text
stringlengths
3
252k
Қолбала — бұрынғы кездерде біреулер туыстық жақындығы жоқ жетім қыздарды асырап, тәрбиелеп өсірген, әртүрлі үй жұмысына пайдаланған. Оны қолбала деп атаған. Ол өсіп, бойжетіп, кәмелетке толған соң, асыраушы адам өзінің інісіне, баласына әйелдікке әперген. Кейбіреулер өзіне тоқалдыққа да алған. ## Дереккөздер
Сырым Әбдіқадырұлы Қашқабаев (1979 жылы 4 қаңтарда Алматыда туған) — кино және театр актері, тележүргізуші. ҚР "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2006). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері (1999 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017). ## Толығырақ * Сырым Әбдіқадырұлы 1979 жылы 4 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. * Әкесі - Әбдіқадыр Қашқабаев актер, ҚР Мәдениет қайраткері. * 1995 - 1999 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және кино институты)ның актерлік факультетін бітірген. * 1999 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актерлік құрамында. * Республикалық маңызы бар фистивальдар мен мерекелік жиындардың және телебағдарламалардың жүргізушісі. * Халықаралық «Азия дауысы», Республикалық «Жас қанат» сынды фестивальдерінің тұрақты жүргізушісі. ## Сахнадағы негізгі рөлдері Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры сахнасында: Ғ.Мүсірепов * «Қыз Жібек» - Бекежан, * «Қозы Көрпеш Баян сұлу» - Қозы, М.Әуезов * «Қарагөз» - Сырым; * «Абай» - Абай, * «Айман - Шолпан» - Арыстан, * «Еңлік Кебек» - Кебек; Қ.Байсейтов, Қ.Шаңғытбаев * «Беу, қыздар-ай» - Серке, Ж.Файзи * «Башмағым» - ізкесуші, У.Гаджибеков * «Аршын мал алан» - Сүлеймен, Ж.Мольер * «Скапеннің айласы» - Карл, Ш.Айтматов * «Ғасырдан да ұзақ күн» - мәңгүрт, С.Тұрғынбеков * «Мұқағали» - жазушылар одағының хатшысы, Ш.Әлмәшұлы * «Бәйтерек басындағы кездесу»- Абылайхан, У.Шекспир * «Ромео мен Джульетта» — Ромео, * «Гамлет» - Гамлет; А.Сайд * «Келіндер көтерілісі» - Нүктебек; Т.Ахтанов * «Күшік күйеу» - Кубик; Э.Хушвақтов * «Қызыл алма» - Аббас; Дж. Патрик * «Қымбатты Памелла» – Брэд; М.Фриш * «Дон жуанның думаны» - Дон Жуан; Д.Рамазан * «Кенесары - Күнімжан» - Кенесары және т.б көптеген рөлдерді сомдайды. ## Марапаттары * Көптеген Республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері. * 2006 жылы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды. * 2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалі. * 2017 жылы Мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін ҚР Тұңғыш президенті - елбасы қоры сыйлығының лауреаты атанды. * 2017 — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қуандық Қыстыбаев (1977 жылы 1 тамызда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Сүмбі ауылында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері (1998 жылдан). ## Толығырақ * Қуандық Қыстыбаев 1977 жылы 1 тамызда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Сүмбі ауылында дүниеге келген. * 1984- - 1994 жылдары Қырғызсай ауылдық орта мектебінде білім алды. * 1994 - 1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және кино институты)ның актерлік факультетін Қазақстанның халық артисі, профессор Кәукен Кенжетаев пен профессор Есім Сегізбаевтың классын музыкалық драманың актері мамадығы бойынша бітірген. * 1998 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актерлік құрамында. ## Сахнадағы негізгі рөлдері Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының сахнасында: М. Әуезов «Қара Қыпшақ Қобыланды» –Қобыланды, «Қарагөз» – Сырым, «Еңлік-Кебек» – Кембай , «Абай» – Айдар, «Айман-Шолпан» – Әлібек; Ф. Эрве «Түлкі бикеш» – Шамплетро; Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» – Айдар; Ж. Әлмашұлы «Бәйтерек басындағы кездесу» – Исатай; В. Дельмар «Баянсыз бақ» – Гарвей; І. Жансүгіров «Махамбет» – Махамбет; Б. Ұзақов «Үміт» – Замир; Т. Ахтанов «Жоғалған дос» – Маңғас; «Күшік күйеу» – Тюринщик, Е. Аманшаев «Үзілген бесік жыры» – Ол; О. Бөкей «Құлыным менің» – Жан, М. Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» – Қасым; У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Ромео, Тибальт; Ж. Мольер «Скапеннің айласы» – Леандр; А. Сайд «Келіндер көтерілісі» – Кемел; Ш. Айтматов «Ақ кеме» – Сейдахмет, М. Ахманов «Алдардың айласы» – доңыз, А. Цагарелли «Гамарджоба» – Князь; И. Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Фальк, М. Фриш «Дон Жуанның думаны» – Дон Жуан, Е. Жуасбек «Үйлену» – Көмек, «Сен үшін» – еркек, «Терең тамырлар» – Елбасы, Дж. Патрик «Қымбатты Памелла» – Брэд, У. Шекспир «Гамлет» – Лаэрт, Ш. Мұртаза «Бір кем дүние» – Абадан, Э. Хушвахтов «Қызыл алма» – Аббас, Қ. Жүнісов «Махаббат мелодрамасы» – Оспан, Қ. Жиенбай «Таңғажайып планета» – Жасарал, С. Срайлов «Құпия сөз» – батыр, А. Вальехо «Күн сәулесі түспеген» – Висенте, Д. Рамазан «Абылай ханның арманы» – Абылай хан; Ж. Ануй «Жалын жұтқан Жанна д’Арк» – Король Карл, В. Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Тимофеев, С. Мұқанов, Ш. Уәлиханов «Шоқан», М. Әуезов, Қ. Ысқақ «Қараш-Қараш» – Бақтығұл, т.б. ## Кино рөлдері * 2002 жылы «Сардар» — Құлжан * 2004 жылы «Человек ветер» — Алмат * 2008 жылы «Келін» — басты рөл * 2009 жылы «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмінде Із кесуші рөлі * 2010 жылы «Семь майских дней» фильмі басты рөл * 2013 жылы «Қасым» — Қасым Қайсенов * 2015 жылы «Жат» — Ғани (реж. Ермек Тұрсынов) ## Марапаттары * Көптеген халықаралық және ресспубликалық театр фистивальдерінің жүлдегері. * 2009 жылы Қазақстан Республикасының президентінің мәдениет саласындағы степендиясының иегері. * 2012 жылы "Жыл патриоты" атағының иегері. * 2014 жылы «Қасым» фильміндегі рөлі үшін Ресей Федерациясы Кемеров облысының губернаторы А.Төлеевтен «Почетный орден Кузбасса» марапатына ие болды. * 2015 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды. * 2016 жылы " тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталды.
