text
stringlengths 3
252k
|
---|
Сарысай – Байқоңыр алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерінде.
## Бастауы
Майтөбе тауының (Ұлытау) солтүстік батыс етегіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзіледі. Байқоңыр өзеніне сол жағынан құяды. Ұзындығы 30 км.
## Гидрологиясы
Жағасы тік жарлы, ирелең. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толысады. Сәуірде тасиды, шілде де деңгейі мүлде төмендейді, жаздың ыстық айларында жеке қара суларға бөлініп қалады. Өзен алабы жайылымдық, суымен мал суарылады.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Бостандық – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл.
* Бостандық – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл.
* Бостандық – Жамбыл облысы Талас ауданындағы ауыл.
* Бостандық – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы ауыл.
* Бостандық – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы ауыл.
* Бостандық – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл.
* Бостандық – Түркістан облысы Сауран ауданындағы ауыл. |
Мүсілім Әмзе (1977 жылы 23 қаңтар, Оңтүстік Қазақстан облысы) — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің және Н. Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық Отырар сазы оркестрінің дирижері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
* 2000 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын халық аспаптары факультетін домбыра мамандығы және оркестр факультетін контрабас мамандығы бойынша қатар тәмәмдаған.
* 2010 жылы консерваторияны опера-симфония дирижері мамандығы бойынша аяқтаған.
* 2014 жылы профессор Базарғали Әжиұлы Жаманбаевтың класынан «Өнертану магистрі» академиялық дәрежесін алып шыққан.
* 2016 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының докторанты.
* 2017 жылдан Қазақстан композиторлар одағының мүшесі.
* 2008-2014 жылдары А.Жұбанов атындағы РҚМММИ симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және дирижері.
* 2008 жылы дирижер В.Папянның жетекшілігімен Ашдод симфониялық оркестрінде (Израиль) және 2009 жылы Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясында тәжірибеден өтті.
* 2017 жылы Мюнхен Симфоникер оркестрінде (Германия) дирижер Георг Фритш өткізген мастер-классқа қатысып, тәжірибеден өткен.
* 2008 жылдан Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері. Токионың Персимон-Холл сахнасында өнер көрсеткен.
* 2009 жылдан ҚР мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің дирижері. Алғашқы дебюттік концертін Израильдің Ришон ле-Зион және Ашдод қалаларында өткізді.
* 2011 жылдан П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің симфониялық және эстрада-симфониялық оркестрлерінің көркемдік жетекшісі және дирижері.
* 2010-2012 жылдары Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері қызметін атқарды.
* «Мәңгілік сарын» атты домбыра күйлері антологиясының (2007 ж.), «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» (2009 ж.), «Шаһнама» (2013 ж.) антологиялық жинақтарының құрастырушысы, «Қазақстанның музыкалық мұрасы», «Қазақстандағы этностардың музыкалық мұралары» (2015 ж.) антологиялық жинақтарының музыка редакторы
* Республикалық жас орындаушылар конкурсының (Алматы, 1994), Қаршыға Ахмедияров атындағы күйшілер конкурсының лауреаты (Алматы, 1996) және I Халықаралық Н.Тілендиев атындағы дирижерлар конкурсының (Астана, 2008) дипломанты. М.Төлебаев атындағы республикалық «Алтын таяқша» дирижерлар конкурсының (Талдықорған, 2013) лауреаты.
* Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрімен 2012 жылы «Ғасырлар пернесі», Нұрғиса Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрімен 2012 жылы «Сырлы сарын», 2013 жылы «Сырлы саз», 2014 жылы «Аңсау», 2016 жылы «Гүлден, елім», ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрімен 2015 жылы «Тарихын тасқа таңбалап» атты жеке концерттері өткен. |
Жоғарғы Бұрлық — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Имантау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 453 адам (224 ер адам және 229 әйел адам) болса, 2009 жылы 357 адамды (172 ер адам және 185 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Майра Уәлиқызы Шамсутдинова– халық әншісі, композитор. 1896 ж. 6-мамырда Кереку (қазіргі Павлодар) қаласында дүниеге келген. Майра жасынан гармон тартып, ән салған. Кереку, Баянауыл, Семей аймағындағы жәрмеңке, той-думандарда өнер көрсетіп, есімі елге жайылған.
## Өмірбаяны
1890 жылы қазіргі Павлодар облысы Павлодар қаласында дүниеге келді. Майра 13 жасынан бастап көптеген тыңдаушылар алдында өнерін көрсете бастаған.
## Шығармашылығы
Дауысының ауқымдылығы класскалық, жеке және сол заманғы шығармаларды орындау мүмкіндігін беретін.
Ол қазақ, татар, орыс тілінде кәсіби орындаушылығымен таң қалдыратын. Әміре Қашаубаев және Иса Байзақовтардың қатарында өзінің өнерін Баянауыл және Қоянды жәрмеңкелерінде көрсеткен.
1926 жылы әйгілі этнограф-музыкант А.В. Затаевичпен кездесіп, өзінің орындауындағы жеке әндері мен 13 халық әндерін жазған.
«Майра» әні өте танымал болды (басқа атауы— «Убайра», «Райра», «Хару-раку-райра»)- ақындар өнерінің салтында шығарылған өзіндің әуендік «автопортрет».
### Шығармалары
* “Ахау, Семей”
* “Гауһар тас”
* “Ертіс”
* “Сәулем-ай”
* “Мақпал”, т.б. халық әндері болды.
Александр Затаевич Майраның орындауында
* “Мақпал”
* “Көкмайса”
* “Қарағым-ау”
* “Қаракөз”
* “Баянауыл”
* “Телқоңыр”
* “Даланың әні”
* “Құрбымжай”
* “Алқарағай көк”
* “Хұсни құрдас”
* “Смет” әндерін жазып алып, нотаға түсірген.
Ол өз орындауында жаздырған “Майра”, “Қызыл гүл”, “Өкшесі етігімнің айнала жез”, “Бақша” әндерінің авторы. Әншілік өнерді кәсіби дәрежеде меңгеріп, өзіндік нақышпен сырнайға қосылып айтқан. Қазақ әндерімен қатар татар, орыс әндерін де нақышына келтіре орындаған. 1927 ж. 1-мамырда Керекуде қайтыс болды. Майраның әндерін композиторлар Евгений Брусиловский “Қыз Жібек” операсында, Александр Зильбер “Қайта туған Қазақстан” симфониясында, Бақытжан Байқадамов “Майра” хор капелласында пайдаланды. Әбділда Тәжібаев “Майра” атты пьеса, поэма жазды. Майраның әндері Ахмет Жұбановтың, Мақсұтбек Майшекиннің, т.б. назарына ілігіп, жазбаға түсіп өңделген. Бүгінде оның 20-ға тарта әндері белгілі болып отыр. “Майра және өнер” атты жинақ шықты. Майра Уәлиқызы атындағы әншілер байқауы өткізіліп тұрады.
## Пайдаланылған cілтемелер
## Әдибиет
Павлодар. Павлодарская область. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Казахстан, А-А., 1969 (Павлодарскаое Прииртышье) |
Қазақстан:
* Майское – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл.
* Майское – Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауыл.
* Майское – Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы ауыл.
* Майское – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы ауыл.
Қырғызстан:
* Майское — Талас облысы Манас ауданындағы айыл.
* Майское — Шу облысы Соқылық ауданындағы айыл. |
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті — Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде өзіндік тарихы мен тәжірибесі бар халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі. Университет 1950 жылы 14 маусымда мұғалімдер институты ретінде ашылды. Алғашқы оқу жылында институтта 3 бөлім ашылып, әр бөлімде қазақ және орыс тілдерінде оқитын 50 студенттен 150 адам қабылданды.1955 жылы мұғалімдер институты педагогикалық институтқа айналды. 1994 жылы педагогика институты Атырау университеті болып құрылды. Осы жылы оқу орнына көрнекті қайраткер, ғұлама ғалым Халел Досмұхамедовтың есімі берілді. Жоғары оқу орны мемлекеттік аттестаттаудан өтіп, Қазақстанның батыс аймағында алғашқы аймақтық университет дәрежесіне ие болды. 2005 жылы оқу орнының білім берудегі бәсекеге қабілеттілігімен және әлемдік білім беру саласындағы талаптарды қамтамасыз етуге бағытталған Сапа менеджменті жүйесі енгізілді. Оқу орны «Mody International ertification» ұйымының «ИСО 9001-2000» және «Эксперттеу және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ-ның Батыс Қазақстандық филиалының сертификатына ие болды.
2007 жылы Университет ғалымдары Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жеткен жетістіктері үшін» сыйлығының жеңімпаздарын анықтау мақсатында болған «Алтын сапа» көрме байқауына қатысып, белсене қатысушы мекеме ретінде Алғыс хатқа ие болды. 2009 жылдың 18 қыркүйегінде (Болонья) университеттер Ұлы Хартиясына қол қойды, бұның өзі – университеттің қабілеттілігі мен мол дәстүрінің белгісі. 2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Ұлы Хартиясына біріккен 600 әлемдік университеттер қатарына енді.
Соның нәтижесінде университет Болон процесінің толық қатысушысы болып есептілді. Болон үдерісі талаптарына сәйкес білім алушылардың қос диплом алуларына, оқу орнын қысқа мерзімде бітіруге салалы университеттердің ішінде алтыншы орынға ие.
Түлектерді жұмысқа орналасу деңгейін арттыру және білікті мамандарға тапсырыстарды қанағаттандыру үшін жыл сайын жұмысқа орналасу жәрмеңкесі өтеді, оған аймақтағы отандық және шетелдік компаниялар, түрлі деңгейдегі банк өкілдері, облыстық білім беру департаментінің жауапты адамдары қатысады. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылып келеді.2020 жылы маусым айында университет «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды.
## Құрылымы
Университеттің 6 факультеті бар:
* Инновациялық білім беру факультеті
* Жаратылыстану ғылымдары факультеті
* Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
* Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
* Экономика және құқық факультеті
* Көптілді білім беру факультеті
Оларда 34 мамандық бойынша 7937 студент оқиды, (4542-сі күндізгі, ал 3395-і сырттай оқу бөлімдерінде). 43 кафедрада 560 оқытушы жұмыс істейді, оның 20-сы ғылым докторы, өздерін-өздері толық қаржыландыру (коммерциялық) топтарында 3222 студент оқиды. Университетте — Ресей, Түркия, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстаннан т.б. шет елдерден 50-ден астам студент білім алады. КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ә. Тұяқов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Фариза Оңғарсынова, т.б. осы университеттің түлектері.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ресми торабы
* Atyrau State University ...
* Күнделік порталы
* Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 60 ... |
* Қарашілік – Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауыл.
* Қарашілік – Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл.
* Қарашілік – Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл.
* Қарашілік – Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы ауыл.
* Қарашілік – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы ауыл.
* Қарашілік – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы ауыл.
* Қарашілік – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы ауыл. |
М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті – ҚР жоғары оқу орны. Дулати университетінің білім беру қызметінде қазіргі кезеңде бакалавриатта – 103, магистратурада – 61, докторантурада – 9, барлығы 173 білім бағдарламасы бар. Университетте әскери кафедра жұмыс істейді. Сонымен қатар, 6 факультет, 1 институт, колледж және 3 студенттік жатақханасы бар.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы-ректоры – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доктор PhD, қауымдастырылған профессор Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жұмысы – оқу, ғылыми-инновациялық, тәрбие беру, өңірдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени тіршілігімен тығыз байланысты. Себебі, университет көптеген мамандықтар бойынша мамандарды үш сатылы даярлауды іске асыратын және аймақтың жоғары білікті мамандарға қажеттілігін қамтамасыз ететін бірден-бір өңірлік жоғары оқу орны. Университте 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің (РХТУ) филиалы ашылады деп жоспарлануда. Дулати университеті Әлем бойынша 3000-ға жуық жоғары оқу орындарының арасында рейтингте 1201-1400 орынға жайғасты. Times Higher Education World University Rankings 2024 жалпы рейтингіне «репортер» мәртебесімен енді. 2024 жылдың 18 наурызында Дулати университеті жалпы есепте QS Stars «3 жұлдыз» артықшылығына ие болды. QS Asia University Rankings рейтингінде 857 университет арасында 601-650 және Орталық Азия рейтингінде 30-орынға ие болды. Қазақстандағы 95 жоғары оқу орнының рейтингінде Дулати университеті сегізінші орынға ие болып, «А+» мәртебесін алды. 2023 жылғы тәуелсіз халықаралық қазақ ұлттық h-index рейтингінде Дулати университеті 151 ұйымның ішінде 31-орынға ие болды.«Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік» рейтингінде Қазақстан университеттері арасында 8-орынға ие.
## Бүгінгі жағдайы
Университетте бір мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 320- ғылым докторы мен кандидаты және философия докторы бар. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әлем бойынша 3000-ға жуық жоғары оқу орындарының арасында рейтингте 1201-1400 орында.
## Тарихы
Дулати университетінің тарихы 1958 жылдан бастау алады. Алғашында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институты болып құрылған. 1962 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауылшаруашылық институтының гидромелиоративтік факультеті негізінде Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты ашылды. 1963 жылы – Қазақ химия-технологиялық институты филиалының негізінде Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты құрылды. 1996 жылы – Жамбыл педагогикалық институты негізінде Жамбыл университеті құрылды. 1997 жылы Жамбыл университетіне Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімі берілді. 1998 жылы – Жамбыл университеті, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты және Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты бірігуі негізінде М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті құрылды.
## Факультеттер
* Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультеті
* Жаратылыстану ғылымдары факультеті
* Экономика және құқық факультеті
* Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті
* Технологиялық факультет
* Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті
## Институттар
* Су шаруашылығы, экология және құрылыс институты
## Колледж
* Қаратау тау-технологиялық колледжі
## Университет ректорлары
* 1958-1972 – Сейітов Хамза Сейітұлы
* 1962 ж – Жулаев Рахмет Жанғазыұлы
* 1972-1987 - Мұхаметқалиев Тасболат Марденұлы
* 1987-1991 – Владимир Миллер Иосифович
* 1991-1998 – Мәдиев Өскенбай Қабылбекұлы
* 1973-1992 – Үркімбаев Марс Фазылұлы
* 1992-1998 – Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы
* 1996 ж – Бишимбаев Қуандық Уәлиханұлы
* 1998—2001 - Бишимбаев Қуандық Уәлиханұлы
* 2001-2008 - Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы
* 2008-2012 – Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов
* 2012-2020 – Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков
* 2021 жылы – Ержан Әмірбекұлы
* 2021-2022 – Ешенқұлов Талғат Ілияұлы
* 2022 ж 1-желтоқсаннан Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы
## Ғылым және коммерцияландыру
Дулати университетінде «Ғылым және коммерцияландыру» департаменті жұмыс істейді. Елдің және Жамбыл өңірінің өзекті, басым проблемалары бойынша, оның ішінде нанотехнологиялық және биотехнологиялық бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге жәрдемдеседі. Инновациялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды жандандырып, Жамбыл өңірінде жаңа инновациялық өндірістерді құруға атсалысады. Ғылыми зерттеулердің оқу-тәрбие процесімен байланысын оқытушыларды, студенттерді, магистранттарды, аспиранттарды ҒЗЖ-ға кеңінен тартып, білім беру процесінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін белсенді пайдалану жолын нығайтады.
## Халықаралық қызмет
2023-2024 Оку жылыӨзара тиімді, бірлескен келісім-шарттар мен меморандумдар жасауБілім беруді интернационалдандыру университет қызметінің маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Интернационалдандыру стратегиясын іске асыру және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту үшін университет бүкіл әлем бойынша серіктес жоғары оқу орындарымен 185 шартқа қол қойды. Оның ішінде: алыс шетелде – 60 ЖОО, ТМД елдерінде – 68 ЖОО, Қазақстан бойынша - 57 ЖОО.Шетелдік ғалымдарды тарту келесі бағдарламалар бойынша жүзеге асырылуда: Erasmus+, DAAD,Fulbright (АҚШ елшігінің қаржыландыруымен), Оңтүстік Корея елшілігінің қаржыландыруы, республикалық бюджет есебінен.
## Серіктес университеттер
* Гангнам Ұлттық Ғылым және технологиялар университеті, Корея
* Томаша Бата университеті, Чехия
* Анталья туризм академиясы, Түркия
* Еге Университеті, Түркия
* Скандинавия Академиялық ұтқырлық институты, Финляндия
* «Неофит Рильски» Оңтүстік –батыс университеті, Болгария
* Сегед университеті, Мәжірстан
* Хайльбронн университеті, Германия
* Гданьск технологиялық университеті, Польша
* Пшасныш лингвистикалық -техникалық университеті, Польша
* Лодз университеті, Польша
* Браганса политехникалық институты, Португалия
* Малага университеті, Испания
* Витаутас Магнус университеті|, Литва
* Вайнштефан Триздорф университеті, Германия
* Гливице қаласындағы Силезиялық технология университеті, Польша
* Острава техникалық университеті, Чехия
* Бельгиялық білім беру кеңесі Брюссель, Бельгия
* Султан Сюриф Касим Риу мемлекеттік ислам университеті, Индонезия
* Варна экономика университеті, Болгария
* Сельчук Университеті, Түркия
* Мугла Сыткы Кочман Университеті, Түркия
* Афина Ұлттық техникалық университетінің теориялық және есептеу физикасы зертханасы, Греция
* Небраска университеті, АҚШ
* Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті, Ресей
* А. Н. Косыгин атындағы Ресей мемлекеттік университеті (Технологии. Дизайн. Искусство), Ресей
* Иванов мемлекеттік политехникалық университеті, Ресей
* Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей
* Томск мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей
* Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университеті, Беларусь Республикасы
* Беларусь мемлекеттік өнер академиясы, Беларусь Республикасы
* И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Кыргызстан
* Украина державск химия-технологиялық университеті, Украина
* Джизақ политехникалық институты, Өзбекстан
* Армения ұлттық сәулет және құрылыс университеті, Армения
* Баку еуразиялық университеті, Әзербайджан
* Шота Руставели атындағы Батуми мемлекеттік университеті, Грузия
* Акакия Церетели Университеті, Грузия
* Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Қарақалпақстан Республикасы
* Альфраганус университеті, Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы
## Университет құрылымы
Академиялық жұмыс жөніндегі департамент
Маркетинг және кәсіптік бағдарлау департаменті
Стратегиялық даму басқармасы
Жобалық басқару және цифрландыру орталығы
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы
Кітапханалық-ақпараттық орталық
Ғылым және коммерцияландыру департаменті
«Бауыржантану» ҒЗО
«Дулатитану және өңір тарихы» ҒЗО
«А.С. Ахметов атындағы наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейіндегі ғылыми-зерттеу зертханасы
«Гидравлика және гидротехникалық құрылыстар»
«Спектрофотометрия зертханасы»
«Инфрақызыл спектроскопия зертханасы»
«Хроматографиялық зертхана»
«Атом-эмиссиялық спектрометрия зертханасы»
«Тампонаждық материалдар мен бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін зерттеу»
«Суды тазарту және материалдар»
Техникалық қолдау және IT қолдау орталығы
Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім
Әлеуметтік жұмыс басқармасы
Ақпарат және медиакоммуниция орталығы
Мұражай
Әкімшілік-шаруашылық басқармасы
«Dulaty university» баспасы
Студенттерді есепке алу бөлімі
Білім алушыларға қызмет көрсету бөлімі
Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу орталығы
Дінтану орталығы
Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығы
Сұңқар спорт клубы
DU UNION жастар орталығы
Қоғамдық қабылдау бөлімі |
Ленинградское — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы ауыл, Ленинград ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Талшық ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 4233 адам (2084 ер адам және 2149 әйел адам) болса, 2009 жылы 3509 адамды (1701 ер адам және 1808 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ваит Абдул-Хамидович Талғаев (11 мамыр 1953, Жамбыл, Қазақ КСР, КСРО) — КСРО футболшысы, КСРО және Қазақстанның футбол бапкері. Қазақстандағы ең табысты бапкерлердің бірі.
## Карьерасы
Жамбыл (қазіргі Тараз) футболының түлегі. Карьреасын жамбылдық "Алатау" клубында бастаған. Жетпісінші жылдардың соңында "Қайратта" ойнап, одаққа танымал болды.
1982 жылы "Қайратта" ойнап жүріп футболшылық ғұмырын аяқтады да, тоқсаныншы жылдары бапкерлік қызметке кірісті. Көп басқарған ұжымдары — Қазақстанның "Тараз" командасы мен Ресейдің "Ахмат" (ол кезде "Терек" деп аталатын) клубы.
2000 жылы Қазақстан Ұлттық құрамасын жаттықтырды. Ұлты шешен болғанымен өзін қазақ сезінетін футболшалардың бірі.
## Жетістіктері
### Ойыншы ретінде
«Кайрат»
* КСРО чемпионатындағы 1 лига жеңімпазы: 1976
### Бапкер ретінде
«Тараз»
* Қазақстан чемпионы: 1996
* Қазақстанның ұола жүлдегері: 1995, 1997
«Атырау»
* Қазақстанның күміс жүлдегері: 2001, 2002
«Терек»
* Ресей кубогы: 2003/04
* Ресейдегі 1 лига жеңімпазы: 2004
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Профилі |
Павел Павлович Боголюбов (1904, Иркутск—1956) – кеңес қоюшы-режиссері.
## Өмірбаяны
1904 жылдың 27 желтоқсанында Иркутск қаласында туған.
А.В.Ивановский жетекшілігімен Ленинград актерлік киностудиясын бітірген.
1922-1929 жылдары - Новгород пен Ленинград театрларында актер және режиссер. 1930-1933 жылдары - "Белгоскино" киностудиясының актері және режиссер ассистенті, 1934-1937 жылдары -"Лентехфильм" киностудиясының, 1938-1940 жылдары - "Белгоскино" киностудиясының режиссері.
1941 жылдан Тбилиси, Киев, Свердловск, Ашхабад, Ленинград қалаларында жұмыс жасады.
Боголюбов 1956 жылдың 12 қаңтарында қайтыс болды.
## Дереккөздер |
Шахмет Құсайынов (12 мамыр 1906, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Қаратал ауылы — 30 мамыр 1972, Алматы) — драматург.
## Өмірбаяны
Алғашында Көкшетау мен Қарағандының аудандық және облыстық газет редакцияларында (1929 — 1935) қызмет атқарды.
1937 ж. Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының режиссерлік факултетін бітірді.
1940 — 1950 ж. Семей драма театрының көркемдік жағын басқарушы, Қазақ мемлекеттік академиясы драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, “Қазақфильм” киностудиясының сценарий бөлімінің редакторы, Қазақ КСР-і ғылым академиясының өнертану секторының ғылым қызметкері болып жұмыс істеді.
## Шығармашылығы
Шығармашылық жолын газет тілшісі, очеркші ретінде бастаған Құсайыновтың алғашқы әдеби туындысы 1932 ж. жарияланды. Бұған дейін оның қаламынан туған тұңғыш “Солқылдақ шыбық” атты сатиралық комедиясы 1928 ж. Петропавл қаласындағы педагогикалық техникум оқушылары күшімен сахнаға қойылды. Осыдан кейін Құсайынов өзінің бүкіл шығармалары өмірін драматургия жанрына (“Шабуыл”, 1932; “Орақ”, 1935; “Шолпан”, 1938; “Кеше мен бүгін”, алғашқы нұсқасы “Марабай” деп аталған, 1940) арнады.
Құсайынов — театр өнері, спектакльдер мен сахна шеберлері жайында жазылған көптеген мақалалардың да (“МХАТ және Станиславский”, 1938; “Жас таланттар”, “Сахналық искусство”, 1939; “Елубай Өмірзақов”, 1950, т.б.) авторы.
1942 ж. жарияланған “Алдаркөсе” пьесасында қазақ ауыз әдебиетіндегі аңыздың негізінде, әлеуметтік теңсіздікке қарсы күрескер, халық кейіпкері — Алдаркөсенің образын жасады.
Драматург 1950 — 1970 ж. негізінен осы заманғы Әлеуметтік-моральдық пен адамгершілік, ізгілік пен адалдық, тәрбиелік пен көтеріңкі романтикалық тақырыпта бірқатар пьесалар (мысалы, “Көктем желі”, 1952; “Есірткен ерке”, 1954; “Ертіс жағасында”, 1957; “Таныс адамдар”, 1962; “Күн шуақта”, 1965) жазды; бұл шығармалары респликалық және облысы театрлар репертуарынан берік орын алды.
Құсайыновтың тарихи тақырыпқа арналған “Боран" (1937), “Амангелді" (1944), “Шаншарлар” (1947, Қ.Қуанышбаевпен бірге), “Біздің Ғани” (1957), “Қайран, Гәкку” (1962, кейін “Үкілі Ыбырай” деп аталған), “Әл-Фараби” (О.Бодықовпен бірге, 1972; “Сырымбет саласында”, 1966; “Қилы-қилы тағдырлар”, 1970;), т.б. пьесалары бар. Құсайынов өз шығармаларымен ұлттық драматургия жанрының өсіп, даму жолына елеулі үлес қосты.
Ол В.Абызовпен бірлесіп “Шабандоз қыз” (1955), “Біз осында тұрамыз” (1957), “Асау Ертіс жағасында” (1959) атты көркем фильмдер сценарийі мен киноповестерін жазған.
## Естелік және марапаттары
1996 ж. Құсайыновның есімі Көкшетау драма театрына (қазіргі Ақмола облысы қазақ музыкалы драма театры) берілді.
“Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Денис Юрьевич Тен (13 маусым 1993 жыл, Алматы - 19 шілде 2018 жыл, Алматы) — қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері. Ол мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудың чемпионы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Ванкувердегі олимпиадада Денис Тен өз деңгейінде өнер көрсетіп 76.34 ұпаймен 10 орынға жайғасты.Ересектер арасындағы әлем біріншілігінде – 8-орын (сәуір, 2009 ж), 9-орын «Төрт құрлық біріншілігі» (ақпан 2009 жыл.), ал 2013 жылы — әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде 4-орын (наурыз 2009 ж), жасөспірімдер арасында «Гран При» сериясы бойынша өткен әлем кубогы кезеңінің 1 орын иегері (қазан 2008 ж.). Биылғы маусымда ересектер арасындағы «Гран-при» сынының қос кезеңіне қатысып, 7 және 10 орындарды иеленді. Әлемдік рейтингте 18-орында тұр. Ең жоғарғы ұпай көрсеткіші – 266,48 (2013 ересектер арасындағы ӘЧ). 2014 жылы Қысқы Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды.
## Өмірбаяны
Денис Тен Алматы қаласында туған және корей ұлтының өкілі болып табылады. Денис Корей империясы кезінде даңқты қолбасшысы болған генерал Мин Гынхоның ұрпағы. Калифорниядағы Лос-Анжелес қаласында жаттықты.2018 жылы 19 шілдеде пышақ жарақатынан ауруханада қайтыс болды.
## Мансабы
Конькимен мәнерлеп сырғанауды денсаулық тобында үйренеді. Мәнерлеп сырғанаудан бөлек, Денис басқа спорт түрлерімен, атап айтқанда, теннис, акробатика, таеквондо, каратэ, жүзумен айналысып, би және сурет салу мектебіне барған.
Музыка мектебінде 5 сыныпты тәмамдап, хорға қатысқан.
2002 жылы Денис Тен қатысқан хор ұжымы Пусандағы Хор Олимпиадасында күміс медаль иеленді.
Кейіннен мәнерлеп сырғанаумен айналысуға біржола ден қойды. 2003 жылы "Хрустальный конек" турнирінде оны Елена Буянова (Водорезова) байқап, Мәскеуге өзінің қол астында жаттығуға шақырады.Тен ересек спортшылармен жарысып, 2006 жылғы Қазақстан чемпионатын жеңеді. Бірақ халықаралық деңгейде келесі жылдан бастап көрінеді, оған Халықаралық конькимен сырғанаушылар Одағының жас шектеулері (13 жас) себеп болады. 2010 жылы Нидерланддағы Гран-при жасөспірімдер этапында 10-шы болды.2014 жылы өткен Сочи олимпиадасында Қазақстан қоржынына жалғыз жүлдені алып берген спортшы.Сочи қысқы олимпиада ойындарының мәнерлеп сырғанаудан қола жүлде иегері.
## Бағдарламалар
## Спорттағы жетістіктері
### 2010 жылдан кейінгі нәтижелері
### 2010 жылға дейінгі нәтижелері
* N = балалар деңгейі;
* J = жасөспірімдер деңгейі;
* WD = конкурстан шығып қалған
## Дереккөздер |
Ғафуржан Сабыржанұлы Сүйімбаев (19 тамыз 1990, Шымкент, Қазақстан) — қазақ футболшысы, "Ақсу" клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы.
## Карьерасы
"Ордабасы" футбол клубының түлегі. 2013 жылы жазда "Ертіске" жалға берілді де, УЕФА Еуропа лигасының іріктеу кезеңінің екінші раундында босниялық "Широки Бриег" клубының қақпасына гол соқты. Сол жылы желтоқсанда туған клубына қайта оралды. Қайта оралғасын бұрынғыдай емес, негізгі құрамда жиі алаңға шыға бастады. Бұл белсенділігі өзге клубтардың назарын аудартты да, "Қайрат" командасы Ғафуржанды сатып алды.
2022 жылдың басында "Ақсуға" ауысты.
Ұлттық құрама сапында алғаш рет 2014 жылы 7 маусымда Мажарстан құрамасына қарсы алаңға шықты. Алғашқы голды 2016 жылы сырт алаңда Данияның қақпасына соқты. Бұл гол ӘЧ-2018 іріктеуіндегі үздік бес голдың тізіміне енді.
