text
stringlengths
3
252k
Маяк — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Соловьёв ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласының оңтүстік-шығыс жағында 7 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Александровка — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан батысқа қарай 104 км-дей, Жаңа Бұқтырма кентінен солтүстік-батысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көгілдір шығанақ демалыс үйі — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кенттік әкімдігі құрамында болған елді мекен, 2019 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 68 км-дей жерде, Бұқтырма бөгенінің солтүстік-батыс жағасында орналасқан. ## Халқы Тұрғыны 57 адам (2009). ## Демалыс үйінің жағалауынан көріністер * * * * * * * * *
Басқұдық ауылдық округі: * Басқұдық ауылдық округі — Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданындағы Тұмабұлақ ауылдық округінің бұрынғы атауы. * Басқұдық ауылдық округі — Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы әкімшілік бірлік.
Саралжын ауылдық округі: * Саралжын ауылдық округі — Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданы құрамындағы әкімшілік бірлік. * Саралжын ауылдық округі — Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы құрамындағы әкімшілік бірлік. * Саралжын ауылдық округі — Ақтөбе облысының Ойыл ауданы құрамындағы әкімшілік бірлік.
Азамат Қайратұлы Ашмақын, ACE (29 тамыз 1993 жылы туған, Алматы, Қазақстан Республикасы) — қазақстандық әнші, Ninety One тобының мүшесі ретінде танымалдылыққа ие болды. ## Өмірбаяны Азамат 1993 жылдың 29 тамызында Алматы қаласында дүниеге келді. Отбасында-анасы,әкесі жәнеде Інісі бар(Асет Ашмақын). Отбасы қазіргі таңда Алматы қаласында тұрады. ### Білімі Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде актерлік шеберлік мамандығын бітірген. Қазіргі кезде аудармашы мамандығы бойынша Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2 курс студенті. Испан және ағылшын тілдерін меңгеруде. ## Балалық шағы Топ вокалисті әрі жетекші биші Азамат Ашмақын 1993 жылдың 29 тамызында Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында дүниеге келді. Мектеп кезінде сабаққа аса көңіл бөлмеген, әрдайым ойға батып қиялдаумен жүретін. "Бала кезімде ойым шашыраңқы еді, назарым ешқашан бір жерде шоғырланбайтын". Қазіргі кезде де жанкүйерлер Ace-ты сұхбаттарда жиі қиялдаумен отыратынын байқайды.Өзінің айтуы бойынша, Азамат талқыланып жатқан әңгімеге байланысты басқа оқиғаларды еске алып, сол сәтті көз алдына елестете бастайды. Дегенмен, әңгіменің түйінін жоғалтып алмауға тырысады. 3-ші сыныпта Сейлор Мун мен Гриндайзер мультфильмдері, Алла Пугачеваның әндерін айтуды ұнатқан. Алайда әннен байқауларға қатысудан қатты белсенділік танытпады.Мектептегі Абай оқуларына қатысқанымен, жеңісті орындарға ілікпейтін. Орта мектепті аяқтап, 9-сыныпта немен айналысатынын Азамат әлі толықтай білмеді. Архитектор болуды көздеп, КазГАСА-ға түсуді ойланып жүреді. Бірақ кейін Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының колледжінде актерлік шеберлік мамандығына түседі. Колледж қабырғасында жүріп, вокал сабағында классикалық және қазақ халық әндерін айтып үйренеді. Азаматтың психология, мистика және эзотерика деген қызығушылығы болған. Бірақ қазір ғаламтордағы әр түрлі мотивациялық мақалаларды оқығанды ұнатады. "Мені кейде әлі 2015-тегі Азамат деп ойлайды. Одан бері көп нәрсе өзгерді". ## Шығармашылық жолы 2012-2015 жылдары SM Entertainment атты продюсерлік агенттік аясында Корея Республикасында білім алып, практикадан өтеді. Соның арқасында корей тілін меңгере отырып, ән және би шеберлігін шынықтырады.SM Entertainment агенттігімен кездесуге Азамат анасымен барады. Болашақ жұлдыздың әке-шешесі оның таңдаған жолына араласпады, шет елге аттану мүмкіндігіне еш тосқауыл қоймады. "Анам өз көзімен көргендіктен, еш күдіксіз "Бар, сенікі" деді" Ace 2013 жылы елге оралып, оқуды қайта қолына алуға тырысады. Абылай хан атындағы КазУМОиМЯ университетінде испан тілін үйреніп жүреді. Европа тілдерін меңгеруді аңсайды. Алайда қазір ағылшын тілін жетік меңгерсем жеткілікті деп бөліседі. 2-ші курста академиялық үзіліс алып, Корей еліне барып келіп жүреді. "Университеттен айырылғым келген жоқ, бірақ Кореяға да сенімді болмадым" Дегенмен уақыт тығыздығы себебінен, университеттің 3-ші курсына өтерде оқуды тастауға мәжбүр болады. Шет елдегі білімін аяқтап, Ninety One тобының соңғы мүшесі болып енеді. 2015 жылдың көктемінде топтың дебютіне аз ғана уақыт қалғанда, Азамат университеттер арасында өткен Наурыз Джем мюзикл сайысында басты рөлді сомдап, "Үздік Ер адам рөлі" номинациясын жеңіп алады. ## SM Entertainment 2012 жылдан 2015 жылдар аралығында Оңтүстік Корея елінде дарындыларды іздестіру, продюсерлік және дыбыс жазумен айналысатын S.M. Entertainment (кор. SM엔터테인먼트) атты музыкалық агенттігінде тағылымдамадан (стажировка) өткен. Таңғы балғындық елінде ACE 2,5 жыл тұрып, корей тілін жетік меңгерген. ## "Бақытты бол" сөзі туралы Ace-ты Ninety One тобының қанатты сөзіне айналған "Бақытты бол" тіркесінің авторы деп біледі. Әртістің айтуы бойынша, кез-келген жан бақытты болуға тырысады, өйткені ол адамды тепе-теңдікте сақтайды. Азамат жиі бақытты өмір заңы туралы мақалалар оқып, басқа адамдарға да бақыт тілегенді дұрыс санайды.Жанкүйерлер Ace-ты топтың ең сезімтал әрі көңілі құбылмалы мүшесі деп біледі. Оның көңіл-күйі ұжым ішіндегі барлық мемберлерге оңай әсерін тигізе алады. Өзінің қызу мінезінің бар екенін Азамат та жасырмайды. "Ашуым қатты болғанда ішімдегінің бәрін айтып тастаймын. Бірақ кейін өкінемін" Ninety One тобының дебютінен соң жігіттерді жаппай негатив жаулағанда, Азаматтың топтан кету туралы ешқандай ойы болмаған. Басқа топ мүшелеріне берілген жігіттік сөз және ортақ мақсат, керісінше, оны одан сайын алға ұмтылуға жетеледі. "Басталған істі аяқтау керек. Мен үшін бұл да бір сынақ болды" Ace нақты бір адамды кумир ретінде қарамайды. Сондықтан қоғамға жақсылық жасауды өмірлік ұстанымына айналдырып, содан шабыт алады. "Мен өзімді бұл өмірдің қонағы деп санаймын. Адамдарға барынша жақсылық жасап, артымнан таза есім қалдырған, Отанға пайдасы тиетін адам болып өмір сүргім келеді" ## Ninety One Қазіргі таңда 2014 жылы құрылған, Қазақстандағы алғаш рет Q-pop музыкалық жанрының негізін салушы Ninety One тобының вокалисті және жетекі бишісі. Сондай-ақ топ арасында «топ келбеті» атағына ие. Топқа S.M. Entertainment агенттігінде 2,5 жыл тағылымдама өтіп келгеннен кейін қосылды. Бастапқыда топ атауы KTI-boys болатын, алайда 2015 жылдың 1 қыркүйегінде алғашқы «Айыптама» синглын жариялаған кезде, топ атауын Ninety One деп өзгертті. ## Қызықты мәліметтер * Руы: Ұлы жүз, Албан * Хоббиі: Мистикалық және эзотерикалық жанрдағы кітаптарды оқу, экстремалдық спорт түрлерімен айналысқанды ұнатады. * Бойының ұзындығы: 177 см * Салмағы: 59 кг * Сүйікті тағамы: лағман * Брайан Макнайт, Boyz II Men, Крейг Дэвид, Эрик бенет сынды ритм-н-блюз жанрында өнер көрсететін әншілерді сүйіп тыңдайды. ## Фильмография ## Дереккөздер
Баяновск — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Парыгин ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 11 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер

Данияр Ақылбайұлы Құлымша, BALA (19 ақпан 1998 жылы туған, Ақтөбе, Қазақстан Республикасы) — қазақстандық әнші, Ninety One тобының мүшесі ретінде танымалдылыққа ие болды. ## Өмірбаяны Данияр 1998 жылдың 19 ақпанында Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасында дүниеге келген. Топтың кенжесі болғанымен отбасында үлкені; інісі және қарындасы бар. Отбасы қазіргі таңда Астана қаласында тұрады. ### Білімі 11 жылдық жалпы орта білім алғаннан кейін Алматы қаласындағы Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжіне түседі. Қазіргі кезде осы коледждің 2-курс студенті. ### Арманы Вокалист боламын деген нақты мақсат 1-курсқа дейін толықтай болмады. Армандарының ішінде архитектор болу да болған, өйткені Bala сурет салуды жақсы көретін. IT саласына баруды да армандаған. Компьютермен айналысқанды, ішкі құрылғыларын қопарып техникаға қызығатын. Үйінде Данияр болмаса, компьютер бұзылып қалатын да сәттер болған.Алайда әкесі бұл екі салада маман болу үшін математиканың қажет екендігін түсіндіреді. Сөйтіп Bala үшінші арманы музыкамен айналысуды жанына жақын көреді. Мүлдем үш түрлі әлемді көздеген Даниярға әкесінің ақыл-кеңестері өмірінде маңызды рөл атқарады. Ninety One тобын дебюттен кейін жаппай негатив қоршағанда, ата-аналары баласы үшін қамығумен болады. "Ананың жүрегінде уайым болды. Басқа жерде қауіпте жүргенше, оның қасында тыныштықта болғанымды қалады" Дегенмен, алға жетелеген бір арман, әріптестеріне берген жігіттік сөздің арқасында Данияр қорқынышты басып, мақсатынан қол үзбеді. Қазіргі кезде ата-анасы толықтай Bala-ның ісін қолдайды. Ал ол өз кезегінде, жиналған тәжірибесімен кішкентай інісімен бөлісіп, дұрыс жол көрсетіп отыруға тырысады. "Сенімділіктің бәрі бимен айналысу және үлкен практиканың арқасында келді",- деп мойындайды Данияр. "Бәрі адамның өз қолында. Бастысы ұнайтын ісіңмен айналысу" ## Балалық шағы Әріптестерінен жасымен қалысса да, вокалдан қалыспайтын топтың кенжесі Данияр 1998 жылы 19 ақпанда Ақтөбе қаласында дүниеге келді.Әнге деген сүйіспеншілік жас әртістің бойында балалық шағынан бастап байқала бастайды.Мектеп ұйымдастыратын іс-шараларда және үй ішінде Bala әншілігімен жиі өнер көрсетіп жүретін. Алайда балалар арасындағы жарыстарда күшін сынауға асықпады. "Байқаулардан алыс болдым. Ондағы орындалатын әндер, балалардың өзін көрсетуі - барлығы мен үшін жат болды" Әкесінің жұмыс себептеріне орай 11 жасында Астанаға көшуіне тура келеді. 9-сыныпты аяқтап, музыкалық колледжде оқуын жалғастырады. 2-ші курс басталарда оқу мәселесін шешіп береміз деген сеніммен Алматы қаласына келеді.Алайда сабаққа жеткілікті уақыт бөлу болашақ жұлдызға қиын соғады. Жұмыс пен колледж арасында біреуін таңдауға тура келгендіктен, біріншісіне басымдылық қойып, оқуын тастауға бел буады. "Сабағымды оқымасам да, күнде ән жаттап, әрдайым практикада болдым" Вокалмен Данияр тек өзі үшін айналысатын. Шығармашылық жолында мұғалімдердің қатысуы аз болды деп бөліседі. Олардың ресейлік әдіс-тәсілдерге жүгінуі Bala-ға аса қатты ұнамайтын. ## Шығармашылық жолы Колледждің 1-курсында пианист әрі жақын досы Жақанмен кабинет кілтін алып, студенттік кештерін дайындықтармен өткізетін. Видеолары интернет желісіне таралып, дарынды балаларға басқалар да назар аудара бастайды. Бірер уақыт өтіп, топтың өнерін желіде Ешуабек есімді гитарист жігіт байқап, оларға жабдықталған студияда жаттығып, бірге жұмыс жасауға ұсыныс тастайды. Кейін ол Brotherhood деп аталатын бойзбендтің үшінші мүшесіне айналады. Жігіттер істеріне шынайы қарап, әлеуметтік желілер ашып, каверлер түсірумен айналысады. 7-8 ай бойы аталмыш топпен сахналарды бағындырып жүргенінде Даниярға Алматыдан "резюмеңіз қабылданды" деген күтпеген хабар келеді. "Қасыңыздағы 2 бала өтпеді. Ал сіз Алматыға келіңіз деді. Мен түсінбедім" Сөйтсе, топтағы гитарист үшеуінің де резюмесін K-Top Idols реалити шоуына қатысуға жіберіпті. Bala-ның ғана айы оңынан туғанмен, ол жолдастарын тастамай, ұсыныстан бас тартады. Араға 3-4 ай салып, Данияр 2-курсқа қадам басқанда, K-Top Idols реалити-шоуы аяғына жетіп, финалисттері анықталып қойылған. Соған қарамастан, қайтадан Алматыдан қоңырау мазалайды - "Астанаға Ерболат Беделхан өз істерімен келмекші, сондықтан сізбен көріскісі келеді" деген хабар келеді. Жеке кездесу болғандықтан Bala келісіп, келесі күні әкесімен продюсердің алдында болашақ жоспарларын талқылайды. "K-pop-қа көзқарасым басқа болған. Сондықтан шешім қабылдай алмай жүрдім" Үй ішімен ойланып, Данияр ұсыныстан қайтадан бас тартады. Өйткені оның берерінен зардабы көбірек болып көрінеді. Басқа қала, таныстардың жоқтығы және оқу жағынан көптеген мәселелер туындауы мүмкін еді.Сонда да көп уақыт өтпей, Bala-ға үшінші рет менеджер хабарласады. 2 апта өзін сынап көріп, егер ұнамаса қайтуыңа болады деген ұсынысын айтады. Ата-анасы ақырғы шешімді оның өзі қабылдауын қалайды. Тағдырын өз қолына алып, Bala келесі күні Алматыға ұшып кетеді. Дайындықтар, жаңа ортамен танысу болашақ жұлдыздың көңілінен шығып, 2 аптадан кейін Данияр топта қалуды шешеді. Brotherhood тобындағы жігіттермен әлі күнге дейін жақсы қарым-қатынас ұстайды - музыка жайлы ақылдасып, бір-бірлеріне қол ұшын созып тұрады. ## Brotherhood Астана қаласында танымал әншілердің әндеріне кавер-нұсқа (cover version) жасайтын «Brotherhood» вокалды-аспапты топтың экс-мүшесі. Ең алғаш топ құрамы: Данияр Құлымша, Сұлтан Нурманов, Жақан Жақсылықов, Ешуабек Жақсымбет. ## Ninety One Қазіргі таңда 2014 жылы құрылған, Қазақстандағы алғаш рет Q-pop музыкалық жанрының негізін салушы Ninety One тобының жетекші вокалисті. Сондай-ақ топ арасында «макнэ», яғни топтың кенжесі. Топқа ALEM-мен бірге JUZ Entertainment агенттігі жүргізген кастинг арқылы қосылды. Басқапқыда топ атауы KTI-boys болатын, алайда 2015 жылдың 1 қыркүйегінде алғашқы «Айыптама» синглын жариялаған кезде, топ атауын Ninety One деп өзгертті. ## Қызықты мәліметтер * Руы: Кіші жүз, Әлімұлы, Шөмекей * Хоббиі: сурет салу. * Бойының ұзындығы: 180 см * Салмағы: 64 кг * Фобия: қорқынышты фильмдерді қарау * Джон Ледженд, Сэм Смит, Крис Браун, Бруно Марс, Джеймс Артур сынды әншілерді сүйіп тыңдайды. ## Фильмография ## Дереккөздер
Азамат Байболатұлы Зенкаев, A.Z. (28 қыркүйек 1993 жылы туған, Атырау, Қазақстан Республикасы) — қазақстандық рэпер, Ninety One тобының бұрынғы мүшесі ретінде танымал. ## Өмірбаяны Азамат 1993 жылдың 28 қыркүйегінде Атырау қаласы, Қазақстан Республикасында дүниеге келген. Әпкесі және інісі бар. Отбасы қазіргі таңда Атырау қаласында тұрады. 11 жыл жалпы орта білім алған. 7 жыл бокспен айналысқан. Атырауда кеме капитанына оқыған. Матрос ретінде практикасы бар. 2004 жылдан бастап рэпке қызығушылық танытып, фристайл баттлдарға қатысқан. 2006 жылдан бастап андэрграунд рэппен профессионалды тұрғыда айнылысады. Топқа келмей тұрып «HalFani» лахабатымен өнер көрсеткен. ZaQ екеуі Ninety One тобының репертуарындағы ән сөздерінің авторы. ## Балалық шағы Лидер атын арқалаған Ninety one тобының мүшесі AZ 1993 жылы қыркүйек айының 28-де Қазақстанның батыс өңіріндегі Балықшы деген жерде дүниеге келді. Азаматтың есіне алуы бойынша, балықшылар мекені - Атыраудағы қауіпті аймақтардың бірі. Қараңғы көшелердегі құрдастарымен төбелес, құлаққап, үлкен шалбар, рэп оқу - бәрі агрессияға толы баланың күнделікті өміріне айналған. "Рэп - бұл көше" Мектеп қабырғасында болашақ жұлдыз тентектігінің кесірінен аса оқу-білімге зейін қоймаған. Азаматтың бұзық мінезі жиналыстарда ата-анасының директормен жиі дауласуының себепшісі болды. Мектебінің аты шулы атаманы қазіргі кезде балалық шағынан көп ой түйдім деп бөліседі. Соған қарамастан, "Жасалған істеріме ешқандай өкініш сезімі жоқ" дейді AZ. "Өткен-кеткен оқиғалар жүрегімде сүйікті ескі таспам болып қалмақ" Әкесі де, атасы да - теңіз кәсібін игеріп шыққан өз ісінің мамандары. Азамат та балық пен қара уылдырық жеп кемеде өскендіктен, әке жолын қууды дұрыс санайды. Мектептен түлеп ұшып, Атыраудағы Теңіз Балық Өнеркәсібі Колледжінде қайықшы (судоводитель) мамандығы бойынша білім алады. Оқуды аяқтап, "Матрос Первого Класса" сертификатын алу мақсатында Астрахань қаласына аттанады. Жас Азаматты әкесіндей "флотты басқару" ойы емес, "менде де диплом бар, мен де оқыдым" деп жұрттан қалмау ойы жетелейді. "Меніңше, оқу керек емес. Өзіме ағылшын керек, соны білем" AZ басқа топ мүшелері сияқты музыкалық білім қуаламады. Тәжірибемен жиналған өзіндік музыка жазу тәсілдерін ұстанады. Алдына ауқымды жұмысты мақсат қылып, әрдайым өз-өзімен күресіп, өсуге тырысады. Соны оқудың ең жақсы түрі деп санайды. ## Стиль Азаматты халық Ninety One тобының ең стильді мембері деп таниды. Анасы кішкентайынан сәндеп киіндіретін. Адамдарға бір түрлі боп көрінетін киімдер, керісінше, оның көзіне ілінеді. Жақсы, сапалы әрі әдемі киімдерге деген қызығушылық оның жеке бір стилінің пайда болуына әкелді. Киім үлгісі жөнінде басқа адамдардың пікіріне аса қатты назар аудармайды. Стилі көңіл-күйіне байланысты күрт өзгеріп тұруы мүмкін. "Өзімді стильдімін деп есептемеймін, киімге қатты қызығамын деген дұрыс болар" Дегенмен, fashion индустрияға бару Азаматтың ойында бар. Тіпті, өз брендін ашуды жоспарлауда. ## Шығармашылық жолы Азамат 2004 жылдан бері рэп жанрына қызыға бастайды. Eminem мен 50-cent секілді әртістердің музыкасын тыңдап өседі. Қазір шет елдердің Kendrick Lamar, The Weekend және Kanye West сияқты жұлдыздарын тыңдайды. Жергілікті әнші-рэперлердің әндерін AZ тыңдамайды, бірақ бәрін мойындайды. Өйткені, оның ойынша, кез келген әртіс өз ойын жеткізуге құқығы бар. Оның музыкасын айнала қабылдай ма, қабылдамай ма Азаматқа маңызды емес. Бастысы, ол өзі ұнайтын музыканы жазады және оның да тыңдаушылары табылады деп сенеді. 2014 жылы K-TOP IDOLS реалити-шоуында болашақ әріптесі ZaQ-пен жеңіске жеткен соң, Ninety One тобына алғашқы мүшелердің бірі болып енеді. "Басқаша болу мүмкін емес еді. Мен ұтамын деп сеніп келдім. Ойлағанымдай болды" AZ-ды топтағы ең суық әрі қырсық мембер деп атайды. Ол болса тұйықтығын аса қатты байқамайды. Бірінші рет танысқанда бірден ашыла қойып, адамды жанына жақын қабылдай алмайды. Араласып кету үшін Азаматқа кішкене уақыт керек. Жұмыс кестесінің тығыздылығынан, Азамат ата-анасымен сирек көрісіп тұрады. Тіпті 2 жыл бойына үйіне бармаған кездері болған. Алайда қашықтыққа қарамай сағынып, жиі хабарласуға тырысады. Алдағы мақсаты - Алматы қаласынан жер алып, үй салып, ата-анасын оңтүстік астанаға әкелу. ## K-TOP IDOLS 2014 жылы ORDA Brothers құрған «K-TOP Idols» атты Қазақстандағы айдолдар мен айдол-топтарды құрумен айналысатын алғашқы, әрі бірегей жобаның жеңімпазы. 2014 жылдың наурыз айынан кәсіби әділқазылар бүкіл Қазақстаннан 24 дарынды жігіттер мен қыздарды таңдап алып, осы жобаны жүргізді. Жоба нәтижесінде жеңіске жеткендердің бірі A.Z. және ZaQ. ## Ninety One Қазіргі таңда 2014 жылы құрылған, Қазақстандағы алғаш рет Q-pop музыкалық жанрының негізін салушы Ninety One тобының лидері, әрі рэпері. «K-TOP Idols» жобасының жеңімпазы ретінде топтың алғашқы мүшелерінің бірі. Басқапқыда топ атауы KTI-boys болатын, алайда 2015 жылдың 1 қыркүйегінде алғашқы «Айыптама» синглын жариялаған кезде, топ атауын Ninety One деп өзгертті. ## Қызықты мәліметтер * Руы: Кіші жүз, Байұлы, Қызылқұрт * Хоббиі: Пэйнтболда ойнау, суда жүзу және билеу * Бойының ұзындығы: 182 см * Салмағы: 65 кг * Кумирі: Эминем ## Фильмография ## Дереккөздер

Дмитрий Игоревич Баландин (1995 жылдың 4 сәуірінде Алматы қ. туған) — қазақстандық жүзуші, 200 метрлік брасс бойынша олимпиада чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы. 50, 100 және 200 метр бойынша Қазақстан рекордсмені. Жүзу бойынша Қазақстан тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы. 2015 жылы Кванджуда (Корея) өткен жазғы Универсиада ойындарында дистанциясы 100 метр браспен алтын, ал дистанциясы 50 метр браспен қола медальдарға ие болған. 2016 жылдың 5 — 21 тамыз күндері аралығанда Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен XXXI Олимпиада ойындарында 200 метр браспен, Қазақстанға жүзуден тұңғыш алтын медальға қол жеткізген қазақ спортшысы. 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында жеңіске жеткені үшін, Дмитрий Баландин елбасымыздан II дәрежелі Барыс орденына, Казақстан Республикасының үкіметінен чемпион марапатты 250 000 АҚШ доллар өлшемінде, Алматы қаласының акімі Бауыржан Байбектен үш пәтерлі үй мен Toyota Land Cruiser 200 көлігіне ие болды, ал ҚР ішка істер министрі Қалмуханбет Қасымов Дмитрийді басқа жеңімпаздар сияқты «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медальмен марапаталды. ## Өмірбаяны 1995 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Диманың ата-анасыда жас кездерінде спортпен айналысқан: әкесі, Баландин Игорь Юрьевич - волейбол және анасы Баландина Татьяна Петровна - конькимен сырғанаумен . Дмитрий 2003 жылы 8 жасында Марина Гилмутдинованың бірінші жаттықтырушысымен спорттық жүзумен айналыса бастады . 2008 жылы Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына қабылданды, онда 2012 жылға дейін Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Иван Голохан болған. 14 жасында Екатеринбург қаласында (Ресей) жасөспірімдер арасындағы Александр Попов Кубогы бойынша бірінші жүлдеге ие болды және жүзудегі Қазақстан Республикасының спорт шебері атанды. 2011 жылы Джакартадағы (Индонезия) жас тобындағы VII Азия чемпионатының күміс жүлдегері болды.2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін Дмитрий Алексеевтің жетекшілігімен жаттықтырылды. 2014 жылы Инчхондағы (Корея) үш «алтын» жазғы Азия ойындары үшін ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алды, ал Казаков - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алды. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен ойындарда финалға 100 метрлік қашықтықта 8-ші орын алды. Содан соң финалға финалға 200 метр қашықтықта (2: 08,20) сегізінші жолда жүзді, бірақ 2: 07.46 нәтижесімен барлық қарсыластарынан алға шықты, оның ішінде 2015 жылы әлем чемпионы және вице-чемпионы Неміс Марко Коч және Американдық Кевин Кордес болған. Ол Қазақстанға алғашқы алтын олимпиада медалін әкелді.2016 жылы Дмитрий Баландин ҚазҰУ биология және биотехнология факультетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша әл-Фараби (дене тәрбиесі және спорт бөлімі) бітірді.2016 жылы желтоқсанда әскери қызметке бір жылға шақырылды(Астанадағы спортрота).2017 жылдың қаңтарында Дмитрий Баландин «Халық сүйіктісі» сыйлығының аясында Қазақстанның жыл спортшысы атанды.2017 жылдың тамыз айында Тайбейдегі (Тайвань) жазғы Универсиадада екі медальді қолға түсірді: 100 метрліктен қола (1.00.17) және 200 метрліктен күміс (2.09.70). ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстан Республикасының су спорт түрлері федерациясының сайтындағы профилі Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. (орыс.)
Зәрағар немесе Несепағар (лат. ureter) — бүйрек түбегінен басталып, құрсақ қуысының бел аумағы арқылы жамбас қуысындағы қуыққа дейін созылған түтікше мүше (несепағар деп те аталады). Ол құрсақ қуысындағы қысқа қатпарға ілініп, оның бүйір қабырғасында орналасады. Ал жамбас қуысында несепағар — несеп-жыныс қатпарының құрамында қуықтың жоғарғы қабырғасымен жанасып, оған қиғаштала еніп, 3-5 см-дей аралықта етті және кілегейлі қабықтардың арасымен өтіп барып, қуық қуысына ашылады. Ересек адамдарда оның диаметрі 6-8 мм, ұзындығы 25-30 см. Несепағар бүйректі қуықпен жалғастырады. Несепағардың қабырғасы түтікше мүше ретінде: кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан құралған. Несепағардың ішкі — кілегейлі қабығы екі қабаттан: ішкі — көпқабатты жалпақ ауыспалы эпителийден және сыртқы — борпылдақ дәнекер ұлпалы өзіндік тақташадан тұрады. Кілегейлі қабықта көпіршікше-түтікше бездер болады. Несепағардың ортаңғы — етті қабығы үш қабаттан құралған. Олар: ішкі — ұзынша қабат, ортаңғы — сақинаша қабат және сыртқы — ұзынша қабат. Бұлар — бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттер қабаттары. Сыртқы — сірлі қабығы: ішкі — борпылдақ дәнекер ұлпалық қабаттан және сыртқы — мезотелийден (бірқабатты жалпақ эпителийден) құралған. Несепағардың қуыққа ашылатын төменгі бөлігіиің сыртқы қабығы — адвентиция (борпылдақ дәнекер ұлпасы). ## Дереккөздер
Бұқтырма — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Октябрь кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 50 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Дулат Болатұлы Мұхаметқали, ZaQ (8 ақпан 1996 жылы туған, Семей, Қазақстан Республикасы) — қазақстандық рэпер, Ninety One тобының мүшесі ретінде танымалдылыққа ие болды. ## Өмірбаяны Дулат 1996 жылдың 8 ақпанында Семей қаласында дүниеге келген. Отбасында інісі және қарындасы бар. 17 жасына дейін атасы мен әжесінің қолында тәрбиеленген, атасын пір тұтады. 2 сыныптан бастап хип-хоп мәдениетіне қызығушылық танытып, рэп жаза бастаған. Алматыға көшіп келгеннен кейін Raphana Rec андэграунд лейблінің қатысушысы. ### Білімі Қазіргі кезде Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2 курс студенті. Орыс тілі пәні бойынша халықаралық пәнаралық олимпиада жеңімпазы. ## Балалық шағы 1996 жылы ақпан айының 8-і жұлдызында Семей қаласында Дулат дүниеге келген болатын. 17 жыл бойы ата-әжесінің қолында өскен Дулаттың 8 жастан бастап рэпке қызығушылығы оянады. Әйгілі әртістерге еліктеп, рэперлер секілді киінуге ынтыға бастайды. Балалық шағында Eminem-нің шығармашылығымен өсіп, әлі күнге дейін шетелдік әріптесін рэп әлеміне жол көрсеткен адам деп құрметтейді. "Атаммен және музыкамен өстім" Ұстаздарының мектеп материалын жеткізу тәсілдері іш пыстырарлық деп, ақпаратты музыкадан алуды жөн санайды. Дулаттың ойынша, адамның қандай әуен тыңдағанына байланысты, музыка оның ішкі жан дүниесін де, өзін де өзгеріске ұшырата алады. Соның арқысында адам өзін сындыру арқылы, жаңа заттарды үйрену арқылы өсе бастайды. "Өзіме керек білімді музыкадан аламын" Ауылдың топырағын таптап өскен жас рэпер өзінің кішкене аймағында рэп саласын дамытуға тырысып жүреді. Алайда ісі ешкімге керек емес екенін көріп, қалаға аттануды аңсайды. Мақсаты - оқу емес, мүмкіндік қуалау. Алматы қаласындағы КазУМОиМЯ университетіне түскенімен, қолайлы жағдай туса, оқуды тастауға дайын екендігі туралы ата-апасын хабардар етеді. "Ауыл ыңғайынан қалаға шыққаныма қуанышты болдым. Қозғалыс іздеп келгем. Сөйтсем, қозғалысты өзің істеуің керек екен". ## Шығармашылық жолы Алғаш қадамы 4-ші сыныпта Алтын Күз тақырыбына төрт қана жол тақпақ жазу тапсырмасынан бастау алады. Ұйқастыруда, ұйқастыру арқылы ойын жеткізуде аса қиындық көрмеген болашақ рэпер бірден 20 жол қара өлең жазып тастайды. Тапсырма мұғалімнің қалауымен орындалмағандықтан, үздік баға Дулатқа бұйырмайды. Дегенмен, содан бері қолы қаламға ұмтыла бастайды. Дулат 10-сыныпқа дейін қазақша мәтін жасауды дөрекі санап жүретін. Ақтаулық Домалақ атты рэперден алғаш рет ана тіліндегі рэп естіп, бұлай істеуге болатынына таңданады. Бұған дейін орысша жазып жүрген ZAQ, қазақша текстті ерекше әдемі етіп көреді. Ninety one тобының мүшесі болмай тұрып рэпердің өнер көрсетіп жүрген лақабаты Smile Slim болатын. ZAQ мектептің соңғы жылдарында SM Entertainment Корей продюсерлік агенттігінің кастингіне қатысады. Орысша қазақшаға ауысып, жалпы рэпті уақытша қоя тұрған кезең болғандықтан, байқауда өзін биші ретінде сынап көрмекші болады. Қазылар алқасы оны би жанры бойынша басқалардан бөліп, фаворит етіп алады. Бірақ ауылға оралуымен, оқуды үлкен басымдылықпен жоғары қойып, байқауды жалғастырудан бас тартады. "Мектепте ҰБТ-ны керемет нәрсе қып көрсетеді, ол да бір жүк болды" дейді рэпер. Қазір өткенге ешқандай өкінішсіз қарайды. Сол жарыстан өткеннің өзінде, SM-нің концепциясы өзіне жақпайтындығын айтты. "Керемет дәрежеге жетсем де, менікі емес. Қазіргі кезім ұнайды". Студенттік кезде де Дулат шығармашылығын тастамай, Raphana Records лэйблінің құрамында өнер көрсетіп жүрді. ## Өзінің сөздік қоры туралы Халық ауызында жүрген әндердің авторы сөздік қорын аса бай деп есептемейді. Тіпті, оның сөйлесу мәнерінде атқарар рөлі аз дейді. Тыңдаушылар ZAQ-тың сөздік қорына таңдай қақса да, рэпер кітап оқығанды ұнатпаймын деп сыр ашты. "Пайдалы екенін білсем де, зейінім жетпейді" деп бөліседі әртіс. Мектеп қабырғасында Дулат орыс тілі олимпиадасының бірнеше дүркін жеңімпазы болып жүреді. Алайда әдебиетті нашар білгендіктен, қазақ тілінен жарыстарға қатысу қиынға соғатын. "Қаншалықты көп сөз білгенің маңызды емес. Сол сөздерді құрасытырып, қалай жеткізе білуің маңызды". Дулат 2-ші сыныптан бері Eminem тыңдап жүріп, одан енді шыққым келеді деп бөліседі. Кей сарындары соған ұқсап кетендігін де жасырмайды. Рэптен бөлек джаз, рок, хаус тыңдап, жиналған тәжірбисінен өз жолын табатынына сенімді. Отандық рэперлерден Скриптонитті ерекше құрметтейді, қазіргі кезде шығармашылығын басқаша түсінемін дейді. Скрипиді әлемдік деңгейдегі рэперлерден біршама озық тұр деп те айтты. Ағымдағы жылдың ақпан айында ZAQ Жас Отан Орталық кеңес мүшелігіне енді. Саясатқа араласу оны Ninety One шығармашылығынан еш алаңдатпайды. Өзінің айтуы бойынша, жоғарыдан келген ұсынысқа ойланбастан келісті. Өйткені бұл жаңалыққа жауапкершілік сияқты емес, халыққа қажетті серпілісті жеткізе алу мүмкіндігі сияқты қарады. Сол мүмкіндіктің арқасында ойын барша мемлекетке естірткісі келеді. "Дауыс енді естіледі. Алайда бәрібір бірінші орынға музыканы қоямын" ## K-TOP Idols 2014 жылы ORDA Brothers құрған «K-TOP Idols» атты Қазақстандағы идолдар мен идол-топтарды құрумен айналысатын алғашқы, әрі бірегей жобаның жеңімпазы. 2014 жылдың наурыз айынан кәсіби әділқазылар бүткіл Қазақстаннан 24 дарынды жігіттер мен қыздарды таңдап алып, осы жобаны жүргізді. Жоба нәтижесінде жеңіске жеткендердің бірі ZaQ және A.Z.. ## Ninety One Қазіргі таңда 2014 жылы құрылған, Қазақстандағы алғаш рет Q-pop музыкалық жанрының негізін салушы Ninety One тобының рэпері. Топтың хореографиясын қоятын өзі. Сондай-ақ топ арасында «топ келбеті» атағына ие. «K-TOP Idols» жобасының жеңімпазы ретінде топтың алғашқы мүшелерінің бірі. Басқапқыда топ атауы KTI-boys болатын, алайда 2015 жылдың 1 қыркүйегінде алғашқы «Айыптама» синглын жариялаған кезде, топ атауын Ninety One деп өзгертті. ## Қызықты мәліметтер * Руы: Орта жүз, Найман * Хоббиі: аниме жанрындағы туындаларды қарау, әр түрлі елдердің тілдері мен мифологиясын оқу, мектеп жасында акробатикамен айналысқан * Бойының ұзындығы: 177 см * Салмағы: 62 кг * Сүйікті кітабы: «Билли Миллиганның көптеген саналары» (Денесінде 24 адамның санасы бар тарихта болған Билли Миллиган жайлы кітап) * Кумирі: Эминем, Oxxxymiron ## Фильмография ## Дереккөздер
Дмитрий Игоревич Баландин (1995 жылдың 4 сәуірінде Алматы қ. туған) — қазақстандық жүзуші, 200 метрлік брасс бойынша олимпиада чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы. 50, 100 және 200 метр бойынша Қазақстан рекордсмені. Жүзу бойынша Қазақстан тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы. 2015 жылы Кванджуда (Корея) өткен жазғы Универсиада ойындарында дистанциясы 100 метр браспен алтын, ал дистанциясы 50 метр браспен қола медальдарға ие болған. 2016 жылдың 5 — 21 тамыз күндері аралығанда Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен XXXI Олимпиада ойындарында 200 метр браспен, Қазақстанға жүзуден тұңғыш алтын медальға қол жеткізген қазақ спортшысы. 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында жеңіске жеткені үшін, Дмитрий Баландин елбасымыздан II дәрежелі Барыс орденына, Казақстан Республикасының үкіметінен чемпион марапатты 250 000 АҚШ доллар өлшемінде, Алматы қаласының акімі Бауыржан Байбектен үш пәтерлі үй мен Toyota Land Cruiser 200 көлігіне ие болды, ал ҚР ішка істер министрі Қалмуханбет Қасымов Дмитрийді басқа жеңімпаздар сияқты «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медальмен марапаталды. ## Өмірбаяны 1995 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Диманың ата-анасыда жас кездерінде спортпен айналысқан: әкесі, Баландин Игорь Юрьевич - волейбол және анасы Баландина Татьяна Петровна - конькимен сырғанаумен . Дмитрий 2003 жылы 8 жасында Марина Гилмутдинованың бірінші жаттықтырушысымен спорттық жүзумен айналыса бастады . 2008 жылы Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына қабылданды, онда 2012 жылға дейін Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Иван Голохан болған. 14 жасында Екатеринбург қаласында (Ресей) жасөспірімдер арасындағы Александр Попов Кубогы бойынша бірінші жүлдеге ие болды және жүзудегі Қазақстан Республикасының спорт шебері атанды. 2011 жылы Джакартадағы (Индонезия) жас тобындағы VII Азия чемпионатының күміс жүлдегері болды.2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін Дмитрий Алексеевтің жетекшілігімен жаттықтырылды. 2014 жылы Инчхондағы (Корея) үш «алтын» жазғы Азия ойындары үшін ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алды, ал Казаков - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алды. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен ойындарда финалға 100 метрлік қашықтықта 8-ші орын алды. Содан соң финалға финалға 200 метр қашықтықта (2: 08,20) сегізінші жолда жүзді, бірақ 2: 07.46 нәтижесімен барлық қарсыластарынан алға шықты, оның ішінде 2015 жылы әлем чемпионы және вице-чемпионы Неміс Марко Коч және Американдық Кевин Кордес болған. Ол Қазақстанға алғашқы алтын олимпиада медалін әкелді.2016 жылы Дмитрий Баландин ҚазҰУ биология және биотехнология факультетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша әл-Фараби (дене тәрбиесі және спорт бөлімі) бітірді.2016 жылы желтоқсанда әскери қызметке бір жылға шақырылды(Астанадағы спортрота).2017 жылдың қаңтарында Дмитрий Баландин «Халық сүйіктісі» сыйлығының аясында Қазақстанның жыл спортшысы атанды.2017 жылдың тамыз айында Тайбейдегі (Тайвань) жазғы Универсиадада екі медальді қолға түсірді: 100 метрліктен қола (1.00.17) және 200 метрліктен күміс (2.09.70). ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстан Республикасының су спорт түрлері федерациясының сайтындағы профилі Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. (орыс.)
Быково — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Малеевск ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан шығысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Дулат Болатұлы Мұхаметқали, ZaQ (8 ақпан 1996 жылы туған, Семей, Қазақстан Республикасы) — қазақстандық рэпер, Ninety One тобының мүшесі ретінде танымалдылыққа ие болды. ## Өмірбаяны Дулат 1996 жылдың 8 ақпанында Семей қаласында дүниеге келген. Отбасында інісі және қарындасы бар. 17 жасына дейін атасы мен әжесінің қолында тәрбиеленген, атасын пір тұтады. 2 сыныптан бастап хип-хоп мәдениетіне қызығушылық танытып, рэп жаза бастаған. Алматыға көшіп келгеннен кейін Raphana Rec андэграунд лейблінің қатысушысы. ### Білімі Қазіргі кезде Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2 курс студенті. Орыс тілі пәні бойынша халықаралық пәнаралық олимпиада жеңімпазы. ## Балалық шағы 1996 жылы ақпан айының 8-і жұлдызында Семей қаласында Дулат дүниеге келген болатын. 17 жыл бойы ата-әжесінің қолында өскен Дулаттың 8 жастан бастап рэпке қызығушылығы оянады. Әйгілі әртістерге еліктеп, рэперлер секілді киінуге ынтыға бастайды. Балалық шағында Eminem-нің шығармашылығымен өсіп, әлі күнге дейін шетелдік әріптесін рэп әлеміне жол көрсеткен адам деп құрметтейді. "Атаммен және музыкамен өстім" Ұстаздарының мектеп материалын жеткізу тәсілдері іш пыстырарлық деп, ақпаратты музыкадан алуды жөн санайды. Дулаттың ойынша, адамның қандай әуен тыңдағанына байланысты, музыка оның ішкі жан дүниесін де, өзін де өзгеріске ұшырата алады. Соның арқысында адам өзін сындыру арқылы, жаңа заттарды үйрену арқылы өсе бастайды. "Өзіме керек білімді музыкадан аламын" Ауылдың топырағын таптап өскен жас рэпер өзінің кішкене аймағында рэп саласын дамытуға тырысып жүреді. Алайда ісі ешкімге керек емес екенін көріп, қалаға аттануды аңсайды. Мақсаты - оқу емес, мүмкіндік қуалау. Алматы қаласындағы КазУМОиМЯ университетіне түскенімен, қолайлы жағдай туса, оқуды тастауға дайын екендігі туралы ата-апасын хабардар етеді. "Ауыл ыңғайынан қалаға шыққаныма қуанышты болдым. Қозғалыс іздеп келгем. Сөйтсем, қозғалысты өзің істеуің керек екен". ## Шығармашылық жолы Алғаш қадамы 4-ші сыныпта Алтын Күз тақырыбына төрт қана жол тақпақ жазу тапсырмасынан бастау алады. Ұйқастыруда, ұйқастыру арқылы ойын жеткізуде аса қиындық көрмеген болашақ рэпер бірден 20 жол қара өлең жазып тастайды. Тапсырма мұғалімнің қалауымен орындалмағандықтан, үздік баға Дулатқа бұйырмайды. Дегенмен, содан бері қолы қаламға ұмтыла бастайды. Дулат 10-сыныпқа дейін қазақша мәтін жасауды дөрекі санап жүретін. Ақтаулық Домалақ атты рэперден алғаш рет ана тіліндегі рэп естіп, бұлай істеуге болатынына таңданады. Бұған дейін орысша жазып жүрген ZAQ, қазақша текстті ерекше әдемі етіп көреді. Ninety one тобының мүшесі болмай тұрып рэпердің өнер көрсетіп жүрген лақабаты Smile Slim болатын. ZAQ мектептің соңғы жылдарында SM Entertainment Корей продюсерлік агенттігінің кастингіне қатысады. Орысша қазақшаға ауысып, жалпы рэпті уақытша қоя тұрған кезең болғандықтан, байқауда өзін биші ретінде сынап көрмекші болады. Қазылар алқасы оны би жанры бойынша басқалардан бөліп, фаворит етіп алады. Бірақ ауылға оралуымен, оқуды үлкен басымдылықпен жоғары қойып, байқауды жалғастырудан бас тартады. "Мектепте ҰБТ-ны керемет нәрсе қып көрсетеді, ол да бір жүк болды" дейді рэпер. Қазір өткенге ешқандай өкінішсіз қарайды. Сол жарыстан өткеннің өзінде, SM-нің концепциясы өзіне жақпайтындығын айтты. "Керемет дәрежеге жетсем де, менікі емес. Қазіргі кезім ұнайды". Студенттік кезде де Дулат шығармашылығын тастамай, Raphana Records лэйблінің құрамында өнер көрсетіп жүрді. ## Өзінің сөздік қоры туралы Халық ауызында жүрген әндердің авторы сөздік қорын аса бай деп есептемейді. Тіпті, оның сөйлесу мәнерінде атқарар рөлі аз дейді. Тыңдаушылар ZAQ-тың сөздік қорына таңдай қақса да, рэпер кітап оқығанды ұнатпаймын деп сыр ашты. "Пайдалы екенін білсем де, зейінім жетпейді" деп бөліседі әртіс. Мектеп қабырғасында Дулат орыс тілі олимпиадасының бірнеше дүркін жеңімпазы болып жүреді. Алайда әдебиетті нашар білгендіктен, қазақ тілінен жарыстарға қатысу қиынға соғатын. "Қаншалықты көп сөз білгенің маңызды емес. Сол сөздерді құрасытырып, қалай жеткізе білуің маңызды". Дулат 2-ші сыныптан бері Eminem тыңдап жүріп, одан енді шыққым келеді деп бөліседі. Кей сарындары соған ұқсап кетендігін де жасырмайды. Рэптен бөлек джаз, рок, хаус тыңдап, жиналған тәжірбисінен өз жолын табатынына сенімді. Отандық рэперлерден Скриптонитті ерекше құрметтейді, қазіргі кезде шығармашылығын басқаша түсінемін дейді. Скрипиді әлемдік деңгейдегі рэперлерден біршама озық тұр деп те айтты. Ағымдағы жылдың ақпан айында ZAQ Жас Отан Орталық кеңес мүшелігіне енді. Саясатқа араласу оны Ninety One шығармашылығынан еш алаңдатпайды. Өзінің айтуы бойынша, жоғарыдан келген ұсынысқа ойланбастан келісті. Өйткені бұл жаңалыққа жауапкершілік сияқты емес, халыққа қажетті серпілісті жеткізе алу мүмкіндігі сияқты қарады. Сол мүмкіндіктің арқасында ойын барша мемлекетке естірткісі келеді. "Дауыс енді естіледі. Алайда бәрібір бірінші орынға музыканы қоямын" ## K-TOP Idols 2014 жылы ORDA Brothers құрған «K-TOP Idols» атты Қазақстандағы идолдар мен идол-топтарды құрумен айналысатын алғашқы, әрі бірегей жобаның жеңімпазы. 2014 жылдың наурыз айынан кәсіби әділқазылар бүткіл Қазақстаннан 24 дарынды жігіттер мен қыздарды таңдап алып, осы жобаны жүргізді. Жоба нәтижесінде жеңіске жеткендердің бірі ZaQ және A.Z.. ## Ninety One Қазіргі таңда 2014 жылы құрылған, Қазақстандағы алғаш рет Q-pop музыкалық жанрының негізін салушы Ninety One тобының рэпері. Топтың хореографиясын қоятын өзі. Сондай-ақ топ арасында «топ келбеті» атағына ие. «K-TOP Idols» жобасының жеңімпазы ретінде топтың алғашқы мүшелерінің бірі. Басқапқыда топ атауы KTI-boys болатын, алайда 2015 жылдың 1 қыркүйегінде алғашқы «Айыптама» синглын жариялаған кезде, топ атауын Ninety One деп өзгертті. ## Қызықты мәліметтер * Руы: Орта жүз, Найман * Хоббиі: аниме жанрындағы туындаларды қарау, әр түрлі елдердің тілдері мен мифологиясын оқу, мектеп жасында акробатикамен айналысқан * Бойының ұзындығы: 177 см * Салмағы: 62 кг * Сүйікті кітабы: «Билли Миллиганның көптеген саналары» (Денесінде 24 адамның санасы бар тарихта болған Билли Миллиган жайлы кітап) * Кумирі: Эминем, Oxxxymiron ## Фильмография ## Дереккөздер
Богатырёво — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Малеевск ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ново-Калиновск — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Малеевск ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2009 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан солтүстікке қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 44 адам (2009).
Васильевка — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Полянск ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан батысқа қарай 56 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ермаковка — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Северный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан батысқа қарай 98 км-дей жерде, Ертіс өзенінің бойында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Азамат Байболатұлы Зенкаев, A.Z. (28 қыркүйек 1993 жылы туған, Атырау, Қазақстан Республикасы) — қазақстандық рэпер, Ninety One тобының бұрынғы мүшесі ретінде танымал. ## Өмірбаяны Азамат 1993 жылдың 28 қыркүйегінде Атырау қаласы, Қазақстан Республикасында дүниеге келген. Әпкесі және інісі бар. Отбасы қазіргі таңда Атырау қаласында тұрады. 11 жыл жалпы орта білім алған. 7 жыл бокспен айналысқан. Атырауда кеме капитанына оқыған. Матрос ретінде практикасы бар. 2004 жылдан бастап рэпке қызығушылық танытып, фристайл баттлдарға қатысқан. 2006 жылдан бастап андэрграунд рэппен профессионалды тұрғыда айнылысады. Топқа келмей тұрып «HalFani» лахабатымен өнер көрсеткен. ZaQ екеуі Ninety One тобының репертуарындағы ән сөздерінің авторы. ## Балалық шағы Лидер атын арқалаған Ninety one тобының мүшесі AZ 1993 жылы қыркүйек айының 28-де Қазақстанның батыс өңіріндегі Балықшы деген жерде дүниеге келді. Азаматтың есіне алуы бойынша, балықшылар мекені - Атыраудағы қауіпті аймақтардың бірі. Қараңғы көшелердегі құрдастарымен төбелес, құлаққап, үлкен шалбар, рэп оқу - бәрі агрессияға толы баланың күнделікті өміріне айналған. "Рэп - бұл көше" Мектеп қабырғасында болашақ жұлдыз тентектігінің кесірінен аса оқу-білімге зейін қоймаған. Азаматтың бұзық мінезі жиналыстарда ата-анасының директормен жиі дауласуының себепшісі болды. Мектебінің аты шулы атаманы қазіргі кезде балалық шағынан көп ой түйдім деп бөліседі. Соған қарамастан, "Жасалған істеріме ешқандай өкініш сезімі жоқ" дейді AZ. "Өткен-кеткен оқиғалар жүрегімде сүйікті ескі таспам болып қалмақ" Әкесі де, атасы да - теңіз кәсібін игеріп шыққан өз ісінің мамандары. Азамат та балық пен қара уылдырық жеп кемеде өскендіктен, әке жолын қууды дұрыс санайды. Мектептен түлеп ұшып, Атыраудағы Теңіз Балық Өнеркәсібі Колледжінде қайықшы (судоводитель) мамандығы бойынша білім алады. Оқуды аяқтап, "Матрос Первого Класса" сертификатын алу мақсатында Астрахань қаласына аттанады. Жас Азаматты әкесіндей "флотты басқару" ойы емес, "менде де диплом бар, мен де оқыдым" деп жұрттан қалмау ойы жетелейді. "Меніңше, оқу керек емес. Өзіме ағылшын керек, соны білем" AZ басқа топ мүшелері сияқты музыкалық білім қуаламады. Тәжірибемен жиналған өзіндік музыка жазу тәсілдерін ұстанады. Алдына ауқымды жұмысты мақсат қылып, әрдайым өз-өзімен күресіп, өсуге тырысады. Соны оқудың ең жақсы түрі деп санайды. ## Стиль Азаматты халық Ninety One тобының ең стильді мембері деп таниды. Анасы кішкентайынан сәндеп киіндіретін. Адамдарға бір түрлі боп көрінетін киімдер, керісінше, оның көзіне ілінеді. Жақсы, сапалы әрі әдемі киімдерге деген қызығушылық оның жеке бір стилінің пайда болуына әкелді. Киім үлгісі жөнінде басқа адамдардың пікіріне аса қатты назар аудармайды. Стилі көңіл-күйіне байланысты күрт өзгеріп тұруы мүмкін. "Өзімді стильдімін деп есептемеймін, киімге қатты қызығамын деген дұрыс болар" Дегенмен, fashion индустрияға бару Азаматтың ойында бар. Тіпті, өз брендін ашуды жоспарлауда. ## Шығармашылық жолы Азамат 2004 жылдан бері рэп жанрына қызыға бастайды. Eminem мен 50-cent секілді әртістердің музыкасын тыңдап өседі. Қазір шет елдердің Kendrick Lamar, The Weekend және Kanye West сияқты жұлдыздарын тыңдайды. Жергілікті әнші-рэперлердің әндерін AZ тыңдамайды, бірақ бәрін мойындайды. Өйткені, оның ойынша, кез келген әртіс өз ойын жеткізуге құқығы бар. Оның музыкасын айнала қабылдай ма, қабылдамай ма Азаматқа маңызды емес. Бастысы, ол өзі ұнайтын музыканы жазады және оның да тыңдаушылары табылады деп сенеді. 2014 жылы K-TOP IDOLS реалити-шоуында болашақ әріптесі ZaQ-пен жеңіске жеткен соң, Ninety One тобына алғашқы мүшелердің бірі болып енеді. "Басқаша болу мүмкін емес еді. Мен ұтамын деп сеніп келдім. Ойлағанымдай болды" AZ-ды топтағы ең суық әрі қырсық мембер деп атайды. Ол болса тұйықтығын аса қатты байқамайды. Бірінші рет танысқанда бірден ашыла қойып, адамды жанына жақын қабылдай алмайды. Араласып кету үшін Азаматқа кішкене уақыт керек. Жұмыс кестесінің тығыздылығынан, Азамат ата-анасымен сирек көрісіп тұрады. Тіпті 2 жыл бойына үйіне бармаған кездері болған. Алайда қашықтыққа қарамай сағынып, жиі хабарласуға тырысады. Алдағы мақсаты - Алматы қаласынан жер алып, үй салып, ата-анасын оңтүстік астанаға әкелу. ## K-TOP IDOLS 2014 жылы ORDA Brothers құрған «K-TOP Idols» атты Қазақстандағы айдолдар мен айдол-топтарды құрумен айналысатын алғашқы, әрі бірегей жобаның жеңімпазы. 2014 жылдың наурыз айынан кәсіби әділқазылар бүкіл Қазақстаннан 24 дарынды жігіттер мен қыздарды таңдап алып, осы жобаны жүргізді. Жоба нәтижесінде жеңіске жеткендердің бірі A.Z. және ZaQ. ## Ninety One Қазіргі таңда 2014 жылы құрылған, Қазақстандағы алғаш рет Q-pop музыкалық жанрының негізін салушы Ninety One тобының лидері, әрі рэпері. «K-TOP Idols» жобасының жеңімпазы ретінде топтың алғашқы мүшелерінің бірі. Басқапқыда топ атауы KTI-boys болатын, алайда 2015 жылдың 1 қыркүйегінде алғашқы «Айыптама» синглын жариялаған кезде, топ атауын Ninety One деп өзгертті. ## Қызықты мәліметтер * Руы: Кіші жүз, Байұлы, Қызылқұрт * Хоббиі: Пэйнтболда ойнау, суда жүзу және билеу * Бойының ұзындығы: 182 см * Салмағы: 65 кг * Кумирі: Эминем ## Фильмография ## Дереккөздер
Кировское — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Северный ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2007 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан батысқа қарай 137 км-дей жерде.
Үшарал — Қазақстандағы қала (1984 жылдан), Жетісу облысы Алакөл ауданының орталығы (1928). Іргесі 1871 жылы қаланған. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Талдықорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 281 км-дей жерде, Тентек өзенінің жағалауында орналасқан. ## Халқы Тұрғыны: * 15 991 адам (2009); * 16 234 адам (2010); * 16 292 адам (2011); * 16 396 адам (2012); * 17 620 адам (2013). ## Атауы Қаланың батыс жақ тұсынан Тентек өзені үш тарамға бөлініп ағатын болғандықтан «Үшарал» атанған. ## Кәсіпорындары 20 ғасырдың 90-жылдарының ортасына дейін қалада қызмет атқарған ауыл шаруашылығы техника бірлестігі, баспахана, нан, тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, орман шаруашылығы, көлік, құрылыс кәсіпорындары, мал дәрігерлік стансасы, т.б. мекемелер мен кәсіпорындар нарықтық экономикаға өтуге байланысты жекешелендірілді. Олардың негізінде АҚ, ЖШС мен шаруа қожалықтары құрылды. ## Географиясы ### Климаты ## Инфрақұрылымы Аудандық аурухана, емхана, тубдиспансер, санэпидстанса, дәріханалар, 5 орта мектеп, гимназия, музыка, спорт мектептері, ауыл шаруашылық лицейі, 2 балабақша, мәдениет сарайы, халық театры, мешіт, т.б. мекемелер бар. Қала арқылы республикалық маңызы бар Алматы — Талдықорған — Семей автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер
Сажаевка — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Октябрь кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 47 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жантөрин сөзі келесі мағыналарды білдіреді: ## Тұлғалар * Нұрмұхан Сейітахметұлы Жантөрин — актер, режиссер, Қазақ КСРО еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның халық әртісі * Сейітхан Ахметұлы Жантөрин — XIX ғ. Қайып хан әулетінен шыққан сұлтан, зерттеуші. * Сәлімгерей Сейітханұлы Жантөрин — XX ғ. басындағы қазақ қоғам қайраткері, Сейітхан Жантөриннің баласы. * Арыстан Жантөрин — XIX ғ. қазақ сұлтаны, Әбілқайыр ханның шөбересі. * Сұлтанмахмұт Жантөрин — сұлтан, этнограф, Арыстан Жантөриннің інісі. ## Көше * Жантөрин көшесі — Алматы қаласындағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы көше. ## Тағы қараңыз * Жантөре
Северное — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Северный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан батысқа қарай 126 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
II әл-Хакам (әл-Мустансир биллаһ Әбу әл-Қазы Хакам ибн Әбдіррахман, араб.: الحكم الثاني‎,915 — 976 ) — Кордоба халифатының 2-ші халифі (961—976), III Әбдіррахманның ұлы, Умәйя әулетінің мүшесі. ## Өмірбаяны Негізінен әл-Хакам әкесінің саясатын жалғастырған. Мұсылман Испанияның мәдение тұрғыда гүлденуі жалғасын тапты. Халифтің өзі ғылым мен библиографияға аса жіті қызығушылық танытқандықтан 400 мыңнан астам дана кітап сақталған Кордоба кітапханасы мұсылман әлеміндегі ең ірі кітапханаға айналды. Хакамның тұсында көптеген құнды әдебиеттер көне грек және латын тілдерінен араб тіліне аударылып жарыққа шықты. Сонымен қатар халифа Хакам билеген жылдары ауыл шаруашылығы дамып, ирригациялық құрылымдар жүйесі кеңейді. Мескита мешіті және халифа резиденциясы сияқты ірі ғимраттардың құрылысы қолға алынды. ## Сыртқы саясаты II Хакамның тұсында халифатқа викингтер 966 және 971 жылдары екі мәрте шабуыл жасайды. Сондай-ақ Солтүстік Мароккодағы Зиридтер және Фатимидтер хилафатымен күрес жүргізеді. 947 жылы Фатимидтер жеңіліске ұшырайды. Ал Солтүстік Испаниядағы христиандық мемлекеттерде халифат толық әскери үстемдікке ие болды. ## Жеке өмірі Кейбір заманауи шетелдік деректерде II Хакамның жас кезінде гомосексуал болғандығы келтіріледі. Ол ашық түрде еркектік гарем ұстаған. Сол себепті Кордоба тағының болашақ мұрагері болмады. Алайда бұл мәселе де шешімін тапты. Халифаға әрдайым еркектің киімін киіп жүретін және «Джафар» деген бүркеніш атқа ие Субх есімді күн тауып береді. Кейін II Хишам дүниеге келеді. Алайда бұл жайлы араб тарихшылары ешбір дерек келтірмейді. ## Әдебиет * Рыжов, Константин. Әлем монархиялары. VII-XV ғғ. Мұсылман Шығыс — М.: Вече, 2004. — 544 б. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Arabic biography Мұрағатталған 14 тамыздың 2004 жылы.
Селезнёвка — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Октябрь кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 59 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Северный ауылдық округі – Павлодар облысы Ертіс ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қараағаш, Северное, Степное ауылдары кіреді. Орталығы – Северное ауылы. 2015 жылы Төбелес ауылы таратылды. ## Дереккөздер
Северный ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ермаковка, Северное, Феклистовка ауылдары кіреді. Орталығы – Феклистовка ауылы. Округ құрамында болған Кировское ауылы 2007 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Прибрежный — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы кент, Прибрежный кенттік әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 38 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Крестовка — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Чапаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан батысқа қарай 19 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Чапаево — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы ауыл, Чапаев ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан батысқа қарай 17 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Орловка — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Чапаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Пролетарка — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Чапаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Снегирёво — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы ауыл, Чапаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан батысқа қарай 18 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Аққайнар (2009 жылға дейін – Черновая) — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы ауыл, Аққайнар ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан шығысқа қарай 27 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
II Мұхаммед (Әбу әл-Уәлид Мұхаммед ибн Хишам әл-Махди биллаһ, араб.: محمد الثاني ، المهدي‎, 976 — 1010) — Кордоба хилафатының халифі (1009 және 1010), III Әбдіррахманның немересі, Умәйя әулетінің мүшесі. ## Өмірбаяны II Мұхаммед 1009 жылы II Хишамның тақтан бас тартуынан кейін билік басына отырды. Таққа отыра салысымен ол сақалибтер мен берберлемен шайқас жүргізді. Көтерілестен бірнеше ай өткенен кейін берберлер III Әбдіррахманның немересі Хишамды халиф деп жариялап көтеріліске шығады, ал Хишам өлтірілгеннен кейін билік оның жиені Сүлейменге беріледі. Сонымен қатар берберлер Кордоба қаласын тонап талқандайды. Сүлеймен халиф атанып, II Мұхаммед Толедоға қашуға мәдүр болады. Алайда көп ұзамай Уәдих басқарған сақалибтер 1010 жылы Кордобаны қайта басып алып, таққа II Мұхаммедті қайтарады. Дегенмен Мұхаммедтің тәкаппарлығына ызаланған сақалибтер оны өлтіреді.

Үштөбе — қала (1961 жылдан), Жетісу облысы Қаратал ауданының және Үштөбе қалалық әкімдігі орталығы, темір жол бекеті. ## Тарихы Іргесі 30-жылдардың бас кезінде Түрксіб темір жолының салынуына байланысты қаланған. 1961 жылы 21 маусымындағы ҚазКСР–нің Жоғарғы Кеңес президиумының бұйрығымен Үштөбе посткеңесі жойылып, Үштөбе қалалық кеңесі құрылды. Қазақстан Республикасының «Жергілікті өкілетті атқарушы және органдар туралы» Заңына сәйкес 1993 жылы 10 желтоқсанда № 2578-х 11 Үштөбе қалалық әкімшілігі құрылды. 1995 жылдың 6 - қазанындағы Талдықорған облысы әкімінің №6 – 1 ө, өкімі бойынша Үштөбе қалалық әкімшілігі Үштөбе қалалық округіне ауысты. 1996 жылдың 20 қарашасында Талдықорған облысының Маслихатымен және Талдықорған облысы әкімінің № 13-132/182 шешіміне байланысты Ойсаз, Үшкөмей (Приморец), Достық ауылдары Үштөбе қалалық әкімдігі аумағына енді. 12 – қыркүйекте Қаратал ауданы әкімінің № 223 қаулысына сәйкес Үштөбе қалалық округі «Қаратал ауданының Үштөбе қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылды. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Талдықорған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 51 км жерде, Қаратал өзенінің оң жағасында орналасқан. ## Кәсіпорындары Өндіріс орындарынан Үштөбеде жөндеу механикалық, май зауытттары, киіз үй, тігін факультеткалары, ет комбинатқа, “Фрунзе” тәжірибе-шаруашылық стансасы, “Палтел” ЖШС-і, “Опытное” ауыл шаруашылықғы ӨК, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері, баспахана, құрылыс-монтаж пойызы, 2 жылжымалы механикалық колонна, астық қоймасы, мұнай тасу, автомобиль базалары бар. Бүгінгі күнде шағын және орта кәсіпорындар саны – 48, жеке меншік кәсіпкерлер саны 1455, шаруа қожалықтар саны – 82. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Әлеуметтік салада 4 орта, спорт, музыка мектептері, балабақша, 3 кітапхана, ауданы және темір жолы ауруханалары, тубдиспансер, санэпидстансасы, 2 дәріхана, т.б. мекемелер қызмет істейді. Сауда үйлер саны – 6, дүкендер – 143, базар – 4, мейрамханалар – 3, кафелер – 9, асханалар – 5, қонақ үйлер – 3, шаштараздар – 12, киім тігу және жөндеу – 6, монша - 2, сауналар – 3, бильярд клубтары – 1, АЖҚС ( АЗС) – 8, жерлеу салт жоралары қызмет көрсету – 3, ТҚКО (СТО) және көлік жуу тұрақтары – 8, компьютер орталықтары – 3, ломбард – 3. ## Дереккөздер
Сүлеймен (әл-Мустағин Әбу Айуб Сүлеймен ибн Хәкім, араб.: سليمان الثاني‎, 965 — 1016) — Кордоб халифатының халифі  (1009-1010, 1013-1016), III Әбдіррахманның шөбересі, Умәйя әулетінің мүшесі. ## Өмірбаяны 1009 жылы гвардия алғаш рет Сүлейменді халиф деп жариялайды, алайда ол билік басында ұзақ отырмады. Келесі гвардиялықтар каталондықтармен бірігіп, Кордобаны басып алып II Мұхаммедке билікті қайтарып береді. 1013 жылы берберлер Кордобаны қайта жаулап алғаннан кейін, халиф ретінде Сүлейменді жариялады. Алайда әмір наменгерлер өздерінің тәуелсіздігін жариялап халифаттан бөлініп шығып жатқандықтан, Сүлейменнің билігі тек Кордоба маңында ғана жүргізілді. Бұл оқиғаға наразылық тудырып, Танжер мен Сеута билеушісі Әли ибн Хаммуд ән-Насыр өзінің пайғамбар ұрпағы екендігін айтып, билікке отыруды көздеді. 1016 жылы ол сақалибтердің көмегімен Кордобаны басып алып, Сүлейменді өлтіреді. Сөйтіп өзін халифат халифімін деп жариялайды. ## Дереккөздер * Рыжов, Константин. Әлем монархиялары. VII-XV ғғ. Мұсылман Шығыс — М.: Вече, 2004. — 544 б.
Қом (парсы: قم‎‎) — Иран қаласы, Қом останының орталығы, шииттердің киелі қаласы. Қом медресесі маңыздылығы бойынша шииттер үшін Нажаф медресесінен кейінгі екінші орында. ## Географиясы Иран елордасы Тегераннан 150 км оңтүстікке қарай өзен жаңалауында орналасқан. Қала жаңынан Тегеран-Исфаһан тас жолы өтеді. Қаланың теңіз деңгейінен биіктігі — 975 м. Қаладан таяу жерде мұнай мен газ кен орындары бар. ## Тарихы Қала Иранға Исламның келуіне дейін де өмір сүрді. Басында "Қом" сөзі тек бұл қала дуанының атауы ғана еді. Алайда уақыт өте келе бұл атау бүкіл қалаға тарады. Иранды арабтар жаулап алғаннан кейін бұл қалаға шииттер мен секталар келе бастады. Қала даму жолына сефевидтер әулетінің тұсында түсті. XVI ғасырда қала шиизмнің діни орталығына айналды. Кейін, ауған шапқыншылығы мен шаһаралық кезінде қала үлкен зардап шегіп, тек Фатх Әли шаһ тұсынан бастап қалпына келе бастады. Тіпті қалпына келген қала елорда деңгейіне үміткер атанды. Сол кездерден бастап қалада мешіттер, медреселер және мазарлар салына бастады. Қум қаласында діни оқу орындарды біріктіретін діни орталық бар. Бұл оқу орындарда ирандықтардан басқа шетелдіктер де оқиды. Алайда, көбінесе, ирандықтар шетелдіктерден бөлек оқу орында оқиды. "Әл-Мұстафа" халықаралық университеті шетелдіктерге арналған оқу орындарды бақылауға алды, олар: Имам Хомейни медресесі, Хужатия медресесі, Улюм университеті, Алю Бейт университеті, Бинтуль Худа әйелдер медресесі, Әз-Захра университеті және т.б. кішігірім оқу орындар. ## Атақты тұрғындары * Аббас Қуми ## Бауырлас қалалар * Иран, Кербела * Иран, Нажаф * Испания, Сантьяго де Компостела * Ливан, Бағлабек * Түркия, Конья
Ақсу (2009 жылға дейін – Белое) — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы ауыл, Ақсу ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 73 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Алыбай — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы, Новохайрузов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы Үлкен Нарын ауылынан солтүстік-батысқа қарай 19 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақшарбақ (2009 жылға дейін – Верх-Катунь) — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Ақсу ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 78 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ханган (кор. 한강, 漢江, Han-gang, Han'gang)) — Оңтүстік Кореяда орналасқан өзен. Сеул қаласынан ағып, Сары теңізге құяды. Ұзындығы — 514 километр, ені Сеулдің ішінде 1 километрге дейін жетеді. Орташа су шығыны - 670 м3/с. Минималды және максималды ағу екпіні 1:318 болып ерекшеленеді. ## Ханган арқылы көпірлер Өзенде 27 көпір салынған. Көбісі Сеулдің солтүстік және оңтүстік жақтарын байланыстырады. ## Дереккөздер
Приморское — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы, Новохайрузов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы Үлкен Нарын ауылынан батысқа қарай 11 км-дей жерде, Бұқтырма бөгенінің солтүстік жағасында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Хангаң өзені бойындағы ғажайып (кор. 한강의 기적 (漢江의 奇蹟) — хангаңэ гиджок) — азамат соғысы нәтижесінде күйреген Оңтүстік Кореяның аграрлы мемлекеттен жоғарытехнологиялы гүлденуші экономикасы бар мемлекетке айналуынн сипаттайтын экономикалық ғажайып атауы. Бұл экспортқа бағытталған өсімге, жедел индустриализацияға, жаңа технологияларды енгізуге, білім беру жүйесін дамытуға негізделген үдеріс еді. Осы арқылы Оңтүстік Кореядағы өмір деңгейі экспоненциалды артып, жедел урбанизация мен модернизацияға, сонымен қатар демократизация мен елдің жаһандануына жол ашалды. Хангаң өзені бойында орын алған ғажайыптың нәтижесінде Samsung, LG және Hyundai сияқты халықаралық корпорациялар бой көтерді. ## 1970 және 2015 жылғы мәліметтерді салыстыру ### Халқы ### ЖІӨ * Корея Республикасы 1970 жыл — $600 млрд * Корея Республикасы 2015 жыл — $1,457 трлн. ## Дереккөздер
Құндызды (1999 жылға дейін – Парамоновка) — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы, Новохайрузов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үлкен Нарын ауылынан солтүстікке қарай 20 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көсем сұлтан (осман. كوسم سلطان‎ — Kösem Sultan) немесе Махпейкер сұлтан (осман. مه بيكر سلطان‎ — Mâh Peyker Sultan) — I Ахметтің әйелі, II Османның өгей анасы, IV Мұрат пен Ибраһимнің анасы, IV Мехмет, II Сүлеймен және II Ахметтің әжесі. Ұлы Османлы Мемлекеті тарихындағы ең беделді әйел, "қатындар сұлтанаты" дәуірінің өкілі. Сарайдағы төңкеріс кезінде Тұрхан сұлтанның жақтастарымен өлтірілді. ## Өмірбаяны Көсем сұлтанның туған есімі Анастасия болды. Кейбір деректерге сәйкес, ол Кефалония аралында дін қызметшісінің шаңырағында дүниеге келді. Он бес жасында Боснияның санжақбейі оны күң ретінде сатып алып, Константиниеге жіберді. Сұлтан гареміне түскен Анастасия "Махпейкер" деген есім алды. Кейін османлы сұлтаны I Ахмет өзінің ең сүйікті күңіне "Көсем" деген жаңа есім берді. Көсем I Ахметтің бәйбішесі де, алғашқы баласының анасы да болған емес. Бірақ соған қарамастан Көсем сұлтан гаремінде үлкен беделге ие болды. Көсем сұлтан I Ахметтен 6 ұл мен 6 қыз туды: Мехмет шаһзада, Айша сұлтан, Фатима сұлтан, Гауһархан сұлтан, Орхан шаһзада, Ханзада сұлтан, Сәлім шаһзада, IV Мұрат, Қасым шаһзада, Әтике сұлтан, Ибраһим және Жемре сұлтан. Балаларының екеуі (IV Мұрат пен Ибраһим) өз заманында сұлтан болған. Олардың тұстарында Көсем валиде сұлтан атағына ие болды. ## Өнерде * «Жас Осман» фильмі (1962 жылы, Көсем сұлтан рөлінде — Мұхтерем Нұр) * «IV Мұрат» фильмі (1980 жылы, Көсем сұлтан рөлінде — Айтен Көкшер) * «Ыстамбұл қанаттарымның астында» фильмі (1996 жылы, Көсем сұлтан рөлінде — Зұхал Олжай) * «Махпейкер» фильмі (2010 жылы, Көсем сұлтан рөлінде — Далма Сөнмез бен Сельда Алькор) * «Ғаламат ғасыр: Көсем дәуірі» телехикаясы (2015-қ.у., Көсем сұлтан рөлінде — Анастасия Тсилимпиу, Берен Саат және Нұргүл Есілшай)
Еңбек — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Өрел ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан шығысқа қарай 41 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Аршаты — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Өрел ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан шығысқа қарай 91 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Балғын — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үлкен Нарын ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақмарал (1998 жылға дейін – Парковое) — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Аққайнар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Голубовка — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Коробиха ауылдық округі құрамында болған ауыл. ## Географиялық орны Ауыл орны аудан орталығы - Үлкен Нарын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 52 км-дей жерде.
Акка (саам. Áhkká, швед. Akka) — Швед Лапландиясының Скандинавия тауларындағы тау. ## Географиясы Стура-Шефаллет ұлттық саябағының аумағында,  Йокмокк лена Норрботтен коммунасында орналасқан. Таудың биіктігі 2015 м, бұл Швецияның теңіз деңгейінен жоғары сегізінші тауы, салыстырмалы биіктік бойынша — елдің ең биік тауы. ## Тарихы Таудың атауы саам тілінен «кәрі әйел» деп аударылады, лапландықтар үшін бұл жер киелі орын болып саналады. Қазіргі таңда Акканың бауырайында Швецияның ірі су қоймаларының бірі Аккаявре (Аккаяуре) орналасқан. ## Сілтемелер
Усть-Язовая — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Коробиха ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2009 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Үлкен Нарын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 115 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 28 адам (2009). ## Дереккөздер
Берел — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 79 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жамбыл — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан шығысқа қарай 60 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Рахман қайнары — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 110 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Маралды — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы Үлкен Нарын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 162 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 117 адам (61 ер адам және 56 әйел адам) болса, 2009 жылы 65 адамды (30 ер адам және 35 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қараайрық — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2009 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Үлкен Нарын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 164 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 24 адам (2009). ## Дереккөздер
Бекалқа (2009 жылға дейін – Фыкалка) — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Ақсу ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан солтүстікке қарай 90 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көкбастау (2013 жылға дейін – Юбилейное) — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үлкен Нарын ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жамбыл ауылдық округі - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Берел, Жамбыл, Рахман қайнары, Шұбарағаш ауылдары кіреді. Орталығы – Жамбыл ауылы. Округ құрамында болған Қараайрық ауылы 2009 жылы, Маралды ауылы 2018 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Талды (2009 жылға дейін – Чаловка) — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Ақсу ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2014 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Үлкен Нарын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 65 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 35 адам (2009). ## Дереккөздер
Көктерек — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үлкен Нарын ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бесүй — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы, Новополяков ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы Үлкен Нарын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 46 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жазаба (2009 жылға дейін – Язовая) — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Ақсу ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан солтүстікке қарай 98 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ульяновка — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы, Новополяков ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үлкен Нарын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 60 адам (2009). ## Дереккөздер
Сенное — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы, Новополяков ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы Үлкен Нарын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 60 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жұлдыз — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үлкен Нарын ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қаражал (2013 жылға дейін – Огнево) — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы, Новополяков ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үлкен Нарын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 57 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Егінді (2013 жылға дейін – Яры) — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы, Алтынбел ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы Үлкен Нарын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 29 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Красная Поляна — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2009 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Үлкен Нарын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 63 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 11 адам (2009). ## Дереккөздер
Коробиха — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы ауыл, Коробиха ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 64 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жақия, Иоанн, Жохан (евр. Йехонон, ежелгі грек: Ἰωάννης ὁ βαπτίζων) — Құран Кәрім кейіпкері, Пайғамбар, Зәкәрия пайғамбардың ұлы. Құран Кәрімде Иса, Ілияс сияқты пайғамбарлармен бір дәрежеде аталады. Інжілде орыс. Иоанн Креститель деп келеді. Жақия бала кезінен ақылды болған, адамгершілігі зор, құдайшыл, сабырлы, ата-анасына қайырымды еді. Ол «Аллаһ Тағаланың сөздері» деген шындықты, яғни Иса мен оның тапсырмасын растаушы. Жақияның өмір жолы туралы аңыз-әңгімелер бар. Исаның емшілігін алғаш рет мойындаған, оның уағызына сеніп, көмек көрсеткен. Мұсылман аңызында, әсіресе, Жақияның қайнаған қайы туралы ерекше айтылады. Оның басы қайы салынған табақта және бейітінің басында қайнап тұрған. Жақияның басы Шамдағы Омейя мешітінде жерленген, мұсылмандар ол жерді қасиет тұтады.Құран әңгімесі, негізінен, Лукадағы Інжілге ұқсас келеді, біріншісінде тіпті одан «үзінді» келтірілген: Құранның қалыптасу кезеңдерінде, яғни Мекке мен Медине дәуірлерінде келтірілген Жакия туралы әңгіме оның дүниеге келуіне арналған және Аллаһ Тағаланың өзінің сенімді құлдарына қартайған шағында да бала сыйлай алатын қабілетін, оның құдіреттілігін дәлелдей түседі. Ислам халықтары арасында Жақияның өмір жолы туралы көптеген аңыз-әңгімелер сақталған. Оларда Жақияның бала кезінен ақылды, адамшылығы зор, құдайшыл, тақуа, сабырлы, ата-анасына қайырымды болғаны, әкесі Зәкәрияға әбден қартайған шағында Алла тағаланың берген баласы екені және “Жақияның қайнаған қаны” туралы аңыз ерекше айтылады. Жақияның басы Дамаск қаласындағы Омейя мешітінде жерленген, мұсылмандар ол жерді қасиетті орын ретінде қастерлейді. Ал Інжілде Жақия Иса пайғамбардың дүниеге келетінін халыққа хабарлаушы, оның ілімінің ең алғашқы уағыздаушысы болып бейнеленеді. Құран Кәрімде Жақия Ирод патшаның қызына үйленуден бас тартқаны үшін өлім жазасына кесілгені баяндалса, Інжілде оқиға Ирод патшаның туған күніне байланысты болған той үстінде өтеді. Тойда патша әйелінің бұрынғы күйеуінен (патшаның ағасы Филипптен) туған қыз Соломия жақсы биімен көзге түседі. Шарап буына қызара бөрткен патша оған қандай тілегіңді де орындаймын деп уәде береді. Қыз Жақияның басын сұрайды. Патша сол жерде Жақияның басын кесіп алып, табаққа салып, Соломияға тарту етеді. “Жақияның басы табақта да қайнап жатты” деген аңыз осыған байланысты пайда болған. ## Есімі Жақия пайғамбар (ивритше: ‏יוחנן המטביל‏‎‎‎, Йоханан бар Зехарья — «Зәкәрияның ұлы Жақия»; Йоханан ѓа-Матбиль [Хаматвил] — «сумен шомылдыру рәсімін өткізуші»; грекше: Ιωάννης ο Βαπτιστής, Иоаннес о Баптистес, Ιωάννης ο Πρόδρομος, Иоаннес о Продромос; латытша: Io(h)annes Baptista; арапша: يحيى‎‎, Йахия; орысша: Иоанн Креститель; қазақ тіліндегі баламасы: Жақия), шамамен б.э.д. 6-2 жылдары дүниеге келген және б.э. 30 жылы дүниеден қайтқан. Жақия – яһуди халқына жіберілген пайғамбар, ол пайғамбар болып Иса Мәсіхтің алдында келген, және Исаны яһудилердің көптен күтілген Машиахы (Мәсіхі) екендігін белгілеп кеткен. Ол шөл далада аскеттік түрде өмір сүрген және яһудилерді тәубесіне келтіру үшін, күнәдан тазарудың белгісі ретінде, суға шомылдыру рәсімін өткізген. Сонысымен елге танымал болды. Иса Мәсіхке Иордан өзенінде суға шомылдыру рәсімін өткізген. Яһидилік патшайым жауыз Иродиад пен оның қызы Саломейдің ықтиярымен оның басы кесілген. ## Жақия пайғамбар Інжілде Жақия пайғамбар жайында Інжілдің басты төрт ізгі хабаршыларының барлығы дерек қалдырған. ### Дүниеге келуі Жақияның балалық шағы жайында тек Лұқа баяндайды. Жақияның әкесі Зәкәрия есімді дінқызметкері, ал шешесі Елізабет есімді мүмін әйел болған. Жақия дүниеге келгенде әке-шешесі егде жаста болатын. Лұқаның Інжілінде айтылғандай, ғибадатханада Жәбірейіл періште Зәкәрияға көрініп, оған ұлды болатыны жайында хабар берген: «Періште оған тіл қатып былай деді: — Зәкәрия, қорықпа! Тілегің қабыл болып, әйелің Елізабет саған ұл туып береді. Ұлдың атын Жақия деп қоясың. Төбең көкке жете қуанып шаттанасың, көп адамдар да оның дүниеге келгеніне қуанады. Ол Жаратқан Иенің алдында мәртебелі болып, шарап, сыра атаулыдан аулақ жүретін болады. Ана құрсағында жатқанда-ақ ол Киелі Рухқа кенеледі. Жақия исраилдіктердің көбін өздерінің Құдайы — Жаратқан Иеге қайтадан келтіреді. Ілияс пайғамбарға дарыған Құдайдың Рухы мен күшіне ол да бөленіп, Оның (Мәсіхтің) алдынан келеді. Әкелерді балаларымен татуластырып, қыңыр мінезділерді әділ жандардың тура жолына бет бұрғызады. Осылайша ол халықты Құдайға әзірлейді». (Лұқа 1, 13-17) Інжілде, Зәкәрия періштенің айтқандарына күмән келтірді, сол үшін періште оны сөйлеу қабілетінен айырып мылқау етті делінеді. Інжіл бойынша, Жақия немерелес бауыры Исадан жарты жыл бұрын туған. Әкесі Зәкәрия әлі мылқау болып жүрді. Оның әйелі Елізабет періште айтқан «Жақия» деген есімді ұлына қоймақ болғанда, туыстары бұндай есім біздің әулетімізге бейтаныс деп, әкесінен оның есімін жазбаша түрде куәландыруды сұрады. «Зәкәрия бір жазу тақтайшасын сұрап алып, «Оның есімі Жақия болады!» деп жазды. Бұған бәрі де таңғалысты. Сол сәтте-ақ Зәкәрияға қайтадан тіл бітіп, Құдайды мадақтай бастады. Ал төңірегінде тұрған халықтың барлығы үрейленіп қалды. Осы оқиғалар Яһудея елінің бүкіл таулы өңірінде әңгіме болды. Естігендердің бәрі оларды көңілдеріне түйіп: «Бұл нәресте кім болар екен?» — десті. Себебі Жаратқан Иенің Өзі Жақияны қолдады». (Лұқа 1, 63-66) Жақияның қалған балалық шағы жайында Інжілде қысқаша мәліметтер келтіреді. Інжілде: «Жақия ержүрек, зейінді бала болып есейе берді. Исраил халқының алдына шыққанша, ол шөл далада тұрды» (Лұқа 1, 80), яғни ол есейген шағына дейін шөл далада өмір сүрген. Інжілде, Жақияның әкесі – Зәкәрия, «киелі үй мен құрбандық үстелінің арасында» өлтірілген делінеді, бұның күнәсін Иса Мәсіх сол кездегі яһудилерге жүктеген. (Матай 23:35) ### Рухани қызметі Ізгі хабаршы Лұқаның айтуы бойынша, шөл далада «Құдай Зәкәрияның ұлы Жақияға сөз қатқан» (Лұқа 3:2-3), сол кезден бастап Жақия пайғамбарлық міндетіне кіріседі. Жақия аскеттік ғұмыр кешкен және түйе жүнінен тігілген тұрпайы киім киген. Оның негізгі азығы дала балы мен акрид өсімдігі болған деседі. (Кей деректерде акрид шегірткенің бір түрі делінген). Бұл өсімдік негізінен ең кедей адамдардың күнделікті азығы болса керек. Өйткені, ешкім шынайы тәубені сезінбес, егер сол өсімдікті азық етпесе – деген халықтың мәтелі балған. Сондықтан тәубешіл ізгі адам үшін, қанағатшылдықтың үлгісін көрсетіп осылайша тәубе етуі орынды. Жақия уағыз етуін б.э. 28 немесе 29 жылы бастаған («Рим патшасы Тіберидің билік құруының он бесінші жылы» - Лұқа 3:1). Ол Иордан өзенінің бойындағы барлық өңірді аралап, «Күнәларыңа өкініп теріс жолдарыңан қайтыңдар, Құдай жолына түсіңдер, әрі шомылдыру рәсімінен өтіңдер! Сонда Құдай күнәларыңды кешіреді» - деп уағыз еткен. Жақияның уағыздарынынан күнәһарларға деген Құдайдың қаһарын, оның халықты тәубеге шақыруын және эсхатологиялық хабарларды айқын байқауға болады. Яһудилер сол кездері өздерінің таңдаулы халық болғандарына тәкәппарланатын (әсіресе саддукейлер мен парызшылдар), сол үшін Жақия оларды қатты сөгетін. Ол әлеуметтік этиканың патриархалдық қағидаттарын қайта құруды талап еткен. Жақия - барлық бұрынғы исраил пайғамбарлары секілді пайғамбар болған. Иса Мәсіхтің нұсқауы бойынша, көптен күтілген Ілияс пайғамбардың "екінші рет келуі" Жақия пайғамбардың тұлғасында орындалған. (Матай 11:14, Матай 17:12). Жақия пайғамбардың басты уағызы халықты тәубе жасауға шақыру. Парызшыл өркөкірек дінқызметшілерге Жақия былай деген: « — Ей, сұр жыланның тұқымдары! Келешектегі қаһарлы жазадан құтылуды сендерге кім үйретті? Егер шынымен теріс жолдарыңнан қайтып, Құдай жолына түссеңдер, соған лайықты іс істеңдер! «Біздің түп атамыз — Ыбырайым» деп мақтанбаңдар! Сендерге шын айтамын: Құдай Ыбырайымға мына тастардан да ұрпақ жасап бере алады. Қазірдің өзінде-ақ ағаш түбінде балта дайын тұр! Жақсы жеміс бермейтін әрбір ағаш шабылып, отқа тасталады!» (Лұқа 3:7-9) Сонымен қатар, Лұқа Інжілінің 3 тарауында Жақия пайғамбардың жасақшы-жауынгерлерге («Ешкімге зорлық жасамаңдар, жала жауып тонамаңдар! Өз жалақыларыңа қанағаттаныңдар!» (Лұқа 3:14)), салықшыларға («Белгіленген мөлшерден артық еш нәрсе талап етпеңдер!» (Лұқа 3:13)), және бүкіл халыққа («Кімнің екі көйлегі болса, біреуін киімі жоққа берсін, кімнің азығы болса, ол да солай істесін!» (Лұқа 3:11)) берген ақыл сөздері келтірілген. Оны іздеп келгендерге, ол, Иордан өзенінде шомылдыру рәсімін өткізген. Яһуди халқы Құтқарушы Патша Мәсіхтің келуін күткендіктен, кей адамдар Жақия туралы іштей: «Бәлкім, осының өзі Мәсіх шығар?» — деп ойлаған. (Матай 9:14) ### Иса Мәсіхті суға шомылдыру рәсімінен өткізуі Жақия Иордан өзенінің бойында Бетанияда болғанда, оған Иса келді (Жохан 1:28), суға шомылу рәсімінен өту үшін. Бетания деген жер, бәлки, Бейт-Авара болса керек. Дегенмен, 15-ші ғасырдан бері бұл Әулие Жақияның монастыры тұрған жер деп есептеледі, алайда ол қазіргі Бейт-Авардан шақырымдық қашықтықта орналасқан, шамамен Иерихоннан шығысқа қарай 10 шақырымдық жер.Таяу арада Мәсіхтің келетіні жайында көп уағыз еткен Жақия, Исаны көргенде, таңдана оған былай деді: «Сен маған келіп тұрсың ба, шомылдыру рәсімін сен маған өткізсең дұрыс болар еді?» Сонда Иса: «жазмышты орындағанымыз дұрыс болар» деді де, Жақияның қолынан шомылдыру рәсімінен өтті. Сол сәтте «көк аспан ашылып, Құдайдың Рухы, көгершін секілді көрініп, Исаға қонды. Сонда көктен: «Бұл — Менің сүйікті рухани Ұлым, Оған толықтай ризамын!» — деген дауыс естілді. (Лұқа 3:21-22)Осылайша, қалың жұрттың көзінше, Жақияның қатысуымен Исаның мәсіхтік (Машиах) міндеті расталды. Сол кездегі рәсім, Исаға көп әсерін берген және ізгі хабаршылардың пайымы бойынша, бұл оның қоғамдық өмірдегі алғашқы оқиғасы болған. Исаға рәсім өткізген соң, «Жақия пайғамбар Сәлім қаласына жақын Енонда да осы рәсімді орындап жүрді, өйткені ол жердің суы мол болған» (Жохан 3:23). Ізгі хабаршы Жоханның айтуы бойынша, Исаның он екі сахабасының алғашқылары Жақия пайғамбардың уағызымен келген: «Келесі күні Жақия мен оның екі шәкірті тағы сол жерде тұрды. Ол қастарынан өтіп бара жатқан Исаны көріп: «Қараңдар, мынау — Құдайдың Тоқтысы!» — деді. Екі шәкірті Жақияның айтқанын естіп, Исаның соңынан ере бастады» (Жохан 1:35-37).Шамамен б.э. 30 жылы Жақия түрмеге қамалды, содан бастап ол ел ішінде жүріп пайғамбарлық қызметін атқара алмады. ### Түрмеге қамалуы және өлімі Жақия пайғамбар, Ғалилеяның басшысы Ирод Антипастың шариғатқа қайшы әрекеттерін бетіне басатын, әсіресе ол өзінің туған бауыры Ирод Філіптің әйелі Иродияны тартып алып, соған үйленгенін қатты сөккен. Ол Иродтың бұл қылығы Тәурат заңына қайшы дейтұғын. Соны айтқаны үшін Жақия түрмеге қамалды, алайда оны өлтіруге Ирод асықпады, өйткені Жақияны «пайғамбар деп санайтын халықтан қорықты» (Матай 14:3-5, Марқа 6:17-20).Матай мен Марқаның ізгі хабарларына сай, Иса ораза тұтып шөл далада болған кезде, Жақия қамауға алынған. Бұдан белгілі болғаны, Исаның пайғамбар ретіндегі қоғамдық қызметі Жақияның қызметі аяқталған кезде басталған (Матай 4:12, Марқа 1:14). Жақия зынданда отырғанда, ол «Мәсіхтің жасаған істері жайында естіген. Сөйтіп, Оған екі шәкіртін жіберіп, Одан: Келуі уәде етілген Құтқарушы, расында, Сенсің бе? Әлде басқа біреуді күтуіміз керек пе? — деп сұратыпты» (Матай 11:2-3).Ирод Антипаның туған күнінде Иродияданың қызы Саломея «бәрінің алдында би билеп, патшаға және оның қонақтарына қатты ұнап қалды». Бидің сиы ретінде Ирод бойжеткен қызға, «не сұрасаң да соны беремін», деп ант ішті. Қыз шығып, шешесінің сыбырлауымен, Жақияның басын шауып әкелуді сұрады. Өйткені Саломеяның шешесі Иродия, оның некесі шариғатқа қайшы дегені үшін, Жақияны жаман жек көретін. «Патша еңсесі түсіп қатты қапаланды. Алайда бірге отырған қонақтарының алдында ант бергендіктен, қыздың өтінішін аяқсыз қалдырғысы келмеді» (Марқа 6:26). Жақия отырған зынданға бір жасақшысы жібертілді, ол оның басын шауып, табаққа салып, қызға әкелді. «Қыз оны шешесіне апарып берді». Бұл қайғылы оқиғаны Жақияның шәкірттері естігенде, келіп, оның денесін алып кетіп, қабірге қойды және қаралы хабарды Исаға естіртті (Матай 14:6-12, Марқа 6:21-29). ### Жақияның пайғамбарлығы және «Ілияс болудағы» функциясы Жақия пайғамбардың тұлғасы және ол Исаға шомылдыру рәсімін өткізуі яһудилер үшін Исаның Машиах (Мәсіх) екендігін растайтын басты оқиға саналады, өйткені сол арқылы көне жазбалардағы пайғамбарлықтар іске асырылды. Осылайша, Інжілдегі түсіндірмелер (Матай 11:10, Марқа 1:2) Жақияға қатысты көне жазбалардағы келесі пайғамбарлықтарды қарастырады: * «Естеріңе сақтағайсыңдар, Мен алдымнан хабаршымды жіберемін, ол жолымды дайындайды». (Малахи 3:1) * «Шөл даладағы жар салған дауыс: «Құдайдың жолын дайындаңдар, Оның жолын түзетіп даңғыл етіңдер!» -деді. (Ишая 40:3) Б.э.д. шамамен 400 жыл бұрын өмір сүрген Малахи пайғамбардың айтуы бойынша (Малахи 4:5-6), уәде етілген Мәсіх келерден бұрын Ілияс пайғамбар аспаннан түсіп қайтып келуі керек, ол Мәсіхтің маңдайын патшалыққа майлап, оның рухани дәрежесін растамақ. Сондықтан, Інжіл бойынша, көне пайғамбарлықтарда айтылған Ілиястың міндетін Жақия пайғамбар орындаған, өйткені ол да «Ілияс пайғамбарға дарыған Құдайдың Рухы мен күшіне бөленген» (Лұқа 1:17). Жақия пайғамбардың шөл далада аскеттік түрде өмір сүру образы және патшалар мен дінбасшыларға қарсы қорықпастан сын айту бейнесі (Мәсіхтен бұрын қайтып келуі тиіс болған) Ілияс пайғамбарға ұқсас болғаны соншалықты, тіпті ол өзінің Ілиясқа ұқсайтындығын әдейілеп жасырмақ болғанды (Жохан 1:21). Матайдың Інжілінде Жақия пайғамбар Исаның Мәсіхтік дәрежесіне күмән келтіргендей көрінеді, алайда бұл олай емес. Өйткені Исаны суға шомылдыру рәсімі кезінде Жақияның өзі Исаның Мәсіхтік дәрежесін растаған (Жохан 1:34). Ал Жақия өз шәкірттерін Исаға жіберуі, олар Исаға өздері жолықсын, сөйтіп оның шын Мәсіх екендігіне өздері көз жеткізсін дегені болар. Осыдан кейін Жақияның шәкірттері Мәсіхтің соңынан ерулері керек болды. Жақияның бұлай істегенінің себебі, өйткені ол өзі пайғамбар болғандықтан, таяу арада ажалды болатынын сезген. Жақия өлімге құшқаннан кейін, Иса Мәсіхтің өзі оның Ілияс болғандығын растаған. «Ілияс келіп қойған ба?», - деген сұраққа, Иса былай деп жауап қатқан: «Ілияс әлдеқашан келген, алайда жазмышта жазылғандай, адамдар оған ойына келгендерін істеді». (Марқа 9:13) Шәкірттері де Ілиястың келуі жайында сұрағанда, Иса оларға былай деп жауап берген: «Ілиястың қайтып келіп, бәрін қалпына келтіретіні рас. Бірақ сендерге айтамын: Ілияс әлдеқашан келген еді. Алайда адамдар оны танымай, оған ойына келгендерін істеді... Сонда шәкірттері, Иса оларға шомылдыру рәсімін орындаған Жақия пайғамбар туралы айтып тұрғанын түсінді». (Матай 17:11-13) Інжілдің тағы бір жерінде Иса Мәсіх көне жазбадағы Малахидің хабарын (Матай 11:10) Жақияға қатысты айтылғанын сөз етіп, былай деген: «Қабылдағыларың келсе, Жақия – көріпкелдікте келеді деп уәде етілген Ілияс пайғамбар». (Матай 11:14) ## Жақия пайғамбар Исламда Ислам діні Жақияның (оған Алланың сәлеметі болсын) пайғамбарлығын мойындайды, және мұсылмандар оны Құдай Тағаланың Сөзін растаушы және Иса Мәсіхтің (оған Алланың сәлеметі болсын) келуін білдірткен пайғамбар ретінде көреді. Оның әкесі Зәкәрия да ислам пайғамбары саналады. Хадистердегі мәлімет бойынша, Мұхаммед пайғамбар ﷺ Миғраж сапарында көрген пайғамбарлардың арасында Жақия да болған. Ол оны, екінші қат аспанға көтерілгенде, немерелес бауыры Иса Мәсіхпен бірге көрген. Құран бойынша, Алла Тағала оған туған кезінде және өмірден озарында амандық берген. ### Құран мәліметтері Құранда Зәкәрияның Құдайдан ұл сұрап тілек-дұға еткені жиі айтылады. Зәкәрияның жұбайы бедеу болған, сондықтан оның жүкті болуы мүмкін емес болып көрінді. Құранда бұл жайында былай делінген: «(Алла:) “Бұл Раббыңның құлы Зәкерияға мәрхаметінің естелігі. Ал бір заманда ол, Раббына құпия дауыспен жалбарынған еді”. (Зәкерия:) “Раббым! Сүйегім қаусап, басым ағарған. Дегенмен саған қойған тілегім, босқа кетпеген еді. Шынында мен өзімнен кейінгі жақындарымнан (мұрагер бола алмайды деп) қорқамын. Сондай-ақ жұбайым кемпір. Сонда да маған өз қасыңнан бір мұрагер бере көр! Ол, маған да мұрагер болып, әрі Жақып (Яғқұп) ұрпағына да мұрагер болсын. Раббым оны ризалығыңа бөле!”» [Мәриәм сүресі, 19:2-6] Зәкәрияның дұғасы қабыл болды, Құдай оған перзент силады. Перзентке қойылған «Жақия» есімі бұрын сонды ешкімге қойылмаған болатын. Зәкәрияның дұғасына сай, Жақия исраил халқына тура жолды көрсетуші, Құдайдың хабарын жеткізуші пайғамбар болып өсті. Құран Кәрімде былай делінген: «(Сонда Алла): “Әй Зәкерия! Расында сені бір ұл арқылы қуантамыз. Аты Жақия (Йахия). Бұрын оған ешкімді аттас қылмаған едік.”(Зәкерия айтты): “Раббым! Менің ұлым қалайша болады! Жұбайым кемпір. Расында өзім де кәріліктен қурадым” деді. “Міне солайша” деді. Бірақ Раббың: “Ол маған оңай. Өйткені, сені бұрын жаратқанымда дәнеңе емес едің” деді. (Зәкерия айтты): “Раббым маған бір белгі бер” -деді. (Алла айтты): “Сенің белгің: сап-сау бола тұра үш тәулік адамдармен сөйлесе алмайсың”». [Мәриәм сүресі 19:7-10] Жақия исраил халқына жіберілген пайғамбар, ол Тәураттың шариғат жолын ұстануға шақырған. Құдай оған тіпті сәби кезінде даналық дарытқан. Ол өте тақуа, әрдайым Құдай Тағаланың қамқорлығына үміт артқан жаны таза адам болған. Ол әке-шешесіне мейірімді болған, қиқарлық пен тәкаппарлықтан ада еді. Бала кезінен Киелі Кітапты жақсы түсініп, жақсы білетін, сонысымен өз заманыңдағы ғұламаларды таңқалдырған. Құдай Тағала оның дәрежесін асқақ етті, ол халқының барлық күнәлі істері жайында қорықпастан ашығын бетіне айтатын. Жақия пайғамбардың Құдайға деген нәзік махаббаты мен тақуалығы, сондай-ақ оның өмірге деген қарапайым көзқарасы үшін Алла оған таза өмір тарту еткен. «“Әй Жақия! Кітапты мықты ұста” - деп, сәбилігінде-ақ даналық берген едік. Әрі оған өз қасымыздан мұлайымдық, күнәдан тазалық бердік. Өзі де тақуа еді. Әрі әке-шешесіне де мейірімді еді. Зоракер, күнәкар емес еді. Оған туған күні, өлетін күні және тірі тұрғызылатын күні амандық болсын». [Мәриәм сүресі 19:12-15] Сопылық жолда және исламдық мистицизмде Жақия пайғамбарды аса құрмет тұтады, әсіресе, Құранда айтылған оның таза өмірі мен мейірбандылығы үшін. Жақаяға сәби кезінде Құдай тарапынан берілген «даналық» пен оның Иса пайғамбармен қатарлас болғаны аса мәнді саналады. Құранда Жақия мен Исаға қатысты қолданылған кей сөздер бір-біріне ұқсас мәнерде айтылады. Мысалы, Жақия пайғамбарға қатысты Алла Тағала айтады: «Оған туған күні, өлетін күні және тірі тұрғызылатын күні амандық болсын». Иса Мәсіх те өзіне қатысты: «Маған туған күнімде, өлер күнімде және тірілтіліп, тұрғызылатын күнім де амандық болады» - деген. Бұл Жақия мен Исаның тағдырлары бір-біріне ұқсас болғандығын білдіртсе керек. ## Дереккөздер
Малонарымка — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы, Солонов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үлкен Нарын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қабырға — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан шығысқа қарай 8 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Новополяковка — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданындағы ауыл, Новополяков ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үлкен Нарын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Мойылды — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан солтүстікке қарай 25 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қызылжұлдыз — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Аққайнар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан шығысқа қарай 35 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қайыңды — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Аққайнар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан шығысқа қарай 50 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Үшбұлақ (2010 жылға дейін – Черемошка) — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Коробиха ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 57 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақбұлақ — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы ауыл, Ақбұлақ ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан батысқа қарай 67 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Күнгей-Бөкенбай — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 69 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Теріскей-Бөкенбай — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан батысқа қарай 73 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Майтерек — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2014 жылы таратылған. ## Географиялық орны Округ орталығы - Ақбұлақ ауылынан солтүстік-батысқа қарай 18 км-дей жерде орналасты. ## Халқы Тұрғыны 31 адам (2009). ## Дереккөздер
## Рөлдерде * Джона Хилл — Ефраим Дивероли * Майлз Теллер — Дэвид Пэкаус * Ана де Армас — Из * Джейби Бланк — Башким * Кевин Поллак — Ральф Слуцки * Брэдли Купер — Анри Жирар * Барри Ливингстон — Арми Бурекрат ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * wardogsthemovie.com Соғыс төбеттері — ресми сайты * Соғыс төбеттері (ағыл.) Internet Movie Database сайтында * Джона Хилл мен Майлз Теллер экранизациялауда Rolling Stone 2011 жылы Мұрағатталған 29 тамыздың 2016 жылы. ## Рөлдерде * Джона Хилл — Ефраим Дивероли * Майлз Теллер — Дэвид Пэкаус * Ана де Армас — Из * Джейби Бланк — Башким * Кевин Поллак — Ральф Слуцки * Брэдли Купер — Анри Жирар * Барри Ливингстон — Арми Бурекрат ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * wardogsthemovie.com Соғыс төбеттері — ресми сайты * Соғыс төбеттері (ағыл.) Internet Movie Database сайтында * Джона Хилл мен Майлз Теллер экранизациялауда Rolling Stone 2011 жылы Мұрағатталған 29 тамыздың 2016 жылы.
Қара сері (ағылш. The Dark Knight) — неонуар элементтері бар суперқаһармандық фильм. Бұл Бэтмен жайлы трилогияның екінші бөлімі. Режиссері — Кристофер Нолан. Басты рөлдерде Бэтмен мен оның қас жауы Джокер рөлін сомдаған Кристиан Бейл мен Хит Леджер. Фильмнің тұсаукесері АҚШ-та 2008 жылдың 18 шілдесінде өтті. Әлем кинотеатрларында фильм 1 миллиардтан астам доллар жинап алды. IMDb бойынша 250 ең үздік фильм ішінде 4 орынға ие болды. Фильм ұраны: "Немене көңілсізсің?" (ағылш. "Why so serious?"). Бұл фильмде өзінің соңғы рөлдерінің бірін сомдаған Хит Леджер Джокер рөлін сомдаған үшін ажалынан кейін екінші желідегі үздік актёр номинациясында Оскар сыйлығын иеленді. Сонымен қатар «Қара сері» фильмі үздік дыбыс монтажы үшін де 2008 жылы Оскар сыйлығын алды. ## Желісі Көлеңкелер әскері Готэм Ситидегі Нероуз аралына шабуыл жасағаннан кейін Готэмде Джокер (Хит Леджер) атты қылмыстық кемеңгер пайда болады. Оның бетінде Глазго жымиысын құрайтын тыртығы бар. Өзінің адамдарымен Джокер мафия банкін тонайды. Тонау барысында Джокер жоспары бойынша банда мүшелері бірін-бірі атып тастады. Сол кездерде Готэм Ситидің Ақ серісі атанған Харви Дент (Аарон Экхарт) қаладағы қылмыскерлікті заңды түрде жоюға талпынып жатыр, ал Бэтмен (Кристиан Бейл) қылмыскерлікті заңсыз түрде жоюға тырысады. Брюс Уэйн Готэм Сити қорғаушысы ретінде өзін Харви Дентқа ауыстырғысы келеді. Оның ойынша, сондай қорғаушы бар болғанда Бэтмен қалаға керегі жоқ болып, Рейчел Доуспен (Мэгги Джилленхол) қайта қосылуға жол ашылады. Алайда мәселе Рейчелдің Харвимен кездесуінен туындайды. Харви Дент Джеймс Гордон (Гэри Олдман) мен Бэтменнің құпия одағына қосылғысы келеді, сондықтан Гордонға мафия банкілерін тінту ордерін береді. Алайда ол банкілерде тек бейнеленген банкноттар қалды, себебі қытайлық кәсіпкер Лао (Чин Хань) тінтудің болатынын баяғыда біліп алды. Лао Мафия ақшаларын ешкім білмейтін жерге жасырды. Джокер мафия кеңесіне келіп, мафия ақшаларының жартысы үшін Бэтменді өлтіруді ұсынды, алайда олар "сайқымазақ" ұсынысынан бас тартты, ал нигериялық мафия басшысы Гэмбл (Майкл Джей Уайт) өлі Джокер үшін 500 мың $, тірі Джокер үшін 1 млн $ сыйақы тағайындады. Дент, Гордон мен Бэтмен Лаоның ақша жасырып қашуын талқылап жатыр. Лао — Қытай азаматы, ал Қытай өз азаматтарын бермейді. Бэтмен Лаоны Готэмге қайтарып, одан мафияны тапсыруға талап етеді. Бэтмен өз жабдықтарымен КХДР аткезшілері арқылы Гонконгқа келді, ал, ресми түрде, Брюс Уэйн қайықпен орыс балериналарын қыдыртып жатыр. ОББ құрастырған "Аспан ілгегі" жүйесі мен Бэтсонар көмегімен Бэтмен Лаоны ұрлап, Готэм Ситиге қайтып келіп, полицияға тапсырады. Лао Мафияны тапсырады. Сол кезде Мафия Джокердің ұсынысын қабылдайды. Ал Джокер Гэмблдың бандасында билік құрып, Гэмблды өлтіреді. Джокер Бэтмен еліктеушілерінің бірін өлтіріп, мәйтін Готэм әкімінің (Нестор Карбонелл) терезесіне тастайды. Мәйтінде бейнетаспа мен Джокердің визит карточкасы "Джокер" ойын картасы табылады. Бейнетаспада Джокер еліктеушіні тергеп, нағыз Бэтменнен маска шешуді талап етеді. Егер Бэтмен Джокер талабын орындамаса, сайқымазақ адамдарды өлтіре бастайды. "Джокер" ойын картасының ДНҚ-нан Джокердің келешек құрбандары анықталады: Судильо қазы, Лоуб комиссар (Колин МакФарлэйн) және Дент прокурор. Көп ұзамай Сурильо өзінің көлігінде жарылады, Лоуб вискидің орнына қышқыл ішіп уланады, ал Дентті өлтіру үшін Джокер прокурор құрметіне ұйымдастырған кешке баса-көктеп кіреді. Уэйн Дентті құтқару үшін оның құлағын тұндырып, шкафта жасырады. Прокурорды кеш қонақтары арасынан таппаған Джокер бәрін қорқыта бастайды. Сол кезде Рейчел сайқымазақтың назарын өзіне аудартып, оны тоқтады. Ал Бэтмен киімін киген Уэйн Джокер мен оның бандасына шабуыл жасайды. Джокер қашып кету үшін Бэтменнің назарын Рейчелге аудартып, оны терезеден лақтырады. Бэтмен Джокердің санасын түсінуге тырысады. Уэйннің қызметшісі және көмекшісі Альфред (Майкл Кейн) оған Джокердің саясатқа да, идеологияға да шаруасы жоқ екенін, және оның арманы тек әлемнің өртелгені екенін түсіндіреді. Сол кезде анонимдік қоңырау арқасында полиция өлтірілген полицейлер жатқан пәтер тауып, Джокердің келесі құрбаны — Готэм әкімі екенін анықтайды. Бэтмен пәтерге келіп, іргесінде қалып қойған тапанша оғын сараптамаға алып кетеді. Сараптама нәтижесінде ол күдіктілер есімдерін анықтап, олардың пәтерлеріне кіреді, алайда байлаулы полицейліктер көріп, қастандыққа төтеп бере алмайды. Полицейліктердің киімін киіп алған Джокер мен оның бандасы қала әкіміне атады, бірақ Гордон әкімді жауып, өзін құрбан етеді. Полицейліктер Джокер көмекшілерінің біреуін ұстап алады, ал Дент оны ұрлап, өлтіру қаупімен одан Джокердің тұратын жерін сұрап, тергейді. Жауап алмаған Дент тиын лақтырады. Шын мәнінде, Харви алдайды, себебі тиынның екі жағы да "бүк", яғни ол өз тағдырын өзі шешеді. Бірақ Денттің адамды ешқашан өлтірмейтіндігін білмеген Бэтмен сол жерге келіп, Дентті тоқтатуға әрекет жасайды. Бэтмен масканы шешіп, өзінің шынайы жүзін көрсету үшін Денттен баспасөз конференциясын ұйымдастыруды сұрайды. Алайда Уэйн жұртқа шықпас бұрын, Дент өзін Готэмнің Қара серісі деп жариялайды. Полицейліктер оны тұтқындайды. Бэтменнің шынайы жүзін білген Рейчел, Денттен болған жайттың себебін сұрайды, ал Дент жауап ретінде оған өзінің "сәтті тиынын" лақтырады. Дентті түрмеге жеткізу кезінде полицейлікте Джокер мен оның бандасы шабуыл жасайды. Ұзаққа созылған айқас нәтижесінде Бэтмен ессізденеді, ал Джокерді Гордон тұтқындайды. Гордон өз өлімін жасағансыды: отбасысына қауіп төнбес үшін фургоншы болып жасырынды. Джокерді ұстаған үшін Готэм әкімі Гордонды полиция комиссарына дейін жоғарылатады. Джокерді түрмеге әкелген кезде Денттің ұрланғаны мәлім болады. Гордон Джокерді тергеген кезде сайқымазақ ештене айтпады, керісінше комиссарды өзінің қызметшілеріне күмәнмен қарауға мәбжүрлетеді. Ештенеге қол жеткізбеген Гордон сайқымазақты Бэтменге қалдырады. Бэтмен басында сөзбен тергейді, бірақ ештене шықпайтынын түсінген суперқаһарман күш көрсете бастайды. Алайда Джокер өзінің ойының ойнауға мәжбүрлетеді: сайқымазақ Дентпен қатар Рейчелдің ұрланғанын жариялайды, және олар ұсталып жатқан жерлердің мекенжайларын айтады. Бэтмен Рейчелге, ал Гордон Дентке барады. Алайда Джокер оларды алдады: Бэтмен Дентке, ал Гордон Рейчел отырған жерге келеді. Екі жер де жарылады. Бэтмен прокурорды құтқаруға үлгереді, ал қызды құтқаруға Гордон үлгере алмайды. Жарылыс кезінде Дент бетінің сол жағын күйдіріп алады. Джокер өзінің тұтқындалуын жоспарлағаны жайлы мәлім болды. Ол полиция бөлімшесін жарып, Лаомен бірге қашады. Қара серінің еңсесі түсті. Рейчел жарылған жерде ол Денттің тиынын тауып, оны ауруханадағы бөлмесіне қойып кетеді. Дент қатты ашуға батты: Гордон мен барлық әлемге ызаланып, пластикалық ота мен ауыртпайтын дәрілерден бас тартты. Альфред Рейчелдің Уэйнге жазған хатын табады. Сол хатта Рейчелдің Харвиге тұрмыста шығатыны жайлы айтылады, себебі Уэйн мен Бэтмен әрқашанда бір адам болып қалады, оның үстіне Готэм Ситиге үнемі қаһарман керек. Брюс соны біліп, біржолата үміт үзбес үшін Альфред хатты қожайынына көрсетпей, өртеп жібереді. Джокер Лао ұстап беріп, ақшаны алған соң қала мафияларында өз билігін орнатады: мафиялар басшыларын өлтіріп, Лаоны ақшамен бірге өрттеп жібереді. Осы кезде Уэйн компаниясының заңгері Коулман Риз "УэйнТех" есепшотынан Брюс Уэйннің құпия өмірі жайлы біліп қойды. Соны жариялау үшін ол телебағдарламаға қатысады, алайда сол кезде студияға Джокер қоңырау шалып, Бэтменсіз өмірдің қызықсыз болатынын айтып, 60 минуттан кейін Риз өлмесе, онда Готэм ауруханасын жаратынын жариялайды. Қалада зобалаң орын алады: ауруханада жатқан туыстарын құтқару үшін қала тұрғындары Ризді өлтіруге әрекет етеді. Гордон бастаған полицейліктер мен маскасыз Брюс Уэйн Ризді құтқарады: Риз отырған автокөлікті өз автокөлігімен соғуға тырысқан ашуланған тұрғындардың біріне Уэйн өз автокөлігінде кедергі болады. Уэйн Гордонға өз әрекетін кездейсоқтық дейді. Риз Уэйн құтқарушы екенін көрген соң, оның құпиясын ендігәрі жария етпейтін болады. Қалалық ауруханада жатқан Дентке Джокер келіп, Рейчел өліміне өзі емес, мафия, полиция және Гордон кінәлі екенін айтып, көндіреді. Ауруханадан шыққан Джокер ғимаратты толықтай жарады. Ал Екіжүздіге айналған Харви Дент Рейчелдің өліміне кінәлі болған адамдардан кек ала бастайды. Басында детектив Вюртцті өлтіреді, мафия басшысы Сальваторе Маронидің автокөлігін аударады, ал детектив Рамирезді тірі қалдырады, бірақ сонда да есінен талдырады. Бэтмен қала тұрғындарының ұялы телефондарын бақылайтын қашықтықты анықтағыш жүйесін жандандырады, себебі сол арқылы ол бүкіл Готэм Ситиді түсіріп, Джокердің тұрған жерін анықтайтын болады. Осы жұмысты ол Люциус Фоксқа тапсырады, алайда соңғы тұтастай бақылауды құптамай, жұмысты аяқтаған кезде, қызметінен кетуін айтады. Қала тұрғындарының бір бөлігін екі паромда тасымалдайды: біріншісінде — бейбітшіл тұрғындар, екіншісінде — тұтқындалғандар. Бірақ екі паромның қозғалтқыштары өшеді. Осы кезде дауыс зорайтқыштардан Джокер дауысы шығады. Сайқымазақ паромдардың миналанғанын, бір паромда екінші паромның оталдырғышы бар екенін, паромдардан бір адам қашса және бір паромдағы адамдар басқа паромды түн жарымына дейін жармаса, онда ол екі паромды да жаратынын айтады. Бэтмен Джокердің тұрған жерін тауып алып, сол жайлы Гордонға хабарлап, кепілгерлерді қорғап, Джокердің өзін табады. Джокер Бэтменмен төбелеске шығып, оны жеңіп, паромдар жарылысын күтеді. Бэтмен Джокерді ұстап алады, ал Джокер Дентті адастырып, сол арқылы Готэм тұрғындарының жақсылыққа сенемін жоятынын айтады. Бэтмен Екіжүздіні іздеп, нәтижесінде оны Рейчелдің жарылған жерінде табады. Сол жерде Екіжүзді Гордон мен оны отбасысына жеке үкім жүргізіп тұр. Екіжүзді өз тапаншасын Бэтменге бағыттап, тиын лақтырады. Тиынның "жаман жағы" түскендіктен, Бэтменге атады. Сосын тапаншаны өзіне бағыттап, тиын лақтырғанда, ол "жақсы жақпен" түседі. Енді тапаншаны Гордон баласы кіші Гордонға бағыттап, тиын лақтырған кезде Бэтмен Екіжүздіге шабуылдап, екеуі де жерге құлайды. Екіжүзді қайтыс болады, ал аман қалған Бэтменде тек аяғын жараланады. Харви Денттің Екіжүздінге айналғанын тұрғындар білсе, онда жақсылыққа сенімін жоғалтатын түсінген Бэтмен Гордоннан Харвидің соңғы әрекеттерін айтпауын және Екіжүзді жасаған барлық қылмыстарды өзіне жабуын өтінді. Гордон Бэтменнің өтінішін қабылдап, Харви Дентті жерлеу салтанатын оның тек қаһармандығы жайлы айтты. Фильмнің соңғы кадрларында Гордон Бэтменді "ғайып күзетші және қырағы қорғаушы — Қара сері" деп мадақтайды. ## Кейіпкерлері * * * * * * * ## Фотогалерея * * *
Топқайың — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Белқарағай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан батысқа қарай 15 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
«Джам көшесі, 21» (ағылш. 21 Jump Street) — комедиялық атыс-шабыс фильм, режиссерлері Фил Лорд пен Крис Миллердің «Джамп көшесі, 21» телесериал желісімен түсірген фильмі. Әлемдік премьерасы 12 наурыз 2012 жылы болып өтті (Қазақстандағы премьерасы — 12 сәуір 2012 жылы). ## Рөлдерде * Джона Хилл — Мортон Шмидт * Ченнинг Татум — Грег Дженко * Бри Ларсон — Молли | Шмидтің құрбысы * Дэйв Франко — Эрик * Роб Риггл — Уолтерс мырза| д.ш. пәні мұғалімі * Дирэй Дэвис — Доминго | байкерлер көшбасшысы * Ice Cube — капитан Диксон * Дакс Флэйм — Зак | Дженконың досы * Крис Парнелл — Гордон мырза * Элли Кемпер — мисс Григгс | химия пәні мұғалімі * Джейк Джонсон — директор Дадьер * Ник Офферман — капитан Харди * Джонни Депп — Том Хэнсон * Питер Делуиз — Даг Пенхолл * Холли Робинсон-Пит — офицер Джудит Хоффс * Кэролайн Аарон — Энни Шмидт| Шмидттің анасы * Джонни Симмонс — Биллиам Уиллингэм * Дакота Джонсон — Фьюгэзи * Rye Rye — Джей Джей ## Дереккөздер
Өрнек — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Белқарағай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы Катонқарағай ауылынан батысқа қарай 33 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Байер (Baeyer), Адольф фон (31 қазан 1835 ж. – 20 тамыз 1917 ж.) Неміс химигі Иоганн Фридрих Вильгельм Адольф Фон Байер 1905 жылы органикалық бояу және гидроароматты қосылыстар жайлы жұмысы негізінде органикалық химия мен химия өндірісінің өркендеуіне қосқан үлесі үшін химия бойынша Нобель сыйлығын алды. Байер индиго көк бояуының синтезін ашып, оны өнеркәсіптік жолмен алудың мүмкіндігін тапты.Гейдельберг университетінде Р.В. Бунзен мен Ф.А. Кекуленің оқушысы. 1860 жылдан бастап Берлин академиясында, Әскер академиясында оқытушы. 1872 жылдан Страсбург университетінің, 1875 жылдан Мюнхен университетінің оқытушысы. Жұмыстары органикалық химия мен стериохимияға жатады. 1864 жылы барбитур қышқылын және барбитураттарды ашты. 1866 жылы органикалық заттарды мырыш ұнтақтарымен тотықсыздану тәсілін енгізді. Меллит қышқылы, бензол гексакарбон қышқылы екенін көрсетті (1867). Неміс химигі А. Эммерлингпен бірге индол және оның туындыларын синтездеді (1869 ж.). Көптеген органикалық заттарды синтездеген, кейбір оларға тән химиялық реакцияларды ашты. 1885 жылы циклдер беріктігінің валенттік байланыстар арасындағы бұрыштық шамасына тәуелді екенін анықтайтын кернеу теориясын ұсынды. 1888 жылы Цис-транс-изомерия туралы түсінікті енгізді. Бензол солекуласының құрылысын зерттеп эксперименттік жолмен ондағы барлық көміртегі атомдары бірдей екенін дәледеді. Химик-органиктердің үлкен мектебін құрды. Неміс химиялық қоғамының президенті (1871, 1881, 1893, 1903), Петербург ғылым академиясының шетелдік мүшесі (1892 жылдан бастап), Нобель сыйлығының лауреаты (1905 ж.).
Былғары-Табыты — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Марқакөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 23 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қайнарлы — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Марқакөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан батысқа қарай 44 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақжайлау — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Марқакөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Бауыржан — ер адам есімі ## Атақты тұлғалар * Бауыржан Момышұлы – Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. * Бауыржан Исламхан – Қайрат футбол клубы ойыншысы (жартылай қорғаушы). * Бауыржан Исаев – Қазақстан әншісі * Бауыржан Оспанов – белгілі қазақ кәсіпкері, меценат * Бауыржан Қарағызұлы - қазақтың белгілі ақыны, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі * Бауыржан Ретбаев – Қазақстан әншісі. «Қазақстан Дауысы» вокалды телевизиялық шоу жобасының жеңімпазы.