Ақсу ауылдық округі — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақсу, Бәйтерек, Көкжайдақ, Қазақстан, Өнім, Шолақөзек ауылдары кіреді. Орталығы - Ақсу ауылы. ## Дереккөздер
Ақтөбе — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Суықсай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Болат Қасымжанұлы Ұзақов (25 қараша 1962 жыл, Шелек ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық актёр, театр режиссёрі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009), Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының қоюшы-режиссёрі. ## Өмірбаяны Болат Ұзақов 1962 жылдың 25 қарашасында Алматы облысының Шелек ауданындағы Масақ ауылында дүниеге келген. Албан тайпасы Қыстық руынан шыққан. 1980–1984 жылдары ол Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Алматы Мемлекеттік театр-көркемсурет институты) Театр факультетін Қазақ КСР халық әртісі, профессор Асқар Тоқпанов пен КСРО халық әртістері Ыдырыс Ноғайбаев және Фарида Шәріпованың сыныбын бітірген. 1994–1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма режиссёрі» мамандығы бойынша Қазақстан халық әртісі, профессор Маман Байсеркенов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәулебек Асылхановтың сыныбын бітірген. 1984–1997 жылдары Ұзақов Бикен Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театрының актёрі, әрі қоюшы-режиссёрі болды. 1997 жылдан ол — Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының қоюшы-режиссёрі. 1998 жылдан бастап Астана күніне арналған жыл сайынғы «Этно-ауыл» бағдарламасының сценарисі және бас режиссёрі. 2003–2012 жылдары «Президент шыршасы» мерекесінің бас режиссёрі. Қазақ ұлттық өнер университетінде «Актерлік өнер» факультетінде «актер шеберлігі» және «сахна тілі» пәндерінен дәріс береді. ## Шығармашылығы ### Театрдағы актёрлігі 1984–1997 жылдары Бикен Римова атындағы театр сахнасында ойнаған рөлдері: Әуезовтің «Еңлік Кебегіндегі» Кебек, «Хан Кенедегі» Наурызбай, «Түнгі сарындағы» Жүніс; Шекспирдың «Асауға тұсауындағы» Транио; Кәрімнің «Ай тұтылған түніндегі» Ақжігіт; Макаёноктың «Пұшайман болған әулиесіндегі» Әулие; Исабековтың «Әкпесіндегі» Тимур; Әбдірахмановтың «Қара керей Қабанбайдағы» Әлі; Сүлейменов «Қыздай жесіріндегі» Дәріс; Балғабаевтың «Қыз жиырмаға толғандағы» Есімсейіт; Ілияс Жансүгіровтың «Күйшісіндегі» Күйші; Жәкиевтің «Әке тағдырындағы» Жеңісбек. ### Режиссёрлік мансабы 1990 жылдардан Болат Ұзақов актерлік өнерімен қатар режиссерлік жұмыспен де айналыса бастады: Ілияс Жансүгіровтің «Күйші»; Мұхтар Әуезовтің «Қанды азу», «Қара қыпшақ Қобланды»; «Еңлік-Кебек»; Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу»; Ақселеу Сейдімбектің «Қош бол ардағым»; Төлен Әбдіктің «Біз үшеу едік»; Ермек Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры», «Қыр астындағы ғажайып әлем»; Мұсатай Ақынжанов «Алтын сақа», «Алдардың айласы»; Флорид Бүләковтің «Күйеуге шыққан кемпірлер»; Серік Тұрғынбековтің «Мұқағали»; Алексей Дударевтың «Кеш»; Қанат Жүнісовтің «Махаббат мелодрамасы»; Еркін Жуасбектің «Антивирус»; Думан Рамазанның «Кенесары-Күнімжан», «Керей-Жәнібек»; Уильям Шекспидің «Гамлет»; Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүние»; Қуаныш Жиенбайдің «Таңғажайып планета»; Сұлтанәлі Базарбайұлы Балғабайдың «Ең жақсы еркек»; Мар Байжиевтың «Тіл табысқандар»; өзінің «Үміт», «Жандауа» және т.б режиссёрлік жұмыстары бар. ## Марапаттары * Халықаралық және Республикалық театр фистивальдерінің бірнеше мәрте жүлдегері; * Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасы (2000); * «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы (2009, Елбасының жарлығымен); * Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі (2011); * ТМД Халықаралық "Достастық жұлдызы" сыйлығы (2015); * Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі (2016). ## Дереккөздер
Дарваз үңгірі - Түркіменстандағы газды кратер. Тұрғындар және көптеген саяхатшылар оны «Тозақтың қақпасы» деп атайды. Ербент ауылынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан. Үңгірге таяу маңда тағы да осындай екі ойық бар. Бірақ, олар жанбайды және газ тегеуріні тым әлсіз. Тіпті, бір кратердің ішінде көгілдір түсті су ағып жатыр. ## Сипаттама Атағы көпке танымал Қарақұм шөлінің қақ ортасында орналасқан үңгірдің диаметрі - 60 метр болса, тереңдігі - 20 метрге жетеді. Құдықтағы газ жердің өзінен бірнеше факельдерге жарылып шығып жатыр. Жеке жалындардың биіктігі - 10-15 метрден асады.Аталған "дүние кереметі" Түркіменстандағы Дарваз (Darvaza) деген жерде орналасқан. "Дарваз" сөзін аударғанда "есік" деген мағынаны білдіреді. ## Тарихы 1971 жылы Түркіменстан геологтары газ өндіру мақсатында арнайы ұңғыманы бұрғылау жұмыстарын бастаған болатын. Олар қызу жұмыс барысында жерасты кавернасына (ауру салдарынан бұзылған органикалық жасушалардағы тесік, қуыс) тап болады. Бұрғылау мұнарасы да, басқа да құралдар да төменге түсіп кетеді. Бақтарына орай, ешбір қызметші зардап шекпеген. Аз уақыттан кейін техногенді жанар таудың аузынан(кратер) табиғи газ шыға бастайды. Абдырап қалған геологтар ешкім уланып қалмас үшін оны жағып жіберген көрінеді. Міне, содан бері көшпенділер мен туристер қауымының үрейін ұшырып жүрген алау еш өшкен емес. "Газды құдықтың" құшағында қаншама табиғи шикізаттың жанып кеткенін ешкім де дөп басып айта алмайды. ## Табиғаты Бұл жер қаңырап бос тұр. Жан-жануарлардың өзі сасық иістен қашып жүріп тіршілік етеді. Ал үңгірге үңілгісі келіп жақындаған адам сол сәтте өліп кетеді екен. ## Сілтемелер * Massaget.kz сайтынан * ru.wikipedia.org сайтынан
Айнұр Болатқызы Бермұхамбетова (1974 жылы 2 наурызда Қостанай облысы Амангелді ауданында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы (1998 жылдан). ## Толығырақ * Айнұр Болатқызы 1974 жылы 2 наурызда Қостанай облысы Амангелді ауданында дүниеге келген. * 1989 - 1993 жылдары 8-ші сыныптан кейін Арқалық қаласының Музыка училищесінің хор дирижері мамандағы бойынша білім алған. * 1994 - 1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және кино институты)ның актерлік факультетін Қазақстанның халық артисі, профессор Кәукен Кенжетаев пен профессор Есім Сегізбаевтың классын музыкалық драманың актері мамадығы бойынша бітірген. * Қазақ және орыс тілдерін біледі. * 1998 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актерлік құрамында. * 2004 жылдан Қазақ ұлттық өнер университетінің «Актер өнері және режиссура» кафедрасында оқытушы. * 2004 жылдан бастап Астана қаласының «Астана» телеарнасында дубляждық студияда жұмыс істейді. ## Сахнадағы негізгі рөлдері Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры сахнасында: Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» – Жібек, Аягоз, «Ақан сері- Ақтоқты» – Мәрзия, «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» – Мақпал; М. Әуезов «Қара қыпшақ Қобыланды» – Қарлығаш, «Қарагөз» – Ақбала, «Абай» – Әйгерім, «Айман-Шолпан» – Теңге, Б. Ұзақов «Үміт» – Шолпан, Э. Флоримон «Түлкі Бикеш» – Дениза, М. Файзи «Башмағым» – Сәруар, Мольер «Скапеннің айласы» – Зербинетта, Қ. Байсейітов, Қ. Шаңғытбаев «Беу қыздар-ай» – Айсұлу, М. Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» – Зауре, Бану, В. Дельмар «Баянсыз бақ» – Рода, Ш. Айтматов «Ана–Жер Ана» – Әлиман, «Ғасырдан да ұзақ күн» – Зарипа, Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» – Ақбала, Р. Баяджиев «Аршын мал алан» – Гүльчахра, Э. Хушвақтов «Қызыл алма» – Саида-Бану, А. Цагарели «Гамарджоба» – Ханума, И. Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Розалинда, М. Фриш «Дон Жуанның думаны» – Донна Эльвира, Е. Жуасбек «Антивирус» – Гульчетай, Ж.М. Шевре «Ізгілік формуласы» – Жанн; Ж. Ануй«Жалын жұтқан Жанна д’Арк» – Жанна, М. Байжиев «Тіл табысқандар» – Сүйімхан, Р. Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – Камила, т.б. ## Марапаттары * Көптеген халықаралық және республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері. * 2016 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының "Еңлікгүл" кәсіби сыйлығының "Жыл актрисасы" аталымы бойынша сыйлық иегері. * 2016 жылы Елбасының қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған. ## Отбасы * Тұрмыс құрған. Жұбайы - Нұркен Өтеуілов Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының актері. * ¥лы - Бейбарыс (2001 ж. т.).
