text
stringlengths 3
252k
|
---|
Жанбота Еркінқызы Алдабергенова (23 қыркүйек 1995 жылы Шымкент қаласы) — акробатикада өнер көрсетуші қазақстандық фристайлшы, әлем Кубогының бірінші кезеңінің жүлдегері, үш Олимпиадалық ойындарға қатысушысы (2014 және 2018, 2022).
## Өмірбаяны
Жанбота Алдабергенова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді, қазір Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқиды (юриспруденция-құқық қорғау қызметі). Алматы қаласы атынан өнер көрсетеді. Оқудан бос уақытын жаттығу және спорт жиындарында өткізеді. Оның қоржынында – ірі жарыстарда бірқатар күрделі жеңістері бар: 2011 жылы Қазақстан Республикасы Кубогында спортшы 1-орын алды, 2012 жылы Раубичи (Белорусь) Еуропа Кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды. 2015 жылы Әлем Чемпионатының (Италия) күміс жүлдегері. Еуропа Кубогының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Еуропа Кубогы бойынша 2015-2016 жылғы маусымның абсолюттік жеңімпазы. Әлем кубогының күміс жүлдегері.Сочидағы Олимпиадада 6-ші нәтиже көрсетті. 2018 жылғы Олимпиадалық ойындарда 13-ші болды.
2019 жылы желтоқсан айында фристайл-акробатика бойынша Еуропа Кубогы кезеңі аясында синхронды секіру бойынша Рука атты Финляндия қаласында алтын медальға ие болды.
## Дереккөздер |
## Өмірбаяны
Даяна 5-6 жасынан бастап спортпен айналысқан,көркем гимнастика құрамасының қатарына 16 жасында қосылған.Және ең жас гимнаст атанды. Алина Әділханова, Даяна Абдирбекова және Әділ Тилекенова көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасына кірген жылы Қазақстан құрамасы топтық есеп бойынша 159,850 ұпай жинады.
## Марапаттары және жетістіктері
* 2018 жылғы Қазақстан Республикасының жеңімпазы - қола (көпсайыс), қола (шеңбер, күрзілер, лента).
* 2019 жылғы Қазақстан Республикасының жеңімпазы - қола (көпсайыс).
* 2018 жылы Қазақстан Республикасының кубогы - алтын (көпсайыс), алтын (шеңбер, күрзілер, лента), күміс (доп).
* 2019 жылғы Қазақстан Республикасының кубогы - қола (күрзілер, лента).
* 2018 жылғы Азиялық ойындар - алтын (команда).
* "Gracia Fair Cup" 2018 ХТ - күміс (шеңбер), қола (лента).
* "Gracia Fair Cup" 2019 ХТ - қола (лента).
## Дереккөз |
Есназарова Ұлжалғас Әмзеқызы 3 қаңтар 1954 жылы, ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келді. Педагогика ғылымдарының докторы.№138 гимназияның география пәні мұғалімі және "Өрлеу" АҚ РИПКСО профессоры, ҚР Білім Министрлігінің 10.09.1991 ж. №386 арнайы бұйрығымен құрылған Республикалық атаулы география мектебінің ғылыми жетекшісі
## Мансабы
* Алматы қ. дейін Құрмет грамотасы, 1989,1990,1991, 1992, 1993, 2010,2011,2013 ж.
* ҚР БжҒМ Құрмет грамотасы. 1989,1992 жж.
* "Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі", 1993 ж.
* 1995 жылы ҚР БжҒМ-мен бірлесіп "Гуманитарлық білімді жаңарту" ұранымен өткізілген оқулықтар конкурсының жеңімпазы, "Сорос-Қазақстан" Қорының грантының иегері
* "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері", 1998ж.
* "Жаңа буын оқулықтары" байқауының жеңімпазы (1999 ж) ("Қазақстанның физикалық географиясы" оқулығы мен оқу-әдістемелік кешен (ОӘК барлығы 8 атау).
* Ресей, Қазақстан, Беларусь және Украина Ұлттық Бизнес-рейтингтер халықаралық рейтинг одағының шешімімен берілетін "Сала көшбасшысы −2013-Сала көшбасшысы-2013" Ұлттық сертификатының және "Сала көшбасшысы-2013" құрметті атағының Ұлттық сертификатының иегері.
* "Қазақстан Даңқы - Слава Казахстана" орденінің иегері 2013ж.
* "Сапа үшін еуропалық Гран При" XII Халықаралық конкурсының лауреаты, Швейцария, Женева, 2014ж
* "Инновацияға қосқан үлесі және білім берудегі дәстүрлерді сақтағаны үшін" номинациясы»
* Профессор У. А. Есназарова "Journal of Ecology and Natural Environment (JENE)" халықаралық журналының сарапшысы ретінде шақырылды.
## Ғылыми өмірбаяны
1975 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география факультетін бітіргеннен кейін ауылдық мектепке жұмысқа жіберілді. 1987 жылдан қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласындағы №138 қазақ гимназиясының география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.
ТМД елдерінде географияны оқыту әдістемесі бойынша Халықаралық ғылыми-әдістемелік орталықтың мүшесі. "Жаратылыстану" курсы бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің (ОӘК) авторы 5 кл., "Материктер мен мұхиттер географиясы" (материктер мен мұхиттар географиясы) 7 кл, "Қазақстанның физикалық географиясы" (Қазақстанның физикалық географиясы) 8 кл. оқулық 8-сынып үшін "Қазақстанның физикалық географиясы" Сорос – Қазақстан қоры ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп өткізген "гуманитарлық білім беруді жаңарту" (1995ж.).Автор Есназарова У.А. оқулықтары. ұйғыр, орыс және өзбек тілдеріне аударылған. ОӘК-нің барлық құрамы «Оқулықтардың жаңа буыны» байқауының жеңімпазы болды (1999).
Ол алғаш рет Алматы қаласының бастауыш мектептері үшін "Алматыведение" курсы бойынша білім берудің аймақтық компонентінің бағдарламасын құрды. Барлық оқулықтар мен ОӘК ҚР БжҒМ бекітілген.
1999 жылы Анкара қаласында (Түрік Республикасы) "Түркі тілдес елдер географиясы" атты оқу құралы мен жұмыс дәптері қазақ тілінде жарық көрді).
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында (2011ж.) қазақ және орыс тілдерінде "Түркі тілдес елдердің географиясы" атты екінші қайта өңделген басылым дайындалды.
У. А. Есназарованың география бойынша Республикалық атаулы мектептің ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысының практикалық нәтижелері тұрақты жоғары көрсеткіштермен ерекшеленеді. Әр жылдары Алматы қаласының №138 мектеп-гимназиясының оқушылары география пәнінен аудандық, қалалық және республикалық олимпиаданың жеңімпаздары болды. Оқу-әдістемелік жұмыстың ғылыми жұмысымен үйлесуі У.А. Есназароваға мүмкіндік берді. 1996 жылы "Қазақстан географиясын оқыту үрдісінде оқушыларға экологиялық білім беру" ("Экологическое образование учащихся в процессе обучения географии Казахстан") тақырыбында кандидаттық диссертациясын, ал 2005 жылы "Научные основы создания учебно-методического комплекса по курсу "География Республики Казахстан" тақырыбында докторлық диссертациясын табысты қорғады.
## Маңызды еңбектердің тізімі
* Қазақстанның физикалық және экономикалық георафиясын оқыту. Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. - Алматы: Рауан. 1994,1996, -114 б.
* Қазақстанның физикалық географиясы. 8-кл. Конкурстық оқулық, баспа. Санат. 1997 жыл.
* Қазақстанниң физикалық географиясы. 8-кл. арналған оқулық (ұйғыр тілінде). Алматы: Рауан.
* Түркі тілдес елдер географиясы (авторлық ұжым). - 1999, -184 б.
* Қозоқистон табиий географияси. 8-ші сыныпқа арналған оқулық (өзбек тілінде), Алматы: Дәуір, 2002.
* Жаратылыстану. 5-ші сыныпқа арналған оқулық. – Алматы: Білім, 2002, Географиядан Республикалық мектеп, 2012 ж.
* Жаратылыстану. 5-го кл. арналған оқулық-Алматы: Білім, 2002, географиясы Республикалық мектеп, 2004 г, 2012ж.
* Тәбийшунаслік. 5-ші сыныпқа арналған оқулық (ұйғыр тілінде). - 2003 жыл. -167.
* Атроф мухитни урганиш. 5-ші кл. арналған оқулық (өзбек тілінде - Алматы. 2003 жыл. -144.
* Қазақстан Республикасының географиясы бойынша әдістемелік құрал. - М, 2003. 2011ж.
* Қазақстанның физикалық географиясы.8 - кл.Алматы, географиясы республикалық мектеп, 2004.-254 с, 2012ж.
* "Қазақстан Республикасының географиясы" курсы бойынша оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу (теория және практика). Монография. — Алматы, география республикалық мектеп, 2004, (көлемі -12,5 б. б.).
* Материктер мен мұхиттар географиясы (сынама. 7-ші сыныпқа арналған оқулық) - Алматы, географиясы республикалық мектеп, 2007ж., 2012ж
* "Материктер мен мұхиттардың геогафиясы", 7-ші сыныпқа арналған балама оқулық. Алматы, географиядан республикалық мектеп, 2012. (Көлемі-15 б. л.).
* Түркі тілдес елдер географиясы (соавт.). Оқу құралы, Алматы. Географиядан республикалық атаулы мектеп, 2011, 2012, 224 Бет.
* "Түркі тілдес елдердің географиясы" (тең авторы).Оқу құралы, Алматы. Географиядан республикалық атаулы мектеп, 2013ж. 224 бет.
* "Түрк тилдү өлкөлөрдүн географиясы" (қырғыз тілінде, бірлескен авторлықта) Бішкек, "Егемен Қазақстан" баспасы. "Тұрар", 2013 ж.
* 2013 ж. 13-15 қазан аралығында "жаһандану, Аймақтану және географиялық білім беру мәселелері" атты Кипр Халықаралық ғылыми-білім беру конференциясы.
* 2013 жылдың 24-27 сәуір аралығында Анталья қаласында "Қазақстан Республикасының географиясы" курсының оқу-әдістемелік кешенін құруға геоэкологиялық көзқарасты жүзеге асыру. |
Жұлдыз Қажыкенқызы Омарбекова (24 қыркүйек 1983, Алматы, Алматы облысы, Қазақ КСР) — мемлекеттік және қоғам қайраткері, ҚР қоғамдық даму Министрлігінде вице-министр, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері жөнінде Ұлттық комиссияның мүшесі. «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің мүшесі. Белгілі қазақстандық филантроп, журналист, қайырымдылық қордың негізін салушы. Социология ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасыны Парламенті Мәжілісінің депутаты.
## Өмірбаяны
Алматы қаласында, Қазақстанда дүниеге келген. Алматы қаласындағы № 138 қазақ гимназиясын бітірген.
* 2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің әлеуметтанушы мамандығын үздікпен аяқтаған.
* 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің магистратурасын бітіреді.
* 2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітіреді.
* 2012 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітіреді.
Юриспруденция бойынша маман, социология ғылымдарының кандидаты. 2008 жылы«Социальная защита населения в деятельности неправительственных организаций» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Омарбекова қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін еркін меңгерген. Арнайы және мезгілді басылымдарда ғылыми жариялымдары бар. Тұрмыста, үш баласы бар.
## Мансабы
Еңбек қызметін 16 жасынан бастады.
* 1998 жылдан 2000 жылға дейін – «А1» телеарнасының жетекші редакторы.
* 2002 жылдан 2002 жылға дейін – «Хабар» телеарнасында жетекші редактор.
* 2002 жылдан 2009 жылға дейін – «Юникс-Тассай» компаниясының бренд-менеджері, маркетинг бөлімінің басшысы, атқарушы директоры.
* 2004 жылдан 2008 жылға дейін – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде социология кафедрасының оқытушысы.*
* 2004 жылдан 2013 жылға дейін – «Бауыржан» қайырымдылық қорының қалаушысы және президенті
* 2010 жылдан 2013 жылға дейін «Rating» зерттеу орталығының қалаушысы және директоры.
* 2013 жылдан 2014 жылға дейін – Алматы қаласының мәдени басқармасының басшысының орынбасары.
* 2015 жылдан 2016 жылға дейін – Алматы қаласының Наурызбай ауданының Әкімінің орынбасары.
* 30.03.2016 жылдан 2018 жылға дейін – «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында төрағасының бірінші орынбасары.
* 28 қыркүйек 2018 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.
* 10 сәуір 2019 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.
## Өзге де қызметтері
* 2006 жылы – Қазақстандағы «Демеу» қайырымдылығы туралы журналды басып шығару.
* 2007 жылы – Қазақстан және Орталық Азиядағы қайырымдылық саласындағы «Алтын Жүрек» премиясының негізін қалаушы.
* 2004 жылы –қазақстандық телеарнада «Жақыныңа жәрдемдес» атты алғаш әлеуметтік-телевизиялық жобаның негізін қалаушысы («31 канал» телеарнасы).
* 2010 жылдан бастап – мүгедектерге (мүмкіндіктері шектеулі адамдарға) арналған «Самғау» жыл сайынғы қоғамдық премиясының негізін қалаушы.
Член ассоциации социологов и политологов.
## Қайырымдылық қызметі
2004 жылдан 2013 жылға дейін – «Бауыржан» атты қайырымдылық қорын ашқан және басқарған.Қор жұмысының негізгі бағыттары:
* Қайырымдылықты дамыту
* Әлеуметтік-маңызды жобалар
* Ғылыми бағыттар
## Таңдамалы қызметтер, депутаттық
«Нұр Отан» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткер (03.02.2016 бастап)Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісініңі депутаты (20.08.2019 бастап), Қазақстан Республикасы заңнамасы және сот-құқықтық реформа жөніндегі Комитеттің мүшесі (09.2019 бастап).
## Марапаттар
* Қоғамдық қызметтері үшін Қазақстан Республикасының Президенті атынан алғыс хат.
* Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз» премиясының лауреаты.
* Әлеуметтанушылар Конгресінің марапатына иеленуші.
* «Жыл патриоты» мемлекеттік премиясы.
* «Кұрмет» ордені.
* «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медаль.
## Шығармашылығы
Оқулықтар авторы:
* «Золотые сердца Казахстана» (2011)
* «Как открыть благотворительный фонд и сделать его успешным?» (2013)
* Хобби — спорттық ату.
## Сілтемелер |
2020 жылғы Қазақстан суперкубогы 29 ақпан күні Қостанайдағы Орталық стадионда өтті. 2019 жылғы Қазақстан чемпионы "Астана" мен Қазақстан кубогы иегері "Қайсар" өзара кездесіп, елордалықтар 1:0 есебімен жеңіске жатты. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды. "Астананың" жаңа футболшысы кипрлік Пиерос Сотириу енгізді.
"Астана" бесінші рет осы турнирде топ жарды.
Суперкубок тұңғыш рет Қостанайда өткізілді.
## Матч
### Детальдар
## Тағы қараңыз
* Футболдан Қазақстан чемпионаты 2019
* Футболдан Қазақстан кубогы 2019
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Әспетова Гүлжахан - Қазақстан Республикасының халық әртісі(1993ж)
## Өмірбаяны
Әспетова Гүлжахан Жарылқасынқызы- 1946 жылы мамырдың 28-і күні Жамбыл облысының Мерке ауданының Мерке ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Алматыдағы өнер интситутын бітіреді (Қазіргі таңда Алматы консерваториясы). 1967 –1997 жж. Қазақ өнер театрында жұмыс атқарды.
### Мансабы
Әспетова Гүлжахан Жарылқасынқызы - рөлдерінде сомдайтын кейіпкерлерінің әлеуметтік мәнін оның ішкі лирикалық жандарын сезінуімен байланыстыра білген. Аспетованың Қарагөз, Құртқа (М. Әуэзов, «Қарагөз» және «Қобыланды Қарақыпшақ»), Жәмилә (К. Мухамеджанов, «Бөріктің астындағы бөлтірік»), Анар (О. Бөкей, «Құлыным менің»), Бәтима-ханым (Т.Ахтанов, «Серт»), Мақпал (К. Мұқашев, «Дала поэмасы»), Ардақ, Зейнеп (Д. Исабеков, «Кішкене ауыл», «Ескі үйдегі екі кездесу»), Сәния (М. Мақатаев, «Қош бол, махаббат»), Ана (Ж. Аймауытов, «Сұлу қыз»), Салтанат (Б. Римова, Абай - Әйгерім) ролдері терең мазмұнмен және күрделі сахналық шешімдермен ерекшеленеді. Әр жылдары Аспетова аудармалық драматургия бойынша спектакльдерге қатысты: Мухойя және Назым (С. Ахмад, «Қалыңдықтың бүлігі» және «Күйеу бала»), Найман-ана (Ш. Айтматов, «Ғасырдан да ұзақ күн»), Надя (А.Н. Афигенов, «Ананың жүрегі»), Ягда (А. Абдуллин, «Күнім менің, ұмытпа мені»), Мадлена Бежар (М.А. Булгаков, «Баскесерлер»), Анна («Дон Жуанның хикаялары», «Дон Жуан немесе геометрияға деген махаббат» атты пьесасы бойынша), Электра (Л. Дюрко «Электра – махаббатым менің»). Аспетова бұл рөлдерді үлкен жауапкершілікпен, шығармашылық табыстарды жалықпай іздеу арқылы орындады. Сонымен қатар актриса «Тоғызыншы балаңнан қорқ, дұшпан», «Бақытты адам» және т.б. фильмдерге түсті.
Марапаттары
[[Қазақстан]] және Өзбекстанның Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, сонымен қатар «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды.
Дереккөздер
Әдеб.: Богатенкова Л.И. Услышать и понять человека. А.-А., 1987, с. 123 – 29; Сығай Ә. Сахна саңлақтары. А., 1998, 400 – 404 б. |
Вагиф Сұлтанлы (әз. Vagif Sultanlı; 26 наурыз, 1958 жыл, Курдамир ауданы) — әзербайжандық жазушы, әдебиеттанушы, аудармашы және публицист, филология ғылымдарының докторы, профессор.
## Өмір
Вагиф Сұлтанлы 1958 жылғы 26 наурызда Күрдамир ауданы, Шахсеван ауылында дүниеге келді.
Кохнебазар ауылындағы орта мектепті бітірген (1964–1974). Орта мектепте оқып жүріп бір мезгілде Курдамир ауданының музыка мектебінде оқыды (1970–1975).
* Біраз уақыт Курдамир ауданының электр торабында жұмысшы болып жұмыс істеді (1974–1976).
* Әзербайжан мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірді (1981).
Еңбек жолын жолдама бойынша белгіленген Исмаиллы облысының Галаджиг ауылында әзербайжан тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастады. Содан кейін білімін ӘМУ-нің Қазіргі Әзербайжан әдебиеті кафедрасының аспирантурасында жалғастырды.
1984 жылы «Әзербайжан драматургиясының характер мәселесі (1970–1980 жылдар)» тақырыбында кандидаттық диссертация және 1997 жылы «Мамед Эмин Расулзаданың өмірі мен әдеби қызметі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1999 жылдан бастап Баку мемлекеттік университетінің Әзербайжан әдебиеті тарихы кафедрасының профессоры.
Үнемі қоғамдық жұмыстармен айналысады. 1991 жылы Дүниежүзілік Әзербайжан зерттеулер қауымдастығын құрды және оның төрағасы болып сайланды.
Американдық «Бостандық» және «Еркін Еуропа» радиостанцияларының Әзербайжан редакциясында әдеби хабарлардың корреспонденті болып жұмыс істеді (1995–1998). Поляктың «Худафарин» (1995), шведтің «Араз» (1996–1997) және америкалық «Әлем Әзербайжандары» (2000–2012) басылымдарының бас редакторы болған.
Ол Түркияда жұмыс жасайтын Кипр-Балкан-Еуразия түркі әдебиеті ұйымының (КИБАТЭК) Кавказ бюросының басшысы.
1999 жылғы маусымнан қазанға дейін Эдинбург университетінде ағылшын филологиясы және Батыс мәдениеті мамандығы бойынша ғылыми тәжірибеден өтті.
Хасанбек Зардаби аттындағы сыйлықпен (1995), Кипр-Балкан-Еуразия түркі әдебиеті ұйымының Халықаралық түркі тіліне қызмеі сыйлығымен (KIBATEK) (2003), Мысыр мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен (2014) және Түркі тілдерін жаңғырту қозғалысы клубының үздік қызметі үшін марапатталған (2017).
Швецияда (2001), Нидерландта (2002), Германияда (2004), Бельгияда (2008) және Ұлыбританияда (2010) өткізілген Дүниежүзілік Әзербайжандар Конгресінің (САМ) Басқарма мүшесі болып сайланды.
2018 жылы ол АҚШ-та орналасқан Халықаралық жазушылар қауымдастығының мүшесі болып сайланды. Оның еңбектері АҚШ, Англия, Түркия, Дания, Мысыр, Иран, Ресей, Украина және т.б. елдерде жарық көрді.
Ол әлемнің әртүрлі елдерінде өткен халықаралық симпозиумдарға, конференцияларға, форумдар мен семинарларға қатысып, Әзербайжан әдебиеті мен мәдениетін насихаттады.
### Oтбасы
Үйленген, екі баласы бар.
## Әдеби шығармашылығы
Ол өзінің әдеби шығармашылығын ерте жастан бастаған, бірақ «Жусанның иісі» атты алғашқы әңгімесі 1980 жылы «Әзербайжан әйелі» журналында жарияланған. Содан бері ол өзінің әңгімелерімен, аудармаларымен және ғылыми-публицистикалық мақалаларымен үнемі баспасөзде шығады.
Автордың көрнекті шығармаларының бірі болып саналатын «Сон забвения» (1982) романында зираттың көшіру қоғамдық өмірдегі ауыр хаос пен мазасыздық ретінде сипатталған. Бұл хаос сипатталған бейнелердің ішкі рухани әлемін ашады. Зиратты бұзған бульдозер жүргізушісінің өзін-өзі өлтіруімен аяқталатын әңгімеде автор рухани-адамгершілік құндылықтарға қарсылықты өліммен байланыстыруды мақсат етеді.
Нақты және шартты метафоралық стильдердің үйлесімінде жазылған «Адам теңізі» романы (1992) автор әдеби шығармашылығында ерекше орын алады. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарындағы оқиғалар орын алған романда өлім жазасынан құтылған және бөтен қалада жасырын өмір сүрген кейіпкерді бейнелеуде қоғамның руханилығы мен адамгершілігіне бой алдырған иеліктен шығару мәселесі өзінің көркемдік шешімін тапты.
«Шөлдегі шайқас» (2010) романында сипатталған оқиғалар өзіндік баяндау стилімен сипатталады, уақыттың бөлінуіне байланысты болашақты тастап, өткенге баратын кейіпкердің тағдыры аясында пайда болады. Осы жазықтықтағы оқиғалардың дамуы авторға адам мен әлем туралы философиялық пайымдауларын білдіруге мүмкіндік береді. «Шөлдегі шайқас» романы бүкіл әлемде иеліктен шығаруға, ұмытып кетуге, немқұрайдылыққа және пайдасыздыққа қарсы наразылық рухымен ерекшеленеді.
«Ақ жол», «Таңғы тұман», «Жапырақсыз бұтақтардың жасыл әні», «Саяхатшы», «Үңгір», «Полярлық түн», «Отаным», «Арал», «Марево», «Қайту ағыны», «Үнсіз сақина», «Пепельная клетка», «Клетчатая конура», «Көлеңке көлеңкесі», «Балшық сиқыршы» және Вагиф Сұлтанлының басқа да әңгімелері ерекше стиль мен тілдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, автордың қаламынан шыққан «Кездесу орны», «Наваи-Гумру», «Хумаюн» және т.б. тарихи әңгімелер бар. Ол сонымен қатар лирикалық-романтикалық стильде жазылған көптеген миниатюралардың авторы.
## Ғылыми шығармашылығы
Автор көркем шығармашылықпен қатар өнердің теориялық және эстетикалық мәселелерімен айналысады. Оның әдебиеттану мен әдебиеттануға қатысты ізденістері Мамед Эмин Расулзаданың «Әдеби әлем» (1993), «Қиын жол саяхатшысы» (1996), «Азаттық көкжиегі» (1997), «Әзербайжан эмиграциялық әдебиеті» (1998), «Әдеби-теориялық суреттер» (2000), «Өмірді сақтау жағасы» (2004), «Әдеби сынды оқыту мәселелері» (2007), «Әзербайжан әдебиеттануы» (2012), «Тәуелсіздікке деген махаббат» (2014), «Әзербайжан әдебиетіндегі сын» (2019) т.б. Әзербайжанның эмиграциялық әдебиетіне қатысты зерттеулер автордың әдеби қызметінде ерекше орын алады.
Вагиф Сұлтанли — көптеген публицистикалық жұмыстардың, сын мен әдеби процеске байланысты ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы. Оның халықаралық конференцияларда, симпозиумдарда, форумдар мен семинарларда оқылған баяндамалары оның ғылыми жұмысының маңызды бөлігін құрайды.
### Аударма қызметі
Вагиф Сұлтанли аударма қызметімен де айналысады. Ол Рашад Нури Гюнтекиннің «Жапырақтың құлауы» және «Диірмен» романдарын азербайжан тіліне аударып, бастырып шығарды. Сергей Житомирскийдің «Сиракузадан шыққан ғалым» тарихи повесі, сондай-ақ Эрвин Штритматтер, Ярослав Гашек, Вери Мери, Густав Стопка және т.б. әңгімелерін орыс тілінен (бірлесіп) Мамед Эмин Расулзаданың «Пантуризм туралы» туындысын аударған.
