1958, қазіргі Ақжайық) ауданында бас зоотехник, аудандық ауыл шаруашылық инспекциясының бастығы, «Аңқаты» асыл тұқымды мал зауытының директоры (1963–1971), Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары (1972–1975) қызметтерін атқарды.
«Зоотехнические и экономические основы специализированного мясного скотоводства» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 200-ден аса ғылыми жарияланымның авторы.
Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Отырықшыландыру жөніндегі республикалық комитет – үкіметтік мекеме. 1930 ж. қаңтарда Қазақ АКСР-і ХКК-нің жанынан құрылған. К-тке көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды отырықшыландыру, мал, егін ш-тарын жедел дамыту, отырықшыланған аудандарға көмекке республиканың барлық мемл. шаруашылық органдарын жұмылдыру және тиісті заң жобалары жөнінде ұсыныстар енгізіп, отырықшыландыру жоспарының орындалу барысын бақылау тапсырылды. О. ж. р. к-тің отырықшыландыру жөніндегі окр. к-ттері мен ауд. комиссиялары болды. К-т отырықшыланған шаруаларға несиеге бөлінген қаржының жұмсалуын бақылау, шаруаларды а. ш. құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету, отырықшыланған аудандардағы ұжымшарларға маман кадрлар жіберу жұмыстарымен айналысты. Ұжымдастыру науқанымен қатарласа жүргізілген отырықшыландыру саясаты “кедей-орташа шаруашылықтар 100% отырықшыланатын болсын” деген әкімшіл-әміршіл ұрандармен жүргізілді. Ойсыз, біліксіз қабылданған партия қаулылары қазақ халқының өмірінде қасіретті ауыр іздер қалдырды. Мал шаруашылығы құлдырап, бұрын-соңды болмаған шығынға ұшырады. Бар күн көрісі малға қарап отырған қазақ шаруалары жаппай ашаршылыққа ұшырады (қ. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру). Көшпелі қазақтардың басым көпшілігі күштеп отырықшыланып, к-т алдына қойылған міндет орындалуына байланысты Қазақ КСР-і ХХК 1935 ж. қаңтарда к-т пен оның жергілікті органдарын таратты.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы, 7том |
Зебницкий Николай Васильевич (1919 жылы туған, Красноармейский ауданы Ново-Сухотино ауылы) – соғыс ардагері.
* Кеңес Одағының батыры (1944).
* 1938 жылы Воронеж облысы Борисоглебск қаласындағы (Ресей) үш айлық педагогикалық курсты бітірген.
* 1938 – 40 жылы сонда Масловка стансасындағы №7 мектепте бастауыш сыныпта мұғалім болды.
* 1940 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, Орлов жаяу әскер уч-щесіне оқуға жіберілді.
* 1941 жылы Батыс майданда неміс фашистеріне қарсы соғысқа қатысты.
Зебницкий соғыс кезінде партизан қозғалысының белсенді мүшесі ретінде көзге түсті.
## Дереккөздер |
Зейбель Эрвин Андреевич (1948 жылы туған, бұрынғы Торғай облысы Қима ауданы Запорожье ауылы) – сәулетші.
* КСРО Сәулетшілер одағының мүшесі (1986).
* Ақмола ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1973).
* Павлодар облысында «Казсевсельпроект» мекемесінде (1973 – 76),
* 1976 жылдан «Целингипросельхоз» жобалау институтында аға сәулетші, жетекші маман, топ жетекшісі, бас сәулетші, сәулетшілік жобалау шеберханасының бастығы қызметін атқарған. Авторлар ұжымымен Целиноград ауданындағы «Заречный» кеңшарының, Екібастұз кентіндегі құс фабрикакасының (Павлодар облысы), Ақмола қаласындағы балабақша мен тұрғын үйлердің жобаларын жасаған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Қаракөз – Қарасай алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Бастауын иен даладағы бұлақтардан алып, Қарасай өзеніне сол жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Орта ағысына дейін сайлы-жыралы өңірмен ағады. Төменгі арнасы кеңейіп жағалауы жайпақ келеді. Алабының басым бөлігінде шөлейт далаға тән бұйырғын, баялыш, жусан, т.б. шөптесіндер өседі. Жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Бастауында қыстау және Жер атты құдық бар.