Ащыбұлақ — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Суықсай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жансүгіров ауылынан оңтүстікке қарай 14 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Jah Khalib (Джа Калиб, шын аты Бахтияр Мамедов;  29 қыркүйек 1993 жылы д.к.) — қазақстандық орыс тілді рэпер, әнші, битмейкер және продюсер. ## Өмірбаяны Бақтияр Мамедов 1993 жылғы 29 қыркүйекте, Алматыда дүниеге келді. Әкесі — әзірбайжандық, анасы — қазақ. Бала кезінен рэп-музыкамен айналысқан. Оқыған музыка мектебінде саксофон класында оқыған. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында музыкатану және менеджмент факультетін аяқтаған. Битмейкер және саунд-продюсер ретінде көптеген қазақстандық рэперлермен, олардың арасында PR'OXY, Santos, Antrax, Hirosima және басқалармен жұмыс жасаған. Өзінің Jah Khalib деген сахналық лақап атын соло өнерін көрсете бастағанда таңдады. Өз сөзінше, Khalib (Халиб) деген ойдан шығарылған есім болса, Jah (Джа) — растафариандық Құдайдың аты. Танымалдыққа әлеуметтік желілер арқылы қол жеткізді. Арасында алғашқы шығармаларының ең танымалы "Твои сонные глаза", "SnD", "Сжигая драма театры" және "Сен үшін". Jah Khalib көп ұзамай тек қана Қазақстанда ғана емес, басқа да посткеңестік елдерде белгілі болды. 2016 жылы "Если че, я Баха" альбомын жариялады. 2017 жылғы көктемде "Лейла" атты композициясына бейнеклип түсірген. 2015 және 2016 жылдары шоу-бизнес және спорт жұлдаздырының "Forbes Kazakhstan" журналының тізіміне кірген. 2017 жылғы маусымда Муз-ТВ Жүлделер 2017 жылы "Жылдың жаңалығы" номинация жүлдегері болып танылған. ## Сын 2022 жылғы 3 тамызда YouTube желісіндегі ORTA арнасы Мәмедов қатысқан, Ислам туралы екісағаттық подкаст жариялады. Қонақтардың бірі, заңгер Жаслан Айтмағанбетов университеттің криминалистика пәнінің подполковник оқытушысының әйел зорлау фактілерінің 85 пайызы жәбірленушінің «бұрыс орын, бұрыс киімде, бұрыс уақытта» болып қалғанынан орын алады дегенін айтқан. Айтмағанбетов кейін «киім деген адамды тартады, сөзсіз тартады» деп қосты. Мәмедов басқа қонақтармен бірге бұл сөзбен келісті. Бейнебаянның тек ер адамдардан құралған қатысушылары әйелдердің діндегі орны туралы да сөйледі және Мәмедов «әйел орамал кигенде өзін қауіпсіз сезінеді» деп айтты. Подкаст 2024 жылдың басында Қуандық Бишімбаевтың ісі жүріп жатқан кезде көпшіліктің назарына түсті және Instagram мен Twitterде подкасттың барлық қонақтарына қарсы бас тарту науқаны басталды. Мәмедовтің "Медина" әніндегі басты әйел рөлі үшін белгілі Айя Шалқар кейін Мәмедовпен бірге жұмыс істегені үшін өкінгеніне біраз болғанын және әндегі сөздердің мизогиндігі жайлы білетінін айтқан. Аты шулы болған подкасттың бөлігіне сілтеме жасап, ол "зорлықтың 100% зорлаушының кінәсінен жасалады" деді және "өзін ұстай алмайтындарды" иттерге теңеді. ## Дискографиясы ### Альбомдар Синглдар "Мамасита" 2017 "Бүгін таптым сені" 2017 ### Бейнеклиптер ## Дереккөздер
Бәйтерек (2010 жылға дейін — Казсельхозтехника) — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Ақсу ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан солтүстікке қарай 26 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қызылағаш — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл, Қызылағаш ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жансүгіров ауылынан батысқа қарай 60 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бақыт Мәметқызы Әліпбаева (1971 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған) — кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері (1996). ## Толығырақ * Бақыт Мәметқызы 1971 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түгіскен ауылында дүниеге келген. * Тараздағы физика - математикалық тереңдетілген мекетепті бітірген. * 1989 - 1993 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институты)ның "драма актері" мамандығы бойынша, Қазақстанның халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Тұңғышбай Жаманқұловтың классын бітірген. * 1993 жылдан Бауыржан Ибрагимовтың жеке құрған "Бауыржан шоу" әзіл - сқақ театрының белді актрисасы. * Қазіргі таңда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің "драма актері" бөлімінің "сахна тілі" пәнінің оқытушысы. * 2012 жылы әріптесі Қуандық Шәкіржанов пен бірігіп ашқан "Қуандық пен Бақыт" театрының әртісі. ## Шығармашылығы * Бақыт Әліпбаева 1993 жылдан "Бауыржан шоу" әзіл - сқақ театрының белді актрисасы. Осы өнер ұжымында жүріп, республика жұртшылығына кеңінен танылған дарныды артист. * Қазақстанның бірнеше облыстары мен қалаларында, аудандарында гастрольдік сапарламен болған. * Отандық кино саласында да бірнеше коммедия, дарама жаныранда телесериалдар мен көркем фильмдерге түскен. Атап айтсақ "Біздің ауыл", "Жедел жәрдем", "Базарбаевтар отбасы", "Жаңа қоныс", "Жібек " және т.б көптеген отандық телесериалдар. ## Марапаттары * 1996 жылы "Бауыржан шоу" әзіл - сқақ театрында жүргенде Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды. * ҚР Мәдениет министрлігінің "Мәдениет қайраткері" белгісімен марапатталған.
Қайрақты — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Молалы ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жансүгіров ауылынан батысқа қарай 109 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Молалы ауылдық округі — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Алажиде темір жол бекеті, Молалы ауылы, Қайрақты және Қараой темір жол айрықтары кіреді. Орталығы - Молалы ауылы. Округ құрамында болған Орманов ауылы 2009 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Қараой — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Молалы ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жансүгіров ауылынан батысқа қарай 103 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Алтынарық — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан солтүстік-батысқа қарай 9 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Өнім — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Ақсу ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан солтүстік-батысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көкөзек — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан солтүстікке қарай 5 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Суықсай ауылдық округі — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақтөбе, Ащыбұлақ, Баласаз, Суықсай ауылдары кіреді. Орталығы - Суықсай ауылы. ## Дереккөздер
Об, Обь – Батыс Сібірдегі (Ресей) өзен. Ұзындығы 3650 км (Ертісті қоса алғанда). Су жиналатын алабының ауданы 2990 мың км2. ## Бастауы Алтайдағы Бия (Шүй) және Катунь (Қатын) өзендерінің қосылуынан пайда болған. Батыс Сібір жазығы арқылы кең аңғармен ағып, Кара теңізінің Обь кірмесіне, ауданы 4 мың км2 атырау жасап құяды. Аңғарының ені 20 км, жайылмасы 6 км, тереңдігі 6 м. Негізгі салалары: Том, Шұлым, Кет, Тым, Вах (оң); Васюган, Үлкен Юган, Ертіс, Есіл, Тобыл, Солтүстік Сосьва (сол). ## Гидрологиясы Салехард қаласы маңында орташа су ағымы 12500 м3/с. Негізінен қар, жаңбыр суымен толығады. Суының көтерілуі жоғарғы ағысында сәуір – маусым, төменгі ағысында қыркүйекке (40 – 45 км-ге жайылады) сәйкес келеді. Су ағынымен келетін қатты заттардың жылдық мөлшері 16 млн. т. Мұзқұрсау жоғарғы ағысында қарашадан сәуірдің аяғына, төменгі ағысында маусымның басына дейін. Орта ағысының сол жағалауында Юган қорығы орналасқан. Тұрақты кеме қатынасы бар. Об өзенінің саласы – Ертісте Өскемен-Бұқтырма СЭС-ры салынған. Балық аулау кәсібі дамыған. ## Сыртқы сілтемелер Большая Советская Энциклопедия Мұрағатталған 6 қарашаның 2015 жылы.
Жансүгіров ауылдық округі — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Алтынарық, Жансүгіров, Көкөзек ауылдары кіреді. Орталығы - Жансүгіров ауылы. ## Дереккөздер
Бақытжан Әлпейісов (1960 жылы 9 наурызда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында туған) — кино, театр және дубляж актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). ## Толығырақ * Бақытжан Әлпейісов 1960 жылы 9 наурызда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген. * Әкесі - Әшімәлі. * Анасы - Ділдәгүл. * 1979 - 1983 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет иниститутын) бітірген. * 1983 - 1992 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері. * 1992 - 1999 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері болды. * 1989 жылдан Қазақфильм киностудиясының актері. ## Кино рөлдері * 1987 жылы "Лейтенант С" * 1989 жылы "Соңғы Бекет" * 1991 жылы "Сұржекей" * 1996 - 2000 жылдары "Перекресток" (Тоғысқан тағдырлар) телесериалында Шерхан Омаров рөлі; * 2001 - 2003 жылдары "Саранча" телесериалында Арыстан Бәпшиев рөлі; * 2008 жылы "Мұтафа Шоқай" * 2011 жылы "Алдар көсе" және т.б ## Марапаттары * 2008 жылы Қазақстан кинематографистер одағының "Құлагер" ұлттық киносыйлығының иегері. "Жыл актері" аталымы бойынша. * 2013 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
Гүлбаушан Тілеубекова (1960 жылы 8 наурызда Алматы облысы Талғар ауданында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2007). ## Толығырақ * Гүлбаушан Тілеубекова 1960 жылы 8 наурызда Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында дүниеге келген. * Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжі (бұрынғы Алматы эстрадалық цирк студиясы)ның әнші мамандығы бойынша Қазақстанның халық артисі, профессор Бекен Жылысбаевтың классын бітірген. * Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институты)ның "музыкалық комедия" бөлімінде Қазақстанның халық артисі, профессор Кәукен Кенжетаевтың шеберханасын бітірген. * "Сазген сазы" фольклорлы ансамбльінде әншісы болған. * 1977 - 2005 жылдары "Тамаша" әзіл-сқақ театрының белді актрисасы болды. Осы театрда жүріп, республика жұртшылығына кеңінен танылған. Қазақстанның бірнеше облыстары мен қалаларына, аудандарына гастрольдік сапарымен барған. * 2005 жылы әріптесі Данагүл Темірсұлтанова мен бірігіп, "Аққу мен Гәкку" атты әзіл - сқақ театрын ашты. * 2007 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
Қопалы — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 53 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бауыржан Қаптағай (1954 жылы Алматы облысы Райымбек ауданында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (1980 жылдан). ## Толығырақ * Бауыржан Қаптағай 1954 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Жамбыл селосында дүниеге келген. * 1976 - 1980 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Қазақ Мемлекеттік Т. Жүргенов атындағы Театр және кино институтын)ның актерлік бөлімін Қазақ ССР халық артисі, профессор Асқар Тоқпановтың классын бітірген. * 1980 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. * Көптеген отандық телесериалдар мен көркем фильмдерге түскен. ## Сахнадағы негзгі рөлдері * Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: Р. Сейсенбаевтың «Түнгі диалогында» Қодар, Қ. Шаңғытбаев пен Қ. Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай» комедиясында Хасен, М. Әуезовтің «Қарагөзінде» Нарша, Жабай, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Қазан, «Абайында» Айдар, Нарымбет, Мес, «Еңлік-Кебегінде» Есен, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Әбейсін, Б. Римованың «Абай-Әйгерімінде» Манас, М. Мақатаевтың «Қош, махаббатында» Асан, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, С. Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Бәтестің әкесі, С. Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Қалтан қажы, Шахимарденнің «Томирисінде» Март, Б. Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Жан, И. Вовнянконың «Апатында» Жұма, Т. Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Барбол, Қ. Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтарында» Би, Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланында» Әкім, Т. Әбдіковтің «Ұлы мен Ұры» қойлымында Ардагер (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан) және т.б көптеген рөлдерде ойнайды. ## Марапаттары * Халықаралық және республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері. * 2013 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді. * 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталған.