### Кітаптар
* Сөңген жұлдыздар (повестер мен әңгімелер) - 1988 жыл
* Адам теңізі (роман) - 1992 жыл
* Магомед Амин Расулзаданың әдеби әлемі (оқу құралы) - 1993 жыл
* Қиын жол саяхатшысы (монография) - 1996 жыл
* Бостандық көкжиегі (мақалалар жинағы) -1997 жыл
* Әзербайжан эмиграциясының әдебиеті (оқу құралы) - 1998 жыл
* Құл базары (әңгімелер, миниатюралар, эсселер) - 1999 жыл
* Әдеби және теориялық суреттер (теориялық үзінділер) - 2000 жыл
* Сон забвения (роман, әңгімелер мен очерктер) – 2002 жыл
* Өмірді құтқару жағалауы (диалог-монография) - 2004 жыл
* Әдебиеттануды оқыту мәселелері (оқу құралы) - 2007 жыл
* Әзербайжан әдебиеттануы (оқу құралы) - 2009 жыл
* «Артықшылықтар алқабы» (роман және әңгімелер) - 2010 жыл
* Әзербайжан әдебиеттануы - жетілдірілген II басылым (оқу құралы) - 2012 жыл
* Тәуелсіздікке деген махаббат (монография) - 2014 жыл
* Шөлдегі шайқас (роман) - 2015 жыл
* Әзербайжан әдебиеттануы - жетілдірілген III басылым (оқулық) - 2019 жыл
Қазақ тілінде жарияланған еңбектер
* Ak jol. Қазақ тіліне аудармасы: Сарсенбек Бекмұратлы, «Almatı akşamı» газеті (Алматы), 13 kazan 2007, № 124 (3906).
* Tanğı Tüman. Қазақ тіліне аудармасы: Бақытқұл Құлжанова, «Jüraqat» журналы (Алматы). 2008, № 6, s. 28-29,
* Tuğan jеr. Қазақ тіліне аудармасы: Бақытқұл Құлжанова, «Jüraqat» журнал (Алматы), 2008, № 10, s.26-28,
## Дереккөздер
## Әдебиет
* Фейяз Саглам. Среди книг, мир Мехаммеда Эмина Ресулзаде, «Kardaş edebiyatlar» (Эрзурум, Түркия), 1995, № 31, с. 42-43.
* Grazyna Zajac. Azеrbaijanian Еmigration Litеraturе, «Studia Turcologica Cracoviеnsia» (Krakow, Poland), 2001, vol. 8, p.175-178
* Hеndrik Fеnz. Transformation Asеrbaidschan. Nationalismus als Brückе zur Dеmokratiе? Dissеrtation zur Еrlangung dеr Würdе dеs Doktors dеr Phi-losophiе dеr Univеrsitat Hamburg, Bеrlin, 2003, s.227-229
* Ихсан Ишык. Вагиф Султанлы. Энциклопедия литературы и культурологов в Турции, десять томов, том 10, Анкара, Еlvan Publishing, 2006, с.4071
* Ирфан Юлкю. «Боевая литература», газета «Енычак» (Стамбул), 15 ноября 2007 г
* Казим Гюрбюз. Азербайджанский литературный журнал, газета «Yéniçağ» (Түркия), 15 апреля 2008 г
* Ахмед Сами. Психология в азербайджанском романе (по роману Вагифа Султанлы «Море человека»), Филологические проблемы (Баку), 2009, № 7, с. 244—255
* Паша Алиоглу. «Долина пустоты», Газ. «Каспий», 14 мая 2011 г., № 085 (11522)
* Ирада Мусаева. О романе Вагифа Султанлы «Битва в пустыне», «Каспи» (Баку), 29 декабря 2013 г. |
Африд Макс Эбонг Нгоме (белар. Афрыд Макс Эбонг Нгамэ; 26 тамыз 1999 жыл, Витебск, Беларусь) — беларусьтік футболшы, Беларусь Ұлттық футбол құрамасы мен "Астана" клубының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
Әкесі Яундеде дүниеге келген камерундық, анасы беларусь.
"Шахтер" (Солигорск) клубының түлегі.
2020 жылдың басында "Астанаға" ауысты. "Астана" сапындағы тұңғыш ойынын 2020 жылы 29 ақпанда "Қайсарға" қарсы өткізді. Бұл Қазақстан суперкубогы матчы болатын.
## Жетістіктері
* Қазақстан суперкубогы 2020
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Футболшының профилі |
Ажар Хакімкызы Ыбыраева (1928 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауданында - 1999) — Алматы шет тілдері институтының ректоры (1962-1967).
## Еңбек жолы
* Шымкент облысы, Сарыағаш селосында орта мектепті бітірген соң, 1949 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына оқуға түсіп, тарих факультетін үздік аяқтады. Сол жылы коммунистік партия мүшелігіне өтеді.
* 1949 жылдан 1950 жылға дейін осы институттың марксизм-ленинизм кафедрасында ұстаздық етті.
* 1959 жылы өзі оқыған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына ректор болып қызметке тағайындалды.
* 1962-1967 жылдары Шет тілдер институтында ректор болып қызмет істеді.
* 1967-1975 жылдары ҚазССР Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінде жоғары оқу орындарын басқару бөлімінде коллегия мүшесі болды.
## Марапаттары
30-дан аса ғылыми еңбектері және ғылыми-методикалық жұмыстары жарияланды.
Ажар Хакімқызы Ыбыраева “Даңқ белгісі” орденімен, “Қажырлы еңбегі үшін” медалімен, ҚазССР Жоғары Советінің мақтау қағазымен, Бүкілодақтық Ленин комсомолы Жастар Одағы сыйлығымен марапатталды.
Ажар Хакімқызы екі рет ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаттығына сайланды.
## Пайдаланған әдебиетттер
http://www.ablaikhan.kz
## Дереккөздер |
Арыстан Патша (ағылш. The Lion King) — 2019 жылғы американдық анимациялық фильм. Режиссері Джон Фавро және сценарий авторы Джефф Натансон және Walt Disney Pictures шығарған. Бұл 1994 жылғы Disney-дің анимациялық мультфильмінен жасалған фотореалистикалық компьютерлі анимациялық фильм.Фильм толығымен фотореалистикалық компьютерлік анимация арқылы түсірілген.
1994 ж. «Арыстан Патша»-ны қайта құруға арналған жоспарлар 2016 жылдың қыркүйегінде Диснейдің Джунгли кітабы сияқты ремейктері кассалық жетістіктерден кейін расталды, оны Фавроу басқарған. Фавроу Бродуейдің бейімделуіндегі кейіпкерлердің белгілі бір рөлдерінен шабыт алып, фильмнің түпнұсқасының элементтері негізінде дамыды. Негізгі түсірілімге 2017 жылдың басында қол қойылды, ал негізгі суретке түсіру 2017 жылдың ортасында Лос-Анджелестегі көк-экран сахнасынан басталды. Джунгли кітабының кинематографиясында қолданылатын виртуалды-шындық құралдар көп жағдайда Арыстан патшаның түсірілімінде қолданылды. Композиторлар Ханс Зиммер, Элтон Джон және лирик Тим Райс, барлығы да түпнұсқаның саундтрегінде жұмыс істеген, Ноулз-Картермен бірге есепті құруға оралды, олар Джонға саундтректерді өңдеуде көмектесіп, фильмге „Рух“ атты жаңа ән жазды, ол да өнер көрсетті. Фильм редактор Марк Ливольси үшін қорытынды мақтау ретінде қызмет етеді және ол оны еске алуға арналған. Шамамен $260 миллион долларға жуық бюджеті бар бұл фильм бұрын-соңды жасалмаған ең қымбат фильмдердің бірі.
Фильм Америка Құрама Штаттарында 2019 жылдың 19 шілдесінде театрлық түрде жарыққа шықты. Ол бүкіл әлемде $1,6 миллиард доллардан асады. Анимациялық фильм ретінде жарнамаланбағанына қарамастан, ол Мұзды өлке-ні басып озып, барлық уақыттағы ең жоғары анимациялық фильм болды. Бұл сондай-ақ кассалық алымдар бойынша 2019 жылғы екінші фильм және барлық уақыттағы кассалық алымдар бойынша жетінші фильм. Фильм сыншылардан аралас пікірлер алды, визуалды эффектілер, музыка және вокалдық қойылымдар (Гловер, Джонс, Ноулз-Картер, Эджиофор, Роген және Эйхнер) үшін мақтауға ие болды, бірақ кейіпкерлердің тұлғаларында түпнұсқалығы мен эмоцияларының жоқтығы үшін сынға алынды.. Фильм 77-ші Алтын Глобус сыйлығы және 25 сыншылардың таңдауы бойынша Үздік анимациялық фильм және Бірегей ән номинацияларын алды. Сонымен қатар ол 73-ші British Academy Awards және 92-ші Академия марапаттарына ұсынылды, екеуі де визуалды эффект үшін.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ресми сайт
* Арыстан Патша Twitter-де |
Бағдат Санатұлы Қайыров (17 сәуір 1993, Ақтөбе) — қазақстандық футболшы, "Ақтөбе" клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы.
## Мансабы
### Клубтық
Ақтөбе футболының түлегі. 2012 жылы Қазақстан бірінші лигасындағы "Ақтөбе-Жас" клубына қабылданды да, сол жылы кәсіби карьерасын бастады. 2015 жылы бірінші лига өкілі "Каспийде" ойнап, 2016 жылы Ақтөбеге оралды, бұл жолы облыстың бас командасы "Ақтөбенің" қатарын толықтырды. Сол жылы тұңғыш рет премьер лигада ойнады.
2020 жылы "Қайсарға" ауысты. Тұңғыш ойынын 29 ақпанда Қазақстан суперкубогы матчында "Астанаға" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты.
### Ұлттық құрамада
2021 жылы 13 қарашада Францияға қарлы ӘЧ-2022 іріктеу ойынында тұңғыш рет ұлттық құрама сапында алаңға шықты.
## Жүлделері
«Тобыл»
* Қазақстан чемпионы: 2021
* Қазақстан Суперкубогы: 2022
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Футболшының профилі |
Бағдат Санатұлы Қайыров (17 сәуір 1993, Ақтөбе) — қазақстандық футболшы, "Ақтөбе" клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы.
## Мансабы
### Клубтық
Ақтөбе футболының түлегі. 2012 жылы Қазақстан бірінші лигасындағы "Ақтөбе-Жас" клубына қабылданды да, сол жылы кәсіби карьерасын бастады. 2015 жылы бірінші лига өкілі "Каспийде" ойнап, 2016 жылы Ақтөбеге оралды, бұл жолы облыстың бас командасы "Ақтөбенің" қатарын толықтырды. Сол жылы тұңғыш рет премьер лигада ойнады.
2020 жылы "Қайсарға" ауысты. Тұңғыш ойынын 29 ақпанда Қазақстан суперкубогы матчында "Астанаға" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты.
### Ұлттық құрамада
2021 жылы 13 қарашада Францияға қарлы ӘЧ-2022 іріктеу ойынында тұңғыш рет ұлттық құрама сапында алаңға шықты.
## Жүлделері
«Тобыл»
* Қазақстан чемпионы: 2021
* Қазақстан Суперкубогы: 2022
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Футболшының профилі |
Смағұлов сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін:
* Ағыбай Құсманұлы Смағұлов – биология ғылымдарының докторы, профессор.
* Айдын Құдайбергенұлы Смағұлов - қазақ дзюдошысы, 1996 жылы Қазақстан чемпионы, Орталық Азия ойындары чемпионы.
* Аңғар Смағұлов - өлкетанушы, шежіреші.
* Әбдірахим Смағұлов - педагог, облыс мүғалімдері арасынан алғаш Ленин орденімен марапатталған ұстаз, КазКСР еңбек сіңірген мұғалімі.
* Әділбек Смағұлов - Экономика ғылымдарының докторы, профессор.
* Әміржан Смағұлов - дәрігер-хирург, денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы, медицина ғылымының кандидаты
* Бақытжан Жұмаханұлы Смағұлов — балет артисі, Қазақстанның халық артисі.
* Ғаббас Смағұлов - журналист.
* Ерболат Әкежанұлы Смағұлов — археолог, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты.
* Жандос Қожахметұлы Смағұлов - әдебиеттанушы ғалым, сыншы.
* Жәңгірхан Смағұлов – педагог, Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің үздігі».
* Ибрагим Смағұлов - егінші, Соцолистік Еңбек Ері.
* Қайырғали Сымағұлов - Кеңес Одағының Батыры.
* Мейрам Ахмедиянұлы Смағұлов - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімі.
* Мұхтар Керімқұлұлы Смағұлов - Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы.
* Нұрлан Еркебұланұлы Смағұлов - «Астық индустриясы» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы және «Астана моторс» ҚМК президенті.
* Нұрлан Кемелбайұлы Смағұлов – медицина ғылымдарының докторы, профессор.
* Сембіғали Абзалбекұлы Смағұлов - суретші.
* Темірхан Ұлықпанұлы Смағұлов – журналист, педагог.
* Шаймұрат Смағұлов – эконономика ғылымдарының докторы, профeссор.
* Шалтай Смағұлов – физика-математика ғылымдарының докторы. |
Жанбота Еркінқызы Алдабергенова (23 қыркүйек 1995 жылы Шымкент қаласы) — акробатикада өнер көрсетуші қазақстандық фристайлшы, әлем Кубогының бірінші кезеңінің жүлдегері, үш Олимпиадалық ойындарға қатысушысы (2014 және 2018, 2022).
## Өмірбаяны
Жанбота Алдабергенова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді, қазір Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқиды (юриспруденция-құқық қорғау қызметі). Алматы қаласы атынан өнер көрсетеді. Оқудан бос уақытын жаттығу және спорт жиындарында өткізеді. Оның қоржынында – ірі жарыстарда бірқатар күрделі жеңістері бар: 2011 жылы Қазақстан Республикасы Кубогында спортшы 1-орын алды, 2012 жылы Раубичи (Белорусь) Еуропа Кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды. 2015 жылы Әлем Чемпионатының (Италия) күміс жүлдегері. Еуропа Кубогының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Еуропа Кубогы бойынша 2015-2016 жылғы маусымның абсолюттік жеңімпазы. Әлем кубогының күміс жүлдегері.Сочидағы Олимпиадада 6-ші нәтиже көрсетті. 2018 жылғы Олимпиадалық ойындарда 13-ші болды.
2019 жылы желтоқсан айында фристайл-акробатика бойынша Еуропа Кубогы кезеңі аясында синхронды секіру бойынша Рука атты Финляндия қаласында алтын медальға ие болды.
## Дереккөздер |
Масура Ғайсақызы Сармурзина (1924 жылы, Семей облысы, Абай ауданы).
## Өмірбаяны
Орта мектепті бітірген соң С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетін бітіріп, аспирантураға қалдырылады.
### Еңбек жолы
1951 жылы филология ғылымының кандидаты атағын алу үшін диссертация қорғайды және доцент атағын алады. Өзіндік ғылыми тұжырымы мен азаматтық ұстанымы ерте танылған М.Сармурзинаның ғылыми жетекшісі қазақтың ғұлама жазушысы Мұхтар Әуезов болуы – өзінше бір ғанибет. Ұлы Абай арқылы қазақты күллі әлемге танытқан Әуезовтың тікелей өзінен тәлім-тағылым алып, сұңғыла білімді игеруі баға жетпес байлық, кез келгеннің маңдайына бұйырмаған бақыт еді. Қыздар университеті құрылған кезде «Қазақтың шамшырағы» деп баға берген Мұхтар Әуезовтің шәкірті М.Сармурзинаның осы қарашаңыраққа ректор болуы да тарихи сәйкестік шығар деп ойлаймын.1962–1968 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалады.Педагогикалық қызметімен қоса Қазақстанның көрнекті жазушыларының шығармашылығы туралы ғылыми еңбері жарияланды. Жоғары оқу орындары оқытушылары мен студенттеріне оқу-әдістемелік көмекші құралдарын, орта мектеп пен училищеге арналған қазақ әдебиеті хрестоматиясын жазды.
60-тан аса ғылыми еңбектердің авторы. Педагогика саласына жоғары дәрежелі ғылыми кадрлар даярлау ісінде 10-нан аса филология ғылымының кандидаты атағын алуға қорғалған диссертацияларға ғылыми жетекшілік жасады. Институтта ректор болған 1962-1968 жылдары М. Сармурзина педагогикалық жоғарғы оқу орнындағы түбегейлі реформаларды жасауға талпынып, жаңартып, тіпті одан ары дамыта түсті.
## Жетістіктері
М. Ғайсақызының басшылығы кезінде институтта заман талабына сай жаңа мамандықтар мен факультеттер ашылып, ауыл жастарының жоғары білім алумен қатар әлеуметтік жағдайын көтеру ісі де қолға алынды. Филология факультетінде жоғары сапалы мамандар дайындау, шет тілдерді үйретуді жақсарту жолында шет тілдер кафедрасы құрылды. Ән-музыка факультеті жанынан музыкалық аспаптар кафедрасы ашылып, музыка бөлімінің өсіп-өркендеуіне демеу болды. Кітапханатану бөлімі факультет болып құрылды. Сондай-ақ, басшылық тізгіні Масура ханымның қолында тұрған тұста, дәлірек айтсақ, 1964 жылы институт өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі – Германия (ГДР) мен Венгрия журналистерінің арнайы келіп, қонақта болуы. Олардың институт ансамблі орындаған бірнеше әнді жазып алып, Англияның тапсырысы бойынша білім ошағы туралы қысқа метражды фильм түсіруі институт мәртебесін асқақтата түскені сол уақытта айрықша құбылыс еді.Сонымен бірге институт студенттерінің тәжірибе алмасу, білім жетілдіру бағытында шетелдік оқу орындарымен тығыз байланыс орнату жұмысы да қарқынды дамыды.
М.Сармурзина басшылық еткен кезеңде бүкіл Кеңестер одағына әйгілі «Айгүл» вокальды-аспаптар ансамблі квартет болып құрылды. Құрамында Құрманай Әжібаева, Дина Ерғалиева, Марфуға Жүнісова, Ағайша Шермұхамбетовалар болып, кейіннен вокальды-эстрадалық ансамбль дәрежесіне көтерілді. Ансамблдің өмірге келуіне ұйытқы болуы – қазақ өнерінің кемесін өрге жүздіріп, дүйім жұртты дүр сілкіндірді. Қазақстан Жастар Одағының бірінші хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков институтқа арнайы келген кездесуінде, «Айгүл» – аспандағы айдай сұлу, жердегі гүлдей нәзік болсын», – деп квартетке әдемі есім беріп кеткен екен.
Өнер айдынындағы бұл тың серпін барша қазақстандықтар үшін оқ бойы озық тұратын олжа болды. Дәл осы жерде «кеше» және «бүгін» деп екіге бөліп қарауымызға әбден болады. Өйткені, ол заманда қазіргідей «ақшаң болса, яки ұялмаған әнші болады» деген қағида мүлде жоқ болғаны бесенеден белгілі. Ғұмырлық өнер мен тасты жаратын шынайы талант болса ғана, сол сәтте жарқырап шыға келетін. Сөйтіп, тарих беттерінде алтын әріптермен жазылып қалған «Айгүл» ансамблінің іргетасы 1968 жылы білім ордасында Масура Сармурзина басшы болып тұрған кезде қаланды. Міне, «Айгүлдің» қол жеткізген толағай табыстары оқу орнының білім мен өнер саласындағы жетістіктерінің айқын айғағы болды.
### Марапаттары
* Қазақстан Республикасы білім саласында көп жыл еңбек еткені үшін Кеңестер Одағының медальдарымен,
* КазССР Жоғарғы Советі грамоталарымен,
* бүкілодақтық және республикалық қоғамдық ұйыидардың грамоталарымен марапатталды.
## Дереккөздер |
Марсель Джекшенұлы Исламкулов (18 сәуір 1994, Қант, Қырғызстан) — қырғызстандық және қазақстандық футболшы, қақпашы.
2016 жылы Қазақстан азаматтығын алды, 2017 жылы Қазақстан Ұлттық футбол құрамасына шақыртылды, бірақ алаңға шыққан жоқ.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан кубогы: 2019
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Шәмшә Көпбайқызы Беркімбаева (10 қазан 1942, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы — 7 сәуір 2022) — қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, академик, Қазақстанның білім және ғылым министрі (2002—2003).
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
Шәмшә Беркімбаева мектеп директоры, Білім министрінің орынбасары, Сенат депутаты, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының ректоры, Білім және ғылым министрі қызметтерін атқарған.
Ол Халықаралық педагогикалық Білім академиясының академигі, "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері", "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" белгілерінің иегері.
## Жетістіктері
* "Құрмет белгісі" (1981 жылы),
* "Еңбек Қызыл Ту" (1976 жылы),
* "Құрмет" (2001 жылы) ордендері,
* "За доблестный труд" (1970 жылы),
* "За трудовое отличие" (1972 жылы) медальдары,
* Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1970 жылы),
* Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен (1975 жылы),
* "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері", Халықаралық Сократ сыйлығының иегері, Халықаралық педагогикалық Білім академиясының академигі.
* "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері", "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" белгілері, "Ы. Алтынсарин", "А. Байтұрсынов" атындағы күміс және алтын медальдардың иегері.
## Дереккөздер |
Марсель Джекшенұлы Исламкулов (18 сәуір 1994, Қант, Қырғызстан) — қырғызстандық және қазақстандық футболшы, қақпашы.
2016 жылы Қазақстан азаматтығын алды, 2017 жылы Қазақстан Ұлттық футбол құрамасына шақыртылды, бірақ алаңға шыққан жоқ.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан кубогы: 2019
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Өмірбаяны
М.Е. Мацко Солтүстік-Қазақстан облысында Новопокровка ауылында дүниеге келді. 14 жастан бастап жеңіл атлетикамен айналыса бастайды. Петропавл қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған Солтүстік Қазақстан облыстық мектеп-интернатын бітіреді.
Петропавл қаласы «Қарулы Күштері» үшін өнер көрсетеді. П. Н. Литвиненко және А. Н. Бычаев секілді жетекші бапкерлерде жаттығады.
Азияда өткен 4 чемпионаттың жүлдегері. 2010 жылы Азия ойындарының және 2009 жылы үй-жайдағы Азия ойындарының чемпионы. Бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері. 2012 жылы Лондондағы Олимпиадаға лицензия ұтып алады. Бірінші раундты 2:02,12 уақытпен аяқтайды. Бұл жағдай жартылай финалға өтуге мүмкіндік берді. Жартылай финалда 1:59,20 деген рекордтық уақыт көрсетіп, Маргарита 11-шы орынға орналасады және жарысты аяқтайды.
2013 жылы 1:58,96 ұлттық рекордпен Маргарита Қазанда өткен жазғы Универсиаданың чемпионы атанады.
2013 жылы Мәскеуде өткен әлем чемпионатында 26-орында ғана болады. |
Калыкова Саида Тұрарбекқызы (1 сәуір 1985 Орал қаласы) – Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының солисі, пианист, композитор. Қазақстан Республикасының мәдениетін дамытудағы үлесі үшін «Жан шуақ» сыйлығының иегері.
## Өмірбаяны
Саида балалық шағынан бастап ерекшелігімен көзге түседі. Алты жасында бірінші сыныпқа барған кезінде әке-шешесіне айтпай-ақ музыка мұғаліміне жазылады. Нота сауаттылығын тез меңгеріп алады және фортепианода ойнауды үйрене бастайды. Бірақ 1994 жылы операциядан кейін, орта мектептің және музыка мектебінің үздік оқушысы көру қабілетінен айырылады. Басына түскен қиындыққа қарамастан, Саида музыкамен айналысуды да, жалпы білім беретін мектепте оқуды да жалғастыра берді. 12 жасында өзінің алғашқы музыкалық концертін береді. 15 жасында алғашқы музыкалық шығармаларын жазған еді.
## Білімі
Мектепті аяқтағаннан кейін Орал қаласындағы музыкалық колледжге оқуға түседі. Осы оқу орнын үздік аяқтап Саида Ұлттық өнер университетіне түсті. Университеттің екінші курсында Италияның Киоджи қаласына шеберлік-сыныбына барады. Мектептің бағдарламасы бойынша ол Сан-Бартоломеода болған конкурсқа қатысып, жүлделі екінші орынға ие болады. Конкурстан кейін Румыния консерваториясының ректоры оны жабық конкурсқа қатысуға шақырады. Бұл пианисткомпозиторлардың өз туындыларын орындайтын сайыс болып табылады. Бүгінгі таңда Саиданың 15-20 шақты жеке шығармалары бар. Қаз ҰӨУ соңғы конкурсында ол Италияда тағлымдамадан өту грантына ие болды, италия тілін үйренеді. Ал содан кейін, 2011 жылы Саида республикалық «Болашақ» стипендиясының иегері атанады. Бұдан әрі ректордың шақыруымен Флоренциядағы Л. Керубини атындағы консерваторияға, көне музыкалық жоғары оқу орнының магистратурасына оқуға түседі. Дарынды қыз Бетховен және Дебюсси бойынша итальян тілінде екі ғылыми жұмысты өте жоғары деңгейде қорғап шығады және магистратураны ерекше үздік «Laude» белгісімен аяқтайды, музыка Академигі атағын алады. Бүгінгі күні Саида Қазақстанда, Ресейде және Италияда жеке концерттер береді. Саида қазақ, орыс, ағылшын, итальян тілдерін жетік біледі, ал испан және француз тілдерінде сөйлесу деңгейінде меңгерген.ол еліміздің қоғамдық өміріне белсене араласады және әлемнің түкпір-түкпіріндегі қайырымдылық 11 концерттеріне қатысады.
## Жетістіктері мен марапаттары:
* 2017 жылы «Қазақстанның 100 жаңа тұлғалары» тізбесіне енді;
* «Жан шұақ» премиясының иегері;
* Ғазиза Жұбанова атындағы Республикалық атаулы стипендиясының лауреаты;
* Италия Елшілігіндегі Білім беру Грантының иегері, Қазақстан Республикасының Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясының және Қазақстан Республикасы мәдениетінің дамуына үлес қосқаны үшін «Жан шуақ» премиясының иегері;
* «Қазақстанның 100 жаңа тұлғалары» жобасының 2017 жылғы жеңімпазы.
Пианистка Қазақстан, Ресей және шетелдерде концерттік қызметін белсенді өткізіп жүр. Барлық әлем бойынша қайырымдылық концерттердің қатысушысы. Халықаралық конкурстардың лауреаты. М.Гoрзон (Испания), Дж.Тржичек(Бельгия), П.Гилилова (Германия), К.Пигораро (Италия), Е.и Л. Иванов (АҚШ), Ф.Шаплен (Франция) берген шеберлік кластарға қатысты.
## Дереккөздер |
«Мұзды өлке 2» (ағылш. Frozen 2) — Американдық анимациялық Музыкалық 2019 Уолт Дисней анимация студиялары жасаған 58-ші мультфильм. Екінші бөлімі 2013 анимациялық сурет. Фильмнің сценарийін жазған Крис Бак және Дженнифер Ли, режиссері Питер Дел Вечо. Басты кейіпкерлерді Кристен Белл, Идин Мензель, Джош Гэд және Джонатан Гроф айтқан. Бірінші фильмдегі оқиғалардан кейін Эльза, оның әпкесі Анна, Кристофф, бұғы Свен және аққала Олаф Эренделл патшалығының өткені туралы құпияны білуге Сиқырлы орманға барады.
Тұсаукесер 2019 жылдың 7 қарашасында Голливуд-те өтті. АҚШ-та картина 2019 жылдың 22 қарашасында, Қазақстанда 28 қарашада шығарылды. Сурет сыншылардан оң пікірлер алды. Олар анимацияны, әндерді, көрнекі компоненттерді және дауыстық актерлерді атап өтті. Бірақ баяндауды сынға алды. Оны алыс және шатасқан деп атады. Тұсаукесер демалыста 358 миллион доллар жинап, Frozen 2 мультфильмдер арасында жалға берудің ең сәтті басталғанын көрсетті . Картинаның әлемдік жинағы 1,4 млрд долларды құрап, анимациялық фильмнің дүние жүзілік ең жоғарғы ашылуына,барлық уақыттағы екінші анимациялық фильм және 2019 жылғы үшінші кассалық фильм, сондай-ақ барлық уақыттағы 10 ең кассалық фильм және Walt Disney Animation студиясындағы ең өрескел фильм болды.92-ші Академия Марапаттарында фильм «Into the Unknown» үшін ең үздік ән номинациясын алды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
Мұзды өлке 2(қолжетпейтін сілтеме) |
Мажарлар (маж. magyarok) — Мажарстан елінің басты халқы. Әлемде 14,5 млн мажар тұрып жатыр. Диаспорасы Румынияда, Словакияда, Украинада және ең көбі АҚШ-та. Дін бойынша, көбі католиктер.
## Тілі
Финн-угор тілдер тобының мажар тілінде сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Мажарстан Республикасының ресми тілі. Латын тілінен көбіне діни, мәдени, әкімшілікке қатысты , славяндардан жер өңдеу, киім, тағам атаулары, неміс тілінен сауда, өнеркәсіп, әскери өнер лексикалары енген. Мажар тіліне түркі сөздерінің енуі бірнеше кезеңмен байланысты:
* 5-ғасырда Еділ (Атила) патша билеген ғұндар дәуірінде келген этнонимдер мен сенім-нанымға қатысты лексикалар;
* қыпшақ даласымен тығыз байланыста болған тұста шаруашылыққа қатысты енген атаулар;
* Осман сұлтандығы қол астында болған (1490-1526) уақатта енген тағам, жеміс, киім және кәсіптік атаулар.
Мажар тілінде бірнеше диалекті бар: батыс, солтүстік-шығыс, куншаг және секей диалектісі.
## Діні
Мажарлардың басым бөлігі католиктер, кальвиншілдер, аздап лютерандықтар да кездеседі.
## Тарихы
Мажар халқының негізін шамамен б.з.б. 5 мың жыл бұрын Батыс Сібірдегі вогул (манси), остяк (ханси) жұрттары мен Орал бойын мекендеген угорлар және түркілер құраған. Үнемі батысқа қарай жылжумен болған олар тарихта Леведия (Еділ мен Дон арасында), Етелкоз (Днепр мен Дунайдың төменгі ағысы арасында) аталған өңірлерде қыпшақ, оғыз, бұлғар т.б. түркі тайпаларымен байланыстар жүргізген. 895 ж. Карпат қойнауына біржола қонстанған.
## Кәсібі
Мажарлар негізінен әртараптандырылған экономикада, өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Бұрынғы дәстүрлі сала егіншілік болды, онда мал шаруашылығы жетекші рөл атқарды, ал 19 ғасырдан бастап егіншіліктің маңызы арта түсті. Жайылымдық мал шаруашылығы жазықтарда (Альфельд провинциясы) кең таралған, оңтүстігінде жылқы, шошқа, қой да өсіріледі.Өсімдік шаруашылығында негізгі дақыл бидай (17 ғасырдан), картоп 18 ғасырдан бастап өсіріледі. Бау-бақша және көкөніс шаруашылығының маңызы зор. Шарап жасаудың ежелден келе жатқан дәстүрі бар, әсіресе Токай тауының аймағы (Токай шарабы).Дәстүрлі қолөнер түрлері – зығыр мата, кендір, кесте, шілтер тоқу, тоқыма тоқу, керамика, илеу және тері өңдеу.
Қоныстары әртүрлі. Ауылдық жерлерде ірі ауылдар мен шаруа қожалықтары бар. Тұрғын үйлері - ағаштан (елдің батысында) немесе қабырғалары топырақпен немесе қамыспен жабылып, балшықпен сыланған. Төбесі сабанмен немесе тақтайшамен жабылған. Қазір тас пен кірпіш қолданылады. Әдетте, дәстүрлі тұрғын үйлердің қасбеті сыртқа шығып, ұзын жағы аулада қалады. Венгриялық сәулет өнерінің бұл ерекшелігі чехтер, словактар, хорваттар мен сербтер арасында тарады.
## Мәдениеті
Халық әндерінен Еділ бойы халықтарына ұқсас әуендер байқалады. Билері жұппен және топпен орындалады, негізінен 32 түрлі қимылды қайталайды. "Вербункош", "Чардаш" сияқты ұлттық билері бар. Ұлттық киімдері: әйелдер бүрмелі белдемше мен жеңі кең, келте көйлек немесе ашық түсті жеңсіз көйлек, бастарына тақия киіп, орамал тартқан. Ерлер - кенеп көйлек, мата шалбар мен кеудеше, бастарына аң терісінен тігілген бөрік және сабан қалпақ киген.Ұлттық тағамдары әртүрлі. Ет-ұн (кеспе, үзбе, қамыр), жеміс, көкөністерді (бұрыштар) жиі пайдаланады. Оның ішінде гуляш, перекельт, паприкаш, турош-чуса аталатын ұлттық тағамдары белгілі. Сусындары - қара кофе. Жүзім шарабын дайындайды.
## Қазақстандағы мажарлар
Қазақстандағы мажарлар 1-дүниежүзілік соғыстан кейін тұтқынға түскендердің, келесі толқыны тың игеру жылдары жолдамамен жұмысқа келгендердің ұрпағы. Қазақстандағы мажарлардың саны:
* 1970 жылы - 832 адам;
* 1979 жылы - 595 адам;
* 1989 жылы - 674 адам;
* 1999 жылы - 440 адам;
* 2009 жылы - 357 адам;
* 2013 жылы - 363 адам
Қазақстандағы ең танымал мажар – Иштуан Мандоки Қоңыр, белгілі түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Алматы қаласында Иштуан Мандоки Қоңыр атындағы көше бар.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы
## Сілтемелер
* Дәуіт Шомфай Қара, мажар ғалымы: Жиырма шақты тілде сөйлейтінім рас |
Рүстемов сөзі мынадай мағыналар білдіреді:
* Жәкен Рүстемов - кенші, тау-кен технигі, тау-кен ісі шебері, Социалистік Еңбек Ері.
* Зиябек Рүстемов - Орта Азия мен Қазақстанның партия, совет қызметкері, журналист.
* Лениншіл Рүстемов – ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, профессор.
* Мұхамеджан Рүстемов - әнші, термеші, композитор, жазушы.
* Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов – заңгер, экономика ғылым кандидат Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты. |
Жәкен Үрістемов (02.02.1908, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы - 21.06.1995).- кенші, тау-кен технигі, тау-кен ісі шебері, Социалистік Еңбек Ері (1957).
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1957 жылы Қарағанды кен техникумын бітірген.
* 1929-1933 жылдары Қарағанды көмір бассейнінде жер қазушы, тас қалаушы.
* 1933-1941 жылдары №18 шахтаның көмір құлатушысы, тұтандырушысы.
* 1941-1972 жылдары тау-кен ісі шебері, учаске бастығының көмекшісі, учаске бастығы.
## Қоғамдық жұмысы
* 5-бесжылдықта көмір өнеркәсібін дамыту ісінде аса көрнекті табыстарға жетті.
* Жастардың тәлімгері, еңбеккер кеншілер әулетінің басшысы.
* 6-шы сайланған Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және төралқа мүшесі.
## Марапаттары
* Ленин ордені
* 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту ордені
* "Құрмет белгісі" ордені
* Социалистік Еңбек Ері (1957)
* Қарағандының құрметті азаматы (1971)
* "Шахтер даңқы" белгісінің толық кавалері.
## Дереккөздер |
Жайна Кұрманбекқызы Шекербекова (17 желтоқсан 1989 жылы дүниеге келді) — қазақстандық спортшы (әйелдер боксы).
## Мансабы
Шымкентте жаттығады (жаттықтырушы — Виктор Ничай). Жайна үшін ең күрделі бастау сәті Азиада-2009 болды және де сол сәтте Жайна жеңіс тұғырынан бір қадам жақын болды.Қазақстан чемпионы (2013, 2014).
* 2013 жылы Феликс Штаммның (Польша) рухына бағышталған халықаралық турнирді жеңіп алды.
* Азия чемпионы (2010).
* Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері (2014).
* 2016 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Жеңіп алған марапаттар Жайнаға Олимпиада – 2016-ға жолдама (лицензия) алуға көмектесті. Рио-де-Жанейродағы Олимпиадалық ойындарға қатыса отырып, ширеқақтық сайыста 2008 жылғы әлем чемпионы француздық Сара Урамунға жол береді. Жайна лайықты қарсылық көрсете алмайды және сайыстан шығып қалады.
* 2017 жылғы Қазақстандағы чемпионатта финалда Назым Қызайбайдан күші кем түседі және Вьетнамдағы 2017 жылғы Азия чемпионатына дайындық үшін Қазақстан құрамасының құрамына кірмей қалады.
Халықаралық дәрежедегі Қазақстан Республикасының спорт шебері.Үндістандағы әйелдер арасындағы бокстан 10-шы әлем чемпионатында, финалдық жекпе-жекте, 24 қараша 2018 жылы, Жайна кореялық спортшы Пан Чол Мимен кездеседі, одан 0:5 ұпаймен жеңіліп, чемпионатты екінші орын күміс медальмен аяқтайды.
## Сілтемелер |
Зульфия Раухатовна Габидуллина 1965 жылы Қазақстан Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Спортсмен, жүзуден Қазақстан Республикасының Халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Қазақстанның Паралимпиада құрамасының капитаны. Габидуллина әлем бойынша бірнеше халықаралық рейтинг бойынша 8 үздік жүзушілер қатарына кіреді. 50 метрге еркін жүзу стилі санатындағы жүзушілер арасында 4 орынды және 100 метр қашықтыққа жүзушілерден 5 орынды алады. Сондай-ақ, ол 150 метрге кешенді жүзуде бесінші және арқа арқылы жүзу бойынша 50 метрлік қашықтықта жетінші орын алады. Бүгінде 156 медаль мен 200-ден астам грамота мен диплом иегері.
## Өмірбаяны
Шығу тегі татар қызы. 1971 жылы маскүнем мотоцикл жүргізуші оны қағып, жол апатына түсіп, нәтижесінде омыртқа жарақатын алып, басы, қолы және аяғы зақымдалған. Бірақ мойымай жаттығулар жасап, 1990 жылдан бастап спортпен шұғылданады. 1991 жылы мүгедектерге арналған қол арба жарысынан Бірінші президенттік жарысқа қатысып, 4 рет бірінші орынды алды. 1994 жылы жеңіл атлетика және жүзу спорты бойынша спорттың 2 түрінен қатысып, 8 рет бірінші орын алды. Жүзу спортымен кәсіби түрде 2007 жылы айналысуды бастады. Оны мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған спорт клубының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Саттар Бейсембаев жаттықтырады.
## Марапаттары мен жетістіктері
* 2012 жылы Лондонда өткен жазғы Паралимпиада ойындарында арқамен жүзу бойынша 50 метр қашықтықта жүзіп, S3 санатында 12-ші нәтиже көрсетті.
* 2014 жылдың 23 қазанында жүзуші Инчхондағы Паразиялық ойындарда 1:44.33 секунд нәтижесін көрсетіп алтын медаль жеңіп алды.
* 2015 жылы Глазго қаласында өткен әлем чемпионатында Зульфия Габидуллина екі қола жүлдені иеленді.
* 2016 жылдың қыркүйек айында Рио-де-Жанейрода өткен олимпиадада, Зульфия Габидуллина 100 метрлік қашықтықта еркін жүзу бойынша Егемен Қазақстаннның тарихындағы Бірінші параолимпиадалық медальді сыйлады. Сондай-ақ, ол Рио-де-Жанейрода 50 метр еркін жүзу бойынша 4 орынды және арқамен жүзу спорты бойынша 50 метр қашықтықта 6 орынды иеленді.
* 2016 жылы Рио-2016 - ның үздік 3 спортшы әйелдер тізіміне енді.
* 2016 жылы Германиядағы ашық чемпионат жеңімпазы.
* 2017 жылдың 1 маусымында Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулетов Зульфия Ғабидуллина жаңа пәтердің кілтін табыс етті.
* 2017 жылдың 10 шілде күні тірек-қимыл аппараты мен көру мүшелері зақымданған спортшылар арасында жүзуден Германияның ашық чемпионатында Қазақстандық Зульфия Габидуллина 200 метр қашықтықта еркін жүзу бойынша 03:26.65 нәтижесімен әлем рекордын орнатты.
* 2017 жылдың 7 желтоқсанында Зульфия Габидуллина Мексикада жүзуден әлем чемпионы атанды және арнайы награда алды.
II-ші дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.
## Дереккөздер |
Ават ауылдық округі — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына кіретін жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы - Ават ауылы.
## Дереккөздер |
Ақтам ауылдық округі — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына кіретін жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы - Ақтам ауылы.
## Дереккөздер |
Байғулин Дүйсен (1895, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы - 1966, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы) - шопан, Социалистік Еңбек Ері (1948).
## Еңбек жолы
* Қазан төңкерісіне дейін байдың жалшысы болды.
* 1929 жылы «Жөншілік» (Қарқаралы ауданы, «Бақты» кеңшары) ауыл шаруашылық артеліне мүшелікке енеді.
* 1947 жылы бағымындағы 58 малдың әрқайсысына тәулік сайын орта есеппен 1000 гектар салмақ қосылып, жоғары өндірістік көрсеткішке жеткен.
## Марапаттары
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер |
Ақтөбе ауданы - 1921 жылдың сәуірінен 1922 жылдың шілдесіне дейін, 1928 жылдан 1933 жылдың қазанына дейін және 1970 жылдан 1997 жылдың маусымына дейін болған Ақтөбе губерниясының, Ақтөбе уезінің, Қазақ АКСР-нің және Ақтөбе облысының әкімшілік бөлінісі.
## Тарихы
Ақтөбе уезі 1921 жылы 12 сәуірде Орынбор-Торғай губерниясының Ақтөбе уезінің болыстарынан құрылды.
1922 жылы 5 шілдеде Ақтөбе уезі Ақтөбе ауданы болып қайта құрылды.
1928 жылы Ақтөбе ауданы Ақтөбе округі құрамына енді.
1930 жылы округтік бөліністің жойылуына байланысты Ақтөбе ауданы тікелей Қазақ АКСР-на бағынады.
1932 жылы Ақтөбе ауданы Ақтөбе облысының құрамына кірді, бірақ 1933 жылдың қазан айында ол таратылды.
Ақтөбе ауданы 1970 жылы қайтадан құрылды.
1986 жылы ауданда 11 ауылдық кеңес болған: Александров, Благодар, Берёзов, Қарғалы, Қурайлы, Маржанбұлақ, Новый, Петропавл, Пригородный, Родников, Хлебодар.
1997 жылы 17 маусымда Ақтөбе ауданы қайтадан таратылды. Ауданның Маржанбұлақ ауылдық округі Алға ауданына, Желтау ауылдық округі Қарғалы ауданына, Берёзов, Родников ауылдық округтері Мәртөк ауданына, Благодарный, Қарғалы,Қурайлы, Новый ауылдық округтерi Ақтөбе қалалық әкімдігіне берілді.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ) — Қазақстанда тұңғыш ашылған ауыл шаруашылық жоғары оқу орны.
1929 жылы шаңырақ көтерген Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты мен 1930 жылы ашылған Қазақ ауыл шаруашылық институты негізінде 1996 жылы сәуірде Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті болып құрылды. 2001 жылы 5 шілдеде оған Ұлттық мәртебе беріліп, Қазақ ұлттық аграрлық университеті болып атауы өзгертілді .
Ол агроөндірістік кешен үшін білікті мамандар, аграрлы жоғары оқу орындары үшін ғалым-педагог кадрлар даярлайды. Университеттің қызмет ету жылдарында еліміздің аграрлық секторына 140 мыңнан аса білікті мамандар даярлап шығарды және осы саланың дамуына олар қомақты үлесін үзбей қосып келе жатыр. Соның ішінде 2 Кеңес Одағының Батыры мен 25 Социалистік еңбек ері, 70 Жоғары Кеңес пен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, көптеген көрнекті академиктер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым және агроөндіріс кешенінің басшылары, 11 мыңнан астам докторлар мен ғылым кандидаттары және бүкіл Қазақстанды әлемге танытқан айтулы да абыройлы азаматтар бар .Университетте қазіргі таңда 6 факультетке қарасты 21 кафедра қызмет етеді.
Университет ғалымдары ауыл шаруашылығының дақылдары мен өсімдіктердің 47 сортын, жануарлардың 15 жаңа тұқымын, вакциналардың, тағамдық және емдік өнімдердің 30 түрін шығарды, 500-ден астам доктор және кандидат диссертация қорғалып, 200 авторлық патент пен куәлік алынды, 800-ден астам өндірістік ұсыныс жасалды, 10 мыңнан астам ғылыми еңбек жарияланған. Университет 30-дан астам таяу және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зертханалық институттарымен тығыз байланыс орнатқан, 200 аграрлық жоғары оқу орнын біріктіретін Әлемдік Консорциумға мүше.
## Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары
### Білім-тәрбие беру институттары
О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтыБіліктілікті арттыру институтыКөп тілді білім беру институтыЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтыОқушылар контингентін қалыптастыру институты
### Факульттері
Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары:
* Агробиология және фитосанитария факультеті
* Технология және биоресурстар факультеті
* Ветеринария факультеті
* Орман, жер ресурстары және жеміс-көкөніс шаруашылығы факультеті
* Гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті
* Инженерлік факультеті
Университет бакалавриат бойынша 52 білім беру , 90 магистрлік бағдарламаны және 21 докторантураны ұсынады.
## Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары
### Ғылыми-зерттеу институттары
Агроинновация және экология ғылыми-зерттеу институтыАнималогия мәселелері ғылыми-зерттеу институтыКонсалтинг және агробизнес ғылыми-зерттеу институтыАгроинженерлік мәселелер және жаңа технологиялар ғылыми-зерттеу институтыОрман ғылыми-инновациялық институтыСу проблемалары және жерді мелиорациялау ғылыми-зерттеу институты
### Ғылыми орталықтары
Қазақстан-Жапон инновациялық орталығыҚазақ-Корей инновациялық орталығыТұрақты егін шаруашылығы орталығы
## Дереккөздер |
Ават ауылдық округі — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына кіретін жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы - Ават ауылы.
## Дереккөздер |
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті — Қазақстанның Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орны. 1937 жылы құрылған.
Университеттегі 6 институт, 24 кафедрада педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдары, өнер, бизнес және басқару, құқық,техника және технология, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету бағыттары аясында бакалавриаттың 66, магистратураның 34, докторантураның 13 білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша мамандар даярланады.Университетте 550-ге жуық профессор-оқытушы 10 мыңнан астам білім алушыға дәріс жүргізеді. Сондай-ақ, 5 ғылыми орталық пен әскери кафедра, өндіріс орындарында кафедралардың 95 филиалы бар..Университетте білім алушылардың ғылыми-зерттеу іс-шараларына жүйелі қатысуына, рухани, мәдени, спорттық белсенділігін арттыруға ықпал ететін жастар ұйымдары жұмыс істейді.Ғылыми кітапхананың OPEN SPASE кеңістігі, 24/7 форматындағы "МегаПро" бағдарламасы қызмет етеді, сыртқы электронды ресурстарды пайдалануға мүмкіндігі мол. Университеттің 9 оқу ғимараты бар. Түркия,Канада, Корея Республикасы, Ресей, Польша, Бельгия, т.б. шетелдік оқу орындары және жетекші ғылыми орталықтарымен байланыс орнатылған. Университет: Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS WUR) – 2024 ғаламдық рейтингісінде 1201-1400 орындар аралығында; UI GreenMetric World University Rankings – университеттердің Дүниежүзілік рейтингінде 1015 орында; QS EECA ТОП-300, QS Asia ТОП-551-600,QS Asia University Rankings – 2024 рейтингінде ТОП 601-650 қатарында.
## Тарихы
1937 жылы Қиыр Шығыстағы Корей педагогикалық институтының Қызылордаға қоныс аударуы негізінде Қызылорда педагогикалық институты ашылды.
1952 жылы наурыз айында Қызылорда педагогикалық институтына Н.В.Гогольдің есімі берілді.
1992 жылы 21 сәуірде Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты болып қайта аталды.
1996 жылы 7 мамырда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті болып қайта құрылды.
1976 жылы 13 шілдеде Қызылордада Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының филиалы ашылды.
1990 жылы 15 қарашада аталған филиал Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты болып қайта құрылды.
1992 жылы 12 ақпанда Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына атақты күрішші, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың есімі берілді.
1996 жылы 7 мамырда Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты Ы.Жакаев атындағы Қызылорда политехникалық институты болып қайта құрылды.
1998 жылдың 24 наурызында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты біріктіріліп, "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
2012 жылы 28 сәуірде «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ретінде қайта ұйымдастырылды.
2020 жылы 1 шілдеде «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде қайта құрылды.
## Университет басшылары
Боробов Андрей Афанасьевич, 1937-1938 жж.
Ривкин Соломон Ильич, 1938-1948 жж.
Айтжанов Айдарбек, 1948 ж. (наурыз-тамыз)
Тоқмұрзин Орал,1948-1951 жж.
Коргулин Әбдірахман, 1951-1952 жж.
Жаманбаев Қадыр,1952-1954 жж.
Ермеков Әділ,1954-1963 жж.
Өсербаев Базарбек, 1963-1970 жж.
Камардинов Оралхан, 1970-1987 жж.
Айтмұхамбетов Абай Ахметғалиұлы, 1987-1991 жж.
Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы, 1991-1995 жж.
Әбдірәсілов Болатбек Серікбайұлы,1996-1998 жж.
Бишімбаев Уәлихан Қозыкеұлы, 1976-1996 жж.
Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы,1996-2007 жж.
Момынбаев Байзақ Көпірбайұлы, 2007-2011 жж.
Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы, 2011-2019 жж.
Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы, 2020 жылдан қазірге дейін.
## Мұражайлар
Университет жанында 4 мұражай: Университет тарихы мұражайы (мекен-жайы:Ы.Жақаев көш.,11); Археология және этнография орталығының көрме залы (Әйтеке би көш.,29-А); Спорт даңқы мұражайы (А.Иманов көш.,60); Су шаруашылығы музейі (Назарбаев даңғылы, 15) бар. 9 тақырыптық блок бар.
## Дереккөздер |
Қансоқта – малдың қанынан дайындалатын тағам, шұжық түрі.
## Дайындалуы және пайдаланылуы
Дәстүрлі ортада малды бауыздаған соң алғашқы аққан қан "бауыздау қан" деп аталады. Ол арам қан деп есептелетіндіктен азық ретінде пайдаланылмайды. Осыдан кейінгі ағып жатқан қанды ғана таза ыдысқа құйып алады. Сондай-ақ, қансоқтаны ішкі қаннан да жасайды. Бүйрек майын көкбауыр, іш майымен (жылқыда шажырқайымен) қоса ұсақ етіп турап, бүйеніне тұздап тығып пісіреді. Оған алдын-ала шала пісірілген күріш қосып та әзірлейді. Қансоқтаның шыж-мыж деген де аты бар.Ислам шарты бойынша қанды азыққа тұтынуға тыйым салынған. Алайда, қазақ арасында қансоқтаны азыққа пайдалану сирек болса да әлі күнге кездеседі. Дәстүрлі ортада жаңа босанған әйелдің тез әлденуі үшін ең әуелі қалжаға сойылған малдың қанын іш майына қуырып беретін болған.Соғымға сойған малдың қанын қатырып қойып арықтаған, көктемде көтерем болған малды тыңайту үшін жылы суға салып жібітіп, сұйылтып ішкізген. Яғни, қан езіп берген. Әбден арықтап, титықтаған мал қан езіп бергеннен кейін жылдам көтеріліп кетеді екен деседі.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Қатран Д. Қазақтың дәстүрлi ас-тағам мәдениетi. Ғылыми редакторы және алғы сөздің авторы Нұрсан Әлімбай. Алматы: ҚМӨҒЗИ, 2002;
* ҚР МОМ – материалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан. |
«Батырдың жүрегі» (ағылш. 25 Hill, сөзбе-сөз атауы: «25 Жота») — 2011 жылғы америкалық драма фильмі. Бұл фильм әлемдік жастардың жарысы "Дерби сабын қорабы" туралы. Бұл жарыстың чемпионаты әр жылдың шілде айында, Акрон қаласында, Огайо штатында өткізіледі. Режиссёр Корбин Бернсеннің жұмысы. Басты рөлдерде Натан Гэмбл, Корбин Бернсен, Морин Фланниган, Ральф Уэйт.
