text
stringlengths
3
252k
Аққайың (2023 жылға дейін – Берёзовка) — Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Әулиеағаш ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2013 жылға дейін таратылған "Берёзов ауылдық округі" орталығы болған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 63 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Тихомировка — Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Береговой ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2015 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстікке қарай 22 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 128 адам (63 ер адам және 65 әйел адам) болса, 2009 жылы 33 адамды (21 ер адам және 12 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Конторка — Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Томарлы ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 47 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 271 адам (138 ер адам және 133 әйел адам) болса, 2009 жылы 81 адамды (41 ер адам және 40 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Кіші Березняк — Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Воскресенка ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 87 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 39 адам (2009).
Воронцовка — Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Томарлы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жаңақұрылыс — Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Жаңақұрылыс ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 85 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Тегістік — Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Жаңақұрылыс ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 83 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Трофимовка – Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы Қоржынкөл ауылының бұрынғы атауы. Өзен: * Трофимовка (Сиучка) – Ресейдегі өзен. Ульянов облысы жер аумақтарынан ағып өтеді.
Қоржынкөл (2023 жылға дейін – Трофимовка) — Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл, Жаңақұрылыс ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 84 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Тегістік – Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл * Тегістік – Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл. * Тегістік – Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл. * Тегістік – Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Тегістік – бекіністі мекен.
Ивановка — Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл, Иванов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 19 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қазақстан: * Ивановка – Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл. * Ивановка – Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл. * Ивановка – Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы ауыл. * Ивановка – Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл. * Ивановка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Башқұртстан: * Ивановка – Башқұртстанның Аургазин ауданындағы ауыл. * Ивановка – Башқұртстанның Бакалин ауданындағы ауыл. * Ивановка – Башқұртстанның Гафурий ауданындағы ауыл. * Ивановка – Башқұртстанның Давлекан ауданындағы ауыл. * Ивановка – Башқұртстанның Куюргазин ауданындағы ауыл. * Ивановка – Башқұртстанның Мелеуз ауданындағы ауыл. * Ивановка – Башқұртстанның Федор ауданындағы ауыл.
Новоспасовка — Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Иванов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 22 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
* Жаңақұрылыс – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. * Жаңақұрылыс – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл. * Жаңақұрылыс – Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл. * Жаңақұрылыс – Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл. * Жаңақұрылыс – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл.
Калиновка — Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл, Калинов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 53 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қызылдәу — Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Калинов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қаратал — Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Калинов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 41 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 142 адам (68 ер адам және 74 әйел адам) болса, 2009 жылы 46 адамды (24 ер адам және 22 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Покровка — Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Жаңақұрылыс ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 91 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қаратал – Балқаш алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жетісу облысы Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары жерімен ағады. Өзен бойында Талдықорған, Үштөбе, Текелі үлкен қалалар орналасқан. Батыстан Көксу өзені Қаратал өзеніне құяды. Өзен аумағында бірқазандар, үйректер, үйректердің бірнеше түрі мекендейді . ## Бастауы Жетісу Алатауындағы мұздықтардан басталып, Балқаш көліне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы − 390 км, су алабының ауданы 19,1 км2. Алғашқы 160 км өзен өте жылдам ағады, ал келесі 230 км баяу ағады. Балқаш-Алакөл алабындағы суының молдығы және арнасының үлкендігі жағынан Іледен кейінгі 2-орында. Жылдық орташа су ағыны Қаратал ауданы тұсында 19,9 м3/сек. Суы қант қызылшасы алқаптарын суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Песчанский — Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Песчан ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2015 жылы Песчаное ауылының құрамына енген. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Тимофеевка — Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Алтай ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 177 адам (90 ер адам және 87 әйел адам) болса, 2009 жылы 55 адамды (33 ер адам және 22 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қаракөл — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты Қанаш Қамзин ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан солтүстік-батысқа қарай 47 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ынталы — Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Фрументьевка — Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Алтай ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2013 жылға дейін қысқартылған "Коммунар ауылдық округі" орталығы болған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 45 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көктас — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты Қанаш Қамзин ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан солтүстікке қарай 20 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Қайрақты – Ақмола облысы Жақсы ауданындағы ауыл. * Қайрақты – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы ауыл. * Қайрақты – Жетісу облысы Ақсу ауданындағы темір жол айрығы. * Қайрақты – Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл. Таулар: * Қайрақты – Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы тау. * Қайрақты – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы тау. Өзендер: * Қайрақты – Ақмола облысындағы өзен. * Қайрақты – Қарағанды облысындағы өзен. Басқа мағыналар: * Қайрақты – асу. * Қайрақты – кен-металлургия комбинаты. * Қайрақты – көне кен орны. * Қайрақты – қорғасын кен орны. * Қайрақты – орам.
Ребровка — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты Қанаш Қамзин ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан солтүстікке қарай 41 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қарабай — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты Қанаш Қамзин ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан солтүстікке қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
* Айнакөл ауылдық округі – Ақмола облысы Бұланды ауданы аумағындағы әкімшілік бірлік.
Қарасуық — Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Песчан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Сынтас — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты Қанаш Қамзин ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан солтүстікке қарай 17 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Ақжол – Абай облысы Ақсуат ауданындағы ауыл. * Ақжол – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл. * Ақжол – Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл. * Ақжол – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл. * Ақжол – Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл. * Ақжол – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл. * Ақжол – Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. * Ақжол – Павлодар облысы Ақтоғай ауданына қарасты ауыл. * Ақжол – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл. * Ақжол – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл. * Ақжол – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл. Тау: * Ақжол – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде орналасқан аласа келген жота.
Алтай (2023 жылға дейін – Львовка) — Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл, Алтай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақсу — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қараған кент, 2019 жылы таратылған. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан солтүстікке қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 3533 адам (2009).
Алғабас — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Қанаш Қамзин ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Маймасор — Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Әулиеағаш ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2015 жылы таратылған. ## Географиялық орны Ауыл аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 63 км-дей жерде орналасты. ## Халқы 2009 жылы тұрғылықты тұрғыны болмады.
Юбилейное — Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1,5 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Парамоновка бөлімшесі — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Достық ауылдық округі құрамында. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан солтүстік-батысқа қарай 53 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Сочиберн түбіндегі шайқас (ағыл. Sauchieburn; (11 маусым 1488 жылы) — король Яков III-нің билігінің соңындағы Шотландиядағы азаматтық соғыстар кезеңіндегі негізгі шайқас. ## Соғыс алдындағы әскери қимылдар 1488 жылы Шотландияда Яков ІІІ-нің про-ағылшын саясатына және магнаттарға қарсы репрессияға наразы болған Англиямен шекаралас жатқан оңтүстік аймақтардағы барондардың көтерілісі лап етті. Көтерілісшілерді королдің ұлы, Ротсей герцогы, Яков басқарды. Алайда, қозғалыстың нақты көшбасшылары, оңтүстік-шотланд кландарының өкілдері Хьюмдер мен Хепберндер болды. Бүлікшілер Линлитгоуды басып алып, оны өздерінің базасына айналдырды. Яков III патшаның жағында, негізінде , елдің солтүстік бөлігінің магнаттары болды. 1488 жылдың маусым айында король әскері Перт пен Стерлинг арқылы Линлитгоуге бет бұрды. Стерлингтен оңтүстігіне қарай, әйгілі Бэннокберн түбіндегі шайқас болған жерде, Яков III-нің жолында ханзаданың әскері тосқауыл болды. ## Екі жақтың ұстанымдары Король әскерінің орталық бөлігін Яков III өзі басқарды, екі қанатты солтүстік барондардың жасақтары қорғады, ал алдыңғы қатарда Атолл мен Хантли графтар бастаған таулықтар орналасты. Ханзада әскерін шотланд шекаралары, Лотиан, Галлоуэй және Аннандейл жасақтары қамтыды. Алдыңғы батальондыы Хьюмдер пен Хепберндер басқарды. ## Шайқас барысы Ханзада королдік байрақты көтерді, осылайша таққа өзінің талаптарын білдірді және жаудың жағындағы роялисттерге сенімсіздік туғызуға тырысты. Осыдан бірнеше жыл бұрын жақын туыстарының қолынан қаза болады деп болжаған Яков III-ге қатты әсер қалдырды. Патша асығыс ұрыс алаңын тастап кетті. Өрістеген шайқаста күрделі қиындықтармен ханзада әскері жеңіп шықты. Королдік әскер жеңіліске ұшырап, Стирлингке қашты. Яков III-ні жақтастары тастайды, ол жағалауға баруға тырысады, бірақ белгісіз рыцардың қолынан қаза табады. Аңызға сәйкес, патша аттан құлап, бір ауылдағы үйге таныстырылмай жеткізілді, діни қызметкерді жараланған адамға шақырылғанда, ол ханзаның жасырын жақтаушысы болып шықты да патшаны өлтірді. ## Сочиберн түбіндегі шайқастың мәні Сочиберн түбіндегі шайқастың нәтижесінде Ренессанстың алғашқы королі Яков IV Шотландия тағына отырды.
Төртқұдық — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Достық ауылдық округі құрамында. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан солтүстік-батысқа қарай 46 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қызылжар — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Қызылжар ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан солтүстік-батысқа қарай 48 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақжол (2006 жылға дейін – Куйбышево) — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Қалқаман ауылдық округі құрамында. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан батысқа қарай 66 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көктерек (1993 ж. дейін – Қазалы) — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Мәмәйіт Омаров ауылдық округі құрамында. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Сырлықала — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Мәмәйіт Омаров ауылдық округі құрамында. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Төртқұдық – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. * Төртқұдық – Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. ## Басқа мағыналар: Төртқұдық - Павлодар облысы Екібастұз қаласынан батысқа қарай орналасқан алтын кен орны.
Дөнентаев — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Мәмәйіт Омаров ауылдық округі құрамында. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Мәмәйіт Омаров (2008 жылға дейін – Қазалы) — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Мәмәйіт Омаров ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 14 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көктерек (лат. Populus tremula) – талдар тұқымдасына жататын терек түрі. Қазақстанда белгілі жабайы 11 түрдің ішіндегі көпшілікке белгілі Самырсын орманында, аралас ормандарда, өзен жағалары мен сазды жерлерде бір сөзбен айтқанда, Республиканың барлық жазықтарында, Батыс Тянь- Шань және Шу- Іле тауларынан басқа тауларда өседі. Бұл биіктігі 25 метрге дейін жететін жылдам өсетін ағаш, діңі түзу, тегіс, қабығы жасылдау - сұр түсті Жапырағы дөңгелек, жиегі бір келкі емес, жұмыр тісті. Басқа ағаштардан айырмашылығы көктеренктің жапырақ жүйкелері астыңғы жақтарына қарағанда жапырақтың үстіңгі жағынан жақсы көрінеді. Тамыр жүйесі топырақтың беткі жағына жақын жетілетіндіктен, тамырдан түйін тастап жас көктеректің пайда болуына мүмкіндік жасайды. Көктеректің қайыңынынан айырмашылығы екі үйлі өсімдік.Аталық сырға гүлдері бір ағашта, ал аналық сырға гүлдері басқа ағашта ерте көктемде жапырақ жарғанға дейін гүлдейді, гүлдері көп және ұсақ.Назарын өзіне еріксіз аударатын аталық сырға гүлі-үлпілдек ,жұмсақ сұр, майысқақ, қызыл түсті тозаңдары бар. Тозаңдану жел арқылы жүреді. Аралар гүлдің тозаңдарымен бірге әлі де ашылмаған бүршіктерден жабысқақ зат (клей) жинайды. Тұқымды өте ұсақ, пісіп жетілген соң, жаз мезгілінде желмен таралады. Бұл да қайыңға ұқсас кесілген немесе өртенген ормандардың орнына қаулай өседі ,нәтижесінде ұзақ жыл тіршілік салыстырғанда өзінен жоғары бағаланатын ағаштардың өсуіне жағдай жасап, ығысып шыға береді. ## Қосымша ақпарат Көктерек жарық сүйгіш өсімдіктердің қатарына жатады.Жылдам өсетінідігі үшін бағаланады. Одан алынатын жұмсақ, ақ түсті ағаштар құрылысқа пайдаланады, қағаз шығаруға , фанер, шырпы т.б. заттар жасауға қолданылады. қабығы тері илеуге ,тканьді бояуға қолданады(сары түс береді). Бүршігі мен жапырвғы ағзаға тез әсер ететін заттар түзеді, бөлме ауасын тазартуға пайдаланады, халықтық медицинада кеңінен қолданылады. Өкпе , безгек, уланған немесе жылан шағып алған жағдайда қолданады. ## Дереккөздер
Айнакөл — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты Қанаш Қамзин ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан солтүстікке қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Еңбек — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігі, Мәмәйіт Омаров ауылдық округі құрамында болған, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 9 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 135 адам (2009).