Жоламан Әміров (1971 жылы 1 мамырда Алматы облысы Райымбек ауданында туған) — актер, әнші. Құрмет орденінің иегері. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (1986 жылдан). ## Толығырақ * Жоламан Әміров 1971 жылы 1 мамырда Алматы облысы Райымбек ауданы Көлсайында дүниеге келген. * 1978 - 1980 жылдары Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжі (бұрынғы Республикалық цирк және өнер студиясының "домбыра" классын Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Құбыш Мұхитовтың сыныбын бітірген. * 1984 - 1986 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірген. * 1986 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. ## Шығармашылығы * Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасындағы негізгі рөлдері: Н. Әбутәлиевтің «Өттің, дүние…» спектаклінде Махамбет (реж. Ә.Рахимов), Ш.Құсайыновтың «Алдар Көсесінде» Алдар Көсе (реж. Ә. Мәмбетов), М. Әуезовтің «Қобыландысында» Аққозы, «Қарагөзінде» Дулат және Жарылғап (реж. Ә.Мәмбетов), Е.Домбаевтың «Желіккен жеңгейлерінде» Төлеген, Ә. Кекілбаевтың «Абылай ханында» Тойсары (реж. Б.Атабаев), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Қабен және Сұлтан (реж. Б. Омаров), М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Жантық (реж. Е.Обаев), С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Мауытбаев (реж. Ә.Рахимов), И. Сапарбаевтың «Сыған серенадасында» Барон (реж. Е. Обаев, Т.Аралбай), Қ.Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтарында» Орта жүз биі (реж. Т. әл-Тарази), Т. Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Нарбол (реж. Ә.Рахимов), Шахимарденнің «Томирисінде» Морт (реж. Т.әл-Тарази), Б. Мұқайдың «Өмірзаясында» Наполеон, С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Бақсы (реж. Ә.Рахимов), М.Әуезовтің «Абайында» Нарымбет (реж. Е.Обаев) және т.б көптеген рөлдерде ойнайды. * Жоламан Әміров «Өмірге», «Анама», «Әкеме», «Өкініш», «Туған жер», «Жанымның жан жарасы – өкініш», «Тау – Шелек вальсі» атты өлеңдердің авторы. ## Марапаттары * Ж. Жабаев атындағы халықаралық конкурстың жеңімпазы. * Театр фистивальдерінің жүлдегері. * 2004 жылы ҚР Президентінің құрмет грамотасымен марапатталған. * Құрмет орденінің иегері. * 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталған.
Құйрықсыз Тенрек - сүтқоректі (Жәндіккоректілер жасағы, Tenrec отбасы, түр Tenrec Ecaudauts).Мадагаскарда және оған жататын аралдарда өмір сүреді. Ұзындығы 26-3 см, салмағы1,5-2 кг. ## Жалпы сипаттамасы Тікендері: өткір, көтеріліп тұратын тікендері олардың мойнындарында орналасқан. Тікендерінен жыртқыш жануарлардан қорғана алады.Денесі: ауыр денесін жиі емес жүндер қаптайды, арқасында сезгіш қабыршаұтар өседі.Құйрұқтары қысқа, 1,5 см.Мұрыны: ұзын, үшкір келетін кішкентай сезгіш жүндермен қапталған. Мұрынның ұшы қызғылт. Сезгіштік қасиеті дамыған.Тырнақтары: өте өткір, құрттарды қазу үшін бейімделген. ## Өмір салты Тенректер таулы шалғындарда өмір сүреді. Алайда олардың сүйікті мекені жылырақ жерлерде бұтақты жерлер және орман болып табылады. Бұндай жауарлар түнде өмір сүреді. Ал азанда жартастарда немесе қуыстарда ұйықтайды.. Мадагаскардағы қыс құрғақ болады. Ол сәуір айында басталып, қыркүйекке дейін жалғасады. Олар қыс мезгілінде ұйқыға батады. Ұйқысының ұзақтығы температурамен қорларына байланысты..Өмір сүру ұзактығы 6 жылға дейін. Әдеттері: түнде жалғыз жүреді; балалары топпен қоректенеді. ## Қорегі Кешкісін қорек іздеуге шығады.Бұл жануардың сипап сезі қасиетумен есту қасиеті жақсы дамыған. Бұл қасиеттері тамақ табуға және жауынан қорғануға көмектеседі. Тенрек жерден тырнақтарымен ұзын мұрнының арқасында жәндіктерді қазып алады.Сонымен қатар, азық ретінде өсімдіктердіде жейді. Ол жауын құртын, инелікті жейді. ## Көбею Жүктілік 2 айға созылады, аналық көп ұрпақтар қалдыра алады. Жылына 12- ден 16-ға дейін. Оларды тамақтандыру үшін кейде аналық күндізде азық ыздеуге. Басында балалары әлсіз болады. Алайда, олар тез өсіп, бір айдан соң анасының сүтін емуден бастартады. ## Дереккөздер
Қызылағаш ауылдық округі — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақтоған, Қопалы, Қызылағаш ауылдары кіреді. Орталығы - Қызылағаш ауылы. ## Дереккөздер
Бекболат Болатжанұлы Құрманғожаев (1954 жылы Алматы облысы Талғар ауданында туған) — театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014). Астана жастар театрының қоюшы - режиссері. ## Толығырақ * Бекболат Болатжанұлы 1954 жылы Алматы облысы Талғар ауданында дүниеге келген. * Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын театр және кино актері мамандығы бойынша бітірген. * Б.Бейшаналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік өнер институтының театр режиссері мамандығы бойынша бітірген. * 1975 - 1979 жылдары Алматы жас балет театрында алғашқы еңбек жолын бастаған. * 1979 - 1993 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. * 1996 - 2004 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында проректор, кафедра меңгерушісі, факультет деканы қызыметтерін атқарды. * 2004 - 2009 жылдары Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының бас режиссері Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтың орынбасары қызыметін атқарған. * 2004 жылдан Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушы. * Қазіргі таңда Астана жастар театрының қоюшы - режиссері. * 2014 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
Арасан ауылдық округі — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Арасан, Арасан-Қапал, Қызылжар ауылдары кіреді. Орталығы - Арасан ауылы. ## Дереккөздер
Дәурен Серікбекұлы Серғазин (1984 жылы 6 қазанда Теміртауда туған) — актер. Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері (2016). Астана жастар театрының актері (2007 жылдан). ## Толығырақ * Дәурен Серікбекұлы 1984 жылы 6 қазанда Теміртауда дүниеге келген. Алматы облысы Ақсу ауданы Қапал-Арасан ауылында өскен. * 2002 - 2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Білім беру ісінің үздігі, профессор Нұрқанат Жақыпбайдың шеберханасын бітірген. * 2006 - 2007 жылдары «Қымызхана» бағдарламасында Жексеннің рөлін сомдаған. (ТРК Қазақстан); * 2007 жылдан Астана жастар театрының негізін қалаушы актері. ## Сахнадағы негізгі рөлдері * Астана жастар театры сахнасында: Ғ.Мүсіреповтің «Қозы мен Баянында» – Қозы, Н.Гогольдің «Ревизорында» – Хлестаков, Ш.Айматовтың «Жан азабында» – мәңгүрт Жоламан, Т.Миннуллиннің «Диляфруздың төрт күйеуінде» – Әмір, Б.Соқпақбаевтың «…Көзіме бір көрінсең бала ғашық…» шығармасында – Қожа, У.Шекспирдің «Асауға тұсауында» – Люченцио, М.Левидің «Жер мен көктің арасында» – Артур және т.б көптеген рөлдері бар. * Дәурен Серғазин кино өнерінде де рөлдері бар: «Возвращение в А» фильмінде – Алтай, «Жас ұланда» – лейтенант Талғатов, «Жаужүрек мың балада» – Сәбит, Д.Махаматдинов түсірген «Алдар көседе» – Алдар көсе, С.Құрманбековтің «Ауыл сақшысында» Ерен, «Қара шаңырақта» – Мәди. ## Марапаттары * Көптеген Халықаралық және республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері. * 2016 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті қоры сыйлығының театр саласы бойынша лауреаты. * 2018 жылы 28 наурыз - Қазақстан театрлар ассосациясының "Саxнагер" ұлттық театр сыйлығының иегері ("Ең үздік ер адам рөлі" аталымы бойынша).