## Сюжет
12 жастағы Трей Колдуэлл әкесі Ауғанстандағы соғыста қайтыс болғаннан кейін өмірінің мәнін жоғалтты. Әкесі оған жазылмас жара мен аяқталмаған сабынды қорапты қалдырып кетті. Бұл оқиғадан кейін Трейдің сабақ үлгерімі төмендеп кетті. Трей оқитын мектептің директоры оны өрт сөндіру бекетінде жұмыс істейтін Рой Гиббсқа жібереді. Өр сөндіру бекетінің басшысы Ройдың өміріндеде үлкен қайғы орнаған. Оның ұлы 911 қызметінде жұмыс істеп жүріп оқыс қайтыс болған. Екеуінің кездесуінен кейін жаңа өмір басталғандай. Екі адамнан құралған кішігірім топ сабынды қораптың, яғни көліктің жұмысын аяқтайды және алда келе жатқан Дерби жарысына дайындалады.
## Рөлдерде
## Өндіріс
Түсірілім Акрон қаласында, Огайо штатында 2010 жылғы 7 сәуірде басталып, пост-продакшнға 13 тамыз жіберілді.
## Сілтемелер
* Батырдың жүрегі (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
* Ресми сайт |
Сейіт Йағафаров (башқ. Сәйет Йәғәфәров, Сәйет батыр; XVII ғасырдың 2-ші жартысы. — XVIII ғасырдың ортасы) — 1681 — 84 жылдардағы башқұрт көтерілісінің жетекшісі.
Патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы Сейіт халықты жаппай наразылық көрсетуге үгіттеді. Күштеп шоқындырылған башқұрттар мен татарлардың мұсылмандыққа қайта көшуіне күш салды. Башқұрттар арасында Сейіттің беделі күнге-күнге артып, оның соңынан ереуілшілер қаруланып, жергілікті билік орындарына және орыс селоларына қарсы ашық шабуыл жасай бастады. Сейіт басшылық еткен көтерілісшілерді татар, марий, мордва халықтарының өкілдері де қолдады. 1682 ж. Қазан қаласының воеводасы П.В. Шереметьев бастаған жазалаушы отрядпен шайқаста Сейіт ауыр жарақат алғанына қарамастан, қалмақтар билеушісі Аюкемен байланыс орнатып, көтерілісшілерге қолдау көрсетуін өтінді. Аюке Сейітке бастапқы кезде көмек көрсетіп, жазалаушы отрядқа ойсырата соққы берді. Алайда патша өкіметі Аюкені өз жағына шығарудың амалын тауып, башқұрттарға айдап салды. Жазалаушы отряд пен қалмақтардың соққысынан соң Сейіт бастаған көтерілісшілер жеңілді. |
“Петропавл — Шу” темір жолы — Қазақстан темір жолының солтүстік ТрансҚазақстан темір жол магистралына жататын “Петропавл — Көкшетау — Астана — Қарағанды — Шу” бөлігі. Бұл темір жол сондай-ақ, Қытай, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша және Германия аумақтары арқылы өтетін Солтүстік көлік дәлізінің және Ресей мен Қазақстан жеріндегі темір жол тораптарынан құралған “Үлкен сақинаның” құрамдас бөлігі болып табылады. Жолдың “Петропавл — Көкшетау” бөлігі 1920 — 22 жылдары салынды, ал “Көкшетау — Ақмола” бөлігі 1929 жылы пайдалануға берілді. 1984 жылы “Көкшетау — Ақмола” бөлігі электрленді. Темір жолдың жүк өткізгіштігі мен пойыздардың қозғалыс жылдамдығы бойынша “Петропавл — Көкшетау” бөлігі 2-санатқа (жолаушы пойызының жылдамдығы сағатына 120 км, жүк пойызынікі 70 км), “Көкшетау — Ақмола” бөлігі 1-санатқа (тиісінше 140, 80 км) жатады.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том |
Шақалақ – нәресте, сәби
– О, қаным, мен сені шақалақ күніңнен білемін (Т.Бердияров, Солдат)
Бала, сәби, нәресте, бүлдіршін, балдырған, шақалақ сөздері синоним болғанымен, жас ерекшеліктеріне байланысты айырмашылықтары бар.1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте;1 жастан 2 жасқа дейін – балдырған, балауса, бүлдіршін;1 жастан 10 жасқа дейін – сәби т.б.
Қазақ тілінде бала-шаға сөзі бар. Мұндағы шаға көне түрік тілінде бала мағынасын білдіреді де, шақалақ сөзі де шағамен этимологиясы бір болып саналады.
Жаңа туылған , қырқынан шықпаған нәрестені – шақа, шақалақ деп атайды. Нәрестенің алғашқы күнінде шашы алынбаған, қызарып құс еті қатаймаған кезіндегі болмысына қарай қызыл шақа, шүйкедей шақа деп атайтын жағдайлар кездеседі.Дереккөздер: |
Халықаралық Петропавл әуежайы — Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласынан оңтүстікке қарай 11 км жерде орналасқан халықаралық әуежай. «Airport Management Group» ҚТЖ компаниясы басқарады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша әуежай 18 410 жолаушыға қызмет көрсетті . Қазіргі уақытта әуежай Алматыға, Астана және Шымкентке тұрақты рейстердің орындалуын қамтамасыз етеді .
## Тарих
1935 жылдың соңына қарай Петропавл жұмысшы кенті ауданында топырақты әуеайлақ пайда болды. По-2 типті ұшақтардағы алғашқы пошта-жолаушылар рейстері 1935 жылдың ақпан айында орындала бастады.
## Техникалық деректер
2016 жылда ұшу-қону жолағын қайта жаңартқаннан кейін Петропавл әуежайы әуе кемелерінің қазіргі заманғы түрлерін шектеусіз қабылдай алады: Airbus A320, Airbus A321, Airbus A330, Airbus A350, Boeing 737, Boeing 757, Boeing 767 және тағы басқа 3-4-классты әуе кемелерінің түрлері, барлық үлгідегі тікұшақтар. Әуе кемесінің ең жоғары ұшу салмағы 171 тонна. ҰҚЖ (PCN) жіктеу саны 28/R/B/X/T.
## Әуежайды қайта жаңарту
2014 жылдан бастап 2016 жылдың 16 желтоқсанына дейін республикалық бюджет есебінен жолаушылар кешені жаңғыртылды. Бұған дейін ұшу-қону жолағын қайта жаңарту аяқталды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қалыңдығы 10 см асфальтбетонмен жолақтың төсемі күшейтілді, жолақ 2800 м дейін созылды және 45 м дейін кеңейтілді. Бұдан басқа, жермен жүру жолы мен перронды қайта жаңартып, халықаралық стандарттардың талаптары бойынша жарық сигналдық жабдықтар орнатылды.
## Әуекомпаниялар және бағыттар
### Жолаушылар рейстері
2020 жылғы жағдай бойынша әуежай келесі әуекомпаниялардың рейстеріне қызмет көрсетеді:
## Тағы қараңыз
* Халықаралық Көкшетау әуежайы (195 км)
## Дереккөздер |
Анттасу
Анттасу – екі адамның бір-біріне уәде беруі, серттесуі, сөз байласуы. Сөзге тоқтаған, сөзді, уәдені бағалап, намысты қадірлеген қазақтар үшін анттасудың, ант берудің жөні бөлек. Оны тілдегі басқа да осы мағынадан өрбіген сөз тіркестерінен көреміз. Мыс., ант етті [айтты, берді], ант атты, ант бұзды, анттан тайды, ант ұрды т.б..Анттасудың түрлері: Ала жіпті аттамауға анттасу – өзінің сыйлас адамдарының, туыс жақын тумаларының арасында тіпті жолда жатқан асыл затты да алмаймын деп анттасуы. Қолына Құран ұстап анттасу – қазақ арасында ешкімге қиянат қылмауға немесе бұрынғы істеген арамдықтарын қайталамауға, жауласпауға, ұрлық жасамауға Құдай алдында ант етіп, қолдарына Құран ұстап ант беру дәстүрі болған. Осыған орай нан ұстап ант беру салты да кездеседі. Кейде «нан ұрсын», «тұз ұрсын», «анамның ақ сүті ұрсын» деп, ант-су ішіп жатады. Мысалы: Бұдан соң бұл жаппаға қалай келгенін кім білсін, ақ орамалмен мұқият түйіншектелген қалың Құранды алып, жігіттер жаппай кеудесіне басысты. Бұл – «Құран ұстайын» дейтін анттың белгісі еді (С. Жүнісов «Ақан сері»).
Төбеге тас қойып анттасу – ертеректегі дәстүр бойынша ұрлықты бірлесіп істеген топ ол жайында жан адамға тіс жармауға серттескенде анттасушылар уағдаласып, төбелеріне тас қойып тұрып сол сертті айтуға тиісті болған. Осылайша ант берген адамдардың біреулері ұсталып қалып, ұрлығын мойындатып, ұрлық қылғандарды айтқызу үшін оны қалай қинаса да (мәс., қыстың күні жалаңаштап, жалаң денесіне мұздай суық су құйып қинаса да) ләм-мим деп тіс жармайтын болған. Сондағы бір себеп – құдіретті күш оны «төбесінен таспен ұрады» деп қорқуы. «Тас төбеңнен ұрғыр!» деген қарғыс осыдан қалса керек.
## Сілтемелер |
Сүлей — зат е.,этнографизм, тынысы кең, суырып салма т.б. өнері жоғары деңгейде қалыптасқан ақын-жыраулар. Олар, әсіресе, Сыр бойынан көп шыққан. Оларды «Сыр сүлейлері» деп атаған (Нысанбай Жаманқұлұлы, Базар Оңдасұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Ешнияз Жөнелдікұлы, Әзілкеш Шымырұлы, Омар Жүсіп, Қаңлы Жүсіп,Шораяқ т.б.). Жалпы, Сыр бойындағы қисса айту дәстүрінің өкілдері болып есептелетін ақын-жыраулар халық арасында «сүлей» атымен танылған. Сыр сүлейлерінің бір ерекшелігі, олар негізінен Құрандағы адамға психологиялық-интуициялық тұрғыдан әсер ететін, ішкі әлемдегі өте нәзік сезімдерді қозғайтын, бірақ сол арқылы сарқылмас күш-қуат беріп, қажыр-қайратын жанитын қиссаларды жырларына арқау еткен. «Қиссаларды жырлаушы адам» деген мағынаны да білдіреді.
Сыр бойынан мен келдім, Сүлейлердің мекені (М.Көкенов). Сыр бойындағы небір сүлейлерді есімізге түсірдік («Қаз.әдеб.»). Сүйінбай, Жамбыл,Өмірзақ, Үмбетәлі, Әбдіғали... дәл осылай саралай берсе, жыр сүлейлері бұл елде тым көп («Лен.жас»). Үлкен баласын өңкей бірөң сүлік сұлу ат мінген мың қаралы сүлей жігітпен қадірлі мейманның алдынан жіберетін күнді асыға тосқан (Ә.Кекілбаев, Үркер). |
Кербұлақ – Шу алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жамбыл облысы Шу ауданы жерінде. Ұзындығы 65 км, су жиналатын алабы 780 км2.
## Бастауы
Бастауын Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс сілемі – Кіндіктас тауындағы бұлақтардан алады.
## Гидрологиясы
Жоғарғы ағысында арнасы тар, жағасы тік жарлы болып келген. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Алабы жайылымға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
«Шешуші айқас» — толық метражды көркем фильм. 1979 ж. Қазақфильм студиясы шығарған.
## Сюжеті
Өз қателіктерін мойындау қиын, кейде оларды түзету тым кеш, бірақ уақыт жас кейіпкерге оқиғалар ағымын өзгертуге мүмкіндік беруде. Нәтижесінде, ол шешуші спорттық айқаста жеңіліс тапты, бірақ ол фильмдегі өткен жол - өз ымыраларын ұғынып, алдағы рухани жандануға апарар жол.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) — Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік орган.
## Тарихы
2003 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің №1255 жарлығымен 2001 жылы құрылған Қаржы полициясы агенттігіне Ішкі істер министрлігінің экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау және тергеу функциялары беріліп, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (Қаржы полициясы) етіп қайта ұйымдастырылды.
2005 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің № 1521 Жарлығымен Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) Президентке тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік орган болып өзгертілді.
2014 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» № 883 Жарлығына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі функциялары мен Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі функциялары беріліп, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды.
2015 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган ретінде құрылды, оған таратылып отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мүлкін және істерін басқару функциялары мен өкілеттіктері берілді. Министрлік құрамында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы құрылды.
2016 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып қайта құрылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы агенттіктің құрылымындағы ведомство мәртебесіне ие болды.
Мемлекеттік қызмет жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Мемлекет басшысының 2019 жылғы 13 маусымдағы № 12 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) болып қайта құрылды.
Агенттік Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, жолын кесу, ашу және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады.
## Басшылар
### Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшылары
## Қарамағындағы мекемелер
* Агенттіктің облыстар мен Алматы, Астана, Шымкент қалалары бойынша департаменттері
## Ведомстволық марапаттар
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі «Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы» № 155 Жарлығына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ведомстволық наградалары болып келесілер қарастырылады:
* Медальдар:[1](қолжетпейтін сілтеме) I, II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін»;[2](қолжетпейтін сілтеме) «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін».
* [1](қолжетпейтін сілтеме) I, II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін»;
* [2](қолжетпейтін сілтеме) «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін».
* Төсбелгілер:I, II дәрежелі «Үздік қызметкер»;I, II дәрежелі «Үздік қызметші».
* I, II дәрежелі «Үздік қызметкер»;
* I, II дәрежелі «Үздік қызметші».
*
*
*
## Дереккөздер |
Сүмек <қара. Кирең. Шойырылма. – түйе жануарында болатын аяқ ауруы (құртауруы). Ауырған түйе аяғын мүлдем баса алмай, көтеріп тұрады, ал асқынып кетсе тұра алмай жатып та қалады.
Мыс., Тұра ұмтылған оның алдына кеп тоқтай қалған торы ат қара сүмек боп тер басып, ыңырана барып «ыңқ» етіп сұлай кетті. (C.Ғаббасов) Күнде таңертең көрсем, тұлпарымның бірі қара сүмек болып тұрғанын көремін (Бозінген).
## Сілтемелер |
Асықпен бал ашу
Асық – көшпелі елдерде, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде атам заманнан бері келе жатқан әрі халық арасында кең тараған ұлттық ойындардың бірі. Түркілердің танымында асыққа ерекше мән беріліп, бұрынғы кезеңдерде оның қолданылу функциясы да ауқымды болған. Асықты балалар ойындарында ғана емес, сонымен қатар ол әртүрлі қарым-қатынас, келіссөздерде пікірді, тілекті жұмбақтап, астарлап жеткізудің символдық (рәміздік) белгісі ретінде де, сәуегей, көріпкелдердің бал ашып, болатын істің мән-жайын алдын-ала болжау үшін пайдаланылып келгені белгілі. Сондағы принцип – асықтың әр қырына тән қалыптасқан дәстүрлі мәніне байланысты.
Асық – малдың және басқа жан-жануарлардың сирағы мен сан жіліктерін жалғастыратын, бір жағы қуыс, бір жағы дөңес төрткүл топса сүйек. Заттың атауы атқаратын қызметінен туындайды. Ерте кездерде қазақтың сәуегей, көріпкелдер болатын жағдайды (істің, сонардың сәтті болуын т.б.) болжап білу үшін асықты кең қолданғаны. Мәселен, төрт асықты иіре шашқанда 4 алшы, 4 бүге, 4 тәйке қатарынан түссе, не бір-бірден түссе мұны «құмар» деп атап, оны «істің алға басқаны», «жақсылық» деп жорыған. Осы сияқты асықтың 4 қырына қарай бал ашушылардың өз құпиясы болған. Олардың мәні төмендегідей:
1) 4 алшы – «Асығың алшысынан түсті – айың оңыңнан туады»;
2) 4 тәйке – «Жолың ашық, маңдайың жарық»;
3) 4 бүге – «Ырыс пен бақ ұзағынан болады»;
4) 4 шіге – «Бөгде (дұшпан) жағы басымырақ болады»;
5) 3 алшы, 1 тәйке – «Тез арада сапарың оңғарылады, жолың болады»;
6) 3 алшы, 1 бүге – «Мерейі өсіп, қуанышқа қарқ болады»;
7) 3 алшы, 1 шіге – «Екі босағасы тең, жүрегі қуанышта»;
8) 2 алшы, 1 тәйке, 1 бүге – «Сүйіншіңді дайындай бер»;
9) 2 алшы, 1 бүге, 1 шіге – «Таяу болашақта ойлағаның жүзеге асады»;
10) 2 алшы, 1 тәйке, 1 шіге – «Тілегіңе жету жол алыс емес...»;
11) 2 алшы, 2 тәйке - «Ісің оңға айналып тұр»;
12) 2 алшы, 2 бүге – «Ісің қарқынды, оңға басатын сыңайлы»;
13) 2 алшы, 2 шіге – «Кешігіп, қырсығып тұр, ойлағаның болмайды»;
14) 1 алшы, 3 тәйке – «Құйысқаның берік, жақсылық өз жағыңда»;
15) 1 алшы, 3 бүге – «Көңілің тоқ, көкірегің байлаулы»;
16) 1 алшы, 3 шіге – «Тіл-сұқтан сақ бол, абайла!»;
17) 1 алшы, 2 тәйке, 1 бүге – «Бүгін қырсыққанмен жақын арада оңға басады»;
18) 1 алшы, 1 тәйке, 2 бүге – «Тіл (хабар) келеді, сәлемдемеге де қарық боласың»;
19) 1 алшы, 1 тәйке, 2 шіге – «Аптықпа, оңалады, өздігінен бітеді, тек тағат керек»;
20) 1 алшы, 2 бүге, 1 шіге – «Қуанышты хабар келеді»;
21) 1 алшы, 2 тәйке, 1 шіге – «Аз ғана тосқауыл бар, дегенмен ойлағаныңдай болады»;
22) 1 алшы, 1 тәйке, 1 бүге, 1 шіге – «Құмар түссе, тілегіңнің болғаны де»;
23) 2 тәйке, 1 бүге, 1 шіге – «Құлшыныс керек, шүбәлі, қолайсыз жағдай болуы мүмкін»;
24) 2 тәйке, 2 бүге – «Іс оңға басса да, жақын арада нәтиже жоқ»;
25) 2 тәйке, 2 шіге – «Іс сапарыңның жүзеге асуы екі талай, неғайбыл»;
26) 1 тәйке, 2 бүге, 1 шіге – «Ілгері ұмтылғаныңмен кері шегінесің, сәтсіздік»;
27) 1 тәйке, 1 бүге, 2 шіге – «Таразың баса алмайды, қиыншылық та жоқ емес»;
28) 1 тәйке, 3 бүге – «Алдың тұйық, жүрегің қобалжыңқы»;
29) 1 тәйке, 3 шіге – «Немқұрайлы қарап, нем кетеді деме»;
30) 3 бүге, 1 шіге – «Сенімен жұлдызы қарсылар жағы басым болады»;
31) 2 бүге, 2 шіге – «Алдың тұйық, қиыншылыққа тап боласың»;
32) 1 бүге, 3 шіге – «Қырсық шалған, бәрі кері баққан».
Жоғарыдағы мәліметтерден байқайтынымыз, қазақ халқында сәуегейлер асықпен бал ашу үшін көбінесе төрт асықты қолданған. Ал өзге түркі халықтарында бұл бойынша асықтың саны әртүрлі болып келеді. Мәселен, қырғыздың атақты Манас жырында да асықпен бал ашу үрдісі көрініс табады. Эпоста Манастың әкесі алпыс бес жастағы Жақып ұлына Бұхар ханының қызы Қаныкейді алып бермек болып құда түседі. Істің жөні қалай болар екен деп қырғыз бақсысы еліктің қырық бір асығымен бал ашқан. Ол жырда былай келеді:
«Төлгесін тартты төлегі
Басы түсті тоғыз деп,
Аяғы түсті сегіз деп».
Қорытындылай келе, асық халық танымында сакральді (киелі) зат ретінде, ерекше тылсым күшке ие қасиеті бар қорғаушы, қамқоршы деп қабылданған. Жорық алдында асықпен бал ашуға жүгінуі жорамал жасап, жақсылық нышанын аңғаруға, жасалынатын істің ретін анықтауға, дүние көркін болжауға тырысып бағуы осының айқын дәлелі. Дереккөздер: |
Ләңгі: қорғасынды теріге тігіп немесе жапсырып, аяқпен теуіп ойнайтын балалар ойыны. Үш немесе бес тиындық қара бақырды ортасынан дөңгелек етіп тесіп, оған бір тұтам ат қылынан, не қылшық жүннен жасалған шашақты өткізіп істелген «ләңгі» деп аталатын затты аяқпен теуіп ойнайтын балалардың (кейде үлкендердің де) ойыны. Орта Азияда ертеден келе жатқан ойынның түрі. Қой, ешкінің қырқылатын шағы – ойынның қызатын кезі. Сөйте жүріп көктемде колышка, ләңгі, жаз болса футбол мен волейбол, лапта мен ақсүйек, қыстың күні шанамен коньки теуіп, допты хоккей ойындарынан да тыс қалған емеспіз (Жақыпжан Нұрғожаев, «Парасат Жолы»).
## Ойынға қажет:
Ойынға тиын алынады. Немесе тиынның орнына кез келген қорғасын, металл, пластинкалар алуға болады, содан кейін ұзындығы 6-7см бір уыс жүн алынады. Негізінен ешкінің жүнінен алады, бірақ кез-келген жануардың жүнін де алуға болады. Содан кейін алынған жүн ойыққа кигізіліп, арғы жағынан желімделіп, немесе басқа жолдармен бекітіледі. Сондай-ақ қой,сиыр т.б. хайуанаттардың жүні қырқылмаған терісін 6-7см диаметрде дөңгелектеп кесіп алып, тиынға, қорғасынға немесе металл пластинкаға бекітуге болады. Жоғары жағы таралған «ләңгі» ойнауға дайын деген сөз.Жергілікті аймақтарда, Қытайдағы қазақтар тілінде ләңгіні жармақ деп те атайды. Жармақ зат е. жерг. ләңгі. Күндіз әр түрлі ойын: қашпа доп, асық, жармақ тебу, бәлди ойнап, сілеміз қатып ұйықтап қалатын едік (Қ.Ахметұлы, «Жетісу»)
### Ойын ережесі:
1.Егер ойыншы саны 2ден көп болса, бірінші жүріске жеребе тасталып, ойыншылардың кезегі анықталады.
2. Ойынның жай түрлерінен бастайды және бірінші ойыншы «ойын иесі» деп аталады. Жай жаттығуларды орындап болған соң, басқа ойыншылардан осынша түрлерін ойнауды талап етеді.
3. Егер кімде-кім бұл талаптарды орындай алмаса, оны «малай» деп атайды және ол ойын иесіне қызмет етуі тиіс. Басқа ойыншылар ойын барысында малайдан ләңгіні алып кетуі керек.
4. Малай ләңгіні тапсырыс берушінің аяғына тастайды. Ал ол аяғымен алысырақ тебеді. Ал малай ләңгінің артынан жүгіріп, қағып алып, ойын иесінің аяғына тастайды.
5. Қағыс саны тапсырыспен орындалған қағыстардың айырмасына тең болады.
6. Егер айыпталған ойыншы тапсырушының аяғынан ләңгіні қағып алса немесе айыпталған санға тең қағыс орындаса немесе ойын иесі тасталған ләңгіден мүлт кетсе малайшылық тоқтатылады.
7. Егер малай ойыншы ләңгіні аяғымен (қолын тигізбей) қағып алса, онда ләңгіге аяғы ең соңғы болып тиген ойыншы малайға айналады және алдыңғы малай оның ләңгісін қанша рет қағып алған болса, сонша рет қызмет етуі керек.
8. Егер малай басқа ойыншының аяғынан ләңгіні қағып алса, онда ол ойыншы оның орнын басады, яғни малай болады, ал бұрынғы малай ойын иесі болады және оның аяғына жаңа малай ләңгі тастайды.
9. Бірінші айыпталушы малайшылығын аяқтаған кезде келесінің кезегі келіп тұрады және т.с.с.
10. Жүріс келесі ойыншыға беріледі.
11. Бірінші айналымда ойыншылар тапсырушының міндетін атқарып болған кезде, ойынның келесі сатысына көшеміз.
Ойын түрлерінің ойналу тәртібі:
1. оң аяқпен «жай қағыс» қағу;2. сол аяқпен «жай қағыс» қағу;3. оң аяқпен «жанама» қағу;4. сол аяқпен «жанама» қағу;5. оң аяқтың «ұшымен» қағу;6. сол аяқтың «ұшымен» қағу;7. «жас + жанама» қағу (оң және сол аяқпен);8. «жас + ұшымен» қағу (оң және сол аяқпен);9. «жас + иіліп» қағу (оң және сол аяқпен);10. «секіріп + иіліп» қағу (оң және сол аяқпен);11. «тізенің астынан + жай» қағу (оң және сол аяқпен).
Дереккөздер: |
Мыршым - жастардың алқа-қотан отырып жүзікті аузына жасырып ойнайтын ұлттық ойын. «Мыршым-мыршым» ойыны өте ертеден қалыптасып келе жатқан, көбінесе ойын-сауық кештерде ойналатын ойын.Ойыншылар қаншалықты көп болса, ойын соншалықты қызықты болады. Ойынға қатысушылардың жас мөлшеріне қарамай қатыса беруге болады. Ойын жүргізуші ойыншыларды жайғасып отырғаннан кейін бір ойыншыны шығарады. Отырған ойыншылардың біреуінің аузына тиын салынады. Қалған ойыншылардың ауыздарында еш нәрсе жоқ болады. Ойында жүргізуші айтқан «Мырым-мырым» деген сөзді қайталайды. Ойыншының аузында тиын бар екенін табу керек. Бұл ойынның негізгі мақсаты байқампаздық пен тапқырлықты даму.