Евгеньевка — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Евгеньев ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Борықтал — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Қызылжар ауылдық округі құрамында. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан солтүстік-батысқа қарай 55 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Еңбек (2019 жылға дейін – Путь Ильича) — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Мәмәйіт Омаров ауылдық округі құрамында. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан оңтүстікке қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көктас – Қызыладыр және Шұбарайғыр тауларының аралығындағы шоқылы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында орналасқан. Ең биік жері 900 м шамасында. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 – 6 км. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Көптеген шоқылардан тұрады. Тау беткейлері көлбеулеу келген. Девон және тас көмірдің эффузивті кварцит, туф, порфирит жыныстарынан түзілген. Тау жартастары мен қиыршықтастары жер бетіне шығып жатыр. ## Өсімдігі Бетегелі-жусанды дала өсімдіктері мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қарағанды облысы
Суаткөл (1993 жылға дейін – Жданово) — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Қызылжар ауылдық округі құрамында. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан солтүстік-батысқа қарай 57 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
«Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл буыңызбен» (орыс. «Ирония судьбы или с легким паром!») — режиссер Эльдар Рязановтың екі бөлімнен тұратын 1975 жылы түсірілген лирикалық кинокомедиясы. Телеарнада тұңғыш рет 1976 жылы 1 қаңтарда көрсетілді. ## Мазмұны ### 1 серия Фильм «Кеңес Одағында барлық жерде бәрі де бірдей, біркелкі болуы тиіс, адам қай қалаға барса да өз үйіндегідей сезініп жүруі керек» деген мағынадағы мультипликациялық анимациялардан басталады. Онда түрлі қалалардағы бір типтегі бір-бірімен аттас стандартты көшелер мен архитектуралық жобалар жайлы айтылады. Мәскеудегі жаңа салынып жатқан ықшамаудандардың біріне (нақты мекен-жайы Құрылысшылардың 3-ші көшесі, 25 үй, 12 пәтер) жақында ғана көшіп келген 36 жастағы бойдақ хирург Евгений Лукашин (немесе Женя) жаңа жылды өзінің сүйіктісі Галямен бірге қарсы алып, үйленуді мақсат етеді. Осыған сөз байласады да, жылдағы дәстүр бойынша жаңа жылдан алдын достарымен моншаға түсуге кетеді. Моншаға түсіп жатып, тоқтаусыз арақ ішеді де, Павликті Ленинградқа шығарып салу үшін әуежайға барады. Ақырында достары Ленинградқа баратын ұшаққа Павликті емес, есін шала-шұрпы ғана білетін Женяны мінгізіп жібереді. Ленинград әуежайында Женя такси тоқтатып, өзінің Мәскеудегі мекен-жайын айтады. Ленинградта да дәл сондай мекен-жай бар болып шығады да, таксист сонда апарып тастайды. Ойында ештеңе жоқ Женя төртінші қабатқа көтеріліп, есікті өзінің кілтімен ашады да, үйдің ішіндегі заттардың басқашалау екеніне көңіл аудармастан, шешініп ұйқыға бас қояды. Біраз уақыттан үйдің иесі — мұғалім, 34 жастағы тұрмыс құрмаған қыз Надя келеді. Ол жаңа жылды өзінің сүйікті жігіті Ипполитпен бірге қарсы алуды жоспарлап, дастархан дайындап қойған-ды. Үйінде жатқан әлдебір бөтен еркекті көріп шошып кетеді де, оны Ипполит келгенше оятып, үйден шығарып жібермекке әрекет жасайды. Бірақ Женя дымға түсінбейді, оның ойынша әлдебір бөтен әйел бұның үйіне келіп, мұны мазалап жатыр. Біразға созылған түсініспеушіліктен соң Женя өзінің адасып осында тап болғанына көзі жетеді. Осы кезде Ипполит келеді де, тағы біраз дау болады. Соңында Женя үйден шығып кетеді. Бірақ Мәскеуге қайтайын десе, қалтасында ақша аз, билетке жетпейді. Қайтадан амалсыз Надяның пәтеріне барып, қалада олардан басқа ешкімді танымайтынын айтып, қарызға ақша сұрайды. Оның тағы келгеніне ашуланған Ипполит қызғанышы оянып, кетіп қалады. Женя оны соңынан қуып, жете алмайды. ### 2 серия Таң атқанша осы жағдай бірнеше рет қайталанады. Женя бәрібір ол түні Мәскеуге қайта алмай, амалсыз Надяның пәтерінен тамақтанады, екеуі әңгімелеседі, гитарамен кезек-кезек ән айтады. Әңгімелескен сайын Надя мен Женя бір-бірін жақын тарта түседі де, орталарында сезім пайда болады. Әңгіме барысында Надяның Ипполитті сүймейтіні, тек уақыт өтіп бара жатқан соң, әйтеуір біреудің етегінен ұстауға мәжбүр болғандықтан ғана сөз байласып жүргені белгілі болып қалады. Таң атқан соң Ипполит мас боп келеді. Мас болып отырып, бәрін де бүлдіруге қысқа уақыттың жеткілікті екенін, бәрін де жаңадан бастаудың өте қиын екенін ұғындырады. Содан соң Ипполит ол жерден біржола кетеді. Женя Мәскеуге қайтып кетеді. Артынша оны Надя іздеп барады. Барса, дәл сол мекен-жай, дәл сондай үй, дәл сондай пәтер, тіпті кілттері де бірдей. Женя екеуі қайта табысады. ## Рөлдерде * Андрей Мягков — хирург Евгений Михайлович Лукашин (вокал — Сергей Никитин) * Барбара Брыльска — Надежда Васильевна Шевелёва (дыбыстаған — Валентина Талызина, вокал — Алла Пугачёва) * Юрий Яковлев — Ипполит Георгиевич * Любовь Добржанская — Женяның анасы Марина Дмитриевна Лукашина * Ольга Науменко — Галя * Лия Ахеджакова — Таня, Надяның құрбысы * Валентина Талызина — Валя, Надяның құрбысы * Александр Ширвиндт — Павлик * Георгий Бурков —Мишка, Женяның досы * Александр Белявский — Саша, Женяның досы * Любовь Соколова — Ольга, Надяның анасы * Готлиб Ронинсон — әуежайдағы Красноярскіге ұшатын жолаушы * Эльдар Рязанов — ұшақтағы жолаушы ## Түсірілім * Фильм Мәскеудегі Бернадский даңғылындағы үйлерде бірінде түсірілген. Бұл көшеде бір-біріне ұқсас салынған үш ғимарат бар-тұғын, бірін (125-ші үйді) Женяның үйі ретінде, екіншісін (113-ші үйді) Надяның үйі ретінде таңдайды. 2007 жылы 29 желтоқсан күні бұл үйлерге Эльдар Рязановтың қатысуымен ескерткіш тақта қойылды. ## Басқа да фактілер 2007 жылы режиссер Тимур Бекмамбетов «Тағдыр тәлкегі. Жалғасы» атты фильм-сиквел түсірді. ## Сілтемелер * Бұл киноны біз не үшін жақсы көреміз?(қолжетпейтін сілтеме)
Жаңашаруа — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Қызылжар ауылдық округі құрамында. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан солтүстік-батысқа қарай 67 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Достық — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Достық ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан батысқа қарай 55 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Сарышығанақ – Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл. * Сарышығанақ – Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. Басқа мағыналар: * Үлкен Сарышығанақ - шығанақ, Кіші Аралдың. * Сарышығанақ – Еділ-Жайық алабындағы көл. * Сарышығанақ – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы бөген.
