text
stringlengths 3
252k
|
---|
Тарново әдеби мектебі (болг. Търновска книжовна школа) — 14 - 15 ғасырлардың екінші жартысында пайда болған және ортағасырлық әдебиетке айтарлықтай үлес қосқан болгар әдеби мектебі.
Бұл Тарново көркемсурет мектебінің бөлігі болды, ол Екінші Болгария Корольдігінің мәдениетін жоғары деңгейде көрсетті. Григорий Цамблак және Константин Философ сияқты жазушылар мен ғалымдар ұсынған Евфимиевтің орфографиялық реформасы мен әдеби мектебі болгар мәдениетіне ғана емес, сонымен бірге ең жақын славян мемлекеттерінің мәдениеттеріне де әсер етті.
## Пайда болуы және дамуы
Тарново мектебінің пайда болуына 14 ғасырдың екінші жартысынан бастап Болгария патшалығының мәдени жандануы әсер етті. Кітап мектебінің дамуы патша Джон-Александрдың әдебиет пен өнерді дамытуға деген жеке қызығушылығына байланысты болды. Оның мұрагерлері Иоанн- Шишман мен Иван Срацимир КІтап мектебінің жұмысын жалғастырып әке жолын қуды. Патриарх Теодосий Тарновский де әдебиет мектебін дамытуға өз үлесін қосты, ол мұндай мектептердің болгар шіркеуінің тәуелсіздігін анықтайтынын, оның славян әлеміндегі православие елдерінің арасында таралуын және күшейтетінін жақсы білді.
Turnovo әдеби мектебінің негізін қалаушы, Екінші Болгар патшалығының астанасы орталығы, Turnovo, патриарх саналады Тырново Euthymius (Болгария). Евхимийдің орфографиялық және тілдік реформалары кейіннен Болгарияда ғана емес, сонымен бірге Ресей князьдіктерінде, Сербия, Уолачия және Молдовада қолданылатын ережелерді белгіледі. |
Валерий Васильевич Гаркуша (14 наурыз 1977 жыл, Қостанай) — қазақстандық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.
## Карьерасы
Карьерасында "Тобыл", Тараз", "Ақтөбе" клубтарында ойнады.
"Тобыл" сапында 12 жыл бойы доп тепті. Бірақ Қазақстан чемпионы атана алмады, есесіне 2007 жылы Интертото кубогын ұтты, бірнеше дүркін күміс және қола жүлденің иесі атанды.
2008 жылғы маусымның жартысын "Таразда" өткізді, бірақ бір кездесуде де алаңға шыққан жоқ, екінші бөлігін "Ақтөбеде" өткізіп, маусым соңында Қазақстан чемпионы атанды.
2001-04 жылдары Қазақстан құрамасында ойнады. 2004 жылы 28 сәуірде Әзірбайжанға қарсы жолдастық кездесуде жарақат алып, қайтадан құрамаға шақырылған жоқ.
## Жетістіктері
### "Тобыл"
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2003, 2005, 2007
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2002, 2004, 2006
* Интертото кубогы: 2007
* Қазақстан кубогы: 2007.
### "Ақтөбе"
* Қазақстан чемпионы: 2008
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Валерий Васильевич Гаркуша (14 наурыз 1977 жыл, Қостанай) — қазақстандық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.
## Карьерасы
Карьерасында "Тобыл", Тараз", "Ақтөбе" клубтарында ойнады.
"Тобыл" сапында 12 жыл бойы доп тепті. Бірақ Қазақстан чемпионы атана алмады, есесіне 2007 жылы Интертото кубогын ұтты, бірнеше дүркін күміс және қола жүлденің иесі атанды.
2008 жылғы маусымның жартысын "Таразда" өткізді, бірақ бір кездесуде де алаңға шыққан жоқ, екінші бөлігін "Ақтөбеде" өткізіп, маусым соңында Қазақстан чемпионы атанды.
2001-04 жылдары Қазақстан құрамасында ойнады. 2004 жылы 28 сәуірде Әзірбайжанға қарсы жолдастық кездесуде жарақат алып, қайтадан құрамаға шақырылған жоқ.
## Жетістіктері
### "Тобыл"
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2003, 2005, 2007
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2002, 2004, 2006
* Интертото кубогы: 2007
* Қазақстан кубогы: 2007.
### "Ақтөбе"
* Қазақстан чемпионы: 2008
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Ноғай жолы - Қазақстан арқылы өткен Ұлы Жібек жолының бір бөлігі.
## Тарихи деректер
Тарихтың атасы атанған Геродот бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi мыңжылдықтың орта шенiнде Қара теңiз маңынан Дон жағалауына, одан Оңтүстiк Оралдағы савроматтар жерi арқылы Ертiс бойы мен Алтайға, Зайсан көлiне дейiн барған «далалық сақ жолының» болғанын айтады.
Ал заманымыздың кемеңгер жазушысы Әбiш аға Кекiлбаев «Шығыс пен Батыс арасындағы ең ежелгi жол-Памирге соқпай, терiстiктен орағытып өтетiн дала жолы.
Оңтүстiк орыс далаларын Орталық Азиямен байланыстырып жатқан бұл жол көне замандарда «Скиф жолы» деп аталыпты. Геродот жазған грек саяхатшысы Аристей, бiздiң заманымызға дейiнгi VI ғасырдағы Қара теңiз жағалауындағы грек колонияларынан шығып, Батыс Сiбiр, Алтай, Тарим бассейнiне беттеген әйгiлi сапарына осы көне скиф жолының бойымен барып қайтқан», - деп жазады. Кейiн Ұлы жолдың құрамдас бөлiгiне айналған бұл көне керуен жолдары «екi мың жыл бойы жұртқа терiстiктегi Ұлы Жiбек жолы ретiнде белгiлi болды»,- дейдi Иманғали Тасмағанбетов пен Зейнолла Самашов.
Ұлы Жiбек жолымен бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 103 жылы қытай императоры У Дидiң тапсырмасы бойынша тұңғыш рет жүрiп өткен Чжан Цянь есiмдi қытай дипломаты екен. Осы сапардан соң византиялықтар валюта есебінде пайдаланған, алтынмен қатар бағаланатын қытай жібегін Батыс Еуропаға, Сирияның асыл тастарын, Қызыл теңіздің інжу-маржандарын, Мысырдың маталары мен Вавилон кілемдерін Қытайға тасыған керуендер ағыла бастайды. Батыс өркениетi мен Шығыс мәдениетiнiң арасындағы күретамыр болған бұл жолға өзiнiң 1877 жылы жарық көрген «Қытай» атты кiтабында «Ұлы Жiбек жолы» деген географиялық атау берiп, тарихта қалдырған қытайдың физикалық географиясы мен Азияның жер бедерiн зерттеген Фердинанд фон Рихтгофен атты немiс географ-ғалымы көрiнедi. Ұлы Жiбек жолының негiзгi арнасында орналасқан қалалар мен керуен бекеттерi туралы алғашқы толық деректi 846-847 жылдары арабтың мемлекеттiк байланыс қызметкерi Әбу-л-Қасым Убейдаллах ибн Абдоллах ибн Хордадбех «Жолдар мен мемлекеттер туралы кiтап» атты әкiмшiлiк-географиялық анықтама еңбегiнде жазыпты. Ал Х ғасырда өмiр сүрген араб географы Әбу-л-Фарадж Кудама ибн Жафар әл-Басри өзiнiң «Харадж және хатшылық өнер жайлы кiтап» деген ресми құжаттар мол пайдаланылған шығармасында керуен жолы бойындағы табиғат жағдайлары мен географиялық объектiлерге нақты сипаттама берiптi. XIV ғасырдың отызыншы жылдарында бұл өңiрге аяқ басқан, араб Марко Полосы атанған белгiлi саяхатшы, табиғат пен адам жанының аса бiлгiрi Әбу Абдолла Мұхаммед ибн Батутта да өлкенi мекендейтiн халықтардың шаруашылығы, тұрмысы мен мәдениетi жайында өте бағалы деректер қалдырған дейдi ғалымдар.Батыс пен Шығысты жалғастырған әйгiлi керуен жолының «Ноғай жолы» атанған бiр тармағы кезiнде бiздiң Бейнеу өңiрi арқылы өтiптi.
Н.Ибрагимов жазбаларына қарағанда Ибн Батутта Хорезмге осы жолмен барғанға ұқсайды. «Сарайшық қаласынан Хиуаға дейiн Арал мен Каспий теңiздерiн бөлiп тұрған мойнақ арқылы өтетiн бiрнеше жол бар, соның iшiнде ең жақсысы – «Ноғай жолы», - деп жазcа орыс география қоғамының негiзiн қалаушылардың бiрi А.Левшин, белгiлi кеңес археологы С.Толстов бұл жолды «Едiлге баратын үлкен патша жолы» деп атаған. Ал отырарлық тарихшы Әл-Жаухари: «Жiбек жолының үлкен тармағы ең әуелi Киев Русiнен, Бұлғар жерiнен өтiп, Үстiрт үстiмен Аралды айналып, Жент қаласына жетедi. Жентке жеткенше сауда керуенi құс қанаты талған шөлден, түйе табаны күйген құмнан өтедi, арып-ашып әбден әлсiрейдi»,- деген дерек қалдырыпты. Жент Х-ХII ғасырларда Сырдарияның Аралға құяр сағасына жақын маңда болған қала, орны Қызылордадан 115 шақырым жерде делiнедi.
Талай жыл түйе табанымен тапталған, кей жерлерде ені он, тереңдігі жарты метрден асатын бұл керуен жолы Үргеніштен шығып Үстіртке көтеріліп, Үшқұдық, Әжігелді, Қосбұлақ, Білеулі, Шұрық, Құсшы арқылы Сам құмын кесіп өтіп, Белдеулі, Қақпақты арқылы Есеттегі Қосқұдықтан ойға құлап Ұшқанға соғып, Бақашы әулие маңынан Жем өзенінен, Таскешу арқылы Сағыз өзенінен өтіп Сарайшыққа жетіп, әрі қарай орыс жеріне ілігеді. Ғалымдар ескі сүрлеуі әлі күнге дейін сақталған бұл жолдың Сарайшықтан Қос құдыққа дейінгі жерін солтүстік бөлік, Қос құдықтан Қоңыратқа дейінгі аралығын оңтүстік бөлік деп атайды.
Ал солтүстікке бағыт алған екінші керуен жолы Үргеніштен соң жазба деректерде «түріктер дарбазасы» деп аталатын Замждан рабаты мен Хабаб қонысынан өтіп, Қалымбет (Қарақұмбет) құлауынан қырға шығып, Аралды жағалап Әлменбет, Көксеңгір арқылы Матай құмындағы Нәубетке келіп, Тасөткел арқылы Асмантай сорынан өтіп Жездіге жетіп, Тасастау-Қайнар арқылы Қызылқуыстан құлап Жем мен Жайықтан өтiп, Едiлдi бойлап Қазанға, одан Мәскеуге асады.
Жол бойында кезiнде көптеген қала мен керуен сарайлар салынған. Орыс география қоғамының мүшесi, саяхатшы офицер М.Иванин: «XIV ғасырда Хиуадан Қырымға сапар шеккен адамға өзiмен бiрге ештеме алмаса да болады, өйткенi жаныңа керектiң бәрi де жол бойындағы керуен сарайлардан табылады», - деп жазса, белгілі шығыстанушы А.Якубовский Алтынорда кезеңiнде бұл керуен сарайлар көпестер мен жергiлiктi ауқатты адамдар бiрлестiгiнiң ортақ меншiгiнде болғанын айтады.“Yстiрт үстiмен өтетiн Ноғайлы жолында да, Маңғыстау арқылы өтетiн көне Хиуа жолында да 25-30 шақырым сайын суы ащы болсын, тұщы болсын мiндеттi түрде құдық кездеседi де, ал 100-150 шақырым сайын тұщы су көзi - бұлақ не құдық ұшырасып отырады. Шамасы, суаттардың бұлай орналасуы шөл түзде бiр күндiк жол жүргеннен кейiн көлiк суарып, ал үш-төрт күн сайын жолға алынатын ауыз суды жаңартып отыруды көздеген есепке құрылса керек. ”, - деп жазады Ә.Кекiлбаев.
Әбiш ағаның айтуына қарағанда Қазан мен Самарада кемеден түсiрiлген жүк түйе жеккен арбаларға тиелген, қомдаған түйеге 10-15 пұттан жүк артқан, Сарай Беркеден Ханбалыққа дейiнгi жол 9 айдан астам уақытқа созылыпты, ал Сарайшықтан шыққан керуен Yргенiшке отыз күнде жетiптi. Яғни бұл сапардың бiраз бөлiгi Yстiрт үстiнде өткен, демек, керуен сарайлардың да көпшiлiгi осы аймақта салынған. В.Егоров Сағыз өзеніндегі Ташкешуден Хорезмге дейінгі аралықта он бес керуен сарайының болғанын айтады. Шындығында да 1950 жылғы Хорезм археологиялық - этнографиялық экспедициясының Орал-Үстiрт отрядының жазбаларында көрсетiлгенiндей Yстiрттiң солтүстiк батыс ернеуiнде, Мыңсуалмаста тау тастарынан салынған аумағы 40х40 шаршы метр, бiрнеше бөлмелi Қосқұдық керуен сарайы болған. Мұндай керуен сарайдың орны Құсшы, Шұрық, Қақпақтыда да бар.
С.Толстов керуен сарайлар Х ғасырдың соңы мен ХV ғасырдың басында, әсiресе Хорезм мемлекетiнiң ХI-ХII ғасырлардағы Едiлбойы мен Шығыс Еуропа елдерiмен арадағы сауда қатынасының дамыған кезiнде тұрғызылған деген пiкiр айтады. Әбiш аға Үргенiш пен Сарайшық арасындағы парсылардың ежелгi жолдарының үлгiсiндегi бекiнiстi сауда жолын Х-ХI ғасырларда Хорезм шахтары салдырған дейдi. Ал Өзбекстан Ғылым Академиясының Қарақалпақ филиалының ғалымдарының ойынша бұл күрделi құрылыстар 1312-1342 жылдар аралығында билiк құрған Алтын Орда ханы Өзбек ханның заманында өмiрге келген. Себебi ол кезеңде Хорезм мемлекетiн оның өз адамы Тұғлық Темір билеген, сондықтан арадағы қатынас өте жақсы дамыған. Бұл жолдың Өзбек хан тұсында ерекше маңызға ие болғанын белгiлi шығыстанушы, академик В.Бартольд те растайды, қазақ ғалымы М.Меңдiқұлов та терiске шығармайды және ол керуен сарайлардың жолдың солтүстiк бөлiгiндегiлерiнiң тарихқа «қыпшақ кiрпiшi» деген атаумен енген көлемi 28х28х6 см. күйдiрiлген кiрпiштен салынғанын, ал оңтүстiк бөлiгiндегiлердiң Алтын Орда тұсындағы 22-23х22-23х5 см-лiк хорезм кiрпiшiнен тұрғызылғанын, ал мұндай құрылыс материалының бiздiң өңiрде IХ-Х ғасырлардан бастап қолданылғанын сөз етедi. Т.Басенов бұл кiрпiштiң бiр шаршы сантиметрiнің 64,5 кг. қысымға шыдайтын мықтылығын, жергiлiктi саздан бұдан артық құрылыс материалын әзiрлеу мүмкiн еместiгiн айтады.