Барлыбек Сырттанов ауылы (2010 жылға дейін – Қызылту) — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл, Барлыбек Сырттанов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан солтүстік-батысқа қарай 24 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Еңбек — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Қарасу ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 18 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Амангелді Нақыпұлы Сембин (9.5.1945, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма а. - 2005, Алматы) әнші, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1976). 1970 ж. Мәскеу консерваториясының вокалдық бөлімін бітірген. 1973 - 75 ж. Италияның Милан қаласындағы "Ла Скала" опера театрында тәжірибе жинақтаудан өткен, сол "Ла Скала"-да ән шырқаған тұңғыш қазақ. 1971 - 73 және 1975 - 80 ж. Қазақ академиялық опера және балет театрында соло-әнші болды. С. Төлеген (Е.Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібегінде"), Айдар (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абайында"), Біржан (М.Төлебаевтың "Біржан - Сарасында"), Адақ (С.Мұхамеджановтын "Жұмбақ қызында"), Ленский (П.И. Чайковскийдің "Евгений Онегинінде"), Пинкертон (Дж.Пуччинидің "ЧиоЧио-Санында"). Фауст (Ш.Гуноның осы аттас операсында), Адьфред, Герцог (Дж.Вердидің "Травиатасы" мен "Риголеттосында"), Дон Оттавио (Моцарттың "Дон Жуанында"), т.б. партияларды орындады. Оның концерттік репертуарында халық әндері де ("Айнамкөз", "Ақбақай", "Балқурай", "Бурылтай", "Қарғаш", "Шәпибай-ау", т.б.) мол орын алды. Гастрольдік сапармен шет елдерде (Германия, 1969; Чехославакия, 1972; Франция, 1975) болып өнер көрсетті. 1980 жылдан Алматы театр-көркемсурет институтында (казіргі Қазақ ұлттық өнер академиясында) пед. қызметпен (1991 жылдан доцент) шұғылданады. Сембин - "Саз сөздігі" (итальянша-қазақша музыкалық терминдердің сөздігі, 1994), "Ән бағдарламасы" (1994) және "Ән әліппесі" (2001) атты әдістемелік оқу құралдарының авторы. 1972 ж. Бішкек қаласында өткен 4-Қазақстан және Орта Азия аймақаралық орындаушы-музыканттар байқауының лауреаты. ## Дереккөздер
Құмтөбе — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Егінсу ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан солтүстік-батысқа қарай 76 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Тарас — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Қарасу ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жансүгіров ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 22 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Барлыбек Сырттанов ауылдық округі (2010 жылға дейін – Қызылту ауылдық округі) — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Барлыбек Сырттанов, Қопа ауылдары кіреді. Орталығы - Барлыбек Сырттанов ауылы. ## Дереккөздер
Есеболат — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл, Есеболат ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жансүгіров ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде. Қайрақкөл тауының солтүстік бөктеріндегі, бұта аралас сұлыбас, бетеге, қылқан селеу, жусан өскен қоңыр топырақты қуаң далалық белдемде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1963—97 жылы қызылша өсірумен айналысатын “Діңгек” кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылы шаруа қожалықтары құрылған. ## Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Астана Жастар театры — 2007 жылдың 5 шілдеде Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен құрылған. Жастар театры Халықаралық және республикалық театр фестивальдерінің жүлдегері. ## Театр тарихы * Астана Жастар театры 2007 жылдың 5 шілдеде Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен құрылған жастар театры. * Өнер ордасы өз шымылдығын Шыңғыс Айтматов пен Әбіш Кекілбайұлынің «Шыңғысхан» спектаклімен ашылды. Спектаклдің қоюшы - режиссері Нұрқанат Жақыпбай, инсценировка авторы – Жаныш Құлмамбетов болды. * Театрдың алғашқы директоры қызыметіне актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жастар одағы сыйлығының лауреаты Ғани Құлжанов басқарды. * Театр актерлерінің 95 пайызы - Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері. Қазақстан білім беру ісінің үздігі, профессор Нұрқанат Жақыпбайдың шеберханасында тәрбиеленген шәкірттер. Театрдың іргесін қалап, өнердің үлкен даңғылына шыққан бір топ талапкер - Ернар Жұматаев, Әділ Ахметов, Дәурен Серғазин, Жандәулет Батай, Айнұр Рахипова, Азамат Есқұлов, Бақыт Қажыбаев бастаған қыз-жігіттер жасампаз театрдың негізін қалаушылар, жас та болса ұжымның аға буыны саналады. * 2015 жылдың 1 наурызында театр жаңа ғимаратқа ие болды. ## Театр жетістіктері * 2008 жылдың қазан айында өткен Шыңғыс Айтматовтың туғанына 80 толуына орай ұйымдастырылған Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласында өткен Халықаралық «АРТ ОРДО» театр фестивалінде Ш.Айтматовтың шығармалары негізінде жасалған «Жан азабы» спектаклі үш бірдей номинация: «Ең үздік спектакль» – Гран-При, «Жоғары деңгейдегі көркемдік шешімі үшін» және «Үздік сазды безендіру» аталымдарында марапатталды. (Қырғызстан 2008). * 2008 жылы наурыз айында өткен Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылған Астана қалалық театрларының жыл қорытындысына сәйкес, Н.Гогольдің «Ревизоры» жоғары бағаланып, «Ең үздік спектакль» – Гран-При жүлдесіне ие болды. (Астана 2008). * 2010 жылы Алматы қаласында өткен ІІІ Халықаралық Орталық Азия елдерінің театрлар фестиваліне Шыңғыс Айтматов пен Әбіш Кекілбайұлынің «Шыңғысхан» спектаклімен «Үздік режиссер», «Үздік Шыңғыс хан рөлі» аталымдары бойынша марапатталды (Алматы 2010). * 2011 жылы Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып ұйымдастырылған XIX театрлар фестивалінде «Ең үздік спектакль» – Гран-При иегері атанды. (Алматы 2011). * 2012 жылы Театр Мәдениет және өнер саласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты атағы және «Соңғы жылдардағы спектакльдері үшін» белгісімен марапатталды. (Астана 2012). * 2016 жылы қыркүйек айында Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 25 жылдығына орай Белорусь Республикасының Брест қаласында ұйымдастырылған «Белая Вежа» ХХІ халықаралық театрлар фестиваліне Ш.Айтматов пен Ә.Кекілбаевтің «Шыңғысхан» әфсанасымен (қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай) қатысып, «Ең әсерлі қойылым» («За зрелищное воплощение поэтических притч») аталымындағы жүлде иегері атанды. (Беларусь 2016). * Көптеген республикалық және халықаралық театр фестивалдерінде театр ұжымы белсене қатысады. ## Гастрольдік сапарлар * Астана жастар театры гастрольдік сапарларымен Беларусь, Қырғызстан, Қазақстанның барлық облыстары мен аудандарына барған. * 2009 жылы сәуір, мамыр айларында театр ұжымы 55 күн Алматы облысының 12 ауданы мен 36 елді-мекенінде қойылым қойып, соңғы 10 жылдықта Қазақстан театр тарихында болмаған гастрольдік «рекордты» жаңартты. ## Театр басшылары * 2007 жылдан театрдың көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Нұрқанат Жақыпбай. * 2007 - 2013 жылдары театр директоры - актер, жастар одағы сыйлығының лауреаты Ғани Құлжанов. * 2013 - 2016 жылдары театр директоры - Айболат Жанғалиұлы Сексенбаев. * 2016 жылдан бастап театр директоры - актер, Ернар Құрбанбекұлы Жұматаев басқарады.
Таусамалы (2010 жылға дейін — Энергетик) — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Есеболат ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан шығысқа қарай 2 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қаракөз ауылдық округі — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Кеңқарын, Қаракөз ауылдары кіреді. Орталығы - Қаракөз ауылы. ## Дереккөздер
Кеңқарын — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Қаракөз ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 28 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Есеболат ауылдық округі — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Есеболат, Қызылқайың, Таусамалы ауылдары кіреді. Орталығы - Есеболат ауылы. ## Дереккөздер
Қарасу ауылдық округі — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Еңбек, Кеңжыра, Тарас ауылдары кіреді. Орталығы - Кеңжыра ауылы. ## Дереккөздер
Көлтабан — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Көшкентал ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан батысқа қарай 66 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көшкентал ауылдық округі — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Көлтабан, Көшкентал ауылдары кіреді. Орталығы - Көшкентал ауылы. ## Дереккөздер
Қапал — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл, Қапал ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жансүгіров ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 45 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қапал ауылдық округі — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қапал ауылы кіреді. Орталығы - Қапал ауылы. ## Дереккөздер
