text
stringlengths 3
252k
|
---|
Ақжар ауылдық округі — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақжар, Қоңыр, Майлышат ауылдары кіреді. Орталығы - Ақжар ауылы.
## Дереккөздер |
Байкент ауылдық округі — Алматы облысы Іле ауданындағы әкімшілік бірлік. 2024 жылға дейін Чапаев ауылдық округі деп аталды.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына кіретін жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы - Байкент ауылы.
## Дереккөздер |
Қарасу — Алматы облысының Іле ауданы, Өтеген батыр ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Өтеген батыр ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Кеңес — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 98 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қайрат — Алматы облысы Талғар ауданы, Қайнар ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2023 жылы таратылып, Жетіген ауылының құрамына енгізілді.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Талғар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Майлышат — Жетісу облысының Алакөл ауданы, Ақжар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Үшарал қаласының оңтүстік-батысында 65 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Зайнаб бинт Хузайма (араб.: زينب بنت خزيمة; 595 — 626) — Мұхаммед пайғамбардың ﷺ әйелдердің бірі, мұсылман әлеміндегі құрметті ана.
## Өмірбаяны
Зейнеп бинт Хузайманың тегі Амир ибн Саса тайпаларынан шыққан. Өзінің мейрімділігі мен көмекке мұқтаж жандарға ерекше қатынасы үшін, Умм Масакин(кедейлер анасы) деген атқа ие болды. Оның алғашқы күйеуі Туфайл ибн Харис болды. Туфайлмен ажырасқаннан кейін, Зейнеп Убайду ибн Хариспен тұрмыс құрды, алайды ол Бадрдағы шайқаста қаза тапты.
624 жылы Амир ибн Саса тайпасы Мұхаммед пайғамбардың ﷺ адамдарын қырып салды, бұл жағдайдан кейін осы тайпа мен мұсылмандар арасы лезде нашарланып кетті. Қан төкпеу үшін, Мұхаммед пайғамбар ﷺ осы тайпаның өкілі Зейнепке үйленуді шешті. Олардың некесі 625 жылы қыйылды.
Алайда, үйлену тойдан кейін бірнеше ай өткеннен кейін, Зейнеп қаза тапты. Ол ізгілікті және діндар әйел еді, көп уақытында намаз оқып, жеткілікті садақа берді.
## Әдебиет
* Али-заде, а. А. Зайнаб бинт Хузайма : [арх. 1 қазан 2011] // Ислам энциклопедиялық сөздік. — М. : Аңсар, 2007. |
Зайнаб бинт Джахш әл-Кураши (араб.: زينب بنت جحشақыл. "20/642) — Мұхаммед пайғамбардың ﷺ әйелдердің бірі, мұсылман әлеміндегі құрметті ана.
## Өмірбаяны
Күйеуге тимеген кезінде Зейнеп Мединаға алғаш көшіп кеткендердің қатарында болды. Мұхаммед пайғамбар ﷺ оны өзінің еркіне жіберілген Зейд иб Харисқа тұрмысқа бергісі келді, осы арқылы көргенсіздік дәуірін (жаһила) жойғысы келді, бұл дәуір бойынша еркін әйел бұрыңғы құлмен тұрмыс құра алмайтын. Зейнеп және оның ағалары бұл некеге қарсы еді, алайды Аль-Ахзаб сүресінің 36 аятынан кейін бұл некеге келісімін берді. Алайда, бұл неке сәтсіз болды және Зейд әйелімен ажырасуды шешті. Мұхаммед пайғамбардың ﷺ көптеген иландыруына қарамастан бір жылдан кейін ажырасып кетті .
Мұхаммед пайғамбар ﷺбұл некенің жоюылуына қатты қайғырды. Ол жағдайды түзеу үшін Зейнеппен тұрмыс құрғысы келді, алайда жаһила дәуірінің дәстүрлері бойынша асырап алынған баласының әйеліне үйленуге тыйым салынды. Алайда, осы кезде аяттар түсіріліп, осы дәстүр жойылып, сондай ақ әкесі бар асыралынған балаларға әке аты беруге тыйым салынды .Осыдан кейін, хижраның 5 жылында Мұхаммед пайғамбар ﷺ мен Зейнеп үйленді.
Зейнеп өте еңбеккор, ізгілікті және діндар әйел болды. Ол көп уақытында намаз оқып, ораза ұстады. Зейнеп бин Жахш 53 жасында қайтыс болды. Ол Мұхаммед пайғамбардың ﷺ өлімінен кейін дүние салған оның алғашқы әйелі болды. .
## Дереккөздер |
Ақтүбек — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Ақтүбек ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Айпара — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 106 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақтүбек ауылдық округі — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақтүбек ауылы кіреді. Орталығы – Ақтүбек ауылы.
## Дереккөздер |
Ақши — Жетісу облысының Алакөл ауданы, Ырғайты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 56 км-дей жерде, Алакөл көлінің оңтүстік-батыс жағасында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақтүбек ауылдық округі — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақтүбек, Атасу, Өркендеу, Мыңадыр ауылдары кіреді. Орталығы – Ақтүбек ауылы..
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1990 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Көктұма – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл.
* Көктұма – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы станса.
Басқа мағыналар:
* Көктұма – ортағасырлық қала орны.
* Көктұма – Алакөл алабындағы өзен. |
Көкқайнар — Алматы облысы Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Өтеген батыр ауылынан батысқа қарай 7 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Алакөл — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Қамысқала ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 31 км-дей жерде, Қошқаркөл (Ұялы) көлінің оңтүстік-батыс жағасында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қамысқала ауылдық округі — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Алакөл, Қамысқала ауылдары кіреді. Орталығы - Қамысқала ауылы.
## Дереккөздер |
Арқарлы — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Арқарлы ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 63 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Арқарлы ауылдық округі — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Арқарлы ауылы кіреді. Орталығы – Арқарлы ауылы.
## Дереккөздер |
Көлбай ауылдық округі — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Әлемді, Бүдір, Көлбай, Қызылқайың ауылдары кіреді. Орталығы - Көлбай ауылы.
## Дереккөздер |
Төңкеріс (2024 жылға дейін — Әшім) — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Жыланды ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 74 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Елді мекен:
* Шынжылы – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл.
Өзен:
* Шынжылы – Алакөл алабындағы өзен. |
Қызылқайың (1992 жылға дейін — Саратовка) — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Көлбай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 87 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Майқан — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Жыланды ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 81 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жыланды ауылдық округі — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жыланды, Көкжар, Майқан, Төңкеріс, Шынжылы ауылдары кіреді. Орталығы – Жыланды ауылы.
## Дереккөздер |
Көкжар — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Жыланды ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 92 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Байзерек — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Лепсі ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 78 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Мұрат Нұрәсілов (1949 жылы 20 қаңтарда Талдықорғанда туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актері (1980 жылдан).
## Толығырақ
* Мұрат Нұрәсілов 1949 жылы 20 қаңтарда Талдықорған облысы Қапал ауданы Қоңыр ауылында дүниеге келген.
* 1980 жылы Алматы Театр және Көркемсурет институтынн бітірген.
* 1980 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына актерлік құрамында еңбек етеді.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: А. Сүлейменовтің «Ситуациялар» триптихінде «Төрт тақта – жайнамаз» Райсобес, «Жетінші палата» Өріков, «Қыздай жесір–штат қысқартуында" Аханов (реж. Ә. Рахимов), Қ. Мырзалиевтің «Түрт, сайтаным, түртінде» Алдар көсе, Ә. Кекілбаевтің «Абылай ханында» Ойрат елшісі (реж. Б. Атабаев), С. Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтарында» Асай Мүсеевич, М. Әуезовтің «Қилы заманында» Нүке (реж. Ә. Рахимов), М. Әуезовтің «Еңлік – Кебегінде» Кембай (реж. Х. Әмір-Темір), «Абайында» Сырттан (реж. Е. Обаев), І. Есенберлиннің «Ғашықтарында» Шерубай (реж. Қ. Сүгірбеков), М. Ғапаровтың «Тұзды шөлінде» Қараев (реж. Т. әл-Тарази), С. Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Жұмабай (реж. Ә. Рахимов), Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала-бейнесінде» Шұлғаубай (реж. Б. Атабаев), Ө. Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Басқарма (реж. О. Кенебаев), Ә. Рахимовтің «Қылмыскерге куәлігінде» Әкім (реж. Ә. Рахимов), Д. Исабековтің «Мұрагерлерінде» Комиссия мүшесі (реж. О. Кенебаев), М.Мақатаевтың «Ақын… Періште… Махаббатында» Жанторсық (реж. Ә. Рахимов), Т. Нұрмағанбетовтің «Қожанәсір тірі екенінде» Сақбөрі (реж. О. Кенебаев), Т. Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Балтабай (реж. Ә. Рахимов), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Ауылбасы (реж. А. Кәкішева) т.б. көптеген рөлдерде ойнайды.
## Кино рөлдері
* «Өрнек» – зоотехник Жарас (реж. А. Әлпиев)
* «Жансебіл» – НКВД адамы (реж. А. Шәжімбаев)
* «Махамбет» – Би (реж. С. Тәуекелов)
* «Ауылым – әнім» ауылтұрғыны (реж. С. Құрманбеков)
* «Байқоңыр» – Ата (реж. Ф. Хельмер)
* телесериалдарда: «Қарашегіртке» – Маргоның жұбайы, «Құрдастар» – веттехник, «Айналайын» – ауыл тұрғыны және т.б көптеген отандық телехикаяларда ойнайды.
## Марапаттары
* «Театр көктемі» фестивалінің бірнеше мәрте жүлдегері.
* 2001 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі берілді.
* 2006 жылы елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды. |
Шымбұлақ — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Лепсі ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 98 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қарлығаш — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Екпінді ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 73 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Лепсі – Балқаш алабындағы өзен.
## Сипаттамасы
Жоңғар Алатауының солтүстік баурайларынан 3000 м биіктіктен басталады. Лепсі өзені екі учаскеден тұрады – таулы және жазық. Жазықтағы өзеннің ені 30 метрге жетеді, тереңдігі 5 метр. Балқаш көлі атырабы жоқ көл. Өзен, өзеннің құймалары, балық аулау және демалыс үшін белсенді қолданылады.
Өзеннің ең үлкен ағыны - Ағынқатты өзені, теңіз деңгейінен 3023 метр биіктікте. Өзен Жоңғар Алатауының орталық жотасының солтүстік беткейінде. Өзен ұзындығы 14 км-ді құрайды. Ағынқатты және Лепсі өзендері теңіз деңгейінен 944,9 метр биіктікте. Өзен тар және тік беткейең. Орман алқабы 2400 метрге дейін өседі. Белгіден жоғары альпілік және субальпиялық ормандар орналасқан. Өзен ағысында 2 көл – жоғарғы және төменгі Жасылкөл орналасқан.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Ақсу, Сарқан аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 418 км, су жиналатын алабы 9,4 мың км2.
## Бастауы
Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтардан басталып, Балқаш көлінің оңтүстік-шығыс бөлігіне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары жоғары бөлігінде тар шатқалды, төменгі ағысында кеңейе түседі. Жер асты, жауын-шашын, мұздық суымен толығады. Жылына су деңгейі 2 рет — көктемде және жазда көтеріледі. Суы лайлы, ағыны қатты. Өзеннің жазық жерлері желтоқсаннан наурызға дейін қатады. Жылдық орташа су ағымы Новоантоновское ауылы тұсында 24,9 м3/с. Суы егін суаруға, жағалауы шабындық пен жайылымға пайдаланылады. Лепсінің су режимін реттеу үшін Лепсі каналы салынған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Алматы облысы туризмінің ресми сайты Мұрағатталған 3 мамырдың 2020 жылы.
* Жоңғар Алатау ұлттық паркінің ресми сайты Мұрағатталған 25 сәуірдің 2020 жылы. |
Жүнжүрек (Жынжүрек) — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Лепсі ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 88 км-дей жерде.
## Халқы
## Климаты
Мұндағы климат континенталды. Қаңтардың орташа температурасы 12° C және шілденің орташа температурасы 23° C. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 350-400 мм құрайды, оның негізгі мөлшері наурыз-мамыр және қараша-желтоқсан айларына сәйкес келеді. Жел көтерілуде солтүстік-шығыс (34%) және солтүстік (16%) жел басым. Қардың тұрақты қабаты қарашаның соңғы онкүндігінде қалыптасып, наурыздың екінші онкүндігінде аяқталады.
## Атауы
Жүнжүрек (Жынжүрек) атауының шығуы жайлы әртүрлі пікірлер бар. Айтым Әбдірахманов өзінің “Топонимика және этнотопонимика” еңбегінде: “Бұл моңғолдың зүүн – “шығыс”, зураг – “сурет” деген сөздерінен жасалған болуы керек. Жүнжүрек (зүүнзураг) – “шығыстағы суретті тау” деген мағынаны білдіреді”, - деп жазды. Ал Е. Қойшыбаевтің “Қазақстанның жер-су аттары сөздігі” кітабында: “Көне түр. жүн (қаз. “жон” сөзінің фонетикалық түрі) және йүрек (жүрнек – таудың бір бөлігі) тұлғаларының тіркесінен жалғанған атау”. Осылайша, Е. Қойшыбаевтің сөзіне сүйенсек, “жоны бар жүрек” немесе “жонды жүрек” мағынасын береді.
Атаудың бірінші сыңарындағы жүн сөзін қырғыз тіліндегі зоо – “биік, жартас, құз”; түркім. зов, зав – “сай аузындағы жартас” сөздері мен тәжік. зоу – “жалақ жартас, сай” сөздерін салыстыру арқылы олардың мағыналас екені көрінеді. Бұған моңғол тіліндегі zo – “тау жалы” сөзі де төркіндес екені анық.
Демек, жүн сөзі осы зоо, зав, зау, zо сөздерінің қазақ тіліндегі дыбыстық тұрғыдан өзгерген тұры екенін түсінуге болады. Ал атаудың екінші сыңарындағы жүрек сөзін моңғолдың зураг – “сурет” деген мәніндегі сөзін білдіреді. Сонда “Жүнжүрек” атауының толық мағынасы “биік жартастағы сурет” деп айтуға болады.
## Дереккөздер |
Шынар Мұқанқызы Асқарова (1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысында туған) — кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері (1994). Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері (2008). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы (1993 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
## Толығырақ
* Шынар Мұқанқызы 1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Ақсауыт ауданында дүниеге келген.
* 1989 - 1993 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
* 1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актерлік құрамында.
* Қазақстанның бірнеше қалаларына гастрольдік сапарлармен барған.
* Отандық телесериалдар мен көркем фильидерге түскен танымал актриса.
* Бірнеше телебағдарламалардың тележүргізушісі.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: К.Гоццидің «Турандот ханшайымында» Адельма, М.Әуезовтің «Қарагөзінде» Қарагөз, «Қилы заманында» Бәкей, «Абайында» Ажар, Әйгерім, М.Мақатаевтың «Қош, махаббатында» Зағыш, Гогольдің «Парасында» Мария Антоновна, Мольердің «Ақымақ болған басым-ай» комедиясында Клодина, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Бағила, А.Сүлейменовтің «Қыздай жесір – штат қысқартуында» Үрия, «Жетінші палатасында» Любава, И.Ғайыптың «Шыңғысханында» әйелі, Б.Римованың «Абай десемінде» Тоғжан, Покровскийдің «Жуастан-жуанында» Сәния, І.Есенберлиннің «Ғашықтарында» Ұлбосын, Б.Майлин мен Қ.Ысқақтың «Сабатаж-ж» комедиясында Ләйлә, Ә.Ақпанбеттің «Дүние-думан» комедиясында Айман, Шахимарденнің «Томирисінде» Амага, Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» Күнікей, Ж.Аймауытовтың «Ғашықтық дертінде» Күнікей, Ә.Әмзеұлының «Қара кемпірінде» жеңге, Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай…» драмасында келін, М.Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясында Елена Владимировна, Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» әйел, Т.Мәмесейітовтің «Бәкей қызында» Нұрилә, Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Бәти, Қ.Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтарында» Шолпан, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Қалиса, Т.Жүженоғлының «Көшкінінде» Кіндік шеше, Ү.Гаджыбековтің «Аршын мал аланында» Телли, Ә.Рахимовтың «Қылмыскерге куәлігінде» Жібекше, Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Қалампыр, И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?…» қойылымында үлкен кемпір, Р.Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтанында» Ана және т.б көптеген рөлдерде ойнайды.
## Марапаттары
* 1994 жылы Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері.
* 1995 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің мәдениет саласындағы степендиясының иегері.
* 2002 жылы Республикалық театр фестивалі (Петропавловск) Бас жүлде иегері.
* 2008 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің "Мәдениет қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
* 2009 жылы Қазақстан Республикасының Театр Қайраткерлері одағының «Еңлікгүл» сыйлығының иегері.
* 2010 жылы ҚР Тұңғыш президенті - елбасы қоры сыйлығының иегері.
* 2016 жылы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің иегері.
* 2017 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (Астана 13 желтоқсан 2017). |
Лепсі — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Лепсі ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 90 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Құмар Іргебайұлы Ақсақалов (24 тамыз 1965, Ленинское ауылы, Қостанай облысы) — мемлекеттік қайраткер, 1 желтоқсан 2022 жылдан бастап Қостанай облысының әкімі.
## Білімі
1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
## Еңбек жолы
* 1987-1989 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженерi болды.
* 1989-1992 ж.ж. — Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетiнiң бiрiншi хатшысы.
* 1992-1993 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженерi.
* 1993-1994 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттiк шағын кәсiпорнының директоры.
* 1994-1996 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi директорының орынбасары.
* 1996-1998 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдiқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президентi.
* 1998-2002 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдiқара ауданының әкiмi.
* 2002-2004 ж.ж. — Қостанай облысы Таран ауданының әкiмi.
* 2004-2006 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы.
* 2006-2010 ж.ж. — Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары.
* 2010-2015 ж.ж. — «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы.
* 2015-2017 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары.
* 2017 жылғы 14 наурыздан 2022 жылғы 30 қарашаға дейін — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
* 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды.
## Марапаттары
* 2011 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды.
## Дереккөздер |
Салтанат Ермекқызы Бақаева (1987 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысы Талғарда туған) — қазақстандық танымал эстрада әншісі, кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығының иегері (2015).
## Толығырақ
* Салтанат Ермекқызы 1987 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысы Талғарда дүниеге келген.
* 2005 -2009 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетін Қазақ ССРнің Еңбегі сіңген артисі, профессор Рахилям Машурованың және Қазақстанның Халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген. Соңғы курста Қазақ ССРнің халық артисі, Мемлекеттік сыйлық иегері Роза Рымбаевадан дәріс алған.
* 2009 жылдан "Арнау" эстрадалық дуэтінің әншісі.
* 2010 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
* Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында: Медеу Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде» Айнагүл (реж: О.Кенебаев), У.Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» Джульетта (реж. О.Салимов), Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Татьяна (реж. Е.Обаев), М.Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде» Зүбәржат (реж. О.Кенебаев), Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай» қойылымында немере қыз, И.Сапарбайдың «Қыз мұңында» Айгүл (реж. Е. Обаев), М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясында Оксана (реж. О. Кенебаев), Н. Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» қыз (реж.Н.Жақыпбай), Ғ. Есімнің «Таңсұлуында» Таңсұлу, Т.Уильямстың «Шыны хайуанатында» Лаура (реж. А.Қабдешова) және т.б көптеген рөлдерде ойнайды.
* 2009 жылдан Нұржан Керменбаевпен қосыла "Арнау" дуэтінде ән шырқайды. Республика жұртшылығына осы дуэті арқылы кеңінен танылған. "Егіз Лебіз", "Махаббат жыры", жеке орындауында: "Жарығым", "Алматы" әндерімен көпшілік көзайымына айналған танымал эстрада әншісі.
## Марапаттары
* 2015 жылы театрдағы рөлдері үшін Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты атанды.
* 2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталды.
* 2017 жылы 8 наурыз мерекесі қарсаңында елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Көктем шуағы" деп аталатын жыл сайынғы қабылдауында болды.
## Отбасы
Тұрмысқа шыққан. 1 ұл, 1 қыз баласы бар. |
Джувайрия бинт әл-Харис (араб.: جويرية بنت الحارث; 676, Медина) — Мұхаммед пайғамбардың ﷺ әйелдердің бірі, мұсылман әлеміндегі құрметті ана.
## Өмірбаяны
Джувайрия бинт әл-Харис Бану Мусталик тайпасының көсемі Хариса ибн Дирараның қызы болатын . Хижраның 5 жылы мұсылмандар Мусталик, Джувайрия тайпаларымен соғыста жеңіске жетті және оларды тұтқынға алды. Оның әкесі Мұхаммед пайғамбарға ﷺ оны босату туралы және оның орнына түйелерді төлеу өтінішімен келуге мәжбүр болды. Джувайрии Босатылғаннан кейін, Мұхаммед пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіс сөздер жүргізіп, ақырында ислам дінің қабылдады. Осыдан кейін Мұхаммед пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Харистен Жувайрияны оған тұрмысқа беруды ұсынды. Осыған бірден бір себеп Мұхаммед пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Бану Мусталик тайпасымен жақсы қарым қатынастар құрғысы келді, себебі бұл тайпа Араб түнегінде маңызды рөл атқарлы. Үйлену туралы келісімнен кейін мұсылмандар 100 ге жуық мусталиктерді босатып жіберді.
Джувейрия адамгершілігі мол және тақуа әйел болды. Ол 676 жылы Медине қаласында көз жұмды.
## Дереккөздер
## Әдебиет
* Али-заде, а. А. Джувейрия бинт Харис : [арх. 1 қазан 2011] // Ислам энциклопедиялық сөздік. — М. : Аңсар, 2007. |
Жағатал ауылдық округі — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Бесағаш, Қазақстан ауылдары кіреді. Орталығы - Қазақстан ауылы.
## Дереккөздер |
Асхат Мақсымұлы Маемиров (1974 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында туған) — театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры (2018 жылдан). Философия ғылымдарының докторы (PhD 2016).
## Толығырақ
* Асхат Мақсымұлы 1974 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Абай ауылы, Сарой ауылдық кеңесінде дүниеге келген.
* 1991 - 1995 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (бұрынғы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институты)ның филология факультетін бітірген.
* 1995 - 1996 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «драма режиссері» мамандығы бойынша Қазақстанның халық артисі, профессор Маман Байсеркеновтың классын бітірген.
* 2008 жылы Қазақстан Республикасының президенітінің "Болашақ" халықаралық степендиясының иегері. Сол жылы Université Sorbonne Nouvelle Paris университетінде білімін жетілдірген. (Франция, Париж);
* 2008 жылы Париж Ұлттық өнер консерваториясының "драмалық өнер" мамандығы бойынша тағлымдамадан өткен (Франция, Париж);
* 2010 жылы Ресейдің атақты ГИТИС өнер академиясында театр өнері бойынша магистр ғылыми атағын алды.
## Еңбек жолы
* 1997 жылы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актерлік бөліміне қабылданады.
* Осы театр сахнасында Мұхтар Әуезов, Жұбан Молдағалиев, Хамза Есенжанов, Мәншүк Мәметова, Ғарифолла Құрманғалиев және Сал-Мұхит сынды біртуар тұлғалардың мерейтойлық қойылымдардың авторы, әрі қоюшы-режиссері болды.
* Облыстық халық шығармашылығы орталығында бас режиссері.
* Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының сахнасында қойған, драматург М.Ахметжанның «Қараторғай» мұңлы драмасы бүгінгі күнге дейін табыспен жүріп жатыр.
* Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқыушысы.
* Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжінің "актер шеберлігі" бөлімінің меңгерушісі.
* «Қазақстанның рухани даму қоры» АҚ вице-президенті.
* ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанындағы "Қазақ әуендері" АҚ президенті.
* 2014 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "актер шеберлігі" кафедрасының доценті.
* 2016 жылы 22 қазанда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында "Ақтастағы Ахико" атты тарихи драмасы режиссер Асхат Маемировтың жетекшілігімен сахналанды. Карлаг қасіретін қазақ сахнасында алғаш рет бейнеленген қойылым Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.
* 2017 жылдың 12 мамырындағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен Қазақконцерт өнер бірлестігінің бас директоры.
* 2018 жылдың 12 ақпанындағы ҚР мәдениет және спорт министрлігінің бұрығымен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры лауазымында.
## Марапаттары
* 1998 жылы Астана қаласында өткен Оралхан Бөкей атындағы І-ші Республикалық көркемсөз шеберлері байқауының жеңімпазы.
* 1999 жылы Астана өткен шығармашыл жастардың ІІ-ші халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.
* 1999 жылы Кеңес Одағының және Қазақ КСРнің Халық артисі Қалыбек Қуанышбаевтың атындағы арнайы сыйлығының иегері.
* 2015 жылы "Қазақстан Республикасының Конститутциясына 20 жыл" мерекелік медалі.
* 2015 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
* 2016 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен Өнертану мамандығы бойынша Философия ғылымдарының PhD докторы құрметті ғылыми дәрежесі берілді.
* 2016 жылы Еуразия ұлттық университетіне 20 жыл медалімен марапатталған.
## Отбасы
Үйленген. Екі баласы бар. |
Меруерт Балғабайқызы Түсіпбаева (1971 жылы 6 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған) — қазақстандық танымал эстрада әншісі, кино актриса, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2000). Педагогика ғылымдарының кандидаты (2009).
## Толығырақ
* Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан. Меруерт Балғабайқызы 1971 жылы 6 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.
* 1995 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "музыкалық театр актері" мамандығы бойынша Қазақстанның халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген.
* 1995 - 2001 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы болды. Осы театрда жүріп, Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан мен Есеней» спектаклінде Ұлпан рөлін, М.Ақынжанов, А.Әшімовтың «Алтын сақасында» Күнбала рөлін, М.Шаханов пен Ш. Айтматовтың «Сократ» спектаклінде Нуриді және т.б. елге танымал койылымдарда аса биік актерлік шеберлік көрсете білді.
* 1996 жылдан жеке шығармашылықта.
## Шығармашылығы
* 1996 жылы "Қимай сені барамын" атты әнімен (әні: композитор, мемлекеттік сыйлық иегері Т.Мұхаммеджановтікі сөзі: ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ш.Сариевтікі) атты толық форматты биік кәсіби деңгейде бейнебаян шығарған бірінші қазақтілді әнші-актриса, бейнебаян сол жылы «Алтын жұлдыз» конкурсында республикалық видеороликтердің ең үздік үштігіне енді.
* 1998 жылдан Сүйенбай атындағы Алматы облыстық филармониясының вокалисі ретінде республика аумағы және шетелдерде мәдени іс-шараларға белсене ат салысты.
* 1998 жылы «Кимай сені барамын»
* 2001 жылы «Сен және мен»
* 2006 жылы «Біржанға арнаймын»
* 2009 жылы «Сенің туған күніңде» атты альбомдары жарық көрді.
* 2006 жылы 10 жылдық шығармашылығына арнап Республика сарайында жеке концертін өткізді.
* 2009 жылдан педагогикамен шұғылдана бастады. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің оқытушысы.
Кино рөлдері
* 1997 жылы "Омпа" фильмінде Шәмшінің рөлі (реж: С.Нарымбетов);
* «Здравствуйте, доктор» қысқаметражды фильмінде Жәмиля рөлін (реж: Б.Мұстафин);
* 2011 жылы "Қазақстан" ұлттық арнасындағы "Құрдастар" сериалында ойнады.
* 2015 жылы Хабар телеарнасынының тапсырысымен түсірілген "Құстар әні" көркем фильмінде музыкант рөлі;
* 2015 - 2016 жылы "Астана" телеарнасындағы "Жібек", "Жібек 2" телесериалында басты рөлде ойнады.
## Марапаттары
* 2000 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты.
* 2006 жылы "Қазақстанның Мәдениет қайраткері" құрметті атағы берілді.
* 2009 жылы Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағы берілді.
* 2015 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
* 2016 жылы Халықаралық қазақ тілі қоғамының І дәрежедегі "Қазақ тілі" алтын медалінің иегері.
## Отбасы
* 1 ұл баласы бар. |
Кеңес Нұрланов (1962 жылы 1 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (1996). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан.
## Толығырақ
* Кеңес Нұрланов 1962 жылы 1 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
* 1969 - 1979 жылдары Ақтоғай совхозының орта мектебін бітірген.
* 1979 - 1983 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино және драма актері» мамандығы бойынша КСРО халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекованың классын бітірген.
* 1983 - 1993 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
* 1993 - 2007 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.
* 2007 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
М. Әуезов «Айман-Шолпан» – қортық шал, «Қарагөз» – Нарша, «Еңлік-Кебекте» – Кебек, «Абай» – Әбдірахман, Керім, Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» – Қозы, Қодар, «Ақан сері-Ақтоқты» – Балта, М. Мақатаев «Қош махаббат» – Қасым, Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» – Ганефельд, С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» – Бүркіт, Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейнесі» – Құмар, Қ. Гоцци «Турандот ханшайым» – Калаф, С. Торайғыров «Қамар сұлу» – Ахмет, Ш. Айтматов «Ақ кеме» – Момын шал, Ә. Нүрпейісов «Қан мен тер» – Құдайменде, О. Бөкей «Құлыным менің» – Қаражан, М. Шаханов «Көкейтесті» – Шоқан, Э. Хушвақтов «Қызыл алма» – Оразбай, А. Цагарели «Гамарджоба» – Акоп, Қ. Жүнісов «Махаббат мелодрамасы» – Әмір, И. Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Амадей, М. Фриш «Дон Жуанның думаны» – Дон Диего, Е. Жуасбек «Терең тамырлар» – Асқар, У. Шекспир «Гамлет» – Полоний, Қ. Шаңғытбаев, Қ. Байсейітов «Қыздар-ай» – Әбдіқадыр, Ш. Мұртаза «Бір кем дүние» – молда, Қ. Жиенбай «Таңғажайып планета» – Уәли, Ж. Ануй «Жалын жұтқан Жанна Д’арк» – Архиепископ, Д. Рамазан «Абылай ханның арманы» – Князь уван ураков, Р. Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – шеф, С. Мұқанов, Ш. Уәлиханов «Шоқан» – Мұса Шорманов, т.б. көптеген рөлдері бар.
## Марапаттары
* 1996 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері.
* 2006 жылы Ерен еңбегі үшін медалі
* 2012 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған. |
* Лепсі ауылдық округі — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Лепсі ауылдық округі — Жетісу облысы Сарқан ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Майра Смахқызы Омар (1958 жылы 27 қазанда Көкшетау облысында туған) — актриса. Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1992). Құрмет орденінің иегері (2017). Ерен еңбегі үшін медалінің иегері (2002).
## Толығырақ
* Майра Смахқызы 1958 жылы 27 қазанда Көкшетау облысы Қызылту ауданында дүниеге келген.
* 1978 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы театр студиясын қызыл дипломмен бітірген.
* 1994 - 1996 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
* 1978 - 1979 жылдары Талдықорған драма театрының актрисасы.
* 1979 - 2009 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы.
* 2010 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
* Талдықорған драма театры және Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында ойнаған рөлдері: Б. Римова «Абай-Әйгерім» – Айғыз, М. Байджиев «Қалыңдық пен күйеу» – қалыңдық, С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Нигора, Т. Брандес «Мен сіздің әпкеңізбін» – Энни, Табукашвили «Арманымның ақ құсы» – Елена, Ж. Мольер «Ақымақ болған басым-ай» – Клодина, Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Найман Ана, «Ақ кеме» – Бұғы Ана, Қ. Шаңғытбаев, Қ. Байсейітов «Беу, қыздар-ай» – Күнсұлу, Т. Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» – Күйкетай, М. Әуезов «Еңлік-Кебек» – Еңлік, «Қилы заман» – Ана, «Дос – бедел дос» – Гүлжан, Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» – Мақпал, «Махаббат дастаны» – Күнікей, К. Ашир «Қабыл-Адам ата перзенті» – Хауа Ана, Е.Замятин «Еділ патша» – Ильдихо, Б. Майлин «Сабатажж» – Қалампыр, М. Мақатаев «Қош, махаббат» – Бану, Ж. Аймауытов «Махаббат мұңы» – Шекер, Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» – Рахия, Т. Мурод «Ат жылаған түн» – Қымбат, М. Гаппаров «Тұзды шөл» – Рәбия, Гоцци «Турандот ханшайым» – Зелима, А. Сүлейменов «Жетінші палата» – Жамал, «Қыздай жесір – штат қысқарту» – Үрия, Қ. Мұқамеджанов, Ш. Айтматов «Көктөбедегі кездесу» – Алма, Н. Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» – Қарлығаш, Б. Мұқай «Сергелдең болған серілер» – Сайраш, Хикмет «Фархат-Шырын» – Сербиназ, Покровский «Жуастан жуан» – Қырмызы, С. Санбаев «Бір құты мұнай» – Петра, А. Жағанова «Жан алқымда» – Сәуле, И. Ғайып «Шыңғысхан» – Күлал, И. Вовнянко «Апат» – Ұлпан, С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» – Қалиса, У. Шекспир «Гамлет» – Гертруда, «Ромео мен Джульетта» – Леди Капулетти, Ә. Әмзеев «Қара кемпір» – Қали, М. Кәрім «Ай тұтылған түн» – Таңқабике, т.б.
* Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры сахнасында: Д. Рамазан «Кенесары-Күнімжан» – Қадиша; Е. Жуасбек «Антивирус» – Нафиса; Ф. Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» – Динаның анасы, Ғ. Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқты» – Дәмелі, А. Вальехо «Күн сәулесі түспеген» – Шешесі, Ж. Ануй«Жалын жұтқан Жанна д’Арк» – Анасы, Б. Минору «Әзәзіл» – бірінші әйел, Ә. Тарази «Үкілі жұлдыз» – Ай, С. Балғабаев «Ең жақсы еркек» – меңгеруші, Р. Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – шешесі, т.б.
## Марапаттары
* 1988 жылы Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты.
* 1992 жылы Е. Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры» драмасында Сағима бейнесін көркем сомдағаны үшін Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері атанды.
* 2002 жылы Елбасының жарлығымен Ерен еңбегі үшін медалі мен марапатталды.
* 2017 - Құрмет ордені |
Қаратұма — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Бескөл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласының шығысында 17 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бескөл ауылдық округі — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Бескөл ауылы кіреді. Орталығы – Бескөл ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 8805 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Бескөл ауылдық округі — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Бескөл, Бұлақты, Қаратұма ауылдары және Бесінші, Сайқан, №13 темір жол айрықтары кіреді. Орталығы - Бұлақты ауылы.
## Дереккөздер |
№13-темір жол айрығы — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Бескөл ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сайқан — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Бескөл ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бибақан — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Сапақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстікке қарай 82 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сапақ ауылдық округі (2010 жылға дейін – Герасимовка ауылдық округі) — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Бибақан, Сапақ ауылдары кіреді. Орталығы - Сапақ ауылы.
## Дереккөздер |
Сапақ ауылдық округі — Қызылорда облысы Арал ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Сапақ темір жол станциясы, Көктем ауылы, және 87-ші, 88-ші темір жол айрықтары кіреді. Орталығы – Сапақ ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 921 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Екпінді — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Екпінді ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 68 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Еңбекші ауылдық округі — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Еңбекші ауылы кіреді. Орталығы - Еңбекші ауылы.
## Дереккөздер |
Екпінді ауылдық округі — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Екпінді, Қарлығаш, Үшқайың ауылдары кіреді. Орталығы - Екпінді ауылы.
## Дереккөздер |
Қарабұлақ — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Жанама ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жанама ауылдық округі — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жанама, Ескі Жанама, Қарабұлақ ауылдары кіреді. Орталығы - Жанама ауылы.
## Дереккөздер |
Ескі Жанама — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Жанама ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 11 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Достық ауылдық округі — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Достық ауылы, Жалаңашкөл және Көктұма темір жол бекеттері кіреді. Орталығы - Достық ауылы.
## Дереккөздер |
Жанама — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Жанама ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 7 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Наз мемлекеттік би театры МКҚК — 1999 жылы Астана мемлекеттік филармониясы жанынан құрылды. Өнер ордасының іргетасын қалаған, биші, ҚР Мәдениет қайраткері Еркебұлан Ағымбаев пен биші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қадиша Ағымбаеваның ұйымдастырылуымен құрылған би ансамблі.
## Толығырақ
* «Наз» халық би ансамбілі 1999 жылы Астана мемлекеттік филармониясы жанынан құрылды.
* 2007 жылдың 1 наурыз айынан бастап қала әкімшілігінің шешімімен «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК болып өз алдына бөлек шаңырақ құрған ұжым.
* Театрда балет залы, көрермен залы 280 адамға және әкімшілікке арналған кабинеттер бар.
* Бүгінде театр репертуарында 100 астам ұлттық билер мен оннан астам хореографиялық спектаклдер бар. Театр бишілері ұлттық билер мен бірге әлем халықтарының билерін кәсіби деңгейде орындап жүр. Мемлекетіміздің имиджін қалыптастыруда да «Наз» мемлекеттік би театрының еңбегі ересен. Шетелдерде еліміздің атынан бірнеше ісшараларға қатысып, абыроймен өнер көрсетіп жүр.
* «Наз» би театры Республикадағы өтетін барлық мәдени-бұқаралық, мерекелік іс-шаралардың және өз елімізбен шет елдерде өтетін ауқымды азия ойындары, байқаулар мен фестивальдардың белсенді қатысушысы театр ұжымы.
* Түркия, Мәскеу, Қытай Халық Республикасы, Оңтүстік Корея, Болгария, Грекия, Қатар, Бельгия, Голландия, Франция, Арабия және норвегия мемлекеттерінде ұлттық би өнерін насихаттап, қазақ биінің сұлулығы мен сымбатын тамсандыра көрсетіп, тұғырын биік ұстап келе жатқан ұжым.
* Театрдың репертуарлық саясаты тым тереңде жатыр. Репертуар әсемдік пен әдемілікті ғана көрсетіп қоймай, басты назарда қазақ тарихын, фольклорын, музыкасын, этнографиясын көрсетуді мақсат тұтады. Оған «Білезік ойыны», «Серпін», «Шернияз», «Көктем билері» мысал бола алады. Ал «театр» деген атқа лайық болу үлкен еңбекті талап ететіні сөзсіз. Осыған дейін «Тұйғындар», «Нұрғиса», «Мың бір түннің бір түні», «Болеро», «Ақ пен қара», «Усана» атты хореографиялық спектакльдерді көрермен назарына ұсынды. Осындай ірі тәжірибелер мен эксперименттердің нәтижесінде 2019 жылы «Шыңғысхан» хореографиялық спектаклі сахнаға жол тартты. Бұл қойылым өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері Шыңғысханның өмірі мен ерен еңбегіне арналған. Қойылымда аңыз-әңгімелерге сүйене отырып, Шыңғыс ханның бала кезінен бастап, ер жетіп, ел билеген кезеңдері қамтылды.
## Жеткен жетістіктері
* 2001 жылы II Республикалық Ш.Жиенқұлова атындағы қазақ би конкурсының лауреаты (Орал қаласы);
* 2001 жылы IV –Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлдегері;
* 2002 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты;
* 2004 жылы Қытайда театр «Алтын мүсін» иегері атанды;
* 2006 жылы Халықаралық «Қосалқа» халық би фестивалінің дипломымен марапатталды;
* 2006 жылы Ағымбаева Қадиша Ермекбайқызына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді;
* 2007 жылы Халықаралық «Шабыт» халық би фестивалінің дипломымен марапатталды;
* 2007 жылы Астана қаласының Мәдениет департаментінің бастығы С. Абдрахманов мырзаның дипломымен марапатталды;
* 2008 жылы Worldfestival Parad Brunssum фестивалінің сертификатымен марапатталды Голландия, Еуропа;
* 2008 жылы Интернационалдық фольклорлі фестивалінің дипломымен марапатталды- Warffum (Нидерланды);
* 2009 жылы «Наз» театры Астана күніне орай мерекенің өтуіне белсенділік танытқаны үшін Астана қаласы әкімі И.Н.Тасмағамбетов мырзаның «Алғыс хатымен» марапатталды.
* 2009 жылы «Наз» театрының ұжымы «Қазақ елі» сәулеттік-мүсіндік кешенінің ашылу рәсімінің жоғары деңгейде өткізілуіне қосқан үлесі үшін Астана қаласының Мәдениет басқармасы бастығы Е.Ағымбаев мырзаның «Алғыс хатымен» марапатталды.
* 2009 жылы Астана қаласының Мәдениетін дамытуға қосып жүрген үлесі үшін «Наз» театры Астана қаласы Әкімінің орынбасары Ә.Рахымжанов мырзаның «Алғыс хатымен» марапатталды.
* 2010 жылы ҚР Египет Араб Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісінің Египет Араб республикасы арасындағы ынтымақтастығын дамытуға қоскан үлесі үшін «Наз» мемлекеттік би театрының ұжымына алғыс білдіреді.
* 2010 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасының орынбасары Е.Тоғжановтың алғыс хаты.
* 2010 - 2011 жылдары «Наз» мемлекеттік би театры Астана қаласы әкімі Иманғали Тасмағамбетов мырзаның «Алғыс хатымен» марапатталды;
* 2012 ж. «Астана 2012 – түркі әлемінің мәдени астанасы» атты мерекелік іс-шараға қатысқаны үшін Тюрскойдың бас хатшысы Д.Қасейіновтың алғыс хатымен марапатталды;
* 2012 ж. «Наз» мемлекеттік би театры «Уфа – бірлік пен достастық қаласы» атты фестиваліне қатысқаны үшін, Уфа қаласының қалалық округі әкімшілігінің мәдениет басқармасының бастығы И.Р.Мамбетовтың алғыс хатымен марапатталды;
* 2013 ж. Театр әртісі Тұрсынова Айнагүл Бахытқызы «Мәдениет саласының үздігі» атағын алды;
* 2013 ж. Театр әртісі Умашева Аяжан Молдағалиқызы «Мәдениет саласының үздігі» атағын алды;
* 2015 жылы, маусым айында «Наз» мемлекеттік би театры 15 жылдық мерейтойын салтанатты концертпен атап өтті;
* «Наз» мемлекеттік би театры 2015-2016 жылдары Түркия, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Израиль елдеріне гастрольдік іс-сапарға шықты;
* 2016 жылдың, наурыздың 19-29 аралығында театр әртістері «Тюрксой Халықаралық ұйымының» ұйымдастыруымен Түркия мемлекетінің Стамбул, Анкара, т.б. қалаларында өтіп жатқан «Навруз-байрамы»атты мерекелік іс-шарасына қатысты;
* 2016 жылы, 3-6 шілде аралығында «Наз» мемлекеттік би театры «Биле, Астана» атты би фестивалін ұйымдастырып, өткізді;
* 2017 ж. М.Эсамбаев атындағы IX Халықаралық фестивалінің лауреаты атанды (Грозный);
* 2018 ж. XXI «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің Гран При иегері.
* 2018 ж. Театр артисі, педагог-репетитор Атымтаева Әлия Тастемірқызы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алды. |
Технологиялық Әмірліктерідің Колледжі (ُُُُُ ЭСТ; араб.: Үлгі:Big) Абу-Даби қаласында Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан жоғары оқу мекемесі болып табылады.
## Тарихы
ECT кәсіби басқару жөніндегі даярлау, есептеу және тілдерді оқуды ұсына отырып, Технологиялық Әмірліктердің институты (КАУВИС) ретінде 1993 жылы құрылды.
1995 жылы ол өзінің алғашқы оқу бағдарламасында іскерлік әкімшілік және компьютерлік ақпараттық жүйелер бойынша екі жылдық дипломды енгізді.[дереккөзі?]
2001 жылы EIT академиялық бөлімшесі қысқа курстар бөлімшелерінен бөлініп шықты.
Академиялық бөлімше2003 жылы БАӘ Лицензиялаудан өтіп және 2004 жылы «Технологиялық Әмірліктердің колледжі» болып өзгертілді..
2007 және 2008 жылдар аралығында ECT алты жаңа Диплом бағдарламаларын енгізді. 2011 жылы ол Қоғамдық қатынастар саласы бойынша араб-орта бағдарламасында алғашқы дипломды ұсынды, және бір жылдан кейін ол өзінің бірінші бакалавриат бағдарламасын, Бизнес Бакалаврың ашты. Тағы екі бакалавр дәрежесін енгізді: 2013 жылы Бұқаралық Коммуникация бакалаврың (араб ортасы) және 2014 жылы аккредиттелген қаржы ғылымдарының бакалаврың.
## Бағдарламалар
ECT үш бакалавриат бағдарламалар мен алты екі жылдық диплом бағдарламаларын ұсынады. Колледж қосымша бакалавриат бағдарламаларын енгізуді жоспарлап отыр және ақыр соңында, жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларды енгізбек [дереккөзі?]
### Бакалавриат бағдарламалары
* Іскер әкімшілдік бакалавры
* Қаржы ғылым бакалавры
* Бұқаралық ақпарат құралдарының бакалавры (араб тілінде)
### Дипломдық бағдарлама
* Бухгалтерлік есеп
* Банктер Мен Қаржылар
* Іскерлік Әкімшілік пен Компьютерлік Ақпараттық Жүйелер (Қос Мамандануы)
* Компьютерлік графикалық Дизайн және Анимация
* Адам Ресурстарын Басқару
* Қоғаммен байланыс (арабша)/тоқтатылды
## Тіркеу
2014 жылдың күзінінің ақпараты бойынша, ECT да шамамен 2840 студент білім алды. Cтуденттердің 56% ер болып табылады және шамамен 70% Араб әмірліктерінің азаматтары болып табылады. Жалпы 35 ұлтты құрайды. Студенттердің көпшілігі кешке немесе демалыс күндері сабаққа қатысады. ECT-де 108 күндізгі және 12 сырттай факультет бар, және 106 қызметкерлерге ие. [дереккөзі?]
## Сілтемелер |
Талғат Пердебекұлы Күзембаев (1971 жылы 6 қаңтарда ОҚО Бәйдібек ауданы Алғабас ауылында туған) — опера әншісі (драмалық баритон). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының ресми тұңғыш орындаушысы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2006). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
## Толығырақ
* Талғат Пердебекұлы 1971 жылы 6 қаңтарда ОҚО Бәйдібек ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген.
* 1994 - 1998 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокалдық-хор факультетін Қазақстанның халық артисі, профессор Ғафиз Есімовтың классын бітірген.
* 1998 - 2000 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының асперантурасын бітірген.
* Оқуды бітіргеннен кейін Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрына труппасына қабылданады.
## Шығармашылығы
* Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры сахнасында: Бұл жерде опералық-орындаушылық репертуарынан қазақ композиторларының, сондай-ақ дүниежүзілік классикалық музыка шығармалар кең орын алды.
* Негізгі орындаған партиялары: Жанбота, Жиенқұл (М.Төлебаев, “Біржан – Сара”), Абай, Жиренше (А.Жұбанов пен Хамидидің осы аттас операсы), Бекежан (Е.Г.Брусиловский, “Қыз Жібек”), Абылай хан Рахмадиевтің осы аттас операсы, 2004; ҚР Мемлекеттік сыйлығы, 2006). Сонымен қатар Н.А. Римский-Корсаков, П.И.Чайковскийдің Ж.Бизе, Дж. Пуччини, Дж. Верди операларында күрделі партияларды орындады.
* 2006 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының ресми тұңғыш орындаушысы болды.
* Ол 2007 ж. Қазан қаласындағы Татар мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында Вердидің “Трубадур” операсын қоюға қатысты. Сол жылы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының опералық труппасымен Кипрдегі Пафос қаласында “Афродита” фестиваліне қатысып, Граф ди Луна партиясын (Верди, “Трубадур”) айтты. К.Байсейітова атындағы республика әншілер байқауының (1998, 3-сыйлық), Халықаралық “Шабыт” шығарма жастар фестивалінің (2001, 1-сыйлығы), Б.Төлегенова атындағы 2-халықаралық әншілер байқауының (2004, 1-сыйлық) лауреаты және Астрахан қаласында өткен М.И. Глинка атындағы халықаралық әншілер байқауының дипломанты атанды..
## Марапаттары
* 2006 жылы Еркеғали Рахмадиевтың "Абылай хан" операсындағы Абылай ханның рөлі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
* 2017 жылғы ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.
## Сілтемелер
* Кузембаев Талгат
* 2006 жылғы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алуға алдын ала іріктеуден өткен және конкурсқа қатысу үшін жіберілген шығармалар(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
ALHOSN Университеті - 2005 жылы құрылды және Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабида орналасқан оқу орны болып табылады.
Оның ер және әйел оқушыларға арналған бөлек кампустары бар.
## Сиппатамасы
Университет Абу-Дабида негізделген Жоғары білім және ғылыми зерттеулер БАӘ министрлігінен аккредиттелінген.
ALHOSN университеті үш факультет, яғни бизнес, техника және өнер және әлеуметтік ғылым астындағы 18 бакалавриат пен 11 жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейді ұсынады.
Университет Инженерлік (Инжиниринг және технологиялар кеңесінен (ABET) аккредиттелген), Бизнес (Certified Chartered бухгалтерлер қауымдастығынан (АССА) аккредиттелген) және білім беру салаларында бағдарламаларын ұсынады.
Бакалавриат Академиялық деңгейдегі төрт жылдық бағдарламаларды ұсынды және араб білім компонентінен басқа салаларында ағылшын тілінде оқытады .
ALHOSN университеті Араб қауымдастығының университеттерінің мүшесі болып табылады. |
Екпінді ауылдық округі – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Екпінді ауылы кіреді. Орталығы – Екпінді ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 953 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Жайпақ ауылдық округі — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жайпақ ауылы кіреді. Орталығы - Жайпақ ауылы.
## Дереккөздер |
Жалаңашкөл — Жетісу облысының Алакөл ауданы, Достық ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 116 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жамбыл — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Қабанбай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 54 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қабанбай (1992 жылға дейін — Андреевка) — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Қабанбай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 55 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жайпақ — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Жайпақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 28 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қызылащы ауылдық округі — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жұмахан Балапанов ауылы кіреді. Орталығы - Жұмахан Балапанов ауылы.
## Дереккөздер |
Қабанбай ауылдық округі — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жамбыл, Қабанбай ауылдары кіреді. Орталығы - Қабанбай ауылы.
## Дереккөздер |
Саят Қабылұлы Медеуов (1973 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы Қордай ауданында туған) — әнші. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2015).
## Толығырақ
* Саят Қабылұлы 1973 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен ауылында дүниеге келген.
* Әкесі — Қабыл еңбек ардагері.
* Анасы — Нұрғайша.
* Алматы № 14 техникалық кәсіптік училищесін бітірген.
* 2001–2005 жылдары Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжінің "эстрада-вокал" мамандығы бойынша бітірген.
* 1998 жылдан шығармашылықта.
## Шығармашылығы
* Саят Медеуов 1998 жылдан республика жұртшылығына таныла бастады.
* "Көк шолақ", "Сен көріктісің", "Алтыным", Кенен Әзірбаевтің "Бозторғай", "Қайран жастық", Халық әндері "Самал тау", Ө.Байділдаевтың "Туған жер", Е.Сыпаналиевтың "Мен сені қалай сүйгенмін" және "Саған арнадым", "Өзіңді аңсап", "Ауылым", "Әке", Қ.Бисенбаевтың "Қызға тілек" және т.б көптеген әндері бар.
* 2005 жылы 17 сәуірде Ең алғашқы Республика сарайында жеке шығармашылық есеп беру концертін берді.
* 2015 жылы Алматыда. 2016 жылы Астанада Конгресс Холлда "Отаным менің" атты жеке шығармашылық есеп беру кештері өтті.
## Қосымша ақпарат
* Саят Медеуов 2017 жылдың 26 наурыз айынан бастап Алматы облысы Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланды.
* 2019 жылдың қаңтарында Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы .
## Марапаттары
* 2014 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Мәдениет саласының Үздігі" құрметті төсбелгісімен марапатталды.
* 2015 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді. (Астана).
## Отбасы
* Үйленген. 4 қызы бар.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Саят Медеуов Кербұлақ ауданындағы ән-би ансамблінің жетекшісі болып тағайындалды(қолжетпейтін сілтеме) |
Мұқасан Досмұратұлы Шахзадаев (1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданында туған) — танымал эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1996).
## Толығырақ
* Мұқасан Досмұратұлы 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданы Ойыл ауылында дүниеге келген. Ысты руынан шыққан.
* Әкесі - Досмұрат Шахзадаев.
* 1989 жылы Тараз мәдени училищесін бітірген.
* 1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұрынғы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтынның) музыка факултетін бітірген.
* 1990 жылдан "Нұр - Мұқасан" дуэтін құрып, сол топта осы уақытқа дейін өнер көрсетіп келеді.
* 1993 - 1999 жылдары Бауыржан Ибрагимовтің ашқан "Бауыржан - шоу әзіл-сқақ театры"ның әрітісі болды.
## Шығармашылығы
* Мұқасан Шахзадаев пен Нұрлан Қоынсбаев бірігіп құрған "Нұр-Мұқасан" дуэті 1990 жылдан бастап халыққа кеңінін таныла бастады.
* «Нұр-Мұқасан» дуэті «Құдаша қыз», «Сезімді қайтем», «Қос қарлығаш» хит әндерімен 90 жылдардағы көрермендердің жүрегін жаулап алды.
* "Нұр-Мұқасан" дуэтінің репертуарында: М. Мақатаевтың "Бақытыңды жырлайды", И.Сапарбайдың "Махаббат деген....", А.Санаевтың "Не пайда", Е.Серікбаевтың "Неткен өмір", "Қос қарлығаш", "Бір ғасыр", "Не пайда?", "Іздедім", "Туған жер" , "Бақанас", "Алматымның сұлулары", "Бір ғасыр" және т.б көптеген әндері бар.
## Марапаттары
* 1996 жылы "Бауыржан - шоу әзіл-сқақ театры"ның құрамында жүріп Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды.
* 2002 жылы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды.
* 2015 жылы 15 желтоқсанда Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды. (Астана).
* 2016 жылы Халықаралық қазақ тілі қоғамының І дәрежедегі "Қазақ тілі" алтын медалімен марапатталған. |
Жеңіс Ермағанбетқызы Ысқақова (1966 жылы 9 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзекте туған) — эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005).
## Толығырақ
* Жеңіс Ермағанбетқызы 1966 жылы 9 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзекте дүниеге келген.
* 1982 жылы Сырдария ауданындағы орта мектепті бітірген. Мектептің іс-шараларына ол белсенді түрде қатысып отырған. Облыстық, аудандық әншілер байқауларына қатысқан.
* 1984 жылы Сырдария ауданыдық мәдениет үйінің автоклуб меңгерушісі әрі композитор Рамазан Тайманов құрған ансамбль солисті болып алғашқы еңбек жолын бастаған.
* 1985 - 1987 жылдары (бұрынғы Алматы эстрада-цирк училишесі) қазіргі Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжінің "эстрада" мамандығы бойынша Қазақ КСР халық артисі, мемлекеттік сыйлық иегері, профессор Лаки Константинович Кесоглудың классын бітірген.
* 1987 жылдан Гүлдер ансамбльінде өнер көрсетті.
* Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Орталық Ансамблінің солисті.
* Нұрғиса Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрінің солисті.
* Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің солисті.
## Шығармашылығы
* Жеңіс Ысқақова 1987 жылдан Республика жұртщылығына кеңінен таныла бастады.
* 1992 жылы әншінің алғашқы дебюттік "Мен білмеймін" әні шықты. 1994 жылы Бұл ән "Жылдың үздік әні" атанды. "Аяла сен мені", "Түңгі жаңбыр" (1995), "Ғажап ертегім" (1999), "Сыр сұлуы" (2000), "Сен ғана" (2000), "Сыңсу" (2001), "Тылсым сезім" (2004) және т.б көптеген хит әндері республика жұртшылығына кеңінен таралған.
* 2000 жылы қазақ вальсінің карольі атанған Шәмші Қалдаяқовтың еске алу кешінде алғаш рет "Сыр сұлуы" әнін орындады. Бұл ән әншінің репертуарынан ойып тұрып орын алды. Бүгінгі күнде әншіні "Сыр сұлуы" деп атап кеткен.
* Жеңіс Ысқақова композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеевпен тығыз шығармашылық байланыста.
## Жеке концерттері
* 2001 жылы "Сыр сұлуы" деп аталатын әншінің алғашқы ән кеші Республика сарайында жоғарғы деңгейде өтті.
* 2005 жылы "Әнім Сен Едің" деп аталған мюзикл бағытындағы екінші ән кешін Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры сахнасында жоғарғы деңгейде өткізді. Бұл кештің жүргізушісі танымал актер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Азамат Сатыбалды болды.
* 2008 жылы Мәскеуде үшінші жеке концертті өткізді.
## Альбомдары
* 1997 жылы "Түнгі жаңбыр" касетасы
* 2003 жылы "Түнгі жаңбыр" жаңа тректер ресми түрде жарыққа шықты.
* 2013 жылы "Бақыт құшағында" электрондық альбомы.
## Клиптері
* 1994 жылы "Мен Білмеймін"
* 1995 жылы "Аяла Сен Мені"
* 1999 жылы "Жалғызым"
* 2001 жылы "Сен ғана"
* 2003 жылы "Тылсым Сезім"
* 2014 жылы "Аяла Сен Мені (дуэт)"
* 2015 жылы "Жан әке" (әні: Кеңес Дүйсекеев) Жан Әке
* 2016 жылы "Жаңа күн"
## Марапаттары
* 1987 жылы Юрмалада өткен Бүкілодақтық эстрада орындаушыларының конкурсында "Көрермендер көзайымы" аталымы бойынша марапатталған.
* 1987 жылы Бүкілодақтық Жаңа есім («Новые имена» — 87) конкурсының лауреаты.
* 1987 жылы Мәскеудегі «Виват, Виктория» халықаралық конкурсының гран-при иегері.
* 2005 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
## Сыртқы сілтемелер
* Инстаграмдағы ресми парақшасы
* Ютубтегі ресми каналы |
Көктұма — Жетісу облысының Алакөл ауданы, Достық ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 73 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Теректі ауылдық округі — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Талдыбұлақ, Теректі ауылдары кіреді. Орталығы - Теректі ауылы.
## Дереккөздер |
* Қайнар ауылдық округі – Алматы облысы Райымбек ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Қайнар ауылдық округі – Алматы облысы Талғар ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Қайнар ауылдық округі – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Тоқжайлау — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Тоқжайлау ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстікке қарай 41 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ынталы ауылдық округі — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ынталы ауылы кіреді. Орталығы - Ынталы ауылы.
## Дереккөздер |
Наймансүйек - Қаратал өзенінің сол жағалауындағы Жаңақұм құмды алқабында жақтқан шұратты қоныс. Алматы облысы Қаратал ауданы, Наймансүйек алқабының батысында. Жайылымы 26 мың га, шабындығы 0,9 мың га.
## Геологиялық құрылымы
Палезойдың 2-жартысындағы герцин тау жасалу кезеңінде пайда болған таулар мен шеткі иірімдерге қалыптасқан кайнозойлық ойпаң жер. Аккумулятты-аллювийлі шөгінділермен жабылған.
## Климат
Климаты континенттік. Қаңтардың орташа температурасы -12-16С, шілдеде 22-24С.Қыста 50-100 мм, жазда 50-200мм жауын-шашын болады. Топырақ жамылғысы құм және құм топырақтар./шөлейттік бурыл/
## Өсімдіктр мен жануарлар
Наймансүйекте құм көкнәрі, қаз сарымсағы, тұзжуа өседі. Бауырымен жорғаушылар, кемірушілер, жабайы сүтқорктілер және құстар мекендейді. Құмтышқан, дуадақ, дала тырнасы, қарабауыр, қасқалдақ, сексеуіл торғайы, шұбар бұзаубас, дала сұр жыланы, су бақасы, суықторғай, ауыл қарлығашы, бозторғай, сандуғаш, шағал, құм мысығы кездеседі. жер асты суы жер бетіне жақын жатқан құм төбелер арасындағы жасыл шұратта сесеуіл мен жүзгін, т.б. бұталар өседі.Өзен жағалауын торғай көмкерген.
## Дереккөздер |
Үшқайың — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Екпінді ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 75 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Вера Игнатьевна Гедройц (7 (19) сәуір 1870 жыл, Слободище ауылы, Орел губерниясы — наурыз 1932, Киев) — Ресейдегі әйел хирургтардың бірі, ол хирургия профессоры атанған және хирургиялық кафедраны басқарған алғашқы әйелдердің бірі, Орыс-жапон соғысының қатысушысы, Күміс ғасырдың прозаигі және поэтессасы.
Цезарь Рудың хирургиялық мектебінің болашақ түлегі бола тұра, Вера Гедройц әскери саладағы, жалпы және балалар хирургиясы жайлы нағыз ғылыми жұмыстардың авторы болды. Ол сонымен қатар Киевтегі хирургиялық мектептің негізін салуға ат салысты.
Революцияны қажетті деп есептеген күннің өзінде Вера Гедройц патша отбасының ең жақын адамдарының бірі болып табылады. |
Домбе - Польшаның астанасының маңындағы көл. Ауданы жағынан Польшада 4-орынды алады. Шығу тегі бойынша мұзды.
## Сипаты
Су айнасының ауданы - 56 км². Орташа тереңдігі - 3,5 м, ал максималды тереңдігі - 8 метр. Көлдің ұзындығы 15 км, ал максималды ені 7,5 км. Су көлемі - 0,1295 км³. Мұнда спорттық- рекреациондық орталық жұмыс істейді.
## Дереккөздер
Орысша Уикипедиядан аударылған. |
Жан Бургейн (Бурген, фр. Jean Bourgain; 28 ақпан 1954 жылы, Остенде, Бельгияда туылды) — бельгиялық математик, Филдов сыйлығның лауреаты.
## Өмірбаяны
Докторлық дәрежесін Брюссельдік еркін университетте 1977 жылы алып, 1981-1985 жылдары сол жерде профессор міндетін атқарды. Содан кейін Францияда, 1994 жылдан бастап АҚШ-тағы Перспективті зерттеулер институтында жұмыс істеді.
Жұмыстары математиканың банах кеңістігінің геометриясы, гармоникалық талдау, аналитикалық сандар теориясы, комбинаторика, эргодикалық теория, дифференциалдық теңдеулер, спектрлік теория сияқты математиканың түрлі бөлімдеріне арналып жасалған.
2009 жылы Швециялық патшалық ғылым академиясының шетелдік мүшесі болып сайланды.
## Марапаттары
Марапат тізіміне кіреді:
* Салем сыйлығы (1983)
* Эль Картан сыйлығы (1990)
* Математикалық анализге қосқан үлесі үшін Островский сыйы (1991)
* Филдсов сыйлығы (1994)
* В. И. Вернадский алтын медалі (2009)
* Математика саласындағы Шао жүлдесі (2010).
* Крафорд сыйлығы (2012), Теренсе Таумен бірлесіп жасаған жұмысы үшін.
* Фельтринелли сыйлығы (2016).
* Математикадағы үлкен жетістік үшін алған сый (2017).
## Дереккөздер |
Эна - Франциядағы өзен, Уазаның сол жақ саласы. Ұзындығы 280 км, бассейннің ауданы - 7,7мың км². Бұл өзен алаңында Бірінші Дүниежүзілік соғыстың 3 шайқасы болған. Өзен шлюзденген.
## Дереккөздер
Орысша Уикипедиядан аударылған. |
Уаза - Бельгия мен Франциядағы өзен, Сенаның оң жақ саласы. Ұзындығы - 302 км. Бассейннің ауданы - 17 мың км². Мез, Сомма, Шельда өзендерінің арналарының жүйесімен байланысқан. Судың орташа шығыны: 110 м³/с. Оң жақ саласы: Науарье, Диветт. Сол жақ саласы: Глан, Тон, Сер.
## Дереккөздер
Орысша Уикипедиядан аударылған. |
Жасқазақ — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Матай ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан солтүстік-батысқа қарай 93 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Девиз бұғазы - Гренландия мен канадалық Нунавут провинциясын бөліп тұратын бұғаз. Ені 300-950 км. Максималды тереңдігі 3660 метр. Мұнай мен табиғи газ қорына бай.1580 жылы ағылшындық Джон Дейвис зерттеп, ашқан болатын. Соның құрметіне аталған.
## Дереккөздер
Орысша Уикипедиядан аударылған. |
Матай ауылдық округі — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Құрақсу, Матай ауылдары, Ақөзек, Береке, Жасқазақ темір жол айрықтары кіреді. Орталығы - Матай ауылы.
## Дереккөздер |
Ақсу — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл, Ақсу ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан солтүстікке қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
ТеркешТеркеш. Аяқ, тостаған, ожау, кесе сияқты ыдычстарды таза әрі бүлінбей сақтау үшін теркеш деп аталатын бұйым болады. Ол негізінен ағаштан, жылқы терісінен сырты оюланып, өрнектеліп көзге көрнекті етіп жасалады. Жұмсақ болуы үшін ішінен қалың мата жапсырылады. Көрінетін жерге іліп қою үшін қайыс бау тағылады. Ыдыс сақтайтын аяққап,кесеқап, теркеш сияқты әсем бұйымдарды шеберлер шыбықтан да келістіріп тоқиды.
## Дереккөздер |
Рамазан Сағындықұлы Тайманов (1954 жылы 23 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданында туған) — композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2010). Қызылорданың құрметті азаматы (2012). Құрмет орденінің иегері (2017).
## Толығырақ
* Рамазан Сағындықұлы Тайманов 1954 жылы 23 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылында дүниеге келген.
* 1989 жылы Алматыдағы П.И.Чайковский атындағы музыкалық училищенін бітірген.
* 2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.
* 1990- - 1997 жылдары Сырдария аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істеген.
* Тереңөзек кентіндегі кәсіптік-техникалық училищеде «Гүлдерайым» ансамблін құрып, облыстық, аудандық байқауларға қатысып жүлделі орындар алған.
## Шығармашылығы
* Рамазан Таймановтың 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына байланысты шыққан «Қазақ қызы» әнімен республикаға танымал болды.
* 1996 жылы Эстонияда өткен дүниежүзілік балалар шығармашылығы фестивалінде оның «Қызылорда жастарының әні» таңдаулы деп бағаланып, «Алтын қорға» жазылып алынды. 1997 жылы «Айналайын» фестивалінің гимні болып Р.Таймановтың «Айналайын» әні таңдалған.
* 1999 - 2000 жылдары Республикалық «Жас қанат» байқауы мен «Азия даусы» фестивалінде «Қазағым-ай», «Қорқыт-қобыз» әндері 1-ші орын алып, Р.Тайманов «Ең үздік композитор» атағын иеленді. Белгілі әншілердің орындауындағы «Қазақ қызы», «Қазағым-ай», «Боздақтар», «Сыңсу», «Махаббат мұңы», «Махаббат көктемі», «Сен мені іздеді деп кінәлама» әндері республика жұртшылығына кеңінен таныс.
## Марапаттары
* 1998 жылы Қызылорда облысы әкімінің степендиянты.
* 2001 жылы Елбасының жарлығымен Шапағат медалі мен марапатталған.
* 2010 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.
* 2012 жылы Қызылорда қаласының құрметті азаматы атағы берілді.
* 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы ҚР Президентінінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталды. |
Шолақөзек — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Ақсу ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан солтүстікке қарай 23 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Баб Ата кесенесі – көне сәулет өнері ескерткіштерінің бірегейі болып саналады. Кесене Әзіреті Әлінің (Әли ибн Әбу Талиб) жетінші ұрпағы Ысхақ Бабтың немесе Баб Атаның уақтысында құлаған мазарының орнына күйдірілген шаршы кірпіштен ортағасырлық дәстүрлі композициялық үлгіде қайта тұрғызылған.
## Жалпы мәлімет
Атаулы комплекс, Оңтүстік Қазастанның, Созақ ауданында орналасқан. Мешіт XIX ғасырдың соңында салынған. Мешіт орта ғасырлардан қалған Баба-Ата қаласының ескі орнының ішінде орналасқан. Бұл мешіттің салыну мақсатын, осы жерде орта ғасырларда мекендеген әйгілі ислам дінін уағыздаушысыменен байланыстырады.Жалпы алғанда, ғимарат сопақша келген төртбұрыш пішінінде жасалған болып, сегіз қырлы шеңберлер үстіне қаланған, екі тең емес күмбезбенен жабылған. Ғимарат оңтүстік-батыс жағына қаратылған. Кіре-беріс қабырғасының сыртқы жағынан, қабырғаның тап ортасынан, екі жаққа бірдей қашыктықта орналастырылған екі өте мықты, тік-төртбұрыш пішініне жақын тірек орналастырылған, бұл тіректер ғимараттың арқасын тіреп тұр.
