text
stringlengths
3
252k
Көксу — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл, Көксу ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 82 км-дей жерде, Үлкен Қотырқой тауынан солтүстікке қарай орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Көксу ауылдық округі — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Беріктас, Көксу, Көктал, Қосағаш ауылдары кіреді. Орталығы – Көксу ауылы. Округ құрамында болған Ынтымақ ауылы 2006 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Талдыбұлақ ауылдық округі — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бостан, Талдыбұлақ, Терісаққан ауылдары кіреді. Орталығы – Талдыбұлақ ауылы. ## Дереккөздер
Адай-Табын ауданы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің бұрынғы әкімшілік бөліну бірлігі. ## Тарихы Аудан Адай уезі құрамында 1921 жылдың 3 наурызында құрылған. Аудан халқының барлығы көшпенді болған, бұл жағдай ауданның орталығы жоқтығына әкелді. 1922 жылдың 9 қыркүйегінде аудан таратылды. Құрамына кірген болыстар уезд басшылығына тікелей бағыныңқылы болды. 1923 жылдың 20 наурызында аудан қайтадан құрылды. 1923 жылдың 5 шілдесінде аудан қайтадан таратылды. Құрамына кірген болыстар уезд басшылығына тікелей бағыныңқылы болды. ## Әкімшілік бөлінуі Аудан алғаш құрылған кезде 11 болыстан тұрды. Олар: 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші Адай; 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші, 6-шы Табын. Қайта құрылған уақытта аудан 9 болыстан тұрды. Олар: 1-ші, 2-ші, 3-ші Адай; Доңызтау-Ақкөл; Сам-Матай; Тайсойған-Сағыз; Ұлы Сам; Шилі-Сағыз; Жем-Сағыз. ## Дереккөздер
Онжас — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Шұбар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 86 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бірінші Адай болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі 6 әкімшілік ауыл, 775 қожалық. ## Халқы және көшу жолдары Құрамына Адайдың әртүрлі рулары кіреді. Атап айтқанда: Көрпе — 170 үй, Жанақ — 91 үй, Балықшы — 156 үй, одан басқа Ақпан — 20 үй, Құнанорыс — 100 үй, Бәйбіше — 102 үй, Қожағұл — 156 үй болды. Халқы түгелдей көшпенділер, олар жазда Жем өзенінің оң және сол жақтарын жағалап, Шерқала тауларына дейін көшеді. Қыста Оймауыт, Қайрақты, Молқұдық, Сам, Қарабауырды қыстайды. ## Дереккөздер
* Талдыбұлақ ауылдық округі — Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы әкімшілік бірлік. * Талдыбұлақ ауылдық округі — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы әкімшілік бірлік. * Талдыбұлақ ауылдық округі — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы әкімшілік бірлік.
Арқарлы — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Жоламан ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 38 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Екінші Адай болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі 6 әкімшілік ауыл, онда 785 қожалық бар. ## Халқы және көшу жолдары Негізгі көп ру — Шегем. Болыс шаруаларының үлкен көшу жолы бар. Жазда Ойыл, Темір, Сарықобда, Қарақобда өзендері бойларын жайласа, қыста Сам, Қараой, Барсакелмес сорының батыс бөлігіне дейін барып қыстайды. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Үшінші Адай болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі 9 әкімшілік ауылдан тұрады, 1078 үй бар. Оның 941-і көшіп-қонып жүреді. 110 үй Сағыз өзені бойында мал шаруашылығымен қатар егін салумен де шұғылданады. 10 үй Хиуа каласында, 12 үй қысы-жазы Самда болатын жатақтар. ## Халқы және көшу жолдары Негізгі рулары — Қосқұлақ, Жары. Болыс халқы жазда Сағыздың Жетікөл, Ащы, Ақжар, Байсарысына дейін көшеді. Қыста Ерлі-Көшкен, Шыбынды, Әлібек, Ащыбас, Қарақұдық, Құсшы, Қаңбақты жерлерін қыстайды. Көктем мен күзде Белсексеуіл, Барсакелмес, Қараой, Шағырлы, Жақсы және Жаман Қайрақты қоныстарына көшіп барып отырады. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Сайлыкөл — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Қаспан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Төртінші Адай болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі 772 үйі бар, 6 әкімшілік ауылдан тұрады. ## Халқы және көшу жолдары Негізгі руы — Бегей. Бұл болыста жартылай көшпенділер жоқ. Барлық ауылдары қыста Орталық Үстірттің Қараой, Мүзбел, Қаңбақтыой және Орта Азия теміржолына дейін барып қыстайды. Бегейдің Малай аталатын аулынан басқасы Самда, Темір мен Ақтөбе уездерінің кейбір шаруалары сияқты Жаңғақтың ойында Жәуміт түрікмендер жайлайтын жерлерде болады. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Шаған — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Қаспан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Алтыншы Адай болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Тарихы 1920 жылға дейін Закаспий облысының (орталығы Ашхабад қаласы) Красноводск уезінде болды. 1920 жылдан бастап Адай уезі құрамына кірді. ## Әкімшілік бөлінуі 5 әкімшілік ауыл, 1000-ға жақын үй бар. Бұлардан басқа 200 үй Красноводск қаласын жыл бойында тұрақты мекендейді. ## Халқы және көшу жолдары Болыс қарауындағы шаруалар түгелге дерлік жазда Ойыл, Темір өзендеріне дейін көшеді де, қыста Красноводск қаласының маңына келеді. Есен, Бегімбет — 150 үй, Қоңыр — 50 үй, барлығы 200-дей үй Қоңыратқа дейін көшеді. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Жетінші Адай болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі 5 әкімшілік ауылдан тұрады. 773 үйі бар. ## Халқы және көшу жолдары Негізгі рулары - Сүйіндік және Қосай рулары. Болыстағы шаруалар түгелдей көшеді. Жаз жайлауы — Ойыл және Темір өзендері, қыста Қаратау бойына, Қарабұғазға дейін келеді, аздаған бөлігі Красноводскіге дейін барады. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Александр-Бай ауданы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің бұрынғы әкімшілік бөліну бірлігі. ## Тарихы Аудан Адай уезі құрамында 1921 жылдың 3 наурызында құрылған. Аудан халқының барлығы көшпенді болған, бұл жағдай ауданның орталығы жоқтығына әкелді. 1922 жылдың 9 қыркүйегінде аудан таратылды. Құрамына кірген болыстар уезд басшылығына тікелей бағыныңқылы болды. ## Әкімшілік бөлінуі Аудан 4 болыстан тұрды. Олар: 1-ші, 2-ші Манғыстау; Райымберді; Түпқараған ## Дереккөздер
Бірінші Маңғыстау болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі 9 әкімшілік ауыл, онда 1468 қожалық бар. Ауылдары: Жаңай — 135, Қожаназар — 125, Әлі — Тасым — 100, Төлеке — 50, Қамысбай — 150, Қаржау — 45, Өтеғұл — 50 үй. ## Халқы және көшу жолдары Болыстың 655-тейі Мырзайыр, Ақтөбе жерлерін қыстайды. Жазда — Тұзбайыр, Арыстанбұға, Алты-Құлаш, аржағы Жем өзеніне дейін жайлайды. 100 үй Жаңай, 100 үй Қожаназар, 100 үй Әлі-Тасым, 50 үй Төлеке жыл бойына Қаратауда болады. 185 үй Құл мен Тоян жыл бойы Шайырдың маңындағы бұлақтарда және Қаңғада отырады. 160 үй Тоқабай жыл бойына Қандыбас маңында, 50 үй Төлеке Ақтөбеде, 40 үй Қамысбай Қаратұранда болады. 50 үй Қаржау Тарлада, 30 үй Өтеғұл Қаражылға және Сағындыны мекендейді. Қалған жатақтар егін салады. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Қаспан ауылдық округі — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Көксай, Қайнарлы, Қаспан, Сайлыкөл, Шаған ауылдары кіреді. Орталығы – Қаспан ауылы. ## Дереккөздер
Көксай — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Қаспан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 25 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бозащы ауданы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің бұрынғы әкімшілік бөліну бірлігі. ## Тарихы Аудан Адай уезі құрамында 1921 жылдың 3 наурызында құрылған. Аудан халқының барлығы көшпенді болған, бұл жағдай ауданның орталығы жоқтығына әкелді. 1922 жылдың 9 қыркүйегінде аудан таратылды. Құрамына кірген болыстар уезд басшылығына тікелей бағыныңқылы болды. ## Әкімшілік бөлінуі Аудан 4 болыстан тұрды. Олар: 2-ші, 3-ші Бозащы; Жеменей; 1-ші Түрікменадай ## Дереккөздер
Дос — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қайнарлы (2017 жылға дейін — Водное) — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Қаспан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Майтөбе — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 14 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қойқырыққан — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Екінші Маңғыстау болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі 7 әкімшілік ауылда 1215 қожалық бар. ## Халқы және көшу жолдары Негізгі рулары: Шоңай-Әлмембет. Тоқсанбай ауылында 320 үй болса, 215-i жыл бойына Отпан шоқысының маңында, 150 үй қыста Қарабұғазға дейін, жазда Ойыл жөне Сағыз өзендеріне дейін көшеді. Бөгембай-Боқай ауылында 240 үй бар. Одан 50 үй Орск қаласы маңын мекендейді. 160 үйі Тоқсанбайлықтармен бірге Қаратау бойында отырады да, 30 үй Қарабұғаз шығанағы мен Сағыз өзендері арасында көшіп жүреді. Табынай ауылында 600 үй бар, одан 200 үй Нарын — Бөкей губерниясының аумағын жайлайды. 200 үй Орал губерниясының Қақбақты, Ащысай болыстарымен бірге қоныстанса, 200 үй Адай уезінің жері Таушықта және Қаратау бойында Бөгембай-Боқай ауылдарымен бірге көшіп жүреді. Бәубек ауылында 260 үй болса, одан 240 үй Қараеспе-Сартағанда отырады. Ал олардың 20 үйі өз болысындағы көшетіндермен бірге жүреді. 200 үй болыстағы әртүрлі рулар Сағыз өзеніне дейін бойлап барады. 10 үй Бекі, Сәубетте отырады. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Көктал — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Көксу ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 82 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Сарыөзек ауылдық округі — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы әкімшілік бірлік. 2004 жылға дейін Вольский ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Русская Ивановка, Сарыөзек, Шоқай ауылдары және Шоқай темір жол бекеті кіреді. Орталығы – Сарыөзек ауылы. ## Дереккөздер
Қоғалы — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл, Қоғалы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 56 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қоғалы ауылдық округі — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Коноваловка, Күреңбел, Қоғалы, Тастыөзек, Шаған ауылдары кіреді. Орталығы – Қоғалы ауылы. ## Дереккөздер