## Дереккөздер |
Қаракөл – Сырдария алабындағы көл.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы жерінде, Қызылтам ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 8 км-дей жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 11,8 км2, ұзындығы 10 км, ені 1-2 км, теңіз деңгейінен 98 м биіктікте. Жағалауы түйетайлы. Көлдің батыс бөлігінде шағын арал бар. Суы тұзды. Деңгейі қар суымен толысады. Атырабы – мал жайылымы.
## Дереккөздер |
Шәкизада Пірмақова (1920, Созақ ауданы – 2001,Ордабасы ауданы) – ауыл шаруашылығының маманы. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты (1959). 1938 – 59 жылдары Ордабасы ауданының мақта шаруашылығында жұмыс істеген. 1975 жылдары құрметті еңбек демалысына шыққан.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Прекос қойы (фр. precoce — ерте, тез жетілетін) — тез жетілгіш, етті-биязы жүнді қой тұқымы. 19 ғ-дың аяғында Францияда рамбулье саулықтарын ағылшынның ұзын жүнді лейстер қошқарларымен будандастыру арқылы шығарылған. Қой тұқымы Еуропаның көптеген елдері мен Солтүстік Африкада өсіріледі. Кеңес Одағына 1926 — 31 ж. Германиядан әкелінген. Прекос қойы ірі, дене бітімі берік, шоқтығының биіктігі қошқарларында 70 — 80, саулықтарында 65 — 70 см болады. Қошқарлары 100 — 110, таңдаулылары 150 кг-ға дейін, саулықтары 55 — 60, таңдаулылары 115 кг-ға дейін салмақ тартады. Ересек қойлардың таза еті 50 — 54%, қошқарлардан 8 — 10 кг, ең іріктеулілерінен 14 кг-ға дейін, саулықтардан 3,8 — 4,2 кг, ең іріктеулілерінен 10 кг-ға дейін жүн қырқылады. Таза жүн шығымдылығы 45 — 50%, талшығының ұзындығы 7,0 — 10 см, жіңішкелігі 58 — 64 сапада (20,6 — 27,0 мкм). Саулықтарының төлшеңдігі 140 — 150%. 6 айлық қозыларының салмағы 40 — 45 кг-ға дейін жетеді. Прекос қойы биязы жүнді қой тұқымдары арасында ет өнімділігі, тез жетілгіштігі және төлшеңдігінің жоғарылығымен, ал жүн өнімділігі мен сапасының салыстырмалы түрде төмендігімен ерекшеленеді. Қазақстанда Прекос қойы тұқымы қазақтың биязы жүнді қойы мен қазақтың арқар-мериносы тұқымдарын шығаруда пайдаланылған.
## Дереккөздер |
Қаракөл – Қызылорда облысы Арал ауданындағы көл. Бекбауыл ауылынан шығысқа қарай 4 км-дей жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 10,7 км2. Ұзындығы 4,5 км, ені 1,8 км, ең терең жері 10 м. Көлге 32 млн. м3 су жиналады.
## Жағалау сипаты
Биіктігі 1,5-2,0 м жағалауын қамыс басқан. Жоғары жерінде түйе тікенегі және қуаң жерлерде өсетін өсімдіктер, көл ішінде шалаң шөптер көп кездеседі. Көл түбінде қоңыр түсті, құмды және ұлутас қабыршақтары бар. Суы кермек татиды (3,0 г/л).