Жаңашаруа — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Соловьёв ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
* Суаткөл – Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. * Суаткөл – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
Құрманғазы (2018 ж. дейін Ганюшкин)) — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы ауыл, аудан және аттас ауылдық округтің әкімшілік орталығы. ## Географиясы Ауыл Еділ өзенінің саласы — Шарон (кейбір деректер бойынша Шора) өзенінің бойында орын тепкен. Облыс орталығы Атырау қаласынан 245 км, Ресейдің Астрахан қаласынан 113 км қашықтықта орналасқан. Ганюшкин арқылы Атырау—Астрахан тас жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы Ақкөлмен ара қашықтығы — 25 шақырым. ## Халқы 2010 жылдың 1 қазандағы дерек бойынша Ганюшкинде 12830 адам тұрады. Соның басым көпшілігі (94%) — қазақтар. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 14532 адамды (7242 ер адам және 7290 әйел адам) құрады. ## Тарихы Астрахан мұрағатынан алынған деректер бойынша ауыл құрылған жылы (1793 немесе 1789—1793 ж. аралығы) Ганюшкинде 15 үй болған, оның ішінде 38 ер, 41 әйел, барлығы 79 адам тұрған, ал 1871 ж. 53 үйде 358 адам тұрған, олардың ішінде 229 ер, 179 әйел болған. 1917-1922/23 жылдардағы азамат соғысы кезінде Ганюшкин ақтардан қызылдарға және керісінше бірнеше рет ауысып, қолдан-қолға өткен. 1919 ж. 23 қарашада Ганюшкин Қызыл әскер құрамына біржолата өтті. Жергілікті танымал қоғам қайраткері Нұғыман Манаевтың ұйымдастыруымен Ганюшкин — әуелі болыс орталығы, содан соң 1922 ж. уез орталығы, ал 1928 жылдан бастап аудан орталығы болды. 2018 жылы сәуірде ауыл есімі Ганюшкиннен Құрманғазы болып өзгертілді. ## Ішкі бөлінісі Ауыл Үлкен және Кіші Ганюшкин, Самаркин, Бұзаусылан (Безымянный), Рембаза, Құрылысшылар ауылы (ПМК), РТС, Кіресті (Красиловка), Жапырық (Ягодный) деп аталатын мөлтек аудандардан тұрады. Мөлтек аудандардың аталу тарихы төмендегідей:Үлкен және Кіші Ганюшкин — екі аралдың атауы 18 ғасырда ағайынды Ганюшкиндер келіп орналасуына орай осылай аталған. Бұл туралы алғашқы мәлімет 1759 жылы болған. Самаркин — Көпес Ганюшкин берген атау делініп жүр. Самар беті мағынасында. Бұзаусылан — ертеде айналасының барлығын су қоршаған арал болған, осы аралға тұрғындар бұзауларын қайықпен шығарып, шөпке жайған. Әрі қарайбұл арал Бұзаусылан деп аталған.Рембаза — Кіші Ганюшкиннің бір бөлігі. 20-ғасырдың 30-жылдарынан бастап, шағын кеме, қайық, мотор, балықшылыр жарақтарын өңдейтін база, шеберхана орналасуына байланысты атап кеткен.РТС (Механизатор ауылы) — өткен ғасырдың 50 - жылдары трактор, автокөлік жөндеу станциялары орналасуына байланысты шыққан атау.ПМК (Құрылысшылар ауылы) — Орысша «Передвижная механизированная колонна» сөзінен шыққан. 1960 жылы ауданда алғаш рет жылжымалы механикаландырылған құрлысшылар колоннасы құрылуына байланысты шыққан атау.Кіресті — жер аты. Бастапқы аты Қызылжар болуы мүмкін, азамат соғысы кездеріндегі деректерде Красиловский бугор аталған. Орыс молаларының көп болуына байланысты «кресты, крест», кейін дыбыстық өзгеріске ұшырап, Кресті атауына ие болған. ## Ескерткіштері Ауылда қазақтың атақты күйшісі Құрманғазыға, Кеңес Одағының Батыры Александр Афанасьевке, азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысына қатысқандарға ескерткіш, интернационалист-жауынгер Бауыржан Бегалиевке ескерткіш тақталар орнатылған. Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға орнатылған «Ер есімі- ел есінде 1941-1945 жылдары» атты ескерткіш обелискілер, Данқ орденінің үш бірдей иегері Ғизат Мұқашұлы Әліповке, Кеңес Одағының Батыры Филипп Савельевич Мазуровқа, халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға, Кеңес Одағының Батыры Мұқат Мұсаевқа орнатылған гранит белгілері бар.Сонымен қатар Ауған жеріндегі соғысқа 1979-1989 жылдар аралығында 95 интернациалист жауынгер жерлестерге арналған ескерткіш, Тәжік -Ауған шекара аймағында қатысқан 1992-2001 жылдар аралығында ауданнан қатысқан 53 жауынгерге ескерткіш, Ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылға және әскери қақтығыстарына қатысушылардың құрметіне ескерткіш, «Қуғын-сүргін құрбандары мәңгілік жадымызда» 1930-1940 жылдар аралығында 30-ға жуық жерлестерге арналған ескерткіш орнатылған. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары Құрманғазы ауылында 3 қазақ мектебі, 1 орыс мектебі, сондай-ақ Ганюшкин мектеп-интернаты бар.Сонымен қатар орталық аурухана, мәдениет үйі, емхана, мұражай, басқа да мекемелер орналасқан.Сонымен қатар спорт кешені, телекоммуникация бөлімі, «Казпошта» мекемесі, аудандық кітапхана жұмыс жасайды. ### Колледж * Құрманғазы аграрлы -техникалық колледжі ### Мектептері * Абай атындағы орта мектеп — Алғашқы деректерде 1895 жылы ашылған. 1933 жылы аралас орта мектеп ретінде қалыптасты. 1939 жылы Молотов (Ломоносов) атындағы орыс мектебінің бөлінуіне байланысты, Ганюшкин қазақ орта мектебі деп аталды. 1945 жылы Абай есімі берілді. 1960 жылы сегізжылдық мектепке айналып, 1973 жылы қайта орта мектеп болды. 1981 жылы 1176 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. * М.Әуезов атындағы орта мектеп — 1971 жылы ашылған. 1990 жылы 620 бала оқытуға арналған жаңа ғимарат пайдалануға берілді. * Ломоносов атындағы орта мектеп — 1939 жылы бөлек мектеп болып бөлініп шыққан. 1961 жылы қазіргі 2 қабатты ғимарат пайдалануға берілді. * З.Серікқалиұлы атындағы мектеп интернаты — 1962 ж. шалғай елді мекендердің балаларына білім мен тәрбие беру мақсатында ашылды. 1972-1973 оқу жылы Ганюшкин ауылында үш кабатты типтік жобамен салынған мектеп-интернат ғимаратының берілуіне байланысты Сафон және Ганюшкин мектеп-интернаты қосылды. * Б.Бегалиев атындағы орта мектеп — 1958 ж. бастауыш, 1961 ж. сегізжылдық, 1986 ж. Каспий орталау мектебі, 2001 ж. орта мектеп болып қайта құрылды. 1990 жылы Б.Бегалиев есімі берілді. 2002 жылы 624 орындық жаңа үлгідегі мектеп үйі салынды. * Д.Нұрпейсова атындағы балалар өнер мектебі — Теңіз аудандық атқару комитетінің 1964 жылғы 21-қазандағы шешімімен ашылды. ### Мектепке дейінгі балалар мекемелері * «Мерей» бөбекжай-балабақшасы * «Балауса» бөбекжай-балабақшасы * «Өркен» бөбекжай-балабақшасы * «Айбөбек» бөбекжай-балабақшасы * «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы ### Аурухана * Құрманғазы аудандық ауруханасы * Облыстық өкпе ауруларына қарсы санаторий — 60 орынды санаторий 2001 жылдың наурыз айынан бастап ауруларды қабылдап сауықтыруда. ## Діни ұйымдар * "Темірәлі" мешіті — 2002 жылы салынған. Жобасын М.Елеусінов жасаған. Жерінің аумағы 0,3114 га. Пайдалы алаңы 255,39 шаршы метр, 175 адамға арналған, екі қабатты. Ғимарат намаз оқитын зал, имам бөлмесі, кітапхана, неке қиятын залдан тұрады. Мұнарасының биіктігі 19 метр, қабырғасының биіктігі 5 метр. Биіктігі 1 метрлік мінбер сапалы ағаштан өрнектеліп жасалған. ## Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік «Атырау Жарық» АҚ, Құрманғазы Газ шаруашылығы, «Кұрманғазы жолдары» мекемесі, көптеген кәсіпорындар, мейрамханалар, кафелер, асханалар, сауда орындары орналасқан. ## Ауыл суреттері ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * «Серпер» Құрманғазы аудандық газеті Мұрағатталған 20 желтоқсанның 2017 жылы.
Балакеш Ермағанбетов (1892, қазіргі Арал ауданы Жігер ауылы – 1989) – еңбек ардагері, Социалисттік Еңбек Ері (1947). «Арал» кеңшарында жылқышы, кейіннен шопан болды. 1947 жылы Ермағанбетов 100 биеден 100 құлын алған. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған (1944).
Құрманғазы ауылдық округі (2018 ж. дейін Ганюшкин ауылдық округі) — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Құрманғазы ауылы. Ескі Әуежай ауылы 2008 жылдан бастап Құрманғазы селосының құрамына енгізілген. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 14532 адамды (7242 ер адам және 7290 әйел адам) құрады. ## Сипаттамасы Құрманғазы (Ганюшкино) ауылдық округі шығысында Еңбекші, батысында Орлы ауылдық округтерімен шектеседі. Округ көлемінде 59 көше атауы бар. ## Инфрақұрылымы Құрманғазы ауылында аудандық емхана, аурухана, жұмыспен қамту, мәдениет үйі, спорт кешені, мұражай, телекоммуникация бөлімі, «Казпошта» мекемесі, аудандық кітапхана, «Атырау Жарық» АҚ, Құрманғазы Газ шаруашылығы, «Кұрманғазы жолдары» мекемесі, көптеген кәсіпорындар, мейрамханалар, кафелер, асханалар, сауда орындары орналасқан. Құрманғазы ауылдық округіне қарасты «Абай», «Ломоносов», «Бегалиев», «Әуезов», «Зейнолла Серікқалиұлы» атындағы мектеп интернаты, жалпы білім беретін мектептер, Агротехникалық колледж, «Мерей», «Өркен», «Айбөбек», «Балауса», «Балбөбек», «Нұршуақ» бала – бақшалары жұмыс жасайды. ## Округ әкімдері Құрманғазы селолық кеңес төрағасы қызметінде Воронцов, Төкенов, Александр Кокарев, Байке Қусайнов, Илларион Плотыцын, Шамардан Бралин, Аділбек Қалиев, Жұмахмет Бақышов, Мусагалиева, Садыхов, Отар Юсупов, Сайфолла Білгалиев, Нина Носкова, Хамида Имгамова, Қапиз Такішов, Қисмет Кабдешов, Қабдығали Казиев, Лидия Жанова, Қадырбай Жармұхамбетов, Әбілхан Құрманов, Болатбек Шурин, Айболат Амірғалиев, Нұрлан Мертаев, Нұрлығайын Құрманғалиев, Майнна Дощанова, Аян Тәжібаев, Мұрабек Мұғалім нәтижелі еңбек етті. 2020 жылдың 18 наурызынан бері бұллауазымды Абдуррахман Мұса Рахметұлы атқарып келеді. ## Округтегі тарихи және мәдени ескерткіштер * Кеңес Одағының Батыры А.Н.Афанасьевтің мүсіні * Кеңес Одағының Батыры А.Н.Афанасьев тұрған үйдегі мемориалдық тақта * Жауынгер интернационалист Б.Бегалиев оқыған Абай атындағы мектептегі мемориалдық тақта * Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге қойылған обелискі * Құрманғазы Сағырбайұлының мүсіні * Ұлы Октябрь революциясына қатысқандарға қойылған ескерткіш * Орыс-қырғыз училищесі — 1895 жылы М.Ш. Бекмұхамбетов салдырған. 1895-1918 жж. екі кластық орыс-қырғыз училищесі, 1918-1933 жж. мектеп-коммуна, 1933-1986 жж. Абай орта мектебінің жатақханасы, 1986-2011 жж. Д. Нұрпейісова атындағы өнер мектебі орналасып, 2011 жылы аудандық балалар кітапханасына берілді. 2014 жылы ғимарат өртке оранып, 2018 жылы қайта қалпына келтірілді. ## Дереккөздер
* Приозёрное – Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ауыл. * Приозёрное – Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы ауыл. * Приозёрное – Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы ауыл. * Приозёрное – Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы ауыл. * Приозёрное – Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы ауыл. * Приозёрное – Қостанай облысы Фёдоров ауданындағы ауыл. * Приозёрное – Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты болған ауыл, 2003 жылы таратылған. * Приозёрное – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы ауыл.
Спутник — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты темір жол бекеті, Достық ауылдық округі құрамында. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Грампиандық таулар (ағыл. Grampian Mountains, шотл. Am Monadh) — Шотландия биік тауларының оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан Шотландияның үш негізгі тау жоталарының бірі. Грампиандық таулар - Ұлыбританиядағы ең биік таулар. ## Географиялық сипаттамасы Тауда Ұлыбританияның ең биік шыңдары - Бен-Невис (1,344 метр) пен Бен-МакДуи (1,309 метр) орналасқан. Гранит, гнейс, тақтатас, мәрмәр және кварциттен тұрады. Солтүстік-батыста Глен-Мор алқабы, терең көлдер: Лох-Несс, Лох-Лохимен Солтүстік-батыс таулы аймағынан (ағыл. Northwest Highlands) бөлінген. Көптеген өзендер таудан ағады: Несс, Тей, Спей, Ойх, Дон, Ди. ## Көрікті жерлер Таудың шығыс жағынан, жағалауда Данноттар сарайы бар. ## Тұрғындар Аумағы нашар қоныстанған. Қалалар — Обан, Форт-Уильям, Авимор. ## Тағы қараңыз * Хайленд * Бен-Невис ## Әдебиет * Watson, Adam, «The Cairngorms». Edinburgh: The Scottish Mountaineering Trust, 1975 * Wyness, Fenton, «Royal Valley : The Story Of The Aberdeenshire Dee». Alex P. Reid & Son, Aberdeen, 1968.
Алматы Менеджмент Университет (АлмаУ) — Алматыда орналасқан жоғары оқу орны. Бакалавриат, MBA (іскер әкімшілдік магистрі) және DBA (іскер әкімшілдік докторы) бағдарламалары бойынша экономика мамандарын дайындайды. АлмаУ Қазақстанның алғашқы бизнес ЖОО-лардың бірі болып саналады. Бұл оқу орны 1988 жылы Алматы менеджерлер мектебі ретінде құрылып, 1996 жылы Халықаралық бизнес академияға айналды. ## Тарихы ### Алматы менеджерлер мектебі 1988 жылдың күзінде Алматы қалалық атқару комитетінің қалауымен Союз республикалық кооперативтік бірлестігі құрылады. Бірлестіктің басшысы Леонид Соломин Баянғали Қойшыбаевпен бірге Қазақстанда алғашқы бизнес-мектебін құруға талаптанады. 1988 жылдың 12 желтоқсанында Союз кооперативтік бірлестігі негізінде Алматы менеджерлер мектебі (АММ) ұйымдастырылады. Оның алғашқы тыңдаушылары партия райкомының мәжіліс залында бір ай оқуға мәжбүр болды. Бірінші кезеңде оқыту қысқа мерзімді курстар түрінде жүргізілді, оларға әдетте жоғары білімі бар адамдар қатысты. 1989 жылдың қазанында АММ директоры орнына Асылбек Қожахметов келді, ол осыған дейін бұл мектепте информатика пәнінің оқытушысы болды. 1990 жылы АММ коллективі Халықаралық-бизнес мектептер ассоциациясын ұйымдастыруына қатысты. АММ директоры Асылбек Қожахметов бұл ассоциация кеңесінің мүшесі, сондай-ақ ТМД кәсіпкерлерін дайындайтын мектептер ассамблеясының мүшесі болып саналды. 1992 жылы мектеп MBA бағдарламасы мен басқарушы кадрларға арналған бағдарламаларды құру бойынша жұмысты жүзеге асыра бастады. Сонымен АММ Қазақстанның білім беру нарығына MBA бағдарламасын бірінші болып ұсынған. 1994 жылы Қазақстанның экономика министрлігі Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен жүргізілген кәсіпорындарды консультациялау жобасын тендерге шығарды. Тендерге қатысқан алты батыс мекеменің ішінде бесеуі (Еуропалық менеджментті дамыту қоры, Лионның коммерция мектебі, т.б.) АММ-ды ең қолайлы ептеш ретінде атады. 1995 жылдан бастап бұл оқу орны Алматы менеджмент мектебі деп аталатын болды. 1995 жылдың қазан айында американдық «People to People International» ұйымы табысты экономикалық құтаюы мен жаңа қалыптасатын нарықтық қатынастарда дамуы үшін Алматы менеджмент мектебін «Бирмингем факелі» құрметті сыйлығымен марапаттады. 1996 жылы мектеп тұсында «Адам ресурстарын басқару: стратегия мен практика» атты халықаралық конференция өткізілді. Оған дүниенің 15 мемлекетінен 100-ден астам делегат қатысты, солардың арасында экономика министрі Өмірзақ Шөкеев, Қазақстан Президентінің экономика сұрақтары бойынша кеңесшісі Алтай Тілеубердин, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің бірінші хатшысы Онно Симонс, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Найджел Рингроуз және басқалар. ### Халықаралық бизнес академияға айналу 1996 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасы үкіметінің № 1387 қаулысымен Алматы менеджмент мектебі Халықаралық бизнес академияға айналды. Дәл сол жылы MBA кешкілік бағдарламасының «Корпоративтік менеджмент» мамандығы бойынша өндірістен қол үзбей оқыту басталды. 1998 жылы Дүниежүзілік банктің Экономикалық даму институты 1998-2001 жылдарға арналған Орта Азия мемлекеттерінің экономикалық саясатын әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу базаны құру бағдарламасын жүзеге асыруға АлмаУ-ды серіктес ретінде шақырды. 1999 жылы АлмаУ канадалық Макгилл университетімен бірге «Кәсіби қаржылық диплом» атты финансистерді дайындау бағдарламасын іске қосуға келісті. Сол жылы франциялық HEC Менеджмент жоғары мектебімен ынтымақтастық келісімін жасасып, «Кәсіби басқару мастері» бағдарламасына қабылдау жүргізеді. 2000 жылдың 14 қаңтарында Халықаралық бизнес академиясы жаңа ғимаратының (Абай даңғылы мен Байзақов көшесі қиылысында) ресми ашылуы өтті, оған Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының президенті, АлмаУ қамқоршылар кеңесінің төрағасы Дәулет Сембаев, Алматы әкімінің орынбасары Қозы-корпеш Жаңбыршин, дипломаттар мен бизнесмендер қатысты. Бұл кезеңде АлмаУ құрамына экономика саласындағы 8 оқу орны кірген: Алматы менеджмент мектебі, Алматы банкілік оқыту орталығы, «CISKO» желілік пен телебайланыс технологиялар бойынша оқу орталығы, McGill — АММ менеджерлер институты, Экономика мен қаржы институты, Қазақстан маркетинг және менеджмент институты, бизнес-класс, «Өз бизнесіңді бастап, жетілдіре біл» бағдарламасы. 2000 жылдың шілде айында АлмаУ «Филип Моррис Қазақстан» ААҚ-тан компьютерлерді сатып алуға мүмкіншілік беретін грантты иеленді. 2000 жылы академияда жоғары кәсіби білім беру бағдарламасы енгізілді. 2002 жылы Еуропалық сапа арттыру жүйесі (EQUIS) критерийлерінің негізінде жүргізілген қоғамдық аккредитацияға Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстаннан 65 жоғары оқу орны қатысып, оның 4-уі ғана өтті. Солардың ішінде АлмаУ да болды. 2002 жылдың аяғында Республикалық сапа ассоциациясы өткізген «XXI ғасырға — жалпыға бірдей сапамен!» байқауында үздік басқару жүйесі үшін академия «Білім беру» номинациясының жеңімпазы атанды. 2003 жылы академия HEC Менеджмент жоғары мектебі (Франция) және Лёвен менеджмент мектебімен (Бельгия) бірге International Executive MBA (IE MBA) бағдарламасын құрастырды. Ол 1999 жылдан бері істейтін «Кәсіби басқару мастері» біржылдық бағдарламасының жалғасы болып саналады. 2003 жылы АлмаУ-дың Астанадағы өкілдігі ашылды, онда MBA бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіледі, корпоративтік семинарлар мен тренингтер өтеді, консультациялық қызмет беріледі. 2003 жылдың шілдесінде АлмаУ базасында Қазақстан-Еуропалық университеттерді стратегиялық басқару орталығы құрылды, оның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Еуропалық менеджмент дамыту қоры, Қазақстан жоғары оқу орындарының ассоциациясы, Қазақстан кәсіби білім беру мекемелердің ассоциациясы, Орталық Азия менеджмент дамыту қоры (CAMAN). «National Business» жорналы 2003 жылы жасаған рейтингке сәйкес, Қазақстанда MBA бағдарламасымен оқытатын бизнес мектептердің ішінде Халықаралық бизнес академиясы ҚМЭБИ пен UIB-ні озып бірінші орынға ие болды. ### Бүгінгі тарихы * * * 2009 жылы АлмаУ президент-ректоры Асылбек Қожахметов «ЖОО-лар атынан ауыл мектептеріне демеу» атты бағдарламаны ұсынды; бұл бастама бойынша Қазақстандағы 144 жоғары оқу орнының әрқайсысына 200 ауыл ауданның ішіндегі біреуін қамқорлыққа алуы тапсырылды. АлмаУ Айыртау ауданының (Солтүстік Қазақстан облысы) білім беру мекемелері үшін қамқоршы болуды таңдады. Бағдарлама бойынша Айыртау ауданы орта мектептерінің мұғалімдері біліктілік көтеру үшін көктемгі мен күзгі демалыстар кезінде Алматыға ақы төлеусіз шақырылды. 2009 жылдан бастап АлмаУ жариялаған «ЗачОТ» республикалық байқауы бойынша жыл сайын Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті тақырыптарды ең жақсы айқындайтын 20-дан астам журналистер мен БАҚ-тар сыйлықтармен марапатталады. 2009 жылдың күзінде «Даму» қоры өткізген «Бизнес-кеңесші» атты жеке кәсіпкерлерге тегін оқу-әдістемелік көмек көрсету жобасы бойынша АлмаУ оқытушылары «Экспресс-курс предпринимательства» оқулығын шығарды. 2010 жылдың маусымынан бастап АлмаУ Business Education Teachers Academy (BETA) халықаралық жазғы сессиясын өткізеді, бұл Қазақстан мен шетелдік ЖОО-лар педагогтарының тұлғалық өркендеуіне және олардың кәсіби дағдыларының дамуына бағытталған шара. 2010 жылдан бастап академия «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық лагерін ұйымдастырмақшы болды, бұл жоба қазақ тілін сәйкес тілдік пен мәдени ортаға енгізу арқылы оқытуды көздейді. 2010 жылдың жазында ауыл-лагердің бірінші қатысушылары 83 адам болды, олар — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына енетін компаниялардың бастықтары мен мамандары. 2011 жылы «Ұлытау» лагеріне тағы 60 адам қатысты. 2010 жылы Халықаралық бизнес академиясы Батыс Қазақстанда (Атырау) өз өкілдігін ашты. 2011 жылдың күзінен бастап академия мүмкіншіліктері шектеулі (тіреу-қозғалыс аппараты және көру қабілеті зақымдалған) студенттер мен тыңдаушыларды қабылдай алатын Қазақстанның алғашқы жеке меншікті ЖОО-сы болды, бұл үшін оқу корпусында арнайы дәретханалар, пандустар және лифт жайғастырылған. ## Оқыту процессі Халықаралық бизнес академиясында үздіксіз білім беру процессі жүзеге асырылады, ол келесі бағдарламаларды қамтиды: * АлмаУ колледжі; * бакалавриат (жоғары кәсіби білім беру); * іскер әкімшілдік магистрі (MBA); * іскер әкімшілдік докторы (DBA); * қашықтықтан білім беру; * қысқа мен орташа мерзімді кәсіби дайындау және қайта дайындау бағдарламалары (менеджмент дамыту орталығы). * * * * * 2009 жылы құрылған АлмаУ колледжі 7 техникалық пен кәсіби мамандық бойынша дайындау жүргізеді: маркетинг, менеджмент, есеп пен аудит, қаржы, информациялық жүйелер, экономика және бағалау. АлмаУ-дың жоғары кәсіби білім беру департаменті бакалаврларды келесі бағыттар бойынша дайындайды: экономика, менеджмент, есеп пен аудит, қаржы, маркетинг, мейрамхана ісі мен қонақ үй ісі, бағалау, логистика, информациялық жүйелер. Академияның МВА департаменті келесі білім беру қызметтерін көрсетеді: * «Негізгі Менеджмент» қазақстандық МВА бағдарламасы; * «Инновациялық-технологиялық менеджмент» қазақстандық МВА бағдарламасы (Наньян технологиялық университетімен бірге, Сингапур); * «Негізгі және стратегиялық менеджмент» (Маастрихт менеджмент мектебімен бірге, Нидерланд), бұл бағдарлама қатысушылардың Маастрихт қаласында 2 апта мерзімдік оқытуды ескертеді; * «Экономика мен бизнес магистрі» (EADA бизнес мектебімен бірге, Испания), қатысушылар 2 аптаға Барселона қаласына жіберіледі. Халықаралық бизнес академиясы Еуропалық Одақ пен АСЕАН мемлекеттерінің жетекші бизнес мектептерімен жаңа бірлескен бағдарламаларын ашуды тағы жоспарлайды.. Академияның DBA бағдарламасы барынша жеке қатысушының талаптарына келтірілген, тыңдаушылар әралуан негізгі және арнайы курс модульдерінен тұратын оқу бағдарламасының вариантын құрастыра алады. Оқыту дәрісханада топтар арасында, жеке түрде ғылыми жетекшінің тәлімгерлігімен және дербес түрде оқытушының қатысуынсыз таңдалған оқу мен ғылыми-зерттеу бағыты бойынша жүргізіледі. Ресей Федерациясының Президенті қарамағындағы Ресейлік халық шаруашылық пен мемлекеттік қызмет академиясымен және Маастрихт менеджмент мектебімен бірге бірлескен бағдарламалар жүзеге асырылады. ## Студенттік өмір * * 2001 жылдан бастап академияда «Молодые акулы бизнеса» атты ғылыми-практикалық конференция өткізіледі, 2007 жылдан бері ол халықаралық статусты иеленді. Конференцияның ұйымдастырушылары Халықаралық бизнес академиясы және «Dixi!» студенттік ғылыми қоғамы болып табылады. 