## Жетістіктері
### «Ордабасы»
* Қазақстан чемпионатындағы үздік 22 футболшының бірі: 2015
### «Қайрат»
* Қазақстанның күміс жүлдегері: 2016, 2017, 2018, 2019
* Қазақстан чемпионы: 2020
* Қазақстан кубогы: 2017, 2021
* Қазақстан суперкубогы: 2017
## Сілтемелер
* Профилі |
Ғафуржан Сабыржанұлы Сүйімбаев (19 тамыз 1990, Шымкент, Қазақстан) — қазақ футболшысы, "Ақсу" клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы.
## Карьерасы
"Ордабасы" футбол клубының түлегі. 2013 жылы жазда "Ертіске" жалға берілді де, УЕФА Еуропа лигасының іріктеу кезеңінің екінші раундында босниялық "Широки Бриег" клубының қақпасына гол соқты. Сол жылы желтоқсанда туған клубына қайта оралды. Қайта оралғасын бұрынғыдай емес, негізгі құрамда жиі алаңға шыға бастады. Бұл белсенділігі өзге клубтардың назарын аудартты да, "Қайрат" командасы Ғафуржанды сатып алды.
2022 жылдың басында "Ақсуға" ауысты.
Ұлттық құрама сапында алғаш рет 2014 жылы 7 маусымда Мажарстан құрамасына қарсы алаңға шықты. Алғашқы голды 2016 жылы сырт алаңда Данияның қақпасына соқты. Бұл гол ӘЧ-2018 іріктеуіндегі үздік бес голдың тізіміне енді.
## Жетістіктері
### «Ордабасы»
* Қазақстан чемпионатындағы үздік 22 футболшының бірі: 2015
### «Қайрат»
* Қазақстанның күміс жүлдегері: 2016, 2017, 2018, 2019
* Қазақстан чемпионы: 2020
* Қазақстан кубогы: 2017, 2021
* Қазақстан суперкубогы: 2017
## Сілтемелер
* Профилі |
Данияр Мұратұлы Кенжеханов (20 қаңтар 1983 жыл, Қазақ КСР, КСРО) — қазақ футболшысы, шабуылшы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Құрамадағы карьерасы
Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2005 жылы 17 тамыз күні Алматыда ӘЧ-2006 іріктеу турнирінде Грузияға қарсы өткізді. 20-минутта оң қапталдан Нұрбол Жұмасқалиевтың асырған добын дәл бағыттап, есеп ашты. Бірақ бұл ойында Қазақстан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Осылайша өзінің дебютінде-ақ гол соқты. Алайда, бұдан кейін ұлттық құрама жейдесінде тағы да 5 рет алаңға шықты да, гол соға алмады.
Құрама сапындағы соңғы ойынын 2006 жылы 28 ақпан күні Финляндияға қарсы өткізді. 2006 жылдың басында құрама тізгінін ұстаған Арно Пайперс Даниярды құрамаға шақырмады.
## Клубтық карьерасы
## Ұлттық құрамадағы ойындары
## Сілтемелер
* Профилі |
Константин Александрович Горовенко (10 қаңтар, 1977, Жаңатас, Қазақ ССР, КСРО) — қазақстандық футболшы, 2000-01 жылдары Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Карьерасы
### Клубтық
2010 жылы карьерасын аяқтаған соң бапкерлікпен айналысты.
### Ұлттық құрама
Ұлттық құрама сапында бірінші рет 2000 жылы 2 сәуірде Катар құрамасына қарсы ойында 64-минутта Виктор Зубаревтің орнына алаңға шықты. Бұл — 2000 жылғы Азия кубогының іріктеу турнирі болатын. Турнирде құрама төрт кездесу өткізді, Горовенко соның үшеуінде алаңға шықты.
ӘЧ-2002 іріктеуінде Қазақстан құрамасы Ирак, Непал, Макао құрамаларымен бір топқа түсті де, алты ойын өткізді. Горовенко солардың үшейінде алаңға шығып, үш рет гол соқты. 14 сәуір күні екінші турда Макаоның қақпасына шешуші үшінші голды соқты. Төртінші турда да Непалдың қақпасына соңғы төртінші голды енгізді. Бесінші турда Макаоның қақпасына соңғы бесінші голды соқты.
ӘЧ-2002 іріктеуіндегі сәтсіздіктен соң Горовенко қайтадан құрамаға шақырылмады.
## Клубтық карьерасы
## Сілтемелер
* Профилі
* Горовенко жайлы |
Нұрмат Нарманұлы Мырзабаев (11 қараша, 1972, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, бапкер. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының қорғаныс шебінде ойнаған.
## Карьерасы
Карьерасында "Тараз", "Аксесс-Есіл" (Қазіргі "Қызылжар"), "Ертіс", "Ақтөбе" клубтарында доп тепті. 1996 және 2002 жылы Қазақстан чемпионы атанды. 2007 жылы туған клубы Таразда ойнап жүріп футболшылық карьерасын аяқтады. Қазір бапкерлікпен айналысады.
Ұлттық құрама сапында 1998-2003 жылдар аралығында ойнады. 16 кездесуде алаңға шықты. Тұңғыш рет 1998 жылы бапкер Сергей Гороховодацкийдің кезінде шақырылып, Тайландта өткен Азия ойындарына қатысты да, бірнеше кездесуде ойнап, 10 желтоқсан күні Катар құрамасының қақпасына бір гол соқты. Бұл ойында Қазақстан 2:0 есебімен жеңіске жетті.
2003 жылы 29 сәуір күні сырт алаңда Фарер аралдарымен кездесуде ұлттық құрама жейдесін соңғы рет киді. Бұл кездесуде Қазақстан 1:2 есебімен ұтылып қалды.
## Жетістіктері
### Клубтық
Тараз
* Қазақстан чемпионы: 1996
Ертіс
* Қазақстан чемпионы: 2002
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Константин Александрович Горовенко (10 қаңтар, 1977, Жаңатас, Қазақ ССР, КСРО) — қазақстандық футболшы, 2000-01 жылдары Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Карьерасы
### Клубтық
2010 жылы карьерасын аяқтаған соң бапкерлікпен айналысты.
### Ұлттық құрама
Ұлттық құрама сапында бірінші рет 2000 жылы 2 сәуірде Катар құрамасына қарсы ойында 64-минутта Виктор Зубаревтің орнына алаңға шықты. Бұл — 2000 жылғы Азия кубогының іріктеу турнирі болатын. Турнирде құрама төрт кездесу өткізді, Горовенко соның үшеуінде алаңға шықты.
ӘЧ-2002 іріктеуінде Қазақстан құрамасы Ирак, Непал, Макао құрамаларымен бір топқа түсті де, алты ойын өткізді. Горовенко солардың үшейінде алаңға шығып, үш рет гол соқты. 14 сәуір күні екінші турда Макаоның қақпасына шешуші үшінші голды соқты. Төртінші турда да Непалдың қақпасына соңғы төртінші голды енгізді. Бесінші турда Макаоның қақпасына соңғы бесінші голды соқты.
ӘЧ-2002 іріктеуіндегі сәтсіздіктен соң Горовенко қайтадан құрамаға шақырылмады.
## Клубтық карьерасы
## Сілтемелер
* Профилі
* Горовенко жайлы |
Нұрмат Нарманұлы Мырзабаев (11 қараша, 1972, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, бапкер. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының қорғаныс шебінде ойнаған.
## Карьерасы
Карьерасында "Тараз", "Аксесс-Есіл" (Қазіргі "Қызылжар"), "Ертіс", "Ақтөбе" клубтарында доп тепті. 1996 және 2002 жылы Қазақстан чемпионы атанды. 2007 жылы туған клубы Таразда ойнап жүріп футболшылық карьерасын аяқтады. Қазір бапкерлікпен айналысады.
Ұлттық құрама сапында 1998-2003 жылдар аралығында ойнады. 16 кездесуде алаңға шықты. Тұңғыш рет 1998 жылы бапкер Сергей Гороховодацкийдің кезінде шақырылып, Тайландта өткен Азия ойындарына қатысты да, бірнеше кездесуде ойнап, 10 желтоқсан күні Катар құрамасының қақпасына бір гол соқты. Бұл ойында Қазақстан 2:0 есебімен жеңіске жетті.
2003 жылы 29 сәуір күні сырт алаңда Фарер аралдарымен кездесуде ұлттық құрама жейдесін соңғы рет киді. Бұл кездесуде Қазақстан 1:2 есебімен ұтылып қалды.
## Жетістіктері
### Клубтық
Тараз
* Қазақстан чемпионы: 1996
Ертіс
* Қазақстан чемпионы: 2002
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Мұрат Әлиұлы Сүймағамбетов (14 қазан 1983, Шевченко, Қазақ КСР, КСРО) - Қазақстан футболшысы, шабуылшы.
## Карьерасы
### Клубтық
Кәсіби карьерасын Сүймағамбетов ақтаулық Каспий клубында бастады. Бұдан кейін ол Ордабасы, Тобыл, Ордабасы, Астана және Шахтер клубтарында ойнады. Соңғы клубтағы жақсы ойыннан кейін Мұратты астаналық Локомотив шақырды. Ол жақта Сүймағамбетов негізгі құрамға ілікпей, қайтадан Ордабасы клубына келеді.
Келесі маусымды Мұрат Тобылда өткізді.
2011 жылы Сүймағамбетов бос агент ретінде Қайратқа ауысты. Бұдан кейін Мұрат аз уақыт Тараз, Астана 1964, Восток және Қыран клубтарында өткізді.
2014 жылы Сүймағамбетов өз карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады.
### Ұлттық құрамада
Ұлттық құрамада Сүймағамбетов 2006 - 2008 жылдар аралығында 19 ойын өткізіп, 3 доп соқты. Алғашқы ойынын Мұрат Сингапурға қарсы өткізді (24.12.2006, Таиланд королі кубогы, есеп 0:0), соңғы ойынын Черногорияға қарсы ойнады (27.05.2008, Жолдастық кездесу, есеп 0:3). Құрамадағы алғашқы голын Вьетнамға соқты (26.12.2006, Таиланд королі кубогы, есеп 1:2).
2007 жылы құрама ойындарында тұрақты түрде алаңға шығып жүрді. Жыл бойы 11 кездесуде алаңға шығып, екі гол соқты, екеуін де жолдастық кездесуде (Қытай мен Өзбекстан қақпасына).
2008 жылы бес кездесуде алаңға шықты, бесеуі де жолдастық ойындар.
2008 жылы 28 мамырда Черногорияға қарсы жолдастық кездесуде соңғы рет құрама жейдесін киді. Сол жылы күзде Арно Пайперс бапкерліктен кеткесін құрамаға мүлде шақырылған жоқ.
## Марапаттары
* Қазақстан чемпионы :2010
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Футболшының профилі |
Адеринсола Хабиб Эсеола (укр. Адерінсола Хабіб Есеола; 28 маусым 1991, Житомир, Украин ССР, КСРО) — украин футболшысы, шабуылшы.
## Карьерасы
### 2009-18 жылдар
Украина футболының түлегі. 2009 жылы Киевтің ЦСКА клубында бір жыл ойнады да, "Динамоға" ауысты. Бірақ "Динамо" сапында бір рет те ресми ойында алаңға шықпай, 2010 жылы Италияға кетті. 2010-13 жылдар аралығында Италияның Д сериясындағы клубтарда ойнады.
Карьерасында ешқандай клубта бір жылдан артық тұрақтаған емес. 2013 жылы Украинаға оралды да, жарты жылдай клубсыз бос жүрді. 2014 жылы қаңтар айында өзінің туған клубы "Арсенал-Киевке" қосылды. 2014-18 жылдары Украинаның төменгі лигаларындағы бірнеше клубта доп тепті. 2018 жылы қаңтарда "Заря" (Кропивницкий) сапында ойнап жүріп, Қазақстанға, "Ақжайық" клубына жалға берілді.
### Қайрат ( Алматы)
"Ақжайықта" жарты жылдай ойнап, 2018 жылы жазда Алматының "Қайратымен" келісім-шартқа отырды. "Қайрат" сапындағы алғашқы ойынында-ақ "Ертістің" қақпасына гол соқты.
"Қайрат" 2018/19 жылғы Еуропа Лигасының алғашқы кезеңінде Андорраның "Энгордань" клубымен кездесті де, Алматыда өткен қарымта ойында (7:1) Эсеола гол соқты. Екінші кезеңде қайраттықтар Нидерландының АЗ Алкмаар командасымен ойнап, бірінші ойында 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында Эсеола екі доп соқты да, "Қайрат" 2:0 есебімен жеңіске жетті.2021 жылы 1 шілдеде "Ворсклаға" ауысты.
## Жетістіктері
### Жеке
Арсенал (Киев)
* Олег Макаровты еске алуға арналған турнирдің үздік мергені: 2015
### Клубтық
Қайрат
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2018, 2019
* Қазақстан кубогы: 2018
* Қазақстан чемпионы: 2020
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Қазақстан:
* Григорьевка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл.
* Григорьевка – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл.
Башқұртстан:
* Григорьевка – Башқұртстанның Әлшеев ауданындағы ауыл.
* Григорьевка – Башқұртстанның Стерлитамак ауданындағы ауыл.
* Григорьевка – Башқұртстанның Шаран ауданындағы ауыл.
Өзен:
* Григорьевка – Ресейдегі өзен. Томск облысы, Новосибирск облысы жер аумақтарынан ағып өтеді. |
Ренат Фоотович Абдулин (14 сәуір 1982) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы. 2002-2016 Қазақстан құрамасы сапында ойнаған.
## Карьерасы
### Ұлттық құрамада
Ұлттық құрама сапында 2002 жылы сәуірде Латвияға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты (1:2). 2003 жылы тамызда Потугалиямен ойында алаңға шыққан соң алты жыл бойы ұлттық құрама жейдесін кимеді.
Тек 2009 жылы неміс маманы Бернд Шторк Ренатты құрамаға қайта шақырды.11 ақпан күні Эстониямен жолдастық ойында (2:0) 90 минут бойы ойнады. Келесі ойында (2009 жылы 1 сәуір күні) Беларусь құрамасымен ойында Ринат есеп ашты, бірақ құрама 1:5 есебімен ұтылып қалды.
Ұлттық құрамадағы екінші голын 2014 жылы қазан айында Нидерланд (ЕУРО-2016 іріктеуі) қақпасына соқты. Ренаттың голы есеп ашқанымен, кейін қазақстандықтар 1:3 есебімен ұтылып қалды.
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионы (2): 2004, 2010
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Павел Валерьевич Евтеев (28 маусым 1967, Өскемен, Шығыс Қазақстан Облысы, Қазақ КСР, КСРО) — КСРО және Қазақстан футболшысы, Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаныс шебінде ойнаған.
## Карьерасы
Өскемен футболының және Алматыдағы Республикалық спорт-интернаттың түлегі. Футболшылық жолын КСРО чемпионатының екінші лигасындай ойнатын Алматының СКИФ командасында бастады. Карьерасының басым бөлігін "Востокта" өткізді.
Ұлттық құрама сапында 16 матч өткізіп, үш доп соқты.
2003 жылы футболшылық карьерасын аяқтаған соң бапкерлікті бастады. 2004 жылы "Востокта" бас бапкердің міндетін атқарушы боп қызмет жасады, 2007 жылы бас бапкер болды.
## Жетістіктері
### Ойыншы ретінде
* КСРО чемпионатындағы Екінші Лига чемпионы: 1990
* Қазақстан чемпионы (2): 2000; 2001
* Қазақстан кубогы (2): 1994; 2000/01
### Бапкер ретінде
* Қазақстанның бірінші лигасының чемпионы: 2010
## Сілтемелер |
Еміл Ринатович Кенжесариев (26 наурыз 1987, Фрунзе) — қырғыз футболшысы, Қырғызстан Ұлттық құрамасында ойнаған. Қазақстандық жанкүйерлерге "Ақтөбе" клубында ойнаған жылдары жақсы таныс болған жартылай қорғаушы.
## Өмірбаяны
2003-05 жылдары Қырғызстанның клубтарында ойнап, 2005 жылы "Цесна" командасына ауысты. 2006-07 жылдары елордалық "Астана" командасында өнер көрсетті де, 2008 жылы "Ақтөбе" командасының қатарын толықтырды. Ақтөбелік клубта біраз табыстарға жетті, ел чемпионы атанды, Қазақстан кубогы мен суперкубогына қол жеткізді. Одан бөлек Еурокубоктерге қатысып, біраз шыңдалды.
2011 жылы Өзбекстанның "Бунедкор" клубы сатып алды. Бірақ негізгі құрамға іліне алмай, 2012 жылы "Ақтөбеге" қайта оралды.
2013 жылы тамыз айының 10-нан 11-не қараған түнде Алматы көшелерінің бірінен ауыр соққыға жығылып, ес-түссіз жатқан күйі табылады да, дереу ауруханаға жеткізіледі. Бірнеше күннен соң ғана есін жиған Еміл қайтадан футбол ойнай алмады.
2017 жылы Қырғызстанда бапкерлік курстан өтіп, лицензия алды.
## Ұлттық құрама
2004 жылы Қырғызстан құрамасы сапында үш ойын өткізді. Сол себепті де оның "Қазақстан құрамасында ойнасам" деген мақсаты орындалмады.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан чемпионы (4): 2006, 2008, 2009, 2013
* Қазақстан кубогы (1): 2008
* Қазақстан суперкубогы (2): 2008, 2010
### Жеке
* Қырғызстанның үздік футболшысы (1): 2004
* Достастық кубогының үздік мергені (1): 2010 (6 гол)
## Сілтемелер |
Айдар Нұрабекұлы Күмісбеков (9 ақпан 1979, Талдықорған, Қазақ КСР, КСРО) — қазақ футболшысы, Қазақстан Ұлттық құрамасында ойнаған.
## Карьерасы
Талдықорғанда дүниеге келген, 8 сыныпта оқып жүрген кезінде қазақ футболшыларынан құралған "Намыс" селекционерлерінің көзіне түсіп, Алматыға келді. 1997 жылы кәсіпқой карьерасын "Қайрат" клубында бастады. 2002 жылы "Ертіс" сапында ойнап жүріп Қазақстан чемпионы атанды. "Ертіс" сапында үш маусым доп тепті де, 2005-07 жылдары "Астана" клубында доп тепті. Карьерасының соңғы жылдарында туған өлкесіндегі талдықорғандық "Жетісу" клубының намысын қорғады.
Ұлттық құрама сапында жеті ойын ғана өткізді. Одан бөлек Қазақстанның түрлі жасқа дейінгі құрамаларында ойнап, 1999 жылы Нигерияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысты.
2001 жылы Қазақстан клубтары құрамасы сапында Шығыс Азия ойындарына қатысып, қола жүлдегер атанды.
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионы: 2003, 2007
* Қазақстан кубогы: 2005
* Шығыс Азия ойындарының қола жүлдегері: 2001
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Максим Нұрланұлы Жалмағамбетов (7 қараша, 1983 жыл, Целиноград) — қазақстандық футболшы, қорғаушы.
## Максим жайлы фактілер
* Ұлттық құрама сапында 2004-08 жылдары ойнады. Алғашқы ойынын 2004 жылы қарашада сырт алаңда Грекия құрамасына (ӘЧ-2006 іріктеуі) қарсы ойнады.
* ӘЧ-2006, ЕУРО-2008 турниріндегі матчтарға тұрақты түрде қатысып, жауапты, маңызды деген ойындардың барлығында алаңға шықты. 2007 жылы 6 маусым күні Әзірбайжанмен ойында алаңнан қуылып, кейінгі Финляндия, Бельгия, Польшамен өткен ойындарда алаңға шыға алмады. Нәтижесінде құрамаға сол жылы қазан айында Португалиямен ойында ғана оралды.
* Соңғы ойынын 2008 жылы Әзірбайжан құрамасына қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Арно Пайперстің кезінде құрамаға тұрақты шақырылып тұрған Максим Бернд Шторк бапкер боп келген соң мүлде шақырылмады.
* Максим қазақстандың футболшылар арасындағы ең бойы ұзын спортшы. Оның бойы 197 см.
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионы: 2006
* Қазақстан кубогы: 2005
## Ойнаған клубтары
## Сілтемелер
* Профилі |
Қадір түні (араб.: لَيْلَةِ الْقَدْرِ — Ләйләт-ул-Қадір) — Ислам дініндегі қасиетті түн. Ораза (Рамазан) айының соңғы он күнінің бірінде болады. Бұл түн туралы Құран Кәрімнің «Қадір сүресінде» айтылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде түсірілгендігі, оның мың айдан қайырлы екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады. Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады. Кейбір риуаяттарға қарағанда Қадір түні. Рамазан айының 27-ші түні, дегенмен Қадір түнінің дәл қай түн екені белгісіз. Сондықтан тақуа кісілер Ораза айының соңғы он түнін түгелдей құлшылықпен өткізеді.
Қадір түні — бүкіл адамзатқа Құран түсе бастаған ерекше қасиетті түн. Араб тіліндегі «қадр» сөзі «мән-маңыз» және «өлшем» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бұл сөз «құдырет» мағынаны да қамтиды.
Қадір түнінің қасиетін жұмыр басты пенде өз ақылымен біле алмайды. Сондықтан оның қадір-қасиетін Жаратушымыздың өзі «Қадір» сүресінде: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады», — деп баяндайды.
Сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Аллаһ Қадір түнін үмбетіме сый ретінде тарту етті, бұл бұрынғы үмбеттерге берілмеген» деп, бұл сыйдың қадірін білуге шақырады. Тағы бір хадисінде: «Кімде-кім сауабын тек қана Аллаһтан күтіп, ықыласпен сол түнді ғибадат жасаумен өткізсе, күнәлары кешіріледі», — дейді. Сондықтан мүмкіндігінше, әрбір пенде Қадір түнінде берілетін сыйдан мақұрым қалмауға тырысуы керек. Ол түнді бос өткізбей, дәрет алып, екі бас болса да намаз оқып, Аллаһ Тағаланың шексіз мейірімінен шын жүректен сұрап, дұға еткен жөн.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Басқа уақыттарда әрбір жақсылықтың сауабы он есе болса, ережеп айында жүзден асады. Шағбанда үш жүзден асып, Рамазанда мың есеге артады, жұма түндері мың еседен асып, Қадір түнінде отыз мыңға дейін жетеді», — деген.
Тағы бір хадисте: «Рамазан айы бойынша ақшам және таң намазын жамағатпен оқыған адам Қадір түнінен көп несібе алады», — деген.
Қадір түні Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) үмбетіне деген терең сүйіспеншілігінен туындаған дұғасының құрметі үшін қабыл болған. Имам Маликтің «Муатта» атты еңбегінде риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) алдыңғы үмбеттердің өмірлері көрсетілгендігі айтылған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) сол сәт: «Ұзақ өмір сүрген осы үмбеттер жасай алмайтындай амалдарды менің үмбетіме аз уақыт жасай алуды нәсіп ете гөр», деп дұға жасағанда, Аллаһ Тағаланың мың айдан қайырлы осы Қадір түнін нәсіп еткендігі баяндалған. (Қадір түні мың айға тең деп Құранда айтылған бұл сан есеп бойынша 83 жыл, 4 айға тең келеді).
Бірде Айша анамыз Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Уа, Аллаһтың елшісі! Егер Қадір түніне жетсем қандай дұға оқиын?», — деп сұрағанда, Ол: «Аллаһумма, иннәкә афуун, тұхиббул афуа, фаафу анни» (Уа Аллаһ! Сен тым кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, мені де кешіре гөр!), деп дұға ету керектігін үйреткен.
Қияметте Аллаһ Тағала хикметімен емес құдіретімен амал етеді. Сол сияқты Қадір түнінде де Аллаһ Тағаланың құдіреті үстем болады. Ол түннің қадірін білгендерге Аллаһтың мейірімі мен берекесі жауады, ал одан құр қалмау адамның рухани сергектігіне байланысты.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) үйреткендей, мұсылман баласы әрбір ісіне өзіне берілген ең соңғы мүмкіндік секілді қарай білуі керек. Сол себепті Қадір түнін енді көрем бе, көрмеймін бе, дегендей өте бір мұқияттылықпен өткізгені жөн.
Құдыреті шексіз Раббымыз үмбетіне рақымдылық қалағандықтан, Қадір түні Рамазан айының қай түні екенін ашық айтпаған. Бұл сынақ әлемінде мүміндер ұдайы Аллаһтың разылығын іздеп, құлшылық жасасын деген мақсатпен Жаратқан иеміз бұдан да басқа өте маңызды нәрселерді құпия қылған. Мәселен, өмірдегі ажал белгісіз, адамдар арасындағы әулиелер белгісіз, көркем есімдерінің арасында Аллаһтың ұлық есімдері белгісіз, жұма күнгі дұғаның қабыл болатын уақыты белгісіз, күллі құлшылықтың ішінде Аллаһтың разылығы қайсысында екені, дәуірлердің ішінде қияметтің қашан екені, Рамазан айында Қадір түнінің қай түн екені белгісіз. Сонымен қатар Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) бұл түннің Рамазанның соңғы он не жеті күніндегі (21, 23, 25, 27) тақ күндердің бірінде екенін айтқан. Алайда ислам ғұламаларының көпшілігі оның 27-інші түн екендігін мақұлдаған әрі бүкіл мұсылман әлемі бұны осылайша қабылдаған. Әрине бүкіл жұртшылық осылай сеніп, осылай қабыл еткен болса, Аллаһ Тағала да миллиондаған құлдарының ниетін қабыл етіп, ол түнді шын мәнісіндегі қадір түні етер, иншаллаһ.
Арабшадағы «Қадр» сөзі қадірін білу деген мағынаны да қамтиды. Олай болса, қадірім артсын десеңіз, бұл түннің қадірін біліңіз. Бұл түні таң ағарып атқанға дейін Аллаһ Тағаланың мейірімі төгіліп тұрады.
## Дереккөздер |
Роман Мухадинович Узденов (10 наурыз 1979 жыл) — қазақстандық және ресейлік футболшы, қазір бапкер. Амплуасы — шабуылшы.
## Карьерасы
Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған және құрама капитаны да болған. Қазіргі кезде "Шахтер" клубында бапкердің көмекшісі қызметін атқарады.
Ресей және Қазақстан клубтарында ойнаған. 2011 жылы Майкоптың "Дружба" командасында ойнап жүріп карьерасын аяқтады да, Қарағандының "Шахтер" клубының көмекші бапкері боп тағайындалды.
Ұлты балкар.
## Cтатистикасы
### Ұлттық құрамадағы голдары
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі
* Профилі |
Рафаэль Уразбахтин (20 қараша 1978 жыл, Алматы, Қазақ КСР) — қазақстандық футболшы, Қазақстан ұлттық футбол құрамасының шабуыл шебінде ойнаған.
## Карьерасы
### Клубтық
Карьерасын "Қайнар" (қазіргі "Жетісу") клубында бастады. 1997 жылы аутсайдер клубтардың бірі "Ұлытауда" ойнап, сол жылдың ортасында "Қайратқа" келді. 1998 жылы "Қайрат" екіге бөлінгенде Рафаэль ЦСКА-Қайратты таңдады.
2000 жылы "Қайратқа" қайта оралғанымен қосалқы құрамда қап қойды да. Кейін де жиі клуб ауыстырып, "Ростсельмаш", "Елім-ай", "Ақтөбе", "Жетісу", "Шахтер", "Есіл-Богатырь" клубтарында ойнап, 2008 жылы "Қайратқа" қайта оралды.
Карьерасының соңғы жылдарында "Қайсар" мен "Востокта" да ойнады.
### Ұлттық құрамада
Ұлттық құрама сапында бірінші рет 1998 жылы 1 желтоқсанда Азия ойындары аясында Иранға қарсы алаңға шықты. Соңғы ойынын 2004 жылы сырт алаңда Грекияға қарсы (ӘЧ-2006 іріктеуі) өткізді.
Қазақстан құрамасында екі доп соқты, екеуін де ӘЧ-2002 іріктеуіндегі Непалмен ойында енгізді (біреуін сыртта, біреуін өз алаңында)
## Отбасы
Үйленген, екі баласы бар.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профиль Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. |
Рафаэль Уразбахтин (20 қараша 1978 жыл, Алматы, Қазақ КСР) — қазақстандық футболшы, Қазақстан ұлттық футбол құрамасының шабуыл шебінде ойнаған.
## Карьерасы
### Клубтық
Карьерасын "Қайнар" (қазіргі "Жетісу") клубында бастады. 1997 жылы аутсайдер клубтардың бірі "Ұлытауда" ойнап, сол жылдың ортасында "Қайратқа" келді. 1998 жылы "Қайрат" екіге бөлінгенде Рафаэль ЦСКА-Қайратты таңдады.
2000 жылы "Қайратқа" қайта оралғанымен қосалқы құрамда қап қойды да. Кейін де жиі клуб ауыстырып, "Ростсельмаш", "Елім-ай", "Ақтөбе", "Жетісу", "Шахтер", "Есіл-Богатырь" клубтарында ойнап, 2008 жылы "Қайратқа" қайта оралды.
Карьерасының соңғы жылдарында "Қайсар" мен "Востокта" да ойнады.
### Ұлттық құрамада
Ұлттық құрама сапында бірінші рет 1998 жылы 1 желтоқсанда Азия ойындары аясында Иранға қарсы алаңға шықты. Соңғы ойынын 2004 жылы сырт алаңда Грекияға қарсы (ӘЧ-2006 іріктеуі) өткізді.
Қазақстан құрамасында екі доп соқты, екеуін де ӘЧ-2002 іріктеуіндегі Непалмен ойында енгізді (біреуін сыртта, біреуін өз алаңында)
## Отбасы
Үйленген, екі баласы бар.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профиль Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. |
Виталий Иванович Спарышев (26 маусым, 1967 жыл) — қазақстандық және КСРО футболшысы. "Екібастұз" футболының түлегі.
## Ұлттық құрамада
1992-97 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған қорғаушы. Ұлттық құрамада алғаш рет 1992 жылы 26 қыркүйекте Қырғызстанмен ойында алаңға шықты. Бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Осы ойыннан соң тек 1997 жылы ғана құрамаға шақырылды.
