text
stringlengths
3
252k
Қарабұлақ ауылдық округі — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Абай, Ешкіөлмес, Қарабұлақ, Матай Байысов, Өрқұсақ, Шымыр ауылдары кіреді. Орталығы – Қарабұлақ ауылы. ## Дереккөздер
Құйған ауылдық округі — Алматы облысы Балқаш ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қараөзек, Құйған ауылдары кіреді. Орталығы - Құйған ауылы. ## Дереккөздер
Қасқаөгіз — Алматы облысы Балқаш ауданы, Желтораңғы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 125 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Көктал — Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл, Көктал ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 101 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Ақешкі — Жетісу облысы Ескелді ауданы, Ақын Сара ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 36 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Елеуов Сауранбек Еркінбекұлы - (10.05.1955 ж.Түркістан, Жаңақорған аумағындағы ескі Сауран қаласында дүниеге келген. Әнші-композитор, ғалым. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түркістан совхозы. Ғани Мұратбаев атындағы №240 орта мектебін бітірген. Шымкент қаласы Әль-Фараби атындағы педагогикалық мәдениет институтын 1979 жылы бітірген. Қызылорда облысының халық депутаттары Жаңақорған аудандық депутаты (1989-1994) , Қызылорда облысының Жаңақорған аудандық маслихаты депутаттар жиналысының депутаты (1994-1999), өнертану ғылымының доценті (1911). Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Көптеген халықаралық және республикалық әнші-композиторлар байқауының лауреаты. ## Өмірбаяны: Сауранбек Елеуов 1955 жылы 10 мамырда Түркістан, Жаңақорған ауданы аумағындағы көне қаланың орны - ескі Сауранның іргесінде дүниеге келген. Орта мектептен соң ол 1979 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби атындағы педагогикалық-мәдениет институтының мәдени-ағарту жұмыстары факультетін бітірген. Жас кезінен халық сазгерлерінің әндері мен термелерін домбырада, баянда шебер орындайтын Сауранбек халық ақыны Манап Көкенов жетекшілік еткен «Дала жұлдыздары» атты халықтық мәдени –үгіт бригадасының белсенді мүшесі бола жүріп, Республикалық байқауларда мәдени-үгіт бригадасының үш дүркін лауреаты болды. Алғашқы әндерін сексенінші жылдардың басынан бастап жаза бастаған Сауранбек қазір 80-нен астам әннің авторы. Оның көптеген әндері республикалық газет-журналдарда, мерзімдік баспасөз беттерінде жарық көрді. «Апатайым анашым», «Бесік жыры», «Жұлдызым», «Айналайын», «Армысыңдар адамдар», «Туған жер», «Айдында жүзген аққулар», «Қаракөзім», «Гүлбаһор», «Әке даусы», «Ғанидың жұлдызы», «Домбыра сазы», «Түркістан», тағы басқа да әндері қазақ радиосы мен теледидарында жиі орындалып жүр. Бір топ әндері Алматыда басылған «Ауыл кеші көңілді», «Жастық шақ әуендері», «Әнім сен едің» әндер жинағына енсе, енді топ әндері нотасымен және автордың қысқаша өмір жолы мен суретін берген «Сыр әуендері» /1991/, «Айдында жүзген аққулар» /1996/ атты «Түркістан» /2000/ кітаптары шықты. «Апатайым - анашым» /2010/, «Сырнай мен аккордеонда ойнауды үйренудің әдістемесі» /2010/ Ол 1993 жылы қыркүйек айында Алматының орталық концерт залында өз шығармаларынан концерт берді. Сазгер-әнші Сауранбек Елеуов Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивальдарының екі дүркін лауреаты, Республикалық «Жігер» фестивалінің дипломанты, Саратов қаласында өткен Жас сазгерлер байқауының жүлдегері, кезінде СССР, КазССР Композиторлар Одағының Дипломымен марапатталған, Республикалық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің «Алтын медаліне» ие болған. Сондай-ақ ол Шәмші Қалдаяқов атындағы Республикалық өнер байқауының тұңғыш жүлдегері /1992/. 1989-1994 жылы Жаңақорған аудандық халық депутаттарының депутаты, 1994 жылы аудандық Мәслихаты - Депутаттар депутатына қайта сайланған. 1999 жылы 26-қараша 2000 жылдың 7-қаңтар аралығында Түркия мемлекетінің бірнеше қалаларында Университет көркем өнерпаздарын басқарып барып, 22 концерттік бағдарламасын көрсетті. Афион қаласының «Құрметті азаматы» атанды. Сазгер-әнші Сауранбек Елеуовке жеке шығармашылық саласы бойынша әндер циклі және өнерпаздық шығармашылықты дамытқаны үшін 1994 жылы Қазақстан Жастар Одағының сыйлығы атағы берілді. Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігімен ҚР мәдениет пен өнерді қолдаудың мемлекеттік қорының «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісі деген құрметті атаққа ие болды /2005/. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған V Республикалық «Елім Менің» патриоттық әндер байқауының Лауреаты атанды /2008/. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 30 маусымдағы шешімімен (№6 хаттама) Елеуов Сауранбек Еркінбекұлына өнертану мамандығы бойынша ДОЦЕНТ ғылыми атағы берілді. ## Қызметі: Аудандық мәдениет үйінің әдіскері (1979-1986), мәдениет және демалыс паркінің директоры (1986-1990), Сұлтанбек Қожанов атындағы «Арман» мәдениет үйінің директоры (1991-1995), Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1995-2000), студенттердің мәдени іс-шара өткізу бөлімінің меңгерушісі (2000-2004), «Музыкалық білім, вокалдық өнер» кафедрасының аға оқытушы (2005), тәрбие орталығының мәдениет бөлімінің меңгерушісі (2005-2006), университеттің «Мәдениет орталығының» директор орынбасары (2006-2011), университеттің «Өнер» факультеті, « Орындаушылық өнер» кафедрасының меңгерушісі (2011-2016). ## Наградалары, атақтары: ■ Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты (1985); ■ «Бүкілодақтық халық шығармашылық» фестивалінің лауреаты (1985); ■ «Бүкілодақтық халық шығармашылық ІІ» фестивалінің лауреаты (1987); ■ Диплом Союз композитров Казахстана (первый секретарь правления Союза композитров Казахстана, народный артист СССР Е.Рахмадиев) (1987); ■ Диплом секретариат правления Союза композитров СССР (первый секретарь правления Союза композитров СССР Т.Н.Хреников) (1988); ■ Почетная грамота министр культуры казахской ССР Ж.Еркінбеков (1989); ■ Қаз ССР «Халық шаруашылығының жетістіктері» көрмесінің медаль иегері (1990); ■ Құрмет грамотасы Қазақстан ЛКЖО орталық комитеті (1991); ■ «Рауан» аймақтық жастар фестивалінің лауреаты (1991); ■ Ш.Қалдаяқов атындағы республикалық әнші-композиторлар байқауының тұңғыш лауреаты (1992); ■ Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (1994); ■ Түркия мемлекеті «Афион қаласының» құрметті азаматы (2000); ■ «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» (2005); ■ Қазақстан Халықтар достығы университетінің доценті (2006); ■ «Елім менің» V-ші республикалық патриоттық әндер конкурсының лауреаты (2008); ■ «Қызылорда облысына 70 жыл» толу мерекесінде медальмен марапатталды (2010); ■ Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының мүшесі (2011); ■ «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» дәстүрлі музыкалық өнер фестивалінің жеңімпазы (2014); ■ РҚБ Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі (2015); ■ Облыстық Маслихаттың Грамотасы (2015); ■ Кеңес Одағының батыры, генерал Сабыр Рахимов медалі (2015); ■ Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалі (2015); ■ ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ардагерлерге көрсеткен қамқорлығы үшін «Алтын жүрек» медалімен марапатталды (2016); ■ ЮНЕСКО-ның 2016 жылды "Ясауи жылы" деп жариялануына және Ахмет Ясауи университетінің 25 жылдығына орай "Ясауи жылы" медалімен марапатталды(2016); ## Негізгі ғылыми еңбектері: 35-тен астам ғылыми мақалалар (оның 3-уі шетел журналдарында) 80-ге тарта әндердің авторы. Соңғы 5 жылдағы кейбір оқу құралдары мен оқу әдістемелік еңбектері. ■ «Сыр әуендері» ■ «Айдында жүзген аққулар» ■ «Түркістан» ■ «Апатайым-анашым» ■ «Сырнай мен аккордеонда ойнауды үйретудің әдістемесі» ■ «Апатайым-анашым» әндер жинағы ■ «Сыр сүлейі Манап Көкенов » ■ «Манап Көкеновтың шығармашылығы туралы» журналы ■ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары «Музыка мұғалімінің баян аспабын қолдану ролі» ■ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Музыка мұғалімінің музыка сабағын ұйымдастырудағы әдістемелік шеберлігі» ■ «East West 1 Association For Agvantes Studies and Higher Education Cmjh. Vienna. Austria7 Vienna 2014» Межкультурный диалог художественного и музыкального образования в социализаций креативной личности педагога. ■ «Балауса» кітабы ## Негізгі музыкалық шығармалары: ● «Апатайым анашым» ● «Туған жер» ● «Армысыңдар адамдар» ● «Сырдария-жырдария» ● «Түркістан» ● «Айдында жүзген аққулар» ● «Аппағым-аңсадым» ● «Қаракөзім» ● «Әке даусы» ● «Жұлдызым» ● «Домбыра сазы» ● «Бесік жыры» ● «Ғашығым» ● «Аққудың баласындай көгілдірім» ● «Ардагер қарттарым-ай» ● «Айналайын» ● «Ойыншықтар» ● «Біріншіге барамын» ● «Ақын мерейі» ● «Түсінбедім» ● «Гүлбаһар» ● «Ғанидың жұлдызы» ● «Қос қарлығаш» ● «Ақмаралым» ● «Әй-әй бөпем» ● «Туған жердің арманы-ай» ● «Ақ алтыным» ● «Құс мекенім-Жаңақорған» ## Деректі көздер: - Жастық шақ әуендері: Әндер/Құраст. Ә.Абақанова, Ж.Байысбаев, Т.Тайбеков.-2-жинақ.-Алматы:Өнер, 1993.-314 бет - Республикалық ғылыми-танымдық журнал «Күлтегін ескерткіші»: бас редактор-Әсем Сағиқызы.-№11/2014.-Астана: 60 бет - Қайталанбас дауыстар сыр саңлақтарының антологиясы:редактор Берік Жүсіпов.-Қызылорда:2011.-49бет ## Аудио мен Видеолар: Сауранбек Елеуов Концерт-24.03.2013 Сауранбек Елеуов-Концерт-13.05.2008 50-жылдық және "Алатаудың ән отауы" Алматы концерт 1993ж. "Сауранбек Елеуов ән шырқайды"-1бөлім Алматы концерт 1993ж. "Сауранбек Елеуов ән шырқайды"-2бөлім
* Ақтұма – Жетісу облысы Ескелді ауданындағы ауыл. * Ақтұма – Жетісу облысы Сарқан ауданындағы ауыл.