Үстірт-Сам ауданы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезі және Қазақ АКСР-дағы Адай округінің бұрынғы әкімшілік бөліну бірлігі. ## Тарихы Аудан Адай уезі құрамында 1921 жылдың 3 наурызында құрылған. 1922 жылдың 9 қыркүйегінде аудан таратылды. Құрамына кірген болыстар уезд басшылығына тікелей бағыныңқылы болды. 1928 жылы аудан Адай округы құрамында қайта құрылды. 1929 жылдың сәуірінде аудан қайтадан таратылды. Аудан территориясы Жылыой ауданы құрамына өткізілді. ## Әкімшілік бөлінуі Аудан 5 болыстан тұрды. Олар: 1-Бозащы болысы, 4-Бозащы болысы; Келімберді; Тайсойған; Жем-Сағыз ## Дереккөздер
Сенек-Сом ауданы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің бұрынғы әкімшілік бөліну бірлігі. ## Тарихы Аудан Адай уезі құрамында 1921 жылдың 3 наурызында құрылған. Аудан халқының барлығы көшпенді болған, бұл жағдай ауданның орталығы жоқтығына әкелді. 1922 жылдың 9 қыркүйегінде аудан таратылды. Құрамына кірген болыстар уезд басшылығына тікелей бағыныңқылы болды. ## Әкімшілік бөлінуі Аудан 4 болыстан тұрды. Олар: 6-шы, 7-ші, 8-ші Адай; Әли-Бәйімбет ## Дереккөздер
Бірінші Бозащы болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі Болыс 7 әкімшілік ауылдан, 1213 үйден тұрады. ## Халқы және тұрмысы Негізгі рулары: Айтумыс, Шылым, Көшке ауылдары бұрын көшіп жүрген, соңғы кездерде Жемнің бойындағы Бақашыны жайлап, 93 үй көшуді тоқтатып, суармалы егіншілікке ауысқан. Ақбота 360-қа жақын үй, одан 100 үй Бозащы түбегінің Тасорпа суын мекендеген, 190 үй жартылай көшпенді — Жартышеке, Аққұдықты жайлайды. Қалған 20 үй егіншілікпен Ново-Александровскіні мекендейді. Есен ауылы 200 үй, одан 160 үй жартылай көшпенді, жыл бойына Бозащы түбегінің шығыс бөлігінде Ақботалармен бірге жүреді. 40 үй Қарақұмда қысы-жазы отырады. Бірінші Олжашы ауылында 150 үй, одан 40-қа жақын үй Бозащы мен Қаратау арасында көшіп жүреді. Қалғандары жатақтар, Өлі Қолтықта (залив Мертвый культук) отырады. Бөкен ауылында 100 үй, одан 90 үй жартылай көшпенді, жыл бойына Ауызорпа мен Ащыорпа жерлерінің арасын мекендейді. 10 үй жатақ Форт-Александровскіде тұрады. Өтебайдың барлығы 120 үй, оның 25 үйі Бөкендермен, 110 үйі бірінші Олжашы ауылымен бірге жүреді. 200-дей үй қыста Қарынжарық, Сеңгір-құмдарын, ал көктемде Көгесем, Қарағанбосаға, Қыңыр, Ұзын суларын жайлап, Самға барады. Жазда Қарақұм, Ойыл, Сағызға дейін көшеді. Екінші Олжашы ауылы 120 үй. Қыста Бесоқты, Тоңаша және Қарынжарық құмдарын қыстап, жазда Самға дейін көшеді. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Төртінші Бозащы болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі 7 әкімшілік ауылында 1043 қожалық бар. ## Халқы және тұрмысы Негізгі рулары: Өрдек, Шылым, Айтумыс. Бірінші Бәйбіше ауылында 170 қожалық болса, оның 150-і жартылай көшпенді, отыратын сулары Қызық, Қотырбай, Еспе. Қалған 20 үй Форт-Александровскіде отыратын жатақтар. Мамыр ауылында 140 уй бар, бұлардың қонысы Сағыз және Қайнар өзендері мен Ұзынкөл, Әсемкөл маңы, егіншілікпен айналысады. Қойсары ауылында 150-дей үй бар, оның 15-ке жуығы Форт-Александровскіде жататын жатақтар. Қонай ауылында да 150-дей үй бар, оның 50 үйі Буракөлді мекендесе, 20 үйі жыл бойына Өлі Қолтық маңын, 15 үйі Бозащы түбегінің Қаратөбе құдығын мекендейді. 200 үй Қаратоқаның 20-сы Жемнің Ақмешітінде, 30 үйі Қаратаудың Шетпе бұлақтарын мекендейді. Кенжеден 310 үй болса, 90-ы Өлі Қолтық маңын қыстап қалады да, басым көпшілігі Көкшесу мен Ақжарға дейін көшеді. Жалпы бұл болыстың шаруалары қыста Қарабұғаз шығанағы, Қарынжарық құмы, Қарашық, Құлшық шағылдарын қыстап, жазда Қараған, Қорлақ, Жайнақ, Тағалбайлы, Құщы, ал кейбір ауылдары Жем мен Ойылға дейін көшіп барады. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Үшінші Бозащы болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі 8 әкімшілік ауыл, онда 1432 үй бар. ## Халқы және тұрмысы Негізгі ру — Мұңал балалары. Рысалы — 247 үй, Жетімек — 14 уй, жартылай көшпенді, Жылыойда Жартышеке, Аққұдық маңдарында отырады. Ескелді әкімшілік ауылында 153 үй (одан 20 үй Игілік) қыста Көкжал құлауларында, жаз шыға көктемде Қарынжарық, Сеңгірқұмдарға, Қаратаудың шығыс бөлігіне жөне Қарақұмға дейін көшеді. Қысқа қарай Красноводскіге дейін қайтады. 1926 жылы осы аталған ауылдар көрсетілген құмдарды қыстады. Болыстың 1000-ға тарта қожалықтары көп көшпей Бозащы түбегінің терістік шығысын жайлап жүреді. Олар Дәулеталы және Мұрат (Кеще) ауылдары. 200-дей үй Жиделі және Тұщықұдық, Оңтүстік батысында Қошақ араларында жүреді. Болыста балық шаруашылығын кәсіп етушілер жоқ. Өңір мал шаруашылығымен айналысады. Бұл болыста егін салушы да жоқ. Жаздағы көші қон ұзындығы 150 шақырымға дейін созылады. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Екінші Бозащы болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі 9 әкімшілік ауылы, онда 1340 үй, Мұңал ұрпақтары тұрады. ## Географиясы Болыстың аумағы терістік батыста Завортный кентімен, терістік шығыста Тұщықұдық құдығымен, оңтүстік батыста Қошақ шығанағымен аралықты алып жатады. Бұл болыс түгелдей құмда орналасқан, халқы жартылай көшпенділер. ## Халқы және тұрмысы Негізгі халқы мал шаруашылығымен айналысады, бір азғантай бөлігі егін де салады. 50 үй Бектеміс ауылы балық аулайды. Жыл бойына төрт пен онға дейін қоныс аударып көшіп жүреді. Көші-қонның жалпы ұзындығы 150-шақырымнан аспайды. Енді бір шаруашылық ауылы — Тоқтамыс. Олар жыл бойына Құлбарақ, Тиген, Аманқызылит, Қаратөбе құдықтарында отырады. Малдырақ тобы Қарақұм, Жемге дейін өкшіп барып жайлайды. 4 шаруашылық ауыл: Майлан, Шотан, Құдайберген, Тастемір қыста Жүз-есем, Тоғыр, жазғытұры Қырықсегіз теппе, Құлбалой, Ұзын, Самның батыс бөлігін, жазда Темірге дейін жайлайды. Көші қон ұзындығы қонысқа байланысты. 1926 жылы бұл рулар Босағаны қыстап қалды. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Үстірт-Қарақұм ауданы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің бұрынғы әкімшілік бөліну бірлігі. ## Тарихы Аудан Адай уезі құрамында 1923 жылдың 20 наурызында құрылған. Аудан халқының барлығы көшпенді болған, бұл жағдай ауданның орталығы жоқтығына әкелді. 1923 жылдың 5 шілдесінде аудан таратылды. Құрамына кірген болыстар уезд басшылығына тікелей бағыныңқылы болды. ## Әкімшілік бөлінуі Аудан 7 болыстан тұрды. Олар: 4-ші, 6-шы, 7-ші Адай; Әли-Бәйімбет; Келімберді; 1-ші, 2-ші Түрікменадай ## Дереккөздер
Түпқараған болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі 10 әкімшілік ауылда 1858 үйден тұрады. ## Халқы және тұрмысы Негізгі руы — Бәйімбет, оның ішінде Сабытай. Төлеп ауылы 30 уй, жартылай көшпенді, Қаратаудың Күркіреуік және соның маңындағы бұлақтарда егін салып та күнелтіс жасайды. 30 үй Аралбай Көрпе жатақтары Сеңгірқұмда, 10 үйі Форт-Александровскіде тұрады. Маңғыбай, Күйік Көрпелер — 170 үй. Одан 50 үй Есекжарда қысы-жазы отырады. Айым, Шақа, Матай және алтыншы және екінші Боққара ауылында 190 үй бар, оның 145-і Торты және Қошқарата жерлерін мекендейді. Олармен бірге 25 үй Өтеулі, Жаманқара және бірінші Боққара ауылдары бірге жүреді. Осы 190 үйдің 75 үйі Ақорпа, Алаторпа және осыған көрші жатқан Ақтау бойын жай­лайды. Байбоз ауылында 240 үй бар, олардың жартылай көшпенділері мен жатақтары: 50 үй Бекі, Сәубетте, 50 үй Тортыда, 40 үй Борлы-Торымда, 50 үй Саршада отырады. Сарыболат ауылында 185 үй бар. Одан 10 үй жатақ Форт-Александровскіде. Сүгірәлі — Жәдігер ауылы 215 үй. 15 үй жатақ Форт-Александровскіде, 35 үй жартылай көшпенділер Ақорпа маңындағы жерлерде, 40 үй жатақ Басқұдықта отырады. Сегізбай ауылы — 180 үй, одан 30 үй жартылай көшпенді. Қонысы Таушық, 5 үй жатақ Форт-Александровскіде. Болыстың қалған 1175 үйі қысы-жазы мал шаруашылығының қамымен көшіп-қонып жүреді. Олардан 440 үй қыста Сеңгірқұм, Қарынжарыққа барса, жазда Сағыз өзеніне дейін жайлайды. 700 үй қыста қоныс қуып, Түрікменстан жеріне ауады. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Әли-Бәйімбет болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі Мұңалдан тараған рулар тұрады, 1122 үй, 6 әкімшілік ауыл. ## Халқы және тұрмысы Мамыртай, Жақау және Жанақ ауылдары бір жүреді, көп отыратын қонысы 24 ендік, 44 бойлықтағы Бөрібас құдығы. Әли, Жанғозы, Жантоқа ауылдары қыста көшіп, Бөрібасқа келсе, жазда Темір өзеніне дейін көшеді. Жанақ ауылдары Төрбастан шығып, жазда Көкжарға көшеді. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Келімберді болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі 4 әкімшілік ауыл, 570 қожалық. ## Халқы және тұрмысы Негізгі рулары: Жанбай, Жантуған, Құнанорыс. Бүл Келімберділіктер уездің басқа болыстары құрамында жоқтар, оларды топтап, болысқа Келімберді атағын берген. Осы болыстың 400 үйі басқа әкімшілік уездерде. Мысалы: 250 үй бірінші Адай болысында, 30 үй Хиуада, 30 үй Бөкей уезінің Майтөбе жерінде, 30 үй Гурьев уезінің Сімбірті болысында және 50 үй Қожелі қаласында. Бірінші Құнанорыс ауылында 150 үйдің 120-сы жартылай көшпенділер, қалғандары жатақтар, Форт-Александровскіде отырады. 2–3 Құнанорыс ауылында 250 үй жазда Жемнен өтіп, Ақсу көліне дейін барады. Қараша ауылында 140 үй жазда Ащы Ойылға дейін барса, қыста Тұзбайырға келеді. ## Дереккөздер
Ұлы Сам болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі 4 әкімшілік ауылдан құралады. ## Халқы және тұрмысы Негізгі рулары Адай, Табын, 3000 үйге жақын. Болыс шаруалары түгелге дерлік көшіп жүреді. Болыстың 750 қожалығы жартылай көшпенді. Оның 250 қожалығы 1920 жылға дейін Қоңыратқа дейін қоныстанып жүрді. Болыстың үлкен бөлігі Үстірттің оңтүстігінде Қартбай сор, Қосбұлақ, Белсексеуіл, Ақсексеуіл, Белдеуліні қыстаса, аз бөлігі Самның Оңтүстігінде Көксеңгір, Қараой жерлерін жайлаушы еді. 1920 жылдан кейін Сам, Матай құмдарының терістігіне ауысты. Атап айтқанда: Ақсай, Кіндікті, Қайнар, Айрық, Аққоңырдан, Теріскен, Кедей, жалпы Жемнің өр басына дейін қоныстанып, Жем, Қарақобда болыстарымен шектесіп, Мұғалжар тауларына дейін барды. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Ойыл болысы (Қазыбек) — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезі, Темір уезі және Қазақ АКСР-дағы Адай округінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі Болыста 3500 үй бар. ## Халқы және тұрмысы Ойыл өзенінің орта және төменгі ағысында қоныстанған. Болыстың төңірегінде Әлімұлы және Байұлылары тұрады. Бұлардың арасында көшпенділер жоқ. Халқының негізгі күнкөрісі — мал және егін шаруашылығы. Болыстың жер көлемі онша үлкен емес, бірақ құнарлы. Сондықтан көбіне Адай болыстары жерді пайдаланады. Көшпенділер жазда Үстірттің Ағды-Айрық, Шаған, Шағырай түлейі, Орталық және Оңтүстік Жемге, Атыжақсы, Жайынды, Құздысай, Сарыалтын, Мұғалжар, Жаманәлі, Әлітау, Бақыртау, Намазтау, Қаражар, Төрткілкөл, Шошқакөл, Доңызтау, Темір, Қарақобда уездерінің жерлеріне дейін жайлайды. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Райымберді болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі 1128 қожалық бар, оның 861-і Текелі — Алдаберді (Райымберді), қалған 267 үй Байұлының балалары, 6 әкімшілік ауылға біріктірілген. Қыдырша (Жары-Жетімек руы) — 220 үй, бір жерге бірікпеген, әр жерде жүрген көшпелі ру, Форт-Александровск қаласында және Ақтау бойында кездеседі. ## Халқы және тұрмысы Бірінші Әнет ауылында 250 үй, жартылай көшпенді. Кендірлі шығанағында, Ұзынқұдық, Төңірекшыңда отырады. 10 үй жазда Сағыз өзеніне дейін көшіп, қыста Кендірліге келеді. Екінші Әнет ауылында 133 үй, одан 110 үй қыста Ұзынқұдықта, Машырықта болып, жазда Ойылдың Бабажан мекеніне дейін барады. Қалған 23 үй Қаратаудың шығысындағы ұсақ бұлақтарды қоныстаған. Әтембек — 243 үй, одан 148-і көшпенділер, Орал губерниясының Шыңғырлаудағы Бозтөбені жайлап қайтады. Қыста Сеңгірқұм, Қарынжарық, Қарабұғаз, Кендірліге келіп қыстайды. Қалған 100 үй Шорым, Алаторпа сулары мен Ақтау бойындағы суларда болады. Беріш - 130 үй. 110 үй жартылай көшпенділер, жыл бойы Қаламқас, Жиделі аралығын жайлайды. 20 үй жатақтар, мекені Сарқауақ, Жармыш, 30 үй Құлкеш, басқа да Беріш тақталарымен бірлесіп, жерді пайдаланып, егіншілікпен айналысатын жатақтар. Сондай-ақ жартылай көшпенділер, мекені - Бозащы түбегінің Қауынды, Сорқұдық, Егдір, Шәудір сулары. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Тайсойған болысы (Тайсойған-Сағыз) — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі Болыста 1000 үй бар. ## Халқы және тұрмысы Халқы Тайсойған құмдарының шығыс бөлігінде тұрады. Кәсібі — мал шаруашылығы. Жазда Адайлардың бір бөлігі көшіп, қонып жүреді, қыста құмға көшіп келіп, жер үйлерге қыстайды. Малға жазда пішен дайындап алады. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Жем-Сағыз болысы (Шилі-Сағыз) — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі 11 әкімшілік ауылы, онда 1114 қожалық бар. ## Халқы және тұрмысы Жиделі құмдарын жайлайды. Гурьев уезінің Жем, Ақтөбе уезінің Сағыз, Оймауыт, Желтау болыстарымен шектеседі. Негізгі аумағы Жем, Сағыз өзендерінің арасында және Ойылға дейін жазда Адайлар көшіп жүреді. Негізгі халқы жатақтар, мал шаруашылығымен қатар егіншілікпен айналысады. Кей жылдары қыста Үстіртке қарай жылқы мен қой малдарын айдап кетеді. Бұл болыстың жүздеген қожалықтары Жем өзенінің төменгі жағында Жылыойға дейін барып қоныстанады. Кәсібі — мал шаруашылығы және егін шаруашылығы. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Матай-Найман болысы — Семей облысы Қарқаралы сыртқы округіндегі қазақ болысы. ## Әкімшілік бөлінуі 4 әкімшілік ауылдан тұрады. 3000 қожалық. ## Халқы және тұрмысы Халқы Табын руының Қарақойлысы, Доңызтау — Аққолтық болысымен қатар түгелге дерлік көшіп жүреді. Егіншілікпен айналысатыны 5 пайызга жетпейді. Бұл болыстың 20-25 пайызы, немесе 200 үй 1920 жылға дейін Қоңыратқа барып қыстап жүрді. Белгілі бір бөлігі Үстірттің Оңтүстігіндегі Қарақолқа жерінде Барсакелмес пен Арал теңізінің аралығында Білеулі-Қосбұлақ жерлерін жайлады. Болыстың басым көпшілік елі жазда Қараой, Көксеңгір, Сам, Матай, Айрық, Ақсеңгір, Теріскен құмы, Оймауыт құмы, Шағырлы құмы, Хантөрткіл, Бөкембай тауларына көшеді. Бұл көшпенділер жазда көбіне жайылыстарын пайдаланып отырады. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Күреңбел — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 60 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Коноваловка — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 51 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Маңғыстау-Бозащы ауданы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің бұрынғы әкімшілік бөліну бірлігі. ## Тарихы Аудан Адай уезі құрамында 1923 жылдың 20 наурызында құрылған. Аудан халқының барлығы көшпенді болған, бұл жағдай ауданның орталығы жоқтығына әкелді. 1923 жылдың 5 шілдесінде аудан таратылды. Құрамына кірген болыстар уезд басшылығына тікелей бағыныңқылы болды. ## Әкімшілік бөлінуі Аудан 9 болыстан тұрды. Олар: 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші Бозащы; Жеменей; 1-ші, 2-ші Маңғыстау; Райымберді; Түпқараған ## Дереккөздер
Адай округі – 1928-1929 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі. ## Тарихы Округ 1928 жылдың 17 қаңтарында Адай уезін қайта құру кезінде құрылды. 1929 жылдың 10 сәуірінде округ таратылып, құрамына кірген территориялар Ақтөбе, Гурьев округтері мен Қарақалпақ АО-қа өткізілді. ## Әкімшілік бөлінісі Округ орталығы - Ойыл ауылы. Округ 5 ауданға бөлінген: * Алтықарасу ауданы. Орталығы — Алтықарасу мекені * Маңғыстау ауданы. Орталығы — Форт-Александровский қаласы * Ойыл ауданы. Орталығы — Ойыл ауылы * Табын ауданы. Орталығы — Көкмешіт мекені * Үстірт-Сам ауданы. Орталығы — Жарқұдық мекені 1928 жылдың 17 қыркүйегінен 1929 жылдың 1 қаңтарына дейін округ құрамына Гурьев округінен енген Жылыой ауданы (Орталығы Жылыой ауылы) кірді. ## Әдебиет * Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 1500 таралым.
Сарыбұлақ — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қазансу — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 26 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Майтөбе — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 19 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Алтықарасу ауданы — Қазақ АКСР-дегі Адай және Ақтөбе округтерінің бұрынғы әкімшілік бөліну бірлігі. ## Тарихы Аудан Адай округі құрамында 1928 жылы құрылған. 1929 жылдың сәуірінде Адай округі таратылғаннан кейін аудан Ақтөбе округіне өткізілді. 1930 жылы Ақтөбе округі таратылғаннан кейін Алтықарасу ауданы да таратылды. Құрамына кірген аумақтар Ойыл ауданына өткізілді. ## Әкімшілік бөлінуі Аудан Темір уезінен өткізілген 3 болыстан тұрды. ## Дереккөздер
Қызылмектеп — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Алтынемел ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қосағаш — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Көксу ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 86 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Тастыөзек — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан шығысқа қарай 52 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Шилісу — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл, Қызылжар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 14 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Айнабұлақ — Жетісу облысы Көксу ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Айнабұлақ ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 39 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Айнабұлақ ауылдық округі — Жетісу облысы Көксу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Айнабұлақ, ПЧ-45 қосшар ауылдары және Көпір, Тауарасы темір жол айрықтары кіреді. Орталығы – Айнабұлақ ауылы. ## Дереккөздер
Ренат Вячеславович Дубинский (6 мамыр 1979, Қазақ КСР, КСРО) - Қазақстан және Ресей футболшысы, қорғаушы. ## Карьерасы ### Клубтық Ақтау футболының түлегі. Карьерасын Ресейдің екінші лигасында ойнаған «Агидельде» бастаған. Одан кейін Дубинский «Балтика», «Нарт» және ставропольдік «Динамода» ойнаған. 2001 жылдан бастап Ренат «Шинник» клубының ойыншысы атанды. 2005 жылы Дубинский Екатеринбургтің «Оралына» ауысты. 2006 жылы Ренат Қазақстан чемпионы - «Ақтөбе» клубының ойыншысы атанды. 2007 жылы Ренат «Балтика» клубында карьерасын аяқтады. ### Ұлттық құрамада Ұлттық құрамада Дубинский 2003 - 2006 жылдар аралығында 13 ойын өткізіп, құрамада доп соқпаған. Алғашқы ойынын Ренат Португалияға қарсы өткізді (20.08.2003, Жолдастық кездесу, есеп 0:1), соңғы ойынын Қырғызстанға қарсы ойнады (05.07.2006, Жолдастық кездесу, есеп 1:0). ## Дереккөздер
Ақын Қалқа ауылы (2010 жылға дейін — Мұқыры) — Жетісу облысы Көксу ауданындағы ауыл, Мұқыры ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Шилісу — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Серікбай Өтелгенұлы Тұрымов (1964 жылдың 3 маусымда Форт-Шевченко қаласында туған) — мемлекет қайраткері, Маңғыстау облысының әкімі (2019-2021), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2021 жылғы 10 қыркүйектен бастап). Құрмет орденінің иегері (2016). ## Білімі * 1992 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдады. ## Еңбек жолы * 1981 - 1990 жж. – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде әр түрлі қызметтерде болған; * 1990-1994 жж. – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан ЛКЖО Форт-Шевченко қалалық комитетінің бірінші және екінші хатшысы, оқу-өндірістік комбинатының оқытушысы; * 1994-1995 жж. – Түпқараған аудандық мәслихатының бас маманы; * 1995-2004 жж. – «Түпқараған» ЖШС жетекші инженері, бөлім бастығы, директоры; * 2004-2006 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі; * 2006-2008 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары; * 2008-2012 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі; * 2012-2015 жж. – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі; * 2015 жылдың 10 шілдесінен бастап – Ақтау қаласының әкімі. * 22.11.2017 - 12.06.2019 ж.ж. Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы. * 13.06.2019 - 07.09.2021 ж.ж. Маңғыстау облысының әкімі. * 2021 жылы 10 құрқүйегінде ҚР Президентінің жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды ## Марапаттары * Ерен еңбегі үшін медалі * 2006 ҚР Парламентіне 10 жыл медалі * 2011 ҚР Тәуелсіздігне 20 жыл медалі * 2016 ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет ордені. ## Сілтемелер * Тұрымовтың өмірбаяны Ақтау қаласының ресми сайтында(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер (қолжетпейтін сілтеме)
Қабылиса ауылдық округі — Жетісу облысы Көксу ауданындағы әкімшілік бірлік. 2007 жылға дейін Қызылбұлақ ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақтекше, Көкбастау ауылдары кіреді. Орталығы – Ақтекше ауылы. ## Дереккөздер
Ренат Вячеславович Дубинский (6 мамыр 1979, Қазақ КСР, КСРО) - Қазақстан және Ресей футболшысы, қорғаушы. ## Карьерасы ### Клубтық Ақтау футболының түлегі. Карьерасын Ресейдің екінші лигасында ойнаған «Агидельде» бастаған. Одан кейін Дубинский «Балтика», «Нарт» және ставропольдік «Динамода» ойнаған. 2001 жылдан бастап Ренат «Шинник» клубының ойыншысы атанды. 2005 жылы Дубинский Екатеринбургтің «Оралына» ауысты. 2006 жылы Ренат Қазақстан чемпионы - «Ақтөбе» клубының ойыншысы атанды. 2007 жылы Ренат «Балтика» клубында карьерасын аяқтады. ### Ұлттық құрамада Ұлттық құрамада Дубинский 2003 - 2006 жылдар аралығында 13 ойын өткізіп, құрамада доп соқпаған. Алғашқы ойынын Ренат Португалияға қарсы өткізді (20.08.2003, Жолдастық кездесу, есеп 0:1), соңғы ойынын Қырғызстанға қарсы ойнады (05.07.2006, Жолдастық кездесу, есеп 1:0). ## Дереккөздер
Қазақстанның 10 жылдығы — Жетісу облысы Көксу ауданы, Мұқыры ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Мұқыры ауылдық округі — Жетісу облысы Көксу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақын Қалқа, Қазақстанның 10 жылдығы ауылдары кіреді. Орталығы – Ақын Қалқа ауылы. ## Дереккөздер
Алғабас ауылдық округі — Жетісу облысы Көксу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Алғабас, Қызылтоған ауылдары кіреді. Орталығы – Алғабас ауылы. ## Дереккөздер
Кеңарал — Жетісу облысы Көксу ауданы, Еңбекші ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қызылтоған — Жетісу облысы Көксу ауданы, Алғабас ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 29 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бақша — Жетісу облысы Көксу ауданы, Мұсабек ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан батысқа қарай 31 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Еңбекші ауылдық округі — Жетісу облысы Көксу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бесқайнар, Зылиха Тамшыбай, Кеңарал, Қаратал ауылдары кіреді. Орталығы – Зылиха Тамшыбай ауылы. ## Дереккөздер
Мәулімбай — Жетісу облысы Көксу ауданы, Мұсабек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан батысқа қарай 27 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бесқайнар — Жетісу облысы Көксу ауданы, Еңбекші ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жарлыөзек (2006 жылға дейін – Октябрь) — Жетісу облысы Көксу ауданындағы ауыл, Жарлыөзек ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан батысқа қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
ПЧ-45 қосшар — Жетісу облысы Көксу ауданы, Айнабұлақ ауылдық округі құрамындағы елді мекен. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 37 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Мұсабек ауылдық округі — Жетісу облысы Көксу ауданындағы әкімшілік бірлік. 2007 жылға дейін Қызыларық ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бақша, Быжы, Мойынқұм темір жол бекеттері мен Мәулімбай, Мұсабек ауылдары кіреді. Орталығы – Мұсабек ауылы. ## Дереккөздер
Көкбастау — Жетісу облысы Көксу ауданы, Қабылиса ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақшатоған — Жетісу облысы Көксу ауданы, Балпық ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан оңтүстікке қарай 2 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жарлыөзек ауылдық округі — Жетісу облысы Көксу ауданындағы әкімшілік бірлік. 2006 жылға дейін Октябрь ауылдық округі деп аталды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бозтоған, Жарлыөзек, Мұқаншы ауылдары кіреді. Орталығы – Жарлыөзек ауылы. ## Дереккөздер
Мұқаншы — Жетісу облысы Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан батысқа қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Талапты — Жетісу облысы Көксу ауданы, Лабасы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Лабасы ауылдық округі — Жетісу облысы Көксу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Мәмбет, Талапты ауылдары кіреді. Орталығы – Мәмбет ауылы. ## Дереккөздер
Жетіжал — Жетісу облысы Көксу ауданы, Мұқаншы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан солтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Мұқаншы — Жетісу облысы Көксу ауданы, Мұқаншы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан солтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Мойынқұм — Жетісу облысы Көксу ауданы, Мұсабек ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 32 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Мұқаншы ауылдық округі — Жетісу облысы Көксу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жетіжал, Көксу, Қазақстанның 50 жылдығы, Мұқаншы, Нәдірізбек ауылдары кіреді. Орталығы – Көксу ауылы. ## Дереккөздер
Қазақстанның 50 жылдығы ауылы — Жетісу облысы Көксу ауданы, Мұқаншы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ынтымақ (2018 жылға дейін — Төменгі Пенжім) — Жетісу облысы Панфилов ауданы, Атамекен ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаркент қаласынан шығысқа қарай 16 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Теректі — Жетісу облысы Көксу ауданы, Балпық ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылының оңтүстік-батыс іргесінде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Үшарал ауылдық округі — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік бірлік Құрамына Ақарал, Қызылжиде, Үшарал ауылдары кіреді. Орталығы – Үшарал ауылы. ## Дереккөздер
Айдарлы ауылдық округі — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Айдарлы, Дарбазақұм, Сарпылдақ ауылдары кіреді. Орталығы – Айдарлы ауылы. ## Дереккөздер
* Балпық ауылдық округі – Жетісу облысы Көксу ауданындағы әкімшілік бірлік. * Балпық ауылдық округі – Жетісу облысы Қаратал ауданындағы әкімшілік бірлік.
Аққұдық — Жетісу облысы Панфилов ауданы, Көктал ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаркент қаласынан батысқа қарай 19 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақжазық — Жетісу облысы Панфилов ауданы, Көктал ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаркент қаласынан батысқа қарай 22 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Төреқұл Жанұзақов (қыр. Төрөкул Жанузак уулу [tʲɵrʲɵkuɫ ʤɐnʊzɑk uɫʊ]; лақап аты Қанаев; 1893, Талдыбұлақ (Жамбыл облысы), Әулиеата уезі, Сырдария облысы, Ресей империясы — 1921, Ферғана облысы, Түркістан АҚСР, РКФСР) — Түркістан мемлекет қайраткері және саясаткер, Сырдария облыстық кеңесінің мүшесі, Түркістан Республикасының Бас Атқарушы комитетінің төрағасының орынбасары, Түркістан ВЧК органдарының басы, ТКП Орталық комитетінің хатшысы, Жетісу облысының босқын қырғыз-қазақтарын туған жеріне орналастыру ісін жүргізу жөніндегі Түркатком Айрықша Комиссиясының төрағасы, Түркістан Түркішілдіктің қозғалысының негізгі ұйымдастырушылары мен жетекшілерінің бірі, «Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi» (TMB) құпия саяси ұйымның мүшесі. Бұратаналарды соғыстың қара жұмыстарына алу жайында жарияланған белгілі патша жарлығы мен соған байланысты орын алған қанды оқиғалар салдарынан 1916-1917 жылдары Қытайға қашуға мәжбүр болып, монархияны халық өкіметі алмастырды деген хабар тиісімен жөңкіліп кері оралып жатқан Жетісу облысының босқын қырғыз-қазақтарын туған жеріне орналастыру ісін жүргізу жөніндегі Түркатком Айрықша Комиссиясының төрағасы. Ұлттық азаттық күресін жүргізген Түркістан ұлттық одағы ұйымы 1920 жылы, 5-7 қыркүйекте Самарқанда өткізген ІІ- құрылтайында бір тұтас Түркістанның ұлттық жалауының түсі мен түрін қабылдаған еді. Осы жалауды жасаған комиссияның құрамында Зекі Уәлиді, Төреқұл Жанұзақов және Мунаууар Қари сынды сол кездің маңызды мемлекет қайраткерлері мен зиялылары бар еді. Түркістан өлкесіндегі қазақ-қырғыздарының 1917 жылы 2-5 тамыз аралығында Ташкент қаласында өткен съезге Сырдария облысының Перовск, Черняев, Қазалы, Әулиеата, Ташкент уездерінен және Ферғана облысының Әндіжан уезінен 82 өкіл қатысты. Олардың қатарында Т.Жанұзақов Түркістан секілді қайраткері да болды. Бүкілресейлік құрылтай жиналысына сайлауға дайындалуға және ана тілінде газет шығаруға атсалысуға шақырған «Ақ қалпақты қырғызға» атты мақаласы «Бірлік туы» газетінде жарияланды. «Русияға қараған барлық халықты 160 миллион десек, Құрылтай жиналысына 800 өкіл жиналса керек. Соның ішінде ақ қалпақты қырғыздың сыбағасына, егер санымыз екі миллионға жетсе, он өкіл тиетін жөні бар. Ферғанада қырғыз − 13 болыс, Жетісуда − 20 болыс, Сырдарияда − 13 болыс. Ташкентке адамдарыңды жіберіңдер, әр болыстан бір-екі адамнан келе берсе болады. Қаралатын мәселелер көп. …Қазір ең керектісі − қырғыз тілінде газет шығару. Әзірге біз қазақ бауырларымызға міңгесіп отырмыз». ## Сыртқы сілтемелер * http://abai.kz/post/11158 * https://abai.kz/post/12474 * http://iie.kz/?page_id=384&lang=ru * http://www.netref.ru/trsin-jrtbaj-ranim-alash-v6.html?page=25(қолжетпейтін сілтеме) * http://www.engime.org/azastan-respublikasindafi-ltti-ideyani-aliptasuini-negizi-atti.html?page=20 Мұрағатталған 16 қаңтардың 2021 жылы. * http://www.elarna.com/m/koru_kk.php?id=652958 ## Дереккөздер * Жанұзақов Т., Ғалымбеков Қ. Ақ қалпақты қырғызға // Бірлік туы. – 1917. – 29 август. * З.С.Тоқбергенова. ТҮРКIСТАН ӨЛКЕСIНДЕГІ «ӘСКЕРИ КОММУНИЗИМ». САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ // Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қаласы * Жамбыл облыстық мемлекеттiк мұрағаты. - Қор-384, тiзбе-1, iс-9, 54 п. * Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. ІІ кітап Мұрағатталған 8 қаңтардың 2018 жылы. * ИМАН КҮШІ - «алаш» баспасы Мұрағатталған 8 қаңтардың 2018 жылы. * Махаева А.Ш. Қазақ комитеттерi. Канд.дисс. А, 1995, 143 б. * Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Құрастырған К.М.Ілиясова. Астана: Астана полиграфия, 2007. 4 том, 36 б. * «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖӘНЕ «АЛАШ» ИДЕЯЛАРЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ МЕН ӨМІРШЕҢДІГІ - Сарыбеков М.Н.– М.Х. Дулати атындағы ТарМУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор * Шоқай М. Шығармаларының толық жинағы. 12-томдық. 1-том. –Алматы: Дайк-Пресс, 2012. I т. – 544 б.(қолжетпейтін сілтеме)
Дарбазақұм — Жетісу облысы Панфилов ауданы, Айдарлы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаркент қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 38 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көктал — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы ауыл, Көктал ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаркент қаласынан батысқа қарай 18 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Мұсабек (2007 жылға дейін — Қызыларық) — Жетісу облысы Көксу ауданындағы ауыл, Мұсабек ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан батысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көктал ауылдық округі — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік бірлік Құрамына Ақжазық, Аққұдық, Көктал ауылдары кіреді. Орталығы – Көктал ауылы. ## Дереккөздер