Екi түйе жеккен арбамен Сарайшықтан шығып 20 күнде Үргенiшке жетiп, одан әрi Отырар, Құлжа арқылы Пекинге дейiн барған итальяндық Франческо Бальдуччи Пеголоттидiң 1340 жылғы көпестерге арналған жазбасында солтүстiк Үстiрттегi Шұрық, Бiлеулi, Әжiгелдi керуен сарайлары сөз болады. В.Егоровтың айтуынша бұл бекеттер 1375 жылғы Каталон картасында да көрсетiлген. Солардың iшiндегi бiздiң заманымызға жеткенi Бiлеулi керуен сарайы. Ол - орыс ғалымдарының зерттеулерiне қарағанда ХIV ғасырда салынған тарихи ескерткiш. Бiлеулi керуен сарайының төрт бұрышына кезiнде күмбездеп өрiлген көрiктi төрт мұнара орнатылғанын, сарайдың кiрер қақпасындағы иiлген маңдайшаның екi жағына екi арыстан мүсiнi тастан қашап бейнеленгенiн, керуен сарай iшiнде жылу жүретiн науалар болғанын жазады Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясын басқарған С. Толстов өзiнiң «Ежелгi Хорезм цивилизациясының iзiмен» атты еңбегiнде. Ал Г.Федоров Бiлеулiден табылған мыс ақшалардың Алтын Орда хандары Бердiбек, Жәнiбек, Тоқтамыстың тұсында соғылғандығын айтады. П.Рыжковтың еңбектерінде шатқалдағы алаңда мешіт пен құдық болғандағы көрсетілген. Керуен сарайының төңiрегiнде жаңбыр мен қар суын сақтауға арнап қазылған құдық- қойма сардобалар бар.
Сам құмының етегiндегi жергiлiктi халық Белдеулi, Үшүйiк, Молақ деп атайтын енi бес, ұзындығы он шақырымдай аймақта бүгiнде құлап үйiкке айналған, кезiнде күйдiрiлген кiрпiштен салынған қырыққа тарта керуен сарайдың орны мен таспен шегенделген отыздан аса әйкелсiз құдық, сардобалар бар, үйiктерге жақын жерлерде қыштан өрнектелiп жасалған құмыра сынықтары кездеседi. Бұл орындар өлке зерттеушiлерiнiң еңбектерiнде Сам, Көптам деп жазылған.Орынбор кеденінің директоры П.Величконың басшылығымен 1803 жылы жасақталған «Хиуа хандығы мен Сырайшық қамалынан шығатын жолдың сипаттамасында» Белдеуліде (Куптамь) аралары бір версть (верста, немесе шақырым – 1060 метр) шамасында болып жолдың екі жағына орналасқан отыздан астам құлаған үйдің тұрғандығы, сол жерден Сам (Шамь) құмы арқылы жүргенде 30 версть қашықтықта таза сулы екі құдығы бар Құсшы керуен сарайының бар екендігі жазылған. Ал 1825-26 жылдардағы полковник Ф.Берг экспедициясының материалдарында Бақашыдан шыққан керуен жолының Сарнияз, Есекжал, Мыңсуалмас арқылы Шиландыға келетіндігі көрсетілген. Яғни Есеттің құлауындағы Қосбұлақтан шыққан жол Белдеуліге Шиланды арқылы барған. В.Бартольд солтүстiк Үстiртте, Үргеніштен он күндік жерде, Жем өзенінен жылдам жүрісте 3 күндік, жай жүрісте 6 күндік жерде, XVII ғасырда керуен сарай есебінде кеңінен танымал болған Сам қаласының болғанын жазады. XV ғасырда өмір сүрген белгілі тарихшы, Абд ар-Раззақ Самаркандидің Ноғай Ордасының негiзiн қалаған, он бес жылдай Алтын Орданың бас қолбасшысы, Ақ Орданың әмiрi болған Едiгенiң билiктен айырылып бас сауғалап Хорезмге барған 1410 жылғы сапары жайлы жазбаларында да Сам қаласы сөз болады.
## Дереккөздер |
Горн мүйісі — Отты жер архипелагында орналасқан Горн аралының оңтүстік нүктесі . Горн мүйісін Оңтүстік Американың оңтүстік нүктесі ретінде түсінеді.
Таулы Оңтүстік Американың ең оңтүстік нүктесі емес. Горн мүйісінен оңтүстік-батысқа қарай шамамен 100 км қашықтықта Оңтүстік Американың ең оңтүстік нүктесі болып табылатын шағын аралдар тобы орналасқан. Ең оңтүстік континенттік нүктесі — Брансуик түбегіндегі Фроуард мүйісі.
## География
Оңтүстік Америка мен Антарктиданы бөліп тұратын Дрейк бұғазындағы Горн аралында орналасқан.
### Жел
Тау ойындағы батыстан шығысқа қарай үнемі жанасқан күшті жел қоңыржай белдіктің Батыс желдерінің бір бөлігі болып табылады және Батыс желдерінің ағысын құрайды. Горн мүйісін айналып өткен және 50-ші ендіктен төмен түскен теңізшілер оларды "сұрапыл елу жылдықтар" деп атап кеткен.
### Ағыс
Горн мүйісінің ағысы — батыстан шығысқа келген Тынық мұхиттан Атлант мұхитына бағытталған Батыс Желдер ағысының бір бөлігі, беттік қабатындағы жылдамдық 1-ден 4 км/с. Таудың суық ағысы судың беттік қабаттарын қамтиды.
## Тарих
1616 жылы голландтық теңізшілер Якоб Лемер және Виллем Схаутенмен ашылды.
## Климаты
Мүйістегі климат біркелкі - жыл ішіндегі температура -2 ° C-ден + 14 ° C-ге дейін. Ауа райы көбінесе желді және бұлтты. Жауын-шашын жыл бойы көп мөлшерде болады. Жылына 300 күн жаңбыр жауып, қатты жел соғады.
## Көрнекі жерлер
Мүйісте әйгілі маяк тұр. Маяк тобы бірнеше адамнан тұрады.
## Өнер мен мәдениетте
* Мүйіске көптеген әдеби шығармалары арналған. Ең танымалларының бірі - Жюль Верннің «Джонатан кеме апаты».
* Дүниежүзілік регаталар кезінде теңізшілер әрдайым Горн мүйісін айналып өтеді (егер маршрут Панама каналынан өтпеген болса), бұл бүкіл саяхаттың маңызды нүктелерінің бірі болып табылады.
* Атақты Жаңа Зеландиялық яхтсмен Сэр Питер Блэйк: «Егер сіз тарихты түсінетін болсаңыз, егер сіз кемелерді ұнатсаңыз, «Горн мүйісін айналып өту» деген сөздер сіз үшін көп нәрсені білдіреді» деген.
* Француз жазушысы Жорж Блон «Мұхиттардың ұлы сағаты» кітабында Горн мүйіcін былай сипаттайды: «Горн мүйісін батыстан шығысқа қарай айналап өту қиын емес, өйткені ілеспе желдері әрдайым соғып тұрады, әсіресе қыста. Горн мүйісі қатал «елуінші желдері» «айқайлаған қырықтай» сияқты керемет. Термометр нөлден он бес-жиырма градусқа түсіп кеткен кезде қорғасын бұлттары көкжиекті жасырған бірнеше сағаттық түн, содан кейін шексіз түн. Осы қараңғы хаоста Антарктика мұзынан бөлінген үлкен айсбергтер сырғып өтеді» деп жазған.
* « Және Дрейк Горн мүйісіне жетті, және Англия империяға айналды» - Р.Киплингтің өлеңіндегі жолдар («Өлгендер әні»)
## Тағы қараңыз
* Антарктика
* Оңтүстік Америка
* Гренландия |
Шынжылы — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Жыланды ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 86 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Дмитрий Владимирович Ляпкин (15 қыркүйек 1976 жыл, Шымкент, Қазақ КСР, КСРО) — ресейлік және қазақстандық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.
## Карьерасы
### Клубтық
2005 жылдың соңында қазақстандық "Жеңіс" клубына ауысты. 2006 жылы 3 сәуір күні "Атыраумен" ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Маусым соңына дейін ұлттық чемпионаттың 26 кездесуіне қатысты.
2007 жылы бұрынғы клубы "Химкиге" ауысты.
### Ұлттық құрама
2004 жылы ресейлік бапкер Леонид Пахомов Қазақстан құрамасында ойнауға шақырып, 2004 жылы ақпан айында Латвияға қарсы Кипрдегі жолдастық кездесуде алаңға шықты.
2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде алты кездесуде Қазақстан құрамасының намысын қорғады.
2007 жылы қыркүйекте екі жылдық үзілістен соң Арно Пайперс тағы да құрамаға шақырып, жыл соңына дейін Қазақстан құрамасы сапында ойнады. Құрама сапындағы соңғы кездесуін 2007 жылы 24 қарашада Белградта Сербияға қарсы өткізді.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Футболшының профилі |
Құланды – Арал теңізінің солтүстігіндегі түбек.
## Сипаты
Түбек 1980 жылға дейін теңізге 60 км-ге жуық сұғына кіріп жатқан. Абсолюттік биіктігі 129 м. Жағасы аз тілімделген, оңтүстігі жарлауытты (15 – 20 м). Батысында Чернышев, солтүстік-шығысында Тұщыбас шығанақтары орналасқан. Түбек палеогеннің әктас, мергель жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Жусан, баялыш, сексеуіл, жүзгін, т.б. шөлейттік өсімдіктер өседі. Шығысында қайнар бұлақтар, тұзды көлдер бар. Қоңыр көмір шығындылары кездеседі. Арал теңізінің тартылуына байланысты Құланды аралы жағалаумен бірігіп, пішіні өзгеріп кетті.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Мойнақ – Алматы облысы Кеген ауданындағы ауыл.
* Мойнақ – Жетісу облысы Талдықорған қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
* Мойнақ – Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Мойнақ – екі жерді қосатын, екі жағынан су шаятын жіңішке жер жолағы. |
Азамат Омуралиев — қырғыз футболшысы, "Нефтчи" (Қошқар-Ата) клубының қорғаушысы. 2019 жылғы Қырғызстан кубогының иегері.
## Карьерасы
2016 - 2018 жылдары "Қара Балта" клубында ойнады.
2019 жылы Қошқар Атаның "Нефтчи" командасына ауысты. Қырғызстан кубогында "Дордой" қақпасына матч тағыдырын шешкен жалғыз голды соқты.
## Жетістіктері
* Қырғызстан кубогы: 2019
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Елді мекендер:
* Сапақ – Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл.
* Сапақ – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл.
* Сапақ – Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл. |
Шөмішкөл – Балқаш көлінің шығыс бөлігіндегі бұғаз.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Қаратал ауданы жерінде.
## Сипаты
Көлдің оңтүстік жағасында Алғазы аралынан бөлініп тұрады. Ені 4 км. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 11 м. Бұғаздың оңтүстік бөлігін қамыс-құрақ нулары басқан.
## Дереккөздер |
* Тастақ – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл.
* Тастақ – Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл. |
* Ақеспе – Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы ауыл.
* Ақеспе – Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл. |
Жақсықылыш кенттік әкімдігі — Қызылорда облысы Арал ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жақсықылыш кенті кіреді. Орталығы – Жақсықылыш кенті.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 4847 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Арал қалалық әкімдігі — Қызылорда облысындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Арал қаласы кіреді. Орталығы – Арал қаласы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 29987 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Жалағаш кенттік әкімдігі – Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жалағаш кенті кіреді. Орталығы – Жалағаш кенті.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 13479 адамды құрады.
## Дереккөздер |
* Сәтбай – Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл.
* Сәтбай – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы ауыл. |
Елді мекендер:
* Бесарық – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Жаманбай батыр ауылдық округіндегі ауыл.
* Бесарық – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Талап ауылдық округіндегі темір жол бекеті.
* Бесарық – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл.
Өзен:
* Бесарық – Сырдария алабындағы өзен. |
Жаңадария — Сырдария өзенінің құрғап қалған ескі арнасы.
## Географиялық орны
Жаңадария арнасы Сырдарияның Қызылорда қаласының тұсындағы сол жағалауынан басталып оңтүстік-батысқа қарай, Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандары жерімен өтіп, Өзбекстан Республикасындағы Қарақалпақстан жеріне кетеді.
## Тарихы
Жаңадария өзені б.з.д. І ғасырдан б.з.д. ІІІ-ІІ ғасырлары аралығында үлкен өзен болып 1819 жылға дейін Арал теңізіне құйып келген.Жаңадария арналары жайлы алғаш рет кеңінен түсінік берген орыс офицері Е.К.Мейендорф көне арналардың бойында 1820-1821 жылдары болады. Құм қойнауындағы арналардың сипаты мен регионның табиғи ерекшеліктері жайлы пікірлерін ол өзінің «Орынбордан Бұхараға саяхат» деп аталатын еңбегінде баяндаған.«Қырғыз (қазақ) даласында көне елді мекендердің орындары сақталған Жаңадария жағалауы секілді бірде-бір жер жоқ», - деп жазды ол. Жаңадария — көне Қызылдария болуы мүмкін. Бәлкім, соңғысы оңтүстікке таман ағады, өйткені біздер Жаңадарияның оңтүстігінен үлкен өзеннің құрғап қалған арнасын кездестірдік. Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын аса үлкен өзен болған, 1816 жылы ені Қуаңдариядан да асып түскен Жаңадария, бүгінде ені 100 сажындық, жағалауынын биіктігі 3-тен 5 сажынға дейін, тереңдігі 2-3 сажындық, кейбіреулерінде су жататын шұңқырларға толы құрғақ арна ғана. Бойындағы тіршілік біржола тоқтаған Жаңадарияның бірден-бір белгісі осы». Бұл арналардың құрғап қалу себебі туралы Е.К. Мейендорф: «Кейбіреулер оның құрғап қалуын Қуаңдария жағалауын игеруді жеңілдету мақсатында, екі өзеннің айрығынан Жаңадарияға ағаш тоспа салынуынан болды деп есептейді. Ал енді біреулер Жаңадарияны Қызылқұмның құмы басып қалды деп санайды, бұл шындыққа бір табан жақындайды. Бәлкім, судың жоғалуын булану немесе құмға сіңіп кетуімен түсіндіру керек шығар. Қандай бір себеп боламасын Жаңадарияның жоғалуы таңданарлық факт» - деп жазды.
Қоқан хандығының билеушілері Жаңадария өзені бойындағы қазақтарды жерінен бездіріп, біржола көшіріп жіберу мақсатында өзенді сағасынан байлап тастайтын. Оны халық Қарабөгет дейтін. Ол кезде Жаңадария бойында, әсіресе, егіншіліктің өркендеп тұрған шағы болатын. Бұл әрекет жайлы сол кездегі орыстың саяхатшы оқымыстысы Гран: «1850 жылы Жаңадария бойындағы егіншілік жер мыңдаған қолдың шапқыншылығынан соң құлазыған шөлге айналып, ел тіршілігі тоқтау керек еді, бірақ қазақтан шыққан Бұқарбай батыр 1852 жылы қоқандықтарға екі мыңдай қол жиып қарсы жорыққа шығып, Қарабөгет тоспасын бұзды. Сол уақыттан бастап, Сыр суы қайтадан Жаңадариямен аққан, онан Қуаңдария да нәр алған», – депті. Яғни Сырдария мен Қуаңдария арасының қайтадан ел қонысына айналуына себепші болған да осы оқиға.
## Сипаты
Ұзындығы 625 км, жоғарғы және төмен арналарының ені 50 м, орта тұсы тармақталып 200-400 м жетеді. Тереңдігі - 2-2,5 м. Бойында құм қайырлар мен аралдар кездеседі және өте иректеліп келген. Жер бедерін аллювий шөгінділері жапқан.Қазіргі кезде Жаңадария арнасының табиғи ағыны көктемнің су тасқыны кезінде болады. Жаз айларында арнаға су аз түсіп, әр-әр жерде қарасуларға айналып қалады. Грунт суы жақын жатқан ойысты жерлерінің сор, сортаң және сазды топырағында қамыс, құрақ шоғырлары кездеседі. Қазақстандағы ең ірі сексеуіл орманы да осы Жаңадария бойында.
## Дереккөздер |
* Қосүйеңкі – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл.
* Қосүйеңкі – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл. |
Қален Құсайынұлы Тоқмұхамедов (1922, Шымкент, Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының — 1991, Ленинск, Қызылорда облысы, Қазақ КСР) — кеңестік әскери және саяси қайраткер, ғалым және жазушы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Байқоңырдың құрметті құрылысшысы, полковник.
## Өмірбаяны
Қален Тоқмұхамедов 1922 жылы Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Шымкент қаласының жанында дүниеге келген.
Орыс орта мектебін үздік бітірді. Кейін мектепте қалып, тарих және география мұғалімі болып жұмыс істей бастады.
1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен Қален Тоқмұхамедов өз еркімен майданға аттанды. Қызмет Қызыл Армия үгітшісі ретінде басталды. ВКП (б) қатарына қосылғаннан кейін саяси жұмысшылар курстарына жіберілді.
1943 жылы Токмухамедов серіктестіктің комсомол ұйымының басшысы болып, лейтенант әскери атағын алды.
Беларусь майданының 65-армиясының 18-ші атқыштар корпусының 69-шы атқыштар дивизиясының 69-шы атқыштар дивизиясының 120-шы атқыштар полкінің саяси бөлімі құрамында Днепр, Белоруссия, Шығыс Пруссия, Померания және Берлин шабуылдау операцияларына қатысып, сол үшін ол ордендермен және медальдармен марапатталған.
Соғыстан кейін капитан Тоқмұхамедов қызметін Владивостокта, Тынық мұхиты флотының саяси бөлімінде жалғастырды.
1952-1955 жылдары М.И. Калинин атындағы Жоғары әскери-педагогикалық институтында оқыды.
1955 жылы институтты үздік бітіріп, Қален Тоқмұхамедов туған Қазақстанда қызмет етуді өтінді және КСРО Қорғаныс Министрлігінің № 5 ғылыми сынақ полигонының құрылысына жіберілді, ол «Байқоңыр» ғарыш айлағы деп те танымал.
Байқоңырда Тоқмұхамедов 130-шы инженерлік кафедрасының әскери-құрылыс отрядтарының саяси бөлімін басқарды.
Оның басшылығымен ғарыш айлағының, ұшыру кешендерінің, монтаж және сынақ ғимараттарының құрылысы, кейіннен Байқоңыр қаласы болған Ташкент-90 тұрғын үйінің алғашқы үйлері болды.
Өз жұмысында Тоқмұхамедов сол кездегі көптеген әйгілі адамдармен, дизайнерлермен және ғарышкерлермен араласқан. Қален Құсайынұлы достық қарым-қатынас кеңестік зымырандық және ғарыштық бағдарламаның негізгі жасаушысы Сергей Павлович Королевпен дамыды.
1970 жылы Ленинск қаласында С.П. Королевке арналған ескерткіштің ашылу рәсімінде Қален Тоқмұхамедов: «Сергей Павлович жасаған зымырандардың күркіреуі Әлемнің алғашқы ғарыш айлағы болған ежелгі қазақ жерін толқытты. Сергей Павловичтің есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады».
1962-1976 жылдары Қален Тоқмұхамедов Ленин қалалық Кеңесінің тұрақты депутаты болды. Қарулы Күштерде 36 жыл қызмет еткен полковник Тоқмұхамедов 19 жыл Байқоңыр ғарыш айлағы мен Ленинск қаласын салуға берді.
1978 жылы полковник Тоқмұхамедов отставкаға кетті, бірақ Байқоңырдағы құрылыс кешенінде жұмысын жалғастырды.
Қален Тоқмұхамедов 1991 жылы қайтыс болып, Ленинск қаласында (қазіргі Байқоңыр қаласы) жерленді.
Қален Тоқмұхамедов төрт орденмен және он бес медальмен марапатталған.
Тоқмұхамедов жазушы ретінде өзінің «Өмірдегі 1001 күн» автобиографиялық деректі әңгімесімен танымал. Сюжеттің орталық фигурасы - Ибрагим Тоқжанов. Осы атпен Қален Құсайынұлы өзінің күрескер жастығын сипаттады.
## Есте сақтау
* Қален Тоқмұхамедовтің есімі Қазақстан Республикасы Түркістан облысы, Тегісшил ауылының № 68 орта мектептеріне берілді (1996) және Байқоңыр қаласының №14 (2013).
* Қален Тоқмұхамедовке арналған музей экспозициясы Байқоңыр қаласындағы №14 мектепте және Жезқазған қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайында ашылды.
* Түркістан облысының Созақ ауылындағы және Оңтүстік Қазақстан облысы Шақырық көшелер Қален Тоқмұхамедовтың құрметіне аталған.
* 2018 жылы Байқоңыр қаласындағы Қ.Қ.Тоқмұхамедов атындағы №14 мектептің ауласында Қален Тоқмұхамедовке арналған ескерткіш-бюст ашылды.
## Сілтемелер
* «Қален Құсайынұлы Тоқмұхамедов» тақырыбында презентация
* Байқоңыр қаласындағы жаңа мектепке ғарыш айлағының ардагері Қален Тоқмұхамедовтың есімі берілді / «Kazinform»
* Қален Құсайынұлы Тоқмұхамедов құжаттары / Электронды кітапхана iknigi.net
## Дереккөздер |
Жаңақорған кенттік әкімдігі – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жаңақорған кенті кіреді. Орталығы – Жаңақорған кенті.
## Халқы
2022 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 32763 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Ден Макс (1878-1952) — неміс математигі. Негізгі ғылыми еңбегі геометрияға арналған. 1901 жылы отандасы Давид Гильберт (1862-1943) ұсынған 23 мәселенің бірі — конгурэнтті тетраэдрлар туралы мәселені шешкен (Ден теоремасы).
## Дереккөздер |
Омер Шипрага (Шипраге, (7 қаңтар 1926 ж. - 7 сәуір 2012 ж.) Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Шипраге муниципалитетіндегі алғашқы көтерілістердің бірі және бірнеше спорттық пәндер бойынша Югославия гвардиясының өкілі болды.
## Өмірбаяны
Омер Šипрага болды 1926 жылы Мујо Шипраганың ақсүйектер отбасында дүниеге келген , жергілікті елді мекеннің негізін қалаушылардың бірінің тікелей ұрпағы, бүгінде жергілікті ипраж қауымдастығы. Сүйіспеншілікке толы отбасында тәрбиеленіп, жас кезінде ол зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға міндеттелген жандармерия Югославия Корольдігінде, содан кейін Босния және Герцеговина құрамына кіріп, Хорватия Тәуелсіз Мемлекеті
Бірінші жергілікті партизан бөлімшесі құрылғаннан кейін Ќомпаниясымен Дјевоячка раван, атты әскери партизан отряды пайда болды, ол Имльани әскері немесе Шипраге Ќомпаниясымен ретінде де белгілі. Кәмелетке толмаған болса да, оның қатарына қосылып, керемет батылдық танытады. Коммунизм бұл идеологиялық бағдар және енгізу үшін, оны ұсынады Комунист Жастар. Ол бірінші жас үміткерлер үшін курсын тыңдады, және 1942 жылы Комунист Жастар хатшысы сайланды ұйымы Шипраге муниципалитет.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://kvdanas.com/index.php/vijesti/2508/srd-golubic-siprage-pocela-ribolovna-sezona Мұрағатталған 8 қаңтардың 2020 жылы.
* https://www.glaskotorvarosa.com/vojo-vukovic-sest-decenija-sakuplja-trofeje/ |
Тұғырыл – оң ханШыңғыс хан атқа мінер қарсаңда керей – Ұлы Даладағы еңүлкен, саны да басым тайпа болған. Ескілікті зерттеген кейбір орысоқымыстылары ілкіде, XI ғасырда керейлер тоғыз жүз мыңныңтөңірегінде, яғни миллионға жуық болды деп біледі.
Рәшид-ад-динның айтқаны бар. ежелгі заманнан бастап керейлер халқының көптігімен, әскерінің қуатымен және хандарының атақ-дәңқымен мәшһүр болды деген. арғы тарихы ғұн дәуірінен басталатын керей қауымы XI ғасырда ұлы дала көшпенділерін қайта біріктірген, қытай тарихнамасында цзубу (ру-тайпалар) бірлестігі атанған жаңа түрік қағанаты – тоғыз-татар ұлысының ұйытқысы болғаны мәлім.
Бұл кездегі басты дұшпан – терістік қытайда билік құрып отырған қидан-лауо имперясы болатын. алмағайып ұзақ майданнан соң, конфедерация кеиіпті үлкен ұлыс ыдырайды, бірәқ далайхан Моғұз бастаған керей жұрты ауыр күресін одан әрі жалғастырыпты. ақыры, бір жақтан қидан, екінші тараптан таңғұт қыспаққа алған керей ұлысы да қирап жеңіледі, тұтқынға түскен далайхан азапты өлімге кесіледі (1100) . бұл – барлық бақытсыздықтың басы ғана екен. елдің еңсесін қайта көтерген Сары хан, одан соңғы Бошаужы, Марқұз-бұйрық хандар енді ағайындас жүртпен жағаласуға мәжбүр болады. керей ежелгі елдігін сақтағанымен, бұрынғы айдынына жете алмайды, жеңіс пен жеңіліс алма-кезек түседі. міне, осы тынымсыз майдан дәуірінде дүниеге келген Тұғырыл – бұрнағы далайхан Моғұз әулеті, кеиінгі Марқұз-бұйрық ханның немересі болатын.
Бұл кездегі керей қонысы да ұлан-байтақ. Батыста Қаңғайалқабынан – шығыста Кентейдің етегіне дейінгі аралық; терістіктеСелеңгі өзенінің жоғарғы ағысынан – Келүреннің бастауына дейін,аралықта Орхұн, Толы өзендерінің ұзына бойы, орталық аймақтағыОңғы өзенін өрлей келе, түстікте, ежелгі түрік Жасыл-өзен атағанСары-өзен Хуаңхэнің үлкен иіні Ордосқа дейінгі қаншама жер.Керей ұлысының құтты ұйығы – біздің неше мың жылдықтарихымыздың куәсі, арыда Ұлы Түрік қағанатының берекелібайтағы болған Орда-Балық қаласы, кейінде Ұлұғ ұлыс ту тіккенҚарақорым қаласы орнаған Қатын-балық, ол екеуі де қирап, тозғанбүгінгі күні Күл-тегін мен Білге-қаған ескерткіштері сақталыптұрған қасиетті Орхұн өзенінің бойындағы, айналасы ат шаптырым,қара топырақ, көк шалғынды киелі алқап екен. Керей хандарыныңбас ордасы үнемі осы өңірден аумаған. Құржақұз-Бұйрық хан Орда-Балықта отырды деп жазған Рәшид-әд-Дин.Керейлер шығыста қиятпен, батыста найманмен, терістік тараптамеркітпен, алыс түстікте атасы басқа таңғұтпен, түстік-шығыстаоңғытпен шектескен.Рәшид-әд-Дин бұл кездегі керей тайпасы үлкен-үлкен алты руғабөлінетін еді деп жазады. Бұлар: керейт, жырқын, қоңқайыт,сақайыт, тұмауыт және албат аталады. («Түгел тарихтың» тағы біртұсында осыған үстеме ретінде қырқұн руы тұр, бірақ бұл үлкен атаішіндегі кіші бұтақ болуы да ықтимал.) Бүкіл тайпаға өз есімінберген, немесе басты атауды иеленген жетекші ру – керейт екен.
Керей (көпше, жинақты тұлғасы – керейт) атауының шығу тегітуралы әрқилы жорамал бар. Рәшид-әд-Дин келтірген аңызбойынша, баяғы заманда бір патшаның жеті ұлы болыпты,бұлардың бәрінің де түсі кер, яғни құбақан екен.
Марқұз-Бұйрық ханның Құржақұз-Бұйрық және Гөрхан дегенекі ұлы болыпты. Құржақұз-Бұйрықтың үлкен ұлы – Тұғырылкейінде Оң хан атанған, Шыңғыс ханның әкесі Есугей-бахадұрменанда болған, Шыңғыс ханның өзіне өкіл әке болған керей әмірі.тұғырыл – түркі тілінде және кереи лұғатында аңыздық қыран құс есімі, деп жазады рәшид-ад-дин. сұңқар кеиіптес, тұмсығы мен шеңгелі болаттай, бір ұшқанда топырлатып, екі жүз-ұш жүз құсты қабатынан жәйқәйді, бірәқ өзін ешкім көрмеген, әлде шын, әлде лақап деп дәйектеиді.
Махмұд Қашғаридың "Диуани Лұғат ат-Түрік" (Түркі тілінің жинағы) еңбегіТұғырыл - жыртқыш құс, мың үйректі өлтіріп, біреуін ғана жейді.
Бастапқы бір мұраты орнына келіп, бөртемен қосылғаннан кейін темужін Тұғырыл ханның ғұзырына баруға бекінеді. «тұғырыл хан бағзыда әкемізге анда болған еді, есебі, мені де баласындай қабыл алуға тиыс, – депті. – мен де оның қажетіне жарайтын шығармын», – деиді содан соң өзін бекітіп. кейінде Оң хан атанған Тұғырыл бұл кезде кеңбәйтәқ ұлы даланың жарым жерін ұстанып отырған керей жұртының әмірі болатын.«Әкең өлсе өлсін, әкеңді көре қалған өлмесін» демекші, Темүжінніңсапары сәтті болып шығады. Пана тұта барған әкесінің көне «Андасы»Тұғырыл хан ағынан жарылып:Мынау бұлғын ішіктің,Қолқасына жарамын.Бытыраған еліңнің,Басын қоса алармын.Қара бұлғын ішіктің,Қарымжысын қайтарам.Тозып жүрген еліңді,Тұтастырам қайтадан. – деп уәде береді.
Монғол империясының тарихын зерттеушілер: Шыңғыс қағанның алғаш адам болып, ат жалын тартып мініп, күйзелген елін бүтіндеп, күйреген жұртын жинағанда дем беріп, демеу болған осы Тұғырыл хан дейді.Атақты керей Көкеш бақсының хан Шыңғысқа қаратып айтатын:Тәңірден суат алдың,Тұғырылдан қуат алдың,Найманнан хатшы алдың,Керейден бақсы алдың,Қоңыраттан ақыл алдың,Жалайырдан батыр алдың,Меркіттен қатын алдың, – дейтін толғауында дүйім тарихтың сыры жатыр.Тұғырыл хан 1130 жылы туған. Шыңғыстан 32 жас үлкен. Есукейдің серт байласқан досы. Себебі, Есукейдің атасы Амбығайды, Тұғырылдың атасы Марғұзды татарлар мен жүржіндер ұстап алып, Алтын елінің патшасының қолына тапсырған. Алтын ханы оларды ағаш есекке шегелеп өлтірген. Оның сыртында Тұғырылдың әкесі Құршақұз Бұйрық пен Есукейдің әкесі Қабыл дос болған.«Саспа, балам, – дейді, Тұғырыл хан: – Әкең жақсы адам еді, аруағы риза болсын, мына менің ұлым Сенгүн ішімнен шықса, сен сыртымнан шыққан ұлым емессің бе. Қайда ол қаңғыған меркіттер!. Сақалынан сүйреп сабасына түсірейін!» – деп атқа қонып, Темужиннің шайқалған шаңырағын тіктеп берген екен. Осы оқиға жайлы монғолдың «Құпия шежіресінде», «Алтын шежіресінде», Рашид-ад-диннің тарихи шығармаларында айтылады. Бұл оқиға 1180 жылы болған.1190 жылы Тұғырыл хан, Темүжин, Жамуқа үштігі атқа қонып татар-меркітті тыныштандырады. Осы жорықта Жамуқа мен Темүжин барлық бұқарасын сарқып жүріп 20 мың әскер әрең шығарғанда, Тұғырыл хан қиналмай-ақ бір өзі 20 мың қолды бастап келген. Осы жолы Алтын елінің императоры Тұғырылға «Уаң хан» деген атақ береді. Бұл атақ артынан ханның есіміне айналып кеткен жайы бар. Тегі италян жиһангер Марко Поло: «Әлемге атты әйгілі, әсіресе еуропалықтар қатты әсерленетін шығыстағы «Иоан поп» дегеніміз осы «Уаң хан»» деп жазады. Орыс жылнамаларында «Ван хан» деген атпен белгілі.Заман өте келе Тұғырыл ханда Шыңғыспен шайқасып жеңіледі. Жан сауғалап батыстағы Найман хандығына бара жатқанда шекара күзетінде тұрған қарауылдар қолынан қаза табады. Өлі бастың атақты керей Тұғырыл ханның мүрдесі екенін таныған найманның Дайын ханы оны күміспен күптетіп, өзінің алтын тағының үстіне қойып аза тұтады. Бұл 1204 жылы болған оқиға. Сол сәттен бүгінге жеткен жоқтау бар. Онда:Уа, Тұғырыл, Тұғырыл,Айбатты алып хан едің,Даңқың кеткен әлемге, Атағы зор жан едің,Құтлық әже өсірген,Бұйрықтан туған дана едің…, – деген жыр жолдары бар.Құдайдың құдіреті-ай, күллі найман аза тұтып жатса әлгі өлген ханның басы ыржың-ыржың етіп күліпті. Бұны жаман ырымға жорыған екен. Ақыры ол да рас болды.Тұғырылдың інісі Жақа батырдың асқан сұлу төрт қызы болған. Осының үшінші қызы Сұртоқтыға Шыңғыс кіші ұлы Төле үйленеді. Сұртоқтыдан атақты хандар Мөнке, Құбылай, Құлағу, Арық-бұқа төртеуі туған. |
Жетікөл – Есіл алабындағы тұзды көл.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкое ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2,5 км-дей жерде.
## Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 234 м биіктікте жатыр. Аумағы 10,6 км2, ұзындығы 4,1 км, енді жері 3,6 км, жағалауының ұзындығы 12,2 км. Көл қазаншұңқырының пішіні сопақша келген, түбі тегіс, тұнбалы. Еріген қар және жер асты суларымен толысады.
## Жағалау сипаты
Жағалаулары жайпақ, қамыс, құрақ кездеседі. Су жиналатын аумағының 25%-ы жыртылған. Қалған бөлігінде бетеге, селеу өседі.
## Дереккөздер |
Тереңөзек кенттік әкімдігі – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Тереңөзек кенті кіреді. Орталығы – Тереңөзек кенті.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 9132 адамды құрады.
## Дереккөздер |
* Ақжарма – Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігі құрамындағы Баймұрат батыр ауылының 2016 жылы 22 қарашаға дейінгі атауы.
* Ақжарма – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл. |
* Жаңатұрмыс ауылдық округі – Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Жаңатұрмыс ауылдық округі – Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Жаңатұрмыс ауылдық округі – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Бакиза Кажбанова (1907 жыл – ? жыл) — Қазақстандағы әйелдер қозғалысының мүшесі. 1907 жылы қазіргі Қаратөбе ауданы, Орал облысында дүниеге келген.
## Білімі
1927 жылы Орал губсовпарт мектебін, 1937 жылы Мәскеу қаласындағы Свердлов атындағы Бүкілодақтық коммунистік ауылшаруашылық университетін бітірген. 1946 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті жанындағы Лениндік курсты бітірді.
## Кәсіби мансабы
1930 жылдан бастап КПСС мүшесі. 1925-1940 жылдар аралығында Қаратөбе әйелдер бөлімінің, Жамбетті укомының, Сламкен (Фурманов) райком партиясының басшысы, Орал БК(б)П үйірме комитетінің әйелдер секторының меңгерушісі. Одан кейін, 1940-1946 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушы қызметін атқарған. Кабардин-Балқар АССР-нің Нальчик қалалық кеңесінің атқарушы комитетінің бөлім басшысы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің аппаратында қызметтер атқарған. 1946-1946 жылдары Қазақ КСР Ет-сүт өндіру өнеркәсіп министрінің орынбасары, 1949-1952 жылдары – Алматы қалалық комитет партиясының 2-ші хатшысы, Қостанай обком партиясының хатшысы, Қазақ КСР нан өнімдері Министрлігінің жауапты қызметшісі. Қазақстан КП(б) төртінші және алтыншы съездерінің делегаты, 1952 жылы Қазақстан Компартиясының алтыншы съезінде Тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды. КСРО медальдары және ордендерімен марапатталған. 1963 жылдан бері – одақ көлемінде маңызы бар жеке зейнеткер.
## Дереккөзі |
* Иіркөл ауылдық округі – Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Иіркөл ауылдық округі – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы әкімшілік бірлік. |
* Саралжын – Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы ауыл.
* Саралжын – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы ауыл.
* Саралжын – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Бірік ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Саралжын – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Көктерек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Саралжын – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл. |
Шиелі кенттік әкімдігі – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Шиелі кенті кіреді. Орталығы – Шиелі кенті.
## Халқы
2019 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 31691 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Жамбыл ауылдық округі — Алматы облысы Қарасай ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Батан, Жамбыл, Қошмәмбет, Ұлан ауылдары кіреді. Орталығы – Жамбыл ауылы.
## Дереккөздер |
№98-темір жол айрығы — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі құрамында болған темір жол айрығы, 2019 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Құлан ауылының солтүстік-шығысында 9 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
№102-темір жол айрығы — Ақмола облысы Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Ауданы орталығы – Аршалы кентінің солтүстік-батысында 47 км-дей, Астана қаласының шығысында 11 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Аврора қаласындағы жаппай кісі өлімі — 2012 жылы 20 шілде күні сағат 0:39 де Аврора қаласындағы Century Aurora 16 Movie Theater кинотеатрында орын алған оқиға. Сол мезетте кинотеатрда Кристофер Ноланның Бэтмен жайлы трилогиясының соңғы бөлімі «Қара сері: Жандану» фильмі көрсетіліп жатқан болатын.
## Атыс
2012 жылы 20 шілдеде жұма күні 0:00 жергілікті уақытта АҚШ, Колорадо штаты, Аврора қаласындағы Century Aurora 16 Movie Theater кинотеатрында Кристофер Ноланның трилогиясының соңғы бөлімі «Қара сері: Жандану» фильмінің көрсетілімі басталды. Шамамен 40 минуттай (0:39 минутқа жуық) өткеннен кейін залға апаттық есік арқылы SWAT қызметкерінің формасы, бронежилет, газтұтқыш киген ер адам кіріп келді. Алғашында оны көрерменнің көңілін көтеруге тиісті актер деп ойлаған көрермендер оған мән бермеген. Ер адам көрермендерге түтін гранатасын лақтырып, AR-15 винтовкасынан оқ жаудырады. 70 ке жуық адам оққа ұшты. Басында қылмыскер залдың бірінші қатарын ғана атқылаған, кейіннен шығу арқылы қашып бара жатқандарға оқ жаудырды. Біраздан соң автомат істен шығып, Холмс оны Remington 870 (12-калибр) мылтығы мен Glock 22 (40-калибр, 40 патронды оқжатарлы) тапаншасына алмастырады. Бірнеше оқ қабырғаны тесіп өтіп көрші залдағы көрермендерді жарақаттайды. Полиция қоңыраудан кейін 90 секунд өте 0:41 уақытта келіп қылмыскерді ұстады.
## Қайтыс болғандар
* Джессика Гоуи, 24 жаста (Сан-Антонио, Техас, АҚШ)
* Джон Томас Лэример, 27 жаста (Кристал-Лейк, Иллинойс, АҚШ) (АҚШ ВМС теңізшісі)
* Мэтт Маккуинн, 27 жаста (Сейнт-Пэрис, Огайо, АҚШ)
* Микейла Медек, 23 жаста (Аврора, Колорадо, АҚШ)
* Алекс Салливан, 27 жаста (Аврора, Колорадо, АҚШ) (өз туған күнінде көз жұмды)
* Алекс Тевес, 24 жаста (Аврора, Колорадо, АҚШ)
* Александр Джей Бойк, 18 жаста (Аврора, Колорадо, АҚШ)
* Джесси Чилдресс, 29 жаста (Калифорния, АҚШ), (АҚШ армиясының сержанты)
* Вероника Мозер-Салливан, 6 жаста
* Ребекка Уинго, 32 жаста
* Джонатан Бланк, 26 жаста (АҚШ армиясының әскери қызметкері, қызын оқтан қорғай жүріп оққа ұшты)
* Гордон Кауден, 51 жаста
* Джордан Моррис, 31 жаста
## Дереккөздер |
№18-темір жол айрығы — Абай облысы Аягөз ауданы, Майлин ауылдық округінің құрамындағы темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аягөз қаласынан солтүстікке қарай 41 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
Злиха Жанболатқызы Тамшыбаева
Туған жылы: 5 қазан 1936 ж Туған жері: Шанхай ауылы, Гвардия ауданы (Талдықорған облысы), Талдықорған облысы, Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы, РСФСР Азаматтық: Кеңес Одағының туы.svg КСРО; Flag of Kazakhstan.svg Қазақстан Қайтыс болған күні: 12 қараша 2010 ж. (74 жаста) Өлген жері: с. Еңбекші, Көксу ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Марапаттары мен сыйлықтары: Социалистік Еңбек Ері; Ленин ордені;Ленин ордені; Қазан төңкерісі ордені; Еңбек Қызыл Ту ордені; Парасат ордені
## Өмірбаяны
Злиха Жанболатқызы Тамшыбаева (5 қазан 1936 - 12 қараша 2010) - Алматы облысы Көксу ауданы Еңбекші кеңшарының директоры (1971-2006), Социалистік Еңбек Ері.9 жасында ол анасынан айрылып, мұқтаж болып өсті, ауыр шаруамен айналысты. 1954 жылы Когалин орта мектебін бітірді. Мектеп бітірген кезінде ол жастар сүт фермасын құрды, үш жылдан кейін бригадир, Ш.Уәлиханов атындағы колхоздың сүт фермасының меңгерушісі болды.Злиха Тамшыбаеваның төрт баласы және он екі немересі бар. Шөберелері бар.
## Еңбек жолы
* 1963-1969 жж - Гвардия округі халық депутаттары Шанхай ауылдық кеңесінің төрағасы.
* 1969-1970 жж - Халық депутаттары Киров аудандық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары.
* 1970-1971 жж - «Еңбекші» кеңшарының партия ұйымының хатшысы,
* 1971-2006 жж - Еңбекші совхозының директоры. Оның басшылығының айтуынша, жыл аяғында республиканың ең проблемалы ауылшаруашылық кәсіпорындарының бірі қант қызылшасынан рекордтық өнім алған үздіктердің қатарына енді. Бұл нәтижеге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. (1)
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1981 жылғы 19 ақпандағы Жарлығымен 1980 жылы мемлекетке миллиард пұт астық сату жоспарлары мен социалистік міндеттемелерді орындаудағы ерекше жетістіктері үшін және нан және басқа ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және сатып алу бойынша оныншы бесжылдық жоспарды асыра орындағаны үшін Тамшыбаева Злиха Жанболатқызы Социалистік Батыр атағына ие болды. Ленин ордені мен «Серп және Молот» алтын медаліна ұсынылды.Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының орынбасары болып сайланды.Облыс әкімі Серік Үмбетов пен оның орынбасарлары Ж.З.Тамшыбаеваның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
## Марапаттары мен атақтары
Социалистік Еңбек Ері, Лениннің екі орденінің (11/24/1976, 02/19/1981),Қазан төңкерісінің (12/10/1973), Еңбек Қызыл Ту (04.08.1971) ордендерімен, медальдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Парасат» (2005 ж.) Және « Құрмет »(1996).Алматы облысының құрметті азаматы.1997 жылдан бастап Алматы облысы, Көксу ауданы, Амангелді ауылында тұрады. 2010 жылы 12 қарашада қайтыс болды. Ол Амангелді ауылында жерленген. (2)«Көшбасшының ұлы таланты, жоғары кәсіпқойлық, берілген тапсырмаға деген сүйіспеншілік және берілгендік - бұл аймақ тұрғындары Злих Жанболатовнаны бағалайтын, жақсы көретін және ұмытпайтын қасиеттер. Ұйымдастырушының жарқын ақылымен және керемет қасиеттерінің арқасында« Еңбекші »кеңшар озық шаруашылыққа айналды. Дамыған инфрақұрылымы бар, оның өндірістік жетістіктері аудан мен облыстың шекарасынан тыс жерлерде белгілі болды. Злиха Жанболатқызы Тамшыбаеваның жарқын естелігі жүрегімізде мәңгі сақталады» деп ескертеді.Алматы облысында жеті адамнан тұратын комиссия құрылды, оған Социалистік Еңбек Ері Злиха Тамшыбаеваны жерлеу тапсырылған. (3) |
Қазалы қалалық әкімдігі – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қазалы қаласы кіреді. Орталығы – Қазалы қаласы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 7686 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Тимур Мұратұлы Сүлейменов (5 сәуір 1978 ж., Қазақ КСР ) − Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, 2023 жылдың 4 қыркүйектен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы. Қазақстанның Бұрынғы Ұлттық экономика министрі (2016-2019), Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан..
* 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін менеджмент мамандығы бойынша бітірді.
* Осыдан кейін, « Болашақ» бағдарламасы бойынша Мэриленд университетінің Р. Смит бизнес мектебіне түсіп, 2002 жылы бітірді.
* Еңбек жолын Ernst & Young Kazakhstan компаниясында бастаған.
* Осыдан кейін ол « ҚазМұнайГаз» мұнай-газ барлау компаниясының салықтық есеп және салықтық жоспарлау департаментінің директоры болды.
* 2009 жылғы наурыз айында экономика және бюджеттік жоспарлаудың вице-министрі, кейін 2010 жылы Қазақстан экономикалық дамуы мен сауда вице-министрі болып тағайындалды.
* 2012 жылғы 1 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі, экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды .
* 2016 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен ол Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды .
* 2019 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
* 22 наурыз 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды .
## Марапаттары
* «Астананың 20 жылдығы» мерейтойлық медалі, 2018
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Сулейменов Тимур Муратович (жеке мәліметтер) |
* Ақай – Ақтөбе облысы Алға ауданындағы ауыл.
* Ақай – Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ауыл. |
Шошқакөл – ағынсыз көл.
## Географиялық орны
Қарағанды облысының Нұра және Жаңаарқа аудандары жерінде. Айнабұлақ ауылынан солтүстік-батыста 4 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 458,5 м.
## Аумағы
Ауданы 32,0 км2, ұзындығы 8,5 км, ең енді жері 6,7 км. Су жиналатын алабы 360 км2, ең терең жері 9 м. Нұраның сол салалары – Соналы және Құланөтпес өзендері алаптарының суайрығында.
## Гидрографикасы
Жағасы жатық, жағалауына изен, бозжусан жайылған. Жауын-шашын суымен толығады, суы ащы. Соңғы жылдары көл суы тартылып келеді, саяз сулы бөліктерін қамыс, құрақ басқан, ауданы 1600 га. Оңтүстікке таман Аралтөбе аралы орналасқан.
## Өсімдігі, жануарлары
Көл жағасында жыңғыл, қамыс-құрақ, сөран өседі. Үйрек, қаз, аққу ұя салады, кезінде қамыс арасында қабан (жабайы шошқа) мекендеген. Алабы шабындық пен жайылымға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Динара Талғатқызы Әлімбекова (5 қаңтар 1996 жыл, Қарағанды облысы, Абай ауданында дүниеге келген) — Беларусь биатлоншысы, әйелдер эстафетасында 2018 жылғы Олимпиада чемпионы, Беларусь ұлттық құрамасындағы Әлем кубогының қатысушысы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, 2019 жылы аралас эстафетадан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. Беларусь Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Тұнғыш қазақ қызы Олимпиада чемпионы.
## Жасөспірім шағындағы мансабы
Чаусыдағы балалар спорт мектебінде спортпен шұғылдана бастады. Ең алғаш рет шаңғы спортымен айналысты, 2008 жылдан бастап биатлонмен шұғылдана бастады. Бала кезеңінен бастап Шипикова Мария Ивановна жаттықтырушы болса, жасөспірім кезінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі жеке бапкері - Иванов Андрей Олегович.Жасөспірімдер арасындағы ұлттық деңгейдегі жарыстарда бірнеше рет жеңімпаз атанды:
* 2008 жылы - «Снежный снайпер» республикалық сайысы;
* 2009 жылы - шаңғы тебу бойынша Беларуссия чемпионаты;
* 2010 жылы - халықаралық деңгейде ұйымдастырылған В. Кириенко мен А.Богалий-Титовецтің жүлделі жарыстарының жеңімпазы;
* 2011 жылы - жазғы биатлон бойынша жүлдегер.
* 2011 жылдан бастап халықаралық жарыстарға қатысады. Ол 15 жаста ғана болса да 2011 жылы Ново Место-на-Моравада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 19 жас аралығындағы спортшыларсанаты бойынша қатысып, спринтте 21-ші орын, ал жарыста 35-орын, 21 жастағы спортшылар санаты бойынша әйелдер эстафетасына қатысты, Беларусь құрамасы он бірінші орынды қанағат тұтты.
* 2012 жылы Контиолахтиде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ол спринтте сегізінші, гонкамен жарыста оныншы, жеке жарыста он тоғызыншы және эстафетада тоғызыншы орынды иеленді.
* 2014 жылы ол Моста-на-Моравада өткен жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатына қатысты, бірақ өзінен үш жас үлкен спортшылармен бәсекеге түсіп, жоғары нәтижеге қол жеткізе алмады.
* 2015 жылы Беларуссияның Раубичи қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Алимбекова Анна Сола мен Дарья Блашкомен бірге әйелдер эстафетасында алтын медаль жеңіп алды. Жеке жарыстарда Динара спринтте төртінші, гонкамен жарыста 12-ші және жеке жарыста 27-ші орын алды.
* 2016 жылы ол жарақаттан кейін кіші жарыстарда өнер көрсетті және жақсы нәтиже көрсете алмады. Кейла Градстейндегі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Алимбекова спринт бойынша ең жақсы нәтижеге қол жеткізіп, Поклюкадағы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында 11-ші орын алды.
* Спринтте күміс және 2017 жылы Чайковскийде (Ресей) өткен жасөспірімдер арасындағы жазғы биатлоннан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
## Ересек шағындағы мансабы
16 жасында IBU кубогының 2011\12 маусымында алғаш таныла бастады. Obertilliach сахнасында ол спринт бойынша 63-орынға ие болды, ал Хаут-Мориендегі сахнада ол алдымен эстафетаға қатысты. 2013 \14 маусымында ол алғашқы ұпайларын жинап, Obertilliach сахнасындағы ізбасарлық жарыста 40 орын алды. Спортшының IBU кубогы деңгейіндегі ең жақсы нәтижесі – 2016 \17 маусымында Битостолендегі спринт бойынша 2-орын иемденді.Тюменьде өткен 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысып, спринт бойынша 22-ші, іздеуде 30-орында, жаппай стартта 27-ші және супер микста тоғызыншы орында болды. IBU Кубогының 2015 жылы 16 маусымында жалпы есебінде 111 ұпай жинап 52-орын алды.Ол Әлем кубогында 2016 жылғы ақпанда Антольц сахнасында өнер көрсетіп, спринт бойынша 73-орын алды.2018 жылдың маусымында ол өткен жарақатына байланысты операция жасады. Оған сауығу үшін 4-6 ай берілді.
## Әлем кубогының жай-күйі
2017—2018 жылдары 24 балл жинап 74–ші орынды иемденді.Олимпиада ойындарындағы эстафетадағы жеңістің нәтижесінде 2018жылы биатлоннан ең жас Олимпиада чемпионы атанды. Алайда ол бұған дейін Әлем Кубогының кезеңдерінде жеңімпаз болған емес.
## Жеке өмірі
Әкесі қазақ, анасы беллорусь, Евгений деген інісі мен Ульяна деген сіңілісі бар. Динараның үш жасында отбасы Беларуссияға көшіп келді.
* 2017 жылы Беларусь мемлекеттік дене шынықтыру университетін тау шаңғысы және биатлон кафедрасын оқып бітірді. Ресейлік биатлоншы Кирилл Стрельцовпен кездеседі.
## Жетістіктері
* 2018 жылы ол «Жеке ерлігі үшін» орденімен марапатталды.
## Дереккөздер |
Төретам кенттік әкімдігі – Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Төретам кенті кіреді. Орталығы – Төретам кенті.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 9548 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Иіркөл – Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ауыл.
* Иіркөл – Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігі құрамындағы ауыл.
Көл:
* Иіркөл – Ырғыз өзені алабындағы тұйық көл. |
Леонид Константинович Остроушко (10 тамыз 1963, Запорожье облысы, Украин КСР, КСРО — 3 желтоқсан 2019) — КСРО футболшысы, КСРО және Ресей футбол жаттықтырушысы, "Қайрат" клубының жартылай қорғаушысы және бас жаттықтырушысы ретінде көпке танымал спортшы.
КСРО жоғары лигасында 200-ден аса матч өткізіп, 8 голдың авторы атанды.
## Жетістіктері
### Ойыншы ретінде
* КСРО чемпионатының А класының екінші тобында 2-орын
* КСРО кубогының жартылай финалисі: 1963
### Бапкер ретінде
* КСРО 2-лигасының 8 аймағында 2-орын: 1969
* КСРО 2-лигасының 8 аймағында 1-орын: 1970
* КСРО 2-лигасының 8 аймағында 2-орын: 1971
* 1 лига жеңімпазы: 1976
* 2 лигада 2-орын: 1981
* 1 лига жеңімпазы: 1983
* Жоғары лигада 7-орын: 1986
* Өзбекстан чемпионы: 2000
* Өзбекстан кубогы: 2000
* Беларусь чемпионы: 2004
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* В.Мальцев Леонид ОСТРОУШКО: «ЕСТЬ ЕЩЕ ПОРОХ В ПОРОХОВНИЦАХ!» / «Гол!», ақпан 2008
* Заслуженный тренер России Леонид Остроушко: «Ко мне относятся как к неандертальцу»
* Кто нас выводит в мастера
* Нfootbook |
Леонид Константинович Остроушко (10 тамыз 1963, Запорожье облысы, Украин КСР, КСРО — 3 желтоқсан 2019) — КСРО футболшысы, КСРО және Ресей футбол жаттықтырушысы, "Қайрат" клубының жартылай қорғаушысы және бас жаттықтырушысы ретінде көпке танымал спортшы.
КСРО жоғары лигасында 200-ден аса матч өткізіп, 8 голдың авторы атанды.
## Жетістіктері
### Ойыншы ретінде
* КСРО чемпионатының А класының екінші тобында 2-орын
* КСРО кубогының жартылай финалисі: 1963
### Бапкер ретінде
* КСРО 2-лигасының 8 аймағында 2-орын: 1969
* КСРО 2-лигасының 8 аймағында 1-орын: 1970
* КСРО 2-лигасының 8 аймағында 2-орын: 1971
* 1 лига жеңімпазы: 1976
* 2 лигада 2-орын: 1981
* 1 лига жеңімпазы: 1983
* Жоғары лигада 7-орын: 1986
* Өзбекстан чемпионы: 2000
* Өзбекстан кубогы: 2000
* Беларусь чемпионы: 2004
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* В.Мальцев Леонид ОСТРОУШКО: «ЕСТЬ ЕЩЕ ПОРОХ В ПОРОХОВНИЦАХ!» / «Гол!», ақпан 2008
* Заслуженный тренер России Леонид Остроушко: «Ко мне относятся как к неандертальцу»
* Кто нас выводит в мастера
* Нfootbook |
Бірлік — Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, III Интернационал ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жосалы кентінен оңтүстікке қарай 28 км жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 132 адам (73 ер адам және 59 әйел адам) болса, 2009 жылы тұрғылықты тұрғындары болмады.
## Дереккөздер |
Қарауылтөбе – ежелгі оба (б.з.б. 5 ғ. — б.з. 1 ғ.). Арыс қаласы төңірегіндегі Қараспан аулынан 2 км шығыста. Археологиялық әдебиеттерде 20 ғ-дың басында И.А.Кастанье мәліметі бойынша белгілі. Қарауылтөбені 1948—50 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы(жетекші А.Н.Берн¬штам) және екінші рет 1966— 68 ж. осы экспедиция отряды (жетекші Б.Нұрмұханбетов) зерттеген. Топырақ үйінділерінен тұрғызылған мұндай обалар сақ "пирамидасы" деп аталады. Оның диаметрі 110—120 м, биіктігі 16 м шамасында. Қарауылтөбеден 19 ғ-дың соңында Отырар, Тараз, Шаш,Алмалық қалаларында жасалған, 13—14 ғ-ларға жататын 1850 дана күміс және мыс теңгелер табылған. Қарауылтөбе тоналған ескерткіш. Орта ғасырларда мұнда қарақшы отырып, төңіректі барлап отырғандыктан, жергілікті халық оны Қарауылтөбе атап кеткен.
## Дереккөздер |
III Интернационал ауылдық округі – Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына III Интернационал ауылы кіреді. Орталығы – III Интернационал ауылы. Округ құрамында болған Бірлік ауылы 2018 жылы таратылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2561 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Қарауылтөбе – Тарбағатай жотасының оңтүстік-батыс сілемі.
## Географиялық орны
Абай облысы Үржар ауданы жерінде.
## Жер бедері
Орташа биіктігі 700-750 м, ұзындығы 25-30 км. Аласа қырқалары мен төбелерінің беткейі көлбеу. Тау етегінде бұлақ көп. Баурайымен Аягөз–Бақты автомобиль жолы өтеді.
## Геологиялық құрылымы
Палеозойдың гранитті, гранодриоритті және шөгінді жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында шөлейт далаға тән өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Алмат Қабдрашұлы Кебіспаев (12 желтоқсан, 1987 жылы, Үржар, Шығыс Қазақстан облысы) — кәсіпқой грек-рим күресшісі. Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы, 2009 жылғы Азия Чемпионатының күміс жүлде иегері, 2011 жылғы Азия Чемпионатының жеңімпазы, Иван Поддубный атындағы Гран-При жеңімпазы, Мәскеуде өткен Әлем Чемпионатының қола жүлде және Стамбұлда өткен Әлем Чемпионатының күміс жүлде иегері. Қазақстан Республикасының қызмет көрсеткен спорт шебері.
## Сілтемелер |
Қарауылтөбе – Қалба жотасының батыс бөлігіндегі шоқы.
## Географиялық орны
Абай облысы Жарма ауданы Қаражал ауылының солтүстігінде 10 км-дей жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 571 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 7 км-ге созылған, енді жері 4-5 км. Оңтүстік беткейі тіктеу, солтүстңк-батысқа қарай көлбеуленеді. Батысында Көшек, шығысында Жуантөбе таулары орналасқан. Солтүстігінен Қызылсу, оңтүстігінен Шар өзендері ағады.
## Өсімдігі
Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас далалық өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымы.
## Дереккөздер |
Қызылорда қалалық әкімдігі – Қызылорда облысындағы әкімшілік бірлік.
## Географиялық орны
Солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде Сырдария ауданымен шектессе, шығысында Шиелі ауданымен шектеседі. Әкімдік аумағын Сырдария өзені екі бөлікке бөліп ағып өтеді.
## Әкімшілік құрамы
Құрамындағы 2 кенттік әкімдік пен 7 ауылдық округке 2 кент және 13 ауыл біріктірілген. Орталығы – Қызылорда қаласы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 230 422 адамды құрады.
## Дереккөздер |
№9-темір жол айрығы — Абай облысы Жарма ауданы, Жаңғызтөбе кенттік әкімдігіне қараған темір жол айрығы, 2009 жылы жабылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан батысқа қарай 25 км-дей жерде орналасты.
## Халқы
Тұрғыны 46 адам (2009).
## Дереккөздер |
Бақтыбай Ақбердіұлы Шелпеков (1959 жылы 20 шілдеде Небит-Даг қаласында туған) - Қазақстан мемлекеттік қайраткері, Маңғыстау облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты (2011 жылдан бері).
## Өмірбаяны
* Маңғышлақ газ өндіру басқармасының мұнай және газ өндіру операторы (1977-1978).
* «Маңғышлақмұнай» өндірістік ұйымының мұнай және газ өндіру инженері (1980-1981).
* Маңғышлақ облыстық сауда басқармасы – экономист (1985).
* Шевченко қалалық атқару комитеті инспекторы (1985-1987).
* Облыстық база «Казторгодежда» директорының орынбасары – директор (1987-1992).
* Маңғыстау облыстық сауда басқармасының басшысы (1992-1993).
* Қазақстандағы «Procter&Gamble» компаниясының өкілі (1994-1995).
* «Аққу» фирмасы директоры (1995-1999).
* II-IV шақырылым - Маңғыстау облыстық маслихат хатшысы (1999-2011).
* Маңғыстау облыстық маслихатының II-IV шақырылым депутаты (1999-2011).
* Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2011 жылдан бері).
## Дереккөздер |
Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарова (1975 жылы 10 тамызда туған) - Қазақстан журналисті, Шымкент қаласынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты (2019 жылдан бері).
## Өмірбаяны
Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Журналист.
«Оңтүстік Қазақстан» газеті саясат бөлімінің меңгерушісі, «Шымкент Медиа» МКК бас редактордың орынбасары, директор - бас редакторы, «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директор - бас редакторы болып қызмет атқарды.
2019 жылы Айгүл Қапбарова Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттығына сайланды.
## Дереккөздер |
Манап Шарапиденұлы Көбенов (1957 жылы 2 маусымда Талдықорған қаласында туған) - Қазақстан мемлекеттік қайраткері, Павлодар облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты (2014 жылдан бері).
## Өмірбаяны
Білімі жоғары. Омбы мемлекеттік ветеринарлық институтын бітірген. Мал дәрігері.
Павлодар облысы Железин және Ақтоғай аудандарының әкімі, Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы мәслихатының хатшысы болып қызмет істеген.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.
«Құрмет» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров (1964 жылы 12 маусымда Шымкент қаласында туған) - Қазақстан мемлекеттік қайраткері, Шымкент қаласынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты (2018 жылдан бері).
## Өмірбаяны
1984-1992 жылдары Шымкент қ. Қажымұқан атындағы Орталық стадионында әдіскер, инженер, бас инженер, директордың орынбасары, директоры.
1992-1996 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік сақтандыру фирмасының облыстық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі басқарманың бастығы, бас директорының бірінші орынбасары.
1996-2003 жылдары "Сенім" ЖАҚ, "Санур" ЖШС, "Трансойл" АҚ филиалдары директорының орынбасары, вице-президенті.
1999-2016 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының II, III, IV, V, VІ шақырылымдарының депутаты болып сайланды.
2003-2008 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының тексеру комиссиясының екі шақырылымының төрағасы.
2011-2018 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының үш шақырылымның хатшысы.
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.
## Дереккөздер |
Нариман Төреғалиев (19 шілде 1964 жыл, Есенсай, Тайпақ ауданы) — Қазақстан мемлекеттік қайраткері, 2022 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімі. Қазақстан Парламенті Сенатының Батыс Қазақстан облысынан сайланған экс-депутаты (2017-2022).
## Білімі
Білімі жоғары. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын, Каспий қоғамдық университетін бітірген. Инженер-экономист, заңгер. Экономика ғылымдарының магистрі.
## Еңбек жолы
* «ХVІІІ Партсъезд» атындағы ауылшаруашылығы бірлестігінің экономисті, бас экономисті (1990-1995);
* «Айтиево» өндірістік кешенінің жабдықтаушысы, экономисті, бас экономисті (1997-1999);
* «Ақжол» шаруа қожалығының басшысы (1999-2001);
* Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы (2001-2002);
* Жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры, Орал қ. (2002-2003);
* Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары (2003-2005);
* Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары (2005-2008);
* Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры (2008-2010);
* Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы (2010-2012);
* Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі (2012-2015);
* Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2015-2016);
* Орал қаласының әкімі (2016-2017);
* Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2017-2022);
* Батыс Қазақстан облысы әкімі (2022 жылдан бастап).
## Марапаттары
«Құрмет» орденімен марапатталған (2016).
## Дереккөздер |
Мұрат Бақтиярұлы (1958 жылы 17 маусымда туған) - Қазақстан мемлекеттік қайраткері, Қызылорда облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты (2011 жылдан бері).
## Өмірбаяны
1975-1977 жж. Әскери борышын Венгрия мемлекетінде атқарды.
1978-1979 жж. еңбек қызметін комбайнер, құрылысшы ретінде бастады.
1986 жж. Ұлттық Қазақ университетінің (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) тарих факультетін үздік бітіріп шықты.
1986-1998 жж. Қызылорда педагогикалық институты тарих кафедрасының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, тарих және құқық факультетінің деканы қызметтерін атқарды.
Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы, профессор.
1998 жж. Қазақ Мемлекеттік Заң университеті, Қызылорда филиалының директоры.
1998-2003 жж. Қызылорда облысының облыстық маслихат депутаты болып сайланды және маслихаттың «Жастар проблемалары және құқығын қорғау» тұрақты коммиссиясының төрағасы болды.
2005-2008 жж. «Туған жер» қоғамының төрағасы.
2008-2011 жж. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
2011 ж. бері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
2019 ж. 2 қырқүйектен бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы.
## Дереккөздер |
Дана Өмірбайқызы Нұржігітова (1972 жылы 18 маусымда Шымкент қаласында туған) - Қазақстан мемлекет және қоғам қайраткері. Журналист, музыкант, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты (2019-2023).
## Өмірбаяны
Қызылорда қаласындағы 198 мектептің бастауыш сыныбына барып, кейін Алматы облысының Есік қаласына орта білім алған.
Дана отбасының үлкені, оның екі бауыры бар. Інісі Рүстем Нұржігіт те әнші ретінде Қазақстанға танымал азамат. Ол да анасының қалауымен Алматыдағы А.Жұбанов атындағы музыка мектебіне оқыған.
### Білімі
1995 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
### Қызметі
Еңбек жолын 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде концертмейстор қызметінен бастаған.
1996 жылы К. Байсейітова атындағы Республикалық колледжде концертмейстор.
1997 жылы «Хабар» АҚ жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі.
2002 жылы «Хабар» АҚ продюсер қызметінен кетті.
2002 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ қызметін бастады.
2002 -2013 жылдар аралығында «Хабар» АҚ редактор, жаңалықтар және өзгеде бағдарламалардың жүргізушісі, продюсер.
2013 жылы «TV Fresh» ЖШС редактор.
2015 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ жүргізуші.
2019 жылы – ҚР Президентінің жарлығымен VI-шақырылымдағы ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
### Шығармашылығы
Дана Нұржігіт бірнеше интелектуалдық бағдарламаның авторы. «Хабар» телеарнасында 41 жасына дейін қызмет жасаған Дана Нұржігіт 2013 жылдан бастап, флирансер болып қызметін жалғастырған. Қазір Дананың «Дара жол» бағдарламасы ел ауызында.
### Қоғамдық қызметі
### Отбасы
Бірінші жолдасы - Рерих Владимир Ахмадьянұлы. Ұлы - Әлім.
## Дереккөздер |
Ғұмар Исләмұлы Дүйсембаев (1956 жылы 17 қазанда Бөрлі ауданында туған) - Қазақстан мемлекеттік қайраткері, Атырау облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты (2017 жылдан бері).
## Өмірбаяны
Білімі жоғары. Батыс Қазақстан Ауыл шаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша, Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Ақтөбе облысының Хобда ауданының Калинин атындағы колхозда техникалық-қауіпсіздік инженері болып бастады. Батыс Қазақстан облысы Победа колхозының бас инженері, Красный маяк колхозының төрағасы, Бөрлі ауданының әкімі, Батыс Қазақстан облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімінің бірінші орынбасары, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
2017 жылдан бері Атырау облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
Батыс Қазақстан облысының Бүрлі ауданының Құрметті азаматы.
## Дереккөздер |
* Жаңаарна – Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл.
* Жаңаарна – Алматы облысы Іле ауданындағы таратылған ауыл. |
Боралдай кенттік әкімдігі — Алматы облысы Іле ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына кіретін жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Боралдай кенті.
## Дереккөздер |
Қаратөбе – Күрті бөгенінің оңтүстік-шығысындағы тау.
## Географиялық орны
Алматы облысы Іле ауданы, Қараой ауылының солтүстік-батысында 20 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 764 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 8 км. Беткейі жайпақ келген. Солтүстігінде Қостөбе, Тасқара шоқылары, шығысында Мойынқұм құмы, батысында Сорбұлақ көлі орналасқан.
## Өсімдігі
Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында топырағында теріскен, еркек шөп, жусан, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Футболдан Қазақстан премьер лигасының 29-шы маусымы. "Астана" клубы чемпион ретінде сынға түсті. Чемпионат наурыз-қараша айларында өткізілді.
## Шолу
Әлемді жайлаған COVID-19 пандемиясының кесірінен наурыз айында басталған чемпионат карантин мен төтенше жағдайларға байланысты шілде айына дейін тоқтап қалды. Шілдеде азырақ ойналды да, қайта үзіліс басталып, тамыздың екінші жалғасында қайта жалғасты. Қайта жалғасқан чемпионат ойындары тек Алматы мен Талғарда ғана өткізілді.
Турнир аяқталуға төрт тур қалғанда "Қайрат" үшінші рет чемпион атанды. Ал соңғы орында қалған "Оқжетпес" бірінші лигаға түсіп кетті. Соңғы жылдары алты рет қатарынан чемпион атанған "Астана" мәреге үшінші боп жетті. Осылайша келесі маусымда "Қайрат" чемпиондар лигасына, "Тобыл", "Астана", "Шахтер" клубтары Еуропа лигасына қатысады. Айта кетейін, 2020 жылы Қазақстан кубогы ойнатылған жоқ.
## Қатысушылар
* Астана
* Ертіс
* Жетісу
* Каспий
* Қайрат
* Қайсар
* Қызылжар
* Оқжетпес
* Ордабасы
* Тараз
* Тобыл
* Шахтер
## Чемпионат статистикасы
### Турнир кестесі
### Мергендер
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
* Бұлақты – Ақмола облысы Астрахан ауданындағы ауыл.
* Бұлақты – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы ауыл.
* Бұлақты – Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл.
* Бұлақты – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл. |
Нұрлан Наурызұлы Қылышбаев (1971 жылы 1 маусымда Талдықорған қаласында туған) - Қазақстан мемлекеттік қайраткері, Алматы облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты (2016 жылдан бері).
## Өмірбаяны
* Талдықорған орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінің аң аулау бөлімінің жетекші инженері (1994-1996).
* Алматы облысы Ішкі істер басқармасының қылмыстық бөлімінің жедел қызметкері (1996-1997).
* Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі (1997-1999).
* Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, бөлім бастығы (1999-2003).
* Жамбыл облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы бастығының орынбасары, бастығы (2003-2004).
* Алматы қаласының "Жігер" ААҚ төрағасы (2004-2010).
* Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары (2010-2013).
* Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі (07.2013-06.2016).
* 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.
## Дереккөздер |
Көктұма — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Ырғайты ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 65 км-дей жерде, Алакөл көлінің оңтүстік-батыс жағасында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бақтияр Батыржанұлы Зайнутдинов (2 сәуір 1998, Тараз) — қазақстандық футболшы, "Бешикташ" клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы. Қазақстан құрамасы тарихындағы үздік бомбардир. Қазақстанның ең қымбат футболшысы.
## Карьерасы
### Клубтық
"Тараз" футбол клубының түлегі. 2017 жылы Қазақстандағы үздік жас футболшы атанды.
2017 жылы 25 қарашада "Астанаға" ауысты. "Астана" сапында Ұлттық чемпионат пен Еурокубоктердегі бірнеше маңызды ойындарда алаңға шықты. Жыл соңында Қазақстандағы "жаңа есім" номинациясына ие болды. 2018 жылы Астана клубымен чемпион атағын алды.
2019 жылы 12 қаңтарда Ресейдің "Ростов" клубына ауысты. "Ростов" сапында 31 рет алаңға шығып 4 гол соққан болатын.
2020 жылы 25 тамызда Мәскеу ЦСКА клубымен 5 жылдық келісім шарт жасасты. 10-тур матчында ЦСКА үшін өзінің алғашқы голын Екатеринбургте "Орал" қақпасына соқты. 2023 жылы Ресей кубогы иегері атанды.
2023 жылы 21 тамызда "Бешикташ" клубына ауысты. Үш күннен соң УЕФА конференциялары лигасында "Динамо Киев" клубына қарсы ойында жаңа командасындағы тұңғыш ойынын өткізді. Екінші таймда алаңға шықты да, 90+5 минутта гол соғып, командасына жеңіс әперді (3:2).
### Ұлттық құрама
Ұлттық құрама сапындағы ойынын 2018 жылы 23 наурызда Мажарстан құрамасына қарсы өткізіп, 39-минутта жеңіс голын соқты. Бұл ойында қазақстандықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық құрамадағы екінші голын 2018 жылы маусым айында Әзірбайжанға қарсы жолдастық кездесуде соқты (3:0).
2018 жылы УЕФА Ұлттар Лигасындағы алты ойынның бәрінде де алаңға шығып, бір гол соқты (Латвия қақпасына).
2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде 3 голдың авторы атанды (Шотландияға екі гол, Сан-Мариноға бір гол).
2020 жылы 4 қыркүйекте УЕФА Ұлттар Лигасының бірінші турында Литваның қақпасына гол соғып, есеп ашты. Бұл кездесуде қазақстандықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.
2021 жылы 7 қыркүйекте ӘЧ-2020 іріктеуінде Босния және Герцеговина қақпасына 90+6 минутта гол соғып, құраманы жеңілістен құтқарды (2:2).
2021 жылғы 16 қарашада Тәжікстанмен жолдастық кездесуде матч тағдырын шешкен жалғы голды соқты.
2022 жылы наурыз айында Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдова қақпасына гол соқты (2:1). 2022/23 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында Беларусь қақпасына гол соғып, құрамаға жеңіс әперді (2:1). ЕУРО-2024 іріктеуінде Дания мен Сан-Мариноның қақпасына бір-бір голдан соғып, құрама сапындағы голдар санын 12-ге жеткізді.
2023 жылы 17 қазанда Финляндия құрамасына қарсы ойында 2 гол соғып, Қазақстан Ұлттық құрамасының үздік бомбардирі атанды.
## Жетістіктері
### Командалық
Астана
* Қазақстан Суперкубогы: 2018
* Қазақстан чемпионы: 2018
ЦСКА
* Ресей кубогы: 2022/23
* Ресей чемпионатының күміс жүлдегері: 2022/23
### Жеке
* Қазақстан чемпионатының үздік жас ойыншысы: 2018
* Қазақстан чемпионатындағы жаңа есім: 2018
## Ұлттық құрамадағы матчтары
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Барлық статистикалары |
Негізгі ұғым:
* Жанама – қисық сызықтармен түйісетін түзу сызық.
Елді мекендер:
* Жанама – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл.
* Жанама – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Жанама – Ертіс алабындағы өзен. |
«Әл-Садд» (араб.: نادي السد القطري) — Катардың Доһа қаласындағы футбол клубы, 1969 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын Яссим бин Хаммад атындағы стадионда өткізеді, сыйымдылығы 12 000 адам.
АФК Чемпиондар Лигасының екі дүркін чемпионы.
## Жетістіктері
* Катар чемпионы (17): 1970/71, 1973/74, 1978/79, 1979/80, 1980/81, 1986/87, 1987/88, 1988/89, 1999/00, 2003/04, 2005/06, 2006/07, 2012/13, 2018/2019, 2020/21, 2021/22, 2023/24
* Катар Әмірі кубогы (15): 1975, 1977, 1982, 1985, 1986, 1988, 1991, 1994, 2000, 2001, 2003, 2005, 2007, 2014, 2015
* Яссим шейх кубогы (13): 1977, 1978, 1979, 1981, 1985, 1986, 1988, 1990, 1997, 1999, 2001, 2006, 2014
* Q-лига кубогы (1): 2010
* АФК Чемпиондар Лигасы (2): 1988, 2011
* Араб чемпиондар лигасы (1): 2001
* Клубтар әлем чемпионатының қола жүлдегері (1): 2011
## Сілтемелер
* Ресми сайты |
«Хайауанаттар бағындағы жаз» — толық метражды көркем фильм. 1976 ж. Қазақфильм студиясы шығарған.
## Сюжеті
Айгүл жас зоологтар үйірмесіне қатысып, жануарларға бақылау жүргізеді. Ол "Намысқой" лақап атты соқыр ламаға жан-тәнімен бауыр басып қалады. Жануардың соқырлығы айналадағы адамдардың өміріне қауіп төндіреді, сонда хайуанаттар бағы басшылығы жануарды шығарып тастау туралы шешім қабылдайды. Алайда Айгүл жылы қарым-қатынас кезінде лама қауіпсіз екенін көрсетіп, басшылықты оны қалдыруға көндіреді. Осылайша оның арқасында "Намысқой" хайуанаттар бағында өмір сүруге қалады.
## Рөлдерде
* Айгүл — Алма Аманжолова
* Кеңшардан келген бала — Сергей Кенжебеков
* Айгүлдің досы — Олег Черепнин
* Үйірме жетекшісі — Гүлнара Рақымбаева
* Хайуанаттар бағы директоры — Шахан Мусин
## Дереккөздер |
Леонид Александрович Кошелев (20 желтоқсан 1979 жыл, Ташкент, Өзбек КСР) — өзбек футболшысы, жартылай қорғаушы. Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. 2004 жылғы Азия кубогына қатысқан.
## Жетістіктері
### «Навбахор»
* Өзбекстан кубогы: 1998
* Өзбекстан суперкубогы: 1999
### «Пахтакор»
* Достастық кубогы: 2007
* Өзбекстан чемпионы: 2002, 2003, 2004, 2005, 2007
* Өзбекстан кубогы: 2001, 2002, 2003, 2004
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
«Қасымхан Шадияров тетралогиясы» — ойдан шығарылған кейіпкер, чекист Қасымхан Шадияровқа негізделген кеңестік, қазақстандық медиафраншиза. Франшиза 1970 жылы түсірілген «Атаманның ақыры» фильмінен бастау алады. 1976 жылы оның жалғасы Транссібір экспресі, одан кейін - 1989 жылы «Маньчжурлық нұсқа» фильмдері шықты. Франшизаның соңғы фильмі — «Сіз кімсіз, Ка мырза?» 2010 жылы шықты.
## Фильмдер
### Шолу
Алғашқы фильмде 1920-21 жылдардағы Қазақстан мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр аймағындағы тарихи оқиғалар жайлы баяндалады. Атаман Дутов бастаған ақ гвардияшылардың әркеттері сипатталған. Ақ гвардияшы атаман Дутовтың бандасын жою туралы операция дайындалады. Оны орындау чекист Шадияровқа жүктелді. Ол атаманның штабына еніп, әбден оның сеніміне кіріп алып, өз өмірін қатерге тіге жүре берілген тапсырманы орындап шығады.
Екінші фильм 1927 жылы Мәскеуге Кеңестік Ресеймен сауда келісімін бастау ниетімен транссібір экспресімен келе жатқан ірі жапон кәсіпкері Сайтоны шетел тыңшыларымен өлтіруін алдын алған кеңес чекистері туралы.
Бұл операцияны Харбинде қытайлық саудагер пен әртіс Фан Ю-Чунь атымен өмір сүрген тәжірибелі кеңестік барлаушы Қасымхан Шадияров басқарып, жүзеге асырады.
Үшінші фильмде Жапон генералитетінің жоғары шенділеріне арналған «Хокуман-отель» қонақ үй кешенінің иесі, кадрлық барлаушы Исидзима-сан (Қасымхан Шадияров) КСРО-ға шығару мақсатында жапон императорына жақын бірқатар генералдарды тұтқынға алу операциясын сәтті өткізеді. Сонымен қатар, өз іс-әрекетімен ол екінші дүниежүзілік соғысының шығыс плацдармында жапон милитаризмінің жеңілу жылында (1945 жылы) императорға адалдық белгісі ретінде аңдамай өз өмірін қиюға дайын жүздеген бейбіт жапон азаматтарының өмірін сақтап қалады.