Өрқұсақ (2007 жылға дейін — Қызыл Октябрь) — Жетісу облысы Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақын Сара (2007 жылға дейін — Целинное) — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы ауыл, Ақын Сара ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 37 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақын Сара ауылдық округі — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы әкімшілік бірлік. 2007 жылға дейін Целинный ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақешкі, Ақтұма, Ақын Сара, Тамбала ауылдары кіреді. Орталығы - Ақын Сара ауылы. ## Дереккөздер
Қоржымбай — Жетісу облысы Ескелді ауданы, Қайнарлы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақтасты — Жетісу облысы Ескелді ауданы, Қайнарлы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қайнарлы ауылдық округі — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақтасты, Қайнарлы, Қоржымбай ауылдары кіреді. Орталығы - Қайнарлы ауылы. ## Дереккөздер
Көктөбе — Жетісу облысы Ескелді ауданы, Қоңыр ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 26 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қоңыр ауылдық округі — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Алмалы, Көктөбе, Қоңыр ауылдары кіреді. Орталығы - Қоңыр ауылы. ## Дереккөздер
Бақтыбай Жолбарысұлы ауылы — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы ауыл, Бақтыбай Жолбарысұлы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан солтүстік-батысқа қарай 19 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бақтыбай Жолбарысұлы ауылдық округі — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бақтыбай Жолбарысұлы, Елтай, Өтенай ауылдары кіреді. Орталығы - Бақтыбай Жолбарысұлы ауылы. ## Дереккөздер
Қараөзек — Алматы облысы Балқаш ауданы, Құйған ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 180 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Жалғызағаш — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы ауыл, Жалғызағаш ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Өтенай — Жетісу облысы Ескелді ауданы, Бақтыбай Жолбарысұлы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Биғаш — Жетісу облысы Ескелді ауданы, Жалғызағаш ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бөктерлі (2007 жылға дейін — Малогоровка) — Жетісу облысы Ескелді ауданы, Көкжазық ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жалғызағаш ауылдық округі — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Биғаш, Жалғызағаш ауылдары кіреді. Орталығы - Жалғызағаш ауылы. ## Дереккөздер
Сірге мөлдіретер — күздігүні бие ағытардағы ақырғы қымызға көрші-қолаңды шақыру кәдесі. Бие ағытар күні берілген қымызды "сірге мөлдіретер" дейді. Бұл дәстүрді өткізу үшін ауылдың ақсақалдары және аналары шақырылады. Ал олар болса өз кезегімен риза болып, алғыс айтады. Сонымен қатар өзінің батасын береді. Кейбір аймақтарда бұл дәстүрді басқаша "сірге жияр" деп те атайды. Бұл дәстүр қазақтың жомарттық салтын көтере түсетін қасиетті де тамаша дәстүр болып табылады. ## Дереккөздер
Сырымбет — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы ауыл, Сырымбет ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Күлән Шілдебаева (29 желтоқсан 1929 жыл, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы — 20 қаңтар 2000 жыл, Тараз) - қазақ кеңес ақыны. Күлән Шілдебаева Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Алматыда орта мектепте мұғалім қызметін атқарған. 1957 жылдан бастап Жамбыл қаласындағы мәдени-ағарту училищесін қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, ұстаздық етті.Лақап аты – Күншуақ. ## Шығармашылығы Тұңғыш жыр жинағы "Арманым" 1962 жылы жырық көрген. Ол ондаған ән мәтіндерінің авторы. Кітаптары: "Тұңғыш кітап", "Арманым". Өлеңдері: "Қыз көңіл", "Бойжеткендер". Өлеңдер мен дастандары: "Іңкәрім", "Меруерт гүл", "Можжевельник", "Стихи". ## Дереккөздер
Сырымбет ауылдық округі — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Сырымбет, Дәуқара, Егіндіағаш, Қарақамыс, Сарыбұлақ, Сұлукөл, Шолақөзек, Шоққарағай ауылдары кіреді. Орталығы – Сырымбет ауылы. Округ құрамында болған Юдинка ауылы 2014 жылы, Качиловка ауылы 2015 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2415 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Қаратал ауылдық округі — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қаратал, Теректі ауылдары кіреді. Орталығы - Қаратал ауылы. ## Дереккөздер
