text
stringlengths 3
252k
|
---|
## Бұрынғы ерлер гимназиясы
1894 жылы 282 адамға арналған ерлер гимназиясы ашылды. Азамат соғысы жылдарында бұл ғимаратта ақ гвардияшылар атаманы Б.В.Анненковтың 2-ші сібірлік корпусы орналасты. Көтеріліс нәтижесінде 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні ол көтерілісшілермен алынып, мұнда Әскери-революциялық комитет орналасты. 1934 жылы бұл ғимаратта мұғалімдер институты, ал 1937 жылдан бастап педагогикалық институт болды. Қазіргі уақытта ҚазМЗА оқу ғимараты орналасқан. Ол екі қабатты жақтауларында тереңдетілер ризалиттер орнатылған ғимарат. Ғимараттың орталығында карнизі бар шығыңқы бөлік бар. Оталық ризалиттің терезесі және төменгі қабаттың басты фасады арка тәріздес ретінде жасалған, ал жоғары қабатты бұрышты, жоғары жағында бұратылған сызықтар бар. Қабаттар шығыңқы жолақпен бөлінген. Орталық қасбет дөңес қаламалы. Төле және бүйір қас беттері тегістеліп сыланған. Ғимарат жоспар бойынша дұрыс емес "П" әріпі тәріздес. Бөлменің орташа биіктігі - 6,05 м. Іргетасы - кесектасты, таспалы. Қабырғалар кірпіштен, үш кірпіштен соң, ағаш бөлгіштер салынған. Шатыры темірден, терезелері екі қабатты. Орналасуы:Семей қ., Абай көшесі, 94.
## Бұрынғы ерлер гимназиясы
1894 жылы 282 адамға арналған ерлер гимназиясы ашылды. Азамат соғысы жылдарында бұл ғимаратта ақ гвардияшылар атаманы Б.В.Анненковтың 2-ші сібірлік корпусы орналасты. Көтеріліс нәтижесінде 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні ол көтерілісшілермен алынып, мұнда Әскери-революциялық комитет орналасты. 1934 жылы бұл ғимаратта мұғалімдер институты, ал 1937 жылдан бастап педагогикалық институт болды. Қазіргі уақытта ҚазМЗА оқу ғимараты орналасқан. Ол екі қабатты жақтауларында тереңдетілер ризалиттер орнатылған ғимарат. Ғимараттың орталығында карнизі бар шығыңқы бөлік бар. Оталық ризалиттің терезесі және төменгі қабаттың басты фасады арка тәріздес ретінде жасалған, ал жоғары қабатты бұрышты, жоғары жағында бұратылған сызықтар бар. Қабаттар шығыңқы жолақпен бөлінген. Орталық қасбет дөңес қаламалы. Төле және бүйір қас беттері тегістеліп сыланған. Ғимарат жоспар бойынша дұрыс емес "П" әріпі тәріздес. Бөлменің орташа биіктігі - 6,05 м. Іргетасы - кесектасты, таспалы. Қабырғалар кірпіштен, үш кірпіштен соң, ағаш бөлгіштер салынған. Шатыры темірден, терезелері екі қабатты. Орналасуы:Семей қ., Абай көшесі, 94. |
Мөрлі жүзік - ертедегі хан-сұлтандардың, би, әскер басы, т.б. дәрежелі кісілердің бір нәрсені куәландару үшін мөр басатын арнаулы жүзігі. Ондай жүзіктің көзінде әдейі құйылған таңба болады. Мөрлі жүзік туралы қазақ эпостарында айтылады; өткен ғасырдың басында қолданудан шығып қалған. "Хат берген даулы жерге мөр басатын Қолында қызыл алтын жүзігі бар" (Қазақ эпосы, Алматы,1958, 485-б.).
## Дереккөздер |
Ақсуат — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Майлыбас ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 55 км-дей жерде, Сырдария өзеннің бойында.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1252 адам (657 ер адам және 595 әйел адам) болса, 2009 жылы 1044 адамды (502 ер адам және 542 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Байқожа — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Майлыбас ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 61 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 215 адам (116 ер адам және 99 әйел адам) болса, 2009 жылы 271 адамды (133 ер адам және 138 әйел адам) құрады.
## Ауыл суреттері
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Бірлік — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Майлыбас ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 43 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 90 адам (47 ер адам және 43 әйел адам) болса, 2009 жылы 9 адамды (4 ер адам және 5 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Алтай — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Қарашеңгел ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 6,5 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 29 адам (33 ер адам және 26 әйел адам) болса, 2009 жылы 67 адамды (37 ер адам және 30 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Мәдениет — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Құмжиек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 164 адам (91 ер адам және 73 әйел адам) болса, 2009 жылы 161 адамды (81 ер адам және 80 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қожақазған — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Құмжиек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен солтүстік-шығысқа қарай 75 км-дей жерде, Арал қарақұмының оңтүстігінде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 283 адам (150 ер адам және 133 әйел адам) болса, 2009 жылы 64 адамды (35 ер адам және 29 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қабылбаев Шырақбек (09. 03. 1908 ж. Семей облысы, Абай ау., Қайнар селосы маңында Қарашоқы деген жерде -1977 ж.) — Қазақстанның партия және мемл. қайраткері.
Арғын тайпасының Қаракесек руының Байбөрі бөлімінен шыққан. 1938 жылдан КОКП мүшеci iшкi істер қызметінің генерал-лейтенанты (1967). 1931 жылы Семейдегі педтехникумын бiтiрдi. Қызыл Армия қатарындағы кезекті міндетін атқарғаннан кейін, 1935 жылы Iшкі істер халкомының арнаулы мектебін, ал 1952 жылы КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бiтiредi. Қазақстан КП-нiң 4, 5, 8, 13-съездерiнде OK-тiң мүшесi және 4, 5,.7, 8- сайланған Қаз. КСР Жоғ. Советінің депутаты. Ленин орденiмен, eкi Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерiмен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Майон жаңартауы Филиппин мемлекетіндегі Альбай Биколь аумағындағы Лусон аралында орналасқан.Майон-белсенді жанартау. Легаспи қаласының солтүстік-батысында 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Жанартау мінсіз конус пішінді. Майон жанартауын вулканологтар стратожанартау тобына жатқызады. Стратожанартау-қатқан лавалық тасқындар мен борпылдақ материалдардың жиынтығынан құралған көпқабатты құрылыс. Майон жанартауы Еуразия және Филиппин плиталарының шекарасында, плиталардың шектесу аймағында орналасқан. Жанартау шыңы теңіз деңгейінен 2421 м биіктікте тұр. Ал оның радиусы 48 шақырымды құрайды. Майон жанартауы жалпы аумағы 6 га құрайтын бес муниципалитет пен үш қаланың ортасында орналасқан. Бұл жанартау базальтты-андеитты жанартауларға жатады. Майонның ең алғаш атқылауы 1616 жылы тіркелді. Жанартау пирокластикалық лава ағындарының әсерінен пайда болған. Майон жанартауының ең ірі атқылауы 1814 жылы 1 ақпанда тіркелген. Осы атқылау салдарынан Сагзава қаласы түгел жойылып, 1200-ден астам адам көз жұмған. Жанартадың 1993 жылғы атқылауы нәтижесінде 79 адам қайтыс болды. |
Пірімов — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Құмжиек ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1293 адам (652 ер адам және 641 әйел адам) болса, 2009 жылы 1213 адамды (618 ер адам және 595 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...” (“Алпамыс батыр” жырынан). Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы.Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады. Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл. Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден – ақ белгілі.Жылқы бетегелі, көделі, селеулі, қауданды жерде жақсы өскен. Қазақ даласының батысында Мұғалжар тауынан басталып, Сарыарқаны қуалай отырып, аяғы Батыс Сібірге тірелетін кең өлкесінде жылқы малы көп өсірілген.Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы – түйе. Қазақта «Түйелі бай қонады сортаңды алып» деп басталатын өлең бар. Бұлай деудің себебі, ертедегі түйелер байлар суы тұзды көлдердің, теңіздердің, өзендердің бойларына, өсімдігі ащы, сортаң жерлерге қонатын болған.Түйе-жүк көлігі. Көшпелілердің, солардың ішінде қазақтың, ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал-түйе. Оның ішінде ең төзімдісі әрі мықтысы – жалғыз өркешті нар. қазақтың «Нар жолында жүк қалмайды»деуі содан. Түйе жолға да шыдамды. Оның жейтін ащыларының ішінде тұз да бар.Түйенің етін бұл түлікті бақпайтын ел ұнатпайды, ал бағытындары оған құмар. Түйенің түбіті мен шудасы қымбат саналады:түбіттен иіріп тоқыған киім ең жылы, ең төзімді болады;шудадан жіп, арқан еседі.Түйенің сүті де асыл. Одан ашытатын қышқылтым сусынды Батыс Қазақстанда «шұбат», Түркістан жағында «қымыран» деп атайды. Ғылымның дәлелдеуінше, шұбаттың дәрілік қасиеті қымыздан да артық саналады. Қой да көшпелі елдердің ерте заманнан малданған түлігінің бірі. Ол әрі киім, әрі тамақ. Киім дегенде, оның жүнінен гөрі ертедегі көшпелі халыққа терісі қымбат болған. Өйткені қыс, күз айларында жылы киім керек. Оған илеген қой терісінен тігілген ішік, тон, тұлыптан жылы киім табылмайды. Қазіргі кездегі «дубленка»аталатын сәнді тон да осы қой терісінен жасалады.Ал жүнінен неше түрлі асыл жүн маталар тоқылады. Ол үшін биязы жүнді қойлар өсіріледі. Қазақ қойының жүні киіз басуға, кілем тоқуға, байпақ, пима дайындауға жұмсалады.Негізінен қойдың азықтық және киімдік пайдасы жылқы мен түйе түліктерінен артық. Онымен бірге қой малы көшіп-қону кезінде ұзақ жол жүрістеріне шыдамды болып келеді. Жеп-шөпті онша талғамайды. Тіпті өсімдігі ащылы болып келетін құм мен шөлде де қойдың теріп жейтін азығы көп.Ешкі де сондай. Қой мен ешкі көне заманнан бері бірге жайылып, бірге жусап келеді. Қойды отты-сулы жерлерге ешкінің серкесі бастайды.Ешкі мен қойдың сүтінен ұйытқан айран да, қайнатқан құрт пен ірімшік те қазақтың сүйікті асы.Ешкінің түбітінен ең жақсы шәлі тоқылады,оның қылшығынан есілген жіп пен арқан жылқы қылынан соң ең берігі саналады. «Ангор ешкісі» деп аталатын асыл тұқымды ешкілердің жүні өте құнды.Мал шаруашылығындағы тағы бір түлік-сиыр. Ертедегі көшпелі қазақтар сиырды аз малданған.Өйткені сиыр малы қөшіп-қонудың талабына сай келмей, отырықшылыққа ауысқаннан кейін ғана көбейген...Сиыр малы айрықша бағуды тілемейді, өріске өзі кетіп,мезгілінде өзі қайтып келеді. Қыс айларында сиыр тек қорада ғана күтіледі. Сондықтан басқа малдарға қарағанда ол күтімді көбірек керек етеді.