## Дереккөздер |
Әбу Пірімқұлов (1896, Қызылқұм ауданы – 1972, сонда) – Социалистік еңбек ері (23.7. 1948). 1929 – 57 жылдары Қоғам ұжымшарында жылқышы, аға жылқышы, 1957 – 58 жылдары Арыс кеңшарында аға жылқышы болып істеді.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Қаракөл – Ырғыз алабындағы тұйық көл.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерінде, Болғасын өзенінің сағасынан оңтүстік-батыста 16 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 10 км2, ұзындығы 7 км, енді жері 2 км-ге жетеді. Жағалауы жайпақ, батысы батпақты. Көлде үлкенді-кішілі 6 арал бар. Суы тұзды. Көл деңгейі қар суымен толысады. Атырабы – жайылым.
## Дереккөздер |
Бәйтерек – Астана қаласындағы сәулет құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.
## Техникалық сипаттамасы
Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м². Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.
## Символикасы
Ескерткіш 1997 жылы астананың Алматыдан Ақмолаға көшірілуінің символы ретінде тұрғызылған.
97 метр биіктікте орналасқан «Бәйтеректің» қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің нысаны ретіндегі маңызы Елбасының оң қолының ізі бар «Аялы алақан» көркем композициясы арқылы көркемделеді. 1997 жыл – Астананың мемлекеттің жаңа астанасы болып жарияланған жылын және тиісінше ел тарихындағы жаңа бастамасын білдіреді.
Монумент ортасында барлық діндердің бірлігін білдіретін әлемнің 17 дін өкілдерінің қолтаңбасы бар ағаш глобус орналасқан.
«Бәйтерек» өзінің орналасуымен және композициялық құрылымымен ежелгі көшпелілердің космогониялық идеяларын білдіреді. Олардың аңыздары бойынша әлемдердің тоғысқан жерінде Дүниежүзілік өзен ағып жатады. Оның жағасында жерді тамырымен ұстап, тәжімен көкті тіреп тұрған Өмір ағашы – Бәйтерек (қаз. Бәйтерек – «терек», сонымен қатар «тірек, қорғаушы») бой көтереді. Бұл ағаштың тамыры, сәйкесінше, жер асты әлемінде, ағаштың өзі - жерде, ал тәжі - көкте.
Жыл сайын Ағаштың тәжінде киелі құс Самұрық "Күн" атты жұмыртқа салады. Ал ағаштың түбінде мекендейтін Айдаһар осы жұмыртқаны жұтып қояды, бұл символкалық түрде - жаз бен қыстың, күн мен түннің ауысуын, жақсылық пен жамандықтың күресін білдіреді.
«Бәйтерек» - жас, күшті, өсіп келе жатқан ағашты білдіреді, яғни тарихи тамырын сақтап қалған, тірегі берік, болашақтың гүлденуіне ұмтылған мемлекетті сипаттайды.
Қаланың қақ ортасындағы «Бәйтерек» монументінің айналасындағы үлкен саябақ алаңдары үнемі әдеттен тыс іс-шараларға пайдаланылады. 2010 жылы әкімдіктің шақыруымен мұнда Берлиннен келген United Buddy Bears(аюлар достастығы) халықаралық көрмесі ұйымдастырылды. Соның арқасында әлем шеберлерінің қолынан шыққан 125 бірегей өнер туындылары бір-бірімен тату көршілікте көрсетілді.
## Монументтің авторлары
«Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы А.Рүстембеков (топ жетекшісі), С.Базарбаев пен Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы М.Вахштейн, интерьер дизайншысы А.Оспанов; сондай-ақ оның жобасын жасауға “Аэропорт” ААҚ, “ЭМК” ЖШС, “Архфонд” ЖАҚ, Архитекторлар одағы және “Алуа” ЖШС секілді қазақстандық жетекші фирмалардың мамандары қатысты; ал құрылысын “Имсталькон” ААҚ құрылыс компаниясы (бас директоры В.Т. Кананыхин) салды. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.
Бұл нысан әлемдік Сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. Астана қаласында Сәулетшілер одағының халықаралық қауымдастығы өткізген 10-байқауда беделді халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде “Бәйтерек” кешеніне Гран-при үздік айырым белгісі берілді.
## Дереккөздер |
Қаракенелі – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылынан оңтүстікке қарай 65 – 70 км жерде орналасқан тау. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр, ені 8 – 10 км. Абсолюттік биіктігі 988 м.
## Жер бедері, геологиясы
Сай, аңғарлармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Ортаңғы және жоғарғы тас көмір кезеңінің жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, бұта өседі. Бұлақтарға бай. Қаракенелі атырабында жазғы жайылымдық пен мал қыстаулары (Ақшағыл, Текіш) бар.
## Дереккөздер |
Зеренді ауданындағы орталық аурухана – мемлекеттік кәсіпорын.
* 1935 жылы 10 төсек-орынға есеп-теліп салынған.
* 1950 жылы 25 орынға есептелген жаңа ғимарат салынды.
* 1975 жылы халыққа медициналық жәрдем (терапевтік, педиатрлық, акушер-гинеколог, т.б. салада) беруде жаңа типтегі 100 орынға есептеліп салынған аурухана мен ауысымына 300 адамды қабылдайтын емхана іске қосылды.
* 2005 – 07 жылы ауруханаға жаңа диагностик. құрылғылымиар: телемедициналық интеграл, 3 жұмыс орнына есептелген рентгенологиялық кешен, УЗИ – сандық флюрографиялық аппараты орнатылды.
* 2007 жылы Зеренді ауыл орталық аурухана Жапония мемлекетінің грантын («Корни трав» бағдарламасы бойынша) жеңіп алған. Бұған перзентханаға құрал жабдықтар, қарқынды терапия палатасы сатып алынды.
* 2007 жылы ҚР-ның бағдарламасына байланысты Зеренді ауыл орталық ауруханасы құрамынан ауданы емхана бөлініп шықты.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Бақашы әулие, Бақашәулие, Бақашы — 18 ғасырдан сақталған қорым, архитекторлық ескерткіш. Атырау облысы Ембі өзенінің төменгі сағасында, Құлсары кентінің солтүстік-шығысына қарай 18 км жерде. 1979—1980 жылдары Қазақстан Мәдениет мин-нің экспедициясы (жетекшісі С.И. Әжіғалиев) зерттеген. Бұл жер ескі Ноғай жолы жайлы деректерде жиі аталады. Ел аузындағы аңыз Бақашы әулие есімін қазақтардың торғауыттарды осы өңірден түре қуған кезінде қалып қойып, бақа жеп күнелткен қалмақ (бір әңгімелерде қазақ) кемпірмен байланыстырады. Қорымда күмбезі бар, шикі кірпіштен тұрғызылған кесене болған. Ол да, бейіттегі көптеген басқа ескерткіштер де 19 ғасырдың ортасында-ақ қираған. 19 ғасырдың 2-жартысында қойылған жиырма шақты құлпытастар мен арқасына қабыршақ өрнек салып өңделген “қойтастар” қазақтың тас өңдеу өнері мен оның тарихын зерттеуге қажетті өте маңызды деректер береді.
## Дереккөздер |
Балғабай Байжігітов (1921 жылы туған, Шәуілдір станциясы) – МҚК қайраткері, генерал-майор. 1940 – 1941 жылдары педагогикалық курста оқыды. 1941 – 1942 жылдары мектепте мұғалім болған, 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған. ҚҚХК әскерлерінің темір жолдарды қорғау бөлімінде қызмет атқарды. 1944 – 1946 жылдары 16-шекара полкының застава бастығының орынбасары болды. Соғыстан кейін ҚҚХК-нің әскери-саяси училищесін, Орта Азия университетінің заң факультетін (1958) бітірді. 1958 – 1965 жылдары МҚК Түркістан облысының басқармасында қарсы барлау бөлімінде жауапты қызметтер атқарды. 1965 – 1970 жылдары МҚК Атырау облысының басқармасының бастығы, 1971 жылдан МҚК Ақтөбе облысының басқармасының бастығы болды. 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 Қызыл Жұлдыз ордендерімен, бірнеше медальдармен, «КСРО МҚК-нің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Зеренді питомнигі – балық өсірумен шұғылымиданатын шаруашылық. 1969 жылы құрылған. Жалпы Аумағы 237 га болатын балықтарды қоңдандыру, өсіру, уылдырық шашу тоғандары, аналық өсіретін, қыстайтын тоғандары болған. Питомниктің тұқы балығын өсіру қуаттылығы 120 т, оның шабақтарын өсіру қуаттылығы 700 мың дана, ақсаха балығы дернәсілінің мөлшері 20 миллион дана болған. Зеренді көл суының деңгейі төмендеуіне байланысты 1979 жылы Зеренді балық шаруашылығы Зеренді питомнигі болып қайта құрылды. Питомниктің қазіргі Аумағы 120 га, қалған бөлігі (150 га) уақытша тоқтатылып қойылды. Шаруашылықтың алғашқы директоры – В.М. Альбуль. Қазір питомникті – В.Н. Уфимцев басқарады.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Отырықшылық – халықтың бір жерде қоныстануы, тұруы. Жергілікті жер жағдайы мен табиғат ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанды ерте заманда мекендеген көне түркі тайпалары ғасырлар бойы көшпелі мал ш-мен айналысты. Дегенмен өзен-көл жағалаулары мен құнарлы аймақтарда егіншілік те қатар дамыды. Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес тайпалар 6 ғ-да Ертіс өңірінде, Сыр бойында және Жетісуда егіншілікпен айналысып, отырықшылық өмірге дағдылана бастады.
* 6 – 7 ғ-ларда Түрік қағандығы тұсында Шу, Талас, Сырдария аңғарларында мал ш-мен қатар егіншіліктің де дамуы О-ты жеделдетті. Далалық солт. аудандарда бұл процесс баяу жүрді.
* 6 – 7 ғ-ларда қазақ жері арқылы Орта Азияны Қытаймен байланыстырған “Ұлы Жібек жолы” өтті. Бұл жол бойында отырықшыл Суяб, Құлан, Тараз, Меркі қ-лары болды. Тұрғындары саудамен де, егіншілікпен де айналысты.
* 8 – 10 ғ-ларда қарлұқ тайпалары Қазақстанның Балқаш пен Ыстықкөл аралығын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шань баурайларын қоныстанып, отырықшылық өмір салтын ұстанды.
* Осы мемлекеттің солт.-батыс жағында Сырдарияның орта және төм. ағысында және осыған жапсарлас Батыс Қазақстан даласында 9 – 10 ғ-ларда өмір сүрген оғыз тайпаларының мемлекетінде отырықшылықпен айналысқан Суяб, Тараз, Жент, Жаңакент қ-лары болды.
Жетісудың оңт.-батысындағы Құлан, Ақтөбе, Меркі, Жуантөбе қалалары Қырғыз жотасындағы өзендер бойына салынып, өркендеді, отырықшылықтың басты белгілері саналған қолөнер мен сауда орт-тары стратег. маңызға ие болды.
* 10 – 12 ғ-ларда Қазақстанда қалалар мен қалалық қоныстар шапшаң өсіп, Іле алқабында 56 қаланың іргесі қаланды, Шу мен Талас алқаптарында, Сырдария бойында отырықшылыққа көшкен ондаған қала қоныстары орнады.