Теректі — Жетісу облысы Ескелді ауданы, Қаратал ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан шығысқа қарай 19 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Екпінді — Жетісу облысы Ескелді ауданы, Төлеңгіт ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Алмалы — Жетісу облысының Ескелді ауданы, Қоңыр ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан солтүстікке қарай 24 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Сырымбет ауылдық округі — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Сырымбет ауылы кіреді. Орталығы - Сырымбет ауылы. ## Дереккөздер
Бөлек ауылдық округі — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Әймен, Бөлек, Қарасай ауылдары кіреді. Орталығы – Бөлек ауылы. ## Дереккөздер
Көкжазық ауылдық округі — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бөктерлі, Көкжазық, Теңлік ауылдары кіреді. Орталығы - Көкжазық ауылы. ## Дереккөздер
Ақбастау — Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстікке қарай 24 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Қарасай — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Әймен — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде. ## Дереккөздер
* Ават ауылдық округі – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік. * Ават ауылдық округі – Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы әкімшілік бірлік.
Ақсақ құлан - XIII ғасырда шыққан халық күйі. ## Тарихы Ертеде ел билеген қатал Жошы хан өмір сүріпті. Оның бала дегенде жалғыз ұлы болыпты. Бір күні баласы аңға шығар алдында әкесі жаман түс көріп, баласын тоқтатқысы келеді. Баласы әке сөзіне мән бермей, нөкерлерін ертіп, ұзақ жолға шығады.Біршама уақыт өткен соң, жазық далада бір топ құланның жайылып жүргенін көреді. Бала құланды қуып жүріп, алысқа ұзап кеткенін байқамай қалады. Хан баласының атқан оғы құланның аяғына тиеді. Құлан хан баласына қарсы шығып, оны теуіп өлтіреді. Арада біраз уақыт өтеді. Хан нөкерлері баланың қазасын әкесіне қалай естіртуді білмейді. Хан жүрегі сезгендей, «Кімде-кім балам туралы жаманат хабарды естірте келсе, сол кісінің көмейіне қорғасын құйдыртам» — дейді. Сол елде асқан күйші қазаны естіртетін болып, сарайға келіп, хан алдында күй тарта береді. Ханның көз алдына баласының қандай жағдайда қайтыс болғаны елестейді. Күйші барлығын күй тілінде жеткізген екен. Сонда хан: «Балам өлген екен ғой, мына кісінің көмейіне қорғасын балқытып құйыңдар»- деп жарлық береді."Дат тақсыр!" – дейді күйші. – "Бәлкім жаманат хабарды жеткізген домбырам шығар" Амалы таусылған хан баласының қазасын естірткен домбыраның шанағына қорғасын құйдырады Аңыз әңгімелерде осы оқиғаға байланысты «Ақсақ құлан» күйін ХІІІ ғасырда өткен, атақты күйші Кетбұға деген адам шығарған екен.
Еңбек — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстікке қарай 12 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Ақтоғай — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстікке қарай 12 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Емшегін көкке сауу - қазақ халқының әдет-ғұрыптарының бірі. " Ана біткен аспанға ақ сүтін сауып, зарлап, өлі-тірі әруақты шақырды". (Ә.Сараев). Ата-анасына зәбір-жапа көрсеткен, қол жұмсаған, тілі тиген немесе ел-жұртына, руына ел істемеген іс істеп ұят келтірген жастарды жазалаудың ауыр түрлері бар. Олар атаның теріс батасы және ананың емшегін көкке саууы. Яғни, бұл қарғыстың шегі болып саналады. Ана мұндай жағдайда " ақ сүтімнің садағасы кет! " деп өз баласына немесе қылмыскерлерге лағнет айтып, қарғай отырып, құдайға, әруақтарға салып емшегін көкке сауады. Бұл - ата-анасының елбұзарларға деген ең ақырғы ауыр жазасы. Бұл жаза, қарғыс алынбайды. Мұндай қарғыс алған адамдарды жұрт өз қатарына алмайды пейіл білдірмейді, қамқорлық жасамайды. ## Дерек көздер
Балтабай ауылдық округі — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақбастау, Ақтоғай, Балтабай, Бірлік, Еңбек, Күш, Өрнек ауылдары кіреді. Орталығы - Балтабай ауылы. ## Дереккөздер
Көңіл толқыны – қазақ композиторы, домбырашы, күйші – Секен Тұрысбеков шығарған күй.Бұл күй тағдыр тәлкегіне түскен кезде дүниеге келген. «Көңіл толқыны» 1985-87 жылдары туған. ## Күйдің шығу тарихы Секен аға екі жасар Жанар және Анар атты қыздарынан табан асты айырылып қалған. Бірін көлік қағып кетсе, екіншісіне көз тиіп қайтыс болған. Қос бірдей баласын жер астына тапсырған Секен аға ауыр күйге түсіп, қатты тұйықталып кеткен. Жер бетіне сыймай, қайғы жамылған сәтте, «Көңіл толқыны» күйін өмірге әкеледі. Күй бірден көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, кеңінен таралады. Тіпті, алыс-жақын шетелдегі жұртшылық күйді тыңдаған бойда оның авторын іздестіріп, күйдің шығу тарихына білгілері келеді. Жапондық тыңдармандар күй аннотациясын сұраған кезде, автор іштегі орны толмас, өкінішті сыртқа шығармас үшін «Бұл күй «Невада-Семей» қайғысына арналған еді» деп қоя берген.Секен Тұрысбеков «Көңіл толқыны» кітабында былай деп жазады: «Күйдің өзегінде әкенің орны толмас өкініші мен өксігі жатыр. «Көңіл толқыны» - өзіне дейінгі ұлы күйші-сазгерлердің рухани жалғасы болғанымен, ішкі табиғаты мүлде бөлек, жүрек қылын дірілдете шертер күші бар, тыңдаушысын ой мен сезім тұңғиығына тартатын туынды».
Наурызкөк - наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер "Наурызкөгім келдің бе?" деп шақырады және де жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді. Халқымыз оны бақыт құсы қатарына да қосады. ## Дереккөздер
Екпінді — Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Ақжал — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-батысқа қарай 39 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Қырбалтабай ауылдық округі — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақжал, Екпінді, Қайнар, Қырбалтабай, Шалқар ауылдары кіреді. Орталығы - Қырбалтабай ауылы. ## Дереккөздер
Қайнар — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-батысқа қарай 23 км-дей жерде. ## Дереккөздер
* Бәйтерек ауылдық округі – Ақмола облысы Зеренді ауданындағы әкімшілік бірлік. * Бәйтерек ауылдық округі – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік. * Бәйтерек ауылдық округі – Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әкімшілік бірлік. * Бәйтерек ауылдық округі – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы әкімшілік бірлік. * Бәйтерек ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы әкімшілік бірлік.
Наурыз шешек - Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі-түрлі гүлді, қауашақты әсем өсімдік (шөп). Әсемдік үшін үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. Наурыз шешек "Қызыл кітапқа" енген сирек кездесетін бағалы өсімдік қатарына жатады. ## Дереккөздер
Алмалы — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Көктөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Көктөбе — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Көктөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан шығысқа қарай 2 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Бірлік — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 14 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Көктөбе ауылдық округі — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Алмалы, Көктөбе, Қызылжар, Төле би ауылдары кіреді. Орталығы - Қызылжар ауылы. ## Дереккөздер
Есекке теріс мінгізу - қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірі. "Ата-анасына тіл тигізген немесе қол жұмсаған ұлды мойнына құрым кигізіп байлап, қара сиырға теріс мінгізеді" ("Жеті жарғы" заңынан). Қылмыс жасаған, елге ұят келтірген ерсі іс істеген, зиян жасаған ер, әйелдерді дала заңы бойынша халық жиналып, оның ұятын бетіне басады. Қара есекке (немесе қара сиырға) теріс мінгізіп, бетіне күйе жағып, есек бауыры астынан аяғын байлап, мойнына қара құрым іліп, үй, ауыл аралатып мазақ етеді, әбден қорлайды. Жұрт бетіне түкіреді. Бұл әсіресе жас балар үшін қатал көрсеткіш, үлгі әрі тыйым. Мұндай қатал үкім, масқара жазаны халық тәрбие құралы, тыйым ретінде қолданған. ## Дереккөздер
Таусүгір — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Аса ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан шығысқа қарай 102 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар "наурыз төлі" деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді. Мұндай малды көбінесе өз қызығына, тойына, құрбан айт күндерінде сойып, ырым етеді. ## Дереккөздер
Жаңашаруа — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Аса ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан шығысқа қарай 103 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Қазақстан ауылдық округі — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ащыбұлақ, Жолдыбай Қайыпов, Қазақстан ауылдары кіреді. Орталығы - Қазақстан ауылы. ## Дереккөздер
* Аса ауылдық округі – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік. * Аса ауылдық округі – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік.
Аса ауылдық округі — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Асысаға, Диқан, Жаңашаруа, Қайрат, Қызылшарық, Сарытау, Таусүгір ауылдары кіреді. Орталығы - Қызылшарық ауылы. ## Дереккөздер
Алға — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Жолдыбай Қайыпов ауылы — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласының солтүстік-шығысында 38 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Наурыз күні туылғандарды халық бақытты, ерекше адамдар деп санаған. Сондай себеппен оларға Наурыз есімін беретін болған. Мысалы қазақ халқында Наурызбай Құтпанбайұлы (1700-1781), Наурызбай Қасымұлы (1822-1847) атты әйгілі батырлар болған. Алтын ордада Наурыз есімді хан (1359-60) болғаны тарихтан белгілі. Наурызгүл, Наурызбек, Наурызәлі деген адам аттары да жиі кездесетіні белгілі. ## Дерекөздер
Қайрат — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Аса ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 83 км-дей жерде, Шелек өзенінің сол жағалауында, бұта аралас сұлыбас, бетеге, қылқанбоз, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен тау алдының қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты құрғақ даласында орналасқан. ## Тарихы 1962–97 жылдары темекі өсіретін “Асы” кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылы Қайратта шаруа қожалықтары құрылды. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. ## Дереккөздер
Қойшыбек — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-батысқа қарай 23 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Арна (2018 жылға дейін – Мелиоратор) — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Қаратұрық ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 46 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Қаратұрық ауылдық округі — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Арна, Ащысай, Достық, Қаратұрық, Лавар, Тауқаратұрық ауылдары кіреді. Орталығы - Қаратұрық ауылы. ## Дереккөздер
Ащысай — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Қаратұрық ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Шалқар — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-батысқа қарай 38 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Төле би — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Көктөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан шығысқа қарай 6 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Космос — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңашар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Жаңашар ауылдық округі — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Базаркелді, Жаңашар, Космос ауылдары кіреді. Орталығы - Жаңашар ауылы. ## Дереккөздер
Қаражота ауылдық округі — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақтоған, Қаражота, Сарыбұлақ ауылдары кіреді. Орталығы - Қаражота ауылы. ## Дереккөздер
Сазы — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялқы орны Аудан орталығы - Есік қаласының солтүстік-шығысында 40 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Ақши ауылдық округі — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақши, Қазатком, Қайрат, Сазы ауылдары кіреді. Орталығы - Ақши ауылы. ## Дереккөздер
Диқан — Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы, Аса ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 92 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Асхат Мұратұлы Садырбай (6 маусым 1986 жылы, Шымкент қаласы, Түркістан облысы) — журналист, тележүргізушісі. Әкесі Садырбаев Мұрат Абылұлы, анасы Сыздықова Оразкүл Керімбекқызы. Туған ауылы Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Әңгір ата ауылы. Отбасында 3-ші перзент. Ағасы, әпкесі, інісі, қарындасы бар. ## Өмірбаяны 1992 жылы Әңгір ата ауылындағы бастауыш мектептің 1-сыныбына барады. 4-ші сыныпты тәмәмдаған соң көрші Абай ауылындағы орта мектепке ауысады. 2003 жылы Абай атындағы орта мектепті үздік бітіреді. 2003 жылдың қараша айынан бастап жергілікті облыстық «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының штаттан тыс тілшісі ретінде жұмысқа қабылданып, таңғы бағдарламалардың жүргізушісі қызметін атқарады. 2004 жылы Алматыдағы Халықаралық Мамандықтар Институтына ауысады. 2005 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ ОҚО филиалына штаттағы редактор қызметіне жұмысқа қабылданады. Оқуын сырттай бөлімге ауыстырып, журналистиканы қызметте жалғастырады. 2005 жылы Халықаралық Мамандықтар Институты жабылып, сол жылы 3-ші курсты Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің «Халықаралық қатынастар» факультеті, «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша сырттай оқу түрін жалғастырады. 2006 жылдың ақпан айында «Қазақстан» РТРК таңғы бағдарламасының жүргізушісі ретінде шақырылып,штаттағы редактор-жүргізуші қызметіне Алматы қаласына ауысады. 2006 жылдың маусым айында Шымкенттегі «Қазақстан» РТРК АҚ ОҚО филиалына редактор-жүргізуші қызметіне қайта оралады. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің «Халықаралық қатынастар» факультеті, «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша оқуды бітіріп, «Халықаралық журналист» дипломын алады. 2009 жылы Алматы қаласындағы «Хабар» ААҚ шақыртуымен «Ел Арна» телеарнасына штаттағы редактор-жүргізуші қызметіне ауысады. 2014 жылдың сәуір айында «Ел Арна» телеарнасынан «Хабар» телеарнасына ауысады. ## Білімі ## Отбасы 2011 жылдың 8 тамызында Асхат Садырбай Ерке Есмаханмен неке қиды. Екі жылдан соң жұп ажырасты. Бұл некеден Мүслім деген ұлы бар. ## Дереккөздер
