text
stringlengths 3
252k
|
---|
Тохтасын Джалилович Джалилов (өзб. Toʻxtasin Jalilov; 13 желтоқсан 1895 жыл, Әндіжан, Ресей империясы - 10 мамыр 1966 жыл, Ташкент, Өзбек КСР) — Өзбек музыканты және композиторы, өзбек музыкалық-драмалық театр өнерінің және өзбек ұлттық оркестрінің негізін салушы. Өзбек КСР халық әртісі (1937).
## Өмірбаяны
Тохтасын Джалилов 1896 жылы 13 желтоқсанда Әндіжан қаласында дүниеге келді.Өнерге деген сүйіспеншілік жас кезінде басталды. Гиджак пен танбурды өз бетінше меңгеріп, ұлттық ән орындау техникасын мұқият зерттеп, вокалдық шеберлігін жетілдірді.
1918-1920 жж. Тохтасын Джалилов түрлі үгіт-насихат топтарының құрамында гиджакист ретінде өнер көрсетті.20-жылдардың басында X.Хамза жетекшілік ететін драма труппасында гиджакист болды. 1925-1927 жылдары өзбек этнографиялық концерттік ансамблінде музыкант болды.1925 жылы Өзбек әртістері тобының құрамында Парижге, 1927 жылы Мәскеуге, Ленинградқа, Қазанға, Уфаға, 1935 жылы Лондонға, 1937 жылы Өзбекстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне Мәскеуге сапар шегеді.
1926 жылы Т.Джалилов виртуоз гиджакист ретінде алғашқылардың бірі болып Өзбекстанның концерттік-этнографиялық труппасының халық аспаптар ансамбліне қабылданды.Халық әндері «Әзизім», «Гүлюз узра», «Найларам», әндер «Ёввоий чоргох», «Ёввоий ушшок», «Бебокча», аспаптық әуендер (күйлер) «Мирза Давлат», «Лайзон гул», «Кари Наво», «Сувори», «Сарбозча» және басқа да олардың орындауындағы шығармаларды ол өзінің театрлық шығармаларында пайдаланды.
1929-1934 жж. Әндіжандағы музыкалық театрда музыкант болды.
1934-1936 жж. М.Свердлов атындағы Ташкент музыкалық театрының музыкалық жетекшісі болды. 1937-1940 жж. филармонияның көркемдік жетекшісі.
1940 жылы Т.Джалилов жаңадан ұйымдастырылған Мукими атындағы өзбек мемлекеттік музыкалық драма және комедия театрының көркемдік жетекшісі болып тағайындалады.Ұжымның қалыптасуының алғашқы жылдарында С.Абдулланың "Тахир және Зухра", К.Яшеннің "Нұрхон" спектакльдерін ол музыкалық дәстүрлерге сүйеніп қана қоймай, оларды сахна жағдайына бейімдеп шығарады.Әскери-патриоттық тақырыптағы С.Абдолла мен Чустидің «Құрбан Умаров», С.Абдолланың «Орзу», «Истибдод», З.Фатхуллиннің «Ғұнчалар», Б.Рахмоновтың «Сұрмахон» музыкалық драмаларында, X.Гулямның «Фарғона хикаясы». Ж.Машрабийдің «Дала маликасы» шығармаларында өзіндік және дәстүрлі ырғақтық интонацияларымен үйлеседі.
Т.Джалиловтың музыкалық драмалары, сондай — ақ оның әндері, хор «Фигонким», «Уйнасам», «Сигнал», «Доврук», «Ер экканники», «Пахта шараф-шонимиз», «Пиёламиз», «Гулистоним менинг», «Ул сарвиноз», «Азиз Ватан», «Зафар».«Фарход кахрамонлари», «Отлик аскар» шерулері, «Багишлов» романстары және басқа да шығармалар, оның орындаушылық шеберлігі ХХ ғасырдағы Өзбекстанның музыкалық мәдениетінің үздік беттерін құрады.
## Шығармалары
* «Тахир мен Зухра» музыкалық драмасы (Вильгельм Сперлингпен бірлесіп жазған);
* «Құрбан Умаров» музыкалық драмасы (Вильгельм Сперлингпен бірлесіп жазған);
* «Тахир мен Зухра» операсы (Борис Бровцынмен, 1949, 2-шығарылым 1955, музыкалық драма негізінде).
## Марапаттары мен атақтары
* Өзбек КСР халық әртісі (1937);
* Екі Еңбек Қызыл Ту ордені (1937);
* «Құрмет белгісі» ордені (23.12.1939)
* Ленин ордені (18.03.1959)
* «Буюк хизматлари учун» ордені (2002, қайтыс болғаннан кейін).
## Дереккөздер |
Аюка хан, кейде Аюке хан (қалм. Аюши хан, орыс. Аюка хан, 1642 – 1724) – Еділ қалмақтарының төртінші бас тайшысы (1672-1698), тұңғыш қалмақ ханы (1699-1724). Моншақтың үлкен ұлы әрі мирасқоры, Шукур-Дайчиннің немересі.
## Өмірбаяны
Болашақ қалмақ ханы балалық шағын Жоңғарияда өткізген. Туған кезіндегі есімі "Аюши" еді (ұзақ өмір буддасы Амитаюсаның қысқартылған аты), алайда орыс тарихына Аюка ретінде енді. 1654 жылы атасы Дайчинмен Еділдің бойына жетті. 1672 жылы әкесі Моншақтың өлімінен кейін туыстарының көмегімен Қалмақ ордасының бас тайшысы атанды.
Аюка Еділ қалмақтарын біріктіріп, өз иеліктерінің аумағын біраз кеңейтті. Жоңғариядан көшіп келген бір топ торғауыттар Аюканың билігін мойындап, Қалмақ ұлысының санын арттырды.
1670 жылы қазақ жерiне басып кiрген. 1673 жылы ақпанда Ресей патшасының қол астына кiргендiгi жөнiнде ант бередi. Орыс әскеріне арқа сүйеп, түрік сұлтанына, Солтүстік Кавказ тұрғындарына, Қазақ, Түрікмен, Хиуа хандықтарына қарсы жорықтар жасады. Аюкенiң атты әскерi Қырым соғысында орыстар жағында болады. 1681 жылы орыс әкiмшiлiгi оған дуанбасы атағын бередi. 1682-1683 жылдары Аюкенiң әскерi Ресей үстемдiгiне қарсы көтерiлген башқұрт көтерiлiсшiлерiн қырғынға ұшыратады. 1696 жылы орыс әскерiмен бiрге Азау(Азов) қамалын алады. Сенiмдi қызметi үшiн Петр I оған алтын қылыш тарту еткен.
1690 жылы Далай лама қалмақ тайшысы Аюкаға хандық титул мен мөрді ұсынды.
Еділдің төменгі ағысындағы билігін нығайту мақсатында ресей билігі Аюканының және оның одақтастары болған дербет тайшылары мен нойондарының әскерін Астрахан (1705-1706), Булавин (1707-1709) көтерілістерінде, Солтүстік соғыс (1700-1721) барысында кеңінен қолданды.
Аюке таққа мұрагерi етiп ұлдарының кенжесi Серен Дондукты қалдырған.
## Галерея
## Әдебиет
* Тепкеев В. Т. Аюка-хан и его время / Отв. ред. А.Н. Команджаев. Элиста: КалмНЦ РАН, 2018. – 359 с.
* Аюка // Русский биографический словарь : в 25 томах. — СПб., 1900. — Т. 2: Алексинский — Бестужев-Рюмин. — С. 366—368.
* К. Д. Э. Аюки // Энциклопедический лексикон: В 17 т. — СПб.: Тип. А. Плюшара, 1835. — Т. III: АРА—АФО. — С. 524—527.
* Лари Илишкин, Знаменитые калмыки прошлого, Элиста, 2010, стр. 8 — 14
* Цюрюмов А. В. Калмыцкое ханство в составе России: проблемы политических взаимоотношений. — Элиста: Джангар, 2007.
* Шовунов К. П. «Очерки военной истории калмыков (17-19 вв.)».
* Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х |
Сейтек (орыс жазба деректерінде Сейдяк, Сейд-Ахмед, Сайд-Ахмад, шамамен 1563 - 1616) — Тайбұға әулетінен шыққан қолбасшы, 1580-ші жылдары Сібір тағына үміткер. Едігердің інісі Бекболаттың ұлы.
## Өмірбаяны
Әкесінің өлімінен кейін (1563) Шибан әулетінің билік басына келуіне байланысты анасы Бұхараға қашуға мәжбүр болған. 1585 жылы қайтыс болған Ермактың жеке заттарын бөлісу барысында атаманның шекпенін иеленді. 1585 немесе 1586 жылы Ескер қаласын басып алып, қысқа мерзімге тайбұғалықтардың билігін орнатты. Алайда Көшім ханға, Мәскеу мемлекетіне қарсы ешқандай әскери қимылдар жүргізген жоқ. Әкесі Едігердің саясатын жалғастыра отырып, өзін орыс патшасының вассалы ретінде қарастырған. Сейтек басшылық еткен қысқа уақыт ішінде Ресей үкіметімен достық қарым-қатынас орантуға тырысқан. Сейтек орыс казактарына қарсы ұрыстарға қатысқан батыр болған. 1588 жылы «Қазақ Ордасының ханзадасы» Ораз-Мұхаммедпен бірге Тобольск острогында сібір қолбасшысы Даниил Чулковтың тұтқынына түсіп, күзетшілердің айдауымен Мәскеуге жеткізіледі. Орыс патшасы Борис Годунов оны Сібір хандығы және Қазақ Ордасы арасындағы қарым-қатынастарға пайдалану үшін жылы қарсы алады. Сейтекке жер үлесін бөліп беріп, «мұқтаждық көрмей тұрғылықты өмір сүруге» арналған бау-бақшасы, қора-мүлкі бар жеке қоныс береді. 1591 жылы 1590-1593 жылғы орыс-швед соғысына қатысқан. Қазіргі Ярославль облысында қайтыс болып, сонда жерленген.
## Әдебиет
* Рябинина Е. А., Маслюженко Д. Н. Деятельность последнего сибирского князя Сейдяка Тайбугида в 80-е г. XVI в. // Древняя Русь. Вопросы медиевистики. — 2017. — № 3. — С. 116. — ISSN 2071-9574.
* Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2.
* Худяков Ю. С. Эпизод пленения Сейдяка и Карачи в Тобольске в 1588 году в истории взаимоотношения российских властей с сибирской татарской элитой (по материалам письменных и изобразительных источников) // Вестник Новосибирского государственного университета. Серия: История. Филология. — 2014. — № 3. — С. 234—242. — ISSN 1818-7919. |
Талғар Сатыбайұлы Абилов - (12 тамыз 1977 жыл) - "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КеАҚ «Жалпы медицина» факультетінің деканы, медицина ғылымдарының кандидаты.
## Туған жері
Талғар Сатыбайұлы Абилов Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Ноғайты елді мекенінде дүниеге келген.
## Білімі
● 1994 жылы Сағыз орта мектебін бітірген.
● 1994 – 2000 жж. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина Академиясы
Мамандығы: Емдеу ісі
Біліктілігі: дәрігер
● 2000 – 2001 жж. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина Академиясы, интернатура
Мамандығы: Акушерия және гинекология
Біліктілігі: дәрігер
## Еңбек жолы
● 2001 – 2008 жж. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, ассистент, «Микробиология» кафедрасының доценті;
● 2003 – 2008 жж. Марат Оспанов атындағы БҚММА ректорының көмекшісі;
● 2008 – 2011 жж. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, «Емдеу ісі» және «Жалпы медицина» факультетінің деканының орынбасары;
● 2011 – 2017 жж. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, «Жалпы медицина» факултетінің деканы;
● 2017 – 2019 жж. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі Проректоры;
● 2019 ж. бастап - Марат Оспанов атындағы БҚМУ КеАҚ, «Жалпы медицина» факультетінің деканы.
## Біліктілігін арттыру
● 2013 ж. - «Медициналық білім берудегі PBL, CBL, TBL пайдалану арқылы дәлелді медицинаның кіріктірілуі (интеграциялануы)»;
● 2015 ж. - «Медициналық білім берудегі менеджмент және басқару»;
● 2017 ж. - «Leadership Development Program for State Healthcare Institutions», Назарбаев Университеті;
● 2017 ж. - «Medical University leadership & Management Training at Duke University School of Medicine»;
● 2017 ж. - «Денсаулық сақтау менеджменті»;
● 2017 ж. - «Медицинадағы жоғары оқу орнында бағалау мен сараптау»;
● 2018 ж. - «ИСО 31000:2009 халықаралық стандартының негізіндегі менеджмент жүйелеріндегі тәуекелдерді басқару».
## Ғылыми еңбектері
2006 жылы Астана қаласы Ұлттық биотехнология орталығында "Клиническая микробиология острого аппендицита и аппендикулярного перитонита" тақырыбындағы кандидаттық диссертацияны сәтті қорғағаннан соң, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау Комитетінің шешімімен медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми атағы берілді. Отандық және шетелдік басылымдардағы 40-тан астам ғылыми мақалалардың авторы, сонымен қатар «Шұғыл аппендицит пен аппендикулярлы перитониттің клиникалық микробиологиясы, патоморфологиясы, иммунологиясы» (Ақтөбе қаласы, 2008 жыл) монографиясы авторларының бірі.
## Марапаттары
● 2010 жылы - Медициналық білім беру саласындағы сіңірген еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік қорғау Министрлігінің Құрмет грамотасы;
● 2015 жылы - «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі.
## Отбасылық жағдайы
Отбасылы. Әйелі, 3 баласы бар. |
Әбілғазы Баһадүр Хан(1603 — 1664) — Хиуа ханы (1645—63), тарихшы-шежіреші. Әбілғазы Хорезм хандығының астанасы Үргеніште Жошы ұрпағынан тараған Арабмұхамед ханның отбасында туған.
## Өмірі
Әкесі Арабмұхамед хан 1602 жылы Хорезм ханы болып жарияланған. Шешесі Мейірбану да Шыңғыс хан әулетінен шыққан, Арал теңізі маңындағы қазақ руларының ханы Жанғазы сұлтанның қызы. Әбілғазы әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алған. Медреседе халық ауыз әдебиетін, тарихты оқып зерттеді, әскери өнер, мемлекеттік басқару ісін меңгерді. 16 жасқа шыққанда әкесі оны үйлендіріп, Үргеніштің жарты бөлігін билеткен. Арабмұхамед ханның қартайған шағында балалары арасында билікке талас басталды. 17 жасынан бұл талас-тартысқа Әбілғазы да араласты. Оның аяғы ағайынды адамдар арасындағы қарулы қақтығысқа ұштасты. Сондай соғыстың бірінде 1621 жылы Әбілғазы ауыр жарақаттанып, Әмударияны жалғыз жүзіп өтіп, қашып құтылады. Маңғыстаудағы түрікмендерді, қазақ хандары Есім мен Тұрсынды паналайды. Әбілғазы Ташкентте Тұрсынхан сарайында 2 жыл тұрып, еліне қайтып келген соң, 1628 жылы ағаларының қолына түсіп, Иранға жер аударылды. 10 жылдай Исфахан қаласында айдауда болған. 1638 жылы Исфаханнан қашып шығып, түрікмен руларының арасында жасырынып жүрген. 1640—1641 жылы Жем өзені бойындағы Қалмақ ханы Хо-Өрліктің ордасында тұрған. Осы жерден Арал қазақтары көп сыйлық беріп, Әбілғазыны қалмақ ханынан сұрап алып, өздеріне хан көтерді. 1643 жылы Ілияс би бастаған Арал қазақтары Хиуа ханы Аспандиярға қарсы көтерілгенде Әбілғазы солармен бірге болған. Екі жыл бойы Хиуаға дамылсыз шабуыл жасап, ақыры қазақ, өзбек, қарақалпақтардың күшімен 1645 жылы Хиуаны алып, хан болып жарияланды. Хан тағына отырғаннан кейін де көп жылдар түрікмен тайпаларымен соғыс жүргізді, Хиуа хандығы жеріне баса-көктеп кірген қалмақтарға қарсы қиян-кескі ұрыс жүргізді, Бұхараға шабуыл жасады. Тек 1663 жылы ғана хандық билігін ұлы Ануш Мұхамедке беріп, бейбіт істермен айналысуға мүмкіндік алып, шығармашылық жұмысқа кірісті.Әбілғазы өз заманының білімді адамдарының бірі, зиялылардың ұстазы болды.
* Ол өзі туралы:"Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрселер берген. Мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі — әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі ; Eкіншісі — ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түрік тілінде меснеуи, қасида, ғазел, рубаят тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу; Үшіншісі — бұрын Сауд Арабиясы, Иран, Тұран, Моңғолияны билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу" деп жазды.
## Шежіре
Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665 ) атты тарихи екі шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. “Шежіре-и түрк” ғыл. ортаға 18 ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл тауып, оны Бұхар ахунына орысша аудартқан. Көп өзгерістерге ұшырамай, қазіргі қазақ тіліне өте ұқсас таза көне түрік тілінде жазылған қолжазба алғаш рет француз (1726), орыс (1770, 1780) және неміс (1780) тілдерінде кітап болып шықты. 1825 жылы шежіренің араб әрпімен жазылған түпнұсқасы граф Н.И.Румянцевтің араласуымен Қазанда басылып шыққаннан кейін ғана ғыл. айналымға қосылды. Академик Х. Френ бұл басылымды ээ“шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс”ээ деп бағалады. 1854 жылы И.Н.Березин “Шығыс тарихшылары кітапханасының” 3- томына Г.С.Саблуков жасаған орысша аударманы кіргізді. Жоғарыдағы нұсқасы мен Даль коллекциясынан Азия музейіне түскен жаңа қолжазбаны пайдаланып, П.И.Демезон оның салыстырмалы нұсқасын екі кітап етіп бастырып шығарды (1871 — 1874). Бұл шығарма — Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма.
## Дереккөздер |
Гәнжә қалалық стадионы (әз. Gəncə şəhər stadionu) — Әзербайжандағы Гәнжә қаласының басты стадионы. Әзірбайжан премьер лигасында ойнайтын "Қапаз" футбол клубының үй аренасы.
## Тарихы
1960 жылдары салынған Гәнжә қалалық стадионы орталық қалалық стадион болып табылады және 26 120 көрерменге арналған. Стадион Әзербайжандағы атақты клубтардың бірі «Қапаз» ФК 1995, 1998, 1999 жылдары үш рет республика чемпионы атанған және 1994, 1997, 1998, 2000 жылдары төрт рет Әзірбайжан кубогын жеңіп алған клуб үшін үй аренасы болып табылады.
## Қайта құру
Жарамсыз болып қалған стадионды бірнеше рет қайта қалпына келтіріп, жөндеуге әрекет жасалды, бірақ басталған жұмыс әр жолы аяқталмай қалды.
2011 жылдың қарашасында ӘФФҚ президенті Ровнаг Абдуллаев Гәнжә стадионын қайта құру жоспары дайындалып жатқанын, ол аяқталғаннан кейін 2012 жылы қажетті жұмыстар басталатынын мәлімдеді.
2013 жылы ӘФФҚ президенті Ровнаг Абдуллаевтың тапсырмасымен тағы бір әрекет жасалды. ӘФФҚ бас хатшысы Елхан Мамедовтың айтуынша, жөндеу жұмыстары 2013 жылдың тамыз айында басталуы керек еді, бірақ нақты қадамдар жасалмады. Ақырында, 2023 жылы стадион қайта жөндеуге жабылды. Қазіргі уақытта стадион толығымен бұзылып, құрылыс жұмыстары жоспарланды.
## Мекенжайы
Стадион Гәнжә қаласы, Ататүрік даңғылы, AZ2012 мекенжайында орналасқан.
## Дереккөздер |
Әскер түрлерінің бас маршалы (орыс. Главный маршал рода войск) — КСРО Қарулы Күштеріндегі әскери атақтар тобы: Артиллерия бас маршалы (әскер түрі), Авиация бас маршалы (күш түрі), Құрышты танк әскерлері бас маршалы (әскер түрі), Инженерлік әскерлер бас маршалы (арнайы жасақтар) және Байланыс әскерлері бас маршалы (арнайы жасақтар).
Олар «әскер (күш) түрлері және арнайы жасақтар маршалы» («армия генералы» жалпыәскери атағы мен «флот адмиралы» әскери-теңіз шеніне тең) атағынан жоғары дәрежеде тұрды.
Бұл әскери атақ бас әріппен жазыла ма, әлде кіші әріппен жазыла ма деген сұрақ ашық күйінде қалды, өйткені сол кездегі әскери заңнама орыс тілінің ережелеріне қайшы келді.
## Тарихы
1943 жылы 9 қазанда енгізілді.
Бар болған барлық кезеңінде «Бас маршал» атағын 4 артиллерист, 7 ұшқыш және 2 танкист алды. Инженерлік және байланыс әскерлерінде бұл атақтар болды, бірақ ешқашан берілмеді.
Ылғи «Бас маршал» атағы, тек 1983 жылы жалпыәскери «армия генералы» атағынан кейін Артиллерия бас маршалы атағын алған В.Ф. Толубконы қоспағанда, сол әскер түрі (күш түрі) және арнайы жасақтар маршалы атағын алған тұлғаларға берілді.
1984 жылы «Артиллерия бас маршалы» және «Авиация бас маршалы» атақтары ғана сақталды; қалғандары «КСРО Қарулы Күштері офицерлерінің әскери атақтары туралы» КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1984 жылғы 26 сәуірдегі № 89-XI Жарлығымен жеке әскери атақтардың тізімінен алынып тасталды. Бірақ қалған екі атақ 1984 жылдан кейін берілмеді (соңғы рет сол жылдың 31 қазанында А.И. Колдуновқа берілді). Ақырында 1993 жылы әскери атақтардың тізімінен шығарылды. Бұл атақтың соңғы иегері Авиация маршалы Б.П. Бугаев 2007 жылы 13 қаңтарда қайтыс болды.
## Қызметақы
Бұрын қолданыстағы заңнамаға сәйкес запастағы немесе отставкадағы әскери қызметшілерге тағайындалған «әскер түрлерінің бас маршалы» және «авиация бас маршалы» әскери атағы үшін айлық жалақы 2019 жылы 27 000 рубльді құрады. Осындай жалақы «армия генералы» және «әскер түрлері мен арнайы жасақтар маршалы» әскери атақтары үшін де белгіленді.
## Айырым белгілері
Әскер түрлерінің бас маршалдарының иық белгілерінде алқагүлдермен нақышталған диаметрі 40 мм жұлдыз және әскер түрінің танымбелгісі бейнеленген.
1945-1955 жылдары әскер түрлерінің маршалдары мен бас маршалдарының да жалпыгенералдық киімнен өзгеше киім үлгісі болды.
Әскер түрлерінің (күштердің) және арнайы жасақтардың «қарапайым» маршалдарымен бірдей үлгідегі «Маршал жұлдызы» айырым белгісі болды (сәулелердің арасында гауһар тастарсыз).
* 1974 жылға дейінгі әскер түрлерінің бас маршалдарындағы айырым белгілері
*
*
*
*
*
*
## Әскер түрлерінің (күш түрлерінің) және арнайы жасақтардың бас маршалдары тізімі
### Артиллерия бас маршалдары
* Николай Николаевич Воронов (21 ақпан 1944)
* Митрофан Иванович Неделин (8 мамыр 1959)
* Сергей Сергеевич Варенцов (6 мамыр 1961, 13 наурыз 1963 атағынан айырылды)
* Владимир Федорович Толубко (25 наурыз 1983)
### Авиация бас маршалдары
* Александр Александрович Новиков (21 ақпан 1944, 11 мамыр 1946 атағынан айырылды, 1953 қайтарылды)
* Александр Евгеньевич Голованов (19 тамыз 1944)
* Павел Федорович Жигарев (11 наурыз 1955)
* Константин Андреевич Вершинин (8 мамыр 1959)
* Павел Степанович Кутахов (3 қараша 1972)
* Борис Павлович Бугаев (28 қазан 1977)
* Александр Иванович Колдунов (31 қазан 1984)
### Құрышты танк әскерлері бас маршалдары
* Павел Алексеевич Ротмистров (28 сәуір 1962)
* Амазасп Хачатурович Бабаджанян (29 сәуір 1975)
### Инженерлік әскер бас маршалдары
берілмеді
### Байланыс әскерлері бас маршалдары
берілмеді
## Тағы қараңыз
* Әскер түрлерінің маршалы
## Дереккөздер |
Шыңғы-Тура (сіб.-тат. Цыңқыс-тора; Чингидин; Чингий; Чимги-Тура; Цымге-Тура; Жанги-Тура) — Алтын Орда құрамындағы Түмен ұлысының, кейін «көшпелі өзбектер мемлекетінің», Ұлы Орданың, Сібір (Түмен) хандығының астанасы. Бүгінде Түмен қаласындағы «Патша қалашығы» (орыс. «Царево городище») атты археологиялық ескерткіш.
## Атауы
Ғылымға белгілі құжаттарға сәйкес қала алғаш рет Каталон атласында 1375 жылы Singuj атауымен Түмен уәлаятының орталығы ретінде кездеседі. XVI ғасырдың ортасында құрастырылған карталарда қала Түмен деп аталады: Антони Видтың картасында (шамамен 1537 жыл) - TYMENWILKY, Августин Хиршфогельдің картасында (1546 жыл) - Tumen.
Заманауи тарих ғылымында қала атауының пайда болуына қатысты төмендегідей болжамдар кездеседі:
* түркі тілдерінде кездесетін шың/чинг/шинг - «жар», яғни "жарда орналасқан, нығайтылған қала";
* түркінің чинг/чынг - «ылғал»;
* парсының чин - өзен, судың көзі;
* фин-угордың тим/чим - «өзеннің сағасы»;
* қимақтың шим (қыпшақтың цым) - «шым», яғни «шым қала» немесе «шым бекініс».
## Қаланың тарихы
### Гүлденуі
1224 жылы болашақ Алтын Орда, Жошы ұлысы құрылғаннан кейін, оның құрамында астанасы Шыңғы-Тұра қаласы болған Түмен ұлысы пайда болды.
1396-1406 жылдары Әмір Темірден жеңілгеннен кейін осында қашып келген әйгілі Тоқтамыс хан Түмен (Шыңғы-Тұра) ханы атанды.
1428 жылы Шыңғы-Тұра Әбілхайыр хандығының алғашқы астанасына айналды. Алайда 1446 жылы ханның ордасы Сығанаққа көшті. Әбілхайырдың өлімінен кейін ноғай мырзаларының қолдауына ие болған Ибақ хан Түмен хандығындағы билікті басып алды. 1469 жылы майдан даласында жеңіске жеткен Ибақ Көшпелі өзбектер мемлекетінен тәуелсіздік алды. 1480 жылы Алтын Ордаға қарсы күресу үшін ол Мәскеу Ұлы Кінәздігімен одақ құрып, 1481 жылы Ахмет ханды өлтірген. Осыдан кейін Ибақ өзін Ұлы Орданың ханы деп жариялады, ал оның астанасы етіп Шыңғы-Тұра қаласын жариялады. Қала 1481-1495 жылдары Ұлы Орданың астанасы болды (үзілістермен).
Түмен археологы Наталья Петровна Матвеева Шыңғы-Тұра жайлы былай деп жазады:
«Мұнда олар соғыс жариялап, бейбітшілік орнатты, шетелдік елшілерді қабылдады, сарай қастықтарын тоқыды. Мұнда Бұхара және Самарқанд елшілерінің керуендері келді, елшілік миссиялар келді, исламның уағызшы шейхтері – Шығыс жазуы мен әдебиетінің білгірлері келді. Үш, мүмкін төрт ғасыр ол Батыс Сібірдегі мұсылман мәдениетінің форпосттарының бірі болды.»
Құлдырауы
Ермактың жорығы кезінде қала тоналып, өртеніп кеткен деп есептеледі. Бірақ Шыңғы-Тұраның өртенгенін нақты айту мүмкін емес, өйткені археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген.
1586 жылы Шыңғы-Тұра орнында Түмен қаласы құрылды. Ал ХХ ғасырда қалашықтың орнында «Тюмень ФК» стадионы салынды, қалашықтың мәдени қабаты құрылыс кезінде келмеске кетті. Түмен археологтары ерлі-зайыпты Н. П. мен А. В. Матвеевтердің айтуынша, Шыңғы-Тұра цитаделі қазіргі Коммуна мен Энгельс көшелерінің орнында болған.
## Дереккөздер |
Көкектің ұясы (ағылш. One Flew Over the Cuckoo’s Nest, сөзбе-сөз — «Біреуі көкектің ұясынан ұшып өтті») — 1975 жылы Кен Кизи аттас психологиялық роман негізінде режиссер Милош Форман түсірген америкалық көркем фильм. Фильмде Джек Николсон психиатриялық аурухананың жаңа пациенті, ал Луиза Флетчер садист медбике рөлін сомдайды. Көмекші рөлдерде Уилл Сэмпсон, Дэнни Де Вито, Сидни Лэссик, Уильям Редфилд және Кристофер Ллойд пен Брэд Дурифтің кинодағы дебюттері.
Фильмнің премьерасы 1975 жылы 19 қарашада Чикаго кинофестивалінде өтті. Фильм ең беделді бес номинация («Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік актер», «Үздік актриса» және «Үздік бейімделген сценарий») бойынша «Оскар» жүлдесін алған әлемдік кино тарихындағы екінші фильм болды, бұған дейін тек «Бір түні болған оқиға» (1934) ғана бұл жетістікке қол жеткізген болатын.Сол "үлкен бестікті" ол Алтын Глобуста да жеңіп алды (кино тарихында бірінші рет).