Қала мәдениеті Орт. Қазақстанда Ұлытау бөктерінде Сарысу, Нұра, Қаракеңгір өзендері алқаптарында да дамыды. Осы кезеңде Отырар өңірі отырықшы өркениеттің ірі орт. болды. Отырар алқабындағы ирригац. көп тармақты жүйе суландырудың құрамдас бөлігін түгелдей қамтыды. Исфиджаб, Отырар, Тараз қ-лары басты сауда орт-тары болды. Отырықшы-егіншілік мәдениет пен қалалардың көбейіп өсуі этн. шоғырлану процесін күшейтті. Қазақ хандығы тұсында мемлекет экономикасының мешеулігі салдарынан оңт-тегі қалалар құлдырап, О. саябырлады. Хандықтың саяси-әкімш. және сауда-экон. орт. Сығанақ, ал астанасы Түркістан қ-лары болды.
* 17 – 18 ғ-ларда қазақ даласында отырықшы, көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық түрі дамып, егіншілікпен оңт-те ғана айналысты, елдің басым бөлігінде мал ш. негізгі күнкөріс көзі болды. Патша өкіметінің Қазақстанды отарлауы жергілікті халықтың отырықшылыққа көшуін мүлдем тежеді.
* 18 ғ-дың 50-жылдары патша өкіметі қазақтардың шұрайлы жерлерін тартып алып, Каспий жағалауынан Ертістің жоғ. ағысына дейінгі аралықта шептер мен бекіністер, форпостар мен бекініс қамалдар, қалалар салды.
* 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап 60 – 90-жылдардағы реформаларға байланысты отарлық жүйе күшейіп, қазақтардың О-қа көшуі күн тәртібінен алынып тасталды. Жергілікті тұрғын халықтың жері тартып алынып, Ресейдің орт. аудандарынан көшіп келген шаруаларға берілді.
* 19 ғ-дың 2-жартысында Сырдария аймағы егіншілік дамыған отырықшылықтың негізгі орт. болды. Жетісу, Шу, Талас, Іле өз-нің алқабында отырықшылық өмір салты өз қалпын бұзбай, суармалы егіншілік басты әдіске айналды. Орыс шаруаларының қазақ даласына қоныс аударуына байланысты отырықшылық нығая түсті.
20 ғ-дың бас кезіне қарай патша өкіметі орыс шаруаларын жоспарлы түрде қоныстандыру үшін жергілікті халықтың 40 млн. десятина шұрайлы жерін тартып алып, қазақтарды шөл далаға ығыстырды. Көшпелі халықтың жерін күшпен тартып алу жалғасып, отырықшылыққа мейлінше кедергі жасалды. Капит. қатынастардың қазақ даласына енуі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен рулық қатынастардың ыдырау барысын жеделдетті, қазақ даласында өнеркәсіптің жаңа салалары пайда болып, жергілікті ұлт өкілдері арасынан жұмысшы кадрлар көбейді.
* 1927 ж. қарашада өткен 6-жалпықазақтық партия конференциясының мал өсірушілерді жерге жаппай орналастыру жөніндегі қарарына сәйкес көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды отырықшыландыру үшін күштеу саясаты қолданылып, ел тіршілігі бұзылды. Республика аумағында бірнеше округтер мен аудандарда (Семей, Ақтөбе, Шалқар, Сырдария, Қызылорда, т.б.) 3 млн-ға жуық көшпелі және жартылай көшпелі қазақтар күштеп отырықшыландырылды, мыңға жуық ірі байлар шаруашылығы тәркіленіп, жер аударылды. Осы жағдайлардың өзі отырықшылыққа дағдыланбаған қазақтардың малдарын шығынға ұшыратып, әміршіл-әкімшіл жүйенің қолдан жасалған ұжымдастыру шаралары кесірінен халық жаппай аштыққа ұшырады. Шаруалардың жер-жердегі жаппай наразылығы мен қарулы көтерілістері аяусыз жаншылып, қазақтарды күштеп ұжымдастыру, отырықшылыққа көшіру жалғасты. Отырықшыландыру науқаны барынша тұрпайы жүргізілді. Отырықшыландыру саясаты қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын күйретті, мыңдаған жылдық тарихы бар көшпелі өркениет қиратылды. Қазақ шаруалары жаппай ашаршылыққа ұшырады (қ. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру). Дегенмен отырықшылыққа көшудің аса ауыр зардаптары болуына қарамастан тұрақты жерге қоныстанушылық барысында қазақ халқы мәдениеті дамыған іргелі елге айналып, экономикасы өркендеген ірі мемлекет қатарына қосылды.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы, 7том |
Шаматай Байжігітов (Кентау қаласы) – еңбек және соғыс ардагері. 1945 жылы 24 маусымда Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына қатысушы.