Құлжа — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Ташкенсаз ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстікке қарай 10 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Ташкенсаз — Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Ташкенсаз ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстікке қарай 12 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Бәйдібек би ауылдық округі — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік. 2014 жылға дейін Евгенемаловодный ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына кіретін жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Бәйдібек би ауылы. ## Дереккөздер
Көлді — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Тескенсу ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 49 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Көкпек — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Сөгеті ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан шығысқа қарай 117 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Толқын — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Тескенсу ауылдық округі құрамындағы ауыл. Кеңестік кезеңде 1970 жылдары идеологиялық пиғылмен шетелдік радиотолқындарға кедергі туғызу мақсатында салынған радиостанциялық бекет орналасқан жер. Атауы радиотолқындарға байланысты қойылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Ақши ауылдық округі – Абай облысы Аягөз ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақши, Ақтүбек ауылдары кіреді. Орталығы – Ақши ауылы. ## Округ деректері 1949 жылы Қара-күнгей колхозы болып құрылып, кейіннен Қара-күнгей, Жас тілек және Елтай колхоздарын біріктіріп Н.Хрущев атындағы колхоз құрылып орталығы Ақши ауылы болып аталып осы колхозға Қасенов Нұрахмет басшылық еткен. 1957 жылы наурыз айында колхоз таратылып Мыңбұлақ кеңшарына қосылған. 1963 жылы Мыңбұлақ кеңшарынан бөлініп қайтадан Ақши кеңшары құрылып, оған Биесимас, Шұбартөс ауылдары қосылған. Кеңшар орталығы 1970 жылы жаңадан Сарыарқа ауылы салынып сонда көшірілді. 1974 жылы Ақши кеңшарынан бөлініп Сабыржан Ғаббасов атындағы кеңшар болып құрылды, осы кеңшарға Ақтүбек және Көкащы елді мекендері кірді және жаңадан құрылған кеңшарға директор болып Тлеубаев Өскенбай басшылық жасады. Кеңшар орталығында 1975 жылдан бастап 10 жылдық мектеп, кеңсе үйі, МТМ, құрылыс объектісі, ауыз су құбыры, дүкендер, наубайхана, монша және жылына 20-25 тұрғын үйлер сондай-ақ жаңадан мал қыстақтары салынды. 1974-1980 жылдары Ө.Тлеубаев басшылық жасаған кезде С.Ғаббасов кеңшарының өрлеу жылдары болды. Осы кеңшар 8000 га жерге егін егіп, сонымен қатар 30 000 қой-ешкі, 2500 ірі-қара, 800 бас жылқы малдарын өсірген қатардағы шаруашылық болған. Кеңшарды 1980-1986 жылдары Бағдат Оралбаев, 1986-1988 жылдары Еркін Күйебаев басшылық еткен кезде астық алу мен мал басынан төл алудан жақсы көрсеткіштер көрсетіп аудан бойынша алдыңғы қатарлы шаруашылық атанды. 1988-1990 жылдары Санақ Махметов басқарса, 1990-1994 жылдар аралығында Тұрысбек Сембеков басшылық жасап, 1994-1995 жылдарда Айтқазы Еркебаев Ақши ұжым шаруашылығын басқарды. 1996 жылы жекешелендіру жұмыстары жүргізіліп, бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Кеңшардың өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңірген, еңбектері жоғары бағаланған Ленин орденінің иегері атағын алған Төкен Жұмаділов, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегерлері Ілияс Бекентұров, Ерсайын Құдагелдин және алдыңғы қатарлы механизаторлар Нұрзада Ақанаев, Мэлс Айтжанов, Төкей Өсербаев, Көбелдес Рахметов, Аманғазы Ахтаев, Тоқтар Оспанов, Сүбебек Искаков, Қасымжан Түсіпжанов, Мұқатай Майланов, Жолдығазы Айтжанов, Жақсылық Әлімбаев, Қызырхан Баяхметов, Қалияс Бекентұров сынды азаматтар ел тарихына жазылды. Ауылдың өркендеуіне үлкен үлес қосқан басшылар – Авленов Талас, Бөлегенов Матайбай, Атымтаев Орынғали, Саңқайбаев Өртбай, Уалиев Келсін, Жансарин Жұмақан, Садуақасов Түгелбай, Бейсеғожин Рымжан, Байтуғанова Рысхан, Ермұхамет Кулов. Мал басының жылдан жылға өсуіне атсалысқан малшылар – Хасенов Қабылахмет, Мүлікбаев Мұратқажы, Қасенов Нұреке, Айтжанов Сарсеғали, Додабақов Сарқытбай, Сахариев Дүйсенбек, Тұраров Құсман, Бокишев Қамысбай, құрлысшылар – Алмұхаметов Мүтән, Дүйсенбаев Бейсембай, Искаков Қыдырбек, Байшөкенов Сабыр, Сабырбеков Мұхаметқазы және т.