Мыршым ойыны кейбір сөздіктерде «мыршалай – мыршыл», «мыршым-мыршым» деп аталады. Яғни бұл ойынның атауы нақты бір ғана атауды иемденбей, ойын барысындағы қолданысы бойынша да аталады. Семей, Ақсуат, Көкпекті, Аягөз өңірлерінде солай аталады. Сонымен қатар, «мыршым» ойынының ойналуында аймақтық жерлерге байланысты ерекшеліктер болып тұрады. Мысалы, Қазақ тілінің аймақтық және диалектотгиялық сөздіктерінде мыршым ойынына мынадай анықтама берген.
Мыршым - көзді байлап ойнайтын ойын (Түркістан облысы).
Мыршым - (Түркістан облысы) көзді байлап ойнайтын ойын.
Қазақ халқының дәстүрлі ойындары өте көп, олардың біразы халық жадынан ұмыт болған , дегенмен қазіргі күнге дейін сақталып, қолданыста жүрген ойындар саны 750-дей екен. Ғалым Ә.Қайдар өз еңбегінде ұлттық ойындардың жалпы тізімін келтіріп, олардың негізгілеріне анықтама беріп өтеді.
Ұлттық ойындардың жалпы тізімі
А: Абойы, Ағала, Ағаш аяқ; Қ: Қазақша күрес , Қазан, Қазан доп; М: Мыршалай мыршыл, Мыршым-мыршым. Ұлттық ойынның бұл түрін Оралхан Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» романынан кездестіре аламыз.-Жолдастар! – деді Қамбар қамшысын сарт еткізіп. – Енді ақсүйек ойыны басталды. Содан соң, «Мыршалай-мыршым», «Бел-беу соқ»... [5, 32б] (О. Бөкей «Өз...»).
## Дереккөздер |
Мінажат (араб. сыбырлап сөйлеу, үнсіз егіліп тілеу, жалбарыну) – тілек, дұғаның бір түрі. Өтінішін Алладан сұрап жалбарыну дегенді білдіреді. Адамдар Жаратқанға сиынып, шексіз мейірімінен медет тілейді, мұң-мұқтажын айтып, қажетіне дауа сұрайды. Жан-тәнімен беріліп, жүрек түкпірінен шыққан тілегін айтады. Мұндай мінажат риясыз болып, мекен, уақыт талғамайды. Исламдық дәстүрде мінажат Аллаға мадақ ретінде қара сөз немесе өлең түрінде де келеді. Қаламгерлер туындыларын Аллаға мадақ айтумен аяқтап, соңында мінажат ететін болған. Мұндай үрдіс сопылық поэзияда да кездеседі. Қожа Ахмет Иасауи «Диуани хикмет» кітабын «Мінажат етті, міскін Қожа Ахмет» деп М. етумен тәмамдаған. Сондай-ақ әнмен айтылатын мінажат өлеңдері бар. Бастан-аяқ Аллаға арналған мадақ өлеңдер «Мінажатнама» деп аталады, мұндай жырлар ислам әдебиетінде ерекше бағаға ие. Қазіргі кезде «Иасауи» вокалдық тобы Иасауи, Ақ Ишан секілді діни ғұламалардың мінажат өлеңдерін сахналық үлгіде орындап жүр.
## Тағы басқа
* Мәдениет
* Дін
* Ислам
## Дереккөздер |
Талыс ( Ыдыс)
Талыс зат. этн. – тері ыдыс. Талысты жылқының, сиырдың бас терісін бітеу сойып алып, шикі күйінде түгін сыртына қаратып жасайды. Оның түбі кеңдеу, ауыз жағы ықшамдалып, ашылып-жабылатындай екі ағаш жақтауға бекітіледі. Бұған балға, ыңғыру, таспа, шеттік, қанжыға, қайрақ сықылды күнделікті қажет нәрселер салынады. Терісі шүберектей етіп иленген бұл ыдысты қазақ көбінесе жүкаяқтың астына – белгілі жерге қояды. Кереге басында жылқының бас терісінен істеген талыс, желқом ер, босағада бір-екі қақпан жатыр (Ғ. Мұстафин, «Дауыл»). Қайдан табары мәлімсіз, Күсемістің сірі талысынан түйген тарының қоры еш уақытта үзілмейді. (С. Мұқанов, «Жұлдыз»).
## Талыстай (Теңеу)
Талыстай сын. Үлкен, зор, дәу. Табалдырықта талыстай болып, кесе-көлденең түсіп, қарауыл жатыр екен, оянған жоқ (Ш. Мұртаза, «Қызыл жебе»). Әп-сәтте дастарқан жайылып, мен өзіміздің талыстай сумкадан дәмтағам, ішімдіктерді самсата бастадым (Ғ. Қайырбеков, «Ақ желкен»). Аяғымда қорбиған қонышты, кепкен талыстай үлкен ботинка (Ғ. Сапаев, «Гүлдана»).
## Талыс (Қазақ тілінің аймақтық сөздігінде)
Талыс 1. (Қ. орда: Сыр., Жал., Қарм.; Жамб.: Шу, Мойын.; Ақт., Ырғ., Шығ. Қаз., Зайс.) шеберлердің аспап салатын ыдысы. Далабайдың талысы толған аспап (Қ.орда, Сыр.). Талысты жылқының, сиырдың бас терісінен істейді ( Ақт., Ырғ.). 2. (Орал: Орда, Жән.) мес, торсық. Кейбір талысқа 3-4 шелек қымыз сыяды (Орал, Орда). Көне жырларда талыс жылқының сиырдың бас терісінен істелген көн дорба. Бұл сөздің қолданысын қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы - Бұқар жырау жырында қолданған.
Мен арғын деген арыспын, Азуы керек қарыспын. Сен бұзау терісі шөншіксің, Мен өгіз терісі талыспын (Бұқар жырау).
## Дереккөздер |
Көсеге - көне. Қыздың шымылдық ішіндегі төсек орны. Оны бүркеп көлегейлеп тұрған перде – «шымылдық», ал шымылдық ішіндегі қыздың орны – «көсеге» делінген. (А. Нүсіпоқасұлы.., Қыз бойжетіп ұзатылғанда, көсегесін жасауымен бірге алып кетеді)Көсеге - көсегесі көгеру. Көсегесі көгеріп, Кең өткелі көл болды, Асты күміс, үсті ырыс Таудан алтын сайдан мыс, Телегей-теңіз көл болды (Жамбыл)
Көсеге сөзі қазақ тілінде өзінің дербестігін жоғалтып, тек көсегең көгерсін, көсегесі көгеріп деген тіркестерде ғана «өмірің ұзақ болсын, бала-шағалы бол, өркенің өссін» мағынасында қолданылады. Көсеге - Игі ниетті танытатын сөз, құт, береке. Көсегесі көгерді – өркені өсіп, дегеніне жетті.
## Этимологиясы
Көсеге сөзінің көгеру сөзімен бірге айтылуында да белгілі зандылық бар сияқты. Өйткені түркі халықтарының тіл дәстүрінде көк (түс), көгеру, көктеу сөздері өзінің негізгі мағынасымен қатар, өcіп-өнудің, өркендеудің, дамудың символикасы ретінде ауыс мағынада да қолданылады. Дәл сол сияқты, керicінше, көгермеу, көктемеу «өшу, сөну» мағынасын береді. Ал көсеге сөзімен көгеру, көктеу сөздерінің тұрақты тiркес ретінде қалыптасуында белгілі семантикалық, логикалык байланыс, заңдылық бар. Ол заңдылықты біз қазақ тіліндегі «көсегең көгеріп, көрпең ұзарсын», ұйғыр тіліндегі «Жиғлимаң, қиз, жиғлимаң, тоюң болур, Алтун бөшүк, көшүгә, өйүң болур» (Жылама, қыз, жылама, тойың болар, алтын бесік, көсеге, үйің болар) тәрізді мысалдардан байқауымызға болады. Бұл арадағы көсеге (қаз), көшүгә (ұйғыр) екеуі бір туыстас тілдерде күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан дербес, заттық Мысалы: хакас тілінде кӧзеге (кӧзенъе перде, шымылдық) жаңа үйленген жастардың көктемеу сөздері. Көсеге сөзінің басқа мағынасы бар - орнын қоршап тұратың шымылдық мағынасында қолданылады, Тува тілінде де көжеге - шымылдық, перде, моңғол тілінде хешиг шымылдық, штора. В.В. Радловтың еңбегінде де алтай түріктерінің көбінде-ақ бұл сөздің «шымылдық, перде, қоршау» мағынасында кездесетіндігі көрсетілген. Мысалы: сагай, койбол тілдерінде - көзәггә, қызыл тілінде көжәгә, телеуіт тілінде көшәгә т.б. Түркі тілдерінің кейбіреуінде бұл сөздің мағына жағынан ауытқуы да байқалады. Мысалы, тобол тілінде күшәк – көзөңө, шор тілінде бөлме, бөлмеше, көне ұйғыр тіліндекүзгі көжүнжүк – көрпе, мадияр тілінде көжәг тебесі пошайған киіз үй мағынасында айтылатын көрі- неді (Радлов. Опыт сл., II-IV). Сол сияқты қазіp хйгыр тілінде де көшүгә|көшүк сөзінің 2 мағынада айтылуы байқалады: 1) перде (Радлов. Опыт сл. II, 1304); 2) шымылдық, ширма (өлікті шығарғанға дейін қоршап қоятын), кейде көшүгә шешек ауруымен ауырған адамның төсек-орнын қоршау үшін де колданылады; 3) сабаннан то- қылған шарбақ ыдысты ұйғырша көшік деп те атайды. Сол сияқты, Сибирь орыстарының тілін- дегі кош, кошица (балық, шаян аулайтын үлкен корзина) орыс тілінің оңтүстік говорында кездесетін қошица (плетеный шалаш, малая, холостая кибитка) сездері де (Сл. Даля, II, 133) көсеге сөзіне қатысы бар сияқты. Өйткені, көсеге сөзі жоғары- келтірілген түркі тілдерінің көпшілігінде 1) перде, шымылдық; 2) перде, шымылдықпен коршалған төсек орын; 3) жаңа үйленген жастар- ға арналған отауша, бөлімше, үйшік сияқты негізгі мағынаға және 4) көрпе; 5) тоқылған корзина, себет деген косымша мағынаға ие. (Абаев. Ист.этим, сл. осет. яз. күшк|коскә||көсга (нйща, бойница), парсы тіліндегі кушк (павильон, киоск, вышка, башня), грузин тіліндегі къошкі (башня), убых тіліндегі квашк (господский дом), түркі тілдеріндегі көшк (павильон, киоск) түбірлес сөздер және олар орта иран тілдеріндегі гошак/|гоша (уголок, уеденение, место) сөздерінен келіп шыққан деген тұжырым жасайды, Тiпті Европа тілдеріндегі киоск, қазіргі парсы тіліндегі (көше қаз.), коча (ұйғ.) сөзі, осман түріктері тіліндегі көшк (павильон, место для султана в любом публичном здании, ложа, комната) (Радлов. Опыт сл. II, 1306), орыс тіліндегі кушак – тесек (орыс тілінің кқысқаша этимологиялық сөздігінде бұл сөзді орыс тіліне XVI ғасырда түркі тілдерінен кірген деген мәлімдеме берілген, осы сөздердің бәpінің о баста төркіні бір да және одан түркі тілдердің біразына енгенболуы керек деп ойлаймыз.Әрбір тілдің өзіндік даму ерекшелігіне байланысты әр түрлі фонетикалық, лексика-семантикалық өзгерістерге душар болған. Ал енді көсеге сөзінің өзіне келсек ол көсегең көгерсін деген тіркесте «шымылдык. жастардың төсек-орны, өздеріне меншікті бөлме отауы» деген мағынадан ауыса келе, жалпы уй. ішін, бала-шаға, бау-шарбақты, тіпті адам баласының жалпы өмірін сыпаттап нің морфологиялық құрамына келсек, ол туралы әр түрлі жорамал айтуға болады. Егер көсегенің о бастағы қызметін ерлі-зайыпты адамдарды көп көзінен жасыру, тасалау, олардың оңашалау үшін шымылдық деп түсінсек, онда оның түбірі ҝөз сөзімен байланысты. Сонда көз сөзінене -еге жұрнағының жалға- нуы арқылы (салыстыр: кер-еге, кеб-еже, бос-аға, бет-еге) түркі тілдері негізінде жасалған деп жо- рамалдауға болады. Мұндағы з дыбысының с, ш, ж дыбыстарымен алмасуы, ның -үгә|-әгә/-өңө||-үк||-үгӀ/-иг/|-эк|-ак формала- рына ауысуын фонетикалык құбылыстар ретінде дәлелдеуге әбден болады. (Ә. Қайдар)
## Дереккөздер
1. Т.Жанұзақов. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі / Жалпы редакциясын басқарған.-Алматы: Дайк-Пресс,2008.-968б2. Қазақ ССР Ғылым академиясы. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. Қазақ СРР-ның «Ғылым» баспасы. Алматы-19663. Б.Қалиев. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2014. –728б. |
Асхат Берлешұлы Шахаров (3 қазан 1978 жыл, РКФСР, Орынбор облысы, Ақбұлақ ауылында туған) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, дзюдо күресінен спорт шебері, Ақтөбе облысының әкімі (2023 жылғы 5 қыркүйектен бастап).
## Өмірбаяны
Асхат Шахаров 1978 жылы Орынбор облысының Ақбұлақ ауылында дүниеге келген.
Әкесі — Шахаров Берлеш Шағанбайұлы (1955 жылы туған), жүргізуші. Анасы — Шахарова Люба Күлмағамбетқызы (1957 жылы туған), мейірбике.
Асхат Шахаров 1999 жылы Қазақ мемлекеттік туризм және спорт академиясын дене шынықтыру пәнінің оқытушысы — спорт бойынша жаттықтырушы, 2002 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін халықаралық экономист мамандығы бойынша бітірген.
2013 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын аяқтаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
2005 жылдың қараша айынан Ақтөбе педагогикалық институты дене тәрбиесі кафедрасының доценті.
2007 жылдың сәуір айынан Ақтөбе облыстық олимпиадашылар резервін дайындау орталығының директоры.
## Мемлекеттік қызметте
2013 жылдың маусым айынан бері БҚО Қаратөбе ауданының әкімі қызметін,
2017 жылдың шілде айынан БҚО Зеленов ауданының әкімі,
2020 жылдың наурыз айынан Ақтөбе қаласының әкімі болды.
2022 жылдың қарашасынан 2023 жылға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
2023 жылдың 5 қыркүйек күні Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.
## Спорттық мансабы
Самбодан үш мәрте әлем чемпионы, екі дүркін әлем кубогының иегері, дзюдодан дүниежүзілік біріншіліктің қола жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.
Самбо мен дзюдо күресінен ҚР чемпионы (1998-2005);
Азия біріншіліктері және чемпионаттарының 2 мәрте жеңімпазы, 3 мәрте жүлдегері;
Самбодан әлем чемпионы (Ақтөбе, 1997; Красноярск, 1998);
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Испания, 1999).
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Мюнхен, 2001).
XXVII жаздық Олимпиада ойындарына қатысқан (Сидней, 2000);
Самбо күресінен 3 мәрте әлем чемпионы (Киев, 2000; Кишинев, 2004; Астана, 2005).
## Марапаттары
Дзюдо күресінен халықаралық санаттағы спорт шебері (1997).
Ақтөбе облысының Жыл адамы (2005).
«Құрмет» орденімен (2009);
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
«Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Сәнби немесе сәнбей (Сәнбиліктер; моңғ. Сүмбэ, Сяньби Сүмбе, Сианби, қытай транскрипциясында - «Сианби», қытайша: 鮮卑) - Ішкі Монғолия аумағында өмір сүрген көшпенді ежелгі моңғол тайпалары. Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырда Дунху одағынан шыққан. Қазақтардың, моңғолдардың этногенезіне қатысты.
Шын аты-жөні белгісіз. Қытай транскрипциясында бұрмаланған «сянби» этнонимі - бұл конвенция. «Сирби», «Сирви», «Сарби» деген атпен әртүрлі қытай дереккөздерінде аталған .
93 жылы Қытай коалициясы, сәнбилер, динлиндер және чешистер (Тұрпан оазисі тұрғындары) бірігіп ғұндарды Их Баян ( қытайша: 稽落山之戰) шайқасында жеңді. 155 жылы сәнби көшбасшысы Таңшығай ғұндарды тас-талқан етіп, олардың төрт бөлікке ыдырауына әсер етті. Бірінші бөлігі жеңімпаз сәнбилерге қосылды, екіншісі Қытайға қоныс аударды, үшіншісі Тарбағатай тау ормандары мен шатқалдары және Қара Ертіс бассейнінде қалды; Төртіншісі ( ғұндар ) батыс жаққа шегініп, 158 жылы Еділ мен төменгі Донға жетті. Олардың келуі туралы ежелгі географ Дионисий Перигет хабарлады .
## Дереккөздер |
Әбілда Жынысбаев (1892, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы – 1954, Шымкент облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы) - Социалистік Еңбек Ері. Ұлты – қазақ.
## Өмірбаяны
* 1934 жылдан бастап әкесі Жынысбай бірге мал шаруашылығымен айналысқан. Кейінгі кезде Шымкент облысы, Созақ ауданы, "Қызыл әскер" колхозында шопан болып қызмет атқарған.
* 1953 жылдан Калинин совхозында бас шопан болып жұмыс істеген.
Өз біліктілігімен колхоз бен совхоздың малын көбейтіп отырған. 1947 өзінің білікті жігерлі еңбегінің арқасында 470 бас қойдан, 573 қозы өсірді. Әр қозының салмағы – 40 кг-нан болған. Өмірінің соңына дейін колхоз бен совхозда жұмыс істеген. Ол жастарға тәрбиесімен, еңбек шеберлігін үйрете білді.
## Марапаттары
* Партия мен билік өкілдері еңбегін бағалап, 1946 жылы 3 маусымда «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
* 1948 жылғы 23 шілдеде Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
* 1948 жылы 22 қыркүйекте «Ленин» орденімен марапатталған.
## Есте сақтау
* Шолаққорған кентінде көше атауы берілген.
* Шолаққорған ауыл округінде орналасқан «Тәуелсіздік» саябағында Жынысбаев Әбілданың бюсті қойылған.
## Дереккөздер |
Әбілда Жынысбаев (1892, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы – 1954, Шымкент облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы) - Социалистік Еңбек Ері. Ұлты – қазақ.
## Өмірбаяны
* 1934 жылдан бастап әкесі Жынысбай бірге мал шаруашылығымен айналысқан. Кейінгі кезде Шымкент облысы, Созақ ауданы, "Қызыл әскер" колхозында шопан болып қызмет атқарған.
* 1953 жылдан Калинин совхозында бас шопан болып жұмыс істеген.
Өз біліктілігімен колхоз бен совхоздың малын көбейтіп отырған. 1947 өзінің білікті жігерлі еңбегінің арқасында 470 бас қойдан, 573 қозы өсірді. Әр қозының салмағы – 40 кг-нан болған. Өмірінің соңына дейін колхоз бен совхозда жұмыс істеген. Ол жастарға тәрбиесімен, еңбек шеберлігін үйрете білді.
## Марапаттары
* Партия мен билік өкілдері еңбегін бағалап, 1946 жылы 3 маусымда «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
* 1948 жылғы 23 шілдеде Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
* 1948 жылы 22 қыркүйекте «Ленин» орденімен марапатталған.
## Есте сақтау
* Шолаққорған кентінде көше атауы берілген.
* Шолаққорған ауыл округінде орналасқан «Тәуелсіздік» саябағында Жынысбаев Әбілданың бюсті қойылған.
## Дереккөздер |
Асхат Қанатұлы Аймағамбетов (14 маусым 1982, Ақсу-Аюлы, Шет ауданы, Қарағанды облысы) — қазақстандық мемлекеттік және қоғамдық қайраткер, 2019–2022 жылдары Білім және ғылым министрі.
## Өмірбаян
Асхат Аймағамбетов 1982 жылдың 14 маусымында Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген.
### Қызметі
2003 жылы «тарихшы, тарих пәні мұғалімі» мамандығымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (ҚарМУ) бітірді.
2006 жылы «Болашақ» Қарағанды актуальды білім беру институтын заңгер мамандығы бойынша бітірді.
2002-2004 жж. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қызметкері.
2003-2012 жж — Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ және IV шақырылымдарының депутаты, қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
2004-2005 жж — «Жас Ансар лигасы» ҚБ төрағасы.
2005-2006 жж — «Медиа СП» ЖШС директоры.
2006-2012 жж — ҚарМУ, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доцент.
2012-2014 жж — әлеуметтік мәселелер бойынша Нұра ауданының әкімнің орынбасары.
2014 жылғы ақпан — 2017 жылғы тамыз — Қарағанды облысының білім басқармасының бастығы.
2017 жылғы тамыз — 2019 жылғы 17 қаңтар — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі.
17 қаңтар - 13 маусым 2019 жыл — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
## Білім және ғылым министрі
2019 жылдың 13 маусым күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрі болып тағайындалды. Асхат Аймағамбетов тәуелсіз Қазақстан тарихында 16-шы білім министрі, кей тұлғалардың бұл қызметке бірнеше рет тағайындалғанын ескерсе 11-ші министр. Министр қызметі әдетте 2,6 жыл атқарады.
## Оқу-ағарту министрі
2022 жылдың 11 маусымынан бастап — Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі.
2023 жылғы 4 қаңтар күні Президент Жарлығымен қызметінен босатылды.
## Дереккөздер
Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті |
Атырау қалалық әкімдігі – Атырау облысындағы әкімшілік бірлік.
## Географиялық орны
Солтүстігі мен батысында Махамбет, шығысында Мақат, Жылыой аудандарымен шектессе, оңтүстігін Каспий теңізі шайып жатыр. Әкімдік аумағын Жайық өзені екі бөлікке бөліп ағып өтеді.
## Әкімшілік құрамы
Қалалық әкімдікке 6 ауылдық округке біріктірілген 15 елді мекен қарайды:
## Ірі елді мекендері
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 385193 адамды (186581 ер адам және 198612 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Бербис көпірі — Гайанадағы Нью-Амстердам маңындағы Бербис өзені арқылы өтетін понтонды көпір. Көпір 2008 жылдың 23 желтоқсанында ашылды.
Курантейн өзені - Гайананың астанасы Джорджтаун мен Суринаманың астанасы Парамарибо арасындағы көпірі жоқ жалғыз өзен. Жақын арада өзгерістер болады деп күтілуде, 2011 жылы қаңтарда Оңтүстік Drain-ға жақын жерден Курантейнге көпір салу жоспарлары нақтылана бастады. Көпірде жаяу жүргіншілер жолы жоқ.
## Дереккөздер |
Таңшығай (141 — 181) — сәнбилер көсемі, сәнби державасының негізін қалаушы.Сәнбилер көсемі Төлеудің отбасында дүниеге келген. Бұл кезде Төлеу ғұндарға үшжылдық жорыққа кеткен еді. Жорықтан келісімен Таңшығайдың өз ұлы болуы мүмкін емес екенін жобалап Таңшығайды өлтірмек болып, деседе тірі қалдыруға шешім қабылдады. Анасы Таңшығайды өз әке-шешесіне жіберіп оны нағашылары бағып-қағып өсірген. 15 жасқа толғанда ақылы мен күш-қуаты толысып тайпаластары оны көсем етеді. Кейіннен небір данагөй заңдарды шығарған.
## Сәнби державасының гүлденуі
40 жыл ғұмырының 26 жылын Таңшығай үздіксіз соғыста өткізген. Ол солтүстік ғұндарды жеңіп, көп бөлігін өзіне бағындырады. Таңшығай Қытайдың бейбіт келісім жөніндегі ұсынысын қабылдамай тастайды. Нәтижесінде ғұн державасы ыдырағаннан кейін сәнбилер далалық соғыста толықтай жеңіске жетті. Таңшығайдың кезінде II ғасырда сәнбилер мықты күшке айналды. Көсем атанғаннан кейін Таңшығай Даньхан тауындағы Чжочеу өзені маңында сарай тұрғызып, өзге сәнби көсемдері жиналатын өзінің тұрағы етті. Ол динлиндерді, Пуё және Үйсіндерді талқандады. Оның державасы 7 000 кмге дейін созылған. 156 жылы ол 3000—4000 жауынгермен Юньчжун бекінісіне шабуылдады. 158 жылы шапқыншылық ұйымдастырды. Қыс кезінде Чжан Хуань ғұндармен бірігіп 200 сәнбиді өлтіреді. Бұған жауап ретінде 159 жылы Яньмэнь қаласы тоналады, 163 жылы Ляодун қаласы тоналды, 166 жылы солтүстік шегараға 9 жорық ұйымдастырылды. Қытай императоры Таңшығайға ван титулын қабылдап, қытай ханшасын әйелдікке алуды ұсынды. Таңшығай бұған жорықтармен жауап берді. Өз жерлерін Таңшығай 3 аймаққа (шығыс, орталық, батыс) бөлген, әрбір аймаққа көсемдер сайланған. 168 жылы сәнбилер Ючжоу, Бинчжоу және Лянчжоуды тонады. 174 жылы Бэйди жерінде Ся Юй және Сючжотугэ сәнбилерді талқандап, Юй ухуаньдік пристав дәрежесесін алады. 176 жылы сәнбилер Ючжоуға тағы шапқыншылық жасайды. 177 жылы тағы үш рет шапқыншылық ұйымдастырылады. Ся Юй соғысты сәнби далаларына ауыстыруға ұсыныс жасағанда Император бұл ойды құптамайды.