## Сілтеме |
Үлгі:ПерсонаСерікбай Жолдыбайұлы Бисекеев (қаз. Серікбай Жолдыбайұлы Бисекеев; род. 3 шілдеде 1971, Қамысты ауылы|Қостанай облысы|}}, Қазақ КСР, — танымал кәсіпкер, ментор, Arman Holding КТ халықаралық холдингінің негізін қалаушысы және президенті. Холдинг – энергетика және телекоммуникация саласындағы интеграциялық шешімдердің өндірушісі әрі жабдықтаушысы, Ресейде, Қазақстанда, Сингапурда, Германияда, БАӘ және Үндістанда өкілдіктері бар.
2014 ж. шілдесінен бастап – «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тәуелсіз директоры
2015 жылдың маусымынан бастап – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (ТДҚА) тәуелсіз директоры
Табысты мансап және бизнес құру бойынша студенттер мен кәсіпкерлерге арнап, ашық дәрістер және шеберлік сағаттарын өткізетінімен белгілі.
Энергетика және телекоммуникация саласында интеграциялық шешімдер өндіру және оларды енгізу арқылы ҚР аталмыш саласына елеулі үлес қосты.
## Өмірбаяны
1971 жылы 3 шілдеде Қазақ КСР, Қостанай облысы, Қамысты ауылында дүниеге келді.. М.И. Калинин атындағы Ленинград политехникалық институтын 1994 жылы бітірді.. Ресейде GSM стандартты ұялы телефондар сатуға байланысты өзінің алғашқы бизнесін құрды. 1994 және 2000 жылдар аралығында «IVG» ЖШҚ вице-президенті болды.. 2000 жылы Стокгольм бизнес-мектебінде (Санкт-Петербор) кәсіпкерлерге арналған курсты аяқтады (Санкт-Петербург). Телекоммуникациялар саласын дамытуды жалғастырып, 2000 жылы өнеркәсіптік қатты дауысты байланыс жүйелерін интеграциялау саласында қызметтер ұсынатын «Арман» ЖШҚ компаниясының іргетасын қалады.. Қажырлы еңбектің нәтижесінде 2005 жылы ARMTEL қатты дауыстайтын жабдық өндірісін іске асырды.</ref>.
2000 жылдардың ортасында энергетика саласын зерттеумен айналысып, 2009 жылы «Synergy Astana» компаниясын құрды.[8]. Компания қызметі электр стансаларына арналған турбиналар мен генераторларды сатуға бағытталған. Аталмыш бағытты қарқынды түрле дамытып, баламалы энергетика саласында жобалаумен айналысатын «KazWind Energy» және «ArmWind» ЖШС компанияларын ашты. 2012 жылы әлемдік беталысқа сай аяқ басып, жаңа, жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) іздеуге басты назар аударды. Осы тұста «Арман Инжиниринг» компаниясының негізін қалады[9]. Ары қарай Бисекеевтің холдингі Қостанай, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ЖЭК технологияларын енгізумен байланысты жобалар әзірледі.
### Кәсіби және қоғамдық қызметі
2012 жылы Ernst & Young тұжырымы бойынша, «B2B» аталымында Ресейдің үздік кәсіпкері деп танылды.Ernst & Young.
2013 жылы оған «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі вице-президенті мәртебесі берілді..
Астана экономикалық форумының («Қазақстандағы кәсіпкерлік: сынақтар мен мүмкіндіктер», 2013 жыл; «Бәсекелі экономикадағы бәсекелі кәсіпорын», 2014 жыл) және Сингапурдағы ресейлік-сингапурлық бизнес-форумның спикері болып табылады.; «Конкурентное предприятие в конкурентной экономике», 2014) и Российско-сингапурского бизнес-форума в Сингапуре.
2014 жылы «ДАМУ» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ тәуелсіз директоры болды..
Өнімді халықаралық коммуникациялар құруға талпынып, 2014 жылдың наурыз айында Алматыда қазақстандық-сингапурлық бизнес-форумды ұйымдастырды.Алматы.
2015 жылдың маусымында «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (ТДҚА) тәуелсіз директоры болды.
Серікбай Бисекеев Қазақстандағы жас кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті қолдаумен белсене айналысады, кәсіпкерлерге арнап, вебинарлар мен шеберлік сағаттарын өткізеді, жоғары оқу орындарында дәріс оқиды.
Өз тәжірибесіне негізделген, табыстың кілті жайлы «Бәрі де өз қолыңда» кітабын жазып шықты. Сондай-ақ кәсіби қызметте, бизнесте, қаржыда және өмірдің басқа да маңызды салаларында жоспарлау және тепе-теңдік сақтаудың тиімді құралы – «Жетістікке жету күнделігінің» авторы.
## Примечания
Үлгі:Примечания
## Ссылки
* Официальный сайт Серикбая Бисекеева (http://bisekeev.com).
* 2. Страница Серикбая Бисекеева в социальной сети Facebook (https://www.facebook.com/serikbai.bisekeev).
* 3. Серикбай Бисекеев в социальной сети «ВКонтакте» (https://vk.com/bisekeevs). Мұрағатталған 29 шілденің 2015 жылы.
* 4. Официальная страница на Linkedin.com (http://www.linkedin.com/in/bisekeev).
* 5. Серикбай Бисекеев на сайте Twitter (https://twitter.com/bisekeev).
* 6. Канал компании Arman на видеохостинге YouTube (https://www.youtube.com/user/ArmanCompany).
Категория:Выпускники Санкт-Петербургского политехнического университетаКатегория:Предприниматели КазахстанаКатегория:Предприниматели России |
Бекарыстан би ауылы — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Майдакөл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен батысқа қарай 44 км-дей жерде, Сырдария өзенінің сол жағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2911 адам (1547 ер адам және 1364 әйел адам) болса, 2009 жылы 2642 адамды (1425 ер адам және 1217 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1994 жылы ауылдың Карл Маркс (Октябрь) атауы өзгертіліп, Сыр бойының белгілі биі әрі батыры Бекарыстан Амалдықұлының есімі берілді. Іргесі 1932 жылы қаланған. 1932 жылы «Үлгі бол», «Жаңа еңбек» серіктестіктері құрылды. 1933 жылы олар бірігіп, «Жаңатұрмыс» ұжымшары болды. 1939-61 жылдары «Октябрь», 1961 жылы К.Маркс атындағы ұжымшардың орталығы болған.
## Дереккөздер |
Басықара — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Басықара ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1107 адам (564 ер адам және 543 әйел адам) болса, 2009 жылы 1159 адамды (590 ер адам және 569 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1934 жылы №3 ауылдық кеңес болып құрылған. 1949 жылы ауылдық кеңес тарап, Қарашеңгел ауылдық кеңесіне қарасты болды. 1973 жылы Басықара ауылдық кеңесі болып қайта құрылды. 1997 жылы ауылдық кеңес тарап, 2001 жылға дейін Құмжиек ауылдық округіне қарасты болды. 2001 жылы Басықара ауылдық округі құрылды.
## Дереккөздер |
Шитүбек (2020 жылға дейін — Водокачка) — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Қарашеңгел ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1931 жылы құрылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 9 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 122 адам (67 ер адам және 55 әйел адам) болса, 2009 жылы 81 адамды (48 ер адам және 33 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Үйрек — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Қарашеңгел ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1931 жылы құрылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 68 адам (38 ер адам және 30 әйел адам) болса, 2009 жылы 144 адамды (67 ер адам және 77 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ғарыш дəретханасы (қысқ.: АСҚ, ассенизационды-санитарлы құрылғы) — орбиталық стансада, басқарылатын ғарыш кемесінде орналасқан санитарлы-гигиеналық блок (санитарлық торап).
## Тарихы
Басқарылатын космонавтика жаңа ғана пайда болып жатқанда, ұшулар қысқа жəне көбінесе скафандрда орындалған кезде, алғашқы қатты жəне сұйық қалдықтарды жинау құрылғысы өзінен ауыстырылатын гигроскопиялық аралығы бар серпімді шолақ дамбал ретінде ұсынылды.
Алғашқы орбиталық стансалары «Скайлэб» пен «Салют-3ден» бастап, ғарышкерлердің гигиенасына арнап душ ескерілді. Алайда, Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС), душ болған жоқ, ғарышкерлер ылғал майлықтармен, əлде сықпаға оралған сабын мен шүмектен алынған су арқылы шомылды. Экипаждарға суды үнемдеу үшін оңай шайылатын сусабын мен жеуге жарамды тіс пастасы берілді.
Салмақсыздық кезінде орбиталық стансада желдеткішті-сіңімді системаны қолдану қажет. Ол система - адамның тіршілік əрекеттерін ауа ағынымен ұшырады.
## Орбиталық стансадағы санитарлық торап
### ХҒС
ХҒСда үш санитарлық торап орналасқан, оның біреуі «Звезда» модулінде, екіншісі — «Спокойствие» модулінде, үшіншісі — тасымалды, оның екеуі Ресейде шығарылған.
«Спокойствие» модуліндегі дəретхана ресейлік модуль «Звездада» орнатылған дəретханаға ұқсас. Оның айырмашылығы - ғарышкерлердің зəрі мен терісінен ішуге жарамсыз суды регенерациялайтын американдық қосалқы жүйесімен жабдықталуы болған. Ұшыру мен түйістіруге жобаланған «Наука» ресейлік көпмақсатты зертханалық модулі жаңа ғарыш санитарлық торабымен жабдықталады деп есептелінген.
Ғарыш дəретханалары ресми түрде «Waste and Hygiene Compartments» атауымен аталады. Сіңгеннен кейін барлық қалдықтар оттегі мен суға бөлінеді, адамның сұйық қалдықтарын құрайтын заттар орбиталық стансасының жабық цикліне жіберіледі.
Орбиталық стансадағы унитаз ерлерге де, əйелдерге де арналған, оның түр-əлпеті кəдімгі дəретхананықы сияқты, бірақ оның кейбір конструктивті айырмашылықтары бар. Унитаз аяққа арналған фиксаторлар мен жамбас ұстағышымен жабдықталған, оған қуатты ауа сорғышы орнатылған.
Ғарышкер өзін дəретхана отырғышына арнайы серіппелі бекіткішпен көктейді, одан кейін қуатты желдеткішті қосады жəне сіңіргіш тесікті ашады. Ол жаққа ауа ағынымен барлық қалдықтар ұшырылады.
### Жұмыс істеу принципы
Дəретханаларда судың орнына вакуум қолданылады. Қатты қалдықтар арнайы торлы пластикалық қаптарға жиналады, олар біраз уақыт 20-литрлі алюминий контейнерлерінде сақталады.
Толған контейнерлер əрі қарай утилизациялау үшін «Прогресс» транспортты жүк кемесіне (ТЖК) ауыстырылып салынады.
Сіңілгеннен кейін сұйық қалдықтар арнайы қондырмасы бар құбыршекпен жиналады, одан кейін ол регенерация системасына жіберіледі. Регенерация системасы қалдықтарды ішуге жарамды суға дейін қалпына қайтарады. Ол суды станцияның техникалық контурында қолданады.