## Тарихы
Баб – арап тілінде қақпа дегенді білдіреді. Ел, Ұлы ғұламалығын қадірлеп, дін қақпасы атандырған – Ысхақ Баб, әулиелердің сұлтаны атанған Құл Қожа Ахмет Яссауидің сегізінші бабасы. «Насабнама» нұсқаларында аты аталған Ысхақ Бабтың кесенесі қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жарты төбе кеңшарының аумағында орналасқан. Осы Ысхақ Баб (Баб Ата) кесенесінің тұрғызылуы жөнінде халық арасында бірен - сараң аңыз әңгімелер сақталған. Сол аңыздардың біріне тоқтала кетсек.Баб Ата кесенесінің тұрғызылуы жайлы басқа аңыздарға ұқсай бермейтін өзгешелікті байқауға болады. Қазақтар мен қалмақтар арасындағы шапқыншылық жылдарында Баб ата басына тұрғызылған мазар қасақана қиратылады. Сол тұста айналасында отырған халық та тоз-тоз болып жан-жаққа босып кетеді. Қайтадан бейбітшілік заман орнап, халық басы құралған кезде, Баб Ата мазарының анық қай жерде екенін жұрт таппай қалады. Кесенені қайта көтермек болған халық орны қайда екенін тап баса алмай әбігерге түседі. Сол кезде ауылдың бір көнекөз қариясы, «Баб Атаның анық қай жерде жерленгенін білудің бір ғана жолы бар» - дейді. Түнде сол жерге барып жасырынып жатып, бақылау керек. Таң таянып, шолпан жұлдызы туған кезде, Ысхақ баптың қабірі үстінде қабылан пайда болады. Қабылан тұрған жерді дәл белгілеп алса, сонда жерленген болып шығады, - дейді. Жұртшылық ақсақалдың айтқанын істеп, түнде сол маңды бақылауға шығады. Айтқанындай таң саз бере қабылан пайда болады. Қабыланды өз көздерімен көрген адамдар Ысхақ баптың – әулиелігіне тағы да көздері анық жетіп, сол жерді белгілеп алады. Келесі күні, қабылан тұрған жерді қазғанда Ысхақ Баб (Баб Ата) сағанасына кіретін есіктің тура үстінен түседі. Ішке кіргенде жерленген кісі сүйегі мен Ысхақ бабтың туы, найзасын көреді. Қабірдің анық Ысхақ баптікі екеніне көз жеткізген халық, бүгінгі күнге дейін жеткен кесенені тұрғызады.Ысхақ бабтың қабірінің орнын нақты дәл анықтау үшін, келесі аңыздың бірінде, Ысхақ бабтың Қарғалық (Бабата) қалашығындағы мекеніне түйе шөгеріпті деп те айтылады. Түйе – қазақтың да, арабтың да қастерлі малы. Жануар Темірқазықты бетке алып шөгіпті. Мінер үзеңгілігі жағы құбыла жаққа қарапты деседі. Түйе шөккен жерге Ысхақ бабтың сұпасын (қабір үстілік бөлігін) тұрғызып, кесенесін салған екен.Күллі түркі жұртын, оның ішінде қазақ халқын исламға табыстырған алтын көпірдің бірі – Ысхақ Баб.
## Дереккөздер
https://baq.kz/kk/news/all/ishak_bab_bab_ata_kesenesihttp://www.balkhashlib.kz/kk/resurs_16/id/2924http://www.madenimura.kz/kk/culture-legacy/region/south_kazakh_oblast/memorial/baba_ata Мұрағатталған 18 мамырдың 2017 жылы. |
Нампо аралдары - Мариан аралдары мен Жапония арасында орналасқан 40 арал. Токио префектурасына бағынады.
## Географиясы
Бірнеше топтардан тұрады: Мукодзима (Пэрри), Титидзима (Бичи), Хахадзима (Бэйли) және т.б. Жанартау жиі атқылайды. Нисиносима аралындағы 2013 жылғы жанартау атқылауынан соң, жаңа арал пайда болған. Бірнеше ай өткен соң, ол Нисиносимаға қосылып кеткен. Климаты - субтропикалық мұхиттық.
## Халқы
2440 адам тұрады. Барлығы жапон азаматтары, жапон тілінде сөйлейді.
## Дереккөздер |
Қазақстан — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Ақсу ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан солтүстікке қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Көкжайдақ — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Ақсу ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 19 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ерлан Малаев (1971 жылы 18 наурызда Алматы облысы Шелек ауданында туған) - театр актері, эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері (1997 жылдан).
## Толығырақ
* Ерлан Малаев 1971 жылы 18 наурызда Алматы облысы Шелек ауданы Масақ ауылында дүниеге келген.
* 1993 - 1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институты)ның «Театр және кино актері» бөлімін бітірген.
* 1997 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актерлік құрамында.
* 2003 жылдан "Бәйтерек" эстрадалық тобының әншісі.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
* Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры сахнасында: Тұсаукесер рөлі
* М. Әуезовтің пьесасы бойынша «Қанды азу» спектаклінде Ақшоланды өте жоғары дәрежеде көрсете білді.
М. Әуезовтің
* «Еңлік-Кебек» – Дәулеткелді,
* «Абай» – Керім,
* «Айман-Шолпан» – Маман,
Ғ. Мүсірепов
* «Қыз Жібек» – Бекежан,
* «Қозы Көрпеш Баян сұлу» – Қодар,
В. Дельмар
* «Баянсыз бақ» – шал,
І. Жансүгіров
* «Махамбет» – Исатай,
Ш. Айтматов
* «Ғасырданда ұзақ күн» – Еділбай,
Дж. Патрик
* «Қымбатты Памела» – доктор,
А. Цагарели
* «Гамарджоба» – Микич,
Қ. Жүнісов
* «Махаббат мелодрамасы» – Әмір,
Т. Джюдженоглу
* «Көшкін» – қауым басшысы,
И. Штраус
«Жұбайлар жұмбағы» – Франк,
Е. Жуасбек
* «Терең тамырлар» – орман директоры,
* «Антивирус» – Асан,
У. Шекспир
* «Гамлет» – Клавдий,
Қ. Жиенбай
* «Таңғажайып планета» – Мүсіркеп,
Д. Рамазан
* «Абылай ханның арманы» – би,
С. Балғабаев
* «Ең жақсы еркек» – Алпан,
В. Ежов
* «Тыраулап ұшқан тырналар» – Кузовков,
* т.б.
## Марапаттары
* 2006 жылы "Серпер" Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты.
* 2006 жылы ҚР Үкіметінің "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
* 2013 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
* Көптеген халықаралық және республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері. |
Сайлау Ғалымжанұлы Қамиев (1976 жылы 17 маусымда Атырауда туған) — театр актері, эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері әрі қоюшы - режиссері.
## Толығырақ
* Сайлау Ғалымжанұлы 1976 жылы 17 маусымда Атырауда дүниеге келген.
* 1994 - 1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және кино институты)ның актерлік факультетін Қазақстанның халық артисі, профессор Кәукен Кенжетаев пен профессор Есім Сегізбаевтың классын музыкалық драманың актері мамадығы бойынша бітірген.
* 1998 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актерлік құрамында.
* 2003 жылдан "Бәйтерек" эстрадалық тобының әншісі.
* 2013 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының режиссура факультетін қызыл дипломмен бітірген.
* 2010 жылдан Қазақ ұлттық өнер университетінің «Актер өнері және режиссура» кафедрасының аға оқытушысы.
## Марапаттары
* 2006 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды.
* 2014 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған. |
Сырым Әбдіқадырұлы Қашқабаев (1979 жылы 4 қаңтарда Алматыда туған) — кино және театр актері, тележүргізуші. ҚР "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2006). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері (1999 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
## Толығырақ
* Сырым Әбдіқадырұлы 1979 жылы 4 қаңтарда Алматыда дүниеге келген.
* Әкесі - Әбдіқадыр Қашқабаев актер, ҚР Мәдениет қайраткері.
* 1995 - 1999 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және кино институты)ның актерлік факультетін бітірген.
* 1999 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актерлік құрамында.
* Республикалық маңызы бар фистивальдар мен мерекелік жиындардың және телебағдарламалардың жүргізушісі.
* Халықаралық «Азия дауысы», Республикалық «Жас қанат» сынды фестивальдерінің тұрақты жүргізушісі.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры сахнасында:
Ғ.Мүсірепов
* «Қыз Жібек» - Бекежан,
* «Қозы Көрпеш Баян сұлу» - Қозы,
М.Әуезов
* «Қарагөз» - Сырым;
* «Абай» - Абай,
* «Айман - Шолпан» - Арыстан,
* «Еңлік Кебек» - Кебек;
Қ.Байсейтов, Қ.Шаңғытбаев
* «Беу, қыздар-ай» - Серке,
Ж.Файзи
* «Башмағым» - ізкесуші,
У.Гаджибеков
* «Аршын мал алан» - Сүлеймен,
Ж.Мольер
* «Скапеннің айласы» - Карл,
Ш.Айтматов
* «Ғасырдан да ұзақ күн» - мәңгүрт,
С.Тұрғынбеков
* «Мұқағали» - жазушылар одағының хатшысы,
Ш.Әлмәшұлы
* «Бәйтерек басындағы кездесу»- Абылайхан,
У.Шекспир
* «Ромео мен Джульетта» — Ромео,
* «Гамлет» - Гамлет;
А.Сайд
* «Келіндер көтерілісі» - Нүктебек;
Т.Ахтанов
* «Күшік күйеу» - Кубик;
Э.Хушвақтов
* «Қызыл алма» - Аббас;
Дж. Патрик
* «Қымбатты Памелла» – Брэд;
М.Фриш
* «Дон жуанның думаны» - Дон Жуан;
Д.Рамазан
* «Кенесары - Күнімжан» - Кенесары
және т.б көптеген рөлдерді сомдайды.
## Марапаттары
* Көптеген Республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері.
* 2006 жылы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды.
* 2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалі.
* 2017 жылы Мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін ҚР Тұңғыш президенті - елбасы қоры сыйлығының лауреаты атанды.
* 2017 — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.