Қарашілік — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Қарашілік ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан солтүстік-батысқа қарай 24 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Сағакүрес — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Қарашілік ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан батысқа қарай 18 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Арасан-Қапал — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Арасан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қарашілік ауылдық округі — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қарашілік, Сағабүйен, Сағакүрес ауылдары кіреді. Орталығы - Сағабүйен ауылы. ## Дереккөздер
Жаңалық ауылдық округі — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жаңалық ауылы кіреді. Орталығы - Жаңалық ауылы. ## Дереккөздер
Қызылжар — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Арасан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қопа — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Барлыбек Сырттанов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жансүгіров ауылынан солтүстік-батысқа қарай 39 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақдала ауылдық округі – Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіндегі әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақдала, Пәкентай Арапов ауылдары кіреді. Орталығы – Ақдала ауылы. Округ құрамында болған Онтам ауылы 2021 жылы, Ақын Жақып, Тақыркөл, Тоғайлы ауылдары 2023 жылы таратылды. ## Дереккөздер
Қызылқайың — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Есеболат ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 11 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақдала ауылдық округі — Алматы облысы Балқаш ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына кіретін жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы - Ақдала ауылы. ## Дереккөздер
Ақдала — Алматы облысы Балқаш ауданы, Балатопар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 139 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Көкжиде — Алматы облысы Балқаш ауданы, Ақкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 68 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Ойтоған ауылдық округі — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ойтоған, Үлгілі ауылдары кіреді. Орталығы - Ойтоған ауылы. ## Дереккөздер
Арқалық қаласының елтаңбасы – Арқалық қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген мемлекеттік жәдігер. Төменгі жағы дөңгеленте ойылған тік төртбұрыш түрінде жасалған. Қоңыр, қызғылт, сары, және көк түстерден тұрады. Жоғарғы жағы «АРҚАЛЫҚ» деген көк түсті жазумен көмкерілген. «Т» әріпіне ұқсас қоңыр бояумен екіге бөлініп, оның төменгі бөлігі бидай масағымен өрілген. Сәл жоғарырақ парашют көтерген шар түріндегі ғарыш аппараты бейнеленген. Бұл белгі астықты өлкенің ғарыш айлағы екендігінен хабар беріп тұр. ## Дереккөздер
Аралқұм — Алматы облысы Балқаш ауданы, Қараой ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 154 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Қараой ауылдық округі — Алматы облысы Балқаш ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Аралқұм, Арқар, Қараой ауылдары кіреді. Орталығы - Қараой ауылы. ## Дереккөздер
Бәрібаев — Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл, Ақжар ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 38 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Қараой — Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл, Қараой ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 163 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Балатопар ауылдық округі — Алматы облысы Балқаш ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақдала, Балатопар ауылдары кіреді. Орталығы Балатопар ауылы. Округ құрамында болған Ақбайлау ауылы 2006 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Құтан әулие кесенесі - сәулет өнерінің ескерткіші. Нысанның орналасқан жері: Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Амантоғай ауылының маңында Арқалық-Амангелді тас жолының бойында, Қарынсалды өзенінің шығыс жақ қыратында орналасқан. Амантоғай ауылынан Арқалыққа қарай 10 км жерде. Кесене бірнеше рет жаңартылған. Әулиенің ұрпақтары зиратты 1977 және 2008 жылдары жаңалап жөндеген. Құтан әулие ұрпақтары Қарағанды облысының Ұлытау ауданы, Жезқазған, Сәтбаев қалаларында тұрады. Бүгінгі күнге дейін әулиеге келушілер үзілген емес. Келушілерге арнап кесенеге жақын жердегі бұлақ басынан шағын қонақ үй тұрғызылған. Құтан Аталықұлы 1690-1780 ж.ж. аралығында өмір сүрген әруақты әулие адам болған. Ұлытау өңірінде дүниеге келген Құтан бабамызға әулиелік, көріпкелдік, емшілік бала кезінен қонған. Барлық саналы ғұмырын халықтың денсаулығын қорғауға арнап, ел мен жердің тағдырына араласқан.Зерттелуі: Торғай елі. Энциклопедия. Құрастырған Т. Рсаев. Алматы, «Арыс» баспасы, 2013 жыл.Өміртай Жәлелов, өлкетанушы, профессор. «Жүрегінің түгі бар Құттымбет батыр»Қостанай облысы Торғай аймағы көрікті жерлерінің ақпаратты бағдар тізбесі( Е. Цвентух, Ш. Бәйділдин, А. Аймағамбетов, И. Роговой Д. Артюх және т.б авторлары). Қостанай: «Шапақ», 2011 жыл. Дереккөз
Үлгілі — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл, Ойтоған ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан солтүстік-батысқа қарай 63 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
АЩЫТАСТЫ-19 – археологияқ қазба орны. Қазбадан ішінешақпақ тас толтырылған төрт тас жәщік аршылып алынды. Жәшіктер бір – бірінен жалғаса орналасқан. Олар солтүстік – батыстан, оңтүстік – шығыс бағытында орналасқан. Жәшіктердің солтүстік – шығыс жағына салынған өонектердің бірінде моңғол тектес ер адамның кескіні бейнеленген. ## Дереккөздер
Ақкөл ауылдық округі — Алматы облысы Балқаш ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақкөл, Көкжиде ауылдары кіреді. Орталығы - Ақкөл ауылы. ## Дереккөздер
«Көктем сулары» — Эрнест Хемингуэйдың алғашқы көлемді шығармасы. 1926 жылы «Ұлы расаның өту құрметіне» жазылған Эрнест Хемингуэйдің романтикалық хикаяты. Хемингуэй жұмысын жазушылар әлеміне пародия ретінде қолданды. ## Мазмұны Мичиган штатының солүстік бөлігінде орналасқан насос заводында жұмыс істейтін Бірінші дүниежүзілік соғыс ардагері Йоджи Джонсон және жазушы Скриппс О’Нилл өмірден күдер үзіп, көңілдері қалған екі ер азамат туралы. Екеуі де мінсіз жар болатын жанды іздейді, бірақ олар «мінсіз» қасиеті жайында бір-бірімен мүлдем келіспейді. Оқиғаның соңында Йоджи Джонсон өзінің сүйген жарын кездестіріп, қалған өмірін табиғатпен үндестікте өткізгісі келеді, ал Скриппс О’Нилл арманындағы жарын кездестіре алмай, жападан жалғыз қалып, жазушылыққа дендеп бет бұрады. ## Басылып шығуы Повесть он күннің ішінде жазылды. Хемингуэй шығармасын 1925 жылы көпшілікке таныстырды, бірақ бірнеше айға шегеріліп жарияланды. 1926 жылы қаңтар айында Scribner's баспасы «Көктем суларын» көпшілікке жариялауға келісім берді. Сол жылы мамырда кітап басылды, алғашқы таралымы 1250 дана болды. ## Сілтемелер * Mellow 1992, 317 бет * Baker 1981, 205 бет * Meyers 1985, 168 бет
АЩЫТАСТЫ-27 - археологияқ қазба орны. Биіктігі 0,5 м, диаметрі 4-тен 6 м-ге дейін жететін төрт обадан тұрады. Қабірге архиолог О.Смағұловтың болжамы бойынша 40-45 жастарда дүние салған әйел жерленген. Оның жанынан қапсырмалар, сырғалар, қыштан жасалған ұршық басы, ыдыс, айна табылған. Дереккөз
Әбіқай ақын Нұртазаұлы (1871, бұрынғы Торғай оязы, Тосын құмы - 11.1932,сонда) - ақын. Өлкедегі Жұмабай ақын мектебіндегі ақындар тобынан саналады. Кезінде ауызша айтқан өлеңдері қағазға түспей, ел аузында сақталған. Бірқатар шығармаларын Қ.Жармағанбетов 1957 ж. ақынның баласы Ахметқанның айтуы бойынша жазып алған. Олардың ішінде "Тас мешін" дастаны, "Абайды оқығанда", "Мешін толғаулары" сияқты шығармалары бар. Дереккөз
Бақбақты ауылдық округі — Алматы облысы Балқаш ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына кіретін жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы - Бақбақты ауылы. Округ құрамында болған Подхоз Водник ауылы 2006 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Ақжар ауылдық округі — Алматы облысы Балқаш ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Аралтөбе, Бәрібаев ауылдары кіреді. Орталығы - Бәрібаев ауылы. ## Дереккөздер
Береке ауылдық округі — Алматы облысы Балқаш ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Береке, Бура ауылдары кіреді. Орталығы - Береке ауылы. ## Дереккөздер
Жиделі ауылдық округі — Алматы облысы Балқаш ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жиделі, Қошқарбай, Орақты батыр ауылдары кіреді. Орталығы - Жиделі ауылы. ## Дереккөздер
Бура — Алматы облысы Балқаш ауданы, Береке ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 23 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Бақанас ауылдық округі — Алматы облысы Балқаш ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бақанас, Бояулы, Үшжарма ауылдары кіреді. Орталығы - Бақанас ауылы. ## Дереккөздер
Жиделі ауылдық округі — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Аққала, Жиделі ауылдары кіреді. Орталығы – Жиделі ауылы. ## Дереккөздер
Желтораңғы ауылдық округі — Алматы облысы Балқаш ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Желтораңғы, Қасқаөгіз ауылдары кіреді. Орталығы - Желтораңғы ауылы. ## Дереккөздер