Психиатриялық ауруханадағы драма оқиғасын баяндайтын фильм толығымен дерлік Орегон штатының ауруханасының психиатрия бөлімінде түсірілген. Көрермендер фильмді өте жылы қабылдады. Фильм АҚШ прокатында 100 миллион доллардан астам табыс тапты. Сыншылар режиссура мен актерлік шеберлікті жоғары бағалап, фильмді 1970 жылдардағы америкалық кинематографияның «жаңа толқынының» маңызды оқиғаларының бірі ретінде мойындады.
1993 жылы «Көкектің ұясы» Конгресс кітапханасы мәдени, тарихи және эстетикалық құндылығы бар фильм ретінде Американың Ұлттық фильмдер тізіліміне енгізді.
## Сюжет
Патологиялық қылмыскер және бүлікші Рэндл Патрик Макмерфи оның психикалық ауруы бар-жоғын анықтау үшін колониядан психиатриялық клиникаға ауыстырылады. Клиникада ол бөлімді суық қанды және қатал тәртіпке құмар бас медбике Милдред Ратчед басқаратынын анықтайды. Макмерфи абсурдтық ережелерге бағынбай, шын жүректен көңіл көтеруге ниетті. Оның бүлікшіл табиғаты басқа науқастарды жұқтырады, бірақ медбике Рэтчед оны тоқтатуға бел буады.
## Рөлдерде
## Жүлделер
### Кейінгі тану
* AFI-ның 100 жылдағы 100 үздік американдық фильмі: № 20 (1998 тізімі), № 33 (2007 тізімі)
* AFI-ның 100 қаһармандар мен зұлымдар (2003): медбике Ратчед кино зұлымдарының тізімінде 5-ші орынға ие болды
* AFI-ның 100 жылдағы ең шабыттандыратын 100 американдық фильмі (2006): № 17
* Ұлттық фильмдер тізілімі (1993)
## Дереккөздер |
Құпия бақылау мұражайы (алб. Muzeu i Përgjimeve të Sigurimit të Shtetit), сондай-ақ Жапырақтар үйі (алб. Shtëpia me Gjethe) деген атпен белгілі — Албанияның Тирана қаласындағы тарихи мұражай. 2017 жылы 23 мамырда коммунистік дәуірде Сигуримидің штаб-пәтері болған ғимаратта ашылды.
Мұражай «коммунистік режим кезінде тыңшылыққа ұшыраған, тұтқындалған, сотталған, сотталған және өлім жазасына кесілген жазықсыз адамдарға арналған».
## Тарихы
Мұражай 1931 жылдан бастап ауласы бар екі қабатты виллада орналасқан және бастапқыда Албаниядағы алғашқы жеке акушерлік клиника ретінде қызмет еткен, неміс оккупациясы кезінде ғимаратты гестапо пайдаланған. Соғыстан кейін 1991 жылы коммунистік режим құлағанға дейін Сигуримидің ұстау штабы ретінде пайдаланылды.
Құпия бақылау мұражайы 2017 жылдың 23 мамырында ашылды. Ғимарат қала орталығында орналасқан. Ғимарат «Жапырақтар үйі» деп аталады, себебі оның қасбетін жабатын таужыныс зауыты. Онда 31 бөлме бар.
Мұражай Еуропа Кеңесінің 2020 жылғы Еуропалық жыл мұражайы сыйлығымен марапатталды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми сайт (Ағылшынша)
* Ресми сайт (Албанша) |
Миллион долларлық ботам (ағылш. Million Dollar Baby) — Клинт Иствудтың фильмі.
Боксер қыз туралы драма!
## Рөлдерде |
Абылайкит ғибадатханасы (моңғ. Аблайн хийд, орыс. Аблакет, Аблайн-хит, Аблайкит, Аблайн-кит) — XVII ғасырдың орта кезінде (шамамен 1654-1657) ойрат тайшысы Абылайдың салдырған қамалы. Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 60 шақырым жерде, Сібе өзенінің жоғарғы ағысында, Қалба тауының етегінде орналасқан (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы).
## Тарихы
Ғибадатхана туралы тұңғыш деректерді 1654 жылы қытай билеушісімен келіссөз жүргізуге жіберілген орыс елшісі Ф.И.Байков қалдырған.Ғибадатхана 1660 жылы Абылайдың туған ағасы Цэцэнның, 1663-1665 жылдары билікке қол жеткізген Сэнгэнның, ал 1671 жылы Сэнгэнды өлтіріп, таққа отырған Қалдан-Бошоқтының шабуылдарына ұшыраған.
## Зерттеу жұмыстары
### XVIII ғасыр
Ғибадатхана Н.-К. Витсеннің Амстердам қаласында 1692 жылы жарық көрген «Солтүстік және Шығыс Тартария» еңбегінде және 1687-1698 жылғы «Ұлы Тартария» картасында «Абылай бекінісі» (Ablaische Sterktens) атауымен кездеседі. Ресей Ғылым академиясында В.А.Шишковтың 1735 жылғы экспедициясы барысында жиналған ғибадатхана туралы сипаттамасы, ал Екатеринбург қаласының облыстық архивінде ғибадатхананың сұлбасы сақтаулы. Осында Петербургтегі Азиялық мұражайдың ашылуына бастау болған қолжазбалар табылды. Қазақ даласын «Азияның барлық жеріне қақпа» санаған І Петрдің ғибадатханаға деген қызығушылығы арта түсті. Осыған орай Ертіс даласына 1715-1716 жылдары И.Д.Бухгольцтың, 1720 жылы И.М.Лихаревтің экспедициялары жөнелтілді.Аблайнкит туралы қысқаша мәліметтер Ф.И.фон Страленберг (1730), Г.Ф.Миллер (1750), Гмелин (1751), П.С.Паллас (1786), Фальке (1824) сияқты танымал саяхаттанушылардың еңбектерінде кездеседі.XVIII ғасырдың 20-шы жылдары ғибадатханың айналасында мүсіндер, металдан жасалған кішігірім бұйымдар, тибет және моңғол қолжазбалары табылып, Петербургке жеткізілді. І Петрдің бұйрығы бойынша қолжазбалардың бір бөлігі шығыс тілдерінің мамандары ағайынды Мишель және Этьен Фурмондарға Парижге жіберілді. Еуропадағы шығыстанудың даму деңгейі төмен болғандықтан, қолжазбаларды аудару жұмыстары сәтсіз аяқталды. Кейіннен бұл жазбалардың моңғол-тибет тілінде жазылған, көбіне діни мағынада екені анықталды. Қолжазбалар мен кітаптардың кейбір нұсқалары Париж кітапханасы мен Санкт-Петребургтегі Шығыс елдерін зерттеу институтының кітапханасында сақтаулы. Жазбаларды тілші-ғалым Н. Невский толық зерттеп, жарыққа шығарды.Ф.И. фон Страленбергтің 1730 жылы жарияланған «Ресей және Ұлы Тартария» картасында ғибадатхананың нақты орны мен сипаттамасы бар. Картада Ертістің сол жағалауындағы бекініс Ablaket, ал айналасындағы аумақ «Абылай даласы» (Step Ablai) ретінде кездеседі.
### XIX ғасыр
Кейін қазақ даласында ғылыми-зертеу жұмыстарын жүргізген Г. Спасский, С. Черников т.б. ғалымдар өз еңбектерінде Абылайкит ғибадатханасы туралы пікір айтқан. Қамал моңғол-тибет стилінде салынғанымен, онда жергілікті Дешті-Қыпшақ дәстүріндегі құрылыс үлгілері де қолданылған. Бұл белгілер қамалды салуға сырттан әкелінген шеберлермен бірге жергілікті халық ісмерлері де қатынасқанын көрсетеді. Абылайкит ғибадатханасы жан-жағы терең сай, жоталармен қоршалған, таудың етегіне тірей салынған. Биіктігі 3 м, қабырғасының қалыңдығы 1,5 м. Қамал қабырғасын бірыңғай граниттен қалап, қақпаларын оңтүстік жағынан шығарған. Қамал ішінде үш үйдің орны сақталған. Оның ең үлкені мінәжат ететін бұтхана, қалған екеуі кісі жиылатын үлкен зал мен асхана. Үстіңгі қабатта тұрақжайлар болған. Бұтхана қабырғалары әшекейленген. Онда адам суреттері, нақыш жазулар жазылып, түрлі мүсін-бейнелермен безендірілген. Көшпелілердің 17 ғасырдағы сәулет өнерінің үлгісі болып табылатын Абылайкит бұтханасы 1670 жылы қалмақтар арасындағы өзара бақталастық соғыстар кезінде құлатылған.
### XX ғасыр
1935 және 1937 жылдары ескерткішті археолог С.С.Черников зерттеген.1949 жылы ҚазКСР-і Министрлер Кеңесінің қаулысымен ғибадатхана мен оның аумағы республиканың қорғауына алынды.1980 жылы күзет тақтайшалары орнатылып, жаңа сұлба дайындалған.1990-1991 жылдары ғибидатхананы зертеу жұмыстарын Шығыс-Қазақстанның өлкелік мұражайының қызметкерлері жүргізген. Тұңғыш рет қамалдың топографиялық суреттері жасалып, толық сұлбасы дайындалып, видеофильм түсірілген.
### XXI ғасыр
2016 жылы Шығыс-Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовтың бастамасымен шығыс Қазақстандағы тарихи ескерткіштерді кешенді зерттеу бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.
## Галерея
## Әдебиет
* Андрианов А.А. Материалы по археологии Усть-Каменогорского уезда // Труды Семипалатин-ского окружного музея. – Вып. 2. – Семипалатинск, 1929.
* Байпаков K.M., Ерофеева И.В., Казизов Е.С., Ямпольская Н.В. Буддийский монастырь Аблай-хит. - Алматы: ТОО «Археологическая экспертиза, 2019. - 400 с., илл.
* Гмелин И.Г. Семь палат и Аблай-кит: описание двух монастырей на верхнем Иртыше (отры-вок из «Путешествия по Сибири в 1733-1743 гг.». Геттинген, 1751) // Россия, Сибирь и Централь-ная Азия (взаимодействие народов и культур). – Барнаул, 1999. – С.132-136.
* Никитин В. Краткое описание памятников древности Семипалатинской области. – Известия Императорской археологической комиссии. – Вып.1. – СПб., 1901.
* Паллас П.С. Путешествие по разным местам Российского государства. – Ч.2. – Кн.2. – СПб., 1786.
* Спасский Г.И. О древних развалинах в Сибири // Сибирский вестник. – Ч.3. – СПб, 1818. – С.52-107.
* Яхонтова Н.С. Рукописное наследие ойратов в собрании Института восточных рукописей РАН // Проблемы изучения нематериального культурного наследия народов Казахстана и Цен-тральной Азии: топонимика, эпиграфика, искусство. Сборник материалов международной кон-ференции, г. Астана, 18-19 ноября 2014 г. – Алматы, 2014. |
Домбауыл кесенесі - ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, Қаракеңгір өзенінің сол жағасында.
Астыңғы қабаты шаршы пішіндес, үстіне киіз үй тәріздес күмбез салынған. Астыңғы бөлігінің аумағы 8,9×7,9 м, қабырғасының қалыңдығы 2 м-дей, ішінің аумағы 4x4 м, есігі сопақшалау етіліп оңтүстік-шығыс жақтан шығарылған. Бұған жалпы биіктігі 1,2 м болатын төрт баспалдақ арқылы кірелі. Кешеннің еденіне тас аралас тапырық жайып, оның үстіне жалпақ тақта тастар төселген. Қабырғалары Зм-ге көтеріліп барып, көлденең бөренелермен жабылған. Бұлардың барлығы тас қалаудың қола дәуірінен бергі ежелгі дәстүрінен алынған. Осы дәстүрді кешеннің төбесін жабу кезінде де қолданған. Кешен ұзақ уақыт жақсы сақталып, бертін келе біршама қираған. Ескерткіштің дәл мерзімін анықтайтын дерек әзірге жоқ. Қазақстан жеріне тән сыртқы тұрқына қарап, ғалымдар оны ислам діні дендеп ене қоймаған кезеңге жатқызады (8-9 ғ-лар). Т.К. Басенов пікірі бойынша Домбауыл дыңы XVI-XVIII ғасырда салынған. Қазақ арасында мұндай киіз үйге ұқсата созып барып қүмбезделген тас қесенелерді "үйтас", "дың" деп те атаған, бұлар әр аймақтарда белгілі және көбірек тараған жері Орталық Қазақстан, әсіресе, Торғай өз-нің бойы. Қара Жыланды өз-нің бойындағы Қара-дың ескерткіші Домбауыл кешеніне өте ұқсас.
Домбауыл кесенесі ғалымдардың пікірінше Орталық Қазақстандағы ең көне құрылыстардың бірі болғанымен есте қалады. Домбауыл ғұндар билеген кезде салынған болып есептеледі. Аңыз бойынша бұл кесене ұлы сазгер және жауынгер Домбауыл құрметіне салынған екен, ал өзінің болғаны тарих пен мифпен (ертегі-аңызбен) ұштасады. Кесене ғимараты биіктігі бес метрден асатын конус тәрізді (шошақ пішінді) төртбұрышты негізге қойылған, тас плиталарынан құрылған.
## Дереккөздер |
Батыр (Баһадүр) хан (туған жылы белгісіз - 1680) – Есім ханмен бірігіп ел билеген қазақ ханы. Есім ханның ұлы Салқам Жәңгір хан өлгеннен кейін мемлекеттегі билікті өз қолына алған (1652-1680).
## Өмірбаяны
Шыққан тегі: Жәнібек хан - Өсек сұлтан - Бөлекей сұлтан - Батыр (Баһадүр) хан. Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның арғы атасы Айшуақ сұлтанның ағасы.
1603 жылы күзде қарақалпақтар Түркістанда Əбдіғаппарды хан етіп жариялайды. Осы кезде Ташкент пен Сайрамнан Есім хан, Баһадүр хан, басқа да қазақ сұлтандары Əбдіғаппарға қарсы шығады. 13 күнге созылған шайқаста қазақ әскерлері жеңіліп, Түркістан, Сайрам, Ташкент, Ахсикент, Әндіжан қалалары Əбдіғаппардың қоластына өтеді. 1605 жылы көктемде Ташкент маңындағы Қарақамыс деген жерде Есім хан мен Баһадүр хан Əбдіғаппарды өлтіріп азат етілген аймақтарға өз биліктерін орнатады. 1616 – 1617 жылдары орыс құжаттарында оның есімі Батыр, Баатырь, Болатырь деп аталып, кейбір тұста Шығай ханның інісі, Абдолла ханның қол астында болған басқа Баһадүр сұлтанмен шатастырылған.1652 жылы Есім ханның мұрагері Салқам Жәңгір хан өлгеннен кейін Қазақ хандығындағы билікті өз қолына алған.
## Дереккөздер |
Ибраһим хан (тат. İbrahim, Ибраһим, ابراهیم; туған жылы белгісіз - 1479, Қазан) — Қазан ханы (1467-1479), Махмұт ханның ұлы, Халил ханның інісі әрі мұрагері.
Халил хан қайтыс болғаннан кейін таққа отырып, оның жесірі Нұрсұлтанға үйленді.
## Мәскеу мемлекетімен соғыс
1467 жылы III Иван күзде Ибраһим ханның ағасы ханзада Қасымды Қазан тағына үміткер етіп жіберіп, Қазан хандығына қарсы соғыс бастады. Бұл кандидатураны кейбір қазандықтар қолдады. Ибраһим 1467 жылы Еділ бойындағы өзен шайқасында көптеген Мәскеу әскерлерін талқандады. Бәлкім, орыстар мен Қазан татарлары арасындағы жалғыз ірі өзен шайқасы болды. Оппозициялық топты Ғабдолла Мүмин бек (عبدال مومن) басқарды. Жорық сәтсіз аяқталды, орыс әскері Еділден өтіп, татарлармен шайқасуға батылы бармады. Бұған жауап ретінде Ибраһим хан қыста жаудың шекаралас аймақтарына жазалаушы шабуыл жасап, Галич Мерскийдің маңын тонады.
1468 жылы III Иван Төменгі Новгород, Муром, Кострома, Галичке мықты гарнизондар жіберіп, Қазанды үлкен соғысқа итермелей, хандықтың жерінде бейбіт халыққа қарсы өте қатыгездіктермен қатар жүретін ұрыс қимылдарын бастады.
Ибраһим екі бағытта әскерлер жіберді: Галич және Төменгі Новгород-Муром. Біріншіде, сәттілік қазандықтарға ықпал етті, тіпті, Кичменский қаласы және екі костромалық болыстар басып алынды. Екіншіде, Қожаберді мырза жасағын жеңіп, орыстар татарларды тоқтатып.
Мәскеу Хлиновский - үшінші майданды ашты. Ушкуйліктер Вятка бойымен Камаға дейін қайықтармен түсіп, қазандықтардың тыл жағынан тонауға кірісті. Бұған жауап ретінде солтүстікке мықты жасақтар жіберілді, олар Нократ өлкесінің астанасы - Хлиновты басып алып, онда татар әкімшілігін құрды.
## Мұрасы
Ибраһим хан 1479 жылы қайтыс болды. Оның екі әйелінен балалары болды: Фатима ханбикеден үш ұл - Әли, Құдайқұл мен Мелек Таһир және Нұрсұлтан ханбикеден (марқұм Халил ханның жесірі) екі ұл - Мұхамметәмин мен Ғабделлатиф. Сонымен қатар, оның бірнеше қыздары болды, олардың ішінен Гауһаршад есімді бір бике әйгілі болды.
Ибраһим қайтыс болғаннан кейін оның жесірі Нұрсұлтан Қырым ханы Меңлі Герейге тұрмысқа шығып, Қазаннан Бақшасарайға кетті. Бұл оқиға Қазан мен Қырым арасында болған саяси, мәдени және экономикалық байланыстар туралы куәлік ете отырып, бұл байланыстардың нығаюына үлкен ықпал етті және кейінірек маңызды саяси оқиғалардың қайнар көзі болғандықтан маңызды салдарларға ие болды. Кішкентай ханзада Ғабделлатиф анасымен бірге Қырымға, өгей әкесінің сарайына барды.
Ибраһим хан Қазан Кремлінде Қазан хандарының кесенесінде жерленген.
## Әйелдері мен балалары
* Фатима Шаһ Сұлтан (فاتما شاه سلطان), балалары — Илһам, Мәлік Таһир, Құдайқұл (шоқынған соң Пётр Ибрагимович), 1487 жылы Қазанды басып алғаннан кейін, барлығы қамауға алынып, Вологда мен Белозероға айдалды;
* Нұрсұлтан (نور سلطان), балалары — Мұхамметәмин, Ғабделлатиф, Гауһаршад
## Сілтеме
Ибраһим (Қазан ханы) «Родоводе» сайтында. Ата-баба мен ұрпақ шежіресі. |
Ораз-Мұхаммед сұлтан (орыс. Ураз-Магмет царевич, тат. Ураз-Мөхәммәт, 1573 – 1610) – қазақ сұлтаны, Қасым хандығының билеушісі, Тәуекел ханның немере інісі, Ондан сұлтанның ұлы, Шығай ханның немересі. Ораз Мұхаммед орыс жылнамаларында “қазақ ордасының ханзадасы” деп аталады. 1588 ж. Ораз Мұхаммед хан кеңесшісі (қарашысы) Қыдырғали Жалайыримен бірге Сібір хандығының астанасы Искерге (Қашлық) жергілікті билеуші Сейдахметке (Сейтек, Сейдақ) қонаққа барып, Сейтек ханмен бірге Ертіс бойында аңшылықта жүрген кезінде Тобыл воеводасы Данила Чулков жасағының қолына түсіп, Мәскеуге жөнелтілді. Федор Иванович патша оны жылы қабылдап, қызметке тартты. Ораз Мұхаммед патша сарайындағы салтанатты қабылдауларға, орыстардың шведтерге (1590), Қырым хандығына (1598) қарсы соғыстарына қатысты. 1594 жылдың соңында Тәуекел хан Мәскеуге аттандырған Құлмұхаммед елшілігі Ресеймен достық келісім жасау жөніндегі саяси ұсыныстармен қатар Ораз Мұхаммедті еліне қайтаруды өтінді. Тәуекел хан Ресеймен саяси келісімді бекіту мақсатымен Ораз Мұхаммедтің орнына өз балаларының біреуін аманатқа беруге міндеттенді. Бірақ бұл Тәуекелдің өліміне байланысты аяқсыз қалды. Орыс патшасы Борис Годунов 1600 ж. Ораз Мұхаммедті Ока өзенінің бойындағы Қасым (Касимово) хандығының ханы етіп тағайындады. 1605 – 13 ж. Ресейде болған бұлғақ жылдарында Ораз Мұхаммед Лжедмитрий ІІ жағына шығып, жалған патшаның сарайындағы атақты адамдардың бірі болды. Ораз Мұхаммедтің өзіне адал қызмет етпейтінін сезген Лжедмитрий ІІ оны Ока өзенінің жағасына аң аулауға ертіп барып, жалдамалыларына өлтіртті.
## Дереккөздер |
Бопай ханым (шамамен 1690 – 31 мамыр 1780, Батыс Қазақстан облысы Елек өзені бойы) — Әбілқайыр ханның зайыбы, ел басқару ісіне араласқан асқан сұлу, өте ақылды, ержүрек қайраткер, аузы сөзі дуалы мәмілегер.
## Өмірбаяны
Бопай Адай руынан - батыр Табынайдың үлкен ұлы Сүйіндіктің қызы. Бопай Кенесары көтерілісіне катысуды халық арасында жалықпай - талмай үндеумен жүрген, кейін өзінің 6 ұлыменбірге талай жорыққа қатысқан, 600 адамдық жасаққа қолбасшы болған әйгілі ержүрек анамыз (апамыз) Бопай. Бопай күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық казактарының, орыс бодандығындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін және бұл күрделі мәселелерді уақытша болса да, Ресей империясына бодан болу арқылы шешуге тырысқандығын терең ұғынған. Сондықтан да Әбілқайырдың осы бағыттағы саяси қадамдарына қолдау көрсеткен. Ол ханымның 1731 жылы 22 қарашада орыс патшайымы Анна Иоанновнаға, 1748 жылы 5 қазанда Елизавета Петровнаға, әр уақытта Орынбор әкімшілігінің басшыларына жазған хаттарынан айқын көрінеді.
Күйеуінің қазасынан кейін де Бопай өзінің ұстанған бағытынан таймайды. Әбілқайыр саясатының өз жалғасын табуы баласы Нұралының әке орнын басуына байланысты екендігін терең ұғынған Бопай батыл әрі ойлап-пішілген қадамдар жасайды. Орта жүз бен Кіші жүздің беделді билері мен батырларының Нұралыны хан көтеруге келісімін алғаннан кейін ғана, Бопай патшайым Елизавета Петровнаға, келесі күні бригадалық генерал А.И. Тевкелев пен Орынбор губернаторы И. Неплюевке қисынды өтініш хаттар жолдайды. Осы хаттарды жеткізу үшін аталмыш екі жүздің 8 беделді биі Орынборға, одан кейін Санкт-Петербургке аттанады. Нұралыны “қырғыз-қайсақ ханы” етіп бекіту туралы Елизавета Петровнаның 1749 жылғы 2 мамырдағы жарлығы, онда Бопай ханымның хатына да сілтеме жасалуы, канцлер А.П. Бестужев-Рюминнің Бопайға арнайы хат жазып, патшайым атынан сыйлық жолдауы ханым саясатының жеңісі еді. Бопай Әбілқайыр әулетінің дәрежесі мен беделін көтеруге ұмтыла отырып, орынсыз қантөгістің болмауын, ел іргесінің сөгілмеуін қалады. Сол үшін де ол күйеуінің кегін алуға “аттандатпай”, Барақ сұлтанды жазалауды орыс әкімшілігі арқылы заңдастырып алуға тырысты. Қоғам дамуының негізгі көзі тыныштық өмір екендігін, тірлігін ат үстінде өткізген халықтың болашағы бұлдырлығын ұғынған ханым орыс әкімшілігін Елек өзені бойында қала салдыртуға да үгіттейді. Қазақ-жоңғар қатынастарына тигізген әсері, Қайып хан мен Нұралы ханды бітістіруге бағытталған әрекеттері Бопайдың ел бірлігін қамтамасыз етуге тырысқан мәмілегерлік ниетін аңғартады. Бопай орыс-қазақ қатынастарындағы және сол кездегі қазақ қоғамындағы шешімін таппай жүрген кейбір мәселелерді талқылау үшін Орынбор әкімшілігінің басшыларымен кездесіп, келіссөз жүргізгісі келеді. 1740 жылы Санкт-Петербургке ресми сапармен барып, Анна Иоановнаға жолығу ниеті де болған. Бопайдың зеректігі мен тапқырлығы жөнінде ағылшын суретшісі Дж. Кэстльдің, Әбілқайыр ордасында болған орыс шенеуніктерінің жазбаларында біршама деректер келтіріледі. Тарихи құжаттармен жақсы таныс А.И. Левшин 19 ғасырдың 30-жылдарында:
деп жазды. Б. Елекке құятын Жосалы өз-нің жоғарғы жағындағы қорымда жерленген.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Еркін Таңатқанұлы Мұхамеджанов (29 қараша 1978 жылы туған, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Мереке кеңшары, Бестамақ бөлімшесі) — Қазақстан республикалық телерадиокорпорациясы АҚ «Abai tv» телеарнасы директоры.
## Қызмет жолы
* 2000-2001 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалының штаттан тыс корреспонденті;
* 2001-2002 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалының дикторы;
* 2002-2003 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалы жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы;
* 2003-2003 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалының редактор-корреспонденті;
* 2003-2005 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРО АСБД-ның Қостанай облысындағы меншікті тілшісі;
* 2005-2006 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРО АСБД-ның сараптамашы-редакторы;
* 2006-2006 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРО АСБД-ның Қостанай облысындағы меншікті тілшісі;
* 2006-2010 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы;
* 2010-2010 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД тілшілер бөлімінің тілшісі;
* 2010-2010 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД тілшілер бөлімінің арнайы тілшісі;
* 2010-2011 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД шығару бөлімінің шеф-редакторы;
* 2011-2011 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД тілшілер бөлімінің тілшісі;
* 2011-2012 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД шығару бөлімінің шеф-редакторы;
* 2012-2012 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Апта.kz» бағдарламасының шеф-редакторы;
* 2012-2015 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Апта.kz» бағдарламасының жетекшісі;
* 2015-2017 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясының директоры;
* 2017-2018 жж. «Қазақстан» РТРК» Қостанай облыстық филиалының директоры;
* 2018 - 2022 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Qazaqstan» ҰТА директоры;
* 2022-2023 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары;
* 2023 жылдың шілде айынан «Abai tv» телеарнасының директоры.
## Марапаты
* БАҚ өкілдері арасындағы республикалық «Нұр Сұңқар» сыйлығының «Ерекше пікір» аталымында жеңімпаз (2015 ж.);
* «Еңбек ардагері» төсбелгісі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (2018 ж.);
* ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы (2022 ж.).
## Дереккөздер |
Дана Абибуллақызы (09 мамыр 1979 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Басқарма төрайымының қаржылық және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары.
## Қызмет жолы
* 1999-2001 жж. «Сенім» АЖЗҚ» ЖАҚ менеджері;
* 2001 жылдың қаңтарынан — 2001 жылдың қыркүйегіне дейін Онтүстік Қазақстан облысының Тұрмыстық статистика туралы ақпарат-статистика орталығы үй шарушылығын статистикалық қамтамасыз ету бөлімінің 2-санаттағы маманы;
* 2002 жылдың сәуірінен — 2002 жылдың қарашасына дейін - «Қазагрокапитал» холдингі «СӘТ» ЖШС бас бухгалтері;
* 2002-2003 жж. «Қазагрокапитал» холдингі «Транс Спец Экспорт» ЖШС бас бухгалтері;
* 2003-2006 жж. «Қазагрокапитал» холдингі «Интер Фуд Трейд» ЖШС бас бухгалтері;
* 2006 жылдың шілдесінен — 2006 жылдың тамызына дейін «Қазақстан» РТРҚ» АҚ бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің жетекші маманы;
* 2006-2008 жж. «Қазақстан» РТРҚ» АҚ бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бас маманы;
* 2008-2009 жж. «Қазақстан» РТРҚ» АҚ бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бас бухгалтерінің орынбасары;
* 2009-2014 жж. «Қазақстан» РТРҚ» АҚ бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бас бухгалтері;
* 2014-2019 жж. «Қазақстан» РТРҚ» АҚ Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің қаржы директоры;
* 2019 жылдың қыркүйегінен «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының қаржылық және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары.
## Білімі
* Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.
## Дереккөздер |
Болат Сүлейменұлы Мүрсәлім (01 қазан 1979 жылы туған, Абай облысы, Ақсуат ауданы, Қызыл Кесік) — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ «Qazaqstan» телеарнасы директоры.Алаш қайраткерлері туралы бірнеше деректі фильмнің сценарий авторы. «Алашорда» және «Алаш автономиясының әскері» фотоальбомдарының құрастырушысы.
## Қызмет жолы
* «Қазақстан – ZAMAN» газетінде (2001 ж.), «Парасат» журналында (2002 ж.), «Қазақ радиосында» (2004 ж.), «Қазақстан» (2002-2006 ж.ж.), КТК (2007 ж.) телеарналарында қызмет атқарған.
