text
stringlengths 3
252k
|
---|
Қапал – Ақсу алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жетісу облысының Ақсу ауданында. Ұзындығы 42 км (салаларын қосқанда 204 км), су жиналатын алабы 398 км2.
## Бастауы
Бастауын Жетісу Алатауының оңтүстік-батыс сілемі – Қаратаудың солтүстік беткейіндегі бұлақтардан алып, Қызылағаш өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Қар, жер асты суларымен толығады. Арнасы тік жарлы. Жылдық орташа су ағымы 2 м3/с. Өзен егін суғаруға пайдаланылады. Өзен бойында «Қапаларасан» санаторийі бар.
## Дереккөздер |
Мәуміт Сейтпембетұлы (1783 - 1855) – патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушы басшыларының бірі. Қолбасшы Есет Көтібарұлының кеңесші-ақылышысы. Көтеріліс жасақтарының Бас туын ұстаған, ержүректігімен, қайсар мінезімен аты аңызға айналған қаһарман батыр, ел арсында зор беделге ие болған, құрметке бөленген кісі. Сүйегі Арал қаласы маңындағы Жақсы Қылыш төбесіне жерленген.
## Дереккөздер |
Ақөзек – Балқаш көлінің солтүстігінде, Арқарлы (892 м) тауларының батысындағы аңғар.
## Географиляқ орны
Абай облысы Аягөз ауданында. Батысында Ақирек, солтүстігінде Қайрақтас, оңтүстігінде Керегетас (732 м), Қалмақеміл таулары орналасқан. Аңғар бойының қоңыр топырағында жусан, баялыш, астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Тау етегінде көптеген бұлақтар бар. Олар мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
«Азат» газеті — тәуеслсіз саяси газет. Құрылтайшысы — Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысы 1990 жылдың қазанынан 1993 жылдың қыркүйегіне дейін айына екі рет шығып тұрған. Қазақша — 56, орысша 7 саны жарық көрді. Қазақстанның егемен ел болуы, орыс отаршылдығының зардабын жою, тәуелсіз демократиялық мемлекет құру мәселелерін көтерді.
## Тағы қараңыз
* Азат азаматтық қозғалысы
## Дереккөздер |
Іле уақытша үкіметі – Іле төңкерісшілері 1944 жылы 12 қарашада құрған. Ол алғаш «Шығыс Түркістан Халық Республикасының уақытша үкіметі» деп аталады. Уақытша үкімет құрылған кезде Халықтық істер меңгермесі, Прокуратура, Жоғарғы сот, Қазына меңгерушісі, Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Дін меңгермесі, Әскери қару-жарақ мекемесі, Тасымал меңгермесі сияқты органдары болды. Әлихан төре, Әкімбек қожа, Ахметжан, Рахымжан, Мұхаметжан мақсым, Әбдікәрім Аббасов, Қабипе Ернасов, Әнуар Мұсабаев секілді азаматтар үкіметке басшылық жасады. Уақытша үкімет басында отырғандар үш түрлі топқа бөлінді. Біріншісі – Ахметжан, Аббасовтар бастаған коммунистік идеядағы адамдар; екіншісі – Әнуар Мұсабаев, Рахымжан уәкілдік еткен буржуазиялық көзқарастағылар; үшіншісі – Әлихан төре, Әкімбек қожа бастағңан діни жіктегілер. Марксистік-лениндік көзқарастағы Ахметжан бастаған топ бертін келе уақытша үкіметтің басшылық ұйытқысын өз қолдарына алып, Үш аймақ халқының қолдауына ие болды. Уақытша үкіметте Шығыс Түркістанның жалауы желбіреп тұрды. 1945 жылы 8 сәуірде уақытша үкімет шашырап жүрген партизандық топтардың басын біріктіріп, он мыңнан астам көтерілісшілерден «Ұлттық армия» жасақтады. Сол жылы мамыр айынан бастап Гоминьдан әскерлеріне қарсы шабуыл жасап, күйрете соққы берді. Маусымда Дөрбілжінді, шілдеде Шәуешекті, қыркүйекте Алтайды азат етті. Осылайша Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтары біріктірілді.
## Дереккөздер |
Большевиктерге қарсы Түркістан күрес одағы – Қоқан автономиясы күйреп, Түркістан республикасы құрылған соң, 1918 жылы көктемде кеңестерге қарсы құрылған астыртын ұйым. Оған бұрын Түркістан әскери ұйымына қараған орыс офицерлері, жергілікті орыс буржуазиясының шенеуніктері мүше болды. «Одақ» Ресейде монархияны қалпына келтіруді өз мақсаты етіп белгіледі. Оның қызметіне ағылшын әскер басшылары жетекшілік етті. Арадағы келісім бойынша «Одақ» Түркістандағы кеңестерге қарсы күштерді біріктіріп, кеңестерге қарсы қарулы көтеріліс ұйымдастыруға тиіс болды. Ағылшындар «Одақты» қаржымен және қарумен қамтамасыз етті. Ұйым мүшелері Ашхабадтағы және Верныйдағы 1918 жылғы бүлікті ұйымдастыруға қатысып, астыртын іріткі салу әрекеттерімен айналысты, Қоқан автономиясының қарулы күштерін құруға ат салысты. 1918 жылдың қазан айында Түркістан Төтенше комиссия мекемелері «Одақты» біржола жойды.
## Дереккөздер |
Аралтөбе – сарматтар дәуіріне жататын археологиялық ескерткіш. Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылынан шығысқа қарай Ақмешіт ғибадатханасының оңтүстік-батысында Құлшаната бейітіне таяу орналасқан.
1989 ж. Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі З.Самашев) ашқан. 1999 ж. алғашқы зерттеу нәтижесінде үш зират қазылды. Бұрын тоналған алғашқы екі зираттан мәйіт қаңқалары мен шыны моншақ, жебе, қанжар сынықтары табылды. Қорымның үш зираты тоналмаған. Зират түбіне шалқасынан, басы оңтүстікке қаратып жатқызылған мәйіттің жанынан жүзден аса жебе салған қорамсақ, қыш құмыра және темір қылыш табылған. Бұл ескерткіштің құндылығы – бұрын-соңды сарматтар дәуірінің (б.з.б. 4 – б.з. 2 ғ-лар) ескерткіштерінде қылыш емес, тек семсер мен қанжарлар ғана табылатын, ал қылыштың пайда болу кезеңі Еуропада аландар кезеңімен (4–5 ғ-лар), ал Азияда көне түркі тайпаларының әскери істерінің дамуымен байланысты қарастырылатын. Демек, қайқылау қылыштың шығу кезеңі біраз тереңдетіліп, оны аландар емес, осы көне Атырау өңірінде өмір кешкен сармат тектес халықтардың тарихымен тікелей байланыстыруға мүмкіндік туып отыр.
Үшінші қазылған зираттың да отандық археология үшін әкелер жаңалығы мол болды. Ол – осы арадан Қазақстан тарихы үшін үшінші алтын адамның табылуы еді, дәлдеп айтсақ, аталмыш зираттан сол баяғы сармат дәуіріне жататын ерлі-зайыпты адам мен олардың аяқ жағынан екі жылқы және қыран тақылеттес құс қаңқалары кездесті. Кезінде біраз тоналған бұл зираттың басқаларға қарағанда ерекшелігі әлгі адамдардың, әсіресе, отағасының кеуде киімі өте бай асыл бұйым – алтын әшекейлермен безендірілген. Керек десеңіз шашын түйген байламшасы, жанында жатқан қару-жарақ, қорамсақ жиектері, асатаяқ тұтқасындағы самұрық бейнесіне шейін алтынмен апталып, оймышталған. Шалбарының екі қапталы, балағының төменгі жиегі бағалы металмен жиектеліп, көмкерілген. Ал әйелі жанында сырға, сақина, басқа да әшекей бұйымдар сақталған. Тоналғанға дейін жерленген адамдардың киім-кешегі өте бай асыл бұйымдармен, көркем әшекейлермен безендірілген, қару-жарақтан басқа абыздың асатаяғы, т.б. болған.
## Дереккөздер |
* Өтенай – Жетісу облысы Ескелді ауданындағы ауыл.
* Өтенай – Жетісу облысы Талдықорған қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. |
Урк диалекті — Нидерландтағы Флеволанд провинциясының батыс жағалауында орналасқан Урк қауымында (бұрынғы аралда орналасқан) сөйлейтін диалект. XX ғасырдың ортасына дейін Урк арал болды. Бастапқыда ол Зейдерзе шығанағында болған. Қорғаныс бөгетінің құрылысынан біткеннен кейін Эйсселмер ішкі көліне айналды. Урк диалектісі эмланд және Батыс-шығыстық диалектілермен қатар, төменгіксондық және төменгіфранк диалектілері арасындағы өту аймағына жатады. Осы қарым-қатынастарға қарамастан, диалект өзінің сипаты бойынша бірегей. XIX ғасырдың соңынан көптеген лингвистер урк диалектісін зерттеумен айналысты.
Урк диалекті сондай-ақ фризо-франко-саксон диалектісі ретінде жіктелуі мүмкін; бұл фриз, төменгіфранк және төменгісаксон диалектілері арасындағы өтпелі диалектілердің ерекше тобы.
## Өнер
Геррит Пастеркамп урк диалектіндегі кітаптардың, соның ішінде еврей және христиан псалмдары мен беллетристиканың аудармаларының авторы. Урк тілінде орындалатын әндерді CD күйінде жариялай Leuster тобы бар.
## Құжаттама
Краудсорсинг урк-нидерланд онлайн сөздігі бар. Үрк диалекті үйірмесінің мәтін үлгілерін қоса алғанда, диалект туралы мәліметтер жиналысымен шағын веб-сайты бар.
## Статусы
Нидерландтар үкіметі урк диалектісін азшылықтың тілі ретінде мойындамады.
## Әдебиет
Harrie Scholtmeijer: Taal in stad en land: Utrechts, Veluws en Flevolands, Sdu Uitgevers, Den Haag 2002, ISBN 90-12-09008-3
## Ескертулер
[1][2] Мұрағатталған 24 ақпанның 2012 жылы.
## Сілтемелер |
Сырымбет батыр (туған-өлген жылы белгісіз) – би, батыр. Арғын руының ішінде бәсентейіннен шыққан , ХVІІІ ғасырда қан майдан, жаугершілікте көзге түскен батырлардың бірі. Жоңғарлармен шайқаста Абылай, Баян, Малайсары батырлармен бірге көптеген жанкешті ерліктер көрсеткен.
## Тарихи дерек
Тарихи деректерде оның атын алғаш рет Ш.Уәлиханов «Исторические предания о батырах XVIII века» атты еңбегінде жазған. Ол Сырымбеттің ерлігі туралы мәліметті Тәтіқара ақынның жырларынан алғанын айтады.Тәтіқара ақынның бізге жеткен төрт толғауының бірінде Сырымбеттің аты аталады:
...Көп қалмақтың жылқысы,Тұрымтайдай құнысты Бәсетиін Сырымбет,Оны да мен ер көрдім Оқ жіберіп ұрысты...
Мағжан Жұмабай өзінің «Батыр Баян» поэмасында жырға қосқан Сырымбет (1756-1757 жж.), Қытай мен қазақтың соғыстарында Абылайдың жанында серік болған бәсентиін – Сырымбет батыр:
...Жиылды өңшен ноян, ығай-сығай,Байжігіт, Тасболат пен би Толыбай,Ту баста Абылайды хан көтерген Қамқоры Қарауылдың шешен Қанай.Ашуы жауған қардай, шөккен нардай Қарт қыран қанжығалы қарт Бөгенбай. Бөкеннің жас жолбарыс жеткіншегі Аузынан жалын шашқан жас Жанатай.Найзасын нажағайдай ойнататын Жас барыс бәсентиін Сары Малай.Балталы, екпінді оттан Оразымбет,Сіргелі, шапшан оқтан ер Елшібек.Өзіне тірі жанды тең көрмейтін Тәкаппар Қошқарұлы ер Жәнібек.Қалданға ханмен бірге тұтқын болған,Жолдасы Абылайдың батыр Жәпек.Майданда от шашқандай оқ шашатын,Сырттанны Бәсентиін ер Сырымбет-Осындай өңшен көкжал жиылыста,Күңіреңіп жолбарыстай – «жау қайда?» — депті. (4, б.168-169)
Сырымбет батыр ұрпақтары қазіргі Павлодар облысы Май ауданында (Кеңес мен Ямышево ауылдары аралығы) тұрады.
## Дереккөздер |
«Қан мен тер» — толық метражды көркем фильм. 1978 ж. Қазақфильм студиясы шығарған.
## Сюжеті
Фильм ХХ ғасырдың алғашқы шегінде болған оқиғаларды кейіпкерлердің тағдыры арқылы баян етеді. Революциялық дәуірдің дүмпуі, сілкіне де бұлқына бастаған Арал өңірі, таптық күреске аттанған қазақ халқы — осының бәрі туындыда көрініс табады.
## Рөлдерде
* Еламан — Әнуар Молдабеков
* Тәңірберген — Тұңғышбай Жаманқұлов
* Ақбала — Гүлмира Шайбекова
* Қален — Ыдырыс Ноғайбаев
* Сүйеу — Нәби Рахимов
* Рай — Жексен Қайырлиев
* Генерал Чернов — Евгений Евстигнеев
* Федоров/оның ұлы — Владимир Сошальский
* Поручик Рошаль — Олег Видов
* Мөңке — Мұхамедқали Тәуанов
* Дос — Ақыл Құланбаев
* Қарақатын — Римма Қабдыәлиева
* Ақбаланың анасы — Айша Абдуллина
* Құдайменді — Әбілқасым Жаңбырбаев
* Алдаберген — Кененбай Қожабеков
## Дереккөздер |
«Қара таулар қазынасы» — толық метражды көркем фильм. 1978 ж. Қазақфильм студиясы шығарған.
## Сюжеті
Ш. Мұртазаның «Қара маржан» романының сарыны бойынша түсірілген фильм.
Фильм оқиғасы ірі тау-кен комбинатына кіретін Нартас атты ашық кенішінде өрбиді. Көптеген себептерге байланысты кеніш кенді кем беруде. Орныққан жағдайдан шығу жолын жас кеніш бастығы Нариман Жанаев ұсынады. Ол кеніш жұмысшылар арасынан қарсылық та, қолдау да кездестіреді. Осылайша, өндірістік мәселелердін артынан мінездер, көзқарастар, іске деген әртүрлі қарым-қатынас күресі тұрады. Жанжал адамгершілік салаға көшеді.
Қиын жағдай бас кейіпкердің жеке өмірінде де болуда. Марзиямен танысқанға дейін, ол әдемі Раушанды сүйемін деп ойлаған. Алайда маскүнем күйеуінен кеткен, емшектегі баласымен қалған ұстамды, көп сөйлемейтін Марзияны кездестіргеннен кейін, Нариман оған оның нағыз махаббатты келгенін түсінеді.
## Рөлдерде
* Нариман Данаев — Жамбыл Құдайбергенов
* Марзия — Рауза Тәжібаева
* Женя — Герман Колушкин
* Асқар Затаев — Нұрмұхан Жантөрин
* Хамзин — Нұржұман Ықтымбаев
* Раушан — Қамар Адамбаева
* Шамиль Шавлатұлы — Николай Кузьмин
* Тимофей Ильич — Игорь Боголюбов
* Ақрапов — Ғабдөш Сүлейменов
* Марзияның анасы — Әмина Өмірзақова
## Дереккөздер |
Жоржи Фернанду Пиньейру ди Жезуш (порт. Jorge Fernando Pinheiro de Jesus; 24 шілде 1954, Амадора, Португалия) — португалиялық футболшы, футбол жаттықтырушысы.
## Жетістіктері
### Бапкер ретінде
Командалық
* Португалия чемпионы (3): 2009/10, 2013/14, 2014/15
* Португалия кубогы (1): 2013/14
* Португалия лига кубогы (5): 2009/10, 2010/11, 2011/12, 2013/14, 2017/18
* Португалия суперкубогы (2): 2014, 2015
* Сауд Арабиясының суперкубогы (1): 2018
* Бразилия чемпионы (1): 2019
* Интертото кубогы (1): 2008
* УЕФА Еуропа лигасының финалисі (2): 2012/13, 2013/14
* Либертадорес кубогы: 2019
Жеке
* Португалияның үздік жаттықтырушысы (3): 2009/10, 2013/14, 2014/15
* Бразилия чемпионатының үздік бапкері (Placar) (1): 2019
* Рио-де-Жанейроның құрметті азаматы: 2019
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Мұхаметқали Жексембекұлы Табанов (1907, Талдықорған облысы – 1987, Тараз) – Жамбыл облысы театрын алғаш ұйымдастырушылардың бірі.
## Өмірбаяны
1928 - 30 ж. бұрынғы Жамбылдағы (казіргі Луговойдағы) малдәрігерлік техникумында оқыды.
1934 - 37 ж. Қазақ академиялық драма театрында актер болды.
1936 ж. Мәскеу қаласында откен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
1937 жылы Алматыдағы академиялық қазақ драма театрының шыңдалу мектебінен өтті.
1937 жылдан өмірінің соңына дейін Жамбыл облысы драма театрында қызмет етті.
1966 және 1976 ж. Жамбыл облыстық драма театрының труппасымен Алматы қ-нда өнер көрсетті.
## Марапаттары
1944 жылы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, 1945 жылы «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды.
1961 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі атағына ие болды.
## Рөлдері
Ол, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде» Кеңгірбайды, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуындағы» Жантықты, «Ақан сері – Ақтоқтыдағы» Қоңқайды, Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметшісінде» қызметкерді өзгеге ұқсамайтын мәнермен ойнады.
Табанов комедиялық жанрлардағы образдарды сомдаудың асқан шебері. Оның сахнадағы күлкісі мен іс-әрекетінің табиғилығы, көрермендермен «тіл» табыса білуі актерлік табысы болатын. Ол өзіне берілген рөлдердің сыр-сымбатын аса терең түсіне білетін сезімталдығымен көзге түсті.
Ойнаған рольдер тізімі: Жантық, Қоңқай (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Корпеш - Баян сұлу" мен "Ақан сері - Ақтоқтысында"), Жарас (Әуезовтің "Айман - Шолпанында"), Қожантай (С.Мүқановтың "Ботагөзі" бойынпіа), Сабатай, Әлен (Ш.Құсайыновтың "Кеше мен бүгін" және "Тоты-Тәмилласында"), Михеев (М.А. Шолоховтың "Тынық Доны" бойынша), т.б.
1969 ж. "Қараш-Қараш" фильміне қатысып, Қайранбай ролінде ойнады.
## Дереккөздер |
Брук кезінде екі шайқас (немесе Брук кезінде шайқас; исп.Batallas del Bruch; кат. Batalles del Bruc)-бригадалық генералы Франсуа де Шварц және дивизиондық генералы Жозеф Шабранның басшылығымен француз әскерлерінің арасында 1808 жылдың 6 және 14 маусымында болған шайқастар, және генералы Антони Франч-и-Эсталилл және Жуан де ля Крю Байгет басқарған каталондық еріктілер мен жалдамашылар арасында Пиреней соғысы кезінде (Наполеон соғыстарының бір бөлігі болып табылатын) болған шайқастар. Осы шайқастардың нәтижесі және Барселонадан алыс емес Эль-Брукадағы шайқастардың нәтижесі испандықтардың жеңісі болды. Француздар Француз империялық бүркүттің жоғалтудан кемсіту қосылды.
## 6 маусым
4 маусымда Франсуа Ксавье де Шварцтың бригадасының генералы басқаруымен 3800 сарбаздан тұратын француз отряды Сарагоса-Льюд бағытында қозғала отырып Барселонадан шықты. Сол күні қатты нөсер болды, бұл олардың қарқынын баяулатты; бұл көрші ауылдардан, испан еріктілерінен (sometent) және Барселона гарнизонының швейцариялық және Валлон сарбаздарынан (2000 адам) тұратын жергілікті испандық күштерді жұмылдыру үшін уақыт берді. Генерал Антони Франч-и-Эсталелла бастаған испандықтар Брук асуының бойында орналасқан.
Испандықтар үшін айқас сәтті аяқталды, және француздар 360 өлтірілгендер, 800 жараланғандар, 60 тұтқынға түскен және бір құрал-сайманды жоғалтып Барселонаға қайта бұруға мәжбүр болды. Партизандар, сондай-ақ басып алды империялық қыран[4].
## 14 маусым
Екінші француз сапарға шығу 14 маусымда Жозефом Шабран басқаруымен тек қана Эль-Брукта бірнеше ғимараттарды бұзды. 15 Маусымда жуан Байгет бастаған испандықтар Барселонаға кетіп бара жатқан кезде француздарға шабуыл жасады, нәтижесінде Шабранда 500-ден астам адам қаза тауып, жараланды.
## Ескертулер
Гейтс п. 59
Солис п. 167
Гейтс п. 59
## Әдебиет
(каталан.) Finestres, Jordi & Moliner, Antoni. Әскери литаврлар Әл-Брук. June, 2008.
Гейтс, Дэвид. Испан ойық жарасы: түбегі соғысы тарихы. Da Capo Press 2001. ISBN 0-306-81083-2
Оман, Чарльз. Түбегі соғыстың тарихы Том I.-Ла Вернь,Теннеси. : Kessinger Publishing, 2010. - ISBN 1432636820.
(фр.) Пигменттер, Ален. Dictionnaire des batailles де Наполеон. Tallandier, Paris, 2004.
## Сілтемелер
6-6-1808 Брухтың алғашқы әрекеті (исп.). Тәуелсіздік үшін испандық соғыс 1808-1814 жж.
14-6-1808 Брухтың екінші әрекеті (исп.). Тәуелсіздік үшін испандық соғыс 1808-1814 жж. |
## Өмірбаяны
Уәйісов Рүстем Сәдуұлы 1935 жылы 10 қаңтарда Омбы облысы Марьянов ауданы Құланцы ауылында дүниеге келген. Ақмола педагогикалық училищесін бітіргеннен кейін Ақмола облысы Қорғалжын ауданында мұғалім қызметін атқарады. Кейінірек Қайранкөл сегіз жылдық мектебі мен Буденный орта мектебінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1966 жылы Преснов ауданының Қазан мектебінің директоры болды, ал 1970 жылы облыстық партия комитетінің саяси ағарту үйінде әдіскер-кеңесші болып қабылданды. Бір жылдан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің насихаттау және үгіттеу бөлімінің нұсқаушысы болып ауыстырылды. 1975 жылы Соколов ауданының партия хатшысы болып сайланды. Осы қызметте 10 жыл жұмыс істеді және 1985 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті жанындағы баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі облыстық басқарманың бастығы болып тағайындалды. 1995 жылы құрметті демалысқа кетті. 2006 жылы облыс ардагерлері облыстық ардагерлер кеңесінің орынбасары болып сайланды.
## Жеткен жетістіктері
1979 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталды. Сондай – ақ "Тың жерлерді игергені үшін", "Еңбек ардагері", "Тыңға 50 жыл", "1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медальдары бар. Партия органдарында ұзақ жылдар бойы белсенді жұмысы үшін және 1984 жылдың 18 желтоқсанында туылған алпыс жасқа толуына байланысты Солтүстік Қазақстан облыстық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің грамотасымен дәріптелді.
Ардагерлер ұйымының жұмысына, өңірдің қоғамдық өміріне, жастарды патриоттық тәрбиелеуге белсенді қатысқаны үшін және республикалық ардагерлер ұйымының 20 жылдығына орай "Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесі республикалық ардагерлер ұйымының Құрмет грамотасымен мадақталды. Облыстық ардагерлер ұйымының жұмысына белсенді қатысқаны үшін облыстық ардагерлер кеңесінің грамотасымен марапатталды. "С.Қ. Құсайынов туралы "Жайсаң жан", Н.С. Данияров туралы жазылған "Есімі ел жадында", "Ата салты ұрпаққа мұра" және көптеген брошюралардың авторы. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі (қазір Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті).Мемлекеттік тілді насихаттауға белсенді қатысқаны үшін 2013 жылдың 7 қарашасында Астана қаласындағы "Назарбаев орталығында""Тіл жанашыры" қоғамдық бірлестігінде "Тіл жанашыры" төсбелгісімен дәстерленді
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Мадияр Ашкеев Рысбекұлы - (30 шілде 1988 ж. Қазақ КСР, Жамбыл облысы, Меркі) – қазақ боксшысы, 2014 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, 2014 жылғы Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) қола жүлдегері, Бірінші орта салмақтағы кәсіпқой боксшы (super welterweight). NABF Junior Super Welterweight Солтүстік Американдық бокс федерациясының чемпионы, NBA Super Welterweight чемпионы.