Арқар — Алматы облысы Балқаш ауданы, Қараой ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 153 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Кісен ашқан — қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі, күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының күйі. ## Тарихы Перовскийдің бұйрығы әне-міне деп орындалмай, Құрманғазы түрмеде жата береді. Күндерден күн өткенде Құрманғазы амалдың жоқтығын біліп, қалайда қашуды ойлайды. Айсыз қараңғы бір түнде жұмыстан қайтып келе жатып, аяғы ауырып, тіпті жүргізбеген болып Құрманғазы тұтқындар тобынан кейін қала береді. Қапысын тауып, конвойдың біреуін қағып түсіріп, қаша жөнеледі. Қараңғыда күйшінің ізін жоғалтып алған конвойлар түрмеге қайтады. Оның алдында күндіз жұмыс үстінде Құрманғазы баяғы Лавочкиннің шешесі берген болат араны ұлтарағының астынан суырып, кісеннің бір жағын кесіп жай орнына байлап қойған болатын. Қашарда бір жағын қолына алып адымдай жөнеледі. Қаладан алысырақ бір сарайға барып, кісеннің екінші басын да кесіп, сол араға лақтырып тастайды. Біреулердің айтуынша Құрманғазы қашар тұста кісенді жұлып аламын дегенде өзінің майөкшесінің бірін жұлып алады да қаша береді. Ол күні қалың шөптің арасынан ешқайда шықпайды. Кісен қиған жерлерін көйлек-дамбалынан жыртып алып орайды. Кеш бата Құрманғазы Жайықтың бойын төмен қуа жүре береді. Таң ата бір ауыл шетіндегі малшының үйіне келіп, өзінің мән-жайын айтады. Ол үйдің иелері Құрманғазыны тамақтандырып, басқалардың көздерінен тасалап, тыным алдырады. Жарасына сормақта тартып, жақсылап байлап береді. Кішкене тыныққасын, Құрманғазы домбыра алдырып, бірнеше күй тартады. Ең соңғы күйінде қайғының үні шығады. Айналадағыларға Құрманғазы бұл күйдің атын «Кісен ашқан» екенін айтады. Оқырманға түсінікті болуы үшін Лавочкиннің шешесі берген ара туралы айта кетелік. Ол туралы Ахмет Жұбановтың зерттеу еңбегі негізінде шыққан «Құрманғазы күйлері қалай шыққан?» (Алматы, «Өнер» баспасы, 1993 жыл) кітабындағы «Түрмеден қашқан» оқиғасында баяндалады. «Құрманғазы Орал түрмесінде жатып қалады. Бір күні қысқы серуен кезінде Лавочкин деген орыс тұтқынымен танысады. Ол «ақ патшаға тіл тигізгені үшін» қамалған орыс жұмыскері болып шығады. Өзі қазақ арасында көп болып, қазақша судай білетін болады. Бірде, түрме қарақшыларының бірі Лавочкинге оның шешесі келгенін хабарлайды. Ол түрме бастықтары ұлықсат еткен бөлмеге барып, шешесімен көріседі. Шешесі пісіріп алып келген тамақтарын надзирательдің көзінше баласына береді. Бір нанның ішінде болат ара барын ыммен білдіреді. Шешесі қоштасып кеткесін, Лавочкин тамақтарды камераға алып келіп, болған жайды Құрманғазыға баяндайды. Екеуі қашу жоспарын жасап, ол ойларын өздеріне іштартып жүрген (Құрманғазыға домбыра әкеліп берген) надзирательге білдіреді. Ол бұларға жәрдемдесуге уәде береді», деп келеді оқиға баянында. «Сайдың бойына келіп кісенімді алып отырғанымда, жараның аузы ашылып, түні бойы ауырып ұйқы бермеді. Жүруге де мүмкіншілік болмады. Сол бір сәтте осы күй басыма келіп еді», - дейді. «Кісен ашқан» күйі осылай шығады. Айта кетелік, Құрманғазы Сағырбайұлы Лавочкиннің анасына арнап, «Лаушкен» күйін шығарған. ## «Кісен ашқан» поэмасы 1969 жылы Жұбан Молдағалиев осы күйдің адамға және жалпы өнерге деген әсерін суреттейтін сол аттас поэма шығарған: Күйдің аты — «Кісен ашқан», Күй әкесі — Құрманғазы.Күймен көзін, деседі, ашқан,Күйде жаны, арман, назы.Күйге құлақ тікті дала,Күйді тыңдап атқа мінді.Небір әуен төкті дана, Үн біткенді жатқа білді. ## Сілтемелер * Күйдің оркестрлік орындалуы YouTube сайтында * Поэма Bilim-all.kz сайтында
Turkvizyon ән байқауы 2016 (ағылш. Türkvizyon Song Contest 2016; түр. 2016 Türkvizyon Şarkı Yarışması) - 2016 жылы Түркияның Стамбұл қаласында өтуі тиіс халықаралық əн байқауы. ## Өткізуден бас тарту 2016 жылдың 8 желтоқсаны байқау ұйымдастырушылары жарысты өткізу уақытын 2017 жылға ауыстырды. Бұған қарамастан 2016 жылы белгісіз себептермен байқау өткізілмейтіні туралы хабарланды. ## Қатысудан бас тартқан елдер * Босния жəне Герцеговина ## Қатысушылар ## Дереккөздер
Көктал ауылдық округі — Алматы облысы Балқаш ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Көктал, Қоскүмбез ауылдары кіреді. Орталығы - Көктал ауылы. Округ құрамында болған Ескі Көктал ауылы 2006 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Абдумалик Муталович Мирахмедов -- өзбекстандық кәсіпкер, ATK Holdings-ның негізін қалаушы. ## Өмірбаяны 1977 жылы 6 тамызда Өзбек ССР-ының Ташкент қаласында дүниеге келді. Шешесі Зухра Насруллаевна Мирахмедова — дәрігер-микропедиатр, әкесі — Муталь Халилович Мирахмедов, кәсіпкер, білімі бойынша шығыстанушы. Орыс, ағылшын, өзбек, қытай тілдерін біледі. 2000 жылы Эссекс университетінің экономика факультетің аяқтады. Университетті аяқтаған соң Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бір жыл жұмыс істеп, әртүрлі өндірістік тәжірибе және өндіріс процесін түсінуді алды. ## Мансабы 2001 – 2003 жылдары ENRC (Eurasian Natural Resources Corporation) шығаратын ферроқорытпаларды Еуропа және Жерорта теңізі елдеріне щвейцариялық эксклюзивті ферроқорытпаның дистрибьюторі Alloy 2000 компаниясында сатуға жауапты болды. Бірінші болып ферроқорытпаны Қытайға сата бастады. 2004 – 2010 жылдары ENRC China компаниясының басшысы болды. 2010 – 2015 жылдары ENRC Marketing AG компаниясында сату бойынша вице-президент, ал кейіннен ENRC Marketing AG және ENRC Logistics–де CEO, Лондондағы ENRC PLC бас офисындағы атқару комитетінің мүшесі. Оның тікелей қатысуымен ENRC Қазақстан, Африка және Бразилияда активтері бар, темір кені, көмір, ферроқорытпа, түсті металдарды (алюминий, мыс, кобальт) қоса алғанда, минералды ресурстар өндіру саласындағы бұрынғы Кеңес Одағының жетекші компаниясы болды. Осы периодта компанияның әлемдік айналымы айтарлықтай өсіп 7 млрд USD жетті. ## ATK Holdings 2016 жылы Trafigura компаниясымен бірге ең ірі халықаралық шикізат трейдингі команияларының бірі ATK Holdings компаниясының негізін қалады. Trafigura ATK Holdings—тың 1% акциясын иеленеді, Мирахмедовте 49% және ол бас директор (CEO) болып табылады. ATK Holdings пайдалы қазбаларды ТМД территориясында негізгі өндірушілерден (мысалы УГМК, УК «Заречная» және KAZ Minerals) сатып алып әлем бойынша экспортттайды. ATK Holdings Trafigura компниясының стратегиялық партнері болып табылады. ATK Holdings Ресейде өзінің филиалы (ООО «АТК Евразия») арқылы жұмыс жасайды. ATK Holdings пайдалы қазбалардың алдыңғы қатарлы трейдері болып табылады. Компания кең ауқымды металдар мен минерал шикізаттармен сауда операцияларын жасайды, оның ішінде: глинозем, алюминий, кокс, мыс қорытпалары, мыс катодтары, мыс концентраты, штейн, қалайы, кобальт, ферроқорытпа, темір рудасы, қорғасын концентраты, марганец рудасы, молибден, мырыш концентраты, қорғасын, хром рудасы, никель катоды, никель концентраты, мырыш, көмір, болат дайындамалар, болат арматура, қара және түсті металлдар және т.б. Абдумалик Мирахмедов Қазақстан және басқа да ТМД елдерінің ауылшаруашылық секторында (мал шаруашылығы, егіншілік) және жоғары технологияға маманданған қорларда белсенді инвестор болып табылады. ## Отбасы Үйленген, төрт баласы бар. ## Дереккөздер ## Сілтеме * http://biograpedia.ru/?q=node/5228 * http://all-biography.ru/abdumalik-mirahmedov.html * https://www.linkedin.com/in/abdumalik-m-a23194142/ * http://www.atkholdings.com/management/ Мұрағатталған 3 маусымның 2017 жылы. * http://viperson.ru/people/mirahmedov-abdumalik-mutalovich * http://www.uznayvse.ru/znamenitosti/biografiya-abdumalik-mirahmedov.html * https://akipress.com/news:592841/ * http://mining.kz/arkhiv-novostej/arkhiv-novostej/item/23684-krupnejshie-gornodobyvayushchie-kompanii-kazakhstana-obsudili-vozmozhnosti-rasshireniya-eksporta-s-zarubezhnymi-trejderami Мұрағатталған 18 тамыздың 2017 жылы. * http://www.kazpravda.kz/fresh/view/vernut-gornyaku-biluu-slavu/ Мұрағатталған 31 мамырдың 2017 жылы. * http://transport.mid.gov.kz/ru/news/v-astane-startoval-viii-mezhdunarodnyy-gorno-metallurgicheskiy-kongress-i-vystavka-astana(қолжетпейтін сілтеме) * http://kds.mid.gov.kz/ru/news/v-astane-startoval-viii-mezhdunarodnyy-gorno-metallurgicheskiy-kongress-i-vystavka-astana(қолжетпейтін сілтеме)
Бояулы — Алматы облысы Балқаш ауданы, Бақанас ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Қоскүмбез — Алматы облысы Балқаш ауданы, Көктал ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 133 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Орақты батыр ауылы — Алматы облысы Балқаш ауданы, Жиделі ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 149 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Миялы — Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл, Миялы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 46 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Қошқарбай — Алматы облысы Балқаш ауданы, Жиделі ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 130 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Алдабергенов ауылдық округі — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Алдабергенов, Жаңалық, Жастар ауылдары кіреді. Орталығы - Алдабергенов ауылы. ## Дереккөздер