б. ауыл еңбеккерлерінің аттары ел аузынан түспейді. Отан үшін от кешкен Бұланов Бейсеғажы, Елікбаев Түсіпжан, Әйтімбетов Сабырбек, Иманалин Бекентұр, Бақтыбазаров Манап, Темірғалиев Жұмағали, Абылғазин Мұқанай, Қарасартов Жұмакелді, Өміржанов Толыбай, Ахтаев Омария, Мұсасарин Мұхтар, Оспанов Жүніс, Тайманов Төлеуғазы сынды аталарымыз, сонымен қатар соғыс кезінде тылда еңбек еткен Орынбаева Ғазиза, Мұхаметқалиев Мұхаметия, Ахметқалиева Қалимаш, Закирова Ақпан, Өміржанова Ажар, Серікбаева Бәйке, Сақыпжанова Бәтен, Саманбетова Маңлық, Сүлейменова Нәйля, Мұхаметқалиева Үгіл, Бекназаров Қасымжомарт, Абдилдин Жұмаш, Бекназарова Бәтіш, Қарынова Кәметай, Нығметжанов Зада, Құрманбайқызы Шәрбан, Темірғалиева Рабиға, Ахметқалиева Минуар аталарымыз бен аналарымыз соғыстан кейінде әр салада еңбек етіп ауылдың өркендеуіне өз үлестерін қосқан. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде қажымай еңбек еткен ұстаздар Қарасартов Төкен, Шумаков Жақсыбай, Абзиева Сағдат, Ешмұхаметова Қайыпжамал, Мұқанова Күлпан, Жолдасбаева Қаршыға, Дүйсенбаев Кәден, Жұмабекова Рысхан, Бекентұров Ғаппас, Дүйсенов Қабаш, Мұхаметжанов Ғазиз және 30 жылға жуық Ақши орта мектебін басқарып келе жатқан Ахметқазы Жұмағазыұлының ұжымы білім нәрін берген оқушылары бүгінгі күні еліміздің әр жерінде еңбек етуде. Алдыңғы буыннын жолын ұстанып бүгінгі күні ауылдың көркейуіне атсалысып келе жатқан азаматтарымыз Қалиас Бекентұров, Сағидолла Жұмаханов, Болат Қасенов, Еркін Шонашевтар басқаратын шаруа қожалықтары, Сайран, Еділ Жұмахановтар, Гүлзия Темірғалиева сияқты кәсіпкерлер халыққа қызмет көрсетіп ел құрметіне бөленіп жүр.Әкімшілік орталығы: Ақши ауылдық округі, Аягөз ауданынан 45 км қашықтықта, облыс орталығынан 338 км қашықтықта орналасқан. Ауыл әкімшілігіне бір елді мекен кіреді – Ақтүбек ауылы орталықтан 18 км қашықтықта орналасқан. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі – 90 320 га оның ішінде: 3857 га егістік, 4861 га шабындық, 79060 га жайылымдық, 2542 га босалқы жерлер болып табылады. Ауылдық округте 1 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 1 ФАП, 1 ФП, Мәдениет үйі, Мешіт, Тойхана, 3 азық-түлік дүкені, Казпошта бөлімшесі, АТС, ауылдық кітапхана халыққа қызмет көрсетсе сонымен қатар 64 шаруа қожалығы тіркеліп 11 шаруа қожалығы мал қыстамаларында мал басын өсірумен айналысып, 4 шаруа қожалығы 1000 га жерге дәнді дақылдар егумен шұғылданады. Бүгінгі күні ауылымызда 1065 адам қоныстанған, оның ішінде: жұмысшылар қатарына – 595 адам, зейнеткерлер – 102 адам, оқушылар саны – 213, мұғалімдер – 35, медицина қызметкерлері – 6, тыл ардагерлері – 5 адам, батыр аналар: «Алтын алқа» иегерлері – 22 адам, «Күміс алқа» иегерлері – 15 адам, жалпы ауыл бойынша 257 отбасы бар.] Сілтеме: http://ayagos.vko.gov.kz/kz/territorial_20.htm Мұрағатталған 7 қарашаның 2016 жылы. ## Дереккөздер
Күш — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Нұра — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Сөгеті ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 93 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Қазатком — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Базаркелді — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңашар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-батысқа қарай 23 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Масақ ауылдық округі — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қазтай Ұлтарақов, Нұрлы ауылдары кіреді. Орталығы - Қазтай Ұлтарақов ауылы. ## Дереккөздер
Сатай — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км-дей жерде орналасқан. ## Дереккөздер
Қаракемер ауылдық округі — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қаракемер, Сатай, Талдыбұлақ ауылдары кіреді. Орталығы - Қаракемер ауылы. ## Дереккөздер
Қайрат — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 31 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Қорам ауылдық округі — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына кіретін жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы - Қорам ауылы. ## Дереккөздер
Хұсайын Бижанов ауылы — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Бартоғай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 82 км жерде. ## Дереккөздер
Майское — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 75 км-дей жерде орналасқан. ## Дереккөздер
Торғайбаза — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 68 км-дей жерде орналасқан. ## Дереккөздер
Малыбай — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Малыбай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан шығысқа қарай 78 км-дей жерде орналасқан. ## Дереккөздер
Баяндай — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Ташкенсаз ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстікке қарай 13 км-дей жерде. ## Дереккөздер