* 2008-2009 жж. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Сценарлық алқа мүшесі;
* 2009 жылдың қазанынан «31 арнаның» «Информбюро» бағдарламасының шығарушы редакторы, 2012 жылдың тамызынан «31 арнаның» Ақпараттық бағдарламалар директоры;
* 2022 жылдың тамызынан «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Бас редакторы;
* 2022 жылдың 26 қыркүйегінен «Qazaqstan» телеарнасының директоры;
* 2023 жылдың шілдесінен «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Бас редакторы;
* 2024 жылдың сәуірінен «Qazaqstan» Ұлттық арнасы директоры.
## Білімі
* 2001 ж. Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған;
* 2001-2004 жж. ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасында оқыды.
## Марапаты
* «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі;
* ҚР Ұлттық Ғылым академиясы тағайындаған «Алашорданың 100 жылдығы» естелік медалі;
* «Қазақ хандығының 550 жылдығы» төсбелгісі. |
Ермак, Жармақ (1532 — 6.8.1585) — Көшім хан билеген Сібір хандығына қарақшылық жорық жасаған казак-орыс атаманы. Қазан хандығы мен Астрахан хандығын Ресей империясы басып алғанда Мәскеудің шығысқа бағытталған басқыншылығын тоқтатуды бірінші ойлаған Сібір ханы Көшім болатын. Оның жасақтары Оралдан асып түсіп, Сібірге көз алартқан көпестер Строгоновтардың иеліктеріне талай рет жорықтар жасады. өзаққа созылған Ливон соғысынан шыға алмай титықтаған Иван Грозный Сібір хандығынан сескеніп, екі жақты шайқастан сақтанып, Строгоновтарға Сібірге жорық жасауға тыйым салады. Чусовая өзені бойындағы өз иеліктерін қорғау үшін Строгоновтар казактар арасынан қарулы топ ұстауға патшадан рұқсат алған еді. Олардың қол астына қызмет етуге Еділ жағасынан, өздерінің тонаушылығы мен қарақшылығы үшін патша отрядтарының ізіне түсуінен бас сауғалаған Ермак бастаған казактар келеді. Алғашқы қақтығыстардан кейін Ермак мылтықпен қаруланған казактардың Көшім хан әскерлері алдындағы артықшылығын сезіп қалады. Қолға түскендерден жауап алып, хандықтың астанасы Искер қаласы қорғаныссыз қалғанын, патша Ресей отрядтарына Сібірдің түкпіріне жорық жасауға тыйым салғандықтан, Көшімнің олардың Искерге шабуылын күтпейтінін біліп алады. Осыдан кейін Ермак Искерді тұтқиылдан басып алуға жанталасты. Сібірге жорық патшаның рұқсатынсыз, казактардың өз ұйғарымымен болған қимыл еді. Жорық дерегін Мәскеуден құпия ұстаған Строгоновтар жорық сәтті аяқталған жағдайда бай олжаға кенелуден үміттеніп, атамандарға қолдау көрсетті. Ал сәтсіздікке ұшыраса, бар кінәні казактарға аударуды көздеді. 1582 жылы 1 қыркүйекте 540 казак пен Строгоновтардың 50 қызметкер адамы отыз кемеге отырып, Сібір жорығына аттанды. Еділ, Жайық, Дон, Терек казактарынан, қашқын поляктар мен немістерден, т.б. тұратын Ермактың қарақшылары аса жақсы қаруланды. Атаманның өзіне көпестер арнайы мылтық сыйлады. Орыстың бір отряды хандықтың шегіне аяқ басты деген хабарды Көшім күні бұрын естиді, бірақ мән бермейді. Ол Ресей патшасының Сібірге тиіспеу жөніндегі уәдесіне сеніп, келген отряд ел шетінен кері қайтар деген үмітте еді. Хандығына өз әмірі жүріп тұрғасын, казактарға да патша жарлығы тыйым болады деп түсінсе керек. Сөйтіп, Ермак Искердің түбінен бір-ақ шығып, мемлекет пен астананы қорғап қалуға сібірліктер кеш қамданып, уақытын ұтқызып алды. Шешуші шайқас астанаға жақын жердегі Чуваш мүйісінде 1582 жылы 23 — 25 қазан күндері болды. Искер түбіне тоқтаған казактар алғашқы күні ұрысқа кіруге жүрексінді. “Көшім ханның қақпанына түсіп қалдық па?” деп үрейленген олар түнде қазақ кеңесін шақырып, ұрысқа кіріспестен, кері қайту жөнінде шешім қабылдайды. Алайда, Ермак өз адамдарын шабуылға шығуға көндіреді. Өйткені атаман өздігінен бастаған бұл бейбастақ жорығы үшін Ресейде өзін жаза күтіп тұрғанын, одан аман құтылудың жалғыз жолы Сібірді бағындырып, патшаның рақымын алу екенін түсінетін еді. Үш күндік шайқаста хантылар мен мансылар осалдық танытып, ұрысты тастап шықты. Көшім Искерді тастап кейін шегінуге мәжбүр болды. Ермактың 107 адамы өлді. Бұл жөнінде Николай Карамзин: “Сібір қорғанысшылары жаужүректілік пен табандылық көрсетті” деп жазды. Астанасынан айырылып, Көшім ханның туыстары мен Тәуекел ханның неме1585 жылы Көшім адамдары Ертістің жоғары тұсында жүрген Ермакқа Бағай өзені жағынан Искерге қарай бай керуен келе жатыр деген жалған хабар түсіреді. Бұл хабарға сеніп қалған Ермак жүз адаммен кемесін Ертістен Бағайға қарай бұрады. Керуен жолын тосып, өзен бойлай жүзген қарақшылар өздерін Көшім қолы торып жүргенін байқамайды. Тамыздың бесінде Ермактың қарақшылары кішкене аралға түнейді. Жаңбырлы түнде Сәтбек батыр бастаған Көшім сарбаздары күзетшілердің көзін жойып, қалжырап ұйқыға кеткен қарақшылар лагеріне шабуыл жасайды. Оянған Ермак қорғана алмасын біліп, бас сауғалап, өзен ағысына қойып кетеді де, суға батып өледі. ре інісі Ораз Мұхаммед (Ондак сұлтанның баласы) қолға түседі.
## Дереккөздер
## Әдебиет
* Абдиров М., Хан Кучум: известный и неизвестный, А., 1996. |
2024 жылғы көкек айына Қазақстан мұз сарайлары (хоккей стадиондары) тізім.
## Дереккөздер |
Мары атырабы (түрікм. Mary etraby) — Түрікменстанның Мары уәлаятындағы атырап. Әкімшілік орталығы — Сапармұрат Түрікменбашы кенті.
## Тарихы
1925 жылы қаңтарда Түрікмен КСР Мерв округінің Мерв ауданы болып құрылды. 1926 жылы тамызда Мерв округі жойылып, Мерв ауданы Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды.
1937 жылы наурызда Мерв ауданы Мары ауданы болып өзгертілді. 1939 жылы қарашада Мары ауданы жаңадан құрылған Мары облысына берілді.
1957 жылы 12 желтоқсанда таратылған Уәкілбазар ауданы аумағының бір бөлігі Мары ауданына қосылды.
1963 жылы қаңтарда Мары облысы таратылып, Мары ауданы қайтадан Түрікмен КСР-не тікелей бағынышты болды. 1970 жылдың желтоқсанында аудан қайтадан қалпына келтірілген Мары облысының құрамына енді.
1992 жылы Мары ауданы Мары атырабы болып өзгертіліп, Мары уәлаятының құрамына енді.
## Танымал тумалары
* Қыдыр Деряев (1905—1988) — Түрікмен КСР халық жазушысы.
* Таңатар Әуезов (1911—1966) —— Түрікмен КСР халық әртісі.
## Сілтеме
* Дүниежүзілік тарих жобасы
## Дереккөздер |
Сақаршаға атырабы (түрікм. Sakarçäge etraby) — Түрікменстанның Мары уәлаятындағы атырап.
## Тарихы
1938 жылы желтоқсанда Түрікмен КСР Сақаршаға ауданы болып құрылды. 1939 жылы қарашада Сақаршаға ауданы жаңадан құрылған Мары облысына берілді.
1963 жылдың қаңтарында Сақаршаға ауданы таратылды, бірақ 1964 жылдың желтоқсанында Түрікмен КСР-нің тікелей бағынуымен қалпына келтірілді. 1970 жылдың желтоқсанында аудан қайтадан қалпына келтірілген Мары облысының құрамына енді.
1992 жылы Сақаршаға ауданы Мары уәлаятының құрамына еніп, Сакаршаға атырабы деп өзгертілді.
2022 жылдың 9 қарашасында жойылған Оғызхан атырабының Шаттық қаласы, Дәулетлі-Заман және Парахат кенттері, Алтын-Заман, Айхан, Дақхан, Көкхан, Күнхан, Мердана және Жұлдызхан кеңесшіліктері Сақаршаға атырабына қосылды.
## Сілтеме
* Дүниежүзілік тарих жобасы
## Дереккөздер |
Мұрғап атырабы (түрікм. Murgap etraby) — Түрікменстанның Мары уәлаятындағы атырап.
## Тарихы
1935 жылы ақпанда Түрікмен КСР Сталин ауданы болып құрылды.
1939 жылы қарашада Сталин ауданы жаңадан құрылған Мары облысына берілді.
1961 жылы қарашада Сталин ауданы Мұрғап ауданы болып өзгертілді.
1963 жылы қаңтарда Мары облысы таратылып, Мұрғап ауданы қайтадан Түрікмен КСР-не тікелей бағынышты болды.
1970 жылдың желтоқсанында аудан қайтадан қалпына келтірілген Мары облысының құрамына енді.
1992 жылы Мұрғап ауданы Мары уәлаятының құрамына еніп, Мұрғап атырабы деп өзгертілді.
2022 жылы 9 қарашада жойылған Оғызхан атырабының Теңізхан және Оғызхан кенттері, Теңізхан және Достық кеңесшіліктері Мұрғап атырабына қосылды.
## Сілтеме
* Дүниежүзілік тарих жобасы
## Дереккөздер |
2023 жылдың көкек айына Қазақстан олимпиадалық (50 метр) жүзу бассейндері тізімі.
## Дереккөздер |
Жолөтен атырабы (түрікм. Ýolöten etraby) — Түрікменстанның Мары уәлаятындағы атырап.
## Тарихы
1926 жылы қаңтарда Түрікмен КСР Мерв округінің Жолөтен ауданы болып құрылды. 1926 жылы тамызда Мерв округі таратылып, Жолөтен ауданы Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды.
1939 жылы қарашада Жолөтен ауданы жаңадан құрылған Мары облысына берілді. 1963 жылы қаңтарда Мары облысы таратылып, Жолөтен ауданы қайтадан Түрікмен КСР-не тікелей бағынышты болды.
1970 жылдың желтоқсанында аудан қайтадан қалпына келтірілген Мары облысының құрамына енді. 1992 жылы Жолөтен ауданы Жолөтен атырабы деп өзгертіліп, Мары уәлаятының құрамына енді.
## Сілтеме
* Дүниежүзілік тарих жобасы |
Тақтабазар атырабы (түрікм. Tagtabazar etraby) — Түрікменстанның Мары уәлаятындағы атырап.
## Тарихы
1925 жылы қаңтарда Түрікмен КСР Мерв округінің Пенде ауданы болып құрылды.
1925 жылы ақпанда Пенде ауданы Тақтабазар ауданы болып өзгертілді.
1926 жылы тамызда Мерв округі таратылып, Тақтабазар ауданы Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды.
1939 жылы қарашада Тақтабазар ауданы жаңадан құрылған Мары облысына берілді.
1963 жылы қаңтарда Мары облысы таратылып, Тақтабазар ауданы қайтадан Түрікмен КСР-не тікелей бағынышты болды.
1970 жылдың желтоқсанында аудан қайтадан қалпына келтірілген Мары облысының құрамына енді.
1992 жылы Тақтабазар ауданы Мары уәлаятының құрамына еніп, Тақтабазар атырабы деп өзгертілді.
2022 жылдың 9 қарашасында Серхетабат атырабы Тақтабазар атырабына қосылды.
## Аудан экономикасы
1937 жылы таратылған Күшкі ауданы кіретін Тақтабазар ауданында 1968 жылға дейін түйе шаруашылығы дамыды. Бірақ Түрікменстанның оңтүстігінде түйе обасының эпизоотиясы басталғаннан кейін бұл жануардың саны екі ауданда: Күшкі және Тақтабазар аудандарында 500-700 бастан аспады.
## Сілтеме
* Дүниежүзілік тарих жобасы
## Дереккөздер |
Индира Есалықызы Тұрсынбай (2 желтоқсан, 1983 жылы туған, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Әбдіғаппар ауылы) — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ «Balapan» телеарнасы директоры.
## Қызмет жолы
* 2003-2005 жж. - «Almaty TV» телеарнасында журналист, жаңалық жүргізушісі, «Экология бекеті» телеарнасының редактор-жүргізушісі;
* 2005-2006 жж. - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында редактор-сарапшы, «Business.kz» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі;
* 2008-2009 жж. - «Астана» телеарнасында редактор-сарапшы, жаңалық жүргізушісі;
* 2011-2014 жж. - «Еуразия» Бірінші арнасында тілші, жаңалық жүргізушісі;
* 2015-2016 жж. - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында жаңалық жүргізушісі, экономика жаңалығының редактор-жүргізушісі;
* 2017-2023 жж. - жеке продакшн компанияларда басшылық қызмет атқарды;
* 2023 жылдың қаңтарынан - «Balapan» телеарнасының директоры.
## Білімі
* Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
## Дереккөздер |
Серхетабат атырабы (түрікм. Serhetabat etraby) — Түрікменстандағы Мары уәлаятының бұрын болған атырабы.
## Тарихы
1930 жылы сәуірде Түрікмен КСР Күшкі ауданы болып құрылды.
1937 жылы маусымда Күшкі ауданы таратылды.
1977 жылы шілдеде Мары облысының құрамында Күшкі ауданы қалпына келтірілді.
1992 жылы Күшкі ауданы Мары уәлаятының құрамына еніп, алдымен Күшкі атырабы, содан соң Серхетабат атырабы деп өзгертілді.
2022 жылы 9 қарашада Серхетабат атырабы жойылып, оның аумағы Тақтабазар атырабына берілді.
## Аудан экономикасы
1937 жылы таратылған Күшкі ауданы кіретін Тақтабазар ауданында 1968 жылға дейін түйе шаруашылығы дамыды. Бірақ Түрікменстанның оңтүстігінде түйе обасының эпизоотиясы басталғаннан кейін бұл жануардың саны екі ауданда: Күшкі және Тақтабазар аудандарында 500-700 бастан аспады.
## Сілтеме
* Дүниежүзілік тарих жобасы
## Дереккөздер |
Айдын Дүйсенбайқызы (15 наурыз, 1991 жылы туған, Қарағанды облысы) — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарушы директоры.
## Еңбек жолы
* 2012 - 2016 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Стратегиялық маркетинг департаменті Веб-ресурстар бөлімінің веб-сайт редакторы;
* 2016 - 2019 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Стратегиялық маркетинг департаменті Интернет-редакциясының шеф-редакторы;
* 2019 - 2021 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Диджитал департаменті Интернет редакциясының жетекшісі - «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Баспасөз хатшысы;
* 2021-2023 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Диджитал департаментінің директоры;
* 2023 жылдан «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарушы директоры.
## Білімі
* 2012 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасын бітірген;
* 2021 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің магистратурасын тәмамдаған.
## Дереккөздер |
Оғызхан атырабы (түрікм. Oguzhan etraby) — Түрікменстандағы Мары уәлаятының бұрын болған атырабы.
## Тарихы
1988 жылы тамызда Түрікмен КСР Парахат ауданы болып құрылды.
1992 жылы Парахат ауданы Мары уәлаятының құрамына еніп, алдымен Ниязов атырабы, содан соң Оғызхан атырабы деп өзгертілді.
2022 жылы 9 қарашада Оғызхан атырабы жойылды. Бұл ретте Теңізхан, Оғызхан кенттері, Теңізхан, Достық кеңесшіліктері Мұрғап атырабына; ал, Шаттық қаласы, Дәулетлі-Заман, Парахат кенттері, Алтын-Заман, Айхан, Дақхан, Көкхан, Күнхан, Мердана, Жұлдызхан кеңесшіліктері Сақаршаға атырабына берілді.
## Сілтеме
* Дүниежүзілік тарих жобасы
## Дереккөздер |
Әкеге апарар жол — Жақында отағасынан айырылған отбасының тарихы мен шытырман оқиғаларына көрермендерді батыратын қызықты драма мен комедия.
Түпнұсқа сюжетті және терең, кейіпкерге негізделген спектакльдерді көрсететін «Әкеге апарар жол» ерлік, махаббат және өзін-өзі анықтау тақырыптарын ашады. Бұл фильм ұмытылмас әсер қалдырады және көрермендерді өмірдің мәні мен өмірдегі өз жолдары туралы ойлауға шабыттандырады. Түсірілім жұмыстары наурыз айында Алматы облысынан басталып, Маңғыстау өңірінде аяқталған.
## Сюжет
Қайырбек аға өте мейірімді жан еді. Бүкіл ауыл оны құрметтейтін. Өйткені ол бәріне көмектесті. Ол мектеп директоры болды. Спорт мектебін салып, көкпар үйірмесін, аяқ киім шығаратын цехтардың ашылуына тағыда күріш экспорттай бастады. Бірақ, өкінішке орай, ол бір жыл бұрын жол апатынан қайтыс болды. Қайырбек ағаның өмірден өткенінің бір жылдығына арнап дастархан жайған соң ұлы Дидар марқұм әкесін армандай бастайды. Түсіндегі әке жүрегін ұстап, ұлынан көмек сұрайды. Дидар не болғанын білгісі келеді, өйткені қайтыс болмай тұрып әкесі донор ретінде жүрегін қалдырып кеткен. Бұл арманы туралы білген Дидардың анасы ұлынан әкесінің жүрегінің жаңа иесін табуды сұрайды. Дидар ағасы мен әйелімен бірге жүректің жаңа иесіне барады.
## Пікірлер
Рамазан Амантай, фильм продюсері:
— Әкелердің қадірі және бұл тек қана әке туралы емес, жан-жақты айтар ойы көп фильм. Әке деген тамаша ұғымды, тамаша қасиетті есімді елдің есіне бір салып қояйық деп осы фильмді түсірдік. Әрі бүгін біздің тамаша мерекеміз – Ата заң күні. Дубайдағы қандастарымыз көріп, өзінің оң бағасын беріп жатыр. Соған қатты қуанып тұрмыз.
Даут Шайхисламов, продюсер:
— Бүгін Дубайда керемет көрініс болды, Рамазанға көп рахмет. Маңғыстауды көргеніме өте қуаныштымын. Өйткені, мен Жаңаөзеннен боламын. Алтын емел саябағы, өте керемет, Қазақстан өте керемет. Қазақ киносы дами берсін.
Айдын Нығмет, көрермен:
— Қазақ киносын көріп жақсы әсермен шықтық. Сценарийде өте терең мағына бар. Әкеге арналған, өзіміздің қазақи отбасылық құндылықтарға арналған. Қазақтың актерлері келіп осындай үлкен сыйлық тарту етіп жатыр.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми трейлер |
1956 жылы құрылған Екібастұз политехникалық колледжі (1956-1972 жылдары — кешкі тау-кен-құрылыс техникумы, 1973-1999 жылдары — тау-кен техникумы, 1999 жылы білім бөлімінің «Екібастұз политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мәртебесін алды. Павлодар облысы бойынша колледжде екі (тау-кен экономикасы, көлік) және сырттай бөлімдері бар. 9 сынып базасында оқу мерзімі 3 жыл 6 ай, 11 сынып базасында 2 жыл 6 ай ғой. Оның 4 қабатты әкімшілік-оқу ғимараты бар, онда 37 оқу кабинеті мен зертханасы бар; оқу-өндірістік шеберханалары, оқу залы бар кітапхана; дене шынықтыру-сауықтыру кешені, компьютерлік сынып, тир, спорт залы, мұражай бар. 2003-2004 оқу жылында 504 оқушы оқиды. Оқу орны құрылған жылдар ішінде 8668 маман даярланды. Колледжде 59 оқытушы жұмыс істейді. Директор — Манибаев Арғын Бейбітұлы.
2022 жылдың қыркүйек айында Мәншүк Мәметова мен Естай Беркімбаев атындағы көшелерінің қиылысындағы Өңіраралық оқу орталығының жаңа ғимаратына көшті.
## Мамандықтар
### Тау-кен және шаруашылық бөлімі
* Есеп және аудит (ЕА)
* Қаржы (Қ)
* Компьютерлік технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету (КТБҚЕ)
### Көлік бөлімі
* Теміржолдарды электрмен жабдықтау (салалар бойынша) (ТЭЖ)
* Электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (ЭЭЖТПҚКЖ)
### Жол қозғалысын басқару бөлімі
* Теміржолдар, теміржол құрылыстары және құрылысы (ТТҚҚ)
* Теміржолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (ТЖҚПЖТҚК)
* Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (AҚТҚКЖП)
* Теміржол көлігіндегі автоматтандыру, телемеханика және қозғалысты басқару (TКАТҚБ)
* Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты бақылау (TКТҰҚБ)
### Қазақ тіліндегі кафедра
* Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық әдіспен өндіру (ПҚКОАӘӨ)
* Тау-кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ТКЭЖТҚКЖ)
* Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану (ҒҚСП)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ресми сайт |
Нағи Қалтайұлы Бақытбеков (27 қазан 1987 жылы) Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек қыстағында туған) — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ «Qazsport» телеарнасы директоры.
## Еңбек жолы
* 2005 - 2006 жж. «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Қызылорда филиалының директоры, «Қазақстан КВН Одағы» Қызылорда КВН филиалының директоры;
* 2006 - 2008 жж. «Қазақстан студенттерінің альянсы» республикалық қозғалысының жетекшісі;
* 2008 - 2011 жж. «Қазақстан КВН Одағы» РМҰ атқарушы директоры;
* 2011 - 2015 жж. «Астана Қаласының Көңілді тапқырлар театрлары» ГККП театры әкімшісі, продюсері;
* 2015 - 2018 жж. «KAZFOOTBALL.KZ» ақпараттық футбол порталы директоры;
* 2018 - 2020 жж. Қазақстан футбол федерациясының маркетинг және PR департаменті директоры;
* 2020 жылдың 8-маусымынан «Qazsport» телеарнасы директоры.
## Марапаты
* Ақпарат саласының үздігі төсбелгісі (2021 ж.).
## Дереккөздер |
Леонид Виленович Кантер (укр. Леонід Віленовіч Кантер; 27 шілде 1981 жыл, Киев, Украина КСР - 4 маусым 2018 жыл Обирки, Чернигов облысы, Украина) — украиндық деректі фильм режиссері, продюсер, тележурналист және жазушы. Шығыс Украинадағы қарулы қақтығыс туралы бірнеше деректі фильмдердің авторы.
## Білімі
1998 жылы Киевтегі №145 жаратылыстану лицейін бітірген. 2002 жылы Иван Карпенко-Карый атындағы Киев ұлттық театр, кино және телевидение университетін («театр және кино актері, телебағдарлама жүргізушісі») бітірген. 2005 жылы KNUTKiT («Телевизиялық директор») екінші жоғары білімін алды. Кейін туған университетінде ұстаздық қызмет атқарды.
## Өмірбаяны
Леонид Кантер 1981 жылы 27 шілдеде Киевте дүниеге келген. Әйелі Диана және үш баласы - қыздары Магдалена мен Патагония және ұлы Дариян бар.2003 жылы Кантер «Лизард филмс» киностудиясын құрып, 50-ге жуық қысқаметражды фильмдер, бірнеше толықметражды және деректі фильмдер түсірген. Студия фильмдерінде басты рөлдерді Леонид Куравлев, Лидия Федосеева-Шукшина, Владимир Жириновский, Дмитрий Дюжев сомдады.2004-2007 жылдары Кантер Карпенко-Карый атындағы Киев театр, кино және теледидар университетінде оқытушы болып жұмыс істеді.
2015 жылы Кантер режиссер Иван Ясныймен бірге Донецк әуежайының қорғаушылары туралы «Доброволец Божьей Четы» деректі фильмін түсірді. Фильм 13-ші Гданьск халықаралық деректі фильмдер фестивалінде Көрермендер сыйлығын алды.
2018 жылы Ясныймен бірне АТО аймағында қайтыс болған украиналық опера әншісі Василий Слипак туралы «Миф» толық метражды деректі фильмін түсірді.
2007 жылы Леонид Кантер Чернигов облысындағы «Обирок» шаруа қожалығына орналасып, сол жерде шығармашылық қонысын құрып, фестивальдар мен халықтық мерекелерді ұйымдастырды. Атап айтқанда, ол «ХЛЕБ своими руками» фестивалі мен „Mama Africa“ афроэтникалық фестивалінің негізін қалады.
2004 жылы оның шығармашылық жобаларының бірі «Мұхитқа отырғышпен» ойыны арқасында танымал болды. 2005 жылы Кантер достарымен бірге көше театрын құрып, бүкіл Украинада өнер көрсетті. Бірақ содан кейін біз әлемге шығуымыз керек деп шешіп, «Мұхитқа отырғышпен» идеясы осылай пайда болды. Идея қарапайым - кәдімгі ас үй отырғышын төрт мұхиттың жағасына апару. Ал ол үшін автостоппен жүру керек. Жеті үміткер болды. Экспедициялардың мақсаты өзідерін тану, басқа елдердің қызықты адамдарымен танысу және бүкіл әлемге Украина туралы айту болды. Төрт жыл ішінде Кантер және оның пікірлестері - қырықтан астам елге саяхат жасады. Жол бойы оларға «отырғыш» қозғалысына риза болған шетелдіктер қосылды. Отырғышпен бірге экспедиция мүшелері Украина туын орнатты.2014 жылы Кантер Павел Солодкомен бірлесе отырып, осы саяхаттарға арналған «Мұхитқа отырғышпен» кітабын шығарды.
## Леонид Кантердің фильмографиясы
* 2001 — «Қалпақсыз адам», режиссер
* 2002 — «Шырша», режиссер
* 2003 — «Тұжырымдама», режиссер
* 2003 — «Ашу», режиссер
* 2006 — «Гималайдың арғы жағына отырғышпен» кинотрилогиясы
Автор/продюсер:
* «Корольдік жылқы», режиссері Сергей Лысенко
* «Тибет Нелегал», режиссер Слава Попов
* «The stool», режиссер Ярослав Андрущенко
Көпметражды деректі фильмдер:
* 2014 - «Соғыс өз есебінен» (реж. Леонид Кантер және Иван Ясный)
* 2015 – «Құдайлық жұптың еріктілері» (режиссері Леонид Кантер және Иван Ясный).
## Дереккөздер |
ДИАЛЕКТІЛІК КОНТИНУУМ – тілдің бір-біріне үзілмей жалғасқан аумақтық саралануының түрі, көршілес говорлар немесе диалектілердің өзара ерекшелігі өте аз мөлшерде болғанымен, олар бір-бірінен алшақ орналасқан сайын арасындағы айырмашылық та ұлғая береді. Соған сәйкес түрлі диалектілік құбылыстардың изоглостары да сәйкестенбейді, диалектілер арасындағы шекара да болмайды.Диалектілік континуум туыстас тілдердің таралу шекарасында тілдік континуумға ауысуы мүмкін, нәтижесінде ол идеомаларды бір-бірінен айырып көрсетуде айтарлықтай мәселелер туындайды.
## Дереккөздер |
## Сарыханов Нұрмұрат
### Биографиясы және ерен еңбектері
Сарыханов Нұрмұрат (1906 ж, қазіргі Түркменстан, ССР, Геок-тепе селосы,- 4. 5. 1944, Молд. ССР, Бендеры ауданы, Далекеу дер. ) – түрікмен жазушысы. Орта Азия коммунистік университетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысып, майданда қаза тапты. Сарыханов шығармаларында советтік өмір шындығын суреттеді, түрікмендердің өмірі мен тұрмысындағы жаңа нышандарды көрсетті. «Жезде», «Бай ашуы», «Ақ үй», «Ең соңғы киіз үй», «Жарыққа ұмтылу» т.б. әңгімелеріндеескі әдет-ғұрып пен салт-сананы әшкерклксе, «Арман», «Махаббат», «Мерген» атты шығармаларында адамдардың тұрмысы мен санасындағы жаңалықтарды суреттеді. Сарыханов шығармалары КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылды. 1961 ж оның «Әңгімелер» жинағы қазақ тілінде жеке кітап болып шықты.
## Дереккөздер
## Сарыханов Нұрмұрат
### Биографиясы және ерен еңбектері
Сарыханов Нұрмұрат (1906 ж, қазіргі Түркменстан, ССР, Геок-тепе селосы,- 4. 5. 1944, Молд. ССР, Бендеры ауданы, Далекеу дер. ) – түрікмен жазушысы. Орта Азия коммунистік университетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысып, майданда қаза тапты. Сарыханов шығармаларында советтік өмір шындығын суреттеді, түрікмендердің өмірі мен тұрмысындағы жаңа нышандарды көрсетті. «Жезде», «Бай ашуы», «Ақ үй», «Ең соңғы киіз үй», «Жарыққа ұмтылу» т.б. әңгімелеріндеескі әдет-ғұрып пен салт-сананы әшкерклксе, «Арман», «Махаббат», «Мерген» атты шығармаларында адамдардың тұрмысы мен санасындағы жаңалықтарды суреттеді. Сарыханов шығармалары КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылды. 1961 ж оның «Әңгімелер» жинағы қазақ тілінде жеке кітап болып шықты.