Төртінші фильм ұзақ уақыт өзге елде түрмеде отырып, еліне оралған бұрынғы кәсіби барлаушының өмірі туралы. Кинода достық, сезім, ізгілік пен зұлымдық тайталасымен қатар, қылмыс әлемі, есірткі бизнесінің адамдар тағдырына әсері және онымен күрес сияқты көкейтесті мәселелер көтеріледі.
Фильмнің қысқаша мәтіні: пойыздағы бір қарт кісінің жанында ашық жарқын, әңгімешіл жігіт отырады. Бірақ жүзі жылы көрінгенімен оның ішінде не ойы бар екенін ешкім білмейді. Бұл адамның қауіпті екенінен ел-жұрт бейхабар.
## Түсім
### Кассалық түсім
### Критика
## Басты кейіпкерлер
## Түсіру тобы
## Сілтемелер |
«Кездеспей кеткен бір бейне» — толық метражды көркем фильм. 1977 ж. Қазақфильм студиясы шығарған.
## Сюжеті
Фильм Кеңес өкіметінің қалыптасу кезеңін, Қазақстандағы революциядан кейінгі алғашқы жылдардағы оқиғаларды ойнататын Ғабит Мүсіреповтің бір аттас повесі бойынша түсірілген.
Бандиттер халық ақыны мен әнші Еркеннің бірнеше рет сазайын тарттыруға тырысты, бірақ олар оны үнсіз қалуға мәжбүрлей алмады. Жердің өзі оны сақтап жүргендей көрінді - большевиктер комитетінің тапсырмасы бойынша түрмеден қашып, ол қаңғыбас түрінде кедейлердің үйілерінде баспана мен көмек тауып, Кеңес өкіметінің халыққа деген пайдасын түсіндіре елдің оңтүстігіне жасырын өтті. Еркен Ақлиманың сұлулығына тәнті болып, ғашық болады. Алайда Отарбай оны қалың малға сатып, Ақлима қара шешектен қайтыс болады. Өмірінің соңына дейін Еркен Ақлимаға деген махаббатын өткізді. Ауылдың бірінде кездестірген тағдыры қайғылы біткен сол бір жас қызды ол ұмыта алмады.
## Рөлдерде
* Еркен — Жамбыл Құдайбергенов
* Ақлима — Гүлнара Сүлейменова
* Ақбала — Раиса Мұхамедиярова
* Кәрім — Сәрсен Баймұқанов
* Сойылбек — Әнуар Молдабеков
* Қайсар — Болат Қалымбетов
* Байкен — Кәукен Кенжетаев
* Мырзагелді — Нұрлыбай Есімғалиев
* Төке — Дінмұхамед Әкімов
* Отарбай — Советбек Жұмаділов
## Дереккөздер |
Ильдар Магдеев (өзб. Ildar Magdeev/Eldor Magdiev; 11 сәуір 1984) — өзбек футболшысы, жартылай қорғаушы. Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 2004, 2007 жылдары Азия кубогына қатысқан.
## Жетістіктері
### Командалық
* Өзбекстан чемпионы (6): 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007
* Өзбекстан кубогы (7): 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2009
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі
* "Пахтакордан" бес футболшы кетті
* Өзбек жартылай қорғаушысы "Оралға" бармады |
Хикматжон Хашимов (өзб. Hikmat Hashimov; 12 қараша 1979) — өзбек футболшысы, жартылай қорғаушы. Өзбекстан ұлттық футбол құрамасы сапында 2007 жылы Азия кубогына қатысқан.
## Жетістіктері
* Өзбекстан чемпионы: 2010
* Өзбекстан кубогы: 2010
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі (national-football-teams) |
Актепа (өзб. "Oqtepa" professional futbol klubi: қаз. "Ақтөбе" футбол клубы) — Өзбекстанның Ташкент қаласындағы футбол клубы.
## Тарихы
2000 жылы құрылып, Өзбекстан екінші лигасында ойнай бастады. 2005 жылғы маусым қорытындысында бірінші лигаға (Про лига) жолдама алды. Содан бері бірінші лигада ойнап келеді.
2015 жылғы маусым қорытындысында суперлигаға жолдама алу үшін "Согдиана" клубымен плей-оффта ойнап, 1:2 есебімен ұтылып қалды.
2016 жылғы маусымда белгісіз себептермен жарыстан шеттетілді. Содан про лигаға 2019 жылғы маусымда бір-ақ оралды.
## Стадионы
Өз алаңындағы ойындарын Ташкенттегі "Актепа" стадионында өткізеді. 2012 жылы жасанды төсенішпен қамтылды.
## Сілтемелер
* Ресми сайт
* Клуб жетекшілігі
* Қазіргі құрамы
* soccernews.ru Мұрағатталған 10 наурыздың 2016 жылы. |
Рауф Талгатович Инилеев (өзб. Rauf Talgatovich Inileyev; 8 қазан 1950 жыл, Ташкент, Өзбек КСР, КСРО) — КСРО және өзбекстандық футболшы, футбол жаттықтырушысы.
## Жетістіктері
### Жеке
* АФК-ның үздік бапкері: 2007
* Өзбекстандағы жыл бапкері: 2007
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі Мұрағатталған 16 желтоқсанның 2019 жылы. |
Рауф Талгатович Инилеев (өзб. Rauf Talgatovich Inileyev; 8 қазан 1950 жыл, Ташкент, Өзбек КСР, КСРО) — КСРО және өзбекстандық футболшы, футбол жаттықтырушысы.
## Жетістіктері
### Жеке
* АФК-ның үздік бапкері: 2007
* Өзбекстандағы жыл бапкері: 2007
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі Мұрағатталған 16 желтоқсанның 2019 жылы. |
Ислам Инамов (өзб. Islom Inomov; 30 мамыр 1984, Ангрен, Өзбек КСР) — өзбек футболшысы, қорғаушы. Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 2004, 2007 жылдары Азия кубогына қатысқан.
## Жетстіктері
### Футболшы ретінде
* Өзбекстан чемпионы: 2004, 2006, 2007, 2011
* Өзбекстан кубогы: 2004, 2006, 2007, 2009
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ислом Иномов "Бунедкорға" ауысты. Мұрағатталған 9 желтоқсанның 2018 жылы.
* Профилі
* Профилі |
Иван Эргич (серб. Иван Ергић; 21 қаңтар 1981 жыл, Шибеник, Югославия) — сербиялық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Карьерасы
Карьерасын 1999 жылы Аустралияның "Перт Глори" клубында бастады. Сол жылы Аустралия Ұлттық лигасының жеңімпазы атанды, ал плей-оффта финалға дейін жетті.
2000 жылы "Ювентусқа" ауысты, бірақ клубта бір ойын да өткізе алмады, "Базельге" жалға берілді. Бір жылдан соң "Базель" футболшыны түпкілікті сатып алды.
2006 жылы клубтан Паскаль Цубербюллер кеткен соң капитан боп тағайындалды.
2009 жылы "Бурсаспорға" ауысып, екі маусым ойнады.
Ұлттық құрама сапында 2008 жылғы Еуропа біріншілігі мен 2010 жылғы әлем біріншілігінің іріктеулерінде ойнады.
## Жетістіктері
### Перт Глори
* Аустралияның регулярлы чемпионатының жеңімпазы (NSL): 2000
### Базель
* Швейцария чемпионаты (4): 2002, 2004, 2005, 2008 («Базель»)
* Швейцария кубогы (4): 2002, 2003, 2007, 2008
* Uhrencup кубогы (3): 2003, 2006, 2008
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Футболшының профилі |
Огнен Короман (серб. Огњен Короман, Ognjen Koroman; 19 қыркүйек 1978, Пале, Югославия) — сербиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Сербия және Черногория Ұлттық футбол құрамасы сапында 2006 жылғы әлем біріншілігіне қатысқан. Кейін Сербия құрамасында ойнады.
## Жетістіктері
### «Крылья Советов»
* Ресей чемпионатының қола жүлдегері: 2004
### «Црвена звезда»
* Сербия чемпионы: 2006/07
* Сербия чемпионатында күміс жүлдегер: 2007/08
* Сербия чемпионатында қола жүлдегер: 2008/09
* Сербия кубогы: 2006/07
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Биографиясы мен статистикасы |
Толға Сейхан (түр. Tolga Seyhan; 17 қаңтар 1977, Гиресун, Түркия) — түркиялық футболшы, қорғаушы. Түркия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Карьерасы
2005 жылы "Трабзонспордан" Донецкінің "Шахтеріне" ауысып, "Шахтер" сапындағы тұңғыш түркиялық легионер атанды. Бірақ "Шахтерде" бір маусым ғана доп теуіп, 16 кездесуге алаңға шықты, есесіне Украина чемпионы атанды да, 2006 жылы "Галатасарайға", бір жылдан соң қайтадан "Трабзонспорға" жалға берілді.
2008 жылы жазда "Коджаэлиспорға" ауысты.
2011 жылы туған қаласындағы "Гиресунспорда" ойнап, карьерасын аяқтады.
## Жетістіктері
* Түркия чемпионатының күміс жүлдегері (3): 2003/04, 2004/05, 2006/07
* Түркия кубогы: 2004/05
* Украина чемпионы: 2005/06
* Украина суперкубогы: 2005
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі
* Профилі(қолжетпейтін сілтеме) |
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ — Қазақстанның аграрлық саласының ғылыми-білім беру мекемелерінің мемлекет және бизнеспен тұрақты өзара әрекеттесуінің бірыңғай операторы, ғылыми-білім беру орталығы.
## Тарихы
"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Үкіметтің 2015 жылғы 22 тамыздағы № 659 қаулысымен құрылды. Акционерлік қоғам құрамына Ауыл шаруашылығы министрлігінің 3 жоғары оқу орны өтті. Сонымен бірге "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамын таратып, мүлкін "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына" беру көзделді.
Үкіметтің 2016 жылғы 25 қазандағы № 616 қаулысы "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамының толық таратылуын жоққа шығарды.
Үкіметтің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 160 қаулысымен "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамы мен оның 42 еншілес ұйымы "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына қосылды.
Үкіметтің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 558 қаулысымен Аграрлық орталықтың "Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" мен "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағына өтті.
Үкіметтің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 275 қаулысымен "Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты" ЖШС Денсаулық сақтау министрлігінің жаңадан құрылған "QazBioPharm" Ұлттық холдингінің құрамына берілді.
Үкіметтің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 949 қаулысымен "Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы" ЖШС тікелей Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына өтті.
Үкіметтің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 1061 қаулысымен "Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қарамағына өтті.
## Миссиясы мен қызмет көрсету бағыттары
«ҰАҒБО» КеАҚ миссиясы - Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық дамуына жәрдемдесу. Олардың қатарында: сұрыптардың өнімділігін арттыру үшін егін шаруашылығында инновациялық тәсілдерді енгізу, жаңа технологияларды апробациялау және енгізу үшін тәжірибе шаруашылықтарының негізінде демонстрациялық алаңдарды құру, Қазақстан Республикасының АӨК дамыту үшін отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу әзірлемелерін жасау, аграрлық саладағы ғылыми ортаны нығайту және одан әрі дамыту.
Миссияны орындау үшін «ҰАҒБО» КеАҚ келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
* Агроөнеркәсіп кешенінің ғылыми және кадр әлеуетін арттыру.
* Еншілес ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
* Мемлекеттік органдармен тиімді өзара әрекеттесу.
* Ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық тиімділігін арттыру, аграрлық ресурстар мен стандарттарды дамыту, аграрлық сектордағы инвестициялық және инновациялық белсенділікке ынталандыру мақсатында акциялары Қоғамға берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару.
* Педагогикалық қызметкерлердің, студенттердің бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарын ынталандыру.
* Тәжірибелі-конструкторлық жұмыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты, агроөнеркәсіптік кешендегі инновациялық сипаттағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту, олардың коммерциялануы және Қазақстан Республикасында жүзеге асырылуы.
* Отандық тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды, агроөнеркәсіптік кешеннің іргелі және қолданбалы зерттеулерін сыртқы нарықтарға алға жылжытуға жәрдемдесу.
* «ҰАҒБО» КеАҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының қызметіне халықаралық стандарттарды енгізу.
* Ауыл шаруашылығына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту.
* Заманауи өндірістік технологияларды енгізетін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін ынталандыру шараларын әзірлеу.
* Қазақстанның аграрлық ғылым мен білім деңгейін халықаралық сапа стандарттарына көтеру.
* Қазақстандық аграрлық ғылыми өнімдерді (сорттар, тұқымдар, технологиялар және т.б.) әлемдік және аймақтық нарықтарға жылжыту.
* Заманауи ғылыми әзірлемелерді және инновациялық технологияларды өндіріске енгізудің тиімді жүйесін құру.
* Аймақтық тәжірибе-эксперименталдық орталықтар желісін және білімді тарату орталықтарын құру.
* Бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және бюджеттен тыс қаражат есебінен ғылыми әзірлемелерді бірлесіп қаржыландыру жүйесін құру.
* Әлемдік деңгейде аграрлық ғылым мен білім инфрақұрылымын құру және дамыту және оның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету .
## Еншілес ұйымдары
Акционерлік қоғам құрамына 31 еншілес компания, оның ішінде 3 жоғары оқу орны, 10 ғылыми-зерттеу орталығы, 16 тәжірибе шаруашылығы, 1 асылдандыру орталығы және 1 сервистік компания кіреді.
### Жоғары оқу орындары
### Ғылыми-зерттеу орталықтары
### Тәжірибе станциялары мен шаруашылықтары
### Асылдандыру орталығы
### Сервистік компания
## Басшылары
* Асқар Наметов (2015-2017)
* Ұлан Тәжібаев (2018-2019)
* Төлеутай Рақымбеков (2019-2020)
* Гүлмира Исаева (2021-2022)
* Дархан Балпанов (2022-2023)
* Бауыржан Қасенов (2023-2024)
* Айгүл Ахмеджанова (2024-)
## Дереккөздер |
Ниязи Серхат Акын (түр. Niyazi Serhat Akın; 5 маусым 1981, Бреттен) — түркиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Түркия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Карьерасы
"Карлсруэ" клубының түлегі. Карьерасында Германия, Түркия, Бельгия чемпионаттарында доп тепті. Түркия және Бельгия чемпионы атанды.
Ұлттық құрама сапында 16 кездесу өткізіп, үш голдың авторы атанды.
## Жетістіктері
### Клубтық
Фенербахче
* Түркия чемпионы: 2000–01, 2003–04, 2004–05
Андерлехт
* Бельгия чемпионы: 2005–06
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Ақ тұтқын (ағылш. Eight Below; және «Антарктика») - Антарктидадағы иттердің аман қалуы туралы 2005 жылғы көркем фильм. Нақты оқиғаларға негізделген 1983 ж. Жапондық фильмнің ремейкі.
## Сюжеті
Фильм 1993 жылы Антарктиканың кең кеңістігінде орын алады. Антарктикалық станцияның қызметкері Джерри Шеппард және университет профессоры Дэвис МакЛарен метеорит іздеп ит шанаға шықты. Қайтар жолда профессор аяғын сындырып, мұзды суға батып кетті, ал Джерри аязға байланысты көмекке мұқтаж болды. Қатты дауылдың салдарынан станция эвакуацияланды, солтүстік шана тұқымының 8 иттері қалды.Алдымен ол бірнеше күннен кейін оралуы керек еді, бірақ жалғасып тұрған дауыл, содан кейін қыстың басталуы бұған жол бермеді. Антарктикалық қыста иттер алты айдай жалғыз тұруға мәжбүр болды. Нәтижесінде сегіз иттің алтауы аман қалды. Джек шынжырынан айырылып, қатып қалмады, Дьюи жартасты алып тастады. Үшіншісі - маялықтардың «орамасының» жетекшісі - теңіз барсы жарақат алды, бірақ Джерри қайтып келерден аз уақыт бұрын болды, сондықтан ит құтқарылды.