Құрама сапында 14 ойын өткізіп, бір гол соққан. Жалғыз голын 1997 жылы БАӘ құрамасының қақпасына енгізді (ӘЧ-1998 іріктеуі). Бұл ойында Қазақстан құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл — құраманың ӘЧ іріктеуінің екінші кезеңіндегі жалғыз жеңісі болатын.
Соңғы ойынын сол жылы 8 қараша күні сырт алаңда Жапония құрамасына қарсы өткізді.
## Ойнаған клубтары
1985-94 жылдары "Екібастұз" клубында ойнады. Дебют ойынын 1985 жылы 9 мамыр күні Павлодардың "Трактор" командасына қарсы өткізді. Виталий бұл ойында 90 минутты түгел ойнады, ал команда 0:1 есебімен ұтылып қалды. Алғашқы голын сол жылы 7 қыркүйек күні "Жезқазған" командасының қақпасына енгізді. Бұл кездесуде "Екібастұз" 2:0 есебімен жеңіске жетті.
1995 жылы Ақмоланың "Цесна" клубына ауысып, бір жылдан соң туған клубына қайта оралды. 1999-2000 жылдары "Ертіс" сапында екі жылдай доп тепті де, астаналық "Наша кампанияға" ауысты. 2002 жылы "Екібастұз" сапында карьерасын аяқтады. Карьерасындағы соңғы ойынын 2002 жылы 15 қазан күні "Таразға" қарсы өткізді.
Футболмен қоштасқан соң да "Екібастұздан" ұзаған жоқ. Бірнеше жыл бапкер болды, 2014 жылы спорттық директоы боп сайланды. 2018 жылдан бастап клубтың техникалық директоры.
## Дереккөздер
## Cілтемелер
* Профилі
* Виталий Спарышев ойнаған матчтар тізімі |
Виталий Иванович Спарышев (26 маусым, 1967 жыл) — қазақстандық және КСРО футболшысы. "Екібастұз" футболының түлегі.
## Ұлттық құрамада
1992-97 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған қорғаушы. Ұлттық құрамада алғаш рет 1992 жылы 26 қыркүйекте Қырғызстанмен ойында алаңға шықты. Бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Осы ойыннан соң тек 1997 жылы ғана құрамаға шақырылды.
Құрама сапында 14 ойын өткізіп, бір гол соққан. Жалғыз голын 1997 жылы БАӘ құрамасының қақпасына енгізді (ӘЧ-1998 іріктеуі). Бұл ойында Қазақстан құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл — құраманың ӘЧ іріктеуінің екінші кезеңіндегі жалғыз жеңісі болатын.
Соңғы ойынын сол жылы 8 қараша күні сырт алаңда Жапония құрамасына қарсы өткізді.
## Ойнаған клубтары
1985-94 жылдары "Екібастұз" клубында ойнады. Дебют ойынын 1985 жылы 9 мамыр күні Павлодардың "Трактор" командасына қарсы өткізді. Виталий бұл ойында 90 минутты түгел ойнады, ал команда 0:1 есебімен ұтылып қалды. Алғашқы голын сол жылы 7 қыркүйек күні "Жезқазған" командасының қақпасына енгізді. Бұл кездесуде "Екібастұз" 2:0 есебімен жеңіске жетті.
1995 жылы Ақмоланың "Цесна" клубына ауысып, бір жылдан соң туған клубына қайта оралды. 1999-2000 жылдары "Ертіс" сапында екі жылдай доп тепті де, астаналық "Наша кампанияға" ауысты. 2002 жылы "Екібастұз" сапында карьерасын аяқтады. Карьерасындағы соңғы ойынын 2002 жылы 15 қазан күні "Таразға" қарсы өткізді.
Футболмен қоштасқан соң да "Екібастұздан" ұзаған жоқ. Бірнеше жыл бапкер болды, 2014 жылы спорттық директоы боп сайланды. 2018 жылдан бастап клубтың техникалық директоры.
## Дереккөздер
## Cілтемелер
* Профилі
* Виталий Спарышев ойнаған матчтар тізімі |
Вячеслав Магомедович Богатырев (12 қазан 1977 жыл, Алматы, Қазақ КСР) — қазақстандық футболшы, қорғаушы. Қазақстан ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Карьерасы
Ұлттық құрама сапында тоғыз рет алаңға шығып, бір рет мергендігімен көзге түсті (2000 жылы 28 мамыр күні Палестинаның қақпасына енгізді). Алғашқы ойыны — 2000 жылғы 24 мамырдағы Иранға қарсы кездесу.
ӘЧ-2002 іріктеуінде алты ойынға түгел қатысты. Бірақ қазақстандықтар үшін сәтсіз аяқталған бұл турнирден соң қайтадан ұлттық құрама жейдесін кимеді.
2002 жылдың соңында "Ақтөбеден" "Жетісуға" ауысты да, жарақаттың кесірінен біраз жыл футболдан шеттеп қалды. 2007 жылы карьерасын қайта жаңғыртып, "Оқжетпес" сапына ауысты. Үш кездесу ғана өткізіп, қайтадан футболшылық ғұмырына нүкте қойды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
* Бесқұдық – Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы ауыл.
* Бесқұдық – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл.
* Бесқұдық – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы таратылған ауыл. |
Өгем (өзб. Ugom, Угом) – Қазақстан және Өзбекстандағы тау өзені. Шыршық өзенінің ірі салаларының бірі.
## Сипаттамасы
Өзеннің ұзындығы 68,5 км. Су алабының ауданы 869 км². Бастауын Түркістан облысы Төле би ауданындағы Өгем жоталарынан алады. Теңіз деңгейінен 2600 м-дей биіктіктегі бірнеше бұлақтардың қосылуымен іріленіп, тау қойнауымен ағып, бағытын түстікке бұрады.
Құлап аққандықтан, ағысының жылдамдығы жоғары. Өгем орман шаруашылығының етек жағындағы ағыс жылдамдығы 1,6 м/с. Одан да төменіректегі ағысы 2,6 м/с-қа дейін жетеді.
Төменгі ағысында Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасын кесіп өтеді. Шекарадан өткен соң Бостандық ауданының аумағымен ағады. Шарбақ су электр станциясына таяу жерде Шыршық өзеніне құяды.
## Жағасындағы елді мекендер
Өзен тау-тасты аралап аққандықтан жағасында адам тұратын елді мекендер аз. Өзбекстан аумағанда бірнеше пансионаттар мен балаларға арналған жазғы лагерлер орналасқан. Сондай-ақ Хумсан курортты кенті бар.
## Дереккөздер
## Әдебиет
* Угом — Национальная энциклопедия Узбекистана. — Ташкент, 2000—2005. (узб.) |
Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры- қоғамдық негізде құрылған қор нысанындағы Қазақстандық коммерциялық емес заңды тұлға.
Қор қазақ тіліндегі ағартушылық мазмұнды дамытуды мақсатымен 2011 жылы WikiBilim атауымен құрылған болатын. 2017 жылдың 1 маусымында қайта тіркеуден өтіп Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры деп атауын өзгертті.
Ұлттық аударма бюросы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан алты жобаның бірі "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық" жобасының үйлестірушісі ретінде әрекет етеді.
## Тарихы
Қор 2011 жылдың 4 маусымында WikiBilim атауымен құрылған болатын. Қор атауы "Wiki" (Уики) - қолданушылар тарапынан жасалатын контентке негізделген технологияның атауы (жылдам, тез деген мағына береді) және "Білім" сөздерінен құралған. Wiki интернет кеңістігінің дамуына ерекше үлес қосқан технология, мәдениет.
Қор мәдениет және білім беру саласында "Сандық Қазақстан" бастамасының аясында бірнеше жобаларды жүзеге асырды, солардың қатарында "Қазақша Уикипедия", "Қазақстанның ашық кітапханасы", "Қазақ тілінің әмбебап сөздігі", "Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы", "Google аудармашы қызметіне қазақ тілін қосу" жобалары бар.
Қор Қазақстанда және халықаралық деңгейде танымал. Уикипедия онлайн энциклопедиясының негізін қалаушы Джимми Уэйлс 2011 жылы өткен Wikimania конференциясында энциклопедияның қазақ тіліндегі нұсқасын дамытуға қосқан үлесі үшін қорды "Жыл Уикипедияшысы" номинациясымен марапаттаған болатын.
Қордың жарғысына сәйкес негізгі мақсаты ретінде интернеттегі қазақ тіліндегі ағартушылық мазмұнды дамыту және насихаттау деп белгіленген. Қордың негізгі мақсатына жету ісінде бірнеше жобалар жүзеге асырылып жатыр.
2011 жылдың маусым айында халықаралық онлайн энциклопедия Википедияның қазақ тіліндегі нұсқасын дамыту жобасын бастаған болатын. Еріктілермен жұмысты ұйымдастыру мақсатында Алматыға Викимедиа қорының (АҚШ) қамқоршылар кеңесі мүшесі Тинг Чен мырза келді. Еріктілердің алғашқы тобын Халықаралық Ақпараттық технологиялар университеті мен Қазақ ұлттық университетінің студенттері қатысты.
### Таймлайн
* 4 мамыр 2011 жыл -
* 16 маусым 2011 жыл -
* 7-11 тамыз 2011 жыл -
* 17 қыркүйек 2011 жыл -
* 20-21 сәуір 2012 жыл -
## Жобалар
### Қазақша Уикипедия
Уикипедия әлемдік ашық онлайн интернет энциклопедиясының қазақ тіліндегі бөлімін дамыту және насихаттау мақсатында "WikiBilim" қоғамдық қоры 2011 жылдың маусым айында "Қазақша Уикипедия" жобасын бастады. Жобаның негізгі мақсаты қазақ тілінде жазылатын энциклопедиялық мақалалардың санын және сапасын арттыру, энциклопедияға белсенді қатысушылардың санын көбейту. Уикипедия интернет энциклопедиясының аясында интеллектуалдық қауымдастық құру, тіл жанашырларының хоббиіне айналдыру. "Қазақша Уикипедия" жобасы басталмай тұрып, энциклопедияда қазақ тілі 127 орында тұр еді. Айналдырған бір жыл ішінде қазақ тілі 25-орынға көтерілді.
Қор жобаны жүзеге асыру жұмысына көптеген ұйымдар мен мекемелерді жұмылдырды. Жобаға Қазақстан Республикасының Премьер Министрі Кәрім Мәсімов қолдау көрсетті. Бас демеуші ретінде "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры екі жылға 50 миллион теңге бөлді. .
Қатысушыларға арнап Нокиа компаниясы аптаның үздік мақаласына С3-00 телефондарын табыстады .
Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы өзінің дайындаған он томдық "Қазақстан" энциклопедиясының мәтінін Уикипедияға орналастыруға рұқсат берді. Бұл материалдарды Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті студенттері өңдеп, энциклопедияға орналастыру жұмысын өткізді. Студенттер аталған оқу тәжірибесі кезінде уики мәтін және медиауики жүйесімен танысты.
### Қазақстанның ашық кітапханасы
Интернеттегі қазақтілді мазмұнды дамыту мақсатында WikiBilim қоғамдық қоры "Қазақстанның ашық кітапханасы" жобасын қолға алды. "Қазақстанның ашық кітапханасы" — 170-тен астам автордың 1700-ге жуық шығармасы орналасқан тегін әрі қазақтілді онлайн кітапхана. «Қазақстанның ашық кітапханасында» Creative Commons лицензияларының негізінде жарық көрген үлкен кітап қоры, аудио- және видеофайлдар жинақталған. Оның негізін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында жарық көрген туындылар құрайды. Портал қазақстандық интернет үшін кітапты онлайн оқуға және оның мәтінмен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бірегей қосымшасымен ерекше.
Онлайн кітапханада қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары жинақталған. Кітапхана қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларымен толығу үстінде. Атап айтсақ, Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 200-ге жуық шығармалары топтасқан.,
### Google Translate қызметіне қазақ тілін қосу
Қордың қазақ тіліне байланысты, әсіресе интернеттегі қазақтілді танымдық, ағартушылық мазмұнды толтыру мәселелеріне қатысты көтерген бастамалары көп. Солардың бірі - Google Translate қызметіне қазақ тілін қосу бастамасы. Қазақ тілін ғаламдық аударма қызметіне қосу үшін қазақ тілінің жанашырлары, жалпы ел азаматтары белсенді атсалысуы тиіс. Бүгінгі таңда Google Translate аударма қызметі 71 тілде жұмыс істейтін ғаламдық сервиске қазақ тілін қосу жайындағы бастаманы алғаш көтерген - "WikiBilim" қоғамдық қоры.
### TED конференциялары
Таратуға әбден лайық идеялардың қоймасы - TED конференциялары. 2012 жылдың қараша айындағы мәліметтерге қарағанда, TED конференциялары миллардтан көп қаралған. Әр жыл сайын ең ұтымды ой үшін сыйақы мөлшері 1 миллон$-ды құрайтын әлемдік маңызы бар конференцияны "WikiBilim" қоғамдық қоры қазақ тіліне аудару үстінде. Аталмыш конференциялар "Білім" арнасынан көрсетіліп жүр.
WikiBilim қоғамдық қоры Назарбаев зияткерлік мектебінде онлайн білім беру технологияларына қатысты презентация өткізді. Мұғалімдер мен оқушылар мектепте Уикипедия клубын (Wikipedia Club) және TEDxNIS клубын құруға қызығушылық танытты.
## Марапаттары
* The Wikipedian of the Year 2011 (Wikimania 2011, Haifa, Israel)
* Award.kz (2011) - Қазнеттің дамуына қосқан үлесі үшін
* "Тіл жанашыры"
* Award.kz (2012) - Мәдениет және өнер номинациясы бойынша "Қазақстанның ашық кітапханасы" жобасы 2 орын алды
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.wikibilim.kz Мұрағатталған 28 мамырдың 2022 жылы. - "Wikibilim" қоғамдық қорының ресми веб сайты
* http://ikitap.kz - Қазақстанның ашық кітапханасының ресми веб сайты
* http://ikitap.kz/kk/content/sozdik - Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
* http://wikimediafoundation.org - Wikimedia Қорының ресми веб сайты
* http://www.youtube.com/watch?v=VWTAabxeJDY - «WikiBilim» қорының басшысы Рауан Кенжеханұлының сұхбаты |
Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры- қоғамдық негізде құрылған қор нысанындағы Қазақстандық коммерциялық емес заңды тұлға.
Қор қазақ тіліндегі ағартушылық мазмұнды дамытуды мақсатымен 2011 жылы WikiBilim атауымен құрылған болатын. 2017 жылдың 1 маусымында қайта тіркеуден өтіп Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры деп атауын өзгертті.
Ұлттық аударма бюросы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан алты жобаның бірі "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық" жобасының үйлестірушісі ретінде әрекет етеді.
## Тарихы
Қор 2011 жылдың 4 маусымында WikiBilim атауымен құрылған болатын. Қор атауы "Wiki" (Уики) - қолданушылар тарапынан жасалатын контентке негізделген технологияның атауы (жылдам, тез деген мағына береді) және "Білім" сөздерінен құралған. Wiki интернет кеңістігінің дамуына ерекше үлес қосқан технология, мәдениет.
Қор мәдениет және білім беру саласында "Сандық Қазақстан" бастамасының аясында бірнеше жобаларды жүзеге асырды, солардың қатарында "Қазақша Уикипедия", "Қазақстанның ашық кітапханасы", "Қазақ тілінің әмбебап сөздігі", "Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы", "Google аудармашы қызметіне қазақ тілін қосу" жобалары бар.
Қор Қазақстанда және халықаралық деңгейде танымал. Уикипедия онлайн энциклопедиясының негізін қалаушы Джимми Уэйлс 2011 жылы өткен Wikimania конференциясында энциклопедияның қазақ тіліндегі нұсқасын дамытуға қосқан үлесі үшін қорды "Жыл Уикипедияшысы" номинациясымен марапаттаған болатын.
Қордың жарғысына сәйкес негізгі мақсаты ретінде интернеттегі қазақ тіліндегі ағартушылық мазмұнды дамыту және насихаттау деп белгіленген. Қордың негізгі мақсатына жету ісінде бірнеше жобалар жүзеге асырылып жатыр.
2011 жылдың маусым айында халықаралық онлайн энциклопедия Википедияның қазақ тіліндегі нұсқасын дамыту жобасын бастаған болатын. Еріктілермен жұмысты ұйымдастыру мақсатында Алматыға Викимедиа қорының (АҚШ) қамқоршылар кеңесі мүшесі Тинг Чен мырза келді. Еріктілердің алғашқы тобын Халықаралық Ақпараттық технологиялар университеті мен Қазақ ұлттық университетінің студенттері қатысты.
### Таймлайн
* 4 мамыр 2011 жыл -
* 16 маусым 2011 жыл -
* 7-11 тамыз 2011 жыл -
* 17 қыркүйек 2011 жыл -
* 20-21 сәуір 2012 жыл -
## Жобалар
### Қазақша Уикипедия
Уикипедия әлемдік ашық онлайн интернет энциклопедиясының қазақ тіліндегі бөлімін дамыту және насихаттау мақсатында "WikiBilim" қоғамдық қоры 2011 жылдың маусым айында "Қазақша Уикипедия" жобасын бастады. Жобаның негізгі мақсаты қазақ тілінде жазылатын энциклопедиялық мақалалардың санын және сапасын арттыру, энциклопедияға белсенді қатысушылардың санын көбейту. Уикипедия интернет энциклопедиясының аясында интеллектуалдық қауымдастық құру, тіл жанашырларының хоббиіне айналдыру. "Қазақша Уикипедия" жобасы басталмай тұрып, энциклопедияда қазақ тілі 127 орында тұр еді. Айналдырған бір жыл ішінде қазақ тілі 25-орынға көтерілді.
Қор жобаны жүзеге асыру жұмысына көптеген ұйымдар мен мекемелерді жұмылдырды. Жобаға Қазақстан Республикасының Премьер Министрі Кәрім Мәсімов қолдау көрсетті. Бас демеуші ретінде "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры екі жылға 50 миллион теңге бөлді. .
Қатысушыларға арнап Нокиа компаниясы аптаның үздік мақаласына С3-00 телефондарын табыстады .
Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы өзінің дайындаған он томдық "Қазақстан" энциклопедиясының мәтінін Уикипедияға орналастыруға рұқсат берді. Бұл материалдарды Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті студенттері өңдеп, энциклопедияға орналастыру жұмысын өткізді. Студенттер аталған оқу тәжірибесі кезінде уики мәтін және медиауики жүйесімен танысты.
### Қазақстанның ашық кітапханасы
Интернеттегі қазақтілді мазмұнды дамыту мақсатында WikiBilim қоғамдық қоры "Қазақстанның ашық кітапханасы" жобасын қолға алды. "Қазақстанның ашық кітапханасы" — 170-тен астам автордың 1700-ге жуық шығармасы орналасқан тегін әрі қазақтілді онлайн кітапхана. «Қазақстанның ашық кітапханасында» Creative Commons лицензияларының негізінде жарық көрген үлкен кітап қоры, аудио- және видеофайлдар жинақталған. Оның негізін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында жарық көрген туындылар құрайды. Портал қазақстандық интернет үшін кітапты онлайн оқуға және оның мәтінмен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бірегей қосымшасымен ерекше.
Онлайн кітапханада қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары жинақталған. Кітапхана қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларымен толығу үстінде. Атап айтсақ, Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 200-ге жуық шығармалары топтасқан.,
### Google Translate қызметіне қазақ тілін қосу
Қордың қазақ тіліне байланысты, әсіресе интернеттегі қазақтілді танымдық, ағартушылық мазмұнды толтыру мәселелеріне қатысты көтерген бастамалары көп. Солардың бірі - Google Translate қызметіне қазақ тілін қосу бастамасы. Қазақ тілін ғаламдық аударма қызметіне қосу үшін қазақ тілінің жанашырлары, жалпы ел азаматтары белсенді атсалысуы тиіс. Бүгінгі таңда Google Translate аударма қызметі 71 тілде жұмыс істейтін ғаламдық сервиске қазақ тілін қосу жайындағы бастаманы алғаш көтерген - "WikiBilim" қоғамдық қоры.
### TED конференциялары
Таратуға әбден лайық идеялардың қоймасы - TED конференциялары. 2012 жылдың қараша айындағы мәліметтерге қарағанда, TED конференциялары миллардтан көп қаралған. Әр жыл сайын ең ұтымды ой үшін сыйақы мөлшері 1 миллон$-ды құрайтын әлемдік маңызы бар конференцияны "WikiBilim" қоғамдық қоры қазақ тіліне аудару үстінде. Аталмыш конференциялар "Білім" арнасынан көрсетіліп жүр.
WikiBilim қоғамдық қоры Назарбаев зияткерлік мектебінде онлайн білім беру технологияларына қатысты презентация өткізді. Мұғалімдер мен оқушылар мектепте Уикипедия клубын (Wikipedia Club) және TEDxNIS клубын құруға қызығушылық танытты.
## Марапаттары
* The Wikipedian of the Year 2011 (Wikimania 2011, Haifa, Israel)
* Award.kz (2011) - Қазнеттің дамуына қосқан үлесі үшін
* "Тіл жанашыры"
* Award.kz (2012) - Мәдениет және өнер номинациясы бойынша "Қазақстанның ашық кітапханасы" жобасы 2 орын алды
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.wikibilim.kz Мұрағатталған 28 мамырдың 2022 жылы. - "Wikibilim" қоғамдық қорының ресми веб сайты
* http://ikitap.kz - Қазақстанның ашық кітапханасының ресми веб сайты
* http://ikitap.kz/kk/content/sozdik - Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
* http://wikimediafoundation.org - Wikimedia Қорының ресми веб сайты
* http://www.youtube.com/watch?v=VWTAabxeJDY - «WikiBilim» қорының басшысы Рауан Кенжеханұлының сұхбаты |
Ақтас — Қарағанды облысы Саран қаласына қарасты кент.
## Географиялық орны
Қарағандының оңтүстік-батысында 18 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1950 жылы Қарағанды көмір алабының батыс телімдерін игеруге байланысты қаланған. Ақтаста 2 кірпіш зауыты, ірі автобаза жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Жалпы білім беретін 2 мектеп, кәсіптік-техникалық училище, жұмысшы жастар мектебі, мәдениет ұйі, 12 кітапхана (9-ы жылжымалы), 5 балабақшасы мен 1 ясли бар. Кент арқылы Қарағанды — Саран атомобиль жолы өтеді. Тұрғындары елді мекендермен ауыларалық жолдар арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Темірбек Жүргенов ауылы (2016 жылға дейін — Мақпалкөл) — Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл, Мақпалкөл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жалағаш кентінен оңтүстік-батысқа қарай 35 км жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2227 адам (1097 ер адам және 1130 әйел адам) болса, 2009 жылы 1921 адамды (996 ер адам және 925 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдары қаланған. Алғашында «Қыша», «ТОЗ» артельдері болып ұйымдасқан. 1938 жылы «Еңбекші» және «Бозарық» серіктестіктері бірігіп «Мақпалкөл» ұжымшарын құрды. 1963 жылы «Жаңаталап» және «Ленин» ұжымшарлары негізінде «Жаңаталап» кеңшары құрылды. 1997 жылдан кеңшар негізінде Мақпалкөлде және округке қарасты Жаңаталап ауылдарында ЖШС, бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Абдельмумен Джабу (фр. Abdelmoumene Djabou, араб.: عبد المؤمن جاب, 31 қаңтар 1987, Сетиф, Алжир) — алжирлік футболшы, Алжир Ұлттық құрамасының жартылай қорғаныс шебінде ойнаған. 2014 жылы әлем чемпионатына қатысты.
## Жетістіктері
* Алжирдің үздік футболшысы 2011/12
* Алжир чемпионатының үздік футболшысы: 2010/11, 2011/12
* Алжир чемпионы: 2011/12
* Алжир кубогы: 2011/12
* Солтүстік Африка суперкубогы: 2010
* Тунис чемпионатының мергені: 2012/13 (8 гол)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Eurosport.fr Profile |
Мустафа Рабах Маджер (араб.: رابح ماجر; 15 желтоқсан 1958 жыл, Хуссейн-Дей, Алжир) — алирлік футболшы, жаттықтырушы. Шабуыл шебінде ойнаған.
Алжир құрамасы сапында 1982, 1986 жылдары әлем чемпионатына қатысты. 1990 жылы Африка чемпионы атанды.
Бапкерлік карьерасында бірнеше рет Алжир Ұлттық құрамасын жаттықтырды.
## Жетістіктері
### Клубтық
* Алжир кубогы: 1978/79Еуропа чемпиондар кубогы: 1986/87УЕФА суперкубогы: 1987Құрлықаралық кубок: 1987Португалия чемпионы: 1987/88Португалия кубогы: 1987/88, 1990/91Португалия суперкубогы: 1986, 1991
* Алжир кубогы: 1978/79
* Еуропа чемпиондар кубогы: 1986/87
* УЕФА суперкубогы: 1987
* Құрлықаралық кубок: 1987
* Португалия чемпионы: 1987/88
* Португалия кубогы: 1987/88, 1990/91
* Португалия суперкубогы: 1986, 1991
### Ұлттық құрамада:
* Африка ұлттары кубогы: 1990Афро-Азия ұлттары кубогы: 1991
* Африка ұлттары кубогы: 1990
* Афро-Азия ұлттары кубогы: 1991
### Жеке
* Африкадағы жыл футболшысы: 1987ХХ ғасырдағы ең үздік араб футболшысыХХ ғасырдағы ең үздік Алжир футболшысы
* Африкадағы жыл футболшысы: 1987
* ХХ ғасырдағы ең үздік араб футболшысы
* ХХ ғасырдағы ең үздік Алжир футболшысы
## Сілтемелер
* Профиль (Zerozero)
* Биографиясы (Blogportista) Мұрағатталған 20 шілденің 2020 жылы.
* Профиль (BDFutbol) |
Рафик Халиш (араб.: رفيق حليش, фр. Rafik Halliche; 2 қыркүйек 1986 жыл, Алжир, Алжир) — алжирлік футболшы, «Катар СК» клубы мен Алжир құрамасының қорғаушысы.
2010, 14 жылдары әлем чемпионатына қатысты. 2010, 2013, 2015 жылдары Африка ұлттары кубогына қатысты.
## Статистикасы
9 маусым 2014
## Сілтемелер
* Профиль (espn.com)(қолжетпейтін сілтеме)
* Профиль (fifa.com) Мұрағатталған 19 шілденің 2014 жылы. |
Тедж Бенсаула (фр. Tedj Bensaoula 1 желтоқсан 1954, Хаммам-Бу-Хаджар, Алжир) — алжирлік футболшы, шабуылшы. Кейін бапкерлікпен айналысты.
1982, 86 жылдары әлем чемпионатына қатысқан. 1980 жылы Мәскеуде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында доп тепті.
## Жетістіктері
### Клубтық
* Франция екінші дивизионының жеңімпазы: 1985
### Ұлттық құрамада
* Жерорта теңізі ойындарының күміс жүлдегері: 1979
* Африканың вице-чемпионы: 1980
* Африканың қола жүлдегері: 1984
## Сілтемелер
* (ағылш.) Профиль Мұрағатталған 12 тамыздың 2011 жылы.
* (ағылш.) Профиль |
Жамбыл — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Заградов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстікке қарай 55 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 128 адам (79 ер адам және 49 әйел адам) болса, 2009 жылы 103 адамды (62 ер адам және 41 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Петров ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Петровка, Бірлік, Жекекөл, Мәдениет, Оседлое ауылдары кіреді. Орталығы – Петровка ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1891 адамды құрайды.
## Дереккөздер |
Дәурен сал Құдабайұлы (1817 – 1889) – ақын, әнші, Жетісудың дүлділі, сал-серісі.
Шапырашты тайпасының Асыл руы Әжіке тармағынан тараған. Әйгілі Қазыбек бек Тауасарұлының немересі, Құдабайдың баласы. Атасы бек Қазыбектің кітаптарын алғашқы көшірген,соның ішінде бүгінге жеткен аты шулы "Түп-тұқианнан өзіме шейін" кітабы және "Артқыға, қалдыра алсаң, сөзің жетер" дастандар мен өлеңдер жинағы.Дәурен сал Жетісу музыка мектебінің бастауы. Бұл мектепке әнші-композиторлар Пышан Жәлмендеұлы, Иса Тергеусізұлы, Шүкітай Әбдікерімұлы,Сәдіқожа Мошанұлы, Қалқа Жапсарбайұлы, Омарқұл Итаяқов, Тәбия Қаражанова, Кенен Әзірбаев және күйші-композиторлар Түктібай, Ауғанбай, Досмайыл, Қалдыбек жатады.
Ел ішінде “Дәурен салдың белбеуіндей ұзын” деген нақыл бар. Дәурен сал Іленің арғы жағына өткенде, белбеуінің бір ұшы өзеннің бергі жағында жатады деседі.
## Шығармалары
Оның “Керуен дүние”, “Әуелеп ұшқан бозторғай”, “Угәй-ай”, т.б. әндері бар. Ақын Қырмызымен айтысып, оның өнерін жоғары бағалап, “Қош-сау бол, сал қарындас, Қырмызым-ай, Жаһанның таң шолпаны жұлдызым-ай” деген жыр жолдарын арнаған.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Сарыкөл – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл.
* Сарыкөл – Ақтөбе облысы Темір ауданындағы таратылған ауыл.
* Сарыкөл – Алматы облысы Кеген ауданындағы ауыл.
* Сарыкөл – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы ауыл.
* Сарыкөл – Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы ауыл.
* Сарыкөл – Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы кент.
* Сарыкөл – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында болған ауыл, 2015 жылы таратылған.
* Сарыкөл – Түркістан облысы Отырар ауданындағы ауыл.
