text
stringlengths
3
252k
Жеменей болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі. ## Әкімшілік бөлінуі 7 әкімшілік ауылында 1405 қожалық болды. ## Халқы және тұрмысы Қалша ауылы жартылай көшпенді, жыл бойына Қаракешу маңында отырады, егіншілікпен де айналысады. Бегімбет ауылы түгелдей көшіп жүреді. Қарақұмда, Жылыойда отырады. Кейбір шаруалары Сеңгірқұмға келіп қыстайды. Үстіртте Бесегоз, Тәңке суларын жайлайды. Сұлтангелді ауылының шаруашылықтары жартылай көшпенді, Қаратау, Ақтау бойында аздаған бөлігі отырады. Жазда Қарақұмды жайлап, қыста Сеңгірқұмға келеді. Қожағұл ауылдары Аусары суымен Форт-Александровскіде қысы-жазы отырады. Шолақ ауылының 75 пайызы жартылай көшпенді. Отыратын жері Иір, Форт-Александровск, 25 пайызы көшпенді, жазда Қарақұмды жайласа, қыста Ақтөбені қыстайды. Қаракедейдің 75 пайызы жартылай көшпенді, отыратын жері Жармыш, жатақтары Ауыздыбаста. Қалғандары көшіп жүреді, жазда Қарақұмға дейін көшіп, қыста Қаратау бойына келеді. Ақшакедей ауылдары көшіп жүреді, жазда Ойылға дейін барып, қыста Қаратау бойын қыстайды. ## Дереккөздер * Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Матабай — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Марқакөл ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Күршім ауылынан шығысқа қарай, Марқакөл көлінің оңтүстік жағасында орналасқан. ## Халқы Тұрғыны 56 адам (2009). ## Дереккөздер
Мухтар Аскад (23. 12. 1920 ж.т., Ферғана) – өзбек совет жазушысы. 1954 жылдан КОКП мүшесі. Орта Азия Мемекеттік. Университетін бітірді (1942). Мухтардың алғашқы шығармасы 1938 жылы жарық көрді. 1947 ж. «Болат балқытушы» роэмасы орыс, өзбек тілдерінде жарияланды. «Менің Отандастарым» (1949), «Болатшылар қаласы» (1950), «Келешекпен кездесу» (1951), «Шын жүрекпен» (1956), «Өмірге жолдама», «Таңдамалылар» (1958) т.б. тағы басқа кітаптары басылып шықты. Мухтардың ең елеулі шығармасы – «Апалы –сіңлілер» романы (1954). 1961 ж. жазған «Туылу» романы да жазушы табысы. М. балаларға арнап «Ерлік шыңы» (1947), «Жас патриоттар» (1949) пьесаларын жазды. Мухтар көркем аудармамен де шұғылданады. Ол Ф. Шиллердің «Қарақшылар» А. Пушкиннің «Сараң сері», В. Маяковскидің «В. И. Ленин» т.б. шығармаларын, қазақ ақындары Т. Жароков, Ө. Тұрмажанов туындыларын өзбек тіліне аударды. М-дың «Апалы-сіңлілер» романы қазақ тілігде (1960) шықты.
Ақши — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Қалғұты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Күршім ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 70 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қаратоғай — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы ауыл, Қалғұты ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Күршім ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 64 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жылытау — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Қалғұты ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылды. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Күршім ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 61 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 118 адам (63 ер адам және 55 әйел адам) болса, 2009 жылы 61 адамды (37 ер адам және 24 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Егіндібұлақ (1992 жылға дейін – Калинино) — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Қалғұты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Күршім ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 80 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Алғабас (1992 жылға дейін – Зелёное) — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Күршім ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Күршім ауылынан оңтүстікке қарай 9 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Топтерек — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Күршім ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Күршім ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Діңгек — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Күршім ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Күршім ауылының солтүстік-батыс іргесінде орналасты. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 214 адам (99 ер адам және 115 әйел адам) болса, 2009 жылы 512 адамды (241 ер адам және 271 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Гүлнәр Кәрімова (өзб. Gulnora Islomovna Karimova, Гулнора Исломовна Каримова), (Ферғана, 1972 жылы туған) - Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың үлкен қызы. Шілде 2010-жылдың қаңтар 2012, Испания Өзбекстанның елшісі. Кәрімова «Известия» газетінің хабарлауынша, 2008 жылы ел президенті ретінде әкесінің мұрагері болып саналған, бірақ 2013 жылдан кейін Гүлнәр әкесімен келіспеушілік туып, Өзбекстандағы ықпалын тез жоғалта бастаған. Кәрімова зергерлік бұйымдардың кәсіби дизайнері болған, Googoosha сахналық атымен әнші ретінде танымал болған, «Өзбекстан мәдениеті мен өнері форумы» үкіметтік емес қорының және басқа да бірқатар қоғамдық ұйымдардың қамқоршылық кеңесінің төрағасы болған. Ол 2013 жылдан бері үйқамақта отыр. 2015 жылы Ташкент облыстық сотының үкімімен ол ақшаны жымқырғаны және бопсалағаны үшін 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. 2017 жылы оған жаңа айып тағылып, қамауға алынды. 2019 жылдың 6 наурызында жазасын өтеу шарттарын бұзғаны үшін жалпы режимдегі колонияға ауыстырылды. 2019 жылдың тамыз айында Өзбекстанның Бас прокуратурасы Г. Кәрімоваға қатысты мемлекет қаражатын ұрлау және Өзбекстан Республикасының мүдделеріне қайшы келетін мәмілелер жасау, сондай-ақ бөтеннің мүлкін қорқытып алу жолымен алу фактілері бойынша жаңа қылмыстық іс қозғады. әсіресе кең ауқымда. ## Өмірбаяны ### Білімі Гүлнәр — Ислам мен Татьяна Кәрімовтің Ферғана қаласында дүниеге келген үлкен қызы. 1988 жылы Ташкент қаласындағы Жастар математикалық академиясын, 1994 жылы Ташкент мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетінің халықаралық экономика бөлімін бакалавр дәрежесімен бітірген. 1992 жылы Fashion Institute of Technology оқыды. Нью-Йорк мемлекеттік университеті. 1996 жылы Каримова Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Экономика институтының магистратурасын, 2000 жылы Гарвард университетінің өнер магистрі дәрежесін алды. 2001 жылы Ташкенттегі Әлемдік экономика және дипломатия университетінде саясаттану ғылымдарының докторы, 2009 жылы сол жерде профессор ғылыми атағын алды. 2006 жылы Кәрімова Ташкент ақпараттық технологиялар университетінде телекоммуникация бакалавры дәрежесін алды. Ал Өзбекстан Ғылым академиясы Экономика институтында ешқашан магистратура болмағанын, бұл Гүлнәр Кәрімованың дипломының заңдылығына күмән келтіретінін хабарлады. Сонымен қатар Өзбекстанда бакалавриат пен магистратураның мемлекеттік стандарттары Министрлер Кабинетінің 2001 жылғы 16 тамыздағы қаулысына сәйкес 2001 жылдан кейін беріле бастады. Сондай-ақ Гүлнәр Кәрімованың Ташкент мемлекеттік университетінде және әртүрлі континенттерде орналасқан Нью-Йорк мемлекеттік университетінде бір уақытта білім алуы мүмкін деген сұрақ туындайды. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Гүлнәр Кәрімова: «Мені әрқашан Өзбекстанның елшісі деп атайтын» * Hello! журналы — Гүлнәр Кәрімова * Harper’s Bazaar журналы — Гүлнәр Кәрімова * «Коммерсантъ» газетасы— Гүлнәр Кәрімова қатарға қосылды // Өзбекстан президентінің қызы сән көрсетілімін қойды * Гүлнәр Кәрімова GULI — мираж ұғымы * GULI ресми сайты — Гүлнәр Кәрімова бренді
Етеккір циклі — әйел жыныс ағзасындағы мүшелер мен жүйелерде циклдік заңдылықпен өтетін күрделі биологиялық үрдіс. Ол эндометрий қабатының функционалды қабығының сыдырылуымен жүреді. Ол жыныс мүшелері жетілген кезде басталып, климакстық кезеңге дейін созылатын, шамамен, ай сайын қайталанып отыратын етеккір циклінің бірінші бөлігі. Етеккір циклі деп менструацияның бірінші күні мен келесі етеккірдің алдындағы соңғы күннің аралығын атайды. Етеккір цикл мерзімінің ұзақтылығы 21 күннен 35 күн аралығы, орташа 28 күнді құрайды. Алғашқы етеккір көбіне 13—15 жас аралығында келеді. Оның келуіне дейін балаларға жан-жақты түсінік беріп, алдын-ала дайындау керек. Әдетте етеккір белгілі бір уақыт өткен соң (3—5 апта) қайталанып, әркімнің организм ерекшелігіне қарай 3 күннен 7 күнге дейін созылады. Кейбір қыз балалардың етеккірі (әсіресе ол тым ерте келсе) арада 1—2 жыл уақыт өткен соң барып бір жүйеге түседі. Етеккірдің келу уақытының ауытқушылығы ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуына байланысты. 15—16 жасар бойжеткеннің етеккірі келмесе, жыныс мүшелерінің кешеуілдеп даму себептерін анықтап, тиісті ем тағайындау үшін бойжеткен міндетті түрде әйелдер консультациясындағы дәрігерге көрсетілгені жөн. Етеккірдің келуі көпшілік әйелдердің жалпы жағдайының өзгеруіне әсер етпейді. Әйел етеккірі келген кезде сезімтал болуы мүмкін, іші бұзылып, жүрегі айниды, белі ауырады, алайда әйел адамдардың тек 5-8 % ғана көңіл-күй және денсаулық өзгерісіне (PMS) шалдығады . Етеккір циклы мен жүйелілігінің бұзылуы ағзадағы кейбір өзгеріске байланысты болады. Бұл өзгерістің себебін анықтау үшін әр әйелдің етеккірі келетін мерзім мен оның созылу ұзақтығын белгілеп отырғаны жөн. Етеккір күндерін арнайы күнделікте белгілеп тұрса, ол басталатын уақытты алдын ала біліп тұруға болады. Әйелдерге мұндай күнтізбе қай кезде жүкті бола алатынын және келесі етеккірдің келу мерзімін неғұрлым дәл есептеуге көмектеседі. Дегенмен, әр әйелдің етеккір мерзімі өзгеше болғандықтан, оның тұрақты болмауы да мүмкін. Етеккір келген кезде әйел қатты ауырсынып, қан көп кеткен болса, дәрігерге қаралғаны дұрыс. Гинекологиялық ауруларды болдырмау үшін етеккірі келген кезде кейбір арнайы гигиеналық ережелерді сақтау шарт: күніне кемінде екі рет жыныс органдарының сыртын қайнаған жылы сумен жуу керек. Бұл үшін қол таза болып, тырнақ қысқа етіп алынғаны жөн. Жыныс органдары сыртының таза болмауы қабыну процесін туғызып, оның қынапқа және ішкі жыныс органдарына таралып кетуі мүмкін. Қазіргі кезде етеккірге арналған негізгі бірнеше гигиена құралдары бар: дәкеден жасалған гигиеналық төсемдер, тампондар, арнайы шолақ дамбалдар және "айлық кеселер". Төсемдер мен арнайы шолақ дамбалдарды - сыртқы, ал тампон мен "кеселерді" ішкі/қынаптық деп екіге бөлуге болады. Төсемше мен тампон жалғыз реттен қолданылатын өнім болса, денеге жағымды материалдан жасалған, арнайы шолақ дамбалдарды суық сумен жуып, ал "айлық кесені" жуып-қайнатып, ай сайын қолдануға болады. Етеккір кезінде ванна қабылдауға, теңізде, өзенде шомылуға болмайды, себебі етеккір кезінде жатыр мойны өзегі сәл ашылады, іштегі сыдырылған функционалды қабық бөлінісі шығады, инфекцияның жатыр қуысына ену қаупі өте жоғары. Сондай-ақ қан тамырларын кеңейтетін тағамдарды қолдануды шектеу керек, бұл қанды бөліністің көп мөлшерде бөлінуіне әкеп соғады. Сонымен қатар, әйел ағзасының түрлі ауруларға қарсыласу қасиеті әлсірейтіндіктен ішек қызметін қадағалап, салқын тигізуден, қатты шаршаудан, жұқпалы аурумен ауыратын науқастармен араласудан сақтанған жөн. Қыздардың екі аналық безінің әрбірінде мыңдаған аналық жасуша бар. Жыныстық жетілу кезеңі аяқталған соң, ай сайын аналық бездерде фолликулалар дамиды, оның ішінде біреуі аналық жасушасы (ооцит)пісіп жетіледі. Овуляция деп аталатын осы процесс етеккірге 14 күндей (+-2күн) уақыт қалғанда болады. Егераталған аналық жасуша сперматозоидпен “кездеспесе”, ол құрып, жойылады. Ай сайын жүктілікке дайындалған жатырдың ішкі (функционалді) қабаты қалыңдап, жұмсарады. Денеңіз ұрықтанудың болмағанын сезінгенде, аналық жасуша мен жатырдың ішкі қабаты етеккір (менструация) атты қанды сұйықтық түрінде қынап арқылы денеден шығарылады. Әрине,аналық жасушаны, ол өте ұсақ болғандықтан, аспапсыз көзбен көруге болмайды. Гормондық өзгерістер көңіл күйіне өз әсерін тигізеді. Аналық циклінің бірінші фазасында фолликулостимулдеуші гормон бөлінгендіктен адам жігерлене түседі, ал аналық циклінің екінші фазасында прогесторон бөлінгендіктен адам жыламсырап, ашуланып көңіл үйі өзгеруі, сүт безі ісіңкіреп, бетіңізге безеулер шығуымен өзгерістер туу мүкін. Етеккірі келетін әр әйел теориялық тұрғыдан бала көтере алады. Ал әйел елу жасқа жақындағанда, етеккірі тоқтап, менопауза деген мерзім басталады. Осы уақыттан бастап, әйел екіқабат бола алмайды. Етеккірге жанға бататын сырқат қабаттасса немесе сол адамды басқа да мәселелер алаңдатса, дәрігермен, әлде Жанұяны Жоспарлау Қауымдастығы өкілімен ақылдасқан абзал. Хайыз, Етеккір - әр айдың белгілі күндерінде әйел адамдарда пайда болып, кейбір ғибадаттарға кедергі жасайтын қан. Хайыз Имам Ағзам мазһабы бойынша, шамамен 9 жастан 55 жасқа дейін жалғасады. Хайыз болған әйел намазы мен оразасын дереу доғарады. Бірақ оразасының кейін қазасын ұстайды. Хайыз күндеріндегі намаздарының қазаларын «жеңілдік қағидасына» байланысты өтеуінің қажеті жоқ. Хайыздың ең аз мерзімі - үш күн. Ең көбі - он күн. Бұдан төмен, жоғары болса үзір қайы деп саналады. Хайыз қайы - Аллаһтың әйелдерге жазғаны. Хазіреті Хауа анамыздан бастап әрбір әйел хайыз жағдайында болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Бұл хайыз Аллаһ Тағаланың Адам қыздарына жазған нәрсесі», - дейді (Бухари, Хайыз/1,7). ## Дереккөздер
Төсқайың — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы ауыл, Төсқайың ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 90 км жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бұғымүйіз — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Төсқайың ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 80 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қарағайлыбұлақ — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Төсқайың ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2014 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан солтүстікке қарай 52 км-дей жерде, Марқакөл көлінің солтүстік жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 76 адам (39 ер адам және 37 әйел адам) болса, 2009 жылы 35 адамды (18 ер адам және 17 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жоғарғы Еловка — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Төсқайың ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2007 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Күршім ауылынан солтүстік-шығысқа қарай, Марқакөл көлінің солтүстік жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындары 15 адам (8 ер адам және 7 әйел адам) болды. ## Дереккөздер
Ұрынқай — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Төсқайың ауылдық округі құрамындағы ауыл. Марқакөл көлінің шығыс жағасында орналасқан. Аустрия жолы осы ауыл арқылы өтеді. ӘАОЖ (КАТО) коды - 635239600. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 57 км-дей жерде, Марқакөл көлінің шығыс жағасында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Қазақстан — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Боран ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 47 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Игілік — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Боран ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 104 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қайнар (1992 жылға дейін – Сергеевка) — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Құйған ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Күршім ауылынан солтүстікке қарай 38 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Құйған ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жалаңаш, Жамбыл, Құйған ауылдары кіреді. Орталығы – Құйған ауылы. ## Дереккөздер
Қарабұлақ (1992 жылға дейін — Высокогорка) — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Құйған ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылды. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Күршім ауылынан солтүстікке қарай 48 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 196 адам (102 ер адам және 94 әйел адам) болса, 2009 жылы 131 адамды (69 ер адам және 62 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Құйған ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қайнар, Қайыңды, Құйған ауылдары кіреді. Орталығы – Құйған ауылы. Округ құрамында болған Шердіаяқ ауылы 2017 жылы, Қарабұлақ ауылы 2019 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Қарашілік — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Марқакөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Тентек — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Марқакөл ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Күршім ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 106 адам (51 ер адам және 55 әйел адам) болса, 2009 жылы 64 адамды (37 ер адам және 27 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қайыңды (2009 жылға дейін – Славянка) — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Құйған ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Күршім ауылынан солтүстікке қарай 40 км-дей жерде, Бұқтырма бөгенінің шығыс жақ жағасында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Ашалы — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Марқакөл ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2007 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Күршім ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 146 км-дей жерде.
Теректі ауылдық округі – Абай облысы Көкпекті ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Теректі ауылы. Округ құрамында болған Сарышығанақ ауылы 2009 жылы, Каменка, Қызылжұлдыз, Өрнек ауылдары 2017 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Марқакөл ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы әкімшілік бірлік. 2016 жылға дейін Теректі ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақжайлау, Былғары-Табыты, Қайнарлы, Қараой, Қарашілік, Марқакөл ауылдары кіреді. Орталығы – Марқакөл ауылы. Округ құрамында болған Ашалы ауылы 2007 жылы, Матабай, Мойылды ауылдары 2017 жылы, Тентек ауылы 2019 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Балықтыбұлақ — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Төсқайың ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 112 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Несіпбаев Айқынбек Ескермесұлы (1951 ж. т.),журналист. Нұраның түлегі. КарМУ-ді бітірген(1972), Торғай, Целиноград (қазіргі Ақмола), Қарағанды облыстық газеттерінің тілшісі, бөлім меңгерушісі болып істеді. 1979-1985 ж. респ. «Лениншіл жас» газетінің Қарағанды, Жезказған облысыбойынша тілшісі. 1996-97 ж. Қарағанды облыстық«Орталы Қазақстан» газеті бас редакторыныңорынбасары. 1997 жылдан респ. «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі. Очерктері «Жылжыған жылдар» (2004) кітабында, ұжымдық жинақтарда жарияланган. ҚР мерекелік медальдарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Абат-Байтақ — зират, Батыс Қазақстандағы діни-жерлеу кешені. Сонымен қатар, Қазақстанның Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Талдысай аулынан 12 шақырым жерде орналасқан тап осы зират аумағындағы кесене. ## Сипаттамасы Зират сәулетті – жоспарлық және көркем өнер шешімімен ерекшеленетін әртүрлі мемориалдық құрылыстардан тұрады. Зираттың ортасында 9,52×9,8 м көлемді, екі бөліктен тұратын 11 – қырлы дағыра мен конустық күмбезді Абат – Байтақ кесенесі орналасқан. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған. Ішкі қаланған қабаттарда қаттама кірпіш қолданылған. Кесенеге жақын жерде XVIII ғасырда Абат – Байтақ кесенесіне ұқсас шитті күйдірілмеген кірпіштен салынған басқа кесене орналасқан. Халық арасында оны «Қыз моласы» немесе «Әулие Қыз» деп атайды. Кесенеден батысқа қарай қашаулы стелалы тастармен өрнектелген, XVIII-XX ғасырларға салынған 200 құлпытастар орналасқан. Құлпытастар композияциялық және сәндік шешімдердің әр түрлілігімен ерекшеленеді. Осы ретте 1848 жылы салынған құлпытас қашау шеберлігімен таң қалдырады. Кейбір көлемді – сәндік элементтер ағашты ою әдісімен жасалған.1893 жылы әйгілі құмдауыт блоктерінен ойып салынған құлпытас сирек кездесетін түрге жатады. Абат – Байтақ ескерткішінде қазақ тілінде арабша графикалық құлпытас жазуы мен тамға ойып жазылған. ## Зерттеу мен қорғау Абат – Байтақ кесенесі туралы алғаш рет XVIII ғасырда подпоручия және инженер Ригельман айтқан болатын. Оның деректерінде және тарихшы П.И.Рычковтың деректерінде кесене «Байтан» деп аталынған. Толық түрде ескерткіш Я.Я.Полферовтың Орынбор ғылыми архивті комиссиясының мүшелерімен және ғалым Жозеф Кастаньемен суреттелген. Кейінгі уақытта ескерткіш біржола қиратылып, ғылыми зерттеулер үшін мәнгі жоғалған қайіпте болды. Тек 1980 жылдарының бас жағында Қазақстанның Мәдениет Министрінің экспедициясы аясында археолог Серік Әжіғалиев іс жүзінде оны қайтадан ашты. 1982 жылы зират мемлекеттік маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің қатарына енгізілді және мемлекет оны өз қорғауына алды. Зерттеулерден кейін Абат – Байтақ кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Ол үшін «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджеттен 30 миллион теңге және кірпіштерді күйдіру пешін салу үшін жергілікті бюджеттен 3,5 миллион теңге бөлінді. Кесенені толық қалау үшін ұсталарға 32 мың кірпіш тағайындау қажет болды.
Шағанатты — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Төсқайың ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 120 км-дей, округ орталығы – Төсқайың ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 31 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қыстау-Күршім — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Маралды ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Күршім ауылынан шығысқа қарай 67 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Тақыр — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Қалжыр ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 72 км-дей жерде. ## Халқы ## Галерея * ## Дереккөздер
Оң жақ Қалжыр — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Қалжыр ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 70 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Шеңгелді — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Қалжыр ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 111 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Шеңгелді – көне қала орны. Мойынқұм ауданы Ынталы ауылынан шығысқа қарай 12 км қашықтықта орналасқан. 1989 ж. ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби ат. ҚҰУ) археологиялық экспедициясы (жетек. М.Елеуов) тауып, алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қазір оны солт-тен шығысқа қарай 85 м-ге созылып жатқан, биікт. 2,3 м болатын төбе болып келеді. Теріліп алынған материалдар: құм (хум), құмыра, табақша, т.б. сынықтары. Олардың дені сырланбаған ыдыстар. Қазба жұмыстары барысында табылған қыш ыдыстар оның 10 – 12 ғ-да өмір сүргенін көрсетеді.11 – 12 ғасырлардағы керуен сарай. Алматы облысы Шеңгелді аулының маңында. Жетісудың ірі қалалары Эквиус пен Қойлықтан қатынайтын сауда жолы бойында орналасқан. Аумығы 70 х70 м2. Бекініс іргелерінің сақталған биіктігі 1,5 – 2 м.. ## Cілтемелер
Тасқайың (1992 жылға дейін — Будённовка) — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Абай ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Күршім ауылынан шығысқа қарай 53 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 143 адам (2009). ## Дереккөздер
Теректібұлақ — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Абай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Күршім ауылынан шығысқа қарай 30 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ажа — Абай облысының Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Шәріптоғай (1993 ж. дейін — Луговое) — Абай облысы Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Жалсары — Абай облысы Көкпекті ауданы, Үлкен Бөкен ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан шығысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Толағай — Абай облысының Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Ұзынбұлақ — Абай облысының Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан оңтүстікке қарай 14 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Ақтас — Абай облысы Көкпекті ауданы, Үлкен Бөкен ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Тентек — Абай облысы Көкпекті ауданы, Үлкен Бөкен ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2009 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан шығысқа қарай 44 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 11 адам (2009).
Көкжота — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы, Бастаушы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Самар ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ауызашар, ауызекі тілде — ифтар (араб.: إفطار‎) — Рамазан айында ораза ұстаған мұсылмандардың Ақшам намазына шақырыған азаннан кейін тамақтануға рұқсат етілетін мезгіл. ## Атауы Мұсылмандардың тамақтануға рұқсат етілетін мезгілдің атауы туралы Қазақстан қоғамында өте көп даулар жүріп жатыр. Бұл тақырып 2023 жылдың наурызында тіл активистер негізін қалаған Qazaq Grammar жобасы қазақ тілінің грамматикалық заңдарына қайшы келетін «ифтар» сөзін қолданғаннан қарағанда «ауызашар» сөзін қолдануды шақырғаннан кейін аса өзекті болды. Астана қаласының бас мешітінің имамы Нұрлан Байжігітұлы ауызашар атауы туралы өзінің пікірін білдірді: Кейбір күнделікті өміріміздегі діни сөздер бар, оны қазақшалап айтқан жақсы да шығар, себебі қазіргі таңда біріңғай тілімізге онсыз да бірталай сөздер кіріп жатқаннан кейін белгілі бір мөлшерде ұлттық, өзімізге тән сөздерді айтқан жақсырақ болады. Алайда бұл дисскусия мен талас нәрсеге әкелмеу керек. Бұл таласатын дүние емес, бізде бұдан да басқа маңызды дүниелер көп. ## Қабылдау тәртібі Ифтар күн ұясына батқаннан кейін дереу бастала береді. Оны кешірек уақытқа қалдыру орынсыз болып табылады. Ауызашар сүннеттер бойынша құрмамен немесе сумен ашылады. Мұхаммед Пайғамбар айтқан : «Егер де біреулерін ауыз ашатын болсандар, құрмамен ашындар, ал егер құрма табылмаса, сумен ашындар, шын мәнінде ол тазартады». Ифтарды қабылдағаннан кейін келесі дұға қылады  (дуа): * Транскрипция: «Аллаахумма лякя сумту ва ‘аляя ризкыкя афтарту ва ‘аляйкя таваккяльту ва бикя аамант. Йа вааси‘аль-фадли-гфир лий. Аль-хамду лил-ляяхил-лязии э‘аанани фа сумту ва разакани фа афтарт». * Аудармасы: «О Аллаһ, шын мәнінде мен Сен үшін ауыз бекіттім ( Сенің маған деген молшылығын үшін ) және Сенің игілігіннің арқасында ауыз аштым. Саған үмітттенемін және сенемін. Кешір мені, Сенің мейірбандығын шексіз. Маған ораза ұстауға көмек берген және ауыз ашқанда мені тамақтандырған Аллаһқа шүкір. ». * Транскрипция:«Аллаахумма лякя сумту ва бикя ааманту ва алейкя таваккяльту ва ‘аля ризкыкя афтарту. Фагфирли яй гаффару ма каддамту ва ма аххарту». * Аудармасы: «О Аллаһ! Сенің ризашылығын үшін ауыз бекіттім, Саған сендім, Саған сүйендім және Сенің сыйынды қолданып ауызымды аштым. Менің осыған дейінгі және осыдан кейінгі жасар күнәләрімді кешіре гөр, О Бәрін кешіретін!» ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Али-заде, А. А. Ифтар Мұрағатталған 5 шілденің 2015 жылы. (архив ) // Исламның энциклопедиялық сөздігі. — М.: Ансар, 2007. * Ифтар Мұрағатталған 30 тамыздың 2015 жылы. * САХУР И ИФТАРМұрағатталған 10 маусымның 2022 жылы.. FondIhlas.ru * Сухур и ифтар (утренний и вечерний прием пищи). Umma.ru
Ақой — Абай облысы Көкпекті ауданы, Көкжайық ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Қарамойыл — Абай облысы Көкпекті ауданы, Көкжайық ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 29 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Талапкер — Абай облысы Көкпекті ауданы, Көкжайық ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2009 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 64 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 21 адам (2009).
Ақсу — Абай облысы Көкпекті ауданы, Тассай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 68 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Жұмыскер — Абай облысы Көкпекті ауданы, Көкжайық ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2009 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 63 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Тассай — Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл, Тассай ауылдық округі орталығы. 1989 жылға дейін "Большевик" деп аталды. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 58 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Қыдыр, Қыдыр ата, Қызыр (араб.: الخضر‎ [Əл-Хидр, Əл-Хизр] — жасыл адам) — * бір анықтама бойынша, ислам дініндегі пайғамбар. Кейбір дінтанушы ғалымдар оны Ілияс пайғамбар деп жорамалдайды. Құран Кәрімнің Кәһф сүресінде Мұса пайғамбар сапарға шыққан кезде Қыдырға жолыққаны, Алланың оны Мұсаға тағылым үйрету үшін арнайы жібергені жайлы айтылады (66 аят). * екінші бір анықтама бойынша, мифтік бейне. Түркі халықтары мифологиясында Қыдыр бейнесінің астарынан ислам дініне дейінгі және онан кейінгі кезеңде пайда болған екі діни-фольклорлық дәстүр түсінігі аңғарылады. Кей халықта ол теңізде сапар шегушілердің қамқоршысы деп есептелсе, үнділер су иесі деп қабылдаған, сондай-ақ өрттен, су тасқынынан, ұрлықтан, жылан шағудан сақтайтын пір деп те есептеледі. Сонымен қатар жыр мәтіндерінде Қыдыр ата мен Қызыр ата, Ілияс есімдері дербес үш тұлға ретінде аталады (“Қызыр ата, қырық шілтен; Қыдыр менен Ілияс; олар да болсын жолдасың” немесе “Қызыр Ілияс жар болып, Қыдыр ата қолдасын”). Осыған байланысты “Қыдыр” мен “Қызыр” (Хадир, Хидр, Хизр) бейнелерінің екі түрлі мифтік бастаудан өрбіп, уақыт өте, есімдерінің сыртқы ұқсастығына және мифтік сәйкестігіне қарай бір бейне ретінде түсіндірілгенін топшылауға болады. Қыдыр көбіне-көп батырлық жырларда аталады, батырлар одан демеу, қолдау күтіп, атын атап шақырады. Қазақ халқының ұғым-түсінігінде Қыдыр сәттілік пен бақ беруші, көбіне иман жүзді қарт түрінде бейнеленіп, өзін көзімен көру сәті түскендерге бақыт сыйлаушы ретінде суреттеледі. Яғни, күнделікті кездесетін адамдардың арасында Қыдыр-ата болуы мүмкін: ол әр түрлі кейіпте (көбіне кедей адам секілді) жүреді. Одан сый алу үшін кез келген адамға, оның әлеуметтік мансап-мәртебесі мен байлығына, киіміне, түр-әлпетіне қарамай, қонақжайлық көрсету керек (өйткені ол Қыдыр болып шығуы мүмкін). “Қырықтың бірі Қыдыр” сөзінің астарынан осындай түсініктен туындаған моральдық факторды көруге болады. ## Қыдыр ата және Ұлыстың ұлы күні Қазақтар Ұлыс күнді «жыл басы» санайды. Бұл күн – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күн» деп атаған. Григориан күнтүзбесі бойынша ескіше – 9 наурыз, жаңаша 21-нен 22-не қараған түн осы күнге сәйкес келеді. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қызыр түні» түні деп аталады. Қыдыр мұсылман елінде ел аралап жүрген адам бейнелі «әулие», адамға «қамқоршы», «дәулет» беруші. Діни наным бойынша әр бір нәрсенің иесі болады-мыс. Мысалы: «құт», «дәулет», «ырыс». Олар түрлі құс, адам, жәндік бейнесінде ел кезіп жүреді-міс. Солардың бірі Қыдыр. ## Қыдыр атаның сипаттамасы Қыдыр (Қызыр) ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне сондықтан әр үй Қыдыр атаның жолын күтіп, өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші-сыртын, қора-қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп немесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан. Осы және осыған ұқсас сөздерді бұдан да басқа қазақ халқының салт-дәстүрлері мен, әдет ғұрыптары жайлы, наурызға байланысты кітаптардан кездестіруге болады. Ал, Селезнев Г. және Селезнева А. өздерінің "Духи и души в традициях народного ислама в сибири" атты кітаптарында Қыдырға байланысты мынадай мәліметтер келтіреді:Другой яркий образ, представления о котором довольно устойчиво бытуют в деревнях Уленкуль и Черналы это Казыр-ата. Он представлялся в виде существа антропоморфного вида, старика в белой одежде с посохом. Казыр-ата мог появиться во сне и предсказать будущее, а мог явиться путнику и показать правильную дорогу. В то же время имеются сведения о том, что он невидим или предствлен в образе собаки или кошки белого цвета. Его образ двойстве-нен: он и плотен и бесплотен, и видим и невидим. В любом случае это добрый к людям дух или образ. Если кто-то видел белую кошку или собаку или кому-то было видение человека в белом, похожего на Казыр-ата, то это - доброе предзнаменование. Имеются представления, что Казыр-ата является также покровителем домашних животных: коров и лошадей. Не подлежит никакому сомнению, что прототипом образа Казыр ата, бытующего в по-верьях тарских татар является знаменитый ал-Хадир (ал-Хидр, Хизр/Хезр/Хизыр, Хи-дир/Хызыр, Хиджир, Кидар) - распространенный персонаж устных преданий и мусульманской книжной традиции. Известный в преданиях почти всех мусульманских народов, в тюркоязычной среде он получает титул Ата - отец. В народных рассказах и общемусульманской традиции герой предстает в двойном аспекте - материально-телесном и бестелесно-духовном, сочетает в себе мифическое и событийное, действительное и чудесное. Как духовность - незрим, даритель небесных благ, воплощает плодородие; как телесность - зрим, подлинный человек, смертен, описывается как белобородый старец, путешествующий с посохом из страны в страну. По мнению исследователей, под именем ал-Хадир (Казыр-ата) скрывается сложный образ доисламского мифологического персонажа. Скорее всего, этот персонаж представляет собой собирательный образ природы во всем ее многообразии, выраженный через символику цвета, числа и т.д. (Ислам на территории…, 1999. С. 91-93). В Средней Азии со святым Хызром повсеместно была связана земледельческая обрядность, а сам герой считался подателем изобилия. Здесь существовал обряд, согласно которому на кучу обмолоченного зерна клался кусок глины, для того, чтобы Хызр (Хыдыр) взглянул на собранное зерно или коснулся его рукой - это должно было увеличить урожай (Басилов В.Н., 1970. С. 22; Снесарев Г.П., 1969. С. 223) ## "Қыдыр" сөзінің мағынасы Қызыр сөзін қазақшаға аударсақ жасыл адам деген мағына шығады. «Хадар» – арабша "жасыл" деген сөз. «Хадрауат» - "жасыл көкеністер". Бұл кісінің Хыдыр деп аталуына бірнеше дәйектемелер бар. Хыдыр егер бір жерге отырып кейін ол жерден тұрып кеткенде, әлгі отырған жері жап-жасыл боп қалады екен. Екіншіден, ол кісі жасыл киім киіп жүрген екен. Осы себепті жасыл адам яғни, хыдыр деп аталып кеткен екен. Арабтың "الخضر" - "Əл-Хидр" сөзіндегі "ض" - «дод» әрібінің дыбысталуы қазақ тіліндегі «д» және «з» әріптерінің дыбысталуларына бірдей дəрежеде ұқсас. Осы себепті қазақша бұл сөз кей жерлерде «қыдыр» деп жазылса, басқа бір жерлерде «қызыр» болып дыбысталған күйде жазылады. www.fandom.com сайтындағы "YENİŞEHİR (Жаңа шаһар) WİKİ" бөлімінде Қыдыр жайлы былай делінген: Hızır (Arapça: الخضر al Khidr; Yeşil adam), İbrâhimden sonra yaşamış bir peygamber veya veli. Avrupa ve Asya kıtalarına hâkim olan Zülkarneynin askerinin kumandanı ve teyzesinin oğludur. İsminin, Belkâ bin Melkan, künyesinin Ebü'l-Abbâs olduğu ve soyunun Nûh aleyhisselâmın Sam isimli oğluna dayandığı bildirilmiştir. Bazıları da Hızır aleyhisselâmın İsrâiloğullarından olduğunu söylemiştir. Hızır lakabıyla meşhur olmasının sebebi, kuru bir yere oturup kalktığı zaman, oranın yeşerip yemyeşil olmasıdır. Қазақша аудармасы: «Хызыр араб сөзі, Жасыл адам деген мағына береді. Хызыр Ибраһим а.с. пайғамбардан кейін өмір сүрген бір пайғамбар немесе уәли. Зулқарнайнның әскербасы әрі бір әпкесінің ұлы болған. Есімі Бәлка ибн Мәлкан болғандығы айтылады. Лақаб аты Әбул Аббас. Нұхтың а.с. ұлы Самның ұрпағына. Кейбіреулер Хызырдың Бәни Исраил қаумынан болғандығын айтады. Хыдыр аталуының себебі егер бір жерге отырып кейін ол жерден тұрып кеткенде, әлгі отырған жері жап-жасыл болады екен.». Араб клубы сайтында Хыдыр есімі жайлы мынадай мәліметтер берілген: والخضر هو النبي / إيليا بن ملكان بن عامر بن شالح بن أرفخشد بن سام بن نوح، وسبب تسميته بالخضر قيل لأنه جلس على فروه بيضاء وتحوّل لونها إلى أخضر ، وقيل إنه عندما يصلي تخضر الأرض من حوله ، وقيل لأنه يرتدي ملابس خضراء ، ويُعرف بالنبي / جرجس .. Қазақша аудармасы: «Илия ибн Мәлкән ибн Амир ибн Шалих ибн Арфахшад ибн Сам ибн Нух. Оның Хыдыр аталу себебі бір ақ жерге отырса, ол жердің түсі жасылға айналар еді. Намаз оқыған жері де жасыл болатын. Және үстіне жасыл киім киіп жүретін. Оны Жәржәс пайғамбар деп те атайтын». Харлампий Баранов өзінің "Арабско-русский словарь" сөздігінде: «Хидр – пророк Илья» деген мәлімет берген. ## Қыдырдың ислам деректерінде кездесуі Мұса пайғамбар мен Хыдырдың (Қыдыр ата) оқиғасы Құран Кәрімде "Кәһф" сүресінің 60-82 аяттарында баяндалған. Бірақ Құран аяттарында Мұса пайғамбар серік болған адамның аты айтылмайды, ол жай ғана "Құлдарымыздың ішіндегі бір пенде" деп аталады. Мұса пайғамбар ілескен адамның аты Ибн Касирдің "Қисасул әнбия (Пайғамбарлар əңгімелері)" кітабында жазылған қиссадан мəлім болады: "Имам Бұхаридің айтуынша, Убай ибн Каъб Ибн Аббастан мына хадисті келтіреді: «Бір күні Мұса пайғамбар Бәни Исраил қауымына уағыз айтып тұрғанда, одан: «Адамдардың ең білімдісі кім?» - деп сұрайды. Сонда пайғамбар «Мен» деп жауап береді. «Аллаһ біледі» деп айтпағандығы үшін, Аллаһ тағала Мұса пайғамбарды айыптайды. Оған уахи етіп, Аллаһ былай дейді: «Екі теңіздің қосылған жерінде бір пендем бар, ол сенен білімдірақ». Сонда Мұса: «О Раббым! Оны қалай табамын?» – дейді. Оған: «Себепке балық салып ал, балақты қай жерде жоғалтсаң, оны сол жерден табасың»,-деп жауап қайтарылады» . Сонымен Мұса жолға шығып, жанына қызметкер ретінде Юшаъ ибн Нун деп аталатын бір жас баланы серік етіп ертіп алады. «Сол уақытта Мұса қызметкеріне: «Екі теңіздің қосылған жеріне жеткенге дейін тоқтамаймын немесе жаяу жүріспен жылдар өткіземін», - деді. Екеуі екі (теңіздің) құйғанына жеткен кезде, балықтарын ұмытты. Сонда (балық) ыршып түсіп теңізден жол алды» Оларда өздерімен бірге алып шыққан қуырылған балық болды. Ал екі теңіздің құйған жері деген — Қызыл теңіздің қос қапталы болатын. Аталмыш мекенге жеткенде Мұса ұйқыға кетті де, Юшаъ ояу отырды. Сол кезде әлгі қуырылған балық тіріліп, себеттен секіріп теңізге түсіп, жүзіп кетеді. Юшаъ бұл жайтты тамашалап отырды. Бірақ, Мұса оянғаннан кейін оған айтуға ұмытып кетеді. Сапарларын одан әрі жалғастырып, «екеуі ілгерілеп барған кезде, Мұса қызметкеріне: «Азығымызды әкелші. Расында бұл сапарымызда шаршадық», - деді. (Юшаъ): «Көрдің бе? Таста дем алғанда балықты ұмытқан екенмін. Маған оны айтуды шайтан ұмыттырды. Ол таңғажайып түрде теңізден жол алды»,-деді. (Мұса): «Міне, іздегеніміз осы», - деп екеуі ізінше қайта қайтты. Сонда екеуі Өз тарапымыздан мархамет беріп, Өз қасымыздан ілім үйреткен пенделерімізден бірін тапты».Екеуі осылай артқа қайтып, Хыдырды кездестірді. Ғұламалардың көпшілігі бұл кісіні пайғамбар болған дейді. «Мұса оган: «Саган үйретілген даналықтан маған да үйретуің үшін саған ерейін бе?» - деді. Ол: «Расында сен менімен бірге (жүруге) шыдай алмайсың. Ішкі сырын толық білмейтін нәрсеге қалай сабыр ете аласың?» - деді. (Мұса): «Аллаһ қаласа, мені сабырлы табасың. Сондай-ақ саган ешбір істе қарсы келмеймін», - деді». Сонда Хыдыр: «Ал онда маған ілессең, өзім айтпайынша, менен ешнәрсе сұрама»,- деді». Олар осыған келісіп, Мұса Юшаъты елге қайтарып, өздері жолға шығады. «Сөйтіп, екеуі жолға шықты да, кемеге түсіп, (Хыдыр) оны тесе бастады». Ішіне су кірген кеме бата бастады. Кемедегі балықшылар ішке кірген суды сыртқа төгіп, әбігерге түсті. Хыдырдың бұлай істегеніне Мұса таңырқап: «Кемедегілерді суға батыру үшін тестің бе? Рас орынсыз істедіц», - дейді». Хыдыр: «Саған менімен бірге әсте сабыр ете алмайсың демедім бе?» - деді». Сонда Мұса Хыдырға берген уәдесі есіне түсіп: «Ұмытқан нәрсемді есепке алма. Маған ісімде қолайсыздық тудырма», - деді».Мұнан кейін олар бір жағажайға түсіп, біраз жүрген соң Хыдыр ойнап жатқан балалардың қасына келіп, олардың біреуін жығып құлатып, бауыздап өлтіріп тастайды. «Екеуі Жолға түсті. Бір ұл бала кездесіп еді, (Хыдыр) оны өлтірді». Көз алдында кісі өліміне куә болған Мұса шыдап тұра алмай: «Кісі өлтірмеген жазықсыз біреуді өлтірдің бе? Рас, жаман нәрсе істедің», - дейді». Хыдыр тағы да: «Сен менімен бірге жүруге әсте шыдай алмайсың демедім бе?» — деді». Мұса: «Егер бұдан кейін бір нәрсе сұрасам, тіпті мені жолдас қылма. Рас мен тараптан үзірге жеттің»,- деп соңғы уәдесін берді. Сосын шаршап-шалдығып, қарындары ашып бір ауылға келеді. Бірақ, ол ауылдың адамдары бұларды үйлеріне түсіріп, қонақ қылмайды. Екеуі үйлеріне түсуге сұранса да, қабылдамайды. Сонда олар ауыл сыртына шығады. Қараса бір дуал қаңырап, құлайын деп тұр екен. Хыдыр барып ол дуалды түзетіп қояды. Мұса оның қонақ күтуге жарамаған ауыл адамдарының құлайын деп тұрған дуалын еш ақысыз жөндеп бергеніне таңырқап қалады. Аллаһ Тағала:«Сонда екеуі тағы жүріп, бір ауыл халқына барып, тұрғындарынан тамақ сұрады. Олар екеуін қонақ қылудан бас тартты. Сонда екеуі ол жердегі жығылғалы тұрған тамды көріп, (Хыдыр) оны жөндеді. (Мұса): «Егер қаласаң бұған ақы алар едің», - деді. (Хыдыр): «Міне, осы, мені мен сен екеуміздің арамыздың айрылуы. Ал енді саған сабыр ете алмаған нәрселеріңнің сырын айтайын. Кеме теңізге кәсіп істейтін кембағалдардікі еді. Оны ақаулы еткім келді. Өйткені, арт жақтарында әрбір (жарамды) кемені тартып алатын патша бар еді. Ал баланың мүмін әке-шешесі бар тұғын. Оның әке-шешесін бас тарттыруға, қарсылыққа мәжбүрлеуінен қорықтық. Раббылары оларға оның орнына одан да таза әрі мейірімді бір бала беруін қаладық. Ал енді дуал, бұл қаладағы екі жетім баланыкі болып, оның астында екеуіне тиесілі қазына бар еді. Сондай-ақ әке-шешелері түзу кісі болғандықтан Раббың оларға қазыналарын шығарып алуын қалады. Бұл Раббыңнан бір мархамет еді. Сондай-ақ мұны мен өздігімнен істемедім. Міне, осы сенің сабыр ете алмаған істерің»,- деді», - деп айтқан. Ибн Аббастың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болғай) тәпсірлеуінше, Хыдыр кемені тескен кезде бір патша жолында кездескен барлық кемелерді тартып алып келе жатқан болатын. Тесілген кемені көрген патша оны керек қылмастан алмай кетеді. Ал Хыдыр өлтірген балаға келсек, Аллаһ Тағала бұл баланың ержеткенде залым, кәпір, ата-анасына жәбір беруші адам болатындығын біліп, оны өлтіруге әмір етті. Сөйтіп бұл баланың орнына мүмін әке-шешесіне ізгі бір бала сыйлады. Енді оның ауыл шетіндегі қаңыраған дуалды түзетіп қойғандығын айтсақ, ол дуалдың астында бір марқұм жақсы кісінің екі баласына тиесілі қазына жатыр еді." Бұнымен қоса ислами деректерде сенімділік дәрежесі төмен бірақ Қыдыр туралы көзқарастарды көрсететін басқа да хадистер бар. Бұл хадистерде Қыдыр Ілияс пайғамбармен қажылық жасап, Мұхаммед пайғамбардың сахабалары заманында өмір сүреді. Әл-Хакимнің «Әл-Мустадрак» кітабында Жабирден келесідей хадис келтіріледі: «Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғанда оның барлық сахабалары жиналады. Сол кезде олардың арасына сақалы сұр түсті, дене бітімі мығым бір кісі кіріп келді. Әлгі кісі оларды құшақтап, жылай кетеді. Одан кейін ол сахабаларға қарап, былай дейді: «Шындығында,  барлық бәледен жұбату, шығындар мен өлімнің өтеуі Алллаһта. Алладан көмек сұрап, оған ұмтылыңдар! Қайғы-қасірет кезінде оның жанары сендерде, сондықтан өздеріңнің жанарларыңды оған тастаңдар. Расында бәленің құрбаны — жұбаныш таппаған адам!» Сосын ол кетіп қалды. Әбу-Бәкр мен Әли былай деп айтты: «Бұл болған — Қызыр — оған Алланың сәлемі болсын!»» Әл-Хатыб пен Ибн-Асакир Әлиден хадис жеткізеді. Ол былай депті: «Мен Қағбаны тауап етіп жүргенімде, Қағбаның жабындысына сүйеніп, келесі сөздерді айтып жатқан адамды көрдім: «Уа [біреудің тілегі мен өтінішін] тыңдау сені [басқаларды] тыңдаудан алаңадатпайтын! Уа, саған жүгінетіндердің қажылық етулері ауырлық етпейтін. Өзіңнің кешірімің мен мейіріміңнің лебін бізге сыйлай гөр!». Мен одан сұрадым: «Әй, Алланың құлы! Сөздеріңді қайталашы». Ол менен былай деп сұрады: «Олар саған естілді ме?». Мен: «Иә», дедім. Ол былай деп бастады: «Қолында Қызырдың өзі бар». Демек ол Қызыр болғаны. Сосын ол жалғастырды: «Егер Алланың құлы осы сөздерді намаздан соң айтса, онда Алла оның күнәсі шаң тозаңындай, не жаңбырдағы тамшылар санындай, не ағаш жапырақтарындай болса да, барлығын кешіреді. Әл-Байхақи өзінің жинағының, «Иман» бөлімінде Әл-Хажжаж ибн-Фарафстың сөзінен хадис келтіреді. Бірде екі ер кісі Абдуллаһ ибн-Омар қасында саудаласып жатқан екен. Олардың біреуі тым көп ант берген болатын. Оның дәл осы әрекеті кезінде олардың қасына бір кісі келіп, алдарына тұрып алыпты. Араларында ант іше беретініне былай депті: «Уа, Алланың құлы, доғар! Алладан қорықсайшы, былай көп ант ете берме. Осыншама ант етсең де, наның көбеймейді. Ант етпей қойсаң, наның азаймайды». Ант еткен кісі әлгі адамға былай деп жауап беріпті: «Өз шаруаларыңмен айналыссайшы». Ол болса, былай депті: «Менің шаруам — осы». Әуелгісі оған үш рет кет десе, ол кісі оған үш рет сол сөздерін қайырыпты. Кетейін деп жатқанда былай деген екен: «Сенімнің белгілерінің бірі сені қорқытып немесе қызықтырып өтірікке көндіргенде, шындықты таңдауың екендігін білгейсің! Істеріңді сөздеріңнен артық етпе!». Сосын ол кетіп қалды. Абдуллаһ ибн-Омар [ант ішкен кісіге] былай деген екен: «Оны қуып жетіп, сөздерін жазып ал!». Ол әлгі кісіге жолығып: «Уа, Алланың құлы! Алла саған мейірім еткей, осы сөздеріңді маған жазып берші!» — депті. Ол осы сөздерін оған жаттағанша қайталап беріпті. Содан соң (ант ішкен кісі) мешітке аяғы кірмейінше жолмен жүре беріпті. Ол былай деген екен: «[Қалай екенін] білмеймін — бірақ жер осы сөздерді айтып, аспан айқара ашылды». Әрі қарай ол Әзірет Қызыр мен Ілиясты көргендей болғандығын айтты. Өзінің «Муснадында» Харис ибн-Усама иснады Анасқа жететін хадисті  келтіріпті. Ол былай айтқан екен: «Алла елшісі Мұхаммед былай деген: «Әзіреті Қызыр — теңізде, ал Әзіреті Ілияс — құрлықта. Әр түн сайын олар Зұлқарнайын салдырған Румда кездеседі. Адамдар және Йажуж бен Мәжуж арасында болады». Әзіреті Қызыр мен Ілияс әр жыл сайын ұмра мен қажылықты өтеп, қасиетті Зәмзәм бұлағынан оларға келесі жылға дейін жететін бір ұртам су ішеді. Әл-Акили мен Ибн-Асакир Ибн-Аббастан жеткізген хадисті келтіреді. Онда Мұхаммед пайғамбар былай депті: «Әзіреті Қызыр мен Ілияс әр жыл сайын қажылықта кездесіп, бір-бірінің бастарын қырып, келесі сөздерді айтады: «Алланың атымен! Алланың қалағаны! Тек Аллаһ қана жақсылықты береді! Алланың қалағаны! Тек Аллаһ қана жамандықты қайтара алады! Алланың қалағаны! Барлық игіліктер мен нығметтер тек Алладан ғана!»». Ибн-Аббас айтыпты: «Кімде-кім осы сөздерді оянғанда немесе кешке жатарда үш рет айтса, Алла оны оттан, тоналудан, суға батып кетуден, шайтаннан, зұлым патшадан, жылан мен сарышаяннан қорғап қалады». Ибн-Асакир иснады Мұхаммед ибн-Манкадрға жететін хадис келтіріпті. Ол былай айтып беріпті: «Омар ибн-Әл-Хаттаб жаназа намазын өтейін деп жатқанда бір құпия дауыс артынан оған сыбырлап: «Намаз оқуға асықпа, бізге үлгеруге мұрша бер — Алла саған мейірім етсін!». Омар ибн-Әл-Хаттаб ол кісі қатарға тұрмайынша күтіпті. Омар тәкпір айтып, онымен қоса қалған ер кісілер де айтқан екен. Әлгі дауыс: «Оны қатты жазаласаң, ол қарсы шығады. Ал егер кешірсең, ол сенің мейірімің мен аяушылығыңды күтеді». Омар мен барлық жұрт дауыс қатқан адамға қарады. Мәйітті көмген соң, әлгі адам қабірдегі жерді тегістеп, былай депті: «Ариф» («нұрланған», жоғарғы дәрежелі сопы), салық жинаушы, қазына сақшысы, жазушы немесе күзетші болмасаң да, бақытты екенсің — қабір иесі». Омар ибн-Әл-Хаттаб: «Оны маған әкеліңдер! Оның осы дұғасын қайдан  алғанын сұрайық». Бірақ әлгі адам көздерінен ғайып болыпты. Бәрі қарауға кірісіп, оның табаны қалдырған ізі шынтақтың ұзындығына тең екендігін көріпті. Сонда Омар ибн-Әл-Хаттаб айтыпты: «Алламен ант етейін, бұл Мұхаммед пайғамбар айтқан Әзіреті Қызыр болған». Ибн-Асакир иснады Әл-Аузағи арқылы Макғулиға жететін хадис келтіріпті. Ол болса, Уасиләт ибн-Әл-Аскағидың келесі сөздерді айтқанын естіпті: «Бірде біз Алла елшісі Мұхаммед пайғамбармен  бірге Табукқа жорық жасадық. Біз Жизам өңіріндегі Әл-Хаура деген жерде едік. Бізді қатты шөл қысқан болатын. Бір кезде біз жаңбыр жауған жерге шығып, алдымызда ішінде екі өлексе жатқан жаңбыр суының шалшығы көрінді. Аңдар өлексе етінен жеп болған соң шалшықтан су ішіп жатқан. Біз Мұхаммед пайғамбардан  сұрадық: «Уа, Алланың елшісі, мынау өлімтікті аңдар жеген». Ол жауап берді: «Иә, бірақ осы екі мәйіт таза, олар аспан мен жерден жаратылып, оларды еш нәрсе бұза алмайды. Аңдардың (судан болған) несібесі — іштерінде, біздің несібеміз — бізге болмақ». Түннің үштен бір бөлігі өткенде біз кенеттен мұң мен қайғыға толы дауыстың айғай салғанын естідік: «О құдайым! Мен Мұхаммед пайғамбардың  үмбетінен — кешірілген және нығмет жасалған үмбеттен, жауап берушісі бар үмбеттен болуымды нәсіп ете гөр!». Мұхаммед пайғамбар  келесідей бұйырды: «Әй Хузайфа мен Анас! Мынау шатқалға барып, бұл не дауыс екенін біліңдер!». Әлгі жерге шыққанымыз сол еді киімі қардан ақ адамды көрдік. Оның жүзі мен сақалы да ақ түсті еді. Мен [Хузайфа]  оның жүзі киімінен ағырақ па, әлде керісінше ме түсінген жоқпын. Ол бізден екі, тіпті үш қарысқа ұзынырақ болатын. Біз онымен сәлемдестік, ол да солай істеді. Сосын ол былай деді: «Қош келдіңдер! Сендер Алла елшісі  елшілерісіңдер». Біз иә дедік. Сосын біз: «Алла саған мейірім еткей — сен кімсің?», — деп сұрадық. Ол: «Мен — Ілияс, пайғамбармын. Мен Меккеге жетейін деп жолға шығып, сендердің әскерлеріңді көріп қалдым. Сонда алдында Жебірейіл періште, артында Микаил періште бар періштелердің әскеріндегі бір жауынгер маған: «Бұл адам сенің бауырың, Алла елшісі! Оны қарсы алып, сәлем бер!» — деп айтты. Сендер екеуің қайтып, оған менің сәлемімді жеткізіңдер. Оған менің сендердің әскерлеріңе баруымның қажеті жоқ деп айтыңдар. Түйелер менен шошып, ал мұсылмандар менің бойымнан зәре-құттары қашып кетуден сескенемін. Бұл менің сендер сияқты жаратылмағанымнан. Ол маған келсін деп айтыңдар». Хузайфа мен Анас оның қолын қысып, онымен амандасты. Сосын Әзіреті Ілияс Анас туралы сұрады: ««Бұл кім?». Хузайфа ибн-Әл-Йаман оның Алла елшісінің  сахабасы екендігін айтты. Әзіреті Ілияс оған сәлем берді. Сосын ол былай деді: «Алламен ант етемін, оны бүкіл жерге атақты қылатын аспан олжасына лайықты адамды аспан мекендеушісі Алла елшісі Мұхаммед пайғамбардың  сахабасы деп аталады». Хузейфа сұрады: «Сен періштелерді кездестіресің бе?». Ол былай деді: «Мен оларды жолықтырмайтын күн жоқ. Олар маған, ал мен оларға сәлем береміз». Сосын бізге Мұхаммед пайғамбар  келді. Ол бізбен бірге алға шатқалға кіргенше қозғалып, оның жүзі жарықпен  нұрланды. Әзіреті Ілиястың жүзінен бір жарық шыққан екен, ал оның киімі күн сияқты жарқырап тұрды. Алла елшісі былай деді: «Тыныш!». Біз Мұхаммед пайғамбарға  бес қарысқа жақындадық. Мұхаммед пайғамбар  Әзіреті Ілиясты ұзақ құшақтады. Сосын олар отырды. Кенет біз түйедей дәу құсқа ұқсаған бір ақ түсті жаратылысты көрдік. Ол пайғамбардың  айналасында қанаттарын сермеп э, айналып жүріп, онымен біздің арамызда орнықты. Содан кейін Мұхаммед пайғамбар  бізге қарай [құздан] шықты да, былай деді: «Уа Хузайфа! Уа Анас! Бері келіңдер!» Біз жақындап, алдымызда жасыл түсті дастарқанды көрдік. Мен бұндай керемет дастарқанды бұдан бұрын көрген емеспін. Сосын дастарқанның жасыл түсін ақ түс баурап, біздің беттеріміз бен киімдеріміз жасыл түске оранды. Бұдан соң дастарқан үстінде күтпеген жерден: нан, анар, банандар, жүзім, құрма мен бұршақ пайда болды. Сосын Әзіреті Ілияс былай деді: «Алланың атымен жеңдер». [Анас пен Хузайфа] сұрады: «Уа Алланың елшісі! Бұл жердің тамағы ма?». Ол былай деді: «Жоқ бұл менің қырық түн мен күнге жететін тамағым. Маған оны періштелер әкеледі. Қазір тура сол қырық түн мен күннің біткен кезі. Бұл тамақ Алла: « «Бол!», — дегенде, ол пайда болатын заттардың бірі. Біз сұрадық: «Сен қайдан келе жатырсың?». Әзіреті Ілияс жауап берді: «Румия елі жағынан. Мен мұсылмандар арасынан болған бір халықпен соғысып жатқан періштелер әскерінде болдым». Біз сұрадық: «Сен келеген жерге дейін қанша уақыт жүру керек?». Ол жауап берді: «Төрт ай. Мен ол жерден он күн бұрын кетіп қалдым. Мен Меккеге дейін жеткім келеді. Мен ол жерде жылына бір рет маған келесі Меккеге келуіме дейін бір жыл бойына жететін суды ішемін». Біз одан сұрадық: «Ең күшті шайқастар қайда өтіп жатыр?». Ол былай деді: «Шамда (Сирия мен Ливан), Иерусалимде, Мағриб пен Йеменде. Мұхаммед пайғамбардың  мен баспаған кіші және үлкен мешіті жоқ». Біз одан сұрадық: «Сен Әзіреті Қызырмен қашан кездескен едің?». Ол жауап берді: «Бір жыл бұрын біз Меккеде қажылық кен кездестік. Ол маған: «Сен менен бұрын Мұхаммед пайғамбармен кездесесің. Оған менен сәлем айт деді». Ол Мұхаммед пайғамбарды құшақтап, жылап жіберді. Сосын біз оның қолын қысып, оны құшақтадық. Ол қайтадан жылады, біз де жыладық. Біз ол бір ауыр салмақ сияқты аспанға көтерілгенше қарап тұрдық. Біз Мұхаммед пайғамбарға: «Уа Алла елшісі! Біз кереметті көрдік. Ол аспанға түсіп кеткендей болды!». Пайғамбар жауап берді: «Ол періште қанаттарының арасында ол оны қалаған жеріне дейін жеткізгенше болады».[10] ## Қыдыр атаны шариғи көзқараспен сараптау Халық арасындағы Қыдыр ата жайлы аңыз-əңгімелерді зерделесе, ол байырғы заманнан бері өмір сүріп келе жатқан ұлы әулиелер қатарынан екендігін, жан мен тән сыйлаушы, мәңгі өмір сүретін секілді екендігін аңғарса болады. Енді осы нәрселердің исламға қаншалықты жақын екендігін зерттеп көрелік. Қыдыр атаның есімі пайғамбарлардың қатарынан кездеседі. Мұса пайғамбар мен Хыдырдың қиссасы Құран Кәрімде келген атақты қиссалардың бірі. Құран аяттарына сүйенер болсақ, Хыдыр өздігінен іс атқармаған. Әрі Аллаһ тағаланың ең білімді пенделерінен. Жақсы іс атқарушы болып та есептеледі. Дегенмен әулие, көріпкел, жан мен тән сыйлаушы секілді сипаттары жоқ. «Əулие» араб тіліндегі «уәли» сөзінің көпше түрі. «Уәли» қазақ тілінде "дос", ал «әулие» "достар" деген мағына береді. Жалғыз адамға әулие сөзінің өзін қолдану қате болып есептеледі. Себебі ол көптік мағынадағы сөз. Көріпкелдікке тоқталар болсақ, Ислам дінінің наным, сенімі бойынша болашақты Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Пайғамбарлар да білген емес. Сонымен бірге жан мен тәнді сыйлаушы Аллаһ болып есептеледі. Құран аяттарына жүгінер болсақ Хыдырға яғни, Қыдыр атаға байланысты бұл сипаттар жоққа шығарылатын секілді. Наурыз түндерінде Қыдыр ата «үйлерді аралайды», «батасын береді» деген сөздерге тоқталар болсақ, наурыз әлі күнге дейін жалғасып келуде, демек Қыдыр ата әлі күнге дейін аралап келе жатыр деген сөз. Сондай-ақ кейбір тәпсір және тарих кітаптарында Хыдыр тірі деген пікір айтылады. Негізінде бұл өрескел қате түсінік. Бұған дәлел Абдуллаһ ибн Омар риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз бірде құптан намазын оқып болған соң сахабаларға бұрылып: «Мына түндеріңді көріп тұрсыңдар ма?» - деп сұраған. Олар: «Иә», - дейді. Сонда Пайғамбарымыз: «Жүз жылдан кейін жер бетінде қазір тірі болған ешкім қалмайды», - деген (Хадисті Бұхари және Муслим риуаят еткен). Сонымен бірге Кувейттің Филикия деген аралында Хыдырдың (Қыдыр ата) қабірі бар деген мағлұматтар бар. Бұл мағлұмат араб тіліндегі уикипедияда жарияланған. Және араб клубы сайтында Хыдырдың қабірінің суреті берілген. Сурет Яхия әл-Рабиғанның (мин әййәми заман) кітабынан алынған. Аталмыш мәліметтерге де сүйенер болсақ, Хыдыр дүние салған. Hızır aleyhisselâm, Allahü teâlânın sevgili kullarındandı. Doğdu, büyüdü ve vefât etti. Қазақша аудармасы: "Хызыр алейһисселам Аллаһ тағаланың сүйікті құлдарынан. Ол дүниеге келді, өсті, үлкейді және дүние салды." Халық арасында тағы айта кететін бір жәйт, «Қыдыр ата» мен «Қадыр түнін» шатастыратындар кездеседі. Көпшілігі дерлік десек артық кетпеспіз. Қыдыр ата мен Қадыр түні екеуі екі бөлек нәрсе. Қыдыр түні рамазан айында яғни оразада болатын түн. Рамазан айының соңғы он тақ түндерінің бірі Қадыр түні. Ғалымдардың көпшілігі рамазан айының 27-ші түні «қадыр түн» деген пікірлер айтқан. Қадыр түні Қыдыр ата келеді деген де қауесеттер бар. Бұл да негізсіз пікірлер. Қадыр түнінде кімнің келетіндігі, яғни, жер бетіне Қыдыр атаның емес періштелірдің түсетіндігі жайында аяттар бар. Аллаһ тағала Құранда былай дейді:«Негізінде Құранды Қадыр түнінде түсірдік. (Мұхаммед) Қадыр түнінің не екендігін білесің бе? Қадыр түні мың айдан хайырлы. Періштелер мен Жәбірейіл періште ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін (Жер бетіне) түседі. Ол бейбітшілік кеші (болған қадыр түні) таң рауандағанға дейін жалғасады». Құран аяттары мен хадистерге жүгінсек, Қыдыр атаның тірі, әлі күнге дейін үйлерді аралап жүргендігіне дәлелдер жоқ. Тек қана қауесеттер, аңыздар, халық аузындағы сөздер. Қорыта келе Құран Кәрімдегі Мұса мен Хыдырдың арасындағы оқиғаға қарар болсақ, Аллаһ тағала ізгі, иманды ата-аналардың салауаттылығына өзі тікелей араласып отыр. Оларға бейқайыр ұлдың орнына ізгі перзент сыйлады, балаларына арналған қазынаның сақталуын кепілдіге алды, кембағал балықшыларды да кемесіз қалмауында қарастырды. Демек, Аллаһ тағала әр бір істен хабардар, әрі бұл істі Хыдырға (Қыдыр атаға) жүктеген. Хыдырдың иелік еткен ілімене келсек – бұл оған Аллаһ тағала дарытқан ғайып ілім. Ал, ғайып ілімдер тек пайғамбарларға ғана Аллаһ тағала тарапына беріледі.Қыдыр атаға байланысты ақиқат ғұламалардың айтуынша оның пайғамбарлар қатарынан, Аллаһтың ілімді пенделерінен болғандығы. Ал халқымыздың аузында жүрген аңыздардың шындыққа жанасар жері еш жоқ. Кім білер, Қыдыр ата жайлы қиссалар біздің елге жетіп келемін дегенше жергілікті шамандық наным-сенімдермен араласып, ақыр соңы көріпкел, әулиеге айналған болуы әбден мүмкін. ## Дереккөздер
Сарытау (1992 жылға дейін — Платово) — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Маралды ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2007 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Күршім ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 146 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 94 адам (52 ер адам және 42 әйел адам) болды. ## Дереккөздер
Қайнар — Абай облысы Көкпекті ауданы, Тассай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 56 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Қара қаңлы -- қаңлы тайпасының бір бөлігі. Сырдарияның Қара қаңлысы алты ата: Тоғызбай, Онбай, Тоған бай, Бақа, Бадырақ, Қара; Жетісудағылар да алты ата: Ерезен, Қоспан, Еңке, Танта, Оразымбет, Бақа. * ЕРЕЗЕН (Матах, Райытбек, Үркінбай, Томаш, Құтты) * ЕҢКЕ (Қармен, Түмен, Шоңай, Есберді, Батыр) * ТАНТА (Құлжан, Шомақ, Олжабай, Қосаболат, Қайырлия, Тұра, Таз, Былғары, Сертек) * ҚАРАМАНАС (Тәпи, Қуаныш, Қошай, Қозымбет,) * ҚАСПАН (Садақ, Дәулетай, Бәйдек) * ТОҒЫЗБАЙ (Бағытай, Дүнкелді, Теке, Бердібай, Қатшы) * ОНБАЙ (Қонаққожа – Тоғанай, Мәмбет (қызыл қаңлы), Бақа (Теңіз). * Қозы - Жасмырза (Алпыс, Құмырсқа, Бадырақ). * Бұзаушы, Тартулы, Жылқышы) ## Сыртқы сілтемелер * https://vk.com/topic-7977109_30934789
Мойылды — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Марқакөл ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Күршім ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 162 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 101 адам (2009). ## Дереккөздер
Қойтас — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы, Аққала ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Самар ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 46 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Аққала (2017 ж. дейін – Белое) — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы ауыл, Аққала ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Самар ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 32 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қараөткел — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы, Аққала ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Самар ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 42 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Мойылды (2013 жылға дейін – Московка) — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы, Мариногор ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Самар ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 16 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жаңажол — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы, Аққала ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Самар ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қызылжұлдыз — Абай облысы Көкпекті ауданы, Теректі ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 47 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 69 адам (2009).
Сарышығанақ — Абай облысы Көкпекті ауданы, Теректі ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2009 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 74 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 2 адам (2009).
Каменка — Абай облысы Көкпекті ауданы, Теректі ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 41 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 72 адам (2009).
Теректі — Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл, Теректі ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан шығысқа қарай 42 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Комсомол — Абай облысы Көкпекті ауданы, Биғаш ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан батысқа қарай 45 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 179 адам (90 ер адам және 89 әйел адам) болса, 2009 жылы 122 адамды (66 ер адам және 56 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Егінбұлақ — Абай облысы Көкпекті ауданы, Биғаш ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан батысқа қарай 45 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Қарғалы — Абай облысы Көкпекті ауданы, Биғаш ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан батысқа қарай 46 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 110 адам (2009).
Құлынжон (2013 жылға дейін – Казнаковка) — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы ауыл, Құлынжон ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Самар ауылынан оңтүстікке қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көкжыра — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы, Құлынжон ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Самар ауылынан оңтүстікке қарай 8 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көкпекті ауылдық округі – Абай облысы Көкпекті ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Көкпекті, Ажа, Толағай, Ұзынбұлақ, Шәріптоғай ауылдары кіреді. Орталығы – Көкпекті ауылы. ## Дереккөздер
Кіші Бөкен — Абай облысы Көкпекті ауданы, Қойгелді Аухадиев ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 26 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Үшкөмей — Абай облысы Көкпекті ауданы, Тассай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 63 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Шамалған — Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл, Шамалған ауылдық округі орталығы. 2010–2017 жылдары Үшқоңыр деп аталған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде, Үшқоңыр тауының етегінде, Шамалған өзені бойында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1910 жылы қаланған. 1961-1997 жылдары көкөніс-сүт өндіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде Шамалғанда, Айқым және 2013 жылға дейін Шамалған ауылдық округі құрамында болған Еңбекші, Құмарал, Сауыншы және Үштерек ауылдарында 700-ге жуық шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы бағытындағы 8 ЖШС, “Т.Рысқұлов атындағы университеттің биокомбинаты” ЖАҚ-ы, “Қазтеміржол-жабдықтау”, “Достар”, “Селден қорғау” ЖШС-тері орналасқан. Шамалған атауы Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 11 қаулысы және Алматы облыстық маслихатының 2010 жылғы 10 ақпандағы N 28-179 шешімімен Үшқоңыр деп өзгертілген болатын , алайда 2017 жылғы 27 шілдеде Алматы облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс XIX сессиясы шешімімен ауылдық округ пен ауылға бұрынғы Шамалған атауы қайтарылды ## Көпшілік-танымдық орындары * "Атамекен" тарихи-мәдени орталығы ; * "Үшқоңыр" спорттық-сауықтыру кешені ## Дереккөздер
Шұбарқайың (2017 ж. дейін – Пантелеймоновка) — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы, Самар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Самар ауылынан солтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қайыңды — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы, Самар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Самар ауылынан солтүстікке қарай 18 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Өрнек — Абай облысы Көкпекті ауданы, Теректі ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан шығысқа қарай 51 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 51 адам (2009).
Мамай — Абай облысы Көкпекті ауданы, Үлгілі Малшы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 51 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Миролюбовка — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы ауыл, Миролюбов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Самар ауылынан шығысқа қарай 15 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Мелитополь — Абай облысы Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Раздольное — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы, Миролюбов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Самар ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 9 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Сарыбел ауылдық округі – Жетісу облысы Панфилов ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Сарыбел, Садыр, Тұрпан ауылдары кіреді. Орталығы – Сарыбел ауылы. ## Дереккөздер
Сәкен Әділханұлы Жасұзақов (25 қазан 1957, Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар ауылы) — әскери қызметкер, генерал-майор. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училешесін (1978), Мәскеу әскери академиясын (1990) бітірген. 1978 — 1987 жылдары Балтық бойы әскери округінде барлау взводы командирі, барлау ротасы командирі, жеке барлау батальоны штабы бастығы қызметтерін атқарған. 1990 — 1994 жылдары Алматы қаласындағы ауданның азаматтық қорғаныс штабы бастығы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штабының барлау бөлімінде аға офицер, барлау басқармасының ғылыми-ақпарат бөлімінің бастығы, 1994 — 1996 жылдары Ресей Қарулы Күштері Бас штабы әскери академиясының тыңдаушысы, 1996 — 2000 жылдары Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, шұғыл жоспарлау департаментінің бастығы, армиялық корпус командирінің орынбасары, штаб бастығы болып жұмыс жасады. 2000 жылдан әскери құрама командирі.
Қарағандыкөл — Абай облысы Көкпекті ауданы, Көкжайық ауылдық округі құрамындағы ауыл. Бұрынғы Қарағандыкөл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 65 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Сүлеймен — Абай облысы Көкпекті ауданы, Үлгілі Малшы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 80 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Дәулетбай — Абай облысы Көкпекті ауданы, Үлгілі Малшы ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2009 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 85 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Подгорное — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы, Палатцы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Самар ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 59 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Шұғылбай — Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл, Шұғылбай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 42 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Үкіліқыз — Абай облысы Көкпекті ауданы, Қойгелді Аухадиев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 36 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Үлгілі ауылдық округі: * Үлгілі ауылдық округы – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік. * Үлгілі ауылдық округы – Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Тағы қараңыз * Үлгілі
Черноярка — Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл, Қойгелді Аухадиев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Айнабастау — Абай облысы Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсуат ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 63 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Ақжол — Абай облысы Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсуат ауылынан оңтүстікке қарай 49 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Томар — Абай облысы Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсуат ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 65 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Түркістан — Қазақстандағы қала, Түркістан облысының әкімшілік орталығы. . Қазақстанның ең көне қалаларының бірі, іргетасы V-VІ ғасырларда қаланған. ## Сипаттама Түркістан қаласы Шымкент қаласынан 170 шақырым қашықтықта орналасқан. Қаланың шығысы тарихи Отырармен, солтүстігі Кентау қаласы және Созақ ауданымен, батысы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданымен шектеседі. Әкімшілік аумағы 9,4 мың шаршы шақырымға жетеді. ## Халқы 2008 жылдың 1 қаңтарына қала халқының саны 198 813 адамды құрады, құрамына 12 ауылдық әкімшілік және 5 мөлтек аудан кіреді. Қалада 46 ұлттың өкілі тұрады. ## Тарихы Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Ясауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленгенҚаланың іргетасы біздің заманымыздың1-мыңжылдықтың бас кезінде каланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері — Шоқтас, Қошқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтан Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты — Ясы. Археологтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. 7—12 ғасырлар- да Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. 9 ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819 жылы аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, 10 ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. 12 ғасырдың 1-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді. Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі басы¬на мазар тұрғызылды. Ол касиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға төуөп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. Ясы қаласы туралы деректер 13 ғасырда жарык көрген Киракос Гандзакенцидің "Армения тарихы" атты еңбе¬гінде кездеседі. Бұл еңбекте Ясы қаласы Асон деген атаумен берілген. Ясы атауы 14 ғасырдан бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің хабарларына қарағанда, 1388 жылы Ясыны Тоқтамыстың әскерлері талқандап, түрік тайпаларының қасиетті мекеніне айналған Қожа Ахмет Ясауи мазарын тонайды. Әмір Темір Тоқтамысты талқандағаннан кейін жаулап алған олжаның бір болігін Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салуға жұмсайды. Ясы орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шахристан, рабад қалыптасты.15 ғасырдың 1-жартысында Шараф әд-Дин Әли Иезди Ясыны шағын елді мекен болды деп атап көрсетсе, ал 16 ғасырда Рузбехан Исфахани "Михманнаме-и Бухари" атты шығармасында Ясыны былайша суреттейді: "Аса қасиетгі Қожаның сағанасы орналасқан Ясы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Ясы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар жеткізеді де, сол жерде оларды сату басталады. Сондықтан ол көпестердің тең-тең жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын ор елге аттандыратын орын болды". 15—17 ғасырларда зираттың төңірегіне ақсүйектер күмбездері салынып, олардың ішінде Рабига Сұлтан Бегім (15 ғ), Есімхан (17 ғ.) күмбездері ерекше маңызды болды. 1579 жылы Ясы қаласы Ақназар ханның иелігіне айналды. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден Ясы қаласы Түркістан деп атала бастады. 18 ғасырда жоңғар шапқыншылықтары каланы құлдыратып жіберді. 1819—64 жылы Түркістан Қокан хандығының қол астына қарады. Сол кезеңде Түркістан қаласының аумағы 10 гектарға жуық болды. Оны балшықтан соғылған қамал қоршап тұрды. Қабырғада 12 мұнара мен 4 қақпа болған. 19 ғасырдың 60-жылдары Түркістанда 20-ға жуық мешіттер, 2 медресе, базар, 22 су диірмені, 5 мыңдай тұрғыны болды. 1864 жылы 11 маусымда Түркістанды Ресей әскер¬лері жаулап алды. 1872 жылдан уездік қала аталды. 20 ғасырдың басында Түркістан 1400 гектардай жерді алып жатты. 1903 жылы Түркістанда темір жолы вокзалы салынды. 1908 жылы 3616 үй, 41 мешіт, 2 класты қалалық училище, қыздар училищесі, 1 медресе, 23 мектеп, 2 шіркеу болған. Қала халқы 1910 жылы 15236 адам болды. Өнеркәсіп және сауда орындарынан 1912 жылы мақта тазалайтын, 10 май шайқайтын, 8 сабын қайнататын, кірпіш зауытттары, 15 су диірмені жұмыс істеді. 1918 жылы 6—9 каңтар аралығында Түркістанда Сырдария облысы қазақтарының съезі етті. Съез¬де Сырдария облысының Алаш автономиясына қосылу моселесі каралды. Онда Сырдария қазақтары Алаш автономиясына қосылған жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы болады деген шешім кабылданды. Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауданының әкімшілік орталығы. Қалада жөндеу-механик, мақта тазалау, жем, кірпіш зауыттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұр¬мыс қажетін өтейтін комбинаттар т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Саттар Ерубаев мұражайы қызмет көрсетуде. 1991 жылы "Әзіреті Сұлтан қорық-мұражайы" ашылды. Түркістанда орта білім беретін мектептерден баска, арнаулы білім беретін оқу орындары бар. * 1991 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің негізі қаланып, қазіргі кезде еліміздегі жетекші білім беру ордасына айналды. * ЮНЕСКО шешімімен Түркістан каласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілді (2000). * Абай «Жиырма жеті жасында...» деген өлеңінде сүйікті ұлы Әбдірахманның ғылым іздеп, білімін жетілдіру барысында Түркістан өлкесімен таныс болғандығы жөнінде айтады. ## Қала туралы Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Араб тарихшы-географы Әл-Истахри ибн Кордаубех ат-Танрази өз жазбаларында: “Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүрген де, ХІғ. бастап қала орталығы Ясыға көшті”, - дейді. Бұл деректерді қазіргі біздің археолог ғалымдар да растайды. Ал қорық ғылыми қызметкерлердің зерттеуі бойынша, Қытай санекрит жазбаларындағы деректерге қарағанда, Түркістан қаласы біздің дәуірге дейінгі ІІ-ІІІ ғғ. өмір сүргендігі және сол кездің өзінде ірі мәдени және рухани орталық болғандығы туралы болжамдар айтылып жүр. Мысал келтіретін болсақ, сол кездегі Қарахандық билеушілердің осында әкелініп жерлене бастауы, атап айтқанда, Отырар билеушісі Ілияс ханның жерленуі, тіптен Сайрамда туып-өскен Ахмет Ясауидің де Түркістан жерінде тұрып, осында жерленуі жайдан-жай емес екендігі анық.. ХІҮ ғасырда, яғни А.Ясауи кесенесі салынғаннан кейін, Түркістан бүкіл түрік тілдес халықтардың діни орталығына айналып, “Хазреті Түркістан” немесе “Кіші Мекке” атанды. Бұл болжамды шығыс зерттеушісі академик В.В.Бартольд да қолдайды. ХҮ ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Ясауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі. Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады. Олардың қатарына Ахмет Ясауи бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Жүгнеки, Жүсіп Баласағұндар жатады. Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек батыр қала. Моңғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала. Орта ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен шаһарлардан біздің ғасырға жеткені де осы қала. ХҮІІ ғасырдың басынан Түркістан қазақ хандығының, яғни қазақ мемлекетінің астанасы болды. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын реттеу үшін Түркістаннан Ресейге, Ресейден Түркістанға елшіліктер жүріп отырған. Түркістанның бүкіл қазақ халқының байтақ астанасы болғандығын дәлелдеу үшін Шығай, Есім, Жәңгір, Тәуке, Абылай, Қазыбек, Әйтеке секілді қазақ халқының ұлдары мен Қанжығалы Бөгенбай, Тобықты, Мамай, Қоңырат Сырғақ, Нияз, Дулат сияқты батырларының құлыптастарының А.Ясауи сағанасында орналасқанын айтудың өзі жеткілікті емес пе?! Өткен дәуірлерде құрылыс саласында қол жеткен табыстардың көпшілігін өз бойына жинақтаған ғимараттардың бірі, Түркістан қаласындағы күні бүгінге дейін жақсы сақталып келген кесене.Бізге жеткен жазба мәліметтерге қарағанда, көне Ясыда, қазіргі кесене тұрған орнында мұсылманның атақты әулиелерінің бірі, дәруіштер шайқасы – Ахмет қабіріне ХІІ ғасырдың өзінде-ақ шағын кесене орнатылғаны белгілі. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.Ахмет Ясауи кесенесінің қасиетті орын ретінде атағының жайылуына ХІҮ ғасырдың 30-шы жылдарында моңғол шапқыншылығынан қатты күйреген Түркістан қаласының қайта гүлдене бастауы ерекше ықпал етті. Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы Сарай Беркені өртеп жіберген Темір осы жеңістің құрметіне ескі мазар орнына жаңа, зор кешен орнатуды ұйғарды. Осы тұрғыда Темір тек діни мақсат-мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның жалпы жасампаздықты мұрат еткенін, беделін көтеруге, үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге қажет еді.Құрылысты жүргізуді Темір Мәулен Садырға жүктеді. Көптеген жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауға Темір тікелей қатысып, негізгі бөлмелерді өзі анықтаған көрінеді.1991 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Республикалық музей “Мемлекеттік тарихи-мәдени Әзірет Сұлтан қорық музейі” болып қайта құрылды. Қорықтың жалпы ауданы 88,7 гектар. Оған бірнеше ортағасырлық ескерткіштер кіреді: * Қазақ хандарының зираттары (Есім, Тәуке хандар); * Ұлы астроном, ғалым Ұлықбек қызы Рәбия Сұлтан Бегім мазары; * Ортағасырлық “Шығыс моншасы”; * Жер асты мешіті (Аңызға қарағанда, Ахмет 63 жасқа келген соң, Мұхаммедтен артық өмір сүру күнә деп, өмірінің қалған жылдарын осы жер астында өткізген көрінеді. Осында отырып бүкіл мұсылман әлеміне белгілі “Хикметтерін” жазады); Шілдехана, белгісіз кесене, Гауһар ана, Әлқожа ата кесенелері, т.б. ескерткіштер. Сәулет-ғимарат – аса үлкен күмбезді құрылыс. Оның ені 46,5м, ұзындығы 65м. Орталық бөлмесінің төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған.Темірдің кезінде барлық құрылымы бітпеген, тек нұсқасы ғана барды. Оның құрылысын Бұқарды билеген Абдолла хан аяқтайды. (1583-1598).Қоқан билігі тұсында мұнаралар мен порталдар қам кесекпен қоршалып, кесене қамалға айналдырылған.Мұнан кейінгі ғасырларда Түркістан билеушілері өз кезеңіне сәйкес кесене құрылысын толық аяқтауға тырысқанмен, ешқайсысы да белгілі бір нәтижеге жете алмаған.Қазіргі кезде бұл алып құрылыс бізден 700-800 жыл бұрын өмір сүріп, кейіннен қазақ халқының негізін құраған көне түркі тайпаларының тілі, діні, мәдениеті мен тарихын зерттеуде өте құнды дерек болып табылады. ## Білім беру жүйесі Түркістан қаласында 2020 жылға 39 күндізгі мектеп, 5 мектептен тыс мекеме, 108 балабақша жұмыс атқарды. 1. 39 мектептің ішінде: * жалпы орта мектеп - 25; * мектеп-лицей - 1; * мектеп-гимназия - 5; * аймақтық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты - 1; * бастауыш мектеп-балабақша кешені - 1; * жекеменшік мектеп – 6. 2. Мектептен тыс мекемелер: * «Балалар мен жасөспірімдер орталығы»; * «Саз мектебі»; * «Өнер мектебі»; * «Жас туристер станциясы»; * «Қолөнер мектебі» 3. 108 балабақшаның ішінде: * мемлекеттік балабақша – 21; * жекеменшік балабақша – 87. Қалада 1992 жылы құрылған Халықаралық Қазақ- Түрік университеті бар. Онда 22 мыңнан аса студенттер білім алады. Алматы, Тараз, Шымкент , Кентау және Анкара қалаларында филиалдары бар.Университетте 26 елден 500-ден астам студент білім алады. Оның ішінде: Түркия, Кипр, Қырғызстан, Түрікменстан, Башқұртстан, Дағыстан, Саха Республикасы, Моңғолия, Қытай және т.б. елдерден.Университетте 14 факультет, 63 кафедрада 74 мамандық бойынша білім беріледі. 92 ғылым докторы, 220 кандидат, 600-ден астам ұстаз білім береді.1997 жылдан жылдан бастап Түркістан қаласы мен Анкара қаласын байланыстыратын спутниктік жүйе жұмыс істейді. ## Географиясы ### Климаты ## Қала суреттері * * * * * * * * * * * * ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Үлгі:Түркістан қалалық әкімдігі елді мекендері
Танамырза — Абай облысы Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсуат ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 9 км-дей жерде. ## Дереккөздер