text
stringlengths
3
252k
Нұркен Нұрғалиұлы Әшіров (20 қаңтар, 1985 жыл, Пионер ауылы, Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы) — күйші, дирижер, көптеген ән-күй, оркестрге арналған шығармалардың авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тұңғыш Президент - Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік стипендия иегері, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры. ## Өмірбаяны 1997 жылы Алматы қаласындағы А.Жұбанов атындағы РҚМММИ-на қабылданып, ол жерді ұстаз Г.Ұлтарақова сыныбынан 2002 жылы үздік тәмәмдаған. Осы жылы Құрманғазы атындағы ҚҰК профессор А.Тоқтағанның сыныбына қабылданып, 2006 жылы үздік бітірген. 2011-2013 жылдары аталған оқу орнының магистратурасын «Опера-симфония дирижеры» мамандығы бойынша ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, доцент Н.Жарасов сыныбынан аяқтаған. ### Білімі * 1991 жылы Еңбек ауылындағы бастауыш мектептің бірінші сыныбына барған. * 1992-1997 жылдары Тараз қаласындағы А.Суханбаев атындағы №25 орта мектебінде оқыған. * 1997-2002 жылдары Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында домбыра сыныбында оқыған. * 2002-2012 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бакалавриаты мен магистратурасында оқыған. ### Қызмет жолы Еңбек жолын 2003 жылы Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» АФЭО әртісі қызметінен бастаған. 2004-2010 жылдары осы оркестрдің Бас концертмейстері және солисті қызметін атқарған. 2011 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисті қызметін атқарған. Сонымен қатар, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның Халық аспаптар бөлімінің ұстазы (2009-2012), меңгерушісі (2012-2018) қызметтерін атқарған. 2018-2019 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы ҚҰК Халық музыкасы факультетінің деканы қызметін атқарған. 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының директоры қызметін атқаруда. 2001 жылдан бері мемлекеттік деңгейде ұйымдастырылып келе жатқан барлық дерлік ресми шаралар мен концерттердің тұрақты қатысушысы. (Тәуелсіздігіміздің 10, 15, 20 жылдығына орай ұйымдастырлыған Гала-концерттер, ҚР Конституциясының 10 және 15 жылдығы, Астана күндері, ШЫҰ 10 жылдығы, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на (ОБСЕ) төрағалық етуге арналған салтанатты Гала-концерт (Вена, Астана), т.б. айтулы мерекелік салтанатты концерттердің барлығында жеке домбырамен өнер көрсеткен. Нұркен Нұрғалиұлы Қазақстанның шетелдегі мәдениет күндері аясында, сондай-ақ ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ресми іс-сапарлары барысына орай ұйымдастырылған Гала-концерттерде Карнегги-Холл (Нью-Йорк), Кеннеди центр (Вашингтон), Концертхаус, Хофбург император сарайы (Вена), Конгресс-Холл, Әлем мәдениеті үйі (Берлин), Сантори-Холл, Персимон-Холл (Токио), Опера-Хаус (Пекин) сияқты т.б. әлемнің көптеген атақты сахналарында жеке домбырамен қазақтың күй өнерін паш еткен дарабоз, саңлақ күйші. Ол АҚШ, Германия, Франция, Австрия, Швейцария, Словения, Жапония, Қытай, Түркия, Әзірбайжан, БАӘ, Сауд-Арабиясы, Йордания, Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Италия, Испания, Румыния елдерінде табыспен өнер көрсетіп, көрерменнің зор қошеметіне ие болған. Нұркен Нұрғалиұлы 2000 жылдан бері Астана, Алматы, Атырау, Тараз қалаларында бірнеше жеке шығармашылық концерттерін өткізген. 2014 жылы Вена қаласында жеке концертін өткізген. Сондай-ақ 2015 жылы Парижде, Венада және Словения астанасы Любляна қаласында өзі құрған «Талас» фольк-поп ансамблімен концерттерін өткізген. 2014 жылы Париж қаласында ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде өткен конференцияда «Әлемнің материалдық емес мәдени мұралары» тізіміне қазақтың күй мұрасын енгізуге атсалысты. Сонымен қатар Нұркен 30-ға жуық күйлердің, бірнеше аспаптық пьесалардың, күй-поэмалардың авторы. Оның оркестрге жазған «Кемел», «Жырқисса», «Балдырған», «Абылай», «Аңырақай шайқасы», «Шұғыла», т.б. туындылары тыңдарман қауымның зор қошеметіне бөленіп, мамандардың оң бағасына ие болуда. ## Марапаттары Ол көптеген конкурстар мен фестивальдердің лауреаты. Негізгілері: * І Халықаралық «Айналайын» фестивалі. Лауреат. Алматы қ. 1996 ж. * І Халықаралық «Құрманғазы және Ұлы дала музыкасы» фестивалі лауреаты. 1998 ж. * А.Жұбанов атындағы конкурс. І орын лауреаты. Алматы қ. 1999 ж. * ХХІ Колледждер мен арнайы музыка мектептері арасындағы Республикалық конкурс. Гран-При. Лауреат. Алматы қ.2000 ж. * Тәттімбет ат. І Республикалық конкурс. ІІІ орын. Лауреат. Қарағанды қ. 2001 ж. * ІV «Шабыт» Халықаралық фестивалі. ІІІ орын Лауреат. Астана қ. 2001 ж. * Қ. Жантілеуов ат. І Республикалық конкурсы. І орын. Лауреат. Орал қ. 2002 ж. * VІ «Шабыт» Халықаралық фестивалі. ІІ орын. Лауреат. Астана қ. 2003 ж. * Құрманғазы ат. VI Халықаралық конкурсы. І орын. Лауреат. Астана қ. 2006 ж. * Н. Тілендиев ат. «Кел, еркем, Алатауыңа» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалі. Гран-При. Лауреат. Тараз. 2009ж. * ҚР МСМ және БҒМ алғыс хаттары мен Астана (қазіргі Нұрсұлтан), Алматы, Атырау қалалары әкімдерінің, Нью-Йорк мэрі, Вена қалалық мәдениет магистраты, Сауд-Арабиясы Мәдениет министрінің Алғыс хаттарымен марапатталған. * ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен Нұркен Нұрғалиұлы төмендегідей марапаттарға ие болды: * ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері (2009, 2010, 2011, 2012, 2013 ж.ж.); * Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты (2012) * Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012 ж.) құрметті атағы. Елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқы бірлігін қамтамасыз етуге, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлінің артуына, Қазақстанның бейбітшілік пен келісім тәжірибесін шет елдерде таратуға және Қазақстан мен өзге мемлекеттер халықтары арасындағы достық қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Тараз қаласындағы өнер жұлдыздарына арналған Әуендер аллеясы 2019 жылы Нұркен Нұрғалиұлының есімімен толықты. ## Дереккөздер
Сәкен Ержанұлы Шақабаев (26 ақпан 1926; Атырау, Қазақ КСР, КСРО) — кеңес және қазақ ғылым және мемлекет қайраткері. Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1953), профессор. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы (1972). КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1976). ## Өмірбаяны * 1943-1945 жж. - Қазақ тау-кен-металлургия институтын бітірген. * 1945-1949 жж. - М.Губкаин атындағы Мәскеу мұнай институтын «Геология және Мұнай және газ кенорындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген. * 1950-1953 жж. - Қазақ КСР Ғылым академиясының Геология ғылымдары институтында кіші ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі. * 1960-1972 жж. - Қазақ мұнай геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институтының директоры. * 1972-1978 жж. - Қазақ КСР Геология министрінің орынбасары. * 1978-1987 жж. - Қазақ КСР Геология министрі. * 1987 жылдан Қазақстан Республикасының дербес зейнеткері. ## Қоғамдық жұмыстары * 1985-1989 жж. - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаты. * 1981 жылы КОКП ОК мүшелігіне кандидат болып сайланды. ## Ғылыми, әдеби еңбектері 80-нен астам ғылыми жұмыстардың (оның ішінде 5 монография) авторы. ## Марапаттары мен атақтары * Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығы (1976) * КСРО мемлекеттік сыйлығы (1982) * Октябрь революциясы ордені * Еңбек Қызыл Туы ордені (екі мәрте) * Парасат ордені * «Ерен еңбегі үшін» медалі (Қазақстан) * «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы» медалі * «Еңбек ардагері» медалі * Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы (екі мәрте) * Қазақстан Республикасының Құрметті жер қойнауын барлаушысы (2002) * Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы (1972) * «КСРО жер қойнауын барлау ісінің үздігі» белгісі (1965) ## Әдебиет * Книга «Қазақстан мұнай энциклопедиясы» кітабы (1999) * «Еңбек сіңірген алғашқы бастаушылар» кітабы (2006) * «Сәкен Шақабаев» кітабы, Алматы (2012) ## Дереккөздер
Қаракөл – Есіл алабындағы ағынды көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Астрахан ауданының солтүстік-батысында, Қаракөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-дей жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Ұзындығы 1,7 км, енді жері 1 км. Жағалау бойының ұзындығы 4,6 км. ## Дереккөздер
Саржан Томанышұлы (17 ғасыр) – би, шешен, батыр, аңшы. Найман тайпасының Матай елінен шыққан. Әкесі Томаныш кезінде Ташкент шаһарын билеп тұрған айтулы би болған. Ол өз тұсындағы Абылай хан, Әлмәмбет, Төле би, Бұқар жыраумен замандас болып, ел тыныштығы, халық қамы үшін күрескен билер қатарында жүрген. Әсіресе Бұқар жыраумен жиі кездесіп, тұздас-дәмдес болған. Өзі билікке, ел басқару ісіне баулып жүрген әкесі Саржанды Бұқар жырауға теліп, одан ақыл, нақыл, өнеге алуды қалаған. Сондай-ақ, ұлы кісілердің тәрбиесінде ер жеткен Саржан 14–15 жасынан-ақ ақындық өнерге, билікке араласып, артында тәлімдік, тәрбиелік сөздер қалдырған. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (1946-1997, 2001-2014, 2017-қазірге дейін) — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы. Министрлік Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу; заңнамаға сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және саналы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарын атқарады. ## Тарихы Алғашында 1920 ж. қазанда Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариаты ретінде құрылды. Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі ретінде 1946 ж. наурыздан қызмет етіп келді. 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі деп аталды. 1997 жылы қазанда Денсаулық сақтау министрлiгi мен Бiлiм және мәдениет министрлiгi қосылып, Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi құрылды. 1999 жылы қаңтарда ол Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі болып өзгертіліп, қазан айында одан Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттік бөлінді. 2001 жылы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттік Денсаулық сақтау министрлігі ретінде қайта құрылды. 2002 жылы 1 қаңтардан бастап министрліктің ведомстволары құрылды. 2014 жылы 6 тамызда Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі біріктіріліп, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі құрылды. Министр қызметіне бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тағайындалды. 2017 жылы 25 қаңтарда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі екіге бөлінді. Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына Елжан Біртанов тағайындалса, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқаруды Тамара Дүйсенова жалғастырды. ## Министрліктің негізгі міндеттері * Халықтың денсаулығын сақтау; * Медицина ғылымы, фармацевтикалық және медициналық білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеу; * Азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; * Халықты және емдеу-алдын алу ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; * Министрлік құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту. ## Құрылымы Министрліктің құрамында келесі ведомстволар бар: * Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті * Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ## Қарамағындағы мекемелер * "Қазақ республикалық лепрозорийі" ММ * "Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана" ММ * "Республикалық арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы" ММ * "Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК * "Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы" ШЖҚ РМК * "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы" ШЖҚ РМК * "Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы" ШЖҚ РМК * "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК * "Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК * "Республикалық қан орталығы" ШЖҚ РМК * "Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" ШЖҚ РМК * "Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК * "Отан соғысының ардагерлеріне арналған орталық клиникалық госпиталь" ШЖҚ РМК * "Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты" ШЖҚ РМК * "Транспланттауды және жоғары технологиялық көрсетілетін медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық" ШЖҚ РМК * "Алатау" балалар клиникалық санаторийі" ШЖҚ РМК * "СҚ-Фармация" ЖШС * "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ * "QazBioPharm" ұлттық холдингі" АҚ * "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ * "Астана медицина университеті" КеАҚ * "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КеАҚ * "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КеАҚ * "Семей медицина университеті" КеАҚ * "Turar Healthcare" КеАҚ * "Ұлттық балаларды оңалту орталығы" КеАҚ * "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС * "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК * "Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы" ШЖҚ РМК * "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ * "Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы" КеАҚ ## Министрлер тізімі ## Қосымша ақпарат ## Дереккөздер
Кебекбай Байтарұлы (1821, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Мәтібұлақ басы – 1908, сонда) — би, шешен. Ұлы жүз құрамындағы Дулат тайпасының Жаныс руынан. Кебекбай шешен – әрбір іске әділ билік айтқан кісі. Ол кезінде Тезек төре, Ескелді, Балпық, Тәнеке билер, Бәйтік, Төрекелді, Анатай батырларға жөн-жосық, тоқтам айтқан би. Осы күнге дейін Кебекбай айтыпты деген сөз ел арасында көп.. ## Дереккөздер
Бәйжігіт Тоқтарқожаұлы (шамамен 1519 — 1608) — би, шешен, батыр, ел билеушісі. Орта жүз құрамындағы қалың Найман тайпасының Қаракерей руының Мейрам бөлімінен шыққан. Түркістан маңында дүниеге келген. ## Өмірбаяны Шешесі — Найманның қаракерейінен шыққан Байыс батырдың қызы Мақта (кейбір деректерде Ақмақта) ақын болған. Бәйжігітке шешендік, ақындық анасынан дарыған. Байыс биден билік, шешендік өнерді жастай тағылым алған Бәйжігіт би 14 жасында билік айтады. Халыққа ділмарлығымен, ақыл-парасатымен, әділдігімен танылған oл “Ұлыс биі” атанады. Бәйжігіт биден Жұмық, Тоғас, Мәмбет, Алыс, Қарақұрсақ, ал Мәмбет ұрпақтарынан Қабанбай батыр тарайды. Бәйжігіт биден тарайтын ұрпақ, негізінен, Шығыс Қазақстанның Тарбағатай, Мақаншы, Алматы облысыныңАлакөл өңірін, Шыңжаң өлкесін (Қытай), кейбір аталары Түркияға кетіп сол жерде қоныстанған. Жасынан билікке араласады. Содан ұзақ жылдар бойы Қаракерейде Мұрын елін билеп, өзінің әділдігі, ділмарлығы, ақыл-парасатымен әділетті "Ұлыс биі" атанған. Бәйжігіт биден Тоғас, Жұмык, Мәмбет аталары. Жұмықтан Қожан батыр, ал Мәмбет ұрпағынан атақты Ерасыл Қожағұлұлы Қабанбай батыр тарайды. Қаракерей Қабанбайдың жоңғар басқыншылығы кезінде Абылай ханның Бас батыр қолбасшысы болғаны аян. Соңғы Байжігіттің ұрпақтары Ұлыбританияда, Германияда, Швейцарияда тұрады. Бірақ Қазақстанда бұл туралы білмейді. Олар 2000 жылдардан кейін Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қоныс аударған. ## Қазақ шежіресінде жеті Байжігіт Қазақ шежіресінде жеті Байжігіт кездеседі. Олардың бәрі шетінен би, шешен, ақын, жырау, күйші болыпты делінеді. Ал, Қазақ Совет энциклопедиясында (2 т.) екі Байжігіт аталады. Бірі - Сіргелі тайпасынан шығады. Ол Байжігіттен Амалдық, Көшімбай, Келімбет, Оразымбет ұрпақтары таралады. Екінші - Найман тайпасына жататын ру. Байжігіттерді жіктеп беретін тағы бір дерек бар. Ол халық сазы аспаптар мұражайының аға ғылыми қызметкері Омар Қаймолдаұлының талдауы. Ол былай жазады:-Біріншісі - "Ұлыс биі", Байыс қызы Ақмақта ақыннан туған екі ұлдын бірі Байжігіт. Нағашы жұрты Төлегетайдың Қаракерей тайпасының тізгінін ұстаған биі, ал Жанжігіт әкесіне еріп Хиуа, Хорезм, Самарқан маңында ірге тепкен. Үрім-бұтағы осы күні бар. "Ұлыс биі" аталған Бәйжігіт дүниеден қайтқанда бәйбішесі былай дей жоқтау айтыпты деген сөз бар:- Бісміллә сөзден бастайын, Асығыс айтып саспайын. Бұлаңдап жүрген бағланым, Қысқа болды-ау ғұмырың, Аяққа кұйған астайын Құдай қосқан қосағың. Зарлап қалды-ау жастайын. Бес атаның баласы Мына бір сөзге қарашы! Сенген жаксың кеткен соң, Кімге сеніп жүрсіңдер? Алыстап бара жатыр ғой, Ағайынның арасы. Артықша туған арыстаным Мақшарда біткен жарасы. Әуедегі жұлдызым Су ішінде кұндызым Ай касында Шолпаным Хан қасында сұлтаным! Суытып қойған тұлпарымТұғырдағы сұңқарым Төрге шықса төбедей. Төбеге шықса төредей. Саяға кеп шақырсам, Келер ме екен құрмалым. Тарбағатай, Алатау, Асуыңдай бел еді, Көз жеткісіз дариядай, Айдыны терең мол еді. Садаққа салған саржа оқ Жебесіндей ер еді Садаққа салған саржа сым, Тартпай да, шаппай бүлінді. Жау май да шашпай аспаннан, Басыма түман ілінді. Бір мен емес жылаған, Елдің бәрі егіліп Көзінің жасын бұлаған. Қадірің жұртқа білінді, Бес байыстың баласы, Мына бір сөзге қарашы. Қос қалқам қалды артында, Көзінін аты мен қарасы. Нағашын сенің Шаянбай, Қайын атаң Баянбай, Бес атаның қамқоры. Өзің сапар шеккен соң, Жұртыңа тықыр таянды-ай! Аңырап қалды артыңда, Таңдап алған зайыбың Байжігіттін ішінде Баянбай еді қайының.Алтыннан ер боятып, Жібектен таққан айылын. Жылаудан жұртым пайда жоқ, Артының берсін қайырын. Бас, бас, өлім, бас өлім, Бәрін де алған осы өлім. Арғын, Найман жиылса, Суырыла шыққан көсемім, Қара тілге дес бермей, Сөз сөйлеген шешенім. Жыладың деп сөкпегін, Қанеки, менің еселім?.. Екіншісі - "Қара таңдай" атанған шешен Байжігіт.Үшіншісі - "Суырыпсалма" атанған Байжігіт Ұбайұлы, уақ ұлысынан шыққан жырау.Төртіншісі - "Қос жетім" атанған, Байжігіттер.Бесіншісі - XVII ғасырда Көрпебай батыр бастаған, "Бес қасқа" атанған бес батырдың бірі Байжігіт Рыспетекұлы.Алтыншысы - ұлы Абайдың замандасы, "қасқа жорға" атанған XIX ғасырдағы Байжігіт Сүйіндікұлы, Абылайдың "Тоғыз тарау, тоқсан толғау" атты күйлерін әйгілеп, мадақ тұтқан домбырашы.Жетіншісі - "Қос міскер" атанған шеберлер, домбыраны бітеу ағашты қуыстап шабатын ағайынды, жол жорғалы Байжігіт және Ержігіт Мұсабек- ұлдары". ## Байжігіт Тоқтарқожаұлының әділ билік, адалдық жөнінде айтқан терме, толғау, нақылдары Байжігіт Тоқтарқожаұлының әділ билік, адалдық жөнінде айтқан терме, толғау, нақылдары жинақтала қоймаған. Ел аузында айтылып жүрген бірлі- жарымы мыналар: Әділ бидің алдынан іс кетпейді, Жәбірлікті бекерге істетпейді. Ердің кұнын екі ауыз сөзбен шешіп, Абыройын кісінің еш төкпейді. Қылар жақсы түймеден түйедейді. Жөнін тауып әр істі жүйелейді.Жаман болса төреңіз ептей алмай, Ақ ісіңді қаралап күйелейді. Дұшпандарды әділ би дос қылады Жаман би дауыңа дау костырады. Бұл бір мақал киікті ата алмаған.Атамын деп киікті бостырады.Жақсы менен жаманның наркыбаска,Айта берсең бірталай сөз болады * Қараша үй екен деп, Көп ауыл дан қашпаңыз. Тамаша үй екен деп Бай отауына қадам баспаңыз. * Құм үстінде ине сабақтама, Түсіп кетсе табылмас. Қонған үйді бір күнде адақтама, Қоналқы ертеңге табылмас. * Берекесі кеткен ауылдың - Айтқаны өсек болар. Жатқаны төсек болар, Берекелі ауылдың - Айналдырғаны шаруа болар, Еккені тары, жегені жарма болар. ## Дереккөздер
Шоған Сүйерқұлұлы 1584-1642 жылдары өмір сүрген қазақтың атақты сәуегей абыз биі. Ол Ташкент-Шымкент аралығындағы елдер арасында туып, ержеткен. Шыққан тегі Ұлы жүздің Албан атасынан. Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы өзінің "Түп-тұқианнан өзіме шейін" дейтін 1993 жылы "Жалын" баспасынан жарық көрген шежіре-кітабында Шоған абызға тоқтала келіп, оның ата-тегін былай талдайды: "Шоған абыз - Бәйдібектің тоғызыншы ұрпағы. Албаннан - Жауғаш, одан - Шеру, одан - Текті, одан - Жақ, одан - Борай, одан - Елғұлы, одан - Шора, одан - Мұсақ, одан - Толлы, одан - Керде, одан - Қасқал, одан - Бұғы, одан - Жандар, одан - Алтый, одан - Сақи, одан - Қайлыбек, одан - Торымтай, одан - Абдол, одан - Ақсары, одан - Атанқұл, одан - Меркі, одан - Тоқымбек, одан - Тарап, одан - Кенжек, одан - Омарқұл, одан - Жарты, одан - Ерімқұл, одан - Көпсадық, одан - Ақбота, одан - Дархан, одан - Сүнші, одан - Ержен, одан - Көген; одан - Қарқуар (асқан шешен адам болғандықтан өз атын жұрт ұмытып, Қарқуар атап кеткен), Қарқуардан - Сары, Шыбыл екі ұл. Қазіргі біз білетін Албан - осы Сары мен Шыбылдың тұқымы. Сарыдан - Сүйерқұл, Сүйменді. Шыбылдан - Ботай, Өтей, Көкей. Ал, Сүйерқұлдан - Шоған абыз" (312-бет). Сүйерқұлдан туған төртеуге (Досалы, Шоған, Қожмамбет, Жарты) олардан өрбіген төрт ұрпақты (Сырымбет, Шағыр, Алман, Ханкелді) косып, бәрін "Сегіз сары әулеті" деп айтайды ел. Қазақ совет энциклопедиясында (12-т) Шоғаннан Тұрымжан, Дәулен, Алжан, Шажа руларын таратады. Кейде Алжанды - Мәмбет, Шажаны - Үмбет деп те атайды. Бұл аталардан шыкқан Алман, Шағыр, Сырымбет, оның ұрпақтары Ханкелді, Түке ұлы Райымбек, Рыскелді, Төлес ұлы Байсейіт, Тәуке батырлар да, Жұман, Қожағұл тәрізді әділ билер де, бәрі де ішкі-сыртқы шапқыншы жауларға қарсы күресіп, өзінің ерлігімен даңқы жайылған ел қамқорлары еді. Шоған он төрт жасынан ел басқару ісіне араласып, билік айта бастайды. Ол көбінесе өзінің туып-өскен ортасы Ташкенттің Шыршық жағы мен Шымкенттің бұрынғы Қаратас, Тұрбат, Қазығұрт баурайындағы ауыл-кыстақ, қалаларда тұратын халықтар арасында жиі болып билік айтқан. Ұлттар, рулар арасын достық ынтымағын сақтауға, елдің тыныштық, бірлігін нығайтуға көп күш жұмсайды. Албанның Сары атасынан тарайтын Сүймендінің Айт, Бозым дейтін екі баласы керуен тартқандарға ілесіп, Бұхараға сапар шегеді. Олардың сапар шегу себебі: саудегерге ұзатылған Қарашаш деген өпкесін Бұхарға апарып салу еді. Бұхарға барады. Жезделері өте бай тұратын алты ағайынды өсіп-өнген жандар екен. Бәрі Айт пен Бозымның насаты тұлғасына, жұмысты жапырып істейтін еңбек сүйгіштігіне қызығып, екеуіне екі қыз косып үйлі-жайлы етіп, басын байлап қояды. Екеуі ел қатарлы әулі-жай тұрғызын, бау-бақша өсіреді, мал жинайды. Тіршіліктің қызығымен айлар, жылдар өтеді. Арттағы елі Айт пен Бозымның елге қайтуын қалайды. Екі адам жібереді. Оларға Айт пен Бозым ілеспей калады. Келесі жылы он адам жібереді, олар да босқа қайтып барады. Енді не істейміз деп тұрғанда, Шоған би "Мен барайын" деп бір өзі жолға шығады. Бұхарға жетеді. Ағайын-туыстарын көреді. Үш- төрт күннен кейін:- "Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болған артық". Қане, елге көшіңдер! - дейді. Айт пен Бозым оған көнейін десе, келіншектері көнбейді. Жездесі, оның сабаудай-сабаудай алты туыс жігіттері бәрі жабылып Шоғанды ортаға алып азғырады. Сонда Шоған би оларға былай депті:- Әркімнің туған жері өзіне Мысыр шаһары. Ерден кетсе де елден кетпек жоқ, дүниеде туысқан кымбат, туысқан намысын қуысқан кымбат! Елдің тұтастық бірлігі - жаныңнан, сағыныш қызуы - қаныңнан, жанымды да, қанымды да өзгенің өлең жеріне тастағым жоқ. Ерлігімді елдігіме тапсырдым, кеңдігімді ұлан далама тапсырдым. Екеуің де туысымсың. Жұмсам уысымсың. Туысқандық - туым, қазақ жүрген жерім - нуым. Көрген күн — түс өтеді де кетеді, басқа түскен іс, түбіңе сол жетеді. Мал-дүние іздеп арымызды сатпайық, ата-баба аруағын сақтайық! Елдің тұзын ақтайық! Көне, ағайын, ел табайық! Шоған би осылай термелей тебіренгенде Айт пен Бозым Шоған туысына жылап көрісіпті. Ертеңіне жеті нарға үй-мүлкін артып көшіпті.Шоған абыздың халыққа, адамға көрсеткен қамқорлығын ел жырдай кылып аңыз етеді. Бір жолы Шоған би шақырумен Әулие Ата жаққа барып, ел дауын шешіп тындырып, қасында екі жігіті бар, ауылға қайтып келе жатса, қара жолдың бойынан тоғыз-ондар шамасындағы тетелес екі балаға жолығады.- Кай ауылдансындар?- Сырымбет аулынан...- Кімнің балаларысыңдар?- Алжанның...- Аттарың кім болады?- Менің атым - Мәмбет, мынау інім - Үмбет.- Е, е онда өзіміздің балалар екенсіңдер ғой. Әке-шешелерің бар ма?- Жоқ, ата, екеуміз де жетімбіз. Мына ауылда бір байдың қозысын жайып жүр едік. Бай біздің ақымызды бермеді. Кисек киімге, ішсек ауқатқа жарымадық. Сонан соң бір түнде қашып шықтық. Ташкенттің бер жағында, Шыршық бойында жақын ағайындарымыз бар деп есітеміз. Соларға бара жатырмыз. Шоған екі баланың жақын туыстарының балалары екенін танып, екеуін екі жігітіне мінгестіріп, ауылына алып келеді. Жуындырып-киіндіріп бала етіп асырап алады. Өзі қайда барса, қасынан тастамай ертіп жүреді. Ел көрсетеді, жұрт танытады. Ақыл-кеңесін айтып, халықтың қалаулы жақсы азаматы болу жағына көп көңіл бөледі. Үйлендіріп, отау тігіп, енші бөліп береді. Шоған бидің осындай аталық қамқорлығының арқасында Мәмбет пен Үмбет сол кездің айтулы азаматы, ел қамқоры болыпты деседі ел.Шоған бидің көрегендік, аталық, абыздық, көріпкел әулиелік қасиеті де болған деседі халық. Бидің осы абыздық қасиетін жазушы Төлен Қаупынбаев "Өркен" газетінде (қазан, 1991) жан-жақты баян ете келіп, оның ұрпақтары жөнінде былай жазады:"Шоған абыздың біліктілігін әспеттеген әңгімелерде "Оның киесі, қызыры бар еді" деген сөз де айтылады. Шаршы топқа есе жібермей, ұтқыр сөйлейтін адамға назар салатын абыздың қызыр ұрпақтары өніп-өсіп, жұрттың қамы үшін күресетін ұрпағы Мәмбет балаларына қонғанға ұқсайды. "Батамен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді" дегендей, Шоған абыздың ықыласы, нұры түскен болар, 1855 жылы оның Алжан ұрпақтары (Мәмбет ұрпағы) саны бір мың екі жүз түтінге жеткен. "Шоған абыздың ықыласы нұры түскен" деген тіркесті біз текке қолданып отырған жоқпыз. Өйткені, Абыз алып, жақсылардың жолымен тәрбиеленген Мәмбет баласының ұрпақтары ел басына күн туғанда туған жерін корғап, жаудың қабырғасын қақырата сөкті, дұшпанға кезек бермей жер жастандырады. "Райымбек!" деп ұрандап ата жауға қарсы шапқан халық үнінде тегеуірінді күш, мол парасат болса, онда бүгінде елі-жұрты құрметпен айтатын Шоған абыздың да біліктілігі мен көргенділігі көрініс тауып, атойлағаны анық.Туған елінің ынтымақ-бірлігін сақтап, қалың қауымнын тыныштығын бұзбай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға үндеп, соның жүгін қайыспай, көтере алған азаматтарын мадақтап, жырға айналдыру да біздің қашаннан бері келе жатқан халықтық дәстүріміз.Ханкелді мен Райымбек батырлардың бабасы атанған Шоған абызға арнап Бөлтірік Атыхан ұлы, Әжібек, Қабан, Асан Барманбекұлы, Қойдым тәрізді ақындар өлеңдер шығарған.Ал әйгілі ақын Көдек Байшыған болса, Шоған абыз ұрпақтарын ұдайы игі жақсылардың көш бастаушылары деп біледі.Осы Көдек 1912 жылдары болыс сайлауында абызды дәріптеп былай деп жыр төгеді: Қызыл, Қоңыр тұқымы,Бұған да қызыр дарыған.Сүйерқұлдың баласы,Төртеу туған парымен:Досалы, Шоған, Қожбанбет.Жарты екен, - арғы баба Сарыдан.Енді бері тартайын,Досалы, Шоған жағынан.Шоған абыз ағасы,Ақылға терең қазына.Біреуге малай жүргенде,Мәмбетті барып таныған.Айтыста жеңіп әкеткен.Арқасының қолынан.Үй тігіп, қатын әперген,Енші беріп малынан.Төрт шам, сегіз Сарының,Бізге жақын табынан... Міне, Көдек ақынның шаршы топтың алдында суырып салып айтқан екпінді жырында да Шоған абыздың ел тарихында айырықша орын алатындығы, қауым ыкылас білдірген қасиеттері тілге тиек болған. Халқымыздың елдік ғұмырнамасында елеулі орында түрған Ханкелді, Райымбек батырлардың арғы бабасы Мәмбетке қолдау көрсетіп, нұрын түсірген абыз өмірі орынды дөріптеледі... ## Дереккөздер
Есенкелді Құдайназарұлы (Есенгелді би Құдайназар баласы, 18 ғасырда өмір сүрген) – Жоңғар шапқыншылығы кезінде ғұмыр кешкен қазақтың белді билерінің бірі, атақты батыр. Әкесі Құдайназар батыр, анасы Қызай ана.Алты алаштың арысы Абылай ханның бас серігі болған атақты кісі.Шыққан тегі Орта жүз құрамындағы Найман тайпасының Матай руының Қызай тармағынан. ## Өмірбаян Жастайынан жетім қалған Есенкелді зерек, батыр шешен болып өседі. Әкесі Құдайназар батыр мен жалғыз әпкесі жоңғар-қазақ соғысында қаза табады. Ол жас кезінде нағашысы Қайып бидің жанында жүріп үлгі-өнегесін алып ер жетеді. ## Шежіреден Қазақ шежіресінде Есенкелді бидің арғы тегі Найман тайпасының Матайынан Аталық, Қаптағай, Кенже тарайды. Аталықтан Құттыболат, Сүттіболат, Тәттіболат деген Үшболат ұрпағы шығады,Қызай елі атанған. ## Ата-тектің болмысы Есенкелді батырдың інісі Сұлтанкелді, ағасы Жолымбет деген кісілер болған.Есенкелді батыр Қабанбай батырдың серігі, досы болған. Абылайхан заманында өмір сүрген Есенкелді би Абылайханның кеңесшісі лауазымын да атқарған. ## Бозінгеннің өлуі Есенкелдінің 14-15 жасар кезі екен. Нағашысы Қайып бидің қасына еріп жүргенде сол Сарыүйсін жұртын бір төре билепті. Бірде төренің қасиетті бозінгені жоғалып кетеді. Күндіз күлкісінен, түнде ұйқысынан айрылады. Ақырында ол жұртқа жар салып: - Кімде-кім менің бозінгенімді іздеп тауып әкелсе, ат басындай алтын беремін, егер өлді деген хабар әкелсе, оның құлағына ерітіп қорғасын құямын, - дейді. Жұрт бозінгенді әрі іздейді, бері іздейді. Ақыры жануардың үстінен шығады. Бошалап кеткен інген бір шұқырлау жерге жатып аунаған екен де, сол жерде үйелеп тұра алмай өліп қалыпты. Түйенің өлгенін төреге қалай да хабарлау керек? Ел осының есебін таба алмай, құлағымызға қорғасын құяды-ау деп қысылады. Сөйтіп тұрғанда Есенкелді бала: - Бозінгеннің өлгенін мен хабарлаймын, - дейді. Жұрт дабырласып, "Сорлы баланың ажалына көрінген шығар" деп қамығады. Жиеніне сенген Қайып би баланың бетінен қақпайды. Есенкелді бала төренің алдына келіп, бозінген жайынан хабар айтатынын білдереді. Төре: "құлағым сенде!" дейді. Сонда бала: Бозінген бошалап кеткен екен,Ойпаң жерге шөккен екен.Көлбей түсіп жатқан екен,Жатқан жерде қатқан екен, - дейді. - Онда өлді десеңші, - дейді төре. Сонда бала:- Қайдам, ондай сөзді бірінші рет өз аузыңыздан естіп тұрсын, - депті. Төре өз сөзінен өзі ұсталып, бала жазадан құтылып кегіпті... ## Ауа райын болжамшы Есенкелді биді қартайғанда ауылдастары "есепші ата" деп атайды екен. Олай атайтын себебі: би ауа райын күні бұрын болжап айта беретін бoпты. Айтқаны дәл шығып, жаңбыр жауады деген күні жаңбыр, қар жауады деген күні қар жауады екен. Сондай болжамдарының бірқатары мынандай: Үркер үйден көрінсе,Үш ай тоқсан қысың бар.Үркер іңірде жамбасқа келсе,Жаз шықпағанда несі бар? Жеті қарақшыны аңғарсаң,Жеті қараңғы түнде адаспайсын. Сәуір болмай жауын болмас,Жауын болмай сауын болмас. Тышқан көп жылы –Тоқшылық болар.Қоян көп жылы -Жоқшылық болар... "Жолаушы неше түрлі болады?" дегенге Есенкелді бй мынаны айтады екен: - Аттылы жолаушы - алғыр жолаушы: барам деген жеріне барады, алам деген жерінен алады.- Түйелі жолаушы - киелі жолаушы: желіп жүріп жер көреді, келіп жүріп ел көреді. Бұған қоса - жағаласқанды жағасынан алдырмайды; жүгіңді жолда қалдырмайды.- Өгізді жолаушы - өлі жолаушы: не атқа жете алмайды, не есектен озып кете алмайды.- Есекті жолаушы - есепті жолаушы.- Жаяу жолаушы - көңілі қаяу жолаушы... - дер екен. ### Саудагер арын сатады Есенкелді би алыпсатар саудагерлерді үнемі өткір тілімен, тақпақ сөзімен шенеп отырған. Бір жолы базарды аралап келе жатса, алдынан өзіне таныс саудагер шығыпты да: "Биеке, арзан сатамын, алып калыңыз" деп бір күрең атты көлденең тарта беріпті. Қараса, әлгі күрең Қайып би ауылының бестісі болып шығады. Сонда Есенкелді оған көптің көзінше: - Саудагерде иман жоқ,Арын сатады.Өтірікшіде иман жоқ,Жанын сатады - деп мақалдапты да, жүріп кетіпті. ## Дереккөздер
Байсерке Құлышұлы (1841, Шу өзенінің бойы — 1906, сонда) — күйші, домбырашы, Жетісу күй мектебінің негізін салушылардың бірі. Байсеркенің әкесі Құлыш он саусағынан өнері төгілген ісмер, халық музыкасының парқын білетін сергек жан болған. Байсерке домбыраны бала кезінен меңгеріп, Жетісу алабы мен көрші қырғыз елінің күйлерін 16-17 жасында-ақ игерген, алқалы басқосуларда дәулескер күйшілермен күй тартысына түсіп, алыс-жақынға таныла бастаған. Дулат тайпасының Жаныс руынан. Байсеркенің домбырашы-күйшіліктің алуан сырына қанықтырған ұстаздары — Есім, үржарлық Сарша дейтін домбырашылар. Байсерке домбырамен бірге мандолина, балалайка сияқты аспаптарды да еркін меңгеріп, өнерін кемелдендіре түседі. Бұрыннан белгілі күйлерді тартуды місе тұтпай, өзі куә болған өмір құбылыстарының әсерлі сәттерін күй тіліне түсіруге машықтанады. Алғашқы “Ат ойыны”, “Жекпе-жек” күйлері өзінің ойнақы ырғағымен жастарды еліктіре баурап, ел ішіне тез тарап үлгереді. Байсерке күйлері өмір шындығына негізделген. Оның “Келіншек”, баласы дүние салғанда егіліп отырып тартқан “Солқылдақ”, қазақ даласындағы жұтқа (1890) арналған “Төрт қарға”, Ресей отаршылдығының кеудемсоқ өктемдігіне наразылығын білдірген “Ұран күй” сияқты туындылары өзі ғұмыр кешкен ортасы мен заманының шежіре сырындай. Байсеркенің Жетісу өңіріне кеңінен мәлім болған “Қалипа — Қалыш” күйіне Далабек батырдың басынан өткен оқиға арқау болған. Күйлері ән әуендес саздылығымен, нақышты ырғағымен ерекшеленеді. Байсеркенің және оның дарынды шәкірттері Бердібек Мықтыбайұлы, Қожабек Жапбасов, Сатқанбай Өлмесұлының бойларындағы асыл өнерін Қатшыбай Таубаев (1880-1930), Темірбек Ахметов (1919-52), Нұрғиса Тілендиев (1924-98) сияқты біртуар күйші-домбырашылар кейінгі ұрпаққа жеткізген. Байсеркенің өмірі мен шығармашылығын алғаш зерттегендер: А. Жұбанов пен Б.Г. Ерзакович. Әдебиет және өнер институтының дыбыс жазба қорында “Байсеркенің 10 күйі” сақтаулы. Мұндағы күйлердің нотасын Б.Г. Ерзакович хатқа түсірген. З. Жанұзақованың құрастыруымен жарық көрген “Қазақ халқының аспаптық музыкасы ” (1964) деп аталатын кітапта Байсеркенің “Жекпе-жек”, “Қалипа — Қалыш”, “Қалипа”, “Қалыш”, Б. Мүптекеева мен С. Медеубекұлы шығарған “Жетісудың күйлері” (1998) атты кітапта “Жекпе-жек”, “Толқытатын күй” (“Толқытпа”) деп аталатын күйлердің нотасы жарық көрді. Байсеркенің күйлері “Отырар сазы” оркестрінің, жеке домбырашылардың репертуарына енген. ## Дереккөздер
Досбай Есалыұлы (1838, Бәйдібек ауданы Досан ауылы – 1916, сонда) – би, шешен. Ұлы жүз құрамындағы Ысты тайпасынан шыққан. 1873 жылы болыс болған, кейіннен ел-жұрты би етіп сайлаған. Ел арасындағы дау-жанжалдарды әділдікпен шешіп, халық құрметіне бөленген. 1901 жылы Меккеге қажылыққа барады. Қажылық сапардан оралғаннан кейін той жасап, бұл тойда Зұлпықар, Ергөбек, Алдаберген, Мейірбек ақындар айтысқан. Досбайдың нақыл сөздері ел арасында сақталған. Олардың ішінде ат бапкерлігі, сыншылдығына қатысты айтқандары да бар. ## Дереккөздер
Нұркен Нұрғалиұлы Әшіров (20 қаңтар, 1985 жыл, Пионер ауылы, Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы) — күйші, дирижер, көптеген ән-күй, оркестрге арналған шығармалардың авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тұңғыш Президент - Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік стипендия иегері, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры. ## Өмірбаяны 1997 жылы Алматы қаласындағы А.Жұбанов атындағы РҚМММИ-на қабылданып, ол жерді ұстаз Г.Ұлтарақова сыныбынан 2002 жылы үздік тәмәмдаған. Осы жылы Құрманғазы атындағы ҚҰК профессор А.Тоқтағанның сыныбына қабылданып, 2006 жылы үздік бітірген. 2011-2013 жылдары аталған оқу орнының магистратурасын «Опера-симфония дирижеры» мамандығы бойынша ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, доцент Н.Жарасов сыныбынан аяқтаған. ### Білімі * 1991 жылы Еңбек ауылындағы бастауыш мектептің бірінші сыныбына барған. * 1992-1997 жылдары Тараз қаласындағы А.Суханбаев атындағы №25 орта мектебінде оқыған. * 1997-2002 жылдары Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында домбыра сыныбында оқыған. * 2002-2012 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бакалавриаты мен магистратурасында оқыған. ### Қызмет жолы Еңбек жолын 2003 жылы Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» АФЭО әртісі қызметінен бастаған. 2004-2010 жылдары осы оркестрдің Бас концертмейстері және солисті қызметін атқарған. 2011 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисті қызметін атқарған. Сонымен қатар, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның Халық аспаптар бөлімінің ұстазы (2009-2012), меңгерушісі (2012-2018) қызметтерін атқарған. 2018-2019 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы ҚҰК Халық музыкасы факультетінің деканы қызметін атқарған. 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының директоры қызметін атқаруда. 2001 жылдан бері мемлекеттік деңгейде ұйымдастырылып келе жатқан барлық дерлік ресми шаралар мен концерттердің тұрақты қатысушысы. (Тәуелсіздігіміздің 10, 15, 20 жылдығына орай ұйымдастырлыған Гала-концерттер, ҚР Конституциясының 10 және 15 жылдығы, Астана күндері, ШЫҰ 10 жылдығы, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на (ОБСЕ) төрағалық етуге арналған салтанатты Гала-концерт (Вена, Астана), т.б. айтулы мерекелік салтанатты концерттердің барлығында жеке домбырамен өнер көрсеткен. Нұркен Нұрғалиұлы Қазақстанның шетелдегі мәдениет күндері аясында, сондай-ақ ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ресми іс-сапарлары барысына орай ұйымдастырылған Гала-концерттерде Карнегги-Холл (Нью-Йорк), Кеннеди центр (Вашингтон), Концертхаус, Хофбург император сарайы (Вена), Конгресс-Холл, Әлем мәдениеті үйі (Берлин), Сантори-Холл, Персимон-Холл (Токио), Опера-Хаус (Пекин) сияқты т.б. әлемнің көптеген атақты сахналарында жеке домбырамен қазақтың күй өнерін паш еткен дарабоз, саңлақ күйші. Ол АҚШ, Германия, Франция, Австрия, Швейцария, Словения, Жапония, Қытай, Түркия, Әзірбайжан, БАӘ, Сауд-Арабиясы, Йордания, Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Италия, Испания, Румыния елдерінде табыспен өнер көрсетіп, көрерменнің зор қошеметіне ие болған. Нұркен Нұрғалиұлы 2000 жылдан бері Астана, Алматы, Атырау, Тараз қалаларында бірнеше жеке шығармашылық концерттерін өткізген. 2014 жылы Вена қаласында жеке концертін өткізген. Сондай-ақ 2015 жылы Парижде, Венада және Словения астанасы Любляна қаласында өзі құрған «Талас» фольк-поп ансамблімен концерттерін өткізген. 2014 жылы Париж қаласында ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде өткен конференцияда «Әлемнің материалдық емес мәдени мұралары» тізіміне қазақтың күй мұрасын енгізуге атсалысты. Сонымен қатар Нұркен 30-ға жуық күйлердің, бірнеше аспаптық пьесалардың, күй-поэмалардың авторы. Оның оркестрге жазған «Кемел», «Жырқисса», «Балдырған», «Абылай», «Аңырақай шайқасы», «Шұғыла», т.б. туындылары тыңдарман қауымның зор қошеметіне бөленіп, мамандардың оң бағасына ие болуда. ## Марапаттары Ол көптеген конкурстар мен фестивальдердің лауреаты. Негізгілері: * І Халықаралық «Айналайын» фестивалі. Лауреат. Алматы қ. 1996 ж. * І Халықаралық «Құрманғазы және Ұлы дала музыкасы» фестивалі лауреаты. 1998 ж. * А.Жұбанов атындағы конкурс. І орын лауреаты. Алматы қ. 1999 ж. * ХХІ Колледждер мен арнайы музыка мектептері арасындағы Республикалық конкурс. Гран-При. Лауреат. Алматы қ.2000 ж. * Тәттімбет ат. І Республикалық конкурс. ІІІ орын. Лауреат. Қарағанды қ. 2001 ж. * ІV «Шабыт» Халықаралық фестивалі. ІІІ орын Лауреат. Астана қ. 2001 ж. * Қ. Жантілеуов ат. І Республикалық конкурсы. І орын. Лауреат. Орал қ. 2002 ж. * VІ «Шабыт» Халықаралық фестивалі. ІІ орын. Лауреат. Астана қ. 2003 ж. * Құрманғазы ат. VI Халықаралық конкурсы. І орын. Лауреат. Астана қ. 2006 ж. * Н. Тілендиев ат. «Кел, еркем, Алатауыңа» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалі. Гран-При. Лауреат. Тараз. 2009ж. * ҚР МСМ және БҒМ алғыс хаттары мен Астана (қазіргі Нұрсұлтан), Алматы, Атырау қалалары әкімдерінің, Нью-Йорк мэрі, Вена қалалық мәдениет магистраты, Сауд-Арабиясы Мәдениет министрінің Алғыс хаттарымен марапатталған. * ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен Нұркен Нұрғалиұлы төмендегідей марапаттарға ие болды: * ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері (2009, 2010, 2011, 2012, 2013 ж.ж.); * Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты (2012) * Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012 ж.) құрметті атағы. Елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқы бірлігін қамтамасыз етуге, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлінің артуына, Қазақстанның бейбітшілік пен келісім тәжірибесін шет елдерде таратуға және Қазақстан мен өзге мемлекеттер халықтары арасындағы достық қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Тараз қаласындағы өнер жұлдыздарына арналған Әуендер аллеясы 2019 жылы Нұркен Нұрғалиұлының есімімен толықты. ## Дереккөздер
Қазақтың би-шешендері тізімі. Төреқұлов Н., Қазбеков М., Қазақтың би-шешендері, Алматы, 1993. кітабынан алынған. 1 кітап(XIII-XVII), 2 кітап (XIII-XIX). * Майқы би (қазақтың тұңғыш биі, ақын); * Төле би Әлібекұлы (би, мемлекет қайраткері ; 1657-1756); * Қазыбек би Келдібекұлы (атақты би ; 1659-1765); * Әйтеке би Бәйбекұлы (1644-1700); * Есей би (1693-1740); * Досай би (1692-1790); * Шоған би (1584-1642); * Байжігіт би (1758-1845); * Есенкелді би; * Өтемісұлы, Жанкісі би (1740-1815); * Сырым Датұлы (қазақ батыры ; 1742-1802); * Саржан би (1827); * Бапан би (1760-1850); * Жанқұтты би (1810-1873); * Едіге би (1352-1419); * Әлменұлы, Бөлтірік шешен (1771-1853); * Табынбайұлы, Құрмысы би (1741); * Мәмбетұлы, Байзақ шешен (1789-1864); * Байшуақұлы, Сапақ шешен (1833-1913); * Бапанұлы, Саққұлақ би (1800); * Есет Көтібарұлы (батыр ; 1803-1888); * Жақайым, Жетес би (1828-1914); * Қорлыбай, Досбол; * Бекшеұлы, Байдалы би (1727); * Балғынбайұлы, Байкөкше шешен (1813-1892); * Кебекбай шешен (1821-1906); * Ноғайбай, (ақын); * Байсерке шешен (1841-1906); * Есалыұлы, Досбай би (1838); * Ержанұлы, Қылышбай би (1851-1926); * Төбетұлы, Шағырай шешен (1838-1921); * Жошыұлы Бигелді би (1860-1933); * Байғараұлы, Ақтайлақ би (би шешен, жырау, дипломат ; 1742-1838); * Айдаболұлы, Тайкелтір шешен; * Алшынбай би; * Қарабиұлы, Тоқсан би; * Жәдігерұлы, Асаубай шешен (1820); * Айтуғанұлы, Киікбай би; * Малтақан би; * Төребай би; * Өмірбай шешен; * Кішкейұлы, Итеш шешен (1825-1905); * Күшікұлы, Шорман би; * Торайғыр би (1761-1830); * Сары, шуаш (шешен); * Матақұлы, Кенже би (1828); * Қыпшақ, Алтыбай (ақын) ## Сілтемелер * http://webcache.googleusercontent.com/search?q=cache:qdIiTis_7-gJ:89.40.58.142/cgi-bin/irbis64r_14/cgiirbis_64.exe%3FLNG%3D%26P21DBN%3DKNKZ%26I21DBN%3DKNKZ_PRINT%26S21FMT%3Dinfow_wh_print%26C21COM%3DF%26Z21MFN%3D3528+&cd=3&hl=ru&ct=clnk&gl=kz&client=firefox-b-d * http://webcache.googleusercontent.com/search?q=cache:qdIiTis_7-gJ:89.40.58.142/cgi-bin/irbis64r_14/cgiirbis_64.exe%3FLNG%3D%26P21DBN%3DKNKZ%26I21DBN%3DKNKZ_PRINT%26S21FMT%3Dinfow_wh_print%26C21COM%3DF%26Z21MFN%3D3528+&cd=3&hl=ru&ct=clnk&gl=kz&client=firefox-b-d * http://89.40.58.142/cgi-bin/irbis64r_14/cgiirbis_64.exe?LNG=&Z21ID=&I21DBN=KNKZ&P21DBN=KNKZ&S21STN=1&S21REF=&S21FMT=fullwebr&C21COM=S&S21CNR=&S21P01=0&S21P02=1&S21P03=A=&S21STR=%D0%A2%D3%A9%D1%80%D0%B5%D2%9B%D2%B1%D0%BB%D0%BE%D0%B2,%20%D0%9D%D1%8B%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B1%D0%B5%D0%BA(қолжетпейтін сілтеме)
Суреті ## Өмірбаян Қойгелді Мыңтайұлы (1720-1795ж.ж) қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан азат етуде аянбай ерлік көрсеткен қас батыр. Қазақтың ұлан байтақ жерін, найзаның ұшымен, білектің күшімен қилы тарихи заманда елін жерін қорғаған батырлар баршамызға мәлім. Ең қатты зардап шеккен Жетісу аймағы еді. Жетісу жерін жоңғар басқыншыларынан азат етуде алдыңғы толқын батырлардың ерлік еңбектерін жалғастырған Албанның қайсар ұлдары Райымбек батыр бастаған, Сатай, Бөлек, Қыстық Малай, Есен, Байсейіт тағы басқада ержүрек батырларымен ерен ерлік көрсетіп иық тіресе күрескен Қызылбөрік Қойгелді батыр. Қойгелді Мыңтайұлы Албан, Қызылбөрік руы ішінде Хантотас тармағынан. Батырдың батыл әрі ер жүрек болып ержетуіне ағасы Қожагелдінің ықпалы зор болған. Қожагелді ел арасында болып жатқан дау дамайларды шешуде ақылымен, сабырлыққа шақырып, шешім беріп және қиын қыстау заманда ел жұртына қорған бола білген ел ағасы-би болған. Қойгелді Мыңтайұлының жоңғар шапқыншыларымен болған шайқаста ерекше ерлік көрсетіп, шайқасқа кіргенде қаруды екі қолмен, көз ілеспес жылдамдықпен жауға тойтарыс беруіне Райымбек батыр «Алыптың ақыры, батырдың соңы Қойгелді қас батыр» деп ризашылық білдірген екен. Қойгелді батыр жоңғарлармен болған шайқаста Түргенде билік жүргізіп отырған Қорын ханға қарсы және Аласа мен Бұғыты тауының ортасындағы Көкпек жазығындағы Ойрантөбеде Серке ханның жасақтарын талқандауда елі мен жері үшін шайқаста ерлік көрсеткен. Жоңғар басқыншыларымен шайқас кезінде Таушелекпен, Жалаңашты билеп тұрған Ағанас пен Арыс қалмақ хандарының Қарға, Төрге батырларына тойтарыс беруде ептілігімен, батылдығымен ерекшеленеді. Қойгелді батыр ерліктері жөнінде ел арасында «Жолбарыспен арпалысы», «Қалмақтарға елшілілікке баруы», «Түйе тобығын жұтуы», қырғыз манабы «Орманұлы Жантаймен достасуы» жайлы аңыз- әңгімелері ел ішінде көптеп тараған. Соның бір дәлелі «Жантай ханның Қойгелдіұлы Жантайға өз атын беріп, бүгінгі таңда Көлсай өңірінде «Жантай ашасы» және ұрпақтары «Сарыбағыс», «Шоңбағыс», «Байбағыс», «Батан қыстауы » деген атпен «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің картасына енуі. Қойгелді батыр қартайған шағында Бартоғайда (Жезікеде) қайтыс болып, денесі сол жерге жерленген. Ұрпақтары басына қорған тас үйіп тағзым етіп, құран бағыштап отырған. «Бартоғай» су қоймасының құрылысын 1974 жылы жасау мақсатында, ескі қорымдарды көшіру кезінде алып денелі руы Қызылбөрік Қойгелді батыр сүйегін өзге зираттардан бөлек жерлеп, құран бағыштап, батырлығына тағзым еткен көнекөз Қыстық руының қариялары екен. Бабамыздың батырлығын, береке, бірлікке шақырған ақыл, кеңестерін кейінгі ұрпаққа мәңгілік мұра етіп қалдыру мақсатында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бартоғайда Қызылбөрік батыры Мыңтайұлы Қойгелдіге Хан Тотас ұрпақтары қорымды қоршап, ескерткіш тас орнатып, Көкпек елді мекенінде батыр аруағына арнап ас берілді. ## Дереккөздер 1. Қызылбөріктер. Құрастырушы: Қалиұлы Б. – Алматы. “Зерде”, 2004 ISBN 9965-478-27-0 2. Албан ата шежіресі. Құрастырушы: Алмасбеков Т. – Алматы. “Полиграфкомбинат”, 2011 ISBN 978-601-06-1490-1 3. Батанов Мұхаметқали - Қойгелді батыр шөпшегі
Алшынбай Тіленшіұлы (1783- ө. ж. б.) - би. ## Өмірбаяны Айбике, Шаншар елінің басты адамы. 1826–1846 жылдары Айбике-шаншар болысын басқарған. Арғын ішінде - Қаракесек. Қаз дауысты Қазыбектің шөбересі. Алшынбайдан: Қақабай, Бану, Бәпи, Шәпи, Қосық, Жанығұл, Жүсіп тарайды. Абайдың бәйбішесі Ділдә - Жүсіптің қызы. Патша үкіметінен старшина, поручик шендерін алған. Санкт-Петербургтегі патша сарайында болып, Анна лентасына тағылған алтын медальмен марапатталған. Сұлтан Кенесары Қасымовтың көтерілісі кезінде елін тыныш ұстап, патша үкіметіне көмектескені үшін Анна лентасына жазылған күміс медаль алады. Ел аузында Абайдың Ділдәні алған соң, Алшынбайға сәлем бере барып, Шұбар айғырдың үйірін сұрағанда, мұны бере алмай, «батамды алсын» деген ұлы атасына «Ондай батасын сатқан шал өзімде де бар» деген өкпелі сөзі қалған. ## Дереккөздер
Асаубай Жәдігерұлы, Қанжығалы Асаубай (туған-өлген жылы белгісіз) — белгілі шешен, би. Арғын тайпасының Қанжығалы руынан шыққан. Арқадағы Қорқылдақ көлінің төңірегін қоныс еткен. Ш.Уәлихановтың әкесі Шыңғыс төренің замандасы. Асаубай қара қылды қақ жарған әділ де сыншыл ақын болған. Табан астында шығарып айтқан өлеңдері Махамбет, Ақтамберді сияқты өр мінезді, орақ тілді ақындар шығармаларымен сарындас. Оның Шыңғыс төреге, Абылай тұқымынан шыққан Ахмет биге, керей Бекентай байға, Жарқын биге, қарабалық Күлік байға, Омар төреге т.б. айтқан сөздері ұшқырлығымен, жігерлілігімен ерекшеленеді. Ақын қашан да тұрмысы нашар әлеум. топтың сөзін сөйлеп, жоғын жоқтаған. Асаубай жырлары, суырып салма сөздері республикалық баспасөздерде, “Қазақтың би-шешендері” (1993) жинағында жарияланған. ## Дереккөздер
Малтақан (1819, қазіргі Батыс Қазақстан облысыБөкей Ордасы ауданы Жетібай ауылы — 1892, сонда) — би, шешен. Байұлы тайпасы Шеркеш руынан шыққан. 17 жасында Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысқан. Малтақан шешендігімен, табанда жауап айтқыштығымен бүкіл Бөкей өңіріне әйгілі би болған. ## Дереккөздер
Тайкелтір Айдаболұлы (туған-өлген жылы белгісіз) – би, шешен, ақын. 18 ғасырда Баянауыл өңірінде өмір сүрген. Әкесі Айдабол биге еріп жер аралап, ел көрген. Бала кезінде үйсін Төле биден бата алған. Әділдігімен, тапқырлығымен, елдің құнын екі ауыз сөзбен қайыратын шешендігімен аты аңызға айналған. Арғын – Сүйіндіктің бас биі болып тұрған кезінде ел тыныштығы мен ынтымағын сақтау саясатын жүргізген. Тайкелтір есімімен байланысты “ Төле бидің сынынан өтуі”, “Қыз – жігіт дауы”, “Бота дауы”, “Тайкелтірдің қаракесек Алшынбай биді жұбатуы”, “Тайкелтірдің төреге көңіл айтуы” сынды шешендік сөз өнерінің қасиетін ашатын тарихи-тағылымды әңгімелері, Тайкелтір би айтыпты деген адамгершілік пен парасаттылықты уағыздайтын ұлағатты сөздер ел аузында сақталған. ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