Хань империясы 400 жылдық тарихында 3 жақта: солтүстікте ғұндармен, батыста тибет тайпаларымен, оңтүстікте манялармен (ханьдық емес оңтүстік халықтарының жиынтық атауы) соғысуға мәжбүр болған. Империя енді ғұндарды жеңдім дегенде, олардың орнын сәнбилер басып солтүстік шегараларды бұзып-жарып өтеді. Тангут приставы Тянь Янь солтүстік шегараны қорғай алмағаны үшін шенінен айырылады. Өз кінәсін жуып-шаю үшін ол сарай қызметкері Ван Фудан Хань Лин-диге өзін сәнбилер приставы етуін өтінуді сұрайды. Әскері кеңес құрылып, солтүстіктегі саясат жайлы талқыланады. Кеңесші Цянь Юн өз баяндамасында сәнбилермен далалық жерде соғысудың пайдасыз екенін, оданда бүкіл солтүстік шегарада белсенді қорғаныс жүйесін (дабыл оттары мен жеңіл атты әскер) құрудың жөн екенін айтады. Император бұл ұсыныстан бас тартып 177 жылы қыркүйекте Гаолюлік Ся Юй, Юньчжуелік Тянь Янь, Ячьмендік оңтүстік тәңірқұтын ерткен ғұн приставы Цан Минь әрқайсысы 10 000 атты әскерден алып, сәнбилерге жорыққа аттанады. Ся Юяны Таңшығай бірден талқандады. Өзге жауынгерлерге Таңшығай қытай әскерлерін жан-жақты соққылармен шабуылдауды бұйырады. Қытай әскерінің 2/3 бөлігін Таңшығай қырып тастады. Барлық генералдар орнынан алынды. 179 жылы Ляоси, 178 жылы Цзюцзюань қалаларын сәнбилер тонауға ұшыратты.
Таңшығай 181 жылы 40 жасында өмірден өтті. Ал сәнби мемлекеті 235 жылы құлады. Әуелде мемлекетті Таңшығайдың ұлы Холянь басқарады. Ол қытайлық бекініске шабуыл кезінде әскерді жөнді басқара алмай қытай сарбазы Лянь-Жанның жебесінен мерт болады. Осыдан кейін оның ұлы Ценьмань Куйтумен билікке таласты. Одан кейін Будугень билік етті. Ары қарай не болғаны беймәлім.
## Балалары
* Бес ұлы болған. Олардың ішінде ең танымалы Хэлянь.
## Әдебиет
* Жұртбай Т. Дулыға:Көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар 2-том - Алматы: Жазушы, 2007. - 432 бет. |
Айгүл Жолдасбайқызы Кемелбаева (21.03.1965. Шығыс Қазақстан облысы, Семей өңірі, Абай ауданы, Құндызды ауылы) - жазушы, әдебиеттанушы, кинодраматург, эссеші.
* 1982 ж. қазақ орта мектебін бітірген.
* 1984-87 жж. ҚазМУ-дің журналистика факультетінің ІІІ курсын оқыды.
* 1989-94 жж. Москвадағы М.Горький атындағы Әдебиет институтының проза бөлімінде оқып бітірді. Мамандығы – әдеби қызметкер.
## Шығармалары
2001 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.Баспасөзде 300-ден аса әдебиеттану мақалары, эссе, аудармалары жарық көрген. 3 прозалық кітап пен 2 әдебиеттану-эссеистика кітабының авторы.
### Жарық көрген кітаптары:
* «Жетінші құрылыққа саяхат», повесть, «Жалын» баспасы, (1986)
* «Тобылғысай», проза, «Елорда» баспасы, (2001),
* «Мұнара», роман, Алматы, (2003),
* «Мәжнүн жүрек», эсселер мен сұхбаттар жинағы, «Алаш» баспасы, (2013).
* «Сөз хикмет», эсселер мен сұхбаттар жинағы, «Дәстүр» баспасы, (2016).
### Антология
1. «Независимый Казахстан. Антология современной литературы» в 3-х томах. 2 том. «Моих степей полынная звезда»,(рассказ «Конырказ»).Изд. «Художественная литература», Москва, 2013. Тираж 1000.2. «Расул Гамзатов и мировая художественная система», Махачкала, 2013. 2 эссе – «Летописец Дагестана. О книге Расула Гамзатова «Мой Дагестан»»; «Поэзия Расула Гамзатова. Магический полет журавлей». 3. Atayurttan Oykuler-Kazakistan. Huzun kusagi. Yayimlayan. Анкара, 2016. «Ғибадат», әңгіме, түрік тіліне аударған Мәлік Отарбаев.4. «Gluckliche Wirkungen» Eine literarisce Reise in bessere Welten. Международный сборник рассказов. Германия, Берлин. «Die Schneiderin» («Тігінші»), әңгіме. Неміс тіліне аударған Таңсұлу Рақымбаева. 5. «Жүректен жүрекке», Гете-Институт жобасымен шығарған жинақ, «Атамұра» баспасы, 2017. Бұл кітапқа «Шашты», «Ереймен мен Ақынай» атты екі әңгімені неміс тіліне аударғандар: Таңсұлу Рахымбаева, Салтанат Әшірова, редакциялаған Герт Хайденрайх. 6. «Қазіргі заманғы қазақ прозасы » антологиясының БҰҰ-ның 6 тіліне енген әңгімесі «Көкенай мен Қалқаман».
### Шетелдік мерзімдік басылым
1. «Ғибадат», әңгіме. «Kardesh kalemler» журналы, 2014. Түрік тіліне аударған Мәлік Отарбаев. 2. «Қоңырқаз», әңгіме. «Ulu Çinar», №(08)3. 2015. Баку. Әзірбайжан тіліне аударған Nizami ZÖhrabi. 3. «Words Without Borders», январь, 2018. Нью-Иоркте ағылшын тілінде шығатын журнал. «Бала бағушы» – «The Nanny», романнан үзінді. Ағылшын тіліне аударған Зауре Батаева, редакциялаған Shelley Fairweather-Vega.
### Фильмдері
«Күнә», Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» атты әңгімесі бойынша Ш.Айманов атындағы Қазақфильм түсірген. Режиссері Болат Шәріп, 2005 ж.«Сұлтан Оразалин», деректі фильм, 2013 ж. «Сүлеймен Есқараев», деректі фильм, 2012 ж.«Жиембет жырау», деректі фильм, 2014 ж.
## Әдеби сыйлықтары
1983 ж. – «Жалын» баспасының республикалық жабық конкурсында балалар әдебиетіне арналған ІІ жүлде.1996 ж. – Сорос-Қазақстан-Дебют конкурсының лауреаты.1997 ж. – Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойы құрметіне арналған творчестволық конкурста ІІІ орын.1998 ж. – Жастар Одағы мен Журналистер Одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты. 1999 жылдан бері. Жазушыларға берілетін Президенттік стипендияның бірнеше мәрте иегері.2000 ж. – «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.1998 және 2000 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінің ең үздік әңгіме және ең үздік мақала номинациясы бойынша лауреаты атанды.2002-2003 жж. – «Қазіргі заманғы Қазақстан романы» аталған Сорос-Қазақстан қоры ұйымдастырған конкурс жүлдесі.2003 ж. – «Дала мен қала» апталық газеті жарияланған «Қаланың қысқа әңгімесі» атты бәйгенің бірінші жүлдесі.2006 ж. – 13.11. Меценат Медғат Құлжанов қорының «Абай және ислам» әдеби конкурсының ІІІ сыйлығы.2006 ж. «Баянауыл алтын белгісі» медалі. Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімдігінің әдеби сыйлығы.2007 ж. 14.08. Республикалық «Абай әлемі» конкурсының І жүлдесі.2008 ж. қараша. Махмұт Қашқари конкурсының II жүлдесі. Әңгіме жанры. «Ереймен мен Ақынай». Түркия. 2012 жыл, шілде. Бұқарбай батырға арналған республикалық байқаудың II жүлдесі. Қызылорда.2012 жыл, қыркүйек. Шерхан Мұртаза шығармаларының инсценировкасы, бас жүлде. Тараз.2012 жыл, қараша. Махмұт Қашқари конкурсының II жүлдесі. Әңгіме жанры. «Арзу».Түркия. 2012 жыл, желтоқсан. Виктор Шнитке атындағы Халықаралық сыйлықтың I дәрежелі дипломы. Россия.2015 жыл, 28 наурыз. Қамшы кз сайтының жүлдесі – Қазақ мемлекеттігіне 550 жыл, проза, 2 орын.2015 жыл 16 қазан. «Алтын көпір» халықаралық аудармалар байқауы, II орын.2016, қараша. Лондон “Open Eurasian Literature Festival & Book Forum - 2016” атты V халықаралық әдебиет фестивалі, «Қоңырқаз» атты әңгіме «Проза» номинациясында жүлдегер.«Иллюстрация» атауы бойынша суретші Жеңіс Кәкенұлы осы әңгіме бойынша II орынды иеленді.2016 жыл, 21 желтоқсан. Махмұт Қашқари конкурсының II жүлдесі. Әңгіме жанры. «Алакөл». Түркия.2018 жыл, 31.05. «Темірше», әңгіме. «Темірбек Қараұлы Жүргенов» қоғамдық қорының республикалық әңгіме байқауының бас жүлдесі.2019 жыл, 10 шілде. «Нұр-Сұңқар» сыйлығы.2019, 15 қазан. «Адырна» журналының сыйлығы, номинация: проза.2019 ж. 6 қарашада Түркияда Muğla Sıtkı Koçman Universitymade (Мугла Ситки Кочман университеті) магистранты Симге Солак Айгүл Кемелбаеваның прозасы бойынша дипломдық жұмыс қорғады.Отбасында екі қызы бар.Әңгімелері орыс, түрік, әзірбайжан, неміс тіліне аударылған. Романы ағылшын тіліне аударылған. Антологияға енген бір әңгімесі БҰҰ-ның 6 тілінде шықты: орыс, ағылшын, француз, араб, қытай, испан.
## Сыртқы сілтемелер
https://www.wordswithoutborders.org/article/january-2018-writing-by-kazakh-women-shelley-fairweather-vega-zaure-batayev |
Ортенберг Дмитрий Львович (1885 - 1941 жылдан кейін) - ресейлік және кеңестік геолог және тау-кен инженері, елдегі магнитометриялық зерттеулердің бастамашыларының бірі, Геолкомның Мәскеу өкілдігінің басшысы.
## Өмірбаяны
Дмитрий Львович Ортенберг 1885 жылы Харьков губерниясында дүниеге келген. Харьков технологиялық институтында оқыды (1907 жылға дейін), оны аяқтамай, шетелде оқуын жалғастырды. Ол Леобендегі (Аустрия-Венгрия) тау-кен академиясында оқыды, 1911 ж. Бітіріп, 1911-1912 жж. Мюнхен университетінде «тау-кен өндірісінің микроскопиясы» бойынша тәжірибеден өтті.
Ресейге оралғаннан кейін ол Геолкомнан жұмыс табуға тырысты, бірақ нәтиже шықпады, 1913 жылы Лисичанскідегі көмір шахтасында инженер болып жұмысқа орналасты. Сол жылы ол В.И.Вернадскийге жүгініп, жұмыс табуға көмек сұрады, хат АКК-да сақталды.
Кейін ол Оралда жұмыс істеді, ол жерде магнитометрияға қызығушылық пайда болды және 1916 жылы 30 сәуірде Орал табиғи тарихын ұнатушылар қоғамы жиналысында «магниттік кендерді іздеудің жаңа әдісі туралы» баяндама жасады. «Зауральский край» газеті «спикер тыңдаушыларды магниттік темір кенінің тереңдігі мен қалыңдығын анықтауға болатын« магнитометр »жаңа аппаратымен таныстырды» деп жазды. Баяндамашы құрылғы мен сызбаларды көрсетті. Ортенбергтен кейін қарсыластар сөз сөйледі. Пікірталас түнгі 12-ге дейін созылды ».
1919 жылы 26 қазанда ол Орал тау-кен институтына конкурстан өтіп, Орал аймақтық бөлімінің инспекторы болып жұмыс істей отырып, магнитометрия бойынша доцент атағын алады. 1920 жылы 30 сәуірде УГИ Геологиялық барлау бөлімі Кеңесінің отырысында ол магнитометрия курсын оқыту нәтижелері туралы мәлімдеме жасады. Кеңес мүшелері Ортенбергтің жұмысын мақұлдады және оны «Тиберг-Тален магнитометрін қолдану арқылы магниттік рудаларды іздеу туралы практикалық эссе» деп жариялауға шешім қабылдады. Сонымен қатар, Кеңес оған Швецияға іссапармен баруды, магнитометрия мен электрометрияны қолдану бойынша тәжірибелерді зерделеуді, жазда Мәскеуге Курск магниттік аномалиясы (КМА) аймағындағы геофизикалық зерттеулердің нәтижелерімен таныстыруды қажет деп санады.
1920 жылдан бастап - Мәскеуде, Мәскеу тау-кен академиясының геологиялық барлау бөлімінің пайдалы қазбаларды іздеу және барлау кафедрасының оқытушысы, доцент. Мен интеллект курсында сабақ бердім. 1921 жылы магнитометрия маманы ретінде профессор Г.В. Ключанскиймен бірге Мәскеу тау академиясының Курск магниттік аномалиясын зерттеу жөніндегі комиссия құрамына кірді. В.А.Костициннің естеліктеріне сәйкес, Г.В.Ключанскиймен және Жоғарғы экономикалық кеңестің тау-кен басқармасының өкілі Кисельников П.П.Лазаревпен және А.Д.Архангельскиймен қақтығысқан.
1920 жылдардың аяғында Жоғарғы экономикалық кеңестің тау-кен өнеркәсібінің ғылыми-техникалық кеңесінде аға инженер, Геолкомның Мәскеу өкілдігінің басшысы болды. Ол Мәскеуде мына мекен-жайда тұрған: Малы Кисловский тұйық көшесі, д. 5.
1928 жылы 13 желтоқсанда Геологиялық комитетте революцияға қарсы және тыңшылық ұйымға қатысы бар деген айыппен қамауға алынды («Геолком ісі»). Ол кінәсін мойындамады. ОГПУ коллегиясының қаулысымен 1929 ж. 9 тамызда Өнер бойынша сотталған. 58, 7-ден 3 жылға дейін Сібірге жер аударылды. ОГПУ коллегиясының 1931 жылғы 23 қазандағы шешімімен ол Қазақстанға қалған мерзімге Алмалыкстройда жұмыс істеуге жіберілді. Қуғын-сүргін мерзімін өтеген соң, 1932 жылғы 2 қаңтардағы коллегияның шешімімен ол 12 пунктте және Орал аймағында тұру құқығынан айырылды. «Қазақстанға қосылуымен» 3 жылға. Бұл шешім 1932 жылы 5 қаңтарда еркін тұру құқығын ауыстырумен жойылды.
1941 жылдың қазан айында оған № 526088 (Мәскеу облысының ЮНКВД) ісі бойынша айып тағылды, содан кейін Д. Л. Ортенберг туралы ақпарат жоқ.
## Таңдамалы шығармалар
* 1923 және 1924 жылдардағы магнитометриялық түсірілім деректері бойынша Ортенберг Д. Л. : 5 карточкамен. - М.-Л .: Геол. Баспа үйі, 1930 ж.
* Кен орындарын іздеу және барлау / Per. 2-ші ағылшын тілінен ред. мүйіз Ing. Д. Л. Ортенберг; Өңдеуде және бұрын. проф. A. I. Гиммельфарба. - М.-Л.: OGIZ - Мемлекет. ғылыми-техникалық Баспа үйі, 1931.
## Дереккөздер |
Карлов сарқырамасы, Сучурум (болг. Карлов сарқырамасы) - Балқан тауларының орталық бөлігіндегі сарқырама. Старара өзенінің бойында, ол Карлово қаласына дейін, электр станциясының жанында орналасқан Васил Левский. Су құлауының биіктігі шамамен 8 метр, рельефтің биіктігі теңіз деңгейінен шамамен 480 метрге дейін. Аудармадағы «Сукурум» «ұшатын су» дегенді білдіреді. Сарқырамаға асфальт жол бар.
## Дереккөздер |
Үркер — Торпақ шоқжұлдызындағы алып және жарық үйіржұлдыз шоғыры.
* Үркер — қазақтың этно-поп стилінде өнер көрсететін музыкалық ұжым.
* Үркер — қазақ жазушысы Әбіш Кекілбайұлының романы.
* Үркер көшесі — Алматыдағы көше.
* Үркер — Үркер шоқжұлдызының Аймен тоғысуы. |
Үркер (Urker) - қазақтың этно-поп стилінде жұмыс істеп келе жатқан музыкалық ұжым. 1994 жылы Алматы қаласында құрылған.Топ этно-поп стилінде жұмыс істеп келеді. «Үркер» жұмыс істеп келген уақыт ішінде көптеген халықаралық конкурстарда жеңіске жетті, топ Германия, Түркия, Ресей, Францияның поп-музыка фестивальдарына қатысты. Хит-парадтарда бірінші орындарға да қол жеткізді. Топ лидері Айдос Сағат – ҚР композиторлар Одағы басшылығының мүшесі, халықаралық пианисттер конкурсының лауреаты, ҚР Президенті жанындағы жастар жөніндегі Кеңес мүшесі.
## Отанының шын патриоттары
«Үркер» тобы өз шығармашылығында патриотизм және ұлттық құндылықтарды жаңғырту мәселесін алғашқылардың бірі болып көтере бастады. Қазіргі таңда топ Қазақстанда ең сыйлы да сәтті музыкалық жобалардың қатарында. Қ. Мырзалиев, И. Сапарбаев сияқты танымал ақын-жазушылармен бірге жазылған «Наурыз», «Мой Казахстан», «Ән-мекен», «Туған елім» секілді патриоттық және «Жаным», «Сәулем-ай», «Періште», «Махаббат әні» халыққа сүйікті болған лирикалық өлеңдерді сүйсінген тәуелсіз Қазақстанның ұрпағы өсіп шықты. «Махаббат әні» атты өлеңге түсірілген бейне-клип MTV Russia телеарнасында тегін ротацияға ие болған жалғыз қазақ клипі болды. «Үркер» сонымен бірге аудиториясы 26 000 000 көрермені бар америкалық LINK TV телеарнасында клиптері шыққан жалғыз қазақ музыкалық тобы және You Tube халықаралық интернет порталында ең көп қызығушылыққа ие қазақ тобы.
## Халықаралық аренада
Қазіргі таңға «Үркер» тобы 17 жылдық шығармашылық ғұмыры ішінде көптеген альбомдарын шығарып, 20 шақты бейне-клиптер түсіріп, республиканың түкпір-түкпірлерінде концерттерін өткізіп үлгерді. Топ Астананың Презентациясы мен «Millennium Party Astana» секілді мемлекеттік деңгейдегі шаралардың қатысушысы болды. «Үркер» көптеген конкурстар мен фестивальдар қатысушысы. Солардың қатарында «Азия Дауысы», «Жас қанат» - (2-сыйлық лауреаттары), Түркияда өткен бірініші халықаралық түркітілдес елдер поп-музыкасының конкурсы (1998)-(лауреат), Қырымда өткен «Жібек жолы» Фестивалі, «Космодром» (Новосібір), «Нашествие» т.б. Топ өлеңдері BBC, Radio France Internacionale, Funkhouse Europe (Германия), Наше Радио (Ресей). «Үркердің» өлеңдері Германия (Asia Garden) мен Италияда (Inner Asia Pop) CD-лері жарыққа шықты. Топ Ұлттық музыкалық сыйлығының «2000 ж.Үздік тобы» номинациясында лауреат атағына ие болды, «Наурыз» өлеңі 10-жылдықтың үздік өлеңі атанғаны үшін «Алтын диск» жүлдесіне ие болды, Британдық «Visiting Arts» өнер каталогына енгізілді.
## Асыл мұрат
Елдің мәдени элитасының өкілдері ретінде дүниежүзі қазақтарының диаспора өкілдерінің мәдени тұрғыдан біріктіру өздерінің басты миссиясы деп санайды. Осы мақсатта ұжым Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Гонконг, Түркия, Түркменстанда гастрольдер ұйымдастырды. Ол елдерде тұратын қазақтарға патриоттық сезімдерді оятуға бұл шаралар зор әсер етті.
## Топтың негізгі құрамы
* Айдос Сағат – музыка, вокал, пернетақта.
* Рустам Мусин – гитара.
## Күйтабақтар тізімі
* Urker (2000)
* Made In Kazakhstan (2002)
* The Best Of Urker (2004)
* Tolgau (2008)
* Мне не забыть... (2009)
### Шетелдік CD жинақтарда
* Asian Garden (2005) Алмания
* Дети разных народов (2005) Ресей
* Inner Asia Pop (2006) Италия
## Қызықты жайттар
Алматыда «Үркер» тобы атындағы көше бар. |
Stabroek Market -Гайанадағы Джорджтаун қаласында орналасқан үлкен базар
## Құрылыс
1842 жылы Джорджтаун қалалық кеңесі Уотт-стриттегі базардың орналасқан жерін белгілеп, оны базар деп ресми түрде мойындады. Базарды 1880-1881 жылдар аралығында АҚШ-тың Делавэр штатындағы Edgemoor компаниясы жобалаған және салған. Темір мен болат конструкциясының құрылысы 1881 жылы аяқталды және қалада әлі де қолданылып келе жатқан ең көне құрылым. Американдық инженер Натаниэль Маккей жобалаған бұл базарда сатылымға көптеген өнімдерді ұсынады. Базар 7000 м2 жерді алып жатыр. Темір құрылымдары мен сағаттардың мұнарасы Ұлыбританиядағы Викториан дәуірін еске салады.
## Базар
Стабрук-Маркет аймағы әрдайым қаладағы ең жанданған орын болып табылады. Бұл таксилер мен «шағын автобустардың»
орталық хабы, сонымен қатар Демерара өзенінің бойындағы барлық қалалар мен ауылдардан келген адамдар мен тауарларды тасымалдайтын паромдар үшін орталық.
Стабрук-Маркет көптеген сатушылар ақша табуға баратын Гайанадағы ең үлкен базар орны ретінде танымал. Базар әрдайым күнделікті тұтынушылармен толы, оларға зергерлік бұйымдардан бастап, киім өндіруге дейінгі әртүрлі бұйымдарды ұсынады. Стабрук-Маркет ғимараттың жоғарғы жағында орналасқан сағаттарымен кеңінен танымал.
Стабрук базары Гайаналықтар «қала» деп атайтын орталықта орналасқан, онда көптеген басқа ірі кәсіпорындар оның биік және танымал ғимараттарын қоршайды. Стабрук-Маркет Джорджтаунның басты көрікті жерлерінің бірі және Гайанаға әйгілі базар.
## Қылмыс
Стабрук базары, әдетте, қылмыс деңгейі жоғары деңгейде болмағанымен, бірақ тонау кейде болып тұрады. 2011 жылы Стабруктағы базардағы гранатаның жарылысы салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды.
## Дереккөздер |
Эрнест Егорович Лейст (1852-1918) - орыс геофизигі және метеорологы; Мәскеу университетінің профессоры.
## Өмірбаяны
1852 жылы 19 қаңтарда (31) Ревелде, қолөнершінің отбасында дүниеге келген.
Ол Санкт-Петербургке көшіп, онда неміс тілінен сабақ беріп, репетиторлықпен айналысқан. 1872 жылы ол үй мұғалімі атағына, ал 1874 жылы - математика ғылымдарының мұғалімі атағына емтихан тапсырды. 1875 жылы ол сыртқы студент ретінде матрицалық сертификат алу үшін емтихан тапсырды және 1876 жылдың қаңтарында Дорпат университетінің физика-математика бөліміне оқуға түсті. Университетте оқумен қатар жеке гимназияда математика пәнінен сабақ берді. 1878 жылы желтоқсанда университет кеңесі оған «Анықталмаған теңдеулердің шешімдерінің саны» тақырыбындағы эссесі үшін алтын медаль берді. 1879 жылы ол «таза математика» мамандығына кандидат ретінде университетті алтын медальмен бітіріп, математика ғылымдарының аға оқытушысы лауазымына емтихан тапсырды.
1880-1884 жылдары ол Бас физикалық обсерваторияда ауа райының телеграфында және дауыл туралы ескерту бөлімінде физик болып жұмыс істеді және сонымен бірге Екатерина мектебінде физика пәнінен сабақ берді (1883 ж. Аяғына дейін). Ол өзінің негізгі міндеттерін мұрағат метеорологиялық материалдарды өңдеумен, кітапхана мен обсерватория мұрағатын басқарумен ұштастырды. Ол «Метеорологиялық бақылаулар каталогын» құрастырды, онда Ресейдің 1884 жылға дейін болған барлық метеорологиялық мекемелерінің тарихын жинақтады.
1884 жылы наурызда оны аға байқаушы Павловскіге (Константиновская) магниттік және метеорологиялық обсерваторияға ауыстырды, онда ол температура және геомагниттік зерттеулермен айналысты; 1886 жылдың қаңтарында оның директоры болды. Лейпциг университетінде кандидаттық диссертацияны қорғауға кандидаттық және бейнелеу ғылымдарының магистрін алды. 1890 жылы ол «Павловскідегі топырақтың температурасы туралы» эссе үшін Ломоносов сыйлығының лауреаты болды. 1893 жылдың ақпан айынан бастап ол Санкт-Петербург университетінде приват-доцент болып, физикалық географиядан дәріс оқыды. 1893 жылы «Топырақтың температурасы мен терең көлдердің төменгі суы арасындағы байланыс туралы» баяндамасы үшін Ресей географиялық қоғамының күміс медалімен марапатталды.
1894 жылдың маусым айынан бастап приват-доцент және Мәскеу университетінің Метеорологиялық обсерваториясының басшысы. Сол жылы ол магистрлік емтихан тапсырып, 1897 жылы 1 сәуірде Дерпт университетінде «Планеталардың жер үсті магниттік құбылыстарына әсері туралы» тақырыбында диссертация қорғады және физикалық географиядан магистр дәрежесін алды.
1899 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, 1899 жылы 10 наурызда Мәскеу университетінде «Қалыпты және қалыптан тыс геомагнетизмнің географиялық таралуы туралы» докторлық диссертация қорғағаннан кейін және физикалық география докторы, төтенше профессор, 1902 жылдың қыркүйегінен бастап физикалық география және метеорология кафедрасында қарапайым профессор. 1903-1911 жылдары Мәскеу университетінің физика-математика факультеті Кеңесінің хатшысы, 1911-1917 жж. - ректордың көмекшісі.
1906 жылдың 1 қаңтарынан бастап жарамды мемлекеттік кеңесші. 1918 жылдан бастап Мәскеу университетінің құрметті профессоры.
1916 жылы ол өзінің бастамасымен ұйымдастырылған геофизикалық комиссияны басқарды. 1918 жылдың көктемінде ол профессор В.А.Михельсонмен бірге Мәскеу метеорологиялық қоғамын құрды.
1918 жылы Германияға, Бад-Наухаймға емделуге кетті, ол жерде 1918 жылы 13 қыркүйекте қайтыс болды.
## Ғылыми зерттеулері
1898 жылы Париж геомагниттік обсерваториясының директоры профессор Т.Муро Курск магниттік аномалиясын зерттеуге қатысу үшін Парижден Ресейге екі аптаға шақырылды. Муро ресейлік зерттеушілердің алдыңғы бақылауларын растады және анықталған аномалия жер магниті теориясын «төңкереді» және темір кендерінің орасан зор қорларымен байланысты деген қорытынды жасайды. Профессор Леист пен П. Г. Попов оған ғылыми зерттеулер жүргізуде ғылыми көмек көрсетеді.
«Курск земство» компаниясы Германияда сатып алынған магниттік өлшеу құралдары мен ұңғымаларды бұрғылауға қажетті жабдықты сатып алуға Leist ақшасын бөлді. Лейстің нұсқаулары бойынша. ұңғыманы бұрғылау басталды. Леистаның есептеуі бойынша, кен Жер бетінен 200 метр тереңдікте орналасуы керек еді. Алайда алғашқы бұрғылау кезінде ол табылмады және земство жұмысы тоқтатылды.
Алайда, Лейст, аномалияның темір кендерімен байланысты екендігіне сенімді бола отырып, зерттеулерді өз есебінен жалғастырды. Ол жыл сайын шілде-тамыз айларында жазғы каникул кезінде 14 жыл бойы атылды. Ол Мәскеудің натуралистер қоғамындағы жұмысының жеке кезеңдері туралы үнемі хабарлап отырды, оның 1894 жылдан бастап толық мүшесі болды (1899 жылдан бастап қоғам хатшысы, 1913 жылдан бастап құрметті мүшесі). 1910 жылы ол Курск магниттік аномалиясының магниттік түсірілім деректерін талдау бойынша өзінің жеке жұмысын жасаған 4500 «абсолютті» анықтамалары негізінде аяқтады және нәтижелерін Мәскеу физика және биофизика институтына есеп берді.
1905 жылы Лейст 1906-1907 жылдары Қырымдағы ауаның электрленуі мен радиоактивтілігін зерттеді. магнитті тұтылу кезінде Самарқанд облысында магниттік және метеорологиялық зерттеулер жүргізілді; 1912 жылы Феодосияда гамма-сәулелерді зерттеді. 1914 жылы оның басшылығымен Шенкурск қаласында уақытша магниттік обсерватория салынды, ол 1914-1916 жж. Ресейдің солтүстігін магниттік түсіруге негіз болды.
## Марапаттары
* Станиславтың бұйрығы, 2-ші өнер. (1893)
* Сент-Анн ордені, 2-сурет. (1901)
* Владимирдің ордені 4-өнер. (1904)
* Санкт-Петербург ордені 3-ші өнер. (1909)
* 1-ші Станислав ордені. (1912)
## Ұрпақтары
* ұлы - Эрнест Эрнестович Лейст, Красная Пресня жеміс-көкөніс фабрикасының заң кеңесшісі, (1886, Павловск - 09/17/1938), 1938 жылдың күзінде ВКП (б) мен Кеңес үкіметінің басшыларына қарсы террорлық шабуыл жасады деген айыппен тұтқындалып, сотталды. Сонымен бірге, 1956 жылы қайтыс болғаннан кейін Коммунарка ауылында атылды
* немересі - Олег Эрнестович Лейст (1925-2003, Мәскеу), заңгер және заңгер
## Дереккөздер |
Такуту өзені арқылы өтетін көпір - Бразилиядағы Бонфиммен Гайандағы Летемді байланыстыратын көпір. Ол 2009 жылы аяқталып, 2009 жылдың 31 шілдесінде ашылды. Оның ресми ашылуы 2009 жылдың 14 қыркүйегінде екі ел көшбасшыларының қатысуымен өтті. Оған 5 миллион доллар қажет болды және оны Бразилия төледі.Көпір Оңтүстік Американың аймақтық инфрақұрылымын ықпалдастыру бастамалары шеңберіндегі жоба болды.
## Дереккөздер |
Қатынадыр – Ор және Қатынадыр өзендерінің суайрығындағы тау.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылының солтүстігінде 18 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 380 м, салыстырмалы биіктігі 80 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 5,5 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Беткейі көлбеу келген.
## Өсімдігі
Құрғақ дала белдемінің сұр, қоңыр топырақ жамылғысында боз, бетеге, жусан, бұталы өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Гүлбаршын Сәуірбекқызы Ақпанова (5 ақпан 1941, Шет ауданы - 2 қаңтар 2001) - әнші. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан.
Қарағанды педагогикалық институтын бітіріп, ұзақ жылдар бойы мектепте ұстаздық етті. Мектеп директоры қызметін атқарды.
Кейінгі жылдары Ақшатау поселкелік кеңесінің төрайымы, Жәйрем қаласының әкімі қызметтерін атқарды.
Ақпанованың әншілік, орындаушылық өнері Қазақстан жұртшылығына кеңінен таныс. Оның репертуарынан халық әндері менҚазақстан композиторларының шығармалары орын алған.
Ақпанова облыстық, республикалық байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегері болды.
Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшатау кентінде жерленген.
## Дереккөздер |
Қалкен Мәкенбаев (1924 - 2010), Ақтоғай ауданы, Қызыларай кеңшарында туған. Арғын тайпасы Қаракесек руы Қарашор атасынан шыққан. Алматыдағы Жоғарғы партия мектебін бітірген. 1942-43 ж. ҰОС-на катысқан. Сталинградты қорғау жолындағы шайкаста ауыр жараланын, елге оралған. 1943-1950 ж. мектеп директоры, 1950-1973 ж. ж. партия-кеңес жауапты қызметтерін атқарды. 1973-1985 ж. -Жезқазған облысы Мәдениет басқармасының бастығы. 1992-97 ж. облысы әкімі жанындағы ақсақалдар кенесінің төрағасы, 1997 жылдан бастап осы күнге дейін Қарағанаы облысы соғыс және еңбек а.рдагерлері Кеңесі төрағасының орынбасары. І-ші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Ұлытау, Ақтоғай ауданы және Жезқазған қаласының құрметті азаматы.
## Дереккөздер |
Жиенбаев Сұлтан Сүлейменұлы 1921 жылы 22 шілдеде Алматы қаласында туған.
## Өмірбаяны
Орта мектепті тәмамдаған соң Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін 1941 жылдың желтоқсан айында институттың екінші курсынан өз еркімен 100-ші жеке қазақ атқыштар бригадасының құрамында майданға аттанады. Сөйтіп танкіге қарсы қарулар тобының командирі бола жүріп, Ржев, Великие Луки, Невель қалаларын азат етуге қатысқан. 1944 жылы үшінші рет ауыр жарақат алуына байланысты Қарулы күштер құрамынан босатылады.
Алматыға оралған соң Түркістан-Сібір темір жолының Алматы бөлімшесінде басшы болып еңбек жолын бастаған. 1950 жылы Мәскеу қаласындағы КСРО Сауда министрлігінің Жоғарғы сауда мектебіне оқуға жіберіліп, 1953 жылы оны бітіргеннен кейін ҚазССР-нің Сауда министрлігінің Өндірістік тауарлар басқармасының бастығы болып қызметке тағайындалады. 1954 жылы КСРО-ның Бас универмагының Алматы орталық универмагының директорлығына жолданады.
Осы 1954 жылы күзде Алматы қалалық партконференциясында Алматы қалалық партия комитетінің әкімшілік, жоспарлау-қаражат және сауда органдарының бөлім меңгерушісі болып бекітіледі. 1959 жылы Фрунзе аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1960 - 1962 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясының ОК-де бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1962 жылы Қазақ ССР-нің Сауда министрі болып, ал, 1970 жылы – Қазақ ССР-і Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалып, онда 14 жыл қызмет атқарған. Бірнеше мәрте Қазақстан КП ОК-нің мүшесі және Қазақ ССР-інің Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.
## Марапаттамалары
Ұлы Отан соғысындағы қантөгістерде танытқан ерліктері үшін тоғыз жауынгерлік төсбелгілермен марапатталған. Солардың ішінде: екі мәрте Ұлы Отан соғысының 1-ші дәрежелі ордендерімен, Ресейдің «Великая Победа» орденімен, «Ерлігі үшін», «За отличие в охране госграницы СССР», «За победу над Германией», «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі ерен еңбегі үшін» медальдары бар.
Республика игілі жолындағы ерен еңбектері үшін «Октябрь революциясы» ордендерімен, «Жеңіс» орденімен, үш рет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Халықтар достығы» орденімен, «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, ҚазССР-і Жоғарғы Кеңесінің төрт құрмет грамоталарымен, сондай-ақ, жауынгерлік ерліктері және ерен еңбектері үшін 28 медальдармен марапатталған.
2000 жылы «Дайк-Пресс» баспасынан, 100-ші жеке қазақ атқыштар бригадасының жауынгерлік жолы суреттелген, батырлардың аттары аталған, сол бригаданың жауынгерлері мен командирлерінің ерліктері туралы айтылған «Сотая Казахская» кітабы жарық көрді.
«1941-1945 жж Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚазССР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «КСРО Мемарбитражының органдарына 60 жыл» медалімен және алты түрлі мерекелік медальдармен, Мемарбитраждың грамоталарымен марапатталған.Сұлтан Сүлейменұлы мен Нурания Гиреевна екеуі 67 жыл отасып, үш бала тәрбиелеп өсірген және алты немерелері мен он екі шөберелері өсіп келеді. Үш баласы да ғылым кандидаттары.
## Дереккөздер
1. Қазақстан. Қазақстан саясаты кітабы, 2011 ж. АлматыКітап. |
Елді мекен:
* Қатынадыр – Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Қатынадыр – Ор және Қатынадыр өзендерінің суайрығындағы тау.
* Қатынадыр – Ор алабындағы өзен. |
Евгений Николаевич Барбот де Марни немесе Барбот де Марни (1868-1939) - орыс және кеңестік геолог, тау-кен инженері, профессор.
## Өмірбаяны
Орыс тау-кен инженері. Францияда туған немересі. Тау-кен инженері, профессор, Петербург тау институтының құрметті геология докторы Н.П. Барбот де Марни.
1897 жылы ол алтын кеніштерінде жұмыс істеді, онда алтынды барлау жұмыстарын жүргізді.
1898 ж. Бастап - Бакальский шахтасының менеджері, содан кейін - Пермь аймағындағы Лысвенский фабрикалары округінің таулы бөлігінде менеджердің көмекшісі.
1889-1890 жж Оралдағы Качканар кендеріне жан-жақты барлау жүргізді және алғашқы геофизикалық зерттеулер жүргізді.
1896 жылы тау-кен институтын бітірді.
Ресейде алғаш рет ол (1899 ж.) Магнитометриялық түсірілімге жүгінді және платина плазмаларын зерттеумен айналысты.
Ол Болгарияда мыс рудасында барлау жұмыстарын жүргізді. Ол Аляска алтын кендерін зерттеді.
1901 жылы - Тау-кен институты мұражайының кураторының көмекшісі (Санкт-Петербург). 1901 - 1906 жж. - Санкт-Петербург тау институтында минералогияда ассистент болды.
1904 жылдан бастап Николаев әскери-инженерлік академиясында геология мұғалімі болды.
1906 жылдан бастап Барбот де Марни қайтадан Оралда, Невянск Драгостроительный Завод (Невянск Драгостроительный Завод) алтын кеніштерінің менеджері ретінде қайтадан Златоуст таулы аймағында барлау жүргізді.
1908 жылдан бастап жеке алтын кеніштері бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 1914 жылы Бас тау дирекциясына тіркеліп, Комаровский темір рудалары мен Оңтүстік Орал тау-кен зауыттарына жіберілді.
1917 жылы Вятка губерниясындағы Омутнин тау-кен зауыттарында жұмыс істеді. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ол Солтүстік Вятка тау-кен зауыттары округінің техникалық директоры болып тағайындалды. Ол Оңтүстік Сібір алтын өндіретін қоғамның басқарма төрағасы, Олекминск алтын өндіру қоғамының басқарушы директоры, Ленский алтын өндіру серіктестігі басқармасының мүшесі болған.
Қазан төңкерісі кезінде ол солтүстік-Вятка ауылындағы тау-кен зауыттарында бас менеджер қызметін атқарды. Омутнинск зауыты (қазіргі Омутнинск).
1918 жылы наурызда ол Омутнин зауыттарын ұлттандыруда шешуші рөл атқарды. Ол зауыттардағы жаңа биліктің - Омутнинск тау округінің іскерлік кеңесіне мүше болды. Оның күш-жігерінің нәтижесі барлық Омутнинский өсімдіктерін қамтыған Солтүстік Вятка тау округінің құрылуы болды (С.В.Г.О.). Оның қызметі арқасында азаматтық соғыс кезінде зауыттарды қиратудан құтқаруға мүмкіндік туды.
1920 жылдың жазында Барбот де Марни Омутнин зауытынан кетіп, Главзолото бас кеңсесін басқарды. Содан бері ол еліміздегі алтын және платина кен орындары бойынша ең ірі маман болды.
1921 жылы ол Ленинградтағы Тау-кен институтының профессоры болып, институтта алтын-платина бизнесі бөлімін басқарды. 1930 жылы Мәскеу тау-кен академиясының профессоры «Кредиттер және экскаваторлар» курсын оқыды.
Ол КСРО-ның алтын өндіру саласын дамытуда көп күш пен бай тәжірибе қалдырды.
Е.Н. Барбот де Марни алғаш рет бу алмазды бұрғылауды, магнитометриялық зерттеулерге арналған Тиберг-Тален құрылғысын қолданды.
Оның жұмысының арқасында кенді алғашқы күйдіруде бірінші рет қолданылды (бір күйікте 1 миллион фунт немесе қоңыр темір кені).
1934 жылы ол ашық қайнар көздердің алғашқы жіктемесін құрды және карьерлерде экскаваторларды қолданудың орындылығын негіздеді.
Е.Н. Барбот де Марнидің пайдалы қазбалар кен орындарын ашық әдіспен зерттеу жөніндегі жұмысы түбегейлі болды.
Ол КСРО-да алғашқы карьерлерді өңдеуде жоба кеңесшісі болды.
1939 жылы Ленинградта қайтыс болды. Оның қайтыс болу себебі белгісіз күйінде қалып отыр. Волковский зиратына әдеби көпірлерде жерленді.
## Отбасы
Оның төрт баласы болды: қызы Татьяна (1899-1976), Сенявинге үйленді, ұлы Павел (1900-1921), қызы Ирина (1905-1992), Парфёновқа үйленді, ұлы Юрий (1909-1937).
Сон Пол 1900 жылы 16 маусымда Пермь провинциясында дүниеге келген. Отбасылық дәстүрлерге сүйене отырып, 1917 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін (орта мектепте жетінші сынып) ол тау-кен инженері болуға дайындалды, бірақ Ақпан төңкерісінің зардаптарына байланысты оқуын тоқтатты. 1921 жылы Пол жоғары әскери мектептің студенті екені белгілі. 1921 жылы 17 ақпанда Омбыда «Кеңес өкіметін құлату үшін жерасты ақ гвардия ұйымына қатысқаны үшін» тұтқындалып, сол жылы 14 мамырда атылды.
Театр және кино актрисасы Наталья Варли - Евгений Николаевич Барбота де Марнидің шөбересі.
## Еңбектері
* Барбот де Марни Е.Н. Орал және оның байлығы. - Екатеринбург, 1910 жыл.
* Барбот де Марни Е. Пайдалы қазбалар кенорындарын селективті игеру мәселесі туралы // Түсті металдар. - 1962. - № 1. - С. 14-16. 17.
* Барбот де Марни, Е.Н., алтын мен платина кен орындарын қазу, Мәскеу: Гостехиздат, 1924. - 112 б.
* Барбот де Марни Е. Ашық тау-кен жұмыстарымен пайдалы қазбалар кен орындарын игеру - М .; Л .; Новосибирск: Горгеонефтеиздат, 1934 .-- 106 б.
## Дереккөздер |
Тақия тастамақ — тақиямен өтетін қазақтың ұлттық ойыны.
## Ережелері
Ойынның әртүрлі ережелері бар бірнеше нұсқасы кездеседі:
Біріншісі, бұл ойын дене шынықтыру, спорт залында, мәдениет үйінде өткізіледі. Ертеде үйде өткізілетін болған. Ойынды жүргізу үшін биіктігі 25-30 см орындық не спортшылар отыратын ұзын орындық — сәкі қажет болады. Сол орындықтың үстіне шығып, жүресінен отырған ойыншы, екі аяғының арасынан екі қолын әлгі орындыққа не сәкіге тіреп, еңкейіп барып, жерде жатқан тақияны аузымен тістеп алуы қажет. Бұл ойынды орындағанда адамның екі тізесі шалқайып сыртына қарай көтеріледі де, дене салмағы екі қолының білегіне түседі. Ойын дене шынықтыруға, оның қуатын жетілдіре түсуге қолайлы. Сонымен қатар, ол қозғалмалы ойындардың ережелерін және қауіпсіздік техникасын үйрету арқылы оқушыларды ептілікке, жылдамдыққа, батылдыққа тәрбиелеуге бағытталған.
Екіншісінде, ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар, шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреулеріңнің артына білдіртпей, тақияны тастап кетеді. Егер қатысушы сезіп қойса, жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына келіп тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Қазақтың ұлттық ойындары
* Тақия |
Әдік сұлтан (1445 кейін — 1503) — қазақ хандығының сұлтаны, замандастары оны «Дешті-Қыпшақтың ұлы сұлтандарының бірі» деп атаған.
## Биографиясы
Әдік Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі - Жәнібек ханның төртінші ұлы. XV ғасырдың соңғы ширегінде ол бауырларымен бірге хандықтың ішкі саясатына араласты, онымен қоса Бұрындық ханның Шибандықтарға қарсы жорықтарына қатысты. Ол Ұлытау уәлаятының әміршісі болған. 1502 және 1503 жылдары Әдік Қалмақтарға қарсы Еділ шайқасын жүргізеді. 1503 жылы Мұхаммед Шайбани Әдік сұлтан тұрып жатқан Ташкентті басып алған кезде, «Тарих-и Рашидидің» хабарлауынша
…ол қазақтарға кетіп, Сұлтан Нигар ханым да онымен бірге кетті. Әдік сұлтан сол уақытта қайтыс болды. Оны Қасым хан әйелдікке алды.
Әдік сұлтан моғол ханы Жүністің қызы Сұлтан Нигар ханымға үйленген болатын. Олардың екі қызы және саны белгісіз ұлдары болған (Қадыр Әли бидің еңбегінде «Әдік сұлтанның әулеті Бес ұл деп аталады» делінген, тарихшылар осыны ескеріп оның бес ұлы болған деп тұжырымдайды):
* .үлкен қызы (аты белгісіз), Көшім ханның ұлы Абдуллах сұлтанға ұзатылған, тұрмыста жүріп біраз уақыттан кейін қайтыс болған
* .Чучук ханым, моғолдардың болашақ ханы Рашид сұлтанға ұзатылған
* .Тахир, Қазақ хандығының ханы
* .Бауыш, Қазақ хандығының ханы. Моғолдардың ханы Рашидтің қарындасы Бәди әл-Жамал ханымға үйленген
* .Әбілқасым, Қазақ хандығындағы 1-азаматтық соғыс кезінің құрбаны болды
* . Бұйдаш, Қазақ хандығының ханы
* .Қожаш немесе Қожа Махмұт хан. Қазақ хандығының ханы. |
Байдалы — Уызбай шоқысының солтүстік-шығысындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Аршалы ауданы жерінде орналасқан, солтүстік-батыс жағалауында Байдалы ауылы жайғасқан.
## Көл туралы аңыз
Аңыз бойынша, осы жерлерден Абылай хан әскерлерімен жүріп өткен деседі. Оның нөкерлерінің арасында алғыр ойымен және тауып айтқыштығымен көзге түскен Байдалы би болыпты. Бірде хан жазықты болғаны үшін жас батырлардың бірін жазалауға бұйырады. Ағаш үшбұрыш-таған жасап, соның ішіне жазықты батырды жүресінен отырғызып қояды. Тағанның ішінде отырған байғұс батырдың кешірім сұрауға да қауқары қалмайды. Бұл жігіт пен Байдалы би бір рудан екен. Сонда Байдалы би: «Көзің бақырайып не ғып отырсың? Тым болмаса, өлім алдындағы ешкідей маңырамайсың ба?!» дейді. Жігіт үндемейді. Тек көзімен ғана өзіне рақым етуін сұрайды. Байдалы би Абылай ханға қарап: «Ей, хан, сен қазақтардың ханысың, халық сені сайлады. Егер бұзақы топ келіп, саған жабылса, қайтер едің? Сонда сені кім қорғайды, бұл жігіт сенің күзетшің емес пе? Оны босат... Адамдардың соңына түспе!» дейді. Абылай хан Байдалы бидің сөзінің әділ екенін мойындап, жігітті босатуға әмір етеді. Содан бері көл «Байдалы» деп аталады, ал жанындағы асу «Абылай хан да өте алмайтын асу» деп аталыпты.
## Гидрографикасы
Ұзындығы 2,1 км, енді жері 1,7 км, жағалау бойының ұзындығы 6,1 км.
## Дереккөздер |
Барима-Уайни (Barima-Waini) (1 аймақ) - Гайана мен Венесуэланың даулы территориясындағы Гайананың Эссибаннан шыққан аймақ. Венесуэла бұл территорияны Амакуро Дельта штатының бөлігі деп санайды.
Облыс елдің солтүстік-батысында орналасқан. Ол 20 339 км² аумақты алып жатыр. Ол солтүстігінде Атлант мұхитымен, шығыста Померун-Супенаам аймағымен, оңтүстігінде Куйуни-Мазаруни аймағымен және батысында Венесуэламен шектеседі.
## Тарихы
1980 жылы Гайанадағы әкімшілік реформадан бұрын Барима-Вайни аймағы «Солтүстік-батыс ауданы» ретінде белгілі болған. Мабарума бұрынғы орталық Мораванна су тасқынына тым ұшырайды деп шешкен кезде әкімшілік орталық болды. 1960-шы жылдардың соңында және 1970-ші жылдардың басында Гайана астанасын осы ауданға көшіруге елеулі көңіл бөлінді.
## Этимология
Аймақ өңір арқылы өтетін екі өзеннің құрметіне аталған; Барима және Вайни өзені.
## Географиясы
Барима-Уайни -қалың орман аймағы. Бірінші аймақтың Атлант жағалауы белдеуінде батыстан шығысқа қарай Бадам, Лури -Бич, Шелл- Бич, Фокс –Бич т.б. жағажайлар бар. Теңіз тасбақалары кейбір жағажайларға ұя салады. Бұл ауданда да үндістердің бірқатар қауымдастықтары бар.
## Экономикасы
Барима-Уайни аймағындағы экономикалық қызметтің негізгі түрлері орман шаруашылығы және алтын өндіру болып табылады. Солтүстік және солтүстік-шығыс аумақтарының негізгі дақылдарына: кофе, маниока, арпа, капуста, бұршақ, жүгері, жержаңғақ және цитрустар кіреді.
Марганец өнеркәсібі Matthews Ridge-Port Kaituma әлемдік бағаның құлдырауы оны жалғастыру үшін тиімсіз болған кезде тоқтатылды.
## Негізгі елді мекендер, қызметтер мен құрылыстар
Негізгі елді мекендерге Мабарума (аймақтың астанасы), Порт-Кайтума, Мэтью жотасы, Мораванна, Товакайма, Кориабо, Хосоро, Аракака және Морука кіреді .
Өңірде екі орта мектеп бар: 1965 жылы құрылған Мабарумдағы солтүстік-батыс орта мектебі және 1992 жылы құрылған Санта-Роса орта мектебі.
## Халқы
1980 жылы әкімшілік реформалардан кейін Гайана үкіметі 1980, 1991 және 2002 жылдары үш ресми санақ жүргізді. 2002 жылы Барима Вайни тұрғындарының саны 24 275 адамды құрады. Барима-Вайни санақтан алынған ресми деректер төмендегідей:
* 2012 -26,941
* 2002 -24 275
* 1991 -18,428
* 1980 -18329
## Галерея
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Бесікті – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының батысындағы шоқы. Ботақара ауылынан солтүстікке қарай 40 км, Шыбынды көлінен оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде.
## Жер бедері
Ең биік жері 575 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылған, ені 1 – 1,5 км. Беткейі жайпақ келген.
## Геологиялық құрылымы
Делювийлі-пролювийлі шөгінділермен жабылған девон жыныстарынан түзілген. Топырағы қызыл қоңыр, тас аралас орта саз балшықты, ши, бетеге өседі.
## Дереккөздер |
Халел (Халиулла) Ахметжанұлы Ғаббасов (1888, бұрынғы Семей облысы Семей уезі, Шаған болысы — 1931, Мәскеу) — Алаш қозғалысының қайраткері. 1898 — 1909 жылы Семейде приход, орыс-қазақ мектептерінде, гимназияда оқыған. 1910 жылға шейін Сейтен болысында мұғалім болып қызмет еткен. 1910 жылы Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, 1911 жылы студенттер ереуіліне қатысқаны үшін оқудан шығарылған. Осы жылы Мәскеу университетінің физика-математика фаультетіне оқуға түсіп, оны 1915 жылы алтын медальмен бітірген. 1915 — 1917 жылы Орталық ұсақ несие басқармасының Семей қаласындағы бөлімшесінде есепші, Мемлекеттік банктің Семей бөлімшесінде инспектор болып қызмет атқарған. 1917 жылы Семей облысы Қазақ к-ті төрағасының орынбасары, облыс земство басқармасының мүшесі, “Сарыарқа” газетінің редакторы (1917 — 1919) болды. Семей облысында қазақ съездерін өткізуді ұйымдастыруға белсене қатысты. 1-жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына мүшелікке кандидат ретінде ұсынылды. 1917 жылдың қазан айынан бастап Алаш партиясының Семей облысы к-тінің төрағасы қызметін атқарды. 2-жалпықазақ съезінде Алаш милициясын құру жайында баяндама жасады. Алашорда үкіметі құрамына сайланды. 1918 жылы қаңтардан Семей облысында земство басқармасы төрағасының орынбасары болды. 1918 жылы 20 наурызда Алашорда үкіметінің тапсыруымен телеграф арқылы И.В. Сталинмен сөйлесіп, кеңес үкіметімен келіссөз жүргізіп, ұлттарға өзін-өзі билеу құқығын беруді талап етті. Кеңес өкіметі тұсында білімін, қайрат-жігерін қазақ халқының мүддесіне бағыттады. 1920 жылы к-ттің ұлттық бөлімінде қызметкер, губернатор земство басқармасы алқасының мүшесі, Қазақ революциясы к-тінің Сібір рев. к-тіндегі өкілетті өкілі, Қазақ рев. к-тінің мүшесі, 1921 —1923 жылы Қазақ АКСР ОАК жанынан Ақмола және Семей облыстарын қабылдап алу үшін құрылған төтенше комиссияның мүшесі, губернатор атқару к-ті жер бөлімінің меңгерушісі болды. 1924 — 1925 жылы Алаш (Жаңа Семей) аудармашы одағында қызмет атқара жүріп, қоғамдық-мәдени шараларға қызу араласты. 1924 жылы 29 желтоқсанда география қоғамының ұйымдастыруымен өткен Абайды еске алу кешінде “Абайдың өмірбаяны” деген тақырыпта баяндама жасады. 1926 жылы ақпанда Қазақ АКСР Жоспарлау комиссариатына қызметке шақырылды. Онда Төралқа мүшесі, сектор меңгерушісі, ғылым қызметкер болып қызмет істеді. 1930 жылы “халық жауы” деген жалған айыппен тұтқынға алынып, ОГПУ “үштігінің” 1931 жылғы сәуірдегі шешімімен өлім жазасына кесілді. Мәскеу түрмесінде атылды. 1988 жылы ақталған.
## Өмірбаяны
Тобықты руынан шыққан.
### Бастапқы жылдар
* 1901 жылғы тамыздың 15-і – 1909 жылғы тамыздың 2-сі аралығы Семей ерлер гимназиясында оқып, оның толық 8 класын бітірген.
* 1910-1915 жылдары ИМН Мәскеу университетінің физика-математика факультетінде білім алып, 1915 жылғы 27 мамырдағы сынау комиссиясының қорытындысы бойынша 2-дәрежелі дипломға ие болып, №11142 дипломды 1916 жылғы 30 наурызда алады.
### Алашорда үкіметі мүшелігінде
* ЖОО бітірген соң Семейде уақ-қарыз серіктігінде инспектор болып қызмет атқарады. Патша өкіметі құлаған соң ол елдегі саяси өмірге, Алаш қозғалысына белсене араласады.
* Уақытша үкімет тарапынан ол Түркістан комитетінің мүшелігіне тағайындалады. Алайда ол комитеттің мүшесі ретінде нақты жұмыс атқарылмайды.
* Ал Семей облыстық қазақ комитеті төрағасының орынбасары, облыстық земство басқармасының мүшесі, облыстық Делегаттар жиналысының мүшелігіне сайланып бұл бағытта көп жұмыстар атқарады. Әр түрлі әлеуметтік саяси жұмыстарды ұйымдастыру-үйлестіру бағытында шығып тұрады (мысалы, 1917 жылы Зайсан уезіне барды).
* «Қазақ» газетінен кейін Алаш үні болған «Сарыарқа» газетінің кезекшісінен редакторларының бірі болады. Онда ол ел-жұртты толғандырып, мазалап жүрген әлеуметтік-саяси жағдайды түсіндіріп, талдаған және большевиктердің озбырлық саясатын әшкерелеген өткір мақалалар жариялап тұрады.
* 1917 жылғы шілдеде өткен Жалпықазақтық сиезге Бүкілресейлік құрылтай жиналысының депутаттығына ұсынылады.
* Халел Ғаббасовтың қазақ елдігі үшін еткен еңбегінің ең көрнектісі – оның 1917 жылғы желтоқсан айында өткен Жалпықазақтық сиезге арнайы құрылған комиссия атынан Қазақ автономиясы, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама дайындап жасағаны. Осы баяндаманың негізінде сиез «... жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық-жерлі автономия құруға» деген тарихи қарар қабылдайды. Сиезге Халел Алашорда үкіметінің мүшелігіне Семей облысынан сайланып, кейін төраға Ә.Бөкейхановтың орынбасары міндетін атқарып, Алашорда атынан шығарылған заң-қаулыларға қол қойып отырады. Сиезге милиция жасақтау туралы баяндама жасалып, кейін сол қаулының негізінде 1918 жылы Семейде Алаш атты әскер жүздіктерін жасақтауға белсене араласады. Сол алмағайып заманда қазақ елдігін қалай аман сақтау жолында еңбек еткен басқа да алаш арыстарымен бірге Халел 1918 жылдың қазан айында Том қаласында өткен жалпы Сібір сиезіне қатысады. Сиезге Сібір автономиясы мәселесі қаралған болатын. Ондағы мақсатты Ә.Бөкейханов жақсы түсіндіреді. «Біз ойладық, әуелі Сібірге сүйеніп, тасымалдап, жалғасып көшіп кетелік, жіп жалғап, зор мемлекет күрмеуінен құтылып ап, отау болып, соңынан бөлінелік деп».
Халелдің енді атқарған үлкен бір ісі – төраға Ә.Бөкейхановтың тапсырмасымен 1918 жылдың 20 наурызында автономия жөнінде И.В.Сталинмен телеграф арқылы келіссөз жүргізеді.
* 1918 жылы сәуір айында Ә.Бөкейханов, Ә.Ермековтермен бірге Алаш автономиясын алу жөнінде телеграф арқылы В.И.Сталинмен тағы да сөйлескен. 1918 жылғы 21 сәуірде РКФСР Халық комиссарлары кеңесі мен Ұлт істері жөніндегі комиссариятына жолдаған жеделхатында Алашорда автономиясын дереу мойындау туралы талап қояды. Бірақ жауап болмады.
Кеңес тұсында саяси-қоғамдық істерден шет қалмаған. Семей облыстық кеңесі төрағасының орынбасары, Семей облыстық земство жанындағы Жер комитетінің төрағасы, Қазақ революциялық комитетінің мүшесі (VІІІ.1920) және оның Сейревлом жанындағы уақытша өкілі болады.
### Кеңестік өкіметі кезінде
* Ақмола және Семей облыстарын Қазақстан қарамағына алу жөніндегі Қаз ОАКнің төтенше комиссиясының мүшесі (1921-1923), Семейдегі педтехникум оқытушысы, қазақ АКСРның Мемлекеттік жоспарлау комитетінде және басқа да орындарда қызмет атқарды.
Ғаббасов 1924 ж. Абайдың қайтыс болғанына 20 жыл толуына байланысты Семейде өткізілген жиында Абайдың өмірі және әдеби қызметі жайында баяндама жасайды. 1930 ж. қуғынға ұшырап, Абайдың баласы Тұрағұлмен бірге жер аударылды.
Ғаббасов 1931 жылы Мәскеу түрмесінде атылып кете барады.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Марат Қабанбаев (1948 жылы 22 наурызда Зайсан ауданындағы Қараүңгір ауылында туған - 2000 жылы қайтыс болған) — жазушы.
Орта мектепті бітіргеннен кейін құрылыста бір жылдай жұмыс істеп, содан соң аудандық газетке жұмысқа орналасқан.
## Өмірбаяны
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін "Лениншіл жас" газетінде, "Жалын" баспасында, Қазақ КСР баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте қызмет істеді.
М.Қабанбаевтың бұл шығармалары "Философиялық ойларымен" ерекшеленеді, сонымен қымбат та. Өзгеге ұқсамауға тырысушылық, өмір шындығын өзінше бейнелеуге, соны соқпақ салуға құштарлық Маратқа, оның творчествосына ғана тән қасиет. |
Тышқанкөл — Есіл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Қостомар ауылынан солтүстікке қарай 1,5 км-дей жерде орналасқан. Атауы көлдегі ондатрлардың көптігіне байланысты қойылған.
## Гидрографикасы
Ұзындығы 2 км, енді жері 1,2 км, жағалау бойының ұзындығы 6 км.
## Дереккөздер |
Қойкелді — Есіл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Аршалы ауданындағы көл, оңтүстік-шығыс жағасында Қойкелді ауылы жайғасқан.
## Гидрографикасы
Ұзындығы 1 км, енді жері 900 м, жағалау бойының ұзындығы 3 км.
## Дереккөздер |
Елді мекен:
* Қойкелді – Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауыл.
Көл:
* Қойкелді — Есіл алабындағы көл. |
Жалтыркөл — Есіл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Аршалы ауданындағы көл, солтүстік-шығыс жағасында Жалтыркөл ауылы орналасқан. Атауы көл жағалауының өскінсіз екендігінен шыққан.
## Гидрографикасы
Ұзындығы 1,5 км, енді жері 1,3 км, жағалау бойының ұзындығы 4,3 км.
## Дереккөздер |
Шөптікөл — Есіл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Аршалы ауданы жеріндегі көл. Көлдің батыс жағында 360 м жерде Шөптікөл темір жол бекеті орналасқан. Атауы көл жағалауының қарғатамырлы шөптің (шымды) болуынан аталған.
## Гидрографикасы
Ұзындығы 2,3 км, енді жері 1 км, жағалау бойының ұзындығы 5,4 км.
## Дереккөздер |
Оршабай – Нұра алабындағы көл.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Нұра ауданының солтүстік бөлігінде, Көбетей ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей жерде орналасқан.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 2 км, ендірек бөлігі 1,2 км, жағалау бойының ұзындығы 4,7 км. Көлге көктемде арнайы қазылған канал арқылы Шөптікөл көлі суының біраз бөлігі жіберіледі.
## Дереккөздер |
Куюни-Мазаруни (ағылш. Cuyuni-Mazaruni) (7-ші аудан) — Гайана мен Венесуэланың даулы территориясындағы аймақ.
Ол Барима-Уайни, Эссекибо аралдары - Батыс Демерара және солтүстігінде Померун-Супенаам, шығысында Жоғарғы Демерара-Бербис, оңтүстігінде Потаро-Сипаруни және Бразилиямен шектеседі. Әкімшілік орталығы-Бартика қаласы.
## Халқы
Гайана Үкіметі 1980 жылғы әкімшілік реформалардан бастап үш ресми санақ жүргізді: 1980, 1991 және 2002 жылдары. 2012 жылы өңір халқы 20 280 адамға жетті. Куюни-Мазаруни аймағындағы халық санағының ресми деректері:
* 2012: 20 280 адам
* 2002: 17 597 адам
* 1991: 14 794 адам
* 1980: 14 390 адам
## Дереккөздер |
Қазақстан ішкі істер министрлігі училищесі – арнаулы орта оқу орны.
## Тарихы
Маңғыстау облысының ішкі істер органдарын кадрмен қамтамасыз ету мақсатында 1997 жылы Ақтау қаласында 120 адамдық толықтыру лимитімен құрылған.
## Директорлары
Алғашқы бастығы, полиция подполковнигі Ю.М. Югай (1997 – 99), кейіннен полиция майоры А.О.Бегендіков (1999 – 2002) басшылық етті.
2002 жылдан бастап училищені полиция полковнигі, техникалық ғылыми докторы, академик О.Н.Әбділов басқарады.
## Оқу-техникалық базасы және іс шаралары
Училище құрамы дайындық кезінде «Интернет» әлемдік жүйесін, «Юрист» базалық бағдарламасын пайдалана алады. Қызметтердің барлық түрлері бойынша сұрақтар қамтылған кешенді көшпелі сабақтар тәжірибеге енгізілген. Училище бастығы О.Әбіловтың ұсынысымен Ақтау қаласының орта мектептерінің жоғары сыныптарына арналған 2 жылдық «Жас полицей» дайындық курстары ашылды. Мектеп оқушылары арасындағы қылмысты болдырмау мақсатында училище базасында биылғы оқу жылынан бастап «Ұлан» аула клубы құрылып, «Мерген», «Тастүлек», «Полицияның жас досы», «Жас тергеуші» үйірмелері жұмыс істеуде. Әлеуметтік қорғау, полиция қызметкерлеріне заңдық көмек көрсету және жеке құрам арасындағы қылмысты, заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында училищеде «Қорғаушы» ерікті қоғамдық құрылымы жұмыс жасайды.
## Дереккөздер
Қазақстан жоғарғы оқу орындары |
Сарыоба — Есіл алабындағы ағынсыз көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы жерінде.
## Аумағы
Ауданы 28,8 км2. Ұзындығы 10,8 км, ең енді жері 4 км, жағалауының жалпы ұзындығы 30,8 км. Орташа тереңдігі 1,3 м.
## Жер бедері
Көл жағасы жайпақ, табаны лайлы-құмды. Оңтүстік бөлігінде қамыс, солтүстігінің жағалық өңірінде құрақ өседі. Суы тұщы. Шаруашылық қажетіне пайдаланылады. |
Сарыоба – Текелітау тауының оңтүстік-батысындағы аласа тау.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы Жамбыл ауылының оңтүстігінде 5 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 338 м. Енсіз тау оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 3 км-ге созылған, енді жер 1 км. Беткейлері жатық, нашар тілімденген. Тау басы дөңес келген.
## Өсімдігі
Беткейінің қоңыр, қызғылт қоңыр топырағында селеу, қылқан боз, бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер өскен. Батысы жəне оңтүстігімен Ырғыз өзенінің саласы – Талдысай өзені ағып өтеді.
## Дереккөздер |
Шортанды — Ақмола облысы Шортанды ауданындағы кент, темір жол бекеті, аудан (1939 жылдан) және Шортанды кенттік әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Көкшетау қаласының оңтүстік-шығысында 225 км жерде, Дамса өзенінің жағасында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1929 жылы Көкшетау – Ақмола темір жолының салынуына байланысты станса ретінде қаланған.
## Кәсіпорындары
“Арман” жиїаз өндірістік бірлестігі, “Кристалл” ЖШС-і, “Шортанды элеваторы”, “Мол-Достық”, “Құнарлылық” АҚ-тары, “Автомобилист” ЖШС-і, “Шортанды мұнайбазасы” АҚ, аудандық көлік кәсіпорны, тұрмыстық үйі, баспахана, т.б. жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Мектепке дейінгі 5 балалар мекемесі, 3 орта мектеп, мәдениет үйі, 3 кітапхана, кинотеатр, стадион, аурухана, фельдшерлік-акушерлік пункт, кафе, сауда орталығы бар. Шортандыдан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты орналасқан. Кент арқылы Астана – Петропавл автомобиль және темір жолдары өтеді.
## Дереккөздер |
Сағынұлы Қайыр (1915, Маңғыстау уезі, 10-а. – 1982) – мақташы, Социалдық Еңбек Ері (1951).
## Өмірбаяны
1934 – 51 ж. Түрікменстандағы Ташховуз облысында мақташы, 1951 – 78 ж. бригадир, Хожелі ауданында мақташы, басшы болды.
## Марапаттары
Ленин орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» (1950) медалімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Сыдиық Жұбаев (1886, бұрынғы Бөкей ордасы, Бесқыз ауылы – 1930, Маңғыстау, Форт-Шевченко) – қоғам қайраткері.
## Өмірбаяны
Ганюшкинодағы орыс-қазақ училищесінің үш сыныбын бітірген (1904).
1917 жылға дейін Маңғыстаудағы 2-Бозашы болысында тілмаш болған.
1918 жылы Қаратөбеде өткен Маңғыстау қазақтарының съезінде Адай ревкомы төрағасының орынбасары болып сайланды. Азамат соғысы кезінде Атырау өңірінде Толстов бандаларына, Деникин әскерлеріне қарсы ұрыстарға қатынасқан. Маңғыстаудың оңтүстігіндегі қазақ болыстарын Қазақ АКСР-і құрамына енгізу жобасын жасап, оның жүзеге асуына үлес қосқан.
1921 – 27 жылдары Адай округі атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1927 – 28 жылдары Адай округі халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1928 жылдан бастап Адай округіндегі шаруаларға қарсы жүргізілген солақай саясатқа, күштеп жаппай ұжымдастыру науқандарына халық наразылығын ұйымдастырушылардың бірі ретінде саяси қуғынға ұшыраған.
1929 жылы тұтқынға алынып, 1930 жылы 9 қазанда ОГПУ үштігінің үкімімен ату жазасына кесілген.
1962 жылы 8 ақпанда ақталған.
## Дереккөздер |
Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов (25 желтоқсан 1960 жыл, Гурьев) — қазақстандық мемлекеттік және қоғам қайраткері, Атырау облысының әкімі (2019–2022).
## Білімі
Байұлы тайпасының Шеркеш руынан шыққан.
* 1983 ж. – И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген.
* 2016 ж. – Қазақ мемлекеттік заң университетін, іскери әкімшілік ету магистрі бойынша тәмамдаған..
## Еңбек өтілі
* 1983-1986 жж. – «Ембі мұнай» ӨБ «Балықшы» барлама бұрғылау басқармасының геологы.
* 1986-1987 жж. – «Емб імұнай» ӨБ ОИТҚ «Балықшы» барлама бұрғылау басқармасының бас геологы.
* 1987-1991 жж. – «Ембі мұнай» ӨБ ЖИТҚ №1 Балықшы барлама бұрғылау басқармасының бас геологы.
* 1991-1994 жж. – «Мақат мұнай» мұнай-газ басқармасының бас геологы, «Мұнай» кеңес-америкалық бірлескен кәсіпорнының жетекші геологы.
* 1994-1995 жж. – Атырау мұнай акционерлік компаниясының (АНАКО) бас геологы.
* 1995-1996 жж. – Атырау мұнай акционерлік компаниясының (АНАКО) Қырықмылтық өнеркәсібінің директоры.
* 1996-1997 жж. – «Ес-Бол» ЖШС-ның техникалық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары.
* 1997 ж. – «Ембімұнай» АҚ геологиялық бөлімінің бастығы. 1997-2000 жж. – «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясының техникалық саясат департаментінің бас геологы, мұнай және газ шығару мен тасымалдау департаментінің геология жөніндегі бас менеджері.
* 2000-2001 жж. – «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясының мұнай-газ кен орындарын өңдеу және геология департаментінің директоры.
* 2001-2002 жж. – «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясының шикізат базасын дамыту және жер қойнауын қорғау департаментінің директоры.
* 2002-2003 жж. – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ геология және өңдеу департаменті директоры, қолданыстағы келісім-шарттарға мониторинг департаменті директорының орынбасары. * 2003-2004 жж. – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ БК-да үлестерді басқару департаменті директорының орынбасары. 2004-2006 жж. – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өндіріс-техника сараптамасы департаментінің директоры, геология және өңдеу департаментінің директоры.
* 2006-2009 жж. – «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас геологы. 2009-2012 жж. – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас геологы, геология және геофизика бойынша бас директорының орынбасары. 2012-2013 жж. – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ геология және әзірлеу бойынша бас директорының орынбасары, бас директордың бірінші орынбасары – басқарма мүшесі.
* 2013-2015 жж. – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы).
* 2015-2016 жж. – «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Геология бойынша басқарушы директоры –бас геологы, ірі жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары.
* 2016 жылдың тамыз-қарашасы – «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ ірі операциялық емес активтар мен теңіз жобалары бойынша бас вице-президенті.
* 2016 жылдың 11 қарашасынан – 2019 жылдың 18 желтоқсанына дейін – Қазақстан Республикасы Энергетика бірінші вице-министрі..
* 2019 жылдың 18 желтоқсанынан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.
## Қоғамдық қызметі
М.Ж.Досмұхамбетов – 1997 жылы «Шығыс Мақат» кен орнының алғашқы ашушысы.
## Марапаттары
* 2016 жылы «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
* «Қазақстан Республикасының жер қойнауын барлаудың үздігі» (2003 ж.) және «Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы» (2005 ж.) атақтарының иегері.
* «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен (2001 ж.) және KAZENERGY Ассоциациясының «Мұнай және газ саласының дамуына қосқан жеке үлесі үшін» медалімен (2009, 2013 ж.) марапатталған.
* Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің, Атырау және Маңғыстау облыстары әкімдерінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазмұнайгаз» ӨБ АҚ Құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Өтепбергенов Икембай (1908 ж. т., Адай уезі, Қаратөбе ауылы) – кеңес қызметкері.
## Өмірбаяны
1935 – 37 ж. Маңғыстау аудандық партия комитеті хатшысының орынбасары, Жылыой аудан партия комитеті хатшысының орынбасары, 1937 – 55 ж. Гурьев облыстық халыққа білім беру бөлімінде жауапты қызметкер, С.М.Киров, А.И.Микоян атындағы мектептердің директоры, Маңғыстау аудандық халыққа білім беру бөлімінің басшысы, 1955 – 66 ж. «Прикаспийская коммуна», «Колхоз жолы» газеттерінің меншікті тілшісі болды.
## Марапаттары
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қази Өтеуұлы (1870, Маңғыстау ауданы, Ақшымырау ауылы – 1928) – атақты атбегі.
## Өмірбаяны
Ат баптаудың сан тәсілдерін меңгеріп, жүйріктің қас қабағын тілсіз түсінген. Атақты шежіреші А.Меңдалыұлы: «Қазидың бәйге жирені 1929 жылға дейін бірінші бәйгені берген жоқ», – деп жазады.
Өтеуұлының әкесі Өтеу Мыңкісіұлы (белгілі атбегі) жирен тайды қырық қой, бір жылқы беріп баласына алдырады. Жирен ат 1913 – 28 ж. алты алаштың асында бас бәйгені бермеген. Өтеуұлы қайтыс болғаннан кейін ас-суға қарамаған жирен ат та көп ұзамай өліп, басы Сисем атадағы Өтеуұлының төрт құлақты тамының үстіне қойылған.
## Дереккөздер |
Серік Рыскелдіұлы Жақсыбеков (1 наурыз 1956 жылы дүниеге келді) – Астана қаласынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты (2014 жылдан бері).
## Өмірбаяны
Қыпшақ тайпасының Қарабалық руынан шыққан.
1978 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығының электрификациясы мамандығы бойынша, 1997 жылы – Қазақ Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы нарық институтын халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.
Целиноград электр жүйелері кәсіпорындарын басқарды. Қазақстан КП Шортанды аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің инструкторы, аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігі партия комитетінің хатшысы, Целиноград қалалық атқарушы комитеті төрағасының көмекшісі, Целиноград қалалық әкімшілігі басшысының кеңесші-консультанты, Ақмола Целинный аймақтық кедені бастығының орынбасары, ҚР ҚМ Ақмола облысы бойынша Кедендік басқарманың бастығы қызметтерін атқарды.
1997 жылдан бастап 2007 жылға дейін – «Цесна» корпорациясы» АҚ Басқармасының төрағасы, 2007 жылдың наурызынан - «Цесна» корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін - бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты.
2014 жылдан бастап – Астана қаласынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.
## Дереккөздер |
Сейітов сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін:
## Тұлғалар
* Айбек Сейітов, Бүркіт — Қазақ әншісі.
* Асылбек Жұманұлы Сейітов - "Алаш қозғалысы" қайраткерінің бірі.
* Зұлқарнай Сейітов - ғалым-биохимик, биология ғылымы докторы, профессор.
* Кәкен Қалымбекұлы Сейітов - судья.
* Мұсылманбек Жұманұлы Сейітов - Алаш қозғалысының қайраткері.
* Нәсіпқали Сейітов – ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор.
* Нұрділлә Зейнедоллаұлы Сейітов - судья.
* Нұрқан Сейітов – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны.
* Өтеген Сейітов - Қазақстанның партия совет қызметкері, юрист. 1-дәрежелі мемлекеттік заң кеңесшісі.
* Сағынғали Сейітов — ақын, сыншы, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымы кандидаты.
* Төкен Сейітов - қоғам қайраткері.
* Хожабек Сейітов - қарақалпақ кеңес жазушысы.
* Шаудырбай Қазақбайұлы Сейітов - қарақалпақ ақыны, жазушы, аудармашы.
* Шолпанқұл Сейітов - ақын.
## Көше атаулары
* Сейітов Асылбек атындағы көше (Алматы) - Алматы қаласы Әуезов ауданының «Қалқаман-2» шағынауданында орналасқан көше.
* Сейітов Өтеген атындағы көше (Алматы) - Алматы қаласы Әуезов ауданының «Таугүл-3» шағынауданында орналасқан көше. |
* Шілікті – Ақмола облысы Астрахан ауданындағы ауыл.
* Шілікті – Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы ауыл.
* Шілікті – Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл.
* Шілікті – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы ауыл. |
* Жаңабірлік – Ақмола облысы Астрахан ауданындағы ауыл.
* Жаңабірлік – Павлодар облысы Железин ауданындағы ауыл. |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.