## Әуесқой мансабы
2014 жылдың қыркүйегінде Мадияр Ашкеев Лондон – 2012 Олимпиадасының чемпионы кубалық Рониэль Иглесиас Сотолонгомен (69 келіге дейін) жекпе жекке шыққанда жарақат алғанымен, 2:1 есеппен жеңіске жетті (47:48, 48:47,49:46 ), Алайда “Битва чемпионовта” жартылай кәсібі қазақстандық Astana Arlans командасы кубалық Cuba Domadores командасынан жеңіліп қалды. Маусымның нәтижесінде қазақстандықтар қолы жүлдегер атанды.2014 жылғы желтоқсанда Мадияр Қазақстан чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
## Кәсіпқой мансабы
2014 жылы Ашкеевке Нью-Йорк, Fight Promotions АҚШта кәсіпқой мамандығын бастауға шақырады. Алайда ол оны қабылдамады. 2015 жылы Ашкеев АҚШ-қа келіп, өзі Лос-Анджелесте танымал менеджер, қазақстандық және ресейлік боксерлерді бағыттаушы Эгис Климасты тауып алады. Қыста Эгис Мадиярды Америкаға шақырып, оған бірнеше жекпе-жек ұйымдастырып, промоутерлі компания-Main Events – пен келіссөз жүргізуге көмектесті. Окснард, Калифорния, АҚШ та дайындалған. Өз жерлесі Мейірім Нұрсұлтановпен бірге бір топта дайындалған. Қазақстандық алғашқы жекпе-жегін 2015 жылы 12 желтоқсанда Калифорнияда афроамерикандық Тэворус Тигаға қарсы ойнап, қарсыласының ойынды жалғастырудан бастартуына байланысты жеңіске жетті. Кейін екі жылдың ішінде 8 біріңғай жеңімпаз атанды. 2019 жылы 23 мамырда алғашқы NABF Junior Super Welterweight кәсіпқой-чемпион атағын алды. 2019 жылы 4 шілдеде украиндік боксшы Игорь Фаниянмен (16-20-3, 8 КО) жекпе-жекті жеңіп, екінші рет NBA Super Welterweight чемпион атағын йеленді. Екі боксшы да жарақат алып, Ашкеевке дәрігер жекпе-жекті жалғастыруға тыйым салды, бірақ алғашқы 4 раундқа байланысты оған жеңісті берді.
## Дереккөздер |
Мадияр Ашкеев Рысбекұлы - (30 шілде 1988 ж. Қазақ КСР, Жамбыл облысы, Меркі) – қазақ боксшысы, 2014 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, 2014 жылғы Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) қола жүлдегері, Бірінші орта салмақтағы кәсіпқой боксшы (super welterweight). NABF Junior Super Welterweight Солтүстік Американдық бокс федерациясының чемпионы, NBA Super Welterweight чемпионы.
## Әуесқой мансабы
2014 жылдың қыркүйегінде Мадияр Ашкеев Лондон – 2012 Олимпиадасының чемпионы кубалық Рониэль Иглесиас Сотолонгомен (69 келіге дейін) жекпе жекке шыққанда жарақат алғанымен, 2:1 есеппен жеңіске жетті (47:48, 48:47,49:46 ), Алайда “Битва чемпионовта” жартылай кәсібі қазақстандық Astana Arlans командасы кубалық Cuba Domadores командасынан жеңіліп қалды. Маусымның нәтижесінде қазақстандықтар қолы жүлдегер атанды.2014 жылғы желтоқсанда Мадияр Қазақстан чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
## Кәсіпқой мансабы
2014 жылы Ашкеевке Нью-Йорк, Fight Promotions АҚШта кәсіпқой мамандығын бастауға шақырады. Алайда ол оны қабылдамады. 2015 жылы Ашкеев АҚШ-қа келіп, өзі Лос-Анджелесте танымал менеджер, қазақстандық және ресейлік боксерлерді бағыттаушы Эгис Климасты тауып алады. Қыста Эгис Мадиярды Америкаға шақырып, оған бірнеше жекпе-жек ұйымдастырып, промоутерлі компания-Main Events – пен келіссөз жүргізуге көмектесті. Окснард, Калифорния, АҚШ та дайындалған. Өз жерлесі Мейірім Нұрсұлтановпен бірге бір топта дайындалған. Қазақстандық алғашқы жекпе-жегін 2015 жылы 12 желтоқсанда Калифорнияда афроамерикандық Тэворус Тигаға қарсы ойнап, қарсыласының ойынды жалғастырудан бастартуына байланысты жеңіске жетті. Кейін екі жылдың ішінде 8 біріңғай жеңімпаз атанды. 2019 жылы 23 мамырда алғашқы NABF Junior Super Welterweight кәсіпқой-чемпион атағын алды. 2019 жылы 4 шілдеде украиндік боксшы Игорь Фаниянмен (16-20-3, 8 КО) жекпе-жекті жеңіп, екінші рет NBA Super Welterweight чемпион атағын йеленді. Екі боксшы да жарақат алып, Ашкеевке дәрігер жекпе-жекті жалғастыруға тыйым салды, бірақ алғашқы 4 раундқа байланысты оған жеңісті берді.
## Дереккөздер |
Хонатан Рамон Майдана (ис. Jonathan Ramón Maidana; 29 шілде 1985 жыл, Адроге, Аргентина) — аргентиналық футболшы, "Толука" клубының қорғаушысы. 2016 жылғы Америка кубогының финалисі, Либертадорес кубогының үш дүркін жеңімпазы.
## Жетістіктері
### «Ривер Плейт»
* Аргентина чемпионы (2): 2014 (Финаль), 2013/14 (Суперчемпионат)
* Аргентина екінші дивизионының жеңімпазы: 2011/12
* Аргентина кубогы (2): 2015/16, 2016/17
* Либертадорес кубогы (2): 2015, 2018
* Оңтүстік Америка кубогы: 2014
* Оңтүстік Америка Рекопа (2): 2015, 2016
### «Бока Хуниорс»
* Аргентина чемпионы (2): 2006 (Клаусура), 2008 (Апертура)
* Оңтүстік Америка рекопа (2): 2006, 2008
* Либертадорес кубогы: 2007
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Статистикасы |
Му Канадзаки (金崎 夢生, Канадзаки Му:?, 16 ақпан 1989, Миэ) — жапониялық футболшы, "Саган Тосу" клубының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
2007 жылы "Оита Тринита" клубында кәсіпқой карьерасын бастады. 2010 жылы "Нагоя Грампусқа" ауысты.
2013 жылы Германияның "Нюрнберг" клубына ауысты, бірақ негізгі құрамға орныға алмай, көбіне фарм-клубында алаңға шықты. 2014 жылы Португалияның "Портимоненси" клубына ауысты.
2016 жылы отанына оралып, "Касима Антлерс" футболшысы атанды.
2018 жылы "Саган Тосу" клубына ауысты.
## Жетістіктері
* Жапония чемпионы: 2010
* Джей-Лига кубогы: 2008
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Денис Алексейұлы Колодин (11 қаңтар 1982 жыл, Камышин, Волгоград облысы) — қорғаныс шебіндегі орыс ойыншысы. Ресей чемпионатының үшінші орын иегері (2004, 2008). Сонымен қатар Денис Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (2008). Британдық Daily Mail атты журнал бойынша, ең үздік Ресей ойыншылары қатарында Денис екінші орында тұр.
## Карьерасы
Денис өзінің кәсіби мансабын волгоградтық "Олимпий" футбол клубында бастаған. Ол клубтан соң Денис "Уралан" клубына ауысты. 2004 жылы самаралық "Крылья Советов" клубында өнер көрсеті. Ол командада Денис үздік ойын өнерін көрсетіп, біршама жанкүйерлердің жүрегінен орын алды. Сонымен қатар Денис Колодин "Крылья Советовте" ойнап бірінші рет Ресейдің ұлттық құрамасына шақырылды. 2005 жылы "Крылья Советов" командасы ақшадан қиналып Денисты мәскеулік "Динамо" клубына сатады.
2005 бастап 2010 жылға дейін Денис "Динамо" клубының негізгі сапында өнер көрсетеді. 2011/12 маусымында "Динамо" Денисты "Локомотив" командасына жалға береді. 6 шілде күні 2013 жылы Денис нижненовгородтық "Волга" футбол клубына ауысады.
## Жетістіктері
### Командалық
* Ресей кубогының финалисі: 2004
* Еуропа чемпионатының қола жүлдегері; 2008
### Жеке
* Ресей чемпионатындағы үздік 33 (4): № 1 — 2006, 2008; № 2 — 2007; № 3 — 2009.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
* Қызылшарық – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл.
* Қызылшарық – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. |
Bek Air ұшақ апаты (2019) - 2019 жылғы 27 желтоқсан күні Bek Air әуе компаниясының Алматы-Астана бағыты бойынша Z9 2100 нөмірлі рейсін орындайтын Fokker-100 ұшағы Алматы қаласы маңындағы Қызылту елді-мекеніне апатқа ұшырады. Соңғы деректерге сәйкес ұшақ бортында 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Қазіргі уақытқа 12 жолаушы қайтыс болғандығы белгілі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтындығы мәлімденді.
## Ұшақ
Fokker 100 маркалы ұшағы 1996 жылы құрастырылған. 2013 жылдан бері Bek Air компаниясының флотилиясында UP-F1007 нөмерімен тіркелген.
## Жолаушылары
## Апат себептері
Апаттың себебі ретінде бірнеше нұсқа ұсынылды. ҚР Ішкі істер министрінің мәлімдеуінше Bek Air әуе компаниясына тиесілі Fokker-100 ұшақ апатының болуы мүмкіндігі ретінде экипаждың қателігі, ұшақтың техникалық ақауы немесе навигация қызметінің қателігі. Өз кезегінде Bek Air компаниясының басшылығы апат себебі ретінде Z92100 рейс ұшағынан бір минут бұрын әуеге көтерілген ұшақ қалдырған әуе ізі деп мәлімдеді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Final accident report - AIID Kazakhstan (Russian)
Апат орны мен ұшақ қалдықтарының видеосы |
2000/01 жылғы Азия кубоктерінің маусымына қазақстандық клубтардан "Ертіс" Чемпиондар кубогына, "Қайрат" кубок иелері кубогына қатысты. Екі клуб та көктемгі турнирлерге дейін жетті, ал "Ертіс" қазақстандық клубтар арасында Азия Чемпиондар кубогының жартылай финалына жеткен жалғыз клуб боп тарихта қалды.
Бұл — Қазақстан клубтары қатысқан соңғы Азия кубоктарының маусымы болатын. 2002 жылы Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-ға өтті де, командаларымыз еуротурнирлерге қатыса бастады.
## Азия чемпиондар кубогы 2000/01
### Іріктеу раундтары
Бірінші кезең. Батыс аймақ
Екінші кезең. Батыс аймақ
### Топтық кезең. Батыс аймақ
### Жартылай финал
### 3 орын үшін
## Азия кубок иелері кубогы
### 1 раунд
* Голдарды 31, 77 минуттарда Олег Литвиненко соқты
* Голды 27 минутта Константин Горовенко соқты
### 2 раунд
* Голдарды 63 минатта Олег Литвиненко, 88-минутта Сергей Иванов, 89-минутта Дмитрий Бяков соқты
### 3 раунд
## Дереккөздер |
Сергей Александрович Козюлин (9 қыркүйек 1980, Тараз) — қазақстандық футболшы, қорғаушы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Карьерасы
### Клубтық
Тараз футболының түлегі. 1996 жылы "Тараз" клубы сапында кәсіпқой карьерасын бастады. Екі маусымда 25 кездесуде алаңға шығып, 1996 жылы Қазақстан чемпионы атанды.
1999-2000 жылдары Шымкенттің "Синтез" (кейін "Ордабасы" боп өзгерді) клубында доп тепті. 2000 жылдың ортасында "Достық" пен "Жігер" клубтары бірікті де, көптеген футболшылары басқа клуб іздеуге мәжбүр болып, Козулин Астанадан бір-ақ шықты. Маусым соңында "Жеңіс" сапында Қазақстан чемпионы атанды.
2004 жылы қайтадан Шымкентке, "Ордабасыға" оралды. 2006 жылы азырақ уақыт "Таразда" ойнағаны болмаса, 2010 жылға дейін "Ордабасыдан" ешқайда ауыспады.
Кейінгі жылдары бір маусым "Шахтерда", төрт маусым "Қыранда" өнер көрсетті. 2015 жылы "Қыран" сапында жүріп карьерасын аяқтады.
### Ұлттық құрама
Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын 2000 жылы 28 мамырда Палестинаға қарсы өткізді. 2003 жылға дейін тек жолдастық кездесулерге қатысып жүрді де, 2004 жылы 9 қазанда Ыстанбұлда Түркияға қарсы өткен ӘЧ-2006 іріктеуінде алаңға шықты. Қазақстан бұл ойында 0:4 есебімен ұтылды. Осы сәтсіз матчтан соң құрама бапкері Сергей Тимофеев қайтадан Козулинді құрамаға шақырмады.
## Жетістіктері
### «Тараз»
* Қазақстан чемпионы: 1996
### «Жеңіс»
* Қазақстан чемпионы: 2000, 2001
* Қазақстан кубогы: 2002
## Ескертпелер
## Сілтемелер
* Сергей Козюлин: «Хочется играть в составе команды, борющейся за медали»
* Сергей Козюлин: «Изучаю варианты» |
Қыз қуар (әз. qız qov; қыр. кыз куумай; башқ. ҡыҙ ҡыуыу) — (Кейде қыз қуу деп те аталуы мүмкін) Мерекелерде өткізілетін ат үстіндегі спорттық мәні бар ойындардың бірі. Қыз қуарға бір қыз, бір жігітті көз көрім жерге атпен жібереді. Барғанша жігіт қызбен әзілдесіп барады. Қайтарда Жігіт озуға тырысады, ал қыз жігітті қамшымен шықпыртуға тырысады. Ереже бойынша қыз жетсе, қамшының астына алуға хақылы. Жігіт тек тез қашуды және қамшы тигізбеуді көздейді. Көп жағыдайларда қыз қуып жетсе жігітке қамшы тигізбей, жай басынан қамшы үйіреді. Бұл жігіт үшін намысты жағдай. Егер жігітке ызаланса аямауы мүмкін. Бұл ойынды бір-бірін ұнататындар да, былайғы боз балалар да еркін ойнауы мүмкін. Ол әрі ат үстіндегі мәдение дене тәрбие.
Кейбір кейнгі зерттушілер бұл ойында қызды жігіт сүйеді дегенді айтады. Бұл ақылға қонымсыз, қыз қуар ойынын көрмегендердің фантазиясы. Олар осы арқылы бұл ойынды қазақ жастарының махаббаттасуы ретінде айтқысы келеді. Бірақ қазақ қоғамында жиналған жұрттың көзінше қызды сүю өте әдепсіз қылық есептеледі, ондай жағдайда намысқа тиіп, рулар арасында тіпті қақтығысқа әкелуі мүмкін. Сондықтан тіпті олар алда қосылатын, не қосылған жұптар болса да, бәрібір ат үстінде сүйісу деген әңгіме жоқ. Әрине, өзара әзіл-қалжың болуы мүмкін. Ойындағы ең басты ереже жігіттің атқа мықты шаба алуы, болмағанда қыздардың қамшысы тиіп масқара болуы.
Қыз қуар Қазақстанда, Қырғызстанда ойналатын ұлттық ат ойыны тобына жатады. Мерекеден басқа, бұл ойын бұрын үйлену тойларында өткізілген. Әрине, ежелгі нұсқасы қазір ережеге түсіп, бәлгілі бір тәртіппен өтізілу қолға алынды, бірақ негізгі нәрселер өзгерген жоқ. Ойынның негізгі көздегені жігіттердің намысын шыңдау, ат үстіндегі өнерін, қабілетін арттыру, жақсы ат баптау. Мықты жігіттер жақсы ат баптайды, ат үстінде де өте жақсы отырады, демек ол қыздан таяқ жей қоймайды. Ал, болбыр жігіттер ат үстінде дұрыс отыра алмайды, аты да шабан болуы мүмкін, демек ол қыздың қамшысына қалады.
## Өткізу тәртібі мен шарттары
Қыз қуар ойыны үшін жігіттер мен қыздар іріктеліп, жүйрік тұлпарларға мініп шығады. Қашықтығы 300, ал ені 30-40 метрлік тегіс, топырағы жұмсақ, ашық алаң таңдалып алынады. Жарыстың басталатын жері – алаңның бір маңдайында қатысушылар орағытып өту үшін қарақшы қойылады. Бұған көбінесе қызыл жалау қолданылады. Жарыстың екі түрі болады. Жарыс жекелей өтеді. Егер жастар екі топқа бөлінсе, онда ойын ережесіне сәйкес, қыздар мен жігіттердің саны тең болуы керек. Ойын төрешісінің бірінші белгісі бойынша, жігіт қыздан 10 метрдей қашықтықта алда тұрып, шабысқа дайындалып тұрады. Келесі белгіде олардың екеуі де аттарының басын жіберіп, шаба жөнеледі. Қыз жігітті бұрылысқа дейін қуып жетіп, қамшы үйіруі керек. Егер жігіт сол бетімен – қарақшыдан мәреге дейін қуғыншыға жеткізбесе, онда – жеңгені. Ал егер қыз қуып жетсе, жігіттің атын, әйтпесе өзін қамшының астына алады. Мұнда қыз жеңді деп есептеледі. Жарысқа қатысушыға бір-бірінің атын тоқтатуға, алаңнан сыртқа шығуға, қарақшыға жетпей мәреге оралуға рұқсат етілмейді.
## Әдебиеттегі қыз қуар
Қыз қуар «Манас» эпосында да айтылыпты:
Боз бала, жігіт аралас,Қыз-келінменен жарысып,Қызық өзен бойласып,Қызығысып қырандарҚыз қууспай ойнасып,Талықпай көшіп, бел байлапТаласты көздей бет алып,Ел шұрқырап, шу болыпЕр қуанып, ду болып,Кіндік кесіп, кір жуғанЖеріне көшіп келе жатад.
Бәрін өзіне ұйытып, қызықтырып,Қыз қуған жоқ,Барасың қызық қуып.Баяулай бер, жігіт-жан, баяулай көр!Қыз жүрегін жүрмеші суыттырып.
Қыз қуар туралы қазақ ақындары былай жырлаған:Қыз да қуып барады – қызық қуып,Бәрді ойынан бір сәтке ұмыттырып.Ұзай көрме, жігіт-жан, ұзай көрме!Біз де отырмыз,Кетпес деп біліп тұрып.
Қыз қуардың қызықта осысы бар,Озба, екеуің өзара тосысып ал.Шынашаққа ілгені қамшысы емес,Саған дарыр жүректің оты шығар…
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі
## Сыртқы сілтемелер
* [1] |
Муслим Агаев (29 сәуір 1974) — түрікменстандық және қазақстандық футболшы, Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Карьерасы
Карьерасында Түрікменстан, Қазақстан, Украина клубтарында доп тепті.
"Ертіс" клубының еурокубоктердегі тұңғыыш голының авторы. 2003/04 жылғы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеуінде өз алаңында "Омонияның" қақпасына гол соғып есеп ашты, бірақ клуб 1:2 есебімен ұтылып қалды да, келесі сатыға өте алмады.
2004 Қазақстан Ұлттық құрамасында ойнау мақсатында Қазақстан азаматтығын алды, бірақ ұлттық құрамаға шақырылмады.
## Жетістіктері
* Түрікменстан чемпионы (1994/1995, 1998).
* Қазақстан чемпионы: 2003
* Түрңкменстан кубогы: 1996, 1997
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Муслим Агаев (29 сәуір 1974) — түрікменстандық және қазақстандық футболшы, Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Карьерасы
Карьерасында Түрікменстан, Қазақстан, Украина клубтарында доп тепті.
"Ертіс" клубының еурокубоктердегі тұңғыыш голының авторы. 2003/04 жылғы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеуінде өз алаңында "Омонияның" қақпасына гол соғып есеп ашты, бірақ клуб 1:2 есебімен ұтылып қалды да, келесі сатыға өте алмады.
2004 Қазақстан Ұлттық құрамасында ойнау мақсатында Қазақстан азаматтығын алды, бірақ ұлттық құрамаға шақырылмады.
## Жетістіктері
* Түрікменстан чемпионы (1994/1995, 1998).
* Қазақстан чемпионы: 2003
* Түрңкменстан кубогы: 1996, 1997
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Файзулла Бейсенұлы Ордабаев (10 қараша 1966 жыл) — қазақстандық футболшы, футбол жаттықтырушысы, шабуыл және жартылай қорғаныс шебінде ойнаған.
## Карьерасы
### Клубтық
1992 жылға дейін Өзбек КСР-інің түрлі клубтарында ойнады да, 1992 жылы Шымкенттің "Жігер" клубына қабылданып, Қазақстан азаматтығын алды.
### Ұлттық құрама
Қазақстан Ұлттық құрамасында екі кездесу өткізді. 1994 жылы 11 сәуірде Тәжікстанға қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты.
1997 жылы 6 маусымда ӘЧ-1998 іріктеуіндегі Иракка қарсы кездесуде соңғы рет алаңға шықты.
### Бапкерлік
2004 жылы "Ордабасы" клубының бас бапкері қызметін атқарды. 2013 жылы "Астана-1964" клубының бас жаттықтырушысы болды.
2018 жылы "Оңтүстік Академия" командасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Файзулла Ордабаев "Оңтүстік Академияның" бас бапкері |
«Қапаз» (әз. Kəpəz Professional Futbol Klubu) — Әзербайжанның Гәнжә қаласындағы футбол клубы. 1959 жылы «Текстильщик» деген атаумен құрылды. Өз алаңындағы ойындарын қалалық стадионда өткізеді, сыйымдылығы 27 мың адамдай.
2017/18 жылғы маусым қорытындысында Әзірбайжан премьер лигасында соңғы орында қалды да, бірінші дивизионға түсіп кетті.
## Атаулары
* 1959–1962 — «Текстильщик» (Кировабад)
* 1962–1974 — «Динамо» (Кировабад)
* 1975–1981 — «Прогресс» (Кировабад)
* 1982–1988 — «Динамо» (Гәнжә)
* 1989–2005 — «Қапаз» (Гәнжә)
* 2005–2011 — «Гәнжә»
* 2011 — «Қапаз»
## Жетістіктері
* Әзірбайжан чемпионы: 1994/95, 1997/98, 1998/99
* Әзірбайжан чемпионатының күміс жүлдегері: 1999/00
* Әзірбайжан чемпионатының қола жүлдегері: 1993/94, 1995/96
* Әзірбайжан кубогы: 1993/94, 1996/97, 1997/98, 1999/00
## Сілтемелер
* https://web.archive.org/web/20150916224703/http://pfckapaz.com/
* https://web.archive.org/web/20121213015733/http://www.weltfussball.de/teams/fk-kapaz-ganja/ |
«Тұран» (әз. Turan Peşəkar Futbol Klubu) — Әзірбайжанның Тобуз қаласындағы футбол клубы, 1992 жылы құрылған. 2013 жылдан бері бірінші дивизионда ойнайды. Оған дейін тек Премьер лигада ойнап келген.
1994 жылғы Әзірбайжан чемпионы. Өз алаңындағы ойындарын Тобуз қалалық стадионында өткізеді.
## Жетістіктері
### Ұлттық
* Әзірбайжан чемпионы: 1993/94
* Әзірбайжан чемпионатының қола жүлдегері: 1992, 1993
* Әзірбайжан чемпионатының күміс жүлдегері: 1994/95
### Еурокубоктерде
## Сілтемелер
* https://facebook.com/TuranTovuzFC |
Елді мекендер
* Малыбай – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл.
* Малыбай – Павлодар облысы Аққулы ауданындағы ауыл.
Көл:
* Малыбай – Ертіс алабындағы тұйық көл. |
* Қайназар – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл.
* Қайназар – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. |
Түрген – Іле өзенінің сол саласы.
## Географиялық орны
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Бастауын Іле Алатауының мұздықтарынан алып, Іле өзенінің қазіргі Қапшағай су қоймасына құяды.
## Гидрологиясы
Түрген өзені мореннен ағатын мұздықтардан және сулардан алады. Өзен Шың түрген, Түрген (Ортатүрген) және Кіші Түрген өзендерінің қосылуынан пайда болады. Олардың әр қайсысы көптеген тармақтардан тұрады. Өзеннің жалпы ұзындығы 116 км.
## Жағалау сипаты
Өзеннің жоғарғы ағысында Алматы қорығы және Іле Алатауы ұлттық паркі, ал төменгі ағысында Қарашенгел қорықшасы орналасқан. Ауыз су мен егіншілікке пайдаланғандықтан өзен суы Ілеге көбіне жетпей қалады. Өзен жағасында Таутүрген минералды суының бассейны бар. Түрген өзенінің аңғары - еліміздің белгілі демалыс аймағы. Түрген, Қаракемер, Ақши ауылдарының маңында көптеген Сақ қорғандары орналасқан. Өзен аңғарында Таутүрген, Түрген, Қаракемер, Балтабай, Ақши, Қайрат, Күш елді мекендері орналасқан.
## Дереккөздер |
Қаратұрық — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Қаратұрық ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 52 км-дей жерде, жусан, ши аралас бетеге, боз, баялыш, бұйырғын өскен Іле аңғарының сұр, бозғылт қоңыр, қоңыр топырақты шөлейт жазығында орналасқан.
## Тарихы
Ауыл 1963-97 жылдары А.Саттаров атындағы темекі өсіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде 400 Қаратұрықта және округке қарасты Ащысай, Достық, Тауқаратұрық және Лавар ауылында 1997 жылдан Саттаров атындағы өндірістік кооператив және 400-ге жуық шаруа қожалығы құрылды.