Бигелді Жошыұлы (1860, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Желтораңғы ауылы — 1933, сонда) — би, шешен, сынықшы. Батырлар әулетінен шыққан. Ысты руынан шыққан. Күрті, Балқаш, Бақанас, Топар, Іле өңірін жайлаған елдің әйгілі көшбасшысы. Қара қылды қақ жарған би, ақындар айтыстарының жеңімпазы, емші-сынықшы (“Біреуде ақың кетсе Бигелдіге бар, бір жерің сынса Бигелдіге бар” деген сөз қалған), мерген аңшы ретінде Жетісуда есімі құрметтелген. Бигелді би “Атаңды ұятқа қалдырма” деген ұлағатты қатаң қолданған. Бидің шешендік сөздері, мақал-нақылдары, өлең термелері ел аузында сақталған. Бигелдінің жақсы қасиеттері мен өнері баласы — Қазақстанның халық ақыны Балтағұл Бигелдиевның (1891 — 1981) бойынан жалғасын тапты. ## Бигелді Жошыұлы туралы әңгіме Сонымен Бигелді Жошыұлы ширек ғасырдай Күрті, Балқаш, Бақанас, Топар, іле өңіріне билік құрған айтулы шешен би боп өткен. 1933 жылы 73 жасында дүниеден қайткан. Бүгінде Бигелді биден қалған шешендік билік сөздер, мақал, нақылдар, өлең-термелер, аңыз-әңгімелер сол Бигелді билік еткен ауыл, аудандардан көп кездеседі. 1965-68 жылдары сол аудандарда фольклорлық экспедидияда Жүргенде ел аузынан (әсіресе, Балтағұл Бигелдиевтің өзінен) жазып алған Бигелді бидің шешендік сөздері мен мақал, қанатты нақыл, термелері мына темендегідей: Арзымасқа алдырма,Аяғыңды шалдырма.Арзымасқа алдырып,Аяғыңнан шалдырып,Атаңды ұятқа қалдырма. Тектіменен дос болсаң,Қадіріңді біледі.Тексізбенен дос болсаң,Өзіңді сыртқа тебеді. Әйеліңмен дос болсаң,Отаныңа береке кіреді.Білімдімен дос болсаң,Сасқанда ақыл береді. Әркімнің өз сүйгені бар,Ер жігіт елін сүйеді.Диқан жерін сүйеді,Малшы төлін сүйеді,Бақа көлін сүйеді,Бұлдырық шөлін сүйеді. Өз ауылыңның -Қыздары айдай көрінер,Ұлдары дардай көрінер,Құлыны тайдай көрінер,Тайлағы нардай көрінер,Торғайы тұрымтайдай көрінер, Үш ағайынды жігіттің.Отар-отар малы бар.Екі ағайынды жігіттің,Кере қарыс жалы бар.Жалғыз басты жігіттің,Шығар-шықпас жаны бар. Қайсар жігіт болғаның,Қолбасшыңның арқасы.Жайсаң жігіт болғаның,Жолдасыңның арқасы. ## Дереккөздер
Қылышбай Ержанұлы (1851, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Фурманов ауылы – 1926) — би, шешен. Жеті жасынан жетім қалып, Оңғарбай деген жақын туысының қолында өседі. Мал бағып жүріп, бір жағынан ескіше сауат ашады. Оңғарбай оны Бұхардағы медресеге береді. Медреседе зерек шәкірт Шығыстың классикалық поэзиясынан сусындайды. Ауылға келген соң ауыл балаларын оқытады. Оларға Шығыс әдебиеті мен қазақтың халық жырларын таныстырады. Өнер-білімге, сөз өнеріне баулиды. Қылышбай жас кезінің өзінен-ақ бұрынғы шешен, билер айтқан сөздерді ел арасында тарататын болған. Жиын, тойларда дау көтерілген кездерде өзі де суырылып шығып, кесімді билік айтуға араласып кетеді. Оның шешендігін, әділ сөйлейтін қасиетін таныған ел көбінесе өздері барып жүгініп отырған. Сөйтіп, Қылышбай шешен келе-келе "өзіміздің Қылышбай, айтқан сөзі қылыштай" деп аталып кеткен. ## Қылышбай Ержанұлы туралы әңгімелер ### Қылышбай Ержанұлы туралы әңгіме Қылышбай өлең-жырды жазып та, төтеннен суырып та айта беретін шебер ақын болған. Ол Қаратау өңірінде Шу, Талас бойындағы көптеген ақындармен айтысқа да түскен. Кезінде Қылышбайдың ақындығы мен шешендігін Жамбыл да: "Қылыш- байдан таралып, сөз нұсқасы келінген, дос-жаранға, кемтарға қайырлы болсын делінген" деп жоғары бағалаған. Қылышбай Ержанұлы Шу, Мойынқұм өңіріне емес, бүкіл Әулиеата, Жетісуға аты шыққан ақын. Бір айтар әділдігі үшін ел оны тура би деп те сыйлаған. Бір жиында ол: Адам бір көшкен керуен,Құрармыз аз күн серуен.Қеруендей көш тартып,Асармыз бір күн белінен.Адал жүріп тірлікте,Айырылмайық сенімнен.Кірсе лебіз, шықса жоқ,Қауіп етіңдер өлімнен.Қол қайырың болмаса,Не әкетесің өмірден,Өлмей тұрып, киіп-іш,Мініп жорға, сұлу құш.Ғаріптерге қарайлас,Өлгеннен кейін не керек,Алтын мен күміс зеріңнен.Не жандар өткен байлықпен,Өтірік сөз бен зорлықпен,Жаһанаға малы сыя алмай,Кемтарларға кия алмай,Тұтыларсың бір күні,Малтыққан қарға қояндай.Иманың ата болмайды,Қанаудан ниет тазармай,Өлімге көзің жетсе де,Жақсылыққа бой ұрмай,Ақыры бір күн өтерсің,Үзіліп сонда кетерсің.Ішпей-жемей жиғаның,Артында қалар бір күні,Сол кезде, сорлы-ау, қайтесің? - Адам бір көшкен керуен,Құрармыз аз күн серуен.Қеруендей көш тартып,Асармыз бір күн белінен.Адал жүріп тірлікте,Айырылмайық сенімнен.Кірсе лебіз, шықса жоқ,Қауіп етіңдер өлімнен.Қол қайырың болмаса,Не әкетесің өмірден,Өлмей тұрып, киіп-іш,Мініп жорға, сұлу құш.Ғаріптерге қарайлас,Өлгеннен кейін не керек,Алтын мен күміс зеріңнен.Не жандар өткен байлықпен,Өтірік сөз бен зорлықпен,Жаһанаға малы сыя алмай,Кемтарларға кия алмай,Тұтыларсың бір күні,Малтыққан қарға қояндай.Иманың ата болмайды,Қанаудан ниет тазармай,Өлімге көзің жетсе де,Жақсылыққа бой ұрмай,Ақыры бір күн өтерсің,Үзіліп сонда кетерсің.Ішпей-жемей жиғаның,Артында қалар бір күні,Сол кезде, сорлы-ау, қайтесің? - деп бір замандасына сыр айтыпты. ### Қылышбай Ержанұлы туралы әңгіме Қылышбай жігіт кезінде бір ауылға келіп, қонайын десе, танитын ешкімді таба алмайды. Содан кейін үлкендеу бір үйге кіріп, сәлемдесіп, есік жаққа отыра кетіпті. Үй иесі жактырмай: "Иә, бала, қайдан келесің?" - деп жөн сұрапты. Сонда Қылышбай: - Шу бойынан келе жатыр едім, ешкімді танымаған соң, сіздің үйге қонайын деп келдім, ата, - депті. Үй иесі баска қонақтарды нұсқап: - "Қонақ үстіне қонақ келсе, қотыр болады" деген, өлніеп істелген ас қой, - дейді. Сонда Қылышбай: - Ата, ешкімді танымаушы едім, көже-мөже болса да сіздікінде болайын, - дейді.- Көже-мөже дегенің не, шырағым?- Тарыдан түйісі болса, сары майдан иісі болса, сүтке салып баптаса, қантпенен қаптаса, оны біздің ел көже дейді, - депті Қылышбай. Баланың сөзіне жығылған бай: - Қарағым, жоғары шығып отыршы! - деген екен. ### Қылышбай Ержанұлы туралы әңгіме Бір күні Қылышбай қоналқаға Көлбай деген сараң байдың үйіне кеп түседі. Беймезгіл қонақтың келуін жаратпаған Көлбай оған ас аспай, шай ғана береді. Шәй ішіп болған соң, жатар алдында Көлбай Қылышбайға "қонақ кәде" істе дейді, Қылышбай: - Ол қалай болушы еді? - дейді.- Бір ауыз өлең шығарсаң, қонақ кәдең сол болады, - депті бай, осыдан не шығар дейсің дегендей. Сол жерде Қылышбай: - Сөйлейін, сөйле десе Көл ағасы,Бермейсің қонақ келсе қонақасы."Көлбай" деп қайран атты кім қойды екен,Көл түгіл шұқанақтың садағасы, - - Сөйлейін, сөйле десе Көл ағасы,Бермейсің қонақ келсе қонақасы."Көлбай" деп қайран атты кім қойды екен,Көл түгіл шұқанақтың садағасы, - деп табан астында төгіп жіберіпті. Қонағының сөзінен шошынған Көлбай: - Әй, бәйбіше, мына өлең елге жайылып, жұрт бізді мазақ етер! Тезірек Қазан ас! - депті. ### Қылышбай Ержанұлы туралы әңгіме Бір күні Қылышбайдың қызы сүйгенімен қашып кетеді. Осыны естіген Әтей Қылышбайға былай дейді: - Қылышбай, қызың қаштыКызыл желде,Ақыр соғып қалдың ғой қара жерді.Шыт көйлек те кимеген екі жеңге,Түседі ұялғаннан қара төрге.Сонда Қылышбай қысылмастан:- Біздің қыз қашып кетті күтін демей,Бірсыпыра киімін бүтіндемейБайғұс балам асығып ұшып кетті,Кешегі Айша кұсап сүтін бермей - Қылышбай, қызың қаштыКызыл желде,Ақыр соғып қалдың ғой қара жерді.Шыт көйлек те кимеген екі жеңге,Түседі ұялғаннан қара төрге.Сонда Қылышбай қысылмастан:- Біздің қыз қашып кетті күтін демей,Бірсыпыра киімін бүтіндемейБайғұс балам асығып ұшып кетті,Кешегі Айша кұсап сүтін бермей Кызыл желде, - деп жауап береді. Сөйтсе Әтей ауылында күйеуге шықпай жүкті болып қалған Айша атты қыз бар екен. ### Қылышбай Ержанұлы туралы әңгіме Қылышбай шешен Бестерек руынан датқа болған Райымбектің үйінде отырады. Ол атағы елге кең жайылған ақын, әрі тапқыр шешен жас Жігітектің осында келе жатканын естиді. Ал Қылышбай болса, Жігітекпен бір кездессем деп жүреді. Райымбек датқамен рулас екен. Сол ойының реті келген Қылышбай үйге кіре берген Жігітектің сәлемін алмастан, одан бұрын сынайын деген оймен былай дейді: - Райымбек Бестеректе ұлық датқа,Қосылар үштің бірі салтанатқа.Осы жерін Бестеректің біз сұрайық,Қай жерден қосылады төрт Дулатқа?Ол осылай дей бергенде Жігітекақын іліп әкетеді:Құдайдың құлы, Мүхамбеттің,үмбетіміз,Тарапты Бекболаттан есебіміз.Ботбайдың Қораласы дегендей-ак,Қалмайды ноғай деген өсегіміз, - - Райымбек Бестеректе ұлық датқа,Қосылар үштің бірі салтанатқа.Осы жерін Бестеректің біз сұрайық,Қай жерден қосылады төрт Дулатқа?Ол осылай дей бергенде Жігітекақын іліп әкетеді:Құдайдың құлы, Мүхамбеттің,үмбетіміз,Тарапты Бекболаттан есебіміз.Ботбайдың Қораласы дегендей-ак,Қалмайды ноғай деген өсегіміз, - ақын іліп әкетеді: үмбетіміз, деп Қылышбай өзінің де аталары жөніндегі әзіл-қалжыңды алдына тартқан екен. ## Дереккөздер
Торайғыр Едігеұлы (1772–1825) – қазақтың атақты би, шешені. Шыққан тегі Арғын тайпасы Сүйіндік бөлімінің Айдабол руы. Павлодар облысы, Баянауыл өңірінде туып өскен. Әкесі Едіге Төлебайұлы Тәуке хан тұсында би болған. Торайғыр орысқа бағынудан бас тартты. Орта жүзде Ғұбайдолла Уәлиұлының хандық билігін орнықтыруға әрекет жасады. Орыс отаршылығына қарсы ақыл-парасатымен, айбынды сөзімен күрескен Торайғыр Ресей құжаттарында империяға қарулы қарсылық жасаған Саржан Қасымұлымен теңестірілген (1825). Торайғырдың адамның қоғамдағы орны туралы түсінігі мен нақылдарына, жақсы мен жаманды безбендеген көркем әрі бейнелі сөздеріне дала даналығы, халық философиясы тән. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы замана қайшылықтарын терең таныған Торайғыр бидің нақыл сөздерін (“Аспан, жер және адам жаратылысы туралы”) өзінің тіршіліктің бастау сөздері жөніндегі ой-пікірлеріне дәлел ретінде пайдаланған. Баянауыл өңірінде “Торайғыр көлі”, “Торайғыр ауылы” атты жер-су аттары бар. ## Торайғыр би сөздері Бақытты адам қаласа, Бар үстінде от жанар. Бақытсыз адам қаласа, Құрғақ үйден су тамар. Жақсы туған баланың, Атасы жаман болса да, Төрде отырып сын табар. Жаман туған баланың, Атасы жақсы болса да, Түйе үстінен ит қабар. ## Дереккөздер
Кенже Матақұлы (17 ғасыр, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Темірші ауылы – өлген жылы белгісіз) — би. Орта жүз құрамындағы Найман тайпасы Матай руынан Ол кейін Бір аталық болып кеткен. Әкесі Матақ жоңғар шапқыншылығы кезінде ел қорғауға қатысқан. Кенже де әке жолын қуып, жас кезінде мергендікпен, батырлықпен көзге түскен. Орта жастан асқан соң шешендік өнерге бейімделіп, билік құра бастайды. Шешендік тапқырлығы, әділ билігі арқасында ел құрметіне ие болады. Халық арасында “Кенженің беделі әрдайым үстем, ешкім оның айтқанын екі етпейді” деген сөз сақталған. ## Дереккөздер:
Өмірбай Жүздібайұлы (1786, қазіргі Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Ақшығанақ елді мекені – 1866, Қарақұмдағы Жырық елді мекені) – би әрі шешен. Кіші жүздің Құрақ Тама руынан шыққан. Ел билігіне ерте араласқан. Байқадам батырды өткір сөзімен Кенесарының жазасынан құтқарып алған. Ел аузында Өмірбай айтты деген ұтымды да ойнақты сөздер, түрлі әңгімелер мол сақталған. Жалағаш кенті орталығында бір көше берілген. ## Дереккөздер
Қалқұтан – Есіл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақмола облысы Шортанды, Ақкөл, Бұланды, Сандықтау және Астрахань аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 223 км, су жиналатын алабы 17,4 мың км2. ## Бастауы Бастауын Ақкөл ауданындағы Новорыбинка ауылының жанындағы көлден алып, Қалқұтан ауылынан төменде Есіл өзеніне оң жағынан құяды. Басты салалары: Тентек, Дамса, Талдысай, Талқара, Ащысай, Боқсық, Аршалы, т.б. ## Өсімдігі Өзеннің сол жағалаулық алабы сәл белесті көлдік-аллювийлі жазық, оң жағалауының жер бедері сай, жыралармен тілімденген. Су жиналатын алабы карбонатты қара топырақ және сор жері сортаңдау қара топырақты. Онда далаға тән өсімдіктер өседі. Өзен жайылмасында бұта аралас әр түрлі шалғын шөптесіндер өскен. Оң жағалаулық беткейлерін қайың шоқтары мен бұталар қамтыған. Жоғарғы ағысында шағын қарағай орманы кездеседі. Алабының 1/3-і жыртылған. ## Гидрологиясы Аңғарының ені 0,2 – 0,8 км. Орта ағысында 0,6 – 0,8 км. Шортанкөл көліне дейінгі арнасы жаз айларында құрғап қарасуларға бөлініп қалады. Қарасуларының тереңдігі 0,5 – 0,8 м, ені 12 – 35 м. Ағын суы бар кездегі тереңдігі 1 – 2,5 м. Қар және жер асты (грунт) суымен толығады. Суы қараша айының 2-жартысында (140 – 160 күндей) қатып, сәуірдің 2-онкүндігінде ериді. Төменгі ағысындағы суының минералдығы көктемде 300 – 400 мг/кг, кермектілігі 2,5 – 4,0 мг/экв (жұмсақ және қалыпты кермекті). Жазда минералдығы 800 мг/кг-ға жетіп, кермектілігі 6 – 7 күндей жоғарғы деңгейде болады. Суын ауыз суға, мал суаруға және шаруашылыққа пайдаланады. Қалқұтан бойында жалпы сыйымдылығы 18,8 млн. м3 болатын 5 бөген, жалпы сыйымдылығы 27,5 млн. м3 болатын 209 тоған салынған. ## Дереккөздер
Сабақты – Есіл алабындағы көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Астрахан ауданының батысында, Алғабас ауылының батысында орналасқан. Оңтүстігінде Ұзынкөл, солтүстік-батысында Баршын және оңтүстік-шығысында Құдайберген көлдері орналасқан. Атауы көлдегі өсінділердің көптігінен қойылған. ## Гидрографикасы Ұзындығы 2,7 км, енді жері 1,5 км. Жағалау бойының ұзындығы 8,7 км. Есіл өзені тасыған кезде су мөлшері көбейеді. ## Дереккөздер
Толқынкөл – Есіл алабындағы көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Астрахан ауданының солтүстік-батысында, Бірлік ауылының оңтүстігінде орналасқан. Атауы көл бетінің үнемі толқындалып тұруына байланысты қойылған. ## Гидрографикасы Ұзындығы 1,4 км, енді жері 1 км. Жағалау бойының ұзындығы 4 км. ## Дереккөздер
Итеш Кішкейұлы (1825-1905) - қазіргі Семей облысы, Аякөз ауданында туып-өскен от ауызды, орақ тілді шешен. Итеш Керей руының Көсе тармағынан шыққан. Итеш бұрынғы Ақшәулі болысына қарасты тоғыз старшын ауылды басқарған би екен. Сөз сайыс билік-тартыста Итеш ешбір биге дес бермейтін бопты. Ол әсіресе, Үржар ауылының төресі Тайлақпен жиі кездесіп, екеуі ұзақ айтысып қатысады. Екеуінің шешендік сөз сайысын жұрт әдейі іздеп барып тыңдайды. - Ол айтыс, шешендік әңгімелер бүгінде есте қалмады ғой, - дейді Итеш жөнінде сөйлеп отырған Нұрахмет ақсақал. Сексен екінші жылы Аякөз ауданының орталығында кездесіп әңгімелескенімізде Арықмолдаұлы Нұрахмет қария жетпіс бес жаста болатын. Аксақал сәл ойланып отырды да, әңгімесін әрмен жалғады:- Итеш шешен мен Тайлақ төренің екеуінің де билігі қолдан кетіп, кедейленіп, қартайған шақтары. Тайлақ төреде аяқ артар жалғыз ат. Итеште сары байтал ғана қалған. Үржар маңында өтпекші болыс-билердің сиязына екеуі алдын ала бармақшы боп, келісіп қойған екен. Келісілген уақыт таяғанда байталының арқасы жауыр болып, Итештің сиязға барудан айнып отырған кезінде, оны ерте кетпек болған Тайлақ төре келеді. Ол үйге түссе, Итеш байталын әкелуге кеткен екен. Тайлақ төренің үйде отырғанын сырттағы атынан танып, байталын белдеуге байлап жатқан Итеш:- Сары байталдың арқасы жауыр болды,Сиязға бармасыма тәуір болды, - Сары байталдың арқасы жауыр болды,Сиязға бармасыма тәуір болды, - дегенде, Тайлақ төре үйде отырып: Жас күніңде сүйегің жеңіл еді,Қартайғанда қырсық басып ауыр болды, - Жас күніңде сүйегің жеңіл еді,Қартайғанда қырсық басып ауыр болды, - деп іліп әкетеді. Үйге кіріп келген Итеш: Жасымда көрмеп едім байтал мініп,Жөніңмен жауабынды қайтар біліп.Бұл күнде сен де кедей, мен де кедей,Адамға дос бола ма жиған мүлік.Сиязға тез бара ғой, Тайлақ төре,Шығыпсың жалғыз атты сайлап төре."Жетпейді жоққа жүйрік" дегендейін,Жоқшылық қолымды тұр байлап, төре, - Жасымда көрмеп едім байтал мініп,Жөніңмен жауабынды қайтар біліп.Бұл күнде сен де кедей, мен де кедей,Адамға дос бола ма жиған мүлік.Сиязға тез бара ғой, Тайлақ төре,Шығыпсың жалғыз атты сайлап төре."Жетпейді жоққа жүйрік" дегендейін,Жоқшылық қолымды тұр байлап, төре, - деп өлеңдетеді. Тайлақ төре сөзден де тосылып құрдасының сиязға бармаймын деген ниетіне қосылған екен. ## Дереккөздер
Досай Бәйгелұлы (1692 жылы, Бәйдібек ауданы Алғабас ауылы – 1790, сонда) – батыр әрі би, шешен. Ысты руынан шыққан. Бала кезінен ауыл-аймақ арасындағы кішігірім дау-дамайларды шешіп, тапқырлығымен, шешендігімен көзге түскен. Кейін көптің қалауымен би сайланған. Ел басына күн туған алмағайып кезеңдерде елді жаудан қорғаудың түйіні қиын мәселелерін Төле, Әйтеке, Қазыбек билермен бірге ақылдасып шешкен. Інісі Қосай – жоңғарларға қарсы бірқатар шайқастарды басынан кешкен батыр. Халық арасында Досай би айтқан деген уәжді нақыл сөздер көп сақталған. ## Қосымша Досай Бәйгелұлы (1692–1790) қазақтың белгілі Қаратаудың күнгей бетіндегі осы күнгі Түркістан облысы Алғабас ауылы орналасқан ауылда туған. Досай ата дәстүрі шешендік өнерді бойына дарытқан, өзі ал жанды, алып тұлғалы батыр, палуан боп ер жеткен. Ысты руынан шыққан. Бала кезінен Қаратау өңіріндегі хандар, билердің алдын тыңдап, ауыл арасының кішігірім дау-дамайын атақты бірақ өзі шешіп, кесімді тапқыр, шешен сөйлеп жүрген Досай соң, аты әйгілі хандар мен билердің көпшілігімен таныс, кетеді. Ол, әсіресе, Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай батыр, Қазыбек, Есей билермен жиі кездесіп тұрады. Елді жаудан қорғап және кейбір шиеленіскен дауларды сол билермен бірге шешеді. Қарабас өзенінің басындағы қырғын шайқасты ел былай дейді. Алаңсыз малын бағып, тойын тойлап тыныш жатқан Қарабас Жетімтау мен Керегетас ығындағы Досай аулына жоңғарлар жіберіп жүріп, ол ауылдың басшылары Досай би мен Қосайдың даты жиынға кеткен хабарын есітіп, бір түнде тұтқиылдан шабуылдайды. Жігіттерін құл, қыздарын тұл етіп, мал-мүлкін ту-талақай шайқаста беріспей соғысқан Досайдың төрт, Қосайдың тоғыз баласын қолға түсіріп, Қарабас өзенінің қайнар көзіне тастайды. Тас тастамайды, көзге тастаған жігітті бұлқынып атқылап сыртқа теуіп шығара берген соң, оның үстін кебежедей таспен атыпты. Сөйтіп жауыздар қайнар бұлақ көзіне бір жігіт, бір тастан тастай береді. Бұлақ көзі бітелуге айналады. Су қан болып ағады. Сол бір жағынан көріп шошынсын деп, жаулар жәбірленген кемпір-шал, қатын-қалаш, бала-шаға демей бұлақ басына түгел жинайды. "Міне, көрдіңдер ме, қарсылық етсеңдер, сендерді де осылай етеміз!" - деп ақырып қамшы үйіреді. Бұл сойқан Түркістанга кеткен Досай, Қосайға жетеді. Олар сол жиынға қатысқан Төле би, Есей бимен ақылдасады. Қол жинап топ құрады. Бұл әрекет елге жетеді. "Не дейсің, Досай, Қосай Түркістандағы Қабанбай, Бөгенбай, Есей батырларды сан мыңдаған қолымен ертіп шығыпты. "Бұл хабарды есіткен жоңғарлардың берекесі қалмайды. Есей, Досай, Қосай бастаған (анау айтқан сан мындаған қол емес) шағын жасақ Түркістанның шығыс жағындағы Ноғай қорғаннан өтіп, Нұра жотасына, одан Мыңбұлақ сазына жете бергенде, жонғарлардың қарсылығына кездеседі. Сол қақтығыста Есей, Досай қолы жаудың біразын қолға түсіріп, қалғанын түре қуады. Сөйтіп олар жоңғарларды Мыңбұлақ, Бестоғай, Қарабас өзендерінің бойынан, Табақбұлақ, Тасбұлақ, Ноғайбұлақ басынан қуып шығып, Жетімтау, Керегетастан асыра, Баба-ата, Құмкентке жеткенше қуа соғысады. Ақыры жау жағы әлсіреп жеңілген. Міне, Есей, Досай, Қосай батырлар біздің жерімізді осылай қорғап қалған, - деп Құлбек ақсақал әңгімесін аяқтады. Құлбек Жұмбайұлы Досайдың жұрағаты. 20-50 жылдар арасында Шымкент облысының бұрынғы Шәуілдір ауданында Совет атқару қомитетінің төрағасы. Кейінірек орынбасары болып істеген партия-совет ардагері, көпті көрген, ертедегі тарихты мол білетін шежіре кісі болатын. Досай би 98 жыл жасаған, артына мол ұрпақ қалдырған өсіп-өнген аталардың бірі. Оның үш әйелінен (бір шежіреде бес әйел дейді) тараған үрім-бұтақтар бүгінде бір тайпа ел. Досай - осы күнгі Шымкент облысының Бәйдібек, Түркістан, Қызылқұм (Шардара), Сайрам аудандарын мекен еткен Жаманбай - Таздар, Асанқараған, Байқараған, Сексен, Есен, Анарбай - орыс, (бәйбішесінен) Бекболат, Сақболат (тоқалынан) тараған елдердің түп атасы. Халық арасында Досай би айтыпты дейтін тапқыр уәжді шешен сөздер, нақыл, аңыздар аз емес. Соның ел арасынан жазып алынған нұсқалары мыналар: ## Досай би жайлы халық аңыздары ### Досай би жайлы халық аңызы Досайдың жас кезі екен. Әкесі оны сынамақ болып: - Балам, патша үлкен бе, дихан үлкен бе? - депті. Бала кідірместен: - Әрине, дихан үлкен. - Қалайша? Сонда Досай бала: - Дихан астық бермесе, патша аштан өлмей ме? - деген екен. Әкесі баласының тапқырлығына риза болып, содан былай қарай соңына ертіп жүретін бопты. ### Досай би жайлы халық аңызы Досай жігіт кезінде бір байдың үйіне келіп түседі. - Мына қонаққа нең бар, тамағыңды ас! - деген болады бай бәйбішесіне. Байдың сөз саптауын бұрыннан білетін әйелі: - Үйде ет жоқ еді, - дей салады. Осы кезде Досай әңгімесінің бетін басқа жаққа бұрып: - Апыр-ай, мынау үйдің ағашын қандай ұста шапты екен, - деп үйдің уық, керегесіне таңырқап қарай береді. - Е, жігітім, бұл - Түркістандағы Әлкен үйшінің қолынан шыққан үй, - дейді аңқау бай. - Өзі неше қанат? - Сегіз қанат? - Жоқ, байеке, сегіз қанат емес, - дейді Досай өдейі. - Бұл үйді өз қолымнан шаптырған мына мен ғой, сегіз қанат! - дейді бай да ерегісе түсіп. Сонда Досай: - Сіз сегіз қанат дейсіз, мен алты қанат деймін. Сенбесеңіз, керегенің басын санай қояйық. Сіз маңдайшадан былай қарай оң жағын санап шы- ғыңыз. Мен сол жағын санайын. Көне, бір, екі, үш, төрт... - дегенде бай керегенің басындағы етті жігіттің көріп қойғанын біліп: - Түсіндім, түсіндім, сенің аңдып отырғаның анау ет қой. Әй, бәйбіше, аса ғой етіңді, - деген екен. ### Досай би жайлы халық аңызы Досай Теріскейдегі бір байдың үйіне барады. Ол көп сөз термелей айтып, әңгіменің майын тамыза сөйлеп отырады. Арқа жақтан келген бір қария: - Апыр-ай, таңдайың тақылдап қалған өзің қандай бала "Руың қай ел? - деп сұрайды. Бұрын талай-талай жуанға ақысы кетіп, «Қай ызасы кеп зығырданы қайнап жүрген бала жігіт осы байдың өткен өзінің мініп келген атын жылқысына қосып алып, кейін іздегенде жаман тайың ұраға құлап, арам өлім қалған" деп бермей қойған-деп: Досай соның есесін сөзбен қайтармақ болады: - Тегімді сұрап қайтесіз? Жылқыңа қосар Мыңғырған сендей бай емен. Қышытып тілді Өзімді сұрап қайтесің? Кедей де болсам депті. Асқақтап отырған бай не дерін білмей отырып қалыпты. . . ### Досай би жайлы халық аңызы Дастарқан үстінде Досай шақырған батыр, би қонақтарын жағажай таныстырып жатады. Қараса, өзінің сыртынан өсек айтып жүрген бір әдепсіз "досы да" отыр дейді. Ол қасындағы серігі "Жүр бірге барайық" деп қоя салған соң ілескен көрінеді. Досай оған келгенде: - Бұл да менің "досым", осындай досың болса, дұшпанның керегі жоқ. Бір өзі он дұшпанға татиды, - депті. Анау қып-кызыл болып, жер шұқи беріпті. ### Досай би жайлы халық аңызы Адал еңбек етпейтін, адамдар арасында сыпсыңдап өсек таситын мылжың, суайттарды Досай би бетің бар, жүзің бар демей үнемі сынап, бетін қайтарып тастап отырған. Бір күні оның үйіне Баба-ата жақтан құда-жекжаттары келіп қонақ боп отырады. Соның ішінде біреуі одан-бұдан сөз айтып, біреулерді сыртынан даттай береді. Оны жақтырмаған Досай: - Сынаушының сылдыр сөзі, Су түбіне кетірер. Қыздырманың қызыл тілі, Сүйгеніңнен кетірер. Біреу сөзін сатады, Біреу бөзін сатады. Сөз бергеннің сөзіне ерсең, Басыңа бейнет болады. Бөз бергеннін бөзін алсаң, Киетін көйлек болады, - десе, әлгі сылдыр сөзді жігіт үйден шығып жүре беріпті. ### Досай би жайлы халық аңызы Досай би баласыз үйді жақтырмайды екен. "Балалы үй базар, баласыз үй мазар" деп, кейбір баласы жоқ ағайындары шақырса бармайды екен. Досайдың қартайған шағында ертеде Ташкент жағына өтіп, сол жақта тұрақтап қалған бір ағайыны оны өдейі арнап қонаққа шақырыпты. Досай би көп жылдан бері көрмеген туысын көрейін деп барады. Төрге шығып отыра бергеннен-ақ, өңкей екі шекесі торсықтай қара домалақ балалар бірінен соң бірі "Ассалаумағалейкум" деп, оның қолын алып жатады. Досай: - Бұл кімнің балалары? - деп сұраса, әлгі туысы: - Өзіңіздің жұраттарыңыз ғой, - деп ілгеріде өзіне айтқан мына сөзін есіне түсіреді: - Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар, Екі баласы бардың болар-болмас халі бар, Үш баласы бардың үш рулы елде малы бар. Төрт баласы бардың төрт күбыласы тең болар, Бес баласы бардын дес бермейтін жөні бар. Сегіз баласы бардың сергелдеңге салар көрі бар, Тоғыз баласы бардын толғандырар жолы бар. Он баласы бардың орда бұзар қолы бар. - Япырым-ай, ұмытпаған екенсің, - дейді, Досай. Осы кезде бәйбіше сөзге араласыпты: - Сондағы сіздің мынау туысыңа "баласыз үй мазар" деп, кейіген сөзіңіз менің арқама аяздай батгы. Төркініме бардым да бой жетіп отырған сіңлімді әкеп өз қолымнан қостым. Шүкір жаман емеспіз, сол сіздің сөзіңіз қамшы болып, енді жеті бала сүйіп, төбем көкке жетті... ### Досай би жайлы халық аңызы Досай би қартайып отырып қалған кезінде, оның жеті баласы жиі-жиі келіп, көңілін сұрап, жағдайын біліп тұрады. Бір күні Жаманбай деген үлкен баласы оны сөйлетпек болып, "Көке, не жақсы, не жаман?" деп сұрайды. Сонда ол былай деп термелеген екен: - Жақсы аттан жақсы туса, Мінетін пырағың емес пе? Жаманнан жақсы туса, Елдің шырағы емес пе? Жақсыдан жаман туса Шамшырағың өшкені емес пе? Елге үлгі айтар ерің болмаса, Құт-берекең көшкені емес пе... ## Қорытынды Досай би және ол айтқан тапқыр, ұтқыр шешен сөз бен терме, нақылдарды сол Досайдың ұрпақтары Әбдіқұл Тәжіұлы, Махат Ақтайлақұлы, Тұрлыбек Егізбайұлы, Нарбек Жұмабайұлы, Құлбек Жұмабайұлы, Ыдырыс Битабарұлы т.б. қариялардан жазып алынды. ## Дереккөздер
Төребай Пышанұлы (1848-1911) Сыр бойы, Қармақшы өңіріндегі "Бекет", "Ақши" аралығында көшіп-қонып жүрген елдер ішінде туып, ержеткен қазақтың шешен биі. Төребай бидің шыққан тегі Кіші жүздің Қараманақ - Төртқарасы. Одан бірер ата өткен соң Бозғыл. Бозғылдан - Қарақожа ұрпағы Қаратамыр. Тағы біраз атадан кейін Тәттімбет, одан Ерназар, Ерназардан Айтілек, Жантілес, Айтуар, Күнтуар би, Сары, Байбол, Ізбасар, Темір би тарайды. Күнтуар биден Тұяқ би, Мұрат би. Мұрат биден Пышан батыр, Ағытай би, Пышан батырдан Төребай би туыпты. Ал Қызылорда облысына қарасты Тереңөзек ауданы әкімінің орынбасары Тынышбек Дайрабаев бізге жолдаған хатында: Кіші жүздің қаракесегінен Шөмекей, одан Бозғыл, одан Қаратамыр, Былғақ, Былғақтан Ерназар, Күнтуар - Мұрат - Пышан. Пышаннан - Төребай деп таратады. Төребайдың ел арасында Алмат, Самұратқа, Қалданға айтқан шешен тапқыр сөздері мол таралған. ## Төребай Пышанұлы туралы әңгімелер ### Төребай Пышанұлы туралы әңгіме Төребай шешен бір күні арнайы адам жұмсап Оңғар Дырқайұлын, Жиембай Дүзменбетұлын, Тұрымбет Салқымбайұлын шақыртып алады. Бұлар халықтың елге танымал боп келе жатқан жыраулары еді. Оңғар мен Жиембай хат танымайды, ал Тұрымбет арабша шала сауатты кісі еді. Төребайдын жырауларды шақыртқандағы мәнісі: екі ағайынды туысқан ел болыстық пен ауылнайлыққа таласып, бірімен біріні араздасқандарына үш жыл болған көрінеді. Арада барымта, ұрыс-жанжал да кездескен. Бұл жай Төребайдай ел ағасын ашындырады. Ашынған би алденеше барып билік айтса да, әлгілер тоқтамаған. Міне, Төребай би осы жайды үш жырауға баяндайды. Жыраулар би сөзін үнсіз тыңдайды. Биедейі сынап отыр. Жыраулардың ен үлкені Оңғар, ең кішісі Тұрымбет екен. Жаста болса сөзге жүйрік, өте елгезек еді ол. Сөз басы жасы үлкен Оңғар жырауға тиеді.Оңғар жырау айтыпты: О, жаксылар, өтіңдер,Әр тарапты ойланып.Өмір деген шоп-шолак,Ойласаңдар ойға алып.Біреу жарлы, біреу бай,Өткен жоқ ешкім бір қалып.Бақытты, біреу бақытсыз,Жүрмін деме құр қалып.Соңына еріп жастықтың,Ертеңге ойды бұрмалық.Еркің бар етсең ерлерім,Атымтайдай мырзалық.Аз өмірдің ішінде,Болмашыға таласып,Ретсіз етпе қызбалық,Пендеге нелер кездеспес,Көргеніңнің бәріне,Еткенің мақұл ырзалық.Ер - шаңырақ, ел - уық,Үстемдік етпе сұрланып.Көп - құдайдың бір аты,Сыртыңнан сынап жүр халық.Шөлдететін мезгілсіз,Жемейік ерлер тұз балық.Әркім кетіп бетімен,Халықтын гұрпын бұзбалық. О, жаксылар, өтіңдер,Әр тарапты ойланып.Өмір деген шоп-шолак,Ойласаңдар ойға алып.Біреу жарлы, біреу бай,Өткен жоқ ешкім бір қалып.Бақытты, біреу бақытсыз,Жүрмін деме құр қалып.Соңына еріп жастықтың,Ертеңге ойды бұрмалық.Еркің бар етсең ерлерім,Атымтайдай мырзалық.Аз өмірдің ішінде,Болмашыға таласып,Ретсіз етпе қызбалық,Пендеге нелер кездеспес,Көргеніңнің бәріне,Еткенің мақұл ырзалық.Ер - шаңырақ, ел - уық,Үстемдік етпе сұрланып.Көп - құдайдың бір аты,Сыртыңнан сынап жүр халық.Шөлдететін мезгілсіз,Жемейік ерлер тұз балық.Әркім кетіп бетімен,Халықтын гұрпын бұзбалық. Жиембай жырау айтыпты: Анық болса әділдік,Ағайын тұрар қорғанып.Елім теңіз шалқыған,Жарайды етсем жорғалық.Қайыршы да күн көрген,Қолына түрлі дорба алып.Бастағы бақсаң бақытты,Жақсы көріп достарың,Сыртыңнан жүрер куанып.Әуелден жанды жаратты,Бір-біріне дос етіп.Дұшпандық етпе ұрланып.Жамандық жанға ойлама,Жамандық етсең үлестен,Жүрерсіңдер құр қалып.Елемей елдің өсиетін,Жүрген көп сөніп, бір жанып. Анық болса әділдік,Ағайын тұрар қорғанып.Елім теңіз шалқыған,Жарайды етсем жорғалық.Қайыршы да күн көрген,Қолына түрлі дорба алып.Бастағы бақсаң бақытты,Жақсы көріп достарың,Сыртыңнан жүрер куанып.Әуелден жанды жаратты,Бір-біріне дос етіп.Дұшпандық етпе ұрланып.Жамандық жанға ойлама,Жамандық етсең үлестен,Жүрерсіңдер құр қалып.Елемей елдің өсиетін,Жүрген көп сөніп, бір жанып. Жұртқа болса сенімің,Жүрерсің күндей нұрланып.Өлсең де молаң сайланар,Халыққа етсең қызмет,Бар өліңше тырбанып,Екілік жоқ халықта,Шындап алса ортаға,Болмайсыз ба бір ғаріп.Халқым шебер сынауға,Ержеткізді ата-ана,Жүрмейік ойсыз бей парық.Уақытымыз біткенде,Көріп кетіп, күл болып,Жатармыз жерде, уа дарих.Ерлерім аз күн өмірде.Сыйласып өтші жалғаннан,Атанбай жұртқа сөзі арық. Жұртқа болса сенімің,Жүрерсің күндей нұрланып.Өлсең де молаң сайланар,Халыққа етсең қызмет,Бар өліңше тырбанып,Екілік жоқ халықта,Шындап алса ортаға,Болмайсыз ба бір ғаріп.Халқым шебер сынауға,Ержеткізді ата-ана,Жүрмейік ойсыз бей парық.Уақытымыз біткенде,Көріп кетіп, күл болып,Жатармыз жерде, уа дарих.Ерлерім аз күн өмірде.Сыйласып өтші жалғаннан,Атанбай жұртқа сөзі арық. Тұрымбет жырау айтыпты: Өлмек, тумақ ежелден,Айткан сөзім бұл анық.Өлімнің жайын айттың деп,Осы отырған аға-інім,Қалмасын кеулің қабарып.Қай жерде азар көрмейсің,Әр істен жүрсен тазарып.Көңілден аршып шеменді,Болғаның жаксы таза арық.Сөйле-сөйле, тіл мен жақ,Ұшатын құстай қомданып.Қас жүйріктің белгісі.Жай шабатын сон қалып.Бір шұқанақ толмай ма?Теңселсе теңіз қозғалып.Неше бір ерлер өткен ғой,Артында нұсқа сөз қалып.Отыратын жандар бар,Ел билігін қызғанып.Маңайға жан толмай ма,Отырсаңдар сызданып.Басыңда бақыт тұрмайды,Ат пенен атан жетектеп,Жүрсең де жүйрік, жорға алып.Бір күні ғайып боласың,Кеткендей болып жоғалып.Отырған осы ағайын,Ақсақалдар құралып.Келе алмайсың дүниеге.Екі айналып оралып.Баста бақыт тұрғанда,Өрттей жанып қаулалық,Бассаң қадам ұмытпа,Есіңде болсын тәубалық.Біткен кезде уақыт,Халық қазған каумалапЖер ошаққа ауналық, - Өлмек, тумақ ежелден,Айткан сөзім бұл анық.Өлімнің жайын айттың деп,Осы отырған аға-інім,Қалмасын кеулің қабарып.Қай жерде азар көрмейсің,Әр істен жүрсен тазарып.Көңілден аршып шеменді,Болғаның жаксы таза арық.Сөйле-сөйле, тіл мен жақ,Ұшатын құстай қомданып.Қас жүйріктің белгісі.Жай шабатын сон қалып.Бір шұқанақ толмай ма?Теңселсе теңіз қозғалып.Неше бір ерлер өткен ғой,Артында нұсқа сөз қалып.Отыратын жандар бар,Ел билігін қызғанып.Маңайға жан толмай ма,Отырсаңдар сызданып.Басыңда бақыт тұрмайды,Ат пенен атан жетектеп,Жүрсең де жүйрік, жорға алып.Бір күні ғайып боласың,Кеткендей болып жоғалып.Отырған осы ағайын,Ақсақалдар құралып.Келе алмайсың дүниеге.Екі айналып оралып.Баста бақыт тұрғанда,Өрттей жанып қаулалық,Бассаң қадам ұмытпа,Есіңде болсын тәубалық.Біткен кезде уақыт,Халық қазған каумалапЖер ошаққа ауналық, - дегенде төрде отырған Төребай би қызып кетіп: - О, пәлі! Тұрымбетжан! Мәнтеңдет бала, мәнтеңдет, төтеле бала, төтеле! - деп айқалап жібереді. Сонда Тұрымбеттің екінші ырғаққа салып айтқаны мынау екен:Әуреленбе, жігіттер,Болдырам деп болмасты.Дүние үшін шатасып,Егескен жан онбас-ты.Ағайыннан шет болса,Ерге бақыт қонбас-ты,Өкінгенмен өткенге,Орны оның толмас-ты.Ренжіскен талайлар,Қадыры деген зор бақыт,Естілер шатпа құр басты.Ағайын таппай еңіреп,Ағызбаңдар көз жасты.Аз ғана күн көрмесе,Көргенше адам асығар,Бауырлас пен құрдасты.Келіңдер, бектер, келіңдер,Қай пенде алдын болжапты.Өздеріңе жақсылар,Ұласып сөзім жалғасты.Айрылған азып ақымақтың,Талайы болған ал басты.Қосылған озып көркейіп,Тойдырған неше қарны ашты.Бірлікте береке,Қайда үшсаң талмасты.Сөйле, тілім, шалықта,Қолға алып сөзден алмасты.Кесе бір сөз болмасын,Қадамыма алғашқы.Ару ақты тербесем,Оятармын жан-жақты.Әмин десең кол жайып,Сөзім жерде қалмас-ты.Туысқандар бірлесе,Демейді ешкім ал жасты.Бауырларың Тұрымбет,Бірлік тілеп өмірлік,Қолдарыңа жармасты, - Әуреленбе, жігіттер,Болдырам деп болмасты.Дүние үшін шатасып,Егескен жан онбас-ты.Ағайыннан шет болса,Ерге бақыт қонбас-ты,Өкінгенмен өткенге,Орны оның толмас-ты.Ренжіскен талайлар,Қадыры деген зор бақыт,Естілер шатпа құр басты.Ағайын таппай еңіреп,Ағызбаңдар көз жасты.Аз ғана күн көрмесе,Көргенше адам асығар,Бауырлас пен құрдасты.Келіңдер, бектер, келіңдер,Қай пенде алдын болжапты.Өздеріңе жақсылар,Ұласып сөзім жалғасты.Айрылған азып ақымақтың,Талайы болған ал басты.Қосылған озып көркейіп,Тойдырған неше қарны ашты.Бірлікте береке,Қайда үшсаң талмасты.Сөйле, тілім, шалықта,Қолға алып сөзден алмасты.Кесе бір сөз болмасын,Қадамыма алғашқы.Ару ақты тербесем,Оятармын жан-жақты.Әмин десең кол жайып,Сөзім жерде қалмас-ты.Туысқандар бірлесе,Демейді ешкім ал жасты.Бауырларың Тұрымбет,Бірлік тілеп өмірлік,Қолдарыңа жармасты, - деп бала жырау аталған Тұрымбет домбырасын тастай беріп, жағалай отырған халықтың қолдарын жедел ала бастағанда, үйге кіре алмай, далада есіктен сығалап тұрғандар лап беріп, ішке ұмтылады. Кім-кімнің қолын алып жатқаны белгісіз, араздасқан туыстар да шұркырасып көрісіп жатады. Мына сәтті іске қуанған Төребай би жыраулар мен халыққа алғыс айтып, бұлақтай таза сөздердің көзін ашқан, екі туысты татуласқаны үшін, татуластырғаны үш жырауға үш нар мінгізіп, үш жібек шапан жапқан екен. ### Төребай Пышанұлы туралы әңгіме Төребай бидің жалғыз ұлы Ысқақ опат болып, қаралы қасіретте отырған биге Базар жыраудың айтқан көңіл қосынан үзінді: Бай көркем, батыр шешенбітсе дәулет,Адамға бақ, дәреже қонса сәулет.Ашылмас әзірейліге есік бар ма,Дем бітіп, басқа келсе кезек нәубет.Қазыбек, Үйсін Төле, өтті Әйтеке.Таба алмай ажалға айла,Балқы, Баубек.Байтақ ел Қарақожа, мың жарым үй.Қыстаубай талай жанғатартқызған күй.Сарытай, Өтетілеу,Мөңке, Айтілек,Өтіпті Күнтуардай атақты би.Сарыбай, Садыр, Әзілкеш,жүйрік БостанОқ тисе қабырғасы қайыспайтын,Ак иық қыран едің аспанға ұшқан.Іншалла, аруақ орны қапы қалмас,Ұл болмас Ысқақ ердіңорнын баскан... Бай көркем, батыр шешенбітсе дәулет,Адамға бақ, дәреже қонса сәулет.Ашылмас әзірейліге есік бар ма,Дем бітіп, басқа келсе кезек нәубет.Қазыбек, Үйсін Төле, өтті Әйтеке.Таба алмай ажалға айла,Балқы, Баубек.Байтақ ел Қарақожа, мың жарым үй.Қыстаубай талай жанғатартқызған күй.Сарытай, Өтетілеу,Мөңке, Айтілек,Өтіпті Күнтуардай атақты би.Сарыбай, Садыр, Әзілкеш,жүйрік БостанОқ тисе қабырғасы қайыспайтын,Ак иық қыран едің аспанға ұшқан.Іншалла, аруақ орны қапы қалмас,Ұл болмас Ысқақ ердіңорнын баскан... бітсе дәулет, бітсе дәулет, бітсе дәулет, Балқы, Баубек. Балқы, Баубек. Балқы, Баубек. тартқызған күй. тартқызған күй. тартқызған күй. Мөңке, Айтілек, Мөңке, Айтілек, Мөңке, Айтілек, жүйрік Бостан жүйрік Бостан жүйрік Бостан орнын баскан... орнын баскан... орнын баскан... ## Дереккөздер
Жанқұтты Ботантайұлы, Жақсы Жанқұтты (1810, Қарағанды облысы Шет ауданы Аюлы тауының баурайы — 1873, Сауд Арабиясы, Мекке) — шешен, би. ## Өмірбаяны Бала кезінде ауыл молдасынан оқып, мұсылманша сауатын ашады. Кейін әкесі Жанқұттыны Қарқаралы қаласындағы медресеге оқуға береді (1824). Медресені бітіргеннен кейін ел ішіндегі әр түрлі билік, әкімшілік жұмыстарына араласады. Жанқұтты өз заманының әділ биі, от ауызды, орақ тілді шешені Шабанбай бидің батасын алып, тәлім-тәрбиесін көрген. Ол Жанқұттыға былай деп бата берген екен: “Аллаға жағам десең — азанды бол, Ағайынға жағам десең — қазанды бол, халқыңа жағам десең — әділ бол, Судай таза бол, Жердей берік бол, Өмірің ұзақ болсын, Аймағың суат болсын, Сөзің халқыңа қуат болсын!”. Құнанбай, Алшынбай, Құсбек төре сияқты ел жақсыларымен қарым-қатынаста болған Жанқұтты бала Абайдың болашағын болжап, бата берген. Қажылыққа екі рет барған (1850, 1873). Соңғы барғанда Құнанбайдың келесі жылы барайық деген сөзіне: “Келер жылға қарар едім, ажал қарамайды ғой” деп жүріп кетеді. Сол сапарында Меккеде қайтыс болған. Жақсы Жанқұттыты атанған шешен, бидің кейінгі ұрпаққа өсиет етіп қалдырған, үлгі боларлық нақыл сөздері мол. Жанқұттының алғаш жұртқа танылуы Жамантаймен жауаптасуы. Қарқаралыға аға сұлтан болып сайланған Жамантай төре елдің игі жақсыларын жинапты. Жер көріп, танысын деген ниетпен Ботантай Жанқұттыны ертіп келеді, мұны көрген Жамантай: “Бұл қатын-қалаш, бала-шағаның өсек айтатын жері емес, алқалы топтың бас қосатын мәжілісі емес пе, мына бала кім?” депті. Сонда Жанқұттыты: “ұафу етіңіз, кеше келгенде бір үйге қонақ болып дәм ішіп едік, бір ақсақал “еті арық екен” деп тыжырынып отырды, бүгін мені көріп сіз тыжырынып отырсыз! Сонда бұл қалай? Адам алжыса астан шошиды, төре алжыса жастан шошиды деген осы ма? Болмаса, “асыл тастан шығады, ақыл жастан шығады” деген аталы сөзді аттап кеткеніңіз қай сасқандығыңыз?” депті. Жамантай қасындағылардың бірі: “Сөзін қара, болайын деп тұрған бала екен!” дегенде, Жамантай төре: “Болайын деп емес, болып тұрған, төрт құбыласы тең түсіп толып тұрған жас екен, бұдан былай біздің округтің ішіндегі дауға қатысты мәселені осы шешетін болсын”, деп шешім шығарыпты. Жалпы, Жанқұттының айтқан сөздерінен үш түрлі бағыт байқалады: 1) халыққа қамқор болу, сыртқы дұшпандарынан қорғану үшін жасаған іс-әрекеттері; 2) ел бірлігін сақтау, ру арасындағы даулы мәселелерді шешу барысында әділ қазылық жасау; 3) ұрпаққа ұлағатты сөз қалдыру, жастарды тәрбиелеуге айрықша мән беріп, көңіл бөлуі. Жанқұтты туралы деректер Қ.Жұмалиевтің “XVІІІ— XІX ғасырлардағы қазақ әдебиеті” (1967), Б.Адамбаевтың “Халық даналығы” (1984), “Ел аузынан” (1990) еңбектерінде келтірілген. ## Жанқұтты Ботантайұлы туралы әңгіме Жанқұтты он жеті жасында әкесінің айтуымен Сары елінің беделді биі Шабанбайға бата алуға барады. Жанқұттының жасын сұрап білгеннен кейін: - Шырағым, дүниеде не адал, әлемде не мықты? - деп сұрайды. Сонда Жанқұтты: - Адал болсаң, судай бол,Су арамды кетіреді.Мықты болсаң жердей бол,Жер жаһанды көтереді, - - Адал болсаң, судай бол,Су арамды кетіреді.Мықты болсаң жердей бол,Жер жаһанды көтереді, - деген екен. Жауабына риза болған Шабанбай би бала Жанқүұттыны бірнеше күн қонақ етіп, кетерінде: Аллаңа жағам десең, азанды бол,Ағайынға жағам десең, қазанды бол,Халқыңа жағам десең, өділ бол.Судай таза бол,Жердей берік бол,Өмірің ұзақ болсын,Сөзің халқыңа куат болсын! - Аллаңа жағам десең, азанды бол,Ағайынға жағам десең, қазанды бол,Халқыңа жағам десең, өділ бол.Судай таза бол,Жердей берік бол,Өмірің ұзақ болсын,Сөзің халқыңа куат болсын! - деп батасын беріп аттандырған екен. Жанқұттының өскен ортасы қасиетті Сарыарқаның өнегелі де, тәрбиелі елі болған. Талай өнерпаз, білімдар, парасатты, әруақты ата-бабалар ғұмыр кешкен сол бір аймақтан Қаз дауысты Қазыбек, Шортанбай жырау Қараменде, Сеңкібай, Шабанбай, Жидебай, Жалаңбас, Боранбай тәрізді ділмар шешен билер, не бір батырлар шыққан ғой. Міне, осындай өнегелі халық арасынан тәлім алған Жанқұтты да осал болмаған. Атақты жырау Шортанбай Кенесары ханның ақылгөй ақыны болса, Жанқұтты оның батыр сарбазы оң жағында отыратын кеңесші бас биі екен. Сол бір ұлт-азаттық қозғалыстың жорық, шайқасына талай қатысып ел азаттығы үшін, үрім-бұтақ болашағы үшін күрескен азамат Жанқұтты бидің бұл саладағы атқарған қызметі, билік, кесім, шешендік сөздері кезінде хатқа түспеген. Ауызша айтылып жүрген нұсқалары ұмытыла бастаған. Кезінде Шабанбай биден бата алған Жанқұтты шешен жайлы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мынадай дерек жазып қалдырған "Құлжаннан Айдабол, Амантай, Дәріпсөлі, Маман, Шуаш. Шуаштан, Ботантай, Айбада, Ботантайдан Жанқұтты. Бұл Жанқұтты Мұса, Секербай заманында ауызға ілігіп, көзге түскен қазақ жақсыларының касқа маңдайы болған. Бірі ескі заң, бірі - жаңа заң, Бұл Жанқұтты жаңа заңды көрген жок, ескі заңды қажыға барып қалып, басына тас орнаттырып, тасына жаздырған: "Қазақ, Арғын, Сарым руынан Жанқұтты Ботантайұлы. Мекке мен Мединені көрмеген кісі анадан тудым, жалған дүниенің жүзіне келмедім десе де болар", депті. Онан бұрын әулиелерді зиярат қыла Алатау, Қаратауға барған. Үйсін Төле бидің қасында отырып, билік айтып, төре берген төбесін көремін деп барғанда, АлатауҚаратаудың пәлен қалай, түген қалай деп сұрағандарына айтқан: "Тобықты Құнанбай шыңның басынан шыққан қайнар бұлақ, қыпшақ Ыбырай қажымас қара болат, Мұса қабыршағы колға тұрмас жылмағай қара балық, Шыңғыс төре мұсылманға суық, орысқа жуық". Бұл сөздерді Көктіңұлы Сапақтың бел баласы Иманберді датқаға сөйлеген. Тобықты Құнанбай, қыпшақ Ыбырай, Төртуыл Мұса осы үшеуі қазақтың маңдайына нағып сыйып жүргеніне айран-асырмын, деген Жанқұтты".Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын тынымсыз жинап, артына ұлан-асыр мұра қалдырған Мәшһүр Жүсіптен келтіріліп отырған бұл үзіндіден ең алдымен Жанқұтты бидің шыққан тегі, арғы ата-бабалары туралы мәлімет алсақ, екіншіден оның қасиетті Меккеге бір емес, екі рет барып Қажы аталғанын, Құнанбай, Ыбырай, Мұса және Шоқанның атасы Шыңғысқа берген жоғары батасын аңғарамыз. ## Жанқұтты Ботантайұлы туралы әңгіме Бірде Жанқұтты шешен аға сұлтан Құнанбайдың үйінде отырғанда оған Абай келіп сәлем береді. Ол кезде Абайдың жас, үйленбеген шағы екен. Абайдың тапқырлығын, өлең шығаратындығын естіп жүрген шешен би аланы қасына отырғызып оған бірнеше сұрақ қояды: - Шырағым, дүние неге сүйенеді? Абай: - Дүние үмітке сүйенеді. Жанқұтты: - Көздің көрмесі бола ма? Абай: - Көз қабағын көрмейді. Жанқұтты: - Шам жарығының түспесі бола ма? Абай: - Шам жарығы түбіне түспейді. Жанқұтты: - Болат пышақтың кеспесі бола ма? Абай: - Болат пышақ өз сабын өзі кеспейді. Жанқұтты: - Тамағына тартпайтын махлұқат бола ма? Абай: - Өз тамағына тартпайтын махлұқат болмайды. Абай жауабына риза болған шешен оған өлең түрінде жауап беруін сұрапты. Сонда Абай: — Сіз сұңқар самғай ұшқан қиядағы,Талпынған мен балапан үядағы.Өрнекті өлең сөзбен жауап берсем,Дүниенің жалғыз үміт тиянағы.Көз көруі жетпейді қабағына,Шам жарығы түспейді табанына,Өз сабын болат пышақ өзі кеспес,Мақлұкат тарпай қоймас тамағына, — Сіз сұңқар самғай ұшқан қиядағы,Талпынған мен балапан үядағы.Өрнекті өлең сөзбен жауап берсем,Дүниенің жалғыз үміт тиянағы.Көз көруі жетпейді қабағына,Шам жарығы түспейді табанына,Өз сабын болат пышақ өзі кеспес,Мақлұкат тарпай қоймас тамағына, — депті. Ет желініп, қымыз ішілгеннен кейін Абай: - Ата, сізден сұрақ сүрауға бола ма? — дейді.- Е, шырағым, сұрай ғой, — депті Жанқұтты.- Ата, арзан не, қымбат не,дауасыз не? - депті Абай. Жанқұтты:- Шырағым, арзан — өтірік, қымбат — шындық, дауасыз — кәрілік емес пе? Жанарың отты екен — ақындығың, маңдайың жазық екен — ойлылығың шығар, халкыңның қалаулы азаматы бол! — деп батасын беріпті. ## Жанқұтты Ботантайұлы туралы әңгіме Бірде Құнанбай, Алшынбай, Мұса үшеуі бірігіп, ел арасында даулы мәселелер көбейіп кетті, барымта жиі қайталанатын болды деген себепті желеу етіп, ел жинап, мәслихат өткізбек болады. Дуанбасылар шақыртқан соң халық жиылады. Халықтың бас-аяғы түгел жиналып болғанымен дуанбасылар келе қоймайды. Шілденің аптап ыстығында халық бірнеше күн тосып қалады. Ел арасынан реніш сөздер шыға бастайды. Соны сезген Жанқұтты шешен халықты дуанбасылар келмейтін болды деп таратып жіберіп, өзі үшеуінің алдынан шығады. Алшынбай тұрып: - Е, Жанқұтты, халық, жиналды ма? - депті.- Халық жиналмақ түгіл жиылыс бітіп қойды. Сіздер кешікеннен кейін сырқаттанып қалды ма - деп, жиылыста қаралатын төрт мәселенің біріне өзім билік айтып, үшеуін үшеуіңізге қалдырып, кейін бір кезі келгенде айтар деп халықты таратып жібердім, - депті Жанқұтты.- Оның да дұрыс болтан екен, бізге қайсысын қалдырдың? - депті Алшынбай. Сонда Жанқұтты тұрып:- Мұсажан, астық дауын саған қалдырдым, Алшеке, тақыр жердің билігін саған қалдырдым, Құнанбай актобық аттың билігін саған қалдырдым, - деген екен. ## Жанқұтты Ботантайұлы туралы әңгіме Шешеннің қартайған шағында ел арасында даулы мәселе болып, соны шешу үшін билік айтуға жастар арасынан адам шыға қоймайды. Соған қынжылған Жанқұтты би: - Қарағайға қарсы бұтақ біткенше, еменге иір бұтақ бітсейші, бір атадан алты жаман туғанша, алты атадан бір жақсы тусайшы, елге тұлға болатын, - деген нақыл сөз айтыпты. Жанқұттының жыр үлгісінде айтқан накылдары: Бір сөз айтсаң жақсыға,Аталы сөзге тоқтайды.Бір сөз айтсаң жаманға,Өмірінде ұқпайды.Надандықтың белгісі,Өзін-өзі мақтайды.Көкірегі соқырға,Өмірде таң атпайды.Шешеннің сөзі дария,Қап түбінде жатпайды. Бір сөз айтсаң жақсыға,Аталы сөзге тоқтайды.Бір сөз айтсаң жаманға,Өмірінде ұқпайды.Надандықтың белгісі,Өзін-өзі мақтайды.Көкірегі соқырға,Өмірде таң атпайды.Шешеннің сөзі дария,Қап түбінде жатпайды. Тон бітпеске тон бітсе,Қағуменен тоздырады.Жаман болса алғаны.Ер жігітті аздырады.Жақсыменен сөйлессең,Құмарыңды қандырады.Жаманменен сөйлессең,Көңіліңді қалдырады.Кез болсаңыз суайтқа,Өтірік айтып нандырады.Өсекшімен сөйлессең,Ұрмай-соқпай талдырады.Жолдас болсаң сараңмен,Жол үстінде қалдырадыЖаман болса достарың,Өзін жауға алдырады. Тон бітпеске тон бітсе,Қағуменен тоздырады.Жаман болса алғаны.Ер жігітті аздырады.Жақсыменен сөйлессең,Құмарыңды қандырады.Жаманменен сөйлессең,Көңіліңді қалдырады.Кез болсаңыз суайтқа,Өтірік айтып нандырады.Өсекшімен сөйлессең,Ұрмай-соқпай талдырады.Жолдас болсаң сараңмен,Жол үстінде қалдырадыЖаман болса достарың,Өзін жауға алдырады. Жаман болса - жақын жау,Шайпау болса - қатын жау,Шабан болса - атың жау,Тартыншақ болса - түйең жау,Тебеген болса - биең жау.Күнде келсе - күйеу жау,Жымысқы болса - жиен жау,Тіл алмаса - ұлың жау,Арсыз болса - қызың жау. Жаман болса - жақын жау,Шайпау болса - қатын жау,Шабан болса - атың жау,Тартыншақ болса - түйең жау,Тебеген болса - биең жау.Күнде келсе - күйеу жау,Жымысқы болса - жиен жау,Тіл алмаса - ұлың жау,Арсыз болса - қызың жау. Әйелің жақсы болса -қонағың мен үйіңнің тұрағы,Балаң жақсы болса -екі көздің шамшырағы.Атың шабан болса -бұл жалғанның азабы,Әйелің жаман болса -дүниенің дозағы.Балаң жаман болса -көрінгеннің мазағы. Әйелің жақсы болса -қонағың мен үйіңнің тұрағы,Балаң жақсы болса -екі көздің шамшырағы.Атың шабан болса -бұл жалғанның азабы,Әйелің жаман болса -дүниенің дозағы.Балаң жаман болса -көрінгеннің мазағы. қонағың мен үйіңнің тұрағы, екі көздің шамшырағы. бұл жалғанның азабы, дүниенің дозағы. көрінгеннің мазағы. ## Жанқұтты Ботантайұлы туралы әңгіме - Не жетім? - деген сұраққа Жанқұтты:Ел қонбаса жер жетім.Құс қонбаса көл жетімКемпірі жоқ шал жетім,Иесі жоқ мал жетім,Соқыр болса көз жетім,Тындалмаған сөз жетім,Тыңдаушысыз дана жетім,Ата-анасыз бала жетім,Қағазсыз қалам жетімАқылсыз адам жетім, - Ел қонбаса жер жетім.Құс қонбаса көл жетімКемпірі жоқ шал жетім,Иесі жоқ мал жетім,Соқыр болса көз жетім,Тындалмаған сөз жетім,Тыңдаушысыз дана жетім,Ата-анасыз бала жетім,Қағазсыз қалам жетімАқылсыз адам жетім, - деп термелеген екен. Жанкұтты шешеннің осындай ақыл, нақыл, шешен сөзі үшін оны ел құрметтеп "Ақылшы ата", "Жақсы Жанқұтты" деп кеткен. Жанқұтты 63 жасында қайтыс болған. Шешен жөнінде академик Қ. Жұмалиев өзінің "XVIII-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті" деген еңбегінде және зерттеуші ақын Жеңіс Қашқынов бірқатар деректеме мақалалар жазды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
«Бәйкен» мешіті — Алматы қаласында орналасқан, 6 қабатты діни ғимарат. Мешіт күн сайын таңғы 6-дан кешкі 9-ға дейін жұмыс істейді. ## Пайда болуы Алматы қаласында Розыбакиев пен Жандосов көшелерінің қиылысында орналасқан «Байкен» мешітінің ашылуы 2014 жылдың 5 желтоқсанында мұсылмандар үшін қасиетті күн - жұма күні өтті. Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған мешітке көрнекті мемлекет қайраткері — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы — Бәйкен Әшімовтың есімі берілді. ## Ішкі құрылысы Мешіт 6 қабаттан тұрады, ауданы 6000 шаршы метрден асады. Автотұрақ үшін екі жер асты қабаты берілген. Мешіт бірнеше қабаттарға бөлінген. Астыңғы бөлікте 88 орынды автобекетпен дәретхана. Олардан жоғары дұғалар оқып, табынуға арналған негізгі зал. Екінші қабаттың сол жағы тек әйелдерге арналған. Сонымен қатар, мешіт күндізгі және түнгі уақытта толықтай жарықтандырылған. «Бәйкен» мешітінің ауласы жоқ. Мешітке барлық жағынан кіруге болады. Әр кіреберісте жеке киім бөлмесі және аяқ киімге арналған шкаф бар. Ғимаратта дәстүрлі алтын күмбез және төрт мұнаралар бар. ## Дереккөздер
Қазақстан: Елді мекен: * Қарақол – Абай облысы Үржар ауданындағы ауыл. * Қарақол – Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы ауыл. Өзендер: * Қарақол – Алакөл алабындағы өзен. * Қарақол – Есіл алабындағы өзен. Қырғызстан: * Қарақол – Қырғыз Республикасындағы қала, Ыстықкөл облысының әкімшілік орталығы.