## Сілтеме |
Знаменка — Ақмола облысы Есіл ауданындағы ауыл, Знаменка ауылдық әкімдігі орталығы. Іргесі 1954 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Есіл қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде, Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, дәрігерлік амбулатория, 3 дүкен бар. Знаменка жанынан Петропавл – Жезқазған автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Леонид Михайлович Чечин (6 наурыз 1949, Украина, Черновицы қаласы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1994), профессор (1997).
## Өмірбаяны
* ҚазМУ-ды (1971, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1974) бітірген.
* Қазақстан Білім және ғылым министрлігі Астрофизика институтында аға, жетекші ғылыми қызметкер (1975–1995)
* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік аттестациялау комитетінде бөлім меңгерушісі (1995–1997)
* Астрофизика институтында бас ғылыми қызметкер (1997–2007) болды.
* 2008 жылдан ҚазҰПУ-да профессор.
## Ғылыми еңбектері
* "Движение тел в классических калибровочных полях" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
* Бірнеше ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Қаракөл – Торғай алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылының оңтүстік-шығысында, Шалқартеңіз сорының оңтүстігінде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 51,2 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 4,7 км2, ұзындығы 3,9 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 15,5 км.
## Жағалау сипаты
Қаракөлдің шығысында Құрдым көлі жатыр. Көл жағалауында қамыс, құрақ өскен. Көл табаны тегіс, лайлы. Суы жаз айларында тұзды, кермекті болады. Мал суаруға жарамды. Алабы – жайылым.
## Дереккөздер |
Арыстан – Арал қарақұмының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі құдық. Қарағанды облысы Ұлытау ауданында. Тереңдігі 3 м, су шығымы 300 л/сағ. Солтүстік-шығысында Мойынқұм құмы жатыр.
## Сілтемелер
* Арыс
* Арыснұра
* Арысқұм
## Сыртқы сілтемелер
* Әдеби әлем(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Маржан рифтері — көбіне мекенді маржандардың ізбесті қаңқақабыршақтарынан түзілген теңіздегі құрылыстар. Маржандық құрылыстардың нёгізгі үш түрі болады: жағалық рифтер, тосқауыл рифтер және атолдар. Маржан рифтерінің қалыпты дамуына керек жагдайлар: 1) теңіз суының температурасы жоғары болуы (20°тан төмен болмауы); 2) түбі онша терең болмауы (орташа 40—50 м-ге дейін); 3) теңіз суы әдеттегідей (35‰-дей) тұзды және таза болуы; 4) теңіздің түбі жартасты болуы керек. Маржандардың өсуінің жогарғы шегі теңіздің қайтуына сәйкес келетін теңіз суының деңгейі болып саналады. Маржан рифтерінің қалыңдыгы ондаған, кейде жүздеген метрге дейін барады. Теңіз бетінен 1500 мм-ге дейін көтерілген маржан рифтері бар (Зонд архипелагы), сондай-ақ табаны 1200 м-ге дейін тереңдікте жататын маржандар құрылысы да белгілі (Маршалл аралдарының маңы). Маржан рифтерінің пайда болуын бірінші рет түсіндіруге әрекет жасаған орыстың теңіз саяхатшысы Ф. Ф. Беллинсгаузен (еру гипотезасы). Осы гипотезаны кейінірек ағылшын океаиографы Дж. Моррей ұсынды. Осылардың ішінде көбірек тарағаны тосқауыл рифтер мен атолдардың пайда болуык алғашқыда жағалык рифпен қоршалған мұхит аралдарыиың батуымен байланыстыратын Чарлз Дарвиннің теориясы.