## Инфрақұрылымы
Ауылдарда 4 орта, 1 бастауыш мектеп, 4 кітапхана, 2 мәдениет үйі, 2 клуб, 4 фельдшер-акушерлік пункт, 1 медпункт бар. Қаратұрық арқылы Алматы-Нарынқол автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
* Қаракемер – Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы ауыл.
* Қаракемер – Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы ауыл.
* Қаракемер – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл.
* Қаракемер – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Қаракемер – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл.
* Қаракемер – Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл. |
«Қала қалқаны» — толық метражды көркем фильм. 1979 ж. Қазақфильм студиясы шығарған.
## Сюжеті
Батыровтар әулеті демалыс күндерін өткізетін таудағы көлдің керемет сұлулығы лезде жоғалады - тау мұздықтарынан өлім мен апат алып келе жатқан сел құлайды. Батыровтардың қызы мерт болып, баласы ауыр жарақат алады. Қасым болған апатта оның кінәсі да бар екенін түсінеді: ол трестімен бірге аңғарда салған селге қарсы бөгеттері қиратылған. Демек, қала мүлде қорғалынбаған.
## Дереккөздер |
Йон Сивебек (дат. John Sivebæk; 25 қазан 1961 жыл, Вайле) — даниялық футболшы, қорғаушы.
1984, 1988, 1992 жылдары Еуропа чемпионатына, 1986 жылы әлем чемпионатына қатысқан.
Ұлы Кристиан Сивебек те футболшы.
## Жетістіктері
### Клубтық
* Дания кубогы (1981)
* Дания чемпионы: 1984
### Халықаралық
* Еуропа чемпионы (1992)
* Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (1984)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ұлттық құрамадағы ойындары |
Юрген Колер (нем. Jürgen Kohler; 6 қазан 1965, Ламбсхайм, ГФР) — германиялық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. Германия Ұлттық футбол құрамасында және Германия клубтарында, сондай-ақ "Ювентус" сапында доп тепкен. 1990 жылғы әлем чемпионы, 1996 жылғы Еуропа чемпионы. Әр жылдары Германия және Италия чемпионы атанған.
1997 жылы Германияның жыл футболшысы атанды.
## Жетістіктері
Германия/ГФР
* Әлем чемпионы: 1990
* Еуропа чемпионы: 1996
* Еуропа чемпионатының финалисі: 1992
* Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 1988
"Боруссия" Дортмунд
* Чемпиондар лигасы: 1997
* Құрлықаралық кубок: 1997
* Германия чемпионы: 1996, 2002
* Германия суперкубогы: 1995, 1996
"Бавария" Мюнхен
* Германия чемпионы: 1990
* Германия суперкубогы: 1990
"Ювентус"
* Италия чемпионы: 1995
* Италия кубогы: 1995
* УЕФА кубогы: 1993
## Қатысқан турнирлері
* Әлем чемпионаттары: 1990, 1994, 1998
* Еуропа чемпионаттары: 1988, 1992, 1996
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Есік қалалық әкімдігі — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына кіретін жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Есік қаласы
## Дереккөздер |
«Қала қалқаны» — толық метражды көркем фильм. 1979 ж. Қазақфильм студиясы шығарған.
## Сюжеті
Автокөлік апатынан кейін жүргізуші Қайсар бес жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, егерь болып жұмысқа тұрды. Жергілікті браконьерлер тобы алдымен жаңа егерьмен келісуге тырысты, бірақ Қайсар қиянатқа барудан бас тартты. Ол қылмыскерлерді бірден қолына түсірген жоқ. Ол олардың сеніміне ие болып, браконьерлерге «аңшылық» ұйымдастырып, милицияны шақырды. Бұл соңғы айқас Қайсарға жеңіс алып келді.
## Рөлдерде
* Қайсар — Әхтәм Әбушахманов
* Гүлқан — Наталья Арынбасарова
* Нұрғазы — Асанәлі Әшімов
## Дереккөздер |
Тобыл (орыс. Тобыл) — қала, Қостанай облысы Қостанай ауданы және Тобыл қалалық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы Қостанай қаласынан шығысқа қарай 5 км жерде, Тобыл өзенінің оң жағалауындағы орманды дала белдемінде орналасқан. Іргесі 1863 жылы қаланған.
## Кәсіпорындары
Тобылда арнайы машина жасау зауыты, құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорын, машина-трактор жөндеу шеберханасы, Тобыл орман шаруашылық кәсіпорны, сыра зауыты, наубайхана, т.б. кәсіпорындар, өндірістік кооперативтер мен серіктестіктер бар. Тобыл арқылы Қостанай–Меңдіқара–Петропавловск автомобиль жолы өтеді.
## Халқы
1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 20117 адамды (9637 ер адам және 10480 әйел адам) құраса, 2009 жылы 22908 адам (10826 ер адам және 12082 әйел адам) болды.
## Инфрақұрылымы
### Денсаулық
* Орталық аудандық ауруханасы
### Білім
* Нұржан Наушабаев атындағы мектеп
* Островский атындағы нөмірі бірінші мектеп
* Тобыл №2 орта мектеп
* Тобыл мектеп-гимназия
* Тобыл ауылшаруашылық колледжі
* Тобыл музыкалық мектеп
### Спорт және мәдениет
* БЖСМ (балалар-жастар спорт мектебі)
* "Алтын дән" мәдениет үйі
* "Тоболдық" стадионы
### Ғибадатханалар
* Маңдай батыр мешіті
* Православиелік храм
## Көлік
Қала жанынан халықаралық және қалааралық автожолдары өтеді (AH7 Азиялық маршруты (Екатеринбург–Карачи). Облыс орталығы - Қостанай қаласымен "Қостанай–Тобыл" автожолы арқылы байланысады. Қала ішінде қоғамдық көліктер - 106, 102, 116 автобус маршруттары жүреді.
## Туғандар
* Климова, Александра Ивановна (1921–2005) — театр және кино әртісі, Кеңес Одағының халық әртісі.
## Дереккөздер |
Радек Бейбл (чех. Radek Bejbl; 29 тамыз 1972, Нимбурк) — чехиялық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Карьерасы
Чехия, Испания, Франция, Аустрия клубтарында ойнаған.
Чехословакия және Чехия құрамаларында ойнаған. 1996, 2000 жылдары Еуропа чемпионатына, 1997 жылы Конфедерациялар кубогына қатысты.
1996 жылғы турнирде бес кездесуде алаңға шығып, бір гол соқты (топтық кезеңде, Ресей қақпасына). 2000 жылғы турнирде топтық кезеңдегі үш ойынға түгел қатысты, Чехия бұл жолы топтан шыға алмады.
## Жетістіктері
### Халықаралық
* Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1996
* Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 1997
### Клубтық
* Чехия чемпионы: 1995/96
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі Мұрағатталған 24 маусымның 2021 жылы. |
Философ тасы (лат. lapis philosophorum) – сынап сияқты жай металдарды алтын немесе Күміске айналдыратын әйгілі алхимиялық әпсаналық зат. Ол Зергерлік, немесе chrysopoeia (Гректің χρυσός khrusos, "алтын", және ποιεῖν poiēin, "жасау") сөзіне қатысты айтылады. Философ тасын тіршілік элексирі деп те атайды, яғни, адамды жасартып, күш-қуатын қалпына келтіретін, мәңгілік өмір сыйлайтын қасиетке ие. Алхимиктер сан ғасыр бойы осы тасты жасауды армандады. Бұл ұғым әлхимия терминологиясында негізгі орында тұрады, әрі кемелділік, жарқындық және киелілік мағынасын береді. Философ тасын ашуға арналған еңбектер «Magnum opus» (Ұлы еңбек) деп аталды.
## "Философ тасы" атауы
философ тасы (Philosopher's stone) сөзіндегі философ сөзі латынның philosophorum сөзінен келген. Бұл сөз мұнда тастың шынымен ғылыми мағынадағы философтардікі екенін білдірмейді, немесе философтар түсінігіндегі тас дегендік те емес. Бұл жерде "философтың" деген сөз жалпылық, дәстүрлі түсінік мағынасында айтылған. Алхимиктер орта ғасырда өздерін философ сезініп, бұл тасты философтардікі деп атаған.
Философ тасының көптеген атауы бар: ақ тас (calculus albus, ол жұмақ салтанатының символы), тотияйын (Visita Interiora Terrae Rectificando Invenies Occultum Lapidem); оған қоса мистикалық немесе мифтік жанама атаулары бар: Adam, Aer, Animal, Alkahest, Antidotus, Antimonium, Aqua benedicta, Aqua volans per aeram, Arcanum, Atramentum, Autumnus, Basilicus, Brutorum cor, Bufo, Capillus, Capistrum auri, Carbones, Cerberus, Chaos, Cinis cineris, Crocus, Dominus philosophorum, Divine quintessence, Draco elixir, Filius ignis, Fimus, Folium, Frater, Granum, Granum frumenti, Haematites, Hepar, Herba, Herbalis, Lac, Melancholia, Ovum philosophorum, Panacea salutifera, Pandora, Phoenix, Philosophic mercury, Pyrites, Radices arboris solares, Regina, Rex regum, Sal metallorum, Salvator terrenus, Talcum, Thesaurus, Ventus hermetis.
## Тарихы
### Антика дәуірі
Философ тасы туралы ең ежелгі деректі Панаполис тұрғыны Зосимостың жазбасынан кездестіреміз (б.з. 300 ж.) Алхимия туралы жазатын авторлар одан да ертеде пайда болғанын білдіретін аңыздар бар деседі. Элиас Ашмоле (Elias Ashmole) мен «Глория Мунди» (Gloria Mundi) (1620) еңбегін жазған белгісіз автор Адам пайғамбарға Құдайдың өзі тас туралы білдірген дейді. Сол ілімді меңгерген діндарлар ұзақ жасаған екен-мыс. Философ тасы туралы аңыз 118-псаломда сипатталған Сүлеймен пайғамбардың ғибадатханасы мен қабыл етпеген іргетас туралы хикаяда да бар]]..
Грек пәлсапасында да тасты жасаудың теориялық негіздері баяндалады. Кейін алхимиктер классикалық элементтерге, анима мунди (anima mundi) концепциясы мен Платонның Тимей (Timaeus) еңбегі сияқты әлемді жаратуға қатысты мәтіндерге сүйенді . Платонның пікірінше, материя бастауынан төрт элемент пайда болған, ол хаоспен қосылған. Алхимиктер Философ тасы жасауға қажетті негізгі қоспаны да prima materia деп атайды. XVII ғасырда Томас Воган «тастың ең бірінші қоспасы барлық затты жасауға қажетті алғашқы қоспамен бірдей» деп жазған.
### Ортағасыр
Ортағасыр алхимиктері Зосим мен араб империясы деректеріне сүйенді. Византия мен араб алхимиктері металды алтынға айналдыру идеясына қызықты, соны іс жүзінде орындап көрмек болды. VIII ғасырда өмір сүрген мұсылман алхимик Жабир-ибн-Хаян әр классикалық элементті төрт негізгі сапасына қарай талдады. От – ыстық әрі құрғақ, топырақ – суық әрі құрғақ, су – суық әрі дымқыл, ауа – ыстық әрі дымқыл. Оның пікірінше, әр металл осы төрт принциптің қоспасы, оның екеуі ішкі, екеуі сыртқы. Бір металды басқасына айналдыру үшін осы негізгі қасиетін қайта құрылымдау керек деді. Сол өзгерісті жүзеге асыратын затты грек тілінде ксерион, ал арабша әл-иксир деп атайды, элексир сөзі осыдан туындады. Алхимиктер көбіне Философ тасын құрғақ қызыл ұнтақ түрінде шығады деп болжайды.
Ұлы ойшыл Әл-Фараби Философ тасы туралы арнайы еңбек жазған екен. Ол "Элексир өнерінің қажеттілігі туралы (Әлхимия)" (The Necessity of the Art of the Elixir (Alchemy)) деп аталады. Кітапта металдар жеке қасиеттері бойынша түрлерге айырылып, оларды өзгерту мүмкіндіктері қарастырылады.
XI ғасырда мұсылман химиктер металды трансмутация жасауға қатысты дауласты. Парсы ғалымы Ибн Сина (Авиценна) бұл теорияға қарсы шығып, теріске шығарды.
Аңыз бойынша, XIII ғасырда өмір сүрген ғалым әрі палсапашы Альбертус Магнус Философ тасын жасаған-мыс. Магнус өз еңбектерінде сондай тас жасағанын айтпайды, бірақ трансмутация арқылы алтын алуға куә болғанын жазады.
### Ренессанс дәуірі
XVI ғасырда өмір сүрген Швейцария алхимигі Парацельс (Philippus Aureolus Theophrastus Bombastus von Hohenheim) алкахесттің бар екеніне сенді, оны ашылмаған элемент деп санады. Оның ойынша, басқа элементтер (су, ауа, топырақ, от) оның туынды формасы. Парацельстің пікірінше, Философ тасы деп соны айтамыз.
### Буддизм мен индуизмде кездесуі
Буддизм мен индуизмде Философ тасының баламасы — чинтамани. Оны Paras/Parasmani (Санскрит: पारसमणि, Хинди: पारस) немесе Paris (Маратхи: परिस) еңбектерінен көруге болады. Әулие Жнанешуар (Jnaneshwar) (1275–1296) металды алтынға айналдыратын Философ тасы туралы жазып кеткен.
## Сипаты
Ең жиі кездесетін қасиеті – жай металды алтын немесе күміске айналдыруы; аурудың барлық түрін емдей алуы, адам өмірін ұзартуы. Тағы басқа қасиеттері: үнемі жанып тұратын шам жасай алуы, жай түйіршікті асылтасқа, алмасқа айналдыруы; өлген өсімдікті тірілтуі, т.б.
## Сырт бейнесі
Философ тасы түрліше сипаттайды. Алхимиктердің еңбегіне сүйенсек, оны көбіне ақ (күміс жасау үшін) және қызыл (алтын жасау үшін) түсті етіп шығарады. Кейде қызғылт, сарғыш түрде сипаттайды, қатты немесе ұнтақ болады дейді. Әдетте алтыннан ауыр екені, кез келген сұйықтықта еритіні, бірақ отта жанбайтыны айтылады.
*
*
## Дереккөздер |
Қоңыртау – Жетісу Алатауының солтүстігіндегі Қызылағаш және Бүйен өзендерінің аралығындағы тау.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Ақсу ауданы жерінде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 1554 м (Көкқия асуы маңында). Батыстан шығысқа қарай 44-45 км-ге созылып жатыр, енді жері 9 км-ге. Солтүстік беткейі тік құлама. Ол Балқаш ойысына ұласады.
## Геологиялық құрылымы
Тектоникалық опрылыстар нәтижесінде пайда болған. Девон жүйесінің әктас, тақтатас, құмтастарынан түзілген.
## Өсімдігі
Жайпақ тау басында жусан аралас астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Қоңыр топырақты баурайында егін алқаптары бар.
## Дереккөздер |
Негізгі ұғым:
* Жайсаң – ұлық, мырза атауларымен мәндес.
Елді мекендер:
* Жайсаң – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы ауыл.
* Жайсаң – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Жайсаң – Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл. |
Қоңыртау — Абай облысы Аягөз ауданы, Ақшатау ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аягөз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 87 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
Павел Кука (чех. Pavel Kuka, 19 шілде 1968 жыл, Прага) — чехиялық футболшы, шабуылшы. Чехословакия және Чехия ұлттық құрамаларында ойнаған. 1996, 2000 жылдары Еуропа чемпионатына, 1997 жылы Конфедерациялар кубогына қатысқан.
## Жетістіктері
### Командалық
* Германия чемпионы: 1998
* Германия кубогы: 1996
* Чехия кубогы: 2002
* Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1996
* Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 1997
### Жеке
* Чехиядағы жыл футболшысы: 1994
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Статистикасы |
Бозой – Үстірттің солтүстік-шығысы мен Үлкен Борсық құмы аралығында жатқан қоныс. Ақтөбе облысы Шалқар ауданында, шөлді белдемде орналасқан. Аумағы 100 км2. Неоген шөгінділері жапқан денудацияланған жазықтың абсолютiк биіктігі 178 м (Жақсы Қояндықұдық төбесі). Сазды, сазды-құмды сұр және сортаң топырақ қалыптасқан. Көкпек, бұйырғын, қара жусан, т.б. шөптер өседі. Қоныста Бозой газ кен орны және Бозой ауылы бар. Онда газ магистралінің компрессорлық станция, газды қабылдайтын және сақтайтын газгольдер станциялар орналасқан.
## Дереккөздер |
* Сұңқар – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Сұңқар – Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл.
* Сұңқар – Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл. |
Карина Сәрсенова (2 сәуір 1975 жылы Алматы қаласында (Қазақстан) туылған) — ақын, жазушы, психолог, сценарист, «KS production» компаниясының негізін қалаушы және бас продюсері. «KS production» компаниясы музыка, театр және кино жобаларын жасау және жүзеге асырумен айналысатын. Әкесі Рашид Темірболатұлы Сәрсенов – қазақстандық кәсіпкер, саясаткер және «Маңғыстаумұнайгаз» директорлар кеңесінің төрағасы.
Карина Сәрсенова «Неоэзотерикалық фантастика» жаңа әдеби жанрының негізін қалаушы. Оның өлеңдеріне орыс тілінде және қазақ тілдерінде ән жазылған. «Махаббат сиқыры» авторлық әндер альбомы жарық көрген. «Жол сақшылары» романы желісі бойынша мистикалық триллер түсірілді.
## Марапаттары
* Ресей жазушылар одағының мүшесі
* «Золотое Перо Руси» халықаралық жүлдесінің алтын жүлдегері
* Маршак және Лермонтов медалінің кавалері
* «Трудовая доблесть России» құрмет белгісінің кавалері
* (БҰҰ) Достық және Бейбітшілік орденінің кавалері
* «Басшылық жетістіктер үшін»
* «Музыка өнеріне қосқан үлесі үшін»
* «Тарихи жәдігерлерді сақтаған үшін» медалдерінің иегері
* Ғылым мен бизнесті интеграциялау Халықаралық Академиясының корреспондент-мүшесі
* Еуразия шығармашылық бірлестігінің президенті
* Еуразия әдеби сыйлығының құрлытайшысы
## Әдеби шығармалар тізімі
### Әңгімелер жинағы
* «Отчаяние как шанс» (Қазақстанда және Қытайда қытай тілінде басылып шыққан )
### Эзотерикалық романдар
* «Всевластие пути» (Қазақстан, Ресей)
* «Дыхание пустоты» (Қазақстан)
* «Благословение на жизнь» (Қазақстан)
### Философиялық-эзотерикалық-психологиялық эсселер
* «Жизнь для тебя» ( Ресей)
* Роман «Хранители пути» (Ресей)
### Өлеңдер жинағы
* «Вселенная любви» (Қазақстан)
* «Взгляд сквозь небо» (Қазақстан)
* «По ту сторону заката» (Қазақстан)
* «Наедине» (Қазақстан)
* «Навстречу» (Қазақстан, Ресей)
* «Песня сердца» (Ресей)
* «Вдохновение жизнью» (Ресей)
### Аудио кітаптары
* «Радуга над небом» (Қазақстан)
* «Звучание сердечных струн» (Қазақстан)
### Әрқайсысы бір данадан шыққан өлеңдер жинағынан тұратын екі эксклюзивті сыйлық
* «Өмірге деген махаббат»
* «Чудо бытия»
Карина Сәрсенованың ӨНЕР МЕКТЕБІ Каспий университетінде ашылды.
## Дереккөздер |
«Үй жануарларының зираты» (ағылш. Pet Sematary) - америкалық жазушы Стивен Кингтің готикалық әдебиет жанрында жазылған романы. Алғаш рет 1983 жылы Doubleday баспасы жарыққа шығарды. Оқиға желісі бойынша, отбасылық жұп — Рейчел мен Луис Крид екі баласымен Ладлоу қаласына көшіп келеді. Жаңа үйлеріне таяу маңда көрші балалар өздерінің үй жануарларын өтірік жерлеп ойнап жүреді. Өлген пациенттің елесі Луиске ормандағы үй жануарларының зиратына бармауды ескертті. Луис оны елемей тиымды бірнеше рет бұзған. Өлім тақырыбын қозғай келе, Кинг баяндауда баладан айырылу қорқынышы мен некрофобияны қолданады.
Авторға романның идеясы өзінің мысығы Смакиді жерлегеннен кейін келген. Жазушы жазған дүниесін тым үрейлі деп санап, баспаға ұсынудан айнып қалады. Алайда баспамен қаржылық қиындықтардың кесірінен шығарманы басуға рұқсат береді. Роман америкалық және британдық оқырман тарапынан жылы қабылданды. «Үй жануарларының зираты» «Бүкіләлемдік фэнтези жүлдесі» мен «Локус» жүлделерін иеленді. Әдеби сыншылар кітаптың үрейлі екенін айтып, Уильям Уаймарк Джекобс, Мэри Шелли және Натаниэл Готорнның авторға әсер еткендігін мойындады. Кейбір сыншыларға шығармада қолданылған қорқыныштардың жеңілдігі ұнамады. Романды 1989 жылы режиссёр Мэри Ламберт экранизациялаған болатын. Кітапқа негізделген жаңа фильм 2019 жылы сәуірде жарық көрді.
## Дереккөздер |
«Өлі аймақ» (ағылш. The Dead Zone) — америкалық жазушы Стивен Кингтің детектив және қорқыныш элементі бар саяси триллер жанрында жазылған романы. Алғаш рет 1979 жылы Viking Press баспасы басып шығарды. Бұл Кингтің басылған бесінші романы еді, әрі Кингтің The New York Times газетіндегі бестселлерлер тізімінде көш бастаған тұңғыш шығармасы болды. Оқиға желісі бойынша, басты кейіпкер Джонни Смит көлік апатынан кейін бес жылға комаға түседі. Оянғаннан кейін ол болашақты болжай алатын қасиеті бар екендігін байқады. Ол саясаткер Грег Стилсонмен кездесіп, оның Үшінші дүниежүзілік соғысты бастайтынын болжаған.
«Өлі аймақтың» идеясы саяси кісі өлтірушінің дұрыс жасауы мүмкін екендігін ойлағаннан кейін пайда болды. Жазушы Джон Кеннедидің өлімінен кейін халықтың «мылтық ұстаған адамға» деген көзқарасын өзгерткісі келгені білінеді. Шығарманың түпкі ойы бір қарағанда өлтірушіні ақтауға тырысады. Автор бұл жұмысын мақтан тұтып, өзінің ең алғашқы нағыз романы деп есептеген. Кингтің ойынша басты кейіпкердің бейнесі «халықтан шыққан адамға» жақын болуы керек еді. Сол кездері негізгі антогонист қорқынышты, жиіркенішті болу керек болатын. Соңғының саяси образы Ричард Никсонге келеді. Шығарма үздік фэнтези роман номинациясында «Локус» жүлдесіне ұсынылды.
Әдеби сыншылар «Өлі аймақты» жазушының ең үздік шығармаларының бірі деп есептеді. Романның жақсы жақтары деп антагонистті, сюжетті жалған нотасыз және тежеусіз баяндауды, кішігірім көлемі мен кинематографтығын атады. Шығарманың ең басты тақырыптарының бірі — туындап жатқан саяси катастрофа. Кітаптың табысқа жетуі автордың абыройын бекітті. Роман екі рет экранизацияланған: бірінші рет 1983 жылы кинофильм форматында режиссёр Дэвид Кроненбергпен, екінші рет — USA Network-те 2002-2007 жылдары көрсетілген аттас сериалда.
## Дереккөздер |
Қастек — Алматы облысы Жамбыл ауданы, Талап ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде, Қастек өзенінің жағалауында, Суықтөбе тауының солтүстік-шығыс баурайындағы жусан, ши, бұта аралас әр түрлі астық тұқымдас шөптесін өскен бозғылт қоңыр, қоңыр топырақты тауалдының құрғақ жазығында орналасқан.
## Тарихы
1963-97 жылдары Амангелді атындағы қой кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қастек ауылында 50-ге жуық шаруа қожалығы құрылды.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, фельдшеракушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы катынасады.
## Халқы
## Дереккөздер |
Топырақтану ғылыми-зерттеу институты– топырақ пен оның жамылғысын кешенді түрде зерттейтін ғылыми-зерттеу мекемесі.
1945 жылы Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаевтың ұсынысымен құрылған. Институтта 4 ғылыми бөлім мен 3 лаборатория, аспирантура, диссертациялық және ғылыми кеңес жұмыс істейді.
Негізгі ғылыми бағыттары Қазақстан аумағындағы топырақ пен оның жамылғысын зерттеудің ғылыми негізі; топырақ ресурстарының өнімділігін арттыру және оларды пайдалану; топырақ құнарлылығын арттыру; топырақ экологиясы мен оны қорғау мәселелері. Институт ғалымдары топырақ пен оның жамылғысының қазіргі жағдайын анықтау үшін географиялық-генетикалық зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде графикалық ақпарат және цифрлық мәлімет беретін әлемдік дәрежедегі жаңа топырақ картасын жасады. Сонымен қатар еліміздің экологиясы нашар аудандары топырақтарының қазіргі жағдайын анықтап, оларды болашақта тиімді пайдалану жолдарын ұсынды. Институт Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған (1974). «Қазақстанда суландыруды дамытуды жетілдіру үшін топыраққа мелиорациялық баға берудің ғылыми негізі» атты монографиясы үшін 1984 жылы институттың бір топ ғалымдарына (Ж.Аханов, Қ.Қаражанов, В.М.Боровский, М.А.Орлова, Л.И.Пачикина, В.А.Корниенко) Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
## Дереккөздер |
Шаймерденов немесе Шәймерденов тектері мынадай мағыналар білдіруі мүмкін:
* Ербол Шаймерденұлы Шаймерденов - ақын, жазушы-публицист, зерттеуші-геральдист.