Шорман Күшікұлы, Шорман би (1799, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1837, сонда) – төбе би, аға сұлтан. ## Өмірбаяны Орта жүз арғынның ішіндегі Сүйіндік қаржас руынан шыққан., өз еліне танымал Сәтиұлы Күшік шешеннің ұлы. Шын есімі – Жұмабай. Қуандық руының Қожы төре бастаған жігіттері қаржастардың жылқысын барымталауға келгенде екі жақ сойылдасып, барымташылардан үш адам (ішінде төренің өзі де бар) қаза тапқан. Мұны естіген Уәли хан қаржастарға қыруар жылқы құн кеседі. Осы даулы, шешімі қиын мәселені өз руының пайдасына шешіп шыққан 15 жасар Жұмабай “Бала би” атанып кеткен. Бұл жөнінде өз еңбектерінде Ш.Уәлиханов та жазған. Осы оқиғаның тағы бір нұсқасы Шоңмен байланысты баяндалады. Жұмабай ханнан жеңіспен оралған соң Шоң оған Шорман атағын беріп, қаржас руының төбе биі етіп тағайындаған. Ол төрелерге билік бермеу мақсатымен сүйіндік арасынан хан тұқымын аластау жөніндегі Шоң бидің саясатын қолдап, оны іске асыруға көмектескен. Жер дауын шешу, жалпы қазақтарды жерге орналастыру мәселелері бойынша 1822 жылдан бастап Шоңмен бірге Батыс Сібірдегі отарлық әкімшілікке бірнеше рет хат жолдайды. Шоңның тапсыруымен Тобыл, Омбы, Кереку, Қызылжар қалалары мен Ірбіт, Үркіт (Иркутск) жәрмеңкелеріне барады. Архивте Шорманның 1830 ж. Омбыға, 1832 ж. Тобылға барып, губернаторға жолыққаны жөнінде дерек сақталған. Баянауыл округі ашылғанда Шорман би аға сұлтанның орынбасары болып тағайындалды да, Шоң қайтыс болғаннан кейін оның орнын басты. Алайда Шорман би аға сұлтан міндетін бір жылдай ғана атқарып, келесі жазда дүние салды. Мәшїүр Жүсіп Көпейұлының жазуы бойынша Шорман би Ақмырза өзені Сілетіге құяр тұсына жерленген. Шорманның тұңғыш қызы Зейнеп – Ш.Уәлихановтың анасы. Үлкен ұлы Шорманов Мұса белгілі адам болған. ## Бала би Әкесінен төрт жасында жетім қалып, әжесінің, ағайын-туыстарының қолында жүреді. Бір күні Күшіктің үйіне сол өңірге танымал би барады. Шорман баланын әжесі мен шешесі ол қонақка не берерін білмей сасып қалады. Сонда төрт жасар Шорман сол үйдің еркегіне ұқсап бидің алдына дастарқан жаяды да, алдына бір табақ ыстық сүтті қоя салады: - Қаптың түбі қағылды, бетке күйе жағылды, алдыңызда ыстық сүт, асықпай отырып жұт, - деп, аға бидің бетіне қарайды. Би жас баланың тақпақтай айтқан тапқыр сөзіне қайран қалады. Бала тағы да:- Би ата, биыл қыс қатты болып, мал жұтап жатыр. Ауылдың да сәні кетті. Астық таусылды. Елдің жағдайы қиындап барады, - деп өз үйі емес, бүкіл ауыл, ел тағдырына қамқор бола сөз козғайды. Талайды көрген би жас баланың бұл сөзіне тәнті болады да, әжесіне былай деп қолқа салады:- Немереңіз болайын деп тұр екен. "Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады" дегендей, маған беріңіз, мен ертіп жүріп ел аралатайын, тәрбиелеп көрейін. Түбі осы балаңыздан бірдеңе шығар, - дейді. Баланың шешесі: - Шорман әлі жас қой, бұғанасы қатсын, - дейді. Әжесі: - Мақұл ғой би-еке, жасы жетіге толғасын сізді өзім іздеп тауып аламын, - дейді. Осы уәде келісім бойынша Шорман жеті жасқа келгенде әлгі би атасына шәкірт боп соңына ереді. Ел аралайды, жұрт таниды. Талай ел басы игі жақсылармен кездесіп, олардың сөзін тындайды. Ел билігіне араласып, өзі шағын дау-жанжалдардың түйінін шешіп "Бала би" аталады. Шорман он бір жасында нағашысының аулына барады.Нағашысы: - Осында қал, отау тігіп, алдыңа мал салып берейін. Бір үй болып отыр. Жиені: - Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген. Елімді тапқаным жөн болар. Шорман осыны айтады да нағашысына:- Көршіңіздің қызына көзім түсті. Менде, ол да бір-бірімізді ұнаттық. Осыған құда түсіп беріңіз,- деп сұранады. Нағашысы жиенінің бұл өтінішін орындайын деп, көршісіне барса, ол айтыпты:- Өзі жоқ-жұқаналы, жетім бала екен. Қызымды бере алмаймын. Енді қыздың үйіне Шорман баланың өзі барады, ары-бері сөйлесіп көреді. - "Жас өспей ме, жарлы байымай ма", отағасы, бізді де бір сынап көріңіз. Түбі ұятқа қалмассыз. Тапқыр баланың сөзін байқаған қыздың әкесі көнеді. - Ауылыңа барып, бір айналып соғарсың. Оған дейін қыздың жасау-жабдығын дайындайық. Шорман аулына қайтқан соң қыздың шешесі: - Отағасы, талай от ауызды, орақ тілді шешендерге, талай бай, бектерге дес бермеуші едіңіз. Бір жетім балаға уәж айта алмай қалғаныңыз қалай? Бәйбішесінің бұл сөзіне бай:- Бала - болатын бала тәрізді. Түбі осы баладан айтулы кісі шығады, көрерсіз бәйбіше, қызымыз оған барса қор болмайды. Аузынан түйдек-түйдек шыққан ақылды, шешен сөзін көрмейсіз бе? Көп сөзді қой, қызыңның жасауын әзірле! Сонымен бай той жасап қызын ұзатады. Шорманнын нағашысы да беташар той жасап, жиеніне ақ отау тігіп енші береді. ## Шорман би Шорманның жасы он үшке толған жылы Баянауыл округінің биі Едігеұлы Шоң би қартайып, орнына кімді билікке ұсыну керек деген сөз көтеріледі. Әр ауыл өз кісілерін ұсынып жатады. Сонда Шоң би: - Менің орныма би болуға Шорман лайық. Ол - бала, бала болса да - дана, ақылды. Ел жағдайын жетік біледі. Ешкімге бұра тартпайды. Әділ сөйлейді. Адамгершілігі, халыққа деген қамқорлығы мол. Сонымен бүкіл округ болып Шоң атаның ұсынысын мақұл көріп, он үш жасар Шорман би болып сайланады. Содан былай қарай Шорман әр кезі "Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы" деп отыратын. Еліне шын жаны ашитын би надандықты, жатып ішер жалқаулықты, ел ішін індеттей жайлаған жаман әдет, салт-санаға қарсы күреседі, мектептер салғызып, мұғалімдікке сауатты адамдар іздестіреді. Түркі тілдерімен қатар орыс, араб, парсы тілдерін оқытатын адамдарды да осы іске тартады. Шорманның "қара қылды қақ жаратын" әділдігі ел аузында аңыз болып кетті. Енді оның төрелігіне жүгінуге тек Баянауыл ғана емес, Кереку өңірінің әр түкпірінен келетін болды. Оның абырой-атағын, халық арасындағы беделін көре алмайтын іші тарлар да аз болған жоқ. Қызғаныштан өртенген олар Шорман атына кір келтіретін сан-қилы өтірік-өсек таратып, жала-жабудан жалықпады. Мұны да місе тұтпай, Шорманның жаулары оны өлтіруді мақсат етіп, талай рет қастандық та ұйымдастырды.Бірде ел аралап жүрген диуанаға көп ақы беріп, Шорманды өлтіртпек болады. Бір дауға төрелік айтуға бөтен ауылға келіп жатқан Шорманды көрсетпек болып, олар диуананы сонда ертіп келеді. Ымырт жабылған кез болса керек. Ашық есіктен үй ішінде жанып тұрған от жарығымен төрде отырған Шорман анық көрінеді. Диуана Шорманға көзі түсе салысымен селк етіп, қолымен көзін көлегейлей қояды. Біршама уақыттан соң өз-өзіне келіп: "Оның екі иығында екі періште отыр, бас жағында бір сәуле жарық шашып тұр. Қасиетті адам болса керек. Басымнан төмен қарай алтын құйсаңдар да, оған қиянат жасай алмаймын", - деп ат-тонын ала қашыпты. ## Ел арасындағы сөздер ### 1 Шалғай ауылдың бірінде Шорман би жесір дауын шешіп, бір үйде дем алып жатса, сырттан абыр-дабыр, айқай-шу шығады. Жатқан орнынан енді тұрып киіне бергенде, есіктен бір жігіт жүгіріп келіп, оның артын тасалай қояды. Жігіттің артынан қуып барған адам, қолындағы шоқпарын сілтеп қалғанда, жігіт бұғып қалып, шоқпар Шорманның бір қолын сындырып жібереді. Шорман би қолын ұстап отырып қалады. "Байтал түгіл бас қайғы" дегендей, енді жұрт қашқан жігітті былай қоя салып, биді қоршалай береді. Біреулер қолын таңып, енді бірі сынықшы іздеп, көрші ауылға шабады. Көп кешікпей сынықшы да келеді. Ол бидің салбырап қалған қолын сипалап отырып, сынған сүйектерін теріп орын-орындарына салады. Бәрі жиналып жұмсақ арбаға мінгізіп Шорманды үйіне жеткізеді. Ауыл адамдары әлгі шоқпар сілтеп бидің қолын сындырған адамды ұстап алып, дарға аспақшы болады. Сонда Шорман би оларға барып: - Ағайын, дарға аспаңдар. Қоя беріңдер. Оны өлтіргенде, менің сынған қолым бүтінделер дейсің бе? Тірі жүре берсін. Тек осы жұрттың алдында бұдан-былай зорлық зомбылық жасамаймын, қайырымды боламын, - деп уәде берсін, - депті. Жиналған көпшілік: "Япырым-ай, мына Шорман би не деген адамгершілігі зор, кешірімді еді",- деп оған тәнті болысыпты. ### 2 Күздің ызғарлы күнінде бір байдың бордақылап семіртіп, енді соямын деп отырған көк биесі ұшты-күйлі жоғалады. Бай балалары ізге түсіп ары қарайды, бері қарайды, ауыл-ауылға сұрау салады, дерегі шықпайды. "Пәленше жылқы сойыпты", "түленшенің үйі жылқы сойып, кісі күтті" деген сөзбен әлгі бай Қарқаралы аулының екі жігітінен сезіктеніп, Шорман биге айтып шағынады. Би ол екі жігітті алдырады. Екеуінен сұраса: - Биеке-ау, кім жылқы соймайды дейсіз? Сойсақ, өз жылқымызды сойдық, - деп, тән алмайды. Бай екілене түсіп:- Осы екеуінің біреуі, қайсысы екеніне көзім жетпейді, - дейді. Шорман екі жігіттің көзіне тіке қарап тұрыпты да, қара мұртты қоңқақ мұрын жігітке: - Сен өз атыңды сойыпсың, дұрыс па? - дейді. Әлгі жігіт қуанып кетеді:- Иә биеке дәл айтып тұрсыз. Өзімнің күрең атымды екі айдай байлап сойғаным рас. Сенбесеңіз терісі, малханада әлі жаюлы тұр. Ой, қасиетіңнен айналайын биеке, дәл таптыңыз. Шорман шегір көз ұзын тұраға қарап: - Сен өз жылқыңды соймағансың, сойғаның мына кісінің бордақылап отырған көк биесі, дұрыс па? - дейді. Ұзын тұра сәл бөгелеіп тұрады да:- Ой, биеке-ай, онда бар көк бие, менде жоқ дейсіз бе, сойғаным өз бием, - деп ерегісе түседі.- Сен менімен ерегісе берме, - дейді Шорман би, - сенің мына кісінің көк биесін бір түнде ұрлап сойғаныңды көзің де, сөзің де айтып тұр. Шындықты мойындағанның айыбы жоқ. Ал мойындамасаң күнәсі көп. Күнәкар болмаймын десең, менің тілімді ал?! Енді сөзді соза берсең, артыңнан тағы бір ұрлығың "мен мұндалап" тұр. Жігітім, түсінесің бе, жоқ па? Би "көзің де, сөзің де айтып тұр", "тағы бір ұрлығың мен мұндалап тұр" дегенде барып әлгі ұзын тұра: "бұл бидің көріпкел әулиелігі бар" деуші еді, рас екен ғой. Қой болмас, шынымды айтып, кешірім сұрайын" дейді. - Би-аға, айып етпеңіз. Бұл кісінің биесін көршім Николай екеуміз сойып алғанымыз рас еді. Еті терісіне оралған күйі Николайдың үйінде сақтаулы тұр. Осы қазір апарып бер десеңіз, апарып береміз, - деп жалыныпты. Шорман бидің шыншыл, әділ билік айтатын және адамды бір көргеннен танитын, бұрын-соңды не істеп жүргенін айтпай табатын көріпкел әулиелік қасиеті, тапқырлық шешен сөздері жөнінде ел арасында аңыздар көп. Оның бірқатары өзінің баласы Шорманұлы Мұсаның (1819-1885) архивынан, фольклоршы Мәшһүр Жүсіптің қолжазбаларынан табылады. ## Дереккөздер
Сапақ датқаСапақ Байшуақұлы 1833-1913 жылдар шамасында өмір сүрген қазақтың айтулы шешен биі әрі батыры. Ол кісіні ел датқа деп те атап кеткен. Датқа - халық тілегін әділдікпен шешетін ел басшысы деген парсы сөзі. Сапақ датқа бұрынғы Әулиеата уезінің Талас, Аса өзендерінің бойын жайлаған ауылда туып өскен. Әкесі Байшуақ, оның арғы ата-бабалары Бәйдібек, Тасжүрек, Сейіт, Дөнен бөрі өз уақтысында елін, жерін сыртқы, ішкі жаудан қорғаған батыр, би боп өткен. Байшуақтан туған Сапақ, Бапақ, та, Сапақтың балалары Тойшыбек, Жолшыбек те сол ата-бабалары сияқты екен.Сапақ би денелі, көрікті, келбетті кісі бопты. Ол аға сұлтан Құнанбай еліне күйеу екен. Құнанбай Сапақты екі рет ас-тойға арнайы шақырған. Бір шақырғанда алыс жолдан шөліркеп келген Сапақ биді Тобықтының жігіттері жезде деп қалжыңдап, қымызды жуық арада құймай отырып алыпты.- Жездеке, сізге қай қымыздан кұяйық? Бұл үйде тай кымыз да, құнан қымыз да, дәнен қымыз да бар, - депті. Шыдамы кетіп, шөлдеп отырған Сапақ:- Өй, шырағым, "Берместің үйінде бесті қымыз бар" демекші, қымызыңды құлаштап сапыра бермей, беретін болсаң тезірек құйсайшы!? - депті.Ел арасында Сапақ шешеннің тапқыр сөздері көп айтылады. Соның бірі мынадай:Сапақтың бозбала кезі. Шешендігімен ауызға іліге бастаған жас жігітті сынамақ болып Әулиеатада тұратын ел ағасы Ысқақ деген кісі қонаққа келген Сапақты сыйлап күтіп, ертеңіне аттандырар алдында:- Шырағым, Сапақ, қазақтың кейбір мақалдарына түсінбедім, соны сенен сұрайын деп едім, - дейді.- Сұраңыз, Ысеке, шамамның келгенінше жауап беріп көрейін.Сұрасам: "Ер-егіз, еңбек-жалқы" дейді, бұл не сөз?"Қырық жыл байлық бар, қырық жыл жарлық бар", - дейді, бұған да түсінбедім.- Ысеке, бұның бәрі біздің сұрап, сіздің шешетін нәрсеңіз екен, - дейді Сапақ.- Неге, Сапақ шырағым, "Асыл - тастан, ақыл - жастан" демей ме?- Онда жауап беріп көрейін, - деп сөз бастапты Сапақ.- Ер егіз деп айтуға болмайды. Анадан егіз туғанмен, екеуі екі елден қыз алады. Әйелдері егіз бомаған соң олар егіз бола алмайды. Көргенді жерден қыз алсаң, көзіңе шел салмаса, өзіңнің жоғынды білдірмей қонағыңды оң қабағымен қарсы алып, жылы шыраймен шығарып салып отырса, егізің әне сол болады. Еңбекті жалқы деген - ол да әйелден. Көргенсіз жерден қыз алсаң, от басыңның күлін шашып, келген қонағыңды ішке тартпай, сыртқа тепсе, қанша көпшіл болып, қанша еңбектенгеніңмен жалғыз қаласың. Ал, "қырық жыл байлық бар" "қырық жыл жарлық бар" дегеннің мәнісі мынау болса керек. Адам қырыққа келгенше жігер-куаты бойында сау- саламат ойнап-күліп, қызықшылыкпен өмір сүреді. Бірінші байлық - денсаулық деген емес пе? Денсаулыктан артық байлық бар ма? Одан әрі шау тартып, ыңқыл-сыңкылың көбейіп, ауырмайтын жерін, сыздамайтын сүйегің қалмайды. Сексенге дейінгі қырық жарлылыктың жәні осы болар.- Бәрекелді балам, жән екен. Бұл сөздердің мәнісін енді түсіндік, - деп Ысқақ ата оған риза болыпты. * * * Құлмамбетпен айтыстан соң Майкөт ақын Сапақ бидің үйінде үш күн жатыпты.- О, биеке, - депті Майкөт, - осы сапар Жетісуды түгел аралап қайттым. Кеудесі тұнған бау-бақша, байлығы асқан тамаша. Қыздары түгел әнші, шетінен сұлу, жігіттері акын, күйші екен. Төңірі алғыр Қүлмамбет елінің байлығына сүйенді, мен жерімнің байлығына сүйендім. Сонда Сапақ шешен:- Кәне, не деп мақтадың? - деп сұрапты. Сонда Майкөт: - Қаратау менің мекенім, Миуасын теріп жеп едім. Алмасы бар аяқтай, Жуасы бар таяқтай, Арқары мен құлжасы, Жылкыдан шыққан саяқтай. Доланасы жүректей, Бұғысы мен маралы, Буыршындай, үлектей. Торлан, Шақпақ тар кезең, Аса, Талас екі өзен Ат бауырынан саз алған. Балдырғанын жегенде, Баланың көңілі мәз болған. Жаужұмыры кұмандай, Сексеуілін жаққанда, Кедейдің көңілі тынғандай.. Майкөт сол жолы ұзақ жырлапты.Сонда Сапак би:- Майеке, жердің мактауын жеткізген екенсің. Бірақ дүниенің бар қызығы байлықта ғана емес кой. Бақыт - колға конған кұс, байлық - колға ұстаған мұз; құс ұшады, мұз ериді, дүниенің кызығы сіз бен біз! - деген екен.Сол жолы Майкөт акын мен Сапақ, шешен бақ, бақыт, ынтымақ, бірлік, байлық, дәулет туралы тыңдаушы жұртына небір ақыл-накылдарын айтыпты. Бақ оралса басыңа, Дос жиылар қасыңа. Егініңді салысар, Қырманыңды алысар, Тандырыңды жабысар, Шалғыныңды шабысар, Малдарыңды бағысар. Қарамай кеткен ағайын, Қайтып келіп табысар. Бақ кеткенде басыңнан, Жоқтан бөле жабысар, Қампайып тғрған қарының, Аш қалғандай қабысар, Егініңді өрт шалар, Мал-жаныңды дерт шалар. * * * Батыр сөйлей қалса, Жауға салған ойранын айтар. Ақын сөйлей қалса, Кызық думан тойдағыны айтар. Қомағай сөйлей калса, Ішіп-жеп тойғанын айтар. Саудагер сөйлей қалса, Кездеме кызыл байрағын айтар. Шаштараз сөйлей қалса, Ұстарасы мен қайрағын айтар. Ақылды сөйлей қалса, Асыл сөздің қаймағын айтар. Ақымақ сөйлей калса, Ақылға қонбайтын қайдағыны айтар. * * * Бота ойнақтаса, Молшылық болар. Тайлақ ойнақтаса, Тоқшылық болар. Көрі түйе ойнақтаса, Жоқшылық болар. * * * Қызыл тілден - Қан да тамады. Бал да тамады. Ең тәтті де - тіл. Ең ащы да - тіл. Ең жұмсақ та - тіл. Ең катты да - тіл. * * * Бір туысы келген кұда-жекжаттарына бура сойып сыйлапты. Соны көрген Сапақ датқа: Жатқан жері даладай, Екі өркеші баладай, Азу тісі маладай, Жабуы бар жамшыдай, Құйрығы бар камшыдай, Бура сойған не сұмдық? - деп термелеген екен дейді ел. * * * Шешеннің бір жақын кейуанасы:- Келінім өзі шайпау, жалқау болды. Сәске түске дейін жатып алады. Біз айтсақ тыңдамайды, жайыңа отыр дейді, не қылсам екен? - депті.Сапақ бұл сөзді тыңдап отырады да:- Келініңді шақыр, - дейді. Келіні келеді.- Келін шырағым, - дейді Сапақ, - осы жұрт: "Таңмен таласа тұрғанның талай ісі бітеді. Тал түске дейін жатқанның талай ісі кетеді" дейді. Осының мәнісі қалай, соны айтшы?- Түсіндім, би қайнаға есте болсын, - деп кетеді.Арада күндер өтеді. Бір күні Сапақ таң алакеуім шақта тұрып дәрет алып жүріп, ауыл сыртында біреуді көреді. Анықтап қараса, әнеукүнгі келіні екен. Ол таң атпай тұрып, сиырын сауыпты да, оны падаға қосып, қайтарында дәу қап тезек арқалап келе жатады. Келіні жакындай бере, арқалаған тезегін жерге қоя салып, Сапақ биге иіліп ән кылады. Сапақ:- Көп жаса, шырағым, ұл тап! "Ерте түрған келіннің екі жүмысы бітер" деген, міне, осы, - депті. * * * Сапақ шешен бір жолы Бұхар шаһарына барыпты. Шайханаға кіріп шай ішіп отырса, оны танитын қазақ, өзбектер тұс-тұсынан әртүрлі әңгімеге салыпты.- Төле би кімнің биі болған?- Өзіміздің би! - депті бір қазақ.- Жоқ, біздің би! - депті бір өзбек. Сонда Сапақ шешен:- Бір биді бөле-жарасыңдар. Аруағыңнан айналайын Тәкең ол кезде бөріңе де жеткен жоқ па еді? Төле би де өзіміз. Қисық болса ісіңіз - Төбе би де өзіміз, Құрулы тұрған тезіңіз, - Төте би де өзіміз. деп сөз соңын осылай түйіндепті. * * * Сол шайханада отырғандардың ішінде Бұхар ханының сарай ақыны әрі молдасы Бажбан да болыпты. Ал, Сапақ шешен болса, сөзге дес бермей өткен-кеткеннен әңгімені үдете берген. Өзіне сөз кезегі тие коймаған Бажбан молда:- Өзің бір желдей саулап тұрған жан екенсің. Осы сөздің бір пұлдық пайдасы бар ма? - депті. Сапақ:- Бар, депті, - мен айтсам халықтың қамын жеп айтамын. Шешілмей жатқан дауын шешіп беремін. Оған халқым риза. Мұндай сөздің босі пұлдан қымбат. Алтыннан қымбат сөзге ақымақ қана құлақ салмайды.Ал сен болсаң, шариғат былай деп күнәкөр сөзін айтасың. Барған жеріңде айлап жатасың. Жұрттың бермесіне қоймайсың. Қанша алсаң да тоймайсың - Сапақ осылайша термелей бергенде молда шешеннің сөзіне шыдай алмай, шайханадан шыға қашыпты. * * * Ел арасындағы естелік әңгімелерге қарағанда Сапақ би өз атырабына беделі асқан абыройлы, атақты, ақылгөй би болғанға ұқсайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапхана қорында сакталған бір естелікте Әулиеата, Ташкент, Бұхар шаһарларын билеуші хандар, бектер, билерге ол тікелей қамқор да, батыл, ақылды да алғыр би болыпты.Бай, мырзалар айтады екен: "Біз хан ордасына жақындағанда, ат-көлігімізді тастап жаяу барсақ, Сапак би атымен барады. Біз ханға сый-сияпат беріп қайтсақ, Сапақ ханнан алып қайтады" дер екен.Сапақ датқа өнерпаз, әнші, күйшілермен де жиі кездесіп, сұхбаттасып, оларға да әрдайым қамқорлық жасайды екен. Зерттеуші сазгер Илья Жақанов өзінің Ықылас қобызшыға арнаған кітабында былай жазыпты:...Ауыл шетінде түтіні түтініне жалғасып іргелес қонған Алдаш байдың үйіне біраздан бері сыралғы көңілдесі сонау Талас бойындағы төрт ата Ошақтының мырзасы Сапақ келді. Араларында алыс-берісі бар екі бай екі- үш күн өзді-өзі шүйіркелесті, ауыл ақсақалдарынан тек Қазы шешенді ғана шақырып, онда да дабыр жасамай томата тұйық, тып-тыныш мәслихат құрды. Бұл елдің игі жақсысы, тәуірлері Әулиеатаға сапар шексе, жолшыбай осы Сапақтың аулына соқпай кетпейді. Бұл сондай Сапақ! Әңгіме-дүкен сан- сала боп өрбігенде адам парнын аңдағыш Қазы шешен Сапақтың сергек ойлы, ақылды, кең алымды, өрелі жігіт екенін таныды. Орнықты, тоқтамды сөзіне иланды. Сапақ датқа әлсін-әлсін домбыра шертіп отырды. Тәттімбетті, Тоқаның шертпелерін біледі екен. Өзі кісі сөзін бағып сөйлейтін ізетті де, соңына ерткен жігіттері де өрнені ауық-ауық емін-еркін сөйлесіп кетіп жатты. Осының бәрін Қазы шешен іштей бағып, оран жылы пейіл білдіріп отырды.Тағы бір желсіз мүлгіген коңыр кеш еді. Бұлар үйдің көлеңкесінде ақ сырмақ, шәйі көрпенің үстінде ақ мамық жастықты шынтақтап, қымыз ішіп әрқилы әңгіменің басын қайырды. Сапақ бір орайлы сәтте.- Алдеке, көңілімнің алаңы бар. Иә-иә, алаңы емес, калауы бар, - деді.Алдаш сол дағдарып:- Айтыңыз, - деп біртүрлі оқыс қылп етіп.- Біздің ел Алтынбектің қобызын о бастан біледі. Дүкеннің өнеріне де тәнті. Иө, Алтынбектің алқасы, сырғасы, білезігі біздің елге сондай таңсық. Ол өзінше бір әңгіме.Алдаш басын изеп, сөз ақырын күтті. Қазы шешен де Сапақтың мінезіне ойлана койды.- Былтыр кыс бойы Талас елі бұл әулеттің тағы бір перзенті Ықылас деген қобызшы баланың құлағын шулатумен болды. Мынаны қараңыз, сол қаршадай Ықыластың атын ырым ғып Ошақты, Дулат елінің жаңа туған нәрестелеріне қоя бастапты. Таласты, Шуды жағалап растығына көзіңіз жетеді. Және кобызға әуес балалар көп-ақ. Мұны не деуге болады, Алдеке? Қазеке? Сол Ықыласты бір көрсем бе деп едім.Сапактың сабырлы, ұяң үнінен қиыла тілек еткендігі сезілді. Алдаш ынғайсыздана қипақтады. Сөзге Қазы шешен араласты.- Жән, жән. Сапақжан, шын көңіліңнің түйткілін айттың. Бір сөзің кате емес. Әркімнің жанатын өз жұлдызы бар. Сен Ықыластыц жұлдызына кызығады екенсің. Кісілігіңнің бір кадірлі жері осы. Рахмет. Сапақжан!- Ал, Алдеке, Сапақжанның көңіл калауын табыңыз. Ықыласты алдырыңыз! - деп Қазы шешен Алдашты билей сөйледі.- бұл Ықылас деген ініңіз болады ма?! Жақсы... жақсы. Көргеніме қуаныштымын, - деп Сапақ жылы лебіз білдірді. - Амал не,көңіліңнің бір жүдеп жүрген тұсына тап келдім. Келгелі бері естіп, біліп жатырмын айналайын. Жоқшылық жомарт ердің қолын кеседі. Мен де сол жоқшылыкты көргім келмей бірді-екі; екіні-төрт қылып дегендей әлектенумен жүрмін, айналайын. Біздің тірліктің мұраты сол болып барады.Соңғы сөзге Алдаштың жүрегі елжіреді.Қазы шешеннің бар дені Ықыласта еді.- Сапақжан, көргің келген Ықыласжан осы, - деді ол бір сөз иіні келгенде.- Ой, құдай-ай, біздің сөз тек малдан, базардан қайырылатын әдеті, - деп Алдаш кеңкілдеп кеп күлді.- Былтыр қыста еш ретін таппадым. Сапарда болдым, Ықыласжан, сенің қобызыңды тыңдаған ел аузынан тастамайды.Ықылас Сапақтың өзіне деген ашық қабағын көрді. Жүзі жылыды.- Қорқыттан, - деп қалды Алдаш.- "Қорқыт сарыны" деп қобызшы біткеннің бәрі тартады. Талайын тыңдадым, Сапақжан. Сол сарынның бөрі-бөрі өзгеше-өзгеше сарын. Қорқыттан ұлы атасы Алтынбек қозғайды. Өз әкесі Дүкеннің Қорқыты бөлекше күй. Соның бөрі бұл Ықыластың құлағына бесікте жатқаннан шалынды. Бүгінде Ықыластың "Қорқыты" бар, - деді Қазы шешен ойлы жүзбен орағыта толғап.Айлы түнде "Аққу" күйі де шалықтады.- Міне, - бұл - Ыкыластың өз "Ақкуы".Сапақ пен Алдаш Қазы шешеннің сөзін тек костай берді.- Ықыласта тағы бір күй бар. Ол атасы да, әкесі де тартқан күй емес. Ол - өз күйі "Қасқыр" деп аталады.- "Қасқыр!" - деп таңыркай қарады Сапақ Қазы шешенге.Қазы шешен:- Иә, - деді.Ықылас томсырайып отырды да, саусағын жоғарғы сағаға тигізе беріп, төмен қарай қыл ішекті езе сырып сол бойдан тиекке дейін жетті. Сөл кідіре ұлытып, кері сырғыды, одан іле тағы да құлдилай бастады. Қобыз ұлыды. Ықылас сазара түсті. Апыр-ау, бұл не? Үлыған боран ба, қасқыр ма? Қыл ішек қоңырлап ұлыды. Ықыластың денесі қүс еттеніп, ол өршелене тартты ысқышты. Бір кезде иттер абалап, өкіріп сиырлар үшып түрегелді. Жыл- қылар кісінесіп, бар маңай қым-қуыт шу, азан-қазан боп дүрлікті.- Кет! Не боп кетті мына пәлелерге? Кет! Екі-үш жігіт иттерді қуалады.Ал қобыз қасқыр болып ұлыды. Күй тынғанда иттердің де үні өшті. Жас тайдың еті желінді. Тағы да қымыз келді. Ай да биіктеді. Ел жата қонақтар орындарынан тұрды. Қазы шешен мен Алдаш әлденені күбірлесіп жеке қалды. Сапақ Ықыласты ертіп, жүре сөйлесіп, бой сергітіп, ауылдан аулағырақ шықты.Ықылас Сапақтың өзінен жеті-сегіз жас үлкен екенін білетін-ді. Оның байлығын, берендігін, рақымдылығын сырттай еститін. Кейде өз әкесі мақтап отыратын. Біреулер: "Бар болсаң, сен де мырзасың", - дейтін. Сонда әкесі: "Жо-жоқ, бұл Сапақтың бітімі бөлек. Парықсыз сасыған бай емес ол. Онда мөрпік, кісілік, зерде бар. Өзі домбыра тартады", - деп қорғаштайтын. Міне, бұл - сол Сапақ! (Илья Жаканов, "Ықылас", 51-55-6.6, "Өнер" баспасы, 1990 ж.) ## Дереккөздер
Телекей — Теңіз көлінің солтүстік-батысындағы көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Атбасар ауданы, Есенкелді ауылының батыс іргесінде орналасқан. ## Гидрографикасы Ұзындығы 2,5 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 6,5 км.
Цой Гук Ин (20 қаңтар 1926, ҚХДР, Хамбрук провинциясы, Лидэ стансасы) — кинорежиссер. ## Қызмет жолы Шаруа отбасында дүниеге келген. ҚХДР үкіметі оны 1951 жылы КСРО-ға оқуға жіберді. 1958 жылы Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтының режисерлік факультетін (С. И. Юткевичтің шеберханасы бойынша) бітіргеннен кейін кеңес елін мекен етіп, өзінің шығармашылық қызметін «Қазақфильм» студиясынан бастады. Бұл «Маньчжурский вариант» 1989 ж. атты фильмінің кадры. Ол осы студияда қойылған «Асау Ертіс жағалауында» (1959), «Шыңдағы шынар» (1965), «Артымызда Москва» (1967), «Тақиялы періште» (1968), «Медальдің үшінші жағы» (1976), «Жаушы асығады» (1980), «Жылан жылы» (1981), «Шоқан Уәлиханов» (4 сериялы телефильм, 1984; Қазақ КСР-і Мемл. сыйл., 1986), «Жусан исі» (1986), т.б. 20-дан астам көркем фильмдерді қоюға қатысты. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Guk In Tsoi / IMDb (ағыл.) * Цой Гук Ин / kinopark.by  (орыс.) * Цой Гук Ин / kinopoisk.ru  (орыс.)
Шұңқыркөл – Есіл алабындағы көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Астрахан ауданындағы Бұлақты ауылының сотүстік-шығыс іргесінде,Ұзынкөл көлінен оңтүстікке қарай 10 км-дей, шұңқырлы ойыста орналасқан. ## Гидрографикасы Ұзындығы 1,7 км, енді жері 1,5 км. Жағалау бойының ұзындығы 5,8 км. ## Дереккөздер
InterContinental қонақ үйі (Алматы қаласы) — 1996 жылдың 16 желтоқсанында пайдалануға берілген, Қазақстанның қаржы орталығының дәл жүрегінде орналасқан бес жұлдызды қонақ үй. ## Сипаттама Классикалық фасад фойе мен қонақ үй нөмірлері жайлылығымен ерекше үйлеседі. Қонақ үй Тянь-Шань тауларының керемет көрінісімен де мақтана алады. InterContinental Президент сарайы мен Алматының бизнес орталықтарынан алыс емес жерде, үлкен субұрқақтары бар жасыл саябақ алқабында орналасқан. ## Дереккөздер
Цой Зя Ир - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал ауданы, Үштөбе МТС-нің директоры. 1906 жылы Ресейде, Приморье өлкесі, Владивосток ауданы, Нежино селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1938 жылы Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе МТС-да директорының орынбасары болып істейді. * 1940 жылы Үштөбе МТС-ның директоры болады. Үштөбе МТС-ы оның басқаруымен республикада алдыңғы қатарлы стансалардың бірі болады:1945 жылы тракторлық жұмыстар көлемі 134%-ке, ал астық дәнді дақылдардың заттай төлемі - 123%-ке орындалады.1946 жылы жоспарланған 21 мың гектар жердің орнына 26,4 мың гектар жер жертылып, ал заттай төлем жоспары 19,3%-ке орындалған.Колхоз тракторлық жұмыстардың қажырлы еңбегінің арқасында егін алқабынан мол өнім жинайды: қант қызылшасының 622 гектарынан 321 центнер, соның ішінде 298 гектардың әр гектарынан 412 центнерден өнім; ал жаздық бидайдың 3243 гектарынан 15,7 центнерден, соның ішінде 762,5 гектардың әр гектарынан 24,98 гектардан дән алынған. * 1945 жылы тракторлық жұмыстар көлемі 134%-ке, ал астық дәнді дақылдардың заттай төлемі - 123%-ке орындалады. * 1946 жылы жоспарланған 21 мың гектар жердің орнына 26,4 мың гектар жер жертылып, ал заттай төлем жоспары 19,3%-ке орындалған. * Колхоз тракторлық жұмыстардың қажырлы еңбегінің арқасында егін алқабынан мол өнім жинайды: қант қызылшасының 622 гектарынан 321 центнер, соның ішінде 298 гектардың әр гектарынан 412 центнерден өнім; ал жаздық бидайдың 3243 гектарынан 15,7 центнерден, соның ішінде 762,5 гектардың әр гектарынан 24,98 гектардан дән алынған. ## Наградалары * "Құрмет белгісі" ордені (1945) * Еңбек Қызыл Ту ордені (1946) * "За победу над Германией" медалі (1946) * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1946) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии(қолжетпейтін сілтеме)
Байкөкше Балғынбайұлы (1813-92) - суырып салма ақын. Абайдың замандасы. Шыққан тегі Орта жүз құрамындағы Найман тайпасының Матай руынан. Сөзге шешен, тапқыр да тура айтатын Б-ні Абай құрмет тұтып, уытты өлеңдерін жоғары бағалаған. Абай оның есімін атамай Байкөке дейді екен. Байкөкше де жастайынан ісі орнықты, сөзі салмақты Абайды ерекше құрметтеген. Сондықтан да ол Құнанбайдың бата оқырында дүйім жұрттың көзінше: «Құнан кетті - алдынан жарылқасын, Артында алтын қалды ат басындай...» деп, Абайға сенім арта сөйлейді. Екі ақынның пікірі көп ретте бір жерден шығып отырған. Керей, Найман елінің Бақанаста өткен жесір дауында Абайдың: «Тақыр жерге қауымдап шөп бітеді, Кей адамға мал мен бас көп бітеді» деген ойын Байкөкше «Толықсыған жігітті болыс қойсаң, Қашан түсіп қалғанша жеп бітеді...» деп іліп әкетеді. Байкөкшенің Абай туралы көрген түстері мен оның жоруы да оның ұлы ақынға деген ыстық ықыласын, адал тілегін танытады, Абайдың бүкіл қоғамдық, әлеум. саладағы қызметіне бағдарлама жасап бергендей болады. Ол тағы бір өлеңінде, Жидебайға ояз келгенде соған жеткіз деп Абайға айтқан арыз-өлеңінде: «Меңгерсең елді жөңдеп меңгер, Абай, Аз бен көпті салмақтап теңгер, Абай. Сүрінген, сүйеп аттан нашарларды Сүйе де, сүйемелдеп дем бер, Абай. Туысының зорлығын тыяды деп, Тілеуіңді тілеп жүр кемдер, Абай...»- деп, Абайдан әділдік күтетінін аңғартады. Бұл өлең жолдарынан Байкөкшенің Абайға еркін сөйлейтінін аңғаруға болады. Ниеттес, пікірлес, сыйлас адамдардың бір-біріне деген еркіндігі байқалады. ## Байкөкше Балғынбайұлы туралы әңгімелер ### Байкөкше Балғынбайұлы туралы әңгіме ...Бүгінгі болыстар қонағында, Абай домбыра берген соң Байкөкше әуелі жанынан шығарып, жиынға амандасып сыпайы сөздерді бір жырлап өтті. Қымыздың қызуымен желпініп отырған болыстар: "Бәрекелде!, "Өй, жезтаңдай!", "Сайра бұлбұл!". "Ендігі ақынның алды бұл!", "Баяғы көрі желаяқтардың сарқыты ғой!", "Сөйле, соқ!" десіп даурыға мақтасып еді. Байкөкше ұрты солыңқыраған, қабағы көп ашылмайтын, шоқша сақалды, тұйық жүзді кісі. Мақтауға семірмек түгіл, селт еткен де жоқ. Алғашкы, амандасу сияқты сөз еді. Екінші бір термеге түсіп, текіректеп кеткенде, сөзінің беті ауысып сала берді. "Ұлық болдың қолың жетті, жақсы деп аталасың. Сонын бәрі рас болса жарлыны жылатпа. Арамға болысып, адал момынды аунатып жеме, береке деген боп, әрекенің қылығын қылма. Алғаныңды аз көріп, елді өзің саралап, көптің құтын шайқама. Көпке масылын артқан көбеген болма!" деп бір жортып өтті. Мынасы, біреуді атап айтпаса да, осы отырған болыстың көбіне жағалай нұсқаған, жәйсіз сөздің ащысы. Алғашқыдай емес, болыстар бұл тұста Байкөкшені қостамады. Молдабай өзінің турашыл, қырыс мінезімен томырыла бастап: - Байкөкше дегеніңмен, жәй Көкше екен деп жүр ме, бұ қу таңдайды! Жата-жата жамбасқа деп, әр-беріден соң тұнығыңды ылайлап кететін қу болар бұл! - деді. Асылбек Байкөкше турасындағы Молдабай сөзін ауыр көріп: - Ақын айтса ашып атайды. Тыңдаушы құлақ сабырлы болса нетер! - деп күліп қана қойды. Байкөкшенің жырын ұнатпаған кей атқамінерлер, сөзді басқаға бұрғысы келіп, өзара қалжың әзілдерін айтыса бастап еді. Абай Байкөкшені жұртқа елеулі етпек боп, сөзге қатысты: - Байкөкше сөзінің қасиеті - алғанның мақтауы емес. Тіленші боп - ел ақтаушының сөзі емес. Бұл, ел көргенді бірге көріп, ел айтқанды бұрын айтатын сыншы да болар! - деді. Төкежан Абаймен бұл жөнінде келіскен жоқ: - Ел айтқан деп, қай ел осыған: "удай ащы сөзді айт" деп тапсырды дейсің! Өзіне құдай берген қыршаңқылығы десеңші! - деді Ысқақ та, Тойсары да осы сөзді қостап:- Қотыр атша сүйкене жүрмей нетеді?- Елден аулақ! Бұның пәлесін елге жұқтырып неғыласың? - деді. Абай бұл жауаптарға күлді де: - Тура айтқан сөз, тура қабыл алына ма тегі. Бұларың да сол: "тулап кетеміз, айтпа" дегеннің ишарасы ғой. Бір Байкөкшенің айтқанын көтере алмаймыз, елдің сынын қайтіп көтереміз? - деп, қатты күлді.- Ел Байкөкше емес! - деп Төкежан дауласты. Осы кезде Байкөкше жүгіне түсіп домбырасын безілдете тартып отырып:-Уа, ел Байкөкше, болысым! Тыңдамайтын болған соң не керек, болмаса Байкөкше тап ел айтқанды айтады! - деді.- Кәні, олай болса, елдің айтқанын маған бір-ақ ауыз сөзбен айтып берші осы! - деп Төкежан күле көтеріліп, Байкөкшені мысқылдай бастап еді. Өзге болыстар да Төкежанмен қоса жауланып, Абай мен Байкөкшені мысқыл етуге айналды. Абай осы уақытта күле түсті. Қызына жауланып ол Байкөкшеге қарады да:- Өй, Байеке, ендеше іркілме шұбыртпа да, шұбылтпа, және мен бір ауыз өлеңнің басын бастайын, соның аяғына болыстар туралы елдің не айтатынын сен қосып жіберші, кәні! - деді. Өзі де бөгелместен, қатты дауыстап өлеңдетіп кетті.Ойпаң жерге қауындап шөп бітеді,Кей жігітке мал мен бас көп бітеді, Ойпаң жерге қауындап шөп бітеді,Кей жігітке мал мен бас көп бітеді, деп калып еді. Жүгініп отырған Байкөкше көтеріле беріп, қуана жадырағандай болды, қабағын керіп жіберіп, лезде іле жөнелді: Кей жігітті пысық деп болыс қойсаң,Қашан түсіп қалғанша жеп бітеді.- Міне, ел сөзі? - деп, Төкежанға қарап, сақылдап күліп жіберді. Үйдің ішіндегі барлық жұрт ду күліп, неше алуан тілмен, таң-тамаша қалғанын білдірісті. Төкежан қып-қызыл боп кетіп, мойнын сырт бұра беріп:- Өй, тіліңе шоқ түссін, заржақ неме? - деді. Кей жігітті пысық деп болыс қойсаң,Қашан түсіп қалғанша жеп бітеді. Абай Байкөкшеге сүйсінген бойында, барынша нашаланып, сылқылдап күледі. Қасында отырған Ерболға: - Байкөкше емес, болыстарыңа көктен түскен "жай көкше" болмады ма! - деді де, осы күлген бетінде, тысқа шығып кетті. Ербол Абаймен ере кетті. Болыстар алғашкы кезде күлсе де, кейін ее жия, үндеспей сазарып топталып қалды. Тобына тұйғын араласқан: үлкен дуадақ, коңыр қаздардай. Семіз, жуан бойларымен, қысылып, қорғалап қалған сияқты... ### Байкөкше Балғынбайұлы туралы әңгіме Семей қаласынан қырдағы болыс сайламақ болып, съезд ашамыз деп, Жидебайдағы Абай ауылына Лосовский деген ояз келіпті. Ояз келді деген хабарды естіген жан-жақтағы елдерден өтініш-арыз етуші адамдар келе бастапты. Бір күні ояз тілмәші мен Абай, Көкбай, Оспан, Абайдың баска серіктерімен мәжілістесіп отырғанда белгілі Байкөкше ақын сәлем беріп кіріп келіпті. Абай орнынан тұрып: "Байкөке, төрлет, - депті. Байкөкше:- Абайжан, менің отыруға мұршам жоқ. Мына келген оязға арыз жазып шағым айтқалы келдім, - депті. Абай:- Байкөке, өзің мәжілісті бұздың-ау, кәне әкел арызды, - десе. Байкөкше мен орысша білмеймін емес пе, өзіңе арыз жазғызайын деп едім. Абай оған "не күн туды басыңа сонша, әбігерленіп" деп ұнатпаған жағдай көрсетіпті. Көкбай сөзге араласып, "Абай аға Байкөкең арызын өлеңмен айтып түсіндірсін артынан мен өзім орысшалап жазып беремін ғой" десе керек. Абай Лосовскийге "мына кісі төкпе ақын сізге арыз айтуға келіпті, ауызша айтуға рұқсат па" деген екен. Ояз "айтсын, тыңдалық - бірақ толық, переводта" депті. Көкбай: "Ал Байкөке ояз рұқсат етті, өлеңмен айтыңыз арызыңызды", - дейді. Сонда Байкөкше: "Елді бүйтіп құрысын меңгергенің,Аз бен көпті салмақтап теңгергенің.Күн көргенім осы еді қызыл тілім,Оған да сынап-мінеп жол бермедің,Мәмбетұлы Кішіктің баласына,Бақ күндес ағайынның баласына,Кұнанбай мен Кұланбай сәнге басып,Түсер кісі болмады арасына. "Елді бүйтіп құрысын меңгергенің,Аз бен көпті салмақтап теңгергенің.Күн көргенім осы еді қызыл тілім,Оған да сынап-мінеп жол бермедің,Мәмбетұлы Кішіктің баласына,Бақ күндес ағайынның баласына,Кұнанбай мен Кұланбай сәнге басып,Түсер кісі болмады арасына. Көзіңнің қыры түссе, қырын қарап,Бекбембет, Жапал менен Қабасына.Сен болмасаң еліңе өсек кірген,Кім тұтқа бола алады аласына,Малын берді қүн тартты Қабас күйді,Бәжейдің кісі өлтірген жаласына. Көзіңнің қыры түссе, қырын қарап,Бекбембет, Жапал менен Қабасына.Сен болмасаң еліңе өсек кірген,Кім тұтқа бола алады аласына,Малын берді қүн тартты Қабас күйді,Бәжейдің кісі өлтірген жаласына. Қабасқа жуандықпен жапқан жала,Көре-тұра түспедің соған ара.Ерім серік, ат ортақ, жорық емес,Айдан анық ақ іске жақты қара. Қабасқа жуандықпен жапқан жала,Көре-тұра түспедің соған ара.Ерім серік, ат ортақ, жорық емес,Айдан анық ақ іске жақты қара. Әділдігін қанеки айтшы, Абай,Толып жатыр арманым айтсам талай,Қүне-екем маңдайымнан сипаушы еді,Ұдайы болмаса да,әлдеқалай. Әділдігін қанеки айтшы, Абай,Толып жатыр арманым айтсам талай,Қүне-екем маңдайымнан сипаушы еді,Ұдайы болмаса да,әлдеқалай. Кеткен соң ортамыздан Қараменде,Салар кісі болмады кезін кемге.Кеңгірбайдың қыңырық мінезінен,Қараменде би кетті алтын көмбе. Кеткен соң ортамыздан Қараменде,Салар кісі болмады кезін кемге.Кеңгірбайдың қыңырық мінезінен,Қараменде би кетті алтын көмбе. Сонан соң Мәмбетұлы Кішік билеп,Аздың йін қандырды теріше илеп.Олжабай, Ибақ, Шорман қанішерін,Ұрлық-қарлық істесе Қабас күймек. Сонан соң Мәмбетұлы Кішік билеп,Аздың йін қандырды теріше илеп.Олжабай, Ибақ, Шорман қанішерін,Ұрлық-қарлық істесе Қабас күймек. Құлық бен Орыс қаржау, Жуантаяқ,Мәмбетей тұқымына қойды таяп,Шеңгел кіріп тікенек қаны шығып,Есім менен Текебай екі саяқ. Құлық бен Орыс қаржау, Жуантаяқ,Мәмбетей тұқымына қойды таяп,Шеңгел кіріп тікенек қаны шығып,Есім менен Текебай екі саяқ. Ащы-суда иттей ұлып Манай отыр,Сондай нашар атаның талайы отыр.Оны айтуға бармайды менің аузым,Байқара, Әнетпенен қалай отыр. Ащы-суда иттей ұлып Манай отыр,Сондай нашар атаның талайы отыр.Оны айтуға бармайды менің аузым,Байқара, Әнетпенен қалай отыр. Маңайында елдерғе маза бермей,Ойбас ұры, тиымсыз Мамай отыр,Мырзаның қазанбұзар үй тентегі,Бекенбетпен Қабасты Сабай отыр. Маңайында елдерғе маза бермей,Ойбас ұры, тиымсыз Мамай отыр,Мырзаның қазанбұзар үй тентегі,Бекенбетпен Қабасты Сабай отыр. Асаубай, білседағы, білмей отыр,Шиқаны сыздаса да тілмей отыр.Ордадан аса қарап, хан тауына,Абайжан көзіне оны ілмей отыр. Асаубай, білседағы, білмей отыр,Шиқаны сыздаса да тілмей отыр.Ордадан аса қарап, хан тауына,Абайжан көзіне оны ілмей отыр. Меңгерсең елді жөндеп меңгер, Абай,Аз бен көпті салмақтап теңгер, Абай.Сүрінген, сүрен аттап нашарлады,Сүйеде, сүйемелдеп дем бер, Абай.Туысының зорлығын тияды деп,Тілеуіңді тілеп жүр кемдер, Абай. Меңгерсең елді жөндеп меңгер, Абай,Аз бен көпті салмақтап теңгер, Абай.Сүрінген, сүрен аттап нашарлады,Сүйеде, сүйемелдеп дем бер, Абай.Туысының зорлығын тияды деп,Тілеуіңді тілеп жүр кемдер, Абай. Нашарлап ер мойнына тақалғаныЕсе тиіп жуаннан ақы алмады.Шабақ жұтқан шортандайМырза, Мамай,Қабасты жұтсадағы қақалмады.Жөкеңді жақын жерден шаба торып,Ізге түскен шабуыл, күнде жорық.Айналада торыған аш қасқырдан,Момын ел, ала алмады малын қорып. Нашарлап ер мойнына тақалғаныЕсе тиіп жуаннан ақы алмады.Шабақ жұтқан шортандайМырза, Мамай,Қабасты жұтсадағы қақалмады.Жөкеңді жақын жерден шаба торып,Ізге түскен шабуыл, күнде жорық.Айналада торыған аш қасқырдан,Момын ел, ала алмады малын қорып. Мырза, Мамай, Мырза, Мамай, Мырза, Мамай, Олжабайды бастыққып аттандырып,Мыңға жатыр үйінде түбін жорып,Мыңқ етіп анда-саяда, бірақ айтып,Дүйсен жатыр борсықтайқұйрық сорып. Олжабайды бастыққып аттандырып,Мыңға жатыр үйінде түбін жорып,Мыңқ етіп анда-саяда, бірақ айтып,Дүйсен жатыр борсықтайқұйрық сорып. құйрық сорып. құйрық сорып. құйрық сорып. Ұрлап сойған биенің етін мақтап.Қорқақ отыр аузымен орақ орып.Ырғызбай, Өскенбай би ата тегің,Жоқтап еді әр уақытта елдің кегін. Ұрлап сойған биенің етін мақтап.Қорқақ отыр аузымен орақ орып.Ырғызбай, Өскенбай би ата тегің,Жоқтап еді әр уақытта елдің кегін. Ашса алақан,жұмғаяда жұмырығында,Тобықтының сол көрген ағын, көгін,Құнанбай артына үлгі қалдырыпты,Қу құсты, құладынға алдырыпты,Қазақтын баласына тәлім беріп,Мекеден тақиятам салдырыпты. Ашса алақан,жұмғаяда жұмырығында,Тобықтының сол көрген ағын, көгін,Құнанбай артына үлгі қалдырыпты,Қу құсты, құладынға алдырыпты,Қазақтын баласына тәлім беріп,Мекеден тақиятам салдырыпты. жұмғаяда жұмырығында, Сен солардын бірінен астым дедің,Таразының салмағын бастым дедің.Асып туған кезіңде сенсің, Абай,Еліңнін басып қалды, басқын денін. Сен солардын бірінен астым дедің,Таразының салмағын бастым дедің.Асып туған кезіңде сенсің, Абай,Еліңнін басып қалды, басқын денін. Асыл тусаң нашарға көзіңді сал,Тентекті тый, терісті тексеруге ал,Кедей-кепшік ұшырап сергелдеңге,Барымта сапырылып, сабылды мал. Асыл тусаң нашарға көзіңді сал,Тентекті тый, терісті тексеруге ал,Кедей-кепшік ұшырап сергелдеңге,Барымта сапырылып, сабылды мал. Жұмағұл мен Кішіктің зорлығын тый,Ел бұзды Атақандай парақор би.Мұнан қатты айтуға бара алмадым,Аз ауыл Қабас саған жетерлік сый. Жұмағұл мен Кішіктің зорлығын тый,Ел бұзды Атақандай парақор би.Мұнан қатты айтуға бара алмадым,Аз ауыл Қабас саған жетерлік сый. Менің сөзім түсіндір орысыңа.Ел басқарған би мен бек болысыңа.Шыдай алмай мен келдім саған шауып.Бай жуандар зорлық қып қонысыма.Ояз, тілмәш, үйінде қолында тұр.Абайжан, шамаң жетер болысуға. Менің сөзім түсіндір орысыңа.Ел басқарған би мен бек болысыңа.Шыдай алмай мен келдім саған шауып.Бай жуандар зорлық қып қонысыма.Ояз, тілмәш, үйінде қолында тұр.Абайжан, шамаң жетер болысуға. Абай көзіне жас алып, ақынға өте риза болыпты, орнынан ұшып түрып: - Байкөке, мен ағайындар арасындағы өсек шығар деп анығын біле алмай жүр едім. Енді сізге сендім. Жайланып отырып ашуынды бас, - деп жанына отырғызыпты. Ояз Досовский "бұл ақын ғажап адам екен, өте ашулы жәйттарды айтқан сияқты, жақсылап маған перевод жаса" деп тілмәші Омарбек Оспановқа бұйырыпты "Омарбекті Мұхтар Әуезов Самалбек деп "Абай жолы" романында атын өзгертіп жазған" Омарбек "ақынның арызын басынан аяғына дейін өлең екен және көптеген халыққа жағымсыз зорлықшыл адамдарды айтады, оларды мен жете білмеймін, мына отырған Көкбай аударсын" депті Сонан соң Абай өзі жайланып отырып, оязға толық түсіндіріп беріпті, Досовский: "енді ақын менен не тілейді", - депті. Байкөкше "Балық басынан шіриді" деген қазақ халқының данышпандық мақалы бар. Осы сиезде қанаттас отырған үш болыс ел бар, сол елдерге болыстыққа ояз қабылдаса: "Мұқыр еліне Дұтбай Уандықов, Қызыладыр еліне - Тәуірбек Жаманқұлов, Шыңғыс болысына Оспан Құнанбаев сайланса екен" депті. Ояз Досовский түсініп Абайға бет бұрып, "Сіз қалай қарайсыз?" дегенде Абай "Осы кісінің ұсынысы қонады", - депті. Байкөкшенің ұсынысы бойынша, сол сайлауда жоғарыдағы үш кісі болыстыққа сайланыпты. Кейін сайланған үш болыс бастарын қосып. Байкөкшенің өлең арызы бойынша, ел ішіндегі телі тентек, зорлықшыл - көп ру елдердің басқарушыларына қатаң соққы беріп тыйым сала бастапты. Зорлықшыл Мырза деген көп рулы елдің Бөжей деген мықты бай адам болыпты. 4 баласы (Абыз, Мыңға, Қоқақ, Олжабай) шетінен батыр, жауынгер, барымташы болыпты. Оларға қосыла Найман Барақ төре шөбересі Есімхан деген ақын да Бөжей баласының серігі болып жүріпті. Соларды жоғарыдағы сайланған үш болыс (Оспан, Тәуірбек, Дұтбай) бірігіп қаулы шығарып Бөжей балаларын шет жерлерге жер аударуға бекітіпті. ## Байкөкше Балғынбайұлы туралы әңгіме Жөкен деген кісіге Байкөкше ақын сәлем беруге барыпты. Жөкен мырза ақ көңіл мейірімді адам екен. Көп жылқылары отарда болып, ауылда тұрған арық болса да бір атты жетегіңе ала кет депті. Ол ат - белгілі жақсы аттың бірі болса керек. Аулына келген соң біраз күннен кейін ат "өкпе" болып өліп калыпты. Байкөкше екінші жылы барса: - "баяғы торы атты неге мініп келмедің, ол өзі белгілі жүрісті ат еді гой" - депті, Байкөкше: "Жөкем бір маған берді маңқа торы,Ол өзі тәуір де емес малдың коры.Барған соң маңқа торы өліп калды,Сау ат бермесе, алмаймын осы жолы... "Жөкем бір маған берді маңқа торы,Ол өзі тәуір де емес малдың коры.Барған соң маңқа торы өліп калды,Сау ат бермесе, алмаймын осы жолы... дегенде байдың Нұрбай, Байбатыр деген екі баласы шапан кигізіп қайтарған екен. ## Дереккөздер
"Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ — жоғары медициналық білім беретін оқу орны. Қазақстан Республика Министірінің Кабинетінің 1997 ж. 25 ақпандағы қаулысымен Шымкент мемлекеттік медициналық институты негізінде құрылды. Оның емдеу, педиатрия, химия-фармацевтік факультеттері, дәрігерлер мен провизорлар біліктілігін көтеру секілді медицина саласына қажетті түрлі мамандар даярлайтын факультеттері мен 38 кафедрасы бар. Академияда Қазақстан Республика Ұлттық ғылым академиясының 1 академигі, 17 ғылым докторы және 115 ғылым кандидаты қызмет етеді. ## Тарихы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1979 жылғы 03 шілдедегі №247 "Шымкент қаласында Алматы мемлекеттік медицина институтының филиалын ұйымдастыру туралы" қаулысымен АММИ филиалы ашылды.Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 29 қазандағы № 429 қаулысымен АММИ филиалы Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институты болып қайта құрылды.Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 шілдедегі №778 қаулысымен Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институты Шымкент мемлекеттік медицина институты болып өзгертілді.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы №263 қаулысымен Шымкент медициналық институты "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы"республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 08 шілдедегі № 1037 Қаулысымен "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы"шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 09 қарашадағы № 681 қаулысымен "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы" акционерлік қоғамы болып қайта құрылды (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 2017 жылғы 13 қаңтардағы анықтама). ## Факультеттер * Медицина факультеті * Фармация факультеті * Халықаралық факультет * Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканаты * Резидентура деканаты * Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасы * Үздіксіз кәсіби даму факультеті * Медициналық колледж * Әскери кафедра ## Ректорлар * 1979-1989-Тегісбаев Есболған Тегісбайұлы, ф.ғ.к., доцент * 1990-1993-Үшбаев Кеңесбай Үшбайұлы, ф.ғ.д., профессор * 1993-1997-Төлебаев Райыс Қажыкенұлы, м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі * 1997-1999-Рысұлы Мұстафа, м.ғ.д., профессор * 1999-2008-Дайырбеков Орынбай Дайырбекұлы, м.ғ.д., профессор * 2009-2018-Сексенбаев Бақытжан Дерибсалиевич, м.ғ.д., профессор * 2018-қазіргі уақытқа дейін Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы, м.ғ.д., профессор ## Атақты түлектер * Цой Алексей Владимирович - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі (2020-2021). * Бүркітбаев-Қазақстан Республикасының Жандос Қонысұлы Денсаулық сақтау вице — министрі (2020-2021). * Асылбеков Нұрлыбек Әбибуллаұлы-Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (05.2022 бастап). * Пашимов Марат Орынбасарұлы-Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (04.2020 бастап). * Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы-Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2020-2022). * Қашқымбаева Ләззат Рсымбекқызы-Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің басшысы (2011-2019) ## Дереккөздер
Ізбасаров тегі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Асқар Ишанұлы Ізбасаров - медицина ғылымдарының докторы, профессор. * Дүйсебай Сайлаубайұлы Ізбасаров – ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі. * Жүсіп Ізбасаров - Алашорданың Ақмола комитетінің төрағасы.
Көз жасы жолы (ағылш. Trail of Tears) — этникалық тазарту және Американдық үндістерді күштеп қоныстандыру, осы бұқараның құрамын негізінен Бес өркениетті тайпалар құрады, оларды АҚШ-тың оңтүстік-шығыстағы өз жерлерінен батысқа қарай Үндіс аймағына (қазір Оклахома) көшірді. 1831 жылы бірінші чокто тайпасы қоныстандырылды. Жолда үндістер баспананың болмауынан, аурулар мен аштықтан зардап шекті, көптеген адамдар қайтыс болды: тек чероки тайпасы үшін жолдағы өлім саны 4-тен 15 мыңға дейін жетті. Үндістермен бірге көптеген негрлер Үндіс аймағына қоныс аударды - олар құлдықта болған, үнді тайпаларының өкілдеріне үйленген немесе жай қашқындар. Бүгінгі таңда дәл осындай атаумен америка тарихында мәңгі қалдыратын АҚШ-тың Ұлттық соқпақтар жүйесі енгізілген. ## Бастауы 1830 жылға қарай бес өркениетті тайпалар - чероки (Cherokee), чикасо (Chickasaw), чокта (Choctaw), маскогтар (Creek) және семинолдар (Seminole) - Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-шығысындағы автономды ұйымдарды құрады. Джордж Вашингтон мен Генри Нокс мәдени өзгеру процесі бастаған; бұл тайпалар, әсіресе чероки мен чокта еуропалық технологиялық жетістіктерін және мәдениетін тез қабылдады. Ол кезде черокидің өз мектептері, жазуы болды, олар христиан дінін қабылдап, «Чероки Феникс» газетін шығарды, тіпті конституцияларын қабылдауға тырысты - бірақ бұл уақытта олар Джорджияның қарамағында болды. Джорджия, Теннесси, Алабама және басқа да бірнеше оңтүстік штаттардың заңдық жиналыстары өркениетті үндістердің жерлеріне қатысты өз көзқарастары болды. Демократиялық президент Эндрю Джексон (этникалық ирланд) жерлерді еуропалық отарлаушыларға беру үшін үндістерді көшірудің жақтаушысы болды. Оның көмегімен 1830 жылы 26 мамырда АҚШ Конгресі тайпаларды жақсы жабдықталған және ауқатты оңтүстік-шығыстан Ұлы жазықтың жабайы жерлеріне қоныс аудартуын қарастыратын Үндістерді көшіру заңын қабылдады. Осы сәттен бастап өркениетті үндістерді күштеп қоныс аудару шарасы басталды. ## Қоныстандыру «Бес өркениетті тайпаның» қоныс аударуыy кейіннен «Көз жасы жолы» деп аталды. Миссисипи өзенінің бойымен батысқа қарай бірнеше штат арқылы өткен бұл жолдың атауы ең алдымен чокто тайпасының қоныс аударуынан алынған. Бес тайпаның әрқайсысы әртүрлі жолмен қоныстанды, бірақ олардың барлығы Оклахома орналасқан аумаққа қоныстанды. бірінші болып чокта тайпасы қоныстандырылды. ### Чокталарды көшіру Чокта тайпасының орталықтары қазіргі Алабама, Миссисипи және Луизиана штатында орналасқан. 1830 жылы 27 қыркүйекте чокта АҚШ үкіметімен «Дэнсинг-Рэббит-Крик туралы келісім» деп аталатын келісім жасады. Келісімге сәйкес, олар Миссисипидегі 45,000 км өздерінің аумағын батыстағы 61,000 км² аумаққа ауыстырды. Келісім АҚШ азаматы болғысы келетін чокталарға қалуға рұқсат берді. 17000 чоктаның қоныс аударуы үш кезеңде өтті және 1833 жылы аяқталды. Бірінші топ батысқа 1831 жылы 1 қарашада аттанды. Антисанитарлық жағдайлар, аштық, аурулар (қыста - өкпенің қабынуы, жазда - тырысқақ эпидемиясы) көптеген адамдардың өмірін қиды: нақты деректер жоқ, бірақ шамамен 2500-дан 6000-ға дейін адам деп есептеледі. Кейінірек Арканзас газеті қоныс аудару туралы «көз жасы мен өлімнің жолдары» деп айтқан тайпа көсемінің сөзін келтірді. Миссисипиде шамамен 5000-6000 чокто қалды, бірақ олар мұнда да қысым көрді. Көшірілген чокталықтар кейіннен «Оклахомдық чокта ұлты», ал Миссисипиде қалған адамдар «Үндістердің чокта тобын» құрады. Қалған чокта американдық азаматтығын алған еуропалық еместердің алғашқы үлкен тобына айналды. ### Семиолдарды көшіру Чокта мысалына сүйене отырып, 1832 жылы семинолдарды да қыса бастады; 1834 жылы мускогтерді (криктер) көшірді. Сол 1834 жылы Чероки жерінде алтын табылды. Чероки конституциясының авторы және тайпа көсеміне кандидат Джон Росс үндістерді көшіру туралы заңның күшін жойдыруға тырысып бақты, бірақ бұл әрекеттері нәтижесіз болды. 1835 жылдың басында президент Эндрю Джексон үндістерге егер олар өз еріктерімен батысқа кетпесе, оларды әскери күшпен мәжбүрлеп көшіртеміз деп қорқытты. Сол жылы жас көсем Осеола (шотландық-крик метисі) семинолдар қарсылық қозғалысын басқарды. 1837 жылы чикасолар көшірілді, ал 1838 жылы кезек черокиге келді. 1835 жылы президент Джексон чероки өкілдеріне үндеу жолдады: «Менің достарым! Өркениеттің сендерге не әкелгенін өздеріңде көріп отырсыңдар! Миссуридің арғы жағындағы Үндіс аймағына барыңдар - сонда өз қалағандарыңша өмір сүріңдер!». ## Негірлерді көшіру Қоныс аударған үндістермен қатар, көптеген еркін негірлер де, құлдар да Үндіс аймағына барды (не олардың үндіс иелерімен еріп кетті, не қашып барды, қалай болсада үндіс тайпаларына қосылған) Көз жасы жолынан кейінгі алғашқы жылдары тірі қалған негірлердің - құлдардың да, еркіндердің де өмір сүру жағдайы өзгерді. Үндіс аймағына келген соң, чикасо ірі фермаларды құрып, оларда қара құлдардың еңбегін пайдаланды. Чикасо халқы құлдықтың жойылуын тек 1866 жылы мойындады (АҚШ заңдары бұларда әсер етпеді, өйткені Үндіс аймағы ресми түрде Америка Құрама Штаттарынан тыс жерде болған), содан кейін босатылған қара нәсілділер 1890 жылдарға дейін чикасо ұлтының азаматтары болды. Чокта ұлтының бұрынғы құлдары «чоктаның босатылған адамдары» (Choctaw Freedmen) деген мәртебесін алды. Чокта ұлтында босатылған құлдар 1885 жылы Чокта ұлтының азаматтығын алды. ## Тағы қараңыз * Бес өркениетті тайпалар * Үндіс аймағы ## Әдебиет * Anderson, William L., ed. Cherokee Removal: Before and After. Athens, Georgia: University of Georgia Press, 1991. * Carter, Samuel. Cherokee Sunset: A Nation Betrayed. New York: Doubleday, 1976. ISBN 0-385-06735-6. * Ehle, John. Trail of Tears: The Rise and Fall of the Cherokee Nation. New York: Doubleday, 1988. ISBN 0-385-23953-X. * Foreman, Grant. Indian Removal: The Emigration of the Five Civilized Tribes of Indians. Norman, Oklahoma: University of Oklahoma Press, 1932, 11th printing 1989. ISBN 0-8061-1172-0. * Prucha, Francis Paul. The Great Father: The United States Government and the American Indians. Volume I. Lincoln, Nebraska: University of Nebraska Press, 1984. ISBN 0-8032-3668-9. * Remini, Robert V. Andrew Jackson and his Indian Wars. New York: Viking, 2001. ISBN 0-670-91025-2. * Wallace, Anthony F.C. The Long, Bitter Trail: Andrew Jackson and the Indians. New York: Hill and Wang, 1993. ISBN 0-8090-1552-8 (paperback); ISBN 0-8090-6631-9 (hardback). ## Сілтеме * Cherokee Heritage Documentation Center * Cherokee Indian Removal, Encyclopedia of Alabama
Атбасар қалалық әкімдігі — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы - Атбасар қаласы. ## Дереккөздер
Социалистік Еңбек Ері (орыс: Герой Социалистического Труда) — шаруашылық пен мәдени құрылыстағы аса үздік жетістіктері үшін еңбекте ерекше көзге түсіп, өздерінің аса үздік жаңашыл қызметтерімен қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға, халық шаруашылығын өрге бастыруға, ғылым мен техниканы дамытуға, КСРО-ның күш-қуатын нығайтып, даңқын шығаруға ат салысқандары үшін ең жоғары құрметті атақ - Социалистік Еңбек Ері белгісін алған еңбеккерлер. Бұл атақ КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1938 жылғы 27 желтоқсанындағы Жарлығымен бекітілген. ## Социалистік Еңбек Еріне тапсырылатын КСРО-ның ең жоғары наградалары * Ленин ордені * айырықша үздік белгісі - "Орақ пен Балға" алтын медалы * КСРО Жоғары Советі Президумының Грамотасы Жаңа еңбек қаһармандығын көрсеткені үшін Социалистік Еңбек Ері - Ленин орденімен, "Орақ пен Балға" алтын медалімен екінші рет наградталды. Социалистік Еңбек Ері атағына екі мәрте ие болған адамның туған жерінде немесе КСРО Жоғары Советі Президумының шешімі бойынша басқа жерде оның қола бюсті орнатылды. 1986 жылдың қыркүйегіне дейін ҚазКСР-інде 1792 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алған. ## Екі және үш мәрте Социалистік Еңбек Ерлері * Н. Алдабергенов (1948, 1958) * Н.Н. Головацкий (1966, 1984) * Ы. Жақаев (1949, 1971) * Н.А. Кузнецов (1975, 1979) * Д.А. Қонаев (1972, 1976, 1982) * Ж. Қуанышбаев (1948, 1958). ## ҚазКСР-нің Социалистік Еңбек Ерлері ### 1943 жыл * Асаинов Ж. ### 1947 жыл
Елді мекендер: Қазақстан * Родионовка – Ақмола облысы Атбасар ауданындағы ауыл. Ресей * Родионовка – Башқұртстанның Стерлибашев ауданындағы ауыл.
Темір жол – халық шаруашылығының және халықтың байланысының негізгі тұтқасы, күре тамыры. Өлкемізде темір жол құрылысы соңғы уақытта дамып, шаруашылықтың басты саласына айналды. ## Гурьев-Доссор темір жол құрылысы 1925 жылдың басында КСРО Халық шаруашылығы кеңесінің шешімімен Гурьев-Доссор тар табанды темір жолын салу үшін Ембі-мұнай тресінің жанынан құрылыс басқармасы ұйымдастырылды. Жол салу ерекше қиын жағдайда жүргізілді. Ешбір құрылыс механизмі болмады, трасса бойын ауыз сумен қамтамасыз ету үлкен күшке түсті. 1925 жылы мамыр және маусым айларында жол салу үшін 30 еңбек артельдері құрылды, олардың әрқайсысында 30-35 адамнан болды. Гурьев-Доссор тар табанды темір жол құрылысына Коломенск және Луганск зауыттары паровоздар, Октябрь және Москва-Курск темір жол бөлімдері вагондар, Брянск және Екатеринослав заводтары темір жолға рельс дайындады. Жолшылардың ер еңбегі нәтижесінде Гурьев-Доссор тар табанды 93 километрлік темір жолы 1926 жылы 18 желтоқсанда пайдалануға берілді.Жол бойында ірі үш бекет (Гурьев, Қарабатан, Доссор), 3 разъезд (Сокол, Ескене, Даңғар) іске қосылды. Алғашқы кезде поезд Гурьевтен Доссорға дейін 11 сағат, кейін 7 сағаттай уақытта жүріп өтті. Гурьевтен негізінде су және басқа тауарлар, Доссордан мұнай өнімдері тасылды.1934 жылы мұнай өндіру қарқыны артуына байланысты Ескенеде тағы бір тар табанды темір сол салынды. ## Қандыағаш-Гурьев темір жол құрылысы Қандыағаш-Гурьев темір жолы 1939 жылғы 12 ақпанда салынып бітті. Сөйтіп, 518 км.темір жол желісі тартылып, 450 мың шпал төселді, 26 мың тонна рельс, 300-дей көпір мен өткел, 30 бетон тұрба құбырлары іске қосылды. Жол салуға 6 мыңнан астам кұрылысшы қатысты, олардыә 70 % -н астамы жергілікті ұлттың өкілдері боды.1917 жылы түсірілген 1939 жылы 26 ақпан күні 40 вагон тіркелген бірінші пойызы Гурьевке келді.Қандыағаш-Гурьев жолы 1939 жылы желтоқсанда уақытша, 1942 жылы тұрақты іске қосылды. Қандыағаш-Гурьев темір жолы Ембі мұнайының Оралға, Сібірге, Орта Азияға шығуына жол ашты. ## Мақат-Ақтау темір жол құрылысы Өткен ғасырдың 50-ші жылдары Маңғыстаудан оңай да, арзан алынатын уран кені табылғандыктан, үлкен өндіріс ашып, қала салу жоспарланды. Осыған байланысты Мақат-Ақтау аралығына темір жол салуға машина жасау министрлігі каржы бөлді. Құрылысты тұрғызу үшін 1963 жылы 30 қаңтарда №99 құрылыс басқарма ұйымдастырылып, ол ілкіде Мақат елді-мекеніне орналасты. 1963 .жылдан бастапМақат-Ақтау-Өзен аралығына 712 км.темір жол құрылысы салына бастады. Жол бойында 14 млн. текше метр топырақ төгілді, 400-дей ірілі-ұсакты күрделі құрылыстар (көпір, өткел, дамбы) салынды, 760 шакырым темір жол торабы төселді, 710 шақырым жоғарғы кернеулі электр жүйесі қосылды және 50 мың текше метр тұрғын үйлер салынды. Мақат-Ақтау темір жолы 1966 желтоқсанда уақытша, ал 1969 жылы тұрақты пайдалануға тапсырылды. ## Гурьев-Астрахань темір жол құрылысы Темір жол саласындағы тағы бір құрылыс Гурьев-Астрахань темір жолы 1966 жылы салына бастады. Жол бойында 5 станция мен 21 разъезд іске қосылды. 7 миллион текше метр топырақ үйіліп, 56 күрделі кұрылыстар және көптеген мәдени орындары салынды. 330 шақырым темір жол төселіп, 1969 жылы 30 сәуірде жол тапсырылып, жұмысшы поездар жүре бастадьі. Гурьев-Астрахань темір жолы тұрақты пайдалануға 1970 жылы желтоқсанда берілді. ## Бейнеу-Қоңырат темір жол құрылысы 1972 жылы 24 желтоқсанда Орта Азиямен байланыстыратын төте жол Бейнеу-Қоңырат болат магистралі тұрақты пайдалануға берілді. ## Құлсары-Теңіз темір жол құрылысы 1986 жылы 4-қазанда ұзындығы 102 шақырым Құлсары-Теңіз темір жолы пайдалануға беріліп жұмысшы поездар жүре бастады. ## Мақат-Индер темір жол құрылысы 1987 жылы 5 желтоқсанда Мақат-Индер темір жолы пайдалануға берілді. Қазақстан темір жолы құрамындағы ұзындығы 2 мың шақырым Атырау бөлімшесінде 90-шы жылдардың ортасында 500-ден астам инженерлер, 1,5 мың жарым орта білімді мамандар қызмет еткен еді. Мұнда 80-нен астам станция мен разъездер жұмыс істейді. Отыз шақты пайдалану кәсіпорындары, жол кызметіне қажетті онда ұйымдар бар. Атырау темір жол бөлімшесі - іргелі кәсіпорындарының бірі. Облыс бойынша тасымалданатын барлық жүктің 80 %-нан астамы бөлімше ұжымының үлесіне тиіп отыр. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер Ғинаятолла Нығмет. Солтүстік Каспий жағалауындағы көлік қатынасы
Байзақ Мәмбетұлы, Байзақ датқа (1789, Тараз — 1864, Шымкент) — Қазақстанның оңтүстік өңірінде Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушы батыр, Тараз аймағында елді отырықшыландыруға көп күш жұмсаған. Шыққан тегі: Ұлы жүз құрамындағы Дулат тайпасы, Шымыр руынан. Одан Бекболат, Жиенбет, Сәмбет, Мәмбет тарайды. Мәмбеттен Байзақ туған. Байзақ жасынан атбегі, құсбегі, мергендікті меңгерген. Шешен, билер, ел басқарған беделді кісілердің жанында жүрген. Өсе келе ауыл ағасы, жүзбасы, мыңбасы болған. Елді кәсіппен айналысуға отырықшылыққа арық қаздырып, егіншілік ұйымдастырған.Байзақ Мәмбетұлы туған өлкесі Қоқан хандығына да, Ресейге де қарамай тұрған тәуелсіз кезде ер жетіп, ел басшысы ретінде қалыптасқан. Оңтүстік өңірді Қоқан хандығы басып алғаннан кейін, ағасы Байтерекпен бірге сұлтан Рүстем Асфендиярұлы бастаған көтеріліске (1821) қатынасады. Көтерілісшілер қатты жазаланса да, Байзақ Мәмбетұлы беделді адам ретінде, өз руластарына датқа болып тағайындалады. Байзақ Мәмбетұлы датқа Қоқан отаршыларының айтқанына көнбей, қазақтардың мүддесін қорғай отырып, тәуелсіз саясат жүргізуге ұмтылады. Отаршыларға қарсы күресте Кенесары Қасымұлының сенімді серігі ретінде әйгілі болады. Оның сарбаздары Кенесары қолына қосылып, Қоқанның бірнеше бекінісін алды (1841), Созақ аймағын азат етуге қатысты. Қазақтар мен қырғыздардың Қоқан хандығына қарсы көтерілісіне басшылық жасады (1858). Патша генералы Колпаковскийдің әскеріне қарсы Алматыға жақын Ұзынағашта болған соғыс қимылдарына өз қолымен келіп қатысқан. Әкесі Мәмбет пен Абылай ханның өсиетін ұстап, қазақтың “арқасын тамға, аузын нанға сүйеу” жолында өмір бойы еңбек етті. Жергілікті халықты егіншілік кәсіпке үйрету үшін кезінде 160 км канал қаздырған. Оның игілігін Әулиеата (қазіргі Тараз) төңірегіндегі халық күні бүгінге дейін көріп отыр. Байзақ Мәмбетұлы датқа Қоқан хандығының әкімі Әлімқұлдың бұйрығымен зеңбірек аузына байланып атылды. Оның быт-шыты шыққан денесінен қалған екі саусағы Талас өзеннің жағасындағы Сарыкемер ауылының маңына жерленді. Жамбыл облысының бір ауданы Байзақ Мәмбетұлы есімімен аталады. ## Байзақ пен Ақмолда Елі сыйлаған, тыңдаған Байзақтың сол абырой, атағын, қадір-қасиетін, шешендік, батырлық, қабілетін білген Қоқан бектері оны датқа, би етіп, сол өңірді баскаруды тапсырады. Сөйтіп олар Байзақ датқаның беделін пайдаланып, алым-салық, зекетті мол жинамақ болады. Жинайды да. Осы бір ауыр тауқыметті, ел тұрмысының күйзелген халін сезінген Байзақ датқа кейін Қоқан бектеріне қарсы шығады. Ел-жұрт Байзақтың айтуымен алым-салық төлеуден бас тартады. Елді қоқандықтар қанауынан құтқару үшін Ресейге қосылуды қолдайды. Сол мақсатпен ол Сұраншы, Сарыбай Тезек төремен бас қоса ақылдаса отырып, Жетісу, Әулиеата, Шымкент аралығындағы соғыстарға қатысады. Оның кейбіріне өзі тікелей басшылық етеді. Баласы Ақмолда батыр өз жасағымен Ұзынағаш, Бішкек, Меркі, Әулиеата қалаларындағы соғыстарға қатысып, ерлік көрсетеді. Байзақ датқа сол жолы Шоқан Уәлихановпен танысып, пікірлеседі. Осының барлығын белгілі жазушы Сәуірбек Бақбергенов өзінің "Ақбоз атты ару" (1986) романында жан-жақты суреттеген. Романның 124-128-беттерінде Байзақ датқаның кескін-келбетін, ақыл-парасатын, баласы Ақмолдаға айтқан сын-сыйпатын, әкелік парызын автор былайша кескіндепті."...Байзақ ерен биік, орта бойлы екі жігіттің бойындай бойы бар, көбеңге біткен сәмбі талдай түп-түзу, іші жоқ, иығы тік, жауырыны дөп-дөңгелек, төңкерген қазандай, кеудесі аяққаптай апай төс кісі. Атқа мінсе де, төрде отырса да, топ бастап жаяу жүрсе де елден ерек көзге түсіп, бәрінен оқшау тұратын. Енді, міне, қартая бастаған шағында нақ қасынан тағы бір өзі сияқты солқылдақ көк теректің өсіп келе жатқанын байқап, іштен шүкірлік етіп, қуанатын. Әке деген қызық, қуана тұрып, күдіктенетін. - Осы, сен Ақмолда, мені жалықпай тыңдайсың, оның жақсы. Ие, өзің бар болғаны тыңдай бересін, тыңдай бересің, сонда бәрін үғып, мән-жайын түсініп отырсың ба, жоқ, әйтеуір, үлкен сөзін тыңдау ізет, үндемеу парыз, кішінің жолы деп отырасың ба?- Е, сіз мені тыңдайды деп ойлайды екенсіз ғой.- Әрине...- Шынымды айтсам, мен сіздің, сөзіңізді бір құлағыммен тыңдаймын. Бір құлағым, екі көзім сіз айтқан сөзді тыңдаушыларда болады.- Ә, солай ма? Шамасы, мен айтқан сөзді олардың қалай ұққанын бақылайсың-ау...- Қалай ұққаны емес, қалай қабылдағанын бағамын. Ойым соларда болады.- Сен кілең менің кебісімді қоясың, кісемді шешесің, мәсімді тартасың. Ал атқа мінсем, таралғы ұстап, үзеңгіге жармасасың, түссем шылауым сенің қолыңда тұрады. Мұндайдан купчик, күйкі қасиет жұқпай ма саған. Ел арасынан мені сенсіз де аттан түсіріп, мінгізетін, кебіс қойып, мәсі тартатындар табылмай ма?- Өз әкесіне көрсеткен құлдықтың айып-шамы жоқ.- Менімен қатар отыруға жарап қапсың. Бірақ кілең төменге қарай шегіншектей бересің.- Жоқ, көке, сіздің көзіңіз тіріде жоғарыға отыруға асықпаймын. Әр нәрсенің өз орны бар, өз кезегі бар. Жоғарыдан төмен көрінеді, төменнен жоғары-төмен бірдей көрінеді. Қасында не қилы адам отырады. Соларды бағамын, байқаймын, сынаймын.- Сен төменнен төңіректі жақсы көремін де...- Асыл зат ауыр келеді. Ауыр нәрсе көбіне төменде жатады.- Төменнен не көрдің?- Ел деген асылды, халық деген ауырды көрдім.- Сен айтқан ауыр мен асылдың бүгін тағдыры ашса алақанына, жұмса жұлдырығына ұстап отырған шоқша сақал, қалтақ бас, ру басы бір шалдың қолында емес пе? Одан асып-төгіліп жатқан асыл мен ауырды сен қайдан, қалай көріп жүрсің? Мен ондайды көре алмадым.- Көрмесеңіз, жастай жоғары отырып, төменге зер салмаған өзіңізден көріңіз. Әйтпесе, артында сүйеу болар, қолына кару ұстар жігіті болмаса, әлгі өзіңіз айтқан шоқша сақал қалтақ бас шалдарды сіз тыңдар ма едіңіз?- Сонымен не айтпақсың, Ақмолда?- "Жалғыз ағаш үй болмайды, жалғыз жігіт би болмайды" дегенді айтқан мен емес. Сондай-ақ, ер істеді дегенді ел істеген, батыр алған қорғанды халық алған. Жаңағы өзіңіз айтқан қалтақ бас шалдың аузын даты удай ащы сөз кімдікі? Халықтікі. Ондай болса, төменде отырып қараған артық емес, әке! Әке көпке дейін үнсіз қалды. Әлден уақытта баласына бүтін денесімен ат үстінен бұрыла қарап: - Сөйле балам, сөз сенікі! - деді.- Мен болдым. Сөз орайы келгенде айтыла салған да, әйтпесе мен өз кезегімді алыстан күтем. Сіз әлі тұғырдан түскен жоқсыз, көке!- Өзім де солай ойлаушы едім. Бірақ уақыттың өткенін, сенің жетілгеніңді аңғармай қалыппын!- Әлі ерте, көке!- Сен айтасың ғой ерте деп, күн батуға жақындапты ғой, балам! Қаратау мен Алатаудың құз-қиясына балапан салған бүркітті талай-талай көрген әке емес пе, баласын ауыр да соңғы сыннан өткізбек еді. - Сенің қанатың қатайыпты.- Ерте емес пе?- Сен бүркіттің балапанын ұядан қалай ұшырғанын көріп пе едің?- Талай көрдім, көке.- Айтшы, кәне!- Бүркіт, ұясын биік құзға, зәулім жартасқа, желдің өтіне салады. Енді жетілді-ау дегенде қанатымен қағып, ұядан итеріп түсіреді де, өзі дереу жон арқасын тоса қояды. Жерге соқтырмай іле көтеріп әкетеді. Сөйтіп қақпалай-қақпалай көтере түседі. Көтере береді, көтере береді...- Мен де кәрі бүркітпін. Сен ұшуға жарапсың... Бала үндеген жоқ. Әкесіне қарап еді, ол шанында да, томағасын сыпырып тастаған кәрі бүркіт сынды екен. Көзінің жиегі қызарған, беті айқыш-ұйқыш әжім, мұрны дөң, қоңқақ, мойны қыртыс-қыртыс, жүні түлеген тазқараның алқымына ұқсайды. Саусақтары тасқа, түғырға көп жармасып, талайды бүрген қыранның тұяғы тәрізді тарам-тарам, айғыз-айғыз еді, әлдеқандай сафиянмен қаптағандай сап-сары, бұж-бұж екен.Әке мен бала тау етегіне ілікті. - Он жасында қасыма ердің. Қанатың ерте қатыпты. Ұядан итеріп түсірердің алдында бірнеше сауалым бар саған.- Ұядан қағып түсірмей-ақ сұрай беріңіз, көке!- Иә, мейманаң толып, кенерден асып шалқығанда, не істейсін, Ақмолда?- Ата-бабамның қаны көп тамып, көздің жасынан қара тасы қақ жарылып, жауыр аттың арқасындай кең жотасы айқыш-ұйкыш, қасиеті мол қайғысы көп Қаратауға қараймын, көке.- Керісінше, көңілді мұң, кеудені шер басып, бәсеңдей түссең ше, Ақмолда?- Көркем де сұлу, армандай асқар Алатауыма қараймын, көке!- Тынысың тарылып, өкпең қысылғанда не істейсің, Ақмолда?- Самал желді кең жазық далама қараймын, көке!- Табаныңа тас батып, өкшеңе шөңге кірсе ше?- Тоқтышақтың терісінен шоқай кием, көке.- Берікқара мен Шақпақтың өкпен желі ту сыртыңнан соқса ше?- Түйе жүн шекпенім, күпі мен тоным сандықта жатады, бөктерімде жүреді, көке.- Досың бар ма, Ақмолда?- Бар ғой, бірақ дос деген жақсы арман сияқты, амандықты алыстан сұрап, тілеуқор болып, қияс жүреді, алыста болады дос, көке.- Қасың ше?- Қасым мына мініп келе жатқан аттың айылы мен жалының астында. Үнемі шылауға оралып, қасымда жүреді, көке!- Сөзім жоқ енді. Қасының қайда екенін білген, кім болса ол болсын, ұядан ұшуға хақ! Сені Алла бетіңнен жарылқасын, мен енді ұшпайтын сары тұғырға қонамын. Қанатымды сілтесем - сілтермін, ұшпаймын, талпынамын. Сен өсіпсің. Шәгім де, арманым да жоқ". Байзақ датқа 75-ке қараған жасында қоқандықтардың қолынан опат болады. Оған өшіккен Қоқанның бектері батырды алдап, Шымкентке шақыртып алады да, тірідей балталап шауып өлтіреді. Денесін өртеп, күлін зеңбірекпен аспанға атады. Сөйтіп ел-жұртты үрейлендіреді. Кейін ағайын-туыстары Байзақ датқаның шауып тасталған жалғыз шынтағын тауып алып, еліне апарып жерлейді. Ол белгі-мүрде Михайловка селосынан 12 шақырым жерде тұр. Бүгінде датқаның басына ескерткіш орнатып, күтімге алынған. Байзақ Мәмбетұлы зерттеліп, жазылуға тұрарлық халқымыздың белгілі-беделді ел қамқоры болған азаматы. Оның есімі Жамбыл облысы Свердлов ауданына берілді.Байзақ датқа айтыпты дейтін кесімді, әділ, тапқыр билік сөздері ел арасында аз емес, бірақ ескеріліп жиналмаған, архивке, қолжазба қорына түспеген. ## Ел арасындағы сөздер Ел арасынан біз жазып алған бірер шешендік, тапқырлық сөздер мыналар: ### 1 Қоқандықтар билеген заманда, бір күні Байзақ баланың үлкен атасының үйіне бес-алты зекетші келіпті. - Сені жарлы қылған біз емес, Құдайыңа жыла. Жан басы алпыс қадақ бидайдан, үйіңдегі алты балаңа тоғыз пұт астық төлейсің, - деп олар отырып алыпты. Жалғыз сиырдың сүтіне қарап отырған жарлы шал қалай мақұл дей қойсын, қатты сасыпты. Сол кездің өзінде-ақ шешендігімен аты шыққан қаршадай Байзақ бала әлгі зекетшілердің үстіне келе қалса, жасы үлкендеу біреуі: - Бала сені жұрт шешен деседі, мынау атаңды биылғы алым-салығынан босатайық. Саған сұрақ қояйын, мәселен, адамға мына көз, мұрын, қол, ауыз қаншалықты керек? Осыған табан астында жауап тауып айта қойшы, кәне? - депті. Сонда бала тұрып: - Тақсыр, қапылыста шыққан сөз қанжардан өткір деуші еді. Жазатайым қытығыңызға тиіп кеткендей болсам, басыма әңгір-таяқ ойнатып жүрмес пе екенсіз? - депті.- Әу, ол не дегенің? Сөз тапқанға қолқа бар ма. Жауабың, нанымды болса, жазғырар жайым жоқ. Сөйле, қорғанба! - депті қарт зекетші.- Е, ұлық, басымен уәде беріп, сенің сөзіңе өкпелеп не көрініпті? Бәріміз де куәміз! - десіп, ұлықтың қасындағы нөкерлері де қаумалап әкеткен соң Байзақ бала: - Олай болса, тақсырым,Сөйлейін сөздің тап шынын.Көз деген көпті үйіруге керек,Мұрын менменсіп шүйіруге керек,Қол жарлының малын жылатып алуға керек,Ауыз алғаныңды көмейге салуға керек! – дегенде, әлгі зекетшілер үйден құр қол шығып жүре беріпті. ### 2 Байзақ датқа сайланған алғашқы жылдар екен. Әкесінен бөлек ауыл болып ақ орда көтеріп, ел басқарып жүреді. Бір күні үйіне әкесі келеді. - Бала дос көбейттің бе, досың қанша? - деп сұрапты. Сонда баласы:- Әке, досымның санында әзір есеп жок, бәрі дос болайық, мына бір ісімді тындырып бер! - деп келеді. Шын досымның қанша екені, мен орнымнан қалған күні белгілі болады, - деп жауап беріпті. ### 3 Байзақ датқаның айтуынан қалған қанатты нақыл сөздер де баршылық, солардың кейбірі мыналар: Ала шапанды қоқандар,Зекет бер деп қоқаңдар. Орыспенен дос болсаң, балталы бол,Сартпенен дос болсаң, қалталы бол. Кекілік тастан-тасқа секектейді,Қоқандар ауылға келіп зекет дейді. Бидің айтқанын құл да айтады,Есті болса ұл да айтады. Ботаның бодауына, Бураңды беріп жүрме.Ішің күйсе тұз жала,Сыртың күйсе домала Атан түйеге боздаған жараспайды,Ескі дауды қозғаған қыр аспайды. Аш адам тырысқақ.Мас адам ұрысқақ. Шартық қошқар қой бұзар,Шатақ адам той бұзар. Тіл астында тіл бар.Піл астында зіл бар. Жаманға ақыл айтсаң, "алдайды" дер,Сиырды суға айдасаң, "жалдайды" дер... ## Байзақ датқа жөнінде... Байзақ датқа жөнінде жоғарыда аталған жазушы С. Бақбергеновтың романында және Қазақ энциклопедиясында (2-т. 85-бет.) қазақ хандар тарихына байланысты ("Казахско-русские отншения ХVІІІ-ХІХ в.в сб. документов и материалов". Алматы, 1964 г.) жинақта жазылған.Әсіресе, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанқара Дәдебаевтың әулие ата туралы қомақты еңбегінде жанжақты зерттелген. Бұл жағынан Абылайханның әулетімен, екінші жағынан Мәделі қожа әулетімен туыстық қарым-қатынаста болған. Сондықтан да болар. Мәделі қожа мен Майлықожаның шығармашылык мұрасында Байзақ датқаның өзі мен айналасы туралы деректерге кең орын беріледі. "Қараның өтті хандары" деген шығармасында Майлықожа қара халықтан шығып, хан болған ірі елбасылар жайында толғай отырып, Мәмбет бидің әулетіне ерекше көңіл бөледі. Мәмбет бидің әулетіБес жүз үйлі ел болып,Бір кісінің әулетіДаланы қаптап сел болып...- деп, ақын Мәмбет бидің кіндігінен тараған ұрпақтарының өсіп-өнген тұтас бір ел болғанына сүйсінеді. Сондай-ақ ақын бұл елдің ортасынан атағы алты алашқа шыққан батырларды да даралап көрсетеді: Сұрай бермей қазаққа,Байзақ шықты бел болып.Қызыл қанды уыстап,Ақмолда шықты ер болып. Ақын сөзінің жалғаны жоқ. Байзақ жасы ұлғайып, билік іске көшкенде, жауға шапқан батырлық істі Ақмолда атқарды. Ақмолдаға қатысты ақындық мадақ сөздің негізінде осындай шындық жатыр.Майлықожа Байзақ пен Батырбек арасындағы талас-тартыс жайын да назардан тыс қалдырмайды, екі датқаның бір-біріне ашуының калың жұртқа жарты ғасырлық ауыр жүк болғанын бейнелі түрде баяндайды: Екі наһан бұлқынып,Тоғысты дулат сең болып.Батырбек пен БайзақБір-бірімен сынасты,Таразыға тең болып.Үйін бүтін көшірмей,Ұйқыдан көзі тесілмей,Өртенген оты өшілмей,Елу жыл күн-түн беліненҚылыш-қанжар шешілмей,Екі шалдың ашуыОсынша жұртқа ем болып. Тарих деректерінде екі датқа арасындағы текетірестің бір ғана қыры, бір мезеттік көрінісі ғана сақталған. Ол Қоқан мен Ресей, Коқан езгісі мен Кенесары-Наурызбай көтерілісі тұсындағы оқиғалар тобына қатысты. Ақын бұл екі "наһан" арасындағы қырын-қабақ жанжалдың жарты ғасырлық тарихы барын нұсқайды, әрі олардың арасындағы мұндай тартысты тарихи-әлеуметтік, саяси сипаты жоқ "ашу" деп қана бағалайды. Енді бір тұста Майлықожа Байзаққа деген өзінің құрметін ашық білдіреді: Байзақтай алтайыҚазақта тумас енеден! Екі тармақ өлең Майлықожаның Байзаққа деген аса құрметі мен ықылас-пейілінің тазалығын анық танытып тұр. Бұл сөздерде ақынның Байзаққа сүйсіну, оны құрметтеу сезімі мөлдіреп тұнып жатыр десе болғандай. Осы тұста ақиық айтыскер ақын Сүйінбайдың Байзақ туралы: Байзақ жұртқа бірдей сөйлейтұғынТұңғиық қара судың кемесі еді, - деген жыр жолдары еске түседі. Екі ақын да өздерімен заманы бір, ортасы бір Байзақтың адамдық, азаматтық қасиетін, кісілгін өлшеусіз жоғары бағалайды.Майлықожаның "Сайлаудың сақтан, - жұртым, сарсаңынан" толғауында Байзақтын балалары Ақмолда мен Тайымқұл арасында болыстық мансап үшін талас туғаны туралы айтылады. Майлықожа шығармаларының екінші кітабында бұл толғауға мынадай сипаттама берілген: "Дулат Байзақ датқаның баласы Ақмолда болыс болып жүргенде, бір сайлауда оның шешесі бөлек інісі Райымқұл болыстыққа таласады. Халық Ақмолданы сайлайды. Сонда да Райымқұл болыстықты қимайды. Бұл әңгімені Сыр жағында жатқан Майлықожа естиді. Майлықожа осыларды татуластыруға келсе, Райымқұлдың Сыздық деген баласы қайтыс болған екен. Сонда Майлықожа Райымқұлға көңіл айта отырып, Ақмолда екеуін татулыққа шақырган...Ақмолда мен Райымқұл арасындағы мұндай іс бұрын баспасөз бетінде жарық көрген еңбектердің бір де бірінде баяндалмаған болатын. Майлықожаның толғауы Байзақтың екі ұлының өмірі, тұрмыс-тіршілігі жайында тың деректер береді. Байзақтын туыстық айналасын тануда толғау жүйесінде көрініс тапқан мәліметтердің де маңызы зор. Толғауда Райымқұл, Ысмайыл, Төрегелді, Жүсіп, Назар бірдей аталып, ақынның тоқтам салып, татулыққа шақырған тілегі солардың бәріне бірдей арналады: Ысмайыл, Төрегелді, Жүсіп, Назар,Тіл алсаң, мұндай істі қой мырзалар.Ыдырап бет-бетіңмен шашау кетсең,Тозған қудан топтанған карға да озар. Ақын ағайынды кісілерді татулыққа шақыра отырып, Ақмолда, Төрегелді, Райымқұл - Байзақтың осы үш баласының шағын образын жасаған. Ақмолда туралы ақын былай жырлайды: Замана тасқын судай ылайланды,Бұзбаса, түзулікті кім ойланды?Тентегін Жаңабайдың түзеймін деп,Ақмолданың басы қатып шыр айналды...Бас болдың Құдай қалап ұлы жүзге,Сасады жолбарыс та түссе ізге.Тоқсан қатын толғатып ұл тапса да,Табылмас Ақмолдадай аға сізге... Толғауда Райымқұл бейнесі де жарқырап көрініс тапқан: Дүбірің тұлпар мініп жарысқандай,Айбатың айға шапқан арыстандай.Қыран бүркіт секілді тұтымың бар,Ұстасып жібермейсің қарысқандай...Атыңды, Райымқұл, жұртқа жайдың,Дұшпанның отын алып, суға шайдың.Ерегіскен жан болса дал-дал қылып,Ісін қылды деуші еді Наурызбайдың... Ақын Райымқұлдың мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі бірнеше белгілерді даралап көрсетеді.Толғауда едәуір толық тұлғаланған образдардың бірі - Төрегелді образы. Төрегелді де Ресей - Қоқан - Қазақстан арасындағы соғыс ісіне араласқан, әкесі Байзақ, інісі Ақмолдамен тізе қосып, қатар жүрген белгілі батыр. Ол туралы архив құжаттарында бірқатар деректер сақталған. Майлықожа Байзақ балаларының ішінде Төрегелдіні айырықша айбарлы етіп суреттейді. Қылатын Жаңабайға қариялық,Басымсың, Төрегелді, Алтынбектен, - деп, Байзақ балаларының ішінде елге қариялық айтып, жол көрсетуге Төрегелдінің лайықты екендігін ақын ашық білдірген. Мырзадан, Төрегелді, асып тудың,Ақылың өзен судай тасып тудың.Ерегіспен дұшпанның отын алып,Байзақ пен Байтерекке тартып тудың, - секілді жыр жолдары Төрегелдінің батырлығына қоса ақылға бай, пайым-парасаты терең кісі болғанын аңғартса керек.Байзақ пен оның айналасы туралы шығармалардың маңызы мен мәні екі тұрғыда айырықша жарқырап көрінеді. Оның бірі - тарихи-танымдық тұрғы. Ақын-жыраулар Байзақ және оның айналасы туралы жырлай отырып, сол дәуірдің ірі тарихи оқиғаларына да назар аударды. ## Дереккөздер
Чокта, кейде чоктау, чоктаулар (ағылш. Choctaw, өзінше атауы Chahta — бастапқыда оңтүстік-шығыста (қазір Миссисипи, Алабама мен Луизиана штаттары) өмір сүрген АҚШ-тың байырғы халқы. Чокта тілі маског тілдер тобына жатады. ## Атауы «Чокта» атауының шығу тегі (транслитерация нұсқалары: Chahta, Chactas, Chato, Tchakta, Chocktaw) испанша «chato» (жалпақ) сөзінен шыққан болуы мүмкін, бірақ Джон Суонтон бұл көсемдерінің біреуінің аты болған деп болжайды. ## Тарихы және қазіргі заман жағдайы Чокта Миссисипи өзенінің алқабында болған Миссисипи мәдениетінің бөлігі болды. Тарихшы Уолтер Уильямстың айтуынша, Солтүстік Американың алғашқы испандық отарлаушылары чокта ата-бабаларымен кездескен. XIX ғасырда чокта еуропалық отарлаушылардың көптеген мәдени және технологиялық жетістіктерін қабылдағаны үшін «Бес өркениетті тайпалардың» бірі ретінде саналды. Кішігірім чокта топтары Алабама, Луизиана және Техас штаттарында өмір сүрсе да, Оклахома штатындағы чокта ұлты және Миссисипи чокта үндіс тайпасы ресми түрде танылған. Америка революциясы кезінде көптеген чокталықтар АҚШ тәуелсіздігін қолдады. АҚШ пен чокта арасында 9 келісім жасалды, олардың соңғы үшеуі чоктаны Миссисипидің шығысындағы жерлерден көшіруге бағытталған. Президент Эндрю Джексон үндістерді мәжбүрлеп жер аудару (Көз жасы жолы) саясатын жүргізді (көз жасы деген атпен белгілі), бұған қоса болашақ Оклахома штатына көшірілген чокта тайпасы оның саясатының алғашқы құрбаны болды («өркениетті тайпалардың» қалған төртеуі де чоктаның тағдырын қайталады). 1831 жылы Билеп тұрған Қоян Бұлағы келісімі бекітілген кезде, сол чокталықтар жаңадан құрылған Миссисипи штаты жерлерінде қалуға шешім қабылдаған адамдар АҚШ азаматтығын алған алғашқы ірі еуропалық емес топ болды. Чокта сонымен бірге АҚШ Конгресінде өз өкілдігінің болғандығын қалады. Алайда, XX ғасырдың басына дейін миссисипилік чокталарды жергілікті еуропалықтар кемсітіп, штаттан қудалауға ұшырады. Миссисипи үндістеріне қарсы расизм негірлерге қарсы расизмнен асып түсті. Үндістердің мәжбүрлеп қоныс аударуға және ассимиляцияға деген көзқарасы чокта көсемі Джордж Харкинстің Америка халқына жолдаған қоштасу хатында көрсетілген. 1847 жылы чокта тайпасы Қызыл Крест құрылғаннан жиырма жыл бұрын Ирландиядағы Үлкен ашаршылықта (1845-1849) көмектесу үшін $710 жинап, ирландықтарға гуманитарлық көмек көрсетті. Американдық Азаматтық соғыс кезінде, чокта, мәжбүрлеп көшіруді ұмытпай, негізінен конфедераттарды қолдады. Азаматтық соғыстан кейін миссисипилік чокта жеке тайпа ретінде өмір сүруді тоқтатты, ал Оклахома чокта, керісінше, оларды автономды құрылым ретінде мойындалу үшін күрес жүргізді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде американдық радио операторлары чокта тілін кәдімгі код ретінде қолданды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін чокта арасында өнеркәсіптік өндіріс, мысалы, кабелдік, дамыды. Қазіргі уақытта чокта Оклахома мен Миссисипи штаттарында ойындық пен қонақ үй бизнесі, электроника саласындағы кәсіпорындарға иелік етеді және өздерінің тілдері мен дәстүрлерін сақтап келеді. ## Әдебиет * Bartram, William. Travels Through…Country of the Chactaws…, Philadelphia: printed by James & Johnson, 1791. * Bushnell, David I. Smithsonian Institution Bureau of American Ethnology Bulletin 48: The Choctaw of Bayou Lacomb, St. Tammany Parish, Louisiana. Washington, DC: Government Printing Office, 1909. * Byington, Cyrus. Smithsonian Institution Bureau of American Ethnology Bulletin 46: A Dictionary of the Choctaw Language. Washington, DC: Government Printing Office, 1915. * Carson, James Taylor. Searching for the Bright Path: The Mississippi Choctaws from Prehistory to Removal. Lincoln: University of Nebraska Press, 1999. * Clarke, Hewitt. Thunder At Meridian, Lone Star Press, Spring, Texas, 1995. * Galloway, Patricia (1998). Choctaw Genesis 1500—1700 Lincoln, Nebraska: University of Nebraska Press. * Haag, Marcia and Henry Willis. Choctaw Language & Culture: Chahta Anumpa. Norman, Okla: University of Oklahoma Press, 2001. * Jimmie, Randy and Jimmie, Leonard. NANIH WAIYA Magazine, 1974, Vol I, Number 3. Lincecum, Gideon. Pushmataha: A Choctaw Leader and His People. Tuscaloosa: University of Alabama Press, 2004. * Mould, Tom. Choctaw Tales. Jackson, Miss: University Press of Mississippi, 2004. * O’Brien, Greg. Choctaws in a Revolutionary Age, 1750—1830. Lincoln: University of Nebraska Press, 2002. * O’Brien, Greg. «Mushulatubbee and Choctaw Removal: Chiefs Confront a Changing World.» 2001. * O’Brien, Greg. «Pushmataha: Choctaw Warrior, Diplomat, and Chief.» 2001. * Pesantubbee, Michelene E. Choctaw Women in a Chaotic World: The Clash of Cultures in the Colonial Southeast. Albuquerque, NM: University of New Mexico, 2005. * Tingle, Tim. Walking the Choctaw Road. El Paso, Tex: Cinco Puntos Press, 2003. ## Cілтеме * Choctaw Nation of Oklahoma (official site) * Jena Band of Choctaw Indians (official site) * Choctaw» entry at Encyclopedia of North American Indians * Choctaw Indian Fair * Choctaws by Dr. D.L. Birchfield * Choctaw tribe of Indians
Хамитов тегі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Нұрғали Нығметұлы Хамитов - экономика ғылымдарының докторы, профессор. * Теміржан Жәнібекұлы Хамитов - Сандықтау ауданының әкімі (2003–04), 2006 жылдан Еңбекшілдер ауданының әкімі.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті – медицина мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны.Ақтөбе мемлекеттік медицина институты (1957) негізінде ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы қаулысымен Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясы болып қайта құрылды. Құрамына Ақтөбе, Орал, Атырау, Манғыстау медицина колледждері енеді.Республика батыс аймағының 4 облысы және Қызылорда, Қостанай, облыстары үшін дәрігер кадрларын даярлайды. Бес оқу ғимараты, жатақхана, зерттеу лабораториясы, санаторий-профилакториі, кітапханасы, спорттық-демалыс лагері, стадионы бар. Академия құрамында емдеу, педиатриялық және орта дәрігерлік ф-ттері бар. Онда 3000 студент оқып, 500-ден астам дәрігер кәсіптік білімін жетілдіреді. Медицина колледждерде 2000-ға жуық болашақ маман білім алады. 416 оқытушы дәріс оқиды, олардың 33-і ғылыми доктор, 168-і ғылыми кандидат 4 колледжде 247 оқытушы дәріс береді (1998). Академияда жүргізілетін ғылыми-зертханалық жұмыстарының негізгі бағыттары: жаңа дәрі-дәрмек жасау, тексеру, сынау; ірің хирургиялық инфекциясы, оның асқынуы; хронобиология, хронотерапия; патогенез, аурудың алдын алу, емдеу; әртүрлі патологиялық жағдайлар, отбасын жоспарлау т.б. ## Деканаттар * Жалпы медицина факультетінің деканаты; * Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейірбике ісі факультеттерінің деканаты; * Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканаты; * Халықаралық медициналық факультетінің деканаты. ## Департаменттер * Академиялық жұмыстар департаменті; * Ғылыми жұмыстар жөніндегі департамент; * Процесстерді автоматтандыру және цифрландыру департаменті; * Адами ресурстарды басқару департаменті; * Стратегиялық даму және халықаралық серіктестік департаменті; * Экономика және жоспарлау департаменті; * Пайдалану жұмыстары жөніндегі департамент. ## Ректорлары ## Дереккөздер
Қарағанды медицина университеті — Қарағанды қаласында орналасқан медицина мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ең алдынғы қатардағы медициналық жоғарғы оқу орындарының бірі: Ұлттық аккредитациалық орталық өткізген 2008 жылдың рейтингтік қорытындысы бойынша, ҚММУ Қазақстанның 60 озық жоғары оқу орындарының ішінде сегізінші орын алып және республикамыздың озық медициналық мектебі болып табылады. Мемлекеттік аттестациялық комиссия (2007 жыл) университеттің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысын ұйымдастыру бағытында үлкен жетістіктерді атап өтіп, «ҚММУ базасында тек Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарына ғана емес, сонымен қатар орта Азия республикалары және ТМД мемлекеттеріне озық тәжірибелі мектеп құру» жөнінде ұсыныс жасады. ҚММУ – Қазақстан Республикасындағы 2005 жылы Халықаралық стандарт ИСО 9001-2000 сапа менеджменті жүйесінің талабына сай сертификациялық ұйым NQA – UK Global Assurance – сертификация менеджмент жүйесіндегі Британдық ұйымының Ресейлік өкілеттігі - NQA – Russia өткізген, барлық қызмет түрінде сертификацияны ойдағыдай өткен бірінші жоғарғы оқу орындарының бірі. Біздің университетіміздің 5 факультетінде бес мыңға жуық студент Қазақстанның бүкіл аймағынан, ТМД елдерінен, сондай-ақ шетел азаматтары білім алуда. Университетте білім беру үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Университетте медициналық кадрларды үздіксіз дайындауда көп деңгейлі құрылым іске асырылуда, ол өзіне, орта деңгейлі медицина қызметкерлерін дайындайтын медициналық колледжін, сонымен қатар жыл сайын үш мыңнан астам әр-түрлі мамандықтағы дәрігерлерді кәсіби дайындықтан өткізетін дипломнан кейінгі білім беру және үздіксіз кәсібін жетілдіру факультетін қосады. Оқу орнымыздағы дипломнан кейінгі білім беру жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғаны, Қазақстанның бүкіл аймағындағы дәрігерлерден мамандандыру және қайта даярлау өтініштерінің айтарлықтай көбеюімен дәлелденеді (2006 жылмен салыстырғанда 6,3 есе көп). Жөнделген 4 оқу корпусы, дәрістік және оқу аудиториялары мен 7 жатақханалар, 36 кафедралардың клиникалық базалары, сонымен қатар меншік клиникалық базалары – студенттік емхана және стоматологиялық клиника: университеттің бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған инфрақұрылымды қолдауы болып табылады. 2009 жылы 2006 жылмен салыстырғанда, кафедралар мен университет бөлімшелерінде 3,5 есеге Интернет желісіне қосылған комьпютерлер саны артты, сонымен қатар кейбір жатақханаларда. ҚММУ-нің магистратурада, аспирантурада, докторантурада оқуды жүзеге асыруға лицензиясы бар. Астаналық оқу орнымен бірлесіп үш диссертациялық кеңес және «Клиникалық фармакология, фармакология; ішкі аурулар» мамандықтары бойынша докторлық диссертацияларды қорғауда диссертациялық кеңесі белсене жұмыс істейді. Біздің университетімізде жоғары деңгейлі квалификациямен, білікті оқытушылар құрамы жұмыс істейді, олардың ішінде 200-ге жуығы ғылым кандидаты және докторы дәрежесінде. Барлық оқытушылар Халықаралық және Республикалық конференциялар мен семинарларға белсенді қатысады, 2008 жылдың ішінде-ақ 336 іссапар болды. Оқытушылардың шет мемлекеттерде дайындалуы 2006 жылмен салыстырғанда 5 есеге артты. ҚММУ алыс және таяу шет мемлекеттерінің оқу орындары және ғылыми орталықтарымен тығыз халықаралық байланысты үзбейді, сонымен қатар ҒЗО (НИЦ) құрамына енетін қуатты ғылыми базасы бар, онда медицина ғылымындағы қолданбалы және фундаментальды бағыттарында қазіргі заманға сай зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Университет медициналық білім берудегі сапа жүйесін жақсарту мақсатында Ұлыбританияның Еуропадағы медициналық білім беру ассоциациясымен (ЕМББА (АМЕЕ)), медициналық білім беру Дүниежүзілік Федерациясымен ынтымақтастық жасауда. Біздің оқу орнымыздың базасында жүйелі түрде Халықаралық және Республикалық семинарлар мен конференциялар өткізіледі. 59 жыл ішінде Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 32742 дәрігерлерге өмірлік жолдама берді. Біздің түлектеріміз тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, алыс және жақын шетел мемлекеттерінде табысты жұмыс атқарады. Қазақстан Республикасының Елбасы жолдауына және денсаулық сақтау реформасының басты қағидасына негізделген, тәжірибелі денсаулықты қорғау бағытында жоғары сапа мамандардың кәсіби дайындығы, ҚММУ дамуында басымды бағытты жүзеге асырудағы белсенділік, ертеңгі күнге сенімділікпен қарауға мүмкіндік береді. ## Дереккөздер
М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті (орыс. Университет КАЗГЮУ, ағылш. Maqsut Narikbayev University) — Астана қаласында орналасқан және 1994 жылы құрылған жеке жоғары оқу орны. Бұрынғы атауы — Қазақ гуманитарлық заң университеті. Университетте 4 мектеп бар - Жалпы білім беру мектебі, Жоғары экономика мектебі, Жоғары заң мектебі және Бизнес мектебі. ## Тарих М.С.Нарықбаев атындағы КАЗГЮУ университеті 1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен құрылды. 1996 жылы 5 қарашада ҚазХЛИ Қазақстан Үкіметі қаулысымен Қазақ мемлекеттік заң университеті болып қайта құрылды және Әділет министрлігінен Білім және ғылым министрлігіне берілді. 1997 жылдан бастап «Заң және мемлекет» журналы. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университеті Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтымен біріктіріліп, 2000 жылдың 14 ақпанында Қазақ мемлекеттік заң академиясы құрылды. 2001 жылы 24 қазанда «ҚазГЗУ» РМК «Қазақ гуманитарлық-заң университеті» (ҚазССР) «Нұр-Султан» қалашығында орналасу орны болып қайта құрылды. Жоғары оқу орны 2002 жылы Нұр-Султанға көшті (1998-1999 оқу жылында Астана қаласында ҚазССР-нің филиалы құрылды). 2003 жылы 16 қаңтарда «КазГЮУ» ЖАҚ «КазГЮУ» ААҚ, ал 2004 жылдың 19 мамырында «КазГЮУ» АҚ болып қайта құрылды. 2007 жылдың қыркүйегінде ҚазГЗ Болонья қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. 2008 жылғы 2 шілдеде Н.А. Н.Назарбаев «ҚазГЗУ» АҚ-ның жаңа оқу ғимаратының салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Оның жалпы ауданы 32 235,1 м2, Есіл өзенінің сол жағалауында, Қорғалжын тас жолының бойында орналасқан. 2013 жылғы 3 қаңтарда «ҚазГЗУ» АҚ Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз Қазақстан агенттігі (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № BFM - 001 сертификаты) Институционалдық аккредиттеу туралы куәлікті шығарды. 2013 жылы университеттің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 2013-2020 жылдарға арналған «Әлемдік деңгейдегі университет» даму стратегиясы қабылданды. 2015 жылдың 10 ақпанында оқу орны «М.С.Нарықбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» акционерлік қоғамын («КАЗГЮУ» АҚ) мемлекеттік қайта тіркеуден өтеді. 2016 жылдың 30 маусымында Жоғары экономика мектебінің Қаржы және бакалавр дәрежесі және Бухгалтерлік есеп және аудит бакалавры ACCA (Сертификатталған Сертификатталған Бухгалтерлер Қауымдастығы) аккредитациядан өтті. 2016 жылдың 30 қыркүйегінде М.С.Нарықбаев атындағы КАЗГЮУ университеті FIBAA халықаралық аккредитациядан өтті (Іскерлік әкімшілік бағдарламаларды халықаралық аккредиттеу қоры). ## Мектептер КАЗГЮУ Университетінде 4 Жоғары оқу мектебі бар: Жоғары заң факультеті, Жоғары экономика мектебі, Жалпы білім беру мектебі, MBA DBA Бизнес мектебі ### Жоғары заң факультеті Мемлекеттік және құқықтық пәндер кафедрасы Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасы Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы Қылмыстық, қылмыстық құқық және криминология кафедрасы Қылмыстық іс жүргізу және сот сараптамасы кафедрасы Жоғары экономика мектебі Экономика Менеджмент Туризм Қаржы Есеп және аудит Психология Аударма ісі Қонақжайлық Адам ресурстарын басқару (H & R) Маркетинг Іскерлік психология Кәсіпкерлік Бизнестегі ақпараттық технологиялар Қолданбалы лингвистика Жалпы білім беру мектебі Қазақ және орыс тілдері кафедрасы Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері кафедрасы Ағылшын тілі кафедрасы MBA DBA Бизнес мектебі
Шаханов сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Асанхан Андақұлұлы Шаханов – ғалым, экономика ғылымының докторы, профессор. * Берік Шаханов - жазушы. * Еламан Шаханов — ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор. * Мұхтар Шаханов — қазақ ақыны, драматургі. * Төлеу Шаханов - ақын, жазушы, аудармашы.
Жағалбайлы — Кіші жүздің Жетіру бірлестігіне кіреді. «Қыз-Жібек» поэмасындағы Төлеген батыр осы рудан шыққан. ## Тұлғалар
Жағалбайлы – Есіл алабындағы көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Кеңес ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1 км-дей жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Ұзындығы 1,7 км, енді жері 1,5 км, жағалау бойының ұзындығы 6,4 км. Су жиналатын алабы 62,4 км2. Негізінен еріген қар және грунт суларымен толысады.
Азғындау (фр. La Chute) — француз жазушысы Альберт Камюдың 1956 жылы жарық көрген повесті. Бұл оның соңғы аяқталған повесті. «Азғындау» кінәсіздік пен кінәнің, еркіндік және адам өмірінің мағынасыздығы тақырыптарын қозғайды. Камюдың басты мақсаты - оқырманды өмір мүлде түсініксіз деген тұжырымға жетелеу. Романды көрсету стилі сананың ағымы сияқты әдеби құрылғыны қолданатын Достоевскийдің «Жер астындағы жазбалар» шығармасына ұқсас. Жан-Пол Сартр бұл повесті «ең әдемі және ең аз түсінетін» кітап деп мақтау сөзбен сипаттады. ## Сюжет Жан Батист Кламанс, бұрынғы жесірлер мен жетім балаларды қорғауға маманданған, ал бүгінде судья өкінішпен Амстердамда тұрады және жергілікті «Мехико-Сити» барға жиі барады. Кламанс барлық еуропалықтар тек олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мен ләззат алумен айналысады деп санайды, дәлірек айтқанда, «барлық Еуропа адасып кетті» сипаттамасында. Қазіргі адамды сипаттау үшін оған бір фраза ғана жеткілікті болады: «Ол адасты және газет оқиды». Кламанс қоғамның да, өзінің де жарамсыз қылықтарын әшкерелейді, мысалы, байлықта өмір сүретін адамдарды, бірақ ешқашан кедейлерге ақша бермейтіндерді «саддукейлер» деп атайды, өзі де кезінде саддукей болғанын анықтап айтады. Алайда оның бұл тұрғыдағы көзқарастары басқа болды, өйткені «біздің қоғамда менмендіктің орынын басқан ашкөздік» оған әрдайым күлкілі болды. Өзін-өзі әшкерелеу, өзін-өзі қопару және Кламанстың рефлексиясы - әжуадан, мақтаншақтық пен түйір күйеніштен айырылмаған. Өзін және қоғамдағы рөлін анықтай отырып, ол, атап айтқанда: «Мен адамдарға деген сенімділікті шабыттандырамын: менде осындай жағымды, шынайы күлкі, жігерлі қол алысу бар, ал бұлар үлкен көзір». Кламанс үшін, шын мәнінде, ол қорғап тұрған қылмыскерлердің, тіпті, ең жаман зұлымдарды кінәсіз деп санап, олардың жағында екенін түсіну негіз болды. Егер ол олардың кінәсін өзі үшін мойындаса, онда ол өзін қылмыстық әлемге жатқызуға мәжбүр болады. Бар мәселе мынада, ол Жан Батист Кламанс, әйгілі және беделді заңгер, тіпті Құрметті легион орденімен марапатталған, бір күні суға батып бара жатқан әйелдің қасынан ештеңе көрмегендей және естімегендей кейіп танытып өтіп кеткен болатын. Ол өзінің кезекті «қоғамдық тәубе айту (исповедь)» соңына таман Кламанс өзін «тәубеге келген судья» деп анықтайтын түсінігінің мәнін ашады. Бүкіл әңгіме - басынан соңғы аккордтарға дейінгі, негізінен, мойындаушылық. ## Кітаптан алынған дәйексөздер «Мен өмірінің жиырма жылын нағыз жылмаңдаған әйелге арнаған бір адамды танимын, ол үшін барлығын - достарын, мансабын, әдептілігін құрбан еткен және бір күні ол оны ешқашан сүймегенін анықтады. Көп адамдар сияқты жай ғана оның іші пісті. Осылайша ол өзін күрделі күйзелістер мен драмалардың әр түрінен өрнектелген, жасанды өмір жасады. Бір нәрсе болуы керек - бұл көптеген адамдар арасындағы қақтығыстардың себебі. Таңғаларлық жағдай болуы керек, тіпті махаббатсыз құлдық, тіпті соғыс немесе өлім!» «Мысалы, мені туған күніммен құттықтамады, бұл маңызды күнді ұмытып кетті деп ешқашан шағымданбадым; достарым менің қарапайымдылығыма таңғалатын және қайран қалатын. Бірақ оның шынайы себебі олардан жасырын болатын: мен, мен туралы ұмытқандарын қаладым. Мен ренжіп, өзімді аяғым келді. Әрине, есімде жақсы қалған дүрліккен күнге дейін бірнеше күн бұрын, сақ болдым, ұмытшақтыққа сеніп, еске түсіретін ештеңеге жол бермеуге тырыстым (тіпті дәлізде ілулі тұрған күнтізбені өтірік қолдан жасатқым келді). Өзімнің жалғыз екендігімді дәлелдеп, тәтті, батыл қайғыға душар бола алдым». ## Сілтеме * Мошков кітапханасындағы повесттің мәтіні  (орыс.) * Повесттің талдауы  (орыс.)
Елді мекендер: Қазақстан * Наумовка – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы ауыл. Ресей * Наумовка – Башқұртстанның Стерлитамак ауданындағы ауыл.
Кемеркөл – Есіл алабындағы көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Кемеркөл ауылының оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан. ## Гидрографикасы Ұзындығы 2,3 км, енді жері 1,1 км, жағалау бойының ұзындығы 6 км.
Қазақстан инновациялық университеті – жас жоғары оқу орны (бұдан былай қысқаша— ЖОО), бірақ оның дүниеге келіп, әуелгі қалыптасуы мен даму негізі Қазақ қаржы-экономикалық академиясы болғандықтан жинақтаған бай академиялық дәстүрлері бар. Қазақ Қаржы-экономикалық академиясы 1992 жылы Агротехнологиялық университет болып негізін қалады. 1994 жылы атауы Семей бизнес және кәсіпкерлік институты болып өзгерді. 2000 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институты, ал 2008 жылы Қазақ Қаржы-экономикалық академиясы болып құрылды. Оның негізін салушы және президенті Әпсәләмов Нәдірбек Әпсәләмұлы – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының мүшесі. «Құрмет» орденімен, «В.И.Лениннің 100 жылдығына», «Тәуелсіздікке 20 жыл» мерейтойлық төсбелгілерімен марапатталған. «ҚазКСР білім беру ісінің үздігі», «КСРО білім беру ісінің үздігі», «ҚР білім беру ісіне еңбегі сіңген қайраткер», 2006 ж. Женевада мінсіз іскерлік абыройлы қызметі үшін «INSAM» төсбелгісін( медалін) алды және т.б. Қазақ Қаржы-экономикалық академиясында үш факультет болды: «Қаржы-экономикалық», «Есеп-экономикалық» және сырттай оқыту бөлімі. Академия түрлі бағыттар мен мамандықтар бойынша мамандар даярлады. Бакалавриат: «Экономика», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Менеджмент,» «Құқықтану», «Маркетинг», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Туризм», «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамту», «Бағалау». ## Дереккөздер
Шортанкөл – Қалқұтан өзені алабындағы көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Новорыбинка ауылының батыс іргесінде орналасқан. ## Гидрографикасы Ұзындығы 2,8 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 7,9 км.
Рижа Дүсіпова (1932, Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Жанбай ауылы — 6 қаңтар 2011, Атырау) — Физика және математика пәнінің мұғалімі, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің Үздігі ## Өмірбаяны Дүсіпова Рижа 1932 (болжам бойынша) жылы Гурьев облысы Новобогат ауданы, Жанбай ауылында дүниеге келген. Беріш руының тумасы, тармағы Құлкеш, Кіші жүз. Ол еңбек жылдарында өзінің бар күш-жігерін, білімі мен білігін жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуы мен тәрбиесіне арнады. Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткен. Бүкіл өмірін педагогика саласына арнап, орта мектепте математика пәнінің оқытушысы ретінде математика және физика пәнінен сабақ берді, жәнеде оқушылар үшін математика үйірмелерін ашып әрбір сабаққа арнайы дидактикалық материалдармен көрнекі құралдар дайындап дәріс берді. Балалардың математикамен шахматқа деген сүйіспеншілігін оятқан. Шамамен 40 жыл үздіксіз еңбек еткен, ұстаздық қызметінде талай мәрте білім бөлімдерінің, мектеп әкімшіліктерінің, қоғамдық ұйымдардың Құрмет грамоталары және алғыстарымен марапатталып, еңбегі «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төс белгісі және «Еңбек ардагері», «Ұлы Жеңістің 65 жылдығы» мерекелік медальдерімен, 70 жасқа толуына орай облыс әкімінің алғыс хатымен ерекшеленді. Қоғамдық қызметпен айналысып, мектептің бастауыш партия ұйымы болды. Фотосуреті қалалық құрмет тақтасында орын алған. ## Мансап жолы 1949 жылы Қазақ Қыздар педагогикалық институтына түсіп (ЖенПИ), сол институтты 1953 жылы математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 1953. Институтты аяқтағаннан кейін Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау селосында қызмет жолын бастады. 1955-1961. Гурьев қаласында №11 Орджоникидзе атындағы орта мектепте математика және физика мұғалімі. 1961-1965. Жолдасының қызметін басқа ауданға ауысуына байланысты, Гурьев облысы, Шевченковский ауданының Киров атындағы орта мектепте мұғалімі. 1961 жылдан бастап КПСС мүшесі 1965-1988. Гурьев қаласында №8 орта мектебінде математика және физика мұғалімі. ## Жеке өмірі мен отбасы Әкесі - Дүсіп Әбикеров (1893-1979), өте білімді, өз уақытында беделді адам болған. Ол Орпа медресесінде діни білім алған. Балаларын жоғары білім алу үшін бар күшін салған. Дүсіптің бірінші әйелі Зира Оразақ кызы. Ол 1946 жылы дүниеден өткен, 1950 жылы екінші әйелі Нұржамал Нығмет кызымен (1908-1999) отау құрған. Отбасында қыздары Наху (-1945), Жария (1927-2011), Мубарак (1929-2011), Рижа (1932-2011), Нәсіп (1934-2003) және ұлдары Әліп (1936-2004), Әрші (1938-1952) тәрбиелеп өсірген. Күйеуі – Охас Қасанов (1932-1978), әділет кеңесшісі, тергеу бөлімінің бастығы, Гурьев облысының прокуроры. 17 ақпан 1953 жылы бір- бірін Алматыда институтта оқып жүргеннен білетін Қасанов Оқас есімді жас прокурормен жанұя құрады. Оқас та Алматының Мемлекеттік заң институтын 1953 жылы бітіргесін жас маман ретінде Қызылқоға ауданының Карабау поселкесіне жолдама алып келген болатын. Балалар: Амандос (1957), Аманбай (1959), София (1964) және Ілияс (1968) Жолдасының ерте өмірден өтуіне қарамастан балаларын бағып әрқайсысына Алма-Атадан және Мәскеуден жоғары білім алуына тырысты, жас отбасылардың қалыптасуына көмектесіп немере тәрбиелеген. Еңбекке баулып үлкендермен кішілерге қамқор болуға жәнеде ұқыпты болуға үйреткен. Орта ұлы Аманбайдың ұсынысы бойынша жаңа 2000 жылды БАӘ Дубайда қарсы алып, келесі жылды үлкен ұлы Амандостың шақыруы бойынша Ұлыбританияда Лондонда қарсы алды. Ал 2002 жылы 70-жылдық мерейтойын кең көлемде Атырауда атап өтті. Сол кезеңде обылыстық газет журналдарда және теледидарда сол кісінің өмір жолы туралы арнайы басылымдар шығарылды. Облыс әкімінің атынан естелік медалі грамотасымен марапатталды. Өзінің өмір жолындағы қиын-қыстау заманда, соғыстан кейіңгі қалпына келтіру кезеңіндегі қиыншылықа қарамастан қызықты және бақытты өмір кешкен. Төрт баласынан 12 немере,екі шөбере көрген. ## Марапаттары Қазақ КСР Халық ағарту ісінің Үздігі (1981) Еңбек ардагері медалі (1982) Ескерткіш грамотасы Атырау облысы әкімінің атынаң алғыс хат (2002) "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл" мерейтойлық медалі (2010) ## Дереккөздер
Елді мекен: * Кемеркөл – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы ауыл. Көлдер: * Кемеркөл – Есіл алабындағы көл. * Кемеркөл – Ертіс алабындағы көл.
Тағы қараңыз: Алаш Орда Алаш Орда мүшелерінің тізімі. ## Алашорда үкіметі халық кеңесінің мүшелері ## Мүшелікке кандидаттар * Иса Қашқынбаев (1891—1948) — Текеден, дәрігер; Байұлы, Тана * Нүсіпбек Жақыпбаев (1890—1932) — Жетісу облысынан, дәрігер; * Ережеп Итбаев (1873—?, 1930 жж. ұсталынған) — Шығыс Қазақстаннан, заңгер; Қараби * Сатылған Сабатаев (1874—1921) — Жетісу облысынан, Қаскелеңнен; * Есенғали Қасаболатов (1889—1938) — Текеден, дәрігер; * Батырқайыр Ниязов (1872—1924) — Бөкей Ордасынан, заңгер; * Мұқыш Боштаев (1888—1921) — Баянауылдан, заңгер; Арғын, Сүйіндік, Айдабол * Сейілбек Жанайдаров (1884—1929) — Атбасардан, заңгер; * Сәлімгерей Нұралыханов (1878—?) — Бөкей Ордасынан, заңгер; төре * Өмір Алмасов (? —1922) — Торғайдан, халық мұғалімі; Найман, Қаракерей * Сейдәзім Қадырбаев (1885—1938) — Торғайдан, заңгер; * Аспандияр Кенжин (1887—1938) — Гурьевтен, халық мұғалімі; * Молданияз Бекімов (1882—?, 1930 жж. соң белгісіз) — Текеден, әскери қызметкер; Байұлы, Алаша * Есен Тұрмағамбетов (? — ?) — Торғайдан; * Сатылған Сабатаев (құжаттарда — Жанеке, Жапеке) (1878—1938) — Жетісу облысынан, қырғыз, мал дәрігері. ## Алаш орданың оқу комиссиясының мүшелері * Ахмет Байтұрсынұлы (1872—1937) — Торғайдан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1895); Арғын, Шақшақ * Мағжан Жұмабаев (1893—1938) — Қызылжардан, Омбы оқытушылар семинариясын бітір­ген (1917); Арғын, Атығай * Елдес Омаров (1892—1937) — Қостанайдан, Орынбор мұғалімдер мектебін бітірген (1911); Қыпшақ, Қарабалық * Биахмет Сәрсенов (1885—1921) — Шығыс Қазақстаннан, Семей мұғалімдер семинариясын бітірген (1939); Найман, Қаракерей * Телжан Шонанов (1894—1938) — Ырғыздан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1916). Әлімұлы, шөмекей ## Тағы қараңыз * Алаш қозғалысының мүшелері
Ғапур Ибатуллин (15 мамыр 1926, Жанбай ауылы, Новобогат ауданы Гурьев облысы — 20 наурыз 2020, Атырау) — Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Берлинді алуға қатысушы. ## Өмірбаяны Ибатуллин Ғапур 15 мамыр 1926 жылы Жанбай ауылында дүниеге келген, Новобогат ауданы Гурьев облысы. Руйы Беріш Құлкеш бөлімі Кіші жүз. Ибатуллин Ғапур өзінің туған ауылында мектеп бітіріп, жұмысқа араласа бастаған. Ол 1944 жылғы қазан айында әскерге алынып, Чкалов (Орынбор) қаласында 1.5 айлық курстен өткізіледі.Сөйтіп, Смоленск қаласын азат етуге бағытталған қанды шайқаста басталған әскери өмірбаянын дәл Берлиннің өзінде аяқтайды. Ол екі ортада Белоруссия, Батыс Украинаны, Польша мен Германия елдеріндегі ұрыстарға қатысып, Висла, Одер, Эльба сияқты өзендерден өту, Кенигсбергті жаудан тазалау сияқты қиян-кескі шайқастардың талайын бастан өткізеді. Сонымен қатар, жауынгер ерлік жолымен Еуропаның алты бірдей мемлекетін фашизмнен тазалауға қатысты. Майдандағы осынау өлшеусіз ерлігі үшін “I дәрежелі Ұлы Отан Соғысы” орденімен, “Берлинді алғаны үшін”, “Белоруссияны азат еткені үшін”, “Батыс Украинаны азат еткені үшін ”, “Кеңестер одағының маршалы Г.К.Жуков” медальдарымен, Жеңістің 20, 30, 40, 50, 60, 70 жылдық медальдарымен, тағы басқа ондаған мерейтойлық медальдар, мақтау грамоталарымен марапатталған. Әскер қатарынан 1951 жылы босап елге оралған соң, бейбіт еңбекке белсене араласты. Ленинград қаласынан жоғарғы оқу орнын бітіріп, экономист мамандығын алды. Жергілікті өнеркәсіп және сауда саласында жемісті еңбек етті. Зейнетке шыққан соң да біраз жыл қоғамдық жұмысқа белсене араласты. ## Жеке өмірі мен отбасы Әкесі - Ибатолла Әбікерұлы. Анасы – Рахимаш. Дүниеге төрт қыз, екі ұл әкеледі: Шаида, Ассурa, Бақ, Ғафур, Қабиден, Шәкәрман Ғафурдың жұбайы – Мақпал (1929-2003) Балалары: Самат (1953-2009), Наташа (1956), Бәтима (1957) және Бибігүл (1969) ## Марапаттары * Ұлы Отан соғысының I-дәрежелі ордені * “Берлинді алғаны үшін” медалі * “1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін” медалі * “1941-1945 Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медалі * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл" мерейтойлық медалі * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл" мерейтойлық медалі * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл" мерейтойлық медалі * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл" мерейтойлық медалі * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл" мерейтойлық медалі * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл" мерейтойлық медалі * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл" мерейтойлық медалі * "Совет Армиясы мен флотына 30 жыл" мерейтойлық медалі * "КСРО Қарулы Күштеріне 40 жыл" мерейтойлық медалі * "КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл" мерейтойлық медалі * "КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл" мерейтойлық медалі * "КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл" мерейтойлық медалі * "Беларусь Республикасының неміс-фашист басқыншыларынан босатылуына 60 жыл" мерейтойлық медалі * "Беларусь Республикасының неміс-фашист басқыншыларынан босатылуына 65 жыл" мерейтойлық медалі * "Беларусь Республикасының неміс-фашист басқыншыларынан босатылуына 70 жыл" мерейтойлық медалі * "Украинаны неміс басқыншыларынан босатқаны үшін 60 жыл" мерейтойлық медалі * Жуков медалі * "Еңбек ардагері" медалі, 1985 * "Астанаға 10 жыл" медалі, Қазақстан Республикасы ## Дереккөздер
Атырау облыс аймағы өсімдіктер дүниесіне бай болып келеді. Негізінен шөлейт зонаның табиғи ылғалы жеткіліксіз және топырағы тұзды аймағына кіретіндіктен өсімдік жамылғысының өзіндік ерекшеліктері бар. Облыс жерінде оның солтүстігіндегі далалық және оңтүстігіндегі шөл зоналылық өңірге бейімделген ғылымда «шөлдік-далалық» деп аталған өсімдік түрлері таралған. ## Облыс аймағындағы өсімдіктер Барлық аудандарында дерлік ақ және қара жусанды-қияқты, бұйырғынды-ебелекті, мортықты, қоңырбасты-көкпекті шөптер жиынтығы басым өседі. Бұларға қосымша көктемде ойдым-ойдым ойыстарда, қазан шұңқырларда селеу, изен, сарсазан, итсигек, ажырық т.б. араласа шығады. Теңіз жағасында батпақта шалғын, қамыс, құрақ жиі кездеседі. Ал құрлыққа қарай барған сайын өсімдік түрі молая түседі. Терістік-шыгыс жағында ерте көгеретін ебелек, мортық, шытыр, торғай от, қарабас, желкілдек, Нарын құмында қияқ, шағыр, қаңбақ, ақселеу, жыңғыл, жүзгін өседі. Жалпы Атырау атырабында жоғары сатылы өсімдіктердің 945 түрі бар, бұлардың ішінде сирек кездесетін және жойылып бара жатырған түрлер, шаруашылыққа құнды, т.б. түрлері кездеседі. Оның ішінде алабұталы көкпек, құм ебелегі, түйеқарын, қаңбақ сораңшасы, сораң өсімдіктері өседі. Бұлардан басқа жантақ кәріқыз, көкпек, ошаған, сүттіген, шырмауық т.б. табиғи өсетін өсімдіктер бар. Сондай-ақ итсигек, есекмия, меңдуана, кекіре т.б. улы шөптер кездеседі Сонымен қатар облыстың өсімдіктер дүниесі құрамында дәрілік техникалық тұрғыдан бағалы табиғи өсімдіктерге де бай. Олардың жалпы саны Атырау жерінде 50-ден асады. ## Дәрілік өсімдіктер Дәрілік шөптерден облыс аумағында кездесетіндері: адыраспан, ешкітал, қырықбуын, құмаршық, тұмар Бояу. Тарихқа сүйенсек, 1929-33 жылдары бірнеше млн қазақ халқы ашаршылықтан ажал құшқаны ел есінде. Сол залалды Атырау өңірі де көрді. Сонау бір шақта Атырау өңірі, Нарын құмын жағалай қоныстанған халықты аштықтан аман алып қалған азықтардың бірі қасиетті өсімдік Құмаршық еді. Атырауда сол құмаршық өсімдігіне ескерткіш қойылды. ## Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген өсімдіктер Қазақстанның «Қызыл кітабына» Каспий-Жайық алабының табиғаты бойынша енгізілген, яғни жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлері ақтұңғиық, ауыспалы қау, берік сүттіген, бор рияны, бор сиякөгі, бор сылдыршөбі, бүршікті альдрованда, бүршікті феллориния, кәдімгі жұмсақ жеміс, кестелі шампиньон, комаров жоңышқасы, күмәнді долана, қатпар баршынгүл, мейер хломидопусы, мейер шытырмағы, су шылымы, талиев гүлкекіресі, татар қатыраны, тегеурінгүл, теңге жапырақта шық шөп.Өсімдік дүниесін қорғаудың басты шаралары: олардың өсіп жетілуіне зиянды кеселдерді болдырмау, агротехникалық ережелергс сай шаралар алу, мезгілінде жинап, кептіріп игілікті мақсатқа пайдалану, өсіп жетуін жалғастыру үшін ұрықтарын жинап сақтау. Хайуандардың таптауынан сақтап, қорғау.Өсімдіктер дүниесін қорғау мақсатында Индер ботаникалық заказнигін, Атырау ботаникалық бағын ашу жоспарлануда. ## Дереккөздер
Шәріпов сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: ## Тұлғалар * Әди Шәріпов – жазушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі. * Жапар Шәріпов – Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты. * Исағали Шәріпов - Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы. * Исламғали Шәріпов - биология ғылымының докторы. * Қайтпас Шәріпов - ғалым, медициналық ғылым докторы, профессор. * Қасым Шәріпов - журналист. * Марат Шәріпов - химия ғылымының докторы. * Марат Шәріпұлы Шәріпов - гидрометаллургиялық үдерістердің физикалық-химиялық негіздері саласындағы маман, химия ғылымдарының докторы. * Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов - судья. * Сәлижан Шәріпов — Ресей ғарышкері, Ресей мен Қырғызстанның батыры. * Сабыр Шарипов - жазушы, қоғам қайраткері. . * Уақит Шәріпов — ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессоры. ## Жер-су атаулары * Әди Шәріпов көшесі (Алматы) - Алматы қаласының Жетісу, Алмалы аудандарында орналасқан. Мақатаев, Гоголь, Қазыбек би, Төле би, Жамбыл, Шевченко, Құрманғазы атындағы көшелермен қиылысады. Бұрынғы атаулары: а) Лесная; ә) Мечников көшелері. * Қасым Шәріпов атындағы көше (Алматы) - Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан. Бұрынғы атауы - Асфальтная, 1-ші көшелері. * Сабыр Шәріпов көшесі (Алматы) - Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан. Бұрынғы атауы - Проходная көшесі..
Жануарлар дүниесі табиғи ортаның құрамды бөлігі, кез-келген елдің табиғи байлығы. Топырақ жабындысы мен ауа райының өзіндік ерекшеліктері бар Атырау облысы бойынша омыртқалылардың 6 класының 43 отрядынан 410-н астам түрлері мен түршелері, кездеседі. Олардың негізгі тіршілік орындары: су және оның жағалауы, батпақты-шалшық, тегістік және құмды шөлейттер, дала белгілері бар жерлер, қала-ауыл бойлары және басқа да мәдени ландшафталар. ## Ихтиофауна Атырау суларында дөңгелекауыздылар мен сүйекті балықтар кластарының 51-ге жуық өкілдері таралған. Каспий—Жайық су қоймаларында дөңгелекауыздылардан Каспий миногасы тіршілік етеді. Еті жеуге жарамды Патшалық Ресей заманында бұл минога көп ауланып кептіріліп, көбіне майшам ретінде пайдаланылған. Казіргі уақытта санының азаюына байланысты кәсіптік мақсатта ауланбайды. Облыс суларында сүйекті балықтар алуан түрлі. Оның 50-н астам түрлері мен түршелері 6 отрядтың 12 тұқымдасына бірігеді. Олар орташа және біршама ірі болып келеді. Жануар текті азықтармен қоректенетіндер, жыртқыштық жолмен балықтарды қорек етеді. Бекірелер көктемде, тұщы суда көбейетін балықтар. Уылдырығын су түбі топырағының қиыршық тасты немесе құмды болып келетін жерлеріне шашады. Атырау суларында бекірелерден қортпа, бекіре, парсы бекіресі, шоқыр, пілмай (шип) бұрын көп болған, қазір өте сирек кездеседі. Бекірелер өте құнды кәсіптік маңызы бар балықтар. Жалпы ТМД елдері бойынша есептегенде, олардың 70—80% Атырау суларынан ауланады. Облыс суларында майшабақ тәрізділерден - килька, чархал майшабағы, қарынсау, қаражон және еділ майшабағы кездеседі. Майшабақтар ұсақ, көбіне теңіз суын мекендейтін балықтар. Бұлардың ішінде сан мөлшері жағынан көбірек ауланатыны килька. Жүйелілік жағынан майшабақтарға жақын бірақ морфологиялық және тіршілік әрекеттері жағынан бірқатар ерекшеліктері бар балықтардың бірі— албырт тәрізділер. Осылардың ішінде кең таралғаны және аз мөлшерде болсада кәсіптік маңызы бары—шортан. Ал Каспий албырты және ақбалық түрлері өте сирек. Тұқытәрізділердің 25-н астам түрлерінің ішінде облыс суларына кең таралғандары: қаракөз (вобла), тран (лещ), қылыш балық (чехонь), бозша мөңке (серебряный карась), сазан, жайын т. б. Бұл аталған балықтардың азды-көпті болсада кәсіптік маңыздарыда бар. Басқа тұқы тәрізділердің сан мөлшерлері онша көп емес. Әсіресе кутум, ақмарқа, каспий мұртты балығы (каспийский усач), кәдімгі мөңке (золотой карась), тұрпан (голавль) т. б. сирек кездеседі. Атырау балықтарының ішіндегі ең ұсағы тікенектітәрізділердің өкілі-тоғыз инелі кіші тікенекті балық, ақпайтын, тұщы сулардың жағалаулық бөлігінде тіршілік етеді, маңызы жоқ. Облыс бойынша түр саны жағынан екінші орында алабұға тәрізділер. Солардың ішінде Каспий—Жайық су қоймасында жиі кездесетіндері және кәсіптік мақсатта ауланатындары көксерке (судак), теңбіл- серке (берш), алабұға (окунь) және басқалары. Ал тана- балықтар (бычки) көбіне Каспийдің солтүстік-шығыс, оңтүстік бөліктерінің жағалаулық аймақтарын мекендейді, спорт-әуесқойлық мақсатта ауланады. ### Герпетофауна Бұл омыртқалы жануарлар тобына қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылар жатады. Құйрықсыздар отрядынан Атырау жерінде бар болғаны үш түр кездеседі. Чесночница -бұл бақалар көптеген балықтардың, бауырмен жорғалаушылардың, құстардың және кейбір сүтқоректілердің қорегі ретінде маңызы бар. Атырау өңірінде бауырмен жорғалаушылардың 24 түрі бар. Ал қалғандары қабыршақтылардың өкілдері. Оларды көбіне жай ағатын, құмдық жағалауы бар, кіші-гірім өзендердің бойынан кездестіруге болады. Облыс бойынша белгілі 11-12 түрлі кесірткелердің ішінде құм алқабында құлақты дөңгелек-бас, ал тегіс жусанды-эфемерлі жерлерде көп реңді кесіртке кең таралған. Жыланның 10-н астам түрлері әртүрлі орындарда тіршілік етеді. Мысалы Нарын, Тайсойған құмдарында құм тұншықтырғышы, су жағалауларында сары-бас және су жыландары, ал сазды, тасты қатты топырақтарда қалқан тұмсық, оқжылан, қарашұбар жыландар және дала сұржыланы кездеседі. Жорғаушылардың басым көпшілігі жануар текті азықтармен, соның ішінде бунақ-денелілермен, кемірушілермен қоректеніп ауыл шаруашылығына пайдасын тигізеді. ### Орнитофауна Атырау жерінде құстар алуан түрлі және кең таралған. Жалпы 280-дей түрлері бар. Тіршілік орындарының әрқилы болуларына қарай құстар облыс көлемінде біркелкі орналаспаған. Облыс жерінде олардың ең басты тіршілік орындарының бірі су және оның жағалауы. Мысалы, нағыз су құстары ретінде сұқсырлар, гагарлар және ескекаяқтылардан 10-н астам түрлер кездеседі. Бұлардың ішінен сұқсыр (чемга) және үлкен суқұзғын тұрақты ұялайды. Ал кіші суқұзғын, бұйра және қызғылт бірқазандар көбею орындарында экологиялық жағдайлардың жыл сайынғы жарамсыз бағытта өзгеруі салдарынан, соңғы жылдарда облыс көлемінде ұяламайды. Қызылмойын сұқсыр, ала және қызылжемсау гагарлар аймақтан қайту кездерінде ұшып өтеді. Аталған құстардың барлығыда балық қоректілер. Облыс көлемінде жоғарыда аталғандардан басқа, тіршілігі азды-көпті болсада су және оның жағалауымен байланысты құстар көп. Солардың бірі дегелектер — мойны мен аяғы ұзын, суда жүзбейтін, орташа және біршама ірі құстар. Өзен, көл жиектері мен батпақты-шалшық жерлерді мекендеп, ондағы айқұлақтарды, көлбақаларды, балықтың шабақтарын және су бунақденелілерін қорек етеді. Дегелектердің ішінен жиі кездесетіндері көкқұтан, аққұтан, кіші аққұтан, қарабай т. б. Қазтәрізділер — мойны ұзын, құйрығы қысқа, суда жақсы жүзетін, ірі және орташа мөлшердегі су-жер құстары. Облыста кездесетін 28 түрінің 15-ке жуығы ұялайды, қалғандары қайту мезгілдерінде болады. Облыс суларының маңында сарыала қазды, барылдауық, сұр, шүрегей үйректерді, сүңгуірлерді, бейнарықтарды (крохоль) т. б. түрлерін жиі кездестіруге болады. Қаз тәрізділердің көпшілік түрлері кәсіптік аңшылықтың объектілері. Балықшылардың 6 түрінің ішінен қасқалдақ және сутартар сияқтылары кең таралған және ұялайды. Батпақты-шалшықтарда, қайраңдарда және сирек жағдайда шөлейт жерлерде тіршілік етуге бейімделген құстардың бірі балықшылар (кулики). Облыс бойынша белгілі 41 түрінің 13-і тұрақты ұялайды. Олардың жиі кездесетіндері қызғыш, қарала, ұзын сирақ және бізтұмсық балшықшылар. Өзен, көл және жайылма сулардың маңында шағалалар ұдайы кездеседі. Олардың бізде кездесетін 20 түрінің 9-ы тұрақты ұялайды және кең таралған, мысалы көптеген қарқылдақтар, қалың шағала, көл шағаласы т. б. Қалғандарының ішіне 6-ы кездейсоқ, ал 5-і қайту кезінде болады. Шағалалар ұсақ балықтармен, балық өлекселерімен, шаяндармен, су бунақденелілерімен, кейбіреулері ұсақ кемірушілермен қоректенеді. Аздап санитарлық маңызы бар. Облыс көлемінде ашық ландшафтыларды (тегістік және құм шөлейттер, дала белгілері бар жерлер) мекендейтін құстарда баршылық. Атап айтқанда тырналардан-ақбас тырна ұялайтын болса, сұр және ақ тырна (стерх) қайту кезінде ұшып өтеді. Дуадақтардан — дуадақ, жекдуадақ және безгелдек сияқты түрлері өте сирек кездесетін құстар болып есептелінеді. Көгершіндерден бары 5 түр, соның ішінде жиі кездесетіндері — түркентер, дыркептер, көккептер т. б. Бұлдырықтардан—қара-бауыр бұлдырық және ұбақ кездеседі. Облыста тауық тәрізділер өте аз. Оның екі түрінің ішінен сұр шіл кең таралған, ал бөдене сирек кездеседі. Негізінен ашық жерлерде және су жағалаулары мен орман-тоғай алқаптарында күндізгі және түнгі жыртқыш құстар отрядтарының өкілдері кең таралған. Күндізгі жыртқыштардың облыстағы 23 түрінен 9-ы ұялайды, 11-і қайту кезінде болады, ал 3 түрі (тұрымтай, тазқара т. б.) кездейсоқ ұшып келетіндер деп есептелінеді. Жиі кездесетіндері күйкентай, кезқұйрық, дала қыраны, қарақұс, кейбір құладындар т. б. Үкілердің 8 түрінің ішіндегі кең тараған байғыз және саз жапалағы. Калған үкілер сирек кездеседі. Аталған жыртқыш құстар көбіне кемірушілермен жануар өлекселерімен қоректеніп, пайдасын тигізеді. Облыста көптеген құстардың тіршілігі ағаш-бұта өсімдіктерімен, адам тұрғындарымен (ауыл, қала) және басқада мәдени ландшафталармен тығыз байланысты екендігі сөзсіз. Атап айтқанда көкек тәрізділерден -кәдімгі көкек, ешкемерлерден-кәдімгі тентекқұс, көкқарғалардан-көкқарға, сарыалқым және жасыл аражегіштер, бәбісек, тоқылдақтардан-шұбар тоқылдақ, ұзынқанаттылардан-сұр қарлығаш. Бұл отрядтар бойынша барлығы 11 түрдің жетеуі тұрақты ұялайды. Ал зымыран, дүпілдек және ақбауыр сұр қарлығаш сияқты құстар Атырау жерінде тек қайту кезінде кездеседі.Жоғарыда аталған құстардың барлығыда бунақ денелілермен қоректенеді. Сондықтан олардың ауыл және орман шаруашылықтарында пайдасы мол. Атырау құстарының ішіндегі түр саны жағынан ең көбі торғай тәрізділер. Облыс бойынша тіркелген 107 түрдің 56-ы ұялайды, 5-ін кездейсоқ ұшып келушілер деп есептейді, ал қалғандарын қайту уақыттарында кездестіруге болады. Облыста кең таралған торғай тәрізділерге-қосрең, кент және жар қарлығаштарын, бозторғай, айдарлы, құлақты және қара бозторғайлар, ақ шақшақай, үлкен және кіші тағанақтар, шөл тасшыбыжығы, қамыс айқабағы, кәдімгі құрқұлтай, сарбауыр шымшық, қараторғай, сарғалдақ сұрлыкеш, жауторғай, торғай және қарға тұқымдастарының өкілдерін (ала қарға, шауқарға, ұзақ, сауысқан т. б.) айтуға болады. Торғай-тәрізділердің көпшілігі аралас, ал кейбіреулері жануар немесе өсімдік текті азықтармен қоректенетіндер. ### Териофауна Атырау облысында аңдар айтарлықтай көптүрлі емес. Жалпы ауылшаруашылық малдары мен үй хайуанаттарын қоспағанда, аңдардың 55-ке жуық түрлері бар. Олардың басты отрядтарының 5 түрінің ішінде кең таралғаны құлақты кірпі. Ал кәдімгі кірпі және басқа түрлері сирек кездеседі. Атырау өңірінде қолқанаттылардың 6—7 түрі бар деп есептелінеді. Солардың ішінде: түнтоғай, кәдімгі және екі түсті жарқанаттар жиі кездеседі. Облыста қоян тәрізділер мен кемірушілердің өкілдері кең таралған. Олар орташа көлемді, ұсақ, шөп қоректі, көбіне ашық жерлерді мекендейтін жануарлар. Қоян тәрізділерден ор қоян және құм-қоян деп аталатын екі түрі бар. Қояндардың еті жеуге жарамды, терісі пайдалы. Әуесқой аңшылар кәсіп етеді. Кемірушілердің 27 түрі бар. Олар әртүрлі ортада тіршілік етеді. Мысалы, күндіз жер үстінде тіршілік ететіндердің ішінен кіші саршұнақ, құмтышқандар, түнгілерден-қосаяқтар (кіші және үлкен), атжалмандар, аламандар, егеуқұйрықтар, жер астындағылардан—соқыртышқандар, синантроптардан—үй тышқаны облыс көлемінде кең таралған. Облыс бойынша кемірушілердің экономикалық маңызы үлкен. Олардың көпшілігі ауылшаруашылығындағы екпе дақыл дардың зиянкестері (саршұнақтар, тышқандар т. б.), қайсыбіреулері оба тағы басқа қауіпті жұқпалы аурулардың бактерияларын тасымалдаушылар және таратушылар (саршұнақтар, құмтышқандар т. б.) Сондықтан зиянды кемірушілерге қарсы күрес шараларын дұрыс және жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Ондатра сияқтыларының терісі бағалы. Атырау облысында жыртқыш аңдардан 12-ге жуық түрлері бар. Кең таралған өкілдеріне: қасқырды, түлкіні, қарсақты, және теңіз жағалауында болатын жанат тәрізді иттер жатады. Ал сирек кездесетіндеріне борсық, ақкіс, аққалақ, күзендер (сасық, қарашұбар) және жабайы мысықтар (шұбар және қамыс мысықтары) жатады. Ескекаяқтылардан — Каспий түлені теңізде тіршілік ететін аң. Оның негізгі көбейетін орны Каспий теңізінің Солтүстік-шығыс және шығыс жақ жағалауы. Сан мөлшері аз, сондықтан кәсіптік мақсатта ауланбайды. Облыс көлемінде жұп тұяқтылардың жабайы түрлерінен қабан және киік кең таралған. Қабанның саны аз, ауланбайды. Облыста қабан мен киікті заңсыз, жылдың кез-келген уақытында броконьерлік қала берді жауыздық жолдармен аулау кең өріс алып келеді. Мысалы киіктің аталығын оның мүйізі үшін көп мөлшерде атып өлтірушілік орын алуда. ## Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлар Қазақстанның «Қызыл кітабына» Каспий-Жайық алабының табиғаты бойынша енгізілген жануарлар түрлері: ақбас тырна, ала жертесер, алып соқыртышқан, балықшы, безгелдек, бұйра бірқазан, бүркіт дуадақ, жалбағай, жорға дуадақ, жұпар тышқан, жылан, бүркіт, каспий албырты, қоқиқаз немесе қызылқаз, кіші аққұтан, қарабай, қарабауыр бұлдырық, қаракүзен, қаракірпі, қарақал, қарақұйрық, құндыз, мәрмәр шүрегей, оңтүстік орал сусары, сары алақоржын, сарыбауыр қарашұбар жылан, сарықұтан, субүркіт, тарғақ, төртжолақты қарашұбар жылан, ұзынқұйрық ақ йық, үстірт қойы, шағыл мысығы, шұбар күзен. ## Дереккөздер
### Қазақстан тарихы порталы «Қазақстан тарихы» Интернет-жобасы (ары қарай - Портал) - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен «Қазконтент» Акционерлік қоғамы тарапынан әзірленді. Интернет желісіндегі өз бағыты айқын бұл бірегей жаңа жоба – Қазақстанның өткен тарихы туралы нақты және толық ақпаратты беру, тарих саласындағы ғылыми зерттеулердің алдыңғы қатарлы жетістіктерін жедел ақпараттандыру үшін құрыла отырып, қазақ елінің мәдени, тарихи табыстарын әлемнің түпкір-түкпіріне сапалы контенттер арқылы таныту. ### Тарихы «Қазақстан тарихы» порталы сол уақыттағы ҚР Мемлекеттік хатшысы М.М. Тәжиннің төрағалығымен 2013 жылдың 5 шілдесінде өткен мекемеаралық жұмыс тобының (МАЖЕТ) кеңейтілген отырысында қабылданған шешім негізінде құрылып, 2013 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында «Қазақстан тарихы» Интернет-жобасының тұсаукесер рәсімі өтті. ### Құрылымы «Қазақстан тарихы» – Қазақстан Республикасының азаматтарына (Мектеп оқушылар, студенттер, ғылыми қызметкерлер, әр түрлі жастағы оқырман қауым) ақпараттық қолдау көрсетіп, Қазақстан тарихын интернет әлемінде жүйелі түрде насихаттау. Порталда Қазақстан тарихының бес кезеңінің үлкен электронды қоры жинақталған. Оқырман қауым мұндағы ақпараттарды онлайн түрде оқып, оқушылар мен студенттер реферат, курстық, дипломдық жұмыстарына ала алады. Әрбір оқырман ақпараттары оқи отырып, пікір, рецензия қалдыра алады. Порталда «Қазақстаника» энциклопедиясы қызмет атқарады. Бұл жерде әзірге «Рухани мұра», «География», «Аңыздар» (бөлім әлі де толықтырыла түседі) бөлімдері қызмет атқарып тұр. Бұл бөлімде алфавиттік реттік бойынша Қазақстан тарихына, географиясына, рухани мұрасына, мәдениетіне, асыл мұрасына қатысты барлық деректер топтастырылған. «Қазақстан тарихы» – Отан тарихы мен ел тарихын сүйер қауымның бірегей коммуникациялық платформасына айналмақ. Оған дәлел «Тарихи білім», «Асыл қазына», «Тұңғыш Президент» айдарлары. Оқырмандарға үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қызмет көрсетеді. ### Жобалары Қазіргі уақытта Порталда мыңнан аса кітап архивтік құжаты мен зерттеуші ғалымдардың мақалалары топтастырылған. «Е-ресурс» бөліміндегі кітапхан мен архив айдарларында республикаға танымал тарихшылар, этнографтар, археологтар, архивистер еңбектері орналасқан. Порталдағы кітаптар онлайн түрде Pdf жүйесі форматында жариялануда.Порталда «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл», «Әлихан Бөкейхан 150 жыл», «Болашақ Қазақстан», «Ұлы Дала», «Фольклор», «Тарихшының бір күні», «Театр тарих әлемінде», «Ядролық қарусыз әлем – басты мақсатымыз», «Қиырдағы қазақтар», «Абай175», «Қазақстан тарихы кезеңдері» сынды арнайы жобалары шеңберінде белсенді түрде қызмет атқару үстінде. ## Сыртқы сілтемелер Қазақша ақпарат құралдарда:Орысша ақпарат құралдарда: ## Дереккөздер ## Қазақстан тарихы порталы «Қазақстан тарихы» Интернет-жобасы (ары қарай - Портал) - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен «Қазконтент» Акционерлік қоғамы тарапынан әзірленді. Интернет желісіндегі өз бағыты айқын бұл бірегей жаңа жоба – Қазақстанның өткен тарихы туралы нақты және толық ақпаратты беру, тарих саласындағы ғылыми зерттеулердің алдыңғы қатарлы жетістіктерін жедел ақпараттандыру үшін құрыла отырып, қазақ елінің мәдени, тарихи табыстарын әлемнің түпкір-түкпіріне сапалы контенттер арқылы таныту. ### Тарихы «Қазақстан тарихы» порталы сол уақыттағы ҚР Мемлекеттік хатшысы М.М. Тәжиннің төрағалығымен 2013 жылдың 5 шілдесінде өткен мекемеаралық жұмыс тобының (МАЖЕТ) кеңейтілген отырысында қабылданған шешім негізінде құрылып, 2013 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында «Қазақстан тарихы» Интернет-жобасының тұсаукесер рәсімі өтті. ### Құрылымы «Қазақстан тарихы» – Қазақстан Республикасының азаматтарына (Мектеп оқушылар, студенттер, ғылыми қызметкерлер, әр түрлі жастағы оқырман қауым) ақпараттық қолдау көрсетіп, Қазақстан тарихын интернет әлемінде жүйелі түрде насихаттау. Порталда Қазақстан тарихының бес кезеңінің үлкен электронды қоры жинақталған. Оқырман қауым мұндағы ақпараттарды онлайн түрде оқып, оқушылар мен студенттер реферат, курстық, дипломдық жұмыстарына ала алады. Әрбір оқырман ақпараттары оқи отырып, пікір, рецензия қалдыра алады. Порталда «Қазақстаника» энциклопедиясы қызмет атқарады. Бұл жерде әзірге «Рухани мұра», «География», «Аңыздар» (бөлім әлі де толықтырыла түседі) бөлімдері қызмет атқарып тұр. Бұл бөлімде алфавиттік реттік бойынша Қазақстан тарихына, географиясына, рухани мұрасына, мәдениетіне, асыл мұрасына қатысты барлық деректер топтастырылған. «Қазақстан тарихы» – Отан тарихы мен ел тарихын сүйер қауымның бірегей коммуникациялық платформасына айналмақ. Оған дәлел «Тарихи білім», «Асыл қазына», «Тұңғыш Президент» айдарлары. Оқырмандарға үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қызмет көрсетеді. ### Жобалары Қазіргі уақытта Порталда мыңнан аса кітап архивтік құжаты мен зерттеуші ғалымдардың мақалалары топтастырылған. «Е-ресурс» бөліміндегі кітапхан мен архив айдарларында республикаға танымал тарихшылар, этнографтар, археологтар, архивистер еңбектері орналасқан. Порталдағы кітаптар онлайн түрде Pdf жүйесі форматында жариялануда.Порталда «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл», «Әлихан Бөкейхан 150 жыл», «Болашақ Қазақстан», «Ұлы Дала», «Фольклор», «Тарихшының бір күні», «Театр тарих әлемінде», «Ядролық қарусыз әлем – басты мақсатымыз», «Қиырдағы қазақтар», «Абай175», «Қазақстан тарихы кезеңдері» сынды арнайы жобалары шеңберінде белсенді түрде қызмет атқару үстінде. ## Сыртқы сілтемелер Қазақша ақпарат құралдарда:Орысша ақпарат құралдарда: ## Дереккөздер
Насыр (араб.: نصر‎ — жеңіс) * Насыр - араб, парсы, кейбір түркі тілдес халық әдебиетінде қарасөз (проза). * Насыр І — Самани әулетінің билеушісі (864 – 97). * Наср ибн Мухаммад — Гранад әмірі. * Ән-Наср сүресі — Құран Кәрімнің 110-шы сүресі
Елді мекендер: * Шошқалы – Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл. * Шошқалы – Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы ауыл. Көл: * Шошқалы – Ақмола облысы Ақкөл, Біржан сал аудандары аумағындағы ағынсыз көл.
Семейдің Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы 1883 жылы құрылып Қазақстандағы ең алғашқы кітапханалардың бірі болып табылады. Кітапхананың ең бірінші оқырмандарының бірі Абай Құнанбаев. Ғылыми ақпарат пен кітап сақтаудағы ірі орталық. Кітап қоры 362 мың сақтау бірлігін құрайды, бұған қоса 5900-ден астам ХVII-XIX ғ. басылымдары бар. Әр түрлі кезеңдегі қазақ және орыс тілдеріндегі сирек кездесетін басылымдар бар. Кітапхана интернет жүйесіне қосылған. Ол үлкен халықаралық байланыстар жасайды, алыс жақын шет елдердердің ірі кітапханаларымен ынтымақтастықта. ## Кітапхана тарихы Қазақстандағы ең көне кітапханалардың бірі – Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Мыңдаған оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген мәдениет ошағының шаңырақ көтергеніне ғасырдан артық уақыт өтті. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің шешімі бойынша кітапханаға қазақтың кемеңгер ақыны Абай есімі берілді. Себебі, Семей тарихы мен мәдениетінің жарқын беттерінен маңызды орын алатын кітапхана тарихы ұлы ақынның есімімен тығыз байланысты еді. ХIХ ғасырдың екінші жартысында Семей жері патшалық Ресей үшін саяси айыптыларды жазалау орындарының біріне айналғаны тарихтан мәлім. Қалада саяси жер аударылғандардың болуы қаланың мәдени - рухани өміріне тың өзгерістер әкелді. Саяси жер аударылғандар Е.П. Михаэлис, П.Д.Лобановский, Н.И.Долгополов, С.С.Гросс, А.Л.Леонтьев, А.Блектердің Семей қаласының рухани өміріне сіңірген еңбектері бір төбе. 1869 жылы Е.П.Михаэлис Семей қаласына жер аударылып келеді. Ол жазасын өтей жүріп үлкен әлеуметтік жұмыстармен айналысып, түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеулерінің нәтижесін мақала етіп, Орыс география қоғамының «Известиясына» бастырып отырған. Е.П.Михаэлистің ұсынысымен 1878 жылы Семей қаласында Облыстық санақ комитеті ұйымдастырылады. Бұл комитет қазақ өлкесіндегі экономика, тарих, шаруашылық және табиғат мәселесін зерттейтін ғылыми мекеме болды. Евгений Петрович сол комитеттің тұңғыш секретары болып қызмет атқарады.1883 жылы ресми түрде қазан айында Облыстық санақ комитетінің жанынан Е.П.Михаэлис бастаған саяси жер аударылғандардардың ұйымдастыруымен кітапхананың негізі қаланды.Кітапхананың ең алғашқы кітапханашысы саяси жер аударылған тарихшы, этнограф [Н.Я.Коншин] болды. Кітапхана туралы деректерге көз жүгіртсек, алғаш ашылған уақытында небәрі 274 дана кітап болып, оны 130 оқырман пайдаланған көрінеді. Әр жылдары кітапханаға қала тұрғындары мен П.Плещеев, Г.В.Юдин, А.И.Деров сияқты ауқатты көпестер қайырымдылық көмек көрсетіп, оның іргелі мәдениет ошағына айналуына ықпал етті.Өлке тарихына байланысты жарық көргенИмператорлық Орыс Географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Семей Бөлімшесінің Запискилерінде қала тарихы мен мәдениеті туралы өте қызықты да маңызды мәліметтерді табуға болады. Мысалы, кітапхана қорында сақталған «Семипалатинский областной статический комитетъ за 1894 год» деп аталатын кітапқа назар аударсақ: «Бастауыш білім беру қоғамының 1893/94 жылдарғы жұмыс есебінде» кітапханадағы 130 оқырманның 30-ы жоғары білімді, оның ішінде 3-еуі әйел адам; 38-і орта білімді, оның ішінде 13-і әйел, әйел адам болған көрінеді. 130 оқырманның 111-і орыс, 9-ы поляк, 1-еуі неміс, 5-еуі еврей, 4-еуі қазақ ұлтынан екен. ## Абай және кітапхана Кітапхананы пайдаланушылардың бірі – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев болды. 1959 жылы «Қазақ мемлекет баспасынан» жарық көрген Ә.Жиреншиннің «Абай және орыстың революцияшыл демократтары» атты кітапта мынадай мағлұматтар берілген: «Михаэлис пен Абай тұңғыш рет осы кітапханада кездесіп танысады. Алғашқы рет Михаэлис пен Абай өте бір қызық есте қаларлық жағдайда кездеседі. Абай Семейдегі кітапханаға келіп, Л.Н.Толстойдың бір шығармасын сұрайды. Ол кітап Михаэлистің қолында еді, Абайдың сұрағанын көріп, Михаэлис Абайға келіп кітапты оған беріп, тұңғыш рет екеуі танысып, тіл қатады. Олардың алғашқы танысулары кітапхана ішінен басталады. Ол кезде кітапхана Семей жұртшылығының үлкен мәдениет ошағына айналып еді. Абай орыстың, батыстың классикалық әдебиетімен осы кітапханада танысады. Михаэлиспен кездесу Абайдың өмірге, дүниеге деген көзқарасын шыңдай түседі, ал Евгений Петрович оның танып оқуға, білім алуға деген зор талабын көріп, кітапты көп оқуға кеңес береді. Абайдың өмірбаянын жазған Кәкітай Ысқақұлы былай дейді: «Абайды орыстың белгілі жазушылары Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Салтыков-Щедрин, Тургенов, Белинский, Добролюбов және Писаревтың шығармаларымен таныстырған адам Михаэлис еді. Ол туған әкемнен де артық еңбек етіп, менің дүниеге көзімді ашты деп отырушы еді». Абай мен Е.П. Михаэлистің бұл танысуы зор достыққа айналып, ақын өмірінде өшпес із қалдырды. Ғұлама ақынның қоғамдық кітапхананың оқырманы болғанын тарихта қалдырып, әлемге әйгілеген Ресей түрмелерін зерттеу мақсатында Сібір мен Алтайға саяхат жасаған американ публицисі Дж.Кеннан болды. XIX ғасырдың аяғында Патшалық Россияда әр түрлі тәсілдермен жер аударылған саяси қайраткерлерді көзбен көріп, материал жинап, кітап жазбақ болған тәуелсіз журналист - жазушы Джордж Кеннан 1864-1890 жылдар аралығында Сібір, Алтай өлкесіне 4-5 мәрте саяхат жасайды. 1885 жылдың жазында Дж.Кеннан суретші Фрост екеуі Семейге келіп, Сібірдің алыс бір түпкіріндегі құм басқан қала ортасында, шағын ағаш үйде орналасқан қорында Спенсер, Бокль, Льюис, Милль, Тэйлор, Уоллэс шығармаларымен әлемдік көркем әдебиеттің тамаша үлгілері бар кітапхана көргенін, сот мекемесінде қызмет ететін А.А.Леонтьевпен әңгімелесіп, кітапхананы жергілікті қазақтар да пайдаланатынын естіген. Осы сапардан кейін жазылған, 1906 жылы[ «Сибирь және ссылка»] деген атпен орыс тіліне аударылған кітабында Дж. Кенан Семейге жер аударылғандармен бетпе-бет жүздескенін, қазақ даласына айдалған орыс революционерлерінің тұрмысы, қызметі туралы жазады. Сондай-ақ, бұл кітапта Абай Құнанбаев туралы қызықты деректер де бар. Аталған кітапта Семейде Леонтьевтің үйінде қонақ болған кезіндегі әңгімесінде ол былай дейді: «...Менің кейбір сұрақтарыма жауап бере отырып, Леонтьев маған Семей қаласы кітапханасының қалай жұмыс істей бастағанын баян етті. Кітапхананың жер аударылып келген мұңдықтарға ғана уаныш емес екенін, қала халқының ой-өрісін кеңейтерлік рухани азығына айналғанын айтып өтті». ## Сирек басылымдар қоры Халыққа ғасырдан артық қызмет көрсетіп, әр оқырманның жанына рухани азық беріп келе жатқан бұл рухани білім ордасында сақталған әр кітаптың өз тарихы бар. Кітапхананың сирек басылымдар қорында сақталған 4 500 ге жуық әдебиеттер қоры кітапхананың алтын қорын құрайды.Кітапхананың сирек басылымдар қоры XVIII ғасырдың 2-ші жартысынан бастап XX ғасырдың бас кезіндегі Ресейлік кітап баспа туындыларынан, XX ғасырдың бас кезіндегі өлкетану әдебиеттерінен, XIX ғасыр мен XX ғасырдың басында жарық көрген ресейлік және өлкемізге қатысты Императорлық Орыс Географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Семей Бөлімшесінің Запискилері мен кеңестік дәуірдегі мерзімді басылымдардан тұрады. Кітапхананың сирек қоры ұлы жазушылар шығармаларымен және қазақ зиялылары туындыларымен ерекше құнды. Сирек қордан Абай үшін таным баспалдақтары болаған Г.Спенсер, Милль, Дж. Г.Льюисъ, А.Уоллэсъ В.Уэвелль сынды батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерін, Семей өңірін зерттеген зерттеушілер Б.Герасимовтың, Е.П.Михаэлистің, Н.Я.Коншиннің, Г.Н.Потаниннің, Ф.Зобниннің, А.Седельниковтың, Е.Шмурлоның, В.Сапожниковтың, қазақ зиялылары Ә.Бөкейхановтың, Ж.Ақпаевтың т.б. ғылыми-зерттеу мақалаларын табуға болады. Батыс классикалық әдебиетімен, орыс әдебиеті алтын ғасырындағы жазушылардың бай туындалары, кезінде солақай саясаттың құрбаны болған Е.Бекмаханов, С.Асфендияровтай ұлт зиялыларының ірі ғылыми монографиялық еңбектері мен қазақ әдебиетінің алтын ғасырын құраған қоғам қайраткерлері С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Күдериннің көзі тірісінде жарық көрген еңбектері кітапхана сөрелерінде сақталған. Сонымен қатар, ресейлік «Современник», «Вестник Европы», «Русский Вестник», «Педагогический сборник», өлкетануға байланысты «Социалды Шығыс», «Екпінді», т.б. мерзімді басылымдардың бай қоры сақталынып отыр. ## Кітапхананың бүгінгі қызметі Сонау XIX ғасырдан бері ғұламалар мұрасын ғасырдан ғасырға дейін сақтап, талай оқырман үшін білім ордасы болған киелі шаңырақ бүгінде жаңа заман талаптарына сай қызмет көрсетуде. Бүгінгі кітапхананың мақсаты қала жұртшылығының сұранысын қамтамасыз ету үшін өз ақпараттық әлеуетін нығайту, оқырман қауымның ақпараттарды білуге деген талап-тілектеріне қолдау көрсету, электрондық ресурстарды тиімді қолдануға үйрету. Жалпы оқырман сұранымына жауап беретін ақпараттық орталық ретінде кітапхананың алар орны ерекше. Қазір кітапхананың кітап қоры 340 мыңнан асып, оны 17 000-ға жуық оқырман пайдаланады. Жыл сайын 400 мыңға жуық кітап өз оқырманын тауып, кітапханаға келушілер саны 176 000 оқырманды құрап отыр. Жылына кітапхана 200 тарта мерзімді басылымдарды жаздырып алады. ## Кітапхана жетістіктері * 1961 жылы Қазақ ССР Мәдениет министрлігі және Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті «Үлгілі кітапхана» деген атақ берді және дипломмен марапаттады. * 1983 ж. кітапхананың негізі қаланғанына 100 жыл толуына байланысты Қазақ ССР Жоғары Советінің Құрмет грамотасымен марапатталды. * 1993 ж. «Қазіргі әлеуметтік және экономикалық жағдайдағы Қазақстанның ұлттық библиографиясы» атты республикалық зерделі кеңес өткізілді. * 1995 ж. IFLA – халықаралық кітапханалық Ассоциациясының мүшесі болды. * 1995-2008 ж. кітапхана Түркия, Норвегия, Оңтүстік Корея, Канада елдеріндегі IFLA-ның халықаралық кітапханалық конференцияларына қатысты. * 1996 ж. «Сорос-Қазақстан» қорының грантын жеңу арқылы кітапхана Интернет желісіне қосылды. * 1997 ж. Қырымдағы «Библиотеки и ассоциации в меняющемся мире: новые технологии и новые формы сотрудничества» тақырыбында халықарлық конференцияға қатысты. * 2000-2009 ж. кітапханалық автоматтандырылған ақпараттық жүйе іске аса бастады. ( АБИС), (ИРБИС), (РАБИС). * 2002 жылы Айрекс /АҚШ/ ұйымының IATP бағдарламасы бойынша Интернет орталығы ашылды. * 2004 ж. кітапхананың «Абай атындағы әмбебап кітапхана» (http://semeylib.kz.iatp.net) атты wев-сайты ашылды. * 2004 ж. «АҚШ кітапханаларының менеджменті» атты халықаралық бағдарламаға қатысты. * 2005 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының Астана қаласында ашылуына қатысты. * 2006-2007 ж. Интернет орталығы жеңіп алған гранттар арқылы кітапханаға жаңа компьютерлік технологиялар бөлінді. * 2007 ж. «Абай атындағы кітапхананың өлкетану қоры» (http://abaykray.kz.iatp.net) атты өлкетану сайты құрылды. * 2009 ж. «Америка мәдени бұрышы» АҚШ елшілігі Қоғаммен байланыс бөлімінің грантымен ашылды. ## Дереккөз Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының сайты(қолжетпейтін сілтеме) ## Әдебиеттер 1. «Семипалатинский областной статический комитетъ за 1894 год»2. Жиреншин Ә. Абай және орыстың ұлы революцияшыл демократтары. Алматы, Қазақ мемлекет баспасы, 1959 ж.3. Әуезов М. Уақыт және суреткер. Алматы, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1962 жыл
Тасшалқар – Есіл алабындағы көл. ## Географиялық орны Ақмола облысының Бурабай ауданы жерінде, Мәдениет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км жерде, теңіз деңгейінен 293,9 м биіктікте орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 10,8 км2, ұзындығы 4,35 км, енді жері 3,7 км, жағалық сызығының ұзындығы 14,5 км. Қар, жер асты суларымен толығады. Көлдің батыс жағынан ұзындығы 30 км-дей кішігірім өзен құяды. Су деңгейі көктемде 1–2 м-ге көтеріледі. Суы тұзды, жағалауы шабындық. ## Дереккөздер
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті — Семей қаласында орналасқан жоғарғы оқу орны. 1995 жылы педагогикалық, зоотехникалық-малдәрігерлік, технологиялық инститтутардың бірігуінен құрылды. Қазақтың ойшыл-ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының аты берілген. ## Университет тарихы Шәкәрім университеті 1995 жылы педагогикалық, зоотехникалық-мал дәрігерлік, технологиялық университтерін біріктіру нәтижесінде құрылды. Бүгінгі таңда университет жоғарыда аталған бойынша ұзақ және бай тарихын дәріптеуде. Семей педагогикалық институты еліміздің ең көне білім ордаларының бірі болып есептеледі. Іргетасы 1934 жылы қаланған. Ал Семейлік зоотехникалық институты 1952 жылы ашылса, Семей технологиялық институтының тарихы 1963 жылдан бастау алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 13 қарашадағы және Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 1995 жылғы 1 ақпандағы № 304 бұйрығымен үш жоғары оқу орнының (педагогикалық, зоотехникалық-мал дәрігерлік және технологиялық) бірігуі негізінде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті құрылған. 1999 жылғы 22 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1436 қаулысымен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті деп атауын өзгертті. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 14 ақпандағы № 129 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы қаулысы негізінде ЖОО құрамына бұрынғы Мемлекеттік қаржы институты кірді. 2004 жылдың ақпан айында Семей мемлекеттік педагогикалық институты жеке ЖОО ретінде бөлінген еді. Алайда 2013 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен Семей мемлекеттік педагогикалық институты біріктіріліп, Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті болып құрылды. Шәкәрім Университеті кең сұранысқа ие әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылық ғылымдары, бизнес және құқық бойынша көп деңгейлі мамандарды дайындайды. Мамандықтар салаларында қырықтан артық бакалавриат, бірнеше жоғары арнайы білім беру, отызға жуық магистратура мамандықтары, бес мамандықтардар бойынша докторанттарды дайындайды. Университет Ресей, Германия, Беларусь Республикасы, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Қытай, Венгрия, Түркия, Польша, Словения, Балтық жағалауы, Украина, Қырғызстан елдерінің жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыста. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында Университет оқытушылары мен студенттер АҚШ-та, Венгрия, Польша, Түркия, Чехия, Оңтүстік Корея елдерінде білім алуда. Университеттің белсенді студенттері өз шығармашылық қабілеттерін “Конгресс”, “Парасат”, дебат клубтарында, “Enactus”,Қазақстан студенттер альянсында, сән студиясында және басқа да жастар ұйымдарында жүзеге асыра алады. ## Факультеттер * Филология факультеті * Ветеринария және агроменеджмент факультеті * Жаратылыстану-математика факультеті * Инженерлік-технологиялық факультеті * Гуманитарлық-экономика факультеті ## Дереккөздер
Сейдеғали Дүсіпов (1923, Орпа аулы, Новобогат ауданы Гурьев облысы – 2006, Атырау) – Соғыс және еңбек ардагері. Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер. Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі, Қазақ КСР Кәсіптік-техникалық білім беру саласының үздігі (1967), КСРО Кәсіптік-техникалық білім беру саласының үздігі (1975). ## Өмірбаяны Дүсіпов Сейдеғали, 1923 жылы Новобогат ауданына қарасты Орпа ауылында дүниеге келген, Гурьев облысы. Руы Беріш, бөлімі Құлкеш, Кіші жүз. 1939. Есбол аудандағы Мәмбет аулының мектебін үздік бітіреді. Барлық сыныпты да үздік мақтау қағаздармен бітірген. Мектептерде мұғалім жетіспегендіктен (олар майданға аттанған) оқушыларға сабақ берген Ол 22 ақпан 1942 жылғы әскерге алынып, Гурьев қаласындағы әскери училищеде дайындықтарын жасайды.24 желтоқсан 1942 жылы соғыс өмірбаянын Оңтүстік фронт құрамында Батайск қаласынын бастады. Бұл әскери құрылым тарағаннан кейін, 1-ші Украина фронтына құрамына ауысты. Майданда №52, №127 атқыштар және №309 дивизиялар сапында Польша, Украина және Чехословакия мемлекеттерін азат етуде ерлігімен танылды. Гвардии лейтенант шенінде жекеленген зенитті- пулеметті взводтың командиры болған. «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалінің марапат қағазында былай деп жазылған: 1943 жылғы шілде айының 17-нен 20-на дейін жаяу әскер қатарында өз взводын асқан шеберлікпен басқара білді. Қарсыластардың шабуылын тойтарыс кезінде, қаза тапқан басқа командирдердің жауынгерлерін жинап, бәрін бір топқа біріктіріп, гитлершілерге қарсы шабуылға шықты. 1943 жылдың 05 тамызында мойнынан және оң жақ иығынан қатты жарақат алғанына қарамай, емделгеннен кейін, қайтадан қатарға қосылып өзінің ерлік жолын жалғастырды. «Қызыл жұлдыз» орденінің марапат қағазында былай деп жазылған: 1945 жылдың 16 ақпанында жау авиациясының шабуылы болып, жау десантын тусіру және қоршаудағы жауынгерлерін қару жарақпен қамтамасыз ету кезінде, Дүсіпов жолдас өзінің взводымен Забишау селосындағы қорғаныс шебінде болып, өзі фашист құзғындарына пулеметтен оқ жаудырды. Және осы ұрыста жаудың Хе-111 типті ұшағын атып тигізді, ұшақ Капсдорф селосының қасына құлады. Екінші «Қызыл жұлдыз» орденінің марапат қағазында былай деп жазылған: Рота құрылғаннан бері Дүсіпов жолдас, қосымша, ротаның парторг қызметін атқарды. Ол өз жұмысын өте ұқыпты атқара біліп және сонымен бірге өз ротасының арнайы құрамында саяси- тәрбие жұмысын жүргізіп, үлкен беделге ие болады. 1945 жылдың 4 сәуірінде Бреслау қаласында болған шайқаста, транспорт авиациясының шабуылы кезінде, оның взводы жаудың Юнкерс-52 ұшағын атып түсірді. Ұшақ ішінде төрт экипаж мүшесі қаза тауып, ату жарақтары жойылды. 1 маусым 1946 елге оралды 1950. Гурьев қалалық партия комитетінің нұсқаушы 1956. Гурьев каласындағы №1 жұмысшы жастардың кешкі мектепте мұғалім. Гурьев мұғалімдер институтын және Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогический институтты бітірген.Гурьев қалалық партия кызметінде жауапты қызметкер, Балықшы ауылында партия комитетінде бөлім бастығы 1962-1964. №7 орта мектептің директоры 1964-1989. №13 кәсіптік-техникалық химия училищесінің директоры Зейнетке шыққасын Атырау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстық ардагерлер кенесінде қызмет жасады 2 мәрте “Қызыл Жұлдыз”, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және бірнеше жауынгерлік медальдармен, бейбіт кезеңде Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Атырау қаласындағы Дұсіпов Сейдеғали тұрған үйдің қабырғасына майдангердің құрметіне арнайы ескерткіш тақта орнатылған. Атырау қаласында бір көше осы кісінің атымен аталған. ## Отбасы Әкесі – Дүсіп Сығайұлы, анасы – Жания Әйелі – Нұрғазиева Бати Балалар: Хамит, Ғалымжан, Рақымжан, Гүлшат ## Марапаттары * "Жауынгерлік еңбегі үшін" медалі (1943) * "Қызыл жұлдыз" ордені (1945) * "Қызыл жұлдыз" ордені (1945) * "1941-1945 Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медалі (1945) * "Ерен еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне” медалі * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл" мерейтойлық медалі” * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл" мерейтойлық медалі * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл" мерейтойлық медалі * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл" мерейтойлық медалі * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл" мерейтойлық медалі * "Еңбек ерлігі үшін" медалі * Ұлы Отан соғысының I дәрежелі ордені (1986) * "Еңбек Қызыл Ту" ордені * Қазақ КСР Кәсіптік-техникалық білім беру саласының үздігі (1967) * КСРО Кәсіптік-техникалық білім беру саласының үздігі (1975) ## Дереккөздер
Ұлыма – 1. Зат. Табу қасқыр(қолжетпейтін сілтеме).2. Зат. Эфм. Қасқыр. Қасқыр ұлиды, қой маңырайды ендеше солардың дауысына лайықты «ұлыма», «маңырама» дей салу қандай жеңіл (С. Телжанов, Сейфулла). Қазақ халқының қасқырға қойған жанама аты. Қазақ түз тағысын сөз еткенде, табиғатына дүлей долылық, қайтпас қайсарлық және жанкештілік тән қасқырға басқаша атау беруге тырысқан. Ертедегі қазақ халқының негізгі шаруашылығы мал болғандықтан ең үлкен қауіп күтетін аңдарының бірі қасқыр болған. Сондықтан атын тікелей атасаң қырсық шалады, жамандық шақырады деген түсінікпен малға шабатын аңдардың атын тура атамай жанамалап атаған. Міне, қасқырға осы мақсатта қойылған атаудың бірі болып табылады. Сондай-ақ, қазақ халқының ат тергеу салтында да қасқырды ұлыма деп атау кездеседі.== ## Тарихы Мысалы: Ыбырай Алтынсариннің «Орынбор ведомоствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі» дейтін еңбегіндегі (1879): «Бір қазақтың бес ұлы болыпты. Олардың аты: Көлбай, Қамысбай, Қасқырбай, Қойлыбай және Пышақбай екен. Бір күні келіні суға барса, көлдің ар жағында, қамыстың бер жағында қасқыр қойды жеп жатыр екен. Сонда келіні ауылға жүгіріп келіп:«Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр, тезірек жанығыш пен кескішті жеткізіңдер» дейтін тәмсіл ел ішінде мәшһүрлігімен аян. Бұл – жұмбақтап, ишараттап, нақты жайттарды ұқсастыққа ие құбылыстармен салыстырып сөйлетудің таза классикалық үлгісі, қазақ халқының сөйлеу, ойлау мәдениеті тарихындағы астарлап айтатын ғибратты қағидаты.
Хисметолла Исакулов (1920, Новобогат ауылы Гурьев облысы — 2010, Атырау) — Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері. ## Өмірбаяны Хисметолла Исакулов 1920 жылы Новобогат ауылында дүниеге келген, Новобогат ауданы Гурьев облысы. Руы Беріш Құлкеш бөлімі Кіші жүз. 1938. Балықшы ауданындағы Лазарь Каганович (қазіргі Әліби Жангелдин) атындағы мектепті бітірді. 1939. Новобогат аудандық оқу бөлімінде техник-секретарь болып жұмыс жолын бастады. 1940 жылдың 20 қазанында Кеңес Одағы армиясының қатарына “Отан” алдындағы әскери борышын өтеуге шақырылған. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының №17-ші армиясының №601 мотоатқыштар полкінің №48-ші “СМЕРШ” барлауға қарсы дербес ротасында атқыш-пулеметчик болған. Әскери шені ефрейтор. Өткен өмір жолында Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді қорғауға қатысып, неміс-фашист басқыншыларымен күрестегі ерлігі мен батылдығы үшін 2- дәрежелі “Ұлы Отан соғысы” орденімен алған. Жапониямен соғыстағы ерлігі, Моңғолия еліндегі маңызды тапсырманы орындаудағы сусыз-шөлейт даласы мен Хинган тауының биік үлкен асуларынан іркілмей өткені үшін, сол кездегі Жоғарғы Бас қолбасашы И.В.Сталиннің “Алғыс хатымен” және “Жапониядағы жеңіс үшін” медальмен марапатталған 1946-1951. Новобогат ауданындағы Кеңесі атқару комитетінде бөлім меңгеруші болып қызмет атқарған 1950-1980. Новобогат ауданының Тұтынушылар Одағы қоғамында басқарма төрағасы, өндірістік тауарлар дүкенінің меңгерушісі қызметтерінде болған 1980 жылы зейнеткерлікке шыққан. ІІІ-дәрежелі “Данқ” орденімен және “Ерен енбегі үшін”, тағы басқа бірнеше медальдармен марапатталған. ## Марапаттары * Иосиф Сталиннің Алғыс хат * “1941- 1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медалі * "Жапонияны жеңгені үшін” медалі * Ұлы Отан соғысының II дәрежелі ордені * ІІІ-дәрежелі “Данқ” ордені * "Еңбек ерлігі үшін" медалі * Астанаға 10 жыл медалі ## Дереккөздер
Тәрен Біләлов (1 шілде 1924, Бегайдар ауылы, Новобогат ауылы Гурьев облысы – 6 қараша 2002, Атырау) – Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері ## Өмірбаяны Біләлов Тәрен (Тарих) 1 шілде 1924 жылы Гурьев облысы, Новобогат ауданы Бегайдар ауылында дүниеге келген. Руы Есентемір Әжімбет Кіші жүз. 1941-1942. Еңбек жолын ауыл мұғалімі болып бастап, “Күкіртті” бастауыш мектебінің меңгерушісі болды 1943-1944. Қызыл әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысты. 1-ші Балтық фронтының нөмірі 1119 атқыштар полкінің жауынгері. 1944 жылы Волхово стансасы маңында болған шайқаста ауыр жараланып, елге қайтады. 1944. Новобогат ауданында Молшағыл колхозының шабындық бригадасының бригадирі 1944-1951. Новобогат аудандық қаржы бөлімінде есепші, инспектор, кейін мемлекеттік пайдалар жөніндегі аға инспектор қызметтерін атқарған 1955. Алматы мемлекеттік заң институтының оқуын Заңгер мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірген 1955-1961. Жоғарғы білім алған соң, партияның ауыл шаруашылығын көтерудегі “отыз мыңдықтар” бастамасына орай бүкіл институт оқытушылары мен бітіруші түлектер арасынан жалғыз өзі Құрманғазы ауданы “Жаңа Жол” кеңшарының төраға болып тағайындалады 1961-1962. Қызылқоға ауданында “Гурьев” асыл тұқымды қаракөл қой шаруашылығында директордың орынбасары қызметін атқарады 1963. Мәскеу қаласындағы Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясындағы оқуын Агроном-экономист мамандығы бойынша ерекше дипломмен бітірген 1963-1965. Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында қаржы-жоспарлау бөлімінің бастығы 1965-1970. Қызылқоға ауданында “Гурьев” совхозының бас экономисі 1970-1972. Балықшы ауданында “Алғабас” ірі қара мал бордақылау кеңшарының директоры 1972-1977. Қызылқоға ауданындағы ірі шаруашылықты “Ленин” атындағы кеңшардың директоры. Қой шаруашылығымен айналысатын көлемі үлкен кеңшарда малшыларға ақтастан қыстақ салу мәселесін ең алғашқы болып ұйымдастырушы, жүзеге асырушы. Бұрын жергілікті ел үшін таңсық тары, қарбыз-қауын өсірудің , егін егумен айналысудың бастамашысы болып табылады 1977-1985. Гурьев облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары. Гурьев облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 1985 жылы зейнеткерлікке шығады. Отанға сіңірген зор еңбегі үшін Республикалық маңызы бар дербес зейнетақы тағайындалады. 1985-1991 жылдары зейнеткерлікке шыққаннан кейін де Атырау облыстық жер өндеу-суғару шаруашылығында бөлімше бастығы болып қызмет атқарған Ол туған елінің табиғатын зерделей білген, ел мен жердің жайын кеңінен білетін, түбінен тарқатып айтатын, шешен сөйлейтін, әңгімесі де, сөзі де тұнып тұрған өнеге Атыраудың абыз ақсақалдарының бірі. “Есентемір Байұлы” шежіре кітабының авторы. I-дәрежелі Отан соғысы орденімен, 11 жауынгерлік медальмен және бейбіт кезеңде “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған Атырау қаласындағы және Қызылқоға ауданы Сағыз ауылындағы көшелерге Біләлов Тәрен есімі берілген. ## Қоғамдық қызметі Еңбек еткен жылдарында Қошалақ ауылдық (1956-1961), (1970-1972), (1972-1977); Денгиз аудандық (1957-1961) жөне Гурьев облыстық (1978-1986) Кеңестердің депутаты. Денгиз аудандық партком мүшесі (1956-1961), (1972-1977); Денгиз аудандық партия комитетінің бюро мүшесі (1957-1959); Гурьев облыстық партия комитетінің мүшесінің кандидаты (1959-1961); Гурьев облыстық партия комитетінің мүшесі (1978-1986). Қазақ КСР Жоғарғы Сотының заседателі (1957-1961) ҚКП XIV съезінің делегаты ## Отбасы Әкесі – Жұмағали Смайылұлы Жанқожа тегі. Анасы – Зинеп Жүнісқызы. Зайыбы – Іңкәр Болатқызы. Отбасында алты қыз, төрт ұл дүниеге келген: Асқар, Гүлнәр, Гүлсім, Гүлжан, Жұпар, Шындық, Фарида, Қазбек, Ғаділбек, Алмагүл ## Марапаттары * “1941-1945 Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медалі * Ұлы Отан соғысының I дәрежелі ордені * “1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін" медалі, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен * "Еңбек ерлігі үшін" медалі, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл" мерейтойлық медалі” * "КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл" мерейтойлық медалі * “В.И.Ленин туғанына 100 жыл толуына орай" медалі * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл" мерейтойлық медалі * “Құрмет Белгісі" Ордені * “КСРО халық шаруашылығындағы жетістіктері үшін” үш ВДНХ күміс медалі ## Жарияланымдар Т.Біләлұлы, Ы.Сүйінұлы “Есентемір Байұлы” Этнотарихты-толғау, Алматы, 2012, ISBN 5-7667-5953-3 ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Нәбиден Әбуталиев. Ақ шағала көңіл/ “Алтын дария”, 15 сәуір 1999 * Танатар Дәрелов. Жүрген жолда із қалған/ “Нарын Таңы”, 23 қараша 2002 * Шапих Қабдешов. Тәлімі мол Тәрен аға/ “Серпер”, 4 қазан 2002 * Гүлзада Ниетқалиева. Қайран біздің әкелер.../ "Ақ Жайық", 12 мамыр 2005 * Рахымжан Отарбаев. Жақсының басып кеткен ізі де ыстық/ “Атырау”, 1 қараша 2012 * Адалдық – Адамдықтың белгісі/ “Daraboz”, тамыз 2013
Кәкетай Қымызбаев (1919 — 23.07.1944) – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, атты әскер. ## Өмірбаяны 1919 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, Жарсу ауылында дүниеге келген. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, Украинаның Львов маңындағы Қызыл тулы Ленин орденді Каменка-Гугская қаласындағы Котовский атындағы атты әскер дивизиясында азаматтық борышын өтейді. Алғырлығымен көзге түскен жауынгер кіші командирлер дайындайтын мектепке жіберіліп, бөлімше командирі болады.1941 жылдың 22 маусымында таңғы сағат 4:30-да соғыстың басталған алғашқы сағатынан шекара қорғауға неміс басқыншыларына қарсы, кейіннен Харьков, Сталинград майдандарындағы ұрыстарға қатысып, асқан ерлік көрсетеді. ## Марапттары Көрсеткен ерліктері үшін 2 мәрте «Қызыл Жұлдыз» орденімен, 2 дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. Кәкетай Қымызбаевтың ерліктері туралы «Гродьянская правда» Беларусь газеттерінде қазақ елінің батыры туралы мақала, 1944 жылы «Суворов» газетінде «Қыр қыраны» деген толғаулары басылып жарияланған. Қызылорда облысының тумасы, жауынгер ақын Әбзәли Егізбаевта 1944 жылы 12 сәуірде "Орден омыраудағы құтты болсын" деп Кәкетай Қымызбаевты алған ордендерімен құттықтап өлең жазған екен (Орталық ғылыми кітапхана қорының мұрағатынан алынды).Кәкетай Қымызбаев 23 шілде 1944 жылы Неман өзені жағасындағы ұрыста ерлікпен қаза табады. Беларусь жерінде Сапоцкино ауданында бауырластар қабіріне жерленген. ## Дереккөздер
Беркалиев Жанай (5 қаңтар 1939, Тұщықұдық ауылы, Новобогат ауданы Гурьев облысы – 14 қыркүйек 2017, Атырау) — биология ғылымдарының кандидаты (1983), КСРО аул шаруашылығы саласының үздігі, Исатай, Индер, Махамбет, Құрманғазы аудандарының Құрметті азаматы, Атырау облысының Құрметті азаматы ## Өмірбаяны Беркалиев Жанай 5 қаңтар 1939 жылы Тұщықұдық ауылында дүниеге келген Новобогат ауданы Гурьев облысы. Руы Беріш, бөлімі Бегіс Кіші жүз. 1956. Еңбек жолын Новобогат ауданындағы “Чапаев” атындағы кеңшарда механизатор болып бастаған 1967. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген 1967-1969. Құрманғазы ауданында “Калинин” атындағы кеңшарда зоотехник, ферма меңгерушісі 1969-1972. “Құрманғазы” атындағы кеңшарда бас зоотехник 1972. Құрманғазы ауданында ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары 1972-1979. Индер ауданында “Амангелді” атындағы кеңшардың директоры 1979-1982. Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Гурьев облыстық филиалының директоры 1982-1987. Новобогат ауданындағы “Чапаев” атындағы кеңшардың директоры 1987-1990. Махамбет ауданынданың Облыстық ғылыми зерттеу ауыл шаруашылығы “Тәжірибе стансасының" директоры 1990. Новобогат ауданындағы “Забурын” атындағы кеңшардың директоры 1990-1991. Новобогат ауданындағы атқару комитетінің төрағасы 1991-1993. Новобогат ауданындағы “Чапаев” атындағы кеңшардың директоры 1993-1994. Атырау облыстық әкімінің орынбасары - облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы 1994. Махамбет ауданының әкімі 1994-1999. Исатай ауданының әкімі ## Қоғамдық қызметі Облыстық Мәслихат Депутаты (1987) ## Отбасы Ата-анасы: Беркали Еришев мен Жумахан Еришева. Жұбайы: Клара Токумбаева, мұғалім. Отбасында үш қыз, үш ұл дүниеге келген:: Беркалиев Жасулан, Жанаев Руслан, Жанаев Данабек, Беркалиева Гүлжан, Беркалиева Толқын, Беркалиева Қарлығаш ## Ғылыми еңбектері Батыс Қазақстанның шөлді және жартылай шөлейтті аймағы жағдайында түйелер мен қаракөл қойларының құнарлылығын арттыру/ Ғылыми дәрежесін алуға арналған Диссертация кандидаты /, Мәскеу, 1983 ВИЖ УДК 636.295.062.454.33 ## Жарияланымдар Беркалиев Ж. “Жылдар жаңғырығы”/ Атырау, 1999 ISBN 9965-01-0169-9 Беркалиев Ж, Сматулин Б. “Түндігі Ашылған Тұнбалар”/ "Үш Қиян" баспасы, 2002 ISBN 9965-565-10-4 ## Марапаттары * КСРО аул шаруашылығы саласының үздігі (1975) * «Құрмет» ордені (2015) * Исатай, Индер, Махамбет, Құрманғазы аудандарының Құрметті азаматы * Атырау облысының Құрметті азаматы (2016) ## Дереккөздер
Кемеркөл – Ертіс алабындағы көл. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Қойтас ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде орналасқан. Кемер – "өзен, көл, су арнасының жағалауы, жиегі", "арнасы толған көл" мәніндегі атау. ## Гидрографикасы Ұзындығы 2,5 км, енді жері 1,2 км, жағалау бойының ұзындығы 8,8 км. ## Дереккөздер
Жұмашев сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Абдулла Жұмашев— өлкетанушы, этнолог, әдебиетганушы. * Ақнияз Жұмашев - мұнайшы. * Ғайша Қуандыкқызы Жұмашева - «Қазақювелир» АҚ президенті. * Жанқожа Жұмашев - КСРО мунай өнеркәсібінің үздігі. * Жасұлан Қыдырғожаұлы Жұмашев - полковник. * Көпей Буданұлы Жұмашев - техника ғылымдарының докторы, профессор. * Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев - мемлекеттік қайраткер. * Өтеген Жұмашев - күйші. * Рымбек Мұратұлы Жұмашев - Қазақстан мәдениетінің тарихы, Қазақстан тарихы тарихнамасы мен деректануы саласындағы маман, тарих ғылымдарының докторы.
Атырау облысы жер бедерінің басты ерекшелігі — оның ойпатты жазық болып келуінде: геоморфологиялык тұрғыдан жер бетінін биіктігі барлық аудандарда теңізге қарай көлбеулене кеми түседі, яғни Каспий маңының депрессиясы жақсы айқындалады, соның салдарынан көпшілік жерінің абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Облыс жері түгелімен Каспий маңы ойпатының құрамына енеді және аздап Жем үстіртінің батыс шетін алып жатыр. Бұл екі геоморфологиялык кұрылым Орыс платформасының күрделі әрі әр текті алқабы болып табылатын терең тектоникалық ойыс — Каспий маңы синеклизасының үстінде орналасқан. Синеклиза екінші кезектегі бірқатар тектоникалык кұрылыммен күшейе түскен. Кристалдык жыныстар мұнда 20—30 км-лік аса тереңде, палеозой мен мезокайназой шөгінділерінің астында жатыр. Каспий маңы ойпаты-теңіз түбінен босаған алғашқы аккумуляциялық жазық. Орографиялық жағынан жайпақ, теңізге қарай көлбеу жатқан орасан зор ойпат. Атырау облысының солтүстік шетінің абсолюттік биіктігі нөлдік горизонталь сызығына (деңгейіне) сай келеді. Ал оңтүстік шетінде Каспий теңізінің жағалауы мұхит деңгейінен 27 м төмен жатыр. Облыс рельефінің көтеріңкі жері шығысында-Жем үстірті. Бұл морфокұрылым жаңа тектоникалық қозғалыстың инверсиялық көтерілімінен пайда болды; үстірттің-биік жері облыс жерінен тысқары жатыр. Облыстың ең биік жері-қиыр оңтүстік-шығыстағы Үстірт (солтүстік-батысындағы Желтау, 221 м). Осылайша облыс рельефі шығыстан батысқа қарай да көлбеу келеді. Каспий маңы ойпатының казіргі рельефінің антропоген дәуірінде бірнеше рет болған теңіз трансгрессияларымен (Баку, Хазар, Төменгі Хвалын, Жоғарғы Хвалын немесе Жаңакаспий) байланысты. Соңғы теңіз трансгрессиясы алдыңғысының жасап кеткен рельефін қайта тегістеп толтырып отырған. Каспий теңізінің деңгейі ең жоғары көтерілген Төменгі Хвалын трансгрессиясы кезінде қазіргісінен 80 м биік, ал мұхит деңгейінен 50 м биікке жетті. Бүкіл Атырау және Батыс Қазақстан облыстары жерін су басты. Теңіз суы шегінген кезде біртіндеп емес, арасында тоқтап, кідіріп отырған. Соның нәтижесінде жақсы ажыратылатын сатылы геоморфологиялық деңгейлер қалдырған. Соның бірі Төменгі және Жоғарғы Хвалын трансгрессиялары арасындағы шекара шамамен нөлдік горизонталды бойлап өтеді. Солтүстігі қызыл коңыр саздан және саздан тұрады, ал оңтүстігі Жоғарғы Хвалын жасындағы кұм мен құмайт түрінде көрінеді. Сонымен қатар теңіз шегінген кезде эрозиялық әрекеттер қарқынды өтеді, өзен аңғарлары оңтүстікке қарай ұзарып созылып, теңіз жағалауларында желпуіш тәрізді дельталар (атыраулар) жасап жылжып отырған. Үлкен атырау Жайық өзенінің сағасында Бақсай-Новобогат аралығында байқалады. Ол солтүстіктен оңтүстікке (теңізге дейін) 150км-ге созылған,табанының ені 80- 100 км. Бірінің үстіне бірі түзілген, екінші қатардағы, төрт үшбұрышты шағын атыраулардан тұрады. Олардың әрқайсысы Каспий теңізінің трансгрессиясы мен шегінуінің тарихына байланысты түзілген. Жайық атырауының биік жері солтүстікте, абс. биіктігі 5 м, табанының биіктігі 27 м-де жатыр. Мұндай аллювийлі атыраулық жазықтар Ойыл, Сағыз, Қайнар және Жем өзендерінің төменгі ағыстарында да кезігеді. Ойыл өзенінің сағасында бір ескі және бір жаңа екі атырабы бар. Жем үстіртінен басталар жерінде Ойылдың ескі атырауының биік нүктесі шығыста 40—50 м де, төменгі құяр құмды етегінде жазық; ал жаңа саздақты- құмайтты атыраудың биіктігі солтүстікте 5 м, ал оңтүстік етегінде 10—15 м. Сағыз, Қайнар және Жем өзендерінің төменгі ағыстарында бір-бірімен қосылған тұйық дельталы жазық бар. Жем үстіртінен басталар жерінде атырабы үш бұрышты төбесінің биіктігі 50 м де, ал теңіз маңы жазығына тірелер етегінде — 20 м. Бұл өзендер құяр жерінде жерге сіңіп кетіп, көлтабандар, сорлар, ұсақ тұйық су айдындары пайда болады. Каспий маңы ойпатында ерекше құрылымдар-тұз тектоникасына тән тұз күмбездері кездеседі. Ойпатта ежелгі жыныстардан кунгур кезеңінің пермь шөгінділері тараған. Олардың негізінде қалыңдығы 2,5 км тас тұздары шоғырланған. Тангенциалдык қысымның арқасында тұз массалары алғашқы орнынан жоғарыға қарай сығылып шыққанда жоғарыда жатқан жыныстарды жарып, тұзды күмбездер жасаған. Кейде жер бетіне шығып жатқан таулар кұрайды, солардың бірі - Индер тауы тас тұзынан, гипстен құралған. Таудың етегіндегі Индер көлі тұзды күмбездерден келіп қосылатын тұз ерітінділерімен толысады. Каспий маңы ойпатының жер бедерін құруда желдің маңызы зор. Құмды жазықтарда эолды рельеф формалары кеңінен таралған. Олар теңіз трансгрессияларының және өзендердің алып келген аллювийлі дельталық шөгінді жыныстарында жақсы дамыған. Облыс жерінің Еділ—Жайық өзендері аралығында үлкен алқапты Нарын құмы алып жатыр. Беті хвалындык теңіз құмдарымен жамылған. Рельефінде ұсақ, орта төбешікті (биіктігі 5-6 м) ал кейде 18 м еспелі шағылдар байкалады. Шағылды құм жалаңаш, өсімдік өспеген, сусымалы. Араларында қазан шұңқырлар (тереңдігі 8 м) алма-кезек орналасқан. Шағылдардың көбеюі мал жайылымын дұрыс пайдаланбаудың салдары болып табылады. Нарынның оңтүстігінде теңіз жағалауын қуалай Ментеке құмы (ұзындығы 90 км, ені 30 км, ауданы 1800 км2) орналасқан; ол қырқалы-шағылды, шағылды төбешікті болып келеді. Салыстырмалы биіктігі 10—20 м, ұсақ түйіршікті кварцты кұмдардан тұрады. Құм араларында сор, сортаңдар кездеседі. Облыстың солтүстік-шығысында Ойыл және Сағыз өзендерінің аралығында Тайсойған құмы жатыр; оның сыртқы пішіні Ойыл өзенінен оңтүстікке қарай тарылып үш- бұрыш жасайды. Тайсойған төбешікті және толқынды-белесті (биіктігі 2—5 м) болып келеді, Ойыл өзенінің атырауындағы ескі арна ойыстарымен кезектесіп жатады. Облыстың қиыр оңтүстік-шығысында Каспий маңы қарақұмы бар. Каспий маңы ойпаты геологиялык кұрылымы жөнінен батысында Ергеней қыратымен және Еділдің тармақталған атырауымен, солтүстігінде Жалпы Сырт шетімен, шығысында Оңтүстік Орал етегіне жалғасатын Жем үстіртімен, оңтүстік-шығысында Үстірттің кемерлерімен көмкерілген, Каспий теңізінің солтүстік айдынымен шайылып жатқан жазық аймақ. Бұл күнде алғашқы ежелгі жазықтың белгілері тек теңіз жағалауында ғана сақталған, ал су жиегінен солтүстікке не шығысқа қарай қашықтаған сайын жазықтың ежелгі ерекшелігі жойыла бастайды, сөйтіп Нарын және Тайсойған т. б. кұмды белестер пайда болған, олардың биіктігі кейбір жерлерде төңірегінен 10—12 м-ге дейін көтеріңкі келеді. Еділ, Жайық, Жем, Сағыз өзендерінің бұрынғы арналарының төңірегінде құмды жондар қалыптасқан және бұлардың биіктігі кейде 7-15 м-ге, ұзындығы 1,5—2 км, ені 200—300 м-ге жетеді, негізінен хвалын кезеңінің кұмды-сазды жыныстарынан қат-қабатталып түзілген, гипстелген, тұзға қаныққан, кейде сілтісізденген болып келеді. Бұл жондар ғылымда бэр төбешіктері деп аталады. Ұшы-қиырсыз ойпаттың біркелкі жазық табиғатына өзгеше көрік берген Индер, Иманғара, Қойқара қыраттық көтерілімдері алыстан мұнарланып, көрінеді. Сондықтан да болар, заңғар тау сілемдеріне зәру атыраулықтар өз қыратын тауға балайды. Осындай қыраттардың бірі облыстын солтүстік жағының биік жері -Индер тауы. Ойпат бедері ерекшеліктерінің бірі -тастақты өнірлерінде сор шаралары, ал сусыма құмды жынысты жерлерде Нарын, Тайсойған т. б. құм массивтері калыптасқан. Сонымен қатар тақырлар көп кездеседі. Ең үлкен тақыр Намаз тақыры деп аталады. ## Дереккөздер
Нұрбақыт Қабдыкәрімова (03.11.1948 - 17.04.2020) - Социалистік Еңбек Ері (1982), ауыл шаруашылығы озаты, механизатор. 3 қараша 1948 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ақжол ауылында туған. ## Еңбек жолы * 1967 жылдан Қарқаралы ауданының "1 Май" совхозында тракторшы болып еңбек етті. * 1972 жылдан КОКП мүшесі болды. ## Жетістігі * 11- сайлауда - КСРО Жоғарғы Советінің депутаты. * 9 - сайлауда - ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты. ## Наградалары * Ленин ордені * Еңбек Қызыл Ту ордені * Социалистік Еңбек Ері (1982) * Медальдар ## Дереккөздер
Серік Төкенұлы Нұрқазов (4.10.1959 жылы туған, Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігіне қарасты Ақтау кенті) – боксшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1985).Алғашқы бапкерлері – Л.Тілеубаев, Я.Фетисов. * Қазақстанның және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. * КСРО халықтары спартакиадасының күміс (1979) және қола медалін алды (1983). * Еуропа чемпионы (1983, Варна, Болгария) және қола жүлдегері (1981, Тампере, Финляндия) * КСРО чемпионы (1982, 1984, 1986), күміс (1979, 1980), қола жүлдегері (1983, 1987) * Әлем кубогінің күміс жүлдегері (1983, Рим, Италия) болған. ## Дереккөздер
* Жүкей – Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл. * Жүкей – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл.
Атырау өңірін адамдардың қоныстануы өте ежелгі замандардан-ақ басталған. 1960 ж. шыққан Қазақстанның археологиялық картасына көз жіберсек, Атырауға жақын жатқан ең ежелгі ескерткіш Жайық өзенінің сол жағасындағы Кондаур аулының қарсы беткейіндегі неолит мекені болып табылады. Кезінде Алтын Орда дәуіріндегі көне қонысқа қазба жұмыстарын жүргізген кезде Атырау қаласынан 7 км жердегі қазіргі «Орбита» телестансасы орналасқан ауданнан сол неолит дәуіріндегі найзаның кремнийлі ұшы табылған. Бұдан да ертерек, 60-жылдардың басында осы қоныстан қазып алынған археологиялык материалдың Алтын Орда дәуіріндегі Сарайшықтан табылған затпен тым ұқсастығы аңғарылған: бұлар -қазба кремний жоңқалары, қырғыштардың сұлбалары т.б. болатын. Оларды академик Ә.Марғұлан түгел неолит кезеңіне жатқызды. 1990 ж. қалаға ең таяу маңда жатқан қорған қалдықтарына қазбалық жұмыстар жүргізілгенде Шерімбай қорымынан 30 км жерден тағы да кремний пышақтары, қырғыштар мен біздер табылды. 1992 жылдың аяғындағы мәліметтер бойынша, облыс жерінен неолит дәуіріне жататын 24 мекен мен тұрақ табылып отыр. Неолиттік ірі мекендер санатында Сарықамыс пен Шаянды да бар. Сол кездегі өлкенің табиғат жағдайлары аңшылықтың, балық аулау мен мал шаруашылығының дамуына ықпал етті және осы тұста шаруашылық түрлерінің бөлінуі басталды. Бір шаруашылық балық аулауға бейімделсе, екіншісі мал шаруашылығына маманданды, егін шаруашылығы пайда болды. Қорғандардан неолит қазындыларымен бірге қола дәуіріндегі қыш бұйымдар да кездесіп калады. Бүгінгі күні осы дәуірдің 19 ескерткіші анықталды. Мұның ішінде, маңыздысы-қалаға ең жақын жатқан Шерімбай қорымы. Одан неолит дәуірінің еңбек құралдарымен бірге қола дәуірінің қыш бұйымдары табылды. Осы дәуірдегі алты қорған Атырау-Кулагин жолына таяу, Жайық өзенін бойлай созылып жатыр. 1989—92 ж. Батыс Қазақстан экспедициясы жүргізген жұмыстар нәтижесінде ертедегі темір дәуірінің көптеген ескерткіштері Жылыой ауданынан, сол сияқты Иманғара тауы маңынан, Аралтөбе қорымынан, Қаратон және Сарықамыс қоныстарынан табылып отыр. 1999 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Аралтөбе қорғанына Ә.Марғұлан атындағы археологиялық экспедициясы қазба жұмыстарын жасады. Аралтөбе қорымынан негізінен үш зират қазылып, оның алғашқысынан адамдардың қаңқалары мен олар қолданған шыны моншақтар, жебе ұштарының сынықтары табылды. Екіншісінен жерленген мүрде жанынан жүзден астам жебесі бар қорамсақ, қыш құмыра, темір қылыш кездесті. Үшінші зираттан асыл қазына – Алтын киімді адам табылды. Мүрделермен бірге олардың аяқ жағында екі жылқы және қыран құс қаңқалары жерленген. Ер адам киімі әшекейлі алтын бұйымдармен безендірілген, жанындағы қару-жарақтары, қорамсақ жиектері, алтын мен апталып, әшекейленген. Ғалымдардың тұжырымдауы бойынша бұл алтын киімді адамның өмір сүру кезеңі осыдан 2 мың жыл бұрынғы сарматтар дәуіріне жатады. ## Сарайшық қаласының маңызы және қирауы Сарайшық қаласының ірге тебу кезеңіне байланысты келер болсақ, итальян саяхатшылары Плано Карпини (1182-1252) мен Вильгельм Рубруквис (1120-1293) Шығыс Еуропа мен Орталық Азияны басып өтіп, Қарақорымға дейін сапар шеккенде осы Сарайшықтың үстінен өтеді. Итальян көпесі Франческо Пеголотти (1335-1340 ж.) Сарайшықтың Астраханнан, Сарайдан, керек десе Үргеніштен қанша қашықтықта орналасқандығын дәлдеп жазып, көрсетеді. Ал Вильгельм Рубруквис татар-монғолдардың Еділ бойындағьі 1246 жылы ірге көтерген алғашқы қаласы — Сарайдың өзін 1253 жылы салынып біткен қала ретінде көргендігін еске салады. Әбілғазы жазбаларындағы «Бір кезде Берке хан (1255-1266) ағасы қалаған Сарайшық қаласына барды» дегенді негізге ала отырып «Сарайшықты Бату салдырғанын, бәлкім, Сарай қаласымен бір мезгілде XIII ғасырдың 50-жылдарының басында еңсе көтергенін байқауға болады» дегенді айтады. Осы арада мына бір дерекке де назар аудару керек сияқты. Кейінгі жылдардағы Хорезм археологиялық экспедициясының зерттеулеріне ден қойсақ, Сарайшыққа қоныстану монғолдар келгенге шейін, үш ғасыр бұрынақ басталып кеткен. Сол кездің өзінде оның үстінен Батыс пен Шығысты, кейіннен Алтын Орда — Үлкен сарай мен Хорезм, Отырар арасындағы экономикалық және мәдени байланысты өсірген іргелі сауда жолы өткен. Академик В.В.Бартольд «Сарайшықтан шыққан керуен елу күнде Отырар қаласына жетіп, одан әрі Монғолия арқылы Қытайға асатын» дейді. Сондай-ақ Сарайшықтан Самарға, Қазан қалаларына апаратын да сауда жолдары болған. Бұл жолдардан дүние жүзінің екі бірдей ірі құрлығында орналасқан айтулы мемлекеттерді байланыстыратын керуен жолы бойында орналасқан Сарайшықтың орасан зор саяси, экономикалық сауда орталығы болғандығы және оның Алтын Орда хандығы тұсында тіптен дәуірлегенін айқын аңғарар едік. Сарайшықтан 4,5 х 3,5 метр көлемдегі ұзындыгы 4,4 м., биіктігі 1,65 м. тұратын ыссы от (ауа) айдау жүйлері бар камера табылған. Қала қыштан күйдірілген тас тұрбалар арқылы ауыз су құбырларымен қамтамасыз етілген. Кейбіреулері жеке құдықтар да пайдаланған. Олар кейін құлап, бітеліп қалған. Бірақ солардың өзі бүгінгі ұрпаққа біраз сыр ақтарып, тарих тағылымдарын ашуда. Сөйтіп жылдар бойы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары мен қазіргі қолда бар жәдігерлер Сарайшықтың дамуы мен өркендеуін шартты түрде XIV ғасырдың орта тұсы мен екінші жартысына сәйкес келеді деп болжам жасауға негіз қалайды. Қала үлкен саяси, сауда, мәдени орталық болған. Соған сай оның тұрғындары да сауда, егіншілік, бау-бақша, мал өсіру, балық аулаумен, сондай-ақ қол өнерімен айналысқан. Атап айтқанда шеберханаларда үй түрмысына қажетті бұйымдар жасалынған. Олардың ішінде қыштан күйдірілген құмыра ыдыстар, балауыз шырағдандар, асханалық керамикалар — құман, кесе, су жүретін қыш құбырлар, сұйық және құрғақ тағамдар мен заттар сақтайтын (бидай, тары, тұз, су, тағы басқа) әр көлемдегі құмыра, ыдыстар, қолдан жасалынған тұрмыстық, әсемдік, зергерлік бұйымдар, ыдыс-аяқ, айна, сақина, моншақ, білезіктер бар. Шыны ыдыстар, темір пышақтар да кездеседі. Бұлардың қай қайсысының үлгісі де олардың татар-монғол тұрпатында емес, ежелгі шығыс, парсы стилінде жасалғандығын аңғартады. Тарихшы-ғалым Г. Федоров-Давыдовтың жазбаларында Бердібек хан тұсында Сарайшық ұлысына Айбектің әмірлік еткендігі және сол кезде Сарайшықта ақша соғылғандығы, ал Тоқтамыс хан тұсында ақшалардың бір үлгіде Жаңа Сарай, Орда, Азақ, Қырым, Астрахань, Сарайшық қалаларында жаппай шығарыла бастағандығы айтылады. Сайып келгенде мұндай ақшалар Сарайшықта жүргізіліп жатқан соңғы археологиялық қазбалардан көптеп табылуда. 1236 ж. Бату хан бастаған монғол шапқыншылары бүкіл Атырау өңірін өз қолдарына қаратып, Еуропаға жол ашады. Сөйтіп Еділ бойын алғаннан кейін, Алтын Орданы кұрады. Еділмен қоса Жайық бойы, Атырау өңірі осы Алтын Орданың қол астына кіреді. 1396 ж. Сарайшықты Ақсақ Темір тонаушылыққа ұшыратып, талқандайды. Ибн Арабшах Темірдің Алтын Орданы талқандағанын сипаттай келіп, «...тонап алғандарының бәрін жинап, олжаға батты, қаланы әбден тонауға және халықты тұтқындауға рұқсат берді..., ол Сарай, Сарайшық, Қажытарқан және басқа да осы өлке қалаларын түгел қиратты» деп жазады.1558 ж. Жайықтың бойымен жоғары бір күндік жолда Сарайшық деп аталатын қала жатқандығын, қала бүгінгі күні орыс патшасымен дос болып отырған Ысмайыл Ноғай кінәзінің билігінде екендігін жазады. Бұдан әрі Сарайшықта не болғанын А.Левшин: «16 ғ-дың аяқ шенінде казак қарақшылары шырқ үйіріле отырып, Жайық өзенінің сағасына дейін жетті. Олар қайықтарға мініп, Жайықты бойлай жоғары көтерілді де, Сарайшыққа тұтқиылдан тап беріп, оны жауыздықпен жағып жіберді және тек тірі адамдарды ғана айуандықпен қинап қойған жоқ, сол сияқты өлілердің де молаларын қазып, оларды тонады. Бұл 1580 ж. болған еді» деп жазады. Одан әрі А.Левшин: «Осы жылдың жазында (1580) патша ағзамның казактары Сарайшыққа келіп, ұрыс салғанын және қаланы өртеп, жерден өліктерді де суырып, табыттарды тонағанын Ұрұс хан да айтқан болатын» деп еске алады. Бұл туралы тарихшы Г.Карамзин де жазып қалдырған. Казак-орыстардың сол тағылық қимылдарынан кейін және Ресейдің отаршылдық саясатының қазақ даласына қарай күшеюінен тарихи Сарайшық енді қайтып бой түзей алмады, ақыры қирады. ## XVIII ғасырдағы Атырау аймағы 1753 ж. үкіметтік Сенаттың әмірімен Атырау алқабы Астраханнан алынып, Орынбор губерниясына берілді. Әбілқайыр ханнан кейін Кіші жүз екі хандыққа бөлінді. Нұралы ханға қараған қауым Жайық-Жем бойына қоныс тепті. Сөйтіп, олар суы мен оты мол, қонысқа қолайлы Жайық өзені бойындағы жайлы жерлерді иеленуге ұмтылды. Малды тебіндетіп жаюға үйренген қазаққа қары қалың түсетін жазықтық шаруашылыққа онша қолайлы болмады. Ал жаз айларында бұл жердегі шөптерді мал таптап, қысқа жартымды ешнәрсе қалмады. Атырау қазақтарының ежелгі кәсібі мал шаруашылығы осылай дағдарысқа ұшырай бастады. Одан құтылудың жолы қыстық қонысқа қолайлы, шөбі мен қамысы мол Жайық пен Еділ өзендері арасындағы кең алқап еді. Бірақ бұл қалмақтардың қонысы болатын. Қалмақтар қазақтардың бұл жерлерге қоныс аударуына, қыстауына қарсы болады. Мұндай наразылық Жайық казак-орыстарынан да байқалады. Олар қазақтар маялы шөбімізге, балық аулау кәсібімізге, басқа да шаруашылықтарға зиянын тигізеді деген сылтаумен наразылық білдірді. Шет аймақты отарлау мақсатында тірек болған және шекараны қорғап түрған Жайық казак-орыстарының мүддесін қорғаған патша үкіметі олардың талап-тілектерін орындап отырды. Пугачев көтерілісі Каспий өңірі халықтарынан үлкен қолдау тапты. Көтеріліс нағыз қызған кезде 1773 ж. карашада Е.Пугачев жергілікті қазақтармен танысып, әскер жасақтау үшін М.Толкачев бастаған отрядты Атырау жаққа жібереді. М. Толкачев және онымен бірге Ә.Танғаев пен А.Дәуітов бар 300 жасақ Жайықтың бойындағы бекіністерді өздеріне қаратып, қолға бірталай оқ-дәрі, қару-жарақ түсіреді. Сөйтіп Калмыков, Кулагин, Тополи пугачевтіктер колына көшеді. Олардың Атырау өңіріне келуі қазақтар мен гарнизон солдаттары арасында толқу туғызды. Қараша айында бір топ қазақ Жаманқала (қазіргі Махамбет а.), Зеленый форпостарына шабуыл жасап қоршауға алады. Атырау қазақтарының қимыл-әрекеті шынында да батыл болды. Мұның өзі форпостар мен шағын қамалдардағы гарнизондарды ірі бекіністерге әкетуге мәжбүр етті. Бірақ бұл жағдайды жақсартпады. Желтоқсанның бас кезінде Сарайшық әскери қамалына шабуыл жасалды. Гурьевтен жіберілген әскер олардың шабуылына бөгет бола алмай тізе бүкті. Қазақтарға қосылып, Гурьев гарнизоны солдаттары да толқи бастайды. Е.Пугачев Гурьев қаласындағы көтерілісті естіп, оған көмек ретінде құрамында 200 адам, бірнеше зеңбірегі бар атаман А.Овчинников бастаған әскер жібереді. А.Овчинников әскері 25 каңтарда жазалаушы отрядтан бұрын Гурьевке келіп кіреді. Олардың кедергісіз тез келуіне Досалы сұлтан көп көмегін тигізді. Мәселен, Нұралы сұлтан 1774 ж. императрица II Екатеринаға Овчинников отрядына кедергі жасағысы келгенін, бірак Досалы сұлтанның алдауына түсіп қалғаны жөнінде ақталып хат жазған. Атырау маңын бақылап тұрған қазақтар гурьевтік көтерілісшілер жағында болды. Гурьевтіктер көтеріліс жасап жатқан кезде Астрахан губернаторы Нұралы ханға тілмаш А.Алтышевті жіберіп, қазақтардың «көңіл күйін» білуді тапсырды. Сол жылы қаңтар айында берген есебінде Алтышев қазақтардың Гурьев маңындағы аудандарды толықгай ұстап тұрғандығын және олардың көтерілісшілер жағында екенін, өзінің бұл жерлерге әзер келгендігін айтады. Алтышевтың айтқанын Орынбор губернаторы растап, «Досалы сұлтан қолы бүкіл Гурьев қалашығы маңын қоршап алғанын» хабарлайды. А.Овчинников Гурьевке баса көктеп кіріп, қарсыласушыларды тоз-тоз етіп жібереді. Гурьевтің құлауы туралы хабарды естісімен Астрахан губернаторы Кречетников Атырау бойын азат ету жұмысын өз қолына алып, үкімет әскері 1774 ж. 2 маусымда баса көктеп кіріп, қаланы өздеріне қаратты. Көтеріліс жеңіліске ұшырады. ## Сырым Датұлы бастаған көтеріліс Е.Пугачев көтерілісі кезінде-ақ азаттықты аңсаған қазақтар оған барлық қолда бар көмектерін аямады. Соның бірі батыр, ел басқарған би, шешен Сырым Датов болды. С.Датұлының қол бастап күреске алғаш шыккан жері Атырау өңірі. Оның осынша қолды бастап, басын бәйгеге тігуі патша өкіметінің қазақ даласына, оның ішінде Кіші жүзде жүргізіп отырған отарлаушылық саясатынан туды. Атырау аймағына, Жайық бойына қалмақтарды, башқұрттарды айдап салып, ұлт араздығын қоздырумен қатар қашқын, босқындарды паналатты, ол аз дегендей орыс-казактарды қаптатып, бекіністер мен қамалдар салдырып, жергілікті халықтың ежелгі кәсібі мал жайылатын, шабындық шабатын құнарлы жерлерінен айырып, берекелерін алумен болды. Сырым -Атырау өңіріндегі ірі ру басшыларының бірі. Оның қарауында 2 мың үй болған. Мұның өзі Сырым атқа мініп, қол бастаған кезде ешкімге тәуелді болмағанын, жеке басының қамы емес, қарапайым халық үшін күрескен көсем екенін көрсетеді. Сырымның байлығы және соңына ерген халықтың көптігіне қарағанда Сырым ханнан асып түскен. Мұның өзі Сырымның туыстықтан, байлықтан халық мүддесін жоғары қойғандығын, соның жолында жанын сарп еткенін тағы дәлелдейді. Көтерілістің ұясы болған Байұлы ауылдары, Жайық пен Жем бойын мекендеген басқа да рулар қиын-қыстау жағдайда өмір сүрді. Қыс ауыр болған жылдары халыққа қатты батып, жиі-жиі жұтқа ұшыратып отырды. Патшалық-отаршылдық режиммен ауыз жаласқан хандық билік кеселге ұшырады, ол халықты қанаушылармен одақтасты да, халық арасына сына қақты. Міне, дәл осы сәтте Сырым батыр тарих сахнасына келді. С.Датұлы бастаған қозғалыс үлкен күшке айналады. Олар хан-сұлтандардың аулына шабуыл жасап, алған мал-мүліктерін жарлы-жақыбайларға бөліп береді. Үрейі ұшқан Нұралы хан бас сауғалап, Калмыков бекінісіне, одан кейін 1786 ж. қашып барып, патша үкіметін паналайды. Көтерілістен сескенген II Екатерина жарлығымен оны хандық тақтан босатады. Ақыры Нұралы 1790 ж. Уфа қаласында кайтыс болады. Орынбор генерал-губернаторы болып жаңадан тағайындалған А.А.Путлинг хандық басқаруды қайтадан құру мақсатымен сұлтандармен, оны қолдаушы старшындармен жақындасып, ақырында 1791 ж. өз жиындарын өткізіп, Нұралының туысы Ералыны хан етіп сайлайды. Оның үстіне Жайық казак-орыстары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, жазалаушылық әрекеттерін қайта бастайды. Осының бәрі Сырымның ашу-ызасын туғызады, оның қарулы жасақтары жаңадан сайланған хан Ералыға, оны қолдап отырған патша әкімшілігіне, жазалаушы отрядтарға, казак-орыстарға қарсы батыл қимылға көшеді. 1794 ж. Ералы хан қайтыс болады да, орнына Есім хан болып сайланады. Сырымды ұстауға бұйрық беріледі.Сырым қолы күресті тоқтатпай ақыры 1797 ж. 27 наурызда орыс шекарасына жақын жердегі ханның шатырын қоршап Есім ханды өлтіреді, ханның және жақындарының аулын шауып, алған малдарын, мүліктерін халыққа үлестіріп берді. 1782—83 жылдың қысында Атырау өңірінен Жайықтың екінші ішкі бетіне өткен Байұлы ауылдарын казак-орыс әскерлері тонап, төрт мың жылқысын айдап әкетеді. Әрі қарай өлке ішінде әлеуметтік шиеленістер күшейіп, Сырымның қасына ергендердің біразы оны қолдаудан бас тарта бастайды. Ақырында Сырым өзіне сенімді деген ауылмен Хиуа хандығына көшіп, сол жақтан жаңа күш жинауды ойлайды. Осы сапарда Сырым Датұлы 1802 ж. дүние салады. Оның өлімі жөнінде архивте ешбір мәлімет жоқ, бірақ әр түрлі болжамдар бар. Оның бірінде Қаратай сұлтанның зұлымдық әрекетімен оған у беріп өлтірді десе, енді бірінде Сырым көшіп бара жатып қайтыс болды дейді. Соңғы жаңа деректе Сырым Хиуадан Атырау өңіріне қарасты Тайсойған, Қарабау бойына қайта бет түзеп келе жатқанда бойына тараған удан әлсіреп, Нөкіс қаласы бағытындағы күре жол үстінде қаза болды дейді. Сырымның өз замандастарынан озық тұрғандығының тағы бір дәлелі – оның тек қана ханды тақтан тайғызғандығында емес, сонымен бірге тақтан түсірілген сол ханның да, хандық биліктің де орнына ел билеудің жаңа формасы «Халық кеңесін» өмірге әкелгендігі. ## Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі Атырау аймағындағы ұлт-азаттық күрес Сырым Датұлы бастаған қозғалыспен аяқталмады. Оның шоғы сөнбей жатып, басқа қозғалыстар қолдап кетті. Солардың бірі-бұл өлкенің біраз жерін қамтыған Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі. Бұл қозғалыс бүкіл Батыс Қазақстан өңірімен бірге шекаралас Ресей облыстарын да қамтыды. Көтерілісті батыр Исатай Тайманұлы мен жалынды ақын, қас батыр Махамбет Өтемісұлы басқарды. Өзінің сипаты жағынан ұлт-азаттық маңыз алған шаруалардың бас көтеруі тікелей елдің сиқын кетірген феодалдық қанау мен Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталды.Көтеріліс тарихын арнайы зерттеген тарихшы ғалымдар ұлт-азаттық көтерілісін, негізгі оқиғаларына қарап, үш кезеңге бөледі:1) 1833—36 ж.-қозғалыс отының тұтануы және көтеріліске дайындық кезеңі.2) 1837 жылдың басы мен 1837 жылдың қарашасының ортасына дейін-көтерілістің өрлеу кезеңі.3) 1837 жылдың қарашасының ортасынан бастап 1838 жылдың 12 шілдесіне дейін-көтерілістің жеңілу кезеңі. Көтерілісшілер қозғалысының басталуымен күшеюі, дала феодалдары қора-жайының талқандалуы, жазалаушы орыс отрядтарымен күрес, хандық аумағында көтерілісшілердің жеңіліске ұшырауы, көтерілісшілер ұйыткысының Жайықтың сол жағалауына өтуі және көтеріліс басшыларының жаңа кол жинап, соңғы рет бас көтеруі, міне, осындай оқиғалар тізбегі қарапайым қазақ халқының үлкен ерлік-жігерін көрсетті. Көтеріліс, Атырау облысы аумағында басталып, өршіді. Жер таласыны күшеюінен келіп Жәңгір хан 1834 ж. Исатай Тайманұлының аулын бұрынғы қонысынан аудара көшіріп жібереді. Осы жылы 26 маусымда Жәңгір хан қол койған картада Исатай иелігіне Мыңтөбе, шығысында Ащықұдық, батысында Кеңтоғай, терістігінде Қарақойлы, түстігінде Құнанқойлы мекендері беріледі. Бұл, негізінен, кұмды, шөбі селеу, суы тапшы, шаруашылыққа қолайсыз жерлер болатын. Сондықтан қарауындағы ауылдардың көңіл күйін түсінген Исатай 1835 ж. ханға қарсы ашық күреске шығып, халықты озбырлыққа қарсы шығуға шақырады. Сөйтіп 1835 жыл тартыспен өтеді. 1836 ж. наурыздың 17-де Жәңгір хан Исатайдың бейбіт келісімге келмейтінін біліп, бүкіл орда халқына Исатай мен оның жақтастарын қаралап үндеу таратады. Онда Қарауылқожаға Исатайды күшпен бағындыру жайы айтылады. Бұл уақытта Исатай қонысы Манаш (казіргі «Забұрын» кеңшары) маңында болады. Жәңгір хан мен Қарауылкожаның әрекеттерін естіген шаруалар Исатай маңына жинала бастайды. Олардың саны аз уақытта 200 адамға жетеді. 24 наурызда Қарауылқожа 800 кісілік жасақпен Исатай аулын қоршайды. Бірақ олар ауыл қорғанысын байқаған соң, Манаштан 1,5 км жердегі Қиялы мола маңына топталады. Екі арада жүргізілген келісім нәтиже бермеген соң, ауыл қамын ойлап Исатайдың 200 кісілік тобы Қарауылқожа тобына қарсы ашық майданға шығады. Тікелей қақтығыстан қорыққан Қарауылқожа кеш бата өз тобын алып кетуге мәжбүр болады. Манаштағы оқиға ашық, қарулы күрестің басы болып, Исатайдың атын шартарапқа жайды. Исатай өз халқының тыныштығын ойлап, енді Манаштан Нарын құмына қоныс аударады. Жаманқұм, Жиделі, Үштаған өңірлерінде Исатайдың қара халықты қорғайтын күш екенін естіген халық топтары толастамай, Исатайдың Мыңтөбе маңындағы аулына жиналады. 1836 жылдың қараша-желтоқсан айларында іргелес қонған ауылдар саны 10-ға, ал қарулы топ саны 700—800-ге жетті. Осы кезеңнен бастап хандықтың Каспий жағасындағы ауылдары тегістей Исатай билігінде болды десе де болады. Ұлт-азаттық көтерілісінің рух беріп, демеушісі жалынды ақын, батыр Махамбет Өтемісұлы болды. Исатай мен Махамбет көтерілісінің өршіп бара жатқанынан қауіптенген Орынбор шекара комиссиясы 1837 ж. 30 наурызда Исатай мен Махамбетті тұтқындап, сотқа тартуды бұйырады. Бұдан әрі көтерілісшілердің қимылы батыл сипат алып, Исатай халықты Жайык казак әскерлерінің жерлерін алуға, Жайықтың арғы бетіне өтуге шақырады. Осы кезде Исатайға ерген ауылдар Жайық өзеніне жақын көшіп жүрді. Көтерілісшілер қатарының күннен-күнге өсуі батыл қимылдарды талап етті. 1837 ж. 16 қыркүйекте олар Қарауылқожа ауылдарын, 22 кыркүйекте Адай руы старшыны Нұрмен Шантыұлы, 26 кыркүйекте Ысық руының старшыны Бисен Анарғазиевтің ауылдарын шапса, бұл жағдай әрі қарай жалғаса беріп, Исатай көтерілісшілерінің орда аумағында ашық билік етуіне әкелді. Көтерілісшілер қараша айында Жолқұстағы хан ордасын қоршады. Қоршау жарты айға созылып, хан ордасына патша әскерлері келгенше жалғасты. Бұл кезде Исатай көтерілісшілерінің саны 3 мыңға дейін жетті. Исатай мен Махамбет бастаған 500 қарулы топ 1837 ж. 15 қарашада Бекетай кұмының Тастөбе деген жерінде подполковник Геке басқарған жазалаушы орыс отрядымен кездесті. Көтерілісшілердің жанқиярлық, ерлік қимылдарына қарамастан, мұздай қаруланған орыс әскері жеңіске жетеді. Подполковник Геке өзінің 17 қарашадағы мәліметінде көтерілісшілер қимылын дәріптеп, егер зеңбірек болмағанда оларды жеңе алмайтынын жазады. Шайқаста 60 көтерілісші қаза болып, олардың негізгі күші кері шегінеді. Бұл уақытта Исатай мен Махамбет тобы көтерілісшілердің басын косуға тырысқанмен, амалсыздан Жайықтан ары өтуге мәжбүр болады. Сөйтіп олар 12 желтоксаннан 13 желтоқсанға қараған түні 40 жолдасымен Жаманқала бекінісі (казіргі Махамбет) тұсынан Жайық өзенінен өтеді. Жайықтан аман өтісімен, артынан ерген қуғыншылардан ығыса отырып, көтерілісшілер Қарабау, Қаракөл, Тайсойған өңіріне барып шоғырланады. Көтерілістің үшінші кезеңі осылайша казіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданында басталады. Ел барлық жерде Исатай мен Махамбетті көтеріліс басшылары, батырлар ретінде қарсы алып, оларға жан-жақты көмек көрсетеді. 1838 жылдың ортасында көтерілісшілер қатары 2 мыңға жетіп, орыс әскерінің Жайык шебіне қауіп тудырады. Исатайдың қолы көбейгенін естіген орда халқы қайтадан толқи бастайды. Сондықтан Ресей әкімшілігі көтерілісшілерді бір- жола жою үшін подполковник Гекені көп әскермен қайыра жорыққа аттандырады. Исатай 1838 ж. 12 шілдеде Қилы өзенінің бойында Гекенің жазалаушыларымен қасындағы бір топ адамымен абайсызда кездесіп, ұрыста қаза табады. Көтеріліс басшысы қаза болған соң, көтерілісшілердің қалың қолы ыдырайды. Кейін Геке өзінің жазбаларында Исатайдың ерлігін баяндап, оның нағыз үлкен ұрыста емес, абайсызда аз қолмен қоршауға алынып, қазаға ұшырағанын мойындайды. Исатай бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қазаққа өзінің ел екенін білдірді, жұрттың ұлт сезімін қозғады, қазақтың бірігуіне себеп болғаны айқын. ## Патшалық Ресей кезеңі Қазақстан жері түгелімен Ресей боданына айналып, көптеген байлық көзі ашылғаннан кейін үкімет бұл өлкеге қайтадан назар аударып, 1865 ж. Гурьев уезін кұрды. 1867-68 ж. реформадан кейін 1869 ж. Орал облысы құрылып Гурьев уезі соның қарамағына енді. Ал реформаға қарсылық білдіргенде, бірінші болып Батыс Қазақстан қазақтары шыққанда, олардың алғы шебінде атыраулықтар болды. Реформаға наразы болған Каспий өңірінің 7 мың қазағы елін, жерін тастап, Хиуаға көшіп кетеді. Ал елде қалғандары қолдарына қару алып, күреске шыққанмен сәтсіздікке ұшырады. Олар күш салып, қанша күрескенмен тұрақты әскерлерге төтеп бере алмай тізе бүкті. Атырау өңіріндегі 20 ғасырдың басындағы Гурьев уезінде 5 казак-орыс станицасы, 17 казақ болысы, теңізге жақын үш кент болды. Оның аумағы 58 243,1 км2, халқының саны 119 063 адамға жетті. Каспий теңізіне жақын болыстар мен кенттерде балык шаруашылығы жақсы дамыды. Бұл кезде орыстар қоныстанған теңіз жағалауында Жылыой, Ракуш, Прорва кенттері пайда болды. Оның ішінде ең үлкені Жылыой кенті тек қана 1912 ж. жаңадан құрылған болыстың әкімшілік орталығы болумен бірге, сол аймақтан басқа болыстарға сауда, өндіріс саласында да ықпалын тигізді. 1914 ж. Жылыой кентінде 1943 адамы бар 300 отбасы болды. Олардың негізгі кәсібі балық шаруашылығы, мұнан басқа 78 шағын сауда орны қызмет жасады. Өлкенің басқа аймағындағы болыстар мен ауылдарда, негізінен мал шаруашылығы етек алды. 1915 ж. облыс (ол кезде уез) халқы біраз азайып, барлығы 161332 адам, оның ішінде: қазақтар — 124 450, казак-орыстар — 17 861, сырттан келгендер — 15 667, теңіз жағасындағы кент тұрғындары 3355 болған. 1913 ж. маусымда «Ембі» акционерлік қоғамының бұрғылау тобындағы жұмысшылардың бес күнге созылған үлкен ереуілі болды. Ереуілшілер «бұрғылау топтарында күндік жалақыны 25-30% өсіруді» талап етті. Қоғам басшылары алғашқы мұнайшылардың талабын орындауға мәжбүр болды. Соған қарамастан мұнай кәсіп иелері қазақ жұмысшыларын кемсітіп, күндік ақыны 80 тиын (орыс жұмысшылары 1 сом 5 тиын) мөлшерінен асырмаған. Осыған орай, 1914 ж. 6 тамызда мұнайшылар ереуілге тағы шықты. Бірақ бұл жалпы сипат алмады, келесі күні олар қожайындарының экономикалық талаптарын орындауларына байланысты ереуілді тоқтатты. 1915 ж. желтоқсанда Мақат мұнайшыларының сегіз сағат жұмыс күні мен жалақыны өсіруді талап еткен қозғалысы болды. Олар 15 күн бойы жұмысқа шықпады. Әкімшілік оларды алдап, қорқытып, ақыры олар қойған талапты орындамады. Осындай шиеленіс күшейген кезенде 1916 ж. 19-дан 43 жасқа дейінгі қазақ жігіттерін әскерге қара жұмысқа алу жарлығы жарияланды. Бұған қарсы бүкіл Орта Азия мен Қазақстан халқы күреске шыққаны баршамызға белгілі. 1916 жылғы маусым жарлығына сәйкес, Атырау аймағы қараған Орал облысынан 50 270 адам қара жұмысқа алынуға тиіс болды. Сол шілдеде болған Атырау өңірі қазақтарының көтерілісі патшаның жарлығына наразылық білдіруден басталып, орыстар әкімшілігіне қарсы ашықтан-ашық бас көтеруіне және жазалаушы отрядтармен қарулы кақтығыс жасаумен ұласып кетті. Дегенмен 1916 ж. Атырау халқы үшін ерекше бір серпіліс алған жыл болды. Оның бір жағы маусым жарлығына қарсы болса, екіншісі, сан жылдар отаршыларға қарсы жиналған ыза-кектен шықты. 1916 жылғы қозғалыс әбден қажыған елдің көрші өңірлерге көшулерін, қоныс аударуларын туғызды. 1916 ж. 11 желтоқсанда Ішкі істер министрлігінің адамы В.Г.Кондоиди Орал облысынан алынуға тиісті 50 270 қазақтан 32 мың адамның жиын пунктіне келмегенін, әсіресе, Темір, Гурьев уездерінен көп кісінің келмей қалғанын орталыққа хабарлаған. 1917 жылдың бас кезінде елдегі саяси және экономикалық жағдай өте-мөте шиеленісті. Шаруашылық күйзелісінің күшеюі, халық бұқарасының адам айтқысыз азап шегуі кезінде патшаның тақтан құлауы туралы хабар Атырауға тез жайылды. Көзі ашық қазақ азаматтарын патшаның тақтан құлауы тағы да ұлт бостандығына жетеледі. ## Кеңес Одағының құрамында 1920 ж. 6 қаңтарда Атырау революциялык комитетін құрды. Аштықтан шала-пұла құтыла сала аймақты «өндірістендіру» процесі басталды. Атырауда механикалык шеберхана, тері зауыты, тері бұйымдарын пішіп дайындайтын шеберхана, тігін шеберханасы, қайыс бұйымдарын дайындайтын шеберхана, қой терісін илейтін зауыт, диірмен, баспахана, ағаш-ұсталық шеберхана, кірпіш күйдіретін зауыт, керосин және алебастр өндіретін зауыттар жұмыс жасай бастады. Дегенмен, басты назар мұнай кәсіпшіліктерін жандандыруға бағытталды. Бұл салада Атырау механикалық шеберханасына көп көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде, 1930 ж. механикалық зауыт ұйымдастырылып, жаңа цехтар салына бастады. Зауыт 1931 жылдан бастап өз бұйымдарын шығаруға кірісті. 1932 ж. Ембі мұнайшылары зауытта кұрастырылған «Ембі барлаушысы» атты мұнай өндіретін двигательді пайдалана бастады. Доссор, Мақат, Атырауда арнаулы курстар мен ФЗО-лар ашылды. Оларды бітіргендер тікелей өндіріске жіберілді. 1930 ж. Атырау мұнай техникумы ашылды. Атыраулықтар Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданға көмегін аямады. Әсіресе танк колонналары мен авиация эскадрильяларын жасауға қаражат жинауда халықтың Отанға деген патриоттық сезімі айқын көрінді.Донбастан Атырауға көшірілген Петровский атындағы станок жасау зауыты қаладағы техникалық зауыттың үйіне орналасты. Зауытпен бірге Атырауға оның көптеген байырғы жұмысшылары келді. Зауыт 1942 жылдың қаңтар айында майдан үшін өнім беріп, Ембі кәсіпшілігін техникамен қамтамасыз ете бастады. Мұнан басқа Атырауға Астрахандағы кеме жасау зауыттары, «Азнефтестрой», «Грознефть» және баска өндіріс орындары да тез орналастырылып, аз уакыт ішінде өнім бере бастады. Чернигов облысындағы Нежина қаласындағы балық зауыты Атырау балық консерві комбинатына қосылды.Атырау бұл жылдары қоныс аударып келген өндіріс орындары мен адамдарды шығысқа орналастырудағы стратегиялык база болды. Алғашкыда олардың бәрін қабылдап алуға Атырау өзен порты таршылық жасады. Оның үстіне Атырау порты арқылы Ембі мұнайын майданға тасу міндеті де тұрды. Осының бәрін ескеріп, калада үлкен теңіз порты салынды. Сонымен қатар, ірі флоттардың Атырауға келуін қамтамасыз ету үшін Жайықтың теңізге құяр арнасы қазылып, тереңдетілді. Сөйтіп, Атырау Кавказ бен Орта Азияны, Орталык пен Шығыс аудандарды байланыстыратын үлкен базаға айналды. 1942 жылдың тамыз- қыркүйек айларында Атырау порты 24 мың т жүк, жау қолында қалған қалалардың 25 мың адамын жеткізді. Астрахандағы теңіз агенттігі өзінің тіркемелі баржа жөне басқа құралдарымен түгел Атырауға көшірілді.1945 жылдың аяғында мұнай айыру зауыты іске қосылып, Ембі мұнайын өңдей бастады. 1947 ж. Құлсарының шығысында 60 км жерден ірі мұнай кеніші, 1949 ж. Қаратон кәсіпшілігі салынды. Ауыл шаруашылығына маман кадрлар даярлау мақсатында Атырауда 1948 ж. Ауыл шаруашылығы техникумы ашылды. 1950 ж. мұғалімдер институтының шаңырақ көтеруінің орны ерекше болды. 1950 ж. ет комбинаты, сүт зауыты, нан өнімдерін, кондитер, макарон өнімдерін беретін комбинат іске қосылды. 1962—65 ж. облыс орталығында екі құрлықты байланыстыратын Жайық көпірі салынды. 1967 ж. қазан айында облыс орталығында алғаш рет телехабар тарататын станса іске қосылды. 1966 ж. Атырау химия зауыты іске қосылды. 1967-73 ж. облыс орталығында 810 орындық қазақ драма театры салынып, оған Махамбет есімі берілді. 1971-76 ж. тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, 1972 ж. темір жол вокзалы, 1973—79 ж. әуежай ғимараты пайдалануға берілді. Атырау мұнайшыларының ең ірі жемісі, 1986 ж. Теңіз мұнай-газ кенішінің ашылуы еді, бұл күнде теңдесі жоқ мұнай мен газ қоры игерілуде. Атырау: ## Тәуелсіздік жылдары Тәуелсіздік жылдары мұнайлы өлкеде экономиканың қарышты дамуына нық қадам жасалды. Өндірісті өрге бастыру, жаңа технологияларды енгізу, сөйтіп, жұмыс қолын табу сияқты мәселелер күн тәртібіне қойылды. Әрине, ол үшін инвесторлар қажет еді. Сөйтіп, өңірге мұнай қоры мол Теңіз кенішін игеру үшін «Теңізшевройл» қазақ-американ бірлескен кәсіпорыны дүниеге келді. Бұл-республика бойынша инвесторлардың алғашқы қарлығашы болатын. Сөйтіп, алып кәсіпорынға қызмет көрсету үшін басқа да шетелдік компаниялар Атырауға ат басын бұра бастады. Ал олардың технологиясы, өндіріс мәдениеті, қызмет көрсету этикасы отандық кәсіпорындар ғана емес, қарапайым адамдарға да жаңалық әрі үлгі еді. Сөйтіп, экономикада серпіліс, санада сілкіністің лебі сезіле бастады. Атырау қаласының инфрақұрылымын жақсарту, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жедел қарқынмен жүргізілді. Алдымен қаланың көшелері кеңейтілді. Қос құрлықты жалғайтын бірнеше көпірлер салынды. Қазір мұнайлы астана қарқынды құрылыс алаңына айналды. Жыл сайын ондаған тұрғын үйлер мен дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, емханалар мен ауруханалар, білім ошақтары пайдалануға берілуде. Қаланың өскені сондай, қазір «Нұрсая», «Жерұйық», «Көркем», «Алмагүл», «Көкарна», «Жұлдыз», «Гауһартас» сияқты жаңа шағын аудандар пайда болды.Сондай-ақ Х.Доспанова атындағы мұз айдыны, Ғ.Сланов атындағы облыстық кітапхана, Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры, Н.Жантөрин атындағы филармония қалалықтардың ең көп жиналатын мәдени орталықтары болып табылады.Тәуелсіздіктің жемісін енді қала емес, ауылдар да көре бастады. Бүгінде Атырау облысындағы барлық елді мекендеріне жүз пайыз сандық телефон жүргізілді. Барлық мектептер компьютерлендіріліп, интернет желілеріне қосылды.Бүгінде облыстың барлық елдімекендеріне табиғи газ желілері тартылып, тұрғындар «көгілдір отынның» рахатына бөленуде, тіпті облыс орталығынан 300 шақырым шалғайдағы Қызылқоға ауданына да табиғи газ барды. «Теңізшевройл» компаниясы экологиялық қиын жағдайға тап болған Қаратон, Сарықамыс елді мекендерін әсем де жайлы коттедж үйлерге көшіріп, халықтың ықыласына бөленді. Сондай жағдай «Қазмұнайгаз» компаниясына қатысты. Мұнай қоры таусылған Қошқар, Комсомол, Бекбике поселкелеріндегі тұрғындардың тұрмыстары қиын жағдайға тап болғанда тұрғындар Махамбет ауданындағы «Шұғыла» коттедждеріне көшірілді. Өндіріске, тұрмысқа қажетті полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы іске қосылды. Жылына 250 млн. дана бір реттік шприц шығаратын «Brando» зауыты пайдалануға берілді. Тек қана Қазақстанда емес, бүкіл Орта Азияда газтурбина қондырғылары мен жабдықтарын жөндеп, сервистік қызмет көрсететін «КазТурбоРемонт» орталығының пайдалануға берілуі мұнайшыларды қуанышқа бөледі. ## Дереккөздер
Кеңащы ауылдық әкімдігі — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы әкімшілік бірлік. 2013 жылға дейін Кеңащы ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Кеңащы ауылы. Округ құрамында болған Қарасор ауылы 2008 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Степняк қалалық әкімдігі — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Пригорхоз ауылы кіреді. Орталығы – Степняк қаласы. ## Дереккөздер
Әбдішев сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Бауыржан Түйтеұлы Әбдішев - мемлекет және қоғам қайраткері, Қарағанды облысының әкімі. * Қарипулла Шынышұлы Әбдішев - тракторшы, Социалистік Еңбек Ері.
Сариев сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Әбдіғали Сариев - ақын, айтыскер. * Борис Әубәкірұлы Сариев - КСШ-і. ҚазКСР- інің ЕСЖ-сы. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. * Бөрібай Сариев – ғалым, биология ғылымдарының докторы. * Қанатқали Сариев - «Ақтөбемұнайбарлау» тресінің Ембімұнай іздестіру экспедициясының бастығы. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерінің иесі. * Қарасай Сариев - шаруашылық басшысы, Социалистік Еңбек Ері. * Рауан Ерланұлы Сариев — Қазақстан футболшысы. * Тұржан Сариев – диханшы, Социалистік Еңбек Ері. * Шаймардан Тілемісұлы Сариев — кескіндемеші. * Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев – қазақстандық ақын, аудармашы. * Ізтұрған Сариев - жазушы.
Қарабауыр – Қарабауыр жонындағы төбе. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Төлеп ауылының солтүстік-шығысында 53 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 257 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 8 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км шамасында. Беткейі жайпақталып жазыққа ұласады. Солтүстігінде өзімен аттас төбе (222 м), солтүстік-шығысында Баймен тақыры, оңтүстігінде Айшолақ, Айталы, батысында Отыншы құдықтары орналасқан. Беткейінде жусан аралас бұйырғын өседі. ## Дереккөздер
Медет Мұхамедсадықұлы Шотабаев (30 қазан 1981 қ.Семей) - жетекші опера солисі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. ## Өмірбаяны * М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжінің вокал бөлімін бітірген (Семей, 2003). * Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Жеке ән айту» мамандығы бойынша тамамдады (Қазақстанның Халық әртісі Б.Жылысбаевтың сыныбы, 2009). * 2006-2008 жылдар аралығында Рената Тибальди мен Марио дель Монако атындағы академияда оқыған (Пезаро, Италия). * Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында солист болып қызмет еткен. * 2013 жылдан бастап – «Астана Опера» МОБТ опера жетекші солисі. Шақырылған солист ретінде Graz Opera театрында (Австрия) В.Беллинидің «Норма» операсының премьерасында Поллион, Братислава Опера театрында (Словакия) және Teatro Municipal (Сан-Паулу, Бразилия) П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсындағы Ленский, Женева Үлкен театрында (Швейцария) және Карло Феличе театрында (Генуя, Италия) Дж.Пуччинидің «Богема» операсындағы Рудольф партияларын орындады. ## Марапаттары * Қазақстан жас орындаушыларының IV республикалық байқауының II сыйлық лауреаты (2003) * Ұлы Абайдың 160 жылдығына арналған облыстық байқаудың бас жүлде иегері (2005) * «Шабыт» IX халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлде иегері (2006) * Бибігүл Төлегенованың халықаралық вокалистер байқауының I сыйлық лауреаты (2007) * Беньямино Джильи атындағы халықаралық байқауының дипломанты (Порто-Реканати қ., Италия, 2008) * Глинка атындағы XXIII халықаралық байқауының I сыйлығы мен үздік тенор арнайы сыйлығының иегері (Мәскеу, 2009) * «XXІ ғасыр өнері» халықаралық байқауының бас жүлде иегері (Финляндия, 2009) * «Келешектің үздік дауыстары» халықаралық байқауының III сыйлық лауреаты (Париж, 2010) * «Опералия-2011» байқауының қатысушысы * Румыниядағы Х. Даркле атындағы халықаралық вокалистер байқауының бас жүлде иегері (2012) * Arena di Verona қорының Х халықаралық опера әншілері байқауының жеңімпазы (Италия, 2013); * ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының лауреаты (2018); * Италия Жұлдызы Орденінің Кавалері (2018); * «Қазақстанның 100 жаңа есімі» Ұлттық жобасының жеңімпазы (2018). ## Репертуары * Герцог («Риголетто», Дж. Верди) * Неморино («Махаббат шырыны», Г. Доницетти) * Рудольф («Богема», Дж. Пуччини) * Пинкертон («Мадам Баттерфляй», Дж. Пуччини) * Каварадосси («Тоска», Дж. Пуччини) * Ленский («Евгений Онегин», П. Чайковский) * Альфред («Травиата», Дж. Верди) * Төлеген («Қыз Жібек», Е. Брусиловский) * Дон Карлос («Дон Карлос», Дж. Верди) ## Сілтемелер * 100 жаңа есім - МЕДЕТ ЧОТАБАЕВ(қолжетпейтін сілтеме) * Медет Шотабаев Тенор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрағатталған 4 ақпанның 2020 жылы.
Құсайынов сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: ## Тұлғалар * Айтпай Бекболатұлы Құсайынов – механизатор, Социалистiк Еңбек Ері. * Айып Қисаұлы Құсайынов – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы. * Амангелді Құсайынов – ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор. * Асқарбек Қабыкенұлы Құсайынов — ғалым, педагогика ғылымдарының докторы. * Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов - ҚР көлік және коммуникациялар министрі. ҚР Парламенті Сенаты 1-ші шақырылымының депутаты (өзін-өзі ұсынушы, 1995-1999). * Әлібай Құсайынов - Герес кен орнын алғаш ашқан. * Әмірлан Айдарбекұлы Құсайынов – технология ғылым докторы, профессор. * Әубәкір Құсайынов - кен қазушы, Социалистік Еңбек Ері. * Бота Құсайынов – қоғам қайраткері. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері. * Дауылбай Мейрамұлы Құсайынов - Нұра ауданының әкімі. * Дәуренбек Өмірбекұлы Құсайынов – философия ғылымдарының докторы. * Еділ Сейілханұлы Құсайынов — композитор, этномузыкант. Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері. * Қабдуахит Құсайынұлы Құсайынов – темір жолшы ардагері. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. «Құрмет белгісі» орденінің иегері. * Қайырбек Қалиасқарұлы Құсайынов – кеңес және партия қызметкері. «Құрмет белгісі» орденінің иегері. * Қарпық Құсайынов – а. ш. ғылым докторы (1986). * Қаппас Құсайынов – техника ғылымдарының докторы (1999), профессоры (2001). * Қасымхан Құдайбергенұлы Құсайынов – ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор. * Марат Әпсеметұлы Құсайынов - Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. * Мұрат Құсайынов – кеңестік және қазақстандық композитор, музыкант. * Мұхаметжан Құсайынов — Екатерина ІІ-нің жарлығы (1798) бойынша Орынборда құрылған мұсылмандық жиналыстың бірінші мүфтиі. * Сақтап Құсайынов – еңбек ардагері, жүргізуші. 3-дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегері. * Сахан Құсайынұлы Құсайынов – мемлекеттік және қоғам. қайраткері, Социалистiк Еңбек Ері. * Темір Құсайынов - журналист, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі. * Шайқы Құсайынов - Өз тұсының дәуірі мен ортасының кемеңгер домбырашысы. * Шахмет Құсайынұлы Құсайынов — драматург. * Шәкім Құсайынов – еңбек ардагері. Социалистiк Еңбек Ері. ## Басқа * Ахун Құсайынов елшілігі — Сырым Датұлы бастаған көтеріліс (1783 — 1797) кезінде Ресей үкіметі атынан қазақ даласына келген (1785, 1790) мәмілегерлік топ. * Құсайынов атындағы көше (Алматы) - Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан көше. Көшенін бұрынғы атауы - 18-ші линия.
Мақпал Мыса - ақын, аудармашы, журналист, редактор, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі. 2018 жылы өткен "100 жаңа есім" жобасында 2388 үміткер қатарынан алғаш рет әдебиет саласынан жеңімпаз атанды. ## Өмірбаян Мақпал Мыса 1983 жылы 26 желтоқсанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылдық округі (Райымбек ауданы) дүниеге келген. Ол - XVI ғасырда өмір сүрген қазақтың атақты сәуегей шешен биі абыз Шоған Сүйерқұлұлының ұрпағы. Отбасында 2 ағасы мен 2 әпкесі бар. Бала кезінен 3 жүздің тарихын білетін атасының әңгімелері мен әжесінің өлеңін естіп, ал ақындардан Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев шығармаларын оқып өскен. Кейін Алматы қаласында әдебиет пәнін тереңдетіп оқытатын дарында балалар мектебінде Кеңшілік Ағытайұлы Мырзабектің пен Қанипа Әбдірахманқызы Бұғыбаева секілді қаламгерлердің туындыларын оқи бастады. Мақпал өлеңдерін 10 жасынан бастап жазған. Олардың мазмұны ана мен әке жайында, қоршаған табиғат пен ауылы туралы болған. Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы жас Мақпалға шабыт көзі болды. 9-сыныпта М.Мақатаев атындағы стипендия иегері атанды, ал 2011 жылы Мақатаевтың 80 жылдығына орай өткен республикалық ақындар сайысында "Қарлығаштар" өлеңімен 1-орынды иеленді. Дәл сол жылы Ақсу ауданының 80 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы атанды.1997-2004 жылдар аралығында Ұлан (газет), "Ана тілі", Қазақ әдебиеті (газет), "Алматы ақшамы", Qazaq radiosy (штаттан тыс тілшілік) қызметтер атқарды. 2004 - 2010 жылдары "Қапшағай" қоғамдық-саяси газетінде (журналист, корректор);2010 жылы "Жаңа Іле" газетінің редакторы;2010 -2011 жылдары Алматы облыстық "Жетісу" телеарнасының филиалы "Қапшағай TV" арнасында журналист -телекомментатор; 2011-2013 жылдары "Книжник" ЖШС-де аудармашы-редактор;2014-2021 жылдары Медиахолдинг "Жетісу Ақпарат" АҚ-тың "Жетісу" газетінде журналист;2021 -2023 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, Аманат (партия) партиялық тізімі бойынша сайланған, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болған. http://sc0023.burabay.aqmoedu.kz/public/files/2021/5/20/200521_121234_9e6e15d6-f39e-4cf2-96d0-9f02b24572fd.jpg"Алақандағы бақыт" пен "Мен керекпін" кітаптарын жазғаны үшін, сол уақытта аударма саласында 20 шақты редакторлық жұмысы, республикалық мүшайларда алған жетістіктері үшін және ең бастысы жазушылар Думан Әмірғалиұлы Рамазан, Роза Сейілхан, Жарас Сәрсек, Бауыржан Өміржанұлы Жақыптан алған рецензиялардың арқасында 2015 жылы наурызда Қазақстан Жазушылар және Қазақстан журналистер одағының мүшесі атанды. 2017 жылы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Фонды мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының бірлесіп жасаған "Алтын тобылғы" республикалық әдеби байқауында 1-орынды жеңіп алды. Бас жүлде ретінде "Туған ел" номинациясында "Шоған Абыз" поэмасы үшін 1,5 миллион теңгеге сертификаттың табысталуы болды. 2018 жылы білікті аударма үшін Ресей Жазушылар одағының шешімімен Керим Срамурзаевич Отаров есімімен алтын медалінің иегері атанды. 2019 жылы 15 мамырдан бастап "Алматы телеарнасында" эфирге шығатын "Сәуле ғұмыр" әдеби-танымдық бағдарламаны жүргізді. ## Шығармашылығы Жас ақынның өлеңдері орыс, қырғыз, татар, башқұрт, әзірбайжан, түрік, ағылшын, испан тілдеріне аударылған, қазіргі заманның поэзияның шетелдік антологиясына енген. Мақпал балаларға арналған қазақ энциклопедиясын, қазіргі шетелдік авторлардың, соның ішінде әзірбайжан ақыны Афаг Шихла, түрік ақыны Али Акбаштың туындыларын аударды. Классикадан халық ақыны Кабардино-Балкария Керім Отаровтың шығармаларын аударған. Мақпал Мысаның алғаш басылып шыққан кітабы "Алақандағы бақыт" деп аталады. 2013 жылы мемлекет тарапынан "Мен керекпін" екінші шығарма жинағы жарық көрді. Алғашқы екі поэзияның заңды жалғасы «Аспантаудың көктемі» атты кітаптың тұсауын 2015 жылы ҚЖ Одағы Басқармасы Төрағасының орынбасары, ақын Маралтай Райымбекұлы мен профессор, ақын Бауыржан Жақып кесті. Жас ақынның "Шоған Абыз" туындысының тұсаукесері 2018 жылы Алматыдағы Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптары музейінде өтті. Еңбекте Есім ханның тұсында өмір сүрген «Шоған абыз» туралы баяндалған. Бұған дейін «Шоған абыздың» ел ісіндегі өзекті мәселелерге араласқаны ара-тұра айтылғанымен, ол туралы ауқымды көркем шығарма жазылмаған еді. Тарихи тұлғаның болмысын бейнелейтін дастан түрік, орыс, ағылшын тілдеріне аударылған. ## Дереккөздер 1. https://abai.kz/post/897192. https://alashainasy.kz/omir/makpal-myisa-59840/3. https://qamshy.kz/article/45637-maqpal-mysa-zhurek-tubindegi-dganhghyryq-sukhbat4. http://kazgazeta.kz/?p=290325. https://kazpravda.kz/articles/view/na-krilyah-vdohnoveniya6. https://express-k.kz/news/literatura/stikhi_molodoy_poetessy_makpal_mysa_perevedeny_na_desyatki_yazykov_mira-144150 Мұрағатталған 12 шілденің 2019 жылы.7. https://qazaqstan.tv/news/21818/8. https://adebiportal.kz/kz/news/view/maqpal-mysa-agarar-degen-analar-aq-isip-zursi-zarygym__229049.https://www.youtube.com/watch?v=kMODIAQSWZM10. https://www.facebook.com/qalamgerportaly/photos/a.578025102634663/619484191822087/?type=311. https://vk.com/club8769600112. https://www.youtube.com/watch?v=ZXt6mdQHFx013. https://egemen.kz/article/182762-maqpal-mysa-aqyn-arqashan-omirdi-dgyrlaydy14. https://qarmaqshy-tany.kz/zanalyk/ruhaniyt/653-mapal-mysa-ayn-shabyt-pershte-ky.html15. https://juldyz.kz/2017/07/11/maqpal-mysa-aqyn-meninh-hanzadam-poeziya/16. https://kznews.kz/bilim/qazaqsha-olen-maqpal-mysa-tanyn-syjlar-tagdyrym/17.https://www.youtube.com/watch?v=pDhI6MtK2Qw18. https://zhanaqorgan-tynysy.kz/zanalyk/8883-mapal-mysany-mr-men-shyarmashylyy-zhayly.html19. https://new.zhalagash-zharshysy.kz/zanalyk/madeniet/9602-trk-zhrtyn-brktrgen-tadauly-zhoba.html ## Жетістіктері 1. ҚР Президентінің "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік медалі (2021 ж.)2. ҚР Президентінің "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мемлекеттік медалі (2021 ж.)3. ҚР Президентінің екі дүркін "Алғысхаты"4. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл" медальдарымен марапатталған (2021 ж.)
Бауыржан Алдабергенұлы Рақышев - кардиохирург, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2019 жылғы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы. ## Өмірбаяны Бауыржан Рақышев 1983 жылы 2 қыркүйекте Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы Үлгілі ауылдық кеңшарына қарасты Нартай Бекежанов атындағы ауылда дүниеге келген. 2000 жылы өз ауылындағы мектепті қызыл аттестатқа бітіріп, А.Н.Сызғанов атындағы кардиохирургия орталығына оқуға түскісі келген. Оның айтуы бойынша: "Біз оқуға түсетін кезде үш мамандықты таңдап көрсетуге болатын. Бірінші заңгерлікті, екінші журналистиканы, үшінші халықаралық қатынастар мамандығын көрсеттім. Бірақ, грантты жеңіп ала алмадым." 2007 жылы Асфендияров атындағы медицина университетін қызыл дипломға бітірді. 2010 жылы «Болашақ» Президенттік халықаралық бағдарламасының стипендиаты бола отырып, ол Мәскеудегі Ресей медициналық ғылым академиясының жүрек-қан тамырлары хирургиясы ғылыми орталығында клиникалық ординатураға түсіп, 2012 жылы кардиохирургия мамандығы бойынша бітірді. Сөйтіп, 2012 жылдан бері А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында кардиохирург болып жұмыс істеп келеді. ## Жетістіктері 2015 жылдан бастап ол барлық кардиохирургиялық зерттеулерден заманауи технологияларды қолданып келеді. Бұрын жүрекке жасалмаған минималды инвазивті және торакоскопиялық операцияларды енгізген және осындай ашық жүрек операцияларын жасайтын санаулы мамандардың бірі. «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің мүшесі. 2012 жылы ол Қазақстан мен Ресейдің дәстүрлі достық қатынастарын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің дипломымен марапатталды. 2013 жылғы 29 қарашада Астанада өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өткен «Болашақ» халықаралық стипендиясының мерейтойлық форумына қатысушы. 2013 жылдан бастап 50-ден астам кездесу өткізді. 2015 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетін бітіріп, магистрлік диссертациясын қорғады. Нәтижесінде «Медицина ғылымдарының магистрі» атағын алды. 2019 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің дипломымен марапатталды. ## Дереккөздер * https://100janaesim.ruh.kz/participants/2019/baurzhan-rakishev.html Мұрағатталған 13 мамырдың 2020 жылы. * http://zhasorken.kz/?p=14564 Мұрағатталған 3 шілденің 2016 жылы.
Атырау облысы республикада халық саны жөнінен ең аз облыс. Қазақстанның 14 әкімшілік облыстарының ішінде Солтүстік Қазақстан облысының ғана алдында. ## Атырау облысының халқы 2020 жылғы 1-қаңтардағы ҚР статистика агенттігінің мәліметі бойынша Атырау облысының аймағында 646,7 мың адам тұрады. Бұл Қазақстан Республикасы халқының 3,4%-ы. Атырау өңірінде 20 ғасырдың басындағы Гурьев уезінде 5 казак-орыс станицасы, 17 қазақ болысы, теңізге жақын үш кент болды. Оның аумағы 58 243,1 км2, халқының саны 119 063 адамға жетті. Каспий теңізіне жақын болыстар мен кенттерде балық шаруашылығы жақсы дамыды. Бұл кезде орыстар қоныстанған теңіз жағалауында Жылыой, Ракуш, Прорва кенттері пайда болды. 1914 ж. Жылыой кентінде 1943 адамы бар 300 отбасы болды. Олардың негізгі кәсібі балық шаруашылығы, мұнан басқа 78 шағын сауда орны қызмет жасады. Өлкенің басқа аймағындағы болыстар мен ауылдарда, негізінен мал шаруашылығы етек алды. 1915 ж. облыс (ол кезде уез) барлығы 161 332 адам, оның ішінде: қазақтар — 124 450, казак-орыстар — 17 861, сырттан келгендер — 15 667, теңіз жағасындағы кент тұрғындары 3 355 болған. Облыс халқы санының айтарлықтай өсуі Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі жылдарда орын алды. 1970-2000 жылдар аралағында облыс халқының саны 100 мыңға өсті. 1989-1999 жыл ішінде халық саны айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ деуге болады. Ол осы мерзімде 18%-ға өсті. Аталмыш кезеңде қала халқының саны 15,1%-ға өсіп, оның бүкіл халық санына шаққандағы үлес салмағы 27,9%-ға көбейді, ал ауыл халқының саны 21,8%-ға теңеліп, оның үлес салмағы 1,4%-ға кеміді. Халық санының жыл сайынғы орташа өсу қарқыны бұл жылдарда 1,3% болды, яғни ол шамамен жыл сайын 4—5 мың адамға көбейіп отырды. 1987-89 жылдары жыл сайын орта есеппен үш мыңға тарта адам сырттан қосылды. Бұл құбылыс аймақта отын-энергетика кешенінің күрт өркендеуіне, атап айтқанда, Теңіз мұнай кен орнының игерілуіне байланысты туды. Алайда, соңғы кезде облысқа келушілерге қарағанда, одан басқа жаққа кетушілердің саны көбейіп, бұл айырмашылық 1991 ж. 6,5 мың адамға жетті. Облыс халқының өсуі соңғы жиырма жылда байқалады. 2009 жылы алдыңғы 1999 жылға қарағанда 66 мың адам қосылып 509 мыңға жетсе, 2019 жылы 10 жылда 137 мың адам қосылып 646 мыңға жетті. Баланың туу деңгейіне келетін болсақ Құрманғазы, Индер, Қызылқоға, Махамбет аудандарының ауылдық жерлерінде, Балықшы, Индербор, Құлсары, Мақат, Қаратон, Жұмыскер, Сарықамыс жұмысшылар кенттерінде баланың туу деңгейі едәуір жоғары. Соңғы 20 жыл ішінде облыста бала туу деңгейінің бір қалыпқа келген сыңайы болатын, дегенмен бірте-бірте өсіп-өну қарқыны айтарлықтай жеделдей түскені де байқалады. Бұған бірқатар әлеуметтік-экономикалық факторлар (әйелдердің қоғамда алатын орны, балалар мекемелерінің көбеюі, медицина мен денсаулық сақтау орындарының жай-күйінің бірсыдырғы жақсаруы, коммуналдық-тұрмыстык, сауда-саттық жүйесінің түзелуі, мәдениет пен білімнің көтерілуі) себепкер болып отыр. 1980 жылғы 55,60%-ға қарағанда 1998 ж. дүниеге келген әрбір 1000 сәбидің 25,6%-ы шетінеді дегенмен балалар өлімінің кемуге бет бұрғаны көкейге үміт ұялатады. Жоғарыда аталған себептердің нәтижесінде соңғы он жыл ішінде халыктың табиғи өсімі 17,6%-дан 20,2%-ға дейін көтерілді. Бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жүзеге асыру нәтижесінде халықтың жастық-жыныстық құрылымының жақсара бастағаны байқалады. Әсіресе жастар мен орта жастағылар арасында әйелдер мен ерлер сан жағынан теңелді. Егер 1 жастан 44 жасқа дейінгілер арасында ерлер саны біршама басым болса, одан ұлғайғандар арасында әйелдердің саны басым болып келеді. Егер 1979 ж. әрбір мың әйелге 930 еркектен келсе, 1989 ж. бұл көрсеткіш 960-қа жетті. 1989 жылғы санақ бойынша 100 жасқа келген және 100-ден жасы асқан 69 адам тіркелсе, олардың дені — 65-і әйелдер болды. Облыста 82,6 мың отбасы (1989 ж.) бар, олардың 65%-ы қалада, 35%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Ұлттық ерекшеліктерге байланысты ата-анасы үйленген балаларымен бірге бір шаңырақтың астында түтін түтетіп отырған «күрделі» отбасылар жиі кездеседі. Мәселен, әрбір төртінші отбасында 7 және одан да артық адам бар. Осыған орай, отбасындағы адамдардың орташа саны 4,9 адамнан айналады. Қаладағы бір отбасына орта есеппен 4,5, ауылдық жерлерде 5,6 адамнан келеді. 2019 жылы облыстағы халықтың 312 491 (49,3%-ы) ерлер де, 321 300 (50,7%-ы) әйелдер болды. Облыс бойынша әйелдердің саны көп болғанымен 7 ауданның 5 ауданында, Индер, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Мақат аудандарында ер адамдардың саны басым. Жыл сайын облыста 4 мыңнан аса жұп некеге отырады, ажырасатын ерлі-зайыптылар саны 600-ден асады. Әрбір 1000 адамға шаққанда облыста 9,6 жұп некелеседі, бұл республикалық деңгеймен (9,8) шамалас, ал әрбір 1000 адамға шаққанда 1,5 жұп ажырасады, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен (2,9) екі есеге жуық төмен. ## Халықтың орналасуы Облыстың халқы қалада, өндіріс орталықтарында және Жайық өзенінің екі жағалауында тығыз орналасқан.Облыста 1 км2-ге шаққанда жалпы халықтың тығыздығы 4,8 адамнан келсе, бұл көрсеткіш Атырау қаласының іргесіндегі Балықшы елді мекенінде 21,8 адамнан, облыстың батыс бөлігіндегі Құрманғазы ауданында 2,5 адамнан, Исатай, Махамбет, Мақат аудандарында тиісінше 0,95; 3,4; 5,4 адамнан келеді. Облыстың солтүстік жағындағы өнеркәсіпті Индер ауданында 3,55 адамнан болса, негізінен мал шаруашылығымен айналысатын солтүстік-шығыстағы Қызылқоға ауданында 1,3 адамнан келеді. 1999 жылғы санақ бойынша облыс орталығы Атырау қаласында 193,9 мың адам тұрады, жұмысшылар кенттерінде 123,0 мың адам (27,4%) мекендейді, оның халқы 3 мыңға дейінгі жұмысшылар кенттерінде 5,9 мың адам (4,8%), халқының саны 3 мыңнан 5 мыңға дейінгі үш жұмысшылар кентінде — 13,9 мың (11,2%), 5 мыңнан 10 мыңға дейін халқы бар үш жұмысшылар кентінде - 23,2 мың (18,9%) және халқының саны 10 мыңнан асатын төрт жұмысшылар кентінде 80,1 мың адам (65,1%) қоныстанған. Міне, мұның өзі халықтың басым көпшілігінің қала мен жұмысшылар кенттерінде шоғырланғанын айқындайды. Облыс әкімшілік- аумақтық жағынан 7 ауданға бөлінеді және облыстағы бүкіл халықтың 182,9 мыңы (41,2%-ы) ауылдық жерлерде тұрады. 1989 жылғы деректер бойынша, Атырау жерінде 199 ауылдық елді мекен болды. Бұрынғы шағын ауылдардың орнына жаңадан орташа және ірі-ірі елді мекендер бой түзеді. Ауылда тұратын халықтың дені Кұрманғазы ауданында (10,6%), Қызылқоғада (7,1%), Махамбетте (5,6%), Исатайда (3,3%) және Жылыой ауданында (2,1%) шоғырланған. Аталған аудандарда 151 мың адам немесе облыстағы бүкіл ауыл халқының 87%-ы тұрады. Ауылдағы тұрмыс-тіршіліктің өзіне тән ерекшеліктері бар. Әдетте ауылды жерлердегі отбасылар көп балалы болып келеді, сондықтан әйелдер көбіне қоғамдық еңбекке араласпайды.Жоғарыда айтылған 199 елді мекенде барлығы 173,3 мың адам тұрады, саралап көрсетсек, 200-ге дейін адам қоныстанған 53 елді мекенде барлығы 666 мың адам (3,88%), 200-ден 500-ге дейін адам мекендейтін 62 ауыл (тиісінше 20,6 мың; 11,9%), 501-ден 1000-ға дейін адам тұратын 27 ауыл (18,2 мың 10,5%), 1001-ден 2000-ғадейін адам қоныстанған 39 елді мекен (61,8 мың; 35,7%), 2001-ден 3000-ға дейін кісі тұратын 10 ауыл (24,5 мың; 14,1%) және әрқайсысында 3000-нан артық адам қоныстанған 8 елді мекен (38,4 мың; 22,2%) бар. 2019 жылғы деректерге сүйенсек Жылой ауданында-13,0%, Индер ауданында-5,0%, Исатай ауданында-4,2%, Құрманғазы ауданында-9,0%, Қызылқоға ауданында-4,8%, Мақат ауданында-4,7%, Махамбет ауданында-5,4 % халық тұрады. ## Халықтың ұлттық құрамы Тарихи деректерге қарағанда қазақ халқы ежелден орналасқан аумағы мен этникалық ерекшеліктеріне қарай үш Жүзге (Ұлы Жүз, Орта Жүз, Кіші Жүз) бөлінген. Солардың ішінде Атырау облысын Кіші Жүздің тайпалары мен рулары мекендеген. Әсірісе он екі ата Байұлының ұрпақтары басымырақ.Орыстар Еділ мен Жайық өзенінің арасындағы өлкеге XXI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың басында қоныстана бастады.Орыс мемлекеті қазақ даласының құнарлы, шаруашылыққа тиімді, суы мол жерін тартып алып, жергілікті халықты қолайсыз шөлейт аудандарға қарай ығыстырды.XVIII ғасырдың бірінші жартысында Кіші Жүздің ханы Әбілхайыр хан оны жақтаушы сұлтандар мен билер Ресейге бодан болуға уәделерін берген болатын. Осы кезден бастап, әсіресе, XIX ғасырдың бірінші жартысында орыс мұжықтарының (қарашекпенділерінің) облыс жеріне қоныс аударуы басталды. Кеңес үкіметі құрылғаннан бері қарай, сталиндік ұлт саясатына байланысты, әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдары орыстар, корейлер, т.б.ұлттардың көптеген өкілдері көшіп келіп тұрақтанып, облыс халқының құрамына қосылды. Қазір облыста 50 ұлттың өкілдері тұрады. Облыстың негізгі халқы қазақтар (92,5%). Содан кейін көп тараған орыстар (5,2%), корейлер (0,5%), татарлар (0,3%), өзбектер (0,2%), украиндар (0,1%), немістер (0,07%) т.б. Ұлттардың облыс аумағында таралуы бір келкі емес. Олардың басым көпшілігі қалаларда, ірі жұмысшы кенттерінде, аудан орталықтарында, Жайық өзені бойындағы елді мекендерде тұрады.Ал аудандарда негізінен байырғы халықтар қазақтар тұрады. Қызылқоға ауданында-99,8%, Исатай ауданында-99,7%, Жылой ауданында-98,3%, Құрманғазы ауданында-97,8%, Мақат ауданында-97,6%, Махамбет ауданында-97,2 %, Индер ауданында-96,4%. ## Атырау өлкесінде тұратын өзге этникалық топтардың қоныстануы ### Патша үкіметінің көші-қон саясаты. Қоныс аударудың негізгі кезеңдері. Атырау өлкесінің көп ұлтты құрамы өлкені үнемі әрі жүйелі түрде отарлау саясаты нәтижесінде қалыптасты. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің келіп қоныстануы патшалық билік тұсында басталып, кейіннен кеңестік жүйе тұсында жалғасын тапты. Қоныстану түрлі жағдайларға байланысты мемлекет тарапынан қолдау арқылы ұйымдасқан түрде немесе шашыранды, өз күштерімен жүйесіз түрде, қоныс аударушылардың өз еркімен немесе оларды зорлап жер аудару арқылы жүргізді. Өлкеге басқа этникалық топтардың алғаш келіп қоныстануы XVI ғасырдан бастау алды. Орыс-казактық отарлау Украинадан, Ресейдегі басыбайлылық қанаудан қашқан шаруалардың казак еркін жұртына қосылып, Жайық пен Ертіс өңіріне келуінен басталады. Бұл басыбайлылық құлдықтан қашқан «еркін адамдар» (казактар мен татарлар) жаңа жерлерді игеру мақсатында келіп, біртіндеп дербес қауым ретінде қалыптаса бастайды. Жергілікті халықтардан тартып алынған ұлан-байтақ жер иеліктерін, балық аулайтын сулы-нулы өңірді, тұз және басқа кәсіпшілікті уысында ұстай отырып, әр түрлі артықшылықтарға ие болған казактар империя шебіндегі патшалық тәртіптің сенімді тірегі болды. Тарихтың қатал шындығы казактардың қаналған халықтың ұлт-азаттық қозғалыстарын аяусыз басып-жаншитын патшалықтың екпінді күшіне айналғандығын айғақтайды. ; ### Күштеп қоныс аударылғандар Социалистік заманда Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ. 19 ғ-дың 20-30 жылдарындағы декабристер мен Польшадағы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты Атырауға жер аударылып келушілер көбейіп кетті.1937—1938 жылдары немістердің ұлттық мәселесі қайта жандана бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы «Кіші Қазан» науқаны кезінде босап қалған жерлерге корейлерді, финдер мен поляктарды орналастырғаннан кейін кезек немістерге де келді. 1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Атырау облысына орналастырылған корейлердің көпшілігі балық кәсіпшілігімен жөне ауыл шаруашылығымен айналысты. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясаты қазақтардың шаруашылығына орасан нұқсан келтірді. 1914 ж. Жылыой кентінде 1943 адамы бар отбасы болды. Олардың негізгі кәсібі балық шаруашылығы, мұнан басқа 78 шағын сауда орны қызмет жасады. Өлкенің басқа аймағындағы болыстар мен ауылдарда , негізінен мал шаруашылығы етек алды. 1915 ж. облыс (ол кезде уез) халқы біраз азайып, барлығы 161 332 адам, оның ішінде: қазақтар-124 450, казак-орыстар-17 861, сырттан келгендер- 15 667, теңіз жағасында кент тұрғындары 3355 болған. Осылайша XIX ғасырдың екінші жартысында Гурьев тұрғындарының көп ұлтты құрамының қалыптасуы белсенді түрде жүргізілді. Патша өкіметінің көші-қон саясаты әскери-казактық және әскери-әкімшілік отарлау саясатынан басталып, шаруалардың жаппай қоныс аударуына ұласты. Басқа ұлт өкілдерінің Атырауға көшу науқанының екінші толқыны Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде басталды. Фашистік Германия басып алынған аумақтар азат етілген сайын сол жерлердегі халықтарды депортациялау ісі де жалғаса берді. Жер аударылып келген халықтардың қоныстанған жерлерінде алғашында ауыл шаруашылығында еңбекке араласу төмен болды. Оған себеп өз атамекендерінде қызмет атқарған немесе ауыл шаруашылығына араласып көрмеген, басқа жұмыстарда істеген адамдар колхоз, совхоздардың ауыр жұмыстарына бой ұсына бермеді. Сондай-ақ, бірнеше адам істейтін жұмысты, жұмысшы күшінің жетіспеуінен бір адамның атқаруы, яғни ауыл шаруашылығына берілген техникалардың жеткіліксіздігінен ауыр жұмыстарды қол күшімен орындау да қиынға соқтырды. ### Атырау облысындағы диаспоралардың мәдени орталықтары Бүгінде Атырау облысында өздерін украин ұлтымен теңестіретін 1400 адам тұрып жатыр. Облыстық мәдени- ағартушылық және қоғамдық –саяси қоғам «Ұлттық –мәдени украин орталығы «Довира». Ұлттық – мәдени украин орталығы «Довира» 2001 жылдың 23 ақпанында құрылды. «Иверия» грузин ұлттық –мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі. «Иверия» грузин ұлттық –мәдени орталығы » қоғамдық бірлестігі 2003 жылдың 27 тамызында құрылған, грузин ұлттарының 85 адамын біріктіріп отыр. Атырау облысындағы «Новруз» Әзербайжан мәдени орталығы 2000 жылдың 25 қарашасында құрылды «Татулық» Татар-башқұр ұлттық- мәдени» қоғамдық бірлестігі. Татар-башқұр ұлттық- мәдени «Татулық» орталығы 1995 жылы құрылған.Бүгінде облыста татар диаспорасында 3 мыңнан аса отбасы бар екені есептелген. «Салам» Дағыстан мәдени орталық» қоғамдастық бірлестігі. Дағыстандық «Салам» мәдени орталығы 2002 жылдың 1 шілдесінде құрылды. Облыста шамамен 400 адам: лакцалар, даргинистер, аварцалар, құмықтар, лезгиндер, ноғайлар және табарацандар бар. «Видергебурт» қоғамдық және мәдени – ағартушылық немістер бірлестігі 1989 жылы құрылған. «Тхоньил» Атырау корей мәдениет орталығы. Облыстың корей бірлестігі алғашқыда «Корей мәдени орталығының Атырау қоғамдастығы» атын алып жүрді,1994 жылдың 11 тамызында әділет органында «Тхоньил» Атырау корей мәдениет орталығы болып тіркелді. «Таврос» Армян ұлттық – мәдени орталығы. «Таврос» Армян ұлттық – мәдени орталығы 2004 жылы тамыз айында құрылды. Атыраудағы «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығы. «Былина» орыс ұлттық мәдени орталығы» 2003 жылдың 10 шілдесінде құрылды. «Қайта өркендеу» болгар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі. Қазақстандағы түріктердің «Ахыска» облыстық бөлімі. ## Дереккөздер
Атырау облысы геологиялық тұрғыдан алғанда көне Шығыс Еуропа платформасының алып аумағына ендеп кірген Каспий маңы ойпатының оңтүстік жағалауын алып жатыр. ## Геологиялық құрылымы Тұтастай аумақ ернеудегі өңірге тән екі қатарлы құрылымнан тұрады. Төменгі қатар немесе іргетас геофизикалық деректер бойынша 7—20 км-лік тереңдікте және көршілес аудандармен салыстырғанда өзгеріске түскен шөгінді-жанартаулы және интрузиялық жыныстардан қалыптасқан. Іргетас сынудың салдарынан ірі блоктарға ыдыраған. Блоктар ернеулермен көмкерілген. Атырау облысының шегінде іргетастың үстіне көтерілген, ендік бағыты бойынша 500 км-ге созылған, ені 90—140 км Солтүстік Каспий-Биікжал аймағы бар. Іргетас үстінің шөгу терендігі 7-ден 10-11 км-ге дейін. Аймақтың көтеріңкі тұстары белгілі бір морфологиялық жүйеге топтасқан төбелермен, ылдилармен көмкерілген. Оңтүстік жағында Солтүстік Каспий-Биікжал көтеріңкі аймағы Оңтүстік Жем ылдиымен көмкеріледі, мұндағы іргетастың беті 12-13 км тереңдікте жатыр. Іргетастың үстінде шөгінді қорабы бар, ол тұз асты, тұзды, тұз үсті кешендеріне бөлінеді, палеозой және мезокайнозой кезеңдерінде қалыптасқан, жыныстарының жалпы тереңдігі 12-14 км-ден асады. Тұз асты шөгінділерінің ашылған кесінділері үш Литологиялық-стратиграфиялық кешенге бөлінеді, олар: жоғарғы девондық, төменгі таскөмірлік, қалыңдығы 1800 м-ге дейінгі терригенді-карбонатты және 1000 м-лік төменгі пермьдік терригенді кешендер. Жоғарғы девондық-таскөмірлік шөгінділі Қаратон-Теңіз аймағында бірыңғай карбонатты кешен қалыптасқан. Тұз асты кешеніндегі жыныстың геологиялық кесіндісі жеткілікті зерттелмеген. Геофизикалық зерттеулердің мәліметтері бойынша оның жалпы қалыңдығы облыстың Солтүстік Каспий аймағында 1,5-3 км-ге дейін, Каспий маңындағы ойпат ернеуінің оңтүстік-шығысында 8-10 км- ге дейін өзгеріп отырады. Іргетастың көтерілген жерінде тұз асты кешенінің құрылымы бірте-бірте дами түскен. Көтерілген жердің күмбездеріндегі тұз асты жыныстарының қалыңдғы геофизикалық мәліметтерге карағанда 1,0-1,5 км- ден аспайды, бірак ол оңтүстікке қарай күрт өсе түседі. Тұз асты кешенінің күмбезі оңтүстігінде Оңтүстік Жем инверсиялық биігінен солтүстіктегі ойпаттың орталығына қарай моноклиналды түрде енеді. Тұз асты кешенінің моноклинальды енуінің аясында 3,5—3,8 км-ден 6,0—6,4 км-ге дейінгі тереңдіктен көптеген жергілікті қатпарлар, көлемі мен аумағы жөнінен әр түрлі, көтерілетін жерлердің жолағын құрайтын белгілер ерекшеленеді. Ерекшеленген төбешіктердің ұзындығы 6-20 км-ге дейін, ені 100-300 м-ден 2-13 км-ге дейін құбылып отырады. Тұзды кешен өте қалың төменгі галиттік аймақтың сульфатты-терригенді-карбонатты және гипсті-ангидритті түзілімдерден құралған төменгі пермьнің кунгур қатарының шөгінділерінен, сонымен аралас жалпы қалындығы 200—400 м калийлі, ангидритті және тас тұзды қабаттар кезектесіп отыратын калийлі аймақ жыныстарынан тұрады. Одан жоғары қалындығы 80—150 м галитті аймақ, оның үстінде 10—200 м-лік сульфат қабаты және 5—30 м-лік терригенді түзілімдер орналасқан. Тұз кешені жыныстарының жалпы қалыпты қалындығы 3-5 км деп белгіленген. Алайда, қазіргі кезде төменгі пермьнің кунгур қатарындағы тұз кешені жыныстарының шөгінді реттілігі күрт бұзылып отыр. Ол тек ойпаттың ернеу аймақтарында ғана ішінара сақталған. Каспий маңы синеклизінің табаны төмен түсуіне және жалпы тектоникалық жағдайдың күрделіленуіне байланысты тұзды қабат қатпарлану күйіне көшіп келеді. Жоғарыда жатқан жыныстар салмағының қысымынан тұздар жер бетіне шыға бастады. Соның нәтижесінде облыстың оңтүстік бөлігінде тұзды антиклиналдардан және тереңге кеткен күмбездерден бастап ойпаттың ортасына жақын жердегі облыс жерінің солтүстік бөлігіндегі орасан зор күмбездердің тізбегі пайда болды (Индер, Мәтенқожа, Түктібай және басқалары). Тұзды-күмбезді тектониканың жедел дамуына байланысты тұзды өзектердің морфологиясы да күрделіленіп келеді. Өз-ара тұзды бұғаздармен байланысқан күмбездер ұялы құрылымдар-күмбезаралық қораптар қалыптастыруда. Атырау облысының аймағынан көптеген блоктардан құралған 650 жеке тұз күмбезді құрылым анықталды. Тұз қабаттарының қалындығы 3—9 км арасында. Индер, Қарашүңгіл, Қараөзен, Тасты және басқа жерлердегі күмбездердің галогенді шөгінділері жер бетіне шығып жатыр. Көптеген құрылымдарда тұз шөгінділері 200—300 м-ден 3—5 км тереңдікке кеткен. Кейде тұзды денелердің көлемі 10-15-тен 300-350 км2-ге дейін жетеді. Тұз үстіндегі кешеннің қалың жыныстары жоғарғы пермь мен төрттік дәуірге дейінгі шөгінділерден құралған. Жоғарғы пермьдік-триастық қабат негізінен континенттік тектес терригенді шөгінділерден тұрады. Триастық кесінділердің жоғарғы бөлігі Прорва аймағында ең жоғарғы қалыңдығы 1,5 м-ге жететін сұр түсті теңіз құрылымдарынан түзілген. Жоғарғы пермьдік-триастық жыныстардың қалыңдығы тұзды денелердің негізгі бөліктерінде 5 м, ал күмбезаралық қораптарда 5—6 км-ге жетеді. Юралық-бор шөгінділер жағалаулық-теңіздік жөне теңіздік-терригенді, терригенді-карбонатты шөгінділер түрінде кездеседі. Бұл шөгінділердің қалыңдығы облыстың солтүстік бөлігінде 0,3—0,5 м-ден Прорва аймағында 3 км-ге дейін өзгеріп отырады. Негізінен құм-саз құрылымдардан тұратын палеоген-төрттік кезең шөгінділерінің барлық жеріндегі дерлік қалындығы 200 м-ден 2 км-ге дейін. Тұз үстіндегі жоғарғы пермьдік-мезозой-кайнозойлық шөгінділердің осы заманғы құрылымы тұз күмбезді тектоникамен айтарлықтай күрделіленген. Мұндағы шөгінділердің әжептәуір тұрақтанғаны, бірақ жекелеген қабаттары арасында көптеген бұрыштық және стратиграфиялық сәйкессіздіктер байқалады. Күмбезаралық және жеке қораптар, кұрылымдық тұмсықтар, өркештер және қабаттардың тұз қылталарының үстінен асып жатуы орын алған. Көбінесе бұл құрылымдық нысандар жер асты атқылауларының әсерімен күрделіленеді. Тұз күмбезіндегі тұз үстінде жатқан жыныстардың дамуында жекелеген стратиграфиялық кешендер бойынша көбінесе құрылымдық сәйкессіздік, шөгінділердің ауытқуы және басқа күрделіленулер байқалады. Жекелеген учаскелерде жыныстардың моноклинальдық құлауымен қатар палеограбендер, палеокүмбездер, сондай-ақ шалғайда жабылып қалған және осы заманғы төбелер дамып келе жатыр. Тұтастай алғанда облыстың тектоникалық дамуында жауын суының жиналу жағдайындағы сияқты сабақтастық байқалады. Сабақтастық мезгілі жөнінен геологиялық кезеңдерге сәйкес келеді. Аймақтың жоғарғы пермьдік-триастық, юра-палеогендік, неоген-төрттік даму кезеңдері айқын көрінеді. Тұз күмбездерінің қалыптасуы және ойпаттың мейлінше иінденуі осы уақыттармен байланысты. Жоғарғы пермьдік-триастык шөгінділер тұз үсті кешендері қабатының үштен екі бөлігін кұрайды. ## Гидрогеологиялық жағдайы. Облыстағы, сондай-ақ бүкіл ойпаттағы және оған жақын орналасқан әр түрлі генезисті, құрамды құрылымдардағы шөгінді жыныстардың орасан зор қабатында жер асты суларының аса мол қоры бар. Сумен жабдықтауға жарамды тұщы және тұзы болмашы ғана сулар жоғарғы қабаттарда, су сыйғызатын жыныстар орналасқан аудандарда кездеседі. Тереңдік қатпарлардағы сулар мұнай-газ шөгінділерінің тұрақты серігі, олар көмір сутектерінің қалыптасуына, сақталуына, ал жекелеген құрылымдар мен қабаттарға қалыптасқандарын бұзуға да зор әсер етеді. Ұзақ уақыт бойына мұнай мен газ іздестіру жұмыстарының және барлаудың нәтижесінде Оңтүстік Ембі мұнай кәсіпшілігі ауданында жер асты сулары мейлінше толық зерттелді деп айтуға болады. Ал Еділ мен Жайық өзендері арасындағы өңір жете зерттелмеген. Кей жылдары оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай жауын-шашынның жылдык көлемі 150-ден 300 мм-ге, тіпті одан да көп мөлшерде түсетіні байқалады. Құмды алқаптарға жауған жауын жер асты суларының қорын жедел толықтыра түседі, ал сазды өңірлердегі жауын өзен аңғарларына ағады, ойпаттағы сорларға жиналады, буланып кетеді. Күрт континенттілік, климаттың шөлейттігі аймақтағы жер беті суларының мейлінше тапшылығын туғызады. Сондықтан да Жайық өзені Батыс Қазақстанның бірден-бір су арнасы болып табылады. Оның көп жылдардан бергі орташа жылдық ағыны 9-10 км3-ге жетеді (Космұрын аулы маңында), ал орташа пайдаланылуы 310-315 м3/сек. Жер асты суларының қалыптасуы, олардың ауысуы және азаюы аймақтағы геологиялық жұмыстармен де тығыз байланысты. Облыстың қуатты шөгінді түзілімдерінде жатқан жер асты сулары мөлшерінің сан алуандығымен, гидродинамикалық, гидрохимиялық, газохимиялық, гидротермикалық касиеттерімен және қалыптасу шарттарымен ерекшеленеді. Олар су ұстайтын шөгінділердің кұрылымдық және гипсометриялық жағдайына, литологиялық кұрамына, гидрогеологиялық тереңдік дәрежесіне орай әр қилы. Тұз астындағы, тұз үстіндегі қысымды кешендер шөгінді құндағына қарай жіктеледі. Тұз үстіндегі қысымды су кешендері өз кезегінде төменгі дәрежедегі кешенге бөлінеді. Бұлар: пермотриасты, юралық, борлық, палеогендік, неогендік және төрттік болып ажырайды. Барлық кысымды сулы қабаттарға тән нәрсе — олардың айқын көріністі газогидрохимиялық қарама-қайшылығы. Оған көптеген факторлар, оның ішінде негізгілерінің бірі болып табылатын гидродинамикалык фактор да әсер етеді. Гидродинамикалық қайшылық су режимінің табиғатындағы екі түрлі -инфильтрациялық және элизиондық режимнің өзара әрекетімен сипатталады. Су режимінің бірінші типіне әдетте гипсометриялық көтеріңкі учаскелердегі қосылатын жолдардың су жиналатын тұстарына жауын-шашынның сіңуінен қалыптасу себепші болады. Судың оңтүстік-батыс бағытына қарай ағуы қысымды арттырады. Каспий атырабын қоса облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде геостатикалық күштің әсерімен эрозионды режим пайда болады. Сазды жыныстардан қосылатын жолдарға көшудің нәтижесінде су ағыны солтүстік-шығысқа бағытталады, ал осы тұста су азаюының жалпы аймағы байқалады. Жер асты суларының инфильтрациялық және эрозиондық тұрғыдан бәсеңдеуі оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай жаңа кешеннен ескісіне ауысады. Судың гидродинамикалық қайшылығы өз кезегінде газогидрохимиялық, геотермикалық өзгешеліктерге себепші болады. Әрбір қысымды жеке сулы қабатта екі аймақ ерекшеленеді: тұщы су аймағы және сульфатты-натрийлі, гидрокарбонатты-натрийлі типтерге жататын, 10-15 г/л-ге дейін әлсіз минералданған сулар, ал әрі теңізге карай жоғары минералданған (300 г/л-ға лейін) су аймағы басталады. Әрбір қысымды су кешені әрине езінің зор халық шаруашылықтық маңызы бар тұщы және әлсіз минералданған су аймақтарымен ерекшеленеді. Бор кезеңінің шөгінді түзбелері кабатындағы жоғарғы альб және сеноман кешендері анықталды. Атырау облысының айтарлықтай аумағын су ұстайтын жыныстардың қалыңдығы 300 м шипалы минералды су қабаты алып жатыр. Минералды су аймағы солтүстікте Жем өзені мен оңтүстікте Үстірттің солтүстік бөлігінің арасын қамтиды. Солтүстікте ол Оңтүстік Ембі мұнай кәсіпшілігіне, ал шығысында Мұғаджар тауларының солтүстік сілемдеріне дейін барып тіреледі. Сарыбұлақ, Үшқан, Құмшете, Биікжал, Төресай, Жаңасу т. б. шипалы минералды су көздері ерекше назар аудартады. Олардың көпшілігі тұз күмбездерімен және тұз астындағы палеозой антиклиналдык төбелерімен байланысты. Ембі ауданының мұнай кәсіпшіліктері аймағында құрамында жекелеген бағалы химиялық қоспалары (йод, бром, стронций және басқалары) бар тұзға қаныққан жер асты суларының түрі кең таралған. Ыстық суларды табу мен пайдалану тұрғысынан Онтүстік Ембі ауданының, Солтүстік Үстірттің соған жалғас аймақтарының болашағы мейлінше зор, ал 250—1300 м-лік көптеген мұнаралармен бұрғыланған альбсеноман сулы кешендері де минералды суларға бай. Өздігінен аққандағы су беру мөлшері бұл жердегі мұнараларда секундына 35 м3-ге дейін жетеді. Қыртыстардағы су температурасының Каспий маңындағы ойпатының (Шөмішті) солтүстік-шығысында +10°С, +20°С-қа, оңтүстік-батыста +54°С-қа дейін өсуі табиғи нәрсе. Альбсеноман ыстық суының минералдануы гидрохимиялық типтері гидрокарбонат- натрийліліктен хлор-кальцийлікке дейін өзгеру арқылы 3—4 г/л-ден (Төресай) 150 г/л-ге (Гагарин) дейін ауытқып отырады. Прорва, Гагарин, Қарақұдық және басқа алаңдарда су құрамындағы бром (350—450 мг/л), йод (9,11 мг/л), стронций (650 мг/л- ге дейін) мөлшерінің артқаны байқалады. Шөгінді кешендерінің үстіңгі жағындағы сулар әдетте эол құмдарына байланысты пайда болады (Тайсойған, Бүйрек және басқалары). Тұщы (1 г/л-ге дейін) және әлсіз тұзды (1—10 г/л) сулардың қоры құмды алқаптарда айтарлықтай мол, егер су жүретін құбырлар орнатса, Қызылқоға ауданы мен оған көрші аудандардың қажеттерін толық қамтамасыз етуге әбден болады. Облыстың су қорын жер бетіндегі ағын мен жер астындағы сулы қабаттар құрайды. Жер бетіндегі қор ішіндегі маңызы мейлінше зоры Жайық өзені; бұдан басқа да өзендер мен суы кермектеу көлдер молшылық, бірақ олардың бәрінің тұщы суының молдығы жөнінен Жайыққа жетпейтіні сөзсіз. Қысымды жер асты суларының қоры іс жүзінде шексіз, ол жер астындағы кұмды жолдарға өту есебінен толығып отырады. Еріген қар суы, жаңбыр олардың молығу көздеріне жатады. Тұздылығы 3 г/л судың қоры Қызылқоға, Жылыой аудандарында айтарлықтай. Кондицияланған тұщы және кермек сулар Нарын құмындағы, Тайсойғандағы, Бүйректегі, Ембі-Атыраудағы, Қарақұмдағы және басқаларындағы эол алқабының даму аудандарынан, сондай-ақ Жайық өзені табанындағы жер кабаттарынан анықталып отыр. Жер асты сулары аздаған ғана тереңдікте жатады (3—18 м), ал бұрғылау мұнараларынан орта есеппен тәулігіне 28 м3 немесе секундына 0,35 м3 су шығады. Олардың қоры қысымды суларға карағанда шартты түрде көп емес. Жайықтың Кулагин кентінен Сарайшыққа дейінгі аңғарынан тұщы су мөлшері жөнінен әр түрлі 20-ға жуық су көзі табылды. Нарын алқабының аумағынан бірқатар тұщы су көзі барланды (Сүйіндік және Баяқұдык кеңшарлары). Жер асты тұщы суларының мейлінше мол қоры Тайсойғанның құмды алқабында шоғырланған. Жайық-Каспий бассейндік су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу инспекциясының мәліметтері бойынша Батыс Қазақстандағы жер асты суларының қоры бір миллиард текше метрден асады. Атырау облысында олар - шамамен 87 миллион текше метр - негізінен Құрманғазы, Қызылқоға және Жылыой аудандарында. ## Дереккөздер
Imanbek, толық есімі Иманбек Маратұлы Зейкенов (21 қазан 2000 жыл, Ақсу, Павлодар облысы) — Қазақстанда, сондай-ақ Ресей, Украинада Imanbek Music лейблымен танымал қазақ продюсері және хаус-музыка ремиксері. 2019 жылы Saint Jhn-ның "Roses" әніне өзінің ремиксін жасау арқылы халықаралық деңгейде танымал болды. ## Мансабы Арғын тайпасының Бәсентиын руының Иман бөлімінен шыққан. Қазақстанда дүниеге келген ол 8 жасында алғаш рет әкесі сыйлаған гитарада ойнаған. Теміржол институтында оқып жүргенде, ол Ақсу теміржол станциясында жұмыс істей бастады. Иманбек 17 жасында 2017 жылдан бастап ремикс жасауды жалғастырды. Ресейлік Effective Records лейблі арқылы атты америкалық рэпердің «Roses» әніне ремикс жасады. Ремикс Saint Jhn қатысуынсыз жасалды, өйткені рэперге Instagram арқылы байланысу әрекеттері сәтсіздікпен аяқталып, Иманбек жауап ала алмады. Ремикстелген ән бүкіл Еуропадағы, соның ішінде Бельгия, Мажарстан, Нидерланд, Польша, Үндістан және Швециядағы көптеген чарттарда көзге түсті және Shazam World-да 3-ші орында болды. Ремикстің сәттілігі мен танымалдылығына сүйене отырып, 2016 жылы жазылған түпнұсқа ән 2019 жылы US Billboard, British Singles Chart және Аустрия, Канада, Дания, Франция, Германия, Ирландия сияқты басқа елдердің чарттарына шықты. Ол өзінің алғашқы әнін Spinnin Records Drama Records-та шығарды. ## "100 ЖАҢА ЕСІМ" 31 қазан 2019 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» мемлекеттік жобасының жеңімпазы атанды. Иманбек Зейкенов 24062 дауыс нәтижесінде «Мәдениет» номинациясында бірінші орынға иеленді. ## "GRAMMY" АҚШ Ұлттық Өнер және дыбыс жазу академиясы "Үздік Ремикс" категориясы бойынша Иманбек Зейкеновті марапаттады. "Грэмми" рәсімі 31 қаңтарда өтуі керек еді, бірақ пандемияға байланысты ол 14 наурызда онлайн форматта өткізілді. Ал номинанттар 2020 жылдың қараша айының соңында жарияланған болатын. "Анама және әкеме рахмет. Менің командама және Effective Records лейбліне рахмет. Менің менеджерім Кириллге рахмет. Рахмет, "Грэмми"", - деп ол марапат алғаннан соң алғыс айтқан болатын. ## Дискографиясы ### Синглдар ### Басқа шығарылымдар Иманбектің тағы бірнеше шығарылымдары бар, ең негізгілері: * "Take Me" (O'Neill-мен бірге) * "Hot" (Parah Dice-пен бірге) * "Smoke It Up" (Stephanskiy-мен бірге) * "Dope" * "Clandestina" (with FILV & Edmofo featuring Emma Peters) * "Romantic Dance" (DJ DmimixeR feat. MURANA) ## Дереккөздер
Медеубек Мақсат Сағатбекұлы - Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы Қоры грантының иегері; Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты, өнер докторы; «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің мүшесі; «Kobyzbook» электронды оқу құралының (мобильді қосымша және веб сайт) авторы; ## Биография Медеубек Мақсат Сағатбекұлы 10 қаңтарда 1986 жылы Алматы қаласына дүниеге келді. 1994-2003 ж. – А.Жұбанов атындағы РМҚОМИ қылқобыз мамандығы бойынша КСРО Мәдениетінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрметті қызметкері, доцент - Ә.Жұмабекұлының класына оқуға қабылданады. 2003-2004 ж. – К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ тәмамдап осы жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы, Халық музыкасы факультетіне оқуға түседі. 2003-2005 - дарынды күйші, домбырашы Нұрсәт Бейсеқожамен бірлесіп «Нұрсәт пен Мақсат» атты домбыра мен қобыздан құралған дуэт құрады. «Нұрғали», «Аққу» атты туындыларды жарыққа әкеледі. 2004-2008 - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Сарын» фольклорлық – этнографиялық ансамблінде, «Үркер» тобында қобызшы, домбырашы ретінде өнер көрсетеді. 2008 ж. бастап – Б.Бекмұханбет, С.Нұрмолдаев, А.Арықбаевтармен бірге «Тұран»  фольклорлық- этнографиялық ансамблін құрады. Гастрольдік сапарлармен Түркия, Украина, Австрия, Германия, Израиль, Испания, Корея, Египет, Франция, Венгрия, АҚШ, Лондон, Швейцария, Румыния, Индия, Тайвань, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан  мемлекеттерінде болып, қазақ өнерінің шетелдерде насихатталуына үлес қосады. 2008-2010 жылы аталған оқу орнының  магистратурасын тәмамдайды. ## Білімі ## Мансабы 2006-2008 ж. – ГККП «Алматы әуендері», «Сазген сазы» ансамблінде қобызшы болып жұмыс істейді. 2009-2011 ж. - Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, ЭӨМС (ЭШСИ)  қылқобыз мамандығы бойынша кішкентай бүлдіршіндерге дәріс береді.  2009 ж. - бүгінгі күнге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы «Қобыз және баян» кафедрасының қылқобыз мамандығы бойынша оқытушы қызметін атқарады. Дәріс беру барысында класс студенттері Халықаралық және Республикалық конкурстарда лауреат атанды. Олардың ішінде Ербол Мөлдір: «Шабыт»,  «Ықылас»;   Закария Серік: Республикалық олимпиада;  Қасенова Алина:  «Шабыт»,  «Тәттімбет» конкурстарында лауреат атанды. 2013 ж. Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар мұражайының ғылым бөлімінің қызметкері болып қызмет істейді.  Осы жылы  Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында қосымша - қылқобыз аспабы бойынша  дәріс береді. 2014ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында алғаш рет қыл-қобыз класы ашылып, қылқобыз мамандығы бойынша  ұстаздық қызметін бастайды. 2015 жылы аталған оқу орнында аға оқытушы ретінде ұстаздық қызметін жалғастырады. ## Ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері * Магистратура бойынша ғылыми жұмысы: «Қылқобыз аспабының типологиясы» * «Қазақтың ұлттық аспаптарының бірі нарқобыз және оны жетілдіру жолдары» * Д.Нұрпейісованың 150-жылдығына арналған «Дәстүр және даму» халықаралық конференция жинағы * «Қобыз және оны ұстау, тарту әдіс-тәсілдері» * «Қобыз тарту өнерінің кейбір әдістемелік мәселелері» * «Қазақ халқының ұмыт болған көне үрлемелі аспаптарының тағы бір түрі» * «Дәстүрлі музыкалық мәдениет: өткені мен бүгіні» 2 халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. * "Kobyzbook Мұрағатталған 9 тамыздың 2020 жылы." электронды оқу құралы * С. Медеубекұлының «Алатауым менің» атты ән-күй жинағы * «Ішекті-ысқышты аспаптардың орындаушы қолында орналасуының сол қол техникасына тигізетін әсері» (қазақ қобызы, қырғыз қыл-қыяғы, қарақалпақ кобузы) * «Д.Мықтыбаев, Ж.Қаламбаев, С.Үмбетбаевтардың қобыз тартудағы сол қол техникасы мен аспапты ұстау ерекшеліктері» * «Қазақ, қырғыз,өзбек, қарақалпақ халықтарының қобыз тектес аспаптары: салыстырмалы-типологиялық зерттеу аспектілері» * «Өзбек қобызы және оған арналған күйлер» * «Еділ бойындағы татар, ноғай халықтарының мәдениетіндегі қыл-қобыз тектес аспаптары" ## Жеке концерттері мен ұйымдастырушылық жұмыс ## Марапат, сыйлықтары (халықтық, халықаралық) ## Дереккөздер * http://kobyzbook.kz/Author Мұрағатталған 9 тамыздың 2020 жылы. * http://www.conservatoire.kz/kz/structure/faculties/Medeubek-kaz2/ Мұрағатталған 19 шілденің 2020 жылы. * https://100janaesim.ruh.kz/participants/2019/maksat-mederbek.html(қолжетпейтін сілтеме)