Маржанды риф — маржандардың әктасты қабыршақтарынан түзілген теңіздегі құрылымдар. Негізгі 4 түрі болады:
* жағалық рифтер
* тосқауыл рифтер
* атолдар
* платформалық рифтер
Маржанды рифтерінің қалыпты дамуы үшін теңіз суының температурасы жоғары болуы (20 С-тан төмен болмауы); түбі онша терең болмауы (40 — 50 м-ге дейін), теңіз суы әдеттегідей тұзды (35ү) және таза, түбі жартасты болуы керек. М. р. тек тропиктік белдемде кездеседі. Маржандардың өсуінің жоғарғы шегі теңіз суының деңгейі (қайтуы) болып саналады. М. р. қалыңд. ондаған кейде жүздеген м-ге жетеді. Теңіз бетінен 1500 м-ге дейін көтерілген М. р. бар (Зонд топаралы), сондай-ақ, табаны 1200 м-ге дейінгі тереңдікте жататын маржандар құрылымы да белгілі (Маршалл аралдарының маңы).
Ғаламшардағы ең ірі коралл құрылымы — Үлкен тосқауыл рифі. Оның ұзындығы 2300 км, ені 2 — 150 км аралығында. М. р. пайда болуын алғаш түсіндіруге әрекет жасаған Ресейдің теңіз саяхатшысы Ф.Ф.Беллинсгаузен еру гипотезасы жөнінде пайымдау жасады. Осы гипотезаны кейінірек ағылшын океанографы Дж.Моррей жан-жақты дәлелдеп берді. Сондай-ақ, тосқауыл рифтер мен атолдардың пайда болуын алғаш жағалық рифпен қоршалған мұхит аралдарының батуымен байланыстырған Чарлз Дарвин теориясы болды.
## Дереккөздер
* Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев. |
«Знамя Родины KZ» – Ақмола облысы, Ақкөл ауданы қоғамдық-саяси газеті. 1931 жылдан орыс тілінде шығады. Бұған дейін «За большевистскую уборку», «Сталинская правда», «Путь к коммунизму», «Заветы Ильича», «Знамя Родины» болып жарық көрген. 2007 жылдан осы атымен шығады.
Газеттің бірінші редакторы – 1943 жылы майданда қаза болған Я.Пинчук. Газетте: Г.Зайцева, М.Витновой, М.Карюк, М.Рабинович, Н.Оноприенко, И.Казакова, М.Мурашко, Б.Қамыспаева редакторлық жұмыс жасаған. «Знамя Родины KZ» бірнеше мәрте республикалық байқаулардың мақтау грамоталары, дипломдарымен марапатталған. 1997 жылдан алғашқы беті «Болашақ» мемлекеттік тілде басылады. Аптасына 1 рет шығады, тиражы – 4800 дана (2008).
Бас редакторы – Қ. Нұрсадықов.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Знамя Родины
* Акколь и Аккольский район Мұрағатталған 20 ақпанның 2015 жылы. |
Айзик Вольфович Тонконогий (21 ақпан 1910 жыл, Украина, Винница облысы Бар қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1967), профессор (1968).
* 1935 жылы Одесса индустрия институтын бітірген.
* 1935–1945 жылдары Алматы облысы Балқаш жылу электр орталығында бас инженердің орынбасары, Алматы және Балқаш жылу электр орталықтарында бас инженер.
* 1945–1970 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Энергетика институтында (қазіргі Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институты) зертхана меңгерушісі.
* 1970 жылдан Алматы энергетика институтында (қазіргі Алматы энергетика және байланыс институты) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған
* 28 өнертабыстың иегері.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.