ХҒСда дəретханадан шыққан ауа тұрғын үй-жайларына кірмес бұрын бактериялар мен иістерден тазартылады.
### Мир
«Мир» ҒС əлемдік тəжиребеде алғаш рет "НИИхиммаш" системасын қолданды. Ол система сұйық қалдықтарды суға регенизациялайды.
## Ғарыш кемелеріндегі санитарлық торап
Орбиталық стансалар мен ғарыш кемелеріндегі дəретханалар өзінің конструкцияларымен ерекшелінеді. Оның негізгі себебі - алғашқылардың аз уақытқа ұшуы, ал ҒС ғарыштағы орбитада көптеген жылдар бойы орналасуы.
### Шаттлдарда
«Шаттлда» ерлер де, əйелдер де өзінің зəрулігін тұрып ала алады. Бұл үшін унитазға жалғанатын арнайы құйғышы бар құбыршек ойлап табылды. Ғарышкер қалауынша оны отырыпта қолдана ала алады. Кəріз системасы қатты қалдықтарды сұйық қалдықтардан бөледі. Қатты қалдықтар сығымданады жəне шаттл бортында сақталады. Жерге қонғаннан кейін қалдықтар жүгі түсіріледі. Сұйық қалдықтар ашық ғарышқа тасталынады.
## Оқиғалар
* 2008 жылдың 28 мамыры сорғыштың бітелу кесірінен ХҒС-та орналасқан жалғыз дəретхана істен шықты. Дəретхана қозғалтқышының желдеткіші тоқтап қалды. Осыдан кейін сұйық қалдықтарды жинауға жауап беретін жабдықтардың бір бөлігі кідіріспен жұмыс істеді;
* 2008 жылдың қазан айында сорғының бітелу кесірінен ХҒС-та орналасқан жалғыз дəретхана істен шықты. Сорғы - ғарыш дəретханасының басты механизмі болып табылады;
* 2008 жылдың қараша айында ХҒС-та дəретхана суын регенерациялайтын система істен шықты. Істен шығуының басты себебі дезинфекциялайтын сұйықтықтың басқа түтікшеге құйылуы;
* 2009 жылдың 19 шілдесі ХҒС-тағы «Спокойствие» модулінде орналасқан дəретхана істен шықты. Бөлетін сорғыш істен шықты;
* 2010 жылдың қаңтарында ХҒС-тағы «Спокойствие» модулінде орналасқан дəретхана істен шықты. Ғарышкерлердің сұйық қалдықтарында кальцийдің көп болуы су тазарту системасының бітеуіне алып келді. Дəретхананың сынуына байланысты оның ішіндегісі «Прогресс» ТЖК-ға жүктеліп, Жердің орбитасынан төмен түсіріліп, Тынық мұхитқа батырылды;
* 2010 жылдың 6 шілдесі ХҒС-тағы «Спокойствие» модулінде орналасқан дəретхана істен шықты. Системаның оқшаулауына құбыр желісінде пайда болған ауа көпіршігі себепкер болған.
## Қызықты фактілер
* Ғарыш айлағынан ұшу, қону жəне ашық ғарышқа шығу кезінде ғарышкерлер арнайы жөргек киеді. Қазіргі уақытта ғарыш дəретханаларын əр ғарышкердің көлеміне қарай жеке құрастырмайды.
## Дереккөздер |
Гали Мягазович Абайдулов (1953 жылы 15 ақпанда туылды) — кеңестік және ресейлік балет әртісі, балетмейстер, актер және музыкалық спектакль режиссері.
## Өмірбаяны
Ленинградта Гали Абайдулов дүниеге келген. Ленинград хореографиялық училищесін аяқтағаннан кейін, 1971-1977 жылдары Ленинград консерваториясының опералы студиясында жұмыс істеген. 1977-1993 жылдары — Ленинград Кіші опера және балет театрында да жұмыс істеп үлгерген.
1987 жылы ГИТИСа балетмейстер факультетін аяқтайды (оқытушылар — Екатерина Максимова және Владимир Васильев).
Хареограф қоюшы ретінде Ресейдің драмалық және музықалық театрларында режиссер ретінде де жұмыс істейді.
Балет режессура кафедрасының доценті Санкт-Петербург консерватория театрында.
## Марапаттар мен сыйлықтар
* 1984 — РСФСР ағайынды Васильев атындағы мемлекеттік сыйлық —Модеста Алексеевич партиясын "Анюта" балете-фильміндегі орындауы үшін (1981)
* 2009 — ресей театр жүлдесі "Алтын бетперде" номинациясы бойынша "Үздік режиссер", "Гадюка" мюзиклі үшін (музыкалық комедия Театры, Новосібір)
## Шығармашылығы
### Балет репертуары
* Панталоне, "Екі мырзаның есту қабілеттері" М. И. Чулаки
* Арап, "Ақжелкен" И. Ф. Стравинскийдің
* Дроссельмейер, "шетркіш" П. И. Чайковскийдікі
* Аполлон Аблеухов, "Петербург" С. - Т. Баневич
Партияларды бірінші орындаушы
* 1982 — Шпигельберг, "Қарақшылар" М. А. Минкова, балетмейстер Н. Н. Боярчиков
* 1983 — Қожайын, "Доненбай құс туралы аңыз" Ю. А. Симакина, балетмейстер Л. С. Лебедев
* 1984 — жиреніш уйрек, "Жиреніш уйрек" О. А. Петров, И. В. Цеслюкевич және А. И. Микиты, балетмейстер Л. С. Лебедев
### Фильмография
* 1979 — Бейтаныс
* 1979 — Ежелгі танго — воришка
* 1982 — Анюта — Модест Алексеич
* 1983 — Мэри Поппинс, қош саубол! — сир Людовик, кот
* 1983 — Мен шақыруды қабылдауға дайынмын
* 1984 — Перикола
* 1984 — Өзгенің әйелі және төсек астындағы күйеу
* 1985 — Шектен шығу — Серж
* 1985 — Көк қалалар(фильм-концерт, А.Петров өлеңдеріне)
* 1986 — Миф
* 1987 — Өлген кемелер аралы
* 1987 — Бірінші кездесу, соңғы кездесу
* 1987 — Чаплиниана — Клоун и Диктатор
* 1988 — Қауіпті адам
* 1988 — Бейкүнәлік презумпциясы
* 1988 — Бұл... үш дұрыс карта...
* 1989 — Каротин болды ма?
* 1989 — Сирано де Бержерак —— конферансье
* 1990 — Анекдоттар
* 1991 — «Коровьем марше» туралы естеліктер — демалушылар
* 1991 — Қан ішуші
* 1991 — Император қадамдары
* 1992 — Түтін
* 1992 — Ойын
* 1992 — Соңғы тарантелла (фильм-балет Александр Белинскийдің)
* 1992 — Поэт туралы романс—— картадағы ойыншы және баллда биші
* 1993 — Дюран қарғысы
* 1994 —Махаббат, қайғы бастамасы
* 1995 —Қайғы уақыты келген жоқ — жолаушы
* 1998 — Менты. Сынған шам көшесі
* 1999 — Мемлекет қауіпсіздік агент-1 — балетмейстер (Легион бөлімінде)
* 2001 — Федот - атушы туралы — Жапония посолы
* 2002 — барон аты бойынша
* 2002 — орыс спецназы — плендегі боевик
* 2002 — ресей ковчегі
* 2003 — Ниро Вульф и Арчи Гудвин — Скиннер («О өмірден дауыс" бөлімінде)
* 2004 — Алтын медуза — Пистон
* 2004 — Марс — Суретке түсіруші
* 2004 — Орысша спецназ - 2
* 2005 — Петербург қарақшылары 7 - ші Фильм Передел
* 2005 — Мастер және Маргарита — козлоногий
* 2005 — Барлығы билейді!— Марат
* 2006 — Пушкин. Соңғы дуэль — Карл Нессельроде
* 2007 — Ленинград. Тірілер қаласы
* 2009 — Лиговка — «Цыған»
* 2010 — Вазир-Мухтара өлімі . Грибоедова махаббат және өмірі — Карл Нессельроде
* 2013 — Шерлок Холмс — Комби, ұлттық банкті басқарушы
### Постановки
* 1987 — "Чаплиниана", фильм-балет Ч. Чаплиннің музыкасына
* 1993 — "Айлы жарық", қысқа метражды фильм-балет Б. Гудмена музыкасына
* 2008 — "Жиренішті", музыкалық комедия Театры, Новосібір
## Ескертпелер |
Түктібаев — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Алға ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 55 км-дей жерде, Сырдарияның сол аңғарының жайылымында, Түктібаев каналының жағасында орналасқан.
## Тарихы
1985 жылға дейін "Октябрь", одан кейін "Майдакөл" деп аталды. 1966 жылы күріш өсіретін «Октябрь» кеңшарының орталығы болды. 1985 жылы осы өңірде туып-өскен Кеңес Одағының батыры Ү. Түктібаев есімі берілді.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1819 адам (934 ер адам және 885 әйел адам) болса, 2009 жылы 1803 адамды (944 ер адам және 859 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тасарық ауылдық округі – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Тасарық, Лақалы, Тасөткел ауылдары кіреді. Орталығы – Тасарық ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 933 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Лақалы — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Тасарық ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 50 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 295 адам (146 ер адам және 149 әйел адам) болса, 2009 жылы 339 адамды (163 ер адам және 176 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тасөткел (2018 жылға дейін — Отгон) — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Тасарық ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2018 жылға дейінгі "Отгон" атауы өзгертіліп, ауылға бұрынғы атауы қайтарылды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 56 км-дей жерде, Қуаңдария арнасының бойында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 78 адам (44 ер адам және 34 әйел адам) болса, 2009 жылы 46 адамды (24 ер адам және 22 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тасарық — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Тасарық ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 67 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 529 адам (267 ер адам және 262 әйел адам) болса, 2009 жылы 548 адамды (287 ер адам және 261 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шөлқұм — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Шәкен ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен солтүстікке қарай 57 км-дей жерде, Арал қарақұмының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 182 адам (105 ер адам және 77 әйел адам) болса, 2009 жылы 142 адамды (80 ер адам және 62 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Көбек — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Қарашеңгел ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 19 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 89 адам (46 ер адам және 43 әйел адам) болса, 2009 жылы 104 адамды (49 ер адам және 55 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шәкен — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Шәкен ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен солтүстік-шығысқа қарай 87 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 416 адам (221 ер адам және 195 әйел адам) болса, 2009 жылы 298 адамды (160 ер адам және 138 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Сарыбұлақ — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Сарыбұлақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 105 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 413 адам (222 ер адам және 191 әйел адам) болса, 2009 жылы 379 адамды (191 ер адам және 188 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шилі — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Шәкен ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен солтүстік-шығысқа қарай 106 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 232 адам (110 ер адам және 122 әйел адам) болса, 2009 жылы 247 адамды (119 ер адам және 128 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Кемин"' – Шу облысының Кемин ауданындағы қала,
## Географиялық орны
Аудан орталығы Шу қаласынан шығысқа қарай 95 км жерде орналасқан.
## Инфақұрылымы
Қалада орта мектеп, аурухана,емхана,дүкендер, мейрамхана, клуб, наубайхана, орталық сауда орталығы және басқада салалары бар.
## Халқы
Тұрғыны:
* 8169 адам (2009);
* 11401 адам (1999).
## Дереккөздер |
№96-темір жол айрығы "Кеңес" — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Мұратбаев ауылдық округі құрамында болған темір жол айрығы, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен солтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде. |
№98-темір жол айрығы — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Басықара ауылдық округі құрамында болған темір жол айрығы, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 18 адам (2009). |
№101-темір жол айрығы — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Майлыбас ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 70 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 64 адам (31 ер адам және 33 әйел адам) болса, 2009 жылы 44 адамды (19 ер адам және 25 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
№99-темір жол айрығы — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Майлыбас ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 44 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 13 адам (7 ер адам және 6 әйел адам) болса, 2009 жылы 53 адамды (28 ер адам және 25 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
* Сарыбұлақ ауылдық округі – Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Сарыбұлақ ауылдық округі – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Сарыбұлақ ауылдық округі – Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Сарыбұлақ ауылдық округі – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы әкімшілік бірлік. |
№103-темір жол айрығы — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Майлыбас ауылдық округі құрамында болған темір жол айрығы, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 85 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 95 адам (2009). |
№102-темір жол айрығы — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Майлыбас ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 77 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 10 адам (4 ер адам және 6 әйел адам) болса, 2009 жылы 31 адамды (18 ер адам және 13 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Анакөл — Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жосалы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 22 адам (13 ер адам және 09 әйел адам) болса, 2009 жылы 26 адамды (14 ер адам және 12 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Майлыбас — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Майлыбас ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 35 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 175 адам (90 ер адам және 85 әйел адам) болса, 2009 жылы 159 адамды (86 ер адам және 73 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қызылтам — Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жосалы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 26 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 371 адам (185 ер адам және 186 әйел адам) болса, 2009 жылы 210 адамды (104 ер адам және 106 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Таңшапағы — Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Ақжар ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жосалы ауылынан оңтүстікке қарай 45 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 62 адам (2009). |
Кемесалған — Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Жосалы кенттік әкімдігі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жосалы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 42 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 17 адам (2009). |
Тұрсынгүл Көпжасарқызы Ботабекова – медицина ғылымдарының докторы (2004), профессор (2007), ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі (2013), жоғары санатты офтальмолог-дәрігер.
## Қызмет жолы
* Алматы мемлекеттік медициналық институтының емдеу ісі факультетін бітірген (1978).
* 1979 жылы интернатурадан кейін, Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтындаа кіші ғылыми қызметкер болып еңбек қызметін бастады. Кейіннен аға ғылыми қызметкері, глаукома және тамырлы патология бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді (1979-1990).
* Қазақстанда жеке медицина қалыптасуына қатысып, 1993-2002 жж. аралығында Алматы қ. «Астур Медициналық орталығын» ұйымдастырып, басқарды.
* 2002 жылдың мамыр айынан бастапҚазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты директоры болып тағайындалды. 2010 жылдан бастап акционерлік қоғамы болып қайта ұйымдастырылған институтты осы уақытқа дейін басқарып келе жатыр.
## Ғылыми еңбектері
Т.К. Ботабекованың ғылыми-зерттеу қызметі соқырлыққа әкелетін көру мүшесінің әлеуметтік-маңызды патологиясы бар, көбінесе, глаукоманы зерттеуге арналған. Алынған мәліметтер негізінде Т.К.Ботабекова кандидаттық және докторлық диссертациясын қорғаған. Өткізілген зерттеулер нәтижесі институттың ғылыми-техникалық бағдарламаларының, сонымен қатар 2011-2015 жж. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізіне салынған. Ең алғаш рет глаукома скринингі АМСК (алғашқы-медициналық-санитарлық-көмек) тұрғындарды міндетті диспансерлеу бағдарламасына қосылған. 4 жылғы скринингтің әсері - глаукома 24 000 астам адамда табылған. Ерте анықталған глаукома соқырлық және нашар көру пайызын төмендетеді және сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік төлемін кемітеді. Т.К.Ботабекованың басшылығында осы уақытқа дейін офтальмологияның өзекті бағыты дамып келеді: витреоретиналды хирургия, қасаң қабақ ауыстыру, лазерлік хирургия. Т.К.Ботабекованың ғылыми қызығушылығының кең шеңбері, оның басшылық белсенділігі институтта диагностикалық моделін ең қазіргі жабдықтарымен айтарлықтай кеңейтуге себепші болды, сондықтанда бүгін ҒЗИ жабдықтау бойынша жетекші шетел клиникаларына еш жол бермейді.Бұл Т.К.Ботабекованың жоғарғы ұйымдастыру қасиетінің тағы бір көрсеткіші, басымдылықты анықтаушеберлігі, үнемі өзін-өзі жетілдіру, өзіне және институт қызметкерлеріне жоғарғы планканы қою. Т.К.Ботабекованың басшылық еткен жылдары, институт барынша республикадағы жалғыз ғылыми-зерттеу офтальмологиялық орталығының жоғарғы дәрежесін растады. Институт базасында жыл сайын 30000-35000 азамат жоғары мамандандырылған медициналық көмек алады, 10 000 жуық операциялар жасалады. Т.К.Ботабекованың ҚазақКАҒЗИ АҚ басшылығымен Қазақстанда ғылыми-зерттеу институттарында ең бірінші республика территориясында өзінің кластерін құрастырған. Астана қ. Шымкент қ. филиалдар ашылып, ҚР Батыс аймағында тағы бір филиалдың ашылуы жоспарлануды. Т.К.Ботабековамен 500 астам ғылыми еңбек жарияланды; монографиялар -7, әдістемелік ұсыныстар - 20, құрал-3. Патенттер: қазақстандық – 81, Еуразиялық-2, халықаралық патентке берілген өтінім-2, мақалар және тезистер-409, енгізу актілері-391. Ботабекова Т.К. Қазақстан офтальмологтар қоғамының Президенті, ТМД глаукома бойынша Халықаралық кеңесінің Вице-президенті, Ресей, Еуропалық офтальмологтар қоғамының және пластикалық хирургтар мүшесі, институттың Ғылыми кеңесінің төрағасы, ҚР Офтальмологиялық журналының ректоры болып табылады. Т.К.Ботабекованың басшылығымен медицина ғылымдарының 30 кандидаты және 15 докторы дайындалды.
## Марапаттары
* «Жылдың ең үздік топ-менеджері»
* Халықаралық Сократ сыйлығының лауреаты (Ұлыбритания, Оксфорд)
* «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі»
* ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуда сіңірген еңбегі үшін» ордені және оның атында институт лайықты Алтын Белгісі
* Халықаралық фондынды «Іскер практикадағы жоғарғы сапасы үшін» (2004, Женева, Швейцария),
* 2009 ж. - «Парасат» Ордені»
* «Денсаулық ісіне қосқан үлесі үшін» (2015ж)
* «ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған естелік белгісі (2015ж)
* «ҚР Қазақ хандығына 550 жыл» естелік белгісі (2015ж)
* «ҚР ұлттық денсаулық сақтау палатасы» естелік белгісімен (2015 ж) марапатталды.
## Дереккөздер |
Ордазы — Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Жосалы кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жосалы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 23 адам (13 ер адам және 10 әйел адам) болса, 2009 жылы 20 адамды (8 ер адам және 12 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ, БАҚ және мерекелік іс-шараларда «Бірінші медициналық» (орыс. Первый медицинский) ) — 1930 жылы негізі қаланған Қазақстандағы тұңғыш және жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі. ЮНЕСКО-ның Университеттердің Халықаралық анықтама кітабына (ағылш. International Handbook of Universities (IHU)) енгізілген жоғары оқу орындарының бірі.
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Қазақстанның атақты ғалым-оқытушылары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Ресей медицина ғылымдарының академиясы, Халықаралық академиялардың академиктері жұмыс істейді. Университеттің академиялық штатында 1712 мамандандырылған оқытушы, оның ішінде ҚР Ұлттық Ғылым академиясының 6 академигі, 3 мүше-корреспонденті, 2 Ресей Ғылым академиясының академигі, 167 медицина ғылымдарының докторы, 454 ғылым кандидаты және доцент, 7 «ҚР Үздік оқытушысы» бар.
## ҚазҰМУ миссиясы
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті – бұл шетелдік және отандық ғалымдарды кеңінен тартумен қоса әрдайым ғылыми әлеуетін арттыра отырып, медициналық және фармациялық білім беру біліктілік-бағыттау моделін жүзеге асыру арқылы фармация және денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті мамандарды көпсалалы дайындау бойынша Орта Азияда көшбасшы, инновациялы-бағытталған және әлеуметтік – жауапты университет
## Университет құндылықтары
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың барлық деңгейдегі білім алушыларының, қызметкерлерінің және оқытушыларының мінез-құлқын анықтайтын жеті негізгі құндылықтары (2014 жылы 28 қаңтарда ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген):
* Елге қызмет (лат. Servire)
* Кәсіпке адалдық (лат. Officium)
* Шаңырақ мәртебесі (лат. Honor)
* Ұстаздарға ізет (лат. Veneratio)
* Шәкіртке ілтипат (лат. Respectus)
* Ұрпаққа ұлағат (лат. Successio)
* Болашаққа ұмтылыс (лат. Objectare)
## Тарихы
Алматыда медицина институтын ашу жайлы шешім РКФСР ХКК 1930 жылы 10 маусым күнгі «РКФСР қарамағындағы жоғары оқу орындарына 1930-1931 оқу жылына арналған қабылдау желісі, құрылымы мен контингенті» атты Қаулысымен қабылданды. Бұл қаулының қосымшасында «...Алматы. Медицина институты. Емдеу ісі. Қабылдау: 1930/1931 қыс – 100 адам» деген аса маңызды жазу жолдары болды. Бұл қаулы Қазақстанда медициналық институт ашу туралы алғашқы құжат болды. Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариатының 30 қараша 1930 жылғы № 260 бұйрығымен медициналық институттың директоры болып 1912 жылы Петербургтегі Әскери-медициналық академиясын бітіріп келген Санжар Жапарұлы Аспандияров тағайындалды.
1931 жылы институт штаты 5 профессор, 4 доцент, 13 ассистент және 2 оқытушыдан құралды. Профессорлар: С. Ж. Асфендияров (қоғамдық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі), В. В. Авербург (гистология кафедрасының меңгерушісі), В. А. Захваткин (биология кафедрасының меңгерушісі), П. О. Исаев (морфология, кейіннен қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі), Н. Н. Литвинова (химия кафедрасының меңгерушісі). 1936 жылы институтты 66 түлек бітіріп шықты..
Балалар дәрігерінің жетіспеушілігі 1938 жылы педиатрия факультетінің ашылуына себепші болды. Факультеттің алғашқы деканы және ұйымдастырушысы Саратов университетінің медицина факультетінің түлегі А. И. Малинин болды.
### Соғыс жылдары
Соғыс жылдары институтты 2000 дәрігер аяқтады, солардың ішінде 75% (84 оқытушы және 262 студент) фронтқа аттандырылды. Қаһарман қазақ қызы Кеңес Одағының Батыры – Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова және артиллерия полкының командирі Владимир Семёнович Иванилов (қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген) осы институттың түлектері. Университет оқытушыларының арасында 4 «Жауынгерлік Қызыл ту» орденінің, 59 «Қызыл жұлдыз» орденінің, 1 «III дәрежелі Даңқ» орденінің (Елжан Құсайынұлы Мұхамеджанов) иегерлері бар.
Соғыс жылдары эпидемиялық қауіптің артуына байланысты 1943 жылы институттың үшінші факультеті – санитарлық-гигиеналық факультеті ашылды.
### XX ғасыр
Кейін студенттер саны артып, сәйкесінше факультеттер саны да арта бастады, мәселен 1951 жылы фармация факультеті, ал 1959 жылы стоматология факультеті ашылды. 1981 жылы мамандарды дайындау ісіндегі және ғылымға қосқан үлестері үшін медициналық институт Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 11 қаңтар 1989 жылғы №17 Қаулысымен институтқа С. Ж. Асфендияров есімі берілді.
XXI ғасыр
ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің 5 шілде 2001 жылғы № 648 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Жарлығымен институт Қазақ ұлттық медицина университеті статусына ие болды.
2011 жылы С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінің шешіміне сәйкес, ректордың бұйрығымен 10 мамыр 2011 жылғы №291 бұйрығы негізінде, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан «Симуляция орталығы» ТМД-да теңдесі жоқ «Тәжірибелік дағдылар орталығы» болып қайта құрылды. 2011 жылдың 16 қыркүйегінде салтанатты түрде ашылып, орталыққа атақты балалар хирургі, профессор, АМК академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазҰМУ түлегі — Қасен Қожақанұлы Қожақанов есімі берілді.
Тәжірибелік дағдылар орталығының құрылымына төмендегі бөлімшелер қарайды.
* Медициналық симуляция орталығы
* Коммуникативті дағдылар орталығы
* Фармацевтикалық дағдылар орталығы
* Тіс емдеу дағдылар орталығы
* Білімдер мен дағдыларды тәуелсіз бағалау орталығы.
* Апат медицинасы орталығы.
* Компьютерлік сынып
## Халықаралық ынтымақтастығы
ҚазҰМУ таяу және қиыр шетелдермен әріптестік келісім шарт орнатқан, солардың ішінде: Нагасаки Университеті (Нагасаки, Жапония), Азия-Тынық мұхиты университеті (Жапония), Parkway College (Сингапур), Перуджи Университеті (Перуджа, Италия), Оңтүстік Дунай Университеті (Кремс, Аустрия); Қырғыз Мемлекеттік медицина Академиясы (Бішкек, Қырғыз Республикасы), А. Богомольц атындағы Ұлттық медицина университеті (Киев, Украина), Ұлттық фармация университеті (Харьков, Украина), И. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясы (Мәскеу, Ресей) және т.б. Жалпы алғанда университеті 27 мемлекеттің 102 жоғары оқу орындарымен және Жапония, Германия, Ресей Федерациясы және АҚШ сияқты мемлекеттердің ғылыми және медициналық орталықтарымен байланыс орнатқан. Халықаралық университеттер бірлестігі (ағылш. International Association of Universities, IAU), Университеттердің Еуропалық Ассоциациясы (ағылш. European University Association (EUA)) сияқты 9 халықаралық бірлестіктердің мүшесі. 2013-2014 оқу жылы бойынша әлемнің 14 мемлекетінен университетте 88 визитинг-профессор өз дәрісін берді. Университетте әлемнің 15 мемлекетінен студенттер білім алуда:
## ҚазҰМУ символдары
### Логотипі
Логотиптің ортасында «Ұ» әрібі (университеттің ұлттық мәртебесін айқындап, оның терең тарихын шертеді) орналасқан. Әріптің аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы бейнеленген, бұл университеттің ҚР мемлекеттік рәміздеріне деген құрметін білдіреді. Әріптің төменгі жағында «1930» саны, яғни ең алғашқы университеттің құрылған жылы бейнеленген. Осының бұл композицияны даңқтың, гүлденудің және мәңгіліктің белігісі ретінде лавр ағашының бұтақтары көмкеріп тұр.
«Ұ» әрібін орала көмкеріп тұрған жылан мен әріптің жазылуынан пайда болатын крест – медицинаның дәстүрлі символы.
### Туы
Ақ матаның үстінде университет логотипі бейнеленген. Ақ түс – тазалықтың, үміттің символы, сондай-ақ медицинаның кәсіби түсі – ақ халат.
### Гимн
Гимнің авторы – стомотология факультетінің 1966 жылғы түлегі – Төрехан Әбіш. Гимнің толық нұсқасын университеттің ресми сайтынан көруге болады.
### Университет атауы
Осы кезге дейін университеттің ресми атауы 4 мәрте өзгертілді:
* 1930 – 1963 жылдары — Қазақ мемлекеттік медицина институты
* 1963 – 1995 жылдары — Алматы мемлекеттік медицина институты
* 1996 – 2001 жылдары — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті
* 2001 жылдан бастап — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
## Факультеттер мен кафедралар
Университетте 8 факультет, 106 кафедра мен модуль бар, солардың ішінде 62 клиникалық кафедра.
* Жалпы медицина мектебі 1
* Жалпы медицина мектебі 2
* Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі
* Фармация мектебі
* Стоматология мектебі
* Педиатрия мектебі
* Халықаралық факультет
* Дипломнан кейінгі білім беру факультеті (Резидентура)
Университетте білім беру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі мамандықтар бойынша өтеді:
### Жалпы медицина факультеті
Университет 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Жалпы медицина» мамандығы бойынша мамандарды дайындауда. Жалпы медицина факультетінде 2015-2016 оқу жылы бойынша 7107 студент оқиды, соның ішінде 948 шетел азаматтары. Факультетте 13 мемлекеттен 26 ұлт өкілдері оқуда, олардың басым бөлігі, шамамен 67 % Үндістан азаматтары. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқу құрылымы келесідей.
## Инфрақұрылым
Университеттің жалпы ауданы - 47 068 м². Инфрақұрылымы: 7 оқу корпусы, 1604 орынды 7 жатақхана, 6 институт, 3 клиника және 3 клиникалық база, 11 орталық, 3 мектеп, Халық денсаулығына қауіп-қатерді бағалау зертханасы, Ұжымдық пайдаланудағы Геномдық зертхана, Республикалық ғылыми-медициналық кітапханасы, Республикалық медицина тарихы мұражайы, «Concordia» театры, 102 орынды тест орталығы, спорт залы және спорт алаңы бар.
### Институттар
* Б.А. Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институты (ІжҚМҒЗИ)
* Стомотология институты Мұрағатталған 6 мамырдың 2016 жылы.
* Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты Мұрағатталған 21 маусымның 2016 жылы.
* Мейірбике ісі институты Мұрағатталған 25 сәуірдің 2016 жылы.
* Клиникалық фармакология институты Мұрағатталған 26 сәуірдің 2016 жылы.
### Клиникалар
Қазіргі таңда ҚазҰМУ құрамында заманауи құралдармен жабдықталған, көптеген ауруларға кешенді диагностика мен амбулаториялық емдеу жүргізуге мүмкіндік беретін 3 университеттік клиника жұмыс істейді.
* Клиникалық-білім беру орталығы (профессорлық клиника) Мұрағатталған 10 маусымның 2016 жылы.
* ҚазҰМУ ішкі ағзалар аурулары клиникасы Мұрағатталған 6 мамырдың 2016 жылы.
* Тіс емдеу клиникасы Мұрағатталған 10 тамыздың 2016 жылы.
## Ректорлары мен директорлары
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Денсаулық сақтау халық коммисариатының 30 қараша 1930 жылғы № 260 Бұйрығымен медициналық институттың директоры болып 1912 жылы Петербургтегі Әскери-медициналық академиясын бітіріп келген Санжар Жапарұлы Аспандияров тағайындалды. ҚазҰМУ ректорының қызметінде осы университеттің 4 түлегі — Самарин Р. И. (1960–1963) Мәскеев Қ. М. (1975 – 1986), Момынов Т. Ә. (1995 – 2008), Ақанов А. А. (2008 жылдан бастап) болған.
## Әйгілі түлектері және қызметкерлері
Уиверситетте 44 Қазақ КСР Еңбек сіңірген дәрігерлері (Қарынбаев С.Р., Зюзин В.И. және т.б.), 16 Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаттары (Алдашев А.А., Әлиев М.Ә., Ормантаев К.С. және т.б.) жұмыс істеген. Сибуғатулла Қарынбаев, Александр Сызғанов және тағыда 13 университет оқытушылары КСРО жоғары наградасы – «Ленин» орденінің иегері.Қазіргі таңда университеттің түлектері Қазақстан Республикасында, Ресей Федерациясында және басқа да әлем елдерінде, сондай-ақ университеттің өзінде де жұмыс істеуде:
* Қасен Қожақанұлы Қожақанов — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1994), профессор (1994).
* Александра Александровна Буванова — Социалистік еңбек ері, Шымкент қаласындағы № 1 перзентханадағы дәрігер-акушер.
* Ысқақ Әлібекұлы Әлібеков — Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері (1961).
* Дарья Владимировна Клебанова — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Республикасының Парламентінің мәжіліс депутаты.
* Раиса Степановна Боронина — Социалистік еңбек ері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
* Бахия Атшабарұлы Атшабаров — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1975), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961).
* Төрегелді Шарманұлы Шарманов' — Медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей медицина ғылымдары академиясының және Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының және Профилактикалық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тағамтану жөніндегі эксперттер комитетінің мүшесі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Л.Бернард атындағы сыйлығының (2005) иегері.
* Камал Сәруарұлы Ормантаев — дәрігер-педиатр, Қазақстандағы балалар хирургиясының, педиатриясының, травматологиясының және анестезиологиясының негізін салушы. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (1994 жылдан бастап).
* Қуаныш Мүбәракұлы Мәскеев — фтизиатр, медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974), ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1981), академик (1995). 1955 жылғы ҚазҰМУ түлегі. 1975 жылы университет ректоры қызметіне тағайындалды, осы қызметті 1987 жылдың сәуір айына дейін атқарды.
* Мұхтар Әлиұлы Әлиев — хирург, медицина ғылымдарының докторы (1974), профессор (1976) Қазақстан Республикасының ғылым академиясының академигі (1989), Қазақстан Республикасының медицина ғылымдары академиясының президенті және негізін салушы (1995), Халық қаһарманы (1995), Халықаралық медицина ғылымдары академиясының президенті және негізін салушы (Брюссель, Бельгия)
* Кеңесбай Үшбайұлы Үшбаев — ғылым қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, әлемдегі алғашқы қазақ фармацевтика ғылымдарының докторы.
* Алшынбай Рақышұлы Рақышев — Нейроморфолог, медицина ғылымдарының докторы (1968), профессор (1969), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003).
## Дереккөздер |
Диірментөбе — Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Жосалы кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жосалы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 51 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 129 адам (66 ер адам және 63 әйел адам) болса, 2009 жылы 135 адамды (72 ер адам және 63 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Лигниц түбіндегі шайқас - 1241 жылы 9 сәуір күні моңғолдардың Шығыс Еуропаға қарсы жүргізілген жорығы. 1222 және 1223 жж. шапқыншылықтардан кейін Шығыс Еуропаға жорық жасау жоспарланды. Айта кететіні, Еуропада жаулап алынған жерлер Жошының еншісіне өтетіндігі алдын ала шешіліп қойған мәселе еді. Жошының өлімінен кейін бұл жерлерге оның ұлы Бату иелік ететін болды. Осылайша, бұл істегі негізгі рөл Батуға көшті. Жорыққа Шыңғыс хан әулетінен Батудан басқа, оның немере інілері:Үгедейдің ұлы Гүйік, Төленің ұлы Мөңке, сондай-ақ Шағатайдың ұлдары Бандар мен Қадан қатысты. Бұл жорықта Бату бас қолбасшы деген атаққа ие болып, оған көмекшілікке бұған дейін Шығыс Еуропада болып қайтқан, сондықтан жергілікті жағдаймен жақсы таныс Сүбедей бекітілді. Цзинь кампаниясы аяқталған кейін 1235 ж. өткен құрылтайда осы мәселелер шешілді. Қауіп-қатер бұлтының алдымен өз бастарына төнетіндігінен қаперсіз орыс князьдарының өзара алауыздығын тыймағандығы моңғолдарға жақсы белгілі болатын. Әулие Владимирдің алаңғасар мұрагерлері Қалқада алған ащы сабақты тез ұмытқан болса керек. Бір ұштығын Сүбедей ұстаған моңғолдардың барлау ісі таяуда жүргізілетін әскери қимылдардың нысаны болған Шығыс Еуропамен ғана шектелмеді. Ол өзінің суық қолын қиырдағы батыс жеріне де жүгіртіп үлгерген-ді. Бату алдымен оырс князьдарын ойсырата талқандап, оларды толық бағындырып және ауыр алым-салықтың астында қалдырғаннан кейін ғана тыл үшін қам жеемстен, Еуропаның қалған бөлігін жаулап алуға алаңсыз кірісе бастады. Бұл үшін саяси жағдай да оң қабақ танытып тұрғандай болды. Себебі Еуропа елдерінің әміршілері шеті көрінбейтін ұрыс - таласқа белшесінен батты, ал папа болса, өзінің атақ - беделін пайдаланып, Азиядан шыққан ортақ жауларға қарсы күш біріктірудің орнына, салмақты шешімін айтпай, жайбасарлық танытты. Моңғол әскері Карпатқа жеткенде Бату шақырған әскери кеңестің отырысында көсемдер Еуропаға ендеп кіру жөнінде шешім қабылдады. Бұған сылтау да табылса керек. Венгрия осыған дейін моңғолдардан қашып үлгерген қыпшақтардың ханы Құтан мен оның 40 000 нөкерін қанатының астына алған еді. Моңғолдар болса, оларды меншігіндегі құлдары және борышкерлері санайтын. Бату венгр королі IV Белаға қол астына жасырынған қыпшақтарды қайтармаса, соғыс ашатынын айтып, талап қойды. Бела талапты орындамай, дау қарудың көмегімен шешілетін болды. Айта кететіні, моңғолдар қапталдарында жатжұрттық қарулы күштерді қалдырудың қауіптілігін ескере отырып, Венгриямен көршілес елдерге де шапқыншылық жасады. Себебі, бұл елдердің моңғолдарға достық ниет танытпасы анық еді. Моңғол жасақтары бірде-барлауға, бірде-тонауға Польша жеріне Киев түбінен аттандырылып отырған. Олардың бірі - 1240 ж. Люблинге дейін жетіп, Галлиция арқылы Киевке мол олжамен оралған. Екіншісі - Сандомирді тонап, Краковқа таяғанда сәтсіздікке ұшырыған болатын. Демек, оң жақ қаптал мықты қолдауға зәру. Осы мақсатқа екі мықты жасақ бөлінді, бірі - Польшаға, екіншісі - Силезия Моравияға. Сол жақтан қалқалау үшін тап осындай жасақ Трансильвания арқылы аттандырылған. Негізгі күш Батудың жеке қолбасшылығымен Киев түбінен қысқа жолмен Карпатты асып өтіп, Будапештке шабуылдамақ. Қос бүйірдегі жасақтардың қимылы негізгі күштің осы қорғаныс шебін бұзып өтуін жеңілдетуі тиіс болатын. Аталған жоспар бойынша "бүйірдегі жасақтар негізгі күшке Венгрияда қосылуы керек" деп шешілді. Аталмыш міндеттердің барлығы сәтті орындалды. Польшаға басып кіретін Бандар ханзада басшылық еткен жасақ Шидлов түбінде поляктарды ойсырата жеңеді. Осыдан кейін қарсы моңғолдар Краков қаласын басып алып, өртеді де, Одер өзенінен өтіп, Бреславльді шабуылдауға аттанды. Тұрғындардың өздері қаланы өртеп, тастап кеткен болатын. Бірақ қаланың ішкі қамалына жасырынған халық табанды қарсылық көрсетті. Өздеріне қарсы Лигниц маңындағы Кацбах өзенінде қалың қол жасақталап жатқаны туралы мәлімет алған Бандар Бреславльдің ішкі қамалын қоршаудан босатып, екі жасақтың күшін жаудың 30 000 адамнан тұратын әскеріне қарсы жұмылдырды. 1241 ж. 9 сәуірде Лигниц маңында болған қиян - кескі ұрыста немістер мен поляктар рыцарьлығының жұлдызы сөнді.
## Дереккөздер |
Қорқыт — Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Жосалы кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жосалы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 19 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 196 адам (104 ер адам және 92 әйел адам) болса, 2009 жылы 202 адамды (104 ер адам және 98 әйел адам) құрады.
## Ауыл суреттері
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Сарытоғай — Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Жосалы кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл, темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жосалы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 61 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 6 адам (4 ер адам және 2 әйел адам) болса, 2009 жылы 5 адамды (3 ер адам және 2 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Айдар — Қостанай облысы, Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты Родина ауылдық округінің құрамында болған ауыл, 2014 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Арқалық қаласынан батысқа қарай 8 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 535 адам (267 ер адам және 268 әйел адам) болса, 2009 жылы 67 адамды (38 ер адам және 29 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шалқар — Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Жаңажол ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жосалы кентінен оңтүстікке қарай 27 км-дей жерде оналасқан.
## Халқы
Тұрғыны 5 адам (2009). |
Ысмайыл тамы — Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Жаңажол ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жосалы ауылынан оңтүстікке қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 35 адам (2009). |
Иіркөл — Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ауыл, Иіркөл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жосалы кентінен оңтүстікке қарай 17 км-дей жерде.
## Тарихы
Іргесі 1950 жылы «Молотов» атындағы мал және егін шаруашылығымен айналысатын ұжымшар болып құрылған. 1988 жылға дейін Байқоңыр полигонына бағынышты «Октябрь» әскери кеңшары болып келді. Ауыл 1973-96 жылдары қой өсіруге маманданған өзімен аттас кеңшардың орталығы боған.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1172 адам (623 ер адам және 549 әйел адам) болса, 2009 жылы 912 адамды (472 ер адам және 440 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Сортүбек — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Сарыбұлақ ауылдық округі құрамынан 2018 жылы Майлыбас ауылдық округі құрамына өтіп, кейіннен таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 59 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 25 адам (2009). |
Рашид Темірболатұлы Сәрсенов — қазақстандық кәсіпкер, АҚ "Маңғыстаумұнайгаз" совет директорларының қадағалау кеңесінің төрағасы.
## Өмірбаяны
1949 жылы Көкшетауда дүниеге келген.
Атындағы Қазақ политехникалық институты. Ленин институтын бітірген, одан кейін Қазму-дың аспирантурасын бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты.
Оқытушы болып жұмыс істей отырып, аға оқытушы, доцент, кафедра философия, содан кейін Қазму-да ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығының орынбасары болып мансабын бастады.
1987-1988 жылдары — басқарма бастығы, біліктілігі жоғары және орта арнайы білім беру министрдің орынбасары.
1988-1992 жылдары — Қазақстан Республикасының халыққа білім беру министрінің орынбасары-.
1992 жылдан бастап "BSB" корпорациясының директоры.
1997 жылдан бастап "Central Asia Petroleum" (Индонезия) компаниясының негізін салушы және иректорлар кеңесінің төрағасы болған.
1998 жылдың мамырынан — АҚ "Маңғыстаумұнайгаз" бақылау кеңесінің (директорлар кеңесінің) төрағасы, .
Каспий университетінің құрылтайшысы (Алматы).
СК "АҚ "Виктория"Директорлар кеңесінің төрағасы .
## Марапаттары
"Құрмет" орденімен (2003 ж.).
## Отбасы
* Софья Сарсенова (1946 ж. т.) — үлкен әпкесі Мария — ірі акционер АҚ "Нұрбанк"ақ (75 %)
* Қызы Карина Сарсенова, жазушы, психолог, ақын, продюсер, Қайнар, Алматы университетінде этникалық психологияны оқытқан, 5 поэтически жинақтардың авторы, он екі әңгімелердің бір жиынтығының, фантастикалық жанрында қалыптасқан романдардың авторы (өз ойын тақпақ, прозалық нұсқада, философиялық-эзотерикалық, психологиялық және бірнеше ироникалық бағытта ресімдейді).
## Ескертпелер |
Тұрғантамы — Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жосалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай 45 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 5 адам (2009). |
Қараөзек — Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Қызылөзек ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Қызылорда қаласынан солтүстік–батысқа қарай 26 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2427 адам (1264 ер адам және 1163 әйел адам) болса, 2009 жылы 1997 адамды (1030 ер адам және 967 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Досан — Қызылорда облысы, Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Қосшыңырау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Қызылорда қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 193 адам (100 ер адам және 93 әйел адам) болса, 2009 жылы 357 адамды (173 ер адам және 184 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шошқакөл — Қызылорда облысының Қармақшы ауданы, Жосалы кенттік әкімдігі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жосалы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 5 адам (2009). |
Айнакөл — Қызылорда облысы, Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Қызылөзек ауылдық округі құрамындағы ауыл. Бұрынғы атауы – "Опытное", "Қызылөзек" ауылы.
## Географиялық орны
Қызылорда қаласынан солтүстік–батысқа қарай 20 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 389 адам (212 ер адам және 177 әйел адам) болса, 2009 жылы 394 адамды (211 ер адам және 183 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қараөзек — Қызылорда облысы, Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Қызылөзек ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Қызылорда қаласынан солтүстік–батысқа қарай 21 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 496 адам (249 ер адам және 247 әйел адам) болса, 2009 жылы 575 адамды (279 ер адам және 296 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шобанқазған — Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жосалы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 270 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрақты тұрғындары болмады, 2009 жылы 483 адамды (244 ер адам және 239 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Баймұрат батыр (2017 жылға дейін — Ақжарма) — Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Ақжарма ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Қызылорда қаласынан батысқа қарай 12 км-дей жерде, Сырдарияның сол жағалауында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1121 адам (549 ер адам және 572 әйел адам) болса, 2009 жылы 1345 адамды (677 ер адам және 668 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қалғандария — Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Ақжарма ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 66 адам (39 ер адам және 27 әйел адам) болса, 2009 жылы 154 адамды (87 ер адам және 67 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Талдыарал — Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Ақжарма ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 11 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 580 адам (293 ер адам және 287 әйел адам) болса, 2009 жылы 635 адамды (320 ер адам және 315 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Байқадам — Қызылорда облысы, Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Қызылжарма ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Қызылорда қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
Тұрғыны 144 адам (2009). |
Қубас — Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Ақжарма ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 118 адам (65 ер адам және 53 әйел адам) болса, 2009 жылы 91 адамды (52 ер адам және 39 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қыш ісі - адамдар мыңдаған жылдар бойы айналысып келген өте көне өнердің түрі. Қыш құюшылардың өнімдері көпқырлы танымалдылығымен ерекшеленеді. Қазіргі кезде күнделікті тіршілікте әр адам табиғи ыдыс пайдаланғысы келеді. Түрлі құмыралар, сазбалшықтан жасалған кәдесыйлар ерекше көрінеді. Қыш ісімен айналысатын шеберлер бүгінгі күні көп емес, алайда өнімге деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар, сазбалшық денсаулыққа пайдалы. Осыған орай бұл өнер түріне қызығатындар жыл сайын көбейіп келеді.
Қазақстан нарығында авторлық керамика өнімдері бойынша бәсекелестік байқалмайды. Алайда болашақта бұл сала бойынша бәсекелестердің пайда болуы әбден мүмкін. Жоғары сапа, өзіндік стиль, жарнама сауданы өрге бастырады.
## Ғимарат
Шеберхана ретінде көбінесе үйдің жоғарғы бөлігіндегі адам тұрмайтын орнын немесе тұрғын үйдің подвалын қолданады. Гаражды да шеберхана етуге немесе цехтағы кішігірім орынды жалға алуға болады.
## Жабдықтау
Қышшы шеңбері – ең басты құрал. Оның пайда болғанына 7 мың жылдай уақыт болды. Сол уақыттан бері оны қолдану әдісі еш өзгермеген. Қыш шеңбері – бұл икемді материалдан (ағаш, пластик, тас, металл, т.б.) жасалған, астынан оське бекітілген кішігірім диск. Осьтің екінші жағында дискінің айналымын жүзеге асыратын арнайы құрылым бар. Алғашқы қыш шеңберлері қолмен жұмыс жасауға арналған. Одан кейін пышақты түрлері пайда болды. Олар шебердің екі қолын жұмыс үшін босататындықтан алғашқыларға қарағанда ыңғайлырақ. Қазіргі қыш шеңберлерінің көбісі электрлік болып келеді. Олар ыңғайлы әрі қолөнершінің жұмысын жеңілдетеді.
## Технология
Алдымен сазбалшық араластырылады. Әр өнімге түрлі сорт керек: ақ, қызыл, құм араласқан, т.б. Одан кейін оны тең бөліктерге бөліп, қыш шеңберіне, жабыстыру тақтасына немесе формаларға салады. Бұйым белгілі бір алғашқы қалпына келіп, аздап кепкеннен кейін, оны пешке салады. Пешке салар алдындағы жабыстыру сапасы мен кебуіне қарап, дайын өнімнің бүліну деңгейін анықтауға болады. Орташа есеппен ол 20-30% құрайды, алайда бастапқы кезде 60% құрай алады.
Бір құмыраны дайындау үшін 1-2 сағат кетеді: есу – 10 мин., жабыстыру – 7-10 мин., ал қалған уақыт күйдіруге жұмсалады.
## Cату
Стандартты өнімдерге кішігірім сатушылардың сұранысы жоғары. Кішігірім кәдесый дүкендері басшыларымен келісуге болады.
Қыш бұйымдарын тапсырыс бойынша да жасауға болады. Мысалы, жарнамалық кәдесыйлар (тоңазытқышқа арналған магниттер, кеңсе заттарын қойғыштар, т.б.), интерьерді безендіру. Кеңселерді немесе сауда орталықтарын әдемі гүлге арналған құмыралармен безендіру, қыштан жасалған картиналар ілу мен фотосуреттерді қолдан жасалған рамкаларға орналастыру бүгінде үлкен сұранысқа ие. Интерьеріңіз ерекше қайталанбас көрініске ие болады. |
«Аңдар шаһары»(ағыл. Zootopia) — Walt Disney Animation Studios өндірісінде, Walt Disney Pictures компаниясымен шығарылған, 3D форматындағы, американдық, компьютерлік, анимациялық, комедиялық-шытырман оқиғалы фильм. Ол Walt Disney Animated Classics толықметраждық мультфильм сериясында 55-ші болып келеді. "Аңдар шаһары" Байрон Ховард пен Рич Мур режиссерларымен, және соорежиссер Джаррерд Бушпен құрылған. "Аңдар шаһары" 4-ші наурыз күні, 2016 жылы, әдеттегі 2D, Disney Digital 3D, RealD, 3D және IMAX 3D форматтарында шығарылған. Сыншылардың мақұлдауын фильмдегі анимация, дыбыс және сценарий, сондай-ақ фильмде өзекті тақырыптардың, наным-сенімдер мен таптаурындарды көтеріп, жарықтандырғаны лайықдарған. Мультфильм бірқатар елдерде рекордтық касса жетістігіне ие болған. Кинематограф тарихындағы ең касалық мультфильмдер тізімінде 6-шы орынға иелі.
## Оқиға желісі
Фильм туралы айтып кетсек, Аңдар шаһары - әр түрлі жануарлармен, үлкен пілдерден бастап кішкентай жерқазушыларға дейін мекендеген, қазіргі заманғы қала. Зверополис, әр түрлі тұрғындардың табиғи ортасын қайталайтын – элиталық Сахара Ауданынан бастап жарқын жүзді емес Тундратаунға дейін аудандарға бөлінген. Бұл үлкен қалада полиция бөлімшесіне жаңа офицер, кішкентай қоян Джуди Хопс келеді. Үлкен және мықты полиция офицерлерінің ішінде, ең кішкентай және ең жұмсақ болуды бірінші күннен бастап білген. Джуди, оның партнеры қу түлкі – аферист Ник Уайлд болғанына қарамай, өзін көрсетуге берілген бірінші мүмкіндікке ұмтылады. Олар екеуіне: жоғалып кеткен жануарлар жайлы, шешуге қиын, қылмыстық істі ашуы керек болады. Бірге, оларға өмірлерінде алғашқы рет болатын, таңғажайып оқиғаларға түсуі керек болады.
## Актерлер
* Дженнифер Гудвин
* Делла Саба
* Джейсон Бейтман
* Кэт Суси
* Идрис Эльба
* Дж. К. Симмонс
* Томми Чонг
* Октавия Спенсер
* Дженни Слейт
* Шакира
* Нейт Торренс
* Бонни Хант
* Дон Лейк
* Алан Тудик
* Рэймонд С. Перси
* Морис ЛаМарш
* Фил Джонстон
* Фуския
* Джон Ди Маджио
* Кэти Лоус
* Гита Редди
* Джесси Корти
* Том Листер мл.
* Джошуа Даллас
* Леа Лэтэм
* Рич Мур
* Питер Мэнсбридж
* Байрон Ховард
* Джаред Буш
* Марк Смит
* Джози Тринидад
* Джон Лэвэлл
* Кристен Белл
## Саундтректеры
## Түрлі елдердегі премьер даталары
* 11 ақпан 2016 жылы Дания
* 2 ақпан 2016 жылы Испания
* 4 ақпан 2016 жылы Бельгия
* 17 ақпан 2016 жылы Индонезия, Нидерланд, Филиппин және Франция
* 8 ақпан 2016 жылы Аргентина, Италия, Оңтүстік Корея, Мексика, Уругвай және Чили
* 19 ақпан 2016 жылы Венесуэлада, Вьетнамда және Польшада
* 24 ақпан 2016 жылы Швеция
* 25 ақпан 2016 жылы Камбоджада, Португалия, Сингапур және Тайландта
* 26 ақпанынан 2016 жылы Исландия, Норвегия және Тайваньда
* 3 наурыз күні 2016 жылы Әзербайжан, Бахрейн, Босния-Герцеговинада, Венгрия, Германия, Грекия, Египет, Иордания, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Ливан, Малайзия, БАӘ, Оман, Ресей, Сербия, Словакия, тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Хорватия, Чехия
* 4 наурыз 2016 жылы Болгария, Үндістан, Канада, Кипр, Қытай, Латвия, Литва, Монғолия, Пәкістан, АҚШ, Финляндия, Эстония ОАР
* 17 наурыз, 2016 жылы Бразилияда Украина
* 24 наурыз күні 2016 жылы Гонконг пен Израильде
* 25 наурыз күні 2016 жылы Ұлыбритания мен Ирландия
* 7 мамыр 2016 жылы Жаңа Зеландия
* 23 сәуір 2016 жылы Жапония
* 10 маусым 2016 жылы Түркия
## Жарияланымдары
Мультфильм 7 маусым күні, 2016 жылы ( Ресейде 3 маусымда ) Blu-ray диск ойнатқышы, Blu-ray 3D, DVD, HD Digital platforms – да шығарылады. Бсылымға әр түрлі қосымша материалдар енгізілетін болады.
## Дереккөздер
* http://www.disneyinternational.com/
* http://www.imdb.com/title/tt2948356/
* http://www.bcdb.com/bcdb/cartoon.cgi?film=151185/
* http://www.allmovie.com/movie/v86271
* http://www.boxofficemojo.com/movies/?id=disney2016.htm
* http://www.rottentomatoes.com/m/Zootopia/ |
№11-темір жол айрығы — Қызылорда облысы, Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Қызылжарма ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 5 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
Тұрғыны 36 адам (2009). |
Бірқазан — Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Белкөл кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Қызылорда қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 336 адам (178 ер адам және 158 әйел адам) болса, 2009 жылы 215 адамды (114 ер адам және 101 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Талсуат — Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Талсуат ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Қызылорда қаласынан солтүстік–батысқа қарай 9 км-дей жерде орналасқан.