* Жамалбек Шәймерденұлы Шәймерденов - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері.
* Күлзада Шаймерденова - ғалым-педагог.
* Сафуан Шаймерденов — жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы.
* Саян Сафуанұлы Шаймерденов - хоккейші, көгалдағы хоккейден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңіршен жаттықтырушы. |
Қызылсоқ — Алматы облысы Жамбыл ауданы, Қарасу ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ұзынағаштан солтүстік-батысқа қарай 4,8 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қызылсай – Сорбұлақ көлінің солтүстік-батысындағы шоқы.
## Географиялық орны
Алматы облысы Жамбыл ауданы, Қопа ауылының солтүстік-шығысында 38 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 813 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі көлбеу. Солтүстігінде Дауластышоқы шоқысы, шығысында Күрті бөгені, оңтүстік-шығысында Ұзынсайбас, Баулық төбелері, оңтүстік-батысында Қалыптас тауы жатыр.
## Өсімдігі
Қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, боз, жусан, изен, ебелек аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Негізгі ұғым:
* Саз – құрамының басым көпшілігін сазды минералдар құрайтын, дәнекерленіп қатаймаған шөгінді тау жыныстар.
Елді мекендер:
Қазақстан:
* Саз – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы темір жол бекеті.
* Саз – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл.
Ресей:
* Саз – Башқұртстанның Калтасин ауданындағы ауыл.
Франция:
* Саз – Франциядағы коммуна.
Басқа мағыналар:
* Саз – ішекті музыкалық аспап.
* Саз – Тобыл алабындағы көл. |
Шыналиев Еркебұлан Құрмаханұлы ( қаз. Еркебұлан Шыналиев; 7 қазан 1987 ж. ) - қазақстандық боксшы, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.
## Өмірбаяны
2007 жылғы әлем чемпионатында қола медальді жеңіп алды.
Е. Қ. Шыналиев Чимкент - Қарабастау маңында дүниеге келген. Шымкентте жаттықты.
2008 жылғы Олимпиадада ол қола медаль жеңіп алды. Олимпиададан кейін Ақтөбеге көшті. Бәйдібек ауданының құрметті азаматы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен Президенттің қолынан « Құрмет» орденімен марапатталған.
## Ескертулер
## Пайдаланылған әдебиеттер |
Бұқарбаев тегі мынадай мағыналар білдіреді:
* Әбдімәлік Әбдіқадырұлы Бұқарбаев - кескіндемеші. Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
* Жамау Бұқарбаев - ақын.
* Тұрсынбек Мадалыұлы Бұқарбаев - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты. |
Наби Камара ( фр. Naby Camara Наби Камара ) - Гвинея футбол жаттықтырушысы. 1968 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында Гвинея құрамасын басқарды .
## Өмірбаяны
1968 жылы Мехикода өткен жазғы Олимпиада ойындарында Гвинея ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болды. Гвинея Колумбия, Мексика және Франциядан жеңіліп, өз тобында соңғы төртінші орын алды .
## Дереккөздер |
Алматы ботаникалық бағы — Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамындағы ғылыми-зерттеу мекемесі. 1932 жылы Алматы қаласында құрылған. 1967 жылға дейін КСРО ҒА Қазақ филиалының республикалық ботаника бағы деп аталды. 1967 — 1994 жылдары өз алдына дербес ғылыми-зерттеу мекемесі құқында болды, 1995 жылдан Ботаника және фитоинтродукция инстиутының құрамына енді. Жерінің аумағы 104 га. Іле Алатауының бөктерінде, теңіз деңгейінен 850 — 940 м биіктікте, Есентай және Үлкен Алматы өзендерінің аралығында орналасқан. Негізгі ғылыми бағыттары: жергілікті және басқа жақтан әкелінген өсімдіктердің қасиеттерін жан-жақты зерттеу, оларды өсірудің, тиімді пайдаланудың жолын көрсету; өсімдіктерді жерсіндірудің теориялық негіздері мен практикалық тәсілдерін жасау; дүние жүзі флорасына жататын өсімдіктердің биологиялық-экологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Бас ботаникалық бақта жергілікті және басқа жерлерден әкелінген өсімдіктердің 5,5 мыңдай түрлері мен сорттары (оның 100-ге жуық түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген) бар. Олар ботаникалық-географиялық, жүйелілік, ландшафтылық тұрғысынан, сондай-ақ, пайдалы қасиеттері негізінде топтастырылған. Бақтағы аса бағалы, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктердің жиынтығы еліміздің ұлттық байлығы болып саналады. Бас ботаникалық бақта раушанның 16, бөртегүлдің 3, сарымсақтың жаңа сорттары шығарылды. Eлді мекендерді көгалдандыру үшін ағаш пен өсімдіктердің 750-ден аса түрі ұсынылды. Бас ботаникалық бақты ұйымдастыру, ондағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу Н.В.Павлов, Л.Қ.Қылышев, И.О.Байтулин, И.Р.Рахымбаев, Б.Қалымбетов, П.И.Лапин, т.б. ғалымдардың есімімен тығыз байланысты. Бас ботаникалық бақта сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдік түрлерінің популяциялық және экол.-биол. ерекшеліктері зерттелді (Б.А. Винтерголлер). Жерсіндірілген өсімдіктердің өсіп-өнуіндегі заңдылықтар анықталып, олардың газға төзімділігін зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер (Рахымбаев, К.Н. Сәрсенбаев); тропикалық аудандардан әкелінген алуан түрлі өсімдіктерді пайдалану тәсілдері (С. Тұрдиев), жеуге жарамды саңырауқұлақтарды қолдан өсіру әдістері (С. Әбиев) ұсынылды. Мұнда Қазақстанның ботаникалық бақтары кеңесі жұмыс істейді. Бас ботаникалық бақ 48 мемлекеттің 350 ботаника бағымен әріптестік байланыс жасайды. Ғылыми еңбектер жинағын, монографиялар шығарып тұрады.
## Тарихы
Қазақстанда бірінші рет ертедегі Отырар-Түркістан жерінде ауданы 100 гектарлық Ботаникалық бақ салынды. Оның жобасын академик И.О.Батулин жасады, ол 1993 жылы Қазақстанның Ұлттық Ғылым академиясының Ботаникалық ғылыми-зерттеу институтында қаралып, бекітілді. Бүгінгі таңда ботаникалық бақта декоративті жеміс-жидек өсімдіктері мен гүлдердің 127 түрі мен сорттары өсіп тұр. Мұндай ботаникалық бақ Қазақстанда тек осы университетте ғана бар.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Сілтеме
* http://www.bostandyk.almaty.kz/page.php?page_id=781&lang=2&news_id=1038(қолжетпейтін сілтеме)
* http://visitkazakhstan.kz/kk/guide/places/view/341/ Мұрағатталған 9 наурыздың 2016 жылы. |
Берік Насымқұлұлы Шайықов (қаз. Берік Насымқұлұлы Шайықов; 20 ақпан 1994, Талдықорған, Қазақстан) — қазақ футболшысы, қорғаушы.
## Карьерасы
Талдықорған футболының түлегі. 2009 жылы қазақстандың бірнеше баламен бірге "Оле Бразил" (Бразилия) футбол академиясына аттанып, 2011 жылы оралды. Оралған соң 2012 жылы кәсіпқой карьерасын "Астана-1964" клубында бастады.
2013 жылғы маусымды "Бәйтеректе", 2014 жылғы маусымды "Жетісуда" арендада өткізді.
2014 жылдың соңында "Астана -1964" клубы тарады да, Берік тағы бір елордалық клуб — "Астанаға" ауысты.
2015 жылы "Ертіске", 2016 жылы "Жетісуға", 2017 жылы "Оқжетпеске" жалға берілді. 2017 жылдың ортасында "Астанаға оралды. 2018 жылы "Оқжетпесте" ойнап, 2019 жылы "Шахтерға" ауысты.
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионы: 2017
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі (footballfacts.ru) |
* * Шрипур – Бангладештің батысындағы қала, Шрипур ішкі округі орталығы.
* * Шрипур – Бангладештің орталығындағы қала, Шрипур ішкі округі орталығы. |
* Жоламан – Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл.
* Жоламан – Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы темір жол бекеті.
* Жоламан – Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл. |
Зың-Зың Күлпәш — 2018 жылы түсірілген «Күлпаштың хикаялары» атты комедиялық жанрдағы телехикаяның жалғасы,«Шымкент Шоу» театры актерларының басшылығымен түсірілген сериал. Идея авторы — Берік Тұрсынбеков. 2018 жылы қыркүйек айында Жетінші арнада көрсетілді.
Уақиға алаңсыз, аңғал көңілмен тіршілік етіп жатқан ауыл тұрғындарының шым-шытырман өмірлерін баяндайды. Күлпәш — өзінің аңғалдығымен, әзілге бейім өткір тілімен, көмектесем деп күлкілі уақиға тап болатын аңқаулығымен ауыл тұрғындарының аузында қалған кейіпкер.
Фильмде сондай-ақ, «Шаншар», «Алдараспан», «Ерекше шоу» театрларының әртістері ойнаған.
2019 жылы осы атаумен сериалдың екінші маусымы түсірілді.
Түсірілімдер Түркістан облысы Төле би ауданы, Нысамбек ауылында өтті.2-маусымда Түркістан облысы,Төле би ауданы, Маятас ауылында өтті.
## Кейіпкерлер
* Күлпәш — үйдің үлкен келіні, Жексеннің әйелі, аузы да, қолы да жылдам, мейлінше адал, аңқау, ешкімге есесін жібермейді. Баяғы "Шымкент шоу" әдеп шыққан кездегі образдан айнымаған.
* Нәкөнай — Күлпаштың қайнысы, үйдің ерке баласы, үйленбеген. Басқаларға ұқсамайтын, өз әлемі бар, ақыл-есі де анау айтқан орнықты емес, сонысымен күлкіге қалатын да жүретін кейіпкер.
* Кәтәлөк — Күлпаштың құрбысы, аңқау, сұраншақ, ақкөңіл, Дүйсеннің әйелі.
* Апа — 5 баланың, соның ішінде 3 ұл (Дүйсен, Жексен және Бейсен), 2 қыздың (Қатираш пен Сағираш) анасы, Күлпаш пен Кәтәлөктің қайын енесі. Ақкөңіл, мейірімді, қамқор ана.
* Жексен — апаның тұңғыш ұлы,Күлпаштың күйеуі,Дүйсеннің ағасы.
* Дүйсен — апаның екінші ұлы, Нәкөнайдың ағасы,Жексеннің бауыры, Кәтәлөктің күйеуі.
## Рөлдерде
Берік Тұрсынбеков - Күлпәш
Дәурен Жұмәділов - Жексен
Қарлығаш Ахметова - Каталек
Нұрболат Есенбекұлы - Нәкөнай
Ұлбосын Базарбаева - Апа
Нұржан Төлендиев - Дүйсен ( 1 маусымда )
Ерлан Даулетбеков - Самат
Айнұр Жұбатқанқызы - Жәмилә
Мейрамхан Шалқыбеков - Дүйсен ( 2,3 маусымда )
Эпизодтарда:
Жүсіп Ақшора - Жүке
Нартай Сүлейменов - Тұрған
Жұлдызай Дүйсенбиева - Сағираш
Ғалымжан Қалыбаев - Әкім ( 1 маусымда)
Дәнекер Оразбай - Әкім ( 2 маусымда )
Ержан Тілеков - Қақонай
Ержігіт Қамытбеков
Абай Аязбаев - алаяқ
Мәди Төреқұлов - Бейсен
Жарас Ахметов - Қайрат
Ақсүйрік Абайқызы - Мақпал
Ұлан Мамырбеков - ұры
## Сілтемелер
* http://kulpash.tv7.kz/ Мұрағатталған 10 қаңтардың 2020 жылы. |
Берік Насымқұлұлы Шайықов (қаз. Берік Насымқұлұлы Шайықов; 20 ақпан 1994, Талдықорған, Қазақстан) — қазақ футболшысы, қорғаушы.
## Карьерасы
Талдықорған футболының түлегі. 2009 жылы қазақстандың бірнеше баламен бірге "Оле Бразил" (Бразилия) футбол академиясына аттанып, 2011 жылы оралды. Оралған соң 2012 жылы кәсіпқой карьерасын "Астана-1964" клубында бастады.
2013 жылғы маусымды "Бәйтеректе", 2014 жылғы маусымды "Жетісуда" арендада өткізді.
2014 жылдың соңында "Астана -1964" клубы тарады да, Берік тағы бір елордалық клуб — "Астанаға" ауысты.
2015 жылы "Ертіске", 2016 жылы "Жетісуға", 2017 жылы "Оқжетпеске" жалға берілді. 2017 жылдың ортасында "Астанаға оралды. 2018 жылы "Оқжетпесте" ойнап, 2019 жылы "Шахтерға" ауысты.
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионы: 2017
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі (footballfacts.ru) |
"Мұңлы жексенбі" (ағылш. Gloomy Sunday, Мажарша: Szomorú vasárnap), кейде "Венгерлердің суицид музыкасы" деп те, "Қараңғы жексенбі" деп те аталады, - Мажар пианисті және композиторы Ре́жё Шереш ( Rezső Seress) 1933 жазған популяр ән.
Ре́жё Шерештің бұл әйгілі әні ғашығынан айырылған жанның аса ауыр күйзелісті күйінде жазылған. Музыкадағы ауыр мұңлы үн кейін талай өзін өлтірушілерге себепкер болған делінеді. Тіпті бір мезгіл BBC бұл әнді өз радиосында қоюдан бас тартып, шектеген болатын. Дегенмен осы ән себебінен өлушілер туралы нақты дерек жоқ. Сондықтан мұны жай дақпырт дейтіндер де көп.
Әннің алғашқы нұсқасы "Аяқталған әлем" (The world is ending) деп аталып, оның мәтінінде соғыс тудырған қасіретті айыптаған болатын. Көп өтпей ақын Лазло Яавор (László Jávor) осы мұзыкаға арнап өлең сөз жазады. Өлеңде жарынан айырылған ғашықтың мұңдана күңіреніп, өз-өзіне қол салуды қалайтыны айтылады. Ән 1935 жылы Венгерияда "Мұңлы жексенбі" деген атпен таспаға жазылып жарияланады. Осы кейінгі нұсқадағы өлең сөзге жазылған ән әлемге кең тарайды да, алғашқы нұсқасы негізінен ұмытылады.
Әнді 1936 жылы Sam M. Lewis пен Desmond Carter деген кісілер ағылшын тіліне аударып жариялайды. Осы нұсқасында "Суицид" сөзі қолданылған, тақырыпты да "Венгерлердің суицид музыкасы" деп аталған. Сол кезден бастап "осы әнді естіп талай адам суицид жасапты" деген өсек батыс қоғамына кең таралады.
1941 жылы АҚШ әншісі Билли Холидей (Billie Holiday) осы әнді айтады.
## Жазылуы және арытқы көрінісі
C-minor мелодиясы бойынша жазылған бұл әннің дыбысын Реже Шереш Парижде тұрғанда жазған. Ол кезде батыста "Ұлы депрессия" болып, Шерештің өз Венгер ұлытынан да фашистер бой көрсетіп жатқан болатын. Бірақ әннің мәні мен мазмұны әлеуметтік жағдайға емес, Шерештің жеке мұң-қайғысына тікелей қатысты болатын. Әннің алғашқы сөзінде адамзаттың әділетсіздігі айыпталған, Құдай осы дүниені жамандыққа үйір адамдардан құтқарса деп үміттенген болатын.
1933 жылы Лазло Ябор (László Jávor) махаббатынан айырылып, ауыр көңілсіздікті бастан кешіреді. Екі аптадан кейінгі бір күні терезе алдында отырғанда, кенет "Не деген мұңлы жексенбі еді!" деген ритм ойына келе қалады. Жарты сағатта ол өлеңді жазып аяқтайды. Демек бұл ұзақ жасырын саналық торығудан күндердің бірі бұрқ ете қалған жоғары шабыттың туындысы екені анық. Өлеңді кейбіреулер Шереш музыкасынан бұрын жазылды десе, кейі кейін жазылды деп есептейді. Оның өлең сөзінде саяси сөйлемдер жоқ, қайта өз ғашығын аңсап зарлауы және о дүниеде ғашығына жолықпақ болуы айтылады. Осы нұсқа ең танымал болды, кейінгі өңдеулер осы "жоғалған махаббат" туралы болды.
Шереш алғашында әнді жариялайтын баспа таба алмай көп қиналыпты. Әннің қою мұңы көбін тіксіндірсе керек. Бір баспагер осы ән туралы былай деген екен:
Ақыры 1933 жылдың соңында ән жарияланады.
## Ән сөзінің қазақшасы
## Қала өсегі
"Мұңлы жексенбі" әні туралы осы секілді талай көше өсегі бар, көбі түрлі суицидтер туралы, радиолардың бұл әнді шектегені туралы айтылады. Бірақ, көбі расталмаған.
Баспасөз 1930-шы жылдары Венгерияда және АҚШтағы кем дегенде Мұңлы жексенбімен қатысты делінген 19 суицидті хабарлаған болатын. Бірақ олардың бұл әнге қатысы анықталмады. Осы ән шыққан соң ондаған жылдар бойғы Венгериядағы және әлемдегі суицидтердің көбі аштық пен кедейліктен, соғыс пен басқа да себептерден болғаны анық.
1968 жылы, "Мұңлы жексенбі" жазылғанына 35 жыл өткен соң авторы өзін өлтірді. Ол терезеден секіреді, бірақ аман қалады, кейін емханаға жеткізілгенде, сондағы тоқ сымымен өзін қылқындырып өлтірген.}}
Бірде Шереш өзінің сұмдық шедевріне деген қайшылықты эмоциясы туралы былай деп жазады:
## Дәріптелуі
Мұңлы жексенбі біршама кионларда көрініс тапқан. Әйгілі Шиндлердің тізімі киносында бұл әннің мұзыкасы қойылады.
2006 жылы "Ковал қапшығы" киносында бір жазушы аралда қамалып қалады. Аралдағы адамдарға микрочип орнатылған екен, олар "Мұңлы жексенбіні" естіген соң өздеріне қол салады.
1999 жылы неміс режиссері Рольф Шюбель (нем. Rolf Schübel) "Махабат және өлім әні" (нем. Ein Lied von Liebe und Tod) деген кино түсіріп, сюжеті Шерештің әніне реконструкция жасайды. Өлеңі жоғарыда аударылды.
Бұл ән "Өз-өзіне қол салу: махаббат тарихы" киносында да шырқалады.
2008 жылы Белгия өнерпазы Marieke Van Wuytswinkel "Мұңлы жексенбіні" өз шығармасында қолданды.
## Сыртқы сілтемелер
* Мұңлы жексенінің түпнұсқасы
* Rezso Seress - Gloomy Sunday (with lyrics)
* Sebő Miklós - Мұңлы жексенбінің венгерше нұсқасы
* Мұңлы жексенбінің негізгі бір нұсқасы
* Billie Holiday шырқаған Мұңлы жексенбі
* Пианиномен орындалған Мұңлы жексенбі
* Жаңа нұсқасы, музыка
* Кинодағы Мұңлы жексенбі - венгерше, маңызды нұсқасы
* Мұңлы жексенбі, маңызды нұсқасы
* Пианинодағы нота нұсқасы
## Дереккөздер |
* Шилісу – Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Шилісу – Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. |
Тар жол, тайғақ кешу — Сәкен Сейфуллиннің роман-эссесі.
Дәуір ұранына сәйкес қазақ топырағында тарихи-революциялық тақырыпқа барған тұңғыш роман-эссе - «Тар жол, тайғақ кешу». Шығарма 1916–1919 жылдардың оқиғаларын қамтиды.
Әрине, таптық ұстанымға сүйенген автордың Алашорда арыстары жайындағы қайсы бір пікірлері бүгінгі көзқарасқа көп ретте қайшы келетіні де рас. «Тар жол, тайғақ кешу» - ең алдымен тарихи, әдеби факт және көркем мәтін.
Ақмолада жүргенде "Біз асығыс жиналдық" деген өлеңін жазды. Ал 1917 жылдың сәуір айында "Жас қазақ" ұйымын құрды.
Бір жылдан соң Ақмолаға ақтар келіп, сол жердегі кеңес үкіметін құлатады. Сейфуллин тұтқындалып, түрмеге қамалады. Одан кейін атаман Анненковтың "өлім пойызымен" Колчак түрмесіне жеткізіледі. Осының бәрін "Тар жол, тайғақ кешу" романында жазған. Кітап жарыққа шықпай тұрып, "Қызыл Қазақстан" журналына бөлшектеніп басылған. Кейін өңделіп, толықтырылып кітап болып шыққан.
## Дереккөздер |
Садуақасов сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін:
* Бименде Садуақасов – Қазақстанның қоғам қайраткері.
* Жанайдар Садуақасов - Қазастанда Кеңес өкіметін орнатуға белсене катысушы, партия, кенес және мемл. қайраткері.
* Жәнібек Бимендіұлы Сәдуақасов - Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.
* Лебен Садуақасов – журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
* Темеш Садуақасов - кен инженері,қоғам қайраткері. |
Петр Болек (чех. Petr Bolek; 13 маусым 1984 жыл, Острава) — чехиялық футболшы, "Виктория Пльзен" клубының "Баник Соколов" клубына жалға берілген қақпашысы.
Чехияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнаған.
## Жетістіктер
Чехия чемпионы (3) : 2012/13, 2014/15, 2015/16
## Дереккөздер
## Пайдаланылған әдебиеттер
* Баниканың ресми сайтындағы профиль Мұрағатталған 15 қаңтардың 2020 жылы.
* Викторияның ресми сайтындағы профиль
* Чехиялық футбол қауымдастығының сайтындағы профиль
* Бірінші лиганың ресми сайтындағы профиль |
Жаһанша (Жанша) Досмұхамедов (1886, Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысы, № 1 ауыл – 1937, Мәскеу облысы) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, заңгер.
## Өмірбаяны
* 1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан.
* 1917 жылғы ақпанға дейін Томск сот округі прокурорының орынбасары. 1-Орал облыстық қазақ съезінің төрағасы, Құрылтай жиналысының мүшесі болып сайланған.
* 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман сиезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланады. «Шуро-и-Исламның» ісімен Мәскеуде біраз болады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық сиезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.
* 1917 жылы желтоқсан айында өткен Жалпықазақтық съезде Ж.Досмұхамедов Алашорда үкіметінің мүшелігіне облыстардан тысқары делегат ретінде кіреді. Съезде автономия жариялау туралы екі пікір болғанын: оның бір жағында Ә.Бөкейханов бастаған топ «кейінірек», ол Халел және Жанша Досмұхамедовтер бастаған топ «дереу» жариялансын деген ұстаным қалыптасқан.
* 1918 жылдың наурыз айында Жанша және Халел Досмұхамедовтер Мәскеуге келіп, Ленин және Сталинмен келіссөз жүргізіп, Кеңес үкіметін Алашорданың желтоқсандағы съезінің қаулыларымен таныстырып, сондағы 11 шартты қояды. Кеңес үкіметінің жанынан Қазақ комиссариатының ашылуына қол жеткізеді.
* 1918 жылы 6 мамырда Жымпиты өлкесінде өткен Орал облысының 4-қазақ съезінде, құрамына Сырым батырдың ұрпағы Салық және Сейіт ишан кірген 7 адамнан тұратын «Ойыл уәлаяты» құрылып, Жанша оның Уақытша үкіметінің төрағасы болып сайланады. Уәлаятта атты милиция жасақталып, оларды соғыс өнеріне үйрететін курс ашылады. Әр түрлі шаруашылық құрылымдар ашылады.
Мәскеудегі келіссөзден кейін Ж.Досмұхамедовтің Кеңес өкіметіне деген көзқарасында біраз өзгерістер туады. «…бізді жылы шыраймен қабылдаған бірден-бір өкімет, ол Кеңес өкіметі. …біз көптен бері автономияны талап етіп келіп едік, Кеңес өкіметінен басқа еш өкімет бізді қош көрмеді» және «Кеңес өкіметін саяси күш ретінде қырғыз (қазақ) халқы да мойындау керек» деп мәлімдеді. Аталған мәлімдемелер жөнінде Жанша мен оның серіктестерінің арасында біраз келіспеушілік туындайды.
Азамат соғысы жылдары сан-сапалақ өкіметтердің бірінен соң бірі келіп-кетіп жатқанда Батыс Алашорда жетекшілерінің саясаты: қазақ жұртшылығын қорғау; аумалы-төкпелі замана ағымына орынсыз килікпеу; және артын бағамдау ұстанымы болды.