2001 жылдан бастап академияда студенттік совет жұмыс істейді, оның басқарма мүшелері студенттердің дауыс беруі арқылы сайланады. 2003 жылдан бастап АлмаУ студенттерінің алдылары жылда өтетін «Алтын ұлу» байқауының 10 номинациясы бойынша марапатталып, жеңімпаздарына оқу төлемінің 10—60% мөлшеріндегі жеңілдік беріледі. АлмаУ студенттері Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президент қоры ұйымдастырған «Жастар ғылымда — 2010» II халықаралық форумының үздік ғылыми жұмыс бойынша республикалық байқауларында жеңімпаздар қатарына енді. Сондай-ақ академия студенттері халықаралық, республикалық, қалалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады. Жылма-жыл АлмаУ-да студенттерге арналған әртүрлі байқаулар өткізіледі: «Бизнес-сафари» мен «Бизнес-инкубатор» бәйгелері бойынша ең таңдаулы бизнес-жобалар ұсынған студенттер белгіленеді, Не? Қайда? Қашан? және брейн-ринг интеллектуалды ойындары өткізіледі. АлмаУ-дың Мансапты жоспарлау орталығы академия студенттерін жұмысқа орналастыру мақсатымен жүйелі түрде вакансия жәрмеңкелерін өткізіп, серіктес компаниялармен алғашқы таныстыруды ұсынады. Академияда «Primus inter pares» атты студенттік газеті шығарылады, ал 2010 жылы студенттердің бастауымен және «Сорос-Қазақстан Қоры» қолдауымен АлмаУ-да I студенттік БАҚ-тар ұлттық форумы өтті. Академияда жылда «Мистер және мисс АлмаУ» байқауы өткізіледі, сондай-ақ табиғат аясына шығулар, тақырыптық кештер және басқа да бой жаратын шаралар ұйымдастырылады, КВН топтары өнер көрсетеді. ## Материалдық-техникалық база Халықаралық бизнес академиясы Алматыда аумағы 8732,1 м² ғимаратта орналасқан, бұған қоса аумағы 1024 м² спорттық комплексі, 250 автомобилді сыйдыратын тұрақ, 190 орынға арналған асханасы бар. АлмаУ ғимараты мүмкіншіліктері шектелген студенттер мен тыңдаушыларға техникалық түрде бейімделген, атап айтқанда тіреу-қозғалыс аппараты зақымдалған адамдар үшін оқу корпусында ыңғайлы дәретханалар, пандустар және арнайы лифт орнатылған. Оқу орнының кітапханасы 1996 жылы қалыптастырылған, оның бірінші пайдаланушылары Алматы менеджмент мектебінің тыңдаушылары болған. 1997 жылы кітапхана «Еуразия» қорынан грант ұтып алды, «Кітапхана мен оқу залын дамыту» жобасы бойынша грант сомасы техникамен жабдықтауға, кітапханалық қорды керекті әдебиетпен толықтыруға және Интернетке кіру мүмкіншілігін қамтамасыз етуге бағытталғын болатын. 2001 жылы «Кітап қорын қалыптастыру және кітапхананы дамыту» жобасы бойынша берілген грант кітаптар қорының одан арғы дамуына, сондай-ақ кітапхана процестеріне «ИРБИС» бағдарламасын енгізу арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға жұмсалды. АлмаУ кітапханасы Қазақстан кітапханалардың информациялық консорциумының мүшесі болып табылады. Кітапханалық қор 203 мыңға жуық кітапты қамтиды. 2009 жылдың 4 желтоқсанында Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың, әйгілі қазақстандық спортшылардың, әртістердің, БАҚ өкілдерінің, АлмаУ студенттері мен қызметкерлерінің қатысуымен академияның жаңа спорттық комплексі мен клубының салтанатты ашылуы өтті. Рәсімге Олимпиялық ойындарының грек-рим күpeci бойынша чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, жеңіл атлетиканың олимпиялық чемпионы Ольга Шишигина, грек-рим күресінің жастар арасындағы әлем чемпионы және Олимпиялық ойындарының қола жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев, Қазақстан Футбол Федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов және басқалар қатысты. ## Марапаттары, рейтингтері, аккредитациялары * 2009 жылдың желтоқсанында ҚР Білім беру мен ғылым министрлігі Ұлттық аккредитация орталығының аккредитациялау кеңесі Халықаралық бизнес академиясын 5 жылға аккредиттеу туралы шешім қабылдады. АлмаУ 2009 жылда мемлекеттік аккредитацияға сұраным тапсырған және оны қуаттаған жоғары оқу орындардың алғашқы ондығына кірді. * 2008—2010 жылдарда Eduniversal әлемдік рейтинг агенттігі АлмаУ-ды Қазақстандағы № 1 жоғары бизнес оқу орны деп таныған. * 2010 жылдың қаңтарында АлмаУ Орталық пен Шығыс Еуропаның менеджмент дамыту халықаралық ассоциациясының (CEEMAN) бизнестік білім беру сапалылығы бойынша халықаралық сапа аккредитациясын (IQA) 6 жылға иеленген Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны болды. * «Самұрық-Қазына» қоры өткізген «Сенім-2010» байқауында АлмаУ «Екі астананың үздік жұмыс беруші компаниясы (50-ден 250-ге дейін қызметкер)» номинация бойынша 2-ші дәрежелі диплом иеленді. * 2010 жылдың қыркүйегінде академия Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы атынан «Мінсіз» сапа белгісімен марапатталды. * 2010 жылдың қыркүйегінде Халықаралық бизнес академиясы Болонья қаласында (Италия) Университеттердің ұлы хартиясына қол қойды. ## Академия басшылығы Қазіргі уақытта Алматы Менеджмент Университетінің ректоры Курганбаева Гульмира болып табылады.2008 жылдан - 2016 жылға дейін Алматы Менеджмент Университетінің ректоры Асылбек Қожахметов болған. Ол 1989 жылдың қаңтарынан бері Алматы менеджерлер мектебінің оқытушылары қатарында болды, сол жылдың қазан айынан бастап «Одақ» республикалық кооперативтік бірлестігінің менеджерлер мектеп директоры болып істеді, 1990 жылдан бері — «Алматы менеджерлер мектебі» ұсақ бірлескен кәсіпорнының директоры, 1992 жылдан бері — «Алматы менеджерлер мектебі» ЖШС-тің бас директоры, 1998 бен 2002 жылдар арасында — Халықаралық бизнес академиясының президенті. Қаржылық пен информациялық демеу қамтамасыздандыру, материалдық-техникалық база мен қоғамдық инфраструктураны нығайту, стратегиялық даму сұрақтарын әзірлеу мен шешу, оқу орны ұжымының мен студенттерінің тұлғалық өркендеуіне мүмкіндік туғызу мақсаттарымен 2009 жылдың желтоқсанында академияда АлмаУ қамқоршыларының кеңесі құрылды. Кеңестің төрағасы болып Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті, «Парасат Холдинг» АҚ-ның директорлар кеңесі басқарушысы Ерлан Қожасбай сайланды. Қамқоршылар кеңесіне сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарушысы Серік Аханов, Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов, Қазақстан президентінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, Қазақстан кәсіпкерлері форумының кеңес төрағасы, «Raimbek Group» компаниясының басқарушысы Райымбек Баталов, Astana group ЖШС-тің президенті Нұрлан Смағұлов, «Қазкоммерцбанк» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасының орынбасары, Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы басқарушысы, Қазақстан Үкіметінің экс-вице-премьері Дәулет Сембаев, Қазақстан экономистерінің ассоциациясы қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы басқарушысы, Қазақстан Үкіметінің экс-вице-премьері, қаржының экс-министрі Ораз Жандосов және басқа да әйгілі экономистер мен кәсіпкерлер. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Алматы Менеджмент Университетінің ресми сайты
Тасқұдық — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты темір жол бекеті, Достық ауылдық округі құрамында. ## Географиялық орны Ақсу қаласынан солтүстік-батысқа қарай 34 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Зелёная Роща — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі, Ақкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Екібастұз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 53 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Екібастұз ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Екібастұз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 51 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қаражар — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Екібастұз ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Екібастұз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 65 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бәйет — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарайтын ауыл, Бәйет ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Екібастұз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Домен (лат. dominium — иелену) — Орта ғасырларда патшаның иелігі немесе өз қожалығын жүргізген қандайда бір феодалдың иелігі. Әдетте, доменде түрлі елді мекендер, қорғаныс, егістік жерлер, жайылымдар мен ормандар болды. Елде доменнің жеке облыстары әртүрлі өңірлерінде, мүліктің аумақтық бытыраңқылық ерекшелік болған жоқ. Домендер герцогтарда, графтарда, барондарда және басқа да феодалдарда болды. Патшаның домені елдегі ең үлкен феодалдық иелік болмауы да мүмкін еді. ## Доминия Доминия — ірі феодалға, шіркеу мен мемлекетке тиесі қалалар мен ауылдардан тұратын маңызды жер. Ірі магнаттардың доминияларының (алпауыт қожалық) құрамына фольварктердің тұтас бір жүйесі, бірнеше фольварктер, волостей немесе графтықтар кірді. Доминия қожалығын басқару, егер иесі оны өзі басқармаса және оны жалға берсе немесе поссесия, бұл онда сенімді басқарушылардың (губернаторлар немесе экономдар) қолында болды.
Мыңтамыр — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Екібастұз ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Екібастұз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 46 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жақсай — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі, Ақкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Екібастұз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 61 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ататіл "тектіл, төркін тіл) орыс.праязык - диалектілері туыс тілдер тобының шығуына негіз болған тіл. Мазмұны жағынан басқа белгілі тілдер негізінде анықталған жалпы типологиялық заңдылықтарға сай келетін, нақты кеңістікте, белгілі бір тарихи әлеуметтік ортада өмір сүрген тіл ретінде қаралады. Тегі бір тілдер дамуында ататіл ұғымы нақты сипат алып, өзгеріп отырады. Мысалы: бірқатар роман тілдер үшін латынның сөйлеу тілі ататіл болған, ал латынның сөйлеу тілі Италия ататіл диалектісінен, соңғысы үнді еуропалық ататілдің бір диалектісінен пайда болған. Осы күнгі түркі тілдерінің ататілі көне түркі тілі болса, көне түркі тілі үшін ататіл қызметін Алтай заманындағы ататілдің бір диалектісі атқаруы мүмкін. Сөйтіп, ататіл дегеніміз диалектілері туыс тілдер тобының шығуына негіз болып отыратын, тарихи ұғым болып табылады. Ататіл тегі бір тілдердің генетикалық тұрғыда бір негізге саятын басты қасиеттері мен белгілерін қамтиды. Оның кейбір көріністері көне тіл құбылыстары ретінде қазіргі тілдерде сақталуы мүмкін.