Көлдер:
* Сарыкөл – Ақмола облысы Бурабай ауданындағы көл.
* Сарыкөл – Қаратал алабындағы көл.
* Сарыкөл – Есіл алабындағы тұщы көл.
* Сарыкөл – Түркістан облысы Отырар ауданы Талапты ауылдық округі аумағындағы көл.
* Сарыкөл – Шүрексор алабындағы көл.
Тау:
* Сарыкөл – Үлкен Борсық құмды алқабының солтүстік-шығыс шетіндегі шоқы. |
Мақпалкөл — Қазығұрт ауданындағы Өгем тауының қойнауындағы көл.
Теңіз деңгейінен 2290 метр биіктікте. Көл аумағы 2000 шаршы метр. Тереңдігі 15 метр. Суы тұщы. Туристік рекреациялық мақсаттарда қолданылады. Машинамен Диірменбастауға дейін жетуге болады. Одан соң көлге дейін туристік жаяу соқпақ жолмен шығуға болады. Мақпалкөл туристік соқпағының ұзындығы Өгем ауылындағы пунктен бастап көлге барып-келуін қосқанда 45 шақырым, бір бағытта 22,5 шақырым болса, Диірменбастауға дейін 6-7 шақырым, қалғаны 19-20 шақырым жаяу жол.
## Сыртқы сілтемелер
* Өгем таудың інжу-маржаны – Мақпалкөл Мұрағатталған 7 тамыздың 2018 жылы.
* Оңтүстік травел ұсынады Мұрағатталған 7 тамыздың 2018 жылы. |
Aлматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі - Орал Таңсықбаев атындағы — оқу орны. Суретші-безендіруші, мүсінші, театр суретшісі, қолданбалы өнер суретшісі мамандарын даярлайды.
* 1938 жылы қазақ көркем сурет училищесі болып ашылған, мұнда алғашқы жылдары бір мамандық (орта мектептің сурет пәнінің мұғалімі) бойынша кадр даярлады.
* 1941 жылы театр училищесімен қосылып, қазақ мемлекеттік театр-көркем-сурет училищесі болып қайта құрылды.
* 1954 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесі болып өзгертілді.
* 1992 жылы училищеге О.Таңсықбаев есімі берілді.
* 1995 жылдан қазіргі атымен белгілі. Колледжде қазірде кескіндеме, театр безендірушісі, мүсінші, көркем-таңба, көркемдеп ағаш өңдеуші, қыш бұйымдарын көркемдеуші, көркемдеп металл өңдеуші, көркемдеп мата безендіруші, көркемдеуші-суретші мамандықтары бойынша кадрлар даярланады.
Жоғары білікті 42 оқытушы дәріс береді. Олардың 12-сі ҚР Суретшілер одағының мүшесі, екеуі ағарту ісінің озаты, біреуі Республиканың еңбек сіңірген өнер қайраткері (1998). Қазакстанға белгілі кескіндемешілер А.Ғалымбаева, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Н.Нұрмұхамедов, Қ.Телжанов, т.б. осы колледж түлектері.
## Дереккөздер |
Аққулы ауданы — 1939 жылы құрылған, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында орналасқан аудан және оңтүстік-шығысында Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, солтүстікте Шарбақты ауданымен шектесіп жатыр, батыста аудан шекарасы Ертіс өзені арқылы өтеді. Ауданның аумағы 806,1 мың гектарды құрайды. Павлодар қаласына дейін ара қашықтық 120 км.Әкімшілік орталығы - Аққулы ауылы.
## Физикалық-географиялық сипаттамасы
### Географиялық жағдайы
Солтүстігінде Павлодар және Шарбақты аудандарымен, шығысында — Ресейдің Алтай өлкесімен, оңтүстігінде — Абай облысы Бесқарағай ауданымен, батысында — Май ауданымен бөлетін кеме жүретін Ертіс өзенімен шектес.Аудан аумағымен Павлодар – Семей автомобиль жолы өтеді.
### Климаты
Аудан климаты қатал континентальды. Қаңтардың орта температурасы −17º-18ºС, шілденікі - +20º+21ºС. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250—300 мм құрайды.
### Жер бедері және гидрография
Аудан аумағы бетегелі өсімдігі бар жай толқынды жазық жерлерден тұрады, тұзды көлдер саны өте көп. Топырақ қызғылт және қою қызғылт, механикалық құрамы бойынша — құмайт және құмды, жел эрозиясына тез шалдығады. Алқаптарда — ауыр суглинкалар бар. Жер қойнында келесі табиғи құрылыс материалдары зерттелінген: алебастр, сульфат, гипс, әк.
### Флора және фауна
Оңтүстік-шығыста жолақты қарағай ормандары бар. Жолақты қарағай ормандары мен Ертіс өзенінің алқабында ағаш және бұтақты түрлер: үйеңкі, боз тал, қандағаш, көктерек, қайың, терек, қарағай және басқалары кездеседі. Шөп түрлерінен — жусан, бетеге. Ертіс өзені алқабы — қоғалы жаға. Қасқыр, қоян, суыр, сарышұнақ, аламан секілді аң түрлері мен үйрек, қаз секілді құстар мекендейді.
## Тарихы
Аудан Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1939 жылғы 16 қазандағы жарлығымен орталығы Лебяжі ауылы болып Бесқарағай, Каганович және Павлодар аудандарын шағындау есебінен құрылған. Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы жарлығымен Лебяжі ауданы жойылып, аумағы Павлодар ауылдық ауданының құрамына енді. Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1964 жылғы 31 желтоқсандағы жарлығымен Лебяжі ауданы қайта құрылды. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық полигонындағы ядерлық сынақтан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес аудан радиациялық қауіпті аумаққа жатқызылды. 2018 жылғы 4 тамызда ҚР Президенті жарлығымен аудан атауы Аққулы болып өзгертілді.
## Әкімшілік бөлінісі
23 елді мекен 10 ауылдық округке біріктірілген:
## Халқы
### Этникалық құрамы
Ұлттық құрамы (2012 жылдың 1 қаңтарына)
* қазақтар — 11 306 адам (80,9 %)
* орыстар — 1 582 адам (11,32 %)
* украиндер — 215 адам (1,54 %)
* немістер — 241 адам (1,72 %)
* татарлар — 200 адам (1,43 %)
* белорустар — 65 адам (0,46 %)
* басқалары — 421 адам (3 %)
* Барлығы— 14 030 адам (100,00 %)
### Санның серпінділігі
1999 жылы халық саны— 19,6 мың адамды, 2012 жылы — 13,97 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 2012 жылы 1 км² 1,72 адамнан келді.
## Экономика
### Ауылшаруашылық
Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: қой шаруашылығы, табындық жылқы шаруашылығы, жүн өндіру, қарбыз өсіру. Бидай, тары, қарақұмық, күнбағыс өсіріледі, ет, сүт, ұсақ тері шикізаты. Шаруашылықтың негізгі бағыты — мал шаруашылығы. Аудан жібек жүнді қой шаруашылығымен айналысқан, бұл шаруашылықпен колхоздардан басқа— «Бесқарағай» племсовхозы, № 23 совхоз секілді мамандандырылған қой шаруашылықтары да айналысқан. Қазақ ғылыми-зерттеу мал шаруашылығы институты, ал соғыс жылдарынан кейін мал шаруашылығы институтының Шығыс-Қазақстан тәжірибе станциясы қызметкерлерінің көп жылдық, мақсатты селекциялық-асыл тұқымды жұмыс түрінің нәтижесінде, жаңа түр – үлкен салмаққа ие ірі конституциясы бар қазақ мериносы енгізілді. Ауданның ауылшаруашылық өнімін өндірумен 10 ауылшаруашылық, 172 шаруа қожалықтары айналысады, 4332 жеке қоныстар бар. Ауданда 2 наубайхана, 1 жел диірмені, 1 сүтті қайта өндеу цехы жұмыс істейді.
## Әлеуметтік сала
### Білім беру мен ғылым
Аудан аумағында 27 білім беру мекемелері бар, оның ішінде 1 арнайы орта, 18 орта, 4 негізгі, 1 бастауыш, 3 мектеп жасына дейінгі. Сонымен қатар 6 бөлімшесі бар 305 адам айналысатын балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар.
### Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау объектілері 24, оның 1 орталық аудандық аурухана, 1 туберкулезге қарсы аурухана, 8 дәрігерлік амбулатория, 14 медициналық пункт.
### Мәдениет
Аудан бойынша 18 мәдениет объектілері, 24 кітапхана және 1 жылжымалы «Бұлақ» кешені қызмет атқарады.«Аққу күйі» аудандық газеті шығарылады (1940 жылдан).
## Әйгілі адамдар
Социалистік Еңбек Ерлері:
* Б.Айдарханов,
* Ж.Жанғожин,
* Б. Оспанов,Уақап Сыздықов, Қ. Шарбақбаев
## Дереккөздер |
Горное — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Заградов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстікке қарай 55 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 435 адам (217 ер адам және 218 әйел адам) болса, 2009 жылы 428 адамды (218 ер адам және 210 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тереңкөл ауданы — Павлодар облысы құрамындағы аудан. Әкімшілік орталығы – Тереңкөл ауылы.
## Тарихы
1928 жылы 17 қаңтарда Фёдоров ауданы құрылды, ол сол жылы 23 маусымда Максим Горький ауданы болып өзгертілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен Максим Горький ауданының аумағында Қашыр ауданы құрылды. ҚР Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы Жарлығымен аудан атауы Тереңкөл болып өзгертілді.
## Физикалық-географиялық сипаттамасы
### Географиялық жағдайы
Солтүстік-батысында — Железин ауданымен, солтүстік-шығысында – Ресейдің Новосибирск облысының Қарасуық ауданымен, шығысында – Успен ауданымен, оңтүстігінде – Павлодар ауданымен шектеседі. Батысында ауданның табиғи шекарасы Ертіс өзені болып табылады. Өзен арқылы Ақтоғай, Ертіс аудандарымен шектеседі.Аудан аумағы бойынша Павлодар—Омбы, Қашыр—Купино автомобиль жолдары өтеді.
### Климаты
Климаты қатал континентальды. Қаңтардың орташа температурасы − 18º-19ºС-қа, шілденікі — +20º+21ºС-қа тең. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250—300 мм құрайды.
### Жер бедері мен гидрография
Аудан аумағы Барабинск ойпатының жапсарында және Құлынды жазығында орналасқан. Жер бедері жазық. Топырағы қызғылт, сортаң. Аудан аумағы бойынша 50 км ұзындықта Ертіс өзені ағып өтеді, көптеген ұсақ көлдер бар.
Пайдалы қазбалардың ішінде глауберлік және ас тұзының, кірпіш, жабынғы жасауға қажет балшықтың кен орындары бар. Балшық қоры мөлшерленбеген.
### Флора және фауна
Бетеге, жусан, тал, көктерек өседі. Қасқыр, қарсақ, түлкі, қоян, үйрек, қаз, аққу мекендейді. Тұзды көлдерде табан, алабұға, шабақ, шортан кездеседі.
## Халқы
### Этникалық құрамы
Ұлттық құрам (2012 жылдың 1 қаңтарына)
* орыстар — 9 190 адам (43,16%)
* қазақтар — 8 388 адам (39,39 %)
* украиндар — 1 274 адам (5,98 %)
* немістер — 1 698 адам (7,97 %)
* татарлар — 141 адам (0,66 %)
* беларустар — 210 адам (0,98 %)
* басқалары — 390 адам (1,83 %)
* Барлығы — 21 291 адам (100,00 %)
### Санның серпінділігі
1999 жылы халық саны — 31,7 мың адамды, 2012 жылы — 21,291 мың адамды құрады. 1999 жылы халықтың орташа тығыздығы — 4,66 адам/км², ал 2012 жылы — 3,13 адам/км² болды.
## Әкімшілік бөлінісі
30 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген:
## Экономика
### Өнеркәсібі
Жөндеу-механикалық, май және нан зауыттары, құрылыс материалдары мен конструкуциялар комбинаты, тұрмыстық қамтамасыз ету, ағашты қайта өндеу комбинаттары, құрылыс және автокөліктік кәсіпорындары, типография бар.
### Ауылшаруашылық
Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: сүт және ет-сүтті мал шаруашылығы, бидай шаруашылығы. Бидай, тары, қаратұмық, күнбағыс өсіріледі, ұсақ тері шикізаты өндіріледі. Ауданда 15 ауылшаруашылық және 145 шаруа қожалықтары, 7863 жеке қоныстар; 41 қайта өндеу объектілері: 12 шағын-диірмендер, 1 сүтті қайта өндеу бойынша цех, 10 күнбағыс өндіру бойынша цехтар бар.
## Әлеуметтік сала
### Білім беру мен ғылым
2012 оқу жылында 31 жалпы білім беру мектептері, 3 мектепалды мекемелері мен 2 кәсіби мектептер қызмет етеді.
### Денсаулық сақтау
Ауданда Қашыр орталық аудандық аурухана қызмет етеді, бас дәрігер Әмірқан Тұрғылдинов.
### Мәдениет
1934 жылдан бастап аудандық «Заря» газеті шығарылады. Ауданда жылжымайтын мәдениет және тарихи ескерткіштері бар: Кеңес Одағының батыры А.Н. Елгиннің мүсіні, 1964 ж, Қашыр ауылы
* XIX ғ. аяғындағы А.Н. Елгиннің үйі, Қашыр ауылы
* Еңбек мәртебесі ескерткіші, ДТ-54 тракторы , 1979 жылғы ГАЗ-АА автомашинасы, Березовка ауылы
## Әйгілі адамдар
Кеңес Одағының батырлары: А.Н. Ёлгин, М.М. Катаев, В.В. Степаненко, Қ.М. Сұрағанов ; Социалистік Еңбек Ерлері: Ж. Әбілқайыров, Н. Әлжанов, В.С. Выдрин, З.А. Жуков, Д.С. Козолуп, Т.И. Рахманин, П.С. Рябова, Н.М. Соколов.
## Дереккөздер |
Жарқайың – Есіл-Тобыл аралығындағы көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Қостанай ауданы Озерный ауылынан батысқа қарай 15 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 17,2 км 2, ұзындығы 7,3 км, енді жері 4,7 км. Жағалауы тік жарлы. Суы қарашаның басында қатып, мамыр айында ериді. Суы кермек татиды. Көлден балық ауланады. |
Елді мекендер:
* Өрнек – Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл.
* Өрнек – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы ауыл.
* Өрнек – Ақмола облысы Астрахан ауданындағы ауыл.
* Өрнек – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл.
* Өрнек – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Өрнек – Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл.
* Өрнек – Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы ауыл.
* Өрнек – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл.
* Өрнек – Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы ауыл.
* Өрнек – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Өрнек – ою-өрнек. |
Елді мекендер:
Қазақстан:
* Корнеевка – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл.
Башқұртстан:
* Корнеевка – Башқұртстанның Мелеуз ауданындағы ауыл.
* Корнеевка – Башқұртстанның Стерлибашев ауданындағы ауыл. |
Елді мекендер:
Қазақстан:
* Леонидовка – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл.
* Леонидовка – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы ауыл.
Башқұртстан:
* Леонидовка – Башқұртстанның Туймазин ауданындағы ауыл.
* Леонидовка – Башқұртстанның Чишмин ауданындағы ауыл. |
* Новоузенка – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл.
* Новоузенка – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл. |
Елді мекендер:
Қазақстан:
* Құмөзек – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл.
* Құмөзек – Жамбыл облысы Шу ауданындағы темір жол айрығы.
Ресей:
* Құмөзек – Ресейдегі Астрахан облысының оңтүстігіндегі қала. |
Алтынасар — көне қала орны. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қуаңдария өзенінің ескі арнасының бойында орналасқан. Ежелгі аты белгісіз.
Алтынасар қала жұрты б.з. I-IV ғасырларында өмір сүрген, көлемі 17 га жерді алып жатқан, төрт бас ғимараттары бар өте ірі қала. Қала бірнеше қабаттардан тұратын күрделі құрылыстардан салынған.
Алғаш 1948 ж. Хорезм археолеологиялық экспедициясы (жетекшісі Сергей Толстов) зерттеген. Жота басында екі төбенің сұлбасы айқын байқалады. Біріншісі «Үлкен үй» аталады, аумағы 150х150 м, биіктігі 12–15 м. Мұнда негізінен тұрғын үйлер болған. Екінші төбе «Кіші үй». Жүргізілген қазба жұмыстары қаланың төменгі қабаты 1–8-ғасырларда салынғанын анықтады. Жоғары қабаты 6–8-ғасырларға жатады. Жоғары қабаттағы тұрғын үйлер орындары қазылды. Бөлмелерде суфалар мен еден үстіне орнатылған ошақтар сақталған. Олардың бөренелермен, қамыстармен жабылған төбесі жайпақ болғандығы анықталды.
Қала халқы мал, егін шаруашылығымен айналысқан. Сырдың төмен ағысындағы Жетіасар мәдениетінің басқа қоныстары секілді, Алтынасардың да ежелгі тұрғындары жау шапқыншылығынан қаланы тастап кеткен.
## Галерея
*
*
*
## Дереккөздер |
Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев (1.08.1932 жыл, Семей облысы Шұбартау ауданы, Мәдениет ауылы – 9.04.2013 жыл, Алматы) — композитор, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Е. Г. Брусиловскийдің композиция класы бойынша бітірген.
Ол қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігі болып табылатын симфониялық күй жанрына негіз салушылардың бірі. Оның көркемдік тәсілі халықтық - әндік материалды қазіргі замандық музыка тілімен үндестірумен ұтады. Рахмадиевтің шығармалары: “Қамар сұлу”, “Дала таңы”, “Алпамыс” опералары, “Дайрабай”, “Құдаша-думан” симфониялық күйлері, “Аманкелді”, “Толғау” симфониялық поэмалары, “Аястан” кантатасы, “Балқаштағы кеш” хорлық поэмасы Қазақстанда және шетелдерде жақсы танымал.
Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан.
## Өнер жолы
П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің тарихи-теориялық бөлімі мен домбыра классын (1952); Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының Е. Брусиловский композициясы классын (1957) композитор мамандығы бойынша; КСРО Композитерлер кеңесіне қарасты Г.И. Литинский мен Ю.А. Фортунатовада біліктілікті жоғарылату курстарын (1957-1958) бітірген.
Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры (2003).Композитор. Симфониялық күй жанрының негізін қалаушы.
* 4 ән және романс жинағының, кинофильмдерге, театр спектакльдеріне арналған әуендердің, акапеллалық хор мен өңдеудің, оның ішінде:«Қамар-Сұлу» (1963), «Қыр шұғыласы» (А. Бычков пен Г. Гризбилмен бірлесіп, 1967), «Алпамыс» (1973) операларының;«Лирикалы поэма-реквиемнің» (М. Әуезовке арнау, сөзі С. Мәуленовтікі, 1967);«Айастан» (сөзі Ж. Өмірбековтікі, 1968), «Салтанатты кантата» (сөзі С. Мәуленовтікі, 1970), «Біз партияны мадақтаймыз» (сөзі К. Мырзалиевтікі, 1970), «Партияға ода» (сөзі Ғ. Кайырбековтікі, 1971), «Оянған дала» (сөзі халықтікі, 1960) кантаталарының; «Дайрабай» (1963), «Құдаша-Думан» (1973) күйлерінің;«Амангелді» (1956) поэмасының; «Толғау» (1960); «Скерцо» (1966); «Мұхтараға» (1967), «Қайың арасында» (сөзі Н. Шәкеновтікі, 1970) поэма-реквиемдердің;«Қызыл киіз үй» (сөзі. Н. Шәкеновтікі, 1965) вокалды-хореографиялық композицияның;«Ләйлім» (1953), «Қазақстан» (1957) тақырыптарына арналған вариациялардың;«Секстет» (1956); «Пьеса» (1952); «Екі пьеса» (1954); «Абайдың шақыруына» (1954) поэмасының;хорлардың, оның ішінде «Балқаштағы көш» (сөзі халықтікі, 1961), «Хорал» (1963) поэмалардың;А. Құнанбаев, М. Әлімбаевтың, А. Байғожаевтың, М. Майчекиннің, А. Нұрбековтың, Г. Омаровтың, М. Өмірбековтың, Н. Шәкеновтың, М. Мақатаевтың және т.б. сөздеріне жазылған романстар мен әндердің;оркестрмен ойнайтын кернейге (1982), оркестрмен ойнайтын скрипкаға (1985) арналған концерттерінің;«Майра» (либр. Ғ. Мүсіреповтікі, 1985) музыкалық комедияның;Ғ. Мүсіреповті еске алуға арналған ораторий-реквиемнің (1987);драмалық спектакльдерге, фильмдерге арналған әуендердің, оның ішінде «Атамекен», «Атаманның ақыры», «Шәкен Айманов» (Г. Гризбилмен бірлесе), «Өмір жолы» (1985) және т.б. авторы.
* «Қамар-Сұлу» (1963), «Қыр шұғыласы» (А. Бычков пен Г. Гризбилмен бірлесіп, 1967), «Алпамыс» (1973) операларының;
* «Лирикалы поэма-реквиемнің» (М. Әуезовке арнау, сөзі С. Мәуленовтікі, 1967);
* «Айастан» (сөзі Ж. Өмірбековтікі, 1968), «Салтанатты кантата» (сөзі С. Мәуленовтікі, 1970), «Біз партияны мадақтаймыз» (сөзі К. Мырзалиевтікі, 1970), «Партияға ода» (сөзі Ғ. Кайырбековтікі, 1971), «Оянған дала» (сөзі халықтікі, 1960) кантаталарының; «Дайрабай» (1963), «Құдаша-Думан» (1973) күйлерінің;
* «Амангелді» (1956) поэмасының; «Толғау» (1960); «Скерцо» (1966); «Мұхтараға» (1967), «Қайың арасында» (сөзі Н. Шәкеновтікі, 1970) поэма-реквиемдердің;
* «Қызыл киіз үй» (сөзі. Н. Шәкеновтікі, 1965) вокалды-хореографиялық композицияның;
* «Ләйлім» (1953), «Қазақстан» (1957) тақырыптарына арналған вариациялардың;
* «Секстет» (1956); «Пьеса» (1952); «Екі пьеса» (1954); «Абайдың шақыруына» (1954) поэмасының;
* хорлардың, оның ішінде «Балқаштағы көш» (сөзі халықтікі, 1961), «Хорал» (1963) поэмалардың;
* А. Құнанбаев, М. Әлімбаевтың, А. Байғожаевтың, М. Майчекиннің, А. Нұрбековтың, Г. Омаровтың, М. Өмірбековтың, Н. Шәкеновтың, М. Мақатаевтың және т.б. сөздеріне жазылған романстар мен әндердің;
* оркестрмен ойнайтын кернейге (1982), оркестрмен ойнайтын скрипкаға (1985) арналған концерттерінің;
* «Майра» (либр. Ғ. Мүсіреповтікі, 1985) музыкалық комедияның;
* Ғ. Мүсіреповті еске алуға арналған ораторий-реквиемнің (1987);
* драмалық спектакльдерге, фильмдерге арналған әуендердің, оның ішінде «Атамекен», «Атаманның ақыры», «Шәкен Айманов» (Г. Гризбилмен бірлесе), «Өмір жолы» (1985) және т.б. авторы.
1949-1952 жылдары - Қыздар педагогикалық училищесінің музыка пәнінің оқытушысы (Алматы қ.). 1958 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерватория жанындағы фольклор кабинетінің меңгерушісі. 1959 жылдан - Қазақ филармониясы «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің көркемдік жетекшісі. 1962 жылдан - ҚазКСР Мәдениет министрлігі Бас басқармасының бастығы. 1965 жылдан - Мемлекеттік өнер институтының аға оқытушысы. 1966 жылдан - Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры. 1967-1975 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ректоры. 1968 жылдан - Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы, бірінші хатшысы. 1991 жылдан - ҚР Мемлекеттік мәдениет жөніндегі комитетінің төрағасы. 1992-1993 жылдары - ҚР мәдениет министрі.2003 жылдан - Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры (2009 жылдан - Қазақ ұлттық өнер университет).
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 7-11-ші шақырылымдарының депутаты (1967-1991). КСРО Халық депутаты (1989-1991).КСРО Композиторлар одағының хатшысы (1968-1991).
«Отан» (2000), Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен; медальдармен марапатталған. ЮНЕСКО Халықаралық музыкалық трибунасының лауреаты (1973), «Біз партияны жырлаймыз» және «Конституция туралы поэма» кантаталары үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын (1980) алған.
ҚазКСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1967). ҚазКСР Халық әртісі (1974). КСРО Халық әртісі (1981). Қазақстанның Еңбек Ері (2010).ъ
Үйленген. 3 баласы бар.
## Дереккөздер |
Антон Борисович Чичулин (27 қазан 1984, Целиноград, КСРО) — қазақстандық футболшы, «Шахтер» командасының қорғаушысы. Қазақстанның екі дүркін чемпионы.
## Карьерасы
Кәсіпқой карьерасын 2001 жылы "Астана" (Кейін "Жеңіс" боп аты өзгерді) сапында бастады. Ресми ойындарда бірінші рет 2002 жылы Семейдің "Спартагына" қарсы ойында алаңға шықты. "Жастар", "Еуразия" (негізі бұл екеуі бір клуб) секілді төменгі лига клубтарына жалға беріліп, 2009 жылға дейін "Астана" командасының тізімінде болды. Елордалық клуб сапында 2006 жылы Қазақстан чемпионы атанды.
2007 жылы 17 шілде күні тұңғыш рет еурокубоктерде ойнады. "Астана" Грузияның "Олимпи" (Рустави) командасымен ойнап, Чичулин матчқа толық қатысты.
2008 жылғы маусымнан соң "Ақтөбеге" ауысты. Алғашқы ойынын 2009 жылы 25 сәуір күні "Каспийге" қарсы өткізді. Осы маусымда "Ақтөбе" Еуропа Лигасының плей-офф сатысына дейін жетіп, "Вердерден" ұтылды. Бремендік клубқа қарсы екі ойында да Чичулан алаңға шықты. Маусым соңында Чичулин екінші рет Қазақстан чемпионы атанды.
2012 жылы Чичулин "Ертіске" ауысты. Екі маусымдай ойнап, Түркияның "Гиресунспор" клубында бақ сынады. 2015 жылы Қазақстанға қайта оралып, "Атырауда" үш маусым доп тепті (2016 жылы "Оқжетпеске жалға берілді).
2018 жылы "Шахтер" футболшысы атанды.
## Ұлттық құрамада
2004-11 жылдары Қазақстан құрамасы сапында ойнаған. Тұңғыш рет 2004 жылы 8 қыркүйек күні Украинаға қарсы ӘЧ-2006 іріктеуі ойынында алаңға шықты. Бұл ойында Қазақстан 1:2 есебімен ұтылып қалды.
Құрама сапындағы жалғыз голын 2007 жылы 7 наурыз күні Қырғызстан қақпасына енгізді. Бұл Шымкентте өткен АЛМА-ТВ турнирінің матчы болатын.
Құрамадағы соңғы ойынын 2011 жылы 26 наурыз күні Германияға қарсы өткізді (0:4).
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан чемпионы: 2006, 2009
* Қазақстан кубогы: 2005
* Қазақстан суперкубогы: 2010
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Антон Борисович Чичулин (27 қазан 1984, Целиноград, КСРО) — қазақстандық футболшы, «Шахтер» командасының қорғаушысы. Қазақстанның екі дүркін чемпионы.
## Карьерасы
Кәсіпқой карьерасын 2001 жылы "Астана" (Кейін "Жеңіс" боп аты өзгерді) сапында бастады. Ресми ойындарда бірінші рет 2002 жылы Семейдің "Спартагына" қарсы ойында алаңға шықты. "Жастар", "Еуразия" (негізі бұл екеуі бір клуб) секілді төменгі лига клубтарына жалға беріліп, 2009 жылға дейін "Астана" командасының тізімінде болды. Елордалық клуб сапында 2006 жылы Қазақстан чемпионы атанды.
2007 жылы 17 шілде күні тұңғыш рет еурокубоктерде ойнады. "Астана" Грузияның "Олимпи" (Рустави) командасымен ойнап, Чичулин матчқа толық қатысты.
2008 жылғы маусымнан соң "Ақтөбеге" ауысты. Алғашқы ойынын 2009 жылы 25 сәуір күні "Каспийге" қарсы өткізді. Осы маусымда "Ақтөбе" Еуропа Лигасының плей-офф сатысына дейін жетіп, "Вердерден" ұтылды. Бремендік клубқа қарсы екі ойында да Чичулан алаңға шықты. Маусым соңында Чичулин екінші рет Қазақстан чемпионы атанды.
2012 жылы Чичулин "Ертіске" ауысты. Екі маусымдай ойнап, Түркияның "Гиресунспор" клубында бақ сынады. 2015 жылы Қазақстанға қайта оралып, "Атырауда" үш маусым доп тепті (2016 жылы "Оқжетпеске жалға берілді).
2018 жылы "Шахтер" футболшысы атанды.
## Ұлттық құрамада
2004-11 жылдары Қазақстан құрамасы сапында ойнаған. Тұңғыш рет 2004 жылы 8 қыркүйек күні Украинаға қарсы ӘЧ-2006 іріктеуі ойынында алаңға шықты. Бұл ойында Қазақстан 1:2 есебімен ұтылып қалды.
Құрама сапындағы жалғыз голын 2007 жылы 7 наурыз күні Қырғызстан қақпасына енгізді. Бұл Шымкентте өткен АЛМА-ТВ турнирінің матчы болатын.
Құрамадағы соңғы ойынын 2011 жылы 26 наурыз күні Германияға қарсы өткізді (0:4).
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан чемпионы: 2006, 2009
* Қазақстан кубогы: 2005
* Қазақстан суперкубогы: 2010
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Наурызбай ауданы — Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 2014 жылы 2 шілде күні құрылды.
Наурызбай батыр ауданына Әуезов, Бостандық аудандарының бір бөлігі және Қарасай ауданының елді мекендер енді. Бұл - 6 976 гектар жер. Аудан халқының саны - 157 мың адам.
Осылайша, Наурызбай ауданының аумағы 6 967 га құрамына келесі елді мекендер: Қарағайлы, Құрамыс, Рахат, Қарғалы, Таусамалы, Ақжар, Тастыбұлақ, Таужолы, Шұғыла, Алты Алаш. Сонымен қатар, Әуезов ауданының құрамында болған Қалқаман-1, Қалқаман-2 "және" Қалқаман-3 шағын аудандары Наурызбай ауданына кірді.
Аудан аумағында алдын ала деректер бойынша ресімделуі:
* 590 шаруа қожалығы жалпы аумағы 2 133 га;
* 11 528 жер учаскелерін жеке тұрғын үй құрылысы және жеке қосалқы шаруашылықтардың, жалпы алаңы 1 741 га;
* 3 759 саяжай учаскелерінің жалпы ауданы 314 гектар;
* 143 жер учаскесі көп қабатты, көп пәтерлі тұрғын үй, жалпы ауданы 163 га;
* 961 жер учаскесі жалпы көлемі 1 052 га түрлерімен нысаналы мақсатын қоса алғанда, коммерциялық пайдалану;
* 1 565 га жерінде инфрақұрылымдық объектілері (жолдар, ЭБЖ), сондай-ақ ресімделген жер пайдаланушылар.
## Ауданның көшелері
### Бәйкен Әшімов көшесі
Әшімов көшесі — Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы "Қалқаман-2" ш.а. көше.
Бұрын бұл көшенің атауы Әуезов көшесі (Қалқаман) болған, бірақ мұндай көшесі қаланың орталық бөлігінде бар болғандықтан шатасу пайда болды. Алматы қаласының әкімдігінің және мәслихатының "28" қараша 2016 жылғы шешімімен Әшімов көшесі болып аталды[1].
### Мекемелер мен ұйымдар
* № 7 қалалық клиникалық аурухана;
* Almaty International School шетелдіктерге арналған жекеменшік мектеп, к. Ашимова 185;
* Иахоба куәгерлері діни бірлестігінің бас орталығы, Әшімов к. 187;
* "Алатау"шипажайы.
* ТК Тау Самал
### Көлік
* Автобус
* Маршрутка
### Медицина және денсаулық сақтау
* № 7 қалалық клиникалық ауруханасы;
* № 26 емхана, Таусамалы ш.а., Горозы к-сі 102;
* № 27 емхана, Дәулеткерей к-сі 100 А;
* № 36 емхан, Шұғыла ш.а. 340 А;
## Әкімдері
* Қуаныш Қашқымбаев (07.2014 - 05.2016)
* Сайран Сайфеденов (05.2016 - 05.2018)
* Санжар Тоғай (05.2018 - 05.2023)
* Назира Тоғызбаева (05.2023 бастап)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Шекарасы Наурызбай ауданы |
Жаңаөзен қалалық әкімдігі – Маңғыстау облысы аумағындағы әкімшілік бірлік.
## Географиялық орны
Әкімдікке қарасты аумақ барлық жағынан Қарақия ауданымен қоршалған.
## Әкімшілік құрамы
Қалалық әкімдікке 2 ауылдық округ пен 2 ауылдық әкімдіктегі 4 елді мекен қарайды:
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша әкімдікке қарасты халық саны 142458 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Айтуар – Байқоңыр алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағып өтеді.
## Бастауы
Дүйсенбек (486 м) тауының солтүстік беткейлеріндегі бұлақтардың қосылуынан түзіледі. Ащылы өзеніне сол жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 25 км. Өзен жағасы жарқабақты. Көктемгі қар суы және жер асты суларымен толығады. Сәуірде суы тасып, жаздың ыстық айларында қарасуларға бөлініп қалады. Өзен алабы жайылымдыққа, суы ауыз суға және мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Ұзынкөл — Ақмола облысы Астрахан ауданындағы ауыл.
* Ұзынкөл — Ақмола облысы Егіндікөл ауданындағы ауыл.
* Ұзынкөл — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы ауыл.
* Ұзынкөл — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл.
* Ұзынкөл — Қостанай облысы Ұзынкөл ауданындағы ауыл.
* Ұзынкөл — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Ұзынкөл — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл.
* Ұзынкөл — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл.
Көл:
* Ұзынкөл – Есіл алабындағы ағынды көл. |
Алматы Эстрада-Цирк Өнері Колледжі — эстрада-цирк өнерінің республикалық студия-шеберханасы. 1965 ж. Қазақконцерттің жанынан Г.Ғалиева ұйымдастырған. Әуелі эстрада-цирк студиясы деген атпен жұмыс істеді. 1995 жылдан Ж.Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері колледжі. Эстрада және цирк артистерін даярлайды. Оқу мерзімі 2 жыл. 9 бөлім бар: актерлік, мәнерлеп оқу, қуыршақ, цирк, хореография, вокаль мен хор, эстрадалық вокальдық, эстрадалық аспаптық және халық аспаптық. Колледжде кезінде Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, кейін Н.Шәріпова, Б.Жылысбаев, К.Кенжетаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, З.Қойшыбаева, Л.Кесоглы, Б.Омаров, Р.Рымбаева, Б.Преображенский т.б. дәріс берді. Колледж түлектері “Гүлдер” ансамблі (1969), Қазақ циркі (1970), “Фройндшафт” неміс ансамблі (1975), “Гәкку” (1978), “Шертер” (1977), т.б. өнер ұжымдарын ұйымдастырды. Қазақ өнерінің белгілі қайраткерлері Ж.Кәрменов (марқұм), Қ.Байбосынов, С.Шүкіров, С.Қабиғожина, Н.Есқалиева, С.Жанпейісова, Б.Сәмединова, А.Нұрмағамбетова, Балтабек және Раиса Жұмағұловтар осы колледждің түлектері.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Ботай Байзақов 1922 жылғы 23 ақпанда Қарағанды облысы қазіргі Бұқар жырау ауданының Энгельс атындағы шаруашылығы аумағында, шаруа отбасында дүниеге келген.
Ботай Қарағанды қаласындағы Жамбыл орта мектебінде оқып, бес сыныптық білім алады. Еңбек жолын Шет ауданының "Нұраталды" совхозында жұмыскер болып бастайды.
1942 жылдың 25 маусымында Шет ауданының әскери комиссариаты арқылы әскер қатарына шақырылады. Осы күннен бастап Ботай үшін әскери өмір басталады.
Б.Байзақов алғашқы соғыс қимылдарына барлаушы ретінде Москваның оңтүстік батысындағы аудандарда қатысады. 286-ші атқыштар дивизиясының 860-ші полкінде пулеметші, бронь талқандаушы (РПТР бағыттаушысы) және атқыштар бөлімінін, командирі болады.
Ботай соғыста батырлық пен батылдық танытып, қандай тапсырма болмасын жанқиярлықпен орындап, көзге түсті.
Белорус майданында, Друть өзенінен өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін 1943 жылы III дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды, ал 220 биіктік үшін болған соғыстағы ерлігі үшін II дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
Соғыстағы ерліктері үшін ол "Қызыл Жұлдыз" орденімен, I дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Сұрапыл соғыс уақытында Б. Байзақовқа III дәрежелі Даңқ ордені екі мәртебе берілген. Негізінде, Даңқ орденінің статусы бойынша ең алдымен үшінші, екінші, соңында бірінші дәрежелі орден тапсырылуы керек еді. Бұл қателік 39 жылдан соң түзетіліп, Ботай Байзақовқа 1984 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы бойынша I дәрежелі Даңқ ордені табыс етілді. Ол орден Германия жеріндегі танктерді жойғаны үшін берілді. Осылайша Б.Байзақов Даңқ орденінің толық иегері атанды.
Қаһарман жауынгер 1946 жылы әскер қатарынан босаған соң еліне, "Нұраталды" шаруашылығына оралып, өмірінің ақырына дейін осында тұрды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті.
Батыр қрметіне Нұраталды ауылында бір көше Ботай Байзақов көшесі деп аталған.
Б. Байзақов 1995 жылдың 22 тамызында қайтыс болды. Нұраталды ауылдық округінде, Шона селосында жерленген. |
Елді мекендер:
Қазақстан:
* Екатериновка – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Екатериновка – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл.
Башқұртстан:
* Екатериновка – Башқұртстанның Белебеев ауданындағы ауыл, Анн ауылдық кеңесіне жатады.
* Екатериновка – Башқұртстанның Белебеев ауданындағы ауыл, Бажен ауылдық кеңесіне жатады.
Өзен:
* Екатериновка – Ресейдегі өзен. Татарстан Республикасы жер аумақтарынан ағып өтеді. |
Микен мәдениеті — Б.з.б. 1600-1200 жж. аралығында Материктік Грекияны, Критті қамтыған мәдениет.
## Хронологиялық шеңбер
Б.з.б. 2000 ж. — Микендіктер туралы алғашқы деректердің пайда болуы.
Б.з.б. 1650-1550 жж. — Қабір шеңберінің салынуы.
Б.з.б. 1600 ж. — Микен мәдениетінің даму шыңын.
Б.з.б. 1400 ж. — Микендіктерлің Крит аралын қол астына алуы.
Б.з.б. 1250 ж. — Микен қалаларының төңірегінде қабырғалардың салынуы.
Б.з.б. 1230 ж. — Трояның құлауы.
Б.з.б. 1200 ж. — Микен дәуірінің күйзеліске ұшырауы.
## Мәдениеті
Микен мәдениетінің алғашқы даму кезеңінде оған Миной өркениеті өз ықпалын тигізді. Ахейліктер мәдениеттің елеулі бөлігін — Криттен қабылдаған: культтер мен діни дәстүрлер, фреска сұңғаттары, канализация және су құбырлары, киім үлгілері, қару-жарақ түрлері, жиелік жазу жүйесі.
Микен мәдениетінің ежелгі мұраларының бірі - Микен қаласында табылған шахта қабірлері (Б.з.б. XVIғ.). Мұндай үлгідегі ең алғашқы 6 қабірді Г. Шлиман 1876 ж. Микен цитаделінде тапқан. Бұл аймақта ішінде алтыннан, күмістен, піл сүйігінен жасалған бұйымдары бар, 3000-нан астам қабір табылған.
Микендік патшаларының көбі сағысқұмар болды. Қарақшылық үшін, олар теңіз арқылы алыс жерлерге жорыққа аттанған. Патша мұраларында табылған алтын, күмістердің көбі саудалық жолмен емес, қарақшылық жолмен табылған деген пікірлер айтылады. Микендіктер жауынгер халық болғанын көрсететін көптеген дәлелдер бар:
1. Патша мұраларында сауыттар мен қару-жарақтар көптеп табылған.
2. Мұраларда табылған құралдарда жиі щайқас, аң аулау көріністері бейнеленген.
3. Мұралардың үстінде орналасқан тас стелалар.
## Әлеуметтік-экономикалық құрылысы
Миной мәдениетінде әдемі, үлкен ғимараттар көптеп кездеседі, оның бәрі құлдар еңбегінің нәтижесі.
Ұзаққа дейін ахейлік Пелоппонес қалаларының ішкі құрылымы біз үшін құпия болған, өйткені: B жиелік жазуы ұзақ уақытқа дейін мұқамдалмады, яғни жалғыз дереккөзі - археологиялық қазбалар болған. 2010 ж. Дж. Чедвику және М. Вентрису Пилос және Кносс қалаларында табылған, В Жиелік жазу үлгісіндегі тақтайшаларды мұқамдаған. Тарихшыларда тағы бір ақпарат дереккөзі пайда болды. Бұл тақтайшалардың көбі — Кносс және Пилос қалаларындағы шаруашылықты есептеген ″бухгалтерлік″ жазбалар болып шықты. Бұл қысқа, ықшамды жазбалар Микендік қалалардың экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайы туралы тарихи құнды мәліметтерді береді. Бұл жазбалардан біз сол кезден бастап Грекияда құл еңбегін кеңдеп, ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларында пайдаланғанын білеміз.
## Құлау себептері
XIII ғ. аяғында белгісіз себепетімен солтүстікбалкан тайпалары оңтүстікке қоныс аударған. Бұл тайпалар тарихта ″теңіз халықтары″ (народы моря) деген атпен белгілі. Бұл қозғалыс барысында фригейлік-фракиялық тайпалар Кіші Азияға қоныс аударған, нәтижесінде XII ғ. басында Хетт патшалығы құлады.
Грек тілінің әртүрлі диалекттерінде сөйлейтін дрийлық тайпалары және фракейлік-имириялық варварлар өз қоныстарын тастап, Орталық Грекия және Пелопанес жерлеріне көз салған. Олардың жүрген маршрут бойында өртенген, қираған қоныс қалдықтары көптеп табылған. Шамасы варварлар Микен, Таринф цитадельдерін басып ала алмаған. Варвар қарақшылықтары Миной қалаларының шаруашылығына қатты соққы берді, соған қатысты халық саны күрт азайып кетті. XIII-XII ғ. тоғысында Миной мәдениеті күйзеліске ұшырады.
## Әдебиеттер
* Энн Миллард, Сьюзан Пич. Греки. Москва "Росмэн"
* "Микенская цивилизация. Ахейская Греция во II тысячелетии до н.э." Мақаласы. http://civilka.ru/grecia/mikenskay_civilizacia.html |
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы — Қазақстандағы жетекші жоғарғы оқу орындардың бірі. Бұл оқу ордасы сәулет, дизайн, құрылыс, ағаш өңдеу және тағы басқа құрылыс саласындағы мамандар дайындайды.
## Тарихы
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) 2001 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының базасында құрылды. ҚазБСҚА дербес жоғары оқу орны ретінде 1980 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алайда, оның тарихы өзінің бастауын негізінен Қазақ политехникалық институтының «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығына студенттердің алғашқы тобы қабылданған 1957 жылдан алады. 1961 жылы «Сәулет» мамандығына студенттер қабылданды, содан былай мына факультеттер құрылды: құрылыс, сәулет және санитарлық-техникалық.
1980 жылы осы факультеттер базасында, одан әрі Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясына (ҚазМСҚА, 1992 ж.) айналған Алматы сәулет-құрылыс институты (АСҚИ) ашылды.
АСҚИ-дің тұңғыш ректоры болып жоғары оқу орнын 1980 жылдан 1986 жылға дейін басқарған т. ғ. к., профессор С. М. Байболов тағайындалды. 1987–1999 жж. АСҚИ-ҚазМСҚА-ны профессор П. А. Атрушкевич басқарды.
2000 жылдан Академия ректоры болып т. ғ. к., профессор Ә. А. Құсайынов тағайындалды. «ҚазБСҚА» ЖАҚ-на айналуына байланысты 2001 жылы ол президент-ректор болды. 2004 оқу жылының аяғында директорлар Кеңесінің мәжілісінде «ҚазБСҚА» ЖАҚ-ның президенттігіне проф. Ә. А. Құсайынов тағайындалды.
## Факультеттер
### Сәулет факультеті
Сәулет факультеті (СФ) В. И. Ленин атындағы ҚазПТИ-дің (Қазақ Политехникалық институттың): «Қала құрылылысы» және «Сызу геометриясы» кафедраларының негізінде 1966 жылы құрылды.
1964 жылы құрылған «Қала құрылылысы» кафедрасы жаңадан ашылған факультетің ядросы болды. Т. К. Басенов – отандық сәулет мектебінің негізін қалаушы, қазақтың тұңғыш ғалым-сәулетшісі, Ленинград сәулет мектебінің түлегі, академик Щусев пен профессор Гофманның оқушысы, 1936 ж. құрылған Қазақстан Сәулетшілер Одағының бірінші төрағасы, сәулет ғылымының кандидаты, КСРО-ның корреспондет — мүшесі, Қазақ ССР-дың еңбегі сіңген құрылысшысы. Т. К. Басенов ҚазПТИ-де сәулетші мамандарды даярлау орталығын ашуға үлкен күш – жігерін жұмсады.
2009 жылдың 11 қарашасында Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының сәулет факультетінде Т. К. Басенов пен М. М. Меңдіқұловтың 100 жыл толуына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізілді.1961 жылы сәулет факультетіне бірінші қабылдау жүргізілді. Республикаға белгілі сәулетшілер Н. И. Репинский мен А. К. Қапанововтың төрағалық етуімен 5,5 жылдық оқудың 5 жылға өтуіне байланысты 1966–1967 оқу жылының қысы мен жазында алғашқы сәулетші – мамандар бітіріп шықты. Сол кезде факультетте Т. К. Басенов, Р. А. Сейдалин, М. С. Кенбаев, И. И. Белоцерковский, Х. Н. Наурызбаев, Ю. Б. Гуманян, Б. А. Глаудинов, П. Д. Усачев, С. А. Мамбеев, М. Р. Избасар, С. Ю. Алтайбаева, А. А. Ухоботов және басқа оқытушылар жұмыс істеді. Олар, негізінен, Мәскеу және Ленинградтың жоғары оқу орындарының түлектері болатын.
Кафедралардың саны үнемі көбейіп отырды: 1967 жылы «Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың сәулеті» кафедрасы (кафедра меңгерушісі – ҚазССР-на еңбегі сіңген сәулетшісі, доцент Р. А. Сейдалин); 1972 жылы «Сәулет тарихы және сәулет құрылысы» (кафедра меңгерушісі – ҚазССР-на еңбегі сіңген сәулетші М. М. Меңдіқұлов); одан кейін 1977 жылы «Сурет» кафедрасы ашылды және 1980 жылы ҚазССР-ның халық суретшісі Х. Н. Наурызбаевтың жетекшілігімен «Кескін және мүсін» негізі қаланды.
ҚазПТИ-дың сәулет және құрылыс факультеті Алматы сәулет-құрылыс институтына (АСжҚИ) өзгергеннен кейін 1980 жылы «Сәулет жобалау негіздері» кафедрасы ашылды (кафедра меңгерушісі – сәулет докторы, профессор А. Ж. Әбілев).
1992 жылы АСжҚИ-ды ҚазМСҚА-қа (Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы) өзгертілгеннен кейін «Сәулет ортасының дизайны» кафедрасы (кафедра меңгерушісі сәулет кандидаты, доцент Ю. И. Бахмутов болды) ашылды. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы» боп өзгертілді. 2005 жылы сәулет факультетінен дизайн факультеті бөлініп шықты.
Сәулет факультеті ашылғаннан бастап, факультеттің декандары болып: А. Д. Кузютин, Ю. В. Круглов, Б. А. Глаудинов, С. Р. Букейханов, М. И. Лесовиченко, Б. Х. Шакербай, Ю. И. Бахмутов, А. Ж. Абилов, Г. К. Садвакасова, К. Г. Жумартова жұмыс істеді. Қазіргі кезде факультет деканы – академияның профессоры, бірінші сәулет докторы, Қазақстан республикасының құрметті сәулетшісі Б. А. Глаудинов.5 В042000 – «Сәулет» мамандықтары бойынша төмендегі мамандарды әзiрлейдi:
* «Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың сәулеті»-инженерлік және сәулет – көркемдік аспектілері қамтылған ғимараттар мен құрылыстарды жобалау саласындағы кешенді даярлау:Ғимараттар мен имараттарды жобалау бағытында даярлау кешені инженерлiк сұрақтар мен сәулетшiлiк ғимараттардың аспектін қарастырады.
* «Қалақұрылысы». Елді қоныстық орындарды жобалау, қалақұрылысын қайта құру, қалақұрылысы экологиясы, зерттеу, эксперттік сараптамалау жобалау, жүзеге асыру саласында даярлау.
* «Ландшафтық сәулет» — Ұлттық парктерді ландшафттық жобалау, ландшафтық сәулет обьектілерінің құрылымында: парктер, бақтар, бульварлар, жаяужүргіншілер аймағын, жағалауларды орналастыру, сәулет обьектілері құрылымында жергілікті ландшафтік өзгерістерді жобалау.
* «Сәулет ескерткіштерін қайта құру және қалпына келтіру» — мәдениет тарихы, сәулет ескерткіштерін сақтау, қалпына келтіру, зерттеу.
Қазіргі кезде КазГАСА-ның сәулет факультеті өте жақсы қалыптасқан сәулеттік мектеп болып табылады. Оның атағы Қазақстаннан тыс жерлерде де кеңінен жайылып отыр. Оның беделі факультет түлектерінің табыстарына және оқытушылардың ғылыми-педагогикалық қуатына негізделеді.
2007 жылдың Қазан айында Сәулет факультетінде Сәулетшілердің халықаралық Одағы комиссиясы жұмыс істеді – Ресей Сәулет және құрылыс ғылымының Академиясының Мәскеу Сәулет Институтының президенті Юнеско, сәулет докторы, профессор А. П. Кудрявцевтің жетекшілігімен 05420 шифры бойынша «Сәулет» Бакалавриат 08.11.2007 мамандығының Барселонада (Испания) МСА-Юнеско штаб-пәтерінде Орталық Азияда бірінші КазГАСА комиссия мәжілісі болып халықаралық аккредитациядан өткен болатын. Сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында Білім бағдарламасы бойынша «Сәулет» мамандығы халықаралық аккредитациядан өтті. Бұл КазГАСА-ның Сәулет факультеті түлегінің дипломы Әлемдегі 10 нан астам мемлекетте танылады, сонымен қатар МСА-ЮНЕСКО –ның аккредитациясынан өткен мемлекеттерде де мойындалады.
Оқу процесінде қазіргі компьютерлік графикалық бағдарламалар қолданылады. Оқыту мемлекеттік, орыс тілдерінде жүргізіледі және белгілі бір пәндер, атап айтқанда ағылшын тілінде «Ландшафттық сәулет» және «Сәулеттік композиция» өткізіледі.
Қазіргі кезде Сәулет факультетінің 12 филиалы бар, олардың негізінде оқу сабақтары мен тәжірибелер өтеді (ЖШС ПИ «Алмаытгипрогор-1», АҚ Академия «Казгор», "Қалақұрылысы жобасының орталығы ЖШС «Урбостиль», АҚ ПФ «Градо» ЖШС Казгипоград және т. б.)
Бәсекеге қабілетті студенттер өздерінің дипломдық жобаларын шетел тілдерінде қорғауға тілек білдіреді. 2005–2006 оқу жылында 5 түлек «өте жақсы» деген бағамен ағылшын және француз тілдерінде қорғап, халықаралық үлгідегі дипломға ие болды.
Факультет филиалдары – бұл негізінен, сәулет-жобалық мекемелер. Жыл сайын филиалдарға оқу жүктемесінен 60 кредитке дейін дипломдық жобалау, курстық жобалау, оқу жобалары және дипломалдық тәжірибенің жетекшілігі бөлінеді.
Факультетте диплом қорғау бойынша МАК төрағалығына ҚР жетекші сәулетшілері шақырылады. 2001–2004 ж. ж. КСРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық Академия академигі, сәулетші Қапанов А. К., 2007–2008ж еңбек сіңірген сәулетші, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, Халықаралық Сәулетгшілер Академиясының академигі, «Абылай-хан» Халықаралық қорының президенті, ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі Валиханов Ш. Е., 2008–2009 ж. және 2009–2010ж. ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі, КазГАСА-ның құрметті сәулетшісі ЖШС «Урбостиль» директоры Л. В. Нысанбаева; 2009–2010жж. ҚР құрметті сәулетшісіА. Ш. Чиканаев.
2004 жылы сәулет факультетінің студенттері «Алматы қ. Бизнес орталығы» жобалауының тендерін жеңіп алды. Бұл тендерді «Арлайн» фирмасы үлкен сыйлық қорымен (5 000 АҚШ долларына, 10 соңғы модельдегі компьютерлерге) жариялаған болатын.
Жыл сайын шетелдік конкурстарға қатысу үшін МАК-тың ұсынған дипломдық жобалар саны өсуде:
* Дубровник (Югославия) -2 жоба (2006–2007). Жобалар ең үздік ондық қатарына қосылды.
* Любляны (Югославия) -2
* София (Болгария) -4 жоба
* Турин (Италия) «Сәулет стилі» №1. (2008–2009)
* Малтепе (Түркия) Университетінде өткен халықаралық конкурска дипломдық жобалар қатысып. Үш жүлделі орын алды.
Республикалық конкурстар мен көрмелерге қатысу:
* Қастеев мұражайы-20 жоба;
* Қалақұрылысы форумы (2007–2008; 2008–2009) -15 жоба.
* «Биопозитивтік сәулет» Республикалық Мастер-класы, Борабай (Кокшетау) (2009г.)-5 адам.
* Сәулеттік конкурс Jambyl CEMENT «Балхаш өзені жағаласындағы қалашық»,
26 қараша 2009ж.
* ҚР бірінші Президентінің қоры, «Қала мен дизайн» конкурсы; қазан 2009ж.
* «Париждегі өндіріс қоймасын қайта құру» тақырыбына «IZOVER» атты конкурсы 11 наурыз 2010ж.
* «Сәулеттік жобалау» пәні бойынша Республикалық пәндік олимпиада, 25–26 ақпан 2010ж.
Малтепе (Стамбул) Университетінде болған Еуразия елдерінің дипломдық жобалау конкурсы, қараша 2009ж.
Педагогикалық және ғылыми жұмыс.
Сәулет факультетінің студенттерінің білім сапасының жоғарылауына Халықаралық мастер-кластың өтуі септігін тигізеді. 2008 жылы 19–20 наурызында ҚР Британдық Кеңес жұмысының шеңберінде «Экологиялық Таза Үй» атты тақырыпта мастер-класс өткізілген болатын. Мастер- класс Эдинбургтен келген профессор, сәулетші Сью Рауфтың жетекшілігімен өткізілді. ПОҚ және студенттер үшін Британдық Кеңесте «Қазіргі таңдағы қала: сәулет және экология» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітаптың авторлары — Британ кеңесінің Президенттері К. Басксер және Сью Рауф.
2006 жылы мамыр айында екі білім беру ұжымының– Эрфут университетінің және КазГАСА –ның студенттері мен профессорларының қатысуымен «Алматы қаласының орталығы және оның сәйкестілігі» атты мастер- класс өтті. Жемісті жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы факультетте баяндалып, сертификаттар тапсырылды.
Әдістемелік және ғылыми жұмыстар:
* Мемлекеттік тілде жүргізілетін пәндер саны – 13
* Мемлекеттік тілде шығарылған әдістемелік құралдардардың саны -6
* Шығарылған монография, оқулықтардың саны -5
* «Жылдың ең үздік оқытушысы» грантын иеленген ПОҚ саны — 2
* СОӨЖ үшін әдістемелік нұсқаулармен ендірілген саны -25 (69%)
* Мемлекеттік тілде жүргізілетін пәндер саны -5 (13%)
* Шығарылған электронды оқулықтардың саны – (25%)
Ғылыми жұмыс:
* Ғылыми зерттеулер тақырыбының саны -7
* Республикалық баспалардағы жарияланымдардың саны -----
Факультетте 17 магистрант, 1001 студент күндізгі бөлімінде және 110 студент сырттай бөлімде оқиды. СФ-дегі студенттер соңғы 3 жыл ішінде Қолданбалы Зерттеу Университетінде (Эрфрут, Германия) – 4 адам;
Сеул Университетінде (Оңтүстік Корея) – 2 адам (2008–2009);
Флоренцияда (Рамуальдо дель Бианко қоры, Италия) тәжірибеден өтіп жүргендер – 1 адам (2008–2009);
999 студент КазГАСА Президентінің «Scholarships» — мектебі бағдарламасы бойынша қолдау граннтарына ие болды.
Оқытудың инновациялық әдістері:
* РР-90% қолданылуымен дәріс оқу;
* Сәулеттік жобалауды оқыту әдістемесі бойынша еуропалық мектептердегі оқыту әдістерінің негізінде тәжірибе жүргізу, жоба тәжірибесі Сәулет факультетінің филиалында «Алматыгипрофор 1» ПИ – де өткізілді. Нәтижесі – жұмыс көрмесі және 12.11.09 алынған дипломдар;
* Дипломдық жобаны өндірістегі тәуелсіз МАК алдында қорғауды ендіру – ПИ «Алматыгипрофор 1» және ЖШС «Жобалау қалақұрылысы» фирмасы «Уробостиль»;
* Нәтиже – жобасы Ага-хан сыйлығына ұсынылған 17 жоба халықаралық конкурсқа ұсынылды.
* 15- астам тәжірибелік ескертулер мен ұсыныстар алынды.
Аудиториядан тыс жұмыстар.Сәулет факультетінің студенттері мен оқытушылары белсенді түрде спорттық іс-шараларға катысады: СФ командасы баскетбол, волейбол, теннис, шахмат бойынша жүлделі орындарды иеленді.Факультет студенттері – көркемөнерпаз шығармашылығының белсенді қатысушылары. Жыл сайын төмендегі іс-шаралар өткізіледі: «Студенттерге қабылдау», «КазГАСА аруы», «КазГАСА-дағы көктем». Студенттер арасында «Ең үздік студенттік топ», «Жылдың ең үздік студенті», «Студенттер үйіндегі ең үздік бөлме», «Ең үздік эдвайзер» атты конкурстар болып тұрады.Сәулет факультеті жыл сайынғы КВН конкурсының көшбасшысы болып табылады, сонымен қатар «Бірінші курстықтардың спортакиадасы» жарыстарында спорттың бірнеше түрі бойынша орындар алады. 31 телеарнасы ұйымдастырылған Алматы және Астана қалаларының сәулеті үшін арналған дебаттарға да белсенді қатысып, «Жастар тәжірибесі», «Түлектер жәрмеңкесі», «Шетелдегі білім», «Schlarships» атты мемлекеттік бағдарламаларға қатысады. Бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында студенттер үшін спорт залы, стадион, оқу залы, компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. КазГАСА-ның студенттер үйінде оқу залы мен компьютерлік зал бар, олар сабаққа дайындық үшін22:00 – ға дейін жұмыс істейді.Халықаралық байланыстар және жазықтық байланыстар:
* «Sant-Gaben» компаниясы Франция, конкурсты өткізу (Дубровники, Любляны), мастер-класстар.
* МАРХИ, «АМИТ журналы»- жарияланымдар (8), серіктестік
Факультеттің көптеген түлектері сәулеттік тәжірибе ортасында және жоғары кәсіпті маман болып өсіп шығады. Олар ҚР ішінде және одан тыс елдерде белгілі болған сәулеттік жобалардың авторларына айналды: «Республика» алаңының мекеме ансамблі, Республикалық «Офицерлер үйі», «АХБК-ның Мәдениет сарайы», «Оқушылар және пионерлер сарайы», Астана қаласының Басты жоспарлары, Алматының және т. б.
### Дизайн факультеті
ҚазБСҚА-ның Дизайн факультетінде келесі мамандандыру бойынша дайындық жүргізіледі:
* Сәулет дизайны;
* Графикалық дизайн;
* Өндірістік дизайн;
* Костюм дизайны.
Оқу мерзімі (күндізгі оқыту түрі) – 5 жыл.050421 – «Дизайн» мамандығы бойынша бакалавриат бітірушісіне дизайн бакалавры атты академиялық дәреже беріледі.Жобалау саласында шығармашылық және көркем жұмыстар орындау үшін бакалаврлар дайындалады. Мамандық түріне сәйкес өндіріс орындары мен мекемелердің шығармашылық ұжымдарында жұмыс істеуге дайындық жүргізіледі.Кәсіби қызметтің түрлері: жобалау-конструкторлық, ұйымдастыру-басқарушылық, ғылыми-педагогикалық.
Кәсіби қызмет объектілері:
* Сәулет дизайны: қалалық, ауылдық, саябақтық ансамбльдер, кіші сәулет түрлері, көріктендіру элементтері мен көгалдандыру, визуалдық коммуникациялар, экспозициялық кеңістіктер, қалалық ортадағы жабдық және жиһаз, жеке және қоғамдық үймереттердің ішкі кеңістіктері, қоғамдық пайдалану үшін жерасты үймереттері, интерьердегі жабдықтар мен жиһаз, көрмелік және сауда-саттық экспозияциялар, экстерьер мен интерьердегі момунменталды-сәндік элементтері мен сәндік-қолөнерлік жабдықтар, интерьердегі визуалдық коммуникациялар.
* Графикалық дизайн: графикалық символдар, сауда белгілері, фирмалық стильдер, визуалдық коммуникациялар жүйесі, иллюстрациялар, кітап өндеу, орама, жарнама, әлеуметтік жарнама, электрондық және баспасөз ақпараттық құралдар жарнамасы, сыртқы жарнама, транзиттік жарнама.
* Графикалық дизайн: графикалық символдар, сауда белгілері, фирмалық стильдер, визуалдық коммуникациялар жүйесі, иллюстрациялар, кітап өндеу, орама, жарнама, әлеуметтік жарнама, электрондық және баспасөз ақпараттық құралдар жарнамасы, сыртқы жарнама, транзиттік жарнама.
* Костюм дизайны: көпшілікке арналған киім ассортименті, ұсақсериялық және жеке тігін өнімдері, костюм ансамбілін және аксессуарларды жобалау, үлгінің коллекциясын және үлгілеудің әртүрлі, соның ішінде күнделікті, сәнді және арнайы киім үлгісін жобалау, моданы болжамдау.
Дизайнерлер дайындау оқу бағдарламасына базалық және профильдік компоненттер кіреді: Дизайн тарихы мен теориясы, Өнер тарихы; Сурет; Бейнелеу; Инженерлік графика; Композиция; Түстану; Кәсіби компьютерлік бағдарламалар; Профильдік дизайнның элементтері мен үрдістері; Профильдік дизайн объектілерін жобалау және мамандандыру бойынша бірнеше пән.
### Жалпы құрылыс факультеті
Факультеттің қайнар көзі сонау 50-ші жылдардан басталады, ол кезде Қазақ тау-кен металлургиялық институтының, кейін В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының негізінде құрылған еді, факультетте ең ежелгі және ең қажет мамандық – құрылысшы мамандығы бойынша мамандар даярланады. Өзінің ұзақ жылдар бойғы тарихында жалпы құрылыс факультеті Қазақстан үшін жоғары білікті инженер-құрылысшылар дайындау арқылы отанымыздың дамуына зор үлес қосуда. Оның қалыптасу және даму кезеңдерінің кейбір сәттеріне тоқталып өтейік:
* 1957 ж. — Қазақ тау-кен металлургиялық институтының «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бірінші рет студенттер қабылданды. 1959 ж. —Б. С. Жармағамбетовтың жетекшілігімен бірінші кафедра «Құрылыс ісі» ұйымдастырылды.
* 1961 ж. инженерлік- құрылыс факультеті құрылды, ал 1964 ж. факультетте сырттай оқу бөлімі ашылды.
* 1962 ж. – инженер-құрылысшылардың бірінші түлектері бітіріп шықты.
А. Т. Әубәкіровтың және Ю. И. Немчиновтың дипломдық жобалары үлгілі деп танылды. Кейіннен бұл түлектер ғалым болды, техника ғылымдарының докторы атанды. Дипломдарын 18 адам үздік қорғады, оның ішінде белгілі ғалымдар, педагогтар, өндірістегі мамандар – Т. Ж. Акбердин, М. М. Сабалаков, М. А. Ашимбаев, А. А. Беспаев, А. Ш. Татыгулов, П. В. Корольков және басқалар бар еді.
Дипломдық жобалауға кафедра оқытушыларымен қатар жобалау институттарының белді мамандары да жетекшілік етті.
* 1963 ж. — құрылыс факультетінде «Жылу-газбен қамтамасыз ету және желдету» мамандығы ашылды.
Осы кезде факультет ҚазПТИ-да үлкен бастаушы факультеттердің біріне айналды. Құрылғанына бір жыл толмай жатып, факультет «Политехникалық институттағы көктем» атты көркем өнерпаздар байқауында екінші орынды жеңіп алды. Осы уақытта «Құрылысшылардың эстрадалық миниатюралар театры» ұйымдастырылды, жарты жыл өтпей-ақ, оның негізінде жалпы институттық «Политехниктердің эстрадалық миниатюралар театры» құрылды. Құрылысшылар көп рет ҚазПТИ, кейіннен АСҚИ спартакиадаларының жеңімпаздары атанды.
* 1980 ж. Алматы сәулет-құрылыс институты құрылды.
* Ол кезде құрылыс факультетінде «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», «Жылу-газбен қамтамасыз ету және желдету», «Сумен қамтамасыз ету және канализация» мамандықтары бойынша студенттер оқыды.
* 1988 – 1990 жылдары «Экономика және құрылысты ұйымдастыру», «Көтергіш-транспорттық, құрылыс-жол машиналары және құрал-жабдығы» деген екі жаңа мамандықтар ашылды.
* 1995 – 1997 жылдары «Қала құрылысы және шаруашылығы», «Құрылысты механикаландыру және автоматтандыру», «Төтенше жағдайларда қорғау» мамандықтары ашылды.
* 2001 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы (ҚазМСҚА) деп аталынуынан Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) болып аталды.
* 2011 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ҚазБСҚА заң жүзінде жекелілігін жоғалтып, ҚазБСҚА Кампусы түрінде Халықаралық білім беру корпорациясының (ХБК) құрамына енді.
Қазір факультетте 1163 студент білім алып жатыр, оның ішінде 712–і күндізгі оқу бөлімінде оқыса, 451–і сырттай оқу бөлімінде оқиды.
Білім беру қызметі. Қазіргі уақытта факультет студенттерді «Құрылыс» мамандығы (бакалавриат) бойынша төмендегідей мамандандыруларға оқытады:
* Үймереттер мен ғимараттарды есептеу және жобалау (ҮҒЕЖ);
* Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы (ӨАҚТ);
* Жылу-газбен қамтамасыз ету және желдету (ЖГҚЖ);
* Сумен жабдықтау және канализация (СЖК);
* Мұнай-газ құбырларының және мұнай қоймаларының құрылысы (МГҚҚ 2011 жылы ашылады).
Өндіріспен байланыс. Факультет республиканың алдыңғы құрылыс компанияларымен «Базис», «КУАТ», «Алматыкұрылыс», «Алматыгорстрой», «Алматыкульбытстрой», «Элитстрой», «Казстройсервис», «ТS-Engineering» тығыз байланыста. Студенттердің салалық пәндер бойынша практикалық дағдылануын дамыту үшін факультеттің мына ұйымдарда филиалдары бар: АМФ-1 АО «Имсталькон» («Құрылыс өндірісінің технологиясы» пәні), АО «Серт» («Құрылыс өндірісінің технологиясы» пәні), КазНИИССА («Құрылыс конструкциялары» пәні), Инжстрой («Құрылысты механикаландыру, электрлендіру және автоматтандыру» пәні). Филиалдардың ашылуы студенттердің практикаларын ұйымдастыру мүмкіндіктерін арттырады және біріге отырып оқу-әдістемелік және ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді. Факультеттің мамандандырулары КазНИИССА-да ашылған өздерінің филиалдарының мүмкіндіктерін студенттердің оқу және өндірістік практикаларын, сондай-ақ аспиранттар мен магистранттардың ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру үшін белсенді түрде пайдаланады. Оқу барысында мынандай компьютерлік бағдарламалар кеңінен қолданылады: "Лира”, "Мираж”, "Автокад”, "Скад”, "Пакет”, «Мономах”, „Рама”. MatLab бағдарламасының көмегімен зертханалық жұмыстар жүргізіледі және механикалық жүйелер зерттеледі, энергетикалық жүйелердің модельдері жасалады; курстық жобаларды компьютерлік есептеу үшін М-файлдар жасалған.
Профессорлық-оқытушылар құрамы және қызметкерлер. Қазір факультетте 35 оқытушы жұмыс істейді. Олардың ішінде 4 – академиялық және 20 ассоциацияланған профессорлар, 11 профессор ассистенттері бар. Факультетте оқытушылардан басқа қызметкерлер: кеңсе менеджері, хатшы-референт, лаборант қызмет атқарады.
### Құрылыстық Технологиялар, Экономика және Менеджмент Факультеті
Жалпы мәліметтер
Факультет 2007 жылдың тамызында академияның екi үлкен факультетiнiң негізінде құрылған:- құрылыс технологиялары, экономика және менеджмент;- инженерлiк жүйелер және тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiздiгi.
Факультет жоғары бiлiмi бар мамандарды ақылы және мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде дайындайды (оқу түрлері: іштей, сырттай, дистанциялық, қысқартылған).
Студенттер келесi бағыттар бойынша оқытылады:
Бакалавр мамандықтары:
* 5В050600 Экономика
* 5В050800 Есеп және аудит
* 5В071100 Геодезия және картография
* 5В072500 Ағаш өңдеу технологиясы
* 5В072900 "Құрылыс" мамандырылуы бойынша:
― Құрылыстағы экономика және менеджмент;― Сумен жабдықтау және канализация;― Жылугазбен қамту және желдету.
* 5В073000 Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру
Магистратура мамандықтары:
* 6М050600 Экономика
* 6М050700 Менеджмент
* 6М071000 Материалтану және жаңа материалдар
* 6М071100 Геодезия және картография
* 6М072500 Ағаш өңдеу технологиясы
* 6М073100 Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Оқу – әдістемелік жұмысПрофессор-оқытушылар құрамы ғылыми жұмыстармен белсенді айналысады, тендрлерге, семинарларға, халықаралық және республикалық дәрежедегі конференцияларға қатысады, кәсіби-шеберлік нәтижелерін көрсетеді.Оқытушылар республикалық жоғарғы оқу орындарын басқарушылармен (Аль-Фараби атындағы «Қазақ ұлттық университет», М. Тынышбаев атындағы «Көлік және коммуникация академиясы», «Тұран» университеті), құрылыс ұжымдарының басқаруымен (АҚ «Ұлттық холдинг» компаниясы, АҚ «АлматыҚұрылыс», ЖАҚ МАК «Алматыгорстрой»), қалалық коммуналды ұйымымен («Горводоканал»), сонымен қатар Алматы қалалық әкімшілік үкіметімен ғылыми және шығармашылық байланыста болуда.Студенттер өндірістік тәжірибесін АҚ «Промвентиляция», АҚ «Имсталькон», МҚК «Водоканал», «ВЕК» корпорациясы, ЖШС «НИИстромпроект», АҚ «Алматыкультбытстрой», АҚ «Рахат», АҚ «Алматы газовые сети», РМҚК « ҰКГФ», РМК «ГИСХАГИ», ЖШС «Геокод» және т. б. Қазақстандағы алдыңғы қатарлы құрылыс өндірістерінде өтеді.
Факультет филиалдары:- АҚ «АлматыҚұрылыс»,
- ЖШС «Имсталькон».
- РМҚК « ҰКГФ», — ЖШС ЕАТО «Швейцария орталығы»
Ғылыми зерттеу жұмыстары.Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы педагогикалық әрекетпен қатар факультеттің барлық басқа бағыттарында ғылыми-зерттеулермен шұғылданады: Құрылыс материалдары, конструкциялары мен бұйымдары өндірісі, Жылумен қамтамасыз ету және желдету, Сумен қамтамасыз ету және канализация, Ағаш өңдеу технологияы, Тіршілік әрекеті қаупсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, Экономика және менеджмент, Есеп және аудит, Геодезия және картография.30.09.08 жылы ҚТИМФ профессор-оқытушылар ұжымы Алматы қаласы әкімшілігіне тендерге қатысу үшін келесі жобаларды мына ғылыми бағыттар бойынша ұсынды: қолданбалы сипаттағы ғылыми-зерттеулер, тәжірибелік-конструкциялық жұмыстар бойынша, қолданбалы және инновациялық сипаттағы тәуекелділікті зерттеулер:
* «Құрылыс қалдықтары негізінде конструкциялық және бетонды алу технологиясы» (Орындаушы: т. ғ. к., ассоцирлі проф. Алтаева З. Н.).
* «Ағаш өндіру қалдықтары негізінде жағусыз жеңіл толықтыру ботонын алу технологиясы» (Орындаушы: т. ғ. к., ассоцирлі проф. Есельбаева А. Г.).
* "Құрғақ және ыстық климатқа арналған модифицирленген көпкомпонентті байланыстыратын заттар және олар негізінде бетондарды алу технологиясы (Орындаушы: т. ғ. к., акад. проф. Жакипбеков Ш. К.) және де кез-келген инвестициялық жобалардың экономикалық бөлімін есептеу тақырыптары:
1. Құрылыстағы инвестициялық тәуекелділікті азайтуға арналған нұсқауларды ұсыну (Орындаушылар: т. ғ. д., акад. проф. Чан Чунг Нгиа, проф. ассист. Шағатаев Б. А.).
2. Инвестициялық тәуекелділікті таңдау және оларды азайту жолдары (Орындаушылар: т. ғ. к., акад. проф. Есенберлина Д. И., э. ғ. к., ассоцирлі проф. Халелова Г. Б.).
3. ҚР Оңтүстік аумағындағы құрылыс материалдарының маркетингтік зерттеулері (Орындаушы: э. ғ. к., ассоцирлі проф. Медиева Г. А.).
## Колледж
Қазақ бас сәулет-құрылыс академияның колледжі құрымдық бөлім болып, үзіліссіз және қосымша коп денгейлі білім беру мақсатында 2000 жылдық сәуір айында ашылған үш колледждің негізінде құрылды: сәулет және дизайн колледжі (СжДК), құрылыс-экологиялық колледжі (ҚЭК) және экономикалық колледж (ЭК). Колледжде білім беру қызметі үш бағыт бойынша жүзеге асады: 1. Сәулет және дизайн; 2. Құрылыс-экологиялық; 3. Экономикалық.
Біз жобалық және құрылыстық фирмалардың, дизайн студияларың, жарнама агенттіктерінің және тағы басқа ұйымдардың талаптарына сәйкес сәулет, дизайн, құрылыс және экономика салаларындағы орта кәсіби білімді мамандарды дайындаймыз. Біздің оқушыларымыз осы заманғы деңгейде жобалық ұйғарымдардың графикалық өңдеу жұмыстарын іске асыруға, өздерінің мамандықтарына сәйкес басқада жұмыс түрлерін орындауға қабілетті.
ҚазБСҚА колледжінде негізгі жалпы және орта білім беру негізінде төменгідей мамандықтар бойынша оқытылады:
* Мамандық 0640002 – Дизайн, күндізгі оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 10 ай (9 сыныптан кейін),1 жыл 10 ай (11 сыныптан кейін), мамандығы техник-дизайншы.
* Мамандық 0639002 – Сәулет, күндізгі оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 10 ай (9 сыныптан кейін), 1 жыл 10 ай (11 сыныптан кейін), мамандығы техник-сәулетші.
* Мамандық 17003002 - Экология және табиғи байлықтарды тиімді пайдалану, күндізгі оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 10 ай (9 сыныптан кейін), 1 жыл 10 ай (11 сыныптан кейін), сырттай оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 6 ай, мамандығы техник-технолог-эколог.
* Мамандық 4320002 – Сумен қамтамасыз ету және суды әкету, күндізгі оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 10 ай (9 сыныптан кейін), 1 жыл 10 ай (11 сыныптан кейін), сырттай оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 6 ай, мамандығы техник-құрылысшы.
* Мамандық 4303002 – Құрылыс және ғимараттарды іске қосу, күндізгі оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 10 ай (9 сыныптан кейін), 1 жыл 10 ай (11 сыныптан кейін), сырттай оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 6 ай, мамандығы техник-құрылысшы.
* Мамандық 2936002 – Механикаландыру және автоматтандыру, күндізгі оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 10 ай (9 сыныптан кейін), 1 жыл 10 ай (11 сыныптан кейін), сырттай оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 6 ай, мамандығы техник-құрылысшы-электромеханик.
* Мамандық 0705002 – Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит, күндізгі оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 10 ай (9 сыныптан кейін), 1 жыл 10 ай (11 сыныптан кейін), сырттай оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 6 ай, мамандығы-экономист-бухгалтер, бухгалтер-аудитор.
* Мамандық 0712002 – Менеджмент, күндізгі оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 10 ай (9 сыныптан кейін), 1 жыл 10 ай (11 сыныптан кейін), сырттай оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 6 ай, мамандығы-менеджер.
* Мамандық 4342002 – Ағаш өңдеу технологиясы, күндізгі оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 10 ай (9 сыныптан кейін), 1 жыл 10 ай (11 сыныптан кейін), сырттай оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 6 ай, мамандығы техник-технолог.
* Мамандық 4337002 – Құрылыс материалдарын және құрылымдарын өндіру, күндізгі оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 10 ай (9 сыныптан кейін), 1 жыл 10 ай (11 сыныптан кейін), сырттай оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 6 ай, мамандығы техник-құрылысшы.
* Мамандық 3201002 – Қолданбалы геодезия, күндізгі оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 10 ай (9 сыныптан кейін), 1 жыл 10 ай (11 сыныптан кейін), сырттай оқу бөлімінде – оқу мерзімі 2 жыл 6 ай, мамандығы техник-геодезист.
## ҚазБСҚА газеті
Әр ай сайын академияда газет шығып тұрады. Газетте академияның, студенттердің және әлем сәулет жаңалықтары жарияланады.
## Студенттік өмір
Студенттер үшін әртүрлі іс-шаралар мен байқаулар өтеді. Мысалы:спорт (футбол, волейбол, баскетбол, қол күрес, шахмат, тоғыз құмалақ), білім жарыстары, «Жігіт Сұлтаны», «Қыз Сыны» деген сияқты байқаулар өтеді. 2011 Наурызда Алматыда «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде «Nauryz JAM» атты би жарысы өтті. Жарысқа Алматының 11 университеті қатысып, бас жүлдені ҚазБСҚА ұтқан болатын.
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірі.Осы оқу ордасынан бірнеше қазақстандық атақты сәулетшілер шыққан.
## Сыртқы сілтемелер
* ҚазБСҚА-ның ресми сайты |
Варвара Владимировна Сошальская (12 ақпан 1907, Санкт-Петербург — 15 шілде 1992, Мәскеу) — актриса, РКФСР-інің еңбек сіңірген әртісі (1939), РКФСР-інің халық әртісі (1971).
## Өмірбаяны
1907 жылдың 12 (25) ақпанында Санкт-Петербургте туған.
1929 жылы Ленинград сахна өнерінің техникумын бітіріп (жетекшісі С. Э. Радлов), Ленинград Жас театрында жұмыс істеп бастады (1935 жылдан С. Э. Радлов театр-студиясы, 1939 жылдан Ленсовет атындағы Ленинград театры). Ұлы Отан соғысы кезінде ВГКО фронттық концерт бригада сапында өнер көрсетті.
1942—1950 жылдары Калинин (1942-1944), Петрозаводск (орыс театры 1946-1949), Тула (1949-1950) театрларында жұмыс істеді.
1950-1991 жылдары — Моссовет атындағы театрдың актрисасы.
1992 жылдың 15 шілдесінде Мәскеуде қайтыс болған
## Театрлық жұмыстары
* Дездемона («Отелло», У. Шекспир)
* Любовь Семеновна Корюшко («Далёкое», А. Афиногенов, 1935)
* Васса («Васса Железнова», М. Горький, 1937)
* Джульетта («Ромео мен Джульетта», У. Шекспир)
* Гертруда («Гамлет», У. Шекспир, 1938)
* Лаура («Каменный гость», А. С. Пушкин, 1937)
* Миссис Чивли («Идеальный муж», О. Уайльд, 1940)
* «Ключи Берлина», М. Гус және К. Финн, 1940)
* Чайка («Адмирал Нахимов», И. В. Луковский, 1941)
* Кручинина («Без вины виноватые», А. Н. Островский)
* Баронесса Штраль («Маскарад», М. Ю. Лермонтов)
* Клавдия Петровна («Ленинградский проспект», И. В. Шток)
* Старуха («Они сражались за Родину», М. А. Шолохов)
* Настасья («Мое сердце с тобой», Ю. П. Чепурин)
* Фрау Шнир («Глазами клоуна», Г. Белл)
* Щербакова («Бабье лето», З. В. Чернышева)
* Мать («Дом на песке», Р. Ибрагимбеков)
* Мавра Тарасовна («Правда - хорошо, а счастье лучше», Островский)
* Рапаич («ОБЭЖ», Б. Нушич)
* Галина Степановна («Комната», Э. В. Брагинский)
* Веденеева («Женский стол в "Охотничьем зале"», В. И. Мережко)
* Сосипатра Семеновна («Красавец мужчина», А.Н. Островский, 1952)
* Ирэн Дюмон-Тери («Гражданин Франции», Д.Я. Храбровицкий)
## Марапаттары
"Құрмет белгісі" ордені (1939).
## Дереккөздер |
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті (ППУ) — Павлодар қаласындағы мұғалімдерді дайындайтын жоғары оқу орны.
## Тарихы
Павлодар педагогикалық институты (ППИ) 1962 жылдың 1 желтоқсанында ашылды. Қарамағында төрт аудиториясы болды, бір жылдай №3 мектептің төртінші қабатында сабақ жүргізді. Тарих-филология және физика-математика факультеттерінде 150 адам оқыды. Сабақты 14 оқытушы жүргізді. Қабылданған студенттердің 50 пайызында екі жылдан астам еңбек өтілі болды. Басқа жерлерден келген студенттер жеке пәтерлерде, №3 мектептің ескі ғимаратында тұрды. 1964 жылдың жазында алғашқы жатақхана салынды.
1964-1965 оқу жылында «Орыс тілі мен әдебиеті», «Математика» және «Жаратылыстану» мамандықтары бойынша студенттер қабылданды. Сол жылы студенттердің саны 284 адамға дейін өсті, 23 оқытушы оқытты. Бос лауазымдарға өткізілген бірінші конкурстан 6 ғылым кандидаты өтті, оның бесеуі доцент еді. Атап айтсақ, олар: ф.ғ.к., доцент И. П. Белоусов, вет. ғ.к., доцент А. Т. Шиянов, фил. ғ.к., доцент А. Г. Митрошкина, т.ғ.к., доцент М. И. Блох.
1963 жылы физика-математика факультетінің биология және химия бөлімінің базасында (студенттер контингентінің көбеюіне байланысты) дене тәрбиесі бөлімі бар химия-биология факультеті ашылды.
Даярланған жастарды тарту мақсатында ППИ жанында дайындық курстары ашылып, оған 137 тыңдаушы жиналды. Олардың көбі машина жасау зауытының, ҚБ-2, ҚБ-2 жұмысшы жастары, балабақшалардың, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері болатын.
Оқу үдерісінің маңызды бөлігі студенттердің педагогикалық және далалық тәжірибе жұмыстары болды. Педагогикалық тәжірибе қаланың № 3, 7, 11, 18, 23 мектептерінде өткізілді. Әр оқытушыға кеңес беру, бақылау және басшылық жасау үшін бірнеше академиялық топ бекітілді. Сондай-ақ студенттер мектептерде пионер вожатыйлары, сынып жетекшілерінің көмекшілері, әртүрлі үйірмелердің жетекшілері болып практикадан өтті. Сонымен қатар, студенттер практикадан Павлодар облысының пионер лагерлерінде де өтті.
Химия-биология факультеті студенттерінің оқу-далалық практикадан облыс кеңшарларындағы егіншілік жұмыстарымен және еңбек сауықтыру лагеріндегі жұмыстар ұйымдастырылды. Дала практикасы Алтай, Баянауыл секілді әртүрлі климатты зоналарда 42 күнге дейін жалғасты.
ППИ қызметінің басты басымдылығы студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары болды. Мәселен, ҒЗЖ және СҒЗЖ жаңа нысандары белсенді түрде енгізілді, бірқатар кешендік және шартты-шарушылық жұмыстары жүргізілді, институттың профессор-оқытушылар құрамы ғылым докторы және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмыстарын жоспарға сай қорғады. (О.З.Зикрин, З.П.Щербинко, А.М.Даткаев және т.б.).
ППИ ғылыми-зерттеу жұмысының жандануы Ертіс өңірінің өзекті проблемаларымен айналысқан химия-биология факультетінде ғалымдардың паразитология мектебінің қалыптасуымен байланысты болды. Олар: «Гельминты домашних животных Павлодарской области», «Циркуляция возбудителей описторхоза, трихинеллеза и многокамерного эхинококкоза в Среднем Прииртышье» (И. И. Гуславский, З. И. Обухова, С. П. Хавкин, А. И. Батькаев және т.б.) мектептері болатын. Сондай-ақ мектеп мұғалімдері, эпидемиологтар, медик-паразитологтар үшін гельминтоздарды сақтандыру бойынша практикалық ұсынымдар жасалды.
Математика кафедрасындағы ғылыми жұмыс «Единство обучения и воспитания в процессе преподавания математики» тақырыбы бойынша жұмыс жасаған Г. М. Мұқанов, Т. Қ. Шаяхметов, Л. И. Турчинский, М. И. Шаталина сияқты аға оқытушылардың қызметтерімен тығыз байланысты болды. Элементарлық математика кафедрасының аға оқытушысы М. И. Шаталина «О математическом активе класса» мәселесін зерттеумен айналысты. Осы мақсатпен №3 орта мектептің 9 сыныбында математикалық топ құрылды. Жұмыс математика пәні бойынша сабақта және сабақтан тыс дайындықтың байланысын айқындады. Сонымен, 1968 жылы М. И. Шаталинаның «Развитие интереса, самостоятельного творческого мышления и инициативы при обучении математике в средней школе» атты оқу-әдістемелік құралы жарық көрді.
Орыс және шетел әдебиеті кафедрасы оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары салыстырмалы талдаудың, көркем шеберліктің, әдеби шығармалардың тарихи маңыздылығының, оларды зерттеу әдістемесінің проблемаларын зерттеумен тікелей байланыста өріс алды.
Павлодар облысы мен Павлодар қаласының мектептерінде бағдарламалық оқытуды енгізу ППИ кафедралары мен аймақ мұғалімдерінің кәсіби ынтымақтастығын нығайтты. Ғылыми қалыптасу өз жалғасын тапты. Зерттеу ғылыми-педагогикалық, ғылыми-қолданбалы және әдістемелік сипаттағы тақырыптарда дайындалды. Оның 40-қа жуық пайызын оқытушылар құрамы еңбек еткен топ 41 ғылыми тақырыпты зерттеді. Кафедралар жанында ғылыми зерттеу үйірмелері ұйымдастырылды, отырыстарда баяндамалар, таңдаулы тақырыптар бойынша рефераттар тыңдалды, проблемалық мәселелер бойынша әдебиеттер жаңалықтары зерттелді. Ғылыми-зерттеу жұмысының 42% дейін студент жастар қамтылды.
Жоғары оқу орнында ішкі ғылыми конференциялар өткізілді. Ең алғашқы ғылыми конференция «Социализмнен коммунизмге өту жағдайындағы ұлттық қарым-қатынастың дамуына» арналды. Конференцияда т.ғ.к. Г. И. Боранқұлов, аға оқытушы А. Н. Грицков, оқытушы В. И. Лобанов және Р. М. Гейгер баяндамалар жасап, сөз сөйледі.
Сонымен қатар, кадр мәселелері де уақытында шешімін тауып отырды. Ғылыми жұмыстың нәтижесінде ППИ-де алғашқы даярлықтан өткен жас мамандармен оқытушылар қатары толықтырыла бастады. Осы үдеріске республикалық және одақтық министрліктермен біріге отырып өткізілген жоғары оқу орнының оқытушыларын арнаулы аспирантураға оқытуға басым бағыт беру саясаты көмектесті.
«Мектеп пен өмірдің байланысын нығайту және КСРО-да халыққа білім беру жүйесінің бұдан әрі қарай дамуы» Заңының жүзеге асуы ППИ ұжымын «Педагогикалық білім университетін» ұйымдастыруға көмектесті, бұл арқылы педагогиалық білім таратылды, оқу пәндерін оқыту әдістемесі бойынша өзара тәжірибемен алмасу қамтамасыз етілді.
Жоғары оқу орнының қалыптасуы кезінде студенттерді тәрбиелеу жұмысының әдістері мен тиімді нысандарын белсенді іздестіру жүргізілді, тәрбие үдерісін басқарудың негізі қаланды.
Ректораттың, деканаттардың, кафедралардың, сонымен қатар партия, кәсіподақ, комсомол ұйымдарының жұмыстары негізінен ұйымдастыру мәселелерін шешуге және оқу мен тәрбие үдерістерін жүзеге асыруға бағытталды. Тәрбие жұмысы институттың партия бюросымен бекітілген жоспар негізінде жүргізілді. Әсіресе тәрбиенің негізгі бағыттары маркстік-лениндік теорияны зерттеу, саяси-тәрбие мен мәдени-көпшілік жұмысы, әскери-патриоттық тәрбие беру, студенттерге арнап өткізілген спорттық-бұқаралық ғылыми жұмыстар жатақханалардағы ұйымдастырылған әртүрлі жұмыстар институттың облыспен және қала ұйымдарымен байланысын қалыптастыруға әсерін тигізді.
Жалпы институттық жоспардың негізінде факультеттердегі, кафедралардағы, академиялық топтардағы тәрбие жұмысы жүргізілді. Оған оқытушылар мен институт қызметкерлерінің саяси оқулары енгізілді. Дәрістік-насихат жұмысы, мәдени-бұқаралық шаралар, баспа және радио жұмысы, бұқаралық-саяси және спорттық-бұқаралық жұмыстар, қала тұрғындары мен оқушыларының арасындағы үгіт-бұқаралық іс-шаралар қолға алынды.
Оқытушыларды, қызметкерлер мен студенттерді тәрбиелеудің маңызды бөлігі саяси ағарту жұмысы болып есептелді. Студенттік топтардың саяси хабарламашылары үшін марксизм-ленинизм кафедрасының оқытушылары (Г.И.Боранқұлов, Е.П.Дерягин, К.Р.Рахымбердинов, М.В.Вальянов) жүргізген консультациялар өз нәтижесін берді. Оған Еуропа, Латын Америкасы, Қытай Халық Республикасының саяси жағдайының проблемалары жөніндегі тақырыптар енгізілді.
Оқытушылардың саяси білімін жетілдіру үшін теориялық семинарлар өткізілді. Марксизм-ленинизмді зерттеу бойынша семинарды марксизм-ленинизм кафедрасының оқытушысы В.И.Грошев, Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының (КОКП) тарихын зерттеу жұмысын А.А.Рояк басқарды. Сондай-ақ ППИ-дің комсомол комитетімен Бүкілодақтық Лениндік Коммунистік Жастар Одағының (БЛКЖО) тарихын зерттеу ұйымдастырылды.
Құрамы 17 оқытушы мен 21 студенттен тұратын лекторлық топ қала кәсіпорындары мен облыс аудандарында жұмыс істеді. Халықаралық жағдай, КСРО және коммунистік партияның тарихы, сөйлеу мәдениеті туралы, жас кеңес адамының бейнесі, Олимпиадалық ойындардың тарихы жөнінде дәрістер оқылды. Сондай-ақ «Мәдениет университеті» жұмыс істеді. (жетекшісі Ю. А. Адаменко), оның негізгі мақсаты студентердің тереңдету, болашақ мұғалімдердің ой-өрісін кеңейту, эстетикалық дағдыларын қалыптастыру болды. Бүкілодақтық радионың радиокоментаторы М. Горбулинмен, Павлодар ақындары О.Афанасьевпен, В. Семерьяновпен, С. Музалевскиймен, М. Динерштейнмен, композитор В. Ширинкинмен кездесулер ұйымдастырылды. Университеттің тұрақты тыңдаушыларының саны жыл сайын 300-ден астам адамды құрады.
Өз күштерімен ұйымдастырылған көркемөнерпаздар үйірмесі таныла бастады. Студенттердің көпшілігінің қатысуымен хор, драма, вокал үйірмелері жұмыс істеді. Үйірменің дамуына көркемдік жетекшісі ретінде педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Р. Н. Сафонов сүбелі үлес қосты. Институттың өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнерінің қалыптасып дамуына оқытушылар Ю. А. Адаменко, О. Қ. Жармакин, Г. И. Кирш, Э. Н. Неверова, Е. Е. Солтан, С. М. Хавкин, студенттер Н. Маркин, М. Барац және т.б. көмек қолын созды.
Көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері факультеттерде конкурстарды, кештерді өткізді, үгіт-мәдени бригадаларын жинақтады, үйірмелердің жұмысын бақылады. Олар облыстық және қалалық кәсіпорындарға, кеңшарлар мен ұжымшарларға барып, концерт ұйымдастырды. Институттың эстрадалық квартеті Павлодар телестудиясының жастар бағдарламасында ән шырқады, филология факультетінің деканы Г.И.Кирштің жетекшілігімен қойылған «Юность отцов» пьесасы С.М.Киров атындағы ұжымшарда өзеншілер клубында қойылды.
Үгіт-мәдени бригадасы «Педагог бол!» ұраны аясында Павлодар-Қашыр аралығында үш күндік веломарафонын өткізді. Ол егін егі науқаны кезінде «Для тех, кто в поле» атты концерттік бағдарламамен Краснокутск ауданы тұрғындарының алдында концерт қойды.
ППИ-дің көркемөнерпаздар үйірмесінің шеберлігі күн санап арта түсті. Ұжымдардың қалалық байқауында институт 1- орынға және «Нам 48, будет 50, затем исполнится нам 200 лет и 300, но, как маяк, останется в веках великая Держава коммунистов!» (1966) монтажы үшін ауыспалы кубокқа ие болды. Келесі жылында да «Широка страна моя родная» монтажы үшін кубок институтта қалды, би және эстрада ұжымдары конкурс лауреаттары атанды, басқа жанрларда орындалған 10 нөмір жеке орындарға ие болды.
Қалаған мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру, оған деген оң көзқарасын қалыптастыру және озат педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында студенттер мен елімізге еңбегі сіңген ұстаздар Е.М.Кассацкая, А.А.Овсянникова, О.Ф.Семенова, Т.И.Васильева және тағы басқалармен кездесулер өткізілді. Студенттер үлгерімі нашар балалармен, пионер вожатыйларымен, сынып жетекшілерімен, көмекшілерімен, сондай-ақ милицияның балалар бөлмелерінде, мектептердегі пионер және комсомол ұйымының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қалалық комсомол комитетінің штаттан тыс нұсқаушыларымен, аула клубтарындағы, спорт нұсқаушыларымен жұмыс жасады.
Қоғамдық жұмысты атқару дағдысы мен тиімділігіне ие болуға қоғамдық мамандықтар факультеті көмектесті (ҚМФ), әр жылдарда ҚМФ декандары болып С. Я. Улицкий, А. Г. Гайнанов, Ю. А. Адаменко қызмет етті. ҚМФ-да қоғамдық мамандықты 1226 студент (1970) алды. Сонымен қатар «Педагогикалық білім университеті» жұмыс істеді (жетекшісі педагогика кафедрасының меңгерушісі В. П. Харитонов), ал тыңдаушылары — қала мектептерінің ата-аналары.
Дәстүрлі шараларды өткізу бір арнаға түсе бастады. Мысалы, «Бірінші курс студенттеріне» арналған факультет кештері, мерейтойларға және еске алу күндеріне орай тақырыптық кештер өткізілді. Жазушылар мен композиторлардың (В.Шекспир, Т.Шевченко, М.Лермонтов, П.Васильев, Вс.Иванов, С.Есенин, композитор Л.Ван Бетховен) өмірі мен шығармашылықтарына, Павлодар қаласы ақындарына арналған кештер де жиі ұйымдастырылды. Топтарда мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің проблемалары және жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері бойынша пікірталастар, әңгімелер жүргізілді.
Институт өмірі қабырға газеттерінің беттерінде көрсетілді. «Педагог» атты жалпы институттық, факультеттік – «Филолог», «РИЛЛОТ», «Крылатая юность» атты қабырға газеттері шықты. Факультеттерде, жатақханада «найзағайлар», «әскери парақтар» шығарылды.
Жоғары оқу орны туралы хабарлар радиогазетте тұрақты шықты, радиоклуб жұмыс істеді (жетекшілері оқытушы — А. В. Михеев, студент Ю. Куготенко). Сол кездегі факультеттердің өмірін баяндайтын фотовитриналар, фотомонтаждар, «бір сағаттық фоторепортаждар» танымал хабарларға айналды.
Жатақхана төрағалары А.Прокопенко, Д.Альтергот студенттердің өзін-өзі басқару органы - студенттер кеңесін құрды. Студенттер кеңесі үздік жатақхананы анықтау мақсатында байқау жариялады, жатақханада тұру ережелерін дайындады. Апта сайын сұрақ-жауап ретіндегі тақырыптық кештер, пікірталастар, дәрістер, атақты адамдармен кездесулер, «кафедралар апталары», әңгімелер, адамгершілік-этикалық тақырыптарға арналған баяндамалар мен музыкалық, поэзиялық және КТК кештері өткізілді. Павлодар облысы студенттер жатақханаларының байқауы қорытындысы бойынша №2 жатақхана жеңімпаз атанып, Қазақстан ЛКЖО облыстық комитетінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Студенттердің дене шынықтыруын жетілдіру үшін спорт секциялары құрылды, спорт клубтары ұйымдастырылды, олимпиадалар, спартакиадалар өткізілді. Бір жылда 45 спортшы-разрядшы даярланды. Институт командалары «Молодой целинник» газетінің жүлдесіне арналған қалалық эстафетада, қалалық шаңғы жарысынжа жүлделі орындарға ие болды. Студенттердің 25 пайызы спорт секцияларында шұғылданды.
Агробиологиялық станса жанында (Черноярка аулы) еңбек спорт-сауықтыру лагері құрылды. Мұнда дене тәрбиесі факультетінің студенттері оқу-жаттықтыру жиындарына тартылды, дала практикасына химия-биология және басқа факультеттердің студенттері қатысты.
Негізгі жұмысты дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары А.С.Куц, В.А.Бородихин, В.А.Лыткин, И.З.Калугин жүргізді. Олар спорт секцияларының жұмысын ұйымдастырды, жүзуге үйрету бойынша сабақтарын өткізді, спартакиадаларды басқарды, бір күндік және көп күндік туристік саяхаттарға қатысты. Қамқорлық көмек көрсету шегінде студенттер мен оқытушылар «Чернояр» совхоздағы мектеп үшін футбол алаңы, жеңілатлетикалық секторлары, баскетбол және волейбол алаңдары бар спорт кешенін салды. Спорттық-бұқаралық жұмыстың спорттық, туристік секцияларына балық аулау және аңшылық, денсаулық топтарына институт оқытушылары да қатысты. Институт біріншілігіне тұрақты қатысу мақсатында волейбол, баскетбол, шахмат, бадминтон бойынша оқытушылар командалары құрылды.
Қысқы спорт ойындары түрлері бойынша қалалық, облыстық және республикалық жарыстарда көрсеткен жоғары нәтижелері үшін ППИ спортклубы Павлодар аткомының және қала дене тәрбиесі және спорт комитетінің ауыспалы Қызыл туымен марапатталды. ППИ-дің шаңғышылар командасы жоғары оқу орындарының арасында Қазақстанның 3 жүлдегері атанды. «Буревестник» республикалық жарыстарында ППИ спортұжымы волейболдан 1-ші орынды, шаңғыдан 3-ші орынды, жеңіл атлетикадан 5-ші орынды, қол добы бойынша 6-ші орынды иеленді. Студенттік жастар арасындағы республикалық ойындарда Чекмарева (шаңғы), А.Ни (гимнастика), Барабаш, В.Барганников (коньки), В.Пономарев В., В.Попов В (жеңіл атлетика), Ю.Яковлев, К.Түйлықбеков (классикалық күрес) жүлделі орындардан көрінді. Студент В.Барганников юниорлар арасындағы КСРО біріншілігінде жүлдегер атанды және халықаралық жарыстарға Қазақстан атынан қатысты.
Еңбек тәрбиесі студенттік құрылыс отрядтары (СҚО), пионер вожатыйы жұмыстары арқылы, пионер лагерлеріндегі спорт нұсқаушыларымен, оқу-жаттықтыру жиындарында жүзеге асырылды. ППИ студенттері Павлодар облысының совхоздарында мал қораларын, тұрғын үйлерді, жатақханаларды, жылыжайларды, кірпіш зауыттарын, механикалық токтарды, моншаларды, балабақшаларын салуда жұмыс жасады. Жұмыстағы жақсы көрсеткіштері үшін көптеген студенттер сыйлықақылар, мақтау қағаздарын, аудандық комсомол комитеттерінің алғысхаттарын алды. «Қоскөл» совхозында орналасқан ППИ отряды әртүрлі оқу орындарының 14 отряды арасындағы жарысда 1-ші орынға ие болып, ауданның ауыспалы туын жеңіп алды.
Ауыл мектебіне көмек көрсету айлықтарында барлық совхоздарда мектеп шеберханалары салынды, мектептерді жөндеу жұмыстары жүргізілді, спорт алаңдары жаңадан жабдықталды. СҚО-ның жұмыс істеген кезеңінде барлық совхоздарда демалыс кештері, футбол, волейбол бойынша жолдастық кездесулер өткізілді, жергілікті жерлерде тұрғындарға дәрістер оқылды. СҚО отрядтарына «тәрбиеленуі қиын» оқушылар мен жасөспірімдер қатысты.
## Әнұраны
Сөзін жазған: Мұхит ЖақсылықұлыӘнін жазған: Қайырбек Сәтиев
## Факультеттері
* Филология факультетіҚазақстан және шетелдер тарихы кафедрасыЭкономика, құқық және философия кафедрасыОрыс тілі және әдебиеті кафедрасыҚазақ тілі және әдебиеті кафедрасыШет тілдері кафедрасы
* Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы
* Экономика, құқық және философия кафедрасы
* Орыс тілі және әдебиеті кафедрасы
* Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
* Шет тілдері кафедрасы
* Жаратылыстану және математика факультетіЖалпы биология кафедрасыАнатомия, физиология және дефектология кафедрасыГеография және химия кафедрасыИнформатика кафедрасыМатематика және физика кафедрасыКәсіптік оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасыДене тәрбиесі кафедрасы
* Жалпы биология кафедрасы
* Анатомия, физиология және дефектология кафедрасы
* География және химия кафедрасы
* Информатика кафедрасы
* Математика және физика кафедрасы
* Кәсіптік оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасы
* Дене тәрбиесі кафедрасы
* Педагогика және спорт факультетіМектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасыПедагогика кафедрасыПсихология кафедрасыМузыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасыАлғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы
* Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы
* Педагогика кафедрасы
* Психология кафедрасы
* Музыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасы
* Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы
## Тағы қараңыз
* Павлодар
* Педагогика
* Институт
## Дереккөздер |
Нархоз университеті — Экономика, қаржы, менеджмент пен бизнес, ақпараттық технологиялар, мемлекеттік басқару және құқық саласында оқытуды жүзеге асыратын Қазақстандағы жеке меншік университет. 1963 жылы құрылған, қазіргі атауына 2016 жылдан бері ие. Университет құрамына дайындық бағыттары бойынша 5 кәсіптік мектеп, ғылыми-зерттеу орталықтары, ғылыми-білім беру департаменттері, колледж кіреді. Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
## Тарихы
### Атаулар
### АХШИ
КСРО Үкіметінің 1963 жылғы 9-мамырдағы «Жоғары және орта арнайы білім беруді одан әрі дамыту, жас мамандарды даярлау мен пайдалануды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына сәйкес «Алматы халық шаруашылығы институты» (АХШИ) 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетінің базасында ашылды.
Алғашқы жылдары институт күндізгі және сырттай оқыту формасына ие үш факультеттен тұрды: жоспарлау-экономикалық, есеп-экономикалық және қаржылық-несиелік. 1964 жылы АХШИ-де 10 мамандық бойынша аспирантура ашылды. 1973 жылға қарай оқытушылар саны 330ке жетті, 7 ғылым докторы болды, ал кандидаттықты 125 адам қорғады. Осы жылдар ішінде сол кездегі «Правда» көшесінде Студенттік жатақханалар кешені (1969 жылы), Оқу-зертханалық кешен, Дене шынықтыру кешені, «Молодежный» санаторий-профилакторийі және т.б.-лар пайдалануға берілді (1973-1974 жылдары) . Сонымен бір мезгілде институтта Жоғары экономикалық мектеп құрылды, онда жұмыс орнынан қол үзбей оқуға мүмкіндік болды. АХШИ-дің филиалдары Целиноград, Ақтөбе, Шымкент қалаларында ашылды.
1967 және 1970 жылдары АХШИ студенттердің еңбегі, тұрмысы мен демалысын үздік ұйымдастыру бойынша Бүкілодақтық жарыстарда жеңімпаз атанды. 1972 жылы ол Республиканың 46 жоғары оқу орны арасында үздік деп танылып, қол жеткізген жетістіктері үшін Қазақстан КП-ның ОК, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумі, Министрлер Кеңесі мен Қазақ КСР Кәсіподағының (Қазсовпроф) Естелік Қызыл Туымен марапатталды [4]. АХШИ-дің студенті Анатолий Назаренко классикалық күрестен 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.
1982 жылы институт құрамында «Жоспарлық-жабдықтау», «Жоспарлы-экономикалық», «Есеп және экономикалық», «Қаржы-кредиттік» пен «Экономикалық ақпаратты механикаландырылған өңдеу және басқарудың автоматтандырылған жүйелері» факультеттері, кешкі оқыту, перспективалық жоспарлау және болжау кадрларын қайта даярлау жөніндегі факультеттер, дайындық бөлімшесі (курстар), еңбекті ғылыми ұйымдастыру және басқару бойынша тұрақты жұмыс істейтін курстар, Шымкент, Ақтөбе және Целиноград қалаларындағы филиалдар, аспирантура, 32 кафедра, Оқытудың техникалық құралдары зертханасы, кітапхана (471 мың том) жұмыс істеді. 1981-1982 оқу жылында институтта 10 мамандық бойынша 10 205 студент, 12 — 111 аспирант оқыды, 540 оқытушы жұмыс істеді, оның ішінде 16 профессор және ғылым докторы, 218 доцент және ғылым кандидаты, 2 Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген экономисі, 2 Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері.
### ҚазМЭУ – ҚазМБА – ҚазЭУ
1991 жылы 8-шілдеде Қазақ КСР Халыққа білім беру министрлігінің ұсынысы бойынша Алматы халық шаруашылығы институты Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті болып қайта құрылды. 1993 жылы 25-ақпанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін Қазақ мемлекеттік басқару академиясына айналдыру туралы» Жарлық шығарды.
1994 жылы университетте «Экономика» баспасы және өзінің баспаханасы ашылды. 1996 жылы «ҚазМБА Хабаршысы» ғылыми журналының бірінші нөмірі шықты, алғашқы магистрант түлектер дүниеге келді. 1997 жылы Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы филиалдар базасында ҚазМБА Аймақтық оқу орталықтары құрылды, 1999 жылы Астанадағы филиал «Экономика және қаржы» институты болып қайта құрылды.
2000 жылдың 23-мамырында Қазақстан Үкіметінің Қаулысы бойынша ЖОО-ға Тұрар Рысқұловтың есімі берілді.
1995 жылдан бастап Еуропалық Одақ бағдарламасы шеңберінде ҚазМБА-ны әрі қарай мемлекет меншігінен алуды көздейтін ТАСИС шетелдік консультативтік көмек жобасын іске асыру басталды. 2001 жылдың 2-сәуірінде Үкіметтің Қаулысы бойынша ЖОО жекешелендіру және әрі қарай мемлекет меншігінен алу үшін «Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
2001 жылдың соңына дейін ЖОО-ның 100% акциясы жеке меншікке берілді, 2002 жылы «Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» ЖАҚ («Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» ААҚ болып қайта құрылды.
2008 жылы ЖОО жанынан Халықаралық бизнес мектебі (IBS) ашылды. 2010 жылы университет Еуропалық білім беру кеңістігіне кіріп, Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.
2011-2013 жылдары Қызылорда, Атырау, Шымкент, Павлодар, Семей қалаларында Аймақтық Қашықтан оқыту орталықтары ашылды [16].
2014 жылғы 3-желтоқсанда университет ребрендинг рәсімінен өтіп, «Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университет» АҚ болып өзгертілді [18].
### Қазіргі заманы
2016 жылы Университет өз атауын «Нархоз университеті» АҚ деп өзгертті.
2016-2021 жылдары университетті шетелдік келесі ректорлар басқарды: Кшиштоф Рыбинский (Польша), Эндрю Вахтель (АҚШ), Станислав Буянский (Ресей, АҚШ). Білім беру және ғылыми қызметтің құрылымы мен мазмұнын жаңғырта отырып, Нархозды заманауи бәсекелестік университетке айналдыру процесі туралы мәлімделді. Атап айтқанда, жаңа факультеттер, кафедралар құрылды, бірқатар ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары құрылды. 2020 жылдан бастап Университетте қос диплом бағдарламасы енгізілді.
2020 жылғы 13-наурызда «Коммерциялық емес акционерлік қоғам» мәртебесін беру жолымен Нархоз университетін мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді. Коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған қоғамды коммерциялық ұйымға айналдыру мүмкін емес, ал алынған табыс тек даму, инфрақұрылым мен академиялық процесті жақсартуға, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқытушылардың кәсіби дамуын арттыруға бағытталады.
2020 жылдың қарашасында ректор С. Г. Буянский: «2021 жылы Университеттің ұйымдық құрылымы батыстық типтегі модернизациядан өтеді, ректор лауазымы жойылып, Президент пен провост арасындағы өкілеттіктер бөлінеді», - деп мәлімдеді.
2023 жылдың мамыр айында Нархоз университеті блокчейн-технология негізінде NFT-дипломдар платформасын құру жөніндегі жобаны іске қосатынын жариялады.
2024 жылғы жағдай бойынша Университетте 34 бакалавриат бағдарламасы, 29 магистратура бағдарламасы және 8 докторантура бағдарламасы бойынша сабақ жүргізіледі.
## Рейтингтердегі Университет
## Мектептер
* Экономика және менеджмент мектебі
* Құқық және мемлекеттік басқару мектебі
* Цифрлық технологиялар мектебі
* Бизнес мектебі
* Гуманитарлық мектеп
## Ғылыми орталықтар
* Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC).
* Қазақстандағы Тұрақты дамуды зерттеу институты (SKRI).
* HR зерттеу орталығы (HRRC).
* Жібек жолы істері орталығы (SRCC).
* Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер орталығы (CEBR).
* Data Science зертханасы.
## Серіктес ЖОО-лар
Бүгінгі таңда Нархоз университетінің білім беру бағдарламаларының әр түрлі формаларын ұсынатын 70-тен астам халықаралық серіктестері бар. Нархоз студенттерінің қос диплом, ERASMUS+, академиялық ұтқырлық, жазғы және қысқы мектептер бағдарламалары бойынша үш құрлықтың (континенттің) 23 еліне шетелге шығу мүмкіндігі бар.
## Кампустар
Университеттің негізгі кампусы Алматы қаласының Жандосов көшесі бойында, ал екіншісі 1-микроауданда орналасқан. Нархоз университетінің Жандосов көшесіндегі кампусының аумағы қоғамдық қолжетімділікке ие. Қасбеттің (фасад) алдында саябақ бар, субұрқақ (фонтан) жұмыс істейді, Жапон бағына ие. Кампустың ішінде шағын алаң бар.
Жандосов көшесіндегі кампус аумағында стадион, спорт орталығы, GRANDPOOL фитнес-орталығы, әскери кафедра орналасқан.
2020 жылы Басшылық бас ғимаратты 2022 жылға дейін қайта құрудың басталғаны туралы жария етті [20].
2022 жылы Университет жаңа кампусының қайта құрудан кейінгі салтанатты ашылуы өтті [44]. Кампус 26 IT-зертхана, 112 аудитория мен 115 ашық кеңістік жұмыс аймағына ие. Шетелдік студенттер үшін жеке офис қарастырылған – Welcome center [45].
2023 жылы жаңа студенттік жатақхананың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жатақхананың құрылысы 2024 жылы аяқталды. Бұл 424 орынға арналған жалпы ауданы 8700 м² болатын үш, бес және жеті қабатты ғимараттар кешені. Студенттер үшін жеке жуынатын бөлмелері мен душтары бар үш адамға арналған бөлмелер, климаттық бақылау жүйесі мен тұрмыстық техникасы бар. Жеке кір жуатын бөлме, сонымен қатар әр қабатта ас үй мен жұмыс орындары, бірінші қабатта дүкен, кофехана, шаштараз, медициналық пункт, төбесінде жасыл терраса бар.
## Ректорлар
* 1963 —1975 жж. — Александр Иванович Белов
* 1975 — 1982 жж. — Виктор Дмитриевич Руднев
* 1982 — 1988 жж. — Нұрғали Құлшыманұлы Мамыров
* 1988-1992ж. — Василий Евдокимович Черкасов
* 1992—1995 жж. — Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев
* 1995—2005 жж. — Нұрғали Құлшыманұлы Мамыров
* 2005—2012 жж. — Әли Әжімұлы Әбішев
* 2012—2014 жж. — Серік Аманжолұлы Святов
* 2015—2018 жж. — Кшиштоф Рыбиньски (Польша)
* 2018—2020 жж. — Эндрю Вахтель (АҚШ)
* 2020—2021 — Станислав Буянский (Ресей, АҚШ) Ректор С.Г. Буянский Университеттің ұйымдастырушылық реформасының бастамашысы болды, оның шеңберінде Президент және провост лауазымдарын бір мезгілде енгізу жолымен ректор лауазымы жойылды [22].
## Президенттер
2021— 2024 — Мирас Мұхтарұлы Дәуленов.
2024 — қ. у — Қожахмет Қанат Темірғалыұлы.
## Еншілес ұйымдар
* Нархоз университетінің экономикалық колледжі
* «ESF» корпоративтік қоры
* «ҚЭУ-сервис» ЖШС
## Белгілі түлектер
* Данияр Талғатұлы Ақышев
* Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев
* Қайрат Нематұлы Келімбетов
* Наталья Артёмовна Коржова
* Аслан Есболайұлы Мусин
* Нұртай Салихұлы Сабильянов
* Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев
* Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов
* Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин
* Болат Жамитұлы Өтемұратов
## Дереккөздер |
Жамалбек Шәймерденұлы Шәймерденов (4 қаңтар 1928 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы – 17 сәуір 1998 жыл, Алматы) – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, еңбек ардагері.
## Өмірбаяны
* 1945 жылы аудан орталығындағы Жамбыл атындағы орта мектепті бітірген.
* Сол жылы Алматы ауыл шаруашылық институтының "Агрономия" факультетіне түсіп, оны 1950 жылы "ғалым-агроном" мамандығы бойынша бітіріп шықты.
* Қазақ КСР Ауылшаруашылығы министрлігінің жолдамасымен 1952 жылы Жамбыл облысы Луговой ауданының В.И.Ленин атындағы қой завод совхозының бас агрономы қызметіне келген, 1952-1956 жылдары сол совхоз-заводтың директоры.
* 1956-1958 жылдары Шу ауданының "Далақайнар" астық совхозының бас агрономы.
* 1958-1959 жылдары Шу аудандық ауылшаруашылығы инспекциясының төрағасы болып қызметтер атқарған.
* 1959‑1962 жылдары Қазақ КСР компартиясы Жамбыл облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.
* 1962‑1963 жылдары Мерке аудандық колхоз‑совхоз өндірістік басқармасын басқарған.
* Қазақ КСР коммунистік партия Орталық комитетінің шешімімен 1963‑1964 жылдары Шымкент облыстық компартия комитетінің екінші хатшысы болып сайланған.
* 1964‑1983 жылдары Шымкент облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған..
* 1983 жылдан бастап 1990 жылға дейін Қазақстан Республикасының Халықтық бақылау комитетінің бірінші орынбасары болып, сол қызметтен Одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты.
* 1963‑1990 жылдарда Қазақ КСР компартиясы комитетінің кұрамының мүшесі болды, Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Жоғары Советінің VII‑VШ‑ІХ‑Х шақырылымының депутаты болды.
* КСРО Коммунистік партиясының ХХІ, ХХII, ХХIII, ХХІV, ХХV, ХХVІ, ХХVII съездерінің делегаты болып сайланды .
## Игі істері мен жетістіктері
Ж.Шәймерденов жұмыс істеген 20 жылда астық өндіру көлемі 20 еседен аса, мақта 1,35 есе, көкөніс пен жүзім 2,5 есе, жеміс‑жидек 3 есе өсті. Колхоздар мен совхоздардың негізгі өндірістік қоры осы мерзім ішінде 892,7 миллион сомға артты. Әр сиырдан сүт сауу 965 килограмға, етке өткізілген ірі қараның орташа тірідей салмағы 120 килограмға өсті. Тек Х бесжылдықтың тұсында ғана облыста 1 млрд. 153 млн. сомның құрылыс‑монтаж жұмысы атқарылды. Осы уақытта 2 млн. 227 шаршы метрден астам тұрғын үй, көптеген жаңа мектеп, аурухана, балабақшалар салынды.
Ж.Шәймерденов облыс атқару комитетінің төрағасы қызметінде жүрген кезде «Фосфор» бірлестігі, Шымкент, Састөбе цемент зауыттары, Кентау эксковаторжәне трансформатор зауыттары, Шымкент мақта‑мата комбинаты, Шымкент шина және шина жөндеу зауыттары бой көтерді. Бұл Оңтүстік Қазақстан экономикасының, әсіресе өнеркәсібінің гүлдену кезеңі болды.
Жергілікті өнеркәсіп қолөнер бұйымдары өндірісінен халық шаруашылығының дербес, қуатты саласы деңгейіне көтерілді. «Восход» фабрикасы республика жеңіл өнеркәсібінің флагманына айналды. «Эластик» фабрикасы да құлашын кеңге жайды. Кондитерлік фабрика іске қосылып өндіріс орындары көбейе берді. Қалаларда, аудандарда көптеген мектептер, ауруханалар, жол тораптары, мәдениет ошақтары салынды. Облыс орталығында Жұмат Шанин атындағы драма театры ашылып, үлкен орталық сауда үйі бой көтерді. "Шымкент‑Ташкент" бағыындағы жаңа автожолы сол уақытта іске қосылды.
## Отбасы
Жамалбек Шәймерденовтің атасы Нарбек (1847-1935) ел билігіне араласқан, өзі шешен, болыс болған көрнекті тұлға. Нарбек бидің жаз жайлауы - Қаратаудағы Көлбай сазы, Мыңбұлақ сиияқты шұрайлы жерлер болған. Қыстауы - Сыр бойындағы Шәуілдір, Қызылдың құмы. Жиі жайлаған қонысы - Шошқакөл деп аталатын жерлер екен.Нарбек бидің ұлдары Петербор қаласында оқыған. Алты баласы мұсылманша сауат ашса, үлкендері Жорабек, Қамбарбек пен кенжесі Сәбденбек орысша оқыған көзі ашық азаматтар болған. Петерборда олар Жорабек Нарбековский, Камбарбек Нарбековский, Сабденбек Нарбековский болып кетеді (поляк оқытушысы берген қойыртпақ фамилия).
* Шәймерден Нарбекұлы – бидің төртінші ұлы. Ұжымдастыру жылдарында белсенді қызмет еткен еңбекқор болған. 1930-1935 жылдары қазіргі Сайрам ауданының Тастақ деген жерінде (ескі аты Тассай) Сталин атындағы ұжымшардың басқарма бастығы болып қызмет істеген.
* Жамалбек Шәймерденовтің анасы Балкүл - ақылды, ұстамды, сөзге өткір, көпке басу айтатын, ел тыңдайтын беделді кісі болған. 29 жасында бес баламен жесір қалады. Отағасы фәниден өткенде балалары Әмірше – 12-де, Әнуарбек – 7-де, Жамалбек ‑ 5-те, Әли – 3-те, Әмзебек – 1 жаста қалған.Ж.Шәймерденовтың жұбайы Әлипа Шаймерденова - тарих және қазақ тілі пәндерінен сабақ беріп, мектеп оқушыларын тәрбиелеу саласында еңбек сіңірген тәжірибелі педагог болған, білім беру саласының ардагері. "Білім" ("Знание") қоғамының төрайымы болып қызмет еткен (Шымкент). Жамалбек Шәймерденов жұбайы Әлипамен бірге бес перзент тәрбиелеп өсірді.Үлкен ұлы - Сержан Жамалбекұлы Шәймерденов, Алматы Архитектура және құрылыс институтын үздік бітірген, Қазақстан Республикасының белгілі сәулетшісі, «АлматыГипрострой» институтының бас сәулетшісі, Қазақстан Республикасы сәулетшілер қоғамының президенті, Шығыс елдері Архитектура қоғамының вице‑президенті болып ұзақ жылдар жемісті қызмет атқарды. Оның қолынан шыққан сәулет өнерінің көркем туындылары - әсем көше, алаң, саяжол, ғимараттар - қазіргі уақытта Алматы қаласы мен барлық дерлік облыс орталықтарында, Түркістан, Кентау қалаларының әсем келбетін құрайттын көріністтен өз орнын тапқан.Кіші ұлы Серік Жамалбекұлы Шәймерденов - Алматы архитектура және құрылыс институтының студенті.Үлкен қызы Меңсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова - Қазақ химия-технологиялық институтының аспиранты (ҚазХТИ), «Союзгипрорис» (г. Шымкент) ГЗИ ғылыми қызметкері, "Кітап" қоғамының төрайымы болған (Алматы қ.).Екі қызы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласында қызмет етеді. Меңдіғаным Жамалбекқызы Шәймерденова – тарих ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған тарих пәні оқулықтарының, оқу құралдарының авторы. Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласының ҚХА ғылыми-сараптамалық топ мүшесі; Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар Кеңесінің мүшесі. Республикалық Достық үйінде жастар ісі бойынша сарапшы (Алматы қ.). Алматы қаласындағы Дін ісі жөніндегі «Үйрену және талдау орталығы» Басқармасы қарауындағы діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу бойынша ақпараттық топ мүшесі .Нұрсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова – филология ғылымдарының докторы, Астана қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының профессоры, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің құрметті профессоры; көптеген ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың, орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтардың, монографиялар, сөздіктер мен балаларға арналған ертегілердің авторы.
* Ж.Шәймерденовтың жұбайы Әлипа Шаймерденова - тарих және қазақ тілі пәндерінен сабақ беріп, мектеп оқушыларын тәрбиелеу саласында еңбек сіңірген тәжірибелі педагог болған, білім беру саласының ардагері. "Білім" ("Знание") қоғамының төрайымы болып қызмет еткен (Шымкент). Жамалбек Шәймерденов жұбайы Әлипамен бірге бес перзент тәрбиелеп өсірді.Үлкен ұлы - Сержан Жамалбекұлы Шәймерденов, Алматы Архитектура және құрылыс институтын үздік бітірген, Қазақстан Республикасының белгілі сәулетшісі, «АлматыГипрострой» институтының бас сәулетшісі, Қазақстан Республикасы сәулетшілер қоғамының президенті, Шығыс елдері Архитектура қоғамының вице‑президенті болып ұзақ жылдар жемісті қызмет атқарды. Оның қолынан шыққан сәулет өнерінің көркем туындылары - әсем көше, алаң, саяжол, ғимараттар - қазіргі уақытта Алматы қаласы мен барлық дерлік облыс орталықтарында, Түркістан, Кентау қалаларының әсем келбетін құрайттын көріністтен өз орнын тапқан.Кіші ұлы Серік Жамалбекұлы Шәймерденов - Алматы архитектура және құрылыс институтының студенті.Үлкен қызы Меңсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова - Қазақ химия-технологиялық институтының аспиранты (ҚазХТИ), «Союзгипрорис» (г. Шымкент) ГЗИ ғылыми қызметкері, "Кітап" қоғамының төрайымы болған (Алматы қ.).Екі қызы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласында қызмет етеді. Меңдіғаным Жамалбекқызы Шәймерденова – тарих ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған тарих пәні оқулықтарының, оқу құралдарының авторы. Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласының ҚХА ғылыми-сараптамалық топ мүшесі; Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар Кеңесінің мүшесі. Республикалық Достық үйінде жастар ісі бойынша сарапшы (Алматы қ.). Алматы қаласындағы Дін ісі жөніндегі «Үйрену және талдау орталығы» Басқармасы қарауындағы діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу бойынша ақпараттық топ мүшесі .Нұрсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова – филология ғылымдарының докторы, Астана қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының профессоры, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің құрметті профессоры; көптеген ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың, орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтардың, монографиялар, сөздіктер мен балаларға арналған ертегілердің авторы.
* Үлкен ұлы - Сержан Жамалбекұлы Шәймерденов, Алматы Архитектура және құрылыс институтын үздік бітірген, Қазақстан Республикасының белгілі сәулетшісі, «АлматыГипрострой» институтының бас сәулетшісі, Қазақстан Республикасы сәулетшілер қоғамының президенті, Шығыс елдері Архитектура қоғамының вице‑президенті болып ұзақ жылдар жемісті қызмет атқарды. Оның қолынан шыққан сәулет өнерінің көркем туындылары - әсем көше, алаң, саяжол, ғимараттар - қазіргі уақытта Алматы қаласы мен барлық дерлік облыс орталықтарында, Түркістан, Кентау қалаларының әсем келбетін құрайттын көріністтен өз орнын тапқан.
* Кіші ұлы Серік Жамалбекұлы Шәймерденов - Алматы архитектура және құрылыс институтының студенті.Үлкен қызы Меңсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова - Қазақ химия-технологиялық институтының аспиранты (ҚазХТИ), «Союзгипрорис» (г. Шымкент) ГЗИ ғылыми қызметкері, "Кітап" қоғамының төрайымы болған (Алматы қ.).Екі қызы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласында қызмет етеді. Меңдіғаным Жамалбекқызы Шәймерденова – тарих ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған тарих пәні оқулықтарының, оқу құралдарының авторы. Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласының ҚХА ғылыми-сараптамалық топ мүшесі; Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар Кеңесінің мүшесі. Республикалық Достық үйінде жастар ісі бойынша сарапшы (Алматы қ.). Алматы қаласындағы Дін ісі жөніндегі «Үйрену және талдау орталығы» Басқармасы қарауындағы діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу бойынша ақпараттық топ мүшесі .Нұрсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова – филология ғылымдарының докторы, Астана қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының профессоры, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің құрметті профессоры; көптеген ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың, орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтардың, монографиялар, сөздіктер мен балаларға арналған ертегілердің авторы.
* Үлкен қызы Меңсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова - Қазақ химия-технологиялық институтының аспиранты (ҚазХТИ), «Союзгипрорис» (г. Шымкент) ГЗИ ғылыми қызметкері, "Кітап" қоғамының төрайымы болған (Алматы қ.).
* Екі қызы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласында қызмет етеді. Меңдіғаным Жамалбекқызы Шәймерденова – тарих ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған тарих пәні оқулықтарының, оқу құралдарының авторы. Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласының ҚХА ғылыми-сараптамалық топ мүшесі; Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар Кеңесінің мүшесі. Республикалық Достық үйінде жастар ісі бойынша сарапшы (Алматы қ.). Алматы қаласындағы Дін ісі жөніндегі «Үйрену және талдау орталығы» Басқармасы қарауындағы діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу бойынша ақпараттық топ мүшесі .
* Нұрсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова – филология ғылымдарының докторы, Астана қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының профессоры, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің құрметті профессоры; көптеген ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың, орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтардың, монографиялар, сөздіктер мен балаларға арналған ертегілердің авторы.
## Марапаттары
Елге, партияға cіңірген еңбектері үшін марапатталды:
* 1978 жылы Қазақ Социалистік Республикасы Жоғары Советінің Құрмет грамотасы
* 1967,1971, 1974, 1976, 1978 жылдары бес рет «Еңбек Қызыл Ту» ордені
* 1980 жылы "Халықтар достығы" ордені
* 1982 жылы В.И.Ленин ордені
* "Құрмет белгісі" ордені
* одақтық дәрежедегі медальдар
* КСРО‑ның Халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің 15 алтын медалінің иегері.
## Естеліктер
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов "Асыл аға, текті азамат" атты кітапта мынадай естелік айтады:
.
Қоғам қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің (1963-1975) хатшысы болған Бижамал Рамазанқызы "Қайраткер" деген естелік мақаласында:
..
Есенғали Раушанов - ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты өзінің "Жайсаң қазақ" деген естелігінде:
, - деген ықыласын білдіреді..
Дүйсенкүл Бопова - халық депутаттары Шымкент облыстық кеңесі атқару комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары өзінің "Кешегідей көз алдымда" атты естелік мақаласында:
, деп Жамалбек Шәймерденовтің ел ағасы болған кезін жоғары бағалайды[15]..
## Жамалбек Шәймерденовтің есімі берілген жерлер
* Шымкент қаласындағы көшеге Жамалбек Шәймерденовтің есімі берілген
* 1964-1983 жылдары тұрған үйінде (бұрынғы Н.Нариманов атындағы көшесі, 1, қазір - А.Асқаров атындағы көше) - Ж.Шәймерденовтің тұрғаны туралы мәрмәр тақта орнатылған
* Оңтүстік-Қазақстан облысы Еңбек және соғыс ардагерлері кеңесінің шешімімен Жамалбек Шәймерденовтің есімімен аталған көшеде қайраткердің 80-жылдығына орай ескерткіш орнатылған.
* Туған жері - Шәуілдір ауылындағы орталық саябақта ескерткіш орнатылған.
## Дереккөздер |
«Бұл Шұғылада болған еді» — толық метражды көркем фильм. 1955 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы шығарған.
## Сюжеті
Сюжет бойынша Телғара Темірбеков «Шұғыла» колхозында жиырма жыл бойы төрағалық қызмет атқарады. Ол өзінің алғырлығы мен білгірлігі арқасында колхоз ұйымдастырып, оның экономикалық тұрғыдан орнығуына бар күшін салып, аудандағы үздік колхоздардың бірі етуіне еңбек етеді. Алайда жылдар өте келе Телғара қатты өзгереді. Дандайсып, колхоздағыларға құлақ асудан және сыйлаудан қалады. Айналасын жағымпаздармен қоршайды. Бұның бәрі колхоздың күйреуіне әкеп соғады: мал өлімі көбейіп, астық өнімдерінің түсімі азаяды. Жас агроном Бақытжан, фельдшер Ксюша Телғара Темірбековпен күреуге бел буады. Оларды райком партиясының хатшысы Рүстемов қолдайды. Орынды айтылған сынды қабылдаған Телғара Темірбеков қателескенін мойындайды.
## Рөлдерде
* Телғара Темірбеков — Ыдырыс Ноғайбаев
* Бақытжан — Кененбай Қожабеков
* Бухгалтер — Серке Қожамқұлов
* Ажар — Сәбира Майқанова
* Майра — Бибігүл Төлегенова
* Жанас — Елубай Өмірзақов
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
Қазақстан:
* Ольговка – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
Башқұртстан:
* Ольговка – Башқұртстанның Давлекан ауданындағы ауыл. |
* Песчанка – Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл.
* Песчанка – Қостанай облысы Ұзынкөл ауданындағы ауыл.
* Песчанка – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған.
* Песчанка – Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы ауыл. |
Константин Георгиевич Старостин (21 мамыр 1914 — 10 қаңтар 1985) — актер.
## Өмірбаяны
1914 жылдың 21 мамырында туған.
1931 – 1933 жылдары Бірінші сағат зауыты қарамағындағы дәл механика трестіндегі ФЗУ мектебінде оқыған.
1934 – 1937 жылдары -Рабфакте, одан кейін мединституттағы 2-нші спорт тобында оқыды.
1933 - 1934 жылдары И. А. Лихачев атындағы зауытта жұмыс істеді.
1937 – 1941 жылдары - Мосфильм киностудиясының актері.
1941 жылдан - Тбилиси киностудиясының актері.
1942 – 1944 жылдары - Алматыдағы ЦОКС актері.
1945 – 1951 жылдары – Мемлекеттік киноактер театр труппасына қабылданды.
1941 - 1964 жылдары Мосфильм киностудиясында режиссер ассистентері мен актерларының келісім-шарттарымен жұмыс істеді.
1964 жылдан - Тәжікфильм киностудиясының екінші режиссері.
1966 жылдан Өзбекфильм киностудиясының режиссері.
1968 – 1977 жылдары -Мосфильм киностудиясының режиссері.
1985 жылдың 10 қаңтарында қайтыс болды.
## Дереккөздер |
Елді мекен:
* Макарьевка – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
Өзендер:
* Макарьевка (Григорьевка) – Ресейдегі өзен. Свердлов облысы жер аумақтарынан ағып өтеді.
* Макарьевка – Ресейдегі өзен. Челябі облысы жер аумақтарынан ағып өтеді. |
Елді мекендер:
Қазақстан:
* Владимировка – Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ауыл.
* Владимировка — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Ақсу ауылының 2020 жылға дейінгі атауы.
* Владимировка – Қостанай облысы Қостанай ауданындағы ауыл.
* Владимировка – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы ауыл.
Башқұртстан:
* Владимировка – Башқұртстанның Благовещен ауданындағы ауыл.
* Владимировка – Башқұртстанның Буздяк ауданындағы ауыл.
* Владимировка – Башқұртстанның Стерлитамак ауданындағы ауыл.
* Владимировка – Башқұртстанның Шаран ауданындағы ауыл. |
«Ана мен бала» — қысқа метражды көркем фильм. 1955 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы шығарған.
## Сюжеті
Гриша анасының рұқсатынсыз тың игеруге кетеді. Жігіт жаңа жағдайларға тез үйреніп, жасына қарамай бригадир атанады. Гришаның анасы, Пелагея Максимовна ұлын алып кету үшін тың совхозына келеді. Бірақ, кейін ол аналық махаббатымен ұлындай туған болып кеткен жас тың игерушілерге тамақ дайындауға қалады.
## Рөлдерде
* Пелагея Максимовна — Зинаида Воркуль
* Гриша — Валерий Анисимов
* Абрамов — Григорий Михайлов
* Мария Васильевна — Елена Бирюкова
* Көбей — Қасым Жәкібаев
* Петухов — Андрей Пунтус
* Сидоров — Юрий Белов
* Станса кезекшісі — Таңат Жайлыбеков
## Дереккөздер |
Эмил Уильям Айвенхо Хески (ағылш. Emile William Ivanhoe Heskey; 11 қаңтар 1978 жыл, Лестер) — ағылшын футболшысы, шабуылшы. Англия құрамасында ойнаған.
## Футболшы жайлы фактілер
* Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 1999 жылы 28 сәуір күні Мажарстанға қарсы өткізді. Алғашқы голды 2000 жылы 3 маусым күні Мальтаның қақпасына соқты.
* 2010 жылғы әлем чемпионатынан соң Ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтады. Соңғы ойынын 2010 жылғы әлем чемпионатында өткізді.
* 2009 жылы 6 маусым күні Алматыдағы "Орталық" сатдионда Қазақстан құрамасының қақпасына гол соғып есеп ашты. Бұл — 2010 жылғы әлемдік доданың іріктеу ойыны болатын.
## Жеке өмірі
Әуелі Кайли Пинсентке үйленіп, 2004 жылы ажырасып кетті. Қазіргі әйелінің аты Чантил Таго. Алғашқы әйелінен үш, кейінгі әйелінен екі ұлы бар.
## Жетістіктері
### Командалық
Ливерпуль
* Англия кубогы: 2001
* Лига кубогы: 2000, 2001, 2003
* Англия суперкубогы: 2001
* УЕФА кубогы: 2001
* УЕФА суперкубогы: 2001
## Қатысқан турнирлері
* Еуропа чемпионаттары — 2000, 2004
* Әлем чемпионаттары — 2002, 2010
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профиль (ағыл.)
* Профиль (ағыл.)
* Профиль (орыс.) |
Гурам Мурадиевич Макаев (қаз. Гурам мурад угли Макаев; 13 ақпан 1970 жыл, Алматы Қазақ КСР, КСРО) — тегі осетин қазақтандық футболшы, шабуылшы.
## Карьерасы
1994-98 жылдары Қазақстан құрамасы сапында ойнаған. Он кездесуде Ұлттық құрама намысын қорғап, бір доп енгізді.
Карьерасында КСРО және тәуелсіздіктен соң қазақстандық клубтармен бірге 1995-97 жылдары Бельгияның "Ломмель", "Антверпен" командаларында доп тепті.
2004 жылы Шымкенттің "Ордабасы клубында ойнап жүріп карьерасын аяқтады да, 2005-2008 жылдар аралығында "Жетісу" клубының бапкерлер штабында жұмыс істеді.
## Жетістіктері
* Қазақстанның күміс жүлдегері: 1992, 1998, 2001, 2002
## Статистикасы
* О - Ойын
* Г - Гол
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Гурам Мурадиевич Макаев (қаз. Гурам мурад угли Макаев; 13 ақпан 1970 жыл, Алматы Қазақ КСР, КСРО) — тегі осетин қазақтандық футболшы, шабуылшы.
## Карьерасы
1994-98 жылдары Қазақстан құрамасы сапында ойнаған. Он кездесуде Ұлттық құрама намысын қорғап, бір доп енгізді.
Карьерасында КСРО және тәуелсіздіктен соң қазақстандық клубтармен бірге 1995-97 жылдары Бельгияның "Ломмель", "Антверпен" командаларында доп тепті.
2004 жылы Шымкенттің "Ордабасы клубында ойнап жүріп карьерасын аяқтады да, 2005-2008 жылдар аралығында "Жетісу" клубының бапкерлер штабында жұмыс істеді.
## Жетістіктері
* Қазақстанның күміс жүлдегері: 1992, 1998, 2001, 2002
## Статистикасы
* О - Ойын
* Г - Гол
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Ваит Абдул-Хамидович Талғаев (11 мамыр 1953, Жамбыл, Қазақ КСР, КСРО) — КСРО футболшысы, КСРО және Қазақстанның футбол бапкері. Қазақстандағы ең табысты бапкерлердің бірі.
## Карьерасы
Жамбыл (қазіргі Тараз) футболының түлегі. Карьреасын жамбылдық "Алатау" клубында бастаған. Жетпісінші жылдардың соңында "Қайратта" ойнап, одаққа танымал болды.
1982 жылы "Қайратта" ойнап жүріп футболшылық ғұмырын аяқтады да, тоқсаныншы жылдары бапкерлік қызметке кірісті. Көп басқарған ұжымдары — Қазақстанның "Тараз" командасы мен Ресейдің "Ахмат" (ол кезде "Терек" деп аталатын) клубы.
2000 жылы Қазақстан Ұлттық құрамасын жаттықтырды. Ұлты шешен болғанымен өзін қазақ сезінетін футболшалардың бірі.
## Жетістіктері
### Ойыншы ретінде
«Кайрат»
* КСРО чемпионатындағы 1 лига жеңімпазы: 1976
### Бапкер ретінде
«Тараз»
* Қазақстан чемпионы: 1996
* Қазақстанның ұола жүлдегері: 1995, 1997
«Атырау»
* Қазақстанның күміс жүлдегері: 2001, 2002
«Терек»
* Ресей кубогы: 2003/04
* Ресейдегі 1 лига жеңімпазы: 2004
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Профилі |
Есік өзені – Іле алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары жерімен ағып өтеді.
## Бастауы
Бастауын Іле Алатауындағы Корженевский (3950 м биіктікте), Григорьев (3850 м биіктікте) мұздықтарының төменгі етектерінен алып, Қапшағай су қоймасына құяды.
## Гидрографикасы
Ұзындығы – 96 км, оның 22 км-дей бөлігі Есік шатқалымен өтеді. Өзеннің ені мен тереңдігі әр бөлігінде әртүрлі болып - ені 3-5 м-ден 7-8 м-ге дейін, тереңдігі 25-30 см-ден 1-1,5 м-ге дейін ауытқиды. Таулы тасқынында ағысының жылдамдығы 3 м/сек болса, төменгі ағысы мен өзеннің аяғында 0,06 м/сек-қа дейін азаяды. Ағыс жылдамдығы маусымдық өзгеріске байланысты өзгеріп отырады - көктемде су деңгейі көтерілгенде ағыс жылдамдығы артады, ең қатты ағыс маусым-шілде айларында байқалады, қазан-қараша айларында азайып, қыс кезінде минимумға жетеді.
## Өзеннің бойлық зоналары
Өзеннің бойлығы тамыз айының физика-гидрологиялық факторлары бойынша жеті зонаға бөлінген:
* бірінші зона - мұздық, мәңгі қардың шекарасы деңгейінен 4000-3000 м, су температурасы 0°С;
* екінші зона - мұздықтың бастауы - мореналық аймақ, ең биіктігі теңіз деңгейінен 3000-2900 м, ағыс жылдамдығы тым қатты емес - шамамен 2 м/сек, суы мұздықтың майлы лайының (ил) әсерінен лайлы болып келеді;
* үшінші зона - тау өзенінің жоғарғы ағысы, абсолюттік биіктігі - 2900-1800 м, су температурасы 3,0-8°С, су ағысының жылдамдығы қатты - 3-4 м/сек. Грунттың қозғалысы екінші зонаға қарағанда баяу;
* төртінші зона - өзеннің ортаңғы ағысы, абсолюттік биіктігі 1800-1000 м, су температурасы 8-12°С, ағыс жылдамдығы - 3-4 м/сек, грунт кейбір жерлерінде қозғалмалы;
* бесінші зона - өзеннің төменгі ағысы, абсолюттік биіктігі 1000-800 м, судың орташа температурасы 12-17°С, ағыс жылдамдығы - 2 м/сек, грунты майда, ірі және ұсақ тастар, кейбір жерлерінде лай тұнған;
* алтыншы зона - далалық, абсолюттік биіктігі 800-600 м, су температурасы 17-19°С, су ағысының жылдамдығы күрт 2 м/сек-тан 0,09 м/сек-қа дейін төмендейді. Грунты майда тасты, қиыршық тасты, құмды, қойнауларында тұнба лайлы, аңғары кең;
* жетінші зона - жазықтық және шөлейтті, абсолюттік биктігі 700 м және одан төмен, температура шамамен 30°С, ағыс жылдамдығы өте баяу (0,06 м/сек), грунты - құм, тұнба лай.
## Су бассейні
Өзеннің мореналық аймағында оң жағынан Көкбұлақ өзені, жоғарғы, ортаңғы ағыстарында оң және сол жағынан бірнеше өзен тармақтары қосылады. Өзен ортаңғы ағысында 1759 м биіктікте Есік көлін кесіп өтеді.
## Дереккөздер |
Зинаида Венедиктовна Воркуль (2 наурыз 1909, Санкт-Петербург-15 желтоқсан 1994, Мәскеу) — актриса.
## Өмірбаяны
1925-1930 жылдары -"Большевик" зауытында токарь.
1930 жылы Ленинград сахна өнері техникумын бітірді.
1935-1938 жылдары Ленинград комедия театрында жұмыс істеді.
1939-1940 жылдары Мосгосэстрада әртісі болды, 1945-1959 жылдары Мәскеудегі киноактер театра-студия штатында, 1959-1984 жылдары Горький атындағы киностудиясында жұмыс істеді.
## Дереккөздер |
2574 км аялдамасы — Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы, Станов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2014 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Мамлют қаласынан солтүстік-батысқа қарай 2 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 11 адам (5 ер адам және 6 әйел адам) болса, 2009 жылы тұрғылықты тұрғындары болмады.
## Дереккөздер |
Орлёнок аялдама пункті — Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы, Станов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Мамлют қаласынан солтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 38 адам (16 ер адам және 22 әйел адам) болса, 2009 жылы 6 адамды (3 ер адам және 3 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Алуа – Қостанай облысы, Арқалық қалалық әкімдігіне бағынысты ауыл.
* Алуа – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Алуа – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Амангелді ауылынан солтүстік-батысқа қарай 75 км жерде орналасқан тұзды көл.
* Алуа – Мұхтар Әуезовтың пьесасы. |
* Новоандреевка – Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауыл.
* Новоандреевка – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы ауыл. |
Новотроицкое — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Бәйтерек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Булаев қаласынан солтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 445 адам (213 ер адам және 232 әйел адам) болса, 2009 жылы 345 адамды (169 ер адам және 176 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Бәйтерек (2008 жылға дейін – Фурмановка) — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл, Бәйтерек ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Булаев қаласынан батысқа қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 955 адам (451 ер адам және 504 әйел адам) болса, 2009 жылы 781 адамды (374 ер адам және 407 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Барашки — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Конюхов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Булаев қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 15 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 141 адам (68 ер адам және 73 әйел адам) болса, 2009 жылы 75 адамды (33 ер адам және 42 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Мәжит Сапарғалиұлы Бегалин (22 ақпан 1922, қазіргі абай облысы, Абай ауданы, Дегелең а. - 5 мамыр 1978, Мәскеу) — кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1966). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
## Өмірбаяны
1948 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген.
1950 - 1978 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында режисер болып, өз замандастары туралы "Бұл Шұғылада болған еді" (1955), "Жерге қайта М.Бегалинның оралуы" (1959), "Тұлпардың ізі" (1964) көркем фильмдерді қойды.
Ш. Уәлиханов туралы "Оның күні туады" (1957), Б. Момышұлы жайында "Артымызда Мәскеу" сценарий авторы (1967).
1968 жылы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында өткен Орта Азия мен Қазақстан кино өнері байқауының бас жүлдесі мен 1- дәрежелі дипломы иегері.
М. Мәметова туралы "Мәншүк туралы баллада" (1969) секілді тарихи-ғұмырнамалық фильмі Бегалиннің режиссерлік шеберлігін танытты.
1970 ж. Минск қаласында өткен Бүкілодақтық кинобәйгедегі КСРО Қорғаныс минстрлігінің бас жүлдесі иегері.
Ресми шығармашылығы туралы "Мажит Бегалин" атты деректі фильм (1981) түсірілген.
## Марапаттары
Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған.
## Фильмографиясы
### Актер ретінде
* 1971 - Он төртінші параллельдегі түн - Кхам Бут
### Режиссер ретінде
* 1955 - Бұл Шұғылада болған еді
* 1957 - Оның уақыты келеді
* 1958 - Жерге оралу
* 1964 - Тұлпардың ізі
* 1967 - Ел басына күн туса (фильм)
* 1969 - Мәншүк туралы ән
* 1975 - Дала гүрсілі
### Сценарист ретінде
* 1967 - Ел басына күн туса (фильм)
* 1975 - Дала гүрсілі
## Әдебиеттері
Мэтр. Мажит Бегалин туралы естеліктер, Астана, 2002 (қазақ, орыс тілдерінде).
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Веселовка – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл.
* Веселовка – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы ауыл.
Өзен:
* Веселовка – Ресейдегі өзен. Коми Республикасы жер аумақтарынан ағып өтеді. |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.