## Дереккөздер |
«Abai TV» — мәдени-ағарту бағытындағы қазақстандық телеарна. 2020 жылы мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған арна халықты ұлы Абай мұрасымен, еліміздің және бүкіл әлемнің мәдениеті мен өнерінің жетістіктерімен таныстырады.
Отандық медиа кеңістікте ұлттық мәдениет пен өнерді тоғыстырған арна тәулігіне 17 сағат (07:00-ден – 00:00-ге дейін) 80% қазақ тілінде, 20% орыс тілінде хабар таратады.
## Бағдарламалар
* Сарасөз
* Сана
* Мәдениет жаңалықтары
* Сырлы әуен
* Күміс көмей
* Абайдың жолы
* Шаңырақ
* Дәуір даналары
* Мұра
* Мазмұндама
* Pro Art
* Құдіретті қылқалам
* Киелі сахна
* Жәдігер
* Шебер
* Беймәлім алаш
* Вечные ценности
* Тұлға
* Үркер
* Бірегей
* Дала өркениеті
* Шебер
* Соңғы муза
* Түркі әлемі
* Ұлт қазынасы
* Тағдырлы туынды
* Оркестровая партитура
* Имена
* Мәдениет жауһарлары
* Әндіground
* Ғимарат
* Қилы заман
* Ашық академия
* Кейіпкер
* Інжу-маржан
* Беймәлім дерек
* Ән-ғұмыр
* Қазақтар
* Арт эксперимент
* Музыка Великой степи
* Ауылдастар
* Ұмытпаймыз
* Технократтар талқысы
* Парасат майданы
* Бір туынды
* Магия звука
* В ритме танца
* Арт профессии
* Вечные ценности
## Басшылары
* Азамат Кеңесұлы (2020-2023)
* Еркін Мұхамеджанов (2023 жылдан бастап)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* «Abai TV» телеарнасының ресми сайты
* «Abai TV» телеарнасының онлайн көрсетілімі
* «Abai TV» телеарнасы (YouTube)
* «Abai TV» телеарнасы (Instagram)
* «Abai TV» телеарнасы (TikTok)
* «Abai TV» телеарнасы (Facebook)
* «Abai TV» телеарнасы (Telegram) |
Ноғай ордасы (Маңғыт ұлысы) – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Батыс Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік.
## Территориясы
Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солтүстік-шығыста Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік-батыста Қазанға дейін, оңтүстік-батыста Арал, Каспий теңізіне дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Ноғай ордасы алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған.
## Саяси тарихы
### Ноғай ордасының құрылу алғышарттары
“Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ. 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Ноғай ордасының негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Қастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Ноғай ордасының даралануы 13 ғ. 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өзенінің төменгі саласы, Сарайшық қ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Ноғай ордасында этникалық құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі” әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, кінәз, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Ноғай ордасының саяси үстемдігі, экономикалық тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды.
### XV ғасыр
15-ғасырдың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігенің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Ноғай ордасының құрамына енген тайпалар ( қоңырат,маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, арғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этностық құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Ноғай ордасы мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ. аяғында Ноғай орда орыс мемлекетімен саяси және сауда-экономикалық байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды.
### XVI-XVII ғасырлар
16 ғ. 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Ноғай ордасы әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солтүстік Кавказда Кіші Ноғай ордасы, ал Жем, Ойыл жағалауларында Алты Ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуылынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Ноғай ордасы ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Ноғай ордасы түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Ноғай ордасына кірген тайпалардың үлесі өте мол. Олардан аса үлкен мәдени мұра қалды; Ноғайлы дәуірінің әдебиеті.
## Ноғай Ордасының билеушілері
* Едіге би (1392-1412)
* Нұраддин би (1412-1419)
* Мансұр би (1419-1427)
* Қазы би (1427-1428)
* Уақас би (1428-1447)
* Хорезми би (1447-1473)
* Аббас би (1473-1491)
* Мұса би (1491-1502)
* Жаңбыршы би (1502-1504)
* Хасан би (1504-1508)
* Шейх Мұхаммед би (1508-1510, 1516-1519)
* Алшағыр би (1508-1516)
* Ағыш би (1521-1524)
* Саид Ахмет би (1524-1541)
* Қазы Мұхаммед мырза (1537-1541)
* Шейх Мамай би (1541-1549)
* Жүсіп би (1549-1554)
* Исмаил би (1557-1563)
## Дереккөздер
## Әдебиет
* Сафаргалиев М. Г. Распад Золотой Орды. — Саранск: Мордов. кн. изд-во, 1960. — 279 с. — 1500 экз.
* Жолдасбаев С., Бабаев Д. История Казахстана средних веков. — Алматы: «Атамура», 2003.
* Восточная Европа Средневековья и раннего Нового времени глазами французских исследователей: Сборник статей / Отв. ред. И. А. Мустакимов, А. Г. Ситдиков; науч. ред. И. В. Зайцев, Д. А. Мустафина; ввод. ст. В. В. Трепавлов. — * Казань: Институт истории АН РТ, 2009. — 428 с.
* Керейтов Рамазан, Червонная Светлана. Эпиграфика Ногайской степи // «Татарская археология», 2002−2003. — № 1−2(10−11).
* Хисамиева Г. Заговорили камни времен Ногайской Орды // Газета «Маяк» Азнакаевского района 14.04.06.
* Трепавлов В. В. «Орда самовольная»: Кочевая империя ногаев XV–XVI веков. — М.: Квадрига, 2013. — 224 с. — (Исторические исследования). — 600 экз. — ISBN 978-5-91791-021-5.
* Гимбатова М. Б. О воинской этике ногайцев. // Военно-исторический журнал. — 2008. — № 12. — С.74-76.
## Сыртқы сілтемелер
* Malimetter.kz Ноғай Ордасы реферат (қазақша)
* Ноғай Ордасы
* Ноғай ордасының күшеюі және әлсіреуі |
Семилингвизм (лат. semi – жартылай + lingua – тіл) — ана тілінде де, екінші тілде де толық тілдік құзіреттілік жоқ жартытілділік ана тіліне, сондай-ақ екінші мәдениет пен тілге деген келеңсіздік, немқұрайлық болуы мүмкін. Мыс., суржик (украин және орыс тілдерінің араласу нәтижесінде шыққан тіл).
## Дереккөздер
## Дереккөздер |
Әскери кафедра Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 мамырдағы № 551 қаулысымен құрылды.
## Кафедра тарихы және білім беру саласы
Әскери кафедра М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы №1249 қаулысымен құрылды. Әскери кафедра Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 мамырдағы № 551 қаулысымен құрылды. Әр уақытта кафедраны полковник Коңиров Асқар Жангирович, полковник Досмухамбетов Руслан Казбекович, полковник Мухаметкалиев Бакытжан Куттыбаевич басқарды, 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін запастағы полковник Досмухамбетов Руслан Казбекович кафедра бастығы болып табылады. Кафедра құрылған жылы “Жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану” мамандығы бойынша 700 студент қабылданды. 2012 жылдан бастап кафедра ҚР Әскери-теңіз күштері үшін мамандар даярлай бастады, ал 2016 жылдан бастап Құрлық әскерлері үшін мамандар даярлауға қайта кірісті. Әскери кафедраның құрылуына ардагер оқытушылар В.О.Кекк, П.Н. Нужденко, В.Т. Жевтяк, Ю.Л. Чернышов, М.И. Лаптев, Н.И. Шаблыко, ОКҚжИТҚ – Н.И. Аккереев А.М. Утепкалиев, Г.З. Тажгулов үлкен үлестерін қосты. Қазіргі уақытта кафедрада әскерлер мен оқу орындарында практикалық тәжірибесі бар жоғары білікті педагогтар жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта кафедра жаңа дамуға ие болды. Жаңа мамандықтар ашылды, әскери дайындықтан өтетін студенттер саны жыл сайын артып келеді, оқу-материалдық база жетілдірілуде. Әскери кафедрада: саптық плац, тактикалық алаң, атыс және инженерлік қалашық, спорттық қалашық, электронды интерактивті тир, әскери техника, жабдықталған класстар, әскери-техникалық мүлік, кітапхана бар. Әскери кафедра студенттерді әскери даярлау саласында Орал қаласының ӘТМ, “БҚМК” АҚ, “Батыс” РМҚК, ҚазҰУ әскери кафедрасымен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М. Оспанов атындағы “БҚМУ КЕАҚ”, 5517 Орал және 30238 Ақтөбе әскери бөлімдерімен ынтымақтасады және өзара қызмет жасайды. 2001 жылдан бастап 3114 запастағы лейтенант және 835 запастағы сержант дайындалды. Оның ішінде 80-нен астам адам ҚР ҚК қатарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды, 60 адам әскери қызметін жалғастыруда, 200-ден астам адам басқа әскерлер мен әскери құралымдардың офицерлері ретінде әртүрлі лауазымдарда қызмет етуде. Олардың бір бөлігі әскери бөлімдерде, негізінен “Батыс” РМҚК және ҚР ІІМ бөлімдерінде қызметін жалғастыруда.
## Дайындық бағыты
Әскери кафедра өз қызметін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі 2020 жылғы 24 шілдедегі бекітілген “запастағы офицерлер мен запастағы сержанттардың бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидаларына” сәйкес жүзеге асырады.
### Әскери кафедра запастағы офицерлерді келесі мамандықтар бойынша даярлайды:
* Жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану;
* Зымыран әскерлері мен артиллериясы бөлімшелерін, бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлің қолдану;
* Инженерлік – саперлік (инженерлік) бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану;
* Аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру;
* Құрлық әскерлерінде байланысты ұйымдастыру;
* Автомобиль техникасын пайдалану және жөндеу.
2021 жылдың қыркүйегінен бастап запастағы сержанттарды келесі мамандықтар бойынша даярлауды жүзеге асырады
* Атқыштық;
* Автомобильдер;
* Далалық сумен жабдықтау;
* Инженерлік, жол құрылысы техникасы мен мүлкі;
* Орта қуатты қысқа толқынды радиостанциялар;
* Далалық кабельдік байланыс желілері;
* Әскери барлау.
Студенттердің әскери дайындығы оқытудың қосымша түрі болып табылады және теориялық және практикалық оқыту курстарынан, жас студенттерге арналған оқу жинағынан немесе қыз студенттерге арналған кәсіптік практикадан тұрады. Қыздар запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша, “Құрлық әскерлерінде байланыс ұйымдастыру”мамандығы бойынша оқиды. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық тегін және ақылы негізде, запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады.
Оқу мерзімі:
* запастағы офицерлер-2 жыл;
* запастағы сержанттар-1 жыл.
Әскери кафедраға түсу тәртібі
## Мамандықтар
### Лейтенант
* Зымыран әскерлері мен артиллериясы бөлімшелерін, бөлімдер мен құрамаларын жауынгерлік қолдану
* Құрлық әскерлерінде байланысты ұйымдастыру
* Инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану
* Автомобиль техникасын пайдалану және жөндеу
* Аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру
* Жалпыәскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану
Сержант
* Инженерлік, жол-құрылысы, көпір құрылысы, ағаш дайындау, инженерлік-әуеайлақтық техника мен мүлік
* Әскери барлау
* Далалық сумен жабдықтау
* Орта қуатты қысқатолқынды станциялар
* Автомобильдер
* Атқыштық
## Сыртқы сілтемелер
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті |
«Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында» (қыр. Бейиш - эненин таманында) — 2024 жылы шыққан қырғыз көркем фильмі.
## Сюжеті
Фильмнің желісі психикалық дамуы сегіз жасар баланың деңгейінде қалған 35 жастағы Әділдің таңғажайып оқиғасына негізделген. Әділ шағын ауылда 75 жастағы анасы Райхан апамен тұрады. Райхан апа Әділге Алла тағала оны ерекше жақсы көретінін, сондықтан оның тікелей жұмаққа баратынын айтып отырады. Бірақ Әділ анасынсыз жұмаққа барғысы келмейді. Бір күні оған сегіз жасар досы анасын киелі Меккеге жаяу апарса, анасы жәннатқа барады дейді. Әділ таңғажайып саяхат жасау туралы батыл шешімге келеді. Ол анасын арбамен жаяу Меккеге апаруға бел буады. Райхан апа ұлы Әділге жұрт күле ме деп қорқып, сапарға келіседі. Осы қызық сапарда Әділ мен Райхан апа талай сынақтан өтіп, жол бойында көптеген мейірімді адамдарды кезіктіреді. Фильм ананың ұлына деген махаббаты шексіз екенін және ұлтына қарамастан адамзат атаулы ана үшін қиындықты еңсеруге барын аямайтынынын тағы бір дәлелдейді.
## Рөлдерде
* Адиль рөлінде— Эмиль Есеналиев
* Райхан апа рөлінде — Анаркүл Назарқұлова
* Болот Тентимышов
## Кинотеатрдағы прокат
Прокаттауды AsanaFilm дистрибьюторлық компаниясы жүзеге асырады. Кинокомпанияның басты назары тәуелсіз шетелдік және отандық тайтлдарға, Қазақстандағы коммерциялық әлеуеті бар көп жанрлы мейнстрим және өнер мейнстримінің жекелеген өкілдеріне, отбасылық контент пен жоғары сапалы анимацияға бағытталған. Компания тарихында "Пейіш. Жұмақ ананың табаның астында" фильмі – ТМД ауқымындағы бірінші және ерекше жоба.
## Пікірлер
Анаркүл Назарқұлова, Қырғыз Республикасының халық әртісі:
- Ене мен баланың ортасындағы тығыз байланыс, бір-бірін түсіну, егер де ене мен бала бір-бірін түсінбесе, қандай қиыншылық. Одан өткен тозақ жоқ. Фильмнің Алматыдағы тұсаукесеріне көрермен көп жиналды. Қонақтардың арасында қырғыз бен қазақ елінің танымал өнер адамдары да болды. Тіпті картинаның трейлерін көріп, толық нұсқаны тамашалау үшін шетелден арнайы келгендер бар.
Гусейн Гасанов, блогер:
- Мен бұл фильмге Дубайдан арнайы ұшып келдім. Киноның айтары бар екенін трейлерінен байқадым. Ең қызығы, кейіпкерлер Меккеге жетті ме, жоқ па? Жолда көптеген қиындықтарға тап болғанын көрдім. Оқиғанын соңы қалай аяқталатынын көру үшін келдім. Фильм Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Мысыр және Сауд Арабиясында түсірілген. Кинокартинаны қазақ тілінен бөлек, өзбек, орыс және араб тілдіне аудару жоспарда.
Саламат Исабаев, фильмнің Қазақстандағы продюсері:
- Киелі Түркістан қаласында жасалды, одан кейін Ақтау қаласында жасалды. Біз екі апталыққа жобаланған съемкамыз 12 күнге созылды. Қазақстаннан Мұхтар Әуезов драма театрынан Дулыға Ақмолда, Ерболат Әлқожа, Марат деген ағамыз түсті. «Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында» фильмі Kinopark және Kinoplexx кинотеатрлар желісінен көрсетілді.
## Дереккөздер |
Ұлттық әлеуметтік лингвистикалық пішін (орыс. национальный социолингвистический профиль) - көптілді қоғамдағы тілдердің өмір сүру формалары мен қызметтері туралы нақты мәліметтерді алуға болатын символдар жүйесі. Р. Белл тілдің төрт түрлі әлеуметтік лингвистикалық пішінін (белгісін) ұсынады:
1) тіл типі (немесе тілдің өмір сүру формасы);
2) тіл мәртебесі;
3) тұтынушылар пайызы;
4) тіл қызметі.
Тілдердің әлеуметтік лингвистикалық пішіндерінің жиынтығы Ұлттық әлеуметтік лингвистикалық пішінді құрайды.
## Дереккөздер |
Этнолект (этникалық диалекті, тілдің аймақтық варианты) тілдердің бір-бірімен түйісу аймағында және билингвтің интерференция арқылы ана тілінің әсерінен өзіндік белгісі бар тілдің бөлшектенуі нәтижесінде пайда болған тілдің түрі. Ұзақ уақыт бойы тоғысуда болу, бір типтегі интерференция құбылысының ұдайы әсер етуі сол аумақта қолданылатын тілдің түрлі деңгейлерін: просодикасын (интонациялық құрылысының бейнесінің өзгеруі), фонетикасын (дыбыстардың айтылымы, акценттік үлгісі), синтаксисін, лексикасын қамтиды. Ана тілін халық этнолект формасында меңгеруі мүмкін. Этнолект тұтынушылардың қарым-қатынастық қауымдастығының демографиялық базасын әртүрлі этностар құрауы мүмкін. Мысалы, орыс тілінің дағыстандық этнолектінде түрлі халық өкілдері, оның ішінде орыс халқының ересектері де сөйлейді.
## Дереккөздер |
Ғұрыптық тіл – бұл ерекше салаларда ғана қолданылатынкульттық тіл. Мысалы, котолик шіркеуіндегі латын тілі, провославян дініндегі шіркеулік славян тілі, хиндизмдегі санскрит тілі, буддизмдегі поли тілі, мұсылман дініндегі араб тілі т.б.
Тілдерді белгілі бір типтерге бөлуде шетелдік ғалымдар зерттеулеріне назар аударсақ, А.Мартине тілдің мынадай үш сатыдантұратын пирамида түріндегі қызметтік сипаттамасын ұсынады:
* диалекілер мен жергілікті жерлерге тән тілдер;
* тар көлемде таралған тілдер;
* аралық-тілдер.
Ал У.Стюарт тілдердің мынадай типологиясын көрсетеді:
* нормаланбаған ана тілі;
* нормаланған, бірақ қазіргі кезде қолданылмайтын тіл;
* аралас тіл (пиджиндер тәрізді);
* жасанды және маргиналды тілдер.
Ч.Фергюссон тілдерді мынадай үлгіде топтастырып көрсетеді.
* негізгі тіл;
* екінші дәрежелі тіл;
* арнаулы тіл.
Қазақстандағы халық тілдерін сөйлеушісінің саны мен атқарыпкеле жатқан қоғамдық қызметінің көлеміне қарай шартты түрде үштопқа бөлуге болады:
* қоғамдық қызметінің ауқымы кең тілдер;
* қоғамдық қызметінің ауқымы тар тілдер;
* қоғамдық қызметі нашар дамыған тілдер.
Алғашқы топқа қазақ, орыс тілдері жатады. Өзге тілдердіңішіндегі қоғамдық қызметі көлемдіректері – ұйғыр, дүнген, корей,өзбек, тәжік, украин т.б. тілдері.
## Дереккөздер |
Эльнура Жұмабекқызы Кішкенебаева (14 қараша 1987 жыл, Жаңа Қазалы кенті, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы, Қазақ КСР, КСРО) — Алматы қалалық Адвокаттар алқасының мүшесі, Адвокат.
## Өмірбаяны
1987 жылдың 14 қарашасында Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде көп балалы отбасында дүниеге келді. Әкесі Жұмабек Маханшаұлы бірнеше жыл ұстаздық қызмет атқарған, өте ақылды, байсалды, сабырлы, білімді адам. Ал анасы Нүрбибі Орманқызы ұлағатты ұстаз, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болған еді.
Анасы жүрек талмасынан небәрі 41 жасында қайтыс болып кетті, ал әкесі 79 жасында өмірден өтті. Анасы дүниеден өткен кезде,небәрі 5 жаста болды.
1993 жылы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №226 Мергенбаев атындағы Гимназия мектебінің табалдырығын аттап, 2004 отбасылық жағдайларға байланысты, Астана қаласында №11 Химия биологиялық лицейін аяқтады. Содан, 2004 жылы Қарағанды қаласында, «Көпсалалы Гуманитарлық Техникалық университеттің» «Учет и аудит» мамандығы бойынша грантқа оқуға түсіп, оны 2008 жылы Кызыл дипломмен үздік аяқтап, одан әрі 2011 жылы «BOLASHAQ» Академиясының «Құқықтану» мамандығын 2014 жылы тәмамдады.
## Марапаттар
1 2021 жылы Қазақ қоғамының қайраткері,
2 2022 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр Шапағаты» номинациясының иегері,
3 2022 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» номинациясының иегері,
4 2022 жылы «Алтын адам» номинациясының иегері,
5 «Ел Жанашыры» номинациясының иегері,
## Алғыс хаттар
1. 2020 жылы Білікті заң көмегін көрсетудегі жемісті адвокаттық қызметі үшін Республикалық Адвокаттар алқасынан берілген Алғыс хат.
2. 2021 жылы «31» арнаның «Кел татуласайық» бағдарламасынан берілген Алғыс хат. |
«Павлодар машина жасау колледжі» КМК – ең көне мемлекеттік орта кәсіптік оқу орны және Павлодар облысындағы өз профилін сақтап қалған жалғыз мекеме. ҚКГП «Павлодар машина жасау колледжі» машина жасау кешенінің өндірістік кәсіпорындарына қажетті техникалық мамандықтар бойынша кадрлар дайындайтын бірден-бір мамандандырылған оқу орны болып табылады. Павлодар қаласында орналасқан. Директор — Каирбаев Кайрат Айткенович. Мекенжайы — Павлодар қаласы, Мира көшесі, 43-үй. Телефон: 8 (7182) 55-45-72, 55-38-11, 55-46-90. Сайт: www.pmk-kolledg.edu.kz.
## Колледж тарихы
Павлодар машина жасау техникумының тарихы 1969 жылдың 1 тамызынан басталады. Рубцовск машина жасау техникумының филиалы болды. Оны ұйымдастыру туралы КСРО Трактор және ауылшаруашылық машина жасау министрінің 1969 жылғы 1 тамыздағы N 206 бұйрығында былай делінген: «Трактор және ауыл шаруашылығы машина жасау өнеркәсібі үшін орта білікті мамандарды даярлауды кеңейту мақсатында ұсыныс қабылдансын. Павлодар трактор зауыты 1969 жылғы 1 қыркүйектен бастап Павлодар трактор зауыты жанындағы Рубцовский машина жасау техникумының филиалын ұйымдастырсын.
Филиал 1968 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанымен, PTZ-де филиалды ұйымдастыру туралы ресми құжат осылай пайда болды. Филиалдың бірінші басшысы 1970 жылы Луиза Павловна Денисенко болды, филиал басшысы болып Иван Иванович Яковенко болды. Мұражайда осы кезеңге қатысты құжаттар (бұйрықтар, фотосуреттер, өмірбаяндар) сақталған.
1974 жылы 13 маусымда № 229 КСРО Трактор және ауылшаруашылық машина жасау министрінің «Рубцовский машина жасау техникумының филиалын Павлодар кешкі машина жасау техникумы болып қайта құру туралы» бұйрығы шықты, оның директоры Яковенко Иван Иванович болды, ал 1977 жылдан 2003 жылға дейін Сальников Николай Георгиевич директор болды. 1989 жылдың 20 қыркүйегінен бастап техникумның негізгі қызметі туралы бұйрықтар негізінде ПВМТ Павлодар машина жасау техникумы деп атала бастады.
Павлодар машина жасау колледжінің 1996 жылғы 1 ақпандағы No 17 бұйрығымен Павлодар машина жасау колледжі Павлодар машина жасау колледжі болып өзгертілді, оның директоры 2003 жылға дейін Николай Георгиевич Сальников болды. 2003 жылдан 2006 жылға дейін Смағұлов Қайрат Теміржанұлы, 2006 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қайрат Айткенұлы Қайырбаев жетекшілік етеді. |
Ақпарат саласының үздігі төсбелгісі – 2011 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы № 1539 қаулысыменбекітілген
## Толығырақ
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапты орындайтын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жалпы еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есеппен 5 жыл және одан да көп ақпарат саласының қызметкерлері мемлекеттік, кәсіптік, өзге де мерекелер мен мерейтой күндерін мерекелеу бойынша марапатталады.
## Құрметті белгінің сипаттамасы
«Ақпарат саласының үздiгi» төсбелгiсi диаметрi 35 мм шеңбер нысанында алтын түсті металдан дайындалады. Шеңбердің ішінде жайылған қағаз орама, қағазда қауырсын бейнеленген және ұлттық ою-өрнек орналастырылған. Төсбелгінің артқы жағындағы жиегінің бойымен алтын түстес реңкте «Ақпарат саласының үздігі» деген жазу орналасқан.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсі жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 35 мм және биіктігі 15 мм тік бұрышты тағанмен жалғанады. Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі. |
Нұртас Солтанұлы (28 қаңтар 1984 жылы, Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Жиделі ауылында туған) — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ «Qazaq radiolary» ЖШС Бас директоры.
## Еңбек жолы
* 2004-2005 жж. «Қалкен ТВ» телеарнасының жүргізуші-корреспонденті;
* 2005-2006 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының шығармашылық қызметінің редакторы;
* 2006-2011 жж. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы ақпараттық бағдарламалар дирекциясы тілшісі;
* 2011-2019 жж. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Ресейдегі меншікті тілшісі қызметін атқарды;
* 2019 -2023 жж. «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Altai» телеарнасының директоры;
* 2023 жылдың қарашасынан «Qazaq radiolary» ЖШС Бас директоры.
## Білімі
* 2001-2005 жж. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, бакалавр;
* 2013-2015 жж. Ресей Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және Мемлекеттік Қызмет Академиясы, магистр.
## Қоғамдық қызметі
* Бас редакторлар клубы мүшесі (2019 ж.);
* Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Өскемен қалалық филиалы төрағасы (2022 ж.);
* Қазақстан Журналистер Одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы (2023 ж.).
## Марапаты
* ҚР Президентінің Алғыс хаты (2011 ж.);
* «ТМД Парламентаралық ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2012 ж.);
* «Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2012 ж.);
* «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі (2020 ж.);
* «Қазақ телевизиясына 65 жыл» мерейтойлық медалі (2023 ж.).
## Дереккөздер |
Бишімбаев ісі — қазақстандық Салтанат Нүкенованың өлімімен байланысты оның азаматтық некедегі күйеуі, саясаткер Қуандық Бишімбаев пен Бишімбаевтың шөпшек інісі Бақытжан Байжановқа қарсы қозғалған сот ісі.
Тергеу мәліметі бойынша, 2023 жылғы 9 қарашаға қараған түні Бишімбаев әйелін астаналық мейрамханада ұрып-соғып, VIP кабинаның еденінде 6–8 сағатқа өлімге қалдырған. Бишімбаев өз кінәсін мойындамайды, әйелінің сол күні кешке алкогольдік ішімдік ішкенін және оны «агрессиямен» «арандатқанын» алға тартады. Экс-министрдің туысына қылмысты жасырды және ол жайлы хабарламады деген айып тағылды, Байжанов, оған қоса, Бишімбаев бұйрығы бойынша бейнебақылау камерасындағы кейбір жазбаларды жойды. 13 мамырда сот ісінің үкімі жарияланды; Бишімбаев 24 жылға және Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда бұл үкімнің өзгеріп қалуы да мүмкін; тараптар келіспесе, 15 күннің ішінде апелляциялық шағым түсіруге құқылы.
Сот ісінің басты отырысы Астанада, 2024 жылғы 27 наурызда өтсе, кезекті сот отырысы 17 сәуірде басталды.
Бұл іс әсіресе Қазақстандағы тікелей эфир арқылы көрсетілудегі және алқабилер бақылап жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша тұңғыш сот ісі болғаны үшін белгілі. Бұл және басқа да себептерден бұл сот ісін миллиондаған адам, соның ішінде Қазақстан сыртындағы азаматтар бақылауда.
## Алғышарттары
### Бишімбаевтың бірінші рет қамалуы
Сот ісінің басты айыпкері, Қуандық Бишімбаев — қазақстандық саясаткер, 2016 жылғы мамыр–желтоқсан аралығында Ұлттық экономика министрі қызметінде болғаны үшін белгілі. Азаттық радиосы оны бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев саяси элитасының өкілі деп те сипаттады.
Мемлекеттік қызметі кезінде «құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен, сол сияқты қылмыстық топты құрған, не оған басшылық еткен» және «бөтен мүлiктi иемденiп алды немесе талан-таражға салуды ұйымдастырды» деген айып көрген Бишімбаев 2017 жылғы 10 қаңтарда қамауға алынды да, 2018 жылғы наурызға дейін созылған сот ісінің нәтижесінде жемқорлық үшін 10 жылға сотталды. Бишімбаев қатаң режімдегі колонияда жазасын өтеуі тиіс еді, алайда 2019 жылғы күзде ол Шымкент қаласындағы түрмеден бостандыққа шықты да, президент Тоқаев жарлығымен рақымшылыққа ілініп, жазасын өтеу мерзімі 10 жылдан 4 жылға қысқарды.
### Бишімбаевтың үшінші некесі
Бишімбаев Нүкеновамен Астанада, 2022 жылғы тамызда танысты. Нүкенованың бірнеше рет бас тартқанына қарамастан, Бишімбаев оны қудалай беріп, өзін тек жақсы жағынан көрсетті де, көрісейік деп шақыра берді. Сот процесі барысында прокурор Айжан Аймағанова оқыған құжатта Бишімбаевтың Нүкенованың туыстарымен және достарымен сөйлесуіне және кездесуіне тыйым салғаны, оның барлық телефон қоңырауларын, SMS хат-хабарлары мен орналасқан жерін бақылағаны және ақшалы кіріс әкелетін қызметпен айналысуға тыйым салғаны айтылған.
Прокурор Нүкенова туыстарының бұл некеге қарсы болғанын айтқан. Аймағанованың сөзінше, Нүкенова «тұрғылықты жері мен атмосферасының өзгеруі Бишімбаевтың оған деген көзқарасын өзгертеді» деген үмітпен Астанадан Алматыға көшуге де келіскен.
«2023 жылғы сәуірде Бишімбаев Нүкенованың туыстарында оның бетін ұрып-соққан суреті бар екенін білген. Ажырасқан жағдайда оны осы фотосуреттермен бопсалауы мүмкін деп, ол Нүкеновадан жалаңаш интимдік видео түсіруді талап етіп, бұл оның кепілі болатынын түсіндірді. Нүкенова қорқып, ...бұл талапты өз еркінен тыс орындап, [күйеуіне] оны бұл ерсі видеоға түсіруге рұқсат беруге мәжбүр болды», – деп айтады прокурор. Прокурор сөзінше, 2023 жылғы тамызда Нүкенова төзе алмай, Павлодардағы ата-анасына барды, алайда Бишімбаев кешірім сұрап, оны өзіне қайтаруға көндірді. Осыдан кейін Нүкенова Бишімбаевты тастап кетуге бірнеше рет әрекеттенді, бірақ соңғысы оны қайтара беріп, жақсарамын деп уәде берді.
Прокурордың сөзінше, 2023 жылғы қазанда Бишімбаев Нүкенованы тағы да ұрып-соққан, соның салдарынан оның субдуральды гематомасы пайда болды. Әйел қайтыс болған кезде бұл гематоманың «созылмалы ауру» кезеңіне өтіп кеткені де белгілі болды.
2022 жылғы 17 қазанда Астанадағы Республикалық бас мешітте куәгерлердің қатысуымен Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некесі қиылды. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бұл некенің ресми тіркеусіз қиылғанын заңсыз санайтынын айтты.
## Өлтіру
Прокурордың сөзінше, 2023 жылғы 8 қарашаның кешінде ерлі-зайыптылар Астанаға ресейлік әнші Дима Биланның концертіне келген, бірақ іс-шара барысында олардың арасында тағы бір жанжал орын алды. Айыптау қорытындысында концерттің аяқталуын күтпестен олар ғимараттан шыққаны, ұрысын жалғастыра беріп, BAU мейрамханасына жаяу барғаны, мейрамханаға келген соң Бишімбаев пен Нүкенова №5 VIP бөлмеге барып, алкогольдік сусындарға, атап айтқанда, газдалған шарапқа тапсырыс бергені жазылған.
Ұрыс кезінде, 9 қарашаға қараған түні, Нүкенова Бишімбаевтан кететінін айтты да, ағасы Айтбек Амангелдіге хабарласып, үйіне қонуға баратынын ескертті.
9 қараша болғанда, сағат 0:30-ға қарай жұп ғимараттан шықты, Бишімбаев Нүкеноваға ағасына баруға тыйым салды. Прокурор сөзінше, сағат 02:00-ге қарай олар ғимаратқа қайта оралды. Бишімбаев Нүкенованың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, Нүкенованың өзіне тәуелді екенін көрсету үшін сатып алған заттары мен әшекейлерімен сөгуге кіріскен, ұрыс қайта басталды да, бұған ашуланған Нүкенова іш киімдері мен зергерлік бұйымдардан басқа барлық киімдерін шешіп алған да, олар тұрған залда лақтырды. Бишімбаев бұл әрекеттеріне ашуланып, балағат сөздер айтып, түйілген жұдырықпен Нүкенованың денесі мен басына дене жарақатын сала бастаған.
Прокурор сөзінше, таңғы сағат жеті шамасында мас болған Бишімбаев Нүкенованы VIP бөлмеден алып шыққан. Ерлі-зайыптылар Бишімбаевтың көлігі тұрған тұраққа түсті, көлік ішіне мінді, бірақ гастро-орталық ғимаратының аумағынан шыға алмай қалып, тротуар үстіне шықты. Сол кезде оны автотұрақ күзетшісі көріп, көлікті тоқтатқан. Осыдан кейін «әбден ашуланған» Бишімбаев мейрамхананың фойесінде болған кезде әйелдің өмір үшін маңызды мүшелеріне және Нүкенованың басына бірнеше соққы берді де, аяғына күзгі аяқ киім киіп, Нүкенованың қорғансыз денесін қасақана тебе бастады. Нүкенованы басынан тағы бір ұрып, шашынан ұстап, №1 VIP бөлмесіне аяусыз сүйреп апарды. Видеокамерадан алынған бейнеден Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққаны, шашынан тартып жүргені көрінді.
Әйелінің бетінде болған жарақаттарын Бишімбаев оның дәретханаға «өте қатты» бетпен құлағанынан шыққан деп түсіндірді. Айыпкер әйелін төрт-бес рет тепкенін оның есін жиғызу үшін жасадым деп түсіндірді. Дегенмен, ол «өмір үшін маңызды орган зақымдалмағанын» айтты. Нүкенованың есін жимай алмағанын көргенде, жедел жәрдемді шақырмай қойған Бишімбаев балгерге хабарласты.
Бишімбаевтың шөпшек інісі Бақытжан Байжановқа бейнебақылау камерасындағы кейбір жазбаларды жойғанын бұйырғаны белгілі.
Сағат 19:54-те жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен және жедел жәрдем бригадасы жеткенде Нүкенованың қаза болғаны расталды.
## Қамау
Қуандық Бишімбаев 11 қарашада Астана сотының шешімімен "Адам өлтіру" бабымен екі айға қамалды.
13 қарашада Полиция өлім орын алған "Гастро-орталықтың" директоры және Бишімбаевтың шөпшек інісі Бақытжан Байжановқа қарсы "Қылмысты хабарламау" және "Қауіпті жағдайда қалдыру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғады да, ол 14 қарашада екі айға қамалды. 30 қарашада оның «жасырғаны және қылмыс туралы полиция органдарына жеткізбегені үшін» уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны хабарланды.
## Сот ісі
26 ақпанда Бишімбаев ісінің сотқа түскені және оның "Қинау" және "асқан қатыгездікпен кісі өлтіру" баптары бойынша қозғалғаны белгілі болды.
### Сот тергеуі
3–4 сәуірде сот отырысында Бишімбаевтан жауап алынды. Айыпкердің сөзінше, сол күні кешке әйелі онымен бірге үш бөтелке шарап ішіп, екеуінің қарым-қатынасы жайлы сөйлеп кетті. Айыпталушы Нүкенова жанжал кезінде оны «әдепсіз сөзбен балағаттап», әжетханаға берген «қымбат» керек-жарақтарын ағызып, арандатқан.
Бишімбаевтың «Нүкенова құлап, дәретханаға өзі басын соғып алды» деген сөзін сараптама жоққа шығарды; Нүкенова жарақатының құлау салдарынан алуы мүмкін емес деген қорытынды шықты.
Сот отырысында Бишімбаевтың шөпшек інісі Бақытжан Байжановтан бейнекамералардағы жазбаларды өшіруді сұрағаны белгілі болды. Экс-министр Нүкенованың телефон нөмірін туысына беріп, оның геолокациясын отбасынан жасыру үшін оны үйіне апаруды бұйырған.
15 сәуірде сот отырысы кезінде Бақытжан Байжанов Бишімбаевты «өлтіруші» деп атады да, «шындық үшін қамалуға» дайын болғанын айтты.
19 сәуірде белгісіз біреулер сот төрайымы Айжан Көлбаеваға қарсы қоқан-лоққы жасады. Астана полициясы судьяны жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етті де, оқиғаға қатысты «Сот төрелiгiн іске асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу» бойынша іс жүргізілгенін хабарлады.
22 сәуірде сот ісін бақылау мақсатымен ресейлік журналист Ксения Собчактың келгені белгілі болды. Сол күні Бишімбаевтың телефонынан табылған және Нүкенова қайтыс болған күні түсірілген 12 видеода Бишімбаевтың оған тіл тигізіп жатқаны көрсетілген. Бейнежазбаларда ол одан қазақстандық кәсіпкер Райымбек Баталовпен қарым-қатынасы бар-жоғын сұрап тұрған. Жазбаларда оның Нүкенованы ұрып-соққаны да естілді. Бишімбаев бастапқыда видеолардың жалған екенін айтса, кейін оларды өзі түсіргенін мойындады, ісін «намысына тигені үшін кек алғым келді» деп түсіндірді. Бейнежазбаны көрген Айтбек Амангелдінің көзінен жас шыққан болса, Нүкенова туыстарының бірі үшін жедел жәрдем шақыру керек болды. Баталов Нүкеновамен қарым-қатынас орын алғанын жоққа шығарды.
24 сәуірде Бишімбаевтың телефон соққан балгері Гүлнар Ережепова сот алқабилеріне оқиғаның мазмұндамасын берді. Ережепова Бишімбаевты «адам төзгісіз» деп атады да, оны 1.5–2 жылдай уақыт бойы білетінін, оқиға күні Бишімбаевтың өте мас болғанынан бастапқыда сөзіне аса көп мән бермегенін айтты. Ережепова сөзінше, ол Бишімбаевтың жедел жәрдемді шақырғанын бірнеше рет сұрады. Бақытжан Байжанов балгердің жедел жәрдем шақырсын деген өтініш айтқанын жоққа шығарды.
24 сәуір күні сот тергеуінің аяқталуы және жарыссөздің 29 сәуірде болатыны жарияланды.
### Үкімі
13 мамырда Жоғарғы Сот арнасында жүрген тікелей эфир арқылы, сағат 17:00-де Бишімбаев пен Байжановтың үкімі айтылды. Сот ісінің нәтижесінде Бишімбаев «аса қатыгездікпен қасақана өлтіргені» үшін 24 жылға және Байжанов «аса ауыр қылмысты жасырғаны» үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Тараптар үкіммен келіспей жатса, олар 14 күн ішінде аппеляциялық шағым жасауға құқылы.
## Салдары
Астана Республикалық мешітінде қиылған, Асхат Аймағамбетов заңсыз көрген Нүкенова мен Бишімбаевтың некесін имам Қанат Қыдырмин жасаған еді. 2024 жылғы 18 сәуірде Қыдырминге қатысты тәртіптік шара қолданылды да, оған ескерту жасалды.
## Реакция
Салтанат Нүкенованың ағасы және Павлодар қаласының бұрынғы әкімі (2019–2020) Қайрат Нүкенов Бишімбаевты «құбыжық» және «қанішер» деді де, оны «өмір бойы кешірмейтінін» айтты.
Бишімбаевтың екінші әйелі Назым Қаһарманова орын алған оқиға жайлы білгенде «таң қалдым» деді, оны «қайғылы жағдай» деп атады да, Салтанаттың отбасына көңіл айтты.
Сот процесін Мәдениет және ақпарат министрі және президент жанындағы отбасылық-демографиялық саясат жайлы ұлттық комиссияның төрайымы Аида Балаева да бақылауда. Балаева әлеуметтік желілерде пайда болған сот әділетсіз шешім шығарады деген пікірге қарсы шықты да, «Қазақстан тұрғындары үшін Салтанат Нүкенова барлық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының символына айналды» деді.
Бишімбаев ісі — сарапшы, журналист, заңгер ғана емес, қарапайым халықтың да назарына түскен істердің бірі. Адвокат Жохар Өтебековтің сөзінше іс Бишімбаевтың танымалдығынан, процестің тікелей эфир арқылы көрсетілуінен және істің елде өзекті гендераралық теңдікке деген қатысынан резонансқа ие болды.
Азаттық радиосы мәліметінше, қоғамның көпшілігі Нүкенованы және оның отбасын қолдады да, Интернетте #салтанатүшін, #saltanat сияқты хэштегтер флэшмобы да орын алды. Нүкеноваға өлең, музыка арнап, суреттер салып, жариялап жатқандардың да бар екені белгілі. Америка Құрама Штаттары және Еуропада тұратын қазақстандықтар Бишімбаевтың қамалуын қолдаған ондаған митинг жүргізді; мысалы, 13 сәуірде Римде Нүкенованы қолдау акциясының орын алғаны белгілі.
Нүкенова өлімі жайлы жаңалық жарияланған салысымен Интернетте "Заңды өзгерт, жазаны қатаңдат" деген ұранмен флэшмоб басталды. 11 сәуірде, Бишімбаевқа қарсы сот ісінің барысында, Қазақстан Парламентінің Сенаты тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдататын заң жобасын мақұлдады.
Сот ісінің тікелей эфирін көрермендер Қазақстаннан басқа шетелде де, соның ішінде Түрікменстанда қарап жатыр.
## Дереккөздер |
Жалаңтөс батыр зираты (2022 жылға дейін Соқыр зираты) — Қарағанды қаласындағы ең үлкен мұсылман зираты.
## Территория
Қазыбек би ауданы Соқыр өзенінің оң жағасында аэропортқа барар жолда орналасқан.
## Тарихы
Зират Жалаңтөс батыр Құлықұлы атымен аталады.
## Дереккөздер |
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл» медалі — Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 мамырдағы № 865 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне тағайындалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты.
## Медаль туралы ереже
Мерейтойлық медалмен 2002 жылғы 7 мамырға дейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлер мен әскери құралымдарында әскери қызметте болған, қызметінде оң сипатталған және әскери борышын үлгілі орындаған әскери қызметшілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылысына елеулі үлес қосқан басқа да тұлғалар марапатталды.
## Сипаттамасы
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл» медалі жезден жасалған және диаметрі 34 мм дөңгелек пішінді.
Медальдың бет жағында тегіс екі қырлы сәулелері бар бес бұрышты дөңес лағыл түсті жұлдыз, күн мен қалықтаған қыран бейнеленген. Жұлдыз доғал бұрыштарынан шығатын бес сәуле шоғырының аясында орналасқан. Жұлдыздың айналасында лавр бұтақтарының гүлшоғы бейнеленген. Медальдың төменгі жағында «1992» және «2002» сандары бірінен соң бірі орналасқан.
Медалдің арт жағында ортасында «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 10 жыл» деген жазу бар.
Медалдағы жазудың барлық кескіндері дөңес. Медалдың шеттері жиекпен көмкерілген.
Медаль ені 34 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты қалыппен ілмек және сақина арқылы жалғанып, жібек муар таспасымен қапталған. Таспаның ортасында ені 3 мм екі алтын жолақ, олардың арасында ені 2 мм қызыл жолақ орналасқан, ал алтын жолақтардың жиектерінде ені 9 мм көк жолақтар бар. Таспаның шетінде ені 2 мм жасыл жолақтар бар. Таспаның ені — 30 мм.
Медаль киімге түйреуіш арқылы ілінеді.
Медаль Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
## Тағы қараңыз
* «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» медалі
## Сыртқы сілтемелер
* Әлем марапаттары |
Нұргүл Қадырахметқызы Қасенова (23 наурыз 1975 жыл, Дегерес, Жамбыл ауданы, Алматы облысы) — ғылым магистрі, педагог, Ел жанашыры.
## Өмірбаяны
1982-1992 ж.ж. Күрті ауданы Ұзынағаш орта мектебін аяқтады.
1992-1994 ж.ж. Есік қаласының Педагогикалық колледжі “ Мектепке дейінгі маманы “
2002-2005 ж.ж. Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті (бакалавр) “Орыс тілі және әдебиет мамандығы “
2018-2020 ж.ж. Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті (магистратура ) “ Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі ” мамандығы
Білімі : Жоғары
## Марапаттары
* "Жыл үздігі" байқауында Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иесі, 2020 ж
* «Қазақстанның үздік ұстазы» орденімен марапатталған 2020 ж
* 2020 ж « Абай-175 жыл» төсбелгісімен марапатталған 2020 ж
* «Лучший педагог сферы образования» 1 дәрежелі дипломмен марапатталған
* «Үздік авторлық бағдарлама» 2020 ж
* Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам“ атты «Қазақстанның жыл мұғалімі», «MEDIA BILIM» республикалық журналы басылымының иегері. Халықаралық “ XVlll Global Teaching Dubai“ бағдарламасы аясында БАӘ, Дубай қаласында 72-сағаттық семинарына белсенді қатысып, жоғары натиже көрсеткені үшін орденмен марапатталған.
* "Ел жанашыры" Алғыс хатымен марапатталған 13.09.2023 ж
* "Алтын Адам" марапатының иегері 23.12.2023 ж
## Шығармашылығы
* “Методическое пособие по русскому языку и культуре речи” ;
* “Использование дидактических материалов на уроке русского языка в рамках обновлённой программы образования“ соавторы. 2022ж 2022ж
* «Үздік авторлық бағдарлама» 2020 ж
## Жеке өмірі
* Тұрмыста |
«Жоғалған Қыз» (ағылш. Gone Girl) — Джиллиан Флинннің аттас романы негізінде түсірілген режиссер Дэвид Финчердің 2014 жылғы америкалық детективтік триллері. Басты рөлдерді Бен Аффлек пен Розамунд Пайк сомдады. Фильм 2014 жылдың 3 қазанында кең америкалық прокатта шықты.
## Рөлдерде
## Дереккөздер |
Әкім әйел — Ауыл басшысы лауазымына сайлау кезінде басқа кандидаттар қалмаған кезде әкім сайлауға қатысу үшін тазалықшы әйелді тіркеу туралы шешім қабылдайды. Ескі әкім мен оның әкімшілігінің әрекетін құптамаған жергілікті тұрғындар наразылық және қазіргі жағдайға наразылық білдіру ретінде жаңа кандидатураны қолдауға шешім қабылдады. Осылайша нағыз қызық пайда болады: тазалықшы әйел сайлауда жеңіске жетіп, аудандағы саяси көріністі түбегейлі өзгертіп, ауыл басшысы болады.
## Түсірілім
Комедияның түсірілімі 2022 жылдың қыркүйек айында Алматы облысында басталып, одан кейін Жетісуда Қоңырөлең ауылында жалғасты. Екінші орында жұмыс он алты күнде аяқталды. Басты рөлді Нұргүл Мыңғатова сомдады. Оған сюжет өте ұнады, сондықтан келісу туралы көп ойланудың қажеті жоқ. Актриса кейіпкердің бірден назар аударғанын айтты, өйткені әйел әкімдерге күмәнмен қарайды.
Сценарий жазу екі айға созылды. Режиссер Ернат Байұзақ фильмнің феминистік сипатқа ие болып шыққанын мойындайды, өйткені оның күйеуі балаларымен тастап кеткен жаңадан тағайындалған ауыл басшысы назар аударған.
Бір эпизодты түсіру кезінде Мыңғатованың басына дүкен тақтайшасы түсіп кеткен, себебі ол нашар қорғалған. Ешқандай жарақаттар болған жоқ, содан кейін төмпешік іргетаспен жабылған. Облыста әйел әкім Қазақстанда сирек кездеседі. Ерекшеліктер қатарына Шебір ауылын (Маңғыстау облысы) басқаратын Рыспаева кіреді. Фильмде сайлау тұрғындардың тікелей дауыс беруі арқылы көрсетіледі. 2020 жылғы реформалар мен саяси жаңғыру бағытына дейін тоқсан пайыздан астам әкімдерді арнайы органдар немесе шектеулі тұлғалар тобы бекітті.
## Дереккөздер |
Халел Мұхамеджанұлы Әділгереев 1904 жылы 28 сәуірде қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Қырыққұдық ауылында дүниеге келген. 1974 жылы қазан айының 17 күні Алматы қаласында дүние салады. Көрнекті тарихшы. 1932 жылы Қазан шығыс педогокикалық институтын бітірген. 1939 жылдың қазанның 29 жүлдызында “ХVҚҚҚ-ХҚХ ғасырларда қазақтарда төлеңгіттер әлеуметтік тобының пайда болуы, рөлі және эволюциясы” деген тақырыпта диссертация қорғап, қазақтар арасында тұңғыш тарих ғылымының кандидаты атағын алды. 1934 - 1942 жылдар, 1946 — 1951 жылдар және 1954 — 1974 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының деканы, директоры, кафедра меңгерушісі, доценті қызметтерін атқарды. 1942 — 1946 жылдары арасында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1951 — 1954 жылдары Шымкент мұғалімдер институтында қызмет еттеді. Әділгереев қазақ әдебиеттанушылары мен тарихшыларының тұрпайы социологиялық әдістемелеріне қарсы шығып, шоқантануды бастаушылардың, Асфендияров Санжар Жафарұлы туралы алғаш қалам тартқандардың бірі болды. 1837 — 1947 жылдары Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы жөнінде тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тұжырымдамасын қолдағаны үшін саяси қуғынға ұшырады.
## Шығармалары
Шоқан Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарастары, “Әдебиет және искусство”, 1941 жылы, 1-саны; К истории образования казахского народа, Вестник АН КазССР, 1951 жылы, 1-саны; Абай Кунанбаев — как демократический мыслитель, Ученые записки КазПИ им. Абая, 1955 т.б. |
"Інжу сырғалы қыз" (нидер. Het meisje met de parel) — голланд суретшісі Ян Вермеердің ең танымал картиналарының бірі. Оны көбінесе солтүстік немесе голландтық Мона Лиза деп атайды.
Картинаға "IVMeer" қол қойылған, бірақ салынған күні жазылмаған. Қазіргі таңда бұл сурет сақталған Маурицхейс мұражайының мәлімдемесі бойынша, сурет шамамен 1665 жылы салынған. Ол туралы өте аз мәлімет бар. Вермеер оны тапсырыс бойынша жазған ба, әлде өзі салған ба – белгісіз. Егер тапсырыс берілсе, тапсырыс беруші кім болғаны және бейнеленген қыздың есімі белгісіз. Бір нұсқа бойынша суретші өзінің қызы Марияны бейнелеген. Не болса да, бұл ерекше портрет екені анық. Суретші қыздың басын көрерменге қарай жаңа ғана байқаған адамға бұрған сияқты тұрған сәтін түсіруге тырысты. Атауына сәйкес көрерменнің назары қыздың құлағындағы інжу сырғаларына аударылған. Қазіргі уақытта бірқатар зерттеушілер суретте інжу сырға бейнеленгеніне күмән келтіруде. Табиғи інжу-маржандар үшін өлшемі тым үлкен, ол жалған Венециандық шыны немесе інжу-маржан болуы мүмкін.
Қазіргі Вермеер сипаттамаларында сурет XVII ғасырдағы Голландияда "трон" деп аталатын жанрға жатады, ол толыққанды портреттер емес, адамның басының суреттерімен көрсетілген. 1994 жылы картинаны қалпына келтіру барысында түс схемасының әсемдігі мен көрерменге бағытталған қыздың көзқарасының тартымдылығын атап өтуге болады. Көптеген жылдар бойы суретшінің отанында сирек кездесетін картиналарын сақтау үшін табандылықпен күрескен Виктор де Стюрдің кеңесі бойынша А.А. дес Томбе картинаны 1881 жылы Гаагадағы аукционда тек екі гильден мен отыз центке сатып алды. Сурет қатты бұзылғаны және реставрацияны талап еткені белгілі. Дес Томбенің мұрагерлері болмағандықтан 1902 жылы Маурицхейс мұражайына бірнеше басқа картиналармен бірге "Інжу Сырғалы қызды" сыйға тартты.
1937 жылы Вермеердің суретіне өте ұқсас картина жарыққа шықты. Оны коллекционер Эндрю в. Меллон Вашингтондағы Ұлттық өнер галереясына тапсырды. Қазір ол ХХ ғасырдың басында Хан Ван Мегереннің досы, көшірмеші Тео Ван Вайнгарден жазған Вермеердің жалған суреті болып саналады.
## Поп мәдениетте
2022 жылдың 27 қазанында Just Stop Oil қозғалысының екі белсендісі картинаны наразылық акцияның объектісі ретінде таңдады: бір адам картинаға маңдайын жабыстыруға тырысты, ал екінші сыбайласы өзіне қызыл сұйықтықты төгіп, аудиторияға “Аса көрнеті туынды көз алдыларыңда құрдымға кеткенін көрген қалай екен?” деген сұрақ қойды. Болған оқиғаның куәгерлері белсенділерге кедергі келтірді. Сурет Лондондағы, Дрездендегі және Потсдамдағы бұрынғы осындай жағдайлар болғандықтан қойылған кенеп вандалға қарсы әйнекпен жабылғандықтан зардап шеккен жоқ.
2003 жылы Трейси Шевальердің аттас романы негізінде "Інжу сырғалы Қыз" көркем фильмі түсірілді, онда Вермеердің өмірбаяны мен отбасылық өмірі контекстінде кенептің жасалу тарихы гипотетикалық түрде қалпына келтірілді.
2007 жылы "Сыныптастар" (Сент-Триниан) фильмінде мектеп оқушылары Лондон ұлттық галереясынан "Інжу сырғалы қыз" картинасын ұрлап кетеді.
2013 жылы LEGO компаниясы 60008 "мұражайды тонау" жиынтығында кескіндеме LEGO стилінде бейнеленген.
2014 жылы ағылшын аноним суретшісі Бэнкси Бристоль ғимараттарының бірінің қабырғасында граффити стиліндегі картинаның пародиясын жасады. Інжу сырғаның орнына оятқыш дабыл суреттелді. Графитти бейнеленген ғимарат қабырғасының фотосуреті суретшінің веб-сайтында "дабыл жарғақ пирсингі бар қыз" деген атпен жарияланған.
Сурет Эдуард Веркиннің аттас әңгімесінде бар (2021 жылы шыққан).
## Дереккөздер |
Ескендір кебаб (түр. İskender kebap) — Түркияның солтүстік-батысындағы Бурса аймағының ең танымал тағамдарының бірі, кебаб түрі. Ол XIX ғасырдың аяғында Бурсада өмір сүрген өнертапқыш Ескендір Эфендидің құрметіне аталды. Тағамның тарихы 1867 жылы жергілікті базарда басталады.
Тағам — пита нанының үстіне майдалап туралған грильде қуырылған қой етінен жасалған, үстіне ащы қызанақ тұздығы, тұндырылған қаймақ майы және йогурт қосылған дөнер-кебаб. Ескендір кәуаптың еті басқа дөнерлердің етінен ерекшеленеді: ол Улудаг тауының етегінен тимьян жеген қойлардан алынады. Ескендір кәуап етінің майлылығы аз. Пісіру рецепті АҚШ патенттік кеңсесінде патенттелген. «Кебапчы Искендер» — әлі күнге дейін Бурсада мейрамхана жұмыс істейтін Ескендірұлы отбасының сауда белгісі. Бұл тағам Түркияның көптеген мейрамханаларында, көбінесе «Искендер кебап», «Бурса кебабы» немесе кейде «Улудаг кебабы» деген атаумен бар.
## Дереккөздер |
Павел Архипович Загребельный (укр. Павло Архипович Загребельний; 25 тамыз 1924 жыл, Солошино, Полтава губерниясы – 3 ақпан 2009 жыл, Киев) — украиналық жазушы. Т.Г.Шевченко атындағы Украина КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974), КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1980), Украина батыры (2004).
## Отбасы
* әкесі — Архип Панасович (1894–1974).
* анасы — Варвара Кирилловна (1895–1930).
* әйелі — Щербан Элла Михайловна (1929 жылы туған).
* балалары — қызы Марина (1952 жылы туған), ұлы Михаил (1957 жылы туған).
## Өмірбаяны
Павел Архипович Загребельный 1924 жылғы 25 тамызда Полтава маңында Солошино ауылында дүниеге келген.
1941 жылы онжылдық мектепті бітіріп, жасы он жетіге толар толмастан өз еркімен әскерге аттанды. 2-Киев артиллериялық училищесінің курсанты болып, 1941 жылғы тамызда Киевті қорғауға қатысып жарақат алды.
Госпитальдан кейін қайтадан әскери училищеге барып, қайтадан майданға аттанып, 1942 жылғы тамызда ауыр жараланып, содан кейін тұтқынға түседі, ал 1945 жылғы ақпанға дейін — фашистік өлім лагерінде болды. Онда ол барлық тістерінен айырылып, қашып бара жатқанда оң көзін ойып алды.1945 жылы американдықтар босатқан, Батыс Германиядағы кеңестік әскери миссияда қызмет етті.
1946 жылдан Днепропетровск университетінің филология факультетінде оқиды. Оның аяғында (1951) он жарым жылға жуық Днепропетровскідегі облыстық газетте, Киевтегі «Вічизна» журналында журналистік жұмыс жасады.
1974 жылы «Бірінші көпір» және «Киевтегі өлім» романдары үшін Загребельный Т.Шевченко атындағы Мемлекеттік сыйлықты алды. 1980 жылы «Тарату» (Разгон) шығармасымен КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Өмірінің соңғы жылдары Павел Загребельный Киев маңында өмір сүрді. Ол туберкулезбен ауырды, сондықтан ол әрең тұрып, әрең сөйледі. 2009 жылғы 3 ақпанда 84 жасында ұзаққа созылған ауруынан қайтыс болды.
## Шығармашылық мансабы
Павел Загребельный — прозаик. Оның 1950 жылдардың екінші жартысында шығарған «Мұғалім» (1957) және «Теңіз жағасындағы әңгімелер» (1958) жинақтары романдық бағытта ерекше көзге түсті.
1959 жылы жазушы «Еуропа 45» атты алғашқы романын басып шығара отырып, шытырман оқиғалы-саяси диологияны бастады.
1960–1980 жылдары жазушы дүниежүзіне танылған романдарының негізгі бөлігін құрды: «Болашаққа арналған күн» (1963), «Ғажайып» (1968), «Мәңгілік көзқараспен» (1970), «Махаббатқа көшу» (1971), «Первомост» (1972), «Киевтегі өлім» (1973), «Евпраксия» (1975), «Тарату» (1976), «Роксолана» (1980), «Мен, Богдан» (1983) және т.б.
1980–1990 жылдары жазушының келесі шығармалары жарық көрді: «Оңтүстік жайлылық» (1984), «Таңғажайып әңгімелер» жинағы (1987), «В-ван» (1988), «Өлмейтін Лукас» ғылыми-фантастикалық романы (1989), «Жалаңаш жан» (1992), шытырман оқиғалы «Періште еті» (1993), «Мың жылдық Миколай» (1994), «Джулия» (1997) және т.б.
Загребельный прозалық шығармаларын пьесаға айналдырды: «Болашақтың күні» «Кім үшін? Кім қарсы?» және «Мәңгілік тұрғысынан» – «Жер маған қарай жүгірді» және оларды украин театрлары қойды. Оның сценарийлері бойынша А.Довженко атындағы Киев киностудиясында «Зымыран ұшып кетпеуі керек» (1965), «Тексерілді - мина жоқ» (1966), «Лавра» (1974), «Ярослав Дана» (1982) көркем фильмдері түсірілді.Загребельный – «Шын ауызбен» (1981) мақалалар мен очерктер жинағының авторы.
Павел Загребельныйдың негізгі жанры — роман болғанымен ол повесть, новелла, әңгімелелерді де қамтиды. Дегенмен, жазушы романдарының жанрлық және стильдік алуан түрлілігінің ішінде тарихи фантастика да ерекше орын алады.
«Диво» романы Павел Загребельныйдың алғашқы тарихи шығармасы болды. Шығарманың өзіндік композициясы бар: ол бір оқиғада алыс өткен мен бүгінді біріктіріп, мыңжылдықтарға жуық уақыт бөліп тұрған нәрсені салыстырады.1980 жылдардың аяғынан 1990 жылдардың басына дейін «Таңғажайып әңгімелер» (1987), «Лукас ізі» (1989), «Жалаңаш жан» (1992) романдарын жазды.
Павел Загребельныйдіың ең танымал туындысы — "Роксолана" романы, онда жазушы нақты тарихи оқиғаларды көркемдік тұрғыдан түсінуге жүгінеді және татарлар тұтқынға алған Рогатиндік діни қызметкердің он бес жасар қызы Анастасия Лисовская туралы әңгімелейді.
Қыз құлдыққа сатылды және ол түрік сұлтаны Сүлейменнің гареміне кірді, онда ол бір жыл ішінде қарапайым құлдан сұлтанның әйеліне айналды, оның сүйікті әйелі болды, ал сұлтан қайтыс болғаннан кейін бірнеше онжылдықтар бойы ұзақ Осман империясын басқарды және бүкіл Еуропаның өміріне әсер етті.
## Марапаттары мен еңбегі
* Украина батыры (Держава орденімен, 25 тамыз 2004 — Украинаға жанқиярлықпен қызмет еткені, әдебиет саласындағы көпжылдық жемісті қызметі, ұлттық рухани қазынаны байытуға, гуманистік мұраттарды бекітуге қосқан ерекше үлесі үшін).
* Кеңестік Октябрь революциясы, II дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту (екі рет), Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» (екі рет) ордендерімен, сондай-ақ III дәрежелі Богдан Хмельницкий, V дәрежелі Кінәз Дана Ярослав ордені ордендерімен марапатталған.
* Т.Шевченко атындағы Украина Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974).
* КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1980).
* Украина Министрлер Кабинетінің Құрмет грамотасы (08.2004).
## Дереккөздер |
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары — Қазақстан үкіметі мүшелерінің бірі. Лауазымды әдетте Қазақстан премьер-министрі белгілеген саясатқа сәйкес қызметін жүзеге асыратын және Парламент бекітетін, Қазақстан президенті тағайындайтын бірнеше адам басқарады.
## Премьер-министр орынбасарларының тізімі
## Премьер-министрдің бірінші орынбасарларының тізімі
## Дереккөздер |
Қазақстан орыстарының 2021 жылғы Халық санағы бойынша ең көп кездесетін 253 ер және 368 әйел есімдерінің тізімі. Есімдер құжаттағы жазылуы бойынша берілген. Тізім Қазақстандағы 99% орыстардың есімдерін қамтиды. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша.
## Тізім
## Тағы қараңыз
* Қазақ есімдері
## Дереккөздер |
Қазақстан өзбектерінің 2021 жылғы Халық санағы бойынша ең көп кездесетін 3032 ер есімдерінің тізімі. Есімдер құжаттағы жазылуы бойынша берілген. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша.
## Тізім
## Тағы қараңыз
* Қазақ есімдері
## Дереккөздер |
Қазақстан өзбектерінің 2021 жылғы Халық санағы бойынша ең көп кездесетін 2043 әйел есімдерінің тізімі. Есімдер құжаттағы жазылуы бойынша берілген. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша.
## Тізім
## Тағы қараңыз
* Қазақ есімдері
## Дереккөздер |
Қазақстан өзбектерінің 2021 жылғы Халық санағы бойынша ең көп кездесетін жалпы 3814 фамилияларының тізімі. Фамилиялар құжаттағы жазылуы бойынша берілген. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша.
## Ер және әйел тектерінің қосынды тізімі
Фамилиялар ер текпен берілген.
## Тағы қараңыз
* Қазақ есімдері
## Дереккөздер |
Алматы қаласы мәслихаты — Қазақстандағы Алматы қаласының жергілікті бірпалаталы заң шығарушы органы, мәслихат. 1993 жылы құрылған бұл мәслихаттың 2023 жылдан бері 42 депутатының жартысы партиялық тізім бойынша сайланса, қалғаны партиясынан тәуелсіз, бірмандатты округ бойынша сайланады.
Мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздан бергі қызметтегі төрағасы — Аманат мүшесі Мейіржан Отыншиев.
## Тарихы
1993 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстанда «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңы қабылданды. 1994 жылғы 10 наурызда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бүкілхалықтық сайлау өтіп, Мәслихат деп аталатын бірінші шақырылған өкілді органдар сайланды. Мәслихаттың 5 жыл сайын жасырын дауыс беру арқылы сайланған 37 депутаты болған. 2018 жылғы 23 мамырда ендігі мәслихаттардың пропорциялық сайлау жүйесі арқылы сайланатыны жарияланды. Заң 2018 жылғы маусымда күшке енді.
2021 жылғы 10 қаңтардағы жергілікті сайлау барысында қалалық мәслихаттың 39 депутаты тұңғыш рет партиялық тізім бойынша сайланды. Нұр Отан партиясы 29 депутаттық мандаттың басым көпшілігіне ие болды, одан кейін 3 шағын партия болды. 15 қаңтарда Алматы қалалық мәслихатының 7-шақырылымы өтіп, оның төрағасы болып Станислав Канкуров сайланды.
2023 жылғы жергілікті сайлаулар басталмай жатқанда барлық мәслихаттардың сайлау жүйесі тағы бір өзгертілді, енді депутаттардың жартысы партиялық тізім бойынша пропорционалды сайланса, қалғандары бірмандатты округтерден сайланатын болды. Наурыз айында өткен алматылық сайлау нәтижесінде мәслихаттың қазіргі, 8-шақырылымы сайланды да, төрағасы Мейіржан Отыншиев болды.
## Құрылымы
Қалалық мәслихат құрамында 6 тұрақты комиссия бар. Олар:
* Экономика, қаржы, активтер, мемлекеттік басқаруды дамыту, қоғамдық және сейсмикалық қауіпсіздік жөніндегі комиссия;
* Құрылыс, сәулет, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі комиссия;
* Коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық мобилділік жөніндегі комиссия;
* Кәсіпкерлік, инсвестициялар, туризм және экология жөніндегі комиссия;
* Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар жөніндегі комиссия;
* Денсаулық сақтау, білім және жұмыспен қамту жөніндегі комиссия.
## Соңғы сайлауы
## Дереккөздер |
Рудина Хайдари (алб. Rudina Hajdari) – албан саясаткері, бұрын Албания Республикасы Ассамблеясының мүшесі болған. Албанияда коммунизмнің күйреуіне әкелген 1990–1991 жылдардағы студенттік қозғалысты басқарған марқұм Азем Хайдаридің қызы Хайдари 2017 жылы 9 қыркүйекте елдің астанасы Тирананың ауданынан Албания ассамблеясына сайланды.
## Жастық шағы және мансапы
1998 жылы әкесі өлтірілгеннен кейін Хайдари оқуын жалғастыру үшін АҚШ-қа көшті. Ол Фордхэм университетінде оқып, 2009 жылы саясаттану бакалавры дәрежесін, одан кейін Лондон Корольдік колледжінде геосаясат, аумақ және қауіпсіздік магистрі дәрежесін бітірді. Содан кейін Хайдари Колумбия университетінде адам құқықтары бойынша екінші магистр дәрежесін алды. Сосын Хайдари Колумбия университетінің Гарриман атындағы Ресей, Еуразия және Шығыс Еуропаны зерттеу институтында Дональд Трамп пен Владимир Путиннің тиісті президенттіктері кезінде Батыс Балқан елдерінің алдында тұрған қиындықтар туралы сөз сөйледі. Хайдари сонымен қатар Newsweek журналы сияқты басылымдарда аймақтың қиындықтары туралы көптеген редакциялық мақалалар жариялады.
Хайдари Конгрессмен Элиот Л. Энгельдің қызметкері, Нью-Йорктің 16-шы округі бойынша АҚШ Өкілдер палатасының дәрежелі мүшесі, сонымен бірге Америка Құрама Штаттарының Өкілдер палатасының Сыртқы істер жөніндегі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
АҚШ Конгресіндегі қысқаша тәжірибесінен кейін ол әкесі бірге құрған партияны жандандыруға және оның бұрынғы даңқын қалпына келтіруге көмектесу үшін Албанияға оралуды шешті.
## Саяси мансапы
2017 жылдың маусымында Тирандағы Демократиялық партияның жетекшісі Башамен бірге парламенттік сайлауға түсетіні белгілі болды. Кандидаттардың тізімінде сенімді позицияда бола отырып, парламентке демократтар әкелген көрнекті жаңа тұлғалардың бірі ретінде қарастырылды.
Қыркүйекте Сыртқы саясат және Еуропалық интеграция комитетінің мүшесі болып тағайындалды. Ұзақ жыл шетелде тұрып, депутаттық қызметі кезінде көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің көпшілігінде қиындықтарға тап болды.
2018 жылдың желтоқсанында Албаниядағы жалпыұлттық студенттер наразылықтарынан кейін студенттің жағдайын шешу үшін Парламентке бойкот жариялау туралы партиялық шешімін бұзып, студенттерді қолдайтынын мәлімдеп, мандатынан шығып, наразылық шерулеріне қосылуға дайын екенін мәлімдеді. Қоғамдық мәлімдемеде Албанияға жаңа қозғалыс қажет екенін және Демократиялық партиядан шығуды қарастыратынын мәлімдеді, өйткені оны енді адамдар құптамайды.
Демократиялық партияның бұрынғы жетекшісі Лулзим Башаның 2019 жылғы 18 ақпандағы мандатын өртеу және Парламенттегі Демократиялық партияның басшысы лауазымынан бас тарту туралы шешімінен кейін Хайдари 11 наурызда берген сұхбатында партияның парламентті жаппай тастап кету туралы шешіміне қатты қарсылық білдірді. «Америка дауысы» радиосы арқылы Хайдари партияның қалған 41 депутатының қызметінен бас тартқан кезде қосылмайтынын растады. Хайдари оның басты себебін Лулзим Башаның Албания астанасында басқарған күшейіп келе жатқан зорлық-зомбылық наразылықтары деп сипаттады, бұл наразылықтар Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Федерика Могерини мен Еуроодақтың кеңею жөніндегі комиссары Йоханнес Ханнан да кеңінен халықаралық айыптауларға ие болды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Исабек-ишан – 19 ғасырдағы ислам дінінің қайраткері, «қожа» табынан, ишан.
1764 жылы дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстанды мекендеген Саид-қожа руынан шыққан. Ол өз тұқымын Аққу-ишанға қарай тартады. Сарыарқаға алғаш көшіп келген ата-бабалары 17 ғасырдың аяғында 20 жас шамасында Мұрат-ишан болды. Исабек-ишан Ақкөл-Жайылма, қазіргі Ақкөл деген жерде тұрған. 7 жасынан 19 жасына дейін медреседе оқыған. 14 жасында «Ишан» атағын алды. Кейін халық оны әулиелердің қатарына қосады – «әулие». Туған жерінде Қылдыкөл ауданында жерленген. 90-жылдардың аяғында. ХХ ғасырда Исабек-ишанның құрметіне Ақкөл ауылында оның атымен аталатын мешіт салынды.
## Сілтемелер
* Сара Аркадың киелі орны
* Екібастұздық балалар Исабек ишан кесенесін зиярат етті |
Екібастұз бөгені (Екібастұз су қоймасы) — Қазақстан Республикасы Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімшілігінің аумағындағы су қоймасы. 1967 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың құрамында суды сақтау және Екібастұз қаласын сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған құрылыстар. Су бетінің ауданы 7,2 км², көлемі 17,25 млн м³, пайдалы көлемі 14,4 млн м³. Су қоймасының ұзындығы шамамен 6 км, ені — 2,3 км, орташа тереңдігі — 2,25 м, ең тереңдігі — 5,3 м суы тұщы, орташа кермек, аздап сілтілі, гидрокарбонатты-сульфатты класқа жатады. Ихтиофауна: көксерке, шортан, табан балық, алабұға, өзен алабұғасы. Су тазарту қондырғылары су қоймасының оңтүстік жағалауында орналасқан.
Жыл бойы су қоймасындағы судың көлемі шамамен 16 млн м³-ден 19 млн м³-ге дейін ауытқиды. Су тасқыны кезеңінде су қоймасына құятын өзендердің жалпы ағыны 4,19 млн м³. Су сульфаттар класына, магний тобына жатады. 2022 жылғы зерттеуге сәйкес, макробентостың массасы 1,16 г/м² (олигитрофиялық резервуар) болды.
## Топографиялық карта
* M-43-IV карта парағы. Масштабы: 1 : 200 000. Берілген күнін/аймақтың жағдайын көрсетіңіз.
## Дереккөздер |
Сәкен Сайынұлы Исабеков (10 ақпан 1980 жыл, Мәскеу) — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығы, генерал-майор.
## Білімі
Д.А. Қонаев атындағы университеттің "юриспруденция" мамандығы бойынша түлегі.
## Еңбек жолы
2001 жылдан 2003 жылға дейін ҚР Республикалық ұланының әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткерген. 2003 жыл мен 2021 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қатарында әртүрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет өткерген.
2021 жылғы шілдеде Президент Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.
2022 жылғы 6 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығы лауазымына тағайындалды.
## Марапаттары және атақтары
ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" және І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медальдарымен марапатталған.
2022 жылы 6 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен оған Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнайы атағы берілді.
## Дереккөздер |
Берік Ноғайұлы Асылов (28 ақпан 1964 жыл, Жамбыл облысы) — Қазақстан Республикасының Бас прокуроры.
## Білімі
С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 1991 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының тағылымдамашысы қызметінен бастаған.
1992-2001 жылдары - Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Бас прокуратура жанындағы аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші, тергеуші, Алматы әуе-көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Мемлекеттік тергеу комитеті мен ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, Қорғаныс министрлігінің әскери барлау және Президенттің күзет қызметіндегі жедел-іздестірудің заңдылығын қадағалау бойынша бөлім бастығы болып жұмыс істеген.
2001-2006 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының басшылық лауазымдарында - Шымкент қаласының прокуроры, облыс прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2006-2008 жылдары - Батыс өңірлік көлік прокуроры.
2008-2010 жылдары – Ақтөбе облысының прокуроры.
2010-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.
2011-2017 жылдары - Алматы қаласының прокуроры.
2017-2019 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
2019 жылғы наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары.
2022 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды.
## Марапаттары және атақтары
3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені бар (2011 жыл).
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2005), «Даңқ» орденінің толық кавалері (ІІ дәреже – 2011 ж., І дәреже – 2017 ж.). «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ТМД БПҮК 20 жыл», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері.
## Отбасылық жағдайы
Үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.
## Дереккөздер |
Қазақстан орыстарының 2021 жылғы Халық санағы бойынша ең көп кездесетін 4235 фамилиялары тізімі. 100 ден көп кездесетін фамилиялар келтірілген. Фамилиялар құжаттағы жазылуы бойынша берілген. Тізім Қазақстандағы 69% орыстардың фамилияларын қамтиды. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша.
## Тізім
## Тағы қараңыз
* Қазақ есімдері
## Дереккөздер |
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» медалі — Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қазандағы № 159 Жарлығымен Қазақстан Республикасының қарулы күштері үшін тағайындалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты.
## Медал туралы ереже
* Мерейтойлық медалмен 2012 жылғы 7 мамырға қарай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери борышын үлгілі атқарған және қызметінде оң мінезделген әскери қызметшілер мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылысына елеулі үлес қосқан басқа да тұлғалар марапатталады.
* Мерейтойлық медалмен марапаттауға өтінімдерді беру және қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
* Мерейтойлық медальді Қазақстан Республикасы Президентінің атынан: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар басшылары комитетінің төрағасы және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасарлары, Қорғаныс министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң, бас басқармалардың басшылары, құрамалардың бас қолбасшылары, әскери бөлiмдерiнiң және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң өңiрлiк қолбасшылықтарының қолбасшылары, әскери бөлімдердің (мекемелердің) қолбасшылары (басшылары), әскери оқу орындарының және жергілікті әскери басқарма органдарының басшылары табыстайды.
* Медалмен бірге марапатталғанға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.
* Мерейтойлық медалді табыс ету салтанатты жағдайда өткізіліп, марапатталушыға жеке табысталады. Табыстаудың алдында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің марапаттау жайлы бұйрығы жарияланады.
* Мерейтойлық медал кеуденің сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары болса, олардан кейін орналасады.
* Марапаттау тізіміне мерейтойлық медалді тапсыру туралы тиісті жазба енгізіледі.
* Табысталмаған медалдар мен оларға арналған куәліктер қайтару себептерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне қайтарылады, бұл туралы тізімдерге тиісті белгі қойылады.
* Орындалған марапаттауларды есепке алуды, сондай-ақ мерейтойлық медалдармен марапаттау барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадр жұмысы департаменті жүргізеді.
## Сипаттамасы
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерейтойлық медалі жезден жасалған және диаметрі 34 мм дөңгелек пішінді.
Медалдың бет жағында екі қырлы тегіс сәулелері бар бес бұрышты дөңес қызыл жұлдыз, күн мен қалықтаған қыран бейнеленген. Жұлдыздың айналасында ұлттық ою-өрнек бейнеленген.
Медалдің арт жағында айналасын бойлай «Қазақстан Республикасының Қарулы Kүштepi 1992 - 2012» деген жылдарымен бірге, ортасында «20 жыл» деген жазу жазылған.
Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес келеді. Медалдың шеттері жиекпен көмкерілген.
Медаль ені 34 мм және биіктігі 50 мм бесбұрышты қалыпқа құлақша мен сақина арқылы жалғанып, жібек муар таспасымен қапталған. Таспаның ортасында ені 2 мм үш алтын жолақ бар, олардың арасында ені 2 мм екі қызыл жолақ, ал алтын жолақтардың жиектерінде ені 9 мм көк жолақтар орналасқан. Таспаның шетінде ені 2 мм жасыл жолақтар бар. Таспаның ені — 32 мм.
Медал киімге түйреуішпен бекітіледі.
Медаль Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
## Тағы қараңыз
* «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл» медалі
## Сыртқы сілтемелер
* «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толу құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қазандағы № 159 Жарлығы. «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі. |
Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмет әл-Бируни (араб.: أَبُو الرَّيْحَانِ مُحَمَّدٌ بْنُ أَحْمَدَ البِيرُونِيّ; 4 қазан 973 жыл, Қият – 9 желтоқсан 1050 жыл, Ғазни) — ортаазиялық энциклопедист-ғалым. Қият қаласының іргесіндегі ауылда дүниеге келді. Тәжірибелік жаратылыстану білімнің негізін қалаушылардың бірі, ғылым мен діннің шекарасын ажыратуды қарастырды.
Білім таратудың жақтаушысы, б. ғылым мен ағартушылық халықтарды дөрекіліктен, кедейліктен босатады деп ойлады. Ол оқыту мен тәрбие жұмысын ізгілік ойлау қасиеттерін қалыптастыру – бақытқа жету амалы деп санады. Ол нашар мінез-құлықты тәрбиелеу арқылы түзетуге болады деді. Араб тілдерінде жазылған көптеген табиғи-ғылыми шығармалардың авторы, (30 түрі сақталды).
Математика, астрономия, география және басқа ғылымдар негізінде жазылған «Жұлдыздар жайлы» кітабы (араб, парсы тілдерінде) бірнеше ғасырлар бойы медреседелерде оқу құралдары болып пайдаланылды. Оқыту тәжірибесіне математикалық және астрономиялық мәселелерді енгізді. Өз еңбектерімен қатар ол Птоломей, Эвклидтің кейбір шығармаларын санскритке аударды. Үндістанда Бируни («Үндістан» еңбегіндегі) педагогика тарихын (1020-ға жуық) оқытуға ынта білдіруде. Ай шарындағы бір таудың аты аль Бируни атымен аталғаны белгілі.
## Толығырақ
Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, картография, физика, медицина, геология, минералогия, т.б. ғылым салаларын қамтиды. Ол Орта Азия мен Иран қалаларында болып, атақты астроном, математик Әбу Наср Мансур ибн Ирактан дәріс алды. Әбу Райхан әл-Бируни – парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген оқымысты. 995 – 1010 жылдары Иранда тұрды.
Ол 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «әл-Асар әл-Бақйия ән әл-Құрұн әл-Халийа» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. 1010 жылы Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырған Үргеніштегі ғылыми орталықта Әбу Райхан әл-Бирунидің басшылығымен Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хаммар, ибн Мискуайх, т.б. көрнекті ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әбу Райхан әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда ол жүз елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған.
Арал теңізінің жағасында, Үндістанда, Ауғанстанда астрономиялық бақылау жұмыстарын жүргізіп, жер мөлшерін дәл анықтаған. Әбу Райхан әл-Бирунидің географиясында сол кездегі белгілі жерлердің бәрі айтылған, сонымен қатар мұхит, теңіз, тау, өзен, шөл, мемлекеттер мен халықтардың аттары толық келтірілген. Әбу Райхан әл-Бирунидің картасы Тынық мұхиттан Атлант мұхитына, Үнді мұхитынан Солтүстік мұзды мұхитқа дейінгі жерлерді қамтыған.
Әбу Райхан әл-Бируни түрлі өсімдіктерді, дәрілік шөптерді, сан алуан жануарлар тіршілігін зерттеген. Әбу Райхан әл-Бируни топографияға байланысты «Геодезия» атты үлкен еңбек жазды. Онда Әмударияның бұрынғы кездегі ескі арналары жөніндегі зерттеулері аса қызғылықты баяндалған. Әбу Райхан әл-Бирунидің тарихи-географиялық еңбектерінде Орта Азия мен Шығыс Сібірдің тарихи этнографиясы, сондай-ақ Орта Азия көшпелі тайпаларының батысқа, Шығыс Еуропаға дейін қоныс аударулары, Қазақстан географиясы, оны мекендеген түркі тайпалары, олардың әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары жөнінде құнды деректер беріледі.
«Үндістан»(1031), «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» (1048), «Масғуд каноны», т.б. еңбектері ағылшын, неміс, орыс, парсы, т.б. тілдеріне аударылған. Ол 1048/50 жылы желтоқсан айының он біріне қараған күні Ғазни қаласында қайтыс болған.
## Дереккөздер |
Руслан Акун (30 қараша 1984 жыл, Фрунзе) — қырғызстандық кинорежиссёр, сценарист, продюсер. «Сәлем, Нью-Йорк» (2013), «Бағу» (2014) және «Көкпар» (2018) сияқты шығармалары үшін белгілі.
## Өмірбаяны
Руслан Акун 1984 жылғы 30 қарашада, Фрунзе қаласында туған. Оның киноға деген қызығушылығы бала кезінен өсе бастады. Сегізінші сыныптан бастап ол сценарий жаза бастады және қағазға анимация салып жүрді.
2002 жылы Нарын қаласындағы Мәкен Сыдықов атындағы орта мектепті бітірген. Қырғыз мемлекеттік университетінің Исенәлі Арабаева экономика факультетіне оқуға түсті, бірақ екінші курста оқуын тоқтатты. Кейін Орталық Азиядағы Америка университетінің бұқаралық коммуникация факультетіне оқуға түсті.
2009 жылы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кинематографияны дамыту Қоры ұйымдастырған кинематография курстарына қатысты. Сол жылы ол өзінің алғашқы деректі фильмдерін түсіре бастады.
2011 жылы Руслан «Бішкек, мен сені сүйемін» фильмінде ойнады.
2012 жылы ол АҚШ-та жаңа фильм түсіріп жатқанын хабарлады. Келесі 2013 жылдың басында «Сәлем, Нью-Йорк» романтикалық комедиясы шықты.
2014 жылы Оңтүстік Калифорния университетінің Кино мектебіне оқуға түсті. Осы жылдың соңында Руслан Акунның «Сүйіктімнің батыры» фильмі шықты.
2017 жылғы 9 ақпанда «Анамды іздеп» көркем фильмінің премьерасы өтті.
2018 жылы «Көкпар» фильмі түсірілді.
## Жеке өмірі
Руслан Акун Қаныкей Акуноваға үйленген, екі баласы бар.
## Фильмографиясы
## Дереккөздер |
Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали (19 тамыз 1979 жыл, Арқалық, Қостанай облысы) — Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.
## Білімі
2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітірген.
## Еңбек жолы
2001-2010 жылдары – прокуратура органдарында түрлі лауазымдарды, атап айтқанда Астана қаласы прокуратурасының бас маманы, ҚР Бас Прокуратурасының Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі лауазымдарын атқарған.
2012-2014 жылдары – ҚР Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының кеңесшісі, Тергеу департаменті және сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаменті бастығының бірінші орынбасары, Тергеу департаментінің бастығы;
2014-2016 жылдары – ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі;
2016-2018 жылдары – ҚР Бас Прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры;
2018-2019 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Тергеу департаменті басшысының орынбасары;
2019 жылдың қаңтар-шілде айлары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы;
2019-2021 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы;
2021-2022 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы.
2022-2023 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының орынбасары.
2023 жылдың 5 сәуірден бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы.
## Марапаттары
II дәрежелі «Айбын» орденімен, мерейтойлық және ведомстволық наградалармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Марат Талғатұлы Омаров (20 қыркүйек 1988 жыл, Семей) — Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.
## Білімі
2010 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша британиялық Йорк университетін, 2011 жылы Лондон экономика және саясаттану мектебінің (LSE) магистратурасын бітірген. "Әлеуметтік ғылымдар магистрі" мамандығын алған.
## Еңбек жолы
2012-2014 жж - Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрінің (кейіннен – экономика және бюджеттік жоспарлау, ұлттық экономика) кеңесшісі.
2014-2016 жж - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары.
2016-2017 жж - «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры.
2017-2019 жж - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасы, трансформациядан кейін – «QazTech Ventures» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) басқарма төрағасы.
2019-2020 жж - «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры – басқарма мүшесі.
2020 жылдан - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары.
2022 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
## Дереккөздер |
Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев (1 тамыз 1976 жыл) — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.
## Білімі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң институтын бітірген. Мамандығы философ, философия пәнінің оқытушысы, заңгер. Философия ғылымдарының кандидаты.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын Алматы заң институтында, содан кейін Ішкі істер министрлігінің академиясында оқытушы болып бастаған. Ішкі істер министрлігінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Парламент Сенаты Аппаратының Әкімшілік бөлім меңгерушісінің орынбасары, Кадр жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі болған. Парламент Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары, Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалған.
2019 жыл маусым 2022 жылдың қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2022 жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы қызметіне тағайындалды.
## Марапаттары және атақтары
«Құрмет» орденімен, екі медальмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Асат Болатұлы Нұрпейісов (18 шілде 1987 жыл) — мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы.
## Білімі
2010 жылы Прагадағы Нью-Йорк университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2012 жылы Еуропалық бизнес мектебін бітірген, MSc Global Banking and Finance «Халықаралық банк ісі және қаржы» магистрі.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
## Еңбек жолы
2012-2015 жылдары KPMG Tax and Advisory менеджмент консалтингінде жұмыс істеген.
2015-2016 жылдары – Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.
2016-2017 жылдары – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры.
2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Жобалық басқару орталығының бас инспекторы, меңгерушінің орынбасары, меңгерушінің міндетін атқарушы.
2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасы аппаратының басшысы.
2022 жылғы 16 ақпаннан бастап Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
2023 жылғы 5 қаңтарда Президент өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2024 жылғы 7 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды.
## Дереккөздер |
Жандос Нұрланұлы Шаймарданов (24 ақпан 1987 жыл, Шығыс Қазақстан облысы) — Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.
## Білімі
2009 жылы «Болашақ» стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
2020 жылы Испаниядағы IE университетінде Бизнес-талдау және Big Data магистрі дәрежесін алған.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған.
2010-2013 – «Самұрық-Қазына» АҚ менеджері.
2013-2014 – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.
2014-2016 – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.
2016-2019 – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ департамент директоры, басқарушы директоры.
2019-2020 – «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы.
2020-2022 – ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры.
2022-2023 – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы.
2023 жылғы 16 қыркүйектен бастап, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.
## Отбасы
Әкесі: Нұрлан Құбайдоллаұлы Шаймарданов
## Дереккөздер |
Қазақстандағы жер наразылығы — Қазақстанда 2016 жылдың 24 сәуірінде Атырау қаласында басталған Жер кодексіне енгізілген жаңа өзгерістерге қарсы жаппай рұқсат етілмеген митингтер, үш күннен кейін Ақтөбе және Семей қалаларында жалғасты. Алғашқы үш митингіде билік наразылықты қатаң түрде басуға тырыспай, наразылық білдірушілерді тыныштандыруға тырысып, диалогтың басқа түрлерін ұсынды. Тек 21 мамырда ғана билік республиканың барлық әкімшілік орталықтарындағы кез келген наразылық акциясын басу үшін жан-жақты дайындалды. Сондай-ақ, ерекшеліктердің бірі кейбір наразылық білдірушілер арасындағы синофобтық сезімдер болды. Қатысушылар арасында «титулдық емес» ұлт өкілдерінің саны аз екендігі атап өтілді. Бұл 2011 жылғы Жаңаөзен наразылығынан кейінгі Қазақстандағы алғашқы жаппай толқулар.
## Себептері
2016 жылғы 30 наурызда Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 1,7 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлері аукционға шығарылатынын хабарлады.
Бұл алдымен әлеуметтік желілерде наразылық тудырып, наразылық акцияларына шақыруларға ұласты.
Кейбір қазақстандық журналистердің пікірінше, наразылық жер кодексіне енгізілген өзгертулер емес, мұнай бағасының төмендеуі (экспорттың 1/3) және ұлттық валюта (85,2 пайызға) құнсыздануы қарсаныңдағы елдің күрделі экономикалық жағдайы болды. Мәселен, 2015 жылы инфляция деңгейі 13,6% құрады. Егер 2012 жылғы ресми деректер бойынша Қазақстандағы ең ірі компаниялардың бірі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының үш бөлімшесінің жалақысы 126, 157,6 және 90 мың теңгені құраса, басқа деректер бойынша – шамамен 64 мың теңгені құрады.
## Хронология
11 сәуірде «қазақ зиялыларының өкілдері» шетелдіктердің жерді сатып алып, жалға алу мүмкіндігіне ие болады деп алаңдап, Қазақстан Президенті Н. Назарбаев пен билікке ашық хат жолдады. Хат мәтіні қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында және кейбір сайттарда жарияланды.
Хатта «өңірлерде қазірдің өзінде 50 мыңнан астам қол жиналған» (жерді жалға беруге қарсы) делінген. «Егер жер шетелдіктерге жалға берілсе немесе сатылса, халық төтенше шара қолданады» («Халық бас көтеруі мүмкін»). Ашық хатқа қол қойғандардың қатарында жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, отставкадағы генерал Мұрат Қалматаев, академик Әбуғали Қайдаров және эколог Мэлс Елеусізов бар.
20 сәуірде Астанада азаматтық белсенді Ғалымбек Ақұлбеков жерді шетелдіктерге сатуға қарсы бір адамдық пикет өткізді, бірақ көп ұзамай оны полиция ұстап әкетті.
22 сәуірде Алматыда үш он адамнан тұратын бір топ азамат жиналып, 21 мамырдағы митингке рұқсат беруді жақтады.
24 сәуірде Атырау қаласының орталығында жерді шетелдіктерге сатуға қарсы 700-ден 4000-ға дейін адам жиналған жаппай митинг өтті.
Сондай-ақ, осы күні Оралда Абай алаңында Исатай Өтепов қолына «Қытайға жер сатпа!!!» деген баннерді ұстап, жалғыз пикетке шықты.
27 сәуірде Ақтөбе және Семей қалаларында Қазақстанның жер кодексіне өзгертулер енгізуге және биліктің ауыл шаруашылығы жерлерін сату жоспарына қарсы жүздеген адамның қатысуымен митингтер өтті.
28 сәуірде Ақтауда орталық алаңға бірнеше ондаған адам жиналды, бірақ полиция алаңды Халық бірлігі күні мерекесіне дайындық үшін қажет деп санап, митинг өткізуге рұқсат бермеді.
Сәуірдің 29-ы күні Астана мен Алматыда билік қоғам қайраткерлеріне «жер мәселесіне» қатысты баспасөз мәслихатын өткізуге рұқсат бермеді. Бірінші қалада қонақүй Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қысымына байланысты белсенділерге үйді жалға беруден соңғы сәтте бас тартты. Алматыда полицейлер іс-шара басталмай тұрып барлық белсенділерді ұстады.
Оралда полиция сол күні жалғыз пикет өткізуді жоспарлаған белсенді Бауыржан Әліпқалиевті ұстады.
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні Жаңаөзен қаласында жүзден астам адам жиналмаған наразылық шарасы өтті. Қызылорда қаласында қауіпсіздік күштері алаңнан «жер сатуға» қарсы шыққандарды таратып жіберді.
4 мамырда Оралдың орталық алаңында бірнеше ондаған адамның қатысуымен стихиялық митинг өтті. Қазақстанның басқа қалаларында өткен шерулердегідей, шерушілер ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беруге қарсы шықты.
5 мамырда Назарбаев Жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий жариялады. Ұлттық экономика вице-министрі Қайрат Өскенбаевта қызметінен босатылды, министр Досаевтың өзі өз еркімен қызметінен кетті, ал Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сөгіс жарияланды, бірақ келесі күні ол да қызметінен кетті. Сонымен қатар, Назарбаев ақпараттық кеңістікті бақылайтын және мемлекеттің ақпараттық саясатын дамытатын жаңа Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырды.
21 мамырда бүкіл Қазақстан бойынша митингтер жоспарланған болатын. Ресми билік Алматы, Астана, Орал және Семей қалаларында митинг өткізу туралы өтініштерді қабылдамады. Бұл күні құқық қорғау органдары елдің бірнеше қаласында ондаған белсенділерді, сондай-ақ журналистерді ұстады. Рұқсат етілмеген митингтер өткізу әрекеттері Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Семей, Орал және Павлодар қалаларында тіркелді. Тек соңғы қалада аз ғана азаматтар жиналып, митинг өткізудің заңсыздығы туралы ескертуден кейін бір топ адам мойынсұнып, Ертіс өзенінің жағасынан кетті. Ал ұйымдастырушы Серікбай Әлібаевқа 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
## Тағы қараңыз
* Жаңаөзен оқиғасы (2011 жыл)
* Жер дауы
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Четыре казахстанских тренда, навеянные несанкционированным митингом в Атырау
* Нуртай Лаханулы Задержания активистов в Алматы (орыс.). Радио Азаттык (29 апреля 2016). Тексерілді, 29 сәуір 2016.
* О митингах против продажи земли в Казахстане: «Власть отошла от шока» (орыс.). Regnum (29 апреля 2016). Тексерілді, 3 мамыр 2016.
* Мухамеджан Адилов В Акорде доиграются до революции : портал. — Республика, 2016.
* Серикжан Маулетбай Был ли митинг? Как прошёл день 21 мая в Казахстане : портал. — ИнформБЮРО, 2016. |
«Қазақстан темiр жолына 100 жыл» медалі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 30 сәуірдегі № 1353 Жарлығының негізінде республикадағы теміржол көлігін қалыптастыру мен дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетел азаматтарын марапаттау мақсатында тағайындалды.
## Медалдің сипаттамасы
«Қазақстан темір жолына 100 жыл» мерейтойлық медалі жезден жасалып, диаметрі 34 мм, қалыңдығы 2,5 мм болатындай дөңгелек пішінді. Медалдың бет жағында Қазақстан Республикасының контурлы картасының аясында рельс үстінде тұрған паровоздың және қазіргі заманғы электровоздың бедерлі бейнелері бар. Контурлы карта көк эмальмен Қазақстан Республикасы астанасының орналасқан жері бейнеленген. Суреттің төменгі жағында «1904-2004» жылдары көрсетілген.
Медалдің арт жағында «Қазақстан темір жолына 100 жыл» деген жазу бар. Төменде қазақтың ұлттық ою-өрнегінің элементі суреттелген.
Медаль биіктігі 55 мм және ені 34 мм болатын тағанға құлақша мен шығыңқы арқылы жалғанған, алтын және ақ түсті жиектері бойынша тік жолақтары бар көк қатқыл таспамен қапталған. Планканың артқы жағында қалқа бекітпесі бар түйреуіш қадалған.
## Сыртқы сілтемелер
* В. Григорьев Государственные награды Республики Казахстан : газет. — СПб.: Петербургский коллекционер, 2005. — Т. 35. — № 5. — б. 29. |
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері – халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізбесін тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Үкіметі бекітеді.
## Тарихи және мәдени ескерткіштер түрлері
Еліміздің заңмаларына сәйкес тарихи және мәдени ескерткіштердің бес түрі бар:
* Бірінші түрі – археология ескерткіштері.
* Екінші түрі – қала құрылысы және сәулет ескерткіштері.
* Үшінші түрі – ансамбльдер мен кешендер.
* Төртінші түрі – киелі нысандар.
* Бесінші түрі – монументтік өнер құрылыстары.
## Тарихи және мәдени ескерткіштерді бекіту, толықтыру, өзгерту және жаңарту бойынша деректер
1982 жылы 26 қаңтарда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР-нің Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімі бекітілді. Бұл қаулыға 1997–2003 жылдар аралығында бірнеше өзгерістер енгізілді: 1997 жылы 28 мамырда Ақмола қаласының орталық бөлігін қалпына келтіру қажеттілігіне байланысты Ленин ескерткіші мен Кеңес өкіметі үшін күрескерлер мемориалы тізімнен шығарылды. 2000 жылы 27 мамырда Айыртау ауданындағы Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені мен Петропавлдағы Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткіші тізімге қосылды, 2000 жылы 16 маусымда - Оғыланды маңындағы Бекет ата жерасты мешіті, 2000 жылы 16 қазанда - Алматыдағы Қазақстанның тұңғыш президентінің резиденциясы, 2001 жылы 5 қазанда - Таңбалы петроглифтері. 2003 жылы 21 сәуірде Қарағандыдағы Ленин ескерткіші тізімнен шығарылды.2008 жылғы 21 наурызда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жаңа Мемлекеттік тізімі қабылданды. Бұрынғы тізіммен салыстырғанда оған бір жаңа нысан (Тараз қаласындағы Жамбыл Жабаев ескерткіші) енгізілді және 19 ескерткіш (негізінен әртүрлі қалалардағы Ленин және басқа да кеңестік партия жетекшілерінің ескерткіштері) алынып тасталды. 2014 жылы 31 шілдеде Амангелді Иманов 1916 жылғы көтерілістің жетекшісі деп жарияланған тұрғын үй тізімнен шығарылып, Өскемендегі металлургтердің мәдени орталығы енгізілді.2019 жылғы 30 мамырда, 2020 жылғы 14 сәуірде, 2022 жылғы 14 қаңтарда тізім ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрықтарымен жаңартылды, оған жаңа нысандар енгізілді.
## Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері саны 530, оның ішінде 1 ескетркіш (Қожа Ахмет Ясауи кесенесі) халықаралық маңызға ие.
## Астана қаласы
Барлығы: 3 тарих және мәдениет ескерткіштері (1 – археология, 2 – қала құрылысы және сәулет).
## Алматы қаласы
Барлығы: 33 тарих және мәдениет ескерткіштері (25 – қала құрылысы және сәулет, 8 – монументтік өнер құрылысы).
## Шымкент қаласы
Барлығы: 7 тарих және мәдениет ескерткіштері (1 – археология, 6 – қала құрылысы және сәулет).
## Абай облысы
Барлығы: 13 тарих және мәдениет ескерткіштері (11 – қала құрылысы және сәулет, 1 – монументтік өнер құрылысы, 1 – ансамбль мен кешен).
## Ақмола облысы
Барлығы: 5 тарих және мәдениет ескерткіштері (3 – қала құрылысы және сәулет, 2 – монументтік өнер құрылысы).
## Ақтөбе облысы
Барлығы: 9 тарих және мәдениет ескерткіштері (3 – қала құрылысы және сәулет, 2 – монументтік өнер құрылысы, 4 – ансамбльдер мен кешендер).
## Алматы облысы
Барлығы: 8 тарих және мәдениет ескерткіштері (3 – қала құрылысы және сәулет, 1 – ансамбль мен кешен, 4 – археология).
## Атырау облысы
Барлығы: 4 тарих және мәдениет ескерткіштері (1 – археология, 1 – ансамбль мен кешен, 2 – қала құрылысы және сәулет).
## Батыс Қазақстан облысы
Барлығы: 7 тарих және мәдениет ескерткіштері (2 – қала құрылысы және сәулет, 1 – монументтік өнер құрылысы, 3 – ансамбльдер мен кешендер, 1 – археология).
## Жамбыл облысы
Барлығы: 30 тарих және мәдениет ескерткіштері (12 – қала құрылысы және сәулет, 15 – археология, 2 – монументтік өнер құрылысы, 1 – ансамбль мен кешен).
## Жетісу облысы
Барлығы: 7 тарих және мәдениет ескерткіштері (2 – қала құрылысы және сәулет, 2 – археология, 1 – монументтік өнер құрылысы, 2 – ансамбль мен кешен).
## Қарағанды облысы
Барлығы: 6 тарих және мәдениет ескерткіштері (1 - монументтік өнер құрылысы, 1 - қала құрылысы және сәулет, 4 - археология).
## Қостанай облысы
Барлығы: 5 тарих және мәдениет ескерткіштері (3 – монументтік өнер құрылысы, 2 – киелі нысан).
## Қызылорда облысы
Барлығы: 31 тарих және мәдениет ескерткіштері (10 – қала құрылысы және сәулет, 1 – монументтік өнер құрылысы, 11 – киелі нысан, 2 – ансамбльдер мен кешендер, 7 – археология).
## Маңғыстау облысы
Барлығы: 20 тарих және мәдениет ескерткіштері (4 – қала құрылысы және сәулет, 16 – ансамбльдер мен кешендер).
## Павлодар облысы
Барлығы: 3 тарих және мәдениет ескерткіштері (3 – қала құрылысы және сәулет).
## Солтүстік Қазақстан облысы
Барлығы: 9 тарих және мәдениет ескерткіштері (3 – қала құрылысы және сәулет, 1 – монументтік өнер құрылысы, 2 – киелі объект, 1 – ансамбльдер мен кешендер, 2 – археология).
## Түркістан облысы
Барлығы: 40 тарих және мәдениет ескерткіштері (30 – қала құрылысы және сәулет, 10 – археология).
## Ұлытау облысы
Барлығы: 17 тарих және мәдениет ескерткіштері (11 - қала құрылысы және сәулет, 6 - археология).
## Шығыс Қазақстан облысы
Барлығы: 8 тарих және мәдениет ескерткіштері (3– қала құрылысы және сәулет, 2– монументтік өнер құрылысы, 3 – археология).
## Дереккөздер |
Мақсат Қайратұлы Тұрлыбаев (5 сәуір 1987 жыл) — Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы.
## Білімі
Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген, Сеул ұлттық университетінде мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы қызметінен бастаған.
2010-2016 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы.
2016-2020 жж. – Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
2020-2021 жж. – Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы.
2021-2022 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.
2022 жылғы шілдеден бастап Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2023 жылы 17 қарашада Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды.
## Марапаттары және атақтары
Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова (1 тамыз 1978, Алматы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық мемлекет қайраткер, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы. Бұрынғы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2018—2019).
## Отбасы
* Әкесі — Ерасыл Әбілқасымов (28 шілде 1948 жылы туған) — урология ғылыми орталығының директорлар кеңесінің төрағасы (2012 жылдан бастап), Мәжілістің 2- (2001—2004) және 3-сайланым депутаты (2004—2007), «Қазақ елі» партиясының төрағасы (2001—2004).
* Анасы — Алма Есімбекқызы Әбілқасымова (6 сәуір 1949 жылы туған) — Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогикалық қызметкерлердің білімін дамыту орталығының директоры (2013 жылдан бастап), Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті (2011—2013).
* Күйеуі — Нұрлан Ерғәліұлы Абдрахим (9 маусым 1980 жылы туған) — Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары (2023 жылдан бастап), президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру—аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2021—2023), президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (2019—2021).
* Балалары — Аружан (19 наурыз 2007 жылы туған), Диана (11 қараша 2009 жылы туған), Әлихан (11 шілде 2015 жылы туған) Абдрахимдер.
## Білімі
1999 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
2002 ж. – Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген.
2011 ж. – Кеннеди атындағы Гарвард университетінің мемлекеттік басқару мектебін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген.
## Еңбек жолы
1999—2001 жж. – Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттіктің бас маманы.
2003—2004 жж. – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы.
2004—2006 жж. – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ-ның мемлекеттік саясатты талдау департаменті директоры
2006—2008 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2008—2011 жж. – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер мен талдаулар орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2011—2013 жж. – ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі.
2012—2013 жж. – Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары.
2013—2014 жж. – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.
2014—2018 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.
2018 жылдың ақпаны – 2019 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2019 жылдың 12—28 наурызы – ҚР ұлттық экономика вице-министрі.
2019 жылдың 28 наурызынан — Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
2019 жылдың 18 желтоқсанынан – Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік төрағасы.
## Марапаттары және атақтары
Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы еңбегі үшін» II дәрежелі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдары, «Құрмет» ордені.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті — жасанды интеллект, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласын қалыптастыру және олардың дамуын қамтамасыз ету, инновациялық қызмет, елдің ғылыми-техникалық дамуы саласындағы елішілік құндылықты дамыту, электронды өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ведомствосы.
## Міндеттері
* жасанды интеллект, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласын қалыптастыру және олардың дамуын қамтамасыз ету, инновациялық қызмет, елдің ғылыми-техникалық дамуы саласындағы елішілік құндылықты дамыту, электронды өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;
* инновациялық және ғылыми-техникалық қызметті ынталандыру, жасанды интеллект, электронды өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар дамыту үшін жағдайлар жасау.
## Дереккөздер |
Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков (8 шілде 1980 жыл, Шымкент) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, Шымкент қаласының әкімі.
## Білімі
Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.
## Еңбек жолы
2004-2007 жылдары – Мемлекеттік Хаттама қызметінің атташесі, Мемлекеттік Хаттама қызметінің үшінші хатшысы, Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы, ҚР СІМ Кеңсесінің баспасөз қызметінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы.
2007-2011 жылдары – Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас сарапшысы; Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты-сектор меңгерушісінің м.а.; Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі; ҚР Парламенті Сенатының Аппараты.
2011-2012 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы.
2012-2017 жылдары – Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі.
2017 жылы – ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі.
2017-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі; ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі.
2019 жылы – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.
2021 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2023 жылғы ақпаннан бастап Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болды.
2023 жылы 5 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.
## Дереккөздер |
Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев (24 ақпан 1976 жыл, Қаратұрық, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, Алматы облысының әкімі.
## Білімі
1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін;
2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын;
2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірді.
## Еңбек жолы
1997 жылғы шілдеден бастап салық органында маман, салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас салық инспекторы, бөлім бастығы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Басқарма бастығы лауазымдарында қызметін бастады;
2002 жылғы тамыздан 2006 жылғы шілдеге дейін Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің Аудит бөлімінің бастығы;
2006 жылғы шілдеден 2007 жылғы ақпанға дейін Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Салық апелляциясы, түсіндіру және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы;
2007 жылғы ақпаннан 2008 жылғы шілдеге дейін Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Салық аудиті басқармасының бастығы;
2008 жылғы шілдеден 2010 жылғы желтоқсанға дейін Алматы қаласы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары;
2010 жылғы желтоқсаннан 2011 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден саясаты талдау және болжамдау департаментінің директоры, Астана қаласы;
2011 жылғы қазаннан 2012 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамалары мәселелерін үйлестіру, кірістерді талдау және болжамдау департаментінің директоры, Астана қаласы;
2012 жылғы қарашадан 2013 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, Астана қаласы;
2013 жылғы шілдеден 2014 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі («А» корпусы), Астана қаласы;
2014 жылғы қарашадан 2017 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;
2017 жылғы маусымнан 2018 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, Астана қаласы;
2018 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.
2022 жылы 11 маусымда Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.
## Марапаттары
* "Құрмет" ордені (2019)
## Дереккөздер |
Марат Пазылұлы Марденов (1940 жылы 16 мамырда туған, Алматы облысы Ақсу ауданы Ақсу ауылы – 5 тамыз 2014 жыл, Екібастұз қаласы, Павлодар облысы, Қазақстан) – физик-ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1994), Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының негізін қалаушы және президенті. Екібастұз қаласының Құрметті азаматы (2010).
## Өмірбаяны
1947 жылы Ақсу орта мектебінің бірінші сыныбына барды, 1957 жылы Алматы облысында Фабричный кенті ауылдағы орта мектепті бітірді.
1957 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп, 1962 жылы институтты бітіріп, физика-техникалық пәндер мұғалімі мамандығын алады.
Институтты бітіргеннен кейін Павлодар облысындағы Май орта мектебіне физика пәнінің мұғалімі болып жіберілді.
1963-1965 жылдары Талды-Қорған облысындағы Лепсы станциясында физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
1965 жылы Павлодар индустриалды институтының Ермаков атындағы филиалына физика пәнінің аға оқытушысы болып сайланып, 1985 жылға дейін кафедра меңгерушісі, факультет деканы, 1988-1994 жылдары факультет деканы қызметтерін атқарды. Павлодар индустриалды институтының Екібастұз жалпы техникалық факультеті.
1994-2014 жылдары — Академик Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының президенті.
1973 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының ядролық физика институтының аспирантурасына оқуға түсті.
1978 жылы «Стационарлық ядролық реактордың өзегінде жоғары қуатты газ лазерлерін жасауды зерттеу» кандидаттық диссертациясын қорғады.
Әлемде алғаш рет стационарлық ядролық реакторлардың ядросында когерентті сәулеленудің генерациясына қол жеткізілді, бұл атом энергиясын радиациялық энергияға айналдыратын қуатты автономды энергетикалық жүйелерді құруға мүмкіндік береді.
1981 жылы Мәскеудегі КСРО ҒА жоғары температура институтының ғылыми кеңесінде оған доцент ғылыми атағы берілді.
Оның 70-тен астам ғылыми жұмыстары және екі түпнұсқа өнертабысы бар.
### Отбасы
Жұбайы — Дина Нұртазинқызы (дәрігер). Ұлы — Ерлік, қыздары — Неля, Лаура, Далида.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Институттың негізін қалаушы // Екібастұз инженерлік-техникалық институты. Академик Қ. Сәтбаев
* Тұлға. Жаратушы. Тәжірибеші // Екібастұз үні, 14.05.2020
* Екібастұзда атақты атом ғалымының құрметіне мемориалдық тақта ашылды Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. |
Григорий Николаевич Чапкис (укр. Григо́рій Микола́йович Ча́пкіс; 24 ақпан 1930 жыл, Кишинев, Румыния Корольдігі - 13 маусым 2021 жыл, Киев, Украина) — украиндық биші және хореограф, үш халықаралық байқаудың лауреаты, Украинаның халық әртісі (2010).
## Отбасы
Ол төрт рет үйленді, алғашқы әйелі Людмила болды. 1968 жылы ерлі-зайыптылардың Лилия есімді қызы дүниеге келді, ол қазір Италияда тұрады және сол жерде Chapkis Dance балет мектебін басқарады. Қызынан екі немересі бар, үлкені актриса және сұлулық байқауларының жеңімпазы, ал кішісі Киев хореографиялық академиясында оқиды. 2006 жылы Людмила мәңгілікке қайтыс болды.
Чапкис екінші рет 1980 жылы шәкірті Наталья есімді қызға үйленді. Олардан Григорий атты ұл дүниеге келді. Алайда, ерлі-зайыптылар Натальяның АҚШ-та тұруды қалауына байланысты ажырасты, бірақ Чапкис оны қолдамады. Қазір ол Америкада тұрады, онда хореограф болып жұмыс істейді және әлемнің басты жұлдыздарына балет қойылымдарын қояды.
Хореографтың үшінші әйелі Үшінші әйелі Ұлттық авиация университетінің оқытушысы және оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі болған Алла болды, олар 24 жыл бірге тұрды. Алайда Алла зейнеткерлікке шыққанда, 2016 жылы ерлі-зайыптылар ажырасуға шешім қабылдады. Бұл оқиға барлығын таң қалдырды, бірақ егде жастағы жұлдыздар ажырасу себебін ашпады.
2020 жылы Григорий Чапкис төртінші рет үйленді. Оның таңдаған адамы өзінен әлдеқайда жас болды. Оның есімі Людмила, ол зергерлік бұйымдар дүкенінің директоры болып жұмыс істейді. Григорий Чапкистің жаңа әйелі хореографтан 51 жас кіші және оның 39 жастағы немересімен құрдас. Жұртшылық бойжеткенді жасы үлкен кісімен қарым-қатынаста болғаны үшін бірден айыптай бастады. Бірақ Григорий Николаевичтің балалары мұндай одаққа қарсы болған жоқ.
## Білімі
Григорий Николаевич Киев мәдениет институтын және опера театры жанындағы студияны бітірген. Борис Гринченко атындағы Киев университетінің өнер институтының хореография кафедрасының профессоры болды. Ол өзінің би мектебін ашып, көптеген қайырымдылық жобаларына қатысты. Ол «Махаббат пен би – ұзақ өмір сүрудің құпиялары» кітабын жазды.
## Григорий Чапкистің балалық және жастық шағы
Григорий Чапкис 1930 жылы 24 ақпанда ол кезде Румыния аумағына қарайтын Кишинев қаласында дүниеге келген. Одан басқа отбасында тағы алты аға-әпкесі болды.Григорий Николаевич билеуді бала кезінен үйренді. Хореограф сұхбатында оның балалық шағының кедей болғанын, отбасында тек екі адам жұмыс істегенін айтты.
«Төрт-бес жаста билейтінбіз. Бас киімді ортаға қойып, оған әркім қолынан келгенше ақша салатын. Кейде бір-екі лей тауып, жүгіріп келіп: "Анашым, мен оны таптым» дейтінмін. Сегіз жаста мейрамханалардың жанында отырдым және аяқ киім тазаладым»
- деп есіне алды Чапкис өзінің балалық шағы туралы. Сол кезде ол өзінің алғашқы аяқ киімін алды. Бұған дейін болашақ биші жалаң аяқ жүрді, ал қыста қолдан жасалған шикі теріден жасалған аяқ киім киді.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Чапкис отбасымен Қазақстанға эвакуацияланған, көмір толтырылған вагондармен Қазақстанға барып, совхозда жұмыс істеді, ал кішкентай Григорий жылқы бақты. Соғыстан кейін олар Кишиневке қайтып келе жатқанда, бүкіл отбасы іш сүзегімен ауырып, Киевте пойыздан түсірілді. Сауыққаннан кейін Григорий Чапкис Бірінші теміржол мектебінде оқуға, қабылдау комиссиясын өзінің биімен таң қалдырды. Шындығында, олар оны қабылдағысы келмеді - жасөспірім сауатсыз және орыс немесе украин тілін білмейтін. Бірақ бидің тамаша орындауы бағаланып, биші мектепке қабылданды.
Жатақханадан орын алған Григорий түске дейін оқып, түстен кейін соғыстан кейін қираған Крещатиктегі қирандыларды тазалады, сонымен қатар барлық мерекелер мен концерттерде мектеп ансамблінде би биледі.
1940 жылы ол жергілікті Пионерлер сарайының би клубында өнер көрсете бастады, ал Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін отбасы Киевке қоныстанды, онда Григорий Чапкис Еңбек резервтері қоғамының ән-би ансамбліне болды. 1945 жылы осы топтың құрамында ол Кремльде, Иосиф Сталиннің алдында өнер көрсетті.
## Шығармашылық жолы
1946 жылы ақпанда Чапкис Украинаның мемлекеттік ән және би ансамбліне балет әртісі ретінде қабылданды. Чернышева, кейіннен КСРО халық әртісі П.Вирскийдің жетекшілігімен Украина КСР-нің Мемлекеттік еңбек сіңірген академиялық би ансамблі (қазіргі уақытта П.Вирский атындағы Украинаның Ұлттық еңбек сіңірген академиялық би ансамблі) деген атпен танымал болды.
1946-1972 жылдары Украина ән және би ансамблінде жұмыс істеді. Вирскийдің «Повзунец» биіндегі ең күрделі элементтің аңызға айналған және қайталанбас орындаушысы.Осы өнер ұжымындағы 26 жыл жұмыс істеген уақытында ол хореографиялық қойылымдардың барлығына дерлік қатысып, 70 тен астам шетелдік гастрольге қатысқан.Бұл кезең Григорий Николаевич өміріндегі ең жарқын кезеңдердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, 1949 жылдан - Иван Франко атындағы Киев театрының бірінші хореографы. Мәдениет министрлігі оны алты балет жұбына жетекшілік ету үшін Франко театрына жіберді.«Ұрланған бақыт», «Украина даласында», «Мартин Боруля», «Аймақтарда күн ашық, шық жарқырап тұр» спектакльдерінде қосалқы биші ретінде өнер көрсетті.20 жасында олар алғаш рет шетелге - Польшаға аттанды, онда оларды толық жеңіс күтіп тұрды. Олар Польша Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Беруттың қолынан сыйлық алды.Ол «Ломбард», «Ешқайда жол», «Күзгі вальс» фильмдерінде ойнады.
1973-1988 жылдары «Юность» концерттік-би залын басқарды, ал сексенінші жылдары Днепрдің сол жағалауындағы драма және комедия театры директорының орынбасары болды. 1988 жылдан 1990 жылға дейін Григорий Николаевич Италияда тұрды, кейін Киевке оралды.Уақыт өте Чапкис Украинада өзінің би мектебін ашты. 76 жасында оның танымалдылығы күрт өсті. Дәл осы жаста ол алғаш рет «Жұлдыздармен билеу» би жобасының төрешісі ретінде қатысты. Егде жасына қарамастан, ол бірнеше рет еденге шығып, оның өнерімен таң қалдырды.
## Өлімі
Чапкистің өлімінің ресми себебі әлі жарияланған жоқ. Бір нұсқаға сәйкес, бұл коронавирус болуы мүмкін.Соңғы жылдыры Григорий Чапкистің денсаулығы нашарлады. 2020 жылдың желтоқсан айында ол пневмониямен ауруханаға жатқызылды (Ковид-19 сынамасы теріс болды). Қаңтар айында ол қайтадан ауруханаға жатқызылды. Емделмеген пневмония оның тыныс алуын қиындатқан. Оның ауруынан айығуына көп уақыт қажет болды. Соңғы жарты жылда омыртқасы ауырып, үшінші рет ауруханаға барды.2021 жылы 13 маусымда дүниеден өтті.
## Марапаттары
* «Ерен еңбегі үшін» медалі (30.06.1951)
* «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі (24.11.1960)
* Украина КСР еңбек сіңірген әртісі (1964)
* Украинаның халық әртісі (08.02.2010)
* V дәрежелі Кінәз Дана Ярослав ордені(24.02.2020)
## Дереккөздер |
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев (4 желтоқсан 1962 жыл, Алматы облысы, Балқаш ауданы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, Жетісу облысының әкімі.
## Білімі
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Мамандығы – журналист, халықаралық қатынастар маманы. Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар, саяси ғылымдардың кандидаты.
## Еңбек жолы
1985-1994 жылдары әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеді. «Өркен» – «Горизонт» газеттерінің бас редакторы, Қазақ мемлекеттік телерадио кешенінің бас директоры болды.
1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімшілігінде басшылық қызметтер атқарды, қала әкімінің орынбасары болды.
1997-2000 жылдарда – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры.
2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.
2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан Республикасының «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі.
2003-2008 жылдарда Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болды.
2008-2009 жылдарда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды.
2009-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Қырғыз, Әзербайжан республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2019-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігінің басшысы, Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болды.
2022 жылдың 11 маусымынан бастап – Жетісу облысының әкімі.
## Отбасылық жағдайы
Үйленген, үш баласы бар.
## Марапаттары және атақтары
* «Құрмет» ордені (2007)
* «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медальдері
* Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2001)
## Дереккөздер |
Жаслан Хасенұлы Мәдиев (кейде Жасұлан; 13 маусым 1983 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер және 2024 жылғы мамырдан бері қызметтегі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.
## Жастық шағы және білімі
Жаслан Мәдиев 1983 жылғы 13 маусымда, Алматы қаласында дүниеге келген.
2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «әлемдік экономика және халықаралық қаржы» мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы Болашақ бағдарламасы бойынша Колумбия университетінің Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебін тәмамдады. 2016 жылы Массачусетс технологиялық институтының Слоун бизнес мектебіндегі оқуын аяқтады. Мамандығы — экономикалық саясатты басқару.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.
2007–2008 жылдары — «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері.
2008 жылы Президент Әкімшілігінің Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да жұмыс істеді.
2009–2010 жылдары — «KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2010–2014 жылдары — Қазақстанның даму банкі басқарушы директоры-мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары.
2014–2015 жылдары Қазақстан Ұлттық банкінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.
2017–2018 жылдары — Қазақстан темір жолы вице-президентінің міндетін атқарушы, қаржы жөніндегі вице-президенті.
2018 жылы Қазақстан темір жолының қаржы жөніндегі басқарма төрағасы болып тағайындалды.
2019–2020 жылдары — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.
2020 жылғы қазаннан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып қызмет етті.
2024 жылғы 6 мамырда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.
## Дереккөздер |
Нұрлан Телманұлы Ұранхаев (4 мамыр 1965 жыл, Семей) — қазақстандық саясаткер, 2022 жылғы маусымнан бері Абай облысының әкімі.
## Білімі
1982-1987 жж Қазақ политехникалық институтын "Инженер-механик" мамандығы бойынша бітірген.
1998-2001 жж Қазақ қаржы-экономикалық институтын "Экономист-менеджер" мамандығы бойынша бітірген.
2004-2006 жж Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін "Инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша бітірген.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 1987 жылы Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде шебер, прораб болып бастаған.
1995-1997 жылдары — Семей қаласының «Сарыарқа» АҚ сенім білдірілген басқарушысы.
2001-2003 жылдары — «Казиркутсклес» ЖТАҚ Бас директоры (Иркутск облысы).
2003-2005 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бастығы.
2005-2006 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы.
2006-2007 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2007 ж.— Астана қаласы, ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары.
2008 жылы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы.
2009-2010 жылдары — «Ертіс» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары, Семей қаласы.
2010-2013 жылдары — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
2013-2014 жылдары — Семей қаласы гуманитарлық инновациялық заң университеті президентінің кеңесшісі.
2014 ж. — ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, Астана қаласы.
2015-2017 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры, Астана қаласы.
2017-2018 жылдары — Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.
2019 – 2022 жылдары — Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы.
2022 жылы 11 маусымнан бастап жаңадан құрылған Абай облысының әкімі.
## Отбасылық жағдайы
Ұранхаев үйленген, ол — 3 баланың әкесі.
## Марапаттары және атақтары
* Құрмет ордені (2011)
* Парасат ордені (2016)
## Дереккөздер |
Естелік шақаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бағалы (999 сынамалық алтын – белгіленген бағасы 50, 100, 500, 1000, 50 000 және 100 000 теңге, 925 сынамалық күміс – белгіленген бағасы 100, 500, 500 және 500 теңге және биметалды күміс/тантал – белгіленген бағасы 500 теңге) және бағалы емес металдардан (нейзилбер – белгіленген бағасы 20, 50 және 100 теңге және биметалды нейзильбер/нибрасс белгіленген бағасы 100 теңге) жасайды. Алғашқысы, 1995 жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл және БҰҰ-ның 50 жылдығына арналған шақалар шығарылды.
Барлық шығарылған шақалар заңды төлем құралы болып табылады, олар атаулы құны бойынша қабылданады, олардың параметрлері стандартты шақаларға сәйкес келеді, алайда нақты ақша айналысында атаулы құны 20, 50 және 100 теңгелік бағалы емес металдардан жасалған шақалар ғана пайдаланылады.
Шығарылған шақалардың тақырыптары негізінен Қазақстанның әртүрлі мәдени-тарихи шындығын қамтиды. Қазақстанның Ұлттық Банкі мезгіл-мезгіл халықаралық шақа бағдарламаларына (ЕурАзЭҚ, «Әлемнің ең кішкентай алтын шақалары» және т.б.) қатысады, сондай-ақ инвестициялық шақаларды шығарады.
Барлық естелік шақалар қазіргі уақытта Қазақстан теңге сарайында соғылады.
## Статистикасы
2016 жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша 344 естелік шақа шығарылды.
### Шығарылым хронологиясы
## Инвестициялық шақалар
### Алтын инвестициялық шақалар
«Жібек жолы» инвестициялық шақалар топтамасы
999,9 сынамды алтыннан жасалған шақалар топтамасы.
«Алтын барыс» инвестициялық шақалар топтамасы
999,9 сынамды алтыннан жасалған шақалар топтамасы.
### «Күміс барыс» инвестициялық шақалар
999,9 сынамды күмістен жасалған шақалар топтамасы.
## Тағы қараңыз
* Қазақстанның бағалы емес металдардан жасалған естелік шақалары
* Қазақстанның биметалдық естелік шақалары
* Қазақстанның алтыннан жасалған естелік шақалары
* Қазақстанның күмістен жасалған естелік шақалары |
Жалаңашкөл көлінің маңындағы шекаралық қақтығыс (орыс. Пограничный конфликт у озера Жаланашколь) – 1969 жылы 13 тамызда КСРО шекарасын бұзған кеңес шекарашылары мен қытай жауынгерлері арасындағы қақтығыс. Соның нәтижесінде қытайлық басқыншылар кеңестік территориядан ығыстырылды.
Қытайда бұл шекаралық қақтығыс Қытайдағы Юмин уезінен Жалаңашкөл көліне қарай ағып жатқан өзен атымен байланысты Теректі оқиғасы (铁列克提事件) деп аталады. Шекараның қазақ (кеңестік) жағында Қусақ деген атпен белгілі Теректі өзені қазіргі қазақ-қытай шекарасын шамамен 45°37′00″ с. е. 82°15′30″ ш. б.45.61667° с. е. 82.25833° ш. б. / 45.61667; 82.25833 , ал кеңес-қытай шекарасының сызығы (кеңестік карталарда көрсетілген) сәл шығысқа қарай (топографиялық картада № 40 белгі).
## Фон
Даманск аралындағы шайқастардан кейін Қытай шекараны қайта қарау әрекеттерінен бас тартқан жоқ. 1969 жылдың мамыр-маусым айларында қытайлар Жетісу қақпасы аймағындағы қазақ секторындағы шекараны бірнеше рет бұзуға әрекеттенді. 12 тамызда шекара бекеттерінен алыс емес жерде кеңес шекарашылары қытай әскерлерінің көптігін байқады. Кеңестік тарап Қытай әскери қызметкерлерін келіссөзге шақырды, бірақ олардан жауап алмады. «Родниковая» және «Жаланашкөл» заставалары жоғары дайындық режиміне қойылды. Кеңес шекарашылары траншеяларды қазып, траншеялар мен байланыс өткелдерін жасады, сонымен қатар қапталдарға 2 БТР қойды.
## Шығындар
Кеңестік тараптың шығыны 12 адамды құрады, оның ішінде 10 адам жараланып, 2 адам қаза тапты. Қытайлардан 19 адам қаза тауып, 3 адам тұтқынға алынды, оның екеуі Үшарал қаласына жеткізілген кезде алған жарақаттарынан қайтыс болды.
## 13 тамыздағы оқиғалар
Таңертең Қытай әскерилері 9 және 6 адамнан тұратын екі топпен Жалаңашкөл заставасы аймағында кеңестік шекараны бұзды. Кеңестік территорияға 400 және 100 метрге барған қытайлықтар таңғы сағат 7-де көрнекі түрде қазуға кірісті. Осы кезде жүзге жуық қытай әскері шекара сызығының артына шоғырлана алды. Кеңес шекарашылары қақтығысты қантөгіске жеткізгісі келмеді, бірақ қытайлар ескертулерге жауап бермеді.
Теректі шекара заставасының сол қапталында да 12 қытай әскері шекараны бұзды. Сарбаздар басқару белдеуімен Каменная төбесіне қарай жылжыды. Подполковник Никитенконың бұйрығымен кіші лейтенант Пучков шекарашылармен бірге 2 БТР-мен қытай жауынгерлерінің жолын кесті. Пучков қытайлардың өз территориясына оралуын талап етті. Сағат 7.40-та бронетранспортерлер шекарашылардың жамылғысымен биіктерге қарай жылжыды. Қытай сарбаздары жауап ретінде пулеметпен оқ жаудырды. Кеңес шекарашылары жауап беруге мәжбүр болды.
«Бізге шабуыл жасау бұйырылған кезде, — деп еске алды Теребенков, — солдаттар бронетранспортерден бірден түсіп, алты-жеті метр аралықта таралып, төбеге қарай жүгірді. Қытайлар тек Каменнаядан ғана емес, шекара сызығынан да оқ жаудырды. Менде жеңіл пулемет болды. Кішкентай төбені көріп, артына жатып алып, окоптарды бірнеше рет атқылаған. Бұл кезде сарбаздар қимылдап жатты. Олар жатып, автоматты оқ жаудырғанда, мен жүгірдім. Сөйтіп, бір-бірімізді қолдап, көшіп кеттік».
Көп ұзамай тағы бірнеше ондаған қытай әскерлері шекарадан атқыштар мен танкке қарсы қарулармен қаруланған. Қытайлар төбелердің бірін басып алды. Олармен 3 бронетранспортердегі шекарашылар шайқасқа шықты. Аға лейтенант Ольшевскийдің қолбасшылығымен 2 бронетранспортердің қолдауымен 8 жауынгерден тұратын топ периметрлік қорғанысқа өтуге мәжбүр болған қытай солдаттарының артына өтті.
Говор тобы Оң биіктікке шабуыл жасады. Шабуыл кезінде ол қытайлықтардың оқына ұшырады, Дулепов қаза тапты, тағы 8 шекарашы жараланды. Алайда, шығынға қарамастан биіктік алынды. Ольшевский мен Теребенковтың топтары қытай окоптарына граната лақтырды. Бұл ретте шекарашылар шығынға ұшырады, қатардағы В.Рязанов өлімші жарақат алды. Сағат 9-ға қарай биіктік қайтарылды, кеңес жауынгерлері шекарада бекіністі. Қытайлар бұдан былай шабуыл жасаған жоқ.
Ұрыс даласында 4 ТТ тапаншасы, 9 СКС карабині, бір РПД пулеметі, 4 танкке қарсы граната және 27 қол гранатасы, 6 жинақталған снаряд, радиостанция, 2 кинокамера, 1 фотоаппарат және басқа заттар табылды.
## Салдары
Бұл қақтығыс КСРО мен Қытай арасындағы Даманск аралындағы шайқастардан кейінгі ең ірі әскери қақтығыс болды. Қытай тарапы шекараның қазақстандық бөлігінде бұдан былай арандатушылық жасаған жоқ. 1969 жылы 14 қыркүйекте Бейжіңде А.Н.Косыгин мен Чжоу Эньлай соғысты тоқтату туралы келісімге келді.
1970 жылы 7 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының № 5095-7 Жарлығымен отыздан астам ерекшеленген шекарашылар марапатталды:
* Ленин ордені – 1 әскери қызметші
* Қызыл Ту ордені – 5
* Қызыл жұлдыз ордені – 6
* 3-дәрежелі Даңқ ордені – 2
* «Ерлігі үшін» медалі – 10
* «Әскери еңбегі үшін» медалі – 11
## Қақтығыс алаңының одан әрі тағдыры
1998 жылы 4 шілдеде ҚХР төрағасы Цзян Цзэмин мен Қазақстан президенті Алматыда өткен «Шанхай бестігінің» үшінші саммиті кезінде даулы аймақты Қытайға беру туралы келісімге қол қойды. 2008 жылы 13 тамызда Қытай билігі сол жерде олардың марқұмдарына ескерткіш орнатты.
## Дереккөздер |
Степан Ильич Хмара (укр. Степан Ількович Хмара; 12 қазан 1937 жыл, Бобятин, Львов воеводиясы Польша - 21 ақпан 2024 жыл, Киев, Украина) — украиндық саясаткер, кеңестік диссидент және саяси тұтқын, Украина Республикалық партиясын құрушылардың бірі, Украина Батыры.
## Өмірбаяны
Степан Хмара 1937 жылы 12 қазанда Бобятин ауылында (қазіргі Львов облысы, Червоноград ауданы) шаруа отбасында дүниеге келген. 1964 жылы Львов мемлекеттік медицина институтын бітірді. Отбасы: ұлы - Роман, қызы - Соломия, ұлы: Тарас (2002).
1955-1959 жылдары - Львов облысы Радехов ауылында, кейін Қазақстанда жүргізуші болып жұмыс жасады.
1964 жылдан - Львов облысы, Сокал ауданы, Гирник қаласында тіс дәрігері болды. Диссиденттер қозғалысына қатысады.
1974 жылы В.Черноволь қамауға алынғаннан кейін ол «Украинский вестник» астыртын журналын қайта шығаруды бастады.1975 жылы Хмара алғаш рет ұсталып, бірақ қылмыстың айғақтарының жоқтығына және антисоветтік үгіт-насихатқа қатысуына байланысты көп ұзамай босатылды.
Львов облысы, Червоноград қалалық кеңесінің Горняк қаласында өз мамандығы бойынша жұмыс істеген адам диссиденттік қозғалысқа белсенді түрде қатысты - ол самидат және басқа да тыйым салынған әдебиеттерді таратқан, Украинада алғаш рет Сахаровтың «Бейбітшілік, зияткерлік туралы ойлар» еңбегін аударған, жасырын түрде «Украина хабаршысы» журналын шығарған.
Оған «украиндық ұлтшылдық әрекеттері» туралы айғақ 1980 жылы ғана жиналды, дәл сол кезде оны КГБ саяси және адам құқықтарын қорғау қызметі үшін қамауға алып, «антикеңестік үгіт-насихат» бабы бойынша айыпталып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Жазасын Оралдағы №35, 36 саяси тұтқындарға арналған лагерьлерде өтеген.Қажымас ұстанымы үшін, диссиденттік әрекеттерін тоқтатпай, өз идеяларын бұзбай және сатқындық жасамай, сол жерде, лагерьде 306 күнді жазалау камерасында өткізді. Сондай-ақ, қайта-қайта ол әділетсіз қудаланғаны үшін украин халқының атынан аштық жариялады.
1987 жылы Степан Хмара 50 жасында бостандыққа шығып, Украинаға оралды, онда коммунистік режимге саяси оппозиция ретінде әрекет еткен Украина Хельсинки одағының жетекшілерінің бірі болды және оны Республикалық партияға айналдырғаннан кейін, 1990 жылдың сәуірінен - партия төрағасының орынбасары.1990 жылы Жоғарғы Радаға сайлауда Львов облысының №261 Индустриалды сайлау округінде 63,61 пайыз дауыс жинап, Украина парламентінің халық депутаты болып сайланды.
1990 жылы қарашада ол полицияға шабуыл жасады деген айыппен қамауға алынды. Ол 1991 жылы сәуірде босатылды.
2001 жылы ол Леонид Кучманы президенттіктен кетіруді жақтады. Ол «Ұлттық құтқару форумы» мен «Кучмасыз Украина» науқанының жетекшілерінің бірі болды.
2006 жылы ол Юлия Владимировнаның билікке нағыз мафияны басқарып отырғанын, ал оның партиясы нағыз мафиялық құрылымға айналғанын айтып, Юлия Тимошенконың командасын жанжалмен тастап кетті.
«КСРО-дағы украиндардың этноциді» және «Басты тәртіпсіздік», «Бүгін өткен туралы», «Әділетті Украина үшін» және «Номенклатуралық тәуелсіздіктің он жылдығы» кітаптарының авторы.
## Марапаттары
* Украина Батыры атағы, «Держава» орденін қоса (2006 ж. 19 тамыз) – Украина мемлекеттілігінің тәуелсіздігін жаңғырту жолындағы күрестегі көрнекті жеке жетістіктері, бостандық пен демократия мұраттарына адалдығы үшін;
* «Азаттық ордені» (25 қараша 2008 ж.) - Бостандық күніне орай азаматтық ерлігі, демократия мұраттарын орнату жолындағы күрестегі адалдығы үшін;
* 5 дәрежелі Кінәз Дана Ярослав ордені (2007 ж. 11 қазан) - Украинаның тәуелсіздігі үшін күресте ымырасыз және берік ерік-жігері үшін және туғанына 70 жыл толуына орай;
* Тернополь қаласының құрметті азаматы.
## Дереккөздер |
II Абдолла Хан (өз. Abdulla II; 1534 жыл – 8 ақпан 1598 жыл) — Мәуереннаһр билеушісі (1583-98). Бұхара хандығының 11-шы ханы.
Дешті Қыпшақ ханы Әбілқайырдың 12 ұлының бірі Қожа Мұхаммед, одан Жәнібек → Ескендір → Абдолла.
Шайбани әулетінен екі Абдолла шыққандықтан зерттеушілер оны II Абдоллах деп атаған.
II Абдоллах XVI ғасырдың 40-50 жылдарындағы Шайбани әулеті сұлтандарының билік үшін Орта Азияда жүргізген өзара күресіне араласып, Бұхарға әкесі Ескендірді хан етеді. Әкесінен кейін таққа өзі отырады. II Абдолла XVI ғасырдыңдың 2-жартысында жүргізген соғыстары «дербес ұлыстарды жинақтау» деген атқа ие.
Соғыс барысында ол Балхты (1573), Хисарды (1574), Самарқаны (1578), Ташкентті (1582), Бадахшанды (1584), Гератты (1588) басып алды. 1593.ж, 1594.ж, 1596 жылдардағы жорықтарының нәтижесінде Хорезмді бағындырды. 70-жылдардағы Ташкент билеушісі Баба сұлтанмен күресте қазақ ханы Ақназар (Хақназар) Абдолла Ханды қолдады. Баба сұлтан жеңіліп, Абдолла Ханмен келісім жасаған соң, Қазақ хандығы Ташкент билеушісіне қолдау көрсетті. Тәуекел хан тұсында (1582-98) Мауераннахр билеушісімен Сыр бойындагы қалалар үшін күрес өрбіді. Абдолла Хан Сібірдегі Көшім ханмен одақтасып қазақтарға қарсы саясат жүргізді.
Абдолла Ханға өзінің туған ұлы Абд әл-Мұмин қарсы шығып, жеңіске жетті. Абдолла Хан өлтіріліп, таққа баласы отырды. 6 айдан кейін Абд әл-Мұмин хан да өлтіріліп, Орта Азиядағы Шайбани әулетінің билігі толығымен жойылды. Абдолла Хан туралы Хафиз Таныштың «Шараф наме-ий шахи» немесе «Абдоллах наме» атты 16 ғ-дың соңында жазылған шығармасы бар.
## Әдебиет
Әдеб .: Ахмедов Б.А., Орталық Азияның тарихи-географиялық әдебиеті, 16-18 ғғ. Жазбаша ескерткіштер. Таш., 1985;Гафуров Б.Г., Тәжіктер. Ең көне, ежелгі және ортағасырлық тарих, Кітап. И, Душанбе, 1989; Қазақстан тарихы, Бес томдық. 2-т., А., 1998 ж.
## Дереккөздер |
Нұралыұлы Есім хан (1739/44—27.3.1797) — Кіші жүз ханы (17.9.1795 — 27.3.1797), Нұралы ханның үлкен баласы, Ерәлі ханның мұрагері, Әбілқайыр ханның немересі. Шешесі Орта жүз ханы Күшік ханның қызы.
## Өмірбаяны
Алғашында Кіші жүз құрамындағы байұлы тайпасының бір руын басқарған. 1796 жылы күзде Орынбор генерал-губернаторы С.К. Вязмитиновтың қолдауымен хан болып сайланды. Есім іс жүзінде Орынбор шекарасына дейінгі Жайық өңірінің далалық жерін қоныстанған жетірудың бір бөлігі мен байұлының кейбір руларына ғана билік жүргізді. Есімді хан сайлауға байбақты руының старшыны, батыр Сырым Датұлы мен оны жақтаушы Кіші жүздің басқа да старшындары қарсылық білдіреді. Бұған себеп: 1788 жылы Есім Сырым батырды Ерәлі ханға ұстап беріп, ол бір жыл қамауда болады. 1794 жылы Сырымның үзеңгілес серігі, есентемір руының старшыны Мыңбай қамауға алынғаннан кейін Сырым батыр бастаған старшындар тобының Есімге қарсы наразылығы күшейе түседі. 1799 жылы 27 наурызда Есім кердері Тілеп Қорбасұлы, шекті Үтеғұл, кете Қосбаймырза, шөмекей Баймырза, алаша Шолақ, т.б. старшындардың қолынан қаза табады. Ханның туған-туыстары Жайықтың арғы жағына қашып, Орал қаласын паналайды. Есім қалмақ бекінісіне қарама-қарсы Орал қаласы маңындағы далада жерленген. Есімнің әйелінен 9 ұлы болған.
## Дереккөздер |
Абдаллах-хан (?—30.10.1675) — Турфана, Шалыш (1635-1668), Мамлакат-и Моголийе және Орталық Моғолстан ханы(1638-1668). Абдар-Рахим ханның баласы.Жеті жасында, мырза Абу-л-Хадидың тәрбиесінде өсті. Абдар-Рахим ханның өлімінен кейін, Абу-л-Хади оны Шалышқа әкелді. Ол жерде, барбилікті өзіне інісі Абу-л-Мухаммад алғысы келген. Бірақ, ол тақты туған ағасына бере салды да, Турфанаға хаким ретінде кетті. Біраз уақыттан соң, Абдаллах хан амирлерге, билікке қол жеткізгісі келген Абу-л-Хадині, оған 2 ұл тауып берген оның үлкен қызымен тұрмысына қарамастан оны өлтіруге ант берген. Аталық таққа отырға соң, ол тура сол 1634 жылы Ақсуды жаулап алды. Бұған қарамастан да, оның келесі Қашғаруға баратын жолын, Тұрғайдағы шайқаста Сұлтан-Ахмад II ханмен бұзылды. Ол сол жерде жеңіліс көрді.
1636 жылы, өзі мен інісі Абу-л-Мұхаммад ұйымдыстырған жорықтың нәтижесі Қашғар мен Хотанның жаулауын және Султан-Ахмад II ханның Мәуренахрға қашуына әкелді. Кейін, Абдаллах хан қайтадан Мамлакат-и Моголийе тағына отыруына 1638 жылы әкелді. Султан-Ахмад II ханның әскерінің жақындауын естіп, 200-дей Қашғарда және100-дей Яркенде бай шенеуніктерді өлтірді.
Қазақ хандарымен достық қарым-қатынасты ұзақ уақыт бойы ұстап тұрды. 1640-41 жылдары Бадахшан мен Балорды жаулап алды. 1668 жылы тақтан бас тартып Үндістанға қашып, жеті жылдан кейін сонда қайтыс болды.
## Сыртқы сілтемелер
* Акимушкин О. Ф. Средневековый Иран: Культура, история, филология. — СПб.: Санкт-Петербург "Наука", 2004. — С. 230-264. — 403 с. — (Восток: Общество, культура, религия). — 1200 экз. — ISBN 5-02-027059-8.
* Шах Махмуд ибн мирза Фазил Чурас. Хроника. М. Наука. 1976 |
Барақ хан (т.ж. белгісіз — 1428 жылы қайтыс болған) Ұрыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ Ордадағы өз әулетінің билігін қалпына келтірді.
Туған жылы туралы дерек жоқ, 1428 жылы қайтыс болған. 1423-1428 жылдары Ақ Орданың ханы болды. Құйыршық ханның ұлы, Орыс ханның немересі. Барақ өз тұсында ең беделді хандардың бірі болған. Сығанақ қаласын салуды басқаруға қатысты. Алтын Орданың күйреуі кезеңінде, төре тұқымдарының таққа тартысы кезінде, Ақ Орда бірқатар ұлыстарды иеленғен болатын. Тақ мұрагерлерінің бірі Барақ хан еді. Баласы Жәнібек хан мен інісі Керей хан 1456 жылы Ақ Ордада әкесінің әулетін жаңғыртты.
## Билік жылдары
1416 жылы Дешті-Қыпшақтың билеушілері мен Темірдің немересі Ұлықбектің арасында Сырдарияның төменгі ағысындағы жерлер үшін күрес басталды. Бұл күрес бүтіндей жүз жылға созылды. Ұлықбектің соғысқа араласуына Барақ ханның одан көмек сұрауы себеп болды. Бұл 1419 жылы мамыр айында Самарқандта болған еді. Ұлықбек Барақ ханға қонақжайлылық көрсетіп, оған көмектесуге бел байлады. Барақ хан өз қарсыластарын жеңіп, билігін бірте-бірте нығайта берді. 1422 жылы өзінің ең негізгі қарсыласы — Мухаммед ханның Ордасын бағындырғаннан кейін, Барақ хан Дешті-Қыпшақ аумағының үлкен бөлігін жаулап алды. Оның аумағы Сырдарияның төменгі ағысынан Арал теңізіне дейінгі аралықта, солтүстікте Жайық өзенінен Тобыл өзеніне дейін, солтүстік-шығыста Ертіс өзеніне дейін созылып жатты. 1423 жылы хандық билікке қол жеткізген Барақ хан Мәуереннахрға қарсы бағытталған саясатты жүргізе бастады. 1425 жылы Ұлықбек мемлекеті мен Сығанақ арасындағы шекараға ішкерілей жақындаған Барақ хан бұрын атасы Орыс ханның қол астында болған, одан Темір жаулап алған Сырдария өзенінің бойындағы Ақ Орданың ежелгі жерлерін қайтаруды талап етті. 1427 жылдың басында Сығанақ түбінде Ұлықбек пен Барақ хан әскерлері арасында кескілескен ұрыс болды. Жеңіліске ұшыраған Ұлықбек әскерлері Самарқан қаласына дейін ығыстырылды. Тек 1427 жылдың мамыр айында соғысқа Шахрух бастаған Ғират әскерінің араласуымен Барақ хан Дешті-Қыпшаққа кері оралуға мәжбүр болды. Сығанақ қайтадан Орыс хан тұқымдарының ордасына айналды.1428 жылы Моңғолстан сұлтаны Махмуд оғланға қарсы шайқаста Барақ хан қаза болды. Сол 1428 жылы Дешті-Қыпшақты Әбілқайыр хан (1428-1468) жаулап алған еді.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз |
Subsets and Splits