Талдықамыс — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Екібастұз ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған. ## Географиялық орны Екібастұз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 72 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 74 адам (37 ер адам және 37 әйел адам) болса, 2009 жылы 41 адамды (27 ер адам және 14 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Тай — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Екібастұз ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Екібастұз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 71 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Эрнест Оттон Вилимовский (пол. Ernest Otton Wilimowski, нем. Ernst Otto Willimowski; 23 маусым 1916 жыл, Катовице — 30 тамыз 1997 жыл, Карлсруэ) — Польша және Германия ұлттық құрамаларының футболшысы. Шаубыл шебінде ойнаған. ## Карьерасы 1938 жылғы әлем чемпионатында Бразилияның қақпасына төрт гол соқты. Бірақ бұл ерлігі құраманың жеңіске жетуіне аздық қылды: Бразилия 6:5 есебімен жеңіске жетті. Польша құрамасы сапында 22 ойында 21 гол соққан. Польша құрамасы сапында соңғы рет 1939 жылы 27 тамызда Мажарстан құрамасына қарсы ойнады. Бірнеше күннен соң Гитлер әскерлері Польшаны жаулап алды да, Эрнест Германия азаматтығын қабылдады. Кейін Германия құрамасы (дәлірек айтқанда, Үшінші Рейх құрамасы) сапында да ойнап, сегіз ойында 13 гол соқты. 1940 жылдан бастап Германия клубтары сапында ойнады да, өмірінің соңына дейін Германияда тұрақтап қалды. 1997 жылы 30 тамыз күні 81 жасында қайтыс болды. ## Жетістіктері ### Командалық * Польша чемпионы: 1934, 1935, 1936, 1938, 1939 * ӘЧ-1938 және 1936 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы * Германия кубогы: 1942 ### Жеке * Польша чемпионатының мергені: 1934, 1936, 1939 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ficha oficial de Ernest Wilimowski en la FIFA Мұрағатталған 17 сәуірдің 2019 жылы.
Көксиыр — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Екібастұз ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Екібастұз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 65 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қарасор — Павлодар облысы, Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Теміржол ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Екібастұз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 38 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
№3-бөлімше — Павлодар облысы, Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Теміржол ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Екібастұз қаласынан шығысқа қарай 24 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Әлкей Марғұлан (2006 жылға дейін – Көктөбе) — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Әлкей Марғұлан ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Екібастұз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 104 км-дей жерде, Шідерті өзенінің (Ертіс-Қарағанды каналының) оң жағасында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1962 жылы тың жерлерді игеруге байланысты құрылған “Степной” қой кеңшарын құруға сәйкес қаланды. Оның негізінде Көктөбеде шаруа қожалықтары құрылды. ## Инфрақұрылымы Ауылда байланыс бөлімшесі, орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Батысынан Ерейментау тауларын бойлай Павлодар–Қарағанды автомобиль жолы өтеді. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Ақшатау болысы (1878 жылдың 1 қаңтарына дейін Керней болысы) — Семей облысы Қарқаралы уезіндегі қазақ болысы. ## Тарихы 1869 жылы Кәрсөн-Керней болысының Керней және Кәрсөн болыстары деп екіге бөлу кезінде пайда болды.. 1923 жылдың қазан айында ЦИК КазАССРының 1923 жылдың 5 шілдесіндегі қаулысы бойынша Нұра, Тоқырауын, Шұлым болыстарымен Кедей болысына біріктірілді. ## Халқы Керней руы — Қазақ халқының Орта жүзінің Арғын тайпасының Қаракесек бұтағынан тарайтын ру. Қаракесек — Ақша — Бошан — Машай — Бораншы — Тілеулі — Керней. Кернейден 4 ата тарйды: Балапан, Шаң, Дау (Балта, Түйте), Самырза. Халқы Қаракесек руына кіретін Керней руынан құралды. 1884 жылдағы Керней бөлімшелерілері бойынша киіз үй саны: * Шаң 350 * Балапан 226 * Балта 300 * Түйте 350 * Барлығы 1226 ## Шежіресі ## Территория Территориясы Қарқаралы уезінің оңтүстігінде, ал қазіргі Шет ауданының оңтүстінде орналасқан. ## Әкімшілік бөлінісі 8 Әкімшілік ауылдарға бөлінді: ## Құрылтай * 2005 жылы тамыз айында Шет ауданы Ақжал кентінде 170 киіз үй тігілген құрылтай өтті. Ақжал кенті маңында Алматы-Екатеринбург жолының бойында Кернейге ескерткіш белгі қойылды. * 2015 жылы 8 тамыз айында Шет ауданы Ақжал кентінде құрылтай өтті. * 2025 жылы тамыз айының басына Шет ауданы Ақжал кентінде құрылтай жоспарлануда. ## Қоғамдық қайырымдылық қоры «Көкбөрі Керней баба» қоғамдық қайырымдылық қоры 05.11.2003 жылы құрылған. Басшысы Төрехан Майбас ## Өлең Көкбөрі Керней бабаСөзі мен әнін жазған: Оралтай Сүлейменов ## Тұлғалар ## Дереккөздер ## Әдебиет * Керней шежіресі, Төрехан Майбас, Қарағанды, Болашақ-Баспа 2005, 360 б., Тираж 1000, ISBN 9965-528-85-3 * Қазкен Қалиұлы Томпиевтің «Еуразиялық түркі шежіре аңыздары». — Алматы, 2012 * https://ru.calameo.com/books/001798844f0c0d4bd34c5 ## Сыртқы сілтемелер * http://baq.kz/regional_media/post/463 * http://alashainasy.kz/shezhire/bes-meyram-emes-bes-boshan-60642/ * http://www.abai.kz/post/view?id=2479 * http://inovainvest.ru/delenie-argynov-311.html Мұрағатталған 24 наурыздың 2020 жылы. * http://news.ivest.kz/47226466-pohod-na-turkestan * https://qamba.info/site/book/online/rta-zhuz-rw-taipalary-twraly-angyzdar/content/content_1.xhtml/ Мұрағатталған 13 тамыздың 2018 жылы.
Құдайкөл — Павлодар облысы, Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Теміржол ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Екібастұз қаласынан шығысқа қарай 55 км-дей, Құдайкөл көлінен солтүстік-шығысқа қарай 14 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
“Найзағай Ұрысы” - грек мифологиясына негізделген американдық фэнтези-оқиға жанрындағы, Рик Риорданмен жазылған Перси Джексон және Олимпшілер сериясының алғашқы романы. Роман қазіргі әлемдегі өзінің қарапайым әйел мен грек құдайы Посейдон баласы екенін жаңа білген он екі жасар Перси Джексонның басынан кештірген оқиғаларын баяндайды. Зевстің ұрланған найзағайларын табу мен үш ағайынды, Зевс, Посейдон және Аид арасында соғысты болдырмау мақсатымен Перси және оның достары Аннабет Чейз бен Гроувер Андервуд іздеуге кетеді. Найзағай ұрысы 2005 жылы маусымда жарық көрді. Келесі төрт жыл ішінде кітаптың 1,2 миллион копиясы сатылып, ол New York TImes Сhildren's Best Seller тізіміне еніп, Young Adult Library Association-мен жасөспірімдерге арналған ең жақсы кітап деген марапатқа ие болды. Кітап негізінде 2010 жылы ақпанның 12-ci “Перси Джексон және Олимпшілер: Найзағай Ұрысы” деген фильм шығарылған. Найзағай Ұрысының сиквелі - Құбыжықтар Теңізі. ## Әзірлеу және басып шығару Найзағай Ұрысы өз бастауын Рик Риордан дислексия және назар жетіспеушілік синдромы мен гиперактивтілікке (НЖСГ) шалдыққан ұлы Хэйли үшін әңгімелерді ойлап табуынан алған. Екінші сыныпта Хэйли грек мифологиясын өтіп жатқандықтан ұйықтар алдында грек мифтерінде негізделген ертегілерді айтып беруді сұраған. Риордан көптеген жылдар бойы орта мектепте грек мифология мұғалімі болған және бірталай аңыздарды айта білген. Біраз уақыттан кейін айтатын аңыздар таусылғанда Хэйли жаңа грек мифтерін ойлап табуды ұсынды. Рик Перси Джексон деген кейіпкер мен Зевске оның найзағайын жеткізу үшін Америка Құрама Штаттарын шарлауын ойлап тапты. Өзінің шығармасында Риордан НЖСГ-пен дислексияны құдай ұрпақтарының артықшылығы ретінде көрсетті: сәйкесінше өжеттілік пен тез әскери рефлекстер және ағылшынша оқудың орнына ежелгі грек тілінде оқу. Өз әңгімесін ұлына айтып берген соң Хэйли осы әңгімелер негізінде кітап жазуды сұрады. Осылайша Найзағай ұрысы кітабы жазыла бастады. Қолжазбаны тексеріске агенті мен редакторына бергенде, Риордан өз кітабын орта мектеп оқушыларына бағалау үшін апарды. Олардың көмегімен кітаптың аты мен Персидің сиқырлы қылышы пайда болды. Риордан “Найзағай Ұрысы” қолжазбасын баспаналарға лақап атпен жіберген, себебі ол бұрынғы жұмыс арқылы танитын баспа өнеркәсібінде ешкімге сенім артқысы келмеді. Көптеген қабылдамаулардан кейін агент қолжазбаны ұнатқандығынан өз қамқорлығына алды. 2004 жылы қолжазба Miramax Books-қа сатылып, алынған ақша Рикке жұмысынан шығып, тек жазушылыққа ғана назар аударуға жеткілікті болды. ## Сюжет “Найзағай Ұрысы” он екі жастағы Перси Джексон атынан (бірінші жақтан) баяндалады. Метрополитен Өнер Мұражайына барғанда мұғалімдердің біреуі, Миссис Доддз, фурияға айналып Персиге шабуыл жасайды. Басқа ұстазы, Мистер Браннер, Персиге күресу үшін сиқырлы қалам-қылыш береді. Мектеп аяқталғаннан кейін анасымен бірге Лонг-Айлендке сапар шегеді. Түн ортасында Персидің досы Гроувер сатир екені және оларға қауіп төніп тұрғаны анықталады. Сол себепті үшеуі жазғы лагерьге беттейді. Бірақ жол бойында Минотавр оларды қуып жетіп, Миссис Джексонды ұстап, оны алтын түсті жарқырауда жойған. Анасы қайтыс болды деп санаған Перси Джексон құбыжықты оның мүйізімен өлтіріп, есінен таныған Гроуверді лагерьге әкеледі. Перси үш күннен кейін оянып, Жартылай қан лагерінде екенін түсінеді. Сонымен қатар өзінің құдай баласы екені белгілі болады. Лагерьде қоныстанып, басқа құдай ұрпақтарымен кездеседі, солардың арасында Люк Кастеллан мен Аннабет Чейз. Туды тартып алу ойыны кезінде тұзақ тазысы шабуыл жасағаннан кейін Персиді әкесі Посейдон, мұхиттар мен жер сілкінісі құдайы, өз ұлы ретінде мойындайды. Лагерьдің басқарушысы Хирон үш ең құдыретті құдай - Аид, Посейдон және Зевс, жетпіс жыл бұрын ешқашан бала тумауға ант бергенін түсіндіреді. Ал Перси - сол ант бузылуының дәлелі. Оған Зевстің жоғалған найзағайын қосса, құдайлар арасында үлкен күмән туады. Персидің тапсырмасы - аталған найзағайды тауып, келе жатқан шайқасты болдырмау. Серіктестері Ретінде Гроувер мен Аннабетті таңдап, үшеуі бірге Аид, ең күдікті тұлға патшалығына барады. Шығарып салу алдында Хирон Персиге сиқырлы қылыш Анаклузмос (“екпінді ағыс”) пен Люктің ұшатын аяқ киімін береді. Кейін олар Лос Анджелеске Аид патшалығының кірісін табу үшін беттейді. Мақсатқа жеткенше дейін Медуза, Еxидна, Фуриялар сияқты құбыжықтар оларға шабуыл жасап үлгерген. Жол бойында Ареске көмектескенде соғыс құдайы оларға қажетті заттарға толы рюкзак пен Невадаға дейін көлік алып береді. Әр кездескен қиындықпен Перси жаңа әлем мен өзінің қабілеттері туралы көбірек біле бастайды. Аид патшалығына жеткенде Гроувер Тартарға құлаудан әрең құтылады. Барлығына кінәлі - оған Перси берген Люктің ұшатын кроссовкалар. Трио Аидті кездестіргенде оның қараңғы дулығасы жоғалғаны белгілі болады. Өлім патшалығының иесі Персиді ұры атап, осы уақыт бойы құдайдың тұтқыны болған Салли Джексонды өлтірумен қорқытады. Перси жоғалған найзағайды Арес берген рюкзактан тапқанда басты кейіпкерлер өзінің алданғанын түсінеді. Қайтадан жерге оралғаннан кейін Перси Аресті жекпе-жекке шақырады. Оны жеңгеннен кейін қараңғы дулығаны фуриялар арқылы иесіне қайтарады. Перси ұры емес екенін түсінген Аид Салли Джексонның жанын босатады. Найзағайды Зевске қайтарғаннан кейін, құдай Персиді сыйлық ретінде заңдарға қарамастан тірі қалдырады. Джексон лагерьге батыр атағымен оралып, жаздың соңына дейін демалысымен ләззаттанады. Лагерьдің соңғы күнінде Люкпен кездескенде Люк өзін найзағай мен дулыға ұрысы мойындап, Кроностың тапсырысын орындағанын айтады. Кронос оған қоса билікқұмар Аресті өз пайдасы үшін қолданғанын ашады. Перси Люкқа сене алмай, неліктен ондай әрекетке барғанын сұрағанда, Люк құдайлар жауапсыз көшбасшылар, сол себепті оларды басқалармен алмастыру қажет дейді. Персиді өзінің қатарына шақырып, соңғысы бас тартқанда, Персиді умен өлтіруге тырысады. Бірақ ол аман қалып, жазылғаннан кейін алдында таңдау пайда болады: лагерьде қалу немесе үйіне қайту. Люк пен Кронос қатеріне қарамастан Перси анасымен қалуды таңдайды, себебі Гейбті Медузаның басы арқылы Салли тасқа айналдырған. Гроувер мен Аннабет те үйлеріне қайтуды таңдап, Персимен сөйлесіп тұруға уәде береді. ## Критика Найзағай ұрысы көбінесе жағымды пікірге ие. Goodreads сайтында кітап 4.23/5 деген баға алды. Сommon Sense Media айтуы бойынша “Найзағай ұрысы кітабында екі түрлі қызық бар. Біреуі басты кейіпкердің әлемді құтқарудағы ерліктері болса, екіншісі - ежелгі мифтерді XXI ғасырға сай келуі үшін автордың түрлендіруін бақылау”. Дегенмен де, кітаптың кейбір бөліктерін сынға салып, “тым тез және қарым-қатынсқа толы” әрі “кейіпкерлер эмоционалды түрде дамымайды” деген. Олардың берген бағасы бестен төрт жұлдыз. Басқалар берген рецензия CSM-ға қарағанда жақсырақ болды. New York Times “Найзағай ұрысын” “мінсіз баяндау мен бір-бірін жүрек соғысы сияқты қуатын оқиғаларға толы” деп сипаттаған. School Library Journal “оқырмандар жас протогонисттің әрбір келесі қадамын үңіліп оқиды” деген баға берді. Kirkus Reviews “баяндаудың сардоникалық мәнері әлем, отбасы, достық пен сенімді сынға салатын әңгімеге реализмнің жаңа ойларын әкеледі” деген. “Артемис Фаул” (“Artemis Fawl”) атты романының авторы Оуэн Колфер оны “аңыз бен қазіргі әлемнің ғажайып қосылысы” деп атаған. Publishers Weekly де кітапты “жылдам әрі күлкілі” және “көптеген оқырмандарды келесі оқиғаны асығыспен күттіреді” деп мақтаған. ## Адаптация ### Экранизация 2004 жылдың маусымында 20th Century Fox “Найзағай Ұрысының” экранизация құқығына ие болды. 2007 жылдың сәуірінде жобаны іске асыру үшін Крис Колумбус режиссер ретінде шақырылды. Фильм “Перси Джексон және Олимпшілер: Найзағай Ұрысы” деп аталып, АҚШ-та 2010 жылы, 12 ақпанда жарық көрген. Басты рөлдерде: Логан Лерман (Перси Джексон), Александра Даддарио (Аннабет Чейз), Брендон Т. Джексон (Гроувер Андервуд), Джейк Абель (Люк Кастеллан), Пирс Броснан (Хирон). Фильм критиктерден әр түрлі кері байланысқа ие болып, бүкіл әлем бойынша $226 миллион жинады. Сиквелы, “Перси Джексон: Құбыжықтар Теңізі”, 2013 жылы шығарылды. ### Аудиокітап 2005 ж. маусымның 28-де Джесс Бернштейнмен оқылған 10 сағат 25 минуттық аудиокітап нұсқасы Listening Library-мен шығарылған. ## Сиквелі "Найзағай ұрысынан" кейін Құбыжықтар теңізі атты кітап шығарылды. Бұл кітапта Гроувер Полифем деген циклоптың тұтқынына айналғандықтан Перси мен Аннабет оны құтқаруды жоспарлай бастайды. Олармен бірге бұл сапарға Персидің өгей ағасы Тайсон мен Кларисса Ла Ру шегеді. ## Шет тілдердегі басылым "Найзағай Ұрысы" қытай, итальян, түрік, чех, фин, француз, неміс, португал, индонезиялық, орыс, испан және дания тілдерінде шығарылған. ## Сілтемелер
Құлакөл — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарайтын ауыл, Теміржол ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Екібастұз қаласынан шығысқа қарай 24 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Теміржол ауылдық округі – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі аумағындағы бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қарасор, Құдайкөл, Құлакөл, №3-бөлімше ауылдары кіреді. Орталығы – Құлакөл ауылы. 2017 жылы округ құрамына қысқартылған Құдайкөл ауылдық округінен Құдайкөл (орталығы), Қарасор ауылдары қосылды. ## Дереккөздер
№3-бөлімше — Жетісу облысы Талдықорған қалалық әкімдігіне қарасты Еркін ауылдық округі құрамындағы елді мекен. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Талдықорған қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Құдайкөл – палеолит дәуірінің ескерткіші. ## Географиялық орны Павлодар облысы Екібастұз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 58 км жердегі Құдайкөл ауылының оңтүстік-батысынан 14 км жерде орналасқан. ## Сипаты 1963–66 жылдары геолог Б. Әубекеров тапқан. Табылған бұйымдар леваллуа-ашель, кейінгі палеолит, голоцен дәуіріндегі тас ғасырына жатады. Палеолитке жататын Құдайкөл материалдары көл маңындағы 14 қазба орнынан жиналған. Жалпы саны – 351 дана. Құралдар бір-біріне өте ұқсас. Оларды жасағанда леваллуа техникасы пайдаланылған. Құдайкөл өндірісі тех. және типол. жағынан леваллуа-ашель мәдениетіне жатады. Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы кейінгі палеолит осы мәдениеттен бастау алған. Құдайкөл – республиканың орталық бөлігін адамзат баласы ежелгі тас дәуірінде мекен еткендігін, оның мәдениеті үздіксіз дамуда болғанын көрсететін маңызды кешендердің бірі. ## Дереккөздер
Шәміл Әбілтай (24.2.1948 жылы туған, Атырау облысы Дендер ауданы Толыбай құмы, Қарақызыл қыстауы) – күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998 жылы). Атырау музыка училищесін домбыра мамандығы (1972 жылы) бойынша бітірген.1972 – 75 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясында күйші-лектор ретінде қызмет істеді. 1975 – 85 жылдары еркін шығармашылық еңбекпен айналысады және Қазақ радиосының бас редакторы (1985 – 88 жылдары), ал 1994 жылдан халықаралық.1980 жылы Жастар одағының иегері.1994 жылы дүниежүзілік Құрылтайында Озан атағын алды.1997 жылы Тағлымдық толғаулар еңбегін Қазақ телидидары арқылы шығарды.1994 жылдан бастапҚұрманғазы қорының төрағасы болған. * “Ұлытау” атты күй-кітабы мен “Ордабасы” дейтін күйтабағы шықты. Қазақ телевизиясы бойынша “Yкілі домбыра”, “Домбыра дастан” бағдарламаларын жүргізді. Әбілтаев – * “Домалақ ана”, * “Шақшақ Жәнібек”, * “Бекет Ата”, * “Қыдыркезген Қызылқұм”, * “Елбасы” күйлерінің, * “Қожа Ахмет Иасауи”, * “Жер ұраны – Ұлытау”, * “Ордабасы”, * “Құрманғазы – күй дүлдүл”, * “Мұстафа Шоқай туралы толғау”, * “Түркістан”, * «Бір ауыз сөз», * «Күй ата» музыкалық-толғауларының авторы. Әбілтай кішкентай кезінен маңғыстау елімен рухани жақын болатын.Әбілтайдың композиторлық шығармалары негізінен тарих тағылымына баса назар аударумен әрі оны қазақ елінің тәуелсіздігімен ұштастыру болып табылады. Әбілтай Оғыландыдағы әулие күмбезінде түнегенде «Бекет ата» күйін шығарған. ## Дереккөздер
Теміржол ауылдық округі — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына кіретін жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Қазыбек бек ауылы ## Ауылдық округ әкімінің 2012 жылғы есебі Жер көлемі 114 341 га, оның ішінде, елді мекен аумағы - 463 га, ауылшаруашылық жерлері – 113 878 га құрайды. Округтегі 902 отбасында 6012 адам тұрады. Олар 11 ұлт өкілдерін құрайды. Барлығы 348 зейнеткер, І,ІІ және ІІІ топтағы 148 мүгедек, 103 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері, 4 Ауған соғысы ардагерлері бар. Округ аумағындағы 35 мекеме ұжымдарында 1300 ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылған. Қазыбек бек бекетінде 1176 орындық Ұзынағаш орта мектебінде 71 мұғалім жұмыс істеп, 790 оқушы білім алуда. 2011-2012 оқу жылында біріңғай ұлттық тестілеуге мектеп бітіруші 60 баланың 51-і қатысып, 9 оқушы мемлекеттік емтихан тапсырды. Тестілеу нәтижесінде орташа баға 82 пайызды құрап, аудан бойынша 43 мектеп ішінде 13-ші орынды иеленді. Оқу бітірген 60 баланың 23-і жоғарғы оқу орындарына, 15-і колледжге оқуға түсті. 2012 жылы мектеп ғимаратына 283 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұғалімдердің орташа айлығы - 60 000 теңгені құрады. Денсаулық саласы бойынша халыққа қызмет көрсететін 1 ауылдық ауруханада 15 төсек орындық стационар бөлімі, 6 орындық күндізгі стационар, күніне 75 адам қабылдауға мүмкіндігі бар амбулатория бөлімі қызмет атқарады. Бүгінгі күнде ауылдық ауруханада 4 жоғары дәрежелі дәрігерлер және 13 орта буынды медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Жыл басынан бері 160 адам емделіп шықты, тегін дәрі-дәрмек 920 адамға берілді. Дәрігерлердің орташа айлығы – 86,0 мың теңге, медбикелердің орташа айлығы – 60,0-65,0 мың теңге құрады. 2012 жылы 128 бала туылып, 34 адам қайтыс болды. Округ аумағындағы 75 орындық «Балауса» балабақшасында 25 бала тәрбиеленуде, 23 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылған, орташа айлық еңбекақылары 41,7 мың теңгені құрайды. Ауылдық пошта бөлімінде 4 адам, мәдениет үйінде 9 адам, 8100 кітап қоры бар ауылдық кітапханада 2 адам жұмыспен қамтылған. Ауылшаруашылығы саласы бойынша Теміржол ауылдық округі аумағындағы мал шаруашылығымен айналысатын ең ірі «Р-Күрті» ЖШС және шағын 26 шаруа қожалықтары бар. Бұл шаруа қожалықтарында барлығы 140 жуық ауыл тұрғындары жұмыс қамтылған. Ауылдық округ әкімінің 2012 жылғы есеп беру кездесулерінде 3 ұсыныс түсіп, барлығы орындалды. ## Дереккөздер
Өлеңті – Ертіс алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары жерімен ағады. Ұзындығы 273 км, су жиналатын алабы 4230 км2. ## Бастауы Өлеңті Ерейментаудың 500 – 550 м биіктіктегі бұлақтарынан басталып, таудың шығыс беткейінен ағып, Қаражар ауылының тұсында Әулиекөлге құяды. ## Гидрологиясы Аңғары мен арнасы таулы жерде тар шатқал (120 м) жасап ағады. Жазықта аңғары 1 – 1,5 км-ге кеңейеді. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Суы тұщы. Жылдық орташа су ағымы өзеннің сағасында 0,60 м³/с. Өзен бойында бөген (Лиманное), су құбыры бар. Жайылмасы шабындық, суымен жайылым суарылады және елді мекендер пайдаланады. ## Дереккөздер
Кейкі үңгірі – 1916 жылғы Торғайдағы Ұлт-азаттық көтерілісінің қаһармандардың бірі Кейкі мерген паналаған орын. Батыр қуғынға ұшыраған жылдарында Ұлытау, Сарлық, Жетіқыз, Сарыторғай, Қараторғай өзендері маңында жасырынған үңгір биіктігі 30 м қатпар жартасының орта деңгейінде. Ішіне 7-8 адам еркін сияды, төбесі биік. Оң жақ бұрышында ішке кіретін қаға-беріс қуыс бар. Үңгірден көз көрім жер анық бақыланады. Етегіне қалың тал, қайың өскен. Батыр осы аймақтағы 1919-1923 ж. паналанған. Кейкі үңгірі Шеңбер ауылынан Сарыторғайға қарай Қараторғайға өзенінің солтүстік беткейіндегі биік жартаста, төлек Махат кесенесінен 2 км шығысқа қарай, өзен иірімінде орналасқан. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * КЕЙКІ БАТЫР: ТАҒДЫРЫ, ТАРИХЫ, ТАҒЫЛЫМЫ
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – алпыс жыл бойы Қазақстан мен шет елдерде қажет білікті мамандарды дайындауды жоғары деңгейде қамтамасыз етіп келе жатқан Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық жоғары оқу орны. Консерватория – Қазақстандағы алғашқы музыкалық жоғары оқу орны. 1944 жылы 24 шілдеде Қазақ КСР Халық Комиссарларының Кеңесі осы жылдың 1 қазанынан бастап Алматы қаласында Мемлекеттік өнер институтын ашу туралы қаулы қабылдады. Кейіннен Мәскеу және Ленинград консерваторияларының үлгісінде Алматы консерваториясы болып өзгертілді. 1945 жылы оқу орнына ХІХ ғасырдың атақты күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының аты берілді. Сол жылдары консерватория құрамында 5 факультет: тарихи-теория-композиторлық, вокалды, фортепианолық, оркестрлік, дирижерлі-хорлы, ұлт аспаптар бөлімі, сонымен қатар опера студиясы мен қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жасайтын және дайындайтын ғылыми-тәжірибелік шеберхана болды. 1938 жылы салынған алғашқы ғимаратта консерваторияға дейін музыкалық-хореографиялық комбинат қоныстанған. 60-ыншы жылдардың басында тағы бір оқу корпусы мен 120 тұрғын бөлмесі, 42 репетиторилері, оқу және спорт залы бар кең дәлізді жатақхана салынды.2000 жылдың қараша айында консерваторияға қазіргі заманғы төрт қабатты ғимарат пайдалануға берілді. (Абылай хан даңғылы 86). ## ...осы күнге дейін Бүгінгі күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория екі оқу корпусында орналасқан. Оқу орнының студенттері мен оқытушыларына – кең оқу аудиториялары, 170 орындық Камералық зал, 236 орындық кіші Концерт залы, спорт залы, оқу залы, сынып абонементі қызмет етеді. Қазіргі ауқытта 500 орындық Үлкен Орган залының құрылысы аяқталды. Студенттер жапония және неміс фирмаларының ең жақсы жаңа аспаптарымен, сонымен қатар ішекті квартет үшін электронды аспаптарда дайындық жүргізеді. Консерватория түлектері еліміздің барлық шығармашылық ұжымдарында (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Күләш Байсеитова атындағы Ұлттық опера театры, президенттік, симфониялық, үрмелі оркестрлер, камералы ансамбльдер, ұлт аспаптар оркестрлері), сонымен қатар білім мекемелерінде (Қазақ ұлттық музыкалық академия, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, көптеген музыкалық колледждер, мектептер және т.б.) қызмет етеді. Қазақ ұлттық консерваторияның түлектері сонымен қатар Ресей, Германия, Грекия, Голландия, Израиль, АҚШ, Франция, Чехия, Канада, Корея, Қытай және т.б. жақын және алас шетелдегі профессиональді ұжымдарда табысты еңбек етуде. Соңғы үш жыл ішінде консерватория қабырғасында Қазақстанның музыка өнерін мақтанарлықтай танытатын жас ұрпақты - 50-ден астам халықаралық және 200-ден астам республикалық конкурстардың лауреаттарын дайындады. ## Факультеттер Оқу процесін 4 факультет қамтамасыз етеді: * Музыкатану, арт-менеджмент, әлеуметтік және гуианитарлық пәндер факультеті * Аспаптық орындаушылық факультеті * Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру факультеті * Халық музыкасы факультеті ## Ректорлар * 1944—1945 — Иван Круглыхин * 1945—1951 — Ахмет Жұбанов * 1951—1957 — Иван Круглыхин * 1957—1967 — Құддыс Қожамияров * 1967—1975 — Еркеғали Рахмадиев * 1975—1987 — Ғазиза Жұбанова * 1987—1997 — Дүйсен Қасейінов * 1997—2018 — Жания Әубәкірова * 2018—қ.у. — Арман Жүдебаев ## Сыртқы сілтемелер * Ресми торабы ## Дереккөздер
Түлембай Дүйсебаев - Жетісу уәләяты - Алаш кеңесінің мүшесі, Жетісу облыстық қазақ сиезіне қатысушы. Үлкен Алматы болысында туған. Руы - Дулат Қасқарау жаныс, оның ішінде Жолсейіт тармағынан. Түлембайдың әкесі Дүйсебай қажы Шоманақұлы Алматы өңіріне танымал би және дінбасы болған. Дүйсебай қажының Верныйда арабша жазумен басылған "Қажылық сапар" атты қисса дастаны қалған. Мұнда ол ата тегін, Түлембай Верный ерлер гимназиясын бітіріп губернатор канцеляриясында аудармашылық қызметте істеген. Жетісудағы Алаштың арыстары Ғали Ордабаев, Ыбырайым Жайнақовтардың жақын жолдасы. Жетісудағы алашордашы дәрігер Нүсіпбек Жақыпбаевтың немере ағасы. Түлембай Дүйсебаевтың бірінші жары Шамалған болысының болысы Мәңке Исмаиловтың қызы. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Архивында мен Алматы облысының Мемлекеттік Архивындағы қорларда Түлембай Дүйсебаев туралы көптеген деректер кездеседі.
Қоянды ауылдық округі – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі аумағындағы бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бесқауға, Қоянды, Құрылысшы, Теміртас ауылдары кіреді. Орталығы – Бесқауға ауылы. 2008 жылы Қоянды, Құрылысшы, Теміртас ауылдарымен бірге жаңадан Қоянды ауылдық округі құрылып, Қоянды ауылы орталығы болып белгіленді. 2012 жылы Қарасу ауылдық округі Бесқауға ауылдық әкімдігі болып қайта құрылды. 2017 жылы Бесқауға ауылы Қоянды ауылдық округіне қосылып, округтің жаңа орталығы болып белгіленді. ## Дереккөздер
Сами Әл-Жабер (араб.: سامي الجابر‎; 11 желтоқсан 1972, Эр-Рияд) — араб футболшысы, жартылай қорғаушы, бапкер. Сауд Арабия құрамасында ойнаған. Төрт бірдей әлем чемпионатына қатысқан (1994, 1998, 2002, 2006). Үш бірдей әлем біріншілігінде гол соққан жалғыз Сауд Арабиясы футболшысы. ## Жетістіктері * Азия чемпионы (1): 1996 * Азия кубогының финалисі (2): 1992, 2000 * Араб елдері кубогы (2): 1998, 2002 * Парсы шығанағы кубогы (3): 1994, 2002, 2003 * Сауд Арабия чемпионы (6): 1987/88, 1989/90, 1995/96, 1997/98, 2001/02, 2004/05 * Сауд Арабия королі кубогы (1): 1988/89 * Сауд Арабия футбол федерациясы кубогы (4): 1989/90, 1992/93, 1995/96, 1999/00 * АФК Чемпиондар Лигасы (2): 1992, 2000 * АФК Кубок иелері кубогы (2): 1997, 2002 * Азия суперкубогы (2): 1997, 2000 ## Бапкерлік карьерасы ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Статистикасы (ағыл.) * Статистикасы Мұрағатталған 19 сәуірдің 2013 жылы. (ағыл.) * Профилі Мұрағатталған 31 қаңтардың 2009 жылы. (орыс.)
Юсуф әт-Тунеян (араб.: يوسف الثنيان‎; 18 қараша 1963 жыл, Эр-Рияд) — араб футболшысы, жартылай қорғаушы. Сауд Арабиясы Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. Бүкір карьерасында бір ғана клубта ойнаған. 1983-2001 жылдары "Аль-Хилал" командасында доп тепкен. Ұлттық құрамада 12 жылдай доп тепті. 1998 жылғы әлем чемпионатына қатысып, үшінші турда Оңтүстік Африка құрамасының қақпасына бір гол енгізді. ## Жетістіктері ### Командалық Азия кубогы: (2): * 1988, 1996 Азия кубогының финалисі: (1) * 1992 Араб Ұлттары кубогы: (1) * 1998 Араб ұлттары кубогының финалисі: (1) * 1992 Сауд Арабия чемпионы: (6) * 1984/85, 1985/86, 1987/88, 1989/90, 1995/96, 1997/98 АФК Чемпиондар Лигасы: (2) * 1992, 2000 Азия Кубок иелері кубогы: (1) * 1997 АФК Суперкубогы: (2) * 1997, 2000 ## Сілтемелер * Футболшының профилі