Елеуов Сауранбек Еркінбекұлы - (10.05.1955 ж.Түркістан, Жаңақорған аумағындағы ескі Сауран қаласында дүниеге келген. Әнші-композитор, ғалым. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түркістан совхозы. Ғани Мұратбаев атындағы №240 орта мектебін бітірген. Шымкент қаласы Әль-Фараби атындағы педагогикалық мәдениет институтын 1979 жылы бітірген. Қызылорда облысының халық депутаттары Жаңақорған аудандық депутаты (1989-1994) , Қызылорда облысының Жаңақорған аудандық маслихаты депутаттар жиналысының депутаты (1994-1999), өнертану ғылымының доценті (1911). Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Көптеген халықаралық және республикалық әнші-композиторлар байқауының лауреаты. ## Өмірбаяны: Сауранбек Елеуов 1955 жылы 10 мамырда Түркістан, Жаңақорған ауданы аумағындағы көне қаланың орны - ескі Сауранның іргесінде дүниеге келген. Орта мектептен соң ол 1979 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби атындағы педагогикалық-мәдениет институтының мәдени-ағарту жұмыстары факультетін бітірген. Жас кезінен халық сазгерлерінің әндері мен термелерін домбырада, баянда шебер орындайтын Сауранбек халық ақыны Манап Көкенов жетекшілік еткен «Дала жұлдыздары» атты халықтық мәдени –үгіт бригадасының белсенді мүшесі бола жүріп, Республикалық байқауларда мәдени-үгіт бригадасының үш дүркін лауреаты болды. Алғашқы әндерін сексенінші жылдардың басынан бастап жаза бастаған Сауранбек қазір 80-нен астам әннің авторы. Оның көптеген әндері республикалық газет-журналдарда, мерзімдік баспасөз беттерінде жарық көрді. «Апатайым анашым», «Бесік жыры», «Жұлдызым», «Айналайын», «Армысыңдар адамдар», «Туған жер», «Айдында жүзген аққулар», «Қаракөзім», «Гүлбаһор», «Әке даусы», «Ғанидың жұлдызы», «Домбыра сазы», «Түркістан», тағы басқа да әндері қазақ радиосы мен теледидарында жиі орындалып жүр. Бір топ әндері Алматыда басылған «Ауыл кеші көңілді», «Жастық шақ әуендері», «Әнім сен едің» әндер жинағына енсе, енді топ әндері нотасымен және автордың қысқаша өмір жолы мен суретін берген «Сыр әуендері» /1991/, «Айдында жүзген аққулар» /1996/ атты «Түркістан» /2000/ кітаптары шықты. «Апатайым - анашым» /2010/, «Сырнай мен аккордеонда ойнауды үйренудің әдістемесі» /2010/ Ол 1993 жылы қыркүйек айында Алматының орталық концерт залында өз шығармаларынан концерт берді. Сазгер-әнші Сауранбек Елеуов Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивальдарының екі дүркін лауреаты, Республикалық «Жігер» фестивалінің дипломанты, Саратов қаласында өткен Жас сазгерлер байқауының жүлдегері, кезінде СССР, КазССР Композиторлар Одағының Дипломымен марапатталған, Республикалық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің «Алтын медаліне» ие болған. Сондай-ақ ол Шәмші Қалдаяқов атындағы Республикалық өнер байқауының тұңғыш жүлдегері /1992/. 1989-1994 жылы Жаңақорған аудандық халық депутаттарының депутаты, 1994 жылы аудандық Мәслихаты - Депутаттар депутатына қайта сайланған. 1999 жылы 26-қараша 2000 жылдың 7-қаңтар аралығында Түркия мемлекетінің бірнеше қалаларында Университет көркем өнерпаздарын басқарып барып, 22 концерттік бағдарламасын көрсетті. Афион қаласының «Құрметті азаматы» атанды. Сазгер-әнші Сауранбек Елеуовке жеке шығармашылық саласы бойынша әндер циклі және өнерпаздық шығармашылықты дамытқаны үшін 1994 жылы Қазақстан Жастар Одағының сыйлығы атағы берілді. Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігімен ҚР мәдениет пен өнерді қолдаудың мемлекеттік қорының «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісі деген құрметті атаққа ие болды /2005/. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған V Республикалық «Елім Менің» патриоттық әндер байқауының Лауреаты атанды /2008/. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 30 маусымдағы шешімімен (№6 хаттама) Елеуов Сауранбек Еркінбекұлына өнертану мамандығы бойынша ДОЦЕНТ ғылыми атағы берілді. ## Қызметі: Аудандық мәдениет үйінің әдіскері (1979-1986), мәдениет және демалыс паркінің директоры (1986-1990), Сұлтанбек Қожанов атындағы «Арман» мәдениет үйінің директоры (1991-1995), Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1995-2000), студенттердің мәдени іс-шара өткізу бөлімінің меңгерушісі (2000-2004), «Музыкалық білім, вокалдық өнер» кафедрасының аға оқытушы (2005), тәрбие орталығының мәдениет бөлімінің меңгерушісі (2005-2006), университеттің «Мәдениет орталығының» директор орынбасары (2006-2011), университеттің «Өнер» факультеті, « Орындаушылық өнер» кафедрасының меңгерушісі (2011-2016). ## Наградалары, атақтары: ■ Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты (1985); ■ «Бүкілодақтық халық шығармашылық» фестивалінің лауреаты (1985); ■ «Бүкілодақтық халық шығармашылық ІІ» фестивалінің лауреаты (1987); ■ Диплом Союз композитров Казахстана (первый секретарь правления Союза композитров Казахстана, народный артист СССР Е.Рахмадиев) (1987); ■ Диплом секретариат правления Союза композитров СССР (первый секретарь правления Союза композитров СССР Т.Н.Хреников) (1988); ■ Почетная грамота министр культуры казахской ССР Ж.Еркінбеков (1989); ■ Қаз ССР «Халық шаруашылығының жетістіктері» көрмесінің медаль иегері (1990); ■ Құрмет грамотасы Қазақстан ЛКЖО орталық комитеті (1991); ■ «Рауан» аймақтық жастар фестивалінің лауреаты (1991); ■ Ш.Қалдаяқов атындағы республикалық әнші-композиторлар байқауының тұңғыш лауреаты (1992); ■ Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (1994); ■ Түркия мемлекеті «Афион қаласының» құрметті азаматы (2000); ■ «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» (2005); ■ Қазақстан Халықтар достығы университетінің доценті (2006); ■ «Елім менің» V-ші республикалық патриоттық әндер конкурсының лауреаты (2008); ■ «Қызылорда облысына 70 жыл» толу мерекесінде медальмен марапатталды (2010); ■ Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының мүшесі (2011); ■ «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» дәстүрлі музыкалық өнер фестивалінің жеңімпазы (2014); ■ РҚБ Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі (2015); ■ Облыстық Маслихаттың Грамотасы (2015); ■ Кеңес Одағының батыры, генерал Сабыр Рахимов медалі (2015); ■ Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалі (2015); ■ ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ардагерлерге көрсеткен қамқорлығы үшін «Алтын жүрек» медалімен марапатталды (2016); ■ ЮНЕСКО-ның 2016 жылды "Ясауи жылы" деп жариялануына және Ахмет Ясауи университетінің 25 жылдығына орай "Ясауи жылы" медалімен марапатталды(2016); ## Негізгі ғылыми еңбектері: 35-тен астам ғылыми мақалалар (оның 3-уі шетел журналдарында) 80-ге тарта әндердің авторы. Соңғы 5 жылдағы кейбір оқу құралдары мен оқу әдістемелік еңбектері. ■ «Сыр әуендері» ■ «Айдында жүзген аққулар» ■ «Түркістан» ■ «Апатайым-анашым» ■ «Сырнай мен аккордеонда ойнауды үйретудің әдістемесі» ■ «Апатайым-анашым» әндер жинағы ■ «Сыр сүлейі Манап Көкенов » ■ «Манап Көкеновтың шығармашылығы туралы» журналы ■ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары «Музыка мұғалімінің баян аспабын қолдану ролі» ■ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Музыка мұғалімінің музыка сабағын ұйымдастырудағы әдістемелік шеберлігі» ■ «East West 1 Association For Agvantes Studies and Higher Education Cmjh. Vienna. Austria7 Vienna 2014» Межкультурный диалог художественного и музыкального образования в социализаций креативной личности педагога. ■ «Балауса» кітабы ## Негізгі музыкалық шығармалары: ● «Апатайым анашым» ● «Туған жер» ● «Армысыңдар адамдар» ● «Сырдария-жырдария» ● «Түркістан» ● «Айдында жүзген аққулар» ● «Аппағым-аңсадым» ● «Қаракөзім» ● «Әке даусы» ● «Жұлдызым» ● «Домбыра сазы» ● «Бесік жыры» ● «Ғашығым» ● «Аққудың баласындай көгілдірім» ● «Ардагер қарттарым-ай» ● «Айналайын» ● «Ойыншықтар» ● «Біріншіге барамын» ● «Ақын мерейі» ● «Түсінбедім» ● «Гүлбаһар» ● «Ғанидың жұлдызы» ● «Қос қарлығаш» ● «Ақмаралым» ● «Әй-әй бөпем» ● «Туған жердің арманы-ай» ● «Ақ алтыным» ● «Құс мекенім-Жаңақорған» ## Деректі көздер: - Жастық шақ әуендері: Әндер/Құраст. Ә.Абақанова, Ж.Байысбаев, Т.Тайбеков.-2-жинақ.-Алматы:Өнер, 1993.-314 бет - Республикалық ғылыми-танымдық журнал «Күлтегін ескерткіші»: бас редактор-Әсем Сағиқызы.-№11/2014.-Астана: 60 бет - Қайталанбас дауыстар сыр саңлақтарының антологиясы:редактор Берік Жүсіпов.-Қызылорда:2011.-49бет ## Аудио мен Видеолар: Сауранбек Елеуов Концерт-24.03.2013 Сауранбек Елеуов-Концерт-13.05.2008 50-жылдық және "Алатаудың ән отауы" Алматы концерт 1993ж. "Сауранбек Елеуов ән шырқайды"-1бөлім Алматы концерт 1993ж. "Сауранбек Елеуов ән шырқайды"-2бөлім
Топар — Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл, Топар ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 99 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Жаңалық — Жетісу облысы Ескелді ауданы, Алдабергенов ауылдық округі құрамына кіретін ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылының батысында 16 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Абай — Жетісу облысы Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ешкіөлмес — Жетісу облысы Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылының оңтүстігімен шектесіп жатыр. ## Халқы ## Дереккөздер
Матай Байысов ауылы — Жетісу облысы Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер