text
stringlengths
3
252k
№84-темір жол айрығы "Құмсағыз" — Қызылорда облысы Арал ауданы, Сексеуіл кенттік әкімдігі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Арал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 14 адам (7 ер адам және 7 әйел адам) болса, 2009 жылы 34 адамды (21 ер адам және 13 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
№85-темір жол айрығы "Сарышығанақ" — Қызылорда облысы Арал ауданы, Сексеуіл кенттік әкімдігі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Арал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 62 адам (36 ер адам және 26 әйел адам) болса, 2009 жылы 60 адамды (33 ер адам және 27 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Күршек — Қызылорда облысы Арал ауданы, Аққұм ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Арал қаласынан солтүстікке қарай 35 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 86 адам (47 ер адам және 39 әйел адам) болса, 2009 жылы 142 адамды (79 ер адам және 63 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
### Қараөзек арнасы Қараөзек арнасы - Сырдария өзенінің бұрынғы арнасы.Бұрын Сыр суының 75 пайызы Қараөзек арнасымен аққан.Арнаның екі жағалауындағы жүздеген ірі - майда көлдер және 50 мыңға жуық жайылымдық - шабындық жерлер суға толып жайқалып жатқан.Кеңес дәуірінде Сырдария ауданының көкөніс, бақша, картоп дақылдарының басым бөлігі Қараөзек арнасының бойында орналастырылған. 1950-1960 жылдары Қара - Арын көлдер жүйесінің маңында «1 май» атындағы балық колхозы жұмыс атқарған. Жылына 547,5 тонна түрлібалық ауланып, Қызылорда қаласының балық зауытына жіберіліп тұрған. ### Тартылу себептері Табиғаттың құбылысынан және адамның осы ресурстарды дұрыс пайдаланбағандығынан Арал теңізі құрғап, оның салдары Қараөзек арнасына да кері әсерін тигізді. Жоғарыда айтылған көлдер құрғап, шөлге айналды. ### Қайта қалпына келтіру үшін жасалған жұмыстар Сондықтан ҚР Үкіметі тарапынан Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу» ұзақ жылдық бағдарламасы қабылданды. 2003 Қараөзек арнасының бас сағасына жаңадан су жіберу қабілеті 300 текше метр су құрылысы салыну жоспарланды. ### Жұмыстардың нәтижесі Осы бағдарламаның арқасында Сырдария өзенінің «Айтек» бөлімшесінде су жіберу қабілеті 700 текше метрлік су тоспасы құрылысы 2004 жылы және Қараөзек арнасына су жіберу қабілеті 250-300текше метрлік шандорлық типті бас саға су құрылысы салынып, 2006 жылы өндіріске пайдалануға берілді. ### Дереккөздер ## Қараөзек арнасы Қараөзек арнасы - Сырдария өзенінің бұрынғы арнасы.Бұрын Сыр суының 75 пайызы Қараөзек арнасымен аққан.Арнаның екі жағалауындағы жүздеген ірі - майда көлдер және 50 мыңға жуық жайылымдық - шабындық жерлер суға толып жайқалып жатқан.Кеңес дәуірінде Сырдария ауданының көкөніс, бақша, картоп дақылдарының басым бөлігі Қараөзек арнасының бойында орналастырылған. 1950-1960 жылдары Қара - Арын көлдер жүйесінің маңында «1 май» атындағы балық колхозы жұмыс атқарған. Жылына 547,5 тонна түрлібалық ауланып, Қызылорда қаласының балық зауытына жіберіліп тұрған. ### Тартылу себептері Табиғаттың құбылысынан және адамның осы ресурстарды дұрыс пайдаланбағандығынан Арал теңізі құрғап, оның салдары Қараөзек арнасына да кері әсерін тигізді. Жоғарыда айтылған көлдер құрғап, шөлге айналды. ### Қайта қалпына келтіру үшін жасалған жұмыстар Сондықтан ҚР Үкіметі тарапынан Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу» ұзақ жылдық бағдарламасы қабылданды. 2003 Қараөзек арнасының бас сағасына жаңадан су жіберу қабілеті 300 текше метр су құрылысы салыну жоспарланды. ### Жұмыстардың нәтижесі Осы бағдарламаның арқасында Сырдария өзенінің «Айтек» бөлімшесінде су жіберу қабілеті 700 текше метрлік су тоспасы құрылысы 2004 жылы және Қараөзек арнасына су жіберу қабілеті 250-300текше метрлік шандорлық типті бас саға су құрылысы салынып, 2006 жылы өндіріске пайдалануға берілді. ### Дереккөздер
№86-темір жол айрығы "Жалғызағаш" — Қызылорда облысы Арал ауданы, Сексеуіл кенттік әкімдігі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Арал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 5 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 156 адам (81 ер адам және 75 әйел адам) болса, 2009 жылы 171 адамды (81 ер адам және 90 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Шижаға — Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, Аққұм ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Арал қаласынан солтүстікке қарай 18 км-дей жерде. Шаған ақын бейітінен басталып кең көлемді алып жатқан елді мекен. ## Тарихы Ауыл 1957-96 жылдары асыл тұқымды қаракөл қойын өсіретін «Арал» кеңшарының орталығы болған. Бұрын бұл жер «Октябрь» колхозы болып аталған. Жан-жағын жағалай ши деп аталатын өсімдік қаптап өскен соң, бұл жер «Шижаға» деп аталып кеткен. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2423 адам (1302 ер адам және 1121 әйел адам) болса, 2009 жылы 2198 адамды (1133 ер адам және 1065 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Құланды — Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, Беларан ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 250 км-дей жерде, Құланды түбегінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 351 адам (183 ер адам және 168 әйел адам) болса, 2009 жылы 374 адамды (204 ер адам және 170 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Темір жол айрығы 88 Тасбөгет — Қызылорда облысы Арал ауданы, Сапақ ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Арал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 69 адам (40 ер адам және 29 әйел адам) болса, 2009 жылы 125 адамды (72 ер адам және 53 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Шөмішкөл — Қызылорда облысы Арал ауданы, Райым ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстікке қарай 125 км жерде, Шөмішгөл көлінің жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 568 адам (291 ер адам және 277 әйел адам) болса, 2009 жылы 607 адамды (302 ер адам және 305 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қосжар — Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, Қосжар ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстікке қарай 100 км-дей жерде, Қамыстыбас көлінің оңтүстігінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 345 адам (177 ер адам және 168 әйел адам) болса, 2009 жылы 470 адамды (246 ер адам және 224 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қызылжар — Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, Райым ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстікке қарай 120 км жерде, Сырдария өзенінің атырауында орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1930 жылдың басында қаланып, 1932-1997 жылдары балық кәсіпшілігімен айналысатын «Райым» ұжымшарының орталығы болған. Оның негізінде Қызылжар және Шөмішкөл ауылдарында «Райым» ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1085 адам (561 ер адам және 524 әйел адам) болса, 2009 жылы 1080 адамды (551 ер адам және 529 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
№91-темір жол айрығы — Қызылорда облысы Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округі құрамында болған темір жол айрығы, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Арал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 54 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 46 адам (2009).
№92-темір жол айрығы — Қызылорда облысы Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Арал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 62 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 116 адам (69 ер адам және 47 әйел адам) болса, 2009 жылы 152 адамды (85 ер адам және 67 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
№87-темір жол айрығы "Алтықұдық" — Қызылорда облысы Арал ауданы, Сапақ ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Арал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 37 адам (23 ер адам және 14 әйел адам) болса, 2009 жылы 55 адамды (33 ер адам және 22 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қазақ-түрік лицейлері (ағылш. Kazakh-Turkish High Schools (Lyceums), түр. Kazak Türk Liseleri, 2016 жылдан бастап «Білім-инновация» лицейлері (ағылш. Lyceum "Education-Innovation (Bilim-Innovasya)", түр. "Eğitim-Yenilik (Bilim-Inovasyon)" Liseleri) атауымен танымал) — жаратылыстану ғылымдары (математика, химия, физика, биология, астрономия, информатика) саласында дарынды балаларға арналған таңдаулы мектептер желісі; лицей халықаралық «KATEV» фондымен басқарылып, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу жоспары бойынша білім беріледі. 4000-ға жуық ҚТЛ (БИЛ) оқушылары әртүрлі халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары болады. Оқу төрт тілде жүргізіледі: қазақша («қазақ тілі және әдебиеті», «Қазақстан тарихы», «Қазақстан және әлем географиясы», «құқықтану», «жалпы тарих» , «азаматтық қорғаныс», музыка, сурет және дене шынықтыру пәндері), ағылшынша (жаратылыстану ғылымдары, ағылшын тілі), түрікше («түрік тілі») және орысша («орыс тілі және әдебиеті»). ## Тарихы Қазақстандағы алғашқы «Білім-инновация» лицейі 1992 жылы Алматы, Көкшетау және Кентау қалаларында пайда болды. Оқушыларды қабылдау (92-93-ші жылдар) 9 және 8-ші сыныптардан басталды, бірақ 2 жылдан кейін бұл оқу орнына 7-сыныптан бастап қабылдана бастады. 2016 жылы Қазақ-түрік лицейлері «Білім-инновация лицейі» деп аталды. Бұл оқиға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылды. Қазақ-түрік лицейлерінің маңызды ерекшеліктерінің бірі — шет тілдерін оқытуда басымдылық пен ерекше талап қоюуы. Сондықтан да оқытуда әлемде озық деп танылған әдістермен бірге, түрлі әдебиеттер, таспалар, дискеттер, компакт-дисктер, карточкалар, көрнекті құралдар мен басқа да оқу материалдары пайдаланылады. Орыс тілінде білім беретін мектептерді бітіріп келген оқушылар үшін оқулық, аудиотаспалар және мұғалім мен оқушыға арналған кітаптардан тұратын арнайы әдістемелік комплекс жасалған. Оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұны әлемдік стандарттарқа сай. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар көптеген елдерде жетістіктерге қол жеткізген. Оқушыларға жаңа құралдар, оқу-әдістемелік құралдары, таспалар, дискеттер, CD, макеттер және басқалар берілген. Лицейлерде ғылыми-көпшілік және көркем әдебиет кітаптардың үлкен қоры бар кітапханалар қызмет көрсетеді. Қазақ-түрік лицейлерінің негізін түрлі зерттеулер мен тәжірибелер өткізу арқылы жаңа нәрселер үйренуге мүмкіндік беретін зертханалар құрайды. Қазақ-түрік лицейдерінде сабақтан тыс уақытта түрлі шаралар ұйымдастыратын тәрбие және психологиялық кеңес орталықтары құрылған. Орталықтар оқушылардың даму барысын қадағалайды, тәрбие және тұлғаның жан-жақты қалыптасуы бойынша кеңес береді. Оқушылардың әлеуметтік және мәдени дамуы үшін конференциялар, семинарлар, республика бойынша және шетелге туристік сапарлар, дискуссиялар, көрмелер, театрлар, мұражайлар және кинотеатрларға қыдыру шаралары ұйымдастырылады.Оқушылардың ақыл-өрісі мен моральдық тұрғыдан дамуымен бірге дене шынықтыруына да үлкен көңіл бөлінеді.Қазақ-түрік лицейлері жеткіншектердің қабілеттері мен бейімділіктерін анықтап, оларды жетілдіру үшін шынайы мүмкіндіктер туғызады. Лицейлердің шаңырағы астында сан-алуан спорт секциялары мен әдебиет, музыка, бейнелеу, ғылыми-практикалық және басқа да үйірмелер қызмет көрсетеді. Бұндай үйірмелердің көмегімен оқушылардың бейімділіктері мен талпыныстары артады, сондай-ақ қоғамдық өмірге дайындық үрдісі жылдам қалыптасады. Осы шаралар негізінде лицей оқушылары әлеуметтік және мәдени тұрғыдан дамыған және өздеріне сенімді тұлға болып өсе алады.Дарынды және қабілетті жастарды жетілдіру мақсатымен барлық қазақ-түрік лицейлерінде олимпиадаларға дайындық жұмыстары жүргізіледі. Халықаралық олимпиадалар туралы мәліметтер тиянақты түрде сарапталады, оқушылар барлық қажетті оқу және ғылыми материалдармен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын лицейлер арасында негізгі пәндер бойынша олимпиадалар өткізіледі. Жыл өткен сайын оқушылар облыстық, республикалық және халықаралық пән бойынша білім олимпиадаларының жеңімпаздары болуда. Төмендегі таблицада қазақ-түрік лицейлері оқушыларының халықаралық және республикалық білім олимпиадаларында қол жеткізген жетістіктері көрсетілген. Түлектеріміздің жоғарғы оқу орындарына түсулері үшін оқу жылы бойынша қабылдау емтихандарына дайындық ретінде қосымша сабақтар жүргізіледі. Оқушылардың қызығушылықтары бойынша мамандық таңдауларына көмектеседі. Ол үшін сауалнамалар, семинарлар ұйымдастырылады және жоғарғы оқу орындары туралы кітапшалар ұсынылады. Жыл сайын қазақ-түрік лицейлері түлектерінің 97 пайызы мемлекеттік гранттер мен несиелердің, сондай-ақ шетелдік жоғарғы оқу орындарының стипендияларының иегері болуда. Қазақстанның алдыңғы қатарлы білім ордаларымен бірге, біздің түлектеріміз Түркияның, Еуропаның және Американың танымал университеттерінде оқып, өз елі мен қазақ-түрік лицейлерінің мақтанышына айналуда. ## Олимпиадалардағы жетістіктер Қазақ-түрік лицейлерінің оқушылары бірнеше жылдан бері облыстық, республикалық және халықаралық пән олимпиадаларының жүлделі орындарына ие болуда. ## KATEV «KATEV» халықаралық қоғамдық қоры 1997 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде 1992 жылы білім беру мекемелерінің жұмысын түрік тарапынан үйлестіру үшін құрылды. «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының басшылығымен 28 қазақ-түрік лицейі, Сүлейман Демирел атындағы университет және колледж-лицей, Тараз қаласындағы Жамбыл Инновациялық Жоғары колледжі, «SPECTRUM» және «GALAXY» халықаралық мектептері. Қор қайта құрылғаннан кейін жаңа «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қоры деп аталды. Қазіргі уақытта қамқоршылық қордың басшысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып табылады. Барлық жекеменшік мектептер басқа Қордың — «БІЛІМ-ОРДА» халықаралық қоғамдық қорының басқаруында. Екі қорды да Қазақстан азаматтары басқарады. Қор мектептерінде 10-нан астам елдің оқытушылары жұмыс істейді, олардың ішінде Ұлыбритания, Үндістан, Австралия, ОАР, Чили. «Білім-инновация» мекемесінде барлығы 1200 оқытушы жұмыс істейді, 90% Қазақстан азаматтары. Қор мектептеріне конкурстық негізде қатаң іріктеу жүргізіледі: 2017 жылы лицейге бір орынға түскен кезде 25 үміткер болды. ## Лицей тізімі "Білім-Инновация" қоры қаржыландыратын мемлекеттік лицейлер * Мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернаты (Алматы қ.) * Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты (Астана қ.) * Дарынды қыз балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты (Астана қ.) * "Білім-инновация" ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты (Шымкент қ.) * "Білім-инновация" қыз балаларға арналған №2 лицей-интернаты (Шымкент қ.) * Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" лицейі (Абай облысы, Семей қ.) * "Білім-инновация" лицей-интернаты (Ақмола облысы, Көкшетау қ.) * Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернаты (Ақмола облысы, Щучинск қ.) * Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернаты (Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ.) * А. Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты (Алматы облысы, Есік қ.) * №1 "Білім-инновация" лицей-интернаты (Атырау облысы, Атырау қ.) * №2 "Білім-инновация" лицей-интернаты (Атырау облысы, Құлсары қ.) * №3 "Білім-инновация" лицей-интернаты (Атырау облысы, Атырау қ.) * Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Білім-инновация" мектеп-лицей-интернаты (БҚО, Орал қ.) * Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернаты (Жамбыл облысы, Тараз қ.) * Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернаты (Жамбыл облысы, Тараз қ.) * Талдықорған дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" мамандандырылған лицей-интернаты (Жетісу облысы, Талдықорған қ.) * №1 "Білім-инновация" лицей-интернаты (Қарағанды облысы, Қарағанды қ.) * №2 "Білім-инновация" лицей-интернаты (Қарағанды облысы, Қарағанды қ.) * Дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты (Қостанай облысы, Қостанай қ.) * Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернаты (Қызылорда облысы, Қызылорда қ.) * №10 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернаты (Қызылорда облысы, Қызылорда қ.) * "Білім-инновация" лицей-интернаты (Маңғыстау облысы, Ақтау қ.) * Жаңаөзен "Білім-инновация" лицей-интернаты (Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қ.) * Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты (Павлодар облысы, Павлодар қ.) * Дарынды қыз балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты (Павлодар облысы, Павлодар қ.) * Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернаты (Павлодар облысы, Екібастұз қ.) * Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернаты (СҚО, Петропавл қ.) * Абай атындағы "Білім-инновация" ер балалар лицей-интернаты (Түркістан облысы, Арыс қ.) * "Білім-инновация" лицей-интернаты (Түркістан облысы, Түркістан қ.) * №3 "Білім-инновация" лицей-интернаты (Ұлытау облысы, Жезқазған қ.) * Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Білім-инновация" лицейі (ШҚО, Өскемен қ.) "Білім-Инновация" қоры қаржыландыратын мемлекеттік емес білім беру ұйымдары * "Кемел Білім" мектеп-лицейі (Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ.) * Жамбыл инновациялық жоғары колледжі (Жамбыл облысы, Тараз қ.) "Білім-Орда" қоры қаржыландыратын мемлекеттік емес білім беру ұйымдары * "Spectrum" халықаралық балабақшасы (Астана қ.) * "Spectrum" халықаралық мектебі (Астана қ.) * "Нұрорда" мектеп-лицейі (Астана қ.) * "Нұрорда" мектеп-лицейі (Өскемен қ.) * "Нұрорда" мектеп-лицейі (Алматы қ.) * "Galaxy" Халықаралық мектебі (Алматы қ.) * Ш.К. Беркімбаева атындағы Алматы қыздар мектеп-лицей-интернаты (Алматы қ.) * Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжі (Алматы қ.) * SDU University (Алматы қ.) ## Тағы қараңыз * Сүлейман Демирел атындағы университет ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * bil.edu.kz Мұрағатталған 19 мамырдың 2022 жылы. — «Білім-Инновация» қоғамдық қорының ресми сайты.
№93-темір жол айрығы "Үкілісай" — Қызылорда облысы Арал ауданы, Бекбауыл ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол айрығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы - Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 495 км-дей, Арал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 105 км-дей жерде орналасқан. ## Тарихы 1904 жылы теміржол құрылысы кезінде негізі қаланған. Елді мекендегі халықтар теміржол саласында жұмыс жасаған. ХХ ғасырдың 50-жылдары елді мекенде алғаш бастауыш мектеп ашылған. Үкілісай ауылы 2005 жылдың наурыз айына дейін Қамыстыбас ауылдық округіне қарасты болып келді, қазіргі таңда Бекбауыл ауылдық округінің қарамағында. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 172 адам (91 ер адам және 81 әйел адам) болса, 2009 жылы 223 адамды (126 ер адам және 97 әйел адам) құрады. Елді мекенде 14 қызметкер бар 1 фельдшерлік-акушерлік мекеме орналасқан. Халықтың басым бөлігі теміржол саласында жұмыс жасайды. ## Дереккөздер
Маржанбұлақ ауылдық округі — Ақтөбе облысы Алға ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Маржанбұлақ, Қайыңдысай ауылдары кіреді. Орталығы – Маржанбұлақ ауылы. ## Тарихы 2007 жылы Берёзовка ауылы Қайыңдысай, 2008 жылы Прогресс ауылы Маржанбұлақ ауылы болып өзгертілді. 2019 жылы Қарағандысай ауылы таратылды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1948 адамды құрады. ## Дереккөздер
Алтай батыр ауылы — Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы ауыл, Сарытоғай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қарауылкелді ауылынан оңтүстікке қарай 51 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1220 адам (631 ер адам және 589 әйел адам) болса, 2009 жылы 1060 адамды (555 ер адам және 505 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Аримаспа — жартылай аңызға айналған сақ тайпаларының бірі. Алғаш рет бұл туралы грек тарихшысы Герадот дерек берген. Ол патша скифтерінен бөлініп шығып, қазіргі Қазақстанның солт-шығысын мекендеген иирка мен басқада скифтер туралы әңгімесін аяқтайдыда, Исседон тайпасы туралы баяндауға кіріседі. Оның шығысында "жалғыз көзді" аримаспалар онан әрірек "Алтын қорыған самрұқтар" тұрады деген. Б.з.б. 5 ғ. ортасында аримаспалар батысқа қарай көшіп, исседонды ығыстырған, ал исседон скифтерді қудалап, скифтер киммериялықтарды оңтүстік теңіз жағалауындағы ежелгі жерлерінен ығыстырып шыққан. "Жалғыз көзді" аримаспалар жайындағы әңгімені грек-рим жазушылары қайталайды.Оларш, бұл аңыз болмай, шындық болып көрінген, демек , сол тайпаға тән этнографиялық ерекшелікті білдірген. Бұған қараған, сол тайпаның "жалғыз көзді" атануы адамдардың бет жүзін жартылай бояп немесе татуировкалап жүгіруінен болуы мүмкін. Олар мұны қасиетті, игі ниетті болып көріну үшін істеген. Мұндай әдет фракиялықтарда, дақтар мен сарматтарда, агатырларда, Енесейдің ежелгі қырғызында кең тараған. Бұл ғұрып 17 ғасырдағы Енесей тұрғындары туралы орыс құжаттарында кездеседі. Жергілікті ваеводаның мына жұрт неге "жалғыз көзді"? деген сұрағына олардың бір жақ беті көмірмен боялғандықтан бір көзі көрінбей тұр деген жауап болған. Герадоттың айтуынша аримаспа деген тайпаның атауы емес, тек сол халықтың грекша аталуы "arimа - жалғыз, spi - көз". Аримаспа шығыста Байкал көліне дейінгі жерді алып жатқан гипперборейлермен және "алтын қорыған самрұқтармен" Енесей алабы шектескендіктен, олардың мекен солт. Алтай деуге болады. ## Қазақстан тарихы [1]
Тоқабай — Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, Жіңішкеқұм ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Арал қаласынан шығысқа қарай 50 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 945 адам (486 ер адам және 459 әйел адам) болса, 2009 жылы 868 адамды (458 ер адам және 410 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
№82-темір жол айрығы "Құрлық" — Қызылорда облысы Арал ауданы, Сексеуіл кенттік әкімдігі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Арал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 58 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 86 адам (49 ер адам және 37 әйел адам) болса, 2009 жылы 87 адамды (45 ер адам және 42 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ақбасты — Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, Құланды ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстік–батысқа қарай 220 км қашықтықта, Көкарал түбегінде, Шевченко шығанағынан оңтүстікке қарай 10 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 511 адам (256 ер адам және 255 әйел адам) болса, 2009 жылы 491 адамды (258 ер адам және 233 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жаңадария — Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл, Жаңадария ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жалағаш кентінен оңтүстікке қарай 65 км жерде, Тораңғысай өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1933 жылы осы өңірде ауыл шаруашылығын ұйымдастыруға байланысты бірнеше шағын ұжымшар бірігіп, «Жаңадария» ұжымшарын құруға байланысты қаланған. 1963 жылы ұжымшар кеңшар болып құрылды. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1018 адам (568 ер адам және 450 әйел адам) болса, 2009 жылы 691 адамды (365 ер адам және 326 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қаражал - Ұлытау облысына қарасты қала (8 маусым, 2022 жылдан). ## Географиялық орны Атасу аңғарының сол жағында. Жезқазған қаласының шығысында 200 км. ## Бірінші тарихы Іргесі 1939-1940 жылдарда кен рудасын игеруге байланысты қаланған. 1950 жылдан жұмысшы поселкесі. Халқы 30 мыңнан астам (2005). Экономикасының негізін кен өндіру өнеркәсібі құрайды: Қарағанды металлургия комбинатының шикізат базасы, Атасу рудалы ауданының кен басқармасы осында. Қаланың салынуы мен дамуы Атасу марганец кендерінің игерілуімен тығыз байланысты. 1942 ж. Қ-да Атасу геол. барлау эқспедициясы құрылды. 1956 ж. Қарағандыға Атасу кені тиелген алғашқы эшелон жөнелтілді. ## Инфақұрылымы Қаражалда кеншілер мәдениет үйі, кинотеатр, бірнеше мектеп, кәсіптіктехникалық училище, аурухана, емхана, стадион т. б. мөдениағарту орындары бар. Қала маңында жоғары сапалы радонды бүлақтар жиі орналасқан. ## Қаланың сапасы * Қала 1963 жылы құрылды. Қала аумағы 12,3 мың шаршы километрге тең. * Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 19,0 мың адамды құрады. * Қалалық әкімшілікте 1 кенттік округ бар. * Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының70,8%-ы қазақтар,20,9%-ы орыстар,1%-ы немістер,0,9%-ы татарлар,2,4%-ы украиндер,0,6%-ы белорустар,3,4%-ы басқа ұлт өкілдері. * 70,8%-ы қазақтар, * 20,9%-ы орыстар, * 1%-ы немістер, * 0,9%-ы татарлар, * 2,4%-ы украиндер, * 0,6%-ы белорустар, * 3,4%-ы басқа ұлт өкілдері. * 2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер:туылу – 17,79өлім – 11,65табиғи өсім – 6,14 * туылу – 17,79 * өлім – 11,65 * табиғи өсім – 6,14 * Қалада 01.01.07 жылға 155 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 1 ірі, 16 орта, 138 шағын субъектілері. * Негізгі экономикалық бағыт: металл кендерін шығару. * Қаланың негізгі кәсіпорындары:«Жәйрем кен-байыту комбинаты» АҚ (ENRC),АТАСУ КЕН«Өркен» ЖШС (Қарағанды металлургия комбинаты) * «Жәйрем кен-байыту комбинаты» АҚ (ENRC), * АТАСУ КЕН * «Өркен» ЖШС (Қарағанды металлургия комбинаты) * Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері:- темір кендерін шығару;- түсті металл кендерін шығару. * - темір кендерін шығару; * - түсті металл кендерін шығару. * 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрады. * 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 4 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 2,7 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 10,5 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,05 мың га - егістік алқаптар. * 2006 жылғы астыққа 44,0 га ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін егістік жерлер пайдалынылды, оның ішіндекартоп - 10,0 га,көкөніс - 34,0 га. * картоп - 10,0 га, * көкөніс - 34,0 га. * 2006 жылы0,2 мың тонна картоп,0,8 мың тонна көкөніс дақылдары,1,3 мың тонна ет (тірі салмақта),7,0 мың тонна сүт;315,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. * 0,2 мың тонна картоп, * 0,8 мың тонна көкөніс дақылдары, * 1,3 мың тонна ет (тірі салмақта), * 7,0 мың тонна сүт; * 315,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. * 2007 жылғы 1 қаңтарғаірі қара мал саны 11,6 мың бас;қой мен ешкі – 10,5 мың бас;шошқа – 1,4 мың бас;жылқы – 3,9 мың бас;құс – 7,7 мың бас. * ірі қара мал саны 11,6 мың бас; * қой мен ешкі – 10,5 мың бас; * шошқа – 1,4 мың бас; * жылқы – 3,9 мың бас; * құс – 7,7 мың бас. * Қалада 2006/2007 оқу жылы басына8 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеді, онда 3750 оқушы оқиды,1 кәсіби-техникалық оқу орнында – 165 оқушы оқиды. * 8 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеді, онда 3750 оқушы оқиды, * 1 кәсіби-техникалық оқу орнында – 165 оқушы оқиды. * Қалада5 кітапхана,2 клуб типті мекеме жұмыс атқарады. * 5 кітапхана, * 2 клуб типті мекеме жұмыс атқарады. * 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 5035 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 33130 теңге. * 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 7567,1 млн. теңгені құрады. * Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 1713,9 млн. теңге сомасында игерілді немесе 2005 жылғы көлемнен 32,7%-ын құрады. * Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 95,0 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 279,5 %-н құрады. * 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 349,6 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 101,8 млн. теңге. ## Екінші тарихы Бірінші ұлттық ауыл шаруашылық санағының алдын ала қорытындылары бойынша Қаражал-Қарағанды облысындағы облыстық маңызы бар қала. Жаңаарқа ауданының аумағында, Қарағанды-Жезқазған-Қарсақпай теміржолының Атасу-Қаражал тармағындағы темір жол стансасы.. Облыс орталығы Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 320 км. жерде. Сарыарқаның оңтүстік бөлігінде, боз жусан, сасыр аралас бетеге, қылқан боз, т.б.шөптесіндер өскен сортаңды сұр, қиыршық топырақты қуаң далада орналасқан. Қаланың іргесі 1939-40 жылдарда темір-марганец кенін игеруге байланысты қаланған. 1950 жылдан кент, 1963 жылдан қала.1942 жылдан Қаражалда Атасу геологиялық барлау экспедициясы құрылды..1956 жылы Қарағандыға Атасу кені тиелген алғашқы эшелон жөнелтілді. Қаланы құрушы кәсіпорындар болып - « Жайрем кен-байыту комбинаты» ААҚ және «Атасу-кен» ААҚ табылады. ## Екінші инфақұрылымы Қаланың инфрақұрылымында 2 бала бақша, 7 мектеп, қалалық аурухана мен емхана, 9 дәрігерлік амбулатория , 5 кітапхана, кеншілер мәдениет сарайы, кинотеатр, стадион т.б жұмыс істейді. Қала маңында жоғары сапалы радонды бұлақтар мен шипалы балшық қоры бар. ## Қала басшылары * Тұрысов Қаратай Тұрысұлы * Лепихин Александр Федорович * Щуров Николай Иванович * Айтбаев Құсайын * Жанакбаев Зейнүл Омарбекұлы * Бедаш Иван Иванович * Мустафин Жұмаш Хасенұлы * Мурзин Виталий Михайлович * Кардашин Виктор Романович * Шабалин Владимир Михайлович * Дәулеткерімов Әби Дәулеткерімұлы * Артюшкина Людмила Сергеевна * Шапошников Владислав Евгеньевич * Копеев Мұхамбет Жұманазарұлы * Кенжебаев Аманжан Қонқақұлы * Ахпанова Гүлбаршин Сауырбекқызы * Есенов Үсейін Байсынұлы * Ибрагимов Алтынбек Базарбайұлы * Қорғамбаев Есенали Құрманалиұлы ## Дереккөздер
Далдабай — Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылдық округі құрамындағы ауыл. Бұрынғы атауы – "Актив". ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жалағаш кентінен солтүстік-батысқа қарай 25 км жерде, Сырдария өзенінің аңғарында. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 406 адам (205 ер адам және 201 әйел адам) болса, 2009 жылы 391 адамды (206 ер адам және 185 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Таң — Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл, Таң ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жалағаш кентінен батысқа қарай 34 км-дей жерде, Сырдария өзенінің сол аңғарында. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1378 адам (698 ер адам және 680 әйел адам) болса, 2009 жылы 1186 адамды (615 ер адам және 571 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жаңаталап — Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл, Жаңаталап ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жалағаш кентінен оңтүстік-батысқа қарай 41 км-дей жерде, Ақтөбе құмының шығыс бөлігінде орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1932 жылы № 16 ауылдық кеңеске қарайтын ұсақ артельдер ұйымдасып, «Жаңаталап» ұжымшары болып құрылды. 1963 жылы Ленин және «Жаңаталап ұжымшарлары бірігіп өзімен аттас кеңшарды құрды. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 875 адам (430 ер адам және 445 әйел адам) болса, 2009 жылы 891 адамды (466 ер адам және 425 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Сәтбай — Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2015 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жалағаш кентінен оңтүстік-батысқа қарай 71 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 204 адам (108 ер адам және 96 әйел адам) болса, 2009 жылы 191 адамды (104 ер адам және 87 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1968 жылы құрылған. Елді мекенде бастауыш мектеп, медпункт, дүкен, кітапхана ашылған. Кейіннен 8 жылдық мектеп болды. Мектеп жанынан малшы балаларына арнап 25 балаға интернат ашылды. Бұл кейіннен орта мектеп болды. ## Дереккөздер
Шитүбек — Ақтөбе облысы Темір ауданы, Кеңесту ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шұбарқұдық кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 9 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 405 адам (281 ер адам және 124 әйел адам) болса, 2009 жылы 168 адамды (78 ер адам және 90 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Бесарық – Сырдария алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Жаманбай батыр ауылдық округі аумағымен ағып өтеді. Қаратау жотасының батысында. ## Гидрографикасы Ұзындығы – 85 км. Өзеннің жылдық ағысы – 170 млн.м3. ## Бастауы Қаратау жотасының оңтүстік-батыс баурайынан бастау алады. Тау шатқалдарынан бес арық (өзенше) ағып шығып, шатқалдан шыға берер тұстағы Байғабыл ауылы жанында бірігіп Бесарық деп аталады. Осы елді мекен тұсында 1974 жылы өзімен аттас бөген (су сыйымдылығы – 15 млн.м3) салынған. Бөгеннен шыққан өзен Кеңес ауылы тұсында егістіктерге таралып кетеді. Кезінде Бесарық суы Сатымсай сайымен Сырдарияға құятын. Бесарық өзенінің суын Бесарық және Кеңес шаруашылықтары пайдаланады. ## Дереккөздер
Жаманбай батыр ауылдық округі – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы әкімшілік бірлік. 2020 жылға дейін Бесарық ауылдық округі деп аталды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бесарық, Кеңес ауылдары кіреді. Орталығы – Бесарық ауылы. Округ құрамында болған Апанқақ ауылы 2018 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 3336 адамды құрады. ## Дереккөздер
Бесарық ауылдық округі — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы әкімшілік бірлік. 1997 жылға дейін Жамбыл ауылдық округі деп аталды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бесарық ауылы кіреді. Орталығы – Бесарық ауылы.. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2258 адамды құрады. ## Дереккөздер
"Қара-Құм" — "Қызыл Қазан" кондитерлі зауыты шығаратын, шоколадты кәмпит маркасы. Ол КСРО уақытында да басқа да зауыттармен шығарылған. ## Сипаттамасы Кәмпит жаңғақ пралинесіне какао және майдаланған вафельден жасалады. Құрамына шекер, қант ұнтағы, май какаосы, сары май, қуырылған миндалин, жапырақты вафли және ванилин т.б. кіреді. 100 грамм кәмпитте 511-522 килакалория болады. ## "Қара-Қум" Бренді Алғашында "Қара-Құм" Таганрогты кондитерлік фабриканың маркасы болған. 2007 жылға дейін барлық зауыттар мен фабрикалар кеңес тауарларын 1992 жылға дейін өтеусіз лицензиямен дайындайтын. Алайда, заңға "РФ азаматтық кодексінің төртінші бөліміне істер қосу" туралы өзгетулер енгізілген соң, барлық өңдірушілер бұндай мүмкіндіктен айырылды. Сондада көптеген кеңес өңдірушілер бренді "Бірыңғай кондитерлер" ұйымына тіркелді, содан соң бірнеше басқа да компанияларға тым көп ұқсастық үшін жиі қуыным жазды. Брендке деген құқығы бар "Қара-Құм" 2012 жылы «Оркла Брэндс Россия» атты Норвегиялық коцернмен арасында жанжал туған болатын. Бірнеше жылғы сот талқылауынан кейін компаниялар әлемдікке шықты. «Оркла Брэндс Россия» "Бірыңғай кондитерлерге" 70 млн рубль компенсация төледі де 2 айға "Қара-Құм" кәмпитін шығаруға лицензия алды. Одан да басқа түсініспеушіліктер көптеген компаниялармен болып тұрды. ## Ескертпелер ## Сілтемелер * Сласти-мордасти  (орыс.). Первый канал. Тексерілді, 18 шілде 2014.