* 1918 жылы қыркүйекте Уфада өткен Алашорданың шұғыл мәжілісінде өзге де мәселелермен қатар «соғыс жағдайы мен жол қатынастарының нашарлығынан» Алаш автономиясының батыс өлкелерін басқару үшін «Ойыл уәлаятының» орнына Алашорданың батыс бөлімшесі құрылады. Бөлімшенің құрамына Б. Құлманов, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және Е.Тұрмұхамедовтер кіреді. Төрағасы болып Ж.Досмұхамедов сайланады.
Ж.Досмұхамедов көптеген уақытша өкімет орындарымен келіссөз жүргізіп, хат-хабарлар алмасып, мәлімдемелер жазып жатқанда, өздерінің істеп жатқан істерінің мән-мағынасын түсіндірумен болды. Яғни мына алмағайып заманда қазақ халқын аман-есен сақтап-қорғау мақсатында және бүкіл Ресейде түпкілікті өкімет орнағанша жергілікті Уақытша қазақ өкіметтерін құруға мәжбүр болғандарын атап өтеді. Осы бағытта да Кеңес өкіметімен, яғни Түркістан майданының (М.Фрунзе) өкілдерімен келіссөз жүргізіп, оның басты шарттарына:
* қазақ халқының өзін-өзі билеу құқы, автономия;
* екі жақтың теке-тіресінің ортасында қалған қазақ халқын зорлық-зомбылық пен талан-тараждан аман сақтау болып табылады деп шегелеп көрсетеді.
Нәтижесінде, М.Фрунзенің ұсынысымен, қазақ даласынан аластатылып, оқшауландырылуға жататын Батыс Алашорда жетекшілерінің 5 адамынан (Ж. және Х.Досмұхамедовтер, Иса Қашқынбаев, Кәрім Жәленов пен Беркінғали Атшыбаев) құрылған делегацияны алдымен Түркістан майданының штабына, ары қарай Мәскеуге жөнелтеді. Осы топ Батыс Алашорда өкіметінің іс-харекеттері туралы баяндама-хат дайындап, оны Жанша өз қолымен В.И.Ленин, И.В.Сталин және Л.Д.Троцкийге табыстайды.Батыс Алашорда бөлімшесі таратылып, оның жетекшілері біраз уақыт қазақ даласынан аластатылғанда, Жанша 1920 жылы жаз айларын Мәскеуде Бас тоқыма өнеркәсібі басқармасында инспектор болып, қыркүйек айында аталған мекеменің жолдамасымен Ташкентке жіберіліп, Түркістан Республикасы Халық шаруашылығы Орталық кеңесінің жүн-жұрқа бөлімінің меңгерушісі болады және ТР ОАК қазақ бөлімінің хатшысы қызметін қоса атқарады.
* 1920-25 жылдары Ташкентте тұрып, ғылыммен, өз мамандығы бойынша адвокаттық жұмыспен айналысады. Әуезовте 1922-23 жылдыры Ташкентте жұмыс істеген, оқыған. Олар қазақ тарихы мен әдебиетіне байланысты құрылған «Талап» ұйымының мәжілістерінде кездесіп жүрген.
* 1930 жылы 5 қазанда Досмұхамедовтың тергеу ісіне байланысты Әуезов жауапқа тартылады. Оған «қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымдарына қатысты, Қазақстандағы кеңестік науқандар мен шаралардың мазмұнын бұрмалау мақсатын көздеді. Жанша Досмұхамедовтың ұйымында тұрды, оның тапсырмасын орындады» деген сияқты кінәлар тағады, нәтижесінде Досмұхамедов пен Әуезовтің істері бірге қаралды.
* Ташкентте қазақ зиялылары құрған мәдени-ағарту «Талап» қауымдастығына мүше болып, оның тапсыруымен қазақ тілінде алғашқы қылмыстық кодекс жобасын әзірледі. Онан кейін ол қазақ астаналары Қызылорда, Алматы қалаларында әр түрлі қызметтер атқарып, 1930 жылы Мәскеуге қызметке ауысады. Сол жылы қазан айында тұтқындалып, 1932 жылы Воронежге 5 жыл мерзімге жер аударылады. 1938 жылы қайта тұтқындалып, үштіктің шешімімен ату жазасына кесіледі.
## Дереккөздер |
Бұлбұл құрғыры — Құрманғазының күйі.
## Күй аңызы
1860 жылдардың басында қызылқұрт, ноғай руларын Дәулеткерей билейді. Әкесі Шығай болғанымен, Дәулеткерей ел билеу жұмысын жақсы көрмейді. Тек «ата заңы» бойынша аз уақыт бұл дәрежеге ие болады. Бірақ Дәулеткерейдің бұл руларды билеуі Құрманғазыға жаман тимейді, өйткені осы жылдарда екі күйші танысады. Бірі — исатайға бүйрегі бұрған, қызылқұрттан шыққан Құрманғазы, бірі — Бөкейдің кіші інісі Шығайдан туған төре Дәулеткерей болып кездесіп, өмір жағдайында көзқарастары алшақ жатқанымен, оларды жақындастыратын үлкен күш пайда болады. ол күш — өнер күші, күй күші болып шығады. Бірінші көріскенде бір-біріне қоңыр салқын болғанымен, аз уақытта-ақ бейтаныстық мұз еріп, екі күйші жалпы тілді тез тауып кетеді. олай дей тініміз — Құрманғазы отырған, жүрген жерлерінде үнемі исатайдың, Махамбеттің әңгімелерін көп айтады. Қалай дегенде ондай әңгімелер Дәулеткерейге ұнай бермейді. Бірақ кейін Дәулеткерейдің қитығына тие бермейін деп, Құрманғазы ол отырған жерде «бас жаққа» бара бермейді. Қызылқұрттың жер дауымен бір күні жақсы көретін шәкіртінің бірі Көкбаланы алып, Папастың ауылына келеді, Папас би күйшіні жақсы қарсы алады. Құрманғазының келген жұмысын бітіріп, қызылқұрттың пайдасына мәселені шешіп береді. Әуелі Папас бір күй тартады. Күй Құрманғазыға қатты ұнайды. «Мынау не деген күй еді, тым сайрап тұр екен?» дейді Құрманғазы. Папас күйдің атының «Бұлбұл» екенін айтады. Құрманғазы сол арада бір күй тартады. Енді күйдің атының не екенін Папас сұрайды. Құрманғазы: «Бұл менің бұлбұлым еді» дейді. Сонда Папас тұрып: «Жоқ, аға, мынау бұлбұл емес, бұлбұлдың құрғыры ғой»,—дейді. Содан келіп бұл күй «Бұлбұлдың құрғыры» атанып кетеді.
## Сілтемелер
* Күй аңыздар // сілтеме = Бабалар сөзі: Жүзтомдық — Астана: «Фолиант», 2012. — Т. 84. — Б. 217. — 432 б. — ISBN 978-601-292-490-9. |
Ғайса Әбуов (1915-1982) – партия қызметкері.
## Өмірбаяны
* 1931-1934 жылдары ФЗО-да, 1935-1938 жылдары Қызылорда қаласындағы сауда техникумында оқыды. 1963 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал мемлекеттік педагогикалық институтынын бітірген.
## Еңбек жолы
* Еңбек жолын 1934 жылы Новоресей ауданы Мағаджан кеңшарында есепші болып бастаған. Сауда техникумынан кейін Ақтөбе облыстық комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі, облыстық партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарады.
* 1939-1946 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты.
* 1946-1952 жылдары облыстық партия комитетінде сектор меңгерушісі, қалалық партия комитетінің 2-хатшысы, 1952-1956 жылдары облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі. 1956-1963 жылдары қалалық партия комитетінің 1-хатшысы. 1963-1964 жылдары Батыс Қазақстан өлкелік партия комитетінің бөлім меңгерушісі. 1964-1972 жылдары обкомның әкімшілік және сауда-қаржы бөлімін басқарды. 1972 жылдан ғұмырының соңына дейін обкомда парткомиссияның төрағасы болып қызмет етті.
## Марапаттары
Көп жылғы мінсіз қызметі үшін Қызыл Жұлдыз, екі мәрте "Құрмет белгісі" ордендерімен, 8 медальмен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қазақстан:
* Көксай – Ақмола облысы Жақсы ауданындағы ауыл.
* Көксай – Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл.
* Көксай – Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл.
Қырғызстан:
* Көксай – Талас облысы Айтматов ауданындағы айыл.
* Көксай – Ыстықкөл облысы Тоң ауданындағы айыл. |
Юмашева Сауле Кадыровна (27 сәуір 1940 жыл, Алматы облысы, Талғар қаласы) - Биология ғылымының кандидаты, профессор.Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтының (ҚазДТИ) Анатомия және биотехника кафедрасының меңгерушісі. КСРО әйелдері арасында (1991-1997ж.ж), (1961-1966ж.ж) Гандболдан "А" сынып командалары арасында жоғары топта Қазақстан құрама командасының құрамында өнер көрсетті (1965ж.). Гандболдан Қазақстан Республикасының әйелдер командасының жаттықтырушысы болып жұмыс істеді. 1996 жылдан бастап Қазақ ДТИ-де жұмыс істеді. 1968-1971 жылы Мәскеу қаласында аспирантурада оқыды.
## Дереккөздер |
Қасым Сүлеймани (парсы: قاسم سلیمانی, Гасем Солеймани; 1957 жылдың 11 наурызы, Қанат-е Мәлік, Керман, Иран — 2020 жылдың 3 қаңтары, Бағдат, Ирак) — ирандық әскери қайраткер, генерал-лейтенант, 1998 жылдан бастап 2020 жылы қаза тапқанға дейін Ислам революциясы сақшылары корпусының (Пасдаран) Ираннан тыс жерлерде арнайы операцияларды ұйымдастыруға арналған «Құдыс» («Әл-Қудс») жасағының басшысы болды. Өмірінің соңғы жылдары Қасым Сүлеймани Ирандағы екінші ең ықпалды адам (жоғары басшы Әли Хаменеиден кейін) және елдің жоғары басшысының оң қолы саналды.
Бұрын құрылыс саласында жұмыс істеген Қасым Сүлеймани 1979 жылы Ислам революциясы сақшылары корпусының қатарына қосылып, 1980 жылы Иран-Ирак соғысы басталғаннан кейін бір топ адамды басқаруға тағайындалды. Соғыс кезінде біртіндеп шені жоғарылаған Сүлеймани «41 Сар-Аллаһ дивизиясының» (парсы: لشکر 41 ثارالله) командирі дәрежесіне қол жеткізеді. Одан кейінгі жылдары Сүлеймани елден тыс жерлердегі операцияларға қатысып, 1990-жылдардың соңында «Құдыс» арнайы жасағының басшысы атанды.
2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі Нью-Йорктегі терактілерден кейін Ирандық дипломаттар Сүлейманидің бастауымен АҚШ-пен бірігіп Талибанға қарсы күресуге келісті. Оған қоса ол Ливандағы Хизбуллаһ тобына көмек қолын созды. Сириядағы азаматтық соғыс кезінде Сүлеймани Башар әл-Асадтың үкіметіне қолдау көрсетіп, Ресейдің әскери интервенциясын жоспарлауға көмектесті. Ол Ирактағы күрдтер мен шииттердің әскери топтарын (милиция) бақылауға алып, «Ирак және Шам Ислам мемлекетіне» қарсы соғысқан Ирак әскерилеріне қолдау көрсетті.
Көптеген ирандықтар Қасым Сүлейманиді «Иран жауларына қарсы күрескен қаһарман» санады, ал басқалары оған «қанішер» деген айып тақты. Біріккен Ұлттар Ұйымы және Еуропа одағы Сүлейманиге қарсы санкциялар енгізді, АҚШ билігі оны террористер тізіміне енгізді.
2020 жылдың 3 қаңтарында Қасым Сүлеймани АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығы бойынша жасалған дрон шабуылының нәтижесінде Бағдат халықаралық әуежайында қаза тапты. АҚШ қарулы күштерінің бұл әрекетін көптеген мемлекет айыптады. 7 қаңтар күні Сұлеймани жерленгеннен кейін бірнеше сағат өткен соң Иран қарулы күштері АҚШ-тың Ирактағы әскери базасын зымырандармен шабуылдады. Шабуыл нәтижесінде АҚШ немесе Ирак азаматтары қаза тапқан жоқ. |
Қараманов сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін:
* Ұзақбай Қараманұлы Қараманов – мемлекет қайраткері.
* Серік Сәдуақасұлы Қараманов - заң қызметкері. |
Молдағалиева сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін:
* Мәрия Тәшкенбайқызы Молдағалиева - дизайнер, Қазақстан мәдениетіне Еңбек сіңірген қайраткер.
* Ұлия Маратқызы Молдағалиева - суретші. Қазақ. ҚР Көркемөнер академиясының толық академигі. |
Рамазан мерген, Елеусізов (1893, Сарысу ауданы - 1978, Жаңаарқа ауданы) - белгілі аңшы.
## Өмірбаяны
* Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде оқыған.
* Елді кеңестендіру кезінде Қарақыз болысынын хатшысы болады.
* Рамазан мерген 1932 ж. Арқадан Әулиеатаға көшкен Сарысу ауданының 40 шаңырағын аң аулап, киіктін етімен аман алып шығады.
* 1942 ж. Қарағандының арнайы әскери сауда бөлімінің киік етін дайындаумен шұғылданады.
* Соғыс біткен соң Ералиев ауылында еңбек етті. Аң аулап, ұсталықпен шұғылданды.
## Рамазан мерген туралы шығармалар
* А.В.Мухлянын «Бетпақдала шөлі» кітабы;
* К.Н.Пинчуковтың «Шөл сүрлеуімен» кітабы;
* М.Зверевтің «Із кескен мерген» атты кітабы;
* «Соры арылмаған дала» киносценарийі (1965).
* Журналист С.Бексейітов «Рамазан мерген және оның әулеті» деген деректі кітап шығарды (2006).
## Дереккөздер |
* Күреңбел – Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл.
* Күреңбел – Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл. |
Жәнібек Тархан Қошқарұлы, Шақшақ Жәнібек (1693 — 1752, Қостанай облысы Жангелді ауданы Тосын құмы) — батыр.
## Өмірбаян
Алғаш рет 1717 жылғы Аягөз маңындағы шайқаста 24 жасында қол бастап, ерлік көрсеткен. 1723 жылдан бастап Жәнібек Тархан бір жағынан, Кіші жүз жасақтарына көмектесіп Еділ қалмақтарымен, екінші жағынан, Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Райымбек, Өтеген батырлармен бірге оңтүстікте жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беріп отырды. 1726 жылы Ордабасыдағы ұйғарымнан кейін құрылып, Сарысу өзенінің Бұланты саласының бойында жоңғарларға ойсырата соққы берген біріккен қазақ жасағының құрамында Орта жүз әскерлерінің ең ірі қолын Жәнібек Тархан басқарған. Ел жадында сақталған аңыз әңгімелер бойынша, Төле бидің түйесін бағып жүрген Сабалақтың (болашақ Абылай ханның) Ташкентті билеген Уәли сұлтанның баласы екенін алғаш жария еткен де, Абылай хан тағына отырғанда оған бата берген де Жәнібек Тархан болған. Ол 1740 — 1741 жылы жоңғар қоңтайшысының тұтқынындағы Абылайды құтқарып алуда да ерекше дипломатиялық шеберлік танытқан. Орынбор комиссиясының бастығы И.И. Неплюевпен арадағы қатынасын ұтымды пайдаланып, жоңғар қоңтайшысына арнаулы елшілік шығартқан, бұл іске Әбілмәмбет, Әбілқайыр хандарды да араластырып, ақыры Абылайды басқа адаммен аманатқа ауыстырып алған. Жәнібек Тархан 1732 жылы жеті мың қолдық жоңғар әскерлері Орта жүзге шабуыл жасағанда қазақ әскерлеріне басшылық еткен. Жәнібек Тархан бастаған қазақ жасақтары саны жағынан анағұрлым басым басқыншыларға тойтарыс береді. Бірақ үздіксіз шапқыншылықтан әбден титықтаған Қазақ елі Ресей патшасынан көмек сұрауға мәжбүр болады. Жәнібек Тарханның қазақ даласының тұтастығы мен елінің еркіндігі жолындағы саяси күресінің елеулі белестері осы кезеңде басталды. Абылай хан да, Жәнібек Тархан да Ресей мемлекетінің қазақ жеріне бекіністер салуына үзілді-кесілді қарсы шыққандарына қарамастан 1740 жылы шекара комиссиясының бастығы В.А. Урусовпен қазақ-орыс сауда қатынасын орнатуға, саяси байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздерге қатысқан. Ресей әкімшілігі Орта Азиядан Орынборға қатынап тұрған сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Жәнібек Тарханға жүктеген. Кейін Жәнібек Тархан да Абылай сұлтан, Әбілмәмбет хан, Қабанбай, Бөгембай батырлармен бірге Орта жүздің Ресейдің қол астына өтуін ресми тіркеген құжатқа қол қойды. Осы тұста, 1743 жылы 11 шілдеде Ресей патшайымы Елизавета Петровнаның жарлығымен Қошқарұлы Жәнібекке тархан атағы берілді. Орта жүз хандығының билігі Абылайдың қолына көшкеннен кейін Жәнібек Тарханның өкілдігі де жоғарылады. Ш.Уәлихановтың пікірінше, Жәнібек Тархан көп тыңдап, аз сөйлейтін, ердің құнын екі ауыз сөзбен шеше алатын әділ де шешен адам болған. Жәнібек Тарханның үлкен бәйбішесі — Тұрсынбай датқаның қызы, екінші әйелі — Әйтеке бидің қызы, үшіншісі — қалмақ ханының қызы, кіші әйелі — Қосым батырдың қызы. Бұлардан тараған Дәуітбай, Жауғашар, Ақпанбет, Тоқпанбет, Деріпсалы, Тоқтамыс ұрпақтары қазіргі уақытта, негізінен, Қостанай облысы Жангелді ауданында тұрады. Жәнібек Тарханның мәйіті Түркістанға жеткізіліп, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленген. Батыр есімі Бұқар жырау, Тәтіқара ақын, Абыз әулие жырларында кездеседі. Халық ақыны Иманжан Жылқайдаровтың жырлауында бізге жеткен “Шақшақ Жәнібек батыр” жырында, Көкбайдың “Абылай” дастанында Жәнібек Тарханның ер тұлғасы нанымды сомдалған. 1993 жылы Арқалық қаласында батырға ескерткіш орнатылды.
Шынында ол сондай сегіз болыпты. Қазақтың шежіре - тарихында бірнеше
* Әз-Жәнібек -1406-1473 ж.ш. өмір сүріп, хан шешеннің замандасы.
* Шақшақ Жәнібек - біз әңгіме етіп отырған қарұлы.
* Жәнібек Сұлтан - Өске әулетінен шыққан Кіші жүз Ханның күйеу баласы.
* Божбан Жәнібек - орта жүздің Қоңырат оның лығынан шыққан би.
* Керей Жәнібек Бердәулетұлы - Керей еліне билік Бердәулет батырдың әйелі атақты Қаз дауысты Қазыбектің-^ОИИИвекен Жәнібек би содан туыпты.
* Жәнібек батыр Әлібиұлы - жоңғар, қалмақ шабуылы атырабындағы шайқастарға қатысып, асқан ерлік көрсеткен ерлігі жөнінде халық ақыны Орынбай Таймановтың дастаны бар.
Шақшақ Жәнібек Торғай облысындағы Тосынқұм даласында, Жәнібек (Батыс Қазақстан облысы)нда дүниеге келген. Қазақ шежіресінде оның ат таратылады; Жәнібектің ұлы аталары - бабасы Шақшақ, одан Көшей, Дүзей, Бақай, Томай, Есназар және Ақназар, өз атасы тарайтын ұрпақтар - Қарабас, Қошқар, Аю, Тінет, Еламан және Қалқаман Жәнібек Қошқардың Тінібек пен Тұрлығұлдан кейінгі үшінші, кенже баласы.
Тарихи деректерде және ауызекі әңгімелерде Қошқарұлы Жәнібек деген тіркес сирек айтылады. Ол көпшіліққе Шақшақ Жәнібек деген атпен мөлім. Жәнібек - жеті атасынан батыр болған адам. Түпкі аталары Белтірік пен Шағыр ерлікте жұбын жазбай өткен ерен тұлғалар болтан. Шагырдан туатын Аманжол, Сомжүрек ел намысын бөрінен биік ұстап өткен жандар. Аманжолдың ортаншы ұлы - Шақшақ - әйгілі Есім ханның түсындағы қазақтың бетке ұстар батыры.
Шақшақ батыр жорыққа он алты - он жеті жас шамасында қатыса бастапты. Бұл тұста қазақ қолы Еділдің бергі бетіне жетіп іркілсе ,кЦпк. Аржақта бұлардың келуінен бейхабар жау өскері жатады. Асау өзерг» рілғаш ат қоятын жүректі жан шыға қоймай, бергі беттегілер аз-кем. Сол сәтте ала тай мінген бала жігіт өткелге бірінші болып қойып кетеді. Онысымен қоймай бұрын-соңды естілмеген ұранды ауызга алады:
- Аманжол, Аманжол! кешкен. оны Шақшақ Жәнібек, азамат ше
Жас жігіттің соңынан бәрі ат қояды. Сол жолы бұлар жау жасагының тас-талқанын шыгарды. Жеңіс қызығы басыла бастаған тұста ғана манаты жас батыр еске түседі. Беймәлім ұранның иесі кім екенін жұрттың білгісі келеді.
Сөйтсе, бұл жігіт кіші Арғыннан тарайтын Ермен әулетінің үшінші ұрпағы - Шақшақ екен. Ал, ол ұран еткен Аманжол - баланың өз әкесі болып шықты. Сол күннен бастап тоқал шешеден тарайтын Арғын рулары үшін Аманжол ұранға айналады. Бұрын олар басқа арғындар секілді Ақжол ата есімін дабыл етіп келген еді.
Алғашкы қадамынан-ақ көзсіз ерлік танытып, жаудың бас батырын найзаға іліктірген Шақшақ Есім ханның ерекше құрметіне бөленеді. Бірте-бірте ол сол дәуірдің бас батырына айналады.
Жәнібектің одан кейінгі атасы - Көшей нар тұлғалы, болмыс-бітімі ерекше болған адам көрінеді. Оның сирек қоздалатыны, томырық мінезі жайлы аңыз көп.
Ел аузында "Жау шанса да, Көшей саспайды" деген сөз содан қалған. Тағдырдың нұры бұл кісінін ерекше қасиеттері жетерлік екен. Шақшақ батыр өзінің айтулы замандастарының бірінің қызына құда түсіп, қызға өзінің алты ұлының ішінен қалағанын таңдауға ерік береді. Алтауы да ақберен жігіт, басқа бесеуінің жауынгерлік даңқы атырапқа жайылып жатса да, қыз Көшейді таңдайды. Қыздың жеңгесі:
- Сен Шақшақтың батыр ұлдарының бірінің етегінен ұстамай, мал соңында жүретін нөуетек Көшейге неге қызықтың? - деп кінөлағанда, кыз:
- Сендер ештеңе анғармайды екенсіңдер ғой. Көшей қой бағып жүргенде, оның үстінен үнемі ақбауыр бұлт ере көшіп жүреді. Аспан мен жерді жалғастырған өңге жанды көрген емеспін, - дейді.
Көшейдің екінші әйелі - қалмақ қызынан туатын балалары Қарабас, Қошқар, Аю - үшеуі де ата жолын қуып, жауынгерлік жорық үстінде шыңдалған. Тағдырдың өзі сыйға тартқан ерлік жолы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған. Қошқардан туған үш ұл - Тінібек, Тұрлығүл және Жәнібектің алғашкы екеуі талай майданға қатысқан айтулы батыр.
Жәнібек жас кезінде елі өзінің нағашысы ұлы жүз Бектас қарияға келеді. Ол кісі он екі айғыр үйір жылқыдан таңдап жүріп, бөсіре ат мінгізеді. Бесті құрық тимеген асау күреңді мініп, енді Жәнібек қаракерей соқыр»» келеді. Бұл кісі сол кездегі Орта жүздің батагөйі болса керек. Мән-жайды білгеннен кейін 125 жасар қария:
- Ел бастап жұрт сүйем деген ұл екенсің!
Сөз бастап би болайын деген ұл екенсің!
Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма
- аймағың кетпес алдыңнан, қол бастап жол алайын деген ұл екенсің.
Жолдастың мыңын алма, бірін ал
- мың кісіге бір кісі олжа салатұғын, олжаңды аямасаң
- жолдасың кетпес жаныңнан.
Жас күніңде қалың бер де қатын ал, жігіттің хан болатын,
Қыздың ханым болатын уақыты сол, - деп батасын беріпті де, Абыз баба сөзінің соңын былайша термелеп:
Келіп түрмын жүз жиырма беске балам,
Ең ақырғы батам, есті, балам.
Қолың жай батама балам Риза бол атаңа балам.
Бағың жоғары өрлесін балам,
Дұшпаның шеніңе келмесін балам,
Абыройың таймасын балам,
Басыңа дәулет құс ойнасын балам.
Лұкмандай милы бол балам
Залдан да терең ойлы бол, балам
Сабырлыққа Аюдай бол, балам
Рүстемдей батыр бол, балам
Дәулеттей үлды бол, балам,
Талқадай тілді бол, балам
Мұхаммедтей көзді бол, балам
Әділ, тура сөзді бол, балам
Омардай қара қылды қақ жар, балам,
Ғазрет Ғалидай топ жар, балам.
Ағзамдай дана бол, балам
Ғазалидей аш-арыққа пана бол, балам.
Атымтайдай жомарт бол, балам,
Хосраудай намарт бол балам
Қобыландыдай қайтпас батыр бол, балам.
Тарғындай жараға жатпас бол, балам
Алпамыстай даңқты бол, балам,
Қамбардай халқыңа қамқор бол балам - деп Зал алды жақын:
Тышқан да інінің
Аруақтар сақтасын, балам
Бөле-жала таппасын, балам
Ордамыз Түркістан, балам
Мәселің қайтпасын ұрыстан, балам - деп бата беріп қайырыпты.
Қошқарұлы Жәнібек он үш жасында Қара биден бата алып жолға шығады. Бірақ сәті түспей, екі ел арасында үлкен ұрыстың арасынан өте алмаған бозбала Жәнібек соғыстың тоқтағанын күтіп, арада үш жыл өтіп кетеді, Қара биге келіп сәлем береді. Қара би оның сәлемін қабыл алып:
- Әй, мен сені осыдан үш жыл бұрын күтіп едім, -деп сұрайды. Жәнібек болтан оқиғаны айтады.
- Е, онда жөн басқа, - дейді Қара би. - Менде қандай
Бедері жоқ қамқадан,
Берік тоқылған бөз артық.
Бірлігі жок туыстан,
Берік сөйлеген жат артық.
Пайданы алыстан қылғайсың,
- Оны өзіңіз де сезіп отырған шығарсыз. Маған керегі дейді Қошқарұлы Жәнібек. Сол кезде би қолын жайып:Оны да есіңе алғайсың - деп батасын беріпті.
"Белгілі батыр, әрі шешен Шақшақ Жәнібек Төле биге сәлем бере келіп:
- Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ат, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат жидым. Бозбала болып ерлік қылайын ба, үлгі алып, билік құрайын ба? Елінде кәрің болса - жазулы хатың, жайлаған көліңнің алдында төбе болса
- ерттеулі атың деуші еді, ақыл сұрай келдім - депті.
Сонда Төле би:
- Өгізді өрге салма - қанатың талар, наданға көзің салма - ?.
Досыңа өтірік айтпа - сенімің кетер, дұшпанға сырыңды айпта түбіңе жетер.
Қару жисаң - мылтық жый, жаяу жүрсең - таяғың, қарнын ашса - тамағың.
Ит жүгіртіп құс салсаң - әуейі боларсың.
Әйелі көпке қызықпа, тектіні ал.
Мақтаншақ жігіт жисаң - ұятқа қалдырар.
Ұрыншақ ат - жаз жарға жығар, қыс қарға жығар.
Тұмау түбі құрт болар, тұман түбі жұт болар.
Елге бай құт емес, би құт.
Қабырғадан қар жауса - атан менен нарға күш, ел шетіне жау келсе батыр менен биге күш
Өйстіп отырғанша, бір нәрсеге жарап отыр-кәсіп болмай, нәсіп болмас. Менен ақыл сұрасаң, айтарым осы" деген екен.
Ал, Қаз дауысты Қазыбек би Жәнібек батырдың тәкаппарлығына шағынған Әбілмәмбет ханға (кейбір сөзде Барақ сұлтан деп те айтады) былай деген екен:
Түркістанда түмен бал, балам.
Самарқандта савез бал, балам,
Отырарда отыз бал балам
Ең үлкені Арыепця бепбалам,
Ел бастыгы Едіге, бехам.
- Дұрысына келсең, Жәнібекке қара да, төре де бөрібір. Төреге илікпейтіні - төрелердің айдап әкелген елі, арқалап әкелген жері жоқ. Қарата илікпейтіні - қанша бай, қанша көп болса да мал мен жанды ұстауға ақыл, білік және күш қатар керек. Мен көрген қазақта осы үшеуі Жәнібекте ғана бар. Сондықтан да, төренің де, қараның да күні Жәнібекке еркісіз түседі .
Ол 17-18 жасында Абылай хан бастаған жасақта болып, жоңғар, қалмақ шапқыншылығына қарсы жорық, соғыстарға қатысып ерлік көрсеткен. Сөйтіп Абылай ханның жеңімпаз, сенімді батырларының бірі болған. Кейін Жәнібек Орта жүз бен Кіші жүз қазақтарының саяси өміріне белсене араласқан. Қазақтармен Ресей патшалығы арасындағы келіссөздерге қатысып, шешуші рөл атқарған. 1742 жылы қазақ шонжарлары арасынан бірінші болып Ресей патшалығынан тархан атағын алған. Патша өкімшілігі Жәнібек тарханға Орынбор мен Орта Азия арасында қатынап тұрған сауда керуеннің қауіпсіз болуын жүктеген. Ол бұл сенімді мүлтіксіз ақтап отырған Жәнібек би Кіші жүздің Нұралы ханымен тығыз қарым-қатынаста бол-ған, орыс патшалығы жене қалмақпен келісім кезінде ол Нұралымен тізе қосып, келіссөз жүргізген. Орта жүз бен Кіші жүздің ел басшылары көбіне Жәнібек би мен Нұралы хан ықпалында болып келген.
Жәнібек Қошқарұлы әсіресе Жоңғар шапқыншылығы түсында атағы шығып, абыройы арткдн батырлардың бірі болды. Оның ерлік өнегесі, ақпатөкпе шешендігі, билігі мен білгірлігі жайлы ел аузында қалған аңыз да аз емес.
## Қорытынды
Сонымен Шақшақ Жәнібек 1752 жылы Торғай даласының өзі туып өскен Тосын құмындағы ауылда дүние салған. Бұл ауыл бүгінде Жәнібек аталады. Үрім-бұтақтары басына ескерткіш орнатып, ел қорғаудағы ерен ерлігі мен еңбегін еске алып, тағызым етіп тұрады.
Тархан Жәнібек би туралы кезінде Шоқан Уәлиханов және орыстың бірқатар зерттеушілері пікір айтқан. Тәтіқара, Бұқар жыраулар, Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Нұрхан Ахметбеков, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков тағы да басқалары өлең-дастан арнап, мақалалар жазған.
## Дереккөздер |
Дамаркус Ламонт Бизли (ағылш. DaMarcus Lamont Beasley, 24 мамыр 1982 жыл, Форт-Уэйн, Индиана) — АҚШ футболшысы, қорғаушы. КОНКАКАФ Алтын кубогының төрт дүркін жеңімпазы.
## Жетістіктері
### Командалық
* АҚШ кубогы (2): 2000, 2003
* MLS жеңімпазы: 2003
* Нидерланд чемпионы (2): 2004/05, 2005/06
* Нидерланд кубогы: 2004/05
* Шотландия чемпионы (2): 2008/09, 2009/10
* Шотландия кубогы: 2007/08
* Шотландия лига кубогы: 2009/10
### Ұлттық құрама
* КОНКАКАФ чемпионы (4): 2002, 2005, 2007, 2013
* Конфедерациялар кубогының финалисі: 2009
### Жеке
* КОНКАКАФ алтын бутсысы: 2005
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Тасбастау сөзі мынадай мағынылар білдіруі мүмкін:
* Тасбастау — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Жетітөбе ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
* Тасбастау - — Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы ауыл, Шілікті ауылдық округі құрамында. |
Райхан Мұхаметұлы (1 мамыр 1934 жыл Моңғолия Республикасы, Баян-Өлгей аймағы, Ұлан-құс өлкесі – 10 ақпан 2024 жыл, Қарағанды облысы) — қазақстандық күйші, композитор, Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1978). Баян-Өлгейдегі ұлт аспаптар оркестрінің алғашқы домбырашысы. Қобда қазақтарының 150-ге жуық күйлерінің орындаушысы.
## Өмірбаяны
Райхан Мұхаметұлы 1934 жылы Моңғолия Республикасы, Баян-Өлгий аймағы, Ақбалшық, қазіргі Улаанхус сұмын өлкесінде дүниеге келген. Әкесі Мұхамет Тайтасұлы 1905 жылы Қобда бетінде туыпты. 1945 жылдары Алтайдағы ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы Оспан батырға көмектесуге тиіс Қалқабай, Қаби, Ноғайлар бастаған партизан отрядының құрамында болады. Өзі бір бөлек адамдарды мылтық атуға үйретіп, Шинжанды Гоминдан қытайларынан азат ету соғысына қатысқан. Осы соғыс кезінде қаза табабы. 1969 жылы ғана «із-тұзсыз жоғалды» деген дерегі келеді.
Әкесі Мұқамет партизанға аттанған жолы «Қоштасу» деген күй шығарыпты. Кейін бұл күйді ағасы әрі ұстазы Өсерханнан үйреніпті. Қан кешіп жүріп ұлы Райханға:
– Отаның сүй, халқың сүй,Керек болса кезінде, жаныңды қи,Адал жүріп, аман бол,Жалғыз ұлым Райхан,Жас өседі деген бар,Ұмытпа сөзді осы айтқан,Жасың биыл сегізде,Көргенсіз мынау дегізбе.Ер жетесің есейіп,Аманатым осы өзіңе, – деп аманат айтқан екен. Әке аманатын ұлы Ықай қалай орындағанын ағайдың енді айтылар өмір дерегі дәлелдемек.
## Өнер жолы
Райхан күйші ана тәрбиесінде өскен ол ауыл балаларымен бірге «қалақшадан» бірді алып, Өсерхан, Қабдырашпен ілесе күйшілік жолға түседі. 1957 жылы аймақ театрына «көп қалақшалар» Момбайұлы Қалым, Ақби, Қапандармен бірге ұлт аспаптар оркестріне қабылданады. Өстіп ұзын-сонар өнер соқпағына түскен Ықаң – күні бүгінге дейін жүрісінен жаңылмаған жорғадай квинт бұрауымен орындалатын жүзден аса күйді орындайтын дәулескер күйші, «Арнау», «Ел көшкенде», «Арман», «Қобда өзен», «Сылқылдақ», «Әке арманы», «Қоштасу» сияқты ондаған күйлердің авторы. Ықайдың күйлерін Астанадағы «Шабыт» өнер университетінің ұстазы, музыка зерттеушісі Базарәлі Мүптекеев жазып алған екен, кенеттен қайтыс болып, жарыққа шықпай қалыпты.
Райхан Мұхаметұлы Баян-Өлгийдің ұлт аспаптар оркестріне қабылданып, Бэлгийн Дамдинсүрэн (Моңғолия Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері) Гончигийн Цэрэндоржлар (Моңғолия Мемлекеттік сыйлығының иегері, Еңбек Ері) сынды талантты өнер қайраткерлерінен сауатын ашады. Жалпы музыкалық сауаттылықты, ноталық әліппені сол кісілерден үйренеді. Ал домбырашылық сауатын қалыптастырған Құрманғазы консерваториясының доценті Хабидолда Тастанов (екі жыл жұмыс істеді) 1957-1960 жылдары атақты дирижер Алдаберген Мырзабеков, 1960-1964 жылдары Алматыдағы консерваториясының домбыра кафедрасының тәлімгері Мәлғаждар Әубәкіровтардың еңбегінің арқасы.
## Шығармалары
«Тарту» (1965 ж), «Жеңіс» (1976), «Қобда өзен» (1979), «Достық» (1981), «Толғау» (1984), «Бақыт таңы, (1984), «Әке арманы» (1985), «Ел көшкенде» (1991), «Ата толғау» (2015), «Аманат» (2018), күйлері мен оркестрге арналған «Космонавтар вальсі» (1982 ж) музыкалық шығармасы көпшілік көңілінен шыққан сәтті туындылар. Бұның ішінде «Қобда өзен» және «Толғау», «Әке арманы» күйлері – сыбызғы, домбыра ансамбліне лайықталып жазылған күрделі туындылар. Сонымен қатар, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина сынды атақты күйшілердің күйлерін шебер орындаушы. 100-ден аса күйлері радио, теледидар мұрағаттарында сақтаулы.
## Дереккөздер |
* Мұқаншы – Жетісу облысы Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Мұқаншы – Жетісу облысы Көксу ауданы, Мұқаншы ауылдық округі құрамындағы ауыл. |
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті — Қарағанды қаласындағы мемлекеттік жоғары оқу орны.
## Құрылымы
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақстан тарихындағы екінші жоғары оқу орны және еліміздің бұрыннан келе жатқан ірі университеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның дамуы, экономикалық гүлденуі, өмір сапасы, ұлттық қауіпсіздігі білім беру саласының жағдайымен, ғылымның өрістеуімен, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибе жүзінде пайдалану тиімділігімен айқындалады. Қазіргі заманда білім беру мен ғылымның құндылығы көпшілікке танылуымен қатар, жалпы адамзаттың рухани қазыналарының қатарына кіреді. Университеттің ерекше миссиясы қоғамның динамикалық дамуының негізі болатын ғылым мен білімнің кірігуімен жүзеге асады. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті сияқты классикалық университеттер маңызды қоғамдық және мәдени міндетті орындауда. Олар білім беру және ғылым мен ағарту ісінің мұраттарына қызмет етудің, интеллектуалдық еркіндікті іске асырудың, мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына салмақты үлес қосудың, жас ұрпақты тәрбиелеудің үлгілері ретінде қарастырылады. Біздің университет классикалық университеттер дәстүрлерін жалғастыра отырып, университеттік білім берудің тұрақты жоғары деңгейі мен іргелілігін сақтайды. ҚарМУ Қазақстанның ағарту, ғылым мен мәдениет көшбасшыла рының бірі болып табылады. Демек, бұл жоғары білікті мамандардың тұрақты жоғары деңгейін, ұдайы ғылыми ізденісті, еркіндік, қайырымдылық пен әділдіктің адамгершілік мұраттарына бағыт алуды білдіреді. ҚарМУ бүгінгі күні — қарқынды дамып келе жатқан университеттердің бірі. Біз заң, экономика, гуманитарлық, жаратылыстану, педагогикалық және инженерлік бағыттағы 101 мамандық бойынша күндізгі, сырттай, қысқартылған және қашықтықтан оқу түрлері бойынша дайындықты жүзеге асырамыз. Қазіргі кезде 14 факультетте 20 мыңнан астам студент білім алуда. Қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес біз жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жүзеге асырудамыз. Бакалавриаттан кейін түлектер білім алуды магистратурада және аспирантурада мен докторантурада жалғастыра алады. Жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы университеттің негізгі игілігі болып саналады. Оқытушы корпусының 41 %-і ғылыми дәреже мен атаққа ие. Жыл сайын университет қызметкерлері ғылым кандидаты мен докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 30-дан аса жұмыс қорғайды. ҚарМУ-де Кандидаттық және докторлық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер ойдағыдай жұмыс жасауда. ҚарМУ-дің мәртебесі белсенді халықаралық ынтымақтастықпен дәлелденеді. Әр түрлі қоғамдық және мемлекеттік институттар, республиканың, алыс және жақын шетелдің жоғары оқу орындары біздің университеттің серіктестері болып табылады. Олардың кейбіреулерін ғана атап өтейік: Орталық Азия менеджментті дамыту қоры (CAMAN) , ИНТАС, ТАСИС, Білім беру және тілдерді меңгеру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі американ кеңесі (АКСЕЛС), ДААД академиялық айырбас жөніндегі неміс қызметі, Британ Кеңесі, Қазақстандағы Франция, Италия, Түркия, Корея елшіліктері, АҚШ-тің Бейбітшілік корпусы, Гете атындағы институт (Германия), Мериленд штатынын, университеті (АҚШ), Экстер университеті (Ұлыбритания), Ионсей университеті (Оңтүстік Корея), М. В. Ломоносов атындағы ММУ, Новосибирск мемлекеттік университеті, Қазан мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚХЭҚИ т. б. Бұл студенттік жинақылықты дамытудың кең өрісі. ҚарМУ-дің еліміздің мемлекеттік жоғары оқу орындарының арасынан бірінші болып халықаралық аккредиттеуден өтіп, Еуропалық менеджментті дамыту қорының (EFMD) сертификатын алғандығы біз үшін үлкен мақтаныш. Бұл — университетімізде берілетін білім са-пасын халықаралық деңгейде мойын-даудың дәлелі. 2005 жылдың мамыр айында ҚарМУ жоғары білім саласын-да беделді халықаралық ұйымдардың бірі болып саналатын Университеттер-дің Ұлы Хартиясына мүше болып енді. Бұл ұйымның штаб-пәтері Италияның Болонья қаласында, Еуропаның ежелгі университетінде орналасқан. ҚарМУ-де тек біздің елдің жастары ғана білім алмайды. Университет қа-бырғасында Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей, Монғолия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстаннан келген 200-ден аса шетелдік оқушы білім алуда. ҚарМУ-дің дамыған инфрақұрылымы оның бәскелестік қабілетіне қолдау көрсетеді. ҚарМУ құрамында 12 оқу ғимараты, кітап қоры 1,5 млн. дананы құрайтын 16 оқу залы бар ғылыми кі-тапхана, жабдықталған 6 жатақхана, санаторий-профилакторий, студенттік тұрмыстық кешені, 19 кәсіпорынды қо-ғамдық тамақтандыру комбинаты, «Шаңырақ» жастар орталығы, кондитерлік цех, «Аюлы» спорттық-сауықтыру кешені, «Кент» бос уақытты өткізуорталығы, Балқаш, Топар көлдеріндегі демалыс аймақтары, Қарқаралыдағы оқу-сауықтыру базасы, 3 стадион,11 спорттық зал, «Интернет» телекоммуникациялық орталығы, компьютерлік орталық, медиатека, баспахана,оқу теледидары бар. Біздің әрі қарай дамуымыз болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Біздің болашағымыз бұл классикалық университеттің дәстүрлерін жалғастыру, үздіксіз және іргелі білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа стандарттарын қолдану, жаңа білім беру технологияларын енгізу, еңбек нарығында өз бәсекелестік қабілетін сақтау, Елбасы Жолдауы ережелеріне негізделген әлеуметтік саясатты жүзеге асыру болып табылады.[дереккөзі?]
## Факультеттері
* Биология-география факультеті
ботаника кафедрасызоология кафедрасыфизиология кафедрасыгеография кафедрасы
* ботаника кафедрасы
* зоология кафедрасы
* физиология кафедрасы
* география кафедрасы
* Шет тілдер факультеті
гуманитарлық факультеттер шет тілі Кафедрасыжаратылыстану факультеттер шет тілі Кафедрасыағылшын тілі методикасы кафедрасыағылшын тілі теориясы кафедрасынеміс және француз тілі теориясы және практикасы Кафедрасы
* гуманитарлық факультеттер шет тілі Кафедрасы
* жаратылыстану факультеттер шет тілі Кафедрасы
* ағылшын тілі методикасы кафедрасы
* ағылшын тілі теориясы кафедрасы
* неміс және француз тілі теориясы және практикасы Кафедрасы
* Тарих факультеті
археология, этнология және отан тарихы кафедрасыәлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасыҚазақстан тарихы кафедрасы
* археология, этнология және отан тарихы кафедрасы
* әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы
* Қазақстан тарихы кафедрасы
* Математика факультеті
проф.Т.Ғ.Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия Кафедрасыматематикалық анализ және дифференциалды теңдеулер Кафедрасықолданбалы математика және информатика Кафедрасымеханика кафедрасыматематика және информатикадан сабақ беру методикасы кафедрасы
* проф.Т.Ғ.Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия Кафедрасы
* математикалық анализ және дифференциалды теңдеулер Кафедрасы
* қолданбалы математика және информатика Кафедрасы
* механика кафедрасы
* математика және информатикадан сабақ беру методикасы кафедрасы
* Әлеуметтік-педагогикалық факультет
педагогика Кафедрасыпедагогика және бастауыш білім методикасы кафедрасыәлеуметтік адаптация және педагогикалық коррекция кафедрасыәлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасымектепке дейінгі және психология-педагогикалық дайындық теориясы және методикасы кафедрасы
* педагогика Кафедрасы
* педагогика және бастауыш білім методикасы кафедрасы
* әлеуметтік адаптация және педагогикалық коррекция кафедрасы
* әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасы
* мектепке дейінгі және психология-педагогикалық дайындық теориясы және методикасы кафедрасы
* Кәсіби-көркем факультет
машинатану кафедрасыжалпытехникалық пәндер және еңбектік оқыту әдістемесі кафедрасыбейнелеу өнері және дизайн кафедрасы
* машинатану кафедрасы
* жалпытехникалық пәндер және еңбектік оқыту әдістемесі кафедрасы
* бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы
* Физика факультеті
жылуфизика кафедрасыжалпы және теоретикалық физика кафедрасырадиофизика және злектроника Кафедрасыконденсированного күйдің спектроскопиясы Кафедрасы
* жылуфизика кафедрасы
* жалпы және теоретикалық физика кафедрасы
* радиофизика және злектроника Кафедрасы
* конденсированного күйдің спектроскопиясы Кафедрасы
* Филология факультеті
журналистика кафедрасықазақ тіл білімі кафедрасықазақ әдебиеті кафедрасыклассикалық және орыс филологиясы кафедрасыГ.А. Мейрамов атындағы орыс тілі және әдебиетің оқыту методикасы және практикасы. кафедрасықазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы
* журналистика кафедрасы
* қазақ тіл білімі кафедрасы
* қазақ әдебиеті кафедрасы
* классикалық және орыс филологиясы кафедрасы
* Г.А. Мейрамов атындағы орыс тілі және әдебиетің оқыту методикасы және практикасы. кафедрасы
* қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы
* Философия және психология факультеті
философия және мәдениет теориясы кафедрасыпсихология Кафедрасысаясаттану және әлеуметтану кафедрасы
* философия және мәдениет теориясы кафедрасы
* психология Кафедрасы
* саясаттану және әлеуметтану кафедрасы
* Химия факультеті
органикалық химия және полимерлер кафедрасыфизикалық химия Кафедрасыбейорганикалық және техникалық химия кафедрасыхимиялық технология және экология кафедрасы
* органикалық химия және полимерлер кафедрасы
* физикалық химия Кафедрасы
* бейорганикалық және техникалық химия кафедрасы
* химиялық технология және экология кафедрасы
* Экономика факультеті
менеджмент кафедрасыбухгалтерлік есеп және аудит кафедрасымаркетинг кафедрасықаржы кафедрасыэкономика және халықаралық бизнес кафедрасыэкономикалық теория кафедрасы
* менеджмент кафедрасы
* бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
* маркетинг кафедрасы
* қаржы кафедрасы
* экономика және халықаралық бизнес кафедрасы
* экономикалық теория кафедрасы
* Заң факультеті
азаматтық және еңбек құқығы кафедрасықылмыстық құқық және криминология кафедрасықылмыстық процес және криминалистика Кафедрасыконституциялық және халықаралық құқық Кафедрасымемлекет тарихы және теориясы Кафедрасы
* азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы
* қылмыстық құқық және криминология кафедрасы
* қылмыстық процес және криминалистика Кафедрасы
* конституциялық және халықаралық құқық Кафедрасы
* мемлекет тарихы және теориясы Кафедрасы
* Дене тәрбиесі және спорт факультеті
Дене тәрбиесі Кафедрасыалғашқы әскери дайындық Кафедрасыдене тәрбиесі және спорттық медицина теориясы және методикасы Кафедрасыспорттың циклдық түрлері және спорттық ойындар Кафедрасы
* Дене тәрбиесі Кафедрасы
* алғашқы әскери дайындық Кафедрасы
* дене тәрбиесі және спорттық медицина теориясы және методикасы Кафедрасы
* спорттың циклдық түрлері және спорттық ойындар Кафедрасы
## Халықаралық білім-ғылым ұйымдарына мүшелігі
* Университеттер Президенттерінің Халықаралық Ассоциациясы (IAUP);
* Жоғарғы мектеп ғылымдарының халықаралық академиясы (IHEAS, МАН ВШ);
* Менеджментті дамыту Орталық Азия Фонды (CAMAN);
* Университеттердің Ұлы Хартиясы (Magna Charta Universitatum);
* Экономикалық зерттеулер және білім консорциумы (EERC);
* Экономикалық білім бойынша халықаралық проект(B&EE).
* Университеттердің Еуразиялық Ассоциациясы/EAU;
* Университеттер ректорларының халықаралық ассоциациясы/IAUP;
* Халықаралық Университеттер Ассоциациясы/IAU;
* ТЕМПУС білім және өнер бойынша еуропалық комиссиясы/TEMPUS;
* ЭРАСМУС МУНДУС білім және өнер бойынша еуропалық комиссиясы/ERASMUS MUNDUS;
* «Сібір ашық университеті» халықаралық ассоциациясы;
* Дистанциялық оқыту бойынша жаһандық университеттер ассоциациясы Association of Global Universities In Distance Education/GUIDE;
* Қазақстандағы Британдық Кеңес(British Council);
* KOICA/Корея Республикасы елшілігі негізінде халықаралық ынтымақтастық бойынша корей агенттігі;
* Ынтымақтастық және ауысу бойынша халықаралық кеңес (IREX, АҚШ Мемдепартаменті);
* Сапа менеджменті жүйесін сертификациялау бойынша SGS халықаралық агенттігі, (Қазақстан-Швейцария);
* «Education Network» оқу орындары ассоциациясы, Қазақстан-Қырғызстан;
* Білім беру және тіл үйрену салаларында ынтымақтастық бойынша америкалық кеңес (ACCELS);
* Регенсбург Университеті (Германия);
* Аризона Университеті (АҚШ);
* Тренто Университеті (Италия);
* Йонсе Университеті (Корея Республикасы);
* Орталық-еуропалық университет (CEU, Мажарстан);
* Кембридж университеті (Англия);
* Эксетер география, археология және жер ресурстары институты (Англия);
* Сент-Иштван Университеті (Мажарстан);
* Чукур Университеті (Түркия);
* М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей);
* Томск мемлекеттік университеті (Ресей);
* Мәскеу экономика мен құқық академиясы (Ресей);
* Томск политехникалық университеті (Ресей);
* Мәскеу мемлекеттік құқық академиясы;
* «Білім – Орталық Азия» консультация-білім беру орталығы;
* Қарағанды облысының сауда-саттық-өндірістік палатасы.
## Кітапхана қоры
1,7 миллион қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, корей және басқа тілдерде кітап түрінде және электрондық баспалары бар.[дереккөзі?]
## Дереккөздер |
Досаев сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін:
* Ғани Қабылбекұлы Досаев – кикбоксшы.
* Ерболат Асқарбекұлы Досаев - «Бәйтерек»Ұлттық басқарушы холдингі басқармасының төрағасы.
* Тасболат Молдахметұлы Досаев – медицина ғылымдарының докторы. |
Керей хандар әулеті — Керей мемлекетін (Хандығы) билеген хандар, мемлекет басшылары.
## Керей мемлекеті
Керей мемлекеті ХІІ ғасырда әскери билікке сүйенген ұлыс ел деңгейіне көтерілді. Аталған кезеңде Керей ұлысын Маркуз Бұйрық хан басқарды. Керей хандары алтыннан шатыр тігіп, алтындаған ер-тұрман сайлап, алтын кеседен ас-су ішкені жайлы ортағасырлық жазбаларда айқын жазылған. Тайпалар мыңдыққа, ішкі рулар жүздікке бөлініп, мыңдықты мыңбасылар, жүздікті жүзбасылар басқарады. Керей хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Керей ұлысында айшықты шекара болмағанымен, орда тігер орны, қыс қыстауы, жаз жайлауы белгілі болған. Олар әйгілі Қарақорымды бас қала етті. Түндік, Цэцейдей, т.б. қалалар салды. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, киіз үйде өмір сүрді. Керейлер несториан сенімін ұстанды. Оларда жазба заң болмады, әдет заңына жүгінді. Керей заңы бойынша ата жауына сатылу ең ауыр қылмыс саналған.
## Керей мемлекетінің құрылымы
Керей хандығын хан басқарған. Бұлар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Елдегі әскерді ондық жүйесі бойынша бөлген. Он жауынгер ондықты құрды, жүз жүздікті,... Бұларда жазу бар еді. Ханның жарлықтары хатқа түсіп, ханның мөрімен бекітілген. Керейлер Орталық Азиядағы үстемдігі үшін наймандармен бәсекелесіп отырған.
## Хандары
Керей мемлекетінің кезінде ірі де айбынды ел болғанына тарихта дәлел жеткілікті. Кейбір деректер бойынша Х ғасырда керейлер 200 мыңға жуық болған. Моңғол билігіне дейін Керейді Марғұзған, Құршақұз, Бұйрық, Гөр-хан, Уаң сияқты хандар билеген. Уаңның өз аты Торы (Тұғырыл).Ол өз кезінде Қытайдың Алтын ұлысына татар тайпаларын жеңуге көмектескені үшін қытай әміршісінен Уаң хан (бір елдің ханы) лауазымын алған.
## Тұғырыл - ұлы хан
Маркуз Бұйрықтың немересі Кұржақұз Бұйрық хан өлген соң, ұрпақтары хан тағы үшін өзара көп қақтығысты. Керейлерді, бір жағынан, татар, тунгустар қыспаққа алса, екінші жағынан, Ерке қара тобын наймандар қолдады. Тұғырыл хан тобына («Тоғырыл» - өз аты, ал «уаң хан» немесе «ұлыс билеушісі» лауазымы – Тоғырылға шүршіт ханы Вангин Чинсан берген лауазым) Есукей батыр бастаған татарлар ішіндегі боржигин руының моңғол аталығы қол ұшын берді. Тарихта керейлердің дәуірлеген кезеңі – Уаң хан басқарған тұс. Батыс католтктеріне «шығыстан шыққан пірәдар Иоан» аңызы бойынша жеткен оның Уаң хан аты кезінде Батыс Еуропаны дүр сілкіндіргені белгілі. Керейлер мен моңғолдлар өзара ант су ішіскен түбегейлі достық қатынаста болды. Бұл қатынас Тоғырыл және Тэмужин тұсында одан әрі жалғасты. Уаң хан Тэмужинді өкіл ұлы санады. Тэмужин 1189 жылы өз әулетінің ханы сайлағанда оны алғаш қолдағандардың бірі осы Уаң хан болды. Тэмужиннің ар-намысын қорғау үшін 1179 жылы меркітке қарсы құрылған үштік одағын (Уаң хан, Жамуқа және Тэмужин) ұйымдастырушы да Уаң хан еді. Аталған жорыққа тек керейдің өзінен 20 мың қол атқа қонды. Керейлер Тэмужин бастаған топпен бірлесіп, 1198 жылы татарларды шапса, 1201 жылы Жамұқа бастаған Алақай бұлақ одағына соққы берді. Тэмужинемен бірлесіп, 1203 жылы наймандардың батыс қанатына шабуыл жасады.
## Тұғырыл хан ұрпақтарының хандық құрған кезеңдері
* Тұғырыл ханның немересі - хандық құрған мерзімі 1220-1290 жылдар. Өмір сүрген уақыты 1201- 1290 ж.ж.
* Мамық хан, хандық құрған жыл- дары 1290-1315, өмір сүрген уақыты: 1240-1315 ж.ж.
* Мардан Мамықұлы - 1315-1336 жылдар ара- лығы, өмір сүрген уақыты 1240-1315 ж.ж.
* Хожа Марданұлы,(орыс дерегінде Ходжа Марович), хан билігіне келген мерзімі 1336-1354 жылдар,
* Алшағыр Қағанұлы - 1354- 1375 ж.ж.
* Алшағыр Қағанұлы - 1384-1393 ж.ж.
* Шегір Алшағырұлы - 1393-1412 ж.ж.
* Дәулетше Омарұлы - 1412-1420 ж.ж.
## Дереккөздер |
Сәуле Мешітбаева — қоғам қайраткері, 20.09.1946 жылы Жамбыл облысы Көктерек ауданы Бірлік аулында дүниеге келді.
«QAZAQSTAN DAUIRI» газетінің, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас директоры, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, «ЕлАна» қоғамдық-танымдық, әлеуметтік-ақпараттық сайтының Бас редакторы, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі.
## Өмірбаяны
Бүгінде жоғарыдағыдай ақпарат құралдары арқылы халықтың жанайқайын билікке жеткізіп, қоғамның ауыр жүгін арқалап жүргені өз алдына, халық арасында «ел анасы» атанып кеткен Сәуле Мешітбайқызы 1946 жылы 20 қыркүйекте Жамбыл облысы Көктерек ауданы Бірлік ауылында дүниеге келді. 1963 жылы Шу ауданына қарасты Новотройцк селосында Мұхтар Ауезов атындағы орта мектепті бітірген ол, аталмыш мектепте аға пионер вожатый болды. Ол уақытта заң бойынша пионер вожатый болып жұмыс істеген кезең педагогикалық өтілге қосылатын. Соның ықпалымен, 1964 жылы жолдама арқылы Абай атындағы педагогикалық институтқа түсіп, оны 1969 жылы аяқтайды. Институттан педагог мамандығын алып шыққан ол, арнайы жолдамамен Жамбыл облысы, Мерке ауданына қарасты Тәтті совхозындағы М. Маметова атындағы орта мектепке ұстаз болып орналасты. Ал, 1973 жылы Шу ауданы, Абай совхозындағы Абай атындағы мектепте 1978 жылға дейін ұстаздық қызмет етеді. 1978-1999 жж. А. Жұбанов атындағы мектепте мұғалім, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды. 2000-2009 жылдары Қазақтелеком «АҚ» компаниясының іс-қағаздарына мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі жетекші маманнан бас менеджер, 2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газетінде бас директордың бірінші орынбасары қызметінде жұмыс істеді. Жалпы еңбек өтілі 56 жыл. 4 баласы, 8 немересі, 1 шөбересі бар.
## Білімі
1963 жылы Шу ауданы, Новотройцк селосында Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепті бітірді. Сол мектепте аға пионер вожатый болды. Заң бойынша пионер вожатый болып жұмыс істеген кезең педагогикалық стажға қосылатын. Содан жолдамамен Абай атындағы педагогикалық институт, КАЗПИ-ге 1964 ж. түсіп, оны 1969 жылы аяқтады.
## Еңбек өтілі
Арнайы жолдамамен Жамбыл облысының Мерке ауданындағы Тәтті совхозында М. Маметова атындағы орта мектепке 1969 жылы ұстаз болып орналасты. 1973 жылы Шу ауданындағы, Абай атындағы совхозының Абай атындағы мектепте 1978 жылға дейін ұстаз болып, 1978 -1999 жж. Алматы қ. А. Жұбанов атындағы мектепте ұстаз, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды. 2000-2009 жылдары «Қазақтелеком» АҚ компаниясының іс-қағаздарына мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі жетекші маманнан бас менеджер, 2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газетінде бас директордың бірінші орынбасары қызметінде жұмыс істеді. Жалпы еңбек өтілі 56 жыл. 2017 жылдан қазіргі таңда «QAZAQSTAN DAUIRI» газетінің, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас директоры, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, «ЕлАна» қоғамдық-танымдық, әлеуметтік-ақпараттық сайтының Бас редакторы, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі. Сәуле Мешітбаева ҚР бірқатар Министрліктердің Мақтау грамоталарымен марапатталған, 1988 ж. «ҚазССР оқу ісінің үздігі», 2013 жылы «Нұр Отан» ХДП ұйымдастырған журналистердің «Нұрсұңқар» байқауында номинант болса, «Ақ жол» партиясының ұйымдастырған байқауында «Ең үздік журналист» атағына ие болды.
Халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газетінде (қазір «Қазақстан Дәуірі») жұмыс істеген соңғы он жылда С. Мешітбайқызы өзін тың қырларынан көрсетті. Үлкен тақырыптарды көтеріп, соларды жеріне жеткізіп жазды. Жасына қарамастан журналистикада сүбелі-сүбелі тақырыптарға батыл түрде барып, ол мақалаларға үнемі он мыңдаған оқырмандардың үн қосуы С. Мешітбаеваның талантын тағы бір биіктерден көрсетті. Журналист ретінде, сондай-ақ, Елбасымыздың халыққа жолдауларын, тапсырмаларын, саясатын насихаттау мақсатында С.Мешітбаева бүкіл республиканы, жүздеген аудандар мен шалғай ауылдарды ерінбей аралады. Ауыл шаруашылығы министрлігімен, «Нұр Отан» ХДП-мен бірлескен бірнеше экспедициялар ұйымдастыруы, көтерген мәселелерінің оң шешім тауып отыруы ол кісінің қайраткерлігін, күрескерлігін дәлелдейді. Сәуле Мешітбайқызы тек мақалалары арқылы ғана емес, халықтың мұң-мұқтажына, проблемаларына тікелей араласып, талайлардың алғысына бөленген жан. Сондай-ақ бабаларын ұлықтау арқылы көптеген игі істер атқарды. Сәуле Мешітбаева Министрліктің Мақтау грамоталарымен, 2013 жылы «Нұр Отан» ХДП ұйымдастырған журналистердің «Нұрсұңқар» байқауында номинант болса, сол жылы Ақжол партиясының ұйымдастырған байқауында ең үздік журналист атағымен қоса ақшалай сыйлыққа ие болды.Осы еңбектерінің нәтижесінде С. Мешітбаева «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» марапатына да ие болды.
## Қызмет жолы
Сәуле Мешітбайқызы Мешітбаева – қазақстандық патриотизмнің қалыптасуы мен мәдениетінің дамуына, жетім балалар, тұрмыс деңгейі төмен және көп балалы отбасылар, көші-қон мәселелері, мәдени, тарихи ескерткіштердің сақталуы, мемлекеттік тілдің дамуы сияқты көптеген мәселелердің шешілуіне зор үлес қосып жүрген қоғам қайраткері, бірегей, жан- жақты тұлға.
Сәуле Мешітбайқызы республикамыздың әр түкпірінде, ұжымда, қоғамдық-саяси өмірінде маңызды тұлғалар, зиялы қауым мен барлық әлеуметтік топтар арасында зор құрметке ие. Қандай қызметті іс болсын оған жан тәнімен, жүрегімен беріледі. С. Мешітбаева өзінің туған ауылында мұғалім болғанда да, Алматы қаласында А. Жұбанов атындағы саз мектебінде қызмет еткен жылдары, «Қазақтелеком» АҚ компаниясында мемлекеттік тіліміздің қолданылу аясын кеңейтудегі тынымсыз еңбек еткенде де адамдардың зор құрметіне бөленді. Ол кісі сондай-ақ ізденімпаздығымен, жаңашылдығымен, идеяларының көптігімен ерекшеленетін және ойға алған, жоспарлаған іс жобаларын шеберлікпен көпшіліктің қолдауы арқылы жүзеге асыратын еңбекқор жан. С. Мешітбаева отыз жылдан аса ұстаздық еткенде балалардың нәзік жүректеріне жол таба білетін өз ісінің нағыз хас шебері болды. Ана-ұстаз ретінде үлкен жүректің нұрымен балалардың болашақ өз жолдарын тауып, кейін мемлекетіміздің зор қайраткерлері, үлкен өнер иелері болуларына игі ықпал етті. Ал «Қазақтелеком» компаниясы қызметкерлерінің мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру жөніндегі жоба-байқаулары бүкіл республикаға үлгі өнеге болып, ол зор халықтық сипат алды. С.Мешітбаева Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының жұмысына зор үлес қосты. С.Мешітбаева «Қазақтелеком» АҚ-да өз ізін қалдырды. Бірнеше әдістемелік құралдар мен сөздіктердің авторларының бірі. Телекомуникация саласына 1000-дай термин әкелді. Сәуле Мешітбайқызының «Қазақтелеком» АҚ компаниясындағы 10 жыл қызметі барысында осы саладағы мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуде өзіндік қолтаңбасы қалды.
Халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газетінде (қазір «Қазақстан дәуірі») жұмыс істеген соңғы он жылда С. Мешітбайқызы өзін тың қырларынан көрсетті. Үлкен тақырыптарды көтеріп, соларды жеріне жеткізіп жазды. Жасына қарамастан журналистикада сүбелі-сүбелі тақырыптарға батыл түрде барып, ол мақалаларға үнемі он мыңдаған оқырмандардың үн қосуы С. Мешітбайқызының талантын тағы бір биіктерден көрсетті. Журналист ретінде, сондай-ақ, Елбасымыздың халыққа жолдауларын, тапсырмаларын, саясатын насихаттау мақсатында С.Мешітбайқызы бүкіл республиканы, жүздеген аудандар мен шалғай ауылдарды ерінбей аралады. Ауылшаруашылығы министрлігімен, «Нұр Отан» ХДП-мен бірлескен бірнеше экспедициялар ұйымдастыруы, көтерген мәселелерінің оң шешім тауып отыруы ол кісінің қайраткерлігін, күрескерлігін дәлелдейді. Сәуле Мешітбайқызы ҚР бірқатар Министрліктердің Мақтау грамоталарымен марапатталған. 1988 ж. «ҚазССР оқу ісінің үздігі», 2013 жылы «Нұр Отан» ХДП ұйымдастырған журналистердің «Нұрсұңқар» байқауында номинант болса, сол жылы Ақжол партиясының ұйымдастырған байқауында «Ең үздік журналист» атағымен қоса ақшалай сыйлыққа ие болды.
Осы еңбектерінің нәтижесінде С. Мешітбаева «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» марапатына да ие болды.
## Алған марапаттары
* 1988 ж. «ҚазССР-інің білім саласының үздігі».,
* 2010 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданының 80 жылдығы, Шу қаласының 50 жылдығы мерейтойы медалімен марапатталды.
* 2012 ж. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хаты»,
* 2013 жылы «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған журналистердің «Нұрсұңқар» байқауында номинант болса,
* 2013 жылы «Ақ жол» партиясының ұйымдастырған байқауында ең үздік журналист атағымен қоса ақшалай сыйлыққа ие болды.
* 2014 жылы «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленді. Сондай-ақ, министрліктің Мақтау грамоталарымен марапатталып,
* 2015 ж. «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» медалі,
* 2015 ж. «Ауылшаруашылық саласының үздігі» медалі,
* 2015 ж. Моңғол Халық партиясының 90 жылдығына орай «Құрмет медалімен» марапатталды.
* 2017 ж. Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» атағын алып, «Еңбек ардагері» медалінің иегері болды.
* 2017 ж. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының 10 жылдық мерейтойлық төсбелгісі.,
* 2018 ж. Солтүстік Қазақстан облысы, «Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы» мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды.
* 2018 ж. Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалі
* 2018 ж. Жамбыл облысы, "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" медалімен марапатталды
* 2018 ж. Жамбыл облысы, "Байзақ ауданының 80 жылдығы" төсбелгісімен марапатталды
* 2019 ж. Мойынқұм ауданының құрметті азаматы.
* 2019 ж. Жамбыл облысына еңбек сіңірген төсбелгісі.
* 2019 ж. «Жаңаарқаға 90 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды
* 2019 ж. ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «Алғыс хаты»,
## Дереккөздер |
Байтайлақ Бәйімбетұлы (1695-1743) — қазақ халқының жоңғар, шүршіт, қырғыз, орыс шапқыншыларына қарсы ұлт азаттық соғысында ерлiк көрсетiп, аты аңызға айналған, 12 абақ керейдің Шеруші руына ұран болған тарихи тұлға. XVIII ғасырда қазақ даласында ұлы төңкерістер мен соғыс ұрыстары өткен қайғылы жылдарымен тарихта қалған. «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» уақыты да осы кезеңнің еншісінде. Ол уақытта қазақ даласында батырлық институт қалыптасып, соғыстарға қарсы үш жүздің басы біріккен заман болды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек Бердәулетұлы Байтайлақ батыр сынды ұлы қаһармандарымыз осы ғасырдың тарихына есімдерін алтын әріппен қалдырды. Байтайлақ батыр XVIII ғасырдың басындағы қалмақ-қазақ соғыстарының көбісіне қатысып, бүтіндей бір рулы елдің рухани жебеушісі, Абылайдың майдан даласындағы сенімді сарбазы, артынан қол ерте білген қолбасшысы деңгейіне дейін көтеріледі.
## Өмірбаяны
Байтайлақ батыр шамамен 1695 жылы дүниеге келген. Жоңғарға қарсы атой салып, жеңістің туын тіккен. Орта жүз Керей руының абақ бірлестігіне кіретін он екі рудың бірі – шеруші. Шеруші өз ішінен алты руға бөлінеді. Осы алты ру жоңғар шапқыншылығынан бері қарайғы кезеңде «Байтайлақтап!» жауға шапқан екен. Рулы елге ұран болған Байтайлақ батыр Бәйімбетұлы – шерушінің Құтымбет (Ұзынмылтық) атасынан тарайды. Байтайлақ Бәйімбетұлының өмір сүрген жылдарына қатысты екі түрлі болжамды қолдаушылар бар. Бірінші топтағылар батыр 1703-1781 жылдары өмір сүрген десе, келесілері 1690 жылдар мен 1740 жылдардың ортасын ала өмір сүрген деп біледі. Сонымен қатар Байтайлақ батырдың жерленген жеріне қатысты да күні бүгінге дейін екі түрлі болжам орныққан.
1703-1781 жылдары өмір сүрген дегенді қолдаушылар Байтайлақ батыр қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Қалбатау өңірінде өмірден өтіп, әйгілі батыр Ер Жәнібек Бердәулетұлының қасында жерленген деп біледі. Осыған негіздеп 2014 жылы Байтайлақ Бәйімбетұлына Қалбатауда кесене тұрғызылып, Астанада және Шығыс Қазақстанда ас беру, конференция т.б. біршама шаралар өткен еді. Екінші бір нұсқаны жақтаушылар Байтайлақ батырдың зираты қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы орталығы Талшық кентіне жақын маңда деп біледі. Әр тараптың келтірер өз дерегі мен дәйегі бар.
## Жоңғарларға қарсы күресі
Байтайлақ батыр 13 жасында қолына қару алып, қазақ-жоңғар соғысында аттанған. 1718 жылғы «Аягөз» шайқасында қалмақтың үш батырының басын алып, көзге түскен. 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» шабуылында да қанды қырғын ортасынан табылады. 1724 жылы Қанжығалы Бөгенбай батыр бастаған шайқаста да аянбай шайқасып, ерлік көрсеткен. Байталық батырдың даңқын әспеттеген жорық - «Бұланты шайқасы». Бұл жорық туралы өлкетанушы ғалым, ақын Білімтай Біләлұлы «Арқа ажары» газетінде былай деп дерек келтіреді:
«1726 жылы Әбілхайыр ұйымдастырған жеңісті жорық әйгілі Бұланты шайқасында Байтайлақ батыр ерекше көзге түседі. Қазақ жасағы, қатарлас қаруластары Байтайлақ батырды жекпе-жекке шығарып, «Байтайлақтап» атын шақырып ұрандатып, аруақтандырып, жігерлендіріп, қолдап, көтермелегенде жекпе-жекте жан шыдатпастай қарқынға ие болып арқаланып кеткен. Сол екпінмен жекпе-жекке шыққан жоңғар батырымен сайысып жүріп оқыс қимыл кезінде темір сауытының етегінен жік тауып жұқа шаптан жарып жіберген. Ат үстінен ішек қарыны жерге ақтарылып түсіп, жаны шығып та үлгермеген жоңғар батырының салақтаған қанжоса ішек қарынын көрген, жан ұшыра шыңғырған ащы дауысын естіген жоңғарлардың мысы басылып, үрейін ұшырып, қазаққа өр рух, үміт сыйлайды. Сол қарқынын байқаған қаруластары «Байтайлақтап» атын шақырып ұрандап жігерлендіріп жібергенде қарқын алып екпінімен жаудың тобына қаққан сынадай топты жарып кіріп жайпайтын, алды-артынан алдырмайтын айлалы батыр болғаны ел ішінде сақталған».
Байтайлақ батырдың Бұланты шайқасында ерекше көзге түсуіне тағы бір дәлелі 1729-1730 жылдарының шамасында жас Әбілмансұр «Абылайлап» шауып жоңғардың батыры Шарыстың басын алатын жеңісті жол Балқаш көл шайқасында «Ұрандап шапты Байтайлақ!» деп тарихи жырда жырлануы оның рулық ұранға айналып қолбасшы болғанын көрсетеді. 1745 жылы Қалдансері қайтыс болғаннан кейін Абылай хан қазіргі Орталық Қазақстан өңірінен Солтүстікке қарай жойқын тазарту жорығын жасайды. Ең үлкен шешуші шайқастарының бірі еді. Осы шайқасты ғалым, академик Манаш Қозыбаев та нақтылап, дәлелдеп тұжырымдаған. Ел арасынан жинаған аңыз әңгімелерді басшылыққа алар болсақ Байтайлақ батыр осы шешуші шайқаста қапыда қаза болғаны туралы айтылады.
Байтайлақ батырдың жоңғардың әйгілі батыры Тұғыржаппен жекпе-жегі туралы Ақжар ауданы, Кішкенекөл ауылының тумасы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ардагер журналист Сағидолда Икеновтің еңбектерінде жазылған: «Байтайлақ батырға келсек, ел аузында ежелден бар. Бір дерек бойынша ол жоңғардың батыры Дұғыржаптың басын алады. Бұл жекпе-жек қазіргі Дұғыржап ауылының маңында болған. Сол маңда Дұғыржаптың зираты болуы ықтимал. Біз жоңғарларды өзімізден кем санайтынымыз бар. Шындығында олай емес. Әйтпесе жер үшін жойқын, қырғын шайқастар ашар ма еді. Біздің өңір зерттелмеген тарихи өлке».
Байтайлақ батырдың қандай себептен қайтыс болғаны ел аузындағы аңыздарда айтылады. Талшық ауылының тұрғыны Төлеубай Әлімов ақсақал Байтайлақ батырдың өлімі туралы айтқан әңгімесін ескі көз деректен бізге жеткен бір тамшы деп білдік: «Шешуші бір үлкен шайқаста қазақтар да, қалмақтар да көп қырғынға ұшырайды. Ақыры қалмақтар ойсырай жеңіліп, қалғаны жан сауғалап қамыс, ағаш аралап, қашып құтылып кетеді. Байтайлақ батыр сол шайқастан жайбарақат жолдастарымен келе жатқанда қалмақтардың қашқан жасақтары Қара обаның маңында ағаш арасына жасырынып, Байтайлақ батырдың артынан жауырын ортасынан садақпен бірнеше рет атып, жарақаттайды. Жебенің ұшы алынбай батыр қатты жарақат алады. Жеткен жері қазіргі оның жерленген жерінің маңы деседі. Байтайлақ батырмен бірге қаруластарынан да бірнеше адам жазым болады. Сонда Байтайлақ батыр өсиет етіпті: «Мені осы су көтерілсе жетпейтін төбеге жерлеңдер. Төбеден қарап жатармын. Мен жатқанда бұл өңірде қалмақтардың ізі де қалмас».
## Сүзекі қолы
Байтайлақ батыр қай жылы өлді, Қараой өңірінде соғыс қимылдары қай жылдары болды деген сұраққа келсек, 1741 жылдың ақпан айында, қалмақтың ұзын сары (Цаган саар) – жаңа жылын қарсы алғаннан кейін 30-мыңдық әскер қазақ даласына үш жақтан таудан аққан селдей құйылған «Сүзекенің қолы» енгенін білеміз. Сол жылы Ертісті бойлай Септен тайшы шапса, Түркістан маңынан Арқаға қарай Сары Мәнжі аттанады. Жетісудан Қалдан Сереннің үлкен ұлы Лама Доржы қазақ даласына ат қойды. Қазақтың қалмақтың бұл шапқынын «Сүзекінің қолы» дейтіні осы себепті.
«Сүзекінің қолынан» қауіптенген қазақ жағы қоршауда қалып қоймаудың айла-шарғысын жасап жатты. Әскердің бәрін бір жерге жинау ол да қауіпті еді. Амалдың жоқтығынан және әдіске ыңғайлы болғандықтан, негізгі күш екіге бөлінді, оның бірі – Септенмен күресетін солтүстік топ, екіншісі – Сары Мәнжіні тосатын оңтүстік топ. Абылай сұлтан Есіл мен Нұра арасында қалсын, екі жақты да бақылауға ыңғайлы, оның үстіне қауіпсіз делінді. Осылайша қазіргі Қараөткел тұсында әскердің орталық бөлігімен Абылай қала берді де, Бөгенбай Тобылдың жағасында шеп құрды. Міне, осы жерде Септен тайшы алғашқы соққы алып, «Сүзекінің қолы» атанған қалмақ шабуылы тойтарыс көрді. Бөгенбай батырға Тобыл бойында шеп құру да, оған алдаусыратып Септен тайшыны алып келу де оңайға түскен жоқ. Ресей құжаттары былай деп суреттейді бұл оқиғаны:
«… Протчих несколько Казачьей орды на побег тогда ушли за Тобол, за которыми в догоне и для указывания протчих таких Казачьей орды вел их, калмыков, пленник их Казачьей орды человек и то все обманом водил нарочно и напускал снег и мороз великой, потому был еретик и от того едва они калмыки спаслись несколько было урону, от холоду померли и так калмыки онаго вора-еретика сожгли и пошед паки напали на Казачьи жилища, коих весьма многолюдно было по-видимому и за вышепоказанным уроном своих людей от морозов наступать на них не смели и так возвратились здорово и от них казаков никакой изневаги калмыкам не было… А их де калмыцкого войска ныне возвратно с Септенем пошло тысяч с пятнатцать а протчие де их же калмыцкие войска, которые пошли для поиску же Казачьей орды разными тракты и особливыми башлыками, по за камню и по близости Кыргызским жилищам»(РГДА, ф.Зюнгорские дела. Оп.113/1, 1741 г.д. 1, л.41-42 аб.).
## Ғылыми еңбектердегі батыр бейнесі
Тарихшы ғалым И. Ерофееваның құрастыруымен шыққан «Эпистолярное наследие казахской правяшей элиты (1675-1821 годов)» атты 2 томдық еңбектің 1-томына енген №203-ші құжатта Байтайлақ батыр туралы айтылады. Яғни, 1737 жылдың 12 желтоқсанында Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның Ресей патшайымы Анна Иоанновнаға жазған хатында мынадай жолдар бар:
«...біз, Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан мәртебелі патшаға бас иеміз. Және де мәртебелі генерал әрі мырзаға бауырымызға өз арызымызды жолдаймыз: Бұл арқылы мыналарды мәлімдейміз: сіз мырза, сіз бізден хат арқылы мынаны: Байтайлақты және ол тұтқынға алған адамдарды бізге жолдауды талап еткен едіңіз. Және де ол хатта сіз Байтайлақтың 26 адамды тұтқындап әкеткенін мәлімдеген екенсіз. Бірақ Байтайлақ мұнда тек он алты адамды ғана әкелген екен. Осылардан он төрт адамға қосып, Байтайлақтың өзін қоса жіберіп отырмыз. Екі адамның қайда екенін Байтайлақ өзі айтып берер. Осы ретте мен Әбілмәмбет сұлтан, ұлы патшаның құзырындағы сансыз күнәһар Байтайлақты, күнәсін мойындаған жағдайда босатуды өтінемін. Мен, Әбілмәмбет сұлтан менің иелігімдегі керей, уақ, атығай, қыпшақ руларында кім де кім ұрлық пен зұлымдық жасаса, оларды ұстап алып, жөнелтетінімді мәлімдеймін. Ал өзге руларда мұндай әрекеттер байқалса, дереу мәлімдейтін боламын... Осылайша керей руынан Байтайлақ, Қарнақ, Әйтімбеттер, Ақжігіт биден оның бауыры Еренжі, Қара биден Достыжы мен Баймеген, Арсалан жөнелтілді. Және егер де Байтайлақ пен өзгелерін қайтарсаңыздар, біздің халқымыз қуанатын болады» дейді. Ақ патша құзырындағы 26 адамды тұтқындап әкетуінің өзі Байтайлақ батырдың бекер адам болмағанының дәлелі. Бұл конфликт неден болды деген сұрақты болашақта зерттеу қажет.
Дәл осы хатпен бір мезгілде жазылған келесі бір хатта Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан (бұл кезде Абылай әлі хан ретінде мойындала қоймаған) Ресей патшайымына былай деп мәлімдейді: «...біз, Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан, мәртебелі патшаға бас иеміз. Және де мәртебелі генерал мен мырзаға мыналарды мәлімдейміз: Байтайлақ әкелген тұтқындар үшін және ұлы мәртебелі патшайымға өз басымызды иеміз. Және де ұлы мәртебелі патшайымға кім дұшпан болса, біз де оған дұшпанбыз. Кім ұлы мәртебелі патшайымға ілтипатты болса, біз де ілтипаттымыз. Төрт руға: керей руына, уақ руына, атығай руына, қыпшақ руына ұрлық жасауға жол бермейміз». Хан мен сұлтанның бұл арада Ресей тарапының қырын қарауынан қауіптеніп отырғанын аңғарамыз. Қазақ халқы, соның ішінде Орта жүз рулары үшін аса күрделі кезеңде Әбілмәмбет ханның да Ресейге бодан екендігін мәлімдеуге мәжбүр еді. Ол туралы осы жинақта берілгеніндей, Орынбор экспедициясының басшысы И.К. Кириловтың 1736 жылы Далаға жіберген адамы ноғай казагы Көбек Байназаровтың мәлімдеуіне сүйенсек: «Әбілхайыр хан мен Сәмеке ханмен қатар Ертіс маңында көшіп жүрген Әбілмәмбет сұлтан да өзінің бодандығын растаған».
Демек, Әбілмәмбет хан хатты 1737 жылы Ертіс маңынан жолдаған болса, оның қол астындағы рудың өкілі Байтайлақ батырдың да сол маңда болуы заңдылық. Байтайлақ батырдың руы туралы нақты деректі де аталған жинақтан табамыз. Байтайлақ батыр мен өзге бір топ қазақты «кінәсін мойындату» үшін Ресей тарапына жібергендігі туралы хаттан сәл ертерек, яғни 1737 жылы 11 қыркүйекте полковник А. Тевкелевке жазылған хатта мынадай жолдар бар: «Әбілмәмбет ханнан, Абылай сұлтаннан және барлық абақ керей старшиналары мен билерінен тақсыр Тевкелев мырзаға жалынышпен бас иеміз» деп басталып, 200-дей адам өзгелерді тыңдамай, патша адамдарына қарсы аттанып, мәртебелі тақсырға қарасты елге зиян шектіргеніне өкінетінін білдіреді» (Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х т. Т.1./ Автор проекта, введ., биографий ханов, науч. коммент.; сост. и отв. ред. И.В.Ерофеева. – Алматы: АБДИ Компани, 2014.– 247-бет, №200 құжат).
Бұл құжаттардан шығатын қорытынды – Итарқа төбеде жатқан Байтайлақ болсын, өзге Байтайлақ болсын – осы өңірде абақ керей Байтайлақ атты батырдың өмір сүргені, 200-дей адамымен Ресей патшалығына қарасты халыққа жорық жасап, көптеген адамдарды тұтқындап әкелгені, мұның өзі ел билеушілері Әбілмәмбет пен Абылай үшін біршама саяси тығырық болғандығы. Байтайлақ батырдың орыс үкіметіне жеткізілгеннен кейінгі тағдыры туралы мәлімет жоқ және сол дәуірдегі шекара бойындағы орыс-қазақ қатынастары құжаттарын қарастырып зерттесе, тың деректер шығу мүмкіндігін жоққа шығармаймыз.
Осы себептен де керей ішіндегі шұбарайғыр Байтайлақ пен шеруші Байтайлақтың арасында өмір сүрген кезеңге қатысты айырмашылық үлкен екені анықталады. Яғни, шұбарайғыр Байтайлақ қазіргі Жарма ауданы территориясында жерленген болса, шеруші Байтайлақ одан қырық жылдай бұрын қаза тауып, Қараойда жерленген деп тұжырымдаймыз. Осылайша шеруші баласы жаңсақтықпен Жармада шұбарайғыр Қожаберген батырдың ұлы Байтайлаққа кесене салды деп есептейік. Және мұны да нақты архив дерегімен нақтылаймыз. Шұбарайғыр Байтайлақ батырдың Семей қамалында жапа шегуі себепті (себебі белгісіз) қаза болғандығы туралы Әбілмәмбет ханның баласы Әбілпейіз сұлтанның 1777 жылы 9 ақпанда Сібір шекара шебі әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор А.Д.Скалонға жазған хаты бұл мәселенің басын ашып береді: «...Ерекше айтқанда, бекіністе орналасқан орыстың Иван батырынан қазақтарға көбірек реніштер туындап жатыр. Қожаберген батырдың баласы Байтайлақты өзіне алдап шақырып алып, түнекте екі ай ұстап, шығарда аямай дүре соққан себепті өз ұлысына жетпей қаза болды...», - делінген (Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х т. Т.1./ Автор проекта, введ., биографий ханов, науч. коммент.; сост. и отв. ред. И.В.Ерофеева. – Алматы: АБДИ Компани, 2014.– 375-бет, 355 құжат).
Яғни, Байтайлақ батыр түрмедегі жазалау салдарынан әкесі Қожабергеннің қолында қаза тапқан. Бұл кезде Жәнібекұлы Қожаберген батыр әлі тірі болатын. Және бір айта кетерлігі, осы тұста қайтадан салынып жатқан Семей бекінісін басқаруға келген әскери инженер Иван Григорьевич Андреевтің жергілікті халықты осы жұмысқа жеккендігі туралы деректер бар. Әбілпейіз сұлтанның «Иван батыры» осы И.Г. Андреев екені анық. 21. Көптеген жазба және ауызша деректерді салыстыра отырып шеруші Байтайлақ батыр XVIII ғасырдың басындағы жаугершілік заманды өз басынан өткеріп, сол кездегі соғыстардың көбісіне қатысқан, соңынан бүтіндей бүтін рулы азаматтарын ерткен қаһарман деп есептейміз.
## Қосымша мәліметтер
* 2018 жылдың тамыз айының 10-ы күні Астана қаласынан «Астанадан Байтайлақ қорымына дейін» атты арнайы тарихи-мәдени экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция аясында Талшықтан үш шақырым жерде жатқан Байтайлақ қорымына барып, батыр баба туралы ел арасындағы құнды деректерді жинақтады. Экспедицияны аудан әкімі Е.Қ. Мадияров қарсы алып, ауылды аралатып, «Батыр басы» қорымына дұға оқып, «Рухани жаңғыру және Байтайлақ қорымы» тақырыбымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
* Байтайлақ батыр қорымы - 2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани қазына» ішкі бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» картасына енді. Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Батыр төбе қорымы
* Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Сарыөзек ауылында Байтайлақ батыр атындағы көше бар.
## Дереккөздер |
Мәдина Қуандықызы Басбаева (15 қаңтар 1985 жыл; Алматы) — қазақстандық балет әртісі, қазіргі қазақстандық балеттің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының мәдениет және өнер саласындағы лауреаты (2017). «Үздік балет әртісі» (2018) номинациясы бойынша «Сахнагер-2018» Ұлттық театр сыйлығының лауреаты.
## Өмірбаяны
Мәдина Қуандықызы Басбаева 15 қаңтар 1985 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2003 жылы А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін бітірді. 2003-2013 жж. – К. Бәйсейітов атындағы Ұлттық опера және балет театрының жетекші балет солисі (Астана). 2013 жылы қазіргі уақытқа дейін — «Astana Opera» Қазақ мемлекттік опера және балет театрының балет труппасының басшысы және жетекші солисі. Ұлттық Бордо операсының шақырылған солисі (Франция). Беларусь Республикасының Үлкен опера және балет театрының шақырылған солисі (Белоруссия).
Оқытушы-репетиторлары — ҚР еңбегі сіңірген қайраткер, профессор Бөрібаева Ғалия Ысмайылқызы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық әртісі, профессор Асылмұратова Алтынай Абдуахимқызы.
Мәдина Қуандықызы Басбаева Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық Комиссиясының мүшесі (2006 жылдан бері).
### Репертуарлары
* Балеттік партиялары
* Мария (Б. Асафьев, «Бахчисарайский фонтан»)
* Одетта-Одиллия (П. Чайковский, «Лебединое озеро»)
* Мари (П. Чайковский, «Щелкунчик»)
* Никия (Л. Минкус, «Баядерка»)
* Китри (Л. Минкус, «Дон Кихот»)
* Аврора (П. Чайковский, «Спящая красавица»)
* Джульетта (С. Прокофьев, «Ромео и Джульетта»)
* Фригия (А. Хачатурян, «Спартак»)
* Сванильда (Л.Делиб, «Копеллия»)
* Эсмеральда (Ц. Пуни, «Эсмеральда»)
* Жизель ( А.Адан , «Жизель»)
* Медора ( А.Адан , «Корсар»)
* Сильфида (Х.Левенсхольд, «Сильфида»)
* Лиза ( П.Гертель , «Тщетная предосторожность»)
* Мазурка (Ф.Шопен, «Шопениана»)
* Эсмеральда ( М.Жарр , «Собор Парижской Богоматери»)
* Манон (Г.Массне, « Манон ») және т.б.
## Жетістіктері
* 2006 жыл, 2009 жыл — «Шабыт» шығармашыл жастар Халықаралық фестивалінің I дәрежелі премиясының лауреаты (Астана)
* 2006 жыл — «Байтерек» балет әртісінің Халықаралық конкурсының III дәрежелі премиясының лауреаты (Астана)
* 2007 жыл — «Премия Рима» балет әртістерінің Халықаралық конкурсының ІІ дәрежелі премиясының лауреаты (Италия)
* 2009 жыл — «Байтерек» Балет әртістерінің Халықаралық конкурсының Гран-при иегері (Астана)
## Мемлекеттік сыйлықтары
* Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен қазақ балет өнерін шетелде насихаттау ісіне қосқан үлкен үлесі және орындаушылық шеберлік оған«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрмет атағы берілді.
* 2012 — Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияның иегері.
* 2017 - «Хореографиялық өнер» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - (Ұлт көшбасшысы) Елбасы жүлде қорының лауреаты
* 2018 — «Сахнагер-2018» Ұлттық театр сыйлығының «Үздік балет әртісі» номинациясының лауреаты
* 2018 — Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы жарлығымен қазақ хореографиялық өнерін дамытудағы зор қызметі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. |
Элдин Бахдер (3 қараша 1946 жыл) — футбол тарихындағы ең қарт футболшы, 74 жасында Мысырдың үшінші дивизионындағы "6 қазан" клубымен келісім шарт жасасып, ақпарат әлемін таң қалдырды.
2020 жылы 21 қаңтарда Элдин "6 қазан" клубымен келісім-шарт жасасты. Бір қызығы бұған дейін ол ешқандай клубта ойнамаған. Егер ол алаңға шықса, Гиннестің рекордтар кітабына енеді де, 53 жасына дейін "Иокогама" клубында доп тепкен жапониялық футболшы Кадзуиосу Миураны артта қалдырады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* 74 жастағы Бахдер Гиннес рекоррдтар кітабына енуі мүмкін |
Желдіқара — Абай облысы Аягөз ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аягөз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 75 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
Мойынқұм — Түркістан, Жамбыл облыстары жеріндегі құмды алқап.
## Географиялық орны
Солтүстігі мен шығысында Шу өзені аңғарымен, оңтүстігінде Қаратау, Қырғыз Алатауы жоталарының бөктерімен шектеледі.
### Жер бедері
Ауданы 37,5 мың км². Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 500 км-ге созылып жатыр. Мойынқұмның Шу өзеніне жалғасқан бөлігінің ені 15–30 км. Жер қыртысы палеозойлық тұғырдың майысқан (Шу синеклизасы) жерінде жатыр, беткі жағы шөгінді қабат. Шығыс бөлігі биіктігі 10–25 м, ұзындығы 1–2 км-дей жеке жалдарға бөлінген, жер бедері бұйратты. Орталық бөлігінде биіктігі 50 – 70 м құмды қырқалар қалыптасқан. Ойыстарда жер асты сулары тым жақын. Оңтүстік-шығысында және батысында жер асты сулары тереңіректе (35 – 50 м) кездеседі.
## Климаты
Климаты өте қуаң континенттік. Қаңтардың орташа температурасы батысында –11,2С (Тасты ауылы маңында), шығысында – 2–7,5С (Үмбет ауылы маңында), шілдеде 26,9–25,6С. Ауаның ең төменгі температурасы –40 –44С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 150–330 мм. Қардың қалыңдығы 10–15 см-ден аспайды.
## Өсімдігі мен жануарлары
Сексеуіл, жусан, жүзгін, еркекшөп, теріскен, т.б. өседі. Ақбөкен, қарақұйрық, қоян, кірпі, қосаяқ, саршұнақ, т.б. мекендейді. Мойынқұм – мал жайылымы. Шұратты жерлері шабындық ретінде пайдаланылады. Үмбет мемлекеттік аңшылық шаруашылығы және Андасай (Аңдысай) қорықшасы ұйымдастырылған.
## Дереккөздер |
* Жаманқұм – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы құмды алқап.
* Жаманқұм – Алматы облысы Қаратал ауданындағы құмды алқап. |
Әйгерім Болатбекқызы Бекетаева (20 тамыз 1991 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген) — қазақ балет әртісі.Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2016). «Astana Opera» Мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисті (2013).
## Өмірбаяны
* Бекетаева Әйгерім Болатбекқызы 1991 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген.
* 2010 жылы А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищен бітірген.
* 2015 жылы Челябинск мемлекеттік педагогикалық университетінің «Педагог-хореограф» мамандығын бітірген (Ресей).
## Мансабы
* 2010-2013 жж. – К. Байсейітов атындағы Ұлттық опера және балет театрының жетекші солисті;
* 2013 жылы – «Astana Opera» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисті;
* Санкт-Петербург Борис Эйфман Мемлекеттік Академиялық балет театрының шақырылған солисті ;
* Ресей, Қытай, Италия, Беларуссиядағы үкіметаралық іс-шаралар мен гастрольдердің қатысушысы.
## Жетістіктері
* 2008 ж. «Өрлеу» балет әртістерінің І Халықаралық байқауының дипломанты;
* 2012 ж. «Шабыт» шығармашыл жастардың Халықаралық фестивалі, гран-при (Астана);
* 2012 ж. Сочидегі Юрий Григоровичтің «Әлемнің жас балеті» Халықаралық байқауының дипломаты;
* 2012 ж. Варна қаласы балет әртістерінің Халықаралық конкурсының III жүлдесінің лауреаты(Болгария);
* 2013 ж. Рудольф Нуреев атындағы балет әртістерінің Халықаралық байқауының ІІІ сыйлығының лауреаты (Будапешт);
* 2013 ж. XII Мәскеу халықаралық балет әртістері мен хореографтар байқауының дипломанты (Үлкен театр);
* 2014 ж. «Сібір Гран-при» Халықаралық балет байқауының II сыйлығының лауреаты (Красноярск).
## Репертуарлары
* К. Байсейтов атындағы Ұлттық опера және балет театрының және Astana Opera-ң балеттік партиялары
* Аврора («Уйқыдағы ару» П. Чайковский)
* Камилла («Роден» Б. Эйфман)
* Джульетта («Ромео и Джульетта» С. Прокофьев)
* Одетта-Одиллия («Лебединое озеро» П. Чайковский)
* Эгина («Спартак» А. Хачатурян)
* Мари («Щелкунчик» П. Чайковский)
* Зарема («Бахчисарайский фонтан» Б. Асафьев)
* Гамзатти, Никия («Баядерка» Л. Минкус)
* Эсмеральда («Собор Парижской Богоматери» М. Жарр)
* Лебедь («Умирающий лебедь» К. Сен-Санс)
* Китри («Дон Кихот» Л. Минкус)
* Медора («Корсар» А. Адан)
* Солистка («Пахита» Л. Минкус және Э. Дельдевез)
* Сильфида («Сильфида» Х. Левенсхольд)
* Флер де Лиз («Эсмеральда» Ц. Пуни)
## Мемлекеттік марапаттары
* 2014 — (Қазақстан Республикасының хореографиясын дамытуға қосқан үлесі үшін сыйлық) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы қоры сыйлығының лауреаты.
* 2016 — Әйгерім Бекетаева «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» жоғары наградасымен марапатталды, оны Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзі табыстады.
* 2019 — «Содружество дебютов» ТМД Халықаралық премиясы (Белоруссия).
## Дереккөздер |
Бистами, Әбу Йазид Тайфур б. Иса (туған жылы белгісіз - 875 жылы өлген) - парсының даңқты мистигі, ол қайтыс болғаннан кейін ұйымдасқан тайфурийаның сопылық бағытының эпонимі, мұсылман мистика ілімінің негізгі ағымдарының бірінің негізін қалаушы.
Б-дің екі ағасы - Адам мен Әли де сопылық жолын таңдады. Бистами бүкіл өмірін Бистамда өткізіп, сонда дүниеден өткен.Бистамиді мистика іліміне баулыған тәлімгер Әбу Әли ас-Синди сопы. Тәлімгер араб тілін білмегендіктен, Бистами оған Құран оқуға, Құдайға құлшылық етуге қажетті аяттарды үйретті, өз кезегінде тәлімгер Бистамиге мистика әлемінің есігін ашты. Әбу Әли ас-Синдидің түп негізі Үндістаннан шыққан дегенді сылтау етіп, кейбір Ислам танушылар Бистамидің идеясындағы монизм үндістердің мистик, философиясынан тараған деген тұжырым жасады.Бистами іліміне ең алдымен асқан қуанышты күйге бөлену және Құдайға құлшылық етуден, махаббаттан мас болу тән. Олардың пайымдауынша өзін-өзі ұмытыл, естен тана сүю түптің-түбінде Құдаймен біте қайнасуға алып келмек. Өз басынанөткізген тәжірибе жасау ахуалына сүйене отырып Бистами Құдайдың бірлігі туралы ойға терең берілген жағдайда адам өзін-өзі толық жоғалтады, оны өзі де айқын сезеді деген қорытындыға келді. Жалпы алғанда Бистами сопылыққа қатысты жекелеген түсініктерді қалыптастырғанымен, бас-аяғы жинақы бүтін бір ұғымға не өз доктринасын, мистикалық теориялық жүйе жасай алмады. Кұдайға, адамға тән нәрселер арасын, яғни рухани және материалдық бастауларды біріктіруге әрекеттенген ол бәрібір дуализмнің ауқымынан шыға алмады. Бистамидің артында еңбектер қалған жоқ. Бізге дейін оның500-ге жуық нақылдары жетті. Бұларды сопының төңірегіндегілер, оның өсиетін тыңдаушылар қағазға түсірген. Нақылдардыоның шәкірті, немере інісі және көмекшісі Әбу Мұса Иса б. араб, парсы тілінде хатқа түсіріп, әйгілі әл-Джунайдқа табыс еткен. Ол нақылдарды араб тіліне аударып, түсінік жазған. әл-Джунайд аударып, түсінік жазған нақылдардың кейбірі ас-Саррадж, әл-Кушайри, ас-Сулами және әл-Худжуири еңбектерінде орын алып, б. з-ға жетті.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.