## Рөлдерде
## Түсірілім барысы
Фильмді түсіруге 30-дан астам ит қатысты. Макс, Майя, Джек және Бак бұрын-соңды иттер туралы тағы бір фильмде, Қарлы иттермен ойнаған.Иттердің негізгі жаттықтырушысы Майк Александр болды.
Фильм «Үздік фильм музыкасы үшін» ASCAP сыйлығын алды. 2006 жылы фильм «Жастарға арналған ең жақсы DVD басылымы» аталымы бойынша Спутниктік сыйлыққа ұсынылды.Телевизиялық сұхбатында Пол Уокер фильмдегі барлық ит-кейіпкерлердің жиынтығында Шортанды ең жақсы көретінін айтты
## Сілтемелер
* https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B5%D0%BB%D1%8B%D0%B9_%D0%BF%D0%BB%D0%B5%D0%BD |
Нежати Атеш (түр. Necati Ateş; 3 қаңтар 1980 жыл, Измир) — түркиялық футболшы, шабуылшы. Түркия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Жетістіктері
### Клубтық
«Галатасарай»
* Түркия чемпионы (3): 2005/06, 2011/12
* Түркия кубогы (1): 2004/05
* Түркия суперкубогы (1): 2012
### Ұлттық
Түркия
* Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері (1): 2003
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі Мұрағатталған 7 сәуірдің 2019 жылы. |
* Алтынарық – Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл.
* Алтынарық – Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл. |
«Тел өскен ұл» — толық метражды көркем фильм. 1977 ж. Қазақфильм студиясы шығарған.
## Сюжеті
Фильм екінші дүниежүзілік соғыс кезінде анасынан адасып, қазақ отбасынан пана тапқан Сергейдің оқиғасын баяндайды. Жайбарақат өмір кешіп, 37 жыл бойы қазақ жерінде өмір сүрген ол туған анасы Евдокия өзін іздеп келеді деп ойламаған еді. Ал онымен бірге жыраққа кету — қазақы ортаға әбден сіңісіп кеткен жігіт ағасының жоспарында, тіпті, жоқ болатын. Алайда Сергейді ұлындай бағып-қағып өсірген Рабиға апа оған туған жеріне қайтып, өзін тоғыз ай құрсағында көтерген анасының жанында болуды тапсырады. Жанына інісі Сапарды ертіп алған Сергей туған өлкесіне барғанда түрлі кедергілерге кезігеді.
## Рөлдерде
* Евдокия — Лидия Смирнова
* Рабиға — Бикен Римова
* Сергей — Виталий Гришко
* Степаныч — Константин Воинов
* Иван Петрович — Юрий Горобец
* Сапар — Сапарғали Жәкішев
* Тоня — Евдокия Германова
* Вероника — Светлана Меньшикова
* Ефросинья — Олеся Иванова
* Көкеш — Әнуар Боранбаев
* Сәлима — Меруерт Өтекешева
* Есберген — Торша Жабаев
* Айдас — Өмірзақ Асылбеков
## Дереккөздер |
Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы (АрқАШТС) (ағылш. Arqalyq Agricultural Experimental Station, орыс. Аркалыкская сельскохозяйственная опытная станция) - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ қарасты мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қатысуымен қызмет ететін ауылшаруашылығы бағытындағы кәсіпорын .
## Қалыптасу тарихы
* 1960 жыл - "Арқалық" кеңшары құрылды.
* 1979 жыл - "Арқалық" кеңшары базасында "Арқалық ауылшаруашылық тәжірибе станциясы" құрылды.
* 1990 жыл - Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары Академиясының жүйесіне қосылды.
* 2002 жыл - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі қарауына берілді.
* 2007 жыл - "Арқалық ауылшаруашылық тәжірибе станциясы" ЖШС болып қайта құрылды.
* 2010 жыл - ҚР Ауылшаруашылық министрлігі, "КазАгроИнновация" АҚ-ының еншілес "Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" ЖШС болып қайта тіркелді.
* 2015 жылдан бастап - "КазАгроИнновация" АҚ-ның бірігуіне байланысты "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру Орталығы" КЕАҚ-ның еншілес кәсіпорыны.
### Жұмысының негізгі бағыттары
* ) ауылшаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы және асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша шараларды жүргізу;
* ) ауылшаруашылығы дақылдарының бірегей және репродукциялы тұқымдарын өндіру және ауылшаруашылық жануарларының асыл тұқымды материалдарын өсіру;
* ) ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымдары мен ауылшаруашылық жануарларының асыл тұқымды материалдарын өткеру;
* ) егіншіліктің аймақтық жүйелерін, ауылшаруашылық дақылдары мен жануараларын өсіру технологияларын жетілдіру;
* ) ғылыми зерттеулер нәтижелерін апробациядан өткузі және аяқталған құрастырылымдарды өндіріске енгізу.
"Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" ЖШС тұқым шаруашылығы бойынша келесі дәрежелерге ие:
* астық дақылдарының оригиналды тұқымдарын өндіруші;
* астық дақылдарының элиталы тұқымдарын өндіруші.
### Ғылыми жетістіктері
Қостанай облысының оңтүстік аймағында астық дақылдары бойынша тұқымды себудің жаңа мерзімдері құрастырылды. Даму фазаларының себу мерзімдеріне тәуелділігі анықталды.Көктемгі-егістік жұмыстарды жүргізу бойынша аймаққа арналған әдістемелік нұсқаулықтар құрастырылды.
## Дереккөздер |
«Нан мен тұз» — толық метражды көркем фильм. 1977 ж. Қазақфильм студиясы шығарған.
## Сюжеті
Сапарғали Бегалинның «Мұстафа» әңгімесінің сарыны бойынша фильм.
Фильм оқиғасы ұжымдастыру кезеңіндегі феодалды-бай қалдығы сақталған Қазақстанның шалғай жерінде болған.
## Рөлдерде
* Мұстафа — Сәрсен Баймұқанов
* Қаракөз — Жанна Керімтаева
* Жандар — Шаймерден Хакімжанов
* Бәйбіше — Әмина Өмірзақова
* Жігіт — Жанас Ысқақов
* қарт Мұстафа — Торша Жабаев
* Ырысжан — Әлия Арысбаева
* Төлеп — Дінмұхамед Әкімов
* Әсия — Гүлнара Ерәлиева
* Ноян — Тұрсын Құрәлиев
* Агроном — Нұрлыбай Есімғалиев
* Жамал — Ғазиза Әбдінәбиева
* Раш — Тамара Қосыбаева
* Селебез — Жақсыбек Құрманбеков
## Дереккөздер |
Самир Абдусалам Абуд (араб.: سمير عبود; 29 қыркүйек 1972 жыл, Триполи, Ливия) — ливиялық футболшы, қақпашы. Ливия Ұлттық футбол құрамасының экс-капитаны.
Карьерасында екі рет пенальтиден гол соққан. Бірі ұлттық чемпионатта, екіншісін Араб чемпиондар лигасында.
## Жетістіктері
* Ливия чемпионы: 1991, 2002, 2003, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, 2010
* Ливия кубогы: 1992, 1999, 2004, 2005, 2007, 2009
* Ливия суперкубогы: 1999, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, 2010
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Шамалған — Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл, Шамалған ауылдық округі орталығы. 2010–2017 жылдары Үшқоңыр деп аталған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде, Үшқоңыр тауының етегінде, Шамалған өзені бойында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1910 жылы қаланған. 1961-1997 жылдары көкөніс-сүт өндіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде Шамалғанда, Айқым және 2013 жылға дейін Шамалған ауылдық округі құрамында болған Еңбекші, Құмарал, Сауыншы және Үштерек ауылдарында 700-ге жуық шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы бағытындағы 8 ЖШС, “Т.Рысқұлов атындағы университеттің биокомбинаты” ЖАҚ-ы, “Қазтеміржол-жабдықтау”, “Достар”, “Селден қорғау” ЖШС-тері орналасқан. Шамалған атауы Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 11 қаулысы және Алматы облыстық маслихатының 2010 жылғы 10 ақпандағы N 28-179 шешімімен Үшқоңыр деп өзгертілген болатын , алайда 2017 жылғы 27 шілдеде Алматы облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс XIX сессиясы шешімімен ауылдық округ пен ауылға бұрынғы Шамалған атауы қайтарылды
## Көпшілік-танымдық орындары
* "Атамекен" тарихи-мәдени орталығы ;
* "Үшқоңыр" спорттық-сауықтыру кешені
## Дереккөздер |
Үміт Озат (түр. Ümit Özat; 30 қазан 1976, Анкара, Түркия) — түркиялық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 2002 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
## Жетістіктері
### Ойыншы ретінде
* Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2002
* Түркия чемпионы: 2003/04, 2004/05, 2006/07
* Түркия кубогы: 2000/01
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі
* Профилі |
Шаймерген Әлдибекұлы (10.11.1939 Райымбек ауданы, Қайнар ауылы - 29.02.2008 Алматы қаласы) — Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, аудармашы, Райымбек ауданының құрметті азаматы, Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына арналған республикалық жазба ақындар мүшайрасының жүлдегері.
## Өмірбаяны
1939 жылдың 10 қарашасы күні Алматы облысының Нарынқол (қазіргі Райымбек) ауданындағы Қайнар ауылында дүниеге келген. Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.
1957 жылы Текес орта мектебін бітірген. 1961 жылы Талғар ауылшаруашылығы техникумына қабылданған. Осында оқып жүргенде оның алғашқы жырлары баспасөз беттеріне жариялана бастады. Техникумды бітіріп шыққан соң туған ауылына қой ферма зоотехнигі, колхоз комсомол ұйымының хатшысы қызметтерін атқарған.
1963 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті) филология факультетінің журналистер дайындайтын бөліміне түсіп, оны 1968 жылы бітіріп шыққан соң республикалық «Қайнар» (1968-1979 жылдар), «Жазушы» (1979-1982 және 1984-1996), Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік комитетінде (қазіргі Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі, 1982-1984 жылдар) жетекші редактор, Алматы қаласы мен облысына радиохабарларын тарату Бас редакциясында (1996-1997 жылдар), «Санат» баспасында (1997-1999 жылдар) аға редактор, кейін «Арыс» баспасында редактор болып қызмет істеді.
Оның алғашқы өлеңдері жас ақындардың 1969 жылы жарық көрген «Жас керуен» атты жинағына енген.
## Шығармалары
* «Шопан апа» (очерк кітабы), «Қайнар» баспасы, 1970;
* «Нөсерден соң» (балаларға арналған өлеңдер мен ертегі), «Жазушы» баспасы, 1974;
* «Қайнар» (өлеңдер), «Жазушы» баспасы, 1982;
* «Бақыт жұлдызы» (балаларға арналған өлеңдер мен ертегі), «Жалын» баспасы, 1984;
* «Көгілдір көкжиек» (өлеңдер мен поэма), «Жазушы» баспасы, 1987;
* «Көгілдір таулар» (өлеңдер мен поэма), «Жазушы» баспасы, 1990;
* «Болашақ чемпиондар» (балаларға арналған өлеңдер мен ертегілер),«Балауса» баспасы, 1994;
* «Хантәңірі» (өлеңдер мен поэмалар), «Жазушы» баспасы, 1997;
* «Тағы бір таң атты» (жыр кітабы), «Санат» баспасы, 2002;
* «Алтын ғасырдан жарқын ғасырға» (дастан), «Өркениет» баспасы, 2002;
* «Күн қызарып батты» (өлеңдер мен толғау-дастан), «Үш қиян» баспасы, 2005;
* «Келін» (әнгімелер мен повестер), «Елорда» баспасы, 2005.
Аталған еңбектері жайлы сонау жетпісінші жылдары Мұқағали Мақатаев, тоқсаныншы жылдары Сырбай Мәуленов пен Тұманбай Молдағалиев, Сағи Жиенбаев, Есенбай Дүйсенбаев, Еркін Ібітанов, Зейнолла Тілеужанов секілді танымал ақындар жылы пікірлер білдірген. (Күн қызарып батты) «Үшқиян» баспасы -2005 жыл, 6-21 беттер.
1970 жылдың 22 мамырында ақиық ақын Мұқағали Мақатаев Ш.Әлдибекұлының «Қайнар» атты жыр жинағынын қолжазбасын оқып шығып, мынандай пікір білдіріпті: «...Жас ақында өсу бар. Жалықпай еңбектену бар. Баспаға ұсынып отырған «Қайнар» жинағы жас ақынның алған бағытының айқындығын, идеясының тұрақтылығын байқатады. Нендей тақырыпты жырламасын, өзіндік өң, өзіндік бояу тауып, аспай-шашпай өз үнімен танылады. Біздің қоғамның болмысын өлеңіне өзек етеді. Жақсы өлеңдерін жинастырып, оқушы қауымға ұсынуға тұрады деген ойдамын»...Әйгілі ақын Сырбай Мәуленов Шаймерген Әлдибекұлының өлеңдеріне берген бағасында осылай айтыпты: «...Ақын бір жинақтан бір жинаққа көзқарасы кеңейіп дүниетанымы ұлғайып, мақсаты үлкейіп келеді...Көпірме, көтерме сөздерден, лепіріп асқақтаудан аулақ. Алда талай өткелдер тұрғанын сезінеді. Жинақтың салмақты бөлігі Шаймергеннің поэмаларында жатыр», -деп аға ақын інісінің «Көгілдір таулар» жыр жинағына риза көңілін білдіріпті. 1986 жылдың 15 қыркүйегінде белгілі ақын Есенбай Дүйсенбаев Шаймергеннің «Көгілдір көкжиек» кітабының қолжазбасын оқып шығып, мынандай пікір білдірген: «...Алқымындағы ақиқатты ақ қағазға түсірмеуге амалы қалмағанда ғана қолына қалам алатын бұл автор қазақ жырының адал қызметкері екеніне ешқандай шүбәлануға болмайды. Оның екі-үш жыл бұрын жарық көрген «Қайнар» атты өлеңдер жинағына да кезінде пікір білдіргендердің біріміз. Баспасөзде бақай есеппен бірлі-жарым солақай рецензия шыққанынан да хабардармыз. Ал шынтуайтында Шаймергеннің ол кітабы сынның жылы лебізіне әбден лайық еді»...
## Аудармалары
Шаймерген Әлдибекұлы белорус халық ақыны Янка Купаланың, чечен-ингуш ақындары Иван Минтек, Әбу Мальсаговтың, Оңтүстік Корея ақыны Ким Джиха, Ливан ақыны Амадо Эрнандес, Шри-Ланка ақыны С.Махинда, Алжир ақыны Мухаммед Диб, Заир ақыны Патрис Лумумба, Кения ақындары Джаред Ангира Джонатан Караара, Морокко ақыны Мохаммад Азиз Лахбабидидің, монғол ақыны Урианхайдың, саха ақындары Иван Гоголев пен Рафаэль Багатайскийдің, қырғыз ақындары Муса Жанғазиевтің, Жәлел Садықовтың, Омар Сұлтановтың, өзбек ақыны Тұрсынбай Адашбаевтың, қарақалпақ ақыны Толыбай Кабуловтың және тағы басқа ақындардың бірсыпыра өлеңдерін орыс тілінен қазақ тіліне аударуға қатысқан. Сондай-ақ ол венгір жазушысы Петер Верештің повестер мен әңгімелерінен тұратын «Тәлпіш қатын» атты кітабын (1984)аударып, жеке кітап етіп шығарған.
## Өлеңдеріне жазылған әндер
Шаймерген Әлдибекұлының көптеген өлеңдеріне Ілья Жақанов («Балқан таудың баурайында»), Әсет Бейсеуов («Анашым»), Хасен Қожа-Ахмет («Ақ дастарқан», «Желтоқсан», «Ғашық едім», «Алыстап кетті сол күндер», «Анашым»), Әшірхан Телғозиев («Еңлік гүлім», «Құрдастарым»), Сүгірәлі Сапарәліұлы («Ақ сары қыз», «Қайнағалар», «Кәусар әнім»), Зейнеп Дүйсебаева («Сағыныш»), Құдайберген Өрісбаев («Қия алмай кеттім», «Астана вальсі», «Анашым»), Темір Тайбеков, Мұқанбек Оразбаев, және тағы басқа сазгерлер ән шығарған.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.