Жаңақоныс — Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жалағаш кентінен батысқа қарай 37 км-дей жерде, Сырдария өзенінің аңғарында. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 230 адам (119 ер адам және 111 әйел адам) болса, 2009 жылы 178 адамды (96 ер адам және 82 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жұмахан Күдериннің өмірбаяны Күдерин Жұмахан Маусымбайұлы - 1891 Семей облысы бұрынғы Сергиополь, қазіргі Аякөз қаласында дүниеге келген қазақтың алғашқы биолог ғалымдарының бірі, қоғам қайраткері, алаш арысы. Жұмаханның ата қонысы Айқыз селосының жоғары жағындағы Маусымбай қорасы. 1875 жылы кедей отбасында дүниеге келіп, ескіше оқыған, көкірегі ояу, көзі ашық Маусымбай ұлдары Жұмахан мен Төлеубектің болашағын ойлап, зерделі, білімді азамат болып өсулеріне бар күш-жігерін жұмсаған. Жұмахан Күдерин 1911 жылы ауыл мектебін бітірген. Жасынан зерек, білімге құштар Жұмахан 1913-1917 жылдар аралығында Талдықорған облысындағы Қапал ауыл шаруашылық мектебінде оқып, оны үздік бітіріп шығады. Білімін толықтыруды мақсат тұтқан ол 1924 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік Университетінің ауыл шаруашылық факультетіне оқуға түсіп, қазақ жастарының арасынан алғашқылардың бірі болып ғалым-агроном мамандығын алып, 1930 жылы оқуын бітіріп шыққан. Университетте оқып жүріп Түркістанның табиғи ресурстары мен осы өңірді аудандарға бөлуді зерттеумен айналысқан экспедиция жұмысына қатысты. ## Ж.Күдериннің қоғамдық қызметі Жұмахан Күдерин алғашқы еңбек жолын туған ауылы Сергиопольде жаңадан ашылған қазақ мектебінде директордың орынбасары қызметінен бастаған. Қазақ қоғамындағы сол тарихи кезеңге тән сипат ересектер арасындағы сауатсыздықты жою ісіне де жас маман бел шеше кіріседі.1917-18 жылдары Жұмахан Күдерин қызыл комиссар Сабыржан Ғаббасов пен, қазақтан шыққан алғашқы партизан әйел Айқыз Көшкінбаевамен қоян-қолтық араласып, бұқара халыққа жасалған қоғамдық-саяси шаралардың бел ортасында жүрген. Алаш зиялыларымен бірге азамат соғысы кезінде қатты күйзелген қазақ ауылдарына азық-түлік таратқан. М.Тынышпаев, М.Төлеубаев, С.Аманжолов және басқа қоғам қайраткерлерімен бірге Алашорда үкіметінің тапсырмаларын орындаған.Ол 1918 жылы Лепсі қаласында Кеңестердің 1-ші съезіне делегат және Жер комиссары болып сайланған.1920 жылы «Қытайға кеткен қазақтарды қайтару» комиссиясында жұмыс істеп, Ж.Күдериннің тікелей араласуымен Қытайдан 6 мың жанұя қайтып елге оралады. Аталған жылы уездік жер бөлімінің бастығы болып сайлануы Ж.Күдериннің саяси белсенділігінің артуына игі ықпал еткен.1921 жылы ол Жетісу өңірін жайлаған тырысқақ індетіне қатысты емдеу жұмыстарына қатысты.1924 жылы Ташкенттегі Орта Азия Мемлекеттік университетінде өзі білім ала жүріп қазақ-қырғыз жетім балалар мектебінің мұғалімі, 1925 жылы Қазақ педагогикалық институтында математика пәнінің оқытушысы, 1926 жылы Қазақ өлкесінің Түркістандағы өкілі, 1925-1927 жылдары Қазақ ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, Рабфактың түрлі ағарту курстарының дәріскері, 1929 жылдан Қапыланбектегі ауылшаруашылығы техникумының оқытушысы қызметтерін атқарды. 1930 жылы «ғалым агроном» мамандығына ие болды.Жұмахан Күдерин Ташкенттегі Орта Азиялық мақта ғылыми-зерттеу станциясында ассисент (1930), Қазақ ССР Жер халкомының мал шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер (1935-36), «Каучуконос» тресінде нұсқаушы агроном (1937) қызметтерін абыройлы атқарған. Ж.Күдерин топырақ зерттеу экспедицияларына қатысып, зерттеу жұмыстарымен тікелей айналысып, ғылыми еңбектер жазған.Жұмахан Күдерин 1936 жылы күзде Наркомземның тапсырмасымен жолсапармен Қапалға келіп, жер шаруашылығы, егіншілік кәсібі, сол аймақтың өсімдіктері жайлы мәліметтер жинап, педтехникум залында кеңестік биология ғылымының жетістіктері жайлы дәріс оқыған. ### Шығармашылығы Алаш қайраткері, әмбебап ғалым, агротехник-зоотехник (1913-1917), ғалым-агроном (1925-1930) Жұмахан Маусымбайұлы Күдерин – биология (улы жыландар, зиянды жәндіктер мен жұқпалы аурулар), ботаника (техникалық өндірістік өсімдіктер – кендір талшықтары, тұт талшықтары, көк сағыз бен тау сағызы, дәнді дақылдар-тары, жүгері, қарақұмық, соя, құмыршық, дәрілік өсімдіктер-көкпек, татыран, итсигек), улы өсімдіктер мен майлы өсімдіктер, мал шаруашылығы (биязы жүн талшықтары) саласы бойынша ғылыми еңбектер мен зерттеулерін жариялаған. Осы саладағы ғылыми- зерттеулері оба індеті тұсында және тоқыма кәсібінде тәжірибеден өтіп, пайдаланылуға ұсынылған.Қазақ мектептеріне арналған оқу құралдарының болмауы болашақ ғалымға үлкен ой салып, сол салада қалам тартып, үлкен ғылыми еңбектер жазуына ықпал етті. Әмбебап ғалым салыстырмалы сөздік пен терминдік сөздіктерді, әдеби оқулықтарды, мектеп оқулығын құрастырған. Жұмахан Маусымбайұлы жаратылыстану саласындағы алғашқы оқу құралдары мен терминдердің авторы. Ол жаратылыстану ғылым саласына жаңа терминдер енгізіп, байытты.Сергиополь мектебінде қызмет ете жүріп нұсқасы дайындалса керек, 1927-1929 жылдары баспадан Жұмахан Күдериннің қазақ мектептеріне арналған «Ботаника» («Өсімдіктану»), «География» оқулықтары, бастауыш сынып оқушыларына арналған «Әліппесі» және «Қоғамдық еңбек» атты оқулықтың хрестоматиясы жарық көрген.Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхананың сирек басылымдар қорындағы «арнайы қорда» Жұмахан Күдериннің 1927 жылы Мәскеуде арап графикасымен жария көрген «Өсімдіктану» атты оқулығы ұзақ жылдар бойы сақталып отыр. Автор кітапты өз қолымен безендіріп, өсімдіктердің жеке түрлері мен сыртқы құрылымын, мүшелерді 108 сурет арқылы бейнелеген.Жұмахан Күдерин сан түрлі ғылым саласынан 50-ден аса ғылыми-зерттеу еңбектерін жазған. Оның ішінде 15-і 1927-1936 жылдар аралығында Мәскеу мен Алматы мемлекеттік баспаларынан жеке кітап болып жарық көрген. Жиырмаға таяуы мерзімді басылым беттерінде басылған. Қалғандары қолжазба түрінде сақталған. Көркем шығармалары ғалым тұтқындалған жылдары тәркіленіп, жойылып кеткен.http://semeylib.kz/?page_id=2880&page=1
Өскемен металлургия кешені - мырыш заводы, қорғасын заводы және аффинаж өндірісі кіреді. Өндірістік алаңша Өскемен қаласының ішінде Қазмырыш басқармасының жанында орналасқан, барлық үш өндіріс ортақ инфрақұрылымға ие. ## Мырыш заводы Мырыш зауыты стандартты технологияны қолданады: ерітінділерді, электролиздерді – аздаған ерекшеліктермен күйдіру, сілтісіздендіру және тазарту жұмыстарын жасайды. Зауыт 1960 жылдары ескі мырыш заводының (қазіргі уақытта пайдаланудан шағарылған) қуатын арттыру үшін салынған болатын, бара-бара кеңейтіліп, қазіргі өнімділікке жетті – жылына 190 000 т тауар түріндегі мырыш (металл мырыш, мырыш-алюминий қорытпасы, мырыш сульфаты). Завод үшін шикізат болып Малеев кеніші мен (құрамындағы мырыш орта шамамен 53.5%) басқа кәсіпорындардың сульфидті мырыш концентраттары саналады. Концентраттар қайнатылған қабат күйдірінді пештерінде күйдіріндіні оттегімен байытылған үрлеуді қолдана отыра қайта өңделеді. Күйдіру пештерінің пайдаланылған газдары жанасу тәсілімен алынады да, күкірт қышқылына айналады, ал күйдіру өнімі мырыш күйдіріндісі пайдаланылған электролитпен сілтісіздендіріледі. Мыс пен кадмийден тазартылған соң алынған ерітіндіден электролиздеу арқылы катодты мырыш алынады. Мырыш сүзінділеріндегі мырыш пиро-металлургия тәсілімен, немесе вельцпеште тікелей сүзінділерден алынады, я болмаса қожұшыру қондырғысында қорғасын заводының шикіқұрам құрамында сүзінділерді балқыту кезінде пайда болған қождан алынады (технологияны таңдау мырыш концентраттарындағы бағалы металдар құрамына байланысты). Мырыш сүзінділеріндегі мырыш вельцпеште вельцұшыруды алумен қоса пиро-металлургия тәсілімен аршылады. Қорғасын өндірісінде мырышты қождарды қожұшыру қондырғысында қайта өңдеуден алынған вельцвозгондар және қожвозгондар пайдаланылған электролитте сілтісіздендіріледі, хлор, күшән және сүрме қосындыларынан тазартылады, өртендіні сілтісіздендіру циклында жөнелтіледі. Мырыш катодтары индукция пештерінде құймаларға, Джумбо блоктарына қайта балқытылады немесе қорытпалар өндіру үшін пайдаланылады да соңғы тұтынушыға жөнелтіледі. ## Қорғасын заводы Қорғасын концентраттарын технологиялық балқыту үшін 2012 жылдан бері ISASMELTТМ үдерісі қолданылып келеді. ISASMELTТМ үдерісінде отқа төзімді шегені бар тұрақты орнатылған пеш және суға батырылатын бір үрлеуіш қолданылады. Пешке концентраттар, отын және қождамалар үздіксіз салынып тұрады. Оттегімен байытылған ауа суға батырылатын үрлеуіш арқылы беріледі де, жоғары турбулентті астау құрайды. Осы үдерістің артықшылығы болып бір қондырғыда бірнеше технологиялық операциялардың бірігуі, ұшқыштық қосындыларды толығымен шығару мүмкіндігі, шикізатты қайта өңдегендегі икемдігі, күрделі және пайдалану шығындарын азайта отыра жоғары үлесті өнімділігі саналады. Осы үдерістің маңызды көрсеткіштері екіншілік шикізаттың біршама көлемін қайта өңдеуге тарту және Қазақстанға, шетелге аралық өнімдерді тасымалдау қажеттілігін барынша азайту болып табылады. ISASMELTТМ балқыту үдерісі отын пайдалану жағынан біршама үнемдірек, технологиялық мүдделерге пайданылатын екіншілік энергия ресурстарын (буды) шығаруға мүмкіндік береді. Заманауи жабдықтар мен технологиялық үдерісті толығымен автоматизациялау, шикіқұрам дайындаудан балқытуға дейін қол еңбегінің үлесін анағұрлым азайтады. ISA-пештің негізгі өнімдері болып толығымен кәдеге жаратылатын құрамында қорғасын бар қож, технологиялық және аспирациялық газдар саналады. Құрамында қорғасын бар қож екі шахта пештерінің біріне келіп түседі, мұнда қож ұшыру қондырғысына жеткізілу үшін мырышты қож пайда болады; тазартылмаған қорғасын – қосындылардан тазартуға келіп түседі. Тазартылмаған қорғасын мынадай пирометаллургиялық тазартудың кезеңдеріне түседі: * екі сатылы мыссыздандыру; * теллурсыздандыру; * Harris пешінде күшән мен сүрмені шығару; * мырышты Parkes-Knowles әдісімен күміссіздендіру; * Knoll-Betterton висмутсыздандыруы; * сілтімен тазарту. Бұл технология жылына 144 000 т–ға дейін тазартылған қорғасын (YKCUK), жылына 7 000 т тазартылмаған мыс, сондай-ақ аздаған көлемде селен, индий, теллур, таллий, сынап және сүрмелі концентрат шығаруға мүмкіндік береді. ## Аффинаж өндірісі Қорғасын тазарту кезінде күміссіздендіру үдерісінде алынған күмісті мырыш көбігі қайта айналымдағы мырышты құрамында күміс бар қорғасыннан бөліп алу үшін электртермиялық тәсілмен қайта өңделеді. Құрамында күміс бар қорғасын купеляция пештерінде Доре қорытпасын шығара отыра қайта өңделеді. Доре қорытпасы аффинаждалған күміс ала отыра электролиттік тазартудан өтеді. Аффинаждалған алтын Казцинк дайындаған технология бойынша екі технологиялық тәсіммен жүргізіледі: тазартылмаған алтыннан электртазартылған анодтар алу, тазартылмаған алтынды химиялық тәсілмен еріту, содан кейін таза алтынды талғамдап шөктіру. Аффинаждалған алтын құймалар түрінде шығарылады (Au құрамы 99.99%). Аффинаждау өндірісінің қуаты жылына 52 т алтын және 990 т күмісті құрайды, екі металл да Лондон бағалы металдар биржасында GoodDelivery тізіліміне енгізілген (маркасы Deer). ## Мыс заводы Мыс заводының құрылысын Қазмырыш 2011 жылы салды. Нәтижесінде қорғасын және мырыш өндірістерімен бірге бір алаңшада шикізаттан тауарлық дайындығы жоғары өнімге пайдалы көмпоненттердің ең көп көлемін кешенді түрде айырып алуға мүмкіндік беретін бірегей технологиялық тәсіл пайда болды. Мыс заводының технологиялық тәсімі заманауи технологиялық балқыту мен жақсы ұйымдастырылған үдерістерді біріктіреді және оның құрамына мынадай технологиялық бөлулер кіреді: - мыс концентраттары мен өнеркәсіп өнімдерін Isasmelt (Аустралия) заманауи технологиясын пайдалана отыра балқыту; - Demag (Германия) фирмасының пештерінде штейн мен қож ала отыра электрбалқыту; - Outotec (Финляндия / Швеция) фирмасының Пирс Смит конвертерлерін пайдалана отыра мыс штейнін конвертерлеу; - Maerz Gauchi (Германия) фирмасының пештерінде тазартылмаған мысты анодпен тазарту; - Isa Process (Австралия) технологиясы бойынша тазартылған катодты мыс ала отыра электролиздеу. Isasmelt пешінде мыс концентраттары мен құрамында мыс бар айналмалы өнеркәсіп өнімдерін штейн-қож балқымасын ала отыра балқытады, штейн-қож балқымасы электрпеште құрамында 60-65 % мыс бар және құрамында алтын мен күміс бар штейн ала отыра бөлінеді. Мыс штейні Пирс Смит конвертерінде тазартылмаған мыс ала отыра қайта өңделеді. Isasmelt жүйесінің жұмыс кезінде пайда болған шаңдар мен қож Казцинктің байыту фабрикасына байыту және гидрометаллургия тәсілдерімен бағалы компоненттер әрі қарай айырып алу үшін тасымалданады. Шаңнан тазартылған газ жаңа күкірт қышқылы заводына күкіртті ангидритті кәдеге жаратуға жөнелтіледі. Тазартылмаған мыс анодпен тазартылған соң тазалығы МОК, МООК маркаларына сәйкес келетін (құрамындағы мыс 99,97% және 99,99% тиісінше) тазартылған мыс ала отыра электролизге жөнелтіледі. Мыс заводының қуаты жылына 70'000 тонна тазартылған катодты мыс, жылына 87 500 тоннаға дейін жеткізу мүмкіндігі бар. Мысэлектролитті шлам түріндегі алтын мен күміс Доре қорытпасын алу үшін купеляция бөлімшесіне жөнелтіледі. ## Дереккөздер
Талап ауылдық округі – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бесарық темір жол станциясы кіреді. Орталығы – Бесарық ауылы. Округ құрамында болған Сатымсай темір жол айрығы 2018 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1073 адамды құрады. ## Дереккөздер
Талап ауылдық округі — Ұлытау облысы Жезқазған қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Талап ауылы кіреді. Орталығы – Талап ауылы. Округ құрамында болған Ескі Талап ауылы 2010 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 797 адамды құрады. ## Дереккөздер
Өгізмүйіз – Қаратау жотасының батысындағы төбе, Сырдария өзенінің аңғарында. ## Географиялық орны Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Шалқия ауылының солтүстігінде 5 км-дей жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі - 449 м. Ұзындығы 8 км, енді жері 1,8 км. Төбенің сыртқы көрінісі өгіздің мүйізін ұқсағандықтан қойылған атау.. ## Дереккөздер
Талгат Таджуддин (тат. Tälgät Tacetdin; Тәлгать Таҗетдин, Талгат Сафич Тадзетдинов, тат. Tälgät Safa uğlı Tacetdinev; Тәлгать Сафа улы Таҗетдинев; 12 қазан 1948, Қазан) — Ресей орталық мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Ресейдің жоғарғы мүфтиі. ## Биография Талгат Сафич 1948 жылы 12 қазанда Қазан қаласында татар отбасында туды. Әкесі жүк көлік жүргізушісі, шешесі зауытта жұмыс істеді. 1966 жылы Бұхарадағы «Мир Араб» медресесіне түсіп, жоғары діни білім алып 1973 жылы үздік аяқтады. 1978 жылы Каирдағы ал-Азхар университетінде білім алды. 1973жылы Қазан соборлы мешітінің екінші имам-хатыбы болып сайланды, ал 1978 жылы бірінші имам-хатыбы болды. 1980 жылдың 19 маусымында Еуропалық КСРО және Сібір мұсылмандарының діни басқармасының мүфтиі және төрағасы болып сайланды. 1990 жылыдың мамыр айында КСРО мұсылмандар діни басқармаларының жиналысында (1991 жылға дейін 4еу болды) КСРО мұсымлман ұйымдарның халықаралық байланыстары басқармасының (1991 жылдан бері мұсылман ұйымдарының сыртқы байланыс ассоциациясы) төрағасы болып сайланды. Қазіргі уақытқа дейін осы қызметте. 1990 жылы 6-8 маусымында Үфіде КСРО-ның Еуропалық бөлігі және Сібір мұсылмандарының V съезінде қайрадан ЕСМДБ мүфтиі және төрағасы болып сайланды. 1992 жылы VI Ресей мұсылмандарының төтенше съезінде ЕСМДБ құрылымын ЕТМД-ға түрлендіру туралы шешім қабылданды. Ірі діни аймақтық орталықтар (мухтасибаттар) мұсылмандар діни басқармаларына (қазір елуден астам мүфтияттар) түрлендірілді және Жоғарғы мүфти шені (саны) енгізіліп бұл сан Талғат Таджуддиновқа берілді. Ресей Президенті жанындағы діни бірлстіктермен ынтымақтастық кеңесінің мүшесі, Ресейдің дінаралық кеңесінің президиумының мүшесі, ТМД-ның дінаралық кеңесінің президиумының мүшесі, Ресей Федерациясының ұлттық әскери қорының қамқоршылар кеңесінің мүшесі болып табылады. 2003 жылы мамыр айында Реейдің ОМДБ-сын Қасиетті Русьтің ОМДБ-сы деп атын өзгертуді ұсынды. Және де Ресей Федерациясының территориясында католик епархиясын құруына қарсы шығып мынандай мәлімдеме жасады: «...Қазірдің өзінде көптеген ғасырлар бойы дәстүрлі конфессиялардың бірыңғай діни кеңістік бар: православие, ислам, иудаизм және буддизм, сондықтан басқа діни басшыларды оның ішінде папаны шақырғанда біз міндетті түрде дінаралық даулы мәселелерді ескеріп, біздің елдегі православтар және мұсылмандар арасындағы жақсы қарым-қатынасты естен шығармауымыз керек». 2003 жылдың сәуір айында «Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында Қасиетті Русьтің Исламдық орталық мұсылмандар басқармасы АҚШ-қа қарсы жиһад жариялау туралы қаулы қабылдағаның жариялады.«Ресей мұсылмандарының АҚШ-қа әсер ететін тиімді рычагтары бар. Атап айтқанда біз қайырмалдық қорын құрамыз және бұл ақшаға Америкамен күресу үшін қару-жарақ және Ирак жалқына азық-түлік сатып аламыз», — деді Талгат Таджуддин. 2013 жылдың қазан айында Жоғарғы мүфти Талгат Таджуддиновтың 65 жасқа келуіне және РМДБ заңды мұрагері болып табылатын «Мұхаммед заңынын Орынбор діни жиналысының» Император Екатерина II жарлығымен 1788 жылы құрылғанына 225 жыл толуына байланысты мейрам өтті. Оған 33 елден 500 астам және Ресей Федерациясының 40 субъектісінен делегаттар қатысты. Мерамның орталық іс-шарасы болып Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің қатысуы болып табылды. 1989 жылдан бастап Мүфти Таджуддинов жыл сайын Булгар (Спасск ауданы, Татарстан) қаласына «Изге Болгар Шокер Джиены (Святой блажыларственный Собор в Булгарах)» қажылық сапар жасайды. Іс шара еділ бұлғарларының яғни қазіргі татарлардың ата-бабаларының Ислам дінін Булгар қаласында Алмуш ханның 922 жылы қабылдағанының мүшелтойына арналған. Жиналыс Ресейден тыс елдерге де тарап халықаралық дәрежеге жетті. Мысалы Булгар жиналыс-2015-ына 20 дан астам елден 50 мыңға жуық адам қатысты. Қазіргі уақытта Талгат Таджуддин Ресей Федерациясының мұсылмандарының ЮНЕСКО-дағы, Ислам конференциясы ұйымындағы, Мұсылмандардың Еуропа лигасындағы және тағы басқа ірі халықаралық ұйымдардығы ресми өкілі болып табылады. Жоғары мүфти Талгат Таджуддин ттар халқының бұлғарлардан шығу көзқарасын қорғайды және ол бірнеше рет татарларға бұлғарлар (еділ бұлғарлары) деген тарихи атын қайтару қажеттігін мәлімдеді. Осындай мәлімдемелерді ол БАҚ, телевидение, интернетте және жеке сөйлеулерде айтады. Мысалы 2001 жылы Софиядағы халықаралаық конференцияда былай деді: «Бізді негізі бұлғар болғанымызға қарасмастан татар деп атайды... Ал болгарлар бұлғарлардың жақын туысы. Біреуі Еділ бойында қалып, басқалары Дунайға кетіп сондағы славяндармен араласқан». Бұл мәлімдеме орталық болгар теледидарынан көрсетіліп, жергілікті газеттерде жарияланды. Ақпарат Ресей БАҚ құралдарында да жарияланды. Мысалы 03.10.2001 жылы «Российская газета»-да. 2015 жылдың 24 желтоқсанында Талгат Таджуддин өзінің орнына Татарстан мүфтиі Камил Самигуллинді қойып ауазымынан кететінің мәлімдеді. Бұл туралы ол Мұхаммедтің туған күніне (Мавлид ан-Наби) арналған Болгардағы іс шарада журналисттерге айтты.. Бірақ 2016 жылдың 20 ақпанында Үфідегі Мұсылмандардың орталық діни басқармасының кеңейтілген президиум отырысында К.Самигуллинның бас тартуына байланысты фарман-жарлықтың Самигуллинды лауазымға тағайындау бөлігінің күшін жою туралы шешім қабылданды. Сөйтіп Т. Таджуддин өз орнында қалды.. ## Отбасы Үйленген, екі қызы және үш ұлы бар. * Әйелі Сания Абдрауф кызы (Сания Абдрауфовна), 50 жыл некеде, Қазан тумасы, әкесі Қазандағы Азим мешітінің имам-хатыбы болып қызмет істеді. * Ең үлкен қызы Наиля (1969 жылы туған) күйеуі және бес қызымен Үфіде тұрады.. * Қызы Зульфия (1970 жылы туған) отбасымен Үфіде тұрады. Күйеуімен үш баланы өсіріп жатыр. Күйеуі банкта жұмыс атқарады. * Ұлы Зуфар (1972 жылы туған) орта мектептен соң Үфі медресесін аяқтап, Түркияда оқыды. Ресей орталық мұсылмандары діни басқармасының типографиясында директор болып жұмыс істейді. * Ұлы Мухаммад (1976 жылы туған) орта мектепді аяқтаған соң Кувейтте оқыды. Ресей орталық мұсылмандары діни басқармасының әкімшілігінің басшысы, Башқұртстан РОМДБ-ының басшысы, араб тілін меңгерген. * Ұлы Гумар (1979 жылы туған) орта мектепді аяқтаған соң Түркияда оқыды. ## Марапаттары ### Мемлекеттік марапаттары * IV дәрежелі «Отан алдындағы қызметтері үшін» ордені (19 қазан 2013 жыл) — за достигнутые трудовые успехи, многолетнюю добросовестную работу и активную общественную деятельность * Құрмет Ордені (12 қазан 2008 жыл) — Рухмани мәдениетті дамытқаны және халықтар достығын нығайтқаны үшін * Достық Ордені (21 қыркүйек 1998 жыл) — Халықтар арасында достық және ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлкен улесі үшін. ### Ресей Федерациясының субъектілерінің марапаттары * "Астрахан облысы алдындағы қызметі үшін" орден медалі (2016 жыл, Астрахан облысы) * Киров облысы үкіметінің Құрмет белгісі (2013 жыл, Киров облысы) * Челябі облысының алдындағы үздіктік белгісі (2010 жыл, Челябі облысы) * Халықтар бірлігі Ордені (2008 жыл, Башқұртстан). * Башқұртстан Республикасының құрмет грамотасы (1998 жыл, Башкортостан) ### Діни марапаттар * ІІ дәрежелі Даңқ және намыс (Орыс православ шіркеуі, 2013 жыл 13 қазан) — дінаралақ бейбітшілік пен келісімді күшейтуге салған еңбекке назар салғаны үшін. Орыс православ шіркеуі * II дәрежелі Қасиетті сенген князь Даниил Московский ордені (Орыс православ шіркеуі, 2008 жыл) — дінаралақ бейбітшілік пен келісімді күшейткені үшін. ## Басқа марапаттары * Хабаров крайының Құрмет белгісі (2016 жыл) * Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасының Құрмет грамотасы (2014 жыл) * «Сенім және адалдық» Ордені, Халықаралық Андрей Первозванный сыйлығының лауреаты (Андрей Первозванный қоры, 13 желтоқсан 2013 жыл) — Дінаралық келісімді нығайтуға бағытталған өп жылдарғы қызметі үшін * Император медалі «Бүкілхалықтық ерлік юбилейі. 1613—2013» (2013 жыл) * «Ішкі істер министрлігіне көмек үшін» омырау белгісі . Ресей ІІМ министрі Рашида Нургалеев жарлығымен (2010 жыл) * Алтын медаль «Бітімгершілік және қайырымдылық қызметі үшін». Ресей Федерациясы Президенті жарлығымен (2007 жыл) * Минин және Пожарский Ордені «Ресейді өз істерімізбен асқақтатайық» (2004 жыл) * Күміс медаль «Қылмыстық-атқару жүйесін нығайтқаны үшін» Ресей Әділет министрінің бұйрығымен (2002 жыл) * Орыс биографиялық институтымен «Дін» (2001 жыл) номинациясында «Жыл адамы-2001» ретінде дінаралық байланысты нығайтқаны үшін және бітімгершілігі үшін ұысынылды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Таджуддин Талгат. Сайт «Мир религий» Мұрағатталған 31 мамырдың 2019 жылы. * Биография на сайте Patriarchia.ru Мұрағатталған 26 маусымның 2014 жылы. * People’s History * Выступление Т.Таджуддина на 4-м Всемирном курултае башкир YouTube сайтында
Ақжарма ауылдық округі – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы әкімшілік бірлік. 1997 жылға дейін Далакөл ауылдық округі деп аталды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақжарма ауылы кіреді. Орталығы – Ақжарма ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2545 адамды құрады. ## Дереккөздер
Жетікөл — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Жетікөл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Тереңөзек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 78 км-дей жерде. ## Тарихы Іргесі 1957 жылы қаракөл қойын өсіретін Аманкелді атындағы кеңшар бөлімшесінің орталығы ретінде қаланған. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 969 адам (520 ер адам және 449 әйел адам) болса, 2009 жылы 794 адамды (420 ер адам және 374 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Айдарлы — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Айдарлы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Тереңөзек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 115 км-дей жерде, Сырдарияның сол жағалық аңғарында орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1932 жылы осы өңірдегі Әудек, Құмшығанақ, Сарықұм, 1934 жылы Ақарық, Мақпалкөл жерлерінің тұрғындары бірігіп, алғашқы мойынсерік (ТОЗ) құрды. Ол 1935 жылы ірілендіріліп «Айдарлы» ұжымшары болды. 1958 жылы ұжымшар «Бірінші Мамыр» ұжымшарына, 1963 жылдан «Амангелді» кеңшарына біріктірілді. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2338 адам (1180 ер адам және 1158 әйел адам) болса, 2009 жылы 1892 адамды (957 ер адам және 935 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ақжарма ауылдық округі – Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Баймұрат батыр, Талдыарал ауылдары кіреді. Орталығы - Баймұрат батыр ауылы. Округ құрамында болған Қалғандария, Қубас ауылдары 2019 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2225 адамды құрады. ## Дереккөздер
Құндызды ауылдық округі — Қызылорда облысы Сырдария ауданында болған әкімшілік бірлік, 2013 жылы таратылған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Мәлібаев ауылы кірді. Орталығы – Мәлібаев ауылы болды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1251 адамды құрады. ## Дереккөздер
№8-темір жол айрығы — Қызылорда облысы Сырдария ауданы, Тоқмағанбетов ауылдық округі құрамында болған темір жол айрығы, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Тереңөзек ауылынан шығысқа қарай 8 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 14 адам (2009).
Құндызды ауылдық округі – Абай облысы Абай ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Жүрекадыр ауылы. ## Дереккөздер
Сейфуллин — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Сейфуллин ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Тереңөзек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4 км-дей жерде. ## Тарихы Ауылдың іргетасы ХХ ғасырдың басындағы 1929-1933 жылдар аралығындағы ұжымдастыру кезеңінде қаланды. 1975 жылы «С. Сейфуллин» атындағы совхоз болып құрылды. Совхоз негізінен күріш өсірумен және мал шаруашылығымен айналысты. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1628 адам (811 ер адам және 817 әйел адам) болса, 2009 жылы 1600 адамды (803 ер адам және 797 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Талап ауылдық округі — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қастек, Сұраншы батыр ауылдары кіреді. Орталығы – Сұраншы батыр ауылы. ## Дереккөздер
№9-темір жол айрығы — Қызылорда облысы Сырдария ауданы, Тоқмағанбетов ауылдық округі құрамында болған темір жол айрығы, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Тереңөзек ауылынан шығысқа қарай 17 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 34 адам (2009).
Шаған ауылдық округі – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Шаған ауылы кіреді. Орталығы – Шаған ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 4343 адамды құрады. ## Дереккөздер
Шаған ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жаңаөмір, Бекет, Кемер ауылдары кіреді. Орталығы – Жаңаөмір ауылы. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3854 адамды (1885 ер адам және 1969 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қосарық (2020 жылға дейін — Жарты казарма) — Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Ақмая ауылдық округі құрамындағы елді мекен. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан оңтүстік–шығысқа қарай 14 км жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 136 адам (81 ер адам және 55 әйел адам) болса, 2009 жылы 132 адамды (74 ер адам және 58 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ақмая (1997 жылға дейін — Авангард) — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Ақмая ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан оңтүстік–шығысқа қарай 15 км жерде, Телікөл арнасының батыс жақ жағасындағы шөл белдемінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2383 адам (1209 ер адам және 1174 әйел адам) болса, 2009 жылы 2519 адамды (1293 ер адам және 1226 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1973 жылға дейін ұжымшар орталығы, 1997 жылға дейін «Авангард» күріш кеңшары мен Ақмая ауылдық кеңесінің орталығы болып келді. Мұнда күріш және мал өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Республиканың қазіргі әнұраны 2006 жылғы 6 қаңтарда қабылданды. «Менің Қазақстаным» әнұран ретінде алғашқы рет Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі кезінде орындалды. ## Мәтін Қазақстанның бейресми әнұраны атанған Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әнінің мәтіні аз кем өзгертілді. Мәтін авторы ретінде Н.Назарбаев өз ұсыныстарын енгізді. Ол алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі кезінде орындалды. ## Тарихы ### Қазақ КСР әнұраны 1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Григорьевич Брусиловский мен Латиф Абдулхайұлы Хамидидің әуеніне жазылған Ә. Тәжібаевтың, Қ. Мұқамедханов, Ғ. Мүсіреповтың мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қ. Мұхамедханов болып табылады, ал басқа авторлардың үлесі мәтін басындағы «ер қазақ»-тан «біз қазақ»-қа ауыстыруымен шектеледі.Әнұран 1945 жылы бекітілді. Кеңестік дәуірдегі әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылған еді.. ### 1992-2006 жылдардағы Қазақстан Республикасының әнұраны Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы - азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажеттігі туындады. Соған байланысты 1992 жылы республика әнұранының мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт ақынның: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаеваның бірлесіп жазған мәтіні жеңіске жетті. Әнұран әні сол күйінде қалдырылды, алғашқы авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди еді. 2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды. ## Тағы қараңыз * Қазақстан елтаңбасы * Қазақстан туы ## Дереккөздер
Жыланбас білезік – жылан бейнесіне ұқсап соғылған білезік түрі. Мұндай білезіктерді соғу түркі халықтарының барлығында кездескен. Мысалы, өзбектерде "илонбош билагузук", қырғыздарда "жылан баш" деп аталады. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Народное декоративно-прикладное искусство киргизов. Труды киргизской археолого-этнографической экспедиции. Т.V. Под. ред.: С.В. Иванов, К.И. Антипина. М.: Наука, 1968; * Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы. Алматы: Қазақстан, 1993; * ҚР МОМ – материалдарынан; * ОМЭЭ – материалдарынан.
Еңбек — Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Талдысай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қандыағаш қаласынан солтүстік-батысқа қарай 49 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 408 адам (215 ер адам және 193 әйел адам) болса, 2009 жылы 324 адамды (169 ер адам және 155 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Алғабас — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Жуантөбе ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстікке қарай 11 км жерде, Телікөл каналының бойында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2647 адам (1368 ер адам және 1279 әйел адам) болса, 2009 жылы 2803 адамды (1449 ер адам және 1354 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1928 жылы бірнеше шағын артельдер ретінде қаланған. 1936-96 жылдары күріш өсіретін ұжымшардың орталығы болған. ## Дереккөздер
Талдысай ауылдық округі — Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Талдысай, Еңбек ауылдары кіреді. Орталығы – Талдысай ауылы. ## Халық саны ## Дереккөздер
Байсын (1997 жылға дейін — Жаңатұрмыс) — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, темір жол станциясы, Жаңатұрмыс ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км жерде, Сырдария өзенінің Шилі тармағы жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 846 адам (418 ер адам және 428 әйел адам) болса, 2009 жылы 875 адамды (432 ер адам және 443 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1928 жылы «Жаңатұрмыс» ұжымшары негізінде қаланған. 1996 жылға дейін Жаңатұрмыс ауылы деп аталып, Ы.Жақаев атындағы ұжымшар бөлімшесінің орталығы болған. ## Инфақұрылымы Байсын ауылында №207 Жаңатұрмыс орта мектебі бар. ## Дереккөздер
{{Тексерілмеген мақала|date={{subst:#time:F Y}}}}Тассахара (амер. ағыл. Tassajara) — тау-кен орталығы дзен, аталған осылай географиялық принципі. Орналасқан алқабында Тассахара, Солтүстік Америка. Аумағында орналасқан АҚШштатындағы Калифорния. Жапондық атауы — Дзэнсин-дзи, "храмы жүрек Дзен". Принадлежит к буддистской дәстүр Сото. Негізі 1967 жылы мен бірінші буддистским монастырем тысқары Азия. Бірінші аббат Тассахары — роси (буддистік мастер) Сюнрю жастағы бүлдіршіндерді судзуки. Қыркүйек 2011 жылғы аббатом Тассахары болып табылады мастер дзен Жынысы Халлер. Монастырь тауларда орналасқан Калифорния, ұрады ыстық су көздері. Жазда монашеская қауымы ашады Тассахару қонақтарға қызмет көрсетіп, оны қалай танымал курорт. "Маусымның қонақтар" Тассахаре өтіп, ондаған семинарлар, дәрістер, ретритов. Әрбір күзде монастырь жабылады бару үшін, қамтамасыз ету үшін тәжірибелік жүргізетін дзен қарқынды монашескую тәжірибе түрінде екі дәстүрлі үш айлық кезеңдер практика. ## Әдебиеті * Gudde Erwin G. California Place Names: the Origin and Etymology of Current Geographical Names — fourth. — Berkeley, Calif.: University of California Press, 2004. — ISBN 978-0-520-24217-3. Gudde Erwin G. California Place Names: the Origin and Etymology of Current Geographical Names — fourth. — Berkeley, Calif.: University of California Press, 2004. — ISBN 978-0-520-24217-3. * Brown, Edward Espe. The Tassajara Bread Book, 25th Anniversary Edition. Boston: Shambhala Publications, 1995. ISBN 978-1-57062-089-8. * Brown, Edward Espe. The Tassajara Recipe Book, revised edition. Boston, Shambhala Publications, 2000. ISBN 1-57062-580-8. ## Сілтемелері * History - Tassajara - San Francisco Zen Center. Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 тамыз 2012. * Frederick C. Crews Zen & the Art of Success. The New York Review of Books (March 28, 2002). Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 тамыз 2012. * David Chadwick Interview with Robert Beck. cuke.com (February 19, 2002). Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 тамыз 2012. * Janet Fullwood Serene escapes: Where less is more. Sacramento Bee (қараша 29, 2006). Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 тамыз 2012. * San Francisco Zen Center Pure Standards and Guidelines for Practice Period (PDF). Басты дереккөзінен мұрағатталған 18 тамыз 2006.(қолжетпейтін сілтеме) * San Francisco Zen Center Guidelines of Conduct & Precepts for Summer Practice (PDF). Басты дереккөзінен мұрағатталған 7 ақпан 2007.(қолжетпейтін сілтеме) * San Francisco Zen Center Summer Work Practice. Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 тамыз 2012. * Alan Liddle Fresh seafood, produce mold 565 Clay's success - San Francisco restaurant. Nation's Restaurant News (September 29, 1986). * Eileen Hansen, review of Greens Restaurant It's good to be greens. San Francisco Chronicle (August 29, 2004). Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 тамыз 2012. * Peter Sinton Staff of Life Not Enough For Tassajara. San Francisco Chronicle (photo) (April 10, 1999). Басты дереккөзінен мұрағатталған 17 сәуір 2008.(қолжетпейтін сілтеме) * Ann Hodgman Flour Power. The New York Times (March 30, 2003). Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 тамыз 2012.
Шұбартүбек (2007 жылға дейін — Красный рыбак) — Жетісу облысы Сарқан ауданы, Қарашыған ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарқан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 156 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
№22-темір жол айрығы — Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Бәйтерек ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шиелі ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 186 адам (110 ер адам және 76 әйел адам) болса, 2009 жылы 141 адамды (72 ер адам және 69 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Нью-Йорктағы егіз ғимараттың арасына керілген темір арқанның бойымен жүріп өте алған әлемдегі жалғыз адам - акробат Филипп Пети туралы хикая. ## Дереккөздер
Ферма 2 — Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Тартоғай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 54 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 314 адам (146 ер адам және 168 әйел адам) болса, 2009 жылы 198 адамды (106 ер адам және 92 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Кірпіш зауыты — Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Тартоғай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 51 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 352 адам (175 ер адам және 177 әйел адам) болса, 2009 жылы 411 адамды (202 ер адам және 209 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Бірінші Мамыр — Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстік–батысқа қарай 70 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 839 адам (435 ер адам және 404 әйел адам) болса, 2009 жылы 704 адамды (351 ер адам және 353 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жаназар батыр ауылы (2018 жылға дейін — Бірлестік) — Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстік–батысқа қарай 85 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 667 адам (340 ер адам және 327 әйел адам) болса, 2009 жылы 293 адамды (145 ер адам және 148 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1928 жылы қаланған. 1928-96 жылдары күріш өсіретін «Гигант» ұжымшары бөлімшесінің орталығы болған. ## Дереккөздер
Сұлутөбе — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Сұлутөбе ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстік–батысқа қарай 73 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2604 адам (1356 ер адам және 1248 әйел адам) болса, 2009 жылы 2403 адамды (1220 ер адам және 1183 әйел адам) құрады. ## Ауыл суреттері * * * ## Дереккөздер
Қарақұлов Ишанбай Қарақұлұлы (1909-1992) - ғалым-эпидемиолог, медицина ғылымының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының, КСРО Медицина ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, КСРО Медицина ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның және Қарақалпақ АКСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, медицина ғылымы саласында қазақтан шыққан тұңғыш профессор. Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Орынбор қаласындағы жасөспірімдерге арналған үш жылдық мектеп-интернатында оқыған. Орал қаласындағы Қазақ өлкелік медицина техникумын, Алматы мемлекеттік медицина институтын (С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті) және осы институттың аспирантурасын бітірген. 1937 жылы институтты тәмамдаған ол бірден Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалған. 1937-1946 жылдары бірінші шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланған. 1946-1947 жылдары Алматы медицина институты эпидемиология кафедрасының меңгерушісі. 1948-1950 жылдары - Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1950-1954 жылдары Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған.Ишанбай Қарақұлұлы - эпидемиология, профилактика және микробиология саласындағы белгілі зерттеуші және денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы ірі қайраткерлердің бірі. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері адамға жұғатын ауруларды зерттеуге және Қазақстанның денсаулық сақтау ісін ұйымдастыруға арналған. Ол малдан жұғатын аса қауіпті ауруларға эпидемиологиялық тұрғыдан жіктеу жасап, олардың жұғу жолдарын анықтады, оларға қарсы қолданылатын кешенді шаралардың біртұтас жүйесін ұсынды. Cарыптан сақтану мақсатында адам терісіне алдын ала вакцина егу әдісін тапқан. Оның ұсынған бұл әдісі қазіргі кезде шет мемлекеттерде де қолданылады. Профессор Ишанбай Қарақұлұлы ұзақ жылдар бойы Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Жоғары аттестациялық комиссиясының сарапшысы, Кеңес-Үндістан достығы қоғамының вице-президенті, Кіші медициналық энциклопедия редакторының орынбасары болып жұмыс істеді.Ғалым Қазақстанның денсаулық сақтау ісін ұйымдастыра отырып, медицина ғылымын, дәріханалық істі дамыту және кадр даярлау жөнінде зор жұмыстар жүргізген.Соғыс жылдары И.Қарақұлов Қарулы Күштердің орталық институтында қызмет етті және Үкімет пен Жоғарғы Кеңестің соғысқа қатысты бірқатар жауапты тапсырмаларын орындады. Ол медицина қызметінің подполковнигі әскери шенін алды.И.Қарақұловтың ғылыми еңбектерін Кеңес Армиясының бас эпидемиологы, академик А.Алымов, академиктер В.Тимаков, П.Здродовский өте жоғары бағалады, сондай-ақ оның басқа да ғалымдар арасында беделі биік болды.Ол 1946 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында эпидемиология кафедрасын құрып, оны өзі зейнеткерлікке шыққанға дейін (1987-1988) үздіксіз басқарған. Осы кафедраның негізінде 300-дей жұмыс орындалып, отызға тарта докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалды. Профессор И.Қарақұловтың алғысөзімен және редакциялауымен он беске жуық әртүрлі монографиялар, ғылыми жинақтар мен еңбектер, оқу құралдары басылып шықты. Мұндай әртүрлі проблемалық жұмыстардың орындалуы И.Қарақұловтың тек инфекциялық патология, әлеуметтік гигиена, демография, денсаулық сақтауды ұйымдастырумен ғана шектеліп қалмағанын, сонымен бірге оның ғылыми жан-жақтылығын да аңғартады.Профессор Ишанбай Қарақұлұлы эпидемиологтардың, микробиологтардың, инфекционистер мен паразитологтардың бүкілодақтық және республикалық (бұған Қазақстанмен бірге, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Қырғызстан, Түркіменстан, Қарақалпақ АКСР-і қоғамдары да кірген) ғылыми қоғамдарының құрметті мүшесі, ал Қазақстан микробиологтары, эпидемиологтары және паразитологтары ғылыми қоғамының құрметті төрағасы болды.Ишанбай Қарақұлұлы жастарды жан-жақты тәрбиелеу проблемасымен де үзбей айналысты. Бұл ретте ең алдымен оның 1983 жылы белгілі жазушы Ғ.Мүсіреповтің алғысөзімен шыққан «Қырық сұрақ - қырық жауап» атты кітабының мәні зор екенін айтқан жөн. Ол қарақалпақ, қырғыз тілдерінде де жарық көрді. «Индиялық достарда» (1962), «Сырласу» (1989), тағы басқа кітаптары бар. Онда жастарға байланысты көп тәрбиелік мәселелерді көтерді.И.Қарақұловтың маман-дәрігерлерді дайындаудағы сіңірген еңбегін ескере отырып және Қазақстандағы эпидемиологиялық ғылымның іргесін қалаушылардың бірі болғаны үшін С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті ғылыми кеңесінің шешімімен (24 ақпан 2009 жылғы хаттама № 8) университеттің эпидемиология кафедрасына және № 6 аудиторияға оның аты берілді. Бір оқу ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған. Алматы қаласындағы «Қалқаман-2» шағын ауданындағы көше бірі И.Қарақұлов есімімен аталады. «Халықтар достығы» орденімен, көптеген медальдармен, КСРО денсаулық сақтау министрлігінің, КСРО «Білім» қоғамының, КСРО Медициналық ғылым академиясының, Қазақ КСР-і Ғылым академиясының, Қазақ КСР-і және Қарақалпақ АКСР-нің Жоғарғы Кеңесі президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Пайдаланылған әдебиеттер:http://inform.kz/kz/karakulov-ishanbay-karakululy_a2224211 ## Дереккөздер
Қосүйеңкі — Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі кентінен солтүстік-шығысқа қарай 28 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 235 адам (118 ер адам және 117 әйел адам) болса, 2009 жылы 209 адамды (108 ер адам және 101 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жиделіарық — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Жиделіарық ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі кентінен солтүстікке қарай 12 км-дей жерде, Шиелі-Телікөл каналы бойында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 840 адам (449 ер адам және 391 әйел адам) болса, 2009 жылы 905 адамды (475 ер адам және 430 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1928 жылы қаланды. 1928-96 жылдары күріш өсіретін «Коммунизм» ұжымшары бөлімшесінің орталығы болған. ## Дереккөздер
Жансейіт (1997 жылға дейін — Райспецхозобъединение) — Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Иіркөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстік–батысқа қарай 10 км-дей жерде, Сырдария өзенінің аңғарында. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 400 адам (219 ер адам және 181 әйел адам) болса, 2009 жылы 419 адамды (232 ер адам және 187 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Феликс Драйшок (нем. Felix Dreyschock; 27 желтоқсан 1860) — Түбірі чех болып келетін неміс композиторы және пианисті . Скрипкашы Раймунда Драйшока мен әнші Элизабет Нозенің ұлы. 1869 ж. әкесі қайтыс болғаннан және анасы Берлинге көшкеннен  кейін Лейппцигалық органист Карл Юннеде оқыған.онда ол  Эрнст Рудорф, Вильгельм Тауберт және Фридрих Киль, және ақырында, Штерн Консерваториясында   Генрих Эрлихадан дәріс алған, содан кейін өзі сол жерде дәріс берген. 1883 жылы солист ретінде дебют берген, онымен қоса ансамблдерде де өнер көрсеткен (мысалы, скрипкашы Арма Зенкрмен). Көптеген фортепианалық этюдтардың авторы , онымен қоса , Гейне, Пауля Хейзе және т. б. ақындардың өлеңдеріне ән жазған. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Драйшок, Феликс: шығармаларының нотасы" International Music Score Library Project * Өмірбаяндық анықтама 1901 жылы(қолжетпейтін сілтеме) (нем.)
№18-темір жол айрығы — Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Тартоғай ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шиелі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 39 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 65 адам (35 ер адам және 30 әйел адам) болса, 2009 жылы 29 адамды (14 ер адам және 15 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Анатолий Васильевич Гришин (3 маусым 1932, Владимирская облысы — 20 маусым 2013, ВладимирКатегория:Персоналии по алфавитуКатегория:Умершие в Владимире, РСФСР) — кеңестік мемлекеттік және шаруашылық қайраткер. ## Өмірбаяны Анатолий Васильевич Гришин 1932 жылы 3 маусымда Липна Петушинского ауылында дүниеге келген. 1941жылдан 1948 жылға дейін Липндағы «Знамя Октября» колхозында жұмыс жасады. 1952 жылы Владимир энергомеханикалық техникумды тәмәдады және Серпухов Московски облысына бағытталды, мұнда ол «10 Октября» атты механикалық зауытта жұмыс істеді. ГСВГ Кеңес армиясының құрамындада болды. Үш жылдан осң өз зауытына қайта оралып, мотор цехының мастерынан директорына дейін көтерілді. Оның еңбек өмірбаянында басқа да цех басшысы, профком төрағасы, партком хатшысы, зауыттың бас инженері сияқты маңызды кәсіптер болды. 1964 жылы Владмириский политехничкалық институттың кешкі бөлімін аяқтады. 1978 жылы зауыттың бас директоры болып тағайындалды. 1993 жылы ОАО «ВТЗ» директорлар кеңесінің төрағасы және бас директоры болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 20 шілдеде дүниеден 81 жасында өтті. Владимир қаласында жерленген. ## Марапаттары * Ленин ордені. * Ленин ордені. * Октябрь революциясы ордені. * Еңбек Қызыл Ту ордені. * "Құрмет Белгісі"ордені. * халықтар достығы ордені. * Мемлекеттік сыйлығы, КСРО * Құрметті машина жасаушысы РСФСР ## Сілтемелер
{{Тексерілмеген мақала|date={{subst:#time:F Y}}}} Терпендер-(лат.oleum oleum terebinthinae- скипидар) көмірсутек класы- ''''биосинтез өнімдерінің жалпы формуласы (СН2)n ,көміртекті қаңқа формальды болып табылатын туынды изопрен CH2=C(CH3)-CH=CH12. Көп мөлшерде олар қылқан жапырақты өсімдіктерде және көптеген эфир майларында кездеседі.'''' ## Жіктелуі Терпендер бар қатысушылардың саны бойынша изопреновых буындарын құрайтын көміртегі қаңқасы молекулалар: * Семитерпены — C5H8, * Монотерпены (терпендер бар) — C10H16, * Сесквитерпены (полуторатерпены) — C15H24, * Дитерпены — C20H32 (C10H16)2, Терпендер бар көп конденсирленген молекулалардың (буын) құрайды, шайырды және каучук. * Тритерпены — C30H48 (C10H16)3, * Тетратерпены — C40H64 (C10H16)4, * Политерпендер — (C5H8)n, мұндағы n > 8. ## Ескертпелер
Қызылқайың — Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан батысқа қарай 55 км-дей жерде, Сырдария өзенінің жағасында. Бұрынғы атауы – "Сырдария" ауылы. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 230 адам (144 ер адам және 86 әйел адам) болса, 2009 жылы 229 адамды (119 ер адам және 110 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Майлытоғай — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Майлытоғай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 58 км-дей жерде, Орынбор–Ташкент темір жолы бойында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1083 адам (569 ер адам және 514 әйел адам) болса, 2009 жылы 756 адамды (388 ер адам және 368 әйел адам) болды. ## Тарихы Ауыл 1962-96 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Первомайский» кеңшары бөлімшесінің орталығы болған. ## Дереккөздер
№20-темір жол айрығы — Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Алмалы ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шиелі кентінен солтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 41 адам (18 ер адам және 23 әйел адам) болса, 2009 жылы 40 адамды (18 ер адам және 22 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
№21-темір жол айрығы — Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Алмалы ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шиелі кентінен солтүстік-батысқа қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 543 адам (274 ер адам және 269 әйел адам) болса, 2009 жылы 559 адамды (281 ер адам және 278 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Еңбекші — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Еңбекші ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі кентінен солтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1401 адам (702 ер адам және 699 әйел адам) болса, 2009 жылы 1532 адамды (767 ер адам және 765 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1929 жылы Еңбекші «ТОЗ» шаруашылығы болып құрылды. 1933 жылы Еңбекшіге «Колхоз» деген атақ берілді. 1950 жылы Еңбекші, Жиделі, Үлгілі колхоздары бірігіп, ірілендірілді. Жаңа колхоздың атын «Молотов» деп атады. 1975 жылы аудан шаруашылықтарында мамандандыру саясаты жүргізілді. «Коммунизм» колхозынан «Еңбекші» бөлімшесі өз алдына отау тігіп, мал шаруашылығымен айналысатын «Еңбекші» қаракөл қой совхозы болды. ## Дереккөздер
Тұран ауылдық округі – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы әкімшілік бірлік. 2020 жылға дейін Төңкеріс ауылдық округі деп аталды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Шеген Қодаманов ауылы кіреді. Орталығы – Шеген Қодаманов ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2742 адамды құрады. ## Дереккөздер
Тоғайлы (2020 жылға дейін — Лесхоз) — Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Алмалы ауылдық округі құрамындағы ауыл. 1946 жылы аудандық орман шаруашылығы есебінен құрылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шиелі кентінен солтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 128 адам (56 ер адам және 72 әйел адам) болса, 2009 жылы 91 адамды (50 ер адам және 41 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Сұңқарлар (лат. Falconidae) — сұңқартәрізділер отрядының (Falconiformes) жыртқыш құстар тұқымдасы. Тұқымдаста 11 тек пен 58 биологиялық түрі бар. Ең кішкентайы - ергежейлі сұңқар, дене тұрқы 15-19 см. ## Таралуы Антарктидадан басқа жерлерде тундрадан тауға дейін (шөлді аймақтарда да) кең таралған. Қазақстанда 7 (ителгі, бөктергі, тұрымтай, жағалтай, лашын, ақтырнақ, бөктергі, күйкентай) түрі бар. ## Сипаттамасы Жұптасып тірлік етеді. Мекиені үш-төрт жұмыртқа табады. Көбіне тасқа ұялайды. Жұмыртқасын бір ай мөлшерінде басып, балапан шығарады. Балапаны бір жарым ай мөлшерінде ұядан ұшады. Сұңқарлар өз ауын (жемін) күндіз аулайды, ұшқан құстың көбіне қожа. Сұңқар өз жемін көбіне аспанда теуіп түсіреді. Кішігірім құстарды жерге жеткізбей, қайта оралып, іліп әкететін кездері де болады. Қонақтаған құстарды өздері үркітіп барып, теуіп түсіретін сәттері де жиі, Қоян сияқтыларды қашып бара жатқанда-ақ тебеді. ## Жіктелуі Тұқымдаста 11 тек бар: * Daptrius * Ibycter * Phalcoboenus * Caracara, бұрын Polyborus * Milvago * Herpetotheres * Micrastur * Spiziapteryx * Polihierax * Microhierax * Falco ## Дереккөздер
Шиелі – Сырдария алабындағы өзен. Сырдарияның тармағы. ## Географиялық орны Қызылорда облысы Шиелі ауданы жерімен ағады. ## Гидрологиясы Ұзындығы – 110 км. Қар суымен деңгейі көтеріледі. Аңғары кең, көбіне батпақты жазық, арнасы құмайтты болғандықтан тез өзгеріп отырады. Алабы – шабындық, жайылым. Суымен егістік алқап суарылады. ## Бастауы Сырдариядан Төменарық темір жол стансасы тұсында бөлініп шығып, Жөлек ауылы тұсында қайта құяды. ## Дереккөздер
Жұбан — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Сарыкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 23 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 79 адам (49 ер адам және 30 әйел адам) болса, 2009 жылы 125 адамды (51 ер адам және 74 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ажар — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Қызылқұм ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 123 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 171 адам (89 ер адам және 82 әйел адам) болса, 2009 жылы 304 адамды (165 ер адам және 139 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қызылқұм ауылдық округі – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Кәукей, Ажар ауылдары кіреді. Орталығы – Кәукей. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1524 адамды құрады. ## Дереккөздер
Әлішер Кәрімов - (1985 жылдың  қазан айының 28- жұлдызы күні Жамбылда, қазіргі Тараз қаласында туылған) қазақстандық эстрада әншісі, музыкант. Қазақстанды «Славян базар», «Новая волна», «Ереван шақырады» сияқты халықаралық вокалдық конкурстарда танытты. «SuperStar KZ» жобасының екінші бөлімдік бағдарламасының финалисті. ## Биографиясы Әлішер Кәрімов 1985 жылдың  қазан айының 28-жұлдызы күні Жамбылда (қазіргі Тараз қаласы) туылған. Алғаш рет сахнаға 5 жасында шығып, Республикалық жас таланттарға арналған «Әнші балапан» атты конкурстың көрермендер көзайымы жүлдесіне ие болды. Әлішер 2015 жылдың 8 қарашасында осы конкурстың 25 жылдық мерейтойлы концертінде ендігінде танымал әнші ретінде өнер көрсетті. ### Білім жолы Әлішер мектепті аяқтағаннан кейін бірден Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық  өнер академиясына ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Люция Толешеваның курсы болып табылатын «вокал» класына оқуға түседі. 2016 жылы барлық емтихандарын жақсы тапсырып, Қазақ ұлттық өнер университетіндегі «Музыкатану» факультетіне магистратураға түсіп, оқуын жалғастырады (бұрынғы Қазақ ұлттық музыка академиясы). ### Өнер жолының бастамасы Әлішер Кәрімов «SuperStar KZ» атты телевизиялық шоуында екінші орын алып, қатысқанының арқасында танымал бола бастады. Тура осы уақыттан бастап жас орындаушының мансабының гүлдене бастауы байқай аламыз. «SuperStar KZ»-тен соң Әлішер өзінің талантын телевизияда таныта бастайды. Ол «Хабар» телеарнасының «Начистоту»  атты бағдарламасының жүргізушілерінің бірі атанады. 2007 жылдың тамыз айында Әлішер Лос-Анджелесте өткен Бүкіләлемдік өнердің  түрлерінің орындаушылық чемпионатында екі алтын және бір күміс медальдарды жеңіп алды (en. «World Championships of Performing Arts»). Осы жерде әнші Universal Studios-тың кастинг-директоры  Патрик Хайнингемнен актерлік мансабын Голливудта жалғастыруға ұсыныс алды.  Алайда Әлішер музыканы таңдап, контрактқа ақыры қол қойылмайды. ### Халықаралық конкурстарға қатысуы Әр жылдары әнші көптеген халықаралық конкурстарға қатысып, Қазақстаннан басқа да аумақтарда көрермендердің махаббатына ие болды: Витебсктегі «Славян базары»  (2011 жыл, Белоруссия) — 3 орын және «Орыс БАҚ-нан арнайы жүлде», «Ереван шақырады» (2012 жылы, Армения) — 3 орын, Юрмаладағы «Новая волна» (2014 жыл, Латвия) — 10 орын. Әншінің шығармашылығында Франция, Түркия және Болгарияда қатысқан халықаралық фестивальдері ерекше орын алады. ## Жетістіктері 2015 жылы Әлішер Кәрімов Forbes Kazakhstan журналының  ең үздік отыз шоу-бизнес пен спорт жұлдыздарының қатарына еніп, рейтингте 15- орынды алды. 2016 жылдың ақпан айында Әлішер Кәрімов мемлекеттік Қазақстан Республикасының Алғашқы Президенті - Ұлт Лидері Қорының атаулы Сияпатына ие болды. ## Қайырымдылық істермен шұғылдануы Бұнымен қоса, Әлішер Кәрімов қайырымдылық істермен белсенді түрде шұғылданады: әнші гонорарының тең жартысын жетімдер үйіне береді. 6 млн.-нан астам теңге мұқтаж балаларға берілген жағдай 2015 жылы өткен турнеден кейін  орын алған болған. ## Шығармашылығы 2015 жылдың қазан айында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, «Бірлігіміз жарасқан» атты әніне бейнебаян түсірілді. Қазіргі таңда Әлішер Кәрімов белсенді түрде гастрольдік шығармашылықпен айналысуда. 2016 жылдың қыркүйек айында оның «Көшпелі туры» басталған болатын. Орындаушыға «жанды дауысты» қамтамасыз етуге көмектесетін командасымен бірге Әлішер туған Қазақстанының ұлан-байтақ даласын автобуспен аралап шығуды жоспарлайды. Мұндай көлік түрі әншімен құр босқа таңдалынған жоқ. Себебі, оның айтуынша, ол өзінің әндерінінің көп бөлігін жолда келе жатып шығарған екен. Гастрольдік туры Қазақстанның барлық үлкен қалаларында: Қызылорда, Семей, Павлодар, Ақтөбе, Орал, Атырау, Қарағанды, Ақтау, Өскеменде өтуі керек және де  30 қарашада Астана қаласындағы «Қазақстан» ОКЗ-нда аяқталады деп жоспарланылды. Алайда әншінің жарақатының кесірінен «Көшпелі турне»   2017 жылдың басына ауыстырылды. ## Дискография ## Видеография ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Әлішер Кәрімовтың бейресми сайты Мұрағатталған 4 қарашаның 2016 жылы. * Әлішер Кәрімов Facebookта
Уран серіктері — табиғи спутниктері планета Уран. Бойынша 2013 жылдың басындағы жағдай белгілі 27 жерсерікті. Барлық олар атау құрметіне кейіпкерлердің шығармаларынан Уильям Шекспирдің және Александр Поупа. Алғашқы екі спутник — Титанию және Оберон — ашты Уильям Гершель бұл 1787 жылы. Тағы екі шарообразных спутнигін (Ариэль және Умбриэль) тауып, бұл 1851 жылы Уильям Лассел. "1948 жылы Джерард Койпер ашты Миранду. Қалған серіктері ашылып, кейін 1985 жылы, миссиясы кезінде "Вояджера-2" немесе күшті жер үсті прогресс. ## Ашылуы Алғашқы екі атақты серігі, Титания және Оберон, табылған сэр Уильям Гершелем 11 қаңтар 1787 жылғы, алты жылдан кейін ашылғаннан кейін оларға Уран. Кейінірек Гершель былай деп тауып, алты серіктес, және, мүмкін, тіпті ring (төменде қараңыз). Ішінде 50 жылға жуық құрал Гершеля жалғыз, ол болады айыра серіктері Уран. 1840-шы жылдары одан жасалған құрал-саймандар бақылау және қолайлы ереже, Уран мүмкіндік берді уақыт өткен байқауға басқа спутниктер, басқа Титании және Оберона. 1851 жылы Уильям Лассел тауып, келесі екі серігі — Ариэль және Умбриэль. Бірыңғай жүйесін белгілеу серіктес Уран римскими цифрлармен ұзақ болмады. Жарияланымдар фигурировали және белгілеу Гершеля (Титания және Оберон — Уран II және IV), және Лассела (олар кейде — I және II). Кейін расталды болуы Умбриэля және Ариэля, Лассел пронумеровал серіктері І-ден IV тәртіппен жою. Содан бері нөмірлері өзгерген жоқ. 1852 жылы ұлы Уильям Гершеля — Джон Гершель — дал атаулары, төрт белгілі сонда серіктері. Ішінде шамамен жүз ешқандай жаңа ашылулар серіктес Уран жасалған жоқ. 1948 ж. Джерард Койпер тауып, ең азы бес, ірі сфералық серіктес — Миранду. Бірнеше ондаған жылдар өткен соң, 1986, ғарыш зонд "Вояджер-2" ашты 10 ішкі спутниктері. "Вояджером" байқалды тағы бір спутник — Пердита, бірақ сол кезде ол опознан ретінде спутник. Пердиту "қайта" ашты 2001 жылы өткенде ескі фотосуреттер "Вояджера-2". Уран атты жалғыз планета сайланды, белгілі тұрақты емес спутник, бірақ 1997 жылдың жердегі бақылаулармен табылған тоғыз шалғайдағы тұрақты емес серіктес. Тағы екі кішкентай ішкі жерсерік, Купидон және Мабашылып, 2003 жылы пайдалана отырып, ғарыштық телескоп "Хаббл". Соңғы табылған 2008 жылға арналған спутниктер Уран — Маргарита — 2003 жылы ашылып,. ### Жалған серіктері Ашылғаннан кейін Гершелем Титании және Оберона (11 қаңтар 1787 ж.), ол деп ойлаймын, бұл бақылады тағы 4 спутнигін: екі — 18 қаңтар және 9 ақпан 1790 ж. және тағы да екі — 28 ақпан, 26 наурыз 1794 жылы. Осылайша, көп кейінгі онжылдықтар болып саналды", - деп Уран 6 спутниктері, бірақ өмір сүруін, олардың 4-растамаса, бірде-бір астрономы. Бақылау Лассела 1851 ж., ол тауып, Ариэль және Умбриэль, растады бақылау Гершеля; Ариэль және Умбриэль, Гершель, әрине, керек, көре, егер ол көрдім спутниктері, шамамен Титании және Оберона, келмеген бірде-біреуіне қосымша жерсерікті байқалған Гершелем, орбитальным сипаттамалары. Сондықтан тұжырымға 4 серігін, байқалған Гершелем басқа екі, иллюзорными — бәлкім, нәтижесі қате сәйкестендіру жұлдыздар жуық Уран сияқты жер серіктерінің ашу Ариэля және Умбриэля деп танылған үшін Ласселом. Кеткен, төрт мнимых серіктес Гершеля мына сидерические кезеңдері: 5,89 күн (жақын Уран қарағанда, Титания), 10,96 күн (Титанием және Обероном), 38,08 және 107,69 күн (оқу Оберона). ## Атауы Алғашқы екі спутник Уран ашылған 1787 ж., аталды ғана 1852 — жылы табылғаннан кейін екі мынадай. Олардың атауы айналысты Джон Гершель, ұлы алғаш ашушы Уран. Ол шешті алмауға атауы серіктерінің бірі, грек мифологиясы, атай, олардың құрметіне кездестірермін бірі ағылшын әдебиеті: патша мен жазушылары фей мен эльфтер Оберона және Титании "жазғы түндегі Түс" Уильям Шекспир және сильфов Ариэля және Умбриэль "Ұрлау локона" Александр Поупа (Ариэль — сондай-ақ, тағы бір эльф бірі-Шекспирдің "Дауыл"). Себептері мұндай таңдау, сірә, кроются деп Уран, " құдай аспан мен ауаның жүреді духами ауа. Аттары мынадай серіктес Уран берген жоқ құрметіне кездестірермін ауаның (жалғасы осы дәстүр болды, тек Пак және Хба), құрметіне кейіпкерлердің шекспирдің "Дауыл". 1949 жылы бесінші серігі, Миранда, деп аталды, оны алғашқы ашушы Джерардом Койпером құрметіне адам осы пьеса. Халықаралық астрономиялық одақ келісім қабылданды атауға серіктері Уран құрметіне кейіпкерлердің Шекспирдің пьесалар мен поэмалар Поупа Ұрлау "локона" (қазір ғана Ариэль, Умбриэль мен Белинда бар аттар соңғы поэма; барлық қалғандары — Шекспир). Ең алдымен алыстағы жылғы планетаның спутниктері деп атаған құрметіне таңбалар "Дауыл", бірақ бұл дәстүр тоқтап қалды атауы Маргарита, аты онда таңдалып алынған пьеса "суперменнің өлімі". * "Ұрлау локона" (поэма Александр Поупа):Ариэль, Умбриэль, Белинда * Ариэль, Умбриэль, Белинда * Пьеса Уильям Шекспирдің:"Жазғы түндегі түс": Титания, Оберон, Пак"Боран": (Ариэль), Миранда, Калибан, Сикоракса, Просперо, Сетебос, Стефано, Тринкуло, Франциско, Фердинанд"Король Лир": Корделия"Гамлет": Офелия"Укрощение строптивой": Бианка"Троил мен Крессида": Крессида"Отелло": Дездемона"Ромео мен Джульетта": Джульетта, Хба"Венециандық көпес": Порция"Сізге бұл ұнайды": Розалинда"Суперменнің өлімі": Маргарита"Қысқы ертегі": Пердита"Тимон Афины": Купидон * "Жазғы түндегі түс": Титания, Оберон, Пак * "Боран": (Ариэль), Миранда, Калибан, Сикоракса, Просперо, Сетебос, Стефано, Тринкуло, Франциско, Фердинанд * "Король Лир": Корделия * "Гамлет": Офелия * "Укрощение строптивой": Бианка * "Троил мен Крессида": Крессида * "Отелло": Дездемона * "Ромео мен Джульетта": Джульетта, Хба * "Венециандық көпес": Порция * "Сізге бұл ұнайды": Розалинда * "Суперменнің өлімі": Маргарита * "Қысқы ертегі": Пердита * "Тимон Афины": Купидон Аттары кейбір спутниктер Уран аттары сәйкес келетін кейбір астероидов: (171) Офелия, (218) Бианка, (593) Титания, (666) Дездемона, (763) Купидон, (900) Розалинда және (2758) Корделия. ## Ерекшеліктері мен топтар ### Ішкі спутниктері 2013 жылы белгілі 13 ішкі лун Уран. Бұл кішкентай қара объектілері, ұқсас сипаттамалары бар және шығу тегіне байланысты сақиналы планета. Олардың орбита ішінде өтірік орбитаның Миранды. Барлық ішкі айдың тығыз байланысты сақиналармен Уран, онда, мүмкін, пайда болған ыдырау салдарынан бір немесе бірнеше кішкентай ішкі лун. Екі ең ішкі айдың (Корделия және Офелия) қызмет етеді "пастухами" сақина ε, ал шағын луна Хбамүмкін — дереккөз ең қашықтағы сақина μ. Пак кружит орбитада арасындағы Пердитой және Мабом, және, бәлкім, білдіреді нәрсе сияқты өтпелі объектінің арасындағы ішкі лунами және ірі спутниктерді Уран. Барлық ішкі ай — қара объектілері; олардың геометриялық альбедо 10% - дан аспайды. Ішкі айдың тұрады су мұз араласқан қоңыр материалды — мүмкін, өзгертілген радиацияға органиканың. Шағын ішкі спутниктері тұрақты возмущают орбитаның бір-бірін. Жүйесі болып табылады хаотичной және, шамасы, тұрақсыз. Есептеулер көрсеткендей, ішкі спутниктері нәтижесінде осындай қалыптан мүмкін шығуға қиылысатын орбитаның және алдарынан. Дездемона бетпе-бет келуі мүмкін Крессидой немесе Джульеттой кейінгі 100 миллион жыл. ### Ірі спутниктері Бес ірі спутниктері жеткілікті массивны үшін гидростатикалық тепе-теңдік придало атындағы шарообразную нысаны. Төрт соның ішінде байқалатын белгілері ішкі және сыртқы белсенділігінің сияқты қалыптастыру каньонов және болжамды вулканизм. Барынша осы бес, Титаниябар 1578 км, диаметрі. Бұл сегізінші көлемі бойынша спутник Күн Жүйесіндегі орны. Ол 20 реттен кем массивна қарағанда, жер Ай. Жүйе спутниктері Уран аз жаппай жүйелерінің арасында спутниктері планета-алыптардың; жиынтық массасы барлық 5 ірі лун Уран емес құрайды, және жартысынан массасын Тритона, жетінші ірі спутниктің Күн жүйесінің (массасы Тритона шамамен 2,14·1022 кг, ал жиынтық массасы серіктес Уран шамамен 1·1022 кг. Ірі серіктерінің бірі, Титанияие радиусы " 788,9 км аз радиусы жер Ай, бірақ сәл артық Реи, екінші ірі спутниктерді Сатурна, бұл Титанию сегізінші көлемі бойынша жерсерігін Күн жүйесіндегі орны. Уран шамамен 10000 есе массивнее қарағанда, оның серіктерін (массасы Уран — 8,681·1025 кг, салмағы төрт ең ірі спутниктерді — 8,82·1021 кг, массасы қалған серіктерінің елемеуге болады). Арасында серіктес Уран бөлінеді бес ең ірі: Miranda, Ариэль, Умбриэль, Титания және Оберон. Диаметрі бойынша олар ерекшеленеді желтоқсандағы 472 км (Миранда) 1578 км (Титания). Барлық ірі спутниктері — Уран қатысты қара объектілері: олардың геометриялық альбедо өзгереді диапазонында 30-50 % - ға, а - альбедо Бондтың — 10-23 %. Ең қараңғы, осы серіктес — Умбриэль, ең жарқын — Ариэль. Массасын серіктес құрайды 6,7·1019 кг (Миранда) 3,5·1021 кг (Титания). Салыстыру үшін, массасы жер Ай — 7,5·1022 кг. Ірі спутниктері Уран пайымдауынша, қалыптасты" аккреционном диск, ол өмір сүрді айналасында Уран біраз уақыт өткеннен кейін, ол қалай қалыптасты немесе пайда соқтығысу нәтижесінде Уранның басқа небесным денесімен ерте кезеңде оның тарихы. Барлық ірі спутниктері Уран тұрады қоспасының шамамен тең мөлшерде мұз және тас қоспағанда, Миранды тұратын, негізінен мұздан. Құрайтын мұздың болуы мүмкін аммиак және көмірқышқыл газы. Олардың беті испещрена кратерами, бірақ (қоспағанда Умбриэля) көрсетеді белгілері "жаңарту" бетінен выражающиеся білім каньонов жағдайда Миранды, яйцевидных, ұқсас жарыс тректерді құрылымдар атаулы коронами. Білімі үшін "корон", - деп, жауапты күрт көтеру диапиров. Беті Ариэля, бәлкім, ең жас, ең аз санымен кратеров. Беті Умбриэля сияқты көрінеді ең ескі. Орын алған өткен резонансы 3:1 арасындағы Мирандой және Умбриэлем және 4:1 арасындағы Ариэлем және Титанией, - деп, жауапты қыздыру, ол туғызды елеулі эндогенную белсенділігі Миранде және Ариэле. Мұндай тұжырымға әкеледі жоғары наклонение орбитаның Миранды, оғаш үшін соншалықты жақын планетада дене. Ірі спутниктері Уран тұрады тас ядро және мұз қабығы. Титания және Оберон болуы мүмкін океан из сұйық су шекарасында ядро мен мантия. ### Тұрақты емес спутниктері Тұрақты емес спутниктер Уран бар эллиптические және қатты наклоненные (көбінесе ретроградные) орбитаның үлкен қашықтықта планетаның. ## Параметрлері серіктес Уран Ранжированы дәрежесі бойынша қашықтығына планетаның ірі бөлініп, сұрақ белгісі көрсетеді приблизительность сандар. ## Ескертпелер
Жуантөбе — Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Жөлек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстік–батысқа қарай 40 км жерде, Сырдарияның сол аңғарында. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 209 адам (110 ер адам және 99 әйел адам) болса, 2009 жылы 159 адамды (85 ер адам және 74 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ақкөл — қала, Ақмола облысы Ақкөл ауданының және Ақкөл қалалық әкімдігі орталығы. 1997 жылға дейін — "Алексеевка" деп аталған. ## Географиялық орны Астана қаласынан солтүстікке қарай 107 км-дей жерде, Ақкөл көлінің оңтүстік-батыс жағалауын ала орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1887 жылы қаланған. 1939 жылы кент, 1965 жылы қала мәртебесін алды. ## Халқы Тұрғыны: * 14 217 адам (2009); * 13 802 адам (2011); * 13 586 адам (2012); * 13 610 адам (2013); * 13 725 адам (2014). ## Климаты Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы — 17°С, шілдеде – 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 350 мм. ## Кәсіпорындары Құрылыс материалдары комбинаты, жөндеу-механикалық орталығы, қиыршықтас, тұрмыстық химия, нан, сүт зауыттары, элеватор, Астана ет комбинатының бөлімшесі жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Аудандық орталық аурухана, тубдиспансер, 4 мектеп, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйі, мектепаралық оқу-өндірісі комбинаты, 14 мектепке дейінгі балалар мекемесі, облыстық балалар үйі, мектеп-интернат, шипажай, кәсіптік-техникалық училище, 2 мәдениет үйі, 12 кітапхана, кинотеатр, Халық қаһарманы С.Нұрмағамбетов атындағы мұражай бар. Ақкөл арқылы Петропавл — Астана темір жол және автомобиль жолдары өтеді. ## Дереккөздер
Едіге (1352–1419) — Ноғай ордасының негізін қалаған әмірші, қолбасшы. ## Шығу тегі 1352 жылы Ақ Ордада, Құмкент деген жерде туған. Сол кезде Ақ Орда Алтын Орда хандарының билігінен саяси еркіндігін алып, тәуелсіз хандық болып кеткен болатын. Едіге Қоңыраттың маңғыт, Маңғытай руынан шыққан, жоғары мәртебелі мырзалардың ұрпағы еді. ## Өмірі ### Тоқтамыспен одағы 1376 жылы жанжалдан кейін Ақ Орданың әміршісі Орыс ханның қуғынынан Әмір Темірдің тұсында Мауараннаһрге қашып кеткен. Самарқандта Едіге Тоқтамыспен кездесіп, оның Орыс ханға қарсы күресіне көмектеседі. Әмір Темір Тоқтамысты да, Едігені де мейман қылып, оларға Орыс ханға қарсы әрекеттерін қолдайды. Бірақ Тоқтамыс Ақ Орданың, кейін Алтын Орданың тағын қолына алып алғаннан кейін, Әмір Темірді сатып кетеді. Темірдің Тоқтамысты жазалағысы келеді. Едіге Темірді Тоқтамысқа қарсы соғысында қолдайды. 1391 жылы Тоқтамыс жеңілгеннен кейін, Едіге өз әскерімен Темірден айырылып, Еділмен Жайықтың арасында жерлерін басқара бастайды. Ноғай ордасының негізін салушы- Әмір Едіге (1395–1419) 15 ғасырдың соңында Алтын Орданың саяси өміріне қызу араласып, 15 жылдай Алтын Ордада саяси билікті өз қолында ұстап, ұлы әмір атанған. Шыңғысхан әулетінен хан сайлау Едіге әулетінің келісімісіз қабылданбайтын дәстүрге айналды. ## Хандық билікке қол жеткізуі Едігені әмірші деп санаған жұрт Алтын Ордада тұрып, өзін ноғайлы деп атағаннан кейін, Едіге би өз құрастырған мемлекетін Ноғай ордасы деп атаған. 1397 жылы Едіге би Алтын Орданың әскерінің қолбасшысы болып, 1399 жылы Литваның князі Витовт пен Литваға қашқан Тоқтамыстың әскерлерін құртып, оларды жеңген. Әмір Темір тағына отырғызған Алтын Орданың ханы Темірқұтылық хан өлгеннен соң, Едіге тағына Шәдібек ханды отырғызады. Шыңғыс ханның ұрпағы болмағандықтан, Едігенің атағы «хан» емес, «би» еді (Ұлы Темірдің де атағы сол себептен «хан» емес, «әмір» еді). Бірақ, Едігенің билігі ханның билігінен кем емес еді. Шәдібек Едігеден тәуелді еді. 1409 жылы Едіге Батыс Сібірде жасырынған Тоқтамысты тауып, өлтіреді. 1407 жылы өзін «Бұлғария әмірі» атап кеткен Жәлеледдінге қарсы шабуыл жасайды. 1408—1409 жылдары Ресейге қарсы соғыс жүргізеді. Серпухов, Дмитров, Ростов, Переяславль, Төменгі Новгородты алып, өртеп тастайды. Мәскеуге дейін басыпбарады, бірақ қаланы ала алмайды. Соғыстың себебі Едігенің Ресей оған салық төлесін деген қалауы және Алтын Орданың бұрынғы ахуалын қайтару еді. 1410—1412 жылдары Ноғай ордасында жанжалдар басталғаннан соң, Едіге билігінен айырылады. 1419 жылы, 67 жастағы Едіге би Ноғай ордасының астанасы – Сарайшық қаласының маңында Тоқтамыстың ұлы – Қадырбердінің қолынан қаза табады. ## Қолданылған әдебиеттер * Қазақ энциклопедиясы
{{Тексерілмеген мақала|date=қараша 2016}} Биіктігі 5-25 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 15-20 мм, қабық қабыршағы көн тәрізді, қызыл қоңыр, кейінірек сұр қоңыр, ішкі жағы өрмекті түкті, қабыршақтың ұш жағы едәуір қалың.Сабағының жоғарғы жағы бұтақты, гүл сабағы сирек түкті, жапырағы екеу, алшақ орналасқан, қайырылған, сызылты, көкшіл сұр, жалаңаш, сирек кірпікшелі, төменгісінің ені 10-15 мм, сабағынан шамалы ұзын.Гүл саны - 2-3 (5), гүл шанағында бүгілген; гүл серігі жапырақшаларының ұзындығы 15-25 мм, ақ, түбі сары, ішкі жағынан ұзын кірпікшелі, тарамды, сүйір, сырты қызғылт күлгін, сопақша таспа тәрізді, сыртқылары ұзыншақ, ішкілерінен 1,5 есе жіңішке, аталық жіпшелері сары, түбі кеңейген, кеңейген жерінде түкті сақиналы, жоғарғы жағы түкті, тозаңдықтары сызықша сопақшалы, сары; қорапша ұзынша, балғындары жатаған, пісіп жетілгені тік.Наурыз айының соңы мен сәуірде гүлдейді.Қазақстанда таралуы. Эндемик. Қаратау жотасынан шығысқа қарай тау жұрнақтарының тасты және ұсақ топырақты беткейлерінде, Қырғыз Алатауынан солтүстікке қарай құмды топырақты Мойынқұм мен сазды шөл Балқаш маңына дейін өседі.
## Жәміш қақпалары Жәміш қақпалары – Семей қаласының алғашқы құрылыс ғимаратының бірі. XVIII ғасырдың сәулет ескерткіші. Біздің заманымызғадейін Жәміш қақпаларының тек батыс бөлігі ғана сақталған. 1773 жылы қақпалар мен бекініс қабырғалары инженер-капитан Г.Г. Андреевтың басшылығымен жасалған жоба бойынша тұрғызылды. Қақпалар тау тақтайшаларынан және күйдірілген кірпіштен арка тәріздес күмбезді төбе және қарапайым суретті ернеуі бар етіліп салынды. Арканың қалыңдығы екі метр, қабырғалары 10 м тереңдікте болды. Жоғары жағы дөңгеленіп, кішігірім үңгіртау тәріздес болды. Қақпаның ұзындығы 7,27 м құраса, ал ені 7,79 м, ал максимальды биктігі 7,43 м құрады. Ғимаратқа барлығы 203 куб метр кірпіш салынған.
## Сипаттама 2265 метр биіктікте шағын теңіздік (мұздық кейіптегі) бұлақ ағатын, атаусыз өзеншік орналасқан. Дәл осындай екі атаусыз тау арқылы терең жылғада ағып өте отырып, ол Рахманов көліне келіп құяды. Жылға түбінің жоғарғы бөлігі қатты қыңырлы болып (15 градусқа дейін), ал төменгісі – сәл кілтелі (15-20 градусқа дейін) келеді. Жартастардың бүйірлерінде құламалығы 35 градусқа дейін жетеді. Жылға қалың жапырақты ну орманиен жабындалған, оның төбесінен арналы үйінділерде өсетін альпі көгалы мен шөбі жайылып жатыр. Мықты да, алқапты, оңайлықпен бұзылмайтын таулар бір-бірінен сәл қашықтықта (10 нан 30 м дейін) болатын, бұлақ сулары иірмелі сарқырамалар арқылы ағып өтетін, тік сынды, қатты құламалы қабырғалары бар үш биік ойықты құрайды. Сарқырама ені шағын ғана, орташа алғанда, шамамен 1 м. Кемер қабырғалары құралай ағатын сарқырама есесінен жылтырланған, ал сарқырама негіздемелерінде (түрлердің мықтылығына орай), сәл иіліңкі, сумен тежелген ойықтар пайда болған. ## Cілтеме http://conf.rating.kz/kk/page/10298(қолжетпейтін сілтеме) ## Сипаттама 2265 метр биіктікте шағын теңіздік (мұздық кейіптегі) бұлақ ағатын, атаусыз өзеншік орналасқан. Дәл осындай екі атаусыз тау арқылы терең жылғада ағып өте отырып, ол Рахманов көліне келіп құяды. Жылға түбінің жоғарғы бөлігі қатты қыңырлы болып (15 градусқа дейін), ал төменгісі – сәл кілтелі (15-20 градусқа дейін) келеді. Жартастардың бүйірлерінде құламалығы 35 градусқа дейін жетеді. Жылға қалың жапырақты ну орманиен жабындалған, оның төбесінен арналы үйінділерде өсетін альпі көгалы мен шөбі жайылып жатыр. Мықты да, алқапты, оңайлықпен бұзылмайтын таулар бір-бірінен сәл қашықтықта (10 нан 30 м дейін) болатын, бұлақ сулары иірмелі сарқырамалар арқылы ағып өтетін, тік сынды, қатты құламалы қабырғалары бар үш биік ойықты құрайды. Сарқырама ені шағын ғана, орташа алғанда, шамамен 1 м. Кемер қабырғалары құралай ағатын сарқырама есесінен жылтырланған, ал сарқырама негіздемелерінде (түрлердің мықтылығына орай), сәл иіліңкі, сумен тежелген ойықтар пайда болған. ## Cілтеме http://conf.rating.kz/kk/page/10298(қолжетпейтін сілтеме)
## Мәдениет сарайы Риддер қаласындағы мәдениет сарайы Семенова көшесінде орналасқан. Бұл ғимарат қаладағы әсем ғимараттардың бірі. Ол 1961 жылы Франц Феликсович Иванчуктың басшылығымен салынған, сонымен қатар ол Мәдениет сарайының декоративті безендіру жұмыстарына жауапты болды. Бұл ғимаратта қаланың басты музкалық шаралары өтетін үлкен концерт залы және атақты суретшілердің картиналары қойылатын көрме залы орналасқан. Мәдениет сарайында 2003 жылы Қазақстанның алғашқы президенті ашқан "Еуразия сақинасы" журналистердің халықаралық форумы өткізілді. Ғимарат сталиндік ампир стилінде жасалаған, салтанатты қасбеттік композиция төрт бағанаға негізделеді. Олардың үстінде арка орнатылған, онда кеңестік кезеңде Кеңес Одағының гербі бейнеленген жапсырылған композиция жасалған. Қазіргі уақытта бұл комозиция жоқ, ал үш қабатты ғимарат сыланып, екі түрлі түске боялған. Негізгі түс қою қызыл түс, ал ғимараттың сәндік бөлшектері ақ түспен боялған. Орналасуы:071300 ШҚО Риддер қ.,.Семенова көшесі ## Мәдениет сарайы Риддер қаласындағы мәдениет сарайы Семенова көшесінде орналасқан. Бұл ғимарат қаладағы әсем ғимараттардың бірі. Ол 1961 жылы Франц Феликсович Иванчуктың басшылығымен салынған, сонымен қатар ол Мәдениет сарайының декоративті безендіру жұмыстарына жауапты болды. Бұл ғимаратта қаланың басты музкалық шаралары өтетін үлкен концерт залы және атақты суретшілердің картиналары қойылатын көрме залы орналасқан. Мәдениет сарайында 2003 жылы Қазақстанның алғашқы президенті ашқан "Еуразия сақинасы" журналистердің халықаралық форумы өткізілді. Ғимарат сталиндік ампир стилінде жасалаған, салтанатты қасбеттік композиция төрт бағанаға негізделеді. Олардың үстінде арка орнатылған, онда кеңестік кезеңде Кеңес Одағының гербі бейнеленген жапсырылған композиция жасалған. Қазіргі уақытта бұл комозиция жоқ, ал үш қабатты ғимарат сыланып, екі түрлі түске боялған. Негізгі түс қою қызыл түс, ал ғимараттың сәндік бөлшектері ақ түспен боялған. Орналасуы:071300 ШҚО Риддер қ.,.Семенова көшесі
Кеңқияқ ауылдық округі — Ақтөбе облысы Темір ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Тарихы Кеңқияқ ауылдық округі 2011 жылы құрылып, Сарыкөл ауылдық округі құрамынан Бәшенкөл, Шұбарши кенттік округі құрамынан Кеңқияқ ауылдары енгізілді. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Кеңқияқ, Бәшенкөл ауылдары кіреді. Орталығы - Кеңқияқ ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 5165 адамды құрады. ## Дереккөздер
## «Жастар» саябағы «Жастар» этносаябағы Шығыс Қазақстан архитектуралық– этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының құрамына кіреді. Революцияға дейінгі кезеңде "Жастар" саябағының территориясы Өскемен қаласының орталығында болып, онда қала базары, Покров соборы және Халық үйі орналасты. Покров соборы көпес Н.М. Михайловтың және басқа да қайрымдылық жасаушылардың қаражаты есебінен 1888 жылы тұрғызылған. Ол тастан жасалған, бес бұрышты, әулие-ана Покров, Иоанна Шоқынушы (оң жағында), Әулие Николай (сол жағында) шектерімен үш тәжді етіп тұрғызылған. Халық үйі 1902 жылы қала тұрғындарының демеушілігінің, сонымен бірге қалаға жер аударушылардың демеушілігінің арқасында салынған. Бұл алғашқы қалалық мәдени-ағарту мекемесінде кітапхана және мұражай бөлмесі, ал 1902 жылдан бастап театр орналасты. Халық үйі мен Покров соборы арасында Өскемен қазынашылығының ғимараты орналасты. Қазір ол Жамбыл атындағы облыстық драмалық театрының костьюмдер бөлмесі. 1934 жылы Өскеменге С.М.Киров келгенде қала басшыларына аудандық атқару комитетіне (қазіргі қалалық архитектура ғимараты) тура қарама-қарсы жерде базардың орналасқандығынына назар аударуды, оның орнына саябақ салуды ұсынды. 1935 жылдың тамызында саябақтың негізі қаланды. 1935 жылы күзде 4 806 ағаш пен бұталар отырғызылды. 1938 жылы 18 шілдеде саябақтың ортасында С.М. Кировқа арналған ескерткіш қойылды. 2001 жылы мұражайға берілген қалалық саябақта қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіле бастады. Алтай ботаникалық бағының қызметкерлерінің қатысуымен кәрі және ауру ағаштар орынына біртіндеп жаңа өскіндер отырығызыла бастады. Көбіне облыстық флораға сәйкес келетін ағаштар (самырсын, қарағай, балқарағай, қайың, шетен және т.б.) және қала жағдайында жақсы дамып, өсе алатын және шаң мен газға төзімді болатын ағаштар таңдалып алынды. 2002 жылы Ертістің сол жақ жағалауындағы сәулет-этнографиялық кешен Киров атындағы қалалық саябаққа (Тоқтаров көшесі) ауыстырылды. Киров саябағына ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басындағы сәулет ескерткіштері көшіріліп әкелінді. Нәтижесінде ашық аспан астындағы сәулет-этнографиялық қойылым табиғи кешені салынды, онда дәстүрлі шаруашылық құрылыстары бар халықтық өнер ескерткіштері көрсетілген.