## Тарихы
Бұрынғы атауы – "Александровское". 1853-54 жылдары қыстаққа Ресейден жер аударылып, көптеген орыс отбасы келген. Ол кезде бұл елді мекен №18 Талсуат ауылдық кеңесі, «Колос» колхозы деп аталған. Кейінірек қазақ халқы орыстардың еңбегіне риза болып, ауылды «Александровский» деп атап кеткен.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 471 адам (233 ер адам және 238 әйел адам) болса, 2009 жылы 677 адамды (340 ер адам және 337 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Баянауыл — Павлодар облысындағы ауыл, Баянауыл ауданының (1928 жылдан) және Баянауыл ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 210 км жерде, Баянауыл тауының оңтүстік-шығыс бөктеріндегі Сабындыкөл жағасында орналасқан. Табиғаты аса сұлу жер, тауындағы қарағайлы орманында қайың, қандыағаш, мойыл, тағы басқа аралас келеді. Орман ішінде жидек, таңқурай, қарақат, саңырауқұлақ өседі. Ең жақын темір жол бекеті – Екібастұз (135 км).
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1826 жылы қаланған, 1833-1868 жылы Баянауыл сыртқы округінің әкімшілік орталығы болды. Баянауылдың Қарқаралы мен Павлодар қалалары аралығында орналасуы оның экономикалық маңызын күшейтті. Мұнда үлкен жәрмеңкелер өткізіліп тұрды.
## Кәсіпорындары
3 көмір өңдірісі, алтын өңдірісі және әк өңдірісітері жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
3 орта мектеп, 4 балабақша, Жаяу Мұса өнер мектебі, Ertis колледжі, Сұлтанмахмұт Торайғыров мәдениет үйі, Қаныш Сәтбаев мұражайы, аудандық аурухана, аудандық кітапхана, 2 диспансер, санитарлық - эпидемиологикалық станциясы, баспахана бар. Тұрғындары облыс орталығына және Екібастұз қаласына, елді мекендерге автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Ағыбет — Түркістан облысының Бәйдібек ауданындағы ауыл, Ағыбет ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жаңаталап — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде, қара топырақты дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тасбөгет кенттік әкімдігі – Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Тасбөгет кенті мен Иіркөл ауылы кіреді. Орталығы – Тасбөгет кенті.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 18987 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Ақбұлақ — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан солтүстік-батысқа қарай 31 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Кеңес — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бақыт Кәкиқызы Нұрпейіс (1970) - театртанушы, өнертану кандидаты (1999). Алматы мемлекеттік театр және кино институтының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) театртану факультетін (проф. Б.Құндақбайұлының жетекшілігімен) бітірген (1995). Сол жылдан Әдебиет және өнер институтының театр, кино және теледидар бөлімінде ғылыми қызметкер. 1993 жылдан баетап оның театр өнері, спектакльдер мен сахна шеберлері жайында жазылған мақалалары (30-дан астам) республикалық газет-журналдарды, ұжымдық жинақтарда жарық көрді. 1997 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында пед. қызметпен 2004 жылдан доцент, кафедра меңгерушісі айналысады.
## Дереккөздер |
Жұлдыз — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
* Панфилов ауылдық округі – Алматы облысы Талғар ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Панфилов ауылдық округі – Павлодар облысы Ертіс ауданындағы әкімшілік бірлік. |
1830 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,Қорғалы елді мекенінде дүниегекелген.Ислам дінінің білгірі тұяқты қыпшақ соқпан Қоспанбет ахунның ұлы.Жастайынан дарынды, зерек болып өскен Нұртаза баба қасиетті Түркістанныңжанындағы Орта Азияға белгілі "Қарнақ" медресесінде білім алған, Кейін Бұқарамедреселерінде білімін шыңдап," Ахун" дәрежеіне ие болады.Нұртаза ахун заманында"Мұрабтық" қызметімен ел құрметіне бөленіп, Сыр диқандарының "Ұлы ұстазы"атанған жан.Сыр бойы халқының әлеіметтік жағдайын көтеруге бағытталған егін егу, суландыружүйелерін жүргізу жұмыстарына жетекшілік жасайды. Шиелі өңірін суландырудаСырдария өзенінің Төменарық тұсынан бастау алып, Шиелі-Бәйгеқұм-Жөлекке дейінсозылатын "Шиелі өзегі",Қаратау етегіне қарай созылған "Арғын" су жүйелері елдіңсарқылмас қазынасына айналуы мұраб Нұртаза бабаының есімімен тікелейбайланысты.1880 жылдары Сыр бойының сол жағасындағы ежелден егіншілік ордасы болғанАсанас, Қожанқожа, Қызылтам өңіріне біраз елді қоныстандырып, ол жерге Ақарық-Асанас су жүйесін жүргізеді.Ақарықтан су алатын Қызылтам,Тас,Тораңғылды,Доңғал,Соқпан, Досан,Көзей,Қонақбай,Құмтоған,Әутек,Аунамас,Мәслихат арықтарынқаздырып, Шақа,Тіней,Мортық,Қарақұс - Келіс су қоймаларын- көлдерін жасаған.Осыкезеңдерде егіндік алқаптарын суландыру үшін шығырлар кеңінен қолданыла бастады.Мұраб Нұртаза баба Сыр өзенінің сол жағалауынан сағасын түсірген Тартоғай- Ботабайөңіріндегі Ботабай арығы мен Қожанқожа -Жетікөл су жүйелері қазіргі кезде жаңаданинженерлік жүйеге келтіріліп, Айдарлы,Ботабай,Жеткөл,Амангелді елді мекендерініңигилігіне айналды.1901-1907 жылдары жүргізілген Орынбор- Ташкент теміржол құрылысындағы орысинженерлері Сыр өзенінің асау табиғатын терең білетін Нұртаза Мұрабтың ақыл-кеңесімен Ақмешіт -Жаңақорған аралындағы өзенніңұрма иіндерін анықтап, сутасқыны өтетін көпірлер салған.1896 жылы Ресей патшалығы тарапынан Нұртаза бабаға үлкен құрмет көрсетіп,Ресейпатшасы Николай ІІ-нің аты жазылған "Мирабь" деген медальмен марапатталған.Қызылорда облысы су шаруашылығы қызметкерлері,еңбек ардагерлерінің ,Қызылордақаласы мен Шиелі ауданы әкімдігі мен мәслихат депутаттарының қолдауыменҚызылорда қаласы мен Шиелі депутаттарының қолдауымен Қызылорда қаласы менШиелі ауданында көше аттары және Шиелі каналы Сыр Мұрабы Нұртаза бабаныңатымен аталады.
дереккөз: "Қыпшақ Қайраткерлері" кітабінен. |
Қайнарбұлақ — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан солтүстік-батысқа қарай 55 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Мәдениет — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан батысқа қарай 54 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бестоғай — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан солтүстік-батысқа қарай 44 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қосбұлақ — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан солтүстік-батысқа қарай 50 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақжар (2003 жылға дейін – Заречное) — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 51 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жолғабас — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жыланды — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Панфилов ауылдық округі – Павлодар облысы Ертіс ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қосағаш, Панфилов, Тоқты ауылдары кіреді. Орталығы – Панфилов ауылы. 2004 жылы Панфилов ауылдық округінің №1 ферма, Тоқты ауылдық округінің Қызылсарай ауылы таратылды. 2006 жылы Панфилов, Тоқты ауылдық округтері ауылдық әкімдік болып қайта құрылды. 2015 жылы Қосағаш ауылдық округінің Тасқұдық ауылы таратылды. 2019 жылы таратылған Луговой ауылдық округінің Луговое ауылы қосылды. 2019 жылы округ құрамына таратылған Қосағаш ауылдық округінен Қосағаш ауылы қосылды.
## Дереккөздер |
Нұра — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 64 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жоғарғы Боралдай — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Теректі — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 42 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Амансай — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 73 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Түйетас — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 53 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сарыбұлақ — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 80 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ива́н Дми́триұлы Папа́нин ( 14 ( 26 )қараша 1894 , Севастополь — 30 қаңтар 1986 , Мәскеу) — Арктиканың кеңестік зерттеушісі , география білімдерінің докторы ( 1938 ) , контр-адмирал ( 1943 ) , екі рет Кеңес Одағының батыры атағын алған ( 1937 , 1940 ).БиографияИван Дмитриұлы Папанин Севастопольде әскери-теңіз флотында жұмыс істейтін теңізшілер үйінде дүниеге келген .4 жыл мектепке дейінгі даярлық тобында оқыған ,1908 жылы зауытқа жұмысқа шыққан . 1914 жылы әскерге шақыртылған(әскери-теңіз флотына түскен) . 1918 - 1920 жылдары Қырымда және Украинада болған азамат соғысына қатысқан .1920 жылдан бастап — Оңт . Батыс майданында әскери - теңіз флотын басқарған .1920 жылдан бастап Р.Земляконың бұйрығы бойынша Қырым Чк - сының комменданты болып тағайындалады , кейіннен ізгесушінің жұмысын атқарады .1921 жылы Харьковқа Украин ЦИК –не коммендант болып барады, кейіннен 1921 жылдың маусымынан 1922 жылдың наурызына дейін Қызыл теңіз флотының секретарі болып жұмыс атқарады .1922 жылы Мәскеуге Халық комиссиаратының теңіз істері жөніндегі басшысы болып ауысады .1923 жылы – Халық комиссиаратының почта және телеграф басқармасын басқарады . 1923 - 1925 жылдары Жоғарғы курс оқуларын оқып шыққан , кейіннен Якутияға радиостанция салу жөніндегі жер басқарушысының орынбасары болып барады .
1937 - 1938 жылдары «Солтүстік полюс» боранды станциясын әлемде бірінші басқарады . Станцияны басқарып жүріп , географиялық білім докторы деген атақты алады .1939 - 1946 жылдары негізге Солт . теңіз флотын басқарушы болып жұмыс атқарады . 1946 - 1949 жылдары ауруына байланысты зейнетақы алып отырады ( стенокардия ) .1949 жылдан 1951 жылға дейін КСРО - ның океонология институтында орынбасар болып жұмы атқарады . 1951 жылдан бастап өмірінің соңына дейін КСРО - ның теңіз зерттеушілер бөлімін басқарады 1956 жылдар бастап - Борок ауылында ішкі биологиялық теңіз институтының басқарады . 1986 жылдың 30 қаңтарында дүниеден озады . Мәскеуде жерленген.Мадақтамалары• Екі рет Кеңес Одағы Батыры атағы ( 1937, 1940 );• Лениннің тоғыз ордені ( 1937 , 1938 , май 1944, 26.11. 1944, 1945, 1956, 1964, 1974, 1984);• Қазан революциясының ордені (1971);• Қызыл армияның екі ордені (1922, 1950);• І жүлделі Нахимоы ордені (1945);• І жүлделі Ұлы Отан соғысы ордені (1985);• Қызыл армияның екі рет Еңбек ордені (1955, 1980);• Ұлттар достығы ордені (1982);• Қызыл жұлдыз ордені (1945);• медаль «әскери еңбегі үшін»;• Геграфиялық білім жөніндегі кондидат(1938);• контр-адмирал (1943);
Дереккөздер:
https://ru.wikipedia.org/wiki/Папанин,_Иван_Дмитриевич аудармасы қолданылған(қолжетпейтін сілтеме) |
Талап — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 77 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Алмалы (1992 жылға дейін – Орловка) — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 41 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақтас — Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы ауыл, Борлысай